25 МАУСЫМ СЕНБІ 2016 ЖЫЛ мүше мемлекеттер … · Оның сөзіне...

26
№121 (28849) 25 МАУСЫМ СЕНБІ 2016 ЖЫЛ (Соңы 2-бетте) Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы 1. Елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлық- тарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін: Паттеев Шəмшиддин Əшенқожаұлына – «Түркістан» газетінің бас редакторына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін; Курятов Владимир Геннадьевичке – «Казахстанская прав- да» республикалық газетінің саясат бөлімінің редакторына, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мəселелерді терең əрі жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын: Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлына – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісіне, əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамала- рын жариялап-көрсеткені үшін; Ляховская Вера Андреевнаға – «Свобода слова» қоғамдық- саяси апталығының тілшісіне, республиканың əлеуметтік-мəдени өміріне арналған жарияланымдары үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын: «Дойче Альгемайне Цайтунг» газеті шығармашылық ұжымына – қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асы- рылуын жариялап, көрсеткені үшін; «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына – əлеуметтік-экономикалық өзгеріс- тердің іске асырылуын, мемлекеттік тіл мен ұлттық мəдениетті да- мытуды белсенді түрде жариялап, көрсеткені үшін; «Қазақ радиосы» радиостанциясының шығармашылық ұжымына – əлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді жəне ұлттық мəдениетті дамыту мəселелерін жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін; «РИКА-ТВ» телекомпаниясы шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 23 маусым. № 99 ТОСЫН ТАБИҒАТ ДҮНИЕ ЖƏНЕ ДАҒДАРЫС АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫ 8 10 5 Жауабы кімнен? Жалған диплом жарға жықпасын... Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласынан солтүс- тікке қарай 45 шақырым жерде Қарабұлақ деген ауыл бар. Халқының саны 45 мың адамды құрайтын осы елді мекенде №81 Ұлықбек атындағы мектеп директоры Х.Халтаевтың жалған дипломы туралы ақпараттың тарағанына біраз уақыт өтті. Ұмытыла бастаған бұл жайды жақында редакциямызға аталған ауыл тұрғыны М.Елтаевадан келіп түскен хат қайта жаң- ғыртты. «Ералиев қызметінен кетпей, есепшотқа ақша түспейді» Корпорацияның бұл шешімі қаншалықты заңды? Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Ташкенттен Осыдан 15 жыл бұрын құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымы соңғы жылдар ішінде өңірлік деңгейде ғана емес, дүниежүзілік ауқымда серпінді түрде дамыған көп салалы, жетекші ынтымақтастық ұйымдардың біріне айналды. Қазіргі таңда ол өзінің саяси- дипломатиялық сипатына сəйкес, тұрақты түрде нығайып келеді. ШЫҰ оған мүше мемлекеттермен ғана емес, əлемдегі БҰҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ секілді беделді ұйымдармен де арадағы өзара ықпалдастығын жандандыра отырып, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау мəселелерімен қатар, эконо- микалық жəне мəдени-гуманитарлық са- лаларды дамыту жайын да үнемі назарда ұстап отырады. Əрине, ауқымды ұйым болғаннан кейін түрлі сипатта қиындықтар туын- дап, кедергілер де кездесуі мүмкін. Соған сəйкес, пікірталастар да орын алып жатады. Алайда, сарапшылар «қандай да бір қарама-қайшылықтарға негізделген пікірталастар орын алғаны- мен, серіктес елдің ұстанымдарына құрметпен қарай отырып, əр ел өзінің ұлттық көзқарасын қорғайтын бол- са, бұл да белгілі бір деңгейде ұйым қызметін тиімді үйлестіруге ықпал ететінін» алға тарта отырып, бұл өз кезегінде ШЫҰ аясында атқарылатын іс-шаралар ырғағының артуына сеп болатынын айтуда. Өзбекстанда бас қосқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемле- кеттер басшыларының кеңесі алды- мен шағын құрамда өтті. Жиынды ашқан ШЫҰ-ға төрағалық тізгінін ұстаған Өзбекстан Президенті Ислам Каримов ұйым жұмысын жандандыру бағытындағы стратегиялық тетік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын, бұл өз кезегінде ШЫҰ беделінің артуына ықпал ететінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Өзбекстан мемлекеті ұйымға төрағалық ету кезінде ұйым аясында атқарылған іс-шаралардың нəтижелі болуына барынша күш салуға тырысқан. ШЫҰ шеңберінде маңызды құжаттар əзірленді, Өзбекстанның ұйымға төра- ғалық етуі аясында өткізілетін негізгі жиын-басқосулардың мерзімдері бел- гіленді, Үндістан мен Пəкістанның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесіне айналу үдерістеріне қатысты жұмыс жоспары бекіді. Жалпы, Өзбекстанның ұйымға төрағалығы кезінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қарауына өте ауқымды əрі маңызды құжаттар тізімі ұсынылады. Бұл құжаттар – ұйымның барлық органы мен құрылымдарының, мəселен, Ұлттық үйлестірушілер, Үкімет басшылары, Сыртқы істер министрлері деңгейлеріндегі кеңестердің бірлескен күш-жігері мен олардың осы күнге дейін атқарған қыруар жұмыстарының нəтижесі. Бұған біздің елдеріміз сарап- шыларының, министрліктерінің, түрлі ведомстволарының да жұмыстарын қо- суға болады. Міне, осындай ортақ күш біріктірудің арқасында мемлекеттер басшыларына ШЫҰ-ның 15 жылдығына сəйкес келген Ташкент декларациясы, ұйымды 2025 жылға дейін дамыту страте- гиясын жүзеге асыруды көздейтін жұмыс жоспары ұсынылатын болады. Бұл құжаттар ұйымның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда басты бағыт-бағдар болып қана қоймай, оған сенімді сая- си негіз қалары анық. Сонымен қатар, бұл құжаттар ұйымның халықаралық ұйымдардағы беделінің артуына да ықпал етері сөзсіз. Бүгін Үндістан мен Пəкістан ұйымның толыққанды мүшесі мəртебесін иеленулері үшін олардың негізгі міндеттері көрініс тапқан меморандумға қол қойылуы ұйым дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Жасыратыны жоқ, бұл құжаттарға қатысты келіссөз үдерістері өте күрделі сипатта өрбіді. Оны мойындауымыз керек. Сонымен, келіссөздердің нəтижесінде біз бар- лық қиындық пен кедергіден өтіп, кей- бір қарама-қайшылықа толы көзқарас- тарымызды бір шетке ысырып қойып, ортақ пікірге келдік. Оған ШЫҰ-ның ортақ стратегиялық мақсат-міндеттерін басшылыққа алғанымыз ықпал етті, деді И.Каримов. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан» Тендердің тасасында көзге көрін- бейтін талан-тараждың түрі бар. Тіпті, ағайын-туыстың қамы үшін мемлекеттік қызметкерге қойылатын талап пен тəртіп- ті тəрк ететін басшы да табылып отыр. Кім дейсіз бе? Қатардағы жай қызметкер емес, лауазымды тұлға, нақтылай айт- қанда, ол – Жылыой аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолау- шылар көлігі жəне автомобиль жолда- ры бөлімінің басшысы Аманқос Əбенов. Мемлекеттік қызметте 7 жылдан астам тəжірибесі бола тұра, өзінің қарындасы А.Иманбаева жұмыс істейтін «Теплотех- ника» жауапкершілігі шектеулі серік- тестігінің қамын ойлауға бекем бел бу- ыпты. Сөйтіп, осы серіктестіктің мемле- кеттік сатып алу конкурсына қатысу кезеңінде жеңімпаз болуына мүдделі болған. Осы орайда өзі қызығушылық танытқан серіктестікті жеңімпаз атанды- руға ықпал еткені жəне қамқорлығы үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқар- масының мемлекеттік сатып алу жəне мониторингілеу бөлімінің бас маманы К.Мұхтаровқа пара берген. Пара мөлшері – 1 600 000 теңге. Десек те ол шынымен қарындасының қамын ойлады ма, əлде басқа себебі бар ма? Біздіңше мұның астарында бір гəп бар секілді. Алдымен айтарымыз, Аманқос Əбенов мемлекеттік қызметте 2007 жылдан бері тəжірибе жинаған. Əуелі Жаңа Қаратон кенті əкімінің міндетін атқарушы болудан басталған манса- бы сол жылдың қыркүйегінде Жылыой ауданы əкімінің орынбасарының міндетін атқарушы болумен жалғасыпты. Содан кейінгі 2008-2010 жылдары аудан əкімінің орынбасары болыпты. Ал 2010 жылдың ақпанында аталған бөлімнің басшылығын қолына алған. Мұның бəрін тізбелегендегі айтпағымыз, қарындасының қамын ойла- ғыш «қамқоршы» мемлекеттік қызметке келгенге дейін «Теплотехника» серік- тестігіне 4 жыл бойы директор болыпты. Осы дерекке қарағанда, оған «Теп- лотехника» ЖШС əуелден жат емес бо- луы керек. Алайда, №2 Атырау қалалық соты Аманқос Əбеновті Қылмыстық Ко- декстің 367-бабының 2-бөлігінде көз- делген қылмысты жасады деп таныды. Осыған байланысты аталған бап бойынша оны мемлекеттік қызметті атқару құқы- ғынан өмір бойына айырып, өзі ұсын- ған параның 30 еселенген сомасы мөл- шерінде, яғни 48 000 000 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады. Осылайша, Жылыой аудандық əкімдігінің пара бер- гіш лауазымды қызметкері лайықты жа- засын алды. Атырау облысы Талап жəне тəртіп Мəселенің мəнісі Қарындастың қамы үшін... Пара берген басшы 48 миллион теңге айыппұл төлейді Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан» Алғаш осы жайтты есті- генде көз алдыма жас бала- лардың бір-бірімен рен- жісіп: «Мен саған енді ойыншығымды бермеймін» деп бұртиып кетіп қалатын сəті елестегендей болған. Сөйтсек, бұл біз ойлағандай балалардың ойыны емес екен. Əп-əжептəуір үлкен кісілер бір-біріне қатты өкпелепті. «Аграрлық не- сие» АҚ Жамбыл облы- сы бойынша филиалының директоры Нұрғали Сейіт- беков биылғы жылдың 6 сəуірінде «Жуалы» несие серіктестігі» ЖШС-іне арнайы хат жазып, «осы серіктестіктің төрағасы Бакиран Ералиев қызметі- нен кетпейінше, ешқандай қаржыландыру болмайды» деп бар өкпе-ренішін үйіп- төгіпті. МЕЖЕСІ БИІК МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС ШЫҰ-ның мерейтойлық кеңесі оның халықаралық қоғамдастықта беделі өсіп, мәртебесі артып келе жатқанын айғақтап берді Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек саммитке ұйымның биылғы төрағасы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сонымен қатар, ұйымға төрағалық еткен елдің арнайы шақырылған құрметті қонағы ретінде Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, байқаушы мемлекеттер ретінде Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани, Пəкістан Республикасының Президенті Мамнун Хусейн, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Республикасының Премьер- министрі Нарендра Моди, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Джавад Зариф, Моңғолия Президенті Цахиагийн Эльбэгдорж, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев қатысты. Ауқымды жиынға қатысқан беделді қонақтардың арасында БҰҰ, ҰҚШҰ, ТМД, АСЕАН, АӨСШК ұйымдарының да өкілдері болды. (Соңы 3-бетте) (Соңы 8-бетте)

Upload: others

Post on 17-Jul-2020

42 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

  • №121 (28849)25 МАУСЫМ

    СЕНБІ2016 ЖЫЛ

    (Соңы 2-бетте)

    Қазақстан Республикасы Президентінің ӨкіміҚазақстан Республикасы Президентінің

    бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және

    Алғысын жариялау туралы1. Елдің əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси дамуын

    ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеу лі рөлін ескере отырып, Қазақстан Рес пуб ликасы Президентінің бұқаралық ақпа рат құралдары саласындағы сыйлық-тарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

    Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:Паттеев Шəмшиддин Əшенқо жа ұлына – «Түркістан» газетінің

    бас редак торына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

    Курятов Владимир Геннадьевичке – «Казахстанская прав-да» республикалық газетінің саясат бөлімінің редакторына, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мəселелерді терең əрі жан-жақты жариялап, көрсеткені үшін;

    Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:

    Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлына – «Хабар» агенттігі» акционерлік қоғамының тілшісіне, əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамала-рын жариялап-көрсеткені үшін;

    Ляховская Вера Андреевнаға – «Сво бода слова» қоғамдық-саяси апта лы ғының тілшісіне, республиканың əлеуметтік-мəдени өміріне арналған жарияланымдары үшін;

    Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:«Дойче Альгемайне Цайтунг» газеті шығармашылық

    ұжымына – қоғам дық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жө нін дегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асы-рылуын жариялап, көрсеткені үшін;

    «Сыр медиа» жауапкершілігі шек теулі серіктестігінің шығарма шылық ұжымына – əлеуметтік-экономикалық өзгеріс-тердің іске асырылуын, мемлекет тік тіл мен ұлттық мəдениетті да-мытуды белсенді түрде жариялап, көрсеткені үшін;

    «Қазақ радиосы» радио стан ция сының шығармашылық ұжымына – əлеу меттік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді жəне ұлттық мəдениетті дамыту мəселелерін жан-жақты жариялап, көр сеткені үшін;

    «РИКА-ТВ» телекомпаниясы шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

    2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

    Астана, Ақорда, 2016 жылғы 23 маусым. № 99

    ТОСЫН ТАБИҒАТ

    ДҮНИЕ ЖƏНЕ ДАҒДАРЫС

    АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫ

    8 105

    ● Жауабы кімнен?

    Жалған диплом жарға жықпасын...Оңтүстік Қазақстан облысының

    орталығы – Шымкент қаласынан сол түс-тікке қарай 45 шақырым жерде Қарабұлақ деген ауыл бар. Халқының саны 45 мың адамды құрайтын осы елді мекенде №81 Ұлықбек атындағы мектеп директоры Х.Халтаевтың жалған дипломы туралы ақпараттың тарағанына біраз уақыт өтті. Ұмытыла бастаған бұл жайды жақында редак циямызға аталған ауыл тұрғыны М.Ел таевадан келіп түскен хат қайта жаң-ғыртты.

    «Ералиев қызметінен кетпей, есепшотқа ақша түспейді»Корпорацияның бұл шешімі қаншалықты заңды?

    Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан» – Ташкенттен

    Осыдан 15 жыл бұрын құрылған Шан хай ынтымақтастық ұйымы соңғы

    жылдар ішінде өңірлік деңгейде ғана емес, дүниежүзілік ауқымда серпінді түр де дамыған көп салалы, жетекші ынты мақтастық ұйымдардың біріне айнал ды. Қазіргі таңда ол өзінің саяси-дип ломатиялық сипатына сəйкес,

    тұ рақты түрде нығайып келеді. ШЫҰ оған мүше мемлекеттермен ғана емес, əлемдегі БҰҰ, АӨСШК, ҰҚШҰ секілді беделді ұйымдармен де арадағы өза ра ықпалдастығын жандандыра оты рып, өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақты лықты сақтау мəселелерімен қатар, эко но-микалық жəне мəдени-гуманитарлық са-лаларды дамыту жайын да үнемі назарда ұстап отырады.

    Əрине, ауқымды ұйым болғаннан кейін түрлі сипатта қиындықтар туын-дап, кедергілер де кездесуі мүмкін. Соған сəйкес, пікірталастар да орын алып жатады. Алайда, сарапшылар «қан дай да бір қарама-қайшылықтарға негіз делген пікірталастар орын алғаны-мен, серіктес елдің ұстанымдарына құр метпен қарай отырып, əр ел өзінің ұлт тық көзқарасын қорғайтын бол-са, бұл да белгілі бір деңгейде ұйым қыз метін тиімді үйлестіруге ықпал ете тінін» алға тарта отырып, бұл өз кезе гінде ШЫҰ аясында атқарылатын

    іс-ша ралар ырғағының артуына сеп бола тынын айтуда.

    Өзбекстанда бас қосқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемле-кеттер басшыларының кеңесі алды-мен шағын құрамда өтті. Жиынды ашқан ШЫҰ-ға төрағалық тізгінін ұстаған Өзбекстан Президенті Ислам Кари мов ұйым жұмысын жандандыру бағытындағы стратегиялық тетік уақыт өткен сайын нығайып келе жатқанын, бұл өз кезегінде ШЫҰ беделінің артуы на ықпал ететінін айтты. Оның сөзіне қарағанда, Өзбекстан мемлекеті ұйымға төрағалық ету кезінде ұйым аясында атқарылған іс-шаралардың нəтижелі болуына барынша күш салуға тырысқан.

    ШЫҰ шеңберінде маңызды құжаттар əзірленді, Өзбекстанның ұйымға төра-ғалық етуі аясында өткізілетін негізгі жиын-басқосулардың мерзімдері бел-гіленді, Үндістан мен Пəкістанның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесіне айналу

    үде рістеріне қатысты жұмыс жоспары бекіді. Жалпы, Өзбекстанның ұйымға төрағалығы кезінде 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Бүгін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының қарауына өте ауқымды əрі маңызды құжаттар тізімі ұсынылады. Бұл құжаттар – ұйымның барлық органы мен құрылымдарының, мəселен, Ұлттық үйлестірушілер, Үкімет басшылары, Сыртқы істер министрлері деңгейлеріндегі кеңестердің бірлескен күш-жігері мен олардың осы күнге дейін атқарған қыруар жұмыстарының нəтижесі. Бұған біздің елдеріміз сарап-шы ларының, министрліктерінің, түрлі ведомстволарының да жұмыстарын қо-суға болады. Міне, осындай ортақ күш біріктірудің арқасында мемлекеттер басшыларына ШЫҰ-ның 15 жылдығына сəйкес келген Ташкент декларациясы, ұйымды 2025 жылға дейін дамыту страте-гиясын жүзеге асыруды көздейтін жұмыс жоспары ұсынылатын болады. Бұл құжаттар ұйымның мақсат-міндеттерін

    жүзеге асыруда басты бағыт-бағдар болып қана қоймай, оған сенімді сая-си негіз қалары анық. Сонымен қатар, бұл құжаттар ұйымның халықаралық ұйымдардағы беделінің артуына да ықпал етері сөзсіз. Бүгін Үндістан мен Пəкістан ұйымның толыққанды мүшесі мəртебесін иеленулері үшін олардың негізгі міндеттері көрініс тапқан меморандумға қол қойылуы ұйым дамуындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ. Жасыратыны жоқ, бұл құжаттарға қатысты келіссөз үдеріс тері өте күрделі сипатта өрбіді. Оны мойындауымыз керек. Соны мен, келіссөздердің нəтижесінде біз бар-лық қиындық пен кедергіден өтіп, кей-бір қарама-қайшылықа толы көзқарас-тарымызды бір шетке ысырып қойып, ортақ пікірге келдік. Оған ШЫҰ-ның ортақ стратегиялық мақсат-міндеттерін басшылыққа алғанымыз ықпал етті, деді И.Каримов.

    Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,«Егемен Қазақстан»

    Тендердің тасасында көзге көрін-бей тін талан-тараждың түрі бар. Тіпті, ағай ын-туыстың қамы үшін мемлекеттік қыз меткерге қойылатын талап пен тəртіп-ті тəрк ететін басшы да табылып отыр. Кім дейсіз бе? Қатардағы жай қызметкер емес, лауазымды тұлға, нақтылай айт-қан да, ол – Жылыой аудандық тұрғын үй-ком муналдық шаруашылық, жолау-шылар көлігі жəне автомобиль жолда-ры бө лімінің басшысы Аманқос Əбе нов. Мемлекеттік қызметте 7 жылдан астам тəжірибесі бола тұра, өзінің қарын дасы А.Иманбаева жұмыс істейтін «Теп ло тех-ника» жауапкершілігі шектеулі серік-тестігінің қамын ойлауға бекем бел бу-ыпты. Сөйтіп, осы серіктестіктің мемле-кеттік сатып алу конкурсына қатысу кезеңінде жеңімпаз болуына мүд делі болған. Осы орайда өзі қызығушылық таныт қан серіктестікті жеңім паз атанды-руға ықпал еткені жəне қамқор лығы үшін облыстық мемлекеттік сатып алу басқар-масының мемлекеттік сатып алу жəне мони торингілеу бөлімінің бас маманы К.Мұх таровқа пара берген. Пара мөлшері – 1 600 000 теңге.

    Десек те ол шынымен қарындасының қамын ойлады ма, əлде басқа себебі бар ма? Біздіңше мұның астарында бір гəп бар

    секілді. Алдымен айтарымыз, Аманқос Əбенов мемлекеттік қызметте 2007 жыл дан бері тəжірибе жинаған. Əуелі Жа ңа Қаратон кенті əкімінің міндетін атқа рушы болудан басталған манса-бы сол жылдың қыркүйегінде Жылыой ауда ны əкімінің орынбасарының міндетін атқа рушы болумен жалғасыпты. Содан кейінгі 2008-2010 жылдары аудан əкімінің орын басары болыпты. Ал 2010 жылдың ақпа нында аталған бөлімнің басшылығын қолы на алған. Мұның бəрін тізбелегендегі айт пағымыз, қарындасының қамын ойла-ғыш «қамқоршы» мемлекеттік қызмет ке келгенге дейін «Теплотехника» серік-тестігіне 4 жыл бойы директор болыпты.

    Осы дерекке қарағанда, оған «Теп-лотехника» ЖШС əуелден жат емес бо-луы керек. Алайда, №2 Атырау қалалық соты Аманқос Əбеновті Қылмыстық Ко-декстің 367-бабының 2-бөлігінде көз-делген қылмысты жасады деп таныды. Осыған байланысты аталған бап бойын ша оны мемлекеттік қызметті атқару құқы-ғынан өмір бойына айырып, өзі ұсын-ған параның 30 еселенген сомасы мөл-шерінде, яғни 48 000 000 теңге айыппұл салу жазасын тағайындады. Осылайша, Жы лыой аудандық əкімдігінің пара бер-гіш лауазымды қызметкері лайықты жа-засын алды.

    Атырау облысы

    ● Талап жəне тəртіп● Мəселенің мəнісі Қарындастың қамы үшін...

    Пара берген басшы 48 миллион теңге айыппұл төлейді

    Оралхан ДƏУІТ,«Егемен Қазақстан»

    Алғаш осы жайтты есті-генде көз алдыма жас бала-лардың бір-бірімен рен-жісіп: «Мен саған енді ойын шығымды бермеймін» деп бұртиып кетіп қалатын сəті елестегендей болған.

    Сөйтсек, бұл біз ойлағандай балалардың ойыны емес екен. Əп-əжептəуір үлкен кі сілер бір-біріне қатты өк пелепті. «Аграрлық не-сие» АҚ Жамбыл облы-сы бо йынша филиалының дирек торы Нұрғали Сейіт-бе ков биылғы жылдың 6 сəуір інде «Жуалы» несие

    серіктестіг і» ЖШС-і не ар найы хат жазып, «осы серік тестіктің төр ағасы Ба ки ран Ералиев қыз мет і-нен кетпейінше, ешқандай қар жыландыру болмайды» деп бар өкпе-ренішін үйіп-төгіпті.

    МЕЖЕСІ БИІК МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСШЫҰ-ның мерейтойлық кеңесі оның халықаралық қоғамдастықта беделі өсіп, мәртебесі артып келе жатқанын айғақтап берді

    Кеше Мемлекет басшысы

    Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан

    астанасы – Ташкент қаласында өткен

    Шанхай ынтымақтастық

    ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер

    басшылары кеңесінің отырысына қатысты

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан бөлек саммитке ұйымның биылғы төрағасы Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон, сонымен қатар, ұйымға төрағалық еткен елдің арнайы шақырылған құрметті қонағы ретінде Түрікменстан Республикасының Президенті Гурбангулы Бердымұхамедов, байқаушы мемлекеттер ретінде Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мохаммад Ашраф Ғани, Пəкістан Республикасының Президенті Мамнун Хусейн, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди, Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Джавад Зариф, Моңғолия Президенті Цахиагийн Эльбэгдорж, ШЫҰ Бас хатшысы Рашид Алимов, ШЫҰ-ның Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы атқарушы комитетінің директоры Евгений Сысоев қатысты.

    Ауқымды жиынға қатысқан беделді қонақтардың арасында БҰҰ, ҰҚШҰ, ТМД, АСЕАН, АӨСШК ұйымдарының да өкілдері болды.

    (Соңы 3-бетте)

    (Соңы 8-бетте)

  • www.egemen.kz2 25 маусым 2016 жыл

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Бұдан кейін шағын құрамдағы отырыс кеңейтілген құрамда жалғасты. Өз сөзінде Өзбекстан Президенті 15 жыл бұрын құрылған ұйымның беделі күн өткен сайын артып келе жатқанын түрлі мысал-дармен дəлелдей келе, ұйымның алдағы қызметінің де маңызды да нəтижелі бо-латынына сенім білдірді. Бұдан кейін ол сөзді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынды.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен жиынға қатысу шы-ларды ұйымның 15 жылдық мерейтой-ымен құттықтады. Мемлекет басшыла-ры кеңесінің биылғы отырысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы тарихындағы маң ызды даталар тұрғысынан алғанда айрық ша мəнге ие. 20 жыл бұрын Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан жəне Тəжікстан басшылары жаңа көпжақты өңірлік үнқатысу тетігін іске қосты, деді Н.Назарбаев. Бұл ретте, Қазақстан басшысы Шанхайда қол қойылған ше-каралар аудандарында əскери саладағы сенімді нығайту туралы бірегей келісім «Шанхай үдерісінің» басталуына түрткі болғанын еске салды. 2001 жылы ШЫҰ-ны құру туралы декларацияның қабылдануы ХХІ ғасырдағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз ету-ге жаңа əдістер іздеуде салыстырылып, тексерілген қадам болды. Біздің кез-десуімізге қатысушылардың барлығын жəне қонақтарды ұйымымыздың 15 жыл-дық мерейтойымен құттықтауға рұқсат етіңіздер, деді Н.Назарбаев.

    Бұдан кейінгі кезекте Елбасы Шанхай ынтымақтастық ұйымының халықаралық терроризмге қарсы бірлескен іс-қимылы туралы мəлімдеме қабылдау қажеттігіне тоқталды.

    Жаңа ахуал өңірлік, сонымен қатар, жаһандық ауқымдағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуда біздің ұйымның тиімділігін арттыруды талап етеді, деді Н.Назарбаев. Осы ретте Қазақстан Пре-зи денті бұл сын-қатерлерге ШЫҰ-ның дəлме-дəл жауабы 2016-2018 жылдарға ар налған «зұлымдықтың үш күшімен» күрестегі ынтымақтастық бағдарламасын тиімді жүзеге асыру бола алатынын баса айтты. Біз ШЫҰ-ның халықаралық тер-роризмге қарсы бірлескен іс-қимыл ту-ралы мəлімдемесін əзірлеп, қабылдауды ұсынамыз. Экстремизммен күрес бой-ынша ШЫҰ конвенциясын əзірлеп, қабылдау өзекті қадам болып көрінеді. Діни экстремизм бейбітшіліксүйгіш ис-лам мен жəне басқа да діндермен теңес-ті ріл меуі маңызды, деді Қазақстан бас-шысы.

    Н.Назарбаев үстіміздегі жылдың ма-мырында Қазақстанның БҰҰ қамқор-лығымен АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізілген «Дін бейбітшілік үшін» атты жоғары деңгейдегі үнқатысуына бастамашылық жасап, Астанада «Діндер терроризмге қарсы» деп аталатын халықаралық конференция өткізгеніне тоқталды. Сонымен бірге, ол Қазақстан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің 2017-2020 жылдарға арналған есірткіге қарсы страте-гиясы мен оның іс-қимыл бағдарламасын қабылдауды жақтайтынын айтты. ШЫҰ мен Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының «Есірткіге қарсы біргеміз» бірлескен алдын алу акция-сын өткізуді ұсынамыз, деді бұл орайда Қазақстан Президенті.

    Кеңесте сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев Үндістан мен Пəкістанның ШЫҰ-ға қосылуы оның халықаралық аренадағы бе делі мен рөлінің жоғары екенін көрсе тетіндігін жеткізді. Үндістан мен Пəкістанның біздің ұйымға қосылуы ШЫҰ дамуының сапалы жаңа кезеңін паш етіп, оның халықаралық аренадағы беделі мен рөлін көрсетеді. Алдағы жыл-дары Иранның ШЫҰ қатарына қабыл-дануы да біздің өзара іс-қимылымызды кеңейте түсетін болады, деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше мемле-кеттердің қатарына жаңа елдердің қосылуы нəтижесінде ұйым Еуразия аумағының 65 пайыздан астамын, Жер шары халқының 45 пайызын жəне əлемдік ішкі жалпы өнімнің 19 пайыздан астамын біріктіретіндігін айтты. Осыдан біраз уақыт бұрын мен Біріккен Еуразиялық экономикалық кеңістік құру бастамасын

    көтердім. Бұл ретте негізгі элемент Жі-бек жолының тарихы бағдарын жандан-дыру жолымен Еуразиялық желілік орта-лықтарын инфрақұрылымдық біріктіру болып саналады, деді Елбасы өзінің сөзінде.

    Өзбекстанда өткен кеңес барысын-да Қазақстан басшысы Шанхай ынты-мақ тастық ұйымына мүше мемлекет-тер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еура зиялық транзиттік-көлік хабын құру қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті өз сөзінде Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай тарапының «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасын байла-ныстыру ынтымақтастықтың ауқымды болуына жол ашатынын жеткізді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемле-кеттер мен байқаушы елдерді біріктіретін Еура зиялық транзиттік-көлік хабын құру-ды ұсынамын, деді Н.Назарбаев. Қазақ-стан басшысы, сонымен қатар, Қазақ-станның Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытай тарапының «Жібек жолы эко-но микалық белдеуі» жобасын тамаша үйлестіретін «Нұрлы Жол» инфрақұ-рылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыруға кірісіп кеткенін айтты.

    Нұрсұлтан Əбішұлы сауда-эконо-ми калық ынтымақтастықты тереңдету ШЫҰ аясындағы Еркін сауда аймағын құру шарттарын қамтамасыз ететінін

    атап өтті. «Астана» Халықаралық қаржы ор та лы ғының əлеуетін белсенді іске қосу дер мезгілінде жүргізіліп жатқанын айта ке ле: «Ол тəуелсіз заң жүйесі мен жеңіл дікті салықтық режімі бар өңірлік қар жы-инвестициялық хабқа айналуы тиіс», деді. Сонымен бірге, өңірдегі макро экономикалық дамуды ынталан-дыру үшін Азия инфрақұрылымдық ин-вестиция банкінің мүмкіншіліктерін пайдаланудың маңызды екенін айт-ты. Сауда-экономикалық жəне қаржы-инвестициялық ынтымақтастықты тереңдету болашақта ШЫҰ аясын-да Еркін сауда аймағын құру үшін қажетті шарттарды қамтамасыз етеді, деді Н.Назарбаев бұл ретте.

    Қазақстан басшысы егер Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайланса, қауіпсіздікті нығайту мəселелерін белсенді ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді. Өңірлік жəне халықаралық мəселелер тақырыбын қозғай келе, ШЫҰ-ның сыртқы шека-расы бойында шиеленіс ошақтарының сақталып отырғанын атап өтсем деймін. Өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету-де Ауғанстандағы тұрақтылықты қолдау маңызды, деді Н.Назарбаев. Осы ретте ол Кабулдың жалпыұлттық үнқатысуды жолға қою жəне саяси ре-форма жүргізу бойынша шаралары-на қолдау білдіретіндігін баса айтты. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарттың қатысушысы ретінде Қазақстан КХДР-дің ядролық бағдарламасы бой-ынша алтыжақты келіссөзді жандан-дыруды қолдайды. Толықтай алғанда, Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлана-тын болса, онда қауіпсіздікті нығайту мəселелерін белсенді ілгерілетуге ниетті, деді Қазақстан Президенті.

    Сөзінің соңында Н.Назарбаев ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылдың маусым айында Астанада өтетініне тоқталды. Қазақстан өзіне жүктелген зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық

    ұйымына төрағалық етудің жоғары мис-сиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарапы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның əлемдегі рөлі мен беделін арт тыруға ниеттіміз, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті, осы орайда, Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынты мақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік əлеуетті арттыру, мəдени жəне гуманитарлық байланыстарды тереңдету мəселелерін атады. Қорытынды шара 2017 жылдың 8-9 маусымында Астанада өтетін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының саммиті болмақ, дей келе, Нұрсұлтан Əбішұлы жиынға қатысқан мемлекет басшылары мен қонақтарды келер жылы Қазақстанға келуге шақырды.

    Қазақстан Президентінен кейін сөз алған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин өзара түсіністік пен сенімге құрылған ұйымның ғұмыры ұзақ болатынын, бұл ретте, ШЫҰ-ның беделі барған сайын өсіп келе жатқанын атап өтті. Заман жаһанданған сайын жаңа қауіп-қатерлердің өрістей түсетіні даусыз, сондықтан, ұйым аясындағы жұмыстарды одан əрі жүйелендіре түсіп, ортақ міндеттерді бірлесе шешудің

    жолдарын қарастыруды жалғастыра бергеніміз жөн, деді Қытай Төрағасы.

    Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев бірлескен күш-жігердің арқасында əлемді алаңдатқан терро-ризм мен экстремизм секілді «кері құбылыстарға» бірлесе төтеп берудің мезгіл өткен сайын өзектілене түскеніне тоқталды. Мұндай жағдайда ұйымға мүше елдер өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы жұмыстарды ширата түсуі керек. ШЫҰ құрылған күннен бері оның аясын-да атқарылған жұмыстардың серпіні артқандығын айтқанымыз жөн. Алдағы уақытта біз тұрақтылық пен қауіпсіздік сынды өткір мəселелерден бөлек, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық бағыттағы іс-шараларды да нəтижелі түрде жалғастыра беретін боламыз деп ойлаймын, деді Қырғызстан Президенті.

    Ресей Президенті Владимир Путин 15 жылдың бедерінде ұйымның беделі де өскеніне, ал құзыретінің салмақтана

    түскеніне тоқталды. Бұл ұйымның өзара сенімділік пен түсіністік, тең құқылық секілді қағидаттарға негізделіп келе жатқандығы қуантады. Ұйымның əлем халқының 45 пайызға жуығын қамтып отырғаны көп нəрсені аңғартады. Бұған Үндістан мен Пəкістан елдерінің ұйымның толыққанды мүшесіне айналуына барын-ша ұмтылғаны дəлел бола алады, деді Ресей Президенті. Өз сөзінде ол, сондай-ақ, терроризмге қарсы құрылымның жаңа тетіктерін жүзеге асырудың қажеттілігін уақыт дəлелдей түскеніне тоқталды.

    Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмон Шанхай ынтымақтастық ұйымына жаңа елдердің мүше болуы қызмет ету пішімінің жаңаша сипатқа ауысуына, бұл сəйкесінше, оның ықпалының артуына да сеп болатынын жеткізді. Ұйымның басты стратегиясы оның бүкіл кеңістігіндегі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтауға негізделген. Қарулы қақтығыстар мен түрлі сипаттағы шиеленістердің, соғыс өртінің өршуі, терроризм мен экстремизмнің күш алуы жағдайында ШЫҰ-ның қызмет ету тетіктерін де нығайту қажеттігін уақыт дəлелдеп отыр. Ендеше, біз бұл бағытта бірлесе күш біріктіруді жалғастыруымыз керек. Бұған қоса, көлік-коммуникация саласының дамуы елдердің сауда-экономикалық бағытта дамуына ықпал етері анық.

    Мəдени-гуманитарлық ықпалдастық мəселесі де жақсы жолға қойылған, деді Э.Рахмон.

    Жиын аясында сөз алған Пəкістан Президенті Мамнун Хусейн мен Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди ұйымның толыққанды мүшесіне айналу-ына сенім артып, қолдау танытқандары үшін ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас-шыларына алғыстарын білдірді. Сонымен қатар, ұйымның Қазақстанда өтетін келесі саммитінде өз елдерінің ұйымның тең құқылы мүшесі болатынын, ШЫҰ-ның толыққанды мүшесіне айналу оның қызметін жандандыруға сеп болатынын атап көрсетті.

    Ұйымның Терроризмге қарсы өңірлік құрылымы атқарушы комитетінің ди-ректоры Евгений Сысоев ұйымның қауіпсіздік пен тұрақтылыққа негізделген стратегиясын жүзеге асыруға сəйкес, 2015 жылы ШЫҰ-ға мүше елдердің тиісті органдары жүргізген нəтижелі жұмыстардың арқасында террористік

    жəне экстремистік сипаттағы 167 қыл-мыс тың алдын алу мүмкін болғанын жеткіз ді. Бұған қоса, 200-ден астам адам қыл мыстық жауапкершілікке тартылды, 150 террористің көзі жойылды, олардың мың ға тарта жақтастары ұсталды, қолдан жасал ған 200-ге тарта жарылғыш заттар мен 1500-ге жуық қару-жарақ тəркіленді, деді Е. Сысоев. Оның айтуынша, мұндай жұмыстардың жүзеге асырылуына өзара жедел ақпаратпен алмасу тетіктерінің жетілгені сеп болған.

    Кеңес аясында, сондай-ақ, Беларусь, Моңғолия, Түрікменстан, Ауғанстан пре-зиденттері мен халықаралық ұйым дардың өкілдері де сөз сөйледі.

    Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің ұйымның 15 жылдық мерейтойына сəйкес келген жиынының қорытындысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

    Мəселен, ШЫҰ-ның 15 жылдығына орай Ташкент декларациясы қабылданды. Сонымен қатар, ШЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мəртебесін алу мақсатында Үндістан Республикасының міндеттемелері жөніндегі меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ-ға мүше мемле-кет мəртебесін алу мақсатында Пəкістан Ислам Республикасының міндеттемелері жөніндегі меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ-ның 2015 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың маусымы кезеңіндегі қызметі ту-ралы ұйымның бас хатшысының баян-дамасын бекіту туралы, Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымның 2015 жылғы қызметі туралы ШЫҰ-ның Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымы кеңесінің баян-дамасын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің оты-рысын өткізу мерзімі туралы ШЫҰ мем-лекет басшылары кеңесінің шешімдері, бұған қоса, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мəртебесін алу мақсатында Үндістан Республикасының міндеттемелері тура-лы меморандум, ШЫҰ-ға мүше мемле-кет мəртебесін алу мақсатында Пəкістан Ислам Республикасының міндеттемелері туралы меморандум, Туризм саласында

    ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ын ты мақ-тастығын дамыту бағдарламасы бекітілді.

    Сонымен қатар, ШЫҰ-ға мүше мемле-кеттер басшылары кеңесінің отырысы ту-ралы ақпараттық хабарлама қабылданды.

    * * *Қазақстан басшысы Нұрсұлтан

    Назарбаев кеңес аясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзинь-пинмен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзинь пин екіжақты ынтымақтастықты дамы туға қатысты, оның ішінде сауда-эконо ми-калық, инвестициялық, отын-энерге-тикалық, транзит-көлік жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы кең ауқымды мəселелерді талқылады. Сондай-ақ, мем-лекеттер басшылары екі елдің Шанхай ын ты мақтастық ұйымы аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттарын қарас-тырып, өңірлік жəне халықаралық күн тəртібіндегі бірқатар жайттар жөнінде пі кір алмасты.

    Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинді Қытай ком му-нистік партиясының құрылғанына 95 жыл толуымен құттықтады. Партияның көш-басшылығымен Қытай халқы бүгінгідей биіктерге жетіп, елді əлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу міндетін алға қойып отырғанын атап өтті.

    Си Цзиньпин тəуелсіздік жылда-ры Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен əлемдік саяси үдерістерге белсене қатысып, егеменді даму мен əлеуметтік-экономикалық реформалар жолында елеулі табыстарға жеткенін атап өтті. Сондай-ақ, ҚХР Төрағасы Қазақстанның Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі бастамасына қолдау білдірді.

    Əңгімелесу барысында тараптар көлік жəне коммуникация саласындағы екіжақты ынтымақтастық əлеуетінің жоғары еке-ніне назар аударып, «Нұрлы Жол» жəне «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының бір-бірін өзара толықтырып тұратынына тоқталып өтті. Сондай-ақ, екі ел аумағы арқылы өтетін кө лік дəліздерін одан əрі нығайту жəне дамыту қажеттігі айтылды.

    Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин Қазақстан мен Қытай ара сындағы тауар айналымын жаңа са-палы деңгейге көтеріп, оның көлемін ұл-ғайтуға ниетті екендіктерін білдірді. Екі мем лекеттің көшбасшылары агро өнер-кəсіп саласындағы ұзақ мерзімге арналған серіктестікті одан əрі нығайту жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

    * * *Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық

    БАҚ өкілдері үшін ШЫҰ-ға мүше мемле-кеттер басшылары кеңесі отырысына қа-тысу қорытындысына арналған бри финг өткізді. Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекет тер бас шы ларының кеңесі отырысына қаты-суы ның басты қорытындыларын атап өтті.

    Бүгін ШЫҰ-ның маңызды, тари-хи мəні бар саммиттерінің бірі өтті деп есептеймін. Қазақстан Қытаймен шекараға қатысты аумақтық мəселелерін шешіп жатқан бес республиканың қатарында ұйымды құрудың бастамашыларының бірі ретінде оның бастауында тұрды. Қазіргі басым бағытының бірі экономикалық ынтымақтастықты дамыту болып санала-тын біздің ұйым экономикалық жəне сая-си жағынан маңызды əлемдік ойыншыға айналды, деді Қазақстан басшысы.

    Қазақстан Президенті саммит аясын-да Үндістан мен Пəкістанның ұйымға кіруі жөніндегі негізгі құжаттарға қол қойыл ғанын айтты. – Үндістан мен Пəкіс-танның қосылуының арқасында ұйым Еу-разияның көп бөлігін, Жер шары тұрғын-дарының жартысына жуығын жəне əлем экономикасының 20%-ын қамтитын аса зор жаһандық құрылымға айналды. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің көлік-логистика бекеттері арқылы тоғы суы, елдеріміздің экономикалық шекара ларының ашылуы жəне Ұлы Жібек жолы ның жаңғыртылуы Қазақстанға бола шақта зор басымдықтар береді, деді Н.Назарбаев.

    Бұдан бөлек, Президент іс-шара ая-сында өткен екіжақты келіссөздердің не-гізгі нəтижелері туралы айтып өтті. – Біз бү гін ҚХР Төрағасымен кездесу кезінде елі мізді индустрияландыруда маңызды рөл атқаратын 50-ден астам бірлескен кəсіп орын құру перспективаларын қарас-тырдық. Ауғанстан Президентімен келіс-сөздер барысында сол елдегі жағдай тал қыланды. Бүгінде Қазақстан ауған студенттерінің білім алуына қолдау көрсетуін жалғастыруда. Ауғанстанға 150 маман қайта оралып, олар таяуда жұмыс істей бастайды. Сонымен қатар, біз еліміздің жоғары оқу орындарына жыл сайын 50 адамнан қабылдап, Ауғанстан экономикасының қайта қалпына келуіне көмек көрсетудеміз, деді Қазақстан Пре-зиденті.

    Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыла-ры кеңесінің келесі саммиті 2017 жылғы 8-9 маусымда Астанада өтетінін хабар-лап, соңынан кеңес қорытындыларына қанағаттанатынын айтты жəне оның дер кезінде өтіп отырған аса маңызды шара екенін атап көрсетті.

    МЕЖЕСІ БИІК МЕРЕЙЛІ БЕЛЕС

    Сур

    етт

    ерді

    түс

    ірге

    ндер

    С.Б

    ОН

    ДАРЕ

    НК

    О, Б

    .ОТА

    РБАЕ

    В

  • www.egemen.kz 325 маусым 2016 жыл

    Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

    Е.Тоғжанов ең алдымен тіл мəселесіне тоқталып өтті. Тіл – ұлттар татулығын сақтап, бейбіт заманда мамыражай ғұмыр кешудің бірден-бір тетігі. Ол қай кезде де қоғамның қызу талқысында, жұртшылықтың назарында болып келетін дүние екендігін бəріміз білеміз. Сондықтан да Ассамблея ұлттар ынтымағын арттырып, қазақ тілінің мəртебесін көтеруге қандай үлес қосып жатқанын осындай іс-əрекетімізбен нақты көрсеткіміз келеді. Бұл бағытта атқарып жатқан ауқымды шарала-рымыз аз емес. Соның бірі – БАҚ өкілдерімен бірлесе жұмыс іс теу арқылы ынтымағымызды сақ тау, татулықты ту етіп, бере ке-бірлікті дəріптеу, деді ол.

    Отырыста ұлттарды ұйыстыруға шақыратын ұлттық құндылықтарды ақпараттық насихат ретінде кеңінен

    қолдану керектігі де айтылып, ондай пікір қызу қолдауға ие болды. Бұл мəселені «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас ре-дакторы Нұртөре Жүсіп көтерді. Ол «Мəңгілік Ел» Патриоттық ак-тісін ілгерілету мен түсіндірудегі ҚХА Журналистер клубының рөлі» атты тақырыпта сөйлеген сөзінде бірқатар мəселені сөз етті. Солардың ішінде ерекше атап өткім келетіні Мемлекет басшысының бастамасымен шығарылған ұлттық байлығымыздың бірі – «Қазақтың мың əні мен күйі» деген ғажап жобасы еді. Осындағы əн мен жыр, күйлерімізді татулығымызды айрандай ұйытуға неге кеңінен қолданбасқа?! Мəселен, бабадан қалған осындай байлықтарымызды мемлекеттік сатып алу қызметі арқылы радиотолқындық жиі-лік тер мен телеэкрандардан неге көрсетпейміз?! Бұл жерде жүз-ден астам ұлт өкілдерінің тұрақ-тылығын сақтаған мемлекет ретінде

    міндеттеуге хақымыз бар шы ғар. Асылында, мұндай ұлттық құн ды-лықтарымыз ұлттарды ұйыстыра түсетіндігіне бек сенімдімін, деді Н.Жүсіп.

    Сондай-ақ, ол өз сөзінде халық бірлігін сақтауда мəдени байланыс пен салт-дəстүрді ұштастыратын қарым-қатынастар туралы айта келе, отандастар арасында өтетін «Тілашар тойлар» кеңінен наси-хатталса деген пікірін білдірді. Сонымен қатар, ол əріптестерімізді ұлттар арасындағы татулықты баян-дауда «өзге ұлт» деген тіркестің «өзге» сөзін сақтана қолдануға шақырды. Себебі, оның пікірінше, мұндағы «өзге» сөзі өз отандас-тарымызды шеттеткендей реңк береді.

    Жалпы, жиында айтылған ой-толғамдар нобайы негізінен екі мəселе төңірегінде өрбіді. Оның бірі – Ассамблея аясындағы Жур-налистер клубының жұмысын же-тілдіру болса, екіншісі – ұлттар

    арасында ұлттық құндылықтарды мей лінше насихаттау, тарату, таны-ту. Алғашқы бағыт бойынша алдағы уақытта ҚХА өкілдері мен осы ұйым атынан сайланған Мəжіліс депутаттары жəне БАҚ жетекшілері жергілікті жұртшылықпен еркін пікір алмасу үшін жоспарлы түр-де аймақтарды аралайтындығы бе-кітілсе, екінші бағыт бойынша жи-ында айтылған ұсыныс, пікірлердің ешбірі де назардан тыс қалмай, жүзеге асырылатын болып шешім қабылданды.

    Осылайша, Ассамблеяның оты -ры сында ұлттық құндылық тары-мызды ұлттарға кеңірек наси-хаттап, үйретуге үндеген ойлар үстемдік құрды. Жиын соңында Ера лы Лұқпанұлы бірқатар БАҚ басшылығы мен өкілдерін төл ме-рекелерімен құттықтап, Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Б ірл ік» алтын медал і мен Ассамблея атынан Алғыс хаттар тапсырды. Бұған дейінгі ауыл тұрғыны тарапынан жазылған хатта нақты

    дəйектер келтірілмегендіктен, біз оны қараудан бас тартқанбыз. Алайда, екінші хатында өз сөзіне айғақ болатындай құжаттарымен қоса жіберіпті. Оның жазуына қара-ғанда, №81 Ұлықбек атындағы мек-теп директоры Х.Халтаев Өзбек-стан мемлекеттік əлем тілдері уни-вер ситетін бітірмеген. Олай болса, қолындағы дип ломы да жарамсыз.

    М.Елтаева бұл мəселе бойынша Сайрам аудандық білім бөлімінің мең герушісі О.Қолдасоваға жүгін-генмен, шенеунік тарапынан əлі күнге жауап берілмеген. Есесіне Сай рам ауданы əкімінің орынбаса-ры Т.Керімбеков Өзбекстан Жо ға ры жəне орта кəсіптік білім министр-лігінің 29.02.2016 жылғы №16л/4673 хатына сілтеме жасай отырып, Халтаев Хамрақұл Абдулхамидович Өзбекстан мемлекеттік əлем тілдері университеті ректорының 04.07.1994 жылғы №67-3 бұйрығымен №260703 дипломы берілгендігін қуат таған. Əкімнің орынбасары бұл ретте О.Қолдасовадан алынған түсінік-темеде шағымданушы М.Елтае-вадан ешқандай да арыз түспе-гендігін жеткізген. Ал өзбекстан-дық білім ордасының оқу ісі бой-ын ша проректоры Х.Хакимов тің 26.06.2015 жылғы №03/1077 жауа-бына қарағанда, 2015 жылдың 12 мау сымында шығарылған №257 «Уни верситеттің студенттік бөлімін-де құжаттарды түгендеу туралы» бұйрығына орай жұмыс жүргі зілген. Сонда анықталғаны Хам рақұл Халтаев Республикалық педаго-гикалық институттың сырттай оқыту бойынша ұлттық мектептердегі орыс тілі мен əдебиеті факультетінде 645 студенттің арасынан табылмады.

    Мына жайтқа назар аудартқанды жөн көріп отырмыз. Аталған оқу ор да сының мұрағатында ондай сту денттің оқымағандығы айқын болғаны мен, кадрлар бөлімінде сақтал ған 4 шілде 1994 жылғы №67/з бұйрығының тағы бір түп-нұсқа сында 646 студенттің арасына Хамрақұл Абдулхамидович Хал-таевтың аты-жөні белгісіз біреу-лер тарапынан енгізіліпті. Сон-дықтан да жұмыс тобы жалған мəлі меттер негізінде Хамрақұл Абдул хамидович Халтаевтың

    атына беріл ген №260703 диплом-ды жарамсыз деп тапқан. Оның үстіне, ОҚО ад вокаттар алқасының жеке адвокаты Т.Жолдасованың с ұ р а н ы м ы н а о р а й ж а у а п т а Өзбекстан мемлекеттік əлем тілдері университеті мұрағат бөлімінің меңгерушісі У.Исаева 1994 жылғы ұлттық мектептерде орыс тілі мен əдебиеті факультетін сырттай бітіргендердің тізімінде Хамрақұл Абдулхамидович Халтаевтың аты-жөні жоқтығын хабарлаған.

    Оқырманға түсінікті болу үшін Өзбекстан президентінің жар-лығымен Республикалық педа гоги-калық институты мен Ф.Энгельс атындағы Ташкент мемлекеттік шет тілдері педагогикалық инсти-туты біріктіріліп, Өзбекстан мем-ле кеттік əлем тілдері университеті болып құрылғанын айта кету керек. Тағы бір мəселеге назар аудар та кеткен жөн. Өзбекстан Жоға ры жəне орта кəсіптік білім министр лігі Құқық бөлімінің бас-шысы И.А.Абдуллаев ОҚО адво-каттар ал қасының жеке адвокаты Т.Нұр жа новқа берген жауабында аталған білім ордасы ректорының бұйрығына сілтеме жасай оты-рып, Хамрақұл Абдулхамидович Халтаевқа ұлттық мектептерде орыс тілі мен əдебиетінің білікті мұғалімі мамандығы берілгендігін жазыпты. Ал «Бахтиёр Калкон» адвокаттық фирмасының сұранымына орай берген жауапта ондай бөлімнің жоқ екендігі айтылады. Жоғары жəне орта кəсіптік білім вице-министрі М.Иноятов өзінің 2016 жылғы 25 сəуір күнгі №284 жауа-бында аталған ведомствода ондай құқықтық бөлімнің жоқ екенін жəне И.А.Абдуллаев деген қызмет кердің жұмыс істемейтіндігін, сондай-ақ, 29.02.2016 жылғы №26к/4673 хаты-ның жалған екендігін алға тартады.

    Осындай дəлелді айғақтарды алға тосқан М.Елтаеваның хаты-на орай біз мəн-жайды білмекке Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің қызметкері А.Əміртаевқа хабар-ластық. Мұндай ақпаратты бірінші рет естіп тұрғандығын айтқан Азат Ермекбайұлы жергілікті білім бөлімінің басшысын аудан əкімі, ал білім бөлімінің басшысы мектеп директорын тағайындайтындығын көлденең тартып, сауатымызды бір ашып тастады. Сондықтан барлық

    жауапкершілік соларда, дей келіп: «Біз сізге не көмек бере аламыз?», деген сауалын да ұмытқан жоқ. Сіздерге көмек бер деп жатқан жоқпыз, мен тек осындай мəселе бар деп айтпақшымын дегеннен кейін ғана: «Мен сұрастырып көрейін. Ауданға хабарласайын. Ха барсызбын», деп жауап қатты.

    Білім саласында жүріп, бұқа ра-лық ақпарат құралдарында өз сала-сы бойынша жазылған жайттарға назар аудармаған маманды қалай түсінуге болады? Оның үстіне бұл мəселе кеше немесе бүгін қоз ғалып отырған жоқ. Сондықтан да біз осы мəселе бойынша Сайрам ауда-нының əкімі С.Сапарбаевпен хабар-лас қанымызда, ол өзінің қызметіне кіріскеніне көп бола қоймағанын алға тартты. «Бұл мəселе əбден тексе рілген, анықталған, жауабы дайын. Білім бөлімінің басшысы-нан сұрадым, ондай фактілер анық-талып, тиісті органдардан жауабын алғанбыз деп отыр. Қажет болса, жа-уабын жолдайық, бірақ объективті қарау керек. Бір арызқой жазды екен деп, бəрін қаралауға болмайды ғой. Тиісті құзырлы мекемелер сұрау жасатып, анықтап қойған. Органдар дұрыс анықтамаса, жауап береді», деді Самат Айдарханұлы.

    Сондай-ақ, аудандық проку рор-дың көмекшісі Сухраб Қаһаровқа телефон шалғанымызда, ол рес-ми түрде басшылармен сөйлесуім керектігін ескертті. «Екіншіден, бұл мəселе бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Соған сəйкес беріл-ген сұрау хат Сыртқы істер министр-лігі арқылы Өзбекстанға жолданған. Бүгінгі таңда жауабы əлі келген жоқ. Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы тарапынан тергеу істері жүргізілді. Ішкі істер басқармасынан білгеніңіз дұрыс», деді прокурор. Ішкі істер басқармасының іс-əре кет-тері прокуратура назарында болаты-нын қаперге алып, əзірге осы жерден тоқтадық.

    Қорыта айтқанда, біз ОҚО Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы №81 Ұлықбек атындағы мектеп дирек-торы Х.Халтаевтың дипломының жалған екенін əшкерелеуді басты мақсат еткен жоқпыз. Мақаланы жазудағы негізгі мақсатымыз – білім беру мекемесін өз ісінің маманы, білікті педагог басқарса деген ниет. Сондықтан да жоғарыда құжаттық дəлелдерді келтірдік. Олай болса, біз қарсы жақтың да уəжін тыңдауға əзірміз жəне бұл мəселеге түпкілікті нүкте қойғанды жөн санаймыз.

    Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

    Кеше Байланыс жəне ақ-парат қызметкерлері күні қар саңында «Нұр Отан» пар-тия сының Орталық ап пара-тында журналистер ара сын-дағы дəстүрлі «Нұр Сұң қар» республикалық бай қауы ның жеңімпаздарын мара паттау сал-танаты болып өтті.

    Парламент Мəжілісінің депу-таты Қуаныш Сұлтанов төрағалық еткен арнайы құрылған комиссия бір ай көлемінде байқауға түрлі жанрдағы, атап айтқанда, очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық жəне радиобағдарламалар, журналистік зерттеу, сондай-ақ, жарияланымдар мен бағдарламалар циклы бойынша материалдар қабылдады. Комиссия құрамына еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының ең беделді өкілдері кірген.

    Байқауға қатысу үшін журна-лис тердің Елбасы, «Нұр Отан» пар-тиясының Төрағасы Н.Ə.Назарбаев-тың алдыға қойған міндеттері мен тапсырмаларының жүзеге асу ба-рысына, «Қазақстан-2050» Стра-тегиясының басымдықтарына, «Нұр Отан» партиясы Доктринасының қағи даларына жəне партия бастама-ларына арналған жұмыстары қа-былданды.

    Сөйтіп, «Нұр Сұңқар» байқауы-на республикалық жəне аймақтық бұқаралық ақпарат құрал дарынан 230-дан астам өтініш келіп түсті. Олардың ішінен 83 жұмыс іріктеуден өтті.

    Қорытынды кезең бойынша, «Əлем. ХХІ ғасыр» манифесін жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін» аталымы бойынша сыйлыққа «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Татьяна Костина ие болды.

    «Нұр Отан» партиясының жұ-мысы жөніндегі ең үздік мате риалға

    арналған сыйлық «24.kz» те ле-арнасындағы «Сұхбат» бағ дар-ламасының авторы жəне жүр гі зу шісі Ерлан Игісіновке берілді.

    Үздік телевизиялық журналис-тер ге берілетін «Ерекше пікір» ата лы мына бірден екі үміткер лайық деп та нылды. Олар – «Хабар» агенттігі сарап тамалық бағдарламалар бөлі мінің тілшісі Айгүл Əділова мен «Қа зақстан» телеарнасының арнаулы тілшісі Əлімжан Исабай.

    «Сөз шебері» аталымы бойынша үздік журналист ретінде «Айқын» газетінің редакторы Бейсен Тəжібаев жеңімпаз атанды. «Қоғам үні» ата-лымында үздік радиожурналист атағы «Орда FM» ра диосының дик-торы Ерлан Сисеновке берілді.

    «Аймақ айнасы» аталымы бойын-ша жеңіс «Егемен Қазақстан» га зеті-нің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі Оралхан Дəуітовке бұйырды. «Шымкент келбеті», «Оңтүс тік Қазақстан», республикалық «Түр-кістан», «Жас Алаш» газеттерінде жұ мыс істеген Оралхан Дəуітовтің

    журналистика саласында еңбек етіп келе жатқанына жиырма жыл-дың жүзі болды. Осы уақыт ішінде қаламы жүйрік əріптесіміз талай мəселе көтеріп, тұщымды дүние лері-мен оқырманды тəнті етті. Бірнеше жылдан бері «Егемен Қазақстан» газетінде жемісті еңбек етіп келеді.

    Ақпарат агенттігінің үздік жур-налисіне берілетін «Медиа-профи» аталымына NUR.kz сайтының тілшісі Юлия Абрамова лайық деп танылды. «Көзқарас» аталымы бойынша үздік блогерлер ретінде Шолпан Əли мен Қанат Əуесбай жеңіске жетті.

    Жеңімпаз жүлде гер лерге 500 мың мен 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық табыс етілді. «Нұр Сұңқар» – партия мен БАҚ өкіл дері арасындағы əріптестікті жə не ын-тымақтастықты дамытуды көз дейтін Қазақстанның барлық жур на лисіне арналған дəстүрлі ашық бай қау.

    Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,журналист

    «Нұр Сұңқардың» жеңімпаздары анықталды

    Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

    Алқалы жиында 2016 жылғы Қазақстан Республикасының Əде-биет пен өнер саласындағы мем ле-кеттік сыйлығына ұсы нылған жұ-мыстар, олардың тірке луі, қаралуы жəне алғашқы сарап та мадан өтуі туралы мəселелер қаралды.

    Комиссияның отырысын аша отырып, Мемлекеттік хатшы Гүл шара Əбдіқалықова Елба сы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа зақ-стан-2050» Стратегиялық бағдар-ламасында ұлттық мəдени кодты сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілгендігіне тоқталды. Тілді, руханиятты, дəстүрді жəне ұлттық құндылықтарды дамыту қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған

    басым міндеттердің бірі жəне он-дай маңызды мін дет терді шешуде əдебиет пен өнер қай рат керлеріне ерекше сенім арты латынын, та-рихи миссия жүк телетінін тілге тиек етті. Сон дай-ақ, Мемлекеттік хатшы елі міздің мəдени мұрасын байы туға, ұлттық құндылықтарын ұлықтауға үлес қосқан автор-ларды бағалап, оларға қолдау көрсетуге бағытталған жұмыстың маңыздылығына жəне комис-сия мүшелерінің бұл орайдағы айрықша жауапкершілігіне арнайы тоқталды. Сонымен қатар, Гүлшара Наушақызы Мемлекет басшысының Жарлығымен комисс ия құрамына енгізілген өзге рістер ретін танысты-ра оты рып, Мемлекеттік сыйлық жөнін дегі комиссияның əдебиет секциясы мүшелерінің құрамына

    Пар ламент Сенатының депутаты, пуб лицист-жазушы Жабал Ерға-лиев пен музыка, театр жəне кино секциясы мүшелерінің құра мына белгілі кинотанушы Бауыр жан Нөгербектің мүше болып енгізіл-ген дігін мəлім етті.

    – Тəуелсіздік жылдарын да мем-лекет тарапынан ұлт тық өнердің ұлықталуына, төл мə де ниеттің төрге озуына, қазақ əдебиетінің тынысын кеңей туге жан-жақты қолдау көрсе тілуде. 1992 жыл мен 2014 жыл ара лы ғында 89 мəдениет жəне өнер қайраткері Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. 2008 жылдан бері Əдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлық Елбасы Жарлығымен бекі тіліп, осы уақыт аралығында 22 өнер қайраткері лау реат атан ды. Елбасы Нұрсұлтан Назар баев ұсынған «Мəңгілік Ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы хал қымыздың бірлігі мен ынты-мағын нығайтуға бағытталып, ұлттық өнер мен мəдениеттің

    жаңаша өрістеуіне серпін беру-де. Сондықтан, берілетін сый лық елдің рухани-мəдени өмірін де мойындалған, өз саласын да озық əрі үздік көркем шығар ма болуы тиіс деп ойлаймын. Ол шығармаларда отаншыл, мемлекетшіл, елшіл идея терең көрініп тұруы тиіс, – деді Мем лекеттік хатшы.

    Еңбектерді талқылау жəне жасы-рын дауыс беру үдерісі əдебиет, му-зыка, театр жəне кино, сондай-ақ, бей-нелеу жəне сəулет өнері деп бөлінген 3 секция мүшелерінің дауысқа са-луына сай қаралды. Секцияларда жалғасқан талқылаулардың, жасы-рын дауыс берулердің, одан кейінгі жалпы отырыстың қорытындысы бойынша байқаудың келесі кезеңіне жіберілетін шығармалар туралы шешім қабылданды. Хаттамалық шешім бойынша іріктеуден өтіп, Мемлекеттік сыйлық алуға ұсы-ныл ған жұмыстар тізімі қоғамда, əдебиет пен өнер жанашыр лары-ның ортасында, сондай-ақ, қалың жұртшылық арасында кеңі нен талқылану үшін «Егемен Қазақ-стан» жəне «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланатын бо лады.

    АЛМАТЫ

    Көркем шығармаларда елдік мұрат көрініс табуы керек

    Алматыда Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалы қо-ваның төрайымдығымен Қазақстан Республикасының Əдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның отырысы болып өтті.

    Жалған диплом жарға жықпасын...

    Сур

    етт

    ерді

    түс

    ірге

    н Ер

    лан

    ОМ

    АРО

    В

    (Соңы. Басы 1-бетте)

    Ұлттық құндылықтар ұлттарды ұйыстырадыҚазақстан халқы Ассам-

    блея сы Журналистер клубы-ның кеңейтілген отырысы өтті. Шараға ҚХА Төраға-сының орынбасары – Хатшы-лық меңгерушісі Ералы Тоғ-жанов пен Мəжіліс депутатта-ры жəне бұқаралық ақпарат құрал дарының өкілдері қатыс-ты. Алқалы жиында отан дық БАҚ саласын жаңғыр та оты-рып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік ті нығайту, «Мəңгілік Ел» Пат риоттық актісін ілгері лету мен оны жұртшы лыққа түсіндіруде ҚХА Журналистер клубының рөлі талқыланды.

    Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан»

    Осыған байланысты межелі уақытта бұқара халыққа есеп бер-ген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев көпшілікті министрлік тарапынан атқарылған ауқымды жұмыстармен таныс етті. Есеп беру аясында өткен жыл-ғы жұ мыс қорытындыларын жəне алдағы жұмыс жоспарларын баян-да ған министр елдегі экономи-калық дамудың мəн-жайына кеңі рек тоқталды.

    Осы ретте қалыптасып отырған сыртқы жəне ішкі даму факторларын ескере отырып, 2016 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындылары бойынша елд ің жалпы ішкі өнімінің төмендеуі биылғы жылғы қаңтар-сəуір қорытындыларымен салыстырғанда 0,4%-дан 0,2%-ға дейін бəсеңдеді. Ал жыл соңында өсу 0,5% деңгейінде болады деп күтілуде, деді Қ.Бишімбаев.

    Сонымен қатар, ауыл шаруа-шылығында металлургия жəне хи-мия өнеркəсібі, тамақ өнімдері мен фармацевтика өндірісі сияқ ты өңдеу өнеркəсібі саласында өсудің оң қарқыны сақталып отырғанын атап айтты. Оның айтуына қарағанда, өңдеу өнеркəсібінің 0,5%-ға өсуі ме-таллургия өнер кə сібіндегі өндірістің 8,0%-ға артуы есебінен қамтамасыз етілді. Сон дай-ақ, резеңке мен пластмасса бұйым дарының өндірісі 7,3%-ға, жиһаз 3,3%-ға, ал тамақ өнімдері 3,1%-ға өсті.

    Бұдан басқа, «Нұрлы Жол» мем-лекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық-инновациялық жəне түйінді инфрақұрылымдық жоба-ларды іске асыру есебінен негізгі капиталға инвестициялардың жо ғары өсуі 10,8% деңгейінде

    байқалады. Үстіміздегі жылдың 1 мау сымындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 94,3 млрд. АҚШ долларын құрады жə-не жыл басынан бері 3,2%-ға өсті, оның ішінде Ұлттық қордың шетел-дік активтері 65,5 млрд. АҚШ дол-ларын құрап, 3,2%-ға ұлғайды, деді ол əрі қарай.

    Ал өнеркəсіптегі кредиттеу кө-лемдері 15,7%-ға өскен болса, ауыл шаруашылығында – 39,3 %-ға, кө-лік саласында несиелеу бары сы – 35,7 %-ға ұлғайған. Байла ныс пен сауда саласында да кредит теу кө-лемі көбейіп отырғаны байқа лады. Керісінше, құрылыс секторын кре-диттеу 12,7 %-ға қысқарған.

    Ұлттық экономика министрі-нің сөзіне қарағанда, сыртқы күй-зелістерге қарамастан əлеу мет тік саладағы жағдай тұрақты болып отыр. Жұмыссыздық деңгейі тө мен көрсеткішпен сақталуда. Ал жа лақы мөлшері 133,8 мың теңгені құрайды. Биыл 1 мамырға дейінгі есеп бойын-ша еліміздегі халық саны 17753,2 мың адамды құрады. Айтар болсақ, бұл дегеніміз өткен жылмен са лыс-тырғанда 255,1 мың адамға немесе 1,46% өскендігін көрсетеді.

    Сонымен қатар, халықпен ке-зекті кездесу барысында ведом-ство басшысы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған ке-шенді жоспарын іске асыру тура-лы баяндады. Кешенді жоспарды жекешелендіруге жататын жəне бə-секелес ортаға берілетін 783 ұйым-нан тұратын тізім айқындалды. 2016 жылдың қаңтар-мамыры кезеңінде 3 млрд. теңгеден астам сомаға 23 нысан жекешелендірілді, деді ми-нистр. Əрі қарай аталған жоспар шеңберінде «Самұрық-Қазына» қорының 7 компаниясы 2020 жылға дейін IPO-ға шығарылатындығын

    жеткізді. Олар «Қазақстан те мір жо лы», «ҚазМұнайГаз», «ҚазАтом-Өнер кəсіп», «Самұрық-Энерго», «Тау-Кен Самұрық», «Қазпошта» жəне «Эйр Астана» компаниялары. Осы ған байланысты бүгінгі таңда дайындық жұмыстары жүргізілуде, активтерді сатуға шығаруға одан əрі дайындау үшін тəуелсіз кеңесшілер тартылуда.

    Министрдің айтуынша, тұ рақ-ты түрде Премьер-Министр төра-ғалық ететін Экономиканы жаң-ғырту мəселелері жөнінде мем-лекет тік комиссияның отырыс-тарын да баланстық құны 5 млрд. теңге ден астам ірі компания ларды, сондай-ақ, «Самұрық-Қа зына» қо-рының активтерін сату мəселе-лері қаралады. Қазірдің өзінде «Самұрық-Қазына» қоры ның ша-руашылық қызметті жү зеге асыр-майтын немесе бизнесті одан əрі да-мыту перспективасы жоқ 59 еншілес жəне тəуелді ұйым дарды жабу тура-лы ұсыныс тары мақұлданса, тағы 12-сі транс формациялау бағдарламасы шең берінде құрылысын оңтайлан-дыру мақсатында қайта ұйымдас-ты рылатын болады.

    Ал жеке тұрғын үй салу ға беріл-ген учаскелерге инфрақұ рылым өткізуге биыл 24 миллиардқа жуық теңге бөлінбек. Елімізде тұрғын үй құрылысын дамытуға ерекше назар аударылуда. Министрліктің деректері бойынша, ағымдағы жылдың бес айында 3,9 млн. шар-шы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өт кен жылдың ұқсас кезеңімен салыс-тырғанда 20,2%-ға артық. Нəтиже-сінде 33 мыңнан астам отбасы тұр-ғын үй жағдайын жақсартып отыр.

    «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағ-дар ламасы шеңберінде Қазақстан ипотекалық компаниясының желісі бойынша биыл жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22,5 млрд. теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша 371,9 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспар-ланып отыр.