тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін...

32
1

Upload: -

Post on 12-Apr-2017

153 views

Category:

Internet


8 download

TRANSCRIPT

Page 1: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

1

Page 2: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Жоспары:

І. Кіріспе 3

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Сапалы білім-кемел келешек кепілі 5

ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу. 11

Қорытынды 23

Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

І. Кіріспе

2

Page 3: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

ХХІ ғасыр ... Өткен ХХ ғасыр ғылыми-техникалық прогресс заманы бола

тұра жер шарын қамтыған дүниежүзілік қанқұйлы соғыстармен адамзат есінде

қалды. Жаңа технологиялардың қарыштап дамуы салдарынан ғылым мен

техниканың жаңа тұрпатты сатыға көтерілуі ХХІ ғасырды қандай ғасырға

айналдыратындығы туралы ой ғалымдардың ғана емес, елбасылар мен

саясаткерлерді де жиі мазалайтын болды.Өндірістің барынша дамуы,

трансконтиненталдық сауда-саттық корпорациялардың пайда болуы, ғаламдық

байланыс жүйелері мен ғаламторлық ақпараттардың күннен күнге артуы,

қысқаша айтқанда жаһандану (глобализация) үрдістері адамзат санасына

ерекше әсер етуде. Дүниежүзілік саяси карта бетінен тұтас мемлекеттер

жойылып кетуде, бірнеше мемлекеттер бірігіп саяси, экономикалық сауда

одақтарын құруда. Бұл үрдістер бірнеше тілдерді білетін, түрлі заманауи

кәсіптерді меңгерген адамдар үшін жер бетінің кез келген нүктесінде еркін

қозғалуға зор мүмкіндіктер жасауда. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заман

педагогіне қойылатын талаптардың ерекше болатындығы мені де жиі

мазалайды. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен

күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше

бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім

экономикасын» құру бағытында. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа

жүргізіп, оны модернизациялауды қажеттейді. Сондықтан да, білім беру жүйесі

қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгеріске ілесу үшін, біздер, еңбек етіп

жатқан мұғалімдер де өзгеруіміз қажет, ол үшін оқытуды жетілдіру тәсілдерін

үйрену басты міндетіміз болып саналады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Ғасырлар мақсаты–саяси экономикалық

және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды

құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп

қалыптастыру» деген сөзі бүгінгі мектеп пен мұғалімдерге аса жауапты

міндеттерді жүктейтіні анық.

3

Page 4: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Елбасы ұсынған «Мәңгілік ел» тұғырнамасы да келешекте мемлекетіміздің

тәуелсіздігін баянды етудің өзі–қазіргі заманғы педагогтардың жеке тұлғаны

жетілдірудегі қаншалықты шеберлігіне байланысты екендігін тұжырымдайды.

Қытай философы Конфуций «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең

есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген сөзін

ескерсек, оқушының білімге ықыласын арттыруда жаңаша технологияның

оқыту әдістерін терең пайдалана отырып, білім алушы – оқушының өзін

жаңаша оқыту үрдісінің белсенді қатысушысы болуға қол жеткізу де басты

міндет екендігі анық. Сонымен бірге қазіргі шәкірттерге жан-жақтан құйылып

жатқан ақпараттар заманында, өзіне қажеттіні таңдай білуге үйрету бүгінгі күні

аса қажет. Өйткені ғаламторда жақсы да, жаман да, керек те, керек емес те

ақпараттар толассыз көп-ақ.Ең бастысы ұлттық тәрбиеге айрықша көңіл бөлу-

тәуелсіз еліміздің тұрақтылығына, оның саяси экономикалық, рухани

кемелденуіне жеткізетін бірден бір жол деп есептеймін. Өз елін, жерін, халқын

сүйіп өскен ұрпақ ғана кемелді елешегіміздің кепілі. Ол үшін ұстаз білгенін

үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеуші ана тәрізді барлық

адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі болуға ұмтылуы керек.

«Атымды адам қойған соң, қайтіп надан болайын» - деп, ұлы Абай

айтқандай, әрбір баланың санасына осындай түсінікті енгізу басты

міндеттеріміздің бірі деп түсінемін.

4

Page 5: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.І Сапалы білім-кемел келешектің бастауы

Біздер үшін, яғни барлық Қазақстандықтар үшін үстіміздегі 2016 жылдың

басты тарихи оқиғасы – ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерей тойы

болатындығына сенімім мол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Тәуелсіздік

еліміздің алтын қазығы, барлық жетістіктеріміздің қайнар бастауы» - деп

айтқандай, арайлы тәуелсіздігіміздің мәні мен мағынасын өскелең ұрпаққа

барынша, терең жеткізе білу әсіресе тарих пәні мұғалімдерінің төл міндеті

екендігін кәсіби де, азаматтық та парызым деп түсінемін.

Өткен жылы «Оқытудың Кембридждік тәсілі» бойынша бірінші (озық)

деңгейлі курстан өтіп, өз білімімді көтеруім менің тарих пәнінен өткізген

сабақтарымды бұрынғыдан да гөрі қызғылықты, әрі сапалы өткізуіме тың

серпін берді. «Ақырын жүріп, анық бас, үйретуден балаға» - деп Абай атамыз

айтқандай, жан-жақты жоспарланып өткізілген әрбір сабақ оқушының

қоғамдық әрі тарихи дүниетанымының арта түсуіне екпін беретініне көз

жеткізудемін.

Пікірімді кеңейте түссем: 9 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен

«Қазақстандағы мәдени өмір» деген тақырыпта жеті модульді ықпалдастыра

отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін тиімді болғандығына көзім

жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын қалыптастыру

мақсатына жұмылдырылды. Сабақ барысында жаңа инновациялық әдістерді

пайдалана отырып, оқушыларға түрлі деңгейде тапсырмалар берілді.

«Әуе шары» , «Фишбоун», «Тұжырымдамалық карта» әдістері бойынша 3

топқа бөлінген оқушылар нақты үш сұраққа сыни тұрғыдан жан-жақты

талдаулар жасады.

Сабақ барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың зияткерлік

қабілеттері ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның

қазақ халқына тигізген әсері жайында пайымдаулары, сабақтың тәрбиелік

мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті. 5

Page 6: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне

материал көрсетілді.

Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «карточкалар

иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушылар болған оқиғаларды ретпен

орналастырды. Бұл әдіс оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға әсерін

тигізді.

Сонымен қатар 8 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Патша үкіметінің

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы реформалары» деген тақырыпта өткізген

сабағыма тоқталып өтсем. Тақырыпты өткізуге екі сағат -бөлінгендіктен

алғашқы сабақта 1867-1868 жылдардағы Қазақстанды басқару жүйесінің өзгеру

барысында енгізілген өзгерістер және олардың ерекшеліктері оқушыларға жан-

жақты таныстырылды.

Сабақ тірек-белгілері арқылы оқыту технологиясын пайдалана отырып

берілді. 1867-1868 жылдардағы реформалар, патшалы Ресейдің 1822-1824

жылдардағы реформасымен салыстырылып, оқушыларға Қазақстанды отарлау

ісі аяқталып, әрі қарай отарлаушылықты қатаң жүйелендіру басталғандығын

нақты деректермен жеткізіледі. Сабақ барысында электронды оқулық, суреттер,

кестелер, сызбалар, карта пайдаланылды. Осы реформалар жергілікті ұлт

өкілдеріне және оның билеуші топтарына қандай әсерін тигізгендігін әдебиет

пәнімен байланыстыра отырып оқушылардың көзін жеткіздім. Абай 6

Page 7: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Құнанбаевтың «Болыс болдым мінеки» (Күлембайға), «Бойы бұлғаң»

өлеңдерінің шумақтарын жатқа айтқан оқушылар, тақырыптың мәніне терең

үңіле түсті.

Келесі күнгі 2-ші сабаққа толығырақ тоқталғым келіп отыр. Сабақты

«көшбасшы» деп аталатын сергіту сәтінен бастадым. Сергіту сәті оқушылардың

көңіл-күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал тудыруға жағдай

жасады. Тапқырлық танытқан оқушыларды топ басшысы ретінде сайладым.

Оқушыларға «1867 жылы 11 шілдеде Сырдария мен Жетісу облыстарын

басқару туралы уақытша ереже бекітілді» және «1686 жылы 21 қазан Орынбор

және Батыс Сібір генерал-губернаторлығында басқару туралы ереже бекітілді»

деген сөздер мозайка-қималар арқылы таратылып, оқушылар мозайканы құра

отырып топқа бірікті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын

қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады. 2 топқа бөлінген оқушыларға

нақты екі сұраққа сыни тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасау міндеті қойылды.

І топқа – 1867-1868 жылдардағы реформа Қазақстандағы патшалы

Ресейдің империялық билігін қаншалықты нығайтты?

ІІ топқа – реформа Қазақстандағы жергілікті ұлт өкілдерінің әлеуметтік-

психологиялық қоғамдық ахуалына қандай әсерін тигізді?

Бұл мәселерді шешуді оқушыларға «фишбоун» әдісін пайдалану

ұсынылды. Фишбоун-балықтың сүйегі деген мағынада, яғни балаларға

балықтың сүйегін бейнелеп, оның бас бөлігінде негізгі мәселе, балық сүйегінің

жоғарғы бөлігінде кедергілер, төменгі бөлігінде кедергіні шешу жолдарын және

құйрығына шығатын қорытындыны жазу тапсырылды. Оқушылар тапсырманы

орындауда белсенділік пен шеберлік таныта білді.

8 сынып оқушыларының жалпы саны – 14 оқушы, оқушылардың оқу

үлгерімі – 63% пайыз, сабаққа қатысу белсенділігі жоғары. Жас

ерекшеліктеріне сәйкес елгезектері, білімге ұмтылулары, қатыранан озып

кетуге деген бәсекелестіктігі басым. Құрамында мектепішілік түрлі

байқауларға, сайыстарға қатысып жүрген оқушылар баршылық. Сабақ

барысында тақырыпты терең игеруде оқушылардың осы зияткерлік қабілеттері 7

Page 8: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

ашыла түсті. Әсіресе тарихи құбылыстың астарына үңіліп, оның қазақ халқына

тигізген орасан зардаптарына жасаған І топтың жетекшісінің пайымдауы,

сабақтың тәрбиелік мақсатының толық орындалу нәтижесін көрсетті. Оның

«1867-1868 жылдардағы реформа бойынша аға сұлтан лауазымы жойылып,

уездік биліктің орнауы және бұрын Қазақстанның ішкі билігі патша үкіметінің

Сыртқы Істер министрлігінің қадағалауында болатын, енді жаңа реформа

бойынша Ішкі Істер министрлігінің құзыретіне берілуі, сондай-ақ Бөкей

Ордасының жойылып, Астрахан губерниясының аумағына берілуі қазақ

халықының отарлық бодан қалыптан біржола кигендігі, бұл дегенің

тәуелсіздігін мүлдем жоғалтуы ғой?!» деген күйінішті пікірі, халқымыз үшін –

тәуелсіздік ұғымының қаншалықты қастерлі екендігі туралы балалардың

патриоттық отансүйгіштік сезімін оятты.

ІІ топтың жетекшісі «Реформаның нәтижесінде халықтың алдыңғы

қатарлы өкілдерінің арасында патша билігі өкілдеріне деген мансапқорлық,

жағымпаздық, жарамсақтық, бір-бірінің сөзін тасушылық сияқты құлдық

психологиясы, Абайша айтқанда «партияшылдық, жікшілдік орын ала

бастағанын» дөп басып айтты. Осы топтың бір оқушысы «Осы сарынды

Абайдың «Қазағым, қалың елім, қайран жұртым», Мағжанның «Оян, қазақ»

деген шығармаларынан да байқауға болатынын» баса айтты.

Ал, І топтың оқушысының мұғалімге «Басқа мемлекеттердің

құрамындағы автономиялық республикаларды толық тәуелсіз ел деп айтуға

бола ма?» деген сұрағы, баланың дүниетанымдық ойлауының артқандығын

дәлелдейді. Екі топ бірін-бірі «бармақ көрсету» әдісі бойынша бағалағанда

және қойған сауалдарынан оқушылардың тақырыпты түсініп отырғандықтарын

байқадым.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту мақсатында қосымша бейне

материал тамашалау ұсынылды.

Оқушылардың алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы»

ойыны ұсынылды. Тапсырмаларды дұрыс шеше отырып, қазынаны алғаш

тапқан топ жеңіске жететіндігі ескертілді. Алғашқы тапсырмада «карточкалар 8

Page 9: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

иерархиясы» әдісін пайдаландым. Онда оқушыларға реформа бойынша басқару

ісінің бес сатысы карточкаларда берілді, оқушылар топтаса отырып басқару ісін

жоғарыдан төмен орналастырды. Бұл кезеңде топтардың ынтымақтастығы

байқалды. Келесі тапсырма жұптық жұмысты талап етті. Оқушылар жұптаса

отырып, үш генерал-губернаторлық пен оның құрамына кірген облыстарды

тірек-сызбаға толтырды. Жұптасқан оқушылар бірінің білмегенін екіншісі

толықтырып, бір-біріне көмектесе білді. Оқушыларға ерекше ұнағаны-картамен

жұмыс жасау болды. Әр оқушы орнында отырып, картаға генерал-

губернаторлықтардың территориясын белгіледі, содан соң әр топтан бір

оқушыдан тақтаға шығып, тапсырманы тақтада орындады.

Сабақ барысында жетелеуші тірек-сигналдары ретінде сабақтың өткен

материалдарымен сабақтастығын бекітіп отыру үшін интерактивті тақта

арқылы 1822-1824, 1867-1868 жылдардағы реформалардың баптары «венн

диаграммасы» арқылы салыстырмалы түрде көрсетіліп тұрды. Сабақ үстінде

оқушыларда зерттеушілік іс-әрекеттерді байқадым, ұжымдық ортақ білім мен

түсінік қалыптасу орын алды. Оқушылардың ой жинақтау қабілеттерін байқау

мақсатында «адасқан жылдар» тапсырмасын бердім. Оқушылар тапқырлық

таныта отырып, тапсырмаларға дұрыс жауап бере білді.

Сабақты бекітуде тест тапсырмасын және ауызша сатылай талдауды

қолдандым. Берілген тапсырмалардан көп ұпай жинаған топқа қошемет

көрсетілді.

Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру

оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ

барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі

әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін

тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді.

Алған білімдерін пысықтау мақсатында «қазына аралы» ойынын

пайдалануым, оқушылардың белсенділіктерін арттырды.

Менің бұл сабақта байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру

оқушылардың сабаққа деген қызығушылы мен ынтасын оятатындығы. Сабақ 9

Page 10: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

барысында тапсырмалар орындалғаннан кейін топтар, жұптар бірін-бірі түрлі

әдістермен бағалауы топ басшысының топ мүшелерін әділ бағалауына септігін

тигізді және оқушылардың жауапкершілік сезімдерін оята білді.

Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым.

Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі

болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін

білдірген. Сындарлы оқыту арқылы, балаларға терең білім беру үшін,

«Өзгелерді оқыту арқылы, өзіңде оқып үйренесің» деп орыс жазушысы А.В.

Гоголь айтқандай, сабақты дайындау барысында өзімде оқыту теориясы

бойынша көптеген әдебиеттерді оқып, сабақ уақытында пайдаландым.

Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары –

қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа

өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса

маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма,

барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім.

Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел келешектің

бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.

10

Page 11: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

ІІ.2. Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу.

Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын

ұйымдастыруда әдіс-тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс.

А.Байтұрсынұлы  «Қай әдіс жақсы?» деген мақаласында: «Жалғыз әліп-би

үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында жақсы. Әдіс

көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына

қарай» дейді.  Ал Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде

«Олақтықтың белгісі-бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу,

керек кезінде жоқ әдісті де таба білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды

өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек» деген.  Олай болса, күнделікті

ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз тәжірибемізде шеберлікпен

қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты білім берудегі

қажеттілігіміз. Назарларыңызға жеті модульді ықпалдастыра отырып жасалған

сабақ жоспарымды ұсынамын.

Мерзімі: Мұғалімнің аты-жөні: Сыныбы: 9 Оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы мәдени өмірСабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Соғыстан кейінгі ғылымның даму ерекшеліктерін айқындай алады, әдебиет және музыка өкілдері мен кино туындыларын атай алады.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларҒылым, әдебиет, музыка.мен өнер саласындағы жаңалықтарды айқындай алады.Оқушылардың басым бөлігіҚазақ мәдениетінің дамуына шектеу келтірген кедергілерді түсіндіріп бере алады.Негізгі мәліметтерді анықтап, кесте толтырады.Кейбір оқушыларМәдени өмірдің дамығандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп бере алады.

Тілдік мақсат ОқушыларҚазақстандағы мәдени өмірдің дамыған салалары жайында нақты фактілерді келтіре отырып айтып бере алады... .... (істейалады)Негізгі сөздер мен тіркестерПрогресс, өнер, идеология, ғылым академиясы, ЮНЕСКОСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар:Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары мәдениет саласында қандай өзгерістер орын алыпты?Қазақ ғылымының дамуындағы басты жаңалық болған не?

11

Page 12: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Мәдениеттің дамуына кедергі келтірген қандай жағдайлар?Жазылым бойынша ұсыныстар: Негізгі мәліметтерді пайдалана отырып кесте толтырады.

Алдыңғыоқу: 1979ж. Ақмоладағы оқиға. ЖоспарЖоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Басталуы(2 мин)«Сәлемдесу» тренингін өткізу

Үй тапсырмасын сұрауҚатені табыңыз!(3 мин)

Тест тапсырмасы7 минКартамен жұмыс3 мин

Сәлемдесу, түгелдеу. «Сәлемдесу» тренингін өткізу арқылы жағымды психологиялық ахуал тудыру. Стикерлер тарату, олардың түстеріне баланысты үш топқа бөлу.

Оқушылар тест тапсырмасын орындайды.

Неміс автономиясының құрамына енгізілмен болған жерлерді көрсет:

ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады.

Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра»

Электронды оқулық

Ортасы

«Әуе шары»«Фишбоу

Мұғалім:- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстандағы мәдени өмір (1946-1985 )». Балалар бұл тақырыптан нені білетін боламыз деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптары тыңдалады. Біз бүгінгі сабағымызда соғыстан кейінгі жылдардағы ғылым, білім, мәдениеттің дамуы жайында білетін боламыз. 1-топ. Халық ағарту ісі.2-топ Мәдениеттегі идеологияның кері ықпалы.3-топ. Қазақ әдебиеті, музыкасы мен кино өнері.

«Әуе шары» «Фишбоун» «Тұжырымдамалық карта»

12

Page 13: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

н»«Тұжырымдамалық карта»әдістері15 мин

Бейнеролик 3 мин

Сәйкестендіріңіз!3 мин

Карточкалар иерархиясы әдісі 5 мин

«Дұрыс, дұрыс

Оқушыларға өздеріне берілген тақырыпша бойынша бірнеше

әдістерді пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беру тапсырылады. Әдіс жөнінде түсініктеме беріледі. Топ мүшелері орындаған тапсырмалар бойынша өз жұмыстарына таныстырылым жасады.Тақырып бойынша бейне көрсетіледі.

Барлық оқушылар: Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар тақырыптың мәнін постерге түсіреді. Топтар бір-біріне түсіндіреді. Топтар бір-біріне сұрақтар қояды.

ФБ: ФБ: топтар бірін-бірі лайк немесе дизлайк (өзара бағалау) арқылы бағалайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Берілген тұжырымдарды ретімен орналастыр!

13

Page 14: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

емес» 2 мин

«Теледидардағы диктор» әдісі Кейбір оқушылар: Мәдени өмірдің дамығандығын мысалдар

келтіре отырып, дәлелдеп береді

ФБ: дұрыс жауап санына сай бағалауАяқталуы2 мин

Сабақты бекіту үшін «Түсін мені» әдісін қолданамын. Оқушылар кезектесіп қағаз алып, сол қағаздағы сөз жауап болатындай етіп сұрақ қояды.

Кері байланыс: «Бутерброд» әдісі арқылыҚорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы).Үй тапсырмасы: Тақырыпты оқу. Кесте толтыру.

Мерзімі: Мұғалімніңаты-жөні: Сыныбы: 11 Оқушылар саны: Қатыспағаноқушылар саны:Сабақтақырыбы: Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеруСабақнегізделгеноқумақсаты(мақсаттары)

Оқушылар Қазақстан ауыл шаруашылығына өзгеріс әкелген тың игерудің барысымен, жағымды, жағымсыз жақтарымен танысады.

Сабақмақсаттары БарлықоқушыларТың игерудің басталуы, тың игеру жүргізілген облыстарды білетін болады. ОқушылардыңбасымбөлігіТың игерудің ерекшеліктерін және Қазақстанда әкелген өзгерістерін атап айта алады.КейбіроқушыларТың игерудің жағымды жағымсыз жақтарын талдай отырып, сараптама жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді.

Тілдікмақсат ОқушыларТың игерудің жүргізілуі мен барысы және ерекшелігі туралы айтып бере алады.. .... (істейалады)Негізгісөздер мен тіркестертыңСыныптағы диалог/жазылымүшінпайдалытілдікбірліктер: Талқылауғаарналғанмақсаттар:Тың игеру қашан басталды?Тың игерудің басталуына не себеп болды?Қандай облыстарды жүргізілді?

14

Page 15: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Ерекшеліктері қандай?Жазылымбойыншаұсыныстар: Негізгімәліметтердіпайдаланаотырыпкестетолтырады.

Алдыңғыоқу: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуыЖоспарЖоспарланғануақыт

Жоспарланғанжаттығулар(төмендежоспарланғанжаттығуларменқатар,ескертпелердіжазыңыз )

Ресурстар

Басталуы(2 мин)«Атом, молекула» сергіту сәтін өткізу

Теледидардағы диктор әдісі(5 мин)

«Сиқырлы сандықша» әдісі5 мин

Сәлемдесу, түгелдеу. «Атом, молекула» сергіту сәтін өткізу арқылы оқушыларда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды үш топқа бөлу.

Теледидарға диктор әдісін пайдалан отырып үй тапсырмасын сұраймын. Топтар алдымен тақырып таңдап алады. Ұсынылатын тақырыптар; әскери өндірістік кешендер, Байқоңыр ғарыш айлағы, Семей полигоны. Таңдаған тақырып бойынша әр топтан бір оқушы өз еріктерімен диктор бола отырып, үй тапсырмасынан түсінгенін айтады.

(оқушылар өздері 1 сұрақтан жазып, жәшіктерге салады, кейін кезекпен алып, жауап береді).

ФБ: оқушылар дұрыс жауабына сай бағаланады.

Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра»

Электрондыоқулықтар

Ортасы«Елші»әдісі15 мин

Серпілген сауал!5 мин

Кесте толтыру 5 мин

Мұғалім:- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тың игеру».Барлық оқушылар: Әр топқа тақырыптар бөлініп беріледі, сол бойынша олар тақырыптың мәнін өзара түсіндіреді. Орталарынан бір оқушы шығып өзге топқа түсіндіреді.

ФБ: топтар бірін-бірі ұпайлар арқылы бағалады.

Оқушылардың басым бөлігі: Топтар бір-біріне допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды. Алған білімдерін пысықтайды.

15

Page 16: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Картамен жұмыс3 мин

ФБ: дұрыс жауап санына сай бағаланады.

Кейбір оқушылар: Тың игерудің жағымды жағымсыз жақтарын талдай отырып, сараптама жасайды, өзіндік ой-пікірін білдіреді.

ФБ:лайкнемеседизлайк (өзарабағалау)Аяқталуы5 мин

Сабақтыбекітуүшін«сұрақ-жауап» әдісін қолданамын. Оқушылар кезектесіп орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді.

Керібайланыс:стикерге жазуҚорытындыбағалау (топ басшысыныңбағалауы).Үйтапсырмасы: Тақырыптоқу. Тапсырмалардыорындау.

Сабақ: Неолит ескерткіштері Мектеп: Күні: Мұғалім есімі: Сынып 6 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Неолит дәуірінінің тұрақтары мен ескерткіштеріне тоқтала отырып, орналасу сипатына қарай ерекшелігін зерттей алады.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларНеолит дәуірінің тұрақтарын атай алады.Неолиттік тұрақтарды орналасу сипатына қарай бөле алады.Оқушылардың басым бөлігі

16

Page 17: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Неолиттік ескерткіштерді картадан белгілей алады.Кейбір оқушыларНеолит дәуіріндегі ескерткіштердің ерекшелігін анықтап, кестені толтырады

Тілдік мақсат Оқушылар Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен ескерткіштердің айырмашылығын айта алады. .... (істей алады)Негізгі сөздер мен тіркестерТұрақ қоныстары, Зеленая Балка, Пеньки, Усть-Нарым, аталық руСыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар:Алғашқы адамдар қай жерлерді өмір сүрді?Тұрақтар мен ескерткіштер арасында айырмашылық бар ма? Тұрақтардың қандай түрлерін білесіздер?Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба? Сіз не себепті неолит дәуірінде аталық руға көше бастағанын айта аласызба?

Жазылым бойынша ұсыныстар: Неолит дәуіріне жататын тұрақтар мен ескерткіштерді орналасу сипатына байланысты жазу.

Алдыңғы оқу: Неолит дәуіріндегі қолөнердің пайда болуы мен дамуын, қыш құмыралар мен құрал – жабдықтарды жасай алғанын білген.

Жоспар Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар,ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Жоспарланған уақыт Басталуы (2 мин)«Көшбасшы» сергіту сәтін

«Сиқырлы жәшік» сұрақ-жауап әдісі (8 ми

«Көшбасшы» сергіту сәтін өткізу. Түстер арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады.

(оқушылар өздері 1 сұрақтан жазып, жәшіктерге салады, кейін кезекпен алып, жауап береді).ФБ: (жеке тапсырма) фишка арқылы (мұғалім бағалайды)

Ежелгі Қазақстан тарихы Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра

Ортасы«БББ» әдісі2 мин

Мәнмәтінді айқындау (10 мин)

Мұғалім: «Оқушылар тас дәуірі туралы біз не білеміз, нені білдім, нені білгім келетінің анықтап алайық?» сұрағын қояды және жаңа сабақ мәселесіне өтеді. Білемін Білгім

келедіБілдім

--

Мұғалім: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Неолит ескерткіштері». Барлық оқушылар: Әр топқа тапсырмалар беріліп, топта талқыланады.

Электронды оқулық

17

Page 18: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Суретті сипаттау (3 мин)

Картамен жұмыс(5 мин)

Салыстыру және қарама-қарсы қою(5 мин)

1 топ- Неолит дәуірінің тұрақтары2 топ- Неолит ескерткіштері.3 топ – Аталық руға көшудің басталуы.ФБ: (топтық тапсырма) ең жақсы баяндамашыны жұдырық және алақан арқылы бағалаймыз.

Оқушылардың басым бөлігі: Сурет арқылы мағынаны ашу.

ФБ: бағдаршам арқылы бағалау (өзара бағалау).

Кейбір оқушылар: Неолит дәуірінің ескерткіштерін картаға түсіру (жұптық тапсырма). Шығыс Орталық

Солтүстік Оңтүстік

Жеке тапсырма: Неолит дәуірінің ескерткіштерінің ерекшеліктерін анықтау.

Тапсырмалар жинағы

Үлестірмелі материалдар

Аяқталуы10 мин

Кері байланыс:

Білемін Білгім келеді

Білдім

--

Қорытынды бағалау (топ басшысының бағалауы).Үй тапсырмасы: Өткен тапсырмалар бойынша 5 сұрақтан жауап беру.

18

ҚараүңгірСексеуіл

Page 19: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Сабақ: Қазақ хандығының Қазақ хандығының құрылуы

Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі

Күні: Мұғалім есімі: Сынып: 7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Хандықтың негізін қалаған тұлғалар кім екендігін және қазақ хандығының шекаралық аумағын анықтай алады, халықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым-қатынасын айқындай алады.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушыларХандықтың хронологиялық шеңбері мен негізін қалаушыларын айта алады.Оқушылардың басым бөлігіҚазақ хандығының шекаралық аумағын айқындай алады.

Кейбір оқушыларХалықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым-қатынасын анықтай алады.

Тілдік мақсат ОқушыларҚазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышаттарын айта алады. .... (істей алады)Негізгі сөздер мен тіркестерӘбілқайыр хандығы, Моғолстан, Керей, Жәнібек, Шу мен Талас, Қосыбасы, Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарихи Рашиди»Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған мақсаттар:Керей мен Жәнібектің Жетісуға қарай көшудегі негізгі мақсаттары не болды? Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба? Қазақ хандығының құрылу мерзімі туралы ойлар неліктен сан алуан екенін айта аласызба?Жазылым бойынша ұсыныстар: Қазақ хандығының хронологиялық шеңбері, шекаралық аумағы, этникалық құрамы жайлы жазыңыздар.

Алдыңғы оқу Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жайлы білген.Жоспар Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Ресурстар

Басталуы (3мин)

«Ұлт тарихы есігіне жол ашу» сатылай тапсырмалары(3 мин)

Ортағасырлардағы шығармалар мен авторлары арқылы 3 топқа бөлу. 1 топ - Әбу Насыр Әл-Фараби «Ғалымдардың шығуы»2 топ - Махмұд Қашқари «Диуани лұғат – ат – түрк»3 топ - Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих и – Рашиди»

1 топ: «Тарихи диктант»Шарты: Сөйлем ішінде бос тұрған орындарды қажетті сөздермен толтырып, оқиғаны ауызша жалғастыр.ХV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хаңдығы Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы өмір сүрді. 1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде өзгертті. Түркістан аймағындары қалалардың Отра Азия атақты Самарқан, Бұхара, Хорейзм сиятқты  қалалармен байланыстары олардың экономикалық дамуына улкен әсерін тигізеді(Жетісу, батысында, Әбілқайыр, Барақ, Моғол, Сыр, Ақ Орданың,

Төлеубаев Ә.Т., Іргебаев Ғ.Д. 2015, «Атамұра»

19

Page 20: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Бұхара, Хорезм)

2 топ: «Ойлан тап!» берілген әріптерден сөздер құрап, сөздерді байланыстырып, тарихқа баяндама жасау. айрықіләб,тысба,йағон, тісуеж, йекер, ыслұ,рақаб, ебкніәж, олғом.3 топ: Баламалы тест. Сұрақтың жауабын «Иә» немесе «Жок» сөздері арқылы белгілеп, дәлелдерін айту.1.XV ғасырдың соңында Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп,куйреу дәрежесіне жетті ме? «Иә» немесе «Жоқ»2.Қазақ хандығының негізін қалаушы Есім мен Тұрсын. «Иә» немесе «Жоқ»3.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізі этникалық құрамы (Қыпшақ,Арғын,Найман т.б.) басты бес аймаққа шоғырланды. «Иә» немесе «Жоқ»4.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет пе? «Иә»немесе «Жоқ»ФБ: бағдаршам (өзін-өзі бағалау).

Ортасы

«Джигсо» әдісі арқылы жаңа тақырыптың мәнін ашу (15 мин)

«Қазақ хандығы» (4 мин)

Қосымша тапсырма

Мұғалім: «15 ғасырда өмір сүрген мемлекеттік бірлестіктерді атап өтейік. Батысында, Жетісуда,Орталық және Сыр бойында қандай мемлекеттер өмір сүрді?» сұрағын қояды және жаңа сабақ мәселесіне өтеді. «Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуының алғышарттары қандай?» осы сұрақты мұғалім қоя отырып, оқушылармен жаңа тақырыптың мәнін ашады.

1 топ: Хандықтың негізін қалаушылар2 топ: Қазақ хандығының аумағы3 топ: Халықтың этникалық құрамы мен көрші елдермен қарым қатынасыФБ: фигуралар арқылы (мұғалім бағалау)

Бейнеролик көру.

Математикалық ойын.1) 400х3+148= (Шағатай ұрпағы он алты жасар Тоғылық-Темірді қай жылы Моғолстан ханы етіп сайлайды)2) 2800+105-1500= (Әмір темірдің қайтыс болған жылы)3) 200х4+665= (Қозыбасыда Қазақ хандығының құрылған жылы)4)345х2+767= (Керей мен Жәнібек сұлтандар Шу бойына келіп орналасқан жылы)5) 160х6+468= (Әбілқайырды хан сайланған жылы)6) 305х5-155= (Әмір Темірдің Мауараннахрдағы билікті басып алған жылы)7) 3800\2+91= (Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алңан күні)    Сәйкесін тап:               

№ мазмұны № мазмұны1 Қазақ хандығы негізін салушылар 1 1465-14662 Моғолстан ханы 2 Үшқоңыр3 Қазақ хандығы құрылды 3 наймандар4 Керей ханның қыстауы 4 Керей, Жәнібек5 Ұлытаудан Есілге дейін тұрды 5 Әбілқайыр хандығынан

Видео, презентация

20

Page 21: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Аяқталуы«Мән-мәтінді айқындау»(2 мин)

«Ойталқы»(3 мин)

6 Керей мен Жәнібек бөлініп кетті 6 Есен-бұға3 топ:1.Қазақ хандығының Құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді?`А) Түркістан мен Қаратау аралығындаВ) Іле, Шу, Талас өзендері бойындаС) Ұлытаудан Есілге дейін жерлердеД) ЖетісудаЕ)  Ертістен Батысқа қарай, Орталық Қазақстан2. XVI ғ Бас кезінде Қазақ хандығының билеген Жәнібек ханның ұлы?А) Бұрындық ханВ) Қасым ханС) Хақназар ханД) Есім ханЕ) Тақыр хан3. Керей мен Жәнібек сұлтанды құшақ жая қарсы алған?А) Есенбұға ханВ) Есім ханС) Әбілқайыр ханД) Орыс ханЕ) Мұстафа хан4. «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1456-1466)билей бастады» деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма?А)Мұхаммед Хайдар Дулати "Тари-и Рашиди"В)ОғызнамаС)КодекскуманикусД) ШежірелержинағыЕ) Тари-и-Абулхаир-хан5.Қазақхандығыныңалғашқытерриториясы?А)ІлеөзеніВ)Жайық өзеніС)Шу мен Талас өзендері маңыД)Дешті ҚыпшақжеріЕ)Сарыарқа6.ХVғ. Аяғындағы Казақ хандығының негізі қарсыласы? А)Көшім ханВ)Шайбани ханС)Жүніс ханД)ӘмірТемір

ФБ: фишка арқылы бағалау (мұғалім бағалайды).

Барлық оқушылар

Оқушылардың басым бөлігі:

21

Page 22: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

«Картамен жұмыс» (5 мин)

«Санадағы кинофильм»(5 мин)

Кейбір оқушылар: Картамен жұмыс

1.Қазақ хандығының алғашқы территориясы кандай?2.Әбілқайыр хандығы қайда орналасқан?3.Есен-бұға кай елдің билеушісі4.Орта ғасырларда Қазақ хандығының солтүстіктегі көршілес ел қандай хандық?ФБ: саусақпен бағалау арқылы өзара бағалау).

Күй ойналып тұрады, «Адам ғұмырының мәні өмірінің ұзақтығымен емес. Соңында қалдырған өнегелі үгісімен, өрнекті ізімен,кемелді ісімен өлшенеді»Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе, қазақ хандығының кұрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасыҚазақ мемлекетінің бүгінгі тәуелсіз саяси болмысын анық түсіну үшін, кешегі өткен тарихты ұғыну керек.«Ата - бабаларымыз осынау  ұлан- байтақ жерді аттың жалында, түйенің қомында, найзанын ұшында, қылыштың жүзінде жүріп қорғаған , ата - бабаларымыз аңсаған азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Соны ертеңге жеткізу, келесі болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау. Бұл мақсат жүзеге аспайынша азаттық баянсыз."Ханның жақсы болмағы,Қарашаның елдігі.Қараша халқы сыйласаАлтыннан болар белдігі"Хан мен Президент қандай болу керек деп ойлайсыңдар?Кері байланыс: «Баспалдақ» (2 мин)Қорытынды бағалау (мұғалімнің бағалауы)(2 мин).Үй тапсырмасы: Қазақ хандығының құрылуы оқу. 10 сұрақтан тест құрау.

22

Page 23: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Қорытынды

Жаңа инновациялық әдістерді пайдалануда мен не ұттым? қандай

жетістіктерге қол жеткіздім?  Оқытудың мұндай инновациялық, интерактивті

әдістері оқушылардың  бұрынғы  дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда

неғұрлым нәтижелі білімді игеруіне жағдай туғызады екен. Яғни, бұл жағдайда

оқушылардың сабақ үрдісіндегі белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Мен бұларды сабақ соңында алынған кері байланыстан да байқадым.

Оқушылар кері байланыс парақшаларында көңіл-күйлерінің көтеріңкі

болғандығын және сабақта өздеріне ұнаған тұстарын айта отырып, пікірлерін

білдірген.

Қазіргі әлемдік дағдарыс кезеңінде, Елбасының «Ұлт жоспары –

қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы, өселең ұрпаққа

өндірістегі жаңа технологиялар заманына лайық білім мен тәрбие берудің аса

маңыздылығына тоқталғандығын жете түсіне отырып, өткізетін әр сабағыма,

барынша жауапкершілікпен қарау керктігін түсіндім.

Ел тәуелсіздігін баянды ету басты мұратымыз, сапалы білім-кемел

келешектің бастауы екендігін ешуақытта естен шығарамақ емеспін.

23

Page 24: тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. 1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, Бірінші (ілгері) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015

2. Оқытудың белсенді әдістері Астана 2013 жыл3. Әлімов А.Қ. Оқытудағы интербелсенді әдіс-тәсілдер Астана 2014 жыл4. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы 2013-2015ж.

24