bilimgylym.files.wordpress.com  · web view10 көлемінде тура және кері...

8
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2А бөлім – Санды және әріпті өрнектер Мектеп:112 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Шүкіртаева Іңкәр СЫНЫП: 2 Б Қатысқандар : 29 Қатыспағандар:0 Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.1. санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау; 1.1.1.2. бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3. бір таңбалы сандардың құрамын анықтау Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтайды. Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады. Оқушылардың басым бөлігі: 10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады. Кейбір оқушылар: Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды. Заттардың саны мен сандардағы сәйкестікті табады. Бағалау критерийі *Бір таңбалы сандарды таниды және атайды. *10 көлеміндегі сандарды салыстыру. Тілдік мақсаттар Оқушылар: *Оқушыларға таныс сандардың атаулары мазмұнмен толықтырады. Сандардың арасындағы байланыстар ашылады. Сандық қатардағы натурал сандар туралы түсінік қалыптаса бастайды. Негізгі сөздер мен тіркестер: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы, санау, санап шығу, барлығы Қанша? Саны бойынша нешінші? сан және цифр қанша?-сколько?-how many? Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Upload: others

Post on 27-Dec-2019

19 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:2А бөлім – Санды және әріпті өрнектер

Мектеп:112

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Шүкіртаева ІңкәрСЫНЫП: 2 Б Қатысқандар : 29 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.1. санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;1.1.1.2. бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру1.1.1.3. бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтайды.Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады.Оқушылардың басым бөлігі:10 көлемінде тура және кері санай алады.Бір таңбалы сандарды салыстыра алады.Кейбір оқушылар:Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды.Заттардың саны мен сандардағы сәйкестікті табады.

Бағалау критерийі *Бір таңбалы сандарды таниды және атайды.*10 көлеміндегі сандарды салыстыру.

Тілдік мақсаттар Оқушылар:*Оқушыларға таныс сандардың атаулары мазмұнмен толықтырады. Сандардың арасындағы байланыстар ашылады. Сандық қатардағы натурал сандар туралы түсінік қалыптаса бастайды.Негізгі сөздер мен тіркестер: 1-ден 10-ға дейінгі сандардың атауы, санау, санап шығу, барлығы Қанша? Саны бойынша нешінші? сан және цифр қанша?-сколько?-how many?Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылау: Қалай ойлайсыз?Неге натурал сан деп атаймыз? Мұны қалай біле

аламыз?

Неліктен… екенін айта аласыз ба? Неліктен бұл санды алдыңғы/келесі сан деп атаймыз.

Құндылықтарды дарыту

Өз бетімен өмір бойы оқуға дайын болу, жауапкершілікпен бір-біріне жақсы қарым қатынас жасау.

Пәнаралық байланыс

Дүниетанумен байланыс-көжек туралы тапсырма

Алдыңғы оқу Сан туралы ұғым бар.

Page 2: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы 4 мин

Ұйымдастыру кезеңіШирату:-Терезенің алдында қанша бала отыр?-Сенің алдыңда қанша бала отыр?-Сенің артыңда қанша бала отыр?Ұлдар мен қыздар бөлініп тұруды ұсыну.Қыздарға сыныптағы ұлдарды,ұлдарға қыздарды санауды ұсыну.-Сыныпта ұлдар көп пе,әлде қыздар ма?Қалай ойлайсыңдар,неліктен?-Бүгін сыныпқа қанша оқушы келді,айта аласыңдар ма?КБ: «Сиқырлы таяқша»-Біз нені анықтадық?Жауабы:алдында 2 бала,артында 4 бала,ұлдар 12,қыздар 13.Топқа бөлу.Оқушылар 1,2,3,4 деп санап, 4 топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы32 мин

Миға шабуыл «Көжекке көмектесейік»-Балалар, мына кішкентай көжек неге жылап тұр деп ойлайсыңдар?-Балалар, көжек мектепке бірінші сыныпқа келіпті, оның қолында не бар?- Қолындағы шарларының жартысын ұшырып алыпты, соған жылап тұр екен.-Көжекке көмектесеміз бе?Санап шарлардың жібін көжектің қолына ұстату.

ТЖ «Кім жылдам?» Шашылған заттарды жинау«Елшілер» стратегиясы бойынша топта топ басшы,спикер,уақыт сақшысы болып анықталу.Топ басшысы-топ мүшелерінің рөлдерін бөліп береді,уақыт сақшысы-уақыт регламентінің сақталуын бақылайды,спикер-нақты мәлімет береді.

Әр топқа ортаға заттар қойылады.І топ: Нүктелі кубиктарІІ топ: Түрлі түсті пирамидаІІІ топ: ОйыншықтарIV топ: Түрлі түсті кубиктар- Әр топта қанша заттан бар? Қалай білдіңдер?(Әр топ өз затын санап шығады)-Тағы да қалай санауға болады? (Кері санауға болатынын айтады)

Жауабы:нүктелі кубиктер -6, түрлі түсті пирамидалар-7,ойыншықтар-9, түрлі түсті кубиктар-10.КБ: «Сиқырлы таяқша»

Page 3: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады

-Не байқадың?-Заттарды санауды қай саннан бастадың?Жауабы:санауды 1 санынан бастайды.

Б: «Шапалақ» арқылы топтар бір-бірін бағалау

1шапалақ-мүлдем дұрыс емес2шапалақ-қателер бар3шапалақ-барлығы дұрыс

Ж.Ж «Шығарып көр»Оқушыларға жұптасып оқу құралдарын санату.Бір-біріне сұрақ қою арқылы анықтайды.Мысалы:3 дәптер,4 кітап,1 сурет альбомы т.с.с.КБ: «Сиқырлы таяқша»-Заттардың санын қалай анықтауға болады?(Жауабы:санау арқылы)Б: Смайликтер арқылы

ҰЖ «Біздің сыныбымызда»Оқушыларға төрт адамнан топтарға бөлініп,өздері сұрақ ойлап тауып және оны келесі топқа қояды.-Біздің сыныпта қанша терезе бар?Жауабы: 3 терезе-Біздің сыныбымызда қаншаКБ: «Сиқырлы таяқша»-Заттарды санағанда қандай сандарды пайдаландық?Жауабы:1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Сергіту сәті:-Мен неше рет шапалақ ұрдым?(Мұғалім 6 рет шапалақ ұрады.Оқушы қайталап 6 рет шапалақ ұрады.)-Аяқтарыңды 3 рет топырлатыңдар-Алақай деп бес рет айтыңдар т.с.с.

Ж.Ж «Орындап көр»Оқушылар әрқайсысындағы түрлі түсті қарындаштарының санын табу үшін санайды. Тапсырма оқушылардың санау дағдысын бекітеді.Егер қарындаш саны 10-нан артық болған жағдайда (оқушы 10 көлемінде ғана санай алатын болса) онда ол өзінің жұбын көмекке шақырады немесе оның қарындаштарының саны 10-нан артық екенін айтады.

Интербелсенді тақта

Page 4: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады

КБ: «Сиқырлы таяқша»-Санауды қай саннан бастадыңдар?-Сандарды неліктен қалдырмай рет-ретімен атау керек деп ойлайсыңдар?Б: Смайликтер арқылы

Қалыптастырушы бағалауға тапсырмаСуреттерді сәйкес сандармен байланыстырып сызыңыз. Сандарды оқыңыз.

Дескриптор: Білім алушы- заттардың санына сәйкес цифрды белгілейді; - сандарды таниды және атайды.

Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы

«Қанша?» ойыныҚанша?сколько?how many?1 оқушы шығып бір заттың суретін көрсетіп, «қанша?» деп сұрайды.Бірінші болып анықтаған оқушы жүргізуші болады.Жауабы:9 жолбарыс,4 арыстан т.с.с.КБ: «Сиқырлы таяқша»-Санауды қай саннан бастадық?-Санауда бір санды қалдырып кетуге болмайды.Неліктен?Рефлексия-Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады?-Бүгінгі сабақ бойынша білім деңгейің қандай сатыда деп ойлайсың?

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық жәнеқауіпсіздік техникасын сақтау

Page 5: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады

Саралауды жүзеге асыру мақсатында топпен және жұппен жұмыс ұйымдастыр -дым. 10 санынан көп заттарды санауда қабілеті жоғары оқушыларға: –Сыныпта барлығы қанша оқушы бар?-Сенің жұбыңда барлығы қанша қарындаш бар?1.Қабілеті жоғары оқушыларға:

Гүл күлтелерінің санын анықта және боя.Ж:16

2.Кейбір оқушыларға :

Гүл күлтелерінің санын анықта және боя.Ж:6

Сабақ барысында әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүргіземін.КБ: «Сиқырлы таяқша»

Смайликтер арқылы бағалау

Шапалақ арқылы бағалау1 шапалақ-мүлдем дұрыс емес2 шапалақ-қателер бар3 шапалақ-барлығы дұрыс

Сергіту сәті кезінде партаның ұшынан

Қарындаштарды санау барысында ұштарын абайлау

АКТ пайдаланғанда электр тогынан

РефлексияСабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді?Сыныптағы ахуал қандай болды?Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты шынайы болды.Санау барысында натурал сандардың реттік номерін анықтады.10 көлемінде тура және кері санады, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтай алды. Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасты.Мен берілген уақыт ішінде жоспарланған тапсырмаларды үлгердім.

Қорытынды бағамдауҚандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1:Жұптық жұмыс «Шығарып көр»2: «Қанша?» ойыны

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Жұптық және топтық жұмыстар2: Белсенді оқу және бірлескен оқу

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?Келесі сабағымды жетілдіруге қалыптастырушы бағалаудың тиімді түрлерін пайдалану.Белсенді тапсырмалар барысында саралау.

Page 6: bilimgylym.files.wordpress.com  · Web view10 көлемінде тура және кері санай алады. Бір таңбалы сандарды салыстыра алады