Елбасы схбат берді - egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет...

12
№158 (29139) 18 ТАМЫЗ, ЖҰМА 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ EUR/KZT 389.4 USD/KZT 332.68 RUB/KZT 5.6 CNY/KZT 49.85 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан» «Елге ел қосылса − құт» демекші, Алтайдағы ағайын Алатау баурайынан келген қос отбасын жылы рəуішпен құшақ жая қарсы алды. «Алтай де- ген қасиетті жер ғой. Мұнда көшіп келгенімізге қуаныштымыз. Қолымда екі ұлым бар. Жұмыс жағы жуық арада шешіліп қалатын шығар деп үміт етіп отырмыз. Елдің іші ғой», дейді осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Алматы облысының Ескелді ауылынан көшіп келген Кəкен Шери. Қос отбасы да қазір мемлекеттен көмек алу үшін құжаттарын жинас- тырып жатқан көрінеді. Қытайдың Алтайында дүниеге келген, атажұртқа оралғанына 13 жылға жуықтаған Кəкен Шери құжат жағы реттелген- ше қол қусырып қарап отырмайық деп ұлдарымен бірге жол шетіне киіз үй тігіп, өткен-кеткен жолаушыларға қымыз сатуды қолға алыпты. Алдағы уақытта киіз үй ішінен шайхана ашып, аудандағы туризмнің даму- ына үлес қоспақ ойы бар. «Өзім балалық шағымды өткерген, өсіп- өнген Қытайдың Буыршын ауданын- да туризм жақсы дамыған. Əйгілі Қанас көлі де сол маңда. Мұнда жы- лына 20 мың турист келеді. Жолдың бойы құжынаған халық. Бие байлай- ды, ұлттық бұйымдар сатады, ұлттық тағамдар əзірлейді. Катонқарағайдың табиғаты ол жерден асып түспесе кем емес. Бұл жерге де жылына жиырма мың адам келіп тұрса аудан бюджетіне салық түсер еді ғой. Көргенімді ай- тып отырмын. Сол жақтан келдім ғой. Катонқарағайдың шекараға тақау ау- ылдарында халық саны азайып барады деп естимін. Түсінбеймін, мынадай жерді қалай тастап кетуге болады? Батыстан, басқа елдерден қаншама адам осы Алтайдың бір жұтым ауасын жұтуға зар болып келіп жатқан жоқ па? Өмір сүргеннен кейін осындай жерде сүру керек қой. Қысы болмаса, Алтай ғажап жер ғой», дейді ол. Жетісудан көшіп келген екінші отбасының 5 баласы бар екен. Соның үшеуі мектеп жасында көрінеді. Жастарынан жасамысы көп, шека- ра шебіндегі Белқарағай ауылының тұрғындары елді мекендегі білім ордасының үш оқушымен толығатынын жақсылыққа балап отыр. Отағасы Айдынбек Жылай Қытайда мал дəрігері болып еңбек етіпті. «Біз де Қытайдың Алтайында тұрғанбыз. Шынын айтқанда, Жетісудың ауа райына үйрене алмадық. Тауда туып, тауда өскенбіз ғой. Бізге осындай табиғат ұнайды», дейді бес баланың əкесі. Белқарағайға қоныс аударған тұрғындардың жағдайымен бізбен бірге танысқан Катонқарағай ау- даны əкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев қос отбасының əр мүшесіне мемлекет тарапынан 70 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетінін, бұл жер- де қандай кəсіппен шұғылдануға болатындығын айтып, өзінің ақыл- кеңестерін берді. «Біз сіздерге жұмыс тауып беруге жəрдемдесеміз. Катонқарағайға келімді-кетімді кісі көп. Сондықтан киіз үй тігіп, туризм саласын өркендетпек ойларыңызды құптаймыз. Қымыздан бөлек, ұлттық бұйымдар жасап, туристерге са- туларыңызға да болады», – деген аудан əкімінің орынбасары мемле- кеттің көмегімен бір ай тегін оқып, жаңа мамандық игеруге де бо- латынын жеткізді. Оған мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта облыс орта- лығы – Өскеменнен арнайы келген мамандар кəсіп ашқысы, мал борда- қылау алаңдарын құрғысы келетін азаматтарға құжат ресімдеу, несие алу, кепілдік қою мəселелерін жан- жақты түсіндіріп, оқытып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы Жетісудан – Алтайға ҚОҒАМ ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НАҒЫЗ АНА ОСЫНДАЙ БОЛАДЫ! 8-бет БІЛДІРМЕЙ ЖҰТАТЫН ДЕРТ ЖҰЛДЫЗДЫ ҒҰМЫР АЛМАНЫҢ ОТАНЫ - АЛАТАУ ҚЫЗМЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ 10-бет Сүлеймен ММЕТ ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРАР ЖАСТАР ҚАЙДА? 7-бет Ғалым ОМАРХАН Мемлекет басшысы сұх- бат барысында рухани жаңғыру үдерісіне қатысты өзекті сұрақ- тарға жауап беріп, конститу- циялық реформадан күтілетін нəтижелер жөнінде айтты. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізудің маңыздылы- ғына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамытудың перспективалары жəне өңірлердегі мəдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде əңгімеледі. Сурет Президенттің баспасз қызметінен алынды Елбасы сұхбат берді ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасында ерекше маңыз берілген ішкі кші-қон үдерісін реттеу, еңбек ресурстарының теңгерімдігін арт- тыру міндеттері Шығыс Қазақстан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жақында халық тығыз орналасқан Алматы облы- сынан шығыстың шалғайындағы, шекара шебіндегі табиғаты кркем Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылына екі бірдей отбасы кшіп келді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасы- на сұхбат берді, деп хабарлады Президенттің баспасз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер Отырыс басталғанға дейін комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бас- қару жөніндегі жобалық кеңсенің жəне оның жанында жұмыс істейтін Коммуникациялық орталықтың қызметімен таныс- ты. Жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша күллі орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру бойын- ша жұмыс істейді. Кеңсе та- рапынан министрліктер мен əкімдіктер ұсынған 1170 жоба пысықталып, қазіргі уақытта жүзеге асырыла бастады. Жалпы, комиссия мүшелері Жобалық кеңсенің барлық жо- баларымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені та- машалады. Орталық ғылыми кітапхана сирек кітаптар қорының өкілі көрмеге ең құнды кітаптар мен қолжазбалардың əкелінгенін айтты. «Бұлар моңғол, шағатай, парсы, неміс тілдерінде араб, ла- тын графикаларымен басылған дүниелер. «Қазақ» газетінің 1913 жылы шыққан 7-ші саны, «Айқап» журналының 1912 жылы шыққан 5-ші саны, Ахмет Байтұрсынұлының 1914, 1925 жылдары шыққан «Тіл-құрал», «Əліпби» кітаптары, Мұхтар Əуезовтің Абайдың өмірі мен шығармашылығына арнаған қолжазбасы, Мəшһүр Жүсіптің қолжазбасы қызығушылық ту- дырады деп ойлаймын. Көрмеде ХІХ ғасырдағы Құран кітабы да тұр. Жалпы, біздің сирек қордағы Құран кітаптарының барлығы да ХІХ ғасырда шыққан дүниелер. Жұртшылық үшін тың дүниенің бірі – Ақсақ Темірдің тарихы туралы белгісіз автордың шағатай тілінде жаз- ған қолжазбасы. Мұны зерттеу, қазақ тіліне аудару – сирек қор- дың алдағы жұмыс жоспарына енгізілді», деді ол. Сондай-ақ, көрмеге француз экспедиторы Густав Левонның, Радловтың кітаптары, Алексей Харузин есімді автордың «Кир- гизы Букеевской Орды» кіта- бы, түсіндірме сөздіктер де қойылған. Осының ішінде Харузиннің Бөкей Ордасындағы халықтың антропологиялық ерекшеліктері, жасы, бойы, сал- мағы туралы еңбегін атап айтуға болады. Мұнда Ордадағы сол кезеңдегі халық саны адам- дардың жас шамасы бойынша бөліп-бөліп көрсетілген. Жал- пы, көрмеге 28 кітап пен қол- жазба əкелініпті. Ал, кітапхана- дағы сирек кітаптар қорында 300 мыңнан аса кітап бар. 1940 жылға дейін шыққан кітап- тардың барлығы да сирек кітап- тар қорына алынған. Бұдан соң Еуразия ұлттық университеті ғимаратында Ұлттық комиссияның кезекті отырысы басталды. (Соңы 3-бетте) Алматы облысынан Шығыс Қазақстанға бірнеше отбасы көшіп келді ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің ркендеуіне соны серпін берді. «Тоғызыншы территория» бүгінде ерекше бір рухани серпілісті бастап кетті. Мемлекет басшысы айқындап берген зекті мәселелер тңірегінде алқалы басқосулар ткізіліп, зиялы қауым релі ойларын ортаға салды. Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент кімшілігінің Басшысы - Ұлттық комиссияның трағасы ділбек Жақсыбековтің трағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысы тті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Upload: others

Post on 13-Jun-2020

30 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

№158 (29139) 18 ТАМЫЗ, ЖҰМА 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

EUR/KZT 389.4 USD/KZT 332.68 RUB/KZT 5.6 CNY/KZT 49.85ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»

«Елге ел қосылса − құт» демекші, Алтайдағы ағайын Алатау баурайынан келген қос отбасын жылы рəуішпен құшақ жая қарсы алды. «Алтай де-ген қасиетті жер ғой. Мұнда көшіп келгенімізге қуаныштымыз. Қолымда екі ұлым бар. Жұмыс жағы жуық арада шешіліп қалатын шығар деп үміт етіп отырмыз. Елдің іші ғой», дейді осыдан бір айдан астам уақыт бұрын Алматы облысының Ескелді ауылынан көшіп келген Кəкен Шери.

Қос отбасы да қазір мемлекеттен көмек алу үшін құжаттарын жинас-тырып жатқан көрінеді. Қытайдың Алтайында дүниеге келген, атажұртқа оралғанына 13 жылға жуықтаған Кəкен Шери құжат жағы реттелген-ше қол қусырып қарап отырмайық деп ұлдарымен бірге жол шетіне киіз үй тігіп, өткен-кеткен жолаушыларға қымыз сатуды қолға алыпты. Алдағы уақытта киіз үй ішінен шайхана ашып, аудандағы туризмнің даму-ына үлес қоспақ ойы бар. «Өзім балалық шағымды өткерген, өсіп-өнген Қытайдың Буыршын ауданын-да туризм жақсы дамыған. Əйгілі Қанас көлі де сол маңда. Мұнда жы-лына 20 мың турист келеді. Жолдың бойы құжынаған халық. Бие байлай-ды, ұлттық бұйымдар сатады, ұлттық тағамдар əзірлейді. Катонқарағайдың табиғаты ол жерден асып түспесе кем емес. Бұл жерге де жылына жиырма мың адам келіп тұрса аудан бюджетіне салық түсер еді ғой. Көргенімді ай-тып отырмын. Сол жақтан келдім ғой. Катонқарағайдың шекараға тақау ау-ылдарында халық саны азайып барады деп естимін. Түсінбеймін, мынадай жерді қалай тастап кетуге болады? Батыстан, басқа елдерден қаншама

адам осы Алтайдың бір жұтым ауасын жұтуға зар болып келіп жатқан жоқ па? Өмір сүргеннен кейін осындай жерде сүру керек қой. Қысы болмаса, Алтай ғажап жер ғой», дейді ол.

Жетісудан көшіп келген екінші отбасының 5 баласы бар екен. Соның үшеуі мектеп жасында көрінеді. Жастарынан жасамысы көп, шека-ра шебіндегі Белқарағай ауылының т ұ р ғ ы н д а р ы е л д і м е к е н д е г і

білім ордасының үш оқушымен толығатынын жақсылыққа балап отыр. Отағасы Айдынбек Жылай Қытайда мал дəрігері болып еңбек етіпті. «Біз де Қытайдың Алтайында тұрғанбыз. Шынын айтқанда, Жетісудың ауа райына үйрене алмадық. Тауда туып, тауда өскенбіз ғой. Бізге осындай табиғат ұнайды», дейді бес баланың əкесі.

Белқарағайға қоныс аударған тұрғындардың жағдайымен бізбен бірге танысқан Катонқарағай ау-даны əкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев қос отбасының əр мүшесіне мемлекет тарапынан 70 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілетінін, бұл жер-де қандай кəсіппен шұғылдануға болатындығын айтып, өзінің ақыл-кеңестерін берді. «Біз сіздерге

жұмыс тауып беруге жəрдемдесеміз. Катонқарағайға келімді-кетімді кісі көп. Сондықтан киіз үй тігіп, туризм саласын өркендетпек ойларыңызды құп таймыз. Қымыздан бөлек, ұлттық бұйымдар жасап, турис терге са-туларыңызға да болады», – деген аудан əкімінің орынбасары мемле-кеттің көмегімен бір ай тегін оқып, жаңа мамандық игеруге де бо-латынын жеткізді. Оған мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта облыс орта-лығы – Өскеменнен арнайы келген ма мандар кəсіп ашқысы, мал борда-қылау алаңдарын құрғысы келетін аза маттарға құжат ресімдеу, несие алу, кепілдік қою мəселелерін жан-жақты түсіндіріп, оқытып жатыр.

Шығыс Қазақстан облысы,Катонқарағай ауданы

Жетісудан – Алтайға

ҚОҒАМ

ЗЕРДЕ

ДИДАР

9-бет

12-бет

ДЕНСАУЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ7-бет

НАҒЫЗ АНА ОСЫНДАЙ БОЛАДЫ!

8-бет

БІЛДІРМЕЙ ЖҰТАТЫН ДЕРТ

ЖҰЛДЫЗДЫ ҒҰМЫР

АЛМАНЫҢ ОТАНЫ − АЛАТАУ

ҚЫЗМЕТТЕГІ МӘДЕНИЕТ МӘЙЕГІ

10-бет

Сүлеймен М�МЕТ

ЖҰМЫСТЫ ЖАЛҒАСТЫРАР ЖАСТАР ҚАЙДА?

7-бет

Ғалым ОМАРХАН

Мемлекет басшысы сұх-бат барысында рухани жаң ғы ру үдерісіне қатысты өзекті сұрақ-тар ға жауап беріп, консти ту-ция лық реформадан күтілетін нəтижелер жөнінде айтты.

С о н д а й - а қ , Қ а з а қ с т а н П р е з и д е н т і х а л ы қ а р а л ы қ ЭКСПО-2017 мамандандырылған көр месін өткізудің маңызды лы-ғына тоқталып, оның жұмысы аяқталғаннан кейін кешен

нысандарын пайдалану жоспары туралы ой бөлісті.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев отандық туризмді дамы тудың перспективалары жəне өңір лердегі мəдени-туристік кластердің қалыптасуы жөнінде əңгімеледі.

Сурет Президенттің баспас�з қызметінен алынды

Елбасы сұхбат берді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасында ерекше маңыз берілген ішкі к ші-қон үдерісін реттеу, еңбек ресурстарының теңгерімдігін арт-тыру міндеттері Шығыс Қазақстан облысында жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Жақында халық тығыз орналасқан Алматы облы-сынан шығыстың шалғайындағы, шекара шебіндегі табиғаты к ркем Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылына екі бірдей отбасы к шіп келді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Хабар» телеарнасы-на сұхбат берді, деп хабарлады Президенттің баспас з қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер

Отырыс басталғанға дейін комиссия мүшелері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын бас-қару жөніндегі жобалық кеңсенің жəне оның жанында жұмыс істейтін Коммуникациялық орталықтың қызметімен таныс-ты. Жобалық кеңсе «Рухани жаңғыру» бағдарламасының барлық бағыттары бойынша күллі орталық жəне жергілікті а т қ а р у ш ы о р г а н д а р д ы ң қызме тін үйлестіру бойын-ша жұмыс істейді. Кеңсе та-рапынан минис тр ліктер мен əкімдіктер ұсынған 1170 жоба пысықталып, қазіргі уақытта жүзеге асырыла бастады. Жалпы, комиссия мүшелері Жобалық кеңсенің барлық жо-баларымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені та-машалады.

Орталық ғылыми кітапхана сирек кітаптар қорының өкілі көрмеге ең құнды кітап тар мен қолжазбалардың əкелін генін айтты. «Бұлар моңғол, шағатай, парсы, неміс тілдерін де араб, ла-тын графикалары мен басылған дүниелер. «Қазақ» газетінің 1913 жылы шыққан 7-ші саны, «Айқап» журналының 1912 жылы шыққан 5-ші саны, Ахмет Байтұрсынұлының 1914, 1925 жылдары шыққан «Тіл-құрал», «Əліпби» кітаптары, Мұхтар Əуезовтің Абайдың өмірі мен шығармашылығына арнаған қолжазбасы, Мəшһүр Жүсіптің қолжазбасы қызығушылық ту-дырады деп ойлаймын. Көрмеде ХІХ ғасырдағы Құран кітабы да тұр. Жалпы, біздің сирек қор дағы Құран кітаптарының барлығы да ХІХ ғасырда

шық қан дүниелер. Жұртшылық үшін тың дүниенің бірі – Ақсақ Те мірдің тарихы туралы белгісіз автордың шағатай тілінде жаз-ған қолжазбасы. Мұны зерттеу, қазақ тіліне аудару – сирек қор-дың алдағы жұмыс жоспарына енгізілді», деді ол.

Сондай-ақ, көрмеге француз экспедиторы Густав Левонның, Радловтың кітаптары, Алексей Харузин есімді автордың «Кир-гизы Букеевской Орды» кіта-бы, түсіндірме сөздіктер де қойылған. Осының ішінде Хару зиннің Бөкей Ордасындағы ха лықтың антропологиялық ерекшеліктері, жасы, бойы, сал-мағы туралы еңбегін атап айтуға болады. Мұнда Ордадағы сол кезеңдегі халық саны адам-дардың жас шамасы бойынша бөліп-бөліп көрсетілген. Жал-пы, көрмеге 28 кітап пен қол-жазба əкелініпті. Ал, кітап хана-дағы сирек кітаптар қорын да 300 мыңнан аса кітап бар. 1940 жылға дейін шыққан кітап-тардың барлығы да сирек кітап-тар қорына алынған.

Бұдан соң Еуразия ұлттық университеті ғимаратында Ұлттық комиссияның кезекті отырысы басталды.

(Соңы 3-бетте)

Алматы облысынан Шығыс Қазақстанға бірнеше отбасы көшіп келді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің  ркендеуіне соны серпін берді. «Тоғызыншы территория» бүгінде ерекше бір рухани серпілісті бастап кетті. Мемлекет басшысы айқындап берген  зекті мәселелер т ңірегінде алқалы басқосулар  ткізіліп, зиялы қауым  релі ойларын ортаға салды. Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Президент �кімшілігінің Басшысы − Ұлттық комиссияның т рағасы �ділбек Жақсыбековтің т рағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру ж ніндегі ұлттық комиссияның үшінші отырысы  тті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 2: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

2 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛСАЯСАТ

Динара БІТІК, «Егемен Қазақстан»

Үкіметтің баспасөз орта лы­ғында өткен кезекті брифинг кеше «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының орындалу ба­рысына арналды. Оған Инвес­тициялар және даму вице­министрі Роман Скляр, ИДМ Құрылыс және тұрғын үй­коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова қатысып, халықты тұрғын үймен қамту үшін қолға алынған шаралар ретін баяндады.

Вице­министр Р.Скляр жыл басынан бері қаржыландырудың

барлық көзі есебінен пайдалануға берілген 6,2 млн шаршы метр тұрғын үй «Нұрлы жер» бағ дар­ламасының жылдық жоспарының 61 пайызын құрайтынын атап өтті. Айтуынша, тұрғын үйлерді өткізу бойынша Астана (1 680,2 мың шаршы метр), Алматы (981,6 мың шаршы метр) қалалары, Маңғыстау (592,7 мың шаршы метр) және Оңтүстік Қазақстан об­лыстары (348,9 мың шаршы метр) көш бастап тұр. Ал жеке тұрғын үйді өткізу бойынша Маңғыстау, Қызылорда, Атырау және Батыс Қазақстан облыстары алда.

Биыл бағдарлама аясында әкімдіктерге 25 млрд теңге бөлінген және 6 мыңға жуық арендалық пәтерлердің құрылысы басталған, олардың жартысы жыл соңына

дейін өткізілмек. Вице­министрдің м ә л і м д е у і н ш е , а р е н д а л ы қ үйлермен негізінен баспана сатып алуға мүмкіндіктері жоқ халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары қамтамасыз етіледі. Аренда ақысы, сатып алу құқығынсыз, әлеуметтік тұрғын үйдің 1 шаршы метріне ша­мамен 100 теңгені құрайды.

Сондай­ақ, вице­министр «Нұрлы жер» бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі жеке тұрғын үй құрылысын дамытуға қолдау көрсету екенін, мемлекет азаматтарға құрылыс салуға бөлген жер телімдеріне инфрақұрылым жүргізуді қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл ретте, жыл сайын желілерді салуға 80 млрд теңге бөлу қарастырылмақ, олардың 50 пайызына дейінін жеке тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарға инженерлік желілерді жүргізуге бағыттау көзделеді. Бұл орта есеппен 15 жыл ішінде жыл сайын шамамен 40 мың жер телімін желілермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді екен.

Жартыжылдықтың қоры­тындысы бойынша, жоспарланған 60 мың жер телімінің бүгінде 23,5 мыңы инженерлік желімен қамтылған. 4 облыс орталығында бірыңғай сәулет стилінде жеке б а с п а н а л а р қ ұ р ы л ы с ы н ы ң қанатқақты жобасын іске асыру жұмыстары басталған. Осындай баспананың құны 90 пайызға дейін отандық құрылыс матери­алдарын қолдану есебінен шаршы метріне 120 мың теңгені құрайды. Қанатқақты жобада жер теліміне кезекте тұрған азаматтарға дайын үйді сатып алу құқығы беріледі.

Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы бойын­ша ипотекалық қарыздарды жеңілдікті несиелеу тетіктерін іске асыру басталған. Тұрғындар үшін ипотекалық қарыздар бо­йынша нарықтық мөлшерлемені төмендету мақсатында мемле­кет Қазақстан ипотекалық ком­паниясы арқылы бастапқы жарнаның 30 пайызын төлеген жағдайда екінші деңгейлі банк ипотекасы бойынша шығындарды өтейді. Субсидияларды ескере отырып, тұтынушы үшін соңғы

мөлшерлеме 10 пайызды құрайды, оған қоса қарыздар жаңа салынған үйлерден тұрғын үй алу үшін субсидияланады. Астана және Алматы қалаларында несиелер 20 млн теңгеге дейінгі, өңірлерде 15 млн теңгеге дейінгі сомада беріледі. Республикамыздың 11 өңірінде халықты жеңілдікті мөлшерлеме бойынша несиелеу жүргізіліп жатыр. Бүгінде 10 банк бағдарламаны іске асыруды бастауды жоспарлап отырса, 3­уі ипотеканы белсенді түрде іске асы­рып жатыр екен. Қазіргі уақытта олар азаматтардан ипотека алуға өтінімдер қабылдауда.

«Нұрлы жер» бағдарламасы ая­сында, сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салым­шылары мен әкімдіктерде кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Тұрақты табысы бар азаматтар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы жеке баспана алу мүмкіндігіне ие болады. Оған қоса, бастапқы жарнаның төменгі шегі мен қарыздар бойынша ең аз мөлшерлемелер қарастырылған. Бүгінгі таңда жоспарланған 15 мың пәтердің 6 140 несиелік пәтері салынған.

Мамандар сондай­ақ, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы тұрғын үй құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік бергенін а т а п ө т т і . А й т у л а р ы н ш а , Қазақстанда бағдарлама іске қосылғаннан кейін құрылыс нарығында тұрғын үйдің шар­шы метрінің бағасы айтарлықтай төмендегені байқалған. Мәселен, қазір өңірлерде шаршы метріне 140 мың теңгеге дейін тұратын баспаналар салынып жатыр, ал Астана, Алматы қалаларында және еліміздің батыс өңірлерінде пәтердің шаршы метрі 180 мың теңгеге дейін тұрады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 10,2 млн шаршы метрден астам тұрғын үй, яғни 99 мың пәтер пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр. Оның ішіндегі жалпы аумағы 1,5 млн шаршы метрді құрайтын 25 мың пәтер мемлекеттік инвестиция есебінен берілмек.

Баспаналы болудың басты амалы – «Нұрлы жер»

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жыл басынан бері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6,2 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 7 айдың қорытындысы бойынша, тұрғын үй құрылысына 445,2 млрд теңге бөлінген. Мемлекеттік қаражат есебінен жалпы ауданы 541,3 мың шаршы метрді құрайтын 8 829 пәтер салынған. Жыл соңына дейін тағы қосымша жалпы аумағы 948,2 мың шаршы метр 16 176 пәтерді өткізу жоспарда бар. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Боливия сыртқы істер министрімен кездесті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Астанаға жұмыс са-парымен келген Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманимен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кездесу барысында энерге­тика, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы екі­жақты сауда­экономикалық ынты­мақ тастық мәселелері талқы­ланды. Екі тарап, сондай­ақ, мұ най химиясы, ауыл шаруа шы­лығы, көлік салаларында, таза тех но логияларды дамыту мен жаң ғырмалы энергетика салала­рында бірлескен инвестициялық жобаларды құру мен іске асыруға мүдделі екендерін білдірді.

Ф е р н а н д о У а н а к у н и

Ма ма ни дің айтуынша, Боливия тек қана газ секторында емес, со­нымен қатар сирек кездесетін ме­талдар мен атом өнеркәсібі сала­ларында да серіктестікті дамытуға әзір.

Бақытжан Сағынтаев екі жақ­ты ынтымақтастықтың нығая түсуіне қызығушылық білдіріп, Фер нандо Уанакуни Маманиге Қазақ станның халықаралық ЭКСПО­2017 көрмесін өткізуіне қол дау білдіргені үшін алғыс айт ты.

Достық пейілді серіктестік––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов пен Боливияның сыртқы істер министрі Фернандо Уанакуни Маманидің кездесуі өтті. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

«Біз мазмұнды келіссөздер өткізіп, Саяси декларацияға қол қой дық. Ал енді осы құжатта екі­жақты күн тәртібіндегі ең маңызды ас пек тілер, сонымен қатар бұдан бұрын жоспарланған визалық талап тардан босату жөніндегі келі сімге қол қою көрсетілген. Сондай­ақ, әңгіме барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де тал қыланып, Б о л и в и я н ы ң Э К С П О ­ 2 0 1 7 көрмесіне қатысуы сөз болды. Сол сияқты тараптар ара сын­дағы сауда көлемін арттыру мен оның құрылымдық әртараптан­дырылуына, экономикалық бағыт пен энергетика салаларындағы іс­қимылды дамытуға уағдаластық»,

– д е д і Қ . Ә б д і р а х м а н о в .Өз кезегінде сөз алған Боли­

вия ның сыртқы істер министрі Фер нандо Уанакуни Қазақстанға жа са ған бұл сапары өте сәтті өткенін тілге тиек етті.

«Қазақстан мен Боливия а р а с ы н д а ғ ы қ а ш ы қ т ы қ достық пейіліміз бен сенімді серіктестігіміздің ны ғаюына ешқандай да кері әсерін тигізбейді деп санаймын. Байқасақ, біздің арамызда екі ел қарым­қаты­насының жаңа деңгейге көте­рі луіне сеп боларлықтай ұқсас­тықтар өте көп екен. Тіпті халық­тар арасындағы тұрмыс­салт пен болмыс­бітіміндегі нәзік иірім­дерінен бөлек, Қазақстан мен Боли вияның сыртқы саясаттағы мақсат­мүдделері де өзара үндесіп жатқаны сөзсіз», деді Ф.Уанакуни.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Басты міндет – халықтың

денсаулығын нығайтуАлғашқы мәселе – 2016­2019

жылдарға арналған «Ден сау лық» бағдарламасын жүзеге асы ру жөнінде вице­министр Алек сей Цой баяндама жасады. Ол бұл құжат Президенттің Жар лы ғы­мен былтыр қаңтар айында бекі­тілгенін, онда халықтың денсау­лығын нығайтуды көздейтін 7 бағыт айқындалғанын атап өтті.

Оның біріншісі – қоғамдық ден саулықты қорғау. Бұл бағыт бойынша министрлік халықтың ден сау лығын қорғайтын Қоғам­дық денсаулық сақтау қызметін құр ған. Оның мақсаты – аурудың ал дын алу және денсаулықты кү тіп­баптаудың тиімді тәсіл дерін енгізу.

Бағдарламаның екінші бағы­ты – халыққа медициналық­сани­тарлық алғашқы көмек шеңберін­дегі қызметтердің сапасын арт­тыру.

Елімізде емхана дәрігерлеріне жылына 50 миллионға жуық адам тіркеледі екен. Орта есеппен алғанда бір адам дәрігер көмегіне кемі үш рет жүгінеді деген сөз. Бұл, әрине, дәрігерлерге әжептәуір жүк теме. Сондықтан бүгінде ақже­лең ділердің жүктемесін азайтып, науқастарға көбірек көңіл бө луі үшін денсаулық сақтау дың барлық қызметін бірік тіру саясаты қолға алынып отыр.

Вице­министр медициналық

көмектің кепілдендірілген көле­мі шеңберінде жыл басынан бері 2 миллионнан аса адам амбу­латорлық деңгейде тегін дәрі­дәрмекпен қамтамасыз етілгенін атап өтті. Диспансерлік есепте тұрғандар бұрын рецепт жаз­дыртып алу үшін ай сайын дәрі­герге келуге мәжбүр болса, қазір үш айда бір рет қана келе тін болған. Енді тек сирек кезде сетін ауруға ұшырағандар мен қым бат дәрілерді алатындар ғана ай сай­ын келіп тұрады. Бұл – бағдар­ламаның төртінші бағыты.

Ал бесіншісі – денсаулық са­ла сының қаржылық тұрақты­лығын сақтау арқылы медици­наны дамыту. Медицина сала­сын қосымша қаржыландыру мақсатында биылғы 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік меди циналық сақтандыру қоры енгізіліп, оған жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер жарна аудара бастағаны белгілі. Осыған байла­нысты заңнамалық базаны жетіл­діру мақсатында МӘМС ту ра лы заң намаға бірқатар өзгеріс ен гізуді қарастыратын заң қа был данды.

Бағдарламаның алтыншы ба­ғыты – денсаулық сақтау сала­сындағы адами ресурстарды басқарудың тиімділігін арттыру. Осы орайда медицина саласын таңдаған болашақ мамандарға са­палы білім беру айрықша назарға алынып отыр.

«Денсаулықтың» жетінші бағыты – мемлекет­же ке мен шік әріптестігін дамыту, қазір гі за манғы ақпараттық­комму ни ка ци я лық тех­нологиялар негі зін де ден саулық

сақтау инфра құ ры лымын әрі қарай ілгері лету. Бү гінде жергілікті мемле кет тік ем ха наларды мықты менеджер лердің басқаруына беру үрдісі жүргізіліп жатыр.

Алқа отырысында Денсаулық сақтау министрлігі Жобаларды бас қару департаментінің дирек­торы Тимур Сұлтанғазиев Пре­зи дент Жолдауында денсаулық саласын дамытуға байланыс ты жүктелген тапсырмаларға тоқ­талды. Оның айтуынша, министр­лік биыл жыл соңына дейін бар­лық дәрілік заттарға бағаны рет теу жүйесін енгізетін болады. Қа зір дің өзінде дәрілер мен дәрілік заттарға шектеулі баға қалып тастыру әдісі жасақталыпты.

Жедел жәрдем жаңа ережемен жұмыс

істейдіЕлжан Біртанов жедел жәр­

дем қызметін жетілдіруге ерекше маңыз беріліп отырғанын жет кізді. Бұл шұғыл қызмет түрі нің енді екі деңгейлі моделі құры лып, халыққа жаңа ереже бойынша қызмет ете бастайды.

Министрдің айтуынша, же­дел медициналық қызметтер сараланған тәсілмен жұмыс істей ді. Бұл дегеніңіз, жедел жәр демге келіп түсетін қоңыраулар ша қырту түріне, науқастың жағ дайына қарай бөлініп, бірнеше санатқа топтастырылады. Мы салы, бірінші санатқа өлім мен өмір арасындағы ауыр халге тап болған науқастар жатады. Мұн­дай пациенттерге жедел жәрдем 10 минуттың ішінде келуі тиіс.

Екінші санат – медициналық көмексіз пациенттің өміріне қауіп төнуі мүмкін жағдайлар. Мұн дай топтағы науқастарға брига даның келіп жету уақыты – 15 минут.

Үшінші санат – медициналық көмек көрсетілмесе, науқастың ден саулығына қатер төнуі мүмкін жағ дайлар. Оған жедел жәрдем жар ты сағатқа дейін келуі керек.

Ал төртінші санатқа – өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп

жоқ, бірақ жіті және созылмалы ау рулары асқынған науқастар жата ды. Мұндай жандарға же­дел жәрдем бір сағаттың ішінде келетін болады.

Жедел жәрдемнің жаңа ере­жесі жұртшылықтың сансыз шақыртуларына байланысты туын­даса керек. Айталық, халық тың ішінде жедел жәрдемдi қай уа­қытта шақырту қажеттiгiн бiл­мей тіндер кездеседі. Сәл қызуы көтерілсе де шұғыл қызмет тің көмегіне жүгінетіндер баршы лық. Статистикаға сүйенсек, шақы ру­лардың 30 пайызы жедел ме ди­циналық көмектi керек ет пей тiн науқастар болып шығады екен. Есесiне, жедел жәрдем нағыз қажет жандарға жете алмай жатады.

Министрліктің мәліметінше, жоғарыда аталған алғашқы үш санаттағыларға жедел жәрдем стансасының бригадалары кө­мекке келсе, төртінші санатқа топтастырылғандарға емхана­лардағы жедел медициналық көмек бөлімшелері қызмет көр­се теді. Бұл бөлімшелер де жедел жәр дем секілді, 24 сағат бойы ша­қыр туларды қабылдайтын болады.

Қырсыздарға – қатаң талап

Қазіргі таңда министрлік үшін «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру маңызды болып тұр. Сондықтан бұл құжаттағы мақсат­міндеттер нақты іске асуы тиіс. Алайда, бағдарламада аталған көрсеткіштерге қол жеткізе алмай отырған өңірлер де бар. Атап айтқанда, Қостанай, Ақмола, Маңғыстау, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары денсаулықты сақтау индикатор­лары жағынан артта қалған. Бұл өңірлерде жалпы халықтың өлімі, ана өлімі жоғары деңгейде.

Е.Біртанов көрсеткіштері жағынан артта тұрған өңірлерге кемшіліктерді жойып, сын­ескертпелерді түзеуге жылдың аяғына дейін уақыт берді.

«Денсаулық» – ел үшін маңызды бағдарлама

Облысқа жұмыс сапарымен келген де­путат қала мектептерінің мұғалімдерімен және БАҚ өкілдерімен кездесіп, Елба сы мыз­дың «Болашаққа бағдар: рухани жаң ғыру» мақаласына қатысты түсіндіру жұмыс­тарын жүргізді. Мақалада көрсетілген

аспек тілер – бәсекелік қабілет, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашық­тығы мәселелерін кеңінен айтып өтті. Бағ­дар ламалық мақаланың облыста іске асу тетік теріне тоқталып, Қазалы және Қар мақ­шы аудандарында атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.

Сонымен бірге, Наталья Жұмаділдаева өзінің депутаттық қызметі туралы баяндады. Екінші сессияда атқарған жұмыстары мен қазіргі қаралып жатқан заң жобалары жайлы мағлұмат беріп, облыс тұрғындарынан заң

жобаларына өз ұсыныстары мен пікірлерін жолдауды сұрады. Қабылданған немесе қазіргі қарауда жатқан заң жобаларының халық арасында пайдаланылудағы жағдайын зер делеп, қажет болған жағдайда, ұсы ныс беріп, жерлестерінің өтініштерін жеткі­зетінін мәлімдеді.

Кездесуге қатысушылардың пікірін тыңдап, сұрақтарына жауап беріп, барша ұстаздар қауымын жаңа оқу жылымен құт­тықтады.

«Егемен-ақпарат»

Қала тұрғындарымен жүздесті

Әріптестік қарқын алып келеді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестік байланыстың ауқымы кеңейіп келеді. Бұл туралы Германиядағы Төтенше және өкілетті елші Болат Нүсіпов Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––Кеше Қазақстан халқы Ассам блея сы нан сайланған Мәжіліс депутаты На талья Жұмаділдаева Қызылорда қа ласының тұрғындарымен кездесу өткізді. –––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Денсаулық сақтау министрлігі биылғы алғашқы жар-ты жылдықты қорытындылады. Министр Елжан Бірта новтың төрағалығымен өткен алқа отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы мен 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы аясындағы атқарылған жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, күн тәртібінде бюджет қаржысының игерілуі мен медицина ұйымдарын қажетті кадр-лармен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Екі ел арасындағы диплома тия­лық қарым­қатынас орнағалы бері саяси диалогтар жасалып, тауар айналымы көбейіп, мәдени­гума­нитарлық әріптестік кең өріс алды. Елші Германияның Қазақстанды талай мәрте әлемдік аренада қол­дағанын айтты.

«Германия еліміздің Еуро­падағы қауіпсіздік және ынты­мақ тастық ұйымының саммитіне төрағалық етуін, ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесін өткізуін құптап, Дүниежүзілік сауда ұйымы құра мына кіруге ықпал жасады. Қазақстан да өз кезегінде неміс­тердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелігіне өтуін толық қолдайды», – деді Болат Нүсіпов.

Қазақстан мен Германия ара­сын да түрлі деңгейдегі диплома­т и я л ы қ қ а т ы н а с т а р ж о л ғ а қойылған. Мәселен, 2016 жылы екі та раптың делегациялары өзара 39 мәр те іссапарға шыққан. Биыл­дың өзінде 25 рет саяси жиын өткізіліпті. Оған қоса, «бундес ел­дің» президенті Франк­Вальтер Штайн майер биыл Қазақстанға рес­ми сапармен келіп, ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесіндегі неміс күндерінің ашылу салтанатына қатысты. Германия басшысының осы сапары нәтижесінде құны 1 миллиард долларлық 21 жобаны іске асыру жөніндегі екіжақты келісімге қол қойылды.

Елшінің мәліметтеріне сүйен­сек, Қазақстан мен Германия ара­сын дағы сауда және экономикалық байланыс та қарқын алып келеді. 2016 жылы екі ел арасындағы та­уар айналымы 4 миллиард еуроны

құраса, биылғы 5 айдың өзінде 2,1 миллиард еуроға жеткен. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыс­тырғанда 36 пайызға көп. Болат Нүсіпов биыл сауда және эконо­ми калық қатынастың ауқымы 45 пайыз ға өсетініне сенімді екенін мәлімдеді.

Инвестиция саласында да қар­қынды ілгерілеушілік байқалады. 2005­2016 жылдар аралығындағы Германияның елімізге құйған қаржы көлемі 4 миллиард дол­ларды құраған. Елшінің айтуын­ша, бұл үлкен сома емес, алай­да, инвестицияның басым бөлігі өнеркәсіп саласына бағытталған. С о н ы м е н қ а т а р , б ұ р ы н Қазақстанда тұрған немістердің көбі елімізде өз кәсібін ашуды жөн санайды екен.

«Қазақстаннан Германияға кө шіп барған немістер екі ел ара­сын дағы көпір іспетті. Олардың кей бірі елімізге оралып, кәсіптерін ашып жатыр. Тіпті Германияда да та бысқа жеткендері бар. Мыса лы, бұрын Қазақстанды мекен ет кен Карин Штренц бүгінде Бундес таг­тың депутаты», деді Болат Нүсіпов.

Елші Германияда өмір сүріп жатқан қазақтарға да тоқталды. Оның айтуынша, Бетховен мен Ге­тенің отанында мыңға жуық қан­да сымыз тұрады. Елде қазақтарға арналған 3 мәдени мекеме бар. Болат Нүсіпов неміс еліндегі қандас тарымызды әрдайым қолдап отыра тынын жеткізді. Мәселен, елші ліктің қолдауымен 2011 жылы Копенгагенде, 2014 жылы Бер­линде, 2016 жылы Кельнде қазақ диаспораларының Кіші құрылтайы өтті. Сондай­ақ, 2014 жылдан бері елшіліктің жанынан қазақ тілін үйрету курсы ашылған.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орталық сайлау комис сия сының мәліметтеріне қарағанда Қа-зақ стан Республикасының тоғыз аймағындағы аудандық маңы-зы бар қалаларда, ауылдық округтерде, ауылдық округтің құра-мына кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы өтті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Аумақтық сайлау комис сия­ларының хабарлауынша, Ақмола облысы бойынша 136, Ақтөбе об­лысында – 77, Алматы облысын­да – 129, Шығыс Қазақстан об­лысында – 131, Батыс Қазақстан облысында – 95, Қарағанды об­лысында – 129, Қызылорда об­лысында – 72, Маңғыстау облы­сында – 26, Солтүстік Қазақстан облысында 138 ауылдық округ әкімдері сайланды.

Ауыл әкімдерін сайлау кезіндегі дауыс беру, дауыстарды

санау және қорытынды шығару рәсімдері сайлау туралы заң на­маға сәйкес өтуде.

Сайлау тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты де­путаттары – таңдаушылардың отырысында өткіз іледі . 24 тамызға дейін жалғасатын сайлау нәтижесінде республика бойынша барлығы 1 413 әкім сайланатын болады.

«Егемен-ақпарат»

Ауыл әкімдері сайланды

Page 3: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ 3

Отырысты Президент Әкім­шілігінің Басшысы – Ұлттық ко мис сияның төрағасы Әділбек Жақ сыбеков ашып, жүргізіп отырды.

Ұлттық комиссия төраға сы­ның айтуынша, Елбасы айтқан бағдарламаны жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалып, орталық және жергілікті атқарушы мемлекеттік органдар жұмысқа белсенді қатысып келеді. Сондай­ақ, облыстарда арнайы комисси­ялар, жобалық кеңселер, сарап­шы топтар құрылып, жұмыстың алғашқы нәтижелері көріне бас­тады. «Өздеріңіз көрдіңіздер, көп жұмыс жасалған. Ұлттық комиссия арнайы топтары жұмыстарының алғашқы нәти­желері бар. Біз осы шараларды ұйымдастыруда жаңа деңгейге шықтық. Бүгінде жаңа алфавиттің жобасы жасалды. Киелі жерлердің географиясы бойынша 600 нысан белгіленді. Олардың 22­сінде ғы­лы ми­реставрациялық жұмыс­тар басталды. «Туған жер» бағ­дарламасы бойынша кең көлемде жұмыстар жүргізілуде. Мәдениет бағытында ең жақсы шығармалар таңдап алынды. 17 оқулыққа аударма жасалуда. Бұл осы жұмыстардың басы ғана», де­ген болашақта үлкен жұмыстар атқарылатынына баса мән берді. Бағдарламаның ауқымды жалпыұлттық жобаға айналу қажеттігін айтты. Сондай­ақ, отырыста қаралатын екі мәселеге арнайы тоқталды. Оның бірі – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша өңірлерде атқарылған жұ мыстардың алғашқы нәти­желері болса, екіншісі – жұмыс топ тары қызметінің нәтижелері.

Бұл орайда алғашқы баян­даманы Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасап, бағдарлама аясында жасалған жұ­мыстармен таныстырды. Облыс әкімінің мәліметінше, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мем­лекеттік университетінде кеңсе құрылған. Онда бағдарлама аясында зиялы мамандардан, қоғам мүшелерінен құрылған арнайы жұмыс топтары сарап­тама жүргізуде. Сондай­ақ, өңірдің тарихын таныстыру, игіліктерін көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында өлкетану мамандығы ашылған. «Біздің өңірдің тарихын көрші өңірлерге, көрші мемлекеттер­ге таныту мақсатында экспеди­циялар жұмыс істеуде. Біздің негізгі мақсатымыз – қазіргі ұрпаққа тарихты жеткізу, оларға өзінің елін, ұлтын, Отанын сүю үшін патриоттық тәрбие беру. Бұл мақсатта «Өнеге» клубын да аштық. Биыл Ұлы Жібек жо­лы ның біздің өңірде орналас қан жәрмеңкесінің 150 жылдығы, Есет ба тырдың 350 жылдығы, Ғазиза Жұ банованың 90 жылдығы. Міне осы даталарға бай ланысты іс­ша­ралар қабылданды. Қазір дайын­дық жұмыстары жүріп жатыр», деді Ақтөбе облысының әкімі.

Ол «Атамекен» бағдарламасы бойынша облыс аудандарында «Туған жер», «Туған ел» акция­лары жүріп жатқанынан хабар­дар етті. Сондай­ақ, құны 2 млрд 800 млн теңгеге бағаланған 555 кәсіптік жобаның жүзеге асы­рылатынын айтты. Бұл жобалар бойынша, елді мекендерде бала­бақшалар, клубтар, спорт тық алаңдар және скверлер салын­бақ. Өңірден шыққан кәсіпкер­лердің қолдауымен бірінші ден, мемлекет­жекемен шік әріптестік негізінде, екінші ден, бизнестің әлеуметтік жауап кер шілігі негізінде құны 48 млрд теңгенің 71 бағдарламасы жүзеге асы­рылатынын да атап өтті. Оның бү гінде 9­ы іске қосылып қойған. Облыс әкімі бүгінде «Ақтөбе – құт ты мекен» акциясы аясында ар­найы сайт ашып, Ақтөбеде кін дік қаны тамған азаматтарды туған жеріне шақырғандарын, нәти­жесінде әлемнің 15 елінен 200­ден аса азаматтың жиналғанын мәлімдеді. Олар Ақтөбеде өт­кізілетін форумға қатыспақ.

Жерлестердің есебінен «Жұбанов үйі» салынбақ. Ал «Аналарға тағзым» жобасы кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге аспақ. Жалпы, форум аясында әлеуметтік және бизнес жобалардың тұсауы кесі­ле тін болады. Бердібек Сапарбаев «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына облыстан 88 адамның тізімін ұсынғанын да айтып, жо­ба ның критерийлерін нақтылау керектігіне мән берді. «Тұлға бұл тізімге қандай негізбен, қан дай шартпен, қандай талаппен кіре­тінін нақты жасау керек», деді Б.Сапарбаев.

Бұдан кейін Шығыс Қазақстан об лысының әкімі Даниал Ахметов сөз алды.

− Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев тың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы халқымыздың қызу қолдауына ие болған маңызы ерекше жоба, еліміздегі саяси реформалар мен экономикалық жаңартулардың логикалық жалғасы. Мәдени кодты сақтай отырып, тамаша ұлттық салт­дәстүрлерді табысты жаңғырудың басты шартына айналдыру – қазақ­стандық қоғамның бүгінгі әлемдік сын­қатерлерге қайтарар жауабы. «Мақсатқа жету үшін, біздің сана­мыз атқарар істерден озып жүруі, одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс», деген Елбасы сөзі алдыңғы отыз елдің қатарына қосылу және «Мәңгілік ел» болуды мұрат еткен

еліміздің әрбір азаматының са­насына ой салып, жігерін жани­тын қағида, деген облыс әкімі Даниал Ахметов өңірде «Рухани жаңғырудың» басты бағыттары бойынша мақсатты және жоспар­лы шаралар қолға алынғанын және «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі құрылғанын атап өтті.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған үдеріске С.Аманжолов атын дағы ШҚМУ, Д.Серікбаев атын дағы ШҚМТУ, Шәкәрім атын дағы СМУ және Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қоғамдық кеңес пен қоғамдық ұйымдар тар­тыл ған. Осылайша, «Рухани жаң­ғыру» бесжылдық бағдарламасы жасалды. Бұл «Рухани қазына»,

«Тәрбие және білім», «Атамекен», «Ақпарат толқыны» атты 4 ішкі бағдарлама бойынша 61 жоба­дан құралады. Жалпы бюджеті 28 млрд теңгені құраса, биыл бұл жобаларға 7 млрд теңге бағытталып отыр. Оның ішінде үш тілді білім беруді дамыту, ар­хео логия саласындағы ғылыми­зерттеу жұмыстары, ішкі турис­тердің ағымын арттыру бар. «Рухани қазына» ішкі бағдарла­масы шеңберінде 19 өңірлік жоба жүзеге асырылады. Атап айт­қанда, «Шығыс Қазақстанның өр кениет құбылыстары» негізгі базалық жобалардың бірі ре­тінде өңірдің бірегей тарихи­мә дени кешенін біріктірмек

жә не «Көне қазына», «Шығыс Қазақстан інжу­маржаны» іш кі жо баларының да басын қосады. «Көне қазына» аясында Берел, Ші лікті кешендеріндегі археоло­гиялық қазба жұмыстары мен ғы­лы ми­зерттеу жұмыстары жалға­сын табады. Қоңырәулие мен Ыр ғызбай ата кесенесіне инфра­құрылым желілері салынып, Шілікті кешеніне әйнектен ар­найы саркофаг тұрғызылады, «Тар хан геологиялық қиығы» ашық аспан астындағы музейі ашы лады. Барлық жәдігерлерді Өске менде бой көтеретін археоло­гия және заманауи өнер музейіне қою жоспарланып отыр.

Ал туризмді дамыту мен

мұралардың танымалдылығын арттыруға негізделген «Шығыс Қазақстан інжу­маржаны» ішкі бағ дар ламасы аясында киелі орын дар картасы жасалып, турис­тік ин фрақұрылымдар кеңейеді, су қой маларының емдік қасиеті зерт теледі. Сонымен бірге, «Руха­ни қазына», «Абай әлемі» кітап серия сын шығару, музей қорын цифрлы жүйеге көшіру, «Мәдени код: Шығыс Қазақстан» архиві мен кітапханасын құру, «Му зыка әлемі», «АРТ Заман» фестиваль­дарын өткізу, театрлар мен шы ғар ­машылық ұйымдардың гас троль ­дерін ұйымдастыру көз делген.

Сондай­ақ, «Қазақстанның та­биғаты және табиғи мұралары»

жобасы аясында көп данамен Шығыс Қазақстан атласын, өсім­діктер мен жануарлардың Қызыл кітабын басып шығару жоспар­ланып отыр. Бұл басылымдар барлық мектептер мен колледж­дерге, кітапханаларға түседі. Және барлық материалдар мен жобалардың нәтижесі «Туған жер: Шығыс Қазақстан» интернет платформасына орналастырылып, баршаға қолжетімді болады.

Әрі қарай «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасына тоқ тал­ған облыс басшысы білім, отан­сүйгіштік, мәдени және руха­ни құндылықтарды насихат­тауға бағытталған 7 өңірлік жоба жасалғанын, оның 14 ішкі бағ­дарламадан тұратынын жеткізді. «Мұнда біз үштілділікті дамыту бойынша оқыту бағдарламасын жал ғастырамыз. Біз бұған екі жыл ішінде 1,7 млрд теңге бөл­ген болатынбыз. Осы орайда мұғалімдердің тілдік біліктілігі м е н о қ ы т у ә д і с т е м е с і н кембридждік жүйе бойынша жетілдіру курс тары өткізіліп, оған шет тілін тікелей үйретушілер шақырылды, бірыңғай оқулықтар сатып алынды, педагогтерді материалдық тұрғыдан қолдау жүзеге асырылды. Ал «Білікті маман» жобасында жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін көтеру бо йынша мектеп бітірушілердің басқа елге кетуін төмендету, жергілікті жоғары оқу орындарының ғылыми­техникалық және зерт­теу базаларын жақсарту, шетелдік ғалымдарды шақыру, жаңа қажетті мамандықтар ашу сияқты кешенді шаралар атқарылды. Биыл біз облыстық бюджеттен 200 білім гранты үшін 50,8 мил­лион теңге бөлдік. Қазірдің өзінде нәтиже бар. Былтыр шетке оқуға 1800 мектеп бітіруші кеткен бол­са, биыл – 890», деді Д.Ахметов.

Сол сияқты «Рухани білім бе­ру» жобасы діни ағарту, экстре­мизм мен радикализмге қарсы іс­әрекеттердің тиімділігін кө­теру, дінтану саласында білікті мамандар даярлауға бағыт­талады. Қазіргі кезде 156 имам Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірге әзірленген бағ дар лама бойынша курстар дан өтуде. Осы мақсатта облыс тық бюджеттен 150 млн теңге бөлін­ді. Шығыс Қазақстан дінтану колледжін құру мен білім грант­тарын бөлу жоспарланып отыр.

Облыс басшысы сондай­ақ, «Атамекен» ішкі бағдарламасы кіші отанның тағдырына жау ап­кершілік сезімі мен азаматтық бел сенділікті нығайтуға бағыт­талғанын, осы ретте демеушілер мен меценаттар қаржысы есебінен 5,6 млрд теңгеге 157 әлеуметтік жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Оның ішінде қалалар мен ауыл дарды көріктендіру, әлеу­меттік ны сандарды жаңа зама­науи жаб дықтармен қамтамасыз ету, қайта жөндеу, құрылыс іспет ті ауқымды жұмыстар атқарыл ды. Бүгінде тағы 142 жоба ның тізімі жасалды. Оны жүзеге асыруға 8,8 млрд теңге қажет. Қазіргі уақытта 186 ин­вестор мен 22 ірі кәсіпорынның серіктес тері анықталды. Сондай­ақ, мате риал дық, медициналық, заңгерлік және басқа да көмекті қажет ете тін тұлғалардың базасы жасал ды. Д.Ахметов сөз соңында аталған жобалардың Президент­тің қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын тиім­ді жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Жалпы, отырыс барысын­да қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жобасы бойынша тиісті жұмыс тобы осы күзде жаңа әліпбидің нұсқасын қарауға ұсы­на тыны, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясын да гуманитарлық пәндер бойын­ша 17 оқулықтың тізімі жаса­лып, аударыла бастағаны, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында республикалық деңгейдегі – 100, өңірлік деңгейдегі 500 нысанның таңдап алынғаны белгілі болды. Сондай­ақ, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша үздік туындылардың тізімі жасалған. Оған әдебиет саласындағы − 216, театр, кино және хореография жанрында − 48, бейнелеу өнері бойынша − 182, музыка саласында 200­ден астам шығарма енгізілген. Ал «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына республика бойынша 1500 өтінім түскен, бірақ олар ашық дауыс беру нәтижесінде анықталатын болады.

Думан АНАШ,Айгүл СЕЙІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Суреттерді түсіргендер Игорь БУРГАНДИНОВ,

Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Мұхтар МАНКЕЕВ, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы:

– Біздің қозғалыс тарапынан бірнеше жобалар жүзеге асуда. Оның біріншісі – латын әліпбиіне көшіру жо­басын қолдау бойынша көрме өткізу. Бұл бағытта екі көрме өткіздік. Өткен ғасырда елімізде латын әліпбиінің дәурені жүріп тұрған кезде шыққан 1500 кітапты таптық. Жылдың соңына дейін көрмені барлық өңірде өткізуді жоспарлап отырмыз. Екінші, рухани жаңғыру аясында жобалар реестрі деген бар. Соның қатарында краудсорсинг.кz деген ауқымды жоба бар. Бұл қанатқақты жоба Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында баста­луда. Басты мақсаты – жергілікті атқарушы

органдар мен қоғамның арасындағы коммуникациялық кедергілерді жою. Қазір билік тарапынан көптеген жақсы бастамалар көтер іл іп , өңірлерді дамытуға арналған жақсы бағдарламалар шығып жатыр. Бірақ, қоғаммен, яғни халықпен сөйлескен кезде олардың 70­80 пайызы әлгі бағдарламалар туралы, олардың қандай нәтижелерге жеткізетінін білмейді

екен. Сондықтан, жергілікті атқарушы орган­дар қандай да бір жобаны немесе бағдарламаны веб­порталға жариялап, халықпен талқыласа деген идея айттық. Бұл идеямыз қолдау тапты және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында іске асырылатын болады. Яғни, краудсорсинг.кz жобамыз бағдарламаға енгізілді. Қазан айынан бастап жүзеге асырыла бастайды.

Анатолий БАШМАКОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:

− Ұлттық комиссияның кезекті оты­рысында келелі мәселелер айтылды. Бұл өте күрделі, өзекті жұмыс. Қоғамдық сана­ны жаңғыртуға дейін еліміз жаңғырудың бірнеше сатысынан өтті. Барлығы да маңызды. Алайда, біз кез келген реформа мен жаңғыруды жеке ой­сананың дайындығынсыз бастай алмаймыз. Мен А.Эйнштейннің «Адамзаттың дүниетанымын өзгертуден атомды талқандау жеңіл» деген сөзін жиі есіме аламын. Сондықтан, осы ауқымды жұмысқа қатысы бар Ұлттық комиссия мүшелері біздің са­намызды жаңғыртудың немесе қайтадан құру

мәселелерімен айналысудың қаншалықты маңызды екенін сезінуі тиіс. «Туған жер» жобасы шеңберінде Ұлттық комиссия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының комис­сиясына қоғамдық санаға ықпал ете ала­тын, аудиторияға өз ойын жеткізе алатын тұлғаларды шақыру туралы ұсыныс енгіздім. Өйткені, «сөз – біздің ой­санамыздың киімі» деген ұғым бар. Біз аудиторияға қандай киіммен келеміз, қандай сөз айта­

мыз? Яғни, Президенттің қазақстандықтардың ой­санасын жаңғырту туралы идеясы өте өзекті.

Біз өңірлерге шықтық. Мен үш облыста жергілікті активпен кездестім. Әзірге «Рухани жаңғыру» жобасы аясында ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қыркүйек айы туа бұл бағыттағы жұмыстар қызады. Бұл бірнеше онжылдықтарға созылатын ауқымды жұмыс. Оған риясыз көңілмен ден қою қажет.

Рухани жаңғыру: алғашқы нәтижелер

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ҚАТЫСУШЫЛАР ЛЕБІЗІ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 4: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

4 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛРУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Бүгінде өмір салтына айналған дəстүрі міз-дің қайсысы озық, қайсысы тозық, қайсы сы болашақта өзге жұртпен еңсе салыстырып, иық тірестіруге қабілетті ұлттың кəдесіне аса-ды, қайсысы тобанаяқ қылып, артқа сүй рейді – соны парықтай алдық па? Біз, Қазақ стан азаматтары, Жаңа ұлт əлем алдына қан дай бет-бейнемен шығамыз?

Осы тұрғыдағы сауал да, сол ауыр күрделі сауал дың жауабы да – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында.

Кез келген ел мен жер белгілі бір жағдай-лар тоғысында мемлекет атана алады, бірақ кез келген мемлекет ұлтқа айнала бермейді. Бүтін ұлт болып түзілу үшін оны беркітетін жұлын-тұта болуы шарт. Сол жұлын-тұта – ұлттық идея. Егер ұлтты аса күрделі, нəзік ағза деп түйсінсек, ұлттық идея – соның жан жүйесі, бұзып-бөлшектеуге ырық бермес тірі жүйкесі.

Адам үшін, адам арқылы, адам күшімен

Əлі есімде, 1992 жылы мектептің жоғарғы сыныптарына көшкен кезімізде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның тəуелсіз мемлекет ретінде даму жəне қалыптасу стратегиясы» аталатын алғашқы стратегиялық бағдарламасын оқыдық. Енді бажайласам, сол жұқалтаң кітапшада межеленген мақсаттың көбіне жетіппіз. Зерделей келе көңілге тоқыған тағы бір ой – рухани жаңғыру міндеті осы уақытқа дейінгі стратегиялық құжаттардың баршасын көктей өтіп, басын біріктіретін алтын арқау екен. Басқаша айтқанда, рухани жаңғыру – ширек ғасыр бойы мемлекет қалыптауды көздеген стратегиялардың ортақ түйіні.

Əлбетте, жаңаша тұжырылған ой, соны ұғымды салған жерден санаға сіңіру – қиынның қиыны. Содан да болар, бір кезек абдырап қалған əлеумет осы тағдырлы құжатты терең түсінуден гөрі ұзын-сонар жиынға бой алдырып алғаны. Содан да болар, алып мақсаттың нақ өзегіне түсуге тайсақтап, тəпсірші біраз қауым, ішінде өзіміз де бармыз, сыртынан тамашалап жүріп қалғанымыз.

Біреу аңдады, біреу аңдамады, – Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы сессиясында рухани жаңғыру негіздерін Елбасының өзі «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетіндей» етіп ұғындырып берді. Мұның сыры Президент тің ұлттық идеяға деген берік көзқарасында. Осы идея, осы мұратты біз де солай түйсініп, со-лай те рең қабылдауымыз керек-ті. Сонда ғана саралай түсіндіруге өреміз кəміл жетпе генмен, ішкі құндылығын іргелейтініміз анық.

Қазір бағдарлы мақаланың қолданбалы, тапсырмалы тармақтары жұртшылыққа сəтімен насихатталып жатыр. «Киелі жағыра-пия» бірден қолдау тапты. Жылдар бойы айтылып жүрген латын графикасына көшу – санадағы сағым идеядан уақыты, атқарылар жұмыс ауқымы айқын жоспарға айналды. Кіндік қаның тамған топыраққа деген ыстық ықылас, алғаусыз көмек ойын өзек еткен «Туған жер» бағдарламасын жастардың құл шы на қабылдауы көңіл көншітеді. «100 кітап», «100 жаңа есім» жобалары белсенділік туғызды. Қазақ мəдениетін шет жұртқа таныту міндетін де қапысыз түсінгендейміз. Əрине, мұның бəрі – игі іс, рухани жаңғыруды, қоғамдық сананы жаңғыртуды көздейтін өтімді құрал-тəсілдер. Дегенмен де, мақаладағы алыс ой, алып міндет – ұлттық идея түзу ісінің негізгі өзегі тек бұлар емес.

Бəсекелік қабілет. Прагматизм. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білімнің салтанат құруы. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Сананың ашықтығы. XXI ғасырдағы Ұлттық сананың ұстыны, жұлын-тұтасы – осылар. Елбасы мақаласының арқауы да – осы. Бұл – жүрдім-бардым «атқарылар іс-шара бағыттары» емес, біздің ел, біздің ұлттың жаны, жүрегі іспетті қасиеттер.

Ортақ ұлттық қасиет-құндылықты жұрт-шы лық санасына сіңіру «Адам үшін, адам арқылы, адам күшімен» принципі арқылы жүргізілмек лəзім. Рухани жаңғыру – идея, ал, шынтуайттап келгенде, кез келген идея, қазіргі заман тұрғысынан қарастырсақ, – тауар. Тауар өтімді болу үшін марке-тинг қағидаларын пайдалануға тура келеді.

Символизм, ассоциациялық қабылдау сияқты психологиялық амал-тəсілдермен қатар testimonials тəрізді қарапайым жарна малық формалар да кəдеге жаратылуға тиіс. Яғни, қайткенде де халықтың шын ықыласпен қабылдап, күмəнсіз сенуі шарт. Онсыз сананың жаңғыруы сарқынды судай тұйық-талып, идеяның өзі өміршең бола алмайды. Қоғамдық сананы жаңғырту туралы сөз қозғамас бұрын, сол идеяның қажеттілігіне ең əуелі сөз иесі өзіміз сенуіміз – басты талап. Өзіміз шын жүрегімізбен иланып, тұнық са-намен саралай білсек қана Ұлттық идеяның жұлдызы жоғары.

Қайталап айтуға тура келеді, бұл ретте күрделі философиялық стратегиялық тол ғам, талдаулармен бір келеде маркетинг-жарна-малық формалар қатар жүре береді. Тіпті кей орайда соңғысы ұтымдырақ шығып жатса, таң қалуға болмайды.

Ортақ тағдырлы ұлтЕлбасы ұсынған рухани жаңғыруды

ұлттық идея деп танысақ, бұл идеяның тамы-ры тереңнен тартылғанын, қазақ жанының ең қастерлі иірімдерімен біте қайнасқанын аңдарымыз күмəнсіз. Жатырқай қарайтындай жат емес, ұлттық дүниетаным, көзқарастың, ұлттық образдық-семантикалық жүйенің төл өзегінен суыртпақтаған ойлар.

Дербес Қазақ мемлекетінің ресми меже-шегі саналатын XV ғасырдың орта тұсына ойша оралсақ, тегі туыс, талайы бір, тілі-ділі, тіршілік салты ұқсас түркі тайпаларының жаңа атауға атығып, ортақ орда аясында ұйысқанын көрер едік. Басқаша айтқанда алып сахараға бірде сыйысып, бірде сыйыспай жүрген жүз сан ру-тайпа бір ғана нышан – «қазақтық» деген ұғым тұрғысында тұтасып, бірегейлене бастады.

Орайы келіп тұрғанда, айтар болсақ, «қазақтық» идеясының түп-төркіні – алыс-жақын деп алаламай, Қазақ елінің тағдырын өз тағдырына балап, бір шаңырақ астын-да ұйысуға ұмтылған қабилаларды сіңіріп ала беруді көздеген бауырмалдық ниетте, этникалық емес, менталдық принципте жатыр. Өзін қуатты сезінетін, тағдыр-талайына сенімі мол кез келген іргелі елге тəн қасиет. Шежіреде арагідік ұшырасып отыратын «қыздан туған, бауырына салған, асық жілік ұстаған» деп келетін көлденең анықтамалар – соның бір дəлелі. Жəне бұл ретте қандай да бір кемсітуге жол бермейтін «Бəріміз бір Қазақбайдың баласымыз, əр қазақтың бар қазақта алынбаған еншісі бар» деген үзілді-кесілді аксиома, құдіретті формула іске қосылатын болған.

Аласапыран заманда адасып қалған осы бір асыл мінездің нышаны ортақ тағдырлы ұлт болуды көздейтін қазіргі Қазақстан халқынан қылаң беретіндей. Жəне сондай бір ұғым-таным қалыптауға қолайлы уақыт та енді туғандай. Ұлттық идея, негізінен, бөлшек бүтінге тұтасып, жат жақынға ұласып, əр текті қауым тағдыры, тілегі бір елге айналар сындарлы тұста дүниеге келерін ескерсек, Астанадағы «Қазақ елі» монументінің асқақ мұраты танылар еді, Қазақстан Республикасы Конституциясының «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекет құра отырып...» – деп басталатын мəлімдемесінің түпкі сыры жаңаша пайымдалар еді. Бағзы түрік ұғымындағы Ел – бірегейлік, бүтіндіктің, бүгінгі тілмен тəптіштесек, идентификацияның ең биік сатысы.

Мемлекет басшысы өз мақаласында қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір мұраты халықтың рухани қуатын қайрау деп нақтылай көрсетеді. Өткеннің ең арда тағылымын сүйеу етіп, төңірегімізді барлап, келешекке күн салып, адам санасын жарық етер ізгілік пен мейірімді ояту, жəне соны əр адамның өз қалауы, жан қалауына айналдыру қажет деп біледі. Сол себепті де қоғамдық сананы жаңғырту ісі ел өмірінің күллі саласын жаңарту, жаңғырту деп түсінген жан. Жəне бұл міндеттің үдесіне шықпай тұрып, саяси, экономикалық жаңғыртуға сірə да қол жеткізе алмасымыз анық. Кез келген іргелі, болған-толған елдің тарихын бажайласақ, прогрестің, үдере алға ұмтылудың кілті – ұлттық идеяға деген сенім екенін аңдаймыз. Ұлттық идея ел азаматының дүниетаным, көзқарасына толайым айналған кезде, ел іргесі мызғымастай бекиді.

Əлбетте, қайырымдылық, адалдық – бар-ша адамзатқа хас ұғым. Қазақ жұртының да ғасырдан ғасырға ұзап, атадан балаға айнымай көшкен асыл қағида, кісілік кодексі барын ұмытпаған абзал. Сол кісілік кодексі төрт-ақ сөзден тұратын формуламен түйінделерін кезінде білікті этнограф ғалым Нұрсан Əлімбай жақсы таратып еді. «Адал – арам – обал – сауап». Қарап отырсақ, көшпенді үшін көз ашқаннан көрге кіргенге дейінгі өміріндегі жақсы мен жаманды

парықтауға темірқазық болған этикалық константа екен.

Абай «бес асыл іс, бес дұшпан» кате -гориясын түбірлеп берді:

«Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ –Бес дұшпаның білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс, көнсеңіз». Бүгінде хат таныған қазақтың бəрі тақ-

пақ тай тын осы жолдардың, Абайдың өз сөзімен айтқанда, тереңіне «сүңгіп, түбін көздейтін» уақыт əлдеқашан жетті. Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлық пен қылмыстық пиғылдың қарқынына қарап, өтіп те кеткендей көрінеді кейде. Біз өзімізге тəн, өз тарихымыз, өз тұғырымызға сүйеніп, өз рухани тамырымыздан тартылатын мо-ральдық – этикалық нормалар жасағын, жа-ңа Қазақстанның кісілік кодексін жасауға қауқарлы елміз. Бұл – біз үшін, болашақ ұрпақ үшін, əлем жұртшылығына Қазақстан тұрғындарын мəдениеті жоғары, парасат-пайымы орнықты, ілгерішіл қауым ретінде таныстыруға қажет шарт.

Бүгіндік те емес, мың күндік те емес

Рухани жаңғыру – ұлттық-мемлекеттік бірегейліктің, бүтіндіктің ұстыны саналуға тиісті, өткен мен бүгін, келешектің ажыра-мас ұласуын арқау етіп, аса ауыр тари хи жүк арқалаған тағдырлы мақала. Мем лекеттік мүдде платформасы. Бір күндік есеп, мың күндік мүдде емес, мəңгілік мұрат-ты көздеген, қыл түбінде кері айналмас қоғам дық, экономикалық дамуға бастайтын идеологиялық бағдарлама. Оның жиын-кеңес өткізіп, есеп бере қоюға ыңғайлы кезекті жаңғырық емес, түбегейлеп жаңғыру екенін түйсіну – парыз.

Дəл осы жолдан өскен, өркендеген елдің бəрі өткен. Малайзиядағы Рукунегара идеологиясы, Қытайдың Келісімді даму концепциясы, Ататүріктің Түркияға нықтап берген Алты оғы, Индонезиядағы Панчашила жобасы... Соның бəрі мемлекетшіл ел азаматының өз қалауымен түзілген сапалы сана-сезімін қалыптауға арналған болатын.

Осы арада Алты оқ жайында аз ғана сөз. «Алты оқ» дегеніміз – түрік қоғамының сана-сын түбегейлі жаңғыртуды нысаналап, озық ел-дер қатарына қосуды мақсат еткен жеті бағыт. Ел конституциясына енгізілді. Заманында Ататүрік құрған Республикалық халықтық партия бүгін оппозицияда. Бірақ «Алты оқ» – бəз-баяғыша ұлттық идеоло гияның өзегі. Яғни, мемлекеттік мүдде қалай да саяси мүдделерден жоғары тұр. Саясат кемесі қалай шайқалса да, əзелгі бағыт – жаңғыр ған қоғам құндылықтары өзгермейді. Өзгерсе, ауытқыса, ұлт тарих құрдымына кетпек.

Елбасы ұсынған рухани жаңғыру плат-формасы да – сəттік саяси аңсардан қашанда жоғары тұратын, бұлжымас тұғыр деп қабылдануға лайық. Замандар алмасып, ұрпақтар жаңарып жатса да рухани жаңғыруда белгіленген бəсекелік қабілет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы темірқазық міндетін атқара бермек.

Бүгін ескі тарихымызды түгендеп, жаңа тарихты жасап жатырмыз. Ұрпаққа аманат етер басты байлық – ұлт рухын қалыптап жатырмыз. Мың жарым жылдық бағзы жазуда бір ұғым-сөз бар-ды, «қазғанту» деген. «Қазғантым, қазғанмыш, қазғандық үшін, қазғанмаса, қазғанұрман» деген формада барлық дерлік ескерткіште ұшырасады. Елдің еңсесін биіктетіп, тік тұрғызу, ұлт жасау, ұлт түзу мағынасында екенін байыптау қиын емес. Орыс түркологтары «приобрести» деп қате түсініпті. Қазақ аудармашылары «қаз тұрғызу» деп мағынасына жақын барыпты. Семантикалық-семиотикалық қалтарысты тінтсек, – отырықшы қауым үшін əлденені, мəселен, мемлекетті, жаңадан жасау, мықтап-мығымдау ұғымы «салу, құру» (строить, build) сөзімен түсіндірілсе, табиғатынан көшпенді түрік жұрты үшін дəл осы жаңадан жасау ұғымы ертеректе «көтеру, биіктету» сөздерімен төркіндес. Өзіміз сан-саққа жүгіртіп жүрген «қазақ» сөзінің этимологиялық төркіні де осы «қазғанту» жақта жатыр.

«Тəңірі жарылқағаны үшін түрік бүтін қазғанмыш еді» дейді мəңгі тас. Тағы бір тұста айтылады: «Үзе Тəңірі баспаса, астыда жер тілінбесе, Түрік бүтін, еліңді, төріңді кім таптайды?» – дейді. Елімізді, төрімізді жатқа таптатпайтын асыл қағидалардан айнымасақ игі!

Асқар ОМАР ОВ

Арман ОКТЯБРЬ,«Егемен Қазақстан»

Шараға ұйғыр халқының мəдениет қайраткерлері мен ұйғыр диаспорасының белсен-ді лері қатысты. Елбасы мақала-сында айтылған басты бағыттар осы басқосудың өзегіне айна-лып, онда айтылған мақсат мін-дет терді іске асырудың тетік -тері талқыланды. Бəсеке ге қабі-леттілік, прагматизм, ұлт тық бірегейлікті сақтау, білі мнің сал-танат құруы, сананың ашықтығы сияқты мақалада баса айтылған тақырыптар жеке-жеке сөз бол-ды.

– Президент мақаласында айтылған əр тақырыптың орны бөлек. Президентіміз айтқандай, «Күллі жер жүзі біздің көз алды-мызда өзгеруде. Əлемде бағыты əлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезең басталды. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға əбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін емес». Шын мəнінде, бұл сөз-дерде терең мəн бар. Заман көші не ілесіп жан-жақты дамып жетілуіміз үшін əлемдік озық технологияларды игеріп, эко-номикамыз бен мəдениетімізді одан əрі өрістетуіміз қажет. «Туған ел», «Туған жер», «100 жаңа есім», «100 жаңа оқулық», сияқты тың бастамалар өзінің жемісті нəтижесін береді деп

ойлаймын. Бұл мақсаттардың барлығы ойдағыдай іске асу үшін əр қоғам мүшесі өз ісіне адал болуы керек, – дейді қала лық ардагерлер кеңесі төраға сының орынбасары Алевтина Моисеева.

Шарада сөз алған Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Мəдениет, ұлтаралық татулық жəне БАҚ-пен байланыс бойын-ша комиссиясының төрайымы Уасилия Садықова: «Көптеген ұлтты татулықтың бесігінде тербеткен Қазақстанымыздың қарыштап дамуы жолында əрбіріміз табанды түрде еңбек етейік. Жас ұрпақтарымыз оқы сын, алдына жоғары талап қойсын, бəсекеге қабілетті жан-жақты білімді зияткер азамат бо-лып қалыптассын. Соған жағдай жасайық. «Үш тілде білім беру», «Цифрлы Қазақ стан», «Мəдени жəне кон фессияаралық келісім» сын ды бағдарламаларды толық мең ге ру көптеген биіктерді бағындыруымызға сеп болады» деп өз ойын ортаға салды.

Осылайша, мəйекті мəсе-лелерді кең маз мұнда талқы лаған дөң гелек үстелге қатысушылар Прези денттің «Болашаққа бағ-дар: рухани жаңғыру» мақаласы келеше гімізге нық қадам жа-сау ға, бағыт-бағдарымызды ай-қындап, нақты мақсат-міндет қоюмызға ықпал ететін құнды құжат екенін айтып тарқасты.

АЛМАТЫ

Жаңғыру – жаңғырығу емес

–––––––––––––––––––––––––––––Рухани жаңғыру. Соңғы т�рт-бес айда құлаққа сіңісті осы ұғымның түп мақсатын танып, тереңіне бойлай алдық па? Бағдарлы мақаланың ұлы мұраты – Ұлт түзу, үйреншікті тіркеспен айтқанда, біртұтас ұлт жасау, біртұтас ұлт құру. Соны байыптадық па? Басқа емес, дәл осы мұрат – жиырма бес жылдық тәуелсіздіктің темірқазық нысаны еді.––––––––––––––––––––––––––––––

Мақсатқа жеткізер құнды құжат

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Алматыдағы Қазақстан республикасы Ұлттық кітапхана сында Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің Мәдениет, ұлтаралық татулық және БАҚ-пен байланыс бойынша комиссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдау бойынша Алматы қаласының Ұйғыр этномәдени қоғамдық ұйымымен бірлесіп д�ңгелек үстел �ткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Пленэрдің мақсаты − тəуел-сіз еліміздің салт-дəстүрін, əдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті сəулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау мақсатында түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері жəне талант-ты қылқалам шеберлерімен кес-кіндеме саласы бойынша өзара тəжірибе жəне пікір алмасуды жүзеге асыру. Сонымен қатар, Оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындарын бейнелейтін ха лық аралық деңгейдегі өнер шығармаларын жасау, бейнелеу өнерінде жа ңа көркем бағыттар жəне плас тикалық шешімдер мен формаларды іздестіру көзделеді.

Пленэрге 9 мемлекеттің, яғни, Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ре сей Федерациясы, Украина, Болга-рия, Молдава елдерінен 17 сурет -ші, ал еліміздің Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кəсіби суретші өнер профес-сорлары шақы рылған.

Жиынд а сөз алған облыстық мəдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжанов Мем лекет басшысының «Бола шаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында арнайы тоқталған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінгі отырыстың мəні ерекше екендігін айтты.

Кең-байтақ Қазақстанда қыл-қалам шеберлерінің шабытын шақыратын сұлу табиғаттан бөлек түркі халқына ортақ жəді гер лер көп. Алқақотан басқосуда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйы мының мүшесі Санжар Мұ лазымоглу осы жағына баса тоқталды.

Оңтүстіктің тумасы, бұл жер -дің барлық тарихын бес сау-сақтай жақсы білетін Су рет шілер одағының мүшесі Сей сенхан Маханбетов кие лі орындар мен табиғат көр кем дігін суреттеу тұрғысын дағы іс-шаралардың өз мəнінде өтетіндігіне сенім білдірді.

Дөңгелек үстел басында ал-да ғы жұмыстарды бір пысықтап алған қылқалам шеберлері Түркістан қаласына жол тартты. Үш күндік жұ мыс барысында Отырар ауда нындағы Арыстан баб кесе несі мен тарихи, мəде-ни ескерт кіштер жəне Хан та ғы, Қаратау қорығы аумағы, Бəйді-бек ауданының Ақмешіт, Қос тұра аймағы мен Қазығұрт, Сай рам-Өгем тау шатқалдары, Шымкент қаласының көрікті орындарында жұмыс істемек.

Олар мəдени шара аясында жұ мыс тарын тəмамдаған соң Шым кентке оралып, облыстық бейнелеу өнері музейінде тағы да бас қосады.

Бұл жолы плэнер барысын-да жасаған жұмыстар қорытын-дыланады.

Оңтүстік Қазақстан облысы

ТҮРКСОЙ суретшілері оңтүстікте

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Биыл Түркістан қаласының Түркі әлемі астанасы атанғаны белгілі. Осыған орай жыл басынан Оңтүстікте осы игі шараға байланысты бағдарламалар кезең-кезеңімен іске асып келеді. Бұл жолы Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің мәжіліс залында Мәдени жыл аясындағы ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдер суретшілерінің ХХ плэнері бойынша басқосуы �тті.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛРУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Егемен Қазақстан»

Page 5: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ 5ЭКСПО-2017

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Самоа мемлекеті ұлттық күнін атап өтті. Бұл ел Тынық мұхиты аймағының оңтүстік атырабында орналасқан. Ұлыбритания басқаратын Ұлттар достастығының мүшесі. 1976 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке өткен. Соңғы жылдары Қазақстан мен Самоа мемлекеті ара-сында екіжақты қарым-қатынас нығайып келеді. Атап ай-тар болсақ, 2013 жылдың 7 ақпанында Нью-Йорк қаласында мемлекетаралық бірлескен коммюникеге қол қойылып, дипломатиялық қатынас орнаған болатын. Соның нәтижесінде бүгін самоалықтар Арқа төрінде кең көсіліп, көрікті көрменің сәнін келтірген құрметті қонақ ретінде қабылданды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жуырда елордада Батыс Қазақстан облысының мәдениет күндері өткен болатын. Аталмыш шараға ауданымыздан 40-қа жуық делегат қатысып келді. Астана сапарында жерлестеріміз әлем елдері көз тіккен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін тамашалауға мүмкіндік алды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Топтаманы әзірлеген Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Олар Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөлімінің бас­тамасы мен, аудандық «Мұ хит жастары» ЖҚБ­ның қол да уы­мен елорда да бес күндей бо­лып, ару қа ла ның таңғажайып кө рінісіне куә болды. Қонақтар арасында ауданымыздың әлеу­меттік­эко номикалық дамуы­ на сүбелі үлес қосып келе жатқан ардагер аға ла рымыз, білім, мәдениет сала сы ның білікті мамандары, жалынды жастар және бірқатар мекеме

бас шылары мен ауыл әкімдері болды.

ЭКСПО қалашығындағы таң­ғажайып павильондарды, сәу­лет өнерінің ең соңғы үл гі ле­рі мен салынған әсем ғи ма рат ­тар ды аралап, ерекше үлгіде топ тастырылған ғы лым мен тех­ни каның соңғы жаңа лық та ры­мен танысты. Шексіз қуа ныш қа бө ленген қариялар қысқа мер зім ішінде Астана көркіне кө рік қо­сып, ерекше сәулеттеніп, да мып кет к ендігіне таңданысын біл дірді.

Астанадан алған әсері жөнін­де баяндаған аудандық ардагер­лер кеңесі төрағасының орын ба­са ры Еркінбек Жәнібеков:

– Бұл сапар маған ерекше әсер етті. Біріншіден, ел игілігі жолын да қажырлы еңбек ет­кен аға ұрпақ өкілдеріне үлкен ілтипат білдіріп, құрмет көрсету болса, екіншіден, ЭКСПО­2017 көрмесіндей ел өміріндегі ай­тулы оқиғаны көзбен көрудің сәті түсті.

Менің назарыма басты нысан – жер шарын бейнелейтін «Нұр­Әлем» сферасы түсті. Сфераның өзе гін де біздің ұлттық павильон орна ласқан. Онда қазақстандық ға лымдардың ең озық жобала­ры көрсетілген. Осы көрмені та ма шалап жүргенімде өзімнің

қа зақ екеніме, Қазақстанның аза маты екеніме қуандым, мақ­тан дым! Себебі, шетелдерден кел ген қонақтар біздің әсем Ас та на мызға, ондағы әдемі де зәу лім ғи мараттарға, көрме қа­ла шығына таң даныстарын жа­сыра алмай, та ңырқай қарап жат қан кезде бойым ды мақ та­ныш сезімі би леді. Осы ның бә­рі, әрине, елдегі тұ рақ ты лық­тың, Елбасымыздың кө реген саясатының арқасы.

Алдағы уақытта ЭКСПО көр месін тамашалауға ауданы­мыз дың бірқатар еңбек адамда­ры ба ра ды деп жоспарлануда.

Маралбек АМАНТАЕВ

Батыс Қазақстан облысы

Ресми шараның ашылу сал­танаты Қазақстан және Самоа ел дерінің мемлекеттік гимндер алма­ке зек шырқалумен баста­лып, көр мені ұйымдастырушы ел ре тін де алғашқы беташар пікір біл діру мәртебесі Еңбек және ха лықты әлеуметтік қорғау ми­ни стрлігінің жауапты хатшысы Аи да Құрманғалиеваға бұй ырды.

Аида Даденқызы әуелі осын­да жиналған барша жұртты ЭКСПО­2017 халықаралық

көр ме сі аясында өткізіліп отыр­ған Самоа мемлекетінің ұлт тық күні ме ре кесімен құттық тап, ай­шықты көр ме бұрынғы ке ңес тік елдер ау мағында Қазақ стан ның астана сында алғаш рет өткізіліп отыр ға нын, бұл біз үшін тек құрмет қана емес, жауапты мис­сия болып табылатынын жет­кізді.

«Яғни, мамандандырылған көр менің ұраны «Болашақтың энергиясы» аталып, баламалы

қуат көздер ін қолдануды ауқымды түр де кеңейтуге негіз болатын эко номикалық дамудың жаһан дық тұғырына толыққанды сай ке леді. Біздің көрме дүниеге деген заманауи көзқарастың, та­за жаһандық энергетиканың да­му идеяларын жетілдірудің жа ңа парағын ашатынына се нім дімін. Әр елдің энергетика са ласындағы ноу­хау таныс ты ры лымынан бөлек көрме ая сын да ірі халықаралық іс­шара лар ұйымдастырылуда. Қазақ стан ның елордасы төрткүл дүние нің түрлі ұлттық күндеріне куә болып отыр. Күн сайын көр­ме аумағында қатысушы мем ле­кеттердің ұлттық күндері, ха лық­ара лық ұйымдардың тақырыптық жи ындары және сан түрлі мәдени ойын­сауық һәм спорттық іс­ша ралар өткізілуде. Соның бірі бүгінгі Самоа мемлекетінің ұлт ­тық павильонының ашылуы. Ұлттық күндер көрмеге қа­ты сушы мемлекеттердің ара­сындағы қарым­қатынасты

ны ғай туға жәрдемдесетін ха­лық аралық мәдениет алмасу құ ралы болып табылады әрі қатысушыларға ұлттық мәд е ни ет­ тің, өмір салтының үздік үлгі­лерін паш етуге мүмкіндік бе­реді. Біз өз кезегімізде Қазақ с тан эко но миканың түрлі са ла л ары­н да, со ның ішінде еңбек жә не халықты әлеу меттік қорғау са­ла сындағы х алықаралық тәжі­ри бе мен әлем нің үздік үрдіс­те рін зерделеуге мүдделі екенін мәлімдеймін. Самоа елінің мұндағы өкілдерін ме рекесімен құттықтаймын», деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хат­шысы.

Одан кейін екінші тараптың өкілі ретінде сөз алған Самоа тәу елсіз мемлекеті қаржы мини­стрі нің орынбасары Мулипола Лейатауа Лаки Мулипола мыр­за аталмыш көрмеге өз елінің жеке­дара мемлекет ретінде қатысып отыруы зор мәртебе

екенін мақтанышпен жеткізіп, толқыған көк теңіздің терең түкпірінде тып­тыныш жатқан са­моалықтар атынан барлық қазақ­стандықтарға және Елба сына, Үкімет мүшелеріне алғысымды біл діремін. Және әлемдік сая­си қауымдастықтар тарапынан Қазақстанға қарата айтылып жат қан мадақ­мақтаулар мен рес ми мойындауларға толық қо сыламын. Қазіргі таңда күллі әлем халқы табиғи ресурстардың же тіс пеушілігіне ұшырай баста­ды. Кейбір мемлекеттер қазірдің өзін де тығырыққа тірелу үстінде. Адам дардың энергияны шектен тыс бақылаусыз пайдалануы­нан жаһандық дағдарыс өршіп келе жатыр. Егер де энергия мә се лесін әркез реттеп отырма­са, қоршаған ортаның жөн сіз лас тануы, климаттық өзге ріс­тердің жедел құбылмалы күйге ұшырауы, экологиялық арылмас қа теліктердің орын алуына әсер етері сөзсіз, дегенді айтты.

Сонымен қатар, Мулипола мыр за: «Алдағы уақытта әлем тұр ғындарының жасыл энергияға деген сұранысы артады. Біз сияқты Тынық мұхиты аймағы елдері жасыл және жаңғырмалы энергия көздерін пайдалану­ды қолдаймыз. Энергияға де­ген сұраныс пен оны өндіру ісін реттемесе күйзелістің пай­да болу ықтималдығы артады. Барлығымыз бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара оты­рып, энергия көздеріне қатысты мәселені шешу барысында ор­нық ты және берік әріптестік құ руды қолға алғанымыз абзал. Сондай­ақ, барынша қоршаған ортаның тазалығын сақтау, жа­сыл энергия көздерін дұрыс пай­далануды ынталандыру керек», деп сөзін тұжырымдады.

Шара соңында жиналған көп­шілік самоалықтардың ұлт тық би өнерін тамашалап, жылы райлы өлкеде өнген ұлттың өзіндік си­патына қанықты.

Самоалықтардың Сарыарқадағы салтанаты

Көрмеден көңілді оралдық

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осы күні ЭКСПО аясында тағы бір шара ISKU OY Финляндия концернінің ұйымдастыруымен өтті. Семинар-кеңес форматын-да жобаланған басқосудың тақырыбы «Заманауи білім берудің маңызы – оқу-білім шабыт көзі» дегенге сайып тұр. Жарты күнге жоспарланған жиында білім беру және денсаулық сақтау жүйелерінде қолданылатын фин жиһазының ноу-хауы мен ин-новациялары жайлы әңгіме қозғалды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Ұйымдастырушылардың ай­туынан, фин жиһазы қоршаған ортаға ешқандай экология­лық һәм физиологиялық зия­нын тигіз бейтін керемет дүние дегенді аңғардық. Жиһаз жасау­ шы «ISKU» концернінің вице­президенті Тапио Сиевиляйнен мырзаның пікірінше, Астанада өтіп жатқан ЭКСПО­2017 көрме­сі нің тақырыбы келешек энергия­сына қатысты болғандықтан, қор ша ған ортаға зиянсыз сапалы өн діріс материалдары арқылы жасалған бұл жиһаз көрме идея­сымен ұштасып тұр. Сол себепті, цифр лы жабдықты және жаңа тех нологияларды пайдалану­ды өмір салтына айналдырған Қазақ стан үшін компания өнімі тұ тынушыға шабыт сыйлары сөз сіз.

Күллі фин мектептері мен бар­лық денсаулық һәм білім беру құрылымдары «ISKU» кон цернінің өнімін тұтынады. Кон церн алғаш 1928 жылы Лахти қаласында

отбасылық кәсіпорын негізінде құрылған. Ұзақ жыл жиһаз жо­балау, өндіру және сатумен ай­налысып келеді. Өз өнімдерін Финляндиядан тыс Солтүстік Еуропа, Балтық жаға ла уы елдері, Польша, Ресей және Таяу Шығыс елдерінде өткізеді. Қар жылық ай­налымы − 134 млн еуро.

Финляндияның білім беру жүйе сін зерттеуші ғылыми қыз­мет кер Паси Силандер мырза өзінің кезекті баяндамасында «Фин жиһазы бактерияларға қар сы қорғаныс жабындысымен жа рақталған әлемдегі бірден­бір өнім. Ол қоғамдық үй­жайларда кез келген жұқпалы аурулардың жә не инфекциялардың пайда болуына, таралуына жол бер­мейді. Тіпті инфекцияларды ем­ха наішілік жағдайда жұқтыру про цесін 60 пайызға, оқу меке­ме лері мен жұмыс орындарында сырқаттануды болдырмауды 20 пай ызға дейін азайтатын мүм кін­дігі бар» екенін жеткізді.

Фин жиһазының жаңалығы

Page 6: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

6 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛЭКОНОМИКА

КӨКЕЙКЕСТІ

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

–––––––––––––––––––––––––Ауыл үшін аса әлеуметтік маңызы бар өңірдегі Ертіс, Май ау дан да­рындағы топтық су құ бырлары жо ба ларының аяқ та лып, іске қо­сылуы ұзаққа созылып барады. –––––––––––––––––––––––––

ЕГІН ОРАҒЫ – 2017

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Мамандардың пікірінше, ХХІ ғасыр басында Қазақстан жал­пы экологиялық және эко но­микалық жағдай шартта ры ның бұзылуының жаһандық проб­лемасымен және соның сал да­ры нан әлеуметтік әл­ауқат тың на шарлау қаупімен бет пе­бет келді. Сондықтан да бұл қор­даланып қалған пробле ма ларды шешудің тиімді жолда ры ның бірі елімізді «жасыл эконо ми­каға» көшіру болып табылады. Осы орайда, елімізде баламалы энергия алу үшін қажетті ресу рс­ тармен қамтамасыз етілуі тұр ­ғысынан жел, күн және гидро­энер гетикалық энергияның ең қо лайлы көздері бар. Маман­дар дың есебінше еліміздің тео­риялық жел әлеуеті – жылына 1820 млрд кВт сағатқа жуық, ги­дро энергетиканың әлеуеті – жы­лына 30 млрд кВт сағат, ал күн энергетикасының әлеуеті – жы­лына 2,5 млрд кВт. Бұл орай­да, Елбасы ЭКСПО­2017 көрме кеше ніндегі Конгресс­орталықта өт кен Астана экономикалық фо­ру мының пленарлық отыры­сында бүгінгі күні елімізде энерг е ­ тикалық саланы жаңғырту то­лық қарқынмен жүргізіліп жат­қанын атап өтті. «Қазірдің өзін­де жаңғырмалы энергия кө­зін өндіретін жиынтық қуаты 300 мВт­ге тең елу кәсіпорын бар. Соңғы он жылдың ішінде

та биғат ты қорғау шараларын жү­зеге асыру есебінен ауаны лас­тай тын заттар шығарындысы 13 пайызға, ілеспе мұнай газының шы ғарындысы 70 пайызға қыс­қарды», деді Н.Назарбаев.

Халық тығыз орналасқан Оңтүстiк Қазақстан облысындағы жағдай туралы айтар болсақ, рес­ публикада энергия барынша тап­шы өңiр ретінде аталуда. Облыс тұтынатын энергия мөлшерiнiң 60 пайыздан ас та мын өзге өңірлерден тасымал дауда. Сол себепті де тариф жо ғары. Бұл қарапайым тұты ну шыларға да, шағын және орта биз нес өкiлдерiне де ауыр­тпа лық түсiрiп отыр. Өз кезе­гін де, Оңтүстiк Қазақтан облы­сы республикадағы баламалы энергия көздерi (жел, күн, кi­шi гидроэнергия) бойынша ең әлеу еттi өңiр болып есептеледі. Осын дай мүмкіндіктерді сара­лау мақсатында өңірде алдын ала техникалық­экономикалық не гіздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтижесінде Оңтүс­тік Қазақстан облысы аумағында жи ынтық қуаты 120 МВт­ны құ­райтын тиімді гидро энер ге ти ка­лық әлеуеті бар 43 нүкте анық тал­ған. Облыс аумағынан 122 өзен ағады, 41 су қоймасы бар. Қазіргі уақытта өңірдегі кәсіп орын дар мен тұрғындардың электр энер­гия сын жылдық тұтынуы ша­мамен айына 400 МВт құрайды. Оның 114 МВт­ы (29 пайыз) ішкі қуат есебінен өндірілсе, 286 МВт (71пайыз) Қазақстанның басқа

өңір лерінен сатып алынады. Бұл өз кезегінде электр қуатының баға­сына әсер етіп отыр. Шағын электр стансаларының салынуы және іске қосылуы сырттан тасымалдана­тын қуатты шамамен 42 пайызға қысқартады екен. Сондықтан бүгінгі таң да гидроэнергетикалық саланы да мыту және шағын су электр стансалары жобаларын қар жыландыруға инвестиция тар ту маңызды. Тасымалдау пайы зы ның көрсеткіші өзгеруіне об лыстың негізгі электр энер­гия өндіруші ұйым «Шардара су электр стансасы» АҚ­та жүр­гізіліп жатқан жаңғырту жұ­мыс тары оң септігін тигізері анық. Жаңғырту толығымен аяқ­талғаннан кейін Шардара су электр стансасының белгіленген қуа ты 100 МВт­тан 126 МВт­қа өседі.

Шағын электр қуаты көздерін орнату бойынша алдыңғы жылда­ры Түркия, Израил, Германия, Польша мемлекеттерінің өкіл дері жобаларға қатысуға ниет білдірген болатын. Алдын ала айта кетелік, кей жоба тиісті министрлік тара­пынан қолдау тап пады. Мысалы, өткен жы лы жергілікті бұқаралық ақпа рат құ ралдары «Шымкент» әлеу мет тік­кәсіпкерлік корпора­циясы» «ұлт тық компаниясы» АҚ­тың мәліметтеріне сүйене отыра, Түл кібас ауданындағы Машат өзе нін де екі шағын ГЭС салу үшін түркиялық «Endustriyel Elektrik» компаниясымен бірлескен кәсіп­орын құрылғанын жария еткен

болатын. Жобалық құны 2,1 млрд теңге, қуаттылығы 4 МВт бола тын жоба халықаралық ере жеге сай жасалғаны да айтылды. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылы бастап, осы жылдың соңында аяқтау жоспарланған болатын. Алайда, облыс әкімдігі бас пасөз қызметінің бізге берген мәліметіне қарағанда, қуаты 4 МВт болатын түр кия­лық «Endustriyel Elektrik» ком­па ния сының екі шағын су электр стан сасының жобасы Энергетика министрлігінің «Жаңғырмалы энер гия көздерін пайдалану объ­ек ті лерін орналастыру жоспары­на» енгізілмеген.

Жалпы, облыс бойынша гид­ро энергетикалық жоба лар дың бірқатарын «Келес гидро құ ры­лыс» ЖШС жүзеге асыруда. Се­ріктестіктің бұл салада тәжі ри­бе сі бар. Қуаттылығы 1,3 МВт бола тын алғашқы су электр стан ­сасын серіктестік 2001 жы лы пайдалануға берген болатын. Бұл шағын ГЭС мыңдаған тұр ­ғындардың сұранысын қам та­масыз етіп келеді. Ал, одан 13 жыл кейін іске қосылған «Рыс­жан» ГЭС­і 8 мыңға жу ық үйді электр қуатымен қам тамасыз етуде. Сондай­ақ, Сары ағаш ау­даны, Келес өзенінің бой ынан

жалпы қуаты 5 МВт бола тын «Дархан», «Азамат» ша ғын су электр стансаларының құры­лысына жер телімі бөлінген. «Келесгидроқұрылыс» ЖШС іске асыратын бұл жобаның қа зір гі таңда тиісті құжаттары әзір ленуде. Ал Төлеби ауданында қуа ты 2,5 МВт болатын «Кеңес» ша ғын су электр стансасының құ рылысы жүргізілуде.

Бүгінгі таңда облыста жаңғы р ­ малы энергия көздерін дамыту ба ғы тында 14 жоба жүзеге асы­ры луда. Оның ішінде Сарыағаш ауда нындағы қуаты 2 МВт «Рыс­жан» шағын су электр стансасы­нан бөлек Сайрам ауданын­да, Шымкент қаласында қуаты 1 МВт­тан «Очистной» және «Ақбай» 2 күн электр станса­сы іске қосылған. «Болашақ эне р гиясы» тақырыбындағы ЭКСПО­2017 халықаралық ма­ман дандырылған көрмесі қар са­ңында Сайрам ауданында қуаты 2,5 МВт «Манкент» шағын су электр стансасы іске қосылған болатын. Жыл соңына дейін Қазы­ғұрт ауданында қуаты 0,975 МВт «Достық» шағын су электр стан­сасы іске қосылады. Сондай­ақ, Бәйдібек ауданы Жүзімдік ел ді мекенінде «Ветропарк Жүзім дік»

ЖШС қуаты 40 МВт бола тын жел электр стансасын са лу ды жоспарлауда. Жобаға 700 гек­тар жер телімі бөлінген, тех­никалық­экономикалық не­гіздемесі әзірленген. Қазіргі таң­да жобалау­сметалық құжат­та ры дайындалуда. Ал Отырар ау данында «Промондис» ЖШС қуаты 35 МВт күн электр стан­са сының жобалау құжат тары әзір леніп, 2015 жылы мем ле кет­тік сараптаманың оң қоры тын­дысы алынған болатын. 100 гек­тар жер телімі бөлінген жоба ны кезең­кезеңімен іске асыру жос­парлануда.

Адамзат тіршілігін энер­гия тұтынусыз елестету мүм­кін емес. Ал энергиямен қамта­ма с ыз етуде экологиялық таза қуат өндіру заман талабы. Ма­мандардың пікірінше, электр энергиясын өндіру көле мі нің ар­туы парниктік газдар шыға рын­ды ларын ұлғайтпауы тиіс. Яғни, елі мізде жаңа технологияларды ен гізудің, қуат стансаларында жа ңғырмалы энергия көздері мен газды генераторлар үлесін арттырудың, электр энергиясын «жоғалтуды» төмендетудің, жа­сыл экономиканы дамытудың маңызы зор.

Астық түсімі айтарлықтай болмайды

––––––––––––––––––––––––––Биыл Қарағанды облысында ас­ т ы қ түсімі 2016 жылмен салыс ты р ­ ғанда, анағұрлым төмен болуы мүм кін. Оның себе бін Қарағанды облысы ауыл шаруашылығы бас­қар ма сы ның бас шысы Юр жан Бекқожин ыл ғал дың же тіс пеу­ші лігі салдарынан деп есеп тей ді. ––––––––––––––––––––––––––

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Айталық, былтыр бір гектардан 14 центнер астық жиналған. Ал биыл астық өнімділігі әр гектарынан 7­8 центнерді құрайды. Аталған көрсеткіш орташа жылдық норманың шегінде бо­лып отыр. Мол жаңбырдың болмауы ас тық т ың өсіміне кері әсерін тигізген.

Сондай­ақ, биыл аймақта картоп ба­ғасы шарықтап кеткен болатын. Нан­нан кейінгі маңызды ас саналатын ол өнімнің де құнын қадағалап отыру аса маңызды. Осы мақсатта Қарағанды об­лысы биылғы жылы картоп өндіруші шаруашылықтар жинаған өнімдерінің бір бөлігін резервке сақтамақ.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Ерлан Қошановтың тапсырмасы бойын­ша ауыл шаруашылығы басқармасы кәсіпорындармен меморандум құруды көздейді. Басты мақсат – көкөніс өнім­де рінің бағасын тұрақты сақтап қалу. Нұра ауданына жұмыс сапары барысын­да облыс әкімі «Шахтерское» ЖШС­нің көкөніс қоймасын қарап шықты. Ерлан Қошанов мемлекет тарапынан қол дау алып отырған ауылшаруашылық өнім де­рін өндірушілерге жауапкершілік туралы ес кертті. Кәсіпорын жетекшісі Георгий Прокоп олардың тарапынан қажетті мін­де ттемелер орындалатынын жеткізді.

– Кейбір кәсіпорындар жинаған өнім дерін сыртқа толықтай сатып жібе ре ді. Біз өз аймағымыздың мүд де­сін, об лыс тұрғындарының жағ дай ын ойлау ымыз қажет, – деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Биылғы жылы облыста 14 мың га жер ге картоп егілген. Аймақта бұл кө­көніс түрін ауылшаруашылық өнімін өн діруші 38 кәсіпорын өсіреді.

– Біз ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілермен өнімдерінің 5%­ын қорға сақтап қою туралы келісім жасадық. Сонан соң дүкендерде ол өнім тұрақты бағамен сатылатын бола­ды. Екі нұсқа бар – тікелей және тұрақ­тан дыру қоры арқылы. Қазіргі таңда шаруашылықтардың 60 пайызымен мемо­рандум қабылданды. Және ол жұмыстар жалғасуда, – деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас­шысы Юржан Бекқожин.

Қарағанды облысы, Нұра ауданы

Энергетикалық әлеуетОңтүстікте баламалы қуат көздерiн дамытуға мүмкіндік мол

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Әлемдегі өндірістердің көбеюі мен халық санының өсуі энергияға деген сұранысты еселей артты­ра түскені мәлім. Сұранысты қанағаттандыру мақсатында энергия өндіруде атмосфераны зиянды уландырғыш заттармен ластайтын мұнай, газ, көмір және басқа да қорларды пайдалану қоршаған ортаны, экологиялық жағдайды ушықтырып жіберуде. Яғни, елімізде электр энергиясының басым бөлігін жылу және газ­турбиналы электр стансалары өндіріп шығарады. Бүгінде атмосфераның ең ірі ластаушыларына кен өндіру саласы, жылу және электр энергетикасы, мұнай­газ кешені кәсіпорындарының стационарлық көздері жатады екен. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Осыдан 7 жыл бұрын республикалық бюджет есебінен Ертіс ауданындағы Беловод топтық су құбырын қайтадан қал­пына келтіру жөніндегі шешімге қол жетіп, ауылдықтар қатты қуанып еді. Содан, 2010 жылы елімізде қабыл дан ған «Ауыз су» бағдарламасы аясын да облыстағы «Беловод және Май топ тық су құбырларын қайта құру» тура лы инвестициялық жоба­ларды іске асы ру жұмыстары басталған­ды. Бі рақ, мер дігерлер бағдарламаға сай келісім шарт тағы міндеттерді атқара ал­мады ма, әл де жобалар барысы дұрыс түзілмеді ме, әйтеуір жол ортада қала берді. Арада екі жыл өткен соң барып, Беловод су құбыры жаңадан қабылданған «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша қайта қолға алынуы тиіс болды. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдала­нуды реттеу басқармасының мәліметінше, алғашқы кездері Беловод топтық су құбыры жобасына жауапты – «ОSТ­Про ект ЖШС», мердігер – астаналық «Спец пластводстрой» БК ЖШС болып бе кітіліпті. Құрылыстың жалпы құны мердігерлік келісімшарт бойынша – 5,7 млрд теңге. Ұзындығы 388,4 шақырым бо­латын су құбыры Ертіс ауданын қамтиды. Екінші жоба Май ауданындағы топтық су құбыры бойынша. Бас мердігер − Астанадағы «Центр строй­комплект НС» ЖШС. Жоба ның жалпы құны 6,4 млрд теңге.

Ал, 2013 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары коми­те тінің бірқатар жұмыс түрін және кө­лемін оңтайландыру шараларын жүр­гізуіне орай Ертіс ауданындағы жо­баны қаржыландыру тоқтатылыпты. 2014 жылы аталмыш комитет «Қазақ су шаруашылығы» мекемесімен жаңа келі сім шартқа отырады. Екі аудандағы топ тық су құбыры құрылысы 2015 жылы пай далануға беріледі деп жоспарланды. Ал, қарапайым ауыл халқы болса таза ауыз су қашан жетеді деген үмітпен әлі кү т іп жүр.

Иә, осындай үмітпен біз де жуыр­да шалғайдағы Ертіс ауданына барып қайттық. Иса Байзақов атындағы ауыл­да орналасқан көптен құрылысы жүріп жатқан Беловод топтық су құбырының Ертіс өзенінен су алатын негізгі су жи­нау стансасына келдік. Бір ауданның ауылдарын сумен қамтамасыз ету үшін осыншалық алып стансаның не үшін қажет болғанына таңғаласың. Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурста­ры комитетінің облыстық бөлімшесінің басшысы Жұмагелді Қожановтың айтуынша, былтыр желтоқсан айын­да топтық су құбырының 1­ші кезегі

іске қосылған. Су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарына 2015 жылы республикалық бюджеттен 759 милли­он теңге бөлініпті. Бұл күндері 2 сорғы стансасы, 2 резервуары бар су тазалау стансасы жұмыс істеп тұр. Қуаттылығы 10кВ электр өткізу желісі орнатылып, 2 кешенді тран с форматорлық қосымша станса са лыныпты. Су құбыры тартыл­ды, аудан дағы 14 ауылға құбыр арқылы таза ауыз су барып тұр. Нәтижесінде 109 шақырым құбыр төселіпті. Бірақ, түйін ді мәселе мұнымен біткен жоқ. Су құ быры тартылған ауылдарға жергілікті әкім діктер енді жоба жасап, құжаттар дайындайды. Су таратушы тораптар жасалып топтық су құбырының магис­ тральды жүйелеріне қосылуы қажет. Біріншіден, жаңа жоба бойынша ауыл­дарға берілетін таза ауыз судың өзіндік құны қымбат. Егер 2010 жылғы баға бойынша 1 текше метр судың бағасы 67 теңгені құраса, жер асты суларын пай­даланған жағдайда (салыстыруға блок­модульдік су бағасы алынған) судың өзіндік құны 250­300 теңгені құрамақ. Ауылдар үшін бұл өте тиімсіз. Бізбен бірге жолсапарға барған филиалдың жергілікті жердегі бөлімше қызметкері Әнуарбек Кеңесбаевтың айтуынша, жаңа ереже бойынша құбырмен кел­ген су ауылдағы әр үйге тартылып, су шығынын есептейтін қондырғылар қойылуы тиіс.

Су құбырларының алдағы жағдайы алаңдатарлықтай күйде, еріксізден жо­баны су құбырларын жүргізуден мүлде хабары жоқ мамандар жасаған ба деп топшылауға тура келеді. Бір­бірінен тым алыста орналасқан ауданның әр ауылына

су құбырын тарту оңай емес. Қысы қатты өңірде су құбырларының қатып қалуы да мүмкін. Бастысы, жергілікті жұртты жи­нап, қоғамдық тыңдау өткізу қажет еді.

Ертіс, Май аудандарының топ тық су құбырларын қайта құру жұмыс та ры­на арналған тендерлерді Ауыл ша руа ­шылығы министрлігінің Су ресурста­ры комитеті жүргізеді. Бірақ, тен дер­лік комиссияда жергілікті су құбыр ла­рының жағдайын білетін не ауданнан, не облыстан өкілдер қатыспаған. Тіпті жергілікті басшылық өз аудандарында жүргізіліп жатқан құрылыс барысының қалай жүріп жатқанынан хабарсыз болған. Қажетті ақпараттармен танысуға мердігер ұйым рұқсат бермеген көрінеді. Нәтижесінде жұртшылық қазір бұл жобаларға күмәнмен қарайтын болды.

Жобалар орта жолда қалмай ма де­ген күмәнмен «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалы облыстық мәслихат отырыстарында Ертіс ауданындағы су құбыры мәселесін қарап, тұрақты назарға алып отыр. Тұрғындар болса, үйлеріне су жеткізетін тораптар тарту ісінде жергілікті биліктен үміт күтеді. Жаз да өтіп барады. Тораптарды бір­екі айда әр үйге жеткізіп үлгере алмасы анық. Байзақов ауылында өзіміз көр­гендей су құбыры ауылдың шетіне ке­ліп тұр. Әр үйге қашан жетері белгісіз. Басқа ауылдар да солай. Магистральды желіден ауылдарға дейін ауылішілік та­рату желілерін қосу үшін құдықтар ба­сына арнайы бұрулар салыныпты. Бұрап қалсаң­су ағады.

− Әрине, ауыл біздікі ғой. Сон дық тан, қазірден бастап ауылдағы әр тұрғынның үйіне су жеткізіп беру жұ мыс тары

басталады. Қазір ауыл да рымызға оң­түстіктен тұрғындар көшіп келуде. Жергілікті кәсіпкерлер де демеуші ре­тінде ауыл үйлеріне су жеткізу үшін қолд­ау, көмек береді деген сенім бар, − дейді аудан әкімі Серік Батырғожинов.

Жалпы, Беловод топтық су құбыры­ның құрылысы 1970 жылы басталып 1979 жылы іске қосылды. Торапты су желі ле рінің ұзындығы 1840 шақырым болса, оның 420 шақырымы Ертіс ауданының аума ғында. Біздің облыстың Ертіс, Ақтоғай аудандарын, Көкшетау облысы, Омбы облысы ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ететін алып су құ­бы ры болды. Кеңес өкіметінің 9 жыл бойы салған құрылысының арқасында қуаты сағатына 50 мың текше метрге жетті. Су тоғандары, 1, 2­ші су көтеру сорғыштары бар, сыйымдылығы 3000 текше метр болатын 2 су сақтайтын орын, суды химиялық жолмен тазарту бекеті, тұрғын үйлер ке шені, әкімшілік және өндірістік нысандар Ертіс ауда­ны аумағында орналасты. Содан, 1997 жылы электр қуатының төлемдеріне қарызы үшін Беловод топтық су құбыры жұмысын тоқтатады.

Су ресурстары жөніндегі коми­тет «бастапқыда жоспарланған 388 шақырым құбырдың қалған 281 шақы­ р ы мы төселмейді деген де шешім шығарса ке рек. Себебі, су құбыры өтуге тиіс бұл ауылдардағы тұрғындар саны аз депті. Су болмаса ауылда ел қала ма? Мысалы, біз жол үстінде бұрылған Ақбекей ауылында 5­6­ақ үй қалса да, оңтүстіктен ел көшіп келе ме деген үмітпен, су құбыры тартылыпты.

Беловод су құбыры жобасының 226 шақырымды құрайтын екінші кезегі де бар. Суды күтіп тағы да 16 ауыл отыр. Бірін ші кезегінің өзін 7 жыл жүріп, 14 ауылға су жеткізіп әупірім деп әзер шық­қанда, келесі кезе гі нің орындалуы екіталай сияқты. Жоспар бой ын ша су құбырының екінші кезегі би ылғы жылы тапсырылуы керек болатын. Біз мақала жазу барысын­да «Қаз сушаруашылығы» мекемесіне де хабарластық, жұртшылықпен байла­ныс бөлімінің қызметкері Азамат Битан «Беловод» топтық су құбырының бірінші кезегі аяқталды, ауылға су құбырларын тартып бердік, мақала газетке шыққанда айтсаңыз екен деген қысқа жауап жазып жіберіпті.

Ал, 6 млрд теңге қаражатқа жасалады деген Май ауданындағы топтық құбыр­дың құрылысын жүргізген мердігер компанияға қатысты қазір сот тергеу­тексеру амалдары жүргізілуде. Биылғы жылға бұл нысанға 115 миллион теңге бөлініпті. Құрылысты жалғастыратын ком панияны анықтауға конкурс жария ­ лан бақ. Ал келесі жылы топтық құбырдың екінші кезегі басталады. Оның жобалық құжаттары әзірленуде. Жуырда құжат мемлекеттік сараптамаға жолданбақшы екен.

Павлодар облысы,Ертіс ауданы

Жобалар жарты жолда қалмай ма?

Page 7: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ 7ҚОҒАМ

АДАМДЫҚ АЙНАСЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІЛЕР МҮМКІНДІГІ

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Біз онымен ауруханада таныстық. Ұялы көздерінен мейірім тө гіліп тұратын иманжүзді әйел екен. Қара торы өңіндегі қап-қара меңі де әдемі жарасқандай. Невропатолог дәрі-гер оған да дене шынықтыру жаттығуларын жасауға бұйы-рып ты. Нұсқаушы-медбике түрлі жаттығулар жасатқаннан кей ін бір мезгіл демалдырады. Сондай бір сәтте би билеу төңі регінде әңгіме бола кетті. Ол бала кезінен биді жақ сы көр генін, тіпті студент кезінде Мәскеу сахнасында биле ге-нін айтып қалды. Медбике де іліп алып, «биді неге тастап кеттіңіз?» деді. «Тағдырым мені биші етпеді, басқа арнаға са лып жіберді» деді жәй ғана. Медбике «ол қандай тағдыр?» де гендей ынтыға түсті. Ішкілікке салынған күйеуінің қайтыс бол ған әйелінен қалған ауру балаларды бағып жеткізгенінің шет жағасын ғана айтқанда, медбике Татьянаның шарасы-нан шыққан көзі боталап, жасқа толды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жұмысты жалғастырар жастар қайда?

Қолында қолақпандай дипломы бола тұра жас мамандардың ауыл-да жұмыс істеуге құлшынысы жоқ. Көбінің ойы − қызығы мен у-шуы көп қалада қалып, өзіндей өрім жастардың ортасында болу. Бұл үшін оларды күстаналаудың да жөні жоқ шығар, бәлкім. Өйткені, қалада тұра ма, ауыл-да тұра ма, әркімнің өз қалауы. Солай десек те, жастар жаппай қалаға қарай ағылып жатқанда қазақтың алтын бесігі – ауылдарымыздың келешегі қалай болмақ? Бала саны жетпей, мек-тептер мен басқа да мекемелердің жа-былуы жалғаса берсе, ата-баба кәсібін жалғастыратын лайықты ізбасарлар жоқ болса, ауылдардың ертеңгі күні не болмақ? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Жасырып-жауып қайтеміз, тіпті ауылда туып-өскен қыз-жігіттердің өздері қаладағы тіршілікке тез арада бейімделгендіктен бе, кім білсін, әйтеуір оқу-білім алған соң көбі елге барып еңбек етуге соншалықты құлықты емес. Басқа мамандарды айтпағанның өзінде, қазір ауылдағы малшы-механизаторлардың орташа жасы алпыстың үстінде, жетпіске жақын. Көбі зейнет жасында болса да, амал жоқ, қатардан қалмай жұмыс істеп жүр. Бұл қашанға дейін жалғасады дейсіз? Бір сөзбен айтқанда, олардың ізін басып, жұмысын жалғастыратын жастар қайда?

Осымен сабақтас тағы бір өзекті мәселе бар – жас мамандардың басым бөлігінің біліктілігі мен машығы тө мен. Тиісті оқу орнын бітіргендігін рас тай -тын дипломы бар, бірақ ауыл ш а руа -шылығы мен өндірістің қазанында қай-намағандықтан, оларды біраз уақыт тәр-биелеуге, тәжірибе жинақтауына тура келеді. Өйткені, олар бірден бел ше ше кірісіп кететін дайын маман емес. Бас қа амалы жоқ болғандықтан, еңбек ұжым да-рының басшылары осындай мамандар ды да жұмысқа қабылдауға мәжбүр. «Уақыт өте келе төселетін шығар», «Өмірдің өзі үйретеді ғой» деп өздерін жұбатып жата-тынын талай мәрте естідік.

Жасыратыны жоқ, аудан-қалаларда ұдайы өткізілетін еңбек жәрмеңкелерінде жұмысшы мамандарына сұраныс өте жоғары. Керек десеңіз, жалақысы жоғары, барлық жағдайы жасалатын жұмыс орын-дары да аз емес. Бірақ, соған лайық ма-мандар табылмай жатады. Бұл ауылға да, қалаға да тән.. Біраз жылдан бері жалғасып келе жатқан жағдай бұл. Сонда мұны шешудің жолы қандай?

Бұрын ауылда да, қалада да кәсіптік-техникалық училищелер көп еді. Қазір жоқ. Оның орнына техникалық мектеп-тер ашылды. Қаржыландырудың және қажеттіліктің жоқтығына байланысты жабылып қалғандары да аз емес. Бұл – нарықтың қатал талабы. Ал техникалық мектептердің ішінде жоғары колледж болып жатқандары да бар. Бәрі емес, әрине. Өйткені, кез келген орта арнау- лы оқу орны қазір мұндай жоғары деңгейге ие бола алмайды. Талап пен жауапкершілік өте жоғары. Осыған сайма-сай келетін оқу орындары сирек. Бұл дұрыс қадам. Саны бар, сапасы жоқ, қажетсіз кадр ларды топырлатып жатқан сансыз оқу орындарының қатарын азай-тып, сұранысқа ие білікті мамандар даяр-лайтын жоғары колледждер көбейсе құба-құп, әрине. Бірақ, ондай білім мекемелері Қазақстанда әзірге көп емес, санаулы. Оңтүстік Қазақстан жоғары жаңа техно-логиялар колледжі осындай дәрежеге ие болған оқу орындарының алғашқысы. Бұл оқу ордасын тілге тиек етіп отырған себебіміз, бүгінгі тақырыбымызға тамы-зық болып отырған мәселе − білікті ма ман дар даярлау жөніндегі осындай кол ледждердің тәжірибесі республика аумағында кеңірек таратылса деген ой.

Жоғары колледждің ең басты ерек-шелігі – үш деңгейлі білім беру. Оның бірін ші деңгейінде оқуға қабылданған жас тар жұмысшы мамандықтарына төселеді. Ал екінші деңгей бойынша колледж бағдарламасы, үшінші дең-гей кезінде жоғары оқу орындарының бағдарламасы шеңберінде оқытылады. Интеграциялық білім беру дегеніміз міне, осы. Мұның тиімділігі өте жоғары екеніне көз жетіп отыр. Өйткені осы арқылы сапалы мамандарға қол жете бастады. Қазір Оңтүстік Қазақстан облысының өндіріс және құрылыс орындарында қажетті мамандар жеткілікті. Жастар кол-леджде оқып жүріп-ақ болашақ жұмыс орындарының қыр-сырына қаныға ба-стайды. Бұл ретте модульдік технология әдісі бойынша білім алудың да пайда-сы зор. Түсінікті тілмен айтқанда, сту-денттер дәрістің 65 пайызын әлеуметтік серіктестердің өндірістік базасында ала-ды. Олар жоғары колледж қабырғасында білім ала жүріп уақытының көп бөлігін өндіріс орындарында немесе құрылыс алаңында өткізеді деген сөз. Оңтүстік Қазақстан жоғары жаңа технология-лар колледжінің сенімді серіктесі – «ОтауСтрой» компаниясы оңтүстік өңірде ғана емес, Қазақстанға белгілі. Өндірістік базасы өте жақсы. Тек құрылыспен ғана айналыспайды, сонымен бірге осы салаға қажетті газ-блок пен плитаның, құбырдың түр-түрін шығаратын өндіріс орындары да жет кілікті. Осының бәрін студенттердің көз бен көріп, қолмен ұстап, оқу-тәжірибе ба ры сында кеңірек қанығуына мүмкіндік бер ген діктен, олардың қызығушылығы мен ынта-жігері өте жоғары. Ең бастысы, колл еджді бітірген түлектер үшін жұмыс орны дайын.

Білімді де білікті мамандарға қол жеткізу үшін осындай тәжірибелерге де тиісті орындардың жеткілікті мән бергені жөн болар еді.

Ғалым ОМАРХАН,

«Егемен Қазақстан»

Нағыз ана осындай болады!

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,«Егемен Қазақстан»

Сөзге тартпасаң, әңгімеге сараңдау, өзін тым қарапайым ұстай тын әйелдің тағдыры мені де қызықтырды. «Бүкіл елге жа-рия етіп қажеті қанша?» деп, менің ұсынысымды әуелде қа-был дамады. Ақырында, «мен ана мын ғой, еңбегімді міндет ет пеймін, тек балаларымның жү ре гін ауыртып алармын деп қорқамын, мүмкін аты-жө нім ді өзгертсеңіз» деді. Ол шын дық-ты айтуға, мен атын өз гер тіп алуға келістік. Оны шын есі-мінен алыстатпай Гүл ба рам деп алдым.

– Қияндағы Науырзым ауда-нында өстім. Мектепті бі тір ген соң, күйеуге шықтым. Тұз-дә-мі міз жараспай, бір қыз тап-қан нан кейін ажырастық. Оның ұсынысымен мен алимент тен, ол баладан бас тартты. Қос-танайға келіп, Механика-тех ни-калық техникумға түсіп, элева-торда лаборант болып іс теп жүргенімде, екінші күйеуі м- мен таныстым. Оның әйелі қай тыс болған екен, екі баласы қа лып ты. Бірде жол жүретінін ай тып, үш жасар қызын қарай тұруға әкеп берді. Бала маған бірден «мамалап» жүгіріп, мойнымнан құшақтап алды. Үш жасар сәбиде ешқандай кү тім жоқ, ауыратыны көрініп тұр. Баланы аяп, менің де ішім езі ліп кетті. Содан көп ұзамай, 1988 жылы оған тұрмысқа шық тым. 1989 жылы кіші ұлы-мыз дүниеге келді. Көп ба-лалы отбасы болып шыға кел-дік. «Менің қызымды, сенің ба ла ларыңды бір фамилияға жа зайық» деп, оның екі бала-сын атыма жазып, бауырыма сал дым. Біз қосылғанда ұлы төрт жасар екен, бірақ әлі тілі шық папты, ал қыздың бүйрегі ауыр ады әрі энурез. Мен жаңа босағаны аттасымен екі баланы

дәрігерлерге қаратуды баста-дым. Баланың тілі шықпауы құлағының ауыратынынан екен. Құлағын емдеген соң, ұлымның тілі шығып, сөйлей бастағанда қуанышымда шек болсайшы. Қызымның да бүйрегін 12-13 жас қа кел-генше қаратумен бол дым. Әйтеуір тәуір болып кетті. Психологтар ұлдың дамуы тежелгенін айтқан соң, арнайы мектепке беріп, онда 2-3 жыл оқытып, қазақ мектебінің бі-рінші сыныбына тапсырдым. Орыс мектебінің бастауыш сы-ныбында оқитын екі қызымды да қазақ мектебіне ауыстыр-дым. Үшеуі қол ұстасып, мек-тепке бірге барып, бірге келеді.

Егер күйеуім ішпегенде, көзіме шөп салмағанда бізден ба қытты отбасы болмас еді. Үй ленген соң 2-3 ай өтпей-ақ ол үйге қонбайтынды, ішіп ке-летінді шығарды. Бала лар мен ісі жоқ, бара-бара апталап кетіп қалуды шығарды. Оның менен бұрын тұрған, ішкілікке әуес әйеліне ба рып жүргені белгілі болды. Алып келейін деп арты-нан барып, есік алдында жылап ұзақ отырып, қайтып жүрдім. Бұл аздай 90-шы жылдардың ауырлығы басталды, тұрмыс қиындады. Енді оның айлық жа лақысын да көрмейтін бол-дым. Балалар ауыра берген соң, лаборанттық жұмыстан да шығып, жатақханаға комен-дант болып орналасқан едім. Ол жатақхана да жабылып, ко мен данттық жұмыстан да айыры лып қалдым. Балалар аш, кі ші балам бір жастан енді асқан. Амалсыз оны 7-8 жасар және 5 жасар екі қызға тас-тап, өзім жұ мысқа шықтым. Таныс та ры мнан қарызға кило-лап ұн сұ рап алып, нан, ішіне картоп, капуста салып, бүкпе, бау ыр сақ пісіремін де, базарға алып шы ғып сатамын. Күніне нан дық, әрі кетсе май алатын

ға на пұлымды табамын. Шай-ға ақша шығармаймын. Же-ке үйлердің ауласында кө ше жақ қа жалбырап өскен шие, қарақат, таңқурай болса, со лар-дың сабақ-жапырақтарын жұ-лып әкеп, үйге кептіре беремін. Ба ла ларға соны шай орнына қай натып беремін. Мен келген-ше екі кішкентай қызым баланы алдандырып отырады.

Балаларым да өсе бас-тады. Бірақ одан маған же-ңіл дік болған жоқ. Күйеуім ішуін үде те берді, арасын-да мені ұра тынды шығарды. Бала лар дың киімі, тамағы өсті. 90-жыл дардың аяғында, 2000- жылдардың өзінде қалада жа сы рын наубайханалар бола-тын. Қожайынмен ешқандай құ жатсыз, келісім шартсыз өзі міз келісіп, соған жұмысқа тұрдым. Менің бір өзімді түнде наубайханаға қамап кетеді, 6-7 қап ұнды таң атқанша илеп, ашытып, нан пісіріп қоя мын. Таңертең 600-ден аса бөлке нанды саудаға алып кете ді, мен екі бөлке наным-ды құшақтап үйге келемін. Қо жайын дүкенінен макарон, май, ептеп қант алуға рұқ сат етті. Мен әлсірей бастадым, бірақ жұмыстан айырылып

қалмас үшін жанұшырып істеп, бәрібір таңертең нанды даяр етемін. Бір күні ауылдан сіңлім мен анам келді. Олар менің түрімнен шошып кетті. «Бүгіннен қалмай дәрігерге ұш, қансырап өліп қаласың» деді сіңлім. Мені дәрігерлер бір ден ауруханаға салды. Бала-ларды уайымдап, күнімен-түнімен жылаймын. Екі қызым ол кезде 7-ші, 5-ші сынып оқып қалған, екеуі маған жаяу ке леді. Үйдегі қатқан нанды жі бітіп, оны илеп, бетіне шөп-шалам сеуіп, «пицца» пісіріп әкеліпті. Бірте-бірте уақыт тү-зе лді, балалар да өсті. Мен бір мейрамханаға ыдыс жуушы болып кірдім. Түнімен ыдыс жуамын, одан тамақ пісіруге жұмсады. Мейрамханадағы қалған-құтқан тамақты үйге, балаларыма таситын болдым. Міне, сол жұмысымда әлі күнге істеймін. Аллаға шүкір, қазір үйге тамақ тасымаймын, жақсы аспаз болып алғанмын. Балаларым өсті, үйленді, неме-релер бар. Бірақ зейнеткерлікке шығу үшін жұмысқа барамын. Үлкен ұлым «немерелеріңмен үйде отыр» деп кейиді, – деп ол жымиып қойды. Оның жымиы-сында тауқымет көрген әйелдің

шағымы емес, бақытты, мықты әйелдің кейпі бар еді.

– Мен күйеуіммен кіші ұлым он жастан асқанда ажырастым, – деп әңгімесін жалғастырды Гүл барам. Біреумізді жазым ете ме деп те қорықтым. Бізден кет кен соң басқа әйелдермен тұр ды, олардан да ажырасты, Ұзын көл ауданында інісінің, бір де қарындастарының боса-ға сында жүр. Бірақ ұлда рыма: «Сендер ұлсыңдар, ұл ға лайық іс істеңдер. Ол не де болса әкелерің, тірі болса қолдарыңнан келген-ше сыр тынан қамқор болыңдар, өліп қалса, қою да сендердің мой ның да», деп отырамын. Екі ұлым оны әкеліп, дәрігерге сүй реп, наркологиялық диспан-сер ге апарып жүреді. Ішкенін бә рі бір қоймайды, ұлдарды да шар шатады.

Екі қызым бүгінде Астанада тұрады, әлі тұрмыс құрған жоқ. Үл кені жақсы қызметте, бір колледждік, екі жоғары білімі бар, кішісі колледж бітірсе де, өзінің таңдауымен шаштараз-визажист болып істейді. Кі-ші қызым ерке, күніне бір те-лефон шалып, менің дауысым-ды естімесе болмайды. Екі ұл-дан төрт немерем бар, оларды бір-екі күн көрмесем олар да, мен де тұра алмаймыз. Төрт бала өте тату болды, олар үшін өгей деген сезім жоқ. Бір біріне әлі күнге жанын беріп отырады. Екі ұлдың да тұрмысы жаман емес, белгілі жұмыстары бар. Ал келіндерім алтын. Одан басқа теңеу таба алмаймын. Ме нің інілерім «келіндеріңнің жақсы болып кездескені сенің еңбегіңе Алланың берген ма-рапаты ғой» дейді.

– Гүлбарам, өміріңе өкі не-сің бе? – деген сұрақтың иіні ке ліп-ақ қалды. Ол бір сәт үнсіз қалды.

– Қалай болғанда да өмір өтіп жатыр ғой, өкініш жоқ, бі рақ арман бар. Екі ұлдың да тойында құда-құда ғи ларымның қасында өзім ж а бырқап жалғыз тұрдым. Әке сімен бала өсірген әйелде де арман бар ма екен деймін, – деді ол.

Сәнді киінген Гүлбарамды көшеде кездестірген сайын ол маған әйелдің сұлуындай көрінеді. «Біз батырды алыстан іздейтін сияқтымыз-ау» деген ой келеді маған. Оның өңін бермейтіні, қартаймайтыны да таңғалдырады. Сол баяғы би билеуді ғана армандайтын, пәк қалпы секілді, бір сүйкімділік есіп тұрады. ҚОСТАНАЙ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Жұмыр басты пендені алдында қандай қиын өткелдер мен бұралаң жол-дар күтіп тұрғаны болжаусыз. Сергей сегіз жыл бұрын тағдыр тәлкегіне ұшыраймын деп еш ойламаған. Құрылыс учаскесінде еңбек етіп, ел қатарлы нәпақасын тауып жүрді. Жазым де-ген аяқ астынан. Бірде техникалық қауіпсіздік шараларының сақталмауы салдарынан жұмыс учаске сін де өндірістік жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Ес-түсінен айры-лып, төсекте таңулы жатқан 27 жастағы тепсе темір үзетін жігіт қос аяғының кесіліп, молақ болып қалғанын білмеді. Кейін тағы бірнеше ота жасалып, бірінші топ тағы мүгедектер қатарына қосылды. Бұған дейін денсаулығына кінәрат ар-тып көрмеген ол үшін енді азапқа толы күндер мен түндер басталды. Тән ж а ра-қаты жазылар-ау, жан жарасынан қа лай сауығармын деген сарыуайымға са лын-ғанда өмірден күдер үзіп кететін. Ертеңге деген сенімсіздік тұла бойын тұмшалап, ойын әлдебір қорқыныш сезім билейтін.Туған-туыстары, достары сабырға шақырып, қанша басу айтқанмен, күйректікке салынып, сәл нәрсеге шыны сияқты шытынап, күйгелектене беретін. Өзі сияқты бір бейбақты кездестіріп, ақыл-кеңесіне құлақ түрмегенде бордай езіліп, жүндей түтіліп жүре берер ме еді. Тағдырласы «Мені көрмейсің бе? Екі аяғым, бір қолым жоқ болса да, масыл болған емеспін. Біреуге кіріптар болу-дан асқан қорлық жоқ. Еңсеңді көтер. Есіңді жи. Өз күшіңе сен. Әлі жассың. Көрер қызығың алда», деп жігер бере сөйлеп, жүрек түкпіріндегі сырын жай-ып салған. Сөйтсе, ол бастапқыда басқа түскен бейнетке шыдай алмай, ішкілікке әуес болыпты. Тек жеке басының қажыр-қайраты, алға қойған мақсат-мұратына ұмтылудың арқасында қоғамдық ортаға қайта оралыпты.

Осындай қайрау сөздерден кейін Сергейдің көңілі көтеріліп, өзін өзгеше кейіпке түскендей сезінді. Қоларбада

таңылып отыра бергенше мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолынан да іс келетінін дәлелдейін деген ой қанат бітіріп, томағасын сыпырған қыран құсша дүр сілкінді. Алайда, мекеме-ұйымдардың табалдырығын тоздырғанмен, ешкім құшақ жая қарсы ала қоймады. Қай есікті қақ са да, «бос жұмыс орны» жоқ!» деген әң гіме келтесінен қайрылады. Кей біреу лер-дің аяушылық жасап, мүсір кеушілік білдіргенін, бәзбіреу лердің осыған не ке-рек дегендей оқты көзбен ата қарағанын сезсе де, сыр білдірмеді. Белді бекем буып, тәуекел етті. Қолөнермен бала ке-зі нен айналысып, қыр-сырын меңгеріп алғаны осы жолы кәдеге асты. Аға-інілерінің көмегімен үйдің жанындағы сарайды босатып, ұстаханаға айналдыр-ды. Содан ағаштан неше түрлі бұйымдар жасауға бар ынта-жігерімен кірісіп кетті. Әдепкіде ауыр ойдан арылудың, уақыт өткізудің ермегіне санаса, кейін шығармашылық қарым-қабілетіне

ұшқыр қиял қосылып, көз жауын алар әдемі, әшекейлі өнімдер сөрелерден орын ала бастады. Көршілері мен та-ныстары жапа тар мағай сатып алып, қосымша тапсырыс түсе бастағанын көріп, тағы бір ше шім ге келді. Ондағы ойы − ұстахана ау қымын кеңейту, ұсақ-түйек істерден гөрі күрделісіне ауысу. «Даму» қорының ай мақтық филиа-лы арқылы қайтарымсыз грант алуға бекінді. Мүмкіндігі шектеулі жан-дарды қолдауға бағытталған арнайы бағ дарлама аясында кәсіпкерлік сала-сын кеңейтсем деген ішкі түйсік алға жетеледі. Мекеменің менеджерлері шағын кәсіпкерлік ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарды жинап әкелуге кеңес берді. Айтқан тапсырмаларды тап-тұйнақтай орындап, «Даму-Көмек» бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болғанда төбесі көкке жеткендей қуанды. «Жұлдыздарға қара» жобасының қайырымдылық қоры арқылы 300 мың теңге қаражатқа қол жет кізді.

Санаулылардың қатарында ілі гуін өзіне көрсетілген сенім, құрмет деп түсінді. Қоғамға керек екенін ұғынды.

Қайтарымсыз грантқа үш станок са-тып алып, құстың ұясындай тар жерге орналастыруға тура келді. Өнімнің түр-ле рі көбейіп, сапасы жақсарып, жұрт-шылық та рапынан сұраныс көптеп түсе бастады. Қазақ станда, Ресейде өтетін көрмелерге ша қырту алып, өнерлі он саусағынан жа сал ған бұйымдар көрнекі жерлерден орын алды. Ағаштан түйін түйген шебер өтініш айта кел-ген ешкімнің қолын қаққан емес. Кез келген тапсырысты қабылдап, сапа-лы етіп орындап береді. Келешектегі мақсаты – үй жиһаздарын жөндеу, жа-сау кәсібін ашып, өзі сияқты тағдырдың ауыр тауқыметіне ұшыраған адамдарды жұмыспен қамту. Әттең, үй жанындағы шеберхана тар болып, тынысын аштыр-май тұр. Жазда амалдар еді. Қыста қиын.

– Орын жайы шешілсе, қалған ша-руаларды өзім-ақ тындырар едім. Бірақ екінші деңгейлі банктерден несие алу қиын, талап-шарты күшті. Біз сияқты мүгедектер түгіл сау адамдардың та-уаны ша ғылып жатады. Екіншіден, мүмкіндігі шек теулі кәсіпкерлер шығаратын өнім дер ді сататын сау-да нүктелері жоқ. Ал ма тыда ғана ар-найы дүкен жұмыс іс тей ді. Мені осы санаттағы жастардың басын біріктіретін «Қамқор», «Ардос жү рек» сықылды жергілікті қоғамдық бір лес тіктердің тірлігі қызықтырады. Олар дың атқарып жатқан іс-әрекеттері, қолдау жасалып жатқаны қуантады, – дейді бізбен ой бөліскен Сергей Сапко.

Сергей болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Облыс әкімінің қабылдауында болып, ұсыныс-ойлары қолдау тау-ыпты. Тиісті мекемелер кеңірек орын іздестіріп жатқан көрінеді. «Даму» қорына тағы да қатысып, бағын сынап көрмек. Екі аяғы жоқ болса да, қалай еңбек етудің үлгісін көр сетіп келе жатқан қайсар жанның ар ма ны орында-лар күндердің алыс емес ті гіне сенейік.

ПЕТРОПАВЛ

Өмірге құштарлық

Page 8: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

8 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Айталық, Қарағанды қалалық №4 емха насында жағымды жаңа лықтар, өнімді өзгерiстер жетерлік. Мәсе лен, электронды қызметті да мы ту – әлемдегі медиц иналық қы змет көрсетудің жаңа деңгейі. «Ден саулық» мемлекеттік бағдар ламасына сәйкес, еліміз дің медици налық қызмет көрсету саласы-на иннова циялар енгізу заман талабына сай жаңа кезеңге көтеріліп келеді.

Осыған байланысты былтыр Қарағанды өңірінде «Виенна» ЖШС компаниясы мен облыстық ден ­саулық сақтау басқармасы «SOS қызметімен дис-танциялы боса нуға дейінгі патронаж» бір лескен жо ­ба сын іске қосқан бола тын. Атал ған жобамен алғаш тәжі рибе жүр гізген мамандардың бірі, Қа ра ғанды қаласының №4 емханасы директорының ана мен бала денсаулығын бақылау бойынша орынбасары Жанар Башекова жайлы әңгімелемекпіз.

Жанар Мұхамедкәрімқызы – нау қастарды емдеу­де кәнігі маман және бай тәжірибесін жас маман­дармен бөлісе білетін бірегей бас шы. Жұмысы тікелей аналар мен балаларға қатысты дәрігер «Денсаулық» бағдарламасының талаптарына толық жауап беретін және жүктілік кезіндегі ана

мен бала өліміне тосқауыл боларлық аса қажетті медициналық көмектің түрін алғаш пайдалануда біршама игілікті істер атқарып отыр. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің педиатрия факультетін үздік бітірген Жанар Башекова 2015 жылдан бері №4 қалалық емханада еңбек етіп келеді.

Әйелдердің жүктілік ке зеңіндегі дайын ды ғы мен олардың ден саулығына жауаптылықпен қарау – Башекованың басты мін деті.

«Біздің емханада 64792 адам тіркелген болса, оның 34105­і әйелдер. Бүгінде бұл қосымшаны 700­ден астам жүкті ана пайдаланып отыр. Сәйкесінше, Қарағандыда нәрестелер мен аналардың өлім­жітім санын «SOS қызметімен дистанциялы босануға дейінгі патронаж» қызметімен бірнеше есе төмендеттік. Ол көрсеткіштерді жүктілік кезінде де, бала туғаннан кейін де 42 күн бойы жақсартуға ба ғыт талған. Бағдарламаны кез кел ген аяғы ауыр ана ұялы телефо нына тегін жүктей алады. Онда про филактикалық шараларға байланысты толық ақпарат, пациент пен дәрігердің ынтымақтастығын жақсарту, жедел жәрдем қызметінің сапасын артты-ру көзделген», дейді ол.

Бүгінгі таңда жүкті әйелдің жағ да йын бақылау, нақты тұрғы лық ты жерін білу, жедел кө мек көр сету смартфон немесе планшетке мобильді қосымша ор­нату арқылы жүзеге асырыла бас та ды. Қосымшада дәрігерге ар нал ған виртуалды жұмыс ка бинеті жа сақталған. Онда дәрігер қа ра лушының барлық деректерін то лық көре алады.

Жалпы, облыстық денсаулық сақтау басқармасы­ның деректеріне сүйенсек, жыл сайын өңірде 22 мың 500 бала дүниеге келеді. Нәресте өлімі 6,9 пайызға төмендеген.

Міне, Жанар Мұхамедкәрім қызындай жандарды біз дәрігер лердің ішіндегі дәнекер маман деуімізге болады. Себебі, олар ана мен баланың арасындағы жағдайды тұрақты бақылау, емделуші мен ақ халат-ты абзал жандардың ара сындағы жұмысты жақсарту жағы на үнемі көңіл бөліп отыратын та лап шыл әрі табанды жұмыс атқа ра тын қызметкерлер. Мысалы, был тыр созылмалы жүрек ақауына ұшырап, бала табуына тыйым салынған ананың жүктілік кезеңін толық қадағалап, аман­есен ұл бала дүниеге келіп, жас нәресте мен тәуекелшіл анаға жарық сәулені қатар сыйлай білді.

Қарағанды облысы

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ,«Егемен Қазақстан»

Бауырдың қызметін бұзатын басты себептердің бірі – вирусты гепатиттер. Әсіресе, В, С гепатиттері ба уыр ға өте зиян.

Елімізде гепатиттерді емдеу, диаг нос ти­калау министрліктің «Ден сау лық» бағдар ла­масына енгі зіл ген. 1998 жылдан бері Қазақ­станда В гепатитіне қарсы вакцина салы нып келеді. Соның арқасында ересектер арасында гепа титпен сырқаттану 31,5 есеге төмен деген. Бұған ха лық тың вирус тар ту ра лы сауат ты лығы мен судың таза лы ғы және вакцинаның көмегі көп болыпты. Енді Дүниежүзілік ден сау лықты сақтау ұйы мы осы жы лы гепатиттерді біржола жою ды мақ сат етіп отыр. Қазақстан да бұл бас та маға өз үлесін қосып, ау ру дың алдын алу шараларын ша масынша жасап келеді. Десек те, вирусты гепатитке шалдығу жағ дай­лары азаймай отыр. Тіпті оның жасарып келе жатқаны алаң датады. Денсаулық сақтау ми­нистрлігі медициналық көмекті ұйым дас тыру департаментінің әлеу мет тік маңызды аурулар ке зін де меди циналық көмек көрсету бас қар­ма сы ның басшысы Гүлнәр Сәр сен баеваның дерегінше, бүгінде елі мізде В, С гепатитімен ауыратын 42 мыңнан астам адам бар. Бұл көр­сеткіш былтыр 35 мыңды құ ра ған. Ал 2011 жылдан бері Қа зақстанда осы вирустарды жұқ тырған 6 мыңнан астам науқас емделіп шыққан екен.

Вирусты гепатитке шалдыққан жан дар медициналық көмектің кепіл дендірілген

көлемі шеңбе рінде тегін емделеді. Маман­дары мыз қа уіп ті вирус жұқпа ларды дер ке­зінде анық тау, нау қас тар ға тиімді ем қол дану бағы тын да үздіксіз ізденіп, жұрт шы лық ты аурудың алдын алуға үн деп ке леді.

Әлбетте, мамандардың алаң дай тын жөні бар. Бауырдың қыз метін бұза тын вирустар ба уыр цир ро зы не месе қатерлі ба уыр ісігі сатысын да, яғни емдеу мүмкіндіктері шек­теулі кезде ғана білінеді. Бел гілі гепа толог­маман, профессор Күл пәш Қали асқарованың айтуын ша, адам өзінің бойында вирусты ге­па тит бар­жоғын тек арнайы қан са рап тамасы арқылы ғана анық тай алады. Сондықтан, тым бол маса жы лына бір рет бауыр гепа тит теріне тексеріліп отыру керек. «Ви русты гепатит организмде тып­тыныш орнығады. Адам өзін ауру мын деп сезінбейді де. Сыр қат әб ­ден асқынған кезде ғана белгілер бай қалады. Ол кезде тым кеш болуы мүм кін. Әрі ба­уырдың қасиеті сол, ол ешқашан ауыр ғанын білдірмейді. Жан ға ба тып ауырмағаннан кейін адам оның белгілерін елемейді. Тіпт і басқа сырқаттың белгілерімен ша тастыруы мүмкін. Мысалы, бауыры ауыратын адам қышынады, буындары ауырады, бүйрегі де сыр беруі мүмкін. Бірақ науқас бауырым ауырады­ау деп күдіктенбей, аллерголог, ревматолог секілді мүлде басқа саланың мамандарын іздеп кетеді. Сондықтан, әркім ден саулығына ұқыптылықпен қарап, жо ғарыда аталған белгілерді өз бойынан байқаса, алдымен ба-уырын тексерту қажет», дейді профессор.

А л Ұ л т т ы қ о н к о л о г и я ж ә н е

транс плантология ғылыми орталы ғы ның ге-патология және гастроэнтерология бөлімінің меңгерушісі Қа һар ман Есмембетов вирусты гепа тит тердің әлемдік деңгейде талқылануы тегін еместігін ал ға тартады. Дүниежүзілік денсау лық сақтау ұйымының мәліметі бойын ша, дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адам вирусты ге па титтерді жұқтырған екен. Бұл де геніңіз ғаламшардың әрбір үшін ші тұрғыны осы сырқатқа шал дыққан деген сөз. Сондықтан дә рі герлердің мақсаты – ауру-ды а с қынған жағдайға жеткізбеу. Қаһарман Ізбасарұлының айтуынша, бүгінде еліміздің барлық облыс орта лықтарында, қалаларда гепатиттермен күресетін гепа тологиялық орталықтар құ рыл ған. Бір ғана Ұлттық онколо гия және трансплантология орта­лығының бөлімшесінде жылына 500 адам вирусты гепатитке қарсы ем алып шықса, олардың 20­сы жарамсыз болып қалған бауы­рын ауыстырады екен.

Жалпы, вирусты гепатиттер тіс ем ­деу кезінде, татуаж, пир синг, мани кюр жасатқан кез де за рар сыздандырылмаған құ­рылғы лардан да жұғуы мүмкін. Ауру адам – жұқпаны таратудың көзі. Сон дықтан, ма-мандар сұлулық салон дарына барған кезде инелердің за лал сыздандырылуына айрықша мән беріп, тазалықты қадағалауға ке ңес береді.

Басының амандығы мен бауы рының бүтіндігін ойлаған әрбір адам саламатты өмір салтын ұс танып, майлы, қуырылған тағамды шектеп, тамақтану тәртібін де сақтаған жөн, дейді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау министрлігі В ге­па титіне қарсы вакцинаны сатып алуды тамыз айында аяқтап, қыр күйек айында медициналық ұйым дарға жеткізуді жоспар-лап отыр.

Бастың амандығы – бауырдың бүтіндігінде

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақ «басың аман, бауырың бүтін болсын» деп тегін айтпаған. Амандық-саулықтың белгісі бауырдың бүтіндігімен өлшенген. Бұл орган қанды тазартатын, ағзаны улы заттар-дан қорғайтын сүзгі іспетті. Ол минутына миллиондаған улы затты ыдыратып жібереді. Алайда, адамға адал қызмет атқаратын бауырдың өзі ауырса, сырқатын білдірмейді. Былайша айтқанда, бауыр «айтпай азап шегеді». Сондықтан, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, бауырды сақтай білген жөн. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жүкті әйелдерге жіті қызмет көрсетеді

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бүгінде отандық медицина саласының жас мамандары даярланып, жаңа технологияның тiлiн бiлетiн білікті жастар келіп жатыр. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Газетке бет әзірлеу барысын­да гинекология бөлімінің мең­ге рушісінен де сұхбат алу ға тиіс ті едік. Фототілші екеу мізге дәрі герді кабинетінің алдында біраз күтуге тура кел ді. Қаралуға кел ген науқас ке ліншек киініп, шығып кеткеннен кейін бізді қабылдаған бөлім меңгерушісі біразға дейін өз­өзіне келе алмай, ауыр күй кешіп отырып қалды.

– Кешірерсіздер! – деді бір уа қытта дәрігер. – Жап­жас қой. Қандай обал! Төрт баласы бар екен...

Біз әңгіме ауанын бірден түсін бесек те, жайсыз жағдайға тап кел генімізді біліп, үнсіз қал­дық. Дә рігер сөзін жал ғас тырды.

– Бұл ауру білдірмей құрта­ды. Ең жаман жері де осы. Жа­ңа ғы жас келіншектің күйеуі қайтыс болғанына сегіз жылдай болыпты. Төрт баласын өзі жал­ғыз сүйреп жүріп, дәрігерге қара­луға да мұршасы болмаған ғой. Жастай жесір қалса да кү йеуге шығуды ойламаған. Бұл – жатыр мойны ісігі. Әбден ас қын ған­да келіп тұр... Ертерек қа ралса, мұндай жағдайға душар болмауы мүмкін еді?!

Қарап отырсақ, қазірде ұлт таң дамай, әлемнің әр түкпі ріндегі әйелдер арасында дендеп бара жатқан дерттің бірі – осы жатыр мойнының ісігі.

Әрине, біздің елімізде әлеу­мет тік жағдайына қарамай, осы кеселдің шеңгеліне ілікпеу үшін ал дын ала сақтандыру, ақ па­рат тандыру жұмыстары жүріп жатады. Жұмысбасты қыз­ке­ліншектер мұның біре уін білсе, біреуін білмейді. Мә се лен, жыл сайын жыл басында Қазақстанда дәстүрлі түр де жа тыр мойнының ісігі туралы хабардар ету апталығы өте ді. Бұл шараға Денсаулық сақ ­тау министрлігінен бас тап, Қа­зақ онкология және ра дио ло­гия ғылыми зерттеу инс титуты, ден саулық сақ тау басқармалары және ай мақтық онкологиялық орта лық тар мүдделілік танытады. Жоспарлы шаралар шеңберінде барлық жастағы әйелдер тегін гинекологиялық тексерулер-ден өтуге шақырылады. Тексеру барысында пап­тест (өзгеріске ұшыраған, яғни атипиялық жасу-ша бар­жоқтығын тексеру үшін

жатыр мойнынан жағынды алу) жүргізіледі.

Ал біз бұл мақаламызда дә­рі герлер адам ағзасындағы ең қым бат, «ең қадірлі» орган деп есеп тейтін жатыр мой ны ісі­гіне шалдықпаудың жол да ры бар екендігін қыз­келін шек тер қапе ріне салуды мақсат тұ тып отырғанымыз белгілі.

Мәселен, пап­тестіден өту мүм кіндігі Қазақстанда он ко ло­гиялық қызметті дамы ту жөнін­де гі мемлекеттік бағдарлама шең­берінде бес жыл да бір рет 30­60 жас ара лығындағы әйелдерге бе ріледі.

Алматыда жатыр мойны ның ісігін ерте анықтау үшін ашық есік күнін өткізіп жүрген Қа­зақ онкология және радиология ғылым­зерттеу инсти тутының ма мандары әйелдерде ешқандай ауру белгілерінің болмағандығы бәрі жақсы деген сөз емес дейді. Жатыр мой ны ісігі асқынғанға дейін еш қан дай белгілерсіз жүретінін жоға рыдағы оқиға айтып тұр ған жоқ па?! Мұндай жағдайда адам ға бірінші кезекте алдын ала дәрігерге қаралып тұру кө мек тес пек. Оның үстіне мемле­кетіміз бұған тегін тексерілуге жағдай туғызған.

Яғни, пап­тестінің теріс нәти жесі жатыр мойнында ати­пия лық жасушалар жоқ дегенді біл діреді. Ал пап­тестінің оң нәти жесі жатыр мойнында «на­шар» жасушалардың бар екен­дігін білдіруі ықтимал, демек сізге қосымша зерттеуден өт­кен жөн.

Дендеп тұрған дерт туралы Қазақстанның бас онкологы, ме-дицина ғылымының докторы Диляра Қайдарова былай дейді: «Жатыр мойнының ісі гі ауруы әлемдегі елеулі мә се ле болып тұр. Бұл кесел қа тер лі ісіктердің ішін­де дү ние жүзіндегі әйелдерде ең жиі кез десетін түріне айналды. Обыр аурулары бойынша жа тыр мойны ісігі екінші орынға шық­ты. Жыл сайын жарты миллионға жуық әйел осы ауруға шалдығып, шамамен 288 мың әйел көз жұ­ма ды. Жатыр мойны ісігінің қо­ғамға кесірі үлкен. Өйткені, бұл ауру әсіресе 30­40 жастағы және одан үлкендеу жастағыларда кездеседі. Бұл әйелдердің от-басын құрып, қызмет етіп, бала бағып, күнделікті тіршіліктен қол­дары босамайтын кезеңі. Жа тыр

мойнының қатерлі ісі гі диа гнозы әйелдің жеке басын, оның отба-сын, достарын үл кен күйзеліске салады. Жә не оны емдеуге мемле-кет пен қоғам тарапынан қыруар қар жы жұмсалатындығын да еске-ру қажет».

Еуропа елдерінде жыл сайын жатыр мойны ісігі ауруына 60 мың әйел шалдығып, 30 мың әйел бақилық болады. Дүние жүзінде қазір осы диагнозбен өмір сүріп жатқан әйелдердің саны 175 мыңнан асқан. Бұл да толық ста-тистика емес.

Біздің елімізде бұл ауру 2015 жылы 1826 әйелде бар еке ні анықталған. Оның ішінде аурудың асқынған және кең та­рал ған түрі 233 әйелде кездескен, бұл – 12,9 пайыз. Ең өкініштісі, бұрнағы жылы Қазақстанда осы-нау дерттен 600­ден аса әйелдің қайтыс болғандығы тіркелген. Өткен жылғы деректер бойын-ша, елімізде «жатыр мойны ісігі» диаг нозымен есепте тұрған әйел­дер саны 11 578 болған. Тиіс ті мекемелер қазір 2016 жыл дың деректері зерттеліп, да йындалып жатқанын айтады.

Оған дейін мамандардың айтары, берер кеңесі төмен­дегідей. Қазірге пап­тест жа­тыр мойны обырының алдын алудың бірден­бір жолы болып та был мақ. Жатыр мойнынан алын ған жағынды атипиялық жасу шаларды анықтауға мүм кін­дік береді. Өзгеріске ұшы раған мұндай жасушалар сәй кес емі болмаса, уақыт өте келе обырға айналуы ықтимал. Дамыған ел ­дерде скринингтің тұрақты түр­де жүргізілуі жыл сайын анық­та латын жаңа ауырғандар санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік беріп отыр.

Мамандар нақты зерттеу­лер дәлелдегендей, дұрыс ұйым­дастырылған жаппай скри нинг арқылы осы аурудың 80 пайызына дейін алдын алу ға болады дейді. Оның үс ті не бізде қазір тиімділігі жо ғары үш вакцина бар, олар онкогенді қауіптілігі жоғары адам папилломасы вирусы инфекция-сын жұқтырудың жолын кесетін көрінеді.

Қысқасы, қоғамды жатыр мой нының қатерлі ісігінен құт­қа ру үшін бұл ауруды жаңа ғы лыми зерттеулер тақырыбы ре тінде қарастырғаннан гөрі, скрининг, яғни ерте бастан тек серілу мен егу арқылы ал­дын алу мүмкіндіктерін пай­даланғаннан басқа жол жоқ.

АЛМАТЫ

Білдірмей жұтатын дерт–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осыдан біраз жыл бұрын Алматыдағы үлкен емдеу мекемесі туралы мерейтойлық мақала жазуға барып тұрып, өкінішті бір оқиғаның үстінен түскеніміз есте. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Атырауда ай­күні жеткен әр бесінші әйел баласын кесу тілігі арқылы өмірге әкеледі. Тіпті қазір толғақтың азабын ауырсы­нып, ота жасатуды сұрайтын ана лар қатары көбейді. «Әйел ден саулығы үшін кесу тілігінің кесірі көп» дейді дәрігерлер. Өт­кен жылы өңірде бес ана өлімі тіркелді. Ал биылғы 5 шілдеде жас ана кесар тілігі арқылы егіз ба ласын дүниеге әкеліп, жеті са­ғаттан соң көз жұмды. Ол бұған дейін де үш баласын «пышаққа түсіп» босанған. Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, қазір ана өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 317­бабы 3­бөлігімен сотқа дейінгі тергеу­тексеру жүріп жатыр. Қайғылы жағдай дәрігерлердің салғырттығынан ба, әлде басқа себеп болды ма, оны тексеру анықтайды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мән­шүк Аймұрзиева қауіпті жүктілік пен ана мен бала өлімі көрсеткіші жоғары болып тұрғанын ай-тады. Жыл басынан бері 7818 ана өмірге сәби әкелген. Соңғы жыл дары уақытына жетпей бо­сану деректері көбейіп тұр. Биыл дың өзінде 492 бала шала туған. Медицина дамып, адам­дар дың денсаулық сақтау тура-лы ақпараты молайғанымен, әлі күн ге дейін дәрігерге көрінуді кейінге қалдыра беретінде азаяр емес. «Жүктілік кезінде ме дициналық тексеруден өтпей­тін дер бар. Нақты мәлімет бойын­ша, елу жүкті әйелдің еш жерде тіркелмегені белгілі болды», дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде осы мәселеге қатысты тағы бір жайт айтылды. Қазір ел дәрігерден бұрын балгерлер

мен тәуіптерге көбірек сенеді. Мысалы, Махамбет ауданының тұрғыны – жүкті әйел қалқанша безі ауыратынын біле тұра, емханаға есепке тұрмаған. Іздеп барған дәрігерлерге де көрінуден қашыпты. Туыстарынан белгі­лі болғандай, ол Құлсары қала­сындағы бір емшіге қаралған және соның ғана айтқандарын іс теп, дәрі қабылдамаған. Соның салдарынан мерзімінен бұрын босанып, өмірге шала нәресте әкелді. Дәрігерлер баланың жағдайы нашар екенін айтады. Өкініштісі сол, мұндай дерек-тер ел арасында аз кездеспейді. Бұған дейін де тәуіпке көрінемін деп ажал құшқан Махамбет ауданының тұрғыны туралы айтылған болатын. Осы жайтты қаперге алған аймақ басшысы құзырлы органдарға лицензия-сы жоқ бақсы­балгерлерге шара қолдану қажеттігін тапсырды.

АТЫРАУ

Ауру бала, ажал құшқан ана...

ДЕНСАУЛЫҚ

Page 9: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ 9ЗЕРДЕ

Нәзір Төреқұлов – өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғаларының бірі. Мемлекет және қоғам қайраткері Н.Төреқұлов туралы, оның ерен еңбек­те рі мен дипломатиялық қызметтері жө­нін де дипломат, ғалым Тайыр Мансұров үлкен еңбектер жазды. Н.Төреқұловтың өмір жолын терең зерттеп, зерделеп, ол туралы бірнеше кітаптарын орыс, ағылшын, қазақ тілдерінде баяндап, әлемге жәрия етті. Бұл жөнінде Ресейдің көрнекті мемлекет қайраткері, акаде­мик Е.Примаков былай деп баға бе­реді: «Әрбір мемлекеттің сыртқы сая­саты өткеннің тәжірибесіне сүйенсе, өзі нің дипломатиялық мектебінің тұ ­тас бір ұрпақтары жасаған амалдар мен әдістерді пайдаланса ғана ба­рын ша тиімді болмақ. Міне, осы тұр­ғыдан алғанда, бізден тым алыс та емес аса маңызды оқиғаларды ұмыта са лу ештеңемен ақтауға болмайтын нәр се. Мысалы, Кеңес Одағы мен Сауд Ара­биясы арасында қарым­қаты нас ондаған жылдар бойына «елеу сіз қалып», тек 1990 жылы толық көле мінде қалпына келтірілгені мәлім. Ал, бұл қатынастар өткен ғасырдың 20­30 жылдары, тұтас он жылдай уа қыт бойы қарқынды өрлеп, шын мә нінде әріптестік қатынастар бол­ды. Қандай да бір мемлекетке қатысты сая си бағдар көбіне оны кім және қа­лай жүзеге асыратындығына байланы­сты болады. Бұл ретте КСРО­ның Сауд Арабиясындағы өкілетті өкілі Н.Төре­құловтың аса көрнекті рөлі даусыз. Сол жылдардағы басшылықтың ислам жерін­дегі өз өкілі ретінде, біріншіден, діннің бар лық қалтарыстарын те рең тү сінетін, екін шіден, аса зиялы, білімдар, рево­люция ісіне адал мем лекет қайраткерін са налы түрде таң дап алған кадр саяса­тына да тиісті бағасын беру керек. Бұл өзін толайы мен ақтаған таңдау еді. Нәзір Төре құ лов сегіз жыл бойы (1928­1936) өз елінің Сауд Арабиясындағы лайықты өкілі бола білді – бұл сол уақыттағы ре корд тық мерзім... Н.Төреқұловтың еңбекқорлығы, батыл ойы, жергілікті шейхтермен қатар, «антогонистердің» – Англиядан, басқа да Батыс елдерінен келген дипломаттардың тілін тапқан шеберлігі қайран қалдырады. Өкілетті өкіл қорольмен, оның ұлдарымен де ете­не жақындасады. Ең ауыр тапсырманың өзін орындауға дайын тұру, туындай­тын мәселелерді шын мәнінде мемле­кет тік тұрғыда шешуге ұмтылу Н.Төре­құловты кеңестік «алғашқы толқын» дип ломаттары арасындағы жарқын тұл­ғаның бірі деуге негіз береді».

Нәзір Төреқұлов өзінің тыным сыз іскер лігі, ізденімпаздығы, жасам паз­дығы мен өмірде жиған мол тәжіри­бесінің арқа сында, ол жасындай қысқа

ғұмы рында туған халқы мен Отаны на пайдалы көп іс тындырды. Оның тұлға­сы Абай мен Шоқанның ұлы мұ ра сы ның ықпалымен, Әлихан, Шә кәрім, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбек және басқалармен рухани дидарласу ар қылы қалыптасты. Н.Төреқұловтың сая саткер ретінде қа­лып тасуы ХХ ға сырдың 15­20 жылда­рына – аса күрделі, қым­қуыт, ғалам­шардың алтыдан бір бөлігінде ауқымды әлеу меттік тәжірибе – жаңа қоғам ор на ту тәжірибесі жүргізіліп жатқан уақыт қа тұспа­тұс келді. Осынау қиын, Орта­лық Азияның халқы үшін болашақ тағ­дыр ды айқындайтын кезеңде Н.Төре­құлов Түркістандағы ең жоғары мем­лекеттік һәм партиялық қызметте бол ды. Оның өз мұратынан ешқашан айнымай­тын ұйымдастырушылық және наси­хатшылық қабілеті алғаш рет тап осында байқалды. Ол өзінің мұратына сай ғұмыр кешіп, еңбек еткен, жарқын болашаққа, әділеттің салтанат құруына сенген.

Қазақ қайраткерінің Түркістан ха­лық та рының басын біріктірудегі тари­хи еңбегі орасан зор. Акмал Икрамов, Абдул ла Рахымбаев, Қайғысыз Атабаев және Түркістан өлкесінің басқа кемең гер көсемдерімен етене араласқан Нәзір, осы өлкедегі бірігу үдерістеріне нақты ықпал ете алатын, солай етті де.

ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылда­рында Түркістан Республикасын бас қа­рып тұрғанда Н.Төреқұлов ірі қалаларда Ташкентте, Түркістанда, Піш пекте (қазіргі Бішкек), Алматыда, Шым кентте, Қызылордада, Әулиеатада (қазіргі Тараз), Ашхабадта, Самарқанда, Душанбеде, Қоқанда, Хорезмде, Бұқа рада көптеген оқу орындарын, мектеп тер, коледждер мен институттар ашу ға атсалысты, тер төкті, білім шы ра ғын жақты. Жоғарыда аталған шаһа р ларда газет­журналдар ре­дакциялары құры лып, жаңа баспаханалар ашылды. Шар уа ларға, дихандарға жер үлестері бө лініп, ауыл шаруашылығы қолға алынды. Фабрикалар мен зауыт­тар салына бас тады. Жұмысшылар тобы пайда бол ды.

Айта кету керек, маркстік дүние та ­нымды берік ұстанған Нәзір Тө реқұлов Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып істеген жылдары жаңа өкімет пен діннің ық палдастығында саналы мәмілеге қол жеткізу жолында ғала мат жұмыс ат қа рды. Оның респуб­ли каның бар лық ұйымдарында демалыс күнін жек сенбіден жұмаға ауыстыру ту­ралы қау лыға қол қоюды ұйғаруы – оның азаматтық батылдығы мен көрегендігін айғақтайтын шара.

Ағартушы, қөсемсөзші ретінде Н.Тө­ре құ ловты Түркістандағы ұлттық тілдер тағ дыры толғантпай тұра алмаған. Ол тұр ғылықты этностардың тілдеріне мем ле кеттік мәртебе берілгеніне, іс қағаз дарының жергілікті халық тіліне

кө шірілгеніне, ұлттық мектептер мен кі тап өнімдерінің, бұқаралық ақпарат құрал дарының қатары өскеніне шынайы сүй сінді. Жаңа түркі әліпбиі жөніндегі коми ссияның төрағасы ретінде араб жа­зуынан латыншаға көшудің қажеттігін негіздеді. Латыншаға көшірудің барлық түркі этностарына, ұлттық сезіміне, жазба мәдениетіне қатыстылығын анық біліп, дайындық кезеңінің басты міндеті бір жағынан үгіт­насихатқа мейлінше зейін қою, латыншаға көшуге көмектесетін жергілікті ұйымдастыруды нығайту, екін ші жағынан жаңа түркі әліпбиіне көшу ді ғылыми негіздеуді қамтамасыз ету деп санады.

Орта Азияда күн санап өсіп келе жат қан Түркістан республикасының ғұ мы ры ұзаққа бармады, небәрі төрт

жыл ға жуық жасады. Республиканың не гіз гі бөлігін құраған ұлттардың саяси басшыларының арасындағы өза ра келіспеушіліктер мен бірін­бірі түсін­беушіліктер, араздастықтар болды. Әр ұлттың серкелері өз алдына дербес рес­публика болуды, сөйтіп әрқайсысы өз алдына басшы болғанды мақсат тұт ты. Бұндай көзқарастар Мәскеудегі Одақ басшыларының шовинистік ой­пиғыл­дарымен сәйкес келген еді. Себебі, Мәс­кеу дегі басшыларға «үй ішінен үй тігіп отырған, күн санап өсіп­өркендеп келе жатқан мемлекет» қай жағынан алып қарағанда да мүлдем керек емес бола­тын. Өкінішке қарай, Түркістан респуб­ликасы 1922 жылдың соңғы айларында таратылды.

Тарихта тек толағай тұлғалар ғана айтулы із қалдырады. Н.Төреқұлов 1922­28 жылдары Мәскеу қаласында КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орта лық баспа басқармасының төра­ғасы қызметін атқарды. Ол өзіне жүк­телген жауапты істі жете бағалап, жа­ңа кеңестік мемлекетте ұлттық мәде­ниеттерді да мы ту дағы маңызын тамаша

түсінген еді. Орталық баспаның 5 жыл­дығына орай 1928 жылы маусым ай­ында өткен мере келік мәжілісте оның басшысы ри зашылықпен былай дейді: «... Орта лық бас па әртүрлі ұлттардың сан миллиондаған бұқарасының кеңес мәдениетінен сусындауына жүйелі жол салып берді, өзі құрылған қысқа мерзімде бірде бір елде болып көрмеген кітап өнімдері базасын жасай алды. Бес жылда ол оқулық, ғылыми бұқаралық, қоғамдық­саяси, көркем, ауыл шаруа шылық және басқа әдебиеттің 59959713 данасын 50­ден астам ұлт тілдерінде шығарды. Кітап өндірісін жасау, ны ғайту және дамы­ту ісімен қатар Орта лық баспа ұлттық мерзімді басылымдар жасап, оларды жақсарту және тарату мәселелеріне бай­ыпты көңіл бө ліп келеді. Қазіргі кезде ол 12 тілде 21 мерзімді басы лым шығарып отырғанын айтсақ та жеткілікті».

Н.Төреқұлов КСРО­ның Сауд Ара­бия сы Корольдігіндегі өкілетті өкілі (1928­1936) болып қызмет атқарды. Н.Төре құловтың Кеңестік өкілетті өкіл­дің Сауд Арабиясындағы аса бедерлі қыз меті дипломаттардың келешек

ұрпа ғына өлмес үлгі­өнеге болып қала береді.

Нәзір Төреқұловтың қысқа болға­нымен нұсқа ғұмырын ой елегінен өткі­зе отырып, оның бойында саяси көш­басшының, көрнекті оқымыстының және публицистің, дарынды дипломат­тың нышандары жас кезінен­ақ байқал­ғанын айту керек.

Болашақ дипломаттың саналы ғұмы­ры ның әу басында оған өз ісіне берілген және елінің, халқының мүддесіне қыз­мет етуге даяр кісілер жолықты. Бі рінші дүниежүзілік соғыс пен азамат соғы­сының сұрапыл жылдарында, сондай­ақ Түркістанда Кеңес өкіметінің орнығуы кезеңінде жиналған саяси күрес тәжірибесі – мұның баршасы, сөзсіз, тағдыр оны жоғары мемлекеттік қызметтерге, кейінірек дипломатиялық соқпаққа же­телеген болашақ өміріне мол шарапа­ты тиген баға жетпес қа зы на еді. Нәзір Төреқұловтың Таяу Шы ғыс тағы болашақ, табысты да тиім ді дипломатиялық жұмысының негі зінде оның Орталық Азиядағы және Мәскеудегі бүкіл қызметі жатыр. Өзі нің көп қырлы жұмысында қазақ халқының тамаша ұлы терең білімімен, кең көзқарасымен өзін шынайы интернационалист ретінде көрсете білді. Өмірді бүге­шігесіне дейін танып­білу жас жігітті шыңдап шығарды, оның өз күшіне сенімін арттырды, жауапкершілік сезімін тәрбиеледі, өз Отанының мүддесіне қызмет етуге дайын етті.

«Үштікт ің шешімімен» 1937 жылдың 3 қарашасында Н.Төреқұловты ату жаза сы туралы үкім шығарылып, сол күні Мәскеуде орындалды. КСРО Жоғарғы Әскери коллегиясы 1958 жылдың 28 қаңтарында Нәзір Төреқұловтың ісін қайта қарады. Істің және қосымша тергеудің мате­риалдарын тексеріп әрі бас әскери прокуратураның қорытын дысымен келісіп, КСРО Жоғарғы Со ты ның Әскери коллегиясы шешім қабыл дап, Н.Төреқұловты толық ақтады.

Бірақ бұл үкім тым кеш еді. Тамаша адамн ың, талантты дипломаттың ғұмы ры ешбір мән­мағынасыз тым ерте үзіл ге ні жанымызды күйзелтеді. Қатыгез әділет сіздікке жол бер­ген КСРО­ның бас шыларына аса наразылық білдірген Сауд Арабияның корольдігі Кеңес тер одағымен елу жылдың шамасында дипломатиялық қатынасын үзді.

Бүгінде Нәзір Төреқұлұлының елі­міз ге, ұлтымызға сіңірген ерен еңбек­терін бағалап, көптеген мектептерге, көшелерге оның атын қойып, құр­меттеп, еске алуда. Оның өмір жолы, мем лекеттік және дипломатиялық қыз­меттері зерттеліп, зерделенуде.

Нәзір Төреқұловтың жарқын да, жұл дызды ғұмырының болашақ ұр па­ғымыздың, ұлтымыздың рухани жеті­ліп, өркендеп­өсуі үшін маңызы зор, тағылымы ерекше.

Айыпберген БАЛТАБАЙҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, нәзіртанушы

Жұлдызды ғұмырАЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ

ЕСІМІ ЕЛДІҢ ЕСІНДЕ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін тарихтағы бірталай «ақтаң дақтардың» беті ашылып, бүған дейін айтылмай келген, айтылса да мардымсыз сөз етілген көптеген көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің есімдері қайта жаңғыртылып, олар туралы кеңінен жазыла бастады. Міне, сондай тұлғалардың бірі – Нәзір Төреқұлов.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бірде Сыртқы істер министрі Т.Тәжібаевтың кешкі сағат 18:00­де институттың акт залында ұжыммен кездесу өткізетіні жөніндегі хабар тез тарады. Зал студенттер мен мұғалімдерге лық толды. Айтылған мерзімде ішке бірнеше адам кіріп, президиумға жайғасты. Олардың қатарында Төлеген Тәжібаев, облыстық партия комитетінің хатшы­сы, облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қалалық партия комитетінің хат­шысы бар еді.

Кездесуді облыстық партия комитетінің хатшысы ашып, Қазақстан Сыртқы істер министрі Төлеген Тәжібаевтың қонаққа келгенін хабарлады. Министр жақында ғана В.М.Молотов бастаған Кеңес Одағы делегация­сының құрамында Америкаға іссапармен барып қайтқан екен. Содан кейін Төлеген Тәжібаевқа сөз берді. Мен бірінші қатарда отырған едім. Төлеген трибунаға шыққан кезде оның мен ойлағаннан өзгеше екенін байқадым. Мен оны интеллигент, бойы ұзын, шляпа киген, көзілдірік тағынып, таяқ ұстаған кейіпте елестеткенмін. Алайда, көз алдымда орта бо й­лы, мығым денелі, көзілдірігі мен таяғы жоқ, «кірпі» деп аталатын қысқа шаш үлгісі бар адам тұрды. Ол анық әрі түсінікті етіп, қағазға қарамай сөйледі. Сол жылда­ры елдің бәрінің қағазға қарауы дәстүрге айналған­ды.

Оның баяндамасы 1 сағат 10 минутқа созылды. Ол Аме­рикаға В.М.Молотов бастаған топпен бірге БҰҰ­ның құжат­тарын әзірлеуге барғанын айт­ты. В.Молотов Тәжібаевтың Қа­зақ КСР Сыртқы істер ми нистрі екенінен хабары бар­тұ ғын. Тәжібаев топ құрамына КСРО сыртқы істер министрі А.Я.Вы­шинскийдің (1883­1954 ж.ж) ұсы­нысымен енген болатын.

Делегация АҚШ­та 3­4 ай бойы тоқтаусыз еңбек етіпті. Өйткені, америкалықтар әзірлеген БҰҰ құжатының жобасының әр тармағына қатысты пікір алмасып, нақтылап, өзгерістер енгізуге тура келген. Тіпті, кейде бір мәселеге бола түнгі үшке дейін дауласқан кездері болған екен. Төлеген Тәжібаев америкалықтардың пікір алмасу ға құлықты емес екенін, не ұсы нып, не бас тартатынын түсін генін айтты. «Біз әр сұрақты тал қылап, деректер мен аргумент келтірдік. В.М.Молотов біздің жұмысымызды қадағалап, керекті материалдарды Мәскеуден жет­кізіп тұрды. Америкалық өкілдер «иә», «иә», не «жоқ», «жоқ» қа­ғидаты бойынша әрекет етті. Ал біз логикалық тұрғыдан келдік. Сөйтсек, Америкада логика мен философия ғылым ретінде қа­растырылмайды екен. Ал қа­зақтарға логика жете таныс», – деді ол.

«Бізде оны «уәж», яғни аргу­мент деп атайды. АҚШ­та жүріп

Вышинскийдің заңгер әрі мықты ойшыл екеніне көзім жетті, – деді Т.Тәжібаев әрі қарай. − Кейде ол ай­тып тұрады, мен жазамын. Көбіне бірге талқылағанда логикасы маған қанық болды. Вышинскийдің топқа мені неліктен қосқанын енді түсіндім, мен одан көп нәрсе үйрендім. Осылайша, БҰҰ­ның бүкіл құжаты біздің айтуымызбен қабылданды. Америкалықтарды аргумент арқылы жеңдік».

Сөзінің соңында Вы шинский «Фи лософияны, әсіресе, диалек­тика мен логиканы терең зер­делеңдер. Олар сындарлы ой лауға және өз позицияңды ұстап қалуға көмектеседі деді».

Бұл – өте қызықты кездесу болды, оның мағынасын кейін түсіндім. Кездесу соңында инс­титут директорының орынба­сары Абдулла Хусаинұлы Темір­беков оған аса қызықты баяндама жасағаны үшін алғыс айтты.

Төлегеннің Қызылорда мем­лекеттік педагогикалық институ­тын таңдауы жайдан­жай емес. Сол жылдары Қазақстанда 7 жоғары оқу орны бар еді. Соның алтауы Алматыда орналасқан. Ал қалған институттар толық емес жоғары оқу орындары бо­латын. Сондай­ақ, Қызылорда мемлекеттік педагогикалық инс­титуты Владивостоктан көші­рілген­ді. Ұстаздардың көбі Ре­сейден келген педагогтар мен корей халқының өкілдері еді. Сондықтан да институттың ала­тын орны ерекше болды.

Қазақстан Коммунистік партиясының орталық комитетінде бірінші хатшы болып қызмет атқарған П.К.Пономаренко Тәжібаевты жоғары бағалады. 1957­1959 жылдары Пономаренко КСРО­ның Үндістандағы елшісі міндетін атқарды. Онымен бірге Төлеген Тәжібаев та консул ретін­де дипломатиялық қызмет істеді.

Төлеген Тәжібаевтың жеке

өмірі туралы маған ғалым және қоғам қайраткері, бұрынғы Ауыл шаруашылығы министрі, пе­дагог, Қазақстан ғылым акаде­мия сының академигі Хайдар Арыс танбеков (1919­2008) ай­тып берді. Бұл 70­жылдардың соңы еді. Біз «Сарыағашта» де­малып, әрі емделіп жатқан едік. Люкс нөмір дің бірінде жиырма күндей жат тық. Сол уақытта Шыңғыс Айт матовтың «Боранды бекет» кіта бының журналдық нұсқасы жарияланды. Біз кітап туралы, ондағы басты кейіпкер жөнінде, адамдар бол мысының түрлілігіне қатысты пікір ал­масып отырғанда, әңгіме ауа ны Төлеген Тәжібаевқа ауыс ты. Ол Төлегеннің жетім өскенін, орыс отбасында, кейіннен интернат­та тәрбиеленгенін айтып берді. Сол арада оның білімге деген құмарлығы басталыпты.

Төлеген мен Хайдар екеуі де та нымал азамат болған кезінде танысқан екен. Хайдар ол тура­лы жағымды пікір айтты. Ол өте ұқыпты, байқампаз адам болып­ты. Кейде бірге аңшылыққа да шыққан көрінеді. Төлеген дала­ны, таза ауа ны жақсы көрген. Аң­шылық деген аты ғана, ешқан­дай аң атпаған. Алайда оған мұ­қият әзірленіп, керектің бәрін өз дерімен бірге алып барады екен. Көбіне Іле өзеніне таяу тұс тағы Аяққалған құмына таяу маңда серуендепті. Кейде Ғабит Мүсірепов оларға қосылады екен. «Біз осылай демалдық. Төлегеннің әйелі аурушаң болатын. Қонаққа ешкімді шақырған емес, өзі де ешқайда бармайтын. Ол ҚазГУ­дің, мен Аграрлық университеттің ректоры едім. Бос уақытымызды осылай өткізіп тұрдық», – деп әңгімелеп берген еді сонда Хайдар Арыстанбеков.

Досмұхамбет КІШІБЕКОВ,академик

Парасатты тұлға

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мен өмірде академик Төлеген Тәжібаевпен бетпе-бет пікір-лескен емеспін, бірақ Қазақстан КСР Сыртқы істер министрінің еңбек жолы туралы баспасөз беттерінен таныспын. Бірде, оның атақты баяндамасын тыңдаудың сәті түсті. Ол 1946 жылдың күзі еді. Әскерден келген соң, Қызылорда мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түскен болатынмын. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ертеректе мемлекет және қоғам қайраткері, ақын Кәкімбек Салықов ағамыздың бір сұхбатын оқығаным бар еді. Онда Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын оқымақ түгіл, ол кісінің есімін атауға қорқатын за-манда бұл кітапты кімнен алып оқығанын баяндайды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кітаптың иесі жазушы Жайық Бектұров екен. Өзі ай­дауда болып келсе де, қорықпай, «халық жауы» деп аталып кет­кен Алаш қайраткерлерінің еңбектерін жасырып сақтауға тырысқан. Одан кейін Мағжан ағасын ақтауға қосқан үлесі туралы журналист Жарасбай Сүлейменовтің «Зылиха» деген «Егемен Қазақстан» (2012 жылы) газетінде басылған көлемді мақаласынан оқуға болады. Мағжан Жұмабайұлының зайыбы Зылиха апай күйеуінің жазықсыз ұсталып кеткенін дәлелдеу үшін қол қусырып қарап отырмайды. Осы кезде Мағжан ағасын ақтау әрекетіне Жайық Бектұров та қозғау салады. Зылиха жеңгесіне айтып, сол кезде КСРО үкіметін басқарып отырған Н.С.Хрущевке хат жазғызады. Осы хатқа байла­нысты Мәскеуден нақты нұсқау алған республикамыздың қауіп­сіздік комитеті Мағжан ісін қайта қарауға мәжбүр бо лады. Ақыры, Мағжан ке лесі 1960 жылы ақталады. Мем лекеттік қауіпсіздік комитеті 1938 жылғы айыптауды жоқ қа шығарғанымен, а қ ы н б ұ л ж о л ы т о л ы қ ақталмайды. Қазан революция­сына дейінгі шығармаларының и д е я л ы қ б а ғ ы т ы т у р а л ы қорытынды жасау мақсатында Қазақстан Жазушылар одағы ғалымдары мен тағы басқа ме­кемелерден құрылған топқа тап­сырады. Топты қазақтың белгілі, талантты ақыны басқарады.

Бұл топ мынадай қорытынды шығарады: артында қалған жыр­ларына келетін болсақ, тұтас алғанда өзінің идеялық негізінде бур жуазиялық­ұлттық, демек контрреволюциялық сипат­та болған. Осы топқа төрелік жасаған ақын ағамыз өзінің қателігін түсініп, мойындап Мағжанның 1989 жылы шыққан жинағына алғысөз жазыпты. Бұл да қазақтың белгілі ақынының арылуының бір жолы болған шығар. Журналист Жарасбай Сүлейменовтің айтуы бойынша Жайық ағамыздың Мағжанға, артында қалған жесірі Зылихаға жасаған жақсылықтары аз емес екен.

1989 жылы Мағжан Жұма баев толық ақталып, Жақаң аға мыз өзі көп қамқор лық жаса ған жеңгесі Зылиха мен екеуі арман даған мақсат тары на жетіп, Мағжан шы­ғар ма ларының жинағын көріп, екеуі де мәңгілікке жол тартты. Жа йық Бектұров сынды Алаш қайраткерлерінің қам қоршысы болған тұлғаның тағылымынан кейінгі ұрпақ хабардар болсын, деген ниет біздікі. Өткеннің өнегесін бо йына түйіп өскендер ұлттық болмысын биік ұстай­тыны анық.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ,Қазақстан Журналистер

одағының мүшесі, жайықтанушы

АСТАНА

Алаш қайраткерінің қамқоршысы

ҒИБРАТ

Page 10: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

10 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛРУХАНИЯТ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұлт жебеленсе, жаңбыр шақырады деуші еді. Айтқандай-ақ, жел көтеріліп, Ыстықкөл толқып, аспан күңгірт тар-та бастады. Міне, осындай бұлтты күні біз ел жақтан бір суық хабар естідік. Қазақстанның халық суретшісі Сабыр Мәмбеев ағамыз дүние салыпты... ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қызметтегі мәдениет мәйегі

Патшаның барымтасына, кеңес­тік кезеңнің күнде қырық құбылған қулығына бой алдырмай, тұнық ойы­на дақ түсірмей өткен нағыз ұлт көсемі Әлихан Бөкейхан: «Тірі бол сам, қазаққа қызмет қылмай қой май мын. Ұлтына, жұртына қызмет ету − білімнен емес, мінезден», деп еді. Шы нында, ол кез­де білім кем, мінез мық ты еді. Қазір білім ұшан­теңіз, бі рақ ұлттық мінез олқы, ала­құла, тіл мү кіс, намыс пен ар ақшаға тәуелді болып барады.

«Үш жүздің баласы бәрің де қа­зақсың. Алған бәйгең қазақтікі болады. Алдырсаң да қазақты алдырасың», десе Міржақып Дулатов, «Үміт – мол бір халық пыз», дейді Ахмет Байтұрсынұлы. «Ұлттық еркіндік пен азаттыққа тал­пыну табиғаттың болмай қоймайтын заңы тәрізді», депті Мұстафа Шоқай. Сол арыстар айтқан Алаштың ұлы мен қызы елдігіне қол жеткізіп, төрткүл дүниеге танылды. Сөйтіп, үміті мол ұлт дегеніне жетті. Елбасының кемел ісімен ілгері басқалы қазақтың қадірі кімге де болса, бұл күнде артып тұр. Киелі тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі жер­де мәдениет мәйегінің мән­мағынасын түсіндік пе, түйсіндік пе, терең ұғына алдық па деген ой мазалай береді. Кейбір орашолақ ісімізге, қиюын кетіріп алған жұмысымызға ұялғанда – «көш жүре түзеледі» деп өзімізді­өзіміз жұбата қоя­мыз. Осыған не себеп дейсіз ғой? Ұлттық намыстың ойдағыдай болмауынан ба де­ген күдік көкейден кетпейді. Сондықтан да болар, Елбасының ұлтты рухани жаң­ғырту жөніндегі ұлы ойды ортаға тастап, жұмылдырып отырғаны.

Қызмет көрсету орындарына, емха­наларға, қоғамдық көлікке мінсең, көшеде келе жатсаң небір адам айтса сенгісіз сөзді естисің. Ыңғайсыз қимыл­қозғалысқа куә боласың. Кейде дарақы мінез, жат қылық төбе шашыңды тік тұр ғызады. Үлкенді сыйлау, кішіге ілти пат жетпей жатады. Әлгі қоғамдық көліктің орындықтарында өрімдей жастар телефондарын қызықтап оты­рады да, қалтыраған қарттар тізесі діріл деп тік тұрады. Бұл қалай десең, олардың арасынан дүрсе қоя бере­тіндер, кешегі дәуір кетіп, жаңа дәуір орнағанын санаңа сіңіретіндер табы­ла кетеді. Әрине, жақсы әдет те бар. Біз жақсымызды қалыптастыра оты­рып, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, жоғымызды іздеп тапқан соң, халықтық қалыппен оны ілгері апаруға тиіспіз.

Мәдениетті, терең білімді адам еш уақытта да кеуделемейді. Ұлық болса да, кішік жүреді. Осы күндері елдің арасын­да құқық қорғаушылардың мәдениеті ту­ралы алуан әңгімелер айтылып қалып жа­тады. Әсіресе, ол МАИ қызметкерлерінің өктемдігінен, кеудесін өрге айдап шыға келетінінен, сауатының кемшіндігінен байқалады. Олар «бүйтіп жіберуге бола­ды» деп үлкен­кішіні ықтырып, өзін биік ұстауға бейім тұратыны аңғарылады. Сондай келісімсіз іс өзгелерден гө рі, өз ұлтымыздың өкілдерінен аз кез дес­пей ді. Қазақтың хас батыры Қасым Қайсенов айтты деген бір аңыз сөз ойға түсіп отыр. Ол ақиқат та болуы мүмкін. Кеңес заманында ақ шаң болғанмен ма­шина алу қиынның қиыны болатын. Жоғарыдағылардың шапағатымен батыр ағамыз «Волгаға» қол жеткізіпті. Оның нөмірін алайын деп тиісті мекемеге келе жатқан жолда бір МАИ қызметкері тоқтатқанда, «Әй, сен, анау жақтан шыққан бұйрықты естімеген екенсің ғой. Отан соғысына қатысқан ардагерлердің машинасында нөмір болмайды», депті батыр қызметкердің сауаттылығын білмек болып. Аңырып қалған жігіт «А­а!», деп кешірім сұрапты. Сонда Қай­сенов басын шайқап, «Мынаның сауаты кем, шикібас біреу болды­ау, ә?! Мен құтылдым, ал басқалар тұтылады», деген әттеген­айын айтқан көрінеді.

Тәуелсіз мемлекетімізге қазір шет­елдіктер келіп­кетіп жатыр. Соларға қыз мет көрсету кезінде арадан табыс түсіруді ойлағандар ұятқа қалып жат ­қанын да құлақ шалады. Сонда өзге жұрт өкілдері бұларда қызмет көр­сету мәдениеті әлі жетілмеген екен демейтініне кім кепіл бола алады? Өзгені қойып өзімізді өзіміз алдауға бейім бо­лып бара жатқанымыз да рас. Сол іштегі сайрап тұрған «шындықты» сыртқа шы ғарғанда, жасандылық көрінбей қалмайды. Мұндай ыңғайсыздықты атам қазақ бірер сөзге сыйғызып, «К ө­зің күлімдеп тұр ғой» демейтін бе еді. Жемқорлықтың жегі құрты мен сы­байластықтың өршуі де мәдениеттің кемдігінен екені сөзсіз. Ендеше, қызмет көрсету мәйегін бекіту үшін біріншіден, ақша емес арды ойласақ, екіншіден, ұлт намысы өз намысымыз деп алға оз­дырсақ, үшіншіден, елдігімізді баға­лап, оның киелі екенін, иесі «мен» деген ұғымды әр қазақ төбеге ту етіп көтеріп жүрсе, төртіншіден, өзгенің әлем­жәлеміне көз тіге бермесек – бір сөзбен айтқанда, «Бір адамның бақыты – бір ұлтты бақытты қылуға жетпейді. Ұлтын, Отанын көркейту, қандас, діндес, тілдес бауырларының қамын жеу – бұл жақсы жұмыс. Адамның өз басының көр­кеюімен ұлт көркеймейді, ұлты көр кейсе – өзі көркейеді», деген Жүсіпбек Ай­мауыт ұлының сөзін көкейімізге түйсек, мәдениеттің мәйегі өзінен өзі бүр жарып, бүтін ұлттың ұрпағы қалыптасар еді.

Сүлеймен МӘМЕТ,«Егемен Қазақстан»

Нұрғали ОРАЗ,«Егемен Қазақстан»

Шетте жүргенде мұндай хабар көңіліңді алай­дүлей ету мен бірге жан дүниеңді құ­ла зытып, өзіңді бір жырақта, жал ғыздық құшағында қалған­дай сезінесің.

Қазақ бейнелеу өнерінің асқар таудай алыптары си­реп бара жатқанын ойлағанда біз осы Сабыр ағамызды ме­деу тұтатынбыз. Өткен жы лы үйіне, шеберханасына қай ­та­қайта телефон со ғып, әл­де қашан бақилық сапар ға ат­танған әріптестері, құрдас тары туралы естелік­әңгіме айтып бе руін өтініп, әлденеше рет ма залағанымыз да бар­ды. Сон да ол кісі: «Жақсы. Ме нен, ра сында да, біраз әңгіме тың ­дауға болатын шығар... Бі рақ, бұл жөнінде күзге қа рай ха­бар ласайық, жарай ма. Себебі, жазда бір топ жігіт термен бірге тау ға сурет салуға бармақпын,» деп еді.

Кейін, күз айларының ба­сында телефон соққанымызда ағамыздың ауруханаға түсіп қалғанын бір­ақ білдік. «Әй, мынау тоқсан деген биікке шы ғуға менің шамам жете ме, жоқ па, білмеймін. Бәрі де бір Алланың қолында ғой...» деп, біртүрлі қамығып қалғандай болды.

Содан соң, зыр етіп қыс өтті, көктем өтті, жаз да өтіп бара жатқан­ды...

* * *Ол кісі өте кішіпейіл жан

еді. Өз шығармашылығы жайлы шешіліп, ағынан жарыла сыр ақтаруға ішкі мәдениеті ерік бере бермейтіндей көрі нетін. Есесіне ежелгі өнер тарихы мен көрнекті тұлғалар жайлы

айтқанда, құр атқа мін гендей көсіліп, ұзаққа шабатын­ды.

– Біздің үй осы Алматыда, опера және балет театрының жанында еді ғой, – дейтін Са быр аға балалық шағын еске алған кезде күлімсіреп. – Кеш ке қарай сол маңдағы шағын саябақта ойнағанды жақ сы көретінбіз. Ол кезде театрға адамдар көп келуші еді. Әдемі киінген, көңілді, мәде ниетті жандарға қызыға қарайтынбыз. Күлкілері күміс қоңыраудай сыңғыр ете түсетін апа­әпкелердің қолында шоқ­шоқ гүл болатын. Сондай бір тамаша кез еді...

Кей күндері біз театрдың алдынан атақты композитор Мұқан Төлебаевты көріп қала­мыз. Ол кісі ешкімге ұқ са май­тын ерекше тұлға болатын. Бала қиялымыз көкке самғап, Мұқан Төлебаевтай ұлы компо­зитор болсақ деп армандаушы едік. Бәлкім, содан да болар, мен үшін әлі күнге дейін му­зыка бірінші орында тұратын сияқты».

* * *...Кеше ғана ақ көрпесін

тарс бүркеніп, тым­тырыс жат ­қан байтақ дала бүгін міне, көктем лебімен оянып, ке­ріліп­созылып, күлімсіреп қа­райды. Асау жылғалар сай­саламен асыр салып, бұр қы­рап­сарқырап ағып өткен бо­лар. Қара жер бусанып, жас көк қаулап бой көтере бастап­ты. Топырағы жіпсіп, үгітіліп жатқан құлама жарлар түртіп қалсаң опырылып құлап түсетін сияқты. Сай ж ағасындағы жал­ғыз түп тал дың бұтақтары бүр жарып, тіршілік белгісін сездіре бас таған. Алыста­а­ан ақшыл мұ нарға оранған сиякөк түсті таулардың сілемі көрінеді.

Әлгі жалғыз талдың түбінде

бір әйел отыр. Біз жаққа жон арқасын беріп, биік шыңдарға қараған күйі ұзақ­сонар әңгіме шертуге кірісіпті. Кешегі күн­нің тәтті бір құпиясы ма, жоқ әлде, болашақ жайлы арман ба, кім білсін. Ал оның әңгімесіне құлақ түріп, етбеттеп жатқан еркек, әрине, күйеуі болар­ау, сірә.

Олардың бер жағында үш жылқы тұр қаңтарылып. Біреуі – құлынды бие. Сүп­сүйкімді құлын жұп­жұмсақ, жып­жылы тұмсығымен енесінің бүйі рінен түрткілеп, «неғып тұр мыз мұнда, кетпейміз бе шапқылап» дейтін секілді. Ал енесі болса, «құлыным­ау, ол біздің еркімізде емес қой, мына кісілер қайда барса, біз де сонда барамыз» дейді бәлкім.

Бұлар кімдер?.. Алыс са­пардан қайтқан жолаушылар ма, әлде ауыл шетінде аялдап, демалып отырған малшылар ма, ол жағын анық білмеймін. Сіздерге тек көргенімді ғана айтып отырмын.

Шындығында бұл кісі лердің мұнда келіп жайғас қаны на биыл тұп­тура – елу үш жыл болыпты. Иә... Солай...

Бұл менің «Көктем» атты картинаны алғаш көргендегі әсерім еді. Аталмыш туынды­ны суретші Сабыр Мәмбеев 1964 жылы кенепке түсіріпті. Одан беріде жарты ғасырдан

аса уақыт өтті емес пе. Бірақ, мына картина сізге кеше, ары кетсе, алдыңгүні көрген та­ныс көрініс сияқты әсер етеді. Бәлкім, мәңгілік деген ұғымның тылсым бір құпиясы да осында шығар...

* * *«Уақыт зымырап өтіп ба­

рады, – деуші еді Сабыр аға. – Соңғы кездері өзімді тол­ғандырып жүрген еңбектерімді аяқтап үлгере алмаймын ба деген қорқыныш пайда бола бастады. Сондықтан, әр бір күнді шебер­ханамда өт кізуге тырысамын. Дәл қазір қандай картиналар көз алдыма елестейтінін айтпай­ақ қояйын. Тіпті соны, айтқым келсе де, түсіндіріп бере алмас едім. Себебі, шығармашылық деген әлемнің адам баласына түсініксіз, жұмбақ жайттары көп­ақ. Сондықтан да, сурет­кер өз түйсігіне терең бойлап, ерінбей­жалықпай еңбектене беруі қажет. Ал оған уақыттың қандай төрелік айтатыны, қай заманда көрерменнің қандай баға беретіні – болашақтың еншісінде. Міне, қарағым, су­рет өнерінің осындай бір көзсіз тәуекелі болады...».

Осыдан бірер жыл бұрын Алматыдағы Ә.Қастеев атын­дағы өнер мұражайында Қа­зақстан суретшілерінің көрмесі өтті. Сонда Сабыр Мәмбеевтің картиналары ерекше көз тар­тып, көрермен қауымды алыс­тан шақырып тұрғаны есімде.

Қоңыр кештің жанға жай­лы, мақпал тыныштығы секіл­ді әсер қалдыратын карти на­лардың алдында батар күн нің алқызыл шұғыласын тамаша­лап тұрғандай таң­тамаша күй кешкен жандардың ұзақ кідіріп, ойға шомған сәтін кө рудің өзі бір ғанибет еді.

Қазақстанның халық су­ретшісі Сабыр Әбді рас ыл­ұлы Мәмбеев өткен ғасырдың орта тұсында қазақ бейне­леу өне р ін ің аспанында үркер жұлдыздай жарқырап көрінген талантты буынның белді өкілі болатын. 1946 жылы

Ал матыдағы Н.В.Гоголь ат ын ­дағы көркемсурет учи ли щесін, 1953 жылы Санкт­Петербургтегі Репин атын дағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері инс­титутын тәмамдаған дарынды суретшінің қаламынан туған «Сұхбат» (1954 ж.), «Қа ра кимо­но» (1956 ж.), «М.О.Әу езов» (1957 ж.), «Тауда» (1957 ж., Мәс­кеу дегі Шығыс халық тары мұра­жайы), «Киіз үйде» (1958 ж., Мәскеу, Третьяков галерея сы), «Қоныс ауда ру» (1959 ж.), «Менің қаламда» (1960 ж.), «Терезе ал­дындағы қыз» (1961 ж.), «Көктем» (1965 ж.), «Жас тар» (1968 ж.) атты картинала ры мен пей­заждары бұл күнде бейнелеу өнерінің інжу­маржандары бо­лып саналатын туындылар.

* * *«Әрбір картинамды жа­

зар алдында жан дүниемді бір жұмбақ әуен тербейді, – деп еді бірде Сабыр аға. – Содан соң барып болашақ суреттің нобайы елестейді көз алдыма».

Ол осыны айтып, терезеге қарап ойланып қалған сәтте мен Сабыр ағаның шы ғар­машылығы жайлы көп білетін жан сияқты сезінгенмін өзім­ді. Себебі, суретшінің карти­наларына көз салып тұр ған­да көрерменнің де музыка тыңдағандай ғажап әсерге бө­ленетінін ептеп аңғара тынмын.

Бұл бәлкім, суретші Сабыр Мәмбеев шығармашылығының құпиясы, кілті болуы да мүмкін. Әдетте өз картиналары тура­лы көп сыр ақтара бермейтін ағамыздың сол құпияны бір­ақ ауыз сөзбен жеткізуі де біз үшін күтпеген жаңалық еді.

«Көктем» картинасындағы мәңгілік көктемнің жұпарын жұтып, мәңгілікке аялдап қал­ған мәңгілік бейнелерге қарап тұрып ойлаймын: «Суретші өлген жоқ. Себебі, оның қыл­қаламынан туған картиналар – мәңгілік туындылар. Оны тек біз ғана емес, бейнелеу өне рінің інжу­маржандарын бағалай білетін әлемдегі бар лық көрермен айта алады».

Түркияның Сакарья уни­вер ситетінде лектор болып жұ мыс істейтін Шуле Ертүрік Аныклы тақырыбын терең зерттеу үшін Қазақстанға он күндік сапармен келіп, Алматы және Астана қалаларындағы ұлттық кітапханаларды ара­лап, қазақстандық ғалым дар­дың еңбектерімен таныс ты. Ол сондай­ақ, зерттеу ны сан­дарының бірі «Егемен Қа­зақстан» газетінің редакция­сына соғып, журналистермен жүздесті. Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, Түркиядан арнайы келген қонағымызбен шағын сұхбат құрған едік.

− Шуле ханым, не себепті қазақ баспасөзін зерттегіңіз келді?

− Мен 2004­2005 жылдары Алматыдағы Абай атындағы ҚазҰПУ­да түрік тілінен са­бақ бердім. Жұмыс істей жү­ріп, қазақ тілін үйрендім, қазақ әдебиетімен таныс тым. Кейін Түркияға орал ғанда қазақ тілінің грам мати касы біршама зерттел генін, бірақ әлеуметтік лин гвистика тұрғысынан

қарас ты рыл мағанын бай қа­дым. Әлеу меттік лингвис тика – бұл жаңа бағыт. Ол қо ғам өм ірінің тілге әсерін зерт тейді. Осылайша қазақ тілін әлеу­меттік лингвистика тұр ғы сын­да зерттеуге бел будым. Тіл­ді зерттеудің бірден­бір жо­лы тұрақты жарық көре тін ба сылымдарға талдау жасау екенін түсіндім. Со дан дис сер­тациялық тақы ры бымды бе­кіт тіріп, зерттеу жұмыс та рына кірісіп кеттім.

− Зерттеу жұмысын қа­лай жүргіздіңіз? Неден бас­тадыңыз?

− Түркияда Қазақстанның әлеуметтік құрылымы мен бас пасөзі туралы жазылған кі таптар аз. Сол себепті, ең алдымен, Еуропада шыққан кітаптарды оқыдым. Байқа­ғаным, 2000 жылдарға дейін Ба­тыстың Қазақстанға көзқарасы оң болған екен де, кейін бір­те­бірте сыни материалдар кө бейген. Mенің ойымша, Батыс көзқарасы кейбір мә­се леде объективті емес. Қа­зақстан қарқынды дамыған

– түркі мемлекеті. Қазақстанға келгеніме 10 күндей бол­ды. Алматы мен Аста надағы кітапханаларға бардым. Осы са парымда Қазақстанға көз­қарасым өзгерді. Әсіресе, ме­диаға байланысты. 2004­2005 жылдары келгенімде қазақ ша кітаптар мен бұқа ра лық ақпарат құралдары аз болатын. Қазір біршама кө бейген және сапасы өте жо ғары, заманауи деңгейде. Оның үстіне қазір объективті ақпарат көбірек.

− «Егемен Қазақстан» ту­ралы ойыңыз қандай?

− Дүниежүзілік стандарт­тарға аяқ басқан және объек­тивті ақпаратты көбірек бере­тін басылым дер едім. Бүгінде мен га зет тің интернет нұсқасын

оқып тұрамын, Қазақстанда бо­лып жатқан оқиғалар туралы мә ліметті не гізінен сол жерден аламын.

− «Егемен Қазақстанды» зерттеп жүргеніңізге 5 жыл ға жуық уақыт өткен екен. Қан­дай қорытындыға келдіңіз?

− Газет 2015 жылға де йін ресми тілді көбірек пай да­ланған. Сондай­ақ, тақы рып ауқымы да қазіргіден тарлау болған. Соңғы 1­2 жылда газет қатты өзгерген. Заманауи, ин­тел лектуалды, тақырып ауқы­мы кең, сайты бар жаңа ме диа жобаға айналған.

− Б и ы л Е л б а с ы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағ дар: рухани жаңғыру» ат­ты ма қаласын жариялады. Ма қалада Мемлекет бас шы­сы рухани жаңғыру аясында көп теген көкейкесті мәсе ле­лер ді көтерді, солардың бірі – қазақ тілінің латын әліп­биі не өтуі. Сіз осыған қалай қа райсыз?

− Мен, әрине, қолдаймын. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі түркі әлемінің бір ортақ кеңістікте болуына септігін тигізеді. Мен мұны Нұрсұлтан Назарбаевтың парасатты сая­саты деп бағалар едім. Өзіңіз білетіндей, Кеңес өкіметі Орта Азия халықтарының басын біріктірмес үшін әртүрлі жы­мысқы стратегияларды жүзеге асырған. Әсіресе, Сталин түркі халықтарының бірігуінің алдын

алу үшін Мәскеуге бағынған, арабша жазуды қолданған Түр­кістанды 5 республикаға бөл­ген. Алдымен арабшадан ла­тын әліппесіне ауыстырған. Бұл аймақтағы түркілер 1926­1940 жылдарда латын әліп песін қолданған. Алайда, 1928 жылы Түркияның латын әліппесіне өтіп, оны белсене қолдана бастағанынан Сталин өзін жай­сыз сезініп, уақыт өте келе Орта Азиядағы түркілердің жазуын кирилл әліппесіне ауыстырған еді. Қазір енді, қазақша газет­жур налдардың, интернет сайт­тардың саны артуы, қазақ ша диссертациялардың жазылуы, жарнамалардың қа зақша болуы, қазақша көр сетілім ұсынатын радио­теле визияның ұлғаюы және қазақша фильмдердің көбеюі, әрі мемлекеттік қыз­мет те, бі лім беру саласында, со ны мен бірге халық арасында қа зақша сөйлесетіндер санының ар туы көңіл қуантарлық дер едім. Қазақ тілінің дәрежесі өсіпті.

Тіл ұлттың өзін өзі анық ­тауында үлкен бір бас палдақ болып есептеледі. Менің ойым­ша, Нұрсұлтан Назарбаевтың тіл саясатын жоспарлауда сәтті қадамдарының осы саладағыдай өзіне тән принциптері бар.

− Әңгімеңізге рақмет.

Әңгімелескен Дархан ӨМІРБЕК,

«Егемен Қазақстан»

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

Қазақстанға қатысты ақпараттарды «Егеменнен» алады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Анкара университетінің докторантурасында (PhD) оқитын түркиялық Шуле Ертүрік өзінің зерттеу тақырыбы ретінде қазақстандық газеттерді таңдаған екен. Нақтырақ айтқанда, Шуле ханымның диссертациялық жұмысы «Егемен Қазақстан» және «Жас Алаш» газеттерінің тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап 2015 жылға дейінгі тілі мен мазмұнына арналған. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

БУЫРҚАНҒАН БОЯУЛАР

Мәңгілік көктем

Page 11: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛ 11ЖАРНАМА

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақын күндері Қарағанды мен Атырауда «Қауіпті өндірістік нысан-дарда ірі көлемді апаттарды жою бойынша апаттық-құтқару опе-рациялары» деген атаумен республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу шарасы өтеді деп жоспарлануда. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Haileybury Almaty» КАҚ 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

қаржылық ахуал туралы есеп 2016 2015 жылғы жылғымыңтеңге Ес- 31 31 кер- желтоқ- желтоқ- ту санда сандаАКТИВТЕРНегізгі құралдар 13 3,452,883 3,478,312Материалдық емес активтер 345 743Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек 14 20,662 23,067Ұзақмерзімдіактивтер 3,473,890 3,502,122Запастар 15 25,582 18,972Саудалық жəне басқа дебиторлық берешек 16 18,121 7,340Алдын ала төлем 17 164,766 108,748Банктердегі депозиттер 18 2,686,671 1,747,892Пайдалануға шектелген ақша қаражаты 3,624 3,050Ақша қаражаты жəне оның эквиваленттері 19 486,509 1,134,757Қысқамерзімдіактивтер 3,385,273 3,020,759Активтержиыны 6,859,163 6,522,881Капитал Акционерлік капитал 20 3,407,195 3,407,195Бөлінбеген пайда 1,743,152 1,425,751Капиталжиыны 5,150,347 4,832,946МіндеттемелерСаудалық жəне басқа кредиторлық берешек 21 361,167 330,854Табыс салығы бойынша берешек - 189,165Алынған аванстар 22 1,269,820 1,169,916Пайдаланылмаған қайырымдылық жарналары 77,829 _Қысқамерзімді міндеттемелер 1,708,816 1,689,935Міндеттемелержиыны 1,708,816 1,689,935Капиталжәнеміндеттемелержиыны 6,859,163 6,522,881

«Haileybury Almaty» КАҚ 2016 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша

қаржылық ахуал туралы есеп

мыңтеңге Ес 2016 20154 кер- жылғы жылғы туТабыс 5 3,910,719 2,723,137Көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 6 (2,942,022) (2,275,258)Жалпыпайда 968,697 447,879Басқа табыстар 7 60,434 16,223Əкімшілік шығыстар 8 (642,850) (427,444)Сату бойынша шығыстар (3,882) (1,432)Басқа шығыстар 9 (18,227) -Операциялыққызметтің нәтижелері 364,172 35,226Қаржылық табыстар 51,717 1,071,056Қаржылық шығыстар (91,813) -Тазақаржылықшығыстар 11 (40,096) 1,071,056Салықсалуғадейінгіпайда 324,076 1,106,282Табыс салығы бойынша шығыс 12 (6,675) (189,165)Жылішіндегіпайдажәне жалпыжиынтықтытабыс 317,401 917,117

«Haileybury Almaty» КАҚ2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі

капиалдағы өзгерістер туралы есеп

мыңтеңге Акцио- Бөлін- Капитал нерлік беген жиыны капитал пайда 2015 жылғы 1 қаңтарға қалдық 3,407,195 508,634 3,915,829Жыл ішіндегі пайда жəне жалпы жиынтықты табыс - 917,117 917,1172015жылғы 31желтоқсанғақалдық3,407,195 1,425,751 4,832,9462016 жылғы 1 қаңтарға қалдық 3,407,195 1,425,751 4,832,946Жыл ішіндегі пайда жəне жалпы жиынтықты табыс - 317,401 317,4012016жылғы 31желтоқсанға қалдық 3,407,195 1,743,152 5,150,347

«Haileybury Almaty» КАҚ2016 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл ішіндегі

ақша қаражатының қозғалысы туралы есепмыңтеңге 2016ж. 2015ж.Операциялыққызметтен ақшаағындарыКлиенттерден ақша қаражатының түсуі 4,043,131 3,123,736Қайырымдылықтан түскен түсімдер 124,076 -Жеткізушілерге төленген ақша қаражаты (892,770) (709,828)Еңбекақы жəне тиісті салықтар бойынша шығыстар (2,611,373) (1,814,206)Өзге салықтарды төлеуге кеткен шығындар (25,470) (10,084)Пайыздартөлеуге дейінгіоперациялық қызметтенақша қаражатыныңағыны 637,594 589,618Табыс салығы бойынша төлемдер (189,165) -Операциялыққызметтен ақшақаражатыныңтазаағыны 448,429 589,618Инвестициялық қызметтен ақша ағыны Ұзақ мерзімді дебиторлық берешекті өтеу 3,462 3,463Алынған пайыздар 39,675 2,839Депозиттерге инвестициялар (2,728,166) (1,120,130)Депозиттерді қайтару 1,737,714 206,496Негізгі құралдарды сатып алу (104,956) (54,495)Инвестициялыққызметтен пайдалануғаақшақаражатының тазаағыны (1,052,271) (961,827)Ақшақаражатыныңжәне оныңэквиваленттерінің неттоазаюы (603,842) (372,209)1 қаңтардағы ақша қаражаты жəне оның эквиваленттері 1,134,757 1,067,119Ақша қаражатына жəне оның эквиваленттеріне валютабағамдары өзгеруінің əсері (44,406) 439,84731желтоқсандағыақшақаражатыжәнеоның эквиваленттері 486,509 1,134,757

Жарқын мінезді абзал азамат, əріптес аға, ұлағатты ұс таз, медицина ғылым-дарының канди-даты, Қазақ КСР-інің еңбек сі ңірген дəрігері, КСРО ден-саулық сақ тау ісі нің үздігі, Аты рау мұ-най жəне газ уни-вер ситетінің про фес-соры, еңбек ар дагері Хайрулла Смадиярұлы Қалжі гі-тов өмірден озды.

Ол 1932 жылдың 20 тамы-зында Атырау облысының (бұ -рынғы Гурьев) Махамбет ауда-нының Редут ауылында дү-ниеге келген. 1950 жылы Гурьев қаласындағы Жамбыл атын -дағы орта мектепті үздік бітір-геннен кейін Алматы қала-сындағы В.Молотов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина институтына оқуға қабылданды. Медицина институтын бітір-геннен кейін, 1956 жылдан бас-тап Гурьев облысының Маң-ғыстау ауданының Таушық ауылына аудандық ауруханаға бас дəрігер жəне хирург болып жолдамамен жіберілді. 1957 жылы отбасы жағдайына бай-ланысты Гурьев облысының Махамбет ауданының ауруха-насына бас дəрігер жəне хирург болып ауыстырылып, ол жер-де 1963 жылға дейін жемісті еңбек етті. 1963 жылы Атырау облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалып, сол жерде 1988 жылға дейін 25 жыл бойы та-бан аудармастан жемісті жұмыс істеді.

1988 – 1993 жылдары Аты-рау облыстық онкологиялық диспансерінің бас дəрігері жə-не №2 Атырау қалалық ем-ханасының бас дəрігері болып

қызмет атқарды. 1977 жы лы Мəскеу қала -сын да «Батыс Қазақ -станның ауыл тұр ғын-дарына меди цина лық қызмет көр сету мен ден саулық сақ тау ісі-нің жай-күйі» тақы -рыбында кан ди даттық диссертациясын табыс -ты қор ғап шық ты.

Хайрулла Сма-дияр ұлы 1993 жылдан

бастап күні бүгінге дейін Атырау мұнай жəне газ университетінде профессор болып ұстаздық еңбек атқарды. Жоғары оқу орны студенттері үшін ол екі тілде үш оқу лық, 5 əдістемелік ұсы ным-дар мен 150-ден астам ғы лыми мақалалар жазып шығарды. 1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі президиумының қаулы-сымен «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген дəрігері» құрметті атағы берілді. Ол Атырау облысының жəне Махамбет ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Рес публикасы білім беру сала-сының құрметті қызметкері. 1956 жылы «Құрмет Белгісі» жəне 1970 жылы «Октябрь рево люциясы» ордендерімен мара патталған. Хайрулла Сма-диярұлы − отбасында төрт бала мен он бес немере жəне шөбере тəрбиелеген ардақты əке.

Отбасына түскен қайғыға ортақтаса отырып, Хайрулла ағамыздың жатқан жері жай-лы, топырағы торқа, жаны жəн-натта, иманы жолдас болсын дейміз. Оның жарқын бейнесі мен атқарған адал еңбектері əріптестерінің, інілерінің есінде əрдайым сақталады.

Е.Т.Тасқынбаев, О.Қ.Қа расаев, Р.Т.Чердабаев, М.Т.Чердабаев, Т.П.Серіков,

Ғ.Ж.Амантурлин

«ҚазақстанХалықБанкі»АҚ-тыңсенімбілдірілгентұлғасымынамүліккесауда-саттықжариялайды:

Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 1,303 га кадастрлық нөмірі 20-315-015-395, орналасқан мекенжайы: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Бекхожин көшесінен оң жақта, Қармысов көшесінен шығыс жақта, Көшкінов көшесінен сол жақта.

Бастапқы баға – 697 724 000 (алты жүз тоқсан жеті миллион жеті жүз жиырма төрт мың) теңге.

Сауда-саттық əдісі – ағылшын.Кепілді жарна бастапқы бағаның 3%-ын құрайды.Бастапқы бағаның 3% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық

Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасының шотына енгізілуі тиіс, төменде көрсетілген деректемелер бойынша. Сауда-саттыққақатысуға өтінімдерАлматық.,Әл-Фараби

д-лы,40үй,мекенжайында2017жылғы28тамыздасағат18.00-гедейінқабылданады.Сауда-саттыққақатысуөтінімдерінеқажеттіқұжаттартізімін

алуүшінсенімбілдірілгенөкілгехабарласукерек.Сауда-саттықағылшынәдісімен2017жылғы29тамыздасағат

10.00-демынамекенжайдаболады:Алматық.,Әл-Фарабид-лы,40-үй.

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. Сенім білдірілген тұлғаның деректемелері: «Қазақстан

ХалықБанкі»АҚ-тыңсенімбілдірілгентұлғасыШаймерденовБақытжанСенбекұлы,Алматық.,Абайд-лы, 109В,шотKZ406010011286000046,БСНHSBKKZKX,CТН600200048129,Кбе14.Сауда-саттықөткізумәселесібойыншаанықтамаалутелефон-

дары:8(727)3301783,3301757.

«Қазақтелеком»акционерлікқоғамыакционерлерініңкезектентысжалпыжиналысыншақырутуралы

ХАБАРЛАМА

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Басқармасы (010000, Астана қ., Сауран к-сі, 12) өз акционерлеріне «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақырылатын Астана қ., Сауран к-сі, 12, «Қазақтелеком» АҚ мəжіліс залы мекен-жайында 2017 жылғы 22 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 15.00-де Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткізілетінін хабарлайды.

Ұсынылатынкүнтәртібі:2017-2019 жж. кезеңге шоғырландырылған негізде «Қазақтелеком»

АҚ қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің шекті жəне мақсатты мəндерін бекіту туралы.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқы бар акцио-нерлердің тізімі 2017 жылдың 20 тамызындағы жағдай бойынша жа-салады.

Күн тəртібінің мəселелері бойынша материалдарды акционерлер та-нысу үшін жиналысты өткізу күнінен он күн бұрын Астана қ., Сауран к-сі, 12 мекенжайы бойынша алуына болады, тел. 8 (7172) 552663, 8 (7172) 587243.

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы жоғарыда көрсетілген мекенжайда 2017 жылғы 29 қыркүйекте қайтадан өтеді.

Күн тəртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында жəне Қоғамның Жарғысында белгіленген тəртіпте өзгертілуі жəне (немесе) толықтырылуы мүмкін.

Акционерлерді тіркеу 2017 жылғы 22 қыркүйекте сағ. 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін жүргізіледі.

Өзімен бірге жеке куəлігі, дауыс беру құқығымен жиналысқа қатысуға сенімхаты (сенімді тұлғаларға) болуы тиіс.

Хайрулла Смадиярұлы ҚАЛЖІГІТОВ

Қайрат ӘБІЛДА,«Егемен Қазақстан»

Обалы нешік, елорданың фут-болшылары «Селтик Парк» ста-дионына жиылған 50 мыңнан астам көрерменнің есті шығарған қиқуына қарамастан, матчтың 30-минутына дейін алаң иелерімен терезесі тең ойнады. Тіпті, қақпаға қарай бағытталған доп саны жағы-нан да басымдық білінбеді. Бірақ, «Астананың» қауқары осыған ғана жеткен еді. Матчтың 32-минутында «Селтиктің» жартылай қорғаушысы Рогичтің оң қанат тан тепкен добын кері қайта рамын деген Евгений Постников өз қақпасына тура бағыттады. Міне, осыдан кейін-ақ «Астананың» қорғанысы көбесінен сөгілді де жүре берді.

Арада он минуттай уақыт өткен-де таяуда ғана елорда клубының қатарына қосылған легионер Ласло Кляйнхайслердің өрескел қателігін шебер пайдаланған Скотт Синклер қақпашы Мокинді қапы қалдырды. Сөйтіп, бірінші тайм біткенде таблодағы есеп 2:0 болып жанып тұрды...

Үзілістен кейін алаң иелері шабуылды үсті-үстіне үдете түсті. «Ас тана» болса, абдырап қалған. Бей-берекет жүгіріс, ойыншылар арасындағы байланыстың нəзік жібі бырт-бырт үзілген. Мықты қар сыластың мысы басса керек, біздің футболшылар аяқтарын матап тастағандай шарасыз күйге түсті де қалды...

Көп ұзамай Синклер өзінің осы ойындағы екінші голын соқты. Басқа болса осы есептің өзі-не тоқ мейілсіп, босқа тер төк-пес те ме еді? Бірақ, «Селтик» жал пақшешей клуб емес. Таб-лодағы есеп 3:0 болып тұрса да өршелене алға ұмтылды. Сон -дағысы – қарымта матчта қар -сылық көрсетуге қау қары қал-масын деген қарекет қой!

Алаңда толығымен үстемдік құрған «Селтик» аясын ба, сол арынмен барып тағы да екі гол соқты. Бұл жолы кельттіктер са-пынан Форрест (79) мергендігімен көз ге түссе, матчтың 88-мину-тында Гриффитстің тепкен добы Игорь Шитовтің аяғына тиіп барып

қақ паға енді де, бесінші гол ретінде хаттамаға жазылды.

Қақпасына бес бірдей гол жібер-ген қақпашыда қандай қадір бол-сын. Салы суға кеткен Александр Мокиннен өткен мұңды адам жоқ еді бұл күні. Мүмкін, осыдан төрт жыл бұрын, осы «Селтик Паркте» қақпасына үш гол жібергені де есіне түсті ме екен, кім білсін? Ол кезде Мокин «Шахтердің» қақ-пасын қорғаған еді...

Несін айтасыз, «Селтикпен» ой-ында біздің футболшылардың бəсе-кеге қабілетті еместігі көзге шұқы-ғандай көрініп тұрды. Ста нимир Стойлов «қырық үш күн кемдіктің» қыры мен сырын табуға тырысар-ақ. Бірақ, бəрі де кеш сияқты. Қарымта матчта кельт тіктердің қақпасына бес немесе алты гол соғу дегеніңіз... ол бір қиял-ғажайыптың əңгімесі. Ал енді, ПСЖ-дан 0:4 бо-лып жеңіліп, қарымта ойында 6:1 қылып жеңген «Барселонаның» былтырғы ерлігін қайталаса, онда «Астанаға» алтыннан ескерткіш тұрғызу керек шығар...

Қарымта матч тамыздың 22-сі күні «Астана Аренада» өтеді. Екі ойын қорытындысында жеңіске жеткен клуб УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жол-дама алса, жеңілген ұжым өз бағын Еуропа лигасында сынайтын бо-лады.

16 тамыз. Глазго. «Селтик Парк» стадионы. 54016 көрермен.

Төреші – Овидиу Алин Хэцеган (Румыния).

«СЕЛТИК»–«АСТАНА»–5:0(2:0)

Евгений Постников, 32 – өз қақ пасына (1:0). Скотт Синклер, 42 (2:0). Скотт Синклер, 60 (3:0). Джеймс Форрест, 79 (4:0). Игорь Шитов, 88 – өз қақпасына (5:0).

«Селтик»: Гордон, Тирни, Ши-мунович, Биттон, Лустиг, Нчам, Браун, Синклер, Рогич (Макгрегор, 63), Форрест (Армстронг, 82), Гриффитс.

«Астана»: Мокин, Шомко, Лог виненко (Бейсебеков, 66), Пос-тников, Шитов, Маевский, Кляйн-хайслер, Мужиков (Граховац 82), Томасов (Мұртазаев, 77), Твумаси, Кабананга.

СПОРТ

Глазгодағы ірі ұтылыснемесе үміттің сөнгені ме?..

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» футбол клубы Шотландияға барып, жергілікті «Селтик» команда-сымен күш сынасты. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Осыған орай, Орталық ком му-ни кациялар қызметінде ұйым дас-тырылған брифингке «Кəсіби əс-керилендірілген апаттық-құтқару қызметі» РМК бас директорының міндетін атқарушы, генерал-май-ор Диханбек Сатылғанов пен бас директордың орынбасары Қа нат Аманов, Тау-кен жəне кө мір са-ласының жедел алдын алу жұ -мыстары жөніндегі басқарма бас-тығы Сергей Крысин жəне Мұнай-газ, химия саласы жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы Мұрат Қалитов қатысып, аталған мəселе төңірегіндегі жұ-мыс тардың жай-жапсарын БАҚ өкілдеріне баяндады.

Бүгінгі таңда елімізде орын алуы мүмкін кез келген төтенше оқиға кезінде апаттық-құтқару қызметінің апатты жою жұмыстарына тəу лігіне 2 800-ден астам біліктілігі жо ғары кəсіби құтқарушы мен 600 бір лік апаттық-құтқару техникасы жəне 6 700 бірлік арнайы жабдықтар қолдануға сақадай-сай тұр екен. Мұндай деректі брифинг барысында «КƏАҚҚ» РМК бас директорының

міндетін атқарушы генерал-майор Д.Сатылғанов хабарлады.

Алдымен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Ақтөбе, Қос-танай, Қарағанды облыстарының құтқарушылары қатысады деп жос-парланған жиын «КƏАҚҚ» РМК Қарағанды филиалының оқу-жат-тығу полигонында 21-25 тамыз ара-лығында өтпек. Жиынға қатысқан Тау-кен жəне көмір саласының же-дел алдын алу жұмыстары жөніндегі бас қарма бастығы С.Крысин, өз саласындағы біліктілік бəсекесі «ІV этапты тау-кен құтқару бойынша көп сайысты жарыс» деген атаумен ұйым дастырылатындығын алға тартты.

Брифинг барысында Мұнай-газ, химия саласы жедел-алдын алу жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы М.Қалитов қыркүйек айының 28-30 аралығында Атырауда мұнай газ жəне химия саласындағы «Атқылама–2017» арнайы-такти-калық аумақтық жаттығу» шарасы Атырау филиалының оқу-жаттығу полигонында өтетінін мəлімдеді. Арнайы мақсаттағы оқу-жаттығуға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысынан бірнеше ко-манда қатысады деп жоспарлануда.

Құтқару қызметінің мамандары шеберлігін шыңдайды

Page 12: Елбасы схбат берді - Egemen2017/08/18  · ЗЕРДЕ ДИДАР 9-бет 12-бет ДЕНСАУЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕ 7-бет НА ЫЗ АНА

12 18 ТАМЫЗ 2017 ЖЫЛДИДАР

ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ ӨНЕР

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астанада «Достық шаттығы» атты Қазақстан мен Қытай балаларының нерін ортаға салған байқау тті. Қытайдың әр ңірінен іріктелген 60 жас нерпаз бен қазақстандық 40 оқушы (6-15 жасқа дейінгі) нердің түр-түрінен сынға түсіп, ән мен биден шашу шашты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Boyce Thompson институтының ғалымдары алманың ота-ны қазақ даласы екенін мәлімдеп отыр. Олардың жүргізген зерттеуіне сәйкес, Алатаудың баурайында ғана сетін Сиверс тұқымы шартараптың түкпір-түкпіріне тараған алманың ата-сы саналады екен. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРƏЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дəуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сəтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мəуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9/2 «Хабар-Сервис» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Əлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыДуман АНАШ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

Ержан БАЙТІЛЕС,«Егемен Қазақстан»

«Қазақстанның қасиетті жерлерінің география-сы» жасалғалы жатыр ғой. Біздіңше болғанда, бұл картада Қармақшыдағы Қорқыт ата кесенесінің маңы алдыңғы лекте болуы керек. Өйткені, жалғыз қазаққа ғана емес, тұтас түркі жұртына ортақ тұлғаның мəңгілік мекеніне айналған жер қалайша қасиетті болмайды?! Қасиеттілігі сол, қызылордалық ғалымдар бүгінде сол маңдағы Сортөбе деген бекіністің орнын індетіп зерттеп, ішіне бүккен сырын ақтарып жатыр. Сенсация деп айғайламай-ақ қояйық. Десек те, бекіністен қобыз пішіндес тас табылған. Бұл табиғаттың туынды-сы ма, əлде адам қолынан шыққан ескерткіш пе, ол арасы əлі толық айырылмаған. Əйтсе де, адам қолынан шыққан туынды деуге келетіндей. Өйткені, ұзындығы 40 сантиметр тас-қобыздың екі шеті моншақтармен əрленгендей əсер қалдырады. Мұра оғыздардың заманында пайда болған деген жора-мал да айтылып қалып жатыр. Оғыз бен қобыздың егіздің сыңарындай болуы да заңдылық па екен?

Ал Сортөбе қалашығы ортағасырлық та-рихи орындардың санатына жатады. Қалашық Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінен батысқа қарай 12 шақырым қашықтықта орналасқан. Яғни, Қорқыт ата кесенесіне жақын маңда. Қазір бұл көне қалада археолог Əзілхан Тəжекеевтің жетекшілігімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология жəне этнография» ғылыми-зерттеу орталығы қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жоғарыда біз айтқан қобыз пішіндес тас табылған дүниелердің ішіндегі ең құндысы бо-лып отыр. Сонымен бірге ескі қалашықтың ара-сы Қорқыт ата кесенесіне дейін тура 10 шақы-рымдай. Демек, бұл жерді де туристік нысанға айналдыруға мүмкіндік бар.

– Қазіргі күні ескерткіш апатты жағдайда. Себебі оның бір бөлігін Сырдария өзені шайып, қалашықтың сақталуына кері əсерін тигізуде. Сондықтан да, бүгінгі күні археологиялық зерттеулердің басты мақсаты жедел түрде қазба жұмыстарын жүргізіп, маңызды материалдарды анықтап, қала жөнінде толық мағлұмат алу болып табылады, – деді археолог Ə.Тəжекеев.

Бұл жерден құмыра сынықтары, нан жабуға арналған тандыр пештер мен мыстан жасалған басқа да заттар табылған. Қазба жұмыстарының кезінде табылған көне заттарды саралаған маман-дар бұл қаланы ІХ-Х ғасырлардағы оғыздар салуы мүмкін деген болжам жасап отыр.

Сортөбеде археологтар жақында жұмыс істегеніне қарамастан олардың жоспарында тағы үш метр тереңдікте қазба жұмыстарын жүргізбек.

Жалпы, аймақ көлемінде 532 тарихи-мəдени мұра мемлекет қорғауына алынған. Оның 21-і республикалық, 274-і жергілікті маңызы бар та-рих жəне мəдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген. Бұдан бөлек, соңғы жылдары облыс əкімінің тікелей ықпалымен құрылған облыстық тарихи-мəдени мұраларын қорғау жəне пайдалану

жөніндегі ғылыми-əдістемелік кеңестің шешімімен аталмыш салада ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның нəтижесінде 9 тарихи нысан ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгі зілді. Отыздан аса ескерткіштің қорғау аймағы бел гіленді. Сонымен бірге, бірнеше жылдан бері Сыға нақ, Жанкент жəне Шірік Рабат қалашықтарына архео логиялық зерттеулер кешенді түрде жүргізіліп келеді.

Қызылорда облысы

Ая �МІРТАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жиынның салтанатты ашы-луында сөз алған Қытай Халық Рес публикасының Қазақ стан-дағы елшілігінің өкілі Жоу Фань Кунсоль мырза аталған іс-шараны ұйымдастыруға атса-лысқан ұйым өкілдеріне шы-найы алғысын білдіре отырып, өзара сыйластық пен құрметке негізделген Қытай мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар достық пен ынтымақтастыққа құрылғанын айтты.

Қазылар алқасының құра-мында Қазақстанның Еңбек сіңір ген қайраткері, сазгер Марат Омаров, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Ақтоты Көл-кеқызы, «Наз» мемлекеттік би театрының көркемдік же тек -шісі, бас балетмейстер Ха диша Ермекбайқызы, Астана мем-лекеттік академиялық филар-мониясы «Қорқыт» дəстүрлі саз тобының көркемдік жетекшісі Шолпан Ділдəбекқызы болды.

«Дəстүрлі ұлттық би» аталы-мы бойынша екі елден 15 бала қатысып, ұлттық сахна өнерінің мəртебесін бір асқақтатты. Ұлт-тық би өнерінің дəстүрі мен өрнегін сақтай отырып, қазақ дүниетанымын айшықтайтын небір канондық би үлгілерін сах-на төрінде кəсібилікпен орын-дады.

Қазылар алқасының мүшесі Шалқар Қабдешұлының ай-туынша, суретші балалардың үздігін анықтау оңайға түспеген көрінеді.

– Қатысушыларға еркін тақы рыпта жəне «Балалық шақ» тақырыбы бойынша су-рет салуға 3 сағат уақыт бе-рілді. Үздіктерді анықтауда

тақырыптың компо зициялық тұрғыдағы мазмұны мен тех-никалық шеберлігіне назар аудардық. Елдер арасындағы мəдени жақындықты арттыра түсетін мұндай шаралардың ма ңызы зор, – дейді Ш.Қаб-дешұлы.

«Сурет» аталымы бойынша бас жүлдеге ие болғандардың бірі Мейіржан Төлеген Қытайдың Шыңжан аймағы, Баркөл ау-данынан келген. Биыл үшінші сыныпқа көшкен Мейіржанның бұл Астанаға алғаш рет сапар-лауы.

– Еркін тақырыпта мен тай-дың суретін салдым. Өзім жыл-қы малын ерекше ұнатамын. Өскенде үлкен суретші болып, дүние жүзіне танылғым келеді. Астананың халқы өте мəдениетті екен, сапарым ерекше ұнады, – дейді кішкентай суретші.

Жалпы, іріктеу сатыла-рында қазылар алқасы ең ал-дымен балалардың жас айыр-машылығын басты назарға алды. Сонымен бірге, өнер көрсетудегі шеберлігі мен жаңалығы алды-мен ескерілді. Жүлделі орын алған жеңімпаздар мен қаты-сушыларға естелік бұйым дар үлестірілді.

Елімізде тұңғыш рет ұйым-дас тырылып отырған шара ру-хани жаңғыру бағдарламалық іс-жоспарының негізінде екі ел арасындағы мəдени бай ланыс-тарды дамытуды, əсіресе, өнер-лі өрендердің ара сында шығар-машылық мүмкіндіктерін шың-дай түсуді мақсат еткен. Ай-тулы шараны «Мұрат жолы» мəдениет қоғамдық бірлестігі, Қытай ШҰАР «Жаңа жұлдыз» медиа» ЖШС, Астана қаласы əкімдігінің «Оқушылар сарайы» ұйымдастырып отыр.

Алманың отаны − Алатау

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Ауылға барғанда сонау 70-ші жылдары өз қолымен тұрғызған əкемнің ескі га-ражы көзіме шоқтай басыл-ды. Сыры кетсе де, сынын бермей тұр екен. Мұнда ол кісінің «Москвич» автокөлігі тұратын. Əкем құрылыс ісіне соншама төселген шебер адам емес еді. Сондықтан да гараждың ағаш есігін ор натқан кезде о баста құс еркін сыйып кететіндей, ашық қуыс қалып қойыпты. Бұл жолы сол қуыстан қос қарлығаш ұшып шығып, ұшып кіріп жүргенін көзім шалды. Гараждың ішіне қарлығаш ұя салып, балапан-дарына жем тасып жүр екен.

Арада төрт күн өткенде, қарлы ғаштар балапанда-рын ұясы нан шығарып, ұшуға баули бастады. Сүп-сүйкімді айыр құйрық қар лығаштың балапан-дары алғаш рет қанатын қақ қан сəтіне куə болдым. Қауырсын қанаттары əлі бекіп үлгірмеген балапандар ұшуға талпынып көтеріледі де, қайтадан жерге топ етіп қонады. Үй иелерінен сескенбейді де, үрікпейді де. Бір кезде балапанның біреуі ұшып келіп, мен отырған ұзын ағаш орындықтың үс-тіне қонды. Қолыма ұстап:

«Қарлығашым келдің бе?» – деп Мұқағали ақын ша оны еркелетіп, қолыма ұстап аялағым келді. Бірақ тиіспедім.

Бір кезде балапан тағы бір рет талпынып ұшты да, теледидар желісінің сы-мына қонды. Сəл отырып қайтадан жерге қарай құл-дилай төмендеді. Анасы оны мұқият қадағалап жүр. Екінші күні қарлығаш ба-лапандарының кəдімгідей ширығып қалғанын бай-қадым. Алдыңғы күнгідей емес, қанаттарын батыл қағып көкке қалықтап ұша бастады. Өмірден өткен ата-анамның қара шаңырағында інім тұрады. Ол ескі гараж-ды бұзатын ойы бар екенін айтып жүретін. Мы нандай көріністен кейін мен оған: «гаражға тиіспе, оған қар-лығаш ұя салыпты. Бұл өте жақсы құбылыс. Қар лы-ғаштың ұясымен бірге ша-ңыраққа құт-береке, ырыс қонады. Соны ұмытпа» дедім. Ол мені түсінгендей болды. Əрі гараждың есігінің қарлығаш ұшып кіріп, ұшып шығып жүрген ашық жерін сол қалпында қалдыруға уəдесін берді. «Келесі жылы тағы да қарлығаштар осы қонысына қайтадан келеді», дедім мен оған нық сеніммен.

АҚТ�БЕ

ҚАЗ-ҚАЛПЫНДА ЖӘДІГЕР

Қарлығаш балапанын ұшырған күн

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ғалымдар алма түрлерінің ДНК тізбегін зерттеп, олардың шығу тегіне үңіліп көріпті. Са-раптама нəтижесі жеңсік же-містің қазақ топырағынан шық-қанын көрсеткен. Олардың ха-барлауынша, күнделікті жеп жүрген алма түрлері əлемге Ұлы Ж ібек жолы арқылы тарап, əр мезгілде түрлі өзгерістерге ұшырап отырған көрінеді.

Nature Communications ғы лыми журналына жарияланған мақалаға сүйенсек, қазіргі таң да алманың

көне түріне жата тын бірнеше тұқым бар. Boyce Thompson институтының зерт теушілері со-ларды қосқанда алманың 117 түріне сараптама жүргізіпті. Тіпті, Еуропа мен Қытайдағы алмалар-дан бөлек, олардың Америкада өсетін «аталастарын» да зерттеу нысанына қосыпты. ДНК сарап-тамасы солардың бəрі Алатаудың баурайында ғана өсетін Сиверс тұқымына тиесілі екенін дəлел-деген. Ғалымдар алманың дəмі мен көлемінің өзгеруін оның түрлі жағдайда өсуі мен көп жылдық эволюцияның əсері екенін айтып отыр.

Зерттеу жүргізуге мұрын-дық болған Boyce Thompson институтының профессоры Джангжун Фейдің пікірінше, алманы жерсіндіру екі бағытта жүрген. Ғалым 10 мың жылдай бұрын Ұлы Жібек жолымен Қытайға жəне Еуропаға бағыт алған керуен қызыл жемісті өз-дерімен ала кеткендігін айтады. Бұған дейін бірнеше зерттеу жұмыстарында да алманың ота-ны Алатау екені хабарланған болатын. Сондай жұмыстардың бірі Nature Genetics журналына жарияланды.

Сиверс алмасы туралы ең алғаш жазған неміс ғалымы Ио-ганн Сиверс болатын. Жеміс атауының зерттеуші атын алуы да сондықтан. Профессор Аймақ Жанғалиевтің деректері бойын-ша, Сиверс алмасы негізінен Ж о ң ғ а р А л а т а у ы н д а , І л е

Ала тауын да, Қаратауда, Талас Ала тауында, Тарбағатайда кең тара ған. Бүгінгі таңда аталған жеміс түрі жойылып кетудің ал-дында тұр.

Алма заманауи ас мəзірінде ең көп кездесетін жеміс санала-ды. Бүгінгі таңда əлем бойынша 85 миллион тоннаға жуық алма өндіріледі екен. Кофенің отаны Бразилия, жүгері Америкадан тараған деп жатамыз ғой. Сол тізімге алманың отаны Алатау екенін қосу артық етпейді.

Бірнеше жыл бұрын Қазақ-станды əлемге танытатын бренд төңірегінде біраз пікір талас бол ған еді. Бірі «Алтын адам -ды» ұсынса, келесісі қазақ тың қара домбырасын жөн көрді. Дегенмен, кейінгі кезде жүр гізіл-ген ғылыми-зерттеу лер Қазақ елі нің брендін анықтап бер ген тə різді. Ендеше, бүкіл əлем мо-йын даған алманы Қазақ станды əлемге танытатын брендке айнал-дыратын күн туды.

«Достық шаттығы» атты байқау өтті

Оғыз бен қобыз