e-mail: [email protected] 14 НАУРЫЗ, twitter ... · ма ына ана тән к“рісу ......

12
№51 (29032) 14 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛДІК БЕЙНЕСІ МҮМКІНДІКТЕР МҮЛТ ЖІБЕРІЛМЕСЕ ИГІ 5-бет 6-бет Жақсыбай САМРАТ йіп ЫСҚАҚОВ EUR/KZT 339.22 USD/KZT 318.07 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 46.06 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: –––––––––––––––––– Наурыздың 14-і – Қа- зақстанның батыс ай- мағына ғана тән крісу күні. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әулеттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақалына, жасы кіші үлкенге ар- найы барып, қол беріп крісіп, «бір жасымен» құттықтайды. сіресе, бұл – бала-шағаның мерекесі. Ала таңнан әр үйді аралап, үлкенге сәлем беретін балдыр- ғандардың бүкіл қойны- қонышы тәттіге толып, артылғанын дорбаға, пакетке тоғытады... ––––––––––––––––– Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Жалпы, көрісу дəстүрі тек батыс қазақтарында ғана емес, еліміздің көп жерінде болғанға ұқсайды. Шəкəрім Құдайбердіұлының бала- сы Ахат өз жазбаларында «14 март – ескіше 1 март. Əкей айтты «Бүгін ескіше 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі, жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі əдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дəлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол бо- лар» деген...». Бұрын... Əкеміз ауылдың қадір- менді ақсақалы болған соң шығар, біздің үйде «көрісу күнінің» таңы тым ерте «ата- тын». Анамыз түн ортасынан тұрып, табақ-табақ бауыр- сағын пісіреді. Дастарқан жайылып, бар тəтті кебежені тастап шығады. Жеті шелпек ортадан орын алады. «Бірінші кім келіп көрісер екен?!» – ата-анамыздың көкейінде осы сұрақ тұратын. Былтыр- ғы, арғы жылғы көрісу күн- дері еске алынып, «жыл жақ- сылығымен келгей» деген игі тілек тілдің ұшынан төгіле беретін... Ал біз, кішкентайлар ше? Үйге үлкен кісі келіп қалмас бұрын өзің барып көрісіп, ба- тасын алу, қалтаны кəмпитке толтыру – əрбір балаға сын. Тіпті, өзің бірге ойнап жүр- ген құрбыңның алдын орап, ең тəтті, ең əдемі сияпатты иеленсең, абыройың асқақ- тап, қатарыңның алды атана- сың. Үлкендер де ерте тұрған, алдымен көріскен балаларға ерекше ықылас танытып, айрықша бата беретіндей. Алматыда Туған жерден алыста, оңтүстік астанада жүргенде жалпы батыстықтар – орал- дық, атыраулық, маңғыс- таулық, ақтөбелік дос-жаран – бір-бірімізді бір үйдің, бір ауылдың баласындай жақын тартатынбыз. Жоғарыда аталғандарға Өзбекстаннан келген қандастар да қосылатын. Бізді, əсіресе, біріктіретін, өзгелер қызыға да қызғана қарайтын дəстүр – дəл осы көрісу еді. Бейнеуден келген Сағын- дық курстасым бірер жас болса да үлкендігін бұлдап, «əй, балдар, ақсақалға аман- даспайсыңдар ма?!» деп ал- дымыздан шығады. Сол күні «Миялының ибалы қызы Салтанат келіп көріскенде бере қоямын ғой» деп, қалта- ма бірер кəмпит салып жүре- мін. Түс ауа филология фа- культетінен сабақтан жаңа тараған Батырболат жетеді. Ал нөкістік Бауыржанға ба- рып көрісу – біздің міндет. Кішіміз ғой. Бұл – шығыстану факуль- тетіндегі жерлесім Гүлімге, философия жəне экономика факультетіндегі ауылдасым Ғалияға достарымды ерте арнайы «көрісе» барып, арқа- жарқа əңгімемен шəй ішіп қайтуға мүмкіндік беретін тамаша мейрам болатын. Осылайша, мəре-сəре болған батыстықтарға бүкіл Алматы қызыға қарайтындай көрінетін. Бұл – бүкіл Ор- талық Азия атап өтетін əз- Наурыздан, күн мен түннің теңелетін сəтінен мүлде бө- лек, басқа мейрам еді. Бұл қандай мейрам? «Көрісу – Батыс Қазақстан аймағында ғана сақталған ежелгі дəстүр. Жаңа жылды Байбақты Қазыбек календа- ры бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 нау- рызды көрісу (яғни, қауышу) күні деп атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сəлем береді. Көр- ші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе- реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір- бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туысына амандық- саулық, құт-береке тілейді. Бір жасыңыз құтты болсын! «Қазақстан Республикасының Конс- титуциясына өзгерістер мен толық- тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Барлық деңгейдегі орталық жə- не жергілікті мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары Парламенттің, Үкіметтің жəне өзге де мемлекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын. 2. Қазақстан Республикасының Пар- ламентіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық- тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) талапта- рына сəйкес Парламенттің жəне оның Палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау ұсынылсын. 3. Қазақстан Республикасының Үкі- меті орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктердің қосым- ша көлемімен жұмысқа функционал- дық дайындығына талдау мен баға- лауды жедел жүргізсін жəне атқарушы органдардың жаңа ұйымдық-құқықтық жағдайларда тиімді жұмыс істеуін қам- тамасыз ететін шараларды қабылдасын. Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндасын. 4. Қазақстан Республикасы Прези- дентінің заң шығару бастамасы тəрті- бімен Қазақстан Республикасы Парла- менті Мəжілісінің қарауына мыналар енгізіледі деп айқындалсын: 1) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Респуб- ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі туралы», «Қазақ- стан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы», «Қазақстан Респуб- ликасының сот жүйесі мен судья- ларының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарды Заңға сəйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заңның жобасы; 2) «Прокуратура туралы» жаңа Қа- зақстан Республикасы Заңының жобасы. 5. Қазақстан Республикасы Прези- дентінің Əкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп: 1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актілер жо- баларын əзірлеуді жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Прези- дентінің қолданыстағы актілерін Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 6. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде: 1) өзге де заңнамалық актілерді Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз ететін ша- ралар қабылдасын; 2) Үкіметтің, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мəслихаттардың актілеріне ревизия жүргізуді жəне оларды Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз етсін. 7. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Со- ты, Орталық сайлау комиссиясы, сон- дай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау жəне Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын. 8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдік жəне халықаралық əріптестеріне конституциялық реформаға сəйкес елдің мемлекеттік құрылымында болған өзгерістердің мəні мен мазмұны туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін. 9. Қазақстан Республикасы Президен- тінің Əкімшілігі жəне Қазақстан Респуб- ликасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Пре- зидентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз №437 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ «Қазақстан Республикасының Конституциясына згерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жніндегі шаралар кешені туралы 9-бет РУХАНИЯТ ЖОЛДАУ ӘЛЕУМЕТ 8-бет ЗЕРДЕ ЕЛ ГАЗЕТІ ІРГЕЛІ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА БАСТАДЫ 4-бет ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ 7-бет АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АРНАСЫНДА «Бар болу» немесе «бордай тозу» дилеммасы ӘР СУИЦИД – ЕСТІЛМЕЙ ҚАЛҒАН ЖАН АЙҚАЙЫ Сынақ барысында əскери қызметшілер броньды машинамен ең алдымен қалың қармен жүріп өтті. Мұны Қорғаныс министрлігінің терроризммен күрес десанттық тобы жүзеге асырды. Тəжірибеде отандық «КАЕ» кəсіпорнының «САРП» əскери модулінің атқыш жиынтығы пайдаланылды. Яғни, «Арлан» Калашников автоматы, Драгунов мылтығы жəне ОСВ- 96 ірі калибрлі мылтығымен атқыланып, броньды көліктің беріктігі тексерілді. Нəтижесінде, отандық өнімнің жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өте жоғары сапалы, маневрлі жəне мықты қорғанысы бар екендігі дəлелденді. Айта кету керек, «Арлан» – бұл минаға қарсы қорғанысы күшейтілген көп бағытты броньды дөңгелекті техника. Мұндай машиналардан оңай- лықпен оқ өтпейді əрі жарылғыш затқа төтеп бере алады. Салмағы 16 тонналық броньды көлік «Арланның» жылдамдығына келер болсақ, сағатына 100 шақырым қашықтықты басып өте алады. Тіпті, -50 С-тан +50 С-қа дейінгі температурада да бұзылмай жүре береді. «Арланның» жан-жақты электронды-оптикалық жүйесінің əскери модулі керемет жасақталған. Мамандардың айтуынша, ол жылу беретін камерамен, күндізгі көру камерасымен, лазерлік алысты өлшеуші құралмен, кез келген климаттық жағдайда, түнгі жəне күндізгі уақытта бақылауға, барлауға жəне көздеп атуға мүмкіндік береді екен. Қазақстан Қарулы Күштерінің талаптары мен ұсыныстарын ескерген «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің құрастырушы бюросының жергілікті мамандары «Арлан» броньды машинасын жасап, отандық өнім ретінде тұңғыш рет шығарып отыр. Оны техникалық сынау сəтіне журналистер арнайы шақырылды. Ал «Арлан» сынағына қатысқан «КАЕ» ЖШС – түнгі, күндізгі көру камераларын, барлау модуль- дерін, əскери радиобайланыс құралдарын жасай- тын еліміздегі бірден-бір кəсіпорын. «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» болса, əскери броньды дөңгелекті көліктердің түр-түрін шығаратын Орта- лық Азиядағы ең ірі кəсіпорын болып табылады. Аталған кəсіпорындардың біріккен іс-қимылдары- ның нəтижесінде «Арлан» броньды техникасы бүгінде сынақтан сəтті өтті. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист СЕМЕЙ АЙБЫН Өзіміздің «Арлан» сынақтан өтті ––––––––––––––––––––––––––––––––––––– Еліміздің Қарулы Күштері қатарындағы Құрлық әскерлерінің қару-жарақ қорына келіп түскен жаңа отандық нім – броньды «Арлан» дңгелекті машинасы сынақтан тті. «Шығыс» полигонында қазақстандық броньды кліктің әскери мүмкіндіктері қысқы қатал ауа райы жағдайында тексерілді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––– (Соңы 9-бетте)

Upload: others

Post on 22-Aug-2020

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

№51 (29032) 14 НАУРЫЗ, СЕЙСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

ЕСКЕРТКІШТЕР – ЕЛДІК БЕЙНЕСІ

МҮМКІНДІКТЕР МҮЛТ ЖІБЕРІЛМЕСЕ ИГІ

5-бет 6-бет

Жақсыбай САМРАТ�йіп ЫСҚАҚОВ

EUR/KZT 339.22 USD/KZT 318.07 RUB/KZT 5.38 CNY/KZT 46.06ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

––––––––––––––––––Наурыздың 14-і – Қа-зақ стан ның батыс ай-мағына ғана тән к�рісу күні. Бұл күні бүкіл ағайын-тума әу леттің бас иесіне, ауыл-аймақ сол жердің ақсақа лына, жасы кіші үлкенге ар-найы барып, қол беріп к�рісіп, «бір жасымен» құт тықтайды. �сі ресе, бұл – бала-шаға ның мерекесі. Ала таң нан әр үйді аралап, үлкен ге сәлем беретін балдыр-ғандардың бүкіл қойны-қонышы тәттіге толып, артылғанын дорбаға, пакетке тоғытады... –––––––––––––––––Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Жалпы, көрісу дəстүрі тек батыс қазақтарында ғана емес, еліміздің көп жерінде бол ғанға ұқсайды. Шəкəрім Құдай берді ұлының бала-сы Ахат өз жазбаларында «14 март – ескіше 1 март. Əкей айтты «Бүгін ескіше 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді. Ал жаңа жылдың бұрынғы аты – Наурыз, бұл фарсы тілі, жаңа күн деген сөз. Қожа-молдалар ескі əдетті қалдырамыз деп, құрбан, ораза айттарын ұлыс күні дегізіп жіберген. Ескі қазақша, ескі түрікше жаңа жыл күнінің аты – ұлыс. Жаңа жыл басының ұлыс екеніне мынадай дəлел бар. «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол бо-лар» деген...».

Бұрын...Əкеміз ауылдың қадір-

менді ақсақалы болған соң шығар, біздің үйде «көрісу күнінің» таңы тым ерте «ата-тын». Анамыз түн орта сы нан тұрып, табақ-та бақ бауыр-сағын пісіреді. Дас тар қан жайылып, бар тəтті кебежені тастап шығады. Жеті шелпек

ортадан орын алады. «Бірінші кім келіп көрісер екен?!» – ата-анамыздың кө кейінде осы сұрақ тұратын. Был тыр-ғы, арғы жылғы көрі су күн-дері еске алынып, «жыл жақ-сылығымен келгей» де ген игі тілек тілдің ұшынан төгіле беретін...

Ал біз, кішкентайлар ше? Үйге үлкен кісі келіп қалмас бұрын өзің барып көрісіп, ба-тасын алу, қалтаны кəмпитке толтыру – əрбір балаға сын. Тіпті, өзің бірге ойнап жүр-ген құрбыңның алдын орап, ең тəтті, ең əдемі сияпатты иеленсең, абыройың асқақ-тап, қатарыңның алды ата на-сың. Үлкендер де ерте тұр ған, алдымен көріскен ба ла ларға ерекше ықылас таны тып, айрықша бата бере тіндей.

АлматыдаТуған жерден алыста,

оң түс тік астанада жүргенде жалпы батыстықтар – орал-дық, аты раулық, маңғыс-таулық, ақтөбелік дос-жаран – бір-бірімізді бір үйдің, бір ауылдың баласындай жақын тартатынбыз. Жоғарыда

атал ғандарға Өзбекстаннан к е л г е н қ а н д а с т а р д а қосылатын. Біз ді, əсіресе, біріктіретін, өз ге лер қызыға да қызғана қа рай тын дəстүр – дəл осы кө рі су еді.

Бейнеуден келген Сағын-дық курстасым бірер жас болса да үлкендігін бұл дап, «əй, балдар, ақсақалға аман-даспайсыңдар ма?!» деп ал-дымыздан шығады. Сол күні «Миялының ибалы қы зы Салтанат келіп көріскенде бере қоямын ғой» деп, қалта-ма бірер кəмпит салып жүре-мін. Түс ауа филология фа-куль тетінен сабақтан жаңа тара ған Батырболат жетеді. Ал нөкіс тік Бауыр жанға ба-рып көрі су – біздің міндет. Кішіміз ғой.

Бұл – шығыстану факуль-те тіндегі жерлесім Гүлімге, философия жəне экономика факультетіндегі ауылдасым Ға лияға достарымды ерте арнайы «көрісе» барып, арқа-жарқа əңгімемен шəй ішіп қайтуға мүм кін дік беретін тамаша мейрам болатын.

Осылайша, мəре-сəре болған батыстықтарға бүкіл

Алматы қызы ға қарайтындай көрінетін. Бұл – бүкіл Ор-талық Азия атап өтетін əз-Нау рыздан, күн мен түннің теңе летін сəтінен мүлде бө-лек, басқа мейрам еді.

Бұл қандай мейрам?

«Көрісу – Батыс Қазақстан айма ғында ғана сақталған ежел гі дəстүр. Жаңа жылды Бай бақты Қазыбек календа-ры бойын ша қарсы алатын аймақ тұр ғындары 14 нау-рызды көрісу (яғни, қауышу) күні деп атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ер те тұрып, елең-алаңнан жасы үл кен адамдарға сəлем береді. Көр-ші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғұмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұ рынғы өкпе-реніш кешіріліп, араз дық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туысына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Бір жасыңыз құтты болсын!

«Қазақстан Республикасының Конс-титуциясына өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Барлық деңгейдегі орталық жə-не жергілікті мемлекеттік органдар, жер гілікті өзін-өзі басқару органдары Пар ламенттің, Үкіметтің жəне өзге де мем лекеттік органдардың өкілеттіктері мен жауапкершілігінің көлемін кеңейту жағдайында мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.

2. Қазақстан Республикасының Пар-ламентіне «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан əрі – Заң) талапта-рына сəйкес Парламенттің жəне оның Палаталарының қызметін қамтамасыз ететін шараларды қабылдау ұсынылсын.

3. Қазақстан Республикасының Үкі-меті орталық жəне жергілікті атқа рушы органдардың өкілеттіктердің қосым-ша көлемімен жұмысқа функцио нал-дық дайындығына талдау мен баға-лауды жедел жүргізсін жəне атқару шы органдардың жаңа ұйымдық-құқық тық жағдайларда тиімді жұмыс істеуін қам-тамасыз ететін шараларды қабылдасын.

Бұл жұмыстың қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Президентіне баяндасын.

4. Қазақстан Республикасы Прези-дентінің заң шығару бастамасы тəрті-бімен Қазақстан Республикасы Парла-менті Мəжілісінің қарауына мыналар енгізіледі деп айқындалсын:

1) «Қазақстан Республикасының Пре зиденті туралы», «Қазақстан Респуб-ликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті жəне оның депутаттарының мəртебесі туралы», «Қазақстан Респуб-ли касының Үкіметі туралы», «Қазақ-стан Республикасының Конститу циялық Кеңесі туралы», «Қазақстан Респуб-ликасының сот жүйесі мен судья-ларының мəртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы», «Республикалық референдум туралы» конституциялық заңдарды Заңға сəйкес келтіруді көздейтін Конституциялық заңның жобасы;

2) «Прокуратура туралы» жаңа Қа-зақстан Республикасы Заңының жобасы.

5. Қазақстан Республикасы Прези-дентінің Əкімшілігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:

1) осы Жарлықтың 4-тармағында көзделген заңнамалық актілер жо-баларын əзірлеуді жəне Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуді қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасы Прези-дентінің қолданыстағы актілерін Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде:

1) өзге де заңнамалық актілерді Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз ететін ша-ралар қабылдасын;

2) Үкіметтің, орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мəслихаттардың актілеріне ревизия жүргізуді жəне оларды Заңға сəйкес келтіруді қамтамасыз етсін.

7. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Со-ты, Орталық сайлау комиссиясы, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасының Пре зидентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік органдар өздері қабылдаған нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау жəне Заңға сəйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдасын.

8. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның шетелдік жəне халықаралық əріптестеріне конституциялық реформаға сəйкес елдің мемлекеттік құрылымында болған өзгерістердің мəні мен мазмұны туралы ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етсін.

9. Қазақстан Республикасы Прези ден-тінің Əкімшілігі жəне Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.

10. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Пре-зидентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

11. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 13 наурыз№437

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

«Қазақстан Республикасының Конституциясына �згерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру ж�ніндегі шаралар кешені туралы

9-бет

РУХАНИЯТ

ЖОЛДАУ

ӘЛЕУМЕТ

8-бет

ЗЕРДЕ

ЕЛ ГАЗЕТІ ІРГЕЛІ ЖОБАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРА БАСТАДЫ

4-бет

ЭКОНОМИКАЛЫҚДАМУДЫҢ ЖАҢА МОДЕЛІ

7-бет

АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ АРНАСЫНДА«Бар болу» немесе «бордай тозу» дилеммасы

ӘР СУИЦИД – ЕСТІЛМЕЙ ҚАЛҒАН ЖАН АЙҚАЙЫ

Сынақ барысында əскери қызмет шілер броньды машинамен ең алдымен қалың қармен жүріп өтті. Мұны Қорға ныс министрлігінің терроризммен күрес десанттық тобы жүзеге асыр ды. Тəжіри беде отандық «КАЕ» кəсіпорны ның «САРП» əскери модулінің атқыш жиынтығы пайдаланылды. Яғни, «Арлан» Калашников автоматы, Дра гунов мылтығы жəне ОСВ-96 ірі калибрлі мылтығымен атқыланып, бронь ды көліктің беріктігі тексерілді. Нəти жесін де, отандық өнімнің жеке құ рам ның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өте жоғары сапалы, маневрлі жəне мықты қорғанысы бар екендігі дəлелденді.

Айта кету керек, «Арлан» – бұл минаға қарсы қорғанысы күшейтіл ген көп бағытты броньды дөңгелекті тех ника. Мұндай машиналардан оңай-лықпен оқ өтпейді əрі жарылғыш зат қа төтеп бере алады. Салмағы 16 тон налық броньды көлік «Арланның» жыл дамдығына келер болсақ, сағатына 100 шақырым қашықтықты басып өте алады. Тіпті, -50⁰С-тан +50⁰С-қа дейінгі температурада да бұзылмай жүре береді.

«Арланның» жан-жақты электронды-оптикалық жүйесінің əскери модулі керемет жасақталған. Мамандардың айтуынша, ол жылу беретін камерамен, күндізгі көру камерасымен, лазерлік алысты өлшеуші құралмен, кез келген климаттық жағдайда, түнгі жəне күндізгі уақытта бақылауға, барлауға жəне көздеп атуға мүмкіндік береді екен.

Қазақстан Қарулы Күштерінің талап тары мен

ұсыныстарын ескерген «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-нің құрастырушы бюросының жергілікті мамандары «Арлан» броньды машинасын жасап, отандық өнім ретінде тұңғыш рет шығарып отыр. Оны техникалық сынау сəтіне журналистер арнайы шақырылды.

Ал «Арлан» сынағына қатысқан «КАЕ» ЖШС – түнгі, күндізгі көру камераларын, барлау модуль-дерін, əскери радиобайланыс құралдарын жасай -тын еліміздегі бірден-бір кəсіп орын. «Қазақ стан

Парамаунт Инжи ниринг» болса, əскери броньды дөңге лекті көліктердің түр-түрін шыға ра тын Орта-лық Азиядағы ең ірі кəсіп орын болып табыла ды. Аталған кəсіп орын дардың біріккен іс-қимыл дары-ның нəтижесінде «Арлан» броньды техникасы бүгінде сынақтан сəтті өтті.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,журналист

СЕМЕЙ

АЙБЫН

Өзіміздің «Арлан» сынақтан өтті–––––––––––––––––––––––––––––––––––––Еліміздің Қарулы Күштері қатарындағы Құрлық әскерлерінің қару-жарақ қорына келіп түскен жаңа отандық �нім – броньды «Арлан» д�ңгелекті машинасы сынақтан �тті. «Шығыс» полигонында қазақстандық броньды к�ліктің әскери мүмкіндіктері қысқы қатал ауа райы жағдайында тексерілді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы 9-бетте)

Page 2: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

2 14 наурыз 2017 жылСаяСат

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен

толықтырулар енгізу туралы1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған

Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №4, 217-құжат; 1998 ж., №20, 245-құжат; 2007 ж., №10, 68-құжат; 2011 ж., №3, 29-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:«3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы

саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.».2. 4-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«3. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан

басымдығы болады. Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасында айқындалады.».

3. 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Республиканың азаматын азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту

құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға бол-майды. Азаматтықтан айыруға террористік қылмыстар жасағаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен ғана жол беріледі.».

4. 39-бапта: 1) 2-тармақ «Ұлтаралық» деген сөзден кейін «және конфессияаралық»

деген сөздермен толықтырылсын;2) 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын

қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 11, 13-15-бап-тарында, 16-бабының 1-тармағында, 17-бабында, 19-бабында, 22-бабында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.».

5. 41-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумысынан Республика

азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын және жоғары білімі бар Республика азаматы сайлана алады. Конституциялық заңда Республика Президенттігіне кандидаттарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.».

6. 44-бапта:1) 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен

консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді; облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады;»;

2) 8) және 9) тармақшалар алып тасталсын;3) мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:«10-1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау,

мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Кеңеске өтініш жолдайды;»;

4) 18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«18) өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;».7. 45-баптың 2-тармағы алып тасталсын.8. 49-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге

асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.».9. 53-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.10. 55-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Қазақстан

Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілді бес жыл мерзімге қызметке сайлау және оны қызметінен босату;».

11. 57-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:«6) Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы

бойынша Республика Үкіметі мүшелерінің өз қызметі мәселелері жөніндегі есептерін тыңдауға хақылы. Есепті тыңдау қорытындылары бойынша Үкімет мүшесі Республика заңдарын орындамаған жағдайда Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен оны қызметінен босату туралы Республика Президентіне өтініш жасауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады;».

12. 61-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын

белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.».

13. 64-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде

Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты.».14. 66-бапта:1) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«1) мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс

қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;»;

2) 8) тармақша алып тасталсын;3) мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:«9-1) Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бюджет есебінен

қамтылатын барлық органдар үшін қаржыландырудың және қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекітеді;».

15. 67-баптың 4) тармақшасы «Президентке» деген сөзден кейін «және Парламентке» деген сөздермен толықтырылсын.

16. 70-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Үкімет жаңадан сайланған Республика Парламенті Мәжілісінің ал-

дында өз өкілеттігін доғарады.».17. 72-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«2. Конституциялық Кеңес Конституцияның 44-бабының 10-1)

тармақшасында көзделген жағдайларда – Республика Президентінің өтiнiштерiн, сондай-ақ Конституцияның 78-бабында белгiленген жағдайларда соттардың өтiнiштерiн қарайды.».

18. 73-баптың 4-тармағы алып тасталсын.19. 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және

азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған заңдар мен өзге де құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.».

20. 79-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«3. Республика соттарының судьяларына қойылатын талаптар

конституциялық заңда айқындалады.». 21. 81-бап мынадай редакцияда жазылсын:«81-бапҚазақстан Республикасының Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық істер,

жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын өзге де істер бой-ынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беріп отырады.».

22. 83-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«1. Прокуратура мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында

заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекеттің мүддесiн бiлдiредi және мем-лекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.».

23. 86-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:«5. Мәслихаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын Республика Президенті

Премьер-Министрмен және Парламент Палаталарының төрағаларымен кон-сультациялардан кейін тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзін-өзі тарату туралы шешім қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.».

24. 87-баптың 4-тармағында екінші сөйлем мынадай редакцияда жазыл-сын:

«Өзге әкімшілік-аумақтық бөліністердің әкімдері заңда айқындалатын тәртіппен қызметке тағайындалады немесе сайланады, сондай-ақ қызметінен босатылады.».

25. 91-бапта:1) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«2. Конституцияда белгiленген мемлекеттiң тәуелсіздігі, Республиканың

бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығы, оны басқару нысаны, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның Негізін салушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы іргесін қалаған Республика қызметінің түбегейлі принциптері және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәртебесі өзгермейді.»;

2) мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:«3. Республика Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар,

олардың осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетіні тура-лы Конституциялық Кеңестің қорытындысы болған жағдайда, республикалық референдумға немесе Республика Парламентінің қарауына шығарылады.».

2-бап. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен сайланған, тағайындалған лауазымды адамдары осы Заң күшіне енген күнгі өкілеттіктерін Республиканың органдары құрылған және лауазымды адамда-ры сайланған немесе тағайындалған өкілеттіктер мерзімі аяқталғанға дейін не Республика Конституциясында және заңнамасында белгіленген тәртіппен өз өкілеттіктері тоқтатылғанға дейін сақтайды.

3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 10 наурыз №51-VI ҚРЗ

Комиссияның кезекті отырысы өтті

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Орталық сайлау комиссиясы мүшесінің хабардар етуінше, мәс ли-хаттардың шығып қалған депутат-тарының орнына сайлау науқаны шеңберінде еліміз бойынша сай-лау өтетін 58 сайлау округінде бо саған депутаттық мандаттарға барлығы 201 үміткер ұсынылды. Ал округтік сайлау комиссияларының мәс лихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына канди-даттар ретінде тіркеу кезеңінің қоры тындысында бойынша 188 адам тіркелді. Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орны-на сайлауда бос бір депутаттық мандатқа орташа бәсекелестік

үштен аса үміткерді құрайды.«Кандидаттардың 62-сі Қа зақ-

стан Республикасы саяси партия-ларының мүшелері, 69-ы партия қатарында жоқтар, 57-сі өзінің партияға тиесілігін көрсетпеген, – деді М.Сәрсембаев. – Қазіргі кезде тір келген кандидаттардың сайла-уалды үгіт науқаны жүріп жатыр. Сайлау заңнамасына сәйкес, сай-лауалды үгітті жүргізу үшін барлық кандидаттарға тең жағдайларға кепiлдiк беріледi. Атап айтқанда, мемлекет кандидаттарға теледи-дардан 15 минут сөз сөйлеуiне, радиодан 10 минут сөз сөйлеуіне, сон дай-ақ, баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлем-де екi мақала жариялауына кепілдік береді».

ОСК мүшесінің атап өткеніндей, жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi

сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналасты-ру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады. Үгiттiк баспа материалдары барлық кандидаттар үшiн тең құқықтар қамтамасыз ететiн жағдайда орна-ластырылады. Тіркелген әрбір кан-дидат сайлауалды үгіт жүргізу үшін кандидаттың жеке қаражатынан (2 445 900 теңгеден аспайтын), кан-ди датты ұсынған қоғамдық бiрлес-тiк бөлген қаражаттан (4 891 800 теңгеден аспайтын) және ел аза-маттары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан (7 337 700 тең геден аспайтын) тұратын өзінің сайлау қорын құра алады. Мәс-лихаттың депутаттығына канди-даттың сайлау қорындағы ақшалай қаражаттың шекті мөлшері 14 675 400 теңгеден аспауы тиіс.

БАҚ шарт негізінде тіркелген кандидаттарға эфир уақытын және баспасөз бетінен орын береді. Бұл ретте шарт талаптары белгiлi бiр

кандидатқа артықшылық туғызбауға тиiс, – деді М.Сәрсембаев әрі қарай. – Сайлау қорын құрмайтын аза-маттар қаржыландыруды қажет ет-пейтін сайлауалды үгіт жүргізуге құ қылы. Сайлау күні және оның ал-дындағы күні БАҚ-та үгіт материал-дарын жариялауға жол берілмейдi. Ал үгіт науқаны 2017 жылғы 24 наурыз күнгі сағат 24.00-ге дейін жалғасады».

* * *Кеше, сондай-ақ, Орталық сай-

лау комиссиясының отырысы өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының мүшесі Альберт Павлович Рау ды Қа зақстан Республикасы Парла-менті Мәжілісінің депутаты етіп тіркеу туралы шешім қабылданды.

Шешім «Қазақстан Респуб ли-касындағы сайлау туралы» Қазақ-стан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-баптары-на сәйкес, «Нұр Отан» партия-сы Саяси кеңесі бюросының қау-лысы негізінде қабылданып отыр. Альберт Рауға Орталық сайлау ко миссиясының төрағасы Берік Има шев Парламент Мәжілісі депута тының куәлігі мен омырауға тағатын белгіні тапсырды.

Арнұр АСҚАР,«Егемен Қазақстан»

Министр алқалы жиында Қазақ-станның 2018 жылғы қаңтар айын-да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төра-ғасы міндетін атқаратыны туралы мәлімдеді.

– Қауіпсіздік Кеңесінде біздің тұрақты емес мүше ретіндегі куль-ми нациялық сәтіміз ай сайын ау-ысып отыратын төрағалық кезінде болады. Яғни, Қазақстан аталған органға 2018 жылдың қаңтар айын-да төрағалық етеді, – деді Қайрат Әбдірахманов. Оның айтуынша, төрағалық жасайтын мерзімге дейін Кеңеске мүше мемлекеттермен ара-да Қазақстанның мүддесіне қатысты мә селелерді қарастыру және келі-сімге қол жеткізу жұмыстары жүргі-зілетін болады.

– Біздің әлемдік қоғамдастық пен Қауіпсіздік Кеңесінің наза-рын Орталық Азия бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлерге аударуға бағытталған барлық қадамдарымыз осы аймақтағы әріптестерімізбен ты-ғыз-қарым қатынаста жүр гізі леді, – деді сыртқы саясат ведомство сы ның басшысы.

2015 жылдың маусым айында елімізде «Бітімгерлік іс-қимылдар туралы» Заң қабылданған болатын. Бұл құжат еліміз БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне үміткерлікке ұсынылған уақытпен тұспа-тұс қабылданғанын айта кету керек. Жалпы, БҰҰ миссиялары-на қазақстандық байқаушыларды бағыттау тәжірибесі 2014 жылдан ба-сталады. Содан бергі аралықта Батыс Сахарадағы референдум барысын бақылау бойынша БҰҰ миссиясы-на, Кот-д`Ивуардағы іс-қимылдар сынды шараларға 11 қазақстандық қатысыпты. Батыс Сахарада 4 отан-дасымыз қазір де байқаушылық қызметін жалғастыруда екен.

Үкімет сағатында министр қа-зақ стандық жауынгерлерді жіберу барысында БҰҰ-ның ең қауіп сіз деген миссиялары таңдалаты нын айтты. «БҰҰ миссияларына қатысу мәселелерін қарастыру кезінде біздің жауын герлердің қауіпсіздігі сынды маңыз ды факторлар міндетті түрде ес керілетінін атап өткен жөн. Әри-не, заңнамаға сәйкес, барлық жұ-мыс Пар ла ментпен өзара тығыз

іс-қи мылда жү зеге асырылады», – деді ол.

Сыртқы істер министрі айтып өткендей, Қауіпсіздік Кеңесі күн тәртібінің басым бөлігі Африка мемлекеттеріндегі қақтығыстар мен Таяу Шығыстағы ахуалға қа-тыс ты 53 белсенді және 15 «қалғы-ған» мәселелерден тұрады. Соны мен қатар, күн тәртібінде жаппай қы рып-жою қаруын таратпау, терро ризмге қарсы күрес сынды мәселелер де бар.

– БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 30 көмекші органы бар, аталған ұйым-дарға басшылық жасау мүше елдер-ге бөлінген. Қазақстанның беделі мен салмақты тәжірибесі назарға алынып, біздің елімізге Қауіпсіздік Кеңесінің Ауғанстандағы қауіп-сіздік, «Талибан», «ДАИШ», (Қа зақ-станда тыйым салынған) «Әл-Каи-даға» қатысты мәселелер бойын ша, Сомали, Эритреядағы ахуал дарға қатысты комитетіне төра ғалық жасау міндеті жүктелді, – деді Қ.Әбдірахманов.

Әлем елдері бейбітшілік пен бі-тім герлік орнату жолында тізе қо-сып әрекет етіп жатқан тұста, кейбір мемлекеттер қорғаныс саласы ның бюджетін азайтуды қолда май отыр. Үкімет отырысында депутат тар дың сауалына жауап берген сыртқы сая-сат ведомствосының басшысы осы мәселеге де тоқталып өтті.

– Халықаралық бейбітшілік бю-росы атты құрылым бар, сондай-ақ, Швецияда орналасқан Стокгольм бейбітшілік мәселелерін зерттеу институты атты беделді құрылым жұмыс істейді. Осы институт біздің тапсырысымыз бойынша Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың БҰҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс бюджетінің 1 пайызын орнықты даму мақсаттарына аудару жөнін-дегі бастамасын жүзеге асы-рудың болашағы туралы баяндама әзірледі. Бұл баяндама Мемлекет басшысының бастамасымен биылғы жылдың қаңтар айында БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығына ұсынылды. Өкінішке қарай, кейбір елдер әскери шығындарды көбейтіп жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан Президентінің БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-сессиясында көтерген бастамасы ұзақ мерзімді қамтиды. Бюджеті 800 миллиард, 150 миллиард, 50-30 миллиард

кө ле міндегі елдер үшін орнықты даму ға қаражаттың 1 пайызын бөлу үлкен мәселе, – деді бұл туралы Қ.Әбді рах манов.

В.Божко осы жиында шет мем-лекеттерге Қазақстан тарапынан көрсетілген гуманитарлық көмектер туралы бірқатар деректерді ортаға салды. Вице-спикер айтқандай, 1990 жылдан бергі аралықта Мәжіліс 1237 халықаралық шарт пен келісімді ма-құлдап, ратификациялаған екен. Бұл құжаттардың ішінде Ұйымдасқан қылмысқа және заңсыз көші-қонға қарсы күрес жөніндегі БҰҰ кон-венцияларына қосылу туралы және басқа да құжаттар бар.

– Қазақстанның бітімгерлік қыз-меті мен дамуға ресми көмек тура лы заңдарының орны бір бөлек. Соң ғы жылдары еліміз шет мемлекет тер ге көрсеткен гуманитарлық кө мек тің жалпы сомасы 10 миллиард теңгеден асып түседі, – деді В.Бож ко.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік коми те-тінің төрағасы Мәулен Әшім баев бұған дейін Мемлекет басшы сы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақ тағы мемлекеттердің бір одаққа бірі гуі керектігін айтқан идеясын жаң ғыр-тып, Орталық Азияда жаңа бірлестік құ ру керектігін көлденең тартты.

– Орталық Азияда жаңа өңірлік интеграция мәселесін қарау керек. Қазақстан бұл құрылымда жетекші орынға ие болып, Орталық Азия елдеріне ресми гуманитарлық көмек көрсетер еді. Өйткені, өңірдегі теріс ықпалдардың аймақтағы ел-дерге, соның ішіндегі Қазақстанға да кесірін тигізуі мүмкін, – деген депутат өңірде трансшекаралық өзендердің ресурстарын пайдала-ну мен өзге де мәселелер бойынша бірқатар проблемалардың бар екенін айтты.

– Сол себепті қазір Орталық Азия елдерінің қауіпсіздігін қамта масыз ету үшін не істеу керектігін ойлау маңызды. Өңірдегі көптеген проб-лемалар өзара түсіністік арқылы

шешілуі керек. Олар трансшекаралық өзендердің ресурсын пайдала-ну, экологиялық мәселелердің түйінін тарқату, өңірдің транзиттік-байланыс әлеуетін арттыру, тер-роризм және экстре мизмге қарсы күрес секілді мәсе лелер. Сол себепті өңірдегі ықпал дастықты арттырып, жаңа деңгейге көтеру керек, – деді М.Әшім баев.

Депутаттың сөзіне сүйенсек, Қазақ станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе сіндегі тұрақты емес мүшелігі аясында мемлекетіміздің өзге елдер-ге ресми даму және гуманитарлық көме гін ұсынудың бірыңғай стра-тегия сын әзірлеген жөн.

Гуманитарлық көмек тура-лы айтқан да М.Әшімбаев Қазақ-станның бұл әрекеттерінің үлкен қайырымдылық шарасы екенін, осы қадамдардың арқасында еліміздің сыртқы саясаттағы беделінің нығая түсетінін алға тартты. Осы орайда, депутат ЭДЫҰ елдерінің өзге елдер-ге гуманитарлық көмек көрсетуде нақ ты бағыты мен мақсатының бар екенін айта келіп, Қазақстан да сырт қа көмек бергенде өзіндік саяси бағыт-бағдарларын нақтылап жұ мыс істеуі керектігіне екпін түсірді.

Сөзінің соңында М.Әшімбаев аймаққа төнген террорлық, заңсыз көші-қон секілді мәселелерден біз-дің елдің де сақтануы керектігін айтты.

Үкімет сағаты барысында Өз-бек стан Президенті Шавкат Мир-зиеевтің 22-23 наурыз күндері Ас-та наға келетіні туралы айтылды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтып өткендей, одан кейінгі аралықта Орталық Азияның басқа да мемлекеттері басшыларының біздің елге сапа-ры жоспарланған. Министр айтып өткендей, Қазақстанның Орталық Азия елдерімен арадағы екіжақты және жан-жақты байланыстары ортақ көзқарас, сындарлы қадам және дәстүрлі достық, бауырластық негізінде шешімін табады.

Сенатта парламенттік тыңдау өтеді

––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының бюро отырысын­да 2017 жылғы 16 наурызда өтетін пала­та отырысының күн тәртібі келісілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.––––––––––––––––––––––––––––––––

Сенаторлар «1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және 1996 жылғы 18 қазандағы Қазақстан Үкіметі мен Ресей Үкіметінің арасындағы Ембі сынақ по-лигонын жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын; заңнамаға қылмыстық-атқару заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулерді; Экологиялық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарайды.

Сенат бюросының қаулысы бойынша, 17 нау-рызда «Теңдестірілген және ашық бюджет – елдің табысты және орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының кепілі» атты парламенттік тыңдау өтетін болады.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Отырыста Қазақстан Пре-зи денті Н.Ә.Назарбаевтың «Қа зақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсе-кеге қабілеттілік» атты Жол дауында айқындалған міндеттерге сәйкес «Болашақ» халықаралық стипендиясын одан әрі жетілдірудің тәсілдері талқыланды. Мемлекеттік хатшы қойылған мақсаттарға қол жеткізу көбінесе білімнің сапалы болуына байланысты екенін атап өтті. Сондықтан бағдарламаны жетілдіру елдің адами капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға

септігін тигізетін болады. Г.Әбдіқалықова осы мақ-

сат пен құрамына мүдделі мем-ле кеттік органдардың өкіл-дері, қазіргі заманғы халық-аралық білім беру саласы ның сарапшылары мен «Бола шақ» бағдарламасының түлек тері енген Жұмыс тобы құ рыл-ғанын атап өтті. Ол «Қа зақ-стан-2050» Стратегиясында, «100 нақты қадам» Ұлт жос-пар ында айқындалған басым-дық тарды ескере отырып, ұсыныстар әзірледі.

Отырыс барысында Жұ-мыс тобының ұсыныстары талқыланды. «Болашақ» сти-пендиясын үш бағытта: 1) стра тегиялық міндеттерге

сәй кес адами капиталдың жа-һан дық бәсекеге қабілеттілік жолында стипендияның рөлін айқындау және күшейту; 2) стипендиаттарды іріктеу дің жаңа қадамдарын қалып тас-тыру; 3) түлектердің әлеуетін жүзеге асыруды күшейтуді одан әрі жетілдіру көзделуде.

Елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету және оның ұзақ мерзімді перспектива-да жаһандық бәсекеге қа-бі леттілігін арттыру мақ са-тында жастардың жоғары дең гейлі білім алуына инвес-ти циялар салуды талап етеді. Бағ дарламаны іске асыру тәсіл дерін оңтайландыру үміт кер лерді іріктеу жүйесі мен олар ға қойылатын талап-тар ды жетілдіруге, үміткер-лердің ағымдағы және келе-шек тегі әлеуетін анықтауға, бі лім берудің басым бағыт-тар ын анықтауға және шет ел -дік жоғары оқу орындары на қойылатын талаптарды қай та қарауға бағытталатын болады.

Жұмыс тобының ұсы ныс-тары одан әрі пысықталуы үшін ел Үкіметіне жолданды.

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы­сы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Кандидаттыққа 188 адам тіркелді––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев мәслихаттардың шығып қалған депу­тат тарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары және олардың сайлауалды науқанды жүргізуі туралы брифинг өткізді.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәртебелі ұйымға төрағалық ететін кез алдағы жылдың қаңтар айында келеді

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Парламент Мәжілісінде палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың басшылығымен өткен Үкімет сағатында еліміздің 2017­2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде атқаратын қызметі, басымдық берілетін бағыттар ту­ралы сөз болды. Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов осы тақырыпта баяндама жасап, депутаттардың сауалдарына жауап берді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

14 наурыз 2017 жыл 3сАЯсАТ

сырТ көз – сыншы

ДемокрАТиЯ – ДАму ДАңғылы

Демократия жолындағы қарышты қадам

Жоан Мануель ТРАЙТЕР, Испания Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Жирон университеті жария құқық кафедрасының профессоры

Біздер, заңгерлер Қазақ стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған конститу циялық ре-формаларды талдап, оған қызығушылық білдіріп келеміз.

Бұл реформаның басты мақ­саты билік тармақтары ара­сында өкілеттіктерді қайта бөлу болып табылады. Дә лірегі, Президенттің бірқатар өкілет­тіктерін Үкімет пен Парла­ментке беру арқылы, атқарушы билік пен заң шығарушы билік­тің халық алдындағы жауапкер­шілігін күшейту басты назарда.

Жалпы, аталған реформа атқарушы билікті уақыт талабы-на сай құруға, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде елді жоғары деңгейде дамытуға жол аша-ды. Елдегі саяси жүйе, инсти-туттар, компаниялар уақыт талабына сай бейімделуі

тиіс. Сондай­ақ, Қазақстан Президенті қол қойып бекіткен жаңартылған Конс титуция енді өмірдің өзі күн тәртібіне шығарған міндет тер ді жүзеге асыруға жәрдем десетін болады.

Реформа бойынша, эконо­ми калық­әлеуметтік саланың жұмысы Президент құзыретінен Үкіметке берілді. Бұдан бөлек, жергілікті әкімдіктердің де жауап кершілігі күшейтіліп отыр. Бұл өз кезегінде атқару­шы би лік пен халықтың арасын жақын дата түседі.

Қалай десек те, Қазақстан­дағы конституциялық рефор-ма дер кезінде жүзеге асырыл-ды деп санаймыз. Ол өзінің жемісін беретін болады. Бұл – ақылмен ойластырылған, ха лық аралық тәжірибелерге сүйен ген, өзіндік бағыты, сипа-ты бар реформа. Осы реформа­лар аясында атқарылып жат қан шаралардың барлығы Қазақ­станның ұзақ мерзімді дамуы-на, жаңғыруына, мемлекеттік бас қару жүйесінің жаңа тиімді тәсі ліне көшуге мүмкіндік бере ді. Бұл – Қазақстанның де-мократия жолындағы қарышты қадамы.

–––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан халқы Ассамблеясының конституциялық реформаны қолдау бойынша республикалық бірыңғай күні аясында Тараз қаласындағы Достық үйінде «Азамат тық қоғам инс­титуттары отырысы» тақырыбында конференция өтті. –––––––––––––––––––––––––––––Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Оған облыстық ҚХА құрылым дарының төрағалары мен мүшелері, облыстық ар-дагерлер және қоғамдық кеңестердің, ақпараттық топтардың мүшелері, сондай­ақ жер гілікті мәслихат депутаттары, сая-си пар тиялар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқа ралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төраға сы­ның орынбасары – хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева Елбасы Үндеуіндегі конс­титуциялық реформаны талқылау қоры­тындыларын шығаруға арналған жиынның маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде хатшылық меңгерушісі Үндеу аясында мүмкіндіктердің де кеңейгенін атап өтті.

Сонымен қатар, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қоз­ғалысы» РҚБ облыстық филиалының төра ғасы Қасымхан Төлендиев, облыс тық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанын­дағы Ғылыми­сараптамалық топ мүшесі, М.Х.Ду лати атындағы Тараз мемлекеттік

у н и в е р с и т е т і Х а л ы қ а р а л ы қ ж ә н е конституциялық құқық кафедрасының аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов, облыстық ардагер лер кеңесінің хатшысы Жаңабай Мил лионов және облыстық мәслихат депута-ты, «Бірлік» депутаттық тобының жетекшісі Абай Нұржанов сөз алып, конституциялық реформа мемлекетті ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтынын, сондай­ақ заман тала-бына берілген лайықты жауап екенін айтты.

Жыл басында жарияланған Ел басының Үндеуі мен Жолдауы – бірін­бірі күшейтіп, толықтырып тұрған маңыз ды құжаттар. Конференция жұмы сына қатысушыларға саяси және технологиялық жаңғырудың мақсаты жан­жақты түсіндіріліп, Парламент пен Үкіметтің өкілеттіктерін кеңейту мемлекеттің Үшінші жаңғыруында атап көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге кедергісіз қол жеткізуге болатыны айтылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жуыр да өткен Парламент палаталары ның бірлескен отырысында: «Менің Жар лығыммен әзірленген конституциялық реформа жо-басы бір ай бойы өткен бүкілхалықтық қызу талқылауға салынды. Әр адам ұсыныс беру құқығына ие болды. Бәріміз заң жобасын жаппай талқылап қана қоймай, оның сапалы болғанын көріп отырдық», деген болатын. Расында да, халықтың қызу қолдауына ие болған бұл маңызды құжат ел тарихында алтын әріппен жазылатын айтулы оқиға ретінде қалыптасты.

Конференция жұмысын қоры тын­дылаған Маржан Төреғұлқызы ел тари­хындағы елеулі оқиғаға үн қосқан жам­былдық азаматтық қоғам институттарына алғыс білдірді.

Жамбыл облысы

Ел тарихындағы ерекше оқиға

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Жиынды Қарағанды облы-сы бойынша ҚХА Ғылыми­са­рап шылық кеңесінің төраға­сы, профессор Вилен Моло тов­Лучанский жүргізді. ҚХА ке ңе­сінің жұмыс отырысы Қазақстан халқы Ассамблеясының респуб­ли калық бірыңғай күні шең­берінде өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 25 қаңтар күні билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөнінде Үндеу жариялағаны белгілі. Онда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу туралы айтылды. Бұл еліміз үшін аса тағдырлы әрі уақыттың өзі талап етіп отырған мәселе екені мәлім. Үндеу жария

болған соң, Президенттің тапсыр-масымен Арнайы жұмыс тобы құрылды.

Қарағандыдағы отырысқа қаты­сушылардың айтуынша, бұл рефор-маны жүргізу үшін Қазақстанның ішкі саяси жағ дайы әбден пісіп­жетілген. «Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев осы шешімді алғаш рет жария еткен кезде: «Заманның ди-дары өзгерді, біз де өзгеруіміз ке-рек», деген еді. Қазақстан әлемнің даму көшіне лайықты ілесіп келеді. Президент «Қазақстан­2030» Стратегиясын жариялаған кезде, оны ұзақ мерзім санаған пікірлер көп айтылды. Бірақ, Президент саясатының дұрыстығын уақыт­тың өзі дәлелдеді. Әлемдік те, та-рихи да тәжірибелерге сүйенсек,

мем лекеттің басты заңы – оның Конституциясы уақытпен үнде­се жаңарып, жаңғырып отыруы тиіс», деді ҚарМУ­дың Қазақ стан тари хы және ҚХА кафедра сының мең герушісі Жамбыл Жұма беков.

Заң ғылымдарының кандидаты Асхат Малдыбаевтың пікірінше, назар аударатын тағы бір мә­селе – Конституцияның 91­ба­бының 2­тармағына «Тәуел сіздік» сөзін енгізу. Бұл – мемле кеті­міздің аумақтық тұтас ты ғына, тәуелсіздігіне нұқ сан келтірмеу мағынасын толық ты ру дың бір амалы және көші­қон заңна­маларына сәйкес сырттан келе­тіндердің кейбір жат пиғы лына тосқауыл болар еді.

Жиынға қатысушылар аталған

мәселелер бойынша пікірлерін ортаға салып, өзара ой бөлісті. Отырыс қорытындысында оған қатысушылар ортақ мәмілемен қарар қабылдады. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттілікті қайта бөлу мәселесі бүгінгі күн талабына сай туындап отырғаны ақиқат. Ең бастысы, мемлекеттік билік тармақтарын қайта бөлу еліміздің әрбір басқару органының жауапкершілігін бұрынғыдан да арттыра түседі.

Президенттің көтеріп отырған жаңа бастамалары Қазақстандағы билік тармақтарының өзара қ а р ы м ­ қ а т ы н а с ы н ы ң ж а ң а қағидаттарын бекітпек.

ҚАРАҒАНДЫ

Ата Заң заман талабына сай болуы шарт––––––––––––––––––––Қарағандыда Қазақстан халқы Ассамблеясының жа нындағы «Қо ғам дық к е л і с і м » м е м л е к е т т і к ме кеме с інің ұйым дас­тыруымен конституция­лық реформаны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті. Оның жұмысына жергілікті зия лы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, студент жастар қатысты. ––––––––––––––––––––

Мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңі

–––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––Ата Заңға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асырылатын сая­си реформалардың басты баптарымен танысу мақсатында облыстық, аудандық қоғамдық келісім кеңестері, облыстық ҚХА ғылыми­сарапшылық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері Достық үйіне жиналды. –––––––––––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––––

Бұл – экономикалық реформалардың жалғасы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми­сараптама тобы мүшелерінің қа­тысуымен өткен дөңгелек үстел мәжілісі еліміздегі конс­ти туциялық реформа қорытындыларын әңгіме арқауы етті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Уақыт көшіне ілескендігімен құнды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Көкшетаудағы Қоғамдық келісім сарайында конституциялық ре­форманы талқылаған күндердің жалпы қорытындысына арналған іс­шара болып өтті. Оның жұмысына Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдары мен активтер қатысты. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Шараны өткізудегі басты мақсат – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан билік тармақтары ара сын­дағы өкілеттіктерді бөлу мә се­лелерін талқылау. Шарада Ақмола облыстық ҚХА төрағасының орын-басары – хатшылық меңгерушісі Марал Жақыпова сөз сөйлеп, Ақмола облысы әкімінің орынба-сары Нұрлан Нүркенов төрағалық етті. Сондай­ақ, Ақмола облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы Ғосман Төлеғұл, тарих ғылымдарының кандидаты, до-цент, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетіндегі ҚХА кафедрасы меңгерушісінің орынбасары Ардақ Қапышев пен Ақмола облыстық әкімдігі аппара-ты жанындағы «Қоғамдық келісім» МКМ медиаторы, отставкадағы су-дья Ғайша Сыздықова өз ойларын ортаға салды.

Ардақ Қапышев Конституцияға енгізілген өзгерістер тағдыршешті

шешімдер екендігін айта келіп, олардың әрі қарайғы дамуымыздың негізгі бағыты болып табылатыны-на ерекше назар аудартты. Мә­се лен, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығ матулин Конституцияға ен­гізіл ген өзгерістерге қатысты сөзінде конституциялық рефор­маның демократияны одан әрі да-мыту, күшті президенттік билікті сақтай отырып, Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігін арт-тыру екендігін баса айтқан бола-тын. Бұл тұрғыдан келгенде, Ақ­мола облыстық Қазақстан хал қы Ассамблеясының ғылыми­сарап­шылық тобының ұсынысына сәй­кес, Елбасы Жолдауы мен респуб­лика халқына жасаған Үндеуі бір­бірін толықтырып, Қазақстанның Үшінші жаңғыруы мен билік тармақтары арасындағы еліміздің саяси жүйесіне өзгерістер енгізу ба-стамасымен астасып жатқандығы ерекше аталды. Ең бастысы, ел Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар дер кезінде жүзеге асырылғандығымен ерекшеленеді.

Ақмола облысы

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,«Егемен Қазақстан»

Мәжіліске қатысушылар бір ай бойы жүрген конституциялық реформаның талқылау қоры­тын дысын қарай келе, еліміздің Ата Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды айтулы оқиға деп бағалады.

– Еліміздегі конституциялық реформа кенеттен болған кез ­дейсоқ оқиға емес. 2005 жы­лы Ел басының Қазақстан хал­қына Жол дауында саяси жүйе­ні жаң ғырту жайында айтыл­ған бола тын. Барлық елдер де саяси ре форма эко номи ка ­лық ре фор маға, эко номи ка­лық өз геріс терге тіке лей бай­ла нысты жа са лады. Эконо ми­калық рефор ма бол маған елде саяси жүйе ні де қайта құру, жаң ғыр ту мүмкін емес. Оған халық аралық жарқын мысалдар да бар. Америка Құрама Штат­тар ындағы Рузвельттің жаңа ба ғыты, Рейганның экономи­калық бағдарламасы, Герма­ния дағы Эрхардтың рефор-масы», сондай­ақ Оңтүстік­Шығыс Азиядағы реформалар саяси жүйенің жаңғыруы эконо­миканың дамуына, өзгері сіне тікелей байланысты еке ніне толық дәлел бола алған еді. Біздің еліміздегі саяси ре фор­ма осындай халықаралық тә­жі рибелерге сүйенген әрі уақ ­тылы жасалып отырған де­мократиялық үдеріс, – деді Конс титуцияға өзгерістер мен

то лық тырулар енгізуге тарихи си пат берген заң ғылымдарының кан дидаты Әлібек Табылдинов.

Заң ғылымдарының кан-дидаты Сымбат Укин еліміз Конс титуциясына енгізілген өзгеріс тер мен толықтырулар Конс титуцияға да, өзге заңдар ға да толық сәйкес келетінін жә не қайшылығы жоқ екенін айт ты. Нығайып келе жатқан Парла­менттің енді заң шығарушы ор-ган емес, заң шығарушы билік болатындығы шынайы өмірге жақын екенін тілге тиек етті.

– Парламент беделінің ар-туы – халықтың билікке ара-ласуы, демократия қадамының алға басқандығы деп білеміз, – деді Сымбат Кенжебекұлы. Соны мен қатар, дөңгелек үстел оты рысында бұрынғы Мәжіліс де путаты Валерий Вишничен ко да Парламент рөлінің күшей­тілетіні уақыт талабы екендігіне тоқталды. Осыған орай арнайы құрылған комиссияға облыстан жіберілген ұсыныстар арасында Валерий Григорьевичтің жер­гілікті өзін өзі басқару, мәслихат депутаттығы жөніндегі ойлары да болды.

Ғылыми­сараптама тобы­ның мүшелері отырысты пре­зиденттік билік, күшейтілген Парламент, оған есепті Үкімет еліміз экономикасының дамуы-на, демократиялық үдерістердің жаңғыруына, әлеуметтік тұр­мыстың өсуіне бастайды деген оймен түйіндеді.

ҚОСТАНАЙ

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

«Мемлекетіміздің басты құн­дылықтарының бірі – ұлтаралық келісім. Ортақ мүдде жолында бір лесе қызмет етуді Атыраудағы өзге ұлт өкілдері де қуаттайды. Бір лігі мен берекесі жарасқан елі міз дің жаңа белестерді бағын­ды руына қабылданған консти ту­ция лық реформа оң ықпал етеді деп сенеміз», – деді облыстық Қа­зақ стан халқы Ассамблеясы хат­шы лығының басшысы Гүлмира Шәкірова.

Мәжілісте тарих ғылым­дарының кандидаты, профессор Болат Нығыметов, Атырау облы-сы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми­сарапшылық тобының мүшесі, тарих ғылымдарының д о к т о р ы К ә р і м Ө т е л б а е в конституциялық реформаның

мемлекеттілікті дамытудың жаңа кезеңі екені жайында сөз сөйледі.

Облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Дүй­сен бек Құлжанов, «Новруз» әзер­байжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Ахмедов, «Бы­лина» орыс этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Райса Биткова өздерінің сөздерінде аталған реформаны жүзеге асы-ру жалпыхалықтық іс екеніне тоқталды.

Қоғамдық келісім және достық үйінде қазір 17 этномәдени бір­лестік жұмыс істейді. Ал жақында барлық аудандардағы әкімдіктер жанынан Ассамблея саясатын жүргізуге, Қоғамдық келісім, ана лар мен жастар кеңестерінің жұмыстарын ұйымдастыруға ар-найы штат ашылды.

АТЫРАУ

Үкіметтің жауапкершілігі артады

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Өткен жұмада Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға жариялы түрде қол қойған болатын. Осыған байланысты кеше Орталық ком­муникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Парламент Сенатының әлеуметтік­мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы, Сенат депутаты Жабал Ерғалиев Ата Заңымыздың 57­бабы 6­тармақшасына енгізілген толықтыру жөнінде әңгімелеп берді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Айдар ӨРІСБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Еліміз тәуелсіздігін жария­лаған алғашқы күннен бастап өзінің зайырлы әрі құқықтық демократиялық мемлекет екенін дәлелдеп келеді. Қазақстанның даму жолы әлемдік саясатта да, әлемдік экономика саласын-да да мойындалғаны белгілі. Бұл орайда Ата Заңымыздың маңыз ды рөл атқарып келе жат қанын ерекше атап өтуге болады.

Депутат конституциялық реформа барысында, яғни, қаңтар айының 26­сы мен ақпан айының 26­сы аралығында бүкілхалықтық талқылау жүр­гізіліп, кез келген қазақстан­дық тардың, қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өз пікір­лерін, ұсыныстарын айтуға толық мүмкіндік жасалғанын, Президент Әкімшілігінің Бас­шысы Әділбек Жақсыбеков бастаған жұмыс тобы осы түскен пікірлердің бәрін жинақтап, са-ралаудан өткізгенін еске салды.

«Конституцияның 57­ба­бының 6­тармақшасына ен­гізілген толықтыру жөнінде

айтып өтсек, Парламент пала ­та ларының кез келгені депутат ­тардың жалпы санының кем дегенде үштен бірінің баста­масы бойынша Үкімет мүше­лерінің өз қызметтері жай-лы есебін тыңдауға құқылы. Есепті тыңдау барысында депутаттардың үштен екісі­нің, яғни, көпші лігінің ба-сым дауысымен егер олар респуб ликаның заңды лық­тарын орындамаған жағдайда Үкімет мүшелерін орындары-нан босатуды Президенттен сұрай алады. Мұндай жағдайда Прези дент Үкімет мүшелерін орнынан босатады деген өзге­рістер енгізілді, – деді Парла­мент Сенатының депутаты. – Ал, бұрын осындай жағдайда Пре зи денттің депутаттардың мұн дай ұсынысын кейінге ше-геруге құқы болатын. Депу тат ­тар бұл мәселені тек алты ай уақыт өткеннен кейін ғана қайта көтеруге құқылы болатын».

Депутат бұл өзгерістер Пар­ламент өкілеттігін күшейтуге және Үкіметтің Парламент ал дындағы жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын атап көрсетті.

Page 4: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

4 14 наурыз 2017 жылжолдау

Шикізат дәуірінің дәурені шектеулі

Қазақстан үшін соңғы жылдары экономикалық дамудың жаңа формуласын іздеу қажеттілігі туын дай бастады. Мәселе мұнай-газ саласынан түскен табысты іш-кі сұранысқа айналдыруға негізд-елген бұрынғы даму үлгісі өзі-нің маңыздылығын біртіндеп

төмен детіп келе жатқандығымен бай ланысты еді. Әлемдiк энерге-тика нары ғындағы соңғы жаңа-лық тар мұнай дәуiрінiң аяқта ла бастағанынан хабар беретін дей. Одан басқа, Қытай экономика сы-ның бәсеңдеуi және Ресей эконо-ми касындағы дағдарыс жағдайы қазақ стандық экспортқа деген сұраныстың төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

Сыртқы факторлардың жағым-сыз әсеріне қарамастан, Қазақ стан Үкіметі рецессияға жол бер мей, экономикалық өсiмнің оң көр-сеткіштерін қамтамасыз ете алды. Қазақстанға жай ғана эконо ми-калық өсу емес, сапалы эконо-микалық даму қажет.

Өнеркәсіпке кең ауқымда ақпа-раттық технологияларды ен гізу және қуат үнемдейтін өндi рiс-терге көшу нәтижесінде Төртiншi өнеркәсiптiк революция басталуда. Мұның бәрi Қазақстан үшiн даму-дың жаңа моделіне көшу маңыз-дылығын арттырып отыр.

Еңбек тиімділігін арттыру ұтымдылыққа

апарадыКөптеген дамыған елдердің

тәжірибесі көрсеткендей, еңбек өнімділігін арттыру тұрақты және қарқынды экономикалық өсудің кепілі болып табылады. Өнімділік көрсеткішін арттырмай, экономиканың сапалы жаңа даму деңгейіне шығу мүмкін емес. Еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірістік үдерістерді автоматтандыру және роботтандыру жоспарлануда. Соны мен бірге, мемлекет негізгі капи талға инвестициялар тартуды көз деп отыр. Осыған байланысты Ел басы Үкіметке негізгі салаларды тех ни калық қайта жарақтандыру бағ дар ламасын әзірлеуді тапсырды.

Біздің ойымызша, негізгі капи-тал ды арттыру орта мерзімді бола-шақ та экономиканың жоғары қар-қынмен дамуына зор мүмкіндік бере ді. Сонымен бірге, үлкен инвес-ти ция лар өздігінен нәтиже әкеле ал-майтыны түсінікті. Мұндағы негіз гі мәселе инвестициялардың сапа-сына және олардың өндірістік қуат -тылығының тиімділігін артты ру ға бағытталғандығымен байла нысты.

Дәстүрлі салаларды дамытудың

артықшылықтары көпЕлбасы атап көрсеткендей, эко-

но микалық өсудің жаңа моделі нің басты мақсаты – еліміз дің шикізат емес экспортын дамыту. Бұл рет-те, Президент басым сала лар дағы экспортты дамыту мақса тын да экономиканы одан әрі индус трия-ландыруға ерекше көңіл бөлді. Экспорттаушыларға көмек көрсету мәселесінде де шикізат емес өнімдерді сыртқа жөнелтетіндерге басымдық беріледі.

Экспорттаушыларды, соның ішінде өңірлердегі кәсіпкерлерді қолдауды «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру жоспар-ланып отыр. Сонымен қатар, Үкі-мет жанында бизнес өкілдерінің қатысуымен экспорттық саясат жөніндегі кеңес құрылады.

Дамудың жаңа үлгісіне көшу Қазақстан экономикасының тұрақ-тылығын және өркендеуін қам-

та масыз етіп отырған кен-метал -лургия және мұнай-газ кешен -дерін дамытуға тікелей байла-ны сты екендігін ескерген жөн. Жал пы, еліміздің экономика және әлеу меттік салалардағы бүгін гі жетістіктеріне мұнай-газ сек торы және тау-кен өнекәсібінің арқа сын-да жетіп отырғанын мойындауымыз қажет. Сондықтан, аталған салалар өздерінің стратегиялық маңызын сақтап қалады.

Мұнай өнеркәсібі бүгінде күр-делі кезеңді басынан кешуде. Көмір сутегі өнімдеріне деген әлем-дік сұраныс төмендеуде. Инвес тор-лар дың назары жаңғыртылатын энер гия көздеріне ауысуда. Бол-жам бойынша, таяу арадағы 10 жылда мұнай бағасы 60 доллардан аспайды деген пікірлер де бар.

Төмен баға жағдайында мұнай-дың жаңа нарықтарға шығуы ең оң тайлы стратегия екендігі бел-гілі. Осы ретте, Президент кен орын дарының материалдық-шикі-заттық базасын кеңейтудің маңыз-дылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, Қазақстан мұнай -шыларына шикізатты кешен ді қайта өңдеуді тереңдету та псыр-масы берілді. Бұл жердегі басты мақсат – елімізде өндірілетін ре-сурс тардың жоғары қосымша құн-ға ие болуы және олардың сыртқы нарыққа терең өңделген өнім ретін де экспортталуы.

Ауыл шаруашылығы – жаңа драйвер

Жолдаудағы экономикалық даму дың жаңа драйвері ретінде аг рар лық сектор көрсетілген. Шын мә нін де, ауыл шаруашылығы Қа-зақ стан ның дәстүрлі бәсекелік ар-тық шы лықтарының бірі ретінде қа ра с ты рылатыны белгілі. Сон-дық тан, бұл жерде әңгіме мемлекет тара пы нан агроөнеркәсіп кешенін рет теуге деген қандай жаңа құрал-дар ды қолданатыны туралы болып отыр.

Осы ретте, Үкіметтің жеке шаруа шы лықтарды ірілендіру бо йын ша жоспары назар аудар-тады. Ауылдағы үй шаруашы лық-тарын ірілендірудің маңыздылығы туралы пікірлер бірнеше жылдан бері айтылып келеді. Қазіргі кез-де кең тараған ұсақ тауар өндірісі жағдайында сапалы түпкілікті өнім шығару қиындық туғызуда. Сондықтан, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өңделу деңгейін арт-тыру мақсатында Үкіметке 500 мыңнан астам үй шаруашылығын және кіші фермерліктерді коо-перативтерге біріктіру үшін жағдай жасау тапсырылып отыр. Оны таяу арадағы бес жылдың ішінде жүзеге асыру жоспарлануда.

Жалпы алғанда, шаруашы-лықты ірілендіру кәсіпкерлер үшін өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Соны мен бірге, әрбір

ш а р у а ш ы л ы қ т ы ң о ң т а й л ы көлемі бар екенін ескеру қажет. Мысалы, егер құс өсіруде ірі шаруашылықтар құру тиімділік үшін басты шарт болса, мал ш а р у а ш ы л ы ғ ы н д а ш а ғ ы н , отбасылық үлгідегі фермалар да табысты жұмыс атқара алады. Са-йып келгенде, агроөнеркәсіп кеше-ніне жаңа қарқын беру Қазақс тан-ның әлемдік нарыққа ауылшаруа-шылық өнімдерін экспорттау бо-йынша әлеуетін ашуы тиіс.

Инфрақұрылымдық даму өсіп-өркендеуге

төте жолҚазіргі таңда Қазақстанның

көлік саласындағы әлеуеті біртін-деп артып келеді. «Нұрлы жол» бағ дар ламасы аясында логисти ка-лық инфрақұрылымды дамытуға салын ған инвестициялар бүгін де Қазақстанда шоғырлана орналас-қан темір жол және автокөлік жол-дарының пайда болуына әкелуде.

Өз кезегінде, түрлі бағыттағы жаңа жолдар сауда және тауар тран з иті үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Осы орайда, 2016 жылы Қазақстан аумағы арқылы Еуропа – Қытай бағытындағы транзиттік контейнерлік тасы-малдар екі есеге артып, 104,5 мың контейнерді құрағанын айтсақ болады. Осыны ескере отырып, Жолдауда транзиттік тасымалдар экономикалық дамудың жаңа драйвері ретінде көрсетілген.

Қазақстан жолдары арқылы транзиттік тасымалдар көлемін ұлғайту үшін көлік саласын да-мытудың жоғары қарқынын қам-тамасыз ету аса маңызды. Осы мақ сатта Мемлекет басшысы Кас пий теңізіндегі Құрық пор ты құры лысының екінші кезеңін жү-зеге асыру, сондай-ақ қолда ныс-тағы көлік дәліздерін жаңғырту бо йынша Үкіметке тапсырма бер-ді. Одан басқа, Елбасы жолау шы-лар тасымалының сервис тік дең-гейін арттыруға және жүк тер дің жо лын дағы әкімшілік тос қауыл-дар ды жоюдың маңыз дылы ғына назар аударды. Алға қойылған міндеттер орындалған жағдайда, Қазақстан көлікшілерінің жылына 2 млн контейнерлік тасымалдау көрсеткішіне қол жеткізулері-не толық мүмкіндігі бар деп ойлаймыз.

Құрылыс – аса маңызды

салалардың біріЖолдауда көрсетілгендей, жаңа

модель аясында экономикалық өсудің толыққанды драйвері құры-лыс саласы болуы тиіс. Құрылысты дамытудың маңыздылығы бүгінгі Қазақстан қоғамындағы қарқын д ы урбанизациямен байланысты екен-дігін айтқан жөн. Сонымен бірге, ауқым дылығына байланысты құ-ры лыс секторы экономиканың бас қа са ла ларында қосымша сұра-ныс ты ту ғы затынын да ескеру қа -жет. Мұның барлығы құрылыс сек торын дамытудың әлеуметтік-эко но микалық маңыздылығын көр -се теді. Бұл мақсатта мемлекет тік қол дау ресурстарын тұрғын үй құ -ры л ысына шоғырландыру жо с пар -лануда. Үстіміздегі жылы Ұлт тық қордан бөлінетін транс ферттер ішін-де трансферт көлемі бойынша тұр-ғын үй секторы бірін ші орынға ие болды. Саланы дамытуға 166,4 млрд теңге бөліну жоспарланып отыр.

Үстіміздегі жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы іске асы-рыла бастайды. Бағдарлама ая-сын да алдағы 15 жыл ішінде 1,5 мил лион отбасын тұрғын үймен қам та масыз ету көзделуде. Осы мақ сатт а тұрғын үй салушылар үшін банк несиелерін арзандату және аза маттар үшін ипотекалық не сие лерді субсидиялау жоспа р-лану да. Тәжірибе көрсеткендей, мем ле кеттік трансферттер құр ы лыс сек торына тек оң ықпалын тигізу-де. Оған дәлел, соңғы жыл дар дағы күрделі эконо микалық жағ дай ға қара мастан, құрылыстың тұра қты өсу қарқынын жоғалтпай отырғаны.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы ұсынған дамудың жаңа моделі экономикамыздың ұзақ мерзімді өсу драйверлерін қайта айқындайды. Жаңа модель аясын-да дамудың ішкі факторларына басым дық беріліп отырғанын бай-қауы мызға болады. Сонымен бірге, даму үлгісіне деген жаңа көз қарас осыған дейін жеткен жетістік-терімізден бас тартуға мәжбүр-ле мей ді, яғни еліміздің әрі қарай тұрақ ты дамуына негіз қалайды.

Жалпы, Елбасының биылғы Жолдауы мемлекетіміздің эконо-ми каны әртараптандыру жолын-дағы құрылымдық және институт-тық реформаларды жалғастыру ға деген ұмтылысынан хабар береді.

Жұмабек САРАБЕКОВ,Қазақстан Республикасы

Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік

экономика және саясат институтының сарапшысы

Қоғамдық-саяси ортаның өкіл-дері, дипломаттар, саясат кер лер, сарапшылар және Германия ның БАҚ өкілдері қатысқан басқосуда еліміздің ГФР-дағы елшісі Болат Нүсіпов кіріспе сөз сөйлеп, Қазақ -станның 25 жыл ішінде эко но-микасы дамы ған, тұрақты сая си жүйесі қалып тас қан елге ай нал-ғанын айта келіп, бұл қол жет кі-зіл ген т абыстар мемлекетке саяси жүйе ні реформалауға мүмкіндік бере тінін атап өтті. Қазақстандық дипломаттың сөзіне қарағанда, конституциялық реформаны енгізу жолымен билік өкілетті-гін қайта бөлу Қазақстанның

демократиялық тұрғыда дамуын жылдамдатады.

Бұдан кейін елші Мемлекет басшысының биылғы Жол дауы-ның негізгі ережелеріне тоқ тал-ды. Б.Нүсіповтің айтуын ша, Жол-дауда көрсетілген басым дықтар Қазақ станды 30 озық елдің қа-тары на қосылу жолындағы іс-әре-кет теріне серпін береді, ел эко но -ми касының одан әрі дамуына оң-тайлы әсер етеді, сондай-ақ бұған дейін қабылданған стра те гия-лық бағдарламалардың ор нық ты жүзеге асырылуына жол ашады.

Баспасөз мәслихаты ба ры -сын да қ аты су шылар Қазақ стан

Пре зи денті Нұрсұлтан Назарбаев-тың билік тармақтары ара сын дағы өкі лет тілікті қай та бөлу жөніндегі Үн деуі ел дегі демо кратиялық про-цесті нығай ту дағы маңызды қад ам бо лып табыла тынын, оның ел эко-но микасының дамуын, халықтың әл-ауқатының өсуін қамтамасыз ететінін, аталған бастамалар дер кезінде күн тәртібіне шығарыл-ғанын сөз етті.

Баспасөз мәслихатының соңында Қазақстан елшісі Қазақ-стан мен Германияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті аспек-тілеріне байланысты неміс ау ди-ториясын қызықтыратын сұрақ -тарға жауап берді. Сонымен бірге, германиялықтарды Қазақ стан ның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі нің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басымдықтарымен және Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көр ме сін ұйымдастыру алдын-дағы жұмыстардың барысымен таныстырды.

Елбасының халыққа арнаған биылғы Жолдауында ұлттың негізгі капиталы саналатын білім саласы мен жаңа технологияларды дамы туға айрықша көңіл бөлін-гені ерекше қуантып отыр. Ма-ңыз ды стратегиялық құжат тағы 5 басымдықтың ішінде, әсі ресе, бірінші басымдық – эко но ми ка-ның жеделдетілген тех но ло гия-лық жаңғыртылуына тоқтал ғым келеді. Өйткені, бұл – біз дің университетке тікелей қатысты.

Президент 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді бан-кинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы сала-ларды дамыту ісіне басымдық беріп отыр. Елбасы сөз еткен 3D-принтинг барлық жерде жұмыс істей бастауы тиіс. Бұл

– әзірше Қазақстандағы ғана емес, ТМД елдеріндегі жалғыз құрыл-ғы болып отыр. Жолдаудағы жүктелген міндеттер біздің осы бағыттағы жұмыстарымызды одан әрі жандандыра түсуге серпін береді деп ойлаймыз.

Мемлекет басшысы Қазақстан шет ел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақ-тап қалуы қажеттігіне де ерекше тоқталды. Бұл бағытта да біз-дің университет шетелдік қор-лар мен жүйелі түрде жұмыс іс-теп келеді. Бір ғана мысал ай та -йын. Қазіргі уақытта Гер ма ния -ның «Фольксваген» қоры өз қар-жыларына біздің универ си теттің докторанттарын оқытып жатыр. Жолдауға сәйкес, алдағы уа қыт-та да осы тараптағы жұмыс та рды жандандыруды көздеп отырмыз.

«Төртінші өнеркәс іпт ік

рево люция элементтерін жаппай енгізу керек», деді Елбасы өз Жолдауында. Бұл дегеніңіз – өндіріс пен ақпараттық техно-логия лардың бірігуі. Мұны бүгін-де бүкіл әлем мойындайды. Көп-теген елдер қолданысқа енгізіп те жатыр. Түпкі мақсат – адами ресурстарды азайту, барлық саланы автоматтандыру.

Президент Жолдауындағы бес басымдық елімізді биік белестерге бастайтынына сенім мол. Ендігі мақсат – жүктелген міндеттерді бірлесе жүзеге асыру.

Жасұлан ШАЙМАРДАНОВ, Д.Серікбаев атындағы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры

ӨСКЕМЕН

Қазіргі таңда шынында да мемлекет алдында аса күр-делі міндет тұр. Кәсіпкерлік ті дамы туға мемлекет-жекеменшік әріптестігі аясын кеңейту зор мүмкіндік береді. Өзектілік – бірқатар мемлекеттік қыз меттер көрсету міндетін биз неске беру ісіне қатысты бо лып отыр ғаны рас. Мемлекет мек теп ке дейінгі оқыту мен тәрбие ісі нің дұрыс жолға қойылуын қам тама сыз етуде. Өткен 3 жылда мем лекет 40 мың орынға арналған 189 ба ла бақша салса, жекеменшік сек тор 100 мың орынға арнал-ған 1300 бала бақша ашты. Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жеке меншік әріптестігінің үлгісі

өте маңыз ды. Бұл аса маңызды жалпы ұлт тық міндеттердің бірі – 3-6 жас аралығын дағы балаларды мек тепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселе-сін мемлекет пен биз нес бір-лесе шешіп отырғанын көр се-теді» делінген биылғы Ел ба сы Жолдауында. Семей қала сын да да соңғы кезде көптеген ба ла -ларды дамыту орталықтары, бала бақшалар ашылып жатыр. Әсіресе, халық көп қоныстанған «Юность», 343 және 35-квартал аудан дарында ашылған соң ғы үлгі дегі балаларды дамыту ор -та лығ ында мектепке дейінгі тәр-бие, оқыту саласы оңтайлы жол ға

қойылған. Бұл орталықтарға кел ген балаларға қазақ тілімен қа тар, ағылшын тілін меңгерту де жас ерекшелігіне сай қолға алын ған. Әрине, қазақ және орыс топ тары ның тәрбиешілері бал дыр ған дар ды жан-жақты дамытып, өсіруге атсалысуда. «Жұмыла көтер ген жүк жеңіл» демекші, әр аза мат Елбасы Жолдауындағы тап сыр ма лар мен міндеттерді орын дау да өзін-дік үлестерін қосуы қажет.

Наталья ФЕСЕНКО,Семей қалалық білім

бөлімінің бастығы

СЕМЕЙ

«Қазақстанның Үшінші жаң-ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі-леттілік» атауымен 31 қаң тар-да Елбасының кезекті Жол дауы жарияланды. Өзім тарих пәні мұғалімі болғандықтан, Жол дау-ды бірден оқып, танысып шық-тым. Ауылда тұрғандықтан, мені ауыл болашағы алаңдатады. Жол-дауда бірінші басымдықтың төр-тін ші саласы аграрлық сектор эко-но миканың жаңа драйверіне ай-налуы керек делінген. Жолдауда «Бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді коопе-ративтерге тартуға мүмкіндік бере тін жағдай жасау керек», деп жазылған. Елбасының ауыл өніміне үлкен қолдау көрсетуі мені де қатты қуантты. Мен де оқушыларыма ауылшаруашылық өнімін өндірумен шұғылданудың тиімділігін айтып отырамын. Әрбір жеке үй шаруашылықтары зама науи техникамен жабдық-талып, мал өсіру, құс асырау, бау-бақша өсірумен кәсіби түрде шұғылданса, сапалы да мол өнім алары анық. Әрі Жолдауда бұдан былай өз кәсібін ашу үшін

қалада да, ауылда да 16 миллион теңгеге дейін шағын несие бері-леді делінген. Ауылда жеке үй шаруа шылығымен айна лыс са, әрі ауқатты, әрі өз ісінің қожа -йы ны болатынын жастарға түсін-дірумен келемін.

Елбасының Жолдауында төр тінші басымдық адами ка-питал сапасын жақсарту дей келе, қала мен ауыл мектептері арасын дағы білім беру сапасы-ның алшақтығын азайту керек екендігі айтылған. Сондай-ақ, 2019 жылдан бастап қазақ тілі-нің басымдығын сақтай отыра, кей бір пәндер ағылшын тілінде оқытылады делінген. Мен де бұл қадамды құптаймын. Үш тілді қатар меңгеру мәселесі біраз жыл-дан бері айтылып келеді. Сөзден іске көшетін уақыт жетті. Бұл – заман талабы. Біздің мектептің мұғалімдері де біліктілікті артты-ру курстарына барып, білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.

Соңғы уақытта адамдардың жаппай қалаға көшуі тоқталып, жеке қожалықтар көбейіп, мал, құс ұстап, егін егумен айналыса-т ы н ш а р у а ш ы л ы қ т а р д ы ң

саны ар тып келеді. Дегенмен, ауылымыз да әлі де тындырар ша-руа же тер лік. Соның бірі ауылдың ма ңын дағы ағып жатқан өзеннің бөге ті бұ зы лып қалып, суы тар ты-лып қал ды. Бұрын ауыл тұрғын-дары жа ға сына бау-бақша егіп, мал суа рып, балық аулап, жазда ыс тық та суға түсіп демала тын еді. Сол бөгет қалпына кел тіріл ме й, ауылдың сәні кетіп тұр. Көгіл дір отын жүргізілсе, жас тар ауылға тұрақтап, кәсіп тің не бір түрлерін ашып, жаңа дан тұр ғын үй лер са-лынар еді. Әйт песе, тұр ғын дар-дың көпш і лігі әб ден тозығы жет-кен ескі үй лер де тұрып жатыр. Міне, осын дай мә се лелер шешуін тапса, Ел басы ның Жол дауын да айтыл ған дай, ал дағы уақытта 30 елдің қата ры на қосылып, жа ңар-тылған мек тебі міз талай шәкірт-терді оқытып, тәрбиелеп, еліміз-дің гүлденуіне өз үлесін қоса берер еді.

Гүлмира АЯНҒАЛИЕВА

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Приречный ауылы

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Таяуда Қазақстанның Берлиндегі елшілігінің ұйымдас­тыруымен, Президент Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі Үндеуі мен 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Елбасының биылғы Жолдауындағы басты идеялардың бірі – Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделін құру. Бұл ретте, цифрлық технологияларға аса көп көңіл бөлінетіні белгілі. Алайда, Жолдауда айтылған жаңа модель Қазақстан экономикасының дәстүрлі салаларын дамытуға негіз­делетінін де айта кеткен жөн. Нақтылай түссек, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік саласы және т.б. Осыған байланысты мемлекеттің экономикалық даму мәселесінде қандай жаңа басымдықтарға назар аударатынын айқындап алу қажет.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мақсат – Қазақстанды тың белеске көтеру

Балдырғандарға барлықжағдай жасалған

Биіктерге бастайтынбес басымдық

Ауылдың алға басуына жол ашады

Сараптама

Экономикалықдамудың жаңа моделі

Page 5: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

14 наурыз 2017 жыл 5

Мүмкіндіктер мүлт жіберілмесе игі

Қазір азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі әлем бойынша бірінші кезекке шықты. Барша адамзатты ерекше толғандыратын түйінді проблемаға айналды. Елбасы ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатеріне азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді жатқызғаны мәлім.

Демографтардың болжамы бо йынша, жер бетін мекендейтін халық тың саны 2050 жылға таман 9 мил лиардқа жететін болса, ахуалдың күрделене түсері анық. Өйткені, бүгінде 7 миллиардқа жуық тұрғынның 1 миллиардтан астамы тоя тамақ ішпейтіндіктен ашқұрсақ жүреді екен. Сондықтан, алдағы 30 жылдың ішінде өнім өндіру көлемін кемінде 1,5 есеге дейін арттыру міндеті тұр. Бұл тұрғыдан алғанда, Президент атап көрсеткендей, Қазақстанның мол мүм кіндіктері бар. Жеріміз кең, асты-үсті қазба байлықтарға толы. Ең бас-тысы, климаттық орналасуымыз ауыл шаруашылығы үшін қолайлы. Оның үстіне 180 миллион гектар жайылым, 25 миллион гектар егістік жер – таусылмас байлығымыз, орасан резерв көзі.

Десек те, бұл саладағы әлеуетіміз толық пайдаланылып жатыр деп айта алмаймыз. Әлемдегі жетекші елдер-мен салыстырғанда, ұсақ тауарлы шаруашылықтар әлі басым, еңбек өнім-ділігі төмен. Ғылым жаңалықтарын енгізу, өндіріспен ұштастыру, заманауи техникалармен жарақтандыру жағы кемшін. Дәнді дақылдардың орташа өнімділігі 1,1 тоннадан, бір сиырдан жылына сауылатын сүт 2,2 тоннадан ғана айналады. Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі ішкі жалпы өнімнің 5 пайыздан төмен деңгейін құрайды. АҚШ пен Германияда 1 пайыз төңірегінде. Демек, ІЖӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесіне қарап ор нын, маңыздылығын бағалауға бол-майды деген сөз. Республика тұрғын-дарының 43 пайызы ауылдық жер-лерде тұрғанымен, еңбекке жарамды адамдардың 18 пайызы ғана ауыл шаруа шылығымен айналысады. Экс-порт тық үлесіміз небәрі 27 пайыз ғана.

Ғылым жетістіктері мен жаңалық-тары өндіріске кеңінен енгізілетін болса, бұл көрсеткіштерді екі есеге дейін арттыруға болатынын тәжірибе көрсетіп жүр. Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде еліміздің экономикасында үдемелі даму жалғасып келеді. Үкімет тарапынан атқарылып жатқан ауқымды шаралар көп. «Агробизнес-2020» бағдарламасы қабылданғанда, ауыл шаруашылығын қаржылық демеу жағына көбірек көңіл бөлінді. Салаға бөлінетін қаржы көлемін ІЖӨ-нің 10 пайызына дейін ұлғайту белгіленді. Шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан өркениет көшіне, ғылыми-техникалық үдеріске ілесу үшін уақыт ағымына бейімделу, соған сәйкес қимылдау, шешім қабылдау, рефор-малардың жүзеге асырылуы қа лып ты жайт. 2017-2021 жылдарды қамти тын бағдарлама – бұрынғысының толық-тырылған, жаңар тылған нұсқасы. Кезінде асыл тұқымды мал санын көбейту мақ-саты мен олар шет елдерден сатып алын ды. Бұл қажеттіліктен туын даса, қазір жағдай да, талап та өзгеше. Енді сапа лы жем азық өндірісіне, шаруа-шылықтарды ірілен діруге, ауылдарда кәсіпкерлікті жандандыруға, төрт түлік малдан бала-шаға нәпақасын айырып отырған отбасыларға қолдау көрсетуге күрт бетбұрыс жасалып отыр. Субсидия бөлу мәселесі түпкілікті шешілді. Бұдан былай осы қаржыны орынды жұмсау жағын ойластыру қажет.

Өндіріс пен ғылымды ұштас тыру, ғылыми жетістіктерді коммерция лан-дыру, технологиялар трансферті секіл-ді мәселелерге қол жеткіз бейін ше, іл-гері басу қиын. Өркениетті елдерде ғылымға бөлінетін қаржы көлемі ішкі жалпы өнімнің 4-5 пайы зын құрайтынын ескерсек, ғылым жаңа лықтарын тиімді пайдалану ар қылы ғана белгілі нәтижеге жете алары мыз анық. Себебі, кез келген ел экономикасының қарқынды дамуы оның ғылым деңгейімен де өлшенеді. Ал ғылымға сұраныс болу үшін іргелі өндіріс ошақтары болуы шарт. Тағы бір ескеретін жайт, дамыған елдерде қомақты қаржыны жеке компаниялар мен кәсіпкерлер құяды. Үкіметтің осыған бейімделуі құптарлық. Индуст рия-лық-инновациялық дамыту бағдар-ламасы өндіріс орындарының әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Онымен бірге ғы-лым н ың да өркендері сөзсіз. Ғылым қо ры, Ұлттық технологияларды дамы-ту агент тігі, Дүниежүзілік банк тің ғы-лым ко митетінің ғылымды коммер-циялан дыру ға бағытталған жобалары да үміттендіреді.

Сондай-ақ, ғылымға бейімі бар жас-тарды ауыл шаруашылығы саласына тарту – шетін мәселелердің бірі. Әсіресе, ұл балалардың мал шаруашылығы ма-ман дықтарын таңдауы сирексіді. Кері-сінше, кездейсоқ келушілердің қата-ры артып бара жатқан секілді. Бүгін де ауыл шаруашылығы маман дары ның 70-80 пайыздан астамын қыздар құрай-ды. Бұл да ойланатын жайт. Бір сөзбен айтқанда, кадр тапшы лығын кешенді түрде шешпей, жағдай жақсармайды.

Әйіп ЫСҚАҚОВ,биология ғылымдарының докторы, профессор

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Өткен жұмада таң атпай еліміздің ең шалғайындағы Жаркент қаласына қарай аттандық. Алматыдан шыққанда қар қылаулап тұрса да, күні жарқыраған Жаркентте ауа райы кәдімгідей бөлек екендігі байқалады. Аптаның жақсы күнінде бізді бұл қалаға бастап келген оқиғаның үлкені «ҚазТрансГаз» АҚ өзінің инвестициялық серіктесі «APL Construction» ЖШС бірлесіп, Алматы облысындағы Жаркент қаласына көгілдір отынды кіргізуі болатын.

Жаркенттіктер тарихи күн деп есеп-теген осы жұмада ұлттық оператор газ құбыры мен автоматтандырылған газ тарату стансасын (АГТС) салып, іске қосты. Қазір аудан орталығындағы алғашқы абоненттер газға қосылып жатыр. Осыны көзбен көріп, халыққа жеткізу үшін барған бір топ БАҚ өкіл-дерін де от жағып, күл шығармай-ақ алаулаған газға піскен былқылдаған бауыр сақтардың дәмі тартқан сияқты.

Газ алауын жағатын салтанат-ты сәтке қала тұрғындары, газ тарату стан сасының жұмысшылары да қуана қосылып, тұрмыстың бір тауқыметі бол-са да азайғанына шынайы алғыстарын білдіріп жатты.

Ауқымды жобаның атқа ры луы-на арналған салтанатты рәсімде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өнді-ріс тік филиалының директоры Шалқар Омарбеков, Алматы облысы Панфилов

ауданы әкімінің орынбасары Думан Төреханов, осы жобаға инвесторлық қаражат құйған «APL Construction» компаниясының директоры Александр Гильманға сөз берілді. Бұл кісілердің барлығының сөзі бір жерден шыққаны аян. Бәрінің де көздегені – тыныш елде тату тұрмыс кешіп, тұрмысымызды жақсарта беруге қызмет ету.

Осыдан кейін арнайы құрылғы арқылы көгілдір алау тұтанып, нысан-дардың іске қосылар кезінде осы аудан-ның құрметті азаматы Шәріпхан қажы Тұрғанов ақсақалдық батасын берді. Ел ықыласымен батаға қол жайды.

Қала тұрғындары көптен күткен бұл жоба «ҚазТрансГаз» АҚ пен Алматы об-лысы әкімдігі және «APL Construction» ЖШС арасында қол қойылған Ал маты облысының Панфилов және Еңбек-шіқазақ аудандарын газдандыруды көздейтін өзара ынтымақтастық ту-ралы меморандум аясында жүзеге асырылды. Меморандумға сәйкес ҚазТрансГаз компаниясы Қазақстан-Қытай магистралды газ құбырынан жеткізуші құбыр тартып, Жаркент пен оның айналасындағы елді мекендерге және «Қорғас-Шығыс қақпа» ар найы экономикалық аймағын жабдықтау ға қуаты жететін автоматты газ тарату стансасын салды. Ал жеке ин вестор «APL Construction» серіктес тігі қала мен ауылішілік құбырлар ды салып, тұтыну шыларды газға қосу жұмыс-тарын бастап кетті.

Қолданысқа беріліп отырған

«Жаркент» АГТС-пен газ құбырлары аудан орталығының 43 мыңнан астам тұрғыны мен 161 өндірістік және ком-муналдық-тұрмыстық кәсіпорынды табиғи газбен жабдықтауға арналған.

Жүзеге асырылып отырған жоба-лар болашақта Алматы облысы Пан-филов ауданының Үшарал, Шола қай округтері мен өзге де елді мекендерін газ дандыруға мүмкіндік жасайды, бұл өз кезегінде аудандағы кіші және орта бизнес, өндірістің түрлі салаларының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жағдай туғызады деп күтілуде.

Ұлттық оператор алдағы уақыт-та табиғи газ ресурстарының қажетті көлемін қамтамасыз етуді жалғастыра бермек. Мәселен, газдандырудың бас

кестесіне сәйкес, жалпы 900 мыңдай тұрғыны бар Алматы облысының 228 елді мекенін газдандыру жоспарланып отыр. Осыдан кейін өңірдің газданды-рылу деңгейі 41%-ға жететін болады.

Ірі транзиттік және магистрал ды газ құбырлары Алматы облысы арқы-лы өткенімен, бүгінгі таңда газдан-дыру деңгейі бойынша Алматы облы-сы нашар дамыған аймақтардың бірі саналады. Сондықтан, «ҚазТрансГаз» АҚ және жеке инвестордың атса-лысуымен атқарылған осы игілікті істі инфрақұрылымдық жобаларды жүзе-ге асырудағы мемлекет-жекемен шік әріптестігінің сәтті көрінісі деуге толық негіз бар.

АЛМАТЫ – ЖАРКЕНТ – АЛМАТЫ

Жаркент енді күл шығарып, от жақпайдыҰлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ пен жеке инвестор шет қаланы газдандыруды бастады

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Осы арада өңірдегі құрылыс мате риал-д арын шығаратын кәсіпорындар тап сы-рыс берушілердің сұранысын қанша лық-ты деңгейде өтеп жүр деген сауал туын-дайды. Жергілікті өнім мөлшері қандай көлемде? Міне, осы басы ашық сауалға толық қанды жауап берілгенде ғана ай мақ-тағы құрылыс индустриясының қау қары жөніндегі әңгімені одан әрі жалғас тыру-ға болатын шығар. Алдын ала жа сал ған есептер мен талдаулар өңір кем деген де құ рылыс материалдарымен өзін жет піс па-йызға қамтамасыз ете алатынын көрсетеді.

Әйтсе де осы мүмкіндік толықтай пай -д а л а нылып жүр деп айтуға ауыз бара бер -мей ді. Мұның басты сырын өңірдегі бір-қат ар жергілікті құзыретті мемлекеттік ор ган дардың құрылыс кәсіпорындарымен қоян-қолтық, тікелей жұмыс жүргізіп отыр мағанынан іздегеніміз жөн секілді. Ай мақ тағы құрылыс материалдарын шы-ға ра тын кәсіпорындардың жүктемесі 30-40 пайыздың төңірегінде болып жүр ге нінің

бір сыры осында жатпасына кім кепіл? Со-ның салдарынан құрылыс ком па ния лары өз де рі не қажетті материал дардың біраз бө лі г ін шетелдерден сатып алып келу ге мәж бүр. Мұның өзі қосымша шы ғын екені бе л гілі. Оның үстіне бұл жайт құрылыс ба ға сының өзіндік құны жо ға рылауына әсе рін тигізбей тұра алмайды. Ақ төбе об л-ыс тық индустриялық-иннова ция лық даму басқармасының басшысы Ерлан Назар-овтың айтуынша, шет ел ден тасы мал дан ған тауарлар Ресейден, Қы тай дан, Гер ма ния-дан, Польшадан және Белорус сия дан жет-кі зілген. Жасалған талд ау лар сырт тан әкелі-не тін құрылыс тауар лары ның тең жар тысы қашықтығы екі мың шақы рым ай маққа орналасқан Еуразиялық эконо мика лық одаққа мүше елдерден келгенін айғақтайды.

Әрине, ықпалдастыққа түскен мемле-кет тер арасындағы тауар алмасулар дың мұндай түрін еш айыптауға болмайды. Бұл геосаяси тұрғыдан ғана емес, сонымен бірге геоэкономикалық тұрғыдан да қажет ті іс болып шығады. Бұл арада гәп басқада. Гәп – дәл сондай материалдарды шығаратын мүмкіндік және күш пен

әлеует өзімізде бола тұра, оны өзгелерден жоғары бағаға сатып алып, жеткізуімізде.

Ендеше, облыста сырттан келетін құрылыс материалдарын азайтудың, тіпті өз уақыты келгенде тоқтата қою дың жолдары қандай болмақ? Бірін шіден, өңірдегі бүгінгі құрылыс индус трия сы әлеуеті аса бір қуатты болмаса да, сон шама қауқарсыз емес екенін де ба сын ашып айтқан жөн. Сөзіміз жалаң болмас үшін бұған бірер мысал кел тіре кет кеніміз артықтық ете қоймас. Айта лық, өткен жылы өңірде құрылыс мате риал дары өндірісінің көлемі 20 мил-лиард теңгені құраған. Қажетті құры лыс материалдарының жетпіс пайы зы жер-гілік ті құрылыс индустриясы өнім дері нің есебінен жабылған. Аз ба, көп пе біл мей-міз, дегенмен, мұның өзі қанағат тұтуға тұратындай көрсеткіш екені талассыз.

Сөз жоқ, қанағатшылдық жақсы қа-сиет. Дегенмен, қоғамдық өмір, соның ішін де құрылыс саласы бір орында тұр-май тынын ескерсек, бүгінгі жетістік ер-теңге өлшем бола алмайтынына ерік сіз келісуге тура келеді. Бұдан шыға тын түйін біреу-ақ. Бұл құрылыс индус трия -сына жаңа қарқын туғызу. Ақтөбе облыс-тық құрылыс, сәулет және қала құры-лысы басқармасының басшысы Серік Төленбергеновтің газет тілшісіне мәлім-дегеніндей, оны одан әрі өркендету және табысты жүргізу үшін өңірде мол мүм -кін діктер бар. Өйткені, аймақ аума ғын да салаға қажетті шикізаттар да, қаз ба бай-лықтары да жеткілікті. Бір сөз бен айт-қанда, түрлі құрылыс материалдарын, оның ішінде кірпіш түрлерін, қиыршық

тастар мен құмның сан алуан түрін өндіретін кәсіпорындар да жетерлік.

Мәселе мұнда емес, мәселе солардың өндіретін өніміне нақты есеп жетісе бермейді деп тұжырым жасауға болады. Сондықтан, құрылыс кәсіпорындары толық қуатында жұмыс істеуі қажеттілігі ешқандай талас туғызбайды. Ақтөбедегі құрылыс индустриясының өнімдері алдағы жылдарда аймақтағы құрылыс саласын толық қамтамасыз ете ала ма? Бұған күмән келтіру қиын-ақ. Тіпті, олар таяудағы жылдарда қажетті құрылыс материалдарымен өздерін қамтамасыз етіп қана қоймай, артылғанын сыртқы рынокқа шығаруы да әбден мүмкін. Қайтіп, қалай? Өйткені, қазір облыста жергілікті материалды мүмкіндігінше мол пайдалану, қазақстандық үлесті көбейту және импорттық тауарларды біртіндеп ығыстырып шығару жөнінде кең көлемді әрі кешенді бағдарлама жасалған. Мұндағы іс басында жүрген азаматтар жергілікті құрылыс материалын пайдалануды жалаң мақсат деп есептемейді. Басты мақсат оны сапалы шығару болып отыр. Рас, бұған дейінгі тәжірибеде бірқатар жергілікті материалдардың сапасыз шығарылу көріністері де кездесті.

Мұндай жағымсыз жайт құрылыс тың сапасына теріс әсерін тигізбей қоймай-ды. Облыста сырттан келетін құрылыс тауар ларын азайту мәселелері тек бір бағдар лама көлемімен ғана шектелмей-ді. Сон дай-ақ, бұл үшін өңірде бүгінгі күні әлемдегі жетекші өндірісшілердің қаты суымен жаңа зауыттар ашу қарас-тырылуда. Сонымен бірге, қазіргі кезде құрылыста қолданылып жүрген импорт-тық тауарларды түгелге дерлік көлемде жабу мақсатында бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру көзделген.

Ақтөбе облысы

экономика

Құрылыс индустриясыныңқажетін кім қамтамасыз етеді?

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Республикамыздағы құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп келе жатқан өңірлердің бірі – Ақтөбе. Мұнда өткен жылы құрылыс саласына салынған инвестицияның көлемі 200 миллиард теңгеден асып түскені осы пікіріміздің басты бір дәлелі. Ал биылғы жылы облыста кем дегенде 250 миллиард теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылады деп күтілуде. Медальдың екі жағы бар дегендей, саладағы мұндай ауқымды істер ең біріншіден орасан мол әрі сан алуан құрылыс материалдарын қажет ететіні де ақиқат. Бұл өз кезегінде қуатты құрылыс индустриясын құру қажеттігін туғызады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––Өңірдегі Қашыр ауда­нына барып келдік. Мол астық өсіретін, ауылдары малға толы, көкөніс­жеміс тері де, картобы, күн бағысы, тәтті балы да жет кілікті, тұрмыс­тір ші ліктері ауқатты, әлеует ті аудан саналады.–––––––––––––––––––––

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Ал Елбасы биылғы Жол-дауын да «Аграрлық сектор эко-но ми каның жаңа драйверіне айналуы керек. Қазақстанның агро өнеркәсіп кешенінің бола-шағы зор. Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қа тысты. «Made in Kazakhstan» брен ді сондай өнімдердің эта-лоны болуға тиіс» деп атап өтті.

– Енді инвестициялық жоба-лар дың есебінен суармалы ал-қап тардың аумағын ұлғайтуды жос парлап отырмыз. Елбасы суар малы егіс алаңын 5 жыл ішін де 40 пайызға кеңейтіп, 2 мил лион гектарға жеткізу, ауыл шаруа шылығын әртараптандыру жай лы Жолдауында айтты. Қазір аудандағы бірқатар шаруа қо-жа лықтары суармалы егіс ал-қап тарының көлемін 130-140 гек тарға жеткізбекші. Ауданда суармалы егістіктер аумағын 5500 гектарға дейін жеткізетін болсақ, бұл кеңестік кезеңдегі

көлемге сай келеді, – деді аудан әкімі Жанат Шұғаев.

Екінші бір нәтиже, аудан ор-та лығы Тереңкөлде жас маман -дарға арналған 16 пәтерлі жатақ-хана пайдалануға беріліпті. Тұр-ғын үй бағдарламасы шең берінде 24 пәтерлі төрт тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

– Біз құрылысы бірінші жар-ты жылдықта аяқталатын ор та-лы қтандырылған жылу және су жүйесі бар 4 пәтерлі бір тұр -ғын үй мен екі пәтерлі бес же-ке үйді сатып алуды жоспар-лап отыр мыз, – деді аудан бас-шы сы. – Сонымен бірге, тірек

ауылдарда бюджеттік сала қыз-меткерлері үшін екі пәтерлі үш үйдің құрылысын жүргізетін мер ді герлер анықталды. Был тыр аудан ға келген 65 жас ма ман ның 35-і көтерме қолдау жеңіл дік терін алыпты. Аудан ның 2017 жыл ға арналған даму бюджеті 1,1 млрд теңгені құрайды. Осы қара жат-тың есебінен 9 жоба жүзеге аспақ.

Аудан шаруашылықтары ның көмегімен ауылдардағы 25 кө ше-ге асфальт төселіп, жол дар жөн-деуден өтті. Аудан ор та лы ғын да 2 шағын футбол ала ңы, бірнеше шағын ойын алаң дары жасал-ды. Аудан орталығында Дене шынықтыру, сауықтыру кешені

салынады. Қызылдау ауылының клуб үйін осы ауылдық аумақ аума ғын дағы бірқатар шаруа қожалық тарының басшылары 5 миллион теңгедей қаражат жұмсап, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі іске бірқатар шаруа қожалықтары бірлесіп, 22 мил лион теңгедей қаржы бөліп, үлес қосты.

– Былтыр 30 мың тонна кар-топ жинап алдық. Игорь Щер-бак басқаратын шаруа қо жа -лығы картоптың әр гек тары нан 45 тоннаға дейін өнім ал ды. Иелігінде 600 гектар суар ма-лы алқап бар болса, оның 160 гектарына картоптың крахмалы

аз, голландиялық эли талы «гала» тұқымын егеді. Тамшылатып суару кешенін іске қосты. Шаруа-шылық орна лас қан Бобровка ауылында сыйым дылығы 6,5 мың тонналық көкөніс сақтау қой ма сын салды. Мол өнім алуға суар ма лы ал қап тарды іске қосу және за ма науи ауылшаруашы лық тех ни каларды пайдалану арқылы жеттік, – дейді Жанат Шұғаев. Шаруа қожалықтары суармалы алқаптар аумағын жыл сайын арттырып келеді. Жергілікті тұр-ғындарға жұмыс бар. Қазір қой-ма картопқа, көкөніске толып тұр. Қойманың басты ерекшелігі – мұнда өнім сақтау түгелдей компьютермен басқарылады. Екін ш іден, жоғарыда айтқаны-мыздай, картоп өсірушілер осын-дай рекордтық көрсеткішке суар-малы алқаптарды тиімді дамыту, өнім өсірудегі жаңашылдықтар арқылы қол жеткізді.

Аудан әкімінің айтуынша, шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын нысандардың саны 1342 бірлікті құраса, 1770 адам шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысады екен. Жалпы, аудан бойынша ауылшаруашылық өндірісімен 12 кәсіпорын, 207 шаруа және фермерлік қожа-лық тар, 6858 жеке шаруалар ай-налысады.

Аудан әкімі Жанат Шұғаевпен болған әңгімеден ауданда ауыл-шаруашылық өнімдерін өнді-ретін кооперативтер құры лып жатқанын білдік.

Павлодар облысы, Қашыр ауданы

ІлкІмдІлІк – ІлгерІлеу кепІлІ

Әртараптандыру ауылдың әлеуетін арттырады

Page 6: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

6 14 наурыз 2017 жыл

Ескерткіштер – елдік бейнесі

Ескерткіш орнату – өте ерте заманнан бастал ған дәстүр . Алдымен ежелгі Грекияда қолға алынып, құдай ларға ескерткіш қойылған. Одан Римде жалғасып, белгілі импера торларға ескерткіш орнату дәстүрі қалыптасқан. Қайта өрлеу дәуірін де Еуропада ескерткіш тұр ғызу қатты өрістеген.

Адамның қолымен жасалған ескерт кішті пір тұтып, оған табыну, әсіре се, Будда дінінде қатты да мыған. Күні бүгінге дейін буддизмді тұтына­тын елдерде оған алып ескерт кіштер тұрғызу жалғасып келеді. Мәселен, 1995 жылы Жапония ның Канто аймағында 120 метрлік, 2002 жылы Қытайдың Хэнань провинциясында 128 метрлік, 2008 жылы Мьянмада биіктігі 129 метрлік ескерт кіштер орнатылған. Хрис тиан дінінде де құдайға ескерткіш тұрғызуға қар сы­лық білдірілмейді. Польшада Айса пайғамбарға ескерткіш 2010 жылы тұрғызылыпты. Оның жерден сана ­ғандағы биіктігі – 51 метр, оған дейін ең биік ескерткіш Бразилияда еді.

Адамға арналған алғашқы ескерт­кіш Ресейде І Петр патшаның кезінде қойылыпты. Өзі құрған әскерге алғашқы болып өз еркімен енген Сергей Бухвостов деген солдатына (артынан майор болған) І Петр 1721 жылы ескерткіш орнатқызған. Ал І Петр патшаның өзіне арналған ескерткішті ІІ Екатерина 1782 жылы Санкт­Петербургте орнатқан. Халық арасында «Мыс салт атты» атанған бұл ескерткіш мүсін өнерінің үздік жетістігі деп танылған. Ат үстіндегі адамның осы бейнесі кейінгі дәл осындай ескерткіштерге әлі күнге дейін үлгі болып келеді.

Қазақстанда алғашқы ескерткіш Амангелді Имановқа орнатылған. Ат үстінде мығым отырған батырды бейнелеген бұл ескерткіш 1947 жылы Алматыда қойылған болатын. Еліміз­дің ең атақты мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев жасаған Алматыдағы Абай (1960 ж) мен Шоқан Уәлихановтың (1969 ж) ескерткіштері мүсін өнерінің озық үлгілерінің бірінен саналады. Екі ескерткішке де кім­кім де рух қуаты мықты, ойлы адамдардың сымбатты келбетін айнытпай танытатын кемең­гер адамдардың бейнелерінен көз ала алмай, ұзақ қарайды. Қазақстандағы ескерткіштердің ішінде Қарағанды­дағы Нұркен Әбдіровтің бейнесі де айрықша. Онда астындағы тұғырымен үйлестірілген батырдың бейнесі жауға қырандай шүйлігіп тұр.

Тәуелсіздік алған жылдары елімізде ескерткіштердің саны еселеп артты. Әсіресе, бұрын есімдерін атауға рұқсат етілмеген, қазақтың бостандығы мен азаттығы жолында азап шеккен тұлға ларға көптеген ескерткіштер қойы лып, олардың есімдері жас ұрпаққа жете танытылуда. Алайда, осы ес керт кіштердің кейбірі мүсін өнері тұр ғысынан қарағанда сын көтермейді . Б ір қайнауы жетіспейтін, бір­біріне қатты ұқсап кеткен салтаттылар мен домбыра ұстағандар көп. Арқалы адамның бойында дене күші ғана емес, рух күші де болады емес пе?! Б.Момышұлының «Жонарқа» деген әңгімесінде тапсыр­масын алған бір кіші офицердің қу­шиып кеткен арқасынан оның су жүрек екенін бірден танығандығы айты­лады. Сондықтан ескерткіш орна­тылатын ерек тұлғалардың арқа­басын қушитпай, біршама ірі қылып салу керектігін қазіргі мүсіншілер ескере бермейтін секілді.

Кеңес Одағы жылдарында мүсін өнері де идеологияның мықты құрал­дарының бірі болды. Партия көсем­дерін халық санасына сіңіру мақ­сатында әрбір шалғайдағы ауыл­дарға дейін олардың ескерткіштері орнатылды. Бір мысал, 1982 жылы Алматы облысының бұрынғы Нарын­қол, қазіргі Райымбек ауданындағы Текес ауылына студенттік ­ құрылыс жасағы сапында бардық. Сол ауылда жападан­жалғыз сорайып С.Кировтың ескертк іші тұр . . . Ал Лениннің ескерт кіштері бір қалада бірнешеуден орна ғанын да көзіміз көрді. Мәселен, Петропавл қаласында мектептің, институттың, з а у ы т т ы ң , о б к о м н ы ң а л д ы н а қойылған төрт ескерткіш бар еді. Мұндай асыра сілтеушілік жаппай орын алып жатты.

Ескерткіштер белгілі оқиғаны есте қалдыру үшін де қойылады. Триумфалды аркалар мен бағаналар, мемориалдық кешендер, тұғырға қойылған көлік немесе қару­жарақ құралдардың қаңқалары, естелік тақташалар және т.б. осыған жатады.

Қорыта айтқанда, ескерткіш қоюға жауапкершілікпен қарап, олардың мүсін өнерінің талаптарына сәйкестігі мен көркемдігіне назар аударылып отырғаны жөн болар еді. Өйткені, ескерткіш бір мезеттік дүние емес, ұрпақтарға қалатын тарихи мұра ғой.

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»

қоғам

Темір ҚҰСАЙЫН,«Егемен Қазақстан»

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрі Т.Дүй­сенова Ақтөбе облысын дағы жұмыс сапарын халыққа қыз ­мет көрсету орталығының қыз меті мен танысудан баста­ды. Ми нистр орталық қызмет­кер лері мен өзара ой­пікір алмасу ба ры сында алдымен жұмыспен қам ту ісі нің жай­күйіне назар аударды.

Бұл бағытта жұмыссыз жүр гендерді тіркеу, олар­ды әлеу меттік жұмыс орын­дарына жолдау және қайта даярлау курс тарынан өт­кізу жөнінде бір қатар жұ­мыс тар атқарыл ды. Деген­мен, министрдің айтуын ша, аталған орта лық қыз ме тін­де әлі де болса ширатып,

жетілдіре түсетін тұстар бар. Әсіресе, ақпараттық жүйені одан әрі тереңдету мен бағ­дарлама шеңберіндегі дерек­тер базасын толықтыруда өзі нің шеші мін күтіп тұрған мәсе лелер жеткілікті.

Қурайлы ауылдық окру­гінің тұрғындарды тұрақты қызметке тарту жөнінде іс бірінші кезекте жергілікті ат­қарушы органдармен бірге қоян­қолтық жұмыс атқа рып жүргені оң пікірге лайық­ты. Бұл орайда былтырдан бері байыпты бағдарлама жұмыс жасап келеді. Оның аясы округ тегі 8100 тұр ғын ды қамтып отыр. Қурай лы лық­тардың халық ты жұмыспен қамту ісіндегі тәжірибелері­нен үйренуге облыстың өзге 143 ауылдық округі ықылас танытуда. Бұдан екі­үш жыл

бұрын өңірдегі ауыл әкім­дері халықтың са ны мен тұр­ғынд ардың мәр тебесін, тұр­ғын үйлерінің жай­кү йін, көлік пен мал санын анық­тауды өздерінің қолын дағы шаруашылық кітабының көме­гімен жүргізіп келген. 2015 жылдан бері бұл тәсіл келмес­ке кетіп, оның орнын элек­тронды формат алмастырды. Бұл өміршең мәліметтер ба­засымен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді. Сондай­ақ, электронды жүйенің биыл ғы жылдың 1 шілдесінде ен гі­зілетін міндетті медици налық сақтандыру ісіне үлкен септігі мен көмегін тигізе ала тынды ғы да қуантады.

Еңбек және халықты әлеу мет тік қорғау министрі Тама ра Дүйсенова мен об лыс әкімі Бердібек Сапар баев тың

қатысуымен өткен кез десу­лерінде әлеуметтік қорғау­ды одан әрі жақсарту жөнін­дегі кеңесте және халық пен кездесулерінде жұ мыс пен қамтуды жетіл діру мәсе лелері талқы лан ды. Сон дай­ақ, ми­нистр аймақ та ғы кәсі би­тех­никалық ма ман дар әзірлейтін арнау лы оқу орындарында болып, бір оқу шы­студенттің нарық сұ ра ны сына сай қос маман дық алуы қажеттілігінің кей бір қырларына тоқтал ды. Т.Дүйсенова оқу орын дары­ның өндіріспен байла нысы­ның өзектілігін, тәжіри беден өткізу кезеңінің жауап ты лы­ғын, ең бастысы, сту дент ­тердің оқу орнын аяқта ған­нан кейін жұмыссыз қал мауы керек тігін жеткізді.

Ақтөбе облысы

Жоба қашанжүзеге асады?

––––––––––––––––––––––Менің айтайын дегенім, мына көрші Қытаймен шекаралас орналасқан Достық бекетіндегі жағдай. Ашығын айтсақ, темір жол үстінен жылма-жыл салынуы шегеріліп келе жатқан жолаушылар өтетін көпір мәселесі болып тұр.––––––––––––––––––––––

Темір жол үстінен өтетін көпір дің қашан салынатын дығы – көпшілік көкейінде жүрген сауал. Көпір жайлы біраз ұсы­ны стар көтеріліп, қазіргі ауыл әкімі мен бұрынғы бекет бас­шы сы тиісті орындарға, яғни, «Қазақ стан темір жолы» Ұлт тық ком паниясы» акционерлік қо ға­мы ның магистралдық желі дирек­циясының филиалына өтініш жолдаған еді. Алайда, көпір салуға тікелей қатысы бар аталған мекеме сырғытпа жауаптан өзге сыңай таныт пай отыр. Ал жауапта аталған магистралды желі дирекциясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары былай депті:

«Жобалаушы жобалық­іздес­тіру жұмыстарын жалғастыру үстінде. Жобалық­сметалық құ­жат тама 2014 жылы дайын бол ­ған жағдайда, 2015 жылы Дос­тық стансасында жаяу жүргін­ші лер көпі рін салу жоспарла нып отырғандығын хабарлаймыз». Сол жауап тан соң да үш жылға тая ды. Әлі күнге өлі тыныштық. Бекеттің оң қатарын дағы бой көтерген екі, үш қабатты тұрғын үйлер мен онда қо ныс танған отбасылар саны да артып келеді. Ересектер дің жұ мыс қа, балалардың мектепке жетуі мұң болып тұр. Олар амал­сыз ере же лер ді бұзып, қатар­қатар тұрған вагондардың астынан өтуге мәжбүр.

Темір жолдың сол жағында мекемелер мен тұрғын үйлер тізіліп тұрса, оң жағы халық ара­лық автомагистральмен шекте­седі. Сол себепті бұл көпірді автокөлік жолынан асыра салса дұрыс болар еді. Халық қамын ойласақ, үзбей жел соғатын Дос­тық тағы жоспарланған көпірдің үстін жазғы ыстық пен қысқы ызғар лы аязға төтеп беретіндей жа­бық қылып, көз тартар сәулет пен әдіптесе тіптен дұрыс. Жоғары да айтылған жобаның жолы ашылса деген көп тілеуі – осы.

Мұны мәселе етіп көтеріп отырғанымызбен, бұл істің ілгері басатынына күдіктене де қараймыз. Өйткені, аудан орталығынан шығатын 170 шақырым жолдың Достыққа дейінгі 80 шақырымнан астамына ширек ғасыр бойы бірде­бір рет жөндеу жүргізілмеген. Тіпті, алдында осы бас басылым­ға Мәдениет сарайы мен спорт кешені туралы жазылғанымен, ол ғи ма раттардың әлі күнге қазығы қағыл мауы да осыны меңзейді.

Бұқаралық спорт пен мәде­ниет ке жете мән беру керектігін Ел ба сы мыз жеріне жеткізе айтқан бо ла тын. Келешек ұрпақ өсіп келе жат қан шекаралық аймақта бұл шаруа да кенжелеп отыр. Қор­далан ған мәселелер қомақ ты. Соның түйінін шешіп, түбегей лі өзге ріс терге қол жеткізу әкім­дер ал дын дағы абыройлы міндет болса игі.

Сейіт ОМАРОВ, ауыл тұрғыны

Алматы облысы

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысының әкімі Нұр мұхам­бет Әбдібеков Қарқаралы ауданы ның көктемгі су тасқынына дайын дығын тексерді. «Жыл са йын су тасқыны осы жерден басталатын дықтан, арнайы келіп отырмыз. Өзен осы жерден басталады. Жоспар лан ған су тасқынына қарсы іс­шара лар ды жүзеге асырудың барысымен таны самыз. Бі здің мін­детіміз – төтен ше жағдайларға жол бермеу және адамдардың қауіпсіздігін қам тамасыз ету», деді өңір басшысы.

Облыс әкімі, сонымен қатар, су басу қаупі бар Қарқаралының бірне ше ауы лын аралады. Облыс әкімі Нұра өзені нің бойындағы Ынталы ауылы ның жағдайымен танысты. Көктас ауылы на жақын маңда Нұрмұхамбет Әбді беков Қарқаралы ауданының әкімі Халел Мақсұтовтың ағымдағы жағдай мен қабылданатын шаралар туралы баяндамасын тыңдады. Об лыс әкімі, сон дай­ақ, Тегісшілдік ауылы ның жанындағы Жарлы өзенінің жағасын қарады.

Сонымен қатар, Нұрмұхамбет Әбді беков қардың ас тын да қалу қаупі бар Бүркітті ауыл ы ның тұрғындарымен кездесті. Ауыл

тұрғын дары ның айтуынша, 50 жыл дан бері мұн дай қалың қар жаумаған. Аудан басшысы қар шығару жұмыстары ұйым­дастырылғанын, жұмыстарға арнайы техни­каның тартылғанын хабарлады.

Осы ретте Қарағанды облысында «Қара­ған ды – Аягөз – Тарбағатай – Бұғаз» авто­көлік жолының учас ке сін де ұзындығы 94 шақырым жол жабы нына орташа жөндеу жұмыс тары жүр гізілмек. Жобаға жол ас­тын дағы су өткізу құдықтарын ауыс ты ру да енгізілген. Сондай­ақ, Ма тақ ауы лын қызыл судан қор ғай тын бө гет тің құрылысы қарас­ты рыл ған. Жобаның жалпы құны – 499 млн теңге. Жұмыстар 2017 жылға жоспар ланған.

«Бүгін белгіленген жұмыстар кеше­нінің іске асырылып жатқанын көрдік. Қосымша күшейтуді қажет ететін жайт­тар бар. Сақтансаң – сақтайды демек ші, биылғы қызыл судың қарқыны былтыр ғы­дан кем болмауы мүмкін», деді Нұрмұхам­бет Әбдібеков.

Жалпы, облыстың 2017 жылғы су тас­қынына дайындығы жоспарлы түрде өтіп жатыр. Материалдық және қаржылық қор жасалған.

Қарағанды облысы

Абдулла АХМЕТОВ,Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры

Билікке деген сенім мемлекеттік қыз­мет шіден басталады. Отыз дамыған елдің құрамына енуге кепілдік беретін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметті саннан сапаға қарай кәсібилендіруге арналуы да заңды құбылыс. Себебі, өз ісін жетік білетін, мамандығына адал мемлекет­тік қызметшілер елге қызмет етпейінше, өркениетті елдердің қатарына қосыла ал­маймыз.

Мемлекеттік қызметшілерді кешен ді аттестаттаудан өткізу науқаны – мем ле­кеттік қызметке ең лайықты адам дар ды іріктеп, олардың абыройын, білік тілігін, еңбегін ескеретін жүйені қалыптастыратын «елге қыз мет ету» қағидасының жүзеге асуы ның айғағы. Менің өзім ұзақ жыл бойы мем лекеттік қызметте жұмыс ат­қар дым. Сол үшін бақыттымын. Бірақ, қазір гі қол даныстағы «Қазақстан Респуб­ли ка сының Мемлекеттік қызметі туралы» Заңын да көрсетілгендей, ешқашан мем­лекет тік қызметшінің әлеуетін көтеру үшін мұндай жағдай жасалған емес.

Күні кешеге дейін біз мансаптық өсу, меритократия деген сөздерді білмеппіз. Жаңадан басшы келсе, ұжымның біраз бөлігі ауысатын. Осыдан болар, мемлекеттің емес, мекеме басшысының көңілін табумен әлек болатынбыз. Ал, қазіргі саясатта іскер мамандарды мансаптық өсіруге аса мән берілген. Сондықтан, өмірін мемлекеттік қыз мет пен байланыстырғысы келген та­лантты жастар үшін алаңсыз жұмыс істейтін уақыт туды. Ендігі жағдай да, мемлекеттік қызметшілердің қабі летіне қарай өсу мүмкіндігі бар. Сондық тан, бұрынғымен салыстырғанда мемле кеттік қызметте кадрлардың орнығуы әлдеқайда өсті.

Несін жасырайық, қанша жерден жұмысымыздың алғыр маманы болсақ та, заңның әрбір бабын есте сақтау қиын. Оның үстіне, уақытпен санаспайтын жұмыс режімі ол заңдарды қайталап тұруға мұрша бермейді де. Тек тікелей жұмысқа қатысты нормативтермен шектелеміз. Сондықтан, алдыңғы жылдары аттестаттау жақындай бастағанда, біз осы қиындықтан шығу үшін төте жолдарды іздей бастайтынбыз. Ал қазіргі жағдайда өтіп жатқан аттестаттау сыбайлас жемқорлықтың қан дай да болсын тәуекеліне мүмкіндік бермейді.

Қазіргі таңда мемлекеттік қыз мет шілер заман талабына орай жеке тұл ғалық сипа­тын анықтауда бастама шылдық, шешім қабылдау, жылдамдық, жауапкершілік,

серіктестік, қызметті тұтынушыға бағ дар­лану, қызметті тұтынушыны хабарландыру сияқты 11 құзыретті анықтауға арналған тестілеуден өтіп жатыр. Олар келесі кезек­те арнайы аттестаттау комиссиясы алдын­да кәсібилігіне байланысты әңгімелесуден өтеді.

Аттестаттау комиссиясына тиісті меке­менің басшыларынан басқа, мәслихат де­путаттары, қоғамдық бірлес тіктер мен үкіметтік емес ұйымдар дың, БАҚ­тардың өкілдері қатысуы да қуантарлық жайт. Бұл кезең ашықтық, жариялылық, әділдік қағидаттарын сақтау мақсатында аудио және бейнекамералармен сүйемелденеді. Осылай­ша жан­жақты қарастырылып, пысықтал­ған аттестаттау науқаны ел сенімін дегі азаматтардың іскерлік келбетін сомдайды деп сенемін. Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің жұмысын объективті бағалауға бағытталған бұл жүйені қолдаймын.

Кезінде Аристотель: «Халыққа қыз­мет етіп, жақсылық жасау үшін ғалам ды төңкеріп, бай болып немесе күллі адамды басқарып, патша болу міндетті емес. Тек халыққа адал қыз мет ету керек», депті. Шынында да, еліміз дің ертеңі – бүгінгі мемлекеттік қыз мет шілердің адами және кәсіби құнды лық тарына, елжандылығына байланысты.

ШЫМКЕНТ

ТүйТкіл

Әлеуметтің әлеуеті – электронды жүйеде

Талап және ТәрТіп

СақТанСаң – СақТайды

Бұл – мемлекеттік қызметтің абыройын асыратын қадам

Қар суына қамданыс қандай?

Комитет төрағасы Серік Ақылбай дөңгелек үстелді аша келіп, бұл басқосу жедел­іздестіру саласындағы заң на­маны одан әрі жетілдіру мәселе­лері бойынша пікір алмасуға мүм кіндік беретінін атап өтті. «Жиын барысында алаяқтық, жал ған кәсіпкерлік, салықтан жал тару, экономикалық конт­ра банда және басқа да мәсе­лелерді реттейтін Қылмыстық кодекстің баптарын қарастыру керек деп ойлаймыз», – деді сенатор.

Дөңгелек үстелге қатысу­шылар Қылмыстық кодекс­тегі экономикалық бағыттағы қыл мыстарды жасағаны үшін берілетін жазаларды рет тей ­тін бірқатар баптың тиім ді лі­гін тексеру қажеттігі туға нын

айтты. Мәселен, Қыл мыс тық кодекстің 190­бабындағы алаяқ тықпен қатар, қыл мы с ­тық заңда алаяқтықтың мей­лін ше кең таралған және қоғам ға қауіпті түрлері не жауап кер шілік белгілей тін же ке ле ген құрамдарды қарас­тыру қажет.

Бас прокуратураның мәлі­меттері бойынша, ондай түр­лерге таныстар немесе туыс­тардың өтініштері бойын ша рәсімделетін, азаматтардың жалған құжаттары пайда­ланылған немесе сеніміне ие болу арқылы несие алуға бай ланысты алаяқтық; ин­тер нет­алаяқтық, оның ішін де қо салқы құралдар, ұя лы те ле ­фондар және бас қа да тауар­лардың ин те р нет саудасы;

жалған ком па ния лар дың түрлі акцияларын өт кізу ту­ралы СМС­хабарлама жі беру арқылы болатын алаяқ тық және басқалар жатады.

Шараға Парламент депу­таттары, Бас прокуратура­ның, Жоғарғы соттың, Әді­лет министр лігінің, Мем ле­кеттік қызмет және сыбай­лас жем қор лыққа қарсы іс­қи мыл агенттігінің, Қаржы

министр лігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және «Атамекен» ұлттық кәсіп­керлер палата сының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел қорытын­дысы бойынша кәсіпкерлер құ қықтарын қорғау сала сын­дағы заңнаманы жетіл діру жө нінде ұсыныстар әзірленіп, олар тиісті мемлекеттік орган­дарға жіберілетін болады.

Экономикалық қылмыстарға – ерекше назар–––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатында Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің ұйымдастыруымен «Экономикалық қылмыстар және заң: ырықтандыру шектері» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. –––––––––––––––– ––––––––––––––––––––––––––––––

Page 7: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

14 наурыз 2017 жыл 7зерде

–––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––– ––––––––––––––––––––Ғасырлар тоғысында 6 млн қан дасымыздың санасы мен жү ре гін жаулап алуы-мен ұлт тық та рихымыздағы ерекше құ бы лыс қа айналған Алаш қоз ға лы сы қа зақ халқының өткені мен бо ла ша ғын, әлемдік үдерістегі ор ны мен мәртебесін жаңаша пай ым дауға мүмкіндік береді. Ке ңес тік тарих намада Алаш тари хы әлеу меттік ілгерілеуге кесе-көл де н ең тұрған құбыжықтай аяу сыз күйеленгеніне қоса, ре во-лю цияға дейінгі отарлық өлке, оның бай ыр ғы тұрғындары – қазақ тар барын ша мешел қалған, со циалистік ре волюцияның ар қа сын да ғана төл мемлекетіне қолы жет кен, ұлтқа айналған қауым ре тін де зерделенгені белгілі. –––––––––––––––––––––––– –––––––––––––––– ––––––––––––––––––––

–– ––––––––––––––––Жуырда Қарағанды мемлекеттік тех ни -калық уни вер си тетінде «Алашор да» үкіметінің 100 жыл дығына және ХХ ғасырдың 30-50 ж ы л д а р д а ғ ы с а я с и қуғын-сүргін құр бан-да рын еске алу мақ -сатында «Алаш қоз-ғалысы: ұлттық интел-ли ген ция жә не ста лин-дік қуғын-сүргін» ат-ты ЖОО аралық ғы -лыми-тә жі ри бе лік кон-ференция өтті. –– –––––––––––––––––

Тарих Толқынында алаш – 100

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Алқалы жиынға еліміздегі ір ге лі ғылым және білім беру ұй ым да рынан 145-тен астам баянда ма ке ліп түскен. Конференция жұ мы сы на елімізге белгілі ғалымдар қа-тысты. Басқосуды ҚарМТУ рек торы Марат Кеңесұлы Ибатов аш ты. Ол өз сөзінде:

– Биылғы жылы «Алаш» қоз ға лысының құрылғанына 100 жыл то луына орай Алаш зия лы ларының мұ раларын зер-делеу және оны жан дандыру шаралары қол ға алыну да. Өйткені, олар бү гін гі біздің қол жеткізіп отыр ған тәу-елсіздігіміздің мұ рат та рын, сая си-құқықтық, ұлт тық құн ды-лықтарға қа тыс ты көз қа рас та ры мен тұ жырымдарын сол кез дің өзінде-ақ айтып кеткен. Біз де осы шараға үн қосу үшін әрі «Алаш тың» 100 жылдығын сол за манмен ғана шектеп қоймай, бү гінгі тәуелсіз мемлекетіміздің та рихымен, ұлттық идеямызбен бай ланыстырып, осынау жи-ынды ұйым дастырғанды жөн санадық, – деді.

Іс-шара барысында оқыл ған баян дамалардың дені «Алаш» қоз ғалысының та ри хын дағы эво лю цияға тоқталып, олар-дың мұраларының ішінде әлі де болса зерттелетін құнды дү ние лер көп. Тек көп құнды құ жат тар Мәскеу мұра ғат-та рында қа лың қағаз астын-да көмулі жатыр. Дәл қазіргі уақытта оны аршып алып, қа лың бұқараға көрсету үшін отандық ғалымдарымыздың то лықтай мүмкіндігі болмай жат қан дығын тілге тиек етті.

Келелі кеңеске ұйытқы бол ған ҚарМТУ-дың ға лым д-а ры, атап ай т қанда Қазақстан та рихы ка фе д ра сы ның мең-ге рушісі, тарих ғы лы м да-ры ның кандидаты, доцент С.Қасымова «Нығмет Нұр ма-қов – мақтанышы, ар-на мы сы қазақтың» баяндамасын ұсы-нып, конференцияға қа ты су -шы лар ды тың деректермен та ныс тыр ды.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлт тық универ си т е-тінің профессоры, тарих ғы-лым дарының докторы Сатай Сыздықов «Уақытша үкімет тұ с ында билікке келген Алаш қай раткерлері ауылдарда ко-опе ра тивтер ашуды белсе-не қолдап отыр ды. Мысалы Ә.Бөкейханов Қос танай губер-ниясын басқарғанда көп теген кооперативтерді ашуды қол-дағандығы, іс қағаздарына қол қой ғаны архив материалда-рында жиі кездеседі», – деді.

Конференция өз жұ мы-сын Қазақстан Рес пуб ли ка-сы ның Бі лім және ғылым ми нистрлігіне жыл сайын елі міздің жоғары оқу орын -да рында «Алаш» қоз ға лы-сы қай рат керлеріне ар нал-ған кон фе рен ция лар өт кізу, «Алаш» қоз ға лы сы көш бас-шы лары туралы то лық метра ж - ды деректі және көрк ем фи -льм дер түсірілімін ұйым дас -ты ру сияқты ұсыныс-ті лек тер-мен аяқ тады.

Шын мәнінде аталмыш жиын нан түйіп шық қа ны-мыздай, «Алаш» қоз ға лы-сы ның негізгі идея сы әл де-қайда бұрын өмірге ке ліп, күні бүгінге дейін «елім, же рім» деп ұлт бола ша ғын ойлаған отан шыл аза мат тардың елін про грес ке ба ғыт та ған жал пы-халықтық де мо кра тиялық қоз-ғалыс еді.

ҚАРАҒАНДЫ

Құнды деректер мәскеу мұрағаттарында сақтаулы

Ханкелді ӘбЖАНОв,Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі

Шынтуайтына келгенде, Еділ-Жайық-тан Жетісу мен Түркістанға дейін ақ пат-ша ның құзырына өтіп, ХХ ғасырға қа дам басқан Ұлы Дала елі Азия мен Африкадағы, Еуропа мен Америкадағы ха лықтардың бі-реу інен ілгері, біреуінен кейін өмір сүріп жат қан еді. Оны таптық идео логия өктем ді-гімен алдындағы асын іше алмайтындай жа-мандардың қатарына жатқызу берісі – ақи-қатты бұрмалау, әрі сі – қаскөйлік. Бірде ке-дей, бірде бай бол ған дар аз ба, тәйірі. Адам-зат баласының да муы ешқашан біркелкі бол ған емес. Бүгінде аузымен құс тістеген АҚШ-тың өзі отарлық қамытынан XVIII ғасырда арылып, тәуелсіздікке қол жеткізсе, Германия ның бір орталыққа бағынған мемлекетке ай налғаны ХІХ ғасырдың еншісінде. Тап сол ғасырларда Еуропа мен Азияның ұлан-ғайыр кеңістігінде үстемдік құрған Осман империясы І дүниежүзілік соғыста күйрей жеңіліп, әупіріммен жаны қалған еді.

Рас, отарланған қазақ өлкесінің зама-науи зауыты мен фабрикасы, темір жолы мен байланысы, университеті мен театры бол ған жоқ. Хат танымайтындар да, сіңірі шық қан кедейлер де баршылық-тын. Бірақ же ті атасын, хандары мен батырларын, ба-балар сөзі мен ән-күйін, аспан әлемі мен жер бедерін жазбай таныған, адамзатқа әл-Фа-раби мен Ясауиді, Шоқан мен Абайды бер-ген халқымыздың интеллектуалдық әлеуеті бұрынғы ғасырлардағыдан артпаса, кеміген жоқ еді. Жаңа заманда өсіп-өр кендеудің кілті білім мен ғылымда жат қанын қапысыз айы-ра алды. Осыны байқағандықтан да Алаш көсемі Ә. Бөкейхан 1889 жылы: «Қыр халқы... ғылым-білім жайып жатқан һәм өз дері ғылым-білімге көңіл бөлген себебінен ке -шікпей-ақ жақсылықты біліп, еңсесін көт е ру - ге аяқ басар, өздерінің сүйектеріне берген ақылы-санасы болған соң, сол ... заманда бол-ған балаларымыз бізден ақылды болып, біз-дің заманымыздағы аталарымыздың қы л ғ ан- дарын көріп таңғалар я ойламай қа ты рар», деп жазуы әсте кездейсоқтық емес.

Ең бастысы, оқу-білімді, ұлттық бі-ре гейлікті, белсенді өмір позициясын ауыл да қой бағудан жоғары бағалап, өр-кениет көшіне ілесудің басты шарты еке нін қарапайым жандар да мойындады. Сол за-манда Ә. Бірмұхаммедұлы деген аза маттың: «Бисмилла деп бастағанда қол ға алатын ең мұқтаж жұмыс – оқу... Оқу-білімнен соңғы біздің халыққа екінші мұ қ таж іс – ынтымақ... Сол себепті әр адамға ке рек бай, керек ғалым, керек білгіш бол сын, бес парыздың біріндей міндет: ша масынан кел-генше ыждаһат етіп, ха лыққа дәулетімен болсын, білімімен бол сын, өнерімен бол-сын қызмет етіп, пай да келтіріп, халықтың қамын ойлау», деп жазуы нағыз көрегендік әрі еш қашан өзектілігін жоймайтын сөз. Және ол қоғамдық пікірдің сапалы биік деңгейге көтерілгенін айғақтайды. Өл ке-де гі қайшылықты ахуал, Еуропадағы өнер-кәсіптік төңкеріс, жаратылыстану мен ме-ханика ғылымдарының жетістіктері осылай ойлауға итермеледі. Университет бі тір меген перзенті мазмұн-өресі бойынша жа һан дық деңгейде ой-пайым түйіндеуге қа бі летті халықтың азаттықты аңсамауы, әлем дік до-дадан тыс қалуы мүмкін емес қой.

Қалай десек те, сауда-саттықпен, діни қа жеттілікпен, оқу қуумен, тағдырдың жа-зуы мен әр жердің дәмін татқан қазақтар таяу-алыс елдердің тіршілігінен хабардар болды. «Біз» және «олар» несімен ерек ше-ленетінін айыра алды. ХХ ғасырға қа рай өлкеге шетел капиталы келді. Әлем ди-дарын қазақтың тануы тереңдей түсті. Мә-селен, 1904 жылы құрылған «Спасск кен рудаларының акционерлік қоғамы» бас қ ар-масына төрт ағылшын және төрт француз кірді, ал қоғамның акцияларын Американың, Германияның, Швецияның, Испанияның және басқа капиталистік елдердің іскер ауқаттылары ұстады. Қолы жеткен қазақтар «әмірқан (американ) етік» киді, «болыскей (польский) кереуетте» жатты. Қысқасы, әлем қазақты қалай білсе, қазақ та әлем дидарын солай біле алды.

Міне, осы үрдісті қоғамдық-саяси, ғы-лыми ой елегінен өткізуді барынша терең-деткен, оған танымдық-қолданбалық сипат беруді жаңа белеске шығарған күш алаш-тықтар екені сөзсіз. 1913 жылғы 5-са нында «Қазақ» газеті былай жазған екен: «Бүгін Еуропада болып жатқан уақиға ертең Азияда болуға ықтимал. Жер жүзінде тіршілік етіп тұрған адамдар, болып жатқан уақиға, істеліп жатқан жұ мыс, жұмсалып жатқан қулық, сұмдық бә рінен де хабардар болмақ керек. Неге де сең, дүниедегі адамдардың пайда, зарары матасулы».

«Матасулы» әлемнің ұлтына берері мен сын-қатерін бағалау, халқын азаттыққа алып шығудың мақсат-міндеттерін тарқата тал дау миссиясы Алаштың пешенесіне жа зылыпты. ХІХ ғасырдың аяғында бас тал ған бұл миссия күні бүгінге дейін жал ғ асып келеді. Оның тарихын адами-эли талық капитал және идеялар тағдыры өлшемімен үш дәуірге жіктеуге болады. Біріншісі – алаштықтардың көзі ті рі сіндегі дәуір. 1937-1938 жылдарғы «Үл кен террорға» дейінгі аралықты алып жа тыр. Бір ұрпақтың ғұмырынан да қыс-қа мерзім ішінде тындырған істеріне – әліп пені жазғаннан Қазақстан шекарасын анықтағанға дейін – баға жетпейді. Екін-шісі – Алаш қайраткерлері ақталғанға дейін гі дәуір. 1990 жылға барып тіреледі. Ке ңестік билік Алаш есімі мен ісін санадан өші ру ге қанша тырысқанымен, мақсатына жете алмады. Үшіншісі – Алаш идеяла-ры қай та оралған дәуір. Ол тәуелсіздікпен

кел ді, «Мәңгілік Ел» идеясымен бірге жа-саса береді.

Ал ұйымдық-практикалық өлшеммен қарайтын болсақ, Алаш қозғалысының дәуір лері, біздің ойымызша мынадай: бірін-ші – Абай мақтаған толық та кемел жан-дардан құралған Алаштың «ояну» дәуірі. 1905 жылы Қарқаралы петициясын түзу-мен аяқталды; екіншісі – Алаштың қазақты «оят қан» дәуірі. 1916 жылғы көтеріліске дей ін созылды; үшінші – халықты қорғау

жә не Қазақ мемлекеттілігін қалпына кел тіру үшін күрес дәуірі. 1919 жылы Алаш Орда та ра тылғанша жалғасты; төр тін ші – Алаш-тың ұйымдық тұрғыдан тал қан далған дәуірі. Ф.И. Голощекиннің Қазақстанға келуімен аяқ талды.

Мұндағы «ояну» мен «оятудың» мәні – отарлық езгідегі халқының халі ауыр-ла ғанын, болашағы бұлыңғыр тарт қа нын интел лектуалдық ой-санамен ұғынған әлеу-меттік топтың қалыптасқаны әрі солардың сан-алуан іс-әрекетімен қалың бұқараның азаттық жолына түсуі. «Оян, қазақ!» – ХХ ғасырдың басындағы ұлттық идея-мыз. Қазақтың оянғанын 1916 жылғы көтеріліс паш етті. Көтерілісшілер әр өңірде хандықтар құра бастады. 1917 жыл-ғы Ақпан революциясынан кейін Ресей империясының ыдырауы басталды. Осы-ның бәрі Алаш қозғалысының түпкі мақ-сатын – Қазақ мемлекеттілігін қалпына кел тіру миссиясын атқаруды тездетті. Бұл орайда таразының екі басын тең ұстаудың ма ңызы зор болды. Бірі – әлемдік тәжір и-бе ні теориялық біліммен ұштастыру. Мем-ле кет, оның сипаты мен құрылысы туралы Макиавеллидің, Руссоның, Сперанскийдің, Лениннің, Вебердің, т.б. еңбектерімен Алаш көсемдері таныс болғанына өз басым күмәнданбаймын. Екіншісі – Қазақ мем-ле кеті мен билігін халыққа қызмет ететін нысанда түзу. Әлемнің дамуындағы түпкі мақ сатты адамзаттың азаттықты іздеуі деп біл ген ғой Гегель. Ендеше, Алаш авто но мия -сы – алаштықтар дәйектеген екінші ұлт тық идеямыз. Бірақ Ресейдегі билікті қол ға алған большевиктердің теориясы мен практикасы алаштықтар идеясымен үндесуі еш мүмкін емес еді. Қара күшке сүйенген Сталин, оның қолшоқпары Ф.И. Голощекин Алаш қозғалысын талқандады.

Ұлтының азаттығын көздеген алаш тық-тар қолдан келген мүмкіндіктің бәрін кә де ге жаратты. М.Дулатовтың 1909 жы лы жарық көрген «Оян, қазақ!» өлеңдер жи на ғы жаңа толқынның Манифесі деу ге лайық. Әсіресе, қазақты оятқан дәуір де «көзі, құлағы һәм тілі» болған «Қазақ» газеті оқыған жанды ақпаратпен, білім нәрімен сусындатты. Ұлы далаға жаһанның жаңалығын, қуанышы мен ренішін, тұлғалары мен қарапайым жанда ры ның қам-қарекетін жеткізуде жа-сындай жарқылдады. «Сыртқы хабарлар» ай да рымен Түркия мен Балқандағы соғыс ба рысы, Қытайдағы қазақтар тағдыры, Түркияның, Болгарияның, Сербияның, Грекияның, Черногорияның қысқаша та-рихы, Жапонияның саясаты, Францияның, Австралияның, Англияның, Германияның ха-лықаралық қатынастардағы ұста нымы, ауған мұсылмандарының отан сүй гіш тігі, Қытайдың АҚШ-пен, Жа пония мен, Моңғолиямен байланысы, Англия да ғы, Германиядағы, Франциядағы, Швей цариядағы, Жапониядағы кі тап шығару ісі, Австралиядағы қой шаруа-шы лығы, Польшаның азаттық үшін кү ре-сі, үнділердің ағылшындарға на ра зы лығы, т.б. іргелі оқиғалар баяны оқыр мандарға үздіксіз жеткізіліп жатты. Ниеті Түркия жағында екенін бірде ашық, бірде ым-мен білдіре алды. Алыстағы Американы қазақтың жатсынбағанын 1913 жылғы ақпан айындағы газет мақаласы куәландырады. «Оқу-жазу білмеген адамды Қоспа Америка жүмһүриетінің топырағынан қуарға

деген законға жүм һүр иет бастығы Тафт қол қойыпты. Қазақтан барушы болса Америкаға кіре алмай ды екен деп қорыққанынан бұл ха-барды жазып тұрғанымыз жоқ. Жазу білмеген адам дүниеде тұруға лайықты емес екенін білдіру үшін жазамыз», делінген онда.

Алаш қозғалысы Ұлы Дала топы ра ғында бой көтерді. Артына жалтақтамай, қиырға көз жіберді. Алайда, оның бүкіл тарихы Күлтегін, Алтын Орда ғасы р ларынан үзілмеген импе-риялық өршілдікті де, Еуропалық ағар ту-шы лықты да, XVIII ғасырдан бергі отарлық езгі ні де бойына жинағанын байқай ала-мыз. Алашқа тән қоғамдық-саяси ой-сана Батыс ойшылдары мен өркениетінің биі-гіне көтерілгеніне педагогикадан, меди ци-надан, тарих пен әдебиеттен, ауыл ша руа-шылығы ғылымдарынан жазған ең бек тері мен идеялары, Ә.Бөкейханның Ф.А.Брокгауз бен И.А.Ефрон шығарған эн цик лопедияда редакциялық алқаға кір ге ні, Барлыбек Сыртановтың 1911 жылы жаз ған «Қазақ елінің

уставы» айғақ-дә лел. Бүгінгі ұғыммен айтсақ, устав Қазақ елінің Россиямен доминиондық қа рым-қа тынаста болуын дәйектейді, пар-ла мен т тік-президенттік билікті, адам құ-қы ғын сақ тауды конституциялық дең гейге кө те руді қажетсінеді, жерге жеке мен шікті қа былдамайды. Империялық өрші л дік-тің асқар шыңы – Алаш партиясы бағ-дар ламасының жобасы еді. Бодандықта жүргеніне мойымаған авторлар алдымен бүкіл Ресейдің, содан кейін қазақ өлкесінің жайын қозғайды: І-бапта Ресейдің таяу арадағы мемлекет қалпын болжаса, ІІ-бапта Қазақстанның болашағы сөз болып, Ресей республикасының федерациялық субъектісі мәртебесін алатыны жарияланған. Федерация құрамынан шығу мүмкіндігі қарастырылған.

Бағдарламада екі ғасыр бойы қалып тас-қан буржуазиялық ұстанымдар мен құн-дылықтар көрініс тапқан. «Негізгі құ қық-тар», «Дін ісі», «Билік һәм сот», «Ел қорғау», «Салық», т.б. баптардың қа ғидаларын бас-қаша ұғыну мүмкін емес. Демек, Алаш же тек шілері дамудың еуропалық жолын таң дап, жаһандық бәсекеге қабілеттілік биігінен көрінуге қол созды. Егер олар за-манауи білім алмаса, әлемдік тәжірибе мен практикадан хабарсыз өмір кешсе, ең ауы-ры – айтқан сөзді ұғатын әлеуметтік орта-сы болмаса, қоғамдық-саяси ойдың ұлттық шеңберінде шектелуі бек мүмкін еді. Өресіз жанды масондықтар, әр жылдары Ресейді билеген Керенский мен Ленин маңына жақындатпайды ғой. Алаштықтардың еңбегін Париж бен Лондонда, Берлин мен АҚШ-та зерттемес еді.

Ал отарлық езгі ықпалы неден көрінеді десек, ол бодандықты қабылдаумен келген «дерттерді» – ұлт теңдігі, әйел мәселесі, білім беру жайы, Мемлекеттік Думаға қазақтан депутат сайлауды қалпына кел-тіру, переселендерге кеткен жерді қай та ру тәрізді талаптарды күн тәртібіне қой ғанынан менмұндалап тұр. Бұл – отар ел дердің бәрінің басынан өткен тағдыр.

Алаш қозғалысының дүниеге келген мерзімі қазақ қоғамы мен әлемдік тарих толқынының ажырағысыз байланысын айғақтайды. Сәл шегініс жасасақ, ХІХ ғасырдың 20-жылдарында-ақ отар халықтар тәуелсіздікке жетіп, мем ле кетін құра алаты-нын С.Боливар бас қар ған Венесуэла, Перу, Боливия рес пуб ликаларының шаңырақ көтеруі алға тартты. Ал ХХ ғасыр басын-да отар және жарты лай отар елдерде ұлт-азаттық қозғалысы ба рынша қанат жая бастаған еді. Оны «Азияның оянуы» деп айшықтайтынымыз бар. Ақиқатында қалың қатпарлы тарихы бар Азия да, Ұлы Дала да ешқашан меңі реу ұйқыға кеткен емес. Бұлар жат қо лына қарағандықтан, бар болу неме-се бордай тозу дилеммасына жеткендіктен шешуші күресті бастады. Оның бірнеше ұқсас әрі мәнді белгілері бар: біріншіден, қозғалыстың басында интеллектуалдық қа-рымы зор, халықаралық танымалдыққа ие зия лылар қауымы тұрды. Ұлттық азаттық идея сына бірден келе қалмаса да, ұлтының азат тығын төл мемлекетін құрудан бөле-жа-ра қарамағандары ақиқат.

Екіншіден, қойған талаптары ке шен ді әрі жан-жақты (саяси, ғылы ми, идео логиялық, әлеуметтік ...) дәй ек тел гендіктен әрқайсы туған халқының кө кей кесті қажеттілігін дәл бейнеледі. Елі, жері бөлек болғанмен бұл

талаптар отар елдерге өте жақын, қисынды еді. Мәселен, Қытайдағы мәнжу билігін құлат қан, ұлт-азаттық күресін биік белес-ке кө те р ген Сунь Ятсен (Ә. Бөкейханмен түй дей құрдас, екеуі де 1866 жылы дү ние ге келген) отарлаушыға қарсы үш ұста ным ды – ұлтжандылық, халық билігі, ха лық тұрмысы – басшылыққа алды. Ал Үндістан ның тәу ел -сіздігі үшін күрескен М. Ганди күш қол дан-бау идеологиясын тү зіп, ұлт-азаттық күре-сін де халықтар бір лі гіне айрықша мән берді. Дұрыс табылған идея лар тарихты өзгертті.

Осылардың басым бөлігі Алаш қоз ға-лы сында да орын алғаны белгілі. Айталық, Азия ның оянуындағы, азаттық күресіндегі ұқ састық алаштықтар 1905 жылы ресми билік иесі Петерборға жолдаған Қар қа ралы петициясында ап-анық сыртқа шық ты. Бұл құжаттың мазмұны мен мәнін М.Әуезов былайша ашқан еді: «Петициядағы аталған үлкен сөздері – бірінші, жер мәсе ле сі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, пере-

се лендерді жібермеуді сұраған, екінші, қазақ жұртына земство беруді сұраған, үшін ші, отаршылардан орыс қылмақ сая-сатынан құтылу үшін ол күннің құралы бар лық мұсылман жұр тының қосылуында қа зақ жұртын муфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан. Көпшіліктің оянуына себепші болған». Басқа өңірлерде де петициялар қабылданды. Бұл арнайы зерт-теуге лайық құбылыс.

Үшіншіден, бұрын-соңды беймәлім бо-лып келген, бірақ саяси жаңғыруға ауадай қажет күш – партиялар дүниеге келді. Сунь Ятсен негізін қалаған Гоминьдан партиясы 1912 жылы құрылса, М. Ганди Үндістан Ұлттық конгресі партиясының тізгінін 1915 жылы өз қолына алды. Алаш партиясының рәсімделгені 1917 жылы болғанымен, пар-тия құруға талпыныс 1905 жылы басталған еді. Соңғы зерттеулердегі мәлімет бойынша, Алаш партиясының жұмысына тартыл ған мүше саны 1000 адамның шамасында екен.

Төртіншіден, ғасырлар тоғысында әлем ді аузына қаратқан Еуропадан да тыныштық кете бастаған болатын. Антанта мен үштік одақ арасындағы әлем ді қайта бөлуге талас соғыс қаупін жа қын дата берді. Ақыры ол қазақ жа-старын тылдағы жұмысқа жегуге соқтырды. Көп ұзамай Романовтар әулеті тақтан тай-ды. 1917 жылғы маусымда Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы жа рия лаған үндеуде дүбірлі дү ние ге араласу дан басқа жол жоқ екені анық ай тылды. «Бір мемлекетке бағынған біздің қазақ сияқты іргелі жұрт жасы-рынып жүріп күн көре алмайды. Енді бұрынғы қате ізді баспалық, үлгілі жолға түселік, мынау ұлы дүбірге қосылалық, тиісті бәйгемізден құр қалмалық, жұрт болалық. Егер, қазақ, мұны істемесек, кейінгі нәсіл-нәсіптің көз жасына қалғаның...», делінген онда.

Алаш қозғалысы әлемдік тарих ба ры-сы мен заңдылықтарына табиғи кірі гіп тұрғанына және бір айғақ-дәлел – Ә. Бөкей-хан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы бас та-ған жұлдызды топтың жал пы адам затт ық жә-не ұлттық құндылықтарды теңдей қас терл е - ге ні. Бұлардың еңбектерінде бес құрлық тұл-ғалары, ойшылдары, мәдениеті, ғылымы, тарихы қылаудай алалаусыз ұлықталған. Бірде-бір ұлттың атына ғайбат сөз айтылмай-ды. Өзгені өзіндей көру, үздіктен үйренуге шақыру зая кетпеді. Сондықтан да шығар, эмиграцияға кеткендері (М. Шоқай, А.З. Валиди) демократиялық ортаға кіре қалса, барған жерінің кетігін тауып, кірпіш болып қаланды, саяси-шығармашылық қызметтерін жалғастыра берді, танымалдығы артпаса, бір мысқал төмендеген жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, алаш тәрбиесі мен мектебінен өткен жас буынның үздік, дүлдүл өкілдері (М. Әуезов, Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан) тоталитарлық қыспақтың өзінде ұлт ұстаздары нұсқаған бағыт-бағдарларын жоғалтпай, әлемдік интеллектуалдық қазынаға олжа салғаны объективті заңдылық.

Азаттықты аңсаған алаштықтар Қазақстан-ды қуатты мемлекетке ай нал ды рудың жолда-ры мен мүм кін діктерін қа перден шығармады. Жа по ниядай, Гер ма ниядай, Еуропадай бо-луды армандады. Ал дыңғы қатардағы ел-дер дің табыстары мен артықшылықтарын қыз ғанышсыз құп тай білді, әлсіздеріне қол көмегі болмаса да, тіл көмегін беруден аянба-ды. Дамудың эволюциялық жолын құптаған Алаш ұлт-азаттық қозғалысы сол заманғы ең табысты Батыс өркениеті мен үлгісін қазақ өміріне сәйкестендіруге, бейімдеуге басымдық бер ді. Әрине, батысшылдық қазақтың бол мыс-бітімін бұзуға әкеледі деген ойы да болған жоқ. Халықтың жасампаз қабілетіне сенді. «Ал, алаштың азаматтары! – деді А.Байтұрсынұлы – Ақсақ қойдай басқадан кейін қалғанымыз ба? Жоқ, қалмас амалын іздеп қамданамыз ба? Қалмаймыз десең, қарап жатпалық. Көп істе көп болып жабылайық! Саңлаулы, сана-лы халық азаматтары көмек етіп, күш қосып демер деген үміт зор».

Алаш көшбасшылары халқын әлемдік додаға кіргізуге, сол арқылы жаһанның ди-дарын, Ұлы Даланың көркін нұрландыруға жол көрсетті. Қозғалыстың тарихында кем-ші лік пен кінәрат орын алған жоқ деген ойдан аулақпыз. Кейде ауызбіршілік жетпей жатты. Оған материалдық-қаржылық қиыншылықтар қосылды. Мемлекеттің жа рияланбай, үкіметтің құрылғаны сыртқы байланысты әртараптандыруға септеспеді. Дегенмен, Елбасымыз Н.Назарбаев айт қандай, «Қазақ зиялыларының жеке ба сы ның қасіретімен қатар, өрілген қыз ме ті өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұ жы рымды деңгейімен ғана емес, азаттық һәм адамгершілік деңгейімен де осы заманмен үндес».

Адамзат өркениетінің арнасында«Бар болу» немесе «бордай тозу» дилеммасы

Page 8: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

8 14 наурыз 2017 жыләлеумет

толғандырар тақырыпСоңғы уақытта ақпарат құрал да­

ры, әсіресе, әлеуметтік желілерде ба­ла лар арасындағы суицид мәселесі қы зу талқыланып жатыр. Сол талқы ба рысында көпшілік естіп­біліп жат қан ақпарат – суицид деп атала­тын алып айсбергтің көзге көрініп тұр ған басы ғана.

Маған бұл мәселемен қызмет ба бына орай, жақын танысуға тура кел ді. 2014­2016 жылдары Қызылорда облы сы әкімінің орын­басары ретінде жас өспірімдер істері жөніндегі ай мақ тық комиссияға төрағалық еттім.

Комиссияда қарайтын негізгі мә се ленің бірі – аймақтағы ба­лалар мен жас тар арасындағы суицид . Айына ек і рет жи­налатын комиссияның әр оты­рысы облыс аумағындағы аяқ ­ т алған немесе аяқталмаған суицид, яғни мектеп жасындағы балалар арасындағы өзіне өзі қол салу оқи­ғаларын қараудан басталады. Бі рақ, қанша тырыссақ та, «өрімдей ба ла өмірден неге күдер үзеді?» деген сұ раққа тұшымды жауап таба ал­ма дық. Бұл – жекелеген аймақ қана емес, жалпы елге ортақ жағдай.

Ресми мәлімет бойынша, 2015 жы лы Қазақстанда мектеп жа сын да­ғы 201 бала өзіне өзі қол салған, 485 ба ла суицидке талпынған. Со ның 68 пай ызының себебі беймәлім.

«Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін не істеу керек»? Бұл сұраққа да жа рытып ешкім жауап бере алма­ды. Осы шарасыздық жанымызға қатты батты. Көп іздендік. Әлемде не істеліп жатқанына көз салдық, тә жірибелерін зерттедік. Негізгі түй геніміз, суицид – жан­жақты, сан­салалы, жоспарлы, кешенді де жүй елі әрекетті талап ететін, елдің әлеу меттік дамуының құрамдас бө­лі г і ретінде қаралуы тиіс, аса күр де­лі проблема.

Өзін өзі өлтіру – жаһандық си­пат тағы кесел. Жер бетінде әр 40 се кунд сайын бір адам өзін өзі мерт қы лады. Сол сәтте тағы кемінде 10 адам өзін өзі өлтіруге талпыныс жа сайды. Мұны аяқталмаған суи­цид дейді. Соңғы 50 жылда бар лық ел дегі суицид айтарлықтай жа сар­ған, осы күнде өз қолынан ажал та­ба тындардың 60 пайызының жасы 40­қа да жетпейді.

Суицид жиілігінің ғаламдық кар­тасына қарасақ, Қазақстан – жағ­дайы ең нашар елдердің санатында тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақ­тау ұйымының мәліметі бойын ша, 5 пен 14 жастағы балалар ара сын­дағы суицид бойынша біздің ел қауіпті бестікке кіреді. Ал 15 пен 29 жас аралығындағы жастар суи­циді бойынша Қазақстан халі ең мү ш кіл 10 мемлекеттің бірі. Өзін өзі өлтіру – 15 жастан 49 жасқа дейінгі қазақстандықтар арасындағы өлім­жіт і мнің екінші негізгі себепшісі. Бірін шісі – жол­көлік апаттары мен абайсызда болатын түрлі жара қат­тар. Жыл сайын Қазақстанда екі жүз дей мектеп жасындағы бала өзі­не өзі қол салады. Әрбір осындай аяқталған суицидке тағы 200­дей баланың аяқталмаған талпыны сы келеді. Әрбір аяқталмаған талпы ныс алдағы уақытта іске асуы ық тимал суи цидтің басты нышаны. Осы ста­тис тикаға сүйеніп, Қазақстан да ғы барлық мектеп оқу шы ларын 25 ба ла оқитын бір сынып деп алсақ, олар­дың кемінде 5­еуі өзіне өзі қол салу ту ралы ойлаған, ал біреуі суицидке тал пынған болып шығады.

Әрбір суицид – оны жасаған адам ның туыстары мен жақын да­ры ның санасын улап, жаны мен жү рек терін ұзақ жылдарға қатты жа ралайтын ауыр трагедия.

Суицидтің басты себебі не? Неге жыл сайын осыншама адам өз ер кі­м ен опат болады? Оның астарында тұр мыс тауқыметі жатыр ма, әлде адамдар арасындағы араздық па? Депрессия мен психикалық ақау­дың салдары ма? Әлде, шынын да да интернет пен әлеуметтік же лі ле р ­ дің зардапты ықпалы ма? Ашу мен ызадан туатын дерт пе, әлде арақ пен нашаның кесірі ме?

Осы іспеттес ұшығына жет кіз­бей тін күрделі сұрақтар көп­ақ. Бі­рақ кесімді, көңілге қонымды қара­па й ым жауап жоқ. Бірде­бір жекеле­ген себеп немесе фактор адамның өзін өзі өлтіруіне себеп бола алмай­ды. Ондай әрекет – жеке, әлеуметтік, ді ни, моральдық, психикалық және био логиялық астары бар, бірқатар жағ дайлардың өзара шиеленісуінен бо латын күрделі феномен.

Сонымен бірге, қоғамдағы адам­дар дың өзіне өзі қол салу жиі лігі ел дегі әлеуметтік саулықты, саяси­эко номикалық жағдайды сипаттай­тын өмір сапасының аса маңызды «баро метрі», қоғамдық ахуалдың ин дикаторы.

Кез келген елдегі суицидтің көр­сет кіші сол қоғамдағы интеграция деңгейіне, ортақ құндылықтары бар қауым ретіндегі ұйысу дәрежесіне ке рі пропорционал болады. Яғни, мем лекеттің тиімділігі мен қоға м­ның сапасы артқан сайын суицид аза юы керек.

Жоғарыда аталған жасөспірімдер істері жөніндегі комиссияның бір оты рысында ауылда болған суи­цид талқыланды. Анасы 15 жасар ба ла сынан телефонмен ойнағанды

до ғарып, үйдің бір шаруасын жасау­ды талап етеді. Әкесі де анасы­на қосылып, баланы сөгеді. Бала осыған ашуланып, қораға барып асы лып қалған.

Комиссияға шақырылған мек­теп тің психологы мен директоры баланың берекелі отбасынан шықа­нын және оқу үлгерімінің жақсы еке нін айтып, мұндайға не себеп бол ғанын түсінбейтіндерін жеткізді. Ко миссия мүшелері интернет пен ұя лы телефонның кері әсері туралы айт ты. Сонымен, себебін анықтай ал май, мектепке балалардың психи­ка сын күшейту амалдарын қарас ты ­руды, ал тиісті мекемелерге зия ны бар интернет ресурстар мен әлеу­мет тік желідегі топтарды анық тап, жа буды тапсырдық.

Сонымен бірге, баланың ата­анасының қалауы бойынша бұл оқи­ға өзін өзі өлтіру болып тір кел меген бо лып шықты. Сон дық тан оқиғаның тір келмеу жай­жапсарын тексеруді

қо сымша тапсырдық. Тексере келе, мынадай мән­жайлар анықталды. Қайтыс болған бозбала 4 жасында туған ата­анасынан ажыратылып, ата сы мен әжесіне берілген. Содан бе рі туған әкесі және шешесімен дұ рыс қарым­қатынас болмаған. Әсі ресе, туған анасымен қатты араз болған. Атасы және әжесімен де айтарлықтай жақын болмапты. Ол ту ралы өзі сырласып жүрген бір до­сына айтқан. Сондай­ақ, болар оқи ға­дан бірер күн бұрын сол досына ба ла құнды деген бұйымдары мен же ке заттарын сыйлаған. Сыйлап тұ рып «бұлар енді маған керек бол майды», деген. Жақындарымен сөз ге келгенде «мен бәрінен шарша дым, жалықтым, жалғызбын», деген сөздер айтқан. Бірақ мектептегі пси холог пен сы­нып жетекшісі ол ту ралы білмеген, баланың мінез­құл қынан өзгеріс байқамаған. Бала асы лып қалған қора тап­тұйнақтай жи налған, ешкім кедергі жасай алмай тындай етіп дайындалғаны бай қал ған. Міне, бұл ашу мен ызадан булығып кенет­тен жасалмаған, саналы түрде, ұзақ уақыт пісіп­жетілген ше шімнің мы­салы. Себеп – ерте ба ла лық шақта ата­анасынан ажырау ке сірінен болған психикалық зақым. Осы бір ғана мысал арқылы біздің мә селеге терең бойлай алмай, мән­жай ын жете түсінбейтініміз анық кө рінеді.

Енді не істеу керек деген сұ­рақ қа келейік. Халықаралық зерт­теу лер мен тәжірибе балалар мен жас өспірімдер арасындағы суи­цид тің алдын алуға болады дегенді рас тайды.

Тиімді алдын алу жұмысын ұйым дастыру үшін бізге білім бе­ру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қам сыздандыру, құқық қорғау, ақ па­раттандыру қызметтерін қам ти тын, са лааралық кешенді бағ дар лама қа­жет. Дүниежүзілік денсаулық сақ тау ұйымының ұсынысы бойынша әлем­нің 30 елінде мұндай бағдарлама суи цидтің алдын алуға арналған ұлт тық стратегия деңгейінде іске асу да. Бұл стратегиялардың мақсаты – 2020 жыл ға дейін суицид жиілігін 10 пай ызға дейін азайту.

Суицидті тежеуге арналған жұ­мыс ты екі бағытқа бөлуге болады. Ол қысқа мерзімде нәтиже беруі тиіс шұ ғыл алдын алу шаралары және тұ рақ ты төмендеуге жол ашатын, ба ла лардың психикалық саулығын қа лыптастырып, күшейтуге бағыт­тал ған ұзақ мерзімді амалдар.

Қысқа мерзімде суицидтік қау­іп­қатерге душар болған балалар ды анықтап, оларға жеке­жеке пси хо­ло гиялық көмек көрсету жүйесін қа ­ л ыптастыру қажет. Ол үшін осы жұ­мысқа қатысатын 4 түрлі мамандар

тобын оқытып, дайындықтан өт­кізу керек.

Біріншіден, барлық мұғалімдер баланың сөзі мен іс­әрекетінен суи­цид туралы ойдың белгілерін танып үйренуі тиіс. Ол қиын емес. Бала мінезіндегі өзгерістер, жалғыздық ту ралы әңгімеге әуестік, «мен шар­шадым», «бәрінен жалықтым» деген сияқты сөздер, жеке заттарын тара­ту секілді өмірге қызығушылықтың азайғанын білдіретін әрекет – осы­ның барлығы мұғалімдер және ба­ла лармен етене жұмыс істейтін бас қа да мамандар игеруі қажет қа р апайым дағдылар. Бұл топты «суи цид сақшылары» деп атайды. Олар дың міндеті – аталған бел гі­лерді байқап, мектеп психологына хабар беру.

Оқытылуы тиіс екінші және ең ма ңызды топ – мектеп психологта­ры. Педагог­психологтар оқушылар ара сында тәуекел тобын анықтауға ар налған диагностика жүргізудің

әдіс темесін игеріп, тәуекел тобы­на кірген балаларға нақты көмек көр сете білуі қажет. Аталған диаг­ностика сауалнама негізінде жаса­лады. Сауалнамада бір қарағанға оғаш көрінуі мүмкін сұрақтар бар. Мә селен, мынадай:

– Өзіңізге қол салу туралы ойы­ңыз болды ма?

– Болса, оны қалай жасамақ еді­ңіз?

Осы сұрақтар төңірегіндегі пікір­та лас үшін біз Қызылорда облысын­да жасаған қанатқақты жобаны 6 айға шегіндірдік. Алайда, белді отандық және халықаралық мамандар арала­сып, бұл сұрақтардың керектігі дә­лел денді. Суицидтік ойы бар бала әдетте сырттан көмек күтеді, сон­дықтан көпшілігі төтесінен қойы л­ғ ан осындай сұрақтарға тартынбай жау ап береді, өзі сенетін адам болса, ашық әңгімеден қашпайды.

Сондықтан мұндай сұрақтардан қорқудың қажеті жоқ. Бірақ баланы ашылып, ақтарылуға шақырғаннан кейін оған нақты көмек көрсетуге де дайын болуымыз қажет. Көмек алам деген әр баланың үмтінің орында­луы, сенімінің ақталуы өте маңызды. Яғни, тәуекел тобы на кірген әр ба­ла ға білікті психологиялық, қа жет бол са дәрігерлік және пси хиат рия­лық көмек көрсетілуі тиіс.

Тәуекел тобын анықтауға арнал­ған диагностикаға 14, 15 және 16 жас тағы балалар қатысады. Жыл сай ын жобаға жасы 14­ке толған жа­ңа толқын кіреді, жұмысқа араласа­тын мамандар жаңарып отырады, сондықтан жыл сайын бұл жоба да жаңарып, жаңа біліммен толығып, мамандар ұдайы оқытылып оты­руы қажет.

Қанатқақты жобада бізге бас­ты кедергі болғаны – түрлі сала ма мандары арасындағы бірлескен жұ мысты үйлестіру еді. Бұл жұ­мыс тың тиімділігі – мұғалімдер мен дә рігерлердің, әлеуметтік қор ғау қыз меті мен полицейлердің, сон­дай­ақ, журналистер мен әкімдік қыз меткерлерінің үйлесімді бір лес­кен әрекетіне тәуелді. Аталған жұ­мыс пен қатар, көпшілікті ақ па рат­тан дыру, қоғамдағы психологтың кө мегіне жүгіну мәдениетін қа лып­тас тыру міндеті тұр. Осы аталған ба ғыттардың барлығы жалпы жағ­дай дың оңалуына тікелей әсері бар өза ра тәуелді мәселелер.

Сондықтан ортақ оң нәтиже болу үшін – бұл жұмыстың барлығына ор тақ, ұлттық үйлестіруші қажет. Бар әдістеме мен ақпаратты бір жер ге жинап, барлық ауыл­аймаққа ор т ақ жүйе, ортақ талап қойылғаны аб зал. Ең дұрысы, осы мәселеге ма манданған үкіметтік емес ұйым

бел гіленіп, сол ұйым негізгі үй лес­тіруші болуы қажет. Қазір бұл ұсы­ныс негізгі екі министрліктен құптау тау ып, аймақтар деңгейінде бірлесіп жұ мыс істеу тетіктері нақтылануда.

Сонымен бірге, бұл мәселенің күрмеуін шешіп, тиімді әрекет ету үшін тек мемлекет аясында жұмыс іс теу жеткіліксіз. Ол үшін бизнес пен қоғамдық ұйымдардың, ха лық­ара лық ұйымдардың, ғылыми және экс перттік ортаның күш біріктіруі ма ңызды.

Осы тұста Қазақстанға әлемде бар тәжірибені алып келіп, оны бейім деп енгізуге жағдай жасаған БҰҰ­ның балалар қоры – ЮНИСЕФ­тің зор үлесін атап айтпасқа болмай­ды.

Қанатқақты жоба жүйелік сипат­тағы оң нәтижесін берді. Қазақстан­дық мамандар тиімді әдіс те ме мен жұмысты ұйымдастыру дағ ды ла­ры на ие болды, жобаны бү кіл ел кө­лемінде жүзеге асыруға бай ла ныс­

ты өзіндік көзқарас пен іс­қи мыл алгоритмі қалыптасты.

Әлеуметтік зерттеудің көр се­туін ше, Қазақстандық кәмелетке тол маған балалардың 26 пайызы суи цидке әкелетін түрлі қауіп­қатердің ықпалында жүр. Суицидтің өзі – алып айсбергтің көзге көрінетін басы ғана екендігі түсінікті болды.

Балалар мен жастардың ара сын­дағы суицид – олардың тән және жан сау лығын, қазіргі уақытқа қажетті өмір дағдыларын қалыптастыруға ар налған жүйелі жұмыстың жоқ­ты ғынан деп білеміз. Балалар мен жет кіншектердің денсаулығын, со­ның ішінде психикалық саулығын кү шейту, өмірлік дағдыларын қа­лып тастыру – суицид мәселесінің та мы рына шындап балта шабу бо­лар еді. Біз бүгінде балалардың бі­л ім ге негізделген ақыл­ой әлеуетін арт тыруға барынша күш салуда­мыз, ал жас ұрпақтың эмоционал­ды әлеуетін қалыптастыруға өте үс тіртін және самарқау қараймыз.

Осыған орай, кәмелетке тол ма­ғандар арасында суицидтің алдын алу үшін олардың денсаулығын күшейту мен өмірлік дағдыларын қа­лып тастыруға арналған бағдарлама әзір ленген. Бұл бағдарламаның бас­ты тірегі мектеп психологтары. Қазір біздегі олардың саны 8 мыңға жуық.

Психолог жұмысы жақсы жол ға қойылған мектептерде талай баланың ажал аузынан аман қал ға нына куә болдық. Соның бір мы салын айтай­ын. Анасынан 6 сау сақпен туған қыз бала өзінің сол кемістігін жасырудың керемет тә сілін игерген, тіпті оны ең жа қын құр былары да көпке дейін бай­қа май жүрген. Ата­анасы болса, оны дә рігерге көрсетуді ойламаған да. Қыз 14­ке толғанда, осы жағдай үлкен жан күйзеліне себеп болып, бойжеткенді жаман ойға жетелейді. Мектеп пси­хологына қатты сенген қыздың құрбылары апайларына жағдайды жеткізеді. Психолог апайы қызбен тіл тауып, сырласа келіп, дәрігерге баруға көндіреді. Нә тижесінде, артық саусаққа ота жа са лып, бойжеткеннің жаңа өмірі бас талады.

Міне, бұл жақынына жанашыр адамдардың «сақшылық» қызметін атқарып, уақтылы хабар беруінің, пси холог пен дәрігерлердің өз жұ­мысын сапалы орындауының ар қа­сын да болған оң нәтиже.

Маманданған психологтардың айтуынша, әрбір суицид – естілмей қал ған жанайқайы. Олай болса, қо­ғам болып, қауым болып құ лын да­ған дауысқа құлақ аса білейік!

Рауан КЕНЖЕХАН, «BILIM Foundation» қорының жетекшісі

Әр суицид – естілмей қалған жан айқайы

әлеуметтік қорғаудың әлеуеті

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Осыдан алты жыл бұрын көлігі бұзылып, ақырған аязды ақпанда далада қалып, екі аяқтың тізеден төмен бөлігінен және қолдарының жеті саусағынан айырылған Алексей Руденконың дәрігерлерден көңілі қалғаны соншалық, айтарға сөзі, атарға оғы жоқ. Мүгедек жан мұңыма ешкім құлақ асар емес деп налиды. Айтуынша, тиісті құжаттарды уақтылы ресімдемеу кесірінен мүгедектігі үшін тиесілі 46 мың теңге жәрдемақы қолына тимей қалған. Оған учаскелік дәрігерді кінәлайді. Бір ай бойы жалғыз табыс көзімнен қағылдым. Мұндай жауапсыз адамдарды қызметтен қуу керек, дейді онсыз да қабағы қатулы кембағал жан ашуға бой алдырып. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Мейрамханалардың бірінде қоймашы болып істеген ол ғаріптікке ұшырағаннан кейін әйелі кетіп қалыпты. Жалғыз ұлы да қарайласпайтын көрінеді. Оны бұлардың қылығы емес, жергілікті шенеуніктердің өмірдің ауыр тауқыметін тартқан кембағалдардың тағдырына деген немкетті көзқарасы ашындыратын тәрізді. «Аяқ­қолым енді өсіп шықпайды ғой. Олай болса, мені дәрігерлік тексе­руден өткізіп, қайта­қайта сандалтқанша өмірлік мүгедектікке неге шығармайды», деп шырылдаған дауысы сай­сүйекті сырқыратқанмен, облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау, көші­қон департаменті басшысының орынбасары Жанар Нұрбек аталған жайтты заңнама шеңберінде қарастыратынын ай­тады.

– 62 жастағы азаматтың жағдайымен жақсы та­ныспыз. Оның мүшкіл халі бізді де бейжай қалдыра алмайды. Қолымыздан келгенше жәрдемдесіп жатыр­мыз. 2011 жылы аяғына ота жасалып, бірінші топтағы мүгедектік берілген. 2012 жылы екінші топқа өмірлік мүгедектік алды. Осыдан екі жыл бұрын бірінші топтағы мүгедекке ауыстырылды. Бұл талаптар медициналық­әлеуметтік сараптама қорытындылары бойынша жүзеге асырылды. Анатомиялық кемістіктер туралы ережеден ауытқуға еш қақымыз жоқ, – дейді басқарма басшысы.

Дәрігерлердің шешімімен Алексейге былтыр аяғына ота жасатуға кеңес берілген. Алайда, ол одан да, әлеуметтік қызметкер көмегінен де бас тартып отыр. Талабы – өмірлік мүгедектікке көшіру. Оны белгілеудің өз тәртібі бар екенін, науқас белгілі уақыт аралығында динамикалық бақылауға алынатынын түсінгісі келмейді. Содан кейін ғана медициналық­әлеуметтік сараптама қорытындысы бойынша өмірлік мүгедектікті беру­бермеу, не басқа топқа ауыстыру мәселесі қаралып, шешім қабылданады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Мүгедек мұңы

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Жыл сайын елімізде 33 мың адам қатерлі ісікке шалдығады. Оның бес пайызы ғана туа бітті ақаудан пайда болады екен. Атырауда тыныс алу органдарының ауруы, соның ішінде өкпе рагы көп тіркеледі. Облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері Жексенбай Нысанов бұл ауруға шалдығуға шылым шегу, саламатты өмір салтын сақтамау және экологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болып отырғанын айтады. Қатерлі ісікті анықтауда бүгінгі медицинаның мүмкіндігі мол, бірақ ауыр дерттің алғашқы белгілері бай қалмай өтеді. Сондықтан да науқастардың 70 пай ызында ісік үшінші, тіпті, төртінші сатысында да митыны анықталған. Тұрғындардың скринингтік тек серулерге әлі де немқұрайлы қарайтыны тағы бар.

Соңғы скринингтік тексеріс нәтижелері асқазан, өңеш жолдарының қатерлі ісігі белең алып бара жатқанын анықтапты. Сондықтан да облыстық денсаулық сақтау басқармасы аты жаман аурудың алдын алу, емдеу сапасын жақсарту мақсатында «Онкологиялық инновациялар» тақырыбында рес пуб­ликалық ғылыми­тәжірибелік конференция өт кі зіп, еліміздің әр аймағынан елуге жуық дәрігерді Аты­рау ға жинады. Оларға Астана мен Алматыдан келген бі лікті мамандар дәріс оқыды. Сондай­ақ, науқастарға ресейлік академик ота жасады.

Қазір облыстық онкологиялық диспансерде 3464 емделуші тіркеуде тұр. Өкініштісі, жыл сайын 500­дей адам осы ауру салдарынан көз жұмады. Облыстық ден саулық сақтау басқармасының кеңесші онкологі, ме дицина ғылымдарының докторы Қайыржан Әби­сатовтың айтуынша, аймақта жылына 850 адам нан қа терлі ісік табылады екен. Бір «қызығы» – аты рау ­лықтар сырқаттана қалса, емді сырттан іздейді. Ше ­к ара асып, шет елге кететіндер көп. Жергілікті дә рі­гер лерге деген сенімсіздікке бой алдырып, аурула рын ас қындырып алатындар да кездеседі. Әрине, нау қас қай да емделсе де еркі, дегенмен, бұл дұрыс емес, дей ді дәрігерлер. Өйткені, қазір Атыраудағы он ко ло­гиялық диспансердің жағдайы жақсарған, заманауи технологияның түр­түрі бар, мамандар да тәжірибелі.

АТЫРАУ

алаңдатарлық ахуал

Өкпе рагы өршіп тұр

Page 9: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

14 наурыз 2017 жыл 9руханият

«ЕгЕмЕн ҚазаҚстан» газЕті көшЕсі, 5/13

(Соңы. Басы 1-бетте)

Көрісу – тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкенге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі көрініс. Өйткені «Көрісу» салты бір күннің аясымен шектеліп қалмайды, жыл бойы жалғаса береді. Әлдеқандай себеппен 14 наурыз күні болмаған, сырт жақта жүрген кез келген адам ауылға жолы түскен бойда қариялардың қолын алып, сәлем беруі тиіс». («Батыс Қазақстан облы-сы» энциклопедиясынан)

14 наурыз қайдан шықты?Жалпы, осы мейрам-салттың қайдан шыққаны

жөнінде нақты дерек табу қиын. Бұрынырақ жыл басы, яғни, наурыз айының бірінші күні саналатын бұл мерекені Ресейдің юлиан күнтізбесінен григо-риан күнтізбесіне ауысқанда пайда болған 13 күндік айырмашылыққа жорып жүретінбіз.

Тарихқа көз жіберсек, Ресейдің көне календа-рын І Петр өзгертіпті. Патша жарлығы бойынша орыстардың «дүние жаралғаннан бері саналып кел-ген 7208 жылы» енді «Христос туғаннан бері 1699 жыл» санала бастаған. Сөйтіп, 1700 жылдың 1 қаңтарында Жаңа жылды орыстар да сол кездегі бар-ша еуропалықтармен бірге атап өткен.

Бірақ кейін Еуропа елдері григориан күнтізбесіне көшкенде, Ресей 13 күндік айырмашылығы бар ескі күнтізбесімен қала беріпті. Мемлекетаралық дипломатиялық қарым-қатынаста елеулі қиындық туғызатын бұл «қатені» түзеген В.Ленин екен. 1918 жылы 24 қаңтарда қол қойылған «Россия респуб-ликасында батыс еуропалық календарды қолдану туралы декретке» сәйкес, 1918 жылы 31 қаңтардан кейін келетін күн 1 ақпан емес, 14 ақпан болып есептелген. Кеңес кезінде «Ұлы Октябрь (қазан) социалистік революциясының» (ескіше 25 қазанға сәйкес келетін) кезекті мерекесі 7 қарашада тойланған себебі сондықтан.

Міне, Қазақстанның батыс өңірінде наурыздың алғашқы күні, жыл басы ретінде 14 наурыз аталып өтілетіні осы юлиан календарымен байланысты емес пе екен деген болжамымыз бар. Өйткені, ел ішіндегі егде кісілер әлі күнге дейін әр айдың басын 14-інен есептеп, «нағыз ай енді басталды» деп отыратынын құлағымыз шалған.

Байбақты Қазыбек деген кім?Жоғарыда Батыс Қазақстан энциклопедиясы-

нан келтірген үзіндіде халық астрономы Байбақты Қазыбек туралы там-тұм айтылды. Ондағы дерек бойынша, 1869 жылы Санкт-Петербургтен шыққан «Түркі тілдерінің 2 томдық салыстырмалы сөздігінде» Л.Будагов «Қазыбек Наурыздың» «Жас Наурыздан» (22 наурыздан) 10-11 күн ерте келетінін жазыпты. Бір қызығы, бұл күн қайыру жүйесін орта ғасырларда күллі Орта Азия халықтары қолданған көрінеді.

Бұл мереке туралы тағы бір дерек 1900 жылы Қазан баспасынан шыққан «Тізбелік көрсеткіштер» жинағында да бар екен. Мұнда қазақтың тарихы мен этнографиясын зерттеуші ғалым А.Алекторов Байбақты Қазыбек календары туралы да айтып өткен. Қазақтың әйгілі жазушысы Ғабит Мүсірепов 1977 жылы 18 наурызда «Қазақ әдебиеті» газетінде осы ту-ралы арнайы мәселе көтеріп, «бұл жайды біздің Батыс Қазақстан ғалымдары білуге тиісті» депті. Алайда, осы мәселе әлі күнге дейін жүйелі зерттеушісін тап-пай жатқан сыңайлы. Тіпті «Халық календары» атты тамаша кітап жазып, әлемдік және қазақы жыл қайыру дәстүрін терең зерттеген Мыңбай Ысқақов ағамыз да Батыс Қазақстандағы көрісу дәстүрі туралы ештеңе айтпапты.

Айтпақшы, бүгінде өмірден өтіп кеткен ар-дагер, аңшылық десе ішер асын жерге қоятын Есқайыр Сисенов ақсақал да «Қазыбек наурыз (14 наурыз) күні қандай аяз, қандай қалың қар болса да, сарышұнақ тышқан далаға шығып, айналасын барлайды, інін тазартады» деуші еді. Ғұмырын да-лада, түз тағысының мінез-құлқын бағумен өткізген жанның бұл сөзіне күмәнданудың реті жоқ. Қалай болғанда да, 14 нау рыз – әлдебір астрономиялық қасиеті бар ерекше күн болғаны, оны аталарымыз байқай білгені рас секілді...

БиылМаңғыстау облысында көрісу күнін жергілікті

жұрт «амал» деп атайды. Соңғы жылдары бұл мерекені жергілікті билік, облыс басшылары көпшілік шараға айналдырып, Отпан тау басындағы Адай ата кешенінде кеңінен атап өтуді дәстүрге айналдырған. «Амал» (хамал) – наурыздың көне атауы. Хамал, сәуір, зауза, саратан, әсет, сүмбіле, мизан, ақырап, қауыс, жеді, дәлу, хұт деп келетін арабша ай атауларын күнделікті тұрмыста қолданатын көнекөз қариялар ел ішінде әлі де бар.

Орал қалалық мәдениет бөлімі биыл тұңғыш рет Көрісу күніне орай мерекелік шара ұйымдастырып жатыр. Дина күйші атындағы жаяу көшеге ар-найы сахна құрылып, ән-күй, сахналық көріністер қойылмақ. «Жиналған ел-жұртқа мерекенің мән-мағынасы түсіндіріліп, үлкендердің қолын ала-мыз, бата беріледі», дейді бөлім басшысы Сайран Дүйсентегі.

Ал жергілікті жұрт әулие санап, басынан зия-ратшылар үзілмейтін Дәдем ата мекенінде Көрісу мерекесі биыл екінші рет өткізілгелі отыр. Дәдем ата – Жұмағазы қазірет қорының төрағасы Ғарифолла Жамбозов Ұлыстың ұлы күніне орай арнайы мал шалып, елге сыйлы ақсақалдарды шақырып қойған.

– Биылғы бағдарламада Көрісу күні, өлке та-рихы бойынша шежіре әңгімелер айтылады, тақы-рып қа сай терме, күй, батырлар жыры орындалады. Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған «Жыл адамы» байқауы бойынша әртүрлі аталым ие ле рін ма-рапаттау рәсімі өтеді, – дейді осы шараны ұйым дас-тырушылардың бірі, «Телегей» қоғамдық бір лестігінің төрағасы Нұрлан Сәдір.

P.S. Сонымен, түбі қайдан шықса да, Көрісу – та-маша дәстүр, имани салт екенін ешкім жоққа шығара қоймас. Алысты жақындататын, өкпені кешіретін, татулықты арттыратын мереке – Көрісу айты құтты болсын! Бір жасыңызбен, ағайын!

ОРАЛ

Бір жасыңыз құтты болсын!

Ержан ӘБДІРАМАН, Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына биылғы Жолдауында Үкіметке «Ци фр лы Қазақстан» бағдарламасын дай ын дауды тапсырғаны белгілі. «Еге мен Қазақстан» газеті Ақпа рат және коммуникациялар министр лі-гінің қолдауымен Елбасы тапсырма-сына қатысты бірнеше маңызды жо баны қолға алған болатын. Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада осы орайда бірқатар жоба жұртшылық назарына ұсынылды.

«Өткен жылы «Егемен Қазақ-стан» басылымы жаңа формат та шы ға бастаса, биыл ұлыстың ұлы кү нінде цифрлы қызмет көрсету бой ын ша үш бірдей маңызды жоба-ны таныстырмақпыз», деді басы-лым басшысы Дархан Қыдырәлі. Жо ба лардың алғашқысы – «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық та ри хындағы барлық нөмірлерін ска нерлеу арқылы түгелдей цифр-лы нұсқаға көшіру. Газеттің «Ұш-қын» деген атаумен алғаш 1919 жыл ғы 17 желтоқсанда шық қан ке-зінен бастап, «Еңбек туы», «Ең бек-шіл қазақ», «Еңбекші қазақ», «Со -ци алды Қазақстан», «Со циа лис тік Қазақстан», «Егемен Қазақс тан-ға» дейінгі нөмірлері ци фр лы мұ-ра ғатқа жинақталады. Бұл жұмыс Ал матыдағы Ұлттық кітап ха намен бір ле се жасалып жатыр. Бү гін ге дейін га зеттің 1940 жылға дей інгі сандары ска нерден толықтай өтіп болды.

«Егемен Қазақстанның» архив-те гі қағаз нұсқасын электронды фор мат қа көшіру біріншіден, аса құнды мұ рағатты сақтауға мүм кін-дік берсе, екін шіден, газетті жә не газет арқылы Қазақстан тарихын зерттеушілер үшін аса тиімді бол-мақ. Мұрағатты то лықтай цифрлы фор матқа көшіру ке лесі жылы аяқ-талады.

Ек інші жоба – «Цифрлы Қазақстан: Мәңгілік Ел мұралары» деп аталады. «Егемен Қазақстан» фото мұрағатында Қазақстанның өт кен ғасырдағы және жаңа дәуір-де гі тұрмысын, тәуелсіздіктің ма -ңыз ды сәттерін бейнелейтін су-рет тер сақталған. Сонымен қа тар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев-тың, мемлекет, қоғам жә не мә-де ниет қайраткерлерінің, атақ ты спорт шылардың, Қазақстан қа ла-ла ры мен көрікті жерлерінің си рек фото суреттері бар. Wikibilim қо ры-мен бірлескен екінші жоба не гі зінде бұл суреттерді Уикипедия он лайн-энциклопедиясы арқылы жұ рт -шылық назарына ұсыну басталды. Бұл да аса құнды фотоматериалдар-ды жоғалудан сақтайды және сирек су реттер арқылы Қазақстанның бір-неше ондаған жылдар бұрынғы өмі-рі не көз салуға мүмкіндік бе ре ді. Ол ма териалдарға «Егемен Қазақстан -ның» авторлық құқығы то лығымен сақталады.

«Бүкіл дүние жүзіндегі мә тін де р - дің, фото, бейне ма те риал дардың ер-кін айналымын қамтамасыз ететін ең үлкен репозитарий Wikimedia Commons деп аталады. Әлемнің кез келген жерінен Қазақстанға қатысты ақпарат, фотоматериал іздеген адам-дар дың ең бірінші кіретін жері осы. Бұл жүйе заңды түрде кез келген ма териалды тауып алып, авторлық құ қықты сақтай отырып, заңды түр де қолдануға мүмкіндік береді. Сон дықтан, осы ұсынысты қолдап, «Егемен Қазақстанды» жаңарту бағ-дарламасының бір бөлігі ретінде қол ға алған газет басшысына рахмет ай тамыз», деді Wikibilim қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы.

Наурыз мейрамы қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа сайты іске қосылады. Бұл – басылымның үшін ші жобасы. Өткен жылдың орта сынан бері

газеттің интернеттегі нұсқасын жетілдіру жолында біраз жұмыс жа-салды. Интернет-редакция дербес басылым ретінде өзі дайындайтын сапалы ақпараттарды көбейтуге басымдық берді. Ол мақалалардың кей бірі отыз мыңға дейін оқылып, оқыр мандар арасында үлкен ре-зонанс туғызды. Қазақстандық сайттардың жалпы рейтингінде egemen.kz өт кен жылдың бірінші жартысында 140-орында тұрса, қазір алғашқы 50-ге кі реді. Ал қазақтілді интернет басылым-дар арасында алғашқы бестікте. Сонымен қатар, төте жазу нұсқасын

жетілдіру арқасында шетелдегі оқыр ман дар саны көбейді.

Басылымның жаңа интернет-нұс қасының техникалық ерек ше-ліктерін газет қызметкері, SEO-инженер Ербол Серікбай таныстыр-ды. Жаңа сайт та 2005 жылдан бергі материал дар бір жүйеге топтасты-рылады. «Егемен Қазақстан» жаңа сайтта заманауи журналистиканың жетіс тік те рін кеңінен пайдалану-ды мақсат етті. Соған сәйкес, жаңа нұсқадағы ин тер нет-басылымда аудио және бейне материалдарға көбірек орын бе рі леді. Газет шо-лу шы ларының ма қа лаларын енді

тың дау ға және жүк теп алуға мүмкіндік болады.

Жаңа порталдың ерекше атап айтуға тұрарлық ерекшелігі, онда «Егемен Қазақстан» газеті мен Ұлттық бірыңғай тестілеу ор талығының бірлескен жобасы негі зін де оқу орны-на түскісі келетін тү лектер дайындық тестерін онлайн тап сыра алады.

Таныстыру кезінде айтылған та ғы бір жаңалық – «Егемен Қазақстан» газетінің жүз жылдық та ри хындағы мақалалардың он томдық кітапқа жинақталатыны. Он томдық жобасына қатысушылардың бірі, профессор Намазалы Омашев зерттеу жұмыстарын жасай жүріп «Егемен Қазақстанның» архивін үш рет қарап шыққанын айтты.

«Ол нөмірлер төрт жерде сақ тау-лы. Біраз беттері жоғалған, қиыл-ған. Ал енді сол архив электронды форматқа көшірілсе немесе ол ар-хив он томдық кітап болып шық-са, зерттеушілер үшін баға жет-пес сыйлық болғалы тұр. Өйткені, «Егемен Қазақстанның» архиві өте бай. Оның бір бөлігі төте жазу нұс қа-сын да, оларды кириллицаға кө шіру қа жет», деді Намазалы Омаш ұлы.

Жинақтың алғашқы алты томы ке лесі жылы шығады, ал «Егемен Қазақстанның» 100 жылдығына қарай он томдық толықтай оқырман назарына ұсынылмақ.

Тұсаукесерге келген меймандар «Егемен Қазақстан» қолға алған жо балардың маңызы туралы пікір біл дірді.

Ел газеті іргелі жобаларды жүзеге асыра бастады

Мырзатай Жолдасбеков, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым:

Жобалардың бәрі ірі жаңалықтар екенін, өте маңызды, аса қажет шаруалардың жасалып жатқанын көріп отырмын. Біз жаңалықтан кейін қалмауымыз керек. Бүгінде газеттің мазмұны да жақсарды мақалалары қазір тез оқылады, газеттің өзі де қолға ұстауға ыңғайлы болды. «Егемен Қазақстан» қазір қолдан түспейтін га-зетке айналды.

Әділ ахМетов, ғалым, «егемен Қазақстанның» тұрақты авторы:

Бүгін «Егеменнің» жаңа деңгейге көтерілген сәтін көріп отырмыз. Қазір еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін компьютерде жұмыс істейді. Көп нәрсені компьютер арқылы оқиды. Президенттің биылғы Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» туралы айтылды. Міне, «Егемен» жоғары деңгейден көрініп, маңызды шараны іске асырып үлгерді.

Аймақтағы жұрт газетті жаздырып алса, орта лық тағы оқырмандар көбіне дүңгіршектен с а т ы п а л а д ы . Б і р а қ « Е г е м е н Қ а з а қ с т а н д ы » дүңгіршектерден табу қиын болғандықтан, жұрт баспаханадан іздейтін. Қазір күнделікті таңертең компьютерді қоссаңыз, газеттің pdf-нұсқасы келіп тұрады.

Газетте саясатты, экономиканы, мәдениетті терең талдайтын мақалалар көбейді. Бүгінде «Егеменнің» қам-ты майтын саласы жоқ деуге болады. Өте жақ сы оқы-ла тын газетке айналды. Газет әлемдік басы лым дар дың же тістіктерін үлгі етіп отыр. Мысалы, Financial Times га зетінде ең өзекті мақалалар бірден көрініп тұрады. Қазіргі «Егеменде» де солай.

Сирек фотоларға қатысты жобалар да маңызды. Фотошежіре дегеніміз – тарих. Фото да сөйлейді. Сондай құнды суреттерді цифрлап жұртшылыққа ұсыну үлкен жетістік деп ойлаймын. «Егемен Қазақстанның» оқырманы қазір де көп, оған сұраныс бұдан кейін де ар-тады деп сенемін.

сұлтан оразалинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

Бүгінгі үш жобаның біреуі – бүкіл «Егеменнің» тарихы. Ал «Егеменнің» тарихы – елдің тарихы. Мен Ұлттық кітапханадан газеттің 1928 жыл мен 1968 жыл аралығындағы тігінділерін қарап шыққан едім. Онда өте маңызды мақалалар бар. Олардың сіз дер шығарғалы отырған он томға кіруі, цифрлы үлгіде жариялануы – қазақ тарих ғылымы үшін ірі оқиға.

Өйткені, зерттеуге қажет материалдарды мұрағатта шаң жұтпай, үйде отырып-ақ қарауға болады. Ал қазіргі «Егеменді» қарап отырып бүгінгі тарихымызды білеміз, келешегімізді бағамдай аламыз. Мәңгілік елдің айнасы болатын газет – осы.

Қайрат саҚ, еуразия ұлттық университеті журна-листика және саясаттану факультетінің деканы:

Журналистика елдің тарихын жазады. «Егемен Қазақстанның» жүз жылғы тарихындағы материал-дарды жоғалудан, көмескіленуден сақтау – баға жетпес еңбек. Және бұл біздің журналистика фа ку ль теті үшін де аса маңызды. Сту дент тер бұл жоба арқылы қазақ жур нал-ис ти касының тарихымен кеңінен таны сады, бірнеше ондаған жылдар

бұрын жазылған мақалаларды талдайды, олар арқылы тарихымыздың маңызды кезеңдерін тереңірек біледі.

Бауыржан Момышұлы мен Әлкей Марғұлан жазушылар съезінде (Wikimedia Commons сайтына қойылған сурет)

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сингапурдың негізін қалаушы Ли Куан Ю-дің кездесуі, 1991 жыл, 19 қыркүйек (Wikimedia Commons сайтына қойылған сурет)

Page 10: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

10 14 наурыз 2017 жылкелбет

есімі елге елеулі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Профессор Рысқұл Ойна­ровтың азаматтық, рухани­адамгершілік келбеті ұшқан ұясынан дарыған. Мектеп қабырғасында жүргенде­ақ жетелі, көшелі жасөспірімнің таным­түсінігі, оқу­білімге деген құштарлығы, биікке іңкәрліг і қалыптасқан. Т ә ж і р и б е л і , б і л і м д а р , к ө р е г е н ұ с т а з ы Т е м і р Тілес баевтың жол­жоба көрсетуімен математика ма ман дығын таңдаған. Иә, әкесі Ойнар Байарыстанов бір түйесін қаражатқа ай­налдырып, ақ жол тілеп, Алматыға аттандырады. Сөйтіп, КазГУ­дің механика­ма­тематика факультетіне қабылданады. Айтулы профессор В.А.Харасахалдың ғылыми үйірмесіне қатысып, тәлім ала­ды. Ол негізінен, дербес туындылы дифференциал теңдеулер жүйесін зерделейді. Ал 1968 жылы, яғни 4­ші курста профес­сор Д.Үмбетжановпен бірігіп жазған мақаласы жарияланады. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«АЖК» АҚ-тың ғаламтор-ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарындағы негіздеулермен2016 жылғы электр энергиясын жеткізу және бөлу қызметін көрсету

әрекеті туралы жыл сайынғы есеп

(«Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР ҰЭМ-нің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы №150 бұйрығының 21-т. сай).

1. 2016 жылғы бекітілген Тарифтік сметаның орындалуы№ р/с

Көрсеткіштер атауы Өлшем бірлігі

2016 ж. ауытқу Ауытқулар себебіБекітілгені Факт %

I Тауарларды өндіруге, қызметтерді көрсетуге арналған шығындар, барл., с.қ.

млн.тг 26 343 25 163 -4,5%

1 Материалдық шығындар

млн.тг 681 607 -10,8% Сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша үнем. Ауа райының жылы болуына және энергия-ны үнемдеу технологиясын қолдануға байланыс-ты, шаруашылық қажеттіліктеріне электр энерги-ясын тұтынудың азаюы

2 Бөлек аударулар-мен бірге еңбекақы шығындары

млн.тг 6 633 6 774 2,1%

3 Амортизация млн.тг 5 292 5 297 0,1% 4 Негізгі қордың

ұлғаюына алып келмейтін күрделі жөндеу

млн.тг 2 475 1 646 -33,5% 2016 ж. жөндеуге жұмсалған нақты шығын 2 508 млн теңге.Шығындарды ұтымды және дұрыс есептеу мақсатында, шығындардың жартысы 862 млн теңге мөлшерінде қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартына сай капиталдандыруға жататын шығындар ретінде қайта қарастырылған (IAS 16) («Табиғи монополиялар туралы» Заңның 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «АЖК» АҚ аудиторлық ұйымдармен міндетті жыл сайынғы аудитті өткізуге міндетті).

5 Нормативтік ысыраптарға арналған шығындар

млн.тг 9 578 9 272 -3,2%

6. Электр энергия-сын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру қызметі

млн.тг 95 83 -12,6% Аталған қызмет көлемі - э/э нормативтік ысыраптарының нақты көлеміне және шаруашылық қажеттіліктерге арналған эл.энергиясының көлеміне тең. Азаю э/э норм. ысыраптарын және шаруаш. қажеттіліктері көлемін азайту есебінен болған

7 Жиілікті реттеу млн.тг 456 424 -7,1% Бекітілген көрсеткіштерге қызметтердің нақты құнының ауытқуы «НЭС Кыргызстана» ЖАҚ-дан қуат резервінің болмауына байланысты, қараша және желтоқсанда қуатты реттеу қызметінің шектелуіне байланысты болған

8. Бөгде ұйымдардың қызметі

млн.тг 1 134 1 060 -6,5% Үнем - байланыстың арзан балама түріне (телеф.; интернет) көшу есебінен; азаю - еңбек қорғау бойынша сатып алу рәсімін қайта жүргізуге және жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін орындамауына; шарттар бойынша 2017 жылға қызметтің бір бөлігінің көшірілгеніне, т.б. байла-нысты. «Салықтар» бабы бойынша (экологиялық төлемдер) төмендеу - автокөлік құралдарын, ар-найы техниканы, жабдықтарды есептен шығару нәтижесінде болған.

II Кезеңдегі шығындар, барлығы, с.қ.

млн.тг 2 288 2 417 5,6%

9 Жалпы және әкімшілік шығындар, барлығы: со-нымен қатар:

млн.тг 1 630 1 767 8,4%

9.1. Бөлек аударулармен бірге әкімші персоналдың жалақысы

млн.тг 488 516 5,7% Тарифтік сметада әкімші персоналдың жалақысы бойынша сома 2015 ж. 9 айының қорытындыларымен жасалған орташа жалақы бойынша инфляция коэффициенті есепке алын-бай, 213 адам санымен, 173 637 теңге мөлшерінде қабылданған болатын. 2016 жылы тиімді қызметке байланысты шығындар бабы бойынша үнемдеу есебінен 6%-ға жалақыны индексация-лау жүргізілген

9.2. Салықтар млн.тг 876 993 13,3% Мүлік салығы 2016 жылғы бухгалтерлік есеп деректеріне сай негізгі құралдардың нақты қолда болуына орай есептелген.

9.3. Өзге шығындар, барлығы

млн.тг 266 259 -2,9% Шаруашылық қажеттіліктерге электр энергия-сын тұтынудың азаюы - ауа райының жылы бо-луына және ыстық суға сенсорлық тетігі бар қосқыштарды орнатумен, энергияны үнемдеу тех-нологиясын қолдануға байланысты; желтоқсанда пошта шығындарын жеткізушінің кеш беруіне байланысты.

10 Сыйақылар төлеуге жұм-салған шығындар (Екінші деңгейдегі банктер)

млн.тг 658 650 -1,3% Заемдық қаражат бойынша банкке сыйақылар төлеуге кеткен шығындар (инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бағытталған)

11 Қызметтерді көрсетуге арналған шығындар, барлығы

млн.тг 28 632 27 579 -3,7%

12 Пайда млн.тг 5 342 5 869 9,9%13 Барлық кірістер млн.тг 33 974 33 448 -1,5%14 Көрсетілетін қызметтер

(жұмыстар, тауарлар) көлемі

млн/кВтч

6 350 6 252 -1,5%

15 Нормативтік техникалық ысыраптар

% 14,90 14,90 0,0%

млн/кВтч

1 114 1 078 -3,2%

16 Тариф (ҚҚС-сыз) теңге/кВтч

5,35 5,35 0,0%

2. Уәкілетті органның ведомствосымен бекітілген, 2016 ж. инвестициялық бағдарламаның орындалуы

Іс-шаралар атауы Жоспар Факт % орын-далуы Негіздеме

Бөлуші электр тораптарын қайта құрылымдау 4 397 4 377 100%ЭЖЖ салу, қайта құрылымдау 1 032 1 031 100%

ҚС салу, қайта құрылымдау 2 548 5 227 205%

Алматы қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот шешіміне сай, сондай-ақ Алматы қ. Апелляциялық сот алқасы анықтамасымен бекітілген, 04.07.2016 ж. бейбіт келісім негізінде, Екі тізбекті 220кВ-ЭЖЖ-мен «Кеңсай» 220/110/10 кВ-ҚС-ны салу» жобасы бойынша нақты орындалған жұмыстар үшін, ҚҚС-мен 4 500 млн теңгеге шарт сомасы ұлғайған

SCADA, ЭКЕАЖ енгізу 2 035 2 301 113%

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 6-бабы 5-2) тармағы және 7-бабы 4-1) тармақшасына сәйкес, нормативтік техникалық ысыраптар тарифтік смета бабы бойынша шығындарды үнемдеу есебінен «SCADA» бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңғырту бойынша жоба іске асырылған, 2-кезең.

Өндірістік қызмет үдерісіне тікелей қатысатын, өндірістік активтерді және басқа да негізгі құралдарды жөндеуге арналған басқа да шығындар

382 382 100%

Негізгі құралдар мен мате-риалдық емес активтерді алу 268 267 100%БАРЛЫҒЫ 10 662 13 584 127%

Электр тораптары мен жабдықтарды күрделі жөндеу 862

Аталған шығындар жөндеуге арналған ағымдағы шығындарда 2016 ж. тарифтік сметада қарастырылған. Шығындарды ұтымды және дұрыс есептеу мақсатында, шығындардың жартысы 862 млн теңге мөлшерінде қаржылық есептіліктің Халықаралық стандартына сай капиталдандыруға жататын шығындар ретінде қайта қарастырылған (IAS 16) («Табиғи монополиялар тура-лы» Заңның 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес, «АЖК» АҚ аудиторлық ұйымдармен міндетті жыл сайынғы аудитті өткізуге міндетті).

БАРЛЫҒЫ 10 662 14 448 136%

ИБ-ны іске асыру нәтижесі:● Топырақ опырылуы және ҚС-ның құлауы бойынша жоғары тәуекелдерге орай, «Горный Гигант» ҚС-да төтенше жағдай

туындағанына байланысты, 2016 жылы №131А «Горный Гигант» 220/110/10 кВ-ҚС жүктемесін келешекте 131А ҚС-ны бөлшектеумен 110 кВ-тық тораптар бойынша «Ерменсай» 220/110/10-6 кВ-ҚС-ға көшіру жұмыстары басталған. Жобаны іске асырудың мақсаты – Алматы қ. тұтынушыларын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және №110А, №111А, №163А, №164А, №153А, №148А 110кВ-ЭЖЖ жүктемесін «Ерменсай» ҚС-ға көшіру.

● 2016 жылы ұзындығы 6,67 км Ерменсай ҚС – КазГУ ҚС 110 кВ-КЖ құрылысы аяқталған. КЖ-ні салудағы мақсат – Алматы қаласының оңтүстік бөлігіндегі тұтынушыларды электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру және келешекте «Горный Гигант» ҚС-ны бөлшектеу үшін, «Ерменсай» 220/110/10 кВ-ҚС-ға «Горный Гигант» №131А ҚС жүктемесін көшіру.

● 2016 жылы 22А, 50А, 100А ҚС-ның қолданыстағы 6кВ-тық тораптарын жаңадан салынған «Медеу» ҚС-дан және «Шымбұлақ» ҚС-дан және «Алмалы» 150А-ҚС 10 кВ-ЭЖЖ-дан 10 кВ-тық кернеуге көшіру жұмыстары, жүктемені №19А ҚС-дан жаңадан салынған «Мамыр» ҚС-ға көшіру бойынша жұмыстар, сондай-ақ қолданыстағы №4А ҚС-ның жүктемесінің бір бөлігін жаңадан салынған «Алатау» 110/10-10 кВ-ҚС-ға көшіру бойынша жұмыстар басталған. Жобаларды іске асырудағы нәтиже – «АЖК» АҚ электр тораптарында ысыраптарды азайту және екі рет трансформациялауды болдырмау, сондай-ақ 35 кВ-тық кернеулі класты жою жолымен 10 кВ-тық бөлу тораптарының босатылымдық қабілетін ұлғайту, 6 кВ-тық электр то-раптарын жоғары 10 кВ-тық кернеуге көшіру болып табылады.

● 2016 жылы «Түрксіб» №14 110/10/6 кВ-ҚС-ны салу бойынша жұмыстарды жүргізу басталған. Нәтижесі: трансформаторлық қуаттың өсуі 30 МВА.

● 2х25 МВА қуатты трансформаторларды 2х40 МВА қуатты трансформаторларға ауыстырумен «Талғар» 110/35/10 кВ-ҚС-ны қайта құрылымдау бойынша жұмыстарды жүргізу жалғасуда. ҚС-ны қайта құрылымдау мақсаты – тұтынушыларды сенімді электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету және Талғар қ. жаңа тұтынушыларын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Нәтижесі: трансформаторлық қуаттың өсуі 30 МВА.

● Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша 6/10-0,4 кВ-тық тораптарды қайта құрылымдау орындалды. 2016 жылы 138 дана мөлшерінде қосымша ТҚС орнатумен және ауыстырылумен жалпы ұзындығы 383,84 км тораптар қайта құрылымданған. Олар: Алматы қаласы бойынша: - 220,3 км тораптар және ТҚС 82 дана жәнеАлматы облысы бойынша 163,54 км тораптар және 56 дана.

● ЭКЕАЖ жасау бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы 15 000 дана мөлшерінде тұтынушылардың ЕА-сын орнату бойынша төменгі деңгейдегі жоба іске асырылды.

Серік НЕГИМОВ,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдары­ның докторы, профессор

Ол 1969 жылы университет тәмамдап, Арал қаласындағы №67 сегіз жылдық орыс мекте-бінде мұғалім болып, одан әскери міндетін өтеп, 1972 жылы КазГУ-ге оралып, сол жерден Ғылым академиясына ауысады.

1981 жылы «Урыссонның сызықтық операторларының Липшицтілігі мен үзіліссіздігі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Сөйтіп, ғылыми-шығармашылық әлеуе-тін, математиканың түпсіз тұң-ғиық иірімдерін танитын зе-рек қабілетін танытады. Қорғау рәсімдерінен кейін анасы Сәнім: – «Рысқұл, тағы оқисың ба?», – депті. «Апа! Бұл оқу – білімнің ба сы ғой», – деген. Анасы қайта-дан: «Жарайды, Рысқұл! Аман бол да, алға оза бер, оқи бер!», – депті.

Ананың ақ тілегі жарылқап, 1994 жылы ойлы ғалым «тереңге бет қойып» (Абай), таным-пай-ым жолында қажырлылықпен еңбектеніп, тоғыз толғанып, он ойланып «Интеграл және дифференциал операторлардың жүктемелік бағамдары» атты тақырыпта докторлық диссерта-ция қорғайды.

Ол әділдік, кісілік, түзулік жолында жан сала қызмет етті. Математика және механика инс-титутында жұмыс істеген кезеңде Рысқұл Ойнаров ғылыммен түбегейлі шұғылданып, қоғам-дық жұмыстарға да белсене араласты. Он жылдан астам уақыт ол институттың кәсіподақ коми тетін басқарды. Институт басшылығымен бірлесе отырып, ұжымның әлеуметтік жағдайын көтеру жолында көп еңбек етті. Әсіресе, жыл сайын инсти-тут қызметкерлеріне қаражат бөлдіріп, бала-шағасымен 40-50-ге жуық адамды Алматау тур-базасына 10 күндік демалысқа алып баратын. Ол институтта ұжымдық келісімшарттың орын-далуын қатты қадағалады.

Профессор Р. Ойнаров функ-ционалдық талдау және оның қолданыстары саласында 100-ден аса ғылыми мақалалар жа-зып, олардың ішінде 35-тен астамы халықаралық жоғары деңгейдегі импакт факторлы журналдарда жарияланған. Математикадағы интегралдық операторлар теориясындағы өте күрделі мәселенің бағытын алға тартатын зерттеулері дүниежүзілік математикалық әдебиеттерде «Ойнаров шарты (Oinarov condition)», «Ойнаров өзегі (Oinarov kernels)», «Ойнаров класы (Oinarov class)» терминдері қолданылып, «Ойнаров, Oinarov» қағидаты дүниежүзілік мате-матика мәдениеті тарихы-на енді. Ойнаров қағидалары! Ой ландырады. Рас, ұшан-те-ңіз жетістіктерге жеткізетін адамның ары, жүрегінің қай-раты, ақылдың сәулесі, руха-ни болмысы. Ол тумысынан қазақтың фольклорын жанын-дай сүйеді. Абайды, Мағжанды, Мұқағалиды, Жұмекенді рухани нәр-қорегім деп қабылдайды. Математикалық ойлау қабілетін ұлттың көркемдік ойлау жүйе-сімен сәулеттендіреді.

Профессор Р.Ойнаровтың ғылыми еңбектерінің халық-аралық деңгейде тағы бір баға-лануы оның ағылшын тілін-дегі «Eurazian Mathematical Journal» (Астана), «Journal of mathematical inegualities» (Загреб, Хорватия) және «Advances in Inegualities and Applications» (Лондон, Ұлыбритания) сияқты халықаралық математикалық ғы-лы ми журналдардың алқа мүше-сі екендігінен де көрінсе керек.

П р о ф е с с о р Р . О й н а р о в 1986 жылдан бастап ғылыми жобалардың жеңімпазы және ғылыми жетекшісі. 2006 жылы халықаралық INTAS, Open call грантын ұтып алып, 2006-2008 жылдар аралығында халықаралық INTAS ғылыми тақырыбының жетекшісі болды. 2009 жылы ғылыми координатордың аты-нан ақшалай сыйлықпен мара-патталды.

Профессор Р.Ойнаровтың ғылыми жетекшілігімен 1 физи-ка-математика ғылымдарының докторы және 1 филология ғы-лым дарының докторы, 15 ғылым кандидаты даярланды.

2005 жылғы ел Президентінің Жарлығы бойынша Қазақстанның екі университетіне, ҚазҰУ мен ЕҰУ-ге шетел профессорлары-мен біріге, PhD докторларын дайындау үшін қомақты қаржы бөлініп, ЕҰУ-де PhD докторан-турасы ашылған-ды. Р.Ойнаров ЕҰУ профессорларының қарлы-ғашы атанып, 2005 жылы про-фессор Ларс-Ерик Персонмен бірге Швецияның Лулео техно-логиялық университеті (ЛТУ) мен ЕҰУ арасында, 2008 жылы профессор Массимо Ланца де Христофриспен бірге Италияның Падова университеті (ПУ) мен ЕҰУ арасында бірігіп PhD док-торларын даярлау жөнінде келі-сім шарт жасасты. Осы келісім шарттардың негізінде ЕҰУ-де 12 PhD докторлар дайындал-ды. Олардың ішінде Айгерім Қалыбай, Замира Абдықалықова, Лариса Арендоренко, Айнұр Темірханова, Ақбота Абылаева Р.Ойнаров пен Л.-Е.Перссонның ғылыми жетекшіліктерімен Шве-ция ның ЛТУ-інде қорғап, Шве-ция ның PhD докторы ғылыми атағын алды.

Ал Жанар Таспағанбетова мен Салтанат Құдабаева Р.Ойнаров пен профессор Массимо Ланца де Христофристің ғылыми же-текшіліктерімен Италияда қор-ғап, Италияның PhD докторы ғылыми атағын иеленді және де Ойнаровтың ұсынысы бойынша профессор Назерке Тілеуханова мен Л.Е.Перссонның ғылыми жетекшіліктерімен Ләззат Сары-бекова Швецияда қорғап, Шве-цияның PhD докторы ғылыми атағын алды.

Бұл диссертацияларды қорғау аталған университеттердің есе-бінен қаржыландырылады. Мұның өзі Р.Ойнаровтың білім-паз математик ретінде шетелдер-де де мәшһүр екендігін айғақ-тайды. Қазақстанда PhD докто-рантураға түсіп, диссертация-сын Қазақстанда қорғаумен қатар, шетел университетінің қаражатымен сол университе-те қорғау Қазақстанның басқа ғылыми саласында болған емес. Профессор Рысқұл Ойнаровтың пайым дауларын ескерсек, өрке-ниетті мемлекеттерде PhD док-торларын әзірлеудің мейлін ше қатаң әрі әділ шарттары бар екен:

Біріншісі. Диссертанттың ғы-лыми-шығармашылық әлеуеті.

Екіншісі. Оның адами қасиет-тері: ар мен жан тазалығы, абырой-беделі.

Үшіншісі. Іскерлік деңгейі, шеберлік қырлары.

Төртіншісі. Диссертацияны талқылауға комиссияның 3 мүше-сі және 1 оппонент қатысады. Сондай-ақ, диссертация қорғауға белгілі бір майталман, білгір ма-ман қолдаухат (рекомендация) береді. Қолдаухат берушінің жауапкершілік міндеті аса ауыр. Ол талапкердің ғылымдағы тағдыр-талайына таразы.

1991 жылы ұлтжанды Р.Ой-наров «Қалауын тапса қар жа-нар...» дейтін мақаласында («Ана тілі», 26 желтоқсан 1991 жыл, №52) Ш.Біләловпен бірігіп, ұлт-тық математикалық ғылыми тер миндер жасаудың жолдарын тереңнен ойластырады. Тегінде,

белгілі бір ұғым, құбылыс, заң-дылықтың қасиеттерін, ара-қатынастарын зерделеу барысын-да жаңа ұғымдардың туындайты-нын және мұның табиғатын, ішкі сыр-сипатын нақтылы сөйлететін атаулы термин – сөз пайда бо-латынын баяндап, «қисынымен қызықты» термин сөзтаным үдерісіне әсер ететінін, оның қазақтың әдеби тіліне көшетінін, ұлттың санасынан жарқын кө-рініс табатынын дәйектейді. Жат ұғымдар мен терминдер-ге лайықты баламалар табудың тәсілдерін былай айқындайды: 1) жаңа сөз жасау; 2) түркітектес халықтар тілінен балама іздеу; 3) халықаралық терминдерді қолдану мәселесі. Бұл орай-да автор «бұл терминдерсіз біз халықаралық байланысқа кіре алмаймыз, ғылым мен техни-каның жетістіктеріне қолы-мыз жетпейді-мыс» дейтін пікірлерді терістейді. Мы салы, Елдес Омаровтың «Пішін-деме» атты еңбегінде (Қызыл-орда қаласы,1928) «функ-ция» терминдік атауы «бер-не» делінген. Бұл қазақтың төл сөзі, Ах мет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» бар.

Профессор Р.Ойнаровтың Ж.Біләл ұлымен бірігіп құрас-тырған «Математикалық аталым-дардың орысша-қазақша сөздігі» (Алматы, 1992. -430 бет) ғылыми байыптылығымен, салиқалы ізденістерімен ерекшеленеді. Ұлттық ғылыми сана, ұлттық ғылыми тіл мәнісі де осы бір сөздіктен айқын елес береді. Айта кетерлік бір жайт, профес-сор Р.Ойнаров Математика және механика институтында 1989-1991 жылдарда ғылыми семинар ұйымдастырып, Алма тыда ЖОО-дағы білімдар матема тиктердің басын қосып, пі кірлерін сарапқа салып, тал қылап, ой бөлісіп, ақыл дасып, ғылыми терминдерді қалып тастыру негізін жасаған-ды.

Ізгілік әрекеттерге, тәуекел-шіл дікке, әділеттілікке, дегдар-лыққа, сыпайылыққа, мейір-рақымға, ішкі мәдениетке ие да-рынды оқымысты-математик, та-маша ұстаз Рысқұл Ойнаровтың кемел тұлғасы турасында Шве-цияда PhD докторы ғылыми атағын иеленгендер былайша сыр толғайды:

– Менің ойымша, Рысқұл ағайдың басқа кісілерден ерек-шелігі мынада: ол кісі тек әлемге әйгілі профессор, да рынды және парасатты тұлға ғана емес, біріншіден, қарапайым дылығы және әр уақытта шәкірт теріне өз білген білімін үйре туден тынбай-тын кісі. Ол кісі тек жетекшілік етіп, ғылыми бағыт қана беріп қоймай, өмірлік білім беруден де жалықпайды. Барлық шәкірттері жоғарыдан көрінсе, бірдеңеге қол жеткізсе, өз қатарының алды болса деген ізгі ақ ниет-пен біздің тілеуімізді ті леп, бізді соған сүйреп жүреді. Бар лық шәкірттері қорғап, жырақ кетсе де, әлі күнге дейін ағаймен ха бар-ласып, жағдайын біліп тұрады.

Тағы да ерекше айтып кететін қыры, ол кісі өзі тыңдай біледі және тыңдата біледі. Әр оты-рыстарда керемет билеп, сол отырыстың гүлі болып, барлық уақытта сол отырысты басқара біледі – дейді әдептілігіне жан сүйсінерлік Ақбота Абылаева.

– Мектеп табалдырығын алғаш аттаған кезді еске түсір-генде бірінші мұғаліммен бай-ланыстырсам, ғылым жолындағы ұстазым ол – Рысқұл аға. Рысқұл аға оқуға келген жастарды, соның ішінде мені, ғылымға тартып, қызықтырып, жұмыста бағыт-бағдар беріп, өмір-тіршілік жағдай ларында өз кеңесін аяма-ған, жетістіктерімізге қуанып, қиыншылықта демеп, өмірімде ерекше орын алған қорған-панам болып табылады. Ұстазға деген ілтипатымды:

Жақсы аға күнде шуақ сыйлар жанға,

Мерейім өсіп тұрар ағам барда,

– деп сипаттасам дұрыс болар еді. Және де Бауыржан дейтін әріптесім:

Рысқұл ағам білім кенінаямаған,

Өзіңіздей қызғалдақтыаялаған.

Ағамыз бәйтерек қойғылымдағы,

Шәкірттері жапырағынсаялаған,

– деп мен «Дарын» мемлекеттік сыйлығына ие болғанда, ұста-зымның маған деген ұлы еңбегін осылайша сөйлеткен-ді, – деп ағынан ақтарылды сырлы сөзіне, жан сырына нәзіктігі жарасқан Айнұр Темірханова. Толық кәме-летті ұстаз еңбегінің жемісі мен бақыты, дәстүрі мен мектебі, ғибрат-тағылымы деген осы.

Ойы – нар, сойы – ар

Page 11: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

14 наурыз 2017 жыл 11спорт

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Хоккей

Футбол

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жоғары хоккей лигасындағы плей-офф сынының 1/4 финалына шыққан қазақстандық қос клуб – Қарағандының «Сарыарқасы» мен Өскеменнің «Торпедосы» алғашқы ойындарын өткізді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Чемпионатты ірі жеңіспен бастаған «Тобыл» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Стадион дайын болмағандықтан ойын Қостанайда емес, Затобольск деген қалада өткен еді. Сыралғы қарсыластар арасындағы матч алма-кезек шабуылмен өрбіді. Алғашқы минуттарда алаң иелерінің шабуылшысы Джордже Деспотович баспен ұрып, қақпаға қауіп төндірсе, қонақтардың ойыншысы Игорь Зенькович алыстан теуіп, есеп аша жазда-ды. Ойынның екінші бөлігінде чемпионат сұрмергені Алексей Щеткиннің гол соғатын екі бірдей мүмкіндігі болған. Алайда, шабуылшының соққылары қақпадан қиыс кетіп жатты. Ойынның соңына таман қостанайлықтар қарсылас қақпаны торуылға алды. Бірақ, бұл ойында сенімді өнер көрсеткен қақпашы Самат Отарбаевты қапы қалдырудың сәті түспеді. Матч 0:0 есебімен тең аяқталды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлықпен күрес қызу қарқын алып, қоғамды қолы таза емес жандардан арылту жұмыстары жолға қойылып келеді. Соның бір дәлелі Көкшетауда «Жемқорлыққа қарсы тұңғыш медиа-орталық республикалық қоғамдық бірлестігі өткізген «Жемқорлыққа қарсы қоғамдық пікір мен халықтың ойын қалыптастырудағы қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тың рөлі» атты форум болып табылады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры Сейітқали Исақұлұлы Шалабаевқа анасы

Үрия ТҰРСЫНҚЫЗЫНЫҢқайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл ай-тады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы ректор аппаратының жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі, халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі Бақтияр Өрісбайұлы Смановқа інісі

Бахрам ӨРІСБАЙҰЛЫНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстан Республикасындағы Атқару дирекциясының ұжымы директордың орынбасары Әмірхан Қадірбекұлы Кеншімовке әпкесі

БҮБІХАННЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Настоящим, сообщаем, о недействительности утраченных документов (прос пект выпуска акций со всеми изменениями и дополнениями) акционер-ного общества «Национальный аналитический центр», за весь период суще-ствования общества.

Осы хабарламамен «Ұлттық талдамалық орталық» акционерлік қоғамының қоғамның жұмыс істеген барлық кезеңіндегі жоғалған құжаттардың (акциялар шығарылымының проспектісі оған енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге) жарамсыздығы туралы хабарлаймыз.

«2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30

желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ осы арқылы мына активтердегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ акцияла-

ры (қатысу үлесі) сатылатыны туралы хабарлайды:

1. «Орал металқұралым және мырыштау зауыты» АҚ (29,77%);2. «Раннила Казахстан» АҚ (44%);3. «PamsPipe» АҚ (100%);4. «А-КБК» ЖШС (100%);5. «White Fish of Kazakhstan» АҚ (42,34%); 6. «МырзАбеК-АЛТЫН ТАС групп» АҚ (39%);7. «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ (44,5659%).Сауда-саттық «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай опе-

раторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.07.2011 жылғы №802 қаулысына сәйкес, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ (gos-reestr.kz) порталында өткізілетін болады.

Қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты 6 актив бойынша алғашқы сауда-саттық нәтижесінде аукцион өткізілмеді. Екінші сауда-саттық күні (бағаны төмендету) – 2017 жылғы 04 сәуір.

Жеңімпаз сатып алу-сату шартына 10 күндік мерзімде қол қоюдан бас тартуына байланысты «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ активі бой-ынша сауда-саттықтан бас тартылды. Актив сатылымға қайта қойылатын болады (бағаны көтеру).

Барлық қажетті ақпарат gosreestr.kz сайтында бар.Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Қазақстан, Қонаев к-сі, 8,

«Изумрудный квартал» бизнес орталығы, Б блогы, 31-қабат. Тел. 87172-559596 ішкі 331, ұялы 8778-6050125, 9:00 – 18:30. E-mail: [email protected]

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30

желтоқсандағы №1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары шеңберінде,

«Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ осы арқылы мына активтердегі «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ акцияла-

ры (қатысу үлесі) сатылатыны туралы хабарлайды:

№ Сатылатын активтер атауы Сауда-саттық

әдісі

Сауда-саттық

күні1 «Орал металқұралым және мырыштау зауы-

ты» АҚ (29,77%)

Бағаны төмен-дету

2017 жылғы 04 сәуір

2 «Раннила Казахстан» АҚ (44%)3 «PamsPipe» АҚ (100%)4 «А-КБК» ЖШС (100%)5 «White Fish of Kazakhstan» АҚ (42,34%)6 «МырзАбеК-АЛТЫН ТАС групп» АҚ (39%)7 «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ

(44,5659%)Бағаны көтеру

Сауда-саттық «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай опе-раторды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.07.2011 жылғы №802 қаулысына сәйкес, «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ (gos-reestr.kz) порталында өткізілетін болады.

Қатысуға өтінімдердің болмауына байланысты 6 актив бойынша алғашқы сауда-саттық нәтижесінде аукцион өткізілмеді. Екінші сауда-саттық күні (бағаны төмендету) – 2017 жылғы 04 сәуір.

Жеңімпаз сатып алу-сату шартына 10 күндік мерзімде қол қоюдан бас тартуына байланысты «Ертіс химия-металлургия зауыты» АҚ активі бой-ынша сауда-саттықтан бас тартылды. Актив сатылымға қайта қойылатын болады (бағаны көтеру).

Барлық қажетті ақпарат gosreestr.kz сайтында бар.Байланыс ақпараты: 010000, Астана қ., Қазақстан, Қонаев к-сі, 8,

«Изумрудный квартал» бизнес орталығы, Б блогы, 31-қабат. Тел. 87172-559596 ішкі 331, ұялы 8778-6050125, 9:00 – 18:30. E-mail: [email protected]

ТОО «Енбек-1» уведомляет о проведении внеочередного об-щего собрания участников ТОО «Енбек-1», назначенного на 17 апреля 2017 г. в 10 часов 00 минут по времени г. Астаны, которое будет проведено по адресу: Республика Казах стан, Акмолинская область, Аршалынский район, с. Констан-тиновка, ул. Центральная, д. № 49, на котором будут рассматриваться следующие вопросы повестки дня:

1. О получении в АО «Аграрная кредитная корпорация» займа на проведение весенне-полевых и убо-рочных работ.

2. О предоставлении в качестве обеспечения исполнения обяза-тельств ТОО «Енбек-1» в залог в АО «Аграрная кредитная корпора-ция» имущества.

3. О предоставлении согласия в АО «Аграрная кредитная корпора-ция» на внесудебную реализацию вышеуказанного имущества, в случае неисполнения или ненадле-жащего исполнения обязательств ТОО «Енбек-1» по заключаемым договорам.

4. О наделении полномочия-ми директора ТОО «Енбек-1» Тугольбаеву Багдат Амангель-диновну на подписание рамочно-го соглашения, договоров залога, гарантии дополнительных согла-шений к ним и иных документов, необходимых для получения/про-лонгации займа от имени ТОО «Енбек-1».

В соответствии с подпун-ктом 6) п. 1 статьи 57-2 Эко-логического Кодекса Респуб-лики Казахстан 27 марта 2017 года в 11 часов по адресу: г. Алматы ул. Ташкен тская, 481а, оф. 3 состоятся общественные слушания по проекту «Оценка воздействия на окружающую среду» на период строительства и эксплуатации объекта «для создания инфраструктуры жи-лого комплекса, строительства и эксплуатации многоквартир-ных жилых домов с объекта-ми обслуживания подземным паркингом, расположенного в городе Алматы, Алатауский район, ул. Ташкентская, 481а.

Заказчик материалов проек-та Тлекеев С.А., генеральный проектировщик ТОО «Алшын».

В соответствии с п. 3 статьи 57-2 Экологического Кодекса Респуб лики Казахстан с про-ектной документацией мож-но озна комиться по адресу: г. Алматы, Алатауский район, ул. Ташкентская 481а, оф 3.

Контактные телефоны: 8 771 452 59 12.

Замечания и предложения по вышеназванному проекту

можно направлять на следую щий электронный адрес: [email protected]

Қазақстан Республикасы Эко-логиялық кодексінің 57-2 бабы 1 тармағының 6) тармақ шасына сәйкес 2017 жылдың наурыз айының 27 күні сағат 11.00-де Алматы қаласы, Ташкентская көшесі, 481а-үй, 1-кеңсе ме-кенжайында «Алматы қаласы, Алатау ауданы мекенжайын-да орналасқан «Қызмет тұрғын үй кешенінің инфрақұрылымы, жер асты паркингі және қызмет көрсету объектілерімен көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы және пайдалану үшін» ныса-нының құрылысы және пайда-лану кезіндегі «Қоршаған ортаға әсерді бағалау» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі.

Жоба материалдарына тапсы-рыс беруші Тлекеев С.А. бас жо-балаушы «Алшын» ЖШС.

Қазақстан Республикасы Эко ло гиялық кодексінің 57-2 бабы 3-тармағына сәйкес жоба құжа тымен Алматы қаласы, Ташкентская көшесі, 481а-үй, 1-кеңсе мекенжайында «Алматы қаласы, Алатау ауданы мекен-жайында танысуға болады.

Байланыс телефоны: 8 771 452 59 12

Жоғарыда аталған жоба бойынша ескертулер мен

ұсыныстарды [email protected] электронды мекенжайға

жіберуге болады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы бірінші форум Астана қала-сында өткені белгілі. Бұл – екінші шара. Енді ұйымдастырушылар мұндай игі шараларды еліміздің әр өңірінде өткізіп тұруды көздеп отыр. Аталған шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлықпен күрес үде-рісіндегі қоғамның және қо ғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күшейту. Ең бастысы, ел тұрғындарының са-насына жемқорлықтың қоғам мен мемлекет үшін қауіптілігін жеткізу.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қар сы іс-қимыл агенттігінің сы бай лас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің дирек-торы Салауат Мұқсимов жи-ында жемқорлық тәуекелдері мен себептерін жоюға толық мүмкіндік бар екендігін алға тартты. Өткен жылы қолда-ныстағы заңнама ауқымды инвен таризацияға ұшы рап , соның нәтижесінде екі мыңнан астам жемқорлық тәуекелдері анық талып, соның мың жары-мы жойылғаны ерекше атал-ды. Ендігі мәселе – сыбайлас

жемқорлықтың алдын алуға қоғам болып жұмылу. Сыбайлас жемқорлық – тек құқық тық көрініс қана емес, терең жа ғым-сыз іс-әрекет екенін қоғамға жеткізу және әрбір мемлекеттік қызметкерге көрсетілген сенімге селкеу түсірудің алдын алу.

Ақмола облысы әкімінің орын-басары Нұрлан Нүркенов еліміз тәуелсіздік алған кезден бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізіп келе жатқандығына назар аудартты. Елбасы «100 нақ ты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес нақты тапсырмалар жүк-тесе, биылғы Жолдауында сы-байлас жемқорлық деңгейінің төмендегенін мәлімдеді. Дей тұр ғанмен, негізгі басымдық әлі сыбайластық салдарымен күреске бағытталып келеді. Сондықтан да бұл іске қоғамның барлық өкілдері қатысқаны маңызды. Бұл ретте барлық азаматтық институттардың және азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінсіз еш нәтиже болмайтыны түсінікті. Басқосуда мәселенің осы жағына баса назар аударылды.

Ақмола облысы

Жемқорлық – індет, Жою – міндет

Сыбайластықпен қоғам болып күрескен ұтымды

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Қарағандыда өткен матчта «Сарыарқа» Ресейдің «За уралье» командасымен кездесіп, 3:1 есебі-мен басым түсті.

Қос команданың арасындағы матч қаншалықты тартысты өрбі-ген мен, есеп тек алғашқы кезеңнің

соңғы минутында ғана ашылды. Бұл шайбаны «Сарыарқа» са-пынан Олег Ломако өз еншісіне жазды. Кез десудің екінші кезеңі басталар тұста Виталий Смолья-нинов қонақтарды тағы бір мәрте қапы қалдырды.

Матчтың соңғы бөлігінде жан -күйерлер екі голдың куәсі бол-ды. Алдымен, 52-минутта Артур

Сарваров басымдықты арт тырған болса, негізгі уақыт тың аяқталуына үш минут қалғанда «Зауралье» ой-ыншысы Евгений Сулимов жалғыз голдың авторы атанды.

Қос ұжымның арасындағы теке-тіресте «Сарыарқа» осылай-ша алға шықты.

Дәл осы сында өнер көрсеткен Өскеменнің «Торпедосы» өз ай-дынында Санкт-Петербургтің «Динамосымен» күш сынасып, 2:3 есебімен есе жіберіп қойды.

Кездесудегі алғашқы гол 11-ми нутта соғылды. Тал ғат Жай-лауов тың нә тижелі соқ қысынан кейін шығыс қазақ стандықтар есепте алға шыққан. Алайда, ара-ға екі минут салып Артур Чу-ви ляев таразы басын теңестіріп кетті. Матчтың келесі кезеңінде бір ғана шайба соғылды. Бұл тұста «Торпедо» сапынан Майк Дал хёй-сен мергендігімен танылды.

Ойынның соңғы бөлігі жерлес-теріміз үшін ойдағыдай аяқтала қоймады. Себебі, төрешінің ыс қы-рығы естіле салысымен алға ұм -тылған питер ліктер есепті 2:2-ге жет кізсе, араға үш минут салып жеңіс го лын салды. Бұл шайбалар, сәй кесінше Сергей Кузнецов пен Вадим Щегольковтың есебіне жа-зылды.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

Премьер-лигаға қайта орал -ған «Қайсар» бірінші тур-д а «Оқжетпесті» ірі есеп пен ұтқан болатын. Бұл же ңіс қанат-тандырған қызы лор далықтар екінші турда да шабыт пен ойнап, өз алаңында «Та разды» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ойында есепті қонақтардың шабуылшысы Руслан Мұха метшин ашты. Таблодағы есепті матчтың 34-минутында Владимир Аржанов теңестірді. Ал «Қайсарға» жеңіс әкелген екінші голды кездесудің 72-минутында Саиди Нтибазонкиза соқты. Осы жеңістен кейін «Дала қас-қырлары» турнир кестесінде алты ұпаймен жеке-дара көш бастады.

Бұл турда «Астана» Пав лодар барып, жергілікті «Ертіс пен» күш сынасты. Ойын басталғаннан-ақ қонақтардың басымдығы байқалды. Тіпті, олар 14-минутта есеп ашып, алға да шықты. Допты алыстан теуіп «тоғыздыққа» тура кіргізген Серікжан Мужиков болатын. Бір қызығы, бұл гол – «Астананың» барлық турнирлерде соққан 500-ші голы еді.

Көп ұзамай, алаң иелері де өз дегендеріне жетті. Кездесудің 31-минутында Евгений Ткачук қақпаны дәл көздеді. Ойын соңына дейін осы есеп өзгермей, матч 1:1 есебімен тең аяқталды.

Бірінші турда аса ауыр кездесу өткізіп, шаршаңқыраған «Қайрат» Көкшетауға барып,

«Оқжетпеспен» ойнады. Кез десуді екі команда да аса сақ бастаған болатын. Дегенмен, ойынның 19-минутында алаң иелері алға шықты. Лукас Хорват берген пас-ты Александр Козлов голға ай-налдыра білді. Соғылған голдың алматылықтарды қам шылағаны рас. Көп ұзамай Исаэльден тама-ша пас алған Жарко Маркович қақпаны дәл көздеді. Екінші таймда алаңға ойыншы алмасты-рып шыққан Андрей Аршавин кездесудің көрігін қыздырған еді. Бірақ, ресейлік шебер бірден гол соғатын тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Матчтың 53-ми-нутында Елдос Ахметовтің алаңнан қуылғанына қарамастан, «Қайрат» алаң иелерін тықсы рып-ақ бақты. Кездесудің 82-ми ну тында Андрей

Аршавин көздеген мақсатына жетті. Бірақ, алматылықтар жеңісті уыста ұстап тұра алмады. Қосымша уа қытта «Қайраттың» қақпасына бел гіленген пенальтиді сәтті орын-даған Виталий Волков ко ман дасын жеңілістен құтқарып қалды.

Бұл турда «Ордабасы» мен «Атырау» да тең ойнады. Есеп – 1:1.

«Ақжайық» пен «Шахтер» арасындағы матч соғылған гол-дар дың көптігімен есте қалды. Бұл ойында есеп кездесу бастал-май жатып ашылды: Матиас Рубио қақпа алдындағы қар балас-ты шебер пайдалана білді. Екінші голды пенальтиді сәтті орындаған Азу Изука соқты.

Кездесудің екінші бөлігін қарағандылықтар ширақ бастады. Ойынның 69-минутында оң қанаттан берілген допты баспен дәл соққан Дәуренбек Тәжімбетов есеп айырмашылығын қыс-қартты. Алайда, арада үш минут-тай өткенде тағы да Азу Изука мергендік танытып, есепті 3:1-ге жеткізді.

Келесі 3-ші тур 17-18 наурыз-да өтеді. «Тараз» бен «Қайрат» және «Астана» мен «Ақжайық» 17 наурыз күні өзара күш сынас-са, 18-і күні «Атырау» – «Ертіс», «Ақтөбе» – «Ордабасы», «Оқжет-пес» – «Тобыл» және «Шахтер» – «Қайсар» матчтары ойналады.

Бірі жеңіп, екіншісі есе жіберді

«Дала қасқырлары» жеке-дара көш бастады

––––––––––––––––––––Өскемендегі «Жекпе-жек» спорт сарайында еркін күрес-тен өткен жасөспірімдер арасындағы облыс чемпио-натына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 200-ден астам спортшы қатысты. Командалық есеп бойынша қыздар арасында үздік бо-лып Ұлан ауданының спорт-шылары танылды. Олар түрлі салмақта бес медальға қол жеткізді. Ал ұлдар ара-сында өскемендіктерге тең келер қарсылас болмады, олар тоғыз медальды қанжы-ғаларына байлаған еді. ––––––––––––––––––––

Дегенмен, жарыс қорытын дысында Семей қаласының балуандары 10 медаль иеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. Олардан кейін гі тұғырға өскемендіктер жай ғасса, үшінші орынға Жарма ауда-нының балуандары табан тіреді.

Көкпекті ауданындағы Са мар ауылының намысын қор ғаған жас балуан, «Азия бала лары» халықаралық ойында рының күміс жүлдегері, облыс тық және республикалық чемпио наттардың жеңімпазы Шыңғыс Мұхамедқалиевтың айтуынша, осы жарысқа қатысушы өрендердің әрқайсысының арманы – облыстың атын

әлемге таныту, байрақты бәсекелерде қазақтың көк туын желбірету. Спортшының өзі осы жолғы бәсекеде 76 кило салмақ дәреже сінде топ жарды.

Енді облыстың мықты деген жас балуанда-ры Ақмола облы сының Шучье қаласында өтетін республикалық сайысқа қатысатын болды.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,журналист

ӨСКЕМЕН

Бәсеке буынды бекітедіеркін күрес

ТуРНиР КЕСТЕСІ(17-18 наурызға дейінгі жағдай)

О КЛуБ О Ұ Т Ж ДОп ҰпАЙ1 Қайсар 2 2 0 0 3-1 62 Ордабасы 2 1 1 0 4-1 43 Тобыл 2 1 1 0 3-0 44 Ертіс 2 1 1 0 3-2 45 Қайрат 2 1 1 0 3-2 46 Ақжайық 2 1 0 1 4-3 37 Оқжетпес 2 0 1 1 2-3 18 Тараз 2 0 1 1 1-2 19 Ақтөбе 2 0 1 1 0-1 1

10 Шахтер 2 0 1 1 1-3 111 Астана 2 0 1 1 1-4 112 Атырау 2 0 1 1 1-4 -8

Page 12: E-mail: info@egemen.kz 14 НАУРЫЗ, TWITTER ... · ма ына ана тән к“рісу ... 1 март, қазақша жаңа жыл, Ұлыстың ұлы күні дейді

12 14 наурыз 2017 жылдидар

Көрме

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Орал қаласы Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын ауданда орналасқан осынау көп қа бат ты №67 үйдің өзге ғимараттардан еш айыр ма шылығы жоқ. Бірақ бұл сырттай қарағанда ғана. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––Бразилиялық кофені жақсы көретін жұрт көп. Бірақ, нағыз тазасына көпшілігінің қолы жете бермейді. Сондықтан Шымкенттің бір іскер азаматы сонау Бразилиядан сапалы шикізатын алдырып, таңдаулы сор­тын дайындайтын цех ашқан. Сол сұрып, сол дәм. –––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жымпиты ауылының тұрғыны, зейнеткер Төлеген Есмұханов күнделікті әдетімен ұйқысынан ерте оянған соң, қорадағы малдарын өріске шығармақ болады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторАмантай ШӘРІП

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыАрнұр АСҚАР

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] жарнама-ақпарат бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (701) 3757434;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Еуразиялық Топ (ERG) құра мындағы «Еуразия энергети калық корпорация-сы» АҚ-тағы «Әйелдер – өндірісте» атты фотокөрме осы кәсіпорында еңбек етіп жүрген әйелдерге арналды. Барлығы да сұлу, әдемі, жайдары, отбасының берекесі атанған ана, сүйікті жар. Бірақ, олардың бәрінен де ортақ еңбексүйгіштік,

рухани күш-қуатқа толы ұқсастық таба-сыз. Кәсіпорындағы ең бек етушілердің төрттен бір бөлігі – әйелдер. Көрменің авторы электр станса инженері Евгений Набиев. Энергетикалық корпорациясының кеншілері мен энергетиктері қазіргі за-ман талабына сай жаңашыл компа-ния қалыптастыру үшін еңбек етуде. Алып кәсіпорын еліміздің өңірлеріне көмір, электр қуатын жеткізеді. Көрмеге компанияның үш бөлімшесі: Ақсу электр

стансасы, «Шығыс» кеніші және Өндірістік жөндеу бөлімшесінде еңбек етіп жүрген энергетиктер, краншылар, токарь, геолог-тар, кеншілер, аспаз әйелдердің суреттері қойылған. Бұл суреттерде станса операторы Эльвира Аббакирова, қазандықтың жы лу мөлшерін қадағалаушы Еле на Леонтьева, дәнекерлеуші Ка рина Журавлева, краншы Зәу реш Байшалова, зертханашы Анас тасия Демченко, кен ма ма ны Зульфия Серғалиева жә не басқалар бар. Биікке өр ле ген кранды

бағындырушы Ев ге ния Шелякина «Алтын қор-2016» кә сіби шеберлік байқауына қатысты.

– Бұл күндері әйелдер де ерлермен қатар өз білімдерімен, біліктіліктерімен компанияның өркендеп, өсуі үшін әрқайсысы үлес қосуда, – дейді компа-ния қыз меткері Елена Гаркава. – Елі-міз де өткен «Мерейлі отбасы» ұлт-ты қ байқауының облыс тық кезе ңін де компаниядан К.Ах метов, Н.Некрытов, Г.Ганеев, С.Терень тев тер әулет тері қатыс-ты. Барлық әу леттердің аналары, қыздары, жарлары өнд ірісте жұмыс істейді.

Бұл фотокөрме әркімді де ойланды-рары сөзсіз.

Енді әйелдер еңбегін көрсе тетін көшпелі фотокөрме Ақсу электр стан-сасында, «Шығыс» кені шінде өтеді. Мақсаты – өнді рісте еңбек етіп жүрген нәзік жан ды әйелдерді жастарға, жас ма-мандарға үлгі ету.

Павлодар облысы,Ақсу қаласы

Суреттерді түсірген Елена ГАРКАВА

Еңбекші әйелдерді үлгі етті

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Қант диабетіне шалдыққан адамдарға өсімдік жапырағынан дайындалатын шәй көп жәрдем береді екен. Қазақстанда өспейтін осы шөпті Төлеби ауданының бір азаматы жылыжайда өсіріп, дайын өнімге жеткізді.

Самидулла Темірбеков деген Төлеби ауда нының тағы бір азаматы шағын хауы-зында африкалық балық өсіріп жатыр. Бізде жайын, лақа деп аталатын балықтың бұл түрі жағдайын келістірсе мол пайда береді екен.

Мамандығы ұстаз Африка лақасы тура-лы қызық мәліметтерді әлеуметтік желіден оқып, өсіріп көруге қызығушылығы оянған.

Шабақты алдыру үшін мұхит жалдап, са-харадан ерні кезеріп Африкаға барудың қа-жеті жоқ, өсіріп жатқан шаруашылықтар бар.

Бүгінде үй іргесіндегі хауызда 11 мың шабақ өсіріліп жатыр.

– Бұлар жемнен гөрі етті жақсы көреді, – дейді Самидулла. –Табиғатымыз Африкаға қарағанда, қаталдау болғандықтан хауыздың астына жылу жүйесін жүргізіп, қалыпты жылу ұстап отырамыз. Бағып, күтудің қыр-сырын меңгеріп алдық. Балықтар тоқ болса жарысып жүзеді, бір-бірімен ойнайды. Аш болса көңіл күйлері келіспей, бір орында тұра береді. Еттің де майы азын жақсы көреді.

Күніне бір құнан қойдың салмағындай ет жейтін жыртқыш балықтардан пайда түспесе кәсіпкердің өсірмейтіндігі белгілі.

Екі-үш айдан соң хауызда өсіріліп жатқан 11 мың лақа шабақтың әрқайсысы кәсіпкерге үлкен табыс әкелері хақ. Кәсіпкерлік мек-тебінен көмек алып отырған азамат өзіне де, елге де пайдалы кәсіп тапты.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Ал есіктен ішке енсеңіз, тап-таза жинақылыққа, әр қа-батта қазақ тілінде жазылған ғибратты сөздерге тап боласыз. Әр қабатқа көтерілген сайын сізді «Та залық табалдырықтан басталады», «Тазалықты сақтау – баршаның іс і !» , «Әдепті бала – арлы бала», «Таза лық – саулық негізі, Саулық – байлық нег із і» , «Ұлы жол үйіңнің табал дырығынан басталады»

де ген дей нақыл сөздер жазылған тақтайша қарсы алады.

Бұл жазбаларды өз қаржысына жасап, орна ластырған – Жаһанша Дос мұхамедұлы атындағы Орал педагогикалық колледжінің оқыту шы сы Нұрлан Хамзин бо-лып шықты. Ол тех нология бей-нелеу өнері пәнінің мұғалімі.

– Біздің үйіміз 2009 жылы қаңтар айында пай далануға берілді. Мемлекеттік бағдарлама арқылы ипотекаға алдық. Бұған дейін отбасымызбен әр жер-де пәтер жалдап келгенбіз. Өз үйіміздің, өз баспанамыздың

тазалығы, тәртібі үшін қолым-нан келіп тұрған өнерімді неге аяйын?! Бұл жазбалар көрші-лерімізге де әсер ететін сияқты. Кіре берісіміз, бас палдағымыз әрқа шан тап-таза, – дейді Нұрлан Амангелдіұлы.

– Осындай әдемі, таза үйде тұр ға ныма Құдайға шүкір айта-мын. Балаларым өскенше, 25 жыл бойы жатақханада тұрдық. Енді, міне, ұл-қызым қатарға қосылып, жұмыс жасап, осы үйден пәтер алдық. Көп қабатты үйімізді өз тілімізде безендіріп, атадан қалған асыл сөзді насихаттап жүрген Нұр лан көршіме алғыс айтамын, – дей ді осы үйдің тұрғыны Айгүл Ораз бекова.

ОРАЛ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

«Бас жарылып, көз шық-

са» да қыңқ демей, жүре бе-ретін қазағымның бүгінгі ұр пақтары ұсақталып бара жат қан сияқты. Бұлай тау-сыла сөйлеуімізге жер гі лік-ті соттардың бірінде Қыл -мыс тық кодекстің 109-бабы бойынша жеке айыптау ісі-нің қаралуы еді. «Е, кім сот-қа жүгінбей жатыр» деуі мүм кін оқырмандардың бірі. Бар гәп кезінде мыңжылдық туыстықтың белгісі ретінде төс қағыстырып, құйрық-ба-у ы р жескен құдалар ара сын-дағы ерегістің әбден ширығу

шегіне жетіп, бір-бі рі мен сот-тасуында болып отыр.

Ауылда тұратын жас отау иелері арасында тұтанған кезекті айғай-шудан кейін келіншектің шыдамы әбден таусылса керек, облыс орталығында тұратын аға ларына шағымданады. Арақ ішіп алса, «батырсы-нып» кететін күйеуінің шойын жұдырығы бата тиген сықылды. Көз жасын көлдей етіп, телефон қоңыраулатқан қарындасының құлын даусы шырқырай шықса, «ұрыста – тұрыс» болушы ма еді? Ашуға ерік берген қарулы жігіттер күйеу бала-ларын да, арашаға түскен құ-да ларын да сабап тастайды. Әбден жер болған құдалардың

бірі ар-намы сының аяққа тап-талғанын көлденең тартып, сотқа талап-арыз түсіреді.

Сот кезінде қос тарап уағда-ласудың орнына ескі жара-ның аузын қопарып, бір-бірін кінәлауға тырысады. Текетірес ушығып бара жатқаннан кейін сот екі жақты қазақы жолмен бітістірмек ниетпен ауыл ақ-са қалдарының бәтуалы би-лігіне жүгінеді. «Аталы сөзге ер тоқтар» деген. Жөн сөзге құлақ асқан құдалар бір-бірін кешіріп, қайтадан төс қағыстырады.

Бір қызығы, ерлі-зайып-тылар сол күні-ақ татуласқан көрінеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Малдарды кезекпен ай-дап, есіктен шы ғарып жүр-генде ол жем-шөп салатын шағын астау-ша ішінен ты-нымсыз шықы-лықтаған б а -ла пандар дың үні, іле-шала қанатын саба-лап, бала пан -д а р ы н ж а н -

ұшыра қорғаған жабайы үйректі көріп, аң-таң түрде тұрып қалыпты. Ғажап! Даланың жабайы үйрегі ауылдың ортасындағы үйдің қора-жайына қалай келді, осы жер-ге ұясын салып, балапандарын өрбітуінде қандай сыр бар екен?!

Таң-тамаша күйде қалған Төлеген астауша ішіндегі малдың қалдық шөбіне ұя салған дала үйрегінің балапан-дарын қамқорлыққа алып, шағын ыдысқа су құйып, жем салып қоюды да ұмытпады. Бәлкім, балапандар жем жеп дағдыланса, бағымға ұстауға болар ма еді деген ойдың да келгені рас.

Бірақ, ертеңгісін бәрі де басқаша болды. Ыдысқа құйылған жем-суға ауыз да тигізбеген үйрек балапан-дарын соңынан ертіп, кең далаға мамырлай басып кете барыпты.

Зейнеткер Төлеген Есмұханов маусым айында мал қорасы ішінен он балапанын өрбітіп, өз мекеніне аман-есен аттанып кете барған дала үйрегінің бұл келісінің себебін түсінбесе де шаңырағында бақыт құсы қонғандай жақсылыққа жорып отыр. Лайым шынында жабайы үйректің бұл жұмбағы берекеге бастай бергей.

Мүсірбек АЙТАШЕВ

Батыс Қазақстан облысы,Сырым ауданы

солай де! БәреКелді!

е, Бәсе!

сымБат

ҚызыҚ еКен...

Ас мәзірінде –африкалық лақа

Үлгілі үйден үйренейік!

Құдалар қайтадан төс қағыстырды

Жабайы үйректің тосын «қылығы»

Шетпе селосындағы Жастар орталығында Маңғыстау ауданы әкімдігінің «Маңғыстау аудандық жастар ресурстық орталығы» КММ ұйытқы болуымен қыз-келіншектер арасында аудандық байқау өткізілді. Шараға аудандағы барлық ауыл-дардан 13 қыз-келіншек қатысып, бақтарын сынады. Аталмыш байқау қызықты да тартысты өтті деу-ге болады. Талап та күшті болды. Әр қатысушының шашы ұзын бо-луы, қатысушы жасы 14-30 жас аралығында болуы керек деген шарт-тар қойылды. Аталмыш байқау төрт бөлімнен тұрды: «Шаш – адам көркі» шаш үлгісін жасау, «Өнерліге өріс кең» – өнерін бағалау, «Ақыл – ойдың өрісі» – зияткерлік сұрақтар,«Ұлт болам десең бесігіңді түзе» салт-дәстүрге арналған сұрақтар болды.

Әділқазылар алқасының құрамында өлкеге танымал әйел азаматтар төре-лік етті.

Шарада ауылдардан келген оқушы жастар мен мекеме-ұжымдардың қыз-келіншектері белсенді қатысуы ауылдағы гендерлік саясаттың қар-қын ды түрде құлшынысы алабөтен екендігін дәлелдеді.

Байқау соңында жүлделі бірінші орынды Тұшыбек ауылының Ақжан Нұрболатқызы, екінші орынды Жар-мыш ауылдық мәдениет үйі нің әдіскері Ардақ Рзабекова, ал үшін ші орынды Шетпе лицейінің 10-сынып оқушысы Назерке Бисен ғалиева иеленді. Жүлдегерлерге ұйым дастырушылар атынан бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырылды.

«Бүгінгі байқау өте тартысты өтті. Әсіресе, салт-дәстүр мен зияткерлікке

арналған сұрақтары қиындау бол-ды. Ұлттық салт-дәстүрді өзімнің то лық білмейтінім анық көрініп тұр ды. Сондай-ақ, Ақшымырау, Шайыр ауылдарының қыздарының белсенділігі жоғары болды. Мені әр ауылдан келген қыздардың ұлттық нақыштағы киімдері қатты

сүйсінтті», дейді аталмыш байқауға қатысушы, Шетпе гимназиясының мұғалімі Қали Әсел.

Аллаберген ҚОНАРБАЕВ

Маңғыстау облысы,Маңғыстау ауданы

Бұрымдылар байқауы