ozbekstandagi kazak akindari tpg - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7172.pdf · 12 13 ана тілін...

85

Upload: others

Post on 27-May-2020

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

3

ӨНЕР МЕРЕКЕСІНІҢ ЖЕМІСІ

олдарыңызға тиіп отырған осынау жыр-жинағының өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда өзбекстандық жас қазақ

ақындарының өлеңдері топтастырылған. Шекара бөлінісі кезінде сыртта қалып, өзбек ағайындардың бауырмал құшағында, ықпалында есейген бұл шығармашылық өкілдерінің басын біріктіретін ортақ жайттар аз емес. Олардың көпшілігі бауырлас екі тілді, екі әдебиетті төл емгендер. Қазақ және өзбек тілдерінде жыр жазып, тарихи Отаны – Қазақстанға да алаңдаулы күй кешіп жүргендер бұлардың арасында жиі кездеседі. Көптен бір-бірімен кездеспей, тосырқаулы халде жүрген жас ақындар Өзбекстан Республикасы Тәуелсіздігінің 22 жылдығы мен Өзбекстан-Қазақстан республикалары арасындағы Мәңгі достық туралы келісім-шарттың 15 жылдығы және көрнекті қоғам қайраткері, би-шешен Төле би Әлібекұлының 350 жылдығына арналған Өзбекстандағы қазақ жазба ақындары-ның мүшәйрасында сағыныса көрісті. Бұл біз үшін біршама уақыттан бері орайы келмей, көкірегімізде тәтті үміт болып қана ұялап жүрген жақсы ой еді. Бұл ойымызды Республикалық ұлтаралық мәдениет орталығы (басшысы Н.Мұхаммадиев) және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы (басшысы Т.А.Мамашев) да құп көрген соң, Республикалық

ӘОЖ 821.512.122КБЖ 84 (5 қаз) - 5 Ө 25

ІSBN 978-601-7023-79-9

ӘОЖ 821.512.122КБЖ 84 (5 қаз) - 5

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»

бағдарламасы бойынша жарық көрді

© Құраст.: М. Үкібаев, 2014© Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014

Құрастырушы Марат Үкібаев

Ө 25 Өзбекстандағы қазақ ақындарының өлеңдер жинағы: Өлеңдер жинағы./ Құраст.: Марат Үкібаев. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауым дастығының «Атажұрт» баспа орталығы, 2014. – 168 б.

ISBN 978-601-7023-79-9

Өзімізбен түбі де, тілі де бір өзбек елінде қазақ диаспорасының қалың тобы тұрады. Іргеміз ажырап көрмеген бұл елден қазақ мәдениетіне айтулы үлес қосқан талай-талай өнер саңлақтары шықты. Қолдарыңыздағы кітапта өнерге, өлеңге таласы бар бір топ өзбекстандық қазақ ақындары ның жырлары топтастырылып беріліп отыр. Тамырлас, тағдырлас екі елдің достығын, Тәуелсіздікті, ортақ тұлғаларды мақтан ету, өмір құбылыстарының сырына қал-қадерінше үңілу жинаққа енген ақындардың қай-қайсысының да қаламына тән нәрсеге айналып, жинақ ерекшелігін арттырып тұр.

4 5

қазақ ұлттық мәдени орталығы, Республикалық «Нұрлы жол» (бас редактор Ғ.Юсупов) газеті және Өзбекстан Жазушылар Одағы жанындағы Қазақ әдебиеті кеңесі бірлесіп, мақсатымызды жүзеге асыруға бел байладық.

«Осынымыз қалай болар екен? Ел-жұрт қалай көреді, қалай келеді екен?», деген дүдәмал сансыз сауалдар алдымыздан жиі шықты. Осындай көңілді буған көп күдікке қарамай, «Мүшәйра-2013» жыр-бәйгесін ойдағыдай өткізуге қол жеткіздік. Жұмыла көтерген жүктің ауырлығы білінбейді екен.

«Мүшәйра-2013» жыр-бәйгесіне тек қазақ ақындары қана емес, қарақалпақ, қырғыз, өзбек азаматтарының да қатысуы дәтімізге қуат болды.

Өзімізді өзіміз дәріптейік деп отырған жоқпыз. Мүшәйра соқталы тақырыптарды жыр етті. Көп ақындар шығармашылығында ең алдымен көші-қон жайы сөз болды.

Көші-қон мәселесі көтерілген соң, Балтабек Досмұратов, Базарбай Иманов, Нұрбибі Омарова, Бөрібай Оразымбетов, Темірхан Әліханов, Рузи Алдашева, Қонақбай Саттаров, Полат Жанбаев, Қайыпназар Шотбасов сияқты бірқатар ақындардың елімізге, атажұртқа қоныс аударуы біраз жайтқа ойтүрткі болғанын атап өтуіміз керек. Қалай десек те, осынау қаламгерлердің ел ішінде өз орны бар болатын. Сол аға-апаларының ізінен ілескен ақын жерлестеріміз қазір қаулай өсіп келеді екен.

«Мүшәйра – 2013» жыр-бәйгесінде «аяғын апыл-тапыл басқан» жастардың өздерін танытуына жол бердік. Өйткені, мұндағы әдебиеттің өсуіне, кенжелеп қалмауына да мәпелі қол, аялы алақан керек қой. Осындай іс-шаралар кезінде, аламан жарыстар тұсында өнеге көрсін, өссін, білсін, үлгі алсын дедік.

Мүшәйрамызға қатысқан ақындарымыздың бәрінің деңгейі бірдей емес. Оның үстіне бұлар, мүшәйраға қатысушылар – әртүрлі мамандықтардың иесі, бір-бірінен жас алшақтықтары да жоқ емес.

Қырғыз, қарақалпақ тәрізді өзімізбен бауырлас, қанаттас ұлт өкілдерінің де өлеңдерін сарапқа салуға тура келді. Мүшәйраны көруге жиналғандар арасында олардың қазақ тілінде өлең жазғанына қара бұлттай түнермей, күн көзіндей күлімдеп, қуана қараушылық басым болды.

Реті келгенде айта кететін тағы бір жайт бар. Осы жиын үстінде «Мүшәйра-2013» жыр-бәйгесінде өнер көрсеткен ақындардың өлеңдерін жеке жинақ етіп шығарамыз деп уәде еткен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына риза көңілімізді білдіре кетуді жөн көріп отырмыз. Мұның өзі жас ақындардың шабытына қанат бітіргендей болды..

Мүшәйрада бас жүлде ешкімге берілген жоқ, әділқазылардың шешімі осылай болды. Ақындардың ақсақалы Шүкірбай Ақназаровқа, аудармашы Насыр Фазыловтардың иығына зерлі шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Бірінші орынды Наурызбай Жарбосынұлы, екі бірдей орындарды Құлназар Ибрагимов пен Ақшагүл Төлегенова, үшінші орынды Боран Қыдыров, Абдулла Рүстемов (өзбек тілінде жазғаны үшін), Арухан Ақпанбетовалар иеленді. Шүкірбай Ақназаров, Лала Жүнісқызы, Жарасқан Нұрбаев және одан да басқа ақындар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Мүшәйраға қатысқан әрбір ақын арнаулы дипломмен марапатталды.

Осынау жыр жинағы өзбек елінің астанасында өткен сол бір шуақты өнер мерекесінің жемісі ретінде өмірге жолдама алып отыр.

Марат ҮКІБАЕВ,

Өзбекстан Республикасы Қазақ мәдени орталығының

төрағасы.

Өне

р м

ерек

есін

ің ж

еміс

і

Өне

р м

ерек

есін

ің ж

еміс

і

76

СаБыр КереК

Сабыр керек жыласаң да, күлсең де,Адам деген ұлылық бар, біл сен де.Тегіс жолда-ақ сүрінуің қас қағым,Аяғыңды аңлап басып жүрсең де.

Сабыр керек қуанышың ба, қайғың ба,Әрбір іске сабырлы бол, қайғырма.Жарық ай деп жырға қанша қоссақ та,Қараңғысы боларын біл айдың да.

Сабыр керек мына өтпелі кезеңде,Тарықтым деп, зарықтым деп безерме.Таршылықтың арты болар молшылық,Кейде ортайып, кейде тасиды өзен де.

Сабыр керек уақытша нарыққа,Заман өзі келтіреді қалыпқаҚымбатшылық тас боп қатып қалмайды,Билік күші тұрған кезде халықта.

Қыр Қызы

Қыр қызы, сен өзіңсің аңсағаным,Әр таңды өзің бе деп қарсы аламын.Па, шіркін! Құшағымда болсаң-ау сен,Тұрғанда тоя жұтып таң самалын.

Қыр қызы, күндей күлімдейсің,Сен көктемнің алғашқы гүліндейсің.Жұпар иісің ерітіп жүрегімді,Ақ торғын боп мойныма ілінгейсің.

Қыр қызы, кер маралдай, керілесің,Қол жетпес көктегі айдай көрінесің.Өзің мені өрт болып өртегесін,Жүрек неге қорғасындай ерімесін.

Шүкірбай АқНАзАРұлыБұхар облысы, Тамды ауданы.

Жүрегіңнен тумаСа

Жүрегіңнен тумаса,Құлагер өлең шықпайды.Найзағай ойнап, туласа,Бұлттар көшіп, ықтайды.

Көктемде жауған жауыннан,Жер көгерер нәр алып.Үдере соққан дауылдан,Ыдырайды қара бұлт.

Дүние деген дөңгелек,Шыр айналады тынбастан.Өміріңе өрнек ет,Қуаныш, қайғы сырластар.

Алынбас қорған мысалы,Ғашықтар үшін түнгі аспан.Қодардың қанды пышағыАрамдықпен жымдасқан.

Кеңдігіндей даланың,Кең пейіл көрсем құрдастан.Лезде шат боп қаламын,Алтайы түлкі жыр жазсам.

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

8 9

Қыр қызы, құлай сүйсем кінәлама,Сүйеріме кең жайлау, куә дала.Сұлу аққу көл бетінде қалықтаса,Қыран құс тұғырында тұра ала ма?

БайтаҚ далам

Уа, менің қасиетті байтақ далам,Құс салып, тазы жүгіртіп айтақтаған.Бірдейсің жақсыға да, жаманға да,Кеңдігіңді осыдан байқап қалам.

Маған қымбат сексеуіл, жусандарың,Өзіңде туған дүлей мың сан дарын.Кезінде Қожеке мен Бақа билер, Ауызына қаратыпты жұрттың бәрін.

Қарағұла, Құлқа мен Дәуітбайлар,Аман-Алмас, Қазанат- Сауытбайлар,Дыбысынан алыстан жау жасқанған,Батырлар ед тілейтін қанды майдан.

Ақындықта Базар жырау даңқы асқан,Сөзінен тас үгіліп темір сасқан.Әніне адам түгіл мал қызыға,Тамсанып тыңдатты ғой мөлдір аспан.

Өзіңде туыпты ғой талай дарын,От ауыз, орақ тілді, сөзі жалын.Естіген, білгенімді жаздым хатқа,Көп сенің жарқыраған жұлдыздарың.

Уа, менің қасиетті байтақ далам,Өзіңді жырламасам жай таппағам.Рухын өткен ерлер көтермесем,Ойлашы, кейінгі ұрпақ не айтад маған.

Жыр еттім Тауелібай тарландарын,Елімнің алау болып жанғандарын.Байтақ далам, мен сенің бір ұлыңмын,Өзіңнің кеңдігіңнен алған дарын.

айтпаСа СӨздің тӨрКіні Өледі

Қырандар көкте еркін өледіАйтпаса сөздің төркіні өледі.Мансаптың ұлы, көмейдің құлы,Шындықты айтсам жекіме мені.

Қаһарланып еседі желің,Шұбырып неге көшеді елің.Араныңды айқара аштың,Маңдайдың кірі бес елі ме едің.

Суы кеткен жер қамыссыз қалды,Теңі кеткендер таныссыз қалды.Қорладың сен арыс қыздарды,Қасыңа ертіп намыссыздарды.

Өншең қу болып сыбайластарың,Жемқорларға ұнай бастадың.Жүрсең де батып батпаққа ылғи,Ұялмай дедің «лай баспадым»

Жабыға қайда бір қалып шаппақ,Таптадың талай үмітті аппақ.Бәйтеректерді басынан қидың,Сыбайлассың шілікті мақтап.

Өсекшілердің өсегіне ердің,Жезөкшелердің төсегіне ендің.Жаманаттың жолына түстің,Өсер ұл деп ек, өсе білмедің.

Қамыққан елдің қарғысы өтіп,Жиіркеніштің шетіне келдің.Жүрсің қашып, алысқа кетіп,Қарай алмай бетіне елдің.

Көтерді сені баянсыз мансап,Менсінбедің жерді, анаңды аңсап.Басың тасқа тигенде білдің,Аяғыңды басқаныңды жаңсақ.

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

10 11

Болса да ылғи ұрлық жегенің,Сезбедің түбі шындық жеңерін.Есек боп шықса дүлдүл дегені,Кім білсін енді ұлдың не дерін.

Айтпаса сөздің төркіні өледі,Ынсапсыздарға ел түнереді.Жазбас па едім бұндай өлеңді,Қоймады шындық еркіме мені.

егемендіК алҒан Күн

Егемендік алған күн!Егемендік алған күн!Бар бақытым содан лаулап жанған күн!Тәуелсіздік туын биік көтеріп,Жиырма екіге иек артқан Арланмын.

Елім – азат!Жерім- жұмақ алқабы.Таңым – ғажап,Жырым – жойқын бағалы.Еркін жұртқа егемендік әкелгенТұнды құтқа Тәуелсіздік қадамы!

Өн бойынан жұлдыз атып жарқылы,Елдің айтсам – шадыман-шаттық әр күні.Өзімізді өзгелерге таныттық,Тәуелсіздік тәтті таңы арқылы.

Бабалардың қанат қақты арманы,Даналардың даңқы бізді баурады.Чулпандар мен Фитраттар жаққан отЖас ұрпақтың жүрегінде лаулады.

Тек келмеді еркіндіктің таңы дәл,Бұл күнді аңсап өтті қанша нар ұлдар!Біз көтерген тәуелсіздік туында,Бабалардың ағып жатқан қаны бар.

Өр бабалар жолын тұтқан өнеге,Өр кеудеде өрлік жыры сөне ме?Емін-еркін өмір сүрген өр халық, Өңмендеген өктемдікке көне ме?!

Еңкейтсе де еңсені кей сәтсіздік Елдік іздеп, жалын құшып, от сүздік.Алпамыстың рухы қайта оянып,Тәуелсіздік күнге қолды жеткіздік.

Бүгін – Қажып!Елім – азат, жоталы.Құшақ жайды бейбіт ғұмыр сапары,Ұлы Бабыр туған мекен дүрілдеп,Ұлықбектің ұлықтанды Отаны.

Бұл күндерден тапқан еді жұртым бақ,Жеткізе алман шырын сәтті құр жырлап.Науайының ұрпақтары өрлеп тұр,Зулфияның қыздары жүр сыңғырлап.

Бабалардан мұрат болып қалған тақ,Қандай ыстық – Егемендік алған сәт.Абат Отан,Азат өмір,Арман,Бақ.

Ориповтың жыры еніп өр үнге,Қалықтайды бүкіл әлем көгінде.Әмір Темір кісінетіп тұлпарын,Ташкентімнің бүгінде тұр төрінде.

Егемендік алған күн,Басыма бақ қонған күн,Алла нұры маңдайыма тамған күн.Бабалардан сөнбей жеткен бір сәуле,Жүрегімде жұлдыз ата жанған күн.

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

12 13

ана тілін Білмейтін мӘңгүртКе

Көргенсіз десем көңліңе, сірә, келмесін,Өз тіліңді үйренесің бе өлгесін.Ана тіліңде сәлемдесе де білмейсің,Сәлемдеспеу елге де сын, дінге сын.

Өзіңді білмей, өзгені білу не теңің,Болғың келді ме өз ұлтыңа бөтен ұл.Еуропаның ез әдетіне еліктеп,Деп жүрсің бе мұратыма жетемін.

Өзіңді-өзің мәдениетті санайсың,Ата-анаңа емес, өзгелерге малайсың.Тіліңді білмей, дініңді білмей жүргенде,Қазағыңа, ел бетіне қалай қарайсың.

Бұл сөзді саған жаным ашып айтамын,Ана тіліңде, ата салтына қайта біл.Шет тілін саған үйренбе деп айтпаймын,Ана тіліңді білмесең кешпейді сені байтағың.

Қыран мен КӨз ЖаСы

Адамда бұндай бола ма қатты,Қиядан көздеп қыранды атты.Тимеді оғы, далаға ылақты,Сауысқан күлді ала қанатты.

Жаралғандай талғамы көкте,Тау қыраны самғады көкке.Саңқылдап дауысы аспанды тілді,Кім білсін оның арманы көп пе?

Көрінбей кетті бұлттардан асты,Тып-тынық күн дауылға басты.Бәлкім қыранның көз жасыма,Дауылдың арты жауынға ұласты.

Шөліркеген жер сусыны қанды,Қыранын аңсап күрсініп алды.Қатыгездігін кеш ұққан адам,Көзінің жасын бір сығып алды.

Өмір заңы

Болса да бар адамға бірдей мирас,Бұл өмір кейде тарпаң, кейде жуас.Бақыттың бақшасына жетем десең,Ақ ниетті таза жүр, болма лас.

Десең егер ешқашан қыстанбайын,Бұл өмірдің кей кезде мыстандайын.Зәредейден басынан бағы тайса,Арыстан да болады тышқандайын.

Өмір ауа райындай айнымалы,Біреу күлсе, кей біреу қайғырады.Жақсы-жаман болуың өз қолыңда,Емес оған шалқақ туған ай кінәлі.

Алла адамға ақыл берген асқаралы,Деп, «Адам бар әлемді басқарады».Еңбекшіл жарық күндей жарқыраса,Жалқаудың ашылмайды қас-қабағы.

Өмір заңы болады өзгермелі,Қинайды бос өткізген кездер мені.Парасаттық жүгенін берік ұста,Тарпаңның тулары анық кез келгені.

аҚша туралы аҚиҚат

Кіммен сөйлес бұл күнде ақша зары,Ақшада тұр әңгіме бас базары.Барлық нәрсе ақшаға бас игесін,Адамдық парасаттың қашты ажары.

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

1514

Барлық жерді осы ақша бүлдіріп жүр,Біреуді жылатып, біреуді күлдіріп жүр.Мейлі ақша жылан болсын, маймыл болсын,Өктемдігін бар жерде жүргізіп жүр.

Бұл ақша құл қып адам сатып ап жүр,Доллармен он-ондап қатын ап жүр.Мейлі ол залым болсын, шайтан болсын,Қажы болып Меккеге қатынап жүр.

Сұм ақшадан талайлар езіліп жүр,Талай әйел ерінен безініп жүр.Кейбіреулер ақшаға тәлкек болып,Кейбіреулер ажалға кезігіп жүр.

Қалайда ақша сұмдығын асырып жүр,Мен дегендер ақшаға бас ұрып жүр.Талай гүлдер мезгілсіз жұлынып жүр,Талайлар топ-тобымен қырылып жүр.

Бүгінде ақша болып «опалы» жыр,Шүріппесіз мылтықтай от алып жүр.Жасын боп жерге түскен найзағайдай,Қалаған жерін лезде қопарып жүр.

Ақшаның сыры әбден ашылып жүр,Терроршы боп өзінше тасынып жүр.Өктемдігін паш етіп дүниеге,Адамды адам демей басынып жүр.

Айта берсе ақшаның сұмдығы көп,Бола ма қолмен тасқын суды бөгеп.Үстемдігін қоймаса ақша-доллар,Құмырсқадай құжынап ұрлық өред.

Ұрлық түбі не екені белгілі ғой,Ұрлыққа адам қадам баспаса екен.Ақша жайлы мендегі ой –Ақша құны адамнан аспаса екен.

Шүк

ірба

й А

қназ

арұл

ы

Арухан АқпАНБЕтоВА,Қарақалпақстан Республикасы,

Беруни ауданы.

егеменді ел БОлып

Егеменді ел болып өркендеген Отаным,Көше-қалаң мұнтаздай, көркемдеген Отаным.Тамсандырған талайды теңдесі жоқ бір елсің,Ешбір өлке өзіңе тең келмеген Отаным.

Мәңгі берік тұғырың орнатылған Отаным.Табиғатың тамаша сырға толған Отаным.Селт еткізген сезімін сұлулығың сендегіАқын жанын құмартып жырға толған Отаным.

Талай-талай асудан асып өткен Отаным. Сонау қиын күндерді басып өткен Отаным.Тарихыңды көміп тұр ащы жас пен аққан тер,Бұл бақытты заманға аман жеткен Отаным.

Егеменді ел болып, асқақтаған Отаным.Ата-баба дәстүрін сақтап қалған Отаным. Өзге елде сұлтан боп, бақ жұлдызы жана алмай,Жүрген жанға өкініш, асқақ арман Отаным.

Кемелденген жан-жақты жастарың бар Отаным. Мәңгі ашық, зеңгір көк аспаның бар Отаным.Туған жердің суы да рахат болар жаныма,Ішкенім нәр өзіңде, татқаным бал Отаным.

16 17

Күн де нұрын аямай төксін елге Отаным.Ынтымағы жарасқан көпшіл елге Отаным.Отан – ғазиз әрқашан, оны ұлықтау парыз іс,Салсын Алла назарын өршіл елге Отаным.

Бір-БірінСіз тарҚамайды тОйы да

Қазақ-өзбек туысқан ел ежелден,Бірге өткен талай қилы кезеңнен.Бір жағадан бірлікпен бас шығарып,Ынтымақта қол шығарған бір жеңнен.

Дос санаған екі халық бір-бірін,Құтқа балап ынтымағын, бірлігін.Қыз алысып, қыз берісіп құда боп,Жалғастырған екі елдің тірлігін.

Өмір сүрген қоян-қолтық аралас,«Бауырым, – деп, – ағам, інім, қарындас».Бір-бірінсіз тарқамайды тойы да,Бір-бірінсіз ішкен асы дарымас.

Екі елге әлем салды назарын,Әңгімелеп тарқамайтын базарын.«Мәңгі достық осылай», деп тамсанды,Бір-бірінсіз қайнатпаған қазанын.

Достық туы желбіресін мәңгіге,Достық жыры – жазылмаған әңгіме.Шынайы да нағыз досың болса егер,Бақыттысың, бақыттысың мәңгіге.

тӨле Биі ҚазаҚтың

Төле бабам бейіті Ташкентімнің төрінде,Құт дарыған киелі, қасиетті жерінде.Құшақ жая қарсы алған ырысы мол қонағын,Дос-туысшыл, бауырмал Өзбекстан елінде.

Бұл өңірде Төле би бабам басқан із жатыр,Айтып кеткен халыққа лағыл-маржан сөз жатыр.Тізе бүкпей дұшпанға, елін, жерін қорғады,Мынау байтақ кең дала бабамнан қалған көз жатыр.

Алмағайып дәуірде халық сынға кезікті,Ақтабанды шұбырып, шөл-даланы кезіпті.Босқан елге рух беріп, бабам ерлік көрсетті,

Бірлік болса болашақ бар екенін сезіпті.Төле биі – қазақтың көш бастайтын көсемі,Қара қылды қақ жарған дана, ділмар шешені.Тығырыққа тіреліп, жау тұрғанда табалап,

Тетік іздеп ақылмен қайтпады еш меселі.Біріктіріп Үш жүзді, басын қосты қазақтың,Қабырғасы қайысты халқы тартса азап, мұң.Әрбір ісі өнеге, аңыз-дастан жыр болып,

Жетті бүгін ұрпаққа сәуегейі қазақтың.Әз Тәукенің тұсында құрып «Билер кеңесін»,Дау-шарына халқының айтып ақыл-билігін.Ымыраға келтіріп, төрелік етті ақылман,

Ынтымаққа шақырып хан, қарасын, төресін.Рухы өр халық ұмытпайды еш Төле биін де,Нақыл сөзін жеткізер ұрпаққа сол күйінде.Төрелігі бабамның, әділдігі, билігі,Таусылмайтын жыр болып жете берсін кейінге.

тӘуелСіздіКтің 22 ЖылдыҒына

Мүмкін емес бұл елде Менің ақын болмауым,Жиырма екі жасыңа Шашу болсын толғауым.Абыройың асқақтап,Таулар аса тарасын,Тарқамастан мерекеңТаба берсін жалғасын.

Ару

хан

Ақп

анбе

това

Ару

хан

Ақп

анбе

това

1918

Тәуелсіздік күні бұлАзаттыққа жол ашқан,Қыркүйектен күнім де Өзгеше бір нұр шашқан.Шабыт кернеп жүректі Өлең жазғым келеді,Перзентің ем өзіңніңКөңілінде жыр тасқан.Күн нұрынан нәр алған

Балдай тәтті жемісі,Дәмі менен түсіне Тамсанбайтын жоқ кісі.Адам келсе үйінеТөрден орын бергені,Қонақжай халқымыздың Күнделікті жай ісі.«Нан қаласы» ТашкентімОтанымның жүрегі,Отыз миллион халықтың Арқасүйер тірегі.Жылдан-жылға жасарыпҚұлпыра бер, астанам,Тек мен емес айтатын,Бар халықтың тілегі.Мадақтасам елімді Маржан сөздер тізілген,Жаңа зәулім үйлер мен Кешендер бой түзеген.Кең көшелер көркейіп,Бақтар гүлге оранған,Жұмақ па деп қаларсыңШын дүниеде кез келген.Аспан ашық, тыныштық,Желбірейді туымыз,Еш алаңсыз бақыттыӨсер ұл мен қызымыз.Ұрпақ кемел болсын депБар жағдайды туғызды,Ел басқарған көшбасшыПрезиденттей ұлыңыз.

Ару

хан

Ақп

анбе

това

қайрат АХМЕтоВ,Науаи облысы,

Үшқұдық ауданы.

туҒан Жерім – ҚҰт панам

Көңілдегі сағынышым боп кейде,Көз алдыма келер ғажап көп бейне.Тоя жұтып иен даланың жұпарын,Малды жайып тастаушы едік беткейге.

Көз алданып шексіз қиял сағымға,Ерік бермей бойдағы ыстық жалынға.Жүруші едік жалаң аяқ қыр кезіп,Балалықтың асыр салып бағында.

Сырларыңды өзің жайлы кімге ашам,Сағынышты саған келіп бір басам.Тәңірімдей табынатын тірлікте,О туған жер! Өзіңменен сырласам.

Тауың анау, бақытымдай байсалды,Арман сыйлап, маған өшпес ой салды.Басылмайды саған деген сезімім,Шырқасам да жүрек қозғар қайсы әнді.

Бел-белестен көрінсем де асып тым,Мен өзіңе ғұмыр бойы ғашықпын.Өмірімді шырмаса да кей күндер,Көңілімді сенде ғана тасыттым.

20 21

Қай

рат

Ахм

етов

Қай

рат

Ахм

етов

Асыл бейне жарық күнмен қоштасып,Кеудесінде сөніп жатты сан арман.

Бала көңіл қалай ғана тыншымақ,Мазалады көкейімді мың сұрақ.Өтсе-дағы он жеті жыл арадан,Іздеп келем құшағыңды күн шуақ.

Түн ауғанша шырқы кетіп ұйқының,Сөзің қайда «балам, ұйықта» дейтұғын.Түнек бұлттар басын сұғып төбемнен,Көңілімнен кетпей қойды күйкі мұң.

Қу тірлікте басып қанша белесті,Қиындықтан қайысқан жан емес-ті.Деп осылай маған үнсіз тіл қатты,Көз алдымда жансыз бейне көмескі.

Жігер құйған жүрегіме өр сенім,Шөлдеп келем мейіріміңе мен сенің.Бұл жалғанда тыныс-демім біткенше,Бола берем мен өзіңнің бөлшегің.

Дарығандай сенен ғана ар-талап,Есігімнен келсе бақыт анталап.Ана, ана! Бір сен үшін өтермін,Тауқыметін бұл өмірдің арқалап.

Тағдыр желі соққанымен көлденең,Жүріп келем өзің салған жолменен.Сырғып уақыт, заулап өмір кемесі,Бір сағыныш жыр бесігін тербеген.

Тұрғанымен қарсы алдымда таң күліп,Құлағымнан кетпей ұзақ жаңғырық.Жүрегімнің төріндесің, әз Анам,Сен тірісің балаң үшін мәңгілік!

Жетер екен биігіне кім қандай,Халқым мынау, пейілі кең, күн маңдай.Құтты дала алып шыңдар алыстан,Маған қарап қолын бұлғап тұрғандай.

Баққа балап алпамсадай тас-тауды,Нұрландырып жігерменен жас жанды.Сенде ғана тұтанса егер ошағым,Армандарым осы жерден басталды.

Келешекке бастым сенен нық қадам,Қайда жүрсем, сірә, есімнен шықпаған.Жастығымның жалауын да жықпаған,Туған жерім – сенсің менің құт панам.

Теңгермеймін мен де саған Меккені,Бабаларым көзісің сен, өйткені.Шетте жүрсем мен өзіңнен тым алыс,Туған жерім, сен өгейсітпе тек мені!

«ЖүрегімдеСің, Әз анам!»

Мұңды ойлар көңілімді қадаған,Өміріме шуақ берген жаз адам.Жан сырымды қалай ғана жеткізем,Мәңгі менің жүрегімдесің, әз Анам!

Қиял шабыт келсе шауып қиырдан,Балғын жырым, бағыма сол бұйырған.Сәбиіне сұлу өмір сілтеген,Жансың ерек, балаң үшің мейірбан.

Жалын жүрек тосып нұрлы көктемін,Таусылды да тіршілікте от демің.Қалдым сонда бала сәби мұң батып,Алдан күтіп асау өмір өткелін.

Қимастықтың жасы үзіліп жанардан,Сұм ажалға қарсы тұрды аларған.

22 23

Сенемін

Жыршылықтың ашылып тұр беттері,Жадыратып жанымды гүлдеткені.Сансыз ойлар санама сыймай тасып,Қанат қақты кеудемнен жыр кептері.

Кетсе-дағы шаттығым азайып тым,Таңба болар туынды жазайық тың.Ертеңіме сенемін, жылдар жылжып,Жаңалығын әкелер ғажайып күн.

Өн бойымды сан сұрақ сілкіледі,Жыршы жүрек қалайша іркіледі?!Тұрса-дағы төбемде түн түнегі,Көңілімде сенемін күн күледі.

Күн кешсем де тірлікте күйбеңменен,Болсам-дағы бір пақыр сый көрмеген.Көндігермін тағдырдың салғанына,Болсам да асау құрыққа үйренбеген.

Оңашада айналған сырласыма,Жыр бұлбұлы қонақтап тұр басыма.Үмітпенен қараймын, сеніп өтем,Балғын жырым шығарар шың басына.

Кезіксем де өмірдің соқпағында,Ертеңімнен күтерім көп тағы да.Ұлы сөз бар көңілге жарық берер,Сенімі жоқ өмірде жоқ мағына.

Болашаққа беттеген сенімменен,Талпынады жүрегім «елім» деген.Қарсы жүріп тағдырдың толқынына,Қайда барып тоқтайды менің кемем?!

Нендей байлық табылар еліме тең,Бәрі, бәрі сияды жеріме кең.Бағалайтын барымды, нарымды да,Өр халқыма сенемін, сеніп өтем.

Жеткізсе де соңынан аппақ арман,Кете алмаймын ешқашан аттап ардан.Жыр тағына жарқырап отырсам да,Ұрпағыма сенемін артта қалған.

Тұрса-дағы керегем кең керіліп,Сөнер емес мәңгілік мендегі үміт.Ар-иманға сенемін, хақ тағалам,Жаратқан соң о баста пенде қылып.

Адамдықтан мен емес ауытқыған,Жырларыммен ой кезіп, сауық құрам.Жеке-дағы жарлығы жаратқанның,Ел-жұртыма кетемін тауып бір ән.

Қай

рат

Ахм

етов

Қай

рат

Ахм

етов

24 25

құралай АлДАМЖАРоВАҚарақалпақстан Республикасы,

Хожейлі ауданы.

Сен маҒан...

Қымбатсың сен маған,Жаныма тіпті жақынсың.Ой-көңілімнің ордасын,Мекендеп жалғыз жатырсың.Жағасы жайлау ыстық күн,Ерекше ыстық лептейсің.Көлеңкедей көлбеңдеп,Көз алдымнан кетпейсің.Қымбат боп тіпті барасың,Бір сағаттан бір сағат.Тәтті ғой, шіркін, балдай ғой,Жүрекке енген махаббат!

***

Алыссың сен менен,Созсам қол жетпестей.Қаншама айтсам да,Арызым өтпестей.Алыссың сен менен,Алыссың аспандай.Алыстап ақырынБоласың қашқандай.

Құр

алай

Алд

амж

аров

а

Алыссың сен менен,Алыссың қиялдай.Ұмытқым келсе де,Қиналам қия алмай.

***

Жиын жұрттың ішіндеТіс жарып тіл қата алмай.Ұяла қарап тұрып ең,Сөйлесуге бата алмай.Қалғам байқап қаншама,Сездірмегің келсе де.Елжірер ішің жылаған,Жүзің сенің күлсе де.

2726

Сәуірхан АХМЕтоВ, Науай облысы.

Біз Бауырмыз

Бірге туған бауырлармыз, бауырлармыз қашаннан,Небір заман қиясынан, қол ұстасып аса алған.Бір-біріне қалқан болған, қорған болған жандармыз,Құрсанған жау тап бергенде, тап бергенде тасадан.

Біз бауырмыз, тегіміз бір, көк түріктен тараған,Қазақ – іні, өзбегіме өз ағам деп қараған.Тарихыма қарасаң сен, бірге туған егізбіз,Еміреніп, қос сәбиін кезек сүйген анадан.

Біз алашпыз, бөлінбейтін ділі де бір, тілі бір,Алпамыстай батырлықты баян еткен жыры бір.Азия деп аталатын құрылықпен танылған,Тағзым еткен қос халыққа, туған жердің құны бір.

Біз бауырмыз, қуансақ та, мұңдансақ та біргеміз,Сыйластықты сый қылам деп, мына өмірде жүргенбіз.Ислам мен Нұрсұлтандай дараланған басшылар,Жүгіріп жүр, қозғалмастай нық болсын деп іргеміз.

Біз бауырмыз, ей, ағайын, бір анадан туғанбыз,Салтымыз бір, әдет-ғұрып, бәрін ұстап тұрғанбыз.Тойым да бір, беташарым, көкпарым мен күресім,Иілуді үйрене бер, бесік ұстап тұрған қыз.

Біз бауырмыз, бөлінбеген іргетасы ежелден,Дутарда күй, шығып жатты домбырадан көнерген.Көрші-қолаң қайдасыңдар, өзбек тілді достарым,Мен сендерді таусылмайтын шаттығыма теңгергем.

Біз бауырмыз, өзбек-қазақ бірге туған егізбіз,Ынтымақта айтылатын, бауырмалдық лебізбіз.Амудария-Сырдария боп, қосылғанда қос өзен,Арал сынды, қос арналы, бөлінбейтін теңізбіз,...Біз бауырмыз, өзбек-қазақ бірге туған егізбіз.

дОСтыҚ Жыры

Достық жырын айтып мәңгі тұратын,Бейбіт күнмен асқақтатып мұратын.Өзбекстан – өз елім деп мақтанам,Ғасырыңа жазып қойған ұлы атын,Қазағыма бере салып іні атын.

Өзбекстан – өзбек елі, бесігім,Ашып тастап бостандықтың есігін.Өзгелерге ақ ісіңді көрсеттің,Қол алысқан достық жүрек шешімін,Аңыз қылып ақиқаттың есімін.

Өзбекстан – қуанышым, шаттығым,Жетпіс жылдай, көкіректен ақты мұң.Бүгін, міне, әлеміңе танылған,Халықтардың достығымен тәттімін,Сұрағанға айта бер, мен жақсымын.

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

28 29

Науайымын, Ұлықбекпін, Ғафурмын,Ұрпағымын Жалаңтөстей батырдың.Абайымды ана тілде сөйлетіп,Расулды аварың боп шақырдым,Сыйы болмас одан өзге ақынның

Жатсынбадым, құшақ жайдым достарға,Тыныштық деп жымың қаққан аспанға.Білімсіздің күні қараң деп алып,Мейірім – нұр құя бердім жастарға.Әке ізін ұрпақтары басқанда.

Мен достықтың ұясымын, күнімін,Он бес жылдың аялаған гүлімін,Достығымды мойындатар әлемге,Өзбегімнің кең тынысты үнімін,Мен қазақпын, шөл даланың ұлымын.

егеменді ел БОлдыҚ

Бабалардың арманы орындалып,Бүкіл әлем құрметпен қол алып,Егеменді ел болдық, мақсат айқын.Азаттықта он тарау жолым қалып,Өткенімде қайғы-мұң, сорым қалып.

Өзбекстан аталған, отан – бағым,Өз жұртының қорғайтын алтын тағын.Елге тірек болатын жастарым бар,Бақытым деп арай күн, жастық шағын,Отанымның қолға ұстап болашағын.

Жиырма екі жастасың, шоқтанатын,Егемен ел атымен, бақ табатын.Кең әлемге құшағын жайып тұрып,Болашаққа байыппен аттанатын,Жүрген жолда аңыз боп ат қалатын.

Өзбекстан – тәуелсіз күнің құтты,Көтерем деп мойныңа ауыр жүкті.

Әмір Темір, Өзбек хан салған жолдар,Жаңғырыққан заманмен алдан шықты,Жас ұрпағым бүгінгі болсын мықты.

Егеменді ел болып құлпырамын,Еңбек сүйген халықтың ұлтынанмын.Өзбекстан, гүлденіп жайнай берші,Саған қарап мен алға ұмтыламын.Сен гүлдесең мен-дағы құлпырамын.

***

Баладай, ақ көңіл жан, қайырымды,Жимаушы ең, қиындықтан айылыңды.Тағдырға жазылыпты қап, әттең-ай,Ақ жолда, алла ажал бұйыруды.

Білікті ұзтаз едің, сүйікті де,Ұшырған түлектерді биіктерге.Осынша кең жүрекпен жатасың-ау,Аядай, тар құрсақты, сыйып жерге.

Өнерді жүрегіне ұялатқан,Кезіңде сыңарың жоқ ұя баққан.«Сұм ажал жетті саған», – дегенде мен, Көзімнен жас моншақтап, қия баққам.

Қош, аға, әруақ болып ұштың алыс,Бұл өмір жалған әлі, тынбай жарыс.Төбесі туған жердің тұрғандай-ақ,Іздеумен бір ағаны елге таныс.

1. ЖалҒыздыҚ

Аспан жалғыз сыңарына жеткермей,Ай да жалғыз жаңа туған көктемдей.Күн де жалғыз сағынышты нұрымен,Жер мен көктің арасында өткелдей.

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

30 31

Мен де жалғыз тек ойыммен жарыстым,Жалғыздыққа үйренгенмін, таныспын.Жалғыздықтың қамытын сан киіп,Жалғыздықтан құтыла алмай алыстым.

Сен де жалғыз тұңғиыққа тірелген,Түсінісу қиын шығар біреумен.Мұның бәрі бос далбаса сәт шығар,Түсін мені деп сұрасаң біреуден.

Адам жалғыз туғаннан- ақ шырылдап,Көппін дейді, көп айтады сыбырлап.Егер сенің жүрегіңді ұғынса,Асылыңды алмас па еді, сығымдап.

Мен де жалғыз, сен де жалғыз түсінбес,Болмысыңда көкжалдығың пішіндес.Жалғыздығың тағдырыңның айнасы,Ой-сәулесін мәңгүрттерге түсірмес.

***

Іздеген өмір шындығын,Итеріп атқа кімді-кім?Жұмақ деп жүрген тіршілік,Көрсетіп қояр сұмдығын.

***

Тіршілік байғұс сүреңсіз,Бояма күндер реңсіз.Жүргендей жайсыз күй кештім,Жапанда жалғыз тіреусіз.

Қайда деп шындық шырылдап,Тіршілік өтер зуылдап.Өмірдің білмей көшкенін,Келеміз ілбіп, жыбырлап.

Осылай, қарғам, тағдырың,Сыртым сау, ішті жандырдың.Тағдырдың бұлты күркіреп,Шарасыз күйге қалдырдың.

***

Боз ала таң, бозамық,Ашқандай түннің түндігін.Тып-тынық ауа тазарып,Қызықтап таңның тірлігін.

Боз шоқыға асыққан,Қарт кісіге таңдана.Жас кеудесін ашып таң,Күлімдейді паң дала.

Бозторғайдың шырылы,Сезімге кеткен ұласып.Басталды күндік ғұмыры,Шаттық пен мұңды құрасып.

Боз ала таң, бозарып,Нұр төгуге асыққан.Арайлы таңмен тазарып,Қол созып тұр ғашық жан.

КӨКтемде

Туған жер жасыл өлкемдеОранған нұрмен атырап.Бусанып дүние көктемдеЖылғалар жатты сарқырап.

Тырналар айтқан қиқу ән,Қосылып дала жыр айтып.Шықтанып таңда барлық маң,Жанымды кетті тыңайтып.

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

32 33

Ескек жел есіп қытықтап,Денесін жердің дулатып.Ару қыз жайған ұқыптапКөрпеше-құрақ тулатып.

Көлбеңдеп келін көбелекҒашығын тынбай іздеген.Аспанның бұлты себелеп,Келді де кетті ізбенен.

Жанарды жаулап дөңгелеп,Қызғалдақ – қыздар бөктерде.Мың ырғақ керек жерге деп,Қол бұлғап тұрды өткенге.

Жасарған тауым ұмтылып,Қарайды саған биіктен.Жасарған әлем құлпырып,Туған жер неткен сүйікті ең.

мен Сені іздеп Жүрмін

Мен сені іздеп жүрмін,Сырымды ұғынсын деп,Көзінен бұлақтың да,Жыр маржан төгілсін деп

Сен маған еркеледің,Жанымды түсінгендей.Ерке қыз көркем едің,Шырмадың кісендемей.

Еркелеп тіл қатқаның,Өзіме ұнап тұрған.Именіп сыр сақтадым,Мәжнүндей жылап тұрған.

Төзімнің моншақтары,Үзіліп төгілер ме?Біз жалғыз қалсақ-тағыСүйгенің сезілер ме?

Мен сені іздеп жүрмінҚиялмен аңсағаным.Сен үшін көңілім – күн,Нұрыммен қарсы аламын.

БӘрін де енді Кеш Білдім

Қызығын аңсап опасыз жалған бес күннің,Қиялға еріп, ұйқылы-ояу кеш тұрдым.Уақыт шіркін бұрылып қарап тоқтамай,Бәрін де енді бастасам бастан кеш, құрбым.

Не берді маған, не берді саған тағдырың,Ұшқалақ жастық ұятқа талай қалдырдың.Сезімге еріп таңыңды атқан қарсы алып,Іздедім бе екен жауатын бұлтын жаңбырдың.

Бәрін де енді аңсаймын бәрін елестің,Елесің мүмкін қайтадан енді көрмеспін.Жылжыған жылды ақтарып келіп қарасам,Жастығың болып оралам десең сенбеспін.

Не берді маған опасыз жалған бес күнің,Қызығым қайда, оянған сәтте ес білдім.Айналып келіп өте алмай өмір өткелден,Амалым қанша бәрін де енді кеш білдім.

ауыл түні

Мамыражай күн ұяға батқанда,Бота боздап, қозы шулап жатқанда.Күн бойына елеңдеген тіршілік,Түнмен бірге түсіп қалды қақпанға.

Мол олжаға кезіксем деп ырымдап,Қозғалды жан-жануар жыбырлап.Жер –анаға сыйынған бар қозғалыс,Айтып жатыр бар шындықты сыбырлап.

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

34 35

Жел дыбысы тыныштықта ыз еткен,Түнгі дала жым-жырттықты күзеткен.Бүршік жарған махаббаты Ай-апа,Жұлдызымен аспандағы түзілген..

Билік айтып биіктерге биіктен,Түндер әсем ізгілікті иіткен. Көкжиекті арманымен ағартып,Таң шолпаны қош айтысты биіктен.

***

Кеудеге шіркін қандай ой келіп, кетпеді,Созылып кетсе уақыт бәрін шектеді.Зымырап желдей, өткенін білмей келеміз,Қысқарып бізге өмірдің ұзын өткелі.

Кеудемде бәрі арпалыс майдан аймағы,Қуанышпен бірге, қайғысын тағы сыйлады.Өткенін іздеп, күткенін іздеп қателік,Бүгінде пенде бұлбұлдай болып сайрады.

Осының бәрін ойға алып мен де талдаймын,Үзіліп кетсе бір ойды ойға жалғаймын.Кінә бар менде, кінә бар сенде дей тұрып,Осыдан артық ойларға мен де бармаймын.

ҚызылҚҰм

Қызыл өркеш құм шағыл шың боп өспей,Биіктікке ұмтылар жерге түспей.Дала әлдилеп, бөбегін бабам қорғап,Қарт сексеуіл күй тартты көзге түспей.

Күй әуенмен ырғалып дала билеп,Шаң көтеріп тірліктен түйдек-түйдек.Далаға деген ұлы махаббатты,Өз шаңымен даланың келем сүйреп.

Қия қызыл, қиян шөл көлбеп баққан,Сен ерісең сан төбе бабам жатқан.Қызылқұм деп ат қойып әулие қартым,Енкейтіпті кеудеңді жалын атқан.

Жыл жетілді, күн озды сатылаған,Дүние есігін мен бүгін батыл қағам.Дала – көңіл тарылып кетпесін деп,Сый етіпті ұрпаққа батыр бабам. С

әуір

хан

Ахм

етов

Сәу

ірха

н А

хмет

ов

3736

қаһарман БЕКЕЖАНоВ, Ташкент облысы, Шыназ ауданы.

ҚазаҚ деген

(Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай)

Қазақ деген туған ұлы даланың,Аялаған ақ сүтімен ананың.Ақ бораны бесігінде тербеткен,Жасыл жайлау, көк майсада самалы.

Қазақ деген көк аспаны нұр құйған,Ана әлдиі құлағына жыр құйған.Сәйгүліктің құлағында ойнайтын,Тәй-тәйдан соң ат жалында құнтиған.

Қазақ деген қоймен бірге көшетін,Сардаланы желмаямен кесетін.«Қойшы қазақ», «тойшы қазақ», «көшпенді»,Кезі келді-ау бұл аттың да өшетін.

Қазақ деген қорғап ұлы даланы,Неше тұрып, неше рет құлады?!Көрді қазақ өліп те, тіріліп те.«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаны».

Қазақ деген Асанқайғы ел кезіп,Елдің мұңын арқалаған жер кезіп.Қазақ деген Құрманғазы күй шерткен,Әуен қосқан күйлеріне жел сезіп.

Қазақ деген елдің туын көтерген,Абылайға хан бар ма екен жетер тең.Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би,Болмағанда ыдырап ел кетер ме ед?!

Қазақ деген елді аузына қаратқан,Баласағұн, Фарабиді жаратқан.Қазақ деген ұлы Абай ақын-сазгер,Татьяна әнін қырға таратқан.

Қазақ деген Мұхтар Әуезов,Абайдағы ұлылықты сол сезіп,Абай жолын жалғастырған мәңгіге,Бар әлемді Абайымен жүр кезіп.

Қазақ деген Сүйінбай, Жамбыл ақын,Әрбір сөзі еліне болған нақыл.Бейімбет, Ілияс пен Сәкен сері,Қалдырған тарихында өшпес даңқын. Қазақ деген Сұлтанмахмұт зарлап өткен,Кедейлік надандықты қарғап өткен.«Қазағымның көгіне күн болам», – деп,Күресуді елі үшін арман еткен.

Қазақ бұл Мұқағали, Төлеген,Көкірегін мұң мен шер торлап өткен.Қазақ деген Шәмші әнші қазағыма,Үш жүз ән, әнұранын тарту еткен.

Қазақ деген қыршын кеткен Қайратым,Халқым көрді жастарымның айбатын.Жастар жанын жанпида еткен сол бір күн,«Егемендік» күнге айналды тойға тың.

Қазақ деген Мұхтар ақын Шаханов,Желтоқсанда ел жатқанда от алып,Жалғыз дара, қасарысып иілмей,Айыра алған, кімдер дос та, жат анық.

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

38 39

Қазақ деген кім танымайды Олжасты,Невада мен Семей ара жол басты.Болмасын деп ядролық соғысты,Қос континент осылайша қолдасты.

Қазақ деген космосқа да ұшты ғой,Егемендік бақыт құсын құшты ғой.Ей уақыт, о замана, сақта құдай!Тәуелсіздік ақ жолына түсті ғой.

Қазақ деген бауырларын жинаған,Сыртта қалып, жіберуге қимаған.Құшақ ашып жиып жатыр ел, жұртын,Кешегі аштық, зобалаңда симаған.

Қазақ деген Назарбаев Нұрсұлтан,Ел басы деп, халқым – қазақ пір тұтқан.Дауыс бергем сайлауында жырыммен,Сұлтан десе сұлтан-ақ қой нұр тұтқан. Құрған қазақ жаңадан Астанасын,Қуантып, ұлтын, елін жас баласын.Асқақтайды Байтерек шаңырағы,Тіреп тұрған сәулеті аспан астын.

атамеКенге

О жарықтық, арманым – атамекен,Сағыныш сезімі құпия жатады екен.Қосылу елге – арманның жетегінде,Аңсаудың қасіреті батады екен.

Бөтен демей бөгде елде туып өстім,Жұлдызды аспан, көк ала туында өстім.Әнұранын жаттадым ардақ тұтып,Көп арманның соңынан қуып жеттім.

Білім алдым, оқыдым еркін өстім,Ойлаушы ем: «Ешқашанда бөлінбеспін».

Жоқ, Одағым сеңдей боп, бұзылған соң,Неге бауырым біздерді «бөтен дестің».

«Оралман» деп ат қойдың оралмастай,Кететіндей шет лағып қадам баспай.«Бауырым» сөзі бізге жат па сонша,Біздерді жүрсең қайтед жамандаспай.

Өкінем өксікпенен өткендерге,Арулап көмдік бәрін жеткен жерге.Тек тілімде шұбарлық болмаса аздап,Еш бөтендік көргем жоқ өскен жерде.

Қалқан болма ел аңсап көшкендерге,Бұйырсын, баққарасын жеткен елде.«Мың сәлем тұз, дәм татқан жерге» – деген,Айтарым ата жұртқа кеткендерге.

Жамандама туған жер топырағын,Тұр әне шайқалмастан шаңырағың.Өскен өлкең өртер-ау өзегіңді,Тек бірлікке, бауырым, шақырамын.

Қалмаспыз бөгде жұрттың есігінде,Қосармыз жаңа әулетті көшімізге.Туған жер «Алтын бесік» деген бар ғой,Тербете гөр сол алтын бесігіңде.

ЖОлдар ЖӘне Ойлар

(Оралманның көңіл-толғаулары)

Тараздан Алатауды бойлап келем,Көрініске көз тоймай, ойлап келем.Ақ жаңбыры секілді сіркіреген,Өлең шығып келеді жайлап менен.

Жамбылдың жаңбырын- ей, төгіп тұрған!Ақ жаңбырға жерлері бөгіп тұрған.

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

40 41

Жер жәннаты осындай болса керек,Еш таңқалмай, кете алмас, көріп тұрған.

Жерің жайлау, бақша, бау жемістерің,Малға толы, пах шіркін! – өрістеріңБурныйда – Бауыржанның ауылында,Көрдім және кең алқап егістерін.

Көрдім және жол бойы ақ бұлағын,Автобустан түсе сап шапқыладым.Меккенің зәм-зәм суын ішкендей-ақДеп ойладым «Рухымды пәк қыламын»

Автобуста келемін таңдай қағып:«Неге тұрсың сен мені қалмай алып?»Өкінем: «Атажұрттың ұланы боп,Жүрмеппін, ойпырмай, шетте қалып?!

Қайтейін, тағдыр бізді айдап кеткенАштық апат, Сыр бойын жайлап кеткенЖыл құсындай бір ауып кеткен едікТағдыр бізді сол жаққа байлап кеткен Жыл құсындай көктемде қайта алмадық,Кімге айтам?! Біз мұнда деп айта алмадық.Жыл құсындай болып біз қайта алмадық,«Кел»,–деген ешкім болмай, сан таңқалдық

Жүрсе де бауырларды алыс танып,Тірлігіне кей кезде жаға ұстадық.Басқа қазақ «өзі» де, біз «өгей» ме? «Оралман» деген сөзден намыстанып.

Мейлі бауырым, аман бол, бауларың да,Ақбасты Алатаудай тауларың да.Жүреміз сырттарыңнан тілектес боп,Көңілде дерт жоқ, ел-жұртым аманында.

түрКіСтан

Мақтанам: «Мен Түркістан ұланымын»,Тақырыбы сенсің көп жырларымның.Бал бұлақты – Сайхунның еркесімін,Қыр дала, Сыр бойының қыранымын.

Мекенім – ата жұртым бас иетін,Меккеден кейін емес қасиетің.Әкемнің туған жері – «Жаңа-қорған»,Жаратқан «Тақыркөлден» несібесін.

Ташкент – кіндік қаным тамған жерім,Шыршық, Бозсу, Сыр бойы – қонған жерім.Шыназдықпын – «Чиночкент» тарихтың атамасы,Ұрпағы Темір бабам қонған жерім.

О Түркістан, аңыз бен ертегіде,Ер халқым елің үшін тер төгуде.Өзіңде ғой тарихтың шежіресі,Қобыз бен домбыраның пернесінде.

Аман ба, Шиеліде Нартай елі?Манап ата айтыстың Алтайы еді.Қаптаған Сырдың бойын қожа ақындар,Жүруші ед сүлейлерін мақтап елі.

О Түркістан, кезек бер жырға маған,Сен жайлы ақын бар ма жырламаған.Ұла бабам Ахмет қожа Яссауиді,Ақын бар ма ол жайлы сыр қылмаған.

Кеткенде Түркістаннан Тайқазаның,Қайғырмаған айтшы өзің қай қазағым.Ошағынан айырып ұлы жұртты,Советтің біз көрмедік қай мазағын.

Мұқтаж боп, шапағат пен мейіріңе,Көңілде дерт, күмәннан сейілуде.

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

42 43

Арыстан бап арқылы саған келіп,Тәу еткен, мейір кіріп пейіліне.

О, Түркістан – мекенім құдыретім,Перзентіңмін, е, тәңірім, шүкір еттім.Дүниені таңқалдырып бір қаратқан,Осы емес пе Түркістан құдыретің?!

Түркістан жайлы кімдер жырламаған,Жыр дастан қып оқыған мың сан адам.«Әл-Фараби» атында білім ордаң,Оқып жатыр өскелең мыңдап балаң.

Атамекен елімді аңсап жүрем,Ақыныңның өлеңін тыңда, далам.

мҰхтарҒа

(Мұхтар Әуезовтің 110 жылдығына)

Шыққан төбең биік, Мұхтар атың,Абайды Абай етіп даңқ тараттың,Абаймен қос егіз боп шыққан атың. Әсілі ақын жанын ұққан ақын.

Ел жүгі еді Абайдың көтергені,Бейқам қазақ оянды еті өлгені.Абайды сен жеткіздің, арманына,Сенің сол қызметіңнің өтелгені. Сан жылдар, сансыз күндер қазбалаған,Сансыз қағаз түндерде жазбалаған.Қазақ тұрмыс-салтының шежіресі,О ұстаз, бар ма сенен озған адам?!

Ерге лайық еңбегің еленді ғой,Ұлы атаққа қос жұлдыз кенелді ғой.Жер жүзі ұлы Абайды тойлағанда,Бар қазақ абыройға бөленді ғой.

Сөз өнердің жұлдызы – шырағымсың,Қазақ сөзін әр қазақ ұға білсін.Қазақ тілі ұлы тіл – менің тілім,Қайнар көзі сен, аға –бұлағымсың.

«Орыс жанының айнасы, деп Толстойды»,Ғасырлар өтті бастағалы орыс тойды.Мен теңесем, Мұхтарды сол адамға,Қане, менің мұнымды кім теріс дейді?!

Жер жүзіне ұлы ағам танымалы,Мақтаныштан әр қазақ «жарылады».Бір ақын жоқ атын бір атамаған,«Ұлы ұстаз! » деп ағаға табынады.

Мен де ақынмын кей-кейде ағыламын,Жаман өлең жазуға арынамын.«Абай»,– десе, еске алам мен Мұхтарды«Мұхтар»,– десе, Абайға табынамын.

Отан деген

Отан деген кіндік қаның тамған жер,Әулетіңнің бақ-сорына қанған жер.Елдік, ерлік еңбегімен қорғаған,Бауыр басып, шамшырағы жанған жер.

Отан деген үйің, жайың, ошағың,Жалауың мен әнұраның – бас әнің.Елтаңбасын қадір тұтқан тұмардай,Ауыл, аймақ, кемпір-шал мен қатарың.

Отан деген аққан суың, арналар,Ақ қардағы бейбіт ұшқан қарғалар.Отан деген жылда келер жыл құсың,Сайраса әсем ауылыңа арналар.

Отан деген гүлге толы бақшалар,Қара күзде алғаш жауған ақша қар.Отан деген егіс толы далаң мен,Жұлдыз болып жаңа ашылған мақталар.

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

44 45

Отан деген сүйікті ауыл көшеміз,Ұлы өмірге сол көшемен өтеміз.Отан деген ата-анаң, ауылдас,Жолдастарың деп жүргендер: «өсеміз».

Отан үшін керек сенің күресің,Сонда еркін сау-саламат жүресің.Қисайған бір сен ағашын түзетсең,Отанға ол да қосқан сенің үлесің.

Ардақтағын Отанды әр кез арыңмен,Еңбек еткін оған жаның-тәніңмен.Соғысуың бейбіт күнде шарт емес,Үлес қосқын оқу, өнер тәліммен.

Отан- ана – сенің алтын бесігің,Ашық тұрар қай кезде де есігің.Миллиондаған перзенттері ішінде,Сенің де бар, қалқам төрем, есімің.

Сүйемін

Ауылдарды көремін,Кең өлкеме қарасам.Алтын алқап далам бар,Көзді тартар қарасаң.

Биік, еңсе көтерген,Өндірісті қалам бар.Бал татыған жемісті,Бауларыма қараңдар

Жайлауларын толтырған,Мың-мыңдаған қойларым.Елге бақыт қондырған,Ақ алтынды аймағым.

Достық, бірлік ынтымақ,Келтірмейді ойға мұң.Ел ырысы бірлікте,Бұзылмасын қаймағым.

Даңқымды елге таратқан,Халқыма бас иемін.Мол байлықты жаратқан,Ер еңбегін сүйемін.

БаҚгүл

Бақ гүлім-ау, бақ гүлім,Ауламда өскен ақ гүлім.Жырлағым келер көргенде,Бақгүлімнің ақтығын.Бәрінен де ұнайды,Аппақтығың, пәктігің.

КӨКтем

Көктемнің гүлдері-ай,Неткен көп түрлері-ай!Шуақтан ыдыраған,Бұлттар сиреді-ай.

Гүлдердің исінен,Бар әлем балқиды.Боз торғай тынымсыз,Салып тұр ән-күйді.

Құлын-тай, балалар,Асыр сап ойнайды.Өміршең тіршілік,Тынымсыз қайнайды.

Биелер желіге,Сауынға байланды.Қарт әже түрініп,Саууға сайланды.

Шуақта қарт атам,Ол неге ойланды?Ақ мысық қашып жүр,Төгіп-ап айранды.

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

Қаһ

арм

ан Б

екеж

анов

4746

Айнұр ЖАппАРқұлоВА,Науай облысы, Үшқұдық ауданы.

мен туралы

Мен ақынмын, сөзден жыр суырғанмын,Қара өлең боп нөсерлеп құйылғанмын.Жұлдызнама ішінде арыстанмын,Шілде айында, қой жылы туылғанмын.Қарапайым құм дала ауылданмын.Ән-жырменен жасымнан бауырмалмын.Өлеңдерім төгілген көк аспаннан,Ақ нөсері секілді жауындардың.Біреуге тар, біреуге кең боламын,Жаға бола білгенге арқан ескен,Қазақтың қара қызы мен боламын.Ән мен жырдың жаһұтын іріктегем,Тұзақ құрған талайлар... ілікпегем,Қарсы келсең қасқайып қарсы аламын,Жүрегімді жақынға жұлып берем.

алыСтаҒы БауырҒа

Білмейсің-ау қадірін сен, бауырым,Хош иісін бұрқыраған жауынның.Анда-санда бір сілкейтін дауылын.Білмейсің-ау бұл дүниеде теңі жоқ –Ата мекен, туған жерің, ауылың.

Сен едің ғой қырдың қара қазағы,Қиын болар сағыныштың азабы.Таза ауасы жан жарасын жазадыҚалмап па еді бұлақтардың басында,Балалықтың бақыты мен базары.

Қалмап па еді жастық шақтың жаз әні,Қалмап па еді ата-баба мазары.Өмірімнің түні менен азаныЕсіңде ме бүкіл ауыл жиылып,Той беретін ошағы мен қазаны.

Есіңе ал Қызылқұмдай даланы,Қапа болып ашылмаған қабағы.Алыс жолдар жалғайды енді араны.Көз жасындай ағып жатқан бұлағы,Күннен күнге тартылып та барады.

Бір адам

Таусылмайды дүниенің тірлігі,Өмір деген өте шығар бір күні.Тіршілікке жылу берер тек қана,Адамзаттың татулық пен бірлігі.

Арылмасын мейлі басың күнәдан,Дос табылмай саулығыңды сұраған.Бақыттысың сонда-дағы жаныңда,Қамқоршың боп жүрсе егер бір адам.

Бар дүние айналса да сағымға,Ілесе алмай қалсаң-дағы ағынға.Бір жылуды сезінеді жүрегің,Жалғыз адам болса егер жаныңда...

Айн

ұр Ж

аппа

рқұл

ова

4948

Рүстем ЖАНГЕлДІұлы,Науай облысы,Кенимех ауданы

ОСы Күнгі адамдар

Осы күні қиын боп тұр жағдайым,Тақылдап-ақ тұрғанменен таңдайым.Сәл ертерек ойланыңдар, ағайын,Кеш болады тасқа тисе маңдайың.

Жамандықтан, сірә қолды үзбейміз,Шын алтынды қолға алып мыс дейміз.Көп күнәні жасап қойып өзіміз,Күнәкар ғып біреулерді іздейміз.

Жағымпаз жүр бұл өмірде тарықпай,Ақымақтық іс етеді жалықпай.Қиянат қып жақсыларға күн бермей,Төбедегі Құдайдан да қорықпай.

Қайран дүние қадіріңді білмейміз,Табиғаттың құбылысын тілдейміз.Жамандарды биік шыңға көтеріп,Жақсыларды тұқыртамыз, тілдейміз.

Жамандарды аспандағы күн дейміз,Ал оларды мақтауға да үндейміз.Жақсылардың айтқан сөзін тыңдамай,Жамандардың өтірігін шын дейміз.

Кейбіреу жүр ойлап бір күн тойымын,Әлсіздерге көрсетіп өз ойынын.Жақсыларды жүрген жерде жамандап,Ақымақтың жүр ғой соғып сойылын.

Жақсыларды ол көзіне ілмейді,Еш айыбы болмаса да күндейді.Сол көтерген сойылының бір күні,Өз басына соғыларын білмейді.

Жамандарға ақымақтар еріп жүр,Ай мен күнді әперердей сеніп жүр.Масаттанып қылығына ол бейбақ,Көкірегін көкке тіреп керіп жүр.

Керек емес бұл өмірде тегі мұң,Шықпай қалад егіп жатқан егінің.Тәкаппарлық іс етпеңдер, ағайын,Кигізеді кедейліктің кебінін.

Оқыс тартып бейшараны жалаға,Біреулерді душар етпе налаға.Бас сауғалар шақ туғанда бір күні,Шындық-шіркін кезігер айдалада.

Рүст

ем Ж

анге

лдіұ

лы

5150

Наурызбай ЖАРБоСыНұлы, Науай облысы,Кенимех ауданы

дОСтыҚты мӘңгі Жырлаймыз

«Қазақты өзбектен, өзбекті қазақтан ажыратуға болмайды»

н.Ә.назарБаев

«Біз – бір алып шынардың бұтақтарымыз»

и.а.КаримОв

Біз күндей күркірерміз,Дүние төрінде бір дүркірерміз.Себебі, біздер мына: өзбек, қазақ –Түбі бірге туысқан Түркілерміз!

Біз деген – тіліміз бір, дініміз бір,Көгінде қалықтаған жырымыз бір.Бағзыдан көрші қонған қоңсы елміз,Шығады түгендесе түбіміз бір.

Түбі бір түркілерміз, тілегі бір,Тілегі бір халықтың – жүрегі бір.Өзбектің езуінде күлкі ойнаса,Қазақтың көңілінде күледі күн...

Бірлік пенен елдікке негіз салып,Бабалар кетті-ау мұны өріс танып.

Өзбегім мен қазағым –Қатар аққанӘму менен Сырдайын егіз халық.

Қазақтың дара шықса батыл әні,Өзбегім қалай тыншып отырады?!Біз деген – күнге қарай бір жайқалған,Алып шынар ағаштың жапырағы.

Туыс ел бүгін бірге үн қосқандай,Тұра ма бір қайғырып, бір шаттанбай.Өзбектің көңіліне түскен қаяу–Қазақтың жүрегіне мұз қатқандай!

Айтқанда ғазал, жырды азынатып,Бауырлардың бауыры – қазына, құт.Өрісі, қонысы бір қос халықтыБола ма бір-бірінен ажыратып?!

Қазақты өзбек келген «қардошим» деп,Өзбекті қазақ айтқан «қандасым» деп.Бабалар дана сөзді дарытқан ғой,Ұрпақтар ынтымақты жалғасын деп.

Осынау өрнек алып мәнді жайдан,(Елдік жоқта табамыз жолды қайдан?)Қос елдің Президент-көшбасшысы,Достық жайлы бітімге қолды қойған.

Оған да нақ он бес жыл болғандай ма,Дос халықтың бағы бір жанғандай ма?!Өзбек, қазақ туыс ел бірге дүрлеп,Он бестегі айдайын толғандай ма?!

Қос елдің қабыл тұтқан пәк тілегін,Алланың ұлық сыйы деп білемін.Ақсарай құшақ жая ұмтылғанда, Ақорда ұсынады ақ жүрегін.

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

52 53

Қазақ десе – өзбегім елжірейді,Өзбек десе – қазағым мөлдірейді.Бүгінде Америка, ЕуропадаҚос елдің туы қатар желбірейді.

Дәстүрін бабалардың сүйіп, тасып,Екі бауыр келеді биікті асып.Әлемдік ассемблея, саммиттерде Қос Елбасы жүр бүгін иықтасып.

Бір-бірін сыйлап іні-ағасындай,Халықта қалыптасты-ау жарасым жай.Өзбектің меймандостық ақ пейілі –Қазақтың жазиралы даласындай.

Қос халық қосарланып бірге жүргей,Өрінде өркениеттің бір көсілгей.Қазақтың кең құшағының ыстықтығы –ӨзбегімніңТандырдан жаңа шыққан күлшесіндей.

Бабалар даңғылында тоғыстық кеп,Біздің ұлы достықта оқыстық жоқ!Қазақтың «сары алтыны» импортта жүр.Өзбектің «ақ алтыны» экспорт боп...

Бүкіл жұрт бізге бүгін тамсанады,Өбер кеп бізді бірге таң самалы.Шымғанға шығып алып мен шырқасам,Алатау ана жақтан қол соғады.

Бұл достық мәңгі үзілмес ән құрасын,Қос халық ұйып соған балбырасын.Өзбегім дутарын кеп толқытқанда,Қазағым күмбірлетсін домбырасын!

Бұл-дағы жәйт емес пе ғажаптанар,Жанымыз бірге біздің жанаттанар.Мейлі, енді күнге де бар, айға да бар:Қазақтың көршілесі өзбек болар,

Өзбектің еншілесі қазақ болар.Біз бүгін бір шаттанып, бір күлерміз,Достықты мәңгі жырлап күркірерміз.Себебі, біздер мына, өзбек, қазақ –Тамырын балта шаппас түркілерміз!Ғасырлар керуенінде дүркірерміз!

тӨле Бидің БӘйтерегі

Он сегізінші ғасырлар шамасында,Ескі Ташкент қаласы сағасында.Төле бидің бәйтерегі болған екенМына Шыршық өзені жағасында.

Теректің биік келіп аясынаЖұтқан-ау саф ауадан тоя, сірә?!Жүз адам еркін сиып кетеді екен,Сол алып бәйтеректің саясына.

Бұл бидің жазғы жайлау тұрағы екен,Әкеліп киіз үйді құрады екен.Саяда жүз адамға қымыз тартып,Би бетті әңгімеге бұрады екен.

Бәйтеректің астына жиылған жұрт,Сүйсініп сұңғылаға тұрады екен.Ол күндер ұмыт, бізге жалған бүгін,Дананың ел өрбітер арман, жырын.

Көз салсам сол дәстүрге көрсеткендейДана бидің көл-көсір дархандығын.Одан бергі бір ғасыр санасында,Шыршықтың сол байырғы жағасында.

Ташкент губернаторы фон КауфманМәскеулік ұлы князьдар бастап келген,(Генералдар легі бар арасында)Жүзден астам қонаққа банкет берген.

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

54 55

Айтулы бәйтеректің саясында,Ғажайып банкет күйі жанданыпты,Фон Кауфман мұртын ширап паңданыпты.– Саясы кең алып ағаш қайдан келген?, –Деп княздар бас шайқап, таңданыпты.

Жаныстың бір ұрпағы (арға – берік),Тосаттан сөз қозғапты сонда келіп:«Бұл біздің асқаралы бабамыздың,Аузы дуалы Төле би данамыздың,Саялап отыратын ағашы, – деп, –Біз үшін қастерлі ағаш, бағасы асыл.Бабамыз осы жерден ырыс терген,Бәйтеректі баптауды дұрыс көрген.

«Күніне жүз адамды қонақ етіп,Бәйтеректің астында қымыз берген...!»Бұл хабар ауыр тисін қаншалықты,(Көрмей кепті-ау дала жұртын онша құтты...)

«Шынында үлкен жүрек тұлға екен!» – деп,Княздар дархандыққа қол соғыпты.Байрақ етіп төбеңе тұт кемелді,Сонда мұрат тұтасың діттегенді.

Сол княздар көшпенді жұрт өкілінен,Дәл мұндай экзотика күтпеген-ді...Даладан өрбіп еді сайын жатқан,Даладан даналықтың жайын баққан.

Төле бидің төбелігі осы емес пе?Кірпияз княздар мен ұлықтарғаДаланың дархандығын мойындатқан,Болмысы бөлек болар нар алыптың,

О бастан алыбымды дара тұттым.Төбеме – құт,Төреге тұтқа болғанТөле би – бәйтерегі даналықтың.

Бұл-дағы айтылмаған сыр ғой бөлек,Кімге енді қажет деме мұндай дерек.Рухы төбе бидің шалқымай ма,Басына отырғызсам жыр-бәйтерек.

Халықтың жайы болып жақтағаны,Алыптың көңілінде от борады.Төле би алты алаштың жүрегінде,Саясы зор бәйтерек боп қалады.

тӘуелСіздіК Жырлары

Ұлы күнӨзгерді заман,Өзгерді адам бүгінде,Өзгеше боп тұр,Желкеге түскен жүгің де.Не деген ауырЖылдарың артта қалды ғой,

Еңбектенсең сен,Оңалар жағдай, түңілме.Болашағымыз -Нарықтық заман, ол да анық.Қайнады өмір Жаңадан мүлде жол салып.

Қайтадан туып,Жасара түскен еліңді,Бауырлар, ендіТаңданбай өзің ал танып!

Өзгерді елің,Өзгермей сен де тұрмағын,Көрмейсің мүлдеТоқырау заман жұрнағын.Бауырлар, әне,Қарашы алға, көрдің бе?Заманға нұрлы,Бақытын өмір бұрғанын?

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

56 57

Үзілмес болыпТаңдардан арай үмітің,Көздерің талып,Қарап ең солай күні-түн.Өкінбе, сірә,Жетсең де кештеу мәреге,Қарсыңда тұр ғой,Құшағын ашып Ұлы Күн!

Жаңа таң

Жасайтындай көп өтпей айға шығып,Аптығып ек,Жеттік біз қайда асығып?Коммунизм аңсаған құлады одақ.Ұрандаған о бастан «айласынып».

Жаңа Таңның мақсаты одан да ұлық,Дамып өсу – құқылы қоғам құрып.Нұр шашқанша жаңа таң елімізге,Жүрмеген бе Ресей бодан қылып?

Егемен ел болдық та отау тіктік,Тоңған көңіл барады содан жылып.Жаңа Таңда жадырап, күлімдедің,Қамын жеп жүр бағзылар бүгін ненің?!

Өздігімен жеңістер қолға түспес,Ауырласа ауырлар жүгің сенің.Ертең анық –Асықтар түседі алшы,Сондықтан да ағайын, түңілмегін.

Жаңару

Көп керемет күтіп ең,Бала кезден, жасыңнан.Кезең еді, түсінем,Не өтпеді басыңнан?!

Қара бұлттай түнерген,Күндерің де көп болған.О, ағайын, білер ме ең,Небір мақсат жоқ болған?!

Жаның жайнап, көктем боп,Гүлдей көңіл ашылды.Кімге халқым, өкпең жоқ,Тұнжырауың басылды.

Туылғандай қайтадан,Ой-пікірлер жаңарды.Бойға сіңген лайқадан,Көкірегің ағарды.

еріп Жатыр Қар енді

Тауға да шығып,Бұлттарға арғы жеткім кеп,Кезінде талай,Арманға үміт жектім көп.

Жетпеген сонда,Бұлттарға бүгін жетем деп,Асаудай жас бір,Барамын желіп, екпіндеп.

Сағымдай арман,Тұрса да сонда бұлдырап,Өрлейміз деп ек,Төменге түстік құлдырап.

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

5958

Әйтсе де бүгін,Бәйгеге неге түспейін?Ол күндерімнен,Бүгінгі күнім нұрлырақ.

Ұйтқыған боран,Қаптаған-тұғын бар елді,Мұз болып қатқан,Еріп те жатыр қар енді.

Қашан да бірақ,Еңбекпен адам гүл ексе,Бүлкілдеп бөксе,Араға құсап бал емді,

О, Тәңір, сенен,Тілеймін бүгін бір тілек,Аулақ қыл елден,Соғыс деген бәлеңді!

Нау

рызб

ай Ж

арбо

сынұ

лы

лала ЖҮНІСқызы, Ташкент облысы,

Жоғарышыршық ауданы.

мӘңгі дОСтыҚ ЖаСаСын!

Баяғыдан өзбек-қазақ таныс, дос,Ағайындар, айтпағыма құлақ тос.«Төскейде мал, төсекте бас қосылған»,Ұлылардан қалған нақыл емес бос.

Тарихы бір, мәдениеті, діні бір,Тәржімасыз түсінетін тілі бір.Мақсаттарға жеткізетін алдағы,Тәуелсіздік салып берген жолы бір.

Қазақ-өзбек бір-бірін дер бауырым,Қонақ етер астың қойып тәуірін.Екеуі де бір шынардың бұтағы,Ол шынарым терең жайған тамырын.

Кім білмейді Сәбит, Ғафур достығын,Бұл достықтан көңілдердің хоштығын.Насыр Фазыл, Мұзафардай ағалар,Дастан еткен алыптардың достығын.

Ұстаз едім жыр әлемге жол салған,Сол әлемде із қалдыру бір арман.Екі тілде тең жазылған жырларым,Екі елдің достығына арналған.

Дами берсін ұлы достық қашан да,Достар тұрсын күліп есік ашқанда.

60 61

Ақ тілекке ұлы сөзді қос бүгін«Мәңгі достан» өзге сөздер бос бүгін.Ғасырлардан бізге жеткен аманат,Ту етелік екі елдің достығын.

тӨле Бидің 350 ЖылдыҒына

Шабытымды шайқатып бір көрейін,Өзің жайлы әсем жырды өрейін.Үш жүз елу жылдығы өткен бабамның,Әл жеткенше арттырайын мерейін.

Орын тапқан Ташкентімнің төрінен,Шоқ жұлдыздай көк жүзінен көрінген.Төле бидей, Төбе бидей атамныңТүркі елінде шын бағасы берілген.

Еш уақытта еңбек зая кетпейді,Елі үшін кімдер терін төкпеді?Санасына құйылған соң ұрпақтың,Есімдері ешқашан да өшпейді.

Аңыз болып айтылып жүр бар ісі,Бет бұрмаған даналыққа қай кісі?Ұмытылмас неше ғасыр өткенмен,Төле бидің Қарлығаш би есімі.

Өз халқына тек жақсылық тілеген,Төле бабам, данышпаным көреген.Бар қазақты ынтымаққа шақырып,Бақыт көзі татулықта деп білген.

Заманының өр тұлғалы ақыны,Өзгелерден өз халқына жақыны.Қасиетіңнің қайсы бірін айтайын,Ұлылардың ішіндегі жарқыны.

Қалдырғансың өшпейтіндей ізіңді,Ұран етіп айтар ұрпақ сөзіңді.

Рухың бүгін шаттанады өзгеше,Жыр арналып ескерген соң өзіңді.

Орын тапқан Ташкентімнің төрінен,Шоқ жұлдыздай көк жүзінен көрінген.Төле бидей, Төбе бидей атамныңЕл ішінде өз бағасы берілген.

ОЯн, БаБам!

(Төле биге)

Айбынды Төле биім,Төбе биім,Дер сөзіңе сәбидей бөленейін.Қайсар бабам, асыл сөз, ой шебері,Өзгерместен келеді көне күйің.

Төле биім,Азулы дана бабам.Мақтан еттім сөзіңді даралаған.Өсіп келер ұрпаққа,Сенбеймісің?Ендеше қара маған.«Болмасаң да, ұқсап бақ» деген АбайӘділетсіз кез туса көнем қалай?!Ұрпағыңды мәңгілік қорғаштап жүр,Әділетке қанайық сенен де бай.

Оян, бабам!Төле би,Оян, бабам!Қиыршықтың түбінен ой аңдаған.Сыртқы жүнді қампайтып көрсетсем де,Ішімізде арман бар оянбаған.Оян, бабам!

Бағы жайнап жатқанмен тегіс алап,Айналамыз – ұрыс пен керіс, қарақ.Қайшылыққа жанасқан кей пендеңеЖатырсың ба сен налып, теріс қарап?!

Лал

а Ж

үніс

қызы

Лал

а Ж

үніс

қызы

62 63

Қанықтырсын рухани жанды қорек,Мен айтайын Сіздерге мәнді дерек.Бүгін үшін!Болашақ, ертең үшін!Төбе билер халыққа мәңгі керек!

ҚазаҚ, ӨзБеК – мӘңгіліК дОС

Я, Раббым!Мен құлыңмын, байсалдымын.Ақылымды ширатар ой сал бүгін.Қарсы ал, жұртым, арқамды сүйейінші,Алдыңа келіп отыр қайсар ұлың.

Жарып шықты өзектен бүршік міне,Мен тайыз боп қалмайын кіршіктене.Сынға түсіп сыналар құнандай боп,Өмір шіркін ширатар ұршықнеме.

Жадырайды қыраулы мұнар күзім,Біз болайық болашақ тіл алғышың.Каримов пен осынау НұрағағаЖаудырылсын, халайық, мың алғысың.

Қуаныштан жас алып егілсін қарт,Үлгі алып бізден де көрсінші жат.Мәңгі достық айнасы, куәгері,15 жасқа толуда келісім-шарт.

ерКіндіККе

О, менің азаттығым, бостандығым,Сен дегенде азаптан жасқанды кім?!Ақын болып мен сені жырлап тұрмын,Ұғынғайсың ұлыңның қосқан үнін.

Туды-біттім бейнеңді ескергенім,Дей алмаймын көкейді бос кергенмін.Жиырма екі қоңыр күз басып өттіңҚұт болғай еркіндігім қош келгенің.

Лал

а Ж

үніс

қызы

22 жыл!Қауіптің төнбегелі,Қандай жақсы заманды өңдегені.Бостандықтың түндері еркелетіп,Азат таңым қарсы алар күнде мені.

Қанша ғасыр сүйреткен қылышымен,Қанша ғұмыр сен үшін түгесілген.Әмір Темір хандарым жолын салғанАзат күнім мен үшін ұлысың сен!

«Сен бақытты заманның ұлысың» деп,Әжем шіркін айтатын жасын сүртіп.Тәңірім көз тиюден сақтағайсың,Арал-ғұмыр тұрмасын көлденеңнен.

Дәл осындай азаймай азаттығың,Жолы болсын Елбасы боз аттының.Қадіріне жет, халқым, тәуелсізсің,Айтыңдаршы, қалайды азапты кім?!Уа, тыныштық, мәңгілік жалғаса бер!Құтты болсын, отандас, азат күнің!

Келініме

Келетін менің келінім,Артып тұр саған сенімім.Құлағыңа сөзім бар,Гүлі бол түскен еліңнің.

Сыйлай біл үлкен-кішісін,Келіні болып түскесін.Көлденең кеспе жолдарын,Есітіп мұны өскенсің.

Иіліп қана сәлем сал,Қариялардан бата ал.Батамен өсіп-өнерсің,Жадыңа соны сақтап қал.

Лал

а Ж

үніс

қызы

64 65

Ұлтыңның салтын сақта да,Үлкеннің атын атама.Құрметке артық ие бол,Келіндік атын ақта да.

Өсекке жақын жолама,Қалмайсың сонда жалаға.Орнына қызу еңбек ет,Еңбегің кетпес далаға.

Сөздерің болсын бал-шырын,Онда мол сиқыр жасырын.Қылышпен алмас жауды да,Сөзбенен алғын ақырын.

Ертерек тұрып, кеш жатсаң,Әдет қып мұны ұнатсаң.Тірлігің болар орнында,Өзіңді өзің ширатсаң.

БалалыҚтың Бал Әні

Құлпырып гүлдей жайнаймын,Сандуғаш құстай сайраймын.Достармен бірге ойнаймын,Балалықтың бал әні таусылмасын!

Көк те күн нұрын төгеді,Түн де ай шуақ себеді.Жүзімнен жел кеп сүйеді,Балалықтың бал әні таусылмасын!

Егемен болған елімде,Астана қала төрінде.Шаттығым асқан көңілден,Балалықтың бал әні таусылмасын!

Арманым асқақ таулардан,Ниетім артық нулардан.Сақтасын өзі жаулардан,Балалықтың бал әні таусылмасын!

Лал

а Ж

үніс

қызы

Өзге дінді Қаламайды Жүрегім

Шыға келдің кездейсоқта жолымнан,Амандасып ұстап қалдың қолымнан.Күліп қойдың, ұқсаттым деп танысқа,Көріктілік шалқып тұрды бойыңнан.

Сыр кеткенмен, сымбаттылық кетпеген,Жандар бар-ау, шау тартуға жетпеген. Асқанымен пайғамбарлық жасынан,Тіп-тік, өңді екен кәрілікке өтпеген.

Әңгімені бастап кеттік жақындай,Сөз сөйледі әпкеміз кеп жарқылдай.Өзге дінді үгіттеп тұр байқасам,Айтқандары жатыр ойын айқындай.

Кешір, әпке, қосылмаймын ойыңа,Иманым бар тұнып тұрған бойымда.Өткенімде жарты ғасыр жасынан,Дін өзгерту жоқ-ты менің ойымда.

Өзге дінді қаламайды жүрегім,Ислам діні қорғаным мен тірегім.Әке-шешем, ата-бабам дінімен,Ол дүниеге аттанбақ тек тілегім.

Уағыздама, керек емес өзге дін,Жүрегімнің таба алмайсың кілтін.Шүкір, деймін бекем менің сенімім,Жүрегімнен орын алған өз дінім.

Бабаларым жүрген жолмен жүремін,Бұл тағдырдың барлығына сенемін.Иншалла, ұрпақтарым келетін,Кемел өссін осы жолмен жүретін.

Өз атыммен бастап жүрген өлеңім,Бергеніне «тәубе» деумен келемін.Мұсылман боп келгеннен соң өмірге,Мұхаммедтің үмбеті боп өтемін.Өзге дінді қаламайды жүрегім!

Лал

а Ж

үніс

қызы

66 67

ФаризаҒа

Мен сені көп ойлаппын өзгеден,Әйел едім тура жолдан безбеген.Таңда тұрып тек Тәңірден сұрадым,Бақыт шыңын сенің үшін көздеген.

Көздерімді қуантумен келесің,Өз жайыңды, өз бағаңды білесің.Қорқам білсең, артық жақсы көруге,Алла берсін артық етіп үлесің.

Жүрегімді өзің ғана ұғасың,Көздеріме қарайсың да тұрасың.Өзі ұқпас өз көңілін кей шақта,Анашыңды түсінуге туғансың.

Жаным қызым, қуатымсың, Фаризам,Тіл үйірген науатымсың, Фаризам.Табысыңа туғандарың сүйсінсін,Сен анаңның бақытысың, Фаризам!

інЖуге

Қарашығы көзімнің,Бал шырыны сөзімнің.Ай немерем өзімнің,Ұйықтап қалғын әлди-ай.

Жарқырап жан сарайым,Саған өлең арнайын.Амандығың сұрайын,Ұйықтап қалғын, әлди-ай.

Жүзінде нұр ойнаған,Қызыл гүлім жайнаған.Сандуғашым сайраған,Ұйықтап қалғын, әлди-ай.

Әр таң тілек етіп ем,Сені көптен күтіп ем.

Лал

а Ж

үніс

қызы

Артық болсын несібең,Ұйықтап қалғын, әлди-ай.

Ұзақ болсын өмірің,Досқа толсын өңірің.Бақыт берсін Тәңірім,Ұйықтап қалғын, әлди-ай.

Мейірден тек балқығын,Еркесі бол халқыңның.Інжу-маржан алтыным,Ұйықтап қалғын, әлди-ай.

уаҚыт Өтіп Барады

Уақыт өтіп барады, уақыт өтіп,Әй дегенше келеді қарттық жетіп.Әр сәтіңнің қадірін кезінде біл,Өкініште қалдырар босқа кетіп.

Бисмиллә деп бастасаң әр жұмысты,Алла атымен қолға ал тынар істі.«Еңбек етсең ерінбей қарның тояр»Еңбек ет те жайраңдап, ал тынысты.

Еңбек деген рухыңды көтереді,Еңбек қана жайқалтып көгертеді.Үлгі болсаң, оларға дер кезінде,Еңбекшіл боп ұл-қызың ер жетеді.

Еңбек деген әрқашан ақталады,Ескеріліп нәтиже мақталады.Елі үшін тер төккен әр азамат,Жүрегінде елінің сақталады.

Еңбек еттім шәкіртке білім беріп,Зейнеттемін бұл күнде уақыт жетіп.Дәлелі ғой бұл-дағы айтқан ойдың,Еңбегімнің рахатын жүрмін көріп.

Лал

а Ж

үніс

қызы

68 69

Жетімнің зары

Көйлегім көк, қарным тоқ,Қадіріме жылаймын.Сәби едім кінәсіз,Неге тағдыр қинасың?

Жүрегіңнің түбінен,Тоғыз жай бердің.Қаламаған перзент деп,Неге мені жек көрдің?

Ана болу бақыт қой,Қалай соны сезбедің?!Тастап жетім үйіне,Қалай менен безгенің?

Құшағыңд а сәби боп,Еркелегім келеді.Мені іздеп келер деп,Жас жүрегім сенеді.

Нансаң, апа, кей кезде,Түсіме көп кіресің.Балаң мінген ақ тайды,Жетектеп-ақ жүресің.

Мұндай сәтте бақыттан, Бас айналып кетеді.Әттең, бірақ түс екен,Өңім болса нетеді?!

Ойланыңдар, үлкендер,Мұндай жолға бармаңдар.Зар жылатып сәбидің,Обалына қалмаңдар.

Лал

а Ж

үніс

қызы

ЖаҚҰт Өлең іздеймін

«Өнер жолы соқпақты, шыдағанға шығарған»,Абай ата – ғұлама осы ойға тоқтаған.Қара өлеңі қазақтың киелісі әуелден,Аты өшпес ақынның сөз асылын саптаған.

Бұйырмайды әркімге қазақтың бұл өнері,Жұқтырады Тәңірі пендесіне сетерлі.Жазып жүрген жандардың ақын емес бәрі де,Тыңдаушының көңіліне нұр шашпаса өлеңі.

Оқырманның ойлысы таңдап алар керегін,Сөз кенінен сол үшін тек жақұтын теремін.Өз атымен басталып өрілген әр өлеңім,Бағаланып келеді мұны көптен сеземін.

Дегенменен әлі де қарызым көп өлеңнен,Жақұт өлең жазам деп іздеп келем тереңнен.Санасына ой салып, жақсылыққа жеткізер,Оқырманға бір күні сол өлеңді берем мен.

Лал

а Ж

үніс

қызы

7170

Ескендір ЖҮНІСұлы,Ташкент қаласы

ҚараСу

Дархан далам суыңды сүйіп ішкен,Жүрегімнің жырындай сүйініштен.Жағаңдағы бір шыбық құлап түссе,Өртенгендей өн бойым күйініштен.

Тербетіліп кейде сен үн шығармай,Жабырқайсың жабығып түн шығардай.Ағайындар жер суды аяласаң,Асыл өзен жай тауып күн шығардай.

Сылдыраған сырнайлы ән күйіңмен,Біз есейдік сиқырлы әлдиіңмен.Сен десе бұла сезім алып ұшып,Шаттанамын әмәнде жай-күйіңнен.

КӨКтем туралы

Жайқалған өңірдегі мың шынардай,Сыбдырлап сырын айтып тұншығардай.Желпінтіп көңіл күйді хош иісті.Қырларға қызыл-жасыл гүл шығардай.

Жазып сан жасыл кілем жиылмаған,Өрнек сап сан-алуан қиынбаған.

Еске

ндір

Жүн

ісұл

ы

* Жалаулы – ақынның туған жерінің көне аты

Жүргенім ару көктем жастығымдай,Сонау бір көзден ұшып құйындаған.

Толқытып толық шыққан көктем едің,Сипалап самайыңнан өпкен желің.Жайнаған, жасарғандай о дүние,Мұншама көрікті өң, көкпек лебің.

Жалаулы

Қария ойға батты көптен дейді,Білмеймін жазда ма, әлде көктем дейді.Кешегі ата-бабам елін қорғап,Қиқу сап осы арадан өткен дейді.

Қызынып аңыз етіп өткендерді,Жауларын жексен етіп төккен терді.Күрсініп ауық-ауық еске алғандай,Оралмай қайта айналып кеткендерді.

Жан еді жанған оттың алауындай,Әуелден ел-жұртына қалаулыдай.Желбіреп қасиетті жалаулар-ай,Тұрғандай әлі күнге Жалаулыда-ай.*

Сенен аСҚан

Мен үшін қыз жоқ еді сенен асқан,Ұнатып ем бір сені әуел бастан.Жұлдызым ең, сәулетай, аспандағы,Жарқырап таң алдында сәуле шашқан.

Асылым, әлі күнге сен есімде,Шуақ қой сенің маған елесің де.

7372

Кетсең де басқа ауылға мүлде жат боп,Мен жүрмін сол махаббат кемесінде.

Жанымның сен дегенде жазын көрем,Жүзіңнің тым ерекше назын көрем.Бейнеңді күлімдеген қыр гүліндей,Толқып бір тербетейін жазып өлең.

ҚызҒалдаҚ гүлден аумайСың

Жастықтың сол бір жазындай,Ақ айдын аққу қазындай.Аяулым болған жансәуле,Аңсадым сенің назыңды-ай.

Көңілді шіркін аулайсың,Қызғалдақ гүлден аумайсың.Жалындай бейнең жүректе,Жаным-ау, мұнша лаулайсың.

Жайнаған жаздың күніндей,Жүргейсің дәйім күлімдей.Көңілдің жасыл бағында,Жайқала берші гүлімдей.

Еске

ндір

Жүн

ісұл

ы

құлназар ИБРАГИМоВ,Ташкент қаласы.

ҚОл алыСҚан дОСтыҒым

Жаудан да, бейнеттен де тартынбаған,Екі ел ынтымағы қарқындаған.Ғасырлар қиындыққа төзетұғын,Халқыңның несібесі сарқылмаған.

Аз ба еді қатаң өмір сынағаның,Әз елім, сонда-дағы құламадың.Болса да тауқыметті көп қиындық,Мұң шағып,Тағдырыңа жыламадың.

Жолдары қос елдің де көп өткелді,Небір кез құлатардай төніп келді.Тайғанмен көк сырғақта құламастан,Тек достық қол алысқан төтеп берді.

Ынтымақ бүгінде де тастамады,Ақ жолға қашан еді бастағаны?!Достықтың мәңгілікке бой созғанын,Дұшпандар көре алмай қастанады.

Күніге ұлы мейрам ұқсап аспан,Бұл заман мейірлене құшақ ашқан.Сондықтан екі елдің азаматы –Бос жүрген тұлпар сынды тұсалмастан.

74 75

Тамыры достастықтың тереңдеген,Мол және игілігі берем деген,Кейбіреу бұл достықты көре алмайды,Сезімі селт етпейтін керең бе екен?!

Екі елдің қол алысып туғандары,Қуанды желбіреген тудан бәрі.Санасаң санағыңа жету мүшкіл,Ғылым мен өнерді көп қуғандарын.

Халқымыз бір-біріне жақындады,Дос болып жазушысы, ақындары.Достықты көрсетпей ме О, ағайын,Көшесі Абай атам атындағы.

Көк аспан күркіресе жел басылар,Өтпеді басымыздан не ғасырлар?!Келеді достастықты жалғастырып,ҚазіргіКөрегенді Елбасылар.

Жүрген елміз тОлтырып Кемімізді

Тәні бөлек болса да, жаны бөлек,Дәні бөлек болса да, наны бөлек.Қос халықпыз, ежелден дос халықпыз,Жыры бөлек болмаған, әні бөлек.

Алпамыс боп ұлғайған ұландары,Гүлбаршындай аруға жыр арнады.Бабалардың дәстүрін жалғастырып,«Доcтығымыз мәңгі» деп ұрандады.

Бахшысынан ақыны бөлінбеген,Құшақ ашып «дос үшін төрім» деген.Науайысы сөйлеген Абай болып,Екеуі де еңіреп елім деген.

Құл

наза

р И

браг

имов

Құл

наза

р И

браг

имов

Қос халықта шын ақын, шын алып көп,Ала көрме есіңнен шығарып тек.Абайыңды аударса Насыр Фазыл,Ғафур Ғұлам сөйледі Мұқанов боп.

Өзбегім – бек, қазағым – төре дейді,Бауырластар бір дәнді бөле жейді.Қос халықтың арасын алыстатпай,Ташкентім тұр тербетіп Төле биді.

Ұлылардың болмаған қай дегені,Қымыздай-ау өзбектің шай дегені.Достықтарын паш етіп жатыр, әне,Нұр-Атамыз құшақтап Әйтекені.

Тәуелсіздік туын да көтеріп тең,Егемендік есігін ашқанбыз кең.«Бір шынардың ен жайған бұтақтары»,Бір көйлекке жарасқан жаға мен жең.

Ұлылыққа үгіттеп ұл-қызыңды,Құранындай қастерлеп дәм-тұзыңды.Әмір Темір бабамның арқасында,Түркістанда медресе тұрғызылды.

Басымызға туған соң кеңшілік күн,Ортамызда орнады теңшілік шын.Мәңгі достық белгісі болып тұр ғой,Көк сарайы көз тартар Елшіліктің.

Үміті – үлкен болғанда, сенім – ізгі,Жүрген елміз толтырып кемімізді.Достығымыз мәңгілік бөлінбесін,Шекаралар бөлсе де жерімізді.

76 77

Құл

наза

р И

браг

имов

Өлеңім – мҰңы емеС ҚараБаСтың

Бұлттысы көп те, ашық боп біразы күннің,Қалғандай аты бәйгесіз, ызалы жүр кім?!Қазірше бәсең болғанмен,Шыдаса аздап, Даңғыра сынды анық қой қызары үннің.

Биіктеп кетіп қол созым құзары шыңның,Сағым боп арман көз алдап ызалы жүрдім.Сабырлық жасап сонаудан келгенім шындық,Шыдамды болсаң, Анық ол, ұзары мұңның.

Сабырды сақтап о бастан келгенім анық,Заман ағымы, кететін сел ме едің алып?Өткізіп түгел баршаны сын-сынағыңнан,О Жаңа Таңым, ертерек келмедің нағып?

Өзге қалбырдан өткіздің баршаны тағы,Қонбаған басқа заманның қанша еді бағы?Жыласа бала – анасы қарамас қалай? Шындықты айтқан жандардың шаршады жағы!

Көңіл шынары күлімдеп самғасын көкке,Алдағы өмір салмағын салмасын көп те!Бұрынғы кездей заманы сабырлы Елге,Өшпестей етіп баспасын тамғасын бетке!..

Ақынға Елі ежелден салады құлақ,Көңіл шынары әйтпесе қалады құлап.Қағида болған әрқашан Ата заңымыз;Өзенге құлап қашанда ағады бұлақ.Жырласа ақын – туған Ел тыңдамас қалай?Көңіл шынары тым нәзік, қалады құлап!..

Құл

наза

р И

браг

имов

***

Жырым менің – мұңы емес қара бастың,Ел ісіне бір жандай араластым.Жұрт атынан сөйлеймін жырымды да,Мұң жеңгендей кей-кейде дара басым,Жыр-өлеңім – мұңы емес қара бастың .

Мұңдылы жан бір ғана мен бе екем?Неше тиді, ағайын, сеңге шекең?!Ода жазып, мұңды мен жырламас ем,Болғанда егер халқымда «бел» де бекем,Тұнжыраған тек қана мен бе екем?!

Қуаныш па?Мұңым ба? Басымдағы,Ешқашан да, ешкімнен жасырмадым.Неге, қалай?Себебін айту оңай, Дос деп білгем баршаны қасымдағы.

Жүрсем де әрең өзімді «айыпты» етіп,Менмен болды дер ме екен байып кетіп?..Не десе де,Әйтеуір, осы күндіКөрдім шүкір, сүрініп, тайып жетіп!

Қайта ОралСа...

Қайта оралса көктемім, бұла шағым,Тым тамаша бүр жарып, гүл ашамын.Өткеніме өкінер жайым да жоқ,Қуатым бар, әлі көп қыр асамын.

Қайта оралса жастығым, құлын шағым,Көрер еді-ау Ел басқа «ұрыншағын»!Тауға, тасқа ұрынбай жүрген мен бе,Көрінсе де ақ арман бұрын сағым?!

78 79

Құл

наза

р И

браг

имов

Қайта оралса шоқтығым, жігіттігім,Отырар ма ем еңсемді бүгіп бүгін?Ауыр деген ұршығын зырылдатыпИірер ем заманның түбіт жібін.

Қайта оралса асаулық қызбалығым,Тұрар ем-ау шыңырау құзда мығым...Әже болған жар түгіл,АйналамдаПәруана боп жүрер ме ед... қыз да бүгін?!

Қайта оралса жастық шақ бұрынғыдай,Жүрер ме еді ақының – Құлың бұлай?!Қайта тусам – сонда да сараңдық қып,Бақ қондырмай қинай ма ұлын Құдай?

Қайта оралса көктемгі аптығым бір,Жалау тігем шыңына шаттығымның.Сенетінім – ол анық, жүрмес едім,Шырмауына оралып қатты мұңның.

***

Күзге келіп арманнан таптым үміт,Жырға толы байладым қапты бүріп.Алданышым жыр боп тұр,Әйтпегенде,Шығаруға таяу ем қатты бүлік...

Жұбанамын жыр теріп соңғы кезде,Өткен күннен мұң шағып болдым езбе.Заманына көңілі толмай жүрген,Жанға қалай,Жыр құсы, қондың лезде?

Жыр бұлбұлы бағыма қонды шындап,Құшақ жайды жүрген дос қол ұшын ап...Ақпан ұлып ішімде жатқан кезде,Жаз боп қалды көңілім сол үшін-ақ.

Құл

наза

р И

браг

имов

Терең ой мен жыр бүгін алданышым,Екеуі де бақытым алдағы шын.О, шабытым!Өмірде бір шегені,Дәл орнына қағуға балғаны ұсын!

***

Күрессем-дағы жыққаным аздау, білемін,Жығылсам бірақ тимеген жерге күрегім.Шайлығып жүрек, тартатын аяқ мен емес,Додаға түсер қашанда дайын білегім.

Көңілге кірбің түсірді заман кешегі,Бойымда әлі арманның желі еседі.Білмеймін, неге өмірде бағам төмендеу? Білімді қуып, алғаным кілең «бес» еді!..

Дегенмен білем – бағамның алда артарын,Дайын тұр талай тиелген жүгім – тартарым.Қалса да кештеу ғаламда кімдер өтпеген,Басылмай толқып, Жамбылдай шабыт, қарт арын!

Бұлт болып көңіл, дауылға тап боп жүрегім,Ашылмай қабақ, тұнжырап кейде жүремін.Шалдыққан дертке өмірден күдер үзе ме? Заманым енді жасайтын болар бір емін!Бәсеңдеп дауыл,Сейіліп көңіл көктемдей,Ұзамай анық күлерім.

80 81

Құл

наза

р И

браг

имов

***

Қандай ғажап,Арманды ақ таң неткен!Ақ арманның қақпасын қаққам еппен.Жеткізбесең –жеткізбе,Ақ арманым,Аппақ гүлді гүлденген бақтан кеп пе ең?!

Ес білгелі ғашықпын ақ арманға,Биік не бар ақ арман, пәк ардан да?Арым да пәк деп елге айта аламын,Жаным ғашық өйткені ағарғанға.

Жаным ғашық ақ гүлге, ақ киімге,Ақ кигендер көрінер шат күйінде.Ақ ат мінген қолбасшы, патшалар да,Бекер-босқа ежелден аққа үйір ме?

Сүт – қымыз мол қазақтан аққа ғашық,Ұзап кетіп көрмеген жат та қашып.Ақмешіт пен Ақмола, АқтөбесіБар ел, сірә, жүрген бе бақталасып?

Аққа бірақ дақ жұққыш келері шын,Күйе жағып ақтарға келеді сұм.Ақ – қуаныш әрқашан, қара – қайғы,Қайғы үстем дегенге сенеді кім?!

***

Ежелден мәлім – асуы тайғақ шындықтың,Асуға жетпей талайы дайын сұмдықтың.Шыныңды айтшы: әділет атты төреші,Үкімің үшін шындықтан басқа кімді ұқтың!

Шындықты айтып төсіме жебе тигендейСескендім бірде, жүріп ем мүлде именбей.

Құл

наза

р И

браг

имов

Жеңілсем бірақ тек шындық үшін жеңілем,Түсінбен жанға жалғанға басын иген кей...

Жалғандық рас, шындықты жеңер парамен,Өзендер бірақ әрқашан мықты саламен.Шындықты анық ұқсатам мықты өзенге,Өзенім – ой мен жыр, арнаңнан асып аға бер!

Дүлей күш жұлқынса да жүрегімде,Жұмсаудың біле алмадым бір емін де.Сууы жетілмеген жүйрік сындыКете ме бұла күшім білегімде?!

Арына бағынбайтын пендесімен,Жырақпын, мен олардың теңдесі ме ем!Бірақ та сөз жарыста жағым қышып,Арсызбен, бақылмен де белдесіп ем.

Мұңдаспын жүрегі пәк пендесімен,Болды деп жыланбаймын кем несібем.Қолымнан келетіні бірақ нәрсе–Жүрегін мұңдылардың емдесіп ем.

8382

құлмахан қАлИұлы,Науай облысы,Кенимех ауданы.

халҚыма

Уа халқым, перзентің ем бесіктегі,Жайдары өскен, ешкімде болмай кегі.Өзіңсің жолға салған, асыраған,Көрген жоқ тәрбиелеп шеттің бегі.Қаз тұрдым, қуаттандым мейіріңнен,Мен дегенде төгілген болмай шегі.

Жалғасы боламын деп өткен дүрдің,Қызына жолығыппын қайсар үрдің.Асау жыр құр-құрласам алыстап тұр,Тартады намыстанып қабақ кірбің.Сарқа оят шабытты денемдегі,Жырмен бірге келеді өмір сүргім.

Көрсетіп жыр керуенін күн ілгері,Етіңдерші топан жыр мұрагері.Қашанғы мен тай мініп тепеңдеймін,Ақан болып ұстатшы Құлагерді.Иығыма қондырып өлең-құсты,Беріңдер жасымайтын күш-жігерді.

Кездестірмей тоқырау деген жарға,Ассаң мейлі ризамын өлең-дарға.Шабыт бер керегінше шалқып жатсын,Тартқыласа таусылмас күндес қарға.

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лы

Өлеңімді қосыңдар ұлы селге,Адастырмай жылғадан салмай шарға.

Ұмытылып көз ұшында қалмайын,Қанат бітіп жыр көгінде самғайын.Ақ желкен тақ жыр қайыққа мендегі.Талмай ескек есуіне мен дайын.

Сыңар етші, өгей етіп көрсетпе,Қарсы алсын баласындай жыр-сайын.Үмітпенен саңлақтарын жетелеп,Жыр бәйгеге қосатындар өте көп.

Қарауылдап адастырма, медет бер,Демеуші бол, мен жетейін төтелеп.Жыр-жаңбырың қуат болып құйылсын,Озсам болды жүргендерден ентелеп.

Өзің халқым сүйенерім, тірегім,Сен барыңда өмірлімін, жүремін.Ақтау үшін күресейін сенімің,Берші маған жолбарыстың жүрегін.Сондай күшпен тарихтағы орныңа,Қондырамын талмас менің білегім.

Із емес пе келе жатқан көнеден?Үміттіні жыр бесікке бөлеген.Артсаң артшы қалдырмайын несие,Сенгендіктен жалтақтайын несіне,Болғаннан соң халқым өзің көреген.

мҰҒалімдер

Ғұламалар атасы – мұғалімдер,Гүл шоғырын ұсын да сәлемің бер.Құдыретіне алыстан ай сығалап,Күн күлімдеп, құрметпен бас иген жер.

Шағаладай ақ шаңқан жылы түспен,Бәрін баулып дүниені ілім-күшпен.

84 85

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лыТәрбиелеп басқаның тентектерін,Өз баласы есіне кейін түскен.

Мейір – толқын кеудеде тулап жатқан, Әр баланың жүзінде таң боп атқан.Құлағыңнан тартқанда білінбеген,Шәкірт бар ма, ұстаздың қолы батқан?

Көкжиектен көрініп нұр боп балқып,Білім-теңіз секілді жатқан шалқып.Талай шәкірт – ғұлама шыққан жоқ па?Солар берген біліммен айдай қалқып.

Әл Беруний, Хорезмий, Ибн Сина,Жүрген жоқ па, бас иіп кеп сиына.Сіңіп жатса нұр болып берген дәріс,Саф алтындай құйылды кеп миына.

Білімменен тұсаулап мыңды жыққан,Сөзінен келешегін болжап ұққан.Құр сауған жоқ сананы білімімен,Биігіне Науай мен Абай шыққан.

Әл-Фараби болған жоқ шәкірт текке,Аспан сырын үйренді Ұлықбек те.Тек кетпеді еңбегі ұстаздардың,Ел риза түпсіз терең Архимедке.

Ол – дария, көркем көл, алтын жаға,Қиын ғой дәріптеп кеп беру баға.Өмірде өз шыңына орнығып жүр,Кешегі ол оқытқан бала-шаға.

Мен шәкірт сол сияқты мыңнан бірдің,Ізіне түскен терлеп алып жырдың.Құттықтап арнау айттым іздеп жүріп,Ішінен таңдап алған жарып бүрдің.

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лы

аСпан Әлемінің Сырлары

Көк аспан – алып түндік төбемдегі,Ақша бұлт – ақ лақтар көгендегі.Сұрша бұлт – тым төмендеп жақындайды,Нұрлы жаңбыр төгіп бір кетер-дегі.

Ақ таңның хабаршысы оқшау тұрған,Ақ «Шолпан» әсемдіктің тағын құрған.Онымен қатар шығып бақ таласып,Әуре боп әншейін «Есек қырған»

Бір мүлгіп, бір оянып «Темір қазық»,Тұрғандай аспан сырын тізіп жазып.Кетпеу үшін адасып «Жеті жұлдыз»,Шеңберін айналады етіп азық.

Үркердің айтқанына құлақ салмай,Бір қызын алып қашқан ізден қалмайҚарақшыны қуады әліге дейін,Ақбоз, Көкбоз аттармен жете алмай.

«Құс жолы» мен өткенде керуен толып,«Аққу» жүред қалықтап көзбен шолып.«Арқар» кейде табысып, тоғысады,Айға барып адаспай қонақ болып.

«Қара құрт» салып бағзы, тұр аяңға,Дегендей шегараға көп таянба.Шошытып сырт айналып, зәрін төгіп,Үркітіп айла жасап жүр «Шаянға».

Келбетіңе ай жүзді болып ғашық,Жете алмай қуғаныңмен ара қашық.«Шолпан» қыздың назарын тосумен жүр,«Марс» жігіт жасынан моншақ шашып.

Тұнықтырып суытып күздің суын,Салқындықтың көтеріп көкке туын.Сүмбіле де сүзіліп дейді маған:«Томыртқала, шырағым, сосын жуын»

86 87

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лыТаң атыра қалқиды қос «таразы»,Бірі түзу тұруға болған разы.Бірі қисық жұмыспен шұғылданып,Айтысады, тартысып боп наразы.

Түзуінде өлшеніп ізгі ниет,Имандылық адамға келіп тиет.Күнә өлшеп қисығы арбасына,Пәле, жала жалғанды алған тиеп.

Бәрімізге бұйырсын ниет ізгі,Болсақ кәне өлшеніп иман жүзді.Қисығынан алыстау жүрсек жақсы,Адастырған ақ жолдан алдап бізді.

Жыр Кеме

Кеме соқшы, жыр мұхитта жүзейін,Желдің бетін жырға қарай түзейін.Жырға тұрмай шашыраған толқынын,Асау құлқын келістіріп күзейін.

Жырдан- Сырға, Сырдан-жырға кезейін,Теңіз жырын өз жырымдай сезейін.Маржан етіп тамшыларын мұхиттың,Жырдың сылқым нәзіктігін безейін.

Мейлі толқын аударам деп уласын,Алып Кальмар аямасын, уласын.Көрсетеді жыр алдында әлсіздік,Көкшіл Киттер тоқтатам деп қумасын.

Сағындырмай алыстағы жағаны,Ақ дельфиндер достық отын жағады.Таң атырмай каютамның есігін,Альбатрос ұшып келіп қағады.

Асығып тым теңіз таңы атады,Әнге мүлгіп, кешкі жырға батады.

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лы

Палубаға шағалалар кеп қонып,Қуаттанып қайта ұшып жатады.

Алатындай боз кемемен жыр ұрлап,Жақындайды су мысығы борт тырнап.Ақ аюлар риза болып томпаңдап,Көріседі адамдай-ақ қол бұлғап.

Алатындай пингивиндер жыр үңгіп,Кеме соққан толқындарға жүр сүңгіп.Жыр сағынған содыр жыртқыш Акула,Алысырақ жақындамай тұр мүлгіп.

Десем-дағы құрсауланып бекінді,Ғасыр мұзын қаусатты жыр екпінді.Айсбергі жол береді алыстан,Жақындасам еріп кетер секілді.

Ауасынан сол мұхиттың жыр еме,Құшағына толқындардың тұр ене.Ақ жаңбырымен араласып малшынған,Келе жатыр жыр мұхитта жыр-кеме.

дүние шірКін

Дүние шіркін қарасаң: аққан сынап,Арудай жан-жағыңды тұрған мінеп.Қоятын тот басарды жарқылдатып,Шын жарқылды жұтатын бейне қынап.

Болғанды болдырам деп одан әрі,Күні-түні маңдайынан жүрген сылап.Көрсе де көрмегендей міз бақпайды,Пендені бишарасыз тұрған жылап.

Дүниеге түсінбеген: тірлік қызған,Біреу шыңда, біреу жүр шықпай құздан.Шыншылдың еңбегіне есе бермей,Адамды еселеген дінін бұзған.

88 89

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лыЖайлы сөзді ағадан аулақтатып,Үйір қылған кісіге тілі тұздан.

Жеңіл қызға жол беріп желпілдетіп,Жақсыларын үйінде отырғызған.Селтеңдеген серінің жолы боп жүр,Мейлің ойлан, мейлің өл, мейлің қызған.

Ақ пейілді өтеді жүзі сынық,Шығарғанды қолдайды озбыр қылық.Білімдімен жүргенді сүріндіріп,Жасағанды сүйеген күнде былық.

Бұзақының бұзау тіс ісі озып,Шеттеу қалар асқақтап талай жырық.Осылайша кете ме бұл дүние,Ыржаңдаған содырға беріп ырық.

Аз нәрсені көргеннің көңілі тоқ,Талаптыны тыңайтар қолдаушы жоқ.Талай талант талпынып жанбай қалды,Үрлеуші аз, шалаға айналды шоқ.

Неге мұнша құтырды мәңгүрттілік,Сені ме!... деп қол безеп еді доқ.Жығылардай шалқайып күледі кеп,Жаман келіп жақсыға жамаса боқ.Осылардың көбісін сөгетіндей,Кім жонады сан қырлы, сұр жебе оқ!

ҚартайҒан СОң

Жөн сөзді білімдіден сұрамадық,Ойға сап өмір жолын құрамадық.Тосырқап соны ойдан жүрдік алшақ,Жұқпады ұмтылғанмен ғұламалық.

Өмір өтті, қуатты жұқарды қоң,Шыға келді иіліп томпайып жон.

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лы

Шідерленген аттай-ақ айналақтап,Кете алмадық қазықтан қартайған соң.

Баяғы тау талқандар күшің қайда?Күресіп көзге түсер топты жайда.Тірлігіңе қазіргі көңілің толмай,Тұрғаның масаттанып құр айқайға.

Шымыр денең таралып босағансың,Жанар мен құлағыңды қоса алғансың.Аяқтан дәрмен кеткен шойнаң басып,Аттайсың кәріліктің босағасын.

Тоқтар деп сөз мазмұнын ұндай елеп,Көріп ек, құр көтердік судан елек.Оттығында шақпақ жоқ, шаршаған ба?Сезім жоқ намыстанар оны елеп.

Күніне құжайрасы мыңдап өніп,Ми шаршар тұрмаған соң ақыл еніп.Әрекет аз қоразданар қуатыңнан,Жатқаны көнбеске де шындап көніп.

Әйелің де көрінер жандай қалыс,Көрпең сусып араны етер алыс.Иығың да басыңды тік ұстамай,Аяғың да кетеді алыс-шалыс.

Өз әйелің бұл күнде әжең болып,Тірлігіңнің тұрады бәрін шолып.Жүрісіңнің жақпайды тысыры да,Қонақтайсың үйіңде жүрген қонып.

Балалар да жағында соның айтқан,Көрінеді асырап сол байытқан.Шешесіне болысып, олар шулап,Тек демесін алжыған, теріс қайтқан.

Кешегі асырағыш мал табары,Бөрідей жалмаң қаққан топ жарары.

9190

Құл

мах

ан Қ

алиұ

лыБүгінде жігер оты қоламта боп,Үйдің нағыз болады мал бағары.

Азанменен тұрасың малды жайғап,«Кім сауады?», – тұрғаның құр айқайлап.Еміп қойса сол күні күнің құрсын,Үзіп кетіп торпағың қойған байлап.

Ұрмағанмен кемпірің етер түртіп,Шақырғанда келмейді тұрар үркіп.Шай сияқты бірдеме келтіреді,Тым болмаса кесесін қоймай сүртіп.

....Айта берсең өмірдің көп қой мұңы,Көп сөз жүк, шұбыртпайық кетер құны.Талай ақын өзінше ой тербетті,Білгішсініп жазбадым мен де мұны.

Тұрғанында жанардың нұры таймай,Дарымай-ақ мешелдік жүрек шаймай.Кемпіріңнің алдында көсілсеңші,«Алжып өлді» – дегенді жұртқа жаймай.

Қабыл болса осы ой, осы сертің,Басқасының тәңірім берсін дертін.Пенделікті доғару қандай жақсы,Аумай тұрған кезінде келінге еркің.

Боран қыДыРоВ,Ташкент облысы,

Жоғарышыршық ауданы,

і. тОрҚалы тОйҒа Сый

Кең байтақ Отаным,Ыстықсың маған тым.Шет жүрсем өзіңнен,Таусылар тағатым.Сағынсам жүрегім,Жалындап жанатын,Құстар да қиқулап,Қанатын қағатын.Тамаша табиғат,Тамсантар жанымды.Бақытқа балаймын,Әр атқан таңымды.Табамын Отанда,Адалдап нанымды,Аптығым басылар,Жыр жазсам жалынды.

Қай өлке әлемде,Көркейген өзіңдей.Киелі елімсің,Бабалар көзіндей.Келбетің сендегі,Тынық ай жүзіндей.Жүректі өртеді,Ғашықтық сезімдей.

92 93

Тәуелсіз ел болып,Гүлденді аймағың.Ажарың ашылып,Құлпырып, жайнадың.Халқың да тату боп,Бұзылмай қаймағы,Бірлікте өткізер,Той, сауық-сайранын.Егеменді ел болып,Көтерді еңсесін.Абат та нұр Отан,Тек алға өрлесін.Ырысты, байтақ ел,Табысы көл-көсір.Көгімде жарқырап,

Жұлдызы сөнбесін.Қызыңа cанама, Парызым өтелмей,Қызыл тіл сүйексіз,Сөйледім шешендей.Сырғалы жыр жаздым,Төгілген нөсердей.Шашу боп тойыңа,Жыр-кілем төселгей.

ата-ана хаҚында

Ата-анамыз ыстық құшақ, бәйтерек,Болмаса олар айтшы, достар, қайтер ек. Өмірдің сен ұстай алсаң жалауын, Таптым дей бер ата-ананың қалауын.

Адам болса ел ішінде ұл-қызы,Жанды-ау шүкір, ата-ананың жұлдызы.Ата-ана мақтанышың – байлығың,Ата-анасыз болар ма екен жайлы күн.

Ата-ана – аспаның, баспанаң,Ата-анамен думанды ғой астанаң.

Бора

н Қ

ыды

ров

Ата-анаңның көңіл бөлші сөзіне,Тік қарама! Адам болсаң көзіне!

Ата-анаңның ыстық әркез құшағы,Ата-ананы адал ұлдар құшады.Есейсек те ата-анаға сәбиміз,Бақытсыз ғой ата-ана да сәбисіз.

Әр ата-ана адам қылса баласын,Оған онда ешқандай жоқ таласың.Жақсылығы ата менен анаңныңКең тарқалған асты-үстіне ғаламның.

Арындасаң қанша-қанша арында,Ата-анаңның аман-есен барында.Ата-анасыз бұл өмірің жат маған,Ата-анамен қуанамын, мақтанам.

Мұз боп қатып, от боп күйіп-жансақ та,Ата-ана үшін жүгірейік сан-саққа.Өткерсек те дүниенің парызын,Өтеу қиын ата-ананың қарызын.

Ата-ананың дайым-дағы көңілі,Перзентте боп өтеді екен өмірі.Ұстай білсең адалдық пен арыңды,Ата-анаңнан аяй көрме барыңды.

Туылған соң ата-анадан адал боп,Сен оларға күйік болма надан боп.Ата-анаң екінші бір өмірің,Көтере біл пәстеу болса көңілі.

Бора

н Қ

ыды

ров

94 95

тӨрт таҒандар

Айтқаныңда жасырмастан ісіңдіСені әркім өзінше бір түсінді.Кей кездерде айта алмаймын, о тоба,Жарыма да кейбір көрген түсімді.

*** Ойлап сөйле, лепірмегін, абайла,Тыңдап тұр ғой сөздеріңді талай да.Тұрғандардың біреуі дос, мыңы қас —Мың құбылтып жеткізеді талайға.

*** Бұл пендең не көрмейді тірісінде,Сын сенің тұрысың да, жүрісің де.Бұл жалғаннан бір күні кетесің-ау,Бітпестен күйбің-күйбің бір ісің де.

*** Мен де өзімше шатпақтадым, ептедім,Сен де өзіңше шатпағыңмен ептедің.Сөйте тұра біреулерге сын айттым,Дегенменен дана болып кетпедім.

*** Көрмедім мен есердің, Жөн сөздерге көнгенін.Көріп жүрмін солардың,Жанбай жатып сөнгенін.

*** Көп адамның білмейсің, Ішіндегі наласын.Араласаң жаманмен,Тек ұятқа қаласың.

Бора

н Қ

ыды

ров

*** Бөдененің сайрауы —Бөденепаз арманы.Ойпаң-тойпаң болмай ма,Тиын оған қалғаны.

*** Қанша сөйле, ақыл айт,Жаман үшін жан-дағы.Тазармайды бәрібірНадандығы қандағы.

ҚОС таҒандар

Ақыл айту – емес әркім мақсаты,Артта қалса адамдардың жақсы аты.

*** Бұл өмірде екі сөйлемей өткен бар,Опасыз боп, арын сатып кеткен бар.

*** Білсем де, болған қанша жаман ырым,Білмеймін дүниенің көптеп сырын.

*** Ақылыңа жеңдіріп ап сезімді,Ұстай біл, дос, адамдардай өзіңді.

*** Болмаса егер жүрегіңде адалдық,Бола алмайды оңда өзіңде адамдық.

*** Қанша адамдар етіп өтті тақты арман,Ал қанша адам бас тартты сол тақтардан.

Бора

н Қ

ыды

ров

96 97

*** Жау қолында тартсаң «дәмін» жазаның,Ұмытпашы ел-жұртыңның азабын.

*** Бұзық болса егер, достым, көңілің —Бақытсыз боп өтер онда өмірің.

*** Тура болса, о бастан-ақ ішегің,Өздеріңмен у болса да ішемін.

*** Өмір саған өз жарығын қиғасын,Келтіре біл қиюы мен қиғашын.

*** Ынсапсыздық тізгінін, дос, тартып қой, Туысқаннан ел-жұртыңды артық қой.

*** Тақ таласып, туысын да қиған бар,Бар асылды ел-жұрт үшін жиған бар.

*** Келіп алып бұл дүниеге бір рет,Қу басымыз не көрмейді мың рет.

*** Қанша ғалым, қанша залым өтпеді,Бәрін-дағы қу ажалың «ептеді».

*** Әр кезеңде өрнегі бар заманның,Заман-заман – қасиетімен адамның.

*** Қасиетті тау, құдіретті тау аналар,Содан туған ғұлама мен даналар.

Бора

н Қ

ыды

ров

*** Кетсең-дағы абыроймен асқақтап,Баспа аяқты оңды-солды оспақтап.

*** Әр уақытта көңіліңде шалқып ән,Не жетеді өз еліңмен шалқыған.

*** Өмір бізге тарту еткен жарығын,Табыс еткен қуанышын, әрі мұң.

*** Әр уақытта болсын десек ел мықты,Сақтайықшы адамдықты, елдікті.

*** Жанып тұрса маңдай терің, еңбегің,Қадір тұтпас сені қалай елде кім.

*** Кең заман, қызық заман, зарлы заман,Не көрмейді тірі болса, жарлы-жаман.

*** Бай да өткен, кедей де өткен, дана өткен,Бәрі де аса алмапты-ау дана көптен.

Бора

н Қ

ыды

ров

9998

аҚпанда

Қаhар шашқан, суық қысқы ақпанда,Жердің бетін ұлпа қарлар жапқанда.Бейкүнә өмір үміт отын жаққанда,Бар тірі жан тоңып діріл қаққанда,Ал тіршілік бірақ тоқтап жатқан ба?

Аязды күн, боранды түн ақпанда,Адамдарың үстіне тон жапқанда.Күнде бұлт мың түрленіп жатқанда,Қойлар қоздап егіз-егіз тапқанда,Азаматың суыққа еркін сатқан ба?

Ызғарлы жел, бет қарыған ақпанда,Су бетінде қалың мұздар қатқанда,Аш қасқырлар қойға қарсы шапқанда,Айна есікті саңылаусыз қып жапқанда,Суық кіріп, үйден орын тапқанда.

Қалың қарлы, үскірінген ақпанда,Жылылықты суық жеңіп шаққанда,Сонда да жұрт жылқы айдап баққанда,Жылғалардан су да ептеп аққанда,Көктемге орын босатады ақпанда.

Бора

н Қ

ыды

ров

зәкида құБАШЕВА,Ташкент қаласы.

Ұмыту

Ән болып еніп кеудеме,Мұң болып тұрақтадың.Оңаша қалған кезде де,Келмеді сыр ақтарғым.

Балауса сезімімді,Батпадым сездіруге.Таусылтып төзімімдіКөп күткен келді күз де.

Кеудемде мол үмітпен,Аттандым арманыма.Білемін шын жүректен,Тілеулес болғаныңа.

Ағып-ақ кеттім білем,Басқа бір арна тауып.Алыстап кетті бейнең,Тұрақтар қайда барып?!

Ұғатын жүрегімді,Жанашыр дос та таптым.Сол күні суретіңді,Жырттым да, отқа жақтым.

101100

Молынан сыйлап нәрін,Жылжыды бір жыл тағы.Ұмытып кеттім бәрін,Демеп ем ұмытамын.

мүмКін Сенің...

Ерекше емес сияқты едің ешкімнен,Мүмкін сенің қасиетіңді кеш білгем.Көптің бірі деп жүргенмен бұл күндеӨзіңді ойлап өзгеше күй кештім мен.

Жаның неткен терең еді, тұнғиық.Жанарыңда мың түрлі сыр, мың күйік.Сол мың күйік тербеп жатыр мені де,Жүрегіме қойғандайсың жыр құйып.

Әлде доссың, әлде жансың жанашыр,Айыра алмай қалам кейде арасын.Кейде мына сұмдық ойдан селк етем,Мүмкін менің қиялымда ғанасың.

Зәки

да Қ

ұбаш

ева

Болат қАзБЕКоВ,Науай облысы

мӘңгі дОСтыҚ

Сыбызғы желге аққулар сыңсып қосты үнін,Тегі бір халық, қазақ пен өзбек дос бүгін. Серттескен күнге 15 жыл толды, бауырларКөктегі күндей, мәңгілік тұрсын достығың.

Шежіре-сырды жасырып бізден құба бел,Дүбірлеп өтті-ау, төсіңде тұлпар Құлагер.Ғасырлар салған достыққа өзің куәгер,Көненің көзі, Меккенің өзі, Тұран ел.

Адалдық – асыл, зұлымдық – жауыз қырқысқан,Көгіңде қалқып, сезімдей – аппақ бұлт ұшқан.Қазбек биім, Яссауи бабам бауырыңдаМенің де елім, сенің де елің Түркістан Түйсіксіз жанның келмейді, сірә, сенгісі,Төлеби бабам, шынайы достық белгісі. Нұрата тауда жатырсың, абыз Әйтекем,Қастерлеп жүрген Арыстан бабпен тең кісі.

Ізгілік жолын жалғадың Ғафур, Мұхтарым,Түсінер халқым, достықта бақыт, құт барын.Мәңгілік достық, туысқан елдің сенімі,Ақылың – дария Елбасшыларым құптадың.

102 103

тОлҒаныС

Жабырқап жүрмін бұл күнде,Шабытым – тұман, түн –түрме.Жалғыздық Һаққа жарасқан,Жалғыздық маған мүмкін бе?Жүдеумін неге, білмеймін,Аңсаймын нені іздеймін?Махаббат берші бір түнге,Шапағат берші бір күнге.Өзімнен-өзім, қорқам жай,Қалғандай құмдақ сортаңдай,Бұлқынам, кейде жұлқынам,Көк торда жатқан шортандай.Шираған тордан шыға алмай,Шабытым ақсақ құландай,Ана мейірін аңсаған,Жабырқау көңілім ұландай.Зәһарын шашар у-сезім,Құмдағы әждаһа жыландай,Қаламын сонда тұра алмай,Сиынам жалғыз Құдайға.Керемет неткен сезім, бұл,Сезімге бүгін өзім – құл,Барасың қайда жетелеп,Ағалық етер кезім, бұл.Адалға мені сезіндір,Жүрегім жалын от-дүлей,Қайдасың асыл сезім-нұр.Өмірде осы болған іс,Жанымда жалын толғаныс,Селдеткен түнгі жасындай,Өн бойым толы қозғалыс.

дОСтыҚ туы ЖелБіреСін

Әу бастан-ақ,Ұласқан кең даласы,Алыс емес туысқан ел арасы.Бір-біріне,

Бола

т Қ

азбе

ков

Қонақ боп араласқан,Қазақ-өзбек іргелес шекарасы.Тәуелсіздік – Таңы атып нұрлы міне.Еркін ашық бұл күні түндігі де.Талай халық тамсанып таңдай қағар,Қос халықтың ынтымақ, бірлігіне.Бірін-бірі мақұлдап кеңесінде,Дос-туыстық орнаған ел ішінде.Нақ 15 жыл,Дәл биыл толып отыр,Мемлекетаралық келісімге.Ел ағалар,Тартқалы елдің көшін,Кең тыныстап,Жинады ел бір есін.Бір жағадан бас шығып,Бір жеңнен қол,Достық туы ортада желбіресін.

Жаныңды ҰҒу

Көзіңнен көрдім,Жасындай отты ceзімді,Еске алдым сосын албырттау жастық кезімді,Адасқан жандай шілденің ыстық күнінде, Кенезем кеуіп,Шөліркегенім сезілді.Құпия сезім, құпия ғұмыр – Тас мекен.Жанарыңдағы мөлдіреп тұрған,Жас па екен?Сыйластың жөні, қимастың жөні бip бөлек,Жаныңды ұғу басқа екен, қарғам, басқа екен.Отырмын жалғыз,Қараңғы түнде көз ілмей,Жылжиды уақыт маған да, саған да сезілмей.Жымыңдап көктен, көз қысып тұрған жұлдыздар,Сағыныш толы, қап-қара сенің көзіңдейӨмірді қимай, жапырақ жатыр үзіліп,

Бола

т Қ

азбе

ков

104 105

Мекенін қимай, құстар да кeтті-ay тізіліп.Еліңді қимай, қоштасып сен де барасың Жүруші едің, жырымды жаттап ұғынып.

дариҒа-Өмip

Балалық қайда кіршіксіз таза бал шырын, Жастық шақ қайда өзіндей мөлдір тамшының? Өмір деген – атам қазақ айтқандай, Сабындай келте екен-ay шіркін қамшының..Өмірдің жүрмін өтерін ұғып, кеш біліп, Жақсыны көрдім, жаманды көрдім ес біліп. Өмip-ай, шipкін, зымырай бермей тыныста, Құстарға ұқсап ұяға қонған кекілік.Әлі де сенен аласым көп қой, аласым,Дамылда бip сәт, асығып қайда барасың?Дариға – өмір, сағыныштарымды тізбектеп,Жалғап тұрсың-ау екі дүние арасын.Таба алмай жауап, санамда сансыз сұраққа,Өмір дегенің пендеге берген сынақ па?..Кеше емес пе анамды танып күлгенім,Ал, бүгін өмip ұқсайсың аққан сынапқа.

Жан айҒайы

(а.Сабыровқа)

Тайғақ кештің,Сүріндің,Құлап тұрдың.Құлап тұрдың – алдыңда сынақ тұрды.Қадам сайын қағытып қатал тағдыр,Өз-өзіңді өзіңе сынаттырды.Көре алмайтын көр соқыр күліп жүрсе,Жанашырлар амалсыз жылап тұрды. Асау теңіз тасыған арнасынан, Өзіңді жағалауға лақтырды.Сенің жаның қалайша шыдап тұрды?!

Бола

т Қ

азбе

ков

Жан айғайың шыққанда бүкіл дүние, Тыншыды да,Біp сәтке құлақ түрді...Содан кейін әруақты батырлардай, Орныңнан бip-aқ тұрдың.Өмірді ойламап ем құбылар деп, Көңілімде жауапсыз сұрақ тұрды, Қуаныштан жүрегім жылап тұрды.

туҒан Жер

Асыр салған бала кез,Айналдың ба сағымға?Жалаңаяң жүгірген,Ізім қалды шағылда.Өткен өмір қайтпайды,Сағын, мейлі сағынба.Өтiп кeтті елу жыл,Көз ілеспей дөңгелеп.Қасиетіңнен айналдым.Туған жерім «Дөңгелек»Жүрегімнің жартысы,Жүрмін әлі сенде деп.Сағынғанда ауылды,Мейірленіп жел де өбед,Уыстасам қызыл құм, Жүрек дepтім емделед. Әке-шешем өткен жер, Қаcиeттi «Дөңгелек».Алыс жолы – өмірдің Тәтті кейде кермек ед.Жасындардан от алдым, Өлең- жырды термелеп.Көрем сені түсімде, Менің Меккем – «Дөңгелек».

Бола

т Қ

азбе

ков

107106

Жарасқан НұРБАЕВ,Науай облысы.

тӘуелСіз ӨзБеКСтан

Бөбек елім, азаттыққа талпынған,Қатал тағдыр алды талай алқымнан.Әмір Темір, Мәңгіберді, Бабырлар,Зұлымдыққа садақ болып тартылған.

Сезім-қыран, ойым-семсер, шабыт-күн,Егемендік ел аңсаған жарық күн.Елбасымыз алып шықты қайраңнан,Ақ кемесін арман еткен халықтың.

Өзбекстан рухың – өр, нар тұлға,Айнымашы мейір толы қалпыңнан.Өзгелерге берген жүрек жылуын,Айналайын шапағатты халқыңнан.

Тәуелсіздік – туың биік тұр бүгін,Құтты болсын 22-ші жылдығың.Өзбек елін дүниеге паш етіп,Айқара аштың бейбіт өмір түндігін.

Қымбат Отан, топырағың әр тасың,Сүйіп өтем, туған жердің жар, тасын.Өзбекстан сенің құтты орының,Безендіріп бүкіл әлем картасын.

Өзбекстан – ұлы халық өскен жер,Ұлым, қызым, кіндік, тұсау кескен жер.Өзбек-қазақ басы бірге түйіскенМал жамырап қосылады төскейде ел.

Өзбекстан – қасиетті, тұғырлы ел,Уа жаратқан, Елбасына ғұмыр бер!Өмір – өзен, ұрпақтармен жалғассын,Дөңгеленіп, айнала бер, жұмыр жер! Ж

арас

қан

Нұр

баев

109108

Мекембай оМАРұлы,Өзбекстан Жазушылар одағы жанындағыҚазақ әдебиеті кеңесінің төрағасы.

тӘуелСіздіК туралы туралы СӨз

і. Өткен күн елестері

Жіп сияқты,Өмірде қысқа мына,Қысқа күн де қырық бір қыспады ма?Қашпаған қара қашар сияқтанып,Қысыр сөздің түстің ғой қыспағына.

Көзін тігіп,Кер табан қасқыр – надан,Әрі асып шықтың ба бастырмадан.Қар құшақтап, мұз сүйдің Магаданда,Істеріңді алға бір бастырмаған.

Шапқатсызда,Жақсы бір қылық не етті?Ел деген де болар ма қырық бетті?Атом жарып басына, арғы ғасырХалқымызды қынадай қырып кетті.

ОрындалмайТілегі, қу арманы,Есіңде ме ұл-қыздың қуарғаны?Усман Насыр, Сәкендер Магаданға,Барып па еді егінін суарғалы?

Жабылғанын жек көріп, ырымдаған,Есігіңде ит тұрды ырылдаған.Көкірегін оқ тесті Қадыри менБейімбеттің шындық деп шырылдаған.

Тепкі жеді қанша аймақтары,Зығырданын кімдердің қайнатпады?Өксігіңді баса алмай тұрдың жалғыз,Атылғанда халқыңның қаймақтары.

Өз халқымен «сіз» емес, «сенге» барды,Өтірік сөз бойын да меңдеп алды.Төле билер аңсаған Тәуелсіздік,Арман болып еркі жоқ елде қалды.

Халық арын,Намысын арлағандай.Жүректегі өкпе бар Арға қандай?Сол саясат сені де етпеді меКәмпит беріп, баланы алдағандай?

Бар баласы, Тұс-тұсқа үйдің босқан.Мұндай бауыр, ағайын, күйдің достан.Екі қазақ, бір өзбек басын қосса,Ұлтшылдар деп соңынан итін қосқан.

Қарарлардың сезініп тым ыстығын,Емін-еркін ап еді тынысты кім?Қолдан жасап қырғынды, тағы бұзды,Есіл ер мен қайран жұрт тыныштығын.

Қарамастан істің бір әділіне,Ұлылардың жеттік пе қадіріне?Шынын айтсақ, Құдайдан ұят болды,Қол тиді Әмір Темір қабіріне.

Шиыршықтап Шыршықтың ақтағаны,Арайланып таңның да атпағаны,

Мек

емба

й О

мар

ұлы

110 111

Есіңде ме, сол күннің ертеңіне,Соғыс бұлты жер бетін қаптағаны.

Қопарылып түскендей кесене де,Күн зәhардай боп еді кеше неге?Шөптің дәнін жесең де, қырық бірде,Бәрін беру – жазылды пешенеңе.

Төсіңдегі секілді алып шыңдар,Соғыс жүгін көтеріп алыпсыңдар.Қыршын кетем деп тұрмай, қырық бірде,Оқ орнына атылған халықсыңдар.

Бар ма тайқы маңдайға жазылғаны,Қайда саған терең ор қазылмады?Соғыстан соң Арал боп, Семей де боп,Жарақаты жаныңның жазылмады.

Өлімсіреп қонағын тапты құстар,Алда қанша тағы да қатты қыс бар.Жасыратын жері жоқ кеңес елде,Болып өткен талай бір қақтығыстар.

Құлындай боп көзіне елестеген,Он бес ұлдың бірімен кеңеспеген.Өзгелердің қолымен от көсейтін,Ыдырады ел-дағы кеңес деген.

іі. Жеткен күн белестері

Шүкір, Алла осылай еткеніне,Бүкіл алаш сүйеніп кетпеніне.Қуанды жарық сәуле көрмегендей,Келмес жерге кеңестің кеткеніне.Тәуелсіздік бізге де жеткені ме?

«Не деп енді шырқайтын жырын біл», – деп,Ішкі-сыртқы да болды сырын білмек.Қасқырдайын аңдап бір әр қадамын,Ниет еді Елбасын сүріндірмек.

Мек

емба

й О

мар

ұлы

Мұндай жақсы болар ма саспағаным,Тәуелсіздіктің шырқатып асқақ әнін.Көртышқандай жымысқы арам ойдың,Әлем көрді іске бір аспағанын.

Қаhарман деп айтуға татыр үні,Жарылыстың жүректе жатыр үні.Отан үшін от кешкен ОрманұлыНұрғали да – елімнің батыр ұлы.

Бермен қарай құлақты бересің бе?Бай жігіттің баяғы белесінде.«Қыбырайдың қыраны» деп аталған,Әбдәкімнің ерлігі ел есінде.

Берекесіз ісінің білінгенін,Талай елдің қарашы бүлінгенін,Бәкір, Аман сияқты профессорлар,Туған жердің қазады нұр, білім кенін.

Аға да, іні де көп әр маңда сақ,Дәл солардай айып па армандасақ,Ағытай мен Серікбай «ӨзбекстанҚаhарманы» атағын алған қазақ.

Исрайыл, Есенғали – достық жырын,Үйреткелі ар жаққа барған қазақ.

Тәуелсіздік!Келіскен келбетіңе,Көз қырын сап қарайды ел бетіңе.Топыраққа қарысып жатқан барлық,Ұлыларды шақырдың жер бетіне.

Ер – өмірдің,Таусылмас күресінде,Өткен күннің бар болар бірі есіңде?Әмір Темір бабамды бір-ақ сөзбен,Тұлпарына қондырған кім, білесің бе?

Мек

емба

й О

мар

ұлы

112 113

Тәуелсіздік былай дер толғағанда:«Өз бауырым – тоңған да, тоңбаған да».Тау тесіліп, шөлге жол салынар ма,Көреген бір Елбасы болмағанда?

Айтқанымен бағзыда халық өктем,Айдан-дағы мақсатын анық еткен.Тәуелсіздікті шын сүйіп, өз Отанын,Қылкөпірден оңай ма алып өткен?!

Түскенің рас-ақ әділ, теңізге анық,Жол салмақпыз баратын теңізге алып.Тәуелсіздікті қызғыштай қорғамасақ,Қолдамасақ, ал онда неміз халық?!

ҚазаҚ-ӨзБеК еЖелден БауырлаСпыз

Қазақ-өзбек ежелден бауырласпыз,Қыз беріп, қыз алысқан ауылдаспыз.Төскейде малы, төсекте бас қосылған,Көңілдердің кірі жоқ қауымдаспыз.

Бейбітшілік бастауы ұранымыз,Биікте қалықтайды жыр-әніміз.Ұлдарымыз Отанның ұландары,Ақиық қыран құстай қырағымыз.

Он бес жыл келісім-шарт жасалғалы,Бірлікпен екі елдің асар бағы.Қатар дамып келеміз өрге басып,Бірлігіміз сияқты қыз жасаулары.

Мақтан етем туысқандар достастығын,Арқасы бұл қос дана көшбасшының.Мен екі елдің еркін өскен тарланымын,Мәңгілікке жасасын достастық үн.

Мек

емба

й О

мар

ұлы

Жалғасқан ерікті елдер еркіндігің,Арта бергей құда-андалық, төркіндігің.Келбеттерің әлемді таңырқатып,Көріктене түсуде көркің бүгін.

Қазақ-өзбек бірі – аға, бірі – іні, Достықтың үзілмейтін екі тіні.Бауырластар шекарасы айқара ашық,Туысқандар өтіп жатыр күні-түні.

Екі елде де өткен дана, асылдар да,Соққы берген қарсы келіп, басынғанға.Ұлы Жібек жолындай өшпейтұғын,Достығымыз жалғасқай ғасырларға.

Мек

емба

й О

мар

ұлы

115114

Алмагүл оҢАЕВА,Бұхара облысы,Ғыждуан ауданы

Жетелей Бер

Жетелей бер арманым, асуларға,Арман толы жүректе жасу бар ма?Қияларға әрқашан қызығамын,Ұмтыламын, алдымда асу барда.

Алып шық, қол жетпейтін арман биік,Жүреді кейбір жаман жалған күйіп.Арманы орындалған әр адамның,Кетеді кеудесіне жалған сыйып!

БаҚытым БОл

Бақытым бол аңсаған,Жан, көркіңе тамсанам.Сені ойлаған сәттерде,Шат күлкіңді аңсағам.

Ақша бұлттар көшкенде,Көңіл жел боп өскенде.Есіл жүрек жырлайды,Есіме сен түскенде.

«Бақытым» деп таңдағам,«Арманым» деп аңсағам,

Аяулымсың сен менің,Саған арнап ән салам.

Көздеріңе қарап ем,Қайғы-мұңға толы екен.Таба алмадым дауа, ем,Махаббаттың жолы екен.

дОмБыра

Шерттім ішегін үкілі домбыраның,Көрінді көзіндей боп мол мұраның.Мың бір түрлі әуен мен асыл күйді,Ойнатып жүрегіңе қондырамын.

Күй мен жыр ғой халқымның қазынасы,Домбырасыз өтпеген тойы, асы.Ұмыттырған қайғыны, ашуды да,Күй төгіліп тыйылған көздің жасы.

Орындалса әсем күй, сазыменен,Қазақта ынтық кәрі-жасыменен.Қос шегіне арманды сыйғыза алсам,Елтиді дала, тау да тасыменен!

Алм

агүл

Оңа

ева

117116

Абдулла РҮСтЕМоВ,Ташкент қаласы

армыСың, атамеКен!

Ежелден жүректе өшпес дастаным,Тәңірі назар салған гүлістаным.Батырлар елі – бұл нұрлы мекенім,Армысың, ата мекен – Қазақстаным!

Несібең құт сенің, иманың бүтін,Даңқың биік сенің, заманың бүтін.Бағың нұрлы сенің, аспаның биік,Армысың, ата мекен – Қазақстаным!

менің ауылым

Жерің жайнап, гүлдер қауыз ашады,Мөлдір аспаныңда құстар ұшады.Кең далаңа көктем иісін шашады,Сұлулық мекені – менің ауылым.

Таңдарың рауандар қырмызы реңде,Сыпайы шырай бар жомарт далаңда.Еңбектің зауқы бар жас пен кәріңде,Бақ-ырысқа мекен – менің ауылым.

Жайнаған көктем ғой жастық мезгілі,Қойныңда кемелге жеттім негізі.

Біз ұлы бабалардың ең ізгі ізі,Киелі мекенсің, менің ауылым.

СӘлем, аСтанам! Сәлем, Астанам! Әлемде сымбат қалам,Маған інжу-маржандай қымбат қалам.Сенсің салтанатым, сәулетім – Астанам!Мейір – махаббатым, дәулетім – Астанам!

Мейірім дариясында мен ағып келдім,Ыстық ықыласымды бірге алып келдім.Көңіл сағынышынан от жағып келдім,Сенің көркем бойыңа гүл тағып келдім.

***

Бабалар рухына зиярат ету қасиет,Біздерге қалдырған көп мирас, өсиет.Олардың ерлігі тарихта мың дастан,Кең байтақ жеріне таң қалар аспан.

Отаным өрістеп өз кемелін тапқан,Гүлденген бұл өлкем – нұрлы Қазақстан!Шамшырақ оған, жаңарған Астанам,Бәріне Елбасы жетекші о бастан.

Ғазиз адамдар

Мен Сізді ойлаймын, Сізді жырлаймын,Жаңа таң атар кез, ғазиз адамдар.Ең ізгі тілекті сізге жолдаймын,Ізі – бау, төсі – тау әзіз адамдар.

Қалауым: жаңа таң әрбір адамға,Сый етсін мол бақыт ырыс-береке.Ешкім сүрінбесін жеттім дегенде,Еңбектің жемісі болсын мереке.

Абд

улла

Рүс

тем

ов

118 119

Мен Сізді ойлаймын, сізді жырлаймын,Әр өлең жазар кез, ғазиз адамдар.Ең ізгі тілекті Сізге жолдаймын,Ізі – бау, төсі – тау, әзіз адамдар.

Әйелдер

Мейірбан әйелдер, ақ көңіл әйелдер,Арайлы әйелдер, кең пейіл әйелдер.Өздерін ойламас, жанын да аямас,Біздерді уайымдап, біздерді аялар,Мейір-махаббатын бізге жая алар,Қадірлі әйелдер, әзіз әйелдер!

Құт-береке тасыйды үйге себеттеп,Ризық-несібе әкелер қабат-қабаттап.Нанды түйіп белбауға серік болсын деп,Сапарға да шығарар бізді қуаттап,Және күтіп алады бізді құттықтап,Жаны ізгі әйелдер, шын қамқор әйелдер!

Әйелдер себепті, үйлер ырысты,Әйелдер себепті, біздер бақытты.Егерде оларды бір сәт көрмесек,Дидарлар түнерген, көңілдер ынтық,Сағынып қаламыз, жүректер ыстық,Сүйкімді әйелдер, ардақты әйелдер.

Өмірде ЖаСадым деме

Дұшпанның көзіне қарай алмасаң,Еліңді жаудан құтқара алмасаң,Қайғыңды шаттықққа орай алмасаң,Өмірді ізгі өткізе алмасаң,Балам, бұл өмірде жасадым деме.

Айрылса топырағынан дарағы,Жоғала береді оның тұрағы.

Абд

улла

Рүс

тем

овЖауабын таппаса ана сұрағы,Аталардың сөнсе жаққан шырағы,Балам, бұл дүниеде жасадым деме.

Өмір саған берілген тек бір ақ рет,Игілікке жұмса, ойла ақырет.Неше шаттық көрдің, неше қасірет,Егер сенде болмаса оң қасиет,Балам, бұл дүниеде жасадым деме.

махаББат – мӘңгі ЖырымСың

Көктемді сағынып күткен күйімсің,Сұлулық бойына біткен ойымсың.Тағдырдың түнінде шыққан айымсың,Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.

Табынып кейде мен налып жасыймын,Қайғыдан бақыт ап бір уақ тасыймын.Ғашықтық өртіне от болып жағылдым,Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.

Кейде өзім қуырылып, өзім күйемін,Михнат-азабыңнан да зауық түйемін.Білерім, мен сені соншама сүйемін,Махаббат – сен менің мәңгі жырымсың.

Кітап

Мұздарды да ерітіп көл етті кітап,Ақыл беріп ойыма нұр екті кітап.Жақсы сөзбен көңілге ем берді кітап,Оқығанда ой-санамды меңгерді кітап.

Жақұт сияқты әр сөзі қымбат қой маған,Оқып ұқсаң, әр сөзі шипа ғой саған.Бойға сіңір, ойды өсір, құмарлан оған,Келешекке жеткізер сиқырлы ғалам.

Абд

улла

Рүс

тем

ов

121120

ЖаҚСы ат Қалдырып Кет

Тоқтамай өмір деген өтер екен,Жастық шақ, алтын дәуір кетер екен.Жыл жылжып егде жасқа келгеннен соң,Артыңа бір қайрылу парыз екен.

Адам қанша жасарын білер ме екен,Әр нәрсеге уанып бос күлер ме екен.Уақыт жетіп бұл фәниден кеткеннен соң,Артында бір жақсы ат қалар ма екен?

Уақыт сынап, жастарым, қадіріне жет,Оқы, үйрен, ізгі іс тындырып кет.Үлгі етер кейінгіге шынайы мұра болсын,Бұл өмірде жақсы ат қалдырып кет.

таБиҒат зауҚы

Жасыл қырлардың жазира төсінде,Бас қойып мәңгіге жатқым келеді.Масайрап жайқалған бәйшешектерді,Аралап өлеңдер жазғым келеді.

Қолымды тигізбей, көздерімменен,Қып-қызыл лалалар тергім келеді.Алдымда құлпырып тұрса табиғат,Оларға барымды бергім келеді.

Бейнетті тірліктен біраз арыда,Сұлулық әніне салғым келеді.Таулардың сиқырлы құшағында,Бір уақ масайрап қалғым келеді.

Абд

улла

Рүс

тем

ов

төребай СәРСЕНБАЕВ, Ташкент қаласы.

Әділеттің аҚ ЖОлына ара түСКен арыСым

Құдыретті Кеңес елі,Күште тұрған кезінде,Қиын еді қарсы келіп,Уәж айту түзімге.Ал, Мұхтардай ар-ұжданды азамат,Бетке айтты бар шындықты,Сол кезеңнің өзінде.

Кекірейген келімсектің қылығына күйінді,Ел- арысын, ұлт-намысын таптағанға шүйілді.Ұлы мақсат, ізгі мұрат жолында жан күйдіріп,Желтоқсанның жаршысы боп,Жас буынға сүйінді.

Ел басына күн туғанда,Қол бастаған ерге сын.Жат ұстаса тізігініңді,Қабырғалы елге сын.

Әділеттің ақ жолына ара түскен арысым,Өз елінде өзгелердің озбырлығын көргесін.Жанға жайсыз жағымсыз жел терістіктен еседі,Елдің іші келеңсіздеу күйді бастан кешеді.Қиналса да қайсар ерім, қайтпай алған бетінен,Небір ділгір мәселенің түйіндерін шешеді.

122 123

Ер мен ездің ныспы – тегі тар кезіңде білінді, Ар-намысты азаматтар ел көзіне ілінді.Желтоқсанды жігері жоқ, қуыс кеуде кімселер,Бұл жастардың желігі деп көлгірсиді бүгінде!

Қуыс кеуде кімселермен ымырасыз алысты,Жойқын-жасын жырларымен жыр майданда сайысты.Түркі тектес халықтардың болды үздік ақыны,Жаңа ғасыр қарсаңында қолдан бермей намысты.

Эйнштейн, Нобель алтын медалінің иесі,Шат-шадыман шаттығымыз Шахановқа тиесі.Әлем сүйіп ардақтаған, арысыңды халқым-ау,Жырға желеу етуіме келіп тұр ғой жүйесі.

Назарыңды сал, халқым-ау,Кемел ойлы балаңа,Ілуде бір туылатын дарыныңды бағала!Ғибратты жырларымен жүректерге жол тапқан,Сөз зергері, сүлейімді, ұлықтамай бола ма?!

аҚ СӨйлейтін азамат ел БаСҚарСын!

Адамзатқа арман болған тақ пен тәж,Бақ-дәулеттен мезі болып безген аз.Көзге түссе топтан озып тайшасы,«Уа, аруақ!»- деп,Қариялар болған мәз.

Жас жеткіншек жаңалыққа құмар-ақ,Талаптыға, таланттыға қонар бақ.Қазағымның туын биік көтерер,Әлі талай өр тұлғалар туар-ақ!

Дариялар жылғалардан басталар,Асау толқын өршіп алға тасталар.Бүгінгі жас рухани бай болсын,Ертеңгі күн елімізді басқарар.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Ел басшысы- екі топқа бөлінер,Бір басшылар жатса-тұрса, елі дер,Енді бірі жақынына жан басып,Ал сырт көзге сәуегейсіп көрінер.

Жаны таза, әділетті адал жан,Жан дүниесі түбегейлі тазарған.Ақ сөйлейтін азамат ел басқарса,Қараша да қалмас еді назардан.

Ақ сөйлейтін азамат ел басқарсын!Халқымыздың хал-жағдайы жақсарсын!Өркениетті өркендеген ел болып,Әз халқым-ау,Үмітіміз ақталсын!

ҚанарБай ата – Киелім!

Хақ тағала жаратты көк пен жерді,Адам ата- Хауа ана көктен келді.Ұлан-ғайыр әлемде ерекшелеу,Адамзатқа артықша ақыл берді.

Өрбідік Адам ата – Хауа анадан,Қассызды Хақ тағалам қаламаған.Жақсыларға жар болып, желеп-жебеп, Ақ көңіл, адал жанды аялаған.

Ізгілік нұрын Алла төкті Сізге,Ерекше қасиетің түсті көзге.Бойдағы иллаһи күш, құдыретің,Жүз жетпіс жыл өтсе де, жетті бізге.

Сіз – киелі әулиесіз!Халқын сүйген.Мұқтаж бен момындарға себің тиген.Шипа тауып дертіне мүтәліптер,Құдыретіңді мойындап,Басын иген.

124 125

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Ұлы зергер бойында зер жүреді,Көш басында көреген ер жүреді.Өтсін мейлі жүздеген, мыңдаған жыл,Мәңгі «Сіз» деп соғады –Ел жүрегі.

Айтқандарым ақ сөз ғой, өмірдегі,Сіз– бірегей бәйтерек өңірдегі.Рухани күш алып рухынан,Көңіл сергіп,Бойымыз жеңілдеді.

Қасиет көп қой, Ата, бойыңызда!Халқың қызмет етеді тойыңызда.Аруағыңа бас иіп, Атажаным,Жырымды тарту еттім тойыңызға!

ЖаҚСылыҚтың ЖаршыСы

О, Наурызым!Жеттің ғой сағындырып,Сағындырып, Көркіңе табындырып.Жандандырып,Жаңартып бар ғаламды,Көк майсаға жер бетін малындырып.

Шапағатын Наурызым аямады,Нұрға бөлеп, әлемді аялады.Мәуе гүлдеп,Мал төлдеп,Көңіл шат боп,Жер құлпырып,Табиғат жаңарады.

Наурызым, жылдың басы,Ұлыс күні –Мерзімнің теңеледі күн мен түні.Бұл күндері жадырап жас пен кәрі,Шығады шартараптан шаттық үні.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Халықпыз қадірлейтін ата жолды,Істейміз ұлы күні – «қазан толды».Ұлыста жанұяға ырыс тілеп,Ақ бата береміз ғой жайып қолды.

Көнекөз қариялар көпті көрген,Олар да қаужыңдасып тойға келген.Бәрекелді!Көп жаса!Кім болдың? – деп,Сұрасады жастармен сәлем берген. Халқым-ау,Құтты болсын ұлыс тойың!Жүзеге ассын асыл, асқақ ойың!Наурызым жақсылықтың жаршысы боп,Тойлайық жарқын жүзбен Наурыз тойын!

ана ӨСиеті

Жастық шақта,Әлі жігіт кезімде.Масқара боп, мас болыппын өзім де.Тентек суды түніменен сіміріп,Тараппыз ғой таң бозарған кезінде.

Арақ құрғыр өшіріпті сезімді,Өйтіп-бүйтіп жатқызыпты өзімді.Қалбалақтап қасымда жүр анашым,Керең болып кешке ашсам көзімді.

Еміс-еміс есім қайта кіргесін,Аянышты хал-жайымды көргесін.Жайлап қана сөз бастады анашым,Ас-су ішіп, мен өзіме келгесін.

–Құлыным-ау,Үйір болма ішуге!Ішетіндер әбігерге түсуде.

126 127

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Азаматтар өз қадірін қашырып,Келеңсіздеу күйді бастан кешуде.

Ата-бабаң, өмір сүрді ішпей-ақ,Едіреңдеп, ел көзіне түспей-ақ.Аңғал, адал,Бабаларың өтті ғой,Кекірейіп, көптің алдын кеспей-ақ.

Қой, құлыным,Керегі жоқ кесірдің!Сендерді мен не үмітпен өсірдім!Балиғатқа жеткізгенше, балам-ау,Не күндерді мен басымнан кешірдім!

Сүттей аппақ, жаздың нұрлы кешінде,Анашым-ау, айтқан сөзің есімде.Жөн-жосықсыз ішуге мен шек қойдым,Сол кештен соң келдім де бір шешімге.

Өсиетіңді есте мәңгі сақтармын,Ұғынықты, ұшқыр ойды жақтармын.Ұлағатты сөз қалдырып ұрпаққа,Анашым-ау,Ақ сүтіңді ақтармын!

Өмір ЖОлың Өнеге ҒОй, Жан ана!

(Аяулы анам Ажарға ескерткіш)

Ақ сөйлеуге баулып өскен баласын,Пейілі кең, кемел ойлы анасың!Ізгілікті санамызға сіңірген,Біз үшін Сіз – ұлысыз ғой, анашым!

Күйкі тірлік тақсіреті жетерлі,Күрмеуі мол күндер жылжып өтер-ді.Күнкөрістің күйбеңімен анашым,Қу тірліктің тауқыметін көтерді.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Келеңсіздеу күйге түсіп қалсақ та,Сергелдең боп сүрлеу таппай тұрсақ та,Шыңыраудан шығар жолды табар ед,Ұлылықты ұлағаттап ұрпаққа!

Бәрі есте,Бәрі есте, жан ана!Өмір жолың өнеге ғой балаңа.Қасиетің қанға сіңді сүтіңмен,Сезіміңді сіңірдім ғой санама.

Деген бар ғой: – «Аққа Құдай жақ болар!»Ақ жолымен жүрген жанға бақ қонар!Ұранымыз – ұлтымыздың мүддесі,Ата-баба рухы да шат болар!

Мен де, Сіздей, жақсыларды жақтаймын,Өлсем-өлем,Ожданымды сатпаймын!Шындық үшін шыбын жаным садаға,Әділеттің ақ жолынан қайытпаймын!

үСтем БОлСын мерейің

Ағын судың көзі мөлдір бұлақта,Өнер-білім жеткізеді мұратқа.Жанұяң мен жұмысыңа жандас та,Біліміңді шыңда, балам, бірақ та!

Қалт еткенде кітап алғын қолыңа,Көңіл қиып көзіңді сал жолына.Құнды пікір,Ұлағатты сөз болса,Ұғып оқы,Жетіп қойғын соңына.

Әлі жассың,Келешегің алдыңда.Тірлігіңді бір қалыпқа салғын да,Жан досыңдай жүрегіңмен жандасып,Кітап көрсең парақтағын, алғын да.

128 129

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Әл-Фараби,Абай сынды даналар!Алыптармен әлем бізді бағалар!Шоқан, Мұхтар, Олжасымен бүгіндеҰлылығынБүкіл әлем тән алар!

Ұлы жандар,Қауыммен тіл табады,Әр ісіне ой көзімен бағады.Әділетті,Адал, таза ісімен,Үлкенге де,Кішіге де жағады.

Ұлы жандар,Көпке үкім етпейді.Өзін ақтап,Өзгелерді сөкпейді.Ұлылардың ұлылығы осында,Ашынғанмен зәрін, сірә, төкпейді.

Ұлы жандар,Уәдеден таймайды.Ертелі-кеш, елдің қамын ойлайды.Тығырыққа тірелсе де титықтап,Бақылдарға басын иіп бармайды.

туҒан Жер

Өлең -жырым – жан серігім, сыңарым,Жамандыққа кім қияды сыңарын.Туған жердің топырағы түйілген,Жебеп жүрер қасиетті тұмарым.

Бөгде жұртқа бүйрегіңді бұрсаң да,Апақ-шапақ араласып тұрсаң да.Туған жердің топырағын қомсарсың,Өзге елде сән-салтанат құрсаң да.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Ақ-қараға көзің, балам жеткесін,Ойлап іс қыл,Босқа өмір өтпесін.Уақытқа үстемділік жүрмейді,Күндер кейін қайтпайды ғой өткесін.

Тіл үйренгін,Көптік етпес білгенің.Есте қалар жас кезіңде ілгенің,Кезі келіп қажетіңе жарайды,Болса егер көңіліңе түйгенің.

Қыңыр іске, қалқам, үйір болмағын,Біреулерге түспесін де салмағың.Ісің нәзік,Көптің көзі өзіңде,Құлыным-ау,Сөзге ілініп қалмағын!

Ықыласпен істегейсің беріліп,Жүрмегейсің сәл нәрсеге ерініп.Жан күйдіріп жұмысыңа жұғысқын,Қылған ісің тұрсын көзге көрініп.

Сыйласың да, сырласың да-жан жарың,Өміріңнің жалғасы ғой балдарың.Өсіп-өніп,Өрістерің кеңейіп,Мерейлерің үстем болсын, жандарым!

ҰлыларҒа

Күн қызуы қара жерге нәр берер,Гүл-бәйшешек жер бетіне әр берер.Сүрінгенге сүйеу болып, жақсылар,Қасырет-мұң шеккендерге әл берер.

Орны бөлек өресі кең ғалымның,Бойы толған қасиет қой дарынның.Абыройы асқар таудай тұлғалар,Маңдайдағы марқасқасы қауымның.

130 131

Шаңқау басып, зәмзәм суға қансаң да,Бал ауадан тойып ләззат алсаң да.Туған жердің ауа-суын қомсарсың,Жер жаннаты «Жерұйыққа» барсаң да.

Жат еліңде жалтақтамай жүрсең де,Көп қатарлы сый-сияпат көрсең де.Қатар өскен достарыңды қомсарсың,Жарасымды, жайлы өмір сүрсең де.

Жұпар иісті жусаным мен құрағым,Бұрқыраған иісіңді аңсап тұрамын!Туған жерде елжіретер жүректі,Бір құдырет барлығы хақ, ұғарым!

Шындық,Шындық,Мен көтерген ұраным!Шырылдаған бозторғайым,Жыр-әнім!Әлі талай тебіреніп, толғанып,Туған жерге аттың басын бұрамын!..

тылСым дүние

Асқақ сезім иесі бақ табады,Сезім сыры жүректе сақталады.Жақсылар да әредік ойға батып,Баз-базында мәз-мейрам боп шаттанады.

Қуаныш-қайғы ортақ бәрімізге,Нәшүкір пендеміз ғой бәріміз де.Кейде қылық көрсетіп келеңсіздеу,Кердиеміз қарамай әлімізге.

Талай тосын жағдайлар болған бұрын,Жұрт көрді ғой қатердің небір түрін.Ғаламның құбылысы күрделі ғой,Ғылым да шеше алмаған мұның сырын.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

Тылсым дүние,Сырың мол ашылмаған,Жан жоқ қой, құдыретіңе бас ұрмаған.Әлем сырын ұғуға ынтық болып,Аптығы адамзаттың басылмаған.

Табиғаттың сыры көп біз білмеген,Пенде кем, бей-жай күйге кез келмеген.Жолы жоқ табиғатты тізгіндеудің,Жойқын күш, жалпақ жұртты көзге ілмеген!

тӘуелСіздіКтің тыныСы

Беловежья шешімі шегеленді,Одақ тарқап, ел болдық егеменді.Ата-мұра, мирасқа иелік қып,Егемен ел еншісін иеленді.

Сынбағанмен әділет иіледі,Кезінде жатқа тізгін тиіп еді.Тәуелсіздік жолында талай ерлер,Шаһит боп, шыбын жанын қиып еді.

Тәуелсіздік тынысын ел біледі,Туымыз көгімізде желбіреді.Әнұраным халқыма жігер беріп,Елтаңбам елдігімді білдіреді.

Қастерлеп әдет-ғұрып, салтымызды,Ізгілікке бастаған халқымызды.Елбасыма Құдайым қуат беріп,Жаман көзден сақтағай жалпы бізді.

Незізін қалап жарқын келешектің,Халқым-ау,Қажымастан еңбек еттің!Кездессең де келеңсіз кезеңдерге,Жол тауып, сүрінбестен сыннан өттің.

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

133132

Өркениет сырларын үйренейік!Жағымсыз жат қылықтан жиренейік!Тұңғиықтың түбіне терең бойлап,Ғылымның қырын-сырын игерейік!

Кебін киіп, елінен безген ердің,Жүрмейік жетегінде өзгелердің!Заманның қарқынынан кейін қалмай,Тең түссін тереземіз өзгелермен!

Төре

бай

Сәр

сенб

аев

қалдыбек СЕйДАНоВ, Ташкент қаласы.

Жаңа Жыл – ЖарҚын БОлашаҚ

Жаңа жыл – жарқын болашақ,Арайлап таңым атқанда.Жаңа ғасыр, жаңа әлем,Дүр сілкіне жадырап,Оянып бүгін жатқанда!

Соны серпін, тың сезім, Тылсымды терең ой,Ақындардың бойында,Бұғып тегі жатқан ба?!

Міне, бүгін қарашы!Егеменді еркін ел, Жайнай түскен – жаңа өмір.Жарқыраған жан-жағым!

Көз ұшында әлеумет,Тәуелсіздік таңының,Жиырма бірінші жылында,Қуана құшып, қарсы алшы!Екі мың он үшінші, Жылан жылының,Буырқана бусанып,Арайлап атқан Ақ таңын!

21.12. 2012 жыл.

134 135

аҚын «Ақын» – деген ардақты ат, Шынайы сезім – Қыраны! Күллі жұртты серпілткен, Оның жазған жыр-әні!

Шынайы талант, шын ақын, Кемеңгер ойдың иесі. «Халқым» деп соққан жүрегі, Күллі әлемнің киесі.

Іңкәр көңіл, тың сезім, Асқақтай түскен арманы. Түн ұйқысын төрт бөліп, Халқына жырын арнайды.

Еркін тыныс, ер көңіл, Серілік бар бойында. Жыр бұлағын ағыту, Әмәнда оның ойында.

Халық үшін қайғырып, Болашағын ойлайды. Сөйте жүріп шын талант, Жыр жазуын қоймайды.

Өмірден ерен нәр алып, Жыр нөсерін селдетер. Өрнегімен өлеңнің, Көңілді ылғи көл етер!

20. 01. 2013 жыл.

Қал

дыбе

к С

ейда

нов

Қал

дыбе

к С

ейда

нов

адам БОлу – арманым

Пәк болып келдім өмірге, Адам боп өту – арманым! Қулықтан бойды аулақ сап, Арамза іске бармадым. Біреулердің сыртынан. Өсек айтып өкірте, Көрінгенге ғайбаттап, Жан сағалайтын жәмпеңдеп, Жағымпаз жан да болмадым!

Талантты танып баулуға, Бар күшімді арнадым. Кір түсірмей көңілге, Пәктікпен досты қармадым!

Жету үшін арманға, Еңбек етіп, тер төгіп, Биіктерге қол созып, Қанаттана самғадым!

Көкірек керіп, паң болған, Көргенсізді көргенде, Сабыр сақтап, сан ойлап, Аулақ ұстап өзімді, Берекесіздерге бармадым!

Жамандардан жиреніп, Кейіп ылғи алғанмын. Шыңын аңсап ғылымның, Білімге асқақ самғадым!

Тебіреніп тереңге, Қаламсапты нық ұстап, Әуезов пен Айбектің, Игі жолын таңдадым!

Әділдік үшін алысып, Шындық айтып, шырылдап,

136 137

Кей ретте, кей сәтте, Сүрініп те қалғанмын!

Бірақ оған титтей де, Іштей жанып, күйініп, Бармақ тістеп, бас шайқап, Өкініп, өксіп налымадым!

Көлгірсіген қулардың, Арамза ісін аңғарып, Тыжырына тіксініп, Аң-таң боп та қалғанмын!

Сырын ұғып Шыңғыстың, Әлемді оймен шарладым. Сұмдығын көріп сұмдардың, Таңдай қағып, таң қалдым!

Жолымыз нұрлы болсын деп, «Нұрлы жолды» таңдадым. Білімді халқым алсын деп, Жолына ғылым барғанмын!

Сол үшін де, достарым! Болды ғой ғылым қонысым. Ақындыққа да бет бұрып Шаттыққа көңіл толды шын!

Өтірік емес, шын сөзім! Опасыз мынау – жалғанда, Бір күндері қуанып, Енді бірде ыза боп, Алпысқа жасым жеткенше, Дәл осылай болғанмын!

Мұнан соң да, тап солай, Бала бейіл, ақ көңіл, Пәк сезімді, әрі әділ, Адам болу – Арманым!

24. 10. 2001 жыл.

Қал

дыбе

к С

ейда

новтаСыма

(Кейбір достарға)

Тасыма досым, тасыма, Тасыған жетеді басыңа. Көкірек керіп паңдансаң, Жоламас ешкім қасыңа! Қоғамшыл болсаң, тәтті сөз, Келер-ақ әркім жаныңа. Ойланбай айтқан әр сөзің, Таяқ боп тиер басыңа! Бітпей жатса кей ісің, Өкініп, өксіп, жасыма! Бағың жанып, Бас болсаң, Ашуға мініп, айқайлап, Тыжырынып, тырысып, Қыр көрсетіп әркімге, Кездейсоқ кейіп басынба! Тек жүрген асыл жандарға, Өсек айтып асылма! Кейбіреу сыйлап дос болар, Қайнаған қазан асыңа! Басыңа қиын іс түссе, Жәмпеңдеп жүрген көп достың, Бірі де келмес қасыңа! Өскенін жұрттың көре алмай, Іштей жанып, жасыма! Сырттан айтқан қу өсек, Жіберер істі насырға! Адал еңбек, өрен ой, Білім, кемел парасат, Биік етер тұлғаңды, Ғасырлардан ғасырға!

15. 09. 1991 жыл.

Қал

дыбе

к С

ейда

нов

139138

БаҚытым менің

Бірінші менің бақытым: Алшаң басып аяқты, Сырқаттанып, ауырмай, Аман-есен жүргенім!

Екінші менің бақытым: Өн бойы толған қасиет, Мариямдай арумен, Бір жастыққа бас қойып, Елу төрт жыл бірге болғаным!

Үшінші менің бақытым: Жаны пәк, сезімі бұлақ, Жан жардан – Үш ұл, екі қыз, немерелер сүйгенім! Төртінші менің бақытым: Назарын Алла салған ел, Өзбекстан жерінде, Туып, өсіп, кемелдене ер жетіп. Достықтың отын жаққаным!

Бесінші менің бақытым: Өзбек, қазақ достығын, Елу жыл бойы жырлаудан, Талмай қанат қаққаным!

Алтыншы менің бақытым: Қаламсапты нық ұстап, 580 мақала, 22 кітап пен, «Төрт томдықты» шығарып, Жеті оқулық жазғаным!

Жетінші менің бақытым: Ешбір жанды күндемей, Көлгірсіген қу, сұмды, Отты сөзбен түйрейтін, Әділдік болды тапқаным!

21.12. 2012 жыл.

Қал

дыбе

к С

ейда

нов

Нұрлан тотАНоВ,Сырдария облысы,

Сайхунабад ауданы.

Отан Шабыты келген әр ақын,Сезінер өзін дара тым.Толғанбай жазса ол өлең,Құрғақ сөз болып қалатын.

Толғанар жүрек толықсып,Томағаң тұрса жыр тілеп.Толғамасқа бола ма,Көңіліңе толса нұр тілек.

Он беске толған өз елім,Өзіңді жырлап келемін.Өркенің өсіп бұл күнде,Өрге де шықтың білемін.

Өскенің өрен бой алып,Мейірімің болар шалқыған.Жастарың өсер қуанып,Күш алып ұлы даңқыңнан.

Естігенге он бес жыл,Санаулы ғана түйілер.Ғасырға тең әр жылың,Мәртебеңнен көрінер.

140 141

Нан шаһары атанған,Діңгегің болар Ташкенім.Халқыңның тоқ болғаны,Сол емес пе өскенің.

Елтаңбаңда қанатын,Жайып тұрған Тауысың.Деп тұрғандай баршаға,Тыныштықпен қауышың.

Оң қанаты – ақ алтын,Сол қанаты нан болар.Төрінен шыққан күн нұры,Арайлап атқан таң болар.

Арайлап атса әр таңым,Ырысы болар елімнің.Ырысқа толған әр үйдің,Жылуы кетпес төрінің.

Егемендік көтерді,Еңкейген есіл еңсені.Ұлылардың аруағы,Тоқсан бірде теңселді.

Сол жылдан бері мінеки,Он бес жыл өтті арадан.Жемісіңе қол жеткен,Әр адам әрқыл қараған.

Көре алмайтын жауыздар,Тасын да атты тасадан.Тамырына түгелдей,Надандық қаны тараған.

Исламды қылып бет перде,Көрсетті жаман ниетін.Адамдар да табылды,Ібіліс тонын киетін.

Нұр

лан

Тота

нов

Шайтаны жолдан азғырып,Тұсауға түсті аяғы.Аруағы тыныш қоя ма!Бабалардың баяғы.

Әмір Темір, Әлішер,Әл-Бухари, Ұлықбек.Арыстан баб, Яссауи,Қолдағандай тұрып кеп.

Атқан тасы дұшпанның,Өз басына тап болды.Өзіміз деп жүргеннің,Кейбіреуі жат болды.

Мұны да елім кешірді,Имандылық көрсетіп.Мейрімділік сезіммен,Көкке де тиді қол жетіп.

Еліме әлем сүйсініп,Қарап та жатыр тамсанып.Тоқшылықтың мәуесі,Елімде тұр ғой бал тамып.

Толғамасқа бола ма,Осындай жайсаң елімді.Он бес жылдың ішінде,Шың төбеден көрінді.

Таусылмастай отырмын,Жүректен шыққан жырымды.Құшағыңа ала жүр,Жырлаған ақын ұлыңды.

Атадан қалған мұражай,Бұхара мен Самарқан.Шет елден келген қонағың,Көзімен көріп таң қалған.

Нұр

лан

Тота

нов

142 143

Алқабыңды ақ алтын,Күз келгенде қаптаған.Диқандарың далаңда,Еңбексіз бос жатпаған.

Деп білемін бұл елді,Түсінген жұрт мақтаған.Елбасына мың алғыс,Жұрт сенімін ақтаған.

терме

Ал, халқым, тыңда енді жырдың мәнін,Жыл келді-ау жүрегімде жыр қозғайтын.Талайдан көңілімді жыр кеулеген,Тастайын енді ортаға ойдың бәрін.

Замана түлкі болып тұрған шақта,Әр түрлі ой келмей ме адамзатқа.Тұрғанда тілім сайрап мен сөйлейін,Сөзімді ұмытпастан есте сақта.

Болсыншы бұл жалғанда қанағатың,Жүректе мейір менен шапағатың.Жарлыға жанашырлық білдірмесең,Жаманның жайлауынан шықпас атың.

Ойлама өз басыңды менмендікпен,Талайлар дүние қуып өтіп кеткен.Мейір мен шапағаты жоқ жүректер,Жаны жоқ бөз қаптаған өкпемен тең.

Көңіл бөл, көңлі жарым адамдарға,Қол ұзат өзгелерге шамаң барда.Өзінен төмендерді табалаған,Білсеңіз тән қасиет надандарға.

Асқынба дәулет-малың асса-дағы,Байлығың тас төбеңнен тасса-дағы.

Нұр

лан

Тота

нов

Шүкір қып мүсәпірге бергін зекет,Шартынан шариғаттың қашпа-дағы.

Исламның ұғып алып тәлімдерін,Бас иіп барша адамға сәлем бергін.Жүргенмен өзгелерді елеместен,Бәрі бір, о дүние барар жерің.

Сондықтан мейірімді бол шапағатты,Болмасын тілің ащы, қолың қатты.Сынамақ үшін Алла жаратқан ғой,Бес күндік бұл жалғанда адамзатты.

Көңіліңе түй керегін бір ойла да,Тәубе қыл жүрегіңде жаның барда.Келгенде ажал алып Әзірейіл,Тіліне келмей қалар «Кәлима»да.

Алланың берген мейір, шапағатын,Өзіне шын қасиет етіп алғын.Жете алмай жүрген мақсат-арманыңа,Халқым-ау, осы биыл жетіп алғын.

ӨСиет терме

Ау халқым, тыңда сөз басын,Жүрегім толғап жырласын.Сөзімнің мәнін түсінген,Болады жақын сырласым.

Тұрғанда сайрап қызыл тіл,Айтқаныма құлақ түр.Жақсыға жақын болсаң да,Жаманнан жаным жырақ жүр.

Көбірек жасқа айтқаным,Алды-артыңды байқағын.Серік қылып алмағын,Жаман мен жалған шайтанын.

Нұр

лан

Тота

нов

144 145

Жастықтың білем аты асау,Желден де жүйрік шабатын.«Мыңнан бір тұлпар» дейді ғой,Мәресін анық табатын.

Білмесең өзің шамаңды,Жақсы менен жаманды.Білгенге құлақ салған жөн,Түсінбесең заманды.

Ажырата білген жан,Адам менен наданды.Пәлекет аяқ астында,Дұрыс таста қадамды.

Бойжеткен мен бозбала,Тулаған асау жастасың.Қызығып қылған тірлігің,Ар-ұяттан аспасын.

Ар сақтаған адал жан,Өмірде орнын табады.Арсыз бенен ұятсыз,Ата-анасын алдауменБетіне перде жабады.

Өмірдің талай өрнегі,Тоқылмаған алдыңда.Таңдардан алдың дұрысын,Ой таразыға салғын да.

Үлкеннің тыңда ақылын,Кем болмайсың қашанда.Өзіңді жақсы көрсетіп,Жұрт алдында жасанба.

Халқың берсін бағаңды,Өзіңе нарық қоймағын.Өзіңнен гөрі өзгенің,Көбірек жайын ойлағын.

Нұр

лан

Тота

нов

Көпшіліктің ішінде,Шықпасын тегі айқайың.Жанжалға құмар адамға,Шарбағыңнан шайтанның,Шаң-тозаңды жай дайын.

Айналайын жастарым,Сөзімнің түсін астарын.Тоқпын деп тойып секіріп,Жығылғаннан жақсы ғой,Жүргенің тыныш аш қарын.

Сауапты істен қашпасаң,Аларсың құдай сауабын.Жамандық қылып біреуге,Тимесін азап залалың.

О, дүниеге барғанда, Естисің мәнкүр сауалын.Қиналып сонда жүрмегін,Табалмай сауал жауабын.

Көкте тұрған Құдай-кең,Бәрін де көріп байқайды.Шариғаттан шыққанға,Қапа боп басын шайқайды.

Қайтпасаң шайтан жолынан,Не келер деп қолыңнан,Сені ме деп бір алла,Ажалдың хатын жолдайды.

Хат келеді бір күні,Оны да өзің білмейсің.Мағынасы біреу-ақ,Жер бетінде жүрмейсің.Шайтанның тілін алғансың.

Жәннәт түгіл ол жақта,Тозаққа да кірмейсің,Ол дегенің түсінсең,

Нұр

лан

Тота

нов

146 147

Ақырет күні болғанда,Адамдар саны толғанда.Ағайын мен туыстың,Біреуін де көрмейсің.

Ау халқым, енді тоқтайын,Осының өзі жетеді.Жырлай берсем жырым көп,Мезіңе тиіп кетеді.Өсиетке бас бұрған,Сынағынан Алланың,Сыр берместен өтеді.

мінБегін мҰндай арБаҒа

(Терме)

Тыңдаңдар, жастар, тыңдаңдар,Сөзімнің байқап астарын.Өсиет болып қалсын деп,Термелеп жырды бастадым.Бар кезінде саулығың,Еңбектен сірә қашпағын.Мал-мүлкің сай болса да,Асқынған судай таспағын.

Жассыңдар, сендер жассыңдар,Өмірдің болар жалғасы.Алдыңнан талай шығады,Байқасаң шайтан арбасы.Сол нәрседен сақ болғын,Мініп қалма байқамай.Мінгендер жүр ғой өмірде,Бір мінгеннен соң түсе алмай.

Мен айтайын ендеше,Шайтанның алты арбасын.Алтауынан сақ болсын,Мойныңдағы бір басың,

Нұр

лан

Тота

нов

Алтауы да адамды,Өзіне тартып тұрады.Көрсетпестен көзіңе,Қорлықтың торын құрады.

Бірінші арба: ақ арақ,Мінгенде жүрер балқытып.Көңіліңді қояр көтеріп,Алғашқыда шалқытып.Билеп алып бойыңды,Бұзады дұрыс ойыңды.Осы арба ғой алдымен,Байлайтын барлық жолыңды.

екінші арба: «Есірткі» ең,Шығарма мұны есіңнен.Бұл арбаға мінгенді,Шайтаным талай секірткен.Шеккенде улап миыңды,Жоғалтады санаңды.Танымай да кетерсің,Өзіңді туған анаңды.

үшінші арба: мал ұрлау,Басында ол да жағымды-ау.Бұл дегенің қорлыққа,Байқамастан жақындау.Бұл арбаның жолы ұзақ,Мінгенде серуен құрасың.Қолға түсіп бір күні,Қатардан шығып қаласың.

төртінші арба: төбелес,Той-жиынды бұзатын.Ұлтан болып кетеді,Ата-анаң қойған ұлы атың.Бұл арбаға мінгендер,Тыныш өмір сүрмейді.Сонда байқап білесің,Жаныңда жолдас жүрмейді.

Нұр

лан

Тота

нов

149148

Бесінші арба: «Карта» ойын,Құмарың бұрып тұратын.Ақша тігіп ортаға,Арбаға адам жиятын.Бұл арбаға мінгендер,Біріне-бірі дұшпандар.Құмарлыққа құрбан боп,Жұбайларын сатқандар.

алтыншы арба: ар бұзар,Басыңа құрық салғызар.Сүйгеніңнің үстінен,Жезөкшені алғызар.Осы арбадан сақ болғын,Ең жаманы өмірде.Алтауын да түйіп ал,Ендеше жастар көңілге.

КеК

Ей бауырым, ұмытпа, сен адамсың!Татулықпен таста алға қадам шын.Кек сақтама, кең ойлағын өмірді,Кекшіл болсаң, білгін соны надансың.

Өмір саған қайталанбас қазына,Сол өмірде жаса күліп, жазыла.Сөзді қуып жолыққанша бәлеге,Жақсы ойды жиғын қара басыңа.

Ей бауырым, ұмытпа, сен адамсың!Ойланарсың адам болсақ, надан кім?..Бәрі жақсы, өздерінше ақ жүрек,Кек сақтасаң, адам емес надансың.

Кел, бауырым, кең болайық, үлгілі,Арттырмайық арқамыздан күлкіні.Менен артық, айлакер жоқ дегенмен,Талай адам атып алған түлкіні.

Нұр

лан

Тота

нов

Ақшагүл тӨлЕГЕНоВА,Науай облысы,

Кенимех ауданы.

ҚанарБай атаның 170 ЖылдыҚ тОйына арнап ЖазылҒан Өлең

Иншаллах, Құдай құлы мұсылманбыз,Жақсыға мейір қолын ұсынғанбыз.Аруақты аталарды атай алмай,Кезінде рас аздап, қысылғанбыз.

Қашанда тәңір болған табынғаны,Мына елдің рас Сізді сағынғаны.Қауыштырған Қанарбай атамызбен,Бұл-дағы бір жоғының табылғаны.

Ханның да құлақ салмай әміріне,Табынса табынған тек тәңіріне.Не құдырет мына жұртты жиып тұрған,Иман ба, мұсылмандық тәлімі ме?

Көрікті Кокалдашда алып білім,Аңсаған туса екен деп жарық күнім.Атағын Қызылқұмның аспандатып,Жатсың ба жайбарақат, жарықтығым?

Кем көрмей Омар, Әли әзіреттен,Атыңды есіткен ел тағзым еткен.Су тасып елеуішпен таң қалдырдың,Қылжақбас құрбыларды әзіл еткен.

150 151

Атыңды тілге аламыз тарыққанда,Жаманнан зұлым көріп, қамыққанда.«Дайте» деп Брайлов та аталапты-ау,Бір тамшы қара суға зарыққанда.

Адалдық, тазалықтың айнасы боп,Жерідің желікпеден пайдасы жоқ.Үстінен аттап өтіп кете алмапты,Алаяқ не сұмпайы айласы көп.

Жамаумен етік, мәсі сірісін де,Танытқан құдыретін тірісінде.Әулие, әнбие деп айттық рас,Исі мұсылманның пірісін де.

Шүкір деп көргеніне айды аман,Алланың ақ жолынан айнымаған.Басына құран оқып ұл-қыздарың,Ұрпағың ақ құшағын жайды саған.

Көмілсе көмілсін деп санам шыққа,Әрқашан қол созамын Адамдыққа.О ата, мәңгі тұршы, ұрпағыңды,Шақырып, имандылық адалдыққа.

Айналған тірісінде-ақ аты аңызға,(Ақиқат жатады ғой заты аңызда)Әумин, дұға оқиық аруаққа деп,Және де жыр оқиық Атамызға!

Біздің үйге ҚарлыҒаш ҰЯ СалҒан

Тұла бойы тұнған тек ұят, ардан,Біздің үйге қарлығаш ұя салған.Біздің үйге қарлығаш ұя салып,Құдай маған бар бақты қия салған.

Қимылында биязы батылдық бар,Олар үшін жұмыссыз жату тіпті ар.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Адамдарда тым сирек кездесетін,Қарлығашта қимас бір татулық бар.

Жұбайлықтың ләззатын татып анық,Шыйқылдайды ұяда жатып алып.Жер бетінде адамдар біздер жүрміз,Татулықтың тамшысын сатып алып.

Тоқтаған ба тоғанға қиял-ағын,Кел, қарлығаш, жаныма ұялағын.Татулықтың белгісін сенен көріп,Жүргеніме адам боп ұяламын.

Қиялменен түндерім таңға ұласып,Мейірімге қашан да жарлы басым.Жер бетінен таппадым жылы мекен,Мені ұяңа кіргізші, қарлығашым.

Кіргіз мені ұяңа балапан ғып,Жаңа шыққан тұқымнан шала жан ғып,Жылы ұяңда ұйықтайтын балбырап бір,Қыттықтасын денемді балапан-түк.

Тоқтаған ба тоғанға қиял-ағын,Қел, қарлығаш, жаныма ұялағын.Татулықтың белгісін сенен көріп,Жүргеніме Адам боп ұяламын..

20-ҒаСыр, хОш енді!

Дәуірден алып есеңді,Думанды еттің көшеңді.Астаң да кестең дүние,20-ғасыр, хош енді!

Ахметтей алғыр шешенді,Тұрардай тұлпар көсемді.Тұсаулап қана ұстаған,20-ғасыр, хош енді!

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

152 153

Беліне артып бес теңді,Түркия, Қытай көшкен-ді.Қазақты қойған қаңғыртып,20-ғасыр, хош енді!

Толғатып ойға кеселді,Босанған дүлей не селді.Сұрапыл соғыс тарихы,20-ғасыр, хош енді!

Салған мың сәнді кешенді,Ұлдарың темір төсенді.Асылын өткен азаптап,20-ғасыр, хош енді!

Бұзып та жарып не сеңді,Тәуелсіз еткен осы елді.Нұрсұлтандайын ұл берген,20-ғасыр, хош енді.

ӘКе, Сен Өлмеген шыҒарСың...

Әкем өлді. Жылай-жылай жұбандым,Кінәлі деп айта аламыз бұған кім?Ештеңе де өзгерген жоқ, бәрі сол,Әке, тегі, сен өлмеген шығарсың.

Тірліктегі теңдесі жоқ тірегім,Дертіңнің біз таппадық-ау бір емін.Сырт дүние баз-баяғы қалпында,Не болса да «көріп» жатыр жүрегім.

Бар баладан мені өзіңе жақын ап,Сырласаушы ең, әр сөзімді мақұл ап.Қиыс қадам басуға мен қорқамын,Тұрғандай-ақ сен аспаннан бақылап.

Кеткеніңе көндіге алмай әлі күн,Жалғыздықтың тартып жүрмін жәбірін.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Күннен-күнге өзіңді ойлап езілем,Енді-енді білініп бар қадірің.

Есітпедім сенен ешбір кейіс үн,Ешкімде жоқ өзіңдегі мейірім.Сен кеткелі, басылғандай думаным,Сен кеткелі тарқағандай сейілім.

Оңашада, басқа жұрттан бекініп,Сағыныштан сан жыладым өкіріп.Әке, сені сағынғаным ақиқат,Одан басқа барлық тірлік өтірік.

Әкем өлді. Жылай-жылай жұбандым,Кінәлі деп айта аламыз бұған кім?Ештеңе де өзгерген жоқ, бәрі сол,Әке, тегі, сен өлмеген шығарсың.

Жүрегімдегі еСім

Жүрегімде жатталған есім,Айта алмаймын айқайлап бірақ.Бәрін-бәрін өзің білесің,Бара алмаймын халіңді сұрап.

Жүрегімде жатталған есім,Қайталаймын іштей мың рет.Тоқтатпайды сезім күресін,Бұл не деген ғажап құдырет.

Жүрегімде жатталған есім,Нәзік сырым-нәзік тілегім.Саған деген сырым үлесін,Өлең етіп жазып жүремін.

Жүрегімде жатталған есім,Сенің атың – мәңгілік дұғам.Қайда жүрсең (өзің білесің),Өлмес жыр боп жаңғырып тұрам.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

154 155

Жүрегімде жатталған есім,Қайталаймын іштей атыңды.Сен іштей өзің білесің,Саған деген махаббатымды.

Біз Бармыз мҰнда, Бауырлар

Соққанда дүлей дауылдар,Шеккенде елім ауыр зар.Шет кеткендердің ұрпағы,Біз бармыз мұнда, бауырлар.

Кеткенде заман тарылып,Табыла қоймай тал-үміт.Шекара бөлек, шет елге,Саңлақтар кетті сабылып.

Көрсете қоймай тағылық,Тағдырға үнсіз бағынып.Шет елге кеткен шерлілер,Мұң айтар кімге шағынып?

Сөзі мен ісін салмақтар,Шет елге кетті саңлақтар.Ұрпағын сақтау – ұлы арман,Ниеті емес жан сақтар.

Қырғынға халық шыдай ма,Не жазып еді Құдайға.Ұрпағым аман қалсын деп,Шұбырды-ау Монғол, Қытайға.

Шекара асқан шерлі ерін,Тағдырдың татып көрмегін.Аса алмай қапты Қытайға,Мекендеп Қызыл шөлдерін.

Тексізден теңсіз тепкі жеп,Тектілер кетті тентіреп.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Қызылдың іші-қия шөл,Сол елге болдың сен тірек.

Шекара бөлек шет елге,Шерулеп сірә ел кетер ме?Атамекен деп жар салған,Дауысы елге жетер ме?

Атамекенді аңсаған,Аңсайды жүріп шаршаған,Талшығы болып сол аңсау,Арманда кетті қанша жан?

Арманда кетті қанша жан,Солардың бірі – жан бабам.Бабадан қалған тұяқ ем,Аталар жұртын аңсаған.

***

Соққанда дүлей дауылдар,Шеккенде елім ауыр зар.Шет кеткендердің ұрпағы,Біз бармыз мұнда, бауырлар!

Біз бармыз мұнда, бауырлар,Мұнда да біраз қауым бар.Әйтеке бабам жатқан жер,Нұр-Ата деген тауым бар.

Қалың ел көрген қызығын,Жайлауым, далам – Қызылқұм.Мекені болды бұл күнде,Балқы Базардай жүз ұлдың.

Тұрмағанбеттер көрген жер,Бауыржан, Сәбит келген жер.Сыздық сұлтанға сыр айтып,Сыбырлап қалған жүзгендер.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

156 157

Ел тыныш, жау жоқ «Аттан!» дер,Тыныштығына мақтанды ел.Қалың қазақтың қорғаны,Қанарбай бабам жатқан жер.

Қарақ Ата мен Азанур,Таусылмас тарих, таза жыр.Тамдыдан шыққан тарланым,Өмірзақтайын ғажап ұл.

Қызылдың іші тұнық сыр,Түйірің болса ұғып, біл.Өмірзақ өскен далада,Өміршең ұлдар тұнып тұр.

Сорлы дей қояр кім бізді,Еңбекпен өткен күн де ізгі.Қылыш бабамның басына,Ұрпағы күмбез тұрғызды.

Науайым рас, жас қала,Жас қалам қоймас жасқана.Төле би бабам жатқан жер,Шашқалам – бұл күн бас қала.

Белгілі тарих бұл бәрі,Белгілі шаттық, мұң-зары.Тарихты қайта таныдық,Тәуелсіз күнім туғалы.

***

Соққанда дүлей дауылдар,Шеккенде елім ауыр зар.Шет кеткендердің ұрпағы,Біз бармыз мұнда, бауырлар!

Біз бармыз мұнда, бауырлар,Демеймін халім ауырлар.Қайда да, қайсы дәуірде,

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Ақпаннан кейін сәуір бар.Қызылдың іші – қия шөл,Қашқанға пана – ұя сол.Қырандар ұшқан қастерлі,Ұясын қалай қияды ол.

Дүлейге дауыл тоңғанда ел,Тоңғандар келіп қонған жер.Қия алмай сені қиналам,Бабама пана болған жер.

Артымда рас, алаң көп,Қалам ба жақсы балаң боп?!Айқайлап айтам, Қызылқұм, Бұл менің туған далам деп.

Жар салам бұл күн жетеді үн,Жар салып бірақ нетемін.Бабаларымның бейітін,Кімдерге тастап кетемін.

Іздеймін десем жоғымды,Оңдар ма Құдай жолымды?Қараусыз қалай қалдырам,Бабадан қалған қорымды.

Ауытқып заман көші мың,Қаталдау айтса кесімін.Бабалар жұрты – даламды,Сүйемін десем несі мін?!

Ашылып бақыт есігім,Тербелген мұнда бесігім.Бабалар жатқан далама,Шашылған шығар несібім.

Соққанда дүлей дауылдар,Шеккенде елім ауыр зар.Шет кеткендердің ұрпағы,Біз бармыз мұнда, бауырлар!

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

158 159

ЖырлаСа ел тӨле Биді ЖырлаСын

Тоқсан үш жыл ғұмыр кешкен ғұлама,Өзің жайлы жыр жазбасам бола ма?Ұрпақтарың ұран салып келіп тұр,Басыңды бір көтерсеңші, о баба!

300 жылдай болып келген аты аңыз,Данагүлге бақыт берген батаңыз.Сабалақты Түркістаннан алып кеп,Қазағыма хан көтерткен ата, Сіз!

Қазағымның аман болсын басы деп,Қалың елдің ырыс-бағын ашты кеп.Көне жұрттан көшпей қалған кемеңгер,Бұза алмай ұясын қарлығаштың деп.

Қарлығаш би атап кеткен содан ел,Көп мағына ұғынады бұдан ел.Даналықпен түзу ұстап саясат,Қалың қазақ болмасын деп бодан ел.

Ғұмыр кешіп қазақ деген халық үшін,Ала білген қалың елдің алғысын.Есім ханның ескі жолын ескеріп,Әз-Тәукенің жасап берген жарғысын.

Жақсылыққа бастай жүріп халықты,Ұға білген жаңалықты, жарықты.Қожа Ахметке көк күмбезді салдырған,Темірді де ел ішіне танытты.

Ташкентті 12 жыл билеген,Билей жүріп басын жауға имеген.Қынабынан шығармай-ақ қылышын,Қас дұшпанын қызыл тілмен түйреген.

Қазақ-өзбек бір туысқан екен деп,Қос халықты бір қазыққа көгендеп.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Жатырсың ба тілеулес боп біздерге,Ташкенттің топырағын мекендеп.

Төзе білер түссе-дағы сынға мың,Қазақ рас, кенде емес ұлға шын.Халық қамын жеген Төбе би,Тарихта қайталанбас тұлғасың.Тыңдаса ел Төле биді тыңдасын.Жырласа ел Төле биді жырласын!

тӨле БаБам – дана БаБам

(Төле бидің 350 жылдығына)

Жасынан-ақ қара қылды қақ жарып,Ел ішінде бала би боп атанды.Шешіміне дос-дұшпаны таң қалып,Ақылымен қорғады әз Отанды.

Кесімі де дайым-дайым тас кесті,Ол жаққа да, бұл жаққа да аумады.Әрбір сөзі гүлдей жайнап, тас та өсті,Семсер тілмен дұшпанды да жаулады.

Пірдей болып ұрпақтарға әруағы,Билердің де дана биі аталды.Басын иіп сөздеріне жан-жағы,Қанша жандар үмітпенен бата алды.

Шешендіктің бар өнерін шыңдады,Үлкен менен кішіні де тыңдады.Қуат кетіп, жасы өтіп қалса да,Елі үшін еңбектенді, тынбады.

Әрбір сөзі өлеңменен өрілді,Ақылымен шешім айтты, қызбады.Бір өмірге бір Аллаға берілді,Қарлығаштың ұясын да бұзбады.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

161160

Ұлы баба, әділдігің – ұраның,Қолда болды бір өмірге құраның.Дайым саған арналады жыр-әнім,Әруағыңа арқа сүйеп тұрамын.

О жарықтық, қасиетті, киелім,Мен өзіңді елмен бірге сүйемін.Әрқашан да дұға оқып өзіңе,Әруағыңа көппенен бас иемін.

Ақш

агүл

Төл

еген

ова

Кенжеғали ҮСЕНоВ,Ташкент қаласы.

Сартап БОлҒан СаҒыныш(баллада)

Ол маған үлкен толқу үстінде отыр ып төмен-дегілерді әңгімеледі:

– Нағашы ағам Әбдірахман Қарақалпақстан Республикасы, Төрткөл қаласында оқып жүріп, 1941 жылы күзде майданға аттанған. Соғыста асқан ерлік кө р сетіп, 1943 жылы қаза тапты. Командирлері батыр атағын беру жөнінде жоғары ұйымдар-ға ұсыныс жасайды. Өкінішке орай, бұл атақты алу оған бұйырмады. Бұл туралы анам Бибімәриям ма-ған талай рет айтып берген. Нағашы ағамнан «қара қағаз» келгеніне қарамастан, анам Бибімәриям өмір бой ы туған бауырын күтумен өмір сүрді. Тым бол ма са, бауырыма батыр атағы берілген хабарды естіп өл сем, арман ым жоқ деуші еді. Анамның өмірі бауырына деген сағыныш пен өтті. Сол сағым сағыныштан сарғай ған қал пында бақилыққа аттанды. Соңғы сапарға мына жар ық дүниені тәрк етіп бара жатырмын-ау де ген күйініш пен емес, арғы дүниеде аға рухымен кездес е мін деген сүйінішпен аттанды.

Ол күрсіне отырып осылай деді. Бұл әңгіме мені қат-ты толқытты.

Ойыма мынадай жыр жолдары орала берді.

162 163

1. аттану

Ауыр қайғың мені есімнен тандырып,Құсаменен көкірегімді жандырып.Әбдірахман, ағатайым, бауырым!Жарқ еттің де сөніп кеттің мәңгілік.

Жан жүйемде өмір бойы сақталдың,Жүрегімде мәңгілікке жатталдың.Ұстаздыққа оқып жүріп ТөрткүлдеАлыстағы қан майданға аттандың.

Жедел кеттің қош дей алмай бауырға,Қарсы кеттің қара дүлей дауылға.Ол кезде мен балауса едім, жас едім,Қала бердім қоштаса алмай ауылда.

Жас едім мен мәнін білмес еш ненің,Есімде тек көз жасымды төккенім.Аттанарда қарғыс атқыр соғысқа,– Бибімәриям, хош, бауырым, – деп пе едің?

Дедің аға, айтқаныңа сенемін,Әлденені сезген менің жүрегім.Көз ілгенде мұз жастанып окопта,Білдің бе, аға, түсіңе енген мен едім.

Мен қасыңда жебеушің боп жүр едім,Құлағанда қолтығыңнан демедім.Жылы самал желпіді ме жүзіңді,Сол самал қыз қарындасың мен едім.

Иә, аға сенесің бе мен едім,Жылай жүріп саулығыңды тіледім.Мынау жалған шын екен де, сұм екенӘттең менің болмай қалды тілегім.

Әлі есімде сол ызғарлы қара күн,Құлағымда анам салған қаралы үн.Мың тоғыз жүз қырық үште жетті елге,Ерлікпенен қаза тапқан хабарың.

Кен

жеғ

али

Үсе

нов

Кен

жеғ

али

Үсе

нов

2. СаҒыныш

Солай болған, не шара жазымышқа,Жазымышқа маңдайға жазылысқа.Жат жұртта мәңгілікке көз жұмдың да,Менің үшін айналдың сағынышқа.

Сағынышым толастар емес менің,Шыңдағы нағыз шынар емес пе едің?!Білемін оққа ұшқан кездеріңде,Көз алдыңа мен сенің елестедім.

Болмаса да бір белгі қабіріңнен,Ұмытпадым, ағатай, бәрібір мен.Білемін Алла алдына барғаныңда,Маған бақыт тіледің Тәңіріңнен.

Сенбедім, аға, сенің өлгеніңе,Достарыңның арулап көмгеніне.Сенбедім қуаныш пен бақтан бұрын,Мұң наламның басыма келгеніне.

Дәме қылдым тірі деп, келеді деп,Өмірдің сан қызығын көреді деп.Осындай үмітпенен жиеніңнің,Есімін де қойдым мен Дәмелі деп.

Келмедің бірақ, аға, оралмадың,Майданнан ауыл жаққа жол алмадың.Біртіндеп сене бердім, сезе бердім,Бауырымның мәңгілік жоғалғанын.

Сағындым-ау, ағатай, сағындым-ау.Сағыныштан күйзелген жаным мынау.Сарқылмайтын сарғайтқан сағыныштан,Сезім салқын, жүрек мұз, тәнім қырау.

Жан едім дәті берік, тәні күшті,Аға десем ауызымнан жалын ұшты.Артқанда атан түйе көтере алмас,Мендегі саған деген сағынышты.

165164

Кен

жеғ

али

Үсе

нов

3. СОңҒы СӨз

Өткізіп қияметтің бастан бәрін,Білемін қас жауыңнан жасқанбадың.Қуантады естіген ерліктерін,Мұңайтады жат жерді жастанғаның.

Өзегімді өртеп бір күйік алау,Сағыныштың көз жасы тиылмады-ау.«Батыр» деген өкімет атағы да,Ағатайым, өзіңе бұйырмады-ау.

Армандамын, қабірің таба алмадым,Боздай жоқтап басыңа бара алмадым.Армандамын, ағатай, қабіріңеТуған жер топырағын сала алмадым.

Нұр бейнең көптен бері көмескі еді,Кеше түн ап-айқын боп елестеді.Кетпесем болмас енді өзің жаққа,Сағынышым шыдатар емес мені.

Тыным беріп жүрекке, жаныма да,Тамырда тулап аққан қаныма да.Аққу болып, айналып аруаққа,Ұшамын өзің жаққа, жаным аға!

Ақ жүзімді өзіңе қаратайын,Қош бол, қызым, Дәмелім, балақайым!Күтіп ал тәрк етіп дүниені,Аттандым өзің жаққа, ағатайым!

Қарамай туыс, бауыр, жарыма да,Қарамай мал мен дәулет бағыма да,Арқалап сағынышымды баратырмын,Орын сайла қасыңнан, жаным аға!

мазмҰны

Марат ҮКІБАЕВ. ӨНЕР МЕРЕКЕСІНІҢ ЖЕМІСІ ..................................................... 3

Шүкірбай АҚНАЗАРҰЛЫ ....................................................... 6Арухан АҚПАНБЕТОВА ....................................................... 15Қайрат АХМЕТОВ, ................................................................ 19Құралай АЛДАМЖАРОВА .................................................. 24Сәуірхан АХМЕТОВ ............................................................. 26Қаһарман БЕКЕЖАНОВ ...................................................... 36Айнұр ЖАППАРҚҰЛОВА .................................................... 46Рүстем ЖАНГЕЛДІҰЛЫ ....................................................... 48Наурызбай ЖАРБОСЫНҰЛЫ ............................................ 50Лала ЖҮНІСҚЫЗЫ .............................................................. 59Ескендір ЖҮНІСҰЛЫ ........................................................... 70Құлназар ИБРАГИМОВ ........................................................ 73Құлмахан ҚАЛИҰЛЫ ............................................................ 82Боран ҚЫДЫРОВ, .................................................................. 91Зәкида ҚҰБАШЕВА ............................................................... 99Болат ҚАЗБЕКОВ ................................................................. 101Жарасқан НҰРБАЕВ............................................................ 106Мекембай ОМАРҰЛЫ ......................................................... 108Алмагүл ОҢАЕВА ................................................................. 114Абдулла РҮСТЕМОВ ............................................................ 116Төребай СӘРСЕНБАЕВ ...................................................... 121Қалдыбек СЕйДАНОВ ....................................................... 133Ақшагүл ТӨЛЕГЕНОВА ...................................................... 149Кенжеғали ҮСЕНОВ ............................................................ 161

Құрастырушы Марат Үкібаев

ӨзБеКСтандаҒы ҚазаҚ аҚындарының

Өлеңдер ЖинаҒы

Редакторы Серік РӘСІЛОВКорректоры Жанар Жанапиянова

Мұқабасын көркемдеген Бейсен СерікбайБеттеген Қуаныш Әділғазин

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының«Атажұрт» баспа орталығы

050016, Алматы қаласы, Ш.Уәлиханов көшесі 43А

Басуға 25.09.2014 ж. қол қойылды. Қағазы офсеттік. Қаріп түрі «Times».

Пішіні 84х100 1/32

. Офсеттік басылым. Шартты баспа табағы 8,2.Есептік баспа табағы 10,5.

Таралымы 2000 дана. Тапсырыс

ЖШС «Курсив». Алматы қаласы,Восточная көшесі, 2