Утвержден - edupage · web viewЖалпы орта білім берудің жалпы...

23
2 Атырау облысы әкiмдігінің 2017 жылғы « » ________ ___ қаулысына қосымша «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ 1. Жалпы ережелер 1. «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей- интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) жаратылыстану-математикалық оқу бағдарламаларын меңгеруде жоғары қабілеттілік деңгейін немесе ерекше дарындылық көрсететін балаларды оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған мекеменің ұйымдастырушылық- құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады. 2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық. 3. Мемлекеттік мекеме Атырау облысы әкімінің 1993 жылғы 6 тамыздағы №237 шешімімен құрылды. 4. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережелеріне, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы

Upload: others

Post on 01-Mar-2020

36 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

2

Атырау облысы әкiмдігінің 2017 жылғы « » ________№___ қаулысынақосымша

«Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) жаратылыстану-математикалық оқу бағдарламаларын меңгеруде жоғары қабілеттілік деңгейін немесе ерекше дарындылық көрсететін балаларды оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым болып табылады.

2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.3. Мемлекеттік мекеме Атырау облысы әкімінің 1993 жылғы 6 тамыздағы

№237 шешімімен құрылды.4. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының

Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің ережелеріне, Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелеріне, Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы «Қазақстан Республикасындағы «Білім-Инновация» лицейлерінің білім беру саласындағы ынтымақтастығы туралы» Меморандумға, Атырау облысының әкімдігі мен «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры арасындағы Келісім-шартқа, Атырау облысы әкімінің және облыстық Мәслихаттың шешімдеріне, өзге де нормативтік актілерге және осы Жарғыға сәйкес жүзеге асырады.

5. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы болып Атырау облысының әкімдігі табылады.

6. Мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган болып Атырау облысы Білім беру басқармасы табылады (бұдан әрі - Басқарма).

Page 2: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

3

7. Білім беру қызметіне әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры арасында жасалған Меморандум негізінде «Білім-Инновация» Халықаралық қоғамдық қоры табылады (бұдан әрі - Қор).

8. Мемлекеттік мекеме Басқармаға, сондай-ақ Меморандум аясында Қорға бағынады.

9. Мемлекеттік мекеменің атауы - «Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

10. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 060007, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 10.

2. Мемлекеттік мекеменің заңды мәртебесі

11. Мемлекеттік мекеме оны мемлекеттік тіркеген сәттен бастап құрылды деп есептелінеді.

12. Мемлекеттік мекеменің дербес балансы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік мекеменің атауы бар бланкілері мен мөрлері болады.

13. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.

14. Мемлекеттік мекеме өз міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша тиісті бюджеттің қаражатымен әкімшілік-аумақтық бірлік субсидиярлық жауапкершілік алады.

15. Мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілелері оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркеуден өткізгеннен кейін күшіне енеді.

3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні мен мақсаты

16. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін, дарынды балалардың ғылым негіздерін тереңдетіп меңгеруіне бағытталған мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылардың қабілеттері мен бейіміне қарай кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

17. Мемлекеттік мекеменің мақсаты серпінді дамып отыратын ортада өзін-өзі жетілдіруге дайын дарынды балалардың бәсекеге қабілеттілігін және функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Page 3: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

4

18. Мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыру;

2) құзыретті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгерту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау;

3) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;4) дарынды балаларды оқытудың дараланған сипатын және білім

алушылардың мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын сапалы меңгеруін қамтамасыз ету;

5) дарынды балалардың дербестік, жобалық және зерттеушілік қызметі дағдыларын жетілдіру;

6) тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершіліктің мықты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;

7) ұлттық мақтаныш сезімі мен ар-намысы бар, өз Отанын – Қазақстан Республикасын, өз халқын сүйетін, мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік тілді құрметтейтін, халықтық салт-дәстүрлерді қастерлейтін, конституцияға және қоғамға қарсы кез келген әрекеттерге төзбейтін әлеуметтік белсенді азамат пен патриотты қалыптастыру.

19. Мемлекеттік мекеме білім берудің жаңа мазмұнын, оны енгізудің нысандары мен тәсілдерін іздеуді, жасауды, эксперименттік оқу бағдарламалары мен жоспарларын сынақтан өткізуді ұйымдастыратын шығармашылық зертхана болып табылады.

20. Мемлекеттік мекеменің Жарғыда бекітілген оның мәні мен мақсатына сәйкес келмейтін мәмілелер жасау қызметіне тыйым салынады.

21. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгілі шектелген қызмет мақсаттарына қайшы не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі жергілікті атқарушы органның, Басқарманың, облыстық коммуналдық мүлікті бөлуге уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның шешімімен немесе соттың шешімімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

22. Мемлекеттік мекеме басшысының мемлекеттік мекеменің Жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілік шараларын қолдануға әкеледі.

4. Жүзеге асырылатын оқу бағдарламаларының тізбесі

23. Мемлекеттік мекеме негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленетін, білім алушылардың ғылым негіздерін тереңдетіп меңгеруіне бағытталған мамандандырылған

Page 4: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

5

жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ, білім алушылардың қабілеттері мен бейіміне қарай кеңейтілген және тереңдетілген жаратылыстану-математикалық білім беруді қамтамасыз ететін қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.

5. Оқыту процесін ұйымдастыру тәртібі

24. Мемлекеттік мекеме жүзеге асыратын мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына білім берудің келесі деңгейлері кіреді:

1) негізгі саты (7 – 9 сыныптар) – ғылым негіздерін меңгеруге және тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, неғұрлым күрделі танымдық процестерге көшу үшін арнайы еп-дағдыларды қалыптастыратын, оқушыларға оқытудың дараланған бағдарламаларын таңдауға мүмкіндік беретін, тиісті білімдер саласында ерте бейіндеуді жүзеге асыратын базалық білім беру;

2) жоғары саты (10 – 11 сыныптар) – оқушыларды мемлекеттік мекеме бағытталуына сәйкес келетін жекелеме пәндер бойынша жоғары күрделілік деңгейінде оқыту, бейіндік пәндер бойынша қосымша курстарды меңгерту, дараланған және жекелеме оқыту негізінде дербес шығармашылық және ғылыми-зерттеушілік жұмыс дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

25. Мемлекеттік мекемедегі білім беру процесі Қазақстан Республикасының білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары негізінде Қор дайындаған, білім беру саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен оқу бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.

Білім беру процесінде сондай-ақ республикалық «Дарын» ғылыми- практикалық орталығы әзірлеген, мамандандырылған мектептерге арналған оқу бағдарламалары және жоғары оқу орындарының ғылыми жетекшілері немесе педагогикалық қызметкерлері қолдаған мемлекеттік мекеме педагогтарының жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттары негізінде жасаған авторлық бағдарламалары қолданылады.

26. Мемлекеттік мекемеде оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер ағылшын тілінде оқытылады. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемеде орыс, ағылшын және түрік тілдері оқытылады.

27. Мемлекеттік мекеме оқушылардың сұранысына және кадрлық әлеует мүмкіндіктеріне сәйкес ішкі бейіндеу пәндерінің, сондай-ақ, қолданбалы курстар мен факультативтерінің білім салаларын анықтайды.

28. Сыныптарды қосымша бөлу, икемді вариативтік кесте, деңгейлік бөлу, консультациялар және таңдау бойынша пәндер жүйесі арқылы жалпы орта білім беру деңгейіндегі бейінді дифференциацияны мемлекеттік мекеме толық күн тәртібінде жүзеге асырады.

29. Мемлекеттік мекеме оқытудың нысандары, құралдары мен әдіс-тәсілдерін өздігінен таңдайды, сондай-ақ оқу-тәрбие процесін, ғылыми-

Page 5: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

6

педагогикалық қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, жұмыстық оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес дербес ұйымдастырады.

30. Мемлекеттік мекеме өз қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес шетелдік білім беру, ғылым және мәдениет ұйымдарымен, халықаралық ұйымдармен және қорлармен тікелей байланыстар орнатуға, ынтымақтастық туралы екі жақты және көп жақты шарттар жасасуға, білім беру саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кіруге құқығы бар.

31. Мемлекеттік мекемеде 5 немесе 6 күндік (оқу апталығы) сабақ кестесі бекітіледі, оқушылардың (тәрбиеленушілердің) оқу жүктемесі нормативтер шегінде бекітіледі. Сабақ кестесінде оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тамақтануы және белсенді тынығуы үшін үлкен үзіліс қарастырылады.

32. Мемлекеттік мекеме оқушылары (тәрбиеленушілері) бюджеттен бөлінген қаражат есебінен және дарынды балаларға арналған тамақтандыру нормаларымен; санитарлық-эпидемиологиялық нормалармен қарастырылған шегінде ата-аналары немесе заңды өкілдері есебінен ыстық тамақпен, интернатта жатын орынмен, тегін медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.

33. Интернатта өмір сүру, оқу, еңбек және тынығудың ғылыми негізделген күндік режимі оқушылардың (тәрбиеленушілердің) тәулік бойы интернатта болуы ескеріле отырып құрастырылады. Интернатта тәрбие жұмысы тәрбиеленушілердiң қызығушылығы, бейiмдiлiгі ескеріле отырып, балалар мен ересектердiң ынтымақтастығы негізінде жүргiзіледi.

34. Мемлекеттік мекеменің оқушылары (тәрбиеленушілері) мектептен тыс спорт және музыкалық мектептерінде және балаларға қосымша білім беретін басқа да ұйымдарда шұғылдана алады. Әртүрлі үйірмелер мен секцияларға, сондай-ақ конкурстарға, олимпиадаларға, спартакиадаларға, көрме, байқауларға және басқа да көптеген шараларға қатыса алады.

35. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі оқушылардың (тәрбиеленушілердің) жазғы сауықтыру демалысын, жастар және туристік еңбек және демалыс лагерлерін ұйымдастыруға көмектеседі.

36. Мемлекеттік мекеменің оқушылары (тәрбиеленушілері) олардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің өтініші бойынша орынды себептер болған жағдайда, ерекше жағдайларда және жекелеген жағдайларда өтінішсіз демалыс және мереке күндері үйге жіберіледі.

37. Мемлекеттік мекеменің әкімшілігі ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне оқу-тәрбие процесінің барысымен және мазмұнымен, сондай-ақ балалардың үлгерімімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

6. Мемлекеттік мекемеде оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүйесі, оларды өткізу нысаны

мен тәртібі

Page 6: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

7

38. Білім алушылардың білім беру оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында мемлекеттік мекемеде оқушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау жүзеге асырылады.

39. Мемлекеттік мекеменің білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылауды, барлық оқу пәндерінің оқу бағдарламалық материалын меңгергендігін тексеру мақсатында, әрбір тақырып пен бөлім бойынша оқыту тілінде мұғалімдер жүргізеді.

40. Мемлекеттік мекеменің білім алушыларын аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін өткізіледі.

41. Оқушыларды ағымдық бақылау және аралық аттестаттауды жүзеге асырудың нысандары мен өткізу тәртібін мемлекеттік мекеме белгілейді.

42. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың жалпыға міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және келесі нысанда өткізіледі:

1) 9 сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;2) 11 сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.43. 7, 8, 10 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау

қарастырылмаған.44. Қорытынды аттестаттауға орта білім берудің жалпыға міндетті

мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес типтік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9, 11 сыныптардың оқушылары жіберіледі.

45. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 сыныптың оқушылары Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерінде қарастырылған тәртіп пен нысандарға сәйкес төрт емтихан, оның біреуі таңдау бойынша тапсырады.

46. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11 сыныптың оқушылары Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерінде қарастырылған тәртіп пен нысандарға сәйкес бес емтихан, оның біреуі таңдау бойынша тапсыру арқылы қорытынды аттесттаудан өтеді.

47. Оқылған пәндер бойынша «5» баға алған, бағалары негізгі орта білім туралы куәліктің қосымшасына енгізілген 9 сынып бітірушілеріне негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.

48. Оқылған пәндер бойынша «5» баға алған, бағалары жалпы орта білім туралы аттестат қосымшасына енгізілген 11 сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.

49. 5 – 11 сыныптар аралығында үлгілі тәртіп көрсеткен, барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білім алуды аяқтау бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» бағамен өткен

Page 7: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

8

11 сынып бітірушілеріне жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

50. 40-42-тармақтарда көрсетілген мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын, оларды беру туралы Ережелерді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді.

51. Мемлекеттік мекеме ата-аналарды немесе кәмелетке толмаған оқушылардың өзге де заңды өкілдерін балалардың оқу үлгерімінен хабардар ету, сондай-ақ, оқу-тәрбие процесінің мазмұнымен таныстыру жағдайын қамтамасыз етеді.

7. Мемлекеттік мекемеге оқушыларды қабылдау, сондай-ақодан шығару және бітіру тәртібі

52. Мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің 6 сыныбын бітірген оқушылар қабылданады.

53. Мемлекеттік мекемеге оқушыларды қабылдау түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. Мемлекеттік мекеме басшысы түсетін оқушыларды, олардың ата-аналары мен басқа да заңды өкілдерін қабылдау ережелерімен, жарғымен және мемлекеттік мекеменің білім беру процесін ұйымдастыруды реттейтін басқа да құжаттармен таныстыруы тиіс.

54. Оқушыларды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру мақсатында Меморандум аясында әрекет ететін, Қормен құрылған орталық қабылдау комиссиясы құрылады.

55. Жергілікті жерлерде түсу емтихандарын өткізу және емтихан парақтарын орталық қабылдау комиссиясына жіберу үшін мемлекеттік мекеме басшысымен мемлекеттік мекеменің бес маманынан және педагогтардан тұратын жергілікті комиссия құрылады.

56.Мемлекеттік мекемеге түсу емтихандары екі турдан тұрады.57. Бірінші турды өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.58. Конкурстың екінші туры бірінші тур нәтижесі жарияланғаннан кейін

өткізіледі. Екінші турды өткізу мерзімін қабылдау комиссиясы белгілейді.59. Тестілеу нәтижелері орталық қабылдау комиссиясының мүшелерімен

үміткерлердің жауап парақтары бойынша он бес күнтізбелік күн ішінде тексеріледі.

60. Бірінші тур қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған үміткерлер (рейтинг бойынша) екінші турға өтеді.

61. Әрбір турдың нәтижелері тестілеуден кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде жарияланады. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда оқушы апелляцияға бере алады. Апелляция нәтижелер жарияланған күннен кейінгі бір күнтізбелік күн ішінде беріледі және апелляциялық комиссиямен қаралады.

62. Бірінші және екінші тур қорытындылары бойынша орталық қабылдау комиссиясы мемлекеттік мекемеге орталық қабылдау комиссия отырысының

Page 8: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

9

хаттамасымен бекітілген, үміткерлердің жинаған ұпайы көрсетілген тізімдерді жолдайды.

63. Жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер мемлекеттік мекемеге қабылданады. Конкурстан өткен, бірақ құжаттары мерзімінде тапсырылмаған үміткерлер резервтегі үміткерлермен алмастырылады.

64. 7-11 сынып оқушыларының (тәрбиеленушілерінің) тұрғылықты мекенжайы өзгерген жағдайда олар оқуын жалғастыру мақсатында, басқа облыстық «Білім-Инновация» лицейлеріне сол мекеме оқушыларының контингенті (сыныптың толымдылығы) ескеріле отырып ауыстырылады.

65. Білім алушыларды мемлекеттік мекемеден шығару олардың және ата-аналарының (заңды өкілдерінің) қалауы бойынша, денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды негізінде, құқық бұзушылық әрекеттері, Мемлекеттік мекеме Жарғысын және ішкі тәртіп ережелерін өрескел және екінші рет бұзғаны, сабақтарды үнемі, себепсіз жібергені үшін мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады.

66. Білімге ынта-талабы жоқ, 3 пәннен жылдық бағасы қанағаттанарлықсыз болған білім алушылар, педагогикалық кеңестің шешімімен аралық аттестаттауға жіберілмей, екінші жылға қалдырылады немесе мемлекеттік мекемеден шығарылады.

67. Жоғары күрделіліктегі бағдарламаларды меңгере алмайтын білім алушыларды мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен және медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссияның ұсынысымен жалпы білім беретін бағдарламалар бойынша қайта аттестаттаудан өткізіп, жалпы білім беретін мектепке ауыстырылуы мүмкін.

68. Білім алушыны шығару мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен ресімделеді және үш күн мерзім ішінде мемлекеттік мекеме оқушының ата-анасын (оларды алмастыратын тұлғалар), білім беру басқармасын хабардар етеді және оның басқа жалпы білім беру мекемесінде оқуын жалғастыруын бірлесіп қамтамасыз етеді.

69. Мемлекеттік мекеме бітірушілеріне мемлекеттік үлгідегі орта білім туралы аттестат беріледі.

8. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері

70. Мемлекеттік мекемеде педагогикалық қызметпен айналысуға арнайы жоғары педагогикалық немесе кәсіби білімі бар тұлғалар жіберіледі.

71. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкері:1) өзінің кәсіби қызметі үшін жағдай жасай отырып педагогикалық

қызметпен айналысуға;2) ғылыми-зерттеушілік, тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарымен

айналысуға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;

Page 9: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

10

3) мемлекеттік мекемеден тыс жеке педагогикалық қызметпен айналысуға;

4) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын сақтаған жағдайда педагогикалық процесті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға;

5) мемлекеттік мекеменің алқалық басқару органдарының жұмысына қатысуға;

6) бес жылда бір реттен кем емес біліктілігін арттыруға;7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге;8) педагогикалық қызметіндегі табыстары үшін моральдық және

материалдық көтермелену (мемлекеттік марапаттар, құрметті атақтар, сыйақылар мен атаулы стипендиялар);

9) өзінің кәсіби ар-ожданы мен намысын қорғауға;10) мемлекеттік мекеме басшылығының бұйрықтары мен өкімдеріне

шағымдануға құқылы.72.Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкері:1) оқытудың тиісті теориялық және практикалық білімдері мен

дағдыларын меңгеруге;2) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының

талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге;

3) оқушыларды жоғары адамгершілік рухында, ата-аналарды сыйлауға, этномәдени құндылықтарды құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеуге;

4) оқушылардың өмірлік дағдыларын, дербестігін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етуге;

5) өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық деңгейін үнемі жетілдіруге;

6) бес жылда бір реттен кем емес аттестаттаудан өтуге;7) педагогикалық этика нормаларын сақтауға;8) оқушылардың, олардың ата-аналарының, мемлекеттік мекеме

қызметкерлерінің ар-ожданы мен намысын сыйлауға міндетті.73. Міндеттерін және педагогикалық этика нормаларын бұзғаны үшін

мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

74. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлеріне білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихаттау немесе оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге пайдалануға тыйым салынады.

9. Мемлекеттік мекеменің оқушылармен және (немесе) олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынасын

рәсімдеу тәртібі

Page 10: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

11

75. Мемлекеттік мекеме оқушылары:1) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай

сапалы білім алуға;2) мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша білім

берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары аясында жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары негізінде білім алуға;

3) Оқу жоспарларына сәйкес балама курстарды таңдауға;4) мемлекеттік мекеменің ақпараттық ресурстарын тегін пайдалану,

оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенді құралдармен қамтамасыз етілуге;5) спорттық, кітап оқу, жиын залдарын, компьютерлік сыныптарды және

кітапхананы тегін пайдалануға;6) өз пікірі мен көзқарасын еркін білдіруге;7) өзінің адамдық ар-ожданын құрметтеуге;8) оқудағы, ғылыми, шығармашылық қызметіндегі табыстары үшін

марапатталуға және көтермеленуге құқылы.76. Мемлекеттік мекеме оқушыларының міндеттері:1) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының

талаптарына сәйкес білім мен білік, практика дағдыларын меңгеру, мемлекеттік мекеменің Ішкі тәртіп ережелерін сақтау, осы Жарғыда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;

2) өз денсаулығын сақтау, өзінің денесі мен рухани дүниесін жетілдіруге ұмтылу;3) педагогикалық қызметкерлердің ар-ожданын құрметтеу;4) ұлттық, жалпыадамзаттық және рухани құндылықтарды құрметтеу;5) мемлекеттік мекеме мүліктеріне ұқыпты қарау;6) мемлекеттік мекемеде бекітілген мектеп формасын сақтау. 77. Міндеттерін орындамағаны үшін оқушыларға Ішкі тәртіп ережелері

мен осы Жарғыда қарастырылған тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

78. Оқушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің құқықтары:

1) мемлекеттік мекемені басқару органдарының жұмысына ата-аналар комитеті арқылы қатысу;

2) өзінің балаларының оқу үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайлары туралы ақпарат алу.

79. Оқушылардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің міндеттері:

1) балаларының өмірі, білім алуы үшін саламатты және қауіпсіз жағдай жасау, олардың зияткерлік және дене қабілеттерінің дамуын, адамгершілік тұрғыда қалыптасуын қамтамасыз ету;

2) мемлекеттік мекемеде балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне ықпал ету;3) балалардың сабаққа келуін қамтамасыз ету.

Page 11: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

12

4) балаларының тәртібін өздерінің өтініші бойынша сабақтан босатылған кезде және демалыс күндері қадағалау;

5) ата-аналар жиналысына қатысу;6) оқу-тәрбие процесі барысында туындаған даулар мен

келіспеушіліктерді мемлекеттік мекеменің әкімшілігімен бірлесе отырып шешуге ат салысу;

7) балаларының мемлекеттік мекеменің мүлкіне, қызметкерлер мен өзге оқушыларға (тәрбиеленушілерге) келтірген материалдық зиянын Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өтеу;

80. Мемлекеттік мекемеде оқыту, тәрбиелеу, еңбек және демалыс үшін саламатты және қауіпсіз жағдай жасау жауапкершілігі мемлекеттік мекеме басшысына жүктеледі.

10. Ақылы қызмет көрсетудің тізбесі мен тәртібі

81. Мемлекеттік мекеме білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары талаптарынан тыс ақылы қызмет көрсету жөнінде шарт жасау арқылы ақылы негізде келесі тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынуға құқылы:

1) қосымша білім беру бағдарламаларын (спорт, мәдениет және өнер саласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын, бейімділіктері мен қызығушылықтарын дамыту) жүзеге асыру бойынша;

2) оқу жоспарлары мен бағдарламаларында бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша жекелеген оқушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

3) пәндер бойынша оқушылар үшін ғылым негіздерін (пәндер және пәндер циклдері) тереңдетіп оқытуды ұйымдастыру;

4) оқушылар мен тәрбиеленушілер, педагогикалық қызметкерлер арасында түрлі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу: спорттық жарыстар, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиеттер дайындау және тарату.

82. Ақылы қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

11. Мемлекеттік мекемені басқару

83. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды Басқарма жүзеге асырады.84. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген

тәртіппен келесі функцияларды жүзеге асырады:1) мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;2) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;3) мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарын бекітеді;4) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

Page 12: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

13

5) мемлекеттік мекеменің құрылымын, қалыптастыру тәртібін және басқару органдарының өкілеттілік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;

6) мемлекеттік мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін айқындайды;

7) мемлекеттік мекеменің құрылымы мен шекті штат санын бекітеді;8) мемлекеттік мекеме басшысының ұсынуы бойынша оның

орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға келісім береді;

9) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;10) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік мекемеге

берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде олар сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

11) мемлекеттік мекемелердің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісімін береді;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады;

13) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады.

85. Меморандум аясында Қор:1) мемлекеттік мекеменің білім беру қызметіне жаңа дүниежүзілік

инновациялық жүйелер деңгейінде әдістемелік және ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік мекемеге түсу емтихандарын ұйымдастырады;3) мемлекеттік мекеменің мұғалімдері мен өзге де шетелдік

қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша қаржыландыруды қамтамасыз етеді;4) ағылшын тілінде өтетін пәндер бойынша оқытуды жүзеге асыратын

мұғалімдерді басқа шетелдерден жұмысқа тартады;5) қазіргі заман талаптарына сай келетін оқыту технологияларын зерделеу

және мемлекеттік мекеменің білім беру жүйесіне енгізу мақсатында мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін біліктілік арттырудың жұмыс курстарын, Қазақстанда және одан тыс жерлерде семинарлар ұйымдастырады;

6) мемлекеттік мекемеде және Қазақстанның басқа қалаларында оқушылар үшін пәндерді оқу бағдарламасынан жоғары деңгейде тереңдетіп оқыту мақсатында қосымша сабақтар, сондай-ақ облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар алдында дайындық сабақтарын ұйымдастырады;

7) Меморандум аясында мемлекеттік мекеме басшысына нұсқаулар береді.

86. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма мемлекеттік мекеме басшысының Қор ұсынған кандидатурасын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

Page 13: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

14

87. Мемлекеттік мекеменің басшысы мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Басқармаға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

88. Мемлекеттік мекеме басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен белгіленген өзінің құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және дербес шешеді.

89. Мемлекеттік мекеме басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға міндетті және жеке дара жауап береді.

90. Мемлекеттік мекеме басшысының орынбасарларын және бас есепшісін мемлекеттік мекеме басшысы Басқарма келісімен лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады.

91. Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеме басшысы:

1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің

мүддесін білдіреді;3) шарттар жасайды;4) сенімхаттар береді;5) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қазақстандық және шетелдік оқу

орталықтарында, басқа да біліктілік арттыру түрлерінде оқыту бойынша іссапарлар, тағылымдамалар тәртібі мен жоспарларын бекіту;

6) банктік шоттарын ашады;7) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар

шығарады және нұсқаулықтар береді;8) мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және

жұмыстан шығарады;9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте

мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

10) өзінің орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де жетекші қызметкерлерінің міндеттері мен құзіреттерін белгілейді;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Жарғымен және Басқармамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

12. Мемлекеттік мекеме мүлкінің құралу тәртібі

92. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құны оның балансында көрсетілетін активтері құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:

1) оған жергілікті атқарушы орган берген мүліктерден;

Page 14: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

15

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған (ақшалай табысын қоса алғанда) мүліктерден;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыптастырылады.

93. Мемлекеттік мекеменің өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен оқшаулауға немесе оған өзге де тәсілдермен иелік етуге құқылы емес.

94. Егер мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамасымен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мемлекеттік мекеме өндірген тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден түскен ақша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің иелігінде қалады.

95. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен қосымша қаржыландыру көзі бекітілмесе, мемлекеттік мекеменің қызметі Атырау облысы әкімдігінің бюджетінен қаржыландырылады.

96. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепке алу жүргізеді және есептілік ұсынады.

97. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және түгендеуді Басқарма және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен өзге де мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

13. Мемлекеттік мекеменің еңбек қатынастары

98. Мемлекеттік мекеме мен қызметкерлердің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері осы Жарғымен, ішкі тәртіп Ережелерімен және лауазымдық нұсқаулықтармен айқындалады.

99. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штаттық саны еңбекке ақы төлеу қорының шегінде бекітіледі. Еңбек ақы төлеудің қоры және еңбек ақы төлеудің нысаны мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлерінің, медициналық және техникалық персоналының штаттық саны ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақы мөлшері бекітіледі.

100. Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы мамандығы бойынша еңбек өтілі ескеріле отырып, біліктілігіне, қызметтік міндеттеріне сәйкес бекітіледі. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық қызметкерлеріне сынып жетекшілігі үшін, дәптерді, жазу жұмыстарын тексергені үшін, оқу кабинеттеріне меңгерушілік еткені, пәндерді тереңдетіп оқытқаны, эксперимент жағдайында жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қосымша ақы және басқа да төлемдер төлеу жүргізіледі.

14. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режімі

Page 15: Утвержден - EduPage · Web viewЖалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген

16

101. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режімі ішкі еңбек тәртібі ережелерімен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

15. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

102. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Атырау облысы әкімінің шешімімен жүргізіледі.

103. Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

16. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату шарттары

104. Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

17. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәлімет

105. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері болмайды.