№50 Абай атындағы орта мектебі

14
№50 Абай атындағы орта мектебі Биология пәні мұғалімі: Мешітбаева Айгүл Мәлікқызы Сабақтың тақырыбы: Вирус – тіршіліктің жасушасыз түрі

Upload: camden-jackson

Post on 31-Dec-2015

189 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

№50 Абай атындағы орта мектебі. Сабақтың тақырыбы: Вирус – т іршіліктің жасушасыз түрі. Биология пәні мұғалімі: Мешітбаева Айгүл Мәлікқызы. Сабақтың тақырыбы: Вирус – т іршіліктің жасушасыз түрі. Сабақтың мақсаты: - PowerPoint PPT Presentation

TRANSCRIPT

Page 1: №50 Абай атындағы орта мектебі

№50 Абай атындағы орта мектебі

Биология пәні мұғалімі: Мешітбаева Айгүл Мәлікқызы

Сабақтың тақырыбы:

Вирус – тіршіліктің жасушасыз түрі

Page 2: №50 Абай атындағы орта мектебі
Page 3: №50 Абай атындағы орта мектебі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Орта жағдайының өзгерісіне өте төзімді

және жұқпалы аурулардың қоздырғышы, табиғатта өте

көп тараған жасушасыз тіршілік иесі вирустар туралы

өзіндік оқыту арқылы түсіндіре білуге жетелеу.

Дамытушылық: Бактериофагтардың зиянды

әрекеттерін дәлелдеу Ф.Туорт, Н.Ф.Гамалея, Д.Эрелль

еңбектері вирусология ғылымының дамуында ерекше

еңбектері жөнінде білімдерін

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе

білуге, мұқияттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап, ізденіс

Пәнаралық байланыс: Медицина, валеология,

жануартану, экалогия

Көрнекілігі: Слайдтар, сызба нұсқалар, кестелер

Сабақ барысы:

•Ұйымдастыру бөлімі.

•Үй тапсырмасын сұрау. «Көпір» тапсырмасын

орындау.

Page 4: №50 Абай атындағы орта мектебі

Үй тапсырмасын сұрау

«Көпір» тапсырмасын орындау

•Қандай жасушаларды эукариоттар дейміз?

Ж: ____________ толық __________ жасушалы

_________ атайды.

•Прокариоттар қандай жасушалар?

Ж: Ядросы ____________ жетілмеген _____________

айтамыз.

•Не жасушасы, не ядросы жоқ организімдерді қалай

атайды?

Ж:______________ жоқ организмдер_____________.

Page 5: №50 Абай атындағы орта мектебі

•Вирус- жасушасыз ағза. Паразитті тіршілік

етеді.

•РНҚ мен ДНҚ-нан және қабығы бар

ағзалық заттардан тұрады.

•«Вирус» сөзі у деген мағына береді.

•Вирус көптеген аурулар туғызады.

Тақырыптың басты идеясы

Page 6: №50 Абай атындағы орта мектебі

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым У. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты. [2]

XІX ғасырдың соңында Д. И. Ивановский ашқан өте ұсақ тіршілік иесінің вирустар екендігі дәлелденді.Вирус[3] (лат. vīrus - «у») – тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Олар рибонуклеин қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан – кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр.Вирустардың құрылысы мен іс-әрекетін темекі теңбілі ауруын мысалға алып қарастырайық. Темекі теңбілі вирусы темекі жапырағындағы хлоропластарды зақымдайды. Осының салдарынан жапырақ тақтасы бүрісіп, шиыршықтанады. Сонымен қатар тостағанша, күлте жапырақшалары да өзгереді. Темекі теңбілі вирусымен зақымдалған жапырақ 9-11 күннен кейін сарғая бастайды.У. Стенлидің дәлелдеуі бойынша, темекі жапырағында вирус бөлшектері алты қырлы кристалл пішінді шоғыр түзеді.Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі – басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы – нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Page 7: №50 Абай атындағы орта мектебі
Page 8: №50 Абай атындағы орта мектебі

1. XXI ғасырдың __________ темекі __________ ауруын

зертеп, ол аурудың __________ бактериядан да ұсақ

____________ иесі екенін тапты.

2. ___________ америкалық ғалым ____________ бұл

кристалдық темекі теңбілі ______________ шоғырланған

жиынтығы екенін_________________ .

3. Вирус-у, тірі организмдердің ішіндегі ______________

тіршілік иесі.

4. Олар ___________ немесе ____________ құралған

нуклепротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен

қапталған қабықшадан капсидтерден тұрады.

5. Қазіргі кезде __________ жылы қанды

омыртқалыларды уландыратын 500-дей, өсімдіктерді

уландыратын 300-дей түрі белгілі.

«Білу» тапсырмасы

Page 9: №50 Абай атындағы орта мектебі

1. Не себептен вирустардың белгілі түрін бактериофаг деп атаған?

Ж: себебі бактериофаг бактерияны зақымдап ерітіп жібереді.

2. Неліктен сүт тағамдарының сапасы тез төмендейді?

Ж: себебі бактериофаг пайдалы сүт қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

3. Не себептен бактериофагтар бір қалыпты фагтар деп аталады?

Ж: себебі олар бактерия жасушасында тіршілік етеді де оның жасушасы ерімейді.

4. Вирустармен үнемі күресудің жолдарын білу қажеттілігінің себебі не?

Ж: вирус ауру қоздырғыштарын тудырушы ғана емес, бір түр мен екінші түрдің арасында инфекция тасымалдаушы болып табылады.

5. Не үшін вирустарды зерттеу керек?Ж: себебі тұмау, полиомиелит, шешек, аусыл,

құтыру аурулары вирус арқылы таралады. Солардың алдын алу үшін зерттеу керек.

«Түсіну» тапсырмасы

Page 10: №50 Абай атындағы орта мектебі

«Талдау» тапсырмасы

1. Бактерия таяқша пішінді.

2. Жасушасы қабықша мен цитоплазмадан тұрады.

3. Қолайсыз жағдайда спора түзіледі.

1. Екеуі де паразитті тіршілік етеді.

2.Тірі ағзаны зақымдаушы, инфекция тасымалдаушы.

1. Вирус РНҚ мен ДНҚ-нан

Және қабығы бар ағзалық

заттардан тұрады.

2. Вируста жасушадан тысқары

жерде зат алмасу жүрмейді.

3.Вирус – жасушасыз тіршілік

иесі.

4.Вирус тек тірі затқа ғана

орналасып тіршілік етеді.

Бактерия

Ұқсастығы

Вирус

Page 11: №50 Абай атындағы орта мектебі

«Жинақтау» тапсырмасы

Вирус

Вирус қазақшаға аударғанда «у» мағынысын береді

Ол РНҚ мен ДНҚ-нан тұратын қабығы бар ағзалық заттардан тұрады

«Вирус» ұғымын енгізген ғалым - Ивановский

«Бактериофаг» ұғымын сипаттаған ғалым - Туорт

Эрелль іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагты

анықтады

Гамалея топалаңды қоздыратын бактерияны ерітетін бактериофагты

тапты

Бактериофагтың көбею ұзақтығы 30мин – 90мин созылады

Тұмау Полимиелит

Фаг 50%-дық глицерин ерітіндісінде 1000С-та тіршілігін жояды

Page 12: №50 Абай атындағы орта мектебі

Сабақты бекітуге

Дұрыс жауаптарды белгіле

1. Вирус ұғымын енгізген ғалым

а) Стенли б) Ивановский

с) Гамалея

2. Темекі теңбілі вирусын анықтаған

ғалым

а) Ивановский б) Стенли

с) Гамалея

3. Бактериофагтың зиянды әрекетін

алғаш дәлелдеген ғалым

а) Ивановский б) Гамалея

с) Туорт

Page 13: №50 Абай атындағы орта мектебі

Сөз жұмбақты шеш

1. Вирусология ғылымын енгізген ғалым

2. Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын

қасиеті

3. Іш сүзегі бактериясын ерітетін бактериофагты тапқан

ғалым

4. 1915жылы бактериофагты сипаттаған ғалым

5. Темекі жапырағында вирус бөлшкетері алты қырлы

кристалл пішінді шоғыр екенін дәлелдеген ғалым

ВИР  У  С  

Page 14: №50 Абай атындағы орта мектебі

1. Вирус болашақта болмауы мүмкін деп

ойлайсың ба?

2. ЖИТС ауруының емделу жолы табыла

ма?

Пікір жазу

Үй тапсырмасы