Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ...

62
ӘОЖ 930.253:94(574) «1917-1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ СӘБИТҚЫЗЫ Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.) 07.00.09 тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері Тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалғ ан диссертацияның АВТОРЕФЕРАТЫ Қазақстан Республикасы Астана, 2010

Upload: others

Post on 27-May-2020

38 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

ӘОЖ 930.253:94(574) «1917-1956» Қолжазба құқығында

МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ СӘБИТҚЫЗЫ

Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары

саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)

07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Астана, 2010

Page 2: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Жұмыс Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

Қазақстан тарихы кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Х.М. Әбжанов

Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор І.М. Қозыбаев

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Е.А. Әбіл

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Р.Ж. Қадысова

Жетекші ұйым: ҚР БҒМ Р.Б. Сүлейменов атындағы

Шығыстану институты

Диссертация 2010 жылы « » сағат -де Мемлекет тарихы

институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін

беру жөніндегі БД 53.33.02 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Солжағалау, Орынбор көшесі, 8 үй,

Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс.

Диссертациямен Мемлекет тарихы институтының кітапханасында

танысуға болады.

Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Солжағалау, Орынбор көшесі, 8 үй,

Министрліктер Үйі, 14 кіреберіс

Автореферат 2010 жылы « » таратылды.

Біріккен Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы Ж.Ү. Қыдыралина

Page 3: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диссертациялық жұмыста Қазақстан-

ның орталық және жергілікті мұрағат құжаттары кеңестік саяси репрессия

тарихының дерек көзі ретінде талданады. Мұрағат материалдарын кешенді

түрде зерттеу отандық деректану ғылымындағы көптеген мәселелерді

айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХ ғасыр тарихы - КСРО мемлекеті, оның

құрамындағы Қазақстан үшін арпалысты болды. Ғасырдың екінші

онжылдығында дүниеге келген жаңа өкімет қоғамды түбегейлі өзгертіп қана

қоймай, өзімен бірге халықтар тағдырына зор алапат апаттар алып келді. Бұл

тоталитарлық мемлекет жүйесі және саяси репрессиялар толқыны еді.

Біз тоталитаризмнен демократияға өткен мемлекетте өмір сүре отырып,

шын мәнінде өткен жүйенің қаншалықты қасірет әкелгенін түсінеміз. Қоғам өміріне еніп жатқан жаңа ойлар мен идеялар жылдар бойы кеңестік

насихаттаулар арқылы қалыптасқан сананы бір мезетте өзгертпейді.

Ұрпақтар алмасуы, тәуелсіз еліміздің жастары ғана бүкіл адамзаттық

құндылықтарды қабылдап, жаңа жүйеге өтуге мүмкіндік алу арқасында бұл міндет үдесінен шығуға болады. Кеңестік тоталитаризмнің жүргізген ең ауыр

шарасы - саяси репрессиялар. Біздің ойымызша, саяси қудалау тоталитарлық

жүйенің ұлттық сана - сезімді күйретуге арнаған бағыты еді.

Кеңестер Одағында орын алған саяси репрессиялар бүгінгі таңда

дүниежүзілік тарихшылар тарапынан зерттелуде. Қазіргі кезде бұрынғы

тоталитарлық мемлекет тарихының ақтаңдақ беттерін ашып, зерделеу

қажеттілігі туындап отыр. 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «1997 жылды жалпыұлттық

келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы

туралы» жарлығының шығуы да қоғам өміріндегі аталмыш тақырыптың

орнын көтеріп, өзектілігін анықтап берді. Қазақстанның қазіргі заман

тарихында саяси репрессия тақырыбының өткір мәселеге айналуы осылайша

жолға қойыла бастады. Тарихи еңбектер жазылып жатты, деректерді

жариялау басталды. Бірақ саяси репрессиялар тақырыбы әлі де ізденістерді

қажет етті. 2007 жылы, 31 мамырда Ақмола облысы, Целиноград ауданы,

Ақмол (бұрынғы - Малиновка) селосында «АЛЖИР» музейлік - мемориалдық

кешені ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.

Назарбаев тақырыптың тарихи перспективалары ашылды, біз оны міндетті

Page 4: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

түрде жүзеге асырамыз деп атап өтті. Бұл ретте алдымен саяси

репрессиялардың тарихи деректері жан-жақты зерттелуі қажет деп ойлаймыз.

Әртүрлі тарихи еңбектер жазылғанмен, негізгі түпқазық деректердің

анықталуы тақырыптың ашылуын жаңа бір белеске көтерері сөзсіз. Бұл тұста

кеңес кезеңі деректерінің ерекшелігі мен әлеуеті анықталып, қазақстандық

мұрағаттар құжаттарын талдау керек.

Мұрағаттық құжаттарды тарихи дерек көзі талдаудың жолға қойылуы

тоталитарлық мемлекеттің адам құқығын шектеу жолында жасаған

қылмыстарын әшкерелеуге мүмкіндік береді. Мәселені анықтауда деректер -

мен жұмыс істеудің жаңа методологиялық ұстанымдарын іздеу кеңес кезеңі

мәліметтерін талдаудың көптеген мәселелерін туындатады. Алдымен жаңа

мәліметтерді ғылыми айналымға енгізу, қазақстандық археографияны дұрыс

жолға қою, деректерді құпиясыздандыру үдерісін шегіне жеткізу,

зерттеушілерді шектеу салынған мәліметтерге жіберу секілді мәселелерді

шешу қолға алынуы керек. Сонымен қатар, деректік материалдармен жұмыс

істеу әдістерін игеру, жүйелеу бағытында кешенді түрде жұмыстар жүргізуді

қолға алу қажеттілігі шықты. Осының барлығы тақырыпты зерттеудің

маңыздылығын, мәселенің көкейкестілігін күн тәртібіне қояды.

ХХ ғасырдағы кеңестік саяси репрессиялар деректерін талдаудың

өзектілігі халықтың бетке ұстар ұлт зиялылары аттарын қайта қалпына келтіру,

еңбектерін зерделеу мен қарапайым халықтың отаршыл жүйеден шеккен

қасіретін анықтауда да жатыр. Олармен бірге бізге қазақ халқының

тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық күресінің жарқын беттері мен Кеңестер

Одағының өз азаматтарына қарсы бағыттаған саясаты айқындалады.

Тақырыптың таңдалуы да осы үдерісті толық әрі обьективті түрде ашумен

байланысты болып келеді.

Тоталитарлық мемлекеттің жүргізген саяси репрессияларын мұрағат

материалдары арқылы анықтау бүгінгі күнгі тарих үшін аса маңызды.

Деректерді анықтау, жариялау, талдау, синтездеу тарихи үдерістің шынайы

зерттеу негізін қалыптастырады. Ал кеңестік мұрағаттық құжаттар Кеңес

өкіметі мен мемлекеттік мекемелердің осы кездегі қылмысын жан-жақты

ашып беруде құнды деректер болып табылатыны сөзсіз. Онда жоғарыдан

түскен өкімдер, үкімдер, бұйрықтардан бастап атқарушы билік пен құзырлы

органдардың жүргізген жұмыстары толық баяндалады. Осы мақсатта отан

тарихының келелі мәселелерін ашуда мұрағаттық құжаттардың деректік

Page 5: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

жағынан талдануы керек. Тақырыптың деректік тұрғыда ашылуындағы үлкен

мәселелер - саяси репрессия құжаттарының толық жарияланбауы және қол

жетімсіздігі. Сондықтан кеңестік уақыт мәліметтері басқа кезеңдермен

салыстырғанда аз қарастырылған. Қазақстандық әртүрлі деңгейдегі

мекемелерде жылдар бойы қордаланып жатқан мәліметтер жетеді. Еліміздің

орталық және жергілікті мұрағаттары Кеңес өкіметінің террорлық

саясатының біртіндеп көлемді саяси репрессияларға айналғаны туралы

деректерді талдау көп мәселені шешеді, ғылыми айналымға жаңа

материалдарды қосады. Мемлекеттік мұрағаттар қорларында 1917-1956

жылдар аралығындағы Отан тарихына байланысты материалдар көп

кездеседі. Бұл мұрағаттық деректердің бәрі бірдей ғылыми айналымға еніп

болған жоқ, сақтау қоймаларында өз зерттеушілерін күтуде.

Осының барлығы кеңестік саяси репрессиялар тарихына байланысты

деректермен жұмыс істеу қажеттілігін тудырады. Әсіресе деректерді кешенді

түрде зерттеу көп нәтижелерге әкеледі. Кеңес өкіметі кезінде шектеу

қойылған және жойылған деректерге деректанулық ішкі және сыртқы сын

жүргізу Отан тарихының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Ал

мұрағаттық құжаттарды талдау жұмысы жаңа қадамдар жасауға мүмкіндік

береді. Материалдардың анықталып, дерек көзі ретінде талдануы тарихи

үдерістерді ашуға да көмектеседі. Зерттеуге күннен - күнге жаңарып жатқан

деректанудың іргелі теориялық-методологиялық мәселелерін қолданыла

аламыз. Аталған үдерістерді жүзеге асыру тақырыбымыздың маңыздылығын

және өзектілігін анықтай түсетіні сөзсіз.

Зерттеу жұмысының деректік негізі. Диссертациялық зерттеудің негізгі

деректік базасы Қазақстанның орталық және облыстық мұрағат қорлары

болып табылды. Жұмыс барысында аталған қорлардан мыңдаған құжаттар

анықталып қаралды. Оның құрамы әртүрлі, мемлекеттік мекемелердің іс

жүргізу құжаттарынан бастап жеке адамдар қорлары, тергеу құжаттары,

мәлімдемелер, жеке істер, кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері қорлары,

ақпараттар және т.б. Кеңестік саяси репрессиялардың заңдық актілері мен

РКСФР Қылмыстық Кодексі дерек көзі ретінде жеке талданып, жұмыс

барысында беріліп отырылды.

ҚР Президенті мұрағатының №122-Н – КСРО - дағы саяси

репрессиялардан зардап шеккендер және құрбандар құжаттары

коллекциясы (1988-2006 жж.), №819 - Қазақстан мекемелері, ұйымдары,

Page 6: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

өнеркәсіптерінің саяси құрылымдары ішінде Қазақ КСР Ішкі істер

министрлігінің қамау орындары басқармасының саяси бөлімі қорларында

Алаш зиялылары қатысты құжаттар мен саяси репрессиялардан зардап

шеккен қазақ интеллигенциясы өкілдерінің туыстары мен балаларының

естеліктері және еңбекпен түзеу лагерлерінің саяси бөлімінің құжаттары

жинақталған. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты №14 - Қырғыз (Қазақ)

өлкесін басқару бойынша әскери-революциялық комитет, №40 - Қазақ КСР

Ішкі істер халық комиссариаты қоры, №66 - ҚАКСР Ерекше міндеттер

жүктелген бөлімдер штабы қоры, №1680 - Қазақ КСР Жоғары сотының қоры,

№1541 - Қазақ КСР Әділет халық комиссариаты, №2014 - Қазақ КСР

Прокуратурасы қоры, №81 - Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты

қорларынан мемлекеттік мекемелер мен құзырлы органдар қызметіне

байланысты материалдар алынып, қолданылды.

Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатынан №9414 - КСРО ІІМ

тұтқындар орындарының Бас Басқармасы қорындағы қазақстандық еңбекпен

– түзеу лагерлері құжаттары қаралды. Лагерлер Бас Басқармасының

деректері толық жинақталған қордан біздің мемлекеттік мекемелерден

жіберілген материалдардың құрамы, мән – мағынасы ашылады.

Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағаты жергілікті мұрағаттар ішіндегі

ең үлкені. Аталған мұрағатта сақталған облыстық құзырлы органдар мен

Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің деректері кешенді түрде қарастырылды.

Одан №1257 - Қазақ КСР Әділет халық комиссариаты басқармасы, №205 -

Қарағанды облыстық прокуратурасы, №731 - Қарағанды облыстық соты,

№732 - ІІХК Қарлагы Прокуратурасы, №1108 - КСРО ІІХК көмір разрезі

құрылысы және еңбекпен-түзеу лагерлерінің басқармасы, №1075 - КСРО ІІХК

Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің Жартас бөлімшесі, №1143 - КСРО ІІХК

Қотыр еңбекпен түзеу лагері, №1181 - Cарент еңбекпен түзеу колониясы,

№520 - №2 Теміртау лагерлік бөлімшесі, №519 - №6 Волын еңбекпен түзеу

колониясы, №110 - №1 Қазақ КСР ІІХК Шоқай еңбекпен тәрбиелеу колоннасы,

№102 - КСРО ІІХК құрылысы және Сарань еңбекпен түзеу лагерінің

басқармасы, №21 - Қарағанды облысы бойынша ІІМ басқармасы, №454 - ІІМ

басқармасының еңбекпен түзеу колониялары бөлімінің №17 жеке лагерлік

пункті, №458 - ІІМ басқармасының еңбекпен түзеу колониялары бөлімінің

№19 жеке лагерлік пункті, №459 - ІІМ басқармасының еңбекпен түзеу

колониялары бөлімінің №18 жеке лагерлік пункт, №410 - КСРО Ішкі істер

министрлігі №99 әскери тұтқындар лагерінің басқармасы, №484 - №17

Page 7: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Астахов еңбекпен түзеу колониясы, №425 - Қарағанды облысы бойынша

жұмыс жасаған ІІМ басқармасы еңбекпен түзеу колониялар бөлімі, №426 -

еңбекпен түзеу колониялар бөлімі №18 Қарағанды жеке лагерлік пункті,

№423 - еңбекпен түзеу колониялар бөлімі №20 Сарань жеке лагерлік пункті

қорлары материалдары сарапталды. Ал ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық

статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды

қаласындағы филиалы мұрағатынан №16 - адамдардың жеке істері

біріктірілген қор іріктелді.

Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағатынан №282 - Қазақ КСР ІІМ №330

әскери тұтқындарға арналған лагерлер басқармасы, №529 - Степняктағы

жеке лагерь бөлімшесі, №892 - Атбасар қаласындағы еңбекпен түзеу

лагерлер басқармасы және №154 совхоздар құрылысы, №1277 - 40-50-

жылдардағы саяси репрессия құрбандары және олардың туыстары туралы

құжаттар коллекциясы, №180 - Ақмола болыстық атқару комитеті, №46 -

Көкшетау уездік ревкомы, №37 - Атбасар уездік кеңес жұмысшы шаруа

милициясы, №181 - Атбасар уездік ревкомы, №312 - Кеңес жұмысшы шаруа

милициясы, Атбасар қаласы, 4 аудан, №317 - Ақмола уезі, Ақмола қаласы 1

аудан кеңес жұмысшы шаруа милициясы, №454 - Атбасар уездік қылмыстық

іздестіру бөлімі, №118 - Аштарға көмектесу бойынша Атбасар уездік

комиссиясы, №343 - Ақмола облысы, Алексеевка селосы, 2 аудандық кеңес

жұмысшы шаруа милициясы, №108 - Көкшетау жұмысшы, шаруа және

қызыл әскер депутаттарының кеңестерінің атқару комитеттерінің әділет

уездік бюросы, №1304 - Көкшетау уезінің ерекше тағайындау бөлімі қор

құжаттары алынды. Материалдар Ақмола облысының Кеңес өкіметінің

алғашқы жылдарындағы «қызыл террор» мен соғыстан кейінгі жылдардағы

өңірдегі еңбекпен – түзеу лагерлері қызметтерін ашады.

Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттама

орталығындағы №37 - Семей уездік земство басқармасы, №44 - Семей уездік

жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттары Кеңесі, №48 -

Жалпыресейлік Уақытша үкіметтің Семей облысындағы басшысы, №72 -

Семей губерниялық революциялық комитеті, №73 - Семей губерниялық

жұмысшы, шаруа және қызыләскер депутаттары Кеңесінің атқару комитеті,

№133 - Алаш қалалық қоғамдық басқармасы қорларының деректері Кеңес

өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси күресті ашып береді. Әсіресе, Алаш

қозғалысына қатысты мәліметтер көп кездесетінін айтып өтуіміз керек.

Page 8: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында да №350 - Жетісу облыстық

ревкомы, №352 - Кіші Алматылық стансалық ревкомы секілді қорларда

аймақтағы «қызыл террордың» жүргізілуіне қатысты кейбір материалдар

кездеседі.

Мәселеге байланысты кейбір құжаттарды Астана қалалық мемлекеттік

мұрағатының №370 - М. Юзипенконың жеке қоры, №406 - Ақмола қаласын-

дағы Қарағанды темір жолының линиялық соты, №430 - шетел

мұрағаттарынан анықталған мұрағаттар құжаттарының жиынтығы - біріккен

мұрағаттық қор мәліметтері береді. Жекелеген құжаттар Ұлы Отан соғысы

жылдарындағы саяси репрессиялардың әртүрлі қырларын анықтайды.

Шетелден келген деректерден З. Валидидің кейбір еңбектері алынды.

Жезқазған қалалық мемлекеттік мұрағатынан №381 - Қазақ КСР түсті

металлургия министрлігінің Жезқазған мемлекеттік мыс қорыту комбинаты,

№498 - ІІМ Далалық еңбекпен түзеу лагерінің саяси бөлімі, №498-П - КСРО

ІІМ Далалық еңбекпен түзеу лагерінің саяси бөлімінің партия комитеті, №458

- КСРО ІІМ қарасты №37 әскери тұтқындардың Балқаш лагері, №380 - №39

КСРО ІІМ қарасты әскери тұтқындардың Жезқазған лагері қорлары алынды.

Қорлардан әскери тұтқындар лагерлері мен Далалық лагерге қатысты

материалдар сан - алуан мәліметтер табылды.

Сонымен қатар, деректердің келесі бөлігі қазақстандық және ресейлік

құжаттық жинақтары болып табылды. ҚР Президентінің мұрағаты

құжаттарын ең көп жариялады. Алаш қайраткерлерінің Кеңес өкіметі

жылдарында қудалануына байланысты деректер «Протоколы

Революционного комитета по управлению Казахским краем (1919-1920 гг.)»,

«Алаш қозғалысы» еңбегінің 2, 3, 4 томдарында жинақталған, ал

республикалық мемлекеттік мекемелердің «үлкен террор» кезіндегі қызметі

«Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг.», кейбір қосымша

материалдар «История Казахстан ХХ века в документах» секілді кітаптарында

берілген. Аталған мекеме депортацияға ұшыраған жеке халықтардың

тарихына байланысты құжаттар жинақтарын да шығарды. Тақырыпқа

байланысты материалдар жоғары оқу орындары оқытушыларының

құрастыруымен де шығып тұрды. Мәселен, Е. Бекмахановтың «ХIХ ғ. 20 - 40

жж. Қазақстан» кітабының дискуссиясының стенограммасы және «Красный

террор: Политическая история Казахстана» деп аталатын құжаттар

жинақтары бар. Стенограммада тарихшының еңбегіне байланысты айтыстың

Page 9: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

барысы мен мәтіні толық берілген. Ал екінші кітапта ҚР Ұлттық қауіпсіздік

комитеті мұрағатындағы жеке адамдардың істері жарияланған. Облыстық

мемлекеттік мұрағаттар тарапынан да материалдар шығуда. Қарағанды

мемлекеттік облыстық мұрағаты мен ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық

статистика және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды

қаласындағы филиалының кейбір құжаттары «Я с вами во все дни до

скончания века. Тяжелые времена гонений и репрессий 1931-1946 гг.»,

«Узницы Алжира (Список женщин - заключенных Акмолинского и других

отделений Карлага)», «Спецпереселенцы в Карагандинской области»

кітаптарында анықталған. Негізінен арнайы қоныс аударушыларға қатысты

құжаттар ашылған, сонымен қатар, «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола

лагері тұтқындарының толық тізімі жасалынған. Павлодар облыстық

мемлекеттік мұрағаты құжаттары «Забвению не подлежит», Шымкент

облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары «Саяси қуғын - сүргіндер:

шындық пен қауесет», Қостанай облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары

«Кустанайский уезд. 1917-1919 гг.», Ақтөбе және Атырау облыстық

мемлекеттік мұрағаты құжаттары «Депортированные в Казахстан народы»

атты еңбектерде жарияланды. Аталмыш құжаттар жинақтары саяси

репрессиялардың әртүрлі қырларын айқындайды.

Жұмыс барысында деректік талдаулар жасау үшін ресейлік құжаттар

жинақтары көптеп ендірілді. Оның ішінде, бес томды «Советская деревня

глазами ВЧК – ОГПУ - НКВД. 1918-1939», төрт томды «Трагедия советской

деревни. Коллективизация и раскулачивание. 1927-1939», «Красный

террор на востоке России в 1918-1922 гг.», «Сборник законодательных и

нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических

репрессий», жеті томды «История Сталинского ГУЛАГа», «Военнопленные в

СССР. 1939-1956», он үш томды «Русский архив: Великая Отечественная.

Иностранные военнопленные второй мировой войны в СССР. Документы и

материалы», анықтамалық «Система исправительно - трудовых лагерей в

СССР. 1923-1960», «Всесоюзная перепись населения 1937 года: общие итоги»

сияқты кеңес тарихына арналған құжаттар мен материалдар жинақтары

мәліметтері кеңінен қолданылды. Ресей мұрағаттарының деректік

жинақтары жан – жақтылығымен көзге түседі. Онда 1917 – 1956 жылдардағы

саяси репрессиялар материалдары кешенді түрде анықталған.

Қосымша деректер - большевиктер саясатына қарсылықтар мен

репрессиялардың жүргізілу туралы естеліктер мен мемуарлық материалдар.

Page 10: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Оның ішінде, эмиграцияға кеткен, кезінде Алаш қайраткерлерімен бірге

большевиктерге қарсы саяси күреске араласқан З. Валиди мен ұлт - азаттық

қозғалыс қайраткері М. Шоқай және оның жары М. Шоқайдың, «үлкен

террор» кезіндегі қуғындалған әйелдердің, «Әділет» тарихи - ағарту қоғамы

мен ҚР Президенті мұрағатының бірігіп шығарған саяси репрессиялар

құрбандары мен туыстарының естеліктерін айтуға болады.

Саяси репрессияларға байланысты мұрағаттық деректердің анықталып,

деректанулық талдаулардың жүргізілуі Қазақстанның қазіргі заман тарихына

қатысты зерттеу жұмыстарында тұжырымдамаларды қолдануға үлкен

мүмкіншілік береді. Орталық және жергілікті мекемелер құжаттарын кеңінен

пайдаланған диссертация қорытындылары отандық тарихтың кеңестік

кезеңінің деректер базасын, оның ғылымға енгізілу деңгейін, теориялық-

методологиялық негізін жасауға көмектеседі.

Диссертациялық жұмыстың зерттелу деңгейі. Саяси репрессиялар

тарихы кеңестік тарихнамада толық әрі кешенді қарастырылмады. Әрине,

бұл түсінікті де еді. Өздері құрған мемлекеттің қылмыстарын большевиктер

әшкерелей алмайтын. Оны Н. Хрущевтің ХХ сиезде жеке басқа

табынушылықты айыптаған баяндамасынан кейін де еңбектердің жарық

көрмеуі дәлелдеп береді. Басты мәселе мұрағаттардың ашылмауы және

құжаттардың құпиясыздандырылмауы болды. Деректерсіз тарихтың

жазылуы мүмкін емес. Тіпті Н. Хрущевқа даярланып берілген мұрағат

материалдары да жарияланбады.

Отан тарихында саяси репрессиялар тақырыбын жан-жақты зерттеу тек

қана елдегі қайта құру реформаларымен, яғни 1980-жылдардың екінші

жартысында қолға алынды. Қазақстандағы ұлттық сана - сезімнің оянуы отан

тарихының ақтаңдақ тұстарын зерттеу мен Алаш қайраткерлерінің

мұраларын қайтаруға бағытталды. Сонымен мемлекеттің заңдық

шараларына байланысты тақырыптың басқа да қырлары ашыла бастады.

Жалпы алғанда, осы жылдардағы кеңестік репрессиялар тарихының

тарихнамасын үш кезеңге бөлуге болады:

- 1988-1993 жылдар, репрессиялар тақырыбын күн тәртібіне қою және

көлемін анықтау. Бұл уақытта қоғамдық пікір қалыптаса бастады, сонымен

қатар мерзімді басылымдарда құжаттар жарияланып, саяси репрессияларды

айыптайтын мақалалар толассыз шығып жатты. Ғылыми айналымға құжаттық

Page 11: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

материалдарды енгізу жүргізілді, сонымен қатар зерттеу жұмыстары да

жазыла бастады. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология

институтының бір топ ғалымдары үрдісті бастады және мәселеге отандық

қоғамтанушы ғалымдар араласты;

- 1993-2000 жылдар, саяси репрессиялар тарихын зерттеу мемлекет

тарапынан заңдар шығарылып, үлкен қолдауға ие болды. Атап өтсек, 1993

жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси репрессия

құрбандарын ақтау туралы» заңы мен 1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан

Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «1997 жылды жалпыұлттық

келісім және саяси репрессия құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы

туралы» жарлығының шығуы тақырыптың кең түрде ашылуына ықпал етті.

Белгілі тарихшылар М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Т.

Омарбеков, Қ. Алдажұманов, Д. Шаймұхановтар көптеген тақырыптарды

ашты;

- 2000-2009 жылдар, аталған тақырыптың әртүрлі мәселелеріне арналған

деректер жинақтары шығып, көлемді ғылыми жұмыстар жарық көрді, яғни

кеңестік саяси репрессиялар тақырыбы кеңейіп, көптеген докторлық

диссертациялардың және монографиялардың тарихи зерттеу обьектісіне

айналды. Ғалымдар Х. Әбжанов, Б. Аяған, Т. Жұртбай, К. Есмағамбетов,

зерттеушілер С. Ділманов, Г. Көкебаева, Д. Махаттарды атауға болады.

Кеңес мемлекетінің жазалау саясатын ашуда қазақстандық тарихшылар

көбінесе тақырыптың жеке - жеке қырларын қарастырды. Мәселені зерттеу

көлемді түрде қойылмады. Оны кандидаттық және докторлық

диссертациялардан, жекелеген монографиялардан байқаймыз. Негізгі

бағыттар тәркілеу, ұжымдастыру, отырықшыландыру секілді реформалар

әсерінен болған саяси қудалаулар, Алаш қайраткерлеріне қарсы

ұйымдастырылған саяси қуғындаулар, 1937-1938 жылдардағы «үлкен

террор», 1940-1950 жылдардағы қазақ интеллигенциясы қудалануы,

депортацияға ұшыраған халықтар мен арнайы қоныс аударушылар тарихына

және т.б. аударылды. Осының әсерінен 1917-1956 жылдардағы саяси

репрессиялар тақырыбының кейбір тұстары назардан тыс қалды. Мәселен,

«қызыл террор», құзырлы органдардың Қазақстандағы репрессивті

қызметтері, қазақстандық кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері, ерекше және

әскери тұтқындар лагерлері және т.б.

Page 12: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Бұл мәселелердің шығуына саяси репрессиялар деректерінің жеткілікті

дәрежеде ғылыми айналымға қосылмауы да әсер етті. Көбінесе тарихшылар

орталық және жергілікті мұрағаттар деректерін қатар алып қарастыруды

мақсат тұтпады. Орталықта жазылған еңбектер тек қана сол жердегі

мұрағаттарды, ал жергілікті тақырыпты ашатын зерттеулер облыстық

мекемелер сақтау қоймаларындағы құжаттарды пайдаланатын үрдіс белең

алды. Орталық және жергілікті мұрағаттар арасындағы байланыс, деректерін

салыстыру, сараптау жұмысы кенже қалды. Облыстық мұрағаттар

материалдары ғылыми айналымға қосылмады. Одан деректер базасының

тарлығы туындады. Және қазақстандық мұрағаттар құжаттарын

құпиясыздандыруды тек қана тоқсаныншы жылдардың екінші жартысынан

қолға ала бастады.

Әлі күнге дейін кеңестік мұрағаттық құжаттарды теориялық -

методологиялық зерттеуге арналған іргелі, монографиялық еңбектер жоқтың

қасы. Кеңес дәуірінде деректерге әдейі жүргізілмеген ішкі және сыртқы сын

мәселесі шешілген жоқ. Деректанулық методологияның да жолға қойылмауы

кедергілер келтіруде. Кеңес деректерінің зерттелуі де күн тәртібінде тұр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі диссертацияның бірінші тарауында

арнайы қарастырылды.

Зерттеудің мақсаты - Кеңес өкіметі кезіндегі саяси репрессиялар

тарихына қатысты қазақстандық мұрағаттар қорларын талдау. Осы негізде

мұрағат материалдарын деректанулық теориялық - методологиялық тұрғыда

сараптау туындайды.

Бұл мақсатқа жету үшін диссертациялық жұмыста төмендегі міндеттер

қойылды:

- қазақстандық ұлттық мұрағат қорының мәліметтеріне деректанулық

методологияның негізгі әдіс - тәсілдерін қолдану;

- тақырыпқа байланысты тарихнамалық шолулар жүргізіп, кеңестік саяси

репрессиялардың әртүрлі қырларына байланысты жарық көрген ғылыми

еңбектерді көрсету;

- Қазақстандағы «қызыл террор» деректерін анықтап, сараптау арқылы

мемлекеттің репрессивті саясатын айқындау;

Page 13: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

- большевиктердің жазалау жүйесін қалыптастыру барысындағы құзырлы

мемлекеттік мекемелер іс - әрекеттерін сараптау;

- большевиктік заң актілерін дерек көзі ретінде пайдалана отырып,

деректанулық талдаулар жасау;

- Алаш зиялыларын саяси қудалау деректері әлеуетін орталық мұрағаттар

қызметі барысында жинақталған материалдармен кешенді түрде ашу;

- «үлкен террор» кезіндегі деректердің ерекшелігін және репрессиялар

тарихындағы орнын қарастырып, деректік құндылығын анықтау;

- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы репрессивті шаралар мәліметтерін

айқындап, құжаттардың деректік маңызын зерттеу;

- соғыстан кейінгі сталиндік репрессияларға қатысты мұрағаттық

құжаттардың құрамы мен мазмұнын анықтау.

Диссертацияның зерттеу нысаны - кеңестік мемлекеттік мекемелер мен

саяси қуғындалған жеке адамдардың мәліметтері сақталған қазақстандық

орталық және облыстық мұрағаттар құжаттары.

Жұмыстың зерттеу пәні - 1917-1956 жылдардағы саяси репрессияларға

қатысты мұрағаттық құжаттардың деректік әлеуетін дәйектеу.

Зерттеу жұмысының методологиялық негіздері. Зерттеуде революцияға

дейінгі және Кеңес өкіметі жылдарындағы деректанулық методологияның

әдіс - тәсілдері қолданылады. Оның ішінде А. Лаппо - Данилевскийдің

деректану методологиясын жаңа бағытқа көтеруінен бастап кеңестік

деректанушылардың маркстік - лениндік идеология негізінде тарихилылық,

обьективтілік ұстанымдарын деректерді талдауда қолдану әдістері

қамтылады. Әр кезеңнің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, автор

деректерді талдауға арналған тұжырымдамалардың қажетті тұстарын алуға

тырысты. Осыдан келіп, жұмыстың методологиялық негізіне зерттеудің

жалпығылыми методологиясы мен қазіргі ресейлік тарихшылардың

деректану ғылымында қолдана бастаған жаңа, философиялық

тұжырымдамалары алынды. Қазіргі деректанудағы адам қолымен жасалған

дерекке қоғамдағы мәдениеттің туындысы деп қарау ұстанымын автор

бөліседі. Ізденуші деректанудың барлық гуманитарлық ғылымдарға

ортақтығын көрсете отырып, мұрағаттарда кездесетін әртүрлі мазмұндағы

Page 14: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

деректерге ішкі және сыртқы сынды соңғы кездегі методологиялық

ұстанымдарға сай жүргізді.

Ресей ғалымдары А. Лаппо - Данилевский, С. Валк, М. Тихомиров, И.Д.

Ковальченко, С. Шмидт, О. Медушевская, И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов,

М.Ф. Румянцевалардың зерттеу методологиясы диссертациялық жұмыста

кеңінен қолданылады.

Бүгінгі күні қазақстандық тарихнамада отан тарихының әртүрлі

мәселелерін дерек көзі ретінде зерттейтін докторлық диссертациялар мен

монографиялық еңбектер де көбеюде. Тарихшылар М. Әбусейітова, Х.

Әбжанов, Қ. Атабаев, Е. Әбіл отандық ғылымда тарих пен деректанудың

теориялық - методологиялық ұстанымын қалыптастыруды басты мақсат

тұтады [1]. Зерттеу методологиясы диссертацияның бірінші тарауында

арнайы қарастырылды.

Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Жұмыстың хронологиялық шегі

1917-1956 жылдарды қамтиды. Нақ осы жылдар лениндік - сталиндік

репрессияның шарықтау шегіне жеткен болатын. Қазан революциясынан

кейін - ақ большевиктік биліктің социалистік идеяны қабылдамағандарға

қарсы «қызыл терроры» басталды. Ол саяси репрессиялардың шарықтау шегі

«үлкен террорға» ұласты. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда

кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері түзіліп, 1940-1950 жылдардағы

репрессияның жаңа толқыны басталды. Сталиннің өлімі кеңестік саяси

репрессияларды түбегейлі тоқтата алмады. Лагерлер бас басқармасы жұмыс

істеп тұрды, қазақ интеллигенциясымен күрес жалғаса берді. 1956 жылғы 15-

25 ақпанда болып өткен ХХ сиезде КОКП Орталық комитетінің бірінші

хатшысы Н.С. Хрущевтің «Жеке басқа табынушылық және оның зардаптары»

деген тақырыптағы баяндамасы сталинизммен күресте үлкен орын алған

болатын. Осыдан кейін еріксіз еңбек ету орны болған Лагерлер бас

басқармасы жабылды, көптеген азаматтар ақталып, түрмелерден шықты.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының ғылыми

жаңалығы мұрағаттық құжаттарды деректанулық талдаудың теориялық-

методологиялық негізін жасауда көрінеді. Отан тарихында саяси

репрессиялар жайлы қазақстандық орталық және жергілікті мұрағаттары

қорларындағы құжаттар алғаш рет кешенді түрде қарастырылып,

ерекшеліктері талданды. Осы материалдар негізінде диссертацияда

деректердің маңызы мен орны анықталды. Қазақстандық тарихнамада саяси

Page 15: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

репрессиялар деректерін зерттеу бірінші рет большевиктер мемлекет басына

келгеннен бастап ХХ сиезге дейінгі аралықта алынды. Кеңестік деректерге

ішкі және сыртқы сын жүргізу барысында тоталитарлық жүйенің қойған

шектеулері мен құпиясыздандырылу дәрежесі айқындалып, деректердің

жойылу деңгейін анықтауға қадамдар жасалынды. Осы мақсатта орталық

және жергілікті мұрағаттар құжаттарының ерекшеліктері ашылып, зерттеу

әдістері қолданылды.

- саяси репрессиялар тақырыбының зерттеле қоймаған қырларының бірі

1917-1925 жылдардағы «қызыл террор» мәселесіне байланысты ресейлік

және қазақстандық мұрағат қорлары мәліметтері сарапталды;

- қазақстандық мұрағаттарда сақталған құжаттар арасынан большевиктер-

дің жазалау жүйесінің жүргізген террорлық әрекеттерін әшкерелейтін

мәліметтер анықталынды;

- саяси репрессиялар жүргізілуінің заңдық негіздері ашылып, жүзеге асу

барысы талданды;

- Алаш қайраткерлері қасіретіне қатысты деректер әлеуетін дәйектеу

барысында құзырлы органдар қызметі ашылып, тергеу құжаттарын

естеліктермен салыстыру арқылы күрделі талдаулар жасалды;

- «үлкен террор» деректері заңдық актілер арқылы сарапталып,

мемлекеттік мекемелер құжаттары жеке адамдар мәліметімен

байланыстырылып, деректанулық синтез жүргізілді;

- деректанулық талдаулар жасау барысында екінші жаһандық соғыс

жылдарындағы саяси репрессияларға байланысты ресейлік және

қазақстандық мұрағат қорлары салыстырылып, деректердің әлеуеттік

ерекшеліктері беріліп отырылды;

- қазақстандық мұрағаттар ішінде әлі де ғылыми айналымға енбеген ҚР

Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша

Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалының және осы мұрағаттан

Қарағанды облыстық мұрағатына өткен қорлар құжаттары талданылды;

- соғыс кезіндегі және соғыстан кейінгі кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері

туралы жайлы жаңа деректер алынып, сұрыпталды.

Қорғауға ұсынылған негізгі тұжырымдар:

Page 16: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Кеңестік мұрағаттар материалдары тарихи дерек көзі ретінде зерттеле

отырылып, қорғауға келесі тұжырымдамалар ұсынылады:

- Кеңес өкіметі құлағаннан кейін тарихи үдерістерді баяндауда жаңа

көзқарастардың қалыптасуымен қатар қазіргі заман тарихы деректерін

зерттеу методологиясы да жаңғырды. Бұрынғыдай емес, деректерге ішкі

және сыртқы сын жасалып, «адам – шығарма - адам» үштігі негізінде

методологиялық ұстаным берілді. Осы тұрғыда, саяси репрессиялар

деректері сарапталды;

- тақырыптың зерттелу деңгейі кешенді түрде зерттелініп, жан - жақты

тарихнамалық талдау жасалу барысында саяси репрессиялар тарихының

өзекті мәселелеріне назар аударылды. Мемлекеттің қабылдаған

шараларының тарихи зерттеулер жазылуына әсері ашылды;

- 1917-1924 жылдар аралығындағы бастапқы репрессиялар деректерінің

анықтау «қызыл террордың» ішкі болмысы арқылы беріледі. Ресейлік және

қазақстандық мұрағаттардағы аталмыш кезеңнің деректер базасын талдау

«қызыл террор» тек қана «ақ террорға» жауап емес, Кеңес өкіметінің

репрессиялау саясаты табиғатына сай екендігін көрсетті;

- мемлекеттің жүргізген репрессивті саясатының бағдар - бағыты заңдық

актілерден көрініп тұрады. Большевиктер құқықтық - нормативтік база

нығайту арқылы саяси қуғын – сүргінді күшейтті. Кеңес заңдарымен жазалау

бүкіл елді, барлық азаматтарды қамтыды;

- қазақстандық орталық және жергілікті мұрағат қорларындағы Алаш

қайраткерлерінің репрессиялануына қатысты деректер әлеуеті анықталып,

сот - тергеу мәліметтері басқа материалдарды толықтыратыны дәлелденді;

- «үлкен террор» деректерінің ерекшеліктері жиырмасыншы жылдардағы

құжаттармен салыстыру арқылы айқындалды. 1937-1938 жылдардағы

мәліметтер арқылы саяси репрессиялар деректерінің жазалаушылық мәні

берілді;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында саяси репрессиялар көлемінің кеңейіп,

халық шаруашылығының басқа жаңа салаларын қамтығаны мұрағаттық

деректермен ашылды. Осы кезеңдегі саяси қуғындаулардың әртүрлі

қырлары жеке - жеке берілді;

Page 17: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

- 1940-1950 жылдардағы сталиндік саяси репрессиялар кезіндегі

ерекшеліктер тарихи деректер арқылы баяндалды. Мемлекеттің жүргізген

саясаты барысында жасалған қудалау құжаттары маңызы талданылды.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері

мен тұжырымдамалары ғылыми мақалаларда және бір оқу құралында

жарияланған. Оның ішінде, отандық ғылыми журналдар мен Ресей Ғылым

Академиясының хабаршылары бар. Автор негізгі тұжырымдамаларын ҚР

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті

жанындағы «Қазақстан мұрағаттары» журналының бірнеше сандарында

шығарды. Сонымен қатар, Ресейде және Қазақстанда болып өткен

халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми конференцияларға қатысты.

Атап өтсек: «Отан және әлем тарихы ХХI ғасырда: ғылыми парадигмалардың

ортақтығы мен ерекшеліктері» (Алматы, 2007), «III Чтения, посвященные

памяти Р.Л. Яворского» (Новокузнецск, 2007), «Кеңес саясатына қарсылық:

Алаш қозғалысынан Желтоқсан көтерілісіне дейін» (Астана, 2008), «Россия и

современный мир: проблемы политического развития» (Москва, 2008),

«Музеология - музееведение в ХХI веке: проблемы изучения и

преподавания» (Санкт - Петербург, 2008), «Музейные ресурсы современного

общества» (Омск, 2008), «Жуасов оқулары - 13» (Қарағанды, 2009),

«Перекресток культур - музейная память: национальное и

интернациональное» (Казань, 2009) және т.б.

Ізденуші 2005 жылы Астана қаласында ҚР Ұлттық мұрағатының

ашылуына байланысты ұйымдастырылған «Тәуелсіз Қазақстан тарихы»

көрмесінің ғылыми кеңесшісі болып жұмыс істеді және ашылу салтанатында

көрмені таныстырып, сөз сөйледі. 2005-2006 жылдары «Қазақстан»

телеарнасының «Мезгіл» бағдарламасы аясында Алаш қозғалысына қатысты

хабарламалар циклін даярлады. Астана қалалық мемлекеттік мұрағатындағы

ғылыми - әдістік кеңестің мүшесі, аталған мекеменің 2006 жылы «Елорданың

еңселі тұлғалары» деп аталатын көрмесінің жасалуына араласты. Ал 2008

жылы ҚР Ұлттық мұрағаты ұйымдастырған «Мәдениеттің және ақпараттың

жаhандану жағдайында Қазақстан Республикасының мұрағат ісі заңнамалық

базасының қызмет етуінің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық

ғылыми-практикалық конференциясына және 2009 жылы 31 - мамыр - саяси

репрессиялар құрбандары еске алу күніне орай Қарағанды облыстық

мемлекеттік мұрағатының басшылығымен Долинка поселкісінде 100

жылдығына арналған «История родного края: прошлое и настоящее» деп

Page 18: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

аталатын республикалық ғылыми - практикалық конференцияларына

қатысты.

Автор 2007 жылы 31 мамырда Астана қаласы әкімдігінің

ұйымдастыруымен Ақмол селосында ашылған “АЛЖИР” саяси репрессиялар

мен тоталитаризм құрбандарының музейлік - мемориалдық кешенінің

тұжырымдамасын жасауға атсалысты және ғылыми кеңесші ретінде еңбек

етті. Музейдің ашылу салтанатына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев қатысып,

автор “Қазақстандағы саяси қуғын – сүргін” тақырыбында экскурсия жүргізді.

Диссертант Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих

мамандығынан даярланатын студенттерге деректану, тарихнама,

мұрағаттану пәндері бойынша сабақтар жүргізеді, оқу - әдістемелік

кешендерін жасады. Тарихшы магистранттар үшін “Деректану мен

тарихнаманың теориялық және методологиялық мәселелері”,

“Қазақстанның шетелдік тарихнамасы” пәндерінен дәріс оқиды. Диссертация

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстан тарихы

кафедрасында алдын - ала талқылаудан өтті.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Диссертациялық жұмыстың тұжырымдамалары Қазақстан тарихының

деректері бойынша еңбектер мен оқу құралдарын жасауға пайдаланылуы

мүмкін. Сонымен қатар, зерттеудің қорытындыларын жоғары оқу

орындарында Қазақстан тарихы деректері мен деректану пәні және Кеңес

мемлекетінің тарихы курсы бойынша дәрістерді оқытуға, сонымен қатар

арнайы курстарды жасауға қолдануға болады.

Диссертацияның құрылымы алға қойған мақсаты мен міндеттеріне

байланысты белгіленді. кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және

пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеу бағытын таңдау кеңестік саяси репрессиялар тарихын зерттеуде

мұрағаттық құжаттарды дерек көзі ретінде жан - жақты және обьективті

талдау қажеттілігінен туындап отыр.

Кіріспеде диссертациялық жұмысқа жалпы сипаттама беріліп,

Page 19: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

тақырыптың өзектілігі мен ғылыми жаңалығы негізделіп, зерттеу

жұмысының мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні анықталды, тәжірибелік

маңызы көрсетіліп, зерттеудің методологиялық негіздері, тақырыптың

зерттелу деңгейі белгіленді, сонымен қатар деректік базасы сипатталды.

«Мәселені зерттеудің методологиясы мен тарихнамасы» деп аталатын

бірінші бөлімде тақырыптың тарихнамасы мен зерттеу методологиясы

талданады. Деректану ғылымының методологиялық негіздері қарастырылып,

оны кеңестік мұрағаттық деректермен жұмыс істеуде пайдалану жолдарына

тоқталынды. Саяси репрессиялар тақырыбының зерттелу тарихы кешенді

түрде анықталынды.

Деректану методологиясына байланысты революцияға дейінгі және

кеңестік ғалымдардың пікірлерін талдау аталмыш ғылымның даму барысын,

әртүрлі көзқарастар мен пікірлерді ашуға мүмкіндік береді. Әр кезеңнің өз

ерекшеліктерін талдай келе, ұтымды тұстарды анықтадық.

Қазіргі методологияда Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің

деректанушылары И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов, О.М. Медушевская, М.Ф.

Румянцева өз тәжірибелерін ұсынуда [2]. Олар үш ұстанымды көрсетеді:

«тарихи дерек» ұғымының анықталуы (зерттеу пәні), деректанулық талдау

құрылымы (зерттеу әдісі), зерттеуші санасының тарихи танымдағы ролі

(методология). А.С. Лаппо - Данилевскийдің ұстанымдарын талдай отырып,

авторлар деректану методологиясы шығарманы немесе оның сақталып

қалған фрагменттері сияқты дерек көздерін мәдениет құбылысы ретінде

және оны зерттеу үшін қажет етіп түсіндіреді. Олардың ойынша, тарихи

деректерді зерттеудің ғылыми методологиясында іздеп табу, эвристика

(адамның шығармашылық ойлары және қандай да болсын міндетті шешудің

психикалық үдерісі туралы ғылым), түрге бөлу, онда бар ақпаратты түсіндіру

басты маңызға ие болады. Күрделі зерттеу әдістері үзік - үзік сақталған

шығармаларды өз уақытының мәдениет құбылысы ретінде жасауға

мүмкіндік береді, аталған құбылыс мәдени тұтастық ерекшелігі және

түрлерін ашады. Бұл әдістер бір - бірімен логикалық байланысты, деректану

методологиясының біртұтас жүйесін құрайды. Ол жүйелілікке,

тарихилылыққа сүйенеді, деректерді түрге бөлу әдісін, деректанулық талдау

мен синтезді жетілдіреді. Қазақстандық тарихшылардың ішінен тарих

методологиясына анықтаманы Х. Әбжанов береді: «Методология – ғылыми

ақиқатқа жол бастайтын, ізденісті тиімді ұйымдастыратын, зерттеу нысаны

Page 20: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

мен пәніне тән заңдылықтарды, қисынды, қайшылықтарды сан – салалы

диалектикалық байланыс пен өзгеріс динамикасында дәйектейтін ақыл – ой

әрекетінің әдіс - тәсіл жиынтығы» [3].

Деректану ғылымында әдіс пен методология қатар жүреді. Оның себебін

деректерді тануда практикалық немесе әдістік жұмыстардың көп

жүргізілуінен деп ойлаймыз. Өйткені әдістер тарихи деректерді анықтап,

зерттеулерде пайдалану, зерделеуді жүзеге асырады. Деректерді ғылыми

талдау әдістері отан тарихының барлық кезеңінің құжаттары үшін бірдей

болып табылады. Тек қана деректердің түрі ғана өзгеріп отырады. Сондықтан

екі саланың айырмашылығын ашып беру басты мақсат екені дау тудырмайды.

Деректанудың методологиясы деректерді талдаудың әдістерін, тарихи

танымның ұстанымдарын қалыптастырады. Әдісті методологиясыз жасай

алмаймыз, әдіс оның бір бөлігі ғана екенін ескеру қажет. Деректанудың

міндеті - деректердің түрлерін зерттеудің жалпы әдістік, яғни деректану

методологиясы мәселелерін қорыту. Осы мақсатта барлық тарихи деректерді

түсіндіру, ішкі және сыртқы сын сияқты деректанулық практикалық талдау

жұмыстары жүргізіледі.

Деректану ғылымының озық методологиялық ұстанымдарын отан

тарихының мұрағаттық құжаттарын зерттеуге пайдалану түйіндер мен

тұжырымдамалар жасауға көмектеседі. Ең басты, негізгі теориялық -

методологиялық мәселелерінің шыңы деректердің түпнұсқалығы мен

шынтуайтылығын анықтау болып табылады. ХХ ғасырдағы көлемді саяси

репрессия деректері кеңес кезінде зерттелмеген, ғылыми айналымға

тоталитарлық мемлекет құлағаннан соң ғана енгізіліп отырылған жаңа

материалдар екені белгілі. Сондықтан да зерттеу методологиясын

қалыптастыруда сан - қырлы әдістерді қолдана аламыз. Деректің тарихи

құндылығын анықтауда жасаушының қандай мемлекетте, идеологияда өмір

сүріп отырғанын ескеруге міндеттіміз. Әр құжаттан тоталитарлық жүйеге

қызмет етушінің қолтаңбасы байқалады. Мәселен, тергеу хаттамаларын

алайық. Жартылай сауатты тергеушілердің жазған хаттамаларын сараптау өте

қиын. Оған ойдан шығарылған фактілерін қосыңыз. Қатал заңдар, олардың

жай түсіндірілдіруі, қорқыныштан пікірдің айтылмауы, тергеушілердің шала

сауаттылығы жауап алу хаттамалары мазмұнын бірдей етті. Тергеушілердің

қолдан шығарылған істерін зерттеп отырған тарихшы міндетті түрде

дәлелдеуі қажет.

Page 21: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Деректануда тарихшы деректі басқа құжаттармен салыстыра отырып,

жұмыс жасай алады. Осылайша, деректің толықтығын, шынтуайттылығын

ашуға болады. Алдымен мемлекеттің осы мақсатты жүзеге асыру үшін жасап

отырған шараларын, сосын репрессияға ұшыраған адамдардың кейін жазған

естеліктерін салыстырамыз. Содан соң жазаланушыны жалған құжаттарға қол

қоюға нендей жағдай мәжбүр етті деген сұраққа жауап іздейміз. Осындай

ізденістер ғана деректі талдауға мүмкіндік береді. Еңбектердегі нақты

мәліметтерді анықтамай, деректегі тарихи шындықты табу қиынға соғады.

Әрбір тарихи оқиға мұқият салыстырыла қарастырылуы қажет.

Кеңестік мемлекеттік мекемелер қызметін, оның барысында жинақталған

деректерді ашу да маңызға ие. Себебі большевиктердің жазалау саясатын

жүзеге асырушы құзырлы органдар екені белгілі Ал мемлекеттік мекемелер

құжаттарын даярлаған, яғни оның авторлары кеңестік аппарат

қызметкерлерінің көпшілігі кәсіби революционерлер болды, бейбіт өмірде

мемлекеттік мекемелерді басқаруда олардың өресі жетпеді. Жоғары

білімдері жоқ, болса үзік - үзік білім алған олар тек қана әміршіл - әкімшіл

өктемдікке сүйенді. Бұл туралы К. Нұрпейісов пен Х. Әбжанов дәл көрсеткен

болатын: «Елдің ішкі - сыртқы өміріне шектеусіз билік орнатқан

большевиктер партиясының, оның ішінде Қазақстан Компартиясының 30 -

шы жылдардың аяғындағы білім, кадрлық және интеллектік әлеуеті

мақтанарлық деңгейде болған жоқ. Мәселен, республика коммунистерінің

78-80 пайызы бастауыш мектеп бітіргендер мен шала сауаттылар ғана болса,

600 - ден астамы оқи да, жаза да білмейтін сауатсыздар еді. Ал 1938-1940

жылдар арасында партия мүшелері қатарындағы жоғары немесе

аяқталмаған жоғары білімді мамандар үлесі 4,2 ден 1 пайызға дейін азайып

кетті» [4].

Деректанудың саласының бірі құжаттарға сапалы баға беру болып

табылады. Деректанулық әдістер іс жүргізу материалдарынан шынтуайтты

мәліметтерді алуды көздейді. Әрі қарай деректерді талдаудың әдісі мен

методологиясы жасалады. Дерек түпнұсқа немесе шынтуайтты болғанменен, тарихи үдерісті толық аша алмауы мүмкін. Ал кейбір құжаттардың бір бөлігі

ғана қалса да, шектелген ақпаратты болса да, оқиғаны аша алмаса да аса

құнды болуы мүмкін. Немесе қарама - қарсы майданда соғысқан саяси қарсыластардың бір - біріне әдейі жинаған мәліметтері сақталады.

Деректанушы осылардың ішінен, тіпті сөздердің арасынан тарихи шындықты

таба алуы қажет. Ол үшін тарихи үдерісті де жан-жақты игеруі керек.

Большевиктер өз қылмыстарын көрсетпеу үшін көптеген құжаттарға шектеу салды, кейбіреулерін жойып та жіберді. Дегенменен де, аздаған деректердің

Page 22: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

өзі де көп мәселелерді анықтайды. Қандай да құжат болсын, сол уақыттағы

тарихи оқиғаларды жанама болса да ашатынын ескеруіміз керек.

Түпнұсқалық деңгейін анықтауда деректерге сын жасалады. Әрбір деректің

тарихи маңыздылығын дәйектеу үшін зерттеуші бұрмалауларды таба білуі керек. Бұл тұрғыда кеңес деректерімен жұмыс істеу қиын емес.

Сонымен қатар, түпнұсқа мен шынтуайттылықты жүзеге асыруда

құжаттарды анықтау және жариялауға даярлау, құжаттың авторлығы,

құжаттың мерзімінің қойылуы, көшірме мен түпнұсқаны салыстыру, құжаттың мәтінін оқу ерекшеліктерін анықтау қажет. Алдымен, тарихи

зерттеулерде деректік базаның толықтылығы міндетті. Келесі мәселе

құжаттың авторлығын анықтау болып табылады. Кеңес өкіметінің кезінде іс жүргізу құжаттарының көпшілігі мекемелердің алқалық жиылыстарында

қабылданды. Әрине, бұл тұста басшылардың алдын - ала келісіп алатын

фактілерін де жоққа шығара алмаймыз. Құжаттың мерзімінің қойылуына да

күмән келтіруге болады. Алқалық мәжілістердің уақытын өзгерту қиын шаруа емес. Кейде даярланған күнін емес, жарияланған уақытын айтуы

мүмкін. Көшірме мен түпнұсқаны салыстыру мәселесі күрделі. Кеңестік іс

жүргізу құжаттары жасалғаннан кейін бірнеше көшірмелері даярланады. Немесе орталықтан келген материалдар көбейтіліп таратылды. Осының

әсерінен зерттеушілер түпнұсқа мен көшірмені айыра да алмай қалады.

Құжаттың мәтінін оқу ерекшеліктерін анықтауда бірнеше мұрағаттар

мәліметтерін салыстыра отырып, жұмыс істеу қажет. Кеңестік мұрағаттық құжаттарды зерттеу методологиясы бізге көп

мәселелерді ашуға көмектеседі. Оның ішінде, саяси репрессиялар

құжаттарын талдау бүкіл кеңес деректерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал кеңес деректері отан тарихының қазіргі заман кезеңін үлкен бөлігін қамтиды.

Тақырыптың тарихнамасына келетін болсақ, саяси репрессиялар

тақырыбы Кеңес өкіметі кезінде жабық болғанын айтып кетуіміз керек. 1956

жылғы ХХ сиезден кейін де мәселе толыққанды ашылған жоқ. Әрине, бұл

жылдарда қоғамға тарихи тұлғалардың есімдерінің бірқатары және олардың

мұралары ғана қайтарылды. Оның ішінде, саяси репрессияға ұшыраған қазақ

интеллигенциясы өкілдері қоғамдық – саяси қызметіне арналған С.

Қирабаевтың «Сәкен Сейфуллин» (Алматы, 1958), П. Тибекиннің «Ильяс

Кабулов» (Алматы, 1967), Р. Сүлейменовтің «Темирбек Жүргенев» (Алматы,

1968), С. Бейсембаев пен С. Құлбаевтың «Турар Рыскулов» (Алматы, 1974)

атты еңбектер жарық көрді. Бірақ ол жылдардағы зерттеу үдерісі саяси

репрессиялар тақырыбын толық ашып бере алмады. Шетелге эмиграцияға

кеткен саясаткерлер ішінен большевиктер билігін, саяси репрессияларды

зерттеген М. Шоқай, З. Валидиді айтуға болады.

Қазақстандық тарихнамада саяси репрессиялардың тарихының жан -

жақты зерттелуі елдегі қайта құру саясатының басталуымен мүмкін болды.

Page 23: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Мәселені шешуде басты ролді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология

және этнология институты ғалымдары атқарып, 1988 жылы «Социалистік

Қазақстан» газетінде аталған институттың белгілі тарихшыларымен

жүргізілген «Тарихтың әр парағы қымбат бізге» деп аталатын дөңгелек

үстелде отан тарихының күрделі кезеңдерін жаңа көзқараспен қараудың

тұжырымдамасының негізін салды. Осы кезде алғашқы күн тәртібіне

қойылған мәселе кеңестік билік тұсында қудаланған, ұлттық мемлекеттіліктің

негізін салған Алаш қозғалысы туралы тұжырымдама жасап, оқыған

азаматтар идеяларын халқына қайтару еді. 1988 жылы қоғамдық қысым

әсерінен Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті жанынан

тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен ғылымының

көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін

құрылған комиссия шешімдері жарық көрді. Бұл мәселені зерттеуге жол

ашып берді.

КСРО - ның құлауы, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи

аренаға шығуы саяси репрессиялар тақырыбының әр қырларының отан

тарихында іргелі мәселе ретінде қойылуына игі әсер етті. Оның ішінде, Алаш

қозғалысының, шығармашылық интеллигенцияның тарихы мен

тарихнамасына арналған А. Ауанасова «Деятельность национальной

интеллигенции Туркестана в первой четверти ХХ века» (Алматы, 2001), З.

Дүкенбаева «Қазақтың шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-

1941 жж.)» (Алматы, 2003), Р. Нұрмағамбетова «Движение Алаш и Алаш -

Орда. Историография проблемы 1920-1990 - е годы ХХ века» (Алматы, 2003)

мен Г. Кәкеновалардың «Судьбы казахской интеллигенции. Историография

вопроса» (Астана, 2006), ал аграрлық өзгерістер тарихнамасы О.

Мұхатованың «Қазақстандағы аграрлық өзгерістер тарихнамасы (ХIХ -

ғасырдың соңы ХХ – ғасыр» (Алматы, 1999), Қазақстанның жаңғыруының

социалистік үлгісі Р. Қадысованың «Социалистическая модель модернизации

в Казахстане (1917-1940 гг.)» (Алматы, 2005) зерттеулерінде көрінді.

1993 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының «Жаппай саяси

репрессия құрбандарын ақтау туралы» заңын жүзеге асыру барысында Ш.

Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары

«Әділет» тарихи - ағарту қоғамының басшылығы мен белсенділерімен бірге

және республика ҰҚК басшылығының көмегімен ғылыми конференциялар

мен семинарлар өткізілді, сталинизм кезеңіндегі жаппай саяси репрессиялар

құрбандарының тізімі алынды [5, 28 б.]. Осы жылдары алғашқылардың бірі

Page 24: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

болып ақталып, халқына оралған белгілі тарихшы Е. Бекмаханов туралы да

жазылды. І. Қозыбаев Қазақстан тарихнамасы жайлы кітабының бір тарауын

тарихшыға арнады. Тоқсаныншы жылдар зерттеулері ішінде шоқтығы биік

тұрған Алаш қозғалысына байланысты cүбелі үлес қосқан еңбектерді

ғалымдар Д. Аманжолова, К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиевтер жазды.

1996 жылы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.

Назарбаевтың «1997 жылды жалпы ұлттық келісім және саяси репрессия

құрбандарын есте сақтау жылы деп жариялауы туралы» жарлығы шықты.

Жарлықтан кейін саяси репрессия тақырыбы кеңінен зерттеле бастады. М.

Қозыбаев пен Қ. Алдажұманов «Тоталитарный социализм: реальность и

последствия», Қ. Алдажұманов, Е. Алдажұманов «Депортация народов -

преступление тоталитарного режима», Д. Шаймұханов «Қарлаг» кітаптарын

шығарды. Тарихшы Т. Омарбеков «20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті»

еңбегінде осы жылдарда Қазақстандағы экономикалық саясат әсерінен

болған саяси қудалауларды көрсетті.

Тоқсаныншы жылдардың соңында Қарағандыда 1920-1950 - жылдардағы

саяси репрессияларды Г. Жұмасұлтанованың, Ақмоладағы «Отанын

сатқандар» әйелдерінің лагері тарихына А. Кукушкинаның, Алматыда

Қазақстандағы БСМБ қызметі туралы Г. Молдаханованың, 1937-1938

жылдардағы Қазақстандағы саяси репрессиялар жайлы Г. Орынбаеваның

кандидаттық диссертациялары қорғалды. Т. Садықов Жезқазған

өнеркәсіптері тарихына арнаған «Сарыарқаның мыс алыбы» (Алматы, 1999)

кітабында осы өңірдегі еңбекпен түзеу лагерлері тарихына тоқталды.

Қазақстанға күштеп жер аударылу тақырыбы да белгілі ғалымдардың

зерттеу обьектісіне айналды. 1998 жылы «Депортированные в Казахстан:

время и судьбы» еңбегі жарық көрді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан

аймағы Ж. Қыдыралина, ал Орталық Қазақстан М. Сүлейменовалардың

кандидаттық диссертацияларында ашылды.

2000 жылдан бастап саяси репрессия тақырыбының зерттелу барысы

өзгерді. Бұрынғыдай емес, мәселе әртүрлі жағынан ашылды. Осы жылы

академик М. Қозыбаев «Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски»

деген еңбегінде елімізде саяси репрессия құрбандарын ақтау және

теориялық зерттелу бағыты анықталды. С. Ділмановтың «Исправительно -

трудовые лагеря на территории Казахстана (30-е-50 - е годы ХХ века)» атты

зерттеу жұмысында қазақстандық еңбекпен түзеу лагерінің тарихы ашылды.

Page 25: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Ал, ХХ ғасырдағы қазақ интеллигенциясы тағдыры мен большевиктік билікке

қарсылығын астаналық тарихшы Қ. Ахметов, қарағандылық ғалым Р.

Жұмашев айтып өтті. Ал Б. Аяғанның «Красные и черные» атты еңбегінде

шетел мұрағатындағы деректер берілген.

Зерттеушілер ішінде мерзімді басылым материалдарын талдаған Д.

Махаттың «Қазақстанда әміршіл - әкімшіл социализм жүйесін

қалыптастырудың сталиндік концепциясының мерзімді басылымда

насихатталуы (1925-1956 жж.)», әскери тұтқындар туралы Г. Көкебаеваның

«Официальная политика Германии и СССР по проблеме военнопленных

(1918-1955 гг.)» докторлық диссертациялары, Л. Михееваның «Иностранные

военнопленные и интернированные в Центральном Казахстане (1941 -

начало 50-х гг. ХХ века)» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясы

қорғалды. Қазақстандағы еңбекпен түзеу лагерлері туралы Бонн университеті

зерттеушілері В. Хеделер мен М. Штарктар еңбектерін жариялады, АҚШ - тың

Дж. Мэсон университетінің қызметкері Стивен Барнес Қарлаг тақырыбына

байланысты монография шығармақшы.

Қазіргі кезде қазақстандық тарихнамада саяси репрессия тақырыбы ұлттық интеллигенция қудалануы, большевиктерге қарсы азаттық идеясы

уағыздалуда. К. Есмағамбетовтің «Әлем таныған тұлға (М. Шоқайдың

дүниетанымы және қайраткерлік болмысы)» атты еңбегінде алғаш рет шоқайтанудың деректемелік негіздерін жасады, теориялық талдаулар

жүргізді, коммунистерге қарсы ұлт - азаттық саяси күрес ашылды. Сонымен

бірге, ұлттық идея мен Алаш зиялылары мәселесін тарихшы Х. Әбжанов,

әдебиетші Т. Жұртбай зерттеді.

Жалпы алғанда, Қазақстан бойынша кеңестік саяси репрессиялардың

зерттелуі біршама дәрежеде жүзеге асуда. Дегенменен, тарихшылар

көбінесе жекелеген тақырыптармен айналысып және оған қатысты

материалдарды енгізіп жүргенін айта кетуіміз керек. Әрине, мұрағат

материалдарының толық зерттелмеуі оған әсер етуде.

«Кеңестік бастапқы жылдарғы репрессиялар тарихының дерек көздері

(1917-1924 жж.)» деген екінші тарауда екі тараушадан тұрады, біріншісінде

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы «қызыл террор», екіншісінде

большевиктік жазалау жүйесі мен заңнаманың қалыптасу тарихынан

деректері талданады.

«Қызыл террор туралы» қаулы шын мәнінде кеңестік саяси

репрессиялардың заңдастырылған бастамасы болды деп толық айта аламыз.

Page 26: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Большевиктердің билікті басып алудағы қару қолдануы, Құрылтай

жиылысының күшпен таратылуы, революциялық трибунал туралы үкім,

контрреволюция мен саботажға қарсы күрес бойынша Бүкілресейлік төтенше

комиссияның құрылуы, саяси қарсы топтардың өкілдерін қудалау жаппай

репрессияның басталуының негізін салып берді. Ал оны заңдастыру саяси

жауларға қарсы қолданылатын зорлық - зомбылыққа, өлтіруге алып келді. Ал

жазаның ең жоғары түрі – ату туралы шешім қабылдануы негізгі мақсатты

ашып берді. Бірақ, шаралар тек қана қарсыластарға ғана емес, сонымен қатар,

бейбіт халыққа да бағытталды. Қазақ даласы екі лагердің, «қызыл» мен «ақ»

террордың қан майданына айналды. Азамат соғысы және «қызыл террор»

кезінде атылғандар мен асылғандар жайлы мәліметтер қағаз бетіне түсе

бермеді. Әлі күнге дейін Ресейде де, басқа бұрынғы одақтас мемлекеттерде

де аталған кезең құрбандарының жалпы санын анықтау мүмкін болмай отыр.

Бұның себебі ату жазасы құжаттарсыз, ресімделмей жүргізілді. Кеңес

өкіметін орнату жолында саяси қарсыластардың, интеллигенцияның, оның

ішінде, әсіресе, бейбіт қарапайым халықтың да қаны есепсіз судай шашылды.

Большевиктердің «қызыл террорының» қазақстандық тарихнамада

зерттеліп, талданбауының негізгі себептерін анықтайық. Бұның бастау көзі

мәселенің деректік әлеуетінде жатыр. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарына

байланысты тарихи құжаттар Ресей мен Қазақстан мұрағаттары қорларында

бөлініп сақталуда.

1920 жылы қыркүйекте Мәскеуде Қазан революциясының мұрағаты

құрылды. Жаңадан ашылған мұрағатқа осы жылы - ақ Кеңес мемлекетінің

алғашқы жылдарындағы қызметі туралы материалдар мазмұндалатын

Кеңестер сьездері, БОАК сессиялары, Халық Комиссарлар Кеңесі, Еңбек және

Қорғаныс Кеңесі материалдары, В.И. Ленин қол қойған немесе жазған

құжаттар түсе бастады. Революция мен азамат соғысы тарихын зерттеу үшін

маңызды материалдар, оның ішінде Ф.Э. Дзержинскийдің өкімі бойынша

Бүкілодақтық төтенше комитетке әкелінген Сібір үкіметінің, Колчактың

құжаттары берілді [6, 15 б.]. Аталған қорлар құжаттары «қызыл террор»

туралы мәліметтерді топтастырған негізгі деректер көзін құрайды. Себебі,

Колчак үкіметі большевиктердің террорлық әрекеттерін тергеу мекемелерін

құрған болатын.

Дерек көздерінің бір бөлігі Ресей Федерациясы әскери мұрағаты мен

федералды қауіпсіздік қызметі орталық мұрағатында жатыр. Ресей

Федерациясы әскери мұрағаты саяси репрессияға байланысты, оның ішінде

Page 27: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Кеңес өкіметінің жазалау шаралары, атылған адамдар тізімі сияқты нақты

мәліметтер жинақтаған. Ал Бүкілодақтық төтенше комитет пен Біріккен

мемлекеттік саяси басқарма құжаттары Ресей Федерациясы Федералды

қауіпсіздік қызметінің орталық мұрағатына өткізілген. Өйткені, «аса құпия»

деген белгісі бар құжаттар әскери мұрағатқа жіберіліп отырылды. Ресми

партиялық құжаттардан жазалау органдарының мәліметтерінің ерекшелігі

нақты репрессивті шаралардың даярлануын, барысын көрсетеді. Кеңестік

ұлт республикалардың бірі ретінде қазақстандық жергілікті органдардың

барлығы әр ай сайын жүргізілген террор туралы материалдарды жинақтап,

орталыққа жіберіп отырды. Мәскеудегі құзырлы органдардың құжаттарында

басқалармен қатар еліміздің барлық облыстары туралы мәліметтер бар.

Осыдан шыға отырып, репрессивті шараларды ашу ресейлік мұрағаттардың

деректерін пайдалану арқылы жүзеге асатынын байқаймыз. Ал біздің

орталық және жергілікті мұрағаттарда республикалық дәрежедегі

мекемелердің жүргізген іс - қимылдары, әрекеттері мен қызметтері

айтылады.

Қазақ жеріндегі «қызыл террор» деректері қазақстандық орталық

мұрағаттарда аз. ҚР Президенті мұрағатында Қазақстан КП Орталық

Комитетінің саяси зерттеулер институтының қорында Қазан революциясы,

азамат соғысына қатысушылардың, Кеңес өкіметі орнауы барысында болған

оқиғаларға жекелеген азаматтардың және олардың туыстарының қатысқаны

жөнінде естеліктері жинақталған. Естеліктер кеңес дәуірінде жасалғандықтан,

большевиктердің террорлық іс - әрекеттерін ақтау реңкі басым екендігін

айтып өтуіміз қажет.

Қазақ жерінде ықпалды саяси күшке айналған Алаш - Орда үкіметінің

орталығы Семей қаласында бүгінде Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі

заман тарихы құжаттама орталығы орналасқан. Бұнда Кеңес өкіметінің

орнауы, азаматтық соғыс, 1920 жылдардың бас кезіндегі большевиктер

тарапынан жүргізілген «қызыл террор» тарихынан бай деректер

шоғырланған. Қазақ жерінде өзіндік күшке айналған алаш

интеллигенциясының саяси орталығы Семей қаласы еді. Себебі кез келген

тарихи оқиға туралы сан - қырлы мәліметтер болған жерінде сақталады,

жергілікті мекеме органдарында алғашқы қайнар көз құжаттар болады. Міне,

Семей қаласында Шығыс Қазақстан облыстық құжаттама орталығының

құжаттарының Кеңес өкіметінің орнауы, азаматтық соғыс, 1920 жылдардың

бас кезіндегі большевиктер тарапынан жүргізілген саяси репрессиялар

Page 28: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

тарихының дерек көзі болуының нақты себебі осында жатыр. Аталған

мекеме - кеңестік кезең деректерін топтастырған Қазақстандағы бірден - бір

байырғы облыстық мұрағат.

Тарихшылар Кеңес өкіметіне қарсы күресушілер туралы негізгі деректер

ретінде қазақстандық мұрағаттардағы сақталған естеліктер мен ел арасынан

жиналған мәліметтерді пайдалануға мәжбүр. Бұл заңды да. Жоғарыда айтып

өткендей, «қызыл террор» деректері толық сақталмаған.

Зерттеуші І. Қозыбаевтың ізденістеріне сүйенсек, Қазан революциясы

және азамат соғысы кезінде мұрағат материалдары жойылған, қарсыластар

тарапынан ұрланған, тіпті аукционнан сатылған [7, 18 б.].

Сонымен қатар, «қызыл террордың» көптеген мәліметтері Мәскеудің

орталық және Ресейдің шекаралас облыстарының мұрағаттарында шашылып

жатыр. Отандық мұрағаттардан біз Кеңес өкіметінің “қызыл террор”

жылдарындағы жазалау шаралары, мемлекеттің алғашқы жылдарындағы

Бүкілодақтық төтенше комитеттің жүргізген шаралары, кеңестік қудалау

саясаты туралы деректерді жолықтырамыз. Қазақстандағы «қызыл террор»

алдымен Алаш зиялыларына бағытталғанын да құжаттар айқындайды.

Қазақстанда қызылдардың террорлық әрекеттері шектен шыққан

жағдайда болды. Бұны мұрағат қорларындағы деректер толық дәлелдейді.

«Қызыл террор» Қазақстанның аймақтарын әрқалай шарпыды. Негізінен,

шығыс, оңтүстік - шығыс, солтүстік, солтүстік - шығыс, орталық, батыс

өңірлерді қамтыды. Деректерден көргеніміздей, азық - түлік салғыртына

қарсы шаруалар көтерілістері мен мемлекеттің саясатына жергілікті халық

наразылығы болған жерлер большевиктер тарапынан қатаң жазаланды.

Біздің ойымызша, «қызыл террор» большевиктік экономикалық саясаттан

ғана емес, жеке адамдарға, барлық халыққа қысым жасаудан, яғни

«төменнен жоғарыға» наразылықты басу мақсатында қолданылды. Бұның

қазақстандық тарихнамада анықталмауы деректер базасының тарлығынан,

жергілікті (ресейлік те, қазақстандық та) мұрағаттардың құжаттарын үзіп -

жұлып ғана қарастырудан, ақпараттық негіздердің кешенді биікке

көтерілмегенінен туындап отыр.

Көптеген мәліметтер жеке тұлғалар мен жергілікті өкімет орындары

басшыларының да кеңестік саяси террорға қарсы тұра білгенін дәлелдейді.

Ал құзырлы органдар мен жазалаушы мекемелер құжаттары мәселенің негізгі

Page 29: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

қырларын ашып бере алады. Оның ішінде, Бүкілодақтық төтенше

комиссияның жергілікті органдары, кеңес милициясы, ішкі күзет әскерлері,

ерекше міндеттер жүктелген бөлімдер, ішкі әскерлер, продотрядтар мен

продармиялар.

Жалпы алғанда, Қазақстанда қызылдардың террорлық әрекеттері шектен

шыққан жағдайда болғандығын мұрағат қорларындағы құжаттар толық

дәлелдейді. Өкінішке орай, дәл статистикалық мәліметтер мен қырылған

адамдар саны жөніндегі мұрағаттағы деректерден толық анықтау мүмкін

болмады.

Кеңес өкіметінің заңдық актілері мемлекеттің дамуының негізгі

кезеңдерін ашып береді, мемлекеттік органдардың қызметін ашуда маңызды

дерек болып табылады. Өйткені, заңдар - мемлекеттік органдардың қызметін,

жүргізген саясатын зерттеу үшін басты дерек көзі. Олар мемлекеттің

құқықтық негізін жасай отырып, бағытын анықтайды. Кеңес өкіметінің

құжаттарында тоталитарлық жүйенің өктемдігі анық көрінді. Большевиктер

заңдары міндеттеген бұйрық түрінде жазылды. Және де олар өздерінің

репрессиялық саясатын жасырмай, ашық айтып отырды. Декреттердің

шығуын зерттеу деректанулық талдау үшін маңызды мәліметтер бере алады.

Бүгінгі күн тұрғысынан біз аталған шаралардың жазалаушыларға зор

мүмкіндіктер ашқанын көрсете аламыз. Алғашқы заңдық құжаттар

адамдардың сөз, ой бостандығын, шығармашылығын шектеді, қуғындады.

Сонымен қатар, декреттер саяси жүйенің өмірге қалай еніп жатқанын

анықтады және алғашқы заңдық актілер ретінде қоғамдағы үдерістерді

реттеді. Декреттерді дерек ретінде талдау бізге Кеңес өкіметінің алғашқы

жылдарындағы жүргізген саясатын ашып беруге көмектеседі.

Большевиктердің азаматтарды жазалау үдерісін заңдастыруы алғашқы

күндерден - ақ күн тәртібінде тұрды. Мәселен, «Революциялық трибунал

туралы» нұсқауда алғаш рет «халық жауы» деген термин қолданылды,

«Мемлекеттік өкіметтің функциясын алу үшін жасалған қадамдарды

контрреволюциялық әрекеттер ретінде тану туралы» қаулыда

«контрреволюциялық әрекет» жөнінде, ал «Қызыл террор туралы» қаулыда

«концлагерлер» және «ату жазасы» туралы айтылды [8, 15 б.]. Бұл шаралар

қудалануды жүргізу мен материалдар жасауға нұсқау ретінде қабылданды.

Алғашқы кезеңде, яғни революциядан соң 1918 жылдың аяғына дейін

кеңес құқықтық деректері Кеңестердің Бүкілресейлік Кеңестер съезі

декреттері, БОАК, БРК халық комиссарлар бұйрықтары, жергілікті кеңестер

Page 30: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

актілері болып табылды. Мемлекеттің құқықтық – нормативті базасы

түгелдей дерлік саяси репрессияның күшейтті. Кеңес елінің

Конституциясынан бастап барлық заңдары адамдарды қудалауға бағытталды

және олардың негізгі мақсаттары үндесіп жатты.

1922 жылы РКСФР Қылмыстық Кодексінің шығуы және онда ату

жазасының үлкен мәнге ие болуы саяси репрессияларды заңдастырып берді.

Кеңестік деректанушылар заңдарды тарихи дерек көзі ретінде талдағанда,

негізінен Конституция, Декреттер секілді актілерді ерекше мазмұндайды.

Өйткені ол заңдарда Кеңес өкіметінің негізгі шын бет - пердесі толық

ашылмаған еді. Ал, Қылмыстық Кодекс баптарын қолданған құжаттарды

талдау адамдар тағдырын шешудегі өкіметтің ролін аша алды.

Мемлекетте жазалаушы арнайы мекемелер де пайда болды. Бүкілодақтық

төтенше комиссияның деректері адамдарды қудалаулық сипатқа толы болды.

Мекеме құжаттарынан оның репрессивті шараларының бағыт – бағдары ғана

білініп тұрмады, сонымен қатар жергілікті жерлерде жүргізген саясаты да

осылай дамығанын біле аламыз. Революцияға қарсы күштерді жазалайтын

мекеменің біртіндеп бүкіл елді қатаң қадағалауға алғаны мәліметтерінен

айқын көрінеді. 1922 жылы ашылған Мемлекеттік саяси басқарма құжаттары

да Алаш қайраткерлеріне қарсы саяси репрессияларды ашып беруге

көмектеседі. Оның ішінде, агентуралық қызмет барысында жинақталған

ақпараттар көп екенін айқындайды. Егер Бүкілодақтық төтенше комитеттің

жергілікті органдары революцияға қарсы күштерге ашық шабуылдар жасаса,

енді Мемлекеттік саяси басқарма жазба мәліметтер жинауға көшті. Бұның

барлығы большевиктерге қарсы майданға болғандарға Қылмыстық Кодекс

бойынша іс қозғап, заңды түрде қудалау үшін жұмыс жасауға даярлау

жүргізілгенін анықтады. «Айыптау үкімі», «үкім», «айыптау қорытындысы»

секілді құжаттарда Кодекс баптары анық көрінеді.

Алаш зиялыларына қарсы бағытталған шаралар Қазревком мен Қазақ

АКСР – інің мекемелері қызметтерінен де көрінді. Алдыңғы мекеме Кеңес

өкіметіне қарсы соғысып жатқан Торғай және Орал топтарын большевиктер

жағына шығаруға байланысты жүргізілген жұмыс барысында көптеген

құжаттар жасады. Жұмыс істеу аясында жинақталған материалдар Батыс

Алашорданы жою мен елдегі бүкіл билікті қолына алу кезінде зиялыларды

ығыстырудың басталғанын анықтайды. 1920 жылы 20 қазанда Қазақ Халық

Комиссарлар Кеңесінің амнистия туралы қаулысына нұсқаудың мазмұнының

қазақ қайраткерлерінің қудалау құжаттары жасалу барысына әсері талданды.

БКП (б) Қазақ Өлкелік Комитеті мен РКП (б) Облыстық Комитетінің іс

Page 31: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

жүргізу материалдары арасында осы тақырыптағы деректер бар. Көбінесе,

жеке баяндамалар, арыздар, хаттар репрессивті саясатты анықтайды.

Мұрағаттарда Кеңес өкіметінің толық орнаған алғашқы жылдарындағы

Алаш қайраткерлері мен большевиктердің қарым - қатынасы, олардың

мемлекеттік мәселелер, қоғамдық - саяси саладағы қызметіндегі қарама -

қайшылықтарды анықтайтын, аша алатын құжаттар кешенді түрде

жинақталған. Деректер ішінде большевиктердің репрессивті саясатын

әшкерелейтін қазақ интеллигенциясының кеңестік басшылық қызметте

болған өкілдерінің Орталыққа, Мәскеу басшылығына арнаған хат -

хабарламалары өзіндік орын алады. Мәселен, А. Байтұрсынов барлық

жазбаларында большевиктік «қызыл террор» патшалық Ресей кезіндегі

қазақтарды отарлау саясатының көрінісі екенін баса көрсетіп отырды. Онда

жоғарыдағы құжаттарда өлкедегі жергілікті өкімет өкілдерінің халыққа

көрсетіп отырған бейбастығын анықтап дәйектейді.

Мекемелердегі іс жүргізу құжаттарының ішінде жиырмасыншы жылдары

жеке адамдарға жүргізілген екі - үш беттен тұратын сауалнамалар

тұлғалардың көзқарасын, қоғамдық - саяси қызметін анықтау үшін дерек

ретінде пайдаланылды. Онда азаматтың мүліктік жағдайы, Қазан

революциясы, азамат соғысы кезінде атқарған қызметтері, қандай партияда

екендіктері, саяси көзқарасы, қудаланғаны туралы мәліметтер, Кеңес

өкіметіне деген көзқарасы, туыстары туралы ақпараттар түгел сұралған.

Губерниялық революциялық комитеттердің жеке іс парақтарына, кеңестік

мекеме қызметкерлеріне арналған сұрақтарға назар аударсақ, Кеңес өкіметі

қазақ интеллигенциясына күмәнмен қарағанын көре аламыз. Мәселен, «1914

жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін қандай қызмет атқардыңыз немесе

жұмыс істедіңіз?», «1917 жылғы ақпан айынан бастап 1917 жылдың аяғына

дейін қайда жұмыс істедіңіз?», «Қазан төңкерісінен кейін қайда жұмыс

істедіңіз?», «1918 жылдың мамыр айына дейін қайда жұмыс істедіңіз? 1918

жылдың мамыр айынан тамыз айына дейін қайда жұмыс істедіңіз? Қай

партияда болдыңыз және осы уақытта қандай партиядасыз? Кеңес өкіметіне

қатынасыңыз қандай? Кеңес өкіметінің қандай саясатына келіспейсіз? Ақ

әскерде болдыңыз ба? Қандай саяси көзқарасыңыз үшін саяси қудалауға

ұшырадыңыз?» деген сұрақтар қойылған. Деректер мәтінінен көрініп

тұрғанындай, кеңестіктер әрбір азаматтың большевиктер туралы көзқарасын

білдіретін ақпаратты толық жинап отырған. Бұл большевиктердің

мемлекеттік мекемелерді «контрреволюциялық күштерден» тазалау

үдерісінің бастамасы еді. Осы кездегі «тазалау» материалдары кейінгі «үлкен

Page 32: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

террор» кезіндегі тергеу материалдарына дәйек ретінде пайдаланылды.

Аталған сұрақтарға Семейдегі алаш интеллигенциясы өкілдерінің түгел

жауап бергенін жеке іс қағаздарынан анықтауға болады. Шығыс Қазақстан

облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар орталығында Әуезов Мұхтар,

Ермеков Әлімхан, Ақпаев Жақып, Бірімжанов Ғазымбек, Мәрсеков

Райымжан, Нұрмақов Нығметтің жеке істері бар.

Осылайша мұрағаттар қорлары материалдары Кеңестер Одағы

құрамындағы Қазақстанның ішкі саяси үдерістерін, оның ішінде

интеллигенцияның қарсылығын анықтауға мүмкіндік береді. Осы

құжаттарды көріп отырып - ақ, болашақта кеңестік саяси репрессияларға

қазақтың оқыған азаматтарының барлығының ұшырайтынын болжауға

болады.

Тұтас деректер кешені Қазақстандағы саяси қудалауларды жүргізілу

барысын аша алады. Большевиктік басшылық қолын ешқандай заңмен

байлаған жоқ, революциялық құқықтық сана жазалау саясатының құрамына

айналды. Деректер ашып көрсеткеніндей, жазалау органдарының

әрекетіндегі жүгенсіздік, террорды тұрғындардың тұтас әлеуметтік топтарын

жою үшін пайдалану, әлеуетті қарсыластардың көзін жою, шектеудің

болмауы адамдарды қорлаудың Ресейде революцияға дейінгі болмаған

әрекеттеріне апарды.

Голощекиндік репрессиялар және «үлкен террор»: дерек пен дәйек

(1925-1938 жж.) деп аталатын үшінші тарауда Алаш зиялыларының саяси

репрессияға ұшырау барысында жинақталған деректер әлеуеті сарапталады

және «үлкен террор» құжаттары талданады.

1925 жылдан бастап Алаш қайраткерлеріне қарсы саяси қудалау ашық

түрге ие болды. «Ақ жол» газетін қудалаудан басталған шаралар

алаштықтарға қарсы репрессияны одан сайын күшейтуге ықпал еткені сөзсіз.

Сонымен қатар, осыдан бастап большевиктердің Алаш қайраткерлеріне

басталған репрессияны эмиграциядағы белгілі қоғам қайраткері Мұстафа

Шоқаймен байланыстыруды көздегені құжаттар арқылы дәйектелді. Осыдан

соң оқу ағарту, баспасөз саласында қазақ интеллигенциясын жаппай қудалау

ресми түрде басталғаны деректермен айқындалды.

Қазақстандағы қудалаудың келесі кезеңі БКП (б) Қазақ өлкелік комитетіне

Ф.И. Голощекиннің келуі одан әрі жандандырылды. Ол басшылық етіп тұрған

кезде, Қазақ Өлкелік Комитеті Өлкелік Бақылау комиссиясымен бірігіп, қазақ

Page 33: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

партия - кеңес қайраткерлеріне қарсы күресті күшейтті. Алаш зиялыларына

қатысты деректер оларға қарсы үлкен сот үдерісінің даярланып жатқанын

айғақтайды. Алаштықтардың коммунистік партиядан шығарылуы, әртүрлі

қылмыстық істерге тартылуы, баспасөз беттерінде сыналуы, міне, осы

мәселенің жасалуы жолын анықтады.

Алаштықтарға қарсы құзырлы органдардың құпия іс - әрекеттерінің

ұйымдастырылуы шолулық - талдамалық құжаттардан көрінеді. Елдегі

жағдайды қадағалап отырғысы келген большевиктер жоғары билік

орындары үшін кеңейтілген құжаттар кешенін даярлады. Партиялық

басшылық үшін берілетін Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың құпия

деректері сталиндік әміршіл - әкімшіл саясаттың орнығуына байланысты

саяси мәселелерге ерекше мән берді. Сондықтан да құзырлы органдар

олардың аграрлық реформаларға араласуы арқылы саяси курсты өзгертуге

күш салуда деген пікірде құжаттар жасай бастады. Осы мәліметтер арқылы

Алаш қайраткерлерінің қасіреті жан – жақты ашылды.

Оның ішінде, Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың ақпараттық

материалдарында алаштықтардың жергілікті халықпен қарым - қатынасы,

большевиктердің реформаларына араласуы талданды. Тіпті тәркілеуге

ұшыраған ауыл байларының айтқан сөздері, пікірлеріндегі Кеңес өкіметіне

қарсы ойлар терілді. Біріккен мемлекеттік саяси басқарма және Бақылау

комиссиясы Алаштықтарға қарсы тығыз жұмыс істеді, бір – бірімен

байланыста отырды. Алдыңғы органдар сот үдерісіне даярланса, Бақылау

комиссиясы партия қатарын тазалау жұмыстарын жүргізу мақсатында

алдыңғы мекемелерге біршама материалдар жинап берді. БКП (б) Қазақ

өлкелік комитеті үдерісті негізгі бақылаушыға айналды. Мекемелер

деректері саяси репрессияның жасалу жолындағы жұмыстарды анықтап

береді.

Алаш қайраткерлерінің мәдениет және білім – ғылым саласындағы

қызметтері Халық ағарту комиссариаты қоры құжаттары арқылы ашылды.

Мекеме қорында алаштықтардың партиядан және жұмыстан шығарылуы

туралы ақпараттар, Халық ағарту комиссарларының қуғындалуы, олардың

шығармаларын жариялауға тиым салу, басқа да қайшылықтарға қатысты

көптеген деректерді кездестіруге болады. Мәселен, Халық ағарту

комиссариаты қорының материалдары белгілі қазақ интеллигенті С.

Сәдуақасовтың қудалануы туралы кешенді ақпараттарды бере алады.

Page 34: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы белгілі қазақ зиялыларының

балалары болып табылатын студенттерді оқудан шығаруға байланысты тың

деректер де осы үдерістің бір қырын ашып бере алады.

Сонымен қатар, 1928 жылғы 27 тамыздағы қазақ байларын тәркілеу

туралы декреттің алаштықтарға қарсы құжаттар жасауына әсері берілді.

Әсіресе, қазақ зиялыларының өздері мен олардың туыстарына жасалған мал

– мүліктерін тартып алуға жасалған ашық шабуылдар жөніндегі мұрағаттық

деректер алынды.

Осы жылы басталған зиялыларға қарсы тергеу материалдары олардың қос

революция, азаматтық соғысы кезіндегі қоғамдық – саяси қызметі,

большевиктерге қарсы күресі, Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі мемлекеттік,

қоғамдық қызметтері сияқты ақпараттарға толы. Тергеу құжаттарындағы

берілген ақпараттар басқа дерек көздерімен салыстырылып, негізгі

мәліметтер анықталынды. Әр қайраткердің тергеушілерге берген жауаптары

жеке – жеке қарастырылып, негізгі шешуші мәселелердің қойылуы мен

олардың жауаптарының мазмұнына сараптамалар жасалынды.

Алаш қайраткерлерінің Біріккен мемлекеттік саяси басқарма мен Бақылау

комиссиясы қызметкерлері алдында берген жауаптары тақырыпты ашуда

үлкен дерек көзі бола алады. Оның ішінде, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,

М. Дулатов, Х. Болғанбаев, Ж. Аймауытов, Х. Ғаббасов және тағы басқа

қайраткерлер бар. Алаш қайраткерлерінің әрқайсысына тергеушілер

тарапынан қойылған сұрақтар мен олардың берген жауаптарының мәтіні

тексеріліп, қудалаудың мақсаты мен міндеттері айқындалды.

Тергеу барысындағы жасалған құжаттар жеке – жеке сарапталып, негізгі

бағытты анықтау басты орынға қойылды. Сонымен қатар, осы кезеңде

алаштықтарға қарсы құжаттардың жиналу барысы да ашылды. Бұл жерде

большевиктердің Алаш зиялылары үстінен жинаған ақпараттарды қайдан

алынғаны, қалай тапқанына мән берілді. Мәселен, Кеңес өкіметі жағына

шығу кезіндегі мәліметтер мен жазысқан хаттардағы көзқарастар,

қайраткерлердің қызмет еткен орындарынан, араласқан адамдарынан

алынған жауаптар, тіпті кей кезде тартып алынған деректер, мерзімді

басылымдардағы пікірлер, жиылыстарда айтылған әңгімелерінің мазмұны

түгел қарастырылды.

Айыптау қорытындыларында келтірген мәліметтер тексеріліп, басқа

Page 35: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

деректер арқылы айқындалды. Мәселен, большевиктердің зиялыларға Қазан

революциясы, азамат соғысы, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы

қоғамдық – саяси қызметтері кезіндегі мемлекеттік саясатқа ұйымдастырған

қарсылықтары туралы негізсіз айыптары олармен тығыз қарым – қатынаста

болған З. Валидидің естеліктеріндегі мәліметтермен салыстырылып,

қаншалықты дәйектілігі тексерілді. Себебі Алаш қайраткерлері тоталитарлық

жүйенің құрбандарына айналған кезде, айыптауға басты дәйектеме олардың

З. Валидимен байланысы еді. Кеңес өкіметінің репрессивті органдары қазақ

зиялыларының азамат соғысы жылдарындағы ақгвардияшылармен

байланысын және түркітілді халықтармен одағын түбегейлі зерттеп, қудалау

құжаттарын жасаған еді.

Большевиктердің Алашқа қарсы 1925-1933 жылдардағы саяси қудалауы

сот үдерістерімен аяқталды. Сот үдерістері барысында жасалған құжаттар

мен тағылған айыптар және олардың өзгертілу, орындалу барысы арнайы

қарастырылып, большевиктердің репрессияны орындаудағы көздеген

мақсаттары талданылды.

Елдің қоғамдық - саяси өмірінен зиялыларды ығыстыру «үлкен террорға»

жол ашып бергенін сан - қилы құжаттар дәйектейді. Алаш зиялыларының

қасіретіне байланысты мұрағаттық деректер жиырмасыншы жылдардың

аяғындағы кеңестік Қазақстанның бүкіл тарихының бағыт - бағдарын,

мақсатын анықтауға мүмкіндік береді деп толық айта аламыз.

«Үлкен террор» кезінде жиырмасыншы жылдардың аяғымен

салыстырғанда «халық жауларын» табуда нақты іс - әрекет күшейді.

Заңдар кез - келген қоғамның тарихы бойынша маңызды құжаттарға жатады,

өйткені мемлекеттің құқықтық негізін құрайды: ол мемлекеттік және

қоғамдық ұйымдардың барлық күнделікті жұмысын бағыттайды және

реттейді, азаматтар мен ұйымдар арасындағы қарым - қатынастарды белгілі

бір құқықтық нормаға әкеледі. Деректанулық ішкі және сыртқы сынды жасау

үшін заңдар негізгі дерек көзі ретінде алынады.

Заңдардың шығу тегін, мәтінін, мазмұнын тексеру бізге мемлекеттік

машинаның қандай шаралар жүргізгені туралы толық мәлімет береді.

Мәселен, 1926 жылы РКФСР Қылмыстық Кодексі кеңейтіліп, қайта

шығарылуы үлкен шараның заң жүзінде бекуі болатын. Кеңестік өкіметтің

контрреволюциялық әрекетке жатқызған шараларының ауқымы өсті. Онда

58 баптың өзі 18 бөліктен тұрды. Кең көлемді бап тармақтары атылатындарға

Page 36: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

жан - жақты, бір - бірімен байланысты соттауға мүмкіндік берген болатын.

Кодекстің баптары мыңдаған адамдарға айыптау құжаттарын жасауға жол

ашты.

С.М. Кировтың өлтірілуінен кейін кеңес заңдары күшейді. 1934 жылдың 1

желтоқсанында қатал жазалауды жүзеге асыратын КСРО ОАК Президиумы

«Террористік актілерді жасау немесе даярлау туралы істерді жүргізу тәртібі

туралы» қаулысы қабылданды. Қаулының мәтінін талдау кеңестік террордың

шарықтау шегіне жеткенін анықтап береді. Тергеу мекемелері, сот органдары,

ІІХК істерді былай жүргізді: айыпталушы ісі тез, он күн қаралды, кешірім

жасау туралы шағым - өтініштер қабылданбады, ату жазасы сот үкімі шыққан

бойда орындалды. Осы күні КСРО ХКК және ОАК - інің «Одақтық

республикалар Қылмыстық - процессуалды Кодексіне толықтырулар енгізу

туралы» қаулысы [9, 33-34 б.] қабылданды. Онда жоғарыдағы мәселеге

байланысты Қылмыстық Кодекске тергеуді он күнде бітіру, айыптау

қорытындысын істі сотта қарауға бір күн қалған кезде беру, істі айыптаушы

мен қорғаушының қатысуынсыз тыңдау, сот үкімдерін бұздыру туралы

шағым арыздарды, сондай-ақ кешірім беру туралы өтінішті қабылдамау,

жоғары жаза үкімін тез арада жүзеге асыру сияқты өзгерістер енгізілді. Кеңес

заңдық актілері демократияға қарсы жасалған, олардың саяси тұрғыда

айыпталған адамдар тергеу әдісі шектен шығып кетті. Көптеген істерді соттан

тыс «үштіктер» мен «екіліктердің», қаталдығымен көзге түскен Ерекше

Кеңестің қарауы, сотталушыларды ұрып - соғып мойындатуы, куә ретінде сөз

жеткізушілерді пайдалануы заңдылықты сақтамағандықтың көрінісі болатын.

Осылайша большевиктер «үлкен террорды» жүзеге асыруға үлкен

даярлықпен келді. 1936 жылы барлық республикалардың партиялық

органдарына БКП (б) Орталық комитеті «О террористической деятельности

троцкистско - зиновьевского контрреволюционного блока» деген тақырыпта

хат [10, 14-15 б.] жіберілді. Бұл хат елдегі саяси репрессияның басталуына

үлкен роль атқарды және «үлкен террорды» республикада жүргізуге нұсқау

әрі бағыттаушы құжат деп айта аламыз. Басқа республикалардағы сияқты

Қазақстанда да партия - кеңес қызметкерлеріне жаппай саяси репрессия

басталды.

«Үлкен террор» кезінде деректердің ерекшелігіне тоқталайық. Бұл

уақытта мемлекеттің саясатына халықтың қарсылық әрекеттері болған емес,

керісінше бейбіт адамдарға «жау» деген ат тағып, большевиктер бітіспес

Page 37: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

күрес ашты. Сондықтан да негізгі деректер жоғары партия органдарының

қалауымен шешілді. Мұрағат құжаттарын қолдан жасау, ойға сыймастай

айыптар қою 1937-1938 жылдардағы саяси репрессияның негізгі келбетін

ашып көрсететін шаралар болды. Мәселені азаматтардың жазған арыз -

шағымдарымен дәлелдей аламыз. Аталмыш жылдардағы сот үдерістері

құжаттарының 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдар басындағы қудалау

материалдарынан айырмашылығы анық байқалады. Алдыңғы тергеудегі

жауап алу хаттамаларын тарихи дерек көзі ретінде талдай аламыз.

Хаттамаларды тарихшылар ХХ ғасырдың басындағы қазақ

интеллигенциясының қоғамдық - саяси қызметін ашуда пайдаланып жүр. Ал

соңғы кезеңде жауап алу хаттамасы да ІІХК қызметкерінің алдын-ала

даярлаған мәтіні бойынша жасалып, айыпталушыға күш көрсету сияқты

әртүрлі әдістерді пайдаланып, қол қойғызып алынды. Құжаттардан ұлттық

кемсітушілікті де көреміз. Егер алдыңғы кезеңде тергелушілерден жауаптар

ана тілінде, өз қолымен жазса, «үлкен террор» кезінде хаттамалар бір

мәтінмен жасалып, сотталушыға келісу үшін ұсынылды. Сондықтан да, кейбір

адамдар не үшін сотталғанын түсінбей қалуы да мүмкін.

Аталған кездегі тергеу істерін дерек көзі ретінде талдау қиынға соғып

отыр. Бұл туралы Ресейдегі саяси репрессиялар тарихын зерттеуші белгілі

ғалым А. Литвин былай дейді: «Бұл істерді құқығы бойынша БСМБ - ІІХК

қолдан жасаған деп атайды. Мүмкін аталған себеп осы түрдегі құжаттарға

деректанулық талдауы жоқтығының себебі шығар. Шыныменен, егер

құжаттың бұрмаланған мазмұнды екеніне сенімді болсаң, егер одан тек

мемлекеттің өз азаматтарына қарсы идеологиялық саясатының

куәландыратынын көруге ұмтылып тұрсаң ондай құжаттарға назар

аударудың не қажеті бар» [11].

Қазақстандағы «үлкен террорды» сипаттаған кезде, мұрағаттық деректер

М. Шоқайдың шетелде «Яш Түркістан» журналы бетінде жазған

жарияланымдарымен салыстырмалы түрде талданып отырылды. Оның

кеңестік мерзімді басылым материалдарын дерек көзі ретінде пайдаланып,

жазған мақалалары «үлкен террор» кезін ашуға зор мүмкіншілік береді.

Мерзімді басылымдағы материалдар сол кезеңдегі қоғам тынысы туралы

мәліметтерді ашық көрсетіп, «халық жауларын» әшкерелеуінің бір түрі

болғандығы шүбәсіз. Осы тұрғыда қарағанда, М. Шоқай «үлкен террордың»

күрделі мәселелерін анықтап, талдап берді. Оның еңбектерінде ой еркіндігі

анық байқалады, деректанулық талдау дәрежесі де жоғары. Сондықтан да

Page 38: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

шығар, қаншама тың мұрағат деректері жарияланып жатса да, қайраткердің

негізгі ой - түйіндері маңызды орын алуда. Сонымен қатар, М. Шоқайдың

тергеу материалдарына байланысты пікірлері «қолдан жасалған» айыптау

құжаттары ақпараттарының негізсіздігін дәйектеуге көмектеседі.

1937-1938 жылдардағы саяси репрессиялардың жүргізілуін төмендегі

деректер ашып береді. Қазақстанда БКП (б) Қазақ өлкелік комитеті 1937

жылы 4 ақпанда «Антикеңестік троцкистік орталық үдерісінің қорытындысын

түсіндіру туралы» шешім қабылдады. Құжат Қазақстанның барлық

облыстары мен аудандарында талқыланып, «халық жауларын» іздеу мен

адамдарды қудалауда ерекше орын алды. И. Сталиннің жаппай ату бойынша

жоспарын жүзеге асыру ҚКП (б) Орталық Комитетінің хатшысы Л.И. Мирзоян

И.В. Сталинге Қазақстандағы әшкереленген және қамауға алынған «ұлтшыл -

фашистік ұйымдар» туралы хабарлама даярлады. Хабарламадан кейін

Қазақстанда партия – кеңес қызметкерлерін жаппай қудалау ерекше маңызға

ие болды. 1937 жылы 19 қарашада ҚКП (б) Орталық комитеті бюросының

репрессияланған антикеңестік элементтер санын көбейту туралы шешімі

шықты. Ал осы жылы 3 желтоқсанда БКП (б) Орталық комитеті Қазақстан ҚКП

(б) Орталық комитетінің Қазақстан бойынша репрессияға ұшырағандар санын

ұлғайту туралы ұсынысын бекітті [10, 29, 85-87, 140-253 бб.].

Ал жеке азаматтардың партиялық басшылыққа арнаған арыздарын талдау

бізге «үлкен террордың» көптеген адам құқығын аяққа таптаған әрекеттерін

айыптайтын және әшкерелейтін мәліметтермен таныстырады.

Айыпталушылардың көпшілігі жауап алу хаттамаларын тергеушілердің

қолдан жасап, физикалық қысым көрсеткенін арыздарда, кейін естеліктерде

жан - жақты баяндаған болатын. «Отанын сатқандар әйелдерінің Ақмола

лагерінде» болған әйелдер туралы бірнеше мұрағаттар деректері

сарапталып, олардың жеке тұлғаларын анықтауға байланысты жұмыстар

жасалынды.

1938 жылы мұрағат мекемелерінің Ішкі істер халық комиссариатына

берілуіне байланысты «үлкен террор» деректерінің қол жетімділік мәселесі

туындады. Осы тұрғыда, шектеу салынған құжаттар түрлеріне тоқталынып,

шешілу жолдары анықталынды. Аталмыш кезеңдегі шектеу салынған

құжаттардың көпшілігі әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұрағат

жүйесінің жазалау мекемесінің құрамына өтуі 1930-1950 жылдардағы

Кеңестер Одағының тарихы деректерін зерттеуге зор зардаптар әкелді.

Page 39: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Шектеу салу өз алдына, құжаттарды жою мақсатында макулатураға жіберу

аталған уақытта жүзеге асты. Осы тұрғыда алғанда, кеңестік саяси

репрессияларға қатысты мәліметтерді анықтау қиындығы туындады.

Жойылған деректердің басым бөлігі саяси жазалау шараларына байланысты

қордаланған құжаттар еді.

Осылайша, Кеңес өкіметінің алғашқы қырық жылында әртүрлі кеңестік

реформалардың әсерінен халық саны азайды. 1937 жылғы халық санағының

мәліметтері бойынша, Қазақстанда халықтың жалпы саны 1926 жылы 6078,6

адам, 1937 жылы 4820,0 адам, яғни 79,3% - ке түсіп кеткен, қазақтар -

2 181 520 адам қалған. Санақты жасаушылар республикада халықтың саны

арнайы қоныс аударушылар есебінен көбейіп отырғанын жоққа шығармайды.

КСРО Мемлекеттік жоспарлау комитеті бастығының БКП (б) Орталық комитеті

және КСРО ХКК - на бүкілодақтық тұрғындар санағының алдын - ала

қорытындысы туралы баяндамалық хатында Қазақстан туралы табиғи өсім

есебінен де өсе алмай отырған ұлттық республика деп атап берді [12, 109 -

111 бб.]. Көріп отырғанымыздай, халық санағының мәліметтері басқа

халықтармен қатар қазақ халқының Кеңес өкіметінің алғашқы жиырма

жылында геноцидке ұшырағанын көрсетеді.

Қорыта келгенде, «үлкен террор» жылдарындағы мұрағаттық құжаттар

толыққанды айыптайтын және әшкерелейтін деректер болып табылады.

1937-1938 жылдардағы саяси репрессиялар жоғары партия - кеңес

органдарының жоғарыдан төмен жүргізген шарасына айналды.

Соғыс және бейбіт құрылыс жылдарындағы репрессиялардың деректік

ақиқаты (1939-1956 жж.) деп аталатын төртінші тарауда екінші жаhандық

соғыс және 1940-1950 жылдардағы сталиндік соңғы репрессиялардың

жүргізілуі туралы деректер талданады.

Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік саяси репрессия одан әрі жалғаса

берді. Соғыс жағдайында репрессиялауға халық шаруашылығының жаңа салалары тартылды. Мәселен, елдегі темір жол қызметі мемлекеттік маңызды

иеленді. Сонымен қатар, әскери жағдайға көшірілген көмір және мұнай

өндірісі саласына ерекше мән берілді. Өнеркәсіп орындары маңыздылығы

жағынан басты орынға шықты. Онда жұмыс істеген жұмысшы колонналары мен еңбек армиясында болғандар қатаң қадағалауда болды. 1941 жылы 1

желтоқсанда КСРО Жоғары Соты Пленумының жұмысшы колонналарында

тіркелген тұлғаларды қылмыстық іске тартудың тәртібі туралы қаулысы бойынша Қорғаныс халық комиссариатында құрылған жұмысшы

колонналарындағы адамдар қызмет кезінде орнатылған тәртіпке қарсы

Page 40: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

бағытталған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке әскери қылмыс

туралы Ереже бойынша тартылатын және олардың істері Әскери Трибуналға

берілетін [13]. Бұның өзі еңбек армиясында болғандардың әскерилермен

бірдей категорияға жатқызылғанын байқатады. Деректер еңбек армиясының өнеркәсіптердегі ауыр жұмыстарға тартылғанын дәйектейді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында арнайы қоныс аударушылар мен

«сенімсіз» халықтар өкілдері де туралы деректер де олардың мемлекет

тарапынан қудалауға ұшырағанын анықтайды. Халықтарды жер аудару соғыстың алдында да орын алған, ал соғыс жағдайында одан да күшейтілді.

Көшіру белгілі бір заңдық актілермен шешілмеді, көбінесе жоғары жақтың

бұйрығымен жасалынды. Оларды көшіру, орналастыру, қадағалау Ішкі істер халық комиссариатының тікелей міндетіне айналды. Қазақстандық

мекемелер тек қана бұйрықты орындаушы тетік болды. Бұның барлығы

құжаттардың жасалуына әсер етті. Деректерді зерттеуде бұл мәселе негізге

алынылып отырылды. Соғыс кезіндегі саяси репрессиялар тақырыбын ашуда қазақстандық

құзырлы органдар құжаттары арнайы қарастырылды. Мекемелердегі

статистикалық мәліметтермен қатар, сотталушылардың айыптарының негізіне де мән берілді. Әсіресе, Қарағанды облыстық соты мен Қарағанды

еңбекпен түзеу лагерінің прокуратурасы мәліметтері назарға алынды.

Өнеркәсіп салаларындағы саяси репрессияларды ашу мақсатында Қарағанды

және Жезқазған еңбекпен түзеу лагерлері құжаттары талданылды. Лагерь тұтқындарының ұсталуы жайы, қарапайым адам құқықтарының сақталмауы,

еңбек өнімділігін арттыру үшін жүргізілген заңсыздықтар секілді көптеген

мәселелерді деректер айқындайды. Тұтқындардың өндірістік жарақаттар алуы мен өлімдер себептері берілді. Жұмысшы колонналары мен еңбек

армиясында болғандардың қазақстандық өнеркәсіп орындарына еңбекке

тартылуы барысында да көптеген құқық бұзушылық фактілері анықталды.

Деректердегі ақпараттарды сан – қырлы талдау арқылы қазақстандық өнеркәсіп орындарында тек арнайы қоныс аударушылар ғана емес, сонымен

қатар еңбек армиясына тартылған жергілікті халық өкілдерінің де көп

болғаны ашылды.

1942 жылы 24 қыркүйекте Бас әскери Прокурордың үкімінде [9, 95 б.] ату

жазасын орындау жолдары жеңілдетілді. Сот үкімі немесе ІІХК Ерекше кеңесі

шешімі болмаса, ату жазасын жүзеге асыратын құжаттар азайтылды. Бұл үкім

бойынша ату жазасын соғыс жағдайында жиі қолданды. Сот үкімі немесе ІІХК

Ерекше кеңесі шешімі болмаса, ату жазасын жүзеге асыратын құжаттар

азайтылды. Енді тек қана сатқынды ату туралы акт және оның сатқындық

қызметін нақтылайтын куәлар көрсетілімдері немесе әскери бөлімдер,

ауылкеңестер, аудандық кеңестер, қалалық кеңестер анықтамасы мен куәлар

көрсетілімдері , жергілікті ІІХК органдары немесе әскери бөлімдердің

Ерекше бөлім немесе Прокурордың қорытындылары және қосымша куәлар

Page 41: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

көрсетілімдері берілген. Бұл үкім жазасын соғыс жағдайында жиі қолданды

және құжаттары жасалынды.

Сонымен қатар, республика территориясында Лагерлер Бас

Басқармасының еңбекпен түзеу лагерлерінің үлкен бір бөлігі

орналасқандықтан материалдар жеткілікті. Өйткені Ұлы Отан соғысы

жылдарында кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері ерекше маңызға ие болды.

Оның экономикалық жағынан тиімділігі бірінші орынға шықты. Қарағанды

еңбекпен түзеу лагерінің басқармасы тікелей Орталыққа бағынды. Сондықтан

негізгі ақпарат сонда жіберілді. Айта кететін жай, Орталықтан басқарылған

кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері туралы мәселенің деректік базасын

зерттеу барысында көптеген мұрағаттардың материалдарын пайдалануға

тура келеді.

Ресей Федерациясы мемлекеттік мұрағатында жекелеген лагерлердің

ашылуы туралы мәліметтерден бастап ай, тоқсан, жыл сайынғы есептер бар.

Онда лагер бөлімшелерінің орналасуы, тұтқындар саны мен оларды есепке

алу, күзетілу жағдайы, тұтқындарды ұстау режимі, тұрмыстық жайы, еңбекке

пайдалану дәрежесі, азық түлікпен қамтамасыз ету, лагердің санитарлық

жағдайы, медициналық көмек көрсету, жұмысшы күшін пайдаланатын

обьектілер туралы мәліметтер бар [14]. Сонымен қатар, Қазақстандағы

лагерлер жүйесі әр тоқсан сайын есептер жіберіп тұрды. Онда лагердің

орналасу территориясы, бөлімшелері туралы ақпарат, өнеркәсіпте, өндіріс

орындарында, шаруашылықта ауылшаруашылығында пайдалану, тұтқындар

саны және оларды есепке алу, физикалық жағдайы, яғни жұмысқа

жарамдылығы, әскери құраммен бақылану дәрежесі, тұрмыстық жайы, азық

- түлік берілуі, ұстау режимі, олардың жоспарды қаншалықты орындауы,

қамтамасыз ету бөлімінің жұмысы, санитарлық жағдайы, медициналық

қызмет көрсету және сол сияқты мәліметтер толықтай, кеңейтілген есеп

түрінде айтылды. Сонымен қатар, лагерлерді жоғарыдан тексеру практикасы

болды [15].

Ресей мұрағаттық жүйесімен салыстырғанда қазақстандық мекемелерде

айырмашылықтар көрінеді. Ресейде құжаттар мемлекеттік мұрағатта болса,

бізде кеңестік еңбекпен түзеу лагерлерінің құжаттарының басым бөлігі - ҚР

Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша

Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалында. Өкінішке орай, КСРО - да

үшінші орын алған қазақстандық лагерлер жүйесінің көлемді деректік базасы

Page 42: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

ведомстволық мұрағат еншісінде қалып отыр. Сонымен қатар, Қазақстанда

1990 жылдардың ортасынан бастап еңбекпен - түзеу лагерлері құжаттары

құпиясыздандырылған. Ал лагердің басқарушы, ұйымдастырушы құжаттары

туралы мәліметтер тәртіпке келтірілмеген. Осы себептердің барлығы бүгінгі

таңда қазақстандық еңбекпен түзеу лагерлерінің тарихының зерттелуіне

кедергі келтіріп отырғанын айтып өтуіміз керек.

Мұрағаттағы тұтқындардың жеке істерінің басқа деректерден

айырмашылығы әрбір сотталушы туралы нақты ақпарат алуға болады. Ол

арқылы тұтқындардың санын да анықтай аламыз. Мәселен, жеке істерде

мынадай құжаттар бар: 1) жеке іс бойынша анықтама; 2) есеп парағы; 3)

хаттамадан үзінді көшірме; 4) жауап алу құжаты; 5) қамалушының анкетасы;

6) қолының таңбасы; 7) жеке құжаттары; 8) қамауға алу туралы қаулы; 9)

медициналық куәландыру хаттамасы; 10) жеке іске формуляр [16].

Денсаулығы туралы ақпараттар жұмысқа тартылу барысын да анықтайды.

Құжаттар арасында соғыстың кезінде тұтқында отырғандардың майданға

жіберу туралы өтініштері де көп.

ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер

бойынша Комитетінің Қарағанды қаласындағы филиалы мұрағатындағы

жүйеленбеген құжаттарды ғылыми - техникалық өңдеуді Қарағанды

облыстық мұрағатының қызметкерлері жүзеге асыруда. Сондықтан

Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің бөлімшелерінің өңделген қорлары

аталған мекеменің деректік әлеуетін толықтыруға әсер етіп отырғанын айта

кетуіміз керек. Мұрағатта КСРО Ішкі істер халық комиссариатына қарасты

Қарағанды еңбекпен түзеу лагерінің Сарань, Жартас, Қотыр бөлімшелері,

Қарағанды жеке лагерлік пунктінің Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер

министрлігі басқармасының №2 Теміртау, №6 Волын, №17 Астахов, №18,

№20 Сарань жеке лагерлік пункттерінің еңбекпен түзеу колониясының

бөлімдері, Сарент еңбекпен түзеу колониясы, Қазақ КСР Ішкі істер халық

комиссариатына №1 Шоқай еңбекпен тәрбиелеу колонналары туралы

құжаттар бар. Сонымен қатар, Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты мен

Астана қалалық мемлекеттік мұрағаттарында жинақталған біршама қорлар

құжаттары да кездеседі.

Екінші жаhан соғысынан кейінгі қудалаудың мұрағаттық деректері әлі

толыққанды зерттелген жоқ. Аталмыш кезеңдегі репрессиялар бірнеше

бағытта дамыды. Соғыстан кейін арнайы қоныс аударушылар және Лагерлер

Page 43: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Бас Басқармасы тұтқындары санының көбеюі ең жоғары көрсеткішіне жетті.

Соғыс лагерь тұтқындардың құрамына біршама өзгерістер ендірді. Соғыс

кезінде контрреволюциялық және мемлекеттік қылмыстарға айыпталғандар

(атақты 58 бап) алдын ала да, жазалау мерзімі аяқталуы бойынша да

босатылмады. Оларды көптеген өтініштеріне қарамастан майданға да

жіберген жоқ [17, 28 б.]. Соғыстан кейінгі репрессиялардың бір ерекшелігі

жан - жақты жүргізіліп жатса да, жазалау шаралары жеңілдетіле бастады.

Оны Ұлы Отан соғысы жылдарында КСРО - дағы адам шығыны өте көлемді

болғанынан және қираған құрылыс пен экономиканы көтеру үшін арзан

еңбек күші аса қажеттілігінен туындады деп ойлаймыз. Лагерлер Бас

Басқармасының тұтқындары осы керектілікті өтеуде басты орындардың

бірінде тұрды.

Соғыстан кейінгі кезеңде Ақмола, Қарағанды, Жезқазған облыстарында

әскери тұтқындар лагерлері жұмыс істеп тұрды. Әскери тұтқындар лагерлері

құжаттары Лагерлер бас басқармасының басқа бөлімшелері

материалдарымен салыстырғанда ерекше. Әскери құрылым мекемесінде

деректерді талдау азаматтық мекемелер құжаттарынан өзгешеленеді.

Құжаттардың көпшілігі бұйыру, орындау, есеп беру сипатында болды.

Мемлекеттік деңгейде шешілетін мәселе болғандықтан мәліметтер дәл

баяндалып тұрды. Құжаттар кешені әскери тұтқындардың лагерлерде ұсталу

жағдайы, өнеркәсіп орындарындағы жұмыс істеген кезіндегі еңбек өнімділігі,

олардың арасындағы өлім мәселесі, тұтқыннан қашып шығуға ұмтылыстары,

жазалануы, қылмыстық істерге тартылуы, күзетшілермен ара қатынасы,

тұтқындар арасындағы тәртіп, елдеріне қайтарылуы секілді көптеген

мәселелерді анықтап береді. Сонымен қатар, қазақстандық лагерлерде болған

тұтқындардың ұсталынуында халықаралық құқық нормаларының сақталу

дәрежесі анықталынды. Орталықтан жіберілген бұйрықтардың жергілікті

әскери тұтқындар лагерлерінде орындалу барысын ашатын деректерге де

айрықша мән берілді. Тұтқындар арасында өлім себептерін анықтау

мақсатында құжаттар жеке талданып, аурулар диагноздарының

тұтқындардың ұсталу жағдайына байланыстылығы анықталды.

Қазақстандық саяси бөлімдердің құжаттары соғыстан кейінгі жылдардағы

басшылықтың үгіт – насихат жұмысы кеңес азаматтарын коммунистік

жүйеге тартуының бір көрінісі екендігін дәлелдейді. Біз еңбекпен түзеу

лагерлері мен әскери тұтқындар арасындағы жүргізілген жұмыстарды деректермен анықтадық.

1947 жылы 26 шілдеде КСРО Жоғары Кеңесінің ең жоғары жаза – атуды

жою туралы указы соғыстан кейінгі саяси репрессиялардың жұмсаруының

Page 44: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

бір көрінісі болатын. Ату жазасы еңбекпен түзеу лагерінде жиырма бес жыл

қамаумен ауыстырылды.

1948 жылы 21 ақпанда «Ерекше қауіпті мемлекеттік қылмыскерлерді

жазалау мерзімін өтеу үшін КСРО - ның шет аймақтарына жер аударуға жіберу туралы» КСРО Жоғары Кеңесінің Президиумының указы [9, 46 б.]

шықты. Осы кезде құрылған қазақстандық ерекше Далалық лагерь деректері

тұтқындардың жайын, еңбекке тартылу кезіндегі орын алған жағдайларды,

адам өлімі көрсеткіштерін ашып береді. Жезқазған мемлекеттік мыс қорыту комбинатына арзан жұмысшы күшін беріп отырған лагерь басшылығының

келісім шарттары, жұмысқа келген тұтқындардың еңбегін дұрыс

ұйымдастыру туралы Мыс қорыту комбинаты директорына жазылған хаттар, керісінше жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыру жолындағы жұмыстар

жайында лагерь басшылығына ескертулер беріп жіберген хаттар жетіп

артылады. Бұл тұтқындардың өндіріс орындағы жұмыс істеу жағдайы немесе

комбинаттың қызметіндегі лагерь тұтқындардың сіңірген еңбегі секілді мәселелерді ашып беретіні сөзсіз.

Бұл жылдарда елдегі репрессия қазақ интеллигенциясына «ұлтшыл»

айдарын тағумен байланысты болды. Бұрынғыдай емес, қудалаудың реңкі

мүлдем өзгерді. «Үлкен террордың», одан кейінгі Ұлы Отан соғысы

кезіндегідей емес, 1940-1950 жылдарда сот үдерістерін жүргізу жаңа

қалыпқа түсті. «Екіліктер» мен «үштіктер» жойылған, Мемлекеттік Қорғаныс

комитеті бұйрықтары күшін жойған кезде саяси репрессияға ұшыраған

адамдар сотталмастан бұрын ұжымдарда көпшіліктік талқылауларға

ұшырады. Алдыңғы екі репрессиямен салыстырғанда, мерзімді басылым

бетіндегі жарияланымдар басты орынға шықты. Егер 1937-1938 жылдарда

баспасөз қосымша хабарлама ретінде партия - кеңес ұйымдарының

қаулыларын және шешімдерін жариялаумен айналысса, 1940-1950

жылдарда олардың маңызы әлдеқайда асып түсті. Интеллигенцияны

қудалауда газет және журнал беттерінде олардың әріптестері ғылыми

шығармаларын, кітаптарын, идеяларын сынап, жарияланымдар шығарды.

Беделді газет тілшілері партия-кеңес органдарына қырағылықты күшейтуде

нұсқаулар бере бастады. Енді тергеушілер тек қана үкімдерді жазып, жазалар

қойып отырды. Бұрынғыдай олардың тарапынан ашық күш көрсетіп, ұрып -

соғу да болған жоқ.

Соғыстан кейінгі жылдарда маңызды құжаттардың бірі - 1949 жылы 29

сәуірде КСРО ІІМ және КСРО Бас Прокурорының екіқабат және кішкентай

балалары бар сотталған әйелдерді жазадан босату туралы бұйрығы [18].

Қаулы негізінде түрмелерден шығарылған әйелдер туралы мәліметтерді

талдау көп жағдайда шешімнің толық орындалмағанын байқатады.

Page 45: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

1947-1953 жылдары «Қазақалтын» трестінің шахталарында жұмыс істеген

Степняктағы жеке лагерь бөлімшелерінің деректері соғыстан кейінгі

еңбекпен түзеу лагерлерінің жағдайын ашып беруге көмектеседі. Оның

ішінде, аурулардың себептері, өлім көрсеткіші туралы ақпараттар жеткілікті.

1949-1951 жылдары Қарағанды облысы бойынша жұмыс жасаған ІІМ

басқармасы еңбекпен түзеу колониядар бөлімі жұмыс істеп тұрды. Бөлім

деректерінен қазақстандық еңбекпен түзеу колонияларының барлық

ақпараттарын аламыз. Сонымен қатар, бұл колонияларда ұсталған,

қылмыстық іске тартылған әскери тұтқындар туралы мәліметтер және

қылмыстық істің құрамы да сарапталды.

1953 жылы И. Сталин өлген кезде саяси тұтқындарды босату туралы түрлі

заңдар шыға бастады. 27 наурызда КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының

«Амнистия туралы» указы жарық көрді. Указ бойынша бес жылға дейінгі

мерзімге саяси себеп бойынша айыпталғандар алдын - ала босатылған. Осы

жылы 1 қыркүйекте КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының «КСРО ІІМ

жанындағы Ерекше Кеңесті жою» туралы указы [9, 71 б.] шықты. Бірақ бұл

Лагерлер бас басқармасының ыдырауы емес еді. И. Сталин өлген кезде

еңбекпен түзеу лагерлерінде қалыпты жұмыс істеп жатқанын көптеген

мұрағаттық құжаттар айғақтайды.

1955-1956 жылдар аралығында жұмыс істеген Атбасар қаласындағы

еңбекпен түзеу лагерлер басқармасы және №154 совхоздар құрылысы жаңа

деректермен ашылды. Мұрағаттық құжаттар арқылы лагердің қалыптасуы

мен жұмыс істеу жағдайы, бұл салаға енгізілген кейбір өзгерістер көрсетілді.

Сталиндік режимге ерекше қарсылық білдірген қазақстандық Далалық

лагерде болған Кеңгір көтерілісінің деректері Лагерлер Бас Басқармасының

іргесінің шайқалуына әкелгенін дәлелдейді. Кеңгір көтерілісі құжаттарын ашу

барысында жоғары басшылықтың тұтқындар талаптарын орындау

мақсатында жасаған шаралары мен қаулы – қарарлары талданылды.

Кеңес азаматтарын сталиндік террордан толық құтқарған 1956 жылы 14-

25 ақпанда болған КОКП ХХ сиезі болып табылады. Онда 25 ақпанда КОКП

Орталық комитетінің бірінші хатшысы Н.С. Хрущевтің «Жеке басқа

табынушылық және оның зардаптары» деген тақырыпта баяндамасы

тыңдалды. Бұл баяндама – тұтас халықтар өкілдерінің, жеке тұлғалардың

тағдырын анықтаған еді. Сондықтан да бұл баяндаманы тарихи дерек

ретінде зерттеу саяси репрессиялар тарихын ашуға көмектеседі. ХХ сиездің

Page 46: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

материалдары – кеңес тоталитаризмінің тарихи дерегі, адам құқығын

төмендетуді ашып беретін құжат. ХХ сиезден кейін саяси репрессия

құрбандарын ақтау және құқықтарын қалпына келтіру туралы мемлекет

тарапынан шаралар қабылдана бастады.

Осылайша, Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі алғашқы қырық жылға жуық

уақыттағы кеңес азаматтарына қарсы ашық саяси репрессиялар аяқталды. Ал

қазақстандық әртүрлі дәрежедегі мұрағаттарындағы құжаттарды ғылыми

айналымға ендіру сараптау жұмысын жүзеге асыруда маңызды болып

табылады.

ҚОРЫТЫНДЫ

ХХ ғасырдағы ірі тоталитарлық мемлекет КСРО тарихын зерттеуде

қарастырылатын үлкен мәселелердің бірі кеңес азаматтарының құқықтарын

шектеген саяси репрессиялар тарихы болып табылады. Кеңес өкіметі

орнағаннан - ақ большевиктердің террорлық әрекеттері мемлекет саясатының құрамдас бөлігіне айналып, нормативті - құқықтық базасы жасалуы болмай

қоймайтын құбылыстың негізін салып берді. Революцияға қарсы күштерді

талқандау бірте-бірте тұтас әлеуметтік топтарды, интеллигенцияны, халықтың бетке ұстар азаматтары соңына шырақ алып түсуге әкелді. Ұлттық

саяси элитаны қудалаумен қатар, оның соңынан ерген, идеясына қалтқысыз

сенген қарапайым адамдар да еш кінәсіз алдымен «қызыл террордың», кейін

жаппай ашық репрессиялардың талқысына ұшырады. Кеңес өкіметінің алғашқы жиырма жылында - ақ халқымыздың төрт миллионға жуығының

(1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының қорытындысы мәліметтері

бойынша есептелді) мемлекет тарапынан жасалған әртүрлі

эксперименттердің құрбанына айналып, қырылуы зор қасірет еді. Қазақстан территориясы түрмелер ордасына, яғни жер аударылған әлеуметтік топтар

мен «сенімсіз» халықтардың көшірілу обьектісіне айналды. Осы тұрғыдан

келгенде, ХХ ғасырдың алғашқы жартысы саяси репрессиялар тарихынан тұрады деп айтуға болады. Саяси қудалаулар қоғам өмірінің ажырамас

бөлігіне айналып, барлық саланы қамтыды.

Саяси репрессиялар деректерін талдау тақырыбының күн тәртібіне

қойылуы еліміздің тәуелсіздік алуымен қатар қоғам өміріндегі өзгерістермен тікелей байланысты, бұл үдеріс тарих ғылымындағы жаңа көзқарастар

туындауына ұштасты. Өйткені мыңдаған адамдардың тағдырындағы

қасіретті беттерді, адам құқығының мемлекет саясат тарапынан аяққа тапталуын ашу Кеңес өкіметінің тарихын зерттеуде маңызды орын алады.

Page 47: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағат қорларындағы саяси

репрессиялар құжаттарын зерттеу жұмысы барысында жасалған негізгі

тұжырымдар келесі түйіндер мен қорытындылардан көрінеді:

1. Тақырыпқа байланысты кешенді тарихнамалық талдау барысында отандық мұрағаттар қорларын кандидаттық және докторлық

диссертациялардың, жекелеген монографиялардың деректер базасында

қолданылу дәрежесі туралы анықталынды. Осы жерде саяси

репрессиялардың отандық тарих ғылымындағы зерттелу дәрежесі мен орны айқындалды. Сонымен қатар, мемлекеттің тарапынан жасалған шаралардың

мәселені зерттеуге әсері толық сарапталды.

2. Қазіргі кездегі ресейлік және отандық деректану ғылымында жаңа көзқарастардың деректерді зерттеу методологиясының кеңес дәуірінде

қалыптасқан әдіс – тәсілдері өзгертудегі үдерістері қарастырылды. Басты

назар деректерге ішкі және сыртқы сын мәселесіне аударылды. Осының

нәтижесінде қазақстандық мұрағат құжаттарымен жан - жақты жұмыс істеу тәсілдері жасалды.

3. Саяси репрессиялардың алғашқы толқыны большевиктердің мемлекет

басында келуінен – ақ басталғаны қазақстандық және ресейлік мұрағаттық деректерді қолданыла отырып, дәлелденді. Қазақтардың «қызыл террордың»

нәтижесінде сотсыз, тергеусіз атылып, қырылуға ұшырағаны сан - қырлы

мәліметтермен ашылды. Тақырыпты байланысты құжаттар жетіспеушілігінің

шығу себептері ресейлік және қазақстандық мұрағаттары қорларын талдау арқылы берілді.

4. Большевиктердің революциядан кейін шығарған заңдары тарихи дерек

көзі ретінде сарапталып, осы ретте жазалау жүйесінің негізінің қалану үрдісі анықталды. Қазақстандағы саяси қудалауларға кеңес заңдарының әсері

орталық және жергілікті мұрағаттар құжаттары арқылы дәлелденді. Құзырлы

органдар қызметінің қазақ интеллигенциясына қарсы бағытталуы осы кезде

басталғаны құжаттарды сараптау жолымен дәйектелді. 5. Алаш қайраткерлерінің кеңестік саяси қуғын - сүргіндерге ұшырауы

кешенді түрде зерттелінді. Кеңес өкіметінің алаштықтарға қарсы бағытталған

саясаты мемлекет орнаған алғашқы кезден - ақ зиялыларды толық құртқанға дейін жалғасқаны туралы кең түрде талдаулар жасалынды. Оларды қудалауға

байланысты тергеу материалдары мен орталық мұрағаттар мәліметтері қатар

қарастырылып, алдын - ала ұйымдастырылған сот үдерістері құжаттары

талданылды. Тақырыптың деректік әлеуеті толық жинақталып, түйінді мәселелер шешілді.

6. Кеңестік саяси репрессиялардың шарықтау шегі 1937-1938 жылдардағы

қуғын – сүргіннің құқықтық - нормативтік базасы ашылды. «Үлкен террор»

деректері жоғарыдан төмен болған сот үдерістерімен айқындалды. Аталмыш кезеңдегі «қолдан жасалған» деректердің ерекшелігі, мұрағат мекемелерінің

құзырлы органдардың бақылауына алынуына байланысты түйіндемелер

жасалды. 1937 жылғы Бүкілодақтық халық санағының деректерінің негізінде қазақ халқының санының азаюы қарастырылды.

Page 48: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

7. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақстандық мұрағат деректері саяси

репрессиялардың жаңа қырларын ашып беруге көмектесті. Саяси қуғын-

сүргіндерге байланысты кеңес заңдарының аталмыш жылдарда ерекше

қаталдандырылғаны мұрағаттық құжаттармен жан-жақты дәйектелді. Оның ішінде, темір жол қызметкерлерінің қудалануы, арнайы қоныс аударушылар

құжаттарының жасалу ерекшеліктері, еңбек армиясында болған қазақтар

туралы мәліметтер, еңбекпен түзеу лагерлерінің шындығы арқылы әскери

жағдайдағы саяси қудалаулардың күшеюі тың деректермен талданылды. 8. 1940-1950 жылдардағы сталиндік соңғы репрессиялардың сан

қырлығына назар аударылды. Әскери тұтқындар лагерлері, кеңестік еңбек

түзеу лагерлері, ерекше лагерлері жөніндегі әртүрлі мұрағаттар материалдары жинақталып, тұжырымдар жасалынды. Қазақ

интеллигенциясына қарсы қудалаулардың ерекшеліктері айқындалды.

Тұтастай алғанда, аталмыш кезде саяси репрессиялардың реңкі бұрынғыдан

өзгергені дәлелденді. Осы жылдардағы кеңестік құқықтық база туралы да айтылды. 1956 жылғы Кеңгір көтерілісінің құжаттары арнайы сарапталды.

Зерттеу жұмысы жазу кезінде қойылған мақсат пен міндеттерді орындау

жұмыстың деректік базасының кеңдігі мен негізгі методологиялық және әдістік ұстанымдарды қолданудан көрінеді.

Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен түйіндерін Кеңес

мемлекетінің тарихын талдауға, деректанудың теориялық және

методологиялық мәселелерін анықтауға, кеңес деректерімен жұмыс істеуге, Қазақстан тарихының деректері бойынша еңбектер жазуға, заңдық

құжаттарды талдауға, теориялық және қолданбалы археографияны дамытуға

қолдануға болады. Сонымен қатар, құқықтану, саясаттану пәндері бойынша еңбектерге, саяси репрессиялар тақырыбына жасалған көрмелерді,

тақырыпқа арналған музейлердің бағдарламаларын жасауға көмектеседі.

Осылайша, қазақстандық мұрағаттар материалдары Кеңес мемлекеті

тарихын ашудағы орны мен ролін анықтап берді. Ал мұрағаттық құжаттарды тарихи дерек көзі ретінде талдау көптеген жаңа мәселелерді туындатады.

Қорыта келгенде, саяси репрессиялардың мұрағаттық құжаттарының тарих

ғылымы, оның ішінде Қазақстанның қазіргі заман тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен орнын белгілеуге байланысты төмендегідей ұсыныстар

берілді:

- Ұлттық мұрағат қорының мұрағаттық құжаттарын анықтап, кешенді

түрде талдаулар жүргізу керек. Оны тақырыптар бойынша да, кезең - кезең бойынша да жасауға болады. Бұлайша жұмыс жасау археографиялық

мәселелерді шешу үшін қолайлы. Бүгінгі күні Отан тарихында құжаттардың

жариялануының кенже қалуы тарихи еңбектердің деректік базасының

толықтылығына әсер етуде; - қазақстандық деректерді зерттеу методологиясын қалыптасуы қажет.

Онда қазіргі күнгі деректанулық методологияға енгізіліп отырған әдіс -

тәсілдердің ескерілуі, жоғары технологияның деректерді сараптауға қолданылуы, тарихи информатиканы пайдалану сияқты қызметтердің

Page 49: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

игерілуі басты орынға шығуы тиіс. Бұл тек қана кеңестік құжаттарға ғана

емес, Қазақстан тарихының барлық кезеңі деректеріне ортақ болуы міндетті;

- кеңестік тарихнамада жүргізілмеген ішкі және сыртқы сынның

жасалуын жетілдіру керектігі күн тәртібінен түспейді. Оның ішінде, мұрағаттық құжаттармен қатар мерзімді басылым материалдары, естеліктер

мен мемуарлар, күнделікті өмір мәліметтері сияқты деректерді айта кетеміз;

- деректану пәнін барлық гуманитарлық салаға ортақ ғылым ретінде

қабылдап, теориялық - методологиялық негізін жасау қажет. Мәселен, саяси репрессиялар деректері кеңес қоғамының барлық жақтарын қамти алады.

Оның ішінде, мекемелердің іс жүргізу құжаттары жалпы мемлекеттің

мақсатын, құрылымын ашады, саяси сипаттағы мәліметтер тоталитарлық жүйенің жүргізген саясатын анықтайды, Кеңес мемлекетінің

Конституциялары мен РКСФР Қылмыстық Кодекс баптарын, тергеу

құжаттары мен айыптау қорытындыларын, мәлімдемелерді талдау

тақырыптың құқықтық негізін айқындап береді. Бұл деректердің мемлекет тарихы, саясаттану, құқықтану ғылымдары тоғысында тұрғанын білдіреді;

- кеңестік деректерге салынған шектеушілікті алу, осы үдерістерді жүзеге

асыруда жаппай құпиясыздандыру шараларын жүргізу басты мәселе болып табылады. Оның ішінде, мұрағаттық іздестіру құжаттарынан бастап тергеу

материалдарын аламыз;

- кеңестік деректермен жұмыс істеу барысында орталық және жергілікті

мұрағат материалдарының ерекшелігін анықтау басты роль атқарады. Бұл жерде жұмысқа мұрағаттанушылар, археографтар, тарихшылар бірге

атсалысуы қажет. Әртүрлі деңгейдегі мұрағаттар базасының салыстырмалы

талдануы деректер кешенінің толыққанды зерттелуіне тиімді әсер етері сөзсіз; - ХХ ғасыр деректерінің жойылу үдерісін ашуда көлемді ғылыми

жұмыстар жүргізу керек. Оны шешуде басты орын алатын әдістер мамандар,

яғни мұрағаттанушылар араласуы ғана жүзеге асыруға болады. Ал

тарихшыларға мәліметтердің берілуі деректанулық талдаулар жүргізуде көп көмек береді;

- қазіргі заман тарихын зерттеуде Ресей мұрағаттарының құжаттарын

енгізу деректанулық талдаулар жасауда үйлесімділік болуына әсер етеді. КСРО кезінде мемлекеттік мекемелер бір - бірімен тығыз байланыста болып,

жоғарыдан басқарылып отырылды. Осыны ескермеу еліміздің осы уақыттағы

тарихының көп тұстарын дәйектелуіне әсер ететіні белгілі;

- саяси репрессиялар жайлы құжаттардың ең көп жинақталған жері әлі күнге дейін ведомстволық мұрағаттар қорлары болып отыр. ҚР Бас

Прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша

Комитетінің облыстардағы филиалдары материалдары облыстық мемлекеттік

мұрағаттарына толық өткізілетін кезі жетті деп ойлаймыз. Бұл аталған тақырыптың деректік базасын кеңейтуге үлес қосады;

- саяси репрессияға ұшыраған қазақтар туралы мәліметтер Ресейдің

солтүстік облыстарында және басқа ұлт республикаларында орналасқан еңбекпен түзеу лагерлерінің қорларында қалуда. Деректерді қайтарып,

Page 50: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

жариялау ұлтымыздың репрессиялану дәрежесін, көлемін анықтауда үлкен

роль атқарады;

- қазақстандық тарихнамада саяси репрессиялар тақырыбы көбінесе

күштеп жер аударылған жеке халықтардың, арнайы қоныс аударушылардың тарихы арқылы зерттеліп, құжаттар жинақтары шығарылуда. Бұл үрдіс

тақырыптың зерттелуінің біржақтылығына апарады. Бүгінгі күні

тарихшыларға мәселені кешенді түрде ашу қажеттілігі туындап отырғанын

айта кетуіміз қажет.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия: политические, международные и культурные связи (ХV-ХVII вв.): Дисс. д-ра истор. н.-

Алматы, 1997. – 312 с.; Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық

негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 302 б.; Абиль Е.А.

Методологические проблемы применения естественнонаучных методов в историческом исследовании: история и синергетика: Автореф. дис. д-ра истор. н.

– Караганда, 2009. – 41 с.; Әбжанов Х.М. Тәуелсіздік тарихы және зерттеу

методологиясы // Қазақстан және қазіргі әлем: тарихы және қоғамдық – саяси дамудың өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық

конференциясының материалдары. - Семей, 2010. - 26-33 бб.

2 Источниковедение ХХ столетия. Тезисы докладов и сообщений. – М.:

РГГУ, 1993. – 215 с.; Источниковедение: Теория. История. Метод. Источники

российской истории: Учебное пособие / И.Н. Данилевский, В.В. Кабанов, О.М.

Медушевская, М.Ф. Румянцева. – М.: РГГУ, 1998. – 702 с.

3 Әбжанов Х.М. Тәуелсіздік тарихы және зерттеу методологиясы //

Қазақстан және қазіргі әлем: тарихы және қоғамдық – саяси дамудың өзекті

мәселелері. Халықаралық ғылыми – практикалық конференциясының

материалдары. - Семей, 2010. - 26-33 бб.

4 Нұрпейісов К., Әбжанов Х. 51 - жылдың ызғарлы күзі // Қазақстан

коммунисі. - 1991. - №3. - 51-61 бб.

5 Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышление и поиски. -

Алматы: Ғылым. 2000. – 388 с.

6 Крайская З.В., Челлини Э.В. Архивоведение. М.: Издательство НОРМА,

1996. - 224 с.

7 Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. - Алма-Ата:

Рауан, 1990. – 136 с.

Page 51: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

8 Дильманов С.Д. Исправительно - трудовые лагеря на территории

Казахстана (30-е - 50 - е годы ХХ века): Автореф. дис. д-ра истор. н. - Алматы,

2002. - 45 с.

9 Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и

реабилитации жертв политических репрессий. – М.: Республика, 1993. – 245 с.

10 Политические репрессии в Казахстане в 1937-1938 гг. Сборник

документов / Отв. редактор Л.Д. Дегитаева. - Алматы: Казахстан, 1998. - 336 с.

11 Литвин А. Следственные дела как исторический источник // Эхо веков. -

1995. - май. - С. 170-175.

12 Всесоюзная перепись населения 1937 года: общие итоги. Сборник

документов и материалов. - Москва: «Российская политическая

энциклопедия» (РОССПЭН), 2007. – 320 с.

13 Постановление Пленума Верховного Суда СССР // Астана қалалық

мемлекеттік мұрағаты, 406-қор, 1-тізімдеме, 1-іс, 2-п.

14 Акт передачи Джезказганлага НКВД в состав Карлага НКВД. март - июль

1943 г. // Ресей Федерациясы Мемлекеттік мұрағаты (әрі қарай – РФММ),

9414-қор, 1-тізімдеме, 62-іс, 2-16-п.

15 Приказание начальника ГУЛАГа НКВД СССР по основной деятельности.

I.1941-ХII.1942 гг. // РФММ, 9414-қор, 1-тізімдеме, 32-іс.

16 Иобе Иван Францевич // ҚР Бас Прокуратурасы Құқықтық статистика

және арнайы есептер бойынша Комитетінің Қарағанды қаласындағы

филиалы, 16-қор, 1-тізімдеме, 37118- іс.

17 ГУЛАГ: Экономика принудительного труда. - Москва: Российская

политическая энциклопедия (РОССПЭН); Фонд Первого Президента России

Б.Н. Ельцина, 2008. – 320 с.

18 О выполнении приказа Генерального Прокурора СССР и МВД СССР от

26 апреля 1949 года об освобождении от наказания осужденных

беременных женщин и женщин имеющих малолетних детей // ҚР ОМА,

2014-қор, 1-тізімдеме, 46-іс, 45-51-п.

ДИССЕРТАЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША

Page 52: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР

а) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитеті бекіткен

тізімде:

Қазақстан Республикасындағы арнайы ғылыми журналдарда,

басылымда:

1 Қазақстандағы жоғары оқу жүйесінің қалыптасуы туралы тарихи дерек

көздері // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 3. - 3-7 бб.

2 Ә. Бөкейхановтың халық ағарту мәселесін кеңестік мерзімді басылымда

көтеруі // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. - 2004. - № 4. - 25-29 бб.

3 Қазақстан тарихы және кеңес деректері // Қазақ тарихы. - 2005. - № 3. -

58-61 бб.

4 Ақмоладағы «Отанын сатқандар» әйелдерінің лагері: тарихи деректерді

талдау // Қазақ тарихы. - 2008. - №1. – 65-69 бб.

5 РКСФР Қылмыстық Кодексінің 58 бабы – тарихи дерек көзі // Қарағанды

университетінің хабаршысы. Тарих. Философия. Құқық сериясы. - 2008. - № 1.

– 34-42 бб.

6 Ресей құжаттық жинақтары – Қазақстандағы саяси репрессиялар

тарихының дерек көзі // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. -

2008. - № 4. – 45-50 бб.

7 Кеңестік Қазақстандағы саяси репрессиялар: тарихи дерек көздерін

талдау // Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия. Құқық

сериясы. - 2008. - №4. - 26-32 бб.

8 Ақмола облыстық мемлекеттік мұрағаты құжаттары – Қазақстандағы

кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Еуразия гуманитарлық

институтының хабаршысы. - 2009. - № 1. – 20-25 бб.

9 Шығыс Қазақстандағы «қызыл террор»: тарихи деректерді талдау //

Центр Евразии. – 2009. – №1(14) - №2(15). – 94-108 бб.

10 Шығыс Қазақстан өңіріндегі Алаш интеллигенциясының қудалануы

тарихынан деректер // Алаш. – 2009. - №2(23). – 78-90 бб.

11 Ақмоладағы әскери тұтқындар лагері: тарихы және дерек көздері

Page 53: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

(1945-1947) // Қазақстан мұрағаттары.- 2009. - №3 (11). – 12-22 бб.

12 Страницы политических репрессий в Казахстане // Қазақстан

мұрағаттары. - 2009. - №4 (12). – С. 88-98.

13 Новые источники о Кенгирском восстании // Қазақстан мұрағаттары.-

2009. - №2 (10). – С. 118-125.

14 Қазақстандағы еңбекпен түзеу лагерлері (деректік талдау) // Қазақ

тарихы. – 2009. - №4. – 37-39 бб.

15 Кеңестік саяси репрессиялар тарихының зерттелуі (1997-2000 жж.) //

Қазақ білім беру Академиясының баяндамалары. – 2009. - №4. – 106-111 бб.

16 Қазақстандағы кеңестік еңбекпен түзеу лагерлері деректерінің

жойылуы // Қаз ҰУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 2009. - №4 (55). - 48-53 бб.

17 Қазақстандағы еңбекпен түзеу лагерлері (деректік талдау) // Қазақ

тарихы. – 2009. - №5. – 12-16 бб.

18 Жезқазған қалалық мемлекеттік мұрағаты құжаттары – Қазақстандағы

кеңестік саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Қазақстан мұрағаттары.

- 2010. - №1. – 49-57 бб.

19 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы саяси репрессиялардың нормативті -

құқықтық негіздері // Қазақстан мұрағаттары. - 2010. - №2. – 50-56 бб.

ә) өзге басылымдар мен республикалық және халықаралық

конференция материалдарының жинақтарында:

20 Ұлт зиялыларының ойрандалған ошағы // Ақиқат. - 2003. - № 2. - 51-52

бб.

21 Қазақстан тарихының деректануы: теориялық - методологиялық

мәселелер // Уақыт ұштастырған желі: көшпелілер әлемі ХХ ғасырдағы тарих

ғылымында: ғылыми - практикалық конференция материалдары. – Астана,

2004. - 284-290 бб.

22 Қазақ мемлекеттік университетінің ашылуы туралы тарихи дерек

көздері // Бекмаханов тағылымы: Халықаралық Бекмаханов оқуларының

материалдары. - Алматы, 2004. - 266-269 бб.

23 Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихының зерттелуі // Еуразия халықтары:

мәдениет және қоғам: Үшінші Халықаралық Еуразия ғылыми форумы. -

Page 54: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Астана, 2004. – 58-60 бб.

24 Деректанудың теориялық мәселелері. Оқу құралы // Астана: Л.Н.

Гумилев атындағы ЕҰУ, 2005. – 73 б.

25 Кеңестік Қазақстанда саяси репрессиялар қашан басталған? // Алаш. –

2007. - №3 (12). – 130-141 бб.

26 АЛЖИР: тарихи деректер не дейді? // Астана. - 2007. - № 4(35). – 42-45

бб.

27 Заңдық актілер – саяси репрессиялар тарихының дерек көзі // Отан

және әлем тарихы ХХІ ғасырда: Халықаралық ғылыми - практикалық

конференция материалдары. - Алматы, 2007. - 276-279 бб.

28 Алаш қайраткері Аспандияр Кенжиннің қоғамдық - саяси қызметі //

Кеңес саясатына қарсылық: Алаш қозғалысынан Желтоқсан көтерілісіне дейін.

– Астана, 2008. – 119-124 бб.

29 Қазақстан мұрағаттары – кеңестік саяси репрессиялар тарихының

дерек көзі // Қазақстан мұрағаттары. - 2008. - №4 (8). – 32-37 бб.

30 Шығыс Қазақстан облыстық қазіргі заман тарихы құжаттамалар

орталығындағы саяси репрессиялар туралы құжаттар // Қазақстан

мұрағаттары. - 2008. - №3 (7). – 104-109 бб.

31 Освещение истории политических репрессий в исторических

исследованиях Казахстана периода независимости // История становления

независимости Казахстана: Сб. выступлений и статей / – Астана, 2008. – С. 74-

81.

32 Мұхтар Әуезовтың қудалану тарихы мен деректері // Қазақстан

мұрағаттары. - 2009. - №1 (9). – 46-49 бб.

33 Ақмоладағы Степняк лагерлік бөлімшесі: тарихы мен дерек көздері //

«Жуасов оқулары - 13»: Республикалық ғылыми – теориялық конференция

материалдары. – Қарағанды, 2009. – 159-164 бб.

34 Қазақстандық мұрағат құжаттарына қол жетімділік мәселесі // «Жуасов

оқулары - 14»: Республикалық ғылыми – теориялық конференция

материалдары. – Қарағанды, 2010. – 140-144 бб.

Page 55: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

35 Қазақстандағы кеңестік саяси репрессиялар мәселесінің зерттелуі

(1980-ж. аяғы - 1990 ж.) // Тағдырларды біріктірген Қазақстан. - Астана:

«Алжир» музейлік – мемориалдық кешені, 2010. – 72-83 бб.

в) шетелдік ғылыми басылымдар мен конференцияларда:

36 «Воспоминания» Заки Валиди как исторический источник по истории

алашского движения в Казахстане // III Чтения, посвященные памяти Р.Л.

Яворского (1925-1995): материалы Международной научной конференции. –

Новокузнецк, 2007. - С. 207-211.

37 Историография истории политических репрессий 1930-1940 - х и начала

1950 - х гг. в Казахстане // III Чтения, посвященные памяти Р.Л. Яворского

(1925-1995): материалы Международной научной конференции. –

Новокузнецк, 2007. - С. 211-216.

38 Россия и Казахстан в системе тоталитарного режима // Россия и

современный мир: проблемы политического развития: Тезисы IV

Международной межвузовской научной конференции. - Москва, 2008. – С.

114-116.

39 Политические репрессии в отражении музейных экспозиций //

Музейные ценности в современном обществе: Материалы Международной

научной конференции, посвященной 130 - летию Омского государственного

историко - краеведческого музея. – Омск, 2008. – С. 266-268.

40 Документ по истории Башкирской АССР из фондов архива Карлага //

Вестник АН РБ (РАН). Т.4. – 2009. - №2. - С. 50-53.

41 Заки Валиди и национальная интеллигенция // Вестник АН РБ (РАН).

Т.15. – 2010. - №1. - С. 39-45.

РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора

исторических наук по специальности 07.00.09 – историография,

Page 56: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

источниковедение и методы исторического исследования

Мусагалиева Арайлым Сабитовна

ДОКУМЕНТЫ ЦЕНТРАЛЬНЫХ И МЕСТНЫХ АРХИВОВ КАЗАХСТАНА КАК

ИСТОРИЧЕСКИЙ ИСТОЧНИК ПО ИСТОРИИ ПОЛИТИЧЕСКИХ РЕПРЕССИЙ (1917

– 1956 ГГ.)

Объект исследования – документы центральных и местных архивов

Казахстана, в которых отражены судьбы государственных учреждений, а

также лиц, подвергшихся репрессиям в советский период.

Цель исследования – анализ документов казахстанских архивов,

имеющих непосредственное отношение к политическим репрессиям

советской эпохи, и теоретико – методологическое изучение на этой основе

архивных данных.

Достижение цели исследования предполагает решение следующих

задач:

- применить основные приемы и способы источниковедческой

методологии в отношении сведений архивов;

- провести историографический обзор по теме исследования с целью

выявления степени изученности различных аспектов политических

репрессий;

- выявить источники по истории «красного террора» в Казахстане, что

позволит проследить государственную репрессивную политику;

- проанализировать деятельность государственных компетентных органов

периода становления большевистской системы наказания;

- изучить большевистские законодательные акты как исторический

источник;

- комплексно осмыслить архивные материалы по истории политических

репрессий в отношении движения Алаш;

Page 57: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

- выделить своеобразие и особенности документов периода «большого

террора»;

- систематизировать архивные материалы, отражающие репрессивные

меры в годы Великой Отечественной войны;

- охарактеризовать структуру и содержание архивных документов

послевоенных сталинских репрессий.

Методологические основы исследовательской работы. В диссертации

использованы возможности источниковедческой методологии

дореволюцион - ного периода и советской эпохи. Основу методологических

установок составляют общенаучные принципы и новые философские

обобщения историков России, изучающих проблемы источниковедения.

Автор придерживается мнения о том, что источники являются творением

человеческого поиска и деятельности. Документы подвергнуты внутренней и

внешней критике в контексте современных методологических установок.

Получены следующие научные результаты:

- на основе изучения разнообразных источников прослежено

уничтожение без суда и следствия казахов в условиях «красного террора».

Выявлены причины дефицита и отсутствия документов в российских и казахстанских архивах;

- прослежено влияние советских законов на политические репрессии в

Казахстане. На документальной основе подтверждено, что репрессии против

казахской интеллигенции начались сразу после Октябрьского переворота; - политические репрессии Советской власти против Алашской

интеллигенции носили перманентный характер. Изучение следственных

материалов и документов центральных архивов свидетельствует, что эти репрессии готовились заранее, судебные документы были подготовлены

задолго до судебных процессов;

- документы «большого террора» готовились по указку сверху,

сформулирован авторский вывод относительно архивов и содержания документов в них;

- документально выражено ожесточение советских законодательных актов

по политическим репрессиям. Они охватили различные слои населения, в частности - железнодорожников, спецпереселенцев, трудоармейцев, а также

заключенных исправительно – трудовых лагерей;

- архивные документы отражают судьбы военнопленных, контингент

«особых лагерей». Особое внимание уделено документальному изучению Кенгирского восстания 1956 года.

Page 58: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Теоретическая и практическая значимость диссертационной работы.

Выводы и положения диссертационного исследования могут быть

использованы при написании обобщающих трудов по истории Казахстана и

источниковедению. Фактологический материал исследования вполне

применим для чтения лекций и спецкурсов на исторических факультетах в

вузах.

Диссертация состоит из введения, четырех разделов, заключения, списка

использованной литературы. Во введении обоснована актуальность темы,

сформулирована цель и выделены задачи исследования, отмечена научная

новизна, вычленены положения, выносимые на защиту.

В первом разделе «Методология изучения проблемы и историография»

определены основные принципы научного подхода к источникам по истории

политических репрессий в Казахстане, охарактеризован вклад ученых –

историков в воссоздание научной картины источниковедения.

Во втором разделе «Источники по истории репрессий в первые годы

советской власти (1917-1924 гг.)» значительное внимание уделено сути и

содержанию большевистской идеологии как основы репрессивных мер.

В третьем разделе «Голощекинские репрессии и «большой террор»:

источники и факты (1925-1938 гг.)» изучены содержание и информационный

потенциал архивных документов довоенных лет.

В четвертом разделе «Источниковые ресурсы репрессий военной и

послевоенной эпохи (1939-1956 гг.)» подвергнут тщательному анализу

источниковый потенциал архивных документов.

В заключении подведены итоги исследовании.

SUMMARY

on author’s abstract of doctoral historical thesis by specialty 07.00.09 -

Historiography, source - studes and methods of historical research

Page 59: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Musagalieva Arailym Sabitovna

DOCUMENTS OF CENTRAL AND LOCAL ARCHIVES OF KAZAKHSTAN AS AN

HISTORICAL SOURCE OF HISTORY OF POLITICAL REPRESSION (1917 – 1956)

Object of research – documents of central and local archives of Kazakhstan, in

which it can be, reflected the fates of public institutions and also some officials

who were subject of repression during soviet time.

The aim of the research – analysis of documents of Kazakh archives, which is

related to political repression of soviet epoch and theoretical – methodological

research on the basis of archive database.

Accomplishment of object of research proposes next goals:

- To apply of key data and methods of source study in relation to archive information;

- To conduct historiographic review on research theme for the purpose of revealing research degree of different aspects of political repressions;

- To reveal of sources in “red terror” event (Kazakhstan), which is made it possible to observe public repression policy;

- To analyze of competent authority activity during Bolshevik’s penalty system formation period;

- To study of Bolshevik’s laws as a source; - To interpret complexly of archival documents of political repressions events

in relation of “Alash” movement; - To distinguish of document peculiarities of “Great terror”; - To classify of archival documents, which are reflected retaliatory measures

in World War II; - To describe of structure and content of archival documents post-war

Stalin’s repression period. Methodological basis of the research work. Facilities of source study

methodology of pre-revolutionary period and soviet epoch are used in this

dissertation. The basis of methodological purposes draws up scientific

foundations and new philosophic generalization of Russian historians who

investigate problems of source study. The author has point of view that sources

are the work of human search and activity. Archival documents are subjected to

internal and external criticism in the context of modern methodological purposes.

Scientific results:

Page 60: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

- Destruction with no investigation and trial of Kazakhs in “red terror” is retraced on investigation basis of different sources. The causes of shortage and absence of documents in Russian and Kazakh archives have been revealed;

- The impact of soviet laws on political repression in Kazakhstan has been traced. Documentary shows that repression against Kazakh intelligence started after October revolution;

- Political repression of Soviet authorities against “Alash” intelligence had permanent nature. Research of investigation files and documents of central archive show that these repressions were prepared beforehand such as judicial documents, which were prepared before legal procedure;

- The documents of “red terror” were prepared by command from above. Formulation of author summary regarded to archive and content of documents in it;

- Callousness of soviet laws on political repressions is documentary stated. These laws involve different sections of population, specifically – railroaders, immigrants, labor servicemen, and also prisoners of work camp;

- Archive documents show fates of prisoners of war, contingent of “special camps”. Special attention is paid to documentary research of Kengir revolution of 1956.

Theoretical and practical importance of dissertation work. Conclusion and

proposition of thesis research might be used by writing of summary works of

Kazakhstan history and source study. Actual research material can be applied for

lectures and special courses of history department of institute of higher education.

The dissertation is composed of introduction, four sections, conclusion and list

of used literature.

In introduction part, author substantiated topicality of theme, formulated the

aim, revealed goals, noted scientific originality of theme, and singled out the

propositions, which would carry to defense of thesis.

In first section “Methodology of investigation problems and historiography” is

described the basic concepts of scientific approach to sources of political

repression events in Kazakhstan, and is characterized contribution of scientists –

historians during the creation of scientific pattern of source study.

At the second section “Sources of repression events in the first years of soviet

authority (1917-1924)” main attention is paid to the essence and content of

Bolshevik’s ideology as a basis of repression measures.

Page 61: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Content and data potential of archival documents of pre-war period are

investigated in third section “Goloshekin’s repressions and “great terror” sources

and facts (1925-1938)”.

And in last section “Repression resources of war and post-war epoch (1939-

1956)” is subjected to analyze data potential of archival documents.

The result of study is shown in the conclusion.

Page 62: Ә -1956» Қолжазба құқығында МҰСАҒАЛИЕВА АРАЙЛЫМ …repository.enu.kz/bitstream/handle/123456789/4000/kazakhstannyn... · №520 - №2 Теміртау

Мұсағалиева Арайлым Сәбитқызы

Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттары қорлары құжаттары

саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)

07.00.09 – тарихнама, деректану және тарихи зерттеу әдістері

Тарих ғылымдарының докторы ғылыми

дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ