Тurkic weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/turkic weekly -2 - 23-29 nov kaz.pdf · Тurkic weekly...

10

Upload: others

Post on 28-Sep-2020

11 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең
Page 2: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша)

Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың апталық шолуы. Ол түркі тілдес мемлекеттердің ағымдағы өзекті мәселелері бойынша объективті талдау жасайды.

Тurkic Weekly - Түркі академиясы Халықаралық ұйымы шығаратын апталық ақпараттық-сараптамалық дайджест.

Page 3: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БІРІКТІРЕДІ

26 қарашада Бакуде Ислам елдері ғылым, білім және мәдениет ұйымы Бас конференциясының (ISESCO) 12-ші сессиясы өтті. Іс-шараға түркі тілдес елдерін қоса алғанда ISESCO-ға мүше 52 елдің өкілдері қатысты. Конференция барысында түркі әлемі үшін екі елеулі оқиға болды. Сауд Арабиясы ұйымдағы төрағалықты Әзербайжанға табыс етті. Баку алдағы үш жылда ISESCO-ға төрағалық етеді. Тағы бір жақсы жаңалық - ISESCO-ға бақылаушы мәртебесіне Халықаралық ұйым Түркі академиясы ие болды. Сөйтіп Түркі академиясы осы мәртебені алған тұңғыш халықаралық ұйым болып саналады. Екі ұйым арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумы аясында тараптар ғылым мен мәдениет жөнінде өзара іс-қимылды нығайту және ұлғайту мүмкіндігіне ие болады. ЮНЕСКО іспеттес Ислам әлеміндегі ISESCO ұйымы даму мен өсіп-өркендеудің қозғаушы күші саналатын ғылым мен білімге ерекше назар аударады. Әлемде ірі өзгерістер кезеңінде, шынайы ислам қағидаттарына байланысты ислам фобиясы мен түсініспеушілік артқанда ISESCO білім мен ғылым арқылы мұсылман елдерінің бейбіт және үйлесімді дамуын жандандыру үшін ынтымақтастық пен өзара қолдауды нығайтуды мақсат қояды. ISESCO-ң көрсетілген қағидаттарымен Түркі академиясы Халықаралық ұйымы ортақтаса отырып, Түркі дүниесі Ислам әлемінің ажырамас бөлігі екендігін айқындайды. Екі ұйымда Түркі және Ислам әлемдерін біріктіретін рухани, адамгершілік және мәдени құндылықтарға ортақ қарайды.

1

Page 4: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

МАҢЫЗДЫ ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ДИАЛОГЫ 23 қарашада Иранда газды экспорттаушы елдердің саммиті өтті. Әлемдегі саяси аренада жағдайды ескере отырып, Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде ресейлік-ирандық екіжақты келіссөздер үлкен маңызға ие болып отыр. Олар осы саммиттің алдында өткізілген. Соңғы 7 жыл бойы Иранда болмаған Ресей лидері Ислам Республикасының Жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеимен, сондай-ақ осы елдің президенті Хасан Руханимен кездесті. Тараптар экономикалық сала бойынша бірқатар уағдаластықтар жасады – оның ішінде жылу электр станциясын және Бандар-Аббас қаласының төңірегінде су тазарту қондырғысын салу, «Гармсар-Инджер-Бурун» темір жол учаскесін электрлендіру жөніндегі РТЖ Иран компаниялармен келісімшарты және басқалары бар. Ақпарат көздерінен белгілі болғандай, Иран аумағында жаңа екі газ құбырларын салу туралы уағдаластықтар жасалынған. Қаржы саласындағы Мәскеу Иранға $5 млрд. несие бөлу ниетін растады. Сонымен қатар Ресей-Иран келіссөздер барысында Таяу Шығыстағы ахуалға ерекше назар аударылған. Сириядағы жағдайға байланысты Мәскеу әлі де болса Тегеранмен ықпал достыққа мүдделі. Мәселен Фордодағы ядролық объектілерге жабдықтарды жеткізу және төмен байытылған уран импортына қажет қондырғыларды жіберу жөніндегі тыйымды Мәскеу Тегераннан В.Путиннің Иран сапары қарсаңында ресми түрде алып тастады. Екі елдің арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың тереңдеуі, сондай-ақ Ресейдің С-300 зымырандық - ракеталық кешенін Иранға жеткізу рәсімдерін бастауы растай түседі. Ресейлік ұшаққа байланысты оқиға салдарынан кейін Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынастағы дағдарыс аясында Сирия мәселесі бойынша «ресейлік-ирандық одақтың» одан әрі нығаюын күтуге болады.

2

Page 5: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮШІН Осы аптаның ең елеулі оқиғаларының бірі ретінде Ресейдің Су-24М ұшағымен болған жайт әлем назарын өзіне қаратты. Бұл НАТО құрылғаннан бастап түрік-орыс қарым-қатынастарының тарихында болған ең ірі қақтығыс болып саналады. Ресми Анкараның ақпаратына сәйкес, Ресейдің әскери ұшағы Түркияның шекарасын өтіп кетіп, көптеген ескертулерге ден қоймаған. РФ СІМ мәлімдемесі бойынша Ресей ұшағы әскери операцияны орындау үшін Сирияның әуе кеңістігінде болған. Осы жағдайға алаңдаушылық білдірген әлем державаларының лидерлері халықаралық терроризмге қарсы күрес мәселесінде Түркия мен Ресей арасындағы байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Осы оқиғаларға қатысты АҚШ, Франция, Германия және өзге де мемлекеттердің басшылары өз пікірлерін айтты. Қазіргі уақытта тараптардың қалыптасқан шиеленісті ахуалдан шығу жолдарын іздестіруі байқалып отыр. Түркияның Сыртқы істер министрі М.Чавушоғлы Әзербайжанның мемлекет басшысы И.Әлиевпен кездесу барысында Түрік-Ресей байланыстарының перспективаларын талқылады. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескенде Түркияның лидері Р.Эрдоған өзінің Ресеймен келіссөздерге дайын екендігін жеткізіп, ал В.Путинмен кездесуге ынталы екендігін растады. Өз кезегінде, Қазақстан басшысы тараптарды бұрынғы байланыстарды қайта қалпына келтіруге шақырды.

3

Page 6: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

ШЕКИ ҚАЛАСЫ - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАҢА МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

Түрікменстанның ежелгі Мары қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің 33-ші отырысы өтті. Іс-шара «Мары - Түркі әлемінің 2015 жылғы мәдени астанасы» атты жылды қорытындылады. Форумның салтанатты отырысында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлері, сондай-ақ аталған халықаралық ұйымның аймақтық - бақылаушылары қатысты. ТҮРКСОЙ-ң Бас хатшысы Дүйсен Қасейіновтың пікірінше, қазірдің өзінде бауырлас халықтардың рухани интеграциясына бағытталған жүзге жуық мәдени іс-шара өткізілді, 20-дан астам кітап жарық көрді. Отырысқа қатысушыларға «барша Түркі әлемінде ерекше орны бар ежелгі Мервтің мұрагері - түрікмен жерінде Мары қаласындағы кездесуден алған ортақ қуаныш пен толқуларды білдіргім келеді», - деді Д.Қасейінов. Форумға қатысушылар бірқатар маңызды күндерді 2016 жылы бірлесіп мерекелеуге ынталы екендігін атап өтті. Атап айтқанда, келесі жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан Өзбекстан және Түрікменстан тәуелсіздіктің 25 жылдықтарын атап өтеді. Бүкіл түркі әлемі үшін тағы бір айтулы күн - ұлы түркі ақыны, ойшыл Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы. Іс-шараны қорытындылай келе, делегаттар қорытынды құжаттарға, атап айтқанда ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесі отырыстарының XXXIII декларациясына және Жұмыс хаттамасына қол қойды. Ұйымға мүше мемлекеттер мен бақылаушы-өңірлерден түскен ұсыныстар негізінде 2016 жылға арналған Іс-шаралар жоспары бекітілді. Сонымен қатар қатысушылар түркі әлемінің 2016 жылғы мәдени астанасын таңдады. Ол Әзербайжанның Шеки қаласы болды.

4

Page 7: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

САРАПШЫЛАР НАЗАРЫНДА ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕЛЕРІ Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселелеріне арналған екі ірі халықаралық конференция өтті. 23-25 қарашада Мәскеу мен Алматы қалаларында Орталық Азия өңірін зерттейтін білікті мамандардың отырыстары болды.

«Орталық Еуразиядағы геосаясат баламалары және қауіпсіздіктің трансшекаралық қауіп-қатерлері» тақырыбымен өткен Мәскеу конференциясында жетекші сарапшылар Орталық Азия аймағының күн тәртібінде тұрған қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады. И.Звягельская, Омар Нессар, Б.Сұлтанов, С.Сафаров және т.б. атақты сарапшылар Таяу Шығыс, Ауғанстан және Орталық Азиядағы оқиғалардың ықтимал қарым-қатынастарын талдады. Сарапшылар Орталық Азияны жеке Ресейлік және Қытайлық көзқарастарымен де қарастырды.

Көптеген сарапшылар өзара сенім шараларын нығайту және жанжалдарды реттеудің дипломатиялық әдістерін жетілдіру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Сирия мен Ауғанстандағы ахуал Орталық Азияға қалай әсер ететінін мәселе ретінде Алматыда өткен жиында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ауғанстан сарапшылары күн тәртібіне қойды. Семинарды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) мен Халықаралық коммерциялық емес «Search for Common Ground» корпорациясы ұйымдастырды.

Семинар аясында әр елдің зерттеушілері тағы бір рет кездесіп, өзекті сұрақтарды талдап, бір-бірін жақыннан тыңдап, көршілердің кез келген мәселе жөніндегі көзқарастарын түсінуге мүмкіндік алды. Ауғанстан мен Орталық Азияда ДАИШ-ың пайда болуы мен нығаю қатерлері, Түркия мен Ресей арасындағы бұдан әргі өзара іс-қимыл мәселесі бойынша әртүрлі және қарама-қарсы айтылған пікірталас сындарлы және достық атмосферасында өтті. Талқыланған тағы бір мәселе - Сириядағы соғыс қимылдарына тартылған осы өңірден шыққан адамдар жөнінде болды.

Іс-шараға қатысқан кейбір қатысушылар Орталық Азиядағы діни ахуалды зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Сонымен қатар сарапшылар Батыстың, Түркияның, Ресейдің, Иранның және Парсы шығанағы монархтарының Сириядағы стратегиялары мен мүдделерін мүмкіндігінше дәл сипаттауға тырысты.

5

Page 8: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

ЖАҢА ҮКІМЕТТІҢ ЖАСАҚТАЛУЫ

Қайта өткізілген сайлау "Әділет және даму партиясына" Парламенттегі орындардың көпшілігін алуға, Премьер-Министрі Ахмет Давутоғлына Түркияның жаңа 64-ші үкіметін жасақтауға мүмкіндік берді. Түркия Президенті Р.Ердоғанға А.Давутоғлы ұсынған кандидатуралар тізімі ү.ж. 24 қарашада мақұлданды. Министрлер кабинетіне өте тәжірибелі және танымал есімдер кірді. Министрлердің әрқайсысы өз ісінің маманы екендігін дәлелдеді. Олардың көбісімен премьер-министр бұрында жұмыс істеп келді немесе партия қызметі бойынша олармен жақсы таныс. Үш кезеңдік кедергіден өтпей қалған министрлер қайта өткендігін ескерсек, министрлер кабинетінің басшысы кімнің неге қабілетті екенін жақсы біледі. Мәселен, кейбір салмақты министрлер (білім, қорғаныс т.б.) өз портфелдерін қайта алды. Сыртқы істер министрі болып М.Чавушоғлы тағайындалды. Болжамдарға сәйкес, жаңа Үкімет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатында даму бағытын өзгертпейтін болады. Премьер-министр Давутоғлы бірнеше құрылымдық экономикалық реформаларды жүргізуге ынталы. Сонымен қатар "Әділет және даму партиясы" сайлау алдында халыққа берген уәделерін келесі 4 жыл ішінде орындауға тырысатын болады. Жаңа жасақталған Үкімет алдындағы маңызды сұрақтардың бірі - Конституцияға өзгерістер енгізу. Бұл сұрақ бойынша пікірталастар мен талқылау қызу үстінде. Осыған орай, Давутоғлы іс-қимылы ішкі үйлесімді қажет ететін кәсіпқой және толық функционалдық үкіметке арқа сүйейтіні белгілі. Айта кетерлік жайт, Үкімет құрамында екі әйел бар.

6

Page 9: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

ҚЫТАЙДЫҢ ӘСКЕРИ ҚУАТЫ ӨСУДЕ

Қытай Джибути Үкіметімен әскери-теңіз базасын салу жөнінде 10-жылдық келісімшартқа қол қойды. База ҚХР Африкадағы бірінші әскери объектісі болады. Бұл жерде орналасатын аэродром Парсы шығанағы аймағында, Таяу Шығыс және Африка өңірлерінде барлау деректерін жинауға мүмкіндік береді. Қытай тарапының айтуынша, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде Қытайдың халықаралық міндеттемелерін орындау барысында аталған база тиісті рөлді атқарады. ҚХР СІМ ресми өкілі Хун Лэйдің пікірінше, Джибутидегі база БҰҰ Африкадағы бітімгершілік және гуманитарлық операцияларына Қытай әскерлерінің ойдағыдай қатысуға, Сомали мен Аден шығанағы аймағында коммерциялық кемелерді сүйемелдеу міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Джибути энергетикалық ресурстарды тасымалдау аясында жаһандық теңіз күретамыры саналатын Аден шығанағы мен Баб әл-Мандеб бұғазысы тұрғысынан өте ыңғайлы жерде орналасқан. Сондай-ақ Джибути Араб түбегіне, Үнді мұхитының Солтүстік-Батыс бөлігіне, Шығыс, Солтүстік және Орталық Африканың бір бөлігіне қол жеткізуге жол ашады. Сонымен қатар ол Шығыс Жерорта теңізінен де өте алыс жерде орналаспаған. Джибути Қытайдың Африкадағы теңіз және жер үсті мүдделеріне жататын ең қауіпсіз және саяси жағынан тұрақты ел болып саналады. Қытайдан басқа, АҚШ, Францияның және Жапонияның базалары да Джибутиде орналасқан.

7

Page 10: Тurkic Weekly - twesco.orgtwesco.org/upload/Turkic weekly -2 - 23-29 Nov KAZ.pdf · Тurkic Weekly 4 2015 (23-29 қараша). Тurkic Weekly Түркі әлеміндегі ең

Халықаралық Түркі академиясы 2010 жылы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия мемлекет басшыларының тарапынан құрылды. Ол көне дәуірден қазіргі заманға дейінгі түркі әлемінің тілдерін, мәдениетін және тарихын толыққанды зерттеуді жүргізеді және оны үйлестіретін халықаралық ұйым болып саналады. Түркі академиясы осы саладағы ғылыми қызығушылық білдіретін әлемнің ғылыми-зерттеу және білім орталықтарының арасында ынтымақтастық орнатуға ықпал етеді. www.twesco.org | 57-49-86 57 Тәүлсiздiл даңғылы, Бейбiтшiлiк және келiсiм сарайы Astana, 010000 | Қазақстан

@intturkicacadem https://www.facebook.com/International-Turkic-Academy-832484896847678/