Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру...

24
1 Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесі (Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының қосымша білім беру педагогы Г.М. Нуралиева әдістемелік нұсқауы) Орал, 2015

Upload: others

Post on 19-May-2020

10 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

1

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы

Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру

әдістемесі

(Облыстық экологиялық-биологиялық орталығының қосымша

білім беру педагогы Г.М. Нуралиева әдістемелік нұсқауы)

Орал, 2015

Page 2: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

2

Облыстық білім басқармасының

Мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама

кеңесінде қаралып, облыс педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №1 06.03.2015 жыл

Құрастырушы:

Нуралиева Г.М - «Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы»

қосымша білім беру педагогы.

Рецензенттер:

З.А. Ғаббасова – Облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі,

жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру

ұйымдарының облыстық оқу- әдістемелік кабинетінің

интернаттық ұйымдар және қосымша білім беру әдіскері;

Т.И.Скрипникова «Облыстық экологиялық-биологиялық орталығы»

өсімдіктер әлемі бөлімінің меңгерушісі.

Бұл әдістемелік құрал оқушыларға мектеп жасынан қоршаған

ортаны қорғап, метеп ауласын көгалдандырып, әсемдедеу бағытына

тәрбиелеп үйрету мақсатында қосымша білім беру педагогтеріне,

жоғары оқу орны студенттері және мектеп мұғалімдеріне арналған.

Page 3: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

3

Мазмұны

1. Кіріспе............................................................................................ 4

2. Мектеп ауласын көгалдандырудың негізгі ерекшеліктері.................5

3. Мектеп аумағын гүлді – сәнді безендіруге мына гүлдерді

ұсынамын................................................................................................8

4. Альпі шоқысы сәнді безендіруге мына гүлдерді ұсынамын............13

5. Гүлдердің гүлзарға отырғызу тәртібі .................................................15

6. Қосымша ...............................................................................................17

7. Қолымызда бар заттарды қолдана отырып, түрлі қиял ғажайып

заттарын құрастыруға болады.............................................................20

8. Әдебиеттер.............................................................................................21

Page 4: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

4

Кіріспе

Мектеп ауласы оқу мекемесінің – көрнекті келбеті. Келуші бір

қарағанда мектептің ауласына қарап алғашқы ойы қалыптасады. Егерде

бұл мектепте ұйымшыл ұжым еңбек етсе, мақсаттары жан –жақты

қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу болса мектеп ауласыда талапқа сай

көркемделеді (эстетикалық, санитарлы - гигиеналық).

Ландшафтық әрлендіруді метеп ауласында үздіксіз стилде

орындаған жөн. Түзу соқпақ, симметриялы отырғызылған өсімдіктер,

клумбаның геометриялық пішіндерін айрықша көркемдеу оқушыларды

байсалдылық пен тәртіптілікке үйретеді. Мектеп ауласын ландшафтық

әрлендіру кезінде оқушылардың білім ордасына келгендігін білім мен

тәрбие алу керектігін ұғындыратындай етіп ұйымдастыру қажет.

"Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру

объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық

талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы

№ 1684 Қаулысы Объект учаскесінің көгалдандыру ауданы учаскенің

жалпы ауданының 30 пайызында (бұдан әрі – %) және одан да артық

көзделеді. Аумаққа улы жемiстердi, сондай-ақ гүлдегенде мамықты

тұқымдар беретiн ағаштар мен бұталарды отырғызуға жол берілмейді.

Мектеп ауласын әрлендіру жобалаудан басталады. Ауланың

ландшафтық әрлендіру жұмыстары жүретін аумақ белгілі болған соң

қағаз бетіне жоба нұсқасы (эскиз) жасалады. Содан соң болашақта

безендіру жұмысына алынатын өсімдіктер мен материалдар сызбасы

жасақталады.

Сауатты және қызықты етіп көгалдандырылған мектеп ауласы

ондағы барлық оқушылар мен ұстаздардың көңіл – күйін көтеріп,

денсаулықтарына жағымды жағдай жасайды. Ландшафтық әрлендіру бір

бағытта болмау қажет бұл жерде қиял мен шығармашылықтың ұштасуы

көріну керек. Мектеп ауласы бала ойында мәңгі сақталып, ұзақ жылдан

кейін мектебін еске алған уақытта да сақталу керек.

Қазіргі ХХI ғ балабақшалар, мектептер мен білім ошақтары заман

талабына сай көгалдандыруда. Себебі ол жерде жасөспірімдер

тәрбиеленіп, болашаққа негіз алады.

Бұл атқарылар жұмыстар тікелей оқушының қатынасы арқылы

жүзеге асады. Оқушы өсімдіктерді аулада, бөлмеде өсіру, олардың күтіп

баптауы әдіс-тәсілдерін іздеп, қызығушылығын оятады. Әсемдікті

сезінген оқушы табиғаттың түрлі салаларын, өсімдіктер әлемінің қыр-

Page 5: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

5

сырын білуге талпынады. Бос уақыты болмаған оқушының әлеуметтік

өмірдегі жағымсыз мінез - құлықтан аулақ болып өседі.

Білім ордаларының оқушылардың дені сау болып сапалы білім

алуында мектеп ғимаратының, оның ауласы мен ішкі дәліздерін және

бөлмелерін талапқа сай жасыл өсімдіктер арқылы әсемдеу қажет.

Аптаның барлық күндерінде ой жұмысымен айналысатын желкілдеп

өсіп келе жатқан жас ұрпақтың көңіл – күйінің көтеріңкі, денінің сау

болуында мектеп ауласында және оның ішкі бөлмелеріндегі оттегінің

жеткілікті болуы, ауаның тазалығы керек.

Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту,

көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Ғылыми деректер

бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның

мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал

65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған

ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп,

ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен

және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір

қышқьл газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына

тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді

жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады.

Мектеп ауласын көгалдандырудың негізгі ерекшеліктері

Мектеп ауласын көгалдандырудың алдын –ала жобасы әзірленіп,

онда оқу мерзіміне сәйкес қыркүйек пен мамыр айларының аралығында

гүлдейтін декоративті өсімдіктер, бұта және қылқанжапырақты ағаш

отырғызу;

➢ мектеп ауласын көгалдандырудың бала организміне әсерінің

ескерілуі;

➢ әр ағаштың үш тілде жазылған аты, отаны, отырғызылған уақыты

көрсетілген паспорты болуы;

➢ суару кезінде гүлді өсімдіктерді таптамайтындай болуы;

➢ мектеп ауласына отырғызылған ағаштар терезеден түсетін

жарықты көлеңкелемеу үшін мектеп ғимаратының қабырғасынан

10 – 20 метр қашықтықта және көшеттердің өскендегі биіктігі мен

диаметріне байланысты өзара қашықтығы ескерілуі;

➢ бойы биік болып өсетін ағаштар мен қылқанжапырақтылар

ауланың шетіне қарай егіліп, ауладағы оқушылар көрініп

Page 6: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

6

тұратындай және түрлі шаралар өткізуге болатындай кең орын

болуы тиіс.

Мектеп ауласын абаттандыру

Мектеп ауласын гүлдендіруде гүлді өсімдіктер өсу ерекшеліктерін

меңгере білу керек. Әр гүлдің шығу тарихы, тіршілік ортасы болатынын

білеміз. Ландшафтық әрлендіру жұмыстарында гүлдерден

ландшафтық композиция жасаймыз. Ландшафтық композиция жасау

кезінде гүлдердің биологиялық тұрғысында (жарық қажеттілігін, жылу

сүйгіштігі, ылғал және топырақ құрамына) мән берілсе, ал көрем

архитектура тұрғысында (сабақ биіктігіне, гүл мен жапырақ пішіні

мен түсіне, гүлдеу уақыты мен ұзақтығына) мән береміз.

Гүлзарларда егілетін гүлдердің басты қасиеттерінің бірі,

конпозициясының құндылығы олардың ұзындықтары. Гүлзарларда ең

аласалары (10-20 см) жиектерінде, орташа ұзындары (25-50 см) орта

тұстарында, биіктері (50-80см) және (80 см артықтары) ортасында аз

көлемде немесе ең соңында орналасады. (1 сурет, 1 кесте қосымша).

Гүлдерді отырғызу

Гүлзардың орны, оган егілетін гүлдер белгілі болған соң, бастысы

сарамандық кезең гүлдер егілетін жер дайындаймыз.

Жер әзірлеу құнарлы топырақ қабатын дайындаудан басталады.

Бұл қабат біржылдық өсімдіктер үшін 20-25 см, көпжылдық өсімдіктер

үшін 30-40 см, үсақ кілемше тәрізді өсімдіктерге 15 см болғаны дұрыс.

Алғаш қажетті тереңдіктте шұңқыр дайындаймыз. Шұңқырдың түбіне

10 см құм, құмайтты топырақ төсейміз. Қалған қабатты құнарлы

топырақпен толтырамыз, органикалық тыңайтқыш - шіріген жапырақ

араласқан топырақ, қарашірік 5-8 г/м2 , сонымен қатар минералдық

тыңайтқыштар (л/м2) : азоттық -30, калилық -20, фосфорлық- 40.

Топырақ 5 см- дей шөгеді. Гүлдер егілетін орын 1,5 – 2 апата

бұрын әзірленеді. Гүлзардың ортасынан шетке қарай өңестеу 0,01 см, ал

гүлзар 5-8 см биіктеу болу керек.

Гүл егер алдында 1 тәулік бұрын топырақты жақсылап

суландырамыз, егер алдында жақсылап қопсытып, қалған арам

шөптерден тазалап, шотпен өңдейміз.

Топырақ толығымен әзір болған соң ғана қағазға түсірген схема

арқылы өлшеп жоспарлы түрде өсімдіктерді егеміз.

Page 7: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

7

Гүлзар – клумба

Көбіне геометриялық фигуралар пішіндерінен тұрады, қарапайым

және күрделі депте бөлеміз. Қарапайым клумбаларға бір түрлі

шырайгүл, қашқар гүл, циния гүлдерін отырғызуға болады. Ал күрделі

клумбаларға бірнеше гүлдер түрлерін топтап егеміз. Гүлзарда бір, екі не

көп жылдық және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол үшін

өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері, гүлінің әсемдігі ғана

емес, гүлдің түсі, пішіні, жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының

ұзындығы, гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен

үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік орнына жаңасы

отырғызылады. Елімізде Гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және

көркем сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе, қазақ

халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын келтіретін ұлттық ою-

өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта, гүл, жапырақ, т.б.) гүлдердің

түрлерімен беріледі. (2 сурет)

Жүйек – рабатка

Неміс сөзі, аударғанда жүйек «грядка». Рабатка тік бұрышты, доға

тәрізді ұзын болады, қысқа ұзындығы (2-5 м) және орташа ұзындығы

(7-9 м) . Ені 0,5 м- 2 м ге дейін болады. Рабатка бір немесе екі жақты

болады. Бір жақты рабатка үйлердің және қоршаулардың жанында

орналасады. Екі бағытта рабатка екі жағыда көрініп тұрады. Өз кезегінде

олар бір биіктікте барлық өсімдіктер және ортасында биік өсімдіктер ал

жиектерінде аласа өсімдіктер орналасады. Өсімдіктер қатарымен егіледі.

Түстеріне қарай бір түсті және көп түсті деп екіге бөлінеді. (3 сурет)

Жиектеу – бордюр

Француз сөзі аудармасы жиектеу, көмкеру. Бордюрлар ені 10-30 см,

бір немесе екі қатар аласа өсімдіктерден тұрады. Оларды жол жиектері,

клумба мен рабаткалар, газондар жиектеріне отырғызылады. Бордюрға

бір түрлі өсімдіктер аласа және қалың бұталар егіледі. Гүлденген

бордюрларға негізінен бір жылдық өсімдіктер егіледі. Оларға ақ сауле

(агератум), бархытгүл, шырақгүл, шырайгүл. Бордюрдағы өсімдіктер

айналасында егілген өсімдіктерге байланысты әдемі көрінеді. Қазіргі

таңда бордюрлар тастар мен бетондар мен әсемделеді. (4 сурет)

Page 8: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

8

Түбектер –вазон

Мектеп аумағын гүлді – декоративті безендіруде ғажайып

түбектерді пайдалануға болады.Түбектер әртүрлі материялдардан

жасалады. Гүл отырғызылатын түбектерді оңтайлы гүлзарлардепте

атайды – бұл ландшафтық әрлендіру стилінде керемет сәнді шешім.

Түбектер мектеп ауласыны ерекше сән береді. Егілетін гүлдер

шырақгүл, флокс, ақсауле және шырай гүлдері. Түбектерге біржылдық

гүлдер егілген жөн (5,6 сурет).

Көгал - газон

Көгал , газон (франц. gazon – гүл алаңы) – біркелкі етіп тегіс жерге

өсірілген, шөбі қысқа, шырпылған көп жылдық өсімдіктер алаңы.

Көгалдың бірнеше түрі ажыратылады: су бұрқақ мен мүсіндерді

көркемдеп, әсемдік үшін отырғызылған, ағаш пен гүл айналасында

өсірілетін партерлік көгал, саябақтар мен көше жағалауларында

өсірілетін саябақтық көгал, стадиондарда өсірілетін спорттық көгал,

астық тұқымдасына жататын және әдемі гүл жаратын бір жылдық

өсімдіктерден (гүлкекіре, көкнәр, т.б.) өсірілетін мавритан көгалы

түрлері бар. Көгал жасайтын жерді алдын ала тастан, арамшөп

тамырынан тазартып тегістейді де, терең етіп (30 см) жыртады.

Органикалық және минералдық тыңайтқыштар шашылады. Топырағы

сазды жерге құм, құмды жерге саз топырақ қосады, оның бетіне қалыңд.

10 – 15 см-дей құнарлы топырақ төсейді. Көгалға, әдетте, дәнді және

бұршақ тұқымдас шөптер: қоңырбас, бетеге, сиыр жоңышқа, бидайық,

беде, тарғақшөп, суоты, райграс, т.б. егіледі. Көгалға арналған

шөптердің дайын қоспалары да сатылады. Көгал (мавритан көгалынан

басқасы) шөбін ұдайы шауып, шабылған шөпті жинап алады, жақсылап

суарып, отап, оған тыңайтқыш сеуіп отыру керек (7 сурет).

Альпі шоқысы – альпийские горки

Альпі шоқысының құрылымы оның орналасу аумағын

жоспарлаудан басталады. Негізінде альпі тауын күн сәулесі ашық

түсетін жерге орналастыру қажет.

Орналастыратын аумаққа жобасын жоспарлап, өлшеуіш құралмен

өлшеп сызып алған жөн. Топыракты тазалап, көпжылдық арам шөптер

Page 9: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

9

тамырларын жұлыңыз. Содан соң 30 см жер бетінен топырағын алып

шағыл (гравий) немесе сынық тастыр төселеді (қабаттың қалыңдығы –

15 см кем болмау керек), жоғары жағынан 8 см ірілеу құм төсейміз, ол

жаксылап сорғыту үшін қажет.

Келесі кезең – тас қалау. Тастарды жерге лақтырып тастамай, шын

мәнінде тауға ұқсау үшін қалпты қалайды. Ол үшін сізге күрек,

лом,берік тақталар қажет тастарды қозғауға. Тастар төменнен жоғарыға

қарай қаланады, тастар мықты орналасу қажет, үстінен басқан кезде

құлап қалмау үшін. Қаланған тастар жақсы ұсталу керек, арасына

өсімдік отырғызатын қоспалармен толтырылалы.

Өсімдіктер егудің өз талаптары бар. Негізінде төменгі қабаттарына

ірі өсімдіктер, ал қалған аймағына төселіп өсетін өсімдіктер отырғызған

жөн (8 сурет).

Page 10: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

10

Мектеп аумағын гүлді – сәнді безендіруге мына гүлдерді ұсынамын

Алтыншар-

Рудбекия

Rudbeckia

Көп жылдық.

Түрлері көп.

Ұз 20-90см

Түстері сары,

сарғыш. Гүлдеуі

шілде- қара

суыққа дейін

Жарық

сүйгіш

көленк

еде де

өсе

алады

Жеңіл,

құнарл

ы

топыра

қта

өседі

Су құю

қалыпты

Тұқымын

ақпан

айы егіп,

мамыр

айы аяғы

далаға

егеміз

Ақсәуле ,

Агератум,

Аgeratum

күрделігүлділер

тұқымдасына

жататын көп

жылдық шөптесін

өсімдіктер туысы

Ұз 15-25 см

Гүлінің түсі

қызғылт көк,

қызғылт,

көгілдір, ақ.

Гүлдеу мерзімі

маусым – қазан.

Жарық

сүйгіш

Жеңіл

топыра

қта

жақсы

өседі

Құрғақ

шылыққ

а

шыдамд

ы, бірақ

мол

гүлдесін

десеңіз,

біркелкі,

құрғаты

п

жіберме

й суғару

қажет

Көбеюі

Ақпан –

мамыр

айлары

Арыстан ауыз,

Львиный зев

Antirrhinum

көпжылдық

шөптесін өсімдік,

біржылдық

өсімдік ретінде

өсіреміз.

Ұз 1 м жетеді.

Гүлінің түсі ақ,

сары,қызғылт.

Гүлдеу мерзімі

масым.

Жарық

сүйгіш

Құнарл

ы

жеңіл

сазды

топыра

қ

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Наурыз

айы

тұқымын

қораптар

ға егіледі

Page 11: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

11

Айгүл,

Космея

Cosmos

ірі кейде 1,5 м ге

жететін

біржылдық

өсімдік.

Гүлінің түсі

қызыл, ақ,

қызғылт, сары.

Гүлдеу мерзімі

маусым –

қыркүйек.

Жарық

сүйгіш

Топыра

қ көп

таңдам

айды

Су құю

қалыпты

Сәуір

айында

ашық

грунтка

тұқым

немесе

көшет

арқылы

егеміз

Барқытгүл-

Бархатцы

Tagetes

Франсуздық,

Африкандық,

Мексикандық

түрлері кең

тараған.

Ұз 20 -90 см,

түстері сары,

қызыл түсті.

Гүлдеу мерзімі

маусым айынан

бастап суык

түскенге дейін.

Жарық

сүйгіш

көлеңк

еде де

өсе

алады

Жеңіл,

құнарл

ы

болса

тіптен

жақсы

Орташа

құрғақш

ылықты

көтереді

Көбеюі

Сәуір

мен

мамыр

айлары

Бақытгүлі –

Хризантема

Chrysanthemum

Көпжылдық

шөптесін өсімдік.

Ұз 30 см-1,5 м

Гүлінің түсі әр

түрлі түстер ақ,

қою қызыл,

күлгін т.б. Гүлдеу

мерзімі

Жарық

сүйгіш

көлеңк

еде де

өсе

алады

Құнарл

ы,

ылғалд

ы,

тыңайт

ылған

топыра

қта

жақсы

өседі

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Тұқым,

қалемше

леу, тұбін

болу

арқылы

Page 12: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

12

түрлеріне қарай

әртүрлі шілде,

тамыз, жай

гүлдейтіндері

қыркүйек – қазан

айлары.

Гайлардия,

Гайлардия

Gaillardia

Біржылдық және

көпжылдық

түрлері бар

бақша гүлі.

Ұз 30-60 см.

Гүлінің түсі

аралас болуы

болады қызыл-

сары т.б. немесе

бір түс қызыл,

қызғылт, сары.

Гүлдеу мерзімі

маусым айынан

бастап суык

түскенге дейін.

Жарық

сүйгіш

Топыра

қ көп

таңдам

айды

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Ақпан –

наурыз

айлары

Кохия,

Кохия веничная

Kochia scoparia

біржылдық сәнді

өсімдік.

Ұз 45см – 1 м.

Арақашықтығы

60 см болу қажет.

Май – қазан

аралығында

жапырақтары

жасыл түс беріп

тұрады. Әдемілеп

қиып тұруға

көнеді.

Жарық

сүйгіш

Құмды

топыра

қта

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Ақпан –

наурыз

айлары

Page 13: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

13

Қазтамақ -

герань

көпжылдық

шөптесін өсімдік.

Сәуірден қазан

айына дейін

үздіксіз гүлдейді.

Гүлінің түсі ақ,

қызғылт,қызыл.

Жарық

сүйгіш

Топыра

қ көп

таңдам

айды

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Мамыр

айында

аулаға

шығарып

,гүлзарла

рға егіп

қоюға

болады.

Күзде

қайтадан

қазып

алып,

түбекке

отырғыз

ып үйге

кіргізеді. Қашқаргүл,

Астра

Aster

біржылдық сәнді

өсімдік.

Ұз 15 – 80 см.

Гүлінің түсі

көгілдір,

қызғылт, қызыл,

ақ. Гүлдеу мерзім

шілде- қазан.

Жарық

сүйгіш

Топыра

қ көп

таңдам

айды

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Ақпан –

мамыр

айлары

Қынагүл –

Бальзамин

Balsamina Mill.

Көпжылдық

шөптесін өсімдік,

біржылдық

өсімдік ретінде

өсіреміз.

Ұз- 20-70 см.

Гүлінің түсі

қызғылт, қызыл,

Жарық

сүйгіш

Құнарл

ы

жеңіл

топыра

қта

жақсы

өседі

Су құю

мол

болу

керек

Қалемше

арқылы

жылдың

әр

мезгілінд

е

Page 14: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

14

ақ. Гүлдеу

мерзімі гүлдеген

көшетпен егілген

жағдайда салқын

түскен уақытқа

дейін.

Нарқайсар,

Вербена

гибридная

Verbena X hybrid

hort

Ұз 10 – 45 см

гүлінің түсі ақ,

қызғылт, сары,

көгілдір. Гүлдеу

мерзімі маусым-

қыркүйек

Жарық

сүйгіш

Топыра

қ көп

таңдам

айды

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Ақпан –

мамыр

айлары

Нарғызгүл-

Георгина

культурная,

Dahlia cultorum

Ұз – 2 м дейін.

Көпжылдық

шөптесін өсімдік.

Гүлінің түсі әр

түрлі түсті .

Гүлдеуі шілдеден

қара суыққа

дейін.

Жарық

сүйгіш

Құнарл

ы

жеңіл

топыра

қта

жақсы

өседі

Су құю

қалыпты

Көбеюі

Ақпан –

мамыр

айлары

Шырайгүл –

Петуния

Petunia

Ұз 25 – 75 см.

Жасыл түсті

тұтас

жапырақтары, әр

түрлі түсті

гүлдері бар.

Жарық

сүйгіш

Жеңіл,

тыңайт

ылған

топыра

қта

жақсы

өседі

Су құю

қалыпты

Көбейтуі

Ақпан –

мамыр

айлары

Page 15: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

15

Маусым айынан

қара суыққа дейін

гүлдейді Үлпет,

Циния

Zinnia

Ұз 30 – 75 см

гүлінің түсі

қызыл,

сары,қызғылт.

Сабағы берік.

Гүлдеу мерзімі

шілде- қыркүйек аралығы

Жарық

сүйгіш.

Жеңіл,

тыңайт

ылған

топыра

қта

жақсы

өседі

Су құю

қалыпты

Көбейтуі

Ақпан –

мамыр

айлары

Альпі шоқысы сәнді безендіруге мына гүлдерді ұсынамын

Сәлбен-

Шалфей

Saivia

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 50-90 см

Гүлі көк, ашық

күлгін, қызыл.

Гүлдеуі маусым –

шілде айлары.

Жар

ық

сүйгі

ш

Құнарлы

жеңіл

топырақт

а жақсы

өседі

Су

құю

қалып

ты

Көктемде

тұқым

арқылы

немесе

қар түспес

бұрын

Бозкілем-

Очиток

Sedum

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 5–80 см

Гүлі қызғылт, ақ,

сары.

Гүлдеуі

маусым – тамыз

айлары.

Жар

ық

сүйгі

ш

Құнарлы

жеңіл

топырақт

а жақсы

өседі

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

жеңіл

тамыр

бөлімдері,

өркендерм

ен және

тұқым

арқылы

Page 16: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

16

Қазтабан-

Лапчатка прямая

Potentilla erectha

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 60 см

Гүлі қызғылт, қызыл

сары, сары.

Гүлдеуі

маусым – тамыз

айлары.

Жар

ық

сүйгі

ш

Құмды

топырақт

а

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым

арқылы

ерте

көктемде

немесе

күзде

түптерді

бөлу

арқылы Мыңжапырақ-

Тысячелистник

таволговый

Achillea

filipendnlina

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 1 м барады.

Гүлі ашық сары.

Гүлдеуі маусым

аяғынан тамыз

айлары.

Жар

ық

сүйгі

ш

Құнарлы

жеңіл

топырақт

а жақсы

өседі

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым

арқылы

ерте

көктемде

немесе

күзде

түптерді

бөлу

арқылы

Мыңжапырақ

қарапайым-

Тысячелистник

обыкновенный

Achillea millefolium

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 40-60 см.

Гүлі ақ, қызғылт.

Гүлдеуі маусымнан

бастап

Жар

ық

сүйгі

ш

Құнарлы

жеңіл

топырақт

а жақсы

өседі

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым

арқылы

ерте

көктемде

немесе

күзде

түптерді

бөлу

арқылы Флокс

Phlox

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 5-30 см.

Гүлі ақ, көгілдір –

көк сұр, қызғылт.

Гүлдеуі мамыр –

маусым

Жар

ық

сүйгі

ш

Топырақ

көп

таңдамай

ды

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқымы

және

тамырын

бөлу

арқылы

Page 17: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

17

Портулак

Portulaca

Біржылдық өсімдік.

Ұз 15-20 см.

Гүлі ақ, қызғылт,

сары, қызыл,

күлгін.Гүлдеуі

маусым- тамыз

аяғына дейін.

Жар

ық

сүйгі

ш

Топырақ

құрғақ

тастақты

құмды

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым

арқылы

ақпаннан

бастап

жылыжай

да

Ботагөз-

Василек

Centaurea

Біржылдық және

көпжылдық.

Ұз 30 – 80 см

Гүлі көк,көк сұр,

қызғылт, ақ, сары.

Гүлдеуі маусым –

шілде.

Жар

ық

сүйгі

ш

Топырағ

ы құрғақ

жеңіл

топырақ

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқымы

және

тамырын

бөлу

арқылы

Қалампыр-

Гвоздика

Dianthus

Біржылдық,

екіжылдық және

көпжылдық.

Ұз 10-40 см

Гүлі ақ, қызғылт,

қызыл.Гүлдеуі

маусым – тамыз.

Жар

ық

сүйгі

ш

Топырақ

жақсы

құрғалат

ын әкті

топырақ,

құмды

қарашірік

араласты

ру қажет

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым

арқылы

Бурачок скальный

Alyssum saxatile

Көпжылдық өсімдік.

Ұз 20-40 см.

Гүлі ашық сары.

Гүлдеуі көктемде.

Жар

ық

сүйгі

ш

Топырақ

құрғақ,

құмды

қышқыл

емес

Су

құю

қалып

ты

Көбеюі

тұқым,

қалемше

арқылы

көктемде

Page 18: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

18

Қосымша

1 сурет

Гүлдердің гүлзарға отырғызу тәртібі

1 кесте

Аласа өсетін гүлдер

10-20 см

Орташа өсетін гүлдер

25-50 см

Биік өсетін гүлдер

80 см

Ақсауле –агератум

Үкі көз – анютаны

глазки

Барқытгүл–бархатцы

Нарқайсар –вербена

Шырақгүл – Лобелия

Қараот –портулак

Флокс – флокс

Зиягүл – цинерария

Қашқаргүл – астры

Барқытгүл–бархатцы

Бегония – бегония

Нарғызгүл –георгина

Шырайгүл –петуния

Алтыншар –рудбекия

Үлпет- цинния

Барқытгүл–бархатцы

Қабыржық–бересклет

Кенегүл-клещевина

Үзен – кохия

Page 19: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

19

2 сурет

3 сурет

4 сурет

Page 20: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

20

5 сурет

6 сурет

Page 21: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

21

7 сурет

8 сурет

Page 22: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

22

Қолымызда бар заттарды қолдана отырып, түрлі қиял ғажайып

заттарын құрастыруға болады

Page 23: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

23

Әдебиеттер

1. А.Лимаренко, Т.Палеева «Атлас однолетних садовых

растений» Москва 2004.

2. А.Лимаренко, Т.Палеева «Атлас однолетних садовых

растений» Москва 2005.

3. Перевод с англиского У.В.Сапциной «Ландшафтный

работы» Москва 2001.

4. Н.Я.Крижановская «Основы ландшафтного дизайна»

Ростов-на-Дону «Феникс»2005.

5. «Учебная книга цветовода» Москва «Колос» 1974.

6. Г.Ә.Құлжабаева «Мектепті көгалдандыру туралы

әдістемелік құрал» Алматы 2008.

7. Е.Н.Сербина «Цветники: Бордюры, клумбы» Москва

«ОЛМА-ПРЕСС Гранд» 2003.

8. Ю.В.Рычкова «Альпийские горки» » Москва «ОЛМА-

ПРЕСС Гранд» 2003.

9. Ян Ван дер Неер «Все об альпийских горках» Санкт –

Петербург СЗКЭО «КРИСТАЛЛ» Москва «ОНИКС» 2006.

10. Ландшафтный дизайн. Журнал №1,2. 2010.

11. Гүлстан журналы. 2010 -20014.

Page 24: Мектеп ауласын ландшафтық әрлендіру әдістемесіdetzoo-zko.kz/images/7/1/8.pdf · білім беру педагогы Г.М. Нуралиева

24