Корпоративті ақпараттық жүйелер. mrp, mrpii, erp жүйелері

34
Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Upload: others

Post on 31-Jul-2022

21 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Корпоративті ақпараттық

жүйелер. MRP, MRPII, ERP

жүйелері

Page 2: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Корпоративті ақпараттық жүйелер (КАЖ) – бұл

ортақ құжат айналымымен

біріктірілген, басқару үшін шешім

қабылдауға қажет мәселенің белгілі бір

бөлігін шешетін мекеменің жеке

бөлімдерінің ақпараттық жүйелері

жиыны, мұндағы толық ақпараттық

жүйе мекеменің ИСО 9000 сапа стан-

дартына сәйкес жұмыс істеуін

қамтамасыз етеді.

Page 3: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

КАЖ-ға қойылатын талаптарТәжірибелер негізінде КАЖ-дерге қойылатын

талаптар айқындалды, олар:• Жүйелілік – Системность;

• Кешенділік – Комплексность;

• Модульділік – Модульность;

• Ашық болуы – Открытость;

• Бейімделуі – Адаптивность;

• Сенімділігі – Надежность;

• Қауіпсіздігі – Безопасность;

• Масштабтылығы – Масштабируемость;

• Мобильділігі – Мобильность;

• Үйренудегі қарапайымдылығы – Простота в

изучении;

• КАЖ-ді құрушылардың оны енгізу мен сүйемелдеуі –

Поддержка внедрения и сопровождения КИС со

стороны

разработчика.

Page 4: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Қазіргі өндіріс алдыңғы қатарлы ақпараттық

технологияларға негізделген тиімді басқару

жүйесісіз жұмыс істей алмайды.

Нарық заманының жиі өзгеріп отыратын

талаптары, ғылыми-техникалық, технологиялық

және маркетингілік сипаттағы көлемді ақпарат

ағындары мекеменің стратегиясы мен тактика-

сына жауап беретін басшылардан жылдам әрі

айқын шешім қабылдауды талап етеді.

Page 5: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Жаңа технологияларға көшу, өндірісті қайта

құру кезіндегі басқару жұмыстары қатаң талаптар

қойып, соларды орындай алатын корпоративтік

ақпараттық жүйелер құруды керек етеді.

КАЖ, бәрінен бұрын, кешендік және

жүйелілік (комплексность и системность )

талаптарына жауап беруі тиіс.

КАЖ басқарудың барлық деңгейлерін –

корпорациядан (оның филиалдарын, ішкі

мекемелерін , қызмет көрсету орталықтарын

есепке ала отырып) ең кіші цехқа, нақты жұмыс

орнына, жұмысшыға дейін қамтуы керек.

Page 6: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Өндірістің барлық процестері ақпараттың

туындау, өңделу, өзгеру, сақталу және таралу әре-

кеттерінің үздіксіз процесінен тұрады.

Кез келген жұмыс орны – ол мейлі конвейерде

тұрған адамның жұмыс орны болсын, бухгалтер-

дің, менеджердің, технологтың жұмыс орны бол-

сын – ол ақпараттың белгілі бір түрін беретін

немесе пайдаланатын нүкте болып табылады.

Осындай көптеген нүктелер бір-бірімен құж-

аттар, хабарлар, бұйрықтар, бұйымдар, әрекеттер

тәрізді ақпараттар ағынымен байланысады.

Сонымен жұмыс істеп тұрған мекемені түйін-

дер мен байланыстардан тұратын ақпараттық-логи-

калық модель түрінде қарастыруға болады екен.

Page 7: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Ақпарат осындай модельде таратылып орна-

ласқан сипатта болады, яғни оның түйіндері мен

байланыстары болады. Түйіндер мен ағындар

топталып шағын жүйелерге біріктіріледі.

Осыдан барып КАЖ-дерге қойылатын тағы

бір талап – құрылым модульділігі пайда болды.

Модульдер кейіннен сол жүйелерді инстал-

ляциялау процесін жеңілдету мүмкіндіктерін

береді де, жұмысшыларды дайындау, жүйені

өндіріске іске қосу жұмыстарын жылдамтатады.

Page 8: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

КАЖ-дің келесі бір қасиеті жүйенің ашықтығы

болып табылады. Бұл қасиет жұмысты автоматтан-

дыру тек басқарумен шектеліп қалмайтынын, оның

жобалау, сүйемелдеу, технологиялық процес, ішкі

және сыртқы құжат айналымы, сыртқы АЖ-дармен

(мыс. Интернет) байланысу сияқты жұмыстарды да

есепке алатынын көрсетеді.

Үлкен корпорациялардың басқа жерлерде, ел-

дерде бөлімдері орналасуы мүмкін. Бұл КАЖ-дің

бейімделу (адаптивность) қасиеті болуы керек-

тігін білдіреді. Яғни ол әртүрлі заңдарға, тілдерге,

интерфейстерге, валюталарға бейімделуі тиіс.

Page 9: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Ірі жүйелердегі көлемді мәліметтердің

қауіпсіздік қасиеті болуы керек. Қауіпсіздік қасиеті

мыналарды – мәліметтердің тұтастығын сақтау,

оларды рұқсатсыз пайдаланбау сияқты талаптарды

қамтиды.

Бұларға қоса, холдингтер тәрізді ірі корпорация-

ға қолданылатын басқару технологиясын кішігірім

мекемелерге де қолдану мүмкіндігі болуы керек.

Мұндай қасиет масштабтылық деп аталады.

Жүйелердің үйренудегі қарапайымдылығы

қасиеті программ а интерфейсінің түсініктілігі, оның

толық құжаттамасы ның болуы, адамдарды осыған

ұқсас жүйелер жұмыс істейтін мекемелерде ұйым-

дастырылған курстарда жылдам оқытып үйрету

сияқты талаптарды қарастырады.

Page 10: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

КАЖ-ді құрушылардың (сатушылардың)

клиенттерді (алушыларды) сүйемелдеу ісі (под-

держка) бірсыпыра жеңілдіктерді қамтиды, олар:

программаның келесі жаңа нұсқаларын тегін

немесе арзан алуы;

қосымша әдістемелік әдебиеттер алу;

тікелей байланысу арқылы кеңестер беру;

осы секілді басқа да программалық өнімдер

туралы мәлімет алу;

КАЖ-ді жасаушылар немесе оны пайдалану-

шылар өткізетін семинарлар мен конферен-

цияларға қатыстыру мүмкіндігінің болуы, т.б.

Page 11: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

КАЖ-ді пайдаланушыларға қызмет көрсету

(сопровождение). Күрделі программалық-техника-

лық кешендерді пайдалану кезінде өндіріс айма-

ғында оны жасаушылар немесе кәсіби білікті

мамандар араласатын күтпеген жағдайлар болып

қалуы мүмкін. Осындай қызмет көрсету мынадай

жұмыс түрлерін қамтиды:

маманның тапсырыс беруші объектісіне барып,

көмек беруі, апатты жағдайды аластауы;

сол орында әдістемелік және практикалық

көмек беру, үйрету, қажет болса, жүйеге күрделі

қайта құруды керек етпейтін өзгерістер енгізу.

Page 12: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

КАЖ архитектурасы бірнеше

деңгейлерден тұрады:

1. Ақпараттық-логикалық деңгей;

2. Қолданбалы деңгей;

3. Жүйелік деңгей;

4. Аппараттық деңгей;

5. Транспорттық (көліктік) деңгей.

Page 13: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

1. Ақпараттық-логикалық деңгей

дегеніміз мәліметтер ағындарының

жиынынан тұрады және ол ақпараттың

пайда болу, тұтыну және түрлену орталары

болып табылады. Бұлар мәліметтер базасын

жасап, программа бөліктерін бір-бірімен

байланыстыруға арналған жүйелік келісім-

шарттар құруға негіз болат алатын модель-

ден тұрады.

Page 14: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

2. Қолданбалы деңгей

ақпараттық-логика-лық модельдің жұмыс істеуін

жүзеге асыратын қолданбалы программалар

және программалық кешендер жиынынан

тұрады. Бұлар төмендегі-лерді қамтиды: құжат

айналымы жүйесі, тапсыр-маларды орындауды

бақылау жүйесі, желілік жоспарлау жүйесі, ТП

автоматтандырылған бас-қару жүйесі (АСУ ТП),

жобалауды автоматтан-дыру жүйесі (САПР),

бухгалтерлік жүйелер, офистік пакеттер,

қаржыны, кадрлерді, логис-тиканы басқару

жүйесі, т.б.

Page 15: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

3. Жүйелік деңгей – операциялық

жүйелер мен желілік құралдар.

4. Аппараттық деңгей – есептеу

техникасы құралдары.

5. Транспорттық деңгей – екпінді және

қарапайым (активное и пассивное) желілік

жабдықтар, желілік хаттамалар және

технологиялар.

Page 16: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

M R P

M R P I I

E R P

C S R P

П л а н и р о в а н и е

м а т е р и а л ь н ы х

п о т р е б н о с т е й

п р е д п р и я т и я

( M a t e r i a l

R e q u i r e m e n t s

P l a n n i n g )

П л а н и р о в а н и е

- п р о д а ж и п р о и з в о д с т в а

- м а т е р и а л ь н ы х п о т р е б н о с т е й

- п о т р е б н о с т е й в м о щ н о с т я х р е с у р с о в

- р а с п р е д е л е н и я и н с т р у м е н т а л ь н ы х

с р е д с т в

М о д е л и р о в а н и е х о д а п р о и з в о д с т в а

( M a n u f a c t u r i n g

R e s o u r c e s

P l a n n i n g )

У п р а в л е н и е

- м а т е р и а л ь н ы м и и ф и н а н с о в ы м и

р е с у р с а м и

- з а к у п к а м и и с б ы т о м ,

- з а к а з а м и п о т р е б и т е л е й и п о с т а в к а м и ,

- к а д р а м и

- о с н о в н ы м и ф о н д а м и

- с к л а д а м и

Б и з н е с - п л а н и р о в а н и е

У ч е т

Б у х г а л т е р и я

Р а с ч е т ы с п о к у п а т е л я м и и

п о с т а в щ и к а м и

( E n t e r p r i s e

R e s o u r c e s

P l a n n i n g )

E R P

+ П р о ц е с с ы

в н е ш н е г о и

в н у т р е н н е г о

с о т р у д н и ч е с т в а

п р е д п р и я т и я

О п е р а ц и о н н ы е и

ф и н а н с о в ы е

п р о ц е с с ы

( C u s t o m e r

S y n c h r o n i z e d

R e s o u r c e

P l a n n i n g )

M R P I I

в р е м я

с л о ж н о с т ь

6 0 - е г . г .

Х Х в е к

8 0 - е г . г .

Х Х в е к

9 0 - е г . г .

Х Х в е к

2 0 0 0 г Х Х I

в е к - н ы н е

КАЖ-дердің даму кезеңдері

Page 17: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Материалдарға деген қажеттілікті жоспарлау ісі

(Materials Requirements Planning, MRP) меке-мені

басқару үшін біртұтас программалық жаб-

дықтама индустриясын жасауға итермелеген

алғашқы жүйелердің бірі болды.

Page 18: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Материалдарға деген қажеттілікті жоспар-

лауды жүзеге асыру MRP-алгоритм деп атала-

тын алгоритм арқылы іске асырылатын болды.

MRP-алгоритм – дайын өнімге, өндіріске,

шикізаттар мен материалдар қорына тапсырыс

беруді тиімді басқаруға арналған алгоритм.

MRP-әдіснамасы – MRP-алгоритмді

компьютерлік жүйе арқылы жүзеге асыру.

Page 19: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері
Page 20: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

MRP тәсілі екі маңызды қағидаға негізделген:

• “Тәуелді сұраныс” логикасы, яғни соңғы өнімге деген қажеттілік болса, онда оның барлық компонеттеріне де сұраныс бар;

•Сақталып тұратын артық қор мөлшері минимумға жақын болуы үшін, қажетті компоненттерді мүмкін-дігінше кейінірек (уақытынан кеш) қамтамасыз ету.

Осы екі принципті орындау үшін, жүйеге ақпараттың үлкен көлемі керек болады.

Page 21: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

MRPII жүйесінің негізгі мүмкіншіліктері –

өндiрiстiң нақты жағдайы және сатып алуға тапсы-

рыстар беру бойынша керi байланыс жасау мен негізгі

жоспар орындалуының мұқият тексерілуі болып

табылады, оған қоса, жалпы жоспарға өндірістік

қуатты жуықтап жоспарлау тәсілімен “егер-онда”

талдауы енгізілетін MRP алгоритмі арқылы өзгерістер

енгізу де қарастырылады.

Енді MRPII жүйесі өндірістік мекемелердегі кез

келген біріктірілген есептеу жүйесінің негізгі бөлігі

бола бастады.

Сонымен, MRPII жүйесі сатылымға, бухгалтерлік

есепке, есеп-фактураларды сатып алуға, жазуға деген

тапсырыстарды өңдеу ісін нақты бір мәліметтер

базасы негізінде біріктіре алатын толыққанды жүйе

болып шықты.

Page 22: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Бірақ MRPII жүйелері конструкторлық

жұмыстарды, смета құрастыруды, кадрлар-

ды, қызмет көрсетуді бақылай алмайды, яғ-

ни мұнда мекеменің барлық бөлімшелері бір

жүйеге біріктірілмеген.

Бұл мәселелер 1990 жылдары қарастыры-

лып, олар өндірістік мекемені толық басқа-

ратын біріктірілген жүйе жасауды қамтама-

сыз ету үшін, негізіне MRPII принциптері

алынған ERP жүйелерінде іске асырылған

болатын.

Page 23: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

MRPII жүйесі төмендегідей функционалдық модульдерден тұруы қажет1. Бизнестің дамуын жоспарлау (бизнес-жоспарды құрастыру

және түзету)2. Мекеме жұмысын жоспарлау3. Сатылымды жоспарлау4. Шикізат пен материалға деген қажеттілікті жоспарлау5. Өндірістік қуаттылықты жоспарлау6. Сатып алынатын заттарды (закупки) жоспарлау7. Өндірістік қуаттылық жоспарларын орындау8. Материалдарға деген қажеттілік жоспарларын орындау9. Кері байланысты іске асыру

Page 24: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

ERP анықтамасы Өндіріс менеджментінің негізгі түсініктерін (соның

ішінде «ERP» термині де бар) толықтай қалыптасты деп айтуға болады. Бұл салада «нақты стандарт» (стандарт де-факто) ретінде Қорлар мен өндірісті басқарудың Америкалық ассоциациясы (American Production and Inventory Control Society, APICS) терминологиясы саналады.

Мұндағы негізгі терминдер мен анықтамалар, теориялар мен басқару практикасының дамуына қа-рай, тұрақты түрде жаңартылып отыратын APICS сөздігінде қамтылады. Осы басылымда ERP-жүйе-сінің нақты және толық анықтамасы келтірілген.

Page 25: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

APICS сөздігіне сәйкес «ERP-жүйе» (Enterprise

Resource Planning — Мекеме ресурстарын басқару)

терминінің екі мағынасы бар.

ERP-жүйе – тұтынушылар тапсырысының орындалуы

барысындағы сату, сатып алу, өндірісті жүргізу және есепке алу

істеріне қажетті мекеменің барлық ресурстарын жоспарлау мен

идентификациялауға (айқындауға) арналған ақпараттық жүйе.

ERP әдіснамасы – өндіріс, дистрибьюция және қызмет

көрсету аймағындағы тұтынушылар тапсырысының орындалуы

барысында сату, сатып алу, өндіріс және есепке алу істерін

жүргізуге қажетті мекеменің барлық ресурстарын тиімді түрде

жоспарлау және басқару әдіснамасы.

Page 26: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Сонымен, ERP термині тек ақпараттық

жүйені ғана емес, сонымен қатар осы ақпа-

раттық жүйе іске асыратын және сүйемел-

дейтін басқару әдіснамасын білдіреді.

Page 27: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

ERP-ның MRPII-ден айырмашылықтары

Қазіргі уақытта көптеген MRPII-/ERP-жүйелерін жасап шығарушылар өз жүйелерін ERP класына жат-қызады. "ERP" деп аталған үш әріп – бұл класқа жат-пайтын жүйелердің де сатылымдарын өсіруді қамта-масыз ете алатын заманауи ең өзекті жүйе.

Кейде әлсіз өндірістік қаржылық-басқару жүйе-лерін де "толыққанды ERP-жүйелері" деп атау арқы-лы тұтынушыларды шатастырып жатады.

ERP жүйе-сі стандартының болмауы бұл жағдай-ды одан әрі шиеленістіріп келеді.

Page 28: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

ERP және MRPII кластарына салыстырмалы

түрде талдау жасайық.

MRPII-жүйесінің де, ERP-жүйесінің де негізі –

өндіріс екендігін атап өткен жөн. Олар нарық кезе-

ңінің заңдылықтарына: жаңа қызмет түрлерінің пай-

да болуына, өндірістің жаңа технологиялық плат-

формаларға ауысуына байланысты дамып келеді.

Алайда, бұл екі жүйе үшін де өндірісті жүргізу

негізгі жұмыс болып табылады, ал олардың айыр-

машылықтары тек өндірісті жоспарлау аймағында.

Бұл айырмашылықтар осы жүйелердің нарық-

тағы әр түрлі сегменттерге бағытталуына байланы-

сты жасалатын жоспарлардың жүзеге асу тереңді-

гіне ғана болып отыр.

Page 29: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

ERP-жүйелері көпфункционалды және үлкен

аймақтарға тарала орналасқан өндіріс мекемелеріне

(мысалы, холдингтерге, корпорацияларға, т.б.)

арналып жасалады.

MRPII жүйелері ERP жүйелерінің қуаты қажет

етілмейтін орташа және шағын мекемелерге бағыт-

талған.

MRPII және ERP-жүйелерінің айырмашылық-

тары олардың аттарынан-ақ көрінеді: бір жағынан,

корпорация ресурстарын жоспарлау (Enterprise Res-

ources Planning), екінші жағынан, өндіріс ресурста-

рын жоспарлау (Manufacturing Resources Planning).

Page 30: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Аталған жүйелердің нақты айырмашылығын

келесі формула арқылы өрнектеуге болады:

ERP = MRPII + өндірістің барлық түрлерін

іске асыру + компания қызметтерінің әр түрлі

бағыттарындағы ресурстарды жоспарлау

интеграциясы + көп сатылы жоспарлау

Көптеген MRPII жүйелері жоспарлау тереңдігіне

байланысты дами отырып, олар кейбір параметрлері

жағынан ЕRP-жүйелеріне жақындайды. Алайда, «кей-

бір» сөзі «барлық» деген мағынада емес, сондықтан

"ERP" терминін байқап, мұқият қолданған дұрыс.

Page 31: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Дегенмен, ERP, MRPII-жүйелерінің барлығы

бірдей процестік типтегі өндірісті басқару және

жоспарлау жүйесінде шешімдер ұсына алмайды.

Ақпараттық басқару жүйелерінің қазіргі нары-

ғында нақты ERP класына жататын үш (басқалардың

бағамы бойынша – бесеу) көш басшы бар, ал қалған-

дары «алдыңғы қатардағы» MRPII класының жүйелері

болып табылады.

Сөзсіз көшбасшыларға немістің SAP AG компаниясының

SAP R/3 жүйесі, американдық Oracle компаниясының Oracle

Applications жүйесі және нидерландық Baan компаниясы шығ-

арған (2000 жылы Baan компаниясын британдық Invensys хол-

дингі сатып алды) Baan жүйесі болып табылады.

Кейде бұл «элиталық» тізімге J.D.Edwards компаниясының

OneWorld және PeopleSoft ақпараттық жүйелерін қосып

айтылады.

Page 32: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

MRPII-жүйелеріне келетін болсақ, олардың

әрқайсысы функционалдық және технологиялық

ерекшеліктердің бірегей үйлесімін қамтитын бір-

сыпыра шешімдерді қарастырады.

Олардың бәрі өндірістік, қаржылық және бас-

қа функциялардың әр түрлі өңделу дәрежесімен

ерекшеленеді, сондықтан кәсіпорын кеңесшіле-

рінің көмегіне жүгіне отырып, олардың талапта-

рын қанағаттандыратын жүйені таңдап алуға

болады.

Сондықтан "MRPII" – бұл жүйенің кемшілігі

емес, керісінше, оның орташа кәсіпорындарға

арналғандығының көрсеткіші болып табылады.

Page 33: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

Корпоративтік қаржыны жоспарлау және есепке алу

ERP-жүйелерінде тарала орналасқан кәсіпорын

ресурстарын жоспарлауды сүйемелдеуді жүзеге

асыру қаржылық блоктың күшейтілуін, күрделі

қаржылық ағындарды басқаруды және корпорация

бөлімдерін біріктіруді қажет етеді. Сондықтан ERP-

жүйелер құрамына төмендегідей ерекшеліктері бар

корпорация қаржыларын басқаратын қуатты жүйе-

лер кіреді:- басқарудың көп сатылы құрылымын сүйемелдеу – қаржы-

лық мәліметтерді жеке бөлімшелер және бүкіл компания

деңгейінде де талдау мүмкіндігі;

- икемділік – бірнеше сағаттық кеңістіктерді (поястарды),

тілдерді, ұлттық валюталар мен бухгалтерлік есеп алу және

есеп беру жүйелерін қолдау;

Page 34: Корпоративті ақпараттық жүйелер. MRP, MRPII, ERP жүйелері

- бухгалтерлік және басқару есептерін жүргізетін то-

лық функционалдық аппарат;

- қаржылық жоспарлауды жүргізу;

- дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысуды

жүргізу;

- кредиттің қайтарылымын қадағалау аппаратының

болуы, оның ішіне кредиторлармен арадағы қатынас

туралы, олар жайлы мәліметті іздестіру, талдау қамту

істері кіреді;

- әрбір мәліметті ERP-жүйесінің басқа ішкі жүйелері

мәліметтерімен толық сәйкестендіру (интеграция-

лау).