45minutkz.files.wordpress.com · web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына...

8
Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевнаның Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Тәуелсіз - елдің ұландарымыз!» Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тарихы, батыр аға- апаларының ерлігі жайлы білу. Тәуелсіз еліміздің ертеңі өздері екенін сезініп, қастерлей білуге үйрету. Көрнекіліктер: Тәуелсіздіккі арналған слайт, залды безендіру. Барысы: Мұғалім: Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз- елдің ұландарымыз!» атты әдеби кешімізді бастаймыз. 1-оқушы: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. 2-оқушы: Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім! 3-оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. Шырқадым әнұранды бар дауыспен, Арманым –Ата заңым қабылданып.

Upload: others

Post on 09-Mar-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевнаның

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай өткізілген тәрбие сағаты.

Тақырыбы: «Тәуелсіз - елдің ұландарымыз!»Мақсаты: Тәуелсіздігіміздің тарихы, батыр аға-апаларының ерлігі жайлы білу. Тәуелсіз еліміздің ертеңі өздері екенін сезініп, қастерлей білуге үйрету.Көрнекіліктер: Тәуелсіздіккі арналған слайт, залды безендіру.

Барысы:Мұғалім: Құрметті оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз- елдің ұландарымыз!» атты әдеби кешімізді бастаймыз.

1-оқушы: Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-оқушы: Мен- қазақпын, биікпін, байтақ елмін, Қайта тудым,өмірге қайта келдім. Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске, Айта бергім келеді, айта бергім!3-оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып, Елтаңбам күллі әлемге танылды анық. Шырқадым әнұранды бар дауыспен, Арманым –Ата заңым қабылданып.Мұғалім: Тәуелсіздіктің түп тамыры «Желтоқсан» оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. «Түбін білмеген тексіз» деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар – намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде.4-оқушы:

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

Жағасына жауының жетіп қолы, Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен. Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы, Олжа емес салбырап түскен көктен. 5-оқушы:Қуаныш аралас қасіретпен, Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен. Еркіндік, ерлігін сақтау үшін, Талай ердің бұл жолда басы кеткен.6-оқушы: Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан, Тарихы оның тым әріден басталған. Бодандықтан құтқарам деп елімді, Талай боздақ қара жерді жастанған. 7- оқушы: Жазалаушы қара құрттай қаптады, Қазағымды қырып – жойып таптады. Сонда елімнің ұл – қыздары ардақты, Қарсы шығып ел сенімін ақтады. 8- оқушы: Жалғыз Отан –адамның жүрегі ғой, Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой. Ел үшін Желтоқсанда құрбан болған, Ербол, Қайрат – нағыз ердің бірі еді ғой. 9 – оқушы: Сәбира, Ләззат сынды жауқазындар, Жетілмей ерте солған гүл еді ғой. Болашаққа даңғыл жол салып берген, Боздақтар мәңгі айтылар жыр еді ғой. 10-- оқушы: Желтоқсан – тарихымда әйгілі күн, Ерттеп мініп ар – ождан сәйгүлігін Ерлерім елдік үшін атой салып, Еншілер қайтарған бәйгелі күн.

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН БОЛҒАН АҒА-ӘПКЕЛЕРІМІЗДІ 1 МИНУТ ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛАЙЫҚ.

1-жүргізуші: Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты.2-жүргізуші: Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. 3- жүргізуші: Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Осындай нұрлы күнге қол жеткізгеніміз Желтоқсан оқиғасының нәтижесі.МҰҒАЛІМ:

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

Осы Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңға шыққан барлық жастарды аяусыз ұрып, соғып жатқанына төзбеген жігіттер мен қыздарды жазықсыз түрмеге қамады. Жазықсыз жазаланған Қайрат Рысқұлбековтың түрмедегі күндерінен көрініс.

ВИДЕО көрсету. Көрініс: «Қайғыға түскен ғұмыр!»

Тергуші: Алып келіңдер, ана Қайрат Рысқұлбековті. «милициялар сүйрелеп алып келеді) Тергеуші: Сен алаңға не үшін келдің?Савицкиді өлтіргеніңді мойындайсың ба? Айт жаныңның барында.Қайрат: Мен өлтірген жоқпын. Қазақ қыздарын ұрып-соғып жатыр дегенді естіп араша түсуге бардым. Мен жазықсызбын.Тергеуші: Әкетіңдер, атыңдар! Қайрат: Тоқта, айтар сөзім бар! Күнәдан таза басым бар, 21-де жасым бар, Қасқалдақтай қаным бар, Бозторғайдай жаным бар. Алам десең алыңдар! Қайрат деген атым бар, Қазақ деген затым бар. «Еркек тоқты құрбандық» Атам десең атыңдар!

Мұғалім: Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің,Ешқашан да еңкеюге тиісті емес жалауы!

1 - жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

2 - жүргізуші:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің!Оқушы Қасиетті Қазақстан мекенім,Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,Болашағым, өнер - білім, өркенім.оқушы Бейбіт өмір тілеймін мен халқымаТуған тілім шұбарланба жарқыра

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

Тарихымызда таланттылар көбейсінБас иемін ата баба рухына.оқушы: Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырапСол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрапТілейтінім барша жұртқа бір ғанаЫрыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

оқушы: Елімнің атын айтсам-Қазақстан!  Жерімнің атын айтсам-Қазақстан!  Қойнауы қазынаға толған мекен,  Байлығым айтсам –Қазақстан! оқушы:   Қазақстан- бабамнан қалған мұра,  Сенбейсің бе? Даламнан бар да сұра!  Ел мен жерді дұшпанға таптатпаған  Батырларым демесем болар күнә!

оқушы: Туған тілім-бабам тілі -өз тілім!            Туған тілім-анам тілі-өз тілім!            Туған тілім-далам тілі-өз тілім!     оқушы: Туған тілде сыры терең жаным бар.         Туған тілде әнім менен сәнім бар.         Туған тілім тіл болудан қалса егер,         Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.     оқушы: Туған тілім-тірлігімнің айғағы,         Тілім барда айтылар сыр ойдағы.         Өссе тілім,мен де бірге өсемін,         Өшсе тілім,мен де бірге өшемін. 1-жүргізуші: Екпінімен еңбектің жарасқан ән,Құлақ түріп даңқына алыс ғалам.2-жүргізуші: Достық туы желбіреп қырмандарда,Даламызда сан тағдыр табысты адам.3-жүргізуші: Бостандықтың нұрымен арайланып,Болашаққа алаңсыз қарыштаған.Бәрі бірге: Ұлы достық отауы-ҚАЗАҚСТАН!Оқушы: Шаттықтың бірге шалқып тасқынымен,Жолықсын қонақтар әр ұлтпенен.Оқушы: Үлгі алсын жас ұрпақ бүгін бізден, Ежелгі ата-баба дәстүрімен.Оқушы: Ынтымақ, достық, тыныштық,Туыстық бізге тым ыстық.Оқушы: Бейбіт өмір белгісі,Күлімдеп шыққан күн ыстық.Оқушы: Ақпыз, қара, сарымыз,Ағайынбыз бәріміз.Оқушы: Болсын жер мен су ортақ,Болсын бізге бәрі ортақ.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

Қ-қадірлі А- ағайынЗ- заңғар А- аталарымыздың Қ-қанмен С-сыйлаған Т- тәуелсіздікті А-аялап Н-нық ұстайық!Оқушы:Кең байтақ туған өлкемҚазақстан!Мен сені әрқашан да мақтан тұрам,Алтын, дән, мыс, мырышы, мұнайымен,Баршаны байлығымен таңқалдырған.Төбеңде көк байрақты желбіретіп,Жасашы, жасай берші ҚАЗАҚСТАН! «Қазақстан» әні Т-білдіреді теңдікті,Ә-әдептілік, әлдікті,У-уайымсыз уақытты,Е-егемендік елдікті,Л-лағып, лепірме,С- сенімділік секілді ең,І- ілтипат пен ізет қой,З- зиялылық тілек қой,Д-достыққа шақырады,І-ізгілікпен,К-күн болып көктегі,

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа!«Атамекен» әні

1-жүргізуші: Егемен еліміздің болашағы біздің қолымызда!2-жүргізуші: Тәуелсіздіктің тірегі білімде!3-жүргізуші: Білімнің арқасында елімізді, жерімізді дамыта аламыз!1-жүргізуші: Елдігімізді асқақтатып биікке көтерейік!Хормен: Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Мұғалім: Қуан халқым! Қуанатын күн бүгін.Серпіп таста мұңды жүрек түндігін.Шарықтайық, шаттанайық, тынбайық,Тәуелсіздік күнін бүгін халқым бірге тойлайық!Осымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойына арналған «Тәуелсіз - елдің ұландарымыз!» атты әдеби кешіміз өз мәресіне жетті.Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке

«Тәуелсіз елдің ұландарымыз!» тәрбие сағатыТәуелсіздіктің 25 жылдығына орай (3-4 сынып) бастауыш сыныптар арасында «Тәуелсіздікке 25 жыл – 25 өлең» сайысы болды. Онда оқушылар тәуелсіздік туралы патриоттық өлеңді мәнерлеп оқуға қатысып, жеңіске жеткендері марапатталды.

Тәрбие сағатында оқушылар желтоқсан батырларын еске алып, олар жайлы көрініс қойып, өлең тақпақтарын айтты.

Қазақстан, Тәуелсіздік сөзіне талдау жасап, ойларын қорытындылады.