45minutkz.files.wordpress.com€¦  · web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы ....

6
ОҚО Шардара қаласы А.Иманов атындағы ж.о.м Бастауыш сынып мұғалімі Жолдас Жанар Сыдыққызы Сабақтың тақырыбы:Туған ел. Сабақтың мақсаты : Білімділік:Отан,туған жер ,туған ел,туған тіл жайлы түсініктерін,автор жайлы мағлұмат бере отырып,өлеңнің мазмұнын түсіндіру Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу. Тәрбиелілік:Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі:аралас сабақ. Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау,эссе, топтастыру. Сабақтың көрнекілігі: Сәкен Сейфуллинніңпортреті,суреттер,кітаптар,интерактивті тақта.

Upload: others

Post on 28-May-2020

6 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

ОҚО Шардара қаласы А.Иманов атындағы ж.о.м Бастауыш сынып мұғалімі Жолдас Жанар Сыдыққызы

Сабақтың тақырыбы:Туған ел.

Сабақтың мақсаты : Білімділік:Отан,туған жер ,туған ел,туған тіл жайлы түсініктерін,автор жайлы мағлұмат бере отырып,өлеңнің мазмұнын түсіндіру

Дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын байыту,байланыстырып сөйлеу дағдыларын,шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай туғызу.

Тәрбиелілік:Туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру,ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,ой қозғау,эссе, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

Сәкен Сейфуллинніңпортреті,суреттер,кітаптар,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:музыка,дүниетану.

Сабақтың барысы:

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

I.Ұйымдастыру кезеңі.2.Психологиялық дайындық.

II.Үй тапсырмасын сұрау.

1.«Бәйге»ойыныарқылы өткен сабақты пысықтау,сұрақтарға жауап беру.

1. «Қатқан нан»әңгімесіндегі баланың аты кім?(Сережа)2. Ұршық,өрмек,кітап.Бұлар қай мәтінде айтылған?(Жақсылардың

жақсысы.)3. «Бүгіннен бастап,Мағжан,сен де менің шәкіртімсің»деген кім?

(Ахмет)4. «Мен ең әуелі қазағымды жақсы көремін»деген кімнің сөзі?5. «Күмән»әңгімесі бойынша: «Сонымен,сынып терезесін сындырған

кім?(Дәуіт)6. «Талаптан да,білім мен өнер үйрен»деп өсиет қалдырған кім?

(Шәкәрім.)7. «Үш бақытым»өлеңінің авторы кім?(Мұқағали Мақатаев)8. «Туған тілім»өлеңінің авторы кім?(Дихан Әбілев)9. «Бостандық таңы атты»өлеңінің авторы кім?(Шәкәрім)

2.Мұқағали Мақатаев пен Дихан мәлімет.(слайд)

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.1948 - 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті.Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Дихан Әбілев –белгілі ақын,жазушылар одағы басқармасының төрағасы.Қазақстан халық жазушысы. «Өлеңдер», «Дала солдаты», «Жолаушы өмір»т.б.кітаптары бар.

3.Өлеңдерді жатқа айту.

III.Жаңа сабақ.

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

Ой қозғау.Топтастыру әдісі бойынша Сәкен Сейфуллин туралы түсінік беру

Слайд арқылы түсіндіру.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) Жезқазған облысы,Ақадыр ауданы,Қарашілік қыстауында дүниеге келген.Ол шығармашылықпен белсене айналысты. «Жұбату»атты тұңғыш әңгіме жазды.Қазақ әдебиеті оқулықтарын жасауға қатысты.Жазушының көптеген өлең,повесть,әңгімелері бар.

-Біз бүгін сабағымызда Сәкен Сейфуллиннің «Туған ел»атты өлеңімен танысамыз.

2.Оқулықпен жұмыс: а)дауыстап оқып беру.

ә) тізбектей оқыту, мәнерлеп оқыту.

б)оқулықтағы берілген сұрақтарға жауап беру.

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

3.Суретпен жұмыс:

-Табиғат адамға не береді?

-Табиғат-ана деген тіркестегі ой мен жоғарыдағы сурет арасында байланыс барма? Болса,қандай?

IV.Сергіту сәті: «Туған ел» туралы сюжет көрсету.

V.Дәптермен жұмыс:1.Күн ретін,сабақтың тақырыбын жазу. 2. «Туған ел» тақырыпта эссе жазу.5 минут.

VI.Сабақты бекіту: «Сыңарын тап» ойыны.Берілген мақалдағы жасырын сөздерді тауып,мақалды жалғастыру.

1.Тіл тас жарады,тас жармаса .....(бас жарады)

2.Жақсы сөз ....(жарым ырыс)

3.Шебердің қолы ортақ,шешеннің ....(сөзі ортақ)

4.Тіл қылыштан ....(өткір)

5.Еңбек етсең-....(емерсің)

6.Ерлік білекте емес,.....(жүректе)

7.Ырыс алды-......(ынтымақ)

8.Ақыл дос,ашу-....(дұшпан)

VII .Қортындылау: -Бүгін біз қандай өлең оқыдық?

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com€¦  · Web view2014-06-14 · ОҚО Шардара қаласы . А.Иманов атындағы ж.о.м. Бастауыш сынып мұғалімі

-Оның авторы кім?

-Өлең не туралы?

VIII.Үйге тапсырма беру.С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңін жаттау.

IX.Бағалау.