ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ...

131
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ СТАТИСТИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА (қысқа нұсқасы) АСТАНА 2012

Upload: others

Post on 02-Mar-2020

31 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

ҰЛТТ

ЫҚ

БІЛ

ІМ Б

ЕРУ

СТА

ТИС

ТИКА

СЫ

ЖӘ

НЕ

БА

ҒАЛ

АУ

ОРТ

АЛ

ЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ

ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫ ТУРАЛЫ

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

(қысқа нұсқасы)

АСТАНА 2012

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

2

УДК 37.0 ББК 74.04(5қаз) Қ 18

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы Ұлттық баяндама. А.Ж.Құлтуманова, Г.О.Медетбекова, Г.А.Ноғайбаева,

В.В.Ақтаева, Г.К.Кусиденова, С.А. Алшимбаева, А.Б.Төртқараева, Ж.Е.Садықова.

Астана: ҰБСБО, 2012, 132 бет.

ISBN 978-601-7080-61-7

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуы туралы

Ұлттық баяндама жыл сайынғы көпшілікке арналған аналитикалық құжат болып

табылады. Баяндама тек білім беру жағдайын ғана емес, сондай-ақ білім беру

саясаты дамуының үдерісіне де сипаттама береді.

Баяндама білім беру басқарушы органдары басшыларына, білім беру

ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне және жалпы азаматтық

қоғамдастыққа арналған.

УДК 37.0

ББК 74.04(5қаз)

© ҰБСБО Редакциялық қызмет, 2012

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 3

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ………………………………………………………………….. 4

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………….. 7

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ......................

8

1.1. Қазақстанның білім беру жүйесі: әлеуметтік-экономикалық мәнмәтін……

1.2. Қазақстанның білім беру жүйесі: халықаралық бағалау…...……………….

8

15

2. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫН ІСКЕ АСЫРУ.................................

24

2.1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту...............................................................

2.2. Жалпы орта білім беру...................................................................................

2.3. Техникалық және кәсіптік білім беру.............................................................

2.4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру..................................

24

32

51

66

3. ЖАСТАР САЯСАТЫ........................................................................................... 84

4. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯ.......................................................................... 93

5. АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: АЙМАҚТАР РЕЙТИНГІСІ......................... 111

ГЛОССАРИЙ………………………………………………………………………………. 123

БИБЛИОГРАФИЯ………………………………………………………………………… 129

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

4

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

АҚ Акционерлік қоғам

АБҰ Автономиялы білім беру ұйымдары

АӨК Агроөнеркәсіптік кешен

ІЖӨ Ішкі жалпы өнім

БҚО Батыс Қазақстан облысы

ШҚО Шығыс Қазақстан облысы

ЖБ Жоғарғы білім

ОЖСБ Оқу жетістіктерін сырттай бағалау

ЖҚК Жоғарғы Қамқорлық кеңес

ҚР ҚК Қазақстан Республикасының Қорғаныс күштері

ДСҰ Дүниежүзілік сауда ұйымы

ДЭФ Дүниежүзілік экономикалық форум ЖОО Жоғарғы оқу орны

БП Базалық пәндер

БЛЖ Базалық лауазымдық жалақы

ЖБКИ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі

МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты БДМБ Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

ҮИИДМБ Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-

инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекетт

бағдарламасы

БЖК бизнестің жол картасы

МДО мектепке дейінгі оқыту

ҰБТ ұлттық бірыңғай тестілеу

БҚО Батыс Қазақстан облысы

БАИ біліктілікті арттыру институты

АК Атқарушы кеңес

АДИ адами даму индексі

ХБ Халықаралық Бакалавриат

ШЖМ Шағын жинақты мектеп

АЕК Айлық есептік көрсеткіш

ЖҰ Жастар ұйымы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 5

ҚР БҒМ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

ШОБ Шағын және орта бизнес

БХСБ Білім берудің халықаралық стандарттық біліктілігі

ХДП Халықтық Демократиялық партия

ҒЗИ Ғылыми-зерттеу институты

ҒЗМ Ғылыми-зерттеу мектебі

ҮЕҰ Үкіметтік емес ұйымдар

БСБҰЖ Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі

ҰБСБО Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

ҚБ Қоғамдық бірлестік

БАБ Баршаға арналған білім

БСБОЖ Білім сапасын бағалаудың облыстық жүйесі

ЭЫДҰ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

ЖОКБ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

БҰҰДБ Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы

ҚК Қамқоршылық кеңесі

БЖБҒПКБАИ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық

кадрларының біліктілігін артытырудың республикалық институты

ҚР Қазақстан Республикасы

СҚО Солтүстік Қазақстан облысы

БАҚ Бұқаралық ақпарат құралы

ТМД Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

ДБМБҰ Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру

ұйымдары

СҚО Студенттік құрылыс отряды

ЖОБ Жалпы орта білім беру

ТжКБ Техникалық және кәсіптік білім беру

ОӘК Оқу-әдістемелік кешен

ФМБ физика-математикалық бағыт

ХББ химия-биологиялық бағыт

ӨТҒО Өмір туралы ғылым орталығы

БСО Білім беру саясаты орталығы

СББ Сандық білім беру бағдарламалары

ЭЗО Энергетикалық зерттеулер орталығы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

6

ОҚО Оңтүстік Қазақстан облысы

БҒМС БҰҰҰ Білім, ғылым және мәдениет саласындағы БҰҰ ұйымы

РhD философия докторы

PISA 15 жастағы білім алушылардың білім жетістіктерін бағалау

жөніндегі халықаралық бағдарлама

SIFE Students in free enterpris (Студенттер еркін кәсіпкерлікте)

DAAD (Deutscher Akademischer Austausch Dienst) Академиялық

ауыстырулар Герман қызметі

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 7

КІРІСПЕ

2011 жылы Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың

2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру басталды.

Тұжырымдамалық құжат мемлекеттік білім беру саясатын іске асырудың негізгі бағыттары

мен механизмдерін айқындап берді.

Ұлттық баяндамада Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің жағдайы мен

дамуы жөніндегі бағдарламалық құжаттың іске асырылу барысының алғашқы жылындағы

қорытындылар білім беру қызметтерінің сапа деңгейіне тікелей әсері бар басты

факторлар негізінде ұсынылған.

Әрбір білім жүйесінің деңгейін мәнмәтіндік және салыстырмалы талдау Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық құжаттарында көрсетілген

нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне жету іс-шараларын орындау

аясында жүзеге асырылады.

Басты мақсатқа жету жолындағы алға ілгерілеушілік – білім берудің бәсекеге

қабілеттілігін арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін

қамтамасыз ету жолдары арқылы адам капиталын дамыту. Бұл педагогикалық және

азаматтық қоғамдастықтардың белсенді қатысуымен өтетін барлық жоспарланған

іс-шаралардың жеделдетілген қарқыны мен нәтижелілігін талап етеді.

Үдемелі алға жылжудың негізгі рөлін аймақтық білім беру жүйелері атқарады.

Талдау материалдары білімнің қолжетімділігі, ресурстық қамтамасыз ету және білім беру

ұйымдары қызметінің нәтижелілігі секілді маңызды факторлар арқылы берілді.

Ол жоғарғы мәндердің жиынтығына, әр жылдардағы жеткен жетістіктерге мемлекеттік

білім беру саясатын жүзеге асыру арқылы тікелей әсерін тигізеді.

Ұлттық баяндама ақпараттық-талдау құжаты ретінде білім беру жүйесінің жағдайы

мен дамуына біртұтас шолуды ұсынады. Білім мониторингі қорытындылары

басқарушылық шешім жағдайларына барынша негізделген және барабар талапты

әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жыл сайынғы ұлттық баяндаманың мазмұны ҚР Статистика агенттігі мен білім

мониторингі шеңберінде әкімшілік есеп беру мәліметтерінің негіздерінде дайындалды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелері мен

ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми ақпараттары да қолданылды.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

8

1. ЭКОНОМИКАНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУҒА ӘСЕРІ 1.1. Қазақстанның білім беру жүйесі: әлеуметтік-экономикалық мәнмәтін. Білім беру жүйесі әлеуметтік сала ретінде нақты мәнмәтіндік көрсеткіштермен

жұмыс істейді. Бұл ретте мемлекеттік білім беру саясатын іске асыру тиімділігі көптеген

факторларға, ең алдымен экономикалық және демографиялық жағдайларға байланысты

болады. Сонымен қатар халықаралық сарапшылар да білім берудің әртүрлі жүйесінің

даму үрдісін бағалай отырып, оның нәтижелілігіне тікелей әсер ететін негізгі факторларға

жан-жақты шолу жасайды.

Ұлттық жалпы табыс деңгейі (ҰЖТ) елдің экономикалық дамуының негізгі

көрсеткіштерінің бірі, оны Дүниежүзілік банк (The World Bank) жыл сайын арнайы

әзірленген әдіснама бойынша есептейді. Дүниежүзілік банктің әдіснамасында барлық

мемлекеттер мен аумақтар үш категория бойынша жіктеледі:

- жан басына шаққандағы кірістің жоғары деңгейіндегі елдер (12 276 $ және

жоғары, біріншіден алпысыншы позицияға

дейін),

- жан басына шаққандағы кірістің

орташа деңгейіндегі елдер (3 976 $ бастап

12 275 $ дейін, алпыс біріншіден жүз алпыс

бірінші позицияға дейін),

- жан басына шаққандағы кірістің төмен деңгейіндегі елдер (1 005 $ және төмен,

жүз алпыс жетіншіден жүз тоқсан сегізінші позицияға дейін).

Рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстан 74-ші позицияда ($ 8 220) және жан

басына шаққандағы кірістің орташа деңгейіндегі елдердің қатарына, яғни 2-топқа кіреді

(1.1.1.-кесте). 1.1.1. - кесте. Халықтың жан басына шаққандағы ұлттық жалпы табыс мөлшері бойынша елдер мен

территориялардың рейтингісі Халықтың жан басына шаққандағы табыс деңгейі

жоғары елдер мен территориялар

Халықтың жан басына шаққандағы

табыс деңгейі орташа елдер мен

Халықтың жан басына шаққандағы табыс деңгейі

төмен елдер мен территориялар Экономикасы Орыны Табысы ($) Экономикасы Орыны Табысы($

Экономикасы Орыны Табысы ($)

Монако 1 183,150 Литва 58 12,350 Мавритания 163 1,000 Лихтенштейн 2 137,070 Ливия 59 12,320 Қырғыстан 164 920

Норвегия 3 88,890 Чили 60 12,280 Тәжікстан 165 870 АҚШ 14 48,450 Ресей 68 10,400 Камбоджа 166 830

Жапония 21 45,180 Малайзия 72 8,420 Мадагаскар 186 430 Германия 22 43,980 Қазақстан 74 8,220 Ауғаныстан 188 400

Сингапур 23 42,930 Қытай 99 4,930 Бурунди 193 250 Франция 24 42,420 Украина 122 3,120 Либерия 194 240

Польша 56 12,480 Йемен 161 1,070 Конго Демократиялық

Республикасы 195 190

Дереккөз: Халқының жан басына шаққандағы ұлттық жалпы табыс мөлшері бойынша елдер мен

территориялар рейтингісі туралы баяндама (The World Bank: World Development Indicators. Gross National

Income per Capita 2011).

ҰЖТ(Gross National Income (CNI)) -мемлекет аумағында бір жылдың ішінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің құндылық жиынтығы (яғни ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) оған қосу, азаматтардың шет елдерден алған табысы, минус, елден шетелдіктер шығарып

б

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 9

Сонымен қатар әлем елдерінің ішкі жалпы өнім (ІШӨ) деңгейі бойынша рейтингісі

де үлкен қызығушылық туғызып отыр. Рейтинг Дүниежүзілік банк әдісі бойынша

есептелінеді (The World Bank).

ІШӨ – елдің экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің, экономикалық

қызметінінің нәтижесінің жалпы сипаттамасын бір немесе басқа уақыт кезеңі аралығында

(әдетте бір жылға) қолданылатын экономикалық даму көрсеткішінің сандық қайнар көзі

болып табылады. ІЖӨ халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші ретінде жиірек

қарастырылады, өйткені кейбір кездерде ол осы мақсатта басқалары болмағандықтан

көрсеткіштердің неғұрлым қолайлырағы ретінде қолданылады.

2011 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан ІЖӨ 186,198 млн. АҚШ доллары

көлемін құрайтын, 192 елдің арасында 49 позицияны алып тұр (1.1.1 кесте қосымша).

АҚШ долларының ағымдық бағасында көрсетілген (инфляциялық түзетусіз), номиналды

(абсолюттік) мәні бар ІЖӨ көлемінің бекітілген бағасы бар елдер мен территориялардың

тізімі рейтингтік кестеде көрсетілген.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2011 жылы жан басына

шаққандағы номиналды ІЖӨ 1 650,7 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен

салыстырғанда 313,9 теңгеге өскен.

Экономикалық қызметтің түрлері бойынша білімге арналған ІЖӨ бөлінісінде өсу

үрдісін байқауға болады. Егер 2010 жылы бұл көрсеткіш 674,9 миллиард теңгені құраса,

ал 2011 жылы – 886,4 миллиард теңге болған.

Өңірлік жалпы өнім өндірісінде жоғары үлес Атырау (12,2%) облысына, Астана

(8,4%) және Алматы (17,8%) қалаларына, ең төменгі Жамбыл (2,3%) және Солтүстік

Қазақстан (2,5%) облыстарына тиесілі.

Әлеуметтік-экономикалық фактор ретіндегі халықтың ақшалай кірісі білімнің даму

қарқынын анықтайды. Бұл көрсеткіш еліміздің экономикалық жағынан көтерілуінің негізгі

элементтерінің бірі болып табылады. Өңірлерде жан басына орта есеппен халықтың

номиналды ақшалай табысының республика бойынша және әрбір өңір бойынша жыл

сайын ұлғаю үрдісі байқалады (1.1.3-кесте).

Демографиялық сипаттамалар Демографиялық процесстердің білім беру жүйесінің жағдайы мен дамуына әсері

бірнеше аспектілерде қарастырылды. Халық санының өзгеру динамикасына өндіргіш

күштердің арасалмағының өзара қатынасы мәселесі принципті маңызды мәселе болып

табылады. Бұл көші-қон үдерісі мен келесі ұрпақтың келуіне (халықтың табиғи өсімі)

тікелей әсерін тигізеді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

10

Адами ресурстардың әлеуеті мемлекеттің экономикалық өсуінің маңызды құрамдас

бөлігі болып табылады. Демографиялық процестер білім берудің барлық деңгейлерінде

білім беру саясатының табысты жүруіне барынша әсерін тигізеді.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2012 жылғы 1 қаңтардағы жағдай

бойынша елдегі халықтың жалпы саны 16,7 млн. адамды құрайды. 2011 жылмен

салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,4%-ға көбейген.

2011 жылдың басынан бастап 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін халықтың жалпы

өсуі 233 мың адамды құрады, оның ішінде қала халқы – 153,5 мың адам, ауыл халқы -

79,5 мың адам. Осыған сәйкес халық санының өсуі негізінен халықтың табиғи өсуі

есебінен орын алды (221,8 мың адам).

2011 жылы республика халқының жалпы санынан ауыл халқының үлесі 2010 жылы

төмен (0,5%) (1.1.2-сурет). 1.1.1-сурет. Қаладағы және ауылдағы халық үлесінің арақатынасы

Дереккөз:ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері

Республиканың білім беру жүйесінің дамуы урбанизация үдерісінің жалғасуымен

түсіндіріледі. Қалалық халықтың үлесі 55 % құрайды.Бұндай «қалалық жарылыс» Астана

және Алматы қалаларына тән. Сонымен қатар субурбанизация (қалалық өмір салтының

қала маңына тарауы) үдерісі, республикадағы моноқалаларды қолдау бойынша

мемлекеттік саясаттың салдары болып табылады.

Аймақтар бойынша ауыл халқы санының үлесі Оңтүстік Қазақстан облысында

үлкен көрсеткішке ие – 2,621 миллион адам (15,7%). 2011 жылы аймақта туу есебінен

табиғи өсім (қайтыс болғандарды қоспағанда) 64 141 адамды құрады. Бұл республика

бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Демографиялық үдеріс білім берудің дамуына әсер етуде аса маңызды фактор

ретінде, халықтың құрамын қалпына келтірумен ғана емес, сондай-ақ ол бір жас тобынан

келесі жас тобына өтумен де сипатталады. Халықтың туу деңгейі өсімінің оң үрдісі

54,35% 54,50% 54,66%

45,70% 45,50% 45,34%

2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл

Қала халқы ауыл халқы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 11

сақтала отырып, 0 жастан 15 жас аралығындағы балалардың саны 2010 жылмен

салыстырғанда 54 296 адамға өскен (2010 жылы – 4 290 054, 2011 жылы – 4 344 350).

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 0-ден 34 жастағы білім беру

қызметтінің әлеуетін пайдаланушы халықтың жас деңгейі 9 845 789 адамды құрады

(1.1.2-сурет). 1.1.2-сурет. Жас ерекшеліктері бойынша халықтың құрылымы

Дереккөз: ҚР Статистика агенттігі

Республикада макроэкономикалық жағдайдың жақсаруына байланысты

жұмыссыздар деңгейінің көрсеткіші 0,4 %-ға азайған. Экономиканың өсуі экономикалық

белсенді халықты еңбек нарығындағы қамтылу деңгейі 0,4%-ға дейін артуына мүмкіндік

берді.

Жаһандану жағдайында еңбек ресурстары маңызды роль атқарады, өйткені

республиканың экономикалық белсенді халқының құрамдас бөлігі болып табылады.

Бүтіндей алғанда адам әлеуетінің және еңбек ресурстарының сапалық жағынан арту

үрдісі байқалады, бұл білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың жүзеге асуы

нәтижесінің салдары.

Білім беруді қаржыландыру Білім беруді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске

асырудың басым бағыттарының бірі білім беру қызметтеріне бірдей қолжетімділікті

қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін қаржыландыру болып табылады. Білім

сапасын арттыруға және қолжетімділікке бағытталған білім беру жүйесін

қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу міндеттері айқындалған.

Жыл сайын республикада білім беруді қаржыландыру ұлғайып келеді (1.1.2-кесте).

Осыған сәйкес ІЖӨ-ге қатысы бойынша мемлекеттік қаржыландырудың көлемі 3,8 %-ға

кеміген.

1 656 535 1 238 493 1 136 310 1 430 345 1 651 032 1 419 670 1 254 935

1 695 425

1 272 1521 125 719

1 397 0571 643 322

1 450 7111 261 403

0-4 5-9 10-14 15-19 20-24 25-29 30-34

Барл

ығы,

адам

Жас ерекшелігі, жасы

2010 год 2011 годжылжыл

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

12

2011 жылы мемлекеттік бюджеттің шығыстар құрылымы білім беру деңгейлері

бойынша ІЖӨ пайыздарымен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде бұл

көрсеткіштің көбейгенін көрсетіп отыр (1.1.2-сурет). 1.1.2-кесте. Білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік шығыстардың құрылымы, мың теңге

Білім беру деңгейлері 2010 2011

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 63 332 93 590

ІЖӨ-ге % 0,3 0,4

Жалпы орта білім 423 702 509 962

ІЖӨ-ге % 2,2 1,9

Техникалық және кәсіптік білім 51 434 72 466

ІЖӨ-ге % 0,3 0,3

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім 73 429 89 076

ІЖӨ-ге % 0,4 0,3

Басқа да білім беру бағдарламалары 185 517 235 191

ІЖӨ-ге % 1,0 0,9

Барлығы 797 414 1 000 285

ІЖӨ-ге % 4,1 3,8

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Аймақтарда білім беруге бөлінетін жергілікті бюджет шығысының негізгі үлесі

жалпы орта білімге тиесілі. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарындағы (халықтың

тығыздығынабайланысты) бұл өңірлерде білім берудің аталған деңгейіне жергілікті

бюджеттен қаржы бөлу пайызы жоғары.

Білімге бөлінетін бюджет қаражатының көп бөлігі– 70%-дан астамы, педагог

қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге тиесілі. Елбасының жыл сайынғы Қазақстан

халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде өткізілетін іс-шаралар нәтижесінде бюджеттік

саладағы педагог қызметкерлердің еңбекақысы бірнеше рет өсті. Соңғы он жылда

мұғалімдер мен оқытушылардың жалақы мөлшері орта есеппен 4 есеге артты.

2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жалпы білім беретін мектеп, интернаттық

ұйымдар, жетім-балаларға білім беру ұйымдарының мұғалімдерінің, сондай-ақ

балабақша, жетім балаларға білім беру ұйымдары, кәмелеттік жасқа толмағандарды

бейімдеу орталықтарының тәрбиешілеріне кәсіби категорияларына қосымша төлем өскен.

Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының шеберлеріне өндіріске баулуға үйретуді

ұйымдастырғандары үшін базалық қызметтік еңбекақысына қосымша 100 пайыздық

үстемақы төлеу бекітілген.

Халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарынан шыққан студенттерді оқытуға

жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасын іске асыру жалғастырылды. Аталған

бағдарламаны іске асыру мақсатында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«Қаржы орталығы» АҚ-ның 100% кепілдігімен студенттерге/магистранттарға білім беру

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 13

кредиттерін ұсынды. Аталған бағдарлама бойынша жеңілдетілген кредиттер сыйақы мен

негізгі қарызды өтеуге жеңілдетілген кезең бере отырып, 17 жылға дейінгі мерзіммен

9%-бен беріле бастады. 2011 жылы 1 млрд.-тан астам теңгеге кредиттер бойынша

5 мыңнан астам кепілдік берілді (1.1.3-сурет). 1.1.3-сурет. ҚР жоғары оқу орындарының студенттеріне оқу төлемақысы үшін кредиттер беру сызбасы

(3) кепілдік беру

(2) Өтінім беру

«Қаржы орталығы» АҚ

(1) Құжаттарды ұсыну

Дереккөз: «Қаржы орталығы» АҚ

Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік білім беру

бағдарламасында қарастырылған білім беру жүйесіне Мемлекеттік білім беру жинақтау

жүйесін (МБЖЖ) енгізу маңызды әлеуметтік сипатқа ие болды. Әлемде осыған ұқсас

жүйе өз тиімділігін дәлелдеді және халық оны белсенді түрде пайдалануда. АҚШ-тағы

«Есептер 529» бағдарламасы азаматтарға жоғары білім алу үшін қаражат жинауға

мүмкіндік береді. Осы оқуға төлемақы төлеу бағдарламасы, салықтық жеңілдіктерге құқық

бере отырып (Qualified Tuition Programs, QTPs), 100 млрд. доллардан аса көлемдегі

қаржымен қолма-қол жұмыс істейді.

2011 жылы МБЖЖ-ны әзірлеу және енгізу жөніндегі іс-шаралар іске асырылды,

сондай-ақ актуарийлік есеп жүргізілді, МБЖЖ-ның қаржылық-экономикалық үлгісін

жасады. «Мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі туралы» және «Мемлекеттік білім

берудің жинақтау жүйесінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобалары әзірленді. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының бірінші

кезеңін іске асыру бейінді мектептер үшін жан басына шаққандағы нормативтік

қаржыландыру әдістемесін әзірлеуді қарастырады (ЮНИСЕФ жобасы).

Мемлекет

«Қаржы орталығы» АҚ (4)

Кепілдік беру туралы өтінімдерді

қарастыру – 50-100%

Студенттер

(қарыз алушы)

(4) Кредиттерді ресімдеу және

ұсыну

Әріптес банктер

(2) Құжаттар пакетін

қарау

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

14

2011 жылы халықаралық тәжірибені және мектеп бюджетін анықтайтын заңнамалық

нормативтерді зерделеу негізінде республика мектептерінің нақты шығысына талдау

жүргізді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына орта, техникалық және

кәсіптік білім беру ұйымдарының жан басына қаржыландыру тетігін пайдалануға мүмкіндік

беретін қажетті толықтырулар енгізілді.

Орта білім беру ұйымдарын жан басына шаққанда нормативтік қаржыландыруды

есептеудің Әдістемесі әзірленді. 2012 жылы

бірқатар аймақтарда аталған әдістемені

сынақтан өткізу жөніндегі дайындық жұмыстарын

жүргізу жопарлануда. ТжКБ ұйымдарының жан

басына қаржыландыру есептеулерінің әдістемесі

Дүниежүзілік банктің қарызы шеңберінде

әзірленеді. ТжКБ ұйымдарының жан басына

қаржыландыру есептеулерінің әдістемесін сынақтан өткізу 2013-2014 жылдары екі

аймақтың базасында өткізу жоспарлануда.

Жан басына шаққандағы қаржыландыру сапалы білім беруге қолжетімділікті және

бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануды арттыруға мүмкіндік береді.

Нормативтік жан басына шаққанда қаржыландыру – мектеп бюджеті оқушылар санына және қаржыландыру нормативтеріне байланысты анықталатын, ал мектеп шығыстарды жоспарлауда дербестік алатын жүйе.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 15

ДЭФ – бұл тәуелсіз халықаралық ұйым. 1971 жылы негізі қаланған. Штаб-пәтері Женева (Швейцария) қаласында орналасқан.Қызметінің негізгі нәтижелерінің бірі жыл сайынғы жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы Есебі болып табылады.

1.2. Қазақстанның білім беру жүйесі: Халықаралық бағалау

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасында негізгі мақсат – білім берудің бәсекелестікке қабілеттілігін

арттыру, экономиканың тұрақты дамуы үшін сапалы білім беруге қол жетімділікке жету

адам капиталын дамыту арқылы қамтамасыз етілуі қажет деп белгіленген.

Қазіргі замандағы жағдайда білім берудің бәсекелестігіне елдің даму болашағы мен

әл-ауқатының көрсеткіші, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне кепіл болуы талап

етіледі.

Жаһандану қазіргі әлемдік үдерістің қайнар көзі болып табыла отырып, мемлекеттер,

мәдениеттер, экономика арасындағы бәсекелестіктің артуы ғана емес, бірігу,

ынтымақтастықтың артуымен де сипатталады.

Үш негізгі орталықтар – Гарвард

университетінің Стратегия және бәсекеге

қабілеттілік институты (АҚШ), Халықаралық

менеджементті дамыту институты (ХМДИ) және

Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) әлем

елдерінің бәсекеге қабілеттілігін анықтайды және

даму үрдісін зерттейді. Барлық елдер үшін осы

рейтингтегі орын дамудың негізгі көрсеткіші болып

табылады. Елдің бәсекеге қабілеттілік рейтінгісі жыл сайынғы Дүниежүзілік экономикалық

форум ұсынған Жаһандық Бәсекеге қабілеттілік индексі (ЖБИ) арқылы анықталады.

Экономикалық дамуының түрлі деңгейлерінде орналасқан 113 айнымалы әлем елдеріне

бәсекеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі сипаттайды.

Айнымалылардың жиынтықтың үштен екісі компания басшыларының жаһандық

пікіртерім қорытындысынан құралады.

Ол зерттеліп отырған елдердің бизнестік-ахуалына әсер ететін кең көлемді

факторларды қамту және оның үштен бірі жалпыға қолжетімді көздерден алынған

деректер (халықаралық ұйымдардың тұрақты негізінде жүзеге асырылатын зерттеу

нәтижелері мен статистикалық мәліметтер). Статистикалық мәліметтердің провайдерлері

халықаралық ұйымдар, Дүниежүзілік банк, Халықаралық Валюталық Қор, ЮНЕСКО және

тағы басқалары, сондай-ақ, елдің ұлттық статистикалық мәліметтер базасы болып

табылады.

Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық айналмалы 12 бақылау

көрсеткіштеріне біріктірілген:

1) Институттар;

2) Инфрақұрылымдар;

3) Макроэкономикалық орта;

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

16

4) Денсаулық сақтау және бастауыш білім;

5) Жоғары білім және кәсіби даярлық;

6) Тауар мен қызмет нарығының тиімділігі;

7) Еңбек нарығының тиімділігі;

8) Қаржы нарығының дамуы;

9) Технологиялық деңгей;

10) Нарық өлшемі;

11) Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі;

12) Инновациялық әлеует.

Әр индикатордың жеке негіздемесі болады және ол басқа индикаторлардың

жағымды және жағымсыз жақтарын күшейте немесе әлсірете алады. Мысалы, елдің

инновациялық әлеуетінің көрсеткішінің артуы (12 индикатор) елдегі жоғары білімді,

индикаторлық үлесінің артуынсыз екіталай (4 және 5 индикаторлар), елдегі зерттеуді

(8 индикатор) қаржыландыруға барабар талаптарсыз-ақ бұл, - технологиялық

(9 индикатор) деңгейді арттыра алады.

Рейтингке қатысушы барлық елдер үш топқа бөлінеді: өндіріс факторлары есебінен

дамушы, ресурстарды тиімді пайдалану есебінен дамушы және инновациялық қызмет

есебінен дамушы.

Зерттеумен қамтылған әрбір ел үшін, индексті есептеуге пайдаланатын талдау

негізінде анықталған ең беделді бәсекелестігінің артықшылықтықтары мен кемшіліктері

бойынша және жалпы тұғырының нақты қорытындысы бойынша ұлттық экономикасы

егжей-тегжейлі сипатталатын есепті құрастырады.

Дүниежүзілік экономикалық форумның (жылдар динамикасы) ЖБИ рейтингісіне

қатысатын мүшелер санының өсу үрдісі байқалады(1.2.1 кесте). 1.2.1-кесте. Динамикадағы ЖБИ (ДЭФ) рейтингісі

жылдар

2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012

Елдер саны 122 125 131 134 133 139 142 144

Қазақстан тұғыры 51 56 61 66 67 72 72 51

2012 ж. ЖБИ рейтінгісінде Швейцария көшбасшы болып отыр. Сәйкесінше Сингапур

мен Финляндия екінші және үшінші орында. Тізімнің бірінші ондығында Солтүстік және

Батыс Еуропа елдері басымдыққа ие болуын жалғастыруда: жоғары жолақта Швеция

(4 орын), Нидерланды (5), Германия (6), Құрама Штаттар (7 орын). (1.2.2 – кесте,

қосымша, 1.2.1- кесте).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 17

1.2.2- кесте. Әлем елдерінің бәсекелестікке қабілеттілік рейтингісі

Елдер ЖБИ индекс

ЖБИ индекс

Өзгерістер

Рейтинг (2012ж). Рейтинг (2011ж.) тренд Швейцария 1 1 0 Сингапур 2 2 0 Финляндия 3 4 1 Швеция 4 3 -1 Нидерланды 5 7 2 Германия 6 6 0 Америка Құрама Штаттары 7 5 -2 Ұлыбритания 8 10 2 Гонконг 9 11 2 Жапония 10 9 -1 Эстония 34 33 -1 Латвия 45 44 -1 Қазақстан 51 72 21 Литва 55 64 9 Словения 56 57 1 Иран 66 62 -4 Ресей 67 66 -1 Украина 73 82 9 Грузия 77 88 11 Тәжікстан 100 105 5 Қырғызстан 127 126 -1 Сьерра-Леоне 143 — — Бурунди 144 140 -4

Дереккөз: Дүниежүзілік экономикалық форум: жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі ,2012

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасынан озық тұғырды көрсеткен, рейтингтің

34 жолақта Эстония, Литва (45), Әзірбайжан (46), сәйкесінше, Латвия (55), Ресей (67).

Посткеңестік кеңістікте басқа мемлекеттері төмендегідей орналасқан: Украина (73 орын),

Грузия (77), Армения (82), Молдова (87), Тәжікстан (100) және Қырғыстан (127). ДЭФ

рейтінгісінде Беларусь жоқ.

Салыстыру үшін, 2011 жылы ТМД елдері келесідей тұғырларды иеленді – Эстония

және Литва (сәйкесінше 33 және 44 орын), Әзірбайжан (55), Латвия (64), Ресей (66),

Украина (82), Грузия (88), Армения (92), Молдова (93), Тәжікстан (105) және Қырғыстан

(126). Бұл ДЭК рейтінгісінде де Беларусь жоқ.

Дүниежүзілік экономикалық форум ЖБҚИ рейтінгісі қорытындысы бойынша

Қазақстан 144 елдердің арасында 51 орынды иеленіп, 21-шіге дейін көтеріліп өз тұғырын

жақсартты, бұл республикадағы жүргізіліп жатқан әлеуметтік және экономикалық

саясаттың тиімділігінің дәлелі.

Осылайша, Қазақстан алдыңғы жылдарға қарағанда өз тұғырлық орнын

11 көрсеткішке жақсартқан, бұл жұмыстарды орындау жауапкершілігін Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігі алған.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

18

1.2.3-кесте Білім беру саласындағы ЖБИ индикаторлары, Қазақстан

Индикаторлар

Жылдар, рейтингтегі орны

2008 2009 2010 2011 2011 жылғы пікіртерім

қорытындысы б/ша 2012

1 Бастауыш білім беру сапасы

68 67 74 77 72 3.7 бал.

(+5) 2 Бастауыш білім берумен

қамту (таза) 85 86 87 90 102

88.2 бал. (-12)

3 Орта білім берумен қамту (жалпы табыс)

51 51 51 18 35 99.6 бал.

(-17) 4 Жоғары біліммен қамту

(жалпы табыс) 36 45 51 59 60

40.8 бал. (-1)

5 Білім беру саласының сапасы

68 66 93 112 101 3.2 бал.

(+11) 6 Математика мен

жаратылыстық-ғылыми білім

80 72 78 85 81 3.8 бал.

(+4) 7 Менеджмент мектебінің

сапасы 98 97 104 109 103

3.7 бал. (+6)

8 Мектептердегі Интернетке қолжетімділік

54 55 63 72 67 4.3 бал.

(+5) 9 Зерттеу және білім беру

қызметінің қолжетімділігі 82 68 76 80 72

4.1 бал. (+8)

10 Қызметкерлердің кәсібилігін арттыру

92 83 98 96 72 3.9 бал.

(+24) 11 Ғылыми-зерттеу

ұйымдарының сапасы 58 80 112 121 108

3.0 бал. (+13)

12 НИОКР саласындағы университеттер мен бизнестің ынтымақтастығы

64 77 111 119 90 3.3 бал.

(+29)

13 Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі

83 74 91 106 104 3.6 бал.

(+2) 14 Мемлекеттік секторда

шешімдерді қабылдаудағы ашықтық

70 83 75 53 32 4.9 бал.

(+21)

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 19

Әлемдік тәжірибедегі елдің рейтінгісіне әсер ететін себептің бірі білім деңгейін

анықтауда әлемдік тәжірибеде оны әр түрлі тұрғыдан қарауы болып табылады. Мысалы,

Еуропада халықты бастауыш біліммен қамту 4-5 жастан деп шешілсе, Қазақстанда

ол 6-7 жастан басталады.

Осылайша, ЮНЕСКО әзірлеген Халықаралық білім беру стандарттық жіктеуішіне

(ХБСЖ) сәйкес базалық білім берудегі

нольдік деңгей бастауышқа дейінгі білім беру

болып табылады, бұл қазақстандық

бастауышқа дейінгі білім берудің міндеттері

мен мазмұнына сәйкестендірілген. Бұнымен

қатар бұл білім сапасының дұрыс өсу

динамикасына әсер етеді.

Білім беру жүйесінің сапасын

бағалауды сөз қылғанда елдің бәсекеге қабілеттілігінің баламалық рейтінгісін

Халықаралық менеджментті дамыту институтының әлемдік бәсекеге қабілеттілікті

зерделеу Орталығы құрастырған (The IMD World…… Лозанна, Швейцария) рейтінгі болып

табылады.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік саласындағы мемлекеттік саясатты

қалыптастыру үшін бірқатар елдер осы зерттеу қорытындыларын сондай-ақ, оны ірі

компаниялардың стратегиялық бизнес-шешімдеріне пайдаланылады.

Рейтингті есептеуде БҰҰ, ДСҰ, ОЭСР, ӘВҚ, ӘСҰ, Дүниежүзілік банк сияқты, сондай-

ақ әлем бойынша 57 серіктес институттар сияқты халықаралық ұйымдардың мәліметтері

пайдаланылады.

Бүгінде IMD төрт негізігі көрсеткіштегі 331 критерий бойынша талдау негізінде

бәсекеге қабілеттілік мәселесі бойынша зерттеу жүргізеді:

- Экономиканың жағдайы;

- Үкіметтің тиімділігі;

- Іскер ортаның жағдайы;

- Инфрақұрылым жағдайы.

Әр көрсеткіш тең арасалмақ және бес

фактордан тұрады. Бәсекеге қабілеттіліктің

тұтас рейтингі елдің экономикалық өмірінің

төрт аспектісіндегі 20 түрлі

индикаторларына негізделген. IMD рейтингісінің Дүниежүзілік экономикалық форумнан

өзгешелігі – кері арасалмақ негізінде, яғни: үштен екісі – статистикалық мәліметтер және

үштен бірі – сараптама бағасынан құрастырылады. Қазақстан бұл рейтингке 2008 жылдан

бастап қатыса бастады.

The IMD World Competitiveness Yearbook — жылсайынғы бәсекеге қабілеттілік талдаулық зерттеуі. 1989 жылдан 1996 жыл аралығында жүргізілді. Институт экономиканың бәсекеге қабілеттілігі туралы есебін Дүниежүзілік экономикалық форумның талдау тобымен бірге жүргізген, ал 1996 жылдан бастап осы екі ұйым екі түрлі зерттеу шығарады.

IMD мамандары бәсекеге қабілеттілікті «елдің еркін және адал нарықтық қатынасы жағдайында халықаралық нарық талаптарына сай қызметтер мен тауарларды шығару, сонымен қатар өз азаматтарының нақты табыстарын көтеру мен қолдау көрсетуде ұзақ мерзімді болашағын » анықтайды.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

20

2012 жылғы зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы 32 орын алды,

бұл былтырғы жылмен салыстырғанда рейтинг нәтижесіндегі өз тұғырын 4 пунктке

жоғарылатқанын көрсетеді.

Көптеген көрсеткіштер бойынша жақсару байқалады. Мысалы, «Экономикалық

қызмет» факторы бойынша Қазақстан 35-ші орыннан 28 орынға жоғарылап, өз тұғырын

7 пунктіне жақсартты. Салыстыру үшін, 2010 жылы ол 1 пунктке ғана болса, 2011 жылы

8 тұғырға жоғарылады. Бұл фактордың өсуі «Халықаралық сауда» субфакторының

(18-ші тұғырға жоғарылауы, 21 орын) тұғырлық жақсаруына, «Ішкі экономика»

(3 тұғырға жақсаруы, 36 орын) және «Жұмыспен қамту» субфакторының тұрақты тұғырына

(14 орын) байланысты жақсарған.

«Үкіметтің тиімділігі» (3 пунктте), «бизнестің тиімділігі» (2 пунктке) факторлары

бойынша көрсеткіштер жақсарған. «Еңбек нарығы» субфакторы (10 пункте жақсару,

5 орын) Қазақстан экономикасының бәсекелік артықшылығы болып қалуда.

«Инфрақұрылым» факторы бойынша 46 орыннан 43-ке жоғарылады.

Жоғарылау барлық бес құрамдас бөлік субфакторлары бойынша :

«Базалық инфрақұрылым» - 34 орын (2 пунктке),

«Технологиялық инфрақұрылым» - 38 орын (4 пунктке),

«Ғылыми инфрақұрылым» - 52 орын (3 пунктке),

«Денсаулық сақтау мен қоршаған орта» - 53 орын (2 пунктке),

«Білім беру» - 40 орын (1 пунктке).

2012 жылғы рейтинг бойынша Қазақстан Чех Республикасы (33 орын), Үндістан

(35 орын), Түркия (38-ші орын), Италия (40-шы) және Португалия (41-ші) сияқты

мемлекеттердің алдында орналасқан.

ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейді 16 пунктке (48 орын) және Украинаны

24 пунктке (56 орын) басып озып, көшбасшылық тұғырды иеленді.

2012 жылғы зерттеу нәтижелеріне сәйкес көшбасшы үштікке Швейцария енді.

Дүниежүзі бойынша бәсекеге қабілетті көшбасшы Гонконг (Қытайдың ерекше әкімшілік

ауданы), одан әрі АҚШ пен Швейцария сәйкесінше екінші және үшінші орындарда.

Бәсекеге қабілетті экономикасымен бірінші ондыққа енгендер – Сингапур, Швеция,

Канада, Тайвань, Норвегия, Германия (1.2.1-кесте).

IMD Лозанна институты рейтингісіне Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

мақсатында әлеуметтік экономикалық реформаларды белсенді жүргізілген елдер ғана

қатыстырылады, ал ДЭФ рейтінгісіне барлық дүниежүзілік елдер қатыстырылған.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 21

1.2.4- кесте 2012 жылғы бәсекеге қабілетті елдер рейтингісі Рейтинг Елдер Индекс Рейтинг Елдер Индекс Рейтинг Елдер Индекс

1 Гонконг 100.000 21 Австрия 77.673 41 Португалия 60.380

2 АҚШ 97.755 22 Оңтүстік Корея

76.747 42 Индонезия 59.499

3 Швейцария

96.679 23 Қытай 75.769 43 Филиппины

59.271

4 Сингапур

95.923 24 Жаңа Зеландия

74.881 44 Перу 58.711

5 Швеция 91.393 25 Бельгия 73.484 45 Венгрия 57.340

6 Канада

90.289 26 Исландия 71.541 46 Бразилия 56.524

7 Тайвань

89.959 27 Жапония 71.354 47 Словакия 55.667

8 Норвегия

89.673 28 Чили

71.285 48 Ресей

55.159

9 Германия

89.257 29 Франция

70.003 49 Иордания 53.235

10 Катар 88.475 30 Таиланд

69.001 50 Оңтүстік Африка

53.160

11 Нидерланды

87.158 31 Эстония 66.947 51 Словения 52.957

12 Люксембург 86.052 32 Қазақстан 66.187 52 Колумбия 51.893

13 Дания 84.876 33 Чехия 66.187 53 Румыния 48.929

14 Малайзия 84.217 34 Польша

64.179 54 Болгария 48.450

15 Австралия 83.185 35 Үндістан 63.596 55 Аргентина 48.197

16 БАЭ 82.486 36 Латвия 63.422 56 Украина 46.878

17 Финляндия

82.467 37 Мексика 63.180 57 Хорватия 45.301

18 Ұлыбритания 80.142 38 Түркия 62.244 58 Грекия 43.054

19 Израиль 78.565 39 Испания 61.118 59 Венесуэла 31.454

20 Ирландия 78.465 40 Италия 60.641 - - -

Источник: Institute of Management Development: 2012 жылғы әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілік рейтингісі

Біріккен Ұлттар Ұйымының даму Бағдарламасының (бұдан әрі - БҰҰДБ) жыл сайынғы есептеулерінде қоғамдық прогресстің баламалық көрсеткіші Адами әлеуетті дамыту индексі (бұдан әрі - АӘДИ) болып табылады.

БҰҰ-ның адам дамуы туралы мәліметтер есебі әдетінше екі жылға кешігеді, өйткені

олар ұлттық статистикалық қызмет мәліметтері туралы жарияланымнан кейін ғана

халықаралық салыстыруды өткізеді. Осылайша, 2011 жылғы ағымдық баяндамада

2009 жылғы қорытынды бойынша мәліметтер есептелінеді. Адами дамуы индексі (АДИ)

2011 жылы 187 ел мен территорияны қамтиды, 2010 жылы ол 169 болған.

Рейтингтегі барлық елдер төрт категория бойынша жіктеледі:

- АДИ өте жоғары деңгейдегі елдер;

- АДИ жоғары деңгейдегі елдер;

- АДИ орташа деңгейдегі елдер;

- АДИ төмен деңгейдегі елдер.

2011 жылғы АДИ-ге сәйкес, Норвегия әлемдегі ең әл-ауқатты ел болып табылады.

Ең әл-ауқатты ел бестігіне сондай –ақ, Австралия, Құрама Штаттар және Жаңа Зеландия,

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

22

АДИ – елдегі адам дамуы деңгейінің бүтін көрсеткіші. Индекс елдің жетістігін, оның азаматтарының фактіге негізделген табысы мен денсаулығы, білім алу жағдайы тұрғысынан өлшенеді.

Нидерланды кірді. Рейтингте Қазақстан 187 елдің ішіндегі 68 орынды иеленді және АДИ

жоғары деңгейдегі елдер тобына кіреді. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының даму

Бағдарламасы дайындаған (БҰҰДБ), «Адам дамуы туралы баяндама 2011» жарияланады

(Human Development Report 2011).

Бұнымен қоса Қазақстан Беларуссиядан үш тұғырға төмен және Ресейден екі

тұғырға төмен орналасқан. Соған қарамастан осы топқа кірген Әзірбайжан, Украина және

Грекияны басып озып, сондай-ақ АӘДИ орташа елдер тобына кірген Түрікменстан, Қытай,

Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанды озып кетті (кесте - 1.2.5). 1.2.5. - Кесте БҰҰДБ рейтингісіндегі жеке елдер тұғыры, 2011 жыл

АӘДИ өте жоғары АӘДИ жоғары АӘДИ орташа АӘДИ төмен

Ел Орыны Ел Орыны Ел Орыны Ел Орын

Норвегия 1 Беларусь 65 Қытай 101 Камерун 150

Австралия 2 Ресей 66 Түрікменстан 102 Мадагаскар 151

Нидерланды 3 Гренада 67 Таиланд 103 Танзания 152

АҚШ 4 Қазақстан 68 Суринам 104 Жаңа

Гвинея

153

Жаңа

Зеландия

5 Коста-Рика 69 Сальвадор 105 Йемен

154

Канада 6 Албания 70 Габон 106 Сенегал 155

Ирландия 7 Ливан 71 Парагвай 107 Нигерия 156

Дереккөз: БҰҰДБ Адам дамуы туралы баяндамасы, 2011.

Баяндама дәстүрлі АДИ туралы үш негізгі бағыт бойынша ақпараттан тұрады:

- Денсаулық пен ұзақ өмір сүру, туылған кезінен бастап өмір жасының ұзақтығының күтілетін көрсеткіші өлшенеді;

- Білім алуға қолжетімділік, жалпы табыспен бірге білім берумен қамту коэфиценті және халықтың ересек топтарының сауаттылық деңгейімен өлшенеді;

- Лайықты өмір сүру деңгейі; Сатып алу қабілетінің теңгестірілімі бойынша АҚШ долларын жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) шамасында өлшенуі.

2011 жылғы Адам даму туралы баяндама мәліметтері бойынша Қазақстан халқының ересек тобының сауаттылық деңгейі 99,7 % (15 жас пен одан да жасы үлкен адамдардың % кіргізіледі) құрады. Бұл елдегі ересектердің сауаттылық деңгейінің өте жоғарылығын көрсетеді.

Бастауыш білім берумен қамту деңгейі бойынша жалпы табыс коэффиценті 108,8% құрады, орта біліммен қамту 98,5%, жоғары біліммен қамту 39,5%, Қазақстанда бір мұғалімге 16,2 оқушыдан келеді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 23

ЮНЕСКО-ның мәліметтері бойынша білім беруді дамыту индексі (БДИ) бойынша соңғы жылдарда Қазақстан IMD елдерінің ішінде басқаларынан озық және көшбасшылар қатарында тұр: Беларусь – 26, Грузия – 30, Тәжікстан – 31, Қырғыстан – 42, Армения – 43, Өзбекстан – 48, Украина – 53, Молдова – 59.

Бұл рейтинг білім берудің барлық жүйесін құрамайды, тек бір деңгейге - жалпы орта білім беруге ғана құрастырылады. БДИ-де төрт құрамдас бөлік ескеріледі:

- Ел халқын жалпыға бірдей бастауыш білім берумен қамту; - Ересектердің сауттылық деңгейі (15 жастан жоғары); - Гендерлік теңдік (әйелдер мен ерлердің білім алуға тең құқығы); - Бастауыш мектептің соңғы сыныбына дейін оқып шыққан азаматтар үлесі

(5-ші сыныпқа дейін). Рейтингтегі жоғары тұғырға жетуіміз біздің елдегі мектепалды даярлық пен он бір

жылдық орта білім берудің міндетті және тегін болуы. БДИ рейтингісінен көргеніміздей, Қазақстанның білім беру жүйесінің тиімділігі

көрсеткішіне қарағанда нәтижелілік көрсеткішінің (гендерлік теңдік пен 5-ші сыныпқа дейін оқып шыққандар үлесі) барынша жоғары деңгейде екені көрінеді.

Халықаралық бағалаудың беделді дереккөзінде елдердің әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) әсері – Дүниежүзілік экономикалық форумның ақпараттық технологиялардың дамуы туралы Есебінде 2011-2012 жылдары желілік даярлық индексі бойынша рейтингте Қазақстан әлемнің 142 елінің ішінде 55-ші орын иеленуі, ал 2010-2011 жылдарғы есепте Қазақстан 67 тұғырға, 2009-2010 жылдары – 68 тұғырда болған. Бұл елдегі ақпараттық технологияның даму қарқынының жеткілікті деңгейде ұйымдастырылуынанда еместігінен.

Желілік даярлық индексі – 2001 жылы әзірленген АКТ дамуының кешендік көрсеткіші. Бұл Дүниежүзілік экономикалық форум мен 2002 жылдан басталған INSEAD Халықаралық бизнес мектебінің есебі бойынша. Қазіргі кезде бұл рейтинг елдің әл-ауқаты мен бәсекеге қабілеттілігіне АКТ-ның әсерін, халықаралық бағалаудың толық және беделді дереккөз болуында.

Зерттеу авторлары АКТ-ның дамуы мен экономикалық әл-қуат арасында тығыз байланыс бар деп санайды, өйткені АКТ бүгінде адам өмірінің деңгейін көтеруге жағдай жасау арқылы іскерлік белсенділікке ынталандырады және экономиканы диверсификациялайды, бәсекеге қабілеттілікті дамытуда жетекші рөл атқарады.

Халықаралық тәжірибе мен Қазақстанның Халықаралық рейтингтерге қатысу тәжірибесі көрсеткендей, ең бастысы адам капиталына - білім беруге инвестиция салу, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің өсуіне ықпал ету. Халықаралық қауымдастықтағы мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігі өз кезінде ондағы азаматтардың білімі мен даму деңгейіне тікелей байланысты.

Әлем елдеріндегі білім деңгейі индексі - БҰҰ (БҰҰДБ) даму Бағдарламасының аралас көрсеткіші. АДИ (Human DevelopmentIndex) есептеуге қолданылады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

24

2. МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

2.1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған

Мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың басым

бағыттарының бірі – «Балаларды мектепке дейінгі сапалы тәрбиемен және оқытумен

толық қамтуды, оларды мектепке даярлау үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

әртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз ету» анықталған. Мектепке

дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту және

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету міндеті

нақтыланды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың нысаналы индикаторы

анықталды – 3-6 жастағы балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқытумен,

балаларды мектепте оқытуға сапалы даярлықпен қамту үшін жағдайлар жасау.

2011 жылы халықты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы

қызмет көрсетуге қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жекеменшік

балабақшалар желісін кеңейту жұмыстары жандандырылды. Балаларды мектепке дейінгі

тәрбиемен қамту көрсеткішінің ұлғаюы тек республикалық және жергілікті бюджет

есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды салу арқылы ғана емес, сонымен қатар шағын

орталықтар ашу арқылы да көбейгені байқалады. Бұрын жекешелендірілген

балабақшаларды қайтару және сатып алу, жалға алынған коммуналдық меншіктегі

жекелеген ғимараттарды босату жұмыстары жүргізілуде.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі

2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде меншік нысанына қарамастан жан басына шаққандағы қаржыландыру әдісімен мемлекеттік тапсырысты орналастыру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін мектепке

дейінгі білім беру секторының тартымдылығын арттыруға мүмкіндік берді. Заңнамалық

деңгейде жекеменшік балабақшаларды ашуға жағдайлар жасалды. Ол өз кезегінде

мемлекеттік жекеменшік әріптестікті (МЖӘ) дамытуға әсер етті. Ірі қалалар мен облыс

орталықтарының балабақшаларында орын тапшылығы көрсеткішінің азайғандығы

байқалады. Жекеменшік балабақшалардың желісі 2011 жылы 2010 жылғымен

салыстырғанда 102 бірлікке артып, 449 бірлікті құрады (2.2.1-сурет).

2011 жылы республиканың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын саны

бұрын жекешелендірілген балабақшалардың ғимаратын қайтару есебінен 194 271-ге

артты (11 800 орындық). 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және

оқытумен қамту көрсеткіші барынша артты, яғни 55%-дан (2010 ж.) 65,4%-ға (2011 ж.).

Осылайша ҚР БҒМ 2013 жылдарға арналған Стратегиялық жоспарының нысаналы

индикаторына қол жеткізілді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 25

2.1.1-сурет. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының желісі,бірлік, 2011 жыл

оның ішінде,

2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі білім беру

ұйымдарының желісі 2010 жылмен салыстырғанда 1145 бірлікке артып, 7 591-ді құрады.

Олардағы тәрбиеленушілердің саны 538 527 баланы құрайды, яғни 2010 жылмен

салыстырғанда 17,1%-ға артық. (2.1.2-сурет) 2.1.2-сурет. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының желісі мен контингенті, бірлік /мың адам

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

2011 жылы шағын орталықтардың желісі 2010 жылмен салыстырғанда 815 бірлікке артты. Олардың жалпы саны 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 5000 бірлікті құрады. Оларда 152 549 (28,3%) бала тәрбиеленеді.

2261

330,8

4185

115,7 347 31,3

2591

386

5000

152,6 449 42

Бала

бақш

алар

Бала

бақш

а тә

рбие

лену

шіл

ері

Шағ

ын

орта

лықт

ар

Шағ

ын

орта

лық

тәрб

иеле

нуш

ілер

і

Жек

емен

шік

бала

бақш

алар

Жек

емен

шік

бала

бақш

а тә

рбие

лену

шіл

ері

2010жыл 2011жыл

Шағын орталықтар

Балабақшалардағы шағын орталықтар

49

Тұрақты жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдар

2586

Басқа ұйымдардағы жекеменшік

шағын орталықтар

87

Маусымдық жұмыс істейтін балабақшалар

5

Мектептердегі шағын

орталықтар 4864

Балабақшалар 2591

Жекеменшік балабақшалар

449

Басқа меморгандарға

бағынысты 19

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған

балабақшалар 39

«Мектеп-балабақша» шағынжинақты МҰ

835

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

26

2011 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан балабақшалардың үлесі 385 978 бала бар, 2 591 бірлікті құрайды.

2011 жылы республикада 449 жекеменшік балабақша жұмыс істейді, оларда 42 045 бала бар. Бұл балабақшалардың жалпы санынан 18%--ды құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 7 жасқа дейінгі балалардың саны

2 254 341-ды құрайды. Олардың 1 жасқа дейінгілері - 396 261, 1-6 (7) жастағы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту – 587 654, 5-6(7) жастағылар (жазғы) - 405 099, үйде тәрбиеленетіндер-675 978 адам.

ҚР БҒМ деректері бойынша, 1-6(7) жастағы балаларды қамту 2011 жылы 43,5%-ды құрады, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 1,9%-ға өскен.

Мектепалды даярлық 2011 жылы 6 324 жалпы білім беретін мектепте 11 504 мектепалды сыныптар

жинақталды. Ондағы балалар саны 189 349 баланы құрады. Мұндағы 141 474 балаға арналған 5 419 мектепалды топтарының 1557 балабақшаларда және 901 шағын орталықтарда орналастырылған.

Мектепалды сыныптар мен топтарда балалар саны жыл сайын өсуде. Егер 2010 жылы 5-6(7) жастағы мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету көрсеткіші 89% болса, 2011 жылы – 90,4% (қалалық жерлерде – 91%, ауылдық жерлерде – 85,6 %).

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны Республиканың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесі

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүзеге асырылады (ҚР МЖМБС 1.001.2009). Стандарт тәрбие мен оқыту мазмұнына қойылатын нормалар мен талаптар жүйесін белгілейді, қоғамның талаптарын көрсететін және тұлғаның мүмкіндігін ескеретін білім берудің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын негізгі өлшемдерді анықтайды.

2011 жылы мектепке дейінгі білім беру жүйесінде «Балбөбек», «Қайнар», «Алғашқы қадам» (1-3 жас), «Зерек бала» (3-5 жас), «Біз мектепке барамыз» (5-6(7) жас) балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламаларын іске асыру жалғастырылды. Бағдарламалар балалардың мектепке жалпы (психологиялық) дайындығын қамтамасыз етеді және білімге құмарлығын, шығармашылық қабілетін және коммуникативтік дағдыларын дамытуды қамтиды.

«Алғашқы қадам» ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың

бағдарламасында «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық»,

«Социум» атты МЖБС бес білім беру бағдарламасына ықпалдасуда психологиялық

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 27

жағдай жасудың жаңа идеялары қарастырылған. Бағдарламаның мазмұны барлық түрлер

мен нысандарда ерте жастағы балаларға тұлғалық бағытталған тәсілдерді үйрету

қамтылған.

Әлеуметтендірудің бірыңғай процесі – өзінің мүмкіндіктерімен және қабілеттілігімен,

қажеттілігімен баланың санасы арқылы тұлғаны дараландыруды «Зерек бала» (3-5 жас)

мектепке дейінгі кіші жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту бағдарламасы қамтамасыз

етеді. Бағдарлама қазіргі балалардың танымдық қызығушылығына тиісті толыққанды білім

беру мазмұнының болуын қарастырады.

«Біз мектепке барамыз» (5-6(7) жас) бағдарламасы мектеп жасына дейінгі баланың

жас ерекшелігі нормаларына сәйкес келесі деңгейдегі мектептік оқытуға дайындығын

анықтайды және дербес шығармашылық әлеуетін ашу үшін жағдайлар жасауды

қарастырады.

Аталған бағдарламалар мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімі арасындағы

сабақтастық проблемаларын тиімді шешуге ықпал етеді. Бағдарламаның барлық

түрлерінің мазмұнын іске асыру МЖБС білім беру салаларымен тығыз байланысты негізгі

жұмыстарды қарастырады, олардың әрқайсысы мақсатты бағыттары бар дербес

тараулардан тұрады. Балаларды дамыту бағдарламасында бағдарламалық-әдістемелік

сүйемелдеу (педагогтерге арналған әдістемелік құрал, хрестоматия, әліппе-дәптер, ата-

аналарға арналған дидактикалық материалдар мен құралдар) көзделген.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер балабақшалардың әдістемесі мен

практикасына ғылыми идеялар мен әзірлемелер енгізуге негізделген. Бұл, өз кезегінде

мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогтардың құзыретіне талаптардың өзгергенін

көрсетеді.

Инклюзивті білім беру бойынша әдістемелік жұмыстар әзірлемелеріне басты назар

аударылған. Балалардың дарындылығын ерте анықтау, дамудың дербес білім беру

бағдарламаларын әзірлеу, оның ішінде ағылшын тілінде ерте оқу бойынша мектепке

дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагог кадрларының қызметі жандандырылды.

2011 жылы инновациялық мектепке дейінгі ұйымдар мен балабақша топтарын

желісін дамыту үрдісі байқалуда. Мектепке дейінгі гимназиялардың саны 10 бірлікті,

12 оқу-тәрбие және сауықтыру орталығын, 3 авторлық балабақшаны, инновациялық

бағыттағы 81 балабақшаны, жалпы қолданымдағы балбақшалардағы 13 гимназия

топтарын құрайды. Осындай мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды қамту 7,5 мың

баланы құрайды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ

балабақшалардың барлық модельдеріне арналған оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мен

мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар әзірледі. Мектепке дейінгі ұйымдар мен ата-

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

28

аналардың білім беру процесіне және балабақшаларды басқару ісіне қатысуы арқылы

олардың арасындағы байланысты нығайту жұмыстары жандандырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларға психологиялық кеңес беру,

педагогикалық көмек көрсетулер, ата-аналарға арналған Консультациялық пункттерде

жүзеге асырылады. 2011 жылы республикада ата-аналарға арналған

1 106 консультациялық пункттер қызмет жасаған. Олардың қызметі ата-аналарға

арналған Консультациялық пункттер қызметін ұйымдастырудың Типтік ережелеріне

сәйкес жүзеге асырылады.

Республиканың мектепке дейінгі ұйымдарында «Өзін-өзі тану» білім беру

бағдарламасы табысты іске асуда. Бағдарлама балалардың рухани құндылықтарын

дамытуға, интеллектуалдық дамуына, әлемге деген оң көзқарасын қалыптастыруға

бағытталған, бұл Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес жүзеге

асырылады.

Инклюзивті білім беру 2011 жылы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша

және балабақшаларда 274 арнайы топ жұмыс жасайды. Олардың балабақшалардағы

контингенті – 5142, арнайы топтарда – 4970 бала. 2010 жылмен салыстырғанда олардың

саны 5 бірлікке артты (2010 жылы - 34 бірлік), арнайы топтардың саны 6 бірлікке азайды.

Республикада сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 354 логопедтік пункттер

бар. Оңалту орталықтарында, түзету балабақшаларында еркі жағынан және мінез-құлқы

бұзылған және басқа да даму қабілеттері бұзылған балаларға арналған эксперименттік

топтар бар. Қарапайым балабақшада жүріп-тұру қызметтері бұзылған балалар топтарына

арналған оқытудың әртүрлі кіріктірілген нысандары енгізілді.

Даму мүмкіндіктері шектелген балаларға оқытуды ұйымдастыру мақсатында «Типтік

арнайы білім беру оқу бағдарламасы» әзірленді және бекітілді. Аталған бағдарламалар

ауру түрлері мен психофизикалық дамуында бұзылу деңгейлері ескеріле отырып

әзірленді. Арнайы мектепалды ұйымдарда дамуында сөйлеу, ойлау қабілеті,

эмоциональдық-еріктік салада бұзылуы бар және басқа да өзгершеліктері бар

мектепалды жастағы балаларды топтық және жеке психолого-педагогикалық сүйемелдеу

бағдарламасы саралаудан өткізілді.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балалар және арнайы ұйымдар туралы

орталықтандырылған деректер банкі енгізілді. Бұл білім беру ұйымдарының желілерін

кеңейту және арнайы білім беру жүйесін басқару сапасын жақсарту бойынша

үйлестірілген шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 29

Инклюзивті білім беру әдістемесінің осы бейініне керекті мамандарға қажеттілікке

сәйкес олар педагогикалық оқу орындары, колледждер мен мұғалімдердің біліктілігін

арттыру институттарының оқу бағдарламаларынан орын алады.

Осылайша, мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін білім беру қызметінің

қолжетімділігі психолого-педагогикалық түзету және медициналық қолдау көрсету

кешендік жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бірақ денсаулығы нашар балаларға арналған

санаториялық топтар мен дамуында проблемасы бар балаларға арнайы мектепалды

ұйымдар жүйесін кеңейту мәселесі өзекті күйінде қалып отыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін қаржыландыру

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру

кезеңінде мемлекеттік органдардың білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі мектепке

дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың

қолжетімдігін қамтамасыз етті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған шығындарды талдау 2010 жылмен

салыстырғанда мемлекеттік бюджеттен шығыстардың өскенін көрсетеді. Мысалы,

2011 жылы мектепке дейінгі білімге 93 590 мың теңге (білімге арналған шығыстардың

жалпы көлемінен 9,3%), бұл көрсеткіштің былтырғы жылдан 30 268 мыңға өскендігін

көрсетеді.

ҚР БҒМ стратегиялық құжаттарындағы нысаналы индикаторлар жетістігі мен

«Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды

дамытуға жергілікті атқарушы органдардың қаржыландырылуы өскендігін байқауға

болады (білім берудің жалпы шығынынан 2010 жылы - 9,5%, 2011 жылы - 10,1% ).

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасындағы басты

міндеттердің бірі педагогикалық қызметкерлердің еңбегін ынталандыру. Оны іске асыру

мектепке дейінгі ұйымдар қызметкерлерінің орташа жалақысын өсіруге ықпал етті.

Бұл көрсеткіштің мәні 2010 жылмен салыстырғанда 11,6 мың теңгеге (2010 жыл –

42,2, 2011 жыл - 53,8 мың теңге) өсті.

Бір баланы асырауға бөлінетін шығыстардың өскені байқалады. 2010 жылы аталған

көрсеткіш 140,3 мың теңгені, ал 2011 жылы - 163,7 мың теңгені құрады.

Материалдық - техникалық база 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда балабақшалардың жалпы санынан үлгілік

балабақшалар саны 6,2%-ға (163 бірлік), ыңғайластырылған ғимараттар 6,4%-ға

(167 бірлік) өскен. Ыңғайластырылған ғимараттарда балабақшаларды ашу білім беру

ұйымдарының құрылымы мен мазмұнына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық

талаптарға (ҚР ДМ 13.01. 2010 ж. № 13 бұйрығы) сәйкес жағдайлар жасау арқылы жүзеге

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

30

асады.

2011 жылы апатты жағдайдағы мектепке дейінгі ұйымдар көрсеткіші 10 бірлікке

(0,3%) төмендеді.(2010 жыл -13, 2011 жыл – 1 бірлік).

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда ыстық суы жоқ балабақшалардың саны

4,6% (35 бірлік азайды. Кәріздері жоқтар – 4% (37 бірлік).

Кадрлармен қамтамасыз ету Мектепке дейінгі білім сапасын арттыру педагог кадрлардың жоғары кәсібилігі

арқасында мүмкін болады. Мектепке дейінгі ұйымдар мазмұнын жаңарту, әдістемелік

жұмысты жетілдіруді және инновациялық білім беру технологияларын пайдалануды

талап етеді.

Соңғы үш жылда балалармен жұмыс істеу процесінде ақпараттық технологияларды

пайдалану динамикасының артқаны байқатады (2009 жыл – 425, 2010 жыл – 1675 , 2011 жыл

– 2371 бірлік). Компьютерлік технологиялар 2371 (91,5%) балабақшаларда қолданылады.

Мектепке дейінгі ұйым педагогының білім беру деңгейін талдау 2011 жылы жоғары

білімді адамдардың көбейгені байқалады - 56,4% (2010 жыл- 55,5%). Осы ретте жоғары

білімді педагогтар олардың жалпы санынан 21,2%-ды (2010 жыл-22,1%) құрады.

2010 жылмен салыстырғанда жоғары санаты бар педагог қызметкерлер саны

0,7%-ға азайған, бірінші санатты – 1,5%, екінші санатты- 1,9%. Осы ретте санаты жоқ

педагогтер саны 4,1%-ға артқан.

Педагог қызметкерлердің саны 20 жыл ішінде 29%-ға артты (2010 жыл –

5 110, 2011 жыл – 6 108 адам). Алдыңғы жылдармен салыстырғанда 5 жыл еңбек өтілі

барлардың саны 3,5 %-ға артты, 15 жылдық еңбек өтілі барлар 3,2 %ға азайған.

Шағын орталықтар мен мектепалды сыныптардың педагог қызметкерлерінің

біліктілігін арттыру Бағдарламасы жақсарып және оқу жоспарының көрсеткіштері де

өскендігі байқалады. Егер 2010 жылы біліктілікті арттыру курсынан 9 327 педагог өтсе,

2011 жылы олардың саны 12 249 адамды құрады. Білім берудегі менеджмент мәселелері

бойынша біліктілікті арттырудан 2010 жылы 568 мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі,

2011 жылы 604 адам өтті.

Балабақша педагогтерінің инновациялық жұмысы және «Балапан» Бағдарламасын

іске асырудың барысы туралы ақпарат республиканың педагогикалық ортасында кеңінен

талқылануда. Осылайша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін ұсыну сапасы

бойынша білім беру саясатын іске асыру туралы жұртшылықты ақпараттандыру

жұмыстары жүргізіледі.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 31

Негізгі қорытындылар мен ұсыныстар:

Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды

қамтудың айтарлықтай өскенін атап өтуге болады (2011 жылғы 55,6% жоспарланғаннын

65,4 %). ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарының 2013 жылғы нысаналы индикаторына 2011

жылы қол жеткізілді.

Мектепке дейінгі даярлықпен балаларды қамтудың артуы бойынша жүргізіліп

жатқан саясатпен қатар балаларды ерте бастан оқытуға тәрбие мен оқытуда

инновациялық технологияларды енгізумен бірге бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз

ету мазмұнын да қайта қарау керек.

Қазіргі мектептердегі көптілді оқыту міндеттерін шешу үшін мектепке дейінгі

жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытуда инновациялық технологияларды енгізу

арқылы арнайы үштілді оқыту бағдарламасын әзірлеу қажет.

Мектепке дейінгі педагог мамандарға деген қажеттілік сақталуды (тәрбиешілерге

79,8%, психологтарға – 77%, дене шынықтыру нұсқаушыларына – 81%, музыкадан

беретін қызметкерлерге тапшылық – 67%). Осыған байланысты балалардың өсімінің арту

мәліметтерін болжау мен қажеттілікті ескере отырып, мектепке дейінгі білім беру

мамандарын даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту мүмкіндіктерін қарастыру керек.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту балабақшаларды

компьтерлік техникамен, жаңа технологияларды пайдалана отырып, дамытушы және

білім беруші оқулар арқылы техникалық жағынан, оның ішінде сандық білім беруші

ресурстар арқылы да жарақтандыруды талап етеді.

Ерте бастан оқыту саясатының жүргізілуіне байланысты жергілікті атқарушы

органдар мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базаларын нығайтып

және дамытуға арналған сабақтар үшін арнайы жабдықтар мен топтық оқытуға арналған

оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етулері қажет.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін арнайы білім беру қызметінің

сапасы мен қол жетімділігі психолого-педагогикалық түзеу мен медициналық қолдау

көрсетудің кешендік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытуға азаматтың қоғамдастықты тарту

мақсатында қамқоршы кеңестерді құру арқылы педагогтар мен ата-аналар арасындағы

серіктестік қатынастарды дамыту бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

32

Орта білім беру - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.2. Жалпы орта білім беру

Тез өзгеретін әлемде мектептердегі

жұмыстардың басым бағыттары болып - терең

білім мен біліктің негізінде өздігінен дами алатын,

сондай-ақ өз бетінше дұрыс және жауапты шешім

қабылдауға қабілетті тұлғаны қалыптастыру

болып табылады.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру

ұйымдарында тегін біліп алуға берілген өздерінің

конституциялық құқықтарын 2,5 миллионнан астам оқушы іске асыруда.

Бүкіләлемдік экономикалық форум БҚЖ (ГИК) рейтингісі бойынша 2011 жылы

жалпы орта білім берумен қамту коэффициенті 99,6 %-ды құрады, бұл 144 қатысушы-

мемлекеттердің арасындағы 35 тұғырға сәйкес.

Сапалы мектеп бiлiмiне тең қол жетімді жағдай туғызу міндеттері тұжырымдамалық

құжатта - Бiлiм беруді дамытудың 2020 жылға дейiнгі Мемлекеттік бағдарламасында

белгiленген. Осы құжаттың бағдарламалық мақсаты үздік бiлiм беретiн қорлар мен

технологияларға, яғни бiлiм беру процесіне қатысушылардың барлығына теңдей қол

жеткізуін қамтамасыз етуге, педагог кәсібінің беделін көтеруге, білім беруді басқарудың

мемлекеттiк-қоғамдық жүйесін құруға бағытталған қаржыландыру жүйесiн жетiлдiру болып

табылады.

Бiлiм беруді дамытудың 2020 жылға дейiнгі Мемлекеттік бағдарламасын iске

асырудың бірінші жылында алға қойылған мақсаттарға жетудің негiздері қаланған.

Мұғалімге лайықты еңбекақы төлеуді, мұғалiмдердi даярлау жүйесi мен жұмыс iстеп

жүрген педагогтардың біліктілігін жетiлдiру мәселесін жаңғыртуды, үздік педагогикалық

тәжірибелердің нәтижелерін насихаттауды қамтамасыз ету сияқты бағыттар бойынша

мұғалім кәсібі мен мәртебесін көтеру жөніндегі жұмыстар басталды.

«E-learning» электрондық оқыту жобасы iске қосылды. Мақсаты - білім беру

процесінің барлық қатысушыларының үздік инновациялық технологияларына теңдей қол

жеткізуін қамтамасыз ету. 2020 жылға қарай осы жобамен 90% мектептердi қамту

жоспарлануда. Инфрақұрылымның жаңаруы және құқықтық базаның жетілдірілуі арқылы

республиканың шағын жинақты мектептерiнiң (ШЖМ) мәселелерiн шешудің тетiктерi iске

асырылды.

«Нәтижеге бағдарланған бюджет» принципін іске асыру мақсатында білім беруде

жан басына шаққандағы қаржыландырудың құқықтық әдiстемесi әзірленді. Мектептік бiлiм

беру желісін институционалдық қамтамасыз ету жалғасуда.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 33

Жалпы білім беретін мектептердің желісі мен контингенті 2011 жылы республикада барлығы 7 696 мектеп жұмыс істеді, оның 7 584-і –

мемлекеттік және 112-сі – жеке меншік. Мемлекеттік мектептердің көпшілігі ҚР БҒМ-ға

ведомствосында бағынысты (7 567 бірлік), оның ішінде 7 465-і күндізгі жалпы білім

беретін мектептер, онда 2 479, 04 мың оқушы білім алады (2010 жылы – 7 516 мектеп,

контингенті - 2 486,4 мың оқушы) ( 2.2.1-сурет, 2.2.2 - сурет).

Тереңдетілген оқу бағдарламалары бойынша жекелеген пәндерді оқуға ниет

білдірген балалардың әлеуеттік мүмкiндiктерiн барынша толық дамыту үшiн республикада

барлық қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, пәндерді тереңдетіп оқытатын

мектептердің саны (гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттағы)

2011 жылы ол 111 бiрлiкке өсті. 2.2.1-сурет. Күндізгі жалпы білім беретін мектептер желісі мен контингентінің динамикасы

2.2.2-сурет. Жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі, 2011 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

7576 7516 7465

2491 2486 2479

2009 жыл 2010 жыл 2011 жыл

Күндізгі жалпы білім беру мектептер саны Оқушылар саны, мың бала

Мектептердің жалпы саны 7 696

Мемлекеттік мектептер саны 7 584

Мемлекеттік емес мектептер саны 112

ҚР БҒМ және ЖАО-ға қарасты 7 567

Басқа мемлекеттік ұйымдарға қарасты 17

Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің

саны 7 465

Арнаулы білім беру ұйымдарының саны

102

ҚР ТСМ 10 ҚР ДСМ 5 ҚР ҚМ 1 ҚР ЕХӘМ 1

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

34

Тірек мектеп (ресурс орталығы) - шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

Мемлекет тұрғындар саны аз елді

мекендерде тұратын балалардың тегін

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім

алу құқықтарын қамтамасыз ету үшін шағын

жинақты мектептердің (ШЖМ) жұмыс

істеуіне кепілдік береді.

2011 жылы ШЖМ саны контингенті 396 840 оқушыны қамтитын 4221 бірлікті

(56,5 %) құрады (2010 жылы – 4 225 бірлік, контингенті – 397 538 оқушы). ШЖМ-нің басым

көпшілігі ауылдық елді мекендерде орналасқан (4 075 бірлік).

ШЖМ санының және олардағы оқушылар санының азаю үрдісі байқалады.

Олардың ішінде, 883 ШЖМ (20,9%) бастауыш (контингенті 5-тен 40 оқушыға дейін), 947-сі

(22,4%) негізгі орта (41-ден 80 оқушыға дейін), 2 391-і (56,6%) жалпы орта (контингенті

81-ден 218 оқушыға дейін) білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады.

ШЖМ-ді қолдау мәселелерін шешу (сыныптардың қосарланған түрі мен

толықтырудың ең төменгі шегі, мұғалім жүктемесінің көппәнділігі, жоғары кәсіби

мамандарға қажеттіліктің жоғарылығы, оқытуда ақпараттық-коммуникациялық

технологияны аз пайдалануы) Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік

бағдарламасында көзделген.

2011 жылы ШЖМ-дағы білім

сапасын көтеру мәселелерін шешу

жөнінде бірқатар нақты іс-шаралар

өткізілді. Атап айтқанда, оқушылардың

қысқа мерзімдік аралық және қорытынды

аттестациялары, сессиялық сабақтарын

өткізуге жақын жерлердегі білім беру

ресуртық ШЖМ базаларында топтасқан 26

тірек мектептер - ресурс орталықтары ашылған.

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Білім беру саласы

қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттары жанындағы 14 аймақтық орталықтың

жұмысына жетекшілік ететін шағын жинақты мектептерді дамытудың республикалық

Орталығы құрылды. ШЖМ мәселелерін «12 жылдық оқытуға көшу жағдайында тірек

мектептер - ресурс орталығының білім беру үдерісін ұйымдастыру» педагогикалық

Шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 35

бірлестіктер (Ақтөбе, Шымкент, Қарағанды, Көкшетау) ашық пікірталас алаңдарын өткізу

арқылы талқылады.

ШЖМ-нің проблемалық мәселелерін шешудің бірі оқушыларды білім беру

ұйымдарына дейін қауіпсіз тасымалдау болып табылады. Тасымалдауды қажет ететін

ауылдық оқушылар санының 2011 жылы 1 017 балаға азайғаны байқалады (2010 жылы –

8 997, 2011 жылы – 7 980).

Инклюзивті білім беру жүйесін дамыту

Жасына, жынысына, ұлтына, дініне

және денсаулық жағдайына қарамастан

инклюзивті білім беру арқылы сапалы білім

алуға барлық балаларға бірдей қол жетімді

жағдай жасау мемлекеттік білім беру

саясатының кезек күттірмейтін

міндеттерінің бірі болып табылады.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға

дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында барлық балалар үшін сапалы білім алуға қол

жеткізу үшін бірдей құқықтан бірдей мүмкіндіктерге дейінгі жылжу бойынша дәйекті

іс-шаралар өткізу көрсетілген.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы білім беру 102 түзеу

мектептерінде (2010 жылы – 101 бірлік), сондай-ақ 274 арнайы топтарда және

республиканың жалпы білім беретін мектептерінің 1 138 арнайы сыныптарында

қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, 2011 жылы жеке бағдарлама бойынша 7 882 бала үйде оқытылған.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары

бойынша түзеу мектептерінде 15 639 бала және жалпы білім беру мектептерінің арнайы

сыныптарында 9 144 бала білім алды.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балалар және арнайы білім беру ұйымдарының

желісі туралы орталықтандырылған деректер базасы жұмыс істейді. Ал, бұл оларды

кеңейту, дамыту және жалпы республика, әрі жекелеген аймақтар бойынша арнайы білім

беру жүйесін басқарудың сапасын жақсарту жөнінде үйлестіру шараларын қабылдауға

мүмкіндік береді. Оңалту орталықтары, пихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері,

логопедтік пункттер сияқты арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлерінің желісі

кеңінен таратылғаны байқалады.

Инклюзивті білім беру - оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуда түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

36

Инклюзивті білім берудің мазмұнын жаңарту үшін есту қабілеті бұзылған

балаларға арналған 127 арнайы оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік

кешендердің 195 атауы әзірленді.

2011 жылы мұндай білім беру ұйымдарын арнайы жабдықтармен, оқытудың

көмекші техникалық және өтемдеушілік құралдарымен қамтамасыз ету жандандырылды.

Қазіргі заманғы мультимедиялық жабдықтармен жабдықтау көрсеткіші 60 %-ды,

Интернетке қосылу - 95 %-ды құрады.

Дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін сыныптарда

қосымша тьюторлық немесе педагогикалық сүйемелдеуді дербестендіру үдерісі

байқалады. Оқушы қажеттілігіне байланысты жеке білім беру маршруттарын есепке ала

отырып, жалпы әрі арнайы оқу бағдарламалары арқылы балаларды оқытатын

мектептердің тәжірибесін практикаға енгізу дұрыс жасалған.

Білім беру үдерісін ұйымдастыру сапасы

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың басты шарттарының бірі білім беру

саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз ететін жалпы орта білім және

әрбір азаматқа сапалы білім беруге кепілдік беретін нормативтік құжат - Мемлекеттік

жалпыға міндетті білім беру стандарты болып табылады.

2011 жылы республиканың жалпы білім беретін мектептерінде оқыту 2011 жылғы

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті

стандартының негізінде жүзеге асырылды. (ҚР МЖМБС 2.3.4.01–2010).

ҚР МЖМБС 2.3.4.01–2010 пайдалану барлық балалар үшін сапалы білімге бірдей

қол жеткізу мүмкіндігі қағидатын, жас ерекшеліктерін кезеңдерге бөлуге сәйкес жалпы

орта білім беру құрылымын ұйымдастыруды қарастырады.

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің базалық мазмұны 7 білім

беру салаларында ұсынылады. Білім беру саласының мазмұны оқу курстары мен оқу

пәндері арқылы іске асырылады. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

мазмұнының құрылымы білім беру саласының құрамы және оқу пәндері арқылы тиісті

білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу жоспарларында ұсынылған. Білім беру мазмұнының

инварианттық құрамдас бөлігі базалық, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті болып

табылады, жалпы оқу жүктемесі вариативтік құрам есебінен көбеюі мүмкін. Вариативтік

құрамдас бөлік (мектеп және оқушылар үшін) нақты білім беру ұйымының ерекшеліктерін

көрсетеді, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу пәндерінің

мемлекеттік стандартынан тыс авторлық қосымша оқу бағдарламаларын әзірлеуге

бағытталған.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының

алғашқы жылдарын іске асыру аясында тұлғаны дамытуға бағдарланған мектептік білім

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 37

берудің мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық негізі қаланды. Қазақ және орыс

тілдерінде оқытатын мектептер үшін 36 білім беру бағдарламалары дайындалды.

Мұғалім мен оқушы арасындағы өзара әрекеттердің ынтымақтастығын дамыту

негізінде оқу үдерісінің моделін қалыптастыру, оқу әрекеттерінің сан алуан түрлерін

пайдалануды қамтамасыз ететін әртүрлі оқыту әдістерінің үйлесімді байланыстыру

аспектісінде жалпы орта білім берудің жаңа басымдықтары анықталды. Оқытудың оқу-

тәрбие мақсаттары және мазмұнды құрылымдарын іріктеудің принциптері нақтыланды.

Бәсекеге қабілетті білімді құруға бағдарланған білім беруді жаңғырту бағыттарының

бірі жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды енгізу болып табылады.

Нормативтік шарттары ҚР МЖМБС-да 2.3.4.01–2010 көрсетілген.

2010-2011 оқу жылында шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық деңгейіне сәйкес

және ҚР МЖМБС 2.3.4.01–2010 негізінде тілдерді меңгерудің деңгейлік моделі енгізілді.

Деңгейлік қатынаста тұжырымдамалық негізделген білім берудің деңгейлік моделі жаңа

жүйесінің ерекшелігі - оқытудың соңғы нәтижеге бағытталуы болып табылады.

Әлемдік білім беру кеңістігіндегі стратегиялық мәселелерді біріктірудің бірі –

12 жылдық оқыту моделіне көшу болып табылады. 2011 жылы ҚР БҒМ-да құзыреттілік

қатынасқа көшуді есепке ала отырып, 12 - жылдық білім берудің ҚР МЖМБС мазмұнын

қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. 12-жылдық оқытудың бастауыш, негізгі орта,

жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының жалпы

ережелері бекітілген.

2011 жылы республиканың 104 мектебінде 12 жылдық оқыту моделі бойынша

экспериментальдық жұмыс жалғастырылды (2003 жылы – 51 мектеп). Экспериментке

қатысушы мектептердің жалпы санының 45-і – ауылдық және 59-ы – қалалық білім беру

ұйымдарында. Экспериментке қатысушылар контингенті (1 233 оқушыны құрайды (оның

ішінде, 683 оқушы (55,5%) қазақ тілінде, 550-і (44,5%) орыс тілінде білім алады)

Экспериментті іске асыру үшін 9-сыныптарға арналған 34 оқулықтар мен

82 оқу-әдістемелік кешендері, (ОӘК) әзірленді. Эксперименттік жұмыстарды жүзеге

асыратын білім беру ұйымдарына 21 063 данадан тұратын оқулықтар мен 27 633 - ОӘК

жіберілген.

12-жылдық оқыту моделінің өзекті мәселелері педагогикалық қоғамдастықтың

қатысуымен «12 -жылдық білім берудің міндеттері: проблемалары мен шешу жолдары

атты» (Астана) республикалық семинар жұмысы барысында талқыланды.

Экспериментальдық алаңдардың нәтижелері бойынша оқыту курстары арқылы

12 - жылдық оқытуға көшу бойынша мұғалімдерді даярлау жөніндегі жұмыстар күшейтілді.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында

белгіленген 12 - жылдық оқыту моделіне жүйелі көшу қосымша оқу орындарын талап етеді

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

38

(2015 жылға болжам – бірінші сыныпқа баратындардың саны 2011 жылғы көрсеткіштен екі

есе артық болады).

Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі сыныптардың толықтырылуына

тікелей байланысты. Республика мектептерінің сыныптарындағы орташа толықтырылу

2011 жылы 16,9 оқушыны құрады. Қала мектептерінде бұл көрсеткіш 22,9 адамға дейін

азайғаны байқалады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,3 адамға аз. Ауылдық жерлерде

бұл көрсеткіш 1,2 оқушыға дейін азайды және бір сынып жинаққа 14 оқушыны құрады.

Деректерді талдау, сапалы білім беру қызметтерін көрсету тікелей сабақтардың

ауысымдылығына байланысты екендігін көрсетіп отыр. Бір ауысымдағы оқу үдерісін

ұйымдастыру – негізгі компоненттердің бірі болып табылады. Ал, бұндай білім беру

ортасының эмоциялық қолайлы ахуалы оқушылардың қажеттіліктерін іске асыруға

мүмкіндік береді. Бір ауысымдағы сабақ дәрістік, сыныптан тыс және үйде жасалатын

тапсырмалардың танымдық әрекеттерін үйлестіруге көмектеседі, оқушылардың дене

тәрбиесі мен зияткерлік жұмыстарының шамадан тыс жүктемесінен алдын ала

сақтандырады.

Талдау ҰБТ-ның орташа балы екінші ауысымда оқитын білім алушылардың

үлесімен байланыстылығын көрсетіп отыр: аймақтарда осындай оқушылардың үлесі

аз болған сайын, мектеп бітірушілердің ҰБТ бойынша орташа балы жоғары болады. Бұл

факт оқушылардың жеке білім беру сұраныстарын барынша қанағаттандыру (оқытуды бір

ауысымда ұйымдастыру) мүмкіндіктерінің болуы оқытудың соңғы нәтижеге оң ықпал

ететінің көрсетеді.

2011 жылы сабақты бір ауысымда жүргізетін жалпы білім беретін мектептердің

саны 332 бірлікке қысқарды және 2 367 жалпы білім беру ұйымдарын құрады. Бір

ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің барынша жоғары үлесі Павлодар, Қостанай,

Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының еншісінде.

Ақтөбе (353), Қостанай (226), Оңтүстік Қазақстан (834), Қарағанды (375), Павлодар

(231) облыстарында екі ауысымда сабақ жүргізетін мектептердің үлесі барынша азайған.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы

қалаларында екінші ауысымда оқитындардың саны шамалы көбейген. Жалпы республика

бойынша екі ауысыммен сабақ жүргізетін мектептердің саны былтырғы жылмен

салыстырғанда 294 бірлікке өскен.

Үш ауысымдық оқыту, апатты жағдайдағы мектептер және демографиялық

жағдайларды есепке ала отырып мектеп жасындағы балалар санының өсуіне байланысты

оқушы орнының тапшылығын қысқарту сияқты проблемалық мәселелерді шешу үшін

2011 жылы 21 мектептің құрылысы (РБ) және 47 мектептің құрылысы (ЖБ) басталды.

Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру балалардың денсаулығын сақтаудың

және оқуға қабілеттерін барынша арттырудың маңызды шарттарының бірі болып

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 39

табылады. 2011 жылы оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жалпы оқумен

қамту қорынан 2,8 миллиард теңге бөлінді. Осыған сәйкес, оқушыларды ыстық тамақпен

қамту көрсеткіші 7 %-ға артты және 77 %-ды құрады. Республиканың 6 051 мектебінде

1 889 307 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылды, оның ішінде 622 372 оқушы (33 %)

ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілді. Аз қамтылған отбасыларының 972 507 оқушысы

тегін тамақпен қамтылды.

Тегін ыстық тамақпен барынша қамту Батыс Қазақстан (83,3%), Ақтөбе (59,3%),

Жамбыл (56,4%) облыстарында және Астана қаласында (69,6%) барынша қамтылған.

Ақтөбе (97,6%), Батыс Қазақстан (99%) және Астана (100%), Алматы (99%)

қалаларында бастауыш сыныптардың барлық оқушылары үшін тегін ыстық тамақ

ұйымдастырылған (2020 жылдың нысаналы индикаторларының жетістіктері).

Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Оңтүстік

Қазақстан облыстарында және Астана қаласында жергілікті атқарушы органдар

аз қамтылған отбасының балаларын 100 % тегін ыстық тамақпен қамтамасыз еткен

(2015 жылғы нысаналы индикаторлардың жетістіктері).

Жалпы алғанда, республика бойынша аз қамтылған отбасыларының балаларын

тегін ыстық тамақпен қамту 9 %-ға көбейді (2010 жылы – 80 %, 2011 жылы – 89 %).

Оқыту үшін қолайлы жағдай жасау факторы ретінде оқушылардың тамақтануын

ұйымдастыру деректерін талдау, ыстық тамақты ұйымдастырған мектептер санының

5 %-ға өскенін көрсетті (2010 жылы – 77%, 2011 жылы – 82%) . Мектеп асханаларының

саны 242 бірлікке артты (2010 жылы - 5 133, 2011 жылы – 5 375 бірлік).

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында

белгіленген көрсеткіштердің жетістіктері (2020 жылы ауыл мектептерін толық циклді

асханалармен 100 % жарақтандыру) барлық ауыл мектептерінде күрделі жөнделген және

жаңа жабдықтармен қамтамсыз етілген толық циклді асханалар ашылған.

Мектепке жеткізілетін шикізаттар мен азық түлік түрлеріне, сапасы мен

қауіпсіздігіне жүргізілетін жүйелі мониторингті жаңа құрылған ведомствоаралық жұмыс

тобы талдайды. Өткізілген жұмыстардың нәтижесі бұқаралық ақпарат құралдарында және

ата –аналар алдында кеңінен жарияланады.

Дарынды балаларды қолдау жүйесін дамыту

Дарынды балаларды анықтау, сүйемелдеу және қолдау көрсету жоғары білімді,

бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға

бағытталған мемлекеттік білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі. Республикада

балалардың қабілеттерін анықтау мен дамыту үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау,

олардың жеке шығармашылық сұраныстарын іске асыру дарынды балаларға арналған

мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін кеңейту арқылы қамтамасыз етіледі.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

40

2011 жылы мұндай ұйымдардың саны өзгеріссіз қалды (115 бірлік). Осыған

байланысты, олардағы білім алушылардың саны 2010 жылмен салыстырғанда

1 028 оқушыға артқан (51 226 бала).

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында көп тілді

білім беруді дамытудың негізгі үрдісі анықталды. Тілдерді үйрену ерекше мәнділікке ие

және мектеп бітірушілерді ғылым мен техниканың салаларына бәсекеге қабілетті

мамандар даярлауға бағыттайтын кешенді кәсіби даярлаудың міндетті және бөлінбес

құрамдас бөлігі екендігін көрсетті.

2011 жылы республикада үш тілде оқытатын 33 мамандандырылған мектептер

жұмыстарын жалғастырды, олардағы контингент 3 749 оқушыны құрады. Үш тілде

оқытатын мектептерде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін оқу материалдарының

жинағы дайындалды: оқу жоспары, оқу бағдарламасы, қазақ және ағылшын тілдеріндегі

пәндерді оқытуға арналған әдістемелік құрал, үш тілде оқытуды енгізу жөніндегі

ұсынымдар.

Республика бойынша дарынды оқушылардың сандық құрамы 1 028 адамға,

педагогтар 138 адамға көбейді. Мұндай балалар санының көбеюі 2010 жылмен

салыстырғанда барынша өсуі Астана қаласында (1,9 рет) орын алды.

Әрбір оқушының қызығушылығын, икемділігі мен қабілеттерін есепке алуға

мүмкіндік беретін зияткерлік шығармашылық ортаны ұйымдастыру, сондай-ақ

мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы жұмыстың алдыңғы қатарлы түрлері мен

әдістерін белсенді пайдалану олимпиадалар мен конкурстардағы жеңістер мен жақсы

нәтижелер, оқу жетістіктерін сырттай бағалауда жоғары нәтижелер береді, «Алтын белгі»

белгісін растайды.

2011 жылдың қорытындысы бойынша беделді әлемдік зияткерлік жарыстарға

қазақстандық оқушылардың қатысу нәтижелерінде әртүрлі жоғары деңгейдегі

978 марапатқа ие болған.

Жылдар бойынша динамикадағы ҰБТ-ның қорытындысын талдау тоғыз жыл

бойына дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының

түлектері жыл сайын жоғары нәтижеге қол жеткізетіндерін көрсетіп отыр. Сонымен қатар,

беделді жоғары оқу орындарына түсу пайыздары да жоғары. Атап айтқанда, «Назарбаев

Университеті» студенттері жалпы санының (484 адам) 320-сы дарынды балаларға

арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының түлектері.

Бұл осындай бағыттағы мектептер беретін жоғары сапалы білім беру қызметін

растайды.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 41

Қосымша білім беру Балаларға қосымша білім беру, білім беру кеңістігінің заңды түрдегі маңызды

құрастырушысы ретінде қарастырылады. Қосымша білім берудің негізгі идеясы әрбір

баланың шығармашылық әлеуетін ашу, оның өзін-өзі дамытуы үшін жағдайлар жасау.

Білім беруді дамытудың 2020 жылдарға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында қосымша

білім берудің мазмұнын жаңарту мен оның желілерін дамыту қарастырылған. Қосымша

білім беру жүйесінде жағымды үрдістер

байқалуда.

Балаларды жеке дамыту, олардың

тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау

мақсатында республика бойынша 2011 жылы

621 қосымша білім беру ұйымдары жұмыс

істеді, олардың 284-і ауылдық жерлерде

орналасқан.

2011 жылы мұндай білім беру ұйымдарының желісі 24 бірлікке көбейді. Аталған

ұйымдардағы оқушылардың жалпы контингенті 537 мың баланы құрады (21,8 %). Осыған

қарамастан республикада балаларды қосымша біліммен қамту әлемдік көрсеткіштермен

салыстырғанда әлі де төмен күйінде қалып отыр (30-50 %).

Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі осындай ұйымдардың әртүрлі

типтерінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

Барынша дамыған инфрақұрылымның болуына байланысты қосымша білім беруге

қолжетімділік қалалық жерлерде айтарлықтай жоғары. Бірақ ауылдық жерлерде қосымша

білім беру ұйымдарының болмауы немесе санының жеткіліксіздігі мектептерде үйірме

жұмыстарын барынша жоғары деңгейде дамыту арқылы ішінара орнын теңгереді.

Қосымша білім беру желісін дамыту өз кезегінде қосымша білім беру педагогтерін және

мамандыққа шектес педагог - ұйымдастырушыларды даярлауды қажет етеді.

Авторлық, вариативтік, практикалық-бағдарланған бағдарламалар жасау есебінен

білім беру мазмұны барынша толықтырылды.

Педагогикалық кадрлар

Педагог кәсібінің беделін көтеру білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі

Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету және

мемлекеттік қолдауды күшейту, педагог қызметкердердің еңбегін ынталандыру міндеттері

белгіленген.

Қосымша білім беру - білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»

Заңы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

42

Елімізде педагог кәсібін, білім алушылардың жоғары оқу жетістіктеріне,

сондай-ақ білім беру ұйымдарының мәртебесіне байланысты үздік педагогтардың

тәжірибесі мен жетістіктерін белсенді насихаттау жолға қойылған.

2011 жылы жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің саны 286 370 адамды

құрады, бұл 2010 жылғы көрсеткішке қарағанда 10 715 адамға жоғары. Жоғары білімді

мұғалімдердің үлесі 87,5 %-ды құрады. Ауылдық жерлерде жоғары білімді педагогтардың

үлесі 0,7 %-ға өскенін байқауға болады.

Жоғары білімді бастауыш сынып мұғалімдер үлесінің 0,3 %-ға өсуі (2010 жылы -

72,7 %, 2011 жылы – 73 %) оң үрдіс болып табылады. Оқыту сатылары бөлінісінде педагог

кадрлардың білім беру деңгейлерін салыстырмалы талдау жоғары білімді мұғалімдер

үлесінің бірдей еместігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, 2010 жылмен салыстырғанда

жоғары білімі бар жоғары сынып мұғалімдерінің үлесі 1,4 %-ға азайған, ал бұл

педагогикалық корпустың шамалы ғана жас мамандармен жаңару себептерінің салдары

болып табылуы мүмкін. Республика бойынша орташа есеппен бұл көрсеткіш 90,7 %-ды

құрады (2010 жылы - 92,1 %).

Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктен зияткерлік, шығармашылық және жалпы

ғылыми деңгейге жүйелі өсуі білім алушылардың білім беру жетістіктерін игеру

нәтижелеріне байланысты.

Мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеру оқу-тәрбие үдерісінің сапасын көтеруге

ықпал ететін шарттардың бірі болып табылады.

Жалпы педагогтар санынан жоғары және бірінші санаттары бар жоғары білікті

педагогикалық қызметкерлердің үлесі білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі

Мемлекеттік бағдарламасында белгіленген нысаналы индикатор болып табылады

(2015 жылға қарай - 47%).

Жоғары санаты бар педагогтардың үлесі 2011 жылы 0,4 %-ға көбейген

(2010 жылмен салыстырғанда 14,8%) және 15,2 % адамды құрайды. Бірінші санаттағы

мұғалімдердің үлесі өзгеріссіз қалды және 30,6 %-ды құрады. Екінші санаттағы

мұғалімдердің үлесі 0,8 %-ға азайған. Жалпы білім беретін мектептерге ЖОО-лар мен

колледждерде педагогикалық мамандықтарды бітірген түлектердің көптеп келуіне

байланысты санаты жоқ педагогикалық кадрлардың үлесі 0,5 %-ға көбейген.

Білім мазмұнын жаңарту, оқытудың жаңа технологияларын пайдалану

педагогтардан өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруді, тұрақты түрде өз бетімен

білім алуын, шығармашылық шешімдерді іздеуін талап етеді.

Қазіргі заманғы білім беруді ұйымдастыруда тәжірибелік- бағдар беру әдісі жаңа

формациядағы мұғалімдерді, заманауи АКТ технологияларды меңгерген мамандарды

даярлау талап етеді. Ыңғайластырылған оқыту технологиясын пайдалану және

оқушыларды жеке сүйемелдеу, пайда болған мәселелерге нүктелі талдау жасау және

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 43

түзету, мектептік білім берудің нәтижелілігіне әсерін тигізеді. Жалпы орта білім беру

ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтаумен қатар, ауыл мектептерінің кадрлық

әлеуетін пән мамандарымен толықтыру арқылы күшейту өте маңызды болып отыр.

Көптілді білім беру принципін жүзеге асыру үшін мектептерге ағылшын тілі мұғалімдерін

тарту механизмдерін одан әрі пысықтау керек.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі білім беруді жаңғырту жағдайында

жаңа міндеттерді іске асыру үшін кәсіби құзыреттілікті жетілдіруге бағытталған. Білім

беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының бірінші кезеңін іске

асыру шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттырудың дәстүрлі жүйесі түбегейлі

жетілдірілді.

2011 жылы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрларының

біліктілігін арттырудың республикалық институтының әдіснамалық және үйлестірушілік

сүйемелдеуі арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттырудың жаңартылған

курстық бағдарламалары бойынша облыстардың, Астана және Алматы қалаларының 14

педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институттары жұмыстарын жалғастырды

(ПК БАИ). БАИ оқу бағдарламаларының мазмұны 12 жылдық оқыту моделіне көшуді жүзеге

асыру аспектісінде, шағын жинақты мектептердің, инклюзивті білім беру, қосымша білім

берудің өзекті мәселелеріне қатысты қайта қаралды. Өзгерістер курстық дайындықты

ұйымдастыру және өткізу (тағылымдама және қашықтықтан оқыту курстары) нысандарына

қатысты болды. 2011 жылы e-learning пилоттық

жобасын іске қосуға байланысты электрондық

оқыту жүйесін пайдалану және қолдану

жөніндегі курстардан 8 000-нан астам педагог

өтті.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының

«Білім беру менеджменті» бағыттарының нысаналы индикаторларының бірі - білім беру

ұйымдары басшыларын даярлау және қайта даярлау курстарынан өтуі болып табылады. 2011 жылы менеджмент саласындағы курстардан 3 970 жалпы орта білім беру

жүйесінің басшылық құрамдағы қызметкерлері өткен. Мұғалімдерді даярлау және кәсіби

шеберліктерін арттыру мемлекеттік педагогикалық институттардың жанындағы

5 аймақтық біліктілікті арттыру орталықтары, 200-ден астам аудандық/қалалық

әдістемелік кабинеттері қызметтерінің басым бағыттары болып қала береді.

Білім берудегі менеджмент бойынша қайта даярлаудан өткен адамдар білім беру ұйымдарының басшылары болып танылады.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

44

Инновациялық бағдарламалар бойынша жұмыс істеп жүрген мұғалімдерді курстан

өткізудің бірден-бір жаңа инфрақұрылымы – Назарбаев зияткерлік мектептері жанынан

Педагогикалық шеберлік орталықтарының құрылуы. 2011 жылы аталған Орталық

педагогтарды курстық даярлаудың және біліктілігін арттырудың тұжырымдамалық

негіздерін белгіледі. Қызметтің негізгі басымдықтары мен бағыттары анықталды. «Оқыту

үдерісін басқару», «Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес үйрету мен оқыту»,

«Талантты және дарынды балалармен жұмыс», «Оқыту амалдарын жетілдіру үшін АКТ

және сандық жүйені пайдалану» және басқа да модульдер әзірленді. Мұғалім-зерттеушіні

қалыптастыруға бағытталған мұғалімнің қызметін бағалайтын жаңа бағдарлама

дайындалды.

Материалдық-техникалық жарақтандыру

2011 жылы республика мектептері ғимараттарының техникалық жағдайы жылдар

бойынша динамикада көрсеткіштерінің жақсарғаны байқалады. ҚР БҒМ мәліметтері

бойынша 2011 жылы 67,6 % мектеп типтік, 32, 4% -ы – ыңғайластырылған ғимараттарға

орналасқан. Апатты жағдайда 2,6 % мектеп қалып отыр, ал 21% мектеп күрделі жөндеуді

талап етеді. Соңғы үш жылда типтік ғимараттарға орналасқан мектептер желісі 97 бірлікке

көбейді, ал бейімделген ғимараттарға орналасқан мектептердің үлесі 148 бірлікке азайды.

2011 жылы республикада апатты жағдайлардағы мектептер саны 60 бірлікке

азайды. Күрделі жөндеуді талап ететін мектептер санының азаю үрдісін атауға болады,

2010 жылмен салыстырғанда олардың саны 164 бірлікке азайды.

Мектептерді қазіргі заманғы пәндік кабинеттермен жарақтандыру білім сапасының

тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы мектептерді

пәндік кабинеттермен қамтамасыз ету көрсеткішінің жақсарғанын атауға болады.

Республиканың жалпы мектептер санының 81,8% мектептерінде (+0,4%) физика,

73,1 %-ы - химия, 72,4 %-ы биология (+3,4%), 76,0%-ы математика (+0,2%), 78,0%-ы қазақ

тілі (+3,1%), 60,0%-ы география (+0,7%), 61,2 %-ы шет тілдері (+1,9%) кабинеттері бар.

Республика мектептерінің 74,3%-да дене шынықтыру залдары (2010 жылы -

72,3%), 57,0 %-да өзін-өзі тану кабинеті (2010 жылы - 51%), 77,2 %-да алғашқы әскери

дайындық (2010 жылы – 65,3%), 60 %-да психолог кабинеттері (2010 жыл – 57%),

81,4%-да медициналық (2010 жыл – 81,9%) кабинеттер бар.

2011 жылы жалпы білім беретін мектептердің информатика негіздері және есептеу

техникалары кабинеттерімен қамтамасыз етілуі 96,2 %-ды құрады (2010 жыл – 95,3%).

Сонымен қатар, интерактивтік кабинеттермен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі

біршама өскен, яғни жалпы мектептер санының 53,4%-ын (3 985 мектеп) құрайды

(2010 жылы – 3 030 мектеп, 40,3%).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 45

2011 жылы республика мектептерінің жаңа үлгідегі пәндік кабинеттермен

қамтамасыз етілудің орташа көрсеткіші 40,7%-ды құрады (2010 жыл – 39,8%). Жаңа

үлгідегі пәндік кабинеттері бар республика мектептерінің саны физика бойынша

3 257 (50,3%), химия 1 473 (22,8%), биология 2501 (38,6%) бірлікті құрайды (қосымша,

2.2.19-кесте). Республикада 51,1 % мектеп лингафон және мультимедиялық

кабинеттермен (2010 жылы– 46,2%) жарақтандырылған.

98,9 % мектеп Интернетке қосылған, оның ішінде 98%-ы – ауылдық мектептер.

Ақтөбе, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және

Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдық мектептерінің 100 % Интернетке қосылған.

Кең жолақты Интернет желісіне республиканың 43,1 % мектептері қосылған, бұл

көрсеткіш 2010 жылғы көрсеткішке қарағанда 5,8%-ға жоғары. Бір компьютерге 12 оқушыдан келеді, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда

4,5 оқушыға кем.

Облыстардың жылдар бойынша динамикадағы көрсеткіші мектептерді қазіргі

заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен қамтамасыз етуді салыстыруға

және оң үрдісті анықтауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, 2011 жылы Солтүстік

Қазақстан (2010 жылы – 1 компьютерге 13 адам, 2011 жылы - 7), Қарағанды (2010 жылы -

9, 2011 жылы - 8) және Батыс Қазақстан (2010 жылы – 14, 2011 жылы - 9) облыстары

жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді.

Қаржыландыру Деректерді талдау жалпы орта білімге бөлінетін мемлекеттік шығыстардың жыл

сайын көбейіп отырғанын көрсетті. 2011 жылы бұл көрсеткіш 429, 6 мың теңгені құрады,

бұл былтырғы жылғыға қарағанда 1, 3%-ға жоғары.Соңғы үш жылда көрсеткіш 17,3%-ға

өскен. Бұл білім алуға деген жоғары қол жетімділік пен білім сапасын қамтамасыз етуге

жағдайлар жасау, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және олардың ресурстық

базаларын жақсарту жөніндегі мемлекет жүргізіп отырған тиімді жұмыстардың нәтижесін

растайды.

Жалпы орта білім беруге арналған жергілікті бюджеттің (ЖБ) шығындар үлесі

2010 жылға дейін көбею үрдісіне ие болған. Ал, 2011 жылы бұл көрсеткіш мектепке дейінгі

оқыту мен басқа да білім бағдарламаларына қайта бөлінуіне байланысты 3,8 %-ға кеміген.

Республикада бір оқушыға арналған орташа шығын тұрақты түрде өсіп келеді.

2011 жылы аталған көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 66 %-ға, 2010 жылмен

салыстырғанда 33 %-ға өсті және 216,9 мың теңгені құрады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

46

Оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелері Білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің сапалық көрсеткіштерінің

бірі, әрі білім алушылардың оқу бағдарламаларын меңгеруін бағалау оқушылардың оқу

жетістіктерін тәуелсіз сырттай бағалау болып табылады.

2011-2012 оқу жылында алғаш рет республиканың 653 жалпы білім беретін білім

беру ұйымдарында 9-сынып оқушылары үшін оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ)

рәсімі өткізілді.

ОЖСБ бойынша 9-сынып оқушыларының жалпы орташа балы республика

бойынша 51,6 балды құрады. Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды,

Павлодар, Жамбыл және Ақмола облыстарына қарасты мектептердің жалпы орташа

балы республика бойынша орташа балдан да жоғары болды.

9-сыныптар бойынша ОЖСБ нәтижелерін салыстырмалы талдау оқушылардың

«Қазақ тілі» пәні бойынша дайындықтарының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Аталған

пән бойынша республикалық көрсеткіш 14, 2 балды құрады. «Химия» пәні бойынша

нәтиже – 13, 1 балл, «Математика» – 12, 8 балл, «Қазақстан тарихы» – 11,5 балл. ОЖСБ

бойынша жоғары нәтижені Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының

оқушылары, ал, Қостанай және Қызылорда облысының оқушылары ең төмегі нәтижелерді

көрсетті.

Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды

аттестаттаудың бір түрі болып табылатын, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім

беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарын біріктіретін Ұлттық бірыңғай тестілеу

(ҰБТ - 2012 рәсіміне 117 333 адам қатысты (жалпы мектеп бітірушілер санының 75%).

2012 жылы республика бойынша ҰБТ-ның орташа балы 70, 9 балды құрады, бұл

2011 жылғы нәтижеден 15,7 балға төмен.

2012 жылы Ақтөбе (82,68 балл), Қостанай (79,77), Батыс Қазақстан (84,55), Солтүстік

Қазақстан (79,69) облыстары және Алматы қаласының (84,67) қалалық мектептерінің

бітірушілері жоғары орташа балға қол жеткізді.

Ақтөбе (73,47 балл), Батыс Қазақстан (73,86), Қостанай (73,82) және Солтүстік

Қазақстан (75,47) облыстарына қарасты ауыл мектептерінің бітірушілері жоғары нәтижелерге

ие болды. Қала мектептерінің ең жоғары және ең төменгі балдар арасындағы айырмашылығы

16,23 балды, ал ауылдық мектептер айырмашылығы – 15,24 құрады.

ҰБТ-ның міндетті пәндерінің нәтижелерін талдау барлық оқу пәндері бойынша орташа

балдың төмен екенін көрсетті. 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда орташа балдың

барынша төмендеуі «Математика» (5,48 балл) және «Қазақстан тарихы» (4,47 балл) пәндері

бойынша тіркелді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 47

Мектеп бітірушілердің міндетті пәндері арасында былтырғы жылдардағы сияқты орыс

тілінде оқытатын мектептердің «Қазақ тілі» пәні (18,06) бойынша балы жоғары болса,

«Математика» пәні бойынша ең төменгі көрсеткіш (9,87 балл) болды.

Білім беру жүйесі жұмысының тұрақтылығы мен нәтижелілігі көрсеткіштерінің бірі

білім беру деңгейлері бойынша оқушылар контингентінің табысты қозғалысы. 2011 жылы

9-сыныпты бітірушілердің жалпы санынан 156 200 адам 10-сыныпқа өтті, бұл олардың

жалпы санының 61,9% құрайды. Негізгі орта білімнен техникалық және кәсіптік білім

беруге өту пайызы 38,1% құраған.

*- былтырғы жылғы бітірушілерде есепке алынған

2011 жылы ЖАО-дар мен ҚР БҒМ-ға ведомствалық бағынысты күндізгі жалпы білім

беретін мектептердің 11-сыныбын бітіргендер саны 231 155 адамды құрады. 2010 жылмен

салыстырғанда жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын аяқтағаннан кейін бітіруші

оқушылар контингенті 89 899 адамға көбейген. Бұл көрсеткіш Республикалық мектептер

мен Алматы облысын есептемегенде, аймақтар бөлінісінде де көбейген (2.2.1-кесте). 2.2.1-сурет. ЖАО мен ҚР БҒМ-ға ведомствалық бағынысты күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларының бітіруі

Аймақ 11-сынып оқушыларының бітіруі (мың адам) 2009 2010 2011 Ақмола 5 460 5 382 5 664 Ақтөбе 6 333 6 503 8 431 Алматы 14 765 16 624 18 858 Атырау 4 060 4 460 5 726 Шығыс Қазақстан 11 786 12 015 13 683 Жамбыл 8 668 9 919 11 162 Батыс Қазақстан 5 818 5 904 6 610 Қарағанды 8 043 8 743 9 708 Қостанай 5 643 5 980 6 430 Қызылорда 6 621 6 894 8 405 Маңғыстау 3 661 3 848 4 644 Павлодар 5 109 5 378 5 966 Солтүстік Қазақстан 5 653 5 199 5 347 Оңтүстік Қазақстан 29 980 32 735 38 872 Астана қаласы 2 664 3 154 3 381 Алматы қаласы 6 986 7 480 7 609 Республикалық ұйымдар 835 1 000 940 НЗМ 0 38 138 Қазақстан Республикасы 132 085 141 256 161 574 Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Білім беру деңгейлері бойынша 9-сыныпты бітірушілердің қозғалысы

Техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік лицейлер)

Жалпы орта білім

Техникалық және кәсіптік білім (колледждер)

12,6%* 61,9% 32,2%*

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

48

Жалпы орта білім беру туралы аттестаттарын алғаннан кейін 2011 жылы республика мектептерінің 44,9 % бітірушілері өздерінің білімдерін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, ал 55,8 %-ы жоғары білім беру ұйымдарында жалғастырған.

*- былтырғы жылғы бітірушілерде есепке алынған

Статистикалық деректерді талдау барлық оқушылар контингентін жоғалтпастан 4-сынып оқушыларының бастауыш мектептен негізгі орта білім беру сатысына өтетінін көрсетті.

9-сынып бітірушілерінің негізгі орта мектептен орта білім беру деңгейіне өту кезінде одан әрі жалпы орта білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруды таңдаған. 10-сыныпта оқуларын жалғастырғысы келетіндердің 9-сыныпты бітірушілер арқасында санының көбею пайызы ата-аналар мен оқушылардың болашақта жоғары білім алуға деген саналы ұмтылысымен түсіндіріледі.

Білім беру деңгейлері бойынша 11-сынып бітірушілерінің қозғалысы

Техникалық және кәсіптік білім (кәсіптік лицейлер)

6,1%*

Жоғары білім Техникалық және кәсіптік білім (колледждер)

55,8%*

38,8%*

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 49

Негізгі қорытындылар мен ұсыныстар:

2011 жылғы ДЭФ Баяндамасының мәліметтері бойынша жалпы орта білім берумен

қамту коэффициенті 99,6% құрады. Жалпы орта біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету

үшін республикадағы көші-қон үдерісін есепке ала отырып жалпыға міндетті оқу

аясындағы іс-шараларды өткізу жұмыстарын кеңейту қажет.

ШЖМ саны мен ондағы оқитын оқушылар санының айтарлықтай төмендегені

байқалады. ШЖМ білім беру сапасына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қашықтан

оқыту және тірек мектептер-ресурстық орталықтарды дамыту бойынша нормативтік және

құқықтық базаны әзірлеуді жеделдету керек.

Жалпы орта білім беретін ұйымдардың түрлері мен типтерінің әркелігіне

қарамастан бейіндік және кәсіптік бағдар беру жұмысын дамыту механизмдерін әзірлеу

қажет. Білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқыту әдістері мен құралдары мазмұнының

сабақтастығы мен дәстүрлі оқытудан оқушылардың функционалдық сауаттылығын

дамытуға бағытталған оқытуға көшу қажет.

2011 жылғымен салыстырғанда ҰБТ-ның орташа балы 2012 жылы 15,7 балға

төмендеген. Қалалық және ауылдық мектептердің орташа балының айырмашылығы

жөғары және төмен балдар арасында. Мұнымен қатар оқушылардың қорытынды

аттестациясын өткізу рәсімі мен тестік тапсырмаларды жетілдіру мәселесі өзекті күйінде

қалып отыр.

Заманауи практикалық-бағдарлық әдістерді білім беру ұйымдарына ендіру қазіргі

заманғы АКТ технологиясын меңгерген, жаңа формация мұғалімдерін даярлауды қажет

етеді.

Балаларды жалпы оқытумен, сонымен қатар арнайы білім беру

бағдарламаларымен оқытудың енгізілуі оң үрдіс болып табылады. Мұнда инклюзивті білім

беруді дамытуға кешендік іс-шаралар оқу жоспарларын, бағдарламалары және оқу

материалдарын әзірлеуден педагогтардың біліктілігін көтеру мен даярлау, ортасының

кедергісіз болуы, осындай балаларға қоғам көзқарасын өзгертуге дейін ңске асырылуы

тиіс.

• Оқушыларды қосымша білім берумен қамту әлі де төмен болып отыр. Білім беруді

дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының нысаналы

индикаторларына жету үшін жергілікті органдарға қосымша білім беру ұйымдары желісін

дамытуды тездету ұсынылады (2015 ж. – қосымша білім берумен 50% баланы қамту).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

50

2.3. Техникалық және кәсіптік білім беру Техникалық және кәсіби білім беру

жүйесі алдына - «қоғам мен экономиканың

индустриалды-инновациялық дамуының

сұраныстарына және әлемдік білім кеңістігіне

кірігуіне сәйкес ТжКБ жүйесінің мазмұнын

жаңарту» стратегиялық мақсаты қойылды.

Экономиканың индустриалды-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып,

ТжКБ құрылымы мен мазмұнының жаңаруы ТжКБ-ның нормативтік құқықтық базасының

жаңаруымен басталды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер енгізілді.

«Кооперативтік оқыту», «колледж», «студент» (1-бап) секілді түсініктерді енгізу жаңалық

болды. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар құзыры ТжКБ ұйымдарын жабдықтар

және жиһаздармен жабдықтау, осы білім деңгейіне жан басына шаққандағы нормативтік

қаржыландыру әдістемесі мен ережесін (5-бап) дайындау және бекіту арқылы

толықтырылды. Жергілікті атқарушы органдардың құзыры қамқоршы кеңестерге көмектесу

(6-бап) деп белгіленген. ТжКБ жүйесін дамытудың басты аспектісі 6-тараудағы

45-1 «Кәсіби білім беру саласындағы әлеуметтік серіктестік» бабын толықтыру болып

табылады.

ТжКБ жүйесін басқарудың жаңа үлгісі Экономиканың даму болашағы техникалық және қызмет көрсету саласы

инфрақұрылымын жаңарту мен кадрлар даярлауды талап етеді. ТжКБ кадрларын даярлау

үшін басқарудың жаңа үлгісі тұжырымдалды. Бизнес және кәсіптік қоғамдастықтың

белсенді қатысуы ҚР Үкіметі жанындағы кәсіптік-техникалық білім жөніндегі Ұлттық Кеңес

арқылы жүзеге асырылады. аймақтың деңгейде елдің экономикасын білікті мамандармен

қамтамасыз ету мәселелері 16 аймақтық және 14 салалық кеңестер арқылы шешіледі.

ТжКБ дамытудың басты аспектісі 2011 жылы «Кәсіпқор Холдингі» ҰАҚ-ның құрылуы

болды. «Кәсіпқор холдингіне» ТжКБ жүйесіне корпоративтік басқару және инновациялық

технологиялар ендірумен қоса, Алматы, Астана, Ақтөбе және Шымкент қалаларында

әлемдік деңгейдегі колледждер желісін құру арқылы жаңа инфрақұрылым жобалау міндеті

жүктелді.

Бұл колледждердің мамандануы елдегі үдемелі индустриалды-инновациялық даму

Мемлекеттік бағдарлама жобаларын жүзеге асыру үшін білікті мамандар даярлауға

бағытталған (ҮИИДМБ).

«…Отандық кәсіпкерлердің де, шетелдік инвесторлардың де білім беру саласындағы әлеуметтік жауапкершілікті қабылдайтын уақыттары жетті. Бизнес тек білім беру қызметін енжар сатып алушы ролімен өзін шектемеуі тиіс»

Н.Ә.Назарбаев

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 51

Әлеуметтік серіктестік: мамандар даярлауға бизнес пен жұмыс берушілердің

қатысуы Кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы ел экономикасының жетекші салаларына сай

мамандар даярлаудағы білім жүйесінің тиімді қызметіне бағытталған әлеуметтік

серіктестіктің жаңа үлгісін қарастырады.

Заңнамалық деңгейде белгіленген аспектілер жұмыс берушілердің ТжКБ мазмұнын

жаңартуына ғана емес, білім алушыларды өндіріс орындарында кәсіптік тәжірибеден өтуі

үшін орын беруіне тікелей қатысуын да қарастырады.

Экономиканың тиісті салаларына сәйкес оқыту процесіне практикалық тәжірибесі

бар жоғары білікті мамандарды тартудың және жұмыс берушілердің ТжКБ түлектерінің

кәсіптік дайындығын бағалауға қатысуының да маңызы айтарлықтай.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуындағы жаңалықтардың бірі –

мамандарды дуальді даярлауды белсендендіру болды.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске

асырудың алғашқы жылында ұлттық холдингтер мен компаниялардың даярлау бейініне

сәйкес ТжКБ ұйымдарымен бірлескен жұмыстар белсенді болды. Мәселен, 2011 жылы

ауылшаруашылық, көлік, металлургия, машина жасау, мұнай-газ ісі және химиялық

өндірістер секілді салалар үшін мамандар даярлайтын ТжКБ-ның 96 ұйымы «Қазагро

холдингі» АҚ, «Қазақстан ТемірЖолы», «Қазақстан алюминийі», «Дон тау-кен комбинаты»,

«ҚазМұнайГаз», «Қазақстан электролиз зауыты», «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақстан

Инжиниринг» және «Қазақмыс» корпорациясымен серіктестік туралы екіжақты

келісімшарттар жасасты.

ТжКБ жүйесін дамытуға қатысуда бизнес және кәсіптік қоғамдастық

міндеттемелерінің механизмдерін іске асыру үлгілері ҚР БҒМ мен «KAZENERGY» мұнай-

газ және энергиялық кешен ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, «SPIE/Career-

Holdings»,ТОО «Pricewaterhouse Coopers Tax&Advisory» Консорциумы арасында жасасқан

техникалық және қызмет көрсету салаларына мамандар даярлау және қайта даярлау

жөніндегі Атырау өңіраралық кәсіптік орталық басқармасындағы серіктестік туралы

Меморандумы болды.

Білім беруді дамытудың 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске

асырудың әлеуметтік-экономикалық жетістіктерінің бірі Ұлттық біліктілік жүйесінің негізін

құру болды. 2011 жылы ҚР БҒМ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және

жаңа технологиялар, Көлік және коммуникация министрліктері Ұлттық экономикалық

палатамен бірлескен Ұлттық біліктілік аясын қалыптастыру, кәсіптік стандарттар әзірлеу

және біліктілікті беруді бағалау жүйесін жетілдіру жұмыстарын бастады.

Ел экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз ету жөнінде кәсіптік

қоғамдастық пен білімнің өзара тиімді байланысы «Кәсіптік білім және серіктестердің

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

52

бизнес-диалогі» атты Халықаралық форумда (Астана қаласы, 2011 жылы) жан-жақты

талқыланды.

Тәжірибеден өту үшін жасалған келісімшарттар мен бөлінген орындар саны

бойынша әлеуметтік серіктестіктің дамуын талдау нәтижелері берілген көрсеткіштердің

біршама өскенін көрсетті. Мәселен, 2010 жылы ТжКБ ұйымдары мен кәсіпорындар

арасында 16,8 мың келісім-шарт жасалса, 2011 жылы ол 700 бірлікке артты.

Бұл өз кезегінде 2010 жылға қарағанда (2011 жыл – 132,1 мың орын) білім

алушылардың тәжірибеден өту үшін берілген жұмыс орнының саны 36,2%-ға артуына

әкелді. 2009 жылмен салыстырғанда бұл 2,8 есеге артты (2009 жыл – 48 мың орын).

Әлемдік үздік тәжірибені енгізу шет елде ТжКБ жүйесінің инженер-педагог

мамандар біліктілігін арттыру, сонымен қатар шетел оқытушыларын жұмысқа тарту

арқылы жүргізіледі.

Кәсіби стандаттар жасау бойынша Герман халықаралық ынтымастықтық

қоғамдастығы, Мұнай-газ саласында мамандар даярлау және қайта даярлауға көмектесу

жөніндегі Білім және біліктілікті арттыру орталығы (РКК, Норвегия), Өндірістік оқу

шеберлері мен оқытушылар біліктілігін жетілдіру жөніндегі ИнВент (Германия), түлектерді

даярлау сапасы мен еңбекке орналастыруды қамтамасыз ету жөніндегі Британ Кеңесі

«ТжКБ жаңғырту» жобасы бойынша Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық жетекші

ұйымдармен серіктестіктер жалғасуда.

2010-2013 жылдар кезеңінде орта мерзімдік көмек көрсету стратегиясы аясында

Еуропалық білім беру қоры бағдарламасы арқылы «Туриндік процесс», «Білім беру мен

бизнес салалары арасындағы ықпалдастыққа шолу», «Өмір бойы оқыту мақсатында

кәсіби оқу мекемелерін дамыту» жобалары жүзеге асырылуда.

2011 жылы еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған

маңызы бар бірнеше стратегиялық келісімдер мен меморандумдарға қол қойылды

(ҚР БҒМ және Рогаланд (Норвегия) округінің кәсіптік оқыту және дайындау орталығы,

Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы «ТІКА» халықаралық серіктестік пен дамыту

жөніндегі Түрік басқармасы, Норвегия корольдігінің СІМ, Еуропалық білім беру қоры, Трир

қаласының Қолөнершілер палатасы (Германия), «Роберт Бош» компаниясы).

Осылайша, әлеуметтік серіктестік үдерісінің жағымды дамуы атап өтілген. Бұған

қоса кооперативтік дамуды, оқытудың дуальдық түрін, өндірістегі оқушылар арқылы

бизнестің қатысуын белсендендіру керек.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 53

ТжКБ түлектерінің кәсіптік дайындығы деңгейі сапасын тәуелсіз бағалау Түлектердің кәсіптік дайындығын бағалау үшін жұмыс берушілерді тарту арқылы

кәсіптік білім беру сапасын бақылау күшейтілді. Кәсіби даярлығын бағалау бойынша

кәсіби емтихандарын сәтті аяқтаған түлектерге нақты таңдаған мамандықтары бойынша

білілктілік беріліп, бекітілген үлгідегі куәлік - сертификат беріледі.

Түлектердің кәсіптік дайындығын тәуелсіз бағалауды ҚР БҒМ Республикалық

техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы

(ҚР БҒМ РҒӘО) жалғастыруда.

2011 жылы ҚР БҒМ РҒӘО мәліметтері бойынша ТжКБ ұйымдары түлектерінің

біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалауға жұмыс берушілердің белсенді қатысуымен

150 мамандық бойынша 122,6 мың адам қамтылды (2010 жылы – 125 мамандық бойынша

105,5 мың адам).

2011 жылы ТжКБ түлектерінің жетістіктері көрсеткішінің шекті балы республика

бойынша 72,3%-ды құрады (88 691 адам). Дайындықтың жоғары деңгейін Батыс Қазақстан

(86,1% адам), Ақмола (83,7% адам) облыстары мен Астана қаласының түлектері

(82,7% адам) көрсетті. Жалпы республика бойынша біршама төмен көрсеткіш Атырау

(58,3%), Ақтөбе (59,2%) және Шығыс Қазақстан (63 %) облыстарында.

Экономика саласындағы білікті мамандарды тәуелсіз сертификациялау жүйесіне

ендіру жоғары білікті жұмысшы кадрларын сапалы даярлауды ретке келтіруді қамтамасыз

ету үшін біліктілікті беру мен куәліктендірудің баламалық үлгісін құруды тездету керек.

Техникалық және кәсіптік білім беру желісі мен контингенті

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында ТжКБ

жүйесінің типтік жастағы жастарды жұмыспен қамтудың 2015 жыл – (20%) және 2020 жыл

– (23% адам) мақсатты көрсеткіштері белгіленген).

2011 жылы типтік жастағы (14-24) жастардың саны республика бойынша

3 274 943 адамды құрады. Оның ішінде 600 751 адам ТжКБ жүйесі арқылы жұмыспен

қамтылды. Бұл көрсеткіштер 2010 жылмен салыстырғанда төмендеген. Мәселен,

2010 жылы 14-24 жастағы ТжКБ ұйымдары түлектерін жұмыспен қамту 555 195 адамды

құрады.

2011 жылы халықты жұмыспен қамту 18%-ды құрады, бұл 2010 жылмен

салыстырғанда 1,3%-ға төмен.

Кәсіптік білім алудың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін ТжКБ ұйымдарында

оқушы орындары санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. ҚР БҒМ мәліметтері

бойынша 2011 жылы республикамыздағы білім беру жүйесіне 896 тағылымдамадан өту

мекемесі қосылды. Оның ішінде, 571 колледж (1 училище және 3 жоғары техникалық

мектеп Көкшетау қалаларында, Щучье және Оралда) іске қосылды.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

54

Меншік түрлері бойынша бөлініс жүйесін талдау ТжКБ мемлекеттік ұйымдарының

2010 жылмен салыстырғанда 0,4% (2 бірлікке) өскен, жеке меншіктердің саны өзгеріссіз

қалды.

ТжКБ ұйымдары желісін дамыту өз кезегінде Мемлекеттік оқу орындарында білім

алушылардың контингентінің 1,7%-ға артуына жағдай туғызды. Егер 2010 жылы ТжКБ

ұйымдарында білім алушылардың саны 354 621 адамды құраса, 2011 жылы олардың

саны 354 738 адамға артты. Бұл көрсеткіш керісінше меншік нысаны жекеменшік білім

беру ұйымдары бойынша 1,22%-ға төмендеді. Мәселен, 2010 жылы мұндай оқу

мекемелерінде 249 066 адам болса, 2011 жылы 246 013 білім алушыны қамтыды.

Осыған байланысты 2011 жылы ТжКБ-ның Мемлекеттік және жеке меншік оқу

орындарының арақатынасы 3/2 құрады.

Мемлекеттік тапсырыс шеңберінде колледждерде білім алушылардың контингенті

республикалық және Мемлекеттік бюджет есебінен белгіленген қаржыландыру көлемі

шегінде анықталады. ҚР БҒМ мәліметтері бойынша 2011 жылы республика

колледждерінде Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алушылардың үлесі олардың

жалпы санынан 43,3%-ды құрады. Бұл 2010 жылға қарағанда 3,8%-ға төмен.

2002 жылдан бері бала туу өсімінің көрсеткіштері бойынша 2015-2016 жылдары

білім алушылар контингенті артатынын болжауға болады. ТжКБ ұйымдарында оқу

мәртебесін арттыру міндеттері, демографиялық тенденцияны ескере отырып, экономика

салаларына кадрлар инфрақұрылымын даярлау жөнінде қажетті шаралар қабылдау

арқылы шешілуі тиіс.

Республикадағы үдемелі индустриалды-инновациялық даму аймақтық тиімді

орналасуына қарай ТжКБ инфрақұрылымдарын кеңейтуді қажет етеді. ТжКБ

қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін мұнай-газ саласына (Атырау қаласы), жанармай-

энергетикалық саласына (Екібастұз қаласы), машина жасау саласына (Өскемен қаласы),

қайта өңдеу саласы (Шымкент қаласы) кадрларын даярлау мен қайта даярлау бойынша

Аймақаралық орталықтарды пайдалануға беру және Астана мен Алматы қалаларында

әлемдік деңгейдегі колледждерді жобалауды аяқтау қажет.

Мамандарды даярлау құрылымы ТжКБ ұйымдарының міндеті – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, азаматтық және

адамгершілік сапалары жоғары, білікті мамандар мен жұмысшы кадрлар даярлау арқылы

аймақтардағы әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу. Білім беру үдерісін

ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптардың бірі маманға деген әлеуметтік тапсырысты

үйлестіру және тұлғаның қажеттілігіне бейімдеу.

ҚР Статистика агенттігі мәліметтері көрсеткендей, «Экономика» бағыты бойынша

білім алушылар үлесі 2010 жылға қарағанда бұл көрсеткіштің 3,7%-ға төмендеуі үрдісінде

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 55

осы білім деңгейіндегі кадрларды даярлаудың басқа да бағыттарымен салыстырғанда

ең жоғары әрі тұрақты (26,3%) болып табылады (2.3.1-сурет). 2.3.1-сурет. ТжКБ оқу мекемелеріне білім алушыларды салалық топтар бойынша орналастыру, 2011 жыл

Дереккөз: ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері

«Құрылыс» бағыты бойынша бұл көрсеткіш төмендеген (2010 жылы – 6,1%,

2011 жылы – 5,9%). Керісінше «Құқық» салалық тобы бойынша білім алушылар үлесі

артты (2010 жылы – 1,1%, 2011 жылы – 4,5%).

«Білім» (2010 жылы – 5,6%, 2011 жылы – 15,9%), «Денсаулық» (2010 жылы –

6,6%, 2011 жылы – 10,2%) топтарында білім алушылардың үлесі өскені байқалады.

«Көлік» бағыты бойынша білім алушылардың үлесі 0,5%-ға (2010 жылы – 8,5%),

«Ауылшаруашылық» бағыты бойынша 0,3 %-ға артты (2010 жылы – 8,3%).

2011 жылы ТжКБ жүйесі бітіріп шығушылардың жалпы көлемі 182 533 адамды

құрады, оның ішінде КЛ-де – 42885, колледждерде – 139 648. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен

салыстырғанда (191 236) 8 703 адамға қысқарған.

Ақылы негізде ТжКБ жүйесін бітіріп шығушылар көрсеткіші 10 286 адамға

төмендесе, бюджеттік негізде 2010 жылмен салыстырғанда 1584 адамға өскені

байқалады.

Соңғы жыл оқитын білім алушылардың білім сапасы білім берудің кез келген

ұйымдары жұмысының нәтижелілігін көрсетеді. Мұнда көрсеткіштің жақсарғаны

байқалады. Мәселен, 2011 жылы үздік диплом алған КЛ түлектерінің үлесі 2010 жылмен

салыстырғанда 0,7 %-ға жоғары. Бұл ТжКБ оқу мекемелері түлектерінің еңбекке орналасу

мақсатында әрі қарай жоғары сапалы білім алуға деген қызығушылығын көрсетеді.

Үздік диплом алған колледж түлектерінің үлесі 2010 жылғы деңгейде қалған

(2010 жылы – 11,4%, 2011 жылы – 11,5%). Аймақтардағы көрсеткіш Астана қаласы,

4%

19%

6%

2%

9%

9%20%

10%

0%1%4%

16%Өнеркәсіп

Құрылыс

Байланыс

Көлік

Ауылшаруашылық

Экономика

Денсаулық

Дене шынықтыру және спорт

Өнер және мәдениет

Құқық

Білім

т.б.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

56

Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жоғары әрі мұнда тұрақты жағдай қалыптасқан,

ал Солтүстік Қазақстан облысындағы көрсеткіш 7,6%-дан аспай тұр (2.3.2-сурет). 2.3.2-сурет. Үздік диплом алған колледж түлектерінің үлесі, %

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Белгіленген жоғары разряд алған КЛ түлектері үлесінің тұрақты жоғары

көрсеткіштері Павлодар (30,7%) облысында, Астана (27,4%) және Алматы (27,9%)

қалаларында. Оңтүстік Қазақстан (5,7%), Алматы (5,9%) және Қызылорда (6,3%)

облыстарында бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда төмендеген (қосымша,

2.3.3-сурет).

Басқа аймақтар салыстырғанда республика бойынша ең төменгі көрсеткіштер

Маңғыстау (10,1%), Оңтүстік Қазақстан (10,1%) облыстарында, сондай-ақ Алматы (10,2%)

қаласында. 2.3.3-сурет. Белгіленген жоғары разряд алған КЛ түлектерінің үлесі, %

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

11,4 11,913,2

12 11,4 11,7

13,7

9,5 10,7 10,110,1 10,8

8,1

12,7

15

10,2

13,2

10,812,8

11,2

12,7

10,712,4

10,111,2 10,7

9,7

10,9

7,6

1315

11,6

2010 2011

19,912

6,6

16,711,2 10,1

19,9 19,811,9

29,8

6,6

29,6

8,816,8

32,427,6

20,7

11

5,9

22,4

14,7

21,9 20,917,5

6,3

26,8

5,7

30,7

12,4

17

27,4 27,9

2010 2011

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 57

Түлектерді жұмысқа орналастыру

ТжКБ жүйесі түлектерінің бастапқы әлеуметтену жағдайын лайықты қамтамасыз

ету өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. ТжКБ ұйымдары түлектерін еңбекпен

қамту ісінде әлі де төмен көрсеткіштік күйі байқалады. Мәселен, 2010 жылмен

салыстырғанда 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,9%-ға төмендегенін көреміз (2010 жылы –

61,4%, 2011 жылы – 60,3%).

Еңбекпен қамтудың өсу тенденциясының жоғары көрсеткіші Ақтөбе (2010 жылы –

71,3%, 2011 жылы – 72,9%) және Ақмола (2010 жылы – 65,4%, 2011 жылы – 70,5%)

облыстарында байқалады.

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша 2011 жылы ТжКБ жүйелері түлектерінің жалпы

санынан 60%-ы еңбекпен қамтылды, 20%-ы ЖОО-да (2010 жылы – 31967 адам, бұл

20,3%-ды құрайды), 1,6%-ы колледждерде оқуды жалғастыруда, 3,4%-ы Қазақстан

Республикасы қарулы күштері қатарына шақырылған, 0,9 %-ы республикадан тыс жерде.

ТжКБ жүйесі бітірушілерінің жұмыспен қамтылу мәселесін шешу үшін нарықтың

маманға деген сұранысын болжаудың әдіснамасын әзірлеп, сондай-ақ оларға

қызығушылық танытқан мемлекеттік органдардың қатысуымен мансаптық өсу

орталықтарын құру мүмкіндігін қарау керек.

2011 жылы ТжКБ ұйымдарына 217 096 білім алушы қабылданды (2010 жылы -

216860), олардың ішінде 123,0 мыңы – ақылы негізде, 94,1 мыңы – Мемлекеттік тапсырыс

бойынша оқиды. Осы орайда Мемлекеттік оқу мекемелеріне 126 281 (2010 жылы –

126 604), жекеменшік ұйымдарға 90815 талапкер (2010 жылы - 90256) қабылданды.

Мемлекеттік КЛ және колледждерге қабылданған білім алушылардың

аймақтардағы жоғары көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан

облыстарында байқалады. Ал, Алматы және Астана қалаларында меншік нысаны

жекеменшік білім ұйымдарына түсу үрдісі байқалады

Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру мақсатында оқушылар арасында

кәсіби бағдар беру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, сондай-ақ оқытудың

әдістері мен бағдарламаларынының сабақтастығын қамтамасыз ету қажет. Аймақтық

қажеттілігін есептей отырып жергілікті атқарушы органдарға техникалық және

технологиялық мамандықтар бойынша мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты

қайта қарау ұсынылады.

Инженерлік-педагогикалық кадрлар ҚР БҒМ стартегиялық құжаттарындағы міндеттерге сәйкес экономика салаларына

мамандар даярлау инфрақұрылымын дамыту үшін педагог кадрлар құрамын жаңартуды,

оқу-білім процесіне өндірістік оқудың жоғары білікті шеберлерін тартуды талап етеді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

58

2011 жылы ТжКБ жүйесінде 45 655 педагог қызметкер жұмыс істейді. Олардың

көпшілігі колледждерде – 35 641 (78) және КЛ-де – 10 014 (22).

Жеке меншік колледждердің жабылуы педагог қызметкерлер санының төмендеуіне

себеп болды. Мәселен, 2010 жылы олардың саны 32 218 болса, 2011 жылы

28 360 адамды құрады. Бұл жалпы көлемнің 12%-ын құрайды. Соңғы жылдары төмендеу

үрдісі байқалады.

Педагог кадрлар жалпы санының 12%-ы (5682 адам)– өндірістік оқу шеберлері.

Педагог кадрлардың сапалық көрсеткіштері – 527-сі жоғары санатты және 831-і бірінші

санатты оқытушылар. Осыған байланысты инженер-педагог кадрлардың сапалық құрамы

жалпы санының 24 %-ын құрайды.

Колледждерде өндірістік оқу шеберлерінің сапалық құрамы 2010 жылмен

салыстырғанда 1,2 %-ға төмендеген (2010 жылы – 26,3%, 2011 жылы – 25,1%). Керісінше

бұл көрсеткіш КЛ-де өткен жылмен салыстырғанда 3,7 %-ға артты (2010 жылы – 20,9%,

2011 жылы 24,6%).

Колледждерде жоғары және бірінші санатты оқытушылардың азаюы еңбекақының

төмендігіне және оқу жүктемесі көлемінің нормативті реттелуіне байланысты

(1,5 оқу сағатынан көп емес). Өндірістік оқу шеберлерінің сапалық құрамын

салыстырмалы талдау нәтижесі бұл көрсеткіштің өсу тенденциясы болмашы екенін

көрсетеді. 2010 жылы колледждер жүйесінде жоғары санатты оқытушылардың үлесі

9,6%-ды, 2011 жылы 10,1%-ды құрады. Осыған ұқсас жағдай 2010 жылы КЛ-де

12,9 % болса, 2011 жылы 9,8%-ды құрады.Осыған байланысты колледждерде өндірістік

оқу шеберлерінің сапалық құрамы КЛ-ге қарағанда 0,5 %-ға жоғары.

КЛ оқытушыларының жалпы сапалық құрамнан 2,6%-ға төмендегені байқалады.

Мәселен, 2011 жылы бұл көрсеткіш 43,7%-ды, 2010 жылы 46,3%-ды құрады. Осы орайда

жоғары санатты оқытушылардың үлесі 0,6%-ға артты, керісінше бірінші санатты

оқытушылардың сапалық құрамының көрсеткіші 3,2 %-ға төмендеді.

Оқу мекемелерінде кадр құрамының қартаюы, жоғары білікті және болашағы бар

оқытушылардың жұмыстан кету үрдістері сақталуда. Еңбекақының төмендігі және

техникалық, кәсіптік білім беру жүйелерінің педагог қызметкерлеріне арналған әлеуметтік

пакеттің жеткіліксіздігі салдарынан жас мамандардың келуі бәсеңдеді. Өндірісте

тағылымдамадан өту және арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқу шеберлерінің

біліктіліктерін жоғарылату жүйесі жоқ.

ТжКБ (колледждер) ұйымдары педагог қызметкерлерінің жас көрсеткіштерін талдау

нәтижесі 55-тен 64 жасқа дейінгі оқытушылар үлесі 2,1%-ға төмендегенін көрсетті.

64 жастан асқан педагогтер үлесінің көрсеткіші өткен жылғы деңгейде қалған.

Сонымен қатар «25-ке дейінгі» жас категориясындағы педагог қызметкерлердің

үлесі 0,6 %-ға (2010 жылы – 11,5%, 2011 жылы 10,9%), «25-тен 34 жасқа дейінгі» 2,6%-ға

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 59

(2010 жылы – 29,3%, 2011 жылы – 26,7%), «35-тен 44 жасқа дейінгі» 0,5%-ға (2010 жылы –

22,5%, 2011 жылы 22,0%) төмендегені байқалады. Республиканың индустриалды-

инновациялық дамуы үшін мамандар даярлауға қойылатын жаңа талаптар ТжКБ жүйесінің

инженерлік-педагогикалық кадрлар біліктілігін тұрақты арттыруды талап етеді.

2011 жылы ТжКБ жүйесінде 6270 инженер-педагог қызметкерлер(ИПҚ) біліктілігін

арттырды, оның ішінде 1324-і РБ есебінен өтті. Кәсіби жоғары дайындық деңгейін талап

ететін өзгермелі әлеуметтік-экономикалық талаптар мен міндеттерге байланысты ТжКБ

жүйесі педагог кадрлары біліктіліктерін Облыстық біліктілікті жетілдіру институттарында,

Республикалық білім беру жүйесіндегі жетекшілер мен ғылыми педагог кадрлар біліктілігін

арттыру институтында, аймақаралық, аймақтық және шетел орталықтарында, семинарлар

мен курстарда үздіксіз арттырады.

Экономика сұраныстарына сай ТжКБ мазмұнын жаңарту Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

қоғамның және экономиканың индустриалды-инновациялық дамуының сұраныстарын

және әлемдік білім кеңістігіне кірігуін ескере отырып, ТжКБ жүйесін жаңартудың басты

міндеттерінің бірі техникалық және кәсіптік білім мазмұнының құрылымын жаңарту болып

табылады.

Осы бағытта жасалатын алғашқы қадамдардың бірі – салалық кеңестер,

қауымдастықтар мен ірі компаниялар, оқу-әдістемелік бірлестіктер мен ТжКБ оқу

мекемелерінің ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен

кейінгі білім кәсіптері мен мамандықтар Жіктеуішіне өзгерістер енгізу («Техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім кәсіптер мен мамандықтар жіктеуіші» 2011 жылғы

18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының № 115 бұйрығымен бекітілді).

2011 жылы халықаралық сарапшылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен

құзыреттіліктер шеңберінде Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары (МЖМБС)

әзірленді. Құзыреттілік – маманның білім, білік және тәжірибе бірлігінің аясында кәсіптік

міндеттердің белгілі бір жиынтығын шешу, әрекет ету, жүріп тұру дағдыларының

қабілеттілігі. Жаңа МЖМБС еңбек нарығының сұраныстары мен бір мамандық бойынша

бірнеше біліктілік деңгейін алу мүмкіндігіне бағытталған.

Еңбек нарығының болжамдық сұраныстарына сәйкес ТжКБ-нің 65 мамандығы

бойынша білім беру және 720 арнайы пәндер бойынша оқу бағдарламалары дайындалды.

Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуге «Қазақстан Республикасындағы

кәсіптік және техникалық білімді қолдау» Еуропалық одағы, Кәсіптік даярлау және оқыту

орталығы (RKK, Норвегия), т.б. жобалардың әлеуметтік серіктестері мен халықаралық

сарапшылар тартылды.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

60

Үлгілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларында жаңа біліктіліктер алу үшін аралас

модульдер мүмкіндіктері, базалық және арнайы құзыреттіліктер қарастырылады. Арнайы

цикл пәндері мазмұнында жұмыс берушілердің ұсыныстары мен аймақтық ерекшеліктер,

кәсіптік оқу бағдарламаларын 25%-ға дейінгі оқу материалын меңгеруге бөлінген сағаттар

көлемін ескере отырып, өзгерістер енгізу осы білім деңгейі мазмұнының жаңалығы мен

жаңартылуы болып табылады.

ТжКБ жүйесінің мазмұнын жетілдіру оқытудың түрлі технологияларын таңдауды,

тәжірибеге бағытталған ұйымдастыру әдістері мен оқу процесін бақылауды қарастырады.

Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу жоспарында жұмыс

берушілермен серіктестік шеңберінде кәсіптік практиканың үлесін арттыру жоспарланып

отыр.

2011 жылы оқу процесіне білім алушылар бойында қажетті құзыреттіліктерді

(белсенді, интерактивті, т.б. технологиялар) қалыптастыратын заманауи білім

технологиялары енгізіле бастады. Эксперимент негізінде оқытудың кредиттік, модульдік

технологиясы және жоғары техникалық мектеп бойынша 22 бағдарлама енгізілді.

Материалдық-техникалық база «Теория-практика» кедергісін жеңудің басты факторларының бірі ТжКБ

ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту болып табылады.

ҚР БҒМ-нің Әкімшілік есеп беру мәліметтерін талдау нәтижесі меншік нысандары

бойынша ТжКБ ұйымдарын материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету

көрсеткішінің санында айтарлықтай өзгерістер бар екенін көрсетеді.

2011 жылы ТжКБ оқу мекемелеріндегі материалдық-техникалық база (МТБ)

2 288,2 миллион теңгеге жаңартылды, оның ішінде ЖБ қаражатынан – 1 683,2 миллион

теңге, РБ-тен – 600 миллион теңге. Республика бойынша жалпы РБ қаражаты есебінен

ТжКБ 50 кабинет, 32 шеберхана, 16 зертхана, 25 оқу мекемелері жабдықталды. ТжКБ оқу

мекемелері санының көп болуына байланысты РБ есебінен барынша көп қаржыландыру

Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына тиесілі.

Егер ТжКБ-ның Мемлекеттік ұйымдарында жеке оқу кабинеттері 62,7%, шеберхана

80%, авто(тракто)дромдар 15,8%, компьютер сыныптары 59,9%-ды құраса, жекеменшік

білім беру ұйымдарында бұл көрсеткіштер біршама төмен.ТжКБ-ның жеке меншік

ұйымдарының 385-і заманауи жабдықтар және құралдармен жарақтандырылған оқу

кабинеттері (37,3%), шеберханалар (20%), авто(тракто) дромдар (15,8 %), компьютер

сыныптарымен (40,1 %) қамтамасыз етілген.

Техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту білім алушылардың кәсіптік

әрекетіне барынша оңтайлы жағдайлар жасау үшін арнайы оқу шеберханаларының

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 61

болуын талап етеді. ТжКБ-ның Мемлекеттік ұйымдарында шеберханалармен қамтамасыз

етудің оң динамикасы байқалады.

2011 жылы ТжКБ ұйымдарында 2 757 оқу шеберханалары іске қосылды. Олардың

үлкен үлесі Оңтүстік Қазақстан (12,8%), Қарағанды (11,5%) және Шығыс Қазақстан (10,4%)

облыстарында. Керісінше Маңғыстау (2,2-1,5%), Атырау (2,9-2,2%) облыстары мен Астана

қаласындағы (2,9-2,2%) ТжКБ беру ұйымдарының шеберхана, авто(тракто)дромдарды

құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен.

Оқу шеберханалары бойынша Шығыс Қазақстан - 94 (17 %), Оңтүстік Қазақстан -

71 (12,9 %) облыстары мен Алматы қаласының - 72 (13,1 %) жеке меншік ұйымдары алда

келеді.

ТжКБ беру ұйымдарын ақпараттандыру «парасатты» ел экономикасы дамуы үшін

бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға тікелей қатысты. ҚР Статистика агенттігінің

мәліметтері бойынша 2011 жылы ТжКБ ұйымдары оқу процесіндегі 42 958 компьютерден

20 762-сі Интернет желісіне қосылған. Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету

48,33%-ды құрайды (2010 жылы – 43,38%).

Мәліметтерді талдау нәтижесі ТжКБ-ның жеке меншік ұйымдары материалдық-

техникалық базаны нығайтуға қызығушылығы төмен екендігін көрсетеді. Осыған

байланысты меншіктің жеке меншік нысаны білім беру ұйымдарын аттестаттауға

Мемлекеттік бақылауды күшейткен жөн.

Аймақтар бөлінісіндегі көрсеткіштерді талдау Қостанай (48,24%), Шығыс Қазақстан

(44,92%), Солтүстік Қазақстан (65%) және Ақтөбе облыстарында (63%) осы мәліметтердің

динамикасында өсудің бар екендігін көрсетеді. Қызылорда (25%), Атырау (29%),

Маңғыстау (35%) облыстары мен Алматы (31%) қаласының көрсеткіштері республика

бойынша орташадан төмен.

Кітапхананың болуы – оқу-әдістемелік үдерістің маңызды қоры әрі ажырамас бөлігі.

2011 жылы кітапханасы бар ТжКБ оқу орындарының үлесі 2010 жылмен салыстырғанда

(91,96 %) 0,46 %-ға төмендегені байқалады. ТжКБ-ның 72 ұйымында әлі де кітапхана жоқ,

бұл жергілікті атқарушы органдардың тиісті шаралар қабылдау қажеттігін талап етеді.

Мәліметтерді талдау нәтижесі кітапханалары бар ТжКБ ұйымдары Оңтүстік

Қазақстан (99%), Маңғыстау (9%1), Батыс Қазақстан (79%) облыстарында басым үлесте

екенін көрсетті. Осы мәселе бойынша Атырау (24%), Қызылорда (25%) және Солтүстік

Қазақстан (30%) облыстарында көңіл бөлінбей, тиісті қаржы аударылмай отыр.

Техникалық және кәсіптік сапалы білім берудің қолжетімділік мәселелері

жатақханалар салу арқылы шешіледі. ТжКБ ұйымдарындағы аймақ мен қоныс тепкен

елді мекеніне қарай білім алушыларды жатақханамен қамтамасыз ету әртүрлі.

2011 жылы 220 орынға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Ш.Уәлиханов

ауданындағы №16 кәсіптік лицей (КЛ) жатақханасын қайта салу және 60 орынға арналған

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

62

Ақтөбе облысы Ойыл аграрлық колледжі жатақханасын салу есебінен, жалпы 280 орын

бөлінді.

2011 жылы ҚР БҒМ мәліметтері бойынша елімізде жатақханалармен қамтамасыз ету

47,8%-ды құрады. ТжКБ ұйымдарының 896-сында жатақхана бар, онда 42 188 білім алушы

тұрады, 22 046 білім алушыға тұратын орын қажет.

КЛ-дің 325-інен 186 бірлік жатақхана бар, олардың ішінде 116-сы ауылдық жерде

орналасқан.

Әлі де жатақхананы қажет ететін КЛ-де білім алушылардың саны – 4 683. Алматы,

Маңғыстау, Қызылорда және Атырау облыстарында жатақханалармен қамтамасыз ету

көрсеткіш пайыздары төмен. Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында білім

алушыларды жатақханамен қамту 100%. Бұл көрсеткіш Алматы (92,6%), Оңтүстік

Қазақстан (90,9%) және Ақмола (90%) облыстарында да мейлінше жоғары болып отыр.

«Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің

мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы

17 мамырдағы № 738 қаулысына сәйкес КЛ білім алушылар (ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан

шыққан патронат немесе қамқорлықтағы балалар) оқу үдерісі кезеңінде тегін ыстық

тамақпен қамтамасыз етіледі.

ТжКБ ұйымдарындағы 99,316 білім алушылар ыстық тамақпен қамтылған, оның

ішінде 4518 жетім балалар, 54249 - аз қамтылған отбасынан шыққан балалар.

ҚР БҒМ мәліметтері бойынша 2011 жылы КЛ білім алушылардың 89,5 %-ы ыстық

тамақпен қамтамасыз етілді. Атырау және Қостанай облыстарында бұл мәселе толығымен

шешілді. Солтүстік Қазақстан (99%), Оңтүстік Қазақстан (99%) облыстарының

көрсеткіштері жақсы.

ТжКБ жүйесін қаржыландыру

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға арналған Мемлекеттік

шығындардың шамасы ел экономикасы дамуы үшін осы деңгейдегі білімнің маңыздылығы

бойынша мемлекеттің білім саясатымен анықталады.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес

мемлекет мамандарды оқыту үшін жұмыс берушілердің шығынын 70%-ға өтеуді

жоспарлап отыр.

ТжКБ жүйесін қаржыландыру көлемі ҚР Статистика агенттігі мәліметтері бойынша

2011 жылы 72,4 млн теңгені құрады (ІЖӨ-нің 0,3%-ы немесе республикадағы барлық білім

жүйесін қаржыландырудан 7,2%-ы), бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,8 %-ға көп

(51,434 млрд теңге – 6,4 %).

Оның ішінде республикалық бюджет (РБ) қаражатынан 15,7 млрд теңге, жергілікті

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 63

бюджет (ЖБ) қаражатынан 56,8 млрд теңгені құрайды. Осылайша осы білім деңгейін

қаржыландыру шығынының негізгі үлесі аймақтағы жұмысшы мамандар қажеттіліктеріне

байланысты жергілікті бюджеттерге келеді.

Мемлекеттік тапсырыс есебінен республика бойынша орташа есеппен бір білім

алушыға кететін шығын 266,7 мың теңгені құрайды: КЛ-де – 261,0 мың теңге,

колледждерде – 272,5 мың теңге. Аймақтардағы көрсеткіш бір білім алушыға бюджеттік

негізде колледждерде оқыту құны біршама үлкен екенін көрсетеді: 120,0 мың теңгеден

(Астана қаласы) 429,0 мың теңгеге дейін (Ақмола облысы).

Бұл көрсеткіштер ТжКБ ұйымдарына жұмсалатын ЖБ шығындарының аймақтық

жүйесінің саралануын көрсетеді. Сондықтан 2011-2015 жылдарға арналған ҚР БҒМ

Стратегиялық жоспарында белгіленген жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселесі

өзекті бола түседі.

Осылайша, ТжКБ жүйесін дамытуға бюджеттік қаржыландырудың арттырылғанына

қарамастан кәсіби және жалпы білім беретін цикл кабинеттерін, оқу зертханалары мен

шеберханаларды заманауи жабдықтармен жаңарту қажет. Сондай-ақ, кәсіби және

техникалық біліммен жастарды қамтуды арттыру мақсатында жергілікті атқарушы

органдарға жатақханаларды салуға қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру керек.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

64

Негізгі қорытындылар мен ұсыныстар: ТжКБ ұйымдарындағы контингенттің төмендегені байқалады. Жастарды ТжКБ

мекемелерінде оқуға тарту мақсатында түсіндіру-ақпараттық және кәсіби бағдар беру

жұмыстарын күшейту қажет.

«Көлік» (0,5 %-ке), «Ауыл шаруашылығы» (0,3 %) бағыттарында білім алушылар

үлесінің біршама өскендігін және «Құрылыс» (0,2 %) бойынша осы көрсеткіштің

төмендегенін көрінеді. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға өңірлік

ерекшеліктерін есепке ала отырып техникалық және технологиялық мамандықтар

кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты ұлғайтуды алдын-ала қарастыру қажет.

Әлеуметтік серіктестікті дамытудың оң үдерісі байқалады. Еңбек нарығы

сұраныстары болжамдарына сай типтік оқу және білімдік бағдарламалар әзірленген.

Білім беру ұйымдарының тәжірибелік дағдыларын дамыту үшін жұмыс оқу

жоспарларында оқытудың дуальдық жүйесінің элементтерін енгізіп, өндірістегі кәсіби

іс-тәжірибе үлесін арттырудың мүмкіндіктерін алдын-ала қарастырулары керек.

Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің сандық және сапалық жағынан

төмендеуі байқалады. Осы мәселені шешу үшін инженерлік-педагогикалық кадрлардың

біліктілігін жоғарылатуға арналған өндірістегі тағлымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсына

отырып, мемлекеттік тапсырысты ұлғайту қажет.

Меншік түрлеріне қарамастан ТжКБ ұйымдарының материалдық-техникалық

базасын жарақтандыру төмен күйде қалуда. Осыған байланысты жергілікті атқарушы

органдар мен колледж құрылтайшылары ТжКБ оқу мекемелерінің МТБ-ларын нығайту

үшін қаржыландыру көлемін ұлғайту ұсынылады.

Білім алушыларды жатқханалармен қамтамасыз ету 47,8% құрайды. ТжКБ

ұйымдарының жатақханаларға қолжетімділігі жағдайларын жасау мақсатында жергілікті

атқарушы органдардың жатақханаларды салу жұмыстарын жандандыруы қажет.

ТжКБ ұйымдарында тәуелсіз бітірушілер біліктілігін растау механизмі жұмыс

істейді. Сонымен қатар білім беру жүйесіне тәуелсіз ТжКБ бітірушілеріне біліктікті беру

үлгісін енгізуді алдын-ала қарастыру керек.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 65

2.4. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында жоғары

және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мақсаты еңбек нарығының қажеттіліктерін,

елдің, тұлғаның индустриалдық-инновациялық

даму міндеттерін қанағаттандыратын және

білім беру саласындағы үздік әлемдік

практикаға сәйкес келетін жоғары деңгейге қол жеткізу деп анықталған.

Мемлекеттің жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білім беру саласындағы білім беру

саясаты ғылым-білім-өндіріс үшбірліктің өзара қатынасы арқылы жетекші әлемдік

үдерістерді ескере отырып жүзеге асырылады. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың алғашқы жылдарында елдің

индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарына сәйкес келетін, жоғары білім беру

еуропалық аумағына кіріге алатын, технологиялық және зияткерлік меншік өнімдерін

коммерциализациялау үшін жағдайын жасаған, жоғары білікті ғылыми және ғылыми-

педагогикалық кадрлар дайындайтын жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білімі бар

кадрларды даярлаудың нақты механизмі іске қосылды. Жоғарғы оқу орындарында

бақылаушы және қамқоршы кеңестерін құру арқылы корпоративтік басқару жүйесін

енгізудің заңнамасы бекітілді. Республика жоғары оқу орындарына қолданысында жүрген

қамқоршы кеңестерінің уәкілеттілігі қайта қаралуда. Осы механизмді тиімді ендіру үшін

«Назарбаев Университеті» ДБҰ тәжірибесі жоғарғы білім беру жүйесі менеджментінің

заманауи үлгісі ретінде таратылуда.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру желісі мен контингенті

Жастарды осындай және басқадай деңгейдегі білім берумен қамту халықаралық

статистикалық көрсеткіштерінде елдің бәсекеге қабілеттілігі қосылғыштарының бірі болып

табылады. Елдің инновациялық әлеуеті мен макроэкономикалық тұрақтылығын бақылау

көрсеткіштерін жақсарту нәтижесі тұрғындарының жоғары білімділік үлесіне тікелей

байланысты.

Әлемдік практикада, орта есеппен алғанда, 10 000 адамға 232 студенттен келеді.

Республикада бұл көрсеткіш 377 адамды құрайды. Үш жылдағы динамика бойынша бір

жоғары оқу орнына есептегенде, студенттердің орташа саны көрсеткіштерінің өзгергендігі

байқалуда (2.4.1-кесте).

Жоғары білімнің күшті әрі ашық жүйесі гулденген интеллектуалдық қоғам үшін негіз болады. Жоғары білім дағдарысты болдырмаудағы басты мақсатымыз болуы тиіс.

Бухарест коммюникесі

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

66

2.4.1-кесте. Бір жоғары оқу орнына есептегенде студенттердің орташа саны, адам

2009 2010 2011 +/-

Студенттердің орташа саны 4 209 4 192 4 312 + 103

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

2011 жылы республикадағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

жүйесінде білім беру қызметін 146 жоғары оқу орны жүзеге асырады. Оның ішінде,

9 ұлттық, «Назарбаев Университеті» ДБҰ, Қ,А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік

университеті, 33 мемлекеттік, 13 азаматтық емес, 16 акционерлік және 73 жекеменшік

жоғары оқу орны бар. Студенттердің жалпы контингенті 629 507 адамды құрайды

(2.4.1-сурет).

2.4.1-сурет. Жоғары оқу орындарының желісі мен контингенті

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

2011 жылы жоғары оқу орындарының санын қысқарту кезінде студенттер

контингентінің өсу динамикасы сақталды (2010 жыл – 620 442, 2011 жыл – 629 507 адам).

Олардың 21%-ы мемлекеттік білім беру гранты бойынша және 77%-ы шартты негізде

білім алады.

Мемлекеттік (311 333) және жекеменшік (311 817) жоғары оқу орындарындағы

студенттерді қамту көрсеткішінде аз ғана айырмашылық бар, 2010 жылмен

салыстырғанда, жекеменшік жоғары оқу орындарындағы студенттер санының өскендігі

байқалады (2.4.2-сурет).

181 176 167 143 148 149 146

число вузов (ед.)

767,3 760,6 707,9

622,4 610,2 620,4 629,5

число студентов (тыс. человек)Студенттер саны (мың, адам)

Жоғарғы оқу орындарының саны(бірлік)

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 67

2.4.2-сурет. Студенттерді жоғары оқу орындарының меншік түрлері бойынша қамту, студенттердің

жалпы санынан %-ы

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Жекеменшік жоғары оқу орындарында оқитын студенттермен салыстырғанда

мемлекеттік тапсырыс бойынша мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алушылар

саны 79,3% (110 620 және сәйкесінше 22 884 адам) көбірек. Жекеменшік жоғары оқу

орындарында ақылы негізде оқитын студенттердің (92,7%) үлесі мемлекеттік жоғары оқу

орындарына (64,5%) қарағанда көп.

Жұмыс берушілер мен шетелдік инвесторлар есебінен экономика салалары мен

индустриалды-инновациялық жобалар бойынша жоғарғы және жоғарыдан кейінгі

білімімен кадрларды даярлаудың оң үрдісін атап көрсетуге болады. ҚР Статистика

агенттігінің деректері бойынша кәсіпорындар есебінен 4 327 адам білім алған.

Аймақтар бөлінісінде жоғары оқу орындарында білім алушылардың саны Алматы

қаласында көп, яғни студенттердің жалпы санының 29,1%-ын құрайды. Солтүстік

Қазақстан облысындағы жоғары оқу орындарында білім алатын студенттердің саны (1,3%)

барынша аз. Бұл жоғарғы оқу орындарындағы әркелкі бөлініс салдарынан. Сонымен

қатар ЖОО-ды одан әрі оңтайландыру үдерісін ресурстармен,оның ішінде сапалы

оқытушы-профессорлық құрам мен материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілу

деңгейіне сәйкес жүргізу ұсынылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес оқу

бағдарламаларының мазмұнына байланысты тұлғаның қажеттілігі мен мүмкіндіктерін

ескере отырып білім беру қызметтерін ұсыну күндізгі, кешкі және сырттай оқыту

нысандары арқылы жүзеге асырылады.

Жоғары білім беру жүйесінде күндізгі оқыту нысанындағы студенттердің саны

басым. Осы оқыту нысанымен қамтылған студенттердің үлесі 57,3%-ды құрайды.

2009 жылмен салыстырғанда аталған көрсеткіштің өсу динамикасының оң үрдісі (5,1%-ға)

байқалуда. Осындай оқыту нысаны бойынша жоғары білімді мамандар даярлау

өз кезегінде студенттердің сапалы білім алуына кепілдік береді. Жыл сайын сырттай оқыту нысанында оқитын студенттер үлесінің төмендеу үрдісі

байқалуда. Мысалы, 2009 жылы олардың үлесі 47,3% болса, 2011 жылы 41,2%-ды құрады

49,9849,46

48,24

49,53

2010 жыл 2011 жыл

Мемлекеттік ЖОО Жекеменшік ЖОО

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

68

(6,1%-ға төмендеген). Аталған көрсеткіш Алматы (63,6%), Жамбыл (63%), Маңғыстау

(59,4%) және Қарағанды (59,1%) облыстарында бұрынғыдай жоғары деңгейде.

Индустриалдық-инновациялық даму сұраныстарына сай бакалаврларды дайындау

құрылымында техникалық және технологиялық мамандықтардың басымдылық үрдісіне

ие болғаны байқалады. Соған қарамастан құрылыс саласындағы жоғары білікті

мамандардың үлесі төмен қалпында қалуда.Ағылшын тіліне ертерек үйретуге өтуді есепке

ала отырып көптілді мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыстың өсуін алдын ала

ескеру ұсынылады (2.4.3- сурет). 2.4.3-сурет. Бакалавриат мамандықтарының топтары 2011 жыл, %

Дереккөз: ҚР СА мәліметтері 2011 жылы білім алушылардың көпшілігі «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және

бизнес» (25%), «Білім беру» (23%), «Техникалық ғылымдар және технология»

(21%) сияқты мамандықтар топтарына барады, ал «Ветеринария» мамандығына келетін

студенттердің саны аз (0,6%).

Жас ерекшелік шкаласы бойынша студенттер санына жүргізілген талдау жоғары

білімді негізінен 18-22 жастағылар алатынын көрсетті. 23-24 жастағылармен

салыстырғанда аталған білім беру деңгейінде 25-29 жас санатындағы білім алушылардың

сандық көрсеткішінің жоғары екендігі байқалуда.

Шетелдік студенттердің республиканың жоғары оқу орындарында білім алуға

қызығушылығын туғызу мақсатына жету әлі де өзекті болып отыр. 2011 жылы шетел

студенттерінің саны 10,4-ды құрады. Оның үстіне мұндай студенттердің көбісі Алматы

қаласының жоғарғы оқу орындарында оқиды. Шетелдік студенттердің көпшілігі

халықаралық келісім аясында білім алуда. Осылайша, 2011 жылдың өзінде 259 шетелдік -

Тәжікстан, ҚХР, Беларусь, Румыния, Моңғолия, Ауғанстан Ислам Республикасы

азаматтары білім гранттарының иегерлері атанған. (2.4.2-кесте).

23

124

22

1612

39

1212 2 6 2

образование гуманитарные науки право

искусство социальные науки и бизнес естественные науки

технические науки и технологии сельскохозяйственные науки услуги

военное дело и безопастность здравоохранение ветеринария

Білім

Қызмет

Денсаулық сақтау Ветеринария

Гуманитарлық ғылымдар

Өнер Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

Жаратылыстану ғылымдарыТехникалық ғылымдар және технология

Ауылшаруашылығы

ҚұқықБілім

Қызмет

Денсаулық сақтау Ветеринария

Гуманитарлық ғылымдар

Өнер Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

Жаратылыстану ғылымдарыТехникалық ғылымдар және технология

Ауылшаруашылығы

ҚұқықБілім

Қызмет

Денсаулық сақтау Ветеринария

Гуманитарлық ғылымдар

Өнер Әлеуметтік ғылымдар және бизнес

Жаратылыстану ғылымдарыТехникалық ғылымдар және технология

Ауылшаруашылығы

ҚұқықБілім

Қызмет көрсетуДенсаулық сақтау Ветеринария

Гуманитарлық ғылымдарӨнер Әлеуметтік ғылымдар және

бизнесЖаратылыстану ғылымдары

Техникалық ғылымдар мен технология

Ауылшаруашылығы

Құқық

Әскери іс және қауіпсіздік

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 69

2.4.2-кесте. Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алушы шетелдік студенттердің саны, адам

2009 2010 2011 +/- Барлық білім алушылар 11974 10361 8982 2992

Жақын шетелдерден 7987 7602 6429 - 1558

Балтық жағалауы елдерінен (Латвия) 4 4 4 -

Алыс шетелдерден 4430 3647 3983 - 447

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Шетел студенттерін республика жоғарғы білім беру жүйесіне келтіру мәселесін

шешу үшін Болон процесі елдерінің озық тәжірибесін ескере отырып тұжырымдамалық

құжат әзірлеу ұсынылады.

Білім беру жүйесінің нәтижелілік көрсеткіші – білім алушылар контингентінің

қозғалысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда

кету коэффициенті 1%-ға ұлғайған. Осылайша, үш жылда аталған көрсеткіштің төмендеу

үрдісі өзгерген.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша студенттердің жоғары оқу

орындарынан кету үлесінің жоғары болу себептерінің бірі «қаржылық қиындықтар» болып

табылады (20,7%). Бұл ретте «үлгермеу» себебімен 8,6% адам, «оқу тәртібін, ішкі тәртіп

ережелерін және оқу орнының Жарғысын бұзғаны үшін» – 17,9% адам, «өз еркімен» –

17,1% адам кеткен. 12,4% адам «басқа жоғары оқу орындарына ауысқан».

Жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлау республиканың жоғары оқу

орнында, сонымен қатар ғылыми ұйымдарында да жүзеге асырылды. Магистранттардың

жалпы саны 21 159 адамды құрады, олардың 62,3%-ы ақылы білім беру қызметтерін

алады.

Аймақтық салыстыруда магистранттардың саны Алматы (7 628) және Астана

(1 839 адам) қалаларында және Қарағанды (1 318), Оңтүстік Қазақстан (1 301 адам)

облыстарында көп. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан (96) және Алматы облыстарындағы

(100) магистранттар саны аз.

Магистартура деңгейінде білім алушылардың негізгі үлесі «Әлеуметтік ғылымдар

және бизнес» (13,8%), «Техникалық ғылымдар және технология» (17,1%), «Білім беру»

(13,9%), «Құқық» (11%) сияқты мамандықтарға тиесілі. «Ветеринария» (0,8%),

«Ауылшаруашылық ғылымдары» (2,4%), «Өнер» (2,1%), «Қызмет көрсету» (2,8%)

мамандықтары бойынша студенттер даярлау үлесі төмен деңгейде қалып отыр.

2011 жылы докторанттардың жалпы саны 1 337 адамды құрады. Докторантурада

білім алушылардың саны мынадай - «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» –

26,6%, «Техникалық ғылымдар және технология» – 22,2%, «Жаратылыстану ғылымдары»

– 14,1%. Докторанттар мен магистранттардың көпшілігін Алматы (830 адам) және

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

70

Астана (214) қалаларындағы жоғары оқу орындары дайындайды. Оларды даярлау Атырау

облысында ғана жүзеге асырылмайды.

Оқу салалары бойынша 2011 жылғы бітірушілерді бөлуге жүргізілген

салыстырмалы талдау «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (30,4%), «Білім»

(20,9%) «Техникалық ғылымдар және технология» (20%) сияқты мамандықтар топтарын

бітірушілер санының басым болғанын көрсетті. Экономиканы дамыту үшін маңызды

болып саналатын «Ауылшаруашылық ғылымдары» (1%) және «Ветеринария»

(0,4%) мамандықтарын бітірушілердің үлесі аз.

Жалпы республика бойынша 2010 жылмен салыстырғанда жоғары білімді

мамандардың бітіру көрсеткішінің аздап төмендегені (0,64%-ға) байқалады. Бұл ретте

басқа жағдай оқытудың сырттай және кешкі нысандарында бітіру көрсеткіші бойынша

қалыптасады. Мысалы, кешкі оқыту нысаны бойынша бітіргендер саны 35,6%-ға және

сырттай бөлімде 4,2%-ға артқан. Бұл Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі

мемлекеттік бағдарламасының «өмір бойы оқу» принципін іске асырудың оң үрдісі болып

табылады (2.4.3-кесте). 2.4.3-кесте. Жоғары білімді мамандардың бітіруі, мың адам

2010-2011 2011-2012

Мамандардың жалпы саны, оның ішінде 161 964 160 934

күндізгі оқыту нысаны бойынша 75 823 70 784

кешкі оқыту нысаны бойынша 479 744

сырттай оқыту нысаны бойынша 85 662 89 406

Дереккөз: ҚР СА мәліметтері

Өңірлер бөлінісінде бакалаврлардың бітіру көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда

Алматы қаласында 1 643-ке, Павлодар облысында – 792 және Алматы облысында –

448 адамға төмендегенін көрсетеді. Атырау облысында 23-ке және Маңғыстау облысында

53-ке төмендеген. Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында бітіру көрсеткішінің

500 адамға көбейгендігі байқалуда.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы магистранттар бітіруінің

сандық көрсеткіші 8 353 адамды құрады. Бұл ретте магистрлік диссертацияны 8 266 адам

ғана қорғаған. Гендерлік аспектіде әйел жынысты магистрлердің бітіруі басым болып отыр

(5 231).

Бітірген докторанттар саны 159 адамды құрады, оның ішінде PhD доктор ғылыми

дәрежесін 111 адам ғана алған. 2011 жылы республиканың бес облысында (Ақмола,

Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай) докторанттардың бітіруі жүзеге

асырылмаған.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 71

Мемлекеттік білім беру тапсырысы Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік

бағдарламасының қажеттіліктеріне сәйкес мемлекеттік тапсырыс құрылымына өзгерістер

енгізу қарастырылған.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жоғары білімді кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 1,7%-ға, оның ішінде «Техникалық ғылымдар және

технология» (+362), «Жаратылыстану ғылымдары» (+350) және «Ауылшаруашылық

ғылымдары» (+200) сияқты мамандықтардың топтары бойынша даярлауға көбейген.

Сонымен қатар «Білім» мамандығы бойынша мемлекеттік тапсырыс қысқарған (-1000)

(2.4.4-кесте).2011 жылы тұңғыш рет бакалавриат бағдарламасы бойынша Назарбаев

университетіне 500 білім гранты көлемінде оқуға қабылдау жүзеге асырылған. 2.4.4-кесте. Жоғары білімді мамандарды даярлау, мемлекеттік тапсырыс, адам

Бакалавриат 2010 2011

Гранттар, соның ішінде: 35 425 36 046

күндізгі оқытуға 34 425 35 046

сырттай оқытуға 1000 1000

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Осылайша, жоғары білімді мамандар даярлау құрылымында гуманитарлық және

техникалық бағыттағы мамандықтар тобы көбірек. Бұнымен қатар жоғары білімі бар

жоғары білікті мамандарды даярлау ҮИИДМД жүзеге асыру үшін жұмыс берушілердің

талаптарын ескере отырып және өңірлік еңбек нарығын дамытуды болжауға сәйкес

жүзеге асыру қажет.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасын іске

асырудың алғашқы жылында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауға

арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі магистратура мен докторантура бойынша да

ұлғайды. Мысалы, 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда магистрлерді даярлауға

арналған мемлекеттік тапсырыс көлемі 83,8 %-ға, PhD докторларды даярлау – 150 %-ға

ұлғайған.

PhD докторларды даярлауда айтарлықтай өзгерістер үрдісі байқалады –нысаналы

дайындау механизмі енгізілген, ғылыми-зерттеу ұйымдарымен келісім-шарттар жасау

міндетті талаптарын орындаған базалық жоғарғы оқу орындары айқындалған.

Магистратура мен докторантураның білім бағдарламасы талаптарында білім

алушылардың шетелдік тағлымдамасы, біріккен зерттеулер жүргізу, ал докторантурада

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

72

белгілі шетелдік ғалым-кеңесшінің болуы шарт. Осылайша жоғары білікті ғылыми және

ғылыми-педагогикалық кадрларды сапалы даярлау үрдісі күшейтілген.

Жоғары және жоғарыдан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға деген

мемлекеттік тапсырыс көлемінің ұлғаюына қарамастан құрылыс, био- және

нанотехнологиялар, мектепке дейінгі, қосымша және инклюзивті білім беру салаларында

жоғары білікті кадрларға деген сұраныс әлі сақталуда. Бұл үшін еңбек нарығын болжау

үрдісін есепке ала отырып мемлекеттік тапсырыстың нақты бөліну әдісін әзірлеп шығу

қажет.

Жоғары білім берудің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету Әлемдік білім деңгейіне қол жеткізуге және бірыңғай білім беру кеңістігіне енуге

талпына отырып, республиканың жоғары мектебі Болон декларациясының өлшемдерін

орындау бойынша бірқатар мақсаттарға қол жеткізді.

Жоғары білім берудің еуропалық аймағына кірігуді жүзеге асыру үшін нормативтік-

құқықтық база жаңартылды. Дублин дискрипторларын, модульдік білім беру

бағдарламаларын, Кредиттерді қайта тапсырудың еуропалық жүйесін қарастыратын

оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың Ережелері

бекітілді. 2015 жылға қарай кредиттерді ауыстырудың еуропалық жүйесінің типі бойынша

(ECTS) кредиттерді қайта тапсырудың қазақстандық моделін енгізген жоғары оқу

орындарының үлесін 100%-ға жеткізу Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі

Мемлекеттік бағдарламасы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. 2011 жылы бұл

көрсеткіш 28%-ды құрады.

Республиканың біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғарғы оқу

орындар желісінің кеңейгенін байқауға болады. 2011 жылы 37 жоғары оқу орнының

398 маманы аталған бағдарлама шеңберінде «Геомеханика және геоинженерия»

(AGH Universiti of Science and Technology), «Су ресурстары және суды пайдалану»

(АҚШ, Кентуки Университеті, Колорадо Университеті), «Геологиялық барлау» (Ресей)

сияқты ел экономикасы үшін неғұрлым қажетті мамандықтар бойынша оқуын аяқтады.

Студенттерді кемінде бір академиялық кезең шетелде оқыту арқылы ішкі және

сыртқы академиялық ұтқырлықты күшейту жұмыстары жандандырылды. Қазақстан

Республикасы жоғарғы оқу орындарында білім алушыларының академиялық ұтқырлығы

Тұжырымдамасы, шет елге, оның ішінде академиялық ұтқырлық аясында оқытуға

жіберуге жолдама беру Ережелері қабылданды. Осылайша, 2011 жылы республикалық

бюджеттен 350 магистрант әлемнің 25 елінде 97 шетелдік жоғары оқу орнына барып білім

алып келді.

Қазақстан-француз жоғарғы оқу орындары Екінші халықаралық «Мамандарды

даярлауды дамыту және академиялық ұтқырлық: тәжірибе алмасу, проблемалар мен

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 73

перспективалар» атты форумының нәтижесінде қазақстандық және француз жоғарғы оқу

орындары арасындағы ынтымақтастық бойынша 19 меморандум мен келісімдерге қол

қойылды. Академиялық ұтқырлық бойынша Халықаралық семинар аясында Ресей,

Белорусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Арменияның жоғарғы оқу орындарының

17 ректорлары арасында Еуразиялық кеңістіктегі жоғарғы оқу орындары Меморандумы -

Тараз декларациясының жаңа парағына қол қойылды.

2011 жылы шетелдік ғалымдар мен оқытушыларды қаржыландыру

бағдарламасының көлемі 10 есеге өскен. Әлем елдерінің жетекші жоғарғы оқу

орындарынан 1717 шетелдік ғалымдар мен кеңесшілер республиканың 42 жоғарғы оқу

орындарындағы студенттер мен магистранттардың ғылыми қызметтерін ұйымдастыру

жұмыстарына тартылған.Осы бағыттағы жұмыстардың көшбасшысы болып Назарбаев

Университеті тұр, ол жетекші халықаралық ғылыми ұйымдармен және университеттермен

ресми серіктестікте барлық академиялық және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жүзеге

асыруда.

Қазақстандық жоғарғы оқу орындарының стартегиялық серіктесі болып, Техас

университеті (АҚШ), Хосео университеті (Оңтүстік Корея),Отто фон Гуэрике

ат. Университет (Германия), Вроцлав университеті (Польша), Минесотта университеті

(АҚШ), Роберт Гордон университеті (Ұлыбритания), Мюнхен техникалық университеті,

Штутгарт университеті (Германия), Акита университеті (Жапония), Москва болат пен

қорытпа институты, Томск политехникалық университеті, РҒА есептеу технологиясы

Институты және т.б.

Республика жоғарғы оқу орындарына тартылған шетелдік ғалымдардың

жұмысының нәтижелілігі үшін олардың ұзақ мерзімге келуі мен сапалы іріктелуі

механизмін жасау қажет.

Жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесіндегі халықаралық серіктестікті

дамыту оның халықаралық білім және ғылым кеңістіктігіне кірігуінің ажыратылмас бөлігі

болып табылады. Осы бағытта екіжақты 124 үкіметаралық келісім-шарттар мен

меморандумдар жүзеге асырылуда. Біріккен жобалар Еуропа Кеңесімен, Еуроодақпен,

Болон процесі хатшылығымен, Университеттердің Ұлы Хартиясы Обсерваториясымен

жүзеге асырылуы байқалады.Еуразиядағы білім беру ұтқырлығын жүзеге асыру үшін ТМД

елдерінің Желілік Университеті және ШСҰ елдері Университетімен қызметтесу жалғасуда.

Эразмус Мундус (Erazmus Mundus), ТЕМПУС (ТEMPUC) және ДААД аясында

Болон процесі қағидаттарына сәйкес біріккен білім беру бағдарламаларын қазақстандық

21 жоғарғы оқу орыны жүзеге асыруда. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын

алға бастыру үшін ҚР БҒМ-нің Болон процесі Орталығына әлемдік білім кеңістігіне кірігу

саясатын жүзеге асыру бойынша жоғарғы оқу орындарының жұмыстарын үйлестіруді

күшейту керек.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

74

Ғылыми-педагогикалық кадрлар Республикадағы жоғары мектеп жүйесін жаңғырту, оқытудың инновациялық

нысандары мен әдістерін енгізу тұлғаға және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің

кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қояды.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасы

профессорлық-оқытушылық құрамның жүйелі қалыптасуының және бірлесіп жұмыс істеу

практикасының болмауы сияқты аспектілерді республиканың жоғары білім жүйесіндегі

әлсіз жақтардың бірі деп айқындайды. Аталған проблеманы шешу үшін жоғары білікті

ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау міндеті қойылды.

Республикадағы жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының

сандық көрсеткіштері магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылар есебінен ұлғайды.

Олардың саны 2011 жылы 6 057 адамды құрады. PhD (философия) докторлары ғылыми

дәрежесі бар (жаңа жіктеу) ПОҚ 473-ті, бейіні бойынша доктор 305-ті құрады.

Осылайша, жоғары мектеп жүйесіндегі кадрлық әлеует магистрлер (8,1%) мен PhD

(философия) докторлары (23,5%) үлесінің өсуімен байқалды. Бұл ретте 2010 жылмен

салыстырғанда бейіні бойынша докторлар үлесінің төмендігі (7,9%) байқалуда.

2010 жылмен салыстырғанда магистр академиялық дәрежесі бар ғылыми-

педагогикалық құрамның сандық көрсеткішінің өсу динамикасы Қызылорда

(+ 50%), Ақтөбе (+ 42,3%) және Атырау (+ 41 %) облыстарында байқалады.

Магистр (1 575), PhD (философия) докторы (249) және бейіні бойынша доктор

(182 адам) оқытушылардың ең көп үлесі Алматы қаласында. Бұл жоғары оқу орындары

санының көптігімен байланысты (47 бірлік). Облыстар бөлінісінде бейіні бойынша

докторлар саны Қарағанды облысында көп (65 адам). Бұл ретте Атырау және Батыс

Қазақстан облыстарындағы ПОҚ-да PhD (философия) докторлар мен бейіні бойынша

докторлар жоқ.

ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша 2011 жылы ғылым докторларының

саны 3 623 адамды, ғылым кандидаттары 14 722 адамды құрады.

2011 жылы республиканың жоғары оқу орындарында оқытушылық қызметті

40 538 адам жүргізді. ПОҚ саны 938 адамға өскен. Гендерлік аспектіде ПОҚ-та әйел

адамдар басым (25 970).

Меншік нысандары бойынша ПОҚ-тың сандық көрсеткіші жекеменшік жоғары оқу

орындарында жұмыс істейтін оқытушылардың үлесі 3,3%-ға өскенін көрсетеді (2011 жылы

– 37,4%).

Сонымен қатар аталған көрсеткіш мемлекеттік жоғары оқу орындарында 2,4%-ға

және басқа мемлекеттер меншігіндегі жоғары оқу орындарында 0,95%-ға төмендеді.

Аймақтық салыстыруда аталған көрсеткішті өзгертуге Астана қаласының жекеменшік

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 75

нысандағы жоғары оқу орындарындағы ПОҚ үлесінің артқандығы әсер етті (мемлекеттік

жоғары оқу орындарында – 2 044, жекеменшікте – 2 388 адам).

Дәстүрлі түрде 2011 жылы республикалық конкурс қорытындылары бойынша

мемлекеттік грантты республика жоғары оқу орындарының 200 үздік оқытушысы алды.

2010 жылмен салыстырғанда (68%) бұл иегерлердің сапалық құрамы жоғары:

профессорлар мен ғылым докторлары (73%) бар, қалғандары – доценттер, ғылым

кандидаттары, PhD докторлар.

Гранттарға ие болғандардың көпшілігі техника (19,5%), экономика (13%) және

педагогика (12%) ғылымдары бойынша. Техника ғылымдары бойынша жеңімпаздардың

басым болуы оң үрдісі болып табылады, өйткені республиканың индустриалды-

инновациялық дамуына, ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапалылығын арттыру

жұмыстарына мүмкіндік берілді.

Сонымен қатар алыс және жақын шетелдердегі жоғарғы оқу орындары мен ғылыми

орталықтардан 75.5 % грант иегерлері тағлымдамадан өтті.

Атап айтсақ, қазақстандық жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білім берудің

кадрларды даярлаудың үшдеңгейлік жүйесіне өтуі (бакалавриат- магистратура-

докторантура), әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуді қамтамасыз етіп және ғылыми

кадрларды даярлауда жаңа деңгейге өтуіне мүмкіндік берді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін қаржыландыру Жаһандық еңбек нарығының өзгермелі жағдайы экономиканың әртүрлі

салаларында жоғары білікті мамандар даярлауды талап етеді.

Мемлекеттік қаржыландыру – мемлекеттік жоғары оқу орындарының басты көзі.

Бұл ретте жекеменшік жоғары оқу орындарының негізгі табысы оқу төлемақысы болып

қала береді. 2011 жылғы мемлекеттік бюджеттің шығыстар құрылымында білім берудің

барлық деңгейлерінде абсолюттік жағынан қаржыландыру өскенімен жоғарғы білім беруге

шығындар үлесінің қысқарғанын байқауға болады. Білім берудің осы деңгейін

қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджеттен бөлінетін шығыстарды 15,7 млрд. теңгеге

ұлғайту кезінде жалпы көлемдегі үлес көрсеткіші 0,3%-ға төмендеді.

Жоғарғы мектеп білім алушыларын мемлекеттік қаржылай қолдау механизмдерінің

бірі академиялық ұтқырлықты алға бастыру үшін алғаш рет 200 млн. теңге бөлінді.

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі

білім жүйесінде білім алушылардың шәкіртақысының мөлшері 30%-ға көбейді. Студенттер

шәкіртақысы 2011 жылы 15 235 теңгені (2010 жылы – 11 719 теңге), магистранттардікі

38 931 теңгені (2010 жылы – 29 947 теңге), PhD докторанттардікі 59 635 теңгені

(2010 жылы – 45 873 теңге) құрады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

76

2011 жылы алғаш рет 10 үздік магистрантқа Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә. Назарбаев шәкіртақысы тағайындалды.

Жоғарғы оқу орындары базалық оқулықтарын мемлекеттік тілде әзірлеуге және

баспадан шығаруға мемлекеттің қолдауын атап көрсетуге болады. 2011 жылы алғаш рет

республикалық бюджеттен 137,7 миллион теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде жалпы

тиражбен 230 мың данада 130 атаудағы оқулықтар басып шығарылды. Жоғарғы оқу

орындарындағы кітапхана қорын жаңарту мен нығайтуға жасалып жатқан іс-шаралар оқу

үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан сапалы және айтарлықтай жақсартуды қамтамасыз

етеді.

Жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының дамуын

қамтамасыз ету Ақпараттық - білім беру ортасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

берудің технологиялық базасын түбегейлі жаңғыртуға мүмкіндік беріп, инновациялық білім

беру жүйесіне көшуді жүзеге асыруға ықпал етеді.

Республикадағы 146 жоғары оқу орнының 18-інде инженерлік бейіндегі және

ұжымдық пайдаланудағы зертханалар бар. Инновациялық құрылымдар республиканың

6 жоғары оқу орнында (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ. Сәтбаев

атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті,

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті,

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан

аграрлық-техникалық университеті) құрылған.

Жоғары білім бағдарламалары білім алушыларының халықаралық дерек көздерін

қоса алғанда, ақпараттық ресурстарға және кітапхана қорларына еркін қол жеткізуі

қамтамасыз етілген.

Аймақтар бөлінісінде компьютерлік техникамен жарақтандырылу деңгейі Алматы

қаласындағы жоғары оқу орындарында жоғары (оқу процесінде пайдаланылатын

23 689 компьютер, 16 132 компьютер Интернет желісіне қосылған және 863 интерактивті

жабдықтар жинағы).

Республика жоғарғы оқу орындарын заманауи ақпараттармен қамтамасыз етудің

жоғарылауының оң үрдісіне әлемдік ақпараттық ресурстарға және жетекші ғылыми

басылымдар мен баспаларға қол жетімділікті ұсыну болып табылады. 2011 жылы Ұлттық

лицензия Thomson Reuters (АҚШ), сондай-ақ, Springer (Германия) және Elsevier

(Нидерланд) компанияларымен келісімге қол қойылды.

Жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарды әзірлеуді және басып шығаруды

мемлекеттік қолдау жүйесі бар. 2011 жылы алғаш рет республикалық бюджеттен жоғары

оқу орындарына арналған базалық оқулықтарды басып шығаруды мемлекет тарапынан

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 77

қаржыландырылып 137,7 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Нәтижесінде жалпы

тиражбен 230 мың данадағы оқулықтар басып шығарылды, бұл жоғарғы оқу орындарын

сапалы және айтарлықтай деңгейде оқу үрдісін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге

мүмкіндік туғызады. Бұнымен қатар жоғарғы оқу орындарындағы оқулықтарды

мемлекеттік тілде әзірлеуді және шығару тездетуді, сондай-ақ жетекші шетелдік

авторлардың оқулықтарын мемлекеттік тілге аударуды қажет етеді.

Ауыл жастарына жоғарғы оқу орындарының қолжетімділігі механизмдерінің бірі

«Студенттік баспана» бағдарламасын жүзеге асыру болды. 2011 жылы 560 орынға

арналған (Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) және

500 орынға арналған (Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік инжиниринг және

технологиялар университеті) 2 жатақхана салынды.

Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңғырту мен білім беру, ғылым және

өндірістің бірігуін қамтамасыз ету 2011 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мазмұнын жаңғырту

бойынша басымдықтар мен бағыттар одан әрі дамуда. Мұны жоғары және жоғары оқу

орнынан кейінгі білімнің құрылымы мен мазмұнын, оны ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуін

реттейтін нормативтік құжаттарды талдау көрсетті.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті

стандарттарының негізгі ережелері әзірленіп, бекітілді (ҚР БҒМ-нің 2011 жылғы

17 маусымдағы №261 бұйрығы). ҚР МЖБС-ға сәйкес таңдауы бойынша компонент үлесі

бакалавриатта 55%-ға, магистратурада - 70%-ға, докторантурада 90%-ға дейін ұлғайды

(240 кредиттің 161-і таңдау бойынша компонент болып табылады). Осылайша жоғарғы оқу

орындары білім беру бағдарламаларын өз еркінше жасауға және элективті курстардың

мазмұнын анықтауға мүмкіндік алды. Осы кезде жұмыс берушілер мен стратегиялық

шетелдік ЖОО-серіктестермен білім беру бағдарламаларының мазмұнын да жетілдіруді

жалғастыру қажет.

Білім берудің практикалық – бағдарлық жағын жүзеге асыру мен педагогикалық

білім берудің сапасын арттыру үшін педагогикалық практикаға арналған кредиттер көлемі

6-дан 20-ға дейін, өндірістік практикаға арналған кредиттер көлемі 6-дан 15-ке өскендігін

атап өтуге болады. Көптілділік білім беру қағидаттарын жүзеге асыруда да оң факторлар

байқалады. Осылайша базалық пәндер (БП) циклына «Кәсіптік қазақ (орыс) тілі» және

«Кәсіби - бағдарлы шет тілі» пәндері бойынша 3 кредит көлемінде өзгерістер енгізілді.

Осылайша, педагог мәртебесін арттыру бойынша және педагогикалық білім беру

сапасын арттыруға арналған кешенді іс-шаралар қамтылған. Мұнда педагогикалық

мамандықтарға гранттардың құнын анықтау мәселелерін қарап, таңдау мен даярлыққа

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

78

талапты күшейту, жоғарғы оқу орындарында шетел тілдерін оқытатын арнайы бөлімдер

ашу керек.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасындағы басты

міндеттердің бірі – «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бағыты. Онда білімді,

ғылым мен өндірісті біріктіруді қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технология

өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау қарастырылған. Нысаналы индикатор

белгіленді – ол отандық ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу негізінде білім

мен ғылымды біріктіру арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу

орындарының үлесі (2015 жыл – 2%)арттыру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен

толықтырулар жоғары оқу орындарының жаңа алты сатылы жіктеуішін белгілеуге

мүмкіндік берді. Жіктеуіштің әрбір түрі бойынша жаңа талаптар әзірленуде. Олар жоғары

оқу орындарын одан әрі оңтайландыруға негіз болады (2.4.4-сурет). 2.4.4-сурет. Жоғары оқу орындарының негізгі түрлері

Атап айту керек, жоғарғы оқу орындарындағы ғылымның дамуының негізгі

қағидаттары 15- инженерлік бейіндегі және 5 ашық типтегі ұлттық зертханаларда жүзеге

асырылуда. Бұдан басқа инновацияны коммерциализациялаудың базалық кеңселері

7 қазақстандық жоғарғы оқу мекемелерінде және 2 ғылыми-зерттеу институттарында

орналасқан.

Осылайша, «білім-ғылым-инновация» үшбірлігін жүзеге асыру қағидаттары

бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, бұл сөз жоқ, жоғары білікті мамандарды даярлаудың

жоғары тиімді жүйесін қамтамасыз етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарының жаңа

жіктеуішінің тиімді қызмет етуі үшін сыни талаптар жүйесін жасап шығару керек.

ЖЖОКБ жүйесі

Институттар

Академиялар

Ұлттық зерттеу университеттері

Ұлттық жоғары оқу орындары

Зерттеу университеттері

Университеттер

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 79

Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету Жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапалы көрсеткіштерінің бірі

қазақстандық жоғары оқу орындарының әлемдік және ұлттық академиялық рейтингтерге қатысуы болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуімен, аккредитация рәсімдері Ұлттық аккредитациалық органдар реестріне кірген аккредитациялық агенттіктер арқылы жүргізіледі. 2011 жылы білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарын аккредитациялаған "Ұлттық аккредитациялық органдар реестрін жүргізудің Тәртібі мен талаптары" әзірленді. Осы реестрге енгізілген, институцияланған және арнайы аккредитацияны агенттікте өткен жоғарғы оқу орындары аккредителген бағдарламалар бойынша аккредитациялау мерзімі бойы мемлекеттік аттестациядан босатылады.

ҚР БҒМ-ң Ұлттық аккредитациялық орталығы 2011 жылдың рейтингісіне жоғарғы оқу орындарын Берлиндік белгіленген тәртіп (ранжирование) қағидаттарының тарауларына сәйкес жоғарғы оқу орындарының рейтингтік әдісіне кейбір өзгертулер енгізді. Атап айтсақ, бұл жаңа енгізілім жоғарғы оқу орындары студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамының академиялық ұтқырлығын дамытуға әсер етеді. Мысалы, «Халықаралық ынтымақтастық» критериіне шетел жоғарғы оқу орындарында білім алған (дәріс оқыған) қазақстандық оқытушылар мен студенттер туралы мәліметтер енгізіледі.Барлық критерийлер республиканың жоғарғы оқу орындарының академиялық және ғылыми-зерттеу әлеуетін қалыптастыруға және студенттердің білімінің сапасын бағалауға бағытталған. Жоғарғы оқу орындары өкілдері қатысуымен бағалау критерийлерін таңдау үшін кеңірек талқылаулар бойынша барынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын атау керек. Осылайша, белгіленген тәртіптік критерийлер мен көрсеткіштер «Жоғарғы оқу орындарын ранжирлеу - 2011» арнайы ұйымдастырылған семинарында талқыланды. Республика жоғарғы оқу орындарының ранжирлеуге қатысуы олардың қызметтерін сырттай бағалауға деген үлкен қызығушылығын байқауға болады, бұл әрине, ұлттық білім беру сапасын қамтамасыз етуді қалыптастыруға кезекті қадам болып табылады.

ҚР БҒМ ҰАО деректері бойынша 2011 жылғы Ұлттық рейтингіде 111 бакалавриат мамандықтары бойынша 86 жоғарғы оқу орындары қатысты ( 2010 жылы – 105 мамандықтан 81 ЖОО). Ранжирлеудің нәтижесі бойынша көшбасшы болып әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттері кірді.

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидаларын жүзеге асыру үшін әлем елдерінің алдыңғы қатарлы университеттерінің рейтингісіне қазақстандық жоғарғы оқу орындарының қатысуы жалғасуда. Осылайша,

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

80

Webometrics рейтингін 2004 жылдан бері Испанияның Ұлттық зерттеу кеңесінің Ақпарат және құжаттама орталығының зерттеу тобы Кибернетика зертханасы (Cybermetics Lab) жариялайды. Зертхана университеттердің, сондай-ақ зерттеу ұйымдары мен мекемелердің ғылыми беленділігін негізге алады.

2011 жылы әлемдік академиялық рейтингтерге республиканың 37 жоғары оқу орны қатысты. Quacquarelli Symonds деректері бойынша (Ұлыбритания) 401-450 үздік тізімге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті кірді. 601-700 үздік тізіміне Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеттері кірді.

Webometrics Ranking of World Universities (Испания) рейтингінің нәтижелері бойынша 12 000 үздік тізімге 31 қазақстандық жоғары оқу орны қатысты.Оның ішінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (4 644-орын), Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты, сондай-ақ Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті үздік оқу орындары атанды. Осылайша, республиканың жетекші жоғары оқу орындарының әлемдік академиялық рейтингке кіруі көрсетіліп жатқан білім сапасының өскендігін көрсетеді.

Сонымен қатар Ұлттық институционалды аккредиттеудің өсіп келе жатқанын айта кету керек. 2011 жылы ҚР БҒМ ҰАО 29 жоғары оқу орны және 6 – Тәуелсіз білім беру сапасын бағалау агенттігімен - ТБСБА аккредиттелген. Тәуелсіз ұлттық институционалды рейтингтердің нәтижелерін кеңінен БАҚ-қа ұсынуы оң көрініс болды.

Атап айтсақ, Қазақстандағы 146 жоғары оқу орнының 20-сы 107 білім бағдарламасы бойынша халықаралық арнайы аккредиттеуден өтті, оның ішінде 41- магистратура мамандықтары бойынша. Сонымен қатар, 29 бағдарлама Республикалық бюджеттік қаражат есебінен, 78-і жоғары оқу орнының жеке қаражаты есебінен аккредиттелді.

Аккредиттелген білім беру бағдарламасының құрылымында бакалавриаттың 25 мамандығы және магистратураның - 16 мамандығы ұсынылды. Ең көп бағдарлама «Техникалық ғылымдар мен технологиялар» бағыты бойынша - 60%, ең аз «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (16,7%), «Білім беру» (10%) және «Жаратылыстану ғылымдары» (3,3%) бағыттары бойынша ұсынылды.

Осылайша, жоғарғы оқу орындарының білім сапасына кепілдік жүзеге асырылып, стратегиялық мақсатымызға жету бойынша нақты іс-шаралар қабылданды.

Қазақстандық жоғарғы және жоғарыдан кейінгі білімнің бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асыру мақсатында жетекші әлем университеттерінің халықаралық рейтингісіне қатысуды жалғасыра беру ұсынылады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 81

Негізгі қорытындылар мен ұсыныстар: 2011 жылы жоғары оқу орындарының қысқартылуларына қарамастан студенттер

контингентінің өсуі байқалды.

Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру сапасын арттыру, бәсекелестік орта

құру мақсатында ЖОО-нің жіктеушілік жүйесі енгізілуде, ол инновациялық қызметке

бағдарланған. Жаңа жәктеуіштің тиімді қызметі үшін ЖОО-дың әр түріне өлшемдік жүйе

енгізу маңызды болып отыр.

Таңдау бойынша компоненті бакалавриатта 55%-ға, магистратурада - 70%-ға,

докторантурада до 90%-ға дейін ұлғайды. Білім беру бағдарламаларының мазмұнын

жетілдіруді жұмыс берушілер мен шетелдік стратегиялық жоғары оқу орындары-

серіктестер арқылы жалғастыру керек.

Болон процесі принциптерін одан әрі жүзеге асыру үшін ҚР БҒМ Болон процесі

академиялық ұтқырлық орталығына жоғары білім беру жаһандық кеңістігіне кірігу

бойынша жоғары оқу орындарынң қызметтерін үйлестіру.

Республика ЖОО-на тартылған шетелдік ғалымдарының шетелдік ғалымдарының

жұмысының нәтижесі болуы үшін сапалық таңдау жасау мен ұзақ мерзімге келуі

механизмін жете қарау керек.

Қазақстандық жоғары білім берудің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

мақсатында әлем университеттерінің алдыңғы қатарлы халықаралық рейтингілеріне

қатысуды жалғастыру ұсынылады.

ЖОО аккредитациялаудың тәуелсіз ұлттық моделін жүзеге асыру үшін

Республикалық Аккредитациялық кеңесті құру және ұлттық аккредитациялық орындар

реестрін қалыптастыруды тездету керек.

Жоғары білім беру жүйесіне шетелдік студенттерді тарту үшін ағылшын тілін

оқытатын бөлімдер ашу және ЖОО мамандықтар бағдарламасын кеңейту керек.

Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесінде білім беру жүйесіндегі білім

алушылардың шәкіртақы көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 30 % ұлғайған.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

82

2011 жылы 70,4 % студент баспанамен қамтамасыз етілді. Студенттердің заманауи

жатақханаларын салуды жеделдету және олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын

жақсарту бойынша жұмыстарды белсендіру қажет.

Жоғары оқу орындарында бірлескен басқару жүйесіне бақылаушы және

қамқоршылық кеңестерді енгізу заңнамамен бекітілді. Бірлескен басқару жүйесін енгізудің

тиімділігі үшін «Назарбаев Университеті» ДБҰ тәжірибесін жоғары білім беру жүйесінің

қазіргі күнгі менеджментінің үлгісі ретінде таратуды іске асыру қажет.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 83

3. ЖАСТАР САЯСАТЫ

Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының басты басымдығы жастардың

қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес еркін әлеуметтік дамуына, шығармашылық

ықыластарына құқық беру үшін жағдай жасау болып табылады.

Республика жастарының әлеуетін дамыту тетігін іске асыруда Қазақстан

Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңес маңызды рөл

атқарады. Нормативті - кеңесші орган ретінде ол мемлекеттік жастар саясатын жүзеге

асыру бойынша бірқатар шаралар кешенін әзірледі. 2011 жылы оның жұмыс форматы

жүйелі түрде қайта қаралды. Кеңесте қаралған өзекті мәселелерді қалыптастыруда

жастардың ауқымды ат салысуы қамтамасыз етіледі. Талқыланған мәселелер және

қабылданған шешімдер туралы ақпарат барлық жастар үшін қолжетімді. Республика

жастарының ең үздік жобалары мен идеяларын іріктеу мақсатында интернет-байқау өткізу

үшін арнайы www.zhaskenes.kz интернет-сайты құрылды.

Республиканың әр аумағында облыстық және Астана қаласының Ішкі саясат

басқармасы және Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы қызмет етеді. Жастар

саясаты мәселелері бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) кеңінен жарияланады.

Жастар ұйымдарының ресми сайттары қарқынды дами бастады. Жастармен кері

байланысты қамтамасыз ету үшін арнайы www.zan.zhastar.kz сайты жарыққа шықты.

ҚР БҒМ 2011 жылғы мәліметтері бойынша Республика деңгейінде БАҚ-та жастар

саясаты саласына 1 882 (63,9%) – аймақ бойынша 1 064 (36,1%) материал (соның ішінде

ақпарат агенттігі – 448, телерналар-616, интернет-сайттар - 401) жарық көрген.

Қазақстандық жастар қоғам құрылымын жаңғырту үдерісінде ерекше орын алатын

жарқын әлеуметтік-демографиялық топ болып табылады. Қазақстан Республикасының

Статистика агенттігі мәліметтері бойынша 2011 жылы республикадағы жастардың жалпы

саны (14-29 жас) 4 483 285 (27%) адамды құрады. 2009 жылмен салыстырғанда бұл

көрсеткіштің 2,7 %-ға өскені және 2010 жылмен салыстырған 1,3 %-ға төмендегені

байқалады.

Аймақтық салыстырулар бойынша жастардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан

(16,4%) және Алматы облыстарына (11,3%), Астана (5%) және Алматы (9,3%) қалаларына

тән.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Астана қаласы халқының өсу

динамикасы, соның ішінде жастар санының өсуі жағынан тұрақты оң динамикаға ие.

2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда Астанадағы жастар саны 25,8 пайызға артты.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2011 жылы жас тұрғындардың жас

шамасына қарай - топтары құрылымында 19-дан 23 жас аралығындағы (9,9%) жастардың

басымдығы тіркелген.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

84

Қалалық жерлердегі жастар санының басымдылығы бұрынғыдай сақталған. Бұл

дерек ауыл жастарының білімді жалғастыру және жұмысқа орналасу мақсатында қалаға

келуімен түсіндіріледі. Қала жастарының басым бөлігі Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және

Шығыс Қазақстан облыстарына сәйкес келеді.

Ауыл жастарының басым бөлігі Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Жамбыл

облыстарында тұрады. Керісінше, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында

аталмыш көрсеткіштің төмендегені байқалады.

Гендерлік статистиканың мәліметтері республика халқының жалпы жастар санында

ерлердің басымдылығын алға тартады. Егер Оңтүстік Қазақстан жастарының жалпы

санының 0,5% ерлер құраса, Ақтөбе облысында және Астана мен Алматы қалаларында

әйелдер 0,5% құрап отыр.

Гендерлік теңдік тек ерлер мен әйелдердің сандық ара қатынасын ғана емес,

сонымен бірге олардың қоғамдағы орнын анықтайды. Жас әйелдер ерлермен тең

дәрежеде қоғам өмірінің барлық салаларында, саясатта да, ел экономикасында

да өздерін әлеуметтік ортаға бейімдеуге тырыса отырып, оған белсенді қатысуда.

Жастар өміріндегі білім, адам капиталының негізі ретінде, оның болашағын

анықтайды, оның еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін және жетістікке жету мүмкіндігін

арттырады.

2011 жылы мектептік білім беру жүйесімен 14-18 жас аралығындағы 780 850 адам

қамтылса, бұл көрсеткіш 2009 жылмен салыстырғанда 67 307 адамға кеміген. Аталмыш

факторлар оқушылар жасының 90-шы жылдардың басындағы көрсеткішке сәйкес

келетіндігімен түсіндіріледі, яғни ол кезеңде туу көрсеткішінің төмендігі байқалған.

Техникалық және кәсіптік білім беретін 896 ұйымдарда 600 751 қыздар мен

жеткіншектер білім алады. Бұған қоса, кәсіптік лицейлермен салыстырғанда колледждерде

оқитын жастар үлесінің оң басымдылығы тіркелген. Егер кәсіптік лицейлерде 110 958 адам

оқыса, колледждерде – 489 793 адам оқиды.

Жастар санының өсу үрдісі жоғары білім беру жүйесінде де байқалады.

Республиканың жоғары оқу орындарында 629 507 жастар білім алады. Жоғары оқу

орындарында оқитын жастар санының өсуі объективті факторлармен түсіндіріледі (таңдау

және қолжетімділік). Жоғары білім алу - еңбек нарығындағы қатаң бәсекелестігімен бірге

заманауи әлем талаптарының ажырамас бөлігі болып табылады.

2011 жылы академиялық білім алу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын

тағайындау жөніндегі конкурсқа 1 882 адам, ғылыми тәжірибеден өтуге – 143 адам

қатысты. 2010 жылмен салыстырғанда олардың саны (2 279) 511 адамға өскен. Шетелде

білім алуға болатын беделді елдер Ұлыбритания (42%), АҚШ (24%), Ресей (7%) және

басқа мемлекеттер (27%) (3.1-сурет).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 85

3.1-сурет. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытатын елдердің географиясы

Дереккөз: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мәліметтері

«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып келген жастар жұмысқа орналасуға

және мемлекеттік қызметке түсу кезінде зор мүмкіндікке ие. «Халықаралық

бағдарламалар орталығы» АҚ 2011 жылы 85 меморандумға және мемлекеттік

органдармен, жоғары оқу орындармен, ғылыми-зерттеу институттарымен, ұлттық

компаниялармен келісімдерге қол қойды.

Еңбекпен өтеу бойынша келісім-шарт міндеттерін орындау шеңберінде

2005-2011 жж. түлектерден 2 205 адам еңбек қызметтерін жүзеге асыра алған.

Жастар саясатын жүзеге асыру аясында, білім беруді дамытудың 2020 жылға

дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі кеңес беретін,

ақпараттық-талдау, оқыту және т.с.с қызметтерді көрсететін жастардың үкіметтік емес

ұйымдары негізінде облыстық және республикалық әлеуметтік қызметтерді дамыту болып

табылады.

2011 жылы жастарға кеңесшілік, ақпараттық-талдау және оқыту көмегін

19 ресурстық жастар орталықтары көрсетті. Олардың 4-уі республикалық деңгейде.

Олардың қызметі жастар ұйымдарына қолдау көрсетуге, халықаралық серіктестікті

дамытуға және республика жастарын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру туралы

ақпараттандыруға бағытталған.

2011 жылы ресурстық орталық қызметтің басты бағыттары бойынша түрлі

іс-шаралар өткізу арқылы жұмыстарын күшейтілген. Аталмыш шарада 36 300 адам

қамтылған.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

86

Жастар саясатын іске асыруға

1000 астам әртүрлі жастар бірлестіктері –

«Жас Отан» Жастар қанаты, «Нұр Отан»

ҰДП, Қазақстан Жастар конгресі,

Қазақстанның студенттер Альянс қозғалысы,

«Қазақстанның ауыл жастары Одағы» ҚБ,

Студенттік құрылыс жастар отрядтары

республикалық штабы, «Есірткісіз болашақ»

қозғалысы және т.б. қатысады.

2011 жылы жастар саясаты саласындағы көптеген шаралар Қазақстан

Республикасы тәуелсіздігіне 20 жыл айдарымен өтті. «Болашақ біздің қолымызда!»

Республикалық жастар форумы жастар жетістігін жарыққа шығаруға арналған бірегей

ашық алаң болып табылды. «Жігер» қоғамдық қоры жастардың әскери-патриоттық

тәрбиесін дамыту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде

жобаны іске асырды. 500 астам жасөспірімдер мен қыздар «Жас Отан» Жастар қанаты

ұйымдастырған,- «Жастар Отанға!» жастар лагері шеңберіндегі саясаттың белгілі

шеберлерінен білім алды.

2011 жылы небары 180 республикалық

жастар ұйымдары жастар саясаты саласында

әлеуметтік-маңызды жобаларды жүзеге

асыруға қатысты. ҚР БҒМ Жастардың

ҮЕҰ-мен бірлесе отырып және бизнес-

қауымдастықтың қатысуымен 24 жобаны

жүзеге асырды. Бейбітшілікті, тұрақтылықты

және қауіпсіздікті қолдауға бағытталған

100-ден астам іс-шара жастардың белсенді

қатысуымен Қазақстанның Шанхай

ынтымақтастығы ұйымында төрағалық етуі

шеңберінде іске асырылды.

Көпшіліктің қатысуымен елдегі жастар ұйымдары 2011 жылы пікірталас алаңдарын

(976), түрлі байқау жобаларын (1 253), тақырыптық акцияларды (1 150), оқыту-үйрету

семинарларын (580) және басқа да шараларды ұйымдастырды. Осындай түрлі

шаралардағы жастар саны республикадағы жастардың жалпы санының 80 пайызын

құрады.

Соңғы жылдары республика жастары арасында тәрбие жұмыстарын дамыту басым

бағыттардың бірі болып табылады. Жастардың белсенді азаматтық позициясын,

әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық

Жастар ұйымы (ЖҰ) – жастардың құқықтарын, заңдық көзқарастарын қорғауға, рухани және басқа да талаптарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени, оқу және басқа міндеттерін шешу басты мақсаты болып табылатын коммерциялық емес, мемлекеттікте емес ұйым. ЖҰ, мүшелері жастар өкілдіктері болып табылатын заңды тұлғалар ассоциациясы, қор, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер түрінде құрылады.

Ресурстық орталықтар – жастар мен жастар ұйымдары үшін қызмет көрсетіп, ресурстар ұсыну мақсатында жергілікті атқарушы органдармен құрылған көпсалалы қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 87

сапаларын қалыптастыру бойынша шаралар жиынтығын жүзеге асыру Білім беруді

дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы бағыттарының бірі болып

табылады. Бағдарламалық құжаттың бірінші кезеңінде 2015 жылға дейін, жастар саясаты

саласы мен патриоттық тәрбие беру шараларын іске асыруда белсенді қатысатын жастар

үлесін 27 пайызға дейін арттыру - нысандық индикаторы белгіленген.

2011 жылы қазақстандық патриотизм рухында балалар мен жастарды тәрбиелеудің

бірегей жобасы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Республикандық қоғамдық

бірлестік «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының» құрылуы болып отыр.

Оның құрылымы «Жас қыран (1-4-сынып оқушылары) және «Жас ұлан» (5-9-сынып

оқушылары) атты екі деңгейден тұрады. Бұл ұйымға оқушылардың өзін-өзі басқару

қызметіне жұмылдырылған 20 000 астам оқушылар қабылданған.

2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орындары

мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 45 студенттік кеңес құрылды, оның

7-уі Астанада. Студенттік өзін-өзі басқару тетігі 56 кеңесшілік органдар қызметі арқылы

жүзеге асырылады. 50-ден астам әртүрлі іс-шаралар студенттік клубтардың бос

уақыттарын ұйымдастыру және дамыту, жастар проблемаларын шешу мәселелері

бойынша өткізілді.

Тәрбие жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мәселелері бойынша Басшы және

ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру республикалық институты арқылы

курстық дайындықтан 200-ден астам білім беру ұйымдарының басшылары және

аудандық, қалалық және облыстық білім органдарының мамандары өтті.

Мемлекеттік органдар жастардың ҮЕҰ-мен бірігіп дарынды жастарды қолдауға,

жастардың денсаулығын нығайту және сақтауға ат салысу сияқты жұмыс үлгісі үрдіс алды.

Осы бағытта республика жастарының қатысуымен 50 000-нан астам іс-шаралар

ұйымдастырылды. Олардың 3 200 түрі азаматтылық пен қазақстандық отансүйгіштікке

бағытталған.

20 номинация бойынша «Жастар - 2011» сыйлығымен үздік нәтиже көрсеткен

жастар мен мемлекеттік жастар саясатының дамуына белгілі бір дәрежеде үлес қосқан

ұжымдар марапатталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту аясында миллионнан

астам республика жастары 23 000 аймақтық және 60-тан астам республикалық шараларға

қатысты. 2011 жылы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында

18 аймақтық және 2 республикалық орталықтар ашылды.

Республика жастарының әлеуетін ашудың өзекті тетіктерінің бірі «Мемлекеттік

қызметкер мектебі» жобасын іске асыру болып отыр. Бұған қоса, Білім беруді дамытудың

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

88

2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың тағы бір тапсырмасы –

жастардың жастар саясаты саласындағы проблемаларын шешу үшін өкілетті органдарға

қатысуын қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін таппақ.

«Жас мамандар резерві» атты ауқымды республикалық жоба шеңберінде жас және

белсенді жеткіншектер мен қыздар арасынан бизнесті және қоғамдық-әлеуметтік қызметті

басқару саласына кадрлар даярлау үшін мамандар таңдалып алынды. Ашық байқаудан

200-ге жуық байқауға қатысушылар сыннан өтті. Бұл байқауға Астана қаласы, Павлодар,

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Жамбыл облыстарының жастары басым

қызығушылық танытты. Оқу үш бағытта жүзеге асырылды – мемлекеттік қызмет,

қоғамдық-саяси қызмет және бизнес-қауымдастық. 2011 жылы оқудан 106 адам өтті, оның

44 пайызы мемлекеттік қызмет бағыты, 19% - бизнес және 37% - қоғамдық-әлеуметтік

қызметтер бойынша.

Жастардың кәсіпкерлік қызметке ат салысуы республикадағы жастар саясатын

жүзеге асырудағы басым бағыттарының бірі болып табылады.2011 жылы «Global

Education Provider» компаниясы «Даму» қорымен бірлесе отырып, «Жас кәсіпкердің

шығармашылық мектебі» атты жобаны іске асырды. Мақсаты –мектеп оқушыларының

кәсіби таңдауларына, олардың көшбасшылық қасиеттеріне және кәсіпкерлік қызмет

саласындағы арнайы білім, қабілет алуларына ат салысу.

300-ден астам студент «Students In Free Enterprise» қорының халықаралық

студенттер бағдарламасы шеңберінде оқу тренингтерінен өтті және студенттік бизнес-

жобалар фестивалінде өз жұмыстарын алға тартты.

2011 жылы VII ұлттық Дельфий ойындарына 10 және 25 жас аралығындағы

492 жасөспірімдер мен қыздар қатысты. Байқау 15 номинация бойынша өтті.

Халықаралық Дельфий ойындарына қатысуға 30 жеңімпаз жолдамаға ие болды.

2011 жылы Қазақстан жастары өміріндегі ең айтулы оқиға «Самұрық-Қазына»

Ұлттық қорымен ұйымдастырылған «Инновациялық Қазақстан» республикалық байқауы

болды. Оған мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар мен кәсіпкерлер қатысты.

Байқау 150 қазақстандық жоғары оқу орындары республикалық жастар ұйымдарының

қолдауымен өтті. Байқауға 2 313 адам қатысты.

Жастарды қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі болашақта жұмысқа орналасу жағдайы

ойластырылған «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы болып табылады. Үш жыл ішінде осы

бағдарлама негізінде 5 000-нан астам жастар тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2011 жылы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асыруы бойынша оған

22 836 адам жіберілді. Оның ішінде Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан

облыстарында көбірек қамтылуын атап кетуге болады (3.2-сурет).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 89

3.2-сурет. «Жастар тәжірибесі» бағдарламасының жүзеге асуы, %

Дереккөз:ҚР ЕХӘҚМ мәліметтері

Ауыл жастарын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы - жалпыұлттық негізде

құрылған «Ауыл жастары» аясында көрсетіледі. Бұл жоба азаматтық қатысу мен ауыл

жастарының көшбасшылық қабілетін арттыруға, жас отбасылардың дамуы мен оларды

қолдауға, білім алудың, денсаулық сақтаудың және жұмысқа орналасудың қолжетімділігіне

әсер етті. Ауылға келген жас мамандарды қолдауға әлеуметтік пакетін ұсыну арқылы

(пәтер беру, жеңілдіктермен несиелер беру, алғашқы уақытқа қаражат) жүзеге

асырылады. «Ауыл жастары» жалпыұлттық негіздегі бұл бастама аясында «Дипломмен

ауылға» жобасы жұмыс істейді. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде 16 000 маман

жұмысқа орналастырылса, оның көп бөлігін жас мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және

спорт қызметкерлері құрайды.

Ауқымды экологиялық акциялардың бірі «Жасыл ел» жастар бағдарламасы болып

табылады. Бағдарламаны іске асыру жұмысын «Жасыл ел» Республикалық штабы

жалғастырды.

Атқарылған жұмыстардың жоспарланған көлемі 12 900 гектарды құрады (саябақтар

мен жол жиектерін көгалдандыру, гүлзарлар отырғызу, орман дақылдарына күтім жасау).

2011 жылы 480 отряд құрамында 12 000 астам адам жұмыс істеді.

8 10,1

2,8

4,5 6

15,4

3,5 8,5 7,1

6,1

3,6

3,9

2,57

4

4,1

9,5

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

90

2011 жылы 600-ден астам оқушы және еңбек етуші жастар (3 717 отряд)

«Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» бұқаралық жастар қозғалысы -

Республикалық марафон-эстафетаға қатысты. Акция шеңберінде 2 500 саябақтар мен

гүлзарлар, 3 000-нан астам көшелер қалыпқа келтірілді, 4 500 әлеуметтік және тұрғын-үй -

коммуналдық нысандары қайта жасалды, 3 миллионнан астам жасыл желек

отырғызылып,спорт және балалар алаңдары абаттандырылды.

Осылайша, республикада жастар саясаты саласында үлкен кешенді іс-шаралар

жүргізілуде. Сонымен қатар, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының көп бөлігі білім алып

жатқан жастарды қамтиды. Осыған байланысты ауыл және жұмысшы жастардың

қатысуымен іс-шаралар кешенін күшейту қажет. Мұнда халықтың әлеуметтік-осал қабаты

категорияларына (дамуында мүмкіндігі шектеулі жастар мен тәуекелшіл топтар,

мигранттар) ерекше көңіл бөлу қажет. Жергілікті атқарушы органдарға аймақтың кең

көлемді әлеуметтік жобалар мен іс-шараларға қатыстыру үшін оларды тартудың нақты

механизмін әзірлеу керек.

Сонымен қатар, жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен

тұжырымдамалық құжат жасап шығару ұсынылады, жастар ұйымының қызметін реттейтін

нормативтік құқықтық базаны қайта қарау қажет.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 91

Негізгі қорытындылар мен ұсыныстар:

Жастардың санының қалалық жерде басымдылығы байқалады. Бұған ауыл

жастарының оқуын жалғастыру үшін және жұмысқа орналасуы мақсатында қалаға келуі

себепші болып отыр.

Жастар саясатының даму бағытының басымдылығын анықтау үшін жастар

бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдар қатысуымен тұжырымдамалық құжат әзірлеп

шығу қажет.

Жергілікті атқарушы органдар жастардың бос уақыттарын қызықты өткізулеріне

жағдай жасаулары керек (оқушылар үйі, студенттер сарайы, шығармашылық бірлестіктер

және т.б.).

Жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстары көбінесе білім алып жатқан жастарды

қамтиды. Жұмысшы және ауыл жастарының қатысуымен кешендік іс-шараларды күшейту

қажет. Мұнда әсіресе ерекше назарды әлеуметтік –осал тұрғындар қабаты

категорияларына бөлу талап етіледі (даму мүмкіндігі шектеулі жастар, тәуекелшіл топтар,

мигранттар).

Жастар жобаларын («Жастар практикасы», «Дипломмен - ауылға») жүзеге

асырудың нәтижелерінің бірі жастарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру болып

табылады. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарға жастарды жұмысқа

орналастыру және жұмыспен қамтуды әрдайым мониторингтен өткізіп тұру қажет.

Әртүрлі бағыттағы іс шаралар мен бұқаралық жастар акцияларын өткізудің оң

үрдісі байқалады. Жергілікті атқарушы органдарға аймақ жастарын кең көлемді әлеуметтік

жобалар мен іс шараларға тартудың нақты механизмдерін әзірлеу ұсынылады.

Жастардың және мектептердің өзін өзі басқаруының қолданыстағы түрін

сабақтастыру мақсатында жұмыс істеп жатқан балалар мен жасөспірімдер және жастар

ұйымдарының өзара қатынасын күшейту керек.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

92

4. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР

Ұлттың зияткерлік әлеуетін дамыту,

жоғары деңгейдегі кәсіп иелерін даярлау,

ұлттық ғылыми кадрлар даярлаудың

сапасын арттыруды қамтамасыз ету, оқыту

процесіне ақпараттық-коммуникациялық

технологияларды енгізу Назарбаев

Зияткерлік мектептері (НЗМ), Назарбаев

Университеті (Университет), «Кәсіпқор» Холдингі, біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту,

E-learning жүйесі сияқты серпінді инновациялық жобалар арқылы қамтамасыз етіледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ

2020 жылға дейінгі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» (НЗМ) дербес білім беру

ұйымының (ДБҰ) даму стратегиясында халықаралық стандарттарға сәйкес білім беру

модельдерін іске асыру көзделген. Стратегиялық әріптес – Кембридж университетінің

Халықаралық Емтихан Кеңесімен бірлесіп, жаратылыстану-математикалық бағыттағы

эксперименттік кіріктірілген білім беру бағдарламасы әзірленді. Негізгі және жоғары

мектептің бағдарламалары Халықаралық Бакалавриат (International Baccalaureate)

қағидаттары мен философиясына сәйкес жүзеге асырылады.

2011 жылы Дербес білім беру ұйымдарының әрбір білім беру жүйесі деңгейіне

қатысты жүйесінің принциптеріне, үштілділік модельге және бағалау жүйесіне сәйкес іске

асырылады. НЗМ білім беру бағдарламаларының жобасы стратегиялық негіздерді,

миссияны, құндылықтарды, дағдыларды айқындайды.

Зияткерлік мектептер желісін дамыту. Инновациялық және көптілді білім беру

моделін жасау Назарбаев Зияткерлік мектептері желісін кеңейту арқылы жүзеге

асырылады. 2011 жылы республикада 6 мектеп жұмыс істейді. Оның 4-еуі физика-

математикалық (Астана, Көкшетау, Семей, Талдықорған), 1-еуі – химия-биологиялық

бағыттағы (Өскемен) мектеп, 1 Халықаралық Бакалавриат мектебі (Астана).

Республиканың Зияткерлік мектептерінде 4 018 оқушы білім алуда, оның ішінде

1-6 сыныптарда – 1 482, 7-11 сыныптарда – 2 536 адам.

Әлемдік білім беру кеңістігіне сәтті кірігу,әлемдік мәдениетпен қарым-қатынас,

оқушылардың өзекті ақпаратқа қолжетімділігі республиканың Зияткерлік мектептері

арқылы жүзге асырылады.

2011 жылы НЗМ жұмыс тобы көптілділік саласындағы беделді халықаралық

сарапшылардың жетекшілігімен үш тілде оқыту моделін әзірледі.

«…XXI ғасырда «инновация» сөзі «прогресс» сөзінің синониміне айналды. Өйткені заман ағымына кім тез бейімделсе, сол табысқа жетеді. …Біз өз күшімізді серпінді инновацияларға жұмылдыратын боламыз»

Н.Ә.Назарбаев

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 93

Халықаралық практикада барлық елдер үшін бірыңғай университеталды білімнің

эталоны Халықаралық бакалавриат (ХБ) бағдарламасы болып табылады. 2011 жылы

НЗМ 11 мұғалімі білім беру процесі принциптерімен, ХБ шеңберінде мектеп пәндерін

оқытуға қойылатын талаптармен танысты. Халықаралық қауымдастықтың әртүрлі орта

мектептеріндегі білім беру бағдарламаларының элементтері Норвегия, Италия,

Ұлыбритания, Швейцария, Франция елдерінде өткен курстарда көрсетілді.

2011 жылы Астана қаласындағы Зияткерлік мектеп Халықаралық Бакалавриаттың

Дипломдық бағдарламасының кандидаты мәртебесін иеленді. Дипломдық бағдарламаны

авторизациялауға табысты дайындалу үшін ХБ бойынша жұмыс тәжірибесі бар

авторизацияланған мектептерден шетелдік оқытушылар тартылды. Халықаралық

Бакалавриат ұйымдары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ арасында өзара

түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Жоғары академиялық әлеуметтік және

техникалық стандарттардың жетістіктерін авторизациялау, республикада Дипломдық

бағдарламаны және ХБ дипломдарын тануды жеделдетуге ықпал ету бағдары аталған

Меморандум шеңберінде өткізіледі.

Республикадағы Назарбаев Зияткерлік мектептер ұсынатын білім беру

қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз ету және олардың қызметінің тиімділігін

бағалау білім сапасын бағалау мен мониторинг жүргізудің кешенді жүйесін құруды

көздейді.

НЗМ ДБҰ жүйесінде оқу процесі үздік халықаралық тәжірибелерді ескере отырып

жүргізіледі. 2011 жылы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін құру үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ Білім саласындағы өлшемдер институтымен

(CITO Нидерланды) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

ДБҰ Басқармасының шешімімен Оқушылардың оқу жетістіктерін критерийлер бойынша

бағалау жүйесін енгізу тұжырымдамасы және 2011/2012 оқу жылына арналған физика-

математикалық бағыттағы(ФМБ) Зияткерлік мектептердің 7-сынып оқушылары мен химия-

биологиялық бағыттағы(ХББ) Зияткерлік мектептердің 8-сынып оқушыларының оқу

жетістіктерін бағалау Ережелері бекітілді.

2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап ФМБ мектептердің 7-сыныптарында және

ХББ мектептердің 8-сыныптарында, Астана қаласындағы НЗМ-да (ХБ) оқу жоспарының

12 пәнінен критерийлер бойынша бағалау эксперименті басталды. Білім беру

бағдарламасын әзірлеу кезінде оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау моделі құрылды,

бағалау үшін жаңа бағдарламаларды енгізу жағдайларында сыныптар мен пәндер

анықталды (4.1-сурет).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

94

4.1-сурет.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау моделі

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Критерийлер бойынша бағалау жүйесі баланың бойында нәтижелі білім алуға

деген ынтасын оятуға және білім алу кезіндегі олқылықтарды анықтауға бағытталған.

Республикадағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жүйесінде педагогикалық

қызметті 662 педагог жүзеге асырады (4.1-кесте). 4.1-кесте.НЗМ педагогтерінің сапалық құрамы мен білім деңгейі,адам, %

№ Зияткерлік мектеп Педагогтер

саны

Білім деңгейі

Жоғары

Кәсіптік орта

1. Астана ФМН 122 121 (99, 2%) 1 (0, 8%)

2. Астана ХБ 51 50 (98, 1%) 1 (1, 9%)

3. Көкшетау ФМБ 124 123 (99, 2%) 1 (0, 8%)

4. Семей ФМБ 121 119 (98, 4%) 2 (1, 7%)

5. Талдықорған ФМБ 118 118 (100%) -

6. ӨскеменХББ 126 123 (97, 6%) 3 (2, 4%)

барлығы 662 654 (98, 8%) 8 (1, 2%)

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Назарбаев Зияткерлік мектептеріне педагогтерді іріктеу конкурстық іріктеу

қорытындыларына сәйкес жүзеге асырылады (4.2-сурет).

5,10,11 және 12- сыныптардан кейін білім беру ұйымдарын Тәуелсіз сомалық -сыртқы бағалау

Мұғалімнің мектепте өткізетін формативті- ағымдық бағалауы

Ата- аналарға арналған оқушылардың жетістіктері туралы есептер

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 95

4.2-сурет. НЗМ-ге мұғалімдерді конкурстық іріктеу

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

НЗМ педагогтерінің білім деңгейінің деректері мұғалімдердің 98,8%-ы жоғары

білімді, тек 1,2% ғана кәсіптік орта білімі бар екенін көрсетті. Бұлар – жұмыс тәжірибесі

мол, педагогикалық және гуманитарлық коллеждерде білім алған бастауыш сынып

мұғалімдері. Кәсіптік орта білімі бар педагогтердің көбірек үлесі Өскемен қаласындағы

Зияткерлік мектепке тиесілі – 2,4%.

Біліктілік санаты бойынша педагогтердің сапалық құрамына жасалған талдау

педагогтердің 41,8%-ы жоғары санатты, 23,7% - бірінші, 11,2% - екінші санатты екенін

байқатты. Бұл ретте мұғалімдердің 23,3 %-ның санаты жоқ. Астана және Талдықорған

қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер мұғалімдерінің

біліктілік деңгейі жоғары, Өскемен қаласындағы ХББ және Семей қаласындағы ФМБ

Зияткерлік мектептерде төменірек (4.2-кесте). 4.2-кесте. НЗМ педагогтерінің сапалық құрамы, адам

№ Зияткерлік мектеп Педагогтер

саны

Санаттар

жоғары бірінші екінші санаты жоқ

1. Астана ФМБ 115 55 (47,8%) 29 (25,2%) 16

(13,9%)

15 (13,0%)

2. Астана ХБ 47 15 (31,9%) 11 (23,4%) 5 (10,6%) 16 (34,0%)

3. Көкшетау ФМБ 119 48 (40,3%) 38 (31,9%) 18

(15,1%)

15 (12,6%)

4. Семей ФМБ 115 32 (27,8%) 32 (27,8%) 14

(12,2%)

37 (32,2%)

5. Талдықорған ФМБ 113 61 (54,0%) 19 (16,8%) 9 (8,0%) 24 (21,2%)

6. Өскемен ХББ 118 51 (43,2%) 20 (17,0%) 8 (6,8%) 39 (33,1%)

барлығы 627 262

(41,8%)

149

(23,7%)

70

(11,2%)

146

(23,3%)

*педагогтер санында шетелдік мұғалімдер есепке алынбаған

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

тестілеу

эссе дайындау

кәсіптік портфолионы

көрсету

әңгімелесу

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

96

Педагогтер қатарында 11 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 1 мұғалім PhD дәрежесіне ие, сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасының түлектері бар. Магистр академиялық дәрежесін алған педагогтер үлесі басым (78 адам).

Бейінді пәндерді оқытудың халықаралық тәжірибесін енгізу халықаралық деңгейдегі жоғары білікті мамандарды тарту арқылы жүзеге асырылады. Стратегиялық әріптестері – Пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер мен арнайы оқу орындарының қорымен (SSAT) бірлескен жұмыс Ұлыбританиядан, АҚШ-тан, Жаңа Зеландиядан, Канададан, ОАР-дан және әлемнің басқа да елдерінен пән мұғалімдерін жұмыс істеуге шақыруға мүмкіндік берді. Республика бойынша НЗМ-да барлығы 35 шетелдік мұғалім жұмыс істейді (4.3-кесте). 4.3-кесте. НЗМ-да жұмыс істейтін шетелдік мұғалімдердің білім деңгейі

№ Зияткерлік мектеп Master Bachelor Жиыны

1. Астана ФМБ 5 2 7

2. Астана ХБ 3 1 4

3. Семей 5 1 6

4. Өскемен 5 3 8

5. Көкшетау 3 2 5

6. Талдықорған 3 2 5

Барлығы 24 11 35

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Шетелдік педагогтердің лауазымдық міндеттерінің шеңбері қосымша оқу және тәрбие жұмыстарын жүргізу есебінен айтарлықтай кеңейтілген. Жоба шеңберінде «team teacher» жүйесі енгізілуде. Бұл жүйе бойынша сыныпта бір мезгілде қатарынан екі педагог - қазақстандық және шетелдік педагог жұмыс істейді. Зияткерлік мектептер мұғалімдері кәсіби құзырет деңгейлерін Зияткерлік мектептер үшін арнайы әзірленген Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесі (БАЖ) арқылы арттырады.

Жүйеде төрт модульден тұратын педагогтер біліктілігін арттырудың деңгейлік жинақтау жүйесі қарастырылған (4.3-сурет). 4.3-сурет. Біліктілікті арттырудың жинақтау жүйесі, модульдер

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

1-модуль

2-модуль

3-модуль

4-модуль

«АКТ»- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

«Қазтест» - қазақ тілі

«English» - ағылшын тілі

педагогикалық білім

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 97

Зияткерлік мектептердегі педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мұғалімнің

«жағдайы бойынша тең» – жеке өзіндік оқыту траекториясын анықтау әдісі бойынша

жүзеге асырылады (әріптестерді оқыту – қазақ, ағылшын тілдері және АКТ курстары).

Әр мұғалімнің кәсіби өсуіне лайықтап әзірленген жеке бағдарламалар елімізде

республикалық және халықаралық деңгейдегі сарапшыларды тарту арқылы оқытуды

ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Шетелде оқыту – халықаралық деңгейдегі үздік

сарапшыларды тарта отырып, үздік білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2011 жылы шетелде 11 біліктілікті арттыру курсы, ел ішінде 21 курс өткізілді.

Тілдік құзыреттілікті жетілдіру курстары ағылшын тілі мұғалімдерінің кәсіби

дағдыларын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. 2011 жылы Британ кеңесі Placement test

өткізді, оған Зияткерлік мектептерде жұмыс істейтін 697 мұғалім мен куратордан 653-і

қатысты, яғни 93,6%-ын құрайды.Teaching KnowledgeTest (ТКТ) оқыту курсының

қорытындысы бойынша ағылшын тілінің 20 мұғалімі сертифат алды. Оның ішінде

3 мұғалім аталған курс бойынша халықаралық жаттықтырушы атағын алды.

Зияткерлік мектептердің біліктілігін арттыру жүйесі мұғалімдердің мектеп

педагогикасының өзекті тақырыптары бойынша кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал етуге

бағытталған. Мәселен, Джонс Хопкинс Университетінің Талантты Жастар Орталығымен

ынтымақтастық шеңберінде «Дарынды балаларды дамыту» тақырыбы бойынша

педагогтердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын әзірлеу жөнінде келісімшартқа қол

қойылды.

Педагогтердің АКТ құзыреттілігінің өсу динамикасы 2011 жылғы тестілеу

нәтижелерінен көрінді. Жоғары білім деңгейіне қол жеткізген мұғалімдер пайызы

2010 жылмен салыстырғанда 25 %-дан 76%-ға жеткен. Ал, төмен және сын көтермейтін

білім деңгейін көрсеткен мұғалімдер пайызы тиісінше 31%-дан 8%-ға және 1%-дан 0%-ға

дейін азайған.

Зияткерлік мектептердің педагогтерін біліктілікті арттыру жүйесімен қамту

тетіктерінің бірі 2011 жылы «Сайт-портфолио: Әзірлеу және толықтыру негіздері»

тақырыбында қашықтықтан өткен оқыту курсы болды.

ДБҰ қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі – оқушылар үшін жаратылыстану-

математикалық бағыт бойынша онлайн сабақтар және жалпы білім беретін мектептердің

мұғалімдері үшін онлайн семинарлар ұйымдастыру арқылы Зияткерлік мектептердің

педагогикалық тәжірибесін тарату болып табылады.2011 жылы 160 онлайн-сабақ пен

7 онлайн-семинар өткізілді. Онлайн-сабақтар мен онлайн-семинарлар өткізу ҚР Білім

және ғылым министрлігінің Eluminate Live бағдарламасының базасында құрылған elp.kz

жұмыс порталымен қамтамасыз етіледі.

2011 жылдан бастап Назарбаев Университеті мен University College London

әзірлеген оқытудың инновациялық стратегияларын енгізу және сын тұрғысынан ойлау

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

98

дағдыларын дамыту бағдарламалары бойынша «Жаңадан енгізілетін және жұмыс істеп

жатқан Зияткерлік мектептер үшін мұғалімдердің біліктілігін арттырудың 1 жылдық курсы»

атты Назарбаев Университетімен бірлескен жоба іске асырылуда.

Оқушыларды конкурстық іріктеу оқушылардың жаратылыстану-математикалық

бағыттағы, күрделілігі жоғары деңгейдегі бағдарламаларды меңгеруге дайындығы мен

қабілетін анықтауды көздейтін Балаларды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Зияткерлік мектептердің оқушылары 1-сыныптан 6-сыныпқа дейін Мемлекеттік

тапсырыспен жартылай ата-аналар төлемінің есебінен, ал 7-сыныптан бастап Қазақстан

Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру гранты есебінен оқиды.

2011 жылы конкурстық іріктеу нәтижесінде Зияткерлік мектептерге барлығы

1 350 оқушы, оның ішінде 2-6 сыныптарға – 58, 7-10 сыныптарға – 1 292 оқушы

қабылданды.

2011 жылы конкурстық іріктеу моделі қайта қарастырылды. Екі кезеңдік рәсім

(тестілеу және бақылау жұмысы) бір кезеңнен тұратын рәсімге (тестілеу) ауыстырылды.

Тестілік тапсырмалар білімді қолданып, сыни тұрғыда ойлай білуін тексеруге бағытталған.

Бейінді пәндердің бірі ретінде математика бойынша сұрақтар үлесі айтарлықтар

көбейтілді.

2011 жылы «Виртуалды мектеп» және «Демалыс кезіндегі мектеп» жобаларын іске

асыру жұмыстары (жаратылыстану-математика ғылымдарын оқуға қабілетті балаларды

анықтау және іріктеу) жалғастырылатын болады. «Виртуалды мектеп» веб-сайтының

көмегімен үміткерлер аймақтардағы Зияткерлік мектепте оқуға тіркеліп, тапсырмалар мен

оларды орындау бойынша ұсынымдар мен, педагогтердің жеке консультациясын алады.

2011 жылы (қыркүйек) Виртуалды мектепте республиканың 5 аймағынан барлығы

915 оқушы тіркелді (4.4-кесте). 4.4-кесте.«Виртуалды мектеп»жобасында тіркелген қатысушылар саны

№ Зияткерлік

мектеп

5 сынып

Барл

ығы

5-сы

нып

6 сынып

Барл

ығы

,

6-сы

нып

Барл

ығы

Қаза

қ

тілі

Оры

с

тілі

Қаза

қ

тілі

Оры

с

тілі

1. Астана ФМБ 7 14 21 7 7 14 35 2. Астана ХБ 4 9 13 0 8 8 21 3. Көкшетау 115 102 217 70 91 161 378 4. Семей 27 50 77 22 50 72 149 5. Талдықорған 93 38 131 97 20 117 248 6. Өскемен 12 40 52 6 26 32 84 Барлығы 258 253 511 202 202 404 915

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Зияткерлік мектептердің тиімді қызмет етуінің көрсеткіші оқушылардың білім

жетістіктері болып табылады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 99

2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша Зияткерлік мектептердің

701 немесе 18,9% оқушысы халықаралық (Франция, Корея, Ресей, Кипр), республикалық

олимпиадалардың, ғылыми жобалар мен конкурстардың жүлдегерлері атанды.

Халықаралық және республикалық конкурстар жеңімпаздарының көпшілігі Астана

(225 оқушы) және Көкшетау (216 оқушы) мектептеріне тиесілі (4.4-сурет). 4.4-сурет. Олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары жеңімпаздарының саны, адам

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Зияткерлік мектептердің бітірушілері ағылшын тілінен жоғары нәтижелер көрсетеді. 4.5-кесте. НЗМ оқушыларының халықаралық емтихандардағы нәтижелері, 2011 жыл

Емтихан Мектеп /қала қатысқандардың саны (адам)

Ең жоғары балл Нәтиже

SAT-1 Емтихан 15 2400 1586 Емтихан 9 1127

SAT-2 (2 предмета)

Емтихан 5 1600 1236

SAT-2 (3 предмета)

Емтихан 7 2400 2030

SET Емтихан 12 12

Сынақтан өтті/өтпеді

9 оқушы өтті

IELTS Емтихан 34 14 7

9,0 6,0

TOEFL Емтихан 4 677 C1 - 560

583

BISEPT Емтихан 18 27 28

Сынақтан өтті/өтпеді

36 оқушы өтті

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

2011 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) Зияткерлік мектептерден 111 оқушы

қатысты (84%), оның ішінде 49 оқушы қазақ тілінде, 62 оқушы орыс тілінде білім алған.

НЗМ оқушыларының орташа балы 112,3 балды құрады, бұл жалпы республика бойынша

көрсеткіштен анағұрлым (30,4 балға) жоғары.

Бітірушілерді алған балдары бойынша бөлу оқушылардың 90 %-ы (100 адам)

101 балдан жоғары алғанын (орташа республикалық көрсеткіш - 24,18 %) көрсетті.

225

7

216

2243

6

82

10

58

12 11 9

307

17

274

3454

15

Астана ФМБ Астана ХБ Көкшетау Семей Талдықорған Өскеменхалықаралық республикалық барлығы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

100

Бітірушілердің міндетті пәндер бойынша орташа балдары республика бойынша

тиісті көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары. Бұл ретте, Зияткерлік мектептердің

98 (89,2%) бітірушісі ең жоғары 25 балды алған. Ал, төмен нәтижені (13 балл) бір бітіруші

Қазақстан тарихы бойынша көрсетті.

«Алтын белгі» белгісін (31 оқушы) және үздік аттестат (8 оқушы) алуға үміткер НЗМ

бітірушілері қатарынан 27 оқушы (87,1%) «Алтын белгі» белгісін және 7 оқушы

(87,5%) үздік аттестатты растады.

Республика бойынша 132 адам НЗМ бітірушілері атанды (4.6-кесте). 4.6-кесте. Жоғары оқу орындарында оқуын жалғастырған НЗМ оқушыларының саны, адам

№ Зияткерлік

мектептер

Бітіру

шілер

саны

Жоғары оқу орындарына түсті Білім

гранты

Ақылы

оқыту барлығы ҚР ЖОО шетелдік

НУ басқа

1. Астана 41 41 17 21 3(АҚШ, Чехия,

Ұлыбритания)

40 1

2. Кокшетау 34 34 0 32 2 (Ұлыбритания,

Польша)

29 5

3. Семей 57 57 5 47 1 (Малайзия)

4 (Ресей

48 9

Барлығы: 132 132 22 100 10 117 15

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Бітірушілер таңдаған бағыттар саны 22 мен 29 арасында (4.7-кесте).

4.7-кесте. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ оқушыларының таңдаған білім алу бағыттары, адам

Зият

керл

ік

мек

тепт

ер

біті

руш

ілер

сан

ы

таңд

алға

н ба

ғытт

ар

саны

Бағыттар саны, адам

Техн

икал

ық

мам

анды

қтар

Тілд

ер,

халы

қара

лық

қаты

нас,

тур

изм

Мед

ицин

а,

псих

олог

ия,

биот

ехно

логи

я

Эко

ном

ика,

қарж

ы

Юри

спру

денц

ия,

Әле

умет

тік

ғылы

мда

р

1. Астана 41 23 30 4 2 0 5 2. Көкшетау 34 22 24 3 3 4 0 3. Семей 57 29 37 9 8 2 1 Барлығы

132 22-29 91 16 13 6 6 Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Зияткерлік мектептердің Даму стратегияларын табысты іске асыру үшін

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы жетекші отандық және

шетелдік білім беру ұйымдарымен, мектептермен және университеттермен

ынтымақтастық орнату жұмыстарын жалғастыруда. Жаңа білім беру стандарттары

2020 жылға қарай аймақтарда орта білім берудің үздік жүйелерінің бірін құруға мүмкіндік

береді.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 101

Коммерциялық емес «Кәсіпқор» Холдингі» акционерлік қоғамы Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін (ТжКБ) жаңғырту елдің индустриалды-

инновациялық дамуының сұраныстарына сәйкес жоғары білікті кадрларды даярлауды

көздейді. Ол оқу процесіне инновациялар мен оқытудың жаңа технологияларын енгізуді

талап етеді.

Бизнес-қауымдастықпен және Сингапурдың, Германияның және Нидерландының

әлемдік жетекші оқу орындарымен әріптестікте 2011 жылы «Кәсіпқор» Холдингі»

коммерциялық емес акционерлік қоғамы (Холдинг) құрылды. Холдингтің басты

міндеттерінің бірі әлемдік деңгейдегі колледждер желісін және кадрларды даярлау мен

қайта даярлау, озық білімді және практикалық жұмыста жоғары білікті дағдыларды

меңгерген аса жоғары дәрежедегі кәсіби мамандарды даярлау жөніндегі өңіраралық

кәсіптік орталықтарды құру.

Холдингтің даму стратегиясы (ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 желтоқсандағы

№1751 қаулысы) төрт негізгі бағытта іске асырылуда (4.5-сурет). 4.5-сурет. Холдингтің даму стратегиясының негізгі бағыттары

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Инженерия, машина жасау, сәулет және құрылыс, ақпараттық-коммуникациялық

технологиялар, дизайн, агроөнеркәсіптік кешен, сондай-ақ экономиканың түрлі

салаларына қажет мамандықтар бойынша жас мамандарды тиімді даярлау үшін Астана,

Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында әлемдік деңгейдегі 4 жаңа колледжді және

аймақаралық орталықтарды ашу Холдингтің негізгі басымдығы болып табылады.

Жаңадан құрылатын колледждер мен аймақаралық орталықтардың географиялық

жағынан орналасуында Индустрияландыру картасы мен «Бизнестің жол картасы - 2020»

бағдарламасына сәйкес республика аймақтарының салалық дамуы ескерілген.

Холдингтің даму стратегиясында ТжКБ саласындағы әлемнің жетекші оқу

орындарымен стратегиялық әріптестік қатынастар орнату мүмкіндігі қарастырылған.

Дүниежүзілік банк, GZT, British Council сияқты әлеуетті стратегиялық әріптестермен

байланыс орнатылған.

ұлттық ТжКБ жүйесінің беделін арттыру

ТжКБ мазмұны мен

оқыту сапасын жақсарту

ТжКБ-ның бизнес -

қауымдастықпен әріптестігін

дамыту

ТжКБ жүйесінің мультипликация

лық тиімділігі

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

102

2011 жылы «Қазақстан Республикасында әлемдік деңгейдегі колледждердің жұмыс

істеу моделін әзірлеу» жобасына арналған мемлекеттік тапсырыс орындалды, барлық

кәсіптік және техникалық білім жүйесі үшін Өндірістік шеберлер мектептерінің

тұжырымдамасы әзірленді.

Жетекші халықаралық оқу орындарымен жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу

және білікті оқытушыларды, тәжірибелі өндірістік шеберлерді тарту бойынша белсенді

жұмыстар жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Сингапурлық Nanyang

Polytechnic International PteLtd арасында 140 басшы және педагогикалық қызметкерлерді

Сингапурде оқытуды ұйымдастыру (2012 жыл) бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

ТжКБ жүйесінің білім беру процесінде оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен

инновациялық технологияларын пайдалана отырып, кадрларды даярлау

инфрақұрылымын дамыту ел экономикасын білікті мамандармен қамтамасыз етуге

мүмкіндік береді.

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы Дербестік және академиялық еркіндік принципі бойынша жұмыс істейтін әлемдік

деңгейдегі университет ең жоғары халықаралық стандарттар бойынша сапалы білім беру

қызметтерін ұсынады. Назарбаев Университеті республикадағы білім беру мен ғылыми

зерттеулерді дамытуға, сондай-ақ Астананың еліміздегі және еуразия аумағындағы

интеллектуалды білім ошағына айналуына ықпал етеді.

2011 жылы «Назарбаев Университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы болып қайта ұйымдастырылды

(Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 маусымдағы № 647 қаулысы).

Назарбаев Университеті жоғары білім беру жүйесіндегі қазіргі заманғы

менеджменттің үлгісі ретінде басқарудың жаңа құрылымын жасау арқылы шешім

қабылдаудың алқалық принципін іске асырады.

Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың жоғары басқару органы Жоғары

Қамқоршылық кеңес (ЖҚК) болып табылады. Жоғары Қамқоршылық кеңестің алғашқы

және қазіргі төрағасы – Ұлт көшбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Назарбаев Университетінің инновациялық бағдарламалары үздік әлемдік

университеттермен ынтымақтастықта «Университеттер әріптестігін» дамыту моделі

шеңберінде іске асырылуда. Университеттің мектептері мен орталықтары, іске

асырылатын бағдарламалар мен жоспарланған жобалар әлемнің үздік

университеттерімен және ғылыми орталықтарымен тығыз байланыста құрылады және

енгізіледі (4.8-кесте).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 103

4.8-кесте. «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының әріптестері

№ «Назарбаев Университеті»

бөлімшелері

Әріптес университет

1. Дайындық орталығы Лондон Университеті колледжі (University college

London), Ұлыбритания

2. Инженерия мектебі Лондон Университеті колледжі (University college

London), Ұлыбритания

3. Гуманитарлық және

әлеуметтікғылымдар мектебі

Висконсин - Мэдисон Университеті (University

of Wisconsin-Madison), АҚШ

4. Ғылым және технологиялар мектебі Карнеги Меллон Университеті(Carnegie Mellon

University), АҚШ

5. Мемлекеттік саясат мектебі Ли Куан Ю Мемлекеттік саясат мектебі, Сингапур

Ұлттық Университеті (Lee Kuan Yew Schoolof Public

Policy, National Universityof Singapore), Сингапур

6. Бизнес мектебі Фукуа ДьюкУниверситетінің Бизнес мектебі(Duke

University Fuqua Business School), АҚШ

7. Медицина мектебі Дьюк Университетімен немесе Питтсбург

Университетімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық

мәселесі пысықталуда (Duke University or University

of Pittsburg), АҚШ

8. Білім беру саясаты орталығы Пенсильвания Университеті(АҚШ) және Кембридж

Университеті (Universityor Pennsylvania and

Cambridge University), Ұлыбритания

9. Өмір туралы ғылым орталығы Питтсбург Университеті Медицина

орталығы(University Pittsburgh Medical Center), АҚШ

10 Энергетикалық зерттеулер орталығы Берклидегі Лоуренц Ұлттық зертханасы (Lawrence

Berkley national laboratory ), АҚШ

11 Пәнаралық инструменталдық

орталық

Аргон ұлттық зертханасы (Argonnenational

laboratory), АҚШ

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Назарбаев Университетіне түсіп, бакалавриат бағдарламалары бойынша білім алу

үшін мектеп бітірушілер мен ЖОО студенттерін дайындау Дайындық

Орталығының“Foundation” университеталды дайындық бағдарламасы арқылы жүзеге

асырылады. Бағдарламаның ұзақтығы бір академиялық жылды құрайды. Аталған

Бағдарламаны табысты аяқтаған бітірушілер бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсуге

басым құқыққа ие (4.9-кесте).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

104

4.9-кесте. Назарбаев Университеті мектебі

Мектептің атауы

Іске асырыла

тын бағдарла

малар деңгейі

Халықаралық әріптес Құрылған жылы

1. Инженерия мектебі Бакалавриат Лондон Университеті

колледжі (University

college London),

Ұлыбритания

2011

қыркүйек

2. Ғылым және

технологиялар мектебі

Бакалавриат Карнеги Меллон

Университеті (Carnegie

Mellon University), АҚШ

2011

қыркүйек

3. Гуманитарлық және

әлеуметтік ғылымдар

мектебі

Бакалавриат Висконсин-Мэдисон

Университеті (University

of Wisconsin-Madison),

АҚШ

2011

қыркүйек

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда конкурстық іріктеуге қатысқан мектеп

бітірушілер санының өскені байқалды. Бұл ретте 2010 жылы Назарбаев Университетіне

қабылданған студенттер арасында «Алтын белгі» иегерлерінің саны 31,8 % болса,

2011 жылы – 33,4 %(4.10-кесте) 4.10-кесте. Студенттерді іріктеу және қабылдау деректері

№ Студенттерді іріктеу және қабылдау 2010 жыл 2011 жыл

1. Конкурстық іріктеуге қатысқан талапкерлер саны 3 519 4 247

2. Түсу емтихандарын нәтижелі тапсырған талапкерлер саны 515 550

3. Қабылданған талапкерлер саны 484 501

4. «Алтын белгі» иегерлері 154 (31,8%) 168 (33,4%)

5. Орта білім туралы үздік аттестат иелері (орташа балл -5,0) 155 (32%) 160 (32,2%)

Дереккөз: «НЗМ» ДБҰ мәліметтері

Ғылым бакалавры дәрежесін алу үшін оқытудың инновациялық бағдарламалары

халықаралық әріптестермен ынтымақтастықта әзірленген.

Инженерия мектебі студенттерді инженерлік механика, химия және құрылыс

инженериясы сияқты мамандықтар бойынша оқытуды жүзеге асырады. Инженерия

мектебінің бағдарламасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және бітірушілердің

іргелі және техникалық құзыреттерін дамытуға бағытталған. Мектеп инновациялық және

кәсіпкерлік дағдыларды меңгерген, техникалық жобалау, пайдалану және өндіріс

саласына нақты үлес қосуға қабілетті мамандар даярлайды. Инженерлік білімнің жоғары

білікті мамандарын даярлау Лондон Универсиеті колледжімен (University College London,

UCL) әріптестікте жүзеге асырылады.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 105

Ғылым және технологиялар мектебі білім беру бағдарламаларын Карнеги-Меллон

Университетімен (iCarnegie) ынтымақтастықта іске асырады. Мектеп студенттері биология

ғылымдары мен технологиясы, химия ғылымдары мен технологиясы, есептеу ғылымдары,

математика, физика, роботтехникасы және мехатроника, биомедицина сияқты

инновациялық бағдарламалар бойынша оқиды. Мектепте болашақ Медицина мектебіне

арналған медицинаалды дайындық бағдарламасы қолданылады. Мектеп ең озық

заманауи зертханалармен жабдықталған. Бағдарламаларда негізгі ғылыми,

математикалық және есептеуіш пәндері қамтылған, оларды меңгеру бітірушілердің

өнеркәсіптің барлық салаларына қажетті техникалық құзыретті меңгеруіне мүмкіндік

береді.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің бағдарламалары әріптес

Висконсин-Мэдисон Университетінің үлгісі бойынша құрастырылған. Олар саясаттану,

экономика, антропология, социология, тарих, философия және дін, әлем тілдері, әдебиет

және мәдениет салаларында мамандар даярлауға арналған.

Қазақстанның табысты бизнес көшбасшыларының жаңа буынын даярлаудың

бірегей жобаларының бірі – «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының

Бизнестің Жоғары Мектебін ашуы (2012 жылғы желтоқсан). Мектептің Халықаралық

академиялық әріптесі Дьюк Университетінің Фукуа бизнес мектебі (Duke University, АҚШ)

болып табылады. 2011 жылдың өзінде Бизнес Жоғары Мектебі «Жол картасы -2020»

жобасы шеңберінде республикадағы шағын және орта бизнестің топ-менеджментінің

оқуын өткізді (2010 адам).

2011 жылы Университеттің Жоғары қамқоршылық кеңесі Білім берудің жоғары

мектебін (Graduate Schoolof Education - GSE) құру туралы шешім қабылдады. Оның

қызметінің негізгі бағыты – білім беру саласындағы озық білімдер мен әдістерді қолдана

отырып, «Назарбаев Университетінің» тәжірибесін тарату. Оның әріптестері – Кембридж

Университетінің Білім факультеті (University of Cambridge, Faculty of Education) және

Пенсильвания Университетінің Жоғары білім мектебі (University of PennsylvaniaGraduate

School of Education).

Университет мектептері бойынша студенттер бөлінісінің салыстырмалы талдауы

олардың санының Инженерия Мектебінде басым екендігін көрсетті (2011 жылы

қабылданған студенттердің жалпы санынан 225 адам). Қалған студенттер басқа

мектептер бойынша тең бөлінген. Студенттердің ең төменгі пайызы Ғылым және

технологиялар (химия/биология) мектебінде оқиды.

Университеттің білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін Офис-тіркеуші,

электрондық Moodle қашықтықтан оқыту жүйесі, Интернет ресурсы,

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

106

бейнеконференцбайланыс сияқты ресурстарды қамтитын жаңғыртылған материалдық-

техникалық және оқу-зертханалық база құрылған. Университеттің заманауи зертханалары

мен оқу кабинеттері жобалық-презентациялық жабдықтармен, интерактивті тақталармен

жарақтандырылған.

Кітапхана арнайы техникамен жабдықталған, «Назарбаев Университетінің

электронды кітапханасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмыс істейді.

Кітапхана қорында 7 мыңнан астам баспа өнімдерінің атаулары және 70 000 мыңнан

астам электронды оқулықтар бар. Мұрағаттағы ғылыми дереккөздердің (back files) тарихы

20-дан 100 жылға дейінгі аралықты құрайды. 2011 жылы қазақстандық баспалардан

3000 данадан астам кітап келіп түсті.

Университетке конкурстық іріктеу жүйесі бойынша жоғары білікті халықаралық

оқытушылар құрамы тартылды. Университеттің үш мектебінде 62 оқытушы жұмыс істейді

(90,9%-ында PhD дәрежесі бар).

Магистр және PhD доктор дәрежесі Университеттің даярлық орталығындағы

профессорлар-оқытушылар құрамының 88%-ында бар. Университетте оқытушылық

қызметті әлемнің 23 елінен келген (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Австралия,

Италия, Жапония, Франция, Нидерланды, Сингапур)ғалымдар мен профессорлар жүзеге

асырады. Оқытушылардың көпшілігі АҚШ пен Ұлыбританиядан келген (60%-дан астам).

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында ғылыми қызметті

ұйымдастыру мен басқарудың халықаралық жүйесі жасалуда. Зерттеулерді стратегиялық

жоспарлау мен басқару жұмыс істеп тұрған 3 зерттеу орталығы – Өмір туралы ғылымдар

орталығы, Энергетикалық зерттеулер орталығы және Білім беру саясаты орталығы

арқылы жүзеге асырылады.

Табиғат және тірі организмдердің іс-әрекеті туралы іргелі білім алу, өмір сүру

сапасын жақсарту, ұзақ өмір сүру және ауруларды азайту Өмір туралы ғылымдар

орталығының миссиясы болып табылады.

2011 жылы Өмір туралы ғылымдар орталығы биомедицина, өмір сүру сапасы және

ұзақ өмір сүру бойынша бірқатар ғылыми зерттеулер өткізу шеңберінде нәтижелерге қол

жеткізді. Иммундық жүйені нығайтуға және вирустық аурулардан қорғануға бағытталған

биоөнімдер дайындау технологиялары әзірленді. Отандық «Цитафат» цитопротекторын

клиникалық зерттеуге дайындау режимінде зерттеу жұмыстары өткізілді. Өмір туралы

ғылымдар орталығы Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығымен және

Жапонияның Ұлттық рак институтымен бірлесіп, рактың бор-нейтронды ұстағыш

терапиясының инновациялық әдісін әзірлеуді бастады.

2011 жылы Энергетикалық зерттеулер орталығы жел энергетикасы мен энергия

өңдеу қондырғыларының моделін, деректерді топологиялық талдау кешенінің техникалық

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 107

сипаттамасын, сондай-ақ күннің органикалық фотоэлементтерінің үлгілерін алудың

зертханалық жұмыс тәртібін әзірледі. Орталық тарапынан еліміздің қолданыстағы

энергетикалық жүйесінің деректері мен параметрлеріне талдау жүргізді.

Білім беру саясаты орталығының (БСО) миссиясы Назарбаев Университетінің білім

беру саясатының халықаралық принциптеріне негізделген бірегей білім беру моделі

ретінде қалыптасуына ықпал ету болып табылады. «Назарбаев Университеті» дербес

білім беру ұйымдарының Білім беру саясаты орталығы «Назарбаев Зияткерлік

мектептері» ДБҰ-мен бірлескен жұмысы шеңберінде «Жаңадан енгізілетін және жұмыс

істеп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдерін оқыту және олардың

біліктілігін арттыру курсы» жобасын іске асырды. Жобаның әріптесі – Лондон Университеті

Колледжі.

Республиканың мамандандырылған мектептерінің мұғалімдері үшін Білім беру

саясаты орталығы пәндерді оқытуда сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту

әдістемелерін енгізу курсын ұйымдастырды.

Университеттегі барлық ғылыми-зерттеу жобаларын профессорлық-оқытушылар

құрамының тікелей қатысуы арқылы студенттер іске асырады. Әзірленген ғылыми

қызметті қаржыландыру және оларға қолдау көрсету жүйесі әлемнің зерттеу

университеттерінің практикасына сай.

Біліктілікті арттыру жүйесін жаңғырту Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында педагог

мәртебесін көтеруге көп көңіл бөлінген. Мұғалім білім саласын жаңғырту ісіндегі басты тұлғаға айналған. Республиканың педагог кадрларының біліктілігін арттыру жүйесін өзгертудің тұжырымдамалық және құрылымдық тәсілдері үш базалық кешен арқылы іске асырылады (4.6-сурет). 4.6-сурет. Біліктілікті арттырудың жаңа базалық кешендері

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Жаңа кешендердің басым бағыттары педагогтердің біліктілігін арттырудың

бірыңғай тұжырымдамалық тәсілдерін қамтамасыз ету болып табылады. Кешендердің

қызметіне күндізгі дайындық (face-to-face) пен on-line режимінде оқытудан тұратын жеті

модуль бойынша үш айлық курстар өткізу сияқты рәсімдер жатады. Әлемдік тәжірибені

Назарбаев Зияткерлік мектептері жанындағы Педагогикалық шеберлік орталықтары

«Өрлеу ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ

Педагогикалық жоғары оқу орындарының жанындағы мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталықтары

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

108

және қазіргі заманғы мектептердің қажеттіліктерін ескере отырып, деңгейлік курстардың

мазмұны мен әдіснамасы әзірленді(4.7-сурет). 4.7-сурет. Деңгейлік курстар модульдері

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Әр деңгей барлық модульдерді қамтитын және аудиторияда (бетпе-бет) 2 ай ішінде

және қашықтықтан (онлайн) 1 ай ішінде оқытуды көзейтін бірыңғай оқыту

бағдарламасынан тұрады. Барлық кешендердегі курстар аяқталған соң мұғалімдер

біліктілік емтиханын тапсырады және жаңаша 1, 2 немесе 3-ші біліктілік деңгейі

көрсетілген сертификаттар алады.Біліктілік деңгейлері еңбекақы көлемін ұлғайтуға құқық

береді (3-деңгей – базалық, 2 – орташа, 1 – жоғары). Осылайша, алты біліктілік сатысына

көшу (мұғалімдердің үш санаты және біліктіліктің үш деңгейі) халықаралық практикаға сай

келеді (4.8-сурет). 4.8-сурет. Жаңа біліктілік деңгейлері

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Біліктілікті арттырудан табысты өтуі (жетістіктер портфелі), сертификаттардың

болуы және алған дағдыларын оқу-тәрбие процесіне практикалық тұрғыдан еңгізу,

мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

3-деңгей –базалық

2-деңгей–

орташа

1-деңгей– жоғары

Дең

гейл

ік ку

рста

рды

ң м

азм

ұны

білім берудегі жаңа көзқарастар

сын тұрғысынан ойлауға үйрету

оқытуды және оқыту нәтижелерін критерийлер бойынша бағалау

оқыту тәсілдерін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді пайдалану

талантты және дарынды балалармен жұмыс

мектеп оқушыларының нақты жас топтарында оқытудың психологиялық-педагогикалық ерекшелігі

12 жылдық оқытуға көшу жағдайында орта білім беру жүйесіндегі менеджмент және

көшбасшылық

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 109

E – learning электронды оқыту Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының негізгі

бағыттарының бірі e-learning электронды оқыту жобасын іске асыру болып табылады. 2011 жылы 44 білім беру ұйымының базасында пилоттық жоба іске қосылды.Оқу

орындарында – Астана мен Алматы қалаларында және Қарағанды облысында электронды оқытуды енгізу үшін IТ-инфрақұрылым (сымсыз Wi – Fi желісі, заманауи дербес компьютерлер, ноутбуктер, моноблоктар, интерактивті және мультимедиалық проекторлар, көп функционалды құрылғылар, планшеттер) қарастырылған.

2011 жылы E-learning жобасы шеңберінде сандық білім беру ресурстары (СБР) форматында «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқытудың электронды контенті әзірленді.Оқыту тілі бойынша 468 білім беру бағдарламалары (234 – мемлекеттік тілде және 234 – орыс тілінде) дайындалды.

Әрбір сандық білім беру ресурсы мультимедиалық презентациялар, оқу материалдарының сандық форматтағы мәтіндері, интерактивті тапсырмалар мен белгілі бір тақырыптағы тестілеу бағдарламалары түрінде интегративті кешеннен тұрады. СБР мұғалімнің сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы қызметін түрлендіруге, тарихи білімді сапалы меңгеруге едәуір ықпал етеді.

2011 жылы республикадағы білім беру ұйымдарының электронды оқыту жүйесінің 8000 әкімшісі мен пайдаланушысы оқу процесінде электронды оқытуды пайдалану саласында біліктіліктерін арттырды.

Электронды оқыту бойынша ауқымды жобаны іске асыру білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру процесін инновациялық жаңарту тетіктерінің біріне айналады.

Білім беру сапасының менеджмент жүйесінің принциптерінің бірі мониторинг нәтижелерін есепке ала отырып білім беру процесін үнемі жетілдіріп отыру принципі болып табылады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

110

5. АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ: АЙМАҚТАР РЕЙТИНГІСІ

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері білімге

қолжетімділік, республиканың барлық азаматтарының сапалы білім алуға құқығының

теңдігі болып табылады.

Қабылданатын шешімдердің негізділігін қамтамасыз ету үшін білім беруді басқару

жүйесі білім беру саласының жай-күйін ғана емес, сонымен қатар даму үрдісін де

объектівті түрде көрсетуді қажет етеді. Білім беру процесін жүзеге асыру нәтижелері мен

шарттарының жағдайы мен өзгеру динамикасын, білім беру ұйымдары қызметінің

жетістіктерін талдау, бағалау және болжам жасау олардың жұмыс істеу тиімділігін

арттыруға, сайып келгенде білім сапасын аймақтық деңгейде жақсартуға ықпал етеді.

2011 жылы Ұлттық білім беру статистикасы мен бағалау орталығы білім беру

саласындағы стратегиялық құжаттарда аталған нысаналы индикаторлар мен

көрсеткіштерді ескере отырып аймақтық білім беру жүйелері рейтингісінің көрсеткіштерін

қайта қарады. Аймақтық білім беру жүйелерін салыстыру ұсынылатын білім беру

қызметтерінің сапасына тікелей әсер ететін өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылған. Олар –

білім беруге қолжетімділік, қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар, кадрлық

ресурстар және білім беру қызметінің нәтижелілігі.

Облыстардың рейтингін анықтау үшін Қазақстан Республикасы Статистика

агенттігінің деректері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және министрлігінің

әкімшілік есептілігі де қолданылды.

Білімнің қолжетімділігі

Сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету Білім беруді дамытудың 2020 жылға

дейінгі Мемлекеттік бағдарламасының стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.

Аталған блок бойынша аймақтарды саралау үшін мектепке дейінгі, жалпы орта,

техникалық және кәсіптік білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етудің тоғыз ең маңызды

көрсеткіштері мен индикаторлары іріктеліп алынды (5.1 - кесте).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 111

5.1- кесте «Білімнің қолжетімділігі», көрсеткіштер мен индикаторлар,

№ Көрсеткіштер мен индикаторлар

1

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту %

2 5-6 жастағы балаларды міндетті мектепалды даярлықпен қамту коэффициенті %

3 МДБ жалпы санынан ашылған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі %

4 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қосымша білім берумен қамту %

5 Әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін мектептер мен

сыныптардағы оқушылар үлесі %

6 Дамуында проблемалары бар балалардың жалпы санынан, инклюзивті біліммен

қамтылған балалардың үлесі %

7 Оқушы орындарының тапшылығы, бірлік.

8 Типтік жастағы (14-24) жастардың техникалық және кәсіптік біліммен қамтылу үлесі %

9 Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында мемлекет тапсырыс есебінен

оқитын білім алушылардың үлесі %

«1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту»

(85,7%), «Дамуында проблемалары мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан

инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі» (23,5%), «Оқушы орындарының

тапшылығы» (175 бірлік), «5-6 жастағы балаларды міндетті мектепалды даярлықпен

қамту» (100%) және «Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіптік

біліммен қамту үлесі» (1,7%) сияқты көрсеткіштер бойынша Қарағанды облысы

2011 жылдың қорытындысына сәйкес (853 балл) үшінші орынға көтеріліп, осы блогта

бірінші орынды иеленді (5. 1-сурет).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

112

5.1-сурет. «Білім берудің қолжетімділігі», көрсеткіштер мен индикаторлар, 2011 жыл

5.1.1-сурет. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған

балалардың үлесі

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

5.1.2-сурет. Оқушы орындарының тапшылығы, бірлік

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Көшбасындағы тұғырды сондай-ақ Қостанай (793 балл) және Батыс Қазақстан

(721 балл) облыстары иеленді.

Тұрақты тұғырда – Шығыс Қазақстан (6-орын), Солтүстік Қазақстан (7-орын)

облыстары мен Алматы қаласы (8-орын).

Оңтүстік Қазақстан облысы екі жыл бойы «1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі

тәрбиемен және оқытумен қамту» (19,4%) және «Жалпы білім беретін мектеп

оқушыларын қосымша біліммен қамту» (4,3%) сияқты индикаторлар мен көрсеткіштер

бойынша төменгі нәтижелер көрсетуде. «Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық

және кәсіптік біліммен қамту үлесі» (2,2%) көрсеткішінің жоғары болуына қарамастан,

15,7

9,37,2

9,87,4

18,0

5,0

23,5

15,9

4,76,9

19,2

3,20,3

26,4

20,5

2945 1322

5175

1363 17444878

838

175226

1719012589

46262899

21973

1438213464

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 113

басқа аймақтармен салыстырғанда «Мектепке дейінгі мекемелердің жалпы санынан

ашылған мектепке дейінгі мекемелердің үлесі, %» (0%) және «Даму мүмкіндігі шектеулі

балалардың жалпы санынан инклюзивті біліммен қамтылған балалардың үлесі»

(0,3%) көрсеткіштері төмен және облыстың осы рейтингтегі орнын анықтады.

Осы блок бойынша Алматы облысының нәтижелері бір тұғырға көтерілді. Бұл

ретте Қызылорда облысының көрсеткіштері төмендеді (5.2-кесте). 5.2-кесте «Білім берудің қолжетімділігі», аймақтардың рейтингісі, 2011 жыл

Аймақ Бал 2011,

2010, орын

Қарағанды

853

1 4

Қостанай

793 2 1

Батыс Қазақстан

721 3 2

Ақтөбе 687 4 5

Павлодар 643 5 3

Шығыс Қазақстан 629 6 6

Солтүстік Қазақстан 578 7 7

Алматы қаласы 580 8 8

Атырау 555 9 12

Астана қаласы 553 10 13

Ақмола 530 11 9

Жамбыл 476 12 10

Маңғыстау 430 13 11

Алматы 416 14 15

Қызылорда 400 15 14

Оңтүстік Қазақстан 384 16 16

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Осылайша, «Білімнің қолжетімділігі» блогы бойынша рейтинг нәтижесі

көрсеткендей, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының облыстық

Басқармаларына осы бағыт бойынша бұдан әрі де мақсатты түрде жұмыс жасау қажет

екені байқалды.

Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жағдайын жақсарту білім беру жүйесін

дамытуға бөлінген қаражаттар көлемінің ұлғаюына байланысты. 2011 жылы «Қаржылық

және материалдық-техникалық ресурстар» блогы бойынша аймақтарды саралау үшін

жаңа көрсеткіштер қайта қаралып енгізілді (5.3 - кесте).

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

114

5.3-кесте «Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар», көрсеткіштер мен

индикаторлар.

№ Көрсеткіштер мен индикаторлар

1 Білімге жергілікті бюджеттен бөлінетін жалпы шығыннан мектепке дейінгі білімге кететін шығыс үлесі, %

2 Білімге жергілікті бюджеттен бөлінетін жалпы шығыннан жалпы орта білімге кететін шығыс үлесі, %,

3 Аз қамтылған отбасының балаларын тегін дәруменді ыстық тамақпен қамтамасыз ету, % 4 Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 1 компьютерге шаққандағы саны 5 Апатты жағдайдағы,күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жағдайы, % 6 Күрделі жөндеуді қажет ететін, күндізгі жалпы білім беретін мектептердің жағдайы, % 7 Тасымалдауды қажет ететін, балалардың жалпы санынан, мектепке дейін және

мектепен кері тасымалдаумен қамтылған оқушылар үлесі, % 8 Білім беруге жергілікті бюджеттен техникалық және кәсіби білім беруге бөлінген шығыс

үлесі , % 9 ТжКБ мемлекеттік оқу мекемелерінің жалпы санынан, заманауи оқытатын құралдармен

жарақтандырылған ТжКБ мемлекеттік оқу орындарының үлесі

Қаржылық және материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіштері есебінің қорытындысы бойынша Атырау (439 балл) және Қызылорда (520 балл) облыстарының рейтингісі артта қалды.

Басқа аймақтармен салыстырғанда Атырау облысы «Күрделі жөндеуді қажет ететін күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі» (42,1%) және «Жергілікті бюджет қаражатынан техникалық және кәсіптік білімге бөлінетін шығыстар үлесі» (5,34%), «Апатты жағдайдағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі,» (10,9%) сияқты көрсеткіштер бойынша Қызылорда облысы төменде. 5.4-кесте «Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар», аймақтардың рейтингісі,

2011 жыл

Аймақ Бал 2011, орын

2010, орын

Қостанай 930 1 6 Қарағанды 899 2 5 Солтүстік Қазақстан 804 3 1 Ақмола 738 4 7 Жамбыл 706 5 8 Астана қаласы 696 6 15 Батыс Қазақстан 688 7 4 Павлодар 679 8 2 Ақтөбе 665 9 12 Алматы 661 10 16 Шығыс Қазақстан 648 11 13 Оңтүстік Қазақстан 612 12 10 Маңғыстау 591 13 9 Алматы қаласы 578 14 14 Қызылорда 520 15 3 Атырау 439 16 11 Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 115

«Тасымалдауға мұқтаж балалардың жалпы санынан мектепке және мектептен үйге

сапалы және қолайлы тасымалдаумен қамтылған оқушылардың үлесі» (100%), «Жергілікті

бюджеттен техникалық және кәсіптік білімге бөлінетін шығыстар үлесі» (10,78%) және

«Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды дәруменделген тегін ыстық тамақпен

қамтамасыз ету» (100%) көрсеткіштері Қарағанды облысының облыстар рейтингісі

бойынша екінші орын алуына мүмкіндік берді.

Осы блок бойынша көш басындағы орынды Қостанай облысы (930 балл)

иеленді. «Қазіргі заманғы оқыту жабдықтарымен жарақтандырылған ТжКБ беретін

мемлекеттік оқу орындарының үлесі» (69,4%), «Жергілікті бюджеттен білімге бөлінетін

жалпы шығындардан жалпы орта білімге арналған шығындардың үлесі» (70,66%),

«Күрделі жөндеуді қажет ететін күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі» (4,4%),

«Апатты жағдайдағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі» (0%), «Жалпы білім

беретін мектеп оқушыларының 1 компьютерге есептегендегі саны» (7 адам) көрсеткіштері

Қостанай облысының жоғары 5 тұғырға көтерілуіне мүмкіндік берді (5.2-сурет). 5.2-сурет «Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар», Қарағанды және Қостанай

облыстары, 2011 жыл

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтер

9,69

68,54

10,78

100

8

0,8

11,8

24,1

100

8,8

70,66

9,96

100

7

0

4,4

69,4

77,4

Жергілікті бюджеттен бөлінетін жалпы шығыстардан МБ-ға арналған шығыстар үлесі

Жергілікті бюджеттен бөлінетін жалпы шығыстардан ЖОБ-ға арналған шығыстар

үлесі

Бөлінетін жалпы шығыстардан техникалық және кәсіптік білімге бөлінетін шығыстар үлесі

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды дәруменделген тегін ыстық

тамақпен қамтамасыз ету

Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 1 компьютерге есептегендегі саны

Апатты жағдайдағы күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі

Күрделі жөндеуді қажет ететін күндізгі жалпы білім беретін мектептердің үлесі

Қазіргі заманғы оқыту жабдықтарымен жарақтандырылған ТжКБ беретін мемлекеттік

оқу орындарының үлесі

Тасымалдаумен қамтылған оқушылардың үлесі

Костанай КарагандаҚостанай Қарағанды

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

116

Кадрлық ресурстар Жоғары білікті педагог кадрлар білім беру саясатын іске асыру нәтижелілігінің

басты факторларының бірі болып табылады. Аймақтарды «Кадрлық ресурстар» блогы

бойынша ранжирлеу үшін 2011 жылы білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен

қамтамасыз ету көрсеткіштері қайта қаралып анықталды (5.5-кесте). 5.5-кесте «Кадрлық ресурстар», көрсеткіштер мен индикаторлар.

№ Көрсеткіштер мен индикаторлар

1 Жоғары білімді педагогтардың жалпы санынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы

мектепке дейінгі жоғары білімді педагог қызметкерлердің үлесі %

2 Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің үлесі, % 3 Педагогтардың жалпы санынан, %

4 Жоғары және бірінші санатты ТжКБ ұйымдары оқытушыларының үлесі, % 5 ТжКБ ұйымдарындағы жоғары және бірінші санатты өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі, %

6 Біліктілігін арттырған және тағлымдамадан өткен ТжКБ ұйымдарының инженерлік-

педагогикалық кадрлар үлесі, %

«Педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымына жаңадан

келген жас мамандардың үлесі» (3,3%), «Жоғары және бірінші санатты ТжКБ ұйымдары

оқытушыларының үлесі» (0,5%), «ТжКБ ұйымдарындағы жоғары және бірінші санатты

өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі» (0,3%) көрсеткіштері Павлодар облысына осы блок

бойынша көп балл (614 балл) жинауға мүмкіндік берді (5.6-кесте). 5.6-кесте «Кадрлық ресурстар», аймақтардың рейтингісі, 2011 жыл

Аймақ Бал 2011, тұғыр

2010, тұғыр

Павлодар 614 1 6 Астана қаласы 585 2 1 Алматы қаласы 549 3 2 Солтүстік Қазақстан 520 4 9 Батыс Қазақстан 515 5 12 Қарағанды 507 6 7 Шығыс Қазақстан 480 7 14 Алматы 448 8 4 Қостанай 440 9 13 Атырау 432 10 8 Маңғыстау 396 11 15 Ақмола 395 12 11 Жамбыл 370 13 5 Ақтөбе 341 14 16 Қызылорда 338 15 10 Оңтүстік Қазақстан 309 16 3 Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткіштері бойынша

рейтингтегі төменгі орынды Оңтүстік Қазақстан облысы алады (309 балл). Бұған

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 117

«Біліктілікті арттырудан және тағылымдамадан өткен ТжКБ ұйымдарының инженерлік-

педагогикалық кадрларының үлесі» (7,4%), «Жоғары білімді педагогтердің жалпы санынан

мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы мектепке дейінгі жоғары білімді педагог

қызметкерлердің үлесі» (6,2%) көрсеткіштерінің салыстырмалы төмен пайызы әсер етті

(5.3-сурет). 5.3-сурет «Кадрлық ресурстар», көрсеткіштер мен индикаторлар, 2011 жыл

5.3.1-сурет Біліктілікті арттырудан және тағылымдамадан өткен ТжКБ ұйымдарының инженерлік-

педагогикалық кадрларының үлесі, %

5.3.2-сурет Жоғары білімді педагогтердің жалпы санынан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы

мектепке дейінгі жоғары білімді педагог қызметкерлердің үлесі, %

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Осылайша, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының білім беру

Басқармалары кадрлық қамтамасыз ету мәселесінде тиянақталған жұмыс жасауға мақсат

қоюлары қажет.

7,5

29,336,3

41,3

18,7 17,2

8,6

30,5

18,1 18,1

28,1

15 14,8

6,210,4

44,1

17,714,5

12,1

28,4

10,8 11,0

18,6

9,0

15,319,2 20,7

18,8

25,5

7,4

19,3

9,3

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

118

Білім беру ұйымы қызметінің нәтижелері 2011 жылы «Білім беру ұйымы қызметінің нәтижелері» блогы бойынша

аймақтарды саралау үшін тоғыз көрсеткіш пен индикатор қайта қаралып белгіленді.

«Жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға

түскен жалпы білім беретін мектептер бітірушілерінің үлесі», «Бірінші реттен кәсіби

даярлық және біліктілікті беру деңгейін бағалаудан өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі»,

«Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу

орындарының жұмысқа орналасқан бітірушілерінің үлесі» және т.б. жаңа көрсеткіштер

енгізілді (5.7-кесте). 5.7-сурет «Білім беру ұйымы қызметінің нәтижелері», көрсеткіштер мен индикаторлар,

№ Көрсеткіштер мен индикаторлар 1 Ғылыми жарыстар мен халықаралық олимпиадалар бойынша жеңімпаздар, адам

2 Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар жеңімпаздары, адам

3 Жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі үміткерлер, «Алтын белгі» белгісімен мектепті бітіргендер саны, %

4 Жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі үздік аттестат алған бітірушілер үлесі, %

5 Бітірушілердің жалпы санынан, ЖОО-ларға мемлекеттік тапсырыс бойынша түскен мектеп бітірушілер, %

6 Кәсіби даярлық деңгейі бағалауынан өткен және бірінші реттен біліктілік берілген, қатысқандардың жалпы санынан ТжКБ бітірушілер үлесі, % 7 Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ТжКБ оқу мекемелерін бітірушілердің жұмысқа орналасуының үлесі, % 8 Үздік диплом алған ТжКБ ұйымдарын бітірушілер үлесі, %

9 9 сынып ОЖСБ орташа балы, % Саралау нәтижелері аймақтық білім беру жүйелері қызметінің нәтижелілігін

анықтайтын өлшемдер мен факторлар бойынша Павлодар облысы көрсеткіштерінің

жоғары екендігін көрсетіп отыр (5.8-кесте). 5.8-кесте. «Білім беру ұйымдары қызметінің нәтижелері», аймақтардың рейтингісі, 2011 жыл

Аймақ Бал 2011, тұғыр

2010, тұғыр

Павлодар

834 1 1 Шығыс Қазақстан 623 2 4 Қызылорда 599 3 10 Батыс Қазақстан 595 4 13 Алматы қаласы 590 5 3 Қостанай 555 6 2 Жамбыл 537 7 12 Астана қаласы 530 8 6 Оңтүстік Қазақстан 522 9 9 Маңғыстау 517 10 7 Атырау 494 11 5 Алматы 476 12 16 Солтүстік Қазақстан 468 13 14 Ақмола 386 14 15 Қарағанды 360 15 11

Ақтөбе 287 16 8 Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 119

Осылайша, облыстардың бірінші тұғырын «Жоғары оқу орындарына мемлекеттік

білім беру тапсырысы бойынша оқуға түскен жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің

үлесі» (30,8%), «Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған техникалық және кәсіптік

білім беретін оқу орындарының жұмысқа орналасқан бітірушілерінің үлесі» (57,2%),

«Ғылым негіздері мен ғылыми жарыстар бойынша республикалық олимпиадалар

жеңімпаздарының саны» (50 адам) сияқты көрсеткіштер мен индикаторлар анықтап берді.

Осы блок бойынша аймақтар рейтингісінде 16- тұғырды Ақтөбе облысы алады.

Оның себебі «Үміткерлердің жалпы санынан жалпы орта білім беретін оқу орындарында

мектепті «Алтын белгі» белгісіне бітірушілердің саны» (52,5%), «Жоғары оқу орындарына

мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түскен жалпы білім беретін мектеп

бітірушілерінің үлесі» (9,3%), «Бірінші реттен кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және

біліктілік беруден өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірушілердің

үлесі» (59,2%) (5,4-сурет). 5.4 -сурет. ЖОО-ларға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша түскен жалпы білім

беретін мектеп бітірушілерінің үлесі

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

Аймақтардың қорытынды рейтингісі Аймақтардың қорытынды рейтингісі дәстүрлі түрде білім сапасы көрсеткіштерінің

төрт блогы бойынша барлық рейтингтік балдардың сомасы ретінде есептелген.

Рейтинг жетістіктері өлшемдерінің өзгеруіне қарамастан Павлодар облысы

2011 жылы да көшбасшылық тұғырды сақтап қала алды (2 770 балл). Павлодар

облысының жоғары қорытынды балдары аймақтағы білім беру ұйымдары қызметінің

айрықша нәтижелеріне, кадрлық ресурстарды және білім беру қолжетімділігін қамтамасыз

етуге негізделген.

12,79,3

12,916,6

21,318,6

16,5

11,4

20,122,6

13,8

30,8

17,0 18,3

11,213,9

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

120

2011 жылдың қорытындысы бойынша Қостанай (2 718 балл) және Қарағанды

(2 619 балл) облыстары жоғары рейтингтік балдарға ие болды. Аймақтық рейтингтегі

Қостанай облысының екінші тұғыры қаржылық және материалдық-техникалық

ресурстардың жоғары көрсеткіштеріне және білімге қол жетімділіктің жоғары балдарына

негізделген.

Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары «Кадрлық ресурстар», «Білімнің

қолжетімділігі», «Қаржылық және материалдық-техникалық ресурстар» блоктары

бойынша төмен балдар жиналды.

Осылайша, облыстардың қорытынды рейтингісі мәні негізінде аймақтарды үш

топқа бөлуге мүмкіндік берді:

Бірінші – рейтингтік балы 2 500 балдан астам (Павлодар, Қостанай, Қарағанды,

Батыс Қазақстан облыстары).

Екінші – 2 000 балдан астам (Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл,

Ақмола, Алматы облыстары, Астана және Алматы қалалары).

Үшінші – рейтингтік балы 2 000 балдан кем (Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік

Қазақстан, Қызылорда облыстары) (5.5-сурет). 5.5-сурет. Аймақтарды алған балдарына қатысты саралау

1-топ 2-топ 3-топ

2 500 балдан жоғары 2 000 балдан

жоғары 2 000 балдан төмен

Павлодар 2 770

Қостанай 2 718

Қарағанды 2 619

БҚО 2 519

ШҚО 2 380

СҚО 2 370

Астана қ. 2 364

Алматы қ. 2 297

Жамбыл 2 089

Ақмола 2 049

Алматы 2 001

Ақтөбе 1980

Маңғыстау 1 934

Атырау 1 920

Қызылорда 1 857

ОҚО 1 827

Дереккөз: ҚР БҒМ мәліметтері

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 121

Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі Мемлекеттік бағдарламасында

көрсетілген барлық нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу аймақтық

білім беру саясатын тиімді жүргізуге байланысты. Аймақтық ерекшеліктерге қарамастан

Оңтүстік Қазақстан облысының (халық санының тығыздығы), Шығыс Қазақстан

облысының (ауылдары аудан орталығынан алыс орналасқан), Алматы облысының

(миграция) (ауыл халқының үлесі көп), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының

білім басқармаларына балаларды табысты оқыту мен тәрбиелеуде барынша қолайлы

жағдай жасау қажеттілігін қамтамасыз ету арқылы білім беру педагогикалық

қауымдастықтың инновациялық қызметіне де, сапалық деңгейінде қол жеткізуді қамтамыз

ету.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

122

ГЛОССАРИЙ

Педагог қызметкерлерді аттестаттау – педагог қызметкердің біліктілік

деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін

рәсім. Бакалавр – жоғары білім берудің тиісті бағдарламаларын меңгерген

адамдарға берілетін академиялық дәреже

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – экономикалық жүйенің барлық өндірушілері, оның

ішінде, көтерме және бөлшек сауда көлік, өнімдерге салынған барлық салықтан,

өнім құнына кірмеген барлық субсидияларды қоспағанда, өнімнің бағасынан бөлек

қосымша құн

Теориялық оқуға түсу жасы – қандай да бір бағдарлама немесе нақты бір

білім деңгейін студент немесе оқушы екінші жылға қалмай немесе сыныпты аттап

кетпей, толық мерзімде сыныптан сыныпқа қалыпты көшу арқылы оқыған ресми

жас. Жоғары білім беру (ЖББ) – мамандарды жоғары білім беру бағдарламасымен

дайындайтын білім беру деңгейі. Жоғары оқу орны (ЖОО) – жоғары және жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім

беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, ғылыми зерттеулер жүргізетін жоғары

кәсіптік оқу орны (институт, академия, университет). Гимназия – білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне сәйкес бастауыш,

негізгі орта және жалпы орта білім берудің гуманитралық бейіндері бойынша

жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

GEP (Global Education Provider) – менеджмент, маркетинг, қаржы, есепке

алу және құқық саласындағы қазақстандық, ресейлік және халықаралық білім беру

бағдарламаларының провайдері.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары

көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт

талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім. Мемлекеттік білім беру тапсырысы - мемлекеттік бюджет есебінен

қаржыландырылатын мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, экономика мен

өндірістің сұраныстарын білікті жұмыс күшімен және қоғамның интеллектуалды

әлеуетімен қамтамасыз ету үшін білікті қызметкерлер мен мамандар даярлау,

біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-

әдістемелік жағынан қамтамасыз ету бойынша қызметтер көлемі.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 123

Ересектердің сауаттылығы – 15 және одан да жоғары жастағы сауатты

халық үлесін көрсетеді.

Философия докторы (РһD), бейіні бойынша доктор – тиісті мамандықтар

бойынша докторантураның кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және

диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже;

Қосымша білім беру – білім алу қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру

мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі .

Мектепке дейінгі ұйымдар – мектеп жасына жетпеген, 1 жастан 6 жасқа

дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыратын білім беру ұйымдары.

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім

беретін білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріктірілетін, жалпы орта

білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының

бірі. Адами даму индексі (АДИ) немесе адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ)

– әлемдегі елдердің өмір сүру сапасының интегралдық көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің

негізгі құрамдары: орташа өмір сүру ұзақтығының индексі; халықты білім беру

жүйесімен деңгейі мен сауаттылық деңгейін сипаттайтын білім индексі; ЖІӨ

индексі Инклюзивтік білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу

бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті,

арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық

және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп

оқыту және тәрбиелеу.

Шетелдік студенттер – Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім

алып жатқан шетелдік студенттер. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің

мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін

олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Біліктілік – білім жөніндегі құжатта көрінетін түр және түлектің кәсіптік

қызметті орындауға немесе білімін жалғастыруға мүмкіндік беретін кәсіптік

дайындық деңгейі.

Қабылдау квотасы – Қазақстан Республикасының заңнамасымен

анықталған белгілі бір санаттағы азаматтарды техникалық және кәсіптік, орта

білімнен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау үшін

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

124

бөлінетін мемлекеттік білім беру тапсырысының, оның ішінде білім беру гранттары

көлемінің шекті саны. Колледж – жалпы білім берудің оқу бағдарламалары мен жалпы орта білім

беретін техникалық және кәсіптік , орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын оқу.

Қабылдау контингенті – оқу орнына қабылданған үміткерлердің саны мен

оған жалпы сипаттама.

Бітіру контингенті – оқу орнын бітірушілердің саны мен жалпы сипаттама.

Білім алушылар контингенті – оқу орнында білім алып жатқандардың

саны мен жалпы сипаттамасы.

Магистранттарды қабылдау контингенті – оқу орнына қабылданған

магистранттардың саны мен жалпы сипаттама. Кешенді тестілеу – ақпараттық технологияларды қолданып, бірнеше оқу

пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны. Бәсекеге қабілеттілік – бәсекелестікті ұстап тұра алу, бәсекелестікке қарсы

тұра алу қабілеттілігі. Бітіру коэффициенті – бітірушілер санының оқу орнындағы білім

алушылардың жалпы санына ара қатынасы. Білім берумен қамту коэффициенті – жас ерекшеліктері ескерілмеген,

белгілі бір білім беру деңгейінің типтік жас тобындағы халық санынан пайыздық

қатынастағы, белгілі бір білім беру деңгейіндегі білім алушылар саны.

Жалпыға ортақ бастауыш білім берумен қамту коэффициенті – бастауыш және орта білім берумен қамтылған мектеп жасындағы балалар үлесі.

Білім берудің бір деңгейінен келесі бір деңгейіне көшу коэффициенті – білім берудің белгілі бір деңгейін аяқтап, келесі деңгейін оқуға көшкен түлектер

үлесі. Лицей – негізгі орта білім берудің және жалпы орта білім берудің

жаратылыстану-ғылыми, физика-математикалық бейіндері бойынша жалпы білім

беретін оқу бағдарламаларын білім алушылардың бейімділігі мен қабілетіне

сәйкес іске асыратын оқу орны.

Магистр – жоғары білімнен кейінгі білім берудің тиісті бағдарламаларын

меңгерген тұлғаларға берілетін академиялық дәреже.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 125

Магистратура – тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық

дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған,

жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

Шағын жинақты мектеп – білім алушылар контингенті шағын, сынып-

жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар

жалпы білім беретін мектеп.

Медиана (медиандық мән) – көрсеткіштер қатарының орташа мәні.

Білім берудің халықаралық стандарттық жіктеуіші (БХСЖ) – мемлекет

іші мен халықаралық деңгейде салыстырмалы көрсеткіштер және статистикалық

мәліметтерді жинау, құрастыру және көрсетуге арналған құрал есебінде жасалған

білім мен білім беру салаларын жіктеу жүйесі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясы – Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік оқу

орындарында күндізгі оқыту нысанында оқуы және мемлекеттік ғылыми ұйымдар

мен жоғары оқу орындары ғылыми қызметкерлерінің әлемнің жетекші жоғары оқу

орындарында, ғылыми орталықтары мен зертханаларында тағылымдамадан өтуі

үшін тағайындайтын стипендия;

Айлық есептік көрсеткіші (АЕК) – бұл Қазақстанда зейнетақы, жәрдемақы

және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеуде, сонымен қатар айыппқұл

шараларына, салық және басқа төлемдерде қолданылатын көрсеткіш.

Модульдік оқыту – нақты кәсіби құзыреттіліктердің құрылымдық

компоненттеріне бағытталған аяқталған блоктардан тұратын оқыту жүйесі.

Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі – білім беру сапасын

мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына тұлғаның, қоғамның, және

мемлекеттің сұраныстарына сәйкестендіріп бекітудің институционалдық

құрылымы, үрдіс және үлгілер жиынтығы.

Білім беру гранты — кәсіптік білім алуға төлеу үшін Қазақстан

Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін

ақшаның нысаналы құны;

Білім беру мониторингі – білім беру үрдістерін іс жүзеге асырудың жай-

күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар

контингентін, білім беру ұйымдары желісін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау

және болжау.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

126

Жалпы білім беретін мектеп — бастауыш, негізгі орта және жалпы білім

берудің оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілердің

қосымша білім алуының оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орны.

Күтілетін оқу ұзақтығы – халықты білім берумен қамту деңгейін, оқу

ұзақтығын есепке ала отырып, кез-келген елдегі білім беру жүйесі туралы жалпы

түсінік алуға мүмкіндік береді. Халықты білім берумен қамту – білім берумен қамту коэффициенті

(ЮНЕСКО-ның халықаралық баяндамаларында – брутто – қамту коэффициенті

БҚК) - білім берудің нақты бір деңгейін білім алушылардың жас ерекшеліктеріне

қарамай жалпы қамту. Бұл белгілі бір білім беру деңгейі үшін ресми түрде

бекітілген жалпы халық санынан пайыздық қатынаста есептелетін үлес саны

(мысалы: Испанияда 4 және одан да төмен жастағы балаларды қамту 122,8 %-ды

құрайды. Бұл жерде, берілген жас ерекшеліктері тобына кірмейтін, бірақ берілген

білім беру деңгейінде білім алатын балалар саны да есептеліп тұр).

Педагог кадрлар – білім алушының оқуы мен тәрбиесін тікелей қамтамасыз

ететін, оқу орнына қабылданған қызметкер.

Толық контингент – оқу орындарында білім алушылардың саны мен оның

жалпы сипаттамасы.

Магистранттардың толық контингенті – оқу орындарында білім алушы

магистранттардың жалпы саны.

Жоғары білімнен кейінгі білім беру (ЖБКББ) – жоғары білікті педагог

және ғылыми-педагог кадрларды даярлау мақсатында берілетін үздіксіз білім беру

жүйесінің ең жоғары сатысы (магистратура, аспирантура, докторантура). Мектепалды даярлық – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының

мектепалды топтарында немесе жалпы білім беретін оқу орындарының

мектепалды топтарында жүзеге асырылатын, мектеп бағдарламасын меңгеруге

бағытталған, 5 (6) жастағы балаларды міндетті және тегін дайындау үлгісі.

Өмір сүру ұзақтығы – жас нәрестенің өмір сүрген кезеңінде өлім

деңгейінде ол туған кезде орын алған деңгейіне сәйкес келетін өмір сүретін жыл

саны. Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін

оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын

меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім; Кәсіптер мен мамандықтардың тізбесі - оқытудың неғұрлым жалпы

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 127

өлшемдерін: кәсіби біліктілік деңгейін, базалық біліміне байланысты оқыту

мерзімдерін анықтайтын кәсіптер мен мамандықтардың жүйеленген тізілімі

Кәсіптік лицей – жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу

бағдарламалары мен техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын

даярлау жөнінде техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу

бағдарламаларын іске асыратын оқу орны.

Бейінді оқыту бағдарламасы – бейінді пән бойынша білім беру мазмұнын

айқындайтын және белгілі бір пәнді тереңдетіп оқытуды қарастыратын құжат.

Бейінді пән – жалпы орта білім берудің жоғары сатыларында тереңдетіп

оқытылатын оқу пәні.

PISA (Programme for International Student Assessment) – 15-16 жастағы

оқушылардың математикалық және оқу сауаттылықтарын бағалауға бағытталған

халықаралық зерттеу.

Аккредиттеу стандарты (регламенті) – аккредиттеу рәсіміне қойылатын

талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының құжаты.

SIFE (Students In Free Enterprise) –экономиканы, еркін кәсіпкерлікке, өз

қаласының, ауданының, облысының халық бизнесіне оқыту саласындағы

қатысушыларға шығармашылық және инновациялық жобаларды өз бетімен іске

асыру мүмкіндік беретін кең көлемді халықаралық студенттік бағдарлама.

Типтік жас – оқуға түскен және оқу оқыған жастан шығатын, белгілі бір білім

беру деңгейіне сәйкес халық тобының жас ерекшелігі.

Оқу жоспары – білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбесі мен

көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын қадағалайтын құжат.

Училище - мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;

Білім беру ұйымдарының филиалы – бас оқу орны орналасқан жерден

басқа жерде орналасқан оқу орнының құрылымдық бөлімшесі.

Оқыту нысаны – оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру. Күндізгі (күндізгі

және кешкі) және сырттай (сырттай және экстернат) оқыту нысандары арқылы

жүзеге асырылады.

Экстернат – ерекше санаттағы білім алушылардың сабаққа үнемі

қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын

білім беру нысандарының бірі.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

128

.БИБЛИОГРАФИЯ

Жалпыхалықтық мәні бар құжаттар 1. Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауы «Қазақстанды

әлемнің бәсекелеске қабілеттілігі бар 50 елдердің қатарына ену стратегиясы» Астана, наурыз, 2006.

2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Астана, ақпан, 2007.

3. Қазақстан әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, Астана, ақпан, 2008.

4. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Астана, наурыз, 2009.

5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің халқына Жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық Өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» . Астана, қаңтар, 2010.

6. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің халқына Жолдауы «Болашақтың іргетасын бірге қалаймыз!» . Астана, қаңтар, 2011.

Қазақстан Республикасының заңдары 7. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы (2011.24.10 берілген

өзгерістер мен толықтыруларымен). 8. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік

жастар саясаты туралы»Заңы, 2004. 9. Қазақсатан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік

медико-педагогикалық қолдау» Заңы, 2002.

Мемлекеттік бағдарламалар 10. Қазақстан Республикасында .білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары 11. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 160 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

12. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (І кезең) бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы

13. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2011/2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 232 Қаулысы(2011.07.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 129

14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ҚР Үкіметі жанынан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен мамандар даярлау жөнінде Ұлттық кеңес құру туралы» 2009 жылғы 11 тамыздағы №1211 Қаулысы.

15. «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялықемесакционерлікқоғамынқұру және Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 777 Қаулысы

16. «Мұқтаж азаматтарға олардың бiлiм алу кезеңiнде берiлетiн әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi мен көздерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 17 мамырдағы N 738 Қаулысы.

17. «Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысы.

18. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы№ 561 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 140 Қаулысы

19. Қазақсан Республикасы Үкіметінің «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеуді қолдау жөніндегі 2007-2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 5 ақпандағы №81 қаулысы.

20. «Азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөніндегі республикалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы №174 қаулысы.

21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру жүйелерінің кепілдендірілген мемлекеттік нормативтерін бекіту туралы» 2007 жыл №1256 қаулысы.

22. Қазақсан Республикасы Үкіметінің «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттесттау және аккредиттеу ережелерін бекіту туралы» 2007 жыл 24 желтоқсандағы №1270 қаулысы.

23. «Қазақсан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақсан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы №1332 қаулысы.

24. . 2010-2014 жылдар аралығындағы мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы « Балапан» бағдарламасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2010жылы 28 мамыр №488 Қаулысы.

25. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрықтары 26. Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске

асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 Бұйрығы

27. «Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы және бағалау орталығы

130

туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 587 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 28 қыркүйектегі № 466 Бұйрығы

28. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 628 бұйрығы

29. ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және пәндерді оқыту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 9 шілде 2010 жылғы № 367 бұйрығы

Баяндамалар мен есептер 30. «Адам дамуы туралы баяндама 2011» - Human Development Report

2011 (United Nations Development Programme (UNDP). 31. Әлем елдерінің бәсекелестікке қабілеттілік жаһандық зерттеуінің кезекті

нәтижесі — The World Competitiveness Yearbook 2011. (Institute of Management Development, IMD).

32. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі 2011 - 2012 - World Economic Forum, 2011. The Global Competitiveness Report 2011 - 2012. (World Economic Forum).

33. БАБ мониторингі бойынша жасалған бүкіләлемдік баяндама.ЮНЕСКО, 2011 (UNESCO).

34. «Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазақстан халқына Жолдауына сай алдағы жылдардың міндеттері мен Білім беруді дамытудың 20100-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының алғашқы жылдарының қорытындысы», Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың ҚР БҒМ кеңейтілген алқалық мәжілісіндегі баяндамасы.

35. ҚР БҒМ бағынысты орталықтарының сараптамалық ақпараттары 36. Облыстық, Астана және Алматы қалалық біліктілікті арттыру

институттарының қызметтері туралы 2010 жылға арналған сараптамалық баяндамалары, Алматы, 2011.

37. «Кедергілерді жеңіп шығу: даму және адами ұтқырлық»БҰҰ-ның баяндамасы.Баспа «Весь Мир», 2009.

38. Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың сөз сойлеуі http://www.edu.gov.kz.

39. Адам дамуы туралы баяндама 2007, 2008, 2009. \\http://www. hdr.undp.org.

Статистикалық жинақтар 40. Демографиялық жылнама. Қазақстан. Статистикалық жинақ

/А.Смаиловтың редакциялығымен. – Астана, 2009. 41. Қазақстан және ТМД елдері. Тоқсандық журнал. /А.Е.Мешімбаеваның

редакциялығымен/. -Астана, 3/2010. 42. Қазақстан халықтарының экономикалық белсенділігі,

2004-2008. Статистикалық жинақ. /А.Е.Мешімбаеваның редакциялығымен/. – Астана, 2009

43. Қазақстан жастары. Статистикалық жинақ. /А.Смаиловтың редакциялығымен/ – Астана, 2009.

44. Қазақстан жастары. Статистикалық жинақ./қазақ және орыс тілдерінде/ /А.Смаиловтың редакциялығымен/ – Астана, 2011.

ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА

Ұлттық білім беру статистикасы

және бағалау орталығы 131

45. ҚР тұрақты мектепке дейінгі білім беру ұйымдары (2009 жылға). Статистикалық жинақ. 14-серия. Әлеуметтік сала. .

46. ҚР күндізгі жалпы білім беретін мектептердің материалдық базасы (2009/2010 оқу жылының басына). Статистикалық жинақ. 14-серия. Әлеуметтік сала.

47. ҚР жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы (2009 жыл). Статистикалық жинақ. 14-серия. Әлеуметтік сала.

48. ҚР техникалық және кәсіптік білім беру (2009/2010 оқу жылының басына). Статистикалық жинақ. 14-серия. Әлеуметтік сала.

49. Қазақстандағы білім беру. Кәсіптік білім беру. – Астана: ҰБСБО, 2009. 50. Қазақстанның облыстарындағы білім беру жағдайы. – Астана: ҰБСБО, 2009 51. .2011 жылғы орта білім беру жүйесінің негізгі көрсеткіштері – Астана,

ҚР БҒМ, Мектепке дейінгі және орта білім департаменті, 2011

Әдебиеттер 52. Ұлттық Бірыңғай тестілеу нәтижелерін салыстырмалы талдау (ҰБТ-2012)

Сарапталық жинақ. - Астана: ҰБСБО, 2012. 53. 9 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін сырттай бағалау (ОЖСБ-2012)

Сараптамалық жинақ. - Астана: ҰБСБО, 2012. 54. Білім беруге көзқарас. ЭЫДҰ көрсеткіштері. 2010. 55. 2004-2010 жылдардағы ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін

салыстырмалы талдау. - Астана: ҰБСБО, 2010. 56. Қазақстанның жетекші жоғарғы оқу орындарының рейтінгі. Астана: НАЦ,

2009, 2010. 57. Глушанок Т.М. Социальное партнерство как средство повышения качества

профессионального образования // Современные проблемы науки и образования. – 2008. – № 6 – С. 80-83.

58. 2011 жылғы жұмыспен қамту нарығының даму болашағы. ЭЫДҰ.

Интернет беттер 59. ҚР Үкіметінің сайты \\http://www.government.kz. 60. ҚР Электрондық үкіметінің сайты \\http://www.e.gov.kz. 61. ҚР білім және ғылым министрлігінің сайты //http://www.edu.gov.kz. 62. ЮНЕСКО-ның сайты // http://www.unecko.org. 63. ЭЫДҰ-ның сайты // http://www.oecd.org. 64. ТМД білім беру жөніндегі кеңестің сайты // http://www.cis.unibel.by.