bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/bertagina.docx  · web viewАқтөбе облысы ....

5
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы ГКС-12 орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Бертагина Алтынай Амангелдіқызы Сабақ: Екі амалды өрнектер Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты- жөні: Сынып: 1 Қатысқандар Қатыспағандар-0 Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1.2.1.6 екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу 1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану 1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану Сабақ мақсаты Барлық оқушылар орындай алады Бір амалдан тұратын өрнектерді құру және олардың мәнін табуды біледі Оқушылардың көпшілігі орындай алады Бір амалдан тұратын өрнектерді құрады және олардың мәнін табады, қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады; +”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады Кейбір оқушылар орындай алады Екі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды; қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады; “+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады. Тілдік мақсат Оқушылар игереді: Екі амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды Пәндік лексика және терминология: амалдар реті Диалог/жазу үшін қажетті сөздер Талқылау: -7 + 4 + 10 мысалын шығару үшін неше амал орындау керек? -Мысалдағы амалдардың орындалу ретін

Upload: others

Post on 20-Jul-2020

22 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bertagina.docx  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар ауданы. ГКС-12 орта мектебі. Бастауыш сынып

Ақтөбе облысы

Шалқар ауданыГКС-12 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Бертагина Алтынай Амангелдіқызы

Сабақ:Екі амалды өрнектер

Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты- жөні:Сынып: 1 Қатысқандар Қатыспағандар-0Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.1.6 екі амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу1.1.2.3 қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану

Сабақ мақсатыБарлық оқушылар орындай аладыБір амалдан тұратын өрнектерді құру және олардың мәнін табуды біледіОқушылардың көпшілігі орындай аладыБір амалдан тұратын өрнектерді құрады және олардың мәнін табады, қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады; +”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданадыКейбір оқушылар орындай аладыЕкі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды; қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;“+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Тілдік мақсат Оқушылар игереді:Екі амалдан тұратын, жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайдыПәндік лексика және терминология:амалдар ретіДиалог/жазу үшін қажетті сөздерТалқылау:-7 + 4 + 10 мысалын шығару үшін неше амал орындау керек?-Мысалдағы амалдардың орындалу ретін нөмірле:7 + 4 + 10.-Бірінші амалдың нәтижесін ата.-Екінші амалдың нәтижесін ата.-Үш қосылғышпен берілген мысалда қосу амалы қандай ретпен орындалады?- Сен қалай ойлайсың, “–” таңбасы бар өрнектерде амалдарды орындау реті маңызды ма? Неге?

Алдыңғы оқу: Бір амалдан тұратын өрнектерді құру және олардың мәнін табу; «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану

Күтілетін нәтиже: Оқушылар екі амалдан тұратын жақшалы және жақшасыз өрнектің мәнін табады; амалдарды орындау ретін анықтайды;қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсінеді және қолданады;“+”, “–”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын қолданады.

Page 2: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bertagina.docx  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар ауданы. ГКС-12 орта мектебі. Бастауыш сынып

ЖоспарЖоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Басы5 минут

Ортасы25 минут

Ширату:«Кім тапқыр?» ойыны— Қай сан 4-тен 2-ге артық?— Қай сан 13-тен 3-ке кем?— Қай сан 18-ден артық, бірақ 20-дан кем?(Т) «Кіріспе тапсырма»Қосу мен азайтуға берілген жақшасыз өрнектің мәнін табу үшін амалдың ретін сақтап, солдан оңға қарай тізбектеп орындау қажет.

(Ұ) « Автобус жолаушылары»Осы тапсырманы жалпы сыныппен өткіземін.— Қоғамдық көлікке мініп көрдің бе?— Автобус қайда тоқтады?— Аялдамада не болады?—Автобустағы жолаушылардың саны аялдамаға келгенде өзгере ме? Неге?Тапсырма мәтінін оқимын және оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұраймын. Оқушылардың ұсыныстарын тыңдап аламын және аялдамадағы жолаушылардың ауысымынан кейін автобустағы жолаушылардың санын көрсететін өрнекті құруды ұсынамын.— Осы өрнек неше амалдан тұрады?— Қандай амалды бірінші орындадыңдар?— Қайсысын екінші орындадыңдар?Автобусқа алдымен 3 жолаушы, содан кейін тағы 4 жолаушы кірді. Егер алғашында жолаушы саны 9 болса, енді автобуста неше жолаушы болады? Екі амалды өрнек құрастырып, оның мәнін тап.

Жауабы: 16 жолаушы.(Ж) «Сиқырлы қар қиыршығы»

Ойынды ойнап көр.Нүктелері бар текшені ал. Текшені лақтырғанда жоғары жағына түскен нүктелер санын

мысалдағы қар қиыршығының орнына қой. Алынған өрнектің мәнін тап. Сен неше мысал құрастырдың?

Оқушыларға ойынды жұптастырып ойнатамын. Олар нүктелі текшені кезекпен лақтырады. Текшенің жоғарғы жағына түскен нүктелер санын қар қиыршығына жазып, шыққан мысалды жазуды ұсынамын. Текшені лақтыра отырып оқушылар мысалдар жазып, мынадай қорытындыға келеді: алған мысалдарының алтыдан артық болмайтынын, себебі текшенің барлығында алты жағы барын және қар

бір таңбалы сандарды қосу кестесі

парақшалар

20-ға дейінгі сандар жазылған парақшалар

оқулықтағы иллюстрация

Page 3: bilimaktobe.kzbilimaktobe.kz/images/word/Bertagina.docx  · Web viewАқтөбе облысы . Шалқар ауданы. ГКС-12 орта мектебі. Бастауыш сынып

Соңы15 минут

қиыршықтарының орнында 1 , 2, 3, 4, 5 немесе6 тұруы тиістігін айтады.Жауабы: 20 – 1 – 3 = 16 20 – 4 – 3 = 13 20 – 2 – 3 = 15 20 – 5 – 3 = 12 20 – 3 – 3 = 14 20 – 6 – 3 = 11

(Ж)«Шығарып көр» Оқушылар мысалдарды шешіп, жауаптарын өсу ретімен қойып, сәйкес келетін әріптерден сөздер құрастыру керек. Оларға берілген тапсырманы жұппен орындауға тапсырма беремін. Олар рөлдерін өз бетінше бөледі. Біреуі барлық мысалдарды шешеді, екіншісі тексереді немесе біреуі мысалдардың бір бөлігін, ал екіншісі қалған бөлігін шығарады. Оқушыларға барлық мысалдардың жауаптарын ламинатталған беттерге жазу және барлық жауапты сәйкес реттілікпен орналастырып, нәтижесінде алынған сөзді көрсету қажеттігін түсіндіремін. Оларға өз жауаптары жазылған беттерді тақтаға жабыстырып, өзара тексеру жұмысын жүргізуді сұраймын.

Жауабы: 9, 11, 13, 16, 19, 20. (Қаңтар)(Т) «Орындап көр» Оқушыларға зерттеу жүргізуді ұсынамын. Зерттеу нәтижесінде олар екі амалмен берілген санды өрнектегі қосудың мәні амалдарды орындау ретіне байланысты еместігін түсінеді. Ал егер екі амалдың ең болмағанда біреуі азайту амалы болса, онда амалдардың орындалу реті маңызды болып саналады. Бұл айдарда берілген тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастырамын. Себебі мұндай қорытындыға келу үшін талдау жасап, өз болжамын айтуы және оның ақиқат екенін тексеруі қажет. Топ пікірін ортаға салу үшін әр топтың бір мүшесі шығып, топтың пікірін айтуды ұсынамын.Дәптермен жұмысКері байланыс:-Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады? -Не үйрендіңдер?Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.Сөздер тізбегін аяқта:Мен_________түсіндім.Мен енді_______ жасай аламын.Менің қолымнан_______ келеді.Менің .......................... білгім келеді

оқулықтағы иллюстрация

Дәптер

Сегодня на уроке я…..