ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап,...

229

Upload: others

Post on 30-Dec-2019

49 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді
Page 2: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

2

ББК 84 Қаз 7-44

Р 16

Рахымжанов Нұрлан.

Р 16 Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма.

Бірінші кітап: «Бабалар салған соқпақ жол». – Алматы,

2013. – 225 бет.

ISBN 978-601-241-221-5

Бұл кітапқа «Еліңнің тарихын білмесең, еліңнің мұңын

білмейсің» дегенді ұстанған тарих зерттеушілерінің жолын қуып, бір

атадан тараған елдің кешегі өткен тарихын, ел аузындағы тарихи

аңыздар мен естелік әңгімелерін жинақтап, бұрын баспа бетін

көрген дүниелермен тұздықтап, жинақтаған автордың зерттеуі

жинақталған.

Кітап бірнеше томнан тұрады. Сіздерге ұсынылып отырған бұл

кітапта Тама тайпасының Дәулеткелді атасының қазіргі Қарағанды

облысы Жаңаарқа ауданы Шәбден Ералиев (бұрынғы Жиделі

ауылы) және Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жайылма

ауылдарында орналасқан ұрпақтарының тек-тарихы шертіледі.

ББК 84 Қаз 7-44

ISBN 978-601-241-221-5

© Рахымжанов Н., 2013

© «Айтұмар» баспасы, 2013

Page 3: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

3

Біз, қазақтар - өткені бұлдыр,

келешегі бұлыңғыр халық емеспіз.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Кіріспе орнына

Биссимиллахи-рахман-ир-рахим!

«Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті Хайролла

Ғабжалиловтің 2012 жылғы 9 ақпандағы «Ана тілі» газетінің №6

басылымында жарық көрген сұқбатында мынадай сөздер бар еді:

«Бір мемлекеттің иесі болып отырған халықтың тарихын жазу

үшін оның құрамын зерттеу керек. Қазақтың тамыры – рулық

жүйеде емес пе? 43 атадан тарайтын рулар: 12 ата – Ұлы жүз, 6 ата –

Орта жүз, 25 ата – Кіші жүз.

Ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі мен елінің тарихын санасына

сіңіріп өскен жас ұрпақ азамат болғанда Отанын, ұлтын ешқашан

сатып, тастап кетпейді, қазіргі кейбір шенеуніктерге ұқсап дүниенің

құлына айналмайды.

Руыңды құрметтемей, қасиет тұтпай ұлт патриоты бола

алмайсың.

Қазақтың руын құрметтеуі, оны мақтан тұтуы, асыл қасиет деп

білемін. Өткен ғасырлардағы жоңғарға қарсы соғыста әрбір ру

батырлары өз руларының ұранын айтып, дұшпанға атой салған.

Тарих ғылымы жалпыхалықтық деңгейде болу керек қой. Әрбір

қазақтың үйінде тұратын тарих кітабы әлі жазылмай жатыр. Әрбір

оқушы, әрбір студент, әрбір қойшы, әрбір инженер оқып, рухы

көтеріліп, білім алатын тарих кітаптары болуы керек. «Бабаларым

мынадай екен ғой» деп, рухтарын, отаншылдық қасиетін көтеретін

тарих жазу керек. Қазіргі біздің тарихымызды тарихшыларымыздың

әлсіздігінен жазушылар және басқа сала мамандары жазып жатыр.

Мысалы, Ілияс Есенберлин, Олжас Сүлейменов, Мұхтар Мағауин,

Софы Сматай, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбековтер

сияқты тарих ғылымына өзге мамандықтан келіп, баға жетпес еңбек

сіңірді.

Өзге мамандықтан тарихты зерттеуге келгендер жиі

ұшырасады. Мәселен, Болатбек Нәсенов деген ағамыз, Алла тағала

күш-қуат берсін, бұрын Республикалық салық инспекциясын

Page 4: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

4

басқарған, кейін зейнетке шыққаннан соң өз қаражатымен Ресейдің

мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза

дереккөздері. Енді және 15 том кітапты шығарғалы жатыр.

Қазақтың рулық-тайпалық тарихын терең білген азамат бөтен

жұрттың алдында өзінің ұлтын қорғап қалуға белсенді жұмыс

істейтін болады».

Жоғарыдағы сұқбатта айтылған сөзге қосып-аларымыз жоқ.

Жөн. Біз де осы жолды ұстандық.

Ия, қазақтың әрбір істі қолға алғанда «Біссімілла» деп, әңгіме

қозғарында «Әлқисса» деп бастайтынын білеміз. Біссімілла деп

қолға қалам алып, әлқисса деп жазуды бастаған бұл тірліктің шеті

мен шегін таппай қиналдым. Жазған, жиған дүнием осындай кітап

парағымен 1500 бетке жуықтады. Содан соң тоқтап аял қылдым.

Оған себеп - таразылау, топшылаудың қиындыққа түскені.

Сәрсенбекұлы Болат ағайдың осы кітапты бастарда айтқан сөзі еске

түсті.

«Әй, Нұрлан-ай, сен өзіңе таңсық, бұрын қолға алмаған тың

жерге түрен салып отырсың. Сен кешегі күнді ғана жазба. Жаза-жаза

келіп, қазіргі уақытты жаз. Мысалға, өзіңнің әкең Сұлтекең туралы

мен көптеген қызғылықты, тәлімі көп әңгімелерді айтып бере

аламын. Сен, бұл кітапты кішкене ғана жұқалтаң болса да, бірнеше

кітап етіп жаз. Назардың заманы, Байболаттың заманы, Баянның

заманы, Тасыбайдың дәуірі, Ерубай, Көшектің, Бегұлының заманы

деп әкел де, кеңес өкіметіне тіре. Бергі жағы анық та танық болып

шыға келеді. Сені әзір ешкім танымайды. Осылай бөлек-бөлек кітап

етіп шығарсаң, біріншісін оқыған жұрт екінші кітабыңа өздері үшін

ұмтылатын болады» дегенде:

«Қойыңызшы. Мен соны турамыштамай бір-ақ кітап қылып

жаза салмаймын ба» дегенмін ғой. Шама жетпеді, уақыт тапшылық

қылады. Адамдардың тілін таба алмадым. Жол қаражаттан

қысылдым. Оны тапсам, көліктен қысылдым. Оны тапсам, артта

қалып бара жатқан отбасыма алаң болдым. Жұмысты тастап үш жыл

осы кітапты жазамын деп жүріп, қаржылық қиындықтарға тап бола

бердім. Қаржының тапшылығы – өз болашағыңа балта шабуға

апарып ұрындырады екен.

Осы кітапты бастарда, тәуекел деп тас жұтып, белді бекем буып

қауырт жазуға отырдым. Сонда алғашқы апта бойы ұйқыға жатар

алдында төсегімнің басында Барақ бабамның үйдің төбесін тіреп

Page 5: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

5

көзі оттай жанып тұрғанын көрумен болдым. Көзімді ашсам да,

жұмсам да көріп жүрдім. Ұйықтасам түсімде, оянсам өңімде көретін

болдым. Қарасұр, бойшаң, жауырынды, көзі шоқтай жанып, басында

дулыға, дулығасының маңдайында үш қауырсын секілді кекілі бар

бабам менің ұйқымның күзетінде тұрды. Түнімен әңгімелерді

шертеді, ұстай алмай қиналып жүрдім. Кейде оянған бетте сол

әңгімелерді жазып та алып жүрдім. Кейініректе де аса қатты

қиналған сәттерімде түсіме кіріп жүрді. Барақбай - Барақтың бейіті

ме екен деп ойланып жүрген кезім еді, түсіме еніп, өзіне ас беруді,

берілер асты ұйымдастыруды табыстағандай болды. Осының

барлығы тегін емес, тектен тек емес деп ойлаймын.

Жер шолып, ат шалдырып, Арқа жеріне, Жаңаарқа және Ұлытау

аудандарына төрт мәрте сапар шектім. Талас ауданына, Созақ,

Түлкібас, Бәйдібек аудандарына, Тараз, Алматы, Астана қалаларына

жол тарттым. Талай жанмен таныстым, талай жаннан бата алдық.

Талайдың арманы болған, атасының, бабасының тарихын қозғап,

әруақтарды қайта тірілтуге құштар жандардың тілектестігі

арқасында осы кітап жазылды. Жәйремдік Құтжанов Серік

Әубәкірұлы деген бауырымыз: «Мамытбек деген кісі Ерубай туралы

көп айтушы еді. Соларды жинақтап жазып шықсаңыз. Соның

негізінде Ерубай туралы кино түсірілсе тамаша болар еді-ау» деп ой

қозғайды. Бұл да ойға түйген, келешекке артылған бір жүк.

Тиянақты дүниенің сәтіне тап болғай!

Байболат, Бақ, Құлшыораз, Барақ, Сыбақ, Жанақ, Бұзау

батырлар туралы деректерді өз қал-қадірім жеткенше жинақтап, осы

кітапқа енгізіп отырмын. Деректер аз, дәйектер тіптен жоқ десеңіз де

болады. Қиыннан құрастырып, халықтан сұрастырып жазып

шықтық. Әлі де дамыту, арғы қарай іздене бермек ойда бар.

Осы жазылып отырған кітапты нешеме атадым. Алғашында

«Жайықтан Жайылмаға дейін» деп атасам, кейіннен «Ұраным:

Қарабура-Ерубай!» деп те атамақ болдым. Ойлана келе тоқтаған

жерім - «Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма» болды. Кешегі

Жетіқоңыр жерін жайлаған бүтін бір ауылдың тарам-тарам жолға

түскен ұрпақтарының негізгі екі қазығы – Қарағанды облысы,

Жаңаарқа ауданы, Жиделі колхозы (қазіргі Шәбден Ералиев ауылы)

және Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма ауылында

орналасқандықтан солай деп шештім. Бұл кітап бес, әлде алты

томнан тұрса керек-ті. Себебі, жиналған деректер соған мегзейді.

Page 6: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

6

Бұл кітапқа 1100-1771 жылдар аралығында өмір сүрген біз білетін

бабаларымыз туралы әңгімелер енгізілді. Келесі кітапта осы

бабалардың кейінгі буыны, 1695-1750 жылдарда туған перзенттері

туралы енгізілмек.

Осы кітаптың атауын алғашқы томын (бірінші кітап) «Бабалар

салған соқпақ жол» деп қойып отырмын. Бабаларымыздың

туралықпен жүргендігі, солардан дарыған мінез, солардың рухы

жолымен жүруді көздеп қойған атау бұл. Ор өзені бойынан

оңтүстікке, Сыр бойына, Жетіқоңыр даласына, қазақ тарихына жол

салған қайран бабалар соқпағы.

Осы кітапқа қажетті материалдар іздеу жолында бірнеше

жылдар бойы Қазақстанның сары даласын бірге аралап, жолсерік

болған Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлының, ескіден жеткен аңыз-

әңгімелерімен бөлісіп, таразылау жолында берген кеңестері үшін

Шаханұлы Беркіннің, алтын уақыттарын бөліп, кітапты сан мәрте

парақтап, бағыт-бағдар нұсқаған, келелі кеңестер берген Тайжан

Бақтияр Байділдәұлының, Рахымжанов Біржан Сұлтанұлының

ересен еңбектерін ерекше атап өткім келеді.

Сонымен қатар, менің танымал болмағандығыма қарамастан,

түсіністік танытып, өздерінің әңгімелерімен, қолдарындағы

деректерімен бөліскен, жол қаражаттан көмек берген жанашыр дос-

жаранға, туыстарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Ата-баба тарихын

танып-білу жолындағы істеріңіздің қайтарымы Алладан болсын!

Баршаңыздың шаңырағыңызға шаттық орнасын! Өмірде

қиыншылық көрмеңіздер. Алла жолдарыңызды ашсын!

Автор

Page 7: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

7

Кітаптың бастауы

Жеті атасын білмеген,

оты өшкен күлмен тең.

Атаның тілін жаттаған,

алуа, шекер, гүлмен тең.

Қанат Бесбаев, шежіреші.

Болашағына сенбейтін халық -

тарихына терең бойламайды.

Халық нақылы.

Нұрын шашып күн де шықты. Киелі Қаратаудың сілемдері

таңғы шұғыламен шағылысып, күнге қарығып, шыңылтыр мұзға

ұқсағандай, шынымен қапталған сиқырлы әлемдей алыстан көрінеді.

Теріскей беттен Келіншектау сілемдері мұнартып бір сәт көз

алдыңнан жалт ете көрініп жоқ болады. Қасиетімен барша қазақтың

алтын бесігіне айналған Қаратаудың етегін ала жайғасқан

«Жайылма» ауылының бір шетін ертеден аңыз болған, кешегі

Кенесары ханға өткел бермей тасып жататын Шабақты өзені жанай

өтсе, екінші бір шетін көктемнің тасқынында долдана, есіре ағып

өтетін Бүркітті өзені жағалай өтеді. Дегенде табиғаттың тасқынды да

берекелі суларын ғылымның ізденістері арқылы - бірін «Ынталы»

үшін деп, екіншісін «Бүркітті» үшін деп су қоймаларын жасап,

тоғандап байлап буып тастағаннан соң, алда-жалда ылғал мол

болған жылдары ғана арнасын сызып, кейде жырып өтетін қайран

өзендерім, бір жері ұлғайып, екінші бір жері көміліп бара жатқаны

ешкімге де өтірік емес-ау.

Қаланың қазағы болмасақ та, ауылдың қазағы болған соң,

Қаратаудың теріскейінен соғар таңғы салқын желімен тыныстап,

шөлейтті жердің құрғақ ауасынан жұтып, топырағы киелі, елі

кемелді болған Жайылманың бір баласы, бел баласы болып осынау

басталған үлкен тірлік туралы, өзім туралы, ата тегім туралы, келер

ұрпаққа шыққан тегімен мақтанатындай рухани дүние болар деген

оймен жаза бастаған кітаптың тарихын ойланып та тұрған жайым

бар.

Ертеректен, бала кезімнен әңгімеге үйірлеу болып, екі адам

әңгімелесіп отырса қасына отыра кетіп, олардың әңгімесін

Page 8: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

8

тыңдағанды ұнататын едім. Жақсы бір хикаяттар, есте қалар

оқиғалар болса, сол әңгімені кейіннен есіме түсіріп сол оқиғаның

ішіне өзімді қойып, оқиғаны өз бетімше өрбітіп елестетуге тіптен

ынтық болдым. Мектеп табалдырығын аттағанға дейін

нағашыларымның қолында, Ошақтының Тасжүрек деген елінде

болдым. Нағашы әжем Ағыбайқызы Тәжікүл маған бар аналық

қамқорлығын көрсетіп, бір жарым жасымнан бастап бағып қақты.

Сол ауылдың ағасы болып, уағында еліне сыйлы болған

Шынбатырұлы Омардың шаңырағы болғаннан соң ба, әлде аралас-

құраласатын адамдары солай болып келе ме, бұл үйге мен үшін

оншалықты таныс та емес адамдар көптеп келіп жататын.

Шалдардың ескілікті әңгімесі, нағашым Төлеудің солармен әңгіме-

дүкен құрып отырып онды-мұндыны, өткен-кеткенді сұрай отырып

сұхбат құруы біртүрлі қызық болып көрініп жүрді. Мектеп жасына

жеткеннен соң мені өз әке-шешеме табыстап, бестен алтыға қараған

шағымда Тасжүрек емес - Тама, оның ішінде Барақ деген елдің

баласы екендігімді білдірді. Дегенмен оны да мойындай қоймай, он

төрт-он беске келгенше Тасжүрек еліне деген адал көңілімді

ұстанып келдім. Уақыт өтіп, Тама елінің ұланы екенімді толық

ұғынғаннан кейін де ол ауылды қимай көп жүрдім. Барыс-келісім,

нағашыларым тұратын «Түгіскен» - бүгінгі «Тоғызкентте» жүруім

көп болды. Екі елді тел емдім. Екі елдің ұстаным, бітімін білген соң,

екі елді салыстыра жүретіндей болдым.

Осылай жүргенімде Барақ елінің қарияларының бірі, әңгіменің

майын тамыза айтатын атамыз Шоламанов Тұрғанның әңгімелеріне

әуестігім ұстады. Ол кісінің көпшілік жиналған жерде жүгініп отыра

кетіп айтатын ескілікті, ғибраты мол, кешегі өткен батыр

бабаларымыз, пайғамбарлар мен машайықтар, бақсылар мен

дәруіштер туралы әңгімелерін ұйып тыңдап жүрдім. Көршілес қатар

отырған Байболаттан тарайтын Сәрсенбекұлы Болат ағамыздың

қызғылықты әңгімелерін, мысқылды сөздері де мені әңгіме иіріміне

көп тарта берді. Өз бетімше әңгімелер, өлең шумақтарын жазып,

қарым-қабылетімді байқап көріп, естіген әңгімелерімді айтып көріп

жүрдім. Бірақ, менің әңгімелерім ол кісілердің әңгімелеріндей жатық

шықпады, олардың айтқан әңгімесін жарым-жартылай ғана ұғып

қалғанымды біліп өкініп те, опынып та жүрдім.

Уақыт зымырап өтіп жатты. 1996 жылдың 23 ақпаны. Бұл

күннің менің өмірімде үлкен өзгерістер әкелгенін қазір түсініп те,

Page 9: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

9

түйсініп те жүрмін. Әңгіме әлеміне, шежірелік әңгіме әлеміне жол

салды, көкірек қуысында жатқан іңкәрлік сезімімді оятқандай

болды. Қаламымды ұштап, әңгімешілдер қатарында еркін отыруыма,

пікір таластырып, өз ойымды жеткізуіме салынған соқпақ болды. Ол

кезде әкем Рақымжанұлы Сұлтан - Сарысу аудандық мәслихатының

хатшысы болып қызмет істейтін. Сонымен қатар «Қарабура»

Республикалық қайырымдылық қорының Сарысу ауданындағы

хатшысы ретінде қоғамдық жұмысты қоса атқаратын еді. Ол

жұмыстың басында жүрген Қожагелдиев Амангелді - Таманың Жөгі

атасының ноқта ағасы – Молдас елінің арқалы да, бүкіл Тама еліне

еңбегі сіңген, Тама болысын құрған уақыттағы толмай қалған үй

санының үш жылғы салығын көтерген Жидебай байдың ұрпағы.

Әкем (әдетте біз үй ішінде көке деп атаймыз) «Қарабура» қорының

отырыстарына Амангелді қария екеуі барып қатысып жүретін. Өзі

кейіннен:

- Бізді кім қай уақытта орнымыздан босатып кеткенін кім

білсін?! Бозжігітов Жақсылық (Таманың Есентай бұтағынан) бәріне

еге бола кетіпті. Ол кісімен таласқан жоқпыз. Айтып көрдік,

«Таманың үлкені, сөзі өтімдісі мен емес пе» дегендей ыңғай

танытқан соң, ол кісіге жол бердік. Дегенмен, осы қорды құрған

уақыттағы, насихаттап ауыл-ауылды аралап түсінік жұмысын

жүргізген, ел жағалаған еңбегімізді еш қылып кетті, - деп айтып

отыратын.

Бұл күнде көкем де, Жақсылық атамыз да, Амангелді әкеміз де

о дүниелік болып кетті ғой. Ағайын-туыс болып әруақтың жолында

еткен еңбектерінің сауабы тиіп жатқан-ақ шығар деп те ойлаймын.

Сонымен, 1996 жылдың 23 ақпанында көрші Созақ ауданынан

екі кісі келіп үйге түсті. Бірі – Барақ әулетінің сол уақыттағы үлкені,

Шолаққорған кентінде тұратын Түймебайұлы Жұмағұл деген атамыз

екен де, екіншісі «Қарабура» қорының жұмысына атсалысып жүрген

адамдардың бірі, Созақ өңірінің тарихын зерттеуші-ұстаз, Барақ

ауылына жиен Тәбірізұлы Сүлеймен деген қария екен. Жұмағұл

атамыз:

- Мына жиен - кешегі Ноғай ишанның ұрпағы, Тәбіріз

жездеміздің баласы. Аты - Сүлеймен. Нағашыларыммен таныстыр

дегеннен соң ертіп келіп отырмын. Сенің жақын жиенің, - деп

қалтасынан шежірелік кесте сызылған қағаз парағын алып шықты.

Page 10: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

10

Көкем ол кісілермен біраз сұхбат құрып отырды. Сүлейменді

«Қарабура» қорының мәслихаттарында көріп жүргенін, етене таныс

болмағанымен жүзтаныс болып қалғандығын айтып:

- Сіздердің сауалдарыңызға жақсы бір жауап қатайын. Ақыры,

нағашыңызбен танысуға келсеңіз, біраз адамдарды жинайын, - деп

сол уақыттағы ауылдың әңгіме айтатын, көпті көрген қарияларын

үйге шақырды.

Қой сойылып, ет асылып жатыр. Жарықтың уақытпен берілетін

шағы. Бір әңгіме май шамының аясында өтсе, екінші бір сәті электр

шамы аясында өтіп жатты. Әңгіме-сұхбатқа бірқатары бұл күндері

марқұм болып кеткен, бірқатары әлі күнге бар, Барақ ауылының сол

уақыттағы үлкен қариялары, аталарымыз Орақбайұлы Айтжан,

Қуандықұлы Төлежан, Дәуренбеков Қасымжан Қидуанұлы,

Шоламанов Тұрған Жәпелұлы, әкелеріміз Ақбаев Ордабек

Оңдыбайұлы, Дүзкенұлы Кәрімжан, Дүйсенов Сайлау Серікұлы,

ағамыз Сәрсенбекұлы Болат, көкем (әкем) Рақымжанұлы Сұлтан,

анам (үй ішінде тәте дейміз) Омарқызы Мырзакүл, тағы да басқа

кісілер болды. Жақсы-жақсы әңгімелер шертілді. Ел арасында аса

көп айтыла бермейтін, осы мәслихатқа қатысып отырғандардың өзі

бір-бірінен алғаш рет естіп отырған көптеген хикаялар, қызғылықты

әңгімелер айтылды. Сүлеймен жиен қалтасынан қойын кітапшасын

алып, әңгімелерді түртіп отырды. Зердесіне түйіп отырды. Ол

кісілерден қалыспай мен де жазып отырмын. Әңгіме аяқталып, ет

желініп, шай ішілді. Дастарханға бата қайырылды. Ел орнынан

тұрар кезде Сүлеймен жиен:

- Нағашыларыма аталары Барақ туралы әңгімелеріңді қайта

сыйлайын. Барақты қайта тірілттік. Енді осы әңгімелеріңнен

айрылмаңдар, - деп әзілдеп жатты.

Ел күліп, жиендеріне ризашылық білдірді. Созақтан келген

кісілер ертесіне қайтып кетті. Әңгімеге ниетім ауып мен қалдым.

Естіген әңгімелерімді Болат ағама қайта айтызып, қайта жазып

алдым. Ол кісінің зерделілігі, естіген әңгімесін үтір-нүктесіне дейін

аунытпай айта білуі ерекше еді. Осынысын дұрыс пайдалана

білгендей болдым.

Келер жылы 1997 жылдың 3 қаңтарында Сүлеймен жиен

Қарағанды қаласында басылып шыққан «Қарабура әулие» атты

танымдық зерттеу еңбегін әкеліп көкеме беріп кетті. Онда біздің

үйде айтылған әңгімелерден біршама әңгімелер енген екен.

Page 11: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

11

Осы екі аралықта көкем мен Төлежан атам «Барақ ата

ұрпақтары» деген атпен шежірелік кітап шығаруға бел байлады.

Онда шежірелік кесте мен Барақ әулетінің әңгімелері, елеулі

тұлғалары туралы естеліктер, өмірбаяндарға орын бермек болды.

Осындай еңбек етіп Барақ әулетінің шежірелік кестесін түзіп жүрген

уақыттарында ауылымыздың азаматы, бұл күнде бүкіл Алаш

баласының аяулы ұлына айналған Пернебай Дүйсенбин ағайымыз

(бұл кісі Шеркештің Жақсылық-Алшын аталығынан) «Үркердей

болып көшкен жұрт...» деген атаумен тарихи, танымдық, деректік,

шежірелік, әдеби туындысын жазуға бел байлап ауыл-ауыл, жер-

жерге жарнама парақтары мен бюллетень-газеттерін тарата бастады.

Осы сүреңде бұл кітап аяқталмай қалды.

Бұрыннан жинап жүрген әңгімелерімді анда-санда алып оқып,

қарап қоямын. Пернебай ағайға жазып беруге ұялып та, қымсынып

жүрдім. Осы әңгімені айтушылар өздері айтып жүрген әңгімелерін

өздері жазып беретін шығар деген де ой болды. Жазба әңгімелер

қоры уақыт өте ұлғая берді. Пернебай ағай ел жағалап әңгімелерін

жолдауды өтінгенмен, елді жинап әңгімені өз ауыздарынан жинап

алуға мүмкіндігі де болмаған сыңайлы. Кейін кітапты, «Үркердей

болып көшкен жұрт...» еңбегін оқып отырғанымда үлкен де

ауқымды істің ешқайда мойын бұрғызуға мүмкіндік бермегенін,

ауыр да мехнатты еңбек болғанын түйсіндім. «Әттең-ай!» деп өзім

жинап жүрген, ел арасында айтылып жүрген мен білетін

әңгімелердің осы үлкен кітапқа енбей қалғанынан өкініш білдірдім.

Өзімнің ұялшақтығыма, жасқаншақтығыма қынжылыс білдіре

бердім.

Осылай жүргенде 2008 жылдың 28 желтоқсаны келіп жетті.

Төлежан атам Барақ әулетінің Жайылма ауылы мен Жаңатас

қаласындағы өсіп-өнген аталарынан бір-бірден өкілдерін шақырып,

үйінде дәм берді. Бұл мәслихатқа Барақтың үлкен атасы, ноқта ағасы

деп Дүйсенов Сайлау Серікұлы әкемді, Қарауыл ата ұрпағынан деп

Шоламанов Тұрған Жәпелұлы атамды, Барақтың сыйлы

шаңырағында отыр деп Орақбайұлы Орынбасар атамды, Қойбақ

батырдың ұрпағы ғой деп Қыздарбекұлы Тотанбай атамды, Кейкі

атаның ұрпағынан деп Үсенұлы Әбдірахман атамды, Құланбай

атаның ұрпағы деп Байболұлы Алпысбай атамды, Дікіл атаның

әңгімеші адамы деп Дәукенов Ордабай Зікірияұлы ағайды, Тұяқ

балаларынан деп әңгімеге үйірлеу деген болуы керек мені - яғни,

Page 12: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

12

Сұлтанұлы Нұрланды, Шындәулет атаның, Қылыш Атаның ұрпағы

деп Бәйешұлы Шегетай атамды, Шінтек атаның ұрпағы деп

Сүйінбаев Төлеутай Ібітайұлы атамды, бүгінгі күнде өліп кетпей,

өмір сүріп жүргенім Елеш атам арқасы деп, ата баласы деп Елешұлы

Төлеутай ағамды, Әзберген ата ұрпағы, Тіленші баласынан өзінің

інісі Қуандықұлы Төлебай атамды, Құлшыораз әулетінен Жанбай

ата ұрпағынан деп Оспанұлы Арқабай (Жөкен) ағамды, Жалаңтөс

ата ұрпағы деп Елеубайұлы Алпысбай, Жүзжасар ата ұрпағынан деп

Жақсыбайұлы Базар мен Жанжолұлы Серікбай әкелерімді шақырған

екен. Осы аталған кісілерден Жаңатастағы кісілер жол тайғақ болып

орта жолдан қайттық, Жайылмаға қарай жүре алмадық деп хабар

берсе, ауылдағы ағайынның біразы Оспанұлы Кенжебек ағамның

үйінде болып жатқан қызықшылықты қиып келе алмады. Келген

кісілер Тұрған атам, Сайлау әкем, Ордабай ағам, Төлеутай ағам,

Төлебай атам, Серікбай әкем, Төлежан атам, Төлежанұлы Толыбай

інім және мен болдым.

Талай әңгіме шертілді. Мол дастархан жайылды. Ақтам

ауылынан бір сиыр сатып алып, үйітіп сойған екен. Еттің де,

құйқасының да дәмі бір ерекше тілді үйіреді. Шай ішіліп, Төлежан

атам өзі зерттеп, түгендеп шыққан «Барақ ата ұрпағы» атты

шежірелік кітабын елге таныстырды. Компьютерлік нұсқа түрінде

басылып шыққан екен. Шежірені Төлежан атамның айтуы бойынша

кестеге түсірген Сұлтан Рақымжанұлы деп көрсетілген. Осылай

отырып:

- Мына кітапқа қуана білуіміз керек. Атасын, өзінің шыққан

тегін білмейтін жастар арамызда өте көп-ақ. Рас, бұл еңбек ертерек

шығуға тиісті-ақ еді. Шамалы кешікті. Пернебай ағайдың кітабы

шығып кетті. Бірақ, оған қолы жетпеген, алуға қаржысы толмаған

жандар болса, мына шежірелік кесте оларға үлкен өмірлік азық

болары сөзсіз. Дегенмен, бұл кітаптың қосымшасы, әңгімелері мен

естеліктері кемшін болып тұр. Кеше неге Пернебай ағайдың

кітабына бүгін осында отырып айтқан әңгімелер, әншейінде «Анау

менің бабам, атам былай депті. Былай істепті» деп айтатын

әңгімелерімізді бермегенбіз. Неге, жазып бермедіңіздер, - деп әңгіме

бастадым.

- Ай, Нұрлан-ай, - деді Тұрған атам осы кезде. – Сенің де

айтқаның дұрыс шығар. Бізден жазушы шықпады ғой. Біз

айтушымыз, жазу қолымыздан келмейді. Пернебай бізден сұхбат

Page 13: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

13

алмады. Сұхбат алса, айтар едік. Әзірге біздің көкейімізде,

санамызда өшпей тұрған әңгімені жазып алатын адам болмай тұр

ғой.

- Оныңыз рас, аға, - деді Ордабай ағам. – Осы бір көкірегіңде

сайрап тұрған ескілікті әңгімені тыңдайтын құлақ та қалмай келеді.

Шіркін, бір жазушы арамыздан шықса?! Соған әңгімені баяндап

берсек, қандай жақсы болар еді. Ол үшін де осылай басымыз

қосылып отыруымыз керек шығар. Әңгімені әңгіме түртеді деп,

біріміз білмейтін әңгімені екіншіміз түзетіп, сол әңгімеден үшінші

бір әңгімені шығарып айтар едік-ау. Ол да бір ғанибет тірлік болар

еді. Құр босқа, әр қуыста карта ойнағанша, осы іс бізге де жақсы

болар еді, - деп тамсанып қойды.

- Ал, ендеше орталарыңыздан армандаған жазушыларыңыз

шықты деп есептеңіздер. Сіздер айтып отырыңыздар, мен жазып

отырайын. Осыны, кітап етіп шығарайық, - дедім мен.

- Ай, Нұрлан-ай, - деді Тұрған атам қабағын шытып, - әңгімені

кімге айту керек. Білерсің, білмессің. Саған мына бір әңгімені

айтайын, - деп бір әңгімені бастап кетті.

- Ертеректе бір жолаушылап келе жатқан үш адам алыстан

бұлақ көріп, шөлдерін баспаққа асығып келе жатады. Асығыс өтіп

бара жатып байқап қалады, бұлаққа тақау жерде үш адам өліп жатыр

екен дейді. Кенезесі кеуіп есеңгіреп келе жатқан жолаушылар жан-

жақтарына қарауға шамасы келмей, келе суға бас қояды. Бұлақтың

салқын суына мейірлерін қандырған, көздеріне тіршілік белгісі

қайта оралған жолаушылар өліп жатқан адамдарға бұрылып қайтып

келеді. Киім киістеріне, бет-әлпеттеріне қарап олардың мұсылман

баласы екендігін байқаған соң, жолаушылардың үлкені тұрып:

- Бұлар мұсылман баласы екен. Алла тағаланың ризашылығы

үшін жаназасын шығарып, топырақ астына жасырайық, - дейді.

Ортаншысы үлкенінің сөзін қостай кетеді. Сонда

жолаушылардың кішісі тұрып:

- Бұлардың мұсылман екендігі даусыз-ақ болар. Бірақ, бұларға

жаназа бұйыратын, бұйырмайтындығын тексеру керек, - деп

қарсылық білдіреді.

«Үлкен тұрып, кіші сөйлегеннен без» деген қағидатты ұстанған

заман емес пе?! Жасы кіші болса да, өзіне қарсы шыққанына іштей

ренжіп қалған жолаушылардың үлкені:

Page 14: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

14

- Бірдеңе білген соң айтып тұрған шығарсың. Білсең тексере

қой, - депті.

Жолаушылардың кішісі «Құп!» депті де, өлген үшеуді бір

жамбастатып құбылаға қаратып жатқызып қояды. Содан соң өзі

атпен тақанып келіп, жоғарыдан тұрып қолындағы найзасын өліктің

құлағына дәлдеп тастап кеп жібереді. Найза өліктің құлағын көктей

өтіп, жерге бойлап кіріп кетеді. Екінші өлікке де осы әдісті

қолданғанда найза құлаққа толық кірмей, ұшы ілігіп бұлғақтап

тұрып қалған екен деседі. Үшінші өліктің құлағына найза дарымай,

сонадай жерге ұшып түсіпті. Сонда жолаушылардың кішісі өз ойын

тұжырымдай келе былай депті:

- Бірінші адам - ақпа құлақ екен. Айтқан сөзді сол жерде

ұмытады. Ісінің бәрі алаң-құлаң. Оған жаназа бұйырмайды. Екіншісі

– жарты құлақ. Айтқан әңгіменің жартысы құлағына еніп, жартысы

ағып кетеді. Істеген ісі көзге көрінбейді. Оған жарты жаназа

бұйырады. Ал, соңғысы не айтсаң да қағып алатын құймақұлақ екен.

Ісі де мандырымды, сөзі де орнықты. Толық жаназа осыған

бұйырады деген екен, - деп Тұрған атам әңгімесін аяқтады.

Ел күліп жатыр. Мен түйіліп отырып қалдым.

- Әрине, әңгімені құймақұлаққа айту керек дейтін шығарсыздар.

Рас, мен ондай құймақұлақ емеспін. Әл-қадірімше жазамын. Мейлі,

сіздер бұл әңгімелеріңізді айтпай-ақ қойыңыздар. Ал, ендеше сіздің

айтып отырған әңгімеңіздің жартысын кейінгі балалар айтады ма?!

Оннан бірін айтады ма?! Жиырмадан бірін айтады ма, - деп Тұрған

атама қарадым.

- Жоқ, жүзден бірін де айтпайды. Олардың әңгімесі – ана жерде

төбелес болды. Екі адам арақ ішіпті. Бір-біріне мені сыйлайсың ба

депті болып кететін шығар, - деп Тұрған атам мырс ете қалды.

- Дұрыс айтасыз, аға, - деп Серікбай әкем де қосыла күлді.

- Ал, сіздіңше, кейінгі балалар сіз айтқан әңгіменің нешеуін

айтады, - деп Ордабай ағама бұрылдым.

- Ой-бой, Нұрлан-ай, ол ата-бабаның әңгімесін емес, кейінгі

заманның, өздері көрген уақиғаларды айтар, бәлкім. Бұл әңгімелерді

айтпайды, - деп Ордекең де басын салбыратты.

- Ендеше, өздеріңіз білетін әңгімелерді маған айтпасаңыздар,

жарыққа шығуына қарсы болсаңыздар, менен өзге ешкім де

жазбайды. Сіздермен бірге кетеді. Онда солай ұмыт болсын, - деп

шалдарды қайрап-қайрап мен отырмын.

Page 15: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

15

Бір жағы әңгімені айтқылары келмеген сыңайларына ызам да

жоқ емес. Ордабай ағам отырып:

- Ескілікті әңгімеге үйір болғаның, сенің де кәрі құлақ

болғаның. Басымызды осылай қос, отырып әңгімені айтайық, - деді.

– Әйтпесе, мен қалай айтайын. Мүмкін, менің әңгімем қате болуы

да.

Төлежан атам маған бір, жиналған көпке бір жалтақтап қарай

берді. Мүмкін, албырт та жалындап тұрған бала мен ауылдың

қарияларының арасында реніш болып қала ма деп ойлады ма екен,

үн-түнсіз әрқайсымыздың бетімізге кезек қарады да отырды. Ол

кісіден сөзімді қолдар деп күткен едім, үмітім ақталмады. Әлде, ол

кісі де Тұрған атам сияқты мені көтере алмайтын шоқпарды беліне

байлағалы тұр деді ме екен, кім білсін. Рас, онда отырған жандар

түгілі, жазамын деп отырған менің өзім де осынау істі аяғына

жеткізе алатындығыма толық сенбеген едім.

Артынша Төлежан атам денсаулығы сыр беріп қатты

науқастанды. Өмірден күдерін үзіп, талай мәрте көзінің жасына ерік

беріп, ата-бабаларын есіне алып жылап та жүрді. Осы кісі кетіп

қалса, талай әңгіменің көмбесі болған - Төлежан атамның көмбесі

қайта ашылмай, есігі сарт етіп жабылып қалатыны айқын еді. Оны

кейінгі ұрпақтар қайтып таба алмасы, солай жер астына сіңіп жоқ

болары сөзсіз еді. Менің де мазамды кетірген осы жайт болатын.

Атамыздың басынан күндіз-түні шықпай жатып, әңгімелерін жаза

бердім, жаза бердім. Ол кісіден шығып, жағалап бірі ағам, бірі әкем

болып келетін әңгімешілер - Үзікенұлы Көшен, Дәукенов Ордабай

Зікірияұлы, Жәкенұлы Төлеутай, Дүйсенов Сайлау Серікұлы,

Орақбайұлы Орынбасар, Ақбаев Ордабек Оңдыбайұлы,

Сәрсенбекұлы Болат, Шоламанов Тұрған Жәпелұлы, Қыздарбекұлы

Тотанбай, Жанжолұлы Серікбай, Шаханұлы Беркін, Орақбаев Өмір

Айтжанұлы, Шағыров Нұрғали Орақбайұлы, әрі жездем, әрі құдам

Баймаханұлы Адамбай, Маятастағы Қойшыбаев Нұржан Әбілдаұлы,

Ибаділдаұлы Манашқа барып әңгімелерін жазып жүрдім. Бір

бармадым, он бардым. Кейбіріне көңілі түспесе, ертеңіне бардым.

Бір әңгімені үш бөліп, төрт бөліп алдым. Әңгімеге тарттым. Өзім

білетін әңгімені айтып, сұхбатқа шақырдым. Жақсы бір әңгімеге

кезіксем, үлкен бір іс бітіргендей жаным жай тапты. Түк бітірмеген

күні жүнжімедім, ол кісі маған неге бұрыла қоймады деп

мазасыздандым. Тіптен, көшеде немесе жол үстінде келе жатып,

Page 16: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

16

елдің айтқан әңгімелерінен өзіме қажетті ақпаратты да іздеп тауып

жүрдім.

Осылайша, он сегіз жылғы тірлігім осы кітапқа азық болды.

Үйде отырып жазып келген әңгімелерімді айтып тәтем (анам)

Омарқызы Мырзакүлден әңгіменің жетімсіз тұстарын талқылап

алып та жүрдім. Кейбір әңгімелерді толықтыру үшін бұрынырақ

жарық көрген кітаптардан дәйектер алдым. Көптеген жаңылыс

айтылып жүрген хикаяттар мен уақиғалар арасын сараптадым.

Әйтеуір, өзімше топшылау жасадым. Ал, енді осы кітаптың

беташары деп әкем Сұлтан Рақымжанұлы мен Қуандықұлы Төлежан

атам жазбақ болған кітаптың жоспары мен алғысөзінен бастау

алайық.

«Ағайынға арнау сөз

Бауырға - ет жүрегім елжіреген,

Көмейден ақтарылды мөлдір өлең.

Батыр Барақ ұрпағы өз есімін,

Іздеп тапсын осынау шежіреден.

Шежіре – халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тарих

ғылымының бір тармағы. Ру, тайпалардың өрбуін ұрпақтан-ұрпаққа

жеткізген, қалыптасқан ресми шежіре - мәдениетті елдердің бәрінде

де кездеседі. Қазақ шежіресінің қайнар көзі көп заман бойы

қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып отырған

жинақтар. Ол белгілі бір тарихи шығарма іспетті атадан балаға

ауызша, жазбаша жеткізіліп отырған.

Қазақ халқы 200-ден аса рудан құралған. Ру – арғы тегі бір

түптен тараған туыстар тобы. Арғы атасын білу де айып емес. Ру –

қазақ маңдайындағы ғажайып ерекшелік, ата-бабаларымыздың

қаншама ғасырлар екшеген, електен өткізген мұрасы. Әрбір адам

өзінің ата-тегі туралы мақтанышпен айтуға тиісті.

Қазақ халқында қанша ру болса, соншама рулық шежіре

қалыптасуы заңды құбылыс. Үлкен ізденіспен әзірленіп, ұсынылып

отырған Кіші жүз Дәулеткелдіден тараған Барақ руының шежіресі

де – қазақ шежіресінің бір тармағы. Шежірелерде негізінде тайпа,

ру, аталардың таралуымен қатар, оларға байланысты тарихи

оқиғалар, елдің қоныс аударуы, бір ел мен екінші елдің қарым-

Page 17: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

17

қатынасы, ол елдерден үздік шыққан би, шешендер, батырлар

жайындағы ел арасына жыр болып таралған әңгімелер қоса жазылуы

тиіс. Ұсынылып отырған шежіреде - біз ол мақсаттарды ұстанған

жоқпыз. Ондай мәселелер біздің тарапымыздан зерттеліп,

жинақталып, сарапталу үстінде. Әзірге Барақ руынан 2001 жылдың

бірінші жартысына дейін қолымызға келіп түскен, жинақталған ер

балалардың аты-жөндері ретімен шежіреге енгізілді. Алматы,

Жамбыл, Қарағанды (бұрынғы Жезқазған облысын қосқанда),

Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Өзбекстан Республикасында

тіршілік етіп тұрып жатқан Барақ руының ұрпақтарының есімдерін

осы шежіреден таба аласыз.

Дүниеде Барақ есімділер көп. Хан, би, старшын, болыс, батыр

атағын алған Барақ есімділер шүкір баршылық. Олардың тоғызы

тарихи тұлғалар қатарында түрлі еңбектерде аталып жүр. Біз де сөз

ретінде жас кезінде биікке самғап қыран болған, артындағы

ұрпағына ұран болған ру атасы – Барақ бабамыз жайлы қолымызға

тиген зерттеу мағлұматтарының бірін ұсынуды жөн көрдік.

Түркістан қаласындағы Қазақ-Түрік Университеті жанынан

ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу институтының Созақ өңіріндегі

өкілі, зерттеуші Тәбірізұлы Сүлейменнің «Қарабура әулие» атты

танымдық зерттеу еңбегінің 35-бетіндегі /Қарағанды, 1996/ мына

сөйлем жолдарын нүкте, үтірін ауыстырмастан келтіре кетуді

орынды санадық.

«Тамадан шыққан Барақ теңдесі жоқ батыр, әрі алып күштің

иесі болған. Абылай ханның алдына рұқсат сұрамай кірген екен.

Мұнысын ерсі көрген хан: «Кімсің, ей?» дегенде қаймықпастан:

«Хан барында - Қара Барақпын, Хан жоғында - Хан Барақпын»

деген екен.

Бірақ, Тама Барақ батырдың барлық ісін басқа аттастары

иеленіп, қиянат жасауда. Күндей күркіреп, айдай жарқырап Тама

Барақ батырдың да аты шығары анық. Барақ батырдан тараған ұрпақ

өздерін Барақ Тамамыз дейді».

Сонымен, қадірменді ағайын, Сіздің қолыңызға Кіші жүз

Дәулеткелдіден тараған Барақ руының шежіресі тиіп отыр. Шежіре

соңындағы қосымша беттерге өз әулетіңіздегі өзгерістерді тіркеп

отыру - Сіздің абзал да, абыройлы борышыңыз. Егер де белгілі,

белгісіз себептермен шежіреде адам есімдерінде қателіктер кетіп

қалса немесе бірлі-жарым адам есімдері қалып кетсе кешірім

Page 18: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

18

өтінеміз. Орын алған қателіктер, шежіре жинақтау барысындағы

кемшін тұстар келесі толықтырылып, өңделіп басылатын шежіреде

ретке келер деп үміттенеміз, зор сенімдеміз.

Шежірені жинақтауға атсалысқан, көмек көрсеткен,

баспаханалық шығындарды өтеу барысында демеушілік көрсетіп

көмек қолын созған ағайынға үлкен ілтипат білдіріп, рахмет

айтамыз.

Барақ руынан тараған ұрпақтарға Алла Тағалам жар болып,

оларды бүкіл түркі дүниесіне аты әйгілі «Баба Түкті Шашты Әзіз»,

«Құл Қожа Ахмет Ясауи», «Қарабура» әулиелердің рухтары қолдай

бергей!

Төлежан Қуандықұлы, шежіреші,

Сұлтан Рақымжанұлы

дәріскер-өнертанушы, тарихшы.

2001 ж.

Жазылмай қалған танымдық, шежірелік «Барақ және оның

ұрпақтары» кітабының мазмұны

Алғысөз.

І. Барақ – батыр, шешен, ру басы.

ІІ. Барақ руының шежіресі.

ІІІ. Барақ ұрпақтары:

Шілмәнбет би; Кәрібоз шайыр; Жазықбай ақын; Құтжан шешен;

Оспан ауылнай; Түсіп; Қожа; Дүйсенбек; Кеңесбай; Айтжан ақын.

ІV. Отан үшін от кешіп, топырақ сыртта бұйырған.

V. Кітап авторлары туралы.»

Мінекей, ағайын, Барақтан тараған ардақтарымыз осындай

жоспар жасап, оны толықтай жүзеге асыра алмай кеткен екен.

Өмірдің мың бір түйткілдері, қайта оралмас сәттері ырық бермеген

шығар, бәлкім?! Көкемнің (Сұлтан Рақымжанұлының) осы ойы іске

аспауына өмірдің шырғалаңдары мен денсаулығының сыр беруі көп

кедергі келтіргені анық. Төлежан атамның жазуға шебер

болғанымен, әңгімені жазуға құлқы болмағаны белгілі. Ол кісі

әңгімені айтудың қас шебері болды. Сөздері десте-десте болып

төгілгенде, тыңдап отырған адам тура бір кітап оқып отырғандай

болатын. Әрбір сөздің бірнеше баламасын қатарынан тізбелеп айтып

отыратын. Әңгімені мазмұнды қылып, байытып, түп-төркінін қотара

Page 19: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

19

айтатын. Ал, көкем олай емес, әңгімені күлдіргі етіп, елді өзіне

қарата айтатын да, ескілікті әңгімені айтуға соншалықты шебер

емес-ті. Бірақ, есесіне, естіген әңгімесін түрлендіре, өзінше бір

қорыта жаза білетін. Осы екі жанды, бірі - өмірге әкелген Сұлтан

Рақымжанұлы мен екіншісі – өмірде көп тәрбие берген, қиналғанда-

қысылғанда ақылын айтып, бағытын берген ұстазым, шежіреші

Қуандықұлы Төлежан атама осы еңбегімді бағыштай отырып,

жатқан жерлерің жайлы болсын, жандарың жаннаттың төрінен орын

алсын деп тілеймін.

Page 20: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

20

Болашағына сеніммен қарайтын

халық – тарихына терең бойлайды.

Нақыл сөздерден.

Жеті атасын білмеген ер жетім,

жеті ғасыр тарихын білмеген ел жетім.

Халық мақалы.

Тама

Қадірменді ағайын! Елдігіміздің, кешегі өткен бабалар ерлігінің

рухы әрқашанда биік, халқымыздың арманы заңғар болуы - бүгінгі

ұрпақ, келешек уақыт үшін аса маңызды болып саналады. Біздің бұл

мақалада атап өтер жайтымыз да, жанымыз да – Кіші жүздің ноқта

ағасы саналатын Тама тайпасы жөнінде болмақ.

Таманы айтуды бастамас бұрын қазақтың ұлттық-әкімшілік

бөлінісінің тарихы, жүзге бөлінудің қай уақытта басталғанын білмек

қызық. Әрине, қазақтың шежіресін талдағандар, үш жүзді ағайынды

үш жігіттен немес үш қожадан таратып айтатыны белгілі. Дегенмен,

тарихтың тереңінен толғап, тарихын таразылап жүрген жандар

тарихи шығармаларда жүз атаулары 1616 жылғы жазбалардан бері

қарай ғана көрініс тапқанын жазады. ХІІІ ғасырда Жошы ханның

уағында өзіне тиесілі ұлысты оң қанат, сол қанат және орта қанат

деп үшке бөліп билегенін, ол қанаттарының кейін ұлыс деп

аталғанын жазған тарихшылар, тура сол аумақта, сол жерлердің

көлемінде «Қасым салған қасқа жол» аталатын заңын шығарған

Қасым ханның уағында үш жүздің құрылғандығын айтады. Үш

жүзге бөліну шамамен, 1533-1538 жылдарды меңзейді. Байқап

қарасаңыз, біздің жүз деп жүргеніміз – туыстық жолмен құрылған

одақ емес, тарихи-географиялық аймақтардағы елді біріктіру

мақсатымен құрылған одақ болып шығады.

Ал, осынау үш қанаттың бірінің құрамынан кіші жүздің

құрамына енген Таманың тарихын зерттеген жандар да, ол жөнінде

айтатын жанның барлығы ол Нәріктің әкесі Тама батырдан тараған

деп жорамалдайды. Біздіңше, ол Тама батыр – ертеректен Арғын,

Қыпшақ, Керей, Үйсін, Алшын деп аталып келе жатқан тайпалармен

қатарлас Тама тайпасының атын қойған батырдың бірі ғана. Тама

тайпасының тарихы жоғарыда айтылған тайпалармен қатарлас, яғни

Page 21: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

21

біздің заманымыздан бұрынғы уақытқа барады. Оған дәлелді мен

толық атап көрсете алмағаныммен, Қарабура бабамыз басқарған

Яғма тайпасы қытай жылнамалық тарихында қате жазылып кетуі де

мүмкін, бұл жерде мен яғманың «Тама» болуы тиіс деген

жорамалды құптаймын. Одан соң Ноғайлы заманында дүниеге келіп,

Сыпыра жырау жырлаған, біздің заманымызда қағаз бетіне түсіп,

осы күнге мұрты бұзылмай жетіп отырған «Қырымның қырық

батыры» жырлар жинағының «Ер Шора» жыры басталғанда: «Алаш-

алаш болғанда, ала тай ат болғанда, Орманбет хан өлгенде, Қазан

қаласында қырық мың үйлі тамада төрт түлігі сай болған Нәрікбай

деген бай болған» деп айтылушы еді ғой. Қырық мың үйлі Тама

деген - Тама батырдан Тана, Танадан Нәрік туған, айналасы алпыс-

жетпіс, әрісі жүз жылдың ішінде бола кетпейді ғой. Ол екі ортада

жүз әйел алғаныңмен қырық мың жан болмайсың, ендеше қырық

мың үйлі Тама да болмайсың.

Тіптен қырық мың үй дегенге де таласым бар. Қырық мың үйлі

елді Тама руы биледі десе келісуге болады. Мысалы, сыртқы ел

біздер отырған Сарысу ауданын – Тамалар елі деп те атайды. Онда

қырық мың жан тұрады. Бізді қырық мың адамы бар Тама деп

айтады. Ал, бірақ осы Сарысу ауданы түгелдей Тамадан тұрмайды.

Тіптен жартысы да оған келмейді. Ошақты, Тілік секілді Ұлы жүз

руларымен қатар Тарақты, Найман секілді Орта жүз руларымен

қатар Кіші жүздің Шеркеш, Жағалбайлы секілді іргелі руларының да

жандары тұрады. Осыдан келіп Сарысу ауданы түгелдей Тама

батырдың ұрпағы деген түсінік тумауы керек секілді, Қазан

хандығындағы қырық мың үйлі Таманың да Тама батырдың ұрпағы

еместігі анық та айқын емес пе?! Дегенмен, Тама тайпасының халқы

қырық мың үй болмағанымен қырық мың жан болғанды аян болып

тұр.

Себебі, Таманың үлкен ру болғаны сонша, Ноғайлы Ордасы

ыдырап, әр ел өз алдына шаңырақ көтеріп кеткендіктен, ондағы

тайпалардың да шаруашылық жайымен, сол уақыттағы

басшыларының дүрдараздық жағдайымен әр ұлыстың құрамында

кетуі де соның дәлелі. Әйтпесе, түрікпен, ноғай, қарақалпақ, қырғыз,

татар, башқұрт ұлттарында Тама руы қайдан жүреді.

Тіптен, «Башкирское народное творчество» атты Мәскеуден

шыққан кітапта да башқұрт ұлтын құрайтын негізгі алты рудың бірі

– Тамян руының арғы атасы туралы аңыз бар. Осы дәлелдің өзі

Page 22: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

22

аздық етеді ме?! М.Тынышбаев өзінің тарихи еңбектерінде «Тамань

түбегінің атауын Таманың есімімен байланыстырған» деген

деректер де бар.

Ендеше, Тама руының тарихын Ноғайлы Ордасы тұсындағы

батыр Тамадан таратудың жөні де жоқ. Одан әріден іздеуіміз қажет.

Рас, Тамадан Тана, Танадан Нәрік, Нәріктен Шора туады деген аңыз,

жырлардың ойдан құралмағаны ақиқат. Ал, 1336-1405 жылдарда

ғұмыр кешкен, аты күркіреп әлемге кеткен Әмір Ақсақ Темірдің

батыр да данагөй қолбасшыларының бірі болған Дәулет (екінші

Қарабура) батырды қайда қоямыз. Ер Шораның Қазанға баратын

уағы 15-ғасырдың нобайы. Сонда Дәулет батыр өзі тарайды деп

аталып жүрген Тама батыр түгілі, оның әкесі Ер Көгіс, Көгістің әкесі

Ер Бегіс, Бегістің әкесі Сүйініш, оны әкесі Жұбаныш тұрмақ,

Жұбаныштың әкесі Қарадөң батырмен тұстас болып келеді. Осыдан-

ақ Тама руының одан да әрі заманнан келе жатқаны түсінікті-ақ

болмайды ма?! Демек, Қарабура атанған Дәулет, Қарадөңнің әкесі

Бекпен жобалас адам болуы мүмкін.

«Ал, шежірелік кестелерде Тамадан Қарабура, одан Нәрік, одан

Шора, одан Бурахан, Төрехан, Есімхан туады дейді. Бураханнан

Әліп, Жөгі, Әзберген туады. Бізге белгілі Тама рулары осы Әліп

пенен Жөгіден таратып айтамыз. Аңыз бойынша, Шора батырдың

тоғыз әйелі болған деседі. Оның жеті әйелінен туған ұрпақ бұл

күндері Орынбор, Ақтөбе, Орал жағында екен де, екі әйелдің ұрпағы

– Әліп пен Жөгі балалары Арқаны, оңтүстікті жайлап жатыр» дейді

Сұлеймен Тәбірізұлы.

«Біз Дәулеткелді деген ел боламыз. Арғы атамыз Тама, одан

Кеуіс, Кеуістен Нәрік, Нәріктен Шора, Шорадан Айдархан, Есімхан,

Бурахан. Бураханнан Төрехан, Төреханнан Әліп, Жөгі. Әліптен

Құрақ, Аташал, Жабал, Қараш туады. Қараштан Дәулеткелді,

Шотқара туады. Дәулеткелдіден Назар, Бағалақ, Дербіс, Қосым

туады» деп жазады белгілі шежіреші Жағдай Сәтиев.

Ал, белгілі шежіреші Бекмағанбет Бектайұлы өз еңбегінде:

«Шежіре араб тілінде «Шатжарат» - бұтақ, тармақ деген мағына

береді. Шежіре үлкен руға немесе кіші бұтаққа арнап жазылады.

Шежіре халықтың шығу тегін, тарауын баяндайтын тарих

ғылымының бір тармағы...

Page 23: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

23

...Осыған орай кіші жүздің шежіресін қарастырып, таратып

көрелік. Үш жүздің бірі – Жанарыс, одан Алау батыр, одан Аламан,

одан Алшын туған.

Қазақ халықтарының ауызындағы шежіреде Алшыннан –

Сәдірқожа, Қыдырқожа, Нәдірқожа есімді үш ұл туды дейді. Кіші

жүздің барлық рулары осы үшеуінен тарайтынын ескерсек, Алшын

барлық кіші жүздің түп атасы болып саналады. Нәдірқожанадан –

Тама, Табын, Кердері, Керейт, Рамадан, Телеу, Жағалбайлы рулары

тарайды. Бұларды Жетіру дейді.

Жеті рудың бірі – Тама. Ал енді тама руын тарату бойынша

келсек, біздегі сақталған нұсқа дұрыс екендігін сеніммен айта

аламыз. Өйткені бұрынғы өткен, қазіргі қарт аталардың қай білгіріне

барсаң да, қай жерде мекендеген қарттармен шежіре жайын сөз

еткенде де, сөздерінің бәрі де бір жерден шығатынын ескерсек, бұл

шежірелердің әрі нақты, әрі бір жүйелі екендігіне көз жеткіземіз.

Енді тама руын таратып көрелік: Тамадан – Кеуіс, Кәпіл туған.

Ұраны – Қарабура әулие. Таңбасы – Тарақ, Көсеу, Әліп» деп

жазады.

Тама кітабында: «Әліптен Құрақ, Жабал, Аташал, Дәулеткелді,

Кенжебай, Қызылқұрт, Айдарбалта (Айдар мен Балта) аталары

тарайды. Жөгіден Сусары, Хансары, Назархан атты баласынан ұрпақ

жоқ та, қалған екі ұлдан Молдас, Айдар, Шағыр, Көзей,

Қырықбойдақ.

Жабал бес атаға бөлініп, олар тиісінше Жаңатама, Зортымақ,

Андағұл, Сәуірбай, Қармақшы (Қалмақшы деп те атайды) деп

аталады.

Дәулеткелді руы - Назар, Дербіс, Бағалақ, Қосым деген

аталардан тұрады. Негізгі көп шоғырланған жері – Батыс Қазақстан.

ХІХ ғасырдың басында Дәулеткелді руының отбасылары Бөкей

сұлтанмен бірге Жайықтың оң жағалауына өтеді. ХІХ ғасырдың 1-

ші жартысында Дәулеткелді руының ақсақалы Кішірбай Кітібаев,

молдасы Жүсіп Кіндірбаев (Дұрысы Кендірбаев болар. Себебі,

Қостанай қаласында тұратын Аян Айдыналиев бауырымыз, бұл кісі

халық ақыны Әсия Беркенованың ұлы «Мен Кендірбайдың баласы

Жүсіп бидің ұрпағымын» деген еді интернет арқылы хат

алысқанымызда) болған. Дәулеткелділер Ақтөбе уезінде де көп

шоғырланған. Уездің Ойсылқара болысының №5 ауылында

Page 24: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

24

Дәулеткелді руының Қосым ру тармағына жататын Қыдық

аталығының отбасылары тұрған» деп жазады.

«Дәулеткелдіден тараған аталардың бірі – Қосым. Бұл атадан

өрбіген ұрпақтар ерте уақытта ата қонысқа қайта қоныс аударған.

Бұлардан мәлімет білмегендіктен, Тама руының шежіресіне

тіркелмеді» дейді Бекмағанбет Тәлкенұлы.

Тама руына байланысты деректің көпшілігін Қазақстан

теңгесінің авторы, бұл күнде қазақ ұлтының этностық құрамын

зерттеумен айналысып жүрген «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы (Х.

Ғабжалилов, Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев, А. Қалыш) шығарған

«Тама» атты үш томдық кітаптан алып отырғанымды баса айтқым

келеді. Қалған деректер де жерден табылмаған, баспа бетінен жарық

көрген дүниелер мен ел ауызындағы әңгімелер бойынша

жинақталған.

Бөкей Ордасында 1834 жылғы 14 тамыздағы мәлімет бойынша

400 шаңырақ Тама болған. Онда Таманың: Аташал, Жабағы, Сатым,

Жанбас, Құтарман, Төлеп, Жылты (Кенжебай), Таз (Кенжебай),

Назар, Жабал, Дәулеткелді, Құдайқұл (Кенжебай), Құныбұқ,

Қызылқұрт, Құрман (Кенжебай), Мырзалы (Кенжебай), Өтежақ

деген рулары мен ру тармақтары болған. 1826 жылғы 8 наурыздағы

мәліметте Қандығұл деген ру да болған. 1845 жылғы 13 қарашадағы

Ішкі Ордадағы Жетіру бөліміндегі ағамандардың тізімі берілген.

Оның ішінде Таманың ағаманы – Яшкилян Үркімбаев, Үркім

Құсқұлақов, Дәулеткелді – Кінірбай Кітібаевтардың аттары аталады.

Олардан тыс 17 Тамаға қарасты рулардың ағамандарының аты-жөні

берілген.

1835 жылғы мәлімет бойынша Дәулеткелді руынан шыққан

Көлбай Жолдыбаев Арқадағы Тама болысындағы алты рудың бірі –

Әліпке старшин болады. Бұл жердегі Әліптің 106 шаңырағы, 742

адамы болған екен. Бұл жерге Тама тайпасы ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда

қоныстанғанын зерттеушілер дәлелдеп отыр. 1824-1838 жылдары

Ақмола округінің құрамындағы 15 болыстықтың бірі – Тама болысы

болған. Тама болысындағы Қызылқұрт руына 3 ауыл, 150 шаңырақ,

1050 адам бағынған. Басшысы – Тәуке Өтебаев.

Тіптен, Рашид-ад-диннің екі томдық «Жылнамалар тарихы»

кітабында Алтай-Саян тауларын мекендеген көне түркі

тайпаларының бірі «Тумат» тайпасын, біздің замандағы

зерттеушілер Тама тайпасының бастауы деп қарайды. Оның сол

Page 25: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

25

жерден бастау алып, кейінгі Қара теңізге дейінгі өңірді жайлаған

Тама тайпасының дәл өзі деп қазір ғалымдар мығым сөйлей алады.

Ал, башқұрттың белгілі зерттеушісі Р. Г. Кузеев Тамьян-Тума-Тумат

руы Алтай-Саяннан жылжи-жылжи VІІ-VІІІ ғасырларда Сырдария,

Амудария аңғарларына және Арал бойына қоныстанғанын нақты

айтады. Содан кейін барып VІІІ-ІХ ғасырларда Еділ-Жайық бойына

келгенін дәлелдеген. Тіпті, ол өзінің салыстыру әдістемесін жасап,

ол арқылы моңғолда – Тума, алтайлықтарда – Қаратума, Тумат,

тувалықтарда – Тумат, өзбектерде – Тама, Қаратума, қарақалпақта –

Тама, қазақта – Тама, қырғыздарда – Қаратума, Ақтума руларының,

башқұртта Тамьян, Тама руларының кездесетінін түсіндірген.

Әбіш Кекілбаевтың зерттеуінше шығыстан келіп, Жетісуға

қоныстанған Тама мен Табын Үйсіндердің құрамына еніп, Қарахан

хандығын құруға атсалысқан. Башқұрттағы Қара Табындар өзінің

шежіресін: «Майқы биден Елек би туған. Елек биден Бура /Боғра/ би

туды, одан Қара хан туды» дейтінін алға тартып, Тама мен

Табынның тарихын осы тұстан іздегенді жөнге балайды. Башқұрттар

«Бұрын Жетісуда тұрғанбыз, Тамьян үйсінбіз» деп есептейтіні қоса

айтылады. VІ-VІІ ғасырларда Тама мен Қаңлы тайпаларының қатар

отырып, шаруашылығы, қарым-қатынасы бір болғандығын екеуінің

де «көсеу» таңбалы болғандығымен дәлелдеген ғалымдар да

баршылық. Тіпті, олардың бірге Шу өзені бойынан Сыр бойына

көшіп, одан әрі башқұрт ұлтын құраған рулардың қатарынан

табылғандығымен дәлелдейді. Ал, ХІ ғасырда өмір сүрген Махмұт

Қашқари: «Таман – Қашқарды ортасынан ағып жатқан дарияның

аты» деп, Тама тайпасы осы тұстан өрбіп шыққан жоқ па екен деген

сауалға шоқ тастайтыны бар.

Қазақтың алып жазушыларының бірі Мұхтар Мағауиннің

«Аласапыран» атты кітабының 148-149 беттерінде былай деп

жазылғанын еске алсақ, көптеген жайттарға көз жеткізесіз.

- Қадырғали бек, - деді Ораз-Мұхамед екі жақты бірдей мұқият

тыңдап болған соң. – Мен естіген ескі шежірелерде Тама мен

Жалайырдың әлденендей жақындығы бар сияқты еді...

- Әлбетте, әлбетте, - деді сөз аңғары қайда соғарын білді ме,

жоқ па, қайткенде де әміршінің тосын шешімге келгенін анық

пайымдаған Қадырғали. – «Қарға тамырлы» деген ұлағатты сөз бар

ғой, тақсыр ием. Ал сол қарға тамырлы қарындас ортасында

Page 26: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

26

Жалайыр мен Тама тонның ішкі бауындай, айрықша жақын...

аналары бірге туған – бөле деуші еді бұрынғылар...

- Е, бәсе!

- Артық-кем шаппай әділіне жүгінеді ғой, - десті Тамаға

тілектес, хан өзімен түбі бір Қадырғалиға тартып кете ме деп

қауіптеніп тұрған кейбір кісілер.

- Ал, онда ғұлама бек, оңғар Найман, боз Керей, қара үйсіннің

жайы қалай? – деді Ораз-Мұхамед сынай әрі үмітпен қарап.

- Бәріміз де ағайынбыз, - деді іс төркінін нық таныған

Қадырғали сабырмен ойлана сөйлеп. – Әйтсе де, боз керей, сосын,

тақсыр ием, атамасаңыз да көкейіңізде тұрған қарт қазақ екеуі

нағашылы-жиенді деуші еді. Мұндағы қоныстары да орайлас екен.

Қыпшақ пен маңғыттың арасында. Ал қалғанын тарат десеңіз, қара

үйсіннің ағасы сары үйсін мен қазақтағы жалайыр екеуі – бір атадан

өрбитін немере.

- Уа пәлі! – деді Есеней бек, әлде кекеткені, әлде қостағаны

белгісіз.

- Тәңірі жарылқасын, Шырын бек, - деді Қадырғали. – Құдайым

айтпай танып, ашпай білетін кіл жүйрікті жинап берген ғой, хан

иемнің дәргейіне. – Ал, тама мен найман тіпті беріден табысады.

Атасы бөлек десеңіз де анасы бір. Сонда тақсыр ием, сіз атаған төрт

ру – ішек-қарыны араласқан бауыр болып шықты.

- Бәрекелді! - деді өз ойын құлаққа сыбырлағандай дәл басқан,

бұл тараптағы шырғалаңнан да жол тапқан, енді ақ бетінің ұшы

болмашы қызарып, ризашылықпен жымиып отырған Қадырғалиға

бір, іс мәнісін кейі аңдап, кейі аңдамаған, жаппай аңыраған күлкіден

әрең тежелген, қатты масаттанған Ораз-Мұхамед. – Жалайыр мен

тама, қара үйсін мен оңғар найман – төрт оғұл болып қайта

қосылдың. Туыс тапқан тойың құтты болсын! Бүгінгі емес, кешегі,

одан да бұрынғы және болашақ күнгі бар дауың шешілді!».

Енисей қырғыздарының арасында Та-тама руының бар екен де,

Енисей аңғарында То-тома өзені кездесетін көрінеді. Осы маңда

қазақтың тайпаларымен аттас бірқатар өзендер мен жер атаулары да

кездескендігі барша тайпалардың осы тұстан өрбіп, қазақ даласына

осы тұстан келгенін айғақтап тұр емес пе?!

Қазақтың Енисей бойынан өрбіп шыққандығын көптеген аңыз,

әпсаналар бұрыннан-ақ шертетін, тек аңысын аңдамай, тереңіне

үңіле бермейтін ғадетімізбен байқастамайтындығымыз барлығын

Page 27: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

27

мойындағымыз келмейді. Бала кезімізде «Бұға Ана туралы аңыз»

деген кітапшаны оқығаным барды. Онда Енесайдың бойындағы елді

жау шауып, қолға түскен екі қырғыз баласын өлтірмекке алып

шыққан кейуанадан бұғы келіп сұрап алып, арқасына мінгізіп таудан

тау, тастан тас асып, қазіргі Ыстықкөл өңіріне аман-есен жеткізгені

туралы баяндалатын. «Қырғыз-қазақ бір туған» деп келетін сөздің

төркініне үңілсеңіз, ол да осыны аңғартады. Енисейдің бойында

мекен қылған ағайынды екі елдің баласы емеспіз бе?! Енисей

бойында қалып кеткен қырғыздар кешегі күнге дейін Енисей

қырғыздары аталып келіп, орыс империясы қарауына өткен

уақыттардан Хакас аталғанын тарихшылар жақсы біледі.

Оны азсынсаңыз, Сафуан Шаймерденовтің бір естелігінде

бұрынғы Якутия, қазіргі Саха елінен жазушылар делегациясы

келеді. Содан таныстық соңы жақсы бір отырысқа айналады. Саха

елінің бір жазушысы қызыңқырап қалып, «Ағайынды Саха мен

қазақ ренжісіп қалып, Саха Енисейдің бойын жағалап ұзап кетеді де,

қазақ Алтай асып Арқаға шығып кетіпті» деп бастаған әңгімесін,

«Сендер бізді айдалаға, түркі әлемінен жыраққа шығарып

жібердіңдер. Сендер бізбен ұрыспағанда осы далада бірге қоныстас

отыратын едік» деп жылапты. Жазушылар одағының іші тым-тырыс

болып қалады. Ыңғайсыздық жағдайы орнайды. Сонда марқасқа

ағаларымыздың бірі орнынан тұрып: «Ағайын адамның арасында

нелер болып, нелер кетпейді. Ағасы ұрысты деп інісі қашып көше

берсе не болғаны?! Сендерге ұрыссақ адам болсын деп ұрыстық.

Алысқа көрмеймін деп көшіп кеткен өздеріңнен көріңдер» деген

екен. Сонда елдің бәрі жамырай күліп, әңгіме ауаны бейбіт

тақырыпқа қайта ауысқан көрінеді. Осында да Енисей бойын

жайлаған ел туралы айтылады.

Ендігі бір әңгімеде, Американы жайлаған үндістер тілін

зерттеушілердің айтысында, Аляска түбегі мен Баренц бұғазының

арасы өз уағында біртұтас болып, қосылып жатқанға ұқсайды.

Енисей бойынан тараған аталас бауырларымыз өсы бұғаз арқылы

Арғы әлемге аяқ басады. Арғы жақтан азығын тауып, өз отанына

қайта оралып жүреді. Осылай жылдар өтіп жатады. Әлде бір уақытта

екі жағындағы екі мұхит (Солтүстік мұзды мұхит пен Тынық мұхит)

суы тасып, орадағы жерді шайып, тұтас әлем екі құрлыққа бөлініп

кетеді. Осылайшы үндістер атамекенінен қол үзіп қалады. Тілі мен

Page 28: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

28

дәстүрінде адам айтқысыз ұқсастықтар бар екендігін зерттеушілер

тамсана айтады.

Осының бәрін салыстырып, зердеңізге салып ойлансаңыз, бұл

қайта талқылауды қажет етпейтін ақиқат сөзі болып шығады.

«Таманың ұраны – «Қарабура» болса, рулық таңбасы - // (қос

әліп), m (тарақ). «Әліп» таңбасы - Орта жүздегі Қыпшақ тайпасы

мен Кіші жүздегі Байұлы бірлестігі құрамындағы Қызылқұрт

тайпасында бар. «Тарақ» таңбасы – әр жүздің ноқта ағалары болып

саналатын тайпаларда, атап айтқанда Ұлы жүздің Жалайыр тайпасы

мен Орта жүздегі Тарақты тайпасында бар. Кіші жүздің Жетіру

бірлестігі құрамындағы Тама менен Табынның таңбасы да болып

саналады. Осыдан келіп «тарақ» таңбалы тайпалардың сол рудың

жолы үлкен, «ноқта ағасы» болғандығын байқаймыз.

Қазақтың өткені мен кеткенін зерттеп жүрген алаштың озық

ойлы азаматтары қазақтың ру-тайпаларының тарихын түгендемей,

қазақтың тарихын түгендеу мүмкін емес деп есептейді. Тіптен, олар

рулардың қатар жатқан елді жаулап алу арқылы малының өрісін,

өзінің қонысын кеңіту арқылы бүгінгі Қазақстан мемлекетінің жерін

ұлғайтты, сақтап келді деп есептейді. Олар қазақтың ру-тайпаларына

таңба үлестірудің бірнеше мысалын келтіреді. Бірақ, нақты қайсысы

екеніне дәл дәлел таба алмаған. Оның ішінде, бір қызығы

Шыңғысханның өзіне бағынған көптеген билерге «таңбалар»,

«ерекше құстар», «ерекше ағаштар» үлестіргенін айтылады.

Осындай белгілер алған билердің ішінде, кейіннен қазақты құраған

тайпалардан Қоңырат Саңғыл би, Майқы би, Тамьян би, Керейт би

тәрізді кісілер бар. Бірақ та, олардың ханнан алған таңбалары қазіргі

қазақ руларының таңбаларына сәйкес келмейді. Тамьян биге

берілген таңба: ∽ . Ал, қызығы 1867 жылғы И. Казанцевтің

көрсетуінше Таманың бір таңбасы ретінде осы таңбаны меңзеп,

көрсетеді. Бұл таңбамен Бөкей Ордасы құрамына енген Тамалар

таңбаланатындығы баршаны таң қалдырады. Тіптен, олардың

Шыңғыс заманынан бұл таңбаны иемденіп келе жатқанын аңыз

қылып айтатыны да бар екен. Шыңғыс Тамьян биге: «Әй, Тамьян би,

сенің ағашың - терек, құсың - қарға, ұраның - Тұтыя, таңбаң - ілгек

болсын» депті. 15 бидің ішінде Қыят биден соң Тамьян бидің аты

аталған» деп жазады «Тама» кітабында.

Шыңғыс ханның Тамаға берген ағашы – Терек. Терек дегенде

Чешен елінің ортасын қақ тіліп ағатын Терек өзені ойға оралады.

Page 29: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

29

Чешендердің ұлттық туына Көк бөріне бейнелеп, «Шыққан жеріміз

Алтай тауы, Көк бөрінің ұрпағымыз» дейтіні тұңғиық сезімге

жетелейді. Ежелгі аңызда қазақтың ханының баласы Ардақтың

қазіргі Дағыстан жерін билегені, жіберген елшілерді мазақ қылып,

мен осы елдің баласымын деп шалжиып жатқанында, амалы

таусылған қазақ елшісінің торсық ішіне нығыздап салған жусанды

тіліп алып бергенде иісіне елтіп, көзінің жасы көл болып, астындағы

тағын, артындағы тау елін тастап еліне оралатын Ардақ ханның

ерлігін есіңе аларсың. Ол да осы Кавказ елінің дүрі еді. Біз –

Енисейден, Алтай тауларынан тараған, көк бөріні пір тұтқан елдің

ұланы екендігіміз мақтанышпен айтарлық.

«Жалпы, қазақтың енші бөлісіп, таңба үлестірген уағын,

қатпарлы тарих беттері – Ормамбет хан өлген соң, Майқы би

бастаған он екі бидің руларға таңба үлестірген, Ноғайлы Ордасының

ыдырау кезеңіне апарып қояды. Міне, қазіргі қазақ халқының

жүрегіне жақын жорамалдың да осы болуы, «Түгел сөздің түбі бір,

сөз атасы – Майқы би» деуі де осыдан болса керек.

Ал, енді Орхон-Енисей жазбаларындағы 38 әріптің 29-ы бүгінгі

қазақ руларының таңбасына ұқсас екендігі талайларды таң

қалдырған. Таңбалардың бір-біріне ұқсастығынан, сол тайпалардың

шыққан тегінің бір екендігін білдіретіндігі ғалымдарды бейжай

қалдырмаған. Мысалы, «шылбыр», «көсеу» таңбалы рулар қатарына

Ұлы жүздегі - Қаңлы, Ысты, Кіші жүздегі – Тана, Алаша, Телеу,

Табын жатады. «Әліп» таңбалы руларға – Орта жүздегі Қыпшақ,

Кіші жүзден – Тана, Тама жатса, «Тарақ» таңбасы жоғарыдағы

«ноқта ағасы» атанған руларға тиесілі» деп жазады «Тама»

кітабында.

«Таманың Жөгі бұтағының таңбасы ретінде├ бейнелейді. Бұл

«көсеу» мағынасын білдіреді» деп жазады Мұхамеджан Тынышпаев

өзінің «Великие бедствия...Ақтабан-шұбырынды» атты еңбегінде.

Демек, «Әліп» таңбасы Әліп бұтағына тиесілі болғаны да.

«Тама - Табын бір туған» деген мәтелдің бұрыннан ел арасында

айтылып келе жатқандығына назар салар болсаңыз, олардың «тарақ»

таңбасын егеленуі де заңдылық болуға тиісті. Ал, Тананың Тама

батырдан туғанын, одан Нәріктің туғанын «Қырымның қырық

батыры» жырында айтылады. Ғалымдар Тана руының Тамадан

бөлініп шыққандығын осы жыр арқылы біліп, таңданыстарын

білдіріп те жүр. Басқа бір аңыздар, жырлар бұл дәлелді бекіте

Page 30: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

30

түспегенімен, Тананың «Әліп», «көсеу» таңбалы екендігіне қарап-

ақ, оның «әліп», «тарақ» таңбалы Тама мен «тарақ», «көсеу»

таңбалы Табынмен үндес ел екендігі, бір сүйменнің сабынан

жаралған ұл екендігін аңғарасыз. Тарихтың жұмбағы көп-ақ.

«Тіпті, тарихшылардың ішінде рулық таңбаларды басқалардан

көбірек зерттеген С. Аманжолов рулардың өзара іс-қимыл жасау,

қорғану мақсатында әр кезеңдерде одақтасып, бірігіп, кейіннен

қайта бөлініп отырғанын айта келіп, сондай бірігу кезеңінде бір

таңбаны иемденігенін, кейін бөліну уағында сол таңбаны өз

таңбасымен қоса пайдаланғанына мән бере айтады. Тама

тайпасының Керейт тайпасымен бірге Қыпшақ одағына мүше

болғандығын айтады» деп жазады «Тама» кітабында.

Менің ойымша: «Тарақ» таңбасы – «ноқта ағасы» деп танылған

тайпаларға берілгенін байқасаңыз, «ноқта ағасы» деген нені

білдіреді деген сұрақ өзінен-өзі туады емес пе?! Белгілі жазушы-

зерттеуші ғалым Сәбит Мұқанов өз кітабында: «Ноқта ағасы деп

жасы үлкен, мәртебесі жоғары басшыларды айтқан. Көне заманда

әкесі балаларына енші бөліп бергенде көштің алдын бастайтын

ноқталы түйені үлкен ұлға жетектетіп, «Ноқта ағасы» атандарған»

деп жазады. Яғни, көштің басшысы, кейінгі арба соңынан еретін

алдыңғы арба, алдыңғы дөңгелек. Ноқта ағасының орны қай уақытта

төрден бұйырып, бата содан сұралған. Олай деуге негіз де жоқ емес

қой. Біздің Тама балалары отырған жер, Сарысу ауданының

Жайылма ауылында Таманың «ноқта ағасы» Құрақ руының

ақсақалына жиын-тойда төрден орын беріп жатса, торқалы өлімде

сүйекке түсер уақытта, жанашыр жандардың ішінде Құрақтан бір

адам болса, қалған елдің баласы оған жол беретін дәстүр де бар.

Жағалбайлы елінің Мәлікжан аталығынан тараған

Жұмжұмаұлы Кенжебай (Жұманов Кентай) деген қарияның өз

аузынан естіген бір әңгімемде, жас уағында қайынжұртына барған

бір сапарында ауыл-ауылды аралап келе жатып, бір үйге түседі.

Сонда бірталай жан отырып, дастархандас болады. Ішінде сол елдің

ақыл асқан, дариялы қариялары да болса керек. Қай елдің

баласысың деген сауалға, күйеумін десем етектен орын алармын

деген Кентай қария «Жалайырмын» десе керек. «Жансызда балық,

жандыда – жалайыр үлкен» деп, төрден орын беріп, құрметтеп,

алдына бас қойған екен. Осыны айтып, Кентай марқұм күліп

отырушы еді, жарықтық.

Page 31: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

31

Сондай-ақ, «Әліп» таңбасының шығу тегін қарасақ, біз бәріміз

бірдей «Әліп дегеніміз – арабтың бірінші әрпі» деп қалуымыз бек

мүмкін. «Әліп» таңбалы тайпалардың арабтар ислам дінін қазақ

сахарасына алып келгенге дейін де ғұмыр кешкен тайпалар есебінде

қарасаңыз, онда «Әліп» дегеніміз – бал ашатын құмалақтағы әліп

болуы керек деген жорамалды Сәбит Мұқанов неге айтқан. Ол

«Әліптің артын бақ» деген тоқтам сөзді мысал қылады. Ойлап

отырсақ, «Әліп» таңбасы – белгілі бір істерде шешуші роль

ойнайтын тайпаларға берілген пароль есебіндегі белгі секілді.

Қыпшақ пен Таманың ертеректе өрісі бір болған, еншілес елдер

болғаны тарихтан айтылады емес пе. Осы қисынға ел не дейді екен?!

Енді бір әңгімеде, Жамбыл облысы Талас ауданы Үшарал

ауылында тұратын Әбілхалық Кәдірсізұлы ағамыз «Таманың Әліп

деген батыры болған екен. Осы күнге дейін баланың баласына

«Әліптің артын бақ» деген өсиетті сөз қалдырған, сондай алдынан

кесе-көлденең ешкім тұрмаған батыр екен» деп шертіп отырғанда,

өзіңді бір керемет сезінесің. Бізге беймағлұм шеттері көп қой

тарихтың.

Ұранымыз – Қарабура! Қарабура туралы аңыз да, тарихи дәлел

де баршылық. Оның Қожа Ахмет Ясауидің шәкірті, досы, әрі

пікірлес замандасы болғаны туралы сан қилы әңгіме, әпсаналар бар.

Ол өзінше бір бөлек әңгіме болсын. Рас, бір уақыттарда Дәулеткелді

руына әруақты беделді де белді биі Ерубайдың аты да ұран болған

жайы бар. Оның да себебі, орын алған кезеңіне сай келгені анық.

Бірақ, бабасымен бақ таластырып, оның ұрпақтары Ерубай атын

Қарабурамен салыстыру үшін емес, екі бірдей абыздың әруағын

шақыру үшін ұрандатқаны ақиқат.

Тама елінің ұраны туралы әңгіме қозғап отырғанда Қарағанды

облысы, Абай ауданы, Қаракөл ауылы (орыстар Дубовка атаған

ауыл) тұрғыны Құтжанұлы Төкен ағамыз:

«Ұран дегеніміздің өзі адам баласымен қоса жасасатын, ерекше

рух беретін атой, екпінді сөз басы! Сол ұранмен елдің рухы көкке

көтеріледі, сол ұранмен сол елдің адамының қанын қыздыратын,

рухын оятатындығына қарап тұрсаң, осының өзі тылсым дүние, туа

бітті қанына сіңген, атадан балаға қанымен берілген «құпия пароль»,

«құпия код» секілденген дүние болса керек. Ұран – сенің қаныңның

бөлшегі, түйіршегі. Дүниенің кез келген жерде жүргеніңде

«Қарабура!» деп атой салсаң, ұран тастасаң – соны естіген Тама

Page 32: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

32

баласының бойын бір ыстық сезім шарпып, денесі жыбырлап, түгі

тікірейіп, бір орында байыз тауып отыра алмайтын күйге ұшырайды.

Алмағайып сезімге түседі. Бұл бір керемет дүние ғой!» деп ой

тартады тереңнен.

Қазақ ру-тайпаларының тарихын қотара зерттеумен айналысып

жүрген «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының қызметіне Қазақстан

Президенті де үлкен қызығушылық танытып, оның жетекшісі –

қазақ теңгесінің авторларының бірі Хайролла Ғабжалиловке

алғысын білдіріп, мол табыстар тілеген. Бұл зерттеудің басын

Тамадан бастаған бұл орталық жұмысына біздер де тілеуқормыз.

«Қырымның қырық батыры» жыры арқылы Қарадөңнен бастап,

оның ұрпақтарының реті былай түзіледі: Қарадөң – Жұбаныш –

Сүйініш – Ер Бегіс – Ер Көгіс – Тама – Тана – Нәрік – Шора. Қырым

түбегіндегі Бақшасарайдың маңайындағы үңгірлі қала - Чуфут-

Қаланың ескі атауы «Қырық ер» аталған көрінеді. Сондай-ақ, Азақ

(Азов) теңізіне Тана өзенінің құятындығы да сол заманда бұл

жерлерді кімдердің мекендегендігін білдірмей ме?! Тама

тайпасының ХІІІ ғасырға дейін Алтын Орда құрамында, одан кейін

ХVІ ғасырға дейін Ноғай Ордасы құрамында болғаны дәлелденген.

Тамалардың Кавказдағы Терек өзені мен Еділ-Жайықты жағалай

Қазанға дейінгі аралықты жайлауы талас тудырмайтын нәрсе.

Осы «қырымның қырық батыры» жырында Тама батырларының

мінген аттарының шетінен – Қара ат болуы да қызғылықты. Тама

мен Қара аттың қатарласа жырлануының өзі ойландыратын дүние.

Тамань түбегінде Таматарх атты қаланың болғаны да

қызықтыра түсетін құбылыс. Таматарх кейіннен Матрега, Таман

атанған. Днепр өзеніне құятын Московка деген өзеннің сағасында

Тамаковка деген арал ертеректегі карталарда көрсетілген екен.

Сондай-ақ, Днепрге құятын Хортица жылғасынан 20 шақырым

төменде Тамаковка өзені тағы да бар. Каспийдің жағасындағы

Дербент қаласын Тама-Тоқтай деген хан билеген. Оның да Тама

тайпасынан болуын тарих жоққа шығармайды.

ХV-ХVІ ғасырлардағы Дешті-Қыпшақ даласындағы тайпаларды

сарапқа салғанда, тоқсан екі баулы көшпелі өзбек құрамында тоқсан

екі тайпаның бірі ретінде Тама тайпасы да аталады, сондай-ақ

тоқсан баулы Ноғайлы Ордасында да Тама тайпасының орны берік

тұр. Башқұрт халқының құрамындағы Тамьян тайпасының о баста

тоқсан екі рудан тұрғаны туралы да деректер бар.

Page 33: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

33

Осындайда ойлайсың, тереңнен қозғар тарихшы, әңгіме шертер

шежіреші болмадық. Архив қотарып, тарихтың туын ұстамадық.

Әйтпесе, ой келеді: «Тоқсан екі санының әр жерден көрініс табуы да

ғалымдар үшін қызғылықты дерек көзіне айналғай!». Ерінбей

отырып зерттер едім тарихты. Әттең! Қол қысқа! Уақыт тапшы!

«ХVІ ғасырдың 15-20 жылдары Тамалар мекендеген Еділ-Жем

өңірінің Қазақ хандығының құрамына еніп, бүкіл Ноғай

Ордасындағы ру-тайпалар жалпы ортақ атаумен «қазақ» деп аталған.

Осы кезден бастап, Тамалар өздерін «ноғаймыз» дегенді қойып,

«қазақпыз» деп атай бастаған. Қазақ хандығына Ноғай Ордасындағы

тайпалардың қосылуы Қасым ханның мәртебесін өсіріп, даңқын

асырады. 1521 жылы Қасым хан өліп, одан соңғы тақ төңірегіндегі

ұнамсыз іс-әрекеттерден қашқақтаған Еділ-Жем бойындағы елдің

Қазақ хандығынан ажырап кетуіне әкеліп соқтырған. Осы тұста

Тамалардың бөлшектенуі жүреді. Тамалар Ноғайлармен бірге, Мұса

ханның бастауымен Қазақ ханы Тахир ханға қарсы соғысады. Осы

шайқаста бірқатар Тама батырлары ерекше көзге түседі. Қазақ

хандығы шегініп, Жетісу жеріне өтеді. Ерлігімен, ресми түрде хан

аталмағанымен ел арасында хан ретінде сыйы болған Мамай Ноғай

Ордасының іргесін мықтауға кіріседі. ХVІ ғасырдың 30-50-ші

жылдары Тамалар ноғай әскерінің құрамында Қазан қаласын орыс

әскерлерінен қорғауға белсене атсалысады. Бұл соғысқа отыз мың

әскері бар ноғайлықтар қатысқан. 1546 жылғы шілдеде қала

түбіндегі сегіз күндік шайқаста ноғай батыры Шора Нәріков қаза

табады. 1552 жылы орыс шапқыншылары Қазанға шабуыл

жасағанда Қазанды қорғаушылардың ішінде Шапқын, Аталық,

Әлікей, Ислам Нәріковтер болған дейді орыс жылнамасында. Шора

туралы айтқанда, Әліп пен Жөгінің атасы ретінде аталып келеді. Ол

жөнінде жыр жазылғанымен, тарих Таманың ертеректен бар тайпа

екенін дәлелдеп отыр. Нәрік сол тайпаның бірегей батыры болған

адам» деді «Тама» кітабында.

Қазіргі тарихшылардың бірі татар елін шарлап, осы Нәрік

батырдың ұрпағымыз дейтін кісілерге жолығып қайтыпты. Сондағы

Нәрік батыр ұрпақтары - татар бауырларымыз: «Біз Нәріктің

ұрпағымыз, бізден арғындармыз» десе керек. Нәрік бабамызды енді

арғынның атасы болып шығаратын түрі бар тарихшылардың. Бір

күні тама арғынның баласы екен дейтіндер де табылып қалар,

шамасы!

Page 34: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

34

Қызықты бір дерек бар: «Ер Шора» жырында «Ақ қара бас

алтын (Сара ала ту)» ту әңгіме болады. Осы туды Қазанды билеген

тама елінің туы деп жырлайтын жері бар. Тама елінің ұрна,ы

таңбасы, туы бар. Тарихта Үйсін, Қаңлы, Қыпшақ, Қимақ

мемлекеттерінің болғандығы туралы деректер кездеседі. Мемлекет

болған соң туы да болады, ал, өз алдына мемлекеті болмаған

таманың қалай туы болды екен?! Әлде, тама елі де бір мемлекет

болды ма? Ойланайық, ізденейік?! Кім білсін, тарих қойнауында не

жатқанын. Тапқан-тапқандыке!

1568, 1570, 1577 жылдары Қазақ ханы Хақназардың Ноғай еліне

шабуыл жасап, соғысуы, онда жеңіске жетуі Еділ-Жайық бойындағы

елдің Қазақ хандығына қосылуына әкелді.

Шәкәрім Құдайберліұлының жазуына қарағанда, ХІХ ғасырдың

ортасында Таврия губерниясының Қырым уезінде Тама рулары

болған.

Біздің міндетімізге, Тама тайпасының жер астынан

шықпағандығын, сондай-ақ батырлығына дау айтпаймыз, бір ғана

батырлардың, мейлі ол қасиетіңнен айналайын Қарабура

бабамыздан, я болмаса Тама батырдан ғана тарамағандығын

дәлелдейтін дәйектердің молдығын ғана ұсынғымыз келгендігі

жатады. Үлкен ел басынан қилы заманды, небір зұлматты кешірді.

Бір кезде халқы судай тасып, кемеріне симаған теңіздей шалқыса,

бірде шілденің ыстығында тартылып, шылдырап аққан судай азайып

кеткені ақиқат. Табиғи өсу жолымен, екінші бір елдің жандарының

кірме ретінде, қоңсылас отырып көбейтуі, басып алған, бағынышты

қылған елдерінің жандарымен толықтырылуы, өзінің шежіресін,

тарихында жаңа бір бетбұрыстар жасап отырғандығын жоққа

шығаруға болмас. Бұл өмірде болып отыратын заңдылық. Оны

алыстан іздемей-ақ, кешегі 1931-1932 жылдардағы ашаршылық

кезінде үштен бірі қырылған, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан

соғысы кесірінен халықтың өсімі кері кеткен заманның артынша,

халықтың қаулап өсуі, жаппай урбанизациялау кезеңі келген кезде

бір үйде бір баланы стандарттау жүріп, бала туу бәсеңдеп, ел

тәуелсіздігі бекіген 2000-жылдардан кейін бала туу қайта еселене

түскенін өзімізде анық көріп отырмыз.

К. Есмағанбетовтің «Қазақтар шетел әдебиетінде» атты

еңбегінде: «Он алтыншы ғасырдағы қазақтар иелігіндегі

территориялардың өздерінің іштерінде де жағырапиялық үш аймақ

Page 35: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

35

болды, олардың әрқайсысы жаздық және қыстық жайылымдық

жерлер ұстады. Осындай өңірлердің бірі – Жетісу аймағы еді, оны

Шу, Талас және Іле өзендерінің бойында, Алатаудың етегінде мал

өсіретін жайылымдары бар Ұлы орда мекендеді, аймақтың ішкі

шұрайлы жерлерінде ауыл шаруашылығымен айналысқан

тұрғындарының арақатынастарына негізделген сауда желісі де

болды.

Екінші өңір – Орталық Қазақстан: мұнда қыста Сырдарияның

төменгі ағасы бойын мекендеп, жазға қарай Сарысу, Тобыл мен Есіл

өзендері жағалауларына қарай қоныс тепкен Орта орда тайпалары

өмір сүрді; олар Сырдария арқылы су жолдарын пайдаланып, Орта

Азиямен сауда жүргізді.

Үшінші территория Қазақстанның батысында орналасты, мұнда

Кіші орда Сырдария мен Жайық өзендерінің салалары бойында,

Ырғыз өзені мен Торғай қыраттары аралығындағы төңіректе қысын

қыстап, жазын Жайық өзені, Тобыл өзенінің бастауы, Ырғыз бен

Мұғалжар жоталарының аралығындағы жерлерде өткізді.

Кіші орданың этногенезінің ізіне түсу тіпті де қиынға соғады.

Бізге ең анығы – бұл орда тайпалық конфедерациядан гөрі рулық бас

біріктіруге ұмтылған сияқты. Бұлар кейбір тұстарда Алшын рулары

одағы ретінде де белгілі, өйткені Кіші орданың он сегіз руы

өздерінің ортақ ата бабасының бастауын Алшыннан алады, ал

қалған рулары «Жетіру» деген атпен белгілі, олардың бәрі де араға

уақыт салып, өздерін алшындармыз деп кеткен деген де сөз бар.

Дейтұрғанмен, алшындармыз деген Кіші орданың көбінің өздеріне

ортақ бір тегі болғаны күмән тудырады» деп жазады.

«Ал, енді қазақтың ұлы хандарының бірі атанған, «Жеті Жарғы»

секілді Атазаңның жазылуына себепші болған, ұлы Әз Тәуке хан

XVІІІ ғасырдың басында Кіші жүз руларын басқаруды жеңілдету

мақсатында, қиын күндерде басын қосып, қимылдауды

оңтайландыру ойымен үш бірлестік құрған. Алты ата Әлім, он екі

ата Байұлы, жеті ата Жетіру бірлестіктері осылайша дүниеге келген.

Үш жүздің басын қосқан кеңесте Тама-Аташал Көкіұлы Есет

батырды Жетіруға ру басы етіп сайлаған деген деректер де бар. Есет

1667 жылы дүниеге келіп, 1749 жылы өмірден өткен деп айтылады»

деп жазады «Тама» кітабында.

Иә, Жетірудың басшысына айналған, қазақ тарихында

алтынмен аты жазылған Есет Көкіұлы туралы аңыз да, сөз де, жыр

Page 36: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

36

да жеткілікті. «Аланың тасы қатты ма, Есеттің басы қатты ма?»

дейтін мәтел осы Есеттің ерлігіне таң қалған жандардың тарапынан

айтылған деседі.

Есеттің батырлығынан да әулиелігі зор болса керек. «Мәдинәда

– Мұқаммед, Түркістанда – Қожахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет,

Ақтөбеде – Ер Есет» деп ел жағалаған диуаналардың берген

батасында айтылатын. «Ердің соңы – Ер Есет, пірдің соңы – Ер

Бекет» деген сөздер де осы Есетке арналған. Бекет – Есеттің

жиеншары деседі.

Есет батырдың бейіті Шалқар бекеті жанында. Оның басын

құбылаға қаратып жерлемеген. Оны шығысқа қаратып жерлепті.

«Ендігі жау шығыстан келеді. Табанымды тіреп жатайын» деген

екен.

Есеттің де қара жерден шықпағандығын, әкесі Көкінің

Бұхарадағы Көкілташ медресесін салуымен де танымал

болғандығын айтсақ та жетеді. Осы мешіт-медресені салудан бұрын

Бұқар ханына өзбектің бір уәзірі «Қазақтар мұсылман емес, оларда

дін жоқ. Оларды кәпірге санап, жер бетінен жойып, ұлын құл, қызын

күң ретінде саудаға салып сату қажет» дейді. Бұл әңгімеге хан таң

қалып, зерттеп, зерделеу үшін қазақтарға сауал жолдайды.

Мұсылман болмаса, еліне шабуыл жасайтынын ескертеді. Қиын да

күрделі жағдайдан Аташал-Тама Көкі құтқарып шығады. Қазақ

ханының атынан Бұқараға келіп, Бұқар ханына мұсылман екендігін

дәлеледеу үшін үш жыл пұрсат сұрайды. Осы уақыт ішінде,

Бұхараның ортасынан жалғыз өзінің ғана қалауымен үлкен,

теңдессіз мешіт соғады. Құрылыс аяқталып, оны әрлеу мен сырлау

жұмыстары қалғанда ғана шеберлерді араластырған көрінеді. Осы

еңбегі ескеріліп, Көкі соққан мешітке Көкілташ аты беріліп,

қазақтың басына төнген зауалды күн, өсек айтқан уәзірдің басын

алумен аяқталады. Мінекей, Есет секілді ердің әкесі осындай ер

болған дейді ел ішіндегі әңгіме. Ал, Есеттің қызы Ботагөздің де

батыр болғанын тарих қайталап айтудан жалыққан емес.

«...А. И. Тевкелев Жетіруға кірген рулардың бұрынғы уақытта

бытыраңқы өмір сүріп, өздерінен күшті рулардан қысым көріп

келгенін айтады. Сондықтан да кейіннен олар өздерін бірігу арқылы

ғана сақтап қалатынын аңғарып, Тәуке ханның ақылымен туыстық

жағына байланысты емес одаққа Жетіру болып бас қосқан» деп

жазады «Қазақстан тарихы этникалық зерттеулерде» атты кітапта.

Page 37: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

37

«Жетірудың құрылуына себеп болған оқиға ретінде – Байұлы

мен Қаракесек тайпасы Алшындар деп аталып, бет-бетімен

пышырап жүрген тайпалар мен руларға қысым көрсетіп,

жайылымын тартып алып, малына барымтаны күшейте түскен

кезеңді айтады. Сол уақытта көшпелі жеті тайпаның басшылары

бірігіп келіп, Әз Тәукеге Алшындардан қорғауын өтініп сұрайды.

Олардың ақылын алған хан, осы жеті тайпаны біріктіріп, Жетіру

бірлестігін құрған дейді аңыз. Таманың қазақ болған жері де, Кіші

жүз құрамына кірген жері де осы болған секілді» десе «Тама»

кітабында, Т.Үсенбаевтың «Алшын шежіресі» жинағында:

«...Бастауға Бек Арысты енді келдік,

Аталық асулардан өтіп белдік.

Ордаш, онан Мөңке туып Бек Арыстан,

Көп нұсқа кеткен тастап байтақ елдік.

Мөңкеден Сармырза, онан Қоғам туған,

Қоғамнан Алшын туып дұшпанынан алған теңдік.

Алшыннан Арғымақ пен Алау батыр,

Атадан кем болмаған олар дерлік.

Арғымақтан Телеу мырза жалғыз еді,

Атаның Қара орнында қалған кіндік.

Рамадан, Сәдір, Нәдір, Құдаһияр -

Жағалбайлы – киімді ұлдар шетелдік.

Сәдірден – Тама, Табын екі ұл туып,

Кердері – Нәдірден еді, нағыз ұлық.

Әкесі Керейіттің Құһадияр араб еді,

Құддыстан келген ол да керуенге еріп.

Рамадан, Тама, Табын, Кердері, Керейт,

Жағалбайлы паналаған Телеуге келіп.

Жетеуі татулықпен бірігіпті,

Атанып «Жетіру» олар болған соң серік», - дейді.

Жетіру балаларының Енисей бойынан келгенін тарих

мойындайды. Оның жеті рудан құралғанында айтады. Бірақ, олар

кіші жүзге кірме еді дегенін қайдан тауып айтатынын түсінбедік.

Тама кірме болса, оған «ноқта ағасы» дәрежесі берілмесе керек,

жағалбайлыны «қара шаңырақ егесі» деп атамаса керек-ті. Бәлкім,

бастарын қосар бірлестік Тәуке заманында құрылған-ақ шығар,

бірақ ол онда кірген рулардың кірме екендігін дәлелдемесе керек.

Page 38: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

38

Жақсы. Тама қайдан өрбіді, Жетіруға біріккен тұста қай жерді

мекендеді дегенге келейік.

«1724 жылы Есет батыр өзі бастап келіп Қызылорданың

Жалағаш өңіріне Әліптің Құрақ пен Аташал ұрпақтарын

қоныстандырған» деп жазады П. Дүйсенбин «Үркердей болып

көшкен жұрт» атты кітабында.

Саудакенттік әңгімеші қария Дүйсенбаев Амангелді

Жақсылықұлы: «Тарихты зерттесең, Таманың жері Ор өзенінің

бойында, башқұрт-татарменен шекаралас. Баяғы Иван Грозныйдың

кезінде татарды шоқындырып кәпір қылып жатқанында Шора батыр

Қазанға барып, орыстарға қарсы соғысып, сонда қаза тапқан. Шора

батырдың еңбегі, әйтпегенде татар түгел шоқынып кетер еді. Арғы

орыс алған беті шоқынып, кәпір татар атанды, бергісі Шора батыр

қорғап қалған жұрты мұсылман болып жүріп жатыр. Әкесінің

дегеніне көнбей Қазанға кетіп бара жатқанында, Нәріктің

нұсқауымен алдынан айттырып қойған қызы шығып айналдырады.

Нәріктің ойы «жалғыз бала жазым болмасын, аялдап қызға айналса,

соның қызығымен тоқтап қалар» деген ғой. Қыз да майысып бар

өнерін салып қылмыңдап: «Жаз шыға бар» дегенде, Шора батыр:

«Нәріктің ұлы Шорамын, Мен Қазанға барамын. Мен Қазанға

барғанша, қар жаумасын - нұр жаусын. Мен Қазанға барған соң, қар

жаумаса - қан жаусын» дейді. Сол барғанда Иван Грозныйдың

әскеріне тойтарыс беріп, татардың жартысын шоқынудан аман алып

қалады. Шораның ерлігі бүкіл мұсылман әлеміне үлгі, мақтан

тұтарлық игі іс болып табылады. Мен білетін тарихта, сол заманнан

әріде де, берісінде де тама Қазан мен Каспий арасын тел емген ел

екен.

Заман өзгерді, уақыт дегенін жасады. Таманың орайлы,

шұрайлы жері саналған Ор өзені бойындағы ел толқыды, жылжып

көше бастады.

Жетірудың бас биі Есет батыр қайтыс болады. Бас иесі

кеткеннен соң, таманың басы бірікпей ыдырай бастайды. Әбілқайыр

Таманы шыбықпен қайырғандай әрі тарт, бері тарт қылып басқара

бастайды. Ресейдің қатын патшасына бодан боламын деп ант ішкен.

Ордың бойына бекініс салдыртып, патшаға жағынып өліп жүрген

кезі. Тамадан бас көтерер ешкім болмай, Ордың бойын орыстар

тілгілеп ала бастайды. Орыс келеді зікірін салып. Қатар отырған

тама мен табын тозғындап көше бастайды.

Page 39: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

39

Біздің ел тұтас – Дәулеткелді. Бәріміз Дәулеткелдіден тараймыз.

Есенгелдіден Қызылқұрт, Дәулеткелді болып тараған соң, беріден

келіп тармақталады. Біздің Дәулеткелді атаның жері Ор өзенінің

бойында. Барақ тарайды беріде. Есенқарағай тіптен беріде тарайды.

Есен-Қарағай дегеннің өзі - Есен мен Қарағай деген ағайынды

кісілер болған. Есені дәулетті кісі болған екен, Есен балалары

дейміз. Інісі Қарағай батыр болған кісі, дулыға киіп, сауыт асынып,

қамшы, найзамен жорыққа шығып, қазақтың жасағы сапында

жоңғар шапқыншылығына қарсы майданда ел үшін күрескен

батырлардың бірі. Біздің тарихымызды зерттеген жан Ор өзені

маңынан іздесе керек» дейді.

Ойды ой қозғайды деген рас қой. Тарих Амангелді әкеміздің

әңгімесіне үндес шығады. Аңкең айтады: «Ор өзенін бойлап жайлап

жатқан жерді 1730 жылы Әбілқайыр кіші жүзді орысқа қосу үшін

бодандыққа қол қояды. Ол ол ма, 1731 жылы өзін қазақтың ханы деп

жариялауын тілеп, Әбілқайыр оның қарымтасы ретінде Анна

Иоановнаға Ор өзенінің бойынан орыс бекіністерін салуға келісім

береді. Анна Иоановна Әбілқайырды хан ретінде жариялауға

немқұрайды қарағанымен, бекініс салуға берген келісімін қабылдап,

арнайы экспедицияларын жібере бастайды. Тевкелев бастаған

елшілер қазақ жерін зерттеп қай жерден бекініс, қай жерден сауда

орындарын ашудың қажеттілігін сараптан өткізеді. Әбден пісіріп

алған орыс патшайымы 1735 жылы Ор өзенінің бойынан әскери

орысқа бекініс салу үшін адамын шығарады. Орыстар келіп татар

мен башқұрт жерінен бастап, Ор өзенін бойына алғашқы

бекіністерін (1735 жылғы 26 тамызда Орынбор бекінісі салынады,

кейін 1741 жылы ол бекініс Орск аталып, Орынбор атауымен басқа

бекініс салынады) орналастыра бастайды. Алдымен әскер келіп

орналасады. Содан соң қарашекпенділері келеді. Орыстың

мұжықтарына өзеннің бойындағы шұрайлы жерлерді алып береді.

Татарды онсыз да жаулап алған. Тама бері қарай ығысады. Бұрын

Еділге дейін жайлайтын жер қысқарып, жайылымнан тапшылық

көрген Тама малына өріс, өзіне қоныс іздей бастайды. Жайықтан

ары қарай өтуге тыйым салынды. Ағайындар ақылдасып, Қызылқұм

асып Сыр бойын жайлауға ниет қылады. Барлығы ақылдаса Сырға

ат басын бұрады. Сырдың бойы - ағайын, Кіші жүздің жайлаған

жері. Бірақ, жер тар болып шығады. Кең жайылып қалған Тамаға

бұл аса ауыр болады. Ақылдаса келе Таманың біршама ауылы

Page 40: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

40

Арқаның бірқатар жері, Шу мен Бетпақ иесіз жатыр дегеннен соң

бетін сонда түзеген. Шуды қыстап, Бетпақ асып Арқаға шығамыз

десіп қоныстана бастаған. Осылай Тама сан тараулы жолға түседі.

Бірі Шуға құлап, бірі Арқаға Жетіқоңырға жетіп жығылады.

Дәулеткелдінің басқа аталары Шуға қарай жылжып кеткен уақытта

Есен мен Қарағай бастаған біршама ел Сырдың бойында қалып

кеткен екен» деп шертеді аңыздардан.

«1734 жылдың мамырынан бастап патшайым Анна

Иоановнаның қол қоюымен жарық көрген грамоталардың ішіндегі

ең маңыздысының бірі №6575 жарлық, 41 пункттен тұратын кеңсе

(статс) кеңесшісі Иван Кирилловқа патшайымның арнайы

жіберілген нұсқауы. Онда мынадай делінген: «Ор өзені жағасына

салынатын бекіністер туралы және сол аймақтағы башқұрттар мен

қазақтарды басқару оларды тәртіптеу туралы»... делінсе, ал 1756

жылғы қыркүйекте шыққан заңдар жинағының 249-252 беттерінде

Орынбор генерал-губернаторы Неплюевтің атына жіберілген

Ерекше жарлықта: «Жайықтың жағалауында тұратын көшпелі

қырғыздардың Жайықтың оң жағалауына мал жаюына тыйым

салу»... айтылады» деп жазады «Жағалбайлы» кітабында.

Әрине, Тама тайпасының ертеден Ойыл мен Тобыл өзені бойын

жағалай қоныстанғанын тарихта жазып жүр. Ноғайлы заманында

Кавказ бен Памирге дейінгі, Қазан мен Маңғыстау аралығын

жайлаған Тама ұрпақтары туралы көптеген жырларда айтылып

келеді. Ескілікті қариялардың, бала кезімізде естігенімдей, Тама

туралы айтқанда Жем мен Сағыз өзендерінің арасында жайлаған ел

ретінде әңгіме қозғалғаны бар. Ана бір ел аузында жүрген күлдіргі

бір әңгімеде айтушы еді ғой: «Бір әйел үлкен абысынынан: «Осы сіз

жылына қанша рет шомыласыз?» деп сұрайды. Сонда абысыны:

«Көктемде Жемнен бір өткенде, күзде Сағыздан бір өткенде» депті.

Сонда екінші әйел: «Ойбай-ау, жылына екі шомылып, балық болып

кеткеніңіз бе?!» депті» дейді. Осыны шалдар күліп айтып отырғанда,

осы біздің көш жолымыз екен деген әңгіме қылған еді. Әрине,

тарихи кітаптарда Қобда, Ойыл және Сағыз өзендерінің ауданы

Таманың жазғы жайлауы, қысқы жайылымы «Сахарная» бекінісінен

«Россыпная» бекінісіне дейінгі шекара линиясымен қабаттас болған

деген де жазбалар кездеседі. Ал, біздің елдің адамдары бір көңілді

іске бет алғанда: «Міндік қайыққа, кеттік Жайыққа» деп

ұрандататыны бар. Осынау лебізді сөздер тегіннен-тегін айтыла

Page 41: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

41

бермесі анық. Әйтпесе іргесінде ағып жатқан Аса, Талас өзендерінің

атын атап, бір-екі жол әдемі ұйқас таппай қалды дейсің бе?! Бәрі де

біздің шыққан жерімізді, кешегі қонысымызға жол сілтеп тұрғанын

түсінуге болады.

Жоғарыда сөз етілген жерлер бұл күнде Қазақстанның Батыс

Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының бір-бірімен шекаралас

аудандары аумағын меңзесе, сонымен бірге Ресейдің Орынбор

облысы жерін де шеней өтеді. Рас, Бөкей Ордасы құрылғанға дейін

Тама тайпасы қазіргі Ресейдің Астрахань облысы жерін жайлап та

жүрген.

«Бұл кезде Жағалбайлылардың Жайықты сақтап қалу

мақсатындағы әрекеті күшейген кез болатын. Жағалбайлыға ең

ауыры Ор бойында салынған Орынбор бекеті үшін соғыс болды.

1740 жылы басталған соғыс 1744 жылға дейін жалғасты. 1744 жылы

соғыс екі жақ үшін нағыз қанды қырғын болды. Екі жақтың қан

майданға қанша адам қатынасқанын ешкім білмейді. Ел аузында

қалған аңыз-әңгімелер, үлкендердің айтуларына қарағанда, қанды

қырғын соңғы демге дейін жалғасып, тіптен, соғыс алаңында қалған

денелерді жинайтын адам да қалмағанға ұсқайды. Өлгендердің

денелері бірнеше аптаға дейін жиналмай, иістеніп, сасып жатқан.

Қазақтардың Ор қаласын – «Жаман қала», - деп атауы содан деседі.

Жағалбайлының бұл жанталасын түсінуге болады. Өйткені, Орды

беруі, Жағалбайлы үшін, орысқа қасиетті Жайықты беру, ата-

бабасының кіндік қаны тамған жерді берумен тең еді. Арттан, бар

қазақтан ауадай қажет көмек келмей, жағалбайлы сол соғыста оңбай

жеңілді. Жеңілгенде, оңбай жеңілді. Нәтижесінде бас көтерер

азаматы қалмай, шал-шауқан, қатын, бала-шаға туған жерін тастап,

кең сахараға қарай бет алды. Осылайша Жайық бойы орыстың

қолына өтті...

1797 жылдан бастап былай қарай Кіші жүз қазақтары Жайық

пен Еділ өзендерінің аралығына өтіп, малын жая алатын болды.

Бірақ ол үшін әрбір мал басына ақшалай не мал түрінде салық

төленген» дейді «Жағалбайлы» кітабында.

«Орыс әкімшілігі қазақ жеріндегі құнарлы жерлерді, жалпы

елдің хал-ақуалын зерттеп, зерделегенде – ол жердегі рулардың,

отырықшы елдің жайына талдау жасап жүрген. Сонда ХІХ ғасырдың

екінші жартысында Тама елі жандары мына жерлерді мекендегендігі

анықталған: Торғай облысының Ақтөбе уезіндегі Ойсылқара,

Page 42: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

42

Ақтөбе, Бестамақ, Бөрлі, Бөрті, Қараторғай, Елек болыстарының

ауылдарында; Орал облысы Орал уезінің Қараоба, Шыңғырлау,

Бөрлі болыстарының ауылдарында; Сырдария облысы Әулиета

уезінің, Черняев уезінің болыстары мен Перовск уезінің Байзақ

болысында; Ақмола облысындағы Жаңаарқа өңірінде; Торғай

облысының Торғай уезінің болыстарында.

Ойсылқара болыстығында 1899 жылғы санақ бойынша - 9

әкімшілік ауылда 8747 тұрғын болған. Бұл болыстықта

Жағалбайлылыар көп те, одан соң Таманың Кенжебай, Жабал,

Аташал және Дәулеткелді рулары бар. Дәулеткелдіден Қошан,

Назар, Қосым, Бағалақ тармақтарынан бар. Онда да бесінші және

алтыншы ауылдарда. Бұл ауылдар Ақсу, Өлеңті, Терісбұтақ, Шиелі,

Ор, Жамансу өзендері бойында орналасқан. Бесінші ауылда – 1068,

алтыншы ауылда – 1194 жан болған. Мұнда Тамалар 1859 жылы

көшіп келген. Бұл ауылдың басшысы Дәулеткелді Кәкім Кийкі. Жаз

мезгілінде Сырдария облысы Қазалы уезінің Мақпал және Райым

болыстары аумағында көшіп жүрген» дейді «Қазақ ру-

тайпаларының тарихында».

Қызғылықты нәрсе, Дәулеткелдінің Бағалақ атасының осында

болуы. Бәлкім, Құлшыораз батырдың тұқымдары болар, а?

Ал, бұдан Тама тайпасы жандарының батыс өңірде, Орталық

және оңтүстік өңірлерде орныққанын байқасаңыз, батыстағы

Тамалардың жазда Ембі бойында, қыста Борсық құмдарын

мекендейтін екі руы мен қыстаулары мен жайлаулары Орынбор

маңында орналасқан бес руы, және Зверноголовск станицасы мен

Троицк маңында көшіп-қонып жүретін бір руы болған дейді.

Сырдың төменгі ағысында өмір сүрген Тамалар мен Табындар

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Перовск уезін құрған уағында

Байзақ болысының құрамында он бір ауыл болып енген. Қысқы

тұрақтары: Қаранан, Ералы, Қайыршоқты, Түгіскен, Жыңғылды-

шоқы, Итемген, Тасқын, Қырықтөбе, Қараөзек және басқа да жерлер

деп айтылса, жазғы жайлаулары: Қарақұм арқылы өтіп, Үлкаяқ,

Бестөбе сайларында, Орынбор әкімшілігіне қарайтын Торғай уезінің

бойында жайлаған деп жазылады.

1803 жылы Орынборға барып сауда жасайтын Тамалардың алты

руының екі мыңға тарта үй болғаны жөніде жазбалар сақталған. Ал,

Орал шебінің қарсы бетіндегі Қандысу, Дарятты, Доңыз, Қобда және

Елек маңында көшіп жүретін төрт ру туралы, қыста Уральск

Page 43: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

43

бекінісінен 100 верст төмен қарай, Оралдан Орынборға қарай

Красногорск бекінісіне бейін, Електен жоғары қарай

қыстайтындығы да осы бір жазбада кездеседі.

Осыдан келіп Тама тайпасының Жем, Елек өзендерінің бойы,

Борсық құмдары және Орынбор маңында негізгі бөлігі мекен қылса,

екінші бір бөлігі Сырдың төменгі бойы мен Торғай өзенінің бойында

жатқандығын түсінеміз.

Шымкент уезіндегі тамалар ХV ғасырда Жәнібек пен Керей

жасағы ретінде келгендердің тұқымдары мен ХІІ ғасырда Қарабура

маңайында жүрген Тамалардың ұрпақтары екендігін Ш. Уәлиханов

жазып кеткен екен. 6 000 жанның жобасында адамы бар 1025 түтінді

Тама Шу өзенін бойлай орналасқан. Қыстаулары - шығыста

Жаманбай шатқалынан, батыста Сауқанкөлге және Шу өзені

жағасына дейін созылып жатты. Жайлауы Перовск уезіндегі

Сарысуда орналасты. Тамалар тығыз орналасқан Құршу, Шу

болыстары болған. Одан басқа Жылыбұлақ, Бадам болыстарында да

мекендеген. Бұларда Құрақ, Есенкелді, Жабал, Жөгі ұрпақтары

болған. Есенкелді атадан Аташал, Қызылқұрт, Кенжебай,

Дәулеткелділер болған.

Әрине, әр кезеңде әртүрлі жағдайлар, жайттар, тарихи

уақиғалардың орын алуы, індеттер шығып, қырғындар болып, бір

тайпалардың әлсіреп, екінші тайпалардың күшейіп, осының

салдарынан әлсіреген тайпалардың орын ауыстырып, басқа бір

мығым тайпаның қолтығына кіруі, одақтасу арқылы қайта күш

жинауы орын алып отырған. Ағайын арасындағы дау-дамайдың, ел

арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан елдің бетін басқа бір

ілік-шатысы бар елге қарай түзеген көштің саны қаншама?! Ондай

көштер өркениетті қазіргі заманда да орын алып, көз алдымызда

жүріп жатқандығы өтірік те емес қой. Таманың орныққан шекарасы

біз осы кітапта жазып отырған жерлермен шектеліп қалған жоқ, әлі

де қағаз бетіне түспей, елдің жадында, көңілдің түкпірінде жатқаны

қаншама. Кім білсін, өмірдің өзі - таразы, ақиқаттың ауылы бір

көрінер. Бір Тама тайпасы ғана емес, кез келген тайпаның, рудың

жолы болып, бір жерге еге болып жатқанында, екінші бір жерден

ажырап та жатуы заңдылық. Сондықтан, мына жер менің бабамның

жері, атамның мекені дегенді тек мақтаныш ретінде, тарихтың

өшпес даңқы үшін ғана айтуымыз қажет те, оны біреудің алдында

үстем болу үшін айтудың қажеттілігі жоқ болуы керек.

Page 44: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

44

Пенде болғаннан соң, осы қазақ неге аз деген сауалдың да

туындайтыны ақиқат. Осы сауалды кез келген адам туралы, оның

ұрпағының өсуі туралы қоятын болсақ, оның жауабын Жайылмалық

қария Ескермесов Құдайберген былай деп түсіндіреді:

- Біздің қазақта бала өсімі әрқашан да мол болған. Бірақ, біздің

қазаққа екі жау болды. Бірі – соғыс, екіншісі – қызылша. Біреудің он

баласы болса, алдыңғы балалары соғысқа кетіп, ертерек көз жұмып

кетті. Кейінгі елуден асқандағы, алпысқа келгенде туған балалары

тірі қалды да, бұрынғылары өліп кетіп отырған. Соғыста өлмегені

қызылшадан кеткен. Не өзіңді аламын, не көзіңді аламын деп

келетін қызылша ауруы қазақ үшін үлкен нәубет болып келді. Менің

өзім, 1937 жылғымын. Бір жылы бір класта менімен бірге оқитын

бала қалмады. Барлығы қызылшамен ауырып, үйінде жатқаны

жатып қалды, өлгені өліп қалды. Ал, маған, құданың құдыретімен,

туған уақытымда қызылшаға қарсы вакцина егіліп кетіпті. Содан

тірі қалыппын. Менімен қатар, бір жылы туған құрдасым жоқ, - деп

тұрды.

Осы сөзді бұдан да бұрынырақта талай көнекөздер айтқан-ды,

бірақ сол сәтінде ол сөзге аса мән бермеген екенмін. Осы кітапты

қолға алғалы бері ғана сөзге мән беріп қарайтын болдық. Әйтпесе,

не бір даналардың, не бір айтқыштар мен көкірегі шежіре кісілердің

сөздері мидан ағып кетті ғой.

«Ер Шора» жырында «Нәрікбай Күлқаныспен қосылып егіліп

жылап зарлайды. Басқаның сөзін көтерсе де інісі айтқызған сөзді

көтере алмай Нәрік елден (Қазаннан) көшеді. Онымен қосыла

қоңсылас қырық үй Тама бір көшеді. Тоғыз ай көшіп Ноғайлы-

түрікпен жеріне, Айдархан соққан Аққалаға жетеді» деген сөздер

бар. Осындағы Аққала деген қала тарихшылардың жазуынша

жергілікті халық Шорахан атап кеткен, Кавказдағы

ПетроАлександровский қаласы деп жазады.

Белгілі шежіреші, Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,

Шолаққорған ауылының тұрғыны Бесбайұлы Қанат әкеміз:

«Тамадан Кеуіс, Кәпіл туады. Кәпілден ұрпақ жоқ. Кеуістен Нәрік.

Нәріктен Шора батыр. Шорадан Бурахан, Төрехан, Есімхан.

Бураханнан – Әліп, Жөгі. Әліптен – Қанай, Жанай, Қонай, Қараш.

Қанайдан Құрақ. Құрақтан Сарықасқа, Жолым. Сарықасқа Ақтөбеде

қалған.

Page 45: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

45

Жанайдан Жабал. Аташалдан Тұрым. Сығалайдан Қызылқұрт.

Қызылқұрттан Есімбет, Қожас. Есімбеттен Айдар, Балта. Қожастан

Өтеміс, Қойшыбай, Қошқарбай, Ерназар, Қаратама, Сарытама.

Байеттен Дәулеткелді.

Дәулеткелдіден Дербіс, Назар, Босым, Барақ. Назардан 5 ұл.

Үлкені - Алдаберген, қалғаны ...?» деп жазады.

«Ескілікті әңгімелердің айтуына қарағанда Әліптен төрт ұл

туған. Қанай, Жанай, Қонай, Қараш. Қанайдан Жәбек (Құрақ) туған.

Қанай өлгеннен соң жеңгесін Жанай алған. Жанайдан Жабал туған.

Содан Құрақ-Жабал деп қосарланып айтады. Шешелері бір.

Қонайдан Аташал туған. Қараштан Дара, Қара, Шотқара туады. Дара

мен Қарадан тұқым тарамаған. Шотқараның бәйбішесінен Есенгелді,

тоқалынан Кенжебай туған. Есенгелдіден Қызылқұрт мен

Дәулеткелді туған. Қызылқұрттың бізден алыстап кететіні –

Тасыбай мен Қызылқұрт ағайындардың арасындағы араздық себеп

болғанға ұқсайды» деп шертеді астаналық Қалбота Әбілдаұлы Тама

елінің шежіресі туралы.

Дәулеткелдіден тараған ұрпақтардың қайда орналасқаны

жөнінде бір жолы шежіреші, тарих зерттеушісі, жазушы Дүйсенбин

Пернебай ағайдан сұрағанымда: «Дәулеткелді ұрпақтары батыс

өңірлерде әр жерлерде кездеседі. Тұтас отырғаны шамалы.

Шашыраңқы орналасқан. Ақтау маңындағылары өздерінің

Дәулеткелді екендіктерін білмейді де, Кенжебай Таманың

құрамында айтылады. Орал төңірегіндегілер ептеп біледі. Ақтөбе

жағындағылар Есенгелдіміз, болмаса Аташалмыз дейтіндері бар»

деген еді. «Аздың атасы - бір» дегендей, қай ата көп, соған сіңіп

кетіп отырғанға ұқсайды біздің бауырлар.

Жәйремдік шежіре толған кеудесі, Тоқа елінің қариясы

Сүлейменов Жақсыбай атты кісі барып амандасып, жөн-жоба

сұрасқаннан кейін: «Е, Тама деген ел орыс біздің қазақ жеріне көзін

алартқан сәттен қорлық көріп, жерінен ауып келе жатқан ел. Орыс

судың сағасын, малға азықтық жерлерді, егіске қара топырақты

жерлерді тартып ала бастағанда қылыштың басы Тамаға тиген.

Табыны сонда қалып, орысқа қарсы көтерілген Тамалар ығысаығыса

осында келген. Бір басы Торғай, бір шеті Қызылорда жеріне

жеткенде, бір тобы осында Сарысу өзенінің бойына келіп

қоныстанған. Таманың ішінде Әліп балалары бейбіт жолмен келіп,

Арғын-Найманның арасына келіп сіңген» дегенді.

Page 46: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

46

Жаңаарқа ауданы Ш. Ералиев (бұрынғы К. Маркс) ауылының

тұрғыны Кентай Білісұлы әкеміз: «1724 жылы Көтібарұлы Есет

батыр мен Арап батыр бастап Сарысудың бойына үш жүз түтін елді

көшіріп әкеледі. Олар келіп Қара Кеңгір, Сары Кеңгір бойын жайлап

жатты дейді. Осы бір құлаққа енетін әңгіме секілді. Содан соң мына

Алсай-Нұрбайлар мен мына беттегі Наймандардың арасында үлкен

соғыс болып, екеуінің арасына әкеліп Таманы кіргізген көрінеді. Бұл

Абылай ханның заманынан бұрын болған уақиға екен. Осы да

қисынға келетін нәрсе» дейді.

Бірде Қарағанды шыққан сапарымда Жетісайлық бір қариямен

жолсерік болып бардым Сарышағанға дейін. Әбестігім, сол кісінің

атын сұрамаппын. Ол кісі айтады: «Мен Өзбекстаннан көшіп келдім.

Руым Керейт. Біздер Жетірумыз деп қана айтамыз, бөлінбейміз,

туыс болып бір жүреміз. Бұқар облысы Кенимах ауданында тұрдық,

көршілес Науаи облысы Тамды ауданында да қазақтар көп тұратын.

Біздің естуімізше тама - жаугер халық, қай жерде соғыс өрті болса,

сол араны тыныштандыру үшін кіргізген. Арқада Арғын мен

Найман ерегіскенде, ортаға таманы әкеп кіргізген. Оңтүстікте Дулат

пен қоңыраттар ерегіскенде ортаға әкеліп таманы кіргізген. Шоқ-

шоқ болып әр жерде шашылып жатыр ғой бабаларымыз» дейді.

«Бәйдібек баба – Алып Бәйтерек. Ұрпақтар шежіресі (Ошақты

шежіресі)» кітабында «Сарысу өзенінің бойында ертеректе, Абылай

заманында Еділ (Волга) бойынан ығысып келген Алшын,

Жағалбайлы, Тама рулары қоныстанған» деп жазатыны бар.

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу ауылында тұратын

Тоқа-Шушақ азаматы Жайлыбаев Әліп (Жазушылар Одағы

төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбаевтың ағасы,

Атасудың тұрғыны) деген кісі айтады: «Сендер, Тамалар, Татарстан

жерінен келгенсіңдер. Сонда татармен соғысып, орыспен соғысып

жүргенсіңдер. Ермактың соғысына қатысқансыңдар. Сонда

тұрақтанып қалған Тамалар татарлана бастаған. Сонда Абылай

ханға: «Татар жеріндегі Тамалар татарланып барады. Қазақтың

баласын қор қылмай, елімізге алдырайық» депті біреулер. Абылай

хан кісі жіберіп, Татар жеріндегі Тамаларды көшіртіп алдыртады.

Осылай Тамалар Жетіқоңырға келіп орналасқан екен», - дейді.

Қарағандылық ағай Құтжанұлы Төкен: «Бір жылы қатты жауын

жауды. Сол жылы Ұлытау ауданы Түйемойнақ станциясының

тұсында, Қызылжар ауылымен екі ортада ояң құм бар екен, сол жер

Page 47: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

47

жарқыраған көл болыпты. Сол көл ертедегі біздің Кіші жүздің

отырған Ақкөл деген көлі екен. Сұмдық атақты көл екен уағындағы,

керемет үлкен айдын болыпты. Бір жолдасым айтады: «Сол Ақкөл

біздің Кіші жүздің алғаш келіп жайлаған жері екен» деп. Ол уақытта

көлдің суы таусылмайтын, орта түспейтін кезі екен. Кіші жүз

балалары көлді айнала жатады екен. Бұл жер біздің тама елінің жері

емес пе?! Енді қарасаңыз, Созақта Қарабура, әулие жартаста

Тасыбай, Жетіқоңырда Ерубай, Сарысу бойында Қойбақтың бейіті.

Осымен-ақ, біздің Таманың жері дәлелденіп тұрған жоқ па?!» дейді

тамсанып.

Ойланасың, қисынға келіп тұр ғой барлық әңгіме. Осыған

тоқтайтын жеріміз мына әңгімелермен айқышталады.

Жаңатастық шежіреші қарт Бекмағанбет (Бектай) Тәлкенұлы:

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама оқиғасынан кейін болған,

әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты атақоныстан қоныс

аударып, бұл өңірлерге келгендер: Бураханнан өрбіген Әліп пен

Жөгіден тараған ұрпақтар, Байұлының бір шөбересі Шеркештен

тараған ұрпақтар, Жағалбайлыдан Шербұға (Шербұғадан Мырза)

мен Досайдан (Лез ұрпағы) өрбіген ұрпақтар. Бұлар негізгі

рулардың шамалы ғана бөліктері болып есептеледі.

Олардың шыққан жерлері негізінен атамекендері Орал тауы,

Жайық бойы, Атырау өңірлері, Ақтөбе өңірлерінің жерлері екені

мәлім. Ата қоныстан бұл өңірге қоныс аударуы XVII ғасырдың

екінші жартысы мен сол ғасырдың аяқ шенінде болған деген өткен

аталардан қалған сөз бар.

Бұл ұрпақтардың қоныс аударып келген жерлері қазіргі

Сарыарқа жеріндегі Ақмоланың оңтүстік өңірі, Сарысу өзенінің

бойы боп табылады.

Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің бұл өңірлерге қоныс

аударып келген жерлері, Сарысу өзенінің өңірінде ерте уақыттан

бері ірге тіккен, Орта жүзден тараған найман руынан өрбіген

Бағаналы, Балталы аталары мен Арғын руынан тараған Қуандықтан

өрбіген – Есен, Қарт, Өмір, Темір, Алтай, Қарпық аталарының

Атамекен еткен жері екен. Қоныс аударушыларды бұл елдердің

халықтары қарсы алып, құрмет еткен.

Кіші жүзден тараған төрт арыс елдің халықтары шұрайлы

жерлерге егелік етіп, төрт түлік малдар өсіріп, ірі байлар мен орта

Page 48: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

48

шаруалар сандары артқан. Кедей-кембағал халықтар ірі байлардың

қамқорлық көмегімен тарықпай жақсы тұрмыста болған.

Найман мен Арғын руларынан тараған халықтар мен төрт арыс

елі халықтарының арасында қоныстастық, достық, татулық,

ынтымақ болған. Сонымен қатар, әдеп, әдет, ғұрыптары бір болған»

дейді тебірене.

Саудакенттік жағалбайлының шежіреге кеудесі толы Аман

Данияров атты қарты бір әңгімеде: «Жағалбайлының 12 атасы

Арқада, 7-і Қостанай жағында, 5-6 атасы батыста өмір сүреді. Ал,

Таманың екі атасы – Әліп пен Жөгі ғана бері қарай келген, қалғаны

өз ата жұртында. Негізі Тама 9 атадан тұрады» деп шертеді.

«Қарт ұстаз Әбдікәрім Әбдірайымовтың мына бір жазбаларында

шежіре туралы үлкен дүниеге ұласып кетердей сәл де болса үндестік

бар тәрізді:

«Бұл жаққа келген кіші жүз руларының өз жерінен ауысуы

тарихымызға белгілі «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»

оқиғасынан соң деп топшылауға негіз бар. Қазіргі Түгіскен жері

олардың соңғы қонысы. Мұнда олар Абылайдың дәуірлеп тұрған

шағында, қазақ елі ес жиып, елдік салтына қайыра көшкенде келген.

Бұл жер басынан құнарлы жер. Белуардан көк шалғын, кең

жайылым ортасынан өтіп жатқан нар қамысты Сарысу өзені,

оңтүстігінде шалқар көл - Бозкөл мен Қаракөл, одан әрі Кенжебай-

Самайдың Бетпақ даласына дейін ұштасатын ұшы-қиыры жоқ

шұрайлы да, жалпақ жайлауы. Қазіргі «Жеңіс» кеңшарының

орталығында Арап деп аталатын төбе бар. Жолаушы – ел

басшылары қоналқыға Сарысу өзені бойына түнеп, ат шалдырып,

дем алуға келгенде Араптың үстіне шығып, сұхбат құрады. Сондай

бір бас қосуда батар алдындағы күн сәулесінің нұрына бөленіп

тұрған жердің әсем көрінісіне мейірленген бір ақсақал: «Мынау не

еткен түгі өскен жәннат жер еді, бұл жер біздің баламыздың

баласына – ұрпағымызға берекелі қоныс болар!» деген екен. Сол

«түгі өскен» деген сөзден «Түгіскен» болып атанып кетіпті.

Жоғарыда аталған Түгіскен жеріне келіп қоныстанған кіші жүз

елінің Алшын, Тама, Жағалбайлы рулары мен орта жүз Қарпықтан

тарайтын Тоқа, оның ішінде Барғана Шушақ деген бір рулы ел.

Әртүрлі тарихи жағдайларға байланысты қоныс аударып осы

өңірге келіп мекендеген кіші жүз руларының негізгі мекені, шыққан

Page 49: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

49

жері Орал тауы, Жайық бойы, Атырау өңірі, Ақтөбе маңайы

екендігін бүгінгі ұрпақ жақсы біледі.

Тамадан Кәуіс. Одан Нәрік, Нәріктен Шора батыр. Шорадан

Төрехан, Бурахан, Есімхан. Бұл жаққа келген тамалар – тек

Бураханнан тараған ұрпақтар. Ал, Таманың Төрехан, Есімханнаннан

тараған ұрпақтары күні бүгінге дейін ата қонысында.

Шушақтың бастапқы қонысы Қарағанды, Нұра өзенінің бойы.

Қоныс аударуының себебі туралы нақты дерек жоқ. Әйтеуір, кіші

жүз руларынан кейін олардың да осы араға келген түрі бар. Жаңа

қонысқа елді бастаған ағайынды Әлке қазы мен Байдалы сол кездегі

Шушақтардың ұйытқысы болған. Олар байлығымен, орақ ауыз

шешендігімен де, осы ортадағы бүкіл елге әйгілі, сыйлы болған.

Әбекең жазбаларында сондай-ақ, Алшын, Тама, Жағалбайлы

елдерінің 1550-1600 жылдары аралығында ар жақтан орыс

халқының жиілеп, Астрахань төңірегіндегі шұрайлы жерлерге

бойлап ене бастағандықтан қысымшылық көріп Таманың кейбір

рулары Қазақстанның оңтүстік аудандарына, Өзбекстанмен

шектесетін Созақ аймағына келіп қоныстанады. «Ақтабан

шұбырындыдан...» кейін Өзбек хандығына қарап қалған мұндағы ел

рухани қысымшылыққа ұшырайды.

Кейін Абылай хан байырғы атақонысына қайтпақшы болған

Тамаларды өз қасынан жырақтатқысы келмеген. Өйткені бұлар

жауынгер ел болып, араларынан көптеген батырлар шыққан дейді

көнекөз қариялар. Тарихта аты белгілі Баян, Сеңгірбек, Жұма

батырлар Тамадан шыққан ерлер еді деседі.

«Шуды қыстау етіп жүр екенсіңдер. Алыңдар соны.

Сарыарқаның сұлу өзені Сарысудың екі жағын кесіліп жайлай

беріңдер. Балқаш көліне иық тіресіңдер, одан арғы Бетпақ та

сендердікі» депті Абылай.

Сонымен бұл жерге Сеңгірбек батырдың баласы Итемеген

қария бас болып келіпті» деп жазады» дейді «Сарыарқа»

журналының 1992 жылғы №2 санында.

Осы әңгімені белгілі тарих зерттеушісі Ілия Жақанов та

қостайды. «Ықылас» атты романында Қырғыз жеріне Ықылас

Күреңкей қомызшыны іздеп барады. Сол үйде отырғанында өз елі

туралы Ықыластың айтқан сөзінен үзінді келтіреді.

«Біздің ел бір кезде Жосалыны басып, Шуды бойлап, Арқаға

келген жеті ағайынды жігіттен құралыпты. Бұл Абылайдың

Page 50: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

50

заманынан ертерек. Абылай хан болып, жорық жасағанда Сеңгірбек,

Баян, Жұма есімді батыр аталарымыз қол бастапты. Әбілмәмбет хан

мен Абылай хан Ресей қол астына өз еріктерімен қосылған соң көп

жылғы дүрбелең басылды. Біздің аталарымыз Абылай ханнан

«Елімізге оралайық» деп иіліп барып рұқсат сұрапты. Хан бұл

тілекке қатты қиналады, толғанады. Бір күні ол: «Жан-жаққа алақтап

шарқ ұрған кешегі бір қатерлі күндерде елдік қып, ерлік қып, үлкен

демеу, тыныс болған ер көңілді дуылдасқан жұрт едіңдер, бауыр

басып қаппын сендерге. Мал емген бұл қазаққа енді жер емізіп,

мына бір тыныштық орнаған заманда дайдай болған елдің сүттей

ұйыған сәтін көрсем бе деп едім. Шабыла-шабыла аз титықтадық

па? Аз күйзелдік пе? Отырыңдар қасымда, Шуды қыс қыстау етіп

жүр екенсіңдер, алыңдар соны! Сарыарқаның бір сұлу өзені

Сарысудың екі жағын ұзыннан ұзын көсіліп жайлай беріңдер.

Балқаш көліне де иық тіреңдер, одан әрі қарай Бетпақ та сенікі, Шу

өзенінің оңтүстік батысында Саумалкөл мен Телікөлді тел емген

Бағаналылар мен Қыпшақтарға дейін өріс жайсаңдар болады, - деп

аталарымызды ешқайда тырп еткізбепті дейді».

Бәз біреулер Тама руы жандары батыстан ауып, Арқаға 18-

ғасырдың аяғы, 19-ғасырдың орта шенінде келген деседі. Біздің

білуімізше, Кіші жүз балалары одан ертерек, тіпті Қарабура

бабаларының маңайында, Қаратаудың теріскейін ертеректен қоныс

қылған. Тіптен, ел арасында «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі

Қаратаудан көшкен, қайғының қара бұлтын жамылған зарлаған

қазақтың «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір

тайлақ бос келеді» деп айтатыны, түйені күш көлігі ретінде

пайдаланған Кіші жүз руларының басынан өткен тарих деп те

айтады.

«...Рамадан, Жағалбайлы, Тама рулары әу бастағы мекендері

Елек, Ырғыз, Жайық бойларында қалмады десе де болады. Дегенмен

олар мүлдем қалмады деу сәл артықтау болар. Аталған рулар қазір

Ақтөбе, Атырау, Орынбор облыстарында аз-кем баршылық...

...Сырым Датұлы бастаған көтерілістің соңы жеңіліске

ұшырады. Содан іле-шала 1797 жылы кейбір Кіші жүз руларының

ата қоныстан ауа көшуі басталды. Дәл осы жолы таманың Жемей би

бастаған Жөгі руы Әбілхайыр ұрпақтарымен шекісіп қалып, Бұқар

облысының Тамды деген жерінен бірақ шықты...

Page 51: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

51

...Екінші ұлы көш - 1821 жылы Арынғазы, 1825 жылы Көтібар

көтерілістері басылғаннан кейін басталды. Тама мен

Жағалбайлының біраз бөлігі Сарысу бойында отырған

ағайындарына келіп қосылса, енді біраз бөлігі Ұлы жүзге қарасты

Шымкент жеріне келді...» деп жазылады Пернебай Дүйсенбин

ағайдың «Үркердей болып көшкен жұрт...» жинағында.

«Таманың Әліп әулеттерінің көпшілігі алғаш Жайық бойынан

келгенде, барлығы бірдей Арқа жағына бармаған. Түркістан

маңындағы Қаратаудан Шу өзеніне дейінгі кең алапты мекен еткен.

Мысалы, Қойлыбай, Қошқарбай, Бұзау, Кенжебай, т.б. осы өңірді

қонысқа қолай көрген» (Бұл да сонда).

Махамбет Өтемісұлы айтқан екен: «Кіші жүз көшсе - Орта

жүзге сияды, Орта жүз көшсе - Ұлы жүзге сияды, Ұлы жүз кімге

сияды?» деп. Ол кісі тағы да, «Біреу Бұқардан қайтады, біреу

Хиуадан қайтады, әркім білгенін айтады» депті ғой. Сондай, әңгіме,

әркімнің білгенін, көргенін, естігенінен туындаған әңгімелер ғой

барлығы.

Бұрын баспа бетінде жарық көрген мақалалар мен тарихи

зерттеулер туралы айтып отырғанымда, Жайылмалық әңгімеші

атамыз Шоламанов Тұрған маған қарап-қарап отырды да:

- Ой, Нұрлан-ай, өз тарихымызды өзіміз білеміз ғой. Сен одан

да өзің білетін жайттан, Сырымның көтерілісінен білгеніңді айт, -

деді.

- Айтсам, тарихтың жазуынша 1756 жылы патша өкіметі

қазақтарға Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі жерлерді, яғни ішкі

жақты пайдалануға тыйым салған көрінеді. Еділ мен Жайықтың

ортасындағы біршама жерді қалмақтар мекендейтін болған. 1771

жылы қалмақтар Жоңғарияға үдере көшіп, бос қалған жерге

қазақтар қанша сұранғанымен өтуге рұқсат етілмеді дейді. 1782

жылы ішкі жаққа өтуге рұқсат етіліп, оны Кіші жүздің ханы Нұралы

өзіне байлық қосу үшін пайдаланған екен. Ішкі жаққа өткен әр

түтіннен бір жылқы, бір қой алып алып отырады. Осы маңдағы

орыс-казактар салық төлемей отырған ауылдарды тонап отырған.

Бұған Нұралы хан көзін жұма қарап, тіпті оған қарсы шыққан билер

мен старшындарды түк бітірмей отырған жансыңдар деп те айыптап,

оларды елемей, ысырып тастап отырады.

Бұның бәрі халыққа ауыр тиген. Байбақты тайпасының

старшыны Сырым батыр осындай қаныпезер патша өкіметіне қарсы

Page 52: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

52

шайқасқа 1771 жылдан бастап шығып, көтеріліс басында болған

жан. Сырым бастаған көтеріліс 1773 жылы Пугачевтің көтерілісіне

ұласқан. Тегінде Сырым батырдың да тегін жан еместігін осынау

орыстың бас иіп, құрмет көрсеткен көтерілісшісінің қазақ жерінен

бастау алып, майданға шыққандығынан-ақ байқауға болады. 1783

жылы бұл көтеріліс өзінің жаңа бір кезеңіне аяқ басып, үдей түседі.

Орал казактары ішкі жаққа өткен қазақ ауылдарының төрт мыңнан

аса жылқысын айдап әкетеді. Осыған наразы шыққан халықты

Сырым батыр тағы да өзі бастап көтеріп алып шығады. Көтеріліске

алғашында Тама руының адамдары қосылса, кейіннен Жайық пен

Жем өзендерінің арасындағы басқа рулар да қосылған. 1783 жылы

Нұралы ханның ауылын есірген шеп әскерлері тонайды. Шеп

әскерінің басшысы Чагановты Сырым соғыста тұтқындап Хиуаға

құлдыққа сатып жіберген. Одан соң жазалаушы отряд Сырымды

тұтқындағанда Нұралы хан мал беріп, Сырымды азаттыққа алып

шығады. Табын руының старшыны Жоламанұлы Тіленші батырмен

біріккен Сырым казак-орыстарға қарсы соғысты бастайды. Осы

кезде Нұралы Сырымға қарсы шығып, оған қарсы патшадан әскер

жіберуін сұрайды. Осы сәттен Сырым хан, сұлтандарға қарсы

соғысты бастайды. Үш жарым мыңға дейін әскері болды соңында.

Кейіннен ол алты мыңға дейін өскен. Әділдігімен аты шыққан

Сырым бала кезінен «Бала би» атанып елдің назарында болған. «Сөз

атасы – құлақ» деген мақал осы Сырымнан қалған.

1785 жылы көтеріліске қатысқан ауылдар үдере көшіп Жем

өзені бойынан көшіп кетеді. Сырым Кіші жүз хандарына қарсы ұзақ

жылдар алысады. Сырым көтерілісі уағында Нұралы, Ералы, Есім,

Айшуақтар хан тағында отырды. Сырым бастаған көтерілісшілер

Есім ханды өлтіргеннен соң бай-шонжарлар Сырымға қарсы шығып,

оны қаржыландыруды тоқтатады. Кіші жүзде хан кеңесі құрылып,

оған ел бастаған жандар мүше болып кірді. 1797 жылы Сырым хан

кеңесіне қабылданып, осыдан соң көтеріліс тоқтайды. Кейіннен хан

тарапынан қыспақ көрген Сырым Хиуаға қашып барады. Сонда

Хиуа ханы Сырымның үзеңгісіне у жағып жіберіп, сол удың денеге

жайылуынан батыр өлгенге ұқсайды, - дедім өзім біршама уақыт

парақтаған энциклопедия мен қазақ билері туралы кітаптардан алған

деректерді қорытып.

- Міне, жобаға келдің. Бастарына пана, еліне тұтқа болған

Сырымның өлімінен кейін Тама балалары бала-шағаның ертеңі

Page 53: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

53

үшін, оның үстіне көтеріліске қатысқан негізгі күш беруші елдің

балалары болғандықтан, Жайық бойынан үдере көшкен, - деді

Тұрған атам.

Ал, Барақ балалары бұл кезде Теріскей жерінде, Арқа жерінде

ертеректен отырықшы ел ретінде орнығып қойған. Осындайда ойға

түседі екен. Кейде бала кезімізде үлкендердің «Біз Арқадан

келгенбіз. Біздің мекеніміз сонда болған» деген әңгімелерін

естігенімізде, миымыз жетіп түсіне алмайтын едік.

Нағашыларымның ауылына барғанымда да, әкемнің бажасы Ысты-

Тілік-Жақау елінің түлегі Мұстафаұлы Ынталбектің әзіл-қалжыңы

аралас:

- Арқаның мұзбалағы ғой бұл Нұрланың. Жерге найзасын тіреп

қойып, аттың үстінде тұрып ұйықтайды екен аталары. Сонда

найзаның ұшы маңдайын тесіп кіріп кетсе де ұйқысын қимай

ұйықтап тұра береді екен, - деп тиісіп жатқанда, бұл кісі не айтып

тұр деп бетіне таң қалып қарап отырушы едім.

Кейін осы үлкендер неге бұлай дей береді деп, жұқалтаң ғана

«Қазақ ССР тарихы» атты мектеп оқулығын ашып оқығанымызда

үлкендер айтатын Жезқазған өңірінің Орта жүз иелігінде болғанын

тағы оқып, осы үлкендер жаңылыс айтады ма қалай деген ой да

қылаң бере беретін. Түсіне алмай, көп жүрдік. Кейін келе

үлкендердің әңгімесін тыңдай-тыңдай, санамызға жайлап сіңе берді

ел тарихы.

«Таманың Жөгі бұтағының Шағыр руының атақты батыры

Малғара Абылай ханның маңдай алды батырларының бірі болған.

Ол 1723-1725 жылдары «Ақтабан шұбырынды» кезінде өзінің

босқан елін «Телікөл» бойына әкеліп қоныстандырады. Малғара

батыр ұзақ уақыт перзент көрмеген екен. Бірде, Абылайдың жолына

үлкен ақ орда тігіп, сол үйге түнеп кетуін сұранады. Үзеңгілес

батырының тілегін қабыл алған Абылай ертеңіне:

- Арманың бір шикіөкпе екен. Оның болады. Атын Сеңгірбек

қоярсың, - деп батасын берген екен.

Келер жылы дүниеге келген баланың атын қойып, оның

сүйіншісіне деп, әрі Малғара батырдың еншісі деп Арқаның жерінен

ойып тұрып, Қызыл Сеңгірден Жетіқоңырға дейінгі өңірді Абылай

бөліп берген екен. Осынша жерді еншіге алған Малғара бұл жерді

толықтай игере қоймаса керек. Малғараның жалғыз ұлы Сеңгірбек

би 1750-ші жылдары қалмақ қолынан у қосылған тамақтан өледі.

Page 54: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

54

Бұл кезде баласы Итемген 18 жаста болады. Ол Абылайдың сенімді

серіктерінің бірі болады. 1781 жылы Абылай Арыс өзенінің бойында

дүние салады. Оны Итемген Түркістан қаласына әкеліп, арулап

жерлейді. Итемгеннің жалғызсырап, Сырдың бойындағы

ағайындарына қозғау салып, олардың Арқаға қарай жылжуы да осы

кездерде орын алса керек» дейді «Қазақ ру-тайпаларының тарихы»

кітабында.

Әлқисса, сонымен Тамалар Арқаға келіп жетті. Арқаға

келгеннен соң Тамалар да қарап жатпады. Жер-суға өзінің

батыстағы жерінің атын, өзінен шыққан батырлар мен байлардың,

сол жерді мекен қылған адамының атын қоюға әуестенді. Өздері

мекен қылған бір таудың атын да Тама қойғаны содан болар.

Қазақ бұрын қанша болды, қай руға қай жер тиесілі болды деген

сөзге нақты жауап беру қиын. Осы жөнінде Жаңаарқа ауданы,

Қайып бекетінің тұрғыны жездеміз Игенбаев Нұрша Ақпанұлы

былайша ой толғайды:

- Бұрынды қазақтың есебін алу өте қиын болды. Қазір жайлап

отырған орынды қазақ он-он бес күннен артық жайламайды. Ол

жерді тауысып, он-он бес шақырым ары жылжып кетеді. Күзде сол

жерге қайтып келгенде ол жердің шөбі қайта жетіледі. Ілияс

Есенберлиннің «Алмас қылыш» деген кітабында «Мамайдың ауылы

кеше ғана Алтынемелде отыр еді. Қазір қай жерде отыр?» деп жөн

сұрайды. Осылай-осылай қазақ көшумен жүрген. Сонда қазақтың

санағы қалай жүргізілсін. Жаугершілік заманда, басын қорғалаған

жұрт Тескентау асып кеткен де. Кейбірі сол жеріне кейін азат

етілгеннен соң қайта аяқ баспай да кеткен. Қайдан бассын, жаңа

жерге бауыр басып, ескі жерден әзірейіл көргендей шошынып

отырса. Осыдан келіп, барша қазақ үшін осы жеріміз ортақ,

бөлінбеген тұтас болып саналады, - дейді.

Барақтың шежіреші қариясы болған Тәпелұлы Кәрібоз әкеміз

бір отырыста налып: «Бізден жазушы шықпады. Басқа ел қалаға

жақын болып, солар жазып кеткен тарихты. Құмның ішінде босқа

көшіп біз жүргенбіз. Міне, шындықты кім жазады?! Жас кезімде

Тама елінің старшыны болып жүргенімде Қазыбек бек дегеннің

«Түп-тұқияннан өзіме шейін» деген, «Сары қазақ» деген Қазаннан

шыққан 1900 жыл жобасында шыққан кітаптарын оқып едім. Соны

қолға іліктіріп оқысаңдар, біздің елдің шыңғырған тарихы анық

жазылған» деген екен. Кейіннен Қуандықұлы Төлежан әкеміз

Page 55: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

55

баласы Оразайға «Түп-тұқияннан өзіме шейін» кітабын таптыртып

оқиды. Бірақ, «Кәрібоз айтқан әңгімелер бұрмаланып басқаша

жазылып кеткен екен» деп өкініш білдірген. Төлежан атам іздеген

екінші кітап - Қазыбек бектің «Сары қазағы» таптырмайды.

Рас, классик жазушы Мұхтар Мағауиннің де осы аттас

«Сарықазақ» атты кітабы бар. Ол бөлек дүние. Төлежан атамыз оны

да оқып шыққан: «Кәрібоздың айтатын кітабы бұл емес. Оның

оқиғалары, адамдары тіптен бөлек болатын» дейді. Өкінішті!

Тарихтың қалың қатпарлы беттері толық ашылмай келеді.

Біздің қолымызға тарихтың қалың қатпарлы беттерін

сипаттайтын нақты жазбалар түспей-ақ келеді. Бәлкім, сізге де, бізге

де сыры ашылмаған қызықты деректер әлі де кездесе берер.

Таманың жырын жырлаған жырлар, дастандардың қатарына

әйгілі «Айман-Шолпан» жыры да жатады. Ошақтылардың арасында

«Екі Тама, бір қазақ келе жатыр екен» деген күлдіргі мысал сөз бар.

Осыны айтып, «Сонда Тамалар қазақтан тыс айтылса, қай ұлтқа

жатады екен. Тама Әзірет Әлінің қылышынан қорқып, мұсылман

болған деуші еді ғой. Сол рас па?!» деп оспақтайтындары болушы

еді. Оған жауапты осы мақаланы, бұдан кейінгі мақалаларды оқыған

нағашыларым - Ошақты балалалары өздері тауып, түсіне жатар.

«Үлкен ауылдағы» үлкен нағашыларыма басқа не дейін?!

Кенесары хан тегін айтпаған шығар: «Дос болсаң Тамамен бол»

деп. Бізбен дос болыңыз!

Page 56: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

56

Далалық ауызша тарихнама –

халықтың тарихи танымының

елеулі бір арнасы. Қазақтың

шежірешілдігі, тарихшылдығы

қанымызға сіңген ұлттық ұлы қасиет.

Ақселеу Сейдімбеков

Қарабура

Әлқисса, Таманың елін айтсаң, ұраны да бас иетін пірі болған,

бабамыз деп тамсана жыр қылып айтатын Қарабурасыз әңгіме

қозғай да алмайсың. Таманың ұраны да – Қарабура.

Біздің ауылдың шежіреші қарияларымен сұқбат құрып

жүргенімде, неге екенін кім білсін, Қарабура бабамыз туралы

әңгімені көп қозғай қоймаппын. Бұл менің үлкен қателіктерімнің

бірі болды. Қозғалған уақытта оның Қожа Ахмет Ясауидің

жаназасын шығарғандығы, оның ылғи қара бура мініп жүретіндігі,

Түркістандағы мешітке он түйеге жүк боларлық сексеуілден отын

басып келетіндігі, оның Ақ жолында, Хақ жолында жүрген еңбегін

ел-жұрты дәріптеп – Ақтан атап, сопылық ілімді дәріптеген

қызметін ескеріп – Ақтан сопы атағанын, оның есімінің жабулы

қазан күйінде көп жылдар жасырулы келіп, тәуелсіздіктің таңы

атқаннан кейін ғана қайта қозғала бастағандығы, оның

ұрпақтарының бабасының құрметіне ас бергендегі уақиғалары, оның

кесенесінің қайта соғылуы, жылма-жыл өтетін Созақтағы бас

қосулар төңірегінде айтылатын да қоятын.

Ескілікті әңгімелерде шек жоқ. Бірін естісең, бірін өмір бойы

естімей де кете бересің. Бірі әңгімені толығымен айтса, бірі үзігін

ғана айтады. Тырнақтап жинап, тамшыдан құрастырасың. Тамадан

Әліп, Жөгі, Әзберген деп шежірелік кестелер түзілетіні бар.

Сондағы Әзберген осы Қарабура екен деген тұжырым жасайтын

жағдайлар, жорамалдар айтылып та жүр.

Дегенде, «Әзберген бабамыз көріпкел әулие, әруақты, аузы

дуалы кісі болған. Бір үлкен тойда Әзберген жүйрік атын бәйге

жарысына қосыпты. Сол бәйге жарыста аты бірінші келіпті. Атқа

шапқан бала мәреден «Қарабура» деп ұрандап өтіпті. Себебі,

Әзберген үнемі ерекше қасиеті бар қара бура мініп жүретін еді

дейді. Осыған орай сол дәуірдегі ел Әзбергенді «Қарабура» деп атап

Page 57: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

57

кетіпті. Ал, кейін оның ұрпақтары «Қарабураны» Таманың ұранына

айналдырып жіберген» деп жазады Т. Үсенбаев атты қария «Алшын

шежіресі» атты кітабында.

Кім білсін, Қарабура бабамыздың нақты атының кім болғанын.

Ол кісінің аты пәлен еді деген жиырмаға жуық есім қоса айтылады.

Бұл үлкен зерттеуді, талдауды қажет ететін дүние.

Өзімнің жіберген олқылықтарымды түзетіп, баба туралы қалам

тербетпек болып, ел арасындағы әңгімелерге құлақ түре бастадым.

Бұл уақытта Барақ ауылының шежіреші қарты Қуандықұлы Төлежан

атам қатты науқастанып, ол кісіден әңгіме сұраудың да көп реті бола

бермейтін. Дегенмен, ретін тауып жайлап сауал қойған едім. Ол кісі:

- Оған пәлендей қосарым жоқ. Бәрі де жазылған дүние ғой. Егер

де қолыңда кітаптарың болса, солардан алып қоса бер. Қарабура

туралы білгің келсе, Тұрған атаңа бар. Ондай білгілікті әңгімеші

біздің ауылда жоқ, - деп мені жолға салып жіберді.

Тұрған атам үйінде жантайып жатыр екен. Есігінің алдындағы

сарайға ертіп кірді. Үлкен-үлкен екі бөлме. Сарайдың алдыңғы

терезелерінен үйдің алды көрінеді екен де, артқы терезелерінен қора

жағы анық көрінеді. Шаруаға жайлы, іші ұядай. Пеші бар. Қысылса

қыстауға да болатындай жай екен.

- Сонау бір жылы туысымдай болып кеткен Қырықбойдақ

Жамбылбекұлы Тәжібай деген есікпе-есік отырған көршім қайтыс

болды. Қыстың қақырап тұрған кезі еді. Түуф деп түкірсең, түкірігің

жерге түспейді, әуеде мұзға айналады. Сонда есігінің алдында

күркедей ғана сарайы бар еді. Марқұмның денесін сол сарайға

қойды. Майшам жағып, басында күзетіп мен отырдым. Күннің

суықтығында есеп жоқ. Түрі жаман. Содан сіз жаурап қалмаңыз деп

сарайдың ішіне пеш жақты. Сонда отырып ойландым. «Ажал айтып

келмейді деген. Бір сәт басымыздан дәуреніміз ұшып, жалғанның

есігін жауып кетіп бара жатсақ, мынадай пана маған да керек екен

ғой» дедім. Көктем шыға балалардың құлағының құрыш етін жеп

осы сарайды салдырдым. Содан жазда салқын, қара күзге дейін пеш

жақсам жылы отырамын деп осынан шықпайтын болдым. Жанның

рахаты, - деп жан-жағына ризашылық пейілмен қарап отырды.

Келген шаруамды айтқаннан соң, ол кісі жымиып күліп:

- Ана Созақтағы Тәбіріздің баласы Сүлеймен жиен келгенінде

Қарабура бабамыз туралы біршама әңгіме айтқан едім. Кейіннен

Созаққа жолым түсіп үйіне барып мейман болдым. Ол тағы да сол

Page 58: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

58

Қарабура туралы, Тіней бақсы туралы, Барақ батыр туралы сұқбат

алды. Егерде соларды жазған болса, сол кітаптардан алсаңшы.

Шаршап отырған жаман шалдың аузын ауырта бермесеңші,

Нұрланжан, - деді әдемі дөңгелек жүзін қуаныш тербегендей

сезімде.

Кішкене ғана, дембелше келген, дөңгелек жүзді, шуақ көзді осы

атамды бір түрлі жақсы көретінім рас. Әңгімеге деген іңкәр сезімді

оятқан да осы жан. Тек қана әнеу күнгі «Әңгімені кімге айту керек»

деген әңгімені маған қаратып айтқанына қиналып жүргенім болмаса.

Екі шалдың көңілінің кілтін толық таба алмай үйге қайтып келдім.

Кейіннен Созаққа жолым түсіп, Тәбірізұлы Сүлейменнің үйінде

болғанымда ауылдағы нағашыларын түгендеп отырып:

- Кішкене бойлы, тығыншықтай, дөңгелек жүзді, тілі жатық

келген кісі бар еді ғой. Әңгіменің майын тамыза айтатын. Ол кісіден

Қарабура туралы, Тіней бақсы жайлы бірқатар мәліметтер алып,

сұқбатқа тартқан едім. Әңгімеге әңгімені байланыстыра, өздігінше

қорытып, тартымды айта білетін кісі екен. Аты кім еді, - деп

сұрағаны бар еді.

Мен Тұрған атамның аты-жөнін айтып, сол кісіден әңгіме

тыңдауға үйренгенімді айтқанымда, Сүлеймен жиен:

- Сөз байлығы мол кісілердің әңгімесін тыңдаған жөн. Сөзіңді

байланыстырып, әңгімені сабақты айтуға, жөндімді талдауға,

талғауға көп әсерін береді. Лажы болса, ескілікті әңгіменің майын

тамызып айтар кісілерді айналдырған жөн болар, - деп ақылын

қосқан болатын.

Әлқисса, Қарабура туралы әңгімелер де, әпсана, аңыздар да

баршылық. Оның ішінде елге аса таныс та емес, сырлы мәліметтер

де сыр шертеді.

Үзікенұлы Көшен ағамыздың айтуынша, Қожа Ахмет Ясауи

өлерінен бұрын өзінің маңайында жүрген ғұламалар мен

шәкірттерін жинап, өзінің бұл дүниеден кетер уағы таянғанын

айтады. Сонда біреуі тұрып: «Сізді кім жаназаласын» деп сұрапты.

Сонда Ясауи: «Менің жаназамды шығарып, мәңгілік жайыма

жайғастыратын адам, өзімнен бір де кем емес, тақуалығы елден

асқан, қайырымдылығы, жүрегінің ақтығы мол жанға бұйырады. Ол

күннің батысынан келеді» деген көрінеді. Айтқанындай, Қожа

Ахмет бұл дүниемен қош айтысқан күні оның шәкірттері мен

маңайындағы тақуа, сопылар «Ясауиды жаназалауға күннің

Page 59: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

59

батысынан қара бура мінген адам келеді» деп жолға қарап, сарылып

күткен. Айтқанындай күннің батыс жақ бетінен қара бурасымен

жер-дүниенің шаңын бората шауып біреу келеді. Оны келген бетте

ел таниды. Ол Қожа Ахметтің бірге оқыған досы, бірге жүрген серігі

Ақтан сопы болған.

Ясауиды жаназалайтын адам ерекше таза, дін жолындағы тақуа

болуы қажет қой. Ақтан сопының тазалығы да сондай құрметке

лайық болған. Осылайша, Ясауидің өсиетін Ақтан сопы орындаған.

Т. Үсенбаевтың «Алшын шежіресі» атты кітабында: «Тама

Қарабура әулие (батыр) өте әруақты, әулие және батыр кісі болған

дейді. Оны мына аңыз әңгімеден байқауға болады: Қожа Ахмет

Ясауи өзі өлер алдында Қарабура батырға өзінің өлетінін

кереметімен білдіріп, мәйітін өзі қалаған бір жерге (Түркістанға)

апарып жерлеуді оған аманат етіп тапсырыпты дейді. Бұл жағдай

туралы Қожа Ахмет Ясауи өзінің туыс-отбасына:

- Мен көз жұмып, бұл фәниден кеткен соң денем суымай

тұрғанда қара бураға мінген бір диуана-шейх адам келіп мені алып

кетеді де апарып, тазалап жуып, кебін кигізіп жерлейді. Ал сендер

оның қолын қақпаңдар және онымен тілдесіп ештеңе сұрамаңдар, -

деп тапсырыпты дейді.

Айтқанындай Қожа Ахмет өлген соң Қарабура түр-түсін

өзгертіп бураға мініп келіп мәйітті алып кетіпті. Оның кім екенін

ешкім танымайды, онымен ешкім тілдеспейді. Сол кеткеннен мәйітті

апарып қазіргі ғимарат тұрған орынға ақ жуып арулап қойыпты да,

үстіне қам кесектен сыпа салыпты. Сөйтіп өзі ешкімге көрінбей

қайтып кетіпті. Халық кейін оны жасап жүрген Қарабура екенін

біліп, «Қарабура Әзі» деп атапты да, «Қарабура» ұранға айналып

кетіпті» деп жазады.

Ия, бұрындары таза коммунистік идеяға берілген адамдарды

«Ақтан сопы» деп кекететіндер болған. Бала кезімізде шындықты

жасыра алмай, болған жайтты мойындап қойған кезімізде, сол істің

жасырылуын қалаған балалардың тілегі жүзеге аспай, жазаланып

қалса да «Өй, Ақтан сопы құсаған пәле» деп жер-жебірімізге жетіп

ұрысқан жандар да болған. Оны үлкендерден бұл сөздің мәнісін

сұрағанымызда: «Таманың жалған сөйлемейтін Ақтан сопы деген

адамы болған екен. Ясауиды жаназалаған» дегеннен артық жауап

ала алмайтынбыз.

Page 60: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

60

Қазір, ол жайлы оқып та, естіп те, тыңдап та, біліп жүрміз.

Қарап отырсаң, Ақтан сопы таза идеяға берілген, біртума жан

болғанға ұқсайды. Ал, енді Ақтан сопы мен Қарабура бабамыздың

бір адам, тұтас әлем екенін елдің бәрі де мойындайды.

Қарабура бабамыздың сол замандағы үлкен империя – Қарахан

империясының Боғраханы болғандығын да қазір тарихшылар

жарыса жазысып жүр. «Ол бірде тамаққа тойып алып, тақтың

үстінде Аллаға сыйынып отырғанында үйдің төбесінде жүрген

адамды көріп қалып: «Неғылған жансың» дегенінде, ана жан: «Түйе

іздеп жүрмін» деген екен. «Үйдің төбесінен де түйе іздей ме екен»

дегенде, жаңағы: «Сенің тақтың үстінде отырып, Аллаға мінәжат

қылғаның қандай болса, менің де үй төбесінен түйе іздеуім де

сондай есуастық. Егер Алланы шын іздесең қара бураға мініп, Алла

жолына түс, мақсатыңа жетесің» депті. Осыдан соң қара бура елесі

келіп, Боғраханға неше түрлі аяндар беріле бастайды. Аяғында,

биліктен бас тартып, тақуалық жолына түскен жайы бар екен.

Қожа Ахмет Ясауи мен Қарабураның Меккедегі жұма намазға

бірге қатар, бірі ақ түйемен, екіншісі қара бурамен аттанатындығы

туралы да аңыздар бар. Ясауи 1094 жылы қазіргі Өзбекстан

аумағындағы Нұрата өңіріндегі Қызылша деген жерде дүниеге

келген. Қарабура одан он жыл кейін, жобамен 1104 жылы Әбді тама

деген Нұрата мешітінде білім алған, орта дәулетті, мешіт ашып, бала

оқытқан, ислам дінін насихаттаушы жанның отбасында дүниеге

келген деген әңгіме де бар.

Әкесі Әбді таманың мешітінде білім алған, Қарабура одан ары

қарай Бұқарада оқуын жалғастырады. Онда бүкіл Орта Азиядағы

сопылық бағыттың негізін салушы Жүсіп Хамадиниден тәлім алады.

Ол бір өзі 700 шәкірт тәрбиелеген ұлы ұстаз болған. Шәкірттердің

ішінен Ясауи дара шығып, осындағы сопылар мектебіне жетекшілік

етеді. 1159 жылы Ясауи Бұқараны тастап, сопылық ілімді ары қарай

насихаттау мақсатында Яссыға келеді» деп жазады «Қазақ ру-

тайпаларының тарихында».

Бір жылдары баспасөз беттерінде: «Ясауидің әрі шәкірті, әрі

серігі болған, пікірлес досы Қарабураның да осы күндерге жеткен

сөздері баршылық. Соның бірі: «Алла – Құран иесі! Ана – адам

баласының шаңырағы! Ата – шаңырақтың тіреуіші! Ақиқат –

тектілердің жиналатын ордасы!» деп жарияланғаны да бар еді.

Қарабура бабамыздың жазған шығармалары бірнеше том боларлық

Page 61: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

61

дүниеге ұқсайды. Оларды жинқтап, бір ізге салып, кітап қылып

басып шығарған адам әзірге болмай тұр.

Ілия Жақановтың «Қарабура» атты жинағында:

«Қарабураның әулиелік ізгілігі Ясауидің ұстанған жолы –

сопылықты жан жүрегімен қабылдап, өмір парқын сонымен

өлшеуінен шығады. Қарабура әулиенің Ясауиді жоқтауы:

Дін иманы жоқ ислам тапталар,

Қиямет таңы атса, отқа қақталар.

Шайқысынбасақ қылмай пірге дұғаны,

Құран оқып көктетпес ол құданы.

Өсиетіңді кім оқып, нәр жинады –

Өлгенде оған жолдас болғай иманы.

Иасауи жырын құйсын құлаққа,

Естіген жұрт жетсін барша мұратқа.

Хикметімді тыңдаса егер пенделер,

Иманымен жанын шығарар кеудеден.

Бір құдайдың жеткізген сөз бұл даусын,

Білгендерге шапағатты нұр жаусын!

Хикметімді ардақ тұтса лайым,

Қамқайғысыз қылғай оны құдайым!

Сорлы Ахмет сөзі әр кез көнермес,

Жер астына кірсем де мен ол өлмес,

- деп толғайтын сөзін – өз сөзім, өз жолым деп, ұққан

болмысынан деп білеміз» деп жазады.

Иә, ертеректе айтылатын аңыздардың бірінде, бала кезімізде

құлағымызға құйылған сарындарда, Мұхаммед ғалейкум салам

өзінің ілімін алға апаратын, өзінен кейін ислам әлеміне пір болатын

жанға тапсырар аманатын кім арқалайды дегенде, оны жеткізуші

адам ұзақ та қиын уақыттарды басынан кешеді дегенді қоса айтыпты

дейді. Оны орындаудың қиындығынан қашқақтаған елдің алдына бір

бала шығып, мен жеткіземін деген екен. Сонда пайғамбар тілінің

астынан құрманың дәнін алып беріп, оны аманат еткен көрінеді.

Оны тілінің астына 500 жылдай сақтаған Арыстан бапқа шөл далада

бір бала кезігіп: «Маған берілген аманатты өзіме қайтарыңыз» деген

екен-міс. Өзіне тапсырылған аманатты алатын жанның осы бала

екенін түсінген Арыстан тілінің астында жатқан құрманың дәнін

алып табыс еткен жан осы – Қожа Ахмет дейді аңыздар. Арыстан

баба баланың алғырлығын сынамақ болып: «Ей, бала, менің бес

Page 62: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

62

ғасыр сақтаған еңбегімді қалай ақтайсың» дегенде, бала

қаймықпастан: «Нәрін сорып, дәнін алып келіпсің. Ол үшін мен не

өтем жасайын» депті-мыс. Осы Ясауидің ізбасары болған ғой біздің

бабамыз.

«Тама» кітабында: «Ясауи Яссыны мекен қылған шақта,

Қарабура оған іргелес Созақ шаһарын қоныс қылған. Бұл кезде

Созақты Қыпшақтар иеленген болса, Тамалардың да ірі бөлігі осы

маңды жайлап жатқан. Қарабураның ықпалымен Тама елі

мұсылмандыққа өтеді. Тірі кезінде-ақ, өзінің тазалығымен,

тақуалығымен, көріпкел, ертеңді болжай білетін кемеңгерлігінің

арқасында барша Тамаға ұран болған Қарабураның есімі уақыт

өткен сайын асқақтай беретін болған. Ясауи 1166 жылы қайтыс

болған. Оның жаназасын шығарған Қарабура әңгімелердің бірінде

жыл өтпей қайтыс болған десе, бірінде одан соң да бірталай жасаған

деп айтылады» дейді.

Ендігі бір «Қарабура әулие» атты еңбегінде Сүлеймен

Тәбірізұлы: «Қарабура Созақ шаһарында дүниеден өтіп, осында

қойылған. Оның кесенесі маңында Қарабураның мешіті болған

деседі. Ол екі қабатты болған және мың адам қатар тұрып намаз оқи

алатын болған.

Кеңес өкіметі орнаған заманда, дін иелерін қуғындаған кезеңде

мешіттегі шайықтар мен діндарлар қуғынға ұшырап, мешіт жермен-

жексен етіледі. Оны бұзған жандар әруақтың тарапынан тиісті

жазасын алып, бірі мүгедек болып қалса, екіншісі отбасымен

жынданып өлген» деп жазады.

Сүлеймен жиен өзінің «Созақ өңірі» атты кітабында баба

туралы кеңінен толғайды.

«Орта Азияда ислам дінінің орнығуына елеулі ықпал еткен

Қарабура әулие – Бурахан Атаның тарихымызда алар орын ерекше.

Қазақ даласында Қарахан мемлекетінің шаңырақ көтеріп, ірге

бекітіп нығаюына Қарабура белсенділікпен атсалысқан. Әсіресе,

Сахарада ислам дінін уағыздап орнықтыруда Қожа Ахмет Ясауи мен

Қарабура тізе қосып, қажыр-қайрат, мақсат-мүдделерін

ортақтастырған. Қожа Ахмет Ясауи дүние салғанда, өзінің өсиеті

бойынша оның мәйітін арулап жаназасын шығару рәсімі Қарабура

әулиеге тапсырылған. Бұл Қарабураның өз заманындағы орны мен

беделіне айғақ.

Page 63: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

63

Қазақ даласынан топырақ бұйырған Қорқыт Ата, Арыстан баб,

Қожа Ахмет Ясауи, Баба Түкті Шашты Әзіз, Ысқақ баб-Баба Ата,

Әбжал баб-Хорасан Ата, Үкаша Ата әулиелер қатарында халық

Қарабураны да Пір тұтынады.

Бүгінде Созақ топырағында Қарабура әулиенің кесенесі

мұсылман қауымының киелі қорымына (пантеон) айналған.

Қарабура әулиені қоршаған орта, оның пікірлес, сырлас

адамдары қасиетті әулиелер, сопылық (Яссавия) ілімінің негізін

қалаушы ғұламалар болғанын, атап айтқанда Қожа Ахмет Ясауи,

Арыстан баб, Хакім Ата Сүлеймен Бақырғани, Зеңгі Аталарды

көруге болады. Осы ортаның құрметті адамы болған Қарабураны

(Бограханды) қасиетті әулие, сопылық ілімнің негізін салушылардың

бірі немесе осы ілімнің дамуына жан аямай көмектескен мемлекет

қайраткері деуге әбден болады.

Қасиетті әулиенің көп қырлы да, көп сырлы өмірінің бір қырын,

яғни Қарабура әулиенің әзірге дейін - бізге деректер мен аңыздар

арқылы аты-жөні жетіп, белгілі болып отырған ұрпақтары – Әмбар

Бибі мен Бегім Ана жайлы және олардың өмір жолдастары болған

адамдар жайлы деректерімізді Қарабура әулиені пір тұтқан Мухлис

(ықыласты) пірадарларына сауға ретінде ұсынбақпыз.

Әмбар Бибі өте сұлу, әрі ақылды, көріпкел әулие болғанға

ұқсайды. Әмбар Бибінің алғашқы өмір серігі – Хакім Ата Бақырғани

болады.

Хакім Атаның шын аты Сүлеймен болып, кейінгі аты түрік

мұсылмандарының арасында Сүлеймен Бақырғани атымен кең

танымал болады. Хакім ол кісінің лақап аты болған. Сүлеймен

Бақырғанидің тегі Хорезмдік, Қарабура әулиенің ажайб сұлу қызы

Әмбар Бибіге үйленеді. Ол Қожа Ахмет Ясауидің ең сүйікті, әрі

талантты шәкірттерінің бірі болып, «Яссавия» ұйымының

маңызмақсатын түрік халқының арасында өсиеттеуде көп еңбек

сіңіреді. Атақты «Машайхтардың» бірі болады. Сүлеймен

Бақырғанидан қалған мынадай қанатты сөздер бар екен: «Барлығы

жақсы - біз жаман, барлығы бидай – біз сабан», «Әр кімді көрсең

Қызыр деп біл, әр түнді көрсең Қадір Түні деп біл».

Ұстазы Қожа Ахмет Ясауидың кітаптарын шығаруда, өзінің

өлеңдер жинағын шығарып, ел арасында кең танымал болады.

Хакім Ата шомылып жатқанда Әмбар Бибі оны көріп қалып

«Атақты Қарабураның қызы бола тұра, осындай адамға қалай

Page 64: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

64

тұрмысқа шыққанмын» деген ойға келіпті. Сонда Хакім Ата оның

ойын сезіп қойып, «Әлі саспай қоя тұр, жақында менен де өткен

қара өңді адамға тұрмысқа шығасың» депті.

Ұзамай Хакім Ата қайтыс болады. Оның шәкірттерінің бірі, түбі

араб, ірі денелі, қара өңді Зеңгі Атаға тұрмысқа шығады. Сөйтіп,

Хакім Атаның айтқаны келеді. Зеңгі Ата түркі-ислам әлемінде

исламды уағыздаушы данышпандардың бірі болған. Зеңгі Ата 1258

жылы дүниеден өтеді. Ұлы машайықтардың бірі болды. Зеңгі Баба

деген атпен әлемге белгілі болды. Зеңгі Атаның кесенесін Әмір

Темір салдырып, оған құлпытасты Мырза Ұлықбек 1420 жылы

орнатады.

Кесенесі Тараз қаласында орналасқан Айша бибі Әмбар Бибінің

қызы, яғни Қарабура әулиенің немересі екен. Айша бибі арманына,

сүйгеніне жете алмай өледі. Қарахан қайғырып, қан жұтып, сүйген

жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез оратады.

Оның жастайынан күтушісі болған, соңғы сапарға шығарып салған,

одан кейін өзі өмірден кеткенше бейіттің шырақшысы болған Баба

әжі-қатынның басына адал қызметі үшін Қарахан күмбез орнатады.

Салжұқ мемлекетінің ханы Санжардың әйелі Қарабура әулиенің

қызы Бегім ана болады. Бегім жаратылысынан көркіне ақылы сай,

парасаты мол қыз болыпты. Ақ-қарасын тексермей құлдың сөзіне

сеніп, Бегім ананың бір қол, бір аяғын кесіп, ернін жырып зынданға

тастаған Санжар Қарабураның қарғысына ұшырайды. Бегім ананың

кесілген қолы да, аяғы да, ерні де өз қалпына келіп азаттық алады.

Ал, Санжар ханның ордасы орналасқан Жанкенттің ортасына

аспаннан мес келіп түсіп жарылып, одан шыққан жыландар

шаһардың барша халқын шағып өлтірген көрінеді.

Өзіне Бегім Ана белгісін салдыртқан Бегім Бибі «Енді еркектің

жүзін көрмеспін» деп қалған ғұмырын сол мұнараның ішінде

өткізіпті. Ата-бабасының қасиеті дарып, Бегім Ана әулие атаныпты»

дейді.

Осы кесене туралы «Қазақ мәдениеті энциклопедиялық

анықтамалығында»: «10,5 метрлік «Бегім Ана» мұнарасы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылынан

оңтүстікке қарай 35 километр жерде орналасқан» деп көрсеткен.

Бір өзінде бірнеше аты бар Бақырған, Бақырғани, Бақырған Ата,

Хаким Ата – 1186 жылы Хорезм аймағындағы Бақырған атты

қыстақта дүниеге келген атақты ақын, ойшыл, ғұлама жан болған.

Page 65: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

65

Оның әдебиетте жиі кездесетін аты – Хаким Ата, Сүлеймен Ата,

Бақырған Ата. Оның қабірі өзі туған қыстаққа қойылған. Аңызға

сенер болсақ, бір заманда Бақырғанидың күмбезі 40 жыл бойы су

астында қалған. Оның жазбаларымен қатар, қырық жыл су астында

қалған бейітінің су құрғағанда мұрты бұзылмай шығуының да оған

деген табынушыларын көбейте түскен.

Зеңгі туралы айтсақ, сиырдың пірі деп алаш баласы құрмет

қылады. Ташкент облысындағы Янгиюль ауданының Зеңгі ата деген

жерінде Зеңгі бабаға ертеректе ескерткіш қойылған көрінеді.

Жабал-Тама Өтелұлы Ибадулла марқұм Құлтума-Алшын

Төлтайұлы Бекежан деген құдамыздың құрдасы еді. Сол үйде

дастархандас болып отырып қалдық. Осы үйдің тағы бір құдағиына

Ибадулла марқұм ойнап тиісіп қырындаған-сымақ болып отырды.

Құдағидың тарапынан оның әзіліне қарымта қайта қоймады. Сонда

отырып Ибадулла марқұм:

- Қарабураның қызы Әмбар бибінің күйеуі Зеңгі деген кісі тақуа

болғанымен, қараның қарасы екен. Онысына қарамай Әмбар бибі

оған үлкен құрмет көрсетіп, кір-қоңын жуып, түскі ас уақытында

артынан жайылымға ас пісіріп алып барады екен. Күнделікті

әдетімен тамағын алып бара жатса, Әмбар бибіге құмартып

сыртынан сұқтанып жүретін бір кісі жолын кес-кестеп, онымен

оңаша кездесуін өтініпті. Әмбар бибі ашуланып, оған қарамай кетіп

бара жатса, жаңағы пәле де тілді, тілі тас жаратын жан болса керек:

«Пұшпағың қайта қанамасын» депті ызаланып. Солай депті де,

жөніне кетіпті. Көңіліне алып қалады, бірақ жолынан кері қайтпай

Әмбар бибі жайылымға келеді. Зеңгі баба әйелі әкелген тамақты

ішейін десе, көмейінен өтпейді. Содан соң, Зеңгі баба тамақтан

сезіктеніп, бұл тамаққа не болғанын сұрайды. Әмбар бибі тамаққа

ештеме де болмағанын, бірақ жолда болған уақиғаны айтады. Сонда

Зеңгі басын шайқап: «Көне салсаң не етер еді, жуа қалсаң кетер еді.

Енді ұрпақсыз өтетін болдым ғой» деп өкінген екен, - деп, әңгіменің

аяғын әзілге бұрып замандасына тиісіп, әзілдеп жатты.

Менің нағашыларымның ауылынан Мырзатай Жолдасбекұлы

жазады: «Жетісудың әйгілі жыршыларының бірі болған - Қабан

жырау жыршылық өнерінен тыс, батырлық, ерлік істері де болған

деседі. Жорық жырларын ат үстінде айтатын зор дауысты

суырыпсалма жыраудың көп шығармалары Сүйінбайдың тұсына

дейін жеткен. Бірақ, жас болғандықтан, ол жырларды Сүйінбай

Page 66: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

66

кейін ұмытқан, ел туралы әңгімелердің кейбір ұзын-ырғасын ғана

сақтаған. Есте қалған бір дерек бойынша, Қабан жырау Әулие

Қараханның батырлығын, Айша Бибінің оған ғашықтық сырын да

жырлаған. Жырдың ішінде Манас батыр, Зеңгі Ата сияқты тарихта

болған адамдардың аты аталады екен. Бірақ ақын жырларында

қандай жағдайлармен байланысты айтылғаны, олардың Қарахан мен

Айша Бибіге қандай қатынасы бары туралы ой желісі ұмытылған».

1995 жылы Қарабура атындағы қайырымдылық қоғамдық қор

құру туралы ұсыныстар қылаң бере бастаған көрінеді. Сол жылы

бабаға ас беру шаралары ұйымдастырыла бастайды. Сол кезде біздің

Сарысу ауданында да осы қордың филиалы құрылып, басшылығына

Қожагелдиев Амангелді, хатшылығына Рақымжанұлы Сұлтан

сайланып, бабаны насихаттау жұмыстары жолға қойылған болатын.

Қордың президенті болып ғалым, профессор Әбдірахмен Омбаев,

оның орынбасарлары болып кесенені қалпына келтірген Құрал

Ержанов бауырымыз, бабаға алғаш ас берушілердің бірі болған,

Созақтық азамат Сексенбай Тұрысбековтер сайланған. Осы қордың

ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жайылмалық Кәрсенбай

Қунақов, Мұқашев Оңлаштар да болды. Қордың қолдауымен

Қарабура туралы зерттеулерге, кітаптар шығаруға жол ашылды.

Ордабасылық Өмірзақ Оспанов «Қарабура әулие» атты жан

тебірентерлік ән де шығарып, бүкіл түркі әлеміне ортақ жанды қазақ

сахарасына насихаттауға зор үлесін қосты.

Ал, енді шамалы ілгері қадам жасасам, көптен ниет қылып,

Қарабура бабамыздың басына барып зиярат қылсам деп жүруші

едім. Бірақ, адамның дегені бола берген бе, жолым түспей, баба

басына баруға мүмкіндіктердің келмей қойған кезі көп болды. Бірде

бауырым Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлына «Созаққа Сүлеймен

деген жиенге барып қайтсақ. Жазып жатқан кітабым туралы айтсам.

Созақтағы ағайындар - Барақ, Дәулеткелді балалары туралы

деректер сұрастырсам. Соған көлігіңмен апарып келсең қайтеді» деп

айтқан едім. Ол мақұл деп, бұл әңгіме анда-санда қозғалып қойып,

менің тарапымнан кешеуілдей берді. Бір сәті келген күні 2010

жылдың 17 қарашасына екеуіміз Созақ қайдасың деп жолға шығып,

түс әлетінде келіп жеттік. Ойымда, Қарабура әулиенің қорымы басқа

бір ауылда деп ойлап келген мен, тура сол жерге барып аялдағанда

бірақ білдім. Ұзақ жолға арнайы дайындықсыз, дәрет алмай шыққан

күнәһар басым қатты састым. Абырой болғанда, баба ауласында

Page 67: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

67

дәрет алуға мүмкіндіктер бар екен. Жақсылап дәрет алып,

асханадағы шырақшыны ертіп, баба басына келдік. Садақа

сандығына ниет қылған теңгеден тастап, ішке оздық. Осы кесенені

қайта жаңғыртып, соққызған Құрал Ержановтың түсінде бабаның өзі

келіп: «Егіз, егіз, екі сегіз» деп айтқанынан кейін, осы кесене сегіз

санына ұқсатылып екі бөлме болып соғылды деп естігенбіз.

Бірінші кіре берістегі бөлмесі - Намазханасынан өрлеп, екінші

бөлмесі - бабаның мүрдесі қойылған ескі кесенені ішіне ала

қаланған екен. Баба басына келіп жайғастық. Шырақшы баба рухына

бағыштап, құран оқып отырғанда, мен күтпеген жайттар орын алды.

Тереңнен гуілдеген-уілдеген дыбыстар келіп, абдырап өз-өзіме келе

алмай қалдым. Дегенше бейіттің іргесінен сағым секілденген толқын

келіп кеудеден соқты. Өзіне бір тартып, қайта соғып, мені үлкен

тербеліске, тебіреніске алып келді (Мен бұл жайтты бұдан соң неше

мәрте барсам, сонша мәрте басымнан кештім). Зиярат етіп,

орнымыздан тұрғаннан соң, баба басындағы қасиетті ағашты, одан

әрі жағалай қойған белгі тастарды тамашаладық.

Бұл жөнінде біршама жылдар осы кесененің әрі шырақшысы,

әрі қамқоршы, зерттеушісі ретінде танылған Сүлеймен Тәбірізұлына

айтқанымда:

- Қарабура бабамыз алғаш келген жанға осындай бір белгілер

беретіні бар. Саған берген белгілерінің өзі қуантарлықтай. Өзіне

тартып, бір жіберіп тұрғаны – сенің де таза жолмен, таза көңілмен

бастаған ісіңді аяқтауыңды тілегені. Бірде Жамбыл облысының әкімі

Серік Үмбетовтің келгені бар. Осында келгеннен соң қайта-қайта

есінеп, сонысына өзі ыңғайсызданып менен жөн сұрағаны бар.

«Әруақ сізге белгі беріп жатыр, есінеу, кекіру, ықылық ату

жағдайлары болғанда Сіздегі әруақ пен бұл кісінің әруағының

бірімен-бірі табысуының белгісі болып табылады» деп түсіндірдім.

Қатты қысылып тұрған Үмбетовтің көңілінің көтеріліп, қолымды

қайта-қайта қыса бергені бар еді, - деді жымиып.

Ертеректе, бала кезімізде Қоңыраттың атақты кісісі Құрбан

Атаны сонау алыстан әкеліп жерлегені туралы әдемі бір аңыз

айтылушы еді. Оны мен Қожа Ахмет Ясауи қасына жерлеген деп

ойлаушы едім, сөйтсем қателесіппін. Осында, баба қасына

қойылыпты. Басына тас қойылған. Бұл ескі кесененің оң жақ басына

қойылған. Оның жанына Мұхаммед ғалейкум салам бастаған

мұсылман қауымының, осы бейітке қызмет еткен Шайықтар мен

Page 68: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

68

Тама әулетінің басты адамдарына да тас қойылған екен. Арыстан

Баб, Қожа Ахмет Ясауи, Ысқақ баб (Баба ата), Бабай түкті шашты

Әзіз бабалардың басынан топырақ әкеліп, қара мәрмер тастан белгі

қойған. Зиянат етіп, кейбірін суретке де түсіріп алдық. Дәулет -

Қарабура батыр, Кіші жүз, Тама (14 ғасыр); Ақназар хан, төре (15

ғасыр); Қожамқұл ғұлама, өзбек (18 ғасыр); белгісіз әруақ; Құлтас

би, Кіші жүз, Тама (18 ғасыр); Шілмәнбет би, Орта жүз, Тарақты (19

ғасыр), Белгібай қажы, Шахасум-ахун сияқты белгілі, ұлы

адамдардың, осы баба басына қамқорлық жасаған жандардың аты-

жөндері жазылып қойылған тастар тұр. Осы аталған кісілердің қабірі

осы кесененің жан-жағын қоршау жерленген екен. Бұл тастар соны

айғақтай қойылған көрінеді.

Кесененің есігі күн батысқа, яғни Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне

қаратылып қойылған. Баба кесенесінің сыртына шыққанымызда,

2010 жылдың маусым айында Атыраулық ағайындар атынан

қойылған стелланы көрдік. Оның аяқ жақ бетіне «Қарабура

ұрпақтарының суреттерін жасатқан: Илья Жақанов – композитор,

жазушы. Серік Айтқұлұлы Садуақасов - инженер-құрылысшы»

деген ескертпе тас орналасқан екен. Стелланың ортаңғы тұсына

Қарабура әулиенің суреті мен ол туралы сөздер жазылып қойылған.

Қарабура әулиеден оңға қарай – Дәулет батыр, Нәрік батыр, Шора

батыр, Есет батырдың, Ботагөз батырдың суреттері қойылған.

Қарабура әулиеден солға қарай – Ықылас, Тәңірбергенұлы

Молдабай, Әкімгерей, Сүгір, Жаппас Қаламбаев бейнелері тұр. Енді

осы ретпен қойылған тұлғалар суреттері астындағы сөздерді оқиық.

Қарабура әулие. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов:

«Тама руының ұраны – Қарабура!»; Жазушы, академик Әбіш

Кекілбаев: «Қарабура... Әлденеше ғасырлар бойы ауыздан түспей

келе жатқан есім. Оның Қарабура атануы да, Қожа-Ахмет Ясауиды

ақ жуып, арулауы да, демек, бір тайпа ел емес, күллі түркі дүниесі

мойындарлық Рухани Пір саналуы да тегін емес»; Этнограф-

жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбеков: «Қазақ даласында Қарахан

мемлекетінің шаңырақ көтеріп, ірге бекітіп, нығаюына жойқын үлес

қосқан ірі тұлға – Қарабура! Бүгінде Созақ топырағында Қарабура

әулиенің кесенесі күллі Түркі әлемінің киелі қорымына (пантеон)

айналған».

Дәулет батыр. Жазушы Ілияс Есенберлин, «Алмас қылыш»

романынан: «...Енді сөзді осы келген (Арғын Ақ жол биді өлтірген

Page 69: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

69

Қобыланды батырдың ісі билер талқысына түскен) батырлардың ең

кішісі, Тамадан шыққан Қарабура батыр (Дәулет батыр) алған.

- Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ, Қобыланды батыр.

Сен, қазір қыңырсың. Бірақ, қырықтың аты қырық. Қандай қыңыр

болсаң да түзетеді... Басымыз бірігуге айналғанда іріткі салма!»;

Қарақалпақстан ғалымы, жазушы Жұбатқан Мұратбаев: «1395-1405

жылдары Әмір Темірдің қолбасшысы болған, Тама Бура (Қарабура)

әулиенің ұрпағы – Дәулет батыр. Дәулеттің адалдығына, ерлігіне

риза болған халық оны да құрметтеп, «Қарабура батыр» деп атайды,

яғни, ол - екінші Қарабура! Өзінің ұлы атасы Қарабура әулиенің о

бастағы кесенесін салған өз заманының аса ірі қайраткері осы –

Дәулет батыр!».

Нәрік батыр. Жазушы, академик Мұхтар Әуезов: «Шораның

әкесі Нәрік деген батыр болады. Бұның руы – Тама!»; Мұрын

жырау, «Қырымның қырық батыры» жырындағы «Нәрік батыр»

дастанынан: «Хан қалпағым басында, нөкерім бар қасымда. Қазан

деген қала еді, сол Қазанның шәрінде Нәрік деген хан мен едім».

Шора батыр. Орыс тарихының ұлы атасы М.Карамзин:

«Орыстарға қарсы Қазанның түбіндегі соңғы шайқаста ағайынды

қазақ батырлары Нәрікұлы Шора, Әлікей, Ислам ерекше көзге

түсті»; Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов: «Шора – Қазанды

орыстардан алған кездің адамы. Көшім ханның замандасы. Қазанға

он екі шақырымдай жер қалғанда садағын тартып жібереді, жебенің

ысқырығынан орыстардың зәресі ұшады, ондағы мұсылмандар қазақ

батырының келе жатқанын біледі»; Түріктің көрнекті ғалымы

Мұзафар Ақчора: «Шора батырдың дастанға айналған өмір жолы

бүкіл Қыпшақ түркілеріне зор ықпал еткен».

Есет батыр. Тарихшы, профессор Серғали Толыбеков:

«Жаудың қарасы көрінсе болғаны, Есет батыр «Қарабура!» деп өз

руының ұранын шақырып, жаудың самсаған қолына жалғыз

шабатын, «жазым етер» деп тіпті ойланбайтын адам болыпты»;

Тарихшы, профессор Закратдин Байдосов: «Аңырақай маңында

Әбілқайыр хан бастаған қазақ жасақтарының жоңғарлармен шешуші

шайқасы болып, онда жау қолы талқандалды. Осы сұрапыл

шайқаста Есет Көкіұлы Кіші жүз құрамының туын көтерген

қолбасшы болды. Оның ерлігі жөнінде тарих бетінде қыруар дерек

бар».

Page 70: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

70

Ботагөз батыр. Тарихшы, профессор Серғали Толыбеков: «Ел

басына бір сұмдықтың төнгенін сезіп, Есет батырдың қызы Ботагөз

жігітше киініп, жарамды атқа мініп, жүз елудей қаруланған

сарбаздың басын қосып, оң жақтағы тобын өзі, сол жақтағы бөлігін

Жұмағұл мерген басқарады»; Ақтөбе энциклопедиясынан: «Ботагөз

– Тама Есет батырдың қызы, жасынан шешен, өжет болып өседі.

Ботагөз батыр ел аузында Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне

қатысқан делінеді. Соғыста жастай қайтыс болған».

Ықылас. Композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Қазақ халқы

қобыз дәстүрінің негізін салушылардың бірі, күйші-композитор

Ықылас Дүкеновті мақтаныш етеді»; Ақын Сәкен Сейфуллин:

«Ықылас қобыз тартқанда сауулы інген иіп тұрады екен»; Академик

Әлкей Марғұлан: «Ықылас ерте заманның сәуегейі, музыканты

Қорқыт пен оның шәкірті Қойлыбайды еске түсіретін, бір

тамсанатын кісі»; Жазушы, ғалым Мұқтар Мағауин: «Қыл қобыз

пірі Ықылас - Түркі әлемінде теңдесі жоқ музыкант, ұлы тұлға!»;

Дирижер, профессор Алдаберген Мырзабеков: «Ықылас «Жезкиік»,

«Аққу», «Қорқыт», «Ерден», «Қоңыр», «Кертолғау», «Айрауықтың

ащы күйі», «Шыңырау», «Бозторғай», «Бес төре», «Жалғыз аяқ»,

«Қамбар - Назым», «Ықылас» күйлерімен қазақ музыкасын

классикалық деңгейге көтерді. Ал, «Қазан» күйінде Шора батырдың

ұлы тұлғасы суреттелген».

Тәңірбергенұлы Молдабай. Композитор, профессор Е. Г.

Брусиловский: «Әли Құрманов маған «Молдабайды» жалындата,

лапылдата жаздырды. Ән де нағыз классика! Әнші де теңдесі жоқ

виртуоз!»; Атақты әнші Әли Құрманов: «Мен Ақтөбе жерінде

Молдабай мен Әкімгерейдің көзін көріп, тәрбиесін алдым.

Молдабайдың дауысы жеті-сегіз шақырымнан естілетін еді. Мұхит

салдың өзі «Біздің әнге ендігі ие – Молдабай! Молдабай үніміз

жетпейтін асқар шың болса, біз соның бәсеңдеу ғана етегіміз. Өзім

Молдабайдың «Сусар-ай», «Қойшының әні», «Бестоспа» дейтін

әндерін де көп шырқадым. Молдабайдай болу қайда!».

Бұл сөздерге осы кітаптың авторы ретінде өз тарапымнан

қосарым: Әйгілі «Алдар көсе» фильміндегі «Мен Алдармын,

Алдармын» деп басталатын әннің әуені Молдабайдыке.

Молдабайдың әндерін қазіргі күндері «Қоңыр» тобы,

Құдайбергеновтер және басқа да әншілер орындап жүргенін

мақтанышпен айта аламыз.

Page 71: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

71

Әкімгерей. Композитор, профессор А. В. Затаевич:

«Заманымыздың аса көрнекті әнші-жыршыларының бірі Әкімгерей

Қоспанов... Оның сұлулығы, әрі тәкаббарлығы, сабыры да ғажап!

Өзінің құйқылжытуы сондай әсем, шеберлігі қандай еркін, мейлінше

кең!»; Композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Әкімгерей – «Еділ

бойы» әнінің авторы. Ол - «Орақ - Мамай», «Қарасай - Қази»,

«Қобыланды», «Асан Қайғы» қиссаларын жырлаған атақты жырау.

Руы – Тама!».

Сүгір. Композитор, академик Ахмет Жұбанов: «Созақ

ауданында өмір сүрген Сүгір күйші Ықыластың барлық күйлерін

домбырада ойнаған. Қобызшы Жаппас Қаламбаев Ықылас күйлерін

Сүгірден үйренген»; Этнограф-жазушы, профессор Ақселеу

Сейдімбеков: «Сүгірдің шыққан тегін - Арқа Тамалары деп атайды.

Сүгірдің күйлері: «Иілме», «Ыңғайтөк», «Бесжорға», «Тоғызторау»,

«Назқоңыр», «Аққу», «Телқоңыр», «Шалқыма», «Ақжелкен»,

«Қосбасар», «Жайлау», «Майдақоңыр», «Жолаушының жолды

қоңыры», «Бозінген».

Жаппас Қаламбаев. Композитор, академик Ахмет Жұбанов:

«Жаппас Қаламбаев - Құрманғазы оркестрінің альт-қобыздар

тобының бас концертмейстері, халықтың белгісіз күйлерін көп

жинаған фольклорист»; Этнограф-жазушы, профессор Ақселеу

Сейдімбеков: «Жаппас жай ғана орындаушы ғана емес, күйші-

композитор. Ол Ықыластың, Сүгірдің мұрасын шашпай-төкпей

жеткізген ең дарынды шәкірттерінің бірі. «Кең өлке», «Күй толғау»,

«Жұман», «Қазақ маршы», «Еңбек маршы», «Амангелді маршы»

сияқты көптеген күй мен романстардың авторы. «Жұман» күйі –

Жұман деген перзентінің мезгілсіз шетінеуіне байланысты дүниеге

келген».

Осы стелланы және кесенені жағалай қоршай қойған белгілі

тұлғаларға, аталарға, ұрпақтарға қойылған белгі тастарды аралап,

ішінара суретке түсіріп алдық.

Барақ әулетінен бір екі тасты таптық. Біреуінде – «Қылышбай

әулеті. Сәттен – Ақан, Бәйеш. Кәдиден – Нұрділда, Нұрлан, Ібіжан.

Күзенбайдан – Байділда, Қадірсіз. Үсенбайдан – Әйділда, Әбілда,

Зетілда, Әби, Мүсін, Әбдірахман. Әкелерімізге балалары мен

немерелерінен. 2010 жыл» деп тұрса, екіншісінде – «Тама руы.

Барақ табы. Қылышбай әулеті: Майлыбай, Шәкірбай, Сәт, Кәди,

Күзенбай, Үсенбай. Аталарға ұрпақтарынан. 2010 жыл» делінген.

Page 72: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

72

Бұлардан тыс самсаған белгі тастар. Бүкіл түркі әлемінің ұлы

адамдарының есімі жазылған, бейітінің басынан әкелінген

топырақтар.

Біз білмедік, осы кесененің шығыс жақ бетінде белгілі күйші,

Мұхтар Әуезов «Шертпе күйдің шешені» деген асқақ атағын берген,

мақтанышымыз Сүгір Әлиевке қойылған күмбез бар екен. Оны

білмегендіктен, басына барып, құран оқудың сәті түспеді. Оған

кейінгі барған сапарларда арнайы бұрылып құран оқыдым.

Кесененің солтүстік бетінде Қарабураның астына мінген түйесі

шөккен жерге қойылған түйе мүсінінің жанында тұрып суретке

түстік. Бұл жерде, 1930 жылдардың басына дейін Қарабураның

мешітін қорып жүрген бура болған екен. Сол бураның шөгіп,

демалып жататын орыны да нақ осы жер болса керек.

Жаңатастық Ералы Нұрланұлы деген әкеміз бір әңгімесінде:

«Әкем Қадидың ұлы Нұрлан айтып отыратын:

- Мен 1912 жылы туғанмын. Құжат бойынша 1907 жылғымын.

Әкем өлгенде мен үш жаста екенмін, інім Ібіжан бір жаста ғана

болған, - дейтін.

Күзенбайұлы Байділдә атамның айтуынша, Қади барып төрге

отырғанда дауласушы жақ басын салбыратып отыра қалатын

көрінеді ғой:

- Болды, Қади жеңетін болды. Қалағанын, сұрағанын алатын

болды, - деп.

Ол кісі не айтса да сонысын орындатпай қоймайды екен. Ол кісі

туралы уағында өлеңдер шығарылған екен. Содан, қазірге есімде

қалғаны мына бір шумағы ғана:

- Шала байдан,

Қади көрсең қаша бер анадайдан.

Ерегіссе астыңдағы атыңды алар,

Болмаса қойныңдағы қатынды алар, – деген.

Бұл жердегі «Шала байдан» деген сөздің мағынасы – не байға

жатпайтын, не кедейге жатпайтын, өзіндік малы бар кісілерге

айтылатын «Шала бай» турасында айтылған сөз.

Қади сөзге тоқтаса тоқтады, сөзге тоқтамағанның басынан

қамшымен бірақ тартып, басын қаққа айрып кете беретін батыр

шалыс кісі болған екен.

Қади би бір жердегі дауға барып, соның түйінін шешіп келе

жатқанда екі жақтың соғысының үстінен түсіп қалады. Сонда

Page 73: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

73

Қадидың жамбасынан оқ тиіпті. Қалың етті тесіп өткен екен оқ.

Аяқта саптама етік бар, оқтың тигенін ешкім де байқамай қалады.

Бірге келе жатқан көпшілік:

- Мылтық атылды, мылтық атылды. Ешқайсыңа тиген жоқ па, -

дегенде, Қади би шыдамдылық танытып:

- Ешкімге тиген жоқ, - деп жүріп кетеді.

Ауылдарына келгеннен соң аттан түскен Қадидың етігін

шешкенде етіктің іші қанға толып кеткен екен дейді. Содан Қади

қансырап өліпті дейді. Қади өлерінде айтыпты:

- Мені Қарабура бабамның қасына апарып жерлеңдер. Мен

өлгеннен соң Қарабураның шырақшысы келеді, астыма мініп жүрген

көк айғырды беріңдер. Қашсам, қуғанға жеткізбейтін пырағым еді.

Шырақшыға беріп жіберіңдер, - депті.

Айтқанындай Қади өлгеннен соң Қарабураның шырақшысы

келеді. Қадиды қастерлеп Созаққа апарып, Қарабура әулиенің

қасына апарып жерлеген екен. Қадидың баласы Нұрділда ол уақытта

он алтыда екен, бірге барып жерлеп келеді. Шырақшыға көк

айғырды беруге қимай балалары басқа атты ұстатып жібереді. Көк

айғыр содан отқа қарамай шыңғырып тұрып алды дейді. Көк айғыр

өлетін болды. Балалары қамығып отырады. Сол екі арада апта өтеді.

Бір жұмадан кейін шырақшы қайтып келеді.

- Өй, сен маған басқа ат ұстатып жіберіпсің ғой. Әкеңнің айтқан

аты бұл емес екен. Әруаққа атаған малыңды бер, - депті.

Баласы ойланып, әруаққа шет болмайын деп көк айғырды ұстап

алып келіпті. Қадидан басқа адамды мінгізбейтін көк айғыр

шырақшының алдына барып тұра қалған екен.

Баласы Нұрланның әңгімесімен салыстырсаңыз, Қади 1917-1918

жылдары қайтыс болғанға ұқсайды. Бұл кезде Қади би алпыстан

асып, жетпіске жақындап қалған кезі еді дейтін. Жерлеуге баласы

Нұрділдә барған екен. Ол да кейін қай жерге жерлегенін ұмытып

қалған көрінеді. Нұрділдәнің айтуынша, 1927-1928 жылдардағы

аумалы-төкпелі «бандылардың» тұсындағы шайқастың бірінде

қайтыс болған дейді. Әкем Нұрланның айтуы бойынша, 1917-1918

жылдарға келеді.

Мен өзім 1973 жылы осындағы туысқандарымды, Оңтүстік

Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Екпінді ауылының «Қызыл

көпір» бөлімшесіндегі туысқандарымды жинап Жаңатастың

автопаркының бастығымен жекжат едім, содан бір автобус сұрап

Page 74: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

74

алып, Қарабура бабамыздың кесенесіне зиярат етуге алып бардым.

Екі бас малымызды союға деп арнайы алып бардым. Кесененің

айналасы қалың шеңгел. Шеңгелдің іші түгел мола. Кімнің моласы

қайда жатқанын ешкім де біліп болмайды. Қадидың бейітін таба

алмадық. Апарып жерлеп қойғаннан кейін ешкім қайтып ат ізін

салмай кеткен екен, қойған адамдар да о дүниелік болып кеткен.

Қайдан табайық, таба алмадық.

Ол кезде әулиенің мазары кішкене ғана шикі кірпіштен

қаланған мола болатын. Іргесінде жуан талы болатын. Бұрын бір

көргенімде ол тал өртенбеген, аман болатын. Үш адам әрең

құшақтайтындай жуан болатын. Бұл көргенімде тал өртеніп,

тұқылданып қалған. Сонда шырақшы айтты:

- Созақ ауданының бірінші хатшысы араққа тойып алған,

осында келіп маған ұрысты. «Сен осы жердің шырақшысысың. Неге

мына шөптерді орып, тазалап отырмайсың» деп. Ананың

ұрысқандығына қыстығып, бензин шашып шөпке от қойып жіберген

едім. Алапат өртке ұласып, тал өртеніп кетті. Бұрын биік, керемет

тал болып тұрушы еді. Өрт сөндірушілер келіп, әрең дегенде өшіріп

алдық. Тал шоқиып, кішірейіп қалды. Шешемді өлерінде өз аманаты

бойынша Қарабура бабамыздың кесенесінің босағасына жерледім, -

деп қамығып отырды.

Шырақшысы өзбек екен. Сол өзбек үйінен барып кәдімгі

қауаққа ұқсайтын кішкене, қап-қара бір ожау алып келді. Бұлақтың

суына шайып-шайып жіберіп, «Осыменен мына бұлақтан су алып

ішіңдер» деді. Су алып іштік. «Құлақтарыңа тосыңдар» дегеннен

соң, жаңағы ожауға құлағымызды тосып едік, ішінен сарылдап аққан

судың дыбысы келді. Сөйтсек, баяғы Смайыл пайғамбар көктен

түскен көк қошқардың ішек-қарынын алып лақтырып жіберген екен.

Ол заманда Амудария өзеніне Араб жерінен келіп құятын өзендер

болған екен, сол өзеннің біріне түсіп, содан өсіп шыққан бір

ағаштың жемісінен Қарабура бабамыз ожау жасатқан екен. Сол

ожауымыз осы екен.

Сонда сол малдарды сойып, ертеңіне құран оқытқанымызда

бізбен бірге Түркістандағы институттың мұғалім болған, сары кісі

бірге болды. Қазір Қарабура кесенесінде қызмет қылады» деген еді.

Қади бидің балалары осындағы белгі тасты сол себептен де

қойғаны енді түсінікті болды. Бізге тиесілі ағайыннан тағы басқа кім

Page 75: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

75

осында жерленген дейтін болсақ, ол жөнінде Жәйремдік Тәжібаев

Марат Ордашбайұлы ағайдың айтқан бір әңгімесі бар еді.

«Қарауыл байдың бір баласы Құланбайдың үлкен баласы

Шубай бәйбішесі ұл бала тумағаннан соң, тоқал алады. Шубай да

қасиетті кісі болған екен. Шу өзенінің бойында туғандықтан атын

ырым қылып Шубай қойған. Ол кісіні жеңгелері «Қамыс» дейді

екен. Ол кісі Жетіқоңырда отырғанда қайтыс болған. Ол жерленген

жерді «Қамыс Ата» дейді екен. Ол кісінің басына бала көтермеген

әйелдер, топалаң болған малды түнететін болған. Осы Шубай

атамыздың тоқалынан Тілеубай деген ұл туады. Тоқал Тілеубайдан

кейін бала көтермегеннен кейін, Шубай тағы да бір әйел алып, одан

қалған балалары Солтан, Тоғызбай, Сүлей, Байзақ туған.

Тілеубай 1925 жылдары қайтыс болған. Шешемнің айтуынша,

ауылдағы Исабайұлы Асқар деген кісі «Тілеубайдай жігіт жоқ қой»

деп айтып отыратын дейтін. Тілеубай мен Асқар әкеміз жас кезінде

бірге жүріп, бірге тұрған көрінеді. Содан да Тілеубайды жақсы

білетін болған. Тілеубай мүшел жасында, жиырма бес жаста қайтыс

болған екен. Жабал Кенбайұлы Исаның келіншегі осы Шубайдың

қызы еді. Исаның баласы Мәнтік (1920-2006) ескілікті әңгімені

жақсы білетін, шежіреші жан еді. Сол кісінің аузынан етіген әңгімем

бір әңгімемде, Тілеубай сол апасының ауылына Жалға қыдырып

барады. Сол үйге келіп түнеп шығады. Таңертең төсектен ауырып

тұрады. Тілеубай да әулие кісі болған еді дейтін. Содан апасына

отырып:

- Мен енді үш күннен кейін қайтыс боламын. Қарабураның қара

нарға мінген шырақшысы келеді. Шырақшының нарының бір

жағында шиі, бір жағында киізі болады. Менің мәйітімді бұзбай сол

шырақшы алып кетуі тиіс. Шырақшы келсе, қолынан қақпай,

тоқтатпай мені беріп жіберерсің, - дейді Тілеубай.

- Өй, мынау не деп отыр, - деп апасы ұрысады.

Айтқанындай, Тілеубай үш күннен кейін таңертеңгісін қайтыс

болады. Кешке қарай қара нар мінген, бір жағына шиі, екінші

жағына киіз артқан қара киімді адам келеді. Апасы Тілеубайдың

айтқан өсиетін орындап, оның сүйегін Қарабураның шырақшысына

беріп жібереді. Тілеубай үйленбеген, сүр бойдақ болғандықтан,

артында тұқым қалмаған. Артынан ешкім іздеп барғанын,

бармағанын біле алмадық. Ол жөнінде бізге ешкім айтпай кетіпті», -

дейді.

Page 76: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

76

Дәулеткелді Жиенбайұлы Тоқболат та осында әкелініп

жерленген. Ол туралы Тоқболаттың немересі марқұм Уәлиұлы

Жамбыл әкей айтқан еді.

Мұнда өз уағында бір ғана Тама елінің ғана емес, бүкіл түркі

әлемінің бетке ұстар адамдары қойылған деседі. Содан да болар,

барша елдің адамдары Қарабура әулиені жағалап жүретіні.

Менің нағашыларым жазған «Ошақты шежіресі» атты кітапта:

«Қазақ жерлерін біріктірудің бастапқы кезеңінде қазақ хандарының

тірегі болған, Созақ шаһарына барған Жалмұханбет Қарабура

әулиенің (Бурахан ата) басына барып, қонып шыққан екен» деп атап

өтеді. Мұндағы Жалмұханбет - Ошақтының бір атасы Тасжүректің

он баласының бірі, қазақ батыры.

Баба кесенесі маңындағы молалардың орыны тегістеліп кеткен.

Орынына шым егіп, қаптатып белгі тастар қойып жатыр. Бәлкім, бұл

да дұрыс болар. Жандары жаннатта болсын, пейіште нұры

шалқысын әулие қасынан орын алған барша мұсылманның!

Осы кесене мен ортадан өтетін көше жолының қарсы бетінде

облыстарда, аудандарда тұратын Қарабура ұрпақтарының салған

қонақ жайлары бар. Солардың қатарында Жамбыл облысы Сарысу

ауданының қонақ жайы тұр. Осынау жайдың есік-терезесін өз

қаржысына жасатып әкеліп орнатқан және келген жандар

пайдаланатын үлкен кристалды-сұйық экранды теледидар әкеліп

берген Дүзкенов Бағдат Кәрімжанұлы бауырымыздың әруақ

жолындағы істеріне біз де ризашылығымызды білдірдік.

Осындай ұлы жанның басына зиярат ете барған сапарымыздың

оң болғанына Тәуба дедім! Сондай киелі жанның ұрпағы

болғанымызға қуандым. Оның да біздің иығымызға артар жүгінің

барын сезіндім. Баба атына, оның ұрпағы екендігімізге лайық болсақ

деген тілеуді тіледім. Бабамыздың рухы қолдай берсін!

Page 77: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

77

Дәулет батыр

«Қарабураны еске алғанда, онымен аттас болған, баршасы Тама

тайпасының атын шығарған бірнеше Қарабура аттас жандардың

есіміне кезігеміз. Соның бірі – Боғра хан, Ақтан сопы әулие болса,

екіншісі – Дәулет батыр. «Тауарих-и гузида-йи нұсрат нама» атты

кітапта Әбілқайыр ханмен бірге қылыш сермескен он бестей әмірлер

мен батырлардың арасында, Тама тайпасының мың бегілері

Қылышбай мен Қара Бура Дәулетқожа батырдың да есімі кезігетін

жері бар. Сонымен бірге Дербіс батырдың да Әбілқайыр жағында

болғаны жазылады. Әбілқайыр таққа отырғаннан кейін, оны қолдап,

оның сапына қосылған белгілі бектердің ішінде Тама тайпасынан

Тәңірберді бек деген де болған. Осы тұлғалар туралы «Шайбани

нама», «Тарихи-и Абулхайрхани» деректерінде де аталатыны тіптен

қызықты емес пе?!

«Тауарих-и гузида-йи нұсрат нама» - ХVІ ғасырдың алғашқы

жылдарында, «Шайбани нама» - ХVІ ғасырдың басында, «Тарихи-и

Абулхайрхани» - ХVІ ғасырдың 40-жылдарында жазылғандығы

бірталай ойға жетейтіні анық. Бұларда батырдың аты – Бурджи-

Қара-Даулат-ходжа-бахадур деп берілген. Талдай келгенде, Бура-

Қара-Дәулет-қожа-батыр болып келеді екен. Парсы тілінде сын есім

зат есімнен кейін тұратындығын ескеріп, Бура-Қара емес, Қара-Бура

болуы заңдылық болып табылады. «Темір Ланг» дегенді «Темір

Ақсақ» демей, «Ақсақ Темір» дегеніміз секілді ғой.

Сонымен, Қарабура-Дәулет батыр 1395-1405 жылдар

аралығында Әмір Темірдің қолбасшысы болған, Тама Бура әулиенің

ұрпағы Дәулет батыр ат орнынан жорыққа айыр өркешті, қара

шудалы бура мінген. Өзінде алпыс жігіттің күші бар, жолбарыстай

қаһарлы, бір сөзді, кішіпейіл, жай адамға аса мейірлі Дәулет

батырдың бейнесін көз алдыңа келтірер небір уақиғалы деректерді

нәшіне келтіре жазып, ұзақ жылдар зерттеп, жарыққа шығарған Ж.

Мұратбаев секілді жазбагердің еңбегі ересен зор, ұланғайыр.

Атасына мың мәрте рахмет!

Елдің ортасында мәртебесі жоғары болған, адалдық, ерлік істері

үшін халық жадында сақталған, екінші Қарабура - Дәулет батыр

1373 жылы дүниеге келіп, 1445 жылы 72 жасында өмірден қайтқан.

Оның денесін, өзі атын ұран қылған Қарабура бабасының жанына

қойған.

Page 78: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

78

Ақсақ Темір өз ортасында ойып алар орыны бар осындай, Тама

Дәулет батыр секілді ересен батырларды өзіне тартып, ірі қызметтер

бергенде, артында сан мың қолы бар, іргелі Тама тайпасынан да

қолдау күткендіктен істегені анық. Ақсақ Темір өлген 1405 жылы

тақ үшін талас басталған шақта, Дәулет батыр алды-артына

қарамастан, Созақ шаһарынан бірақ шыққан. Осында жүріп кемеліне

келіп, бүкіл Тама жұртының биі болып, толып тұрады. Дешті-

Қыпшақ даласындағы беделді адамдардың біріне айналады. Хан

сайлауы кезінде ықпалды жандардың бірі болады. Елдің есінде

қалған Қарабура Дәулет батыр осындай жан болған деседі - тарих,

аңыз, ел-жұрты.

Ж. Мұратбаев жазғандай, Ақсақ Темірдің өзінің мақсаттарына

жету үшін айналасына қарулы, кілең білекті бір жарым мың сен тұр,

мен атайын деген жігіттерді жинағанын, оларды жеке-жеке топтарға

бөліп, соғыс өнерінің неше түрлі айла-тәсілдеріне үйреткенін,

солардың арасынан келешек әскер басшыларын таңдап іріктеп

алғанын, Қаратау алқабындағы Сыр бойынан қара бура мініп келген

ақыл-парасаты жоғары, шалт қимыл жасап, әскери әрекеттің әдіс

амалдарын, сыр-қырларын тез меңгерген жас Дәулет атты жігітті

байқайды. Жігіттің есімінің өзінің мақсатына үйлесімділін ырым

етіп, өзінің дәулетін арттыруға лайық көмекшісі етуге тоқтапты.

1363 жылы Ақсақ Темір Самарқанға шабуыл жасайды. Осы

шабуыл кезінде Дәулет тапқырлық пен ерліктің ерен үлгісін

көрсетіп, Дәулет батыр атанып, Ақсақ Темірдің құрметті адамына

айналады. Дәулетке үлкен сенім артып, оны өзіне бас сардар,

ақылдасар көмекшісі етіп тағайындайды.

Самарқанға жасаған жорығында жеңіске жеткен Ақсақ Темір

Самарқанның әміршісі болады. Әмір Темірдің бұдан кейінгі

жиырмадан астам елді бағындырған жорықтарында Дәулет батыр

өзін дарынды қолбасшы ретінде таныта біледі.

Алтын Орданың тағына отырған Тоқтамыс ханға қарсы Әмір

Темір үш рет жорық жасап, 1395 жылы оны тізе бүктіргенде де

Дәулет батыр Әмір Темірдің сүйеніші, ақылшысы болып, ұлы

жеңіске үлес қосқандығы айтылады. Дәулет батырдың Әмір Темірге

әруақтарды құрметтеп, Қожа Ахмет Яссауиге және Қарабура

әулиелерге кесене тұрғызу жөніндегі ұсыныс білдіргендігі, онысын

мақұл көрген Әмір Темір Арыстан баб пен Қожа Ахмет Яссауидің

басына сәулетті кесене тұрғызғанын айтады. Ал, Қарабура әулиенің

Page 79: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

79

басына сол замандағы кесенесін салдырған осы Дәулет батырдың өзі

болса керек деп топшылайды тарихшылар.

Жұбатқан Мұратбаевтың жазбасында: «Бір өзінде алпыс

жігіттің күші бар, жолбарыстай қаһарлы, бір сөзді, кішіпейіл, жай

адамға аса мейірімді Дәулет батыр қара шудалы бурасына мініп

алып, ентелеп келген талай дұшпанды сабасына түсіріп, қанын

судай ағызып, келмес сапарға аттандырған. Дәулеттің адалдығына,

ерлігінен риза болған халық оны құрметтеп Қара буралы батыр,

«Қарабура батыр» деп атайды.

Уақыттың өтуімен оның Дәулет аты ұмытылып, Тұран елінің

жылнамасында Тама Қарабура батыр болып жазылып, аты тарихта

қалады» деп жазады «Қарабура» жинағында.

Қазақтың ұлы жазушыларының бірегейі Ілияс Есенберлин

өзінің «Алмас» қылыш» атты кітабында:

«Ақ жол биді өлтірген Қобыланды батырдың бұл ісі билер

талқысына түседі.

...Енді сөзді осы келген батырлардың ең кішісі, Тамадан

шыққан Қарабура батыр алған.

- Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ, Қобыланды батыр.

Сен, қазір қыңырсың. Бірақ, қырықтың аты қырық. Қандай қыңыр

болсаң да түзетіледі. Бұны ұмытпа, басымыз бірігуге айналғанда

іріткі салма! Бұл саған ағайындық сөзіміз», - дейді деп жазған.

«Дәулет батыр 1445 жылы 72 жасында қайтыс болады. Өзінің

өсиеті бойынша жаназасына астына мінген қара бурасы сойылады.

Бураның бас сүйегі Дәулет батырдың аяқ жағына жерленеді.

Жаназаны шығарған Едігенің немересі Тымыр ишан бураның ортан

жілігін теберік ретінде өзіне алып қалған екен.

Тымыр ишан осыдан көптеген қиындықтарға ұшырап,

перзенттері өліп қайғы жамылады. Ауылына келген тәуіптің айтуы

бойынша бураның ортан жілігін Дәулет батырдың немересі Шотқара

биге апарып тапсырып, тиыш табады» дейді «Қазақ ру-

тайпаларының тарихы» атты кітапта.

Қадірменді ағайын, ел қариялары айтқанда, Дәулет батырды –

Таманың Дәулеткелді аталығынан деп те айтады. Қарабура атымен

елге танылған батыр, баһадүр бабамыз Дәулет (Қарабура батыр)

туралы бұл деректі әлі де толығырақ зерттеу қажет етіледі. Бір анық

нәрсе, Дәулет (Қарабура) батырдың тегін адам еместігі, тек батыр

ғана емес, әруақты, әулие жан болғандығы ақиқат.

Page 80: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

80

«Қырымның қырық батыры»

Қадірменді ағайын, атадан балаға мұра болып жеткен, қағаз

бетіне Мұрын жыраудың жырлауымен жеткен «Қырымның қырық

батыры» тарихи жыры әлемдік әдебиеттегі ең үлкен жырлардың бірі

болып табылады. Оның көлемі жағынан қырғыздың әйгілі «Манас»

жырынан да қомақты екендігі талай зерттеушінің қызығушылығын

тудырған. Бір қызығы, «Қырымның қырық батыры» жыры – Қырым

хандығы тұсындағы оқиғаларды жырлаумен ғана емес, қазақтың

кешегі өткен тарихын таразылау үшін жақсы бір дереккөзі ретінде

құнды саналады. Қырым дегенде біздің көз алдымызға Қырым теңізі

мен Қырым түбегі түсері анық. Ақиқатында, Қырым хандығы қазақ

даласында орналасқан мемлекет болған. Ал, Қырым теңізі мен

түбегі осы хандықтың жаулап алған жерлерінің бірі ғана.

Қырым хандығы қазіргі Батыс Қазақстан және Ресейдің

Астрахан, Кавказ жерлерінде орналасқан.

Осы жырдың үлкен бөлігі «Қарадөң және оның ұрпақтары» деп

аталады. Мұндағы Қарадөңнен бастап Шора батырға дейінгі жыр –

біздің елге, Тама жұртының төл тарихы деп атауға да болады.

Ендеше, осы жырлардан шамалап үзінді беріп өтуді өзіме парыз

санадым. Ал, тұтастай баспаға салу – онда осы жырдың өзін бірнеше

томдық ретінде қайталап ұрлап басу деген сөз. Мен зерттеу

мақсатында ғана енгізіп отырмын.

Ақ жол! Кеттік, Қырымға!

Қарадөң

Қарадөң бір жаста әкеден, екі жаста шешеден жетім қалады.

Бала сөйтіп жүріп үш жасқа жетеді. Сонда Қарадөң ноғай еліне

келеді. Балалар қаңғырып жүрген баланы сабалап қуады, соған

қамығып жылап отырған баланы астында есегі, басында сәлдесі,

үстінде мәллесі, қолында асасы бар бір кісі келіп: «Анда тұрған

тоғыз үйдің ортасындағы үлкен үйге бар, солар бала қылып

асырайды» дейді. Бала жаңағы үйге келеді. Үй ішінде отырған

кемпір балаға назар аудармайды. Үй егесі шалдың алдынан шығып

Қарадөң атын ұстап байлайды. Шал баладан жөн сұрайды. Бала:

- Мен бір жетім баламын, ата-анам жоқ, - дейді.

Page 81: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

81

- Мына қаңғырып жүрген балаға киім, тамақ беріңдер. Осы үйде

тұрсын, кез келгенін ішіп-жесін, - дейді шал.

Ол үйдің де жүгіріп жүрген баласы бар екен. Қарадөң осы үйдің

баласы болып жүре береді. Күндердің күнінде шал Қарадөңді ертіп

кеңеске апарады. Сөйтсе, шал тоқсан баулы ноғайлының ханы екен.

Бұл уақытта Қарадөң он беске жасы келгенді. Хан батыры мен биін

жинап алып кеңес етеді.

- Осы баланы, шамадан келсе, сыйлағым келеді. Астымдағы

тағымды, басымдағы тәжімді берсем, - дегенде бала жылап

«Қаңғырған қу жетімнің таққа отырғанын кім мойындайды» деп

егіледі.

- Бір балам бар еді, ол қатарға кірмейді. Мынау тұрған Қарадөң

кеудесі толған сана еді. Тоқсан баулы ноғайды, тірі болса бағады.

Ашы менен арығын, пақыр, міскін, кәрібін түгелдей көңлін табады, -

деп атасы мұны қолдап сөйлейді.

- Мен бес жылдай, оның әкесі – ханның қасында жүріп едім.

Әкесі ел билеген хан еді, ақылы көп жан еді, - деп ханның сөзін

қостап бір бек сөйлейді.

- Бір-екі жыл қасында жүріп көрейін. Бірақ, тақты берейін, - деп

атасы Қарадөңге тағын берді.

Қарадөң ұзақ жатып ойланып, екі-үш күн өткеннен соң атасына

келіп:

- Қараменде деген қалмаққа барайын, соны шауып алайын, - деп

ер қаруы – бес қаруын асынып, басына дулығасын киіп, қара

тұлпарды ерттеп мініп, жүріп кетеді.

Қарадөң батыр жалғыздан-жалғыз қалмақтың елін бетке алып

жортып жүріп кетеді. Жолда әкесі Бекті есіне алып, Баба Түкті

Шашты Әзіз, Қырық шілтен Қызырға сыйынып келеді. Астындағы

Қара аты шапқан сайын зулайды. Қанша жүргенін кім білсін, зырлап

күндер, қараңғы түндер өтіп жатыр. Дамылсыз шауып келеді, қара

ат-тағы піл болды. Төрт аяғын тең басып, ұшқан құспен тең болды.

Ен даладан өткенде, қалмаққа жақын жеткеенде, алыстан үлкен шаң

көрді.

Ақ семсерін қолға алып, қалмақка қарап ақырды, аллалап ұран

шақырды. Бірін найзамен шаншып, екіншісін қылышпен шауып

шетінен қырып барады. Қалаға қашқан қалмақты қуалап жүріп

өлтірді. Мұсылман қылды діндерін. Жесір-жебірін, жетімін, малын

Page 82: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

82

елге айдады. Атасына сәлем беріп, мал мен мүлікті Ноғайлының аш-

арық жандарына таратып беруін сұранды.

Хан өзінің жалынды сөзімен елді Қарадөңге артқан сенімінің

дұрыс шыққандығын айтып шаттанды. Елін жинап той қылды.

Арада неше жыл өтті. Ханның баласы Бердіханды ноғай елі

адамдары азғырды. Әкесі жоқ күні олар келіп кеңес қылды. Билердің

бірі тұрып:

- Ай, Бердіхан, Бердіхан, әкеңнің тұрған алтын тақ, қаңғырып

келген жетімге билеттің оны сен бейбақ. Алтын тақты билеуің, саған

бала, жөн еді. Айрылдың мұра орныңнан, ақылың сенің кем, - деді.

Араға түсіп шайтандар бала қатты қысылды. Ақылы кемдігі

білінді. Әкесі мен баласын бір-біріне қарсы қойды. Бала әкесінен

барып тағын сұрамаққа бекінді. Қарадөң бұл сөздерді естіп, өзінің

жетімдігі есіне түсіп қайғыланып қан жұтты. Қалаға келгеніне

өкініп, кетпекке ой қылды.

Бұл кезде Бердіхан да әкесіне келіп:

- Жетімді қойып тағыңа, бердің маған зорлықты. Хан баласы

болсам да, қатарыма енбедім, - дейді.

Хан баласын ертіп жиналған топқа келеді. Топ алдында тұрып

айтқаны:

- Атам деп маған ермедің, жолығып жауап бермедің,

қатарымда жүрмедің. Жас он беске келгенше қатарымды көрмедің.

Қарадөң жауымнан кегімді әперді. Жақсымен жолдас болды. Жасы

үлкенді сыйлады. Жаманға жүдә ермеді. Соны алуға билерің мен

шораңды ертіп келгенің не, - дегені. – Жауыңа қарсы тұра алмайсың.

Сені хан қойсам, елім бұзылады. Ел бұзылса хан болып тұра

алмайсың.

Елінің басты адамы бар еді. Ол ханды қостады. Ол қостағаннан

соң барлығы да қостады. Қарадөң «Мыналардың ойы бұзық екен.

Тағы да қалмақты шабайын» деп ойланып, қаруын асынып, атын

дайындап жорыққа аттанды. Бір де бір адам ермеді. Қалмақтың

Қаразым деген хандығына қарай келеді. Сегіз жүз қалмақты Қарадөң

қырып салады. Қырылып көбі қалған соң не етерін білмей сасады,

қалаға келіп қамалды-ай, таппады басқа амалды-ай. Қарадөң мінген

қарасы желеді есіп самалдай. Қаланың ішін қан қылды, қатын менен

баласын, қалмақтың алды қаласын. Мұсылман қылды діндерін,

жесір-жебір, мал алып. Қаразымның қызы еді, Гүлқашима сұлуды

алып жүрді оны да, еліне қайтты, қарашы. Бірнеше күн жүреді, нақ

Page 83: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

83

үш айға толғанда жесір-жебір, мал алып, еліне сонда келеді. Жесір

менен жебірді үлестіріп батырың халыққа оны береді. Жарлысы

байға теңелді...

Жұбаныш

Қарадөңнің баласы Жұбаныш та он жасқа келгенде атқа мінді.

Сонда әкесі Жұбанышқа айтады:

- Тоқсанның төртеуіне келдім. Он жасар-ақ баласың,

Ындыстың (Үндістан) жерін алуға кетіп міне барасың.

Бабасының батасын алып Жұбаныш Ындыс еліне, хан

Қылышбайды шауып алмаққа, бес құлаш болар қылышын қамдап, ақ

сүңгісін белге байлап, астына Көкшабақ атын мініп жолға шықты.

Артынан ерген жан жоқ. Таудан-тау, көлден-көл асып, жолындағы

қарды шашып Ындыстың еліне де барды. Тәуекелге бел буып,

Ындыстың елін аралап көрді. Жауының көп екендігін білді.

Қылышбай ханның қасына мың кісісін ертіп ноғай елін шауып

алмаққа кеткенін біледі. Биік таудың басына шығып ой қылады.

Ойлана келе, ноғай елінен қайтар сапарында соғыспақ болып

Қылыш ханның жолын күтіп екі ай сонда жатады.

Тоқсан төртте ханы бар ноғайлының елін Қылыш хан басып

алып, қолында әскері жоқ, бес қарудан бірі жоқ Қарадөңді өлтірді.

Қарадөңнің қаласын талқандады. Осыған тоқмейілсіп ындыс әскері

кері қайтады. Қарадөңнің жеті қатынының алтауын өлтіріп,

Жұбанышты туған, елуге жасы келген, өлуге таянған бәйбішені

тұтқынға алып әскер кері келеді. Тау басында астына Көкшабақ

атын мінген Жұбаныш жүз адамға тақанып келеді. Қылыш хан

бұның Жұбаныш екенін білмей:

- Ноғайлы елін шауып, Қарадөң деген ханын өлтіріп, қатынын

жесірге алдық. Қатынын елге барған соң, елуге келгеніне қарамай

өзім аламын. Жолымнан тұрмай кет, бала, - деді.

Әкесінің өлгенін естіп Жұбаныш қатты тулады.

- Мен – ноғайдың елімін, елден шыққан ерімін, айқайлаған

бөрімін. Тәуекел етіп жол шықтым. Енді, ындыс, көрермін.

«Мықтымын» деп мақтанба, жазаңды сенің берермін, - деп айқайды

салады.

Page 84: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

84

Сонда Қылыш хан тебінді, жалмауыздай емінді, қорамсаға қол

салды. Атайын деп Жұбаныш ол қалмаққа оқ атты. «Тәуекел, Алла,

енді» деп өз өзінен бусанды. Жүз әскерді қырып сап, артынан келген

әскерін қашырды. Оларды қумады. Қорамсаны қолға алып, бір

атқанда – он атты. Сасқан қалмақ қашады. Сегіз жүзін қырдырып,

бір жүзі қашып кетеді. Соларды қуалап, анасын көрмек болып

Жұбаныш жауды қуып қалаға келеді. Анасын іздеп келе жатса тезек

теріп анасы қарсы кездеседі. Анасы мұны танымай, кім екенін сұрап,

өзінің зарын айтып жылайды. Бала өзінің Жұбаныш екендігін айтып,

Қылыш ханды өлтіріп, өзін іздеп шыққанын айтады. Оған шешесі

сенбей мазақ қылма дегенде Жұбаныш барып:

- Айналайын, анажан, мамаңды маған бер, - деді.

Шыдасын ба анасы танығасын баласын. Танығасын анасы екі

емшегін шығарып баласына береді. Еме берді баласы, танығасын

анасы. Мейірі қанып, анасымен табысқан Жұбаныш әкесінің кегін

алуға, анасын сандалтқандығы үшін ындыстың көп жанын өлтіріп,

қаласын алды. Шешесін алтын таққа, күймелі арбаға мінгізді.

- Қылыш ханның қатынын, жалғыз қызын Ажарды аламын, -

деп Ындысты қайта шапты.

Үш ай жүріп анасымен екеуі еліне оралады. Қарадөңнің

моласына барып тағзым етеді.

Он бес жасқа келгенде ескі кегі есіне түсіп Жұбаныш ындысты

алуға қайта шығады. Екі жүз мың әскермен алдына ындыс бегі күтіп

алады. Он күн соғысып оларды қырып, ындыстың қаласын алады.

Ондағы ханның Жәмила деген қызын алмаққа ой қылды. Он екі

жасар Ақ Жәмиланы алып еліне келіп той қылды. Екі шаһарды алған

Жұбаныштың жыры осы.

Сүйініш

Қарадөңнің баласы Жұбаныш деген ер еді. Он жас пенен он

бесте атқа мініп кек алған. Жұбаныш атқа мінгенсін, Ноғайлы халқы

дем алған. Баба түкті шашты Әзіз бабасына үйінде отырып сыйынып

жүргенінде қатыны ұл тауып, сүйініп, туған баланың атын Сүйініш

қойған.

Бала өсіп асық ойнар қатарға қосылды. Бірде балаларға қарай

асығып кетіп бара жатқанында бір шал тоқтатып:

Page 85: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

85

- Арғы атаңды білемін, Қарадөң деген ер еді. Атаңа тартып

тумадың, атаның жолын қумадың. Әкең еді – Жұбаныш, адырнасын

қолға алып, ел шетіне жау келсе жүруші еді долданып. Он жасында

ел алған, ындыс пенен қалмақтан, жапанда талай кек алған.

Жұбаныш таққа мінген соң бұл ноғайлы дем алған. Ноғайдың шетін

жау алды, оны қылған қалмақ ел. Жұбаныштай ерлерің алпысқа

жасы толған соң, өзі де егде болған соң, шықпай отыр далаға.

Ақылды болсаң, кетпеші. Ақылсыз болсаң, кете бер. Кете бер енді

далаға. Жұбаныш пен Қарадөң атадан бол садаға! Бүйтіп адам

болғанша, барғайсың жылдам молаға. Менің атым – Нұр, - деді.

Сүйініш қатты ойланды. Асығын тастап үйіне келеді. Шешесіне

келіп жаудан кек аларын, әкесіні аты мен қаруларын беруін сұрады.

Шешесі:

- Қабырғаң қатсын, омыртқаң өссін. Он беске келмей, ешкім

соңыңнан ермес. Босқа далада өлесің, - десе де, айтқанынан қайтпай

бала атқа қарай барады.

Атты ертеп, жүгендеп үйіне келіп, сандықтан қорамсаны алады.

Көк жебені алады. Үстіне киіп шарайна, беліне тартып беренді,

дулығасын киеді. Ақылсыз туған сорлы деп ноғайлыдан ермеді. Бір

Аллаға сыйынып кетті батыр алысқа, шыдасын ба намысқа.

Қашаннан тұлпар серігі, шаршасын ба шабысқа.

Қараойық көлдің шетінде Сұлтан ханның елі деп, қалмақтың

алыс жеріне екі айшылық жол жүрді. Оның бір ай жолы шөл болды.

Сұлтан хан әскерін жинап, үш мың қолмен келеді. Хан:

- Жүз әскермен барып жеңіп келгеніңді патша қоямын, - деп

жар салды.

Бір ноғайды өлтіреміз деп әскері мақтанды. Сүйініш батыр

дулығасын киіп, қалмақ қасына келгенше найзасына сүйеніп

ойланып тұрды. Көп кісіні көргесін бір Аллаға сыйынды, бұрынғы

өткен пірлерге. Шарайна мен дулыға, оны жақсы киінді, екі білегін

сыбанды. Үш мың кісі әскердің шаңы болған тұмандай. «Құтылар ма

екен адам» деп, он екі тұтам қу жебе ер қасынан алады. Атайын деп

ол оқты оңтайланып қарады. Ақ сүңгінің бар еді ортасында ілгегі,

қарына оны іледі. Қалмақтар шыр айнала қоршауға алады. Садағын

керіп атқанда төрт, бес кісі емес, талайдың басы домалап басылып

жерде қалады. Бірнеше атқанда талайлар өледі. Шыдамай қалмақ

шабады. Жебені ерге іліп Сүйініш ойын қылады. Талай адам ажал

құшып, күн де батып кетеді. Мың адамы қырылды

Page 86: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

86

Таң атқан соң, алты жүз жаны бар хан әскерімен соғысады.

Ханмен екеуі бетпе-бет келіп жеке дара соғысты. Ақ сүңгімен

салысты, алмаспенен шабысты. Қорамсамен атысты. Жайына қарап

жүрген жоқ, қызыл қанға батысты. Бір күн, бір түн алысып,

Сұлтандайын ханыңды жығып жерге салады. Сұлтанның қызы

Бибіжан Сүйінішті көруге келді. Сүйініш оған тимей, көп кісіге

қосып еліне айдайды.

Еліне жақындап келегнде, анасын көруге асығып, еліне жылдам

жетеді. Анасы бұған риза боп, еліне той қылады. Бибімен қосып

екеуін, бақытты ғұмыр жасайды. Бір күндері болғанда қатынынан ұл

туады.

Сүйініштей ханыңыз ноғайды билеп тұрған заманда бір күні

хабар алады аттанып қалмақ келді деп. Ноғайды шауып алды деп.

Халқын, би мен ер, шорасын жинап «Қарауылға шығуға біреуің ер»

дегенде ешбірі үн қатпайды. Жалғыз ғана Нұрлыхандай жас жігіт

«Мен барам» деп шығады. Жарлы жігіт болған соң қазынадан ат

пенен қару ал деп жұмсайды. Атты аралап Нұрлыхан бір атты да

ұнатпай, ханға қайтып келеді. Бір жарлының астынан көк атын

қапты ұнатып. Соған керек төрт ат деп. Байларды жинап Сүйініш

төрт жылқысын бергізіп, Көк атты алды. Екеулесіп жүргенде

қалмақтың елі қырық күн.

Қалмақтар барлауға қырық кісі жібереді. Жемнің бойын

жағалап, Темірдің келіп басына екі батыр демалды. Сол кезде

қалмақ алыс деп дамылдап жатқан Сүйініш «Тұр!» деп бірден

ақырды. «Жау келді!» деп қаруын ала салып тәк тұрды. Екі қараны

көріп жаудың шетіне келдік деп қырық қалмақ кері қайтады.

«Алла!» деп ұран шақырып Сүйініш батыр ақырды. Ойынды үлкен

салады. Күні-түні соғысты, қалмақтар жаман тоғысты. Оқ тиген

жерде тастады, қалып жатыр қалмақтың домалап жерде бастары.

Қарсы тұрған қалмаққа жарағы қанға тоймады, көрінгенді қоймады.

Қараса қасындағы жолдасының шүберектен өзге киімі жоқ.

Сүйініш шешініп шарайнасын береді. Таң атып, күн шығады.

Жаппар Құдайға, Рүстем, Дастан ерлерге, Аршылан шеріге

сыйынып Сүйініш тұр.

Сәскеден күн батқанша соғысып, өліктен тау тұрғызды. Ұрыса

берді қарамай, ағарып таң атқанша. Үш күндейін шабуыл ат үстінде

салысты. Хан мен өлді қарасы, шулады қатын-баласы. Қалмақтың

қаласын алады, қалған қалмақ қашады көрінбей кетіп далаға.

Page 87: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

87

Шұбыртып сонда қалмақтың қатыны мен баласын, жинап алып

қарасын. От жібертіп өртеді, ағаштан қылған қаласын. Еліне

қалмақтың кемпір-шалын, қатын-баласын түгел айдап келіп,

ағайынына еншіге бөліп берді.

Ер Бегіс

Сүйініштің жасы қырыққа келгенде, бала көрмей жүріп барып

бір балалы болады. Ол баласының атын ноғайлы жиналып отырып:

«Бұның арғы атасы – Қарадөң, о да асқан ер еді, мұнан туған

Жұбаныш, өз қатарында бұ да асқан ер болды, мұның әкесі –

Сүйініш, бұ да өз қатарында ер болды. Мұнан туған бала да ер

болар, мұның атын Бегіс қоялық. Егер ер болса, қатарына жетіп

қалар, көздесе «Ер» деген атақты, ер атағын қосармыз» деп ойлайды

да, бұның атын Бегіс қойды.

Бегіс өзі үлкен болып, жасы жиырмаға келеді. Сонда отырып

ноғайдың ақсақал, билері келеді. Келіп отырғанда бір ақсақал тұрып:

«Осы Сүйініштің баласы адам болудан кетті, жасы жиырмаға

келгенше балалықтың жолында жүр, әлі адамдық ойламай отыр.

Әкесі шынжыры үзілмей келе жатқан ер еді. Әкесі Сүйініш он бес

жасқа келгенде, халықтың арын ойлап, кегін кектей, ноғайдың жерін

қалмаққа бермей, қалмақтан жетім-жесір, мал алып, елінің аш-

арығын бағып отырушы еді. Бұ да ол жоқ. Осының шынжырын үзіп

кетеді-ау деген ой туып жүр. Халықтың ойы осылай» деді. Сол сөзді

естіп Бегіс әкесіне келеді.

- Арғы атаң – Қарадөң, өзінен ерлік озбаған. Байлығы оның

қарасаң, мыңнан қозы қоздаған. Сары інген жүздеп боздаған.

Есігінің алдында жүзден-жүзден құл болған. Оның ұлы – Жұбаныш,

қатарында ол да ер екен. О да айтулы бөрі екен, шынжырлы туған ер

екен. Оның ұлы сен едің. Он бесіңде ат мініп, ноғайдың қамын

ойладың. Сендерге тартпады, шынжыры үзілгелі тұр деп отыр

ноғайлы. Қалмақты жерінен қуамын, - деп Қаракөк тұлпарын

жаратып, қылышы мен найзасын шақпақ тасқа қайратты.

Ер Бегіс келіп қалмаққа айқай салады. Айқайы оның шыққанда

жапырылып көп қалмақ сонда тұра қалады. Қылышын суырып Бегіс

қалмақтарды жекпе-жекке шақырды.

Page 88: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

88

Қалмақтың ханы тірсекпен екеуі ақ найзасымен соғысып жатыр.

Бір уақытта қолдары қарысып, шамасы таусылуға айналғанда Тірсек

ханды шаншыды. Хан найзаны суырып алып артындағы әскерге:

«Келіңдер!» деп бұйырды. Сонда қалмақ жапырды. Бегіс те қарап

оларға сонда тұрып ақырды. Аузынан зәрі шашылды, әруағы судай

тасыды. Тасада тұрған Сүйініш жүз кісімен шыға келеді. Тірсек

ханы мұны көріп жүрегінен қаны бұрқырап қашып барады. Елін,

жерін айтып, бұ дүниемен қош айтысып жылап барады. Осылай бара

жатқанда аты қарғып кетеді. Қолынан ұшқан болатқа жүрегімен

түседі. Сүйініш оның аты мен сауытын олжа қылып Ер Бегіске

барады. Бегістің ерлігі тіптен ерен болады. Жүз кісісі олар да қайрат

көрсетіп, қалмақтың иманы ұшып қашады. Осының бәрін көрген

Сүйініштің суалып қалған жүрегіне күші қайта кіреді. Ол да

қалмақты барып шабады. Бытырап қашып қалмақтар барады. Ер

Бегіс пен Сүйініш қарсы кездесіп қалады. Сонда тұрып Сүйініш

баласына бата беріп, қалмақты қууды тапсырады.

Тарап кеткен қалмақты жалғыздап жүріп қырады. Ноғайдан

келген жүз кісі, алпысы оның қалыпты. Қалғанын алып қасына Бегіс

пенен Сүйініш еліне сонда қайтады. Елі қуанып қарсы алады.

Арада неше жыл өтеді. Бегіс өзімен қатар бір кісімен қияметтік

дос болады. Бірде ата-анасына білдірмей, досына келіп: «Жас отызға

келді. Елге еңбек сіңірейік» дейді. Сонда досы: «Жауға барып, кек

алайық. Халықтың қамқоры болалық» депті. Үйіне келіп Ер Бегіс

Қаракөктей тұлпарды алты күнде жаратты. Ақ найза мен қылышын

тасқа қайрап алады. Сауытын киіп, беренін тартынып, қорамса,

садағы мініп, дулығасын киіп, найзасын алып атына мінеді. Әкесі

оны көріп, өлерімнің шағында мен тастап қайда барасың деп реніш

білдіреді. Сонда Бегіс ата-анасына барып бата сұрайды. Олар

ақылдасып елі үшін шыққан ерге бата бермек болады. Сонда Бегіс

аттан түсіп, қолын жайып тұрады. Әкесінің батасы:

- Әулие, шайқы, пірлерім, қолтығыңнан сүйесін, қысылған

жерде демесін! Қызыр менен Ілияс, Баба түкті шашты Әзіз – солар

болсын панаңыз! Жолыңды Алла оңғарсын! Енді, балам, барыңыз,

түк қоймай жауды алыңыз. Жау қалмаққа, жан балам, аман-есен

барыңыз! – дейді.

Екі арыстан елінен жолға шығып жөнеді. Екеуінің әкесі кәрі

болған шал еді. Оларға да қарамай, қарындас, халқы қамы үшін

елден шығып жөнеді. Бұлардың іздеп келген жерінде Хан Тірсектің

Page 89: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

89

баласы Тобылғы хан «Әкемнің кегін алам деп, сол ноғайға барам»

деп той жасап жатыр екен. Бұларды көріп Тобылғы хан:

- Танымадым мен, - деді. – Жөніңді айтшы, сен, - деді. – Түсің

сары, көзің көк, одан басқа мінің жоқ. Үстіңе киген темір көп.

Жөніңді маған айтшы, білейін сені мен, - деді. – Не болмаса ермісің,

кек алатын шермісің? – деп сұрайды.

- Менің тегім – ноғайлы. Менің атым – Бегіс, арғы атам –

Қарадөң, бергі жағым – Жұбаныш, өзімнің әкем – Сүйініш.

Іздегенімді сұрасаң, хан Тірсектің баласы Тобылғы ханның елі еді,

жүрген жөнім сол еді.

- Іздегенге – сұраған, қарап тұрмай, қалмақтар, қыздырыңдар

майданды, - деп хан да қуанып кетеді.

Бегіс пен қалмақ батыры жекпе-жекте соғысты. Ақырында Бегіс

оны қылышпен бастан шауып өлтіреді. Мың қалмақ бұларға лап

қояды. Екі батыр қалмаққа барып лаң салды, айналаны шаң қылды.

Бір уақытта қараса, қасындағы жолдасы көзіне түсе қоймады.

Жүрегі мұздап артқа қарай келсе, жолдасының аузынан қан ағып,

жүрегі тесіліп жатыр екен. Оны көріп Ер Бегіс есінен танып

құлайды. Есін жинап қараса досының көзінен жасы бұршақтап

жылап отырғанын көреді. Досы сонда айтады:

- Артымдағы қалған кәрі атам мен анамды қабатыңа аларсың,

өзімдей қылып бағарсың. Алған жарым бар болса, ішінде оның бар

болса, не болса да баланы қолыңа сенің берсін ол. Өзімдей сені

көрсін ол. Қамықпасын қайғырып, барсын қайны халқына, бұрынғы

түссін салтына. Аман бол енді сен, - деп кірпігін қағып ол кетті.

Қайғырып қамыққанмен болмады. Өлген тірілмеді. Атын

сонсоң мініп ап, қалмаққа қарай жөнеді. Қалаға келсе, ел қашып

кеткен. Кемпірлер мен бесіктегі жас балалар ғана қалыпты.

Мыңдаған қойы, сиыры мен түйесі, құлынды биесі қалыпты. Егесіз

жатқан малдарды айдап алып жөнеді. Бір, екі, үш ай болғанда елінің

келді маңына, түсірді елдің жанына. Керегін жұрт алады, тоғыз жүз

мал қалады. Баяғы өлген досының кемпір-шалы, әйелі – үшеуіне

барады. Сонда оның әйелі егіліп, көзінің жасы төгіліп, артында

қалған орда үй, бүкірейген белдері кемпір мен шалдың қалғанын, он

бесінде қосылған жары өзі қалғанын, титтей ғана бала бар. Оларға

пана кім болар дейді. Бегіс бәрін өз қолына алып, іште қалған балаға

да егелік етіп, ісі келді оңынан.

Page 90: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

90

Көгіс, Тегіс

Бегістейің еріңнің жасы отызға келеді. Әйел таңдап алмайды,

«Ал» десе де болмайды. Бір күні атасы ренжіп:

- Балам едің, сен, - деді. – Асырадым әлпештеп, «Қарғам адам

болар» деп. Сен бір адам болмадың, «Ал десем әйел», алмадың.

Атаң келді жетпіске, анаң келді алпысқа, бүкшеңдеп жұмыс істейді.

Әйел таңдап жастықта, «Қой» десем де, қоймадың, - дейді.

Бегіс ұялып, бұрыннан айттырып қойған, сол жердің еліне

қадірлі байының Қанымша сұлу атанған қызын барып алады. Бүкіл

ноғайлы жиналып, үш күн ұдайы ойын қылып, тоғыз күн ұдайы

жібермей ат шаптырды той қылып. Аттар шапты бәйгеде, жүз елу

қой, сегіз қара тігілді сол бәйгеде. Ноғайлының жандарын тамақ

сыйлап тойғызды. Арада өтті бір жылы. Ер Бегістің әйелі екіқабат

болады. Тоғыз ай, он күн болғанда еркек бала табады. Ноғайлы

сонда жиылды, ақсақал мен кәрие «Көгіс» деп ат қояды және де

тойы тарады. Ер Бегістің досының әйелі тапқан ұлының атын қойып,

қылды той және де тойы тарады. Досының ұлын «Тегіс» деп қойды.

Атасы жүріп екеуін қияметтік дос қылды.

Екі бала онға толғанда атасының мініп тұлпарын, жылқы бақты,

малдарын. Жылқышы мен түйешіге ие болды. Бұлар он бірге толған

күні Тегіс келіп анасынан әкесінің жайын сұрайды. Анасы сұрама

десе де болмай, баласы қоймай сұрайды. Анасы жылап, әкесінің

жайын айтады. Екі бала жылқыға келіп отырса, Тегістің мұңды түрін

көрген Көгіс жайды сұрайды. Көгіс қанша сұраса да, қайғыланып

жылап Тегіс жөнін айтпады. Содан соң барып Көгіс әкесінен келіп,

досының қайғысын білмекке сұрады. Әкесі досының қалай өлгені

туралы айтады. Досының кегін алуға жұмсайды. Сөйтіп екі балаға

батасын береді.

Екеуінің күші екі мың жанға теңеліп, сексен күндік жолды

қырық күнде алып Андыз ханның еліне жетіп келеді. Таң қылаң бере

қаланың ішін қақ жарып шапқан бетте, екеуі хан отырған қорғанға

қарсы барып тұрады. Бұларды көріп Андыз хан да атын ерттей

бастайды. Оны байқап екеуі жетіп келеді. Андыз да артық ер еді, өз

дегені болмаса кісі дегенін қылмайтын қайсар туған неме еді.

Қызылбас пен ындыстан оның да жемі көп еді, ноғайдан да жесі көп

еді. Ол да қаруланып Көгіске қарсы жүреді. Бір-біріне найза салса

Page 91: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

91

өтпейді. Сонда Көгіс қамшымен бастан салып кеп жібереді.

Андыздың басындағы дулыға ұшып түседі. Енді Андыз жалт

бұрылып қашады. Артынан қуған Көгіс қылышпен басын шабады.

Екеуі жайлап келіп ордаға кіріп, найзамен іліп, орданың

шаңырағын ортасына түсірді. Андыздаған жайды өлтіріп, қорғанның

ішін қан қылады. Көгіс пенен Тегістің сыртқы түрін қарасаң,

арыстан мен аюдай. Аюдайын айбатты, арыстандай қайратты, ақ

найзаға сүйеніп екі ер тұрды қамалда.

Одан әрі екеуі қалаға келіп кемпір-шал, қатын-баладан

тысқарысын түгел өлтірді. Малын айдап еліне сапар шегеді.

Күндіз-түні жол жүрді, есебі жоқ мол жүрді. Бір мезгілдер

болғанда еліне сонда салады. Жесір менен малдарды елге барып,

береді. Атасы көріп бұл ісін, баласы қасына келген соң ұлан-асыр

той қылды. «Қарағым жігіт болды деп, қатарыма енді деп, елдің

қамын білді» деп.

Тама

Көгістен Тама туады, он жасында толады. Жүгіріп асық ойнады,

үйіне көп келмеді. Асық ойнап ұтылса, төбелесіп тартып алады.

Баланың бәрін ұрып, асығын тартып алып, ығыр қылады. Сонда

балалар ақылдасып, Тамаға қарсы тұрмақ болады. Асық ойнауға

келген Таманы бәрі жабылып асығын тартып алып, өзін сабап

жібереді. Содан асық ойнауды қойып кетеді.

Әке-шешесіне айтпай, олар ұйықтап жатқанда, күннің көзі

батқанда көтеріп басын алады. «Балалардан таяқ жегенше, басқа

жаққа кетейін» деп ойлап, әкесінің бар киімін киіп, жарағын алып,

атына мініп сапарға дайындалады.

Төрт ай күні толғанда қалмақтың көрді қарасын. Таманың қанса

да жаны, қанға тоймады қылышы менен найзасы. Қорамсаға қол

салды, қозы жауырын оқ алды, жұмсады батыр болатты, қарамады

көбіне, тоқталмады қалмақтың жасаған айла-ебіне. Біреу емес,

бірнеше адамнан оқ өтеді. Суырып алып қылышын, қалмақтың алды

басын-ай. Бір күн, бір түн соғысты, қалмақпен қатты тоғысты.

Таң ата қалмақ екі мың қол жинап, жер дүниені шаң қылып

қайта келді. Оған да ноғай тоқтамай, жалғыздан жалғыз жауды

қырып салады.

Page 92: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

92

- Жасқанатын мен бе едім?! Сұрама байтақ елімді, тыңда менің

кебімді. Мен Ноғай деген ел едім, елден шыққан ер едім. Асыл туған

төре едім, азулы туған бөрі едім. Ындыс пенен қалмақты

талқандармын деп едім, - деп Тама астына мінген Қара атты

шабайын деп жөндеді.

«Шүу» деп атқа тебінді, жалмауыздай емінді. Қарсыласы

қалмақ ханымен екеуі бір-біріне алмас қылыш салады. Батыр киген

дулыға, үстінде барды шарайна – екі темір қос қабат, екеуінен

өтпеді, етіне ешбір жетпеді. Алдында тұрған қалмақты бір таяқтай

көрмеді. Басы түсті домалап, хан жығылды омалып, қалмақ шапты

қамалап. Қалып жатыр бастары бұл қалмақтың жұлмалап. Хан

жығылып қалғасын, даусы күндей күркіреп, қалмақтар қашты

дүркіреп. Қалмақты шауып қырып келеді. Қалмақтың қаласын алып,

мал мен қатын-баласын айдап шұбыртып Ноғайлыға келеді.

Ноғайлының шетіндегі Ақошан мен Қанжыға жеріне келіп ноғайға

хабар салады. «Алыңыз деп олжаны» жан-жағына қарады. Асыл

туған ер еді, артық туған төре еді, қызықсын ба олжаға, ноғайға

бөліп береді.

Алдынан шықты анасы, келгесін елге баласы. Алдынан келді

атасы, келген соң жалғыз баласы. Мерекелеп той қылды. Тама

батырдың соғысып, қалмақты алған жері осы болды.

Тана

Таманың ұлы Тананың жасы қырыққа толғанда бәйбішесі отыз

бесте еді. Бәйбішесі баласы жоқтығын айтып зар қылады. Ханға

уайым кіреді. Алтын тағы, күміс кебісі, күмістің әр түрлісі бар,

ежелден қалған бөркі бар, қазынасында дүниесі көп, уайымсыз

жатқан жан еді. Хан тағына барады. Жиырма биі бар еді, соларға

хабар салады. Асығып, шала киінген билер келеді. Хан оларға өзінің

жар таңдап алғанын, пенденің қызығы бала екенін айтып билерге

қарайды. Билер мұны неге айтты деп таң болып отырады. Бидің

үлкені Күмістің он екі жасар баласы Алтын тұрып, ханның қырыққа

толып, елуге қадам басқанында бір балаға зар екенін түсініп

айтыпты. Күміс би орнынан тұрып, ханға бұрынғының жолымен

әулие жағалауды ұсынады. Хан бұған қуанып, ата-баба жолымен

Баба түкті шашты Әзізге баруды қалайды.

Page 93: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

93

Баба түкті шашты Әзіз екі жерде пір еді. Жиырма күн толғанда,

Баба түкті моласы жақындады жердің шамасы. Түстік жерге

келгенде, тілекті тура тілерге, әулиеге түнерге, Баба түкті басына

жаяу жүріп бұл келді. Жалған атқа ермеді, жаяу жүріп келеді.

Киімдерін арқалап келеді жетіп бейшара-ай әулиенің қасына, көзінің

жасын төгіп-ай. Әуелі отырып оқыды, отырып, құран басына-ай.

Қабірдің басында жатып жақсылардан шарапат тілеп ол жатты. Таң

ата әулиелер тілегін беріп, хан әулиеден қара үзіп кеткенше

қуанғанынан жүгіре берді. «Ол баланың есімін Хан Нәрік деп қой»

депті.

Атқа мініп алады, кетіп сонда барады. Ауылына жақын

келгенде алдынан шығып ақсақал, би, төрелер келеді. Еліне

амандасып: «Алдымен жақындап қалған қызылбас пен қалмақты

қайырып, жерді кеңітіп келейін» дейді. Аттанамын деп еді,

ноғайдың бірі ермеді. Бұнысын қартайғандықтың белгісі деп ешкім

назар аудармады.

Шыдамады ханыңыз, айтқан сөзден тана ма! Астына тұлпар

баптады, тұлпар бапқа түскесін, шегіршінмен оңдатып, найзасын

жақсы саптады. Үйде отырып алмасты алғыр тасқа қайрады.

Сермесе кесіп кетсін деп, тоқталмай қару өтсін деп, көк жебеге оқ

салды. Кілең болат жинатып, масаттан соғып оқ алды, көк жебені

қолға алды. Жалғыз өзі жапан далада қалғандай, патшаның көңілі

бұзылды. Бәйбішесі ақ жол тілеп, шалын Аққа тапсырып жылап қала

береді.

Үш айлық жолды төрт айда жүріп, қызылбастың жесірі мен

баласын айдап елге келді. Байтақ жатқан ноғайлыға қызылбастың

баласын енші қылып береді. Орнына келіп хан болды, бұрынғыдай

жай болды. Жапанда жалғыз ел болып, еліне қайтып келгесін

ноғайлы халқы таң болды. Тоғыз ай, он күн көтеріп туған екен

Нәрікті. Баба түкті пір еді, қасиетті ер еді. Қабыл болып тілегі, содан

туған – Нәрік, Шора ер еді. Арғы атасы – Қарадөң, содан бері

шұбалып Шораға таман келеді.

Ер Шора

Алаш-алаш болғанда, ала тай ат болғанда, Орманбет хан

өлгенде, Қазан қаласында қырық мың үйлі тамада төрт түлігі сай

болған Нәрік бай деген бай болған. Тоқсан тоғай жылқысы, мал-

Page 94: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

94

дүниеде есеп болмады. Сазанды елінен алған жары Күлқаныспен

екеуі елуге жасы келгенше бір перзент көрмей тұрып жатады.

Арамға аузын ашпаған, дәретсіз жерді баспаған, аузында дәйім тоба

еді.

Сол уақытта тамаға Әлімхан деген хан еді. Хан-қарасын

билеген Есім Ер деген бар еді. Сол Есім мен Нәрік бай бір туған еді

анадан. Бұлардың жылқысы Ақ теңізді жайлап жатушы еді.

Бір күні Нәрік бай жылқысына аралай шыққанда теңізді қақ

жарып бір шұбар жылқы шығады. Оқыранып шауып кеп көп

жылқыға қосылды. Үйірінен Нәрік бай жылқысында көрген жоқ бұл

сияқты мүсінді. Шауып барып бай Нәрік, Шұбар аттан тәу етті.

Тұлғасы басқа Шұбардың. Көзі сусар құндыздай, жүні сусар

жұлдыздай. Сонда Нәрік бай Шұбарға балалы болуға тілеулес болып

жүргейсің деп тілек қылады. Бұл жайтты естіп Ер Есім Шұбар атты

сұрап Нәрікке адам жібереді. Нәрік оны балалы болсам мінер деп

тілек қылғанын, оған басқа жанды мінгізбеймін деген серті бар

екенін айтып бере қоймайды. Сонда келген көр сорлы Нәрікті

тілдеп: «Өле кетсең бәрібір Шұбарға, Есім еге болмай ма» деп

тілдейді.

Нәрік бай Күлқаныспен қосылып егіліп жылап зарлайды.

Басқаның сөзін көтерсе де інісі айтқызған сөзді көтере алмай Нәрік

елден көшеді. Онымен қосыла қоңсылас қырық үй тама бір көшеді.

Тоғыз ай көшіп ноғайлы-түрікпен жеріне, Айдархан соққан

Аққалаға (жергілікті халық Шорахан атап кеткен, Кавказдағы

Петро-Александровский қаласы) жетеді. Сейілхан араб-түрікпеннің

сан мың үйлі жаны бар, Қарахан деген ханы бар. Сол күнде жұртын

сұраған, пеш қылып мұртын бұраған, Айрақ деген елінен Әліби

деген нары бар. Қылған зорлық, қиянат, көп ғарыпты жылатқан,

ашуланшақ пейілі бар, рудан он мың үйі бар, не қылса да шағы бар,

Ақша би деген інісі бар. Нәрік бай ханға деп алтын белдік

жалтылдап, күмістен кісе байлады, тоғыз жорға тартуға жылқыдан

бөліп айдады. Әр әсілден тоғыздан, тоғыз қалта зер еді, әкелген

тарту көп еді. Оны Қарахан құп алды, Нәрік байды өзіне өкіл әке

қылды. Жайлау-қыстау жай берді. Қазаны түспей ошақтан оты дәйім

жағулы. Сабадағы қымызы есіктен төрге ағулы. Ауылынан ат кетпей

үйіне мейман бағулы.

Осының бәрін көріп жүрген Әліби қасына қырық нөкерін ертіп

Нәрік байдың ауылына беттейді. Оның көп жылқысын аралап

Page 95: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

95

келеді. Шұбарды көріп есінен танып ұстауға пәрмен береді. Айуан

да болса жануар ақылмен ойлап табады. Қарсы алдынан келгенді

жолбарыстай алады. Арт жағынан шыққанды қос аяқтап салады.

Бірінің қолын сындырып, бірінің басын жарады. Әліби Нәрік

байдың өзінен сұрап алмақ болып таманың ауылына келеді. Олар

барын жасап, ақ үй тігіп, сыбағасы деп бір бие сойып, оны жақсылап

күтеді. Нәрікбай оған үш жорғаны тарту қылды. Онысын Әліби

көзге де ілмей, Шұбарды бер деп таңдады. Нәрік оған үйір жылқы

берсе де, Шұбар деп одан танбады.

Әліби ашуланып шығып Қараханға барады. Шұбарды алып бер

деп қиғылықты салады. Басу айтқан ханды да тыңдамайды. Амалы

құрып хан өзің ретін тауып ал дейді. Әліби елге хан атынан жарлық

қылып той қылды. Нәрікке жаушы шаптырыды. «Тоқсан тоғай

жылқысын сәскеде тегіс байласын. Түске дейін бір сауып сабаға

құйып жайласын. Арақ-шарап, бал қосып, ашытып әбден сайласын.

Қырық сабаға толтырып, қырық нарға арттырып, алып келсін

тойыма».

Нәрік бұған қамықты. Күлқаныс хан талабын орындап, қырық

сабаға толтырып, қырық нарға арттырып, жез арқанмен тарттырып,

әсіл кілем жаптырып, он ту бие сойыспен, алдына бір қу шаптырды.

Нәрік тойға дер шағында жетеді. Әліби Нәріктің алдынан шығып

қарап еді, бір де мінін таппайды. Содан соң жар салғызды:

- Тайын мініп талтаңдап, баласы бірге жүрмеген, ұлсыз-қызсыз

қу бастар хан тойында несі бар? Ұлы барға – орын бар, қызы барға –

қымыз бар.

Нәріктің саба-саба қымызын ешкім түсіріп алмады. Перзенті

жоқ мұның деп қасына ешкім тақанбай, ешбірі көзге ілмеді.

Ашуланып Нәрік бай қылышын суырып сабаларды жарады,

шашылып қымыз қалады. Көзінің жасын көл қылып ауылына

салады. Күлқаныспен екеуі қосылып зар жылайды. Әулие қоймай

кезбекке бекінді екеуі. Тоқсан тоғай жылқыдан таңдап айғыр

ұстайды. Жалаңашқа тон берді, тойындырды аштарды. Ағайынына

малы мен дүние-мүлкін аманат қылып темірден кебіс киіп, жемістен

түйеге жүк артып жолға шығады. Кездескен жолда қасірге алуан

жеміс берісті. Жағалап Әзірет сұлтанға үш күн түнейді. Түркістанда

түмен бап, Сайрамда бар сансыз бап, Отырарда отыз бап, Ең үлкені

Арыстан бап. Әулие қоймай қыдырып, бәріне түнеп қылды сап.

Алты айшылық жол жүріп, ап шыққан малды тауысты. Үш күн

Page 96: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

96

жатып көреді, Әзіреті Қауысты. Жалғыз-ақ қалды көк қошқар, басқа

малды тауысты. Әбден шаршап ғаріптер, ақылынан ауысты. Қаратау

асып келіп, суы тынық айнадан, бұлағы тасып қайнаған, басында

үлкен қайыр ағаш, төңірегі жалаңаш. Моласы жоқ, тамы жоқ, бір

сұмдықты көреді. Бұлақтың бергі жағында басына әлем байлаған ақ

қара бас сұр жылан шаңлақтап түбінде ойнаған ақ шеңгелге кез

келді. Күлқаныс бұлаққа жақындаса ақ шеңгел иіліп етегінен алады.

Оған байғұс қатты қуанады. Нәрік байға «Шеңгел етегімнен іліп тұр,

еріп ішім жылып тұр. Көкірегім ашылып, қуанып көңілім күліп тұр.

Осыған мінәжат қылайық, мұңымызды айтып жылайық» дейді. Оған

ашуланып Нәрік бай «Бір бала тілеп сандалып, сандық-сандық

шаштың зер. Атан бердім, ат бердім, бәрінен көңілім қап келдім.

Бала тілеп болғанмын, тілесең өзің тілей бер» деп салады. Күлқаныс

қанша жылап айтса да Нәрік бой бермейді.

Күлқаныс қошқардың аяғын буып ақ жолына шалады. Сол

шеңгелдің түбіне жалғыз қонып қалады. Нәрік бай ашуланып ұзап

бара жатса, әулиенің кереметімен аяғы кісенделіп жүруге шамасы

келмей ол қалады. Жылай-жылай шамасы таусылып Күлқаныстың

көзі ілініп кетеді. Көк есегі астында, ақ сәлдесі басында, асасы бар

қолында, өзі ақтың жолында, қалендерлер зіркілдеп, зікір салған

соңында бір диуана келеді. «Жатырсың, балам, нағып» деп асасымен

түртеді.

- Құдайдың берген уақыты бар, қайрылмай кетті бай Нәрік.

Мұныңды сенің жақтырмай, торсаңдап тұра жөнеді, өкпелеген

баладай. Кісендедім аяғын бармай-ақ жерге анадай. Бабай Түкті

бабаңмын, басыңды көтер, балам-ай! Сенің үшін, Күлқаныс,

Дәргаһна Алланың алты барып, бес қайттым, бесеуінде де бос

қайттым. Көп жалынып қоймадым, осы жолы құш қайттым. Құш

қайтқаным белгісі – жақсылық күні таянды. Жаппар егем жарылқап,

бір ұл берді баянды. Өмір жасы болды ұзақ, кел, қолыңды жай енді.

Жалған емес бұл сөзім, көрсеткенім аянды.

Сол уақытта Күлқаныс жылап, шошып оянды. Таң атқан екен.

Нәрік байды оятып сүйінші сұрайды. «Бабай Түкті осы екен, бала

берді» деп айқай салады. Сол уақытта Нәрік бай көкірегі кірілдеп,

балшық басқан кірпігін, көзінің алды іріңдеп, жарыла жаздап жүрегі,

буындары қалтырап, орнынан қарғып тұрады. Екеуі бұған қатты

қуанып шат-шадыман болады. «Сүйіншіңді ата!» десе, Күлқаныс

Нәріктің өзін таңдапты. Сол уақытта екеуі астына төсек салыпты.

Page 97: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

97

Көріп тұрған ешкім жоқ, оңаша елден алысты. Көңіл етіп жездеңіз

апаңызға барыпты. Киімдерін шешініп, бір-біріне дарыпты.

Араға айлар салып екеуі еліне қайтып оралады. Күлқаныстың

іші күннен-күнге жуандап, рең-басы түзелді. Ауылына тақанып

сүйінші сұратады. Бір күншілік жерден қырық үйлі тама шуылдай

шығып қарсы алды. Бұлар кеткелі бір де малы шығын болмаған, ел-

жұрты орнында отыр екен. Күлқаныс жолбарыстың жүрегіне жерік

болады. Амалы құрып Нәрік бай айбалтасын арқалап, сауытын киіп

ел жағалап жолбарыстың дерегін сұрап келеді. Қалың тоғай ішінде,

қоғалы көлдің қалыңында жуандығы бесті өгіздің беліндей, есінесе

ауызы ойылған жаһит көріндей жолбарысқа кез болды. Сескеніп,

кері қайтарға тағы жолы жоқ Нәрік бай әуелі құдайға, Мұқамбет

пайғамбарға, сахабалар мен әулие-әмбиелерге сыйынды. Бабай Түкті

Шашты Әзіз піріне сыйынды.

Нәрік байды көрген соң орнынан шері тұрады. Алыстан шауып

ақыра, жете алмай жолда құлады. Тиген соң оғы пірлердің ұзынынан

сұлады. Салмағынан күл-күл боп, қабырғасы сынады. Біраз жатып

шыңғырып шерінің жаны шығады. Өлгенін анық білген соң қасына

жетіп барады. Қолына алып қанжарын іші-қарнын жарады. Өкпе-

бауыр, жүрегін суырып былай алады. Байлап алып жанына ауылына

қарай салады. Мұны көріп Күлқаныс байға көңіл толады. Пісіріп

отқа бауырын біраз мейір қанады. Аузына салса Күлқаныс шерінің

еті бал татыр. Қанды көбік тарқамай қазаннан алып жеп жатыр.

Жерігі әбден қанады.

Он екі ай көтерді. Бәйбіше бір күн білдірді, алдына сырық

құрдырды. Қағанағы жарылып суға толды жылғасы. Мұғдарлы

жерге жеткенде бала жерге түседі. Ұл екенін білген соң қуанып бәрі

күлісті. Қуанысып қатындар бірін-бірі жұлысты. Ауып келген аз

тама, бәрі де болды ырысты. Сүйіншіге Нәрік бай үлестірді күмісті.

Хан да бұған қуанды. Әліби қатты күйінді. Ат қоюға таласып

тамалар шулап жатқанда, «Аллалап» көк есекті диуана келеді. Алып

шығып Күлқаныс бір уыс тіллә береді. Диуананы назар қып, абайлап

әбден көреді. Ажыратып таниды, баяғы түсте көргені, білсеңіздер

сол екен, Бабай Түкті дегені. Әуелде аян бергенде осындай болып

кеп еді. Ықылас қылған кісіге, кереметі көп еді. Көргеннен соң

Күлқаныс көзінен жасын төгеді. Диуана баланы етегіне орап тұрып

Ер Шора деп ат қояды. Сөй дейді де диуана жоқ болып кетеді.

Қарахан жүз адамымен келіп құтты болсын айтады. Қалған елі

Page 98: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

98

Әлібиден қаймығып келе алмайды. Осы тойдан артылып қалған

тамақты аз ғана үйлі тамалар алты ай жеді жабылып.

Шұбар атты ала алмай Әліби жүреді. Нешеме адам оны

ұстаймын деп мерт болады.

Көрген адам таң қалар Ер Шораның түріне. Екі беті албырап,

ұқсаған баудың гүліне, бал татыр сорса тіліне. Атқа мінсе Ер Шора

таманың жарар күніне. Айлар өтіп арада кіріпті Шора біріне.

Мойыны қатып келеді, сүйегі өсіп жетіле. Құлақ салар қадалып, ата-

ананың кебіне. Сорса емшек, тартады айдаһардай лебіне. Әне-міне

дегенше кіріпті Шора екіге. Көрген адам тоймайды жас баланың

түсіне. Алтын бесік шықырлар шіренгенде күшіне. Тимесін деп көз

бен тіл, көрсетпейді кісіге. Апыл-тапыл бір басып, кіріпті Шора

үшіне. Алты жасқа келгенде Шора есіктің алдындағы төбе басына

шығады. Тай шаптырым тақырда асық ойнап жатқан мың баланы

көріп соларға қарай жүреді. Бір шұңқырда бұғып асық ойнап

отырған қырық балаға кез болады. Бұл тама балалары екен. Мың

балаға барса олар асығын тартып алып, шеке тамыр салады екен.

Балаларды мың балаға қосылуды бұйырып, Ер Шора ауылға қарай

заулайды. Қырық бала мың балаға келіп:

- Түрікпендердің баласы, ойнасаңдар, келіңдер. Анау-мынау

десеңдер әңгімемді көріңдер. Алшы тұрса біздікі, тауа тұрса біздікі,

бүге мен шіге біздікі, жалғыз омпы сіздікі. Бұл ойынға көніңдер,

кезек екі, Тәңір бір, бізге де нәубет беріңдер, - дейді.

Бір танаға асық ап, шекесін тыр-тыр қасылап, балаларда не

болса, барлығын жиып тартып ап, ақ шанашын көтеріп, көп баланың

ішінде Жанбайдың көрді қарасын. Жасы қырық сол күнде,

балалардың ішінде арқалап жүр шанашын. Балалар ойынның

қызығына түсіп кеп береді. Мың бала баяғысын қылып қырық

балаға зәбір қылып, аяғы төбелеске ұласты. Неше бастар жарылды,

неше қолдар сынысты. Шашалып қалған асықты Жанбай таз сорлы

жиып ап, болып жатыр ырысты.

Қайың құрығын алып, жүгенін сүйретіп Ер Шора жылқы

қуалады. Бір жылқы да ұстатпады. Бір кезде Шора Шұбарға

жолықты. Ол да ұстатпай, дақ-дақ басып, желіп жортып қор қылды.

Ыза болып Шора жылайды. Шораның көз жасқа толы сөзін естіп

Шұбар оны айналып иіскелеп, түрікпен емес, өзінің иесі екенін

білді. Шораның қасына шауып келіп қойнына басын тығып тұрып

қалады. Басына жүгенді сала атқа қарғып мініп ойын болып жатқан

Page 99: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

99

жерге келеді. Келсе қырық бала қашып жүр. Аналар көптігін

білдіріп қуып жүр. Шора олардың іліккенін көкпар қылып, бір

шетінен бұлардың ақ тұйғындай сыпырды. Қойға тиген бөрідей

қиратып кетіп барады. Қамысқа тиген жалындай, жапырып кетіп

барады. Ақ тақырдан өткізбей, Аққалаға жеткізбей, мың баланы Ер

Шора теп-тегіс қырып салады. Оны көріп Жанбай таз бұтына тышып

қояды. Бұқпантайлап қашып ханға келіп шағым айтады. «Шора

әбден булығып, өш алып жатыр. Адам танысам, ертеңгі күні ұлыңды

– құл, қызыңды – күн қылады. Әліби, әлің келмейтін іске ұрындың»

деп жатып жүрегі жарылып өледі.

Әліби ханды мың баланың өшін алмай отырған қатынсың деп

тілдеді. Баласы өлген ата-ана зар қылып Әлібиге барады. Әліби

қырық нөкерін ертіп соғысқа шықты. Хан Қаратиын бекауыл деген

жасауылын жасырын жұмсап Нәрік байға хабар бергізеді. Шұбарды

беріп құтылсын дейді. Оның алдынан Ер Шора шығады. Шораның

бойына, тұлғасына қарап Қаратиынның көзі тояды. Атқа бола Нәрік

бай баласынан айрылмасын деген хан тілегін жеткізіп Қаратиын

қайтып кетеді. Ер Шораны ашу қысып Шұбарды ерттеп атқа мінеді.

Әкесі жалынды, шешесі жалынды, болмады. Нәрік бай баламды

қайтсем аман алып қалам деп Кермісін өзенінің бойына дүние-

мүлкін апарып төкті дейді. Дүниенің көптігі сол, өзеннің суы

байланып, су ағысы тоқтайды. Мұны көріп Әлібидің жігіттері

дүниеге қызықты. Әліби оған қарамай тек Шұбар деп өтіп кетеді.

Әлібидің алдынан Ер Шора күтіп тұрып сәлем береді. Әліби хан

атынан Шұбарды сұрайды. Шора Шұбарды бере алмайтынын айтып,

хан бар малымды алсын дейді. Екеуі тұрып тіресіп, бұрқырап даусы

ұрысты. Найзасына түкіріп, Әліби сонда ұмтылды. Қарсы алдында

Ер Шора ақ тұйғындай құнтиды. Әлібидың ашумен екі езуі бұлтиды.

Қайтпай найза салады, қарсыласып қалады. Әлібидің Ер Шора

найзасын тартып алады. Жылдамырақ Әліби қылышқа оңтайланады.

Әңгі есектей ақырып, үш мәртебе шабады. Сол уақытта баяғы Бабай

Түкті Шашты Әзіз қылышты жылдам қағады. Ер Шора сонда

Әлібидің оң жағынан ұрады. Тиген соң найза қасынан Әліби барып

құлады. Қолына алып қылышын қырық жігітке Ер Шора атының

басын бұрады. Ұрыспақ түгіл қырық жігіт бұрқырай қаша жөнелді.

Аққалаға жеткізбей бәрінің басын алды. Жеті жасар Шора келіп

Әлібиді мазақ қылады. Сонда Әліби Шорадан кешірім сұрайды.

Екеуі біршама тілдесіп, бір-біріне наз айтады. Айта-айта баяғы

Page 100: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

100

Әлібидің хан тойында қылған қылығы әңгіме болады. Сонда Әліби

басымды шап та шешеңнің астына тық деп дық қылады. Шора

қылышын суырып алды да Әлібидің басын шапты. Қырық үйлі тама

қырық мың үйлі түрікпенмен тең болмас, Әлібидің салмағы ұрыс

болып, біздерге енді күн болмас деп тамалар Күлқаныс пен Нәрікке

Шораны Қазанға қашыр деп азғырды. Шораның барғысы келмеп еді,

ата-анасы жалынып:

- Қырық мың үйлі таманы билеген Әлімханға бар, хан-қарасын

басқарған Есім деген ағаң бар. Соларға барып панала. Бабай Түкті

Шашты Әзізге тапсырдық, - деп оны ұзақ жолға шығарып салады.

Белден-бел асып, көлден көл асып Шора самғап келеді. Үш

күндік елдің шетінде, тасбұлақты жолында құлан аулап Тасыр

мерген жүреді. Ордалы құланды қырып, екі-үш атқанда көлден

ұшқан үйректі жусатып түрікпен мергені Шораны күтіп жатады. Ол

Шораның дақпырын естіп, жазым қылмаққа мылтығының білтесін

қағып дайындық қылады. Өзін Тасыр мерген күтіп жатқанын, атуға

ыңғай бергенін Шора да біліп келеді. Шұбарды басып қамшыға

демде жетіп келеді. Білтесін тұтатып үлгертпейді. Келе Тасырдың

жағасынан алады.

- Танымасаң, Тасеке-ау, Кеуістің ұлы Тамамын. Бергі атамды

сұрасаң Нәріктің ұлы Шорамын. Қылығына шыдамай Әлібиді

өлтіріп Қазанға кетіп барамын. Мен Қазанға барғанша қар

жаумасын, нұр жаусын. Мен Қазанға барған соң қар жаумаса, қан

жаусын.

Тасырдан Қараханға сәлем айтып, аз ғана таманың амандығын

тапсырып, белгім болсын деп Тасырдың бір құлағын кесіп алып,

босатып қоя береді. Тасыр Қараханға келіп Шораның сәлемін айтып,

ол келгенше тамаға зәбір қылма, малына тиіспе деп сауға айтады.

Оны хан құп көрді. Тамалар мамыражай тиыш жатты.

Екі ай жол жүріп Шора бір шаһардың шетіне ілікті. Қандай қала

деп келіп еді, қақпан арқалаған шалға жолықты. Шал Шорадан жөн

сұрайды. Сонда Шора былай дейді:

- Шыққан жерім сұрасаң Айдарханның қаласы. Жолаушымын,

атажан, шаһары Қазан барасы. Екі ай жүрдім тынбастан Бетпақтың

ұзын даласы. Алаш ұлы боламын, затым тама баласы. Бұл не деген

жеріңіз, қай рудан еді еліңіз? Адыр-адыр көрінген қай өзеннің

саласы?

Page 101: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

101

- Біз де тама боламыз, жұртыңа бүгін енесің. Шаһары Қазан

еліміз, - деп шал Шораға жөн сілтейді.

Шалдың айтуынша Көзбембет, Садыр дегендер Қазанды басып

алған. Есім Ер қосын жинап қалмақты қуғалы жатыр дейді. Көрінген

анау көк шатыр қайратына мас болып, қаңтарда нардай тіздеген Ер

Есімнің ордасы деп көрсетеді. Аттан түсіп ордаға кіріп Ер Шора

сәлемдесіп келеді. Қапалы көңіл тамалар, ел алдырып ашынған,

әшейін-ақ Шораға қолының ұшын берісті. Оң жапсарда бір адам

арыстан бөрі секілді, Есімге тура келісті. Есім тұрып Шорадан жөн

сұрайды. Шора сонда «Інісіне өкпелеп көшкен тама баласымын»

депті. Тоғыз ай көшіп Кермісін көлінің бойына көшіп барғанын,

сондағы Әліби деген арамның ызасы үшін өлтіріп, шыққан түбін

іздеп келгенін айтады. Сонда Есім өзіне өкпелеп Нәрік деген

ағасының кеткенін, сол кеткеннен хабарсыздығын айтады. Сонда

Шора:

- Арғы атамды сұрасаң, Кеуістің ұлы тамамын. Бергі атамды

сұрасаң, Нәріктің ұлы Шорамын. Шешемнің аты Күлқаныс, қацғылы

көңілім жарамын. Сұрап тұрған Қазанды Есімге іні боламын, - дейді.

Сол кезде Есім жапсарды ашып қарайды. Көзі түсіп Шұбарға

есінен танып құлайды. Сол бетте келіп Шораны құшақтап жылайды.

Екеуі көрісіп жылап, бір-бірінен хабар білді. Есімнің екі қатыны бар

еді. Олардан сүйінші сұрап ел барды. Олар да барынша киініп,

Шораның алдынан шықты. Сөйтсе, алашқа аты кеткен Ер Есімді де

ел арасында туысы жоқ жалғыз деп айтады екен. Әйелдері сонысына

қорланады екен. Шораның келгенін естіп, Нәріктің ұлын көргелі

Әлімхан да келеді. Барлығы кеңесіп таманың адамын олжалап

кеткен қалмақты қууға, одан соң түрікпенге барып Нәріктің өшін

алуға діт қылады.

Ақ қара бас алтын (Сара ала ту) туын көтеріп қалмақты қуып

кеп берді. Жүз жігітті бастап Ер Есім келеді. Соның ішінде Ер Шора

да бар еді. Үш күншілік жерді бір күнде жүріп өтіп бір таудың

басына келеді. Шора тау басына шығып қарауыл қарап тұрып,

жаудың іргесіне келіп жеткенін байқайды. Сол жерде жауға шаппай

тұрып бір Аллаға жалынып, пірлеріне сиынды. Мінәжат қылып

барлық әулие-әмбиелерге сиынды. Содан соң жауға шапқанда өз

екпінің тоқтата алмай Шұбар жаудың алдына шығып кетеді. Алпыс

қойдың терісін малақай қылған Садыр батырмен бетпе-бет келіп

қалады. Жөн сұрасып, бірінің Садыр екенін, бірінің тама батыры

Page 102: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

102

екенін білісті. Бір-бірін тілдеп тұрып артында еттері қызып

шайқаспақшы болады. Садыр қылышын суырғанша Шора оның

жағасынан алып, атынан жұлып алады. Сол ұстаған бойынша көп

қосынды аралап көкпар да қылып барады. Екі аяғы Садырдың

сүйретіліп қалады. Ер Шораны қалмақтар шауып бара жатқанда

біреуі атып қалады, біреуі шауып қалады, алды-артын басып қалады.

Толып жатқан көп қалмақ бірін-бірі атысып, опыр-топыр болады.

Бабай Түкті бабасы қылыш пен оқты дарытпай қанатымен қағады.

Сол сүйреген бетінде Есімнің алдына әкеліп есінен танған Садырды

әкеліп тастайды.

Садыр да есін жинайды. Есім ыза болып қанжарын Садырдың

тамағына қадайды. Тамалар туын Садырдың қанымен қандайды. Бір

кісіге он кісі. Ал, енді бектер ат қойды, тәңірге қылып тәуекел. Көп

қалмақты қиратып қамысқа түскен жалындай жапырып кетті

шетінен. Есепсіз қалмақ қырылды, партылдатып мылтықты,

жарқылдатып қылышты. Қалтырайды қалмақтар анда-санда ақырып

шығарса Шора дыбысты. Ат бауырын қан қылып қалмақтарды

қырысты. Сонда Көзбембет батыр да қырық жігітін ертіп қашқан

екен. Қашқандардың ішінде Көкше шайыр деген ер бар екен. Ол

Көзбембетті қайрап, кері қайырады. Көзбембет қызыл ала қанға

боялған Шораға қарсы тұрады. Шора оның өзімен айқасуға бел

байлағанын біліп атыспақ па, шабыспақ па деп сұрайды.

Сол уақытта Көзбембет буырқанды, бұрсанды, мұздай темір

құрсанды. Қорамсаққа қол салды, бір салғанда мол салды. Садағын

қолға алады, қақ жүректің түбі деп, өлер жерің осы деп толықсып

тұрған Шораны толғап тартып қалады. Атуының қаттысы-ай,

атуына жарасты-ай, тартуының қаттысы-ай. Оты шығып аспанға

бұлғақтап кетіп барады. Сол уақытта Шораның Бабай Түкті бабасы

төбесінен басады. Атқан оғы қалмақтың үстінен кеп асады.

Көзбембет қапаланып қайтадан қорамсаққа қол салып, қол салғанда

мол салып, садағын қолға алады, кіріске дәлдеп салады. Толықсып

тұрған Шораны толғап тартып қалады. Атуының қаттысы-ай,

атуына жарасты-ай, тартуының қаттысы-ай. Оқжыландай

жылмаңдап оғы кетіп барады. Адыр-адыр жер келсе, арық қылып

барады. Күдір-күдір жер келсе, көктей өтіп барады. Әр келмеске бір

соғып бұрқыратып барады. Сол уақытта Шораны Бабай Түкті

бабасы аспанға алып кетеді. Атқан оғы қалмақтың астынан келіп

Page 103: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

103

өтеді. Сабыр қып тұрды Ер Шора екі кезекті өткізіп, үшінші нәубет

жетеді.

Ал, сонда Шора құрсанды, буырқанды, бұрсанды, мұздай темір

құрсанды, қорамсаққа қол салды, қол салғанда мол салды. Сол

уақытта қаһармен садақ пен жайды қолға алды, кіріске дәлдеп

салады. Қақ жүректің тұсы деп, өлер жерің осы деп, толықсып

тұрған қалмақты толғап тартып қалады. Оғы зырлап кетеді,

Көзбембетке жетеді. Дәлдеп барып жүректен оғы көктеп өтеді. Төрт

қырлап соққан қу жебе, айдаһардың тіліндей, қақ жүректен тиеді.

Өте шықты білінбей, жалғыз оқ тиген қабандай құлады қалмақ

күрілдей. Бір оғымен Шораның кетті өліп қалмақ тірілмей.

Жеті күн қона ұрысып, қалмақтарды қырысып, айырып қайтты

Ер Шора таманың кеткен елдерін. Бұлар Қазанға апта жүріп жетеді.

Алдынан Әлім хан жылап шығады. Бұларға алғыс айтып, өздері

кеткен соң он мың қалмақ Қазанды үш күн қоршап тұрды. Басшысы

Қараман деген екен. Сыртқа шыға алмай жатқанымызда иесіз

жатқан жылқыны айдап кетіпті. Соны хан бұларға айтып жеткізді.

Ер Шораны хан ордасына шақырып алтын оқалы тон жабады.

Шора баяғы жүз жігітке төрт жүз жігіт қосып алып, қалмақтың ізіне

түседі. Нешеме күн жүріп қалмақтың еліне кіреді. Қалың жатқан

жылқыны көреді. Айдай жөнелуден қашып, өз жылқыларын қарап

таниды. Жылқысын таныған соң бар жылқыны алдына салып әскері

кетеді. Қараманмен ұрысқа шыққысы келген Шора қисалақтап

келеді. Жырылып кетудің ебін таппай азуын басып келеді.

Қараманның Көкбесті деген аты бұлардың жат екенін біліп есебін

тауып қашты дейді. Шора атты қумаққа бел байлады. Артындағы

жігітке кешіксем артымнан келерсіңдер деп тартып отырды. Қашып

барған Көкбестіні Қараманның қызы Жөрметөз көріп әкесіне барып

айтады. Қараман тайдың етін жейтін батыры Тебіренбесті

шақырады. Тебіренбес:

- Шыға тұр өзің, Қареке, мен ауқат етіп алайын. Биенің еті

піспей тұр, неғылып тастап барайын? Шикі шегін шығармай ішіме

бәрін салайын. Қанды көбік тарқамай майын ұрттап жалайын.

Сөйлесе тұр сен барып, менменсіген неменің көріп ек қой талайын, -

дейді.

Қараман сыртқа шығып Шораны көріп, денесі қатты түршікті.

Екеуі сөзбен қажасты. Сөзі үстем боп Шораның ұрыспаққа

қамданды. Қаруын алып екеуі қан майданда тоғысты. Ат үстінде

Page 104: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

104

ұрысты. Бірін-бірі ала алмай екеуі де шаршады. Бабай Түкті Шашты

Әзіз Қараманды көкке көтеріп қайта тастап жібереді. Қаңғалақтап

құлаған Қараманның жүрегіне Шора алтын сапты ақ қанжарын

пісіп-пісіп алады. Сол уақытта Тебіренбес етке әбден тойып алып

сыртқа шыққан екен. Есім Ер де жүз жігітін ертіп жетеді. Келген

бетте Ер Есім Тебіренбеспен қарсыласып қалады. Тебіренбесті

құлатты бүйірден тиіп найзасы. Шора батыр ақырды, нар бурадай

бақырды. Қарғасы қорқып қаз болды, қырлы жері саз болды.

Ұрыстан соққы көргендер құйқасы кетіп таз болды. Есім мен Шора

қалмақты жеті күн шауып, талады. Үрерге иті қалмады, ақсақ-тоқсақ

тай қалды. Қазанға абыроймен ерлер қайтып келеді. Хан алдында

асқақтап, мәртебесі өсіп жатады.

Әлімханның жалғыз перзенті бар еді. Онысы Түймебике деген

қызы еді. Сол уақытта Әлімхан тоғыз бие сойғызды. Керней-сырнай

қойдырды, халқын жиып Қазанның ат шаптырып той қылды.

Жалғыз қызын Шораға беремін деп ой қылды. Түзетіп ішін орданың,

орнын қожа-молданың ақ некелеп Әлімхан Шораға қызын қосады.

Жөрметөз бен Түймебикедей екі қатыны бар Шораның не қамы бар?

Бірақ та тиыш жатпады. Түрікпенде жатқан қырық үйлі тамасын

ойлап, мазасы кетті Шораның.

Бір күні Ер Есім түйесін сойып, сабасын толтырып Қазанның

халқын шақырып:

- Нәрік пен Күлқаныс қандай күйде жатыр? Сендер үшін Шора

не істемеді? Қалмақтан өшіңді алып берді. Біз де оның түрікпеннен

өшін әперейік, - деді.

Оның бұл сөзін тамалар жүре тыңдады. Сонда Есім ашу

шақырып айқай салды. Бәрін қырмаққа бел буды. Әлімханның

қолдауымен, әрі Есімнің қаһарынан қорыққан Қазан халқы Есімге

ермекке шешім қабылдады. Аттарын ерттеп қалың қол түрікпенге

жол тартты. Үш күн дегенде барып ұрттауға суды әрең тапты.

Апталық жол қалғанда Ер Шора әке-шешесін сағынып, ертерек

көрмекке асығыс аттанып кетті. Келе жатқанында түрікпендер он

қойын тартып алып кеткен қойшыға жолығады. Қойшы Ер

Шораның жолын күтіп жылап жүр екен. Оның зарын тыңдап тұрған

Шора одан барып жөн сұрап, өзінің Шора екендігін білдірді. Қойшы

Шора кеткелі Қарахан тамаға тимеуге жарлық берді. Ел Шораның

қаһарынан қорқып бата алмай жүргенде, ағасы Әлібидің құнсыз

Page 105: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

105

кеткеніне ыза болған Ақша би отыз жігітті ертіп тама аулына зәбір

қыла бастады. Әке-шешең сені көруге зар болып отыр деді қойшы.

Шора өзімен бірге Есімнің қосыны қоса келе жатқанын,

Қазанды қалмақтан құтқарғанын айтып ата-анасынан сүйінші

сұратуға қойшыны аттандырады. Қойшы келіп Нәріктен сүйінші

сұрап, сүйіншіге ат пен шапан алады. Есім мен Нәрік «Ой,

бауырымдап!» жылап көрісті. Содан соң барып Шораны құшақтады.

Бұлардың келгенін естіп Қарахан Ақша биді және халқын жинап

ерегістің жақсы болмағын айтып, татулыққа шақыра Шораға келеді.

Өзінің қызын Шораға тарту қылып береді. Той өткеннен соң Нәрік

бай Қазанға көшті. Түрікпен-тама қимай қоштасты. Құдандалы ел

болған еді бұлар. Үш ай көшті. Елге келіп Есім үлкен той жасады.

Елдің бәрін тойғызды.

Page 106: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

106

Қарабураның кесенесі қалай соғылды

Бірде Кәрімжанұлы Қалдыбек бауырым екеуміз Оңтүстік

Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылына жол тарттық.

Ондағы мақсат – Қуандықұлы Төлежан атамыздан естіген Барақ

атаның ұрпақтарымен танысу, білісу болатын. Барып сондағы

Сейітағзамұлы Рахметулла, Қалымұлы Жақсылық әкелерімізбен

таныстық. Ендігі жолды Бәйдібек ауданы Екпінді ауылының

Бестиын (Қызылкөпір) бөлімшесіне бұрдық. Мұнда Ібіжанұлы

Сердалы ағаймен таныстық. Ол уағында осындағы кеңшардың

директорының орынбасары болған жан екен. Қазір де іргелі

шаруашылық басшысы. Жастау кезінде тамаларды жинақтап бір

көше қылмақ болып едім, қазір ата-атаға бөлініп, бөлектеніп

отырмыз дейді қамығып. Інісінің қызмет істейтіндігін, Барақ

бабамыздың бейіті табылса, шіркін деп армандайтындығын айтып,

бізге тілектестігін білдірді. Одан әрі Созақ кентіне шықтық. Созақ

кентіне кешқұрым келіп қондық. Қалдыбек рөлде, қасындағы

әңгімеші менмін. Тыныбектен тараған Қалиұлы Әли деген

туысқанымызды іздеп келдік. Оған дейін Тұрғалиұлы Орынғали

(Оран) бауырымызбен таныстық. Әли ағамызбен түніменен

әңгімелесіп, таңертең Қарабура бабамыздың кесенесіне келіп зиярат

еттік. Содан шығып Тәбірізұлы Сүлеймен жиеннің үйіне келдік. Ол

кісіден Барақ батырдың мазарының нобайын сұрап алып, кері қарай

шықтық. Жолда Әли ағай бір өзбекті көріп, машинаны тоқтатып

мінгіздіртіп алды.

- Бұл өзбек Қарабураның бұрынғы шырақшысы, - деп

таныстырып жатыр.

- Бұрынғы емес, әлі де әулиенің шырақшысы менмін, - деді ана

кісі. – Менен ешкім Таманы тартып ала алмайды, Тама менікі. 1936

жылға дейін менің ата-бабам Қарабураның шырақшысы болып

келген. Менің үлкен атам 1864 жылдан 1936 жылға дейін осында

шырақшы болған. Содан 1949 жылға дейін әулиенің басы қараусыз

тұрды. Содан 1949 жылдан 1997 жылға дейін мен шырақшы болдым.

Менің аты-жөнім – Арыстанбап. Әулиенің басын қарайтуға үлкен

еңбек сіңіріп, бастама көтерген де, негізгі қаржыны берген де

Төлегеннің Ерғалиы болатын. Құрал осы жұмыстарға басшылық

жасады. Ерғали: «Ақшаны аямай жұмсаңдар. Жұмыс біткеннен

кейін есеп айырысуды өзім атқарамын» деді. Материалды Ерғали

Page 107: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

107

жеткізіп беріп отырды, кейіннен Құрал соның бәрін өтеп берді.

Ерғали жөніне кетті. Бизнес адамының өздері білетін тірлік қой бұл.

Қарабураның кесенесі ашылған күні түскен ірі қара мен

жиналған ақшада есеп болған жоқ. Ерғали осы асқа тікұшақпен

ұшып келді. Асқа сойылар малдар мына Әлидің ауласында сойылды.

Оны да Ерғали шері беріп еді.

Ерғали барша қазаққа танылған жігіт еді. Таманың атын

шығарған-ақ жігіт болды. Бір ғана адам маңайындағы Кіші жүзге,

барша Тамаға қолынан келген жақсылығын жасады. Қап-қабымен ұн

таратып, елдің алғысын алды. Ол бір қиын заман еді ғой. Нан тауып

жеу қиын болып тұрғанда бір қап ұн деген үлкен көмек болатын.

Осы Созақтағы тұрғындарды - өзбек, қазақ демей қолындағысын

шашып тойындырды. Алладан қайтады ғой. Оның құлдырауына

оның өзінің қарауында жүрген жігіттері кінәлі болды, қиын сәтте

сатып кетті. Одан Ерғали құрып кеткен жоқ. Өз тірлігімен өзі болып

жүр. Анда-санда хабарласып тұрамын. Жақсының жақсылығын айт -

иманы тасысын, жаманның жамандығын айт – берекесі қашсын

деген бар. Содан соң айтып тұрмын.

Менің шешем 1992 жылы, айт күні өлді. Сол кісі айтатын:

«Арыстан, балам, мына мұрын болмаса, екі көз бірін-бірі жеп

қояды» деп. Дос ұзақтан келеді, дұшпан аяқтың астына шығады.

Ерғалидың тірлігі де солай болды. Ерғалиды өле-өлгенше күтемін.

Иығымнан қағып: «Ареке» деген ықыласына ризамын. Жолында

өліп кетуге пейілмін. Мен күні-түні Ерғалидың тілеуін тілеймін.

Азанда тұрып құдайға дұға қыламын: «Иә, алла, Ерғалиды аман

қыла көр. Жолын аша көр» деп тілеймін. Ерғали маған ешнәрсе

беріп жатқан жоқ. Бірақ, ел үшін істеген еңбегі қайтса деймін.

Алдынан жарқыраған сәулелі күндер шықса деп тілеймін, тілеп те

өтемін, - деп Арыстанбап шырақшы машинадан түсіп бізбен

қоштасып жатып, тірлігімізге баяндылық тілеп жүріп кетті.

Осы жөнінде кейін Астанаға жолым түсіп барғанымда

Момынов Қалбота Әбілдаұлы ағай былай деді: «Қарабура қорының

алғашқы бір құрылтайына Ерғали мені ертіп барған. Сонда Құрал да

келген. Созақтағы салық полициясында істеген Қойшыбай да келген

ұзын бір лимузинмен. Таманың үлкен-үлкен қариялары келді.

Бірінші болып Құралдан сұрады. Әңгіменің басы – әулиенің басына

кесене салып, маңайын абаттандыру болды. Әңгіме ақшаға тіреліп,

кім не бередіге шықты.

Page 108: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

108

- Құрал, сен не бересің, - деді.

- Мен қазір өзім жүйкелеп отырмын. Мына Ерғали бермесе,

менде қазір ештеңе де жоқ, - деді Құрал сонда.

- Қойшыбай, сен не бересің, - деп Қойшыбайдан сұрады.

- Ойбай, менің балаларымның бәрі мемлекеттік қызметкер ғой.

Олардың қолында ештеңе жоқ, - деді Қойшыбай.

- Ал, Ерғали, сен не дейсің, - деді Таманың дәулері Ерғалиға

қарап.

- Бастай беріңіздер. Үлгергенімізше береміз ғой, - деді Ерғали.

Сол жерде бәтуа қылды да, кесененің құрылысы басталды да

кетті. Сол күні сонда құран оқылып, түнеп шықтық. Таңертең

бабаның мазарының айналасын қаза бастады. Сонда Құрбан Атаның

ұрпақтары келіп, аталарының сүйегін алып кетті. Кесененің нобайы

сызылып, жобасы пысықталды. Сонда тұрып Құрал айтты:

- Егер Ерғали құрылыстың қаржысын шығарса, атқаратын

жұмысты мен өз мойныма алайын. Жұмысшыны да өзім

ұйымдастырамын, - деді.

Осы сөзге тоқтап, Алматыға қайтып кеттік. Семейден үш вагон

циликат кірпіш, бір вагон ағаш, үш вагон цемент дайындады.

Кесененің құрылысы аяқталғаннан соң Ерғали мен Құрал есеп

айырысты да, ақшасын алып Ерғали кетті, Құрал Қарабураның

кесенесінің шығынын өтеп ол қалды. Атақ та, абырой да, еңбек те

Құралдыке. Оған ешкімнің де таласы болмауы керек, - деді Қалбота

ағай.

Арыстанбап шырақшының айтқан әңгімесінде шындық болуы

да керек, ішкі жұмыстарға аса қатты араласқан жоқ қой. Сондықтан,

кейбір мағлұматтардан қателесуі де бек мүмкін. Құрылысты ерекше

(егіз... сегіз...) фасонмен жасап шыққан Құрал бауырымыздың еңбегі

Алладан қайтсын! Осы істі қолдаған барша ағайынға алғыстан басқа

айтарымыз жоқ. Аруақ жар болсын!

Page 109: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

109

Батырлар

«Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 14 маусымдағы №249

санындағы «Әкемтеатр»: Тарих. Тағдыр және Абайды тану» атты

мақалада режиссер, Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-

Таразидың «Тарихи тақырыпқа арналған драмалық шығарма белгілі

бір тарихи кезеңді негізге ала отырып, ойдан шығарылған сюжеттер,

оқиғаларға құрылады. Алайда, бұл сюжет сол заманның әлеуметтік,

саяси жағдайына, тарихи кезеңіне сай келуге тиіс» депті.

Бәлкім, ондай жағдай көркем туынды жазғанда қажет болуы, біз

секілді тарихи зерттеуде оның жолы қалай бола қояр екен деп те

ойлаймын. Ертең менің жазған әрбір сөзіме, қойған үтірім үшін

сұрақтар, сауалдар қойылуы мүмкін. Сонда мен тайсақтамай: «Бұл

пәлен кітаптан алынған дәйек, пәлен адамнан алынған дерек» деп

қасқайып тұруым үшін лажы болғанша жалған қоспай жазуға

тырыстым. Бәлкім, маған да деректер дұрыс берілмеуі. Менің

жазбаларыммен бұл тақырып тоқтап қалмасын. Жазылсын, ары

қарай дамысын. Ол кейінгі уақыттың, басқа да зерттеушілердің

ойында болар іс. Мен де осы кітапта жаздым екен деп қатып

қалмаспын. Дерек көзі молығып, оның ішінде аңызы мен ақиқаты,

жалғаны мен жаңсақтықтары табыла қалса, қуана-қуана

жазбаларыма өзгеріс енгізіп отырармын деп ойлаймын. Ағайынға

батырлар туралы, рулар тарихы жөніндегі жазбаларыма қосар

ойларыңыз, берер деректеріңіз бен дәйектеріңіз болса, қуана

қабылдайтынымды ескерте отырып, дұрыс көзбен қарап оқып

шығуларыңызды өтінемін.

Халқымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов батырлар жайлы:

«Ол тірісінде бір танылады, өзі өткен соң кейінгі ұрпақ қадірін біліп,

қасиетін таныған сайын тағы танылады. Бір кезде бел көрінсе, келер

ұрпақ тарихына: өз тұсында көрсетіп кеткен көмегімен, орнатып

кеткен туымен тастап кеткен үлгісімен, нұсқап кеткен бетімен енді

бел ғана емес, биік тұғыр боп, асқар тау болып көрінеді», - деп

тебірене ой толғапты.

Ұлы даланың ұлағатты істерімен есте қалған батырлары

ұрпағымен мың жасасын, жасай берсін!

Page 110: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

110

«Б» әрпімен есімі басталатын батырлар

Ал, енді біршама үзіліс жасап, әңгімеміздің өзегі болатын,

Дәулеткелді елінің батырларына кезек берейік. Олардың қатарында

Бақ, Байболат, Құлшыораз, Барақ, Бұзау, Баян, Қарағай батырларды

айтуға болады. Қызығы, осылардың көпшілігінің есімі «Б» әрпінен

басталатындығы. Барлығы да Тама тайпасының Дәулеткелді руынан

шыққан. Үлкені – Бақ, одан кейінгі – Байболат, Барақ, Бұзау, ең

кішісі де аты бүкіл алашқа танымал Баян батырлар жайында азды-

көпті әңгімелер, бірлі-жарым аңыздар баршылық. Оларды жалықпай

іздеп, ел арасынан сұрау салып, кітаптарды ақтарып қаншама

іздендім. Әлі де іздене бермек ниетім бар. Батыр бабаларымыз

жайлы сыр шертер ақиқатты, хикаялы әңгімелер ұмыт болған.

Аздаған ғана деректер қалып қана отыр. Соның өзіне тоқшылық

санауға болар еді. Әлі де аздық ететіні белгілі болып отыр. Әрбірі

бір рулы елдің іргесін қалаған, жорықтарда ересен ерлігін көрсетіп,

қазақ хандығының іргелі мәселелерін шешуге сүбелі үлес қосқан

азаматтардың артында оның атын шығарар келелі әңгіме, сабақты

оқиға қалмады дегенге кім сенеді?!

Рас, бұл деректерді беретін мұрағат материалдарына әзір

қолымыз жете қойған жоқ. Дегенмен, ізденіс түбі бір мұраға

жеткізері анық. Батырлар жайында ертеректе әңгіме шерткен

көнекөз қарияларымыздың сөзін зердесіне тоқып сақтап қалған

жандардың аяғы сұйылуға айналды. Әрбір үзік әңгіменің өзінен

сабақты жайттардың басын шалып қалуға боларын қазір сезіп те

отырмыз.

Бақ, Бұзау батырлардың ұрпақтары біздің өңірдің тұрғылықты

жандары емес. Рас, іргесі сөгілмеген Созақ жерінде ұрпақтары өмір

сүріп жатыр. Бәлкім, олармен де жүздесіп, келелі әңгімелер

шертуіміз, тосын хикаяттардың бір шетін шығаратын да күн алыс

емес шығар.

Ал, өзімнің үлкен бабам болып табылатын Барақ батыр жайлы

зерттеуді уағында Жайылмалық Орақбаев Құтжан жүргізген деген

әңгіме ел арасында бар. Одан соңғы ізденісті Созақтық зерттеуші-

жазушы Тәбірізұлы Сүлеймен жалғастырды. Ол да бірқатар

әңгіменің сорабын тапты. Одан соңғы ізденісті әкем Рақымжанұлы

Сұлтан жалғастырған болатын. Бірақ, ол кісі бұл ойын толық аяқтай

алмай, Барақ руының сол кездегі ақсақал қариясы Қуандықұлы

Page 111: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

111

Төлежан атамызбен бірге рулық шежіре кестесін түзіп, болашақ

кітаптың нобайын жасап, жоспар құрып қана үлгерді. Аяқталмаған

кітап, айтылмаған ойлар қалды. Сол ізденістің эстафеталық таяғы

маған тиіп, кешегі үлкендердің, өз әкемнің бастаған ісін аяғына

апаруды өз міндетіме алғандай болдым. Құдай сәтін салса, ол да

болар деген үміттемін.

Батыр Баянның бір басына, оның ерлік істеріне бір ғана Тама,

Дәулеткелді руы ғана емес, Орта жүздің Уақ тайпасының да таласы

бар. Оған олар өздерінің қолдарында ұстаған дәлелдерін тосатын

жерлері де бар. Бірақ та, Дәулеткелді Батыр Баянның өз кіндігінен

тараған ұрпағы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, әйгілі

жазушы әкеміз Шаханұлы Беріктің осы тақырыпты қаузап

жүргеніне көптеген жылдың жүзі болды. Бір ақиқатқа сол кісінің

жеткізеріне сенгіміз келеді.

Осылардың ішінде біз сөз етіп отырған Дәулеткелді Барақ

батырмен есімдес жандар, оның ішінде бүкіл қазақ даласына атағы

жайылған ерлер аз болмаған. Солардың қатарында бір заманда, бір

уақыт ағымында ғұмыр кешкен Найманның Балталы атасынан

шыққан Көкжарлы (Көкжал) Барақ, Түкті жалды Барақ батыр,

Әбілқайыр ханды өлтірген Барақ сұлтан сияқты жандар да болған.

Сондықтан, көнекөз қариялардың айтуынша, бұл жандардың да

аралас-құралас болуы себепті, қонысы қатар жатуы болуынан,

әңгіме-аңыздары да араласып, бірінен екіншісіне ауып кеткен болуы

тиіс.

Жайылмалық Қуандықұлы Төлежан бірде отырып:

- Ертеректе, мен ол кезде жаспын. Осында Тәпелұлы Кәрібоз

ағамның, Дүйсенбайұлы Назарбай, Базарбайлардың, Қабанбайұлы

Оспанның, Омардың ұлдары Оспан, Жуас деген кісілердің,

Қабанбайұлы Бердекен деген кісілердің үйлері осы маңда болды.

Әкем дімкәстау. Дегенмен, малда. Мен болсам, осында атам

Бердібектен туған апатайым Рабиға деген кісінің қолында тұрамын.

Кешқұрым барлық жаңағы кісілер бәріміз сыртқа шығып отырамыз.

Маған кейінгі шыққан кітаптарды оқытады. Сонда Кәрібоз ағам

отырып:

- Таста, ана кітабыңды. Оттапты, мыналар. Білгішсініп, жаза

береді. Айтып отырғандары шылғи өтірік. Әттең, бізден жазушы

шықпады. Әгәрки, жазушы шыққан болса, әңгіменің көпшілігі бізде.

Үйсін соғысты көп көрген жоқ. Орта жүз көп көрген жоқ.

Page 112: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

112

Қиыншылықты да, қырғынды да Кіші жүздің баласы көрді. Содан да

басқа жүздің баласы адамы өлсе, еңіреп жылайтыны. Кіші жүздің

ұрпағы – біздер көзімізге жас алсақ та, ел сияқты еңкілдеп, елге

көрсете бермейміз. Бір өлгенде бір ауылдан жүздеп адам өлсе, ауып

жүріп жолда өлігі шашылып қалса, қалай жыласын. Көзінің жасын

тауысқан. Жау шапса, Кіші жүздің әскері келгенше қорғаныс қылып

отырған ел емес пе еді олар. Енді өздерінен еті тірі жазушы

шыққаннан соң, батыр да сонда, шешен де сонда болып отыр емес

пе?! Ертегіңді қоя ғой, - деп ары қарай оқытпай тастаушы еді.

Ол кісінің сөзін барлығы қостап, бастарын изей беруші еді. Тек

қана Назарбай атам жан-жағына алақтай қарап «А, солай ма еді?

Солай болғаны ма?» деп тамсанып қана отырушы еді. Ал, енді сен

сол Кәрібоз армандаған жазушысың ғой. Әңгімені неден бастаймыз,

- деп күліп қоюшы еді.

«Кәрібоз армандаған жазушы» болған соң ба, қайдам, білгенімді

сапырып жаза берсем қалай болар екен деп естіген, көңіліме түйген

жайттарды қаузап отыратыным бар. Зікірияұлы Ордабай ағамыз

айтпақшы, «Әңгімені әңгіме түртеді» деп, сіздер де қосар

әңгімелеріңізді жұптай отырыңыздар.

Page 113: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

113

Назар бай мен Алдаберген

Бұл әңгімеге келмес бұрын, мына әңгімеге назар салыңыздар.

Бұл әңгімені барша Тамадан шыққан жұрттың баласы біледі десек

те, айналып өте алмадық. Бәз біреулер «Бұл әңгіменің керегі қанша»

деп те қалуы кәдік. «Оны жасырудың қажеті жоқ, қайта мақтана

айтуға тиістіміз» дейді шолаққорғандық Қанат Бесбайұлы әкеміз.

Бұл әңгіме жөнінде бұрынырақта да белгілі жазушы әкеміз

Шаханұлы Берік өз жазбаларында, Созақтық тарих зерттеушісі

Тәбірізұлы Сүлеймен «Созақ өңірі» кітабында жазған болатын.

Қоңсылас отырып Сәрсенбекұлы Болат ағамыздан бала кезімде

қанығып естіген едім. Кейіннен бұл әңгімеге Шаханұлы Беркін әкем

ептеген түзетулер енгізіп, айтып отырған әңгімемнің нобайын түзеп

берді. Талас ауданы, Үшарал ауылының тұрғыны Кәдірсізұлы

Әбілхалық сияқты жандардан естіген нұсқасы да бар. Ендеше

осынау бір сабақты әңгімеге назар салайық.

Бұл уақиға біздің жобалауымызша, 1620-1630 жылдар кезеңіне

келеді. Дәулеткелдінің өте бір пысық, жоқтан бар жасайтын,

құдайдың сүйікті бір құлы болған белгілі байы, үлкен керуенбасы

болған Назар атты атамыз болған екен. Алысты жақын қылып тірлік

қылған деседі. Ол кісіні біреулер мұрынының жалпақтығына қарап

Бұзау Назар десе, енді бірі базаршылаған тірлігіне қарап Базар Назар

атандырған дейді. Базар көрген, сауда қылған жандарды біздер

кейде тиыннан теңге сауған жандар есебінде ұнатпай жататынымыз

бар. Оларға керісінше, біздің Назар бабамыз кеңпейілді, жүрегі

жұмсақ, мінезге өте бай адам болғанға ұқсайды. Базарлап қайтқан

сайын, тапқан олжасынан ауыл маңындағы кедей-кепшіктеу

ағайындарына көмек қолын созып, елінің берекесін кіргізіп жүреді.

Назар әкеміздің тұрағы біздің жобалауымызша Ор өзенінің

бойы, Жайық бойы, Астрахан маңы маңы болса керек. Жылда

көктем шыға түйелерге оңтүстік өңір үшін таңсық заттарын артып

Тәшкеннің, Әндіжан, Бұқардың базарына келіп, күз түсе суық өңір

үшін солтүстік өңір үшін таңсық, өтімді заттарын басып кері

қайтатын болған.

Бір жылы көктем шыға кіре тартып Әндіжан жеріне жолға

шығады. Айтылмыш тұсқа жақындай, шаһар шетіне тақалып қалған

тұста «Бір ерулеп жатайық, ертең болса да базарға түсеміз» деп бір

ойпаңдау жерге келіп тоқтайды. Мосысын түсіріп, қазанын асып,

Page 114: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

114

жігіттер бұта-шөпшек теруге жүгіре жөнеледі. Жан-жағына зер

салып қарап тұрған Назар әкеміздің көзі бұзауын қайырмалап келе

жатқан он екі-он үш жас жобасындағы бақташы балаға кезігеді.

Баланың бет әлпеті қазаққа ұқсағаннан соң, таңданған Назар бұл

маңда қазақы ауыл бар ма еді деген ойға келеді. Жөн сұрасып

алдындағы малдың қай байға тиесілі екенін сұрағанда, жігіт бір

өзбек байының малы екендігін айтады. Бұған таңданыс білдірген

Назар:

- Жаным-ау, өзің қазақпысың, - деп сұрапты.

- Аға-ау, қазақ болғанда қандай, қазақтың баласымын, - дейді

балаң жігіт.

- Бәрекелді, бұл маңда қазақ ауылы бар ма еді?

- Жоқ, ағасы. Бұл маңда қазақ ауылы түгілі, қазақ баласының өзі

де тапшы.

- Ендеше, сен қайдан жүрген жансың қалың өзбек ішінде, - деп

Назар бай баладан бар жайды тәптіштеп сұрай бастайды.

- Мен қазақ баласымын. Тегімді сұрасаңыз - Кіші жүздің баласы

Тамадан тарағанмын, - дейді бала.

- Бәрекелді, балам, - деп тақана түседі Назар таңданысын

жасыра алмай.

«Тамамын» дегенін естіген соң ойлана, мұнда қайдан тап

болғандығын сұрайды. Бала тіптен балаң кезінде ауылын өзбектер

шауып, анасын қылышпен шауып өлтіргенін, әкесінің аты кім екенін

білмейтіндігін, тек қожайыны Қисмет атты сарт байының әңгіме

айтқанда «Таманың баласы» деп атайтындығынан өзінің шыққан

тегін білетіндігін айтады. Әңгіме барысында баланың алты-жеті

жасар кезінде осында келгенін біледі. Еті тірі, пысық, істеген ісі

орнықты бала екендігін аңғарып ойы әбден бұзылады Назардың.

Өзбек байының үйінің орналасқан жерін сұрап біліп жүріп

кетеді. Көкейінен баланың «Тамамын» дегені кетпей, өзбек байының

үйінің маңында өзі танитын саудагер өзбек досының үйіне түседі.

Түс ауа сыртқа шығып тұрса, бұзауды айдап бала келеді. Малын

қораға жайлап, асын ішіп сыртқа шыққан кезінде Назар досының

жалшысын жұмсап, баланы оңашаға шақырады.

- Балам, еліңді таппай сансырап жүрген бала екенсің. Тама

баласы екенсің. Мен де сол Тама елінің Назар деген кісісі боламын.

Басыңа бостандық алып берейін. Алдыңа мал, қасыңа қатын

әперейін. Маған бала боласың ба, - дейді.

Page 115: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

115

- Болсам, болайын, - дейді бала құлшына. – Бірақ, менің қожам

өте бай адам. Менен айрылса, бар шаруасы қараң қалады. Сізге бере

қоймайды-ау, - деп қапаланып та қалады.

- Саспа, бала. Лажы болса, мен сені өзіммен бірге елге алып

кетемін.

- Қалай алып кетесіз?

- Ертең затым өтіп, қолым босаған соң, базардағы жаршыға жар

салдыртамын. «Осындай Алдаберген деген баламды жоғалттым»

деп айқайлатам. Сонда сен орныңнан тұрып, «Ата» деп маған қарай

жүгір, мен саған «Алдабергенім» деп жүгірейін. Сонда ол өзбек

ешқандай айла таппайды, - деген ғой.

- Оу, Сіз балам деді, мен әкем деді дегенге өзбек көне қоя ма?

- Көндіреміз. Оған айтар уәжді табамын. Сен мұнда кіре қойшы,

- деп Назар оңаша жерге апарып баланы шешіндіріп, баланың

денесін қолымен түгелдей сипалап қарап шығады.

Содан соң балаға ертеңгі істер ісі мен айтар сөзін тәптіштеп

үйретеді. Бала сол күннің кешінде-ақ өзбек қожайынына келіп

жыламсырап:

- Менімен бірге мал жайып жүрген жалшы жігіттер анда

барғанын, мұнда барғанын айтып мақтанады. Бірі медреседе оқып

сауаттанғанын айтса, бірі шаһарға барғанын айтып мені қорлайды.

Мен, ең болмаса ел барған базарға да бармаппын. Ертең базар

барып, аралап көрсем деп едім, - дейді үйретілген сөз бойынша.

Өзбек бұл сөздің де теріс еместігін мойындап, бірақ малды

кімге тастаймыз дегенде:

- Көршінің жалшысы кешке дейін қарай тұруға келісіп еді, - деп

көршінің жалшы жігітін ертіп келеді.

Оның малға қарап беруге келісімін алған соң, өзбек байы

баланы базарға ертіп барып, тамашалатуға келісімін береді.

Таңертең Назар досымен базарға кетеді. Бала да қожайынымен

бірге базарды аралай келе, көрші өзбек саудагерінің дүкенінің

маңына тақанып келгені сол еді Назар да жаршыға ақысын төлетіп,

«Осыдан жеті-сегіз жылдай бұрын ауылымды жау шауып, сонда бес-

алты жасар Алдаберген атты баламды жоғалттым. Осы баламды

тауып берген адам болса, не сұраса да беремін» дегіздіртіп жалпақ

елге жар салғыздыртады. Айқайлап, базарды басына көтерген

жаршының маңына емпеңдей жүгіріп бала да келе қалады. Мына

жақтан Назар да келе қалады. Баланы көрген бетте Назар:

Page 116: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

116

- Балам, Алдабергенім, - деп құшақтап жылай кетеді.

Бала да:

- Әке, әкетайым, - деп жабыса кетеді.

Назардың қойнына басын тығып алып, бала да еңкілдеп,

қорсылдап жылай береді. Сол жерде өзбек келіп «Қайдағы сенің

балаң» деп, «Менің баламды құлдыққа салып алған екенсің» деп

Назар дауласып, аяғы жанжалға ұласып кетеді. Базардағы тәртіпті

сақтайтын жасақтар екеуін ұстап, қазының алдына әкеледі.

- Дауларыңды айта отырыңдар, - деген қазының сөзінен соң

өзбек байы өзінің бала кезінен құлақкесті жалшысына мына

қазақтың «Менің балам» деп өтірік жабысып жатқанын, баланың

есін білмейтін уақыттан өз қолында өскендігін айтып, оның әкесін

тануы мүмкін еместігін алдыға артады.

Кезегі келгенде Назар:

- Жорыққа кеткен кезімде, бас көтерер еркегі жоқ ауылыма жау

шауыпты. Айы-күні жақындап отырған бәйбішемді өлтіріп, бес-алты

жасқа келген баламды қолды қылды. Осы уақытқа дейін баламның

өлі-тірісін біле алмай жүруші едім. Жаңа базарда көргенімде, көзіме

оттай басылды. Алла маған ұл берді ғой деп атын Алдаберген қойып

едім. Алдымнан жарқ етіп шыға келді ғой. Баламды өзіме

қайтарыңыз. Өлген бәйбішемнің құнын сұрамай-ақ қояйын, - депті.

- Бұған не дейсің, - дегенде өзбек байы байбайлап қоя береді.

- Жалған, бала мұныке емес. Бұның ауылын шапқан мен

емеспін. Бәйбішесінің кім өлтіргенін мен қайдан білейін. Барлығын

мына қазақ ойынан шығарып отыр, - депті өзбек байы.

Қазы ойланып қалады. Қазақтың бәйбішесінің өлген-өлмегенін,

баласының жоғалған-жоғалмағанын айдалада отырып бұл қайдан

білсін?! Тексеріп анықтау - парызы.

- Бала сеніке болса, ерекше белгілерін атай қой, - дейді сонда

қазы Назарға.

Сонда Назар кешегі оңаша бөлмеде көрген белгілерін жайлап

есіне түсіру үшін көзін жұмып:

- Баланың оң жақ жауырынында бармақтың үлкендігіндей,

тұмар пішіндес қал бар еді. Есімде қалғаны осы болып тұр, - дейді.

Өзбек байы баланың ерекше белгілерін есіне түсіріп айтып бере

алмайды. Қазының пәрменімен баланы шешіндіріп жібергенде,

жейденің астынан жауырындағы бармақтай қал жарқ етіп көзге

ілігеді. Қазы сонда ойланбастан:

Page 117: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

117

- Қазақтыке - жөн. Бала соныке, - дейді.

Назар мен бала шат-шадыман болып, ел алдында қайта

құшақтасып табысады. Бір балаға зар болып жүрген Назар ойда

жоқта балалы болады. Баланы ертіп өзбек досының үйіне келіп

түседі. Кешке ауқаттанып отырғандарында үстеріне өзбек байы

Қисмет кіріп келеді.

- Баланы алдың. Баланың еткен еңбегі бар еді менде. Ақысын

алсын. Басына пәлен жыл қорған болған ошағы ғой. Дәм-тұзымды

жеп, батасын алып кетсін. Қайтар уағыңда маған соқпай кетпеңдер.

Сол күнгі ертеңгілік асты біздің үйден ішіңдер, - депті.

Жөн сөзге не талас?! Мақұлдасып бұлар тарайды. Сол жолғы

базар тарқағанша саудасын қыздырып Назар жүреді, қасында

олжалы баласын ертіп. Бірер ай өтіп, әкелген дүниесін өткізіп, өзіне

керек-жарағын алып, қайтуға қам қылады. Жүгін теңдеп жатқанында

баяғы өзбектен хабаршы келеді. «Ұмыт қылмасын. Ертеңгі ас біздің

үйден болсын» деп. Назар әкеміз ойланып барып, «Жақсы, таңертең

сонан бастаймыз» деп хабаршыны қайтарады. Қасына еріп келген

жандармен ақылдасып, мәслихат құрады.

Ертеңіне елге қайтар жүгін артып Назар керуенді жолға салып,

артынан қуып жететіндігін айтып, бірер адамымен Алдабергенді

ертіп Қисмет сарттың үйіне келеді. Дастарханға дәм тартылып,

кеселер төңкеріліп, ортадағы табақ алынғаннан соң Қисмет бата

сұрайды. Назар тарапынан дастарханға бата қайырылады. Содан соң

сөзді Қисмет бай алып барлық жайтты көршінің жалшысынан

естігенін айтып:

- Ей, қазақ, ақыры айлаңды асырып алдың. Баланың қазақ,

елінің Тама екендігіне дау жоқ. Бірақ, мына бала сенің балаң емес.

Дегенмен, бұл да менің балам ғой. Батасын берейін, қолдарыңды

жайыңдар, - дейді.

Бата беремін деген соң барлығы да қолын жаяды. Сонда

Қисмет:

- Балаңның тұқымы көп болсын! Жақсыңның саны отыздан

аспасын! Сенің үрім-бұтағыңа осы баладан тараған ұрпақ үстем

болсын! Осының айтқаны саған заң болсын! - депті.

Бата беріліп, «Әумин!» десіп, іштерінен «Оттапты сарт» десіп,

атына мініп, керуенді қуалай жөнеді. Өздерінше мәре-сәре болып

Назар мен Алдаберген еліне келеді.

Page 118: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

118

Еліне келгеннен соң артында тұлдыр баласы жоқ Назар әкеміз

жыртылады. Бар жиған-тергенінін, ендігі көрер қызығын осы балаға

арнап: «Баламды таптым» деп маңайындағы елді шақырып ат

шаптырып, дүбірлі той қылады. Алдабергеннің келген жолы оң

болып, шын тілеулі жан екендігін байқатып, Назар әкесінің тірлігіне

араласып, тез арада ол кісінің саудасының кеңеюіне көп қолғабыс

қылады. Жарғақ құлағы жастыққа тимей тірлік қылған, ізденіс

қылған жанның тірлігі оңға баспасын ба?! Алдабергеннің еңбегі

жанып, Назар әкеміздің дәулеті артып, кемелдене түседі.

Алдына мал салып, ел аралап таңдап жүріп өзі қатарлас байдың

бір қызын алып береді. Алдабергеннен немере сүйеді. Алдабергенді

емірене иіскеп, құлыншағым деп бауырына басқан Назардың

бәйбішесінің пінәсіне перзент бітіп, бір сұлу қызды болады. Назар

әкеміз қартайған шағында төсек жаңғыртып, жас қыз алады. Осы

келіншегінен ұлды болады. Қызының атын Аман деп, ұлының атын

Бақ деп, қояды. Содан Назар қайтадан ат шаптырып той қылып:

- Сенің келуіңмен маған дәулет бітті. Шаңырағымның құты бол,

жұртымның алды бол! Атың - Дәулеткелді болсын, - деп

Алдабергеннің атын қайта қойыпты.

Шолаққорғанда тұратын Бесбайұлы Қанат қажы «Назардан бес

ұл туған» дейді. Бұл уәжға да келісетін жаттар бар. Кейбір

шежірелік деректерде Назардан тарайтын, бірақ біздің жаққа аса

белгілі емес, кейбір аталардың өрбіп шыққанын естіп те, оқып

жүрміз. Бұрынғылардан жеткен аңыз осы.

Бір қызық дерек, бұрынғы Таманың тарихын зерделеген

кітаптарда да, кешегі Хан Кененің заманын жырлаған тарихта да,

Арқаны жайлаған Назар руы айтылып қалады. Бөкей Ордасында,

одан бергі Ақтөбе өңірінде Дәулеткелдіден тараған Назар руы бой

көрсетіп қалатын жазбалар бар. Бәлкім, Дәулеткелді шаңырағы

астында бой көтерген жас буынды рулардың алғаш шыға бастаған

уағында (Бұзау, Барақ, Есен-Қарағайларды айтамын) атасын танып-

білу үшін Назар атандырған жай болды ма екен. Оны алдағы

уақыттағы нақты зерттеулердің еншісіне қалдырайық.

Ия, Дәулеткелді руына күні бүгінге дейін Алдаберген

балаларының жолы үлкен саналып, ағалық етіп келеді. Бұған ешкім

де «Ол солай екен ғой» демейді. Демейтіні, осы Алдабергеннен

тараған ұрпақтан алты алашқа ортақ, қазақтың атын шығарған ерлер

аз тумаған. Абылайдың ақ туын ұстаған, онсыз соғысқа бармаған

Page 119: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

119

ақжолтай батыры – батыр Баяннан бастап, қайырымдылығымен ел

есінде қалған Таңат бай, атағы Арқадан асып, барша қазақ даласына

кетіп, көзі тірісінде әулие атанған Тасыбай би, тірісінде аты ұранға

айналған, ерен туған Ерубай би, оның немересі жұмбақтап сөйлеп,

маңайындағы елді тәнті еткен Бегұлы болыс, Кенесарының туын

көтеріп қан майданда ерлігімен танылған Нұрабай батырлар, одан да

өзге тамаша жандар тараған.

Page 120: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

120

Бақ батыр

Бақ батыр туралы әңгімелерді Жайылмалық Шоламанов Тұрған

Жәпелұлы әкемнен, Сәрсенбекұлы Болат ағамнан, Созақтық

зерттеуші Тәбірізұлы Сүлеймен жиеннен, Жәйремдік Тәжібаев

Марат Ордашбайұлы ағамыздан және Жазушылар Одағы

төрағасының бірінші орынбасары Берік Шаханов әкемізден естіген

едім.

Әлқисса, Алдабергеннің келуімен Назар байдың шаңырағында

әлдилеген бөбектің үні шыға бастады. Көптен зарықтырып жүрген

перзенті келіп, қыз баланы маңдайынан иіскеп: «Алдабергенге серік

болсын. Жаман шақалағым қайда жүрсе аман болсын» деп Аман

қойыпты. Назар әкеміз қартайғанда кейінгі алған тоқалынан тағы бір

перзент көреді. Ұлды болады. «Перзентсіз едім, Алдабергенім келіп

шаңырағыма құт енді. Маңдайыма құдай перзент бітірді. Қызды

болдым, амандық тілеп, Аман қойып едім. Енді шау тартқан

шағымда менің жұлдызым қайта жанды, басыма бақ қонды» деп

шаттанып, Бақ қойған екен. Сөйтіп: «Дәулет келді, Аман келді,

басымызға Бақ қонды. Енді өлсем де арманым жоқ шығар» деп тілек

қылып, шат-шадыман болыпты ғой Назар бабамыз.

Десе дегендей-ақ, өңірге танымал жан болады Назар баба.

Балалары да алғыр, атын одан әрмен танытады. Алдаберген өсіп-

өнеді. Перзентті болып, атын Лаулақ (бір деректерде Даулақ абыл)

қояды. Назардың қызы Аман да бой жетіп, бір хан баласына

айттырылады.

Ал, енді Бақ болса, ерекше жауырынды, кең иықты, нардай зор

жігіт болып өседі. Оның сыртқы келбетіне қарап жеңгелері атын

тікелей атамай, тергей атап Жалпақ деп еркелете айтатын болған

дейді. Осыдан Бақ аты тікелей аталмай, Жалпақ атымен тарихта

қалады.

Бақтың апасы Аман баяғы өзін айттырған хан әулетіне

ұзатылған. Аман апасынан туған сұлтан (Өкінішке орай, әңгіме

айтушылар толық атын атай алмай, бірде Қанішер Абылай десе,

бірде Тәуке деп отырды) да хан тағына отырып, дәуірлей бастайды.

Бұл кезеңде Бақ батыр да қартайыңқырап қалады. Хан жиенінің

арқасында дегені орындалып, айтқаны болып тұрған кезі екен.

Қазақтың тарихында Салқам Жәңгір атанған хан қайтыс

болғаннан соң, оның екі баласы Уәлибақы мен Тәуке таққа

Page 121: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

121

таласады. Хан кеңесі Тәукені хан көтеріп, таққа отырғызады. Тәуке

де өзінің маңына өзі секілді жаужүрек, алған бетінен қайтпайтын,

«Сен тұр, мен атайын» дейтін қас батырларды жинаған. Сондай

жандардың бірі, Тәукенің айтулы батырларының бірі болған Бақ

батыр. Батырдың жауынан тайсалмайтын көзсіз мінезіне,

қайталанбас ерлігіне сүйсінген хан оған Сырдың бойынан қыстау,

Қаратаудың теріскейінен жайлау бөліп береді. Бұл кезеңде Тәуке

хан Тәшкенді мекен қылады екен. Тәуке өлгенннен соң Бақ батыр

Сауран жағына қарай көшіп кетеді. 1723 жылы жоңғарлар Сауранды

алғанда Бақ батыр шегінген елмен бірге Хиуа жағына өтіп кетеді.

Араға бірер жыл салып, өзінің отаны Сауранға қайтып келеді.

Тәуке ханның айтулы батыры болған Бақтың өзінің де тегін

адам еместігін, оның артында қалған ұрпақтары, оның ерлік

көрсеткен жерлері әлі күнге меңзеп тұрғандай. Қаратаудың

Суындық асуынан өткен жерінде «Бақтың бауы» деген бау бар.

Жолды жағалай үлкендігі құлаш жетпейтін қарбыздар өседі. Ішін

жарсаң еті аппақ, жесең дәмсіз, су татиды. Ал, енді басы таудан

басталып, Сауранның түбінен өтіп Сырға құятын өзенді «Бақтық

өзені» деп атайды. Осы өзеннің бойымен Бақтың көші жүрген

көрінеді. Жайлауы мен қыстауын жалғастырар жол секілді бұл өзен.

Бақ (Жалпақ) батырдың Сырдың бойын қыстап жүргенін шежіреші

қарттар мақтана айтады. Оның қарауындағы елдің бір сәт балық

аулап, маңайын тамақтандырғаны айтылады. Арал теңізінің шығыс

бетінде Жалпақ атты арал болған. Қазір теңіз тартылғандықтан

жермен теңесіп кеткен. Сол арал Бақ (Жалпақ) батырдың иелігіндегі

жерлердің бірі еді деседі.

Бақ – сарғыш реңді, үлкен денелі, жауырынды, күші мығым, ірі

батыр болған деседі. Әсіресе ат үстінде ұрысқанда қарсыласын

шыдатпайтын болған. Найза тірескенде немесе ат үстінде шоқпар

сермескенде, жауын құлатып қана қоймай, сол бір соққымен

жауының астындағы атының белін сындырып жіберер күшке де ие

болған деседі.

Құдай Баққа шынымен де бақ береді. Атағы елге ересен

жайылады. Алдына жылқы бітеді. Ішіп-жемнен таршылық көрмейді.

Несібесі мол болады. Тәукенің айтулы батырларының бірі болып,

ханның берген атағына, марапатына семіріп жүрген, әрі жиені хан

болып таққа отырғаннан соң көңіліне бір желік бітеді. Қаратаудың

етегінен алған жайлауы, Сырдың бойынан алған қыстауын

Page 122: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

122

азырқанады. Батыстағы Елек өзенінің бойынан жайлаулық жер

көреді. Арқаның жерін көктей өтіп, ұрпағына қоныс қарастырады.

Солай жүріп, егесіз жатқан Жетіқоңыр жеріне де көз тігеді. Көңілі

орнығып, осы жерді иемденсем деген де ойға келеді. Сол ойымен

ханға барып сұрап алармын деп есіп, Бетпақтың даласын кесіп,

ішпей-жемей мас болып, өзіне көңілі толып келе жатқанында Бетпақ

даланың үстінде бір жаман шалға кезігеді. Аттылыға жаяу сәлем

беретін салтпен шал келіп Бақ батырға сәлем береді. Жаман шалды

менсініңкіремей Бақ әкеміз қолының ұшын ғана беріпті. Сонда

байқап қалыпты, жаңағы жаман шалдың бас бармағы сүйексіз тек

еттен тұрған көрінеді. Жаман шал Бақтың бітіміне, ерен

батырлығына риза болып:

- Қолыңды жай, балам, бата берейін, - депті.

- Жолыңнан қалма, былай тұр, диуана, - депті Бақ әкей шалды

ұнатпай.

Екінші мәрте қайталап:

- Қолыңды жай, бата берейін, - дегенінде, менменсіген Бақ

диуананы найзасымен шаншымақ болып ұмтылғанда, найза күл-

талқан болып сынып кетіпті.

Шал үшінші мәрте сөзін қайталаған екен. Сонда да көкірегі

көкті тіреген Бақ батыр жаман диуананы елемей, қос қолын теріс

жайыпты. Сонда жаңағы шал:

- Тұқымың аз болсын! Әумин, - депті.

- Өй, мына жаман шал не дейді, - деп Бақ батыр артына

бұрылып қараса, жаңа ғана артында тұрған шал көзден ғайып

болыпты.

Сонда барып, санын бірақ соғады Бақ батыр. Сөйтсе, ол шал

Қыдыр ғалейкум салам екен. Қыдырдың батасы қабыл болып

кеткеннен бе, Бақ батырдың, Жалпақ руының тұқымдары

Дәулеткелді балаларының ішінде көп өспей қалған тұқымдардың

бірі саналады дейтін аңыз бар. Аңыздың түбі – ақиқат шындық.

Осы әңгімеде айтылғандай Тәшкенді, Түркістанды билеген Әз

Тәукенің қол астында Тама балалары да қызмет қылған. Бірі – Бақ

(Жалпақ) батыр. Бақтың - қыстау мен жайлау арасын, Сауран мен

Сырдың ортасын көш жолы қылып, мекен қылғанын көнекөз

қариялар осылайша жыр қылады. Бақ қайтыс болғаннан соң, оның

қонысына, артындағы ұрпағына қорғаныс болу мақсатында

батыстағы ағайындары келген екен. Дәулеткелді Назармен бір туған

Page 123: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

123

Бағалақтың шөпшегі, ағайынды Құлшыораз бен Барақ батырлар Бақ

батырдың қонысын жайлайды. Бұл біздің Бақ батыр жайлы әзірге

бар білеріміз.

Арада көп ұзамай, 1723 жылғы қалмақтар қазақ даласына

күтпеген жерден шабуыл жасап, қырып жібереді. Ел босып,

атақонысын тастай қашады. Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды,

Алқакөл сұлама» атымен қалғаны баршамызға мәлім жайт. Елі

босып, жері егесіз қалған Қаратаудың баурайын біраз уақытқа дейін

ешкімнің де жүрегі дауалап жайлай қоймаса керек. Бос жатқан

жерге егелік ету қажеттілігін елден бұрын түйсініп, Хиуа хандығы

құрамындағы қарақалпақ жерін жайлап жатқан, бір шеті

солтүстіктегі Қорғалжын маңында жатқан қоңырат тайпасының

жандары Қаратаудың Түркістан тұсына жайғаса бастайды. Сонда

барып, қазақтың басқа тайпа, руларының басшылары сандарын

соғып Қаратаудың теріскейіне лап қояды. Ұлы жүз бен Орта жүз

тайпаларымен қатарласып, батыста жер тапшылығын көріп жүрген

Кіші жүз тайпалары да осындағы жерлерге келіп егелік ете

бастайды.

Бәз біреулер Тама руы жандары батыстан ауып, Арқаға 18-

ғасырдың аяғы, 19-ғасырдың орта шенінде келген деседі. Біздің

білуімізше, Кіші жүз балалары одан ертерек, тіпті Қарабура

бабаларының маңайында, Қаратаудың теріскейін ертеректен қоныс

қылған. Тіптен, ел арасында «Ақтабан шұбырынды» кезіндегі

Қаратаудан көшкен, қайғының қара бұлтын жамылған зарлаған

қазақтың «Қаратаудың басынан көш келеді, көшкен сайын бір

тайлақ бос келеді» деп айтатыны, түйені күш көлігі ретінде

пайдаланған Кіші жүз руларының басынан өткен тарих деп те

айтады.

Тіпті бәзбіреулер Бұзау-Жалпақ деп аталуынан Бұзау мен

Жалпақты бір адам санайтындары бар. Екеуінің екі жан екендігін

ертеректегі қариялар білетіндіктен, олардың ұрпақтары қонысы бір

болғанымен, екі әулет болып өсіп-өніп отыр.

Бақ атамыздың ұрпақтарының шежіресін құраған белгілі тарих

зерттеушісі Шоқпар Өтеулиев атты бауырымыз деп естиміз. Ол

кісімен жолығысудың сәті түспегені біздің тараптан ұяттылау болып

тұр. Айыптымыз!

Page 124: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

124

Бұзау батыр

Тама тайпасының, жалпы Кіші жүз балаларының оңтүстік

өңірге аяқ басуын әркім әрқалай жобалайды. Тарихи деректерде де

әр қилы жазады. «Тама» кітабында: «Тама тайпасының Шағыр

руының атақты батыры Малғара - Абылай ханның маңдай алды

батырларының бірі болған. Ол 1723-1725 жылдары «Ақтабан

шұбырынды» кезінде өзінің босқан елін «Телікөл» көлінің маңына

әкеліп қоныстандырады. Малғара батыр Абылай ханның үзеңгілес

жолдасы болған себепті де, ханнан қалау сұрап, Арқадағы Қызыл

Сеңгірден Жетіқоңырға дейінгі өңірді енші етіп алады» деп жазса,

жаңаарқалық Кентай Білісұлы қария өз әңгімесінде Есет батыр мен

Арап батыр бастаған көштің «Телікөлдің» маңына келіп

орныққандығын айтады. Саудакенттік Дүйсенбаев Амангелді

Жақсылықұлы әкеміз «Елдің басы 1731 жылдан бастап ауа бастаған.

Бірақ, Сырдың бойы, Арал бойы бұрыннан кіші жүз балалары қоныс

қылған жай еді» дейді.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Жетіқоңырды жайламаққа Бақ

батыр да ниет қылады. Бақтың қонысына орнығу мақсатында батыс

өңірден Құлшыораз бен Барақ, Бұзау батырлар да келеді. Бұзау

батырдың да ерекше құрметке ие болған батыр болғандығы туралы

ел ішінде көптеген әңгімелер кездеседі.

Бұзау батыр жөніндегі әңгімені Жайылмалық әңгімеші жан

Сәрсенбекұлы Болат ағамыз шертетін.

- Бұл әңгімені Шоламанов Тұрған ағайдан естіген едім, - деп

бастады Болат ағам.

Таманың белді руларының бірі Дәулеткелдіден Дербіс, Қосым,

Қошан, Назар, Бағалақ, Сағалақ, Байеділ тарайды деп айтылады.

Осылардың үлкені Дербіс атадан Кезмерген, Қарамерген аталар

туады. Кезмергеннен Жарас, Жарастан Бұзау, Ақшал, Қақсал,

Қосбармақ, Төлеген деген аталар туады деп айтылады.

Осылардың ішіндегі Бұзау 1700 жылы дүниеге келіп, 1780

жылы дүниеден өткен көрінеді. Бұзау деген кісі өзі бай, өзі батыр

болған кісі екен. Бай болғанда ерен бай болған. Оның мыңнан аса

жылқысы болыпты. Жылқысы бір айғырдың, «Үлкенқұла»

айғырдың кіндігінен тараған тұқым екен.

Бірде Бұзаудың бір үйір жылқысы жоқ болып, жылқышылар

іздеп таба алмайды. Болмаған соң Бұзаудың өзі жоқ малды іздеуге

Page 125: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

125

шығады. Қартайған «Үлкенқұла» айғырды үйірге тастап, өзі жас, әрі

мініске төзімді «Кішіқұла» айғырды мініп шығады. Іздеген жоғы

Қаратаудың күнгейінен табылмай, теріскей бетіне өтеді. Теріскей

беттегі «Раң Ата» деген үлкен әулие тұтынған, түтін түтеткен

әулиелі мекенді жердегі қырқаға шығып, күн салып қарап

тұрғанында, жардың астындағы сайдағы суда үйездеп тұрған

жылқыны көріп қалады. «Кішіқұла» да өз үйірін танып кісінеп қоя

береді. Төмендегі биелер де жауап қайтарып кісінескенде,

«Кішіқұла» айғыр шыдамы жетпей жар басынан секіріп кетіпті.

Жардың өзі де пышақпен кесіп алғандай тіп-тік болып келеді екен.

Төменгі жақ болса-болмаса, құж-құж тастан тұрса керек. Бұзау

Аллаға жалбарынып, Ер Мұқам әулиенің атын атап сыйынып,

астындағы «Кішіқұла» айғырды атайды. Ауызын жиып үлгергенше,

Бұзаудың астындағы айғыры жерге төрт аяғымен тік түсе қалады.

Жылқыны айдап ауылға келген соң, бірер күннен кейін Бұзау

батыр «Кішіқұланы» мініп, «Үлкенқұланы» жетекке алып,

Түркістандағы Ер Мұқамға аттанады. Ер Мұқам әулие де Қожа

Ахмет Ясауи секілді 63-тен асқаннан соң «Әзіреті Сұлтанның»

қылуетіне түсіп, қалған өмірін сонда өткізген екен. Түркістанда

тұрғанына қарағанда Ер Мұқам да Ясауи жолын қуған тақуа

жандардың бірі болса керек.

Ер Мұқамға келіп:

- Жаным қысылғанда Сізге сыйынып, мына «Үлкенқұла»

айғырды атап едім, - дейді.

- Жарайды, онда, - деп Ер Мұқам әулие «Үлкенқұла» айғырды

сойып, елге құдайы бергізеді.

Құдайы тараған соң, Ер Мұқам Бұзауды оңашаға ертіп шығып:

- Сіздің атағаныңыз «Кішіқұла» айғыр еді ғой. Мініске жарамды

деп оны алып қалып, «Үлкенқұла» айғырды сойғызып жіберіпсіз, -

дейді.

- Жоқ, атағаным «Үлкенқұла» болатын, - дейді Бұзау батыр

өзінің «Кішіқұланы» қимай алып қалғанын мойындағысы келмей.

- Ендеше, шапанымды шешіп қарай қойыңыз, - деп жалаңаш

денесіне киіп жүрген желбегей ақ шапанын көтеріп, арқасына

батқан, терең түскен төрт тұяқтың ізін көрсетіпті. - Сізге зиян

келмесін деп құлап келе жатқан айғырдың тұяғының астына жалаң

арқамды тоса қойып едім. Басында қатты ауырып еді. Құдайға

Page 126: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

126

шүкір, қазір жазылып қалды. Бірақ, қышығанда шыдатпайды, - деген

екен.

Бұзау батыр қатты ұялады. Өз қателігін түсініп, Ер Мұқамға

басын иіп, астындағы «Кішіқұла» айғырды беріп кеткен екен дейді.

Кейін жасы келіп, өз ажалынан өлген Бұзау батырды Абылай хан

ерекше құрметтеп Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет Ясауи

кесенесінің қасындағы зиратқа жерлеткен деген әңгіме бар, - деп

Болат ағам әңгімесін аяқтады.

Сүлеймен Тәбірізұлы да осы әңгімені біздің Бөкең ағайдан

жазып алып кеткен еді. Ол әңгіме кейін П.Дүйсенбиннің «Үркердей

болып көшкен жұрт» жинағы енді. Осы Сүлеймен Тәбірізұлы өзінің

«Созақ әңірі» кітабында: «Созақ ауданы жерінде орналасқан «Раң

Ата» деген ауылға кешегі кеңес заманында «Қызыл байрақ» атанып,

қазір өзінің тарихи атауы қайтарылып берілді. Раң Ата деген

мұсылман дінін таратушы Арабтың сахабасы екен» деп түсінік

береді.

Сонымен қатар, 1974 жылы археологтар осындағы Шыбықсай

деген жерде 15-17 ғасырларда Раң атты қала болғанын зерттеп,

дәлелдеген де...

Бұзау атымен Дәулеткелді руының бір тармағы аталады.

Бұзаудан әйгілі Сүгір күйші, Жаппас Қаламбаев сынды қобызшы,

күйші-композиторлар шыққан. Дәулескер күйші Ергентай

Борсабайұлы, осы кісінің баласы белгілі кәсіпкер Сыздық Борсабаев

(Қарабура кесенесі басындағы бураның мүсінін жасатқан осы кісі),

белгілі шаруашылық қайраткері Колхоз Сағындықов, Тоқабай

Ерімбетұлы, «Музарт» тобының әншісі Кенжебек секілді жандар

бар.

Бұзау батыр жөнінде де бар білеріміз осымен тәмам.

Ал, енді Бұзау батыр бұл өңірге қай уақытта келген дегенге

келсек, Бұзау батыр - Бақ, Барақ батырлардың ізін ала келеді деп

айтылады. Кім білсін, тарихын шерткен біздің ел осылай деп айтады.

Бұдан біреулер қате пікір түйіп, «Тамалар біздің оңтүстікті өзіне

иемденіп кетпек пе» деген жалған намысқа бүйірлерін қыздыруы

мүкін ғой. Ол заманда да рулардың, жүздердің қалауымен жердің

қайта бөліске түспейтіндігі әрбір көзі ашық, көкірегі ояу жанға

түсінікті болғандықтан, ел арасындағы тарихи әңгімелерді ғана

тірілтіп отырған жайымыз бар.

Page 127: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

127

«Қазақ қай бір сүтті қызын берсін» демекші, егерде сол жерден

айырылмай жергілікті рулар, тайпалар мен ұлыстар орнығып,

қасарысып отырған болса, ондай жер үлестіру жағдайы орын алмас

та еді. Елі босып, құдығы ашып кеткен, үрейге толы енсіз даланы

жайлап отыру ол заманның көзқарасымен қарасаң оңай болмағанға

ұқсайды. Бос жатқан жерге, оның үстіне кешегі Қарабура бабалары

мекен еткен, жамбасы жерге тиген әулиелі жерді Тамалардың өз

атақонысы емес деп кім айтсын?! Қаратаудың теріскейі Тама елі

үшін бұрыннан да өгей жерге саналмаған еді ғой. Еншісі бөлінбеген

қазақпыз. Жер – құдайдіке. Ендеше, ол жерді елдің егесі - қай елдің

адамы отырады, қай батыр елге пана болады, қай шешен елге тұтқа

болды - соның, шаруаның ыңғайына қарай қайта бөліп, ішкі көші-

қонды реттеп отыруы да заңдылық болып табылады. Сондықтан,

Әбілмәмбеттің де, Әбілқайыр, Абылайдың да Кіші жүз балаларына

бүйрегі бұрғандықтан емес, осылай ету арқылы олардың еңбегін

мойындау, оның үстіне қазақты бір-біріне бауырластырып,

жақындата түсу үшін жасалған қадам деп түсінген абзал.

Page 128: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

128

Байболат батыр

Назар атамыздан Алдаберген, Бақ және тағы да басқа үш ұл,

барлығы бес ұл дүниеге келеді. Алдабергеннен Лаулақ (кейбір

деректерде Даулақ, Даулақ абыл деп атайды). Лаулақтың ұлы

Байболат 1660-1670 жылдар аралығында дүниеге келген болуы

керек деген жобалауды атадық. Байболаттың ел алдына шыққан

батыр, топ жарған шешен болғандығынан біршама ел арасындағы

әңгімеден сыр тартатын деректер кездесетіні рас.

Созақтық әкеміз Өтегенов Дәртай Әлтайұлының «Ағаң болса

алдыңда» атты кітабында: «Қарымбай қария айтады:

- Ұлы бабам Байболаттан төрт ұл, төрт қыз болған екен.

Ұлдары: Айдос, Жандос, Таңат және кішісі Баян. Қыздары: Бибі-

Ғайша, Күлшім, Сұлушаш және Ардақ. Әрине, қыздары басқа

жұртқа тұрмысқа шығады. Байболаттың төрт баласы төрт ауыл

болып, өсіп-өнді. Төртеудің ең кішісі – Баян, менің үлкен атам...»

деп әңгіменің тиегін ағытқанын жазады.

Саудакенттік шежіреші әкеміз Сәтиұлы Жағдай әкеміздің

«Әкеден тағылым» атты кітабында: «Байболаттан бес ұл: Таңат,

Баян, Айдос, Жандос, Қазыбай туады. Қазыбай атамыз Байболаттың

екінші әйелінен туады. Ару бәйбіше: «Әй, жаман! Саған бала қайда»

деп жаңа туған баланы өз бауырына салып, суалып кеткен емшегін

берсе сүт шыққан екен дейді. Ару шешеміз: «Мына бала тегін емес»

деп өзінің төрт баласын (Таңат, Баян, Айдос, Жандос) шақырып:

«Ертең мен өлгенде түйемнің басын осы Қазыбай жетелесін. Егер

мұны істемесеңдер, ақ сүтімді кешпеймін» депті.

Саудакенттік Сейтмағанбет Уәлиев ағамыз өз естелігінде:

«Байболаттың үлкен әйелінің есімін ел құрметтеп атамайды екен.

Ерекше сұлулығы, ибалылығы, тәтті сөйлейтін жан болғандықтан

Ару бәйбіше атап кеткен екен. Осы кісі елдің анасы атанған

жасында тоқалдан туған Қазыбайды өз бауырына салып, аналық

қамқорлығын көрсеткен жан екен. Бауырына салып, емірене

иіскегенде суалған кәрі емшегі иіп, қарт ананың емшегінен сүт

шығады. Сол сүтімен Қазыбайды асырап, баланы өз балаларынан

кем қылмай өсіреді. Кейін Байболат қартайып қайтыс болғанында

Қазыбай кенже бала болғандықтан әкесінің сүйегі артылған түйені

жетектеген екен дейді. Содан Қазыбай ұрпақтары Байболаттың қара

шаңырағы болып есептеледі» дейді.

Page 129: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

129

Байболат әкеміздің әруақты жан болғандығын, ол кісінің

атымен бір рулы елдің аты аталуынан да байқауға болады.

Байболаттан тараған ұрпақтары жалпы айтқанда Дәулеткелді еліміз

деп айтады да, өзара бас қосқанда Байболат атаның баласымыз деп

мақтаныш қылып отырады.

Байболат атаның ұрпақтары өсіп-өнген әулет болғандықтан,

ұрпақтары неге бұлайша жіктеді демесін, білгенімше атап өтейін.

Үлкен ұлы қайырымдылығымен ел есінде қалған, байлығы

тасыған Таңат Байболатұлы; оның ұрпақтарынан – Жайылма

ауылдық кеңесінің алғашқы төрағасы Жақсылық Бөлебайұлы;

Сарысу аудандық мұражайдың іргетасын қалаушы, ұзақ жылдар

аудандық газеттің редакторы болған, журналист Төкен Мақашұлы;

республикаға белгілі әнші Сәуле Жанпейісованы атауға болады.

Батыр Баян Байболатұлы ұрпақтарынан: Шортанбай би

Баянұлы; Тасыбай әулие Баянұлы; Ерубай би Жолдыбайұлы; Көлбай

би Жолдыбайұлы; Нұрабай батыр Тасыбайұлы; Көшек батыр

Ерубайұлы; Бектібай би Тұрсынбайұлы; Байсақал әжі Ерубайұлы;

болыс, Бегұлы отағасы Көшекұлы; ел қариясы атанған Бекет

Тырнақбайұлы; Қазақ революционерлерінің бірі, Түркістан АССР

басшылығнда қызмет атқарған Бабыр Тырнақбайұлы; Сарысу

ауданының алғашқы басшыларының бірі Ажақай Сембіұлы; кен

зергері Бекмағанбет Солтанғазыұлы; теміржол ардагері Бәдір

Мұсаев; халықаралық «Алаш» сыйлығының тұңғыш лауреаты,

жазушы Берік Шаханов; қазақтың маңдай алды опера әншісі

Амангелді Сембин; әділет генералы, Қазақстан Республикасы Бас

прокурорының орынбасары қызметінде ұзақ жылдар қызмет

атқарған белгілі заңгер Болат Сембин; қазақтың өр ақыны

Тынышбай Рахым; Созақтық белгілі шаруашылық басшысы

Тілеубай Әділұлы; шежіреші Қанат қажы Бесбайұлы; ғалым Жанат

қажы Бесбайұлы; Леңгір ауданын ұзақ жылдар басқарған Қунақов

Кәрсенбай; Сарысу аудандық мәслихатының хатшысы Болатбек

Дондаұлы; Қаражал қалалық мәслихатының депутаты Нұрғали

Өмірбеков.

Айдос Байболатұлы ұрпақтарынан – Торғауыт бай Орманұлы;

Тұрғанбай бай Торғауытұлы; Ахмет әжі Көпжасарұлы; шежіреші,

шайыр Жүнісбек Төребайұлы; Қазақ КСР Еңбек резервтері министрі

болған Ерденбай Тұрғанбаев; Сарысу аудандық білім бөлімінің

бастығы, Сарысу аудандық мәслихатының хатшысы қызметтерін

Page 130: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

130

ұзақ жылдар атқарған Мейрамбек Есмаханов; аудандық әскери

комиссариат басшысы болған Есмаханов Серік Ағайдарұлы;

аудандық метеостанция басшысы Есмаханов Нұржан Жанайдарұлы;

Жаңатас қаласының әкімі, облыстық әкім аппаратында қызмет еткен

Есмаханов Бауыржан Мейрамбекұлы.

Жандос Байболатұлы ұрпақтарынан – Тілеміс әжі Танаұлы;

Құттық әжі Танаұлы; Сүттікбай әжі Танаұлы; белгілі журналист

Шөжеұлы Сыздық; атақты оташы Ибаділда Тілемісұлы.

Қазыбай Байболатұлы ұрпақтарынан – Таған бай Қазыбайұлы;

Жиенбай бай Тағанұлы; ұста Сәти Тоқтамысұлы; Ұлы Отан

соғысының ардагері, Батыр әкеміз Арыстан Сәтиұлы; белгілі зергер,

шежіреші, ұста Жағдай Сәтиұлы; ұзақ жылдар Сарысу аудандық

ішкі істер бөлімін басқарған Орақ Сәтмаханов; Сарысу аудандық

жер ресурстары бөлімінің басшысы Сейтмағанбет Уәлиев.

Page 131: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

131

Page 132: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

132

Бағалақ

Таманың белді руларының бірі Дәулеткелдіден Дербіс, Қосым,

Қошан, Назар, Бағалақ, Сағалақ, Байеділ тарайды деп айтылады.

Біздің бір атамыздың аты Бағалақ. Бағалақ Дәулеткелдінің кенже

баласы дейтін-ді ертеректе.

Бағалақ деген сөздің мағынасы туралы екі бірдей түсінік

беріледі. Өзбекстан жеріндегі қазақтар арасында «бағалақ» деп қол

диірменнің үстіңгі тасына кигізілетін ағаш тұтқаны айтса, Ақтөбе

облысының Ырғыз ауданында қол диірменнің астыңғы тасының

ортасындағы өзектік ағашты айтады. Қалай болғанда да «бағалақ» –

қол диірменнің ағаш сабы деген мағынан білдіріп тұрғанын

байқаймыз. Диірменге күш беретін ағаш.

Үзікенұлы Көшен ағамыз бірде отырып:

«Шешем Жоламанқызы Шекер ескіде болған айтыстарды,

болған уақиғаларды есіне түсіріп, айтып отырғанды ұнатушы еді.

Осы ауылдың бір ақыны айтыста:

- Қарағай, Есен, Барақпын, Бес ата болып тараппын, - деп өзін

таныстырып еді дейтін.

Сол ақынның кім екені есімде қалмапты. Менің ойымша, ол

ақынның бес ата деп отырғаны - Бағалақтан тараған ұрпақтар:

Құлшыораз, Барақ, Сыбақ, Есен, Қарағай болар деп топшылаймын»,

- деген еді.

Page 133: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

133

Сыбақ пен Жанақ

Бағалақтан тараған бес ата туралы шежіреші Қуандықұлы

Төлежан атамыз: «Дәулеткелдіден Бағалақ болып туамыз.

Бағалақтан Домбауыл мен Оймауыт туады. Домбауылдан ұрпақ

тарамаған. Оймауыттан Тоқсанбай, Тоқтамыс, Тоқтыбай туады.

Тоқтыбайдан Сыбақ пен Жанақ туған. Жанақтан Есен мен Қарағай

деген аталар тарайды. Сыбақ деген атының ұрпақтары інісі

Жанақтың ұрпақтарымен еншілес, солардың қарауында қалған. Ал,

Тоқсанбайдан Бигелді, Бигелдіден Құлшыораз, Барақ батырлар

туған» деп отыратын.

Ал, шежіреші Бекмағанбет Тәлкенұлы өз зерттеу еңбегінде

Жанақтан Жарғауыт, Торғауыт атты балалардың да болғанын

айтады.

Ел аузындағы әңгімелерден ұққанымыздай, Тоқсанбай да,

Тоқтыбай да әділдікті ту етіп ұстаған жандардың қатарында болады.

Тоқсанбай кең пейілді жан болады. Бармын, жоқпын демей өзін

көңілді ұстаған, барынша қонақжай жан болса керек. Тоқтыбай қолы

майлы, жоқтан бар жасай білетін, мырза қолды жан болған деседі.

Тоқтыбайдың осындай пейіліне қарай бәйбішесі Дуадақ та тура

сондай жан болады. Дуадақ Ана сонымен бірге аса дуалы ауызды

кісі болған екен. Бір сапардан келгеннен соң Тоқтыбай атамыз

табысынан екі ұлына үлес береді, «Қанша өмірім қалды дейсің» деп

еншісін бөліп екі ұлын екі отау етеді. Үлесті үшке бөліп, біреуін

өзіне деп, қалған екі үлесті Сыбақ пен Жанаққа деп атайды. Өзіне

тиген үлесті кіші баласы Жанақтың қарауына тастайды. Үлкен үйде

өзі емес Жанақтың қалатындығын байқап, әрі еншінің екіге емес

үшке бөлінген нобайына қарап, бұл бөліске риза болмай Сыбақ

әкесіне:

- Жасым үлкен, оның үстіне бөлек отан қылып бөлгелі отырсыз.

Екі ұлыңыз екі түтін болды. Үлесті екіге бөліңіз. Жарты еншім

қалып барады, - деп наразылық білдіріпті.

Тоқтыбай өзіне келер қонағын, бұл жалғанның төрінен көрі

жуық екендігін айтады.

- Алланың берген жасын жасармын. Дегенде өзімді жөнелтер

малды - өз еншім деп алып қалдым, - дегенді қоса айтады.

Әкесінің айтқанына илана қоймай, еншімді толық бермеді деген

ойда ғана болған Сыбақ өзінің Жанақтан үлкендігін айтып, еншіні

Page 134: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

134

екіге бөлуді қайта қозғайды. Әкесі баласына ренжіп, орнынан тұрып

жүріп кетеді. Бағанадан бері бақылап, баласының әкесінің шешіміне

наразы болып, боқ дүние үшін бетіне келгеніне назалы болып

отырған Дуадақ Ана Сыбақтан:

- «Адамның көңілі – алланың мүлкі» деген. Төрінен көрі жуық

әкеңнің жарым көңілін еш етпей кешірім сұрап, ағаттығың үшін

аяғына жығыл, - деп талап етеді.

Қалайда өз ісінің дұрыс екендігін алға тартып, кешірім сұрауға

көне қоймай, орнынан қозғалмай отырып қалған Сыбаққа қарап

ренжіген Дуадақ Ана:

- Жасың үлкен болса да, жолың үлкен болмайтын бала екенсің, -

деген екен дейді.

Осы уақиғадан соң ұзамай Сыбақ о дүниелік болып кетеді.

Артында Сәдібек деген ұлы қалады, қара жамылған әйелі қалады.

Сыбақ қайтыс болған соң, оның әйелі бір қыр астында отырған

немере қайнысы Барақ батыр ауылына келіп қызмет қылып жүреді.

Күнделікті жұмысын аяқтап, ауылына оралып отырған. Қайыны

Жанақ егелік ете қоймағанға ұқсайды. Осылай жүріп 100 күндік

иданы артқа салып, бірін-бірі түсініскен Барақ пен Сыбақтың жесірі

тіл табысып ұғынысады. Барақ атамыз әмеңгерлік жолымен

қосылып, жеңгесіне аяқ салады. Шариғат жолымен қосылады.

Арада жыл өткен соң шешеміз ұл туып, балаға Қойлыбай деп ат

қояды. Осы Қойлыбайды жеңгелері Жүзжасар атап кеткен екен. Ал,

Сыбақтан туған Сәдібек ағасы Жанақтың қолында қалып, Жанақтың

ұлдары Есен мен Қарағаймен бірге өседі. Сәдібектен тараған

ұрпақтар Есен-Қарағай баласы аталып жүр.

Шешелері бір болғандықтан да Сыбақ баласы Сәдібек пен

Барақтан туған Қойлыбай-Жүзжасар да бірге туған ағайынды

жандар. Аралары суып кетпесін деп екі баланы жастайынан қатар

өсірген бабаларымыз соншалықты кең де көреген болған екен.

Шешесі бір, нағашысы бір балалар ғой. Ерден кетсе де елден

кетпесін деген қағиданы ұстанып, әкесі бөлек, шешесі бір балаларды

да бірінен-бірі алыстатсақ, сыртқа тепсек, сырт ел болып кетеді,

арамыз суиды деп өздеріне икемдеп, теліп отырғаны қандай жөн

болған.

Бұл әңгімені бір кездері ауылдың құймақұлақ, көнекөзді

қариялары айтып отыратын еді деседі. Бұл әңгіме анық, қанық

Page 135: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

135

әңгіме. Жүзжасар мен Қойлыбай - бір адам деген әңгіме де қисынға

келеді.

Жоғарыдай айтқанымыздай, Бағалақтан Домбауыл мен

Оймауыт туады. Домбауылдан ұрпақ тарамаған. Оймауыттан

Тоқсанбай, Тоқтамыс, Тоқтыбай туады. Тоқтыбайдан Сыбақ пен

Жанақ туған. Жанақтан Есен мен Қарағай деген аталар тарайды.

Жанақтың балалары Есен мен Қарағай мыңғырған жылқы біткен бай

болады.

Есен мен Қарағайдың аттары ерекше шыққаны соншалықты

әкелерінің атымен емес, рудың аты ағайынды екі жігіттің атымен

Есен-Қарағай атанады.

Саудакенттік әңгімеші әкеміз Дүйсенбаев Амангелді былай деп

шертеді: «Ордың бойынан көшерде Дәулеткелді жұрты біртіндеп

жылжыған уақта, Жанақтың екі баласы Есен мен Қарағай артта

қалып кетіпті. Есені дәулетті кісі болған, Қарағайы батыр болған,

Есендей болмағанымен өзіне лайықты шаруашылығы болған.

Көшетін уақытты белгілеп, пәлен уақытта жылжимыз, пәлен жерде

кездесеміз десіп әрқайсысы өз ауылына кетеді. Уағдаласқан күні

Қарағай ауылын көтеріп көшті Сырдың бойына бұрады. Бір-екі күн

өтеді жолға шыққанына. Артынан ұзамай қуып жетіп, қосылатын

ағасы Есеннен хабар жоқ, ошар жоқ. Қарағайдан маза кетеді.

Орыстар келгелі соларға арқа сүйеген башқұрттар қазақ ауылдарына

шабуыл жасап, жылқысын айдап кетіп, адамын шығын қылып

жатқан жайы бар болатын. Оңаша шыққан қыз-қырқыны болса,

оларды алып кетіп, күңдікке сатып, әйелдікке алып, есіріп тұрған

кезі екен. Оңаша бас көтерер адамы жоқ ауылды майқандап кетіп

жатады екен. «Ойпырмай, ағам ауылы оңаша қалып кетіп,

башқұрттар шауып кетті ме екен. Бүгінге дейін келісілген орынға

жетсе керек еді ғой» деп Қарағай көшті тоқтатып, кездесер

орынында Есенді бір күн күтіп жатады.

Арттан шығар шаң болмады, қыбыр көрінбеді. Қарай-қарай көз

талды, жасаурады. «Сендер мені осында күтіп жата тұрыңдар. Мен

барайын Есенге. Бірдеңе болды-ау, әйтпесе, келер сәті болды ғой»

деп Қарағай артқа қарай тартып кетеді. Келсе, ағасы Есеннің ауылы

мамыражай отыр дейді. Қозысы жамырап, жылқысы желіде тұр

жайбарақат. Көштің қамы байқалмайтын сыңайлы. Адамы да, малы

да жаймашуақ. «Е, мына ағам мені алдаған екен ғой. Қарағайдың

Page 136: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

136

малы менің жерімді тарылтпай, көшсе осы көшіп кетсін деген екен

ғой. Башқұрт шауып кеткенде неғылатын еді» деп ашуға булығады.

Төбенің басында кешкі әңгімесін айтып, шаруасын бағдарлап

ауыл адамдары тұр дейді. Оларға бұрылмай, ағасының үйіне тік

салады. Он екі қанат ордасы анадайдан айқайлап көрінеді, әсемдігі

көз тартады, аппақ шаңқай үй. Есеннің Қыдыр, Сүгір деген жігіт

болып қалған балалары бар екен. «Ақыры ермейсің, бауырыңа

сенбейсің. Башқұрт шауып кеткенше, өзім шауып кетейін» деп

қылышын суырып алып, үйдің маңдайшасындағы күлдіреуіш

уықтарды кесе-месе салып өтіпті. Үй ішінен «Ойбай, аттан, аттан!»

деген дауыс шығып қалады. «Ойбай, бұл қай әкеңнің...» деп

айқайлаған дауыстары да естіледі. Қыдыр мен Сүгір жүгіре шықса

алдарында теріс айналып ағалары Қарағай кетіп барады екен.

Қарағайдың бір қасиеті жаугершілікте де, басқа уақытта да артына

бұрылып бір қарамай, тек алдына қарап кете береді екен. Екі бала

ағаларын таниды. Төбе басында Есен бастаған ауыл қариялары олар

да байқастап тұр. Олар да «Ойпырмай, батыр тегін келмеді ғой.

Бүлдіретін болды ғой» деп отырған ғой. Үлкен бала Қыдыр тұрып

қалады. Кіші бала Сүгір босағада сүйеулі тұрған бақанды ала-мала

батырдың артынан ұмтылды дейді. Қарағайдың артына

бұрылмағаны оң болған екен, бұрылған болса бақан ұстап ұмтылған

інісінің басын шауып кетер еді. Сол уақытта төбенің басында тұрған

әкесі Есен басын шайқап, бармағын шайнап: «Ананы тоқтатыңдар.

Менен бір қателік болған екен» деп жер шұқып отырып қалған екен.

Отырып-отырып: «Сүгірімнің арты дұрыс болмайтын болды

ғой, тұқым аз болатын болды» деген екен. Сол айтқандай Сүгірден

тұқым аз тараған. «Қарағай менің босағамды шапса, ырысым

тасысын дегені ғой. Шаңырағымды ортаға түсірсе, онда жаулығы

болар еді» депті дейді Есен сонда тұрып.

Есен дереу ауылын жинақтап, үйлерді жығып, інісінің артынан

жөнейді. Сөйтіп алдағы көшті қуып жетіп, ағайынды екі жігіт Сыр

бойына келіп тоқтаған екен деп Еркінбектің әкесі Дүйсенбайұлы

Назарбай жақсы айтушы еді» дейді.

Ал, жайылмалық Үзікенұлы Көшен ағай айтады:

«Есен-Қарағайда Аманбаев Рақымжан деген қария болды ғой.

Ол кісіні өзің де көрдің ғой. Сол кісі соғыстан кейінгі қираған

қалаларды қалпына келтіруге қатысып қайтқаны бар. Сөйтіп, 1948

жылы ма екен, сол жақтан кері қайтады. Ресейден Қазақстанның

Page 137: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

137

жеріне енген аумақта ма екен, бір темір жол бекетінен тоқтап су

алады. Жағалап су сатып жүрген балалардан «Бұл қай станция?» деп

сұрағанда, бала айқайлап «Есен-Қарағай станциясы» деген екен.

Сонда Рекең пойыздан түсіп қалғысы келіп, менің осындағы

туысқандарым ба екен деп, солармен жолығып таныссам ба екен деп

бір ойланады. Пойыздан түссе ауылды тауып бару жолын

таппаймын-ау деп ойланып тұрғанда пойыз жүріп кетеді. Сонымен

кейіннен «Бекер түсіп қалмадым-ау. Түсіп қалғанда бауырлармен

табысатын едік-ау» деп армандайтын еді» деп.

Аңыздың түбі – ақиқат. Сұрастырып байқасам, ол атпен станция

таба алмадым. Бәлкім, ол станцияның атауы да өзгеріп кеткен

болар? Кім білсін, сауал көп, жауап әзірге жоқ. Оның үстіне

Орынборды Қазақ АКСР-інен алып Ресейге қосқанда, бірқатар қазақ

жері Ресей құрамына еніп кеткен. Бәлкім, ол станция да сол елдің

аумағында жатқан шығар.

Есен мен Қарағайлармен еншілес болып Сыбақтың баласы

Сәдібек те өседі. Енді, Есен-Қарағайдан тараған ұрпақтар ішінде –

Тойлыбай батыр Сәдібайұлы; Күйкентай әжі Тілеуқабылұлы;

Ыдықбай бай Түлкібайұлы; Табылды батыр Өтеғұлұлы; Шошан

батыр Өтеғұлұлы; Хасан бай Дүтбайұлы; Социалистік Еңбек Ері

Сағындық Кенжебайұлы; ел ағасы атанған Назарбай Дүйсенбайұлы;

шертпе күйдің шешені Сүгір Әліұлының досы, қобызшы Сәтен

Таңсықбайұлы; танкист, Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеу

Есмағанбетұлы; Ұлы Отан соғысының ардагері, Жаңатас қаласының

бір көшесінің атын иеленген Құрақбай Шағырұлы; Сарысу аудандық

газетін ұзақ жылдар басқарған танымал журналист Еркінбек

Дүйсенбаев; Сарысу аудандық радиосының басшысы Амангелді

Дүйсенбаев; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған

Бұқарбаева Шолпан; Сарысу аудандық ветеринария бөлімінің

басшысы Ақылбек Оспанов; белгілі журналист, «Шалқар» радиосы

бас редакторының орынбасары, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының

лауреаты Болатбек Төлепбергеновтерді ерекше атар едік.

Page 138: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

138

Құлшыораз батыр

Бақ, Бұзау батырлардың артын ала Құлшыораз батырдың да

даңқы шыға бастайды. Құлшыораз батыр (жобамен 1685-90 жж.

туған) туралы Қуандықұлы Төлежан атамыздан алғаш естіген едім.

Одан соң Шоламанов Тұрған әкеміз, Дүйсенбек Нәдуұлы, Ысқақұлы

Құдайберген әкелеріміз бен Үзікенұлы Көшен ағамыздан естідік бұл

әңгімені.

- Атыңнан айналайын, жұғысқан жері құт болған, барша

Таманың атын аспанға асқақтатқан Дәулеткелді руының бір атасын,

біздің шыққан тегімізді Бағалақ деп атайды. Бағалақтан Домбауыл

мен Оймауыт туады. Домбауылдан ұрпақ тарамаған. Оймауыттан

Тоқсанбай, Тоқтамыс, Тоқтыбай туады. Тоқтыбайдан Сыбақ пен

Жанақ туған. Жанақтан Есен мен Қарағай деген аталар тарайды.

Тоқтамыстан ұрпақ жоқ. Ал, Тоқсанбайдан Бигелді ата туады.

Бигелдіден екі ұл - екі батыр туған. Үлкені – Құлшыораз да, кішісі –

Барақ батыр. Кешегі уақытта, аз ғана Бағалақ балалары жырылып

бөлшектеніп кетпесін, қалың Орта жүздің, Ұлы жүздің ортасында

жұтылып кетпесін деген оймен Сыбақтың, Құлшыораз батырдың

аттары аталмай, олардың ұрпақтары өздерін ағайындарының

құрамында аталды. Сыбақ балалары Есен-Қарағай құрамында жүрсе,

Құлшыораз балалары Барақ баласы атанып келді. Кешегі

үлкендердің айтып кеткен әңгімесі төмендегідей, - деп бастайтын

Төлежан атам.

- Бұрынғының қариялары «Құлшыораз бен Барақ бірге туып,

бірге жүрген бауырмал жандар еді» деп әңгіме қылушы еді, - деп

бастайтын Тұрған атам.

- Шешем Жоламанқызы Шекер тамаша әңгімеші жан еді. Ол

кісі бұл әңгіменің майын тамыза айтушы еді, - деп бастайды Көшен

ағам.

- Әкем Бүркітбайұлы Ысқақ бала кезімде айтып отыратын

әңгіме еді, - деп бастайтын Құдайберген әкеміз.

Осы кісілер шертетін әңгімелердің басын қоса айтсақ:

Бұл уақытта біздің ел Сырдың бойын қыстап, Електің бойын

жайлап жүріп жатады. Құлшыораз батыр жаугершілікке көп жүрген,

жорыққа жаны кіре ұмтылатын, күші тасып, оң иығын беріп тұрған,

қай жағынан алғанда батырлығы асқан қаһарлы адам болған екен.

Бір жорыққа, я болмаса жортуылға кеткенде, «Артымдағы ел не

Page 139: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

139

болды» деп аса уайымға салына қоймайтын кісі екен. Бір дос-

жараны, яки тамыр-танысы келіп:

- Бізбен бірге жорыққа жүр, - десе ешқандай тартынбай,

«Керқасқа» атына мініп қару-жарағын асынып, «Айт, шу!» деп

артына қарайламай жөнеліп кете беретін болған дейді.

Ауылды, әйел, бала-шағасын інісі Бараққа табыстап бір

кеткенде мол кетіп, айлап, апталап жүре беретін болған. Жорықтан

келгенінде мол тарту-таралғымен оралатын болған. Отбасына,

шаруашылығына қарап қалғаны үшін маңайындағы елге де, інісі

Бараққа да алған олжасынан үлес беріп отырған. Сондай бір

жорықтан келгенінде Барақ інісінен де ағасына сауал болған ғой:

- Айналайын, құлдығың болайын, аға. Батырлығыңа, жау

жүректігіңе дауым жоқ, таласым жоқ. Кім батырсың десе, соның

батыры болмай, ағайын-туыстың батыры болшы. Осындағы елге

қорған болып, айбаты болшы. Елдің сөзінен қорықшы. Үйіңе еге

болып, бір тұрақтасаңшы, - деген ғой.

Оған да сәтінде «мақұл» деп қалатын Құлшыораз:

- Мұсылман баласы болғаннан соң, бір құдайдан ғана

қорқамын. Басқа ешкімнен қорықа қоймаспын, - деп кезекті

шақырту келсе бойын тіктеп, атына мініп, қаруын асынып кете

баратын болған екен.

Аса көп ашуланбайтын, көп сөз айтпайтын, айтса айтқанынан

кері қайтпайтын ағасының мінезіне қанық Барақ жорыққа кеткен

жаужүрек ағасының тілеуін тілеп, ауылдағы шаруаны жайғап қала

береді. Сол кеткеннен Құлшыораз батыр мол кетіп, араға бес-алты

айды салып бірақ оралады. Өзі кеткенде әйелі жерік екен. Араға

жарым жыл салып бірақ келеді. Әйелі туар қалде отырады. Сол күні

үйде кім білсін, не ұрыс болғанын, батыр бір уақытта ашуланып

шығып, қайтадан шекпенін киіп, кісесін тағынған екен.

Сыртқа шыға белдеудегі атқа секіріп мініп:

- Қайыр-қош, аман болыңдар, - деп батысты бетке алып

астындағы «Керқасқа» атымен ауылдан борбайлата шауып

шығыпты.

Күн кешке айналып қалған уақыт еді дейді. Ағасының мінез-

құлқын жақсы білетін Барақ батыр сол маңда жүрген жігіттерге:

- Ағамның із-өкшесін байқаңдар, - деген екен.

Түн болған. Таң ата Құлшыораз батырдың із-өкшесіне түсіп

қараса, сол бетінше бір-екі қырдан асып барған екен. Астындағы

Page 140: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

140

«Керқасқаның» бауыздап тастап кетіпті. Осыны жігіттер ауылға

келіп айтқанда Барақ:

- Ойпырмай, ашуы неткен қатты еді. Алысқа бет алғанға

ұқсайды. Жайықтағы ағайындарға аман-есен жетер ме екен.

Артынан еріп, қарап жүріңдер, жолда өзін-өзі жазым қылмасын, -

дейді.

Артынан аңдып, алыстан ілесіп отырған жігіттер Құлшыораз

батырдың жалғыздан-жалғыз, жаяу-жалпылап жол тартқанын

байқайды. Сонда артынан ерген екі жігіт оның жүреді-ау деген

жолдарын бағдарлап, әр жерге азық-түлікке жарар тамақтар мен

сусын тастап отырған көрінеді. Соны талғажу етіп, Құлшыораз Еділ-

Жайық бойындағы ағайындарға барып, аман-есен қосылды деп араға

бір ай салып қайтып келеді. Құлшыораз сол кеткеннен мол кетіп,

ауылға қайтып із салмай кеткен екен дейді атамыз.

Сыр бойынан екіге айрылған дейді кейбір білеміз дейтін жандар

әңгімеге түзету енгізіп отырып.

Ал, Дүйсенбек Нәдуұлы әкеміз: «Құлшыораз батыр жорыққа

кеткеннен кері оралмаған. Барған жерінде үйленіп, сонда орнығып

қалып кеткен» дейді. Бұл әңгімеде қисынды. Батыр, жанын

шүберекке түйіп, ел қамы үшін ат үстінде жүрген адамның көңілі

түскен адамымен тұрақтап батыс өңірде қалғаны да ақиқатқа келеді.

Құлшыораздың Сыр бойында қалған әйелі көп ұзамай дүниеге

ұл әкеледі. Денесін қал басып кеткен, нышаналы бала болыпты.

Атын Бердене қойып, ағасы Барақ өз бауырына салады. Еш нәрсені

білдірмей, алақанына салып аялап өсіреді. Жеңгелерінің қойған аты

– Қалдыбай, Қалдыахмет болыпты.

Елге Барақтың баласы деп танылып, солай дүниеден өтеді.

Кейін өсе келе, барлық оқиғаны естіген соң, әкесінің Құлшыораз

батыр екендігін білген, ештеңеден қағажу көрсетпей бағып-қағып

өсірген ағасы Барақтың қамқорлығына риза болып:

- Алла алдында да, адам алдында да, мен Барақтың баласымын,

- деген екен деп шежіреші ақсақалымыз Ыбырайұлы Өмірбек айтып

отырады екен.

Бердене осылай Барақтың баласы болып аталып келеді. Осыған

қарап, маңайындағы бауырларының балаларын бауырына тартып өз

балам деп бағып-қағып өсірген Барақ бабамыздың ағайынға қамқор,

еліне пана болар тұлға екендігі сөзсіз. Біздің Барақ бабамыздың кең

болған, ескіліктің жолын ұстап жесірін жалтақтатпай, жетімін

Page 141: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

141

жылатпаған қас азаматтың өзі болған. Бұл әңгімені кейінгіге

тағылым болсын, өткеннен салауат болсын деп, бұрынғыдан қалған

сабақты әңгіме ретінде жазып отырғанымды мойындайын.

Ертеректегі шалдар әңгіме қылғанда «Құлшыораз батыр» атты

жыр болған деседі екен. Ол жырда «Құлшыораз деген батырмын,

қалмақ деген қатынның, басын жұтып жатырмын, азайтып кәуір-

кәкірді» деген жолдар ғана есте қалған. Басқа жолдары бұл күндері

ұмыт болған. Кім білсін, сырттағы ағайындар арасында бұл жырдың

толық нұсқасы да болуы. Ол күндерге де алла сәтін салса жетерміз

деген үміттемін.

Рас, кейіннен Құлшыораз батырдың ұрпақтарынан бір хабар

болған деген сыбыс бар. Ауылда Ырзалықбайдың Мақпалбай деген

баласы болды. Сол кісі 1930 жылғы төл еді. Сол кісінің айтуынша,

бала кезінде соғыстың алдында бір мәрте, соғыстың артында бір

мәрте Ақтөбе облысынан адамдар келіпті. Сонда ауылдағы

ағайынның іргесі сөгілмеген кезі, елдің кіл тұтқалары жиналыпты.

Сондағы Ақтөбеден келгендер – Құлшыораз батырдың ұрпақтары

болып шыққан екен. Олар үлкен дәмнен кейін әңгіме бастап:

- Батыстан келдік, Ақтөбеден. Біз сондағы Құлшыораз

батырдың ұрпақтарымыз. Осында Құлшыораздан тұқым қалды

дегеннен соң келген едік. Біздің келген мұратымыз – ағайынның

амандығын білу, әрі тірімізде бір жүрейік, өлсек бір жатайық деген

ниетпен көшіріп әкету, - депті.

Ол кезде Қабанбайұлы Оспан – колхоздың төрағасы,

Шалабайұлы Түсіп – ферма бастығы, Шалабайұлы Қожа –

жұмысшылар кооперациясының бастығы екен. Құлшыораздан

тараған тұқымнан атқа мінген, елдің алдына шыққан азаматтар

баршылық екен. Елдің маңдай алдысы болып, өкімет те, халық та

үлкен сенім артып отырған азаматтар еді барлығы. Сонда

ағайындарын да қимай, мұндағы елді де қимай ауылдағы ел

күмілжіңкіреп қалған екен. Бұл сапардан соң араға тағы біраз жыл

салып, Ақтөбеліктер қайтара келіпті.

- Ал, ойланып болсаңдар, көшейік, - депті бауырлар.

- Сіздер бізге ренжімеңіздер. Осы жерге де бауыр басып

қалдық. Елге не дейміз, ренжісіп, араздасқан жоқпыз. Біршама

қиындықты көргенімізбен, елдің ниеті түзу, ертеңгі күннен үміт

күтіп отыр. Сол елмен бірге өкіметтің қол астында, осы елде жүруге

Page 142: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

142

шештік. Сіздерге рахмет, - деп сылап-сипап жауап қайырған екен

Осекең.

- Жарайды, ендеше. Қайтып келе алмаспыз. Қайыр қош, - десіп

Ақтөбелік ағайындар кейін қайтқан деседі.

Сол кеткеннен Ақтөбелік ағайындар қайта аяқ ізін салмай кетті

деп еске алады білгілікті қариялар. Өткенді өзгерту, тарихтың

доңғалағын кері айналдыра алмайтын, әр уақыттың өз шындығы

бар. Құлшыораз батырдың Жайылмадағы балалары бұл күнде өсіп-

өнген іргелі әулет. Ақтөбеде туған балалары туралы басқа білеріміз

жоқ.

Жалпы, тұқымда даритын нәрселер көп қой. Әрбір тұқымның,

әрбір атаның өзінің сүйекке сіңді мінезі, қанмен дарыған мінезі,

тәлімі болады десек, Құлшыораз батыр ұрпақтары зейінді, зерек,

іскер болып келеді. Барақ балалары төбелеске иығын беріп тұратын

батыр шалыстау болса, Есенқарағай балалары ұзын дауға

жеткізбейтін, ұшқыр ойлы. Байболат балалары ұйымшылдығымен

ерекшеленеді. Бұзау балалары бауырмал келеді дейді қариялар.

Бердене (Қалдыахметтен) тараған ұрпақтар ішінде – өз

дәуірінде Арқа елінің батыры атанған Қабанбай Жанбайұлы, емші

Таласбай Жалаңтөсұлы, көзі тірісінде аңызға айналған

шаруашылықтың ірі қайраткері, ауылдың иесі атанған Оспан

Қабанбайұлы, шежірелік кестелерді түзуде үлкен еңбек сіңірген

Бердекен Қабанбайұлы; ауылдың киесі атанған Қожа Шалабайұлы,

Бағалақ елінің биі атанған Нәдірбай (Нәду) Тоқбайұлы; Сарысу

ауданының Құрметті азаматтары атанған ағайынды дәрігерлер

Дүйсенбек және Несіпбай Нәдуевтер сияқты жайсаңдар бар.

Page 143: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

143

Барақ батыр

Бигелдіден туған екі ұлдың екеуі де ерен, тас түйін, ержүрек,

тілді, айтқанынан қайтпайтын, білекті жандар болған деседі. Үлкені

Құлшыораз, кішісі Барақ. Ескілікті әңгімелерде «Барақ батыр

Абылай ханнан жиырма жас үлкен еді» дегенді айтады.

Абылай хан бізге белгілі тарихта 1711 жылы туған десетін.

Бірақ, соңғы жылдардағы зерттеулер бұл датаның қате есептеуден

туындағанын айқын аңғартып қалды.

Тарих зертетушісі Зарқын Тайшыбайдың «Егемен Қазақстан»

газетінің бетінде жарияланған «Абылай орысша жыл есебі бойынша

1713 жылдың басында туған» атты мақаласында: «Қазақ тарихында

Абылайдың туған жылы туралы кейінде қалыптасқан 1711 жылы,

1713 жылы деген екі пікір бар. Екеуі де негізсіз емес, бірақ,

нақтылай түсуді керек етеді. Демек, екеуін салыстыра отырып, қолда

бар деректерді қайта қарап көрсек, Абылай қазақ күнтізбесі

бойынша 1712 жылдың аяғында, орысша жыл есебі бойынша 1713

жылдың басында туған және 1780 жылдың күзінде қайтыс болғанын

аңдаймыз. Дәлел қайда? Зерттеушілердің сүйенетіні Уәли сұлтанның

хатындағы: «Әкем, Абылай 69-ға қараған шағында жасында өмірден

өтті» деген сөздер. Бұл арада мына сөйлемді қағазға түсірген Уәли

сұлтан емес, әрине, оның хатшысы. Орыс тіліне аударғанда, қазақша

«алпыс тоғызға қараған жасында» деген тіркестің мағынасы «алпыс

сегіз жаста» болып шығады» дейді.

Атақты Мәшһүр Жүсіптің «Абылай ханның түсі» атты

еңбегінде: «Абылай хан ажал жастығына басын қойғанда Бұқарекең

айтқан екен:

- Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай.

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда да қалар ма екен қайран жаның-ай, -

дегенде, Абылай хан:

- Тоқта, тоқта! Бұлай десең, мен діннен шығамын, сен

жалғаншы боласың! Жиырма жасымда таққа міндім. Қырық сегіз

жыл қазаққа хан болып тұрдым. Қанша жыл өмір сүріп жас

жасағанымнан не пайда, қазақтың арқасын тамға, аузын нанға

сүйегенім жоқ, бұл бір. Ақ боз аттың құнын ер құнына теңегенім

Page 144: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

144

жоқ, екі. Мылтығының оғын құралайдың көзінен өткізе-тұғын

мергеннің құнын екі ердің құны дегізгенім жоқ, ұста мен етікшінің

құнын қатын құнымен бір бәс қылып, жарты құн дегізіп кесім

кестіргенім жоқ, мұнымен үш. Осы үш арман бойымда кетті, - деген

екен.

Ұлы жұма күні қайтыс болып, сүйегін теңге салып Хазіреті

Сұлтанға алып келіп, ақ күмбездің ішіне бір бөлмесіне қойып, тасын

үстіне орнатты.

Абылай ханның өлгенін естігенде Жалаңаяқ Әздер үш күн, үш

түн жылаған екен.

- Тақсыр, мұнша неге жылайсыз, - деушілерге:

- Есіл Абылай баяғыдан бері жүріп-жүріп, Сарыарқада өлмей,

сарттың қорғанында өлді. Енді хандық сартта қалды, қазақтан бақ

кетті, құт қашты, - деген екен» дейді.

Жалаңаяқ Әздер дегенде еске түседі. «Бәйтерек баба – Алып

бәйтерек. Ошақты шежіресі» атты кітапта мынадай бір деректер

кезедседі.

«Абылай хан Шу мен Таластың бойына барғанда қазақтың

өзінен шыққан Кіші жүз Керейт сопының баласы Жалаңаяқ Әздер

деген диуананы Созақта жүрген жерінен шақыртады.

- Қара бұлттай қыбырлап, құмырсқадай жыбырлап, үйіліп-

төгіліп келіп қалған қырғыздардың мұнысы не, - дегенде Жалаңаяқ

Әздер оң саусақтағы сұқ қолын ұртына тығып, қырғызға қарап үш

атыпты.

- Ал, шаба бер, бәлемнің өзіне бықпырт тиді.

Қырғыз бықпырт, топалаң тиген қойдай ұйлығып қаша беріпті

де, қазақ артынан қуып Қарабалта, Соқылықтың асуына жеткізбей

көбін қырыпты. Сонда қырғыз манабы Әтеке жырық қолға түскен

алты баласының бірде-біріне қайырылып айырып алуға жарамаған.

Сәдір бала басын саудалаумен әзер ауырып алған. Абылай одан әрі

шаппақшы болған. Мұны естіп Сәдір бала елші жіберген.

- Абылай Қарабалта, Соқылықтан аспаймын деп уәде беріп, біз

бір тайпа қырғызды ақ үйлі аманат қылып берейік, шаппасын, -

депті.

Қырғыздың Сәру деген тайпа елін көшіріп, Абылайға ақ үйілге

бергенде, одан аспаймын деп Абылай хан мөр берген.

«Абылай аспас асу» атанғаны осылай. Осылай қос басына бір

үй қырғыздан батырлар үлес сыбаға алыпты. Әр дуандағы Арғын

Page 145: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

145

ішіндегі қырғыздар солар дейді. Сол қырғыздың көбі Үйсін ішінде

қалыпты».

Жалаңаяқ Әздердің Абылайды жоқтап жылайтындайы да бар.

Зерттеуші Азамат Алашұлы «Абылай хан» атты еңбегінде:

«Тәшкентте үш ай жатып, Арқаға қайтуға қасына біраз төлеңгіттері

менен үйсін дулаттың басты кісілерін ертіп шығады. Мұны

Шымкенттегі Ғабдырахман сарт естіп, Абылай ханға іштерінен кек

сақтап жүрген көрші шәһәрдегі сарттарға хабар жіберіп жинап

Абылайды қамап алады. Ханның қасындағы төлеңгіттерінің көбін

қырып, өзіне қол тигізуге істің соңы неге соғарына көздері жетпей

бата алмапты. Сонда Абылай хан Арыс деген жерде бір төбенің

басына шығып: «Қайран Орта жүз бен Кіші жүздің батырлары

қасымда болса, бұл қорлықты көрмес едім-ау», - деп бармағын

шайнаған екен. Сол күні Арыстың бойындағы қорғандарда, ғаламға

аты шыққан Абылай хан бір қорғанға түсіп, ауырмай-сырқамай

алпыс сегіз жасында опат болған. Найзадан тең жасап, сүйегін

Түркістан шәһәріне әкеліп қойыпты» деп жазады.

Осы жазбалардың барлығында Абылайдың жиырмасында таққа

отырып, қырық сегіз жыл билік құрып, алпыс сегізінде дүниеден

өткенін дәлелдейді. Сонда 1781 жылы дүниеден өткен Абылай 1713

жылы тумағанда қай жылы туады?

Барақ батыр Абылайдан жиырма жас үлкен еді дейтін ескілікті

әңгімелер біршама. Осы есеппен есептегенде Барақтың туған жылы

1693 жыл болады. Ағасы Құлшыораздың Барақтан едеуір жас ересек

екендігін ескеруге болады. Себебі, Құлшыораз жорыққа кеткенде

Барақ үйіне, отбасына, малға еге болып қалады екен дейді ғой.

Сонда Барақтан Құлшыораз бір бес-он жас үлкен болар деп

топшылаймыз. Оған дәлел айтуға да болар, шамасы. Бір дәлел,

Құлшыораздың «Қайыр хош!» деп атына мініп жөнелгенде

Барақтың екі жігітке «Із-өкшесін байқаңдаршы» деп тапсырма

беретін жаста екендігі. Екіншісі өзі бойдақ бола тұрып, ағасының

баласы Бердене-Қалдыахметті бауырына басуы. Осыдан келе

екеуінің арасы аса үлкен еместігі, көп болса бес-он жас аралығында

болар деген болжам жасауға болады деп ойлаймын.

Пікірлесіп, әңгімелескен шежіреші қарттардың барлығы бірдей,

Барақ батырдың Абылай ханнан толық жиырма жас үлкен болмауы

да мүмкін екендігін айтады. Мысалға Тұрған атам «Өзінің алпыстан

асқан шағында – жетпістемін деп әңгіме қозғайтын қазақтың

Page 146: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

146

ескілікті әдеті. Қазақтың әу жер дегені – қозы көш жер деген. Барақ

пен Абылайдың жастарының аралығы тура бір жиырма жасты

көрсетпегенімен, соған қарайлас он сегіз-жиырма үш жас аралығын

меңзеп те қалуы мүмкін» деп топшылайды. Әңгімені тыңдап

отырған біршама ағайындар бұл пікірді қостап, солай болуы мүмкін

деген жорамалдарын да айтып қалды. Біз нақты туған жылын

білмегендіктен, жиырма жас деген топшылауды өзімізге бағыт етіп

алдық. Осымен келіп, 1693 жыл – Бигелдіұлы Барақ батырдың

дүниеге келген жылы десем, онда аса қателесе қоймағаным деп

ойлаймын.

Барақ бабамыз туралы әркім әртүрлі хикаяттар, деректерді сөз

қылады. Менің байқағаным, бұл дүниеде Барақ аттас адамдардың

көптігі. Шатысып та, шатыстырып та айтады. Осыдан барып, қай

әңгіменің өз Барағымызға тиесілі екендігін білмей дағдаратынымыз

бар. Дегенмен, ел іші болған соң естелік, аңыз әңгімелерден

құралақан қалмайсың. Барақ туралы небір сырлы, көңіл толқытатын

мағлұматтарды жинақтадық. Сипаттама, құлаққойды әңгімелерді

кімнен алғанымды жаза берсем, кітап беті адамдардың атымен

толып кетер еді. Оның ішіндегі ірі әңгімелердің кімнен

алынғандығын ғана баса көрсетейін. Ал, енді жалпы Барақ бабамыз

жайындағы әңгімелерді жайылмалық Қуандықұлы Төлежан,

Шоламанов Тұрған Шоламанов, Ақбаев Ордабек Оңдыбайұлы,

Сәрсенбекұлы Болат, жаңатастық Қадиев Ералы Нұрланұлы,

созақтық Тәбірізұлы Сүлеймен, алматылық Дүзкенов Бағдат

Кәрімжанұлы, астаналық Момынов Қалбота Әбілдаұлы, үшаралдық

Күзенбаев Әбілхалық Кәдірсізұлы, жәйремдік Тәжібаев Марат

Ордашбайұлы, Құтжанов Берік Әубәкірұлы, Данаш Батырұлы,

қарағандылық Құтжанұлы Төкен сияқты жандардан естіп, жазып

алғаным бар.

Сүлеймен Тәбірізұлының үйіне барғанымызда дейді Нәдуұлы

Дүйсенбек әкей: «Сүлеймен отырып, «Сендердің бабаларың Барақ

үлкен саяси тұлға болған. Оның атақ-абыройын басқа Барақ аттас

кісілер иемденіп кеткен. Оны дәлелдеп, жарыққа шығару, аршып алу

үшін көптеп іздену, терең жұмыс жасау керек деген болатын» деп

еске алады.

Page 147: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

147

Бала Барақ

Барақ бабамыздың нақты туған жылын дәп басып айта

алмағанымызбен, 1693 жылды нобайлап айтып отырған жайымыз

бар. Ол кісінің қай өңірде дүниеге келгені туралы да нақты деректер

жоқ. Оның балалық шағындағы бірер әңгімесін құлақ шалды.

Таразылап көріңіздер.

Анық-қанығына жеткенім жоқ. Әлде бір ағайдың айтуына

қарағанда, әлде бір себеппен Барақ он үш жасында Қазан жағында

болыпты. Сонда жүріп бір орыс көпесін өлтіріп қойыпты. Содан

қашып Ақтөбе жағына келген. Ол жерде де ұзақ аялдай алмай,

Түркістан жағына өткен. Татар елінде жүргенде бір татардың байы

Барақтың ержүректігіне қызығып қызын бермек болған екен.

Қыздың жасы балиғатқа толғаннан кейін, ол қыз өзінің

атастырылған жарын іздеп Түркістанға келген екен. Сол жерде

Барақты тауып, екеуі қосылған екен. Барақ бабамыз осындай ер еді

дейтін әңгімесі бар.

Барақ бабамыздың да жасынан ел арасында би атымен

танылған, барған жерінде айтар сөзімен түйінді даудың шешімін

тауып, тіліп сөйлейтін қасиетімен еліне сыйын алып жүрген кезі

екен. Үйсін Төле би мен балаң Барақ екеуі бір даудың үстінде

кездесіп қалыпты, бірер ауыз сөз қағысып қалыпты дейтін ел

арасында бір әңгіме бар. Бірақ, бұл әлі тиянақтауды, зерттеуді қажет

етеді. Жаңылыс айтқан ақсақалдар әңгімесі болып жүрмесін деген

оймен, оны жариялаудың уақыты туған жоқ деп шештік.

Әрине, тарихта «Бала би» атанған жандар көп. Олардың тізімін

жасаған адам да жоқ. Бірақ, ескі сөзді жасынан жаттап өскен,

құймақұлақ қариялардың аузынан бабамыздың «Бала би» атанған

жайы туралы осынау әңгімеден естіп, қуанып қалдық.

Хош сонымен, осындай бала жасында Барақ бабамыз оңтүстік

өңірге аяқ басты дейміз ғой. Келесі бір әңгімеде Бақ батырдың

қонысын жайламаққа Барақ пен Бұзау бастаған ағайындар Сырдың

бойына келіпті дейді. Үшінші бір әңгімеде Тәуке ханның тұсында

Тама тайпасы Кіші жүзге еніп, Жетіру деген бірлестік құрамына

бірігеді. Жетірудың басшысы болып Есет батыр сайланған екен, сол

уақытта Тама елі біртіндеп келіп «Телікөлдің» маңына қоныстана

бастаған екен дейді. Осының барлығын да тарихтың өзі жоққа

шығармайды.

Page 148: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

148

Ия, біздің Кіші жүздің баласы, Барақ бабамыз «Телікөлдің»

бойын жайлап күн кешіп жатыр. Осынау «Телікөл» көлі туралы

тарих беттерінде қаншама әңгіме шертіледі десеңші.

«...аңшылық жасайтын жері Сарысу атырабы, Қаратау өңірі мен

Телікөл төңірегі. Бұл жерлердің көбісі құланды жазық. Арқадан

ауған құлан үйіріледі, бөкен-киік молшылық, оларды көп

маңайлайтын бөрілер мен түлкі, қарсақ, қарасирақ, сүр қояндар,

олардың да өрісі сонда» деп шертеді «Ошақты шежіресі» авторлары.

Осынау жері шұрайлы, суы құнарлы «Телікөлді» Барақ бабамыз

жайлап жата тұрсын.

Барақтың батыр атануы

Естіген әңгімелерімді анда-санда барып Жайылманың абыз

қариясы Қуандықұлы Төлежан атама барып шертіп отыратыным

барды. Бала кезімде көрші отырған Сәрсенбекұлы Болат ағайдан

естіген әңгімемді айтып берейін дегенімде Төлежан атам басын

жастыққа қисайта қойып, үндемей күліп, екі көзін жұмған риза

қалыппен «бастай бер» дегендей қолын жай ғана бұлғап қалды.

Жайлап ескілікті әңгімені сыбырлай айта бастадым.

- Бигелдіұлы Барақ жас кезінде батырлық іске емес, мал бағып,

шаруа жайлағанға құмар болғанға ұқсайды. Бірде әдеттегі тірлігімен

айналысып ауылдың сыртына жылқысын жая шығып, малдың

ыңғайымен ұзап кетіпті. Бұл оқиға жобамен Қаратаудың теріскей

бетінде болғанға ұқсайды. Күтпеген жерден алдын-ала жортуыл

жасар жерлеріне барлау жасап, шолғын қылып жүрген Жоңғар ханы

Севан-Рабданың батырымен бетпе-бет келіп қалады. Жоңғар батыры

«Жаман жылқышыны өлтіре салсам, мына жылқыны айдап кетер

едім» деген күнәлі ойға келіп:

- Ей, жаман жалшы, қазақ болсаң - иманыңды үйіре бер, тірі

қалғың келсе – жылқыны иіре бер, - депті сыздана, долдана айғай

салып.

Сонда Барақ тайсалмастан:

- Қолыңнан келсе - өлтіресің, қолыңнан келмесе – жөніңмен

жүресің. Жаман итше шабаланып үресің, күш атасын танымас,

айқаса келе білерсің, - дейді.

Page 149: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

149

Жоңғар батыры жылқы баққан жалшыдан мұндай қарсылықты

күтпесе керек. Ашуға мініп қылышын сурып шауып-ақ тастауға

ыңғай береді. Олай етсе, «Қарусызға қаруымен шыққан – қатын

болар» деп, өзінің батыр атына дақ түсіретін болып, оны өз

дәрежесіне сай көрмейді. Қаруын лақтырып тастап, екеуі ерегісіп,

жалаңқол айқасып бірін-бірі ала алмапты. Содан екеуі бір

кездесерміз деп айырылысыпты.

Күндердің күнінде жоңғар мен қазақ соғысыпты. Жекпе-жекте

баяғы жоңғар батыры ортаға шығады. Бұған дейін де қазақтың талай

батырының басын алған екен. Өзінің жеңілмесіне сенімді, әбден

болып-толған жоңғар батыры атын ойнақтатып:

- Қазақтың қатыны - ұл тумайды, тесік мұрын құл туады, - деп

айқай салады. - Кім бар маған шығатын, тоймай қалған қан-жынға,

семсерді бойлай сұғатын, - деп әндететін көрінеді.

Сонда шеткері отырған Барақ атқа жайдақ мініп көйлекшең,

қолына найзасын ұстап шыға келеді. Баяғы жалшы жігітті танып,

жоңғар батыры да сауыт, кіреукесін шешініп, атын ойнақтатып

шыға келеді. Бұл Барақтың 20-дан жаңа асқан кезі болса керек-ті.

- Өлдің, жаман жалшы. Иманыңды үйіре бер, ажалыңа

басыңмен иіле бер, - деп айқайлап қарсы шыққан жоңғарға қарай,

жас жігіт Барақ та еңкеңдей шабады.

Әдетте, «жеті тыныс» деп аталатын, сауыт пен кіреукелерде ауа

кіретін, адамның денесі дем алатын жерлер болады. Олар: адамның

басындағы төбесінің жиегі, кеңірдек, төс, кіндік, шат, қолтық және

табан болып келеді. Бұл жерлер тыныс алумен қатар, ажалды да

жанды жерлер болып саналады.

Барақ ат жалына жабысып жауына қарсы шабады. Түр-әлпеті

ашуланғандықтан әлем-тапырақтанып, бетінің түгі адырайып, қалың

қасы қақырайып, қос танауы едірейіп, қара бұлттай қап-қара болып

кеткен екен дейді. Аттың жалына жабысып шауып келген бетте, өзі

секілді желең киінген жоңғардың кіндігінен найзасын бойлай салып,

аттан өңгеріп алып кетеді. Қазақтың жасағына рух беріп, осы күнгі

шайқаста қазақ жағы жеңіске жетеді. Осыған дейін ағасының

тасасында елеусіз жүрген батыр Барақты - Тама Қара Барақ деп

дәріптеп, батыр атағын беріпті, - деймін Болат ағамның әңгімесін

еске түсіріп.

- Иә, бұл әңгіме ертеректен айтылатын. Қайта сенің есіңде бұл

әңгімеден әжептеуір қалған екен. Мен бұл әңгімені естігеніммен,

Page 150: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

150

жадымда толық түйе қоймаппын. Сен айта бастағанда санамда қайта

жаңғырып, «Ойбой, біздің бабамыздың ежелден келе жатқан

әңгімесі ғой» деп жаным бебеулеп отырып қалдым ғой. Өркенің

өссін. Жағың түспей, жамандық көрме, - деп Төлежан атам бір жасап

қалды.

Әлбетте, заман орынында тұрмайды. Кешегі өткен алдыңғы

толқынның жолын қуып Төлежан атам да, Болат ағам да дүниеден

көшті. Бұл әңгімені қайталап сұрап, ұмыт қалған жерлерін еске

түсіретін жандар болса, хабарласар, алдағы уақыттың еншісінде

толықтыру, нұсқаландыру. Қалмақ батырының аты кім еді,

бабамыздың жасы нешеде еді. Екеуінің шайқасқа түсер жері қалай

аталушы еді. Шешуін күткен жұмбақ, ақиқатын уақыт айтар.

Сарысу ауданы Тоғызкент ауылында тұратын Ысқақов Талғат

Құдайбергенұлы қазақ шекарасында бірге қызмет еткен әріптесі

Арман Жанұзақұлы деген жігіттің «Аса ауылында тұратын ауған

соғысына қатысқан бір жігіттің үйінен Тама Барақ батырдың

жорыққа ұстаған туын көргендігін» айтқан екен. Ол жігітпен

кездесудің сәті түспей жүр. Бабамыздың жорыққа ұстаған

байрағының да қолға ұстап тәу етер күніміз де жақын болғай!

Барақ би

Барақ бабамыздың жасынан «Бала би» атанғанын білдік. Енді

билер деген кім, олардың атқаратын жұмысы қандай еді дегенде,

зерттеуші К.Есмағанбетовтің «Қазақтар шетел әдебиетінде» атты

кітабындағы:

«Әрбір орда дербес болғандарымен ұқсас үлгіде басқарылды.

Хандар сұлтандардың, билердің (төмендеу деңгейде) және рудың

немесе әулет ақсақалдарының мәжілісінде сайланды, олар жыл

сайын хан басшылығын мойындап, оған кеңес берумен қатар,

нұсқаулар алып отырды. Жыл сайынғы осындай мәжілістерде

жылдық көшіп-қону жайы жоспарланып, әрбір ру мен ауылдардың

(қазақтың көшпелі бірлігі) жаздық және қыстық жайылымдары

белгіленеді. Хан билігінің күші ресми басқару сатыларына емес,

жекелеген адамдарға көбірек ықпал етті, сондықтан жеке алғандағы

қазақ ханының билігі оның жеке басының ел басқаруға

ыңғайлылығының көрінісі болып қала берді. Қасым, Хақназар және

Page 151: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

151

Тәуке (1680-1718 жылдары хандық құрды) хандық құрған тұста

қазақтар бірлігінің орын алуы басқа ордалар хандарының осынау

тұлғалардың әскери басымдылығын мойындап, олардың панасында

болу ынтасынан туындаған еді. Хақназар мен Тәуке қайтыс

болғаннан кейін үш орда да қайтадан бір-бірінен іргесін аулақ сала

бастады» деген жазбаларды назарға алмасқа болмайды.

Барақ бабамыздың «Бала би» атанғандығын жаңатастық Ералы

әкей шерткен әңгімеден естідік қой. Осы әңгімені айғақтар келесі

сабақты әңгімені астаналық Қалбота Әбілдаұлынан естідім. Мен бұл

әңгімені ертеректе естіген едім. Бірақ, кімнен, қай уақытта

естігенімді толық есіме түсіре алмадым. Сізден естідім бе деп Ералы

әкейге бұл әңгімені айтып бергенімде, ол кісі «Өзім де бірінші мәрте

естіп отырмын» деп қалды. Мен өзім ертеректе естіген әңгімем мен

Қалбота ағайдың әңгімесін байланыстыра отырып баяндайын. Ол

кісі көптеген әңгімесін «Әкем Момынұлы Әбілдә айтқан әңгіме еді»

деп бастайды екен. Әбілда әкей туралы ел «Өте бір әңгімешіл.

Ескілікті жайттарды көп білетін, жөн сөйлейтін жан еді» деп

сипаттайтын.

Сонымен, біздің бабамыз Бигелдіұлы Барақ жиырма бес

жасында, біздің есеп бойынша 1718 жылы Барақ би ретінде, Тама

руының атынан рубасы ретінде Тәуке ханның тұсында Үш жүздің

алқасына, хан кеңесіне мүше болған екен. Ол уақытта Үш жүздің

алқасының мәжілісі жылда бір мезгілде Шу өзенінің аяғында

Телікөлдің басында өтетін көрінеді. Бұл жиынның өзі де елдің

тиыштық жайлаған, бейбіт замандарында ғана болады екен. Барақ

алғаш рет алқа мәжілісіне барып қатысқанында, жастығы ма, кім

білсін, босаға жақта ең шетінде отырып қалыпты. Арғы беттен Ұлы

жүздің, мына жақтан Орта жүздің, батыс бетінен Кіші жүздің би,

батырлары келіп қатысады. Бірі ерте, бірі кешігіп келіп жатады.

Барақ бабамыз бұл кезде жиырма бес жаста екен дедік қой. Осы

жиынға басшылық етіп, төрелік ететін Ұлы жүздің қариясы

Қыздарбек деген кісі екен. Ол кісінің жас шамасы 45-50-дің маңын

құраса керек. Қоқанның ханынан арнайы бір атақ алған, елдің

алдында беделді кісі екен. Бір уақытта сырттан:

- Қыздарбек келіп қалды, Қыздарбек келді, - деген дауыстар

шығып қалады.

Page 152: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

152

Іштегі би, батырлар да қозғалақтап қалады. Сонда етек жақта

отырған Барақ киіз үйдің киізінің етегін көтеріп жіберіп қараған

екен. Қарайды да киізді тастай беріп:

- Қыздарбегіңді қайдам, басында үкі сияқтанған бірдеңе таққан,

қызыл шапан киген, қыз секілді біреу келе жатыр ғой, - депті.

Оны есікке тақанып қалған Қыздарбек те естіп қалса керек,

қақырынып, үн шығарып есіктен ене береді. Есіктен енген бетінде

елмен амандасады. Біреуі қолтығынан демеп, Қыздарбекті жетелеп,

төрдегі мамықтың үстіне жайғастырыпты. Мамыққа апарып

отырғызғаннан соң, Қыздарбек көзін бір ашып, бір жұмып шамалы

отырыпты. Содан соң жан-жағындағы елмен қал-жағдай

сұрастырып, танығанымен тіл қатысып, танымағанын:

- Анау кім, мынау кім, - деп сұрастыра бастайды.

Сөйтіп, кезек біздің Бараққа келгенде:

- Қабыландай қабынып, жолбарысша шабынып, көкжал сынды

атырылып отырған мына жас жігіт кім, - деп қалыпты.

Сонда Кіші жүздің өкілі:

- Бұл – Кіші жүздің ноқта ағасы Тама елінің Барақ атты биі, -

деп таныстырған екен.

Барақ бабамыздың Көкжал атануының себебі осы еді деп

Момынұлы Әбілда әкей айтып отырады екен. Бала кезінен құлағына

қанық әңгімесі еді бұл.

Қазақта қанша Барақ бар

Момынұлы Әбілда әкей айтып отырғанда:

- Қазақта үш Барақ, - дейді екен. - Хан Барақ, Қара Барақ,

Қарқаралы қыздай Тама Барақ. Хан Барақ – Найманның Көкжарлы

Барақ батыры, Қара Барақ – Табыннан шыққан Асау Барақ батыр,

Қарқаралы қыздай Тама Барақ, Көкжал Барақ атанған кісі – біздің

бабамыз, - дейді екен.

«Қазақтар шетел әдебиетінде» атты кітапта: «Қазақ тарихында

талай Барақ болғаны белгілі. Әсіресе, қазақ халқына үш Барақтың

аттары әйгілі. Ағылшын суретшісінің (Томас Уитлам Аткинсон,

6.03.1799, Иоркшир-13.08.1861, Кент қ. 1848-1852 жылдары

Қазақстанның көптеген жерлерінде болып, тарихи, этнографиялық,

географиялық зерттеулер жүргізген) айтып отырғаны 1813 жылы

Page 153: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

153

туған «Көкжал» атанған Барақ туралы болмақ. Поляк революционері

Адольф Янушкевич Көкжал Барақтың Құнанбай мен Орынбай

ақынмен бір болғанын көзімен көрген. Барақ құдыретті күш иесі,

ержүрек те қайсар, құралайды көзімен атқан мерген, жүзінен нұр

төгілген сұлу, сері болған» деп жазады.

Классик жазушы Ілияс Есенберлин «Жанталас» романында:

«Бұл бір мың жеті жүз отыз төртінші жылы еді. Әбілқайыр Ордасы

бүгінгі қонысы Ырғыз өзенінің жағасында: Қазір хан ордасында

бірнеше адам отыр: Қанжығалы Бөгенбай, оның қарсы алдында

Шекті руының аты-шулы батыры Тайман. Бұлардан жоғарырақ,

Әбілқайырдың оң жағында Найманның сұлтаны Барақ... жұрт оны

қайсарлығы, ержүректігі үшін Көкжал Барақ атаған» дейді.

Зарқын Тайшыбай «Қазақтың ханы – Абылай» атты тарихи

зерттеуінде: «Барақ батыр - Найманның Көкжарлы Көкжал Барақ,

кейде Қара Барақ атанған батыры» дейді.

Қазақтың атақты тарихшы-зерттеушісі Шоқан Уәлиханов өз

жазбаларында: «Найманның көк жалды Барақ сұлтаны Алатау

қырғыздарына шабуыл жасайды. Жолында ешбір қарсылық

кездестірмей, бағына масайраған Барақ – бейғамдыққа салынып,

күштілігіне дандайсып, Алатау қырғыздарының қасиетті Қошқар ата

моласын қорлайды. Барақтың мейірімсіз, сорақы қылығына ыза

болған Алатау қырғыздары астыртын келісіп, жиналады да, Барақ

әскеріне түнде тұтқиылдан тап береді. Жеңімпаз Барақ ешбір

қарсылық көрсетпей, бүкіл әскерін тастап, қаша жөнелген соң

қырғыздар оның қыр соңынан түсіп, Ілеге дейін қуады. Қырғыздар

Барақтың ойда жоқта қарсыласпай қашып кетуіне өздерінің әулиесі

жақ болды деп есептейді» деп көрсетеді.

Тағы бір Барақ бар, ол - Барақ Сатыбалдыұлы (кейбір

деректерде Жанұзақұлы, Қарапалуанұлы деп көрсетіледі) (1743,

Үстірт, Сам құмы - 1840, сонда) - батыр, Кіші жүз қазақтарының

ұлт-азаттық қозғалысы басшыларының бірі. Барақ

Сатыбалдыұлының батыр атағы 18 жасында (1761) торғауыт батыры

Алакөбікті жекпе-жекте жеңгеннен кейін шықты. 18 ғасырдың 70-

жылдарына дейін шөмішті-табын қолын бастап, Еділ мен Жайық

арасында қалмақтармен соғысты. 1785-1792 жылдары Сырым

Датұлы бастаған Ресей отаршылдығына қарсы күрес басшыларының

қатарында болды. Сырымның жақын серігі Барақ Сатыбалдыұлы 3

мыңдық жасағымен Орынбор шебіндегі қамал-бекіністер бойында

Page 154: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

154

және қазақ даласына жіберілген патша үкіметінің жазалаушы

отрядтарымен кескілескен шайқастар жүргізді. Орал әскери

кеңесінің рапортында (1785 жылы наурыз айындағы) Барақ

Сатыбалдыұлының 2000 жасағымен үкімет әскеріне қарсы тұрғаны

жазылған. Барақ Сатыбалдыұлының әскери күші туралы барон О.А.

Игельстромның император Екатерина ІІ-ге жазған хатында да

айтылады. Батырдың тегеурінді қарсылық әрекеттері орыс

отаршыларының зорлық-зомбылығын шектеп, Жайықтың оң

жағалауындағы қазақ жерлерін сақтап қалуға септігін тигізді, Батыс

Қазақстанның отарлануын тежеді, әскери бекіністердің көптеп

салынуына жол бермеді. Барақ Сатыбалдыұлының есімі табын

руының ұранына айналды. Оның ерліктері “Барақ Батыр” дастанына

арқау болған. Барақтың ұлы Асау (1763 — 1846) мен немересі Дәуіт

те атақты батырлар болған. Барақ пен Асау батырлар Сам құмында

оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде жерленген. 1993 жылы

Барақтың бейітіне күмбезді кесене тұрғызылған.

Асау Барақ батырыңыз осы. Оның Кіші жүздің батыры екендігі

болмаса, біз сөз еткелі отырған Бигелдіұлы Барақ батырға еш

қатысы жоқ. Аткинсон мен Янушкевичтің көретін Көкжал Барағы –

Солтыбайұлы Барақ төре. Шоқан Уәлиханов, Ілияс Есенберлин және

Зарқын Тайшыбайдың жазатыны – Көкжарлы Барақ сұлтан

Шүрекұлы болса керек. Жоғарыда аталған екі Барақты да Көкжал

Барақ деп атап жатады.

Бұлардан басқа Түкті Жалды Барақ атанған Барақ, Секер

батырлар бар. Әбілқайырды өлтіретін Барақ сұлтан Тұрсынұлы,

Оразмұхаммед ханды өлімнен құтқаратын Барақ батыр бар, ескі

замандағы Барақ хан бар.

Таңқалатын-ақ нәрсе, біздің Барақ батыр Бигелдіұлын да

Көкжал Барақ, Қара Барақ дейтіні бар. Тарихтағы қосарланып аталу

ма бұл?

Біздің Барақ батыр

Ары қарай жалғасақ, тарихтың жазуынша, қазақтың даласы

жоңғар шапқыншылығынан қан сасып, адамынан айрылмаған түтін

қалмаған сұрапыл заманның бетін қайтармақ болып, 1726 жылы

қазақ халқы жоңғар басқыншыларына қарсы үлкен майдан ашпаққа

Page 155: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

155

бел байлап, Ордабасы тауының бөктерінде үлкен алқалы жиын

өткізеді. Осында Әбілқайыр ханды қазақ жастарының қолбасшысы

қылып сайлайды. Әбілқайырдың басшылығымен 1727 жылы Сарысу

өзенінің батыс жағындағы Бұланты өзенінің бойындағы шайқаста

Кіші жүздің Жетіруынан Тайлақ батыр мен Ұлы жүз Ошақтыдан

Саурық батыр ерекше көзге түседі. Бұл Бұланты маңындағы «Қара

сиыр» деген жер екен дейді. Бұл жер қалмақтың қалың әскерінің

қырғынға ұшырауымен халық жадында сақталып, жердің атауы

«Қалмақ қырылған» атанады. Есет Көкіұлы, Бөгенбай, Жәнібек,

Қабанбай, Райымбек, Саурық, Баян батырлар бастаған қазақ

жасақтары ересен ерлігімен танылады. Осы шайқаста қазақ

жасағында жүріп, ерлік көрсеткен Барақ батырдың есімі де сол

батырлар атымен қатар кең байтақ қазақ даласына жайылады.

1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіне қарай 120 шақырым

жердегі «Итішпес» (Алакөл) көлінің маңында болған қазақ

жасақтарының Жоңғар басқыншыларына қарсы болған, атақты

Аңырақай шайқасынан кейін қазақ жерін басқыншылардан азат ету

кезеңі басталады.

Осынау тарихи жорықтарда қазақтың басын қосуды армандаған

Абылай ханмен қабырғалас жүріп, ерлік көрсеткен Барақ батырдың

болашақ ханмен сырлас, сыйлас болып қалатыны бар. Қосынды

аралап келе жатқан Абылайдың «Сабалақ-ау, қарайлай кетсеңші»

деген дауысқа жалт қарағаны бар екен. Өзінің Төле биді паналап,

оның түйесі мен жылқысын бағып жүргенінде бидің өсіп кеткен

шашына, аш-арықтықтан жүдеу өңіне қарап «Сабалақ» атандырғаны

есінде. Сол уақыттағы қан майданда Сабалақ атымен барып,

«Абылайлап» ұран шақырып, жауға шауып, ерлік көрсеткенді

себепті де, енді-енді «Абылай» батыр атанып келе жатқан беті еді.

Елінің Абылайға құрмет қылып, таққа отырмағанымен хан

атандырған шағы екен деседі.

Өзін атап шақырған адамның кім екендігін көрмекші болып

бұрылғанында, денелі қарасұр кісінің ат үстінен еңкейіп, бір әйелдің

қолынан ұсынған қымызды алып жатқанын байқайды. Әйелдің ана

кісіні «Сабалақ» деп атап, жеңгесі ретінде еркелете сөйлегені ханға

қызық көрінеді. Батырға назары түседі. «Қандай жан екен» деген

ойға келеді. Есебін тауып артынан адам салып, қайдан шыққан жан

екенін біледі. Ой-ниеті түзу қазақ батырының бірі екенін біліп,

Page 156: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

156

неліктен «Сабалақ» атанғанын білмекке құмартады. Өз шатырына

шақырып, батырды мейман қылады. Сонда отырып Барақ батыр:

- Батыр-екесі, менің атым - Барақ. Әкем аты - Бигелді. Тама

деген елден боламын, Дәулеткелді баласы боламын. Анадан

туғанымда қылшықты, түкті болып туған көрінемін. Желке тұстан

аяқталар шаш-омыртқаны бойлай, сегізкөзге дейінгі жал секілді

түкпен жалғасып туған соң «Мынаның желкесіндегі сабалақ жүнін

қарашы деп, нобайы дүрегей, бараққа келеді. Барақ та қасиетті ит

қой, қорасынан қасқырға қой бермейді. Алыса кетсе, жеңбей

қоймайтын мықтылығы да бар. Мына түгі соған меңзеп тұр ғой, бұл

да сондай мықтының бірі болар. Осының атын Барақ қойсақ

қайтеді» деген екен сонда әкем шаңырағына құтты болсын айта

келген дуалы ауыз билердің бірі отырып. Бата беріліп, азан

шақырылып қойылған есімім – Барақ болғанымен, жеңгелерім мен

келіндерім атымды атамай, «Сабалақ» деп тергеп айтады. Менің

Сабалақ аталуым осыдан, - депті дейді.

Осы дастархан басындағы әңгімеден кейін, сұқбатты дүкені

жарасқан екі батыр өнер сайысына да кезек берген көрінеді. Сабалақ

сұлтанның домбыраның құлағында ойнайтын күйшілігімен елге

танылғаны бар екен. Оның қарсысында отырған «Сабалақ»

батырдың да одан кем түспейтін өнері болған деседі. Барбиған

саусақтарына қарасаң, бұл домбыра шертетін емес, шоқпар ұстауға

лайықталған қолға ұқсағанымен, оның домбыра шертуі, күмбірлете

ән салуы тіптен керемет екен деп айтады ұрпақтары. Оның да

күйшілік өнері болғанға ұқсайды. Бірақ, аса көп сөйлей қоймайтын

ауыр мінезімен, көп ашыла қоймайтын томырсықтау мінезімен бұл

өнерін аса елге жария қыла қоймаған. Бәлкім, оған замана

желісіндегі жайттардың да ерік бере қоймай, өнеріне бұғау салуы да

себеп болған болар. Сол кеште Барақ батыр болашақ ханның

көңілінен шығалы. Осының аяғы екеуінің достығына ұласады.

Барақ батырдың атын тікелей, бадырайтып атамайтын ибалы

келіндері осы күнге дейін де, сол баяғы жеңгелері атағандай

«Сабалақ атам» деп, Дәулеткелді атасын «Дәуім ата» деп жатады.

Ал, енді Махмұт Қашқаридың сөздігінде «Барақ» сөзі екі

мағынада түсіндіріледі. Бірінде - сабалақ жүнді итті атаса,

екіншісінде – күші қайтқан кәрі бүркіттің салған екі

жұмыртқасының бірінен құс, екіншісінен құмай тазының шығатыны

айтылып, сол құмай тазыны Барақ деп атайды екен. Сонымен қатар,

Page 157: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

157

«Барақ» сөзінің арабша мағынасында береке, жеңіс, мереке

мағынасын береді екен.

Жаңатастық Нұрланұлы Ералы әкеміз «Бұрынырақта үлкен-

үлкен шалдар әңгіме қылғанда: Біз Көкжал Барақтың ұрпағымыз, -

деп отыратын» дейді.

Барақтың түкті адам болғандығы туралы Үзікенұлы Көшен

былай дейді: «Менің шешем – Жоламанқызы Шекер төре ауылының

қызы ғой. Сол кісі ескі әңгімелерді елден көп естіген, естіген

әңгімесін есіне жақсылап түйіп алған жан емес пе. «Сендердің ұлы

аталарыңның (Барақты айтады) арқасында жалы болыпты.

Шашының аяғы омыртқаның үстімен жалғасып, құйымшаққа дейін

түк болған. Оны жал дейді. Сол жал бұл тұқымда әлі де кездеседі.

Барақтың көптеген ұрпақтарының желкесінен омыртқа сызығының

үстімен сегіз көзіне дейін майда түк болады. Жақсылап қараған

адамға бадырайып көрініп тұрады. Біздің бабамыз Барақ батырда

осындай ірі-ірі түк болған екен» деген еді. Онысы рас та болар,

біздің үйдің балалары Есімжанның, Анардың, Назгүлдің кішкене

кезінде қап-қара жалы болды. Кейіннен олар көрінбей кеткен

болатын» деп отырады. Бұл әңгімені ауылдың үлкен қариялары да

растап, бастарын изеп отыратын.

Сәрсенбекұлы Болат пен Шоламанов Тұрған қарттардың айтқан

әңгімесіне қарасаң, Абылайдың үш жүзге хан сайланып, таққа жаңа

отырған уағында қазақтың ежелгі астанасы Түркістанды қайтарып

алу мақсатында үш жүзден жасақ жинайды. Абылай ханның

Түркістан мен Сауранға жасаған жорығы сәтті аяқталады. Бұл

жорыққа Тама руының жасақтары да белсене қатысады. Осының

қатарында Барақ, Бұзау батырлар да болады. Олардың ерлігіне риза

болған хан оларға Сырдың бойынан қыстау, Қаратаудың

теріскейінен жайлау бөліп береді. Бұл олардың қалауы болғанға

ұқсайды. Бұрыннан осы өңірді мекендеп қалған Жалпақ батырдың

қонысын одан әрмен дамытып, кеңейткен көрінеді.

Ал, тарих бұл әңгімені жоққа шығармайды. Керісінше, одан

әрмен айғақтап тереңдете түседі.

«1723 жылғы «Ақтабан шұбырындыдан» кейін Қаратаудың

баурайы біраз уақытқа дейін бос жатыпты. Соны пайдаланған

қоңыраттар Қаратаудың Түркістан тұсын ендей жайлағанда, арасына

Алшын, Тама, Жағалбайлы, т.б. бейбіт келісіммен кірігіпті.

Page 158: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

158

Осы екі аралықта Орта жүздің ханының тағына Әбілмәмбет

сайланып, өзінің ел үшін еткен еңбегін еш кеткенге балаған

Әбілқайыр хан аттың басын Жайыққа қарай бұрғанда қазыналы

Қаратаудың маңында, Қарабура әулиенің айналасында қалмақшы

болған үзеңгілес батырлардың өтінішін құп көріп, Әбілмәмбет ханға

сөз салып, айтылған жерлерді Кіші жүздің балаларына алып берген

екен. Кейіннен бұл жер бөлісті Абылай ханның өзі де қуаттаған

көрінеді. Бөліске берілген Созақ өңіріндегі қазіргі Жыныс ауылы

маңынан бастап, Шу өзені бойындағы Жуантөбе, Ұланбелге дейінгі

аралықты қыс қыстау етіп, одан әрі Бетпақ даланы «Тамалардың

көш жолымен» қырқып өтіп, Сарысу өзеніне дейін барып,

Түгіскеннің маңайын жайлап жүріпті» деп жазады Пернебай

Дүйсенбин өзінің «Үркердей болып көшкен жұрт...» атты

жинағында.

Хош сонымен Барақ оңтүстік өңірге аяқ басты. Арқаны

жайлады. Барақ батыр мен Абылай төс қағыстырып, анттасқан дос

болған екен. Абылай өзінің тақта отырған кезінде Барақ атамызды

осындағы Арқа жеріне орналастырып кеткен екен. «Ертең мен кетіп

қалсам, сендерді қайтадан Еділ бойына қайтарып жіберер. Осындағы

елді қорғайтын батыр керек, әскер керек» деп Арқа жерінен жер

кесіп берген екен» дейді астаналық Әбілдаұлы Қалбота ағай.

Екінші бір әңгімеде: «Барақ батыр – Абылайдың күзетін

басқарған, қазіргіше айтқанда қауіпсіздік, шекара қызметіне

басшылық жасаған кісі екен. Ол кісіге тікелей Абылай ханның өзі

болмаса, басқа қолбасшылардың пәрмені жүрмеген көрінеді» деп

келеді.

Жаңатастық Ералы Нұрланұлы «Барақ батыр ешкімнен

қаймықпайтын, жаужүрек адам болған екен. Бет-жүзің бар демейтін,

ертеңгі күні осы басыма сор болады-ау деген қауіпті ойламайтын

жүрегінің түгі бар адам болған көрінеді. Сол қасиетін бағалап,

Абылай хан оны көтермелеп, марапаттап отырғанға ұқсайды. Барақ

батыр Абылайдың оң қолы болған. Абылайдың жарлығы кей-

кездерде Барақ арқылы жеткізіліп отырған. Барақ келгенде батырлар

тік тұрып қарсы алатын болған дейді. Қазақтың қаһарман ұлдары

Қабанбай, Бөгенбай батырлармен Барақ батыр тең жүріп-тұрған,

жорықтас болған дейтін де әңгімелер бар. Ол кісінің алдында сол

заманның батырлары бас иіп тұрады екен деп Кәрібоз, Байділдә

Page 159: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

159

аталарымыз жылағанда көздерінің жасы көл болатын еді» деп еске

алады.

Бақтияр Тайжан ағам қызық бір ой тастайды: «Атақты

Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбайдың атын иемденген ру, тайпа жоқ.

Солармен бірге жасаған Барақ атымен бір ру тарайды. Бұның өзі

тегін емес қой» деп. Бұл сауалды ауылдағы ағайындар бір-бірімізге

қойғанымызда, бір ауыздан «Барақтың үлкен адам болғандығы,

тарихи тұлға болғандықтан өз атынан ру тарап отыр. Егер, ол

қайдағы бір жай қарапайым жан болса, оның атымен ру түгілі,

ауылдың да аты аталмайды» деп қорытындыға келдік аяғында.

Осы кітапты жазамын деп ауыл-ауылды аралап, әр түрлі кәсіп

иелерімен, әр түрлі жастағы жандармен сұқбат құрып жүргенімде,

өзімнің келе жатқан жолымның дұрыстығына көзім жете берді. Бұл

қажетті дүние екендігін кездесіп шүйіркелесе қалған жандардың

елең ете қалған, үңіліп сұрай кеткен, жақсы тілеулер мен баталар

қайырған, кейіннен іс қалай болып жатыр деп хабар сұраған,

мазасызданып жатқан жайттарынан аңғаратынмын. Алла жазса,

бабалар рухы қолдаса, кітап қылып шығарармын деп өзімді-өзім

қайраған кездерім көп болған, бола да беретін шығар. Бабамыздың

есімін жаңғырту – ұятты тірлік емес, қайта абыройлы жұмыс деп

білемін. Сол жолдан тартынбақ та емеспін.

Әлқисса, Барақ бабамыздан төрт ұл туады. Кім білсін,

бабамыздың бір әйелі татардың қызы екен деген де сөз бар. Қазан

жағына сапарлап барған жас Барақ татар көпесінің қызымен сөз

байласып қалыпты-мыс. Оған екі жақ бәтуаласып, құдандалық

жолды атқарады. Бірақ, Барақ ойда-жоқта орыстың көпесін өлтіріп

қойып, ол жақтан қашып еліне кетеді. Уақыт өткеннен соң татар

көпесінің қызы Барақты іздеп келіп табысып, екеуі отан құрыпты

деседі.

Барақ бабамыз кей әңгімеде екі, кей әңгімеде үш некелі болған

деседі. Барақтың бәйбішесінен Шілмәнбет, Шындәудет, Шынтемір

(жеңгелері қойған аты - Шінтек), Әзберген деген балалары болған.

Барақ атамыз немере ағасы Сыбақтың жесіріне аяқ салып, одан

Қойлыбай (жеңгелері қойған аты – Жүзжасар) деген бала туған.

Қойлыбай - Барақтың тоқалдан туған баласы. Сонымен қатар ағасы

Құлшыораздың Бердене (жеңгелері қойған аты - Қалдыахмет) деген

баласын өз бауырына салып өсіреді. Осылардың барлығы Барақ ата

Page 160: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

160

туының астында өскен өрендер. Барлығы да Барақ руының негізін

құрайтын ұрпақтар болып табылады.

Барақ батыр мен қалмақ батырының күш сынасуы

Ертеректеу, бала кезімде көршіміз Сәрсенбекұлы Болат ағамыз

үйде отырып:

- Осы жұрт ауыл арасының баласы болғаннан соң ба, қайдам,

мені менсініңкіремейді. Мен бала кезімнен шалдардың әңгімесін көп

естіп өскен жанмын. Кейінгі уақытта мына алшындар жайлаған

Калинин атындағы кеңшардың көшпелі емханасында фельдшер-

дәрігер болдым. Сонда жүріп Алшын елінің көптеген әңгімелерін

естіп, көкірегіме құйып жүрдім. Мына жаман ағаңның айтқан

Отыншы, Өлке, Батыр Мақан туралы әңгімелерін Сүлеймен жиен

Тәбірізұлы өз кітабына кіргізген. Менің әңгімелерімді кейінірек

қолыңнан келсе бір кітап қылып шығарарсың, - деп күлген еді.

- Мен айтайын, сен құлағыңа құйып ал. Сенің бабаң, біздің де

бабамыз ғой, Барақ батырдың қалмақ батырымен күш сынасқан

мынадай бір әңгімесі бар еді, - деп орнында отыра алмай, бауырына

жастықты алып бауырына басып, қозғалақтап, қуақылана әңгімені

жайлап бастай берді.

Кім білсін, бұл әңгіме еске түсер ме еді, түспес пе еді, Болат

ағамыз бұл дүниеден көшіп кетпегенде. Осы кітаптың осы беттерді

жазып, Бөкеңнің әңгімелерін еске алып, ойға түсіріп отырғанда, ол

кісінің әңгіме айтар сәттегі бетіне нұр жүгіріп, қутыңдап кететін

әдеті еске түскені. Талай әңгімелерді шерткен еді. Ол да өткен

күннің еншісінде кетіп барады. Бөкеңнің сол сапарда шерткен

әңгімесі төмендегідей:

- Мына сендердің пошымдарыңа қарап, осылар да батырдың

баласымыз деп мақтанады-ау деп ойлап қоямын. Барақ бабамыз

денесі ірі, мығым, бойшаң, салалы қолды, жұдырығы шоқпардай,

түкті, жауырынды кісі болған екен. Жасынан Қаратауды жайлап,

Сырдың суын жалдап күн кешкен екен. Заман қусырылып, қазақтың

жері ойрат, қалмақ, жоңғардың, торғауыттың аттарының тұяғы

астында қалып, ұлы құлға, қызы күңге айналып, жері жетімсіреп,

елдің көзінен жас, көңілінен мұң кетпей тұрған шақ. Күнде майдан,

күнде ойран. Төгілген қан, зарлаған жан. Біреу туысынан, біреу

Page 161: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

161

досынан, біреу басынан айрылып жатқан уақ. Елдің алды Бұқар

асып, түрікпенге сіңіп кеткен. Қолы ұзын, ертеңіне алаңдап,

басының амандығын ойлағандардың Қап тауы асқаны, ауған, парсы

ауғаны қаншама. Бөтен елді паналап, ұрпағының амандығы үшін

басын саудаға салған жандар нешеме.

Осындай зар заманда нешеме батырлар жаны шаһит болды

десеңші. Оның саны жоқ, сансыз. Түркістанға дейін жетіп, қазақ

әскері бір күн шегініп, бір күн бекініп қырылысып жатқан. Ол

уақыттағы соғыста да біздегі «обед» дегендей, ауқаттануға,

демалуға, арасында өлгенін жерлеуге, аза тұтуға, ептеген той-

томалақ жасап, әскерінің рухын көтеру үшін мейрамдар жасау үшін

бірнеше күнге «пұрсат» алатын кездер болады екен. Қаратаудың екі

бетіне жайғасқан қалмақ-қазақ ғаскері бірін-бірі аңдыстап жатыр.

Қалмақ ханының қатыны ұл туып, соны тойлауға берер күн

тыныштық сұрап, қазақ жасағы да күш жинау үшін аял қылған.

Үлкен тойға қалмақ жағы қазақ жасағының жандарын шақырған

көрінеді. Тойға бармаса, қорыққаны болады. Барады. Сақтықпен,

уланып қырылып қалмайық деп алдын-ала у дәрілерден аздап-

маздап ішіп қанығады. Оны ішіп қалыптасқан жанға берілген удың

күші аса әсер етпейтінге ұқсайды.

Той қызып, бір сәтте кім күшті деген сауал туындап қалса

керек. Еріккен нояндардың бірі тұрып, тау етегінде жатқан бір қой

тасты көрсетіп: «Мына тасты кім көтеріп ана төбенің басына

жеткізер екен. Соған ат басындай алтын беремін» деп жар салыпты.

Базар нарқын естіген, өзінің парқын жоғары көретін батырлар

ұмтылысып қалады. Тасты көтермек түгілі қозғауға да шамасы

келмей, нешеме батыр жерге кіреді. Ұяттан беті өртеніп, топ ішіне

тығылғаны, топ ішінен қашқаны болған. Сонда елден ерек

қалмақтың бір батыры шығып сол тасты қозғап, қарынына салып

төбе басына қарай аяқ басады. Орта жолда сүрініп кетті ме, әлде,

күші сарқылды ма, кім білсін, тасы қолдан сусып, төмен қарай

дүрсілдеп құлап кетеді. Оны көріп қазақ жасағының ішіндегі

батырларды да намыс қысады. Бірақ, тастың салмағы да ауыр, бітімі

де көтеруге ыңғайсыз. Не істемек керек?

Осы кезде ортаға белін бекем буып, шекпенін шешіне тастай

Барақ батыр шығады. Әруағын шақырып, білем-білем жұдырығын

ысқылап ортаға қарай суырылып шыға береді. Білегін қайыспен

орап, алақанын құммен ысып дайындық қылады. «Әуп!» дегенін ел

Page 162: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

162

естиді. Одан соң тасты иығына салғанын байқап қалады.

Арқасындағы түгінің ұзарып кеткенін көріп қалады. Тасты емпеңдей

көтеріп төбе басына шығады. Дүрс еткізіп тастайды. Сол кезде

арқасындағы терісінің созылып барып тарс ете қалғанын байқап, ел

жағасын ұстапты. Сонда батырдың түгін тартып, терісін созып,

жауырынына тасты жатқызып тау басына қойтасты қиналмай

жеткізген ерлігін елі жыр қылыпты.

- Таяныш қылдым түгімді, жеткіздім қойтас-жүгімді, - деп

мақтан қылған екен бабамыз, - дейді Болат ағамыз. – Бұл

Қаратаудың күнгей бетіндегі «Ойжайлау» деген жерде болған

уақиға екен. Осыны бала кезімде естіген едім. Соны айтудың сәті

бүгін түскенін қарашы, - деп қуанып отырды.

Бабамыздың осындай ерлік жайын Бөкең ағай осылай жырлап

еді. Ол күндер де тарих қойнауына сіңіп барады. Өткеннен жеткен

салауат осы.

Абылай хан мен Барақ батырдың достығы

Осы арадан бұл әңгімені доғарып, ары қарай екі саңлақтың –

Абылай мен Барақ батырдың достығын сипаттайтын келесі

әңгімесімен жалғастырсақ.

- Бұл енді, әкем Бердібекұлы Қуандықтан естіген әңгімем еді, -

деді Төлежан атам. – Ол кісі аса әңгімешіл емес, былайша айтқанда

сөзге жоқ адам еді. Бір уақыттарда ағасы Тіленшіұлы Тәпелден

естіген екен. Бұл Абылай мен Барақтың достығы туралы әңгіме

екен.

Құлшыораз батырдың туған інісі Барақ батырдың жауынгерлігі

аса мықты адам болған ғой. Бабамыздың өзі қажырлы, қайратты, өте

бетті, батыр тұлғалы, ұзын бойлы, кеуделі, қабағы түсіңкі, сұсты,

қара сұр түсті адам болған екен. Екі сөйлемейтін тапқырлығы да бар

екен. Абылай Барақты біршама жорыққа ертіп барып, әртүрлі сынға

салады. Бір күні екеуара әңгімелесіп отырады. Бұл Абылайдың

отыздан асқан, Барақ батырдың елуге келіп қалған кезі еді дейді.

Содан Абылай отырып шау тартқан Барақ батырдан:

Page 163: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

163

- Сен осы Кіші жүздің қайсысың, - деп сұрапты.

- Кіші жүз, Тамамын. Таманың өзі Әліп, Жөгі деген атадан

тұрады. Соның Әліп атасынан шыққан Дәулеткелді Барақ деген мен

боламын, - дейді Барақ Абылайға басын иіп.

Сонда Абылай Барақ батырға түсін жылытып:

- Иә, болсаң – боларсың. Өміріміз жортуылмен, жорықпен өткен

соң, баршамыз қазақ баласымыз десіп, кейде достығымызды,

ұрандастығымызды көңілімізге медет қылып, қай елдің баласысың

деп сұраспайды да екенбіз. Сұраған күннің өзінде барлығында

жадымызда ұстай бермейтініміз тағы да бар. Біздің негізгі

өміріміздің өзі ылғи-ақ жортуылмен өтіп келеді. Міндетіміз – елге

басшылық ету, ел арасының бірлігін, ынтымағын қалыпқа келтіру.

Сенің де осы іске атсалысқаныңды қалаймын, - деп Барақ батырды

қасына ертіп алған екен.

Барақ өзінің қалтқысыз қызметімен, тапсырылған тапсырманың

уақытылы орындауымен, артық қимыл, артық сөзге бармайтын

тындырымдылығымен Абылай сұлтанның сенімінен шыққан екен.

- Ал, бауырым Барақ! Бір жүріп, бір тұрайық. Дос болайық, -

дейді Абылай қолқа салып. – Менің қол астымда бол. Қолбасшы

боласың. Менің айтқан тапсырмамды мүлтіксіз орындау – тек сенің

қолыңнан келеді, - деген екен.

Абылай қасына нөкерлерін қосып беріп, талай бір қиын істерге

жұмсаған екен. Барақ батыр Абылайдың тапсырмасын ылғи да

мүлтіксіз орындап келіп жүреді. Кейіннен Абылай хан атанып, бүкіл

қазақтың ханы болды. Бұл кезде де мосқал тартқан, қарттық

ауылына бет түзеген Барақ батырды қасынан тастамай ертіп жүреді

екен. Тағы да бір елдің тыныштығы жолындағы, ағайынның бірлігі

турасындағы түйткілді, түйінді қиын іске бой салдырып араласуын

тапсырып Барақты жұмсайды. Ханның досы, қимас жаны болып

саналған батыр төре ауылына ғана тән осы жұмысты абыроймен,

ыждақаттылықпен орындап келеді. Абылай бұл іске ерекше мән

беріп, Барақтың қалтқысыз қызметіне зор баға береді.

Хан ордасында отырған бір отырыста Абылай хан былай деген

екен:

- Қазақ сахарасында талай азаматтармен бірге жүріп-тұрдық

қой. Атымның шығуына талай азаматтар еңбек сіңірді. Соның бірі –

мына отырған қараша кісі. Бұның аты – Барақ. Менің сенімімнен

шығып, айрылмас дос болған едік. Тағы да қайталап айтайын. Менің

Page 164: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

164

андам – осы кісі. Достығымызға осы отырған ел куә болсын, - деп

екеуі кеуделерін жалаңаштап шешініп, ел алдында төс қағысып, бір-

бірінен жан аяспайтын дос болғандығын танытқан екен дейді.

Анда деп – туыстығы жоқ екі қимас жанның бірін-бірі бауыр

санап, әріде бір жүргісі келсе, саусағының ұшын, болмаса білегін

кесіп қан шығарып, оны сүтке немесе қымызға қосып ішіп, қанымыз

қосылған жанбыз, бұдан былай туыспыз десуін айтады. Абылай мен

Барақ осындай анда еді десетін.

Хан киініп орнына отырған соң, Барақ батырға батасын береді:

- Ей, Қара Барақ! Қарқаралы қыздай – Барақсың-ау, сен! Хан

жоқ жерде – хан Барақ болуға лайықсың-ау, сен! Хан бар жерде,

қарқаралы қыздай болатын-ақ адамсың сен. Қаладым сені, бақыттың

шылауына ілік, азаматым! Аллаһуакпар, - деп бетін сипаған екен.

Осыдан соң хан батырға достығымыздың мысалы, нұсқасы

болсын деп бірталай әңгімелер айтады. Әңгімесі аяқталған соң,

шамалы ойланып отырып хан былай дейді:

- Сен маған ұнадың. Кейінгі ұрпақтарға сабақ болсын. Ұнат-

қанымның белгісі болсын, мен саған бір сый жасайын, - деген екен.

- Тақсыр, мен не істесем де, сізден сый дәметіп істемедім, -

дейді Барақ ханға қарап.

- Неғыласың, сен сұрамағаныңмен, мен ұсынғаннан соң, - деп

Абылай есік жаққа қарапты.

Есіктен кірген екі қызметші Барақ батырдың алдына сүтке

малып алғандай, екі бірдей аппақ күшік алып келеді. Тырнағы мен

башайына дейін аппақ. Аппақ денелерінде тек тұмсықтары мен

көздері ғана мөлдей қап-қара екен. Бірінен-бірі өтіп жұтынып тұр.

Содан соң назарын екі күшікке аударып:

- Мен достықтың нышаны болсын деп, осы екеуін сыйға

тартайын деп отырмын. Мына екі күшік италақаз (кейбіреулер –

сарыалақаз деп те атайды) деген қара-ала құстың балапаны болады.

Бұл италақаздың тұмса тууы кезінде, алғашқы басып шыққан

жұмыртқасынан құмай тазы туады. Өзі ұяға емес, елсіз жердегі іннің

ішіне, қасқырдың немесе аюдың ескі апандарына, я болмаса таудың

үңгірлеріне балапандайды. Өзі жылына екі-ақ жұмыртқа салады,

соның бірінен күшік шығады екен. Бір италақаз өмірінде бір-ақ рет

күшіктейді. Егер де италақаз қай жұмыртқадан күшік шығарын

білсе, енесі оны уыз күйінде жарып тастайды. Егер жара алмаса,

қабыршықтан шыққан күшік көзін аша салысымен-ақ аңға

Page 165: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

165

ұмтылады. Әрі жүйрік, әрі күшті болғандықтан арыстан,

жолбарыстан бастап алмайтын аң болмайды дейді. Соны естігеннен

соң саяткерлерімді бір жыл аңдытып алған күшіктер еді. Қазір бұлар

жасқа толды. Мынасының аты – Ұшар. Мынаның аты – Сұңқар.

Ұшар – қанаты барды алады, жерден көтерілгенше. Сұңқар –

тұяқтыны алады, тұяғын сермегенше. Айрықша қасиеттерін таныған

соң, аттарын осылай қойып едім. Менің саған деген ықыласымның

белгісі – жасалып отырған осы тартуым болсын, - деген екен.

Барақ батыр ханның бұл сыйлығын қабыл алып, осы екі

құмаймен талай мәрте аңға шығып, қанжығасын қандаған екен.

Кейіннен пенделік шіркін қалған ба, өзі сыйға тартқан Ұшар мен

Сұңқардың толысқан шағында алдынан қашқан аңды жібермейтін

қасиетін естіп те, көріп те жүрген Абылай хан «Бір мәрте аңға алып

шығайын» деп адам жіберіп, екі құмайды Барақ батырдан сұратып

алдырады. Құмайлардың жүйріктігіне, алғырлығына қызыққан хан

оларды иесіне қайтара қоймайды. Барақ батыр мен ханның арасы

басқа да себептер болды ма екен, біртіндеп суи береді. Бізге

беймағлұм себептермен, көңілі суыған Барақ батыр ханның

ауылынан жырылып көшіп кеткен екен, - деп Төлежан атам

әңгімесін аяқтаған еді.

Ол уақыттарда елдің бетіне қараған жандарының табиғатқа

жақындығы ма, кім білсін, жүйрік міну, ит жүгірту, құс салу,

тәуіпшілік қылу секілді қасиеттері мол болғанға ұқсайды. Бәлкім,

таза табиғат аясында жүріп, небір ұшқыр ойларға шомуы, небір

жағдайларға ұшырасуы, жаратушымен іштей күбірлесуі көп

болғандықтан да шығар.

Махмұд Қашқаридің сөздігінде кездесетіндей, кәрі бүркіттің

жұмыртқасынан шыққан күшікті барақ (бізше құмай) дейді. Сол

барақты Барақ батырға сыйға тартуы – бұл да қызғылықты, ізгілікті

жағдай секілденеді де тұрады.

Әңгіме ауанымен отырып, Төлежан атама:

- Біздің тарихта Барақ аттас адамдар көп қой. Біздің Барақ

батырдың әңгімелерін басқа аттас батырлар иемденіп кеткенін

бәріміз де біліп-ақ отырмыз. Шамамыз жетіп, дәлелдей алатын

әңгімеміз бар ма? Мен білетін Барақ батырлардың саны көп. Ақорда

ханы Барақ хан, Самарқан ханы Барақ хан, Солтабайұлы Барақ

сұлтан, Көкжал Барақ Тұрсынұлы, Көкжарлы Барақ, Түкті Жалды

Барақ, Асау Барақ, Барақ төре, Жағалбайлы Құтпанай Барақ. Жалпы

Page 166: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

166

Барақ есімін иеленген батырлар саны он-он бірге барып жығылады

деседі, - деп, Барақ аттас хандар мен сұлтандарды, батырлар мен

жандарды айта бастағанымда, ол кісі ойланып отырып:

- Жә, Барақ атымен аталатын жандардың санын бізге ешкім де

санатып, санақ жүргіздірте қоймас. Ел болғаннан соң аттас адамдар,

түр-нобайы ұқсас жандар бола берері хақ. Оны әңгіме қылуға да

тұрмас. Ал, енді Барақ батыр дегенге келсек, талас-тартыстың орын

алуы әбден бек мүмкін. Қазір ол заманға барып келген, куәлік алып

келген жан жоқ. Бұрынғы әңгімеші аталардың, шежіреші

қариялардың ізін алып жүрген, сөзін бағып, аузын аңдыған

құймақұлақ даналар жоқ болып, тарихымыз тас-талқан болып

жоғалды. Шежіренің уызы құмға құйылып сіңіп кетті. Уыздан

қалған ашқылтым дәмі бар, дегенде бойында құнары да жоқ емес,

толық сұйық деуге ауыз бармайтын, қою десең көңілің қанбайтын

шежіреміз қалды. Барға қанағат, жоққа салауат! Барақтың

батырлығына, оның ерен ерліктердің иесі болғандығына ешкім де

таласа алмас. Рас, ортамыздан уағында көңіліне құйып алар,

қағазына түсіріп алар адамның тумағаны өкінішті. Барақтың

абыройын асқақтатқан Орақбайдың Құтжан деген алғыр ұлы болды.

Көзіміз көрді, көлеңкесінде жүрдік. Сол кісі бір жылдары «Біздің

Барақ батырдың сүйегін тауыпты. Әңгімесін иеленіп кетіпті» деп

біреулердің үстінен арыз айтып, жоғарыға хат та жазып жүрді.

Онысынан түк шықпады. Бұрын жазған, жарыққа шығарған еге

болып кетті. Әңгімеге біздің де бар таласымыз. Барымызды,

ойымызда, көңіліміздің түкпірінде жүрген қиссаларды шығарайық.

Көңіліміздің шерін тарқатайық. Ал, балам, өзіңнің білгеніңді айта

бер, - деп Төлежан атам кестелі де дестелі, әр сөзі бір кітапқа азық

болар сөздерімен жөн сілтеп, ақылын қосып отырар еді.

Бірде отырып Төлежан атама Барақ батыр туралы әңгімелерде,

оның Абылай ханнан жиырма жастай үлкен екендігі

айтылатындығын айтып, «Абылай 1713 жылы туған, біздің Барақ

бабамыз 1693 жылы туған болуы мүмкін бе» деген сауал қойдым. Ол

кісі «Бек мүмкін» деп жауап берді. «Ол Абылаймен бірге жорықтас

болатын болса, Абылайдың хан атанған уағында елуді еңсерген

жанның ат үстінде отырып, қан майданға кірмеген болар. Елуді

еңсерген адам, ханның кеңесшісі болып қатысқан шығар» дегенімде:

- Жо-жоқ, - деді Төлежан атам. – Бізге белгілісі Барақ

атамыздың Сырдың бойына ертерек келгендігі мен Қаратаудың

Page 167: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

167

Теріскейін жайлағаны ғой. Ендеше, Бетпақты жайлау еткені,

Теріскейді қыстау еткені жобаға келеді емес пе. Ал, елуден асқан

жанның соғысқа кіре алмайды дегеніңе келісе алмаспын.

Айдарбалта Бесекбайдың бір баласы Болатбек әжі деген болған.

Әжінің Кенжеғұл деген баласы болған. Кенжеғұл деген кеңес

өкіметі уағында барлық қиындықты көрген, бірақ ешбір мойымаған,

мүжілмеген адам. Тоқсан жетісінде қайтыс болды. Тоқсан үшіне

дейін атқа қарғып мініп, тірліктен қалмаған. Қысы-жазы атпен

жүретін адам. Суықта тоңбайтын, ыстықта шөлге мойымайтын. Осы

кісілер заманында туып, жорыққа қатысса ол да батыр атанатын-ақ

кісі болатын. Тоқсан үшінде атқа қарғып міне беретін дедім ғой. Ал,

ондай сүйегі асыл адамдар көп қой өмірде. Біздің, бабамыз Барақтың

ондай ірілікке бармағанына кім кепіл?! Ертеректегі көнекөз

қариялар бұл әңгімелерді айтқанда, ойынан шығарып, «Түсімде

көріп едім, осындай іс болған екен» демеген шығар. Олар осылай

айтқандықтан, саған да тап солай деп жеткізіп отырмыз, - деген

болатын.

Барақ әңгімесін кімдер еншілеп жүр

Жайылмалық Орақбайұлы Орынбасар әкеміздің айтуынша:

«1958-1959 жылдардың жобасы болу керек, республикалық

«Мәдениет және тұрмыс» журналында «Барақ батыр» атты материал

жарық көреді. Мақаланың қасында шашақты найзаның суреті бар-

тұғын. Соны оқыған тәтем (Орақбайұлы Құтжан) ашуланып:

- Оттапты, бұл олардың – Барағы емес, біздің Барақ. Қара

бұларды, біреудің батырына еге бола қалуын, - деп шат-шәлекей

болды.

Барақтың Байдәулетінің Қозыбақ деген баласы болған, асықты

жілігі бір метрге жуық. Жаңағы материалда соны жаңағы – Барақ

батырдыке деп жазған екен.

- Езуін жырып кетеді. Ол – Қозыбақ батырдыке. Қозыбақтай

үлкен адам болған жоқ. Асықты жілігі бір метр болған. Сен сонда

оның бойы қанша болғанын шамалай бер, - деп отыра қалып

«Мәдениет және тұрмыс» журналына наразылық хатын жазып

жолдаған еді.

Бірақ, осы хатқа редакция тарапынан жауап келген жоқ дейді.

Page 168: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

168

Осыған ұқсас әңгімені Оңдыбайұлы Ордабек әкей де айтып

отырғанын естіген едім. Сондай-ақ, осы тақылеттес әңгімені қозғап

отырғанымда ағам, Үзікенұлы Көшен:

- «1972 жылдың желтоқсанында өзіміздің Дүйсенов Сайлау

Серікұлы ағамыз қайынжұртына, Қарағанды облысының Киевка

ауылына есік ашып барды, - деп келесі бір әңгіменің шетін

шығарды. – Сонда барған құдалыққа барған адамдардың құрамында

жаңадан әскерден ауылға оралған мені де ерте барды. Үлкеніміз деп

Шоламанов Тұрған ағайды жол бастатып алып бардық. Сол үйде

отырғанымызда Шәрбан жеңгеміздің сексенді алқымдаған нағашы

атасы отыр екен. Бізден «Қай елдің баласысыңдар» деп сұрап

отырды. Біз «Таманың Дәулеткелді деген еліміз. Оның ішінде Барақ

деген ел боламыз» дедік. Сонда ол кісі күліп, қасында отырған бір

денелі, қабағы түксиген жиені отыр екен, соның арқасынан қағып

қойып:

- Е, Барақ батырдың тұқымы екенсіңдер ғой. Дәулеткелді Барақ

батыр астына «Көкшолақ» атын мініп қасына жігіт-пігіт ертпей,

жеке-дара жүретін, жортуылға жалғыз-жарым баратын ержүрек,

батыл да айбатты адам екен. Үйір-үйір жылқысы болыпты.

Жылқысы түгелдей «Көкшолақ» айғырдың тұқымы екен. Сол түстес

болады. Қолында өрген дойыр қамшысы болады. Қарсы келген

жанды бір ұрғанда сеспей қатыратын болған. Қашқан қасқырды

қуып жетіп, қамшысымен тартып келіп жібергенде, қасқырдың

қабырғалары қаусап, омыртқасы сөгіліп кетеді екен. Найза, айбалта,

сойыл ұстауды сүймеген көрінеді. Жасы келіп қалған кезінде өз

бетінше кетіп бара жатқан Барақ батырдың астындағы атын

олжалағысы келді ме, әлде бір басқа себебі болды ма, кім білсін,

мына менің жиендерімнің үлкен аталары (Ол кісі атын атап еді,

ұмытып қалыппын. Жаңағы қасындағы жиенінің аталары екен

айтып отырғаны) елдің «Тиіспе. Оңбай қаласың» дегенін тыңдамай

ту сыртынан шабуыл жасайды. Сонда Барақ қолындағы

қамшысымен бір-ақ ұрған екен, ана кісі аттан ошарыла құлап, сұлап

жатып қалыпты. Ел кінәсін біліп ештеңе дей алмайды Бараққа. Ана

кісі, мына менің жиендерінің атасы содан қайта тұра алмай жатып

қайтыс болған екен. Сонда Барақ батыр қамшысыны өріміне

қорғасын қосып өреді деп бұрынғылар айтып отыратын, - деп әңгіме

айтты.

Page 169: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

169

Содан біз отырып: «Ой, қария-ай, бекер-ақ айттыңыз ғой.

Атамыздың кегін қайырамыз деп жиендеріңіз бізден есе қайырмақ

болып сабап жіберсе қайтеміз» деп күліп жатыр едік, Тұрған ағай ол

кезде жас, қызу қанды кезі, орнынан көйлегін шешіп атып тұрды.

«Кім бізге тиісетін, қайсысы?! Көрейін ол неменің әуселесін» деп

адырайып шыға келгені», - деп бір күлдіріп еді.

Сол құдалық сапарынан келгеннен соң, Орақбайұлы Құтжанның

қолында жаңадан шыққан «Мәдениет және тұрмыс» журналын алып

келіп: «Әне, ел біледі. Мыналарды көрмеймісің, біздің Барақтың

әңгімесін егеленіп кетіпті» деп, біреулердің атын атап, жазылған

мақаланы оқып ыза бола сөйлегені есінде қалған екен», - деген еді.

«Бұл да бір зерттеуді қажет ететін нәрсе!» деп түйдім мен

ішімнен.

2011 жылдың тамызында Жайылмадан Алматыға табан астында

сапар шектім, тек қана осы мақалаға орай. Ауылдан шықпас бұрын

Төлежанұлы Оразай ағама телефон соғып, барғаннан кейін мені қала

ішінде баратын жерлеріме жол бастап баруын өтіндім. Ол кісінің ке-

лісімін алғаннан соң, Қалдыбек бауырым машинасымен әкеліп ауыл

сыртындағы жол бойынан «Кентау-Алматы» бағытындағы

автобусты тоқтатып мінгізіп жіберді. Ертеңіне таң ата Алматыда

болдым. Оразай ағайдың үйінен таңғы асты ішіп алғаннан соң

Қазақстан Жазушылар Одағын бетке алып жүріп кеттік. Онда

Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Берік Шаханов

әкеміздің қабылдауына келдік. Ол кісімен біршама әңгімелесіп, пікір

алмастық. Содан соң ол кісі Ұлттық кітапхананың Қытай әдебиеті

бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Халықова апайға телефон соғып,

барған адамдарға жәрдемдесуін өтінді. Ол кісімен қоштасып

шыққаннан соң, «Қазақстан» телерадио компаниясына келіп,

ауылдың тумасы, «Шалқар» радиосы бас редакторының орынбасары

Болатбек Төлепбергеновтің қабылдауына келдік. Ол да бұл

әңгімеден хабардар болды. Бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс»,

қазіргі «Парасат» журналы редакциясындағы өзі танитын жандарды

іздестіріп, таба алмады. Содан соң ол да Ұлттық кітапханаға

телефон соғып, көмек беруін сұрады.

Сонымен Ұлттық кітапханаға да бас сұқтық. Гүлнар

Халықованың кабинетіне тіке тарттық. Ол кісі бізді жетелей әкеліп,

осындағы қызметкерлерге табыстады. Іздегеніміз оңайшылықпен

табыла қоймады. Екі күн отырдық Оразай екеуіміз. Жазушылар

Page 170: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

170

Одағы тарапынан келген жандар есебінде бір күнде әр адамға бес

қана тапсырыс қабылдайтын кітапхана қызметкерлері біздің

әрбірімізден 30-дан аса тапсырыс қабылдады. Әрең дегенде 1971

жылғы №5 санынан Сәйділ Талжанов деген кісінің «Барақ батыр»

атты мақаласын тапқандай болдық.

Ондағы мақала Найман елінің төресі, Барақ сұлтан

Солтабайұлы туралы жазылған. Бірақ, онда жазылған әңгіменің

біреуі төмендегі біз ұсынып отырған келесі әңгіменің өте бір тамаша

жазылған нұсқасы болып табылады. Бізде Ағатай батыр десе, онда

Шұбыртпалы Ағыбай батыр дейді және Барақ батырды «үстінде

қара құлын жарғағы бар, басына түлкі тымақ киген, аяғында

қонышы ұзын қима тақа қара етігі бар, кер жорға атқа мінген жас

жігіт» деп суреттейді. Оның Кенесары жасағына қосылмай қалған

жан екендігі әдемі суреттелген.

Жамбыл облысы, Талас ауданы, Үшарал ауылында тұратын

Әбілхалық Кәдірсізұлы ағамыз: «Есімде жоқ, 1957-1959 жылдары ма

екен, «Барақ батыр туралы зерттеп жүрмін» деп бір жас жігіт келіп

еді. Қариялар бар-тұғын ол кезде.

- Барақ батыр туралы, осы сіздер не білесіздер? Қандай тарихи

жәдігер бар, - деп келген.

Өзіміздің Барақтың ұрпағы, Үсенбайұлы Әби ол жігітке біраз

мағлұмат айтты. Бірақ, осы аяқсыз қалып кетті. Ол кісіні біз тәте

дейтінбіз. Тәтем сол жігіттің мекен-жайын, телефондарын алып

қалған ба, қайдам, бір күні отырып:

- Біздің Барақ батыр – оның іздеп жүрген Барақ батыры болмай

шықты. Өз Барағы туралы бірдеңе жазып жүр екен. Барақ аттас

адамдар дүниеде көп екен ғой, - деді.

Сол әңгімені сұраған жігіт кім екенін ежіктеп сұрамаппыз»

деген еді. Бәлкім, осындай зерттеп жүрген жандар біздің бабамыздың

әңгімелерін өз аталарына теліп алып кетті ме, кім білсін?! Төреші –

өзіңіз, оқырман! Сол уақыттағы біздің елдің адамдары неге

ашуланды? Аса ашуланатындай ол әңгіме қандай еді?

Таманың батыры бар - Барақ деген!

Шоламанов Тұрған, Оңдыбайұлы Ордабек әкелеріміз шертетін

Барақ бабамыз жайлы әңгіме былай шертіледі. Тұрекең «Ертеде

Page 171: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

171

елдің үлкен әңгімеші қарттары отырып ескілікті әңгімелерді

шертуші еді. Жаспын, құлағым әңгімеге түрік жүреді. Естігенім

санамда жатталып, тасқа басылған кітаптай басылып қалады. Барақ

бабамыз туралы бір әңгіме былай шертілуші еді» деп бастайтын.

Ал, Ордекең: «1962 жылы Ордабасыдан Жайылмаға келе

жатқан едім. Шолаққорғанда бір көлікке міндім. Өзін Аташал елінің

баласымын деп таныстырған кісі, есімі Кенжеғұл екендігін айтып

мені әңгімеге тартып отырды. Әңгімеге үйірлеу, кәріқұлақтау жан

екен. Барған жерінде көшедеге ойын балаларынан:

- Қай үйде шал бар? Ішіндегі ең кәрісі қайсысы, - деп сұрап

алып, сол үйге барып қонады екен.

Түнімен сол шалдың әңгімесін тыңдап шығады. Сол әңгімелерді

қорытып, елге таратқанды ұнатқан кісі екен бұл Кенжеғұл.

Шолаққорған жағына барып, Байқадамға (қазіргі Саудакент ауылы)

қайтып келе жатқан беті екен. «Тәкінің талына» жеткенше, бірді-

екілі әңгіме айтып еді. Соның біреуі – төмендегі әңгіме еді. «Барақ

болсаң, атаң туралы айтып берейін» деген еді, - деп бастаған

әңгіменің тарихпен байланыстыра айтқанда ұзын-жырғасы

төмендегідей:

- Абылайдың жасы алпысқа келгенінде Әбілмәмбеттің орынына

хан сайланып, жаңадан таққа отырып, ел алдына шыққан кезі екен.

Ескілікті кісілердің айтуына қарағанда, Абылай ханның көп өмірі

мына Шу өңірінде өткенге ұқсайды. «Ел қорғайтын батырдан кім

бар» деп түгендеп, Шу өзені мен Сарысу өзені барып құятын

Телікөлдің басында бір үлкен келелі жиын өткізбекші болып,

батырларын жинаған екен... – деп басталатын.

«Телікөл» дегенде бүйрегім бүлк ете түседі. Түспегенде, бұл

біздің елдің тарихын дәріптейтін, тереңнен қозғайтын қасиетті

мекеніміздің бірі. Осындай мекеннің бірі – Сыр бойы, Елек, Ор,

Еділ, Жайық бойлары, Жетіқоңыр, Қаратау.

Осы жиын туралы Ілияс Есенберлин өзінің «Жанталас»

романында. «Иә, Телікөлдің жағасына жиналған үш жүздің «игі

жақсылары» оны «Үлкен Орда» ханы етіп ақ кигізге көтерген. Рас,

бұл жиынға Ұлы жүз бен Кіші жүздің көп руларының басты

адамдары келмей қалды» деп жазған да.

Сүлеймен Тәбірізұлы өзінің «Созақ өңірі» атты кітабында: «Үш

жүздің басын біріктіріп, жоңғарларға қарсы ұйымдастыруда Абылай

хан ерекше көзге түсті. Абылай жайлы тарихи деректемелердің

Page 172: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

172

айтуына қарағанда ол қажырлы, қаһарман, батыл қолбасшы, шебер

ұйымдастырушы, дарынды дипломат, ақылды және айлалы, өз

отанын, өз халқын сүйген қажырлы қайраткер болған. Міне, осы

атақты Абылай ханның да көп өмірі осы Шу өңірінде өткенге

ұқсайды. Уақытында Шу өзені құйған «Телікөлдің» бойында

Абылай үш жүздің басын қосып ұлы жорық жайлы кеңес өткізген

екен» дейді.

Әңгімені ары қарай жалғасақ, жиын басталар алдында «Өзіңізге

қарасты барша батыр жиналды. Бір ғана батырыңыз келмей қалды»

депті кеңесшілері.

- Ол кім? – дегенінде, сол жерде тұрғандар:

- Бетпақтың даласын мекен еткен Таманың Барақ деген батыры

бар. Сол ғана келген жоқ, - десіпті. – Астында «Көкшолақ» деген

аты бар. Қақ-соқпен ісі жоқ. Жайлау-қыстауын аралап, жылқысының

жайымен жүреді. Жау келгенде ұрандатып, қаймықпастан жалғыз

шаба береді, - дегенді қоса естиді.

Абылай өзіне өкпелі батырдың не себепті келмей қалғанын

сезеді. Десе де хан аты бар емес пе, қараша батырының бұлай істеп,

ханға қыр көрсеткені ұнай қойсын ба?! Абылайдың жаңадан аты

шығып, қанжығаға малы байланып, мұрты майланып жүрген бір

батыры (жаңылмасақ аты Ағатай болуы керек) бар екен. Соған:

- Сол батырды көрсем деймін. Бетпақтың даласына барып,

соған ебін тауып жолыққайсың. Менің іздегенімді айтарсың, - дейді.

Абылайдың жас батыры қасына төрт-бес нөкерін ертіп Бетпақ

асады. Барақ батырдың жылқысының өрісіне келіп, осы жерден

батыр күніне бір өтеді деген тұсқа келіп шатырын тігіп, жас батыр

нөкерлеріне ет астырып, «Ет піскенде оятарсыңдар» деп ұйқыға бас

қояды.

Бір кезде бір аттылы үлкен денелі кісі келіпті де, ошақтың

алдында жатқан отындық тобылғының біреуін, соншама зор

денесіне лайықсыз қимылмен іліп алып, қонышынан қанжарын

суырып алған бойда жылдам қимылмен үшкірлеп ұштап жіберіпті.

Қазандағы пісіп жатқан еттен қалағанынша, шұрайлы, құйқалы

жерінен алып жеп жүріп кетіпті. Ошақ басындағы жас батырдың

нөкерлері ауыздары аңқайып, қимылдауға шамалары келмей отырып

қалыпты. Аттылы кісі бел асып кеткенше жігіттер тыпыр ете

алмаған көрінеді. Содан соң барып, естерін жинап жас батырды

оятады.

Page 173: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

173

- Ойбай, батыр, жаңа бір сұмдық зор денелі кісі келіп, етіміздің

шұрайлысын жеп кетті. Қорыққанымыздан қашан қыр асып

кеткенше, сізді оятуға батылымыз бармай отырып қалдық, - дейді

жігіттер.

«Бұл дәу де болса, хан айтқан Барақ шығар. Көрейінші қандай

сұмдық екенін» деп ойлаған жас батыр:

- Кім ол-ей, мені басынатын?! Қай бағытқа кетті, - деп атына

міне дәу кеткен бағытта құйғыта жөнеледі.

Бір-екі қыр асып барса бір керемет, өзіндей екеу келетін кісі

атымен құлан қуып жүр екен. Бұны көріп:

- Қайыр ананы, - деп зор дауыспен айқай салыпты.

Құланды қайырысқанша ол да атпен қатарласа беріп, құланның

артқы аяғынан іліп алып, алдына өңгере сала бауыздап жіберді

дейді. Дәудің денесіне жараспайтын қимылына қарап келе жатқан

жас батырға:

- Ер соңымнан, - деп алға түсіп жортып кетеді.

«Не де болса көрейін» деп батыр да ілесе береді. Олар осылай

жүре отырып, бір бұлақтың басына келіпті де құланды түсіріп,

өздері де түсіп, аттарын тұсап жібереді. Дәу:

- Мен мызғып алайын. Оған дейін етті жақсылап аса бер, -

дейді.

Жас батыр амалсыздан құланды сойып, дәмді жерлерінің етін

кесіп алып, дәудің атының еріне ілінген үш аяқты мосыға етті

салып, отын жинап от жағыпты. Өмірінде басынан сөз асырып

көрмеген жас батырдың өзіне қосшы-нөкерлердің жұмысын істетіп

қойып, өзі қаннен қаперсіз ұйқыға бас қойған дәуге деген қыжылы

бар. Ішін ыза кернеп барады. «Бұл неткен кісі» деп шоқпармен

барып басынан ұрды дейді. Дәу басын қолымен тыр-тыр қасып

қойып ұйқыны жалғастыра беріпті. Өзінің ұрғанын шыбын шақты

құрлы көрмегеніне ызаланған батыр, дәуді не де болса өз

шоқпарымен ұрып көрмек болып, дәудің шоқпарын көтерейін десе

шамасы келмепті. Салмағы өз шоқпарынан екі-үш есе келетін

нобайы бар. Беті қайтып қалған батыр «Құдайдың жазғанына

көндік» дегендей, мойын ұсынып қалады. Ет піскен кезде дәуді

барып:

- Ағасы, тұрыңыз. Ет пісті, - деп иығынан тербете бергенде, дәу:

- Һ–аһ! – деп атып тұрады.

Селк ете қалған батыр:

Page 174: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

174

- Ет пісті, - дейді қайталап.

Екеуі етті жеп болған соң, бұлаққа барып жуынады. Сонда

тұрып дәу айтады:

- Ит-құсқа да тамақ керек шығар. Мына қалған ет соларға

қалсын. Ал, сен бала маған ұнадың. Қолың қатты екен. Басым

ауырып қалды, - деп.

Жас батыр қысылып, ұялып қалады. Солай деп екеуі ары қарай

жүріп кетеді. Дәу жас батырға кешке дейін иен далада үйір-үйір

болып жатқан жылқыларын аралатқан екен. Бір қостың қасына

келгенде дәу:

- Саған осы жылқыдан бір үйір жылқы сыйладым. Қалағаныңды

ал, - депті.

Жас батыр өзінде де жылқының жеткілікті екендігін айтып,

алғысын айтып үйірден бас тартады. Сонда дәу:

- Онда осы жылқының ішінен қалаған жылқыңды ал, - депті.

Батыр қарап жүріп, шетте жеке жайылып жүрген, буаз шұбар

ала биені таңдайды. Сонда дәу айтады:

- Көзің неткен көреген! Бұнымен үш күншілік жерге кеткен

жауымды қуып жетуші едім. Қашсам – құтылуышы едім. Қусам –

жетуші едім. Осымен жауға үш рет шауып, жеңіспен оралып едім.

Сен тегін адам болмадың. Мал таниды екенсің, бала. Ал, мені

танисың ба? – деген екен.

- Жоқ, - дейді жас батыр.

- Білмесең, біле жүр. Менің атым Тама Барақ батыр, - дейді дәу.

Барақ батыр Ағатай батырды бір күн мейман етіп күтеді.

Ертеңіне шығарып салып тұрып:

- Балам, Ханға сәлем айтарсың, шау тартқан менен енді

батырлық шықпас. Сексенге келген жаннан не қайыр?! Құдай

сендердей жас батырларды аман қылсын. Ханға өзім арнайы барып

жолығармын, - депті дейді Ағатай батырдың арқасынан қағып.

Барақ пенен Ағатай

Барақ батыр мен Ағатай батырдың бұдан кейін де сан мәртебе

жолыққанға ұқсайды. Осындай сабақты әңгіменің бірін жәйремдік

әңгімешіл ағамыз Ордашбайұлы Марат пен жиеніміз Данаш

Батырұлы жырлайды.

Page 175: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

175

Марат ағамыз бір жолы «Шұбаркөл» кенішіне көмір алу үшін

барып, көмірдің кезегінде тұрып қалады. «Шұбаркөл» - Қарағанды

облысының Шет ауданына қарайды. Сонда мал жайып жүрген, Шет

ауданының орталығы Киевкадан шыққан, Алсай елінің бір әңгімеші

шалына жолығып қалып, тілдесіп отырады. Қазақтың амандық-

саулықтан соң: «Ныспың кім? Қай жақтыкесің? Қай елсің?» деп

сұрайтын әдетімен, танысып, жөн сұрасып қалады. Марат ағайдың

Дәулеткелді-Барақ елінен екендігін білгеннен соң жаңағы қарияның

бір әңгіме айтады. Ал, Данаш жиен Досым-Алшынның қариялары

Мамытбек, Тарғын аталардың, өз әкесі Батырдың айтқан әңгімелерін

айтады.

Таманың Барақ деген батыры жүрегі еш нәрседен

шайлықпайтын, бет-жүзің бар демей тура сөйлейтін жан екен.

Қолына қылыш ұстап көрмеген жан екен. Басқа қаруларды

тұтынатынын кім білсін, әншейінгі күнінде дойыр қамшыны қару

қылып ұстайтын жан екен.

Сол дәуірде Орта жүзде Ағатай деген батыр болған екен. Ол

кісіні ел құрмет тұтады. Сырттан келген адам, я болмаса

жолаушылап ауылдың үстінен өтіп бара жатқан адамдар Ағатай

батырдың үйіне келіп түсіп, сәлем беріп, бара жатқан бағыт-

бағдарын айтпай кетпейтін көрінеді. Ауылдың сыртынан батырға

соқпай кететін жан болмаса керек.

Бірде Ағатай батыр ауылының сыртында жан-жағына қарап

отырса, бір аттылы біреу ауылды айналып кетіп бара жатқанын

байқайды. Өзіне соқпай, ауыл сыртынан айналып кеткен жанды

Ағатай батырдың соққыға жығатын әдеті бар екен. Өзінің ауылына

соқпауды - өзін қорлау, менсінбеу, басыну есебінде қабылдайтын

Ағатай батыр ауылына қарай жүгіреді. Жігіттері де байқап

батырдың атын ертеп, алдына тоса береді. Келген бетте атына

қарғып мініп:

- Әпер, - дейді.

Батыр бойшаң жан екен, аяғын үзеңгіге салғанда екі тізесі аттың

құлағына барады. «Әпер!» деген пәрмен келгеннен соң жерде тұрған

үш жігіт митыңдап келіп, батырдың сойылын алып берді дейді.

Сойылы бөрене сықылданған жуан, әрі ұзын болып келеді екен.

Менсінбеген жанды көрейін деп сыртынан барып шоқпарымен ұрып

өтеді. Сонысын алыстан байқап келеді мен, ана кісі жалт бұрыла

бере қолындағы сойылын тосып кеп қалады. Сөйтсе, Ағатайдың

Page 176: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

176

жігіттерді митыңдатқан бөренесі ортасынан қақ бөлініп сынып

қалыпты. Сонда барып алдыңғы кетіп бара жатқан, артына бұрылып

қарайды. Қараса, Таманың әйгілі батыры Барақ екен. Ағатай

Барақты таниды, өзінің қылығына ұялып, сасып қалады. Барақ батыр

Ағатайдын әжептеуір жас (бәлкім, 30-40 жас) үлкен болса керек.

Жасы үлкен кісінің сыртынан тоқпақ жұмсаған қылығынан

қысылып, ұялады. Аттан секіріп түседі.

- Ассалаумағалейкум, көке. Айыпқа бұйырмаңыз. Сізді

сыртыңыздан танымай қалдым. Мені менсінбегендей ауылымның

сыртынан айналып бара жатқан кім деп барып сізге қол көтеріп

қалған едім. Ақымақ ініңізді кешіргейсіз, - депті басын иіп.

Ағатайды да ел қатты құрметтеп, бір ғана Орта жүз емес, бүкіл

қазақ баласы құрметтеген жан екен. Атын тікелей атамай Ақке деп

атайтын болса керек.

- Ә, «Білмеген - у ішеді» деген. Саған бұрылғым-ақ келіп еді.

Асығыс болып, бұрыла алмадым, - дейді Барақ Ағатайға күлісмірей

қарап.

- Ойбай, көке, алыс жер ме еді? Қасыңызға серік болуға

жараймын ба, - дейді апалақтап батыр.

- Ә, көш жер емес, шамалы жер. Мына жақта бір жиенім елді

қырып барады деген соң, асығып шыққан едім, - депті дейді сонда

Барақ батыр. – Сенің маған ермейтіндігіңді біліп, әдейі осылай істеп

келемін. Ауылыңнан бір ұзап шықпайсың. Шыққаннан кейін кері

қайтпайсың.

Ағатай жолда келе жатып Барақтың сойылына көз тоқтатып

қараса, өзінікенен екі есе келеді екен, ағашы да бөлек сықылданады.

Жолда келе жатып Ағатай Барақтан:

- Ал, жиеніңізге бардық делік. Оған не айтпақсыз, - дейді ғой.

- Сен сұрама, мен айтпайын, оның не бүлдіргенін. Бірақ, осы

жолы өлтірмеске болмайтын болды. Ол жиенім менен де зор, әрі

қарулы. Маған дес бермей кетуі мүмкін. Бір көзі жоқ, соқыр. Сол

жалғыз көзінің өзі өңменіңнен өтіп, мысыңды басады. Мен сені

ертіп шыққаным, менің шамам келмей бара жатса, сен өлтірерсің

оны дегенім еді.

- Ойпырмай, батырекесі, «Жиеннің наласы – жаман» деуші еді.

Сіз осы райыңыздан қайтыңыз. Қолыңызды былғамаңыз, таза өлтіру

керек болса, мен өлтірейін Сіз үшін, - депті Ағатай батырға қарап.

Page 177: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

177

Барақ батыр бұл жолы үндемейді. Ағатай да қайталап сөз

қатпайды. Осылай үндемеген қалпы, жиеннің ауылына келеді.

Нағашысының келерін білді ме, әлде жүрегі құрғыр сездірді ме, әлде

сәйкестік пе, кім білсін, жиені де атқа мінген, қаруланған қалпы

бұларды алдарынан күтіп алады. Соқыр жиенін көрген бетте Барақ

атпен құйғыта жөнеледі. Келген бетте сойылымен ұрып өтеді.

Дайын тұрған жиені сойылды қағып тастайды. Қайта айналып келіп

Барақ жиенін ұрмаққа оқталып келе бергенде, Ағатай батыр

Барақтың қолын ұстай алады.

- Кешіңіз, ағасы. Жаман да болса, жиеніңіз ғой.

- Кешпеймін. Кешуге болмайды. Сен үшін бір жолға райдан

қайттым, - деп кері бұрыла береді. Сөйтеді, артына бұрылып қарап:

- Енді бұл елге аяқ баспаймын. Енді осылай істейтін болсаң,

өзім келіп басыңды алатын боламын, - деп жүріп кетеді.

Кері жолда да екеуі үн қатыспайды. Тек Ағатай өз ауылының

тұсына келгенде:

- Көке, үйге түсіңіз, мейман боласыз. Екеуіміз бір отырып

әңгіме-дүкен құрайық. Ағалы-інілі болып, бір шүйіркелесе алмадық

қой, - дегенде Барақ батыр жымиып:

- Жол ұзақ, уақыт қысқа. Менің әлі де ел тыныштығы үшін

атқарар тірлігім бар. Аял қылсам, бүгінгі жұмысым аяқсыз қалады.

Алдағы күннің еншісіне тастайық, Сіз бен біздің дидарласып, сұқбат

құруды. Ал, аман бол, - деп Барақ атын тебініп жүріп кеткен екен.

Бұл оқиға Ұлытау өңірінде болған деп айтушы еді. Сондағы

Барақ батырдың «Бір жиенім елді қырып бара жатыр» дегені –

қазақтың бір ханы екен дейтін. Бұл қай хан екендігін, сол уақыттағы

жүздердің жеке хандарының бірі ме, төре тұқымынан тараған

ұлдарын хан дейтін қазақтың әдетімен айтылған «хан» ба, әлде бір

елдің биі ме, ол жағын толық айта алмаймыз. Бақ батырдың

қарындасы Аман хан әулетіне ұзатылыпты дейтін әңгіме бар еді,

бәлкім, содан туған жиен болар. Әйтеуір, Барақ батыр жиенін жөнге

салыпты дейтін осындай бір әңгіме бар.

Қарқаралы қыздай Тама Барақ

Енді осы әңгіменің жалғасын жайылмалық Шоламанов Тұрған

әкеміз (ескілікті шалдардан естігені) бен Талас ауданы, Үшарал

Page 178: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

178

ауылының тұрғыны Кәдірсізұлы Әбілхалық ағамыз (Үсенбайұлы

Әби ағасынан естігені) былай деп әңгімелейді.

Абылай хан өзінің байырғы досы Барақпен қайта жолығысудың

сылтауын іздейді. Ертеректе бір шақыртқанында:

- Ханға сәлем айтарсың, шау тартқан, шал болған менен енді

батырлық шықпас. Қолынан күші, ауызынан тісі кеткен, төрінен

көрі жуық менен не қайыр?! Құдай сендердей жас батырларды аман

қылсын. Ханға өзім арнайы барып жолығармын, - дегенін естіп,

ішінде хан сөзіне құлақ асып, уағында келе қоймады деген қыжылы

да бар Абылай бір сәтті күнін күтіп жатты дейді.

Сөйтіп жүргенде, Барақ батырдың ауылына көршілес, қоңсылас

ағайындар тұтқиылдан шабуыл жасап, біршама адамды жазым

қылып, өрістегі жылқыны айдай кетеді. Ол жайтты ести сала Барақ

бабамыз «Көкшолақ» атына жайдақ міне жауды қуып шығады.

Жылқыны айдап бара жатқан барымташыларды қуып жетіп,

шеттерінен аттан түсіре береді. Сондағы қаруы өзегін қорғасынмен

өрген қамшы ғана. Біреуі ғана қашып құтылады. Қалған

барымташыларды ауылға жаяу айдап келеді. Келген бетте ашумен

олардың бір-бір құлақтарын кесіп алады. Оның ішінде қатты

соққыдан мертіккен біреуі ұзақ жатып қайтыс болып кетеді. Қалған

жігіттерді босатып жіберген Барақ, қартайған шағындағы атқа мініп

шапқанын көтере алмай ауырып жатып қалса керек.

Осы жайтты естіген Абылайдың да Барақ батырмен жолығуға

ниеті кетеді. Содан да әртүрлі сылтау іздейді. Ел аралап шығады.

Барақ ауылының маңындағы ауылдардың біріне келіп қонады.

Ханның келгенін естіп, маңайдағы ел шабылып, бәйек болады.

Ханға сәлем бермекке игі жақсылар ұмтылып, біреу жағдайын

айтпаққа, біреу барын көрсетіп мақтанбаққа ділгір болады. Ұзына

кезекке ұрып, ханға жолықпаққа адам салып әбігерге түседі.

Ханның ойында Барақпен жолықпақ ниет болғандықтан, келген

елді көзімен, ойымен түгендеп «Кім келмеді? Неге келмеді?» десіп

қойып қана отырады. Өзінің майдандас досы Барақ батырдың

ауырып төсек тартып жатып қалыпты дегенін естіп, елге «Абылай

хан ауырып қалды» деген хабар таратады. Арнайы Барақ батырға

хабар жібереді. «Бұл неғылған дәті берік адам екен? Көрейін» деп

сынап оны күтіп жатады. Барақ батыр мұны естіп, төсектен басын

көтеріп:

Page 179: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

179

- Ойпырмай, мен ауырсам – ханның бір батырымын. Ол болса –

елдің тұтқасы, халықтың егесі ғой. Жасы кіші болғанымен, хан ғой.

Менің бұлай жатқаным болмас, көңілін сұрайын, - деп орнынан

түрегеліпті.

Сол екі ортада ханның елге келгеніне қуанып, сәтімен келген

дүние болды ғой деп, барымтада адамы өлген жақ Абылайға

арыздана келеді. Хан ол жақтың арызын мұқият тыңдап, ой

таразысына салады. Өзінің тыныш жатқан еліне шапқан жауға қарсы

тұрған жанды айыптауға еш қисын жоқ. Ұрының құлағын кесу –

ертеректен келе жатқан жаза болғандықтан, оған да айып таға

алмайсың. Бірақ, ел іші болған соң, өлген адамның құнын даулау

болады ғой. Арызданған жақтың да сөзін тыңдау керек. Абылай хан

бұл істі өзі тергемек болып, арызданушы жақтың ауылына келіп

түседі. Хан келгеннен кейін бар мүмкіндікті жасап, ақ үй тігіп,

жайылып жастық, төселіп төсек болып шабылып жатыр екен дейді.

Сол маңда жүрген жанашыр адамдардың бірі Бараққа ат шаптырып:

- Хан сені ұстап алып кетейін деп жатыр. Бұрынғы өлген

пәленше үшін құн даулатпақ болып отыр. Ханның да артында әскері

дайын отыр. Сені алдына салып айдап кетпек. Қапы қалма, -

дегізіпті.

Ханның көңілін сұрамаққа атқа мінген Барақ, кеше ғана ауырып

қалды деп хабар жіберткен адамының келесі ауылға жол тартып

кеткеніне қапаланады. Келген астыртын хабарды естіп, көңіліне дық

алады. «Маған не істер қояр дейсің?!» деген де ойға келіпті. Содан

соң ойланып:

- Болмас. Бұл істі бір жағына шығарайын, - деп ханның

шақыртуын күтпестен өзі ақ үйге келіп қалады.

Барақтың келіп қалғанын басқа ел аңдамай қалса керек. Келген

бетте хан жатқан ақ үйдің алдына түспей, сыртынан жанамалай

сүйкенеді. Үлкен күштің иесі сүйкенген соң, үйдің бүкіл сүйегі

сықырлап, теңселіп кетеді. Сонда іште жастықты биік қойып, төсек

салдырып жатқан хан басын көтеріп алып:

- Ей, сыртта кім бар? Мына үйге сүйенген түйені айдап

жіберіңдер, - депті.

Сонда Барақ аттан түсіп, үйге босағадан басын сұғып

кіргенінде, маңдайшаны сықырлатып, екі иығымен екі босағаны

көтере кетіпті. Төрге көз салған бетте ханның сырқат еместігін

түрінен байқап қалады. Ханның жүзінде ауырып тұрғандығының бір

Page 180: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

180

де бір белгісі жоқ. Өңі жақсы. Не ары, не бері жүрерін білмей бір

аяғы іште, бір аяғы сыртта, есік аузында тұрып қалады. Сөйтіп

тұрғанында Абылай ежелгі досын сынамақ оймен айтты ма, кім

білсін:

- Уа, кімсің? Бір ауыз сөзбен айт, - депті дейді.

Сонда Барақ:

- Ей, тақсыр, келді алдыңа Қара Барақ. Хан Барақ, Қара Барақ,

қарқаралы қыздай Тама Барақ. Хан барында – Қара Барақпын, хан

жоғында – Хан Барақпын. Ісімді оңдап берсең – ісім сара, ісімді

оңдамасаң – ісім қара, - деп босағаны көтеріп алып бара жатыр

дейді.

Сонда төрде отырған Абылай орнынан атып тұрып:

- Ай, болсаң – боларсың. Салауат, батыр, салауат. Әй, бір адам

емес, он екі адамның құны болса да кештім. Өзің жоғары шығып,

қасыма келші, - деп төрге қолтықтап әкеп отырғызған екен дейді.

Дидарласып, әңгіме-дүкен құрады. Өткенді, кеткенді айтып,

өзінің келелі істерімен ханға қызметі өткен қарт батырымен қайта

татуласқан екен дейді. Бір күн мейман етіп сыйлап, күтіп, батырды

шығарып салып тұрып:

- Ойпырмай, батыр-ай! Жас болғаныңда менің оң жағымда

отыратын адам екенсің. Әттең, не керек, жасың да ұлғайып қалған

екен. Ағаттығым болса, кешіргейсің, - депті дейді.

Барақ батыр ханмен жолығып қайтқаннан соң, төсек тартып

жатып қалады. Осы сырқатынан көп ұзамай қайтыс болған екен.

Абылай хан таққа отырған 1771 жылдан кейін өзіне құтты

болсын айтпаған жанның бірі ретінде Барақты іздеуін, онымен

жолығуын есепке алар болсақ, онда ол кісі 1772-1773 жылдары

дүниеден өткен болып шығады.

Барақ бабамыздың қайтыс болған орыны туралы сауал

туындағанда, біреу батыста қалған десе, екіншісі жорықта өлген

болса керек, деп үшіншісі Арқада қалған болы керек деп жатады.

Созақтық тарих зерттеушісі Сүлеймен Тәбірізұлы «Арқада,

Жетіқоңыр жерінде» деп жазады. Шу өзенінің бойында

«Көкмұрынтой» түбегінде, Ұлытауда, Жаңаарқа ауданы Арап

төбенің етегінде, Сарысу өзенінің бойында бұрынғы «Сарысу»

кеңшарының маңында дегендер де болған.

Page 181: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

181

Барақ батыр қай жерлерді мекен етті

Ия, Барақ батырдың ғұмыры әлі әзір толық ашылмаған кітап

десе де болады. Ол кісінің дүниеге келген уағы мен қайтқан уағын

жобалап шығарғандай болдық.

Барақ батыр менің топшылауымша – Ор өзені бойында, қазіргі

Ресей жерінде дүниеге келіп, есейе келе қазіргі Ақтөбе өңіріне

келген. Одан соң Түркістан төңірегіне көшіп келеді. Оған дәлел

болатын себеп ретінде – Бақ батырдың қонысына қоныстанып, Бұзау

батырмен жорықтас болуынан көреміз. Хан кеңесіне мүше болып

енуімен де қарайластырып қарауға болады. Сырдың бойында

қыстап, Елек өзені бойын жайлап жүрген уақыттары да болған.

Сонымен қатар Қарқаралы тауына дейінгі жерлерді біршама жыл

жайлауы да мүмкін. Оған дәлел – осы кітапта жазылып отырған екі

әңгіменің (Серікұлы Сайлаудың қайынжұртында болған әңгіме мен

Марат Ордашбайұлының, Данаш Батырұлының айтқан әңгімелер)

Қарқаралы төңірегінен шығуы. Сонымен қатар «Тама» кітабында да

Тама елінің азаматтары Сырдың бойын қыстап, жазда Қарқаралы,

Дегелең тауларына дейін жайлап жүргендігі айтылады. Одан кейінгі

уақыттарда Бетпақты жайлап жатқанға ұқсайды. Барақтың қайтыс

болар уағындағы мекен қылған жайы Ұлытаудың маңына келетінге

ұқсайды.

Барақ батыр қайтыс болғаннан соң ұрпақтары мүнда ұзақ уақыт

қоныстана алмай Сарысу өзені бойында жайлап, қыста Нарын

құмын паналаған ба деп жобалайсың. Сыр бойынан біздің ел

ешқандай да қол үзіп кете қоймаған. Осыларды сөз етіп,

Қуандықұлы Төлежан атама айтып отырғанмын.

- Ал, сізге қызық айтайын, - дедім мен әңгімеге кірігіп. –

Өзіміздің Өмір ағамыз (Орақбаев Өмір Айтжанұлы) «Әкем

ертеректе Қызылорда жеріндегі Жаңақорған ауданындағы «Шалқия»

санаториіне барып демалып жүретін. Жалпы, «Шалқия» атымен екі

санаторий бар екен. Біреуі Жезқазғанның Жезді ауданында болса,

екіншісі Жезқазған облысы мен Жаңақорған ауданының

шекарасында. Сонда ол кісі Жаңақорған маңайы - Барақтың қонысы

екен. Беріге дейін Барақ балалары мекен еткен. Барақ балаларының

атымен аталатын жер-су аттары бар деп біршама атауларды айтып

еді. Содан менің есімде «Шалғымбайдың қара суы» деген өзеннің

Page 182: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

182

аты ғана қалыпты» деп айтып еді. Шалғымбай атамыз Барақтың

тұқымы, Тойшының ұлы емес пе?

- Айтжекең айтса, жобасы, жөн-жоралғысын біліп айтатын, -

деді Төлежан атам. – Кім білсін, ол кісінің шарламаған, бармаған

жері кемде-кем. Санаторий жағалаған жылдары аз емес. Жаңақорған

жағына барып та жүретін. Бақ, Барақ, Бұзау батырдың қыстауы

Сырдың бойында болған деген әңгімені одан әрі шегелей түсетін

дерек екен.

- Ал, «Шалғымбайдың қара суы» дегеніне қарағанда, - деп

әңгімені сабақтап Үзікенұлы Көшен ағам қосылды, - Сарысу өзенін

бойлай көшіп жүрген ғой аталарымыз. Сол судың аяғы құрдымға

барады. Жазғытұрым су үзіліп, әр-әр жерде үзінді болып қалады.

Бажайлап қараған адамға су қарайып көрінеді. Сол судың бірінің

басында Шалғымбай атамыз егелік етіп, қоныс қылып отырған

болды ғой.

- Солай болып тұр, - дедім мен әңгімені жалғап. – Сол Сарысу

өзенінің аяғы жаңағы айтқан «Телікөлге» апарып құяды екен.

«Телікөл» - Сырдария ауданының аумағында орналасқан. Оның

үстіне Абылай сол көлді біршама уақыт мекен қылса, Барақ бабамыз

соның төңірегінде жүрсе, Шалғымбай қоныс қылып отырса, кешегі

Түсіпұлы Сейіл атамыздың, Осекеңнің әкесі Қабанбайдың сол

төңіректі жайлағаны бар. Осыған қарап отырып, біздің тарихымыз

осы «Телікөлдің» маңынан іздегеніміз жөн болар деп ойлаймын.

Бұл біздің ағайындар үшін тіптен күтпеген тың жаңалық болған

секілді. Бір-біріне қарап бастарын изей берді. Кеңес өкіметі уағында

мұндай тақырыпта әңгіме қозғалды дейсің бе?!

Ой, шіркін-ай десеңші, үйде отырып та «Барақ тарихының

докторы» болып кетпесем болды ғой деп ойлап мен отырмын.

Барақ бабамыз қайда жатыр?

Созақтық тарих зерттеушісі Сүлеймен Тәбіріұлы біздің ауылға

жиен болып келеді. Барақ батырдың үлкен ұлы Шілмәнбеттің

тоқалынан туған Тыныбектен Өксікбай, Өскенбай деген ағайынды

кісілер болған екен. Бұл кісі Өксікбайдың Шәлкен деген қызынан

туған. Ал, мен болсам Тыныбектің інісі Тінібайдың (ел арасында

Тұяқ палуан аталған жан) ұрпағымын. Тыныбек пен Тінібай бір

Page 183: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

183

туған, сонда Сүлеймен маған немере әпкемнің баласы болып келеді.

Осы кісі талай жылдар тарихты зерттеп, Арқа жерін шарлаған жан.

Ондағы жердің атауларын талмай зерттеп, зерделеп жүрді. Соның

нәтижесінде «Созақ өңірі» атты кітабы жарық көрді. Сонда 201-

бетте «Барақ батырдың, Шілмәнбеттің бейіттері Арқада

Жетіқоңырда» деп жазатыны бар. Соны білмекке барған сапарымда

ол кісі құшақ жая қарсы алып:

- Оңтүстік Қазақстан облысының Қарағанды облысымен

шектесетін тұсында «Қарақойын» деген көл болған. Қазір онда су

жоқ, қалың батпақ. Ертеде «Талдыеспе» деген өзен құюшы еді, қазір

ол да жоқ. Осыны жағалап жүрсеңіз «Жетіқоңырға» шығатын

жайдақ жол бар. Әйтпесе, «Уанас» арқылы жүретін жол бар. Бірақ,

«КАМАЗ» көліктері жүріп жолды қазып тастаған. Онымен жүріп

абырой таба қоймайсыз. Бұл жолмен тек қана жалпақ табанды

машиналар ғана жүре алатын шығар.

«Жуантөбеден» шығып «Қыземшекке» келесіз. «Қыземшектен»

жоғары қарай отыз шақырым жерде «Уанас» деген жер бар.

Найманның Өкіреш деген атасынан шыққан екен Уанас.

«Қыземшектің» бір бөлімшесінің атын «Уанас» деп қойдық. Осы

«Қыземшектегі» бір көшенің атын «Таңбалы тас» деп қойдық.

«Инкай», «Қабанқұлақ» деген жердің аты бар. Солардың атын

жаңадан ашылған кен орындарына бергізіп жатырмыз. Біздің

өтінішімізге әзір құлақ асып, жергілікті өкімет орындары қолдау

жасап жатыр.

Біраз жылдан бері осы маңдағы «Таңбалы тасты» зерттеп

жүрмін. Бұл жөнінде республикалық бірталай басылымдарға

мақалалар жаздым. Қазақстан Президентіне, Мәдениет министріне

хат жолдап «Таңбалы тасты» қорғау жөнінде мәселе қозғап

жүргенмін. Ол жөнінен өзің де бұрыннан хабардарсың ғой. 2011

жылдың 3 мамырында облысқа хат келіпті. Облыстағы «Мәдени

мұра» бағдарламасының бастығы телефон соғып, кешірім сұрап,

бұдан былайғы жұмыс жоспарын талқылау үшін қайта хабарласпақ

болып жатыр.

Ал, енді сіздің шаруаға келсек, «Уанастан» ары қарай өрлей

кетсек, «Қарақыз» деген жерге барасыз. «Қарақыздан» шығысқа

қарай «Өлке» деген жер бар. «Өлкеге» бара жатқан тұста «Домбы»

деген жер бар. Домбы - Шәмші Қалдыаяқовтың атасы. Сізден

өтініш: Шәмші Қалдыаяқовты 1930 жылы Арыс өзенінің

Page 184: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

184

Сырдарияға құяр сағасында отырғанда қалың қамыстың ішінде туды

дейді. Кітабыма да тура солай жазғанмын. Шәмшінің әкесі

Қалдыаяқты бір кітапта 1895, біреуінде 1891 жылы туған десе, 1976

жылы қайтыс болған дейді. Жамбыл облысының Сарысу ауданында

туған дейді. Осы мәліметтер дұрыс па, қате ме, осыны айырып

беруге жәрдемдессеңіз. «Жеңіс» кеңшарында біршама адамдар осы

жайлы біледі деп аты-жөндерін жазып беріп еді, сол қағазды тауып

бере алмай отырмын. Атасудағы өлкетану мұражайына кірсеңіз, ол

жерден де бірқатар материалдар тауып қаласыз. Сізден үлкен үміт

күтемін, тарихыңызды тексере беріңіз, «Таңбалы тас» жөнінде,

Шәмшінің аталары туралы сұрай жүрсеңіз.

Бауыржан Момышұлы айтыпты ғой: «Менің жауым – үйде

тазалық жұмысын жасағанда, қағаздарымды қопарыстырып, бетін

жауып, өзінше реттеген адам» деп. Сондай жөндеу жұмыстары

жүргізіліп, менің қағаздарым қайда қалғанын таппай жатқан жайым

бар. Бүгін аяқтай алмаған қағазыңа белгі қойып, бетін ашып кетсең,

жидашылар оны пысықсынып жауып тастайды. Не істейсің,

бақырып-шақырып қоясың. Сізге тауып беретін қағазымды тауып

бере алмай айыпты болып отырмын, Нұреке!

Осы Жетіқоңырда «Тасоба» деген жер бар. Біздің Созақ

ауданының Ынтымақ деген ауылында Мұқымбет деген кісі тұрады.

Сол кісінің атасы Мұқыш деген етегіне тас салып алып, бір жерге

жинап әлек болатын көрінеді. Мүсәпірдің көрдіңіз бе пейіліне, не

бір адамдардың аты ұмытылып кетті, оның аты ұмытылмай

«Мұқыштың Тасобасы» делініп аты қалды. «Тасобадан» оңтүстікке

қарай жүрсеңіз, Көшек батырдың бейіті, одан соң Ерубай би, одан

соң Барақ батырдың бейіті кездеседі. Барақтың бейіті қарапайым

мола, ана екі кісінікін сағана қылып салған. Ерубайдыкенің де,

Көшектікенің де батыс жағы сәл мүжілген, жауынның әсері ғой енді.

Әйтпесе, сол бойында тұр. Темірден қоршау қойған. Осыдан ары

Тамалардың моласы келе береді. Одан бері «Қазыбектің моласы»

деген Найманның сағанасы бар. Қалған бейіттің барлығы Таманың

бейіті.

Ерубай айтыпты дейді ғой: «Мені шекараға апарып жерлеңдер.

Аяғымды тіреп жатайын, Наймандар өтіп көрсін» депті. Айтса

айтқандай-ақ қой, Мына жерде Ерубайдың бейіті, шамалы жерде

Қазыбектің бейіті. Ерубай мен Барақтың бейітінің арасы бес-он

шақырымнан аспайды. Барақтың бейіті мен баласы Шілмәнбеттің

Page 185: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

185

бейіті қатар жатыр. Осы маңда Таманың белгілі бір адамының бейіті

бар еді. Ұмытып қалдым.

Жолай аралап келе жатып «Мынау кімнің моласы? Кімнің

моласы?» деп сұрастырып, әр үйге түсе бердік қой. Сондағы

Наймандарың маған ұнады. Барлығы бір кісідей «Түсіңіз. Сусын

ішіңіз» дейді бірден. «Бізге сусын керек емес. Қазір ғана ішіп

шықтық. Бізге шалы бар, тарихтан хабары бар адам керек» деп

келеміз.

Осындағы Наймандар шулап «Таманың Барақ батыр дегенінің

моласы» десті. Осында менімен жасты, 1936 жылы туған Сейталиев

Сайлау деген Ұлытау ауданындағы «Сарысу» кеңшарында ұзақ

жылдар бойы жылқы фермасын басқарған кісісінің үйіне барып

түстік. Сонда қонып шықтық. Үй-жайы біздің кент орталығындағы

үйлерден артық, қаланың үйлеріне пара-пар. Қора-жайы тіптен

тамаша. Бұл 2009 жылдың 30 маусымы болатын. Үйінде бес-алты

орыс жүр. Бірі күбі пісіп жатыр, біреуі құрт жайып жүр, біреуі сиыр

сауып жатыр, біреуі мал жайғап жүр. Барлығына басшылық қылып

жаңағы Сайлау отыр. Күлдік. «Бұрын орыстар бізді жұмсаушы еді.

Сен сонысын орыстардың алдына келтірген екенсің. Атаңа рахмет!»

деп жатырмыз. Осы Сайлау сіз іздеген бірқатар моланың нобайын

көрсетіп бере алады.

Осында бір ақыл берді біреулер. «Сіз бір жеке адамның бейітін

іздемеңіз. Жердің кімдіке екендігін сұраңыз. Таманыке қайсы,

Наймандыке қайсы, Жағалбайлының жері қайсы деп іздесеңіз, оңай

табасыз» деді. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін, - деп қала берді

Сүлеймен жиен.

Арқа сапары – Барақтың бейіті қайда?

Осы әңгімемен біз 2011 жылдың 14 мамыр күні ауылдан екі

машинаға мінген алты адам жолға шықтық. Бірнеше адамға жолға

бірге барып қайтуға ұсыныс білдірілді. Бірақ, жеме-жемге келгенде

баратын адамдар осы алтаумыз ғана болып шықтық. Бастаманы мен

көтергеніммен, негізгі ұйытқы болып жолға шығып отырған

Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы бауырым. Ол ағасы Матанның

УАЗ-ын сұрап алды. Матан да ерлік көрсетті. Тараздан машинаға

жаңадан төрт баллон алдырып, салдыртты. Жолдасы Жақсыкүнов

Page 186: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

186

Аманғали Ыбырақымұлы, Қалдыбек үшеуі үш күн бойы машинаны

тексеруден өткізіп, жолға жақсылып дайындап шығарды. Қалдыбек

ағасы Матаннан машинаны жүргізуге сенімхат алып жолға

дайындалып келді. Жол бастаушымыз – Өксікбаев Сайлау деген

әкеміз, әйгілі жерқұлы, Арқаның жерінің әр соқпағын жатқа айтатын

жан. Екінші көлікте бұрын өзі мал бағып жүріп, жастық жалынды

уағын өткізген Арқаның жусанының иісін аңсап, сол жерлерді тағы

да бір басып, аунап-қунап қайтуды аңсап келе жатқан Тотанбайұлы

Тоқмырза, Тоқмырзаұлы Ермұрат. Бір көліктің жанар-майын мен

өзім төлеп келемін. Үлкен атасы Қоныс батырдың басына тас

қоймақ ниетте, әкесі жыр қылып айтып өткен Жиделі-

Тобылғылыдағы бабасының мекенін көруді армандап жүрген

Жанжолұлы Серікбай әкем екінші көліктің майын құйып келеді.

Бұлардың барлығы менің шартыма көніп келеді. Менің шартым:

бірінші – Барақ бабамыздың бейітін табу, екінші – жол бойы жер

көріп бару, үшінші – Арқадағы ағайындар арасында болып, сол

жақтағы ел арасындағы әңгімелерді жинап қайту. Барлығы осыған

мақұл десіп, 14 мамыр күні таңғы алтыда біздің үйдегі дастархан

басынан табылды. Таң қылаң бере үлкен міндет артқан жолға

шықтық.

Бұл жолға шығар-шықпасым белгісіздеу еді. Әңгімеге ұйытып,

еліктіріп отырып Зікірияұлы Ордабай ағам:

- Ой, Нұрлан-ай, бұл арадағы әңгіме саған не болады дейсің.

Шіркін, Арқаның жерін аралап жүріп «мынау пәлен деген жер,

мынау пәленшенің моласы» деп жүріп талай ұйқыдағы әңгімелерді

оятып алуға болады. Арқадағы ағайынның арасына барып жатып,

сондағы елдің әңгімесін жинап қайтайық та екеуміз, - деп қалған.

Бұл әңгіме көкейіме қонып, мен жолға дайындалып едім.

Ордабай ағайды алға салып, біршама таныс ағайындар арқылы

бірталай әңгіме жинап қайту ойда болған еді. Ол кісі Алматыға кетіп

еді, ол жақтан келе алмайтын, келгенімен бізбен бірге жүруге

жағдайы келе қоймайтын сыңайы болған соң, лажсыздан ол кісіге

қарамай жолға шығып кеттік.

Жолға Қалдыбек өзінің фотоаппараты мен видеокамерасын қоса

алып шықты. Ол аспаптарының көп көмегі тиді. Онысына мың

алғыс!

Құмкент - Шолаққорған тас жолы арқылы, Созақ кентінің

сыртынан айналып Қыземшекке қарай жол тарттық. Қыземшек

Page 187: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

187

кентінен солтүстікке қарай 57 шақырым шыққаннан соң Павлодар-

Шымкент мұнай құбырын жағалайтын қара жол бар екен. Ауылдан

шығып сол жолға түскенге дейінгі аралық 330 шақырымды құрапты.

Қара жолмен «Жетіқоңыр, Сейталиев Сайлау қайдасың?» деп

тартып отырдық. 103 шақырымнан соң «Бесқауға» деген қыстауға

келдік. Сол жерден жөн сұрап біліп, ары қарай 13 шақырым жердегі

«Тезекбай» деген елді мекенді басып өтіп, қалың құмның ішіне

сүңгідік те кеттік. Шіркін, Жетіқоңырдың еспе құмдарын-ай,

астымыздағы көліктерді жібермей келеді. Ысылдап-пысылдап жүріп

келеміз. «Тезекбай» мен келесі ауылдың арасы бар жоғы 26

шақырым. Сол қысқа ғана жолды 2 сағат 24 минутта әрең өтпесіміз

бар ма?! Келген ауылымыз «Ақкеңсе» деген қыстақ екен. Бір кездері

кеңшардың орталығы болған, кейіннен бір ферманың орталығы

болған, бұл күндері он шақты ғана үй тұратын елді мекен екен.

Бірақ, тұрғындарының жағдайы тәуір екендігі сырт көзге ұрып-ақ

тұр. Әр үйдің сыртында бірнеше автокөліктен тұр. «ГАЗ-53»,

«УАЗ», «Джип», тракторлары тұр. Әр үйдің жанында тонна-тонна

металл сынықтары үйіліп ол жатыр.

Ары қарайғы жолды сұрамақ болып бір үйге келіп тірелдік.

Серікбай әкеміз елден бұрын түсіп жүгіріп кеткен. Бір уақытта сонда

жүрген жергілікті әйелдің айқайы шығып қалды. Машинадан

секіріп-секіріп түсе қалдық. Сөйтсек ана әйел:

- Құдайға шүкір, бәріміз де мұсылман баласымыз. Қазақпыз,

қонақжай елдің адамымыз. Қонамыз десеңіз, бір тамағымызды

беріп, төсегіңізді салып барынша күтеміз. Неге сіз олай дейсіз, - деп

жатыр екен.

Үйден шыққан жігіттен Сайлаудың үйіне барар жолды сұрап

ары қарай кеттік. Сөйтсек, Секең барып ана әйелге:

«Мұсылмансыңдар ма? Үйлеріңнен бір шай бере аласыңдар ма?»

деген бе-ау?! Әйтеуір, ана әйелдің қытығына тиген жайы бар екен.

Күн батып қараңғылық түсе жаңағы жігіт көрсеткен құмды

жотадан аса алмай, құмды жиекте отырып бір қыстауға келіп

тірелдік. Біздің машинамыз келіп тоқтағанда бір машина жолға

шыққалы от алып тұр екен, машинадан үш жігіт түсіп, жөн сұрасып

қалдық. Осы қыстаудың иесі Қанат деген жігіт екен. Қыстаудың аты

– «Күлік», ауыл орталығы Мыйбұлақтан алты шақырым жерде

орналасқан. Мыйбұлақ – бұрынғы «Жетіқоңыр» кеңшарының

орталығы, қазіргі Ұлытау ауданының Мыйбұлақ ауылдық округінің

Page 188: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

188

орталығы екен. Бізге жолды түсіндіргенімен алыс жолдан шаршаған

кезбе топ мүшелерінің милары ашып қалған ба, жүруге ынта-

ниеттері жоқ па, табандап тұрып алды. Сонда тұрып үй егесі Қанат:

- Жезқазғаннан Таразға барып, ары қарай 18 шақырым жүр

десе, жүруге шамаң келе ме? Біреуің осында қалып, мына кісілердің

жағдайын жасаңдар. Менің нағашыларым ертеректе Жаңатас

жағынан келіп еді. Аттарын да білмейді екенмін. Жезқазғанда

тұратын әкемнен біле келермін. Түнгі екі-үштерде келіп қалармын.

Оған дейін осында қонып, демалып жата беріңіздер, - деп кетіп

қалды.

Бізбен бірге қалған Мақсұт деген жігіт, жаңағы Қанаттың

ағайындары болып келеді екен. Қанаттың малын, үй-жайын

жайлауға көшіруге келіп жатқан беттері екен. Мақсұттың өзі –

Мыйбұлақтағы мектепте дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін

мұғалім екен. Атасының баласы болып өскен, кәрі құлақты жан

болып шықты. Көзіміз ұйқыға кеткенше, таңертең жолға шығып

кеткенімізше бірталай шежірелік әңгімелердің басын қайырып

тастады. Бұл үйде де, ары қарайғы осы сапарымызда

барлығымыздың айналдырғанымыз – Серікбай әкем болды.

Қожанасырлау сөйлейді, сонысына орай сөзден ұтылып, быж-тыж

болып інісі Тоқмырзаны сыбап жатады. Одан әрі ыза қылып,

«Жолдағы – жолдас, қатар-құрдас» деп сол кісінің мінезін қызықтап

отырдық.

Таңертең 15 мамыр күні, таңғы шайды ішкеннен соң Сайлау

Сейталиев отырған «Ахмет» қыстауына қарай жолға шықтық. Жолға

шығар алдында Мақсұт мырзаның 35 жасқа толған туған күнімен

құттықтап, жақсы-жақсы тілектерімізді тілеп, құмды жағалап кете

бардық. Таңғы 8:20-да Сайлаудың үйіне келдік. Ол кісінің өзі жоқ

екен, баласы Мағауия күтіп алды. Үйіне түсіп шай іштік. Мағауия

Сүлеймен Тәбірізұлының әкесіне қолтаңба беріп жазып тастап

кеткен кітабын әкеліп көрсетті. Әкесі Жезқазғанға кеткен екен, бір

жиендері әл үстіне жатыр деді, ұялы телефонмен байланысып

сөйлестірді.

- Ойпырмай, сіздермен жолыққанда болар еді. Бүгін бару-

бармауым екіталай болып тұрғаны. Бір дидарласып, әңгіме-дүкен

құруға пейілмін. Сіздер іздеп келген бейітті – Барақбай дейді.

Таманың бейіті, нақтырақ білемін десеңіз – мазараттың қасында

Кәмәли деген кісінің балалары Серікбай, Рымбай дегендердің

Page 189: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

189

қыстауы бар, солар бірдеңе айтар. Одан әрі Қанат, Жанат, Құсайын

атты ағайынды үш жігіттің фазендалары бар. Егер ары қарай

құмның ішіне көшіп кетпесе бір-екі қырдың арғы жағында Тұрман

деген замандасым бар. Тұрман ескілікті әңгімелерді көп шертеді,

Тамалар туралы жақсы әңгімелерді айтып отырады. Сол кісілерге

жолығып көріңіздер, бәлкім көмегі тиер, - деді.

Бұл жер – «Ахмет» деп аталатын көрінеді, Таманың кісісінің

есімімен аталған. Қырдың басында бейіті бар деді Мағауия.

«Ахметтен» жарты шақырым жерде Бүркітбай деген Таманың бейіті

бар екен. Арнайы барып тоқтадық. Менің әкем – Сұлтан, оның әкесі

– Рақымжан, оның әкесі – Сымайыл болса, оның әкесі – Бүркітбай

деген кісі болатын. Бүркітбай аңшы болған, ақын болған, айтыстарға

түскен кісі деп еститінбіз. Ақкөбек-Алшын Күшікбас, Бейсен деген

кісілер Арқадан Тәшкенге кіре тарқан сапарларында Бүркітбайды

күзетке ертіп алып барады екен, жолай аң аттырып, сол аңды тамақ

қылып барады екен деген әңгімелер ел арасында айтылып қалатын.

Сол кісінің бейіті емес пе деп қызықтап қарап жүрміз. Бүркітбайды

Созақтағы «Қанаихақ» мешітінің қасындағы қалың бейітке әкеліп

қойды деп үлкендеріміз әңгіме қылушы еді. Десе де сол кісінің

бейіті емес пе деген де ой келіп қалғаны жасырын емес. Мен –

Бүркітбайдың шөпшегімін, Қалдыбек – шөбересі болып келеді.

Бүркітбайдың бейіті шикі кірпішпен қаланған, төрт қабырғасы

қалқайып тұр. Әрекідік жерлері жаңбыр мен желдің әсерінен

мүжілген, маңында тұрған цемент әуіттерге қарағанда жанында

малшылар отырған, соның әсерінен мал сүйкеніп, тозған да болуы

керек. Басында төбесі бүрмелі болған болуы керек, қазір құлап

тынған. Қабырғасының қалыңдығы төрт кірпіштің ұзындығындай

болыпты. Кірпіштерінің ұзындығы да керемет, 25-30 сантиметрге

жобалайды-ау деймін. Қазіргі қалған қалыңдық 2-2,5 кірпіштің

нобайында ғана.

Кейін білгеніміздей, Бүркітбай деген Зортымақ-Жабал елінің

кісісі болған екен. Атақты қобызшы Ықылас Дүкенұлының

қайынатасы. Бәлкім, сол кісінің мазары болар, оны зерттеген,

ізденген жандар біліп қалар. Ахмет деген Дәулеткелдіде Ахмет әжі

деген кісі болған еді, соның бейіті болуы да мүмкін. Тұрман қария

«Шымкент жағынан полковник тұқымы келеді, оның басына, аты

Жарылқап болса керек еді» деп қалған болатын. Кейінгі барған

Page 190: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

190

сапарымда Мыйбұлақта бір үйде отырған бір топ қарияға кезіктік.

Олардың бірі Ахмет менің құдам, ол Алшын деген еді. Кім білсін?!

Осы сапарда байқағанымыздай, Тама елінің бейіті көп кездесті.

Ертеректе айтылатын бір әңгімелерде, Наймандар мен Тамалардың

жерге дауласқан жағдайлар көп болған көрінеді. Соның барлығында

дерлік Найманға дәлел жетіспеген. Тамалар өздерінің адамдарының

мазарын нұсқап, сонымен жерді иемденіп кетіп отырған. Осыны

байқағанда, астаналық Момынов Қалбота Әбілдаұлы ағай айтқан әң-

гіме есіме түсіп, мырс ете қалдым.

«Найманның Шағыр руының бір шалы немересін ертіп

Жетіқоңырды аралап келе жатыр дейді. «Мынау Таманың бейіті,

анау Таманың бейіті» деп келеді екен. Кешке дейін солай бола

беріпті. Сонда немересі сұрап жатыр дейді: «Ата, Шағырлардың

бейіті қайда? Олар адамының етін өзі жеп қоя берген бе?» депті.

Одан әрі қарай жүріп 37 шақырымнан соң қалың молаға

кезіктік. Молаға жақын жердегі қыстауға барсақ, мал қырқып

жатқан қауымға кез болдық. Жергілікті Серікбай Кәмелиұлы

мырзамыз бейіттер жақты нұсқап:

- Барақбай деген бейіт болады. Таманың бейіті. Одан әрі еш

нәрсе біле алмаймыз. Тұрман деген қария бар, сол кісіден

сұраңыздар, - деп жатыр.

Сол үйде бір үлкен кекселеу келген әйел жүр екен. Оның кім

екенін де сұрамаппыз. Кейінгі барған сапарымда білгенім бұл кісінің

есімі Қамария екен. Бұл жердің қазіргі аты – шағырдың Ахметі.

Ахмет деген кісі тамалар кеткеннен соң осында көшіп келіп, егін

салған, мал баққан. Осында қайтыс болып, жерленген. Сондықтан

шағырдың Ахметі аталады.

- Әруағыңнан айналайын Барақбай ата қасиетті кісі ғой.

Әруағыңнан айналайын, - деп дауыстап қолын жайып бетін сипап

жатыр.

- Менің осында отырғаныма жиырма жыл болды, - деді

Серікбай Кәмалиұлы. – Бұл бейітті іздеп бірінші болып сіздер келіп

тұрсыздар. Шамасы, сіздер іздеген бабаларыңыз осы кісі болар. Бұл

кісі тегін кісі емес. Дегені болып жатқан әруақ, - деп қалды.

Осы жерден шыққаннан соң Жанжолұлы Серікбай әкеміз:

- Әкем көпті көрген, көп жасаған жан болатын. Ол ешуақытта

Барақтың бейіті пәлен жерде деп айтқан емес. Әкем айтса мен білер

Page 191: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

191

едім. Оның үстіне Барақ деп емес, Барақбай деп айтып тұр. Мен

бұларыңа келіспеймін, - деді.

- Бәлкім, Барақбай емес, Барақ бай болар, - дедім мен бұрынғы

естіген әңгімелерімді есіме түсіріп. – Барақтың шешен болғандығы,

батыр болғандығы, Абылай ханның сенімді адамдарының бірі

болғандығын ел аңыз қылып шертеді. Оның жылқылы бай

болғандығын айтып қалады. Маңайына талай елді жинап, оларға

қамқорлық жасағандығын әркім-ақ біледі. Бірнеше әйел алған адам.

Атақты адам болғандықтан да, дәулеті, сәулеті жеткендіктен де

мынадай үлкен бейіт соққан. Қарапайым жанға мұндай бейіт соқпаса

керек. Барақ бай, Барақ батыр, Барақ – ру басы. Осылай түсінгеніміз

жөн болар, - деп жатырмын.

Қалдыбек осы жерде табандылық көрсетті. Тұрманның ауылына

жету оңай емес, қалың құмның ішінде. Машиналар малтығып,

тақана алмай жатады деп қалған еді жаңағы Серікбай мырзамыз.

- Бұл жерде тұрып дауласқанмен ештеңе өнбейді. Соншама

жерден осы үшін келе жатырмын. Барақтың бейітін тапқан топтың

ішінде болғым келгендіктен осы сапарға шықтым. Елдің ақиқат

әңгімесін тыңдап, бұлтартпас дәлел тауып кетейік. Мен барып

жаңағы Тұрман шалды тауып келемін. Ілесетіндерің жүріңдер, - деп

машинасына беттеді.

Қалдыбекке ілесіп - мен, Ермұрат міндік УАЗ-ға. Ыспа құммен

сырғанап отырып, жағалап Тұрман шалдың ауылына бардық. Ол кісі

ары қарай қалың құмнан асып – «Райыс» деген жерге малдарын

көшірмекке дайындалып жатыр екен. Құмның ішінде ыстық болып,

малдың құрттап кететін жайы болады екен. Содан қашып ары қарай

көшпек болып отыр. Біршама әңгімелескеннен соң, таныстықтан соң

қария Қалдыбектің ыңғайына көне бастады.

- Ата, мен сіздердің күйеу балаларыңызбын. Келіншегім

Найманның қызы. Бір-бірімізге бөтен емеспіз, барлығымыз да

қазақтың баласымыз. Біздің мұратымыз – бабамыздың бейітін табу.

Сіз егер де нақты сол бейітті анық біліп: «Міне, мынау сендердің

бабаларыңның бейіті» деп көрсетер болсаңыз дұрыс болар еді, - деп

түсіндіріп отырып ол кісіні ырқына көндірді.

Қария 1937 жылғы екен. Бала кезінен бұл жерді жақсы

білетінін, жиырма екі жылдан осы жерден табан аудармай

отырғанын айтып келеді жолда. Найманның тарихынан, осында

Page 192: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

192

мекен қылған Таманың, Алшын, Жағалбайлының біз естімеген

әңгімелерін шертіп келеді. Тұрман қария айтқан әңгіменің бірі:

«Көктабанның маңайында Қазыбек деген Найманның биінің

бейіті бар. Бұл маңда Найманның Шағыр деген атасының ауылы

отырған. Бір жаугершілікте Кіші жүздің адамдары Найманның

малын алыпты. Сол ұрыста Таманың бір жігіті өліпті. Осы өлім

үлкен дауға себеп болып Ұлы жүзден, Орта жүзден, Кіші жүзден

билер жиналып кәдімгідей жиын болады. Бітімге келуге бірін-бірі

шақырып:

- Қатар отырған елміз. Құр дауласа бермейік. Бітім жасайық.

Бәріміздің түбіміз бір – қазақпыз, - деп сабырға шақырысатын

көрінеді.

Сонда:

- Тоқтам сөзді кім айтады, - дегенде Найман Қазыбек би ортаға

шығып:

- Баяғы Тәуке ханның айтқан жарлығы бар: «Құдалыққа барып,

жекжаттық жолмен барып адам қайтатын болса, онда дұрыс. Егер,

барымта жолында жүріп өлсе, оған құн төленбейді» деген. Бірақ,

қатар отырған елміз, бірімізге-біріміз жаттық жолын жасамайық.

Бұл жігіттің құнына қалыңсыз қыз берейік жасауымен, - депті.

Осыған екі жақ тоқтап, Шағырлар қалыңсыз қыз беріпті Тамаға.

Осымен екі ел бәтуаға келеді. Сонда өлген жігіттің шешесі келіп:

- Менің баламды құнын кескен биді көзіме бір көрсетіңдер, -

деп өтініш білдіріпті.

Сонда ортаға Қазыбек шыққан екен.

- Түсің қандай қара болса, ісің де сондай қара екен, - депті де

кемпір қатты назаланып, жерге бір түкіріп бұрылып кетіп қалыпты.

Содан ауылдарына қайтпақ болып Шағырлар жолға шығады.

Жайлауына барып жеткенінде Қазыбек ауырыпты. Сонда Қазыбек

айтыпты:

- Таманың кемпірінің қарғысынан өлейін деп жатқаным жоқ.

Маған Алланың ажалы келді, қайтайын деп жатырмын. Мені апарып

құмның жиегіне қойыңдар. Тама менің өлігімнен аттап құмның

ішіне кірмейді, - деген екен.

Сонымен Қазыбек қайтыс болады. Былғарыдан қап тігіп, ішіне

Қазыбектің мәйітін салып осында өзі айтқан жерге әкеліп қойыпты.

«Көктабаннан» батысқа қарай он екі шақырым жерде, құмның

Page 193: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

193

жиегінде Қазыбектің моласы бар. Оның ар жағында Ерубайдың

бейіті, одан соң Бүркітбайдың бейіті бар. Барлығы бүрмелі бейіттер.

Ал, осы маңда Таманың бейіті көп. Ахметтің бейіті,

Мырзагелді, Барақ байдың бейіті, Жаңабайдың бейіті, Қосмола,

Тасоба болып кете береді.

Шалтай деген Есенқарағай. Осы маңда «Қызыл тақыр» деген

Есен-Қарағайдың жері бар. Сонда қалың моласы бар Таманың.

Сонда Шалтай күзді күні киік аңдып жатса, ажалы жетіп қайтыс

болып кетеді. Бір жеті елі іздеп әрең табады. Келсе Шалтай құмның

жиегінде өліп жатыр. Мәйіті бұзылып кеткен, алып жүруге

келмейді. Содан амалсыз сол жатқан жеріне қойыпты. Шалтайдың

бейіті түскен жерге осындағы Тамалар жаппай қоя бастаған.

Сол жерге Балталы Найманның бір байы барып қайтыс болған

баласына ас беріпті. Ойында баласының атын сол жерге қоймақ

болған секілді. Астан қайтқан ел жаңағы ас берілген адамның атын

атамай:

- Шалтайдың асынан келе жатырмыз, - деп қайтыпты.

Сонда жаңағы бай санын соғып:

- Ох, менің баламның аты аталмайтын болды. Шалтайдың

әруағы күшті екен. Болмайды екен, - депті.

Сол жер содан «Шалтай» атанып кетіпті. «Шалтайдағы»

бейіттің барлығы Таманың бейіті» дейді.

Сонымен Барақбайдың басына жеттік. Келіп ел-жұртпен

амандасқаннан соң әруақтарға арнап құран оқылды. Содан соң

жолға деп алып-шыққан дастарханымызды, Секеңнің арнайы сойып,

пісіріп алып шыққан қойының етін дастарханға қойдық. Серікбай

әкемнің бәкісімен ет турап отырып:

- Бәкіңіз жақсы екен, - десем, ол кісі:

- Менің дүниемнің бәрі жақсы, - деп мақтанып қояды.

Қалдыбек келіншегі Айнұрға ұялы телефонымен хабарласып,

Найманның қай руына жататындығын сұрап еді ол:

- «Бағаналы. Оның ішінде Нұрсейіт шығармыз» деп айтты, - деп

Қалдыбек күліп жатты.

Оған біз де күліп жатырмыз. Нұрсейіт Айнұрдың әкесінің әкесі

болатын. Тұрман қария:

- Бұл жер «Көктабан» деп аталады. Бұл бейітті ертеректе

Дәулеткелді Барақ деген кісінің бейіті деп айтушы еді. Кейінгі

жылдары Барақбай деп жүр ғой. Алыстан айқайлап көрінетін үлкен

Page 194: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

194

мазар болатын. Бүрмелі бейіт-тін. Жауын-шашынмен тозды.

Тәуелсіздік алынғаннан кейін бұларға қамқорлық көзбен қарау

бетімен қалды. Малдың жолында тұрғаннан кейін, таңертең өргенде,

кешке қайтқанда сүйкеніп жүріп барлығын құлатты. Отыз шақты

адамның мүрдесі бар еді, қазір екеуінің бейіті анық қалды. Бес-

алтауының бейітінің астыңғы жақ кірпіштері көрінеді. Құдай рахмет

қылсын! Сіздердің бабаларыңыздың бейітін іздеп шыққандарыңыз

әбден дұрыс болған, - деп ризашылық білдірді.

Менің зерттеуімше, «Көктабан» үш мағынада аталады.

Біріншісі – көктемде су үймелеген, суы тартылған соң шым өскен

көлдің табаны. Екіншісі – бүркіттің түрі. Үшіншісі - тәйке жағынан

қорғасын құйылған, салмақты сақа.

«Жеріңнің аты – Еліңнің хаты» атты энциклопедиялық

анықтамалықта: «Көктабан – қыстау. Жетіқоңыр құмды алқабының

шығыс бөлігінде. Осы жерде көк шөп өсетіндігін білдіреді» деп

көрсеткен. Сол «Көктабан» - осы.

- Егер де біздің іздеген Барақ атамыздың бейіті екендігі

расталса, онда бұл мазаратты қамқорлыққа алып, сыртын мал аяғы

баспайтындай қоршамақ ниетіміз бар, - деп қалдым әңгіме арасында.

- Ә, бұларыңыз жақсы екен. Сіздер біле білсеңіздер, бұл жерді

Дәулеткелді руы билеген. Осы маңдағы бейіттің барлығы солардың

бейіті. Ана жерде Ерубай, Ерубайдың баласы Көшектің бейіті бар,

анда Бүркітбай, Ахмет. Ана тұста қырқаның үстінде, қазір жермен-

жексен болып кетті, біршама жыл бұрын аман тұрған бейіт еді,

Мырзагелді деген кісінің бейіті болатын. Әне жерде тағы бір бейіт

бар еді, атын ұмытып қалдым. Осы Барақбайдың бейіті бар. Қосмола

деген бар. Бұның барлығы Дәулеткелдінің мазарлары. Оның ар

жағында құмнан ассаңыз – Тама Сақбастың сағанасы бар. Осыдан

Қызылжар кентіне дейін Таманың жері. Қарауыл байдың бейіті бар

сонда. Қарап отырсаңыз – барлығы Дәулеткелдінің бейіті, өңкей

бүрмелі бейіттер. Бұның ішінде егер жаңылмасам Мырзагелді ғана

Жабал болса керек еді, қалғаны Дәулеткелді. Қарақыз да сіздердің

жерлеріңіз, - деп ол кісі білгенін айтып жатыр.

- Сіздің айтып отырғаныңыз – Барақбай ма, Барақ бай ма?

- Онысын нақты білмедім. Жаңа айттым ғой. Бұл бейітті

ертеректе Дәулеткелді Барақтың бейіті дейтін. Менің өзімді

таныстырсам: атым Тұрман. Найманның ішіндегі Жабай деген

руынанмын. Жабайдың Мәлік деген баласынан тарағанмын. Әкем

Page 195: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

195

аты – Жаңабай, Борашев фамилиям. Менің жаңағы отырған

жерімнің атын – Қойшыбайдың қара дүзгені дейді. Осында

Сартбайдың үш құдығы деген жер бар. Сонда Сартбайдың төрт

моласы бар. Біз күзде, жазда сол жерді жайлап жатамыз.

- Қарақыз – біздің жеріміз ғой. Біздің болысымыз сол жерде

құрылған, - деді Серікбай әкем әңгімеге кіргісі келіп.

- «Бидайықта» Наралы қалпе деген әулие бар. Тілеміс қажы,

Наралы қалпе деген кісілердің бейіті бар. Кешегі «ақ» пен «қызыл»

соғысқан уақытта Тамалар оларға қарсы шығып, анау Созақтың

жерінде Тамаларды қырыпты ғой. Содан Тамалар бұл жерде

тұрақтай алмай оңтүстікке ауып кетіпті ғой, - деп жатыр.

Құран оқылғаннан кейін Тұрман қария бейітті жағалатып

аралатты. Шеткері оңтүстік жақ бетіндегі домалақ киіз үй секілденіп

соғылған мазарға келдік бірінші. Бұл да бір ерекше бейіт екен.

Бағанағы Бүркітбайдың бейіті секілденген қалың қабырғалы болған.

Оңтүстік беті құлаған. Жарты үй секілденіп тұр. Кірпішті өрнектей

отырып қалаған. Бір шебер адамның қолымен тұрғызылған мазар.

Одан әрі ішкері кіргенімізде кірпіші құлап жатқан бір бейіттің

қасынан жерде жатқан бір кірпішті алып Тоқмырза ағам:

- Қараңдаршы, мына кірпіш цементке бергісіз ғой. Күйдірілген

қызыл кірпішің, асбест ақ кірпішің мына кірпіштің қасында жолда

қалады, - деп елге көрсетіп жатты.

Барақтың бейіті деген үлкен бейітке алып келді. Бұл бейіт

тіптен ерекше қалың қабырғалы болып шықты. Бір құлаш жайынан

жатыр. Ішкі өрнектері тіптен бөлек. Батыс жақ беті құлаған. Төбесі

ертерек құлаған секілді. Себебі үйіліп жатқан топырақ соны

нұсқайды. Бұл бейіт ерекше соғылған секілді. Төрт қабырғаны өріп

барып, үстін күмбездеген секілді болып көрінді. Кірпіштердің

арасын байланыстырған топырағының құрамы тіптен ерекше

сияқты. Керішті топырақ пен құм араластырған, қалыңдығы бір

еліден астам. Тура бір цемент секілді. Топырағына жергілікті

шөптен қосқан ба, арасынан шөп қалдықтары байқалады.

- Мен өз қолыммен қойғаным жоқ. Бірақ, бұрынғылардың

көрсетуінше көрсетіп отырмын. Бұл – Дәулеткелді Барақ деген

кісінің, әруақты жанның бейіті. Осы маңда отырған бірнеше үй

осында көшіп келгенімізде осы кісіге арнап бір мал сойып, құран

оқытамыз. Біздің әруаққа жасар, қолдан келер бар тіршілігіміз осы

ғана. Әкесінің аты – Бигелді дедіңіздер ғой. Есте болсын.

Page 196: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

196

Бигелдіұлы Бараққа деп бағыштап құран оқитын боламыз енді.

Сәттілік тілеймін. Аман-есендікте, той мен қуанышта жолығысайық,

- деп ол кісі үйіне қайтты.

Әңгімелердің деректері осыған саяды. Жетіқоңырдағы

«Көктабан» қыстауы жанындағы үлкен бейіт - Барақ батыр, би, бай

атанған жанның бейіті. Біз осыған тоқтадық. Анығын айтар жан

бәлкім табылып та қалар. Шамалы жерде Ахмет деген қыстау бар,

ол Шағырдың Ахметі, 1934 жылдан бастап осында тұрған, осында

қайтыс болған, осында жерлеген.

Осыған тоқтайтын жеріміз мына әңгімелермен айқышталады.

Жоғарыда айтып кеткендей, «Сарыарқа» журналының 1992 жылғы

№2 санында «Шежіре сыр шертеді» атты мақала жарық көрген.

Сонда: «Қарт ұстаз Әбдікәрім Әбдірайымовтың мына бір

жазбаларында шежіре туралы үлкен дүниеге ұласып кетердей сәл де

болса үндестік бар тәрізді.

Осы әңгімені белгілі тарих зерттеушісі Ілия Жақанов та

«Ықылас» атты романында Қырғыз жеріне Ықылас Күреңкей

қомызшыны іздеп барады. Сол үйде отырғанында өз елі туралы

Ықыластың айтқан сөзінен үзінді келтіреді. Оны да жоғарыда жазып

өттік.

Астаналық Қалбота Әбіддаұлы бір әңгімесінде: «Барақ атамыз

соғысқа қатысқанымен, соғыста өлмеген. Өз ажалы жетіп, қартайып

қайтыс болған. Ол кісінің бейіті Жетіқоңырда Ерубайдың

маңайында деп отыратын әкем. Одан соңғы Кіші жүз балалары бос

жерлерді бөліске салғанда Қарауыл жас бала еді дейтін бір әңгіме

бар. Қарауыл бабамыз бөлек отан болып шыққанда Барақ батыр

жасы келген шал екен деп те айтады» дейді.

Барақты іздетіп Абылай хан адам жібергенде, оны Бетпақ

даладан табатыны да қисынға келіп тұр. Абылайдың Сарыарқаны

жайлағандығын барша қазақ біледі. Ендеше, Барақтың бейітінің де

Бетпақ дала маңында болуы да қисынға келіп-ақ тұр. Тарих

қойнауындағы шындықтың барлығы толық айтылған жоқ. Айтайын

десе – айтқызбайтындар, айтқаныңда - мойындамайтындар бар.

Бірақ, онымен тарих тоқтап қалмайды, ізденіс жалғаса береді. Бір

ғана көңілімізге тоқ санарымыз, «Көктабандағы» бейіт біздің Барақ

елінің бейіті.

Жәйремдік Тоқа Жақсыбай деген қария «Мен білемін ол жерді.

Барақ байдың жұрты дейді оны. Барақ деген ел өте малды, бай

Page 197: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

197

болған ел. Мал төлдететін төлдеуі екен. Содан малы мыңғырып,

қозысы жамырап жататын у-дуға бөрліккен көлдің басын Барақ

байдың жұрты атандырған. Барақтың бейіті онда болуы әбден

мүмкін. Бұл жағынан қателесе қоймайсыңдар» деп те қалды.

Жәйремдік Құтжанов Серік Әубәкірұлы деген бауырым:

«Жеңіс» кеңшарында Құрақ Қыстау деген кісі бар. Ол кісі

Барақтың бейіті Сарысу өзенінің бойында бөлекше бейіт деп

айтатын. Жақсыбай деген кісі Барақтың бейіті Ерубайдың маңында

бес бейіт болып тұр дейді. Бесеуі де Барақ. Бірақ, бұлардың қай

Барақ екенін кім білсін?!» деп отырды.

Жезқазған қаласының тұрғыны, Жақсыкүнұлы (ел арасындағы

лақап аты - Танау) Мұрат бауырымыз:

- Әкем бір жолы ауруханада жатқанында Жезді ауданының бір

дәу қара жігітімен бірге жатқанын айтады. Сонда олар «Қызылорда

жағынан келген Барақтармыз, осында төрт отбасы болып тұрып

жатырмыз» деген екен. Содан соң сіз айтып отырған Барақтың бейіті

Жетіқоңырда дегенді бұрында да естігенмін. Ал, әкем айтып

отырғанда Жезді ауданында Теректі ауылында Жауғаш-Найман

елінің азаматы, Дайырхан Жақыпұлы деген жиен бар, сол біледі

Барақтың бейітін деген болатын. Оның кімге жиен екендігін толық

білмедік, - деп қалды.

Жәйремдік Ордашбайұлы Марат ағамыз әңгіме арасында:

- Менің Төкен деген ағам бар. Құланбайдың тұқымы ол кісі де.

Жүздің үстіндегі әннің авторы. Әнін де, сөзін де өзі жазған. Ол кісі

туралы талай кітаптар бетінде, газет-журналдарға мақалалар

шыққан. Өзінің әндерін нотаға түсіртіп, студияда бастыртып жүр.

Кітабын шығарсам ба деген талабы да бар. Бір өлеңін Рамазан,

Стамғазиев, бірін Сәуле Жанпейісова, бірін Қайрат Байбосынов

жарыққа шығарып көрейін деп алып кеткен екен. Олардан да бір

жауап болып қалар түбінде, - деп айтып отырды.

- Ол ағаңызға мынадай ұсыныс жасасақ, - деді Қалдыбек

отырып. – Ақылбек Жеменей орындайтын «Қарабура» әнін білесіз

ғой. Соның нобайында, болмаса сол секілді адамға рух беретін Барақ

бабамыз туралы ән керек екен. Соны жазып көрсе қайтеді ол кісі.

Бұл ұсыныс бәріміздің де ойымыздан шығып, әр түрлі пікірлер

айтып даурығысып қалдық.

Page 198: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

198

Біз Барақтың бейітін таптық па, әлде Барақ елінің қалың

бейітіне жолықтық па?! Оны уақыт анықтайтын болады. Бәріне

шыдам, төзім, ізденіс қажет.

Дегенмен, бірнәрсе анық: Барақбай (әлде Барақ бай) – біздің

елдің адамы, Дәулеткелді!

Кейінірек, 2013 жылдың тамыз айында еңбек демалысымды

алып, Қарағандыға қарай Құтжанов Төкен ағайдың шақыртуы

бойынша шықтым. Мені жайылмалық, қазіргі Қарағанды облысы,

Бұқар жырау ауданы, Заречное ауылыны тұрғыны Сәкенов Серік

Айдарұлы күтіп алды. Сол кісінің үйінде екі күн болып, біршама

әңгіменің басын қайырдық. Қарағандыда тұратын Тұрғанбаев

Ерденбай әкеміздің кемпіріне барып жолығып қайттым. Ол кісіге

Жәйремдегі жездеміз Игенбаев Нұрша Ақпанұлы деген азамат

алдын-ала жолығып, айтып қойған еді менің келетіндігімді. Өзіме

қажетті біршама деректерді алдым. Үшінші күні Серік ағай Абай

ауданы, Дубовка ауылына Төкен ағайға әкеліп табыстады. Төкең

мен Ордашбайұлы Марат мені шыдамсыздана күтіп отыр екен,

Жәйремге қарай тарттық та кеттік. Жолда Атасу кентінде Әліп

Жайлыбаев деген саңлақпен сұқбаттасып қалдық. Әңгіменің майын

тамызатын, өткен-кеткенді естігені бар, оқығаны бар, тоқығаны бар,

тігісін жаттықтыра, өз сөзімен әдіптеп айтатын жан болып шықты.

Жәйремнен Жетіқоңырға жиен, қырықбойдақ Герой Сатанның

баласы Ақберген дана өз көлігімен алып барды. Жолда Топар

әулиенің, Ерубай бидің басына тоқтап, құран бағыштадық.

Барақбайға аялдадық. Әрі қарай Жеңісұлы Құсайын мырзаның

ауылына ат басын тіредік. Мырза қолды, жөн-жобаны білетін

Құсайынмен әңгіменің өзі бір қаралық болып көрінді. Таңертең

Жәйремге Төкен ағай, Марат ағай, Ақберген үшеуі қайтып кетті. Ол

кісілердің Шілмәнбетұлы Құланбайдың бейітін таппақ ниеті бар еді,

оның сәті бұл жолы түспеді. Жөн сілтейтін адамдар о дүниелік

болып кеткен. Көлігіміз де сай келмеді.

Осында Нығызбаев Мұрат Танауұлы (Жақсыкүнұлы) келіп

алып кетті. Мыйбұлақтық Таубаев Сұлтан атты жігіттің көлігімен

баяғы Қамария апайды тауып алдық. «Біздің жеріміз, Тамалар қайта

көшіп келеді. Жерімізді қайтарыңдар» деген менің әзіліме: «Кім

бере қояды. Біз сатып алғанбыз. Госактымыз бар» деп қояды.

«Мейлі, он госакт алсаңыздар да, өзіміз қайтып аламыз» деп мен де

қалыспай жатырмын.

Page 199: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

199

Тұрман қарияны да таптық Жезқазғаннан.

Сейталиев Сайлауды да таптық сол Жезқазған қаласының

өзінен. Сайлау қария: «Барақбай – сендердің бабаларың.

Дәулеткелді. Оған ешқандай шәк келтіруші болмаңдар. Сендер бізге

күн көрсетпегенсіңдер. Енді бұл жерді сендерге бермейміз. Ал, бірақ

бейіттеріңе таласпаймыз. Сенің тірлігің – үлкен тірлік екен. Бай

болатын жігіт екенсің. Қазірдің өзінде сен байсың, рухани байсың.

Атың мың жылға қалады. Мені іздесең Жетіқоңырдан табасың» деп

ризашылық білдіріп, үйіне меймандыққа шақырды. Бұл кісі біздің

ауылдағы Дәкенов Ордабаймен дос. Әкелері дос болған, сыйласқан,

сол достық балаларына ауысқан. «Ордабай тірі ме?, - деп мәз болып

қалды қария, мен қайтыс болыпк еткен деп естіген едім». Қайтыс

болған Алшынның Ордабайы деп түсіндірдім. Жол соққанда

жолығармын, қайынжұртқа – Ақкөлге өтсем Жайылмаға соғамын

деп телефонымды алып қалды.

Мыйбұлақтағы бір топ қарияның дәм жеп отырған жерінен де

түстік. Олардан да тыңғылықты әңгімелер сұрадық. Ұлытау ауданы

Жыланды ауылына, бұрынғы «Сарысу» кеңшарына барып, Зият

деген қариядан жөн сұрадық. Ешқайсысы Барақбайды білмеді. Зият

ата айтады: «Мен 1934 жылдан 1939 жылға дейін соның басында

өстім. Мен 1927 жылғымын. 1938 жылы оңтүстіктен бір топ аттылы

кісі келіп құран оқыған. Одан соң барып жүрмін, сұрап жүремін,

ешкім оны іздеп келген емес» дейді. Сіздің бір өзіңіздің

іздегеніңізден нәтиже қиындау болады. Ел болып сұрау керек. Мен

өзім бабам Итемген батырдың бейітін бір автобус адам болып іздеп

шығып, Қазалыдан 80 км жерден, құмның ішінен апталап жүріп

тауып алғанмын» деді қария.

Бірде, Үзікенұлы Көшен ағам маған Барақ туралы әңгіме айтып

отыр ғой.

- Баяғыда апам «Барақ атаңды - Көкжал Барақ дейтін» деп

отырушы еді, - деп қалды.

- Иә, осыны маған Жаңатастағы Нұрланұлы Ералы деген кісі де

солай деп еді. Ол кісіге Күзенбайұлы Байділдә палуан, Тәпелұлы

Кәрібоздар солай деп айтады екен, - дедім мен.

- Шәрбан жеңгемнің нағашы атасы «Сендердің Барақ аталарың

қолына еш уақытта қару ұстамайтын, тек қамшы ғана ұстап жүретін

жан екен. Астында «Көкшолақ» аты болады екен» деп еді, - дейді

Көшекең.

Page 200: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

200

- Өзі «Көктабан» деген жерде тұрған екен. Сонда жүріп қайтыс

болыпты. Оны «Көк Барақ» деп те атайды екен деп әңгімені ұра

берейік те, - деп күліп жатырмын мен.

Бұл, әрине, қол бостағы күлкі үшін айтылған әңгіме ғой. Негізгі

тақырыбымыздан ауытқымай, зерттеуді әлі де жалғастыру ойда бар.

Құлшыораз батыр мен Барақ батырдың тарихын зерттеп Ақтөбе

облысы жеріне, Қызылорданың Жалағаш аудандары жерлерін,

Ұлытау жағын шарлап қайтуды ойға тұтып жүрген жайымыз да бар.

Алла сәтін салған күні ол ой да жүзеге асар.

«Көктабандағы» Барақбай қорымы – біздің назарда, бақылауда,

зерттелу үстінде. «Көкмұрын тойды» толық зерттей алмадым.

«Араптөбенің» етегіндегі Таманың Құлмырза-Ремет елінің батыры

Барақтың бейіті болып шықты. Сарысу бойындағы бейіт – қалың

Барақ елінің қорымы екен. Ұлытауға жол түспеді. Мына

«Көктабандағы» Барақбай да Барақ елінің қорымы. Бірақ, Барақ

бабамыздың осында болуы әбден мүмкін екендігін назарда ұстайық.

Маған талай жан ой салды. Мұхтар Мағауиннің

«Аласапыранында» орыс-швед соғысында Оразмұхамедті Барақ

деген кісі құтқарып қалатындығы, содан екеуі өмірінің соңына дейін

бірге болатындығын жазғаны бар. Осыны оқыған ағайындар

Мағауинді мазалаған да. Сонда ол кісі «Мен Ресей архивінен

тапқанмын бұл деректерді. Бәлкім, Сіздер іздеген Барақ осы болар»

депті. Бұл әңгімені маған нешеме жан айтпады десеңші. «Сол Барақ

қой, сол Барақ – біздің бабамыз!» деп. Қисынға келмейді. Бұл Барақ

біздің бабамыз дүние есігін ашардан тура 90 жыл бұрын дүниеден

өтіп кеткен. Сонымен, бұл әңгімеге нүкте қойсақ болады ғой деп

ойлаймын.

Әрине, бізге Барақтың бейітінің табылуы не үшін керек деген

сауал да туындауы мүмкін. Барақтың бейіті табылса, оның әңгімесі

де қоса табылады. Сонда оның өмірі, өмір жолы, ұстанымы, ол

туралы талай ақиқаттың басы ашылар еді. Біреулер, сүйегі қурап

кеткен жанның мазасын алып, моласын тапқанда не істемек деуі

мүмкін. Ол кешегі күннің тарихын зерделеу үшін, бүгінгі күнге,

ертеңгі күнге жеткізер аманат, өсиеттер үшін қажет болар, бәлкім.

Барақпын деп талайлар мақтанып келеді, мақтан қылған

атасының кім болғанын, қайда жерленгенін білген де абзал болар

деп те ойлаймын. Әбестік пе?! Туралығын айту, төрелігін беру -

Сіздің жұмыс болсын. Мен ләм демедім.

Page 201: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

201

Барақ бабасы туралы оның ұрпақтары талай әңгіме айтқан,

талай жыр арнаған. Соның бірі, кішкене ғана Батыржан Ерланұлы

(астаналық Сармашов Амангелді әкеміздің немересі):

- Мекенімді сұрасаң – Алматы деген шаһарда,

Елімді менің сұрасаң – Қазақстан, кең Отан.

Іргелі елдің баласы – Батырхан деген мен болам,

Батырлардың ұрпағы болған соң, Батыр атанған.

Тамадан шыққан Ер Барақ, ерлігі оның аңыздай..., -

деп жырлап жүр.

Ел аузында қалған ескілікті әңгімелердің бірінде «Әліпті

Дәулеткелді билеген. Дауға Байболат барады, жауға Барақ шабады»

деген нақышты сөз бар. Барақ бабамыздың ұрпақтары арасында

«жау қайдалап» тұратын батырлар көп болған деседі. Олар жөнінде

алдағы әңгімелерде.

Бигелдіұлы Барақ батырдан Шілмәнбет, Шындәулет, Шынтемір

(Шінтек), Әзберген және Қойлыбай-Жүзжасар.

Батырдан тараған ұрпақтар арасында – Шілмәнбет би Барақұлы;

Жүзжасар тәуіп Барақұлы; Байдәулет (Қарауыл бай) көріпкел

Шілмәнбетұлы; Кейкі мерген Байдәулетұлы; Шілмәнбетұлы Тінібай

(Тұяқ) палуан; Байдәулетұлы Құдайберген алып; Байдәулетұлы

Қойбақ батыр; Байдәулетұлы Қошқар би; Кәтікенұлы Дүйсен қажы;

Қарақыз болысының тұңғыш болысы (Барақ елінен шыққан жалғыз

болыс) Тауасарұлы Қосшығұл; Барақ елінің қадірлі биі болған

Дәуренбекұлы Бекмағанбет; заманында кәсіпкерлікпен атағы

шыққан Тілегенұлы Сембі бай; Арқа елінің қадірменді қариясы

Байқоңыр Үсікейұлы; палуан Ақбай Сембіұлы; белігілі палуан (Орта

Азия бойынша тұңғыш еркін күрестен КСРО спорт шебері атанған,

ұстаз) Жақсыкүн (Танау) Нығызбайұлы; Орақбай би Мошқалұлы;

Бетпақдала бойынша тергеуші-прокурор қызметін атқарған Құтжан

Орақбайұлы; ақын әрі партия қызметінің үздігі Айтжан Орақбайұлы;

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Бақтияр Байділдәұлы

Тайжан; атақты аңшы Қыздарбек Қойбақұлы; Жақсыкелді мырза

Кенешұлы; белгілі молда Сансызбай Қарсақбайұлы; әкелі-балалы

аңшылар Әлжан Жақсыкелдіұлы және Төлеген Әлжанұлы; Ахмет би

Жақсыкелдіұлы; «Тама» фирмасын құрып қайырымдылық

шараларымен ел алғысын арқалаған Ерғали Төлегенұлы Әлжанов;

көнекөз шежірелік әңгімелерді осы күнге жеткізуші Өмірбек

Ыбырайұлы; Сарысу аудандық аурухананың бас дәрігері Рәт

Page 202: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

202

Қырғызбайұлы Мұқанов; Ұлы Отан соғысының мерген сарбазы

Ақпан Дәкенұлы; Құланбайдың «Бес жорға» атанған сері ұлдары

Шубай, Дулатбай, Жаңбыршы, Қаңтарбай, Сарбас; Солтан қалпе

Шубайұлы; Жер жаһанға аты кеткен Арқа елінің палуаны Сыздық

палуан Жаңбыршыұлы; Социалистік Еңбек Ері Қуандық Байзақұлы;

Құтжан шайыр Дүйсенбіұлы; Жаңаарқа еліне белгілі ақын-сазгер

Төкен Құтжанұлы; Божымбай қажы Дікілұлы; Мырзаахмет

(Мырзан) қажы Молдабекұлы; Жайлаубай ақын Ыбырайұлы;

Тыныбек бай Шілмәнбетұлы; қобызшы Өксікбай Тыныбекұлы;

Арыстық сазгер Нығметулла Сейітағзамұлы; белгілі әнші Сәкен

Жақсылыұлы Қалымов; Тұрғали палуан Ерментайұлы; Ұлы Отан

соғысының сарбазы, мал шаруашылығының үздігі Зүбайра

Бейсенұлы; Сарысу аудандық мәслихатының тұңғыш хатшысы

Сұлтан Рақымжанұлы; Ысқақ палуан Бүркітбайұлы; Серікбай бай

Тоқсабаұлы; Сал Сағындық Серікбайұлы; жаужүрек Өлке

Тамырбайұлы; Майлыбай күйші Қылышбайұлы; Қади би

Қылышбайұлы; Күзенбай батыр Қылышбайұлы; Байділдә палуан

Күзенбайұлы; Шәмілхан қажы Әбиұлы; тақуа Жылқышы

Қашқынбайұлы; ақын Рәтбек қажы Сүлейменұлы; Сүйімбай молда

Қойшыбайұлы; ақын Теңгеш Әріпбайқызы; Сүйінбаев Естай қажы

Төлеутайұлы; Тәпел би Тіленшіұлы; «Барақтың екінші Қосшығұлы»

атанған Жазықбай Сармашов; Қазақ КСР еңбек сіңірген экономисті

Қоңыр Сармашов; Ішкі істер министрлігінің департмент

басшысының орынбасары Сармашов Ғани Қоңырұлы; Астана

қаалсы бойынша төтенше жағдайлар департаменті басшысының

орынбасары қызметін атқарған Момынов Қалбота Әбілдаұлы;

шежіреші, Барақ ауылының ақсақалы Төлежан Қуандықұлы; Момын

би Тәпелұлы; Кәрібоз би Тәпелұлы; Оразәлі тәуіп Ноғайұлы;

Сыйқымбай бай Оразәліұлы; бақсы Асқар Исабайұлы; Сүлеймен

мешкей Бүтінбайұлы; атбегі Қалдымекен Жылқайдарұлы.

Page 203: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

203

Батыр Баян

Барақ батыр туралы әңгімені бәр сәт доғарып, Батыр Баянға

кезекті берелік.

Батыр Баян - Дәулеткелді Назардан тарайды. Назардан

Алдаберген, Алдабергеннен Лаулақ, Лаулақтан Байболат,

Байболаттан Таңат, Айдос, Жандос, Баян және Қазыбай.

Байболаттың бәйбішесінің кенжесі Баян өзінің өмірін - жалынды

жастық шағынан бастап, өле-өлгенінше қазақ жерін қорғауға

арнаған. Оған айтатын деректерді ел аузындағы аңыздар мен

ескілікті әңгімелерден ғана тауып отырған жайымыз бар. Батыр

Баянсыз Абылай жорыққа шықпаған дегенді де айтатын осы ел.

Бірақ, бүкіл қазаққа әйгілі Батыр Баянға – Тама емес, Орта жүздің

Уақ тайпасы еге болып отыр.

Осыған біздің елдің дауы бар. Батыр Баянның Уақ батыры емес,

Дәулеткелді ұрпағы екендігін дәлелдеу үшін жанын салып жүрген

арда азаматтардың бірі - белгілі жазушы, халықаралық «Алаш»

сыйлығының тұңғыш лауреаты, әкеміз Шаханұлы Беріктің еңбегі

мол. «Батыр Баян туралы ол кісіге ой тастаған мен едім» деп,

жездесі Баймаханұлы Адамбай қария былайша әңгіме қозғайды:

«Берік Шахановқа, қайным болған соң батып айта беремін. Бір

жылы қасында жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовті ертіп ауылға

келді. Әңгімелесіп отырып Берікке:

- Осы Батыр Баянды Дәулеткелді дейді. Сен соны неге

қумайсың, - дедім.

- Ой, Адеке, солай екендігіне тарих ертерек жазылып кетті ғой.

Ілік таппай отырмын, - деді.

Машинаға мінгізіп алып Үшназарға алып бардым.

«Ешкіқораны» көрсетіп:

- Саған тарих мынау. Мынау жүзге келген әкең Шаханның

қорасы. Кешегі Жабалдар жонынан таспа алған Бекет әкең әне отыр.

Міне, саған тарих, - дедім.

Осы сөзім ой салды ма, әлде, өзінің де ойында жүрді ме, Берік

осыдан соң Бекет туралы, Шахан туралы әңгімелерді жаза бастады.

Батыр Баян туралы да қалам тербеп, батыр әруағы аунақшып, дұрыс

бағытта ақиқат жолына түсе бастады тарих» деген еді.

Берік Шахановты іздеп Қазақстан Жазушылар Одағына барған

сапарымда, ол кісі біршама әңгіменің басын басын шалды. Батыр

Page 204: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

204

Баян туралы шығармасын қорытпақ ниеті бар екендігін айтып,

алдағы жылдарда жарыққа шығармақ ойын білдірді. Солай деп

отырып:

«Батыр Баянды біреулер Уақ деп жазып жүр, Ұлы жүзде де

Батыр Баян деген батырлары бар екен. Біздің Батыр Баян 1771 жылы

Еділ бойындағы қалмақтар Қытай жеріне қарай ауғанда, соларды

қуып барып шекарада қайтыс болған екен. Қарқаралы жерінде

Батыр Баянның бейіті бар дегенге сұрау салдырып едім, ондай

ештеңе шықпады. Осында бір жігіт «Мен Батыр Баянның

ұрпағымын» деп жүруші еді, барып жолықсам, ол Керей болып

шықты. Ол жігіт те қайтыс болып кетті. Біздің Батыр Баянның

бәйбішесінен жеті ұл болған да, қалмақ тоқалынан екі ұл болған.

Уақыт біздің бабамызды ақтап шығатындығына сенімдімін» деп

қалды.

Ал, енді тарихшылар қазір байқап, жазып жүргендерінен

байқағанымыз: Батыр Баян - Уақ емес, Уақ еліне кірме жан болған.

Әруақтар кешіргей, Баянның Уақ батыры екендігі туралы алғашқы

жаңсақтық Шоқан Уәлихановтан кеткен бе деймін. Онда ол Уақтың

батыр Баяны 1758 жылы «Шаңды жорықтан» қайтып келе

жатқанында уланған судан қайтыс болады деп жазған. Осы

деректерді алған Мағжан Жұмабаев өз жырына қосады.

Сондай-ақ, Баянның Ноян деген інісі болмаған. Ол Мағжан

Жұмабаевтың шығарманы ширықтыру үшін қосқан кейіпкері ғана.

Ол Баянның Қыстаубай деген інісі болған. Ол сүйген қызына

үйленіп, одан тараған ұрпақтар қазіргі күндері Павлодар облысы,

Мағжан Жұмабаев ауданында ғұмыр кешіп жатыр. Мағжан

Жұмабаев «халық жауы» болып ұсталып кеткеннен соң, оның

шығармалары, мұралары халық көзінен таса болады. Үлкен тарих

жолына түскен Ілияс Есенберлин мұрағат құжаттарын ақтарып

жүріп, Мағжанның «Батыр Баян» жырының үстінен түсіп қалған

болуы керек. Осыдан келіп, ол да сол жырды өз кітабына өзек етіп

алған болуы бек мүмкін. Осылай тарих адасып кетті. Оны қазіргі

тарихшылар мойындап жазып жүр.

Дәлел қажет пе? Оқыңыз: Мағжан Жұмабаевтың «Таңдамалы»

шығармаларының жинағы, 235 бет, «Батыр Баян» жырынан:

«Арқада бір өзенді дер Обаған,

Сол жерде азғана Уақ қоныс қылған.

Уақтың ерте күнде өжет-қайсар,

Page 205: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

205

Ер Көкше, Ер Қосайдай ері болған,

Сол ері ерте күннің, Ер Көкшенің

Нәсілінен қайтпас алмас Баян туған.

Баянның ер ағасы батыр Сары,

Қос қыран тізе қосып жауын қуған.

Айналып оны айт, мұны айт, Баянды айт,

Ер Баян, алашының бетін жуған».

Мағжан ақын осылай жырлады. Ал, Ілияс Есенберлин не деп

жазып еді? «Жанталас» романы, 66-бет:

«Бұлардың үстіне Баянауыл мен Көкшетау даласындағы Обаған

өзенін жайлаған Уақ руларының жігіттерін ертіп, бұрыннан да Іле

бойындағы жоңғарлармен сан алысқан, Арқаның ардагері Батыр

Баянның өзі де бүгін-ертең жетпек».

Осында 228-бетте:

«Арқада Обаған деген өзен бар. Бұл өзеннің бойын ежелден Уақ

руы жайлайтын. Орта жүздің жеті арысының бірі болып келетін Уақ

руынан бүкіл қазақ даласына әйгілі Ер Көкше, Ер Қосай атты

батырлар шыққан.

Осы Уақ руына жасының қартайған шағында келіп сіңіп кеткен,

Жәнібек ханның кезіндегі атақты батырының бірі Саяннан туған

Аян батырдың бір ұрпағы осы Батыр Баян еді. Қарадан шықса да

жеті атасынан әйгілі батыр тұқымы болғандықтан, ел басына күн

туғанда, осы Баян атқа ерте қонды. Өзіндік асқан ерлігі, халқы үшін

жан пида етерлік істері арқасында ол көп кешікпей Уақ руының

көсеміне айналған».

Байқасаңыз, екеуі бір нұсқаның әңгімесі.

Ал, «Шаңды жорық» Берік Шаханов жазып жүргендей, тарихи

деректермен айғақталғандай, 1771 жылғы қаңтар айында болған.

Еділ бойындағы қалмақтардың Қазақстан жері арқылы Қытай

жеріне ауған тұста, бүкіл қазақ жасағы қалмақты жойып жібермекке

жанұшыра ұмтылады. Осы жорық «Шаңды жорық» аталып кеткен.

Бұл жердегі ақиқат біздің жақта. Ал, Уақтың Батыр Баяны туралы

1710-1715 жылдар аралығында дүниеге келген, сөйтіп 1757 жылы

қайтыс болған деп жазып жүргендер тарихи деректердің

ауытқушылығынан пайда болған дүдәмалды өмірбаян болып

шығады.

Ал, енді біз таласпай-ақ қояйық, 1727 жылғы «Бұланты»

өзенінің бойындағы «Қалмаққырылған шайқасында» ерлігімен көзге

Page 206: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

206

түскен Баян батыр кім?! Бәлкім, ол да Баян аттас батыр болар?

Бәлкім, осы кісі шығар, Уақтың Баяны? Біз білмейтін тарих, біз

үңіле алмай жүрген тарих осы болар, бәлкім?! Бірақ, бұл кезеңде

біздің Баян дүниеге келмеген.

Ал, 1757 жылы дүниеден өткен Баянның мазары Қарқаралы

жерінде дегенге келсек, ол кімнің мазары? «Шаңды жорықтан»

қайтып келе жатып, уланған судан қаза тапқан Баян Тарбағатай

жерінде қалған секілді еді. Сонша жерден сүйегін арқалап ешкім

әкелмеген болар. Мұндағы Баян мазары басқа жандыке болар? Оны

зерттеу алдағы күндердің еншісінде қалсын делік.

Бір мысал: Соғысқа барған адам жеңдім деп бірден қайтып келе

салмайды ғой. Әліптің артын бағып, шекараны барлап жатып та

қалады. Былтыр барған жерінен келер жылы қайтуы мүмкін. Батыр

Баянның шекарадағы Уақ елін жайлап екі-үш жыл жатып та қалуы

мүмкін-ақ нәрсе. Оны да назарға алуға болар деп топшылаймын.

Белгілі тарих зерттеушісі Зарқын Тайшыбай өзінің «Қазақтың

ханы – Абылай» атты кітабының І-томының 237-бетінде: «Ресей

сыртқы саясатының мұрағатындағы «Қазақ істері қорының» 122-

тізбе, 1742 жылғы 4-іс, 158-169 парақтарынан алынған мәліметтерде

1742 жылғы 23 тамызда Ресей патшасына ант берген рубасылар

тізімі берілген. Оның арасында Орта жүздің Төртуыл (найман)

руынан Баян батыр дегеннің аты аталады» деп жазады.

Бұл да Баян батыр, тек руы бөлек.

278-бетте: «Омбы облыстық мемлекеттік мұрағатының

«Әскери-жорық кеңсесінің қорында 1-тізбе 7-істе сақталған

мәліметтерде Орта жүз Уақ тайпасында Баян батыр, Сары батыр

деген екі адам болғандығы, ақсары өңді болғандықтан да Баян

батырды Сары Баян аталғаны жазылған» десе;

528-бетте: «Уақ тайпасының 1000 отбасы Сары Баянның

билігінде дейді 1758 жылғы ақпан айындағы №215 құжатта».

2-томның 208-бетінде. «1765 жылы қазақтың Сары Баян батыры

Абылайға: «Алатау қырғыздарына Қытайдан 100 адамдық елші

келіп жатқан көрінеді», - деп хабарлауы тегін емес» деп жазады.

260-бетте: «Жұқпалы ауру тараған – Мағжан ақын дастанының

бас кейіпкері батыр Баянның қазасына осы індет себеп болған.

Шоқан Уәлихановтың ел аузынан жазып алған дерегінде де

айтылады және шындыққа жақын».

Page 207: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

207

Сондай-ақ, осы кітаптың 2-томының 260-бетінде Батыр

Баянның (Қасаболатұлы) өлгені туралы не жазады:

«№429 құжат. 1773 жылғы 26 ақпан. Баян батырдың қайтыс

болғаны туралы.

Қазақ тұтқынынан қашып шыққан қалмақ әйелі Жарға

Бардазамзаева тілмаш арқылы, сержант Иван Шаринг арқылы жауап

алғанда мыналарды айтқан:

Менің атым Жарға Бардазамзаева, 40 жастамын, бұрын Еділ

бойында, Енатьев бекінісіне қарсы мекенде, Дотбир Дундуков

княздың қарауындағы елде тұрғанмын. Жайлауда 15 жасар қызым

ауырып, оны емдету үшін Обашы ханның еліне баруға мәжбүр

болдым. Ол ел шығысқа, бұрынғы жоңғар жеріне жаппай ауып бара

жатыр екен. Мен солармен бірге кеттім. Балқаш (Балхасы) көлінің

жағасына келгенде атымыз өлді, 30 шақты адам жаяу қалдық.

Бізді қазақтар ұстап алды да, ауыл-ауылға таратып бөліп

жіберді. Мен Абылай сұлтанға қарайтын Уақ болысының ел ағасы

Баян батырдың иелігінде болдым. Баян батыр қайтыс боларының

алдында мені інісі Хабун Тулту Булуковқа (Бөлек) берді. Осы

уақытқа дейін сонда болдым...». (Омбы облыстық мемлекеттік

мұрағаты, 1-қор, 1-тізбе, 184-іс, 216-парақтан алынған.)

Уақтың Сары Баянының 1771 жылы қайтыс болғандығы осымен

айғақталатын секілді. Шоқан Уәлихановтың 1758 жылы өлді,

уланған судан деуінен Мағжан Жұмабаевтың, Ілияс Есенберлиннің

жаңылыс кетуі заңдылық болды.

Ал, енді біздің Байболатұлы Баян қай жылы дүниеге келген, қай

жылы дүниеден қайтқан? Жауапты сол Берік Шаханов әкеміздің

өзінен табамыз. «Баян нақ қырық жасында «Шаңды жорық» кезінде

қаза болған». Сонда Баян батыр 1771 жылы қайтыс болғанда қырық

жаста болса, яғни, туған жылы 1731 жыл болады.

Батыр Баян 1731-1771 жылдар аралығында өмір сүргендігін

батырдың тікелей ұрпақтары айтып жүр. Және де тап сол кісілер

Қарабура бабамыздың басына қойған белгі тастарда Батыр Баяннан

туған Тасыбайды 1765, Жолдыбайды 1768 жылы дүниеге келген деп

жазғандығы және бар.

Біздің қазақ, әйгілі ғұлама Әлкей Марғұлан айтпақшы:

«Ақынды айтсақ - Абайға, батырды айтсақ – Абылайға апарып

тіремей тоқтамайтын қазағым-ай, батыр біткеннің бәрі Абылайдың

төңірегінде жүреді» дегендей, біздің ауылдың әңгімесі де Ерубайға

Page 208: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

208

барып тіреле береді. Барлық әңгіме Ерубайдан басталып, Ерубаймен

жалғасады. Ерубайға келу үшін Тасыбай мен Жолдыбайды іздейсің.

Олардың әкесі Баянды тағы да іздейсің. Осылайша Ерубайдың

жасын, Тасыбайдың жасын қуып келіп, Баянның да жасын таба

аласыз.

Ендеше, «Қалмақ қырылған», «Бұланты» шайқастарындағы

Батыр Баян – біздің Дәулеткелдінің Баяны емес. Оның артын ала,

дәлірек айтқанда Уақ Батыр Баянның аты шығып дүркіреп тұрған

уағында дүниеге келген, Баян сияқты батыр болсын деген ниетпен

атын Баян қойған болса керек. Ол да батыр болып, тарих сахнасына

Дәулеткелді Батыр Баян ретінде шыққан. Осыдан келіп, Батыр Баян

туралы әңгімелердің бір-біріне ауысып, мидай сапырылысып кеткені

байқалады. Екі елдің адамдары «Біздің бабамыз, біздің батырымыз»

деп әлі күнге дауласып жүргені бар. Біздің Байболатта Ноян деген

бала болғандығы туралы ешбір дерек жоқ. Сондай-ақ, Баянның

Ноянды өлтіргендігі де айтылмайды. Ноянмен бірге өлген

жоңғардың Бас батыры Қореннің қызы Құралай туралы да

айтылмайды.

М. Жұмабаевтың таңдамалы шығармаларының жинақ

кітабында, 440-бетте: «Кейбір деректерге қарағанда Ноян мен

қалмақ қызына байланысты оқиғалар тарихта болмағанға ұқсайды»

деп көрсетілген. Ноян мен Құралай қыздың оқиғасы шығарма

желісін ширату үшін ғана енгізілген әдеби шешім ғана.

Осының өзі қызғылықты жайт. Шоқан Уәлиханов Баянның

қалмақтарды қуып тастап, қайтып келе жатып уланған судан өлгенін

жазса, Мағжан ұрыста өлді деп жазады. Бұл да тарихтың бір қате

көрсетілген деректері ретінде бағаланады. Зарқын Тайшыбай өліп

бара жатып Баянның Қарқаралы жеріне жеткізуді өсиеттегенін

жазады.

Уақтың Батыр Баянын қазақтың ұлы ақындарының бірі Мағжан

Жұмабаев жазып, тарихқа бекер айналдырмаса керек. Осымен, бұл

дауға нүкте қойып, «Барға қанағат, жоққа салауат» айтатын кез де

келген секілденеді де тұрады. Бәлкім, кім біледі, Қытайдың, я

болмаса, Ресейдің мұрағаттарынан өзгеше бір қызғылықты деректер

шығып қалып, ойды алаң-тасыр етпесе, біздің ойымыз осыған саяды.

Page 209: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

209

Байболатұлы Баян

Батыр Баянның түпкі тарихын зерттесек: Алдабергеннен

Лаулақ, Лаулақтан Байболат. Байболаттан Айдос, Жандос, Таңат,

Баян және Қазыбай тарайды. Ол кісінің біршама тарихын бұл

күндері Алматы қаласында тұратын, Созақ ауданы «Шу»

кеңшарының тумасы Өтеген Дәртай Әлтайұлы әкеміз «Ағаң болса

алдыңда» атты кітабының 148-150 беттерінде әдемі әңгімелеген.

Қарынбай Әлібайұлының аузымен айтылған бұл әңгіме былайша

жазылған:

- Ұлы бабам Байболаттан төрт ұл, төрт қыз болған екен.

Ұлдары: Айдос, Жандос, Таңат және кішісі Баян. Қыздары: Бибі-

Ғайша, Күлшім, Сүлушаш және Ардақ. Әрине, қыздары басқа

жұртқа тұрмысқа шығады. Байболаттың төрт баласы төрт ауыл

болып, өсіп-өнді. Төртеудің ең кішісі – Баян, менің үлкен атам. Баян

еркін, әрі батыр, әрі сері болып өмір өткізеді. Арғынның бір белгілі

атасының қызына үйленеді.

Анамыз өте сұлу екен. Құдай берген жеті ұл туады. Бәрі де өз

заманының айтулы азаматтары болып, көзге түседі. Баян батыр

болады. Ол кезде қазақ-қалмақ ешбір толастамайтын және бір-

бірімен бітіспейтіндей болып жауласады екен.

Қазақтың басын қосып, біріктіріп, соларға Абылай хан болады.

Маңайына батырлар мен билерді, тағы сол сияқты ақын-

жыршыларды, не керек сондай атағы шыққандар Абылайдың

маңына топтаса бастайды. Мұны естіп Баян атам да барған екен. Сол

кезде, жасы отыз бірде екен.

Үлкендердің айтуына қарағанда, аз қолмен, шашау шыққан

қалмақ бөлімдерін талқандап жүрген кезі болса керек. Бірде ағалары

бар, ауыл ақсақалдары болып: «Сен неге ханға бармайсың? Жеке

жүргенің болмайды» деп ақыл береді. Баян хан ордасына келеді. Хан

жасауылдарының бірі: «Кімсің? Кімге келдің» деген сұрақтар қояды.

Баян: «Мені ханға жолықтыр, мен Байболаттың кіші баласы

Баянмын» дейді. Жасауыл бетіне қарап тұрып: «Не шаруамен

келдің? Мен ханға айтайын. Шаруаңды айт» дегенде, Баян аттан

қарғып түсіп, жасауылды итеріп ішке кіріп кетеді. Хан алдына келіп

тізе бүге бергенде, жасауыл қылышын көтеріп жақын келеді.

- Жасауыл, сен тоқта! Мен мына жігіттен жөн сұрайын, - деп

хан жасауылды тоқтатады.

Page 210: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

210

Баянның түр-тұлғасына қарап тұрып: «Қарағым, шаруаңды айт»

дейді.

- Тақсыр, мен Байболаттың ең кіші баласы Баянмын. Сіз мүмкін

естімеген шығарсыз. Екі-үш рет қалмақ елінен келген жасақтың

жолын бөгедім. Оларға «Қайда барасың?» дедім. Олар: «Абылайдың

басын алғалы барамыз» деді. «Ей, сендерді олай қарай кім

жібереді?» дегенімде, олар маған қарай қылыштарын көтеріп,

өлтірмек болды. Өздері он бес екен. Қарсы тұрып, соғысып, біреуі

ғана қалып еді, оны ұстап алдым да: «Ханыңа сәлем айт! Абылайды

енді аузына алушы болмасын. Жауласқанды қойып, тату ғана көрші

болайық» дегенімде, әлгі сорлы: «Айтамын, батыр, айтамын» деп

алды-артына қарамай шауып ала жөнелді.

Осыны ауылдағы ағаларыма айттым. «Абылай деген кім?» деп

сұрағанымда, олар маған: «Әй, тентегім, өстіп жүріп бір бәлеге

ұрынып қаласың. Одан да Абылай ханға бар. Оған сәлем беріп, осы

көргеніңді айт. Мүмкін, қол астына алар» деген ақыл берді. Сонан

соң сізге кірейін десем, мына біреу мені тергеп болатын емес. Айып

етпеңіз, шыдамым жетпей кіріп келдім, - дейді Баян.

Хан:

- Сен барып, Қабанбай батырды шақыр, - деп жасауылға әмір

берді.

Сонан соң, Баян батырға қарап тұрып:

- Егер, мен сені қол астыма алсам, қалмақтармен тайсалмай

соғыса аласың ба? Мақтануыңа қарағанда, мен бір нәрсе түсінгендей

болып отырмын, - дейді.

Осыны айтып бола бергенде, Қабанбай батырды ертіп жасауыл

келеді.

- Тақсыр, мені шақырдыңыз ба? Мен жаттығу өткізіп жатыр

едім. Сіз шақырған соң, келіп тұрмын.

Хан отыруға рұқсат етті де, жасауылға: «Сен, бара бер» деді.

- Сенің естуің бар ма? «Байболат батырдың баласы Баянмын»

дейді. Айтқанына қарағанда, ерлігі бар көрінеді. Осы жігітті

қарамағыңа алып, сынап көр. Маған айтқандай болып шықса,

жақсылап тәрбиеле, - деп, Баян айтқан әңгімелерді түгел айтты.

Қабанбай батыр күліп:

- Байболат батыр қазір қартайған. Кіші баласы ат жалын тартып

мінгелі маңайларынан қалмақ барымташылары жүрмейді деп естуші

едім. Тентектігі болу керек. Бұл заманда осындай тентек болу да

Page 211: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

211

жақсы шығар. Мақұл, қарамағыма алайын. Ал, енді, Баян, бізде

тәртіп бар. Менің рұқсатымсыз өз бетіңше әрекет етпейсің. Біздер

жаумен ұйымдасқан түрде ғана шайқасамыз. Сондықтан, хан

алдында уәде бер. Менің бұйрығымсыз соғыспайсың. Ол бірде

болмаса – бірде үлкен өкінішке соқтырады. Қалай, көнесің бе? -

дейді.

- Жарайды, мен сіздің айтуыңыз бойынша жүремін, - деп Баян

уәде береді.

Аз уақытта Баян батыр деген атаққа ие болады. Бір жолы қазақ-

қалмақтардың шешуші шайқасы болып, қол бастау Батыр Баянның

қолына өтеді. Сол жолы абырой болғанда жеңіспен оралады. Қазірге

шейін Сарыарқада «Қалмақ қырылған» деген жер бар. Сол жолы

қалмақтар қатты қырылып, содан жер ауып кеткен екен.

Сол жолы қалмақтың қолға түскен бір сұлу қызын Абылай хан

батыр Баянға өзі некелеп қосыпты. Қыз да өте риза болып, Батыр

Баянды сүйген екен» дейді.

Әңгімеге ұйыдық. Атадан балаға жеткен аңыз ғой. Тек «Қалмақ

қырылған» жерін қосқаны, кейінгі ұрпақтардың жаңылысуы болар

деп топшылаймыз. Мұндағы бір дерек, 31 жаста еді ханға барғанда

дейді. Сонда Баян 1731 жылы дүниеге келсе, 1762 жылы Абылай

алдында болады. Ал, ол кезде Сарыарқадағы «Қалмақ қырылған»

соғысы өткелі көп заман өтіп кеткен кез еді. Қалған әңгімесін

дұрысқа санаймыз.

Баян мен Түрке

Батыр Баянның батырлар санатына қосылу туралы тарихын

Дәртай әкеміздің жазған кітабынан білдік.

Ал, енді жайылмалық Сәрсенбекұлы Болат ағамыз шертетін

әңгімені Шаханұлы Беркін әкеміз бен қарағандылық Құтжанұлы

Төкен ағай (бұл кісі өз әңгімесін Сәтиұлы Жағдайдан естігенмін

дейді) айтатын әңгімелермен байланыстыра айтсақ төмендегідей:

«Қазақ әскері қалмақты шабатын болады. Дайындық жасап,

Түркістанның түбінде ат ойнатады. Осы ойынды келіп, сол кезде өз

алдына жаңа мемлекет болып еңсесін көтерген Қоқан елінің ханы

келіп қарап тұрады. Баян батыр ұзын бойлы, қапсағай денелі кісі

екен. Қолына жуан бақан алып, қасындағыларға:

Page 212: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

212

- Артымды қорғай бер, - деп алдынан шыққанды бақанмен ұрып

түсіре береді.

Баянның көрсеткен ойынына Қоқан ханы риза болып:

- Жігітім, өнеріңе разымын. Жанайын деп-ақ тұр екенсің.

Жорыққа барсаң, қайтарыңда маған қалмақтың бір аруын ала кел, -

дейді.

Оған Баян ештеме дей қоймайды. Батыр адамның көп

сөйлемейтін әдетімен - не «иә», не «жоқ» демей кете барады.

Қалмақпен соғыс басталады. Күнделікті Абылайдың ақ туын

қазақтың батырлары кезектесіп ұстайды екен. Кезекті бір күнгі

майданда ту ұстау кезегі Батыр Баянға келеді. Соғыста астындағы

атына оқ тиіп құлайды. Бірақ өзі туды құлатпай тұрып кетеді. Тудың

сырығын қару ретінде пайдаланып, алдынан келгенді сойылға

жығып, өзіне қару дарытпай, әрі туды жықпай соғыс қылады. Оны

Абылай хан байқап қалып, батырға көзі түседі. «Ой, мына жігіт кім

болды екен, а? Ерлігіне лайықты сый берсем болар еді» деп ой

түйеді. Соғыста қалмақты жеңіп, бірталай олжаға ие болады.

Соғыс үстінде Баян батырға он жеті жерден садақтың оғы тиеді.

Кеудесіндегі сауытты терең тесіп өте алмай, жебенің ұшы кіріп

жарақаттанған. Қан көп кетіп қалады. Тұрып кетуге шама жоқ. Туды

құлатпай тырысып ұстап жата береді. Оны көріп қалған басқа

жауынгерлер келіп, туды қабылдап алып кетеді. Ал, Баянның

маңында жүрген жолдастары оның бас жағына ағашпен шаншып,

шүберекпен көмкеріп, көлеңке жасап беріп алға шабуылдап кетеді.

Көлеңкеге кеудесі мен басын паналатып, ыңырсып жатады. Қолға

түскен қалмақтың қызы Баянның жағдайын көріп қалып, ауызына су

тамызып, күннен бағып отырады.

Бұл күнгі шайқас аяқталып, Абылай хан соғыс орынын

аралайды. Кім өлді, кім қалды, неше адам өлді дегендей тексеріп

келе жатады. Келе жатса бір қалмақ қызының бір бағанағы жас

батырдың ауызына су тамызып, басына көлеңке қойып, жарасын

таңып отырғанын байқайды. Сонда қыздың мына тірлігіне сүйсінген

Абылай:

- Осы ажалдан аман алып қалсаң, батыр сеніке, - депті.

Қыздың батырға қараған еңбегі жанып, батырдың да рухының

мықтылығы қосылып, батыр сол күнгі кешкі жиынға өз аяғымен

келіпті.

Page 213: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

213

Жауды алғаннан кейін түскен олжа мен әйел, бала-шағаны сол

соғыста ерлік көрсеткен батырлар мен әскер арасында бөліп, теліп

береді екен. Қолға түскен адамдар ішінде қалмақтың қонтайшысы

Қалдан Сереннің он жеті жастағы қызы - Түрке деген сұлу бар екен.

Осы бөліске Абылай хан ерекше назар аударады. «Қалдан Сереннің

қызы олжа болыпты» дегенді естіп, батырлар да ынтығып,

әрқайсысы өзіне алғысы келіп, даурығып, даланы басына көтеріпті.

«Мен аламын, мен аламын!» деп даурыққан батырларды Абылай

қолын көтеріп, ишара жасап тоқтатқан екен.

- Әкел қызды, көрейік, - деген екен.

Қызды әкелгенде хан танып қалады.

- Бағанағы ту көтерген жігіт қайда? Бар ма? Бар болса соны

шақырыңдар, - дейді.

Сонда Баян топ ішінен:

- Мен едім, - деп суырылып шыға берді дейді.

- Атың кім сенің?

- Кіші жүз, Таманың батыры - Баян боламын, - дейді Баян саңқ

етіп.

- Бәрекелді! Бүгінгі туды ұстаған сен болсаң, бүгінгі ерлігіңді

көрдім. Туды жықпадың, жауға бермедің. Әскердің рухы – тудың

биіктен желбіреп, құламай түруымен байланысты. Сенің ерлігіңе

тәнтімін. Жараланып жатқаныңда, жаныңа сеп болған, ауызыңа су

тамызған осы қыз еді. Бүгінгі басым олжа да, қыз да сеніке, - деп

Түркенің еркін Баянға берген екен.

Баян қызды қасына ертіп, қосқа алып кетеді. Бірақ, қызға сені

аламын да, не сүйемін де демейді. Қыз бөлек, Баян бөлек жүріп

жатады.

Ертеңіне жауды жеңген қазақ әскері демалып жатса, жау жақтан

бір шаң көрініпті. Қарауыл қарап тұрғандар «жау келділеп» хабар

берген соң, тыныш қана мызғып жатқаны бар, ойын қылып жатқаны

бар, үре-дүре болып орындарынан түрегеліпті. Шаң жақындай

келгенде ақ боз ат көзге шалынады. Сөйткенше:

- Келе жатқан ер адам емес, басы ағарады, әйел адам екен, -

деген хабар келеді.

Ауызды жиып алғанша шеткі шатырдың қасына аттылы кісі

келіп тоқтайды. Ақ боздың үстінде ақ жаулықты ана отыр екен.

Шеткі шатырдан шыққан қарауылға өз жөнін айтып, таныстырады.

Сөйтсе, ол Қалдан Сереннің әйелі болып шығады. Әскер арасында

Page 214: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

214

«Қалдан Сереннің әйелі келіпті» деген сыбыс демде тарап үлгереді.

Кәдуілгі қазақ қызы. Жасақшыдан:

- Менің қызымды әкетіп бара жатқаның қайсың, - деп сұрайды.

- Қызыңыз Батыр Баянға телініп, соған тиген. Қосыны әнекей, -

депті ол шеткері тұрған бір қосты нұсқап.

Батыр Баянның шатырына келген үлкен әйел кісіні батыр

алдынан шығып құрмет көрсетіп, атынан түсіріп алмақ болды.

- Үйге түсіңіз, - десе, түспепті.

Сыртқа қызын шақырып, екеуіне сынай қарап тұрып:

- Дұрыс, балам, сені бір көрейін деп келдім, - дейді. – Жолдасың

өзіңе сай екен.

Батыр Баянға қарап:

- Саған айтар бір ғана тілегім бар, - депті. – Текті жердің қызы

еді, айқара қамшы салма.

Баян тағы да:

- Үйге түсіңіз, - депті дейді.

Сонда жаңағы кісі қолын жайып:

- Жау қолына түскен қазақтың бір мұңлық қызы едім. Арманым

- осы қызымды қазақ жігітіне берсем деуші едім. Ол тілегімді де

құдай құп көріп, сенің қолыңа іліктірген екен. Жастарың қатар екен.

Қызыммен екеуің бақытты болыңдар, - деп батасын беріп, кері

қайтып кетеді.

Батыр Баян қызға тиіспей, аманат сөзін ұмытпай, Қоқан еліне

сапар шегіпті. Баяғы Қоқан ханына алып барады.

- Хан, уәдемде тұрып, қалмақтың қонтайшысының қызын олжа

қылып, өзіңе тарту ретінде алып келдім, - дейді.

Қоқанның ханы жасы алпыстан асқан кісі екен.

- Ей, батырым. Сені сынайын деп айтып едім. Қыз өзіңе

лайықты екен. Өзің ал, - деп батасын беріпті.

Баян еліне келген соң той жасап Түркеге қосылады.

Екеуінің некесінен ұл дүниеге келеді. Сонда Абылай сүйсініп:

- Мына қыз біздің елге дәулет болып келді ғой. Байлығымызды

тасытып, бағамызды асырып жатыр ғой. Баласының аты Тасыбай

болсын, - депті» дейді.

Міне, біз білетін, біздерге жеткен Батыр Баян мен Түрке

анамыздың табысу тарихы осындай. Үш әңгімені бір-бірімен

толықтырып, бір сөзін де жоққа шығармай, әрбірінің маңыздылығы,

Page 215: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

215

айтар ойына біріктіріп, тиянақтап шықтым. Аллаға шүкір! Тарихы

өлмеген, тарихын өлтірмеген ерлер аман болсын!

Ол заманда қазақ батырларының қалмақтың қолға түскен

қыздарына үйленуі көп болған. Оған тегін, қалыңсыз қыз деп емес,

басқаша есептермен үйленген екен. Ол жөнінде «Ошақты

шежіресінде»: «Қалмақты шапқан жылы жорықтан талай байдың

үйірінің саны артып, кедейдің қазаны толды, талай бәйбішенің қолы

ұзарды, талай сүр бойдақтың қойыны жылынды» деп жазса, орыс

тарих зерттеушісі А. И. Левшин «Қырғыз-қайсақ ордасы жайлы

сипаттама» атты еңбегінде: «Ынтықтықтан басқа қазақтардың

қалмақтан әйел алғанды жақсы көретін себебі, осындай некеден

жақсы перзент туады-мыс» деп те жазады.

Түркенің анасы

Ел арасында айтылып жүрген ендігі бір аңызды жайылмалық

Сәрсенбекұлы Болат ағамыз былай әңгімелейтін:

«Түркенің анасы арада екі жылдай уақыттан соң, қызын іздеп

келеді. Келгенде, ендігі балалы болған шығар деп жабдықтап бесік

алып келген екен дейді. Баянның үйінің сыртына келіп аттан түседі.

Бірақ, батырдың үйінің адамдары ұйқыдан тұра қоймаған кезі екен.

Сырттан тұрып тың тыңдайды. Үйден баланың дыбысын естімей,

сырттан балаға тән жаялық, киім, сылдырмақ көрмей:

- Аһ! Тым ертерек келіп қалған екенмін, - деп бесікті тастай

сала атына мініп, кері қарай жөнелген екен.

Осы уақытта әлдебір сезім бойын билеген Түрке ұйқыдан оянып

кетеді. Киіне сала сыртқа шыққан екен, босағада тұрған қалмақ

бесігін көреді. Шешесінің артынан іздеп келгенін біледі. Кермеде

байлаулы тұрған аттың бірін міне сала, шешесі кетті-ау деген

бағытқа құйғыта жөнеледі. Артынан шыққан дүбірді естіп, Түркенің

анасы да жолын тосып тұрып қалған екен. Қызымен құшақтасып

қауышқан соң:

- Енді қайтып келе алмаспын. Айналайын, қызым, бағың бар

сенің. Екі перзентті боласың. Олардың айбыны осы кең далаға

тарайтын болады. Бірақ, біреуінің бір кемдігі бар-ау, - депті дейді

қамығып.

Page 216: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

216

Солай деп анасы артына қайырылмастан, көзінің жасын көл

қылып қалмақтың еліне кете барады. Арада біраз уақыт өткенде,

арасына алты жылдан салып Тасыбай мен Жолдыбайды туады», -

дейді.

Осы жерде осы Дәулеткелді баласы, Батыр Баянның ұрпағы,

Тасыбайдан тараған Тынышбай Рахым ағамыз мына жыр

шумақтары құп жараса кетеді:

«Ерлік ісің –

Ететін атыңды аян,

Сонда мәңгі жатыр жыр, жатыр ғой ән!

Құлақ түрсек өткен күн аңызына,

Шығады алдан жаужүрек батыр Баян!

Батыр Баян,

Бабасы – Дәулеткелді,

«Жұртым аман болсын!» - деп, жау бөктерді:

Жолбарыс боп атылды жоңғарлыққа,

Өтті ол заман, кейінгі ел сәулеттенді.

Аңызды естіп, қиялға батады ұлан,

Жау түршіккен Батырдың атағынан.

Тасыбай мен Жолдыбай – екі ұл туған,

Қалмақ қызы – кейінгі тоқалынан.

Кім біледі, кім жатқан оны күндеп,

Жас қосағы бұрды ма көңілін көп,

Тасыбайын сүйіпті «Тентегім» деп,

Жолдыбайын сүйіпті «Момыным» деп.

Тынышбай Рахым – қазақтың өр ақыны, өз ақыны.

Жайылманың өрені. Бір көшесін осынау ардақты ұлына қиып, атын

құрмет тұтқан елдің баласымыз. Тынышбай ағамыз бұл әңгімені

Тырнақбайұлы Шаханнан естіген болуы керек. Себебі, екеуі жақын

туысқан, әрі бір өлеңін осы Шахан қарияға арнағаны бар. Әңгіменің

осылай өрбігенінің өзі сондай қуанышты. Жалғасы бар, бұрыннан

жырға айналған тарих.

Илья Жақанов: «Абылай ханның қасынан Таманың тағы бір үш

батырының дидарын көреміз. Олар – Сеңгірбек, Жұма, Баян!

Page 217: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

217

Тарихта 1770 жылы Ташкентке кетіп бара жатып, Абылай хан

қалмақтардың жойқын қырғынын жасады. Сол шайқаста

«Қарабуралап» жауға шапқан Таманың үш батыры – Сеңгірбекке,

Жұманға, Баянға үш қара бура мінгізіп, үш қара мылтық беріпті

деседі ел сөзі» деп жазған.

Әкеміз, әйгілі жазушы Берік Шаханов жазғанындай, Баянның

бәйбішесінен жеті ұл, тоқалынан екі ұл туған көрінеді. Баян нағыз

қылшылдаған қырық жасында қайтыс болады. Баян батыр Еділ

жақтан Қытай жаққа қоныс аударған қалың қалмақтың көшін қуа

барып, шығыста шекарада болған қан майданда қаза табады. Егер,

тап осылай ескілікті әңгімелер шертілетін болса, Батыр Баян Еділ

қалмақтарының қазақ жері арқылы Жоңғарияға ауа көшуі 1771

жылы болған уақиға екендігімен, батырдың осы жылы қаза

табуымен дәлелденеді.

Тарихта жазғандай, 1771 жылы Еділ мен Жайық аралығынан

Қазақ жері арқылы өздерінің атамекені – қазіргі Шыңжаң аумағына

көшкен қалмақтарды торғауыттар деп атаған. Яғни, Баян Батыр

торғауыттармен болған шайқаста қаза болған.

«Жаңаарқа» энциклопедиясында: «Тасыбай әулие (1765-1845).

Әкесі Баян батыр 1771 жылы Еділ бойынан Қытайға өтіп бара

жатқан қалмақтармен соғыста қаза тапты дейді, мүмкін қытайлармен

соғыста қайтыс болуы. Өйткені, қалмақтар жеңіліп, жойылған соң

қытайлар 20 мың шерік жіберіп, қазақтармен соғысқан ғой» деп

жазады. Бұл да назарға алуға тұрарлық тұспал.

Әңгімешіл ағамыз Сәрсенбекұлы Болат: «Тасыбай мен

Жолдыбайдың арасы алты жас болар, - деп шертеді әңгімесін. -

Батыр Баянның кенже баласы Жолдыбай туарда қалмақтар тағы да

соғыс ашып Тарбағатай тұсынан лап қояды. Қазіргі Қапшағай көлі

тұсында болған ұрыста Батыр Баян қаза тауып, сонда жерленген

екен. Кейіннен жасанды көл орнатқан уақытта Батыр Баянның бейіті

Қапшағай көлінің астында қалып кеткен» дейді.

Бұл кісі Жолдыбай Баян өлгенде іште қалған бала ретінде айтып

отырса, Тынышбай Рахым Баянның Жолдыбайды «Момыным» деп

емірене иіскегенін жырлайды. Дұрысы - Тасыбай 1765, Жолдыбай

1768 жылы туған.

Біздің елдің шежірелі қарияларының айтқан әңгімелерін қорыта

отырып Батыр Баян Байболатұлы 1731 жылы туып, 1771 жылы

қайтыс болған деп топшылауға болады.

Page 218: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

218

Батыр Баянның бейіті Қапшағайдың астында қалды деген Болат

ағамыздың әңгімесін белгілі тарихшы Мырзатай Жолдасбековтің

мына бір хикаясы да одан әрі ұштай беретін секілді.

«Жетісудың әйгілі батырлары Өтеген, Райымбек, Қараш

батырлармен тұстас Қабан жырау деген болған. Үлкені Қабан,

Райымбек пен Өтеген құрдас, Қараш бір жас кіші екен. Өтеген батыр

жерұйықты іздеп, жаһанды аралап, еліне оралғаннан кейін бұлар

Өтегеннің үйінде бас қосады. Сонда отырып Өтегеннің өтінішімен

Қабан осы отырғандардың өлер шағын жориды.

- Обалым атымды Қабан қойған елден болсын, атым Қабан,

сондықтан бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде қаламын.

Үш күн денем жерде жатады, үш күннен соң табылмайды. Ал

Өтеген, сенің жайлы, жылы мінезің бар, жылжып аққан судың

жағасында қаласың, бірақ түбінде жылжисың. Райымбек, сен көпшіл

ең, қиямет-қайымға дейін басыңнан салдыр кетпейтін үлкен жолдың

жағасында қаласың, - депті.

Қабан жырауға оның үрім-бұтағы беріректе Іленің жағасында

белгі қойды. Өтеген өлген соң, балалары оны қазіргі «Аяққалған»

санаторийі маңайында, Іле өзенінің жағасына жерлеген екен.

Қапшағай теңізін толтырумен байланысты «Аяққалған» су астында

қалатын болған соң, Өтегеннің ұрпақтары үкімет орнынан рұқсат

алып, бабасының сүйегін қазір өздері тұратын Қордай ауданындағы

«Кеңес» колхозына жерлеп, басына ескерткіш орнатты. Ал,

Райымбек батырдың зираты Алматы қаласының көлік ең көп

жүретін Райымбек даңғылының бойында, қалалық зираттың қарсы

алдында жатыр. Қараш батырдың бейіті Алматы облысы, Жамбыл

ауданы, Ақтерек кеңшары орталығының оңтүстігінде 4 шақырым

жерде» дейді.

Өтеген батырдың ұрпақтары оның сүйегін қазып алған уағында,

Батыр Баянның ұрпақтары одан хабарсыз қалғандығы, я болмаса,

оның бейітін нақты білмегендігі себептен де ол су астында қалып

қойды ма деген күдіктің бар екендігі рас. Бірақ, бұл жерде біздер

Баянның бейітінің нақты қай жерде қалғандығын білмейтіндігіміз

тағы бар. Тарбағатай тұсында, Қытаймен шекарада, Қапшағайдың

астында. Бәлкім, төртінші басқа жерде жатуы да.

Бұл алдағы зерттеулердің арқалар жүгі болсын!

Танымал шежіреші Бекмағанбет Тәлкенұлы Баянның

бәйбішесінен – Жаманкөт, Тұрпан, Шортанбай, Бекембай, Бурабай,

Page 219: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

219

Қирабай, Мойнақ, тоқалынан – Тасыбай мен Жолдыбай туғанын

жазған.

Шолаққорғандық шежіреші Қанат Бесбайұлы «Баянның

бәйбішесінен 9 ұл болған. Осында қалғаны екі ұл – Жаманкөт пен

Тұрпан. Бәйбіше балаларын Әжем балалары деп ерекше

құрметтейді.

Абылай Арқадан Тама баласына ойып тұрып жер берген. Сонда

Баян батырдың да үлкен үлесі болған дейді бұл кісі. Баянның

қалмақтан азат етіп алған жері – біздің құт мекеніміз болып қалған.

Ол жерлерді – Жиделі, Тобылғылы, Ақбас, Бәйбіше, Қарақыз,

Малдыбай, Қияқты деп атаушы еді» деп айтып отырды.

Бесбайұлы Қанат әкей Меккеге қажылыққа барған сапарында

Баян бабасының көз алдына елес болып қылаң бергенін айтып, көз

жасына ерік берді. «Осында бір қалмақтың қызы тұрады. Соған Баян

атамыздың кейінгі алған әйелінің сіңлісі ғой деп әр зейнетақы сайын

шамам келгенше садақа беремін. Сенің Баянның атын шығарамын,

оны дәлелдемек ойым бар дегеніңе қуанып отырмын. Алла,

жолыңды ашсын! Қыдыр бабам жолдасың болсын! Батыр Баян

бабамыздың әруағы ылғи желеп-жебеп жүрсін! Ойыңа алған ісіңнің

берекесін берсін! Алла жасыңды ұзақ қылып, қажылық сапарға

баруға, мұсылмандық парызыңды өтеуге жазсын! Қабыл болсын

барша тілек-ниетің!» деп ұзақ та ұлағатты батасын берді. «Әумин!»

дестік.

Біздің де барша тілегіміз осы. Осы тілекті баршаңызға тіледік.

Баянның тарихы осы. Әзірге біздің қолға тигені. Оның

ұрпақтары туралы – алдағы кітаптардың еншісінде қалсын. Алла,

сол күндерге жеткізсін.

Кітапқа байланысты ұсыныс-пікірлер мен қосымша материалдар

үшін электронды почталар: «[email protected]», «gulzira-

[email protected]» немесе «[email protected]».

Байланыс телефоны: 8-705-733-90-76, 8-775-136-06-98.

Мекен-жайым: 080706, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жайылма

ауылы, Ә.Әбішев көшесі, №18.

Page 220: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

220

Суреттер

Арқа сапарына Барақ батырдың мазарын іздеп шыққан

экспедиция мүшелері – Қалдыбек Кәрімжанұлы, Сайлау

Өксікбайұлы, Серікбай Жанжолұлы, Тоқмырза Тотанбайұлы, автор.

Ермұрат Тоқмырзаұлы, Сайлау Өксікбаев, Тұрман Жаңабайұлы,

Тоқмырза Тотанбайұлы, автор.

Page 221: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

221

Баба Шашты Әзіз кесенесі.

Қарабура кесенесі жанындағы

Сарысулықтар салған қонақ жайы.

Page 222: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

222

Қарабура бабамыздың кесенесі мен бурасының мүсіні.

Қарабура кесенесі алдындағы стелла.

Page 223: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

223

Шежірені өмірінің өзегі қылған ардаларым...

Ақбаев Ордабек Оңдыбайұлы (1947) – Жайылма ауылынан.

Барақ батыр туралы әңгімені

жеткізуші;

Арыстанбап (1936) – Созақ кентінен. Қарабура кесенесінің

тарихын жеткізуші, өзбек, Қарабура шырақшысы;

Батырұлы Данаш – Жәйрем кентінен. Барақ батыр туралы

әңгімені жеткізуші;

Бесбайұлы Қанат (1937) – Шолаққорған ауылынан. Тама

шежіресі, Назар, Байболат, Баян батырлар туралы әңгімелерді

жеткізуші;

Білісұлы Кентай (1938) – Жаңаарқа ауданы Ш. Ералиев

ауылынан. Тама тарихы, Баян батыр туралы әңгімелерді жеткізуші;

Дүзкенов Бағдат Кәрімжанұлы (1969) – Алматы қаласынан.

Барақ батыр туралы әңгімені жеткізуші;

Дүйсенбаев Амангелді Жақсылықұлы (1946) – Саудакент

ауылынан. Тама тарихынан, Есен мен Қарағай батырлар туралы

әңгімелерді жеткізуші;

Жайлыбайұлы Әліп – Атасу ауылынан. Тама тарихынан

әңгімелер жеткізуші;

Жанжолұлы Серікбай (1946) – Жайылма ауылынан. Сыбақ

туралы әңгімелерді жеткізуші;

Күзенбаев Әбілхалық Кәдірсізұлы (1948) – Талас ауданы

Үшарал ауылынан. Әліп, Назар, Алдаберген, Барақ батырлар туралы

әңгімелерді жеткізуші;

Қадиев Ералы Нұрланұлы (1949) – Жаңатас қаласынан.

Қарабура, Барақ батыр туралы әңгімелерді жеткізуші;

Қуандықұлы Төлежан (1929-2010) – Жайылма ауылынан.

Құлшыораз, Барақ, Сыбақ батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші;

Құтжанов Берік Әубәкірұлы (1975) – Жәйрем қаласынан.

Барақ батыр туралы әңгімелерді жеткізуші;

Құтжанұлы Төкен (1954) – Қарағанды облысы, Абай ауданы,

Дубовка (Қаракөл) ауылынан. Тама тарихы, Барақ, Баян батырлар

туралы әңгімелерді жеткізуші;

Момынов Қалбота Әбілдаұлы (1950)– Астана қаласынан.

Тама шежіресі, Қарабура кесенесі, Барақ батыр туралы әңгімелерді

жеткізуші;

Page 224: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

224

Нәдуев Дүйсенбек (Нәдірбайұлы Байдүйсен) (1936) – Тараз

қаласынан. Құлшыораз батыр туралы әңгімені жеткізуші;

Орақбайұлы Орынбасар (1942) – Жайылма ауылынан. Барақ

батыр туралы әңгімелерді жеткізуші;

Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы (1984) – Алматы қаласынан.

Кітаптың кеңесшісі;

Рахымжанұлы Сұлтан (1948-2004) – Жайылма ауылынан.

автордың әкесі, «Барақ ата ұрпақтары» атты қолжазба кітаптың

бастамашысы;

Сәрсенбекұлы Болат (1950-2013) – Жайылма ауылынан. Назар,

Алдаберген, Бұзау, Бақ, Барақ батырлар туралы әңгімелерді

жеткізуші;

Сүлейменов Жақсыбай (1936) – Жәйрем қаласынан. Тамалар

тарихы, Дәулеткелді, Барақ руы туралы әңгімелерді жеткізуші;

Тайжан Бақтияр Байділдаұлы – Шымкент қаласынан.

Кітаптың кеңесшісі;

Тәбірізұлы Сүлеймен (1936) – Созақ ауданы Созақ кентінен.

тарих зерттеушісі, «Қарабура», «Созақ өңірі» кітаптарының авторы.

Қарабура, Бақ, Бұзау, Барақ, Баян батырлар туралы әңгімелерді

жеткізуші, Барақ батырдың бейітіне жол нұсқаушысы;

Тәжібаев Марат Ордашбайұлы (1967) – Жәйрем қаласынан.

Қарабура, Бақ, Барақ батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші;

Уәлиев Сейтмағанбет Жамбылұлы (1965) – Саудакент

ауылынан. Байболат батыр туралы әңгімені жеткізуші;

Үзікенұлы Көшен (1952) – Жайылма ауылынан. Қарабура,

Бағалақ, Барақ, Құлшыораз, Сыбақ батырлар туралы әңгімелерді

жеткізуші;

Шаханұлы Беркін (1945) – Жайылма ауылынан. Назар,

Алдаберген, Баян батырлар туралы әңгімелерді жеткізуші;

Шаханұлы Берік (1942) – Алматы қаласынан. Қазақстан

Жазушылар Одағының мүшесі, Назар, Алдаберген, Баян батырлар

туралы әңгімелерді зерттеуші;

Шоламанов Тұрған Жәпелұлы (1940) – Жайылма ауылынан.

Қарабура, Бұзау, Бақ, Құлшыораз, Барақ батырлар туралы

әңгімелерді жеткізуші;

Ысқақұлы Құдайберген (1946-2012) – Тоғызкент ауылынан.

Құлшыораз батыр туралы әңгімені жеткізуші.

Page 225: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

225

Кітаптың жанашыр-қолдаушылары

Баймаханов Адамбай – Жайылма ауылы.

Бесбайұлы Қанат – Шолаққорған ауылы.

Дондаұлы Болатбек – Жайылма ауылы.

Дүзкенов Бағдат Кәрімжанұлы – Алматы қаласы.

Дүзкенов Қалдыбек Кәрімжанұлы – Жайылма ауылы.

Дүзкенов Марат Кәрімжанұлы – Жаңатас қаласы.

Жазықбаев Сұлтанмұрат Нәшентайұлы – Жайылма ауылы.

Жақсыкүнов Аманғали Ыбырақымұлы – Жаңатас қаласы.

Жанжолұлы Серікбай – Жайылма ауылы.

Жүнісбеков Көшербай Аманжолұлы – Маятас ауылы.

Игенбаев Нұрша Ақпанұлы – Жәйрем қаласы.

Исабаев Алпысбай Смайылұлы – Жайылма ауылы.

Қуандықов Оразай Төлежанұлы – Алматы қаласы.

Құтжанұлы Төкен – Қаракөл ауылы.

Құтжанов Берік Әубәкірұлы – Жәйрем қаласы.

Қыздарбеков Қалмырза Тотанбайұлы – Жайылма ауылы.

Қыздарбеков Пернебек Тотанбайұлы – Жайылма ауылы.

Қыздарбеков Тоқмырза Тотанбайұлы – Жайылма ауылы.

Момынов Қалбота Әбілдаұлы – Астана қаласы.

Мұсаев Төлеубай Насырұлы – Қызылжар ауылы.

Нығызбаев Мұрат Жақсыкүнұлы – Жезқазған қаласы.

Өксікбайұлы Сайлау – Жайылма ауылы.

Өсеров Көлбай – Жәйрем қаласы.

Сармашов Амангелді Жазықбайұлы – Астана қаласы.

Сармашов Ғани Қоңырұлы – Астана қаласы.

Сәкенов Серік Айдарұлы – Заречное ауылы.

Сәрсенбекұлы Болат – Жайылма ауылы.

Тәжібаев Марат Ордашбайұлы – Жәйрем қаласы.

Шынбатыров Бақытжан Төлебайұлы – Астана қаласы.

Рахымжанов Біржан Сұлтанұлы – Алматы қаласы.

Page 226: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

226

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы. «Қазақ ру-тайпаларының

тарихы». 1-том. «Тама». 1-2-3 кітап. Алматы,. 2005 ж.

2. «Алаш» тарихи зерттеу орталығы. «Қазақстан тарихы:

Этникалық зерттеулерде». 6-том. Алматы, 2009 ж.

3. Шоқан Уәлиханов. «Таңдамалы». Алматы, «Жазушы», 1980 ж.

4. Шоқан Уәлиханов. «Көп томдық шығармалар жинағы», 1-том.

«Толағай групп» баспасы, Алматы қ. 2010 ж.

5. «Бабалар сөзі». «Батырлар жыры». 45-том. Алматы, «Фолиант»,

2007 ж.

6. «Бабалар сөзі». «Батырлар жыры». 50-том. Алматы, «Фолиант»,

2008 ж.

7. Мырзатай Жолдасбеков. «Жүз жыл жырлаған жүрек». Алматы,

«Жазушы», 1992 ж.

8. Сәбит Мұқанов. «Халық мұрасы». Алматы, «Қазақстан», 1974 ж.

9. «Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалығы». Алматы,

«Аруна Лтд», 2005 ж.

10. Тынышбай Рақым. «Қобызым – абызым». Алматы, «Жалын», 1985

ж.

11. Болатбек Нәсенов. «Абылай хан: Ешқандай барабы татарларын

естіген емеспін, білмеймін. Жер біздікі!». «Егемен Қазақстан», 28.01.2011

ж.

12. Асан Жұмаділдин. «Жаңаарқа» энциклопедиясы. Алматы қ.

Кенже-Пресс-Меди баспасы. 2003 ж.

13. «Сарыарқа» журналы. №1, 1992 ж. Астана қаласы.

14. Илья Жақанов. «Ықылас» романы, Алматы қ. «Өнер» баспасы,

1990 ж.

15. «Жеріңнің аты - Еліңнің хаты». «Аруна» баспасы, Алматы қ. 2006

ж.

16. Насырхан Жұмағұлов. «Бәйдібек Баба – Алып Бәйтерек. Ұрпақтар

шежіресі» (Ошақты шежіресі). Алматы, Өнер, 2005 ж.

17. Сүлеймен Тәбірізұлы. «Созақ өңірі». Алматы қ. Дәуір баспасы,

2007 ж.

18. Пернебай Дүйсенбин. «Үркердей болып көшкен жұрт». Алматы қ.

Литера-М, 2007 ж.

19. Сүлеймен Тәбірізұлы. «Қарабура әулие». Қарағанды, «Ердос»

баспасы, 1996 ж.

20. Мұхамеджан Тынышпаев. «Великие бедствия...(Ақтабан-

шұбырынды)». Алматы, Жалын, 1992 ж.

Page 227: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

227

21. Мұхтар Мағауин. «Аласапыран». Алматы, Жалын, 1983 ж.

22. Сәрсенбі Дәуіт. «Абылай хан». Алматы. Жазушы. 1993 ж.

23. Ілияс Есенберлин, «Алмас қылыш», Алматы, Жазушы, 1976 ж.

24. Ілияс Есенберлин. «Жанталас». Алматы. Жазушы. 1976 ж.

25. Хайролла Ғабжалилов. «Рулар тарихы – қазақ тарихы». Ана тілі,

№6, 9.02.2012 ж.

26. Зарқын Тайшыбай. Егемен Қазақстан. №170, 27.04.2011 ж.

«Абылай орысша жыл есебі бойынша 1713 жылдың басында туған».

27. Өтеген Дәртай Әлтайұлы. «Ағаң болса алдыңда». «Азиат»

баспасы, Шымкент қ. 2011 ж.

28. Берік Шаханұлы. «Таңдамалы». 1-2 томдар. Алматы қ. «Ана тілі»

баспасы, 2011 ж.

29. Азамат Алашұлы. «Абылай хан». Алматы. Жазушы. 1993 ж.

30. Зарқын Тайшыбай. «Қазақтың ханы – Абылай». 1-том. «Жедел

басу баспаханасы» ЖШС. 2011 ж.

31. Зарқын Тайшыбай. «Қазақтың ханы – Абылай». 2-том. «Жедел

басу баспаханасы» ЖШС. 2011 ж.

32. Жағдай Сәтиев, «Әкеден тағылым», Тараз, «Рысбаев и К», 2011

ж.

33. Теңізбай Үсенбаев, «Алшын шежіресі», Қызылорда, «Тұмар»

баспасы, 2003 ж.

34. «Қазақ Совет Энциклопедиясы»

35. Илья Жақанов, «Қарабура» жинағы. Алматы, Өлке баспасы, 1997

ж.

36. Мағжан Жұмабаев, шығармалар жинақ кітабы, Алматы, Жазушы

баспасы, 1989 ж.

37. Көшім Есмағанбетов. «Қазақтар шетел әдебиетінде», Алматы,

«Атамұра» баспасы, 1993 ж.

38. Қуаныш Ахметов, «Ұлы даланың Ұлытауы», 2-кітап. Омбы, 2001

ж.

39. «Алаш» тарихи зерттеу орталығы. «Қазақстан тарихы:

Этникалық зерттеулерде». 14-том. «Жағалбайлы», 2-кітап, Алматы, 2012 ж.

40. Тәлкенұлы Бекмағанбет. «Кіші жүз Тама руының шежіресі»,

Шымкент, «Нұрлы бейне», 2001 ж.

41. Жанат Бесбаев. «Сахабалар – қалқандар». 2010, Алматы.

Page 228: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

228

Мазмұны

Кіріспе орнына........................................................................................3

Кітаптың бастауы...................................................................................7

Тама.........................................................................................................50

Қарабура.................................................................................................56

Дәулет батыр.........................................................................................77

«Қырымның қырық батыры»...........................................................80

Қарабураның кесенесі қалай соғылды..........................................100

Батырлар..............................................................................................109

«Б» әрпімен есімі басталатын батырлар........................................110

Назар бай мен Алдаберген................................................................113

Бақ батыр.............................................................................................120

Бұзау батыр.........................................................................................124

Байболат батыр...................................................................................128

Бағалақ.................................................................................................132

Сыбақ пен Жанақ...............................................................................133

Құлшыораз батыр..............................................................................138

Барақ батыр.........................................................................................143

Батыр Баян..........................................................................................203

Суреттер...............................................................................................220

Шежірені өмірінің өзегі қылған ардаларым.................................223

Кітаптың жанашыр-қолдаушылары.............................................225

Пайланылған әдебиеттер..................................................................226

Мазмұны...............................................................................................228

Page 229: ББК 84 Қаз 7.Рахымжанов... · мұрағаттарынан дерек жинап, 12 том кітап шығарды. Тап-таза дереккөздері. Енді

229

РАХЫМЖАНОВ Нұрлан

Жетіқоңыр: Жиделі және Жайылма

Бірінші кітап

«Бабалар салған соқпақ жол»

Редакторы – М. Талдыбаев

Мұқабасын жасаған – Ә. Сеңгербаева

Басуға 20.12.2013 ж. қол қойылды. Қалпы 60х84 1/16.

Көлемі 14,25 б.т. Тапсырысы №450. Таралымы 100.

Алматы қ., Абай даңғылы, 8. «Айтұмар» баспасы