e-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · pdf fileмектепте математика ... Тен...

8
№25 (29006) 6 АҚПАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 346.91 USD/KZT 322,92 RUB/KZT 5.42 CNY/KZT 46.99 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: ДИДАР 8-бет ЖАҢҒЫРТУ 3.0 УНИВЕРСИАДА-2017 7-бет РУХАНИЯТ ҚАЙСАРЛЫҚ ҚАҒИДАСЫ 2-бет ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТАЛДЫ 6-бет ҚҰС ЖАСТЫҚТАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫ Екатерина АЙДОВА: ЖАРАҚАТЫМА ҚАРАМАСТАН, ЖОСПАРЫМДЫ ОРЫНДАДЫМ КЕБЕНЕК ІШІНДЕГІ КІСІЛІК «ТӨҢКЕРІЛГЕН» ПИРАМИДА ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІК 5-бет 6-бет Анар ТЛЕУХАНҚЫЗЫ Мырзагелді КЕМЕЛ –––––––––––––––––––––––––– «Газеттен «үй сатамын» де- ген хабарландыруды крген сайын жүрегім ауырады», дейді Катонқарағай ауылының тұрғыны Жәнібек Қызыр. «Жыл сайын мектеппен қош- тасып кетемін, жыл сайын қайтадан шақырып алады. Орнымызға жас маман келсе жақсы болар еді. Біз қашанға дейін жұмыс істейміз?» дейді шалғайдағы Марқаклдің Тс- қайың ауылының тұрғыны, зейнеткерлік жасқа келсе де, мектепте математика пәнінен дәріс беріп жүрген мұғалім Сәуле Тұратауова. Бұл – бұрынғы шекаралық аудандардағы түйіні тарқамаған кп мәселелердің бір парасы ғана. –––––––––––––––––––––––––– Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» Жастары жоқ ауылдар Ресей, Қытай, Моңғолия секілді үш бірдей мемлекетпен шектесіп жатқан Катонқарағай ауданында шешімін таппаған мəселелер аз емес. «Біздің жақта қыс ұзақ» деп Оралхан Бөкей жазғандай, алты ай қытымыр қысы, ақырған аязы бар Алтайдағы халық санының жылдан жылға азайып бара жатқаны жайында көп айтылып жүр. Басқа басқа емес, дəл шекараның түбіндегі ауылдар- дың көпшілігінің жер бетінен жойы- лып, сау тұрғандарында саусақпен санарлықтай тұрғындардың қалғаны жергілікті жұртты алаңдатып отыр. Ел ішіндегі мəселелерге бейжай қарамайтын аудандағы зиялы аза- маттардың бірі Жəнібек Қызыр- дың айтуынша, қазіргі уақытта Катонқарағай өңірінде бір кездегі 28 мың халық 12 мыңға дейін кеміп, шекараға жақын Талды, Қарайрық, Маралды ауылдарының үңірейген орны ғана қалған, Ақшарбақ, Шұ- барағаш, Бекалқа, Мойылды, Сөгір, Қайыңды, Ақмарал ауылдары да құрудың аз-ақ алдында тұр. Бала туу көрсеткіштері де көңіл көншітпейді. – Катон дегеніңіз жердің жəннаты ғой. Осындай жерұйық мекенде қазір қарттар ғана қалып барады. Жастардың бəрі қала жағалап кетті. Халықтың үдере көшуі əлі ты- йылмай тұр. Солтүстігімізде емі- ніп Ресей, шығысымызда телміріп Моңғолия, оңтүстік-шығысымызда тебініп Қытай тұр. Катонқарағайды иен қалдыру мемлекетіміздің қауіпсіздігін əлсірететін жағдай екендігін сезінетін шақ келді. Қытай мемлекеті бізге іргелес Шыңжаң аймағына өз халқын барынша топ- тастырып жатқанда, Ресей Алтай өлкесінің тұрғындарын қайткен күнде ұстап қалу үшін бар жақсылықты жасап отырғанда шекарамызды жалаңаштап тастауымыз жарамас, – дейді Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Жəнібек Қызыр. Катонқарағай мен Ресейдің Алтай өлкесіне қарасты Қосағаш – бір таудың бауырын жайлаған, ауылы аралас, қойы қоралас аудандар. Алайда, таулы аймақтағы екі аудан тұрғындарының əлеуметтік жағдайлары екі түрлі. Қоңсы қонған соң екі арада алыс- беріс, барыс-келіс болмай тұрмайды. 12 мың қазақ тұратын Қосағашта болған катондықтар мұндағы тұрғындардың жалақысына 90 пайыз үстеме қосылатынын, отын түсіру- ге мемлекеттің жəрдемдесетінін, əйелдер – 50, ер адамдар 55 жаста зейнеткерлікке шығатынын айтады. Сонымен қатар, Қосағашта 25 жыл тұрған адам Ресейдің кез келген жерінен жеңілдікпен пəтер алатын көрінеді. Шекараны 8 бірдей күштік құрылымдар қызметі күзетеді. 2014 жылы сол өңірге сапарлап қайтқан Үлкен Нарын ауылындағы аудан- дық мұражайдың директоры Орал- ғазы Қажаев осындай жеңілдік- тер Катонқарағай мен Марқакөл- дің тұрғындарына да жасалса, тау- лы аймақтың қиындығы ескеріліп, ерекше мəртебе берілсе дейді. (Соңы 5-бетте) ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП Шекаралық аудандар: бірі озып, бірі тозып тұр... Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан» «Бұйырған кетпейді...» – 9-шы алтынды бәрібір алдық! Уысымызда тұрған 9-шы алтын медальдан қалай айырылып қалғаны- мыз туралы өткен нөмірлерден хабар- дар оқырманға айтарымыз, бұйырған кетпейді екен. Шаңғышылар бұл жолы аралас командалық спринтерлік жарыста нағыз шеберлік танытты! Жарыс жолына Анна Шевченко мен Олжас Климин шыққанда-ақ үміттің жетегіндегі жанкүйердің ой құшағында қалғаны тектен тек емес. Өйткені, бұл Анна мен Олжасқа берілген ең бір тамаша мүмкіндік болатын. Анна Шевченко – Алматы Универсиадасында Қазақстанға ең алғашқы медальды сыйлаған спорт- шы. Класссикалық стильде 5 ша- қырымдық қашықтыққа жүгірген Анна екі мəрте де қола медальға қол жеткізген. Ресейдің шаңғышы- лары Анна Нечаевская мен Лилия Васильева сол жолда Аннамыздың алдын кезек-кезек кес-кестеп, алтын- ды да, күмісті де қолдан бермеді. Ерлер арасындағы классикалық спринтерлік шаңғымен жүгіруде Олжас Климинге санаулы сантиметр- лер жетпей қалып, төртінші орынмен жарысты тəмамдаған. Міне, сондықтан да бүгінгі аралас командалық спринтерлік жарыста бар мүмкіндікті қолдан келгенше пайдаланып қалудың оңтайы келіп тұрды. Жұптық жарыс барша қазақ- стандық жанкүйердің үмітін ақтап шықты. Ұзын сөздің қысқасы, сол бəскеде ерекше өнер көрсеткен Анна Шевчен- ко мен Олжас Климин ұжымы еліміз- дің қоржынына 9-шы алтынды салды. Анна мен Олжастың жарыс қорытындысындағы көрсеткіші (18:23,48) ең үздік деп саналды. Француздар екінші (18:26,67) орынды иеленсе, бұл жолы ресейлік шаңғышы жұп үшінші орында (18:29,50) қалып, қола медальды қанағат тұтты. Өкінішке қарай, қазақстандық тағы бір жұп – Ольга Мандрика мен Сергей Малышев жұбы алтыншы орында (19:11,72) қалып қойды. Денис Тен Қазақстанға 10-шы алтын медаль сыйлады Ішіне артық-кемсіз 12 мың көрер- мен сыятын «Алматы Арена» мұз айдынды спорт сарайы халыққа лық толды. Жарыс төрт жарым сағатқа созылды. Халықтың сүйіктісі əрі үміті – мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен кезегі бойынша айдынға ең соңынан, 24-ші болып шықты. Əлемнің əр бұрышынан келген конькимен мəнерлеп сырғанаушылар бірінен соң бірі айдынға шығып, өнерін ортаға салды. Нағыз маман, яки спорттың бұл түрінен хабары бар адам болмаса, көпшілік көрермен шыр айналып секіріп, ақ айдында жұлдызша аққан спортшылардың біліктілігін саралап біле алмайтын еді. Бір рет құламаса да, төменнен, бірнеше рет сүрінсе де биіктен орын алған спортшылардың шынайы өнерін түсіну де қиынның қиыны болатын. Бұлайша өз ойымызды ортаға салуы- мызға Қазақстан намысын жыртушы Абзал Рахымғалиевтің айдынға алғаш- қы топпен шыққан сəті себепші болды. (Соңы 7-бетте) «Алматы Арена» 10-шы алтынды сыйлады ––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Жұманы жұп алтынмен тәмамдап, сенбідегі жарыстардан үлкен үміт күткен едік. Бұл сенбінің де жүгі ауыр, йткені Универсиаданың бас ғимараты – «Алматы Аренада» мәнерлеп сырғанаудан басты үміткеріміз Денис Теннің нерін тамашалау күтіп тұрған... ––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Үкімет Елбасының сынынан қорытынды шығаруға кірісті

Upload: hoangtuyen

Post on 23-Feb-2018

280 views

Category:

Documents


22 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

№25 (29006) 6 АҚПАН, ДҮЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 346.91 USD/KZT 322,92 RUB/KZT 5.42 CNY/KZT 46.99ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

ДИДАР

8-бет

ЖАҢҒЫРТУ 3.0

УНИВЕРСИАДА-2017

7-бет

РУХАНИЯТ

ҚАЙСАРЛЫҚ ҚАҒИДАСЫ

2-бет

ТАПСЫРМАЛАР ТИЯНАҚТАЛДЫ

6-бет

ҚҰС ЖАСТЫҚТАРДЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Екатерина АЙДОВА:

ЖАРАҚАТЫМА ҚАРАМАСТАН, ЖОСПАРЫМДЫ ОРЫНДАДЫМ

КЕБЕНЕК ІШІНДЕГІ КІСІЛІК

«ТӨҢКЕРІЛГЕН» ПИРАМИДА ЖӘНЕ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІК

5-бет 6-бет

Анар Т�ЛЕУХАНҚЫЗЫМырзагелді КЕМЕЛ

––––––––––––––––––––––––––«Газеттен «үй сатамын» де-ген хабарландыруды к�рген сайын жүрегім ауырады», дейді Катонқарағай ауылының тұрғыны Жәнібек Қызыр.«Жыл сайын мектеппен қош-тасып кетемін, жыл сайын қайтадан шақырып алады. Орнымызға жас маман келсе жақсы болар еді. Біз қашанға дейін жұмыс істейміз?» дейді шалғайдағы Марқак�лдің Т�с-қайың ауылының тұрғыны, зейнеткерлік жасқа келсе де, мектепте математика пәнінен дәріс беріп жүрген мұғалім Сәуле Тұратауова.Бұл – бұрынғы шекаралық аудандардағы түйіні тарқамаған к�п мәселелердің бір парасы ғана.––––––––––––––––––––––––––

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

Жастары жоқ ауылдарРесей, Қытай, Моңғолия секілді

үш бірдей мемлекетпен шектесіп жатқан Катонқарағай ауданында шешімін таппаған мəселелер аз емес. «Біздің жақта қыс ұзақ» деп Орал хан Бөкей жазғандай, алты ай қыты мыр қысы, ақырған аязы бар Алтайдағы халық санының жылдан жылға азайып бара жатқаны жайында көп айтылып жүр. Басқа басқа емес, дəл шекараның түбіндегі ауылдар-дың көпшілігінің жер бетінен жойы-лып, сау тұрғандарында саусақпен санар лықтай тұрғындардың қал ғаны жер гілікті жұртты алаңдатып отыр. Ел ішіндегі мəселелерге бейжай қара майтын аудандағы зия лы аза-мат тардың бірі Жəнібек Қызыр-дың айтуынша, қазіргі уақытта

Катон қарағай өңірінде бір кездегі 28 мың халық 12 мыңға дейін кеміп, шекараға жақын Талды, Қарайрық, Маралды ауылдарының үңірейген орны ғана қалған, Ақшарбақ, Шұ-ба р ағаш, Бекалқа, Мойылды, Сөгір, Қайыңды, Ақмарал ауылдары да құрудың аз-ақ алдында тұр. Бала туу көрсеткіштері де көңіл көншітпейді.

– Катон дегеніңіз жердің жəннаты ғой. Осындай жерұйық мекенде қазір қарттар ғана қалып барады. Жас тардың бəрі қала жағалап кетті. Халықтың үдере көшуі əлі ты-йыл май тұр. Солтүстігімізде емі-ніп Ресей, шығысымызда телмі ріп Моң ғолия, оңтүстік-шығысымызда тебініп Қытай тұр. Катонқарағайды иен қалдыру мемлекетіміздің қауіпсіздігін əлсірететін жағдай

екендігін сезінетін шақ келді. Қытай мемлекеті бізге іргелес Шыңжаң аймағына өз халқын барынша топ-тас тырып жатқанда, Ресей Алтай өлкесінің тұрғындарын қайткен күнде ұстап қалу үшін бар жақсылықты жасап отырғанда шекарамызды жалаңаштап тастауымыз жарамас, – дейді Катонқарағай ауданының құрметті азаматы Жəнібек Қызыр.

Катонқарағай мен Ресейдің Алтай өлкесіне қарасты Қосағаш – бір таудың бауырын жайлаған, ауылы аралас, қойы қоралас аудандар. Алайда, таулы аймақтағы екі аудан тұрғындарының əлеуметтік жағдайлары екі түрлі. Қоңсы қонған соң екі арада алыс-беріс, барыс-келіс болмай тұрмайды. 12 мың қазақ тұратын Қосағашта болған катондықтар мұндағы

тұрғындардың жалақысына 90 пайыз үстеме қосылатынын, отын түсіру-ге мемлекеттің жəрдемдесетінін, əйелдер – 50, ер адамдар 55 жаста зей неткерлікке шығатынын айтады.

Сонымен қатар, Қосағашта 25 жыл тұрған адам Ресейдің кез келген жері нен жеңілдікпен пəтер алатын көрінеді. Шекараны 8 бірдей күштік құрылымдар қызметі күзетеді. 2014 жылы сол өңірге сапарлап қайт қан Үлкен Нарын ауылындағы аудан-дық мұражайдың директоры Орал-ғазы Қажаев осындай жеңілдік-тер Катонқарағай мен Марқакөл-дің тұрғындарына да жасалса, тау-лы аймақтың қиындығы ескері ліп, ерекше мəртебе берілсе дейді.

(Соңы 5-бетте)

ТОЛҒАНДЫРАР ТАҚЫРЫП

Шекаралық аудандар: бірі озып, бірі тозып тұр...

Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

«Бұйырған кетпейді...» – 9-шы алтынды бәрібір

алдық!Уысымызда тұрған 9-шы алтын

медальдан қалай айырылып қалғаны-мыз туралы өткен нөмірлерден хабар-дар оқырманға айтарымыз, бұйырған кетпейді екен. Шаңғышылар бұл жолы аралас командалық спринтерлік жарыста нағыз шеберлік танытты!

Жарыс жолына Анна Шевченко мен Олжас Климин шыққанда-ақ үміттің жетегіндегі жанкүйердің ой құшағында қалғаны тектен тек емес. Өйткені, бұл Анна мен Олжасқа беріл ген ең бір тамаша мүмкіндік бола тын. Анна Шевченко – Алматы Уни версиадасында Қазақстанға ең ал ғашқы медальды сыйлаған спорт-шы. Класссикалық стильде 5 ша-қы рымдық қашықтыққа жүгір ген Анна екі мəрте де қола медаль ға қол жеткізген. Ресейдің шаңғы шы-лары Анна Нечаевская мен Лилия

Васильева сол жолда Аннамыздың алдын кезек-кезек кес-кестеп, алтын-ды да, күмісті де қолдан бермеді.

Ерлер арасындағы классикалық спринтерлік шаңғымен жүгіруде Олжас Климинге санаулы сантиметр-лер жетпей қалып, төртінші орынмен жарысты тəмамдаған.

Міне, сондықтан да бүгінгі аралас ко ман далық спринтерлік жарыста бар мүм кіндікті қолдан келгенше пайдаланып қалудың оңтайы келіп тұрды.

Жұптық жарыс барша қазақ-стан дық жанкүйердің үмітін ақтап шықты.

Ұзын сөздің қысқасы, сол бəскеде ерек ше өнер көрсеткен Анна Шев чен-ко мен Олжас Климин ұжымы еліміз-д ің қоржынына 9-шы алтынды салды.

Анна мен Олжастың жарыс қорытындысындағы көрсеткіші (18:23,48) ең үздік деп саналды. Француздар екінші (18:26,67) орынды иеленсе, бұл жолы ресейлік шаңғышы жұп үшінші орында (18:29,50) қалып, қола медальды қанағат тұтты.

Өкінішке қарай, қазақстандық

тағы бір жұп – Ольга Мандрика мен Сергей Малышев жұбы алтыншы орында (19:11,72) қалып қойды.

Денис Тен Қазақстанға 10-шы алтын медаль

сыйладыІшіне артық-кемсіз 12 мың көрер-

мен сыятын «Алматы Арена» мұз айдынды спорт сарайы халыққа лық толды. Жарыс төрт жарым сағатқа созылды. Халықтың сүйіктісі əрі үміті – мəнерлеп сырғанаушы Денис Тен кезегі бойынша айдынға ең соңынан, 24-ші болып шықты.

Əлемнің əр бұрышынан келген конькимен мəнерлеп сырғанаушылар бірінен соң бірі айдынға шығып, өнерін ортаға салды. Нағыз маман, яки спорттың бұл түрінен хабары бар адам болмаса, көпшілік көрермен шыр айналып секіріп, ақ айдында жұлдызша аққан спортшылардың біліктілігін саралап біле алмайтын еді. Бір рет құламаса да, төменнен, бірнеше рет сүрінсе де биіктен орын алған спортшылардың шынайы өнерін түсіну де қиынның қиыны болатын. Бұлайша өз ойымызды ортаға салуы-мызға Қазақстан намысын жыртушы Абзал Рахымғалиевтің айдынға алғаш-қы топпен шыққан сəті себепші болды.

(Соңы 7-бетте)

«Алматы Арена»10-шы алтынды сыйлады

––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жұманы жұп алтынмен тәмамдап, сенбідегі жарыстардан үлкен үміт күткен едік. Бұл сенбінің де жүгі ауыр, �йткені Универсиаданың бас ғимараты – «Алматы Аренада» мәнерлеп сырғанаудан басты үміткеріміз Денис Теннің �нерін тамашалау күтіп тұрған...––––––––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Үкімет Елбасының сынынан қорытынды шығаруға кірісті

Page 2: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

2 6 ақпан 2017 жылЖаңғырту 3.0

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан»

Еске салсақ, жұма күні Елбасының қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп, онда Үкіметке бірқатар нақты мін деттер қойылған болатын. Міне, сол тап­сырмаларға орай Үкімет тиісті шешім­дер қабылдап, тиімді шараларды қолға алуы тиіс. Сенбідегі шұғыл жиын ның да сыры осында.

Сонымен, Премьер­Министр еліміз­дегі бизнес­ахуалды жақсарту бойын­ша біраз жұмыс атқарылғанын, алай­да бизнеске реттеу жүктемесі артуын жал ғастырғанын атап өтті. Бұл ретте Премьер­Министр Ұлттық экономика және Әділет министрліктеріне осы мәселені шешуді тапсырды. Бұдан өзге, Ұлттық экономика министрлігіне мүд­делі органдармен және «Атамекен» ҰКП­мен бірге бір айда барлық бақылау­қадағалау функцияларын ауқымды тексеруді аяқтау тапсырылды. «Бірінші кезекте бизнеске көтеріңкі талаптар мен әкімшілік кедергілерді қысқарту қажет. Заңнамалық актілерге барлық қажетті өзгерістерді ағымдағы жылы қабылдау керек», деді Б.Сағынтаев.

Премьер­Министр Мемлекет бас­шы сы тарапынан салық органдарына көп сын айтылғанын еске салды. Осы­ған байланысты Б.Сағынтаев Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер коми­тетінің бизнесті тексеруді оңтайландыру тұрғысындағы жұмысын қайта құруды тапсырды. Бұдан бөлек, Премьер­Ми нистр Бас прокуратурамен бірге негізсіз жүргізілген істерді бір ай ішінде реттеуді жүктеді.

Сондай­ақ, Премьер­Ми нистр Ұлт­тық экономика министр лі гі не мүд­делі органдармен бірге жаңа Са­лық кодексін әзірлеу кезінде әкім­шілен діруді түбегейлі жеңілдетуді және оны барынша қарапайым етуді тапсырды. «Оның алдында біріктіріл­ген Салық және кедендік кодекс әзір­леу жоспарланған болатын. Алайда, Пре зи денттің тапсырмасына сәйкес Ұлт тық экономика және қаржы ми­нистрліктеріне жеке салық және кеден­дік кодекстерді әзірлеу қажет», деді Б.Сағынтаев.

Кеңейтілген отырыста айтылған 2018 жылдың соңына дейін кәсіпорын­дарды жекешелендіру жұмыстарын жеделдетіп, аяқтау туралы тапсырма да пысықталды.

Үкімет басшысының мәлімдеуінше, нысандардың басым бөлігі биыл өткізілуі тиіс. Қаржы министрлігі аталған жұмыстың ай сайынғы кестесін бақылауда ұстауы қажет. Бұдан өзге, Мемлекет басшысы мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік секторда қалатын нысандардың толық тізімін әзірлеуді тапсырды. Осы орайда, Б.Сағын таев Ұлттық экономика министрі Т.Сүлей­меновке Yellow pages rules қағи да­ларына сәйкес келмейтін, аталған тізім­д ерге кірмейтін нысандарды жою ды тапсырды. Бұл жұмыс 1 нау рызға дейін аяқталуы тиіс.

Үкімет басшысы, сондай­ақ, мем­ле кеттік сатып алулар жанындағы отандық тауарлар үлесін арттыруды тапсырды. Премьер­Министр Б.Сағын­таев автокөліктер бойынша орта лық­тан дырылған мемлекеттік сатып алулар тетігін енгізу отандық өндірушілердің әлеуетін арттырып, олардың өндірісін жаңғыртуға мүмкіндік бергенін айтып өтті. «Біз биылғы жылы аталған жұмысты жиһаз бен жеңіл өнеркәсіпте жүргізу жөнінде келісіп қойдық. Осыған ұқсас тәсілді енгізетін салалардың тізімін ұлғайту керек», деді Б. Сағынтаев. Осы­ған орай, Инвестициялар және даму министрлігіне ҰКП­мен бірлесіп бір аптада аталған мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Бұдан өзге, Қаржы министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірле­сіп, барлық мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде отандық өнімді пай­далану тұрғысынан конкурстық құжат­таманы тиянақты түрде тексеру тапсы­рылды. Бұдан бөлек, Б.Сағынтаев квази мемлекеттік сектордың сатып алу жұмысына тоқталды. Ол бұл мәселеде

бірыңғай саясаттың жоқ екенін айтып, бір апталық мерзімде осы компанияларға арналған, айқындық пен қолжетімділік ескерілген, сатып алулардың бірыңғай ережелері бойынша ортақ тәсілдеме әзірлеуді жүктеді. Сонымен қатар, Премьер­Министр Инвестициялар және даму, Қаржы министрліктеріне ҰКП және ұлттық холдингтермен бірле­сіп, квазимемлекеттік сектор мен жер қой науын пайдаланушыларды қосып, тиіс ті деректер базасын біріктіре оты­рып, сатып алулар мен өндірушілер­дің бірың ғай ІТ­платформасын құруды мін дет теді. Сондай­ақ, Инвести ция­лар және даму, Энергетика министр­лік теріне «Самұрық­Қазына» қоры және әкімдермен бірлесіп, әрбір ірі кәсіп орын мен жұмыс жүргізіп, жергі­лікті қамту ды ұлғайту бойынша мақсат­ты ин дикаторды белгілеу тапсырылды.

Жұмадағы кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысы тарапынан мем ­лекеттік­жеке меншік әріптестігі тетік­терін қолданудың төмен қарқын­дарына, әсіресе, өңірлерге қатысты да сын айтылған болатын. Осыған бай­ланысты Премьер­Министр Ұлттық экономика министрлігіне бір айда процедураларды одан әрі жеңілдету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. Бірінші тоқсанның соңына дейін түрлі салалардағы типтік жобалар тізімін кеңейту және осы мәселе бойынша өңірлерге толық әдістемелік қолдау көрсету тапсырылды.

Үкімет басшысы, сондай­ақ, экспорт және импорт жөніндегі ұлт тық ком­паниялар құру мәселесін пысықтауды жүктеді.

Б.Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне салалық ми­нистр ліктермен және әкімдіктермен бірге Президент мысалға келтірген 72 нысанның әрқайсысы бойынша пысықтауды және сәйкес шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды. Сон­дай­ақ, аталған министрлікке мүд делі мемлекеттік органдармен, әкімдіктер­мен және Ұлттық палатамен бірге жаңа жобаларды іріктеу бойынша тиімді тәсілдерді әзірлеу тапсырылды. Бұдан өзге, Премьер­Министр екі апта­лық мерзімде экспорт және импорт жөнін дегі ұлттық компаниялар құру бойынша ұсыныстар енгізуді, сондай­ақ, Сыртқы істер министрлігімен бірге біздің өнімдердің экспортын шет ел на­рықтарында ілгерілету бойынша ор тақ жоспарды әзірлеп, бекітуді тапсырды.

Премьер­Министр денсаулық сақ­тау саласына қатысты да бірқатар мәсе лелерді қозғап, министрлікке нақ­ты тапсырмалар жүктеді. Үкімет бас­шы сының айтуынша, денсаулық сақ­тау саласында, бірінші кезекте, ұзақ мерзімдік негізде отандық өндірушіден дәрі­дәрмек пен медициналық мақсат­тағы бұйымдарды сатып алуды ұлғай­ту жөнінде тиісті шаралар қабылдау қажет, сонымен қатар, оларды сатып алу про цедураларының айқындығын қам та масыз ету керек. Сонымен қатар, дұрыс баға белгілеу үшін медициналық техниканың Бірыңғай номенклатурасын құру тапсырылды. Медициналық сақ­тан дырудың міндетті жүйесін енгізуге баса назар аудару қажет.

«Білім беру туралы айтар болсақ, жалпы, Президент аталған саладағы жаңа тәсілдерге қолдау білдірді», деді Үкімет басшысы. Сонымен қатар, Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевке ха­лық арасында 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу, үштілділік және ҰБТ­ның жаңа жүйесі жөнінде сауатты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды. Бұл жұмысқа Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де атсалысуы керектігін баса айтты.

Кеңейтілген отырыста кеңінен қоз ғал ған мәселенің бірі мемлекеттік бюджетті игеру мәселесі болатын. Премьер­Министр бюджет қаражатын үнемді пайдалану мәселесінде шығын­дарды сапалы және бірқалыпты жоспар­лау қажет екенін атап өтті. Осыған бай­ланысты Қаржы министр лігіне мем­лекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларын бекіту кезінде қатаң позиция ұстану қажеттігін айтты.

–––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депу­таттары, «Нұр Отан» партия­сы фракциясының мүшелері Бақтияр Мәкен мен Снежанна Имашева Елбасының халыққа арнаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсін­діру мақсатында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аг­рар лық­техникалық универ си тетінің профессорлық­оқыту­шылар құрамымен және студент жастармен кездесті.–––––––––––––––––––––––––––

Жастарға сенім жоғары

Қазбек ҚҰТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Кездесу барысында нұротандық депутаттар Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақ­станныңҮшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ел дамуындағы маңызды басымдық­тарын саралап, қойылған әр міндеттің көздеген мақсаттары туралы ой бөлісті.

– Елбасының Қазақстан хал қына арнаған Жолдауы қоғамды толған­дыратын барлық өзекті мәселелер­ді қамтиды. Мұнда қауіпсіздік, ме­дицина, білім беру, экономика – яғни, барлық сала көрініс тапқан. Қазақ стан әлемдік қоғамдастықтың бір бөлігі болғандықтан, біздің елі­міздегі өзгерістер көшбасшылар дең­гейінде болуы тиіс. Қазіргі кезде біз­дің рейтингіміз жоғары – Қазақстан 200 елдің ешінде 50 алдыңғы қатарлы үздіктердің құрамында. 30 дамыған елдің құрамына ену үшін біз бір орын­да тұрып қалмауымыз қажет, – дейді Снежанна Имашева. – Жолдаудағы басымдықтардың бірі, экономиканың драйвері болып саналатын, аграрлық сектор. Біздің еліміз бұл сала бойын­ша ресурстарға бай: жеріміз кең, мал шаруашылығында білгір мамандары­мыз да бар.

Бұл орайда, бастысы, аграрлық сектор саласында мамандар даяр­лау, сондықтан аталған кездесудің ауыл шаруашылығы саласындағы бел гілі ғалымдар мен практиктердің аль маматерінде өткені жайдан­жай емес.

– Жолдауда жаңа талаптарға сай жаңа кадрларды даярлауға үлкен көңіл бөлінген. Студенттерге бірінші курс­тан бастап технология, осы заманға сай идеялар, әлемнің ғылыми прогресс жаңалықтарын үйретуіміз қажет, – дейді Бақтияр Мәкен. – Университет басшылығы ауыл шаруашылығы сек­торын дамытуды ғылыми­зерттеу, сандық технологиялар үдерістеріне бағытталуы тиіс.

Сондай­ақ, халық қалаулысы жас­тардың патриотизмге, Қазақстан мен шет елдерде оқуға және үш тілді жетік меңгеруге аса мән берулері керектігі туралы айтты.

ОРАЛ

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Сапар аясында депутаттар Мем­лекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша облыс тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, бастауыш партия ұйымдарының мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Әуелі Парламент Мәжілісінің депутаттары «Агромашхолдинг» АҚ­тың жұмысымен танысып, кәсіп­орынның еңбек ұжымымен кез десті. Өз сөзінде Айгүл Нұркина Жол­даудың басым бағыттарына тоқт алып өтті. Атап айтқанда, депутат ұжым назарын биылғы Жолдауда қозғалған еңбек нарығын жаңғырту және бизнес­ортаны кеңейту мәселелеріне аударды.

Айгүл Қабдешқызы кездесу бары­сында «Жол картасы» және жұ мы с­пен қамту орталықтарының рефор­малаудан өтіп, оның базасында бар­лық елді мекендерде бар бос жұмыс орындары тіркелген бірыңғай онлайн платформасы ұйымдастырыла ты ны туралы әңгімеледі. Айта кету керек, әкімдіктер әзірлейтін осы «Жол карталары» бойынша қысқартыла­тын қызметкерлерді қайта даяр­лау және оларды одан әрі жұмыс­қа орналастыру мәселесі шешімін табатын болады.

Сонымен қатар, депутат Нәти­желі жұмыспен қамту және бұқара­лық кәсіпкерлікті дамыту бағдар­ламасы туралы және оны іске асыру жұмыстарына Үкімет жаңа жыл дан бастап кіріскені туралы да атап өтті. «Осы бағдарлама аясында Қазақ­стан азаматтары өз бизнесін жүр­гізу үшін ауылда да, қалада да 16 мил лион теңгеге дейін шағын несие ала ала ды. Сонымен қатар, биз несті жүр гізу және қаржылық сауат тылық­қа үй рету бойынша да жұмыстар ұйым дастырылатын болады деп

жос парлануда. Бағдарламада басты назар отбасылық бизнестің дамуына ерекше көңіл аударылатын болады», – деп толықтырды депутат.

«СарыарқаАвтоПром» ұжымымен әңгімелесу барысында депутат Айзада Құрманова ерекше атап өткен­дей, Мемлекет басшысы биылғы Жол дауында Қостанай өңіріне тән агроөнеркәсіптік кешен, машина жа­сау салаларына басты назар аударды. «Мемлекет басшысы электромобиль

өндірісін экспорттық бағдардағы одан әрі дамыту бойынша нақты басымдық ретінде белгіледі, оны жүзеге асыру барысында шамамен 20 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарлану да. Бүгінгі таңда, Н.Назарбаев атап өт­кен дей, екі жоба іске қосылды, оның біреуі – осы сіз жұмыс істеп жүр­ген JAC электр автомобильдерін құрас тыру зауыты», – деді Айзада Амангелдіқызы.

Кездесу барысында Елбасының 25 қаңтардағы Үндеуінде атап өткен билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі ұсынылатын конституциялық рефор­малары туралы Светлана Бычкова әңгімеледі.

Депутаттар А.Байтұрсынов атын­дағы Қостанай мемлекеттік универ­ситетінің профессорлық­оқытушылар құрамымен, студенттерімен және Қостанай облыстық ішкі істер депар таментінің ұжымымен кез­десу өткізді. Сондай­ақ, Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Симонов пен А.Базарбаев «Нұр Отан» партия­сының Қостанай қалалық филиалында азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізді.

Айта кету керек, бір күн бұрын депутаттар биылғы Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша өңірлік Іскер әйелдер қауымдастығының мүше лерімен және «Нұр Отан» пар тия­сының облыстық филиалының активі­мен кездескен болатын.

Қостанай облысы

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауында айтылған бастамалар шараның басты тақырыбы болды.

Сенатор М.Тағымов аймақ жұрт­шылығына арнаған сөзінде «Мем лекет

басшысы қазақ стан дықтардың ал­дына елімізді Үшінші жаңғырту ту­ралы міндет қойып отыр. Өткен екі жаңғырудағы жоғары жетістіктер бізді қазіргі кезде де, келешекте де табысқа жетелеуі тиіс», – деді.

Депутат өз сөзінде Жолдаудың не гізгі ережелері мен оны іске асыру жолында алда тұрған міндеттер тура­лы хабардар етті. Билік тармақтары

арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, жергілікті мемлекеттік және өзін­өзі бас қару органдары қызметінің құқық тық негіздерін жетілдіру, жекемен шік құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған алдағы рефор маларға баса назар ау­дарылды.

Мәслихат депутаттары мен қара­пайым азаматтар Мемлекет басшы­сы ның Жолдауында белгіленген міндеттер мен мақсаттарды іске асыруға әзір екен д іктері туралы ойла­рын ортаға салды.

АҚТӨБЕ

Тапсырмалар тиянақталдыҮкімет Елбасының сынынан қорытынды шығаруға кірісті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер­Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен сенбіде Үкіметтің кезектен тыс отырысы өтті. Онда кеңейтілген отырыста берілген Президент тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жетістіктерді жалғастыру жолында––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Сенатор М.Тағымов Ақтөбе облысындағы Темір ауданында болды. Аудан орталығы Шұбарқұдық ауылында депутат аудан активімен, еңбек ұжымдарының өкілдерімен, ардагерлермен, сондай­ақ аудандық құқық қорғау, сот және прокуратура органдарының қызметкерлерімен кездесті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қанат ОСПАНОВ,«Нұр Отан» партиясы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының бөлім меңгерушісі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылдың 31 қаң­тарын да жариялаған Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің даму кезеңдерін және қазіргі уақытта елдің алдында тұрған экономикалық мәселелерді атап көрсетті.

Қазақстан Бірінші жаңғыру кезеңін­де жоспарлы экономикадан нарық тық экономикаға көшті. Екінші жаңғыру «Қазақстан­2030» Стратегия сының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынумен басталды. Екінші кезеңнің нәтижесінде еліміз әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мем­лекеттің қатарына кірді.

Өз Жолдауында Мемлекет басшы­сы Қазақстанның Үшінші жаңғыру міндеттерін атап өтті. Бірі н ші басым­дықта елдің үдемелі техноло гиялық жаңғыру мәселелері көрсетіл ген. Ол, ең алдымен, өмірдің барлық сала ларына ақпараттық (IT) технология лар енгізу

қажеттігін білдіреді. Еліміздің дамуы жаңа инновациялар IT­технологиясымен байланысты. Қазақстан тек тұтынушы емес, сондай­ақ, IT өнімдерін өндіруші елге айналуға тиіс.

Екінші басымдық – бизнес­ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту бо­лып табылады. Қазақстанның Үшінші жаңғыруында бизнес шешуші рөл атқаруға міндетті болады. Президент айтқандай, бизнес үшін шығындардың барлық түрлерін қысқарту ең маңызды шаралардың бірі болуы керек және бұл тек электр энергиясына, байланыс қа, логистикаға, коммуналдық шығын дарға ғана емес, сонымен қатар, әкімші лік шығындарға қатысты дейміз. Эконо­мика дағы мемлекеттік сектордың функциялары барынша жеке бизнеске өтуі тиіс.

Үшінші басымдықта Президент макроэкономикалық тұрақтылықты белгіледі. Бұл салада, ақша­несие сая­сатында және экономиканы қаржы­ландыруда жеке капиталды тартуды ынталандыру рөлін қалпына келтіру керек. Біздің ойымызша, Ұлттық банк туралы Президент өте маңызды мәселе көтерді. Ұлттық банк тек қана

инфляция ғана емес, сонымен қатар, экономиканың өсуіне жауапты болуы тиіс. Бұл Ұлттық банк миссиясының түбегейлі жаңа анықтамасы болып та­былады.

Президент экономиканы қолжетімді және ұзақ мерзімді қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Ұлттық банк пен Үкіметке нақты тапсырма берді. Мұндай қаржыландырусыз экономиканың қайта өсуі мүмкін емес.

Төртінші басымдық – адами ка­пи талдың сапасын жақсарту. Осы ба­сымдықтың маңыздылығы, яғни ХХІ ғасыр дағы жаңғыру барысы тек білімді, бел сенді қоғамға ғана сүйенгенде жүзе­ге асатыны ешқандай талас тудырмай­ды.

Бесінші басымдықта Президент институттық реформалар мен қауіп­сіздік мәселесі және сыбайлас жем­қорлық қа қарсы күресті атап көрсетті. Мен шік құқығын қорғау және сыбай­лас жемқорлықты азайту ел дің жаң­ғыруы кезеңінде стратегиялық маңызы зор қадам болып табылады. Осы лайша, Президенттің бұл Жолдауы Қазақстан­ның қазіргі замандағы рөлін және орнын анықтауда тағы бір ірі қадам болды.

Басым бағыттарға назар аударылды

Өрлеу негізі – білімді де белсенді қоғам

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Мәжілісінің депутаттары А.Нұркина, А.Құрманова, С.Бычкова, С.Симонов, А.Базарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысында болды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

6 ақпан 2017 жыл 3Жаңғырту 3.0

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

– Мемлекет басшысы эко но миканың толыққанды драйвері ретінде құрылыс сек торын одан әрі дамыту­дың міндетін қойып отыр. Тиім ді тұрғын үй саясаты­ның нәтижесінде алғаш рет 2016 жылы Қызылорда об­лы сында жарты миллион шар шы метрден астам тұр­ғын үй салынды. 15 мыңға жуық жер телімдеріне бір жарым мың шақырымға таяу ин женерлік жүйелер тар тыл­ды. Инженерлік­ком му ни ка­ция лық инфра құры лым ды тар ту жө ніндегі ауқымды жұ мыс тар көп жылдардан

ке йін тұңғыш рет облыс ау­дан д а рын да да қолға алынды.

Сондай­ақ, Елбасы алды­мызға еңбек өнімділігін арт­тыруды міндеттеп отыр. Соң ғы жылдары біз өңдеуші секторды тұрақты дамытуға қол жеткіздік. 2016 жылдың қорытындысы бойынша ғана бұл саладағы өсім 15 пайызды құрады. Егер оны 2012 жылмен салыстырсақ, өсім – 52 пайыз. Осы сала­да ғы еңбек өнімділігі 6 есе өсті. Нәтижесінде өне р­кәсіп құрылымында өңдеу се к торының үлесі 4 есеге, ал, аймақтық жалпы өнім құ рылымында 3,5 есе кө­бей ді. Біз қарқынды тө­м е н д е т п е у і м і з қ а ж е т .

Ин но вацияны қолдау және олар ды өндіріске жылдам енгізу жаңа индустрияны қалып тастырудың маңызды шарты болып табылады, – деді Қырымбек Көшербаев.

Білім беру жаңа эконо­ми калық өсудің орталық буыны болуы тиіс. Облыс әкімі мектепке дейінгі білім беру саласында 3­6 жас ара­лы ғындағы бала лар ға тәрбие мен білім беруді толығымен қамту туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын Қызылорда облысы 2015 жылы мерзімінен бұрын орын дағанын атап өтті.

– Бұған өңірде мемле­кет­жекеменшік әріптестігін дамытудың арқа сын да

қол жеткіз ілді . Бү г ін­гі таңда облыстағы бала­бақ шалардың 70 пайыздан астамы осы жүйемен жұмыс істейді. Егер де мемлекет 10 жыл ішінде 37 балабақша салып берсе, соңғы үш жыл­д ың өзінде жеке сектор 380­нен артық балабақша ашты. Қызылорда облысы­ның жағымды тәжірибесін Мемлекет басшысы өз Жол­дауында атап өтті, – деді ол.

Қызылорда облысында стра тегиялық құжаттың бас қа да басымдықтары бо­йын ша ауқымды жұ мыс ­тар атқарылды. Мы са лы, би зне с ортаны тү бе гейлі жақ сарту және кеңей ту ая­сын да облыста кәсіп кер лік үйі салынып, бір ай бұ рын кәсіпкерлерге қыз мет көр­сету орталығы жұ мы сын ба­с тады. Өткен жы лы кү ріш ­тен алынған рекорд тық өнім, өңдеу өнер кәсібі нің қар қын­ды дамуы – ай мақ тағы оң өзгерістердің ай қын дәлелі. Сонымен қатар, Жол дау да айтылған бірінші ба сым дық, яғни эконо ми ка н ың же дел тех нологиялық жа ң ғыр ­тылуы бағытында да өңір де нақты істер қолға алы н ған.

Аймақ басшысы Қырым ­бек Көшербаев жиын со­ңында Мемлекет басшы­сының Жолдауын жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты тапсырма лар жүктеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Өңір басшысы Нұр­мұхамбет Әбдібеков бірін­ші кезекте Жолдау міндет­терін орындауда Қара ған­ды облысының рөлі мен әлеуетіне тоқталды. Сондай­ақ, ол Қазақстанның Үшінші жаңғыруына көмірлі аймақ бірқатар жетістіктерімен келгенін атап өтті.

Аймақ басшысының сөзі­не қарағанда, жыл қо ры тын ­дысы бойынша ай мақ тық жалпы өнімнің артуы 1,3% деңгейінде. Ауыл шаруа­шылығының жал пы өнім шығару көле мі жыл қоры­тындысы бо йы н ша 108,6% дең ге йін де қам тамасыз етіл­ген. Ша ғын және орта биз­нес шаруашылық субъек ті­лерінің саны 7%­ға артып отыр. Негізгі капи тал ға 315,4

млрд теңге ин вес тиция салы­нып, 2 809 пәтер пайдалануға беріл ген. Жұмыссыздық дең­гейі 4,9% құраған. 2016 жылы Индустрияландыру карта­сының жалпы құны 100 млрд теңгені құрайтын 10 жоба сы іске асырылған. Мың ға жуық жұмыс орны ашылған.

ҚарМТУ ректоры, тех ­ни ка ғылымдарының док ­торы Марат Ибатов ғалым­дар қауымдастығы Мем ле кет басшысы ұсынған Қазақ стан экономикасын жаңғырту­дың үдемелі те х но логиясын толық қол дайтынын және ин­дус т рияны дамытуға ғы лым ­ның инновациялық үлесін арттыруға, қажетті ма ман­дарды дайындау бойын ша міндеттемені сапалы орын­дауға ерекше жауап кершілік сезініп отырғанын айтты.

Жиналыста Жезқаз ған қалалық мәслихаты ның

депутаты, білім беру са­ла сының меценаты, об­лыс тық Қазақстан халқы Ассам блеясының Жезқаз­ған қаласындағы қоғам дық кеңесінің төр ағасы Бек­зат Алтынбеков, «Қазақ­мыс корпорациясы» ЖШС Нұр қазған кен байыту фаб­рикасының директоры Мұрат Бөрібаев, «Гип­пократ» ЖШС директоры На дежда Хохлова, «Кәсіп­кер лікті қолдау және да мыту қоры» корпоративті қоры­ның директоры міндетін атқарушы Сайран Сыздықов және Шет ауданы «Ақатан» ШҚ басшысы Біржан Иманов сөз алды. Мәселен, Біржан Иманов өз кезегінде бұл Жолдау ауыл еңбеккерлеріне үлкен рух бергенін, мемлекет қолдауының арқасында өз шаруашылығына Ресей­ден 200 бас ірі қара сатып алын ғанын, ауданда 28 үй шаруа шылығы бірігіп, «Алға» кооперативін құрға­нын, ауыл шаруашылы ғын­дағы субсидияларды бөлу жағдайларын қайта қарау,

несиелік жеңілдіктер, өзге де маңызды шаралар шын мәнінде өз тиімділігін көр­сетіп отырғанын жеткізді.

Кездесуді қорытын ды­лаған Н.Әбдібеков об лыс­тың әрбір тұрғынына осы құжаттың мәнін түсін діру керек тігін, мұнда еліміз дің алдағы уақыттағы әрі қарай­ғы іс­әрекетінің барлық бағ­дар ламасы көрсетілгенін, осы орай да қарағандылықтар да Ел басы Жолдауында бел­гі лен ген міндеттерді сәтті орын дау үшін бар күшін сала­ты ны на сенім білдіретінін айтты.

Сондай­ақ, облыс бас­шысы жаңа нарыққа шығу, сапасы жоғары өнімдер өндіру, оның ішінде, көмірді терең өңдеу бойынша тех­но логиялар мен көмір хи­мия сы өндірістерін құру қа жеттігіне назар аударды. Жиын соңында Н.Әбдібеков басқармаларға, қалалар мен аудандар әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

ҚАРАҒАНДЫ

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

– Жас тәуелсіз мемле­кеті мізді нарықтық эконо­мика құруға бағыттаған Бірінші жаңғыру елімізде бірлік пен тұрақ тылықтың негізін қалап берді. «Қазақ­стан­2030» бағ дарлама сы­ның алды на жаңа міндет­тер қойған кезең де әлем­дегі бәсекеге қабі летті елу елдің қатарына қосыл дық. Үшінші жаң ғыру мен бай­ланысты Жол дау ел дің осы кезге дейін бағындырған белес терін нығайта отырып,

бәсе келестікке қабілет тілік ті қам тамасыз ететін экономи­калық жаңа бағдарларды құруға негізделген, – деді Архимед Бегежанұлы.

Тәуелсіз еліміздің ауыл шаруа шылығын дамыту­ға тәжірибесімен, білікті­лігімен мол үлес қосқан Қазақ станның Еңбек Ері Сайран Бұқанов Жол дау­да осы саланы серпін бере дамы ту мәселесінің өте дұ­рыс қойылғанына тоқталды.

– Елбасы Қазақстан Еура зия ның «нан кәрзең­кесі» болуы керектігін дұрыс көрсеткен. Осы тапсырма үдесінен шығуға толық

мүмкіндік бар деп білемін. Өйткені, бір Қостанай об­лысының өзі жыл сайын 5 миллион тонна астық өндіреді. Қазір біздің алды­мызда шикізат өндіруден өңдеу өнеркәсібін дамытуға қарай жылжу мәселесі тұр. Бұл бойынша облыста жақ­сы жұмыстар жүріп жатыр. Егіс алқаптарын әртарап­тандыру, сөйтіп Қостанайда болашақта жылына 300 мың тонна май өндіре алатын зауыт үшін майлы дақылдар алқабын көбейте беретін боламыз. Ол үшін мемле­кет тарапынан субсидия бөлініп, қажетті мүмкіндік жасалуы керек, – деді Сайран Бәлкенұлы.

Е л б а с ы Ж о л д а у д а «экс порт қа бағдарланған электро мобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысық тау ды тапсырамын» деп міндет қояды. Ал өт кен 2016 жылы Қостанай қала­сында 12 электромобиль сапқа қойыл ды.

– Қазақстанда ин ф ра құры­лымның әлі жет кіліксіздігі­нен элек тро мобиль дерге сұра ныс іркіліп тұр. Бірақ бұл мем лекеттік дәрежеде шеші мін таппақ. Соның ішін­де Алматы қаласы әкімдігі мен AllurGroup компаниясы ара сындағы меморандум­ға сәйкес оңтүстік астанада электромобильдерге арнал­ған 40 токпен қуатталатын бекет ашылатын болады. Осын дай мемлекеттік қол­дау дың арқасында жа қын жылдары бұл көлік қазақ ­стан дықтар үшін нағыз өмір шындығына айналады, – деді AllurGroup компания сының президенті Олег Цой.

Кеңейтілген мәжілісті қорытындылаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Жол дауда айтылған Елбасы тапсырмаларына жеке­жеке тоқтап, ол бойынша облыста жүргізілетін жұмыстарды терең талдап көрсетті.

ҚОСТАНАЙ

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Ж.Дүйсебаев пен А.Соловьева, Ғ.Байтұқ, Р.Сәрсенбаева сынды қоғам қайраткерлері және түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

«Қауіпсіздік және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс­қимыл – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауының негіз­гі басымдықтары» тақырыбымен өткен жиынға агенттік төрағасының орын­басары А. Шпекбаев жетекшілік етіп, сөз алғандар сыбайлас жемқорлық көрініс­терін тудыратын себептерді айтып, оның салдарымен күресудің әдіс­тәсілдерін қызу талқылады.

Сондай­ақ, жиын барысында бұл күнде ел арасында «Пара берме және алма!» деген атаумен қоғамдық шаралар жүргізіліп жатқандығы айтылды. Ал қоғам белсенділерінің түсіндіруінше, бұл жобаға түрлі үкіметтік емес ұйымдар көптеп тартылып, ол туралы БАҚ­тар мен әлеуметтік желілер арқылы кеңінен насихатталуы қажет көрінеді. Себебі, қай қоғам болса да ең алдымен тұрмыстық жемқорлықты түбегейлі жеңбей және оны түп­тамырымен жоймай мемлекеттік деңгейде ілгерілеушілік болмайтыны белгілі.

Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ф.Жақыпова осы тақылеттес ойларын өз сөзімен сабақтай келе, қо ғам арасында сыбайлас жемқорлықты жою­мен қатар, этикалық құндылықтарды нығайтуға бағытталған «Адалдық жолы» жобасының тұсауын кесті.

«Қалың бұқараны аталған жобаға кеңінен қатысуын қамтамасыз ете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы акциялар өткізу, сыбайлас жемқорлық нәтижелерін жүйелі түрде жариялау, БАҚ арқылы адал әрі әділ мемлекеттік қызметшілер туралы шынайы оқиғаларды көрсету арқылы «ақпараттық танымның» маңыздылығын арттыруымыз қажет. Сонымен қатар, жоба аясындағы қызметті әлеуметтік желі лер арқылы да белсенді жүргізу керек тігін қаперге алғанымыз абзал. Нәти жесінде, жемқорлықпен күрестегі жұмы сы мызды желі арқылы жеңілдете түсетін боламыз», – деді Ф.Жақыпова.

Отырыс аясында қатысушылар тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс­қимылдың түрлі тиімді үлгілері мен тәсілдері ұсынылды. Олардың қатарында мәдениет пен ақпарат, әдебиет пен азаматтық қоғам салаларындағы ауқымды мәселелерді талқылауды қарастыратын әлеуметтік жобалар көпшілік тарапынан қызу қолдауға ие болды.

Халқымыз Тәуелсіздік таңына дейін талай қиын кезең дерді бастан кешті. Мем­лекетті қалыптастыру, ұлтты сақтау мәселелері төңірегін­де де көптеген жұмыстар ат­қарылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің ширек ғасырлық тарихында тағдырлы кезеңдер қалып­тас тырып, ұлттың алдына маңыз ды міндеттер мен айқын мақ саттар қоя білді. Нәтижесінде еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, әлемдік аренада өзінің тарихи орнын иеленді.

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда айтылған маңызды міндеттер мен айқын бағыттар еліміздің одан әрі дамуына ерекше серпін берері анық. Маңызды құ жатта Елбасы Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мем лекеттің қатарына қосылуға тиіс еке нін атап көрсетті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналатынын да айтты. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында өндіріс сала­ларын басқару бағдарламалары айтар­лықтай жүзеге асып келеді. Бұл да өз кезе гінде еліміздің өндірістік саласын дамытуға ерекше әсер ететіні сөзсіз.

Тағы бір айта кетерлік маңызды жайт, Елбасы Қазақстанның өз инвестициялық стратегиясы болуға тиіс екенін де

мәлімдеді. Бұл да келешекте еліміздің өндіріс, индустрия салаларын дамытуға ерек­ше серпін береді. Сондай­ақ, Елбасының назарынан ауыл шаруашылығы, әлеумет, білім беру, денсаулық сақтау салалары да тыс қалып көр­ген емес. Аталған салаларды одан әрі дамыту мақсатында Мемлекет басшысы Үкіметке нақты тапсырмалар берді.

Еліміз, әсіресе, адам өмірін және оның құқығын қорғауды ерекше басшылыққа алып келеді. Бұл орайда Елбасының қадамы құптарлық. Сондай­ақ, Жолдауда адами капитал сапасын жақсартуға да ерекше назар аударылған. Нұрсұлтан Әбішұлы адами капитал сапасының жақсаруы білімге тікелей байланысты екенін де айтып отыр. Әсіресе, қоғам үшін түйткілді мәселеге айналып келген қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі туралы тапсырмасы да өзекті.

Елбасының әр Жолдауы – еліміз үшін де, жеріміз үшін де маңызды. Себебі, нақты міндеттер белгіленіп, мақсаттар айқындалады. Толайым табысқа қол жеткізу үшін де асқан ауызбіршілік пен тыныштық керек. Бұл тұрғыда еліміз әлемге бейбітсүйгіш қалпымен де үлгі көрсетіп келеді.

Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, «Қазфосфат» ЖШС бас директоры,

Қазақстанның Еңбек Ері

Жамбыл облысы

Еліміз Тәуелсіздік алған­нан кейінгі аралықта көпте­ген құрылымдық өзгерістер ді жүзе ге асырып, аса маңыз­ды нәти желерге қол жеткізді. Ал Елбасы Жолдауында алға қойыл ған міндеттер мен мақ­саттар осы 25 жыл ішіндегі табыстардың заңды жалғасы болып табылады.

Президент Жолдауы ұзақ мерзімді стратегиялық сипат­қа ие. Онда сыртқы экономикадағы құбыл малы әсерлер кезінде қоғамның әл­ауқатын арттыруға бағытталған кешенді шара лар қамтылған. Жаңа жаһандық талаптарды назарға ала отырып, қазіргі таңда елдің ішкі әлеуетін күшейте түсу кезек күттірмейтін мәселе деуге болады. Осы мақсатта Президент орнықты эконо­микалық өсімге, ұлттық экономиканы технологиялық жаңғыртуға, іскерлік ор­таны жақсартуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, адами капиталды сапалық тұрғыда арттыру­ға, сонымен қатар, институттық қайта құруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нәти желі күрес жүргізуге бағытталған басым дық тарды атап көрсетті.

Жолдауда айтылғандай, көлік­логис­ти калық инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес сынды салаларды дамыту ұлттық экономиканы алға сүйрейді. Елдің азық­түлік қауіпсіздігін қамтамасыз

етудің негізі саналатын агро­өнер кәсіп кешенінің Қазақ­стан экономикасы үшін қан­ша лықты зор маңызға ие екендігі соңғы жылдары ай­қын байқалды. Сол себеп ті, алдағы уақытта да агро өнер­кәсіп кешенін одан әрі дамыту көзделіп отыр. Коопера тив­тердің рөлін күшейту, шикі­затты тереңдетіп өңдеу әрі оны сақтау сапасын жақсарту,

тасымалдау мен өткізу, егістік жерлерді кеңейту, аграрлық ғылыми зерттеулерге инвестицияны көптеп бөлу сынды нақты шаралар ауыл шаруашылығы саласының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін ар т­тыруға ықпал етеді деген ойдамын. Осы орайда, қазірдің өзінде Қазақстан ауыл шаруашылығы секторының әлеуеті бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналатынын айта кету керек.

Жалпы, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар Үшін­ші жаң ғыру да алға қойылған міндет­тер мен мақ саттарға қол жеткізуге өте тиімді ықпал ететіні анық. Қазіргі таңда Қазақстан жаңа саяси, экономикалық, әлеуметтік дамудың қарсаңында тұр деп санаймын.

Анна АЛЬШАНСКАЯ, Қазақстан Президенті жанындағы

Стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері

Стратегиялық сипатқа ие–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси бетбұрыстарға қадам басқанын мәлімдеді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарағандылықтар Ел ба сы ның «Қазақстан ның Үшінші жаңғыруы: жаһан дық бәсекеге қабілет тілік» тақырыбындағы Жол дауын облыс әкімінің ак тивінде талқылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жол дауын талқылау үшін аудан дар мен қалалар әкімдері нің орын басар лары, кәсіп керлер, шаруашы лық бас шылары, үкімет тік емес ұйымдар өкіл дері бас қос қан кеңей тіл ген мәжі лісте облыс әкімі Ар хи мед Мұхамбетов Ел басы Жол дауы еліміз дамуы -ның бағы тын айқын дап және нақ ты тапсырмалар бер-генін атап көрсетті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жемқорлықпен күрес желі арқылы жеңілдемек

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысының Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресу ісін заман ағымына сай жетілдіру қажеттігі нақты баяндалған. Сондай мақсатпен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азаматтық қоғамның рөлін арттыру мәселелері бойынша талқылау өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Міндет белгіленіп, мақсат айқындалды

Экономика инновацияларға арқа сүйеуі қажет

Жаңа индустрия қалыптастырудың алғышарты

Даму бағытын нақтылаған құжат

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қызылордада облыс ак тивінің отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының Қазақ стан халқына арнаған Жол дауында белгіленген ба сым дықтар бойынша ай мақ ты одан әрі дамыту мә се лелері талқыланды. Қы зыл орда облысының әкі мі Қы рым бек Көшербаев өңір де сәтті жүзеге асы рыл ған бағ д ар ламалар жай лы баян дап, Жолдау басымдық-тары нан туындайтын алда ғы мін деттерге кеңірек тоқталды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 4: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

4 6 ақпан 2017 жылКонституциялық реформалар бағдарламасы

туыстық туы

сырт Көз – сыншы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасының 25 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі жарияланған болатын. Осыған орай жұма күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Елбасы Үндеуі – Жаңа реформалар» тақырыбында жиын өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қаңтардағы «Мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді бөлісу» жайлы Үндеуіне орай облыс орталығындағы С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте аймақтық конференция бо-лып өтті. Конференцияға «Болашақ» бағдарламасының түлектері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, сту-денттер мен Азаматтық қоғам өкілдері қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ж а қ ы н д а Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Қ ы р ғ ы з Республикасындағы елшілігінде елші Айымдос Бозжігітовтің брифингі және жергілікті жұртшылық өкілдерінің кеңінен қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті. Оған Қырғызстанның алдыңғы қатарлы ғалымдары мен саясаттанушылары, сарап-шылары мен танымал БАҚ өкілдері келді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ-ның Еуропа мен ТМД елдері бойынша Даму бағдарламасы Өңірлік бюросының ди-ректоры, БҰҰ-ның ЭКСПО-2017-дегі Комиссары Жихан Сұлтаноғлумен кездесті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ертіс өңіріндегі кездесулер

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Манап Көбенов және Асхат Күзеков Павлодар облысында жұмыс бабындағы сапармен жүр. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Депутаттар Қашыр ауданында болды. Песчан ауылында жергілікті жөндеу-механикалық зауытының еңбек ұжымымен, Тереңкөл ауылында аудан әкімімен, ауылдық округтер басшыла-рымен, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен, ардагерлермен және журналистермен кездесті.

Парламентшілер Павлодар қаласындағы трамвай басқар-масының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Шараның бас-ты мақсаты – конституциялық реформалар мен Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылауға арналды.

Сенаторлардың Павлодар облыстық және қалалық соттарының ұжымдарымен кездесуінде Конституцияға және сот жүйесі мен прокуратура органдарының қызметтерін реттейтін ережелерге енгізілетін өзгерістер туралы айтылды.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қарағанды облысында жұмыс бабындағы сапармен жүрген Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай Қарағанды облыстық сотының 2016 жылдағы сот төрелігінің қорытындыларына арналған кеңейтілген жи-налысына қатысты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

С.Ақылбай судьялар алдында Президент, Үкімет және Парламент арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге арналған Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы сөз сөйледі. Сенатор Ата Заңдағы сот жүйесі мен прокуратура қызметін реттейтін ережелердің мазмұнына егжей-тегжейлі тоқталды.

Сенатор Қарағанды облыстық мәслихатының депутатта-рымен кездесуде конституциялық реформалар мен Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жан-жақты түсіндірді.

Депутат өз сөзінде бағдарламалық құжаттың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, саяси жаңғырудың негізгі мәселелеріне тоқталды. «Президенттің Жолдауы Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ену жөніндегі өткен жылғы белгіленген міндеттерді орындауды көздейді», деді С.Ақылбай.

Оралдағы салиқалы басқосу

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиевпен, мәслихат депутаттарымен, қала активімен және ақсақалдармен кездесті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Р.Ахметов Конституцияға ұсынылған негізгі өзгерістер мен толықтыруларды атап өтіп, Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелерін жан-жақты түсіндірді.

Кездесуге қатысушылар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасы мен Елбасының Жолдауындағы реформаларды тұтастай қолдайтынын білдірді және аймақ пен елдегі шешілмеген бірқатар өзекті мәселелер ту-ралы ойларын ортаға салды.

Атап айтқанда, апатты жағдайдағы және тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын орналастыру, оларды баспанамен қамту, жаңа үйлер құрылысын қаржыландыру мәселелері көтерілді.

Сенатор сапар барысында еңбек ұжымдарымен және аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездеседі.

Аурухана ұжымымен жүздесті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының депутаты Ақан Бижанов Алматы қаласында жұмыс сапарымен жүр. Сенатор №5 қалалық аурухананың ұжымымен кездесті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жүздесу барысында Президент Н.Назарбаевтың консти-туциялық реформалары мен Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының ережелері талқыланды.

А.Бижанов Үкіметті қалыптастыру мен оның қызметін бақылаудағы Парламенттің рөлін күшейту, Президенттің қандай өкілеттіктері Үкімет пен Парламент арасында бөлінетіні тура-лы айтты. Одан басқа, Президент Жолдауындағы бес негізгі басымдықтар мен кешенді міндеттер де талқыланды.

Дәрігерлер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне ерекше ықылас білдірді. Сенатор Жолдауда білім беруді, денсаулық сақтауды, халықты әлеуметтік қорғауды дамытуға Жолдауда ерекше орын берілгеніне тоқталды. А.Бижановтың пікірінше, халықтың денсаулығын сақтау – басым міндеттердің бірі, сондықтан денсаулық сақтау жүйесін реформа-лау дәрігерлік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.

Ол, сондай-ақ, биылғы 1 шілдеден бастап мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетінін атап өтті.

Мұқтаж мамандықтарды меңгеруге шақырды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының депутаты Рашит Әкімов Ақмола облысына жұмыс бабындағы сапары барысында Бурабай ауданындағы коммуникациялық орталықта және Қотыркөл ауылындағы ауыл шаруашылығы колледжінде болды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сенатордың жергілікті тұрғындармен кездесуінде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мазмұны талқыланды. Р.Әкімов Жолдаудағы ауыл шаруашылығын дамы туға және оны экономиканың алдыңғы қатардағы әрі өркен деген саласына айналдыру жөніндегі тапсырмаларға назар аударды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, биылдан бас-тап Қазақстанда жұмысшы мамандықтарына тегін оқытыла бас-тайды. Мемлекет жастардың қажет мамандықтарды меңгеруіне арналған маңызды қадам жасағанын әрбір азаматқа жеткізу керек. Қазіргі кезде мал шаруашылығында, әсіресе, мал дәрігерлеріне сұраныс жоғары болып отыр», – деді сенатор ауыл шаруашылығы колледжінің ұжымы алдында сөйлеген сөзінде.

Сол күні Р.Әкімов Бұланды ауданында болып, аудандық мәслихат депутаттарымен Елбасының Жолдауын және билік тар-мақтарының өкілеттіктерін қайта бөлуге арналған конституциялық реформаларды талқылады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында БҰҰ Даму бағдарла масының қызметі, БҰҰ жүйе сі құрылымдарының ЭКСПО-2017 халықаралық маман дандырылған көрмесіне қатысуы мәселелері мен жақын да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конститу-циялық реформалар жобасы талқыланды.

Ж.Сұлтаноғлуның пікірінше,

өкілеттіктерді қайта бөлуге ба-ғыт талған трансформация лар мен биліктің заң шыға рушы тармағына қарай жауап кершілікті арттыруы – елдің ұстаным дарын халықаралық аренада қазіргіден де бетер нығайта түсуге мүмкін-дік беретін айтарлықтай салмақ-ты қадам.

«Егемен-ақпарат»

Ш а р а д а А . Б о з ж і г і т о в қатысу шыларды Қазақстан Республи касының Президенті Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в т ы ң биылғы 25 қаң тарда еліміздегі саяси жүйені әрі қарай демо-кратияландыру мақсатында ұсынған билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөнін дегі рефор-маның негізгі ере желері мен таныстырды.

Бұдан бөлек, елші ауди-торияға Елбасының «Қазақ-станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы ның мазмұнымен та-ныстырып, оны жүзеге асыру жөніндегі нақты шаралардан ха-бардар етті.

Брифинг пен дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақ-с т а н Р е с п у б л и к а с ы н д а ғ ы

саяси жаң ғыртулар бойынша қабылданып жатқан шаралардың уақытылы қолға алынғанын атап өтіп, Жолдаудың стратегиялық ма ңызы мен перспективалық деңгейін жоғары бағалады. Олар ерекше атап көрсеткендей, біздің еліміз Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Жолдауда ай-қын далған мемлекеттік сая-саттың барлық саласын жүзеге асыруда жүйелі және жоспар-лы қадаммен дәйекті жұмыс жүргізіп келеді.

Шаралар шеңберінде елші А.Бозжігітов Қазақстан Прези ден-тінің Жарлығына сәйкес, Қырғыз-Ресей Славян универ ситеті журналистика кафе дра сының

меңгерушісі, профес сор А.Ка-цевті, тарих ғылым дарының док-торы, Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым акаде миясының академигі З.Құр мановты және запастағы гене рал-майор , қауіпсіздік мәселелері жөніндегі сарапшы М.Жұмағұловты «Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігіне – 25 жыл» мерей тойлық медалімен салтанатты жағдайда марапаттап, құттықтады.

Елші мара пат талған адам-дардың Қазақ стан-Қырғызстан қарым-қаты на сын нығайтуда үлкен ең бек сіңіргендерін атап өтті, деп ха барлады Қазақстан Респуб ли касының Қырғыз Респуб ли касындағы елшілігі.

Қазақстан ұмтылысын қолдаймын

Манфред ГРУНД,Христиан-демократиялық одағы (ХДО) партиясы төралқасының мүшесі, Бундестагтағы ХДО парламенттік фракциясы істерінің басқарушысы, «ГФР-ОА» парламенттік тобының төрағасы

Қазақстан бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев қаңтар айының аяғында Қазақстан хал-қы на Үндеумен ш ы ғ ы п , о н ы ң ба ры сында кең ауқымды жә не маңызды кон с-ти туциялық ре-фор маларға бас-

та машылық жа сады. Енді Парламент пен Үкімет ны ғайып, басқару жүйесі бұрынғыдан гөрі тиімдірек бола түсуі тиіс. Бірінші кезекте, Қазақстан Президентінің бүгінгі кейбір саяси өкілеттіктері мен шешім қабылдау құқықтары Парламент пен биліктің жергілікті органдарына берілетін болуы керек. Мен бұл ниетті бүтіндей қолдаймын. Реформалардың бұл бағдарламасы, билікті бөлу тұрғысынан келгенде, мемлекеттік органдарды нығайтуға ықпал ететін болады.

Осыған байланысты Президент өзінің назарын геостратегиялық мәселелерге, сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысқа шоғырландырады. Бұл Қазақстанның әрі қарай да демокра-тияландыру бағытымен ілгерілеп бара жатқанын байқатады.

Қазақстанды әрі қарай жаңғырту мәселесі Президенттің биылғы 31 қаң-тардағы халыққа жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында да қоз ғалады. Жаһандық бәсекеге қабі леттілік пен ұзақ мерзімді экономикалық даму Қазақстан алды-на қойып отырған негізгі мақсаттар болып табылады. Нарықтық эконо-мика қағидаттары бойынша ілгерілеу ниеті де қуаттала түседі. Бұл да өте қолдап, қуаттауға тұрарлық жайт және Орталық Азияда өзінің стандарттарын орнықтыратын болады. Бірінші кезек-те мемлекет экономикалық ойыншы ретінде екінші кезекке сырғуы тиіс.

Күн тәртібінде заманауи техно-логияларды дамытуға маңызды орын берілген. Ауыл шаруашылығы секто-ры, көлік және логистика жарияланған жаңғыртуда дамудың аса маңызды бағыттары саналады. Сондай-ақ, Бес институттық реформаны жүзеге асыруға баса көңіл бөлінген. 2030 жылға қарай Қазақстанның әлемдегі аса дамыған 50 мемлекеттің санатына қосылу туралы мақсаты мерзімінен бұрын орындалса, 2050 жылға дейін әлемдегі жетекші 30 елдің сапына ену мақсаты да қуатталып отыр.

Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Үкіметінің жарияланған реформаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын тек қолдаймын. Осынысымен де Қазақстан бүкіл өңірге үлгі бола ала-ды.

Оған «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдар қауым дастығы» Заңды тұл-ғалар бірлестігінің прези-денті Айгүл Дүйсенова, Мә-дениет қайраткері Ер кін Құрманбеков және оқыр-мандар мен кітапхана қыз-меткерлері қатысты. Шара барысында интернет желісі арқылы Елбасының Үндеуі тыңдалды.

Жиынды кітапхана қыз-меткері Лаззат Бөлтекова жүр гізді. Ол – Елбасы рефор-масының негізгі бағытта рына тоқталды, сонымен қатар, Конституцияға енгізіл мек өзгерістер мен толық тырулар туралы сөз етті.

«Ақтөбе облысының үкі-меттік емес ұйымдар қауым-дастығы» Заңды тұлғалар бір лестігінің президенті Ай-гүл Дүйсенова өз кезегінде

жүзеге асырылғалы отырған Конституциялық реформа біздің мемлекет пен қоғам үшін өте маңызды екенін, жаңа өзгерістер мемлекеттің дамуына жаңа серпін әке-летінін қозғады.

Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков: «Тәуел-сіздіктің негізін қалап, қазақ мемлекеттілігін нығайт-қан Елбасы енді Қазақ стан-ды Мәңгілік Елге айнал-дыруда. Бұл реформалар, Қазақстанның демо кра тиялық дамуының жаңа белесі болып саналады», – деді.

Е л б а с ы м ы з д ы ң Ү н -деуін талқылау барысында кі тапхана директоры Гүл-жайнар Калдина ой-пікірін білдіре отырып, жас ұрпақ азат ойлы, терең білімді бо-луы керектігіне, Елбасының Үндеуі елге үлкен серпіліс

беріп, еңбек етуге деген құл-шынысты арттыратынына сенім білдірді.

Шара барысында «Елба-сының Үндеуі – жаңа рефор-малар бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жа-салды. Көрмеге «Еліне елеулі Елбасы», «Халыққа арнау», «Қазақстанның қазіргі заман тарихы», т.б. кітаптар мен Үн деу жарияланған «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ақтөбе» газеттері қойылды.

Ұржан КУДАСОВА, С.Жиенбаев атындағы

облыстық жасөспірімдер кітапханасы

директорының орынбасары

АҚТӨБЕ

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Талқылауға оның моде-раторы университет рек-торы, «Болашақ» бағдар-ламасының түлегі Арын Өрсариев қатысып, жүргізіп отырды. Талқылау бары-сында конференцияға қа-ты сушылар Президент , Пар ламент және Үкімет

ара сындағы өкілеттіктерді қай та бөлу реформалар бағ-дарламасы туралы өз ой-ларын білдірді. Сондай-ақ, спикерлер аталған реформа-ларды жүзеге асыру уақыты өте сәтті таңдалғанын атап өтті. Және реформаларды Қазақстанның халықаралық ортадағы демократиясының жаңа кезеңі деп айтуға бола-тының жеткізді.

– Жаһандану мемле-кеттер алдына белгілі бір міндеттер қояды, олармен қазіргі заманда барлық мем лекеттер бетпе-бет келеді. Бүгінгі таңда біз бұл міндеттердің тек сыртқы сая сатқа ғана емес, ішкі сая сатқа да қатысты екенін және Елбасымыздың ре-форма жасау жөніндегі бас-тамашылығы дер кезінде қолға алынып отырғанын көреміз, – деді Арын Өрса-риев өз сөзінде.

Жалпы айтқанда, қаты-сушылар бұл өзгерістер мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады деген бірауызды тоқтамға келді.

ПАВЛОДАР

Маңызды мәселелер талқыланған жүздесу

Елбасы бастамалары таныстырылды

Болашақтықтар да үн қосты

Жаңа реформалар бастауы

Page 5: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

6 ақпан 2017 жыл 5әлеумет

МырзагелдіКЕМЕЛ,экономика ғылымдарының докторы

Ауыл адамдары мен қала адам­дары ның өмір сүру ерекшеліктері қандай?

Қала адамының басым бөлігі – белгілі бір қызметпен айналысып, ай са йын ғы берілетін жалақысын күтіп, от басы табысын бір қолға – от ұстау шы сына жиып, соны ретіне қарай жұм сау ға әдеттенеді. Олар жұмыс тан айыры лып қалса, осы құрылым бұзы латы нын, отбасы­ның табысы азаятынын білген соң арман шыл дықты төзімге айыр­бастап, бұйырған несібесін теріп күнелтеді.

Соңғы 50 жылғы ауыл адамы бас­қаша тұрмыс кешеді. Көбісі – жұмы­сы ның бар­жоғын елей бермейді, еті мен сүті үйінен шығып тұрса, нан­суға қажет қаржысы болса, тәубешіл келеді. Қалталарында айлап ақша жүрмейді. Осы қалыппен қоңырқай тірлік кешіп келе жатқан ауыл адамының еңсесін бір кездері жеңіл түрде беріліп жатқандай көрінген несиелер басып тастады, бүгін­де елімізде 5,5 миллион адамның банк тер алдында қарызы бар, оның 1,5 мил лионы екі және одан да көп несие алғандар.

Бүгінгі күнгі ауылдар мен қалалар­дағы проблемалар рейтингіне талдау жасаушы сарапшылардың айтуынша, ауылдардағы проблемалар рейтингі былайша: жұмыссыздық, алкоголизм, істейтін іс жоқ деп саналуы, кредит алу қиындығы, медициналық көмектің нашар лығы, халыққа қызметтің нашар­лығы (жол, тазалық, пошта, т.с.с). Ал қалаларда: бағаның өсуі, медицина қызметінің сапасының нашарлығы, жұмыссыздық, коррупция, білім са­пасы, алкоголизм, тұрғын үй, жалпы мәдениет деңгейі.

Елдегі аграрлық университеттерді бітіру шілердің 10 пайызы ғана маман­дығы бойынша қызметке орналасады, олардың басым бөлігі – мал дәрігерлері. Ауылдағы кәсіп пен жоғары оқу орын­дары арасында байланыс үзілген. Осы себепті сала білікті мамандарға зәру бола тұра, білікті мамандар дайындау ісі мақтарлық емес. Ауыл шаруа шылы ғы саласына жоғары оқу орындары қажет­тегіден 20 пайыз артық «дайындайды». Көп мамандықтар ауылдың бүгінгі кәсі­біне сәйкес емес. Төңкерілген пирамида.

Ауыл адамы негізінен «сақтау» үдерісімен өмір сүреді: өндірген өнімін қыста жеуге, айырбастауға сақтай ды. Малының төлін де солай, бағып­қаға­ды, қалпына келтіріп барып сатады, жейді, айырбас жасайды. Ондағы өмір бірқалыпты ағыста, оларда өзгеріс көп болмайды. Сондықтан да олар даму мен жетілу туралы аз ойлайды. Ойла са да берік шешімге келе алмайды, қиял­дайды да қояды. Ілуде біреуі болмаса, көбі жетілуге ұмтылмайды.

«Қалаға зорлап көшіру керек» неме­се «Жұрттың бәрі Алматы мен Астанада тұрсын» демейміз, бірақ біздер қала санын, оның тұрғындарының санын басқа жолдармен арттыруымыз, ауыл­ды кентке, кентті шағын қалаға, оларды үлкен қалаға айналдыра беруіміз керек. Қайта өңдеу кәсіпорындары мен шағын кәсіпорындардың аудандарда көптеп ашылғаны жөн.

Бүгінде қала деп атауға ұялатындай күйде тұрған аудан орталықтарындағы 30­50 мың тұрғыны бар қалалардың жағдайын жақсарта түсуге, жолы, тро­туары, суы мен канализациясы, жы­луы, бағдаршамы бар таза қалаларға айналдырып, оларға халықты көбірек қоныстандыруымызға болады ғой.

Өркениетті елдерде тұрғындарының 20 пайызы нақты өндіріспен, 70 пайы­зы сол еңбекшілерге қызмет етумен – мұғалім, дәрігер, даяшы, жүргізуші, швейцар, т.б. қызметтермен айналыса­ды. Бізде 10­15 пайыз нақты өндірісте, 45­50 пайыз соларға қызмет ете тін инфра құрылымда десек, қалған 40 па­йы зы өз бетінше күнелтіп жүр.

Біздің қоғамда мемлекет бәрін тау­ып беруге міндетті, бірақ жеке басының ісіне араласпауы керек деп ойлайтындар басым. Халық масылдық психология­дан толықтай арылғанда ғана либерал­ды қоғамға жақындаймыз. Қазіргідей мемлекетті «мәдениетті түрде тонау» бізді өсірмейді. Мысалы, ауылдық жерде «жұмыс жоқ» деп сылтаура­тып жатқан тепсе темір үзетін жігіттер қаншама?! Бұрын мемлекет жұмыс беруші болса, қазір ауыл шаруашылығы толықтай жекенің қолына берілді. Жұмыстың мән­мағынасы біреу­ақ, ауылдық жерде мал бағу, егін егу, шөп шабу, жеміс­жидек өсіру, т.б. Соны қолдау, қорғау, тиісетіндерге тосқауыл қою, ұрлық­қарлыққа тыйым салу керек. Бұрын мемлекетке істесең, енді өзіңе, не жеке кәсіпкерге жұмыс істейсің. Бірақ, бала­шағасына мемлекет тарапынан берілетін аздаған әлеуметтік жәрдемақыға тоқмейілсіп, нағыз еңбекті біреуге жалшы, байдың құлы болу деп түсінетіндер қатары аз емес. Бұл – түбегейлі қате түсінік. Экономика нарықтық жүйеге өткенімен, халықта прагматикалық түсінік қалыптаспай келеді. Адам санасы нарыққа өткенде ғана осы түсінбестік жойылады деп есептеймін.

«Төңкерілген» пирамида және прагматикалық түсінік

(Соңы. Басы 1-бетте)

Жүйкені жұқартқан жолдар

Марқакөлде де мәселе аз емес. Соның ішіндегі ең үлкені – жолдың нашар лығы. Әсіресе, бұрынғы Марқа­көл ауданының орталығы болған Терек тіден Қытаймен шекаралас Төс­қайың, Шанағаты ауылдарына дейін гі 100 шақырымға жуық қара жол тұрғын­дар дың жүйкесін жұқартып жүргелі қай заман?! Жүйкесі тозбағанда қайтеді, айнал дырған 100 шақырымға 4­5 сағат алтын уақыттарын сарп етсе. Ал Өс ке меннен Төсқайыңға дейінгі 450 ша қы рым жолды 10 сағат, ауа райы бұзыл ған жағдайда 15 сағатқа дейін жүру г е мәжбүр. Қыстың көзі қырауда жол жабылса Марқакөлге жету мұңға айналады. Жол қиындығы өзге де мә­селелерді тудырып отырған жайы бар. Жас мамандардың бұл жақтағы ауыл­дарға барғысы келмеуінің көп себеп­терінің бірі осы – жол. Бұған ұялы бай ланыстың жоқтығын қосыңыз. Төс қайың ауылында 2015 жылы 5 зей­нет кер мұғалім жұмыс істесе, биылғы оқу жылында 3 зейнеткер ұстазбен келісімшарт жасалған екен.

Күршім ауданына қарайтын Мар­қа көлдің шекараға жақын ауыл­дарында да халық санының аза­йып бара жатқаны байқалады. Қазір Балық тыбұлақта – 15, Бұғымүйізде – 23, Шанағатыда – 30, Төсқайың­да 110 отбасы тұрып жатыр. Қытай­мен шекарадағы аумақты Марал ды, Балықтыбұлақ, Көкжота секілді үш шекара заставасы күзетеді. Кезін­де Марқакөл өңіріндегі Қаба кең ­шарының директоры, Бобровка ауылдық кеңесінің төрағасы, Марқа­көл қорығының директоры секілді қыз меттер атқарған, бүгінде орман шы болып еңбек етіп жүрген, осы өңір­ді бес саусағындай білетін Есенгел­ді Нәзбиев көрші елмен шекара дағы зас таваларға тиісті деңгейде жағ­дай жасалмай отырғанын жеткізді. Жер гілікті жердің жағдайына қанық азамат 800 шақырымға жуық аумақ­қа жауапты застава басшылығы на училище бітірген лейтенант шенін­дегі тәжірибесіз жас тардың келіп жат­қанына алаң дау шылығын білдірді. Оның айтуын ша, бұрын мұн дай қызметке шекара заставаларын да жұмыс істеген, көрген­түйгені мол адам дар тағайындалған.

Жоғарыда Катонқарағаймен ше­кара дағы Қосағаш жайында айттық. Мар қакөлмен шекаралас Қытайдың ауылдары да Қосағаштағыдай иін тіре­сіп отыр. Ауылдары ауыл емес, шағын

қала секілді. Марқакөлге барған бір сапарымда бұған өзім де куә болған едім. Жолдары сайрап, іші­сырты жайнап тұрған бұл жерге жыл сайын Қытайдың ішкері жағынан туристер ағылып келетін көрінеді.

Кеңес заманында Тарбағатай, Марқа көл, Қатонқарағай, Күршім өңір лерінде басшылық қызметтер атқар ған, 10 жылға жуық Тарбағатай аудан дық партия комитетінің бірінші хатшысы, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы бол­ған Сайлаухан Аухадиев шекаралық аудан дарды мықтап қолға алатын кездің әлдеқашан жеткенін айта ды. Шекарадағы халық өзге өңірге көш пеуі үшін Үкімет қосымша дотация төлеуі керек дейді қоғам қайраткері.

– Мұғалімі бар, малшысы бар, дәрі гері бар, қысқасы, бүгінде ше­кара лық аудан дарда тұрып жатқан ха лық тың бар лы ғына өтемақы беру керек. Осындай аудан дарға келген жас мамандардың жала қы сын екі есе өсіру қажет. Үкімет шы ғын нан қашпауы ке­рек. Өйткені, елдің қауіп сіздігі, ұлт тың тұтастығы бәрі нен де қымбат, – дейді Сайлаухан Аухадиев.

Ауыл шаруашылығын бес сау са­ғын дай білетін Сайлаухан Аухадиев­тің айтуынша, шалғайдағы ауыл дар­дан облыс орталығына мал әке летін тұрғындардың өнімдерін жоға ры бағамен қабылдаудың тетігін ойлас­тыру қажет. «600 шақырымнан келетін Тарбағатай мен облыс орталығына 10­20 шақырым жердегі Ұлан ауданының тұрғындарының әкелген етін бір бағамен қабылдайды. Әділеттілік бар ма? Алыстан артынып­тартынып келгендер шығынға батады, жақын

аудандар пайдаға кенеледі», дейді қоғам қайраткері.

Кедендегі кедергілерҚытаймен шекарадағы Мақаншы

өңірінде де халық саны азайғанымен,

ауылдардың көпшілігі сақталған. Мұндағы мәселе – жастардың аздығы. Жұмыс істегісі келген жастар дың алды нан шығатын кедергілердің көп тігі. Бір мысал. Осыдан біраз уақыт бұрын Мақаншыда тұратын 3 жігіт «Жұмыспен қамтудың жол кар­тасы­2020» бағдарламасы арқылы мем­ле кеттен ақша алып, кірпіш зауытын салмақшы болып, сол ақшаға Қытай­дан құрал­жабдықтар сатып әкеліп ті. Мәселе Қытай шекарасынан аман­ес ен өтіп, өзіміздің елдің кеденіне кел ген де басталыпты. Әлгі жігіттер бір жарым жылдан бері әкелген дүниелерін бері өткізе алмай әуре­сарсаңға тү сіп жүрген көрінеді. Өйткені, екі есеге дейін баж салығын төлеу керек екен. Қытайда бір миллион теңге тұра­тын, жұрт «қыт­қыт» деп атайтын шағын тракторды кеденнен өткізу де мақан шылықтардың бас ауруына айнал ғандай. Кезінде комсомолда, партияда басшылық қыз мет тер ат­қар ған, бүгінде Мақаншы ауы лын­да тұратын Әмірғазы (Әбіш) Ахмет­беков ақсақал осындай кедергілерге тап болып, тауы шағылып жүрген жас тардың ауылда көп екенін айтады. Ақсақал ауыл халқының қартайып бара жатқанына, іргедегі Қытайдың шекараға құмырсқадай қаптап, қала салып жатқанына алаңдайды.

– Бұдан кейін жастар ауылда қайдан тұрақтасын?!Сондықтан шекаралық аудандардағы тұрғындарға кедендік

салықтарды төмендетіп, жеңілдіктер қарастыру қажет шығар. Керек бол са, шекарадағы әрбір ауылдың тұрғы нына субсидия беру мәселесін де ойлас­тыратын уақыт жеткен секілді. Шека ра­ны нығайтып, мықтырақ ұстаған дұрыс қой, қандай заман болса да. Халық дегеніңіз – қара орман, иін тіресіп, қызу өмір қайнап жатуы керек қой шекара­да. Қазір Қытай Қазақстанның шекара­сынан 15­20 шақырым жерде 350 мың халық тұратын қала салып жатыр, – дейді Әмірғазы ақсақал.

Жұрт не дейді?Еркін НұрАзхАН, суретші:– Ел іргесін бекітіп, нығайтайық

десек шекара қызметіндегі әскер дің санын арттырып, сапасын жақсарт у өз алдына, олардың арқа сүйер халқын қайтадан өз орнына қондыру, яғ­ни шекаралық аудандарды қалпы­на келтіру ісі әбден пісіп­жетілген­дей. Кеңес кезіндегідей шекара лық аудан дар да тұрып, еңбек ете тін бюджеттік қызметкерлерге 50­70 пайыз қосымша еңбекақыларын тағайындап, жұрттың туған жеріне оралуына мүмкіндік жасау керек сияқты. Мектептер, балабақша­лар, мәдениет мекемелерін қалпына келтіріп, халықтың әлеуметтік қажет­тіліктерін өтеуге бар жағдайды жаса­ған абзал болар.

Базарбек ОмАрОв, 1978­1987 жыл дар дағы Тарбағатай аудандық ат­қару комитетінің төрағасы:

– Шекаралық аудандар мәселесіне мемлекеттік деңгейде көңіл бөлу керек. Шекараға жақын, облыс орталығы нан шалғай ауылдардағы халықтың малын ауданның өзінде қабылдау ды ұйым дастыру қажет. Ауылда мал дан басқа не бар? Қырдағы халыққа обал ғой. Ақ­адал еңбегімен өсірген малын алып ­сатарлар келіп, арзан бағаға алып кетеді. Бұрын «заготконтора» деген ме кеме болған. Бәлкім сондай меке­ме лерді қайтадан ашу керек шығар. Шекара мыз қауіпсіз болсын десек, онда ғы халықты сақтаймыз десек, осын дай қадамдарға батыл түрде баруымыз қажет.

Жоғарыда айтылғандардан шы­ға тын қорытынды біреу – шекара­лық аудандардағы халық санын арт­тыру үшін мемлекет тарапынан ар­найы бағдарлама қабылдайтын уақыт жеткен секілді. Өңірдегі жұрт Ел ба­сының Үкіметтің өкілеттілігін кеңей ту жөніндегі Үндеуі шекарадағы аудан­дардың мәселесін шешуге оң ықпал етеді деп үміттенеді.

Шығыс Қазақстан облысы

Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан»

Кеңес кезінде балалар немесе жас өс пірімдер үйі атауы берілген әлеу мет тік мекемелерге қаржылай қол дау көр сетілгені рас. Солай бола тұрса да, мұндағы тәрбиеленушілерге кәдімгі отбасылық адами қарым­қатынас, алақан мен жүрек жылуы жетіспей жатты. Мұндай кереғар лық бесіктен белдері шығып үлгер мей, тағдыр тепері шіне тап болған бүл­діршіндердің жүре гін жібітуге септігін тигізе алмады.

Ең бір қынжыларлығы, олар 17 жас қа толғаннан кейін мемлекеттік меке ме ден шығарылды. Осы кезде бала лар үйінің түлектері не істерін білмей, бастарын тауға да, тасқа да соқты. Сөйтіп жүріп, кейбіреулері адасып, аяқтарын шалыс басты. Әрі теріс іс­әрекеттерге бойларын үйрете бастады. Балалар үйі тәр бие­ленушілерінің өмір жолын дұрыс айқындай алмауына кәдімгі отбасы үлгісінен тым алыс тұрғаны, еңбек тәрбиесінен тыс қалғаны, адами

мейі рім мен қамқорлыққа бөлен­бегені, бір сөзбен айтқанда, дербес өмір сүруге бейімделмегені басты себеп болды­ау деген ой келеді.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жетім балаларға отбасы үлгісіне сай тәрбие беру жолдары белгілене бастады. Оның жарқын мысалдарын Ақтөбе облысынан да таба аламыз. Атап айтқанда, өңірдегі «Мейірім» жас тарды әлеуметтік бейімдеу орта­лығы жетімдер мен ата­анасының қам­қор лығынсыз қалғандарды 17 жас қа толғанда шығарып жібермей, уақыт­ша тұрғын үймен қамту мақ сатын көздейді. Бұл тәртіп өзара келі сім ­шартқа негізделген. Бұған дейін бала ­лар үйінде болғандар орталықта 29 жас қа жеткенше әлеуметтік тұрғыдан бейім делу кезеңінен өте алады. Сондай­ақ, олардың қатарында жетімдер санатын дағы даму мүмкіндіктері шектеулі жет кін шектер де бар. Мұнда оларды іші нара жұмыспен қамту ша­ралары белгіленген. Республикамызда еш қан дай баламасы жоқ бұл жоба­ны «Сәби» қайырымдылық қоры Ақтөбе облысы әкімдігімен бірге іске

асырды. Аталған қор жетекшілері жеке қаражаты есебінен жастарға арнал ған әлеуметтік бейімдеу орталығы ның сәулетті ғимаратын салып, сыйға тарт ты. Осынау келісті кешеннің ішкі жаб дық тарымен қоса есептегендегі жал пы құны 1 миллиард 500 мил лион теңге құрайды. Мұндағы әрқайсы сы 43 шаршы метрді құрайтын бір бөл­ме лі сексен пәтер негізінен 18­29 жас ара лығындағы жастарға арнал ған. Екі кіреберісі бар таунхаустар дан тұра тын қос қабатты ғимарат тың төмен гі бөлігі арбасыз қозғала алмай тын мүге дек балаларға арнал ған. Біз «Сәби» қайы­рымдылық қоры ның құрылтай шысы Кеңес Рақы шевке жолық қан едік. Ой­пікірін төмендегіше тарқат қан ол:

– Қалай дегенде де кеңестік дәуірде орныққан балалар үйлерінің мүмкіндігі тым шектеулі болғаны ешкімге де құпия емес. Шағын әрі тар бөлмелерде 5­6 бала бірге тұрды. Бұл түлектер үшін аса күрделі мәселелерді туындатып келді. Ең бастысы, мұндай жағдайда оларды әлеуметтік тұрғыдан бейімдеу дегеніңіз бос әңгіме болып қалар еді. Оның үстіне бұл үрдіс бір күннің

немесе бір айдың емес, бұдан да көп уақыт алатынын ескерген жөн. Бізге әлеуметтік­бейімдеу орталығы ғимаратын тұрғызу жоспары осыдан кейін туып еді, – деді.

Ізгілік, мейірімділік пен қайы­рымдылықты алға қойған азаматтың айтуынша қомақты қаражатты қажет еткен айрықша нысанның құрылы сын екі кезең бойынша салу белгілен ген. Оның бірінші кезеңінің пайда лану­ға берілу сәті өткен 2016 жылдың 16 желтоқсанына, яғни Тәуелсіздіктің 25 жылдық торқа лы тойына тұспа­тұс келіпті. Ал екінші кезеңі алдағы наурыз айына белгілен ген. Орта­лықта оның тұрғындары ның әлеу­меттік­психологиялық тұрғы дан өмірге икемделе білуінің бар лық алғы шарт­тары қаланған. Жетім бала лар ға ар­налған өзге әлеуметтік мек е мелер мен құрылымдардан басты ар тық шылығы – бейнебір үйдегідей жайлы жағдайлар жасалған.

Біз орталықтан «Мейірім» десе, мейірім екен­ау деген ой түйіп шықтық.

АҚТӨБЕ

Шекаралық аудандар: бірі озып, бірі тозып тұр...

толғандырар тақырып

қайырымдылық қағидаттары

Мүмкіндік сыйлаған «Мейірім»

Page 6: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

6 6 ақпан 2017 жылруханият

театр

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Олжас Жанайдаров – жас болса да, Ресей драматургиясындағы белгілі есім. Қазақстанның тумасы болғанымен, жеті жасынан Ресейде оқып, білім алған Олжас алғаш қазақстандықтарды «Жұтымен» жалт қаратса, күні кеше Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрында «Жастық туралы...» пьесасы қойылды. Ресейдің бірқатар эксперименталды теа­трларында «Душа подушки» атауымен ұсынылған пьеса жазушы­драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың аудармасы­мен «Құс жастықтың құпиясы» атты жаңа жұмыс атауымен сахнаға дайындалған болатын. Бірақ көрерменге «Жастық туралы...» деген атаумен жол тартқанда, спектакль үшін сәтті таңдалмаған, ешқандай мақсат белгілемеген, «Жастық тура­лы ...» деген жауапкершілігі жоқ, тартымсыз атау үшін кімді кінәларымызды білмедік. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кебенек ішіндегі кісілік

Баяғыда Қожанасыр бір жиынға үстіне көнетоздау шапанын киіп кел-се ешкім назар аудармапты. Үйіне ба-рып қымбат шапанын иығына іліп, әлгі жерге қайта барса, манағы көзге ілмегендер қоғадай жапырылып, төрге шығарып, бар дәмдіні алдына тосыпты. Сонда Қожекең: «Же, ша-паным же», – деп қымбат шапанның жеңін табаққа салыпты. «Қожеке, мұныңыз қалай?» дегенге, «Сәл бұрын ескі шапанмен кіргенімде адам екен деген жан болмап еді, енді қым бат шапанымды киіп кел-сем жік-жапар болып жатырсыздар. Соған қарағанда, құрмет маған емес, шапаныма жасалып жатқан болуы керек», – деген екен.

Қазіргі қоғамда әлеуметтік жіктелу күн өткен сайын бел алуда. Бай мен кедей, әлді мен әлсіз, малды мен мал сыз болып жалғаса береді. Біреу дүниеге, біреу өнерге, біреу ақшаға бай... Байдың да түрі көбейді. Және айырмашылығы айтарлықтай дәрежеге жетті. Осындайда бабаларымыздың «Ерді кебенек ішінде таны» деген сөзіне басымды иемін. Ұлтымыз шоқпыт кисе де өңі жүдеу, жоқ-жұқаналығы білінсе де, арғы рухани әлемінің байлығын, кісілігін, адамдық бейнесін көріп, ке-бенек ішінен танып, адамдықты, ар-ождан биіктігін артық көріп, соған орай баға берген.

Қожекеңнің шенеуіне ілінген жайт – адамды емес, астындағы тағын, жиған байлығын, мансабын сыйлаудың бүгінгі қалыбы сорақылыққа айнала түсуде. Тіпті сіз мені сыйламасаңыз да қызметімді сыйлаңыз, деп астындағы орынтағын алдына келгеннің мы-сын басуға жұмсайтындар да табы-лып қалады. «Бірде, – дейді таны-сым, – жұмыс бабымен мемлекеттік қызметтегі басшының алдына кірдім. Шаруамды айтып, оның ел келешегі үшін қаншалықты маңызы барлығын көрсетіп, қағаздарымды алдына жай-ып, түсіндіріп жатырмын. Және көп уақытын алмайын деп мейлінше мәселенің мәнісін ғана айтайын, ал қалғанын қарамағындағы қызметкеріне-ақ бажайлап түсіндірермін, деп жүзіне қарасам, тыңдап отырған ол жоқ. Қабағын қарс түйіп, маңғазданған түрі тезірек шығып кетуім керектігін көрсеткендей. – «Сіз мені тыңдап отыр-сыз ба, сонау жерден алдыңызға ар-найы келгенде қара басымның қамын ғана ойлап отырған жоқпын, көп уақытыңызды алмайын деп, неғұрлым қысқаша айтуға тырысудамын»,– деп едім. – «Сіз мені үйретуге келдіңіз бе, әлде мәселе шешсін деп келіп отырсыз ба? Мені сыйламасаңыз да, отырған орындығымды сыйлаңыз, маған жөн үйретпеңіз», – десін.

Жоқ, қарағым, адам жаны жоқ орындықты емес, адамды сыйлай-ды. Орындық сөз болып па! Бұл – кеше біреу, бүгін сіз, ертең басқа біреу отыратын орындық емес пе. Жаңа келген басшыға мына орындық ұнамаса, ертең дәлізге сүйретіп, ор-нына басқасын әкеліп қояды. Сонда ондай орындықтың не қасиеті бар? Алдыңызға келгенде бір саланың тізгінін ұстаған басшыға, маманға, бас-тысы адамға келдім деп келдім. Жаны жоқ ағаш пен былғары көпке қажет істі не қылсын? Өздеріңіздей жастар билікке келгенде орындық үшін қызмет етпей, қайта орындық өзіңізге, еліңізге қызмет етсе керек-ті, дедім», деген аға сөзін әрі қарай жалғай түскен.

Адамдар да, уақыт та бәрін екшейді. Електің көзінен өткенде ұсақ-түйек, тозаңдар бірінің үстіне бірі түсіп, жұтылып кеткенде ірілі-ұсақты тастардың торкөзден өтпей қалғанындай елге сіңірген еңбегімен, маңайына жасаған кісілікті қалыбымен, адамдық бейнесімен, ұлтына деген жанашырлығымен санаға сіңген, сайдың тасындай ірі тұлғалар халық жа-дына ұялайды. Сонау Кеңес кезеңінде еңбек еткен Жұмабек Тәшенов, Ілияс Омаров, Өзбекәлі Жәнібеков сынды азаматтардың есімдері бүгінге жетіп, тіптен олардың көзін көрмеген жас буынның құрметіне бөленуде. Неге? Себебі, олар орынтаққа қызмет еткен жоқ, қайта олардың отырған орындығы, атқарған мансабы халқы үшін еңбек етті. Сонысымен де ел жүрегіне жол тапты емес пе?!

Өткенде атағы дардай азаматтар бір жігітті сыртынан әңгіме етіп отыр. Жазған жазуларына қарап сүйсініп жүр едім, өзін көрген соң ойым өзгеріп қалды. Үсті-басы тым жүдеу, өмірден соққы алған адам екені көрініп тұр, деп менсінбей әңгіме айтып отыр. Ал ол азаматты мен жақсы білемін. Рас, қазір өңі жүдеу. Бірақ оның жан сарайы жоғарыда әңгіме етіп отырған адамнан бай болмаса, жүдеу емес. Қалтасының қамын ғана ойлап, қайтсем ақша таба-мын деп жүгірсе, сол адамның қолынан көп нәрсе келетінін де білемін. Бірақ ол рухани әлемі бөлек жан еді. Міне, біздің көзі ашық «зиялы» дейтін адамдардың өзі көбіне осындай пайымға ойысып барады, дейді ойымен бөліскен азамат.

Ендеше, «Ерді кебенек ішінде та-нитын» адамдық асыл қасиетімізді жоғалтпағанымыз жөн сияқты...

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Азулылардан азап шегетін қоғамдағы әлсіз топтың шын-дығын көкөністер мен жеміс-терді кейіпкер ете отырып көрсететін Джанни Родаридің «Чипполиносы» сияқты О.Жан-ай даров та айтпақ болған үлкен ойын кәдімгі жұмсақ жастық-тардың «аузына» салыпты. Иә, иә, пьесада Жанайдаров жастықтарды жап-жақсы сөй-летеді. Тек бақша ішінде өтетін әлеуметтік антогонизм жас драматургтің пьесасында қыс мезгіліндегі балабақшада өтетін қарапайым оқиғамен алмасқан.

Сонымен, бақшадағы бала-лар дың басына жастанып жүрген жастықтары: Гречик – Қарақұмық (бидай жастық), Пуш – доп-домалақ (құс жастық), Роза (жай құс жастық), Знайка – Білгіш (жай құс жастық), Эм-ма (жай құс жастық), Валик (орта ша құс жастық), Апатай (жай құс жастық) бәрі де мамық пен қауырсыннан жасалған. Тек бақшаға жаңадан келген бала Кемелдің жастығы Гречиктің ғана тысының ішіне қарақұмық толтырылған.

Спектакльде екі жалғыз жолығысып тұр: бірі өзге жас-тықтар секілді іші мамықпен толтырылмағанына өкініп, аһ ұратын Гречик, ал, екіншісі

– мамық пен қауырсыннан жасал-ған жастыққа жатса, танауы мен тамағы жыбырлап, аллергиясы атойлап шыға келетін кішкентай Кемел. Осы ерекшелігі-ақ бұл екеуін өзгелерден оқшаулан-дырып тастаған. Қарақұмық жастығының түбінен титтей тесік пайда болып, ары-бері жүргенде, сол жыртылған же-рі нен қарақұмық дәні сау-лап түсіп жатыр. Жастықты қампайтып тұрған қарақұмық түгел төгілетін болса, гречик жан тапсырмақ. Гречикті бір-ақ сұрақ толғандырады: қарақұмық толтырылған күйімде қалам ба, әлде қауырсын мен мамыққа айырбасталып, басқа өмір кеш-сем бе? Айтпақшы, мұндағы жастық тардың бәрі бір-ақ нәр-седен қорқады: ескіріп, жыр-тылып, тоза бастаса, ол жастық дереу тышқан мен тарақандар жортқан төменжерге (подвалға) жіберіледі. Төменжерге кету – ешкімге керексіз болу деген сөз. Тышқандарға жем болу деген сөз. Ол – тіршілікті тоқтатуға берілген үкім.

Пьеса ны аударған С.Бал-ғабаев көрерменге түсініктірек болуы үшін «сабан жастық пен құс жастық» дегенді көбірек қолданып, ұлттық танымға мүмкіндігінше жақындатып әкел ген. Шынында да, адамға ең жақыны – жастық. Шаршап келіп басын қояды, құшақтап жа тып көзі ілінеді, кірпігі айқасқанша

қалың ойдың құр сауында жата-ды, пенде баласына тіс жарып айтпайтын жан сырын көзінің жасын көл қылып үстіне төгеді, тәтті түс көріп қуа нып оянады, қорқынышты түстен шошынып тұрады. Адам мен жастықтың арасындағы осынша жақындықты сезбегені мізбен, Олжас жансыз жастық тың өзегіне дем салып, тірі кейіп керге айналдырған. Жас дра матургтің бұл әдеби-көр кем тәсілі режиссер Сұлтан Сраиловтың интерпретациясын-да тіпті иі қанып, «адамиланған» жастықтар арасындағы диа-логтан қоғамның бүг інг і сұлбасы анық көрінеді. Жіңішке жіппен біріне-бірі байланып-маталған жастықтардың біреуі Төменжерге кетер болса, қауіп бәріне төнгендей, сол тамұққа мәңгі қамалатынын біліп, үрейі ұша бастайды. Қол-аяқты мықтап матап тастаған мына жіпті бырт-бырт үзіп, еркіндікке шыққысы келетін жалғыз Эмма ғана емес. Кейіпкерлердің бәрі де қозғалыссыз, қимылсыз, бір орында отыр. Еркіндік жоқ.

«Байланған» актерлер қоз-ғалыс-әрекетті емес, ішкі пси -хологизм тартысын көрсетуді

көбірек мақсат еткен. Үрей-қорқынышын кейіп кер жас-тықтар үнемі терең тол ғанып, қамығып, жылап жеткізеді. Мысалы, Апатайдың монологы. Жастықтардың ішіндегі кәртемісі, жас күнінде әйнегі сынған терезені бітеймін деп жарала-нып, сырқатқа шал дыққан Апатай образы Гүл жамал Қазақбаеваның амплуасымен толық сәйкестік тапқан: актрисаның құлаққа жағымды қоңыр дауысы «аса-рын асап, жасарын жасаған» көнетоз жастықтың қуаныштан қажып, күрестен шаршап, ақыры жалғыздығынан рахаттанатын «сен тимесең – мен тимен» күйін дөп басады.

Төрт бұрышы қауырсынмен қапталған Роза да – жалғыз. Жас жаны махаббат аңсаса да, сүйіктісін таба алмаған мұң ды сұлу екі адамдық төсегі бар, жұбымен бірге тұратын жас-тықтысы бірдей құсжастығы бар, тіпті бірдей түс көретін отбасы-лы үйде тұруды армандайды. Жанар Мақашева сүйікті болу үшін жаралған, үлбіреген жаны нәзік жас сұлуды «адамнан ай-нытпай» ойнаған шеберлігі көп көрерменнің көңілінде қалды

деп ойлаймыз. Спектакльде әр жастықтың образы – өзінше бір әлем. Әр кейіпкердің айта-тын мо нологы – қасіретке толы өз тағдыры. Бұл монологтар-ды драматургтің қағаз қолжаз-басынан оқысаң, дәл осын-дай қызықты болмауы мүмкін, өйткені адамдардың батылы жетіп айта алмайтын шындықты режиссер қуыршақтар тәсілімен жеткізген соң ғана бояу тапқан.

Монолог түрінде көрініс тапса да, жастықтардың тағды-рындағы қатыгездік пен мейі-рімділік көрерменге ақыл айту түрінде емес, жеңіл пішінмен жет кізгені үлкен шеберлік нәтижесі.

Пьеса діңгегі, оқиғаны өріс-тетуші Гречик – Ербол Са дыр-баев рөлге сәт ті таңдалған, қуыр-шақ бейнесіндегі актер өмірде өзінің кім екенін тап басып тани алмаған, болмысын біле алмай қиналатын адамдардың қасіретін сенімді суреттей алды. Әрине, пьесадағы жетекші рөлді Эмма алады. Басқалары зәре-құты қалмай, тозақ секілді көріп қорқатын төменжерді Эмма жұмақ мекеніндей жан-тәнімен жақсы көреді. Өзге жастықтарға ұнамайтын осы кереғарлықты Толқын Нұрбекова суық та қатал болмыспен көрсете алды. Эмманың ақылымен гречик ұжымды емес, жаңа қожайынды таңдап, сонымен қол ұстасып, жаңа өмірін бастауға бет алды.

Спектакльдің жетістігі сол – режиссер әр жастықтың же-ке-жеке тағдыры арқылы адам болмысына үңіледі. Ал режис-сер мақсатын қызықты құрылған актерлік ансамбль үйлесімді жүзеге асырған. Сұрақ-жауап түріндегі қойылым қуыршақтар әлемі арқылы көрерменді ойға ғана емес, қиялын самғата оты-рып, адам үшін өзімен өзі оңаша күй кешіп, өмірден мән тауып, жер бетіне адам болып келудегі мақсатын түсінудің қаншалықты маңызды екеніне бойлатады.

АЛМАТЫ

Абайды ардақтай алдық па?

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Немістер Гетесін, қытайлар Конфуцийін, испандар Сервантесін, орыстар Пушкинін, өзбектер Навоиын... жалпы жер бетіндегі қазақтан өзге халықтар ғұламаларын, ақындарын әлемдік деңгейде қалай насихаттайды, ә? Деректерге сүйенсек, Конфуций институты Қазақстанда 2009 жылдан бастап жұмыс істейді екен. Бүгінде еліміздегі жоғары оқу орындарын-да бұлардың саны – төртеу. Тарихы 65 жыл-дан асатын, 100-ге жуық елде тамырын терең жайған, осыған ұқсас тағы бір ұйым – Гете институтының да жылына сандаған өренді неміс мәдениетімен сусындатуы – қол жетпес үлкен еңбек.

Қазақ Құраннан кейін қолына Абайды ұстайды. Соған қарамастан, ұлы ақын ұлағатын әлемдік деңгейде солардай құлаштап көсіліп, тұлғамызды кеңінен насихаттай алмай отыруымызға не себеп? Себебі, әуелі Абайтану институты әр қазақтың өзінің жүрек төрінен ашылуы керек-ақ. Ел жүрегі – Астана десек, сән-сәулеті күннен күнге асқақтаған ажарлы елор-дамыз Абай тағылымын таратушы институттың бой көтеруіне әбден лайықты сондай қасиетті мекен екені тағы даусыз.

Қызық болғанда, Вьетнамда, Кореяда, Қытайда, Әзербайжанда Абай орталықтары, Түркияда Абай атындағы мектеп ашыл-са, Лондонда тұрған «Абай үйіне» ежелден еңселене марқаямыз. Ресейде, Германияда, Түр кияда, Үндістанда ақын құрметіне көше аттары берілсе, Мысыр астанасындағы ең көрікті жерлердің бірі «Ер кіндік және достық» саябағында ескерткіші бой көтеріпті. Бұларға тәубе дейсіз. Қазақтың кім екенін танытуға Абай рухы тоқтаусыз қызмет етіп жатқанына қуанасыз. Солай бола тұра:

Елімізде, шетелдерде абайтану ілімімен ай-налысатын қанша ғалым бар?

Республикамызда қанша мектепке, көшеге, елді мекенге Абай есімі берілді? Абайдың ескерткіші мен бюстерінің, орталықтардың саны мен сапасына мән беріп үлгердік пе?

Әттең, мектепте абайтану пәні өтілмейді. Абайтану – адамтану, қазақтану ғой. Ал оның дариядай шалқар қазынасына сана-сандығымыз қазір аузы-мұрнынан шыға тыңқиып тұр дей алмайсыз. Сол үшін Абайдың бір өлеңін жатқа білмейтін қазақты қазақ деп есептемейтін, Абайды әлемдік деңгейде насихаттайтын биік өредегі рухқа көтерілуге асығу керек-ау.

Осы орайдағы ойымызды түйіндеу үшін ақынның «Жетінші қара сөзіндегі»: «...Кө-кіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хай-уаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре та-мырымызды адырайтып кетеміз», – деген сөзіне иек арттық... Көңіл күйінің құлақ бұрауымен үндескен бұл әңгімені сол білсек екен деген адамның баласы болғандықтан жазып отырмыз.

«...Мемлекет театры бізде Кеңес өкіметінің арқасында дүниеге жаңадан ғана келіп, қазақ елінің ортасында ашылғанына бүгін бір жыл толып отыр. Қазақ театры – жарық дүниеге жаңа келген буыны қатып, бұғанағы өспеген жас бала. Қазақ театрының қолға алған жұмысы үлкен, жүгі ауыр, жолы алыс. Алыс жолға талықпай-жалықпай жету үшін қажымайтын текежаумыт ат ке-рек. Жел өтіп, күнге күймейтін тон керек. Еңбекті егізім деп таныған, ақылын жігерімен жаныған азамат ке-рек! Қазақ театры – ұядан қанат қағып, қалықтап ұшқан балапан. Қанаты тал-май қонатұғын күй керек.»

Бұл – қазақ топырағында театр дәнін сепкен, тұңғыш қазақ театрының іргетасын қалаушылардың бірегейі, ұлтымыздан шыққан алғаш кәсіби те-атр режиссері Жұмат Шаниннің, қазақ театрының 1 жылға толған күнін де айтқан сөздері.

Театр өнерін қазақ сахарасында қалыптастыру оңайға соққан жоқ. Жүрегі «жарқын болашақ» деп соққан қазақ зиялыларының Қазан төңкерісі мен Маркс ілімдеріне табына сенген қоғамда, желкілдей жетілген айдындарымыздың «желкесі үзілгені» бүгінгі күнге дейін орны толмас қасірет. Білім, ғылым, өнер және спорт саласына жан аянбастан білек сыбана кіріскен алдыңғы буын зи-ялыларды жетелеген – қазақ баласының өркениетті болашағына деген үміт пен сенім болатын.

Қазақ үшін беймәлім өнерді өрге сүйреген Жұмат Шанин кім еді?!

Жұмат Тұрғынбайұлы – қазіргі Павлодар облысындағы Баянауыл ауданындағы Желтау маңында 1892 жылы дүниеге келеді. «Ердің жігіт бо-луы – нағашыдан» демекші, нағашысы Алтыбай ән салып, домбыра тартқан. Бала күнінен ән шырқалып, күй ойналған жерден қалмастан, талмай та-машалайтын Жұматтың ең сүйікті орны – Қоянды жәрмеңкесі болады. Қоянды жәрмеңкесі – қазақ сахарасының «дала театры» екені, тарихтан белгілі.

1913 жылы Омбы қаласына келіп, заводта қара жұмысшы болып істеп жүріп, өзгеріске талпынысы ба-сым Жұматтың қазақтың алдыңғы қатарлы прогрессшіл азаматтары С.Сейфуллин, Н.Нұрмақовпен таны-суы – жаңа өмірге деген құлшынысын оятады. Тылсым әлемге тартылыс жас жігіттің мазасын алады. Омбыда жүріп, тұңғыш қалалық театр сахна-сынан спектакль көргенде, іздеген әлемін тапқандай, алғаш театр өнеріне деген сезім ұшқыны болашақ театр қайраткерінің кеудесінде оянады.

Театрға деген тартылыс күші Жұматты 20-шы жылдары Семей қаласында «Ес-аймақ» труппасына жетелеп келеді. Алғаш режиссерлік жолы осы «Ес-аймақ» труппасы-нан бастау алған Жұмат Шанин, бүгінде «қазақ драматургиясының қарлығаштары» қатарына енген «Арқалық батыр» тарихи драмасын

1922 жылы халық жыры негізінде жа-зып, шығармашылыққа қалам тартты.

«1926-27 жылғы театр маусымы ашылды. Тап осы кезде Жұмат Шанин театрға әрі директор, әрі көркемдік жағын басқарушы болып келді. Әйелі Жанбике жеңгей, баласы Раупбек және кішкентай немересі Қасымхан еді. Өзі режиссер, драматург, домбыра тарта-ды. Скрипкада ойнайды, нота таниды, білімді және мерген, сері мінезді сал жігіт. Бір адамға өнер бітсе, осындай-ақ бітер. Жұматтың жібектей мінезі, адам танығыштығы, бауырына тартып баулуы, көркемөнерді сүюі, өнерпазды құрметтеуі, барлығы өз басынан табыла-ды. Жұмекеңде К.С.Станиславскийдің реформаторлығы барлығы сезіледі. Жас көркемөнерімізге осындай адамның келуі үлкен абырой болды. Жұмекең келісімен бірнеше пьеса қойып жіберді. Солардың ішінде өзінің «Арқалық батыр» атты он перделі, екі сериялы пьесасы бар. Бұл пьеса екі күн ойналады. Адамдары өте көп. Артистер жетпейді. Ең аз ойнағаны екі роль, бол-маса 4-5 рольден ойнайтын. Мысалы мен Жұбай, Юн-сун деген екі басты рольде, Сәрсек деген бір шал болып және Жақсылық деген Арқалықтың до-сын ойнадым...» деп жазды – қазақтың театр туын тігушілердің бірі, әйгілі сах-нагер Құрманбек Жандарбеков.

Театрдың «ұлттық дәстүрден алшақ тамауының маңыздылығына» Ж.Ша нин дер кезінде мән беріп, қыр ағы лық таныта білді. Сол жолда күресті.

«Кезеңдік» әдебиетке ұрынбай, дәстүрлік шынайы дүниелерге талпы-нып, ұлт намысына қайралған туын-дыларды сахналауға ұмтылды.

«...Жаныма бататыны – қайда барсақ та, жергілікті театрлардың басшысы да, қосшысы да уәделескендей, бір ауыз-дан шама келмейтін жалақы сұрайды. Жолдан шаршап барғанымызды жи-нап қойып, сахнаны түзетіп кешкі ойынның жасауына кірісіп кетеміз. Енді ойнайтын кезде «жарық жан-байды», не «машина бұзылып қалды»

деген хабар жетеді. Немесе, «бәлен ақша берсең, жарық болады» де-ген хабар жетеді. «Қанша алсаң да жарық берші?!» деп жалынсаң, лып еткізіп жаға қояды. Жолшыбай шой-ын жолдан көрген бейнет жүрекке тигендігі сонша, губаткомнан жол-арба сұрайтын болдық. Бұл қалай болғаны?! Азаттыққа қол жеткізген тап өкілдерінің өзі, жаңадан аяққа тұрғалы жатқан театрға бұндай көзқараста болса, ертеңгі күніміз не болмақ?» деген жан мен рух күйзелісін ұрпақ ұмытпақ емес. Қасындағы сенімді өнер жолындағы серіктері Қ.Жандарбеков, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, И.Байзақов, Ә.Қашаубаев сынды ұлт айдындары Ж.Шаниннің «ұшса – қанаты, қонса – құйрығы» болып, қиналғанда демеу бола білді.

Қазақ даласында театр дәні егілу үшін Жұматтай «санқырлы өнерлі жанның» болғанын уақыт қалаған бо-лар?! Бүгінде 56 кәсіби мемлекеттік театры бар еліміздің сахнасында биік деңгейдегі дүниелер көрерменіне ұсынылып жатқанда, аға буынның «соқтықпалы-соқпақсыз» жолдардан қажымай өткеніне дән разы болып, еске аламыз.

Биыл біртуар өнер қайраткері, халық әртісі, режиссер, драма-тург, Ақмешіт қаласында ашылған кәсіби театрдың тұңғыш іргетасын қ а л а у ш ы л а р д ы ң б і р і – Ж ұ м а т Шаниннің 125 жасқа толған тойын ТҮРКСОй ұйымы Түркі дүниесі деңгейінде атап өткелі отыр.

Зұлмат саясаттың құрбаны болған Ж.Шаниннің есімі қазақ ұлттық театр әлемінде мәңгілікке мәртебеленді. Есімі ел есінен еш-қашан ұмытыл майтыны бола шаққа аманат болып, жалғасын таба бер-мек.

Сая ҚАСЫМБЕК,Ж.Шанин атындағы Оңтүстік

Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театры

әдебиет бөлімінің меңгерушісі

Бір ауыз сөз алаштың ардақтысы

Театрдың туын тіккен тарланбоз

Құс жастықтардың құпиясы

Page 7: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

6 ақпан 2017 жыл 7универсиада-2017

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан қоржынына екі қола медаль салып берген Екатерина Айдова үшін ХХVIII Дүниежүзілік қысқы Универсиада жары-сы аяқталды. Кеше командалық сайыстан кейін спортшымен жолығып, сөзге тартқан едік. Бізге берген сұхбатында жеңіске жету жолында кездейсоқ алған жарақаты кедергі болғанын айтқан Катя алдағы жоспарымен де бөлісті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің басшылығы және жеке құрамы осы құрылымның қызметкері

Айдар Әділұлы ДүйсенбековТІҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі белгілі журна-лист-жазушы Әділ Дүйсенбекке ұлы

АйДАрДыҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Президенті Телерадио кешенінің ұжымы белгілі журналист Әділ Дүйсенбекке ұлы

АйДАрДыҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ұжымы басылымның бұрынғы қызметкері, белгілі қаламгер Әділ Дүйсенбекке ұлы

АйДАрДыҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы және еңбек ұжымы «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директоры Дәулетжан Кеңесұлы Хасановқа анасы

МАГИШАТТыҢдүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«KAZGOR» жобалау академиясы академияның бас маманы, еңбек ардагері Хайша Ғабидоллақызы Оразғалиеваға ағасы

Таңатар ҒАбИДоЛЛАҰЛыныҢұзаққа созылған науқастан қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«ҚазМұнайГаз» барлау Өндіру» АҚ 2017 жылғы 31 қаңтарда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қабанбай батыр д-лы, 17-үй мекенжайындағы 7-қабатта, №701 А кабинетінде голланд әдісімен аук-цион өткізу арқылы 1-9-лоттар бойынша автокөлік сату аукционының қорытындыларын жариялайды:

Мыналар аукцион жеңімпаздары болып танылды:№ 1 лот – Баталов С.А.№ 2 лот – «Табыс» ЖК№ 3 лот – Баталов С.А.№ 4 лот – Сайназар Б.М.№ 5 лот – Сарсембаев Д.К.№ 6 лот – Сарсембаев Д.К.№ 7 лот – Сарсембаев Д.К.№ 8 лот – Баталов С.А.№ 9 лот – Баталов С.А.

«Астана-Құрылыс» ұлттық құрылыс компаниясы» АҚ және «БанкЦентр- Кредит» АҚ арасында ірі мәміле жасалуда.

Между АО «Национальная строительная компания «Астана-Курылыс» и АО «Банк ЦентрКредит» заключается крупная сделка.

– екатерина, сіз үшін қысқы Универсиада мен олимпиада арасындағы айырмашылық қандай?

– Екі доданы бір-бірімен салыстыруға келмейді ғой. Соған қарамастан, жарысты өте жоғары деңгейде ұйымдастыра алған елім үшін қуанып отырмын. Мұнымен Қазақстан қысқы Олимпиаданы толыққанды өткізе алатынын дәлелдеп отыр. Мен екі Олимпиадаға қатыссам да, Универсиадада бірінші рет бақ сынадым. Бұл жарыста екі дүркін қола жүлдегер атанғаныма қуаныштымын. Қос медалым төрімде ілініп тұратыны сөзсіз.

– Дегенмен... студенттер сайы сында үшінші орын алып отырсыз. Ал бәсі жоғары әлем чемпионаты мен олимпиадада бақ сынағанда бұл нәтижеңіз аздық етпей ме?

– Бір нәрсені ұмытпаған жөн: бұл – студенттер сайысы. Соған қарамастан, жарыста жүгіріп өткен уақытыммен әлемдік сайыстар-да үздік ондыққа кіруге болады. Ауа райының қолайсыздығының кесірінен алғашқы айналымда дұрыс жүгіріп өте алмадым. Екінші айналымда нәтижемді жақсартып, жеңімпаздар қатарынан көріне алдым. Сондықтан, жоспарды ойдағыдай орындай алдым деп айта аламын. Бір білетінім, мен бұл көрсеткішпен тоқтап қалмаймын.

– бәрекелді! сізді жарақат алды деп естідік, толық айыға алдыңыз ба?

– Спортты кәсіп еткендердің дені жарақат алып жатады. Мен де солардың қатарын толықтырдым.

Арқама операция жасағаннан кейін, дәрігерлер маған алты айға дейін жаттығу жасауыма тыйым салды. Осылайша жаз айында жасалатын дайындықты өткізіп алдым. Бірақ, ақ халаттылар-ды тыңдамай, үш айдан кейін конькиімді аяққа байладым. Қазір денсаулығыма шағым айта ал-маймын. Сол кезде дәрігерлерді тыңдағанымда жеңіске жетпес едім.

– Алдағы жоспарыңызбен бөліссеңіз.

– 7 ақпан күні Оңтүстік Кореяда өтетін әлем чемпио-натына қатысамыз. Онда мен жеке бағдарлама бойынша сынға түсемін. Артынша Жапонияда өтетін қысқы Азия ойындарында бақ сынаймын. Содан кейін 26-27 ақпанда Канаданың Калгари қаласында жалауы желбірейтін спринтті сайыста өнер көрсетемін.

– Қысқа ғана уақытта мұнша­ма жарысқа қатысу қиынға соқпай ма?

– Бұл спорт қой. Барлығы ал-дын ала жоспарланған. Мен үшін жарақатымнан кейін көрсеткішімді жақсартудың бірден-бір жолы осы ғой деймін. Бұл аз десеңіз, Калгариден кейін Астанада өтетін Қазақстан чемпионатында бақ сы-наймын.

– Әңгімеңізге рахмет. биік тұғырдан көріне беріңіз!

Әңгімелескен Алмас МАНАП,

«Егемен Қазақстан

АЛМАТЫ

Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Алматыдағы Универсиаданың шайбалы хоккей додасында қазақстандық шеберлер Чехия құрама командасымен мұз үстінде имек таяқ түйістіріп, қарсыластарына қарағанда, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеді. Біздің хоккейшілердің тегеурініне шыдай алмаған қонақтар 0:8 есебімен ойсырай ұтылуға мәжбүр болды.

«Халық Арена» мұз сарайында өткен бұл матчта Константин Савенков пен Артем Бурделев екі реттен шайба салды. Сондай-ақ, Дмитрий Гренц, Никита Михайлис, Антон Петров және Кирилл Савицкий сынды ойын-шылар да мұз үстінен гол соқпай кетпеді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қытай (22:0) мен Швецияны (5:0) да күйрете жеңген болатын. Сөйтіп, Сергей Старыгиннің үш кездесуде өз қақпасына бір де бір шай-ба жібермеген шәкірттері тоғыз ұпаймен турнирдің плей-офф кезеңіне өтті. Ширек финалда біздің хоккейшілер іріктеу кезеңінде 3-орын алған Швеция құрамасын 4:0 есе-бімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Қазақстандықтар жартылай финалда Словакияны 4:3 есебімен буллит бойынша жеңген Чехия құрамасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық ойын Канада мен Ресей құрамаларының арасында өтеді.

* * *Өкінішке қарай, қыздар арасындағы сында

Қазақстан құрамасы бесінші-жетінші орындар үшін болған матчта Жапония хоккейшілерінен 0:4 есебімен ұтылып қалды. Бұдан бұрын біздің хоккейші қыздарымыз Ұлыбритания командасын 11:0 есебімен ұтып, Канада (0:11) және Қытай (1:4) хоккейшілеріне есе жіберген болатын.

Сонымен, Қазақстанның қыздар құрамасы Универсиаданың хоккей сынындағы соңғы кездесуін бүгін Ұлы британия командасымен өткізеді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Қазақ спортшының аты аталған сәтте «Алматы Арена» жанкүйердің қиқуынан жарылып кете жаздады... Шыныдай жыл-тыраған ақ айдынның үстінде жұлдыздай ағып мәнердің он сан түрін көрсеткен Абзалға деген жер лес терінің сондағы қоше-метін сөзбен айтып жеткізу мүм-кін емес еді. Абзал қауыр сын дай жеңіл көтеріліп, сан рет шыр-көбелек айналып, айдынның бетіне өте жеңіл қонақтап жат-ты. Мін көрмегендейміз! Алайда, мәнерлеп сырғанаудың ақырғы қорытындысында төрешілер біздің Абзалға 7-ші орын лайық деп тап-ты. Екі жарыстың қорытындысы бойынша ол 12-орынға табан тіреді.

Мұз сарайындағы аргенти-налық, кореялық, италиялық мәнерлеп сырғанаушылардан соң айдынға шыққан швед Александр Майоров пен жапон Кейдзи Танаканың өнерін сүйсіне тама-шалап, жақсы ұпай бөліскендеріне куә болған көрерменнің Денис Тен айдынға шыққанда жарыла дауы-стап, қызына қолдау көрсетуінің сыры бар. Соңғы екі спортшының өте жоғары алған бағаларына қарап, көрермен Джакома Пуччинидің мұңлы сазды музыкасына құлақ түріп тына қалды. Іштей Денистің қателеспеуін тілеп, мазасыз күй кешті. Денис Теннің құлашын жазып келіп көкке көтерілген сәтінде ышқына айқайға басады да, айдынға топ еткенде қайтадан тына қалады.

Осылайша арада төрт жа-рым минуттың қалай өткені де білінбеді...

Мамандардың сараптамасына

сенеміз. Залдағы шу дамылдаған сәтте төрешілер еркін бағдар ламада Денис Тен 172,06 балл жина ды де-ген ұйға рым жасады. Алдағы қысқа бағдарламамен екеуін қосқанда қазақ спортшысы 266,97 балл жи-нап, алтын медаль алды. Қазақстан құрмасының 10-шы алтын меда-лы! Кейдзи күміспен күптелсе, Александр қоламен үшінші орынға табан тіреді.

Журналистерге дереу арада берген сұхбатында Денис туған қаласы «Алматыдағы бұл алтын-ды жарыс 2018 жылғы Кореяда

өтетін қысқы Олимпиада ал-дындағы ең ауыр жаттығудай болды», деп ағынан жарылды. Барша қауым «Ниетіңе жет, бауырым!», деген тілек айтты чемпионға.

* * *Жексенбідегі басты жарыс

биатлоншылар арасындағы аралас эстафетадан басталған. Жүлдегер Галина Вишневская нысана көздеуден үш рет қателескенімен, әріптестерінен 30 секунд алда кетіп қалған. Дарья Усанова да 20 секунд

алда еді... Үшінші қашықтықта Василий Подкорытов 4 рет қателесіп, ресейлік спортшы екі арадағы уақыт көрсеткішін 15 секундқа дейін қысқартты. Ақтық қашықтықта Антон Пантов ойлағандай шеберлік көрсете ал-май, ақыр соңында Қазақстан би-атлоншылары алтынды Ресей ко-мандасына қолдан беріп қойып, күміс медальды қанағат тұтты. Украина үшінші орында қалды.

* * *Шорт-трек Қазақстан жан-

күйер лерінің асыға күткен спорт ойындарының бірегейі. Жұлдыздай аққан жігіттеріміз осында. Қыздарымыз да көштен қалып жатқан жоқ.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен бірінші күнгі 1500 метрлік бәсекеде шорт-трекші алматылық Нұр бер ген Жұмағазиев қола жүлдені иеленді.

– Алда екі күн бар, біздің жігіт-тер алтын аламыз деген үмітте, – деді Жұмағазиев. – 1500 метр-лік қашықтықта кореялық спорт-шылар бірінші орынды ешкімге берген емес. Есесіне 1000 метрлік, 500 метрлік қашықтықта біздің жұлдызымыз жануы әбден мүмкін...

Батыл айтылған сөз. Демек, алтын – алдымызда.

Бүгінге дейін командалық тізімде барлығы 23 медальмен (оның 10-ы алтын) ресейліктерден соң екінші орында келеміз.

АЛМАТЫ

«Алматы Арена» 10-шы алтынды сыйлады

Жоғары хоккей лига-сында сынға түсіп жатқан қазақстандық қос клуб – Өскеменнің «Торпедосы» мен Қарағандының «Сары-арқасы» кезекті жеңіс-теріне қол жеткізді. Шығыс-қазақстандық шеберлер өз мұз айдынында Крас-ноярскінің «Сокол» ко-мандасын 3:2 есебімен тізе бүктірсе, қарағандылық хок-кей шілер Ангарскіден кел-ген «Ермактың» қақпа сына жауапсыз үш шайба соқты.

Ө с к е м е н д е г і о й ы н -да есепті бірінші болып қонақтардың ойыншысы Дмитрий Поляков ашты. Бұдан кейін Владимир

Коротков, Евгений Белухин және Денис Игнашин қата-рынан үш шайба соғып, «Торпедоны» алға шығарды. Ал матчтың соңына таман «Соколдың» ойыншысы Александр Репьях бір гол са-лып, есеп айырмашылығын қысқартқанымен, ойын 3:2 есебімен өскемендіктердің пайдасына шешілді.

Қазір «Торпедо» тур-нир кестесінде 97 ұпаймен бұрынғысынша топ бастап келеді. Бірақ олар екінші о р ы н д а ғ ы С К А - Н е в а (Санкт-Петербург) коман-дасынан ұзап кете қойған жоқ. Жалпы саны 45 кезде-суден өткізген екі ұжымның

арасын бір ғана ұпай бөліп тұр.

« С а р ы а р қ а » б о л с а , «Қарағанды Аренаның» мұз айдынында Ангарскінің «Ермак» командасымен өткен ойында 3:0 есебімен басым түсіп, 93 ұпаймен (45 ойын) үшінші сатыдағы орнын сақтап қалды. Бұл кездесуде қарағандылықтар сапынан Даниил Ердаков екі мәрте және Илья Анто-новский бір рет мергендік танытты.

Кеше «Торпедо» Өске-менде «Ермакпен» күш сы-насса, «Сарыарқа» Крас-нояр скінің «Соколын» өз ай-дынында сынақтан өткізді.

Хоккей

«Барыс» қарымта қайтарды

Құрлықтық хоккей ли-га сының «Шығыс» диви-зионында өнер көрсетіп жүрген Астананың «Ба-рысы» өз мұз айдынында Минскінің «Динамосын» қабылдап, ірі есеппен ұтты. Қазақстандық хоккейшілер

соққан бес шайбаға қонақ-тар бір ғана голмен жауап бере алды.

Бұл ойында «Барыстың» екі ойыншысы мергендігімен көзге түсті. Команда капита-ны Брэндон Боченски (18-ші және 39-шы минуттар) мен

канадалық шабуылшымыз Кори Тривиноның (23 және 45) әрқайсысы екі голдан соғып, дубль жасады. Ал «Динамоның» қақпасына бесінші шайбаны астаналық 19 жасар шабуылшы Кирилл Панюков енгізді. Қонақтар та-рапынан жалғыз голды Аарон Полушай салды. Сөйтіп, 28 қаңтар күні Минскіде (1:2) ұтылып қарымта қайтарды.

Кеше «Барыс» Риганың «Динамосын» қабылдап, 1:0 есебімен жеңді. Голдың ав-торы – К.Даллмэн.

Осы жеңістерден кейін Астана командасы 87 ұпай-мен «Шығыс» конференци-ясында бесінші орынға нық тұрақтады.

Келесі ойынын «Барыс» Астанада 14 ақпанда Ново-сібірдің «Сибирімен» өт-кізеді.

Жерлестеріміз жеңіске жетті

Қысқы Универсиаданың екі дүркін қола жүлдегері Екатерина АЙДОВА:

Жарақатыма қарамастан, жоспарымды орындадым

Page 8: E-mail: info@ 6 А˛ПАН, 2017 · PDF fileмектепте математика ... Тен кезегі бойынша айдынға ... лық арасында 12 жылдық

8 6 АҚПАН 2017 ЖЫЛДИДАР

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы 50 жылдық мерейтойын атап �тті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––Атырау облыстық Ш.Сариев атындағы к�р кем сурет және қолданбалы-сәндік �нер музейінде сулы-батпақты жерлер күніне арналған к�рме �тті. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен бірлескен фоток�рмеде қорықтың басты ерекшеліктері мен биоалуан түрлілігі туралы ақпарат берілген.––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШƏРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыГүлнұр КƏКІМЖАНОВА

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Суретті түсірген Қайсар ШЕРІМ

ФОТОЭТЮД ЗАМАНДАС

МЕРЕЙТАЛБЕСІК БӘРЕКЕЛДІ!

ӨНЕГЕ

–––––––––––––––––––Алаш арыстарының бірі Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэма-сын дағы Баян бейнесі к�пшілікке әдеби нұсқада жақсы таныс. ––––––––––––––––––––

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

1 9 9 3 ж ы л ы С л а м б е к Тəуекелдің режиссерлігімен «Батыр Баян» фильмі түсіріліп, Баян бейнесі көрерменге жол тартты. Күні бүгінге дейін ерлікті дəріптейтін, халықтың өткен кезеңін шежірелейтін кинотуынды ұлттың рухани мінберінен түскен жоқ. Ал Баян рөлін сомдаған Жұмахан Əбдіқадыровтың актерлік шеберлігі фильмнің өне бой-ында айқын көрінді. Дегенмен, халық жүрегінен орын алған өнер адамы, қазақтың «Батыр Баяны» бұл күнде қайда деген сұрақтың əркімнің көкейінде жүргені мəлім. Тау тұлғалы, толағай бейнелі актердің жана-рындағы жасын, беймəлім мұң көптің көзінен, жұрттың на-зарынан алыстап кеткендей. Атақты Асқар Тоқпановтың шəкірті Жұмахан Əбдіқадыров «Батыр Баян» фильмі арқылы өзінің актерлік мектебін қалып -тастырды. Алдында Дəмір Ма-набайдың «Сұрапыл Сұр же-кей» фильмінде Əзбергеннің рөлін ойнап, атақты актер Нұр-мұхан Жантөринмен қатар өнер көрсеткеніне халық куə. Одан кейін «Батыр Баян» филь м і арқылы жұлдызы жанып, та-ланты жарқырады.

Жұмахан Əбдіқадыров бұл күнде Тараз шаһарында тұрады. Тағдыры тар жол, тайғақ кешуге толы өнер иесі осыдан жиыр-ма екі жыл бұрын жол апатына

ұшыраған болатын. Содан бірте-бірте қозғалысы қиындай бастаған соң актердің өзі еңбек етіп жүрген облыстық театрмен 2009 жылы қош айтысуына тура келген. Алайда жаны мен жүрегі өнер деп соққан батыр Баян əрдайым өнердегі адалдықты қалайтынын, өнерге қиянат жасауға қорқатынын айтады. Кезінде Тараздағы «Қайқармет» базарындағы автотұрақтың қа-рауылы болып та жұмыс істе-ген қазақтың «батыр Баяны» қазір елеусіздеу күн кешіп жа-тыр. Бірақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы ізде-тіп, кездескені өміріндегі үлкен маңызды кезең болғаны анық.

– Дерт жаныма батып жүрген шақ еді. Енді үшінші отаны жа-сатайын десем, біраз қаражат керек болды. Содан 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы облысымызға арнайы іссапармен келген кезінде менің жағдайымды естіп, іздетіпті. Кездескен кезімізде де ол кісі мені «Қазақтың Батыр Баяны» деп мəртебемді көтерді. Содан кейін «Ештеңеден қорықпа, сенің артыңда халқың тұр» деп жігерлендірді. Кейін Елбасының қолдауымен Германия мем лекетінің Киль қаласына барып, үшінші отаны жасатып

қайттық. Сондықтан, Елбасына айтар алғы сым шексіз, – дейді бізбен əңгімесінде.

Қазақтың қайсар мінезді ұлы өзінің дара болмысын өмірде де, өнерде де көрсетіп жүрген жан. Фильмдегі туған інісі Ноян мен қалмақ қызы Лағданы өлімге қиып жіберетін тұсындағы Баян болмысы көптің көңілінде ерек-ше сақталып қалды.

– Əлі күнге дейін белгілі ре жиссерлер киноға түсуге, спек такльде ойнауға шақырып тұ рады, – дейді Жұмахан Əбді-қадыров бізбен əңгімесінде. – Əрине, бұл оңай шаруа емес. Денсаулығым оған мүм кіндік бере ме, жоқ па, ол жағы да белгісіз. Дегенмен де жаным сүйетін өнерге деген құлшыныс басым.

Қазақ киносында тағдыр мен өнерді адами таразысын-да тең ұстап, денсаулық жағ-дайы мүмкіндік бермесе де сүйік ті ісін тастамаған қайсар актер лер болған. Белгілі қазақ актері Кененбай Қожабековтің «Қасқырдың апаны» фильмінде қоларбада отырған күйі басты рөлдердің бірін керемет ойнап шыққанын киносүйер қауым өте жақсы біледі. Ендеше, Жұмахан Əбдіқадыровтың да кино алаңы мен киелі сахна төріне оралуына мүмкіндігі бар.

2014 жылы облыс əкімдігі батыр Баянның туғанына 300 жəне фильмнің шыққанына 20 жыл толуына орай, Жұмахан Əбдіқадыровтың «Батыр Баян – байрағым» атты шығармашылық кешін өткізіп берген болатын. Жары Гүлшат Қыпшақова да бұл күнде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ак-триса. Өнерді өмірім деп ұққан Жұмахан Əбдіқадыровтың есімі əрдайым елге елеулі.

Жамбыл облысы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жарты ғасырлық жылнама-сын тойлап отырған өнер ұжы-мының құрамына түрлі жанрдағы бірнеше шығармашылық ұжым кіреді. Олар – Дəулеткерей атын дағы қазақ халық аспаптар оркестрі, «Орал сазы» фоль-клорлық-этнографиялық ансам-блі, «Назерке» халықтық би ансамблі, «Классика» камералық ансамблі, «Орда» аспаптық трио сы, «Əн қанатында» эстра-далық ансамблі. Бұдан бөлек жекелеген дəстүрлі жəне эстра-далық əншілер, күйшілер, жоғарыда аталған ұжымдардың көркемдік жетекшілері, дири-жерлары, балетмейстері, ре-жиссер, дыбыс режиссері мен операторы, суретші, шығар-машылық ұжымның жұмысын ұйым дастыратын əкімшілік қыз-мет керлер мен кіші техни калық қызметкерлерді қосқанда, бар-лығы 160-тан астам адам филар-мония құрамында еңбек етеді.

Облыстық қазақ драма теа-трында өткен салтанатты шара фи лармонияның өткені мен бүгіні туралы деректі фильм көрсетіл імімен басталды.

Филар мония ұжымын облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжат тама басқармасының бас-шысы Дəулеткерей Құсайы-нов құттықтап, өнер адам-дарының ұлтқа, елге, жалпы адамзатқа қыз мет ететінін баса айтты. К өрер мен назарына ұсынылған мерекелік концерт-те Қазақстанның еңбек сіңірген əртістері, əншілер Қанат қали Қожақов, Жұмағаным Рахи мова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Əмір ханов, Қа зақстанның еңбек сіңірген мəде ниет қызметкері, домбыра-шы Ермек Қазиев, эстрада əн-шілері, халықаралық жəне рес-публикалық байқаулардың ла-уреаттары Жаңылсын Хасанова мен Марат Сарбөпеев, дəстүрлі əншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қатимолла Бер діғалиев пен Қазақстанның ең бек сіңірген əртісі Сəуле Тау -дае ва жəне басқалар өнер көр-сет ті. Өнерпаздар өз тойында ел ге əн-жырмен шашу шашып, жұрт шылықтың ризашылығына бөленді.

ОРАЛ

Суретті түсіргенРафхат ХАЛЕЛОВ

Қайсарлық қағидасы

Ақжайық айшықтарыБақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Музей басшысының орынбасары Жəнібек Орын басаровтың айтуынша, шараны ұйымдас-тырудағы мақсат – қоршаған ортаны аялауға шақыру, экологиялық мəдениетті қалыптастыру.

– Көрмеге «Ақжайық» резерватының судағы жəне құрлықтағы өсімдіктер топтамасы жəне жа-нуарлар түрлерінен хабардар ететін 40-тан астам фотосурет қойылды, – дейді резерват қызметкері Нұргүл Ораз ға лиева.

Айта кетейік, Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр атырабындағы аумаққа 2009 жылы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ата-уы берілген еді. Ерекше табиғи кешенде сирек кездесетін жəне эндемикалық судағы, құрлықтағы өсімдіктер топтамасы мен жануар лар бар. Резерват табиғи аумақты қорғаумен бірге, ғылыми зерттеу жұмыстарын, экологиялық ағарту, туризмді дамы-ту мақсатында қызмет етіп келеді.

АТЫРАУ

Көкшетауда жергілікті жұрт «Ескі ет комбинаты» деп атап кет-кен аудандағы тегін су тарататын ингуш отбасы туралы əңгімені естігенімізге көп болды. Түнеу күні əдейі іздеп бардық. Бізге дейін та-лай тілші қағаз-қаламын сайлап ба-рып, жазбаққа оқталған екен. Əйтсе де, үй иесі Руслан Тунгоев пен за-йыбы Лилия көнбепті. «Тəйірі-ай, сол да газетке жазатын дүние ме, біздікі жай əншейін, əкенің амана-тын орындау», десе керек. Əкесі ұрпағына нені аманат етті екен де-ген сұрақ қызықтырады. Лилияның айтуы на қарағанда қайын атасы Хамберд ақсақал балалық шағында өзге де замандас тары тəрізді тіршіліктің зілмауыр тақсіретін бір адамдай тартса керек. 1944 жылдың ақпанында атамекеннен күштеп көшірілген. Өлдім-талдым дегенде

Көкшетауға жеткен. Мұндағы жұрттың да шекесі шылқып отырғаны шамалы. Қыстың көзі қырауда Қап тауынан арып-ашып жеткен жұртты жергілікті ел бөліп алып, қамқорлық жасапты. Азын-аулақ азық-түлігін балаларының аузынан жырып, түрі бөлек болғанымен, діні бір адамдарға ұсынған. Жүрек жылуымен жы-лыт қан. Міне, Хамберд ақсақал аштықтың арандай ашылған ау-зынан аман алып қалған қазаққа жақсылық жасауды балаларына аманат етіп кетіпті. Əке аманаты – перзенттері үшін заң.

Лилия мен Руслан Тунгоевтар 1995 жылы Қанай би көшесіндегі осы үйді неміс отбасынан са-тып алған. Жөндеген, сырлап-сы лаған. Скважина қаздырған. Сəтін сал ғанда 40 метрден астам

тереңдіктен шыққан су тап-таза. Сараптамадан өткізген. Содан соң əкенің аманатына орай үй аула-сынан құбыр арқылы шығарып қояды.

– Менің əкем Суланбек Щу чинск қаласында тұрды. Үш ағайынды еді. Қазақы ортада өскен соң жергілікті жұрттың салт-дəстүрін, əдет-ғұр-пын жақсы білетін. Үй-ішінде өз ана тілдерінде жəне қазақ тілінде тілдесе беретін. Ол кісілер де сая-си репрессияға ұшыраған, қуғын-сүргінді көп көрген, тіршіліктің тауқыметін тартқан адамдар ғой,–дейді Лилия Суланбекқызы. – Ата-мыз Осман да осы бір жайды аузы-нан тастамай айтып отырушы еді. Біз сол көп жақсылықтың қарымтасын қайтарсақ па деп ойлағанбыз. Бірақ, қазақтың жақсылығы өте көп, су түгіл қаймақ ағызып қойсақ та то-лайым өтей алмас едік.

Əрине, су берудің де қи ын шы -лық тары бар. Күні-түні тоқ та май

аға бергендіктен, 40 метр лік те рең-дік тен су айдайтын насос жиі іс тен шығады. Негізі жаңа сын алу ке рек. Күн сайын электр қуа ты жұм са-лады. Төлеу керек. Қыс ай ларын да құ быр қатып қалады.

– Кей кезде 2-3 сағаттық ке-зек пайда болады. Амал жоқ, тосамыз, – дейді су алуға келу-шілердің бірі Алпысбай Тұр-сынов. – Дегенмен де, бар шығы-нын өздері көтеріп, 20 жыл ға жуық уақыт бойы тегін қызмет көрсе тіп отырған бұл отбасына алғысымызды айтамыз.

Біз де алғыс лебізімізді білдір-дік. Қайырым шарапаты мол шаңырақтан шығып бара жатып, Лилияның аталарымызға қазақ халқының жасаған жақсылығы үшін қара су түгілі, қаймақ ағызып қойсақ та артық болмас деген сөзі жадымызға орала берді.

Байқал БАЙ�ДІЛОВ

Аманат

Өнер ұжымының өрісі

Көк ту қашанда қолында жүреді

Қайбір күні Түр кия еліндегі бір бауырымыз «Мы на жаңа сақи нама қа-рашы, қалай екен?», – деп хабарлама жіберген еді, көзім əлгі сары кү містен жа салған ұлт тық нақыш тағы сақи наға түс ті. Марат досым нан не себептен са қи наңды осын дай нұс қада жа сат тың деп сұра ға нымда:

– Т ү р к и я е л і н д е ө з ұ л т т ы қ

нақыш тарын да түрлі əшекейлер жасап, құлақ тарына сырға, қол дарына жү зік тағып алып жүре тін түріктерді көп көрдім. Мен де осы лай өз Отанымның туы ның су ретін сақинама қоямын деп шештім.

Содан тапсырыс беріп жасаттым, енді осы сақинама қараған сайын туған елім, Отаным ойыма оралады. Сұраған адамдарға мен қазақпын, бұл менің елім нің көк туы деп мақтанышпен айтамын.

Əке-шешем «Қазақ тың көк туы біздің ар-на мысымыз, ол əрқашанда жоғары да болу керек!», деп үй реткен жəне де əлі де үй ретіп, айтып жүреді, мен де

оны болашақта өз бала ларыма үйретемін.

Əрине, туымыз ең ал дымен жүректе болу керек, оны қатты құр меттеп, сүюіміз керек! – деп жау ап берді. Шет елде, жат жер де жүр ген қан да сы-мыз дың əр сөзінен еліне де-ген сүйіс пеншілік, са ғыныш, пат риот тық сезімі анық бай -қалады. Ен де ше, көк туы-мызды ба ғалап, жо ға ры ұ с тай

білейік, аға йын!

Қымбат КЕРЕЙБАЙ

АСТАНА

Алақай, ақша қар!