17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды...

8
ИӘ – Кез келген Қазақстан азаматы қандай да бір кәсіппен айналысып, табыс табатын болса, онда міндетті түрде салық төлеуге тиіс. Осы жағынан келгенде, тек әншілер ғана емес, өнерде жүрген азаматтардың барлығы бұл жауапкершіліктен бас тартуға құқы жоқ. Неге дейсіз ғой? Себебі олар халыққа қызметті тегін көрсетіп жатқан жоқ қой. Тойға барса, оған той иелері сұраған қаламақысын төлеп отыр. Табыс табу жағынан жерге қарап, күнін көре алмай, нанын тауып жей алмай жүрген әншіні көрмеппін. Қашан да өнерді жоғары бағалап, өнер десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ қай заманда да қалтасындағы соңғы тиынын төлесе де, тойына әнші шақырады. Ал той жасамайтын қазақ жоқ. ЖОҚ – Салық төлеуден жалтармас едік, бірақ дәл осы тойдан түскен табыстан салық төлеу деген — ол бір шешілмеген, жуық арада шешілмейтін де бұлыңғыр бір мәселе. Өйткені ол туралы арнайы заң қабылданған жоқ. Сондықтан әзірге аспан мен жердің ортасында ілініп тұрған белгісіз бір нәрсе. Неге екенін айтайын. Мысалы, біз тойға барамыз. Әр әншінің той иесімен өзара келіскен бағасы бар. Осы бағаны, мәселен, кім қалай бақылап отыр? Сондықтан кез келген әнші бұл жағдайда той иесімен келісіп, айталық, 3000 долларға барғанның өзінде, «мен 300 доллар бердім» деп айтыңызшы» не «туысым еді, жай құттықтап қана келді» деп айтыңыз» деп түрліше келісуі мүмкін. Себебі жазбаша түрде келісімшарт жоқ. Және сондай-ақ, ешқандай әншінің табыс мөлшері анық емес. Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет Ахматбек КЕЛДІБЕКОВ, Қырғыз Республикасы «Ата-Жұрт» партиясының тең төрағасы: Қазір Қырғызстанның бүкіл халқы барлығымыздың бір жерден – Ыстықкөлден нан тауып отырғанымызды түсінді. Керемет көл. Ол жердегі қонақ- тарымызды ренжітетін болсақ, құр қаламыз. Халық бұған басқаша қарайды. МАИ қыз- меткерлері де басқаша қарай- ды. Қылмыс әлемі де басқаша қарайды. Бәрі шығын көріп жа- тыр! («АйтPARK» пікірталас клубында журналистерге айтқаны, www.kazmedia.kz сайтынан) №119 (345) 17 шілде сенбі 2010 жыл ...дедiм-ай, ау! 3-бетте Майра ІЛИЯСОВА, әнші, продюсер: Заря ЖҰМАНОВА, журналист: 4-бет 5-бет 7-бет ОЙ-КӨКПАР Футболзая Полигон аймақтарына инвестиция салу қаншалықты тиімді? Жетімдерге сынақ жасап жүрген кімдер? Әншілердің табысына салық салу қажет пе? www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz 147,55 190,90 4,83 21,78 1,29 10359,31 1403,33 1423,40 75,89 1206 ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ Шахи Жалил осы аймақтың жергілікті халқына уа- ғыз айтып, ең ақырғы пайғамбарымыздың ілімін тү- сіндіріп, басым бөлігін ислам дініне кіргізеді. Сол кезде осы аймақта хандық құрған Ухшит те ислам дінін қа- былдайды. Бірақ ол шын көңілімен, адал ниетімен кір- меген екен. Хан Ухшит Шахи Жалилді сендіру үшін өз қызын әйелдікке береді. Ханның қызы Шахи Жалилдің әйелі ислам дініне шын көңілімен кірген. Ухшит Шахи Жалилді қалай қолға түсірудің жолын іздейді. Ухшиттің мақсаты мұсылмандардың қай кезде қылыштарын тас- тайтынын қызы арқылы біліп алу болған екен. Жалғасы 4-бетте МӘСЕЛЕ Cақау жарнамаларға сүрініп жүрміз Таңертең үйден шығып, жұмысқа «бүгін газетке қандай материал берсем екен» деп келе жатсам, «жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей, іздегенім алдымнан іздемей- ақ табылды. Жазар тақырып жолшыбай жолықты. Бәрі сол сорлы қазақ тілінің айналасында. Сенбесеңіз, Астанадағы «Бейбітшілік» көшесімен Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін 200 метрдей жүріп өтіңіз. Қырағы болсаңыз, біраз қате табасыз. Қырағылықтың да қажеті жоқ соған. Мәселен, біз сол екі жүз метрдің арасынан тоғыз қате таптық (!). Көшелердегі қатеге толған қазақ тіліне қатысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарынан қанша айтылып, жазылып жүрсе де, елең еткен жан жоқ. Бүгінде елор- дамыз – Астананың көшелері де мемлекеттік тілге немқұрайды қарайды. Мейлі жарнама, мейлі мемлекеттік органдар болсын. Оған келтірер дәлелдеріміз бар. Ол айғақтарға жұмысқа келе жатып қана ұшырастық. Егер бұл мәселенің соңына шам алып түсер бол- сақ, онда біраз «олжалы» болайын деп тұр- мыз. Сонымен... Жалғасы 3-бетте Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының маңындағы Мың шейіт атты әулиелі мекен жайлы аңыз көп. Көнеден жеткен аңыздардың бір парасына құлақ түрсек, хазіреті Осман Зунираинның ұлы Шахи Жалил Түркістан аймағына ислам дінін таратуға келген көрінеді. Ол әз пайғамбарымыз Мұхаммедтен кейінгі қасиетті кісілердің бірі болған көрінеді. Ол кезде бұл аймақта ислам дінінің таралмаған уағы. Жеке және заңды тұлғалар үшін: индекс – 64259. «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады БАСПАСӨЗ – 2010 «Алаш айнасына» «Алаш айнасына» екінші екінші жартыжылдыққа жартыжылдыққа жазылу жалғасады жазылу жалғасады Қазақ қара санамайды. Ырымға жаман деп. Атам замандарда деп, алысқа бармай-ақ қоялық, осыдан ширек ғасыр бұрын отбасында он бала болмаса, «е, кедей екен ғой...» дейтін. Малға кедейлігін емес, жанға кенде екендігін тұспалдайтын. Сондықтан болар, «Бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады» дегенді өмірлік қағида еткен бұрынғының адамдары бала санын шектеуді емес, Құдайдың бергеніне қиянат қылмауға көбірек мән беретін. Жалғасы 4-бетте «БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАР...» БОЛҒАН Бүгін де заман өзгерді. Адам да. Соған орай пейіл де. Төрт баласы барларға таңырқай қарай- тын болдық. Шындығы — осы. Амалдың жоқты- ғы ғой, төрт баласы барларды көпбалалылар қатарына қосатынды шығардық. Тағы да сол бұ- рынырақта «Батыр аналарымыз» көп болатын. Кеудесіне алтын медалін жарқырата таққан сол алтын құрсақты аналар ерекше көзге түсетін-ді. Әрі оларға деген көпшіліктің ілтипаты да ерек болушы еді. Бүгінде олар да таздың шашындай тым азайып барады. Қазақтың қарасын көбейтуге өлшеусіз үлесін қосқан алтын аналардың ұлы көші солармен бірге ұзап бара жатқандай көрінеді кейде... Еліміздегі әрбір төртінші баланың оңтүстікте дүниеге келетінін ескерсек, «Батыр аналар- дың» бүгінгі ұрпақтары алтын тінді үзіп алмай, жалғастырып жатқанына шүкіршілік айтасың. Оңтүстіктей бай аймақ батыр аналарымен де мақтана алады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1 миллион 089,3 мың әйел тұрып жатса, соның 96 мыңнан астамын яғни 9 пайызын көпбалалы аналар құрайды. Олардың ішінде 70 267 әйел төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеуде. Көп балалы ана- лардың саны Мақтаарал, Сайрам, Төлеби аудан- дарында басымырақ болса, Созақ ауданы мен Арыс, Кентау қалаларында олардың саны кемдеу болып отыр. «Алтын алқаға» таза алтынды қимағанымыз ба? Біздің қоғамда бір жүйеге келтірілмеген, құқықтық жағынан реттелмеген жағдайлар баршылық. Соның бірі – басы былтырғы жылы басталып, соңы әлі сиырқұйымшақтанып келе жатқан өнер адамдарының табысына салық салу туралы мәселе. Парламент мінберінде кәдімгідей ортаға тасталып, екі- жақты тартысқа түскен осы жағдай расында, қаншалықты құлаққа қонымды. Біз осы мәселеге екі- жақты қарап көруді жөн санадық. Алты мың мұсылман шейіт болған Мың шейіт мекені Салтан СӘКЕН Абай ОМАРОВ (коллаж) Шын намыс ақшаға сатылмайды, сатып та ала алмайсың Шын намыс ақшаға сатылмайды, сатып та ала алмайсың ДАТ! Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ: 6-бетте

Upload: lamthien

Post on 26-Feb-2018

291 views

Category:

Documents


16 download

TRANSCRIPT

Page 1: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

ИӘ

– Кез келген Қазақстан азаматы қандай да бір кәсіппен айналысып, табыс табатын болса, онда міндетті түрде салық төлеуге тиіс. Осы жағынан келгенде, тек әншілер ғана емес, өнерде жүрген азаматтардың барлығы бұл жауапкершіліктен бас тартуға құқы жоқ. Неге дейсіз ғой? Себебі олар халыққа қызметті тегін көрсетіп жатқан жоқ қой. Тойға барса, оған той иелері сұраған қаламақысын төлеп отыр. Табыс табу жағынан жерге қарап, күнін көре алмай, нанын тауып жей алмай жүрген әншіні көрмеппін. Қашан да өнерді жоғары бағалап, өнер десе, ішкен асын жерге қоятын қазақ қай заманда да қалтасындағы соңғы тиынын төлесе де, тойына әнші шақырады. Ал той жасамайтын қазақ жоқ.

ЖОҚ

– Салық төлеуден жалтармас едік, бірақ дәл осы тойдан түскен табыстан салық төлеу деген — ол бір шешілмеген, жуық арада шешілмейтін де бұлыңғыр бір мәселе. Өйткені ол туралы арнайы заң қабылданған жоқ. Сондықтан әзірге аспан мен жердің ортасында ілініп тұрған белгісіз бір нәрсе. Неге екенін айтайын. Мысалы, біз тойға барамыз. Әр әншінің той иесімен өзара келіскен бағасы бар. Осы бағаны, мәселен, кім қалай бақылап отыр? Сондықтан кез келген әнші бұл жағдайда той иесімен келісіп, айталық, 3000 долларға барғанның өзінде, «мен 300 доллар бердім» деп айтыңызшы» не «туысым еді, жай құттықтап қана келді» деп айтыңыз» деп түрліше келісуі мүмкін. Себебі жазбаша түрде келісімшарт жоқ. Және сондай-ақ, ешқандай әншінің табыс мөлшері анық емес.

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

Ахматбек КЕЛДІБЕКОВ, Қырғыз Республикасы «Ата-Жұрт» партиясының тең төрағасы:

– Қазір Қырғызстанның бүкіл халқы барлығымыздың бір жерден – Ыстықкөлден нан тауып отырғанымызды түсін ді. Керемет көл. Ол жердегі қонақ-тарымызды ренжітетін болсақ, құр қаламыз. Халық бұған басқаша қарайды. МАИ қыз-меткерлері де басқаша қарай-ды. Қылмыс әлемі де басқаша қарайды. Бәрі шығын көріп жа-тыр!

(«АйтPARK» пікірталас клубында журналистерге айтқаны,

www.kazmedia.kz сайтынан)

№119 (345) 17 шілде

сенбі2010 жыл

...де

дiм

-ай,

ау!

3-беттеМайра ІЛИЯСОВА,

әнші, продюсер: Заря ЖҰМАНОВА, журналист:

4-бет

5-бет

7-бетОЙ-КӨКПАР

Футболзая

Полигон аймақтарына инвестиция салу қаншалықты тиімді?

Жетімдерге сынақ жасап жүрген кімдер?

Әншілердің табысына салық салу қажет пе?

www.аlashainasy.kze-mail: info@аlashainasy.kz

147,55

190,90

4,83

21,78

1,29

10359,31

1403,33

1423,40

75,89

1206

ҚА

ЗАҚ

ЖЕР

ІНІҢ

ХИ

КМ

ЕТТЕ

РІ

Шахи Жалил осы аймақтың жергілікті халқына уа-ғыз айтып, ең ақырғы пайғамбарымыздың ілімін тү-сін діріп, басым бөлігін ислам дініне кіргізеді. Сол кез де осы аймақта хандық құрған Ухшит те ислам дінін қа-былдайды. Бірақ ол шын көңілімен, адал ниеті мен кір-ме ген екен. Хан Ухшит Шахи Жалилді сендіру үшін өз қы зын әйелдікке береді. Ханның қызы Шахи Жалилдің әйелі ислам дініне шын көңілімен кірген. Ухшит Шахи Жалилді қалай қолға түсірудің жолын іздейді. Ухшиттің мақ саты мұсылмандардың қай кезде қылыштарын тас-тай тынын қызы арқылы біліп алу болған екен.

Жалғасы 4-бетте

МӘ

СЕЛ

Е

Cақау жарнамаларға сүрініп жүрміз

Таңертең үйден шығып, жұмысқа «бүгін газетке қандай материал берсем екен» деп келе жатсам, «жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» дегендей, іздегенім алдымнан іздемей-ақ табылды. Жазар тақырып жолшыбай жолықты. Бәрі сол сорлы қазақ тілінің айналасында. Сенбесеңіз, Астанадағы «Бейбітшілік» көшесімен Сәкен Сейфуллин көшесіне дейін 200 метрдей жүріп өтіңіз. Қырағы болсаңыз, біраз қате табасыз. Қырағылықтың да қажеті жоқ соған. Мәселен, біз сол екі жүз метрдің арасынан тоғыз қате таптық (!).

Көшелердегі қатеге толған қазақ тіліне қатысты мәселелер бұқаралық ақпарат құралдарынан қанша айтылып, жазылып жүрсе де, елең еткен жан жоқ. Бүгінде елор-дамыз – Астананың көшелері де мем лекеттік тілге немқұрайды қарайды. Мейлі жарнама, мейлі мемлекеттік органдар болсын. Оған келтірер дәлелдеріміз бар. Ол айғақ тарға жұмысқа келе жатып қана ұшырастық. Егер бұл мәселенің соңына шам алып түсер бол-сақ, онда біраз «олжалы» болайын деп тұр-мыз. Сонымен...

Жалғасы 3-бетте

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының маңындағы Мың шейіт атты әулиелі мекен жайлы аңыз көп. Көнеден жеткен аңыздардың бір парасына құлақ түрсек, хазіреті Осман Зунираинның ұлы Шахи Жалил Түркістан аймағына ислам дінін таратуға келген көрінеді. Ол әз пайғамбарымыз Мұхаммедтен кейінгі қасиетті кісілердің бірі болған көрінеді. Ол кезде бұл аймақта ислам дінінің таралмаған уағы.

Жеке және заңды тұлғалар үшін: индекс – 64259. «Қазпошта» АҚ-тың барлық бөлімшелерінде жазылуға болады

БАСПАСӨЗ – 2010

«Алаш айнасына» «Алаш айнасына» екінші екінші

жартыжылдыққа жартыжылдыққа жазылу жалғасадыжазылу жалғасады

Қазақ қара санамайды. Ырымға жаман деп. Атам замандарда деп, алысқа бармай-ақ қоялық, осыдан ширек ғасыр бұрын отбасында он бала болмаса, «е, кедей екен ғой...» дейтін. Малға кедейлігін емес, жанға кенде екендігін тұспалдайтын. Сондықтан болар, «Бір қозы туылса, бір түп жусан артық шығады» дегенді өмірлік қағида еткен бұрынғының адамдары бала санын шектеуді емес, Құдайдың бергеніне қиянат қылмауға көбірек мән беретін. Жалғасы 4-бетте

«БАЛАЛЫ ҮЙ – БАЗАР...» БОЛҒАН

Бүгін де заман өзгерді. Адам да. Соған орай пейіл де. Төрт баласы барларға таңырқай қарай-тын болдық. Шындығы — осы. Амалдың жоқты-ғы ғой, төрт баласы барларды көпбалалылар қатарына қосатынды шығардық. Тағы да сол бұ-рынырақта «Батыр аналарымыз» көп болатын. Кеудесіне алтын медалін жарқырата таққан сол алтын құрсақты аналар ерекше көзге түсетін-ді. Әрі оларға деген көпшіліктің ілтипаты да ерек болушы еді. Бүгінде олар да таздың шашындай тым азайып барады. Қазақтың қарасын көбейтуге өлшеусіз үлесін қосқан алтын аналардың ұлы көші солармен бірге ұзап бара жатқандай көрінеді кейде...

Еліміздегі әрбір төртінші баланың оңтүстікте дүниеге келетінін ескерсек, «Батыр аналар-дың» бүгінгі ұрпақтары алтын тінді үзіп алмай, жалғастырып жатқанына шүкіршілік айтасың. Оңтүстіктей бай аймақ батыр аналарымен де мақтана алады. Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысында 1 миллион 089,3 мың әйел тұрып жатса, соның 96 мыңнан астамын яғни 9 пайызын көпбалалы аналар құрайды. Олардың ішінде 70 267 әйел төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеуде. Көп балалы ана-лардың саны Мақтаарал, Сайрам, Төлеби аудан-дарында басымырақ болса, Созақ ауданы мен Арыс, Кентау қалаларында олардың саны кемдеу болып отыр.

«Алтын алқаға» таза алтынды қимағанымыз ба?

Біздің қоғамда бір жүйеге келтірілмеген, құқықтық

жағынан реттелмеген жағдайлар баршылық. Соның бірі – басы

былтырғы жылы басталып, соңы әлі сиырқұйымшақтанып келе

жатқан өнер адамдарының табысына салық салу туралы

мәселе. Парламент мінберінде кәдімгідей ортаға тасталып, екі-

жақты тартысқа түскен осы жағдай расында, қаншалықты құлаққа қонымды. Біз осы мәселеге екі-

жақты қарап көруді жөн санадық.

Алты мың мұсылман шейіт болған Мың шейіт мекені

Салтан СӘКЕН

Аба

й О

МА

РОВ

(кол

лаж

)

Шын намыс ақшаға сатылмайды, сатып та ала алмайсың

Шын намыс ақшағасатылмайды, сатып та ала алмайсың

ДАТ!Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ:

6-бе

тте

Page 2: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбіwww.alashainasy.kz2 e-mail: [email protected]

САЯСИ БЮРО

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

ЕҚЫҰ-ның саммиті өтетін болса оған мүше елдердің көпшілігінің басшыларының бізге келуі мүмкін. Менің білгім келетіні, ЕҚЫҰ-ға қай елдер мүше?

Қайнар БОЛАТБЕКОВ, Алматы

Біздің мемлекетіміз әрдайым бейбітшілдік саясатын ұстанады. Менің білгім келетіні, әлемдегі ең бейбітсүйгіш, бітімгер халық ретінде қай елді атауға болады?

Дархан НҰРЖАҚАНОВ, ҚазалыБұл жөнінде жуырда Халықаралық

Эко номика және бейбітшілік институты мен Британияның Economist журналы бі-рі гіп арнайы рейтинг құрастырған бола-тын. 149 елді қарастыратын бұл зерттеу мемлекеттердің өз ішіндегі зорлық-зом бы-лықтың статистикалық көрсеткіш тері мен іш кі-сыртқы саяси ұстанымдарын, халық-ара лық жанжалдарға қай деңгейде қатысы бар екенін саралай отырып жасалды. Сол бо йынша, ең бейбітсүйгіш халық ретін-де Жаңа Зеландия танылды. Мұнан кейінгі алғашқы ондыққа төмендегі кезек бойын-

ша Исландия, Жапония, Австрия, Норвегия, Ирландия, Дания, Люксембург, Финлян-дия, Швеция елдері жатқызылды. Алғашқы бейбітсүйгіш 30 елдің тізімінде бізге жақын болатын түркі немесе посткеңестік елдердің арасынан ешқайсысы жоқ. Дегенмен түркі халықтарының арасынан ең бейбітсүйгіші – 95-ші орынға табан тіреген Қазақстан болып шықты. Ал посткеңестік елдердің арасынан Литва – 42, Эстония – 46, Латвия – 54. КСРО құрамында болған елдердің қалғаны түгел Қазақстаннан төмен тұр. Өзбекстан – 110, Грузия – 142, Ресей 143-орында.

Түркі халықтарының ең бейбітсүйгіші – Қазақстан

ОЙТҮРТКІ

Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа он-жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деген Қазақстан халқына Жолдауында тиянақтап көрсетіп кеткеніндей: «Бола-шаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық стратегиясыз жүзеге асыру мүмкін емес. Егер біз табысқа жет-кіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мы-надай қағидаттарды негізге алуға міндет-тіміз:

Бірінші – бәрінен бұрын біздің Ота-нымыз, Тәуелсіз Қазақстан!».

Біздің ұлттық идеямыз да, ұлттық идеологиямыз да биік адамзаттық құнды-лықтарға негізделген ұлттық келісім рухы негізінде құралып, Тәуелсіздік құндылы-ғын ұлықтауы тиіс. Ал сол айтылғандар-дың барлығын өз бойына сыйдыратын, қысқа да нұсқалығымен бағалы идея – «Жерұйық Қазақстан» болмақ.

Адам адам болғалы – әуелi тайпа, ұлыс, кейiн келе ұйысқан қоғам – елге айналғалы – жер үстiндегi өзінің жұмағын iздеп келедi. Елдің оңаша ойға көмген хәкімдері, ақылман-ойшылдары болсын, артына жұртын ергізген көшбасшылары болсын – бәрі-бәрі «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын» Жерұйықты желмая-мен іздеген арманшыл Асан қайғыдай өз елі не малға шүйгін жері бар, жанға жай-лы елі бар болашақ тілейтіні мәлім. «Құт-ты қоныс» іздеу – әлем халықтарының дүниетанымында жақсы өмірді күткен арман-аңсардан туған рухани интенция. Ғалымдар бұл интенцияны әлеуметтік утопияға жатқызады. Сондықтан Асан қайғының атына тағы бір анықтауыш қосамыз... Онда тұрған несі бар?! Утопист

Тәуелсіздікті нығайту идеясы – Жерұйық Қазақстан

Атам заманнан қазақтың ен жайлаған Іле, Алтай, Тарбағатай аймағын шарпыған ұлт-азаттық қозғалыс дүркін-дүркін бұрқ етіп отырды. Қытай отаршылдығына, Го-миньдань, Шыңшысай өкіметтерінің адам төзгісіз қысым-қиянатына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстың басында Демежан, Бөке, Зуха, Оспан, Елісхан, Әкбар, Сейіт, Бүркітбай, Сұлубай, Байкенже, Шетікбай, Нұрсапа, Жақыпжан, Арқалық секілді

төгіліп кетеді. Жауынгерлеріме көрсетпей, көз жасымды сығып-сығып алушы едім. Жайтөбеден көз алмай тұрып бір Алладан тілеген тілегім: «Өзің жаратқан Сансызбай болсам, дұшпанның найзасына іліндір-мей, Жайтөбенің топырағынан бұйырта гөр» деп жалбарынатын едім», – деген сөзінен оның Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігіне көз жеткіземіз. «Орысқа бағынбаймын, Қытайға табынбаймын» деп өткен есіл ер Оспанның баласы Шертиманның басшылығымен Түркияға кетпекші болған қазақтарды бейбіт келіссөз арқылы қаруларын тапсыртып, жергілікті өз жерлерінен кетірмеу үшін елші болып барып, райынан қайтарған да, ізіне түскен жауларын сан соқтырып кеткен де, екі елдің ортасында құпия қызметте

Қаһарлы Мао Цзедунды мойындатқан КГБ полковнигін білеміз бе?

ЕҚЫҰ-ға 56 мемлекет мүше. Олар – Австрия, Македония, Әзір байжан, Мальта, Албания, Мол дова, Андорра, Монако, Ар-мения, Нидерланды, Белоруссия, Норвегия, Бельгия, Польша, Бол-гария, Португалия, Босния және Герцеговина, Ресей, Ватикан, Ру-мыния, Британия, Сан-Марино, Венгрия, Сербия, Германия, Сло-

вакия, Греция, Словения, АҚШ, Дания, Тәжікстан, Ирландия, Тү-рік менстан, Исландия, Испания, Өз бекстан, Италия, Украина, Қа зақстан, Финляндия, Канада, Франция, Кипр, Хорватия, Қыр-ғызстан, Черногория, Латвия, Чехия, Литва, Швейцария, Лих-тенштейн, Швеция, Люксембург, Эстония.

АҚ

ТАҢ

ДА

Қ

Әлеуметтік мәселелерді шешумен қатар адамның рухани сұранысын қанағаттандыру кезек күттірмес маңызды шаралардың бірі екені белгілі, өйткені ол адами капиталды күшейтудің бірден-бір жолы. Тәуелсіздікті нығайта түсудің басты шарттарының бірі – адамдардың бойында еліміздің Тәуелсіздігін баянды ететін ұлттық келісім рухын және отансүйгіш ұлттық идеологияны нығайту. Елдің рухын және идеологиясын көтеру, ұлтжандылық қасиетін қалыптастыру Тәуелсіз мемлекетіміз үшін айрықша маңызды мәселе болып отыр. Cол жолда ұлттың рухани діңгектерін нық қадайтын ұлттық идея, алға қойған биік мақсат болуы тиіс. Серпінді дамып келе жатқан жас та тәуелсіз мемлекет Қазақстан жағдайында қоғамның ұйытқысы, мемлекеттіліктің тірегі, ақпараттық саясаттың негізі боларлық ұлттық идея мәселесі өзекті. Осы орайда «Жерұйық» концептінің идеологиялық әлеуеті сөз болмақшы.

Еуропалық ұйымға қай елдер мүше?

ЫҚПАЛДАСТЫҚ

Атап айтқанда, ЕҚЫҰ төрағасы Қ.Сау да-баев Ұлыбританияның Еуропа істері жө нін-дегі министрі Дэвид Лидингтонмен, Из-раиль премьер-министрінің орынба сары, сыртқы істер министрі Авигдор Либер-ман мен, Албания премьер-ми нис трінің орын басары, сыртқы істер министрі Илир Метамен, Черногория сырт қы істер ми-нистрі Милан Роченмен, Португалия сырт-қы істер министрі Луиш Ама думен, Кипр сырт қы істер министрі Мар кос Ки приа-нумен, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбомен, ЕҚЫҰ үш тігімен, Бе-лорусь сыртқы істер министрі Сер гей Мар-ты нов пен кездесті. Екі жақты кез десулер бары сын да Қазақстан мен Португалия арасында дипломатиялық төлқұжат иеле-рін виза талаптарынан босату жөніндегі ке лісімге және екі ел сыртқы істер ведомс-тво лары арасындағы ынтымақтастық жө-нін дегі меморандумға, сондай-ақ Қа зақ-стан мен Кипр арасында дипломатиялық

Саудабаев ЕҚЫҰ-ға мүше елдер сыртқы істер министрлерімен кездесті

Кеше Алматыда ЕҚЫҰ-ның сыртқы істер министрлерінің екі күндік бейресми саммиті басталды. Бейресми саммиттің қарсаңында ЕҚЫҰ төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев халықаралық ұйымға мүше бірқатар елдердің сыртқы істер министрлерімен кездесіп, пікір алмасты.

ереуіл атқа ер салған, егеулі найза қолға алған батыр, қаһармандардың қатарын-да КГБ полковнигі болған Сансызбай ата-мыздың есімі аталады. Жазушы Қабдеш Жұмаділовтің кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың көшіндегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы көрініс тапқан «Соңғы көш» романының шынайы өмірдегі кейіпкері, тарихтағы қаһарманы осы Сансызбай Иісұлы еді. Ол кісінің ұрпағы Мұхамедкәрім Иісов пен Фариха Иісованың «Өмір-өткел» деп аталатын ғұмырнамалық кітабын-да сол бір күрделі кезеңнің күрескері, екі империя тарапынан езгі көрген ұлтына араша түскен КГБ полковнигінің ерлік-ке толы өмірі баяндалады. Осыдан 100 жыл бұрын Мақаншы өңірі Көктал елді мекенінің Ескі Қоныстау аталатын ауы-лында дүниеге келген Сансызбай Иісұлы жеті жасынан бастап молдадан арабша оқып, сауатын ашады. Аудан ортасындағы орыс мектебінен білім алып, жасынан зе-ректігімен көзге түскен Сансызбай жер-жерде жаңадан орнай бастаған Кеңес өкіметінің комсомол ұйымының хатшысы болып сайланады. Алайда большевик-тер заманының ылаңы салдарынан қазақ даласының берекелі тіршілігінің шырқы бұзылып, дәстүрлі шаруашылығының жүйесі күйреп, күштеп меншігінен айы-ру, тап жауы ретінде қуғындау, осының бәрі елді аштыққа, босқыншылыққа ұшыратады. Жас Сансызбай елден ауа көшкен жұртпен бірге Шыңжаң аймағына

бет алып кетеді. Сансызбай атамыздың: ...Баласы Байғананың мен Сансызбай,Жүруші ем еш нәрсені парық қылмай.Бір «Алла» тілегімнен қабыл қылғыл,Дұшпанның табасына шалдықтырмай.Жасымда, дәл он жетім, міндім атқа,Дәм тартып келіп едім осы жаққа.Ішінде мен баласы, Байғананың,Артық емес білгенім, ел мен жатқа», –

деп күңірене жазғанындай, жастайынан Шыңжаңдағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысып, Керей, Мәмбет, Сайболат, Дөртуіл елдерінде пар-тизандық ұйымдарға басшылық етеді.

Ешкім айтып, түсініп болмайтын күр-делі кезеңдегі оның күрескерлік жолы өзгеше еді. Кеңес Одағының КГБ-сі қата-рында басын қауіп-қатерге тігіп, та-лай-талай қаракөз қазағын дұшпанның ажал тырнағынан аман алып қалып, босқын атанған халқының жоғын жоқтап, әлсіздерді әлділермен теңестірген ұлтшыл жанның өмір жолы аңызға бергісіз. Әр сапарға жаназасын өзі шығарып, ат-танатын Сансызбай атамыз Құдайдың құдіретімен, ақыл-парасат, амал-айла-сының арқасында дұшпанның қолынан босап, өлімнің аузынан талай аман-есен оралып отырғаны ғажап хикмет дерсіз. Сансызбай атамыздың естелігіндегі: «...бірер солдаттарыммен шығып, олар-дан 3-4 метр алға жылжып, Жайтөбені көруге асығамын. Алыстан бұлдырап көзіме оттай ыстық басылған Жайтөбені көргенде көзімнен ыстық жас төгіліп-

Иісі қазақтың атажұрты шырғалаңға толы Шыңжаң... Қазақ тарихының қалтарыста қалған қасіретті һәм өр ерлікке толы парақтары, Алаш жұрты үшін әлі күнге дейін ашыла қоймаған ақтаңдақ беттері екені дау-сыз. Шындығы айтылмаған Шыңжаң тарихы Қытай мен Ресей империялары өңмеңдеп қос бүйірден қысып, күш көрсетсе де өр кеудесі басылмаған, намы-сын таптатпаған қазақтың «тар жол, тайғақ кешуі» еді. Келіссөздердің қорытындылары бо-

йын ша қазақстандық министрліктің басшы сы атап өткеніндей, аталмыш ке-лісім соңғы бес жылда жүргізілген ауыр ке ліс сөздердің арқасында қол жетімді бол ды. «Бүгінгі таңда шешілмеген екі не-гізгі мәселе қалды. Аталмыш сұрақтар бо йынша келіссөздердің аяқталуы ағым-дағы жылдың қазан айына белгіленген», – деді Ж.Айтжанова. ҚР Экономикалық даму және сауда министрі сондай-ақ еу-ропалық тарапты Қазақстан, Ресей және Бе ларусь арасындағы Кеден ода ғы ның қа лыптасу үдерісімен таныстырды.

МӘЛІМДЕМЕ

Қазақстан ДСҰ-ға кіруге қадам жасады

Қазақстан мен Еуропалық Одақ еліміздің ДСҰ-ға кіру аясындағы тауар нарығының қол жетімділігі туралы келіссөздерді аяқтады. Бұл туралы Қазақстанның экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова сауда жөніндегі еурокомиссар Карл Де Гюхтпен кездесулерден кейін мәлімдеді.

болса болған шығар. Честертон айтпақшы, «утопиясы жоқ адам мұрны жоқ адам-нан да қорқынышты». Утопия болмаса қоғамдық қозғалыс та, алға ұмтылу да болмайды. Меніңше, Платон өзінің мінсіз мемлекет туралы диалогтарын жазғанда, әл-Фараби құт дарыған қала тұрғындары туралы толғағанда, Мор утопияны ойлап тапқанда, Кампанелла күн қаласы тура-лы қиялдағанда, сол сияқты, Асан қайғы да Жерұйығын іздеп зар илегенде елінің жарқын болашағын көз алдына елестет-кені күмәнсіз.

Асан қайғы... Қайғыру – біле білген-ге, ақылдың көрінісі. Экклезиаст «Көп ақылдан – көп қайғы» деп бекер айт-паған. Ақылсызда қайғы жоқ. Анти ка-лық философияның бастауынан ақылы-ның артықтығынан күңіренген Герак лит ті естіген болсақ, түркі елінің ақыл ман-дарынан Асан қайғыны көреміз. Ақылды адам бір күндігімен шектелмейтін, ал-дын болжап отыруға деген талпынысы-мен, биік мүдделерге қол созған қиял-қанаттылығымен ақылды. Ішкен-жегеніне, салған сайранына мәз, ақыл иесі – адам деген ортақ атты жамылған қаншама жан бар, бірақ шынайы ақылмандар аз.

«Асан қайғы Жерұйығын таппай зар жылады» дегенде біз оның қиялындағы елінің болашақ замандағы ешкімнен (ба-тысы – орыс, шығысы – қытайдан) қысым көрмей, өз жерінің амандығын тілегенін меңзейміз. Сондықтан да Жерұйық идея-сын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді берекелі бірлікке, шынайы түсіністікке, адал еңбек табысы арқылы мамыражай заманға жетуге шақырғаны деп ұғынған жөн. Ендеше, Асан қайғы кезінде таба алмаған Жерұйық қай бір

заман адамдары үшін шындыққа айна-луы әбден мүмкін. Олай болса, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан – Асан қайғының Жерұйығы емес деп кім айтты?!

Идеялар тарихы ұғымының өз та-рихынан мүлде бөлек болуы да заңды дүние. «Жерұйық» концептіне мәдени-әлеуметтік талдама берген академик Ғари фолла Есім оны «жерге ұю» деп этимологиялық тұрғыдан әрі сол Асан қайғы тұсындағы тарихи жағдайды ес-кере отырып, яғни қазақ жеріне қол сұға бастаған орыс экспансиясының басталған тұстағы жер мәселесінің өткірлігін ескере отырып, жердің құндылығы тұрғысынан түсіндіреді.

Сол алыс замандар қойнауынан қай-та жаңғырған Жерұйық идеясын қазір-гі Қазақстанның, жаңа замандағы жаңа Қазақстанның ұлттық идеясына айнал-дыруға негіз жетерлік. Таратып айтар болсақ, Жерұйық идеясы өзінің халық-тың архаикалық санасымен астасып жат-қандығымен құнды.

Қазіргі геосаяси сахнаның менмін де-ген «ойыншылары»: АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Қытай, Ресейдің болсын ұлттық идея мен идеологияға қатысты рәміздік әлемінде, тіпті саяси институттарының бүгінгі тыныс-тіршілік-терінде де архаиканың алар орны зор. АҚШ Конституциясында архаика жеткілік-ті, ағылшындардың әлемдегі ең ірі коло-ниялар солардікі болғанына қарамастан өздерін «Мейірімді қартаң Англия» (Доб-рая старая Англия) деуі, француздардың «Әсем Франциясы», жапондардың «Күн-шығыс елі», Ресейдің «Киелі Русінен» (Святая Русь) бастап, қазіргі «Ұлы Ресейі-не» (Великая Россия) дейін, қытайдың

«Аспан асты империясы», «Айдаһарлар елі».... – барлығы да тұнып тұрған архаи-калық бейнелер. Оларға қарап ешкім архаикалық рәміз-сөздер оларды артқа тартты демесі мәлім. Ендеше, неге біз-ге «Жерұйық Қазақстан» бейнелі атауын мәдени-саяси дискурсқа салмасқа?!

Сонда біз, түптеп келгенде, Асан қай-ғының іздеген Жерұйығы ел-жұртының әлеуметтік келісім негізіндегі бейбіт рахат өмірі екендігін; елді адамгершілікке, бір-лікке, бауырластыққа бастағаны екендігін; бүгіндері соны іс жүзіне асырып отырған жасампаз қазақ елінің барлығын әрі онда ұрпақтар сабақтастығының үзілмеген ді-гін көреміз. Ендеше, Асан қайғының Жер-ұйық деп жар салғаны біздің ортақ Отаны-мыз – Қазақстан.

Қазақтың өз әпсанасында, тілінде, ділінде қайнауы жеткен Жерұйық түсінігі – өзінің халыққа ұғынықты қарапайым-дылығымен де, соған қарамай, идеалға тән трансценденттілігімен де өте қисынды идея. Идея ешқашан нақты, жуық ара-да қол жеткізер мақсатты білдірмеуі тиіс. Өйтсе ол идея болудан қалады. Озық дамыған 50 елдің қатарына ену де, индус-триалды-инновациялық даму да, интел-лектуалды ұлтқа айналу да – біз үшін бүгін болмаса, ертең орындалатын шындық, сол өршіл мақсаттардың барлығы келіп тоғысатын бір нүкте – біздің Қазақстанның өзін мекендеген елі үшін Жерұйыққа ай-налу идеясы.

«Жерұйық Қазақстан» идеясының патриоттық әлеуеті өз алдына үлкен сөз. Жерұйық сөзінде туған жерге деген үлкен құрмет жатыр. Қазақтарда атамекенге та-быну сезімі басым, сондықтан да қазақтар үшін Қазақстан қашан да, қайда жүрсе де қайта айналып келіп тұратын қазық мекені – Жерұйығы. Қазақстан тек қана қазаққа ғана құт-береке болған жоқ, Қазақстан өзін мекендеп отырған бүкіл ұлыстарға қайырлы Отан болды. Демек, аталарының тұрағы бөлек отандастары-мыз үшін де Қазақстан Жерұйыққа ай-налуы тиіс. Өйткені кіндік қаның тамған жерің, жора-жолдастарыңмен қызық ғұ мыр кешкен жерің, бала-шағаң өскен жерің, көрші-қолаңмен тату-тәтті өмір сүрген жерің Жерұйық болмағанда, не Жерұйық болмақ?!

Ақтолқын ҚҰЛСАРИЕВА, философия ғылымының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ-дың философия және саясаттану факультетінің деканы

Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

жүріп, ұлтына игі пайдасын тигізген де, сырттағы ағайынды Қазақстанға көшіруге зор еңбек сіңірген де осы Сансызбай Иісұлы еді. Қытайдың қаһарлы басшысы Мао Цзедуннің өзі қабылдауында болған Сансызбай Иісұлына қытай тілінде: «Әй, қара бала, қара бала! Менің қасымда дәл сенің басыңдай басы бар үш жігіт болса ғой, шіркін!» – деп басын шайқап, тамсанған екен. Оның бүкіл тағдыры сол сәтте қылышынан қан тамған Маоның қолында еді. Өмір бойы Қытай өкіметіне қарсы күрескен Сансызбай атамызды миллиондарды қырған Мао Цзедун да өлімге қия алмады. Ақыл-парасаты, амал-айласы асқан қазақтың ер ұлы Сансызбай Иісұлы атамыздың миллиард халқы бар елдің басшысын мойындатқанының өзі неге тұрады?

1954 жылы орталығы Құлжа қала-сы болған Қазақ автономды облы-сы құрылып, Сансызбай Иісұлы сон-да транспорт бөлімінің бастығы болып тағайындалып, қазағына көп қарасады. 1956 жылы Қазақстанға қайтатын кез-де Шәуешекке келіп, Тарбағатай айма-ғындағы 1916-1932 жылдары қоныс аударған қазақтардың басшыларымен жолығып, оларды Отанға қоныс аударуға шақырады. Сөйтіп, Сансызбай Иісұлының тікелей араласуымен 1962 жылдың сәуір айында қалың қазақ көші елге оралады. Семей облысы, Мақаншы өңіріндегі Сан-сызбай атамыз елге оралғаннан кейін не-гізін қалаған көк майса Көктал ауылы сол кісінің ерен еңбегінің жемісі екенін ауыл-аймақ жыр ғып айтады.

Тәуелсіз мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздік комитетінің мүшел тойының белесінде қос империяның қыспағындағы халқына қорған болған, полковник шенінде КСРО-ның әскери құпия қызметінде халқына өлшеусіз еңбек сіңірген Сан-сызбай Иісұлының 100 жылдық ме-рейтойы елеусіз қалмауы керек-ау.

төл құжат иелерін виза талаптарынан бо-сату жөнін дегі келісімге қол қойылды. Со-нымен бірге ҚР Мемле кеттік хатшысы-сырт қы істер ми нистрі Қ. Сау дабаев Бос-ния және Гер цеговина сыртқы істер ми-нистрі Свен Алкалаймен кез де суінде екі ел арасында ди пло ма тия лық төлқұжат ие-лерін виза та лапта ры нан босату жөніндегі ке лісімге, сыртқы істер ведомстволары ара сында ынты мақ тас тық жөніндегі ме-морандумға, Ма ке дония сыртқы істер министрі Антонио Ми лошоскиймен де екі ел арасында ди пло матиялық төлқұжат ие-ле рін виза та лаптарынан босату жө ніндегі келісімге қол қойылды. Кешегі бейресми сам миттің күн тәртібінде «Еуро-ат лан-тикалық және Еу ра зиялық қауіп сіз дік тің негізгі қатерлері» деген тақырып талқыға түсті және мәр тебелі меймандар концерттік бағ дар ламаны тамашалады. Ал бүгін сам-миттің бағдарламасында Елбасы Н.На-зар баев сөз сөйлейді деп күтілуде.

Нұр

ғиса

ЕЛ

ЕУБЕ

КОВ

(фот

о)

Page 3: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбіwww.alashainasy.kz 3e-mail: [email protected]

Бас

ы 1

-бет

те

ОЙ-КӨКПАР

Заря ЖҰМАНОВА, журналист

Майра ІЛИЯСОВА,әнші, продюсер

Әншілердің табысына салық салу қажет пе?

Түсініксіз жағдай деп отырғаным – сол. Бұл – бір. Екіншіден, шынында да біз барған тойдың біразы туыстардыкі болуы мүмкін. Ал салық органдары «жоқ, сіз тойға бардыңыз, салық төлеңіз» деуі мүмкін. Мұндайда жағдай қалай шешілмек? Осындай түйткілдер көп. Қалай болғанда да «жасырам» деген адам жасырып, «төлеймін» деген төлейді. Шешілмеген, жолға қойылмаған мәселе деп отырғаным сондықтан. Ең алғаш депутаттар арасынан бірі шығып «әншілер салық төлеуі тиіс» деп мәлімдеме жасағанда, шынымды айтсам, күлкім келген. Неге? Себебі бізде ондай заң жоқ қой. Қандай заңға сүйеніп айтып отыр? Бізде үнемі солай бір нәрсені жүйеге келтіріп алмай тұрып, айғайлап, байбалам сала береді. Міне, өзіңіз көріп тұрсыз, бұл мәселенің басы басталғалы қай заман, осы күнге дейін қандай да бір қимыл-қозғалыс байқала ма? Тағы бір айтарлық нәрсе, әншілерді жұрт осы табысты қырып тауып жатыр деп ойлайды. Шындығында, мүлдем олай емес. Әрине, біз секілді, Роза, Мақпал сынды әншілерді халық жақсы таниды, сыйлайды, тойға да жақсы ақшаға шақырады. Ал енді жас әншілерден не алады? Олар өзі тойдан түскен ақшаға тойып тамақ та іше алмайды. Тірнектеп жүріп ән жаздырады, сахнаға шығады. Не клип түсіре алмайды, не оны телеарнадан бере алмайды, әйтеуір жүргендері. Сондықтан ең бі-рінші табысынан салық ұстау үшін өнер адамдарына жақсылап жағдай жасалуы тиіс. Мысалы, спортшылар елдің намысын қорғап, халықаралық жарыстардан жең-ім паз боп оралса, оған бірден пәтер бері-ліп, жағдай жасалады ғой. Онда неге дәл солай халықаралық байқауда еліміз-дің атын шығарып, жүлделі орын алып

Жағдайға үстірт баға беріп, сырттай тон пішу оңай. Бүгінде өнер мен мәдениетке пікір айтқыштар да көп. Алайда анығында өнердің жай-күйін сахнада жүрген, өнердің ыстығына күйіп,

суығына тоңып жүрген әнші, концерттер ұйымдастырып, халық жинаудың азабын тартып жүрген продюсерлер біледі

емес пе? Сондықтан қандай да бір заң қабылдау үшін алдымен заңды реттіп, авторлық құқық, орындаушылық және сабақтас құқықтарды реттеп алу қажет.

ОЙ-Т

ҮЙІН

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, адвокат:

Нұржан ОШАНБЕКОВ, Табиғат» экоодағы төрағасының орынбасары:

Абылайхан САМАТДИНОВ, Алматы қалалық Мәслихатының депутаты:

? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А ЛА Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л

Дайындаған Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

– Алматы қаласының жер асты тасты болғаннан кейін көбінесе талдардың тамыры тереңге тартып өспейді. Осыдан кейін қатты жел тұрса талдары опырылып құлауға бейім болып келеді. Ал құлаған ағаштардың астында кейде адамдар қалып жарақат алса, кейде жақын тұрған үйлердің терезелері қирап немесе көліктердің үстіне құлап майыстырып, сындырып жатады. Мұндай жағдайда азаматтарымыз қайда шағымданарын білмей, көбінесе өз жыртығын өзі жамауға тырысады. Сондықтан тиісті орындар мүмкіндігінше талдардың үйлерге жақын орналаспауын немесе қисайып тұрған ағаштарды дер кезінде қиып, жонып отырса, дұрыс болар еді. Ал талдарды отырғызу мен күтіп баптау қала әкімдігіне тиесілі болғандықтан шығынның орнын да қала әкімдігінен сұрау керек.

Алматы көшелеріндегі құлап жатқан ағаштардан зиян шеккендердің шығындарын кім өтеуге тиіс?– Негізінде, Алматы қаласындағы

көшеде құлап жатқан талдарға Алматы қаласының әкімдігі жауапты. Жақында Алматы қалалық мәслихатының жиынын-да Алматы қаласындағы жиі құлайтын ағаштар жайы сөз болып, арнайы осын-дай ағаштарды залалсыздандыруға қаржы бөлінді. Ол қаржының ішінде ескі талдарды қырқып, жаңаларын отырғызу да қарастырылған. Сондай-ақ бұл бөлін-ген қаржы талдардан залалсыздандыру-мен қатар құлаған талдардан келген зи-янды да өтеуге бағытталған. Сондықтан осындай табиғат салдарынан зиян кел-ген жағдайда Алматы қаласы әкімдігіне шағымданған жөн.

– Алматы көшелеріндегі талдар Алматы әкімдігіне қарайды. Талдарды жаңартып, қырқып отыру – тікелей Алматы әкімдігінің міндеті. Ал Алматы әкімдігінің рұқсатын-сыз талдарды қырқуға да болмайды. Ендеше оқыс жағдай болып, талдар құлап, үлкен шығындар әкеліп жатса да оны Алматы әкімдігі өтеуі тиіс. Салыстырмалы түрде айтқанда, соңғы жылдары Алматы көшелерінде ағаштар көптеп қырқылды. Әрине ескі талдардың қырқылғаны дұрыс. Бірақ қиылған талдың орнына міндетті түрде басқа талдар егілуі тиіс. Мәселен, әлі күнге қанша ағаш қырқылды оның орнына қаланың сыртына қанша тал егіліп, жасылдандыру процесі жүрді деген мәліметті әлі еш жерден кездестіргем жоқ. Рас, Алматы қаласында талдар жиі құлап жатады. Сондықтан әрбір тал қадағалауда болғаны жөн. Мәселен, кейбір талдар белгілі бір мекеменің қарамағында болған жағдайда санитарлық жағынан қадағалау мен оның қауіпсіздігін сол мекеме мойнына алғаны жөн. Біз көп жағдайда ескі талдарға назар аударуды ұмытып кетеміз. Сондықтан дер кезінде ескі талдарды қырқып, жаңа талдарды отырғызуға көп көңіл бөлген жөн. Бүгінгі күні Алматы қаласы ауасының талапқа сай еместігі жұртшылыққа аян. Сондықтан мүмкіндігінше қала халқы қала маңын жасылдандыруға көптеп көңіл бөлсе дұрыс болар еді.

МӘ

СЕЛ

Е

асабаларды да айтуға болады. Әнші шақырмаса да, асабасыз той өтпейді. Ал асабаның ең арзаны 300 доллар алады. Ал енді тойды керемет жүргізетіндері, танымалдары 1500 доллардан арзанға келмейді. Той иесінен сондай ақшаны алып отырған әнші болсын, асаба болсын, соның бір бес-он пайызын салық ретінде төлеуден қалай бас тартады? Қалтасынан шығарып отырған жоқ, халық беріп отыр. Ал салық деген де халықтың игілігіне жұмсалатын ақша. Демек, салық төлеуден жалтару халықтың берген ақшасын халықтың өзіне қимау дегенмен тең ғой?.. Осыны нақты қолға алып, заңмен бекітіп, салық органдарын жұмылдыратын кез жетті. Менің ойымша, өзін сыйлайтын, халыққа сыйлы әншілер, өнер адамдары мұндайдан бас тартпайды деп ойлаймын. Тек мұны жүйелі түрде жасап, табыстың неше пайызын төлеу керектігін нақтылау қажет, сондай-ақ салықтан жалтарған жағдайда қолданылатын жазалау шарт-тарын, яғни, бәлкім айыппұл, бәлкім, басқа да жолдары болар, әйтеуір шешу керек. Себебі біздің қоғам осы құқықтық жағынан дамымай, онда өзіміз айтып жүрген өркениетті 50 елдің қатарына қосылуымыз екіталай.

ӨРКЕНИЕТ

Астана қаласының Ішкі істер депар-таменті, Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы нашақорлыққа қарсы үгіт-насихатты тәуір-ақ қолға алып жатқанын қоғам көріп-біліп жүр. Алаулатып-жа-лаулатып ілген есірткіге қарсы үгіт-насихаттары әр жерде бар. Тіпті қоғамдық көліктердің ішіндегі ұстап тұратын тірек тұтқаларына да ілген екен. Сондай бір тілдей қағазды көзіміздің шалғаны. Онда орысша былай деп жазылған: «Пода-ри ребенку будущее, скажи наркотикам НЕТ!». Осыны қазақшаға аударам деп, ішкі тәртібімізді бақылайтын орган қазақ тіліндегі тәртіптен мүлт кетіпті. Орысша-сынан аударам деп үш-төрт ауыз сөздің қазақшасының мағынасын есірткіге қарсы емес, керісінше, есірткіні үгіттеуші дүние қылып жіберген. Аудармасы былай боп шыққан: «Баланың болашағын ой-лап, нашақорлыққа күрес ЖОҚ!». «Артық қылам деп тыртық қылған» деген осы болар. Есірткісіз балалардың болашағы бұлыңғыр тәрізді... «Баланың болашағы үшін есірткіге жол жоқ!» деген сөзді жаза алатын департаментте қазақ тілін тәуір білетін маман болмағаны ма? Елімізде қазақ тілін үйренуге барлық мүмкіндік жа-салса да, қазақ тілінің әлі күнге дейін осын-дай сорлы күй кешуі – ол сол мекемедегі басшылықтың қазақ тіліне мұрын шүйіре қарауы. Басқа астар іздеудің қажеті жоқ.

Аялдамадан түсіп, «Пуча» дүкенінің жанынан өтіп бара жатып, Төтенше жағдайлар департаментінің өрт болған жағдайда қай жерге қоңырау шалу ке-ректігін ескертіп ілген үлкен қабырға қағазына көзіміз түсті. «Өрт болған кез-де 101 телефон соғыңыз» деп баттиған жазуды оқыдық. Бір қараған адам «Өрт болған кезде 101 рет телефон соғыңыз» деп ұғады екен. «101 нөміріне телефон соғыңыз» деп жазуға орын болмаса, жұрнақ-жалғау деген болады ғой? «101-ге телефон соғыңыз» деп жазбай ма?

Сол сөйлемнің астында «Балалар-дан сіріңке, шақпақтарды тығындар» деп жазған. «Тығындар» деген сөздегі «Ң» әрпінің орнына «Н» кеткен. Тағы бір мәсе-ле, «тығыңдар» деп жалпақ жұртты құрда-сындай көрмей, әдепке сай «Балалардан сіріңке, шақпақтарды тығып ұстаңыздар» десе болмай ма? «Заңмен қорғалған мем-

Cақау жарнамаларға сүрініп жүрміз

лекеттік тілге шала болған департамент іске де шала» екен деген ой келеді еріксіз.

Дәл сол дүкеннің терезелеріндегі жазу ларға назар аударайық. Суреттер-ден көр сеңіз, құдды әлгі дүкенде ғана «жер сілкінісі» болып, қазақ әріптерінің құйрықтары түсіп қалғандай. Кейбіреуі тіп-тен орнынан да адасып қалыпты. «Ыдыс-аяқ» – «ыдыс-аяк», «кеңсе» – «қенсе» бо-лып кеткен. «Қенсе товарлары», «мереке-ге арналған товарлар» дегендегі «товар» сөзін қанша уақыттан бері «тауар» деп жүр емеспіз бе? Бұл енді талассыз.

Енді сол дүкеннің алдындағы дәм ха-наның жарнамасына келейік. «Мөлдір таң гажайып сусын» депті. «Ғ» әрпінің бел орта сындағы сызығы түртілмеген. Құдай-ау, бұл қазақ әріптеріне қайдан жау тиген?

Осы дүкенге 60-70 метр жерде «Бей-бітшілік» көшесінің бойында бір кафе тұр. Соның қабырғасындағы «Ностальжи» дуэтінің жарнамасында да өрескел қате бар. «Мы рады снова видеть вас!» деген-ді былай аударыпты: «Біз сіздерді қайта көруінізге қуаныштымыз!». Түсініп болмай-сыз, түсінікті тілмен жазайын: «Сіздермен қайта қауышқанымызға қуаныштымыз» дегілері келген ғой. Мағыналық қатесі өз алдына, «Ң» деген әріптің құйрығы бұл жерде де түсіп қалып отыр емес пе?

Осы жерден он метр қашықтықта темір шарбақта ілінген «Зангерлік жар-дем» деген жазуға көзіңіз түседі. «Мұны жазған байғұстың компьютерінде қазақ

қарпі жоқ-ау» дедік. «І» деген әріпті ағылшынның «і» (оқылуы «ай») деген қарпінен алып қоя салған ғой.

Тура осы маңда екі дүкен бар. Екеуінің де қазақшасы жетісіп тұрған жоқ. Біре-уі «азык-түлік» деп жазып қойса, екін-шісі «дукен» деп қойған. Онда да «дукен АЗИЗА» деген екен ғой. Жұрт мемлекет-тік тіл бірінші тұру керек деген қағиданы ұстанып алады да, грамматиканың ере-жесін ұмытып кетеді-ау. Тәуір қазақшаға салсаң, «АЗИЗА дүкені» болу керек қой. Орысшасы да сонда дұрыс болады: «ма-газин АЗИЗА».

Осындай қазақ қаріптеріне қатысты қателерді көріп, «баяғыда латын қарпіне ауысып кетуіміз керек еді» деп зар еңірегің келеді. Мүмкін, латын әріптеріне көшкенде бұл проблемалар да қалып қалар ма еді? Оны айтып отырған себебім, кириллицада «Қ» әрпі «К» әрпіне ұқсаса, латын қарпінде «Қ» әрпі «Q» қарпімен таңбаланады ғой. Ал «К» мен «Q» қаріптерінің «сорпасы бес қайнаса қосылмайды». Сол сияқты, «Ғ» мен «Г», «Ө» мен «О», «Ң» мен «Н» қаріптерін де бір-біріне ұқсамайтындай таңбалау қажет. Мәселенің күрмеуі, мүмкін, сонда шешілер.

келген әншіге пәтер бермейді? Айтпақшы, біздер концерт өткізсек, онсыз да салық төлейміз. Бірақ соны қалай өтейміз деңізші. Әрбір концертке кемі 30-35 мың доллар ақша керек, сахнаны жалға аласың, безендіресің, жарнама жасайсың т.б дегендей. Оны табу үшін билет сату керек. Ол өте ме, өтпей ме? Кейде залдың жартысы бос тұрады. Ал ондайда қалай салық төлейсің, себебі шығынды да өтей алмайсың онымен. Міне, салықтың жыры осындай. Сондықтан салық төлетпес бұ-рын әншінің құқығын қорғайтын заң қабылдау керек!

Дайындаған Мәриям ӘБСАТТАР

Тіпті табысы аз деген азаматтардың өзі несие алса да қызықшылығын мол дастарқан, ән-жырмен атап өтуін тоқтатқан емес. Мен жаңа басында тек әншілер емес, өнерпаздар дедім, демек, оның ішіне

Істің мән-жайына Екібастұз қалалық прокуратурасының қызметкерлері көзі-мізді жеткізді. Ондағылардың айтуын-ша, 29 маусым күні прокуратура мен Па влодар облысы бойынша ҰҚКД-нің қызметкерлері бірлесіп, Екібастұз қаласы Ақкөл ауылдық округі аумағында Г.Дәу-летшин, А.Хусайнов, Б.Ағажанов, Қ.Қа сық деген төрт азаматтың жергілікті атқарушы органдарда тіркелместен, миссионер-лік діни уағыз айтып, ел аралап жүргенін анықтаған. Төртеуі де Қазақстан азаматы, Бішкектегі Абдуллах ибн Масхуд медре-сесінде оқиды-мыс. Өздерін «Таблиғи Жамағат» діни ұйымының өкілдері деп таныстырған.

1 шілдеде заң қадағалаушы ор-ган Қазақстан Республикасының «Діни сенім бостандығы және діни бірлестік-тер туралы» Заңының 4-2, 4-1-бапта-рына сүйене отырып, жергілікті жерде ресми тіркелмей, діни миссионерлік жұмыс жүргізген насихатшы топтың үш мүшесінің үстінен ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 375-бабына сәйкес, әкімшілік іс қозғады. Келесі күні Екібастұз қалалық мамандандырылған әкімшілік соты бұларды кінәлі деп тауып, 4 АЕК көлемінде айыппұл салды. Айып-талушылар айыппұлды сол күні төлеген. Осылайша жергілікті құқық қорғау орган-дары миссионерлік дін өкілдерінің жолын кесті.

Топтың төртінші мүшесі Қ.Қасық кәмелетке толмаған бала екен. Тексе-ру барысында, оның ата-анасы Жамбыл облысының Қордай қаласында тұратыны анықталды. Осыған орай Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің қаулысы шығарылып, ата-ана қарауынсыз жүрген оны Павлодар облыстық жасөспірімдерді уақытша ұстау және түзету, бейімдеу орталығына орналастырған. Жасөспірім ата-анасы немесе өзге бір заңды өкілдері келгенше осы орталықта болмақ.

ШАРА

Мысықтілеу миссионерлердің жолы кесілді

«Әулиелі Ақкөл жерін жат дін өкілдері аралап жүр» деген жайсыз хабар елді елең еткізді. Алғашында «қауесет болар» деген ойымызды беделді бір ағамыз жоққа шығарды. Осыдан соң ақпардың анық-қанығын ресми органдардан сұрастырдық.

Басы 1-бетте

Сонымен бізге де Францияның тәсілін пайдалану керек екен. Әр қатеге 4-5 мың еуродан айыппұл салатын болсақ, жаңағы 200 метрдей жердегі 9-10 қатеден 40-50 мың еуро пайда түседі. Әжептәуір ақша емес пе? Тілімізді тұла бойын шарпыған қасіреттен, бәлкім, сонда ғана құтқарып қалармыз.

Р.S.

Дос КӨШІМ, «Ұлт тағдыры» жетекшісі:

– Бұл мәселені 20 жыл бойы айтып келеміз ғой. Мұндай мәселелермен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Одан да өрескел қателіктер көруге болады. Менің ойымша, бұл тек заңмен ғана шешіледі. Сондықтан біз «Мемлекеттік тіл» туралы заң жобасын ұсынғанбыз. Оған қосымша «Ономастикалық тура-лы» заң жобасы да қажет. Оның да жобасын «Ұлт тағдыры» қозғалысы жасап шығарған. Ол баспасөзде де жарияланған. Бұл екі жоба да Үкіметтің алдында жатыр. Мы-салы, Францияда көшедегі қате жазбалар үшін заңды тұлғаларға, ұмытпасам, 4 000, ал жеке тұл-ғаларға 5 000 еуро айыппұл тө-ле теді. Себебі ол мемлекеттік тілді қорлау есебінде танылады. Бізде ешқандай заң жоқ. Соның себебі-нен де мұндай қателіктер жойыл-май келеді. Қысқасы, бұл жерде заң керек және оны бақылайтын орган қажет.

Әзірге оның қандай тіршілік иесінің қалдықтары екендігі белгісіз. Тек жануар-дың бассүйегі екені анық. Жергілікті өлкетанушылар «палеонтологиялық қаз-балар болуы мүмкін» деген жорамал жа сау да. Себебі сүйек қалдықтарының терең нен табылуы, оны мамонттар ке зеңі немесе одан да ерте заманға жатқызу-ға болатындығын көрсетеді. Шүлбі су қоймасы маңында бұрын-соңды мұндай белгісіз жануарлардың сүйектері мен қаңқалары табылмаған. Археологиялық қазбалар жүргізілмепті. «Бұл – алғашқы олжа. Мүмкін, ол алдағы үлкен жаңа-лықтарға негіз болатын шығар», — дейді өлкетанушы.

Павел ЖУКОВ, «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының төрағасы:

– Табылған қалдықтарды түпкілікті зерттеу қажет. Оның анықталған жеріне бір рет болса да барып, басқа да қандай жануарлардың сүйек-тері мен қаңқалары, қалдықтары бар екендігін анықтауымыз керек. Бірақ, ең бастысы, енді біз Шүлбі су қоймасының маңынан мұндай қаз-балар шығатындығын ескеріп оты-ратын боламыз. Ол жерде кездесетін дүниелерге бұдан былай мұқият болған жөн. Себебі ерте замандағы жануарларды табуымыз мүмкін.

Әзірге археологиялық олжа №34 мектепте сақтаулы. Өлкетанушылар ал-дағы уақытта палеонтологиялық зерттеу-лер жасау арқылы оның қай кезеңге жата-тындығы мен қандай жануардың сүйегі екендігін анықтауды жоспарлап отыр.

Роллан КЕМЕРБАЙ, Семей

АРХЕОЛОГИЯ

Семейден палеонтологиялық қазбалар табылды

Семей өңірінде ерте заманда тіршілік еткен жануарлардың сүйектері табылды. Қала ішіндегі №34 мектептің түлектері Шүлбі су қоймасының жағасына демалуға барғанда жардың түбінен белгісіз жануардың бас қаңқасына ұқсайтын сүйектерді тауып алған.

«Таблиғи Жамағат» – халықаралық деңгейде жұмыс жасайтын исламдық ұйым. Ақпарат көздерінің бірінде Пәкстаннан, екіншісінде Үндістаннан тарады дейтін бұл идеология әлемнің бірқатар елінде «экстремистік» деп танылып, оның жұмысына шектеу қойылған. Ол мемлекеттер арасында Сауд Арабиясы елдері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан да бар. Ресми Үкіметке ашық түрде қайшылық көрсетпегенімен, насихат жұмысы барысында Үкімет пен Конституцияға бағынбауды уағыздайтын «жамағатшылар» ислам ішіндегі барлық мәзхабтар мен діндегі жергілікті ерекшеліктерді жоққа шығарады. «Таблиғи Жамағат» лаңкестік «Хизбут-Тахрир» ұйымымен үндес, «Жиһадтың көрінбейтін әскері» деп те жатады. Аталмыш діни ағымның қызметінде «Жаратушыға шақыру» миссиясы да көрініс тауып, көптеген адамға психологиялық тұрғыда әсер ете отырып, террорлық әрекеттер жасау арқылы олардың өз еркімен фәнимен қоштасуына да ықпал жасайды.

Жалпақ жұртты «Хақ дінді насихаттап жүрміз» деп алдаусырататын ұйым өкілдері ауылдағы аңғал ағайынды қайда бастарын ойласаң, бойыңды үрей билейді. Өйткені осыдан төрт жыл бұрын Қордай ауданындағы 12 мың адам тұратын Масанчи деген ауыл тұрғындарының басым бөлігі осы экстремистік діни ағымның ықпалына іліккені туралы баспасөз беттерінде айтылған еді.

А.АХМЕТ, Екібастұз

«халыжасайтын исламдық ұйым. Ақпарат көздерінің бірінде Пәкстаннан, екіншісінде Үндістаннан тарады дейтін бұл идеология әлемнің бірқатар елінде «экстремистік» деп танылып, оның жұмысына шектеу қойылған. Ол мемлекеттер арасында Сауд Арабиясы елдері, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, сондай-ақ Қазақстан да бар. Ресми Үкіметке ашық түрде қайшылық көрсетпегенімен, насихат жұмысы барысында Үкімет пен Конституцияға бағынбауды уағыздайтын «жамағатшылар» ислам ішіндегі барлық мәзхабтар мен діндегі жергілікті ерекшеліктерді жоққа шығарады. «Таблиғи Жамағат» лаңкестік «Хизбут-Тахрир» ұйымымен үндес, «Жиһадтың көрінбейтін әскері» деп те жатады. Аталмыш діни ағымның қызметінде «Жаратушыға шақыру» миссиясы да көрініс тауып, көптеген адамға психологиялық тұрғыда әсер ете отырып, террорлық әрекеттер жасау арқылы олардың өз еркімен фәнимен қоштасуына да ықпал жасайды.

Жалпақ жұртты «Хақ дінді насихаттап жүрміз» деп алдаусырататын ұйым өкілдері ауылдағы аңғал ағайынды қайда бастарын ойласаң, бойыңды үрей билейді. Өйткені осыдан төрт жыл бұрын Қордай ауданындағы 12 мың адам тұратын Масанчи деген ауыл тұрғындарының басым бөлігі осы экстремистік діни ағымның ықпалына іліккені туралы баспасөз беттерінде айтылған еді.

Таблиғи Жамағат» – ықаралық деңгейде жұмыс айтын исламдық ұйым

КЕРЕК ДЕРЕККЕРЕК ДЕРЕК

«Менің өз жеңісімді сезінуге уақытым да болмай жатыр, – дейді Ильяс Ау-тов. – Жұмыс көп, гастрольдік сапармен ел ішін жиі аралаймыз. Бірақ мен үшін жүлделі орын алғаным емес, әнімнің бағаланғаны маңызды. Соғыс тақырыбы – мен үшін де, менің отбасым үшін де ерекше тақырып». Ұйымдастырушылар-дың айтуынша, аталған конкурс – бүгінгі ұрпақтың Ұлы Отан соғысы сабақтарын ұмытпағандығының және тарихтан тәлім ала білетіндігінің бір айғағы.

Конкурс жеңімпаздары арнайы дип-ломмен марапатталып, ресейлік радио-стансылардан ән шырқау мүмкіндігіне ие болды. Шынайы патриоттар ақшадан гөрі, әндерінің тыңдаушыға жеткенін маңызды санайды екен. Бұл ретте, Ильяс Аутовтың әнін әділқазылар алқасының мүшелігінде болған Олег Газманов ерекше атап өтіп, оны жеке өзі немесе «Мотор-роллермен» бірге орындауға дайын екендігін білдіріп-ті. Айтқандай, аталған топтың «Апоптоз» атты жаңа альбомы жақын күндері Лон-доннан жазылып келіп, дүкен сөрелерінен орын алмақ көрінеді.

Сәруар САҒЫМ

АЛАШ-АҚПАРАТ

Қазақстандықтардың соғыс туралы әндері хитқа айналды

Қазақстандық «Мотор-роллер» және «Жума и Вайс» топтары «Жеңіс туралы жаңа әндер» атты ресейлік конкурстың жеңімпазы болды. Бірінші орынды иеленген «Соғыс туралы әнді» жазған – «Мотор-роллер» тобының мүшесі Ильяс Аутов болса, екінші орынды алған «Гитлер капут» әні «Жума и Вайс» ұжымына тиесілі.

Ман

сұр

ХА

МИ

Т (ф

ото)

Page 4: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбіwww.alashainasy.kz4 e-mail: [email protected]

Нұр

ғиса

ЕЛ

ЕУБЕ

КОВ

(фот

о)

ҚОҒАМ

ТҮЙТКІЛ ШЕКАРА

МӘ

СЕЛ

Е

ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ ХИКМЕТТЕРІ

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мә-лі меттеріне қарағанда, Қазақстанда бала-ларға арналған 245 демалыс орны бар екен. Сондай-ақ аймақтардың көптеген мек-тептерінде бастауыш сыныптарына арналған маусымдық лагерьлер ашылған. Жалпы, биылғы лагерьлерде 1 миллионға жуық бүлдіршін демалатын болыпты. Ал Оңтүстік Қазақстанда Түлкібас ауданындағы «Машат» шатқалы мен «Самал» лагерінде демалу маусымы ашылды. Онда Оңтүстік Қазақ-станның балалар үйлерінің 650 тәрбие-

ленушісі жазғы демалысын өткізуде. Лагерь облыстағы ең әсем жерлердің бірінде ор-наласқан. Тоғыз жыл бойы облыстағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері өздері-нің мұғалімдерімен осы жерде демалады. Де малысты ұйымдастыруды облыстық бюджет қаржыландырады. Осы жазда «Са-малға» 11 млн теңге бөлінді. Барлығы биыл облыстың 20 мыңға тарта оқушысы 30 лагерьде демалып, денсаулықтарын шың-дайды. Барлық аудандарда лагерьлер жұмыс істейді. Олардың 16-сы жергілікті әкімдік

Жалпы жазғы каникул кезінде балалардың көпшілігі арнайы демалыс орындарына, лагерьлерге шығады. Осы ретте елімізде неше лагерь бар?

Мөлдір БОЛАТҚЫЗЫ, Оңтүстік Қазақстан облысы

Елімізде қанша балалар лагері бар?

Ж.СЫДЫМАНОВ, Алматы облыстық санэпидқадағалау басқармасының бастығы:

– Балқаш көлін Қызылағаш ауы-лындағы су тасқыны салдарынан қы-ры лып қалған малдың қалдықтары түскен өзендердің суы ластап жатыр деген ақпарат жалған. Қырылған мал-дың өлекселері су тасқынынан кейін жиналып, арнайы жерге апарып кө-мілді. Балқаш көліндегі 20 демалыс

аймағының барлығын СЭС қызмет-керлері шомылу маусымы бойы бақы-лап, тексеріп тұрады. Мамыр-маусым айларында суда адам денсаулығы үшін қауіпті заттардың бар-жоқтығы бойынша 48 химиялық және микро-биологиялық тексеру жүргізілді, олар-дың нәтижесінде демалып жатқан-дардың денсаулығы үшін ешқандай қауіп анықталған жоқ. Санитарлық нормаларға сәйкес, бір литр суда

«Балқаш көліне суға түсу – қауіпті. Себебі Қызылағаш ауылындағы су тасқыны салдарынан қырылып қалған малдың қалдықтары сонда төгілген» дейді біреулер. Осы рас па?

Ержан НИЯЗБЕКОВ, Алматы облысы

Балқашта суға түсу қауіпті ме?

10 мыңға дейін микроағзалар бо-лады, Балқаш көлінде судың аталған кө лемінде 600-ге жуық қана микро-ағза анықталған. Қапшағай, Алакөл көл деріндегі, Алматы облысының басқа да көлдеріндегі демалыс ай-мақ тары да осындай бақылаумен қамтылған.

Қорасы – Қазақстанда, үйі – Қырғызстанда

Алты мың мұсылман шейіт болған Мың шейіт мекеніБа

сы 1

-бет

те

Аңғал әйел Шахи Жалилден қаруларын қай кезде тастайтынын сұрап, намаз уақы-тында ғана қылыш ұстамайтындарын біліп, әкесіне жеткізеді. Бұл хабарды естіген Ухшит хан мұсылмандарға қарсы астыртын әрекетке кіріседі. Өз қызы мұны байқап қалып, күйеуі Шахи Жалилге айтады. Бұл хабарды естіген Шахи Жалил қатты ойланады, шаршап қалғып кеткен кезінде түсіне пайғам барымыз Мұхаммед (с.ғ.с) кіреді. Пайғамбарымыз оған түсінде: «Намазды бұзбаңдар, намазды бұзсаңдар, қиямет күнінде ешбір шапағат қылмай-мын», — дейді. Ертеңіне мұсылман дар намаз ға тұра бастағанда Шахи Жалил имамға: «Бүгін қауіпті жағдай болғалы тұр. Намазға қысқа сүре оқыңыз», — дейді. Имам сүренің ең кішісі «Иннә аттаинаны» оқимын деп аузына «Иннә Фатахна» түсіп кетіпті. Бұл ұзақ аяттардың бірі болатын. Имам оны оқып бітіргенше, Ухшиттің адамдары намазда тұрған көп мұсыл-мандарды шауып өлтіреді. Намаз оқылып біткенде алдыңғы екі қатарда тұрған мұсылмандар ғана тірі қалған еді. Олар сыртқа шығып үлгереді. Ухшит ханның қызы – Шахи Жалилдің әйелі істе ген айы-бын мойнына алып, сол жерде өл гендерді жерлейді. Тірі қалған мұсыл мандар 60-70-тей ғана. Олар қасық қаны қалғанша соғысыпты. Ақыры көп қолға төтеп бере алмаған бір топ мұсылман Сайрам ауданына қарасты қазіргі Абдул абад деген жерде ажал құшады. Ал қалғаны Қарамұрт елді мекеніне таяу көз жұмған көрінеді. Ухшиттің қызы қасында қалған екі-үш мұсылманмен Меккеге келеді. Дінбасыларға болған жайтты баяндап береді. Олар Шахи Жалилдің әйеліне түсіністікпен қарап, оны қамқорлықтарына алады. Ухшиттің қызы сонда босанып, ұлды болады.

Араға біраз жыл салып, баласы ер жетіп, жасы 18-ге толғанда әскер жиып, шешесі мен әкесі шейіт болған жерге келеді. Ол кезде Ухшит хан тірі еді. Бала нағашы атасын қылышпен шауып өлтіреді. Бірге келген 80 мың жасағымен жергілікті қарапайым жұртты жаудан азат етіп, көбісін мұсылман дініне кіргізеді. Осы аймаққа ислам дінін орнатып, өмірінің соңында Меккеге табан тірепті делінеді. Бұл оқиғаның өткеніне Хижра жыл санауы бойынша 1250-1300 жыл шамасында делінеді.

Бұл жерге бүгінде Мың шейіт деген атау берілген. Сайрам су өзеніне таяу маңда орын тепкен. Шейіт болғандарды жерлеген мазар пен мешіттің арасын өзен суы бөліп тұр. Коммунистік партияның қылышынан қаны тамып тұрған кезінде Ұзынарық ауылының тұрғыны Молберген Жамалбеков осы мешіттің негізін қалаған. Аяқасты болып тозып кеткен жерді қалпына келтіреді. Күндіз істеуге мүмкіндік жоқ, тек түнде жұрт көзінен тасаланып келіп, айналасын қоршап, бау-бақша отырғы-зады. 1996 жылы басына өз қаражатымен мешіт тұрғызған. Бұл тарих Сайрам, Мың шейіт, Түркістан тарихынан алынған де-лінеді. Негізінде, Мың шейіт деп атал-ғанымен, бұл жерде 6 мың адам шейіт болған деседі. 70-і ғана тірі қалған. Олар-дың барлығы қылыш, найзасы мен сауыт-сайманымен қойылған. Мұның тарихын Молберген қария Пошатай және Ыбы-райым хан деген кісілердің аузынан жазып алған екен. Екеуі де бертін келе 100-ге жетіп қайтыс болыпты. Молберген қария-ның өзі де бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан абыз қария...

Бүгінде өз аулынан мешіт соғып, әкесінің атын беріп жатқандар көп. Алайда тарихқа құрмет көрсетіп, басын қарайтып, елдің игілігі үшін мешіт салушылардың қарасы аз. Осы өңірдегі ең ғажайып тарих-тың бір парасы – Мың шейітке мешіт са-лып, тарихымызды түгендеп, ата-ба ба ла-рымыздың алдындағы парызын өтеп, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсеткен Молберген қарияға алғыс айтушылар көп.

Молберген ЖАМАЛБЕКОВ, Мың шейіт мешітінің негізін қалаушы:

– Сан ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, сақталып жеткен көне тарихтың бір парасы – осы. Әулиелі мекеннің ашылмаған сыры да жетерлік. Бүгінде мұнда тәу етіп келушілер көп.

Гүлжан КӨШЕРОВА,Тараз

«Алтын алқаға» таза алтынды қимағанымыз ба?Б

асы

1-б

етте

АНАЛАРДЫ АЛДАУ КІМГЕ ҚАЖЕТ?

Көп бала – көбеюдің кепілі. Өсіп-өнудің өрісі. Алайда «жеті баласы барға да, жиырма баласы бар анаға да бүгiнгi қазақ қоғамы қандай сый-құрмет көрсетiп отыр» деген сауалға жауап ретінде алдымен ауызға ілігетіні – «Алтын алқа» орденi. Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған бұл құрметке шүкіршілік етушілер де бар. Алайда аты тым зорайып «Алтын алқа» деп тұрғанымен, қандай құрметіңізге де лайық аналарымыздың кеудесінде жарқырауы тиіс сол алтыныңыз саф алтын емес, аз уақыттан кейін қарайып кететін қарапайым металдан жасалса ше?! Әрине, 326 тонна алтын қоры бар еліміз үшін ардақты аналарымызға таза алтынды қимағанымыз – өкінішті, әрине. «Алтын алқаның» Теңге сарайында жасалатыны белгілі. Жабық мекеме болғандықтан, мәлі мет алу мүмкін емес. Тек сайттан тап-қаны мыздың өзі – там-тұм. Сонымен ме-рей той, естелік және спорт медальдары, белгілер және кеуде белгілері бағалы металдардан және оның қорытпаларынан шекіме әдісімен жасалатын көрінеді («шекіме әдісі» дегенін түсіне алмадық. Сірә, сәтсіз аудар ма болуы керек). Оларды жасау кезінде ыстық және суық эмальдар, лактар, алтын жалату мен патинирлеу қол-данылады екен. Биколорлық медаль дар-ды, сондай-ақ диаметрі 100 мм-ге дейін үлкен медаль дарды жасауға болатын көрінеді. Әрине, «Алтын алқаның» дизай-нын да мін жоқ. Күн сәулесі, ананың аялы алақанында отырған сәби. Бір қарағанда керемет-ақ. Бірақ алтын деген атауына лайық еместігін маман көзәйнегі түгіл, қарапайым көзбен-ақ бағамдауға болады. Салмағы ауыр. Тек кеудеге қадайтын тұсы ғана алтын жалат қан болуы мүмкін. Ломбардтар алмайды. Демек, бір кіл-типаны бар деген сөз. Тексертіп көрмек болғанымызда, ломбард тың алтын бұйым-дарын сарап таушы маманы: «Бізде Ре-сейдегідей алтын ның құрамын жан-жақты тексеретін зерт хана жоқ. Бізде тек алтынның сынамасын тек серетін реактив-тер ғана бар. Олар бойын ша, алтын бұйым дары 585 сына масына сәйкес ке-

леді. Ал «Алтын алқа» жөнінде ештеңе ай-та алмаймын», – деп аты-жөнін атаудан да басын ала қашты.

Ал Теңге сарайының сайттағы парақ-шасында «Германия, Швейцариядан және басқа Еуропа елдерінен әкелінген ең жаңа жабдықтарына негізделген ғылыми технологиялармен жұмыс істейміз. Басқа Тең ге сарайларынан айырмашылығы – бізде бірегей бұйымдар жасауға мүмкіндік беретін балқыту мен илеуден бастап, ше-кімеге дейінгі және әртүрлі қаптама қабат жалатудың барлық технологиялық шектері бар.

Жетекші Теңге сарайларымен бірдей біз алтыннан және «proof» жоғары сапалы

күмістен де коллекциялық теңгелер шы-ғарамыз... Президент Әкімшілігі Қазақ-стан Республикасының мемлекеттік награ-даларын жасауды біздің кәсіпорынға сеніммен тапсырғанын мақтанышпен айтуға болады... Біздің шеберлермен жа-сал ған ордендер мен медальдар зергерлік өнердің лайықты үлгісі болып табылады» делінген. Сондай-ақ «...болуы мүмкін сәйкессіздіктердің алдын алу және олар-дың туу себептерін жою есебінен өнім сапасының тұрақтылық деңгейін қол дай-мыз...» деген түсініксіз сөйлем бар. Не айт қы лары келгенін түсіне алмадық. «Алтын алқа» туралы ешқандай дерек жоқ.

Қалдықыз НҰРМАНҚҰЛОВА, «Алтын алқа» иегері:

– Өкіметке өкпеміз жоқ. Барынша құрмет көрсетіп жатыр. Жеті баланы аман-сау асырап-бағып, жетілдірдік. Еңбегімізді ескермеді деп өзгелерге өкпе артатын да жайымыз жоқ. Дегенмен награданы алуға барғанда «таза алтын емес» деп өкпе айтып жатқандарды естідік. Бірақ алтын деген соң, атына заты сай болғаны да дұрыс қой. Бәлкім, біз түсінбейтін бір тұсы бар болар, кім білген?! Сонымен қатар аталмыш наградаларды

тапсыру мәселесінде де түсініспеушіліктер баршылық. Өткен жылы құжатын өткіз-гендер әлі «Алтын алқаларын» ала алмай жүргендерін айтуда. Дина РАХМАТУЛЛАЕВА, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің наградалар жөніндегі инспекторы:

– 1995-2009 жылдар аралығында облыс бойынша 6 994 анаға «Алтын алқа», 11 712 «Күміс алқа» медалі тапсырылған. Ал биылғы жыл басынан бері 4 936 анаға – «Алтын алқа», 6 542 анаға «Күміс алқа» табысталды. Облыс бойынша бүгінде аталмыш наградаларға 50 мыңнан астам әйел құжат тапсырған. Басқа өңірлерде 5 мың ғана ана құжат өткізген. Солар тапсырып біте алмай жатқанда, 50 мыңды сараптаудан өткізу оңай емес. Жуырда ғана 3,5 мың ананың құжатын Астанаға жібердік. Бұл – өте күрделі жұмыс. Мемлекеттік награда болғаннан кейін, оған тыңғылықты сараптама қажет.Жауапқа қарап, кезекте тұрған көп-

балалы аналарға әлі де біраз уақыт күте тұруларына тура келетін сияқты.

Бастысы, батыр аналарымызға барын-ша құрмет көрсету еді. Алайда алтын деп, жас балаға кәмпит бергендей, алдап жүргеніміз тым ұят емес пе?! Демография-лық өсуімізге өлшеусіз үлес қосып отырған батыр аналарымыз құрметтің барлық түріне лайық екені сөзсіз! Құтқұрсақты аналарымыз онсыз да санаулы ғана.

Гүлжан КӨШЕРОВА

Негізінен, бұл жер ақыл-есі ауысқан кембағал жандардың «мекені» екені баршаға аян. Бірақ кімнің қалай шешкені белгісіз, мекемеге балалар үйінен бітіріп шыққандар да жеткізілген екен. Маман дардың айтуынша, сәбилер үйінен шық-қандардың ақыл-есінде сәл ғана ауытқу бар.

Қазір жүзге тарта тәрбиеленуші шизоф рения, даун сырқаты, эпилепсия сынды түрлі ауруға шалдыққан науқастармен бірге еріксізден бір ғимаратта, тіпті бір бөлмеде тұрып жатыр. «Бұлар бірақ «қояншықтар» емес. Оларға арналған ғимараттың жоқтығынан осылай жасауға мәжбүрміз», – дейді мекеме директоры.

Ақыл-есінде ауытқуы бар балалар төрт жасқа дейін сәбилер үйін мекендесе, 17 жасқа дейін Аягөздегі осы тектес ауру ханада болады. 17 жастан кейін Семейдегі жүйке жүйесі науқастарымен біріктірі леді.

Балалар үйінен келгендердің меке медегі науқастардан өзіндік айырма шылығы жетерлік. Олар қоғамдық жұ мыстарға белсене араласады. Еңбекке қабілетті, адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай алады. «Бар болғаны ата-ананың аялы алақанын көрмей, қоғамнан оқ шау ланып қалған. Сауаттары өте төмен дең гейде. Ақыл-естерінде болар-болмас ауытқулар ғана бар», – дейді дәрігерлер.

Қарлығаш Қалиакпарқызының айтуын ша, сәбилер үйінен келген өрімдей жас тардың барлығы дерлік талантты. Тек тілін тап та, баули біл. Барынша қамқорлық та нытса, олар тіпті бұл жерден шығып, өз бет терінше өмір сүре алады. Оларға Үкіметтен тағайындалған зейнетақы бар. Сонымен күн көріп кетулеріне де жол ашық. Бұл – мекеме басшысының сөзі.

Жетімдерге сынақ жасап жүрген кімдер?!

Cемейдегі жүйке жүйелері науқастарына арналған әлеуметтік медициналық мемлекеттік мекемеде ине шаншар орын жоқ. 400 кісіге арналған емдеу мекемесінде қазір 450 адам иін тіресіп жатыр. Оның біразы балалар үйінен бітіріп келгендердің үлесінде.

Балалар үйінен жеткізілген жандардың бұл жердегі әр күні үреймен өтуде. Өйткені тағдыр тәлкегіне ұшырап, жүйкесі әбден жұқарған науқас жандар кез келген уақытта тосын әрекет жасауы ықтимал. Ал сәбилер үйінен шыққандардың мұндайға көндік песке амалдары жоқ.

Мекемедегі қазіргі контингент 17-85 жас аралығы деп айтуға болады. Ерек шелігі, ерлер бөлек, әйел адамдар бөлек жатады. Медициналық ереже бойынша, ондағы қауіпті топтағы адам-дардың өзі жеке ғи маратта болуы керек. Қазір қарттар да, жастар да аралас. Мекеме басшысы жағ дайды айтып, жауапты орындарға хат жазған, жергілікті билікке де құлаққағыс қылған. Әзірге бұдан шыққан нәтиже жоқ.

Рымгүл АЙСАНОВА, психиатр-дәрігер:

– Бізде Аягөз қаласындағы Балалар үйінен жеткізілген 100-дей адам қазір жүйкесі қатты ауыратындармен бірге. Олар бұл кісілерге жақсы әсер етпейді. Керісінше, жаман. Олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізеді. Балалар үйінен келгендердің тәртіптері дұрыс. Оларды шығармашылық үйірмелерге қатыстырып, әр нәрсені үйретуге болады. Бұл жандардың қалыптасу қабілеттері дамыған. Бізде еңбекке баулу деген емдеу шарттарының бір түрі бар. Сол арқылы олар еңбекке араласады. Тіпті араларында жылына біреуі сауығып шығып жататындары да кездеседі. Сондықтан осы жандарға арналып бір ғимарат салынса деген тілегіміз бар. Біздің аула кең. Құрылысты алыстан емес, жанымыздан салуға да болады.

Әлем МӘДИ, Семей

Екібастұз қаласына қарасты Байет ауылында жантүршігерлік оқиға болды. 31 жастағы оралман жігіт өзінің 6 айлық сәби баласын ұрып өлтірді.

Сот-медициналық сараптама нәтижесі бала өліміне қатысты «бас сүйегінің жабық жарақаты және үгілуі» деген қорытынды жасап отыр.

Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімінің жедел-іздестіру тобының мәліметтеріне сүйенсек, 11 шілде күнгі түнгі сағат 2-лер шамасында Байет ауылының 1979 жылы туған, еш жерде жұмыс істемейтін А. атты тұрғыны үйіне мас күйінде оралып, жатын бөлмеге кіреді. 2010 жылдың 18 қаң-тарын да ғана дүние есігін ашқан бейкүнә сәби сол бөлмеде жатса керек. Баланың жылағанына ызаланған қатыгез әке оны ұрып-соға жөнелген. Осы кезде асүй жақта шаруа қамымен жүрген әйелі кіріп, әңгү-дікке басу айтыпты. Күйеуі болса, баланы төмпештеумен тынбай, әйеліне де жұ-дырық ала жөнеледі. Қысқасы, түнгі сағат 2 мен 4-тің арасында бұл үйде айғай-шу, ұрыс-керіс толастамағанға ұқсайды.

Ертеңгісін, таңертеңгі сағат 9-дың кезінде ерлі-зайыпты екеу ұйқыларынан оянса, сәби шетінеп кетіпті. Сырттай қара-ғанда, баланың денесінен зорлық-зом-былық ізі байқалмапты.

Қандықол әке әзірге ҚР Қылмыстық-процессуалдық Кодексінің 132-бабы бойын ша қамауға алынып, тергеу жұмыс-тары жан-жақты жүргізілуде.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Екібастұз

Періштені ұрып өлтірді

Қырғызстанмен шекарасы шектесетін Жамбыл облысында күнде бір тосын оқиғаның орын алуы қалыпты жағдайға айналып кеткендей. Қару-жарақ, есірткі тасымалы жолда қалып, енді қандастарымыз шегендеулі шека раның арғы бетінде қалып қойып, қиын жағдайға тап болып жатыр. 100-ден астам қазақ-стандық отбасы Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы аймақта қалып қой ған. Облыс орталығынан отыз шақырым жерде орналасқан Юбилейный саяжайының айна ласы арнайы сыммен қоршалып тасталған.

Себеп – шекара мәселесі. Сол себепті тұрғындар өз үйлерінен айырылуда. Соның кесірінен мемлекеттік шекараны бұзып, заңға қайшы әрекетке барудан басқа амал таппай отыр. Осында бірнеше жылдан бері тұрып келе жатқан тұрғындардың үйлерін іргетасын да қалдырмай бульдозермен сырып тастамақ. Тұрғындар әлеуметтік көмектердің бәрінен қағылған. Екі мемлекеттің шекарасын кесіп өтетін жолды жауып тастағандықтан, ар жаққа да, бері жаққа да автобустар қатынамайды. Енді, тіпті, тұрғындарға ауыруға да болмайды. Себебі «Жедел жәрдем» көмегін де ша-қыра алмайды. Сылтау – жол жоқ. Айда-ладағы аралдың кебін киіп отырған тұрғындар қазір екі елмен де қатынаса алмай отыр. Азық-түлікті жеткізудің өзі мұң. Жазғы демалыс бітіп, жаңа оқу жылы басталғанда шекара маңындағы шу тіпті қыза түсетін сыңайлы. Өйткені балалар бұрын Қырғызстанға қарасты екі шақырым қашықтықтықта орналасқан мектепке қатынап оқитын. Енді ол жаққа қатынау мүлде мүмкін емес. Шекараны делими-тациялау кезінде ескі жолды жауып тас-таған. Айналма жолдың өзінің салыну-салынбауы неғайбыл болып қалды. 2011 жылы айналма жол салынады деген жоспар болған. Енді оған үміт артудың өзі қиын. Әзірге 100-ден аса шаңыраққа шекара шырғалаңына шыдай тұруға тура келеді. Бұл аумақтағы үйлердің жер телімдері үлкен, 20-30 сотықтан. Кейбірі-нің жерлерінің жартысы арғы бетте, үйлері бергі бетте қалып отыр. Осыншама уақыт Қырғыз шекарасының үстіне салынған үйлердің 20-дан астамы қиратылатын болады. Шекара шебін анықтау кезінде саяжай аумағын екі елге ортасынан бөлген. Шекараны шектейтін белгіде тұратын мұздай қаруланған әскерилер ары қарай өткізбейді. Тіпті саяжай аумағына көлікпен кіру мүмкін емес.

Гүлжан КӨШЕРОВА

ОҚИҒА

балан сында, қалғандары жекеменшік ұйымдардікі. 15 күндік жолдаманың құны 15-17 мың теңге ара-лығында. Сонымен қатар тұрмысы нашар отбасы-ларының балаларына жеңілдіктер қарас тырылған. Олардың жазғы демалысы облыстық қамқорлық кеңесінің қорынан өтеледі.

Page 5: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбі www.alashainasy.kz 5e-mail: [email protected]

НАРЫҚ

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Көшірме қалай жасалады? Бүгінде көптеген сурет галереялары мен дүкендерінен әлемде өте қымбат

бағаланатын картиналардың көшірмелерін сатып алуға болады. Картинаның түпнұсқасынан айнымайтын көшірмелерді жасауда қандай әдістер қолданылады?

Рустам РАХИМОВ, Шығыс Қазақстан облысы

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Қызыл түсті банан да болады Естуімше, банан жемісінің тек сары ғана емес, қызыл түрі де болады екен. Біздің

елге банан, негізінен, қай елдерден әкелінеді?Әли БЕКОВ, Алматы қаласы

Банан қатты өзексіз өсімдіктердің ең ірісі саналады. Банан шөбінің биіктігі 10 метрге, диаметрі 40 сантиметрге дейін барады. Бір түпте салмағы 500 келі болатындай 300 жеміс өседі. Сіздің айтып отырғаныңыз дұрыс, бананның тек сары түсі ғана емес, қызыл, қара түсі де кездеседі. Қызыл және қара банан өте жұмсақ, нәзік болғандықтан, тасымалды көтере алмайды. Түрлі-түсті банандар тек Сейшельдегі Мао аралында ғана өседі. Жер-гілік ті тұрғындар бұл жемісті шаян, моллюс-кілерге қосымша тағам ретінде пайдаланады.

Бананның отаны – Оңтүстік Шығыс Азия. Бұл жемісте басқа жемістерге қарағанда адамның көңіл-күйін көтеруге септігін тигізетін B6 дәрумені мол. Бүгінде бананды ең көп өсіретін мемлекеттер – Бразилия мен Үндістан. Банан картоптан бір жарым есе құнарлы екен. Ал кептірілген бананның калориясы бес есеге көп. Бір бананда 300 мг калий бар, бұл адам-ның қан қысымының көтерілмеуіне әсер етіп, жүрек қызметін жақсартады. Латын тілінде "musa sapientum" деп аталатын банан жемісі «даналық жемісі» деген мағына береді.

Бүгінде жаңа технологиялардың дамыған заманында кез келген картинаның көшірмесі оп-оңай жасалатын болды. Тіпті «Мона Лиза» картинасының түпнұсқасы мен көшірмесін ажырата алмай қаласың. Таяуда Ресейдің П.Н.Лебедев атындағы Физика институтының қызмет керлері тікелей лазер сәулесі арқылы көшіру әдісін ойлап тапты. Лазер арқылы көшіретін құрылғының қызметін компьютер арқылы бақылап отыруға болады. Аталған технология арқылы мыстың буындағы лазер-

дің көмегімен тіпті майлы бояуды көшіруге болады. Сондай-ақ жекеле ген бөлшектер ғана емес, суреттің толық фраг менті көші рі-леді. Мамандардың айтуын ша, бұл техно-логиямен тек көшіріп қана қоймай, компью-тердің экраны арқылы сурет салып, оны ке неп ке көшіре алады. Сонымен лазерлік технология арқылы қарапайым прин терден шығаруға келмей тін кез келген қатты матер-иалға компью тердегі қажетті картина оңай көшіріледі.

БАЙЫП

Полигон аймақтарына инвестиция салу қаншалықты тиімді?

ҚАЛТ

А Ж

ӘНЕ Қ

АРЖ

Ы

Шығынды жоспарлай білесіз бе? Соңғы уақытта сарапшылар

қалтаңыздағы қаржыны үнемдеу үшін шығынды да жоспарлау қажеттігін жиі айтып жүр. Ал енді шығынды жоспарлау дегеніміз не? Мұны біз білеміз бе?

АЛАШ- АҚПАРАТ

ТАУ-

КЕН

НАРЫҚ ПЕН ПАРЫҚ

Ара ұялары да құжатталатын болды

Көмір қазудың немістік үлгісі

Делдалдарға тосқауыл қажет

Шығыс Қазақстанда балға сұраныс артып келе жатқанмен, оны кері тартып тұрған проблемалық жайттар көп. Соның бірі – бал араларын ұстайтындардың тым көбейіп, олардың 85 пайызының жекеменшік қолда болуы.

Биыл «Еуразиялық энергетикалық корпорацияның» Екібастұздағы «Шығыс» кенішінің үздіксіз жұмыс жасап келе жатқандығына – 25 жыл. Көмір кенішін жобалау кезеңінде-ақ, оның бірегей кәсіпорын болары анық еді. Көмір өндіру саласында бірінші болып көмірді ағындық технологиямен өндіретін және орташалау-тиеу кешені бар кеніш салынды. Жылдар өткен сайын «Шығыс» кеніші өзінің алдыңғы қатарлы көмір өндіруші кәсіпорын мәртебесіне лайық екенін дәлелдеп келеді.

Екібастұздықтар соңғы жылдары арзан азық-түлікті муниципалдық базардан іздеуді әдетке айналдырған. Ал бұл базарда өнім бағасы басқа сауда нүктелерінен қаншалықты төмен?

СӨЗ БАСЫ... Жалпы, осыған орай елдегі Ұлттық

ядролық орталықтың директоры Қайрат Қадыржановтың Семей ядролық полигон территориясын ауыл шаруашылығына қайтаруға болатынын сөз еткелі біраз уақыт болды. Қайрат Қадыржанов мырза-ның айтуынша, Семей полигон аймағының 95 пайызын шаруаларға қолданысқа беру-ге болады. Ал қалған 5 пайыз жер ол тіке-лей ядролық сынақ жасалған жерлер. «Бұл территориялар жабық болуы тиіс. Ол 5 пайыз жерлерге мамандардан басқа адамдардың кірмейтініне біз сенімді бо-луымыз керек», – дейді Ұлттық ядролық ор та лығының директоры. Демек, Ұлттық ядро лық орталықтың зерттеулеріне сүйен-сек, бүгінде аталмыш полигон аймақтары 95 пайызға залалсызданып болған. Оған инвестиция тартуға да, ол жерлерден ша-руа қожалықтарын ашуға да болды-мыс. Ал бұл шындығында солай ма? Бұл тура-сында кезінде халық қалаулысы Нұртай Сабильянов:

– Үкімет ауыл шаруашылығына қажетті жерді анықтап беруі керек. Мәселен, Абай ауданы Саржал ауылы төтенше радиация-лық аймаққа жатады. Бірақ осы ауылдың шаруа қожалықтары бұрынғы Семей ядролық полигонының жерлеріне жылқы-ларын жайып жүр. Осыған орай шаруа қожалықтарының басшылары полигон жеріне шаруашылық мақсатқа пайдалану үшін 100 мың гектар жерді бөліп беруді сұрап отыр, – деген еді.

Әйтсе де мамандар біздің елдегі полигон аймақтарын қолданысқа беруге тым ерте екендігін айтып дабыл қағуда...

ДЕРЕКТЕРГЕ ЖҮГІНСЕК... Егер ресми деректерге жүгінсек,

негізінен, ядролық сынақ жасалған аймақ-тарды залалсыздандыру мерзімі екі ғасыр

Біраздан бері полигон аймақтарына инвесторлар тарту жайы қызу талқыға түсіп жүр. Қайсыбір мінбелерде осы мәселе қолдау тауып жатса, енді бір тарап «елдегі полигон аймақтары толық залалсыздандырылып біткен жоқ. Демек, ол аймақтарды қолданысқа берудің табысқа жетелейтініне сену қиын» деген пікірлерді де алға тартады. Бұл мәселе өткен аптада тағы бір мәрте қаузалды. Байқауымызша, біздің елдегі полигон аймақтарына іргедегі Қытай Халық Республикасының инвесторлары инвестиция салуға бейіл танытып отырған көрінеді...

бойына жүргізілуі керек екен. «Қандай да бір сынақ алаңын тек 200 жылдан кейін ғана қолданысқа беруге болады» дейді жапондық ғалымдар. Мұның өзінде ке-шен ді түрде залалсыздандыру жұмысы жүргізілсе ғана.

Рас, біздің елде осы уақытқа дейін полигон аймағын залалсыздандыру жұ-мыс тары жүргізілді. Осы мақсатта біздің Үкімет 2005-2008 жылдар аралығында «Семей ядролық сынақ полигонының про-б лемаларын кешендi шешу жөнiндегі ар-найы бағдарлама» да қабылдады. Бағ-дарлама, негізінен, полигонның қоршаған ортаға нақты әсерін анықтауға бағытталған зерттеу-анықтау жұмыстарын қамтыды. Әрине, зерттеу нәтижелері бойынша, жаңа қорғаныс жүйелері жасақталып, ядролық қауіпсіздікті болдырмау қамтамасыз етіл-геніне біздің дауымыз жоқ. Бірақ жапон-дардың есебі мен біздің қазекеңнің есебі сәйкес келмей тұрған жоқ па? «Жапондар өздерінің залалды жерін тек 200 жылдан кейін ғана пайдалануға беруді жөн санап отыр, ал біз осы орайда асығыстық танытып отырған жоқпыз ба?» деген ой туындайды осындайда.

ГӘП ҚАЙДА ЖАТЫР? Ал енді осы «полигон аймақтарын

пайдалана беру керек» деген пікір қайдан шықты дегенге келсек... Бұл турасында ғалым Сапабек ӘСІПҰЛЫ былай дейді:

– Осы полигон аймақтарын пай да-лану турасындағы ойды шығарып отырғандардың өзі – сол елдің жұрты. Олардың айтып отырғаны мынау: «біз сол жерде 40 жыл бойы өмір сүрдік. Полигон аймағы жүріп жатқан кездің өзінде тұрғылықты сол жерді мекен ет-тік. Кезінде ашық жатқан полигон ай-мақтарына жылқыларымызды жайған-быз. Ол жылқының қымызын мұқым ел ішеді, етін біраз қауым азық етеді. Сондықтан да сол бұрынғы полигон аумағынан жер алып, оны құжатпен заңдастырсақ жөн болар еді» дейді сол елдің халқы. Міне, бұл – осыдан барып

туындаған мәселе. Әйтсе де өз басым полигон аймақтарына инвестиция тартуды оң санамаймын. Бұл нәтиже береді дегенге сену қиын. Меніңше, осы аймақтарда тұрып жатқан жұртшы-лыққа төленетін жәрдемақы көбейтілуі тиіс. Мәселен, Жапонияда сынақ алаңын мекен ететіндерге үш деңгейінен көмек беріліп тұрады. Біріншісі – округ-тік әкімшілік, екіншісі – штаттық әкімші-лік, енді бірі – федералды әкімшілік. Байқаған шығарсыз, үшеуі де мемлекет-тік мекеме. Сондай-ақ олар басқа жаққа қоныс аударып кетіп, туған жері-не қайта айналып келсе, елде тұрмаған жылдардағы өтемақысын даулап алуға құқы бар. Ал біз зиянды қалдықтар қоймасына айналған елді мекендерде тұрып жатқан, полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, олар өзге қалаға қоныс аударса, болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бас тартамыз. Сондықтан құзырлы орындар осындай жауапкершілікке иек артса деймін...

ОЙСАЛАР: Рас, маман сөзінің жаны бар екені һақ. Біздің осы уақытқа дейін полигон аймағында тұрып келген жандарға

жәрде мақы беруге келгенде таршылық танытып жүргеніміз де жасырын емес. Мамандар бүгінде тек Семей полигоны ғана емес, шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн га жері 40 жыл бойы ядролық сынақ аймақ тары болғанын анықтап отыр. Қазірде ғалымдар Семей полигон аймағы на қоса Батыс Қазақстан және Атырау облыс тарын-дағы «Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигон ай мақ тарын да кешенді түрде зала лсыз дан дыру қажеттігін алға тартады. Бұл аймақ тардың халқы да жәрдемақының мар ды мсыз екендігін айтып, жиі шағына-ды. «Ал енді осы аймақ тарға инвестиция сал сақ, зауыт-фабрика лар орнатсақ, өн-діріс орындарын ашсақ елдің экономикалық ахуалы көтеріліп кете қояды» дегенге мұн-дағы қауым да сенің кі ремейді. «Мұн дай шараларды қолға алып, оның нәти жесін көру үшін кем деген де 10 жылдай уақыт қажет. Сондықтан бізге полигон ай мақ-тарына инвестиция салудан бұрын алды-мен осы аймақтарды залалсыздан дыру мәселесін, полигон аймақтарындағы жұрт-шылыққа мемлекет тарапынан беріле тін әлеуметтік төлемдерді көбейту жайын ше-шу қажет» дейді маман дар.

Негізінде, шығын жасауға да арнайы жоспар құрып, дайындалу керек екен. Ол үшін алдымен өзіңізге өзіңіз «Қайда? Қа-лай? Не үшін?» деген сауалдарды қоя біл-геніңіз жөн. Мысалы, «қайда?» деген сұрақ сіздің қай жерден сауда жасайты ныңызды анықтайды. «Бұл кездейсоқ тап болған жол дағы дүкенге ене салудан, сапасыз зат сатып алудан, орынсыз шығындалудан сақтайды» дейді мамандар. Сөйтіп, бұл сауалды өзіңізге жиі қою арқылы сіз өз қажеттілігіңізді қанағаттандыра алады екенсіз.

Ал «қалай» деген сауал сізді сатып алу тізіміне жан-жақты дайындалуға бағыт-тайды. Демек, сіз дүкенге жай ғана кіре салмайсыз, бұл орайда өзіңізге не сатып алуға келгенде, сізді ешкім міндеттей ал-май ды. Өйткені сіз қалай сауда жасауды, қалай шығынды жоспарлауды алдын ала жоспарлағансыз. Бұл орайда да сіз саналы түрде шешім қабылдай аласыз.

Енді «не үшін?» деген сауалға келсек,

мысалы, дүкеннен шығардағы кассада тұрған шоколадтар мен сағыздар немесе басқа да ләззат алатын ұсақ-түйек заттар

көрсеқызарлық сатып алу ға әкеп тірейді. Сіздің ке зек те тұрған сәтіңізден бас тап, көзі ңіз алдыңызда қа ланып тұрған шоко лад тарға, кәм-пит терге түсті де лік, осы сәт-те өзі ңіз ге «не үшін?» деген сауалды да қоя біл ге ніңіз жөн. Міне, бұл сауал да орын сыз шы ғын нан бойды алшақтауға мүмкіндік бе-реді.

Осыдан кейін сіз шы-ғын ды жоспар лағанда, жос пар бойынша өзіңізді ұстай білдіңіз бе? Осы сауал дың астарына үңіліп көріңіз. Егер де сіз жоспар-дан ауытқысаңыз, оның себебін көрнекті сиямен жазып алып, үйіңіздегі өзі-ңіз жиі қарайтын жерге іліп қойыңыз. Бұл келесі жолы жоспарлы шығыннан ауыт-қымау үшін қажет нәрсе. Бір ескеретіні, бұл тәсіл өзіңізге көңіліңіз әбден

тол ғанша жалғасуы керек. Жалпы, қаржы кеңесшілерінің айтуын-

ша, шығынды ұйымдастыру кезінде отбасы

мүшелері өз кірістерін біріктіру арқылы ортақ мақсаттарға қол жеткізеді. «Яғни алға белгілі бір мақсаттар қойып, ол мақ-саттарды тізіп, оған жетудің бағасын біліп, мерзімін анықтау қажет», – дейді бұл орай да сарапшылар.

Негізінде, шығынды жоспарлауға қа-тыс ты жоғарыда айтылған әрекеттер қал-таңыздағы қаржыны бақылаудың бір бөлігі болып табылады. Егер сізде уақыт өте келе «шығыс бойынша жоспарланғандағыдан көбірек жұмсасам» деген ниет туса, онда өзіңізге өзіңіз «мен жоспарланған мақсат-тардың бірін құрбандыққа шалуға дайын-мын ба?» деген сұрақ қойып көріңіз. Ал осы сауалға «дайынмын» деген жауап ал-саңыз, онда шығындық жоспарды кө бей-туіңізге болады. Жалпы, біле-білгенге ақша жұм сау дың бұрыс немесе дұрыс үлгісі жоқ. Әрине, әркім қалтасындағы қаржысын өз еркінше жұмсауға құқылы. Әйтсе де сіз шығын ды жоспарлай отырып, қалтаңыз-дағы қаржыңызды үнемдеуге қол жет-кізсеңіз, отбасының барлық мүшесі риза болары анық. Демек, бұл сіздің шы ғын ды ұйымдастырудың дұрыс үлгісін таңдап алғаныңызды көрсетеді. Ендеше, біз бұған қатысты шығыныңызды жоспар лап, кірі-сіңіз ді молайта біліңіз демекпіз...

Қарлығаш ЗАРЫҚҚАНҚЫЗЫ

Жекеменшік иелері бал араларының да, балдың да түрлерін дамытумен айна лысуға ықылассыз. Қолда барынан пайда түсіріп жүре береді. Ортақ ұмтылыс жоқ. Сонымен қатар ара ұяларын есептеудің епті әдісі де жоқтың қасы. Осының кесірі нен, ара беретін өнімнің қаншалықты азайып немесе көбейіп келе жатқандығын, мөлшерін, сапасын дәл анықтау мүмкін емес. Осы өзекті мәселенің барлығын омар ташылар қауымы Бороду-лиха ауда нына іссапармен барған облыс әкімі Бер дібек Сапарбаевтың алдына жайып сал ды.

Ал аудан жетекшілігі бұл салада 2010-2015 жылдарға арналған бағдарлама жасалғандығын, соның есебінен жылына 50 тонна бал өндіру жоспары бар екендігін жеткізді. Алайда жоғарыдағы аталған мәсе лелерді шешпей, мұндай жетістікке жету екіталай.

Омарташылардың ойынша, бал өнім-дерін шығаруды жеңілдету үшін, арнайы кеңсе ашылуы қажет, сонымен қатар оңтүс-тіктен ара түрлерін әкелуге үзілді-кесілді тыйым салу керек. Бұл сұрақ өткен жылы көтерілгенмен, өгей араларды әкелушілер

әлі көп. Омарташылар «келімсек аралардан жергілікті араларға төнер қауіп мол» деп алаңдаулы.

Омарташылар мен облыс басшыла ры-ның басқосуында белгілі болғаны мынау: Енді әрбір ара үйінің яғни омарта орнының өз төлқұжаты болады. Шағын омарташы-лардан бастап, ірі бал шаруашылығы орын-дары тегістей құжатталады. Ал жергілікті әкімдер фирмалық бал дүкендерін ашуға қолдау көрсетпек. Шулы салық мәселесін шешуге де жергілікті әкім-қаралар қол ұшын беретін болды. Облыс әкімі болса, балды өткізу мен дотация мәселесіне қол-дау жасалатындығын айтты.Бердібек САПАРБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

– Үкімет деңгейінде дотация мәселесін шешу әлі бірыңғай болған жоқ. Ал облыстық бюджет сіздердің салаларыңыз үшін биыл 30 млн теңге қарастырып отыр. Яғни сіздерді назардан тыс қалдырмаймыз.

Елмейір АХМЕД, Шығыс Қазақстан облысы

Үстіміздегі жылы маусымда «Шығыс» кенішінде Павлодар облысы көлеміндегі ең ірі инвестициялық жоба – циклдық-ағындық кен қыртысын аршу кешені іске қосылды. Кен жынысын үйіндіге конве й-ермен тасымалдап үю жүйесі Қазақстанда алғаш болып осы кеніште іске асты. Дегенмен бұл «Шығыста» қолға алынған жалғыз шаруа емес. Жақында ғана «ЕЭК» АҚ-ның инвестициялық жұмыстарды басқару жөніндегі бас маман Эльдар Дау-тов Германияға іссапармен барып, неміс әріптестерінің тәжірибесімен танысты.Эльдар ДАУТОВ, «ЕЭК» АҚ инвестициялық жұмыстарды басқару жөніндегі бас маман:

– Неміс әріптестеріміз қолданатын технологияның біздегіден айырмасы көп екенін айта кету ләзім, бірақ ондағы технологияның техникалық құрамы – роторлы экскаваторлар, үйінді жасау машиналар, транспорттық конвейерлер бізге әбден таныс. Немістің «Райхваль-де», «Велде-Зюд», «Нохтен» сияқты үш кенішінің геологиялық жағдайлары ұқсас. Кен қыртысының қалыңдығы, негізінен, борпылдақ құм тәріздес, 65-тен 100 метрге дейінгі аралықта. Оның артынан күлділігі төмен қоңыр көмірдің жұқа қабаты көрінеді. Жыныстың салыс-

тырмалы жұмсақтығына қарай, тау-кен жұмыстары жарылыс дайындығынсыз-ақ жүргізіледі. Мені таңдандырғаны – немістердің тақуалығы. Кенішті өңдеу жүйесі ұзынша, бірбүйірлеп келеді, кен қазу, аршу жұмыстары карьер алаңы осінің ұзындығымен параллель жүргізі-леді. Яғни бір жағынан, олар көмір қабаттарын аршып, өңдеп жатса, екінші жағынан, ішкі үйінді жасайды, нәтиже-сінде, бірер жылдан соң ол жерде өндіріс жұмыстарының ізі де қалмайды. Біз болсақ, жергілікті тау-кен геология-лық жағдайларға байланысты жынысты сыртқа шығарып үюге мәжбүрміз. Тағы бір айта кетерлігі, неміс кеншілері

экология мәселесіне аса мән береді. Олар да «Шығыс» кенішіндегідей топыраққа үнемі су шашып, шаңды басып отырады. Әр конвейердің көтермесінде шуды бас-қыш қаптама орналастырылған. Үйінді жасалып болған соң, сол жердің беті қайта жобаланады, көпжылдық өсімдіктерді сеуіп, көшеттер мен бұталар отырғызылады. «Шығыс» кенішінде бұл жұмыс әлі қолға алынған жоқ, дегенмен немістердің тә жір и-бесі қызықтырады.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Екібастұз

Ауылдан ет әкелетіндер көбінесе му ни-ци палдық базарды емес, «Нарық» базарын жағалайды. Себебі онда көтерме баға жоға рырақ. Муниципалдық базардағы саудагерлер болса, шаруаның маңдай терін төгіп, бағып-қаққан малын арзанға алғылары келеді. Бала-шағасын асырап отырған күнкөріс көзін кімнің аз-маз ақша-ға бере салғысы келеді дейсің, осыдан ба-рып малының етін пұлдағысы келгендер ойланбастан «Нарық» жаққа тартады.

Иә, муниципалдық базар сатушылары-ның өздеріне артылған сенімге селкеу түсі-ріп, талап үдесінен көріне алмай отырғаны өкінішті-ақ. Базар әкімшілігі сату орнын жалға беруде едәуір жеңілдік жасағанымен, сатушылардың бұл жақсылықты ақтап жатқаны шамалы: ет бағасы мұнда басқа базарлардан ерекшеленіп тұрған жоқ. Сұрпы ет бағасы бұл жерде де 1000 теңге-ден жоғары.Айнагүл ҚҰРМАНОВА, Екібастұз қаласы әкімінің аппарат бастығы:

– Мен муниципалдық базарға үнемі барамын. Сұрпы еттің бағасы мұнда басқа сауда нүктелеріндегімен бірдей. Газеттерде жарияланған бағаларды ба-зар дан көрмейміз. Ал арзанға, мәселен, жарнамаларда айтылғандай, 650 тең-

ге ге бағаланған етті алайық десек, сапа сыз, жасық, кәрі-құртаң мал еті.

Нұрлан НӘБИЕВ, Екібастұз қаласының әкімі:

– Муниципалдық базардың негізгі мақсаты – өзіне пайда табу емес, қаладағы жалпы азық-түлік бағасын төмендетуге ықпал ету болуы керек. Ал бұл базар азық-түлікті тек сенбі күндері, әкім келеді деп қана арзанға ұстауды әдетке айналдырған. Негізі, мұнда қай кезде де азық-түлік бағасы басқалардан бір теңгеге болса да арзан болуы тиіс. Қалай дегенмен, тығырықтан шығудың

жолы жоқ деуге келмес. Ет бағасын төмен-детудің бір тетігін тапса, базар әкімшілігі табуы керек. Қалай? Базар жанынан әлеуметтік дүкен ұйымдастырып, делдал-дыққа тосқауыл қою арқылы. Егер муни-ципалдық базарда өзінің ет сатушылары болатын болса, көтерме бағасын төмендет-пестен, ет тапсырушылармен тиімді қарым-қатынас орнатуға болар еді. Ет өткізушілер қатарының көбеюі базар ішіндегі бәсе-келес тікті арттырып, қаладағы жалпы баға нарығына да әсерін тигізері сөзсіз.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА, Екібастұз

Аба

й О

МА

РОВ

(кол

лаж

)

Page 6: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбі www.alashainasy.kz6 e-mail: [email protected]

АЛАШ АЗАМАТЫ

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, «Болашақ» бағдарламасына аналог бола алатын білім беру жүйесі Сингапурда, Канадада, Қытай, Малайзия, Франция, Германия, Жапония, Жаңа Зеландия, Швейцария, Ұлыбритания мен АҚШ-та бар. Ресейде ел Президенті Дмитрий Медведевтің шетелде оқуға бөлінетін стипендиясын алу үшін арнайы ашық байқау өткізіледі. Бұл стипендия өзге мемлекеттерде бакалавр, магистратура, аспирантура бойынша білім алуға және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен іс-тәжірибеден өту үшін де беріледі.

«Болашақ» халықаралық бағдарламасы Елбасымыздың тікелей бастамасымен қолға алынған білім беру жүйесі ғой. Мұндай стипендияны өзге елдердің басшылары тағайындай ма?

Нұрлыгүл ӘБЕУОВА, Алматы қаласы

Балам кивиді сүйіп жейді. Жеміс-жидектердің ішінде соған айрықша құмар. Бұл жемістің ағзаға қандай әсері бар? Қандай дәрумендерден тұрады?

Динара ЫСҚАҚОВА, Астана қаласы

Киви – актинидия (Қытайда өсетін мәңгі жасыл жапы рақты ағаш) тұқымына жататын өсімдіктің жемісі. Оның құрамында 75 мг С дәрумені, 2,6 г жасұнық, 11 г көмірсу мен 4 мг нат р ий бар. Киви құрамында калий де бар. Дә рі герлер бұл жемісті ағзаға өте пайдалы жеміс деп есептейді. Мәселен, йод тапшылығы мен гипертониясы бар адамдар кивиді әркез қолданғаны жөн. Жемістің өн бойындағы дәрумендер ағзадағы майды ерітіп, қан қысымының көтерілуіне жол бермейді.

Әр елдің өз «Болашағы» бар

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...– Жалпы, пенде болған соң жанбағыс та керек, баспана да, көлік те –

бәрі де қажет. Бірақ ең алдымен елімізге, бір-бірімізге жанашырлықпен қарап, ұлттық намыс дегенді бәрінен биік ұстауымыз шарт! Әйтпесе бүгінде бәрі алым-берімге, сатылымға айналды. Ал шын намыс ақшаға сатылмайды, сатып та ала алмайсың, сатылымға сала алмайсың. Намыс сені ешқашан қиянатқа итермейді, жаман атқа қалдырмайды. Аяғыңды абайлап басасың. Ол біздің қыздарымызға да, ұлдарымызға да өте қажет. Біздің қыздарымыз қазір өзінің қыз балаға тән табиғатын жоғалтып барады. Гендерлік саясат деген шықты. Ал біздің әжелеріміз аталарымызды сол гендерлік саясатсыз-ақ тапты ғой?! Сол қарапайым күйінде-ақ біздің тұқымымызды таратып, ұрпақ тектілігін сақтап, бізді адам қылды, ел қылды. Өзінің намысын білген қызды ешкім басына алмайды, ешкім оған қол көтермейді, қыз бала тек намысымен ғана өзгеге өзін сыйлата алады. Ертең ана болатынын, ұрпақ тарататынын, бір шаңырақтың иесі, бір елдің ұйытқысы болатынын қыз бала ешқашан жадынан шығармаса, оны күйеу де алады, жақсы жерге де барады, байиды да, атақты да болады. Шаш-кірпікті бояп, езуіне темекі қыстырып, орыс болғанынан, ағылшын болғанынан не ұтады? Өз халқынан артық ел жоқ. Біз – сұлумыз, біз – тектіміз, бізде ерлік бар. Осыны жоғалтпау керек!

Кивидің ағзаға пайдасы көп

ДАТ!

Нұрқанат ЖАҚЫПБАЙ, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi, режиссер:

– Сіз Асқар Тоқпанов, Шәкен Айманов сынды қазақтың театр және кино саласына серпіліс алып келген мықты режиссерлердің көзін көріп, тіпті өнер жолында солардан сабақ алдыңыз. Жүрегі қазақ деп соққан бұл кісілердің туындыла ры нан ұлттық бояудың иісі аңқиды. Қазір өзіңіз сол кісілердің орнын басып, режиссер болдыңыз. Ендеше Айманов, Тоқпановтардың кезіндегі қазақ режиссурасы мен қазіргі режиссураны салыстырасыз ба? Қазақ режиссурасы қазір қандай бағытқа бет алды?

– Мен ең алғаш консерваторияда оқып жүргенде режиссер Әзірбайжан Мәмбетов «Қобыланды» қойылымын қойды, біз сол қойылымның тұсаукесерінің көпшілік сахнасына шықтық. Сол жерде тұңғыш рет «е, режиссер деген осы екен ғой» деп ойладым. Таңертең кірген репетициядан түннің бір уағында әбден сілең қатып, әрең шығасың. Ол кісі күн демей, түн демей сахнаға жанын салып, көпшілік сахнасының өзін шығару үшін соншама дайындық жүргізетін. Қазір ондай қайда?! Қазақ театр өнерінің ең шарықтау шегі сол Әзірбайжан Мәмбетовтің тұсында болды. Қазіргі менен үлкені бар, кішісі бар, жалпы қазақ режиссерлері бәріміз сол Мәмбетов тің қойған шығармаларын көріп өстік. Содан соң мен Ғ.Мүсірепов театрында актер болып жүргенімде Мен дон Ук деген кәріс режиссері келді бізге. Жаңашыл, экспери-ментті, авангард режиссер еді. Біз басқаша режиссураның да болуы мүмкін екенін сол кісі арқылы білдік. Қазір енді шекара ашық, әлеммен еркін байланыс жасаудамыз. Не көргіңіз келеді, интернетте бәрі тұр. Тіпті ақшаңыз болса, қалаған спектакліңді шетел ге барып, көріп келуге де болады. Сондықтан да қазір жүртты «ой, осы Әуезов театрында, не болмаса Лермон товта сұм-дық премьера болайын деп жатыр екен» деп бұрынғыдай таңғалдыра алмайсыз. Қазір заман басқа, сондықтан басқа режис-сура керек, басқа актерлік шебер лік, басқа опералық әнші, басқа балет керек. Негізгі іргетасы сол, бірақ көр се ту формалары мүлдем жаңаша сипатта болуы керек. Себе бі Тәуелсіздік алғалы 90-жылдары туылған балалар қазір 20-ға келіп, оң-солын түсінетін азамат болды. Олар 1990 жылы туса, 1995 жылы бес жастарында компьютер келді. Артынан интернет келді. Алты-жеті жастағы бала компьютерге оты-рып, алдымен ойнап көрді, кейін интернетті меңгерді де, оның керемет мықты мүмкін-діктерін біліп, кітап оқуды, кино көруді, театрға баруды керек етпей қойды. Себе бі алдында одан әлдеқайда қызық әлем есігін ашып тұр ғой. Қалағанын үйден шық пай-ақ сол жерден тауып алады. Соны біл ген бала бізге қарайды, амал жоқ, мектеп қуып әкелген соң онда да. Сөйткен кезде сахнаға қазақ акте ры шығып, оның интер не тіндегі кере метінен әлдеқайда төмен ойнаса, екінші рет оны тіпті өлтірсеңіз де театр табалды рығын аттамайды, онымен қоймай «қой шы, менің халқымның жүрісі әлі мынау» деп намыстанатын да болады. Ал ол мына маған, режиссерге тіпті ауыр ти-мей ме? Сондықтан мен намысқа тыры сып, әлгі интернеттен әлемді бақылап отырған баланы қалайда театрға мойын бұрғызамын деп жаңаша форма, жаңа тәсіл іздеймін. Бұрынғыдай қазір сөздің емес, қимыл-әрекеттің, шапшаңдықтың заманы. Ақыл айтатын заман өткен. Бұл екі-үш сағат қойы лымның қазір ешкімге керегі жоқ, оны көріп отыруға қазір ешкім нің төзімі жетпейді де. Қазір 10-15-ақ ми нут та кере-мет тің көкесін танытарлық туынды жасап шығаруға болады. Осыдан келіп менде жанталас пайда болады. Жан таласқанда менде режиссерлік шеберлік пайда бола-ды, мен міндетті түрде бір жаңалық таба-мын. Менің актерлерім ән де айта алады, билей алады, пластикалық қимыл дар ға да шебер, паузамен де жүреді, көп ақыл айтпайды, секіргенде тура үйдің төбе сіне жетеді. Мен сондай актер дайын дап, сондай спектакль қоямын. Менің спектаклім жалғыз қазақ үшін ғана емес. Ағылшын, кәріс, қытай да, басқа да оны көргенде аудармашысыз түсінуі керек.

– Яғни өнердің тіліне қызмет етемін дейсіз ғой?

– Иә, соныма қарап жұрт кейде мені «жаңашыл бағыттағы режиссер» дейді. Ол әрине, жақсы. Бірақ оған тоқмейілситін мен емес, керісінше, ол маған жүк артады. Мені жаңашыл дегеннен кейін, мен соған қашанда лайық болуым керек. Себебі бүгінгі жаңашылдық ертең-ақ ескіге айна-ла ды. Сол себепті бір спектакльді қойып жатып, екіншісі ойымда тұрады. Міндетті түрде солай етпесең болмайды, үлгірмей-сің. Уақыттың алдын алу керек, егер жаңа-шыл болып қалам десең. Кеш қалуға бол-майды, әйтпесе ешкімге керек болмай қаласың. Тірі жүріп, керексіз болғаннан өл-ген артық. «Ой, мен кезінде керемет нәрсе жасап едім» деп артқа қарағанша, алға қарай ұмтылу керек.

– Негізі, «заманына қарай заңы» дегендей, әр кезең көрерменінің өз дәуіріне сай талғамы да ерекше болады. Сіздің көзқарасыңыз бойынша, қазіргі көрермен қандай дүниені қажет етеді? Бүгінгінің кейіпкері кім өзі?

– «Мынадай адамға ұқсасам» деп «герой» іздеу, ол біздің заманда қалып қой ған нәрсе сияқты. Біз Сәкен Сейфуллин, не болмаса Ғани Мұратбаев, Бауыржан Момышұлы десе, солар жайлы спектакль шығыпты десе жанымыз қалмай, жетіп

баратынбыз көруге... Қазір, меніңше, жас-тар оны ойламайды. Қазақтың бір тұлғасын пір тұтып, сондай болмаса да ұқсап бағуды қазіргі жастар, әй қайдам, ойламайды-ау... Шәкірт тәрбиелеп жүрмін, жастардың арасында жүрмін, ондай бір құлшыныс пен құштарлықты байқамадым.

– Ал олай болса, мұндай қоғамда театр көрерменіне не беруі керек? Әлде кейіпкерсіз де туынды жасау мүмкін бе?

– Мен бұл сұраққа жауап беру үшін сәл әріден бастайын. Бұрын кеңес заманында пьесалар бірінен соң бірі бұрқырата жазы-лып жататын. Кез келген драматургтен шы-ғармасын алдын ала барып, сұрап оқи ала-тынсың. Қазір мүлдем олай емес. Менің ше, сіздің қойған сұрағыңыз сол дра матургтерді де толғандыруы керек. Қазіргі қоғамға не керек, көрерменнің не көргісі келеді деп қоғамның тамырын басып, тынысын тек-се ру алдымен шығарманы жазатын жазу-шы, драматургты ойландырса, онда шы-нында жақсы дүниелер өмірге келер еді. Мүмкін, қазір өзі сондай бір өліара шақ шығар? Енді бір 10-15 жылдан кейін жұрт өзіне жаңа кейіпкер табар... Меніңше, қазақ драматургиясы енді пайда болған, театр енді ғана қалыптасып келе жатқан ХХ ғасыр басында дәл осындай дағдарыс болған секілді. Сол кезде біздің жазушы ла-рымыз қазаққа жақын кейіпкер, қаһарман іздеп шарқ ұрды. Сөйтті де ел аузындағы аңыздарды тірілтіп, қағаз бетіне, сонан соң кәдімгі тірі образдарға айналдырды. Сонда қанша ғасыр бұрынғы Қыз Жібекті, Баян сұлуды, Еңлік-Кебекті тірідей көрген қазақ шынында қайран қалды. Осындай форма-ция ны біз дәл осы кезде де өткеруге тиіс болған секілдіміз.

– Біз қазіргі қазақты қалай сомдап жүрміз, қалай сомдауымыз керек?

– Егер осы сұрақтың жауабын білсек, сұмдық керемет драматургиялар жазып, теңдессіз спектакль қояр едік қой. Бүгінде бүкіләлемдік театр қайраткерлері, өнер тарландары бас қосқан жерде талқыланатын басты мәселе – осы. Елбасымыз да «бүгін-гіні неге сипаттамайсыңдар, неге бүгінгі қазақтың бейнесін жасамайсыңдар?» дей-ді. Жалпы, былай қарасаңыз, батырлық ерлік жасайтындар жоқ секілді. Ылғи бір «қалай байысам?», «қалай еткенде бала-шағам коттеджде тұрып, бас-басымызға көлік мініп аламыз» деп жүрген біреу. Одан қандай ерлік, қандай батырлық іздейсің? Біздің студент кезімізде КазГУ, КазПИ бар ма, сондағы достарымызбен бірге қойы-лым дарға бірге барып, шыққан соң оны бірге талқылап, тіпті поэзия да оқитынбыз. Қазір бүкіл жатақхана бойынша бір студент өлең оқи ма? Жоқ, оқымайды, себебі бүгін-де мектепте де, жоғары оқу орнында да оқушылар мен студенттер реферат тап-сырады. Ал реферат деген не? Бес па рақ қа жазасың, оны принтерден басып шы ғара-сың да, апарып тапсырасың. Оны не оқушы, не оқытушы оқымайды да. Осы да білім бе? Осындай бәрі оңай, ештеңеден қинал-маған кезеңде кім батыр бола қой сын?

– Соңғы кезде елімізде театрлар көптеп ашылып жатыр. Біріншіден, олардың барлығына баратын көрермен бар ма? Екіншіден,

театрлардың жұмыс сапасын арттыратын өзара бәсеке бар ма? Жалпы, қазақ театрлары бәсекеге қабілетті ме?

– Ешқандай да бәсеке жоқ. Әр облыс-тың өз театры бар. Қала берді соларға маман даярлайтын сол облыстағы жоғары оқу орындарының бірінен актер шеберлігі сыныбын ашып алған. Олардың мүмкіндігі әрине, Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясымен теңесе алмайды. Мысалы, мұнда әр студентке бір-бір ұстаз күніне қырық минуттан әннен дәріс береді. Күнде 1,5-2 сағат сахна қозғалысы жүрсе, оның сыртында би сабағы тағы бар. Бұл пәндерден кәдімгі жоғарғы деңгейдегі өнер саласының мамандары сабақ береді. Ал облыстарда мұндай мүмкіндік бар деп айта алмаймын. Бірақ соны бітірген бала-лар облыстық театрларға актер болып бара ды. Содан кейін онда қандай деңгей болуы мүмкін? Бұл – бір, екіншіден, мен облыстарға барғанымда міндетті түрде театрға соғамын. Онда да жақсы, бірақ әттең бағы жанбай жүрген актерлер бар. Себебі олардың еңбегін насихаттап, көрсе-тіп жатқан БАҚ жоқ, сондықтан сол облыс деңгейінде қалып қояды. Қоятын репер-туар лары да санаулы ғана. Ал Қазақ тың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академия-лық театрында бір айда 27-30 спектакль қойылады. Күнде мың орындық толады. Ал облыста бір айда соның тең жартысы, тіпті үштен бірі қойыла ма, қо йыл май ма? Кейде фестивальдерге келгенде сол облыс театрларын байқайсың. Бірақ әлі де болса мына Алматы, Астана қалаларындағы театрлардың деңгейі әлде қайда жоғары да, облыстар біршама төмендеу. Ал бірақ жалпы жағдайға келгенде, театр баяғы

дағ дарыс кезеңінен кеткен, қазір Үкімет жет кілікті деңгейде ақша бөледі. Соның арқасында жақсы қойы лымдар қойылады, гастрольдерге шы ғып тұрамыз.

– Жалпы, театрдың жағдайы жаман емес делік, бірақ соның ішіне еніп, актерлер мен режиссерлердің мәртебесі деген мәселеге үңілейікші. Қазір оларды жұрт құрметтей ме? Көрермен көзінен «о, бәлен актер не бәлен режиссир келе жатыр» деген қуанышты, ризалықты байқайсыздар ма?

– Жоқ. Бұрын «әртіс» десе, жұрт ішкен асын жерге қоятын. Біз Досхан Жолжақ-сынов, Лидия Кәденова, мен және Ғазиза Әбдінәбиева төртеуміз бірге өстік, бір буынның өкілдеріміз. Төртеуміз қатар бір жылдардың кумирі болдық. Қойылымды ойнаған күні спектакль біткен соң көруге келген жұрт тарқамай күтіп тұрады. Кейде ондай қаумалаған жұрттан жалығып «ой, қазір маза бермейді» деп әдейі іште кідіріп, кешірек шығасың. Сонда да күтіп тұрады ғой. Автограф алады, танысады, суретке түседі. Тіпті соңында «жүріңіздер, кеттік, біздің жатақханаға» дейді, бәлсінбей ере-сің де жүре бересің. Себебі ол кезде халық-тың жүрегі сондай таза, мысқалдай жаман-дық ойламайды, ұрып-соғып кету деген жоқ. Сосын сенесің. Қазірде ондай дәурен көзден бұлбұл ұшты ғой. Тек біздің, яғни аға буынға ғана емес, қазір жалпы жұрттың театрға, өнер адамдарына деген ондай бір ынтызарлығы, құрметі жоғалған. Осыдан үш-төрт жыл бұрын мені ел ұйықтар кезде Қазақ радиосының түнгі эфиріне қонаққа шақырды. Барғанша «осы түн жарымда біз ді кім тыңдар дейсің?» деген оймен бар-ғаным рас. Тікелей эфирде сөйлей баста-дық, ананы-мына айтып отырғанбыз, бір уақытта телефонмен біреу хабарласты. Қо-сып едік, ар жағынан біреу жылап тұр: «Нұр қанат, сен де жас, мен де жас едік қой. Есіңде ме, бәлен жылы, бәлен спектакльде осындай бір рөл ойнағаныңда біз осылай жылап едік» деп, менің көңілімді босатып жіберді. Өзім таңғалдым. Сондай қоңырау-лар легі хабар біткенше толастамады. Тіпті осыдан үш-төрт жыл бұрын жағдай солай болатын, қазір мүлдем басқа.

– Өзіңіз сомдаған қандай рөл, қай кейіпкеріңізді сағынасыз?

– Сәкен Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарлар» атты шығармасында Сәкеннің прототипі Еркебұлан деген басты кейіпкер бар. Мен соны ойнадым. Бұл 70-жылдар болатын, онда Сәкеннің інісі Мәжит Сей-фул лин тірі еді. Премьераға сол кісі, тағы да Сәкеннің туыстары түгел келді. Қойы-лымда Еркебұланның түрмеде қама лып азапталып, соққыға жығылып жатып өлең оқитыны бар. Рөлге еніп кеткенім соншалық, әлгі жерде өлең оқитын кезде булыққаннан тамағыма өксік тығылып, сөйлей алмай қалсам бола ма. Көмейімнен сөз шықпай-ды, есесіне екі көзімнен жас домалай берді. Актерлер маған қарап аңтарылып қалыпты. Бір уақытта зал жыла ды. Қойшы әйтеуір спектакль бітті. Мәжит, Сәкеннің туғандары сахнаға шығып, Мәжит аға еңкілдей жы-лап, мені қаусыра құшақтаған күйі көтеріп алды. Үлкен ақса қал актерлер келді. Қапан аға «айналайын, мен Сәкенмен бірге жүр-дім ғой, тура айнымайсың, осылай сөйлеу-ші еді» деді. Ол кезде тағы бір таңғаларлығы Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұс тафин сынды классик жазушылар, тіпті мәде ниет министрінің өзі театрда жаңа қойылымның тұсаукесері болса, ешқайсысы да билет сұрамай, өздері алдын ала билет сатып алып, келіп көретін. Сол кездегі әртіс-терді қанаттандыратын да сол болса керек, өңшең мықтылар, сыйлы-құрметті ақса-қал дардың алдында ұятқа қалмайын деп тырысатын болуы керек. «Өмірімде өзім

бір көруді армандайтын жазушылар мені тамашалап отыр ғой, мен қалай ойнайды екенмін?» деген қобалжу қамшылап, шабытыңа қанат бітіреді. Сондай-ақ «бір театрға жас актер келіпті» десе, Қапан Бады ров, Елубай Өмірзақов, Қалибек Қуанышбаев сияқты театрдағы үлкен ақсақалдар түгел барып, әлгі актердің ойы-нын тамашалайтын. Егер жақсы ойнасаң, «әй бір жақсы талант келіпті театрға» деп жүрген жерінде айтып жүретін. Газетке жаза ды. Сосын тағы бір есімде қалған рөлім – «Отырар ертең қирайды» атты Бек Бодықов деген жазушының драма сындағы Мініс атты Отырарды қорғау жолында өлетін жас батыр. Сосын Оралхан Бөкей марқұм боларының алдында «Атау кере» деген повесть жазды. Әлгі кітап әлі күнге дейін менің жастығымның астынан бір сәтке қалған емес. Жап-жаңа етіп сатып ал-ған кітабым мен қартайған сайын бірге ес-кіріп барады. Кейде қарап отырып бірдеңені аңсайсың, не аңсап тұрғаныңды да білмей-сің, бір тірек керек боп тұрады. Кейде өзің-нен-өзің жылағың келсе, кейде еріксіз қуанғың келеді. Сондайда әлгі кітапты қолға алып, жан дүнием бір рахат танады. Жатқа білем, сонда да қайта оқу дан еш жалық паймын. Сөйтіп жүріп «мынаны спек такль етіп қойсам, ойнасам» деген ой туды. Содан бір күні шешілдім де Оралханға қарай тартып отырдым. Оралхан ол тұста «Қазақ әдебиетінде» бас редактор болатын. Барсам орнында отыр екен. Кіріп барып ем, таңғалып, қуанып қалды. Бірден төте-сіне көштім. «Ореке, білесің ғой менің көп ешкімге келе бермейтінімді, бірақ мені осы жолы саған бір нәрсе айдап алып келді. Бір жылдан асты сенің «Атау керең» менің жастық кітабыма айналды. Сол мені қинап, ақыры өзіңе келіп тұрмын» дей бергенім сол еді, Оралханның көзінде ерекше ұшқын пайда болды да, орнынан атып тұрып: «ей, біліп ем, осылай біреудің түбі келіп, қолқа саларын» деді. «Не істейік?» деді. Сосын өзімнің ол шығарманы сахналамақ ойым барын жайып салдым. Сөйтіп ем, «жоқ тұ ра тұр, кино жасайық» деді. Кино емес, театр-ға спектакль қоюды ойлап келген мен не дерімді білмей тұрып қалдым. «Әй, бұл қатқан кино болады» деді сосын өзі. Сол кездегі іс-әрекетін көрсеңіз қанат біткендей бөлме ішін шыр көбелек айналып, жаныма келеді де қос алақанын сарт еткізіп ұрады, әйтеуір байыз тауып отыра алмай кетті. Сосын «әттең-ай, дәл қазір қолдың тимей тұрғаны, Индияға кетіп бара жатыр едім. Ертең ұшам. Қап, сәл ертерек келуің керек еді. Мейлі, енді Индиядан келген соң бір жетіден кейін қолыңа дайын пьеса ұсына-мын, кейін бірақ кино қояйық» деді. Жа-рай ды деп келістік. Қоштасып шығып бара жатыр едім, тоқтатып алды да тартпа сын ашып «көптен бері жазып қойып, ешкім ге бермей жүр едім, соны саған берейін, ал дағы мен келгенше оқып шық» деді. Әлгісі Шыңғыс хан туралы пьеса екен. «Мұны мен қалай жаздым дейсің ғой? Бір кездері қызметтен шығып, бір тиын ақша сыз қал-дым. Содан кейін бір үміт жетелеп, Мәде-ниет министрлігінің репертуар бөліміне бардым. Ондағылар «бірдеңе жазып бері-ңіз, ақшасын төлейміз» деді. Ақша сондай қат болғандықтан, «Шыңғыс ханды» өте асығыс жазып шықтым. Бірақ кейін «қой, жұрттан ұят болар» деп қайтып алдым да, түзетіп қойып ем, мен келгенше оқып шық» деді. Сол кеткеннен Оралхан оралмады, мәңгіге қош айтысып тұрғаным ды сонда сезсемші... Пьеса менде қалды. Ал «Атау керені» ақыры Мұхамедия Ахмет төре деген азамат инсценировка жазып берді де, мен соны Балалар мен жастар театрында қайсыбір жылдары қойдым.

Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР

ОЙТҮРТКІ

Бір ұлтты жою үшін сегіз литр спирт те жеткілікті

e-mail: [email protected]

Осыдан бір жарым ай бұрын шамасында Парламент Мәжілісінің депутаты Влади-мир Нехорошев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметін келтіріп, спирттік ішімдіктерді пайдалануда Қазақстан ның әлем бойынша 8-орында тұрғанын айтқан болатын. Ал Ресей бұл тізімнің 22-ші сатысына жайғасыпты. Былайша айтқанда, арақ ішуден Ресейді шаң қаптырып кетіп отырмыз. Ұлтты тамырымен жойып жіберуге шамасы жететін бұл ішімдікке қарсы күресті Ресей бастап кетті. «Ресей ді маскүнемдіктен айықтыру – баршамыздың міндетіміз» атты жоба да құрып үлгерді. Өйткені олар орыс ұлтының тамыры үзіліп бара жатқанын түсінді. Ал біз әлі де селт етер емеспіз. Неге?

Шын намыс ақшаға сатылмайды, сатып та ала алмайсың

Аталмыш жобаға Ресейдің ғалымы, қоғам қайраткері Владимир Жданов ғылы-ми жетекші болып сайланған. Не айтасыз, тіпті Ресейдің Премьер-министрі Владимир Путиннің рухани ұстазы, Сретень сопыха на-сының имамы Архимандрит Тихон Шевку-нов та бұл жобаға атсалысып, бел шеше кіріскен. Жоба бойынша олар ішімдікке қарсы 16 бейнеролик жасаған. Ал Архиман-дрит Тихон соның бас продю сері.

Бұл роликтер бірінші арнадан екі апта-дай көрсетілген, сондай-ақ арақ-шарапқа байланысты бір-екі бағдарлама өткен. Нәтижесінде не болған? «Бұл бейнеролик-тер ден мұндай нәтиже болады деп күткен жоқ едік, – дейді Владимир Жданов. – Нау рыз айында қолыма «РБК Дэйли» іскерлік журналын алып, оқып отырсам, үлкен мақалаға көзім түсті. Онда былай делінген: «Дағдарысқа байланысты Ресей-де маскүнемдік артып кете ме деп болжан-ған болатын. Сол себептен арақ-шарап айналымы күрт өсуі мүмкін деп күтілген еді. Алайда ойлағандай болмай шықты. Ресейдің алкогольді ішімдік өндірісі төмен-деп кетті. Атап айтсақ, өткен жылдың ақпан айы мен осы жылдың ақпан айы аралығына дейін Ресейдегі арақ сатылымы 21 пайыз-ға, шарап 18 пайызға құлдилап кеткен. Мұндай құлдырауды Ресей 1985 жылдан бері көрмеген екен». Міне, журналда осы-лай жазылған. Бұл мәлімет мені таңғалдыр-ды. Біз бұған қуаныштымыз», – дейді Вла-ди мир Жданов. Бұны жеңіс емей не дей міз?

Не керек, алкогольді ішімдіктерді кәсіп қылған мафия барлық тетікті іске қосып, бірінші арнадан бұл роликтерді көрсетпей тастаған. Бірақ бұл роликтер сонда да қоғам дық пікірді өзгертіп үлгерген. Бей-неро ликтердің қайта көрсетілуін талап еткен он мыңдаған хаттар редакцияға, правос-лавиелік шіркеулерге ағыла баста ған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жан басына шаққанда жылына сегіз литрден астам спирт пайдаланатын елдер, этностар жойыла бастайды екен. Қалпына келместей болып. Статистикалық мәліметтерге жүгін-сек, Түркия жан басына шаққанда жылына 1,5 литр спирт ішеді екен. Халық өсімі жылына – 900 мың. Орта Азия елдері 2,6 литр спирт пайдаланады, жылдық халық өсімі – 585 мың. Қытай – бес литр, халық өсімі жылына – 6 миллион. Ал Ресей жы-лы на жан басына шаққанда 15-18 литр спирт пайдаланатын көрінеді. Ресейдің мемлекеттік статистика федералды қызме-тінің мәліметі бойынша Ресейдегі халық 1992 жылдан бері орташа жылдық өсімі емес, кемуі 774 мың 649 адамды құраған. Міне, ғылыми дәлел.

Ал біз ше? Біз жылына жан басына шаққанда 12 литр спирт пайдаланады екен біз. Депутат Владимир Нехорошев осы мәліметті келтіріп, сананы серпілту керек екенін айтып зар қақсаса да, нәтиже көрмей тұрмыз.

Қазақстан мұсылмандар Діни басқар-ма сы, еліміздің зиялылары, ғалымдары ең құрығанда Ресейдің атқарған шарасындай бір іс тындырса да үлкен нәтиже берер еді ғой. Мешіттердің қабырғасынан шығатын уағыз жалпы халыққа тарамайды. «Ұлт» деп ұлттың тағдырын ойлап жүрген зия-лыларымыздың ең бірінші қолға алатын шаруасы осы деп ойлаймыз. Бар болғаны сегіз литр спирт ұлттың түбіне жететінін ғылым дәлелдеп берді. Ал біздікі не бей-ғам дық?

Салтан СӘКЕН, Астана

Page 7: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбіwww.alashainasy.kz 7e-mail: [email protected]

ДОДА

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатына «Арыстан» деген клуб қосылатындығын бір телеарнадан естіп қалдым. Бұл қай қаланың командасы? Әрі еліміздегі шайбалы хоккей клубтарының көбісі қазақша аталатын сияқты. Қазақша аталатын клубтардың жалпы санын білуге бола ма?

Асқар АХМЕТ, Өскемен қаласыБиыл Қазақстан чемпионатына екі клуб

қосылады. Оның бірі Алматының «Еңбегі» болса, екіншісі – Теміртаудың «Арыстаны». Қарағанды қаласының іргесіндегі Теміртауда бұрын да хоккей клубы болған.

Бірақ «Арыс тан» клубы биыл 23 сәуір күні тіркеліп, жаңа клуб болып құрылды. Бас бапкері – Вячеслав Белан. Бұл маман Темір-тауда туған, Санкт-Петербургте жаттықты-рушылық мектепті бітіріп, «Барыс» және «Қазцинк-Торпедо» клубтарында жұмыс

жасап, тәжірибе жинақтаған.Қазақша аталатын клубтардың санына

келер болсақ, өзіңіз санай беріңіз, биыл төл чемпионатымызда мына клубтар өнер көрсететін болады:

«Барыс» (Астана), «Қазцинк-Торпедо» (Өс кемен), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Бейбарыс» (Атырау), «Ертіс-Павлодар», «Горняк» (Рудный), «Арлан» (Көкшетау), «Қазақмыс» (Сәтбаев), «Арыстан» (Темір-тау), «Еңбек» (Алматы).

«Барыс» пен «Арланға» «Арыстан» қосылды

СУРЕТТЕ КІМ?

Талантты жазбай таныңыз

Нидің арманы – Лондонның екі алтыныСЕНБІ КҮНГІ СҰХБАТ

Нұрғазы САСАЕВ

ОЙ

ТОЛ

ҒАУ

ВЕЛ

ОС

ПО

РТ

ЕУРОПА ЛИГАСЫ

Футболдан әлем чемпионаты аяқталып қойса да, буы әлі басыла қойған жоқ. Осы менің білейін дегенім – әлем чемпионаты кезінде қақпаға ең көп соққы жасаған, ең көп пас берген, ең көп жүгірген, ең көп алдап өткен футболшылар мен ең көп сэйв жасаған қақпашылар анықталды ма?

Саламат ӨТЕУЛИЕВ, Атырау қаласы

ФИФА әлем чемпионатында бірнеше номинация бойынша үздік шыққан фут-болшыларды анықтады. Сонымен қақпаға ең көп соққы жасаған футболшы ганалық Асамао Гьянның еншісінде – 33 соққы. Ең көп тура соққыны испандық Давид Вилья жасаған. Оның еншісінде – 17 тура соққы. Ең көп сэй жасаған қақпашы ретінде 24 жағдайда қақпасын голдан аман алып шыққан ганалық Ричард Кингсонның есімі

аталды. 669 тура пас берген Хави бұл номинацияда үздік шыққанымен қоймай, алаңда бәрінен көп қимылдаған футболшы ретінде де тіркелді. Испандық жартылай қорғаушы әлем чемпионатында барлығы 80 шақырым жүгіріпті. Ал мексикалық ойыншы Хавьер Эрнандес ең жылдам футболшы деп танылды. Оның жыл-дамдығы сағатына 32,15 шақырымды құраған.

Хави 80 шақырым жүгіріпті

– Қазақстан чемпионатына еліміздің барлық мықты толағайлары қатысады. Еліміздің барлық аймағынан Талды қор-ғанға 200-ге жуық спортшы келеді деп күтіп отырмыз. Шынын айтсам, дәл қазір қай салмақта қай спортшының топ жара-тынын нақты айта алмай отырмын. Светлана Подобедованы ғана өз салма-ғының нақты фавориті деп айта аламын. Ол бұл жолы 75 келіде емес, +75 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Себебі,өз салмағында Қазақстанда оған сәл де болса, бәсекелес бола алатын ешкім жоқ. Ал қалған салмақтарда бәсекелестік көп. Бірінші орынға кем дегенде үш спортшыдан таласады. Чемпионат барысында жаңа есімдердің пайда болып қалуы да ғажап емес. Бұған мен сенімдімін.

– Сонда Подобедова бұдан былай аса ауыр салмақта өнер көрсете ме?

– Жоқ, халықаралық аренада Света 75 келіде өнер көрсетеді. Қазір оның таза салмағы – 77-78 келі. Қыркүйек айында бас талатын әлем чемпионатына дейін 2-3 келі тастау қиын емес.

– Қазақстан аренасына қайта оралсақ. Елімізде қай қаланың ауыр атлетикасы жақсы дамыған? Қай қала өзгерістерді қажет етеді?

– Қызылорда, Ақмола, Алматы облыс-тарында ауыр атлетика спорты басқа қала-ларға қарағанда көш ілгері десем болады. Өкінішке қарай, өзімнің туған жерім Таразда бұл сала кенже қалған. Дегенмен жақында Жамбыл облысының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқар-

Ауыр атлетикадан ұлттық құрамамыздың бас бапкері Алексей Нидің рекордтарын жақын аралықта мамандарымыздың ешқайсысы бұза алмайтын шығар. Қандай рекордтар дейсіз бе?! Қазақстанда Ниден басқа бірде-бір жаттықтырушы ұлттық құраманы 16 жыл бойы жаттықтырмаған. Сондай-ақ Ниден басқа ешбір отандық бапкер әлем чемпионатынан төрт алтынмен оралған жоқ. Дегенмен өзінің айтуы бойынша, енді толағайларымызға былтырғы жетістікті қайталау өте қиынға соғады. Оның себебін бас бапкер сұхбат барысында түсіндіріп өтті. Сондай-ақ әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарына қойған жоспарын да жайып салды. Дегенмен әңгімеміздің әлқиссасы 30 шілде күні байрағын көтеретін Қазақстан чемпионатынан басталған еді.

масының бастығы Бақтияр Ар таевпен осы мәселе жөнінде сөйлестім. Демек, енді Қазақстан чемпионатында Тараз дан келген тарландар да бой көрсетіп қалуы мүмкін.

– Ерлер арасындағы 94 келі салмақ дәрежесі туралы сыр шерте кетсеңіз... Илья Ильин, Владимир Седов және Алмас Көпешовтен басқа спортшылар бас жүлдеге таласа ала ма?

– Жоқ, дәл қазіргі таңда әлгі үшеуінен мықты спортшы жоқ. Ал осылардың ішінде Ильин мен Седовтің шоқтығы биік.

– Жалпы, осы екі спортшының ара қатынасы қалай? Өзара бәсекелестік, көре алмастық байқалмай ма?

– Біздің командада көреалмаушылық деген мүлдем жоқ. Ал бәсеке тек елішілік додаларда ғана байқалады. Халықаралық аренада екеуі бір-біріне жанкүйер. Әлбетте, екеуін дос деп те айта алмаймын. Өйткені Илья мен Володя ешқашан бір-бірімен араласпаған.

– Ильиннің жеке бапкері қазір кім?– Бұрынғысынша Вилорий Пактың қол

астында жүр. Бірақ Седов екеуі Энвер Түркілерінің жіті назарында.

– Ал әлем чемпионаты мен жазғы Азиадаға қайсысы барады?

– Екеуін де қалдырмаймыз. Екеуі де әлем чемпионатына да, Азиадаға да барады. Біз кейбір салмақтарда екі спорт-шы дан додаға қоспақшымыз. Соның бірі 94 келі болмақ. Есептеуім бойынша, әлем чемпионатымен Азиаданың арасы бір жарым ай екен. Осы аралықта спортшы лар

бабына келіп үлгереді деп ойлаймын. Дегенмен егер Қазақстан біріншілігінде Алмас Көпешов өзін жақсы қырынан көрсетсе, екеуінің біреуінің орнына ұлттық құрамаға Алмас ілігеді.

– Осы жылдың екі ірі додасына қандай жоспар қойып отырсыздар?

– Анталияда өтетін әлем чемпионатында былтырғы жетістігімізді қайталау қиынға соғады. Өйткені Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында өткен дүниежүзілік біріншілікте ешкім Чиншанло, Манеза, тіпті Седовтен ерлік күтпеген еді. Ал енді барлығы осы саңлақтардың қадамын аңдитын болады. Осы жолы әлем чемпионатында атой салмаймыз. Бір-екі алтын алсақ та жетеді. Жалпыкомандалық есепте алғашқы бес-тіктің қатарынан көрінсек, жаман емес. Бізге Лондон Олимпиадасына дейін спортшыларды жасырып ұстау керек.

Сондай-ақ Анталияда өтетін әлем чемпионатында Лондон Олим-пиа дасының лицензиялары са-рапқа салынатынын да айта кеткеніміз жөн. Жоспар бойынша, жігіттер алты, қыздар төрт лицен-зияға қол жеткізуі керек. Ал жазғы Азия ойындарынан кем дегенде үш алтын медаль ием-дену ойда бар.

– Жалпы, қайсысы маңыздырақ, әлем чемпионаты ма, әлде жазғы Азия ойындары ма?

– Халқымыз үшін екеуі де маңызды. Бірақ әлем чемпио-натында Олимпиаданың лицен-зиялары сарапқа салынатынын ұмытпау керек. Қалай десек те, қос додадан да құр қайтпауымыз керек.

– Алексей Геннадийұлы, сіз ұлттық құраманы 16 жылдан бері жаттықтырып келесіз. Машақаты көп бұл қызметтен шаршамадыңыз ба?

– Әлі күшім бар екенін сезе-мін. Лондон Олимпиа дасында Қазақстан қоржынына екі алтын салып берейін. Содан кейін бас бапкерліктен кету жайлы ойланып

көремін. Шыны керек, кейде шар-шағанымды байқаймын. Бірақ менің мақсатым – бір Олимпиада ойы нында екі алтын жеңіп алу.

– Соңғы сұрақ, сіздің сүйікті спортыңыздың бірі футбол екенін білеміз. Әлем чемпионатында қай құрамаға жанкүйер болдыңыз?

– Маған Испания құрамасының ойын өрнегі қатты ұнайды. Соларға жанкүйер болдым. Тіпті жартылай финалда досым екеуміз үлкен сомаға бәстесіп, олжалы болдым. Бірақ финалда Голландияға бәс тігіп, ақшамның бәрінен айырылып қалдым. Негізі, 8-ші сыныпқа дейін фут-бол мен айналысқанмын. Бірақ бойым аласа болғандықтан, бапкерлер жаратпай тастаған.

Әзиз ЖҰМАДІЛ

Әлем чемпионаты алдында ардагер футболшымыз, әйгілі қақпашымыз Құрал-бек Ордабаевқа барып жолығып, сұх-баттасқан едім. Сонда Құрал-аға «Бүгінде аяқдобымыз қарыштап дамып келе жатқан жоқ, бір орында тұралап қалдық. Төл чемпионатымыздың деңгейі де өсер емес. Тіпті жылдан-жылға тартым дылығы, қызығы мен шыжығы кеми түспесе, артар емес» деген-ді. Дәл сол мезетте қақпашы да, қайраткер де, тіпті басшы да болған маманның сөзіне иланғым келмей, құптай қоймап едім. Тіпті «деңгейіміз өсер емес дегені қалай, аз да болса, алға жылжу бар сияқты емес пе?!» деп үнсіз қалғанмын.

Жақында «Тобыл» мен «Шахтер» Еуропа лигасының алғашқы елегінен өте алмай, УЕФА додасынан тыс қалғанда, Құрал-ағаның әлгі сөздері сап етіп, есіме түсті. Опыр-ай, сонда шынымен-ақ, чем-пионатымыз бен клубтарымыздың деңгейі алға қарай жылжымай, кежегеміздің кейін тартып бара жатқаны ма?! Қазақстан футбол федерациясы басшыларының еңбектері ақталмай, зая болып жатқаны ма? Әр облыс тұрғындары мен зейнеткер-лерінің, мұғалімдері мен дәрігерлерінің аузынан жырып беріп отырған қыруар қаржыдан пайда болмай, желге ұшқаны ма? Қазекем «судың да сұрауы бар» дейді, ендеше әлгі ақша лардың қайтарымы қайда, өтемі қане? Еурододаларда биыл да жалғыз «Ақтөбенің» жолына телміреміз бе? Міне, сұрақ көп, жауап жоқ...

Содан кейін орыстілді басылымдардың бірінен бір мақала оқыдым. Келіп-кетіп жатқан бас бапкерлер легі туралы тәп-тәуір мәселе көтеріпті. Көкейді көптен бері

Бүгін үш апталық үзілістен соң Қазақстан чемпионатының премьер-лигадағы доп додасы қайта жалғасып, ХІХ турдың ойындары басталады. Сенбі күні бір ойын өтіп, жексенбіде бес ойынның ысқырығы безілдейді.

қамшылап жүрген күйініш еді. 2001 жыл-дан бері шетелден 43 маман келіп, бас бапкерлік қызметті атқарғандарын да түртіп өтіпті. Бәрі де келеді, кетеді. Ұзақ жылдар қызмет етіп, ел футболына шыны-мен-ақ өлшеусіз еңбек сіңіріп жатқандары некен-саяқ. Тек Владимир Муханов қана десек, еш қателеспейтін шығармыз. Әрине Александр Петрушин, Арно Пайперс, Леонид Назаренко сияқты арттарына өшпес із қалдырып кеткендері де болды. Тіпті жергілікті жанкүйерлер қошеметіне ие болғандары да жоқ емес. Өкінішке қарай, олардың бәрі де біздің елге тек бір-ақ мақсатпен келеді. Ол – ақша табу. Ешбір бапкер біздің елге тәжірибе алмасып, біздің футболымыздан сабақ алу үшін келмейді ғой. Қайта біз олардан бірдеңе үйреніп, білгенін өзімізге сіңіріп алғымыз келеді. Әзірше біздің емес, олардың ұпайы түгел. Златко Крмпотич секілді бүгінгідей түлкі заманда тазы болып шалып кеткендері баршылық. Кейбір бапкерлер өздері ғана

емес, көмекшілерін, таныстарын, достарын да қоса ала келіп, айналаларына шоғыр-лан дырып жатады. Қонақжайлығымыз ұстап, бұған да «хош» деп жатырмыз. Өйт-пегенде ше, қазіргі заманда әркім өз командасымен жөңкіліп жүретіндігіне етіміз үйрене бастаған.

Жалпы, біздің футболдағы бас бапкер-лік қызметте тұрақтылық жоққа тән. Жы-лына бәленбай бапкер орнынан ауыс-тырылады. Бас бапкерлерді биялай құрлы көрмейміз. Бас бапкерді тағайын дағанда ойланып-толғанып барып, бекіткен дұрыс емес пе?! Содан соң шетелдіктерге иек артып алғанбыз. «Қолда бар да алтынның қадірі» жоқ дегендей, өз мамандарымызды бағаламай жүрген дейміз.

Бас бапкерлер ғана емес, біздің елге ағылып жатқан футболшылар да көп. Кім оларды санап жатыр дейсіз, іздерін суыт-пай, келіп-кетіп жатады. Олардың да мақсат-мұраттары – ақша табу, қалталарын көк қағазбен қаттап кету. Ойлағандары тек

қана ақша болмай, сенімді ақтап, намысқа жүгіну болса, «Тобыл» мен «Шахтердің» қарындары тоқ, көйлектері көк футбол-шылары Боснияның «Зриньски» сияқты Қостанайға ұшып келуге әзер ақша тапқан ортаңқол командасына есе жібермес еді.

Осыдан 10 жыл бұрын (немесе одан да

ФИФА-ның осыдан бірер күн бұрын жаңартылған бүкіләлемдік рейтингінде Қазақстан құрамасы 126-орында тұр. Бұл рейтингте барлығы 207 мемлекет тіркелген. Қазақстан ТМД және Балтық жағалаулары елдері ішінде тек Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстан футболшыларынан ғана жоғары орналасқан.

сәл берірек те) есігімізді келімсектерге айқара ашып тастамай, соларға төленіп келе жатқан қыруар ақшаны жеті-тоғыз жастағы ауыл балаларын аяқдоп өнеріне баулуға жұмсағанымызда, олар бүгін кәмелетке толып, алды өз жерлерінің на-мысын қорғауға жарап қалар еді...

Әлқисса, бүгін ел чемпионаты қайта жалғасады. Әлем чемпионатының көздің жауын алар тамаша матчтарынан кейін, «Тобыл» мен «Шахтер» Еурододадағы сәтсіз де, сүреңсіз ойындарынан кейін төл біріншілігіміздегі ойындарға деген көңі-ліміз біршама суып қалғандай ма, қа-лай...

Бүгін шайбалы хоккейдегі әлеуеті зор жас талантымыздың суретін беріп отырмыз. Бұл жігіт Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» клубының са-пында тіркелген. Бірақ ҚХЛ-да әлі бірде-бір ойын өткізген жоқ. Есесіне, өткен маусымда «Барыс-2» клубының капитаны болды. 2009 жылдың жел-тоқсан айының аяғында 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрама-сының намысын қорғады. Білетін бо-ларсыздар, Қазақстан жастар құрамасы Польшаның Гданьск деген қаласында әлем чемпио натының бірінші ди ви-зионында бақ сынаған. Осы бірінші-ліктің тырнақалды матчында мына суреттегі жас жігіт ең үздік ойыншы болып танылып, арнайы сыйлықа ие болды. Бойшаң (178 см), салмағы 70 келіден асады. Тамыз айының 3-інде 19-ға толады. Ал ойланып көріңіздер, бұл кім?

А) Есмұханбет ТөлепбергенӘ) Абзал Мамбетәлиев Б) Нұрсұлтан БелгібаевВ) Талғат ЖайлауовӨткен жолы баскетболшы Берік

Смайылдың суретін бергенбіз. Таразда туып-өссе де, баскетбол өнерінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін Аты-рауға барып, шеберлігін ұштай түске-нін, кейіннен Қостанайға ауыс қанын да жазғанбыз. Берік 19 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысып (Жаңа Зеландияда өткен), Қазақстан жастар құрамасының капи-та ны болған. Осы чемпионаттан кейін ұлттық құрама сапына шақыртылып, былтыр ХХV Азия чемпионатында ел намысын қорғады. Төрт жылдың ішін-де ұлттық құрама сапына алынған та-лантты баскетболшымызды жазбай таны ғандар біршама болды. Атыраудан телефон шалғандар да бар.

КЛУБКЛУБ БАС БАПКЕРБАС БАПКЕР

«Ақтөбе» (Ақтөбе) Владимир Муханов (Ресей)

«Локомотив» (Астана) Хольгер Фах (Германия)

«Шахтер» (Қарағанды) Владимир Чебурин

«Тобыл» (Қостанай) Равиль Сабитов (Ресей)

«Жетісу» (Талдықорған) Юрий Коньков

«Атырау» (Атырау) Вахид Масудов =>Виктор Пасулько (Украина, Германия)

«Ордабасы (Шымкент) Анатолий Юревич (Беларусь) => Владимир Белявский(Беларусь)

«Тараз» (Тараз) Владимир Фомичев => Ойрат Садуов =>Игорь Урсаки (Молдова)

«Ертіс» (Павлодар) Талғат Байсуфинов => Серік Әбдуәлиев (б/б қ.а.)

«Оқжетпес» (Көкшетау) Сергей Герасимец (Беларусь) =>Алексей Клишин (б/б қ.а.)

«Кайрат» Сергей Волгин

«Ақжайық» Андрей Чернышев (Ресей)

ЕСКЕРТУ: б/б қ.а. – бас бапкер қызметін атқарушы

«Тур де Франс» велокөпкүн-дігінің 11-кезеңі спринтерлер бәй гесіне айналды. Оған себеп те жоқ емес, 184 шақырымнан құ рал ған тас жолда шабандоз дар тек бір-ақ мәрте өрге көтерілді.

Сондықтан болар, мәреге шамамен 5 шақырымдай қалғанда Альберто Контадор мен Энди Шлек бастаған көшбасшылар тобы артта қалып қойып, спринтерлердің көзге түсуіне мүмкіндік берді. Фаррар, Кавендиш, Петакки, Хушовд сынды тегіс жолдың жүйріктері жүйткіп отырып, мәреге бірдей уақытта жетті. Дегенмен велоси-педінің доңғалағы сызықты басқалардан сәл ғана бұрын қиған Марк Кавендиш кезең жеңімпазы деп танылды. Бұл – ұлыбри-таниялық саңлақтың биылғы «Тур де Франстағы» үшінші жеңісі. Осы орайда айта кетейік, Кавендиштің жеңіске жетуіне гре-гарилері де көп көмектесті. Мәселен, мәреге шамамен жүз метр қалғанда Garmin – Tran-sitions команда сының сприн тері Тайлер Фаррар мен Кавендиштің командаласы Майкл Роджерс алға шық қан. Алайда бас спринтерінің жеңіске жетуі үшін құрбан болуға даяр Роджерс Фаррарды иығымен, ол көмектеспегенде баспен ұрғыштап жүрісін баяулатқызды. Нәтиже сінде, Кавен дишке жол ашылып, суырылып алға шықты.

Арсен ЖАНАДІЛ

Кавендиштің қарқыны мықты

Дәл осылай боларын басында-ақ білгенбіз. Білгенбіз, «Атыраудың» Еуропа лигасында жарытып өнер көрсете алмайтынын. Дегенмен мұнайлы қаламыздың өкілдері біздің болжамымызды жоққа шығарса, деген үміт болған. Алайда өз алаңында Венгрияның «Дьорын» қабылдаған Виктор Пасулько шәкірттері 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

«Атырау» (Қазақстан) – «Дьор» (Венгрия) – 0:2Голдар: Пилибайтис, 26. Бугерра, 88.

Шыны керек, алғашқы 5-10 минуттың көлемінде ғана болмаса, қалған уақыттары «Атыраудың» белсенділігі байқалған жоқ. Рас, қақпамызға бірінші гол соғылғаннан кейін алаң иелері таразы басын теңестіруге тырысқан. Бірақ қонақтар ойын тізгінін уыстарынан шығармай, «Атыраудың» ша-буылына қарсы шабуылмен жауап қайта-румен болды. Ал ойын соңына таман жергілікті команданың футболшылары тайлы-тұяғымен шабуылға көшіп кетті. Осы сәтті пайдаланған қонақтар лезде қарсы шабуыл ұйымдастырып үлгеріп, таблодағы көрсеткішті 0:2-ге жеткізді.

Әлбетте, «Атыраудың» жеңілісіне кі-нәлілерді табу қиын. Оны табу мүмкін емес те. Жалпы, дәл қазір кінәлілерді анық-таудың қажеті бар ма? Футболшылары-мыз дың кемшіліктерін беттеріне баса бергеннен олар келесі ойында құлпырып шыға келе ме?! Одан да бар кінәні тә-жірибеміздің аздығына артып қоя сал-ғанымыз дұрыс емес пе? Кінәліні анық-таудың ең оңай жолы осы болар. Ал бұл жерде еліміздің футбол федера ция сының еш қатысы жоқ. Өздеріне салсақ, олар осы уақытқа дейін қазақ стандық тардың ешбір жеңілісіне қатысы болмаған да. Бәріне кінәлі тәжірибеміздің аздығы ғана.

Сонымен қарымта кездесу шілденің 22-сі күні Венгрияда өтеді. Өз алаңында 0:2 есебімен ұтылған «Атырау» сырт алаңында қалай ойнар екен?! Бәлкім, ұяттан өртенбес үшін Венгрияға бармай-ақ қойған дұрыс болар-ау.

Арсен ЖАНАДІЛ

Кінәні кімге артамыз?

Page 8: 17 шілде сенбі 2010 жыл «Алтын алқаға» таза алтынды ...alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/10cef24c... · Іле, Алтай, ... алған

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбі www.alashainasy.kz8 e-mail: [email protected]

ДУМАН№119 (345) 17.07.2010 жыл, сенбі www.alashainasy.kz8 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ e-mail: [email protected]

Кезе

кшi

реда

ктор

– С

әкен

КӨ

КЕН

ОВ

Респ

убли

калы

ққо

ғам

ды

қ-са

яси

ақ

пара

тты

қ га

зет

Бас

ред

акто

р –

Сер

iк Ж

АН

БО

ЛА

Т

Мұр

атқа

ли Д

ҮЙ

СЕН

БА

ЕВ

Бас

реда

ктор

дың

бiрi

ншi о

рынб

асар

ы

Мақ

сат

ӘД

IЛХ

АН

Ба

с ре

дакт

орды

ң ор

ынб

асар

ы

Айд

ын

ҚА

БА –

жау

апты

хат

шы

Талғ

ат К

IРШ

IБА

ЕВ –

ж

ауап

ты х

атш

ыны

ң ор

ынб

асар

ы

Нұр

лыба

й И

ТЕК

БАЕВ

тех.

реда

ктор

Күл

әш Н

АҚ

ЫП

ОВА

аға

корр

екто

р, т

ел.:

388-

80-7

6

Газе

т 2

00

8 ж

ылд

ың

17

қар

ашас

ынд

а Қ

Р М

әден

иет

жән

е ақ

пара

т

мин

истр

лiгi

нде

тiрк

елiп

, бұ

қара

лық

ақпа

рат

құра

лын

есеп

ке қ

ою

тура

лы №

96

50

-Г к

уәлi

гi б

ерiл

ген.

Реда

кция

авт

орла

р м

ақал

асы

мен

жар

нам

а м

азм

ұны

на ж

ауап

бе

рмей

дi.

Авт

орла

р қо

лжаз

басы

өңд

елм

ейдi

жән

е ке

рi қ

айта

рылм

айды

өлем

i ек

i ко

мпь

юте

рлiк

бет

тен

(14

кег

ль)

асат

ын

мат

ериа

лдар

қа

былд

анба

йды

.«А

лаш

айн

асы

нда»

жар

ияла

нған

мат

ериа

лдар

мен

сур

етте

рдi

көш

iрiп

нем

есе

өңде

п ба

су ү

шiн

ред

акци

яны

ң ж

азба

ша

рұқс

аты

ал

ыны

п, га

зетк

е сi

лтем

е ж

асал

уы м

iнде

ттi.

Құр

ылт

айш

ысы

жән

е м

енш

иес

i – «

ТОЛ

ҒАУ

» Ж

ШС

Ди

рект

ор –

А

лекс

анд

р Ф

или

мон

ови

ч А

Н

Тара

ту қ

ызм

етi

тел.

: 8 (7

27) 3

88-8

0-88

Жар

нам

а бө

лім

іте

л.: 8

(727

) 388

-81-

00

Алма

ты қ

алас

ы «Д

әуiр

» РП

БК Ж

ШС

Қалд

аяқо

в кө

шес

i, 17

-үй.

Тел.

: 8 (7

27) 2

73-1

2-04

, 273

-12-

54Та

псыр

ыс –

№98

3

Аста

на қ

алас

ы «А

стан

а-По

лигр

афия

»,Бр

усил

овск

ий к

өшес

i, 87

-үй.

Тел.

: 8 (7

172)

37-

05-5

9Та

псыр

ыс –

№10

02

Шым

кент

қал

асы

«Оңт

үстiк

пол

игра

фия

» ба

спал

ар үй

i» Ж

ШС

Байт

ұрсы

нұлы

көш

есi,

18-ү

й. Те

л.: 8

(725

2) 3

0-03

-30,

30-

03-3

1Та

псыр

ыс –

№71

73

Баға

сы к

елiс

iмдi

Тара

лым

ы –

10

000

дан

аГа

зет с

ейсе

нбi,

сәрс

енбi

, бей

сенб

i, ж

ұма,

сенб

i күн

дерi

шығ

ады.

«Ала

ш а

йнас

ы» га

зетiн

е жаз

ылу и

ндек

сi: 6

4259

Реда

кция

ның

меке

нжай

ы:

Алма

ты қ

алас

ы,05

0051

, Бег

алин

көш

есі,

148

аТе

леф

он: 8

(727

)388

-80-

60, ф

акс:

8(7

27)3

88-8

0-61

e-m

ail: i

nfo@

alas

hain

asy.

kz

БҮГІН:

Шығуы Ұзақтығы Батуы 05:27 15.02 20:30 � �

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ

Зоодүкенде:– Маған сөйлейтін тотықұс беріңізші.– Тотықұс жоқ, тоқылдақ бар.– Ол не сөйлей ме?– Жоқ. Есесіне мидағы әліппені жақсы

меңгерген, шағып береді.***

Алдар көсе мен Қожанасыр көшеде келе жатса, алыстан бір сұлу қыз қарсы шығыпты. Қожекеңді сөйлетпек болған Алдар:

– Ой, күн ыстықта мына қыз түйе жүнінен тоқылған күрте киіп алғаны несі? – дейді.

– Е, күртесінің түйе жүнінен тоқылғанын қайдан біліп қойдың? - дейді аңқау Қожекең.

Сонда Алдар тұрып:– Анықтап қарасаңшы, кеудесінен түйенің екі

өркеші шығып тұр ғой! – депті...

Әзіл-шыны араласА

ймақ

тағы

тiл

шiл

ер:

Аты

рау

– Н

арғы

з ҒА

БДУЛ

ЛИ

НА

, тел

.: 87

02 5

8765

87

Қар

аған

ды –

Сер

iк С

АҒЫ

НТА

Й, т

ел.:

8777

390

9779

Қос

тана

й –

Алм

агүл

СҰЛ

ТАН

ОВА

, тел

.: 87

7740

6790

3

Қы

зылж

ар –

Ерб

ақы

т А

МА

НТА

Й, т

ел.:

8 70

5441

8255

Қы

зыло

рда

– Ә

ділж

ан Ү

МБЕ

Т, те

л.: 8

7777

0544

66

Өск

емен

– Е

лмей

ір А

ХМ

ЕД, т

ел.:

8777

5797

090

Шы

мке

нт –

Шад

ияр

МО

ЛД

АБЕ

К, т

ел.:

8705

987

7799

Аст

ана

бюро

сы:

Мек

енж

айы

: Сей

фул

лин

көш

есi,

31, о

фис

215

Тел.

: 8 (7

172)

54-

27-3

1E-

mai

l: aa

_as

tana

@m

ail.r

uАй

бын

ШАҒ

АЛАҚ

ОВ

– Ас

тана

бю

росы

ның

жет

екш

iсi

Мұр

ат А

ЛМАС

БЕКҰ

ЛЫ –

тiлш

iСа

лтан

СӘ

КЕН

– тi

лшi

Бүрк

iт Н

ҰРАС

ЫЛ

– тiл

шi

БсЖмСбЖкДсСсСрБс

ЖмСбЖкДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСрБс

ЖмСн

ШІЛДЕ

123456789

10111213141516171819202122232425262728293031

Бөл

iм р

едак

торл

ары

ұбаш

МЕҢ

ДIҒ

АЛ

ИЕВ

– с

аяси

бю

ро, т

ел.:

388-

80-7

2Бе

рiк

ӘШ

IМО

В –

нар

ық,

тел

.: 38

8-80

-69

Қал

дар

КӨ

МЕК

БАЕВ

– қ

оғам

, тел

.: 38

8-80

-65

Алм

ат И

СӘ

ДIЛ

– ө

ркен

иет,

тел.

: 388

-80-

64Н

ұрға

зы С

АС

АЕВ

– д

ода

(спо

рт),

тел

.: 38

8-80

-74

Бола

тбек

МҰ

ХТА

РОВ

– ж

аңал

ықт

ар, т

ел.:

388-

80-6

арха

н БЕ

ЙС

ЕНБЕ

КҰ

ЛЫ

– м

енш

iктi

тi

лшiл

ер қ

осы

ны, т

ел.:

388-

80-6

2

Шілденің 17-сіТуған күн иелеріСерік Ғабдоллаұлы (1937) – ақын;Елубай Оразалинов (1955) – Мәжіліс депутаты;Болат Сәрсенбаев (1957) – Иорданиядағы Төтенше және өкілетті елші;Ғалымжан Тоғызбаев (1965) – Алматы қаласы прокурорының орынбасары, аға әділет кеңесшісі;Әсел Қарауылова (1969) – Қазақстан пресс-клубының президенті.

Шілденің 18-іАлаштың атаулы күні• 1834 жылы Алаштың ұлы композиторы, әнші Біржан сал Қожағұлұлы дүниеге келді.

Туған күн иелері Раиса Садықова (1944) – дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері;Қанат Саудабаев (1946) – Мемлекеттік хатшы – cыртқы істер министрі, саясаттану ғылымының докторы;Төребек Қосынов (1947) – Алматы қаласы әкімі аппаратының іс басқарушысы;Рүстем Қадыржанов (1950) – саясаттанушы, философия ғылымының докторы, профессор, академик;Асқар Хасенов (1950) – «Ажар» ЖШС басқармасының төрағасы;Әлихан Жарболов (1955) – «Оңтүстік» аймақтық қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы, генерал-майор;Нұрлан Дүйсенбаев (1959) – «Жекебатыр» ЖШС бас директоры;Қариполла Мұқатов (1960) – Қарағанды облысы әкімінің аппарат жетекшісі;Әнуар Жақсыбеков (1965) – «ҚазМұнайГаз» ҰК-тің геология және

геофизика департаментінің директоры,Берік Бекжанов (1967) – Мәжіліс депутаты;Динара Сәдуақасова (1979) – «Хан Жолы» компаниясының бас директоры;

Шілденің 19-ыАлаштың атаулы күні• Металлург күні.

Туған күн иелеріҒани Қалиев (1938) – «Ауыл» партиясының төрағасы, экономика ғылымының докторы, профессор, академик;Әлім Жаңбыршин (1943) – дипломатия ардагері, техника ғылымының докторы, профессор;Владимир Нехорошев (1945) – Мәжіліс депутаты;Серікқали Мұқанов (1950) – Президент іс басқармасы аппаратының жетекшісі;Дулат Сембин (1954) – «ҚазТрансОйл» АҚ департамент директоры;Ғалым Доскенов (1960) – «Ел» продюсерлік орталығының жетекшісі;Бекетжан Жұмаханов (1963) – Қазақстанның Франциядағы елшілігінің өкіл кеңесшісі;Алан Балфанбаев (1964) – спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық санаттағы төреші, Достық кубогының иегері;Қайсар Жанаханов (1972) – «Нұр-Медиа» медиахолдингінің бас директоры;Азиз Оразбаев (1988) – «Алаш айнасы» газетінің тілшісі;

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»Белгілі есімнің белгісіз сыры:ҚАНАТ – қазақтың төл сөзі. Бұл есімді жаңа туылған сәби ата-анасының қолқанаты, қамқоршысы, көмекшісі болсын деген ниетпен қояды. «Қияға қанат қаққан оғлан болсын» деп те ырымдайды. Ел ішінде өте жиі кездесетін есімдер қатарына жатады.

СІЗ ЕСТІДІҢІЗ БЕ?

Әзірбайжанда сәбиге кез келген есім қойылмайтын болды. Әділет министрлігі мамандары мен ғалымдардан құралған арнайы комиссия рұқсат етілетін және тыйым салынатын кісі есімдері тізімін жариялағалы отыр.

Дағыстанда толассыз жауған жаңбыр Нарынқала тарихи қорғанын жермен-жексен етті. Өлкетанушылар мың жылдан артық тарихы бар ескерткіштің табиғи факторлардан қорғалма ғанына қынжылып отыр.

Ресейлік бұқа ра-лық ақпарат құ рал -дарының мәлі ме-тінше, Да ғыс тан ның Дербент қаласы ау-мағында үш сағат-тың і шінде 47,3 мм жаңбыр жау ған. Қа-ла көшелерінде сел жүріп, тұр ғындар бі раз әбігерге түсті. Табиғи апаттың ең үлкен шығыны – оның Жал ған қыратында орналасқан тари хи құндылықты шайып жібергені. Жер гілікті тұрғындардың сөзіне қара ғанда, жаңбыр тас қорғанның қабыр-ғаларын езіп, селмен бірге ағызып әкеткен.

«Тренд» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ономастикалық тізім келешекте азаматтардың аты-жөніндегі ала-құлалықты жою мақсатымен құрастырылуда. Бұл құжатта кісі аттары үш кате го-рияға бөлінбекші: рұқсат етілетін, тыйым салынатын және сәбиге жараспайтын, өзге тілдерде жа-

ғым ды естілмейтін есімдер. Ал-ғашқы категория ұлттық, мәдени және идеологиялық құндылық-тарға сай келетін ұғым-атаулардан тұрса, тыйым салынатын кісі есім-дері қатарына зорлық-зомбылық-ты насихаттайтын және әзірбай-жан халқына қысастық жасаған тұлға аттары еніп отыр.

Әзірбайжандар есімі жаппай ұлттық мүддеге сәйкестендірілетін болды

Тарихи қорғанды жаңбыр қиратып тастады

ТОҚТЫОсы демалыс күні ай-

тар лықтай күрделі мәсе-лелер орын алуы ықтимал.

Сізге оларды шешкенде еш асығыстық жасамаған жөн. Ең маңызды деген істерді ендігі аптаға қалдыра тұрыңыз.Қа-зір қателік жіберсеңіз, кейін қатты өкінесіз.

ТОРПАҚСіздің бұл күнгі басты

міндетіңіз – алдамшы дү-ние лерге қызықпау, алдан-

бау. Әйтпесе дұшпан дары-ңыз дың құрған тұзағына түсіп қалуыңыз да мүмкін. Өз ісіңіз-ді дұрыс орындап, қандай жағдай болмасын, ұстамды болсаңыз, ұтасыз.

ЕГІЗДЕРБүгінгі күн әртүрлі қиын-

дыққа толы болғанымен, олардың ешқайсысы шын

мәнісінде маңызды болмай шығады. Әңгіме майда-шүй-де, бірақ тез шешуді талап ететін мәселелерде. Шығар-машылықпен айналысуға уа-қыт болмайды.

ШАЯНСіз бүгін тым әсершілсіз,

бұл жұмысқа да, жеке қа-тынастарыңызға да жаман

ықпалын тигізуі мүмкін. Егер жағдайдың қалыптасуы сіздің қалағаныңыздай бол маса, бә рін ақылға салып, өзі ңізді сабырлы ұстауға тырыс қаны-ңыз абзал.

АРЫСТАНЕгер неге талпыну керек

екенін анық білсеңіз, сіз үшін бұл күн жаман емес.

Сіз әлі өзіңіз үшін ең маңызды мақсаттарды анықтаған жоқ-сыз. Сондықтан бүгін сіз ге, бар лығын он рет ойланып, то-ғыз рет толғануға мүмкіндік беріледі.

БИКЕШБүгін сізді үлкен сынақ

күтеді. Одан абыроймен өтіп қана қоймай, оған

қоса өзіңізге қажетті көп нәрсе үйренесіз. Сіздің жақсы қа-сие т теріңіз қиын кезде бай-қалады. Мақтауға тұрарлық-тай әрекетіңізбен, бәрінің на зарында боласыз.

ТАРАЗЫСіздің осы сенбі күнгі

өміріңіз – шахмат тақтасына ұқсас болады. Сәттілік пен сәтсіздік, жеңіс пен жеңіліс ал-ма-кезек ауысып отырады. Бас шыларыңыз мейірімді бол-ға ны мен, әріптестеріңізбен ке- л і с пеуші жағдай туындайды.

САРЫШАЯНБұл күні сізге алаңдауға

еш себеп жоқ. Бірақ сіздің өзбілермендігіңіз кейде шектен шығып кетеді. Өз айт қа ныңыздан қайтпау, үйдегі де, жұмыстағы да жанжалға себеп болады. Әрине жеңіп шыға ала сыз, бірақ қатынасты бұза сыз.

МЕРГЕНБұл күні сіз өмірден тым

көп нәрсе күтпейсіз, және осы кезге дейін жеткен жетістіктеріңізді көңіліңізге медеу тұтып жүре бересіз. Дәл бүгін бұндай әдетіңізді бір шетке ысырып, істеген ісіңізге қарай ақы талап еткеніңіз аб-зал.

ТАУЕШКІ Өзіңізді қинап, барлық

нәрсеге бір мезетте үлгеруге тырыспай-ақ қойсаңыз да болады. Бұл кез келген асуды өзіңізге бағындыра алатын күн емес. Сондай-ақ жеңіске жету үшін қандай әдіс болса да қол-данып,тәуекелге бел бумаған жөн.

СУҚҰЙҒЫШОсы күннің жағымды

әсері, сіздің жұмысқа деген ынтаңызға жақсы ықпал етеді. Сондықтан сіз бүгін қыз-меттегі мәселелерді шешуге құлшына кірісесіз. Сонымен қатар кеңсеге керекті жабдық-тарды сатып алуыңызға қолай-лы күн.

БАЛЫҚТАР Бүгінгі күн сізге шығар-

машылық шабыт сыйлайды. Жан дүниеңіздің ішкі толқы-нысы сізді тыныш ұйықтатпай-ды, алайда ұшқыр қиялыңызды оята ды. Жұртты таңғалдыратын дүниелер ойлап тауып, оны жүзеге де асыра аласыз.

Газетіміздің №118 (344) санында жарияланған сканвордтың жауабы КӨЛДЕНЕҢІНЕН: Мақұлық.Ғұлама. Денатурат. "Ана". Атлас. Сор. Құсқанаты. "Аманат".Шпал. Зал. Асы. Ым. Ақық. Маса.ТІГІНЕН: Казеин. Ұшпақ. Асс. Лұғат. Оқалақ. Лұт. Арам. Қылует. Назым. Қар. Лиана. Мала. Талыс. Ағат. Суыт. Ма.

Құрастырған Айтқазы МАЙЛЫБАЙСКАНВОРД

Бұғақ Тебен

Ағаштамекендей-тін кішкене

аң

Шырпы

Дулыға-дағы

қауырсын

Шахматтааз фи-

гураменұту

...Баба

Кішікұлы

Қазақ ханы

Кемелернемесе

ұшақтаржиынтығы

Әскеришұңқыр

ДжакомоПуччиниоперасы

Жұбай Жастеңізші

Қыстыңпірі

Елдіңкөмегі

Жейхун

Эл. кедергісін өлшейтін

аспап

Тұман

Әскери оқу орны

Ауыз шеті

Қазбабайлық

Тылсым қасиет

Әскерибөлімше

ОмырауҚарапайым

ақуыз

Үлес

Төл анасы

Ұша

Францияполицейі

Көп ішектімуз. аспап

Жер астын-дағы шы-тырманжолды

құрылыс

Алмұртсорты

Бір топ қаламгер достары мен замандастары, қызметтес әріптестері көрнекті ақын, «Дәстүр» журналының Бас редакторы Қасымхан Бегманов пен зайыбы Рахилаға аяулы аналары

РАИСА ҚАМБАРҚЫЗЫНЫҢ дүниеден озуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.