asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oj8.docx · web viewпенде Оның алдында өз...

146
Имандылық негізі – Ислам діні. Адам (а.с) өмірі Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым. Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді. Бұл әлемдер жаратылып, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгеніне дейін, оның алдында алты түрлі адам қауымдары өмір сүрді. Олар біздің Адам атамыздың ұрпақтарына ешқандай қатысы болмағандықтан, олардың тарихы туралы біздерге терең мәлімет берілген емес. Ал енді, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгелі бері оның ұрпағынан 124000 пайғамбар шықты. Олардың дәрежелері, атқарған міндеттері түрліше болды. Соған қарай олардың кейбіреулері туралы иләһи кітаптарда хабар берілген болса, кейбіреулері туралы мәлімет берілмеген. Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың ұзын саны 25. Олар: 1. Адам (а.с). 2. Идрис (а.с). 3. Нух (а.с). 4. Худ (а.с). 5. Салих (а.с). 6. Ибраһим (а.с). 7. Лут (а.с). 8. Исмаил (а.с). 9. Исхақ (а.с). 10. Яқуб (а.с). 11. Юсуф (а.с). 12. Шуайб (а.с). 13. Айюб (а.с). 14. Зулкифл (а.с). 15. Мұса (а.с). 16. Һарун (а.с). 17. Дауід (а.с). 18. Сүлеймен (а.с). 19. Иляс (а.с). 20. Әляса (а.с). 21. Юнус (а.с). 22. Закария (а.с). 23. Яхя (а.с). 24. Иса (а.с). 25. Мұхаммед (с.ғ.с.). Бұл пайғамбарлардың тарихы Адам атаның (а.с.) тарихынан бастау алады. Ислам тарихы Адам ата тарихы Аса мейірімді, өте рақымшыл Аллаһтың атымен (бастаймын). ) () َ ونُ ر َ تْ مَ تْ مُ ت نَ َ ّ مُ ثُ هَ د نِ ع ىً ّ م سُ ّ مٌ ل َ ( جَ َ وً لاَ ( جَ َ ضَ قَ ّ مُ ثٍ ن0 يِ ط نِ ّ مْ مُ كَ قَ لَ ج0 يِ د َ ّ ل8 َ وُ ه* ى2 ) Ол - сондай (аса құдіретті) Алла, сендерді (сендердің атаң - Адамды жер жүзінің түрлі жерінен алынған топырақтардан тұратын) балшықтан жаратты.** Сонан соң, ажалды (әрбір жан-жануардың өлім мезгілін) белгіледі (сондықтан, әрбір жанның ажалы Ол белгілеген тағдырға байланысты). Сондай-ақ, белгілі мерзім (қыяметтің басталатын уақыты) де Оның құзырында (қыяметтің қашан басталатынын Одан өзге 1

Upload: others

Post on 04-Feb-2020

39 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Имандылық негізі – Ислам діні.

Адам (а.с) өмірі

Ислам тарихы өзалдына үлкен бір ғылым. Ол әлемдердің жаратылуы мен оның хикметтерінен тартып пайғамбарлардың және олардың қауымдарының тарихынан терең сыр шертеді.

Бұл әлемдер жаратылып, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгеніне дейін, оның алдында алты түрлі адам қауымдары өмір сүрді. Олар біздің Адам атамыздың ұрпақтарына ешқандай қатысы болмағандықтан, олардың тарихы туралы біздерге терең мәлімет берілген емес. Ал енді, біздің Адам атамыз жер бетіне түсірілгелі бері оның ұрпағынан 124000 пайғамбар шықты. Олардың дәрежелері, атқарған міндеттері түрліше болды. Соған қарай олардың кейбіреулері туралы иләһи кітаптарда хабар берілген болса, кейбіреулері туралы мәлімет берілмеген.

Құранда есімдері аталған пайғамбарлардың ұзын саны 25. Олар: 1. Адам (а.с). 2. Идрис (а.с). 3. Нух (а.с). 4. Худ (а.с). 5. Салих (а.с). 6. Ибраһим (а.с). 7. Лут (а.с). 8. Исмаил (а.с). 9. Исхақ (а.с). 10. Яқуб (а.с). 11. Юсуф (а.с). 12. Шуайб (а.с). 13. Айюб (а.с). 14. Зулкифл (а.с). 15. Мұса (а.с). 16. Һарун (а.с). 17. Дауід (а.с). 18. Сүлеймен (а.с). 19. Иляс (а.с). 20. Әляса (а.с). 21. Юнус (а.с). 22. Закария (а.с). 23. Яхя (а.с). 24. Иса (а.с). 25. Мұхаммед (с.ғ.с.).

Бұл пайғамбарлардың тарихы Адам атаның (а.с.) тарихынан бастау алады.

Ислам тарихыАдам ата тарихы

Аса мейірімді, өте рақымшыл Аллаһтың атымен (бастаймын).

ن� )*( ( ر�و ن� م� ن م ر� ن �ن � ن ر� ر� ن� ع�ن م��ى ر��س ل� ن� � ن نو �م ن�ل � ن ىى ن� ن ن� ر� ن! ع$ي م�! م ر& ن' ن) ن( ع+ي ,� ن ٱ ن. )2ر/ Ол - сондай (аса құдіретті) Алла, сендерді (сендердің атаң - Адамды жер жүзінің түрлі жерінен алынған топырақтардан тұратын) балшықтан жаратты.** Сонан соң, ажалды (әрбір жан-жануардың өлім мезгілін) белгіледі (сондықтан, әрбір жанның ажалы Ол белгілеген тағдырға байланысты). Сондай-ақ, белгілі мерзім (қыяметтің басталатын уақыты) де Оның құзырында (қыяметтің қашан басталатынын Одан өзге ешкім білмейді). (Ей, кәпірлер, осындай ашық дәлелдер келгеннен) кейін (де) сендер (шайтанға еріп) күдіктеніп тұрсыңдар.

Түсінік: Алла тағала алдымен Адам атамызды жаратты. Міне сол атамыздан бері қарай оның ұрпақтары тарады. Сондықтан, «сендерді балшықтан жаратты» дегендегі әңгіме негізінде Адам атамыз туралы айтылған. Мұнда Адамды деудің орнына "сендерді" дегеннің хикметі туралы ғұламалар былай деген: Құранда зікір етілген «Адам» негізінде бүкіл адамзатты «тамсил» етеді, яғни, мысалдап бейнелейді. Демек, Адамның (а.с.) жаратылуы да, оның қиссасы да оның тек бір өзіне ғана емес, барша адамзаттың мінезіне, табиғатына қатысты ғибрат болатын оқиғалардың жиынтығынан тұрады. «Нұх» сүресінің 17-18- аяттарында:

«Алла сендерді (адамзатты) жерден өндірді (жаратты). Сосын сендерді (қайтыс болғандарыңда) оған (жерге) қайтарады, (сөйтіп, қыямет күні) сендерді қайта шығарады» деді. Осыған байланысты адамзаттың бүкіл өмірі осы жер мен оның топырағына байланысты.

Алла тағала Адамнан (а.с.) тарайтын барша ұрпақтың ажал мезгілін белгіледі. Әрбір пенденің ажал сағаты міндетті түрде Ол белгілеген мезгілге байланысты болмақ. Демек, пендені бұл дүниеге қай кезде келтіру де, кетіру де тек қана Аллаһтың еркінде. Сондай-ақ,

1

Page 2: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

пенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу Бәрза Әл-әсләми (р.а.) келтірген риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ن0 2341 ن ا م2 ع� ن) م3 4 ن م5 � ن6 ن7 م� ن8 ع28 � ن م! ن� ن9 م: ن� ر� ع! م8 ع; (� ن ,� ع� م> ن� ع! م8 ع� ع=ي ن3 م! ن� ع< ن� م� 4 ن م5 � ع! ن� ن? �يا ن ن� ر! م8 ع� م& ن8 ر8. � ن ننا ن� �� ن ن@ ن� ع� ن�ا ر! م8 Aر ن. م3 4 ن م5 � ننا ن� ن> م( � ن ع! ن� م@ �� ن ,� ع� م> ن� ر! م8 ع; (� ن ,� ر� م> ن� ننا ن� �� ن ن@ م! ن� نو ر; ن' Bن من � ن ن عCي نو ر; ن> نس ن� Dم � ن! م: � ن م! ع� ع; ع, ن�ا م! ن� نو ن� ن= Cن ن عCي ع; ع� م) ع� م! ن� نو ر� ننا Cم � ن ن�ا عCي ع� ع� ر� ر� م! ن� ن0 ن ا مس ر: ن��ى ن@ Eع ن� نيا ع' م, � Fن م. ن: ن� م> ن� ن�ا ن� ن ر0 رGو ن ن45 ن (� ن ن3 نو ع; مي ن) ن� ;(� ن ,� ن�)ى Hن ع; (� ن ,� ر0 ر3. Iن ن0 ن ا

ع+ي * ( ع� م�� ,� 3ن! ن� مي ن> ر� ر! م8 Eر ن) م� نن ر; ر� م3 � ن6 ن7 م� ن8 ر8. � ن نو ن6 ن7 م� ن8 ع28 � ن ن,ى م. ن� ن. ر/ نو ل�ي ع� Jم ن8 ن. ر/ ن9 م: ن� ر� ع! م8 ع; (� ن ,� ع� م> ن� ر! م8 ر� ع=ي ن3 نو Kل عLي Hن ل! نس ن@ Mل ع�: ن@ ن+� ن/ ن0 ن ا ر� �نل م8 � ن ن عCي ع; ع� مس ع� (

«Қыямет күні пенденің өмірінде не істегендері, өз ілімін қалай жұмсағаны, мал-дүниесін қайдан тапқаны және қай нәрсеге жұм-сағаны туралы сұралмай тұрып, оның қадамы бір тынбайды» деді.

Хадисте айтылғандай, адам баласы өз өмірін қалай өткізгені, не істегені, өз білімін қалай жұмсағаны, мал-дүниесін қайдан тапқаны және қайда жұмсағаны (яғни, жақсылыққа жұмсады ма, әлде жамандыққа ма) туралы ақырет күні міндетті түрде сұрауға тартылады. Сондай-ақ, осы айтылған ақырет күні мен Адам атаның о бастағы балшықтан жаратылған күнінен бері қарайғы адамзат тағдыры бүкілдей құдіретті Аллаһтың қолында екенін жақсы білуіміз керек. Біздің әрбір қимылымыздан бастап ойлағанымызға дейін түгел Аллаһтың әу баста жазып қойған тағдыры бойынша болады. Алла тағала о баста Адам атамызға қандай қасиеттер берген болса, оның ұрпақтары міндетті түрде оның мұрагері болады.

Құранның бірнеше аяттарында баяндалғандай, Адам ата өздігінен Аллаһтың әміріне қарсы келмейді, сондай-ақ, ол өздігінен күнә жасауға да әрекет етпейді. Бірақ, сұм шайтан оны азғыра бастағанда, алданып, оған сеніп күнәлі істерді істеп, өзіне зұлымдық етеді. Сондықтан, одан тараған ұрпақ та өз өмірінде дәл сондай жағдайларды басынан кешіреді.

الجنة وأسكنهما زوجته له وخلق المالئكة له وأسجد األسماء وعلمه بيده الله خلقه البشر، أبو آدم NNءNNاNيN<N4ن NNNN5NN� NNNN0NNو �NN NN.NN/NNو NNN;NئNNاNنN8 �NN NNNNىNN, �NNإ NNN;NN(NN,NN� NNNN0NN.NNNN3NNI NN.NN/NNو ،NNNNNضNNI4 NNNN5NN� NNNN2NNNC NNN;N�NNBNيNN(NN) NNN;NN(NN=NN�NNو.

Адам (а.с.) жалпы адамзаттың атасы және жер бетіне түсірілген бірінші пайғамбар. Алла тағала оны өз қолымен жаратты, сөйтіп оған әлемдегі барлық нәрсенің аттарын үйретті. Жұбайымен бірге жұмақта өмір сүруге рұқсат берді. Және оны жерге халифа қылды. Оның пайғамбар болғандығы туралы Құранда тікелей айтылмаған болса да, Алла тағаланың оған дәнекерсіз сөйлегені, кейбір істерге бұйырып, кейбірінен қайтарғаны және оған кейбір нәрселерді адал етіп, кейбірін арам еткені жайлы Құранда баяндалған. Осының өзі-ақ Адам атаның пайғамбар болғандығына жеткілікті дәлел. Адам сөзі Құран аяттарында 20 рет тілге алынып, ол туралы қиссалар он шақты сүренің 78 аятында баяндалған.

Ал, енді Адам (а.с.) жайлы риуаят етілген хадистерге тоқталатын болсақ, оның пайғамбар болғаны анық айтылған. Хазреті Әбу Зәр (р.а.) Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Жер бетіне түсірілген ең алғашқы пайғамбар кім?»- деп сўрағанында, Расулулла (с.ғ.с.): «Бірінші мурсал (жер бетіне жіберілген) пайғамбар Адам (а.с.). Алла оны өз қолымен жасады, оның денесіне рух кіргізді, сөйтіп, оны көркем адам етіп жаратты» деді.

Біз мұнда жер бетіне түсірілген пайғамбарлардың алғашқысы Адам (а.с.) дегенімізбен, негізінде пайғамбарлық ең алдымен Мұхаммедке (с.ғ.с.) берілген. Бірақ, ол жер бетіне Адамнан (а.с.) кейін келді. Бұған хазреті Тирмизи риуаят еткен мына хадисте Әбу Һүрайра (р.а.) былай деген: «Сахабалар: «Сізге пайғамбарлық қашан берілді»? деп сұрағандарында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамның (а.с.) денесі әлі су мен топырақ күйінде жатқан кезде»- деп жауап берген.

Ал, Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен ең алғашқы пайғамбар - Адам (а.с.). Бұл жайлы хадисті хазрет Әбу Зәр (р.а.) риуаят еткен. Ол: «Мен Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Ей, Аллаһтың Расулы, Адам (а.с.) пайғамбар еді ме?»- деп сўрағанымда, ол: «Әлбетте, Адам (а.с.) Аллаһпен дәнекерсіз сөйлескен, ең бірінші (алғашқы) пайғамбар» - деп жауап берді» деген.

2

Page 3: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Кейбір риуаяттарда, Адамға (а.с.) өлімтік, шошқа еті, малдың бауызынан шыққан қан, өзгелердің малын тартыб алып жеу сияқты нәрселер арам етілгені туралы нұсқаулар жазылған жиырма бір парақ кітап түсірілгені айтылған. Ал, басқа бір риуаятта оған он парақ кітап түсіріліп, онда Аллаһқа иман келтіру, бұйрықтарын орындау, тиым салған нәрселерден тиылу туралы үкімдер жазылғаны айтылған.

Жалпы иләһи кітаптардың парақ күйіндегілер мен түптеп кітап хәліне келтірілгендерін қосқанда жалпы саны бір жүз төрт. Олардың төртеуі кітап сияқты қомақты болып түсірілген (яғни, түсірілген соң кітап түріне келтірілген). Жүзі «Сухуф», яғни, жинақталмай парақ түрінде қалған. Оның он парағы Адамға (а.с.), елу парағы Шиске (а.с.), отыз парағы Идриске (а.с.) және он парағы Ибраһимге (а.с.) түсірілген. Ал, жинақталған кітаптардан Таурат Мұсаға (а.с.), Забур Дәуітке (а.с.), Інжіл Исаға, Құран пайғамбарымыз Мұхаммедке (а.с.) берілген. Бұлардың баршасын Алла Тағаланың иләһи кітаптары деп білеміз. Олардың ішіндегі бір аяты түгіл, бір әрпін де жоққа шығаруға болмайды (мұнда Құраннан басқаарының түсірілген шағыңдағы әлі бұрмалауға ұшырамаған аяттары жайлы айтылады).

Адамның (а.с.) жаратылуы: Ол жұма күні жаратылған. Бұған «Сүнән Әт-тирмизи» кітабында Әбу Һүрайра (р.а.) келтірген мына хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ع; عCي Eع ن= ر� Tر م, � Fر م. ن: Uر م� Vن� ,� ع; عCي Wم ن= ن) ن$ Fن م. ن: ر� مي ن( ن0 ن ا ن (� ن ن3 نو ع; مي ن) ن� ;(� ن ,� ن�)ى Hن ن�2 ع> �ن ن ,� ن�� � ن ن6 ن� م: ن� ر/ ع28 � ن م! ن� Xع ن� م� 4 ن م5 � ع! ن� Aع ننا Gم ,� ع28 � ن م! ن� ع! ن� م@ �� ن ,� ع� م> ن� ر! م8 ر6 ن� عYي ر� م, � ننا ن� �� ن ن@ Eر ن> مي ن� ر ننا ن� �� ن ن@ .8� ن ن0 ن ا Zن مو � ن ع! م8 Zع مو � ن نو ن6 Aن ن>ا ر� ع! م8 ع� م= ن3 نو Iر ن\ ع28 � ن نو ن� ن�ا م) ن3 نو Eن ن8 ن>ا ر, ع28 � ن م! ن� ن>اب م, � 2Cع نو ن0 ن ا Eع ن= ر� Tر م, � Fع م. ن: 2Cع 45� ن عإ� Eر ن� ن�سا ,� Fر ر'. ن ن45 نو ا ن من ع� Xن ع� م( � ر ع; عCي نو Eن �ن ن Tن م, � ن� ع( Aم � ر ع; عCي نو Fر Aن آ� ن ع) ر(

ع+ي * ( ع� م�� ,� 3ن! Kل عLي Hن ل! نس ن@ Mل ع�: ن@ ن6 ن� م: ن� ر/ ع28 � ن Mر ع�: ن@ نسى ع�ي (

«Жарық әлемдегі күндердің қайырлысы (көркемі) – жұма күні. Ол күні Адам (а.с.) жаратылған және ол күні жұмаққа кіргізілген, сондай-ақ, ол күні жұмақтан шығарылған. Қиямет те жұма күні қайым болады (басталады)» деді.

Хадистегі Адам (а.с.) жұма күні жаратылды дегенде оның денесіне рух (жан) берілген күн айтылған. Адам (а.с) анадан туылған жоқ. Өйткені, одан бұрын мүлдем адамзат атаулы болған емес. Қадір Алла оның денесін жер бетінің түрлі аумағынан алынған топырақтан жаратты. Бұл жайлы «Әлі Имран» сүресінің 59-ші аятында былай деген:

ر� { ر&. ني Cن !Dر ر; ن, ن0 ن ا ن� ع� نب ن�� ر ع�! ر; ن' ن) ن( Fن Aن آ� ع� aن ن� Dن ع; (� ن ٱ, ن� ع�ن ىى نس ع�ي ن� aن ن� ن�� عإ� .{

«Шындығында, (әкесіз туылған) Исаның мысалы Алла қасында (мүлдем әкесі де шешесі де болмаған) Адамның мысалына ұқсас. Оны топырақтан жаратып, сонан соң оған "бол" деді, бітті, (ол) бола салды».

Түсінік: Аяттың мағынасынан мәлім болғанындай, Адам атаның әкесі де, анасы да болған емес. Құдіретті Алла оны топырақтан жаратты. Ол топырақты Аллаһтың әміріне сай, періште жер бетінен әкелген. Оқиғаның қалай болғаны жайлы «Құртұби» тәпсіріндегі риуаятта Ибн Масғуд (р.а.):

إ�,ى F��,سل �)ي; �:�<� ;(,� M=<C �,سل�F ا0 �)ي; FA�آ `() EJ 2C A.=س� !8� !� �,^���ن2 6�� و�! Zا<� !8� !� K,اH 28� و�! �ا,ك 28� !� �,س�ي�ن; C=ا\ت �ي&ائي� M=<C ا�+^ا C 8ك �ا\ت إ�ن^ا :اIب و ا0 ا(+ : و, ��Cع Vينن2 �و �ن2 ن'ص �� �نك 8ا,); \.�� I4ض 5� W,ا'C �ن^ا 8طي! اي; ,ي I4ض 5�

�&ا� !� ا(+ : و, و()ط I4ض 5� و�; !� ا(+ C ���� +Bن� و, ��Iع �� 8ا,); \.�� �نا و C'ا0 �ن; C=ا\ت �,�.ت �)ك M=<C �:�<� �Dا ا0 C'ا0 ��Cع ا�ا\/ا C W�@I ��ا ;, =ا,ى ;(,� C'ا0 ;8 �=JC I4ض 5� :A� !� +)� 4ن; 5 FA�آ �3ى و,+,ك �خ�)Bي! FA�آ 8ن. X�) C)+,ك وA.3�ء و8ي�اء @���ء E8� !� +)� و و�@� ( 2<$�',� Bسي� و,�� �Iو�ح ,'>ض K(J Wن� C'ا0 �! .,^ا �و�ب �,�ا8=ي! W:� I C'ا0 إ�,يك W��� @ي! I4ض 5� (

Алла тағала Жәбірейілді (а.с.) топырақ алып келу үшін жерге жіберді. Жер: «Мен Аллаһқа сиынып, сенің маған нұқсан келтіруіңнен сақтауын тілеймін»- деп Жәбірейілге (а.с.) топырақ бермеді. Сөйтіп, Жәбірейіл (а.с.) топырақ ала алмай қайтып келіп: «Я, Раббым, ол (жер) саған сиынып жалбарынды, сондықтан бос қайттым» деді. Сосын Алла жерге Микаилді (а.с.) жіберді. Жер Жәбірейілге (а.с.) не айтқан болса Микаилға (а.с.) да дәл соны айтты. Сөйтіп, ол да топырақ ала алмай қайтып келді де, Аллаһқа Жәбірейіл (а.с.) не айтқан

3

Page 4: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

болса ол да, дәл солай деді. Одан соң Алла өлім періштесін - Әзірейілді (а.с.) жіберді. Жер оған да топырақ бермей: («Мен Аллаһқа сиынып, сенің маған нұқсан келтіруіңнен сақтауын тілеймін»- деп) Аллаһтан пана сұрады. Сонда Әзірейіл (а.с.): "Мен де Оның әмірін орындамай, қайта оралудан (сақтай-гөр деп) Аллаһтан пана тілеймін» -деп, жер бетінің түрлі жерінен қызыл, ақ, қара топырақ алып, араластырып Аллаһқа алып келді. Сондықтан, адамзат баласының түсі де осы топырақтың түсі сияқты түрлі-түсті келеді. Яғни, біреу қызыл, біреу ақ, қара түсті. Осы сияқты олардың мінездері де, қабілеттері де түрліше болып келеді. Адам (а.с.) жаратылған топырақ "Әдимнен", яғни, жердің беткі қабатынан алынғандықтан «Ә′дәм» (жер қабығынан алынған) деп аталған. Құранда келген бұл сөз біздің тіліміздің өзіндік ерекшелігіне сай «Адам» деп тілімізге енген.

Айтып өткеніміздей, алғашқы барған екі періштеге жер топырақ бермеді, Әзірейілге (а.с.) де солай етпекші еді, ол ай-шайға қарамай Аллаһтың әмірін орындауға кірісті, зорлық қылып жерден топырақты тартып алып келгенде, Алла оған: «Жер маған сиынды. Сонда Мен оған рахмет еттім, енді сенің адамзат баласының рухын қабыз етуің (жанын алуың) міндетің болады, сен оған сай келесің» деді. Осыдан соң Әзірейіл (а.с.) «Өлім періштесі» деп те аталатын болған.

Адам организмінің химиялық құрамы түгел жер жынысын құрайтын элементтерден тұратындықтан өлген адамның денесі шіріп, түгелдей топырақпен араласып кетеді. Тіршілікте адам өзіне қажет азықты жерде өнетін (өсетін) заттардан алады.

Алла тағала Әзірейіл (а.с.) әкелген топыраққа су қосып, араластырып, жабысқақ балшық кұйіне келтііп, пісіріп «салсал» (керамика) хәліне жеткенінше тастап қойды. Адамның балшықтан жаратылғаны «Сад» сүресінің 71-72-ші аяттарында да айтылған. Онда Алла тағала періштелерге былай деп бұйырған:

} ن! }. { ع�: ع� ن3ا ر; ن, م� ر=. ن' Cن ع@2 ر�Iو ع�! ع; عCي Wر مخ Bن نن نو ر; ر� م: .� ن ن3 ن\� عإا Cن ن! ع$ي م�! م� �Vن ن8 ل ع, ن(ا من2 عإ� Eع ن& عئ �ن ن�ل م) ع, نك ر�8 Iن ن0 ن ا م\ عإ� { .

«Әлбетте, Мен балшықтан бір адам жаратамын. Әне сонда, оны тіктеп (дене қалпына келтіріп), оған өз (құдіретіммен жаратып қойған) рухымнан*(1) үрлеп (жан) кіргізгенімнен соң, оған сәжде еткен күйде жығылыңдар!».

Бұл аяттарға Хазрет Құртұби түсініктеме беріп былай деген:

Cخ)'; 3ا��:! ;, �.='C Iو@2 !� Cي; WخBون ;�:.3 � إا\ C $ي! !� ��V8 (ا,` إ�ن2 E&ئ�,)�ل ا0� ;8 ��Cت E=�T,� F.: I��'� !� E3ن �8I=ي! $ي! !� �س�� C&ا� ��V8 Cخ)'; �ن; �نا �<&� و, 8ي�ي W'() ��ا �<&�� 0.': �ن; Uإ�8)ي �<&�: �,&يل 8ي�� ;(,�

J(Hا0 !� 0.': @ي! C+,ك E(J(H ;, �.& IخاB,� :J.ت �Dا �,Tس� CيJ.ت Cي��8; ;8 ��: C&ا� Uإ�8)ي �GCا �ن; �ش�/ وDا� �و� I ,�ا �ن; �.�GBC E&ئ� �,�ل �� إ�\� Dا� إ�ن; و:'ا0 4/)&ن; 5 �)ي; W3)ط و,ئ! ��.ف إان; C �+/ !� �.</� 45 E&ئ�,)�ل Uإ�8)ي C'ا0 ��8A !� X�)و ;�C !� �)Aو W'() �ا ��4 5 و:'.0 IخاB,اD

��C ,ئ! نBس; 2C Uإ�8)ي ا�3 C 8Iنا ��� نطيع Cا�).� ا,.� �ن� �ا 8طا��; ��� و �)ي& ��C إ�� ;^<V: �,خل�ئ` !� �و� , �,+ي �+/ �:� I� 0.': E&ئ��,�ل �ع �)ي; ( 2<$�',� Bسي� �,�وح Cي; :نBخ �� �:I� �,+ي �,Lي! 8)غ C)�ا 4/)&ن; 5 �)ي; W(�C و,ئ! �$ي=; �Cل 2(�(

Алла періштелерге: «Мен балшықтан бір адам жаратамын. Мен оны тіктеп, оған құдіретіммен жаратып қойған рухымнан үрлеп кіргізіп жан бітіргенімнен соң, оған сәжде еткен күйде жығылыңдар!»- деп бұйырды. Сөйтіп оны өз қолымен адам етіп жаратты. Бұл жайлы «Сад» сүресі 75- аятында айтылған. Онда Алла:

ن! { ع,ي ن=ا م, ٱ ن! ع� Wن رDن Fم � ن نت م� ن> م& ن� م3 � ن ن�ي ن� ني ع8 Wر م' ن) ن( ن�ا ع, ن� Tر مس ن �� ن نك ن= نن ن� ن�ا Uر ع)ي م8 عإا ى: ن0 ن ا { .

"Ей, Ібіліс! Мен өз қолыммен жаратқан нәрсеге сәжде етуден сені не нәрсе бөгеді? (Әлде) өркөкіректендің бе немесе сен (Адамға қарағанда) жоғары дәрежелі ме едің?"- деді. Алғашқыда Адамның балшықтан жасалған денесі жансыз күйде қырық жыл жатты. Періштелер оның қасынан өткенде қорқатын болды. Олармен бірге Ібіліс те бар болатын, ол адамның денесін көргенде әсіресе қатты қорқатын. Әйтсе де, ол жақындап барып Адамның денесін теуіп көрген еді, одан кепкен лайдың дыбысындай дыбыс шықты. Шайтан: «Бұл

4

Page 5: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

қандай іс (тіршілік, міндет атқару) үшін жаратылды екен» деп, оның ауызынан кіріп, артынан шықты да періштелерге: «Бұдан қорықпаңдар, іші қуыс екен. Егер мұның еркі маған берілгенде, әлбетте, мен оны қиратып тастар едім» деді. Және бір риуаятта айтылғанындай: Ібіліс періштелермен бірге Адамның жанынан өтіп бара жатып: «Бірде-бір басқа мақұлыққа ұқсамайтын мына бір жаратылысты көрдіңдер ме? Егер ол сендерден абзал етіліп, оған бойұсынуға бұйырылсаңдар, сендер одан бас тартыңдар» деді. Сонда періштелер: «Біз Раббымыздың әміріне ғана бойұсынамыз» деді. Періштелерге сөзін өткізе алмаған Ібіліс іштей: «Егер ол менен абзал етілсе де, (бәрібір) оған бойұсынбаймын. Ал, егер де мен одан абзал етілсем, оны қалайда жоямын» деп, Алла Адамға жан бітіретін кезге дейін (арам ойын ішке бүгіп) сыр сақтап жүрді.

«Тәбари» тәпсірінде келтірілген риуаятта Ибн Ұмар (р.а.) былай деген:

: : : : : خـلقاللهأربعة قال يحدثعنابنعمر، سمعتمـجاهدا قال الـمكتب، أخبرنـيعبـيد قال شعبة، ثنا قال مـحمدبنجعفر، ثنا قال ابنالـمثنى، حدثنا( �,ط>�ي: . ( Bسي� C&ا� !D ش2 �� &, ا0� ،FA�آ و ،N(',�و م��، ن� و ،?�=,� N8ي��

«Алла тағала төрт нәрсені өз қолымен жаратты. 1) Арш ағланы, 2) Адн (жұмақтың негізін), 3) Қаламды, 4) Адамды (а.с.). Сөйтіп, олардың бәріне «Бол» деді. Бітті, олардың бәрі сол сәтте бола қалды. Түсінік: Алла өз қолымен жаратты дегенде, Ол ешқандай нәрсені дәнекер етпеді, деп түсінеміз. Тәңір тағала жаратудың барша түрін біледі. Кейде ол бұл істерді періштелерге бұйырып орындатады, ал кейде небәрі «бол» дейді, сол-ақ екен бітті, бұйырғаны бола қалады. Алла Адамды да осылайша жаратты.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаладан риуаят еткен хадис құдсиде: Тәңір тағала "Адамның топырағын қолыммен қырық күн иледім"- деген.

Хадисте айтылған әрбір күн дүние өлшемімен бір жылға тең. Егер Алла қалағанында оны лезде-ақ жаратар еді. Бірақ, Ол оны қырық жыл тастап қоюды қалады. Әлбетте, мұның хикметі бар болатын. Сол хикметтің бірі; айтып өткеніміздей, періштелер мен Ібілістің Адам денесіне байланысты оқиғасы. Ібіліс өркөкіректігінің салдарынан, әлі жан берілмеген Адамды күндеп, «Оның дәрежесі менің дәрежемнен жоғары болып кетуі мүмкін» деген оймен оған дұшпандық қылу жолдарын ойластыра бастады. Өйтіп, Ібілістің Адамға деген дұшпандығы басталып, бұған оның тәкәппарлығы, соқыр көкіректігі себеп болды. Тәкәппарлықтан сақтанудың қажет екендігі туралы «Лұқман» сүресі 18- аятында анық дәлел бар. Онда хәкім Лұқманның өз баласына айтқан насихаты барша адамзатқа арнап айтылған үлгі-өнеге ретінде келтірілген:

} Iن رخ. Cن ن0 ن�ا مخ ر� ن�� Dر ر�ب Lع ر: ن4 5 ن; (� ن ٱ, ن�� عإ� ما ن�@ ن� عض Iم 4 ن ٱ5 2Cع ع< م� ن ن4 نو5 Zع �نا ن ع,) rن ن�� ن( م� م= Jن ر ن4 نو5 .{

"(Ей, балам) адамдарға паңданып бетіңді тырыстырма және жер бетінде (ел арасында алшаңдап) кердеңдеп жүрме. Әлбетте, Алла (даңдайсыған қуыс) көкіректердің, мақтаншақтардың баршасын ұнатпайды (керісінше, оларды жаман көреді» деді)".

Аятта айтылғандай, Тәкәппарланып басқаларды өзінен төмен санау, өзгелермен санаспау Алла ұнатпайтын, кемшіліктерден саналады. Кезінде шайтанның кәпір болуына да себеп болған індет – дәл осы тәкәппарлық болатын. Ол Алла берген нығметтерге шүкіршілік етудің орнына көкірек керіп даңдайси түсті. Сөйтіп, лағынетке ұшырады.

Алла тағала адамзатқа да аса ұлық нығметтер берді. Солардың бірі Алла Адамның бейнесін аса бір көркем етіп жаратуы. Бұған «Әт-тин» сүресінің 4- аяты дәлел. Онда:

} } } { ;I.J, �:�= ن ع.: م' ن ع! نس م@ � ن عCى UنT,� ن! Nى نس عإ4ن ٱ5 ننا م' ن) ن( م� ن' ن, .

«Әлбетте, Біз адамды (оның бейнесін) аса бір көркем суретте жараттық».Міне бұл шынайы Тәңір тағаланың сөзі. Мұндай керемет көркем сөзді Одан өзге ешкім айта алмайды, ал пенденің оған ақылы да, батылы да жетпейді. Егер, салыстырып қарасаң, жер бетіндегі ешбір жануар көркемдікте адамзатқа тең келмейді. Ал, ақыл-ой, сана-сезім, пайым-

5

Page 6: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

парасат, шеберлік, іскерлік тұрғысынан әлдеқайда төмен. Өйткені, қадір Алла адамзатқа ерекше сұлу мүсін, ерекше жоғары қабілеттер және оған арнайы дайындап қойылған ғажап рух берді. Ол рухын азықтандырып тұруы үшін пайғамбарлар арқылы Ислам діні деп аталатын сарқылмас рухани азық сыйлады. Жер бетіндегі басқа жануарларға мұндай ұлық ниғметтер бұйырмаған.

*(1) Аятта айтылғандай, Алла тағала Адамның денесіне көркем бейне беріп жаратқан соң, оған рух кіргізіп тірілтті*(2). Абдулла ибн Масғуд (р.а.) риуаят еткеніндей: «Алла тағала Адамның (а.с.) денесіне рух (жан) кіргізетін болды. Сөйтіп, періштелерге: «Мен Адамға рух кіргізіп, сендерге бұйырған кезімде оған сәжде етіңдер»- деді. Алла кіргізген рух Адамның басына жеткенде, ол түшкірді. Періштелер оған: «Әлхамду лилла» деп айт, деп үйретті. Адам: «Әлхамду лилла» - деді. Алла тағала оның шүкіршілігіне жауап ретінде: «Сені Раббың жарылқасын!» - деді. Рух Адамның екі көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді. Рух қарнына жеткенде, оның тамаққа ынтасы оянды. Жұмақ жемістерінен алғысы келіп, орнынан тұруға әрекеттенді».

Хадистің мағынасында бірнеше мәселе қамтылған. Біріншіден, Адам атаның ең алғашқы айтқан сөзі «Әлхамду лилла», яғни, Аллаһқа мадақ айту мен шүкіршілік білдіру болды. Екіншіден, оған бұл сөздерді періштелер үйретті. Демек Адам оған дейін өздігінен ешқандай білімге ие болмаған. Үшіншіден, Алла тағала оған жарылқау білдірді. Төртіншіден, рух оның көзіне жеткенде, ол жұмақ жемістерін көрді, бірақ та оларды жегісі келген жоқ. Демек, рух үшін рухани азықтан өзге азық қажет емес екен. Бесіншіден, рух Адамның қарнына жеткенде ғана оның тамақтануға деген ынтасы оянды. Демек, дүниеуи азықты қажет ететін – адамзаттың денесі екен. Рух пен дене бірігіп екі қарама-қайшы полярлық қасиетке ие пендені құрайды. Міне осы екі бір-біріне қарсы қасиет бүкіл өмір бойы адамзаттың болмысын айқындап тұрады. Егер пенденің рухы дін негізінде шыңдалып, тақуалыққа жетсе, ол бұл әлемдегі ең мықты жаратылыстың дәрежесіне жетеді. Бұл туралы Малик бин Әнәс (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

ن0 3291 ن ا ن (� ن ن3 نو ع; مي ن) ن� ;(� ن ,� ن�)ى Hن م2 ع> �ن ن ,� ع! ن� نك ع, ن�ا ع! م8 Uع نن � ن م! ن� ن� ن�ا مي ن) ر3 ع28 � ن ع! م8 ن� ن�ا مي ن) ر3 م! ن� نب نش م. ن@ ر! م8 Fر �.� ن ن= م, � ننا ن� �� ن ن@ ن� رIو ن/ا ر! م8 ر� :Gع ن: ننا ن� �� ن ن@ Iن ن�Vا ن8 ر! م8 ر� ن�� Lن ر� ننا ن� �� ن ن@ ن0 ن ا ع0 ن>ا Tع م, � ن! ع� ر�� نش � ن لء م2 نش نك ع' م) ن( م! ع� م� ن/ مب Iن ن:ا ر,.� ن ا ع0 ن>ا Tع م, � ع6 ن�� عش م! ع� Eر ن& عئ �نل ن� م, � Wع ن> Tع ن= Cن مت �� ن ن' ن� م3 نCا ا ن مي ن) ن� ا ن ع8 Aن ن=ا Cن ن0 ن>ا Tع م, � ن ن) نخ Cن ر� ع�ي ن Wم ن) ن= ن� نض Iم 4 ن م5 � ر; (� ن ,� ن ن) ن( ن��ا ن, م! ع� م� ن Cن مب Iن ن:ا ر,.� ن ا رء ن�ا م, � ع ن= نن ن0 ن ا Iع �نا ن ,� ن! ع� ر�� نش � ن لء م2 نش نك ع' م) ن( م! ع� م� ن Cن مب Iن ن:ا ر,.� ن'ا Cن Iر �نا ن ,� ع ن= نن ن0 ن ا ع� ع�: Lن م, � ن! ع� ر�� نش � ن لء م2 نش نك ع' م) ن( م! ع� م� ن Cن مب Iن ن:ا ر,.� ن ا ر� ع�: Lن م, � ع ن= نن .�8� ن ن0 ن ا ع; ع, ن�ا عش م! ع� ا ن عBي مخ ر: ع; عن ع�ي ني ع8 Eن ن ن� Jن ع8 sن ن�� Jن ن Fن Aن آ� ر! م8 � ع ن= نن ن0 ن ا Kع م�: ,� ن! ع� ر�� نش � ن لء م2 نش نك ع' م) ن( م! ع� م� ن Cن مب Iن ن:ا ر,.� ن ا Kر م�: ,� ع ن= نن ن0 ن ا عء ن�ا م, � ن! ع� ر�� نش � ن لء م2 نش نك ع' م) ن(

ع+ي ) * ع� م�� ,� 3ن! ع; م� ن. م, � ن+� ن/ م! ع� 45� ن عإ� م�ا .Cر م� ن� ر; Cر ع� م= نن ن45 لب ع�: tن Mل ع�: ن@ ن+� ن/ نسى ع�ي (

Алла тағала жерді жаратқан кезде ол (жер шары айналған кезінде тепе-теңтік сақтай алмай) шайқалып тұрды. Сонда Алла тағала (тепе-теңдік сақтайтын) тауларды жаратып, оның үстіне қондырып қойды. Сөйтіп, жер қарар тапты (яғни, шайқатылуын қойды). Бұл заңғар таулардың мықтылығынан періштелер таңданып:-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде таулардан да мықтысы (қаттысы, күштісі, зоры) бар ма»?- деді. Алла:-«Иә. Темір мықты».-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде темірден де мықтысы бар ма»?-«Иә. От мықты (күшті)».-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде оттан да мықтысы бар ма»?-«Иә. Су мықты (күшті)».-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде судан да мықтысы бар ма»?-«Иә. Жел мықты (күшті)».-«Ей, Раббымыз, жаратқан нәрселеріңнің ішінде желден де мықтысы бар ма»?-«Иә. Оң қолының берген садағасын сол қолына білдірмейтіндей тақуалық дәрежесіне жеткен Адамның баласы мықты»- деді.

Міне, хадисте тақуалыққа жеткен Адам баласы бұл әлемдегі жаратылыстардың ең мықтысы болып табылатыны анық айтылған. Ал, енді пенде өз нәпсіне ерік беріп тақулық туын туын қолынан түсіріп, бұл жалғанның әшекейлеріне қызығып кетсе, оның ашыққан

6

Page 7: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

көзін топырақтан басқа нәрсе тойдыра алмайды (яғни, тек топырақ қана тойдырады). Бұл туралы Сәләмә бин Ұмару былай деген:

ن0 3328 Gن نن ن (� ن ن3 نو ع; مي ن) ن� ;(� ن ,� ن�)ى Hن ع; (� ن ,� ن0 ر3. Iن ن0 ن ا ع28 � ن عن2 ن� �� ن ن@ Eن ن� ن) ن3 ر! م8 Zر ن:ا عإ� عن2 ن� �� ن ن@ Iن ن��ا ن� ر! م8 Eر ن� ع� م& ع� ننا ن� �� ن ن@ ر�2 Bع نن Lن م, � Uن رن ر:. ر! م8 ر� ن� ر� ننا ن� �� ن ن@ نب م� ن@ ر! م8 ر� مي ن/ ر7 ننا ن� �� ن ن@ وصحيح ) * بتلكالقبضة عينيهترابا مأل GهمنهمإنساناإالGخلقالل استقبلبهوجوههمفقالشاهتالوجوهفما Gقبضقبضةمنترابمناألرضثم Gعنالبغلةثم

)�س)

«Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қашырдан түсіп жерден бір сығым топырақ алды да, сахабаларға көрсетіп тұрып: «Алла тағала осыдан адамзатты жаратты. Сондықтан оның екі көзін осы бір сығым топырақтан басқа ешнәрсе толтыра (тойдыра) алмайды»- деді.

Расында да, егер пенде руханиятсыздық індетіне шалдықса ол әлемдегі ең ашкөз мақұлыққа айналады. Ол қанша көп мал-дүние тапса да, оған аз бола береді. «Кедей байға жетсем дейді, бай құдайға жетсем дейді» деген сөз осындай ашкөздік індетіне тап болғандар жайлы айтылғанына дау жоқ. Иә, өмірде әрекет етсе кедейдің байға жеткені кездесіп жатады. Бірақ, Адам атаның дәуірінен біздің дәуірге дейін әлі ешкім құдайға жеткенді көрген жоқ, көрмейді де! Өйткені, Алла тағала мәңгі-бақи (ешқашан өлмейді, жойылмайды, жоқ болмайды). Ал, пендеге сынақ етіп Алла тарапынан бірілген бұл дүние де, пенденің өзі де пәни (уақытшалық, шектеулі, өмірінің мезгілі таусылатын) мақұлық. Қандай адам болса да күні жетіп өледі, сонда оның өмір бойы тоймаған көзін небәрі бір-ақ уыс топырақ тойдырады.

*(2) Рух (саналы шыбын жан) жайлы ғұламалар өте көп кітаптар жазған. Сонда да оның болмысы адамзат үшін өзінің құпия қалпында қала береді. Себебі, Алла тағала оның мән-жайы туралы адамзатқа көп мәлімет бермеген. Бұған «Әл-Исра» сүресінің 85- аяты дәлел. Онда:

} �م ع)يل ن ن�4 عإ�5 ع م) ع= م, ٱ م�! ر� عي ر �و آا ن� نو م28 Iن ع� م� � ن م! ع� رح ر��و ٱ, ع� ر عح ر��و ٱ, ع! ن� نك نن ر,. ن ا مس ن: نو .{

«(Ей, Мұхаммед) сенен (адамдар) рух туралы сўрайды. (Оларға) Айт: «Рух тек Раббымның ісі (оның мән-жайын тек өзі біледі). Сендерге (ол жайлы өте) аз ілім (мәлімет) берілген» де.

Аятта айтылғандай, Алла тағала адамзатқа рух жайлы өте аз мәлімет берген. Адамзат өздігінен ғайып сырларының есігін аша алмайды. Ал, енді рухтің қасиеті жайлы ғұламалар мынадай пікір білдірген: «Сад» сүресінің 72- аятында айтылғандай, қарапайым топырақтан жасалған Адамға Алла өз құдіретімен жаратып қойған рухынан үрлеп жан кіргізуі оның дәрежесін көтергеніне нақты дәлел. Жаратылысынан ерекше болған рухтың құрметі үшін Алла тағала періштелерге Адамға сәжде етуге бұйырды. Міне осы рух (саналы жан) арқылы адамзат өзіне берілген ілімді игереді, ой толғайды, өз қабілетін жақсылыққа немесе жамандыққа бағыттайды. Осы (саналы) рух арқылы адамзат айуаннан парық қылады. Ғұламалардың пікірінше рух пәк хәлінде жаратылған. Бірақ, топырақтан жаратылған денеге кірген соң, балшықтың қасиеті оған әсерін тигізіп, оның қасиетін төменге тартады. Себебі, дене үнемі топырақ өндіретін өнімдер (тағамдар) мен топырақ құрамында кездесетін (алтын, күміс сияқты әшекей) заттарды және басқа да ләззат беретін нәрселерді талап етеді. Дененің бұл қасиетіне нәпсі дейді. Ал, рух болса, ол үнемі рухани (діни) азыққа мұқтаж. Егер, оған қажетті азығы беріліп тұрылса, өзінің рухани кемеліне жетіп, рух адам баласын періштелердің дәрежесінен де жоғары көтереді. Егер, қорексіз қалдырылса, рух әлсіреп барып, күресте нәпсіден жеңіледі. Мұндай, рухани азғындыққа ұшыраған адам (санасыз) айуанның дәрежесінен де төмендеп кетеді.Адам баласына берілген саналы рух - жалпы адамзатқа берілген ең ұлық нығмет болып, ол Аллаһтан келген иләһи кітаптардың мағынасын түсіну, діннің мән-мағынасы, оның өмірдегі орны жайлы ой толғап, жақсы істерге жол ашу қабілетіне ие (басқа жаратылыстарда мұндай мүмкіндіктер жоқ). Сонымен қатар адам рух арқылы өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың мән-жайын түсіне алады. Рухани қазыналардан сусындаған пенде дүниеуи ғылымдарды дамытып, соның негізінде ғылыми жаңалықтар ашу мүмкіндігіне ие. Алла тағала адамзатқа

7

Page 8: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

міне осындай сарқылмас ұлық нығметтер берді. Осылардай бағалы силықтың шүкіршілігі үшін пенде бар болғаны өзінің Жарылқаушысы – Аллаһқа құлшылық етуі ғана қажет. Бұдан адам баласы ештеңе жоғалтпайды. Қайта, оның жасаған құлшылығы өзінің рухы үшін қажетті азық.

Рух жайлы айтылған хадистердің мағыналарына назар салсақ, онда иманды рух – көркем рух, имансыз рух – нашар (былғаныш, жексұрын) рух деген сипаттамаларды кездестіреміз. Хазрет Матуридиден «Иман рухпен бірге ме (тек рухқа қатыстыма), әлде денемен бе (денеге де қатысы бар ма?» деп сұрағанда, ол: «Иман бұл (рух пен дене) екеуін тұтас қамтиды» деген. Демек, иманды пенденің рухы да, денесі де иманды, әрі көркем, ал, имансыздың рухы да, денесі де имансыз, әрі нашар саналады.

Шебер Алла жұма күні Адамға (а.с.) рух еңгізіп жан бітіргеннен соң, сол жұма күні оны жұмаққа кіргізді. Жұмақта оның жұбайын жаратты. Сөйтіп, ол екеуі қашан жұмақтан қуылғандарынша сонда өмір сүрді. Олардың жұмақта қанша уақыт тұрақтағандығы туралы аяттарда да, хадистерде де ашып айтылмаған. Сондықтан, бұл мәселе жайлы пікірталас жасалмайды. Тек, кейбір болжамдарға сүйенсек, олар жұмақта бірнеше миллиондаған жылдар тұрған болса керек. Ал, енді одан көптеген уақыт бұрын ұлық хикмет иесі – Алла тағала Адам және оның ұрпағы үшін жер бетінде сан-алуан нығметтерді дайындап қойған болатын. Бұл жайлы «Бақара» сүресінің 29- аятында:

«(Ей, Адам балалары) Ол (Алла) сондай бір (құдіретті) Зат, жердегі барлық нәрсені сендер үшін (игілік етіп) жаратты» деген.

Түсінік: Міне аятта жер бетіндегі нәрселердің барлығы адамзаттың игілігі үшін жаратылғандығы айтылды. Әлбетте, жердің Адамнан (а.с.) бұрын жаратылғаны анық. Ал, жердегі нәрсенің барлығы адамзаттың игілігіне қызмет етуге арналған. Мұның есесіне адамдар өздерінің қамқоршы Раббына шүкіршілік жасаулары, Ол сыйлаған нәрселердің қадіріне жетіп, күтіп, сақтап тұтынулары қажет. Ал, бағзыбіреулер (болса) Алла берген нығметтерге шүкір етудің орнына, қайдағы бір керексіз, орынсыз пікірталастармен өмірлерін босқа өткізеді. Бұл туралы «Лұқман» сүресінің 20- аятында айтылған:} ن� عني ر�� نب ن�ا Dع ن4 نو5 م�ى ر/ ن4 نو5 ن م) ع� ع� مي Yن ع8 ع; (� ن ٱ, 2Cع ر0 Aع نTا ر: ن�! Zع �نا ن ٱ, ن! ع� نو Eم نن ع$ ن8ا نو م6 ن� ع/ نvا ر; ن� ن= عن م ر& مي ن) ن� نغ ن> م3 � ن نو عض Iم 4 ن ٱ5 2Cع ن�ا نو عت نو� ن�ا ن�س ٱ, 2Cع ��ا ن م ر& ن, ن� ن�خ ن3 ن; (� ن ٱ, ن�� � ن م� مو ن� ن م ن, � ن .{

«(Ей, адамдар) Алла аспандар мен жердегі барша нәрселерді сендерге бойұсындырып қойғанын тағы да сендерге барлық жария (дүниеуи – материалдық) да, құпия (рухани) нығметтерді кәміл етіп бергенін көрмедіңдер ме?! Адамдар арасында (өздері мүлдем) ілімсіз, тура жолды таппаған және анық (иләһи) кітабы болмаған кейбір адамдар Алла жайлы пікірталас жасайды».

Міне осы аяттың мағынасына байланысты, Алла жайлы ешқанбай білімге қол жеткізбей тұрып, Ол жайлы пікірталасқа салыну үлкен күнә болып саналады.

Мұхаммед Пайғамбардың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, өмiр жолыМұхаммед Пайғамбардың, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, өмiр

жолы

Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Абдуллаұлы бдул-

Мүтәлiп немересi милади жыл санауы (григориан календары) бойынша, 571 жылы 20 8

Page 9: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

көкекте, дүйсенбi күнi дүниеге келген. Бұл Әижра есебiндегi – рәбиғул-әууәлдiң тоғызыншы немесе он екiншi күнiне тура келедi. Пайғамбарымыздың ата-тегiн тiзе берсең хижаз арабтары тараған Исмайыл пайғамбарға, алейһиссәлам, барып тiреледi. Пайғамбарымыздың Мұхаммед, Ахмет, Нәби, Расулуллаһ секiлдi т.б. бiрнеше қосалқы аттары болған.Пайғамбарымыздың анасының аты – Уахаб қызы мина. Ол Құрайш руының iшiндегi құрметтi адамның қызы болған. Расулдың әкесi Абдулла бiрде Иасрибке (қазiргi Мәдина қаласы) керуен тартып, сауда жасай барғанда, кенеттен қайтыс болады да, сол жерге жерленедi. Бұл кезде Пайғамбарымыз әлi жарық дүниеге келмеген, анасының құрсағында едi. Расул дүниеге келетiн жылы Пiл оқиғасы аталып кеткен таңғажайып оқиға болады. Хабажстан (қазiргi Эфиопия) патшасының уәзiрi әрi атақты қолбасшысы АбраӘа деген кiсi Сана қаласында (қазiргi Иемен мемлекетiнiң астанасы) үлкен шiркеу салдырады. Шiркеу өте биiк, басына қараған адамның тақиясы жерге түседi екен. Осы кәнисаны салдырып болғаннан кейiн, АбраӘа мың сан жаужүрек әскерлерiн пiлдерге мiнгiзiп, Меккеге қарай жорыққа шығады. Ондағы мақсаты – қасиеттi Қағбадағы “Қара тасты” күштеп тартып алып, оны Сана қаласындағы өзi салдырған зәулiм кәнисаға орналастыру. Сөйтiп, Қағбаға табынуға келген барлық жұрттың бетiн Сана қаласына қарай бұру едi.

Олар Меккеге жақындаған тұста күтпеген жерден жайсыз оқиғаға тап болады. Құдiретi күштi Аллаһ Та`аланың әмiрiмен әбәбил деген құстар кенет аспанға көтерiледi де, тұмсықтарына, аяқтарына қыстырып алған қатты тас кесектердi жауынгерлерге қарша боратады. Құстардың атқан тастары жай оғындай ысқырып, жауынгерлердiң басынан кiрiп, аяғынан бiр-ақ шығып отырады. Мұндай сұмдыққа тап болам деп ойламаған Абраһа қалған әскерiн керi бұрып, бас сауғалап қашады. Пiлдер дүркiреп кейiн шегiнедi. Өзiнiң сұм мақсатына жете алмаған АбраӘа ернiнен жараланып, көп шығынға ұшырап, салы суға кетiп керi қайтады. Сөйтiп атақты қолбасшы “жырық ерiн АбраӘа” аталып кетедi. Бұл оқиға туралы “Құран Кәрiмнiң “Пiл” сүресiнде былай деген: “Пiл иелерiн Тәңiрiнiң қалай еткенiн көрген шығарсың? Олардың қулық-сұмдықтарын күл-талқан етпедi ме? Оларға Тәңiрi топ-топ құстарды жiберген. Құстар оларға балшықтан жасалған тастарды атты. Сөйтiп оларды дәнi желiнбеген сабандай етiп тастады”. (Пiл 105:1-5)

Расулуллаһтың сәбилiк шағы

Араб халқында жаңа туған сәбилердi таулы салқын жерлерде өз анасынан басқа әйелдерге тәрбиелететiн әдет-ғұрып болған. Мұндағы мақсат – жас сәбилердiң таза ауада денi сау болып, зейiн-зердесiнiң кiршiксiз толысып еркiн өсуiне жағдай жасау едi. Мұның тағы бiр себебi арабтар қалада өскен сәбилердiң зердесi далалы жерде өскен балалардың ой-санасынан төмен болады деп бiлген.Осындай жақсы ниетпен анасы мина Пайғамбарымызды алғаш рет Субай Бата деген әйелге тәрбиелеуге бередi. Бiрер жылдан кейiн Субай Батаның орнына Үби Зубай қызы Халима деген әйел келедi. Халима анамыз болашақ Пайғамбарымызды өз тәрбиесiне алғанда, тұрмысы өте нашар, iшiп-жемi кем, кембағал адам болған екен. Пайғамбарымызды қарамағына алғаннан кейiн көп ұзамай береке-байлық бiтiп, бiрте-бiрте денсаулығы да жақсарып, оңала бастайды. Ол Пайғамбарымызды бес жасқа келгенше тәрбиелейдi. Беске толған соң оны анасы мина өз қолына алады. Арада бiр жыл өткеннен кейiн мина баласымен бiрге Иасриб қаласындағы нағашы жұртына барып, әрi сонда жерленген ерiнiң басына зиярат етiп қайтпақшы болады. Ол ерiнiң басына зиярат етiп болған соң Мәдинадан Меккеге сапар шегедi. мина екi қаланың ортасындағы Әл-Абуа деген жерге келгенде кенеттен қатты ауырып, қайтыс болады. Оны сол жерге жерлейдi. Сөйтiп, болашақ Пайғамбарымыз алты жасында анасынан айырылып, жетiм қалады. Бiрақ бұл кезде Пайғамбарымыздың әкесiнiң әкесi Абдул-Мүтәлиб тiрi едi. Содан бастап Абдул-Мүтәлиб немересiн өз қолына алады. Тағдыр Пайғамбарымызға бабасымен де бiрге көп болуды жазбаған екен. Арада екi жыл өткенде, жасы келген қария Абдул-Мүтәлиб қайтыс болады. Сөйтiп, әлi буыны бекiп бұғанасы қатпаған сегiз жасар баланың басына жетiмдiк

9

Page 10: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

тақсiретi түседi. Бiрақ барлық жанашырларынан айырылған жас бала далада жалғыз қалмайды. Ендiгi жерде баланы әкесiнiң туысы бутәлиб бауырына басады. Бұл кiсi кедей болғанмен, жомарттығымен аты шыққан, қолы ашық сақи адам екен. Оның үстiне өзiнiң бала-шағасы да көп болса керек. Бiрақ соған қарамастан, Әбутәлиб болашақ Пайғамбарымызға жетiмдiк тақсiретiн таттырмай, өз балаларымен бiрдей көрiп тәрбиелейдi. Тiптi жатар кезде оны өз қойнына алып ұйықтататын болса керек.

Сөйтiп ол бутәлибтiң тәрбиесiнде қала бередi. Он екi жасқа келгенде, бутәлиб оны өзiмен бiрге Шам елiне (қазiргi Сирия) сапарға алып шығады. Бұл оның ес бiлгелi шыққан тұңғыш сапары едi. Олар Басра деген үлкен шаһарға керуен тартып келедi. Бұл шаӘарда болашақта келетiн Пайғамбардың белгiлерiн өз кiтаптарынан оқып бiлiп-отырған Бұһайра атты христиан дiнiнiң ғалымы тұрады екен. Бұһайра бұлардың керуенiне келiп, болашақ Пайғамбарымыздың ғаламат белгiлерiн айтып бередi. Оған қоса Әбутәлибтен бұл баланы яһуди дiнiндегi адамдарға көрсетпей, Меккеге алып қайтуын және тез арада бұл қаладан бiлдiрмей шығып кетуiлерiн өтiнедi. Өйткенi болашақ пайғамбар болатын баланың сол елде жүргенiн естiсе, яһудилер қастандық жасауы мүмкiн едi. Бұл кеңеске құлақ асқан бутәлиб бөгелместен Меккеге қарай бет түзейдi.

Осы оқиғадан соң, Әбутәлиб алыс сапарға шыққанда, оны қасына ертпейтiн болған. Болашақ Пайғамбарымыз жиырма жасқа толғанда, бұзықтар соғысын көрiп, көңiл қаларлық келеңсiз жайларға куә болады. Бұл құрайш руы мен олардың одақтасы қайыс руының арасында болған ең бiр мағынасыз соғыс едi. Нағыз қантөгiс Мекке мен Тайф қаласының аралығындағы Нахлатум деген жерде болған. Болашақ Пайғамбарымыз сол кезде өзiнiң жастығына қарамай, осы қантөгiстi тоқтату үшiн, екi арада болған бiтiм шартына қатысады. Сөйтiп, ол тiршiлiк ағымына тереңдеп енiп, тарихи маңызы бар күрделi оқиғаларға араласа бастайды.

Пайғамбарлық келуден бұрынырақ Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, – өте тамаша мiнездi, кең пейiл, ашық жүздi, мейiрiмдi, шыншыл, ақиқатты сүйетiн және оны жан тәнiмен жақтайтын, берген уәдесiне берiк, аманатқа қиянат қылмайтын, жат қылықтардан, жаман iстерден аулақ болған кiсi. Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, осындай тамаша қасиеттерiн бiлiп, адамгершiлiк iстерiн жоғары бағалаған сол аймақтағы жұртшылық оған пайғамбар болмай тұрып-ақ, әл-мин деген қосымша ат бередi. Мұның мағынасы – өте таза, пәк, сенiмдi дегендi бiлдiредi. Болашақ Пайғамбарымыз сол қасиеттерiне қоса түрлi пұттарға, мүсiндерге табынудан бойын аулақ ұстайды.

Пайғамбарымыз, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ер жеткеннен кейiн ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, өзiнiң адалдығымен, әдiлдiгiмен жұртқа таныла бастайды. Ол жиырма бес жасқа келгенде, Шам (Сирия) елiне екiншi рет сапарға аттанады. Бұл жолы болашақ анамыз Хадиша Хуайладқызының сауда керуенiн бастап барады. Хадиша анамыз оның жанына өзiнiң Майсара атты қызметшiсiн қосып жiбередi. Болашақ Пайғамбарымыздың сауда жолындағы бұл тұңғыш сапары жемiстi де берекелi болып, керуеншiлер масайрап қайтады. Сапардан келген соң, Майсара Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туралығын, әдiлдiгiн, iскерлiгiн, бойындағы тағы да басқа жақсы қасиеттерiн Хадиша анамызға майын тамызып әңгiмелеп бередi. Бұл кезде Хадиша қырық жаста болатын. “Жiгiттi ел мақтаған қыз жақтаған” дегендей, Майсараның аузының суы құрып айтқан сөздерi Хадишаның жүрегiне шоқ тастап, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қызығып қалады. Көп ұзамай өз көңiлiн бiлдiрiп, болашақ Пайғамбарымызға кiсi салады. Мұхаммед алейһи уә сәлам, Хадишаның бұл тiлегiн қабыл алып, әке орнына әке болған бутәлибтi құда түсуге жiбередi. Сөйтiп, көп ұзамай Хадиша анамызға үйленедi.

Өз алдына үй болып, отау тiккен Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анымызбен бiрге бiрсыдырғы ғұмыр кешiп жатады. Бұдан кейiн де ел iшiндегi түрлi iстерге араласып, үлкен беделге ие болады. Халық оны әдiлдiгi үшiн Мұхаммед мин деп атап кетедi.Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, отыз бес жасқа келгенде, қасиеттi Қағбаның қабырғасы әбден бүлiнiп, құлауға айналған кез едi. Мұны қалпына келтiрудi Құрайш руы өз мiндеттерiне алып iске кiрiсiп кетедi. Жөндеу жұмысы бiтiп, “Қара тасты” бастапқы орнына

10

Page 11: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

қояр кезде, араб руларының арасында келiспеушiлiк пайда болады. Шынын айтқанда, бұл бақталастықтан өрбiген дау-жанжал едi. Мұның арты тағы бiр қантөгiске ұласып кету қаупi туады. Осы кезде құрайш руының жасы үлкен ақсақалы, қадiрлi қария Әбу Умайата әл-Мұзираұлы мынадай келiсiмге шақырады. “Менiң айтқанымды дұрыс көрсеңiздер, бұл құрметтi iстiң шешiмiн iштерiңдегi ең сенiмдi, ақылы кемел, халыққа қалаулы және зор бедел иесi Мұхаммед Әминге тапсырайық”, – дейдi ол. Бұл ұсынысты ру басылары түгел құп алады.

Әрине дауы көп бұл iстi ешбiр ру басылары ренжiмейтiндей әдiл бiтiру жеңiл шаруа емес едi. Бiрақ ақылы асқан болашақ Пайғамбарымыз мұның түйiнiн оңай шешедi. Ол үстiндегi шапанын жерге жаяды да, ру басыларын шақырып, соның шалғайына айнала ұстауын өтiнедi. Өзi қара тасты көтерiп, киiмнiң үстiне қояды. Содан соң шапаннан ұстаған бойы қазiргi тұрған орнына барлығы бiрлесiп жеткiзедi. Бiрақ Мұхаммед Қара тасты тұғырына өзi көтерiп қондырады. Бұл шешiмге бәрi ризашылық бiлдiрiп, Мұхаммедтiң тапқырлығына, туралығына, даналығына тағы да тәнтi болады.Қасиеттi Қағба туралы “Құран Кәрiмде” былай деген

“Ақиқатына келсек, адамдардың ғибадат етуi үшiн тұңғыш салынған үй Меккеде. Бүкiл әлемдегi қасиеттi және тура жолға бастайтын үй сол. (Бұл үйдi перiштелер Адам, алейһиссәлам, жаратылғаннан бұрын салған. Адам содан 40 жылдан соң дүниеге келген”. (Әл Имран 3:96)

Пайғамбарлық келерден бұрын уәхи түсердiң алдында Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ақихи түстер (түсiнде көрген iстiң өңiнде болуы) көрiп жүрдi. Осы кезде жұрттан аулақтап, өзiмен-өзi оңаша қалуды көбiрек қалайтын болады. Бұрынғысынша жұрт тәңiр тұтып табынатын пұттардан, мүсiндерден бойын мүлден аулақ салып, оларды тiптi жек көрiп кетедi. Оның оңашалықты қалағаны соншалық Хира тауындағы үңгiрге барып түнеп жүредi. Кейде сол жерде тiптi айлап жатып қалатын кездерi болса керек. Бұл уақытта ол ИбраӘим, алейһиссәллам, дiнiне иман келтiрiп, құлшылық ете бастайды.Осындай күндердiң бiрiнде, Хира үңгiрiнде жатқан кезiнде Аллаһ Та`ала оған уәхи түсiредi.

Пайғамбарымызға ең бiрiншi `Алақ сүресi нәзiл болды.“Оқы, жаратқан Иенiң атымен оқы! Адамды Ол ұйыған қаннан жаратты. Оқы! Сенiң

Тәңiрiң – ең жомарт! (Ол) қаламмен (жазу) үйреттi. Адамдарға бiлмегенiн бiлдiрдi”. Осыдан кейiн Мұхаммед үйiне дiрiлдеп-қалшылдап зорға жетедi де, Хадиша анамызға “үстiмдi қымтап жап” деп үш рет қайталайды. Бiраз жатып тынығып, өзiне-өзi келген соң, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Хадиша анамызға көрген-бiлгенiн тәптiштеп баяндап бередi, көңiлiндегi қорқыныштарын да жасырмайды. Күйеуiне Аллаһ Та`аланың нұры жауайын деп тұрғанын сезген Хадиша оны өзiнiң туысы Нуфайл ұлы Уарақаға алып барады. Ол кiсi Інжiлдi толық меңгерген ғалым адам болатын. Өкiнiшке орай, оны әбден қарттық меңдеген кез едi. Сонда да Хадиша анамыз ол кiсiге Мұхаммедтiң көрген-бiлгенiн тыңдауын өтiнедi. Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, болған жайды түгел баяндап бередi. Оны ықылас қойып тыңдаған қария: “Ей, бауырым, бұл – ғажайып iс, – дейдi. – Аллаһ Та`ала саған бiр ұлы iстi бастатқалы тұр екен. Егер мен жас болғанда сенiң бұл iсiңе үлкен жәрдем берген болар едiм, бiрақ амал қанша! – деп өкiнiш бiлдiредi. Көп ұзамай Уарақа қария дүниеден өтедi. Ал арада қырық күн өткеннен кейiн Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Аллаһтан екiншi уәһи түседi.

Пайғамбардың Исламды жасырын насихаттауыАллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, жұртқа ибадатты

жасырын оқуға шақыруды бұйырады. Ислам дiнiн қабылдаған ең бiрiншi адам – Хуайладқызы Хадиша анамыз болды.

Кейiн басқа да көптеген адамдар осы дiндi қабылдады. Арада көп уақыт өтпей-ақ, бұл хабар жалпақ елге тарай бастады. Мұны естiген құрайш руының басшысы бужәӘiл бұл жүгенсiздiктi тыйып, оларды райынан қайтаруға белсене кiрiстi. Ол Мұхаммедке, салла

11

Page 12: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Аллаһу алейһи уә сәллам, “Сен әкеңнiң дiнiн тастап, басқа дiндi артық көргенiң не? Бұл райыңнан қайт”, – дедi. Бiрақ Пайғамбарымыз алған бетiнен таймайтынын ашып айтты. Содан бастап бужәӘiл оған дұшпандық ниетте болып, адамшылыққа сыймайтын ауыр сөздермен балағаттап, тiптi орынсыз жала жауып, қолынан келгенше қарсы әрекеттер жасап бақты. Пайғамбарымыз оның мұдай пасық қылықтарына сабырлылық танытып, өз iсiн одан әрi жалғастыра бердi. Бұл жолда ол айтарлықтай табыстарға да қол жеткiзе бастады. Бұл Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Ислам дiнiн зорлықсыз, қантөгiссiз, халықты үгiттеу арқылы таратуды мақсат еткенiн көрсетедi.

Ислам дiнiн ашық насихаттауға көшуИслам дiнiн жасырын уағыздау тұп-тура үш жылға созылды. Төртiншi жылы Аллаһ

Та`ала Пайғамбарымызға Ислам дiнiн ашық насихаттауды бұйырды. Тәңiрiнiң әмiрiне бой ұсынған Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Сафа тауына шығып: “Ей, бдул Мүтәлiптiң баласы, ей, бдiманаптың баласы” – деп, өз жақтастарының аттарын атап шақыра бастады. Мұны естiген жұрт “бұл не дауыс?” – деп таңданды. Аты аталғандар жинала келе, үлкен топқа айналды. Жиналған жұртқа Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: “Мен сендердi Ақырет азабынан құтқарушымын”, – деп жар салды. Осы кезде топ iшiнде тұрған Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, туыстарының бiрi булақап Пайғамбарымызды балағаттап жаман сөздер айтты. Құран Кәрiмде булақап туралы былай деген: “Әбулақаптың екi қолы құрысын! Ол өзi де құрыды. Мал-мүлкi де, басқалары да оған пайда бермейдi. Ол алаулаған отқа кiредi. Оның отын тасығыш (әзәзiл) қатыны да лаулаған отқа түседi. Оның мойнында мықты есiлген арқан болады”. (л-Масад: 111:1-5)

Мұхаммедке құрайш руының қарсы шығуыИслам дiнiне дейiн араб халықтары түгелдей пұттарға, түрлi мүсiндерге табынатын.

Мұндай тас құдайлар сиынушыларға пайда да, зиян да келтiре алмайтын жай жансыз нәрселер едi. Бiрақ ықылым замандардан берi ата-бабалары табынып келе жатқан сенiмнен бас тарту кiмге болса да оңай болмасы белгiлi. Пайғамбарымыздың пұттар мен мүсiндерге бүтiндей қарсы болып, жұртты Ислам дiнiне уағыздауы жалпы араб халықтарына, оның iшiнде құрайш руына қатты тидi. Олар Пайғамбарды райынан қайтару үшiн түрлi әрекеттер жасап бақты. Бiрақ ол әрекеттерiнен ештеңе шыға қоймады. Пайғамбарымыз жұрттың пұттарға жалбарынудан қайтып, Аллаһқа иман келтiруге, Аллаһтың жердегi Елшiсi – өзiне бой ұсынуға шақырды. Оның мұндай “өрескел” қылықтары жандарына жақпаған қауым Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мәжнүн, өтiрiкшi, сиқыршы деген өсек жайып, жұрттың одан аулақ жүруiн талап еттi. “Оның айтып жүрген насихатының бәрi бұрынғы бабаларымыздан қалған ертегi-аңыздарға ұқсас бос нәрселер” деген сөз таратты. рi-берiден соң оған иман келтiрiп, соңына ерген адамдарды айнытып, терiс жолға салуға да әрекеттендi. Бiрақ олардың бұл әрекеттерi де нәтиже бермедi. Бiрте-бiрте Ислам дiнiне сенушiлердiң саны көбейiп келе жатты.

Пайғамбарға жасалған қастандық әрекеттерМұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы шыққан халықтардың қоқан-

лоққысына, олардың айтқан балағат сөздерiне көңiл аудармай, Ислам дiнiн насихаттау iсiн жалғастыра бердi. Бiрте-бiрте Аллаһқа иман келтiрiп, оның соңына ерушiлердiң саны арта түстi. Ендi құрайш ұлықтары шындап саса бастады. Бiраз уақыттан кейiн олардың қарасы мүлдем көбейiп, бұл жаңа дiн жалпақ жұртқа жайылып, бой бермей кететiнiне көздерi жеттi. Сондықтан қалайда олардың жолын кесiп, Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алған бетiнен қайтару керек болды. Өзара кеңес құрған құрайш ақсақалдары Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қарсы батыл әрекеттерге көшу керек деген ұйғарымға келдi. Бiр күнi олар бәрi жиналып келiп, Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, былай дедi:– Ей, Мұхаммед, бiз сенiмен сөйлесуге арамыздан бiр адамды жiберiп едiк, бiрақ сен оны тыңдамадың. Керiсiнше, бабаларымызды айыптап, дiнiмiздi қорладың, құдайымызды

12

Page 13: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

балағаттадың, өзiмiздi ақымақ етiп, халықтың арасына жiк салдың. Сенiмен арамыз ажырады. Алда-жалда райыңнан қайтам десең, әлi де кеш емес. Егер iздегенiң байлық болса, бәрiмiзден асқан бай болғаныңша қалағаныңды берейiк, егер тiлегенiң ұлықтық болса, оны да орындаймыз. Ал бiздiң құрметiмiзге бөленгiң келсе, райыңнан қайтпай, ол ниетiңе жете алмайсың, бiз саған лағнет айтып, қарғыс жаудырамыз. Сенiмен ашық жауласамыз. – Мен сiздер айтып отырған байлықты, ұлықтықты, құрметтi ойлап та, iздеп те жүрген жан емеспiн, – дедi Мұхаммед. Мен – Аллаһтың сiздерге жiберген шын Елшiсiмiн. Аллаһ маған сiздерге ненi жеткiз десе, соны жеткiзушi ғанамын. Егер ықылас қойып, қабыл алсаңыздар, менiң сөздерiм сiздерге екi дүниелiк бақыт әкеледi. Мен тек Аллаһтың бұйрығын орындаушымын, менiң еркiм Аллаһтың қолында. – Ендеше, осы екi дiндi қатар қабылдап, екi құдайға кезектесiп, табынайық. Яғни бiздер бiр күнi Аллаһқа бас ұрайық, бiр күнi сен бiздiң құдайымызға табын, – деген шарт қойды олар. Сонда Аллаһ Та`ала Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мына аяттарды нәзiл қылды: “Ей, кәпiрлер! Сендер табынатын пұтқа мен табынбаймын. Мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер де ғибадат етпейсiңдер. Сендер шоқынған пұтқа мен шоқынған жоқпын, мен ғибадат еткен Аллаһқа сендер ғибадат еткен жоқсыңдар. “Сендердiң дiндерiң өздерiң үшiн, менiң дiнiм өзiм үшiн” – де.(Кәфирун 109:1-6) Мұхаммед алейһи уә сәллам, Аллаһ Та`аланың сөзiн кәпiрлерге бұлжытпай жеткiздi.

Мүминдердiң көрген азабыҚұрайш кәпiрлерi тек Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, ғана

қастандықтар жасап қойған жоқ, оған бой ұсынып, Ислам дiнiн алғашқы қабылдаған мұсылмандарды да зәбiрлеп, ашық қудалай бастады. Солардың бiрi Ясир ибн Имар және оның кәрi әке-шешесi, тағы да басқалар болатын. Қожайындары бұларды шыжыған күн астына жатқызып қойып, кеуделерiне ыстық құм басып азаптады. Мұны көрген Пайғамбарымыз: “Ясир ұрпақтары сабыр етiңдер сендердiң Ақыреттегi орындарың жәннаттың төрi”, – дедi. Мұндай ауыр азапқа шыдай алмаған Ясир ибн Имардың анасы көп ұзамай қайтыс болады. Бұл кiсi Ислам дiнi үшiн Аллаһ жолында шәһит болған тұңғыш мұсылман саналады.Бұлар сияқты отпен, қызған темiрмен, таспен, құммен азапталған, сондай-ақ, ауыр соққыдан, аштықтан және қамауда бейнет шегiп өлген мұсылмандар да аз болмады.

Қабажстанға қашып барып паналау Мұсылмандарды жазалау тоқтаусыз жүргiзiле берген соң, Пайғамбарымыз оларға

бiраз уақыт Қабаж елiне барып паналай тұрыңдар деп кеңес бердi. Пайғамбарымыздың нақ Қабаж елiн таңдауының да себебi бар едi. Өйткенi бұл елдiң сол кездегi патшасы Нажаши жалпақ жұртқа әдiлдiгiмен аты шыққан, халықтың құрметiне бөленген, туралықты сүйетiн адам болатын. Аллаһ жолында азап көрген мұсылмандар Пайғамбарымыздың кеңесiн құп алып, Қабаж елiне бет түзейдi. Алдымен он бiр еркек, төрт әйел кеме жалдап, аман-есен жеттi. Бiртiндеп олардың саны көбейiп, сексен үш еркек, он тоғыз әйел болды. Қашқандардың Қабажстанды паналап жүргенiнен құлағдар болған құрайш кәпiрлерi Нажаши патшаға өкiл жiбередi. Өкiл боп келген Умар Ибн әл-Уәлид пен мiр Ибн әл-с Нажаши патшаға жолықты. – Мұнда көшiп келгендердiң өздерiн көрiп, сөздерiн тыңдамай тұрып, оларды сiздердiң қолдарыңызға бере алмаймын, – дедi Нажаши патша. Сөйтiп, Қабаж елiн паналап келген Пайғамбардың сахабаларын шақыртып алып, оларға құрайш өкiлдерiнiң айтқандарын жеткiздi. – Сiздердi қуғынға ұшыратып, ел iшiне жiк салғандай бұл қандай дiн? Одан да менiң дiнiме кiрмедiңiздер ме? – дедi Нажаши патша. Оған сахабалардың iшiндегi жөн бiлетiн Жафар Ибн бутәлiп деген кiсi жауап бердi.

13

Page 14: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Ей, патшам! Бiз пұттарға табынған надан ел едiк. Арам өлген малдың етiн жеп, ойымызға не келсе соны iстеп күн кештiк. Халқымызда мейiрiм-шапағат, қанағат қалмады. Көршi құқы, обал-сауап дегендi ұмыттық, күштiлер әлсiздерге күн көрсетпедi. Бiздер және бiздiң ата-бабаларымыз адамға пайда-зияны жоқ, өз қолымызбен жасаған жансыз тастарға, пұттарға, мүсiндерге табынып келдiк. Бiздiң бұл қасiреттен бүкiл дүниенi жаратқан, әлемнiң әмiршiсi Аллаһ Та`аланың Өзi жiберген Елшiсi Мұхаммед арқылы құтылатынымызға көзiмiз жеттi. Сол Елшiнiң арқасында шыққан тегiмiздi бiлдiк. Шындық пен өтiрiктiң, аманат пен тазалықтың не екенiн таныдық. Ол бiздi тек қана бiр Аллаһқа ғибадат етуге шақырды. Пайғамбарымыз бiздердi адасқандардың жолынан бас тартып, тура сөз сөйлеуге, аманатқа қиянат қылмауға, мейiрiм шапағатқа ие болуға, көршiлермен тату тұруға, барлық харамнан, арам қағидалардан, жамандықтан аулақ болуға үйреттi. Ол бiзге тек бiр Аллаһқа ғана ибадат етуге, намаз оқуға, ораза тұтуға, зекет беруге, жетiмнiң және басқалардың ақысын жемеуге бұйырды, – дедi Ибн бутәлiп. Ол сонымен бiрге Ислам дiнiндегi барлық жақсы қасиеттер мен артықшылықтарды саусақпен санағандай ғып айтып бердi. – Бiз бiр Аллаһқа және оның жердегi Елшiсi Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сенiп, бой ұсындық, – деп сөзiн жалғастырды Ибн бутәлiп. – Пайғамбарымызға ерiп, бiр Аллаһқа сиынып, харам iстерден тыйылып, халал iстердi ғана iстедiк. Бiрақ бiздiң елдiң ұлықтары жақсылыққа бет бұрған түзу бағытымызды түсiнгiлерi келмей, мұсылман болғандарды қуғындап, азапқа салды, қорлады. Баяғыша пұтқа табыныңдар деп зорлады. Бiздiң дiнiмiздi ақиқаттан алыс нәрсе деп жұртқа өңiн айналдырып түсiндiрдi, сөйтiп халықты қарсы қойып, барлық оң iстерiмiздi жоққа шығарды. Ендi мiне, ата-мекенiмiзден безiп, сiздiң елдi паналауға мәжбүр болып отырмыз. Бiрақ мұнда да бiзге тыныштық бермей, зорлықпен керi қайтарып, ит қорлықпен өлтiрмек. Ибн бутәлiп бастан кешкен азаптарын айтып болды да, әңгiме желiсiн үзбей, Мәриям сүресiн жатқа оқыды. Мұның бәрiн тыңдап отырған Нажаши патшаның көңiлi босап, көзiне жас келдi. – Бұл Иса туралы айтылған жай ғой,– дедi сәлден кейiн. – Дегенмен шыққан жерлерi бiр екен, – деп толғанды. Патша бiршама уақыт ойға батып отырды да, бiр шешiмге келгендей, кенет басын көтерiп алып:– Сiздердi Омар Ибн әл-Уалид пен мiр Ибн әл-сқа бермеймiн – деп уәде еттi. Нажаши патша Ислам дiнiнiң түпкi мәнiн терең сезiндi. Өйткенi бұл негiздердiң ақиқат екенi айқын едi. Мұхаммедке, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, түскен Құран Кәрiм мен Исаға, алейһиссәлам, түскен Інжiлдiң негiздерi бiр екенiне көзi жеткен патша:– Ақылы кемел зерек адамдар бұл шындықты жасыра алмайды, – дедi. Сөйтiп, Нажаши патшаға келген құрайш өкiлдерiнiң жолы болмай, тауы шағылып кейiн қайтты. Олардың сұм ниетiн таныған Қабаж патшасы мұсылмандарды екiншi рет жәбiрлеуге жол бермедi. Уақыт өткен сайын құрайш кәпiрлерiнiң жасаған зұлымдықтары ашылып, мұсылмандарға қарсы ұйымдастырған әрекеттерi iске аспай қала бердi. Мұндай сәтсiздiктер олардың мазасын алып, тұйыққа тiредi. Олар өзара кеңесе келе Пайғамбарымыз Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәлам, өлтiруден басқа жол қалмады деген ұйғарымға келдi. Құрайш ұлықтарының бұл сұм ниетiн бiлiп қойған Пайғамбарымыздың туысы бутәлiп бүкiл туыстарын шақырып алып, оларға Мұхаммедтi, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Меккенiң жанындағы тау халықтарына апарып қосуды және оны өлтiрудi ниет еткен барлық зұлымдарды райынан қайтарып отыруды бұйырды. бутәлiп үйiнде өткен осы кеңестен құлағдар болған құрайш ұлықтары ендi Бәну бдул Мүтәлiп ұрпақтарымен қыз алысып, қыз берiсiп жекжаттасу және сауда-саттық жасаспау туралы бұйрық шығарды. Бұл үкiм жазылған қағазды Қағбаның iшiне iлiп қойды. Бұл бұйрық Қағбаның iшiнде үш жыл сақталды.

Осы күннен бастап Пайғамбарымыз бен оның соңына ерген мұсылмандарға нағыз қара түнек заман орнады. Айналадағы елмен араласып сауда-саттық жасамаған соң, алдымен аштыққа тап болды. Басқа жұрт бұларға көмектесiп, қол ұшын беруге ұлықтардан қорықты. Азықтары таусылып, арып-ашқан жұрт ағаш жапырақтарын талшық қып жеп жан бақты. Алайда бұл азаптау жас сәбилерге ауыр тидi. Тәулiктiң қай мезгiлiнде болсын олардың

14

Page 15: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

үйлерiнен адамның төбе құйқасын шымырлатар сәбилердiң үздiксiз жылаған дауыстары естiлiп жататын. Басқа түскен ауыртпалық көп уақытқа созылса да, Пайғамбарымыз бен мүминдер сыр бермей шыдап бақты. Керiсiнше, бұл азаптауға құрайш ұлықтарының көпшiлiгiнiң жүйкесi шыдамай, араларына жiк түстi. Олар қауым басында тұрған бес ұлықтан азаптаудың бұл масқара түрiн тоқтатуды қатал талап еттi. °лықтардың бұл орынды талаппен санаспауға лажы қалмады. Олардың жазбаша үкiмiнiң кейбiр қатаң тарауларынан бас тартуларына тура келдi. Сөйтiп, бiр Аллаһқа иман келтiрген жазықсыз мұсылмандар үш жылға созылған ауыр азаптан құтылып, өз мекендерiне қайтты. Көпшiлiктiң көмегiмен келген бұл жеңiс дауыл алдындағы уақытша тыныштықтың бiр ғана сәтi едi.

Пайғамбарымыздың Меккеден Масжидул-Ахсаға пырақпен ұшып жетуi және көкке көтерiлуi

Бұл ғажайып iстi Аллаһ Та`ала пенделерiнiң иманын тексеру үшiн әдейi жасаған болатын. Яғни Пайғамбарымыздың осы iсiне кiм сенедi, кiм сенбейдi, соны анықтап адамдардың көзiн жеткiзу үшiн Өзiнiң құзырына сай ғаламат жасады. Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызды бiр түнде (бұл түн қазiргi Һижра айпарағындағы 26-27 раджаб айына тура келедi) Меккедегi Мәсжидул-Харамнан Құдыстағы, яғни қазiргi Иерусалимдегi Масжидул Ахсаға жеткiзген болатын. Бұл туралы Құран Кәрiм былай дейдi:“Аллаһ – пәк. Тағылымдарымыздың тамаша дәлелдерiн көрсету үшiн Ол бiр түнде Өз пендесiн (Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,) Мәсжидул-Харамнан төңiрегi тұнған байлық – Мәсжидул-Ахсаға алып келдi. Аллаһтан бiлгiр, Одан көреген ешкiм жоқ”. (Исра 17:1)

Мұнан соң Пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, Байтул-Махдистен пыраққа мiнiп, жетi қат көкке көтерiлдi. Онда барған соң, Аллаһ Та`ала Пайғамбарымызға және оның үмметiне күнiне бес уақыт намаз оқуды парыз еттi. Соңыра Расулуллаһ сол пырақпен қайтадан Меккеге оралды. Мiне, осылардың бәрi небәрi бiр түннiң iшiнде болған оқиғалар едi.

Таң атқаннан кейiн, Расулуллаһ өзiнiң қауымына түндегi көрген-бiлгенiн баяндап бердi. Құрайш руының кейбiр адамдары бұған сендi, ал базбiрi бос сандырақ деп қарады. Кейбiр иманы нашар адамдар бұл туралы Пайғамбарымыздың өз аузынан естiген соң, Ислам дiнiнен бас тартты.

Бұл оқиға жұртты екiұдай күйге түсiрiп, қызу пiкiрталас тудырды. Сосын көпшiлiк бубәкiрге барып, оның жеке пiкiрiн сұрады. бубәкiр жиналған қауымға мен ол айтқан нәрселердiң бәрiне сенемiн”– деп жауап бердi. Сол күннен бастап жұрт оны бубәкiр Сыддық деп атай бастады.

Пайғамбарымыздың сөзiне сенбеген кәпiрлер қауымы жиналып, оның айтқандарының рас-өтiрiгiн тексерiп, сынап көрмекшi болды. Олар Мұхаммедтен, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, алдымен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн сипаттап беруiн сұрады. Өйткенi олардың арасында Байтул-Махдистi көргендерi, оның iшi-сыртын жақсы бiлетiндерi бар едi. Пайғамбарымыз iркiлместен Байтул-Махдистiң жалпы көрiнiсiн қолмен қойғандай ғып тәптiштеп айтып бердi. Кәпiрлер мұны өтiрiк дей алмады.

Ислам дiнiнiң Иасриб қаласында тарауыИслам дiнiн құрайш руының шағын бөлiгi ғана қабылдады. Бұл Мұхаммедтi, салла

Аллаһу алейһи уә сәллам, қанағаттандыра қоймады. Сондықтан ол мереке күндерi басқа араб руларының арасына барып, үгiт-насихат жүргiздi. Олардың бiрi Расулуллаһқа оң қабақ бiлдiрсе, екiншiлерi жақтырмаған сыңай танытты. Иасрибтен келген кейбiр арабтар өздерiн Расулуллаһтан аулақ ұстауға тырысты. Бiр күнi Пайғамбарымыз көшеде келе жатып, Иасриб қаласынан келген бiр топ кiсiлерге жолығып қалды. – Мен сiздермен сөйлессем деп едiм, азырақ аялдамайсыздар ма? – деп өтiнiш жасады. Расулмен олар келiсiп, Пайғамбардың жанына тiзе бүктi. Пайғамбарымыз оларға Ислам дiнi

15

Page 16: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

туралы сөз қозғап, оның қағидаларын, негiзгi шарттарын жан-жақты түсiндiрдi. Құраннан аяттар оқыды. Сөзiнiң соңында оларды Аллаһқа иман келтiруге, осы әдiлеттi дiндi қабылдап мұсылман болуға шақырды. – Бұлар Иасриб қаласына оралғаннан кейiн, Пайғамбарымызға берген уәделерiнде тұрып, халықты Ислам дiнiне кiруге шақыра бастады. Бiрте-бiрте Аллаһтың жердегi Елшiсi туралы хабарды естiмеген бiр де бiр адам қалмады.

Иасриб халқының Пайғамбарға серт беруiАрада бiр жыл өткеннен кейiн, Құдайға құлшылық қылу маусымында (хаж)

Иасрибтен Меккеге он екi адам келдi. Олар Пайғамбарымызбен Ақаба деген жерде кездесiп, Ислам дiнi туралы келелi әңгiме қозғалды. Олар бiр ауыздан алдағы уақытта бiр Аллаһқа ғана сенуге, ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық жасамауға, бiреуге жала жаппауға, балаларын өлтiрмеуге, қысқасы күнәлi iстерден аулақ болуға ант бердi. Кiмде-кiм осы айтқан серттерiнде тұратын болса,– дедi Пайғамбарымыз, – Аллаһ Та`ала олардың жақсылық жолында жүргенiн ескерiп, Ақыретке барғанда жұмақтың төрiнен орын бередi. Расулуллаһтың айтқан әрбiр сөзi Иасрибтықтарды толқытып, олардың Аллаһтың бiрлiгiне деген сенiмдерiн бекiте түстi. Арада тағы да бiр жыл уақыт өтiп, әдеттегiндей хаж өтеу маусымы басталған кезде, Расулуллаһқа ант берген әлгi кiсiлер өздерiмен бiрге Меккеге жетпiс үш еркек, екi әйел ертiп келдi. Пайғамбарымыз олармен жүздесiп, былтырғы Ақаба деген жерде түнде бас қосуға уәде еттi.– Абай болыңыздар, араларыңызға түнде құрайштар енiп кетпесiн. °йқы – дұшпан, сақтық – дос, – деп ескерттi Расулуллаһ кетерiнде. Өйткенi бұл құрайш ұлықтарының дұшпандық әрекеттерi әлi басылмаған, жамандықтың асқынып тұрған кезi болатын. Ел ұйқыға бас қойған мезгiлде, Расулуллаһ қасына бдул-Мүтәлiп ұлы Өаббасты ертiп алып, уәделi жерде иасрибтықтармен аман-есен бас қосты. Пайғамбарымыз Ислам дiнiнiң артықшылықтары туралы насихат айтып, Құраннан аяттар оқыды. Пайғамбарды тыңдап отырған иасрибтықтардың Аллаһтың бiрлiгiне деген күмәнi қалмады. Олар ешбiр кедергiсiз түгелдей Ислам дiнiн қабылдап, мұсылман болды. Жиын соңында Пайғамбарымыз:– Араларыңнан өз қауымдарына сөзi өтетiн он екi адамды iрiктеп шығарып берсеңдер, – дедi. Өйткенi бұл адамдар өз қауымдарына басшылық жасау үшiн қажет болды. Иасрибтықтар көп ұзамай араларынан он екi адам iрiктеп бердi. – Сiздер өз қауымдарыңызға жауаптысыздар, – дедi сонда Расулуллаһ оларға. – Мәриям ұлы Исаға, алейһиссәлам, сенген хауарилердiң сенiмiндей сенiмге ие болуларыңыз керек. Ал мен барлық қауымым үшiн жауаптымын.Осы кездесуден кейiн Иасрибқа оралған жаңа мұсылмандар тобының тың күшпен үгiт-насихат жүргiзуiнiң нәтижесiнде бұл өңiрде Ислам дiнi кең қанат жайып, шапшаң тарай бастады. Ал керiсiнше Меккеде мұсылмандардың жағдайы қиындай түстi. Мұнан әрi бұл азапқа төзудiң мүмкiн еместiгiн ескерiп, Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, мүминдерге Меккеден Иасрибқа орын ауыстыру туралы кеңес бердi. Көп ұзамай-ақ алғашқы мұсылмандар тобы құрайштарға бiлдiрмей астыртын орын ауыстыра бастады. Бiрақ бұл әрекеттi жұрттан жасыру мүмкiн болмады. Бұдан құлағдар болған құрайш ұлықтары бұрынғысынан бетер құтырына түстi. Олардың бұл қылықтарын ұнатпаған мұсылмандар ашықтан-ашық Меккеден көше бастады. Аздан соң Меккеде мұсылмандардың аз ғана тобы қалды. – Құрайштар тарапынан бақылаусыз болған бутәлiп ұлы ли мен букақафа ұлы бубәкiр ғана едi. Күн өткен сайын жағдайдың қиындап бара жатқанын көрген бубәкiр Пайғамбардан орын ауыстыруға рұқсат сұрап, кәпiрлер жағынан қауiптiң бар екенiн есiне салып қоятын. Бұл кезде құрайш ұлықтары Расулуллаһтың Иасриб халқымен астыртын араласып, оларды Ислам дiнiне бой ұсындырғанын бiлген едi. Осыған байланысты олар кеңес құру сарайына жиналып, Расулуллаһқа не iстеу керектiгi туралы ақылдасты. °лықтардың бiрi Расулуллаһты

16

Page 17: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Меккеден шығарып жiберу керек десе, ендi бiрi оны уақыт оздырмай қамауға алу керек деген пiкiр айтты. Бәрiнен асып түскен бужәӘiл болды. Ол шiмiрiкпестен Пайғамбарды өлтiру керек деп салды. Бiрақ бұл жауыздық пiкiрдi кеңеске жиылғандар қолдамай тастады. Сөйтiп, бұл кеңес белгiлi бiр шешiмге келе алмай, әрi-сәрi күйде тарқады. Дегенмен Пайғамбардың өмiрiне зор қауiп төнгенi аян болды. Бұл кеңес туралы Жәбiрейiл перiште Расулуллаһқа хабар бердi және бұл түнi өз үйiне қонбауын ескерттi.

Пайғамбардың сапарға дайындалуы және құрылған тордан құтылуыРасулуллаһ Әбубәкiрдiң үйiнен қас қарая оралды. Құрайштың екi жiгiтi оның үйiнiң

жанына келiп, ұйықтайтын мезгiлдi күтiп отырды. Бұл екi жiгiттiң өзiн өлтiруге келгенiн бiлген Пайғамбарымыз: “Әбутәлiптiң баласы менiң төсегiме жатып ұйықта”, – дедi. Сөйттi де өзi сыртқа шықты. Аллаһ Та`ала қара ниеттi жiгiттердiң көздерiн көлегейлеп, Пайғамбарымыздың үйден шығып кеткенiн байқатпады. Қарақшылар жұрттың бәрi ұйықтады-ау дегенде, Расулуллаһтың үйiне баса-көктеп кiрдi де, төсектiң жамылғышын ашып қалды. Осы кезде олардың көздерi атыздай болып, бiр-бiрiне бақырайып қарап қалды. Өйткенi төсекте олар iздеген Расулуллаһ емес, Әбутәлiп ұлы Әли жатыр едi.

Пайғамбардың соңынан қуғын салуҚұрайш ұлықтары Мұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, күндiз өз үйiнде

екенiне әбден сенiмдi едi. Пайғамбардың төсегiнде ли болғанын естiгенде оларды бұл оқиға абыржытып тастады. Зұлымдықтары iске аспай, өздерiнiң жер сипап қалғандарын бiлген ұлықтар: “Егер кiмде-кiм Мұхаммедтi тауып, оны Меккеге алып келсе, жүз түйе сыйлық берiледi”, – деп жар салды.

Бұл сыйлықтан дәмеленген кәпiрлер шарық ұрып Расулуллаһты iздеуге кiрiстi. Бiр топ қуғыншылар Пайғамбарымыз жасырынған тауға көтерiлiп, Сәуiр үңгiрiнiң аузына тақап келдi. Бiрақ үңгiр iшiне кiре алмады, өйткенi аузына өрмекшi қалың тор құрып тастаған едi. Олар мұқият қарап, өрмекшi торының сетiнемегенiне көз жеткiздi де, келген iздерiмен керi қайтты. Сөйтiп құдiретi күштi Аллаһ Та`ала қауiптiң бетiн аулаққа бұрды.

Аллаһтың Пайғамбарды қорғауы Айнала төңiректi итше тiмiскiлеп, Расулуллаһты таба алмаған қуғыншылар

ұнжырғалары түсiп үйлерiне қайтты. Бiрақ құрайш кәпiрлерi уәде еткен жүз түйеден үмiтiн үзбеген Сурака деген адам iздi дұрыс кесiп, Пайғамбардың соңына түстi. Оған құрайштың бiр адамы “үш кiсi Иасрибқа қарай беттеп бара жатқанын көрдiм” деп хабар берген болатын.Сурака өте зор денелi, екi иығына екi кiсi мiнгендей батыр тұлғалы адам едi. Хабарды естiсiмен көп бөгелмей сауытын киiп, атын ерттеп, үшеуiнiң соңына түсiп бердi. Суыт жүрген Сурака бiраз уақыттан соң қашқындардың қарасын көрдi. Аздан соң олардың арасы жақындай түстi де, Расулуллаһты тұтқынға алатынына Сураканың күмәнi қалмады. Кенет бубәкiр қаруланған атты адамның келе жатқанын көрдi. Сураканың суыт та тосын жүрiсi жолаушыларды ерiксiз сескендiрдi. Бiрақ Расулуллаһ сыр бермей түйе үстiнде қаннен-қаперсiз отыра бердi. Ол сырттай сабырлы болғанмен, iштей Аллаһқа сыйынып, Құраннан дұға оқып келе жатты.

Іздеген жоғының үстiнен түскенiне қуанған Сурака атын тақымдап, жүрiсiн үдете түстi. Кенет оның астындағы аты сүрiнiп құлап, қайта тұрды. Мұны елең қылмаған қуғыншы атын сабалап жолаушыларды қуып жетуге асықты. Жолаушыларға таяқ тастам жер қалғанда, аты екiншi рет жығылып, төрт аяғы бiрдей жерге кiрiп кеттi. ҚаӘарға мiнiп, ашуланған Сурака қолындағы найзасын қашқындарға қарай лақтырды. Жайшылықта осындай қашықтықтан арыстанды шаншып өлтiретiн Сураканың найзасы бұл жолы нысанаға дарымай, басқа жаққа лақты. Оның бұл шалт қимылына шыдымаған аты шатқаяқтап барып құлап түстi. Атымен бiрге құлаған қуғыншының көз алды тұманданып, тұла бойы қалтырап, көңiлiне қорқыныш ендi. Бұл әрекеттерiнен түк шықпайтынын сезiп, жiгерi құм болды.

17

Page 18: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Өзiнiң кенеттен мүсәпiр халге түскенiне ызаланған және Расулуллаһтың жеңiске жететiнiне күмәнi қалмаған оның көз алдынан суық елес жүгiрiп өттi. Ол атымен бiрге құлап түскенде, жолаушылар тоқтап, оған қарап тұр едi. “Мен сендерге қиянат қылмаймын, сендер де маған қиянат жасамайтындықтарың жөнiнде сенiм хат жазып, берiңдер”, – деп өтiндi ол. Расулуллаһ рихат ұлы Абдоллаға сұраған сенiмхатын жазып берудi бұйырды. Сенiмхатты алған Сурака келген iзiмен кейiн қайтты.Меккеге оралған Сурака Расулуллаһтың соңынан қуғынға шыққалы жатқан бiр топ адамға жолықты. Ол Пайғамбарға берген уәдесiнде тұрып, қуғыншыларды басқа iзге салып, адастырып жiбердi. Бiраздан кейiн Сурака Пайғамбар мен өз арасында болған оқиғаны жұртқа жыр қылып баяндап бердi.

Пайғамбардың Құбаға жетуiМұхаммедтiң, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келе жатқан хабарын естiген Иасриб

жұрты күнде жол қарап, асыға күттi. Қаланың шыға берiс аузына жиналып, күн қызғанша күтiп отыратын болды.

Пайғамбарымыз шыжыған ыстыққа қарамай сапар шегiп, Иасрибқа екi шақырымдай жердегi Құбаға келiп жеттi. Бұл кезде дұшпандардың зұлым ниетiнен қауiптенiп, оларды ансарлардан (иасрибтықтар) құрылған бiр топ қарулы жасақ күтiп жүрген едi. Расулуллаһты бiрiншi болып солар қарсы алды.

Құбада Пайғамбарымыз Ауф ұлы мiрдiң үйiне қонақ болды. Мұнда он күндей тұрақтады. Бұл кезде мұсылмандар салған мешiт дайын болып қалған едi, халық мұны Құба мешiтi деп атады. Бұл Исламдағы тұңғыш салынған мешiт едi.

Мухаммәдтің (с.а.у) Қағбаны салуы

Қағба – Аллаһ Тағалаға ғибадат жасайтын және Аллаһтың жалғыз құдірет иесі екеніне бойсұну үшін салынған алғашқы үй. Қағбаны Пайғамбарлардың (с.а.у) атасы Ибраһим (ғ.с) салды. Бұл жөнінде Құран былай баяндайды: “Сол уақытта Ибраһим мен Исмайл (ғ.с) үйдің (Қағбаның) ірге тасын көтеріп: Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің,- деп дұға қылды.”* (Бақара 127)

Бірақ Қағба бірнеше рет бұзылып, салынған. Соның бірі Мухаммәдке (с.а.у) пайғамбарлық міндеті келместен бұрын қатты жауын болып, ағыстың кесірінен Қағбаның кейбір жерлері бұзылады. Қурайш руы Қағбаға қызмет етуді өз мойындарына алған болатын.

18

Page 19: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Бірақ шектен тыс құрметтерінен Қағбаны бұзып, қайтадан салуға батылдары бармады. Арабтардың Қағбаға құрметі Ибраһим пайғамбардан қалған шариғаттың белгісі.

Мухаммәд (с.а.у) отыз бес жасында Қағбаны салу үшін тас тасығаны жөнінде сахих хадистер бар. Хадисші Бухаридің хадисінде Жабир бин Абдуллаһ (р.а) былай баяндайды: “Қағба құрылысы жүріп жатқанда Мухаммәд (с.а.у) және немере інісі Аббас (р.а.) тас тасу үшін келді. Аббас (р.а) Мухаммәдке (с.а.у) қарап: Киіміңді шешіп, мойныңа қой,- деді. Мухаммәд (с.а.у) Аббастың (р.а) айтқанын тыңдап, беліне байлаған киімін шешкенде оқыстан жерге жығылды. Мухаммәд (с.а.у) киімін сұрап қайтадан беліне байлады.”

Қағбаны салып болғаннан кейін Хажарул-Асуадты (қара тас) орнына қою үшін Араб руларының арасында бақталастық пайда болды. Бұл бақталастық дауының шешілуі мүмкін емес еді. Сол себепті барлық ру басшылары Мухаммәдтің (с.а.у) сенімді, әрі халық арасында мейірімділігімен танымал болғаны үшін бұл даудың шешімін оған тапсырды.

Ғибраттар

Пайғамбардың өміріндегі бұл бөлімді төрт жағдаймен ашықтаймыз.1 — Ұлы Аллаһ жер бетінде Қағбаны қасиетті үй қылды. Хз. Ибраһим (ғ.с) Аллаһтың

бұйрығымен адамдарға сенім мен тыныштықтың басты қайнары болған ғибадат үшін алғашқы үй болсын деп салды. Бірақ Қағба қаншалықты қасиетті болса да ешкімге пайда да, зиян да бермейтін тастан салынған үй. Бұл үйдің тек мақсаты пұттардың, тағуттардың пұтханаларын қирату үшін, пұтқа табынудың дұрыс емес екендігін ескерту үшін, жер бетіне тек қана Аллаһтың таухидін білдіру үшін, Оған құлшылық қылу керек екендігін ескерту үшін, осылайша ақиқат дін мен ғибадатты шірік пен пұттан ажырату үшін Аллаһ Тағала Ибраһимге (ғ.с) салуды бұйырды. Аллаһ Тағалаға ғибадат үшін салынған бұл үйге тек қана адамдық қасиетін сақтау үшін кіреді. Барша әлемді жаратқан Ұлы Аллаһтан басқаға бойсұнбау үшін және бейшаралыққа түспеу үшін осы үйге кіреді. Аллаһтың таухидына иман келтірген, Оның дінін қабылдаған му`миндер үшін бір – бірін тануға пайдалы болатын және қиыншылық уақытта пана болатын мекен болатын. Олардың мемлекеттері, тілдері, ұлттары бөлек болса да, оларға Аллаһтың таухидын қуаттайтын, пұттар мен шіріктің азғындығынан бет бұрғызатын қасиетті осы үйден артық мекен жоқ. Өйткені Қағба барлық му`миндер үшін пана және бір – бірін байланыстыратын рабыта. Осы Қағбаның химаесінде танысып, ақиқат үшін сол жерде кездеседі. Бұрын ол жерде пұттар болған болса да, қанша заман өтсе де бұрыс сенімді ұстанатын сенімдер бар болса да, Қағба бүкіл әлемдегі мұсылмандардың бір денесі сияқты бірлігін сақтайтын, таухидты ашықтап, тек қана Оған ғибадат қылу керек екенін көрсететін бір белгі, нышан. Ұлы Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай дейді: “Сол уақытта үйді (Қағбаны) адам баласы үшін орталық, әрі бейбітшілік орны етіп жасадық. Ибраһимнің мақамын намаз орны қылып алыңдар. Ибраһим, Исмаил екеуіне былай деп бұйырдық: Тауап етушілер, өздерін ғибадатқа бергендер және рукуғ, сәжде қылушылар үшін үйімді (Қағбаны) тап – таза ұстаңдар,- деп, уәде алғанбыз.” * (Бақара 125) Міне, Аллаһ Тағалаға құлшылық қылудың мағынасы. Илаһи әмірлерге бойсұну сезімдерімен жүрегі алып ұшып Бәйти Харамды тауап қылған мұсылманның басында ойлаған мағына да осы. Абд (құл) өзіне бұйрылған әмірлерді барлығынан жоғары қойып орындауға міндетті. Қағбаның қасиетті болуы, Аллаһтың алдындағы құрметі осыдан туындайды. Осы жерге хажылық қылудың міндеттелуі, айналасында айналудың шарттары осыларға байланысты міндетелді.

2 — Нақты дәлелдерге қарағанда Қағба әртүрлі жағдайлармен төрт рет бұзылып, қайтадан салынған. Ал кейбір зерттеушілердің бұдан да көп бұзылып салынған деген пікірлері де бар.а) Алғашқы құрылыс.

Хз. Ибраһим (ғ.с) баласы Исмайлмен (ғ.с) бірге Аллаһтың бұйрығын орындау үшін алғашқы рет осы құрылысты бастады. Бұл жөнінде Құран мен сахих хадистерде ашық баяндаған. Аллаһ Тағала былай дейді: “Сол уақытта Ибраһим мен Исмайл (ғ.с) үйдің

19

Page 20: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

(Қағбаның) ірге тасын көтеріп: Бізден қабыл айла, күдіксіз Сен тілекті тым естуші, толық білушісің,- деп дұға қылды.” * (Бақара 127)

Хадисші Бұхаридің хадисінде Ибн Аббас (р.а) Мухаммәдтің (с.а.у) айтқанын баяндайды: “Ибраһим баласына қарап: Әй, Исмайл! Маған Ұлы Аллаһ Тағала бұйрық берді,- деді. Баласы: бұйрығын орында,- деді. Ибраһим баласына: Маған жәрдем бересің бе?- дейді. Баласы: Әлбетте жәрдем беремін,- деп келісімін білдірді. Ибраһим биіктеу бір жерді көрсетіп: Аллаһ Тағала осы жерде үй салуға бұйырды,- деді.” Ибн Аббас (р.а) бұл хадистің соңында былай дейді: “Осылайша Ибраһим мен Исмайл Қағбаның негізін қалады. Исмайл тас әкелді. Ибраһим ол тастармен Қағбаны салды.”* (Бұхари, Китабул-Әхадисул-Әнбия 9) Зәркәши Әл-Әзрақидің “Мекке тарихы” деген кітабында былай баяндайды: “Ибраһим Қағбаның биіктігін жеті зира, енін отызда жиырма зира қылып фундаментсіз салды.”.* (Зәркәши, И`ламус-Сәжид 46) Тарихшы Әс-Сухейл Қағбаның биіктігін тоғыз зира болған деп баяндайды.* (Ибн Сәйдиннас, Уюнул-Әсәр 1/52) Мен Әс-Сухейлдің хабары шындыққа жақындау деп айта аламын. б) Қағбаның бұзылып, екінші рет қайта салынуы.

Қурайш руы Ислам діні келместен алдын Мухаммәдтің (с.а.у) қатысуымен құлайын деп тұрған Қағбаны бұзып, қайтадан салды. Биіктігі он сегіз зира, ені алты зира болды. Ені кішірейген соң Қағбаның Хижр деген жері Қағбаға қосылмай қалды. Бұл жөнінде Мухаммәд (с.а.у) Хз.Айша анамызға (р.а) былай дейді: “Әй, Айша! Халқым надандық заманға жақын болмағанда Қағбаны бұзып, Қағбадан тыс қалған Хижрді қайтадан қостырып, шығыстан және батыстан екі есік аштырып салуға бұйрық берер едім. Осылайша Ибраһимнің құрған жоспарындай салған болар едік.” в) Қағбаның үшінші рет қайтадан салынуы.

Муауияның баласы Язиттің бұйрығымен Шам әскері Меккені жаулап алу үшін соғысқан мезгілде Қағба өртеніп кетті. Һижри отыз алтыншы жылдың аяғында Шам әскер басшысы Хусейн бин Нумейр әс-Суқуени Меккедегі Әз-Зубейрдің баласы Абдуллаһты жазалау үшін жолға шығады. Зубейрдің баласы Абдуллаһ олармен қарсыласады. Меккеге кіре алмаған әскер ордасы тас атқыш үлкен құралдармен Меккені атқылайды. Бұл алаулаған тастар Қасиетті Қағбаға да тиеді. Осының кесірінен кейбір жерлері өртеніп, Қағбаның бір бөлігі мүжіліп қалады. Соғыс біткеннен кейін Зубейрдің баласы хажылық мезгілді күтеді. Хажылар келген соң оларға: “Әй, адамдар! Қағба жөнінде мен сендерге бір сұрақ қоямын. Қағбаны түбімен бұзып, қайтадан салайын ба, әлде мүжіліп құлаған жерін ғана түзетейін бе?”- деп сұрады. Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) былай деп жауап берді: “Менің көзқарасым бойынша құлаған жерін ғана жөндейік. Бұл қасиетті үй Мухаммәдтің (с.а.у) пайғамбар болып жіберілген және адамдардың Исламға кірген заманында қандай болса сол күйінде қалдырайық. Пайғамбардың (с.а.у) және сол мезгілдегі мұсылмандардың қасиеттерін еске салатын бұл Қағбаның әрбір тасын қозғамай сол мәңгілік естеліктерімен тастайық”,- деді. Бірақ бұл жауапқа қанағаттанбаған Зубейрдің баласы Абдуллаһ былай деді: “Егер өз үйлерің өртенген болса, оны жаңадан салмағанша тыныш таппас едіңдер. Ендеше Раббымыздың Қасиетті үйін қалайша осындай жағдайда қалдырамыз. Мен Раббыма үш рет истихара намазын оқимын. Содан кейін жұмысымды бастаймын.” Үш күннен кейін Қағбаның барлық тастарын бұзды. Бірінші Қағбаның айналасын қоршап жапты. Кейін Қағбаның тастарын қалай бастады. Биіктігіне он зира қосты. Қосылмай қалған Хижрдің орнын қайтадан біріктірді. Біреуінен кіріп, екіншісінен шығатын екі есік жасады. Зубейрдің баласы Абдуллаһқа Қағбаны мұндай қылып өзгертуге күш берген Айша анамыздың (р.а) сөзі болатын. Ол Пайғамбарымыздың (с.а.у) Қағба жөнінде айтқан хадисі.г) Қағбаның төртінші рет қайтадан салынуы.

Хадисші имам Муслимнің сахих хадисінде Ата бин Әби Рабах былай баяндайды: Зубейрдің баласы Абдуллаһ шеһид болғаннан кейін Хажжаж сұлтан Абдулмалик ибн Маруанға хат жазды. Ол хатта Зубейрдің баласы қасиетті Қағбаны Ибраһим пайғамбардың салғанындай бұрынғы орнына қайтадан салғанын және бұл Қағбаны Меккенің абыройлы адамдары қолдап отырғанын хабарлады. Абдулмалик былай деп жауап хат жазды: “Біз

20

Page 21: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Зубейрдің баласы сияқты Қағбаны бұзып, ағаттық іске бармаймыз. Қағбаның биіктігі сол күйінде қалсын, бірақ Қағба мен Хижрдің арасын ашып, бұрынғы жағдайына келтір. Оның ашқан екі есігінің біреуін бітеп таста.” Осы бұйрық бойынша Хажжаж Қағбаны бұзып, Қурайштардың салғанындай етіп салды.

Аббас халифасы Харун әр-Рашид өз заманында Қағбаны бұзып, Зубейрдің баласы Абдуллаһтың салғанындай қайтадан салуға ниет етеді. Бірақ бұл ниетке қарсы ұлы ғұлама факих Малик бин Әнес былай дейді: “Аллаһ мұратыңа жеткізсін әй, әмірші! Бұл Қағбаны басқа патшаларға ойыншық қылудан сақта. Бұлай өзгерте берсек сеннен кейін де патшалар келеді. Олар да өздеріне ұнайтындай өзгерте салуы мүмкін. Екінші бір патшаға оның істегені ұнамай ол өзгертеді. Осылайша Қағбаның қадір – қасиеті адамдардың көңілдерінен жоғалады.”* (Нәуәуи, Муслим шәрхы мен Фәтхул-Бәри, Бұхари шәрхында бұл оқиға Харун Рашид заманында болды десе, Уюнул-Әсәр мен И`ламус-Сәжид кітаптарында Қағбаны бұзуды қалаған Әбу Жафәр Әл-Мансур деп риуаяттайды. Өйткені Имам Малик осы екі патша заманында өмір сүрген)

Қағбаның жоғарыда айтылған төрт мәрте салынуы анық, айқын болған. Ал бесінші мәрте салынған деген мәлімет біраз күмәнді.

Кейбір хадистердің айтылуы бойынша Қағбаны алғаш рет салған Адам (ғ.с.) екен. Бұл жөнінде Мухаммәд (с.а.у) пайғамбарымыздың айтқан хадисін Абдуллаһ бин Амр былай деп баяндайды: “Ұлы Аллаһ Тағала Жәбірейл періштені Адам мен Хауа анаға жібереді. Жәбірейл оларға Аллаһ ризалығы үшін ғибадат жасайтын үй салуларын бұйырады, әрі ол үйдің жобасын салып береді. Адам жерді қаза бастады. Хауа топырақтарды тасыды. Жерден су шыққан кезде астынан: Тоқта! Болды әй, Адам!- деген дауыс келді. Адам мен Хауа үйді салып болғаннан кейін, Аллаһ Тағала ол үйді айналып, тауап қылуын бұйырды: Бұл үй жер бетіндегі ең бірінші үй, сен де адамдардың алғашқысың,- делінген. Бірнеше ғасырдан кейін бұл үйді Нұх пайғамбар хажылық қылды. Тағы бірнеше ғасырдан кейін бұл үйдің негіздерінің үстіне Ибраһим пайғамбар тас қалады.”

Бұл хадисті Бейхаки айтып болғаннан кейін былай деді: “Хадистің сәнәдінде Ибн Лехиа зайф біреу және оның риуаяты дәлел болып қабылданбайды”,- деген. Осы сияқты басқа хадистер де бар, бірақ бұлар да зайф жолмен бізге жеткен. Басқа хадистерде Қағбаны алғаш рет Шит пағамбар салған деп айтылады. Егер бұл зайф жолмен келген хадистерді алатын болсақ, Қағба бес рет салынған болады. Бірақ ең дұрысы күмәнсіз, айқын хадистерге сүйенгеніміз. Бұлардан басқасын Аллаһтың ғылымына тапсырғанымыз дұрыс.

3 — Мухаммәдтің (с.а.у) адамдар арасындағы түсініспеушілікті, дұшпандық мәселелерді шешуде қолданған методы. Хикметпен әрекет еткен Пайғамбар (с.а.у) қан төгумен аяқталатын мәселеге кедергі болды. Қурайш тайпасы араларындағы түсініспеушіліктің кесірінен қан төгуге дейін барған еді. Абдуддар руы қанға толтырып бір кесе әкелді. Ади руларымен бірге қолдарын сол қанға толы кесеге салып, бір тасты өздері салу үшін соңғы демдеріне дейін соғысатындарына ант етті. Қурайш тайпасы осылайша төрт – бес күн өткізді. Кейіннен бұл жанжал отының сөнуіне Мухаммәд (с.а.у) себепші болды. Мухаммәдтің бұл қабілетін оның табиғатындағы данышпандылығына, парасаттылығына, ақылдылығына байланыстырмастан бұрын, Аллаһ Тағаланың болашақ пайғамбарды осы әрекеттері арқылы халық арасында алдын ала дайындағанымен ұштастырамыз. Мухаммәдтің (с.а.у) жаратылысындағы басты негіз – оның болашақ пайғамбар болуы. Ал ақыл мен парасат сияқты басқа да жақсы қасиеттер пайғамбарлық негізден кейін келеді.

4 — Мухаммәд (с.а.у) Қурайштардың арасында өте қадірлі болды. Ол “Әл-Әмин” (өте сенімді) деген лақап атпен танымал еді. Қурайштардың барлығы Мухаммәдті (с.а.у) жақсы көретін. Ол сөйлегенде барлығы сенетін. Мінез – құлқының өте жақсы екеніне күмән болмайтын. Сол себепті еш қорықпастан қымбат мүліктерін оған аманат етіп қалдыратын. Бірақ Аллаһ Тағала пайғамбарлық жүкті міндеттегеннен кейін айналасындағылар оны өтірікші, сиқыршы деп қарсылық көрсетті. Аллаһтың әмірлерін ашықтаған мезгілде сол күнге дейін өзін жақсы көрген Меккелік мушриктердің ішітеріндегі кекке толы дұшпандықтарын оқиғалар бізге көрсетеді.

21

Page 22: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Һұд пайғамбар (а.с)

Құран Кәрімде аты аталған Һұд(а.с.) пайғамбар-дың есімі – жұмсақтық, бейбітшілік және тыныштыққа ұйытқы болушы деген мағынаға келеді. Ол Ад деген жиырма үш тайпадан тұратын үлкен қауымға пайғамбар болып жіберілген еді. Бұл қауым хазіреті Нұқтың баласы Самның әулетінен тараған, Нұқ дүниеден өткен соң 800 жылдан кейін болған оқиға. Ад қауымы қазіргі Иемен, Оман мемлекеттерінің арасындағы өлкеде өмір сүрді. Бұл өлкенің топырағы өте құнарлы, ғажайып бау-бақшаға толы болатын. Тарихтағы

22

Page 23: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

әйгілі «Ирам бақтары» деген сөз сол кезден қалған. Осындай бай мемлекеттің халқы сымбатты денелі, ұзақ жасайтын адамдар болатын.

Олар тастарды кесіп, қашап, келісті үйлер салып, құрылыстар тұрғызатын. Ад халқы осындай дүние қызығымен Құдайды ұмытты. Хазіреті Нұқтың топан су оқиғасына көп заман өтпесе де оны естен шығарып, өз күштеріне сеніп такаппарланып кетті. Және өз қолдарымен жасаған Самад, Сада атты тас пұттарына табына бастады. Олар Құдайдан қорықпайтын өңшең қатігез еді, әлсіз адамдарды биік құрылыстан лақтырып, шашылған сүйектерін тамашалап, мәз-мейрам болатын. Һұд осы қауымнан болса да бір Құдайға құлшылық ететін ізгі әулеттен еді. Алла Тағала Ад қауымына ескерту жасау үшін, Һұдқа құдайы әуез арқылы: «Өз қауымыңның ішіне қорықпай бар! Сен арқылы оларға мұғжизалар көрсетемін» деген сәлем жіберді. Пайғамбарлық қонған Һұд патшаның қарсы алдына барып зор дауыспен: «Тек Алла Тағалаға құлшылық етіңдер! Нұқ қауымы пұтқа табынғаны үшін жойылды» деді. Адтың патшасы Халжан, баласының көптігі мен қисапсыз байлығын айтып, Һұдтың нәсихатын құлағына да ілмей, ашулы қарсы сөздер айтты. Һұд бұған қатты қапаланып, қолын көкке көтеріп, Алла Тағалаға жалбарынды.Осы сәттен бастап Ад қауымының әйелдері бала тумайтын бедеу халге түсті. Ад қауымы бұл қасі-реттен де сабақ алмады. Һұдтың көрсеткен желді қалаған жағына бұратын, тақыр жерді көз алдында көгалдандыратын ғажайып мұғжизаларына сенбей мазақ етті. Бұдан кейін құрғақшылық болып бау-бақшалар сарғайып, аштық жайлады. Һұд оларға Алладан кешірім тілеуін насихат етті. Бірақ, олар байлықтан туған рақат әдеттерінен бас тартқысы келмеді. Ақыры аспанды бұлт торлады. Олар жаңбыр келеді деп қуанды, бірақ бұл апат дауылы еді. Һұд: «Құдайға бет бұрыңдар!» деп жанашырлықпен тағы ескертті. Олар: «Сенің сөзің бос сөз, енді жаңбыр жауады» деп қасарысты. Меңіреу қауым соңғы ескертуге де селт етпеді. Сәр-сенбі күні дауыл күшейіп, боран ағаштарды түбірі-мен қопарып, адамдарды қу сабан секілді аспанға көтеріп әкетті. Жеті күн жалғасқан азап желі Адтың тұрған қаласын, олар болмағандай құм төбелерге айналдырды. Құдайға арқа сүйеген Һұдтың әулеті ғана құдірет күшімен аман қалды. Бұл оқиғалардың қасиетті Құранда баяндалуы – кейінгі замандағы қауымға да дәл сондай ескерту деп білген жөн.

Нұх пайғамбарНұхтың кемесi Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтар көбейiп тұтас халыққа айналды. Уақыт өте келе олар өздерiн жаратқан Тәңiрдi естен шығарып, терiс жолға түстi. Аллаһқа серiк келтiрiп, өз қолдарымен қашаған тас мүсiндерге табына бастады. Тас мүсiндер оларды жамандықтан сақтап, жақсылыққа кенелтедi деп ұқты. 

23

Page 24: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Сол кезде Аллаһ Та`ала көпшiлiктiң iшiнен Нұхты, алейһиссәлам, таңдап алды да, адасқан елдiң бетiн жаратушы жалғыз Аллаһқа бұруды бұйырды. Аллаһ Та`ала Адам ата ұрпақтары үшiн жер мен көкте не керектiң бәрiн жаратты. Нұх қауымына келiп былай дедi:– Ей, қауымым! Сендер мынау тас мүсiндердi өз қолдарыңмен жасадыңдар және олардың құр әншейiн тас екенiн жақсы бiлесiңдер, сөйте тұрып, оларды құдай көрiп табынасыңдар. Ей, қауымым! Сендердi Аллаһ жаратты, пайдалансын деп ризық бердi. Егiн егiп, мал бағуды үйреттi. Сендер шөлдемесiн деп бұлт жiберiп, жаңбыр жаудырды. Жаратушы жалғыз Аллаһқа ғана сиыныңдар. Адамға пайда-зияны жоқ тас құдайларға табынуды тоқтатыңдар! Ей, қауымым! Аллаһ атымен ант етейiн, бұл кеңесiм үшiн мен сендерден ақы алмаймын. Оның сауабы маған Тәңiрден қайтады, – дедi.Мұны естiген кейбiр адамдар:– Шынында бұл жөн сөз, мынау тас мүсiндер не сөйлемейдi, не қозғалмайды. Ендеше олар қалай Құдай болмақ, – дестi. Адамдардың ендi бiр бөлiгi:– Бұлар бiздiң ата-бабаларымыз сыйынған құдайларымыз, олардан бiз ешқашан бас тартпаймыз, – дедi. Ал Нұхқа, алейһиссәлам, иланған бұқара халық өкiлдерi тас құдайлардан бас тартып, Аллаһ жолына түстi.Керiсiнше дәулеттi өркөкiрек адамдар Нұхтың, алейһиссәлам, Аллаһтың пайғамбары екенiне күмән келтiрiп, оның сөзiне иланғылары келмедi. – Оның сөзiн тыңдайтындай Нұх кiм едi соншама. Қаңғып жүрген қара табан кедейдiң сөзiне иланатын бiз емес, – дестi олар.Нұх, алейһиссәлам, оларға пұттардан бас тартып, Аллаһ жолына түсулерiн талап еттi. Кейбiр дәулеттi адамдар Нұхқа, алейһиссәлам, былай дедi:– Ей, Нұх! Сен есiңнен адасқан шығарсың? Сен бұрын ақылды адам секiлдi едiң, мына айтып жүрген насихатың не? Кешелi берi адамның ақылы жетпейтiн бiрдеңелердi айта бастадың. Шынында саған бiрдеңе көрiнген шығар?Нұх, алейһиссәләм, оларға былай деп жауап бердi:– Ей, қауымым! Мен – Аллаһтың шын елшiсiмiн. Аллаһ Та`ала маған адасқандарды ақиқат жолына салуды бұйырды. Сендердiң бүкiл әлемнiң мiршiсi Аллаһ Та`ала тұрғанда, өз қолдарыңмен жасаған пұттарға табынатындарың не?.– Нелiктен Аллаһтың таңдауы саған түстi? Сен түгi жоқ кедейсiң ғой. Тәңiрi Өзiнiң жердегi елшiсi қылып жiберетiндей сенiң бiзден қай жерiң артық? – дедi олар.– Мен кедей болғанмен, Аллаһқа шын берiлген адал жанмын. Аллаһ өзiне шын берiлген сүйiктi пенделерiне екi дүниенiң сауабын бередi, рақымына бөлейдi. Егер сендер менiң айтқандарыма иланып, маған бой ұсынсаңдар, сендерге Аллаһтың мейiрiмi түсiп, жұмақты нәсiп етедi. Аллаһ адамдарды Өзi жаратады, Өзi өлтiредi және Ақыретте қайта тiрiлтiп алады, – деп жауап бердi.Олардың бiрi Нұхқа, алейһиссәлам,былай дедi:– Ей, Нұх! Егер бiз сенiң айтқандарыңа бой ұсынып, Аллаһ жолына түссiн десең, мына кедей-кембағалдарды қасыңнан қу. Бiздiң олармен бiр қатарда тұрғымыз келмейдi, бай, мырза деген атымыз бар.– Олар кедей болғандары үшiн кiнәлi ме? Олар Аллаһқа шын берiлген адамдар. Ақиқатында Аллаһ адамдарды бай кедей деп бөлмейдi. Жазықсыз жандарды жанымнан қуып күнәһар бола алмаймын, – дедi Нұх, алейһиссәлам.– Ендеше, бiзден аулақ жүр, ендiгәрi бiзге келiп уағыз айтушы болма! – дедi кәпiрлер.Бiрақ Нұх, алейһиссәлам, оларға күн сайын келiп уағыз айтуын тоқтатпады. Бiрде оларға былай дедi:– Ей, қауымым! Мен сендер Аллаһтың азабына ұшырайсыңдар ма деп қорқамын. Түбi бiр туыс болғандықтан да мен сендердi аяймын. 

24

Page 25: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Бiрақ жұрт түк естiмегендей оған ләм деп жауап қатпады. Сонда Нұх, алейһиссалам, оларға:– Егер сендер менi кедей деп сыйламасаңдар, онда сендерге бақты да байлықты да, баланы да, денсаулықты да берген Тәңiрдi неге сыйламайсыңдар? – дедi.Алайда жұрт бетiн басып, құлағын бiтеп Нұхты, алейһиссәлам, тыңдағылары келмей терiс айналды. Нұх Нәбиолла оларды шыр айналып дауыстап былай дедi:– Ей, қауымым! Сендер ауыр тақсiрет тартасыңдар-ау деп қорқамын. Аллаһтың азабына ұшырамай тұрғанда терiс жолдан қайтып, тәубаға келiңдер.Нұхтың, алейһиссәлам, уағызынан мезi болған жұрт оған дүрсе қоя бердi:Ей, Нұх! Сен бiзбен сөз таластырып Аллаһтың азабымен қорқытпақ боласың. Кәне, сол азабыңды көрсетшi бiзге. Егер бұл райыңнан қайтпасаң бiз сенi тасаттық қылып өлтiремiз.Одан соң олар бiр-бiрiне былай дедi:– Тәңiрлерiңдi тәрк етпеңдер. Уадтан, Суағдан, Яуықтан, Яғұстан және Насырдан (бұлардың бәрi пұттардың атауы) ешқашан безбеңдер.Сөйтiп менмен топ Нұхтан, алейһиссәлам, бойын аулақ салды. Қауымына көңiлi қалған Нұх, алейһиссәлам, Аллаһ Та`алаға жалбарынды:– О,Тәңiрiм! Мен жұртыма күндiз-түнi уағыз айттым. Бiрақ олар тыңдамақ түгiлi менен бойларын аулақ салды. Ей, Раббым! Жер бетiнде бiрде-бiр дiнсiздi қалдыра көрме! Оларға ақыреттiк азабыңды жiбермесең, күнәһарлар мен дiнсiздердiң жер бетiнде қаптап кетерi сөзсiз. Жаратушы, жамандығыңнан сақтай гөр, Өзiңе иман айтқан мүминдерге ақ жолыңды бере гөр. Күнәһар қауымды көбейтпей, азабыңды жiбере гөр.Аллаһ Та`ала оның тiлегiн қабыл алды.– Ей, Нұх! – дедi Аллаһ Та`ала. – Сен оған бола күйiнбе де қорланба. Мен жер бетiне топан су қаптатамын да, саған ерген мүминдерден басқа кәпiрлердiң көзiн жоямын.Аллаһ Та`ала оған үлкен кеме жаса деп бұйырды. Нұх, алейһиссәлам, Тәңiрдiң әмiрiн орындауға кiрiстi. Ары-берi өткен дiнсiздер Нұхты, алейһиссәлам, тәлкек қылып күлiп жүрдi.– Ей, Нұх! Сен кеше ғана өзiңдi Аллаһтың елшiсiне балап бiзге уағыз айтып жүр едiң, бүгiн ағаш шауып, кеме жасауға көшкенсiң бе? Тақуалықтан ұсталықты артық көргенсiң-ау, сiрә?.– Азырақ шыдай тұрыңдар, – дедi Нұх, алейһиссәлам. – Сосын бiлесiңдер!.– Мұндай ақымақты көрсек көзiмiз шықсын, – дедi адамдар. – Бiр күнi өзiн пайғамбармын деп жар салады, бiр күнi ағаш шабады. Есуас.Нұх, алейһиссәлам, алып кеме жасап болған кезде Аллаһ Та`ала оған жер бетiндегi жан-жануарлар мен жәндiктердi жұп-жұптан кемеге салуын бұйырды. Одан соң туыстары мен Нұхтың, алейһиссәлам, өзi және Аллаһқа иман айтқан мүминдер мiнуге тиiс болды. Өйткенi Аллаһ Та`ала жер бетiне бұрын соңды болмаған топан су қаптатуды ниет еттi.Нұх, алейһиссәлам, Аллаһ Та`аланың әмiрiн орындап болған соң мүминдердi ертiп кемеге кiрдi. Бiрақ оның баласы кемеге мiнуден бас тартты.Аздан соң күштi дауыл көтерiлiп, аспан түнерiп сала бердi. Күн күркiреп, найзағай жарқылдады. Аспанның түбi тесiлiп кеткендей жаңбыр толассыз жауды, жерден бұлақ көздерi ашылып, су бiртiндеп көтерiлiп келе жатты. Дәл бұлай болар деп күтпеген дiнсiздер, жан сақтау үшiн тауға қарай жүгiре жөнелдi.Нұх, алейһиссәлам, тауға беттеп бара жатқан баласына дауыстады: – Балам имансыздарға ерме, кемеге шық.Құйқасы шымырлап, жүрегi аттай тулаған Нұх, алейһиссәлам, баласын райдан қайтаруға тырысты.– Балам, бүгiн Аллаһтың рақымы түспеген бiрде-бiр пенде тiрi қалмайды.Бiрақ баласы оған құлақ аспай өз жөнiмен тарта бердi.Осы кезде бiр үлкен толқын көтерiлдi де, бала көзден ғайып болды. Мұны көрiп отырған кеме iшiндегiлер Аллаһқа бұрынғыдан бетер мiнәжат қып жалбарына түстi.Нұх, алейһиссәлам, Аллаһқа жалбарынып мiнәжат еттi: – О, жаратқан Ием! Балам менiң нәсiлiмнен едi, құтқара гөр! Сен бәрiн көрiп, бәрiн бiлiп

25

Page 26: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

тұратын рақымдылардың рақымдысысың ғой.– Ей, Нұх! – дедi Аллаһ Та`ала. – Сен өзiң бiлмейтiн нәрсеге таласып, маған мiнәжат етушi болма. Ақиқатында имансыз ұл сенiң үмметiңнен емес.Өзiнiң қателiгiн түсiнген Нұх, алейһиссәлам, Аллаһқа мiнәжат етiп тәуба келтiрдi. "О, Жаратқан Ием! Нағыз бiлгiр, нағыз дана Өзiңсiң. Сенiң үкiмiңнен асқан әдiлет жоқ. Бiздi ақ жолыңа бастай гөр!”.Кеме таудай-таудай толқындардың арасында жүзiп келе жатты. Күннен-күнге тасқын күшейiп, су биiк таулардың ұшар басына дейiн көтерiлдi. Ақырында олар да су астында қалды. Кемедегiлерден басқа жер бетiнде бiрде-бiр тiрi жан қалмады. Осы кезде Аллаһ Та`ала жер мен көкке, әмiр берiп тасқын суға тоқтауды бұйырды. Жаңбыр басылып, күн ашылды. Толқыған теңiз жер астына тартылып бара жатты. Кеме Жуди тауының басына келiп тоқтады. Нұх, алейһиссәлам, кеменiң терезелерiн ашып сыртқа көз тастады. Терезеден түскен жарықты көргенде кеменiң iшiндегi жан-жануарлар шулап, адамдар шаттанып айқайлап азан-қазан болды. – О, Аллаһ Өзiң сақтай гөр! – Нұх, тезiрек есiктi аш! – дедi олар тағатсызданып.– Сәл шыдай тұрыңдар, – дедi Нұх, алейһиссәлам, оларға. – Сыртқа шықпас бұрын алдымен жердiң жағдайын бiлiп алайық.Сыртқа шығуға болатынына әбден көзi жеткен кезде Нұх, алейһиссәлам, кеменiң есiгiн ашты. Аман қалған жануарлар қайтадан жер бетiне тарап кеттi.Нұх, алейһиссәлам, топаннан кейiнгi тап-таза топыраққа аяқ басты. Сөйтiп тоғыз жүз елу жыл жасаған Нұх, алейһиссәлам, жан-жануарлар мен Аллаһқа иман келтiрген мүминдердi топаннан сақтап қалуға себепшi болды.– Ей, Нұх! – дедi Аллаһ Та`ала. – Сендер үшiн жер бетiне ризық тараттым. Игiлiгiн көрiңдер!.Аллаһтың елшiсiн жоққа шығарып, Құдайдың қарғысына ұшыраған күнәһар қауым топан суға батып набыт болды. Ал Аллаһқа иман айтқан мүминдер жер бетiндегi тiршiлiктерiн жалғастыра бердi.

Һуд пайғамбарЖоғалған қауым Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Нұх, алейһиссәлам, кемесiне мiнiп аман қалған адамдардан тараған ұрпақтан бiрте-бiрте көбейiп, тiршiлiкке қолайлы мекен iздеп бет-бетiмен тарап кеттi. Уақыт өте келе дүние

26

Page 27: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

топан судан бұрынғы қалпына түстi. Адамдар қауымдасып егiн егiп, үй салып өмiр сүрiп жатты. Сол қауымдардың бiрi Иемен жерiнiң оңтүстiгiндегi ақ шағыл құмдар қоршаған тiршiлiкке қолайлы бiр ойпатқа келiп орналасты. Ойпат теңiзге жақын болғандықтан жаңбыр жиi жауып тұратын, жерi құнарлы, шөбi шүйгiн, iздесе таптырмайтын мекен едi.Осы өңiрдi мекендеген Ад қауымы сол кез үшiн теңдесi жоқ әдемi қала салды. Көшелерi кең, мәрмәр колонналардан салынған қаланың хауыздары мен бақтары құлпырып көздiң жауын алатын. Сондықтан тұрғындар бұл қаланы Ирам зат ал-имад (көп колонналы Ирам) деп атады. Ад қауымның адамдары зор денелi, алып күштiң иелерi едi. Олар мықты қамалдар мен түрлi қару-жарақ соғатын ұстаханалар соқты. Осы игiлiктерге мерейлерi тасыған Ад қауымы өздерiн ең күштi ел санап адамгершiлiкке жатпайтын қылықтар iстей бастады. Айналадағы елге тыныштық бермей, сауда керуендерiн тонап, жолаушыларды жәбiрлеп ойына келгендерiн iстедi. Аяушылық дегендi ұмытып, адамдарды ермекке қырып-жоятын болды. Ең бастысы, өздерiне осынша игiлiк берген Аллаһты естен шығарып, тастан қашап пұт жасап, соларға Тәңiр ретiнде табына бастады. Сөйтiп Ад қауымы Аллаһтан безiп, барлық адамдық қасиеттерден жұрдай болды. Аллаһ Та`ала Ад қауымын тәубаға келтiру үшiн өз араларынан һудты, алейһиссәлам, пайғамбар етiп жiбердi. һуд, алейһиссәлам, олардан Аллаһқа иман келтiрiп, пұттарға табынуды тоқтатуды, адамдарға мейiрiмдi, рақымды болуды, әдiлетсiз, жан түршiгерлiк жамандықтардан арылуды талап еттi.һуд, алейһиссәлам, қауымына келiп былай дедi: – Ей, қауымым! Мен Аллаһтың шын пайғамбарымын. лемнiң әмiршiсi Аллаһтан қорқып тәубаға келiңдер. Мен үгiт-насихатым үшiн сендерден ақы сұрамаймын. Маған оның сауабы Аллаһтан қайтады. – Ей, һуд, саған бiзден не керек? – дедi қауымы.– Ей, қауымым! Құдайға құлшылық етiңдер. Сендерге Құдайдан басқа Тәңiр жоқ. Оның қаӘарынан қорықпайсыңдар ма? – Сен бiздiң ата-бабаларымыз бас ұрып келген сенiмiмiздi тастап, Аллаһқа ғана құлдық ұрғызу үшiн келдiң бе? – дедi қауымы. – Сендердi жаратқан бiр Аллаһ. Нұх қауымының көзi жойылғаннан кейiн Аллаһтың сендердi олардың орнына бастап әкелгенiн еске алыңдар. Сендердi олардан iрi де жiгерлi етiп жаратты. Бақытқа жетем десеңдер Аллаһтың өздерiңе берген артықшылығын ұмытпаңдар, – дедi һуд, алейһиссәлам.– Сен бiздiң арамыздан шыққан адамдардың бiрi емес пе едiң? Аллаһ неге сенi таңдап, бiзге пайғамбар етiп жiбердi? – деп күдiк келтiрдi қауымы.– Сендерге ескерту үшiн өз iштерiңдегi бiреуге Тәңiрiңнен аян келiп тұрса, соған да таңданасыңдар ма? Сендер жол торып, ел тонап жан түршiгерлiк iс iстеп жүрсiңдер. Шынымды айтсам, сендер Ақырет азабына душар боласыңдар ма деп қорқамын, – дедi һуд, алейһиссәлам. Бiрақ оның қауымының үлкендерi:– Шынын айтсақ, бiз сенi есуас дап бағалаймыз, бiз сенi алдамшы деп күмәнданамыз, – дедi.– Ей, қауымым! – дедi һуд, алейһиссәлам, – Мен есуас емеспiн. Мен Аллаһ жiберген пайғамбармын. Сендерге оның елшiлiгiн жеткiземiн. Мен сендерге сенiмдi насихатшымын. – Жоқ, – дедi кертартпа қауым. – Сен бiзге ешқандай айқын дәлел әкелген жоқсың. Сен айтты деп бiз өз тәңiрiмiздi тәрк ете алмаймыз және саған сенбеймiз. Сенi бiздiң Тәңiрiмiздiң киесi ұрған деп бiлемiз.һуд, алейһиссәлам, оларға былай дедi:– Анығында, мен Аллаһты ғана куә етемiн. Сендердiң құдайларың пайда да, зиян да келтiре алмайды, өйткенi олар өздерiң қолмен жасаған тас қана, басқа дәнеңе де емес. Мен сендерге Аллаһтың қаӘарынан қорқыңдар, азапқа ұшырамаңдар деп кеңес беремiн.– Ей,һуд, сен бiздi қайдағы бiр азаптарды айтып қорқытпақсың ба? Жер бетiнде бiзге қарсы келетiн кiм бар?– Аллаһ, – деп жауап бердi һуд, алейһиссәлам. – Сендердi жаратқан да, осынша ризықты берген де Аллаһ. Егер ол қаһарланса оның бәрiн қайтып ала алады. 

27

Page 28: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Бар, Аллаһқа айт, – дедi бұзық қауым пайғамбарға, – бiзге жiберетiн өлiмiн жiберсiн, көрiп алайық. Бiз сенiң бос сөзiңе сенбеймiз. Жiберетiн азабыңды жiберiп бақ. Бiз күте тұрамыз, – деп мысқылдады.һуд, алейһиссәлам, пұтқа табынушылардың тәубаға келмейтiнiн түсiндi. Тек бiрен-саран кедей адамдар ғана оның айтқанына иланып, Аллаһқа иман келтiрдi. Ал Аллаһтың берген ризығына мастанған астамшыл қауым өздерiне қарсы келер күш жоқ, жер бетiнде бiздi жеңер құдiрет жоқ деп есептедi. Олар тек һуд, алейһиссәлам, қана емес, Аллаһқа да тiл тигiзiп, келекелеп жүрдi.һуд, алейһиссәлам, насихатын тоқтатпады. Бiрақ надан қауым оған құлақ аспады. Өстiп жүргенде арада үш жылдай уақыт өттi. Амалы таусылған һуд, алейһиссәлам, Аллаһтан көмек тiледi. Бәрiн көрiп, бәрiн бiлiп тұрған Тәңiрi осы кезде Ад қауымын сынау үшiн көктен жаңбыр жаудырмай қойды. Ала жаздай нәр тамбаған соң жердiң бұрқылдап шаңы шығып, бау-бақшалар қурап қалды. Еккен егiн шықпады. Ел ашаршылыққа ұрынып, мал атаулы шөлден қаталап өлiп жатты. Мұндай құрғақшылық болады деп ойламаған Ад қауымы не iстерiн бiлмей азып-тозып, құрбандық шалып, құдайларына жалбарынып жатты. Бiрақ олар мiз бақпады. Аллаһқа тәуба келтiру бiрде-бiреуiнiң ойына келмедi. Сол кезде һуд, алейһиссәлам, қауымына былай дедi:– Ей, қауымым! Жаратқаннан жарылқау тiлеңдер! Тәубаға келiңдер. Ол сендерге көп жаңбыр жiбередi. Бұрынғыдан да мол ризыққа кенелтедi.– Аулақ жүр, – дедi оған қауымы. Бiз өз құдайларымызға сиынып жатармыз. Олар бiзге жаңбыр жаудырады. Егер сенiң Аллаһың бар болса, айта бар, ойына келгенiн iстесiн. Сөйтiп олар ең соңғы сәтте де Аллаһқа тәуба етпедi.Бiр күнi адамдар аспанда пайда болған қою қара бұлтты көрдi. Бұлт бiрте-бiрте үлкейiп, аспан түнере түстi. Ад қауымы бұған қатты қуанды. Құдайларымыз бiздiң тiлегiмiздi қабыл еттi. Ендi бәрi де бұрынғы қалпына келедi деп қуанды олар. Бiр топ адамдар жер жыртып егiн салуға кiрiстi. Олар мол жаңбырдан кейiн егiн бiтiк шығады деп ойлады. Ендi бiреулер һудқа, алейһиссәлам, былай дедi:– һуд, бiздi қырып, жояды деген Аллаһың қайда? Мына бұлтты мол жаңбыр жаудырсын деп бiздiң құдайларымыз жiберiп отыр, – деп шаттанды.– Олай емес,– дедi һуд, алейһиссәлам. – Бұл өздерiң тезiрек келуiн күткен нәрселерiң. Ол сұрапыл құйын, оның iшiнде азап бар. Тәңiрдiң бұйрығы бойынша ол бар нәрсенi тып-типыл етедi. Олар пайғамбардың айтқанын елең қылмастан келе жатқан мол жаңбырдың құрметiне тас құдайлардың маңына жиналып мейрам ұйымдастырып, сауық-сайран құра бастады. Бiрақ Тәңiрдiң бұйрығы олар күткендей емес едi.Кенет аяқ астынан сұрапыл боран көтерiлдi де, жолындағының бәрiн домалатып ала жөнелдi. Мұндай сұрапылды күтпеген Ад қауымы беттерiн басып тау-тасты паналап қашты. Аллаһ оларға сегiз күн, жетi түн соққан тынымсыз боран жiбердi. Бұл жазадан кәпiр қауымның бiрде-бiр адамы құтыла алмады. һудпен, алейһиссәлам, бiрге иман айтқан мүминдер олардың құрма ағашының шiрiк түбiрлерiндей теңкиiп өлiп жатқандарын көрдi. Бұрын әсемдiгiмен, алып адамдарымен аты шыққан Ирам зат ал-имад қаласының орны ғана қалды. Имансыз Ад қауымының адамдары һуд, алейһиссәлам, айтқан сөздердiң ақиқаттығына соңғы сәтте ғана көз жеткiздi. Бiрақ бәрi кеш едi. Сөйтiп Аллаһ Та`аланың қаһарына ұшыраған күнәһарлар қас пен көздiң арасында жоқ болды.Уа, Тәңiрiм! бiздi тура жолыңа бастай гөр.

Ибраһим – пайғамбарлар атасы Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

Ибраһим, алейһиссәлам, Иракта ежелгi Вавилон мемлекетi гүлденiп тұрған тұста

28

Page 29: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ғұмыр кешкен. Оның туған жерi Евфрат пен Тигр өзендерiнiң аралығындағы Ассауат деген елдi мекен. Ол кезде Вавилонға Намруд ибн Канған ибн Қауым атты патша билiк қылатын. Вавилон халқы түгелдей пұттарға табынатын едi. Ибраһим, алейһиссәлам, бала күнiнде тастан қашап пұт жасап оған өздерi табынып жатқан әкесi мен туысқандарын көргенде сол пұттардың шын құдай екенiне көзi жетпейтiн. Кейiн есейген кезде: "Бұл пұттар дегенiмiз жансыз тастар ғана ғой. Бұларды қалай жасағанын өз көзiммен көрiп едiм ғой, сонда бұлар қалай құдай болмақшы?! Асылы Құдайды адам жарата ма, әлде Құдай адамды жарата ма?! Анығында бiздi жаратқан Аллаһ – мына пұттар емес, басқа бiрдеңе болар. Мен оған ризалығымды бiлдiрiп, құлшылық ету үшiн қалайда Аллаһты табуым қажет”, – деген шешiмге келдi.Ибраһим сол кезден бастап адамды жартқан Аллаһты iздей бастады. Бiр күнi түнде ол Аллаһты қайдан iздерiн бiлмей ойға батып отырды. Кенет оның қарсы алдынан бiр жарық жұлдыз көрiндi. Ибраһим қуанғаннан қарғып тұрып, жұлдызға қарап қолын созды: "Мiне, менiң Тәңiрiм! Ол алыстан жарқырап тұр. Ол қандай тамаша! Тас құдайлар сияқты сынып қалмайды. Көп iздеп таптым-ау, әйтеуiр!”.Сөйтiп ол өзiне риза боп, жарық жұлдызға табына бастады. Бiрақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Жұлдыз бiраз жарқырап тұрды да көкжиекке сiңiп көрiнбей кеттi. "Жоқ, бұл жұлдыз құдай емес, – дедi Ибраһим. – Егер құдай болса менiң тiлегiме құлақ асар едi”.Ибраһим Аллаһты қайтадан iздей бастады.Күндер өтiп жатты. Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһты iздеуiн тоқтатпады. Бiр күнi түнде ол мұңды ойға батып отырды. Кенет ол қып-қызыл болып көтерiлiп келе жатқан айды көрдi. Ай арқан бойы көтерiлгенде айнала жарқырап сала бердi. Осы сәт қуанышқа бөленген Ибраһим орнынан атып тұрып: "Мынау менiң Тәңiрiм ғой, бұрын қалай байқамағанмын!” – деп оған табына бастады. Бiрақ оның бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Бiраздан соң Ай көкжиекке батып бара жатты.Жазда далаға ұйықтайтын Ибраһим бiрде күн шықпай оянып кеттi. Соңғы жұлдыздар сөнiп жатқан шақта ол Аллаһты қайдан iздерiн бiлмей ойға батып жатты. лден уақытта шығыстан табақтай боп күн көтерiлдi. Оны көрген Ибраһим: "Менiң Тәңiрiм осы болар, сiрә. Шынында нағыз Тәңiр тiршiлiкке өмiр берушi, Күн екен ғой. О, Аллаһ! Сен бәрiнен даңқтысың! – деп жар салды. Алайда оның бұл қуанышы да ұзаққа бармады. Кешке қарай күн батып, қараңғылық түстi. Ибраһим қараңғылық құшағында қалды. Мұңды бiр ойға батқан Ибраһим осы сәт жадырап былай дедi:– Ақыры мен Аллаһты таптым. Аллаһ қолдан қашаған пұттар да емес, Ай да, жұлдыз да, Күн де емес екен. Аллаһ менi және бүкiл ғаламды жаратқан құдiрет, бiрақ мен оны көре алмаймын. Ол бәрiн бiлiп, бәрiн көрiп тұрады. Аллаһ ұлы, әрi рақымды.Сөйтiп ол шын Тәңiрiне табына бастады. Сонда ғана ол сабырлы кейiпке түстi.Таңертең ұйқысынан оянған Ибраһим әкесiнiң пұтқа табынып жатқанын көрдi. кесi шоқынып болған соң Ибраһим оған былай дедi:– ке, сен меңiреу тасқа неге табынасың?– Бұл – менiң Тәңiрiм және ата-бабамның Тәңiрi.– ке, Аллаһ маған сiз бiлмейтiн iлiм бердi. Менiң соңымнан ерiңiз, мен сiздi шындық жолына бастаймын.– Сен менi ақиқат жолына салмақпысың! Сен менен көп бiлем деп ойлайсың-ау шамасы?– ке, шайтанға табынба. Шайтан Құдайға қарсы. зәзiлдiң тiлiне ерiп, Құдайдың қарғысына ұшырай көрме.– Сенiң Құдай деп отырғаның кiм? Сен бiздiң Құдайымызды мойындамайтын болғансың ба? – деп әкесi ашу шақырды.– Жаратқан Иемiз – бiр Аллаһ. Маған тура жол көрсетушi жалғыз сол.– Жоғал, көрiнбе менiң көзiме! Егер қараңды өшiрмесең мойныңды үзiп аламын.– Сау бол, әке. Мен сен үшiн Құдайдан рақым тiлеймiн. Ол – рақымдылардың рақымдысы, –

29

Page 30: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

дедi де Ибраһим терiс айналды. кесiнен көңiлi қалған Ибраһим, алейһиссәлам, патша сарайына келдi. Бұл кезде де жұрт айт мейрамын тойлап, пұттарға табынып жатыр едi.– Сендердiң табынып жатқан мыну пұттарың не нәрсе? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам.– Бiз ата-бабаларымыздың осыған шоқынғанын бiлемiз, – дестi олар.– Онда сендер де, ата-бабаларың да шын адасушылар екенсiңдер.– Оу, бұл сенiң шын сөзiң бе, әлде қалжындап отырсың ба?– Мен қалжындап емес, шын айтып отырмын. Сендердiң Тәңiрлерiң – аспан мен жердi жаратқан Аллаһ. Осы кезде әңгiмеге араласқан патша:– Сенiң Аллаһың не iстей алады? – дедi.– Менiң Тәңiрiм өлiнi тiрiлтедi, тiрiнi өлтiре алады, – деп жауап бердi. – Мен де өлтiрiп, тiрiлте аламын, – дедi патша. Сөйттi де өлiмге үкiм етiлген екi адамды алдырып, бiрiн өлтiрiп екiншiсiн тiрi қалдырды. Сосын ИбарӘимге, алейһиссәлам, қарап:– Менiң құдiретiме ендi көзiң жеттi ме? – дедi. Мұндай асқақтықты көрген Ибраһим, алейһиссәлам:– Аллаһ күндi шығыстан шығара алады, құдай болсаң сен сол күндi батыстан шығаршы, – дедi. Бұған келгенде патша аузын аша алмай қалды.Тас құдайлардың адам баласына пайдасы да, зияны да жоқ екенiн қанша түсiндiрсе де тоңмайын жұрттың иланбауы оның ызасын келтiрдi. бден амалы таусылған Ибраһим, алейһиссәлам, оларды талқандап тастау керек деген қорытындыға келдi.Ибраһим, алейһиссәлам, ептеп басып олардың пұттарына жақындады. Сөйттi де лездiң расында пұттардың парша-паршасын шығарды. Тек бiр үлкен пұтқа ғана тиiскен жоқ. Өйткенi жұрттың табынуы бойынша бұл ең беделдi құдай едi. Ибраһим балтасын соның қолына iлдi де ешкiмнiң көзiне түспей кетiп қалды.Жұрт айт мерекесiн тойлап келе жатқанда қирап жатқан пұттарды көрдi. – Тәңiрiмiздi осынша талқандаған кiм? Кiм болса да барып тұрған залым екен, – дестi олар. – Ибраһим деген бiр жiгiттiң пұттарды айыптағанын естiгенбiз, – дедi бiреулер. Жұрт бiр-бiрiнен сұрастыра келгенде айыпкердiң Ибраһим, алейһиссәлам, екенiнде күмән қалмады. Бұл хабарды естiгенде патша ойланбастан Ибраһимды, алейһиссәлам, ұстап әкелуге жарлық бердi.– Ей, Ибраһим, пұттарымызды мына күйге түсiрген сенсiң бе? – Жоқ. Мүмкiн мына үлкен пұттың өзi солай еткен шығар. Содан сұрап көрiңдершi.– Бұлардың сөйлей алмайтынын сен бiлесiң ғой, – дестi олар.Ибраһим, алейһиссәлам, осы сәттi кезеңдi пайдаланып оларға былай дедi:– Ендеше, Аллаһ тұрғанда, өздерiңе пайда да, зиян да келтiре алмайтын, құлаған орнынан тұра алмайтын тiлсiз тасқа неге табынасыңдар? Сендердiң түсiнбейтiндерiң қалай осы? Өздерiн қорғай алмайтын пұттарыңды қарғыс атсын!– Ибраһимға, алейһиссәлам, қарсы уәж айта алмаған патша оны отқа өртеуге бұйрық бердi.– Кәпiрлер Ибраһимнiң, алейһиссәлам, үстiне ағаш үйiп, от қойды. Ол лапылдап жана бастады. Мұның бәрiн көрiп тұрған Аллаһ Та`ала:– Ей,от! Сен салқын бол, Ибраһимге зиян тигiзбе,– деп әмiр бердi.От жанып болған соң Ибраһим, алейһиссәлам, күл астынан сап-сау шықты. Мұндай кереметтi көрген кәпiрлер қайран қалды. Осыдан соң оның айтқанына иланған адамдар Ибраһимға, алейһиссәлам, иман келтiре бастады. Сөйтiп Ибраһим, алейһиссәлам, Құдайдың құдiретiмен кездескен көптеген қиындықтардан құтылып отырды.Ибраһим, алейһиссәлам, адамдардың өлген соң қайта тiрiлiп, фәни дүниедегi iстеген iстерi үшiн Тәңiр алдында жауап беретiнiне кәмiл сенетiн және Ақырет күнi азап тартпау үшiн тiршiлiкте жамандық жасамаңдар деп халыққа уағыз айтатын. Оның бұл сөзiне көпшiлiк онша сене қоймайтын. "Қырғын соғыста сүйегi шашылып қалған адам қалай тiрiледi?” деп күманданатын жұрт. Ибраһим, алейһиссәлам, тiрiлтудiң қалай болатынын тiкелей көру үшiн және көңiлi тыныш болу үшiн Тәңiрдiң мысал келтiруiн талап еттi.

30

Page 31: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Жаратушым, өлiктi қалай тiрiлтететнiңдi көрсетшi, – дедi. – Оу, сенбеген екенсiң ғой, – дедi Аллаһ. – Сендiм бiрақ, көңiлiм орнықсын. – Онда төрт құс ал да, адамдарды шақыр. Сосын әлгi құстарды сойып, сүйек-саяғын араластырып әр бөлшегiн әр жаққа апарып таста. Сонан соң құстарды шақырсаң әп-сәтте-ақ ұшып келедi, – дедi Аллаһ Та`ала. Ибарһим, алейһиссәлам, Аллаһ Та`аланың айтқанын орындап, құстардың сүйегiн жан-жаққа шашып жiбердi. Мұны көрiп тұрған жұрт iстiң артын асыға күттi. Ибраһим, алейһи ссәлам, құстарды шақырды. Әп-сәтте әлгi төрт құс ұшып кеп Ибраһимнiң, алейһиссәлам, алдына қонды. Бұдан соң жұрттың Ибраһимнiң, алейһиссәлам, айтқандарына сенбеске шарасы қалмады. Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһ Та`лаға өз талабын орындағаны үшiн ризалық бiлдiрдi. – Тәңiрiнiң ұлылығы мен данышпандығын осыдан бiл, – дедi оған Аллаһ Та`ала. Ибраһим, алейһиссәлам, – халыққа дiн үйрету жолында ерекше еңбек еткен адам. Аллаһ Та`ала Ибраһим, алейһиссәлам, ұрпақтарынан көптеген адамдарды пайғамбар етiп таңдады. Дүниедегi үлкен-үлкен үш дiн – яхуди, христиан және Ислам дiндерiнде оның есiмi құрметпен аталады. Сондықтан оны пайғамбарлар атасы деп атайды.

Иса пайғамбар Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! 

31

Page 32: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Мәриямның әкесi Ғимран бәни исраил қауымының ұлық адамдарының бiрi едi. Өимран да, Оның зайыбы да Аллаһқа шын берiлген нағыз тақуа жандар болатын. Тәңiрi сондықтан оларды рақымына бөлеп, тiлектерiн қабыл еттi, ұрпақтарын бүкiл адамзатқа үлгi боларлықтай дәрежеге көтердi. Мәриям құлшылық үйiнде бой жеттi. Оның ойына Аллаһқа мiнәжат етуден басқа ештеңе кiрiп-шықпады. Бойынан нағыз тақуалық белгiлер көрiнiп тұратын. Жұртпен араласпай ғибадатханада қызмет iстеп, өзiмен-өзi оңаша жүретiн. Бiр күнi оған Аллаһ Та`ала Жәбiрейiл перiштенi жiбердi. Жәбiрейiл, алейһиссәлам, Мәриямға кәдiмгi адам түрiнде көрiндi. Мәриям ойда-жоқта кездескен бейтаныс адамнан қорқып қаша жөнелмек болды. Сосын Жаратқанға жалбарынып, көмек сұрады. Перiште оның қорқынышын басып, тыныштандырды. – Мен сен ойлағандай адам емеспiн. Мен – Тәңiрi жiберген перiштемiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, – Сен тақуа болсаң, мен рақымды Аллаһқа шын сыйынып, сенен пана тiлеймiн! – дедi Мәриям оған.– Мен саған бiр таза ұл беру үшiн келген Тәңiрiнiң елшiсiмiн, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, – Маған ешкiм жақындап көрген жоқ, сонда менде қалай ұл болмақ? – дедi Мәриям. – "Ол мен үшiн оңай нәрсе” деген сенiң Тәңiрiң, – дедi Жәбiрейiл, алейһиссәлам, – Сенiң айтқаның шын. Ал бiздiң дәлелiмiзге келсек, бұл шешiлiп қойған тағдыр.Мәриям жүктi болды да, үйiнен алыс жаққа кетiп қалды. Ойда жоқта жүктi болған Мәриям алдағы күнiн ойлап қамықты. Елдiң өсегiне қалатынына қиналды. Шындыққа жұрттың көзiн жеткiзе алмаған қандай қиын. Ол ендi ешкiммен сөйлеспей оңаша жүретiн болды. Мәриям ой құшағында жүрiп уақыттың қалай өткенiн байқамай да қалды. Сыры жұртқа жария болар уақыт таянған кезде ел көзiне түспеу үшiн ата мекенi Назаретке келiп, жалғыз өзi жеке үйде тұрып жатты. Мәриям қинала жүрiп Аллаһқа жалбарынып көмек сұрады. Перiштелер Мәриямға былай деп хабарлады. "Ей, Мәриям! Аллаһ саған Өз құдiретiмен, әкесiз бiр бала беру арқылы қуанышқа бөлейдi. Оның есiмi – МасиӘ– Мәриямұлы Иса. Бұ дүниеде де, Қиямет күнi де ол мәртебесi биiк және Аллаһқа жақындардың бiрi болады. Бесiкте жатқанда да, ер жеткен шағында да адамдарға көрегендiк сөздер айтады, дiндарлығы мол жақсы адам болады. Бұл хабарды естiген соң, Мәриямның көңiлi тынышталды. Егер осы айтылғандар рас болса, елдiң мұны бекерге жазғыра алмасы белгiлi. Мәриямның пәктiгiне көздерi жетiп, өсек-аяңға тыйым салынары сөзсiз.Босанар мезгiл жақындап, толғақ басталған шақта Мәриям үйiнен шығып, жалғыз сенделдi. Қатты қысқан толғақтың салдарынан сүйенiп отыру үшiн бiр құрма ағаштың түбiне келдi. " Бүйтiп қиналғанша бұрын-ақ өлiп қалмаған екем! – дедi Мәриям. Атым өшiп, ұмыт болған бiреу болсам еттi!” Мәриям айдалада жападан-жалғыз қиналып жатып босанды. лi құрып, қатты шаршады. Қаталап шөлдеп нәр татқысы келдi. Бiрақ оған қол ұшын берер ешкiм болмады. Қамығып Аллаһ Та`аладан жәрдем тiледi. Осы кезде құрма ағашының түбiнен Жәбiрейiлдiң даусы естiлдi:– Қамықпа, Тәңiрiң сенiң астыңнан ағып жататын бiр бұлақ пайда қылды. Құрма ағашын өзiңе қарай тарт. Алдыңа оның жаңа пiскен жемiсi төгiледi. Же, iш, көңiлiң демделедi. Егер бiрер адам көрiне қалса, " Мен рақымды Аллаһқа шын уәде берiп едiм, бүгiн ешкiммен тiл қатыспауға тиiспiн”, – де.Мәриямның некесiз бала туғанын естiген жұрт оны сан-саққа жорып, әңгiме көрiгiн қыздыра түстi. "Ол Құдайға таза берiлген қыз емес пе? Некелi күйеуi жоқ, кiмнен туды екен?”, – деп таңырқады олар.Бөбектi көтерiп Мәриям елiне келдi.– Ей, Мәриям! Шынын айтсақ, сен бiр өрескел iс жасадың-ау,– дестi олар. – "Ей, Әарунның

32

Page 33: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

қарындасы! Сенiң атаң жаман адам емес едi, анаң да жолдан тайып көрмеген әйел болатын”. Ағайындарының тұс-тұстан бораған осындай сөздерiнен қысылған Мәриям тезiрек шындықты айтып, өзiнiң пәктiгiн дәлелдеуге асықты.– Бұл – мен күтпеген iс, кездейсоқ болды, – деп ақталды ол. Бiрақ жұрт мұндай iстiң кездейсоқтығына сене қоймады. Сол кезде Жәбiрейiл перiште Мәриямға ишарат қылып, бесiкте жатқан баланы нұсқады. Мәриям оларға бөбектi көрсеттi.– Оу, бесiктегi бөбекпен қалай сөйлеспексiз? – дедi олар.– Мен Аллаһтың шынайы пендесiмiн, – дедi баланың өзi тiл қатып. – Аллаһ маған кiтап (Iнжiл) бердi және пайғамбар еттi. Қайда болсам да менi құптайтын болды да, бүкiл өмiрiмде намаз оқуға, зекет беруге бұйырды. Менi анама мейiрiмдi еттi, өркөкiрек, қиқар болуыма жол бермедi. Туған күнiмде де, қайта тiрiлетiн күнiмде де менiң амандығым қамтамасыз етiлдi.Сөйтiп бесiктегi бала анасын ғайбат өсектен құтқарып алды. Бесiктегi баладан мұндай кереметтi күтпеген жұрт ауыздарын ашып, таңырқап қарап қалды. Мәриямның сөзiне сенбеске ендi олардың амалдары қалмады. Бұл хабар елге тез тарады. Құдайдың құдiретiне сенетiн адамдар балаға табына бастады.Пәктiгiн дәлелдеп, бетiн ашып алған Мәриям жұрттың қалған сөзiн елең қылмады. Баласын әлпештеп өсiрудi ғана ойлады. Иса ақылды зерек боп өсiп келе жатты. Мәриям баласының болашақта Аллаһтың елшiсi болатынына, халықты тура жолға бстайтынына сендi. Жұрт Исаның жаратылысын сан-саққа жүгiрттi. Бiреу оны Тәңiр десе, бiреу Тәңiрдiң ұлы деп түсiндi. Құранда бұл туралы былай деген:"Иса Тәңiр де, Тәңiрдiң ұлы да емес, тек бiздiң пайғамбар етуге ниетiмiз ауған пенделердiң бiрi ғана. Бiз оны исраил әулетiне құдiретiмiздiң бiр дәлелi етiп жiбердiк”. (Зүһруф 43:59) Иса айтса айтқандай ақылды, көреген жiгiт боп өстi. Ол Құдайдан қорықпай, арам жолмен мал жинаған әкiмдер мен дiн басыларын аяусыз әшкерелеп отырды. Имансыздық жайлаған қоғаммен Иса жалғыз күрестi. Халықтың көзiн ашып, санасына сәуле түсiру керек. Аллаһ Та`ала осы мақсатты орындау үшiн Исаға, алейһиссәлам, отыз жасында пайғамбрлық мiндеттi жүктедi. Исаның жүректен шыққан данышпандық насихаттары көкейiне қонған адамдар оның соңынан ердi. Оның бұл әрекетi дiнбасыларына ұнамады. Олар Исаға, алейһиссәллам, жаулық ойлай бастады. ЯӘудилер тiптi Исаның, алейһиссәлам, пайғамбар екенiне күман келтiрiп, оған сенбейтiндiктерiн бiлдiрдi. Аллаһ Та`ала Исаға, алейһиссәлам, уәхи арқылы нұр кiтабы – Iнжiлдi түсiрдi. Iнжiл-өзiнен бұрынғы Тәуратты бекiтушi әрi дiндарларға тура жол нұсқаушы насихат-кеңес кiтабы. Бiрте-бiрте оған иман айтқандар саны көбейiп, кертартпа дiнбасыларының тынысы тарыла түстi. Иса, алейһиссәлам, өзiнiң пайғамбарлығына айқын дәлелдер келтiрдi. – Мен сендерге хикаят ала келдiм. Сендер таласып жатқан нәрсенiң кейбiрiн мен өздерiңе айтып бере аламын. Аллаһтан қорқыңыздар, маған бой ұсыныңдар. Менiң Ием де, сендердiң Иелерiң де бiр Аллаһ. Соған бой ұсыныңдар, тура жол – сол,– дедi. Алайда қолдарындағы ұлан-асыр биiктен айырылып қалғысы келмеген яӘуди ұлықтары халықты оған қарсы қоюға тырысты.Иса, алейһиссәлам, ауыл-ауылды аралап уағыз айтып жүрдi. Дұшпандары одан айқын дәлелдер талап ете бастады. Пайғамбар дәлел келтiрген шақта "бұл сиқыр” деп шу көтердi. – Ей, исраил ұрпақтары! – дедi оларға Иса, алейһиссәлам, – Сендерге менi Аллаһ жiберген. Өзiмнен бұрын келген Тәуратты растаушы, өзiмнен соң "Ахмет” атты пайғамбар келетiнi туралы қуанышты хабар әкелушi пайғамбармын.Бiрақ дұшпандар оның сөзiне иланбады. Оның есесiне бұл хабар Аллаһқа иман келтiрген мүминдердi үлкен қуанышқа бөледi. – Тәңiрi тарапынан мен сендерге шынайы бiр кереметпен келдiм, – дедi Иса, алейһиссәлам, – Топырақтан құстың мүсiнiн жасаймын да, сонан соң оны үрлеймiн. Сонда ол Аллаһтың әмiрiмен құс болады. Тума соқырды да, алапестi де Аллаһтың әмiрiмен жазамын. Өлгендi тiрiлтемiн. йлерiңде сендердiң не жеп, не iшетiндерiңдi және үйлерiңде не бар екенiн айтып

33

Page 34: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

беремiн.рине, Иса, алейһиссәлам, осы айтқандарының бәрiн жүзеге асырды. Бұдан соң оған сенушiлер көбейе түстi. Дегенмен жұрт екiұдай күй кештi. Бiрi сенсе, бiрi сенбедi. Сондай қиын кезде Исаның, алейһиссәлам, соңына ерген сенiмдi шәкiрттерi болды. Олар қобалжып күдiктенбей пайғамбарға шын сендi. Бiрақ олар бар -жоғы он екi-ақ адам едi. Бiрде Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге ел аралап, уағыз айтып жүрiп, бiр жерге келiп тыныстады. Осы сапарда олар өздерiнiң сенiмдерiн тағы да нығайта түскiлерi келдi. – Сенiң Тәңiрiң бiзге үстiнде тағам толы дастарқан түсiрiп бере ала ма? – деп сұрады. – Құдайға сенетiн болсаңдар мұндай сұрақ қоюға қорқар едiңдер, – дедi Иса, алейһиссәлам, оларға.– Бiз сол тағамнан татуды, көңiлiмiздi орнықтыруды, сенiң айтқаныңның растығына көз жеткiзудi және пайғамбарлығыңа куәгер болуды қалаған едiк, – дестi олар. Иса, алейһиссәлам, олардың айтқанын екi етпедi.– Ей, Жаратқан Ием! Бiзге үстi тағамға толы дастарқан түсiршi! Осы күн бiзге де, бiзден соңғыларға да бiр мейрам болып қалсын. Сол дастарқан бiзге бiр керемет дәлел болып қалатын болсын. Бiзге ризық бершi! – дедi Иса, алейһиссәлам.– Оны мен сендерге сөз жоқ түсiремiн, – дедi Аллаһ. – Ал содан кейiн сендерден кiмде-кiм кәпiр болса, оны жаӘанда ешкiмге бұйырмаған, барынша ауыр азаппен жазалаймын. Тойып тамақ iшкен хауарилер Аллаһ Та`аланың шәксiздiгiне, Исаның, алейһиссәлам, пайғамбарлығына күмандары қалмады.Исаның, алейһиссәлам, бұл кереметi де жұртқа тез тарады. – Бұл барып тұрған сиқыр, одан басқа түк те емес,– дедi оның дұшпандары. Сол кезде ол Аллаһтың әмiрiмен молада жатқан өлiктi тiрiлттi. Бәни исраил қауымы сонда да оған иман келтiрмедi.Иса, алейһиссәлам, заманында еврейлер Рим патшасының қарауындағы ел болатын. Елдiң ұсақ-түйек тiрлiгiне араласпағанмен, негiзгi билiктi патша жүргiзiп отыратын.Азған қауым Исаға, алейһиссәлам, шамалары жетпесiн түсiндi. Сонан соң Рим патшасына қиянат жасауы мүмкiн деген сөз таратты. Күндердiң күнi бұл қауесет патшаның құлағына да жеттi. Мұны естiген патша Исаны, алейһиссәлам, дарға асып өлтiру керек деген үкiм шығарды. Патша жеңдеттерi пайғамбарды тұтқындау үшiн көп әуре-сарсаңға түстi, бiрақ оны ұстай алмады. Сол кезде Исаның, алейһиссәлам, достарының арасынан шыққан бiр сатқын пайғамбарды ұстап беруге бел байлады. Сөйтiп кәпiрлердiң марапаты мен мол олжаға кенелгiсi келдi. Оның түрi, сырт пiшiнi пайғамбарға ұқсайтын едi. Сатқын Иса, алейһиссәлам, шәкiрттерiмен бiрге отырған үйдi жендеттерге айтып бердi. Сөйтiп түк болмағандай өзi де сол жерге келiп отырды.Кешкi апақ-сапақта жендеттер сол үйге жетiп келдi. Пайғамбар шәкiрттерiмен сол жерден сытылып шыға бердi. Жендеттердiң көзiне сатқыннан басқа ештеңе iлiкпедi. Жендеттер оны әй-шайға қаратпай сүйреп ала жөнелдi. Арада тағы бiраз уақыт өткенде әлгi сатқын дар ағашында керулi тұрды.Дiн басылары Исаны, алейһиссәлам, өлтiрдiк деп ойлады. Бiрақ олар қатты қателестi. Бұл кезде Иса, алейһиссәлам, халықтың иманға үйiрiлмейтiн надандығы туралы ойға батып отырды. – Ей, Иса! – дедi оған Аллаһ – Сенi рухқа айналдырамын да Өзiме әкелемiн, сөйтiп кәпiрлерден құтқарамын. Саған iлескендердi Қиямет күнiне дейiн дiнсiздерден үстем етемiн. Сонан соң бәрiң менiң құзырыма қайтасыңдар. Мен сендердiң араларыңдағы жанжалдарыңа сонда үкiм шығарамын.Исаның, алейһиссәлам, өмiрбаяны туралы бiзге жеткен деректер, мiне осындай. Оның жаратылысы туралы да талас күнi бүгiнге дейiн тоқтамай келедi. Бiрақ бiз үшiн Құран аяттарынан асқан айқын дәлел жоқ.

34

Page 35: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Исмайыл пайғамбарИсмайылды құрбандыққа шалу Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын!

35

Page 36: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ибраһим, алейһиссәлам, Аллаһқа иман айтқан мұсылмандарды ертiп Харан деген жерге келiп ұзақ уақыт тұрды. Сонда тұратын бiр туысының Сара атты қызына үйлендi. Бiрақ олар егде жасқа келгенше бала көрмедi. Бiр күнi Сара күйеуiне былай дедi:– Жасым ұлғайды. Тәңiрiм маған перзент бермедi. Сен қызметшi қыз Ажарға (Әажар) үйлен. Аллаһ Та`ала тiлегiңдi қабыл алып перзент берсе, үйiмiзге қуаныш кiрер, – дедi.Бұл сөз Ибраһимнiң, алейһиссәлам, көкейiне қонып, Ажарға үйлендi.Көп ұзамай Ажар жүктi боп, Исмайл атты ұл туды. Аллаһ Та`ала тiлегiн қабыл қылып, перзент бергенде Ибраһим, алейһиссәлам, қатты қуанды. Ол ендi ұлы мен жас әйелiнiң жанында көбiрек болып жүрдi. Мұны көрген Сараның бойында қызғаныш оты жана бастады. – Балаң мен әйелiңдi менiң көзiм көрiп, құлағым естiмейтiн алысқа апарып таста, – дедi Сара бiр күнi. Ибраһим, алейһиссәлам, көп сөзге келмей оның тiлегiн орындауға бел байлады. Оған Ажар мен Исмайылды Мекке ойпатына апарып тастау туралы Аллаһ Та`ала уахи келтiрдi. Ол Аллаһтың әмiрiмен әйелi мен емшектен шықпаған баласын елсiз шөлге тастап керi қайтты. – Сендердi бiр Аллаһқа тапсырдым, – дедi Ибраһим, алейһиссәлам, соңында қалып бара жатқан Ажарға. – Аллаһ бiздi өлтiрмес, қор қылмас, – деп Ажар жыламсырап қала бердi.Бiрнеше күннен кейiн Ибраһим, алейһиссәлам, қалдырған су таусылып, Ажар мен Исмайылды шөл қыса бастады. Қаталап шөлдеген Исмайыл жанын қоярға жер таппай шыңғырып жылады. Не iстерiн бiлмей сасқан Ажар жүгiрiп Сафа тауына шығып, айналаға көз тастады. Маруа тауы жағынан бұлдырап су көрiндi. Жүгiрiп онда барғанда, бұлдырап көздi алдаған сағым болып шықты. Осылайша ол екi тауға жетi рет шығып, түстi.Кенет әбден қалжыраған Ажардың құлағына бiр дауыс естiлдi. Жалт қараған Ажар баласының өкшесi тиiп жатқан жердi перiштелердiң бiрi қанатымен қазып жатқанын көрдi. Сол-ақ екен атқылап су шықты. Бұл бүкiл мұсылман жұртына қасиеттi зәмзәм суы едi. Сөйтiп Аллаһ Та`ала өзiнiң сүйiктi пенделерiн зәмзәм суымен жарылқады. Қуанышқа кенелген Ажар:– Аллаһқа шүкiр! Аллаһқа шүкiр! – деп баласын құшақтап сүйе бердi. 

Бiрде бiр топ арабтар сол маңнан өтiп бара жатты. Бұл жердiң сусыз шөл дала екенiн олар бұрыннан бiлетiн. Таңырқаған жүргiншiлер бұлақ басында отырған Ажарға келдi.– Мына су қайдан шықты?,– деп таңырқасты олар. Ажар оларға болған жайды түгел айтып бердi. Бұл Аллаһтың нұры жауған бала екен. Егер қаласаң бiз сенiмен бiге болайық, мына бұлақтың иесi сенсiң ғой, – дедi жолаушылар. Ажар Аллаһтың берген ризығын жұрттан қызғанбады. Кейiн мұнда қоныстанушылар көбейдi. Осылайша Мекке ойпаты бiрте-бiрте елдi мекенге айналды. Ибраһим, алейһиссәлам, әйелi мен ұлын елсiз шөлге апарып тастағанда, Аллаһтан түбiн қайырлы қылғай деп тiлек тiледi: Олардың амандығын бiлiп тұру үшiн жиi-жиi келiп тұрды. Ол бiр келген күндерде түс көрдi. Түсiнде Аллаһ аян берiп, Исмайылды құрбандыққа шалуды бұйырды. Осы түс үш рет қайталанды. Аллаһтың әмiрiн орындау – пайғамбарлардың басты парызы. Ибраһим, алейһиссәлам, бұйрықты орындауға бел буды. Бұл Исмайылдың әжептәуiр жасқа келiп қалған шағы едi. – Ей, ұлым! Мен сенi бауыздап, құрбандыққа шалатын түс көрдiм. Ойлан, сонсоң пiкiрiңдi айт, – дедi Ибраһим, алейһиссәлам, баласына. – Ей, әке! – дедi ұлы. – Өзiңе не бұйырылса, соны орында. Құдай бұйырып тұрса, менi соған көнедi деп бiл. Бұйрыққа екеуi де бой ұсынды. Ибраһим, алейһиссәлам, ұлын бауыздауға кiрiсе бастады. – Ей, Ибраһим! –деп үн қатты сонда Аллаһ Та`ала. – Түсiңдi iске асырдың. Бiз iзгiлердi жарылқаймыз. Бұл сен үшiн айқын сынау едi. Сөйтiп Аллаһ Та`ала "Ибраһимге сәлем!” деп үнемi айтылып жүретiн даңқ сыйлады және

36

Page 37: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

баланың орнына басқа бiр құрбандық берiп, көктен көк қошқар түсiрдi. Бұрынғы кезде адамдар құрбандыққа ең жақсы көретiн перзенттерiн шалатын едi. Аллаһ Та`аланың әмiрiмен көктен көк қошқар түсiп, Исмайылдың, алейһиссәлам, орнына құрбандыққа шалынған күннен бастап (құрбан айт мерекесiн тойлау – Ид әл-Адха) бұл әдетке тыйым салынды. Содан берi Исмайылдың, алейһиссәлам, құтқарылу құрметiне орай құрбандыққа мал шалынатын болды.Осыдан кейiн Аллаһ Та`ала Ибраһимға, алейһиссәлам, Меккеде Аллаһқа құлшылық қылатын ең басты үй – Қағбаны тұрғызуды бұйырды. Бұл бiр кездегi елсiз ойпатқа қоныстанушылар көбейiп, Меккенiң қалаға айнала бастаған кезi едi. Ибраһим, алейһиссәлам, баласына Аллаһтың бұйрығын жеткiздi. –Тәңiрiңiз бұйырған iстi iстеңiз, –дедi Исмайыл, алейһиссәлам, – Аллаһтың бұйрығын орындау үшiн мен сiзге көмектесуге әзiрмiн. ке мен бала бөгелмей iске кiрiстi. Аллаһтың ишаратымен Ибраһим Халилулла Қағбаның қабырғасын қалай бастады.Қағбаның қабырғасы кiсi бойындай көтерiлген кезде Ибраһим, алейһиссәлам:– Исмайыл, мына бұрышқа қоятын бiр жақсы тас әпер, адамдар оны бiлетiн болсын. Бұл Қағбаны айналушылар үшiн қажет белгi болады, –дедi.Сол кезде Аллаһтың әмiрiмен Жәбiрейiл перiште Исмайылға, алейһиссәлам, қасиеттi қара тас – Хажар Асуадты ал деп хабар бердi. Исмайыл, алейһиссәлам, Хажар Асуадты әкесiне алып бердi. Бiрақ жасы ұлғайып, күшi қайта бастаған Ибраһимға, алейһиссәлам, кiсi бойындай қабырғаға Хажар Асуадты көтерiп қою оңай болмады. Ол аяғының астына тас қойып барып Хажар Асуадты тиiстi орнына қалады. Ибраһим, алейһиссәлам, аяғының астына қойған сол тасты Мақам Ибраһим – Ибраһим тұрған орын деп атайды. Ибраһим, алейһиссәлам, Қағбаның қабырғаларын қалап бiткенше әлгi тасты пайдаланды. Сөтiп Ибраһим мен Исмайыл, алейһиссәлам, Аллаһтың тiлегiн орындап шықты. Олар Қағбаны салып бiткенше Аллаһтан тiлек тiлеумен болды. – Тәңiрiм! Бiздiң тiлегiмiздi қабыл ет! Бiздiң әулетiмiздi де өзiңе ғана табынушы ете гөр! Хақ жолдарын үйретiп, өзiңе құлшылық ететiн үмметтер шығара гөр, тәубамызды қабыл ал. Раббым, аяттарыңды оқитын, кiтаптарыңды және оның тағылымдарын басқаларға үйрететiн, сөйтiп оларды күнәдан тазартатын, бiздiң ұрпақтарымыздың өз iшiнен бiр пайғамбар жiбер,–деп жалбарынды олар. Аллаһ Та`ала олардың тiлегiн қабыл алып, Қағба ең басты ғибадат орнына айналды. Дүниеге бүкiл мұсылман жұрты қасиет тұтқан пайғамбарымыз Мұхаммед, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, келiп, Ислам дiнiн әлемдiк дәрежеге көтердi, барша адамзаттың игiлiгiне айналдырды. Исмайыл, алейһиссәлам, ер жетiп, ЖүрӘум руының бiр қызына үйлендi. Баласының шаңырақ көтергенiн естiген Ибраһим, алейһиссәлам, бiр күнi Исмайылдың үйiне келiп түстi. Баласы үйде жоқ екен. Келiнi қайын атасын танымады. – Исмайыл қайда? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам.– Аңға кеткен, – деп жауап бердi келiнi.– Тұрмыстарың қалай? Жағдайларың жақсы ма?– Жағдайымыз мәз емес, iшерге асымыз, мiнерге көлiгiмiз жоқ, қиыншылықта тарығып отырмыз, – деп зарлап қоя бердi келiнi. Келiннiң зердесiн таныған Ибраһим, алейһиссәлам: – Шырағым, мен дәм ауыз тиейiн де қайтайын, көрсететiн сый-сияпатың бар ма? – дедi. – Дәм татарлықтай үйде ештеңе жоқ, – деп аузын қу шөппен сүрттi келiнi. Бұл әйел Ибраһимге, алейһиссәлам, ұнамады. Оның баласының отанын көгертпейтiнiн, басына бақыт әкелмейтiнiн анық сездi. – Ерiң келген соң менiң сәлемiмдi жеткiз, босағасын өзгертсiн,– дедi де, жүрiп кеттi. Зердесiз әйел бұл сөздiң мәнiсiн ұқпай қала бердi. Кешкiлiк Исмайыл, алейһиссәлам, саяттан қайтып оралды. – Мен жоқта үйге бiреу келдi ме? – деп сұрады ол.

37

Page 38: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Иә бiр шал келiп сенi сұрады, – деп көрген бiлгенiн айтып бердi.– Ол ешқандай өсиет қалдырмады ма?– Қалдырды. Босағасын өзгертсiн деп сәлем айтты, – дедi әйелi.Исмайыл, алейһиссәлам, келген әкесi екенiн бiлдi.– Ол – менiң әкем. Маған сенiмен ажырасуды бұйырыпты. кемнiң бұйрығын орындамасқа шарам жоқ, – дедi ол әйелiне. Сөйтiп Исмайыл, алейһиссәлам, әйелiн талақ қылып, басқа бiр әйелге үйлендi. Күндер өтiп жатты. Бiр күнi Ибраһим, алейһиссәлам, жолы түсiп баласының үйiне тағы келдi. Оны ашық жүздi ажарлы әйел қарсы алды. Келген кiсiнi танымаса да, асты-үстiне түсiп жақсы күттi. Исмайыл үйде жоқ екен, сонда да әкесiнiң өсиетiн орындағанын көрiп, баласына риза болып қалды. Келiнi дастарқан жайып, сый-сияпат жасады, қонаққа құрмет көрсеттi. – Хал-жағдайларың қалай? – дедi Ибраһим, алейһиссәлам. – Аллаһқа шүкiр, жақсымыз, – дедi келiнi.Бұл әйелге Ибраһимнiң, алейһиссәлам, көңiлi толды.– Ерiңе менен сәлем айт, босағасы берiк болыпты, – дедi ол кетерiнде.Исмайыл, алейһиссәлам, келген соң, бiр шалдың келiп кеткенiн және айтқан сәлемiн жеткiздi.– Ол – менiң әкем, саған риза болып, көңiлi толып кетiптi, –дедi Исмайыл, алейһиссәлам.– Ендi мен сенiмен өмiр бойы бiрге боламын. Сөйтiп Ибраһимнiң, алейһиссәлам, батасын алған ерлi-зайыптылар өмiр бойы жұптарын жазбады. Исмайылдан, алейһиссәлам, Набыт және Хизар атты екi ұл туып, олардан бүкiл хижаз арабтары тарады. Яғни, дүйiм араб жұртының атасы Исмайыл, алейһиссәлам, болып табылды. 

Құран "Құран" араб тілінде «көп оқылатын кітап» деген мағынаны білдіреді.Құран - барша адамзатқа тура жолды көрсету үшін Ұлы Жаратушы тарапынан уахи арқылы ақырғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) түскен, оқылуының өзі ғибадат саналатын мәңгілік

38

Page 39: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

иләһи кітап. Құдіреті күшті Аллаһ Тағала бүкіл жаратылыс атаулының ішінде адамды ерекше көркем бейнеде жаратып, оған баға жетпес сый ретінде ақыл-ой, сана дарытқан. Міне, осыдан барып адам баласына жасаған әрбір іс-әрекеті үшін ақыретте жауап беру міндеті жүктелген. Өзі қонақ ретінде табалдырығын аттаған жұмбақ әлемнің сан қырлы сырлары мен неше алуан түйіндерін шешіу мақсатында адам баласына Жаратушы тарапынан Құран Кәрім түскен.Адам баласы Құранның арқасында Аллаһпен тілдесу шыңына көтеріледі. Құран - Исламның рухани кеңістігінің көгінде жарық шашкан нұрлы шырақ. Құран - Исламның негізі мен мәні. Құран - ақырет әлемінің де қасиетті картасы. Ол - тек қана бұл ғұмырлық адамдар арасындағы қарым-қатынас емес, сонымен қатар, келешек мәңгі әлемді де тамаша түсіндірген кітап. Құран - акыреттік мекен-жайды, ондағы жәннаттың аса ғажайьштығы мен сұлулығын және жаһаннамньң жан шошырлығы мен қорқыныштылығын суреттеп, бізге нендей қам жасауымызды үйреткен кітап. Кұран - адамзаттың тәрбиешісі. Құраннын басты мақсаты - адам баласының жан-тәнін кірден арылтып, рухына ғайыптық қанат тағып, жәннатқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім-тәрбие алған адамның бұл дүниесі де жәннатка ұқсас. Өйткені, адамның жан дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті адамды жоқтан жараткан Аллаһ Тағала ғана біледі.. Ендеше, Құран - адамзаттың жалғыз тәрбиешісі. Кұран - күллі адамзаттың заттық және рухани қажеттілігіне сай, кең ауқымға ие, қасиетті дара кітап. Кұран - адам баласының тән азығы мен жан азығы, бұл фәнилік ғұмыры мен ақыреттік өмірі, адамның жеке басы мен отбасы, экономика, саясат, басқару жүйесіне бірдей жеткілікті кітап. Құран - адам өміріне немқұрайдылықпен қарамай, онын барлық қажеттілігін қамтыған кітап. Адам баласы дүрбелең өмірдегі бөгеттер мен асулардан соның көмегімен өтіп, дертінің дауасын, рухының азығын Құраннан ғана табады. Құран - сөзі де, мағынасы да өзіне тән Хақ тағаланың адамзатқа жіберген ақырғы кітабы. Адамзатқа келген ақырғы дін Ислам әлемдік дін болған соң, әлбегте, оның кітабы да әлемдік болуы ләзім. Құран өзінен бұрынғы кітап пен парақтар секілді арнайы бір елге яки ұлтка түскен кітап емсс. Онын түскен ортасы Араб түбегі, ал тілі арабша болғанмен тек қана арабтарға арналған кітап емес. Ешбір араб Құранды бізге ғана тән кітап, ендеше, оған лайық біз, дінді біз өзгеден артық білеміз дей алмаған. Десе, Кұранға ең қашық пенде сол болмақ еді. Араб әлемінде христиан арабтар да бар. Сонымен қатар, Құран бір заманға ғана сиярлык өлшеулі кітап та емес. Ол - қияметке дейінгі барлық ғасыр мен заманға ұстаздык етуге келген кітап. Кұранның «Ей, адамдар! Сендерге Раббыларыңнан дәлел (Құран) келді» аяты осының бұлтартпас айғағы. Иә, Құран - күллі адамзатқа түскен ақырғы кітап. Сондыктан ол барлық заман мен мекенді тұтас қамтып, көріп, білетін һәм Өзі сол мекен мен заманнан ада, әуелі мен ақыры болмаған Ұлы Жаратушынын жаратылмаған мәңгілік «әзәли» (бастауы жоқ) сөзі. Міне, осы мекен мен заманнан пәк Хақ тағаланың әзәли сөзі Кұран әр түрлі заман мен әр түрлі мекендерде ғұмыр кешкен адамдарға лайықты түрде жол көрсетіп, ұзтаздық ете алады. Яғни, ол күллі заман мен мекеннің тізгінін құдырет қолына ұстаған һәм шексіз ілім мен құдырет иесі Құдай тағаланың уахиы болғандықтан, Құран өзінің шексіз ілім тұрғысынан барлық ғасыр мен мекендерге ұстаздық етіп, кез-келген заманның караңғы қапасын өткір алмас жарығымен қақ айырып, нұрға бөлеп, адамдарды тура жолға бастайды. Кұран бейне заманның әрбір ғасырына жеке-жеке түскендей ондағы адамдарға тікелей әсер етеді. Әсері сол әр ғасырдың адамдары өз заманының көкейтесті мәселелерін осы Құран арқылы шешіп, оны ұстаз етіп қабылдайды. Құранның Аллаһ Тағаланың кітабы екендігінің бір дәлелі - оның оқыған адамды еш жалықтырмауы. Он бес ғасырдан бері сәт сайын, сағат сайын оның барлық аяттарын миллиондаған адамдар тынымсыз оқып, тыңдауда. Адамдарға ерен тәлім-тәрбие беріп, нәпсілерін тазартып, жүректерін жаңартып, рухтарына қанат бітіріп, ақылына туралық беріп, санасына сәуле ұялатқан һәм тіршілікті нәрлендіріп, бақыттылық әкелген Құран мың

39

Page 40: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

рет қайталанып окылса да, оқығанды қайта-кайта оқудан, тыңдағанды қайта-қайта тыңдаудан жалықтырмақ емес. Сан мәрте оқылып, тындалған сайын пенденің кенезіген бар болмысына кәусар бұлақтай әсер етіп, нұрына малындырып, ынта-жігерін арттыруда. Өйткені, Хақ Тағала кітапқа ғажайып рухани ләззат берген. Сондықтан да, өзге көркем сөздер мен әссм әуендердің көп қайталануы адамды жалықтырса, Құранның қайталануы жалықтырмақ былай тұрсын, ынтықтығын жоғалтпаған кісінің алған ләззатын арттыра түседі. Құран адам баласының жұдырықтай жүрегі мен рухына тән күллі қажеттілік пен мынау дүрбелең, күйгелек дүниеде бойын жылытып, денесіне кан жүгіртетін һәм көңілін тарқамас нұрға малып, болмысын қанағаттандыратын барлық ілім мен негіздерді қамтыған.Құран шамамен алты мыңнан астам аяттан тұрады. Әрі онда бір-біріне ұқсаған аяттар бар. Сондықтан да Құранды бастан, аяқ жатқа білетін қаридың бір сүрені жатқа оқығанда, басқа сүредегі аяттармен шатастырып алуы мүмкін жағдайлары бар. Сол себепті, сырттай қарағанда жатталуы мүмкін еместей көрінген Құран оңай жатталады. Кұранды үлкен тұрмақ, миллиондаған жас балалардың оңай жаттап алулары Құранның теңдесі жоқтығына айқын куәлік етеді. Құранды исі мұсылман әлемінде миллиондаған адамдар тілі мен мағынасын білмесе де, ұғынбаса да, тез арада жаттап алып, жалықпай күндіз-түні қайталап жатады. Бұл араб тілінің ерекшелігінен туындаған қасиет емес, сол тілмен түскен Құранның мұғжизалық қасиеттілігі. Құран адамзаттың сан ғасырлар бойы санасы дамып, кемелдік деңгейге жеткен сәтте түскен. Ол осыдан он бес ғасыр бұрын түссе де қазір де, қияметке дейін де адамзаттың барлық мәселелерін шешуге жетіп артылады. Бүкіл адамзат баласы өзіне жіберілген бұл қасиетті Құранды мұқият оқуды, тереңіне бойлап, тұңғиығындағы сарқылмас мән-мағынаға толы інжу маржандарын түсініп, түйсінуді өзіне жүктелген қасиетті борыш әрі міндет деп білуі тиіс. Өйткені, Құран оқу сауабы мол ғибадат саналумен қатар көңілді кірбіңнен тазартып, жүректегі иманды арттыра түсетін рухани азық әрі өлшеусіз қазына. Бұл жайт Құранда былай деп суреттеледі: «Оның (Аллаһтың) аяттары окылған кезде, бұл олардың имандарын арттырады және тек Раббыларына тәуекел етеді» (Әнфал, 8/2)Пайғамбарымыз: «Сендердің ең қайырлыларың - Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің»,- деп, Құран үйренудің әрбір мұсылман үшін үлкен міндет болып саналатындығына баса назар аудартуда. Ендеше, кұрметті бауырлар, Жаратушымыздың бізге жіберген кітабын окып үйренейік!Аллаһ жар болғай! Әмин!

ХАДИС ҒЫЛЫМЫ ЖАЙЛЫ ҚЫСҚАША МАҒЛҰМАТ1. “Хадис” сөзiнiң мағынасы

40

Page 41: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

1. “Хадис” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жаңа, сөз, әңгiме. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстелген iстерi мен төрелiктерiнiң жинағы.2. “Хадис” пен “сүннәт”-тiң айырмашылығыМухаддистердiң (мухаддис – хадис ғалымы) айтуынша “хадис” және “сүннәт” сөздерi шарғи мағына жағынан бiр-бiрiне өте жақын. Толығырақ айтқанда, “хадис” және “сүннәт” – Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сөздерi, iстеген амалдары, шарғи үкiмдерi. Алайда, бұл екi сөздiң түпкiлiктi мағыналарына үңiлер болсақ, арасында бiршама айырмашылық барын аңғарсақ болады.“Хадис” – сөйлеу және айту арқылы келген хабар. Әрi Пайғамбардың (с.ғ.с.) сөзi не болмаса iстеген амалы “хадис” деп айтылады. ғұламалардың кейбiрi “хадис” сөзiнiң “жаңа” деген мағынасы бар екенiн ескере тұрып, оны “қадим” (ескi, бұрын болған) сөзiне қарсы мәндес сөз ретiнде қолданып, “қадим” дегенде Қасиеттi Құран Кәримдi, ал “хадис” дегенде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөздерiн назар тұтқан. Осы себептен ғұламалардың көпшiлiгi Аллаһ Тағаланың сөзi болған Қасиеттi Құран Кәримдi “хадис” деуден сақтанған.“Сүннәт” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – жол. Шарғи мағынасы – Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) iстеген iсi, ұстанған дiни жолы. Бұған дәлел ретiнде “хадис” және “сүннәт” сөздерiнiң түпкiлiктi мағынасынан хабардар болған ғұламалардың: “Бұл хадис қиясқа, сүннәт пен ижмаьқа (ижмаь - ғалымдардың ұжымдық қаулысы) қарсы келедi”, “хадис имамы (ғалымы)”, “сүннәт имамы”, “хадис және сүннәт имамы”, - деген сөздерiн келтiрсек болады.3. “Құдси” хадисХадистер iшiнара “нәбәуи” және “құдси” (сөзбе-сөз: қасиеттi) болып екi түрге бөлiнедi.“Нәбәуи хадис” - сөзi және мағына жағынан тек Пайғамбарға (с.ғ.с.) қатысты болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан жалған айту басқалардың атынан жалған айтқандай жай нәрсе емес. Кiм менiң атымнан жалған сөз айтса, тозақтан өзiне орын әзiрлей берсiн.” (Имам Бухари және Имам Муслим) “Құдси хадис” - Құран аяттары тәрiздi анық уахи (хабар) етiлмеген дiнге қатысты Аллаһ Тағаланың бұйрығы. Осы себептен “құдси хадис” дәрежелiк жағынан Құран аяттары мен “нәбәуи хадистiң” арасында тұрып, “Аллаһ Тағала айтады…” деген сөзбен басталады. Осы себептен, кейбiр ғұламалар: “Құдси хадис” – Аллаһ Тағаланың сөзi”, - деген пiкiрде болған. Алайда, ғұламалардың көпшiлiгi: “Құдси хадистiң” сөзi - Пайғамбардан (с.ғ.с.), мағынасы – Аллаһ Тағаладан”, - деп айтқан. Әбу Әл-Бақоның “Күллийатү Әбил-Бақо” атты еңбегiнде осы айтылғанға қатысты былай деген: “Құран –анық уахи арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан түсiрiлген сөз және оның мағынасы. Хадис құдси – илһам (көңiлге салу) немесе түсiнде хабар ету арқылы Аллаһ Тағала хұзырынан келген сөз.”4. Хадис ғылымындағы дәрежелер“Риуаят етушi” – хадистi айтып берушi. “Риуаят” сөзiнiң өзi – “айтып беру”, “айту”, “хабар ету” деген мағынаны бiлдiредi.“Муснид” – хадистi, оны айтып берген адамдардың тiзiмiнде қателеспей айтып берушi. “Муснидтiң” хадис ғылымы саласында арнайы бiлiмi болуы шарт емес. Оның мiндетi тек хадистiң мәтiнi мен тәртiп бойынша оны риуаят етушiлер тiзiмiн айны-қатесiз айтып беру.“Мухаддис” – хадистi, оны айтып берушiлердi, олардың қандай адам екенiн (мысалы, өтiрiк айтпайтын немесе жалған сөйлейтiнiн) бiлген, мүмкiндiгiнше хадистердi жатқа бiлген, “кутубу ситта”-ны, Имам Ахмад ибн Ханбалдың “Муснад”-ы, Имам Байһақидiң “Сунан”-ы мен Имам Табаронидiң “Муьжам”-ын оқып, зерттеген, әрi бұған қоса мың жүзге жуық хадистердiң мәтiнiнен хабары болған адам.“Хафиз” – хадис ғылымымен шұғылданғандардың арасында ең жоғары дәреге ие болған адам. “Хафиздер” түрлiше сипатталған. Кей ғалымдардың пiкiрiнше ол сипаттамалардың кейбiрi төмендегiше - Пайғамбардың (с.ғ.с.) сүннәттәрiн бiлiп, олардың муснидтерiнен хабары болу. Тек дұрыстығында күмән болмаған хадистермен амал етiп, iшiнде қайшылық болған хадистердi жатқа бiлу. Хадистердi мағынан жағынан айыра бiлу. “Хафиздер” мыңдаған хадистi жатқа бiлумен ерекшеленген. Мәселен, Имам Бухари: “Мен жүз мың сахих (дұрыстығында күмән болмаған) және екi жүз ғойри сахих (дұрыстығында күмән болған)

41

Page 42: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

хадистi жатқа бiлемiн”, - деп айтқан. Алайда, “хафиздер” мыңдаған хадистердi жатқа бiле тұрып, қате не болмаса жат нәрсенi Исламға телуден сақтанып, оның белгiлi мөлшерiн, яғни сахих хадистердi ғана риуаят еткен. Мухаддистердiң мұндай тақуалығына қатысты Әл-Аьмаш былай деп айтқан: “ғылым, шариғатқа бiр “уау”, “әлиф” не болмаса “дәл” (яғни, бiр әрiп) қосудан көрi, аспаннан жерге құлап жан тапсыруын артық көргендердiң қолында болды. Ал, қазiргi таңда ғылым ойланбастан ант ететiндердiң (яғни, ынсапсыздардың) қолына өттi.”“Хаким” – хадис ғылымында керемет көп хадистердi жатқа бiлетiн, оның назарынан кейбiр хадистер ғана шет қалғандай шалқар бiлiмдi адам.5. Иснад және муснадИснад сөзiнiң екi мағынасы бар. Оның бiрiншiсi – хадистi айтқан кiсiсiне тиiспеу. Екiншi мағынасы – хадис мәтiнiне жеткiзетiн рауилердiң шежiресi (тiзбегi). Сонымен қатар, мағынасы жағынан жақын болу себебiнен хадис ғылымында “иснад” сөзiмен қатар “санад” сөзi де қолданылуы мүмкiн. өйткенi, “санад” сөзiнiң тiлдiк мағынасы – “таяныш, сүйенiш” болса, ал хадис ғылымы саласында “иснад” тәрiздi – “мәтiнге жеткiзетiн рауилердiң шежiресi” мағынасында қолданылады.Иснадтың маңыздылығына жайында Имам Аузағи: “Иснадтың жоғалуы – iлiмнiң жоғалуы”, - десе, белгiлi ғалым Абдуллаһ ибн Мүбарак: “Иснад – дiн, егер иснад болмаса кiм не қаласа соны айтады”, - деп айтқан.Иснад – риуаятты бiреуге сүйеу, яғни “пәленше айтты” деу. Ал олай дейтiн кiсi хадистi кiмнен естiгенiн, ол ұстазы хадистi кiмнен нақыл еткенiн, оның соңы Пайғамбарға (с.ғ.с.) тұтаса ма, жоқ па екендiгiн толығымен, жаңылмай, шатастырмай айта бiлуi қажет. Осы талапқа жауап бере алмаған “мен мухаддиспiн” дей алмайды. Демек, иснадсыз, бiреуге сүйемей хадис айтудың қадiр-құны жоқ. Мұса пайғамбардың Таураты қанша мадақтаса да, сонау кiтапты қабылдап алған пайғамбарынан неше мың жылға ұзақтап кеттi, ал Iнжiлдiң нұсқаларының көптiгiнен христиан дүниесiнiң басы қатып отыр. “Жоханнан” (от Иоанна) немесе “Матайдан” (от Матфея) деп жазылған кiтаптың “от”-ты айтып отырған кiсiнiң кiм екендiгiн бiз түгiл, соншама ынталы христиандардың өздерi де бiлмес. Тiптi, сол дәрiптелген Iнжiлдiң қай тiлде түскенiн де ешкiм дөп басып айта алар ма екен? Ал (Құран аяттарын былай қойғанда) Исламда “дағиф” (сенiмдiк дәрежесi әлсiз) хадистiң де иснады бар, оны айтқан кiсi мен оны тiркеген жандар атаулы. Ислами кiтаптарда күдiк тудыратын тұжырымдар жоқ.6. Хадистердiң түрлерiХадис, дұрыстығында күмән болу немесе болмауына байланысты “мақбүл” (қабыл етiлетiн) және “мардуд” (қабыл етiлмейтiн) болып бөлiнедi. “Мақбүл” хадистi – сахих (дұрыстығында күмән болмаған), “мардуд” хадистi – дағиф (әлсiз, нашар) деп айтады. Сонымен қатар, екеуiне де ортақ болған хадистi “муштәрәк” деп атайды.Дiн саласында хабары аз адамдардың арасында көп кездесетiн жағдай - оң-солына жетпей Пайғамбар (с.ғ.с.) не болмаса сахабалардың р.л.ғ. аузынан шықпаған сөздi “хадис” деп айтуы. Мұндай жағдайда ондай адамның айтқан сөзi “хадис” емес, жалған болады. Бұл айтылғанға мысал ретiнде Имам Хакимнiң сөзiн келтiрсе болады: “Бiзге Мухаммад ибн Хатим Әл-Каши келдi. Ол Абдi ибн Хумайд атынан хадис айта бастады.Әбдi қашан қайтыс болды? – деп сұрадым.206 жылы – дедi ол.Бұл кiсi Әбдi ибн Хумайдтын өлген соң 13 жыл кейiн хадис естiптi.”Мұндай әңгiме “маудуь (жалған) хадис” деп айтылады.7. Сахих хадисХадис саласында дұрыстығына қарай хадистердiң дәрежелерi болады.Сахих – муснады мен иснады үзiлмеген және нұқсансыз, оны айтушы мен одан риуаят етушiнiң ақыл-есi дұрыс, дұрыстығында күмән болмаған хадис.Сахих хадистер iштей “мутауатир”, “ахад”, “машһур”, “мустафиз”, “азиз” және “ғариб” болып бөлiнедi.

42

Page 43: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

1) Мутауатир – рауилердiң шежiресiнде тек шыншыл, жалғандыққа барматын рауилердiң айтқан хадистер. “Мутауатир” хадистер өз кезегiнде:Мутауатир ләфзи – сөзi (лебiзi) де, мағынасы да “тауаутур” үкiмiнде болған хадис. Мысалы: “Менiң атымнан әдейi жалған сөйлесе, тозақтан орнын дайындай берсiн” хадисi. Бұл хадистi жиырмадан аса сахаба р.л.ғ. риуаят еткен.Мутауатир маьнауи – мағынасы “тауаутур” дәрежесiне жеткен, сөзi тауатур дәрежесiнде емес. Мысалы, намазда қол көтерiп құлақ қағу, дұғада қол көтеру сияқты хадистердi жүз қаралы сахаба риуаят еткен. Осы тәрiздi хадистер тым көп, бiрақ түрлi орындарда әртүрлi себептерге байланысты келiп, олардың арасында дұғада қол көтеру белгiсi ортақ болып жеткен. Дұғаның басқа түрi жоқ.Мұндай хадистердiң түрi көп, мысалы, мәсiнiң немесе етiктiң үстiнен мәсiх тарту, намазда екi қолды көтеру және: “Аллаһ Тағала бiр пендесiн көркейтсiн, ол Менiң айтқан хадисiмдi естiп…” деп басталатын хадисi. Бiз мұндай хадистi iздесек тым аз.2) Әәхәд – бiр ғана адам риуаят еткен, “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған хадис. “Әәхад” хадистерiнiң үкiмi дәлелдi, зерттеудi қажет етедi.3) Машһур – бұл да “мутауатир” хадистiң дәрежесiне жете алмаған, үш немесе одан көп мухаддис риуаят еткен хадис. Мысалы: “Аллаһ Тағала ғылымды суырып алмайды…” хадисi. Хадистi Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Ахмад риуаят еткен.4) Мустафиз – машһурге ұқсас, бiрақ машһурге қарағанда жалпылау хадис. “Мустафиз” хадистiң рауилерi екеуден артық болуы шарт.5) Азиз – рауилерi екеуден кем болмаған хадис. “Азиз” хадистiң рауилерi екiден артық болуы мүмкiн, алайда екiден төмен болмауы тиiс.“Машһур” хадистiң иснады дұрыс болса, “мустафиз” және “ғариб” хадистерiнен жоғары тұрады. Ал, “ғариб” деп бiр ғана рауи риуаят еткен хадистi айтады.8. Хасан хадисғұламалар “хасан хадистiң” түсiнiктемесiне қатысты түрлi пiкiр айтқан. Соның iшiнде “қандай хадис “хасан” болады?” деген сұраққа – “муттафақун ьаләйһи” болмаған, яғни Имам Бухари мен Имам Муслим “Сыхахтарына” енбеген сахих хадистер” деген жауап бар. “Хасан” хадис “сахих” және “даьиф” хадистерiнiң арасындағы дәреженi иеленедi.9. Даьиф хадисДаьиф – “сахих” және “хасан” хадис сипатында болмаған, яғни, иснады мен муснадында және мәтiнiнде белгiлi дәрежеде кемшiлiктерi болған мен хадис. Даьиф хадистер iштей “мурсал”, “мунқотиь”, “муьдәл”, “мудаллас”, “муьалләл”, “мудтариб”, “мақлүб”, “мункар” және “матрук” болып бөлiнедi.10. Бүкiл әлемге әйгiлi мухаддистер және олардың еңбектерiҚазiргi таңда кеңiнен тараған, түгел Ислам әлемi мойындаған ең алғашқы алты хадис кiтабы “Сыхах ситтә” – “Атақты Алтау” деп аталады. Оқырмандар үшiн осы “Атақты Алтауды” таныстырған артық болмас, өйткенi бұл еңбектердi жазған кiсiлер хадис ғылымында Ислам әлемiнiң маңдайына бiткен алты жұлдыз iспеттi қаралады. Бұл “алтылықтың” алғашқы төртеунiң жазбагерлерi түркi тектес жандар едi, олар: Имам Бухари, Имам Муслим, Имам Тирмизи, Имам Насаи. Имам Әбу Дауд та Иранның Систан уәләятынан, ал “Систан” сөзiне Файрузабади сөздiгiнде мынадай түсiнiктеме бар: “Систан” – араби “сижистан”, әсiлiнде “сақстан”, сақ тайпалары жасаған жер”.1. Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Исмағил ибн Муғира ибн Бардызда (Бiртiзбе болуы да мүмкiн) Әл-Бухари Әл-Жуьфи. 194 һижрада 13 шәууәл айында Бухарада туылған. 256 һижраның Рамазан айының айтында қайтыс болды. Ол жетiм өскен, жастай Құранды жаттаған, 9 жасында хадиске қойған. 210 һижрада анасы және бауырымен қажылыққа барып, хадис ғылымы жолында сонда қалды. Ол 16 жылда “Әл-Жәмиьус-Сахих” кiтабын жазып, оған 600 мың хадистен 9000 хадистi терiп қосты. Имам Бухари жастай көзден зағип болып қалады. Анасы дуалы ауыз, өте пәк кiсi болатын. Соның дұғасының себебiнен Имамның көзi ашылды. Оған түсiнде Ибраһим пайғамбар келiп: “Ей, пәкиза жан! Хақ Тағала мейiрi түсiп,

43

Page 44: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

сенiң дұғаңның арқасында балаңның көзi қайта қалпына келдi”, - деп хабар бердi. Ол кiсi қайтыс болып, жерленген соң, оның қабiрiнен қанша уақыт өте жағымды хош иiс тарап жатты. Бұған сол Хартаң қыстағы тұрғындарының бәрi де куәлiк еткен.2. Имам Муслим, ол Әбул-Хасан Муслим ибн Хажжәк ибн Муслим Ән-Нисабури (206-261 һ.ж.) Ирақ, Хижәз, Шам елдерiн аралаған. Имам Бухариден де пайдаланған, оны бағалай бiлген. Имам Ахмад, Исхақ ибн Роһайуһ және басқа ғұламалар оның ұстазы болды. 4000 түбiр, негiз болған, қайталанбас хадис кiтабы “Сахихтi” жинақтады.3. Үлкен хафиз, “хүжжәт” – iлiмi хадисте уәж, дәлел, Әбу Иса Мухаммад ибн Иса Ибн Саура Әт-Тирмизи. Имам Бухари мен Ибн Мәдинидiң шәкiртi. Хадис жат алуда оны жұрт үлгiге айтатын. Ол өзiнiң кiтабын былай дейдi: “Мен бұл кiтапты аяқтап, Хижәз, Ирақ және Хорасанның ғұламаларына көрсеттiм. Олар разыдық бiлiдiрдi. Кiмнiң үйiнде осы кiтап тұрса, мысалы оның үйiнде бiр пайғамбар сөйлеп тұрғандай”. Имам Тирмизи 209 жылы туылып, 279 һижрада Термiз қаласында қайтыс болған. “Әл-Жәмиь” кiтабының жазбагерi.4. Хафиз, Исламның шайхы, Әбу Абдур-Рохман Ахмад ибн Шуғайб ибн Әли Әл-Хорасани Ән-Насаи Әл-Қази. “Сахих” атты хадис кiтабын жинақтаған. өз заманында Мысырдың ең көрнектi машайхтарының (ұстаз) бiрi болып, iлiмi хадис бабында “рижәл” (хадис риуаятшылары) және хадис мәтiндерi бойынша сұңғыла ғалым едi. Имам Насаи 215 һижрада туылып, 303 жылы Палестинада қайтыс болды.5. Әбу Дауд: Сулеймен ибн Ашғас ибн Исхақ Әл-Әзди Сижистани. “Сунан” аталатын хадис кiтабының аâторы. Имам Мухаммад ибн Исхақ Сағани айтады: “Дәуiт пайғамбарға темiрдi жұмсартып бергендей, Аллаһ Тағала оған да хадистi иiп бердi”. Хадис хафиздерiнiң бiрi Мұса ибн Ибраһим былай деген: “Мына жалғанда Әбу Дауд хадиске, о дүниеде жәннат үшiн жаралғандай. Онан артық жан көрмедiм”. Ол 202 һижрада туылып, 275 жылы дүние салған.6. Ибн Мажәһ: муфассир (тафсиршi), хафиз, Әбу Абдуллаһ Мухаммад ибн Язид Әл-Қазуини. “Ибн Мажәһ” әкесi Язидтiң лақабы. 209 һижрада туған, 273 жылы, Рамазан айында қайтыс болды. Бұл кiсiнiң “Сунан” атты хадис жинағы бар.

Жайнамаз үстіндегі ғажайып өмір

44

Page 45: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Аллаһу акбар, Аллаһу акбар!Әшхаду әлла илаха иллааллаһӘшхаду әннә Мухаммәдур РасулуллаһХайиа ғалас сәлаһХайиа ғалал фәлаһАллаһу акбар, Аллаһу акбар!Лә иләһа иллааллаһ! – деп, екі мәртеден Алла тағаланы әуелете шақырған азан әуезі қай мұсылманның болсын жүрегін бәрібір қозғайды. Бұл сәтте Жаратқанның мына әлемі демін ішіне тарта тынысын тоқтатса, біз үшін өткеніміз бен бүгініміз көз алдымызға оралып, болашағымызға еңсе көтеріп қарауға ұялатын  шақ. Жүзімізді жерге төңкеріп, дүниелік нығметтерге бөлеген Жаратушымызды еске ала иманымызды оятамыз, одан сенімімізді бекіте алдан үміт күтетін тәтті де аяулы кезең. Әлбетте, бұл сәтті әркім әрқалай қабылдайды, бірі тұңғиық ойға беріледі, бірі намазды, ал енді бірі ескермеуі мүмкін. Менің ойымша, шапшаң жүрісті бәсеңдететін не баяу жүрісті шапшаңдататын осы қасиетті азан. Біреулер азанға елеңдемек түгілі есіне алмайды, мұнысы  Аллаға деген сеніміне көңіл бөлмегені де. Адамның жүректен басқа аяулы жері бар ма, сол тәрізді Жаратқанның қасиетіне толы жүрек бұл үнге тебіренбесе не алып ұшқан көңілін басып, барлық мүшесі тынбаса, онда

мұсылмандығын ұмытқаны. Дегенмен бұл «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды. Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады» - деген Абайдың кемеңгерлігінде жатыр. Ал, «Құлшылығым қайда» деп, қам жемейтіндерге айтарым Жаратқан Алла тағала жас құндақталған баланы алақанындағы бесігінде тербеткендей, сүйікті пендесін ғанибет күйге бөлеп, сырласа мұңын тыңдап,  жайған алақанына несібесін беретін мына өмірден мүлдем басқа бір дүние бар, ол – жайнамаз үстіндегі ғажайып өмір дегім келеді. Алланың берген ғұмырының

әр күнін санамай – ақ қояйын, әр пенде бір ғана жиырма төрт сағат тәулікті  шағын бес демге бөлсе, бар – жоғы бір – ақ сағат. Ал сол мезетті Жаратқанына арнаса одан мына дүние қараң қалып, қараусыз қалмайды. Сондықтан, бес тіректен құралған дініміздің ең мықты діңгегі яғни шаңырағы болған намазды төбемізде мықтап ұстаған жөн. Алла тағала «Мүминун» сүресінде мұсылман келбетін «Шындығында иман келтіргендер азаптан құтылады. Олар намазды шынайы беріліп, ықыласпен оқиды. Бос сөзден аулақ болады. Зекет беріп, ұятты жерлерін сақтайды» - дей суреттейді. Сондығынан намаз – Алла тағаланың өзгермейтін негізгі және бірінші жарлығы! Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға Миғражда яғни көкке көтерілгенде Алла тағала тікелей Өзі бұйырған, ал діндегі өзге бұйрықтарын Періште арқылы адамзатқа жіберген. Ақыреттегі Алланың бірінші сұрағы да намаздан болады.Намаз пендені Жаратушы Алла тағаламен байланыстыратын жол. Ол көзге көрінбейтін бейне тәріздес, таң қаларлық құбылыстағы Жаратқанның рухы. Оған ілесіп, Алламен жүздесу – ғибадаттың шыңына көтерілу. Яғни сенімнен кейінгі жасаған құлшылығымыздың басында намаз тұруы тиіс. Алла тағала жәрдем  сұраушыға да намазбен тілеуді бұйырған. Сондығынан мына дөңгеленген күйбең – тірлік адамдардың күнделікті азығы болса, сол азықты қорытатын намаз. Сенімді нығайтатын, көңілді жұбататын, Алланың құдіретіне көз жеткіздіретін,  өмірді нұрлы, жалғанды шынайы, ақ пен қараны ажыратып, күнәні еске сала егілте жылататын, шайтанды езіп, рухты ұлықтататын зор жиһад. Санаулы ғұмырдың шегін білуші Алла пендесінің өмірін жайнамазбен ғана шектейді яғни осынша жас өткерсе де, дүние толардай байлық жинап, оның қуанышты қызығымен өткізсе де, ерекше бақытқа бөлейтін жайнамаз үстіндегі керемет дүниеге ештеңе жетпейді. Аллаға бет бұрған жан – иманын  оятқан пенде. Ал иман жүректі даярлап, тілді жаттықтыра намаздың құдіретіне енгіздіреді. Алланың жолы – ақ жол. Оны ластауға, кірлетуге ешкімнің құқысы жоқ. Сондықтан, жүрек тазалығынан басталатын жол - тазалықтағы дәретпен ұласқан жол. Оның

45

Page 46: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

да өзіндік реті мен байыбы бар. Дәрет алып, намазға шыққан адам үстіне ихрам киіп, қажылыққа шыққанмен тең. Ал одан кейін жайнамаз жайған пендеге «Жаратушыңа аттаған қадамың құтты болсын!» деймін. Азанның үні қозғаған жүректің алғашқы қадамы яғни тура жолға бет бұруы – Жаратқанның шексіз даналығындағы ұлы тағдыр! Міне, мұны осылай ұғыну керек.  Бір күні Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз сахабаларымен отырған кезде, Жебірейіл періште (ғ.с.) жолаушы адам бейнесінде келіп: «Ихсан дегеніміз не?» - деп сұрайды. Сонда: «Ихсан Алланы көріп тұрғандай оған құлшылық ету яғни намаз оқу. Себебі, сен Оны көрмесең де Ол сені көреді» - деп жауап берген еді. Сондығынан, осы жерде сәл кідіріс, қай амалымызда болмасын ниет болмаса, ол пенденің әуреге салынған бекер дүниесі болмақ. 

Әрдайым ниет әр іске лайықты болуы тиіс яғни құлшылық Құдайға лайықты болу керек. Алла тағала Өзінің құдіретті назарын намаз бастаған адамның намазы біткенше одан назарын алмайды. «Бар білгенім осы» деп, жұрт істегенді істеп, ниетсіз намазға жығылып, сәждеде бас ұрып, парықсыз тұрып жүре берген өте дұрыс емес. «Құдайдың кешпес күнәсі жоқ» деген жалған мақалға сүйене «Білмедім, Алла кешірер енді» деген ақылына теріс қылықтар жасайтындар Құдайды өзінің жақын туысынан бетер құрдас көреді. Ол қате. Сондықтан бірінші ниет болуы тиіс.  Жастайымыздан «Аллаһу әкбар» деген сөзді жиі ести өстік. Бірақ мағынасын біле бермейтінбіз, ал намазда бұл сөз жиі қолданылады. Намаз – жан мен тәннің ғибадаты болғандықтан, оның арнайы сөздері мен іс – әрекеті яғни әдебі бар. Адам дәретін ала жүзін құбылаға бұрып, намазын бастарда ең алдымен «Аллаһу әкбар» деп, тәкбир тахрим айтады. Бұл үлкен мағыналы әрі тілге жеңіл сөз, ал негізінде қияметте салмағы ауыр. Сондықтан оған ой жүгіртелік. Әрбір адамның күніне бірнеше реттен «Аллаһу әкбар» дегенін санасақ, бір рәкағат намаздың өзінде алты рет «Аллаһу әкбар» деп айтады. Ал, ол «Алла ең ұлы!» деген мағына. Осылайша күніне жүздеген мәрте Алла тағаланы ұлықтаған адамның алатыны тек қана мол сауап. Негізінде, құранның әрбір әрібіне он сауап жазылатын болса, намазды толығымен оқыған адамға қанша сауап жазылатынын есептей беріңіздер. Сондығынан Алланы еске алу ұлы құлшылық, түп мағынасында Алланы зікірлеу жатыр. Ол мұратқа жеткізіп, иманды күшейтеді. Ал, иман – илану яғни Алланың бірлігіне мойынсұну! 

Әуелі келеді ғой памдат намаз,Оқиды сол намазды қандай сабаз. Егер де сол намазды тәмам етсең,Бір Алла әр пәледен қылар қалас. 

Екінші келе жатыр ұлы бесін,Өмірдің кім біледі ерте кешін. Мұны да мезгілінде тәмам етсең,Бір Алла береді ғой несібесін. 

Үшінші келе жатыр намаздыгер,Оқып қал, шамаң жетсе, болса жігер. Егер де мезгілінде оқымасаң,Мағшарға барғаныңда бір тергелер. 

Төртінші келе жатыр тағы ақшам,Жігіттер жақсы болар дінді бақсаң.Мұны да мезгілінде оқымасаң,Қайтер ең тамұқтың сен отын жақсаң. 

46

Page 47: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Бесінші келе жатыр жашиық намаз,Ол өзі білгендерге ғашық намаз. Бес намаз оразаны тәмам етіп,Жұмаққа барғаныңда мақтан Сабаз!!! – деп, Байсерке абыз жырлаған. Бірде бір елдің үлкен патшасы өзінің уәзірлерінің бірін үлкен бір қалаға басшылық етуіне әкімдікке жолдайды. Ол уәзір бара сала көптеген игі іс – шаралар атқарады. Кейініректе патша оған хат жолдайды. Ал әкім болған уәзір патшасының тікелей өзіне жолдаған хатына әбден қуанып, жатын төсегінің басына іліп, күніне бірнеше реттен құрметпен бетін сүртіп, мақтанып жүреді. Арада бірнеше жылдар өткізе патша сол әкім – уәзірінің атқарған ісімен танысу әрі есебін алу үшін алдына шақыртады. Уәзір өзінің есебін толықтай береді. Алайда, патша бұған разы болмайды. - Менің хатымды алдың ба? – деп сұрайды.- Иә, ханием, алдым. Тіпті басыма қойдым. Күндіз – түні сізге деген құрметпен хатты сүйіп, бетімді, көзімді сүрттім. Елге оқып бердім – деп жауап берді уәзір. Сонда патша:- Хаттың ішіндегі тікелей менің бұйырған әмірлерімді орындамай, керісінше оны сүйіп, құрметпен басыңа іліп, төбеңе қойсаң да сені жазалаймын – деген екен. Бұл мысалдағы патша – Алла. Хат – Құран. Уәзір – пенде. Бұдан ұғатынымыз, Алланың әмірін орындау – біз үшін өзгертілмейтін парыз! 

«Қуылған шайтанның кесірінен Аллаға сыйынамын. Рахман мен Рахымды Алланың атымен бастаймын. Барлық мадақ пен мақтаулар әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Ол Рахман һәм Рахымды. Есеп күнінің, ақырет күнінің жалғыз Иесі. Саған ғана ғибадат етіп, Сене ғана жәрдем тілеп, көмек сұраймыз. Бізді тура жолға сал. Бізді өзіңнің ашуыңа, қарғысыңа ұшырағандар мен тура жолдан тайған, адасушылардың жолына емес, ырыс – береке мен ізгі – жақсылықтарыңды, ерекше шарапатыңды төккен салиқалы құлдарыңның жолымен жүргіз» деп, басталатын жайнамаз өмірі қасиетті құранның бүкіл мағынасын бойына құт еткен сүремен басталады. Бұл «Фатиха» сүресі, ол - құранның көшбасшысы. Әрине, оқылуы араб тілінде болғанмен, көп адамдар сүренің нақты мағынасын біле бермейді. Сондықтан, қазақ тіліндегі мәнін білген де жөн. Намазда рүкүғ деген бар. Ол – Жаратушыға сәлем берген бейне. Кейінгі кезде, қазақтың ырымындағы келіннің енесіне салған сәлемін «ширк» яғни «Аллаға серік қосқан» деумен шатыстырып, бірді бірге қосумен әлек болған жарым жартылы білімдар қазақтар табылып жатыр. Мұнысы қате ұғым. Ол сәлем мен бұл сәлемнің ниеті басқа. Сондығынан әр істі түгелдей мағыналы тура амалға айналдыратын тек қана ниет!Құлшылықтың алды – намаз болатын болса, ал намаздағы Аллаға деген ең басты құрмет – сәжде! Қолдар ерлер үшін кіндік тұсында, әйелдер үшін көкірек тұсында. Көз төменде яғни жайнамаздағы сәжде нүктесінен көз алмай оқу – намаздың ең басты әдебі. Тек рүкүғта ғана көзіміз аяғымыздың ұшына келеді. Басқа жаққа жүзді бұру не екі қолмен қимыл – әрекет және т.б. негізсіз қозғалыстар жасау намаз тәртібін бұзуға әкеп соғады. Одан құлшылық қажетінде дұрыс орындалмайды. Ал сәждеде маңдай мен мұрын жерге тию міндет. Неліктен? Алла тағала адамды топырақтан жаратып, топыраққа апарады. Қазақтың пешенесі – маңдай. Ал сол маңдай қара жерге тиіп, мұрынмен сол қара топырақтың иісін сезе, өмір мен өлімді беретін Алламен жүздесу. Хадистерде сәжде – Аллаға ең жақын тұс екендігі баяндалған. Тозақ отына да күймейтін жердің бірі – сәждеге қойған маңдай. Ал, жалпы намазға тұрғаннан дүниелік тірлікті ұмыта намаздың рухына берілу бар. Одан басқа, сәждеде күнделікті күйбелең тірлікті ойлау, сұрау – қателік. Және бір емес, екі реттен сәждеге барғанда, ойшыл Абай айтқандай «Бірінші сәжде топырақтан жаратылғанымызды қабылдау болса, екінші сәжде сонда баратынымызды мойындау». Сондықтан, сәждеде сақ болу керек. Одан кейінгі отырыста Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға салауат айта береке тілеп, екі дүниелік тозақ отынан сақтау дұғаларын

47

Page 48: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

оқу. Сәлемнен кейін «Астағфируллах» айтылып, Алладан кешірім сұрай, намаз аяқталады. Есте сақтайтын бір жайт – намаздағы әр қимыл – қозғалыста үнемі «Аллаху акбар» айтылып отырылады. Кейіннен таспих тарту, құран оқу не дұға жасау, тілек тілеу адамның қосымша құлшылығы. Оны орындау парыз емес. Әйтсе де орындағаны абзал, себебі ғибадат ете білу Аллаға да ұнамды. Жаратқанға жақындаймыз намазбенен,Жақсылықтың келуі намазбенен,Бар бәледен құтыламыз намазбенен,Дүниеден кету де намазбенен! – дегендей, «Бұл дүниеде құлшылық бар, есеп жоқ, қияметте есеп бар, құлшылық жоқ» дегенге, «Мен намазға байланғаным соншалықты, қияметтің өзінде де намазсыз өмір сүре алмайтындаймын» - депті бір ғалым. Ұлық Хасан аль – Басри бір күні бір мұсылманның жерлеуіне қатысып, зират басына барады. Қабірге жерленіп жатқан адамды көрсетіп, қасындағы адамнан: «Мына адамның орнында сен болғанда не істер едің?» - деп сұрайды. Сонда, ана адам іркілместен «Басымды сәждеге қояр едім»  - деген екен. «Ендеше, қой тезірек, ажал айтып келмейді» - депті. Міне, дүниеден адам өтсе де, оның жерленуі де намаз /жаназа намазы/. Қазақ ұғымында дастархан қалай құрметті болса, жайнамаз да солай үлкен құрметке ие болған. Ертедегі аталарымыз жайнамазын беліне түйіп өткен. Бүгінде ескінің көзін көрген кісілер «Мынау пәленше атамыздың жайнамазы еді»  деп, тозығы жетсе де, көзінің қарашығындай сақтап, сол жайнамаздың үстінде әлі күнге дейін құлшылықтарын жалғастыруда. Сондықтан, әрбір мұсылман үйінде екі теледидар болғанша, екі жайнамаз болсын. Адамның досы – иман, құран, намаз, жайнамаз болып, намаз оқығанда патшаның патшасына есік қаққандай күйде баршамыздың жайнамазда тілектеріміз тоғыссын ағайындар! 

48

Page 49: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

НАСИХАТ СӨЗ

Я,Алла жалынамын жамалыңа, Ақ жолдың өзің сал деп халалынаӨзіңнен үмітім көп рахметіңнен Жіберме ахыреттің залалынаЫнсыз-жын, дию-пері жиылғанда, Рухымды қосқын Алла дана құлға, Үміт қып бір өзіңнен пәруардігер, Мұсылман жүрмін бекер санағындаӘгәрда әділіңе алсаң Алла Біздерде күнә деген сала-құла, Күнәсін мен пақырдың афу етіп, Жүзімді маһшар күні қара қылма.Түскен соң қараңғы көр кайран басым, Ата-ана дейтін қайда қарағым-ау, Еркіңде не қылсанда Жаббар құда, Ажалым жетсе бір күн барамын да.Істемей айтқаныңды ақымақ боп Маһшарда арманда боп қаламын ба? Тілегім жатсам тұрсам бір өзіңнен Кез болсам рахым атты қаламыңа.Насуха Алдияр шын тілепті, Ақыры жетті екеуі талабына. Ішінде адамзатты абзал қылдың Жаралған мына аламыңда.Пайдасы ақыреттің болмаған соң Боза мен ішпей қойдым арағында. Сөзімде қате болса кешірерсіз Жақсылар салып қара сарайыңа.Деп жүрмін Расул Алла үмметімінДозақтың қойма алып тарағына.Айтқанын кылмай Құданың, Шәрменде болып қалыппын, Егесі жалғыз өзіңсің Жаралған жалпы халыктың.Күнәға әбден шырмалып Сауап іске арықпын Ақымақ боп дүниеде Нешелерді налыттымАзаптан қорқып мінекиӨзіңді енді таныппын Қараңғыдан қайтарыпІшіне апар жарықтың.Не болар деп ахуалым Енді жылап тарықтым.Уәжім қайда дейтұғын Саған Алла неғыппын? Төрешісі өзіңсің Әділ менен анықтың

Жүнісің шыкты ішінен Қырық күн жатып балықтың Келгенде жасым қырық үшке Сонда еске алыппын.Үмметіне РасулдыңАзап жоқ десе наныппын.Бір лұқма судан пайда боп Тоғыз ай сақтап ішінде Дүниеге жарық шығарып Анамыздан туыппын.Балағатқа жеткен соңЖүректі Алла суыттың. Енді ойладым ақылдыАғарып шаш пен мұрытым.Борайы болып түк білмей Жүре бердім жұрыттың Қу шайтанды денеме Неге ләпсім жуыттың.Өткізіп алып уақытты Етегін ұстап біз тұрмыз Тәуекел деген үміттің.Қай жерде болса күнәлі іс Соған құлақ түріппін Мазақ қылып жақсыныҰялмай соған күліппін.Ойламаппын өлімдіТөменінде қырықтыңІстемеген бәлем жоқ Өзіңді де ұмыттым.Алмасаң құдай фазылыңа Кешпестей күнә қылыппынАш қалған иттей далада Енді жылап ұлыппын. Не бетіммен барамын Айтканын қылмай ұлықтың.Жараттың пайғамбарды ұлық қылып Исламға бердің парыз қырық қылыпРухымды пайғамбарға үммет қылсаң Жалғыз-ақ сонан жүрмін үміт қылып.Мүңкәр-Нәңкір Раббың кім? дегенінде Қоймағай мен наданды ұмыттырьш Маһшарда ахуалым не болады Апарсаң тозағыңа ұрып тұрып.Бүгінде уайыммен жылап жүрміз Дүниеде адам қылмас қылық кылып. Ақуалым мен наданның не болады Жауап алсаң шәңгекке іліп тұрып.Нәрсені ит ішпейтін ішіп жүрдік Жалғанда осы екен деп қызықшылық Күнә мен қалдырмадым зінәсінда

49

Page 50: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Өмірді өткіздім деп қызык кылып. Мұхаммед Расул Алла құрметі үшін Қоя гөр дозағыңа құлып ұрып.Құдая пазылыңменен пәк қылмасаң Боқ жеппіп итжемеген былықтырып Жасымда ойламастан өлерімді Мәз боппын күлкі менен тырық-тырық.Ақыретті ойламай Қу нәпсім кеттің семіріп Арық ат мінген адамдай Ажал келер тебініпНәпсінің қылмай айтқанын Қояйын енді жеңіліп. Бұрынғыдай емеспін Ойға түсіп кемідік.Ақырдың ойлап азабын Жылаймын кейде егіліп Ит жемеген боқ жеппін Жас уағымда ерігіпНе деп жауап беремін Қырық парыздан бір Алла Келдің ба? -десе не біліп.Арақ бен тойды қызық деп Әзәзіл шайтан мақтадың Айтқаныңды мен істепКәнеки сонан тапқанымӨткізіп алып уақытты Енді маған жакпадың Әзэзіл шайтан азғырып Жамандық жағын жақтадымОйыма түсіп мінеки Енді жылап жатқаным Лағып жүрдім адасып Нәпсінің қылып айтқанын.Өзің кешір құдая Маһшарға пайда таппадым. Ибраһимды Намурдтың Отынан аман сақтадың.Алдияр Насуха Шын тілеп қарар тапқанын. Мен пасықты фазылыңмен Рахым қылып сақтағын.Маһшарда қисап болғанда Мен надан қайсы саптамын. Жұмағада кірмедім Ішінде бір ай аптаның.Туылғаннан мезгедім Ағарып таңнын атканын. Өлімге және мезгедім Қызарып күннің батқанын.Енді жылап отырмын Күнәнің басып батпағын.

Істеген жоқпын ғибадат Мұсылман деген аттамын. Мені жолдан шығарған Шайтан лайын атқанның.Шәрмәнде қылма құдая Мінеки менің тапқаным. Өткен іске өкініп Енді жылап жатқаным.Акымақ нәпсім асықпа Қалады бекер тапқаным Жәннаттан Алла жай бергіл Дозақтың жауып қақпағын.Жан тәсілімге барғанда Кұрады шайтан қақпанын Жаратқан өзің Рахым ғып Дозағынан шайтаннын. Сол уақытта сақтағын.Абзалсың деп досыңды Ләбіз ғып өзің мақтадың. Құрметі үшін солардың Күнәдан қара ақтағын.Қиыи емес өзіңе Әгарда келсе сақтағың.Төрт жүз жыл сақтап құрмасын Берді Арыстан баптарың Сол сияқты әзиздер Жөнеді тастап тақтарын.Ноқталы басқа бір өлім Сөзімнің қара ақпарын.Ада болмас солардың Жазғанмен жиып аттарын.Өлеріңді ойлап жүр Мұсылман бәнде заттарың. Қошемет соған қыламыз Баласын көрсек датқаның.Істемейміз АлланыңҚырық парыз бұйрық айтқанын.Ойламадым ақырды Жасымда мұрын шиырып Қырық парызды істе деп Жіберді бізге бұйырыпІстемек түгіл еске алмай Кетті нәпсім үйіріп Ахуалым менің не болар Күнаһым тұрса үйіліп.Өткен іске жаратқан Енді жүрмін күйініпМәз болыппын мастанып Көшеге шықсам киініп.Күнә мен зінә көп қылдым Аянбай істеп тиылып Есіме түссе соларым

50

Page 51: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Кетеді үскін қиылып.Жасырын ісім халықтан Өзіңе тұр ғой білініп, Ойласам қорқьш жылаймын Көзімнің жасы кұйылып.Шәрмәнде қылма маһшарда Тұрғанда халық жиылып. Хабибің үшін кешіргіл Өзіңе жүрмін сиынып.Миғражда айткан бір сөзің Қаламын содан сүйініп. Жад еттім Жаппар өзіңе Енді жүйкем қиылып.Я, Алла өзің фазылыңа ал

Кез боларда киындық Біле тұрып бәрінде Істемедім қиын деп.Ерте жатып кеш тұрдым Ғибадат қылмай бұйығып.Ғапілетбен жасты өткізіп Қартайғанда иіліп Мешітке барып бәз-бәздеп Имамға енді ұйыдық.Дүниеден өткен ғашығың Жылаумен көзін қанатқан Не қылсаңда еркің бар Құдіретің күшті жаратқан.Тілегім осы қалдырма Үммәтім деген санақтан. Дәргаһыңа өтініш Мен сияқгы салақтан.Жасымда қолым тимеді Боза менен арақтан Неше мәрте өткізіп Адал істі талақтан.Нешелерді налытыпӨшіріп жүрдім санақтан.Былықпай қанша істерді Айтуға ауыз бармайды Еңбегім осы істеген Ылайық емес жаратқан.Бір сен үшін зар жылап Өтіпті неше ғашығың Мен қол жетпес күнәнің Іздеп таптым қашығын.Ақырдың ойлап азабын Енді жылап жасыдым. Ақыретті ойламай Жасымда мас боп тасыдымКүнәһар надан адамның Мен бірінші пасығың.

Фазылыңмен Алла кешіргіл Сөзімнің қате асығын.Дүниеде сірә бар ма екен Ыпылас мендей пасығың. Үміт қылған фазылыңнан Күнәға ғапыл асымын.Барды өзің жоқ қылған Жоқтан өзің бар қылған Рахмет атты қазаннан Құр шықпасын қасығым.Кедей қылып біреуді Біреуді қойдың бай қылып. Біреуді түкке жарытпай Біреуді койдың кұдая Төрт түлікке сай қылып.Біреулер ешек таппай жүр, Біреу жүр ат пен тай мініп Біреулер қуып жете алмай Біреулер түгел жай жүріп.Құдретің күшті кұдая Күндізге күнді жараттың Түнге жарық ай қылып.Нәпсісі үшін дүниеден Қаншалар кетті сауаптан Өтерінде айырылып.Шәрмәнде кылма маһшарда Айдағанда Сыраттан Аяғымды тайдырып.Біреулер шат боп дүниеде Біреулер жүр қайғұрып.Араммен нәпсің үшін қиналғаның Қалады ажал келсе жинағаның. Болады өте қиын ахуалы Нәпсісін арамдықган тыймағанның.Арамнан алыс жүрген мұсылмандар Үміт қып Ислам дінін силағаның. Әгарда әділіңе алсаң Алла Маһшарда шәрмәнде боп қиналамын.Рухымды Мұхаммедке (с.ғ.с.) қылсаң үммет Жалғыз-ақ сол жеріңе иланамын.Айқайлап ақымақ боп шарап ішіп, Басынан өзімді-өзім силамадым. Көңіліме келген істі істей бердім Басынан болмаған соң милы адамның.Құдая мені жоқтан бар қылғаның Өлгенде лахатымды тар қылмағынДүниеге жаратылып келгеннен соң Сауап аз, күнә болды бар қылғаным.Өзімді арамдықгың әскері ұрып, Жасымнан ақыретке қам қылмадым. Қанағат бергеніне шүкір қылып, Ку нәпсім енді еріп каңғырмаймын.

51

Page 52: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Өзіммен жалпы үммәт кәлимагөйді Отына жаһаннамның жандырмағын.Намурдтың Ибраһимды өзің Алла Отына жанып тұрған салдырғаның Мінеки құдіретіңнің күштілігі Сол оттан аман-есен қалдырғаныңЖылаймын азабыңнан енді қорқып Бұрынғы еске түсіп сан қылғаным. Миғражда үммәт үшін қам жеме деп Досыңды есімде бар нандырғаның.Шаддатқа ерік беріп сонша Алла Жәннатты құдаймын деп салдырғаның Сондада бірлігіңе сенбеген соң Найүмід соның үшін қалдырғаның.Күнәсін мен наданның афу етіп Ақырда дозағыңда қалдырмағын.Кедей қыл дүниеде бай қылмасаң Болады маһшар күні қайғырмасам. Барғанда жан тәсілімге пәруардігер Тілегім иманымнан айырылмасам,Үмметтік дәптеріне атым жазып Сыраттан аяғымды тайдырмасаң.Қидыңыз біздей асы кұлыңызды Білмейде жүрдік кейде мұныңызды. Маһшарда есеп-сауал болған күні Есірке біздей асы құлыңызды.Ғибадат қылғандардың соңындамын Әшейін адам деген формындамын Жақсылық-жамандыкты жазып қойдың Маһфузда адамзатқа болынбағын.Жаратқан жамалыңнан үміт қылам Өзіңнен жақсылықтың болынбағын Ескермей 40-қа шейін сауап істі Жұмысын надандықтың орындадым.Я, Алла өзің кешір деп жылаймын Қате істің бұрын менен болынғанын Өмірім жеткенінше бұдан бұлай Келіп жүр әмірінді орындағым.Жұмысын жамандықтың кәсіп етіп Өзіме енді отыр тәсір етіп Байқасам 43 жасқа келіп қаппын Аз емес келіп қапты-ау жасым жетіп.Шайтанның уәсуәсінен өзің сақта Я, Алла тауфық ынсап өзің беріп Шат қылсаң әжеп емес көңілімді Туынан хабибіңнің нәсіп етіп.Күнәнің бастым аяқ ауырына Надандықтың көп қосылып қауымына Күнәсін мен наданның афу етіп Қосқайсың имам Ағзам қауымына.Қосқайсың Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметіне Халилулла Ибраһим мілләтіне

Күнәмді афу етіп кешіргейсің Мұхаммед (с.ғ.с.) сүйген достың құрметіне.Әбубакір, Әлі, Омар, Оспан Маһшарда шахаряр ғып дос қып коссаң Я, Алла бір өзіңнен тілегім сол Күнәсін өзі алса шайтан қосқан.Бар адам түсінеді парасаты Маһшардың бар ма есіңде арасаты. Бұл күнде досың да көп, жарың да көпКім-кімге қияметте қарасады. Осының бәрін бірдей біле тұрып Қу нәпсім неге жолдан адасады.Қу нәпсім ауам айлап қаңғырасың Қай уақта ақыретке қам қыласың Ақыретті надандықпен жаста ойламай Қайғыға енді ойлап қалды басым.Маһшарда төрт имамды қазы қылсаң Болады маһфуздағы жазылынған Күнәнің біле тұрып бәрін істеп Ғафуын үміт қылам фазылыңнан.Өткіздім ғапілетбенен өмірімді Күнәнің мықтап ұстап қазығынан. Жинадым 43-ке кеп енді есімді. Қорқамын жаста қылған жазығымнан.Күнәсін мен міскіннің афу етіп Жәннаттың нәсіп еткіл азығынан. Өзіңе сырым мәлім Жаббар ҚұдаЖасырып халықтардан жүрдім сірәЯ, Алла фазылыңменен кешірмесең Тірлікте өткізіп ем ауыр күнә. Әууалдан ақырға шейін қамқор болған Назар сал үммәтім деп хақ Мұстафа.Ықыласпен кітап жазып жүрмін енді Кеселге бола ма деп өткен шипа Уәли деп жүздің бірін есітуші едім Дуамен қол көтерсе жазғушыға.Мінәжат қылдым азырақ Риза бол енді халайық. Өткен іс түссе есіме Кетеді үскін қарайып.Бәрі мәлім Аллаға Бәндадан несін танайық Болар ма екен себепкер Көптен бата алайық.Ілаһи амин дұғадан Ұмытылып қалмайық.Қалсын дедім артымда Еңбекпен жазған хатымыз Атымызды жазылған Жүрсін деп еске-ап халқымызДүниені қуып іздеген Емеспін жыршы салтымыз

52

Page 53: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Дұғадан бізді қалдырма Қол көтерген жалпыңыз.Теріңіздер харіпті Сын менен әліп келедіЕкі те түссе яй менен Оқыған адам біледі. Бе менен әліп яй жазсаң Атымның толық келгені. Жақсылардан шарапат Тиеді деуші ед себебі.Алланың досты пайғамбар Біздерге еткіл егені Иманмен Алла жарылқа Жоқ екен басқа керегі.Көп ішінде уәли бар Айтушылар деп еді. Дұғадан болып үміткер Қол жайған ғаріп мен еді.Уаллаһу алам бисауап Шамалы жазба сөзімнің Осымен бітті өлеңі.1960 жылы жазылған. Төтежазудан (араб әріптерін кирилшеге түсірген) аударып жазған:«ӘЛІ БЕКЕН»мешітінің найб имамы Әбдімүтәліп Сәттібайұлы. 2008 ж. 15 тамыз.

ТУРА ЖОЛҒА ӘРДАЙЫМ БАСТАҒАЙСЫҢ

Жеті қабат аспан мен қара жерді,Адамзатты жаратып, сана берді.Мақтау айтам әлемнің Раббысына,Жоқтан бар ғып жаратқан бар әлемді.

Әсер алмай мешіттің азанынан,Құлдарың көп намазын қаза қылған.Ғафу еткін, ия Рахман, ия Рахим,Мейірімің басым ғой азабыңнан.

Барған кезде алдына ақыреттің,Тыс қалдырма біздерді назарыңнан.Әміршісі өзіңсің қияметтің,Есеп күні аулақ ет азабыңнан.

Бойымда күш-қуатым, шамам барда,Ықыласпен ден қойып амалдарға,Жәрдем сұрап тек қана бір өзіңнен,Құлшылықты етемін Саған ғана.

Тозақ отын біз үшін жақпағайсың,

Арбауынан шайтанның сақтағайсың.Қисық жолдан аулақ ет құлдарыңды,Тура жолға әрдайым бастағайсың.

Жараттың бізді Мұхаммед үмметінен,Амал ет деп Құран мен сүннетіне.Дұрыс жолын нәсіп ет баршамызға,Құлдарыңның бөленген нығметіне.

Тауфиқ сұрап бір өзіңе жалынам,Ілімменен ризық бергей молынан.Жаңылысқан, ұшыраған қаһарға,Аулақ еткей адасқанның жолынан!..

53

Page 54: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ

Пайғамбар боп өмірде жаратылған Мұхаммед (с.ғ.с.),Ілімдері халқына таратылған Мұхаммед (с.ғ.с.).Әминадай анадан туған бала Мұхаммед (с.ғ.с.),Ақиқаттың ақ жолын қуған дара Мұхаммед (с.ғ.с.).Жаратқанның хақ жолын аян қылған Мұхаммед (с.ғ.с.),Алғаш рет Құранды баян қылған Мұхаммед (с.ғ.с.).Дінсіздіктің көгіне күн боп туған Мұхаммед (с.ғ.с.),Әр жүрекке иманды үн боп тұнған Мұхаммед (с.ғ.с.).Қиындықтың қамалын бұза білген Мұхаммед (с.ғ.с.),Қамыққанға қолұшын соза білген Мұхаммед (с.ғ.с.).Бар адамды бауырға тарта білген Мұхаммед (с.ғ.с.),Жылдар сайын білімі арта берген Мұхаммед (с.ғ.с.).Дінсіздермен соғыста қол бастаған Мұхаммед (с.ғ.с.),Жақсылықтың шыңына жол бастаған Мұхаммед (с.ғ.с.).Тұтастығын халқының қалап өткен Мұхаммед (с.ғ.с.),Алла сөзін майданда жарақ еткен Мұхаммед (с.ғ.с.).Қиындыққа мойымай шыдай білген Мұхаммед (с.ғ.с.),Ерен еткен еңбегін Құдай білген Мұхаммед (с.ғ.с.).

54

Page 55: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

МҰХАММЕД (С.Ғ.С.) ПАЙҒАМБАРДЫҢ БАҚИҒА КӨШУІ

Бисмилләһи медет бер тілімізге,Пайғамбар соңғы ахуалын сөз етейін.Бір күні Жәбірейіл Хақтан келді,Хақ әмірін Пайғамбарға алып келді.Дүниеде аманатын аяқтады,Рахатқа кіресің миқнаттан,Ақыретке келетін болды уақыт.Расул Алла МұхаммедАлпыс үште жасы еді.Көшерін дүниеден ерте сезген,Аллаға разы болып шүкір еткен.Пайғамбар көшпек екен бұ дүниеден,Шапағатын нәсіп қылсын о дүниеден.Хақ Рәсул бұны естіп жатқан түніТүс көрді Мәдинада сегіз кісіТүс көріп әуел ерте Сыдық келді.Әдеппен хақ Рәсулға сәлем берді.– Үстіме киген көйлек жерге түсті,Тақсыр-ау бұ не түс деп сұрай түсті.Ол түсті хақ Пайғамбар жорып берді:– Үстіңдегі көйлегің шешпестен жерге түссе Сапары бізге ақырет жақын деді.Омар хазрет әдеппен келіп жетті,Сәлемнен соң ол тағы баян етті:– Мен де бір түс көрдім Рәсул АллаһМөрім екі бөлінді қолымдағы,Жерге түсіп көзімнен ғайып болды.Мөрің сынып көзіңнен ғайып болса,Болармыз бұл дүниеден бізде ғайып.Бұдан соң түс көріп Оспан келді,Нәбиге қол қусырып сәлем берді:– Құраным қолымдағы жерге түсіпҚағазы бөлек-бөлек пәре болды.– Иә, Оспан Маған ажал келер деймін,Мен көшіп бұ дүниеден сіздер қалып.Сахабалар арасына пітне кіріп,Үмметім бөлек-бөлек болар деймін.Содан соң Әли келді сәлем беріп,

Таң қалды жиылғанды көзі көріп:– Тақсырлар, не себепті жиылдыңыз,Мағанда білдіріңіз мағлұм қылып.Біз көрдік әрқайсымыз ғажайып түс,Құдайым бізге салды бір қиын іс.Бақиға рәсул Алла көшеді-ау деп,Асхабтары отырмыз қайғы жесіп.Әли айтты: Мен де бір түс көрдім дейдіБоларын бір сұмдықтың білдім дейдіСауытым өзім шешпей жерге түсті.Шешімін Сізден сұрай келіп едім.– Әли, балам, бұл дәурен өтер деймін,Бізден өтіп Сіздерге жетер деймін.Сауытың киіп жүрген жерге түссе,Бабаңыз бұл дүниеден көшер деймін.Күш-қуатың Менде еді, Әли, балам,Мен кеткен соң қуатың кетер деймін.Бұны естіп батыр Әли қайғыланды,Көл қылып ағызды қанды жасын,Күш-қуат жәрдем болған дана баба,Ісіне бір Алланың бар ма шара?!Бұл дүние баяны жоқ бекер екен,Бұл ажал әр бірімізге жетеді екен.Бір түс көріп Рәсулға Айша келді:– Басыма қара жамылғы жамылыппынШешімін Рәсулдан сұрай келдім.Рәсул айтты: Мүһарбан сүйген жарым,Тәнімнен сапар қылар ғазиз жаным.Мен өлсем, Сізге келер қара күндер,Басыңа қара жамылғы жамылғаның.Айтып бітпей Фатима кіріп келді:– Бір түс көріп көңілім күпті болды,Түсімді Сізге айтқалы келіп едімАйтайын рұқсат болса тақсыр бабаРәсул айтты: Айта-ғой жаным балам,Фатима айтты тыңдаңыз, жаным бабам,Түсімде сырт киімім дал-дал болып,Жағасынан жыртылып тәмам болды.

55

Page 56: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Бәрімізді жаратқан Жаппар АллаһҒазизім, көзім нұры, жаным балам,Жағасы киіміңнің жыртылып тәмам болса,Сөзімді сабырлықпен тыңда, балам,Ғаріп болып бабаңнан алыстайсың.Хасан келіп инабатпен сәлем берді,Бәрінің жабырқау жүзін көрді.– Рәсул ата, Мен бір түс көрдім,– деді,Көрмеген ғажайып іс көрдім дейдіБасымда бөркім, аяғымда кебісім жоқ,Табаныма тас батып жүре алмадым,Мұны естіп Пайғамбар қапаланды:–Мен кеткен соң көп дұшпан болар дейді,Басыңа сенің әлек салар дейді.Қабырғасы қайысып басын сипап,Қайтесің жазу солай Жаратқанның. Жеңілдік өзі берсін Хақ тағала,Хүсейн сәлем беріп кіріп келді,Көпшілік жиылғанды көзі көрді:– Мен бүгін бір түс көрдім, Рәсул баба,Бір тақты зейнетімен тәмам көрдім,

Сол таққа Сіз мініп ғайып болдың.Келмеді бір ұстауға бізден шама,Бұл дүние енді бізде қалады екен.– Жаратқан жан аманатын алады екен,Түсіңде таққа мініп көкке ұшсам,Бабаңыз енді дүние салады екен.Баршасы мұны естіп зар жыласты,Көзінің қан аралас төкті жасын,Қайғырды пайғамбарға шәһәриялар,Сіз кеткен соң артымыз не болар деп.Алланың бұйрығына амал жоқ деп,Пайғамбар баршасына тоқтау айтты.Күйзелсе де баршасы сабыр етті,Бір Алладан басқаның бәрі пәни деп,“Лә иләһә илла Аллаһ” деп келді бәрі иманға.Көрген түстер Алла аяны болды тәмам,Қате болса оқыңыз өзің түзеп,Қиссадан оқып жаздым естелікке.Келмеді бұдан артық менің шамам,Артық кем болса кешір Хақ тағалам!

56

Page 57: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ҚАСҚЫР(аңыз-ертегi)

Бірде жалғыз жортқан қасқыр байқаусызда адамдар құрған торға түсіп қалды. Сойдақ тістерімен қанша шайнаса да жіп-жіңішке тор жібін қия алмады. Түс ауа бір топ аттылы кеп торды сүйреп әкетті.

Қап-қараңғы жерде екі күн жатқан қасқырды сыртқа бүгін алып шықты. Екіаяқтылар жіп торды темір торға ауыстырды. Алғашында жарықтан көзін аша алмай біраз әуреленген жыртқыш айналасына бағдарлай қараған сәтте, өте аң-таң қалды. Жағалай қойылған темір торға аң патшасы арыстаннан бастап, барлық аңдар қамалыпты.Сол-ақ екен бұған қыр көрсеткендей бір адам кеп, арыстанды қолындағы жіңішке шеңбер сымның ортасынан өткізіп секірте бастады. Адамға әбден мойынсұнған арыстанның лып етіп кіп-кішкентай шеңберден оп-оңай өтіп, әрі-бері секіргенін көрген қасқыр:– Аң патшасы, азулы да, ашулы арыстан, адамға қалай бағындың?! Оу, сонда адам аң патшасынан да күшті болғаны ма?! Айлалы деп, өжет деп, патша деп бағынып келген арыстан, қоян секілді қорқақ па едің?!– деп ызалана айқай салды. Темір торды тістелеп қатты аласұрды. Ақыры тынышталып, құйрығын қимылдатып, ызалы дауыспен ырылдап тыным тапқандай болды.

Сол сәт бір адам келіп қасқырдың аяғын қолындағы ұзын темірімен түртті. Қасқыр да арс етіп темірді қауып алмақшы болып еді, торға тұмсығы кептеліп қалды. Енді дыбыс шығармай мұрнын кіржитіп айбат шеге бастады. Қасқырдың әр жерінен бір түрткілеген адам темірді ара-арасында әдейі қатты батыңқыратып та жіберді.Содан бері қасқыр адамға қатты ызалы. Арада бірнеше күн өткенде темір тордың ішін бірнеше жерден ағаш таяқшалармен бөліп, оның ұшына ет байлап қойды. Етке ұмтылған қасқыр ағаштың үстінен асылып, бірде астынан етбауырлай жата қап жорғалап өтіп, етті жұлып жей бастады.

Қасқырдың бұл қимыл-қозғалысы адамдарды қатты қуантты. “Енді біраз уақыттан соң қасқыр бәрін де бұлжытпай орындайды” деп сенді. Бір апта тұрған ағаштың орнын енді шеңбер сыммен бөлді. Бұл арыстанға қолданған шеңбер сым еді. Қасқыр тым-тырыс жатып алды. Етті де жемеді.

Жыртқыштың бұл әрекетіне таңданған адамдар қалай да қасқырды шеңбер ортасынан өтуге үйреткісі келді. Олар қасқырды тағы да түрткілей бастады. Бұл әрекет бөрінің әбден ызасын келтірді.

Шеңбер ортасынан қасқырды өткізе алмаған адамдар енді оған тамақ беруді тоқтатты. Бұл екі күнге созылды. Ашу мен аштық бойын жайлаған жыртқыш бар ашуын ішіне бүгіп жатып алды.

Үшінші күні қасқырдың таң ертеңнен түс ауғанға дейін қозғалмай жатқанын байқаған адам оны таяқпен түртіп көрді. Қасқыр тырп етер емес. Жыртқыштың айлакерлігін білетін

57

Page 58: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

адам таяғын бірнеше жерден батыра нұқыды. Таяқ жанына қанша батса да, қасқыр сыр бермеді. Оның өлгеніне көзі жеткен адам есікті ашып жайбарақат торға енді. Осы кезде арс еткен қасқыр даусы мен сұсты бейнесінен шошынған адам сілейіп тұрып қалды...* * *

Қасқыр беті ауған жаққа қарай жорта берді...Іңірде мұрнына бір иіс келді. Мал иісі танауын жыбырлатып барады. Жақын маңда ауыл барын сезді. Ауыл оты көрінгенде қас карайған еді. Ол түннің аууын күтті. Көздегені ауыл шетіндегі саяқ қора.

Апыл-ғұпыл қамыс қораны тісімен қарш-қарш шайнап тесе бастады. Қорадағы қойлар дүр етіп көтерілгендей болды. Ет қызуымен қораның екінші бұрышын тескен қасқыр бір тесіктен жанталаса мұрнын тығып ырылдаса, екінші басынан құйрығын кіргізіп бұлғаңдата бастады. Сайтан секілді тұмсық екінші жерден құйрық боп көрініп, қойлардың “мә” деп маңырауға ғана шамасын келтірген еді.

Қорыққан қойлар бір-бірін таптап бір түнде бес қой бірден өліп қалды. Адамдар аң-таң. Ауылды неше түрлі аңыз аралап кетті. “Қой өлтіретін кесіртке пайда болыпты”,– дейді.Адамдар арам өлген бес-алты қойды ауыл шетіне апарып бетін кұммен бүркей салды. Қойлар бір аптаға азық болды. Осы уақыт аралығында ауылға қой жегіш “кесіртке” де келмеді. Енді-енді тыныштала берген адамдар бүгін тағы дүрлігіп қалды. Бүл күнгі жемтігі он күнге емін-еркін жететін секілді.

Жалғыз қасқыр жаз бойы осы маңдағы ауылдың түгел мазасын кетірді. Әбден семіріп қор жинап, адамнан мүлдем сескенбейтін болды. Қайта, енді адамдар түнде кезекпен қой күзете бастады.

Қойларды өлтіріп жүрген қасқыр екенін сезген ауыл иттері иелеріне түсіндіре алмады. Оларға қалайда қасқырды ұстап алу керек болды. Кеш бата өте сақ жүретін болды.Түн ауа ауылға кірген қасқыр бір күзетші итпен кездесіп қалды:– Ізіңді білдірмейтін қу қасқыр екенсің?– деді салған-нан ит.– Адам мені қатты зәбірледі. Сол кегімді алып жүрмін!– деді қасқыр.– Адам – менің ием, мен оған адал қызмет етуім керек. Сондықтан, сені ауылға жібере алмаймын,– деді ит те қалыспай.Адам – ием деген сөз қасқырдың қытығына тиді.– Иә, бір кездері мен де арыстанды патша көргем. Сөйтсем, ол адамның қолында түкке тұрмайтын мысық боп қалды. Сен де мен секілді адамды ием деп қателесіп тұрсың. Сенің адамың – менің қолымдағы ұршық. Мен оны шыр айналдырып жүрмін. Сенімен мен іздеген ие ол бөтен сияқты,– деді қасқыр.

Бұл кезде таң бозамықтана түскен еді. Кенет, ауыл жақтан бір күңіренген дауыс естілді. Сай-сүйегіңді сырқыраткан, жан-дүниеңді босатқан сондай бір азалы да, әдемі әуен. Дауыс шыққан жаққа мойын бұрған қасқыр адамның көкке қарап тұрған түрін көріп таң қалды. Дауысты ұйып тыңдап қалған қасқырды ит бас салды. Шаң-шұң төбелесті ауыл адамдары да көрді. Олардың кесіртке деп жүргендері кәдімгі шұбар төс, дәу арлан қасқыр екеніне сол сәт көздері жетті. Бұл хабар ауылдан-ауылға тарап, бәрі қасқырға қарсы шайқасқа дайын отырды.

Сонда ғана адам мен қасқыр арасындағы бітіспес жаулық шын басталып еді.Түс ауа ауылға қарай құлаған отар дөңге көте-рілгенде қасқыр ту сыртынан тиіп, он-он бес қойды тамақтап үлгерді. Қапталда алаңсыз келе жатқан шопан қой арасында қасқырдың жүргенін білмей де қалды. Аяқ астынан үрке жан-жаққа бытырай қашқан қойларға ие бола алмай: “Айт! Айттап!”– жүргенде қу қасқыр көзіне түспей сайға түсіп кетті. Аңқау қойшының отар соңын-да әр жерде бір теңкейіп қалған өлі қойларды көргенде зәресі ұшты. Қалтырап-дірілдеп, ат үстінде еркін отыра алмай, жүрегі атқақтап, артына алақтап, әйтеуір, қалған қойды ауылға жеткізді.Қасқыр осы оқиға ұмыт болғанға дейін ауылға бір жоламайда. Керісінше, көрші ауылды шулатып одан әрі кете беретін.

58

Page 59: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Бір күні көрші ауылдан мынадай әңгіме шықты. “Қой бағып жүрген бақташы анадай жерде ойнақ салып жүрген жалғыз қасқырды көреді. Қасқыр көзге кішкентай секілді көрінеді. Шопан қолындағы сегіз өрім қамшысына сеніп қасқырға тұра шабады. Жақындай бергенде жын ба, сайтан ба қасқыр жоқ боп кетеді. Түсінбей қалған малшыға әлгі қасқыр сопаң етіп тағы бір жерден көрінеді. Қуа жөнелгенде тағы жоқ боп кетеді. Солай қасқыр адамды арбап алысқа апарып тастап, отарды түгел қырып кетіпті” деген әңгіме малмен отырған ауыл-ауылдың үрейін ұшырады.

Араға бірнеше ай салып қасқыр алғашқы ауылға қайта соқты. Бұл кезде қыс түсіп, айнала аппақ қарға оранған еді. Мал – қорада. Шашау шықпайды. Қатты ашыққан қасқыр ауылға тағы да жақындады. Иек астында ауыл оты жарқырайды. Мал иісі мұрынды жарып барады. Көз қарауытып, бас айналып кетті... Кенет! Кенет бір нәрсе жүрегін суырып алғандай болды. Бір алып күш өзін екіге бөліп жібергендей болды... Сарт еткен ащы дауыс құлағын бітеп тастады. Бар екпінімен сырт айналды. Қақпан тізеден жоғары аяғын анадай жерге ұшырып түсірді. Жаны қысылып, аспанға қарап күңірене ұлып жіберді. Сол сәт құлағына өткендегі адамның жан дүниесін идір-ген үні келгендей болды. Ауырсынғаны сәл басыл-ғандай ма-ау! Әлде жан-дүниесінде бір нәрсе тыншыды ма-ау! Ол бір рахат сезімді басынан өткізді. Көктен бір көмек қол созғандай болды. Ол өзін балқытқан үннен айырылып қалғысы келмей ынтыққан үстіне ынтыға тыңдай берді... тәтті сәтті қасына шәуілдеп үріп келген ит сетінетіп жіберді. Дауыс та тына қалды. Артынан дабырлап адамдар да келе жатты. Ол сол сәт адам дауысы деп ойлағаны өз даусы екенін білді. Күңіренген азалы дауыс өз жүрегін қақ айыра шығып жатқанын сонда ғана сезді. Аяғы сынып, өлім мен өмір арасында арпалысып жатса да, өзіне бата алмай шәу-шәу етіп тұрған итке қарап:– Менің ием көкте! Сенің адамыңның да иесі сонда секілді!– деді. Ит жауап қатып үлгермеді, адамдар келіп қалды. Сол сәт ауыр соққы қақ маңдайға тиіп, қақыратып өтті. Қасқыр сылқ түсті... “Адамдар ақылға шорқақ. Бұл дүниедегі барлық тіршілік иесін өзіне қара күшпен бағындырғысы келеді. Бұл – оның ең әлсіз тұсы. Ақыл иесі, Ол мейірімді, оның шапағатынан тек шуақ шашып тұрады. Ол ештеңені зорлықпен істемейді. Яғни, адамнан да құдіретті біреу бар... адамның көкке қарап бірдеңе тілегенін көргенмін...”Қасқыр соңғы рет көзін әлсіз ашып көкке қарады, таңғы жұлдыздар әр жерде бір жарқырайды. Бірте-бірте жұлдыздар сейіліп, көгілдір аспанға жұтылып кете барды...* * *Содан бері қасқыр атаулы қиналғанда көкке қарап ұлитын болды...

59

Page 60: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ТАМҰҚ ОТЫ

Ей, Аллаһтың құлы! Әзірше бір жұтым ауа жұтуға қабілетті болып, әзірге сенің қолдарың өзіңе бағынып тұрғанда жүзіңді Жаратушыға бұр және тамұқтың жалынынан, ең болмаса, жарты құрмамен, ал егер оны таба алмасаң, онда жылы сөзіңмен болса да құтылуға асық.

Мұсылман бауырлар! Істегендерінің өтемі үшін адамдарға дайындалған Тозақ пен Жәннатқа сенбейінше – дініміз кемелді болмайды. Бұл екеуінің бар екеніне иман келтірмесек, онда Аллаһқа сенгенімізден еш мағына болмай қалады.

Адам жер бетінде Жұмақтың ғажайыптарын көре алмайды, Тозақты мекендеушілердің зарлы дауыстарын ести алмайды. Алайда, олардың бар екендігінің дәлелі – Құранда жазылған айқын аяттар болып табылады. Аллаһ тағала айтты: «Ендеше, отыны адамдар мен тастардан болатын, кәпірлер үшін әзірленген оттан қорқыңдар! (Әй, Мұхаммед!) иман келтіріп, ізгі іс істегендерді қуандыр! Расында, олар үшін астарынан өзендер ағатын жәннаттар бар» (1, 24-25).

Шынайы мұсылман болсаң, бұл екеуінің бар екеніне мойынұсын. Тамұқта даярланған азаптан құтылып, Жәннаттың сен үшін әзірленген бақтарына жету үшін амал ет!

ТОЗАҚҚА ИМАН КЕЛТІРУЖәннат пен Тозаққа иман келтіру – олардың жаратылғанын және қазіргі кезде бар

екенін, сондай-ақ, Аллаһтың әмірімен олар мәңгі тұратынын және ешуақытта жоқ болып кетпейтінін көңілмен бекітіп, растауды білдіреді. Жәннаттың рахаты мен Тозақтың азабына иман келтіру – осының құрамды бөлігі.

Тозақтың қазіргі кезде бар екеніне қандай дәлелдер бар? Сахих хадистерден дәлел іздейік. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтты: «Мен Миғражға көтерілгенде маған Жәннат көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі кедейлер екенін көрдім. Сонан соң маған Тозақ көрсетілді, сонда оның тұрғындарының басым көпшілігі әйелдер екенін көрдім» (Бұхари, Мүслім).

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және айтты: «Кезінде Тозақтың жалыны Аллаһ тағалаға: «О, Тәңірім, менің бір бөлігім екінші бөлігімді жұтып қояды»,– деп шағым жасады. Сонан соң

60

Page 61: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Аллаһ оған екі рет – қыста, бір рет – жазда, бір рет – дем шығаруға рұқсат етті. Сол кезде сендер барынша ыстық пен барынша суықты сезесіңдер» (Бұхари, Мүслім).Құранда да олардың қазіргі кезде бар екені туралы айтылған. Мысалы, Жәннат туралы: «...және тақуалар үшін әзірленген»,– делінсе («Имран», 133), тозақ туралы «...қарсы болғандар үшін дайындалған»,– делінеді («Имран», 131). Аллаһ тағала Адам (ғ.с.) мен оның жұбайын Жәннатқа орналастырғанын және олар тыйым салынған ағаштың жемісін жегенше Жәннатта болғанын бізге баяндаған. Сондай-ақ, Аллаһ тағала кәпірлерге қабірлерінде таңертең және кешке Тозақтың көрсетіліп тұратыны туралы да айтқан.

ТОЗАҚТЫҢ АПТАБЫӘбу Хурайра Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтты деп хабарлайды:

«Күнәһарлармен толтырылатын тамұқ отын адам елестете алмайды. Осы дүниедегі от Тозақ отының жетпістен бір бөлігін құрайды» (Әл-Бухари).

Пайғамбар (с.ғ.с) тағы да былай деген: «Тозақтың отын ол ақ болғанша мың жыл өсірді, сосын қашан ол қызыл болғанша тағы мың жыл өсірді, ал сосын қашан ол қара болғанша тағы мың жыл өсірді. Ол – қара, қараңғы түн сияқты, түнек түстес» (Ат-Тирмизи).

ОТТЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР ТАМАҒЫҚұдіреті күшті Аллаһ Құранда тозақтағылардың сасық тікеннен басқа тамағы

болмайтынын, әрі ол аштықты баспайтындығын айтқан болатын. Олардың дәмі адыраспаннан да ащы, ал иісі шіріктің иісінен де жиіркенішті. Қашан оны біреу жесе, ол асқазанға түспейді және қайтадан ауызға шықпайды, екеуінің арасында тұрып қалады.Жаратушымыз өзіне сенбейтін, әмірлеріне қарсы келетіндер үшін Тозақта күйзелтуші азап дайындады. Тамұқтың түпсіз терең, отты тұңғиығында Заққұм деп аталатын ағаш өседі. Бұл ағаштың жемісінің түрі шайтандардың бастары тәрізді. Ашыққан жандар одан жеп, қарындарын толтырғысы келеді. Алайда, Тозақтың мекендеушілері Оны қанша тістесе, олар да күнәһарларды сонша тістеумен жауап қайтаратын болады.

ТОЗАҚТАҒЫЛАРДЫҢ СУСЫНЫАллаһ тағала Құранда тозақтағыларға қайнақған су ішкізіліп, ішектері туралатынын

баяндаған. Бұл су қайнап тұрады, әрі үстінде жалын пайда болады. Ақиқатында, бұл жай қайнаған су емес, бұл – жанып тұрған су.

Сондай-ақ, Құран аятында тозақтық жандар азапталып жатып, шөлдерін басу үшін бірінің денесінен аққан іріңдерді екіншісі жалайтыны жайлы айтылған. Бұл қанды іріңді татып алу – өте жиіркенішті.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тағы бір сусын – Садид суы туралы былай дейді: «Тозақтың азап шегушісі оны аузына апара бергенде, ол күйдіріп жібереді, оның бас терісі сыпырылып түседі, қашан ол әйтеуір ішкен кезде оның ішектері жидіп түседі» (Ахмад). Бұл сусын – еріген кен тәрізді, беттерді қуыратын сұмдық бір сусын.

ОТТЫ МЕКЕНДЕУШІЛЕР КИІМІТозақтағыларға оттан киім кигізілген, төбелерінен қайнап тұрған су құйылады.

Онымен олардың терілері ерітіледі.Күнәһарлардың төсеніштері мен жамылғылары да оттан жасалған. Тамұқ олар үшін

түрме болады. Жан төзгісіз азап пен қасіретке толы бұл түрмедегілердің тамағы – от, сусыны – от, киімі де – от. Бұл жандар Аллаһ тағала оларға не сыйлаған болса, соның бәрін пәни дүниеде қалдырды. Өздерімен бірге тек олардың амалдары ғана соңына дейін еріп келді. Нендей өкінішті?

АЗАП ШЕГУШІЛЕРДІҢ ЖАН ДАУЫСЫОтты мекендеушілер Аллаһ тағаладан кешірім сұрап жалбарынады, мерзімін

қысқартуды өтінеді және мүлдем жоқ етуін сұрап зарлайды. Олардың шырқыраған жан 61

Page 62: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

дауысына Жаратушымыз құлақ аспайды, себебі, олар осы дүниеде Аллаһтың бұйрығына, әмірлеріне құлақ аспаған болатын.ТОЗАҚТАҒЫ ЖАЗАЛАУЛАР

Тамұқ күзетшілері жуан денелі, қатал періштелер күнәһарларды шоқпармен ұрады. Тозақтың биігіне көтереді де, түбіне лақтырады және түбіне жетіп құлағанша самсаған қылыштармен кескіленген оның денесінде бір кесек те ет қалмайды. Ыстық жалынды леп уатылған денені қайтадан жоғары үрлейді. Бұл азап осылай жалғаса береді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) айтты: «Қиямет күні адамдарға берілетін ең жеңіл жаза – табанның орта тұсында жататын екі түйір көмір шоқтары болады, оның қызуынан бастың миы қазан қайнағандай сарқырап қайнайды».

Алайда, адамдар үшін ең үлкен жаза – Аллаһтың дидарын көру мүмкіндігінен айырылу болып табылмақ. Аллаһтың назары қайырымсыз құлдарына бұйырмайды.ТОЗАҚТАН КІМДЕР БОСАТЫЛАДЫ?

Имам Ахмад (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) келесі хадисін жеткізді: «Менің үмметімнен күнәлі болғандар Отқа кіреді және онда Аллаһ тағала қанша қаласа, сонша болады. Ақырында, күнәларының жазасын өтеп болған соң, ең соңғы мұсылмандар тамұқтан еңбектеп шығып, Жәннатқа кіреді. Жәннаттың өзге тұрғындарынан айырмашылығы – олардың маңдайларында «кешірілген» деген жазу болады. Ал, тозақ отында тек Аллаһқа серік қосқандар (одан өзгеден жәрдем тілегендер) ғана мәңгіге қалады». Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұл ескертуі баршамызға ортақ.

Құран кітабында Тозақта мәңгі қалатындар туралы ескертулер жетерлік. «Кім Аллаһқа, Оның елшісіне қарсы келсе, шәксіз оған мәңгі қалатын тозақ оты бар» («Жын»,23). «…кім Аллаһқа серік қосса, расында, Аллаһ оған Жәннатты харам етеді. Оның орны – ішінде мәңгі қалатын Тозақ оты. Сондай-ақ, залымдар үшін жәрдемші жоқ…» («Ниса»,72-аят).Аллаһ тағала бізді оған серік қосу күнәсінен сақтасын және бізді Тамұқ отының азабынан құтқарып Жәннат бақтарына кіргізе көрсін. Әмин!

Ата-ана алдындағы әдептілікСахих хадистер «Алла Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында, ашуы ата-ананың ашуында».(Абдулла ибн Омардан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті) 

 «Нәби (с.а.у.) (ата-анасына жақсылық етушінің ақысына): «Ата-анасына жақсылық етуші қуанышқа бөленсін! Алла Тағала оның ғұмырын ұзақ етсін!», - деп дұға етті».(Асбағ ибн әл-Фарәждан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті)  «Бір адам ата-анасын жылаған күйде қалдырып, Алла елшісінің (с.а.у.) алдына һижра жасауға (қоныс аударуға) ант бергелі келеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.) : «Ата-анаңды жылатқан екенсің, енді барып қуандыр (яғни, ата-анаң рұқсат

берген жағдайда ғана һижра жасауға құқылысын)», - деп бұйырады».(Абдулла ибн Ъамрден (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).   «Қайсы бір мұсылман таңертең тұрып, сауап алу ниетімен мұсылман болған ата-анасына қызмет ететін болса, Алла Тағала оны жәннатқа жақын етеді. Ата-анасының біреуі ғана тірі болып, сауап алу үшін оған қызмет етсе де солай. Ата-ананың бірін ашуландырған болса, оны қайта разы етпейінше, Алла Тағала да одан разы болмайды. Сол кезде: «Ата-ананың өзі қайырымсыз болса да ма», - деген сөзге Расулулла (с.а.у.) : «Ата-анаңның өзі қайырымсыз болса да», - деп жауап берді».

62

Page 63: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

(Ибн Аббастан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).  «Ата-ананы құрметтемей жылатудан және үлкен күнәлардан сақтаныңдар!»(Мусадан (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).  «Біз нәбидің (с.а.у.) жанында тұрғанымызда бір кісі : «Я. Расулулла (с.а.у) ата-анам қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы бар ма?», - деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.у.) : «Иә, бар. Қайтыс болған ата-анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады: олар үшін дұға етіп, күнәләрі үшін жарылқау тілеу, орындай алмай кеткен уәделерін орындау, достарын құрметтеу, ата-анаңды себепші қылып олардың туыстарымен қатынасты үзбеу», - деді».(Әбу Наъимнен (р.а.) имам Бұхари риуаят етті).

Перзенттің ата-ананың алдындағы парызы жайында.

Анаға жақсылық істеу"Мен пайғамбарымыздан (с.ғ.с): "Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Жақсылықты алдымен кімге істейін?" - деп сұрағанымда, ол кісі (с.ғ.с): - Анаңа! - деді.- Одан кейін ше?- Анаңа!- Ал одан кейін ше?- Анаңа!- Одан кейін ше?- Әкеңе. Сосын жақындығына қарай туысқандарыңа!" (Муъауия ибн Хайдардан).

Бір кісі Ибн Аббасқа (р.а) келіп: "Мен бір әйелді айттырып едім, бірақ ол маған күйеуге шығуды қаламады. Кейін оған басқа бір кісі айттырғанда,ол әйел онымен некелесуге келісімін беріпті. Сонда мен ол әйелді қызғанғандықтан, өлтіріп тастадым. Мен сол үшін тәубе етсем бола ма?" - деді. Ибн Аббас (р.а) одан "Сенің анаң тірі ме?" - деп сұрады. Ол: "Жоқ" - деді. Сонда Ибн Аббас (р.а): "Аллаһ Тағалаға тәубе ет те, қолыңнан келгенше Аллаһ Тағалаға жақын болуға тырыс!» - деді. Осыдан кейін әлгі адам кетті. Мен ибн Аббастан (р.а): "Оның анасы жайында не үшін сұрадыңыз?" - деп сұрағанымда, ол кісі (р.а): "Расында, мен

63

Page 64: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

анаға жақсылық істеуден басқа Аллаһ Тағалаға жақын амалды білмеймін" - деді. (Ьата ибн Ясардан (р.а)).

Әкеге жақсылық істеуПайғамбарымызға (с.ғ.с) бір адам келіп: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, ол

кісі (с.ғ.с): «Анаңа жақсылық істе!» - деді. Әлгі адам екінші рет: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с): "Анаңа жақсылық істе!» - деді. Үшінші рет: "Маған не бұйырасыз?" - деп сұрағанда, Пайғамбар (с.ғ.с) тағы да: "Анаңа жақсылық істе!" - деп жауап берді. Әлгі адам төртінші рет: «Маған не бұйырасыз?» - деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с): "Әкеңе жақсылық істе!" – деді. (Әбу Хурайрадан (р.а)).

Ата-анаға жақсылық істеу"Мен Нәждәт Амир әл-Харижийдің әскерімен бірге болғанымда, біршама күнәға

ұрынып, істегенімді ауыр күнә деген ойда болдым. Ол жайында ибн Омарға (р.а) айтқанымда, ол: «Ол қандай күнә?» - деп сұрады. Мен ол кісіге (р.а): "Былай-былай" - деп баяндап бердім. Сонда ибн Омар: "Айтқаның ауыр күнәға жатпайды. Ауыр күнәға тоғыз нәрсе жатады. Олар - Аллаһқа серік қосу, кісі өлтіру, соғыстан қашу, ізгі әйелге жала жабу, өсім алу, жетімнің малын жеу, мешітте тұрып Аллаһ Таьаланың барлығын жоққа шығару, басқаларды мұқатып-кемсіту, баланың ибасыздығынан ата-ананың күйініп жылауы» -деді. Осыдан кейін ибн Омар (р.а) менен: "Сен тозақтан аман болып, жәннәтқа кіруді қалайсың ба?» - деп сұрады. Мен: «Аллаһқа ант етіп айтайын, әрине, қалаймын» - дедім. Ол: «Ата-анаң тірі ме?» - деп сұрады. Мен оған: «Анам тірі» - дедім. Сонда ол кісі: «Аллаһпен ант етіп айтайын, анаңа жылы сөйлеп, (жақсы) тамақтандырып асырасаң әрі ауыр күнәдан сақтанғаныңа қарай, сөзсіз, жәннатқа кіресің» - деді. (Тайсалә ибн Маййастан (р.а)).

Ьуруа ибн әз-Зубайр (р.а) Аллаһ Таьаланың:"Ол екеуіне кішіпейілдік пен мейірімділік құшағын жай!» - деген аятына «Ата-анаң нені қаласа да, оларды одан тыйюшы болма!» - деп түсінік берген еді. (Һишам ибн Ьуруадан (р.а)).

Перзент ата-анасының қарызынан құтыла алмайдыРасулуллаһ (с.ғ.с): "Перзент құлдықта жүрген әкесінің құнын төлеп, оны азат

етпейінше, өсіріп-жеткізгенінің қарызынан құтыла алмайды» - деген. (Әбу Һурайрадан).

"Мен әкемнің былай дегенін естідім. Ол ибн Омарды (р.а) көрген еді. Анасын арқалаған Йемендік бір кісі: "Мінген түйесі мен қомы қанша шайқалып, тербетілсе де, анама ешбір әсер ете алмайды" – деген мағынадағы сөзді айта жүріп, Қағбаны тауаф етеді. Кейін ол ибн Омардан: "Ей, Омар, қалай ойлайсың, мен анамның ақ сүтінен құтылдым ба?" - деп сұрады. Кейін ибн Омар: "Жоқ, сен анаңның таң сәріде босанып жатқан кезіндегі бір рет ыңырсығанынан да құтыла алмадың" – деп жауап береді. Осыдан соң ибн Омар Қағбаны тауаф етіп, Ибраһимнің (ғ.с) мақамына келіп, екі рәкәъат намаз оқиды. Кейін: «Ей, Әбу Мұсаның ұлы! Шынында, екі рәкәъат намаз одан бұрын істелген күнәларды жуып шаяды» - деді". (Саъид ибн Әбу Бурдадан).

Бір кісі ата-анасын жылаған күйде қалдырып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алдына һижрат етуге ант бергелі келген еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ата-анаңа қайтып бар. Әрі екеуін қалай жылатқан болсаң, дәл солай (қуантқын) күлдірткін» - деп бұйырады. (Абдуллаһ ибн Ъамрдан (р.а)).

"Әбу Һурайрамен (р.а) бірге әл-Ъақиқаға (жер атауы) жол жүрдім. Онда Әбу Һурайраның жекеменшік жері бар еді. Жеріне жеткен уақытта Әбу Һурайра қатты дауыстап: «Анашым! Ассаламу ъалейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Сізге Аллаһ Таъаланың сәлемі, рахметі мен берекеті болсын!» - деді. Сонда анасы оған: "Уа ъалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһ! Саған Аллаһ Таъаланың сәлемі, рахметі мен берекеті болсын!» - деп жауап берді. Әбу Һурайра: «Мені тәрбиелеп өсіргеніңіз үшін Аллаһ Таъала сізді

64

Page 65: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

рахметіне бөлесін!» - дегенде, анасы: «Қартайған шағымда мені құрметтегенің үшін Аллаһ Таъала саған разы болып, рахметіне бөлесін!» - деді. Муса: «Әбу Һурайраның шын аты - Абдуллаһ ибн Амр еді» - деген. (Әбу Муррадан). Ата-ананы қадірлемеу туралы

Расулуллаһ (с.ғ.с) үш қайтара: «Сендерге ауыр күнәлардың ішіндегі ең ауыры қандай күнә екенін айтайын ба?» - деді. Сахабалар: «Иә, ей Аллаһтың елшісі (с.ғ.с)!" - дейді. Расулуллаһ (с.ғ.с): «Аллаһ Тағалаға серік қосу және ата-ананы қадірлемеу» - деді. Бұл сөзді айтқанда Расулуллаһ (с.ғ.с) сүйеніп отырған еді. Кейін түзу отырып: «Әрі өтірік сөз емес пе?» - деді. Сонда Расулуллаһтың (с.ғ.с) бұл сөзді қайталағаны соншалық, тіпті мен: «Ол кісі (с.ғ.с) үндемей-ақ қойса ғой" - дедім». (Әбу Бакрден (р.а)).

Муьауия аль-Муғираға (р.а): «Маған Расулуллаһ (с.ғ.с) не естігеніңді жазып жіберші» - деп хат жазған болатын. Аль-Муғира Муъауияға беретін жауабын маған айтқан уақытта, мен оны өз қолыммен жазып отырдым. «Мен Расулуллаһтың (с.ғ.с) орынсыз көп сұрақ беруден, қаржыны (орынсыз жерге жұмсап) құртудан және "ол былай деді, мен былай дедім" деген секілді сөз тасудан тыйғанын естідім» - деген. (Аль-Муғираның хатшысы Уаррадтан (р.а)).

Ата-анасына тіл тигізген кісі Аллаһтың лағынетіне ұшырайдыӘлиден (р.а): «Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с) сіздерді жалпы адамдар ерекшелендірген

қандай-да бір нәрсе мен ерекшелеп пе еді?» - деп сұрағанда, ол: «Жоқ, Расулуллаһ (с.ғ.с) бізді ерекшелемейтін, тек менің қылышымның қынабындағылар болмаса» - деп одан бір қағазды шығарды. Ол қағазда: «Аллаһ Тағаланың атымен емес, (Аллаһтан) басқаның атымен мал бауыздаған кісіні Аллаһ лағынет етті. Біреудің жер белгісін жерінің шекарасынан ұрлаған кісіні Аллаһ лағынет етті. Ата-анасын лағынеттеген кісіні Аллаһ лағынет етті және дінге, шариғатқа жаңа нәрсе енгізгенді Аллаһ Тағала лағынет етті» - деген жазу бар еді. (Әбу әт–Туфайлден (р.а))

Күнә болмаған істе ата-анаға бой ұсынуРасулуллаһ (с.ғ.с) маған тоғыз нәрсені өсиет етті: «Денең бөлшектеніп кесілсең де

немесе отқа салынып күйсең де, Аллаһқа ешнәрсені серік қосушы болма! Парыз намаздарды әдейі оқымай қойма, кімде-кім намаз оқуды әдейі тәрк етсе, Аллаһ Тағаланың қамқорлығынан айрылады. Арақ-шарапты ішуші болма, себебі ол – бүкіл жамандық атаулының кілті. Ата-анаңа мойынұсын, "жаныңды бер" - деп талап етсе, жаныңды бер! Егер сен өзіңді күмәнсіз билікке лайық көрсең де, олармен билікке таласушы, дауласушы болма! Жауға қарсы шапқан уақытта өліп кетсең де және жаныңдағы достарың қашып кетсе де, сен қашушы болма! Күш-жігеріңді отбасың үшін жұмса! Бала-шағаңды әдепке шақырудан тыйылма, оларды Аллаһ Тағаланың азабымен қорқыт!». (Әбу ад-Дардадан).

Бір кісі Нәбиге (с.ғ.с) келіп өзінің жихадқа барғысы келетіндігін айтады. Сонда Нәби (с.ғ.с): «Сенің ата-анаң тірі ме?» - дейді. Ол: «Иә, тірі» - деп жауап берді. Аллаһтың елшісі Расулуллаһ (с.ғ.с): «Олай болса, ата-анаңның разылығын алу үшін әрекет ет!» - деді (Абдуллаһ ибн Амрден).

Аллаһ Тағалаға серік қосушы болса да ата-анаға жақсылық істеу«Аллаһ Тағаланың кітабында маған қатысты 4 аят түсірілді. Анам мен Мұхаммедпен

(с.ғ.с) мен айырылыспайынша ішіп-жемеуге ант еткен еді. Бұған қатысты Аллаһ Тағала: «Егер ата-анаң білмеген нәрсеңді Маған серік етуге зорласа, оларға бағынба! Олармен дүние ісінде дұрыс мәміледе бол!» - деген аятын түсірді.

Соғыстың олжасынан түскен бір қылыш маған ұнаған болатын. Мен оны қолыма алып: «Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Мұны маған беріңізші!» - дедім. Бұған қатысты «Мұхаммед (с.ғ.с), олар сенен соғыс олжасы жайында сұрайды» - аяты түсірілді.

65

Page 66: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Мен ауырып жатқанымда маған Мұхаммед (с.ғ.с) келді. Мен одан (с.ғ.с): «Ей, Расулуллаһ (с.ғ.с)! Мен малымды бөліп үлестіруді қалаймын. Маған малымның жартысын үлестіруді ұсынар ма едіңіз?» - деп сұрағанымда, ол кісі (с.ғ.с): «Жоқ» - деп жауап берді. Мен: «Үштен бірін үлестірсем бола ма?» - дегенімде, ол кісі (с.ғ.с) үндемеді. Осылайша малдың үштен бірін үлестіру рұқсат етілген болатын. Күндердің күнінде ансарлардың бір тобымен отырып, арақ-шарап ішіп едім. Олардан бір кісі менің мұрнымнан түйенің жағымен ұрды. Мен Нәбиге (с.ғ.с) келдім де, болған оқиғаны айттым. Осыдан кейін Аллаһ Тағала арақ-шараптың харам етілгендігі жайында баяндалған аятын түсірді» (Саьад Ибн Әби Уаққас (р.а)).

Нәбидің (с.ғ.с) заманында маған анам келді, ол Исламды қабылдауымды қаламайтын. Мен бұл жайында Нәбиден (с.ғ.с): «Мен анама жақсылық істеуім керек пе?» - деп сұрағанымда, ол (с.ғ.с): «Иә» - деді (Асма Бинт Әбу Бәкір (р.а)).

Ата ананы балағаттамауНәби (с.ғ.с): «Кісінің өз ата-анасын балағаттауы ауыр күнәға жатады» - деді. Сонда

сахабалар: «Өз ата-анасын қалайша балағаттайды?» - деп сұрайды. Нәби (с.ғ.с): «Ол бір кісіні балағаттайды, ол да оның әкесі мен шешесін балағаттайды» - дейді (Ибн Ъамрдан).

Абдуллаһ ибн Ъамр ибн әл-Ъас (р.а): «Кісінің өз ата-анасын балағаттауы Аллаһ Таъаланың құзырында ауыр күнәға жатады» - деген (Ъурва ибн Ъыяд).

Ата-ананы қадірлемеудің жазасыНәби (с.ғ.с): «Ахиретте қатты азапқа душар етуден бұрын осы дүниеде азапталуына себеп болатын әділетсіздік және туған-туысқанмен қатынасты үзуден өтер лайық күнә жоқ» (Әбу Бәкр (р.а)).

Ата-ананың көз жасын төгуден сақтануИбн Омар (р.а): «Ата–ананың жылауы, оларға құлақ аспау - үлкен күнәлардан» - деген.

Ата-ананың дұғасы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Үш түрлі дұға қабыл, оған еш күмән жоқ. Олар - зұлымдық көрген кісінің дұғасы, жолаушы кісінің дұғасы және ата-ананың баласына жасаған дұғасы» - деді (Абу Хурайра (р.а)).

Аллаһ тағаланы білесің бе?

Бір күні Аллаһтың сүйген құлы Абдуллаһ ибн Мүбәрак жолда кетіп бара жатып сонадайдан бір қора қой бағып жүрген баланы көзі шалады. Ішінен оған жаны ашып: «Кішкентайынан мал бағып өссе, үлкейгенінде Аллаһ тағалаға деген ғибадатын қалай орындамақ?»-дейді. Сосын ойын жинап, «қой, одан ол балаға Аллаһты танытатын сабақ үйретіп кетейін» дейді де, бағытын солай қарай бұрады. Жақындай келіп:– Балам-ау, Аллаһ тағаланы білесің бе?– деді Абдуллаһ ибн Мүбәрак. Бала да: – Құл қалайша өзінің иесін білмейді екен?!– деп шапшаң жауап қайыра қойды. Мұнан соң екеуара сөздері жарасып, әңгімелері одан әрі былайша өрбіді:– Ал, айтшы, Аллаһ тағаланы қалайша білесің?– Мына бағып жүрген қойларыма қарап білемін.– Бұл қойларға қарап Оны қалай білесің?

66

Page 67: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

– Байқасаңыз, мына бір қора қой шопансыз өздігінен жүре алмайды. Оларға жем-суын беріп, қасқыр сияқты жыртқыштардан қорғап жүру үшін бір қадағалап жүретін адам керек. Осыған қарап айнала қоршаған он сегіз мың ғалам, оның ішіндегі адамдар, жындар, жан-жануарлар, мына ұшып жүрген қанатты құстар бір қорғаушыға мұқтаж екенін білдім. Осыншама сан алуан жаратылысты қорғап, қамқорына алған Аллаһтан басқа ешкім емесі ап-анық. Алдымдағы қойларыма қарап, Аллаһ тағаланы осылай білдім.– Аллаһ тағаланы қандай бейнеде түсінесің?– Ешнәрсеге ұқсатпаймын.– Оның ешнәрсеге ұқсамайтындыған қалай білдің?– Тағы да сол көз алдымда жайлып жүрген қойларға қарап білдім. – Қалайша?– Мен – шопанмын. Оларды бақылап, қорғаушысымын. Бұл қойларды әрдайым назарымда ұстап, қадағалаймын, әрі жауапкершілікпен қараймын. Қараңызшы, қойлар маған ұқсамайды, сол сияқты мен де оларға ұқсамаймын. Демек, қойшының қойларына ұқсамайтындығына қарап, әлбетте Аллаһ тағаланың құлдарына ұқсамайтындығын осы-дан түсіндім. Мұндай жауапқа тәнті болған Абдуллаһ ибн Мүбәрак:– Өте жақсы айттың, балам! Аз да болса, білім үйрендің бе?– деді. Әлгі бала:– Мен мына сайын дала сахарада жүріп қайдан білім алмақпын?!– деді шынын айтып.– Ал, жарайды. Басқа не үйрендің?– Үш ілім үйрендім. Көңіл ілімі, тіл ілімі және дене ілімі.– Бұлар не нәрсе, мен білмейді екенмін?!– Көңіл ілімі деген мынау – Аллаһ маған жүрек берді және ол жерді кешірім мен махаббат орны етті. Сол үшін жүрегіммен Оны танимын. Сол үшін Жаратушымның жақсы көргендеріне ол жерден орын беріп, жек көрген нәрселеріне орын бермеймін, керек десеңіз, ондайлардан бойымды аулақ ұстаймын. Тіл ілімі дегенім мынау – маған тілді беріп, Жаратушыны еске алып, есімдерін зікір ететін орын етті. Оның қызметі арқылы Жаратушыны еске түсіретін сөздер айтып, ғайбат сөздерден оны қорғап, жаман сөздерден сақтану керек екенін көрсетті. Ал, дене ілімі дегенім мынау – Аллаһ маған дене-бітім берді және оны өзіне қызмет ету орны етті. Сондықтан, Оған қызмет болып саналатын сауапты игі істерді денеммен жасаймын-дағы, қызметіне жарамайтын теріс іс-әрекеттерден тал бойымды аулақ ұстаймын.

Абдуллаһ ибн Мүбәрак дала кезіп қой баққан баланың жауабы мен керемет айтқан ойлы сөздеріне шексіз ризашылығын білдіре келіп: «Ей, балам! Сенің маған үйреткендерің алғашқы, әрі соңғы ілімдер. Сол үшін маған насихат айт!» - деді. Қарғадай бала ол кісінің тегін емес екенін байқап: «Мырзам! Ғалым кісі екендігіңіз жүзіңізден байқалады Егер ілімді Аллаһтың разылығы үшін үйренген болсаңыз, адам баласынан қайтарымын талап етпеңіз, керек болса ол жағдайды күтпеңіз. Жоқ, егер дүние пайдасы үшін үйренген болсаңыз, жәннатқа қауыша алмайсыз»,– деп Аллаһтың сүйген құлы Абдуллаһ ибн Мүбәракқа астарлы сабақ болар ой айтқан екен.

Ибраһимнің қиссасы

Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан бір жануардың өлексесін көрді. Бұл өлексені жағаға ұрған теңіз толқынымен ілесе келген балықтар жұлып-жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жануарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Ей, Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші», – деп өтініш жасады. Шынтуайтында Ибраһимнің (а.с.) тірілтуді көргісі келгені Ұлы Жаратушысының

67

Page 68: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

құдіретіне деген күмәннан туындамаған еді. Тек Ұлы Жаратушысының қалай тірілтетінін көріп, тамаша етіп, шеберлігіне таңғалып, шексіз құдіретін көрген жүрегі жай тауып, Ұлы Жаратушысына мадақ айтып, бас игісі келген-ді. Бір нәрсеге сену басқа, көру басқа. Сондықтан Ол: «Раббым өлілерді тірілте аласың ба?» деп сұраған жоқ, «Уа, Раббым маған өлілерді қалай тірілтетініңді көрсетші», – деді.

Аллаһ Тағала Ибраһимге (а.с.): «Жоқ, әлде сенбедің бе?», – деді. Негізінде Аллаһ Тағала оның ақыретке күмәнсіз сенетінін білетін еді. Ал, Ибраһимге былай деп сұрақ қоюуының себебі – кейін келетін адамдардың ол туралы қате түсінікке бармаулары үшін-ді.

Ибраһим (а.с.) өтінішіндегі мақсатын былай деп түсіндірді: «Әрине, (өлілерді қайта тірілтетініңе) сенемін. Бірақ (қалай тірілткеніңді көріп, әр нәрсені көргісі келетін) жүрегім жай тапсын деп едім.»

Осыдан кейін Аллаһ Тағала Ибраһим құлына: «Төрт тал құс ал. Сосын, оларды өзіңе әбден үйреншікті ет. (Сосын, төртеуін де сойып бір-бірімен араластырып) оларды (араласқан еттерді) әр таудың басына бөліп-бөліп қой. Сөйтіп олардың әрқайсысының атын атап шақыр; олар саған жүгірген күйде келеді. Аллаһтың (әр нәрсеге күші жететін) азиз әрі (әр нәрсені орын-орынды істейтін) хаким екендігін біл деді».

Ибраһим (а.с.) берілген әмірді бұлжытпай орындады. Құстарды тауып, сосын оларды әбден өзіне үйретті. Сосын оларды сойып, жүндерін жұлып, еттерін бір-бірімен араластырды. Сосын араласқан еттерді төртке бөліп, төрт таудың басына апарып тастады. Сөйтіп құстардың әрқайсысының атын атап шақырғаны сол еді, бәрінің тіріліп, ұшқан бойда жанына келгенін көріп Ұлы Жаратушысының құдіретіне таңғалып, жүрегі жай тапты.

Күйеу ақысы

Еркектің де ақылары көп. Әйел күйеуімен жақсы мәміледе болуы керек! Заманымыздың жұмыс істеу шарттары өте ауыр, ақша табу өте қиын. Жұмыс

ұжымындағы ара-қатынас та шиеленісіп жатады. Еркек көбінесе осындай ауыр жағдайлардан күйзеліп қиыншылық тартады. Шаршап-шалдығып, стреске ұшырап, үйіне әбіржіген күйде келеді. Ендігі бұл жағдайды түзеу, қиыншылықтарын ұмыттыру, оның көңілін көтеру, оған көмекші болу, қолдау әйелдің мойнына түседі. Осындай жағдайда үйге келген күйеуі ең

68

Page 69: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

азынан жылы шыраймен жағымды сөз күтеді, өзіне көңіл бөлуін қалайды. Бұны да көре алмаса жағдайы одан төмен түсіп кетеді. Сөздері әрекеттері де өзгереді. Ислам ғалымдары «үйінде тыныштығы болмаған еркек дүние Жаһаннамында жүргенмен тең» деген.

Осыншама азапта жүрген адамнан әртүрлі нұқсан әрекеттер күтуге болады. Әйел онсыз да толып келген жүйке ыдысын тасытатын соңғы тамшы болмау керек. Керісінше дереу жылы шырай танытып, көңілін аулауға кірісуі керек. Оны түсінуге тырысуы, сабыр етуі керек. Ол үйде болған кезде үй тірлігіне де қарамау керек, оның көңілін көтеріп оны қуанту керек. Үй тірлігі т.б. жұмыстарды ол болмаған кездерде жасауы керек.

Тұрмыстағы әйелдерге әрдайым айтатын кеңесіміз мынау: сырттқы дүние отқа толы, күйеулеріңе ие болыңдар, жақсы мінездеріңмен, жылы сөздеріңмен, дәмді тағамдарыңмен, үй тазалығы, тиянақтылығымен немесе күйеулерің ұнататын амалдар арқылы оны үйге байлаңдар. Ол үйге қарай қадам басу үшін жанталасып асығатын болсын. Ұяны ұрғашы құс жасайды, үйді де үй ететін әйелдер осыны ұмытпаңдар.

Ислам ғалымдары «шайтан кәпірлермен емес, Мұсылмандармен әлек» деген. Нәпсіміз қатты құтырады. Қалай құтырады? Орануға, намазға, дұрыс сенімге қарсы құтырады. Шайтан әскерлерін таңертеңгісін жіберіп кешке есеп алады екен. Біреуі намазын бұздырдым десе, жарайды депті. Біреуі оразасын бұздырдым десе, оған да жарайды депті. Біреуі харам жегіздім дегеніне де жарайды депті. Басқа біреуі күйеуімен әйелін араздастырдым дегенде шайтан қуанып, орнынан атып тұрып, жарайсың депті, маңдайынан сүйіп, ең үлкен істі сен атқардың, араздасатын болса қалғанының бәрі уақыт өтуімен бұзылады деген екен.

Сондықтан әрдайым сақ жүру керек, шайтанмен нәпсінің мұндай әрекетіне жол бермеу керек.

Ислам тек әйелге келмеді, тек күйеуге де келмеді. Тек ата-анаға да келмеді, бүкіл адамзатқа келді. Барлық адамдар Исламға мойынсұнуға міндетті. Кім Ислам бойынша жүретін болса дүниеде де, ахыретте де бақыт табады, пайдасын көреді. Егер машинаның бір дөңгелегі жарылған болса машина жүрмейді. Сағаттың да бір тісі сынса істемейді немесе дұрыс жүрмейді. Сол сияқты жанұяда да бір адамның қатесі, кемшілігі бүкіл жанұяның тыныштығын, бақытын бұзады, тіпті ұяның бұзылуына да әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан әркім өзіне мұқият болуы керек, өз міндетін білуі керек, шектен аспауы керек, кемшілігі болса кешірім сұрап жаңа парақ ашып қуанышпен өмірді ары қарай жалғастыруы керек. Дінімізде ренжітуге тыйым салынғаны секілді, ренжуге де тыйым салынған, Мұсылманға үнемі жақсы көзбен қарау керек, кемшілігін көрмеу керек. Мен білмейтін бір себебі болса керек деп оны кешіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Кешірген кешіріледі, жақсы көрген жақсы көріледі.

Күйеуіне қолынан келгенше жылы шырай көрсетіп, сүйіспеншілігін білдіру керек, тілімен де оны ренжітпеу керек. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Қияметте Аллаһу та’ала күйеуін тіліменен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын етіп мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді басы кесілген, денесі бөлшектенген күйге айналдырады.» (Шира)

Әйелге әшекей бұйымдар мубах саналады. Алайда әшекей алу үшін күйеуін қиын жағдайға түсірмеуі керек, бөтендерге әшекейлерін көрсетпеуі керек! Сонда ғана әшекейлері Жаннатқа кіруге кедергі болмайды. Хадис шәрифте былай бұйырады:

«Жаннатта әйелдердің аз болғанын көрдім. Себебін сұрадым “Оларды алтын және әшекей бұйымдары алдандырды” деді.» (И. Ахмет)

«Сенен не көрдім» деп күфрани нимет (жақсылықты түсінбеушілік) етпеу керек! Екі хадис шәрифте былай айтылады:

«Егер күйеулеріне күфрани нимет етпегенде, намаз оқыған әйелдер дереу Жаннатқа кіретін еді.» (Шира)

«Жаһаннам халқының көпшілігін әйелдер құрайтынын көрдім. Себебі көп лағынет айтып күйеулеріне қарсы күфрани нимет етуі.» (Бұхари)

Күйеуіне бір жақсылық жасаған болса міндет етпеуі керек. Азық-түлік, киім-кешек сияқты мәселелерде күйеуін ренжітпеуі керек, орындай алмайтын нәрсені одан сұрамауы

69

Page 70: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

керек! Күйеуінің намысын қорғауы керек, әркез оның разылығын алып оны қуантуға тырысуы керек! Хадис шәрифте былай бұйырады:

«Әйел мойнындағы күйеу ақысы, сендердің мойныңдағы менің ақым секілді. Олай болса күйеуінің ақысын орындамаған әйел, Аллаһу та’аланың ақысын орындамаған болады.» (Шира)

Әйел күйеуін ренжітпеуі керек.Бір күні хазреті Фатима, әкесінің алдына жылап келеді. Расулуллаһ алейһиссалам:

- Ей Фатима, неге жылап тұсың?-деді.- Ойланбай айтқан сөзіме Али ашуланды. Мен кешірім сұрадым. Бірақ оны ренжіткенім үшін жылап тұрмын.- Қызым білмейтін бе едің, Аллаһу та’аланың разылығы күйеуіңнің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын іздейтін, күйеуі де одан разы болған әйел ең бақытты әйел. Әйелдер үшін ең үлкен ғибадат күйеуіне мойынсұнуы. Күйеуі әйелінен разы болса ол әйел қалаған есігінен Жаннатқа кіруге құқылы болады. Күйеуін ренжіткен әйел оны разы еткенге дейін Аллаһу та’аланың лағынетінде болады.» (Р. Насихин)

Күйеуінің ақысына мән беріп орындаған әйел жихад еткендей сауапқа кенеледі. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Күйеуінің ақысын орындау Аллаһ жолында жихад ету секілді.» (Табарани)«Әйел күйеуінен рұқсатсыз нәпіл ораза тұта алмайды. Егер рұқсатсыз тұтса аш және

сусыз жүрген болады, сауап жазылмайды. Күйеуінің рұқсатынсыз сыртқа шыға алмайды. Шықса көктегі періштелер үйіне қайтқанға дейін лағынет айтады.» (Табарани)

«Еркек қажеттілігі үшін әйелін шақырса, әйелі тандыр басында болса да дереу жауап берсін!» (Тирмизи)

«Күйеуі шақырғанымен төсекке келмеген әйелге періштелер таңға дейін лағынет айтады.» (Бұхари)

«Әйел, күйеуінің рұқсатынсыз өз малын да жарата алмайды.» (Табарани)«Рұқсатсыз үйден шыққан әйелге күйеуі разы болғанға дейін жер бетіндегі барлық

нәрсе лағынет айтады.» (Дәйләми)«Әйел күйеуінен рұқсатсыз ешкімді (әке, шеше, бауырларын да) үйіне кіргізе

алмайды, нәпіл намаз оқи алмайды.» (Табарани)«Әйелдеріңнің сәнді киінулеріне тыйым салыңдар! Бәни Исраил әйелдері сәнді киініп

мешітке тәкаппарланып барғандары үшін лағынеттелген еді.» (Ибни Мажа)«Күйеуі разы боғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл

болмайды.» (Табарани)«Әйел күйеуінің ақысын өтемейінше Аллаһу та’аланың ақысын өтеген болмайды.»

(Табарани)«Әйелдің ең үлкен міндеті күйеуінің ақысын орындау, ал еркектің міндеті анасының

ақысын орындау.» (Хаким)«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған

берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып бір-бірлерінің разылығын алуға тырысуы керек

Әйел ақысы

Әйелінің жақсы мінезді болуын қалайтын адам, алдымен өзі жақсы мінезді болуы керек! Құран кәрімде адамға келетін қиыншылықтар өзінің жасаған күнәларының себебімен

70

Page 71: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

келетіні білдірілген. Олай болса дініміздің әмірін орындап, тыйымдарынан ұзақ болғандар әйелімен жақсы қарым-қатынаста болады.

Фудайл бин Ияд хазреттері былай деген:«Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім.

Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім.»

Али-ул Хауас хазреттеріне әйелі ренжіген еді. Әйелі күйеуіне қырсығып бөлек ыдыс қолданып жүрді. Али-ул Хауас хазреттері бір күні жаңылысып әйелінің ыдысымен су ішіп қойғанында әйелі ыдысты сындырып тастайды. Хазрет «ыдысты не үшін сындырдың?» деп те айтпай, ешнәрсе болмағансып жүре беріпті.

Осман әл-Хатиб хазреттерінің көршісі Нуреддин Шунидің айтып бергені: Бір түні сыртқа шықтым. Ескі төсенішпен оранып жатқан бір адамды көріп «Сен кімсің, бұл жерде не үшін жатырсың?» дедім. «Көрші бұл мен Осман әл-Хаттаб. Баламның анасы мені үйден қуып жібергені үшін көшеге шықтым, ашуы тарқағанша осында жатуды ұйғардым» деген екен.

Ибни Әбил Хамаили Сәури хазреттерінің әйелінің мінезі жаман еді. Күйеуіне аузына келгенін айтып оның мазасын қашыратын. Ол мубарек кісі өте сабырлы еді. Бір ретінде әйелінің мазалауынан құтылу үшін ұшып қашқан еді. Әйелі артынан қарап «Мынаған қара, ұшып қашумен менен құтылам деп ойлайды» деген екен. Біз сияқты жай адамдар ұша алмасақ та қашып болса да ұрыс-керістен, жанжалдан ұзақ тұруға тырысуымыз керек. Өзіміздікін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.

Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Мұсылман әйеліне ашуланбасын! Жаман мінезі болса, жақсы мінезі де болады.» (Муслим)

«Әйел – әлсіз жаратылыс. Әлсіздігін үндемеу арқылы жеңіңдер! Үйдегі кемшіліктерін көрмеуге тырысыңдар!» (Ибни Лал)

«Мұсылмандардың иман тұрғысынан ең үстемі – мінезі ең жақсы болғаны және әйеліне ең жақсы, ең мейірімді мәміледе болғаны.» (Тирмизи)

«Мұсылмандардың ең жақсысы, ең пайдалысы әйеліне ең жақсы, ең пайдалы болған адам. Сендердің араларыңда әйеліне ең жақсы, ең қайырымды, ең пайдалы болған менмін.» (Нәсаи)

«Әйелінің және балаларының ақыларын өтемейінше адамның намаздары, оразалары қабыл болмайды.» (Мүршид-ун-ниса)

«Күйеуі разы болғанға дейін әйелдің намаздары және ешбір жақсылығы қабыл болмайды.» (Табарани)

«Намаздары қабыл болмайды» дегені, намаз борышынан құтылады, бірақ оған берілетін үлкен сауаптарға қауыша алмайды дегенді білдіреді. Намаздары босқа кетеді деген сөз емес. Бір әйелден күйеуі разы болмаса әйел күнәсының жазасын тартқаннан кейін Жаннатқа кіреді. Жаннатқа тек кәпірлер кірмейді.

Мұсылманның күнәсі көп болса да, соңында міндетті түрде Жаннатқа кіреді. Құран кәрімде былай бұйырады:

«Жақсы әйелдер, Аллаһқа мойынсұнады және күйеулерінің ақыларын орындайды. Күйеулері жоқ кезде олардың намысын және мал-мүлкін Аллаһтың көмегімен қорғайды.» (Ниса 34)

Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп хал-жағдайын сұрау керек, ренішімен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені ол басқалардан үмітсіз және өзіңе ғана байланған жолдасың, дертіңе ортағың, көңіліңді көтеруші, бала тәрбиелеп жетілдіруші және түрлі қажеттіліктеріңді толықтырушы. Хадис шәрифтерде былай бұйырады:

«Ақысыз (әділетсіз) әйелін ұрған адамның Қияметте дұшпаны мен боламын. Әйелін ұрған Аллаһқа және Расулына қарсы шыққан болады.» (Р. Насихин)

71

Page 72: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың сендерге берген аманаты. Оларға жылы мәміледе болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Муслим)

«Әйеліне күлімдеп қараған еркектің амал дәптеріне бір құл азат еткендей сауап жазылады.» (Р. Насихин)

«Әйелімен жақсы мәміледе болып, қалжыңдасқан адамды Аллаһу та’ала жақсы көреді, ризықтарын арттырады.» (И. Лал)

Әйелдердің жұмыс істеуіСадети Әбәдия кітабында былай делінген:«Бір әйелдің әкесі, шешесі және махрем туыстары жоқ болса немесе бар бірақ кедей

болса, қарайтын ешкімі болмаса, мемлекет те көмек бермесе, бұл әйел өзінің, балаларының және ауру, кәрілік себебімен жұмыс істемейтін кедей әке-шешесінің нафақаларын (тамағы, киімі, тұратын жері) қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге міндетті. Еркектермен аралас болмаған әйел жұмысында істеуі керек. Еркек жоқ жұмыс табылмаса, денсаулығын, дінін, намысын, Мұсылмандық қадірін қорғай алатын мөлшерде, еркектер бар жерде оранған күйде жұмыс істеуі жайыз болады. Бұл нафақасын қамтамасыз етуіне кедергі болмау керек. Мұндай қажеттіліктерден артық ол жерде қалу жайыз болмайды.

Жұмыста басын қолдарын ашуға мәжбүрлесе, ашпасаң жұмыстан шығасың десе, оранған күйде жұмыс істейтін басқа жұмыс таппаса, қолдарын ашып жұмыс істеуі Имам Әбу Юсуптың қауылы бойынша жайыз болады. Әйелдердің құлақтарынан төменгі ұзын шаштарын жабуы фарыз емес деген ғалымдар да болған. Басқа шара болмаған кезде бұл зайыф (әлсіз) қауылымен амал ету жайыз болады. Бастағы шаштарды жабу фарз екені ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген болса да, құлақтан төменгі ұзын шаштарды ашу қиыншылыққа түсу себебімен жайыз болады.

Мұндай қиыншылыққа түскен әйел әркез еркектермен аралас болмаған немесе оранып жұмыс істеуге болатын жер іздеуі керек. Көшеде жүргенде шаштарын, қолдарын жабуы керек. Мұсылман еркекке тұрмысқа шыққанда оның нафақасын күйеуі қамтамасыз етуге мәжбүр. Бай болмаған әке-шешесіне және балаларына нафақа беруге міндетті болмаса да күйеуінің рұқсатымен жұмыс істеп оларға қарауы керек.»

Дінімізде әйел күн көріс дертінен, табыс табу уайымынан босатылған. Ол жұмыс істеп ақша табуға мәжбүр емес. Керісінше барлық нәрсені оның аяғына алып келу мәжбүрлігі бар. Дініміз әйелге осындай қадір берген.

Мұсылман әйел сауда-саттық, ғылым, егіншілікпен айналысуға мәжбүр болмаса да, бұлармен шұғылдануы, ақша табуы күнә емес, өз қалауымен жұмыс істей алады.

Тек бұлармен шұғылдануда харамдардан сақтануы шарт. Харам істей отырып еңбек етуге де ғибадат жасауға да болмайды.

72

Page 73: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Шайтан адамды қалай азғырады екен? А.Т. Адамды(а.с)-нің денесін жаратқан кезде оны рухсыз жәннатты бір жеріне қойган.

Сол кезде бүкіл періштелер (олардын арасында Ібілісте бар) бұл адамнан денесін айтылып қатты қорқу ішінде болган, қатты қорыққанда Ібіліс болды. Ібіліс періштелерден сұрады:-Егер бұл сендерден жоғары болса, оған бас иесіндерме?

Періштелер:-Алланың әмірін орындаймыз! - деп жауап береді.Ібіліс:-Уаллаһи егер бұл менен үстем (жоғары) болса, мен оған итағат етмеймин,

бойын ұсынбаймын.Ібіліс жәннаттан қуылған кезде Ібіліс Хз. Аллаға жалбарынады:-Ей жаратушы ием!

Адамның кесірінен мені жәннаттан қудың, мен өз басыма ондай ала алмаймын, тек қана сен маған рұқсат берсен ғана өшімді аламын.

Аллаһ Тағала:-Оның ұрпағынан өш аласың? Өйткені пайғанбарлар сенін істеген қапқандардан сақтанған.

Ібіліс:-Тағы да баска үстемділіктерді мүмкіншіліктерді сұраймын?Аллаһ Тағала:-Онын ұрпағынан шыққан 1 балаға қарсылық сенің ұрпағынан шыққан

екі есе тез өседі.Ібіліс:-Тағы басқаларды сұраймын.Аллаһ Тағала:-Онын ұрпақтарының жүректері сенің жатағың, қан тамырларында да

айналып жүре бересің, Қалаган нәрселерімен оларды алда. Мал-мүлік болсын, балалары болсын әр нарсемен. Пұттарға табындыруға үйрет. Тәубәсін соңына калдыруды үйрет,- деп жауап береди.

Адам (а.с.)-да:-Шайтанға бұл нығметтер берілгенде, ия Раббым! Бұл шайтанды үстем қылдың, яғни мені азғыру үшін оған күш бердің, егер сенің жәрдемің болмаса, менің күшім оған қарсылық беруге еш жоқ- деп жалынады.

Аллаһ Тағала:-Сенің ұрпағынан болған әрбір сәбидің басына бір қорғаушы періште беремін- деп жауап береді.

Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?Аллаһ Тағала: -Жасаған жақсылықтың қарсылығы сауабы 10 кат.Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?Аллаһ Тағала: -Жандары шыққанга дейін тәубе етуге мүмкіншілікті қолдарынан

алмаймын.Адам (а.с.): -тағы да сұраймын?Аллаһ Тағала: -Қатты қиыншылықты түсирмей оларды кешіремін.Адам (а.с.): -Сенің кешірімің жетеді.Бұдан кейін Шайтан тағы да Алланың жанына келіп:-иа Раббым! Адам ұрпағынан

пайғамбарларды жараттың, оган кітаптарды түсірдің, қане менің елшілерім?Аллаһ Тағала: - Бақсылар-деп жауап береді.Шайтан: -Кітаптарым не болады?Аллаһ Тағала: -Денелерге жазылған жазулар, бастырылган суреттер.Шайтан: -Сөзім не болады?Аллаһ Тағала: -Өтірік.Шайтан: -Құраным не болады?Аллаһ Тағала: - Өлеңдерің.Шайтан:Муедзин(азан шауырушы) кім болады?Аллаһ Тағала: -Шайтан: мешітім қай жер болады?Аллаһ Тағала: -базарлар. Шайтан:- Үйім кай жер болады?Аллаһ Тағала: - Моншалар.Шайтан:- тағамым не болады?Аллаһ Тағала: -Қалдықтар, жеуге келмейтін

73

Page 74: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Шайтан: - не ишемін?Аллаһ Тағала: -бас айландыратын барлық арақ-шарап сенікіШайтан:- қапқаным (азғыратын құралым) не боладыАллаһ Тағала: - Әйел-деп жауап береді екенАллаһ Тағала сіздерді және біздерді қуылған шайтаннан қорғасын. Амин!

74

Page 75: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Қиямет белгісі: Меккеде биік үйлер салынады...

Меккеде биік үйлер салынады, Замануи көліктер пайда болады: Мүминдердің жанын алу үшін жайлы жел жіберіледі: Бұл Қияметтің үлкен белгісіне жатады.  Аллаһ тағала мүминдердің ғана жанын алатын  жайлы самал жібереді. Яғни, Аллаһ тағала мүминдерді жанын алу арықлы Қияметте болатын үрейлі көріністерден сақтап қалады. Қияметті яғни үрейлі оқиғаларды адамдардың ең жамандары ғана көреді. Наууас ибн Самғаннан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбар (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "…Олар осылай жүргенде, Аллаһ бір жағымды жел жібереді де, ол (жел)

олардың қолтықтарының астынан ұстап, әрбір мүмін мен әрбір мұсылманның жанын алады. Сөйтіп адамдар арасынан есектердің бір-бірімен шағылысатыны сияқты ашық жақындасатын ең жамандары қалады. Қиямет міне соларға келеді», деген. ( Мүслімде келген хадис). Абдуллаһ ибн Амрден (р.ғ.) жеткен хадисте Аллаһ елшісі (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "…Сонан соң Аллаһ Шам жақтан салқын жел жібереді де, жер бетінде жүрегінде тозаңның салмағындай жақсылық (немесе иман) бар ешкім қалмастан, (жел) оның жанын алады. Тіпті біреуің таудың бауырына кіріп кетсе де, (жел) оның жанын алу үшін соңынан кіреді», деген. (Мүслімде келген хадис). Бір айтып өтер жайт: бұл жел Дәжжал шыққаннан кейін және Мәрямұлы Иса (ғ.с.) келіп, ол өлгеннен кейін болады.

Меккеде биік үйлердің салынуы:  Көне замандарда Мекке қаласының тұрғындары және ондағы ғимараттар өте аз еді. Ал, Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Мекке ғимараттарының төңіректегі тау жоталарынан да асып, көкке тірелерліктей биік етіп салынуы қияметтің белгілеріне жататындығын айтып кетті. Яълә ибн Ато өзінің әкесінің былай дегенін жеткізеді: "Мен Абдуллаһ ибн Амрдың астындағы жануардың ноқтасынан ұстап келе жатқанымда ол: "Үйді (яғни, Қағбаны) бірде-бір тасын қалдырмай қирататын өздерің боласыңдар”, деді. Адамдар: "Біз исламда болсақ та ма?” деді. Ол: "Сендер исламда болсаңдар да”, деді. Адамдар: "Содан кейін не болады?” деп сұрады. Ол: "Содан кейін бұрынғысынан да көркем (ғимараттар) салынады. Сонда, Меккенің тесіліп қазылғанын көресің және (ол кездегі) ғимарат таулардың шыңдарынан да биіктетілгенін көресің. Сол кезде іс (яғни, қиямет) сенің басыңа үйіріледі деп біле бер”, деді” (Ибн Әби Шәйбә мен әл-Әрзақийда келген хадис). "Меккенің тесіліп қазылғанын көресің” деген мәтінге келер болсақ, мұнда тауларды жонып жасалған жер асты өткелдер мен Зәм-Зәм суы үшін тартылған аса жуан трубалар меңзеліп тұрған болуы мүмкін.

Үмметтің ақырғылары әуелгілерін лағынаттайды:  Заман ақырына таяғанда дінге жаңалық боп енетін бидғаттар көбейеді. Кейінгі мұсылмандар алғашқы мұсылмандарды мойындамайтын болады. Ардақты сахабалардың артықшылықтары мен дін қызметіндегі орнын ұмытады. Сахабаларды Аллаһтың Өзі мақтағанын елемейтін немесе елегісі де келмейтін болады. Тіпті, ақырзаман мұсылмандары бұл үмметтің алғашқы буындарын лағынеттеп қарғайды. Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын): "Үмметтің ақырғылары әуелгілеріне қарғыс айтқанға дейін қиямет

75

Page 76: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

болмайды”, деген. (Әл-Һәйсумиде келген хадис). Мұндағы "үммет” деп отырғаны Мұхаммедтің (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі. Анығын бір Аллаһ ғана біледі.

Заманауи көліктердің пайда болуы: Кейбір хадистердің жалпы ұғымынан ақырғы заманда ойлап табылатын техникалық жетістіктерді байқауға болады. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Қиямет таяғанда базарлардың көбеюі, уақыттың жылдам өтуі сияқты нақты мәтінмен айтылған белгілермен қоса, астарлы ұғыммен келген белгілерді де нұсқап кетті. Ғалымдардың кейбірі осы заманымызда біз білетін автокөлік жөнінде де хадистерде астарлы түрде айтылып кеткен деп санайды. Ибн Омардан (р.ғ.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Үмметімнің ақырына таман ертоқымдарға ұқсас нәрселерге мініп, мешіттердің қақпалары алдына тоқтайтын кісілер болады. Олардың әйелдері киімі бар жалаңаш (болады)…”, деп айтқан. ( Ибн Хиббәнда келген хадис). Мұнда Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзі көрмеген көлік түрін айтып тұр. Осы сияқты хадистерде қазіргі біз білетін автокөліктер меңзеледі. Анығы бір Аллаһқа ғана аян!

76

Page 77: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Тағдырдан тағдырға қашу

Хижреттің 17-18 жылдары Шам төңірегінде «Әмуас обасы» деп аталатын оба ауруы кең тарады. Ең алғашқы шыққан жері Палестинаның Әмуас аймағы болғандық-тан осылай аталған. Бұл жұқпалы ауру әкелген кеселден 25 мың адамның өмірі қиылып, тіпті үлкен сахабалардың қатарындағы Әбу Үбәйда ибн Жәррах пен қоса Муаз ибн Жәбал да айықпас дерттің қармағына іліккен-ді .Сол жылы Омар (р.а.) Шамға бармақ болып жолға шықты, Оны ірі қолбасшыларымен бірге Шам әкімі Әбу Үбәйда қала сыртынан күтіп алды. Бірақ Шамда ауруының тарағанын естіген соң халифа мен сахабалары қалаға кірместен кері қайтуды жөн көрді. Оны естігенде Әбу Үбәйда (р.а.) таңырқап:

- Аллаһтың тағдырынан қашқаның қалай?- дегенде, Хазірет Омар оған қарап:

- Иә, Аллаһ жазған тағдырдан және Соның тағдырына қашып бара жатқан жоқпын ба?! Сен түйелеріңді бір жағы жоңышқа, бір жағы жусанды бетке жайып түйелерің қайсысынан оттаса да сен Аллаһтың тағдырымен жайған болып саналмайсың ба?- деп ойланта жауап қайырды.

Қасындағылармен бірге Мәдинаға қайтқан хазірет Омар оба ауруының тез жайылып бара жатқандығына алаңдағандықтан тым болмаса Әбу Үбәйданы құтқарып қалмақ болып келе сала былай деп хат жолдайды:

«Ассалаумағалейкум! Бір мәселе жайлы ақылдасу үшін сен маған аса қажет болып тұрсың. Хатты ала сала дереу жолға шық!»

Хазірет Омардың ойын айтқызбай-ақ ұққан Әбу Үбәйда іле-шала мынадай жауап жазады:«Әй, мүминдердің басшысы! Мені неліктен қажетсініп тұрғаныңды білемін. Алайда мен мұсылман әскерлермен бірге болғандықтан өзімді олардан артық санай алмаймын. «Жазмыштан озмыш жоқ» деген. Мен де пешенеге жазылғанды көрермін. Маған оларды таста да, кел дегеніңе келісе алмаймын.»

77

Page 78: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ғибрат аларлық оқиғаларАдам баласының бақытты болуының бір сыры... Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адам баласының бақытты болуының бір сыры Аллаһ Тағаланың үкімдеріне ырзашылық көрсетуінде. Ал (өмір жолына көңілі толмай) арызданып жүруінің себебі Аллаһ Тағаладан жақсылықты талап етуді доғарып қоюында. Сол сияқты тағы бір себебі Аллаһтың үкімдеріне ырзашылық танытпауында.»  Бір құрманың жартысын берумен болса да... Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Бір құрманың жартысын (садақа етіп) барумен болса да, тозақ отынан сақтаныңыздар. Егер сіздерден біреу бұны да жасай алмаған болса, ең болмағанда бір мұсылман бауырын қуантатын сөз айтсын», - деген.  Бауырыңа жәрдем ет... Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір сахабасына: - Бауырыңа ол жауыз болса да, жәбірленуші болса да жәрдем ет, - деп айтты. Мұны естіген сахаба таң қалып: - Жәбірленушіге жәрдем етермін, ал жауызға қалай жәрдем етемін, - деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) :- Оған жауыздық іс-әрекетін тыюға көмек беруің – оған сенің жәрдемің болады, - деп жауап берген.  Жәннатқа баруға ең күшті себеп... Бір күні Пайғамбарымыздан (с.а.у.) – нан бір кісі сұрайды:- Жәннатқа баруға ең күшті себеп не? – деп сұралғанда, Пайғамбарымыз (с.а.у.): - Аллаһтан қорқу және жақсы мінез, - деп жауап берген.   Жәннат пен жәһаннамның дұғасы... Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: Мұсылман адам үшін үш рет Аллаһтан жәннатты

78

Page 79: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

тілесе, жәннат: «Аллаһым, оны жәннатқа кіргіз», - деп сұрайды. Және мұсылман адам үш рет Аллаһтан жәһәнамнан алыстауды тілесе, жәһаннам : «Аллаһым, оны менен алыстат», - дейді.  Бес дәрі Бір падишах уәзіріне ашуланып, оны зынданға отырғызып, тек қана қара нан су берілуін әмір етеді. Күндер ұзап бара жатқанға қарамастан уәзірдің шағымданбай мойынсұнып отырғанын байқаған падишах, зынданға барып уәзірді алдына алып келуді бұйырады. Жегені тек қара нан, ішкені қара су болса да, уәзірдің наразылық көрсетпей қалайша сабыр сақтай алғанын білгісі келеді: - «Мәртебелім, менің бес дәрім бар, соларды ішіп жүрмін». Падишах « қара наннан басқа ешнәрсе берілмесін» деген әмірін көмекшілері орындамағанына қатты ашуланады. Уәзірге:- «Қайда ол дәрілер? Көрсет маған!». Сонда Уәзір:«Бірінші дәрім   – тәуекел! Яғни, Аллаһқа иман етіп, істерімді Оған тапсырдым.Екінші дәрім – тағдырға ризашылық «Жазмыштан озмыш жоқ». Маңдайыма жазылғандардың бәріне көніп еш шағымданбаймын.Үшінші дәрім – сабыр.Төртінші дәрім – қанағат! Жағдайы менікінен де жаман болғандарды ойлаймын да, шүкір етемін. Бесінші дәрім   – үміт! Қайткен күнде де бір күні бұл зынданнан шығатыныма үміттімін, - деп бес дәріні айтып, падишахты аң-таң қалдырған екен.»   Анаға құрмет! Атақты сахабалардың бірі, Пайғамбар (с.а.у.) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын. Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқтап :- Анашым, саған тыныштық тілеймін. Аллаһ Тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, - дейтін. Оған анасы:- Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Аллаһ Тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, - деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра : - Аллаһ Тағала саған, кішкентайдан мені өсіргеннің үшін рақымшылық берсін, - деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы : - Саған да Аллаһ Тағала маған деген қайырымдылығың үшін нұрын төксін, - дейтін анасы. Әр сапарының үйіне қайтып келгенде де Әбу Хурайра жүрек тербейтін осы сөздерді жиі қайталайтын болған

79

Page 80: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ғибратнамалар Қабыл болған қажылықЕрте заманда Бағдат деген шаһарда бір етікші адал еңбегімен Меккеге қажылыққа баратындай қаржы жинайды. Сапарға енді шыққалы отырғанда, мүгедек көршісі қатты ауырып қалады. Ол бағып-қағатын ешкімі де жоқ баласы жас, жалғызілікті кісі болса керек. Әлгі етікші сырқат көршісіне қарайласу үшін сапардан қалады. Бір таңқаларлығы келесі жылы да тап осы жағдай қайталанып, екінші рет қажылық сапардан қалады. Үшінші жылы Меккеге аттануға қамданып, керуеннің жолына қарайлап отырғанда әлгі сырқат көршісі қайтыс болады. Етікші енді, қажылыққа мүлде бара алмайтынын сезеді. Көршісінің жетім баласын өзінен басқа қарайтын жан жоқ еді. Етікші қажыға аттанғандардан Пайғамбарымызға (с.а.у.) сәлем айтып баруын өтінеді.Ең ғажабы сол қажыдан оралған жерлестерінің көбі етікшіге: «Сенің қасиетті Қағбаны тәуап етіп жүргеніңді көрдік!» - деп, таң-тамаша болса, ал жолдастары болса Пайғамбарымыздың (с.а.у.): «Ол етікші қажылардың қажысы болды!» - деген сүйіеші хабарын жеткізген көрінеді. Жақсылық жасауда батыл болыңдар...Аллаһ Елшісі (с.а.у.) былай дейді: «Егер басқасы бізге жақсылық жасаса, біз де оған жақсылық жасаймыз. Жамандық жасаса біз де жамандық жасаймыз, дейтіндерден болмаңдар. Жақсылықта батыл және табанды болыңдар. Басқалары сендерге жақсылық жасағанда сендер де оларға жақсылық жасаңдар. Жамандық жасаса, оларға жамандықпен жауап қайтармаңдар» деп айтқан. Артық бір нәрсе айтайын ба?Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларынан: - Сендерге намаз, ораза және садақадан да артық бір нәрсе айтайын ба? – деп сұрады. Сахабалар: - Иә, ей Аллаһтың Елшісі! – десті. Пайғамбарымыз (с.а.у.): - Жарастыру мен татуластыру. Себебі, араның бұзылуы шаштың түбінен емес, діннің түбінен шығады, - деді. Қарттың ұлына өсиеті

80

Page 81: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Бір бай өлер уақытында ұлын шақырып алып:- Ұлым, мен өлген соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке:- Неғып отырсың? – дейді. Жігіт: - Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал:- Шыныңды айт! – деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал:- Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт:- Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал:- Қандай өсиет айтып еді?- дейді. Жігіт:- Әуелгі өсиеті: «Мен өлген соң жұма сайын қыз ал», - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: «Қала сайын үй сал» - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: «Ас ішсең, бал же», - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды,-дейді. Шал тұрып жігітке:- Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: «Жұма сайын қыз ал» - дегені: «Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің» - дегені. «Қала сайын үй сал» - дегені: «Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін» - дегені еді. «Ас ішсең бал же» - дегені: «Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады» - дегені еді, деп қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті. Жолым жарық болсынБір кісі көзі тірісінде жасалыну керек ғибадаттарды жасамай, мен жасамасам да артымнан балаларым жасаған ізгі амалдардың сауабы маған жетеді деп жүреді. Солкісі бір күні түс көреді. Түсінде тас қараңғы бір жолда келе жатыр екен. Балалары да артынан шам көтеріп жүр екен. Шам балалардың қолында болғаны үшін, әлгі кісінің жолына жарық толық түспей тұрады. Алдын дұрыстап көре алмай қалғаннан шаршаған әлгі біреу балаларына:- Түүй, мына бір шамды алға қарай ұстасаңшы. Сендердікіндей менің де жолым жарық болсын. Баласының жауабы қысқа әрі нұсқа болады:- Әке, артыңыздағы шам сәулесі тек осыншалықты ғана жарық бере алады. Сол түсінен кейін есін жинаған кісі, өзінен кейін біреудің жасаған жақсылығына үміт артудан бас тартып, ғибадат пен жақсылықтарды өзі жасауға тырысқан екен.

81

Page 82: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ораза Туралы Ғибратты Әңгімелер

Ораза ұстадың ба, ұстамадың ба?

Тақуа кісілердің бірі Сануси өзін сәт сайын Аллаһ тағаланың бақылап тұрғанын сезінгенде, жанын қоярға жер таппай кететін. Өйткені Жаратушы иеден қатты қорқатын. Күнара ораза ұстайтын. Қолындағыны қанағат тұтатын, өзі бермесе, ешкімнен көз сүзіп ештеңе сұрамайтын. Ораза ұстаған кей күндері: – Аузың берік пе? – деп сұрағандарға, – Шынымды айтсам… ораза ұстадым да дей алмаймын, ұстамадым да, – деп күмілжи жауап беретін. Ораза ұстағандықтан «ұстамадым» дей алмайтын. Алайда менікі қабыл болатын кәміл оразаға жата ма, жатпай ма деген іштейгі күдікпен «ұстадым» деуге де аузы бармайтын.

Оның рухани тереңдігін білмейтіндер: – Өзіңнің ауыз бекітіп, бетікпегеніңді білмейсің бе? – дегенде, ләм-мим деп жауап берместен ол жай ғана күлімсірейтін…

Сабырдың шыңы

Құлшылыққа берілген нәзік жан иесі Рабиға Адауия үшін оразаның орны ерекше еді. Жиі-жиі нәпіл ораза ұстайтын. Бір жолы үйінен тіске басар ештеңе таппай, қатарынан сегіз күн бойы ораза ұстады. Аштық қатты есеңгіретіп, көзі қарауытқанда «апырым-ай, өзімді қолдан қауіпке итермелеп жатқам жоқ па» деген ой келді. Осы мезет есік қағылды. Көршісі бір табақ сорпа әкелген екен. Үй іші қараңғы болғандықтан, тамақты жерге қойды. Майшамды әкелу керек болды. Шамды әкеліп жаққанда, тамақты мысықтың төгіп қойғанын көрді. Ештеңе етпес, сумен ауыз ашармын деп ойлады. Суды енді іше бергенде, қолындағы тостағаны түсіп кетіп қақ бөлінді.

82

Page 83: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Шарасыздықпен қолын жайып: – Уа, Раббым, бейшара құлыңды сынап жатырсың-ау, бірақ әлсіреп кеттім, сабырым жетер емес, – деп аһілеп-уһіледі.

Осы сәт ғайыптан бір дауыс естілді: – Уа, Рабиға, қаласаң, жер әлемнің байлығын үстіңе жаудырайын. Қаласаң, күллі рухани дертіңді жоқ қылайын. Алайда біліп қой, бұндай дерт пен байлық бір жерде тұрмайды!

Бұны естігенде әулие:

– Уа, Раббым, бар есіл-дертім сенде ғана болсын, көңілімді басқаға бұрғызба, – деп күбірлеп дұға етті…

Екі қыздың оразасы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір күні сахабаларына ораза ұстауды бұйырып, артынша былай деп қатаң ескерту жасады:

– Мен рұқсат етпейінше кешке ешкім ауыз ашпасын!

Елдің бәрі жаппай ауыз бекітіп, ораза ұстады. Кеш түскенде жеке-жеке келіп, ауыз ашуға рұқсат алып жатты. Дәл осы тұста бір кісі жақындап келіп:

– Уа, Расулаллаһ! Екі қызым күні бойы ораза ұстаған еді. Ұялғандықтан өздері келіп сізден рұқсат сұрай алмады. Рұқсат етсеңіз, оразаларын аяқтап, ауыздарын ашса жақсы болар еді, – деп өтініш білдірді.

Алайда рұқсат берілмеді.

Әлгі кісі тағы екі рет келіп рұқсат сұрады. Үшінші рет келгенде Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– Өкініштісі, олар бүгін ораза ұстаған жоқ.. Күні бойы «кісі етін жеген» (әркімнің сыртынан өсек айтып, ғайбаттаған) адам қайтіп ораза ұстасын?! Бар да оларға айт: егер ниет етіп ораза ұстағандары рас болса, дереу құсып тастасын, – деді.

Әлгі кісі айтылғандарды қыздарына айна-қатесіз жеткізді. Олар бұйрықты орындап, өздерін күштегенде кесек-кесек қан құсып жіберді. Әлгі кісі келіп бұл жайды Пайғамбарымызға білдіргенде, ол:

– Құдіреті күшті Аллаһ тағалаға ант етейін, егер олар әлгі ұйыған қанды құсып тастамағанда, тозақта күйдіретін от асаған болар еді, – деді.

Иә, тек тамаққа ғана емес, тілге де, көзге де, аяққа да, қолға да ораза болса, сонда ғана ол нағыз ораза болмақ.

Ораза неге бұзылды?

Әулие құлдардың оразасы астан тыйылумен ғана шектелмеген. Олар ауыз бекіткенде бойды барлық жаман қылықтардан аулақ ұстап, рухани тазалыққа көп көңіл бөлген. Жаратушы иенің разылығын мақсат тұтқандықтан, жыл он екі айдың барлығын Рамазан айындай құрметтеп, үнемі ораза ұстаған.

83

Page 84: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ауыз бекіткен бір күні қасындағылар үндістанның патшасын сырттай өсекке таңды. Осы сәт Дыхләуи: «Қап, оразамды бұзып алғанымды қарашы» деп өкініш білдірді.

Әулиенің бұл тосын қылығына қасындағылар «Айтылған өсек оразаны бұзатынын меңзедіңіз бе, алайда өсекті сіз емес басқалар айтқан жоқ па?» деп таңырқағанда, ол «Ғайбат – айтушыға да, тыңдаушыға да ортақ» деген хадиспен жауап берді.

Қабыл болмайтын амалСахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Аллаһ тағала жоққа санайды».

Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): – Уа, Аллаһтың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын, – деді.

Сонда Пайғамбарымыз оған: – Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда харамға тап келгенде, Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Аллаһ тағала осындайлардың амалын қабылдамайды, – деді.

Әбубәкір (р.а.) және ауызашар

Хазірет Әбубәкір ми қайнаған жаздың күні ораза ұстады. Кешкісін ауызашарда дастарханда бар болғаны бір тостаған су тұрды. Суық суды енді ауызға ала бере Әбубәкір (р.а.) әлдене еске түскендей еңкілдеп жылап жіберді. Өз-өзіне келгенде, қасындағылар одан неліктен жылағанын сұрады. Әбубәкір (р.а.) былай деп жауап берді:

– Бір күні пайғамбарымызбен (саллаллаһу алайһи уәсәлләммен) отырғанда, әлден уақытта қолымен бір нәрсені кері итергендей қимыл көрсетті. Жақындамақшы болған біреуді өзіне жақындатқысы келмегендей әсер берді. Сәлден кейін мен: – Уа, Аллаһтың елшісі, жаңа қолыңызбен бір нәрсені кері итеріп жаттыңыз? – деп әлгі қимылының мәнін білмек болдым.

Сонда ол: «Дүние қызылды-жасыл күйінде таяп келіп, өзін қабылдатқысы келді. Мен оны қасымнан қудым. Ол «Ант етейін, сен менен қашып құтылсаң да, сенен кейінгілер менен құтыла алмайды, қайткенде де құрығыма ілінеді» деп кетті» деп түсіндірді.

Хазірет Әбубәкір осыны айтып:

– Осы суық суды ішем деп мен де дүниеге құмартқан жоқпын ба?! – деп жыладым деді.

Әйгілі сахаба су ішкенге бола қорықса, күн сайын түрлі астан дәм татып жүрген біздерге қайткен жөн? Өлшемді ұмытып, дүниеге тым салынып кеткен жоқпыз ба?

Шілде айындағы оразаНөкерлерін ерткен Хажжаж Мекке мен Мәдина арасында жолаушылап кетіп бара жатып бір бұлақтың басында тынығуды жөн көрді.

84

Page 85: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Дастархан жайылғанда, Хажжаж «Маңайға қараңдаршы, жағдайы нашар біреу-міреу кезіксе шақырыңдар, астан ауыз тисін» деді. Нөкерлер үстіне ілген ескі шапаны бар біреуді тауып, ұйықтап жатқан жерінен оятып ертіп келді.

Хажжаж оған: – Кел, бірге тамақтанайық, – деді.

Ол «жемеймін» деп астан бас тартты. Хажжаж себебін сұрағанда, «Мені бұдан да артық дастархан күтіп тұр» деп жауап берді.

– Ол қандай дастархан? – дегенде, – Аллаһ тағалаға қонақ болуға шақырылдым, мен ауыз бекіткен жанмын, – деді.

Хажжаж: – Мынадай ми қайнаған уақытта қайтіп ауыз бекітіп жүрсің? – деп таңырқағанда, ол:– Иә, қияметтің ыстығынан қорғану үшін осы ыстықта шыдап ораза ұстап жүрмін, – деп жауап берді.

Аятқа себеп ауызашарПайғамбар немерелері Хасан мен Хұсейін кішкене кездерінде ауырып қалды. Уайымдап қалған Али мен Фатима (р.а.) балалары жазылғанда, шүкіршілік ретінде ораза ұстай бастады. Алғашқы күні ауызашарға дайындаған тамақты енді ауызға ала бергенде, қайыр сұрап келіп жетімдерге қиды. Өздері ауыз ашпастан екінші күнгі оразаға ниет етті. Екінші күні де ауызашарға дайындаған тамақты «Құдай үшін беріңдерші» деп келген кембағалдарға берді. Бұл кеште де ауызашпастан үшінші күнге ауыз бекітуге ниет етті. Үшінші күні де дәл осы жағдай қайталанып, ауыздарынан жырған асты табалдырыққа келіп көз сүзген жалынышты тұтқындарға берді.

Кейіннен осыған қатысты аят түсті:«Олар уәдесін орындады. Ұзын әрі тоқтаусыз қиямет күнінен қорыққандықтан, өздері ұнатып іштей қалап тұрған тамақты бейшараға, жетімге және тұтқындарға берді. «Біз бұларды Аллаһ тағаланың разылығы үшін қидық. Сендерден қайтарым ретінде алғыс та ештеңе күтпейміз» деді. Осы себепті оларға Хақ тағала Тахур шарабын ішкізді» («Инсан» сүресі, 7-9, 21).

Құранда аты аталған сахабаҚұранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА 

(Милади 575-629)

Зәйдтің дүниеге келуі

Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және Милади жыл санағы бойынша шамамен 575 жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби.

Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.

Зәйдтің балалық шағы

85

Page 86: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Зәйд анасы Суғдамен бірге Бәну Мағн руында тұратын туыстарына бару үшін жолға шығады. Жолда Бәну Қайн ибн Жиср руына тиісті атты әскерлерінің шабуылына тап болады. Сол кездері шамамен сегіз жасындағы Зәйд ибн Хариса мен тағы басқалары тұтқынға түсіп қалады. Кейін тұтқындарды Меккеге алып келіп Указ жәрмеңкесінде сата бастайды. Жәрмеңкеге келген Хаким ибн Хизам да бірнеше құл сатып алып кетеді. Хаким ибн Хизам Меккеге оралғанда әкесінің қарындасы Хадиша анамызға «Қалағанын таңдап ал», - дейді. Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны таңдап алады. Зәйд ибн Хариса Хадиша анамызға жәрдем етіп жүреді.

Зәйдтің жастық шағы

Зәйд ибн Харисаның жастық шағы Хадиша анамыздың жанында өтеді. Кейінірек Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны Хазірет Пайғамбарымызға (с.а.у.) тұрмысқа шыққанда сыйға тартады.

Зәйдтің мұсылман болуы

Зәйд ибн Хариса алғаш мұсылман болған төрт адамның бірі. Ал құлдардың арасынан алғаш мұсылман болған Зәйд ибн Хариса болатын. Оның мұсылман болу жолындағы сапары ерекше, әрі үлгі-өнеге аларлық.

Кәлб руынан шыққан бір топ адам қажылық мезгілінде Меккеге келеді. Олар Зәйд ибн Харисаны көріп танып қалады. Зәйд ибн Хариса да оларды таниды. Жолығып жағдай сұрасады. Кәлб руының адамдары елдеріне оралғанда Зәйд ибн Харисаның тұратын жерін әке-шешесіне баяндап береді. Көптеген жылдардан бері ұлдарын іздеумен келе жатқан Зәйд ибн Харисаның әке-шешесі бір қуанып қалады.

Зәйдтің әкесі Хариса және көкесі Кағб қолдарына сыйақы алып Меккеге келеді. Хазірет Пайғамбарымызды тауып алып: «Ей, Абдулмутталибтің ұлы! Ей, осы ру көсемінің ұлы! Сендер осы харам мекенінің тұрғынысыңдар, құлдарды азат етіп тұтқындарды тамақтандырасыңдар. Қарамағыңдағы ұлымыз үшін келдік. Бізге бір жақсылық жасағайсың, саған артығымен сыйақы берейік», - дейді.

Әкесінің сөздерін есітіп жүрегі сыздаған Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйд ибн Харисаны қасына шақыртады. Зәйд келгенде мына адамдарды танисың ба деп сұрайды. Зәйд бірі әкем, ал бірі көкем дейді.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хариса мен Кағбқа: «Сіздерден сыйақы алмаймын. Таңдау еркін Зәйдке берейік. Зәйдтің сіздермен оралып оралмауын өзі шешсе сіздер разы боласыздар ма?» - дейді. Хариса мен Кағб бұған келісеміз дейді. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдке: «Қаласаң олармен бірге үйіңе орал, қаласаң менің жанымда қал», - деп таңдау еркін береді. Сол сәтте-ақ әкесі Хариса мен Кағб қуана бастайды. Алайда, Зәйд еш ойланбастан Хазірет Пайғамбардың жанында қалатынын айтады.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдті ертіп Хижр деген жерге барады. Онда халыққа: «Куә болыңдар! Зәйд менің ұлым. Ол менің, мен де оның мирасқорымын», - деп жар салады. Хариса мен Кағб болған оқиғаны көріп таң болады. Бірақ ұлы Зәйдтің жақсы адамның қарамағында қалғанына көңілдері толып кері оралады.

Осылайша біреуді бала етіп алу Исламнан бұрын араб халқының әдет-ғұрпы болып

86

Page 87: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

есептелетін. Бұл жолмен бала асырап алуға «табанни» деп атайды. Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Хижрадағы сөздерінен кейін жұрт Зәйдті Зәйд ибн Мухаммад деп атайтын болды. Бірақ, кейіннен Аллаһ Тағала бұл іске тыйым салады.

«Оларды әкелерінің есімдерімен атаңдар. Бұл Аллаһтың құзырында дұрысырақ болмақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар сендердің дін бауырларың және жолдастарың. Ол жөнінде қателесер болсаңдар сендерге күнә жоқ. Бірақ жүректерің біле тұра жасасаңдар бұл бөлек. Аллаһ өте жарылқаушы, тым мейірімді» (Ахзаб сүресі, 5-аят).

«Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әрбір нәрсені толық білуші» (Ахзаб сүресі, 40-аят).

Осы аяттардан кейін мұсылмандар Зәйдті қайтадан Зәйд ибн Хариса деп атайтын болды.

Зәйдтің атқарған қызметтері

Зәйд мұсылман болған күннен бастап Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында болды. Онымен сапарда да бірге жүрді. Мәселен, Тайфта Пайғамбарымыз (с.а.у.) халықты Ислам дініне шақырады. Ешкім тыңдамай тас боратып қаладан қуып шығады. Сол кезде жанында болған Зәйд атылған тастарға денесімен тосқауыл жасап Пайғамбарымызды қорғайды. Зәйдтің сол күні басы жарылып, басқа да көптеген жарақаттар алады.

Зәйд Пайғамбарымыздың қатысқан және қатыса алмай әскер жолдаған шайқастардың барлығына қатысады. Ал кей шайқастарда әскерді де басқарған. Тек қана Мурайси шайқасына қатыса алмаған. Өйткені, Пайғамбарымыз Зәйдті өз орнына өкіл етіп Мәдинаға басшы етіп қалдырған болатын.

Зәйдтің тұлғалық ерекшелігі

Зәйд қысқа бойлы, сары реңді және қыр мұрынды. Аллаһқа және Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі өте мол адам болатын. Сабырлы, парасатты және басқару қабілеті ерекше жоғары болатын.

Өмірінде бес мәрте үйленген. Алдымен Зейнеб бинти Жахшпен үйленеді. Кейін Умму Кулсум бинти Уқбамен үйленеді. Кейін Дурра бинти Ләһәбпен үйленеді. Кейін Зубайр ибн Ғаууамның бауыры Һинд бинти Ғаууаммен үйленеді. Соңында Пайғамбарымыздың балдызы, әрі күңі Умму Айманмен үйленеді. Атақты жас сахабалардың бірі Усама осы неке саясында дүниеге келеді.

Зәйдтің қайтыс болуы

Зәйд өзі қатысып басшылық еткен соңғы соғысында шейіт болады. Бусра әміршісіне Пайғамбарымыз Харис ибн Умайрды елші етіп жіберген болатын. Алайда Бусра әміршісі Харис ибн Умайрды қастықпен өлтіреді. Хазірет Пайғамбар әскер жасақтап оларға қарсы шабуыл жолдайды.

Сапарға аттанғалы тұрған үш мың сахабасына Хазірет Пайғамбарымыз: «Сендерге Зәйдті басшы етіп тағайындадым. Ол шейіт болар болса орнына Жағфар ибн Әби Талиб өтсін. Ол да шейіт болатын болса орнына Абдуллаһ ибн Рауаха өтсін. Ол да шейіт болса өздерің

87

Page 88: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ақылдасып лайықты деп тақан адамды басшы етіп алыңдар», - дейді.

Мәдинада қалған сахабалардың жүзін мұң қаптайды. Өйткені бұл сөздер үш сахабаның да шейіт болатындығын меңзеп тұрды. Ислам сарбаздары Сирияның Мута деп аталатын ауылында дұшпандардың қалың қолына тап болады. Шайқас басталып үш басшы да шейіт болады. Сахабалар өзара ақылдасып халид ибн Уәлидті басшы етіп таңдайды. Ислам сарбаздары өжеттілік танытып Мәдинаға аман-есен оралады.

Осылайша елу жылдан астам өмірін тамамдаған Зәйд Милади 629 жылы шейіттік мәртебесіне жетіп жан тапсырады.

Хазірет Пайғамбарымыз үш бірдей ардақты шейіт сахабалары үшін Аллаһтан кешірім мен мейір-шапағат тілеп, Жаратқан Раббысына жалбарынады. Сүйікті елшісінің дұғасын қабыл алған Аллаһ Пайғамбарымызға үшеуінің де жәннатқа кіргенін хабар береді.

Аллаһ барша сахабалардан разы болғай! Ақырет күнінде біздерді де олардың қатарына алғай!

Құранда аты аталған сахаба

88

Page 89: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Құранда аты аталған жалғыз сахаба – ЗӘЙД ИБН ХАРИСА 

(Милади 575-629)

Зәйдтің дүниеге келуі

Зәйд ибн Хариса ұлты Йемендік. Кәлб руынан шыққан және Милади жыл санағы бойынша шамамен 575 жылы дүниеге келген. Толық есімі Зәйд ибн Хариса ибн Сураһил әл-Кәлби. Сахабалардың арасында Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) сүйіспеншілігіне бөленгендігі себепті әл-Хубб және ұлының есіміне сәйкес Әбу Усама деп те атала беретін. Әкесінің есімі Хариса, ал шешесі Суғда бинти Сағлаба.

Зәйдтің балалық шағы

Зәйд анасы Суғдамен бірге Бәну Мағн руында тұратын туыстарына бару үшін жолға шығады. Жолда Бәну Қайн ибн Жиср руына тиісті атты әскерлерінің шабуылына тап болады. Сол кездері шамамен сегіз жасындағы Зәйд ибн Хариса мен тағы басқалары

тұтқынға түсіп қалады. Кейін тұтқындарды Меккеге алып келіп Указ жәрмеңкесінде сата бастайды. Жәрмеңкеге келген Хаким ибн Хизам да бірнеше құл сатып алып кетеді. Хаким ибн Хизам Меккеге оралғанда әкесінің қарындасы Хадиша анамызға «Қалағанын таңдап ал», - дейді. Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны таңдап алады. Зәйд ибн Хариса Хадиша анамызға жәрдем етіп жүреді.

Зәйдтің жастық шағы

Зәйд ибн Харисаның жастық шағы Хадиша анамыздың жанында өтеді. Кейінірек Хадиша анамыз Зәйд ибн Харисаны Хазірет Пайғамбарымызға (с.а.у.) тұрмысқа шыққанда сыйға тартады.

Зәйдтің мұсылман болуы

Зәйд ибн Хариса алғаш мұсылман болған төрт адамның бірі. Ал құлдардың арасынан алғаш мұсылман болған Зәйд ибн Хариса болатын. Оның мұсылман болу жолындағы сапары ерекше, әрі үлгі-өнеге аларлық.

Кәлб руынан шыққан бір топ адам қажылық мезгілінде Меккеге келеді. Олар Зәйд ибн Харисаны көріп танып қалады. Зәйд ибн Хариса да оларды таниды. Жолығып жағдай сұрасады. Кәлб руының адамдары елдеріне оралғанда Зәйд ибн Харисаның тұратын жерін әке-шешесіне баяндап береді. Көптеген жылдардан бері ұлдарын іздеумен келе жатқан Зәйд ибн Харисаның әке-шешесі бір қуанып қалады.

Зәйдтің әкесі Хариса және көкесі Кағб қолдарына сыйақы алып Меккеге келеді. Хазірет Пайғамбарымызды тауып алып: «Ей, Абдулмутталибтің ұлы! Ей, осы ру көсемінің ұлы! Сендер осы харам мекенінің тұрғынысыңдар, құлдарды азат етіп тұтқындарды тамақтандырасыңдар. Қарамағыңдағы ұлымыз үшін келдік. Бізге бір жақсылық жасағайсың, саған артығымен сыйақы берейік», - дейді.

Әкесінің сөздерін есітіп жүрегі сыздаған Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйд ибн Харисаны қасына шақыртады. Зәйд келгенде мына адамдарды танисың ба деп сұрайды. Зәйд бірі әкем,

89

Page 90: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

ал бірі көкем дейді.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хариса мен Кағбқа: «Сіздерден сыйақы алмаймын. Таңдау еркін Зәйдке берейік. Зәйдтің сіздермен оралып оралмауын өзі шешсе сіздер разы боласыздар ма?» - дейді. Хариса мен Кағб бұған келісеміз дейді. Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдке: «Қаласаң олармен бірге үйіңе орал, қаласаң менің жанымда қал», - деп таңдау еркін береді. Сол сәтте-ақ әкесі Хариса мен Кағб қуана бастайды. Алайда, Зәйд еш ойланбастан Хазірет Пайғамбардың жанында қалатынын айтады.

Хазірет Пайғамбарымыз (с.а.у.) Зәйдті ертіп Хижр деген жерге барады. Онда халыққа: «Куә болыңдар! Зәйд менің ұлым. Ол менің, мен де оның мирасқорымын», - деп жар салады. Хариса мен Кағб болған оқиғаны көріп таң болады. Бірақ ұлы Зәйдтің жақсы адамның қарамағында қалғанына көңілдері толып кері оралады.

Осылайша біреуді бала етіп алу Исламнан бұрын араб халқының әдет-ғұрпы болып есептелетін. Бұл жолмен бала асырап алуға «табанни» деп атайды. Хазірет Пайғамбардың (с.а.у.) Хижрадағы сөздерінен кейін жұрт Зәйдті Зәйд ибн Мухаммад деп атайтын болды. Бірақ, кейіннен Аллаһ Тағала бұл іске тыйым салады.

«Оларды әкелерінің есімдерімен атаңдар. Бұл Аллаһтың құзырында дұрысырақ болмақ. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар сендердің дін бауырларың және жолдастарың. Ол жөнінде қателесер болсаңдар сендерге күнә жоқ. Бірақ жүректерің біле тұра жасасаңдар бұл бөлек. Аллаһ өте жарылқаушы, тым мейірімді» (Ахзаб сүресі, 5-аят).

«Мұхаммед сендерден ешбір еркектің әкесі емес. Бірақ Аллаһтың елшісі және пайғамбарлардың соңғысы. Аллаһ әрбір нәрсені толық білуші» (Ахзаб сүресі, 40-аят).

Осы аяттардан кейін мұсылмандар Зәйдті қайтадан Зәйд ибн Хариса деп атайтын болды.

Зәйдтің атқарған қызметтері

Зәйд мұсылман болған күннен бастап Пайғамбарымыздың (с.а.у.) жанында болды. Онымен сапарда да бірге жүрді. Мәселен, Тайфта Пайғамбарымыз (с.а.у.) халықты Ислам дініне шақырады. Ешкім тыңдамай тас боратып қаладан қуып шығады. Сол кезде жанында болған Зәйд атылған тастарға денесімен тосқауыл жасап Пайғамбарымызды қорғайды. Зәйдтің сол күні басы жарылып, басқа да көптеген жарақаттар алады.

Зәйд Пайғамбарымыздың қатысқан және қатыса алмай әскер жолдаған шайқастардың барлығына қатысады. Ал кей шайқастарда әскерді де басқарған. Тек қана Мурайси шайқасына қатыса алмаған. Өйткені, Пайғамбарымыз Зәйдті өз орнына өкіл етіп Мәдинаға басшы етіп қалдырған болатын.

Зәйдтің тұлғалық ерекшелігі

Зәйд қысқа бойлы, сары реңді және қыр мұрынды. Аллаһқа және Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілігі өте мол адам болатын. Сабырлы, парасатты және басқару қабілеті ерекше жоғары болатын.

Өмірінде бес мәрте үйленген. Алдымен Зейнеб бинти Жахшпен үйленеді. Кейін Умму Кулсум бинти Уқбамен үйленеді. Кейін Дурра бинти Ләһәбпен үйленеді. Кейін Зубайр ибн

90

Page 91: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ғаууамның бауыры Һинд бинти Ғаууаммен үйленеді. Соңында Пайғамбарымыздың балдызы, әрі күңі Умму Айманмен үйленеді. Атақты жас сахабалардың бірі Усама осы неке саясында дүниеге келеді.

Зәйдтің қайтыс болуы

Зәйд өзі қатысып басшылық еткен соңғы соғысында шейіт болады. Бусра әміршісіне Пайғамбарымыз Харис ибн Умайрды елші етіп жіберген болатын. Алайда Бусра әміршісі Харис ибн Умайрды қастықпен өлтіреді. Хазірет Пайғамбар әскер жасақтап оларға қарсы шабуыл жолдайды.

Сапарға аттанғалы тұрған үш мың сахабасына Хазірет Пайғамбарымыз: «Сендерге Зәйдті басшы етіп тағайындадым. Ол шейіт болар болса орнына Жағфар ибн Әби Талиб өтсін. Ол да шейіт болатын болса орнына Абдуллаһ ибн Рауаха өтсін. Ол да шейіт болса өздерің ақылдасып лайықты деп тақан адамды басшы етіп алыңдар», - дейді.

Мәдинада қалған сахабалардың жүзін мұң қаптайды. Өйткені бұл сөздер үш сахабаның да шейіт болатындығын меңзеп тұрды. Ислам сарбаздары Сирияның Мута деп аталатын ауылында дұшпандардың қалың қолына тап болады. Шайқас басталып үш басшы да шейіт болады. Сахабалар өзара ақылдасып халид ибн Уәлидті басшы етіп таңдайды. Ислам сарбаздары өжеттілік танытып Мәдинаға аман-есен оралады.

Осылайша елу жылдан астам өмірін тамамдаған Зәйд Милади 629 жылы шейіттік мәртебесіне жетіп жан тапсырады.

Хазірет Пайғамбарымыз үш бірдей ардақты шейіт сахабалары үшін Аллаһтан кешірім мен мейір-шапағат тілеп, Жаратқан Раббысына жалбарынады. Сүйікті елшісінің дұғасын қабыл алған Аллаһ Пайғамбарымызға үшеуінің де жәннатқа кіргенін хабар береді.

Аллаһ барша сахабалардан разы болғай! Ақырет күнінде біздерді де олардың қатарына алғай!

91

Page 92: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Айша Әбу Бәкірқызы

"Егер өз дәуірінің бүкіл ғалымдары мен Пайғамбарымыздың басқа жұбайларының ілімдерін бір жерге топтаса, хазірет Айшаның ілімі асып түсер еді".

(Имам Зуһри)

Ислам тарихында Аллаһ расулының (с.а.с.) пәк, сүйікті әйелі, "мүминдердің анасы" әрі Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Айшаның маңызды орны бар.

Аса ақылды, мінез-құлқы көркем, пәктігін тақуалықпен ұштастыра білген мүминдердің анасы - Айша фиқһ, хадис, Құран тәпсирі ілімдерін де жетік меңгерумен ерекшеленді.

Хазірет Айша өмірінде пұттарға табынбаған, асыл текті, Меккенің беделді, ықпалды әрі білгір адамы Әбу Бәкірдің отбасында дүниеге келді. Әкесі қараңғылық дәуірінің өзінде бір құдайға сенген (тәухид) һаниф дінін ұстанса, анасы Үмму Румман Пайғамбарымыздың хақ дініне жүрегімен сенген алғашқы мұсылмандардың бірі еді. Болмысынан ақылына көркі сай, болашақ "мүминдердің анасы" Айша осындай тәрбиелі де иманды отбасында тәрбиеленді.

Хадиша анамыз қайтыс болған "қаралы жылда" Осман ибн Мазғұнның әйелі Хәула Пайғамбарымызға келіп Айшамен некелесуін ұсынды. Пайғамбарымыз оның ұсынысын қабылдап, оны бұл істе өзіне уәкіл етіп тағайындады.

Хәула Айшаның әке-шешесіне бұл қуанышты хабарды жеткізгенде, олар қатты толқиды. Әбу Бәкірдің жан дегенде жақын досы ендігі жерде онымен туысқан болатын болды. Ол үшін Аллаһ расулымен (с.а.с.) туысқан болу - дүниедегі таптырмас бақыт еді.

Ол кезде хазірет Айша әлі алты жасар кішкентай қыз еді. Сондықтан да үш жылдай олардың некесі қиылмай, Айша анамыз әке-шешесінің қолында болды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға ірге аударғаннан кейін ғана Айша анамызбен некесі қиылды. Ол кезде хазірет - Айша тоғыз жаста. Тарихшылар оның некелескен кезіндегі жасы жайлы әр түрлі пікірлер айтқан. Кейбіреулері сол кезде ол он бір жаста десе, кейбіреулері Айша анамыздың он алтыда болғандығын алға тартады[1].

Осы арада мына жайтты да еске сала кеткен жөн. Ол кездері, яғни, мың төрт жүз жыл бұрын арабтардың салттары бойынша, қыз бала тоғыз немесе онға толған кезде ұзатыла беретін. Қыз он немесе он екі жаста ұзатылмаса, отырып қалған болып саналатын. Әрі ыстық жерлерде қыз балалардың ерте бойжететінін де естен шығармау керек.

Пайғамбарымыздың оның тоғызға толғанын күтіп, содан кейін ғана қасына алуы, әке-92

Page 93: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Фатима – Аллаһ расулының қызы

"Фатима - менің бір бөлшегім. Оны ренжіткен адам мені де ренжіткен болады, оны қуантқан адам мені де қуантқан саналады".

(Хадис) Хазірет Фатима - Пайғамбарлар мөрі, Екі Жаһан Сұлтанының (с.а.с.) сүт кенжесі. Пайғамбарымыздың пәк ұрпағын жалғастырған ең сүйікті қызы. Пайғамбары-мыздың (с.а.с.) басқа қыздарынан: Рұқииядан туылған Абдуллаһ кішкентай кезінде қайтыс болған. Үммү-гүлсүмнен ұрпақ болмаған, Зейнептен туылған Әли сәби кезінде шетінеп, оның екіншісі Умамадан бала болмаған. Аллаһ расулының (с.а.с.) үш қызы да Пайғамбарымыздың өзінен бұрын қайтыс болған.Ол жер жаһандағы ең бақытты, Ислам дінінің дүниеге алғаш есік ашқан сәтінде Ұлы Елшіге (с.а.с.) иман еткен, өмір бойы жақсылықтарын жыр ғып өткен асыл жары Хадиша Кубрадан Пайғамбарымызға әлі пайғамбарлық міндеті берілместен аз ғана уақыт бұрын дүниеге келген[1].Оның ес біліп, етек жапқан кезі мүшріктердің Аллаһ елшісіне дұшпандықтарының асқынып, қысастық көрсете бастаған кезге сай келді. "Қаралы жылда" Хадиша Кубра дүние салып, Фатима ананың аялы алақанынсыз қалады. Мейірімділік пайғамбары (с.а.с.) оған әрі әке, әрі шеше бола білді.Өзінің ұрпағын осы қызы жалғастыратынын сезіп білген Пайғамбарымыз оны көзінің қарашығындай көретін. Үйінен ұзап шыққан сайын жалғыз қызын мейірлене сүйетін. Сапардан оралғанда да ең алдымен осы қызының үйіне соқпай кетпейтін[2].Хазірет Фатима да әкесін шексіз сүйді. Әкесін мұңлы көрсе, қайғыға батып, қуанғанын көрсе, жүзіне күлкі үйіріліп шыға келетін.Пайғамбарымыздың ағасы, қорғап-қолдаушысы Әбу Тәліп қайтыс болғаннан кейін оның бар кезінде батып жасай алмаған зұлымдықтарын мүшріктер барынша істеп бақты. Әсіресе, Аллаһтың сүйікті елшісі (с.а.с.) намазға тұрғанда ойларына келген қорлықты жасады. Маңдайын сәждеге қойған сәтте түйенің ішек-қарнын арқасына қотара салатын. Жүрген жолына тікен төсеп, тас атып, басына топырақ шашатын.Жағдай жан төзгісіз деңгейге жеткен күндердің бірінде Аллаһ елшісі (с.а.с.) үсті-басы сауыс-сауыс топырақ болып табалдырықтан аттағанда шешесінен бір айырылып, жалғыз әкесінің жүдеу көңілін екі көріп, хазірет Фатима оның мойнына асылып ботадай боздады. Көздері қанталаған мүшріктер сүйеніші болған әкесіне бір қиянат жасай ма деп қорқып, жаралы жүрегі сыздады. Әлемді қараңғылықтың тоңмойын тар қапасынан құтқаруға жіберілген Ардақты елші (с.а.с.) Аллаһқа деген шексіз сеніммен: "Қорықпа, ботақаным! Аллаһ сенің әкеңді қорғайды", - деп көңілі жаралы қызын жұбатты[3].Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеден Мәдинаға көшкенде бала-шағасын уақытша тастап кетуге мәжбүр болған еді. Мәдинаға барып орналасқаннан кейін Меккеде қалып қойған қыздары Фатима мен Үммүгүлсүм және жұбайы Сәуда анамызды қасына алдырады. Осылайша

93

Page 94: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

"Фатима - менің бір бөлшегім. Оны ренжіткен адам мені де ренжіткен болады, оны қуантқан адам мені де қуантқан саналады"[4] деп әспеттеген сүйікті қызымен аман-есен қауышады.Хазірет Фатиманы сахабалар да жақсы көріп, құрмет көрсететін. Әкесіне аумай тартқан оны "Үмму Әбиһа" (Әкесінің анасы) деп атайтын еді. Бұл жайлы Айша анамыз былай дейді:"Фатима үйге кіргенде Расулаллаһ орнынан тұрып, қызының маңдайынан сүйіп өз орнына отырғызатын. Пайғамбар оның қасына барған кезде ол да орнынан тұрып, әкесін сүйіп өз орнын беретін. Жүріс-тұрысы, мінез-құлқы жағынан дәл Фатимадай Аллаһ расулынан аумайтын адам көрген емеспін[5]."Сахабалардың арасындағы хазірет Әбу Бәкір мен Омар сынды ұлы тұлғалар Пайғамбарымызбен (с.а.с.) туыстасу үшін оның сүйікті қызына құда түсті. Пайғамбарымыз оларға: "Қызым Фатима үшін Аллаһтың әмірін күтудемін", - деп, ұсыныстарын қабыл етпеді.Фатимада хазірет Әлидің де көңілі бар еді. Алайда Пайғамбарымыздың Әбу Бәкір мен Омар сияқты жан қиыспас достарының ұсыныстарын қабыл етпегенін біліп, Әлидің құда түсуге батылы бармады.Сөйтсе де Әли (р.а.) тәуекелге бел байлап, көңіліндегі көрікті ойын Пайғамбарымызға (с.а.с.) жеткізбек болды. Алайда жеме-жемге келгенде ұялғаннан тілі күрмеліп сөйлей алмай қалады. Оның сыңайын айтқызбай байқаған Пайғамбарымыз: "Сен Фатиманы қалыңдыққа сұрауға келгендейсің ғой", - дегенде Әлидің "иә" деуге ғана шамасы келді. Пайғамбарымыз одан мәхир[6] ретінде не бере алатынын сұрағанда, ол өзінің ештеңесі жоқ екенін айтты. Пайғамбарымыздың Әлиге берген бір сауыты бар болатын. Соны сатып, мәхирін өтеуге келісті[7].Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) қызы Фатиманың некесін өзі қиды. Хазірет Әли мен Фатиманы екі жағына отырғызып, Ұлы Жаратушыға қол жайып:"Аллаһым! Екеуінің некесін қасиетті ет. Олардан өрбитін ұрпақтарды да мүбәрак ет! Аллаһым, оларды шайтанның азғыруынан сақта", - деп тілек тілеп, "Ықылас" сүресі мен "Муауиззатәйн" сүрелерін оқыды[8].Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дұғасының берекетімен бір жылдан кейін хазірет Хасан, одан кейін Хусәйн дүниеге келді. Пайғамбарымыз "Дүниеде иіскеп сүйген қос райханым" деп екі немересін екі тізесіне отырғызып ерекше еркелететін. Пайғамбарымыздың мүбәрак ұрпақтары осы екі немересінен тарады.Бірде Пайғамбарымыз үстіндегі шапанымен хазірет Әли,  Фатима,  Хасан мен Хусәйннің үстін жауып тұрып: "Аллаһым, міне мыналар Әһли Бәйтім[9] Сен оларды өзіңнің разышылығың болмаған істерден қашық ет"[10], - деген болатын. Осы отбасынан кейін Ислам үмбеті үшін үлкен қызмет сіңірген көптеген ғалым, әулие кісілер дүниеге келді. Пайғамбарымыздың әһли бәйтке деген сүйіспеншілігі - тек өз кіндігінен тарауынан емес, олардың Ислам үмбеті үшін қызметтерінің маңыздылығынан туындағандай.Аллаһ расулы (с.а.с.) ірге тасын өзі қалаған бұл шаңырақпен терең байланыста болды. Өз қолында өскен ақылды да парасатты Әлиді жанындай жақсы көрген Пайғамбарымыз шаңырақтың шайқалмауы үшін қолынан келгенін аямады. Бір күні хазірет Әли мен жұбайы Фатиманың (р.а.) арасында бір келіспеушілік туып қалады. Мұны ести сала Пайғамбарымыз олардың үйіне жеткенше асығады. Көзінің қарашығындай екі сүйіктісінің арасындағы келеңсіз жайтқа мұңайған Пайғамбарымыз неке қиған кездерін естеріне салып, екеуін екі жағына отырғызып татуластырды. Үйден шыққан кезде Пайғамбарымыздың шат жүзін көргендер: "Уа, Расулаллаһ! Үйге кірерде мұңды едіңіз, ал, қазір қуанып тұрсыз. Мұның себебі не екен?", - дегенде, ол: "Өйткені, ең жақсы көретін екі адамымды татуластырдым"[11], - деп қуанышын жарияға жар салады.Расулаллаһтың (с.а.с.) дүниедегі ең сүйікті екі адамы Пайғамбарымыздың өзі сияқты қарапайым өмір сүрді. Аллаһ елшісі оларды солай тәрбиелеген еді. Пайғамбарымызға қатты ұқсайтын Фатима анамыз әкесі сияқты өз тірлігін өзі істейтін. Алайда шелекпен су тасып,

94

Page 95: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

тас диірменмен ұн тарта-тарта екі алақаны мүйізденіп кеткен жұбайының жағдайына Әлидің қабырғасы қайысып, жаны ашитын.Бір шайқаста мұсылмандардың қолына тұтқындар мен олжа түседі. Олар Мәдинаға жеткізілгенде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) әркім келіп өз бұйымтайын білдірді. Хазірет Әлидің кеңесімен Фатима анамыз да әкесіне бұйымтайын айтпақ болады. Пайғамбарымызды үйінен таба алмаған хазірет Фатима оның жұбайларына келгендегі шаруасын айтып кетеді.Өзі жоқта сүйікті қызының келіп-кеткенін, үйіне көмекші ретінде бір қызметші сұрағанын естіген Пайғамбарымыз сол сәтте хазірет Фатиманікіне тартады. Фатима анамыз төсегінде жатқан еді. Әкесін көріп, орнына тұрмақ болғанда Пайғамбарымыз оны тұрғызбай, қасына отырады. Ол әкесінің тізесінің суықтығын бүйрегімен сезді. Мейірім Пайғамбары (с.а.с.): "Қызым, Суффа сахабаларының қажеттілігін өтеместен саған еш нәрсе бере алмаймын. Бірақ, саған бұл қызметшіден де қайырлы бір нәрсе үйретейін. Ұйқыға жатар кезіңде 33 рет Субханаллаһ, 33 рет Әлхәмдулиллаһ, 33 рет Аллаһу Әкбәр деп жатсаң, сенің сұраған нәрсеңнен сол артық", - деген еді[12]. Хазірет Фатимаға әкесінің разышылығынан артық еш нәрсе де қажет болмағандықтын, ол Пайғамбарымыздың айтқандарын құп алды.Пайғамбарлар падишасы хазірет Мұхаммед (с.а.с.) бойын сырқат меңдеп жатқанда, жан дегенде жалғыз қызы Фатиманы қасына ымдап шақырып құлағына сыбырлайды. Хазірет Фатиманың басына жай түскендей есеңгіреп, өңі қашып, еңіреп жылап жіберді. Пайғамбарымыз екінші құлағына сыбырлағанда жүзі күлімдеп сала берді.Бұл жағдайды көріп, таңданған Айша анамыз Фатимадан мұның сырын сұрайды. Ол: "Бұл Аллаһ расулының жеке сыры" деп айтпай қояды. Пайғамбарымыз дүние салған соң Айша анамыз мұның себебін қайтара сұрағанда, "Алдымен әкем өзінің бұл дүниемен жақын арада қош айтысатынын айтты. Сол үшін жыладым. Екіншісінде арғы дүниеде отбасының арасынан өзіне бірінші болып менің қауышатынымды айтты... Қуануымның себебі сол", - деп жауап берген еді[13].Әкесі дүние салғанда хазірет Фатима үшін өмірдің мәні қашты. Күндіз-түні көз жасын төгіп, жүрегі қан жылады. Пайғамбарымыздың жоқтығына бар-жоғы алты ай ғана шыдай алды. Алты айдан кейін Пайғамбарымыздың айтқаны айдай келіп, сүйікті әкесіне туыстарының арасынан ең алғаш қауышқан хазірет Фатима болды[14].Хазірет Фатима хижраның он бірінші жылының Рамазан айында ақтық сапарға аттанды. Жаназасын құдай қосқан қосағы хазірет Әлидің өзі шығарды.

95

Page 96: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Хазірет Хадиша

"Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені өтіріксінгенде, ол растап,

қолдады. Ел менен не нәрсесін де аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Аллаһ тағала тек содан ғана маған перзенттер нәсіп етті" .

(Хадис)

Хазірет Хадиша - Пайғамбарлар сұлтанының (с.а.с.) пәк, ар-намысы таза, адамгершілігі мол өмірлік жан серіктерінің алғашқысы.

Арабтардағы ең беделді тайпа Құрайыш тайпасы болса, ол сол тайпаның ең текті отбасыларының бірінің перзенті болатын. Әкесінің аты - Хуәйлид, анасының аты - Фатима. Хадиша анамыздың шежіресі әке жағынан Пайғамбарымыздың бабасы Құсайға, шеше жағынан Пайғамбарымыздың аталары Луәйге келіп тірелетін[1].

Құрайыш қыздарының ішінде көргендігі, көркемдігі, ибалылығы мен дәулеті жөнінен ерекшеленетін Хадиша - жәһилия кезеңінің өзінде «тахира», яғни "пәк, арлы әйел" атағына ие болған абзал тұлға. Алғашында ол Атиқ ибн Азизге тұрмысқа шығып, одан бір қызды болды. Ол қайтыс болған соң Тәмим руынан Әбу Халамен отау құрып, одан бір ұл, бір қыз тапты. Алайда бұл күйеуі де қайтыс болып, жесір қалды. Содан кейін де аты мен заты дара, хаса сұлу Хадишаны талайы айттырды. Бірақ текті Хадиша теңі кездеспегендіктен, олардың ешқайсысын көңілі хош көрмеді.

Дәулетті Хадиша саудамен айналысып, жыл сайын Шамға керуен жөнелтетін. Мұхаммед Мұстафаның (с.а.с.) сенімді, тәрбиелі, ісіне адал жан екенін естіп біліп, оған Шамға баратын сауда керуенін басқаруды ұсынды. Аманатқа қиянат жасамайтын Мұхаммед - Әмин (сенімді) (с.а.с.) бұл ұсынысты қабылдап, Шамға аттанып кетті. Керуен үш ай жол жүріп, соңында Шамға табан тіреді. Меккеден әкелінген заттар сатылып, қажетті тауарлар алынды. Осылайша керуен қайтадан Меккеге аттанды. Бұл жолғы керуен бұрынғыларға қарағанда екі есе көп пайда түсірген еді. Осы керуен сапарына хазірет Хадишаның қызметшісі Майсара да қатысты. Майсара жол бойы Мұхаммедтің (с.а.с.) жайдары мінезді, байсалды, шыншыл, еңбекқор әрі тындырымды жан екеніне куә болып, оралған бетте Хадиша анамызға оны аузынан суы құрып мақтап бітіре алмады. Осы әңгімеден кейін Хадишаның жүрегінің төрінен Адамзаттың ардақтысына (с.а.с.) деген сенім мен

96

Page 97: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

сүйіспеншілік орын алды. Көп ұзамай текті Хадиша оған тұрмысқа шығу жөніндегі ұсынысын жасады[2]. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) Әбу Тәліпке жағдайды баяндады. Әбу Тәліп барып, Хуәйлидқызы Хадишаға құда түсті. Екі жақ келісіп, Хадишаның үйінде той жасалды. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пен Хадиша анамыздың некесі қиылды[3]. Бұл кезде Пайғамбарымыз (с.а.с.) 25 жаста, Хадиша анамыз (р.а.) 40 жаста болатын.

Олардың Қасым, Зейнеп, Руқия, Үммүгүлсім, Фатима және Абдуллаһ деген алты перзенті болды. Қасым мен Абдуллаһ кішкентай кезінде Меккеде қайтыс болды. Пайғамбарымыздың хазірет Фатимадан басқа перзенттерінің бәрі өзінен бұрын бақиға аттанды. Пайғамбарымыз дүние салған соң алты ай өткенде Фатима анамыз сүйікті әкесінің қасына кетті.

Бұл отбасы Меккедегі ең бақытты, ең үлгілі шаңырақ еді. Хадиша анамыз жұбайын әрдайым құрметтеп, отбасының пірі санайтын. Материалдық әрі рухани жәрдемін жан жарынан еш аяған емес. Пайғамбарымыз да аяулы жарын "Хадиша Кубра", ұлы Хадиша деп еркелететін.

Ұлы Хадиша адамзаттың мақтанышы Әлемдердің Сұлтанын (с.а.с.) пайғамбарлықтан бұрын да сыйластығы мен сүйіспеншілігімен бақытты еткенінде, пайғамбарлық кезеңі басталғанда да оны қолдап, ең алғашқы мұсылман атағына ие болды.

Хира үңгірінде алғаш уаһи келе бастаған сәтте Пайғамбарымыз қатты қорқады. Басынан өткен жағдайды баяндап, көңіліндегі қорқынышты сейілтер деген оймен өзін әрқашан қолдаған Хадиша анамызға барады. Адамзаттың асылы (с.а.с.) үйіне барар-бармас, "үстімді жабыңдар" деуге ғана шамасы келді. Хадиша анамыз Пайғамбарымызды жатқызып, үстін жапты.

Шамалы болса да тынығып алған Пайғамбарымыз (с.а.с.) оған басынан кешкен жайтты баяндап болған соң: "Уа, Хадиша, көзіме бір сәулелер көрінеді. Қызық дауыстар естимін. Пұттарды және көріпкелдерді жаным сүймейтінін білесің. Алайда маған жындар келе ме деп қорқамын", - дегенде, парасатты Хадиша: "Олай деме. Қорқып, үрейленерлік ештеңе жоқ. Уайымдама, Аллаһқа ант етейін, Ол сен сияқты құлын ұятқа қалдыра қоймас. Өйткені, сен әрқашан шындықты айтасың. Аманатқа қиянат жасамайсың. Туған-туыстарыңмен сәлемің түзу, қабағың ашық. Көршілеріңе мейірімдісің. Кембағалдар мен кедейлерге қол ұшын беріп, мүсәпірлерді үйіңнің төріне шығарып, оларды құтты қонақтай күтесің. Халқың қиындыққа душар болғанда жәрдеміңді аямайсың. Уаллаһи, сені бұл үмбеттің пайғамбары болар деп үміттенемін"[4], - деп, оны жұбатып, көңіліндегі қорқыныш сезімін басуға тырысты.

Ең жақын сырласы, көңілінің жұбанышы, жан серігін тек жұбатып қана қоймады. Жаратушыдан келген бұйрықтарды халыққа жеткізу міндетін алған Аллаһ расулына бұл қиын жолда: "Сенің пайғамбар екендігіңе сенемін", - деп қолдау көрсетіп, ең алғаш мұсылман болу құрметіне бөленді[5]. Мұндай сын сағатта жолдасының шәк келтірместен иман етуі, ол үшін үлкен бақыт болып, жігерін жаныды.

Хазірет Хадиша Ислам шуағын жаю жолындағы Ислам тағдырының пышақ үстіндегі алғашқы жылдарында бар мүлкін Аллаһ расулының жолында жұмсаудан аянбады. Қиын-қыстау күндерде оны шын ниетімен қолдап, көңіліне медеу болған, бар байлығын Ислам жолында жұмсап, мұсылмандарға демеу берген осы асыл жар - Хадиша Кубра еді. Бар байлығын Аллаһ жолына сарп еткен мүминдердің анасы Хадиша Кубра (р.а.) қайтыс болар

97

Page 98: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

кезде артында тігерге тұяқ қалмады. Осындай жанкештілігі үшін де ол Аллаһтың сәлеміне, Пайғамбарымыздың мадағына ие болды. Бір күні Жәбірейіл періште келіп, Пайғамбарымызға былай деді: "Аллаһ Хадишаға сәлем жолдайды. Жәннатта інжуден жасалған салтанатты сарайдың сол үшін әзірленгенін айтып, сүйіншіле. Ол жерде күйбең тіршілік жоқ, жан рахаты бар". Пайғамбарымыз (с.а.с.) Хадиша анамызға Аллаһтың сәлемін жеткізгенде, ол Аллаһтың сәлемін үлкен қуанышпен қабыл алып, өзінің де сәлемін жолдайды[6].

Мүминдердің анасы Хадиша Кубра Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшерден үш жыл бұрын 65 жасында дүние салды. Ол қайтыс болмастан аз ғана уақыт бұрын Пайғамбарымыздың сөзін сөйлеп, мүшріктердің азабынан қорғаштап келген ағасы Әбу Тәліп те көз жұмған еді. Екі бірдей қолдаушысынан айырылған Пайғамбарымызға бұл ауыр соққы болып тиді. Сондықтан да бұл жыл "қаралы жыл" деп аталды.

Қилы заманда өзіне әрі қолдаушы, әрі көмекші, әрі кеңесші болған алғашқы жол серігі Хадиша анамыздың орны Пайғамбарымыз үшін мүлдем бөлек. Хазірет Хадиша анамыз көз жұмса да, Пайғамбарымыздың оған деген махаббаты бір мысқал да кемімеген. Хадиша анамыздың туыстарынан қолдан келген көмегін аямайтын. Оның көрсеткен жанқиярлықтарын Әлемдердің Сұлтаны (с.а.с.) әрқашан аузынан тастамайтын. Адал жары хазірет Хадиша (р.а.) жайлы жиі айтатыны соншалықты, Айша анамыз Аллаһ расулын одан қызғанатын.

Күндердің бір күнінде Пайғамбарымыз Хадиша анамыздың жақсылықтарын тағы есіне алады. Айша анамыз шыдай алмай: "Үнемі Хадишаны айтасыз. Аллаһ тағала сізге одан да жас әрі әдемі әйелдер берді емес пе?", - дейді. Тозаңдай жақсылықты ұмытпайтын Пайғамбар (с.а.с.): "Аллаһ Хадишадай қайырлы жар сыйлады. Ел мені мойындамай күпірліктің күңсіген қоқсығын ақтарып жүргенде, ол иман келтірді. Жұрт түгел мені өтіріксінгенде, ол растап, қолдады. Халық менен не нәрсесін болса да аяп итіне жегізгенде, ол дәулетіне ортақ етті. Аллаһ тағала тек ғана содан маған перзенттер нәсіп етті",- деді. Хадиша анамыз жайлы бұл сөздерді естіген Айша анамыз айтқанына ұялып: "Уа, Расулаллаһ! Сені пайғамбар етіп жіберген Аллаһқа ант етейін, бұдан кейін Хадиша жайлы естеліктеріңді айта жүруіңді өтінемін", - деп Пайғамбарымыздың көңілін аулаған еді[7].

Пайғамбарымыз хадисінде: "Христиан әйелдердің ішінде ең қайырлысы - Имранның қызы Мәриям, мұсылман әйелдердің ішінде ең қайырлысы - Хуайлидтің қызы Хадиша" деп мадақтаса, басқа хадисінде: "Осы дүниеде де, ақыретте де құрметке ие болған төрт әйел бар: Имранның қызы Мәриям, перғауынның жары Әсия, Хуайлидтің қызы Хадиша, Мұхаммедтің қызы Фатима", - деген болатын[8]. (Саңлақ сахабалар кітабынан)

98

Page 99: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Ізгі ниет Әрдайым Алланың назарында, бақыттың базарында болыңыз. Әмин!

99

Page 100: asyl-bilim.kzasyl-bilim.kz/_ld/10/1073_oJ8.docx · Web viewпенде Оның алдында өз өмірін қалай өткізгені туралы есеп береді. Әбу

Алматы – 16.10.2012ж

100