bilimgylym.files.wordpress.com · web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ...

12
Қызылорда облысы Жаңақорған аграрлы- техникалық колледжінің саясаттану, философия пәні оқытушысы Кемелбекова Ақнұр Елбасы-ел тірегі Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде көптеген іс-шаралар өткізіліп, оған мейлінше жауапкершілікпен қарап, жұмыла атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай.Соның куәсі болып, өз деңгейінде атқарылған іс-шаралардың бірі 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында болып өткен «Елбасы-ел тірегі» атты тарих-география апталығы. Бұл апталыққа колледж студенттері мен тарих-география пән оқытушылары ат салысып, апталықтың өз деңгейінде өтуіне өз үлестерін қосты десек те болады. Апталықтың бірінші күні апталықтың жоспарымен таныстырып, «Елбасы-ел тірегі» атты баяндама оқылып, Елбасының ерен еңбектері жайында, алдан күтер күнге қасқайып қарсы тұру жайында құнды- құнды, жағымды сөздер байланыстырды. Апталықтың жоспары бойынша газеттер, буклеттер, сөзжұмбақтар шешіліп, ойындар ұйымдастырылып, апталықты ерекше толықтырды. Колледж оқытушылары Шерментаева Аягөз «Қасіретті жылдар», Кемелбекова Ақнұр «Мемлекеттің пайда болуы және негізгі белгілері», Ибадуллаев Махамбет «Желтоқсан оқиғалары», Әділбекова Мейрамкүл «Ауылшаруашылық географиясы»,Асанов Нұртуған «XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы», Құлбаева Айгүл «Отбасы және жастар» атты ашық сабақтарын өтті. Айтпай кетсек тағы да болмас, «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты да бүкіл колледж студенттері мен ұстаздарына рух пен жігер бергендей болды. Ашық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының студенттері үлкен жігермен, Елбасына деген сеніммен іс-шараны жоғары деңгейде алып шықты. Тәрбие сағаты кең ауқымды болды. Әр студенттің жанарынан болашаққа деген сенім мен үлкен

Upload: others

Post on 30-Jan-2020

7 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

Қызылорда облысы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің саясаттану, философия

пәні оқытушысы Кемелбекова АқнұрЕлбасы-ел тірегі

Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде көптеген іс-шаралар өткізіліп, оған мейлінше жауапкершілікпен қарап, жұмыла атқарып жатқан жұмыстары ауыз толтырып айтарлықтай.Соның куәсі болып, өз деңгейінде атқарылған іс-шаралардың бірі 30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында болып өткен «Елбасы-ел тірегі» атты тарих-география апталығы. Бұл апталыққа колледж студенттері мен тарих-география пән оқытушылары ат салысып, апталықтың өз деңгейінде өтуіне өз үлестерін қосты десек те болады. Апталықтың бірінші күні апталықтың жоспарымен таныстырып, «Елбасы-ел тірегі» атты баяндама оқылып, Елбасының ерен еңбектері жайында, алдан күтер күнге қасқайып қарсы тұру жайында құнды-құнды, жағымды сөздер байланыстырды.

Апталықтың жоспары бойынша газеттер, буклеттер, сөзжұмбақтар шешіліп, ойындар ұйымдастырылып, апталықты ерекше толықтырды.

Колледж оқытушылары Шерментаева Аягөз «Қасіретті жылдар», Кемелбекова Ақнұр «Мемлекеттің пайда болуы және негізгі белгілері», Ибадуллаев Махамбет «Желтоқсан оқиғалары», Әділбекова Мейрамкүл «Ауылшаруашылық географиясы»,Асанов Нұртуған «XV-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығы», Құлбаева Айгүл «Отбасы және жастар» атты ашық сабақтарын өтті.

Айтпай кетсек тағы да болмас, «Елін сүйген, елі сүйген-Елбасы» атты ашық тәрбие сағаты да бүкіл колледж студенттері мен ұстаздарына рух пен жігер бергендей болды. Ашық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының студенттері үлкен жігермен, Елбасына деген сеніммен іс-шараны жоғары деңгейде алып шықты. Тәрбие сағаты кең ауқымды болды. Әр студенттің жанарынан болашаққа деген сенім мен үлкен жауапкершіліктің тұрғанын сезіндім. Бұл тәрбие сағатына тарих-география пәнінің оқытушылары өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, тарих пәнінің оқытушысы Шерментаева Аягөз бен өндірістік оқыту шебері Асанов Оразгелді ағайдың тәрбие сағатының жоғары деңгейде өтуіне көп еңбектенгендігі аңғарылды. Тәрбие сағатында студенттер Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен шығармашылыққа толы атқарған істері жайлы толық мәліметтер берді. Президенттің ел үшін жасаған игі істерін үлгі етіп атап өтті. Елбасымызға арналған-арнаулар оқылды. Елбасымыздың аянбай еңбек етуі арқасында осындай нұрлы күндерге жеткеніміз туралы айтып өтті. Топ студенттері ортада өз өнерлерін асқан шеберлікпен көрсете алды.

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 30.11.2015жылғы «Қазақстан Жаңа жаҺандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» тақырыбында жолданған Қазақстан халқына жолдауын жұмыс орнында қызметкерлермен бірге тыңдап, нәтижесінде еліміздің алдағы даму жолдары, әлеуметтік мәселелер бойынша маңызды мәселелер

Page 2: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

айтылып алдағы атқарар жұмыстарымыздың бағыт-бағдарын ашық тәрбие сағатында талқыладық.

Ашық тәрбие сағатына колледж ардагерлері, ата-аналар және т.б қонақтар қатысты. Топ студенттері Фазылбек Бекнұр, Әбенов Біржан, Балабеков Еркінбектер ән шашуларын арнады. Биші қыздарымыз Дәмір Жанна мен Балтабай Маржан «Белес» биін тамылжыта биледі.

Сөз соңында, қорытынды сөз колледж директоры М. Ахметовке берілді. Колледж директоры апталықтың өз деңгейінде өткендігін ризашылықпен айтып, апталыққа белсене араласқан студенттерді марапаттап, сыйлықтар берді. Колледж оқытушылары өз ризашылықтары мен жылы лебіздерін білдірді.

Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттің пайда болуы және негізгі белгілеріСабақтың мақсаты: Білімділігі: Мемлекеттің пайда болуы,белгілері жайлы ең алғаш қай жерде пайда болғаны жайлы студенттерге жалпы мағлұмат беру, тақырыпты студенттерге түсіндіру Дамытушылық: Сабақта білім алушылардың ойын жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын тиянақтау,. талдау жасау арқылы білім алушылардың білімдерін арттыруТәрбиелік: Өз беттерінше іздене білуге үйрету,еркін сөйлеуге, ойын ашық айта білуге,ізденіске , жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Page 3: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

Сабақтың әдісі: Сұрақ жауап,жеке жұмыс,ойлау, дәптермен жұмыс.Көрнекті құралдар: Интерактивті тақта,оқулық,қанатты сөздер, кеспелер, сөзжұмбақСабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі 1.Сәлемдесу 2.Студенттерді түгелдеу 3.Студенттердің назарын сабаққа аудару.II. Өткен сабаққа шолу. §16.Демократиялық басқару қағидаттары. Ой қорыту: Бес жолды өлең әдісімен сөз құрау <Демократия> сөзіне1.қатар-1 сөз ,зат есім2.қатар -2 сөз, сын есім3.қатар -3 сөз,үшеуі де етістік 4.қатар -4 сөзден тұратын сойлем немесе сөз тіркесі5. қатар 1 сөз –зат есімнен тұратын

1)Демократия

2) Саяси, халықтык

3)Басқарады,қамтиды,қорғайды

4)Халық билігіне сүйенетін режим

5)Билік

1. Саяси режим

5. Құқықтық мемлекет 2.Әлеуметтік қозғалыс

4. Халық билігі 3. Мемлекеттік басқару нысаны

Демократияға қарсы, демократиялық емес түрлеріне не жатады ?1. Авторитаризм.2. Тоталитаризм .3. Анархия .4. Охлократия.5. Аристократия

Үлестірмелі кеспелермен жұмыс№1 кеспе

Демократия

Page 4: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

1. Демократия дегеніміз не?/халық билігіне сүйенетін саяси режим2. Оппозиция дегеніміз не?/ Мемлекетке қарсы әрекет ету3. Саяси режим түрлерін ата?/Демократиялық және демократиялық емес

№2 кеспе

1. Саяси режим дегеніміз не?/мемлекеттік билікті іске асыру жолы2. Авторитаризм дегеніміз не?/бір адамның немесе бірнеше адамның

шексіз билігі3. Адам, тұлға ұғымын қалай түсінесін?/тұлға қоғам дамуымен

қалыптасқан.Адам қоғамдық өмірдің тіршілік иесі

№3 кеспе

1. Қоғамның саяси өмірінде демократия қандай роль атқарады?/Саяси өмір саяси билікпен тікелей байланысты және саяси өмірдің қоғамда болып жатқан барлық нарселерді қамтиды

2. Сасяи режим нешеге бөлінеді?/демократиялық және демократиялық емес

3. Жария оппозиция дегеніміз не?/жария оппозиция Конституция мен заңдар шеңберінде ашық түрде әрекет етеді

№4 кеспе

1. Жасырын оппозиция дегеніміз не?/Құпия түрде әрекет ететін оппозиция түрі

2. Қоғам дегеніміз не?/бірлескен іс қызметпен ортақ нормалар мен құндылықтармен біріккен адамдар бірлестігі

3. Тоталитаризм дегеніміз не?/мемлекеттің қоғамдық өмірдің барлық тұсын бақылауға алатын бағындыратын саяси режим

№5 кеспе

1. Анархия дегеніміз не?/биліктің жоқтығы,хаос , тәртіпсіздік2. Американың президенті Линкольннің демократияға берген

анықтамасы?/ «халықпен және халық үшін сайланған халық басқаруы» деп демократияға анықтама берді.

3. Менталитет ұғымы?/менталитет деген –индивидуалдар мен қоғамдық тарихы қалыптасқан пайымдаулары мен жүріс –тұрыс ерекшеліктері

№6 кеспе

1. Охлократия анықтамасы?/ тобыр билігі, бассыздықтар мен тәртіпсіздіктер дегенді білдіреді

2. Либерализм анықтамасы?/индивид саяси теңдік пен бостандық құқықтарының мойындалуына негізделген теория

3. Неміс ғалымы Дарендорф демократияға берген анықтамасы/ «демократия халықпен сайланатын бағыты бар үкімет» деп анықтама берді

Page 5: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

№7 кеспе

1. Монархия дегеніміз не?/ Жоғарғы билікке мұрагерлік бойынша қол жеткізген билікте отырған мемлекет басшысының қолына жинақталған басқару нысаны

2. Тирания анықтамасы?/ бір адамның шектеусіз билігі3. Аристократия дегеніміз не?/ құл иеленушілік және феодалдық

қоғамдағы ру ,тайпа басылары, элитаІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:Мағынаны тану: Мұғалімнің кіріспе сөзіМемлекет-саяси жүйені құрайтын негізгі элемент болып табылады. Мемлекет институты адамзат дамуының ерте дәуірінде пайда болды,және оның даму тарихы ұзақ кезеңдерді қамтиды мемлекетке дейінгі өмір сүрген құрылыс алғашқы қауымдық деп аталады.Ежелгі қауымдардың мүшелері қандық текпен біріккен адамдардан тұрды.Жоғарғы билікке қауымдағы барлық ұжым иелік ететіндіктен басқарудың мұндай түрін алғашқы қауымдық демократия деп атайды. Тайпа көсемі жалпы жиналыста сайланатын, ал тайпаластар арасындағы өзара қатынастар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптармен дәстүрлермен реттелетін. Алғашқы қауымдық құрылыста ұжымдық еңбек басым болды.Қауым мүшелерінің міндеттері олардың жас ерешіліктеріне,жыныстық айырмашылықтарына ер әйелдерге сәйкес бөлінеді.Дауыс беру құқығын әскерилер ғана пайдаланады.Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары үлкен отбасы түрінде өмір сүреді.Яғни алғашқы қауымдық құрлыстың түпкірінде мемлекеттің негізі туындай бастады.Адамзат тарихында ежелгі мемлекеттер Инд,Хуанхе,Ніл Тигр және Евфрат жағаларында пайда болды.Кейінгі дәуірлерде улкен империялардан бастап,шағын корольдіктерден тұратын әртүрлі түрдегі мемлекеттер өмір сүрді.Мемлекеттің пайда болуын тұжырымдамаларды бөліп қарастыруға болады.Патриархалдық теория бойынша мемлекет бастауы жекелеген рулардың өз биліктерін ірі руларға-тайпалық бірлестіктерге беруімен туындайды.ал,олар бірте-бірте мемлекетке айналатын берік одактарды қалыптастырады.Орта ғасырларда кең таралған теологиялық теория бойынша,мемлекеттің пайда болуы Құдайдың қалауына және ондағы монарх билігін сакралдандыруға негізделеді.Әлеуметтік-экономикалық теория бойынша мемлекеттің пайда болуын мүлікке ие топтардың,әлеуметтік өндірістік құрылымдар мен меншік қатынастарының қалыптасуынан шығарады.Мемлекеттің пайда болуын бір емес,бірнеше факторлардың ықпалымен пайда болғанын көрсетеді.Біздің еліміздің аумагында алғашқы мемлекеттер өткен мың жылдықта пайда бола бастады.Қазіргі күндегі Қазақстан Республикасы Түркі,Сақ,Сармат,Үйсін;қараханидтер,қыпшақтар мемлекетінің мұрагері болып табылады.ХV ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ ру тайпаларының жиналуы негізінде Шу өзенінің бойындағы

Page 6: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

Хантау тауында Қазақ Хандығы түріндегі жаңа мемлекет дүниеге келді.Хан билігі астына тегі бір рулар,тайпалардың жиналуы нәтижесінде Қазақ Хандығының жер аумағы бүгінгі күнге жетті. ХVIII-ХIХ ғасырларда қазақ жерлерін Ресей империясына қосу үдерісі басталды.1917жылы Ақпан революциясынан кейін еліміз егемендікті қайта орнатуға талпынды.Еліміз өзінің толық тәуелсіздігіне 1991жылы ғана қол жеткізді.Осы кезден бастап,Қазақстан әлемдік қауымдастыққа кіре бастады.

IV. Жаңа сабақтың қорыту сұрақтары

1. Мемлекет дегеніміз не?/ саяси жүйені құрайтын негізгі элемент болып табылады

2. Мемлекет қашан пайда болды?/адамзат дамуының ерте дәуірінде пайда болды және даму тарихы ұзақ кезеңдерді қамтыды

3. Мемлекетке дейінгі пайда болған құрылыс?/мемлекетке дейінгі өмір сүрген құрылыс алғашқы қауымдық деп аталады

4. Алғашқы қауымдық демократия дегеніміз не?/жоғарғы билікке қауымдағы барлық ұжым иелік ететіндіктен басқарудың бұл түрі алғашқы қауымдық демократия деп аталады

5. Тайпа көсемі қайда сайланады?/Тайпа көсемі жалпы жиналыста сайланды

6. Алғашқы қауымдық құрылыста не басым болды?/алғашқы қауымдық құрылыста ұжымдық еңбек басым болды

7. Қауым мүшелерінің еңбектері қалай бөлінді?/ Қауым мүшелерінің еңбектері алғашқы қауым адамдарының жас ерекшеліктері мен және әйел,ер айырмашылықтарына сай бөлінді

8. Дауыс беру құқығын кімдер иеленді?/дауыс беру құқығын алғашқы қауымдық құрылыста тек әскерилер иеленді

9. Алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары қалай өмір сүрді?/алғашқы қауымдық құрылыстың адамдары үлкен отбасы түрінде өмір сүрді яғни алғашқы қауымдық құрылыстың түпкірінде мемлекеттің негізі туындай бастады

10.Адамзат тарихында ежелгі мемлекеттер пайда болған жерлер?/ адамзат тарихында ежелгі мемлекеттер Инд Хуанхе,Ніл,Тигр,Евфрат жағаларында пайда болды

11.Кейіңгі дәуірлерде өмір сүрген мемлекеттер?/Кейінгі дәурлерде үлкен империялардан бастап шағын корольдіктерден тұратын мемлекеттер өмір сүрді

12.Патриархалдық теория бойынша мемлекеттің дамуы?патриархалдық теория бойынша мемлекет бастауы жекелеген рулардың өз биліктерін ірі руларға тайпалық бірлестіктерге берумен айналатын берік одақтарды қалыптастырды

13.Орта ғасырлық теологиялық теория бойынша мемлекеттің дамуы?Ортағасырдағы кең таралған теологиялық теория бойынша

Page 7: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

мемлекеттің пайда болуы құдайдың қалауына және ондағы монарх билігіне сокралдандыруға негізделеді

14.Әлеуметтік –экономикалық теория бойынша мемлекеттің дамуы?Әлеуметтік –экономикалық теория бойынша мемлекеттің пайда болуын мүлікке ие топтардың, әлеуметтік құрылымдар мен меншік қатынастарының қалыптасуынан туындайды

15.Біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттер қашан пайда болды?/біздің еліміздің аумағында алғашқы мемлекеттер өткен мыңжылдықта пайда болды

16.Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттің мұрагері болып табылады?/ Қазіргі күнде Қазақстан Республикасы түркі,сақ,сармат,қыпшақтар,қараханиттер мемлектерінің мұрагері болып табылады

17.Қазақ хандығы түріндегі жаңа мемлекет қалай дүниеге келді?ХҮ-ғасырда Жәнібек пен Керей бастаған қазақ ру тайпаларының бірігуі нәтижесінде Шу өзені бойындағы Хантау тауында қазақ хандығы түріндегі жаңа мемлекет дүниеге келді

18.Биыл елімізде осы қазақ хандығына байланысты қандай мереке аталып өтті?/биыл Қазақстан Республикасы Қазақ Хандығының -550 ж мерей тойын атап өтті.

19.Қазақ жерлерін Ресейге қосу үдерісі қашан басталды?/Қазақ жерлерін Ресей империясына қосу үдерісі ХҮІІІ-ХІХ ғ басталды

20.Еліміз егемендігін қайта орнатуға қашан талпынды?/Еліміз егемендікті қайта орнатуға 1917 ж ақпан Революциясынан кейн талпынды

21.Еліміз өзінің толық тәуелсіздігіне қашан қол жеткізді?/Еліміз өзінің толық тәуелсіздігіне 1991 жылы ғана қол жеткізді

22.Қазақстан бүгінгі күнде қандай ұйымдарға мүше?/ 1. Біріккен ұлттар ұйымы2.Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 3.ТМД Тәуелсіз мемлекеттер достастығы4.Евразиялық экономикалық қауымдастық 5. Ислам ынтымақтастық ұйымы.6. Экономикалық ынтымақтастық ұйымы.7. ЮНЕСКО8. Халықаралық валюта қоры.9. Интерпол

23.Биыл елімізде 1 желтоқсан қандай мереке деп аталды?/ Биыл елімізде 2015 ж 1 желтоқсан- Тұңғыш Президент күні» деп аталды

Жаңа тақырыптан 1. «Қазақстан»сөзінен сөзжұмбақ шешу: Сұрақтары:1)Қазақ халқы үшін әлуметтік-философиялық ойлары ерекше мәнге ие?-Құнанбаев2)Саяси өмірге аса көп мөлшерде тартылады?-Адам3)Іс -қимыл үстіндегі мемлекеттік билікке қарсы әрекет?-Оппозиция

Page 8: bilimgylym.files.wordpress.com · Web viewАшық тәрбие сағатын 2-курс 68 топ «Газоэлектрмен дәнекерлеуші» мамандығының

4)Антидемократиялық режим?-Тоталитаризм5)Қазақ халқының танымал ғалымы,ағартушы?-Шоқан6)Құпия түрде әрекет ететін оппозиция түрі?-Жасырын7)Халық билігіне сүйенетін саяси режим?-Демократия8)Саяси өмірдің үстінен бақылау жүргізетін саяси режим?-Авторитаризм9)Саяси жүйе ұғымын айналымға енгізген америка ғалымы?-Д.Истон

2. «Мемлекет»сөзіне сөз жұмбақ шешу:Сұрақтары: 1)Орта ғасырда теологиялық теория бойынша қандай билік пайда болды?-Монарх2)Халық билігі?-Демократия3)Қазіргі күндегі Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттердің мұрагері болып табылады?-Сармат4)Адамзат тарихында ежелгі мемлекеттер пайда болған жерлердің бірі?-Ніл5)Дауыс беру құқығына кімдер ие?-Әскерилер6)ХV ғ қазақ ру тайпаларының бірігуінің нәтижесінде жаңа мемлекет кімнің арқасында дүниеге келді?-Керей7)ХVIII-ХIХғ қазақ жерін қай елге қосу үдерісі болды?-Ресей8)Ежелгі мемлекет пайда болған жердің бірі?-Тигр

V.Бекіту: «Бес жолды өлең»әдісімен аяқтау

«Қазақстан»сөзі

1.мемлекет

2.күшті ,егеменді

3.көркейеді,өседі,жаңарады

4.Қазақстан-ең мықты мемлекет

5.Ел

VI. Бағалау: Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма : §17 Мемлекеттің пайда болуы және негізгі белгілері,оқып келу ,