Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58...

415
Б. Бисенғалиев. М.Сатимова Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі 2016

Upload: others

Post on 03-Sep-2019

55 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

Б. Бисенғалиев. М.Сатимова

Сағыз Мұнай өндіру

кәСіпшілігі

2016

Page 2: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

әОЖ 62232ҚБЖ 33.361 Б 58

Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі

Бисенғалиев Б.Б 58 «Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі» /Б.Бисенғалиев М.Сатимова/- Атырау:

«Ағатай» баспасы, 2016. 415 бет.

ISBN 978-601-7861-10-0

Шығарма 1937-1987 жылдар аралығында қазақ мұнайының тарихында өзіндік із қалдырған Сағыз мұнай кәсіпшілігінің тарихы туралы. Мұнда тарихты зер-делеу де, өткенге сағыныш та, ескірмейтін естелік те, болашаққа сенім де бар. Кітап авторлары кеше, бүгін, ертеңнің сабақтастығы, дәстүр жалғастығы тақырыбында да ой сабақтайды. Мұнайлы Ембінің тарихының бір парағы Сағыз мұнай кәсіпшілігі еңбеккерлерінің ұрпағының бүгінгі өмірінен де мәліметтер берілген. Кітап жалпы оқырманға арналған.

әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361

ISBN 978-601-7861-10-0

© , 2016© «Ағатай» баспасы, 2016

Page 3: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

3

өз жұртыңды құрметтеу - туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»

н. назарБаев.

Сөз БаСы

Бұрынғылардан қалған «Адам ағын су емес. Ағын су артына қарай алмай-ды» деген сөз бар. Өткенге үңіліп, тарихқа айналған сол бір оралмас шақтарға саяхат жасау жұмыр басты пенденің бәріне тән. Алдыңыздағы жинақтың басты ерекшелігі де осында, бір адамның емес, тұтас бір елді мекеннің өткені, тарихы, естеліктері, қуаныштары мен өкініштері, өмір сабақтары.... Өткеннің болашаққа аманаты...

Тарихтың аударылған бір парағындай болып, өткен күннің еншісінде кеткен Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің алғашқы адымдарынан бастап, бүгінге дейінгі тыныс-тіршілігі, ауыл тұрғындарының сан ұрпағының кешегісі мен бүгіні қамтылған бұл жинақ әр Сағыздықтың шаңырағына өткенге деген сағыныш қана емес, болашаққа деген нық сенім де берер деген үміт бар. Мұнайлы Ембінің, қойнауы қазынаға толы құт мекеннің тарихы осылайша жалғаса бер-мек. Ал тарихты жасайтын-Адамдар. Жинақтың «Мұнайшы әулеттері» бөлімінде топтастырылған әулеттердің ұрпақтары өз бабаларының ізін басып, жо-лын жалғастырып жүргенін мақтан етері анық. Ал ауыл айтқыштарының әр әзілі мен қазақы қалжыңдарынан ауылдың дархан көңілі мен адал ниеті есіп тұрғандай. Бұл ретте жинақты жасаушылардың еңбегін ерекше атап өткен ләзім. Әр ауылдың өз ардақтыларымен қатар, әзіл сөзге арқау болар ақ жүректі аңқаулары мен қалжың сөздің хас шеберлері бары белгілі. Осындай әңгімелерді жинақтап беру арқылы ауыл өмірінен көңіл түкпірінде өшпей жүрген сандаған естеліктерді талай жанның жадында оятқаны анық. «Мұрағат шерткен сырлар» бөлімінде басқа бөлімдерде айтылған ойлар тарихи құжаттармен нақтыланып, деректер дәлелдермен толықтырылады, кәсіпшіліктің тарихындағы басшылар да, қарапайым еңбек адамдары да назардан тыс қалмаған. Тек өткенді еске алып қана қоймай, Сағыздықтардың бүгінгі ұрпағы жөнінде де мол мәлімет берілген.

Сонымен, мұнайлы мекеннің әр тұрғынының жанына жылы тиер, толымды бір дүние жарыққа шықты. Оқыңыз, ойланыңыз, сағыныңыз... Өкінбейсіз!!!

Марат Тоқашбаев, «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы,

ҚР Педагогика Ғылымдары Академиясының академигі, профессор, журналист-публицист.

Page 4: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

4

Мен туған ауыл, түсіме жиі енесің,Анамдай болып шақырар дәйім елесің.Бал күнім өткен аңсаймын мынау төбені ,Бұра алмасам да тірліктің жүзген кемесін.

Сағынып жетем, елжіреп еске аламын,Көкте боп төбем, тигенде саған табаным.Әкемнің қолы иығымнан қаққандай,Кеудемнің ашып сарайын, соққан самалың.

Мен туған ауыл-балалық күнім өткен жер, Бұлдырар алдан сағым боп көшіп кеткендер. . .Ауылым менің, Сағызым менің сағынтқан, Еске алмай оны, ескермей оны өтпеңдер.

Бұл мекен-біздің балалық шақтың куәсі ,Киелі топырақ, жусаны менен жуасы.Өміріме менің жолдама берген құт мекен,Біткенше ғұмырым кеудемде мәңгі тұрасың!

Page 5: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

5

өТкен күннен Белгі Бар...

Құрметті оқырман! Қолыңызға тиіп отырған кітап қазақ елінің, қала берді қазақ мұнайының та-

рихында өзіндік ізі қалған Сағыз кенішінің тарихына арналып отыр. Әрине, қазақ жерінде Сағыз атты елді мекендер көп шығар. Бірақ біздің Сағызымыз, біздің ауылымыз осындай құрметке қай жағынан алсақ та лайықты. Қазақ елінің кар-тасынан жойылып кеткеніне отыз жылға таяу уақыт өтсе де, сол ауылдан түлеп ұшқан әр перзентінің жүрегінде мәңгілік сағыныш болып қалған туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған қасиетті өлкеміз туралы кейінгі ұрпаққа ескерткіш болып қалсын деген ниеттен туған ойымызды жеткізуді жөн деп санадық.

Бұл кітаптың жазылуына арқау болған әуелде достар арасында жазылған хаттар екенін айтқан жөн сияқты. Сағыз ауылында балалықтың бал күнін бірге өткізген бала күнгі достар, қазіргі кезде еліміздің әр түкпірінде ел байлығын арттырып жүрген ел азаматтарының хаттары мен кездескендегі ауыл жайлы әңгімелері осы кітаптың жазылуына бастама болды. Иә, бұл кітапты сағыныш кітабы десе де болады. Жай ғана сағыныш емес, өткеннің жақсысын саралау, қиындықтарынан ой түю десек жарасар. Мұнда мұрағат материалдарынан ба-стап, көнекөздердің естелік әңгімесі, Сағыздың гүлденген кезінен фотосурет-тер, ауыл айтқыштарының әңгімелері және Сағыздан түлеп ұшып, бүгінгі күні өмірден өз орнын тапқан ел азаматтары туралы мәліметтер келтіруге тырыстық. Бұл әңгімелерді айтатын адамдардың күн санап азайып бара жатқаны өмір заңдылығы екені анық. Уақытқа ешкім билік жүргізе алмайды. Енді біраз жыл-дар өткенде Сағыз ауылы туралы естелік айтатын көнекөздер де болмай қалуы мүмкін-ау деген ой келгенде, туған ауылымыздың тарихы мен оның адамда-ры туралы, онда мекендеген көптеген ұлт өкілдері, орыстар, немістер, еврей-лер, татарлар, ноғайлар, шешендер, украиндар ... тату өмір сүрген, сол кездерді еске алатындай, өткен тарихымыздың жас ұрпаққа берер өнегесін көрсетердей жақтарын кейінгіге қалдырғымыз келді. «Сағыз ауылындағы адамдарда ру жоқ, олардың руы-Сағыз» деген сол кезде ел арасында қанатты сөздей болып кеткен сөздің ақиқаттығына дәлел болған, көршісімен тату болған, достыққа, сертке адалдықты басты қағида еткен аға ұрпақтың тәрбиесін, бабалар аманатына адал, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болған, қазақы тәрбиені ұрпағына дарыта алған, бүгінгі күні іздеп таба алмай жүрген адами қасиеттері мол аға ұрпақ- алдыңғы толқынды тағы бір рет еске алып, өнеге еткіміз келді. Бұл біздің туған өлкеміздің, өскен ауылымыздың алдындағы өтелмеген сан борышымыздың, перзенттік парызымыздың өтеуі болғай. Ұлы Отан соғысының алдында ғана ашылған кен орыны майдан үшін барлық кен байлығын беріп, жеңіске қомақты үлес қосты. Бүгінгі күні ауылымыздың мұнайшылар династияларының ұрпақтары еліміздің мұнай өндірісінде, басқа да салаларда жоғары деңгейдегі мамандар.

Әдетте, «Өткен күнде белгі жоқ» дейді атамыз қазақ. Біз осы ойды сәл өзгертіп айтқымыз келді. Өткен күннен белгі неге болмасын? Өткеніміз туралы, тарихы-

Page 6: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

6

мыз туралы осындай ескерткішпен бөліссек, белгі болғанда қандай! Бұл тек жер бетінен жойылып кеткен бір ауылдың ғана тарихы емес. Бұл-бірнеше ұрпақтың тарихы, өсу жолы, болашақ ұрпақтарымызға бағдар болардай танымдық дүние болары анық. Бүгін тарихтың қойнауына шөгіп кеткенімен, бір кездері қазақ елінің экономикасына мол үлес қосқан, мәдениеті жағынан да, білім саласында да алдыңғы қатарда болған Гурьев облысы Мақат ауданындағы кен орны Сағыз ау-ылы әлі күнге аға ұрпақтың жүрегінде сақтаулы. Сол Сағыз ауылының гүлденген кезінен сыр шертетін естеліктер мен ескі тарихтың көзіндей көне суреттерін көз қарашығындай сақтап, бүгінгі күнге жеткізгендердің өзі сол күндерге деген сағынышы мен өткенге деген құрметтің үлгісін көрсетті десек артық айтқандық емес. Осы кітаптың жазылуы барысында еліміздің әр қиырында жүрген Сағыздықтар бірінен-бірі сүйінші сұрасып, қолында бар ақпараттарымен, көне суреттерімен бөлісіп, асқан ұйымшылдық, патриоттық танытып, бір отбасының балаларындай болып атсалысқандарына қуаныштымыз. Бұл біздің ілгеріде айтқан ойымыздың дәлелі, ауылымыздың татулығы мен ынтымағының көрінісі.

Бұл - өте ауқымды жұмыс, оның үстіне алғаш рет қолға алынып отыр. Кемшіліктері болуы әбден ықтимал, оған да түсіністікпен қарайды деп сенеміз, бірақ осы кітапқа ат салысқан әр Сағыздықтың да бұл еңбекті өзінің жазып шыққан кітабы санауына әбден болады. Сағыздықтар о бастан бір отбасының балаларын-дай ұйымшыл болатын, міне бұл кітап та сондай ұйымшыл отбасы мүшелерінің еңбегінің жемісі.

Осы іргелі істе қолдау білдіріп, көмектерін аямаған ауылдастардың бәріне, атап айтсақ, Сағыз ауылының, кәрі Ембі мұнай кәсіпшілігінің патриархы, жасы тоқсанға жақындаса да есіне түскен барлық естеліктерімен бөліскен, келер ұрпақ үшін естелігін мұра етіп қалдырған Атағозиев Құлымғара әкемізге, Сағыз ауылының білім сала-сына өлшеусіз еңбек сіңірген, Атырау облысының білім саласының көнекөздерінің бірі Сейітов Камали ағамызға, Сағыздықтардың ұрпақтарына, «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Р.Н.Тасмағамбетоваға, «Ембімұнайгаз» АҚ мұрағат қорының басшысы Н. Гумаровқа, Атырау облыстық мұрағаты мемлекеттік мекемесінің басшысы З.Сүйнешовке, құжаттарды сақтау және жариялау бөлімінің басшысы Р.К.Тастемироваға, облыстық мұрағат қызметкерлері А.Зинуллинаға, Ә.Сүндетоваға, Мақат аудандық мұрағаты мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Мурзағалиеваға, мұрағат қызметкері А. Шихиеваға, басқа да ел азаматтарына айтқан естеліктері, ауылдастарымыздың игілігі үшін қылған еңбектеріне шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз. Шын жүректен шексіз алғысымызды Сағыз ауылының азаматтары Кенжеғалиев Жұма Сағынғалиұлы мен Мырзаш Ермек Мырзашұлына білдіргіміз келеді. Осы бастамаға барлық жағынан қолдау білдіріп, әр қиырда жүрген ауылдастардың басын біріктіріп, қолыңыздағы кітаптың мәліметтерінен бастап, ауылымыздың орнына қойылатын ескерткіштің үлгілерін жасауда, ауылдастар басқосуын ұйымдастыру үшін екеуінің өлшеусіз еңбек сіңіргенін атап айтқымыз келеді. Туған ауылымыз үшін жасалған еңбектеріңіз ұрпақтарыңызға үлгі болғай, перзенттеріңіздің рахатын көруге Алла нәсіп еткей деген тілекті тек кітап авторлары емес, барша САҒЫЗДЫҚТАР атынан қабыл алыңыздар.

Page 7: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

7

ТілекТер

Осы кітаппен жұмыс басталғанда жан-жақта жүрген барлық ауылдастары-мыз бізге жан-тәнімен тілеулес болып, кітаптың шығуын асыға күтумен қатар, өздерінің жақсы ниеттері мен тілектерін жолдап отырды. Бұл тілектер бүгінге дейін толас тапқан жоқ. Солардың кейбірін назарларыңызға ұсынып отыр-мыз.

Масақбаева Сара Мизамбайқызы. Жаңаөзен қаласы

Қымбатты жерлестерім, Сағыздықтар! Сіздерді туған ауылымыз туралы, ауылдастар туралы естелік – жинақтың ба-

спадан шығуымен құттықтаймын. Туған жерге деген сағыныш адам жүрегінде мәңгі сақталатынын бәріміз де білеміз. Кіндік қанымыз тамған, тәй-тәй алғашқы қадам басқан, мектеп табалдырығын аттаған, қатарлас дос-құрбыларымызбен тай-құлындай тебісіп ойнаған, ат жалын тартқан азамат болып қалыптасып, еңбекке араласқан, қатарымызбен жұптасып отау тігіп, түтін түтеткен, бала сүйіп қуанған, жақсыларымызды жоғалтып налыған кезде жұбатқан қасиетті туған жерге де-ген ыстық махаббат адам жүрегінде жылдар өткен сайын өршімесе, сөнбейтіні де баршамызға айқын. Жүректің бір бұрышында жатқан, көп көзге көріне бермейтін осы бір шаланы қолымызға тиіп отырған осы естелік көсеп маздаған жалынға ай-налдырары хақ. Бұл тілекті жазып отырғанда естелікпен әлі таныс болмасам да жүрегім алабұртып, көп нәрсені еске түсіріп жаңғыртып отыр. Ал қолға алып оқыған сәтте қаншама бұрын білген, өмірден өткен, бүгінде жан-жақта тарыдай шашы-лып өз нәсібесін теріп жүрген ауылдастарымның талайлы тағдырларымен қайта кездесетінім жанымды тебірентеді. Сол үшін де осы бір қиын шаруаны қолға алып, естелік-жинақты шығаруға мұрындық болған жерлестеріме мың да бір алғыс айта-мын.

Мен өзім Сағыздан ерте кеттім. Бүгінде марқұм болған Аманғали аға мен Сағира жеңгеме ілесіп он бес жасымда Жаңаөзен қаласына қоныс аудардым. Болашақ тағдырымды да осы қаладан тауып, балалы-шағалы болдым. Мектепте оқып жүрген кезімде ауылға жазғы, қысқы демалыс кездерінде баратын едім. Алыста тұрып, жы-лына бір-екі рет ауылға зор сағынышпен оралатын бала көңіл, үйге кіргенде, ата-ана-ны, туған бауырларды, достарды көргенде қандай күйде болатыны белгілі ғой. Со-нысымен де туған ауыл маған ыстық көрінетін. Сондықтан да Сағыз менің балалық шағым, жасөспірім арман кезім. Санамда солай сақталды. Ауыл айналасындағы сор, көктемде қызғалдағы жайқалған дала, ауыл шетіндегі мұнай құйылған қазандар, сорға су келгенде ағаларымның аулап әкелген, анамның қазанда қуырған шабақ балықтарының дәмі, бәрі-бәрі бала көңілімде сақталып қалған. Анамыздың сиыр сауып, шелекке толған сүтті ошақта тұрған қазанға құйып, қайнатып жатқаны, әкеміздің ауланы мұнтаздай қылып сыпырып тазалап алып, жұмысына қажет құрал-саймандарын алдына жайып ап, майлап-сайлап, қайрап отыратыны да әлі көз ал-дымда.

Кейбір ауылдастарымның кескіндері арада өткен 40-50 жыл ішінде естен өше бастағаны да өтірік емес. Соның бәрін осы естелік-жинақ қайта жаңғыртатыны

Page 8: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

8

сөзсіз. Сонысымен де бұл кітап бізге құнды. Жақында мамыр айының басында Ер-мек інім Атырауға бара жатып, Сағызға бұрылып соққан екен. Қалта телефонмен бірталай сурет түсіріп жіберіпті. Ауыл бүгінде жоқ, бұрынғы қайнап жатқан өмір тоқтап қалған. Ауыл орны үйінділерге айналып бос қалған, ауыл сыртындағы бейітті де құм басыпты. Тек ескі мұнай жинаған қазандары, «Силовая - Селәубай» ауылымыздың күзетшілері құсап, қалқиып тұр. Туған ауылымыз тарих қойнауына молынан еніп кеткен. Сезінген адамға оңай емес. Сондықтан да ұйымдастырушы топ көтерген Сағыз ауылының орнына ескерткіш тақта орнату ісі, біздің бұрынғы өткен ата-әжелер мен өсіп келе жатқан, жас ұрпақ алдындағы парызымыз деп түсінген жөн. Оны қолдау қажет. Осы шараға бәріміз де атсалысайық.

Бұл кітап алғашқы басылым, сондықтан да әртүрлі қателіктер, сәйкес келмеушіліктер де кездесуі мүмкін. Соған түсіністікпен қарайық. Бастысы кітап ба-сылды, оны толықтыру, түзетіп қайта бастыру келесі ұрпаққа аманат дер едім.

Тағы да естелік-жинағымыз құтты болсын, жерлестер. Оқып танысып, сарғайған суреттерді көріп, өткен шаққа саяхат жасап, мауқымызды басайық.

Бахтыгүл айтмамбетова-атшыбаева. Қызылорда қаласыСіздерге көп-көп рахмет! Аман болыңыздар. Дегендеріңізге жетіңіздер. Жасап

жатырған еңбегіңіз сәтті болып шықсын!!!Хайша Қажы Оразғалиева. алматы қаласыЖасап жатырған ерен еңбектеріңізге сәттіліктер тілеймін. Бұл Сағыздық ау-

ылдастар үшін өте маңызды, келешек ұрпақтарға асыл мұра. Осындай орасан зор шығармашылықтарыңыз жалғаса берсін!

Жұматанова Мару. Жаңа өзен қаласыОсы бастаманы көтерген азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Қолға алған

істері оңға бассын!Таубаев әлібек демеуұлы. Құлсары қаласыЖасап жатырған жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!есекенов Қажымұрат әулетінің атынан наталья (ақжұма) Қажымұратқызы.

ақтау қаласыСіздерге үлкен алғысымызды жолдап отырмыз. О дүниелік болған ата-аналары-

мыз да Сіздердің осы қызметтеріңізді сезініп бір аунап қалар! Татиева рахима. ақтау қаласыІстерің оң болсын!үміт уәлиева. Мақат кентіКейінгі ұрпаққа өте пайдалы, игілікті іс жасап жатырсыздар! Еңбектеріңіз жансын,

Сағызда қалған Ата-бабаларымыздың аруағы разы болар Сіздерге! нұржамал Қажы. Жаңа өзен қаласыӨткенді, тарихты құрметтеп, ауылдастар игілігі үшін жасап жатқан істеріңе Алла

жар болсын! Бұл іс өлілер үшін емес, тірілер үшін, ұрпақ үшін керек. Туған жерге де-ген құрметтеріңіз ұрпақтарыңызға жұғысты болғай!

Иманшиев ермек Сәлімгерейұлы. ақтөбе қаласыЕңбектеріңізге сәттілік тілеймін! Кез-келгеннің қолынан келе бермейтін іске

тәуекел еткен екенсіздер, оңынан болсын. Өзінің өткенін, ата-бабасының тарихын білгісі келген әркім сіздердің кітабыңыздан іздегенін табатындай мазмұнды болып шығарына сенемін, тілектеспін! Ұрпақтар үшін жасап жатқан игілікті істеріңіз сәтті болсын.

Семья Сафаровых. г. атырауВы молодцы, что делаете такое доброе дело, спасибо Вам огромное от всей нашей

семьи!

Page 9: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

9

Сағыз Туралы энцИклОпедИя не дейді ...

Сағыз кенорны

Сағыз алаңында алғашқы геологиялық зерттеулер 1925 жылы картаға түсіру үшін бұрғылаудан басталды. Терең бұрғылау да картаға түсірумен қатар жүргізіліп, бірнеше кезеңге созылды. Бірінші кезең 1925-1935 жылдар аралығын қамтиды. 1931-1932 жылдар аралығында Солтүстік Сағыздағы № 10, № 14 ұңғымаларынан орта юра түзілімдерінен тәулігіне 6-9 тонна болатын өндірістік мұнай алынды. Басқа ұңғымалар мұнай бермегендіктен Сағыз барлау учаскесі ұзақ мерзімді тоқталысқа қойылды. 1937 жылы батыс қанатта К-7 құрылымдық-іздестіру ұңғымасында пермотриас қабатындағы түзілім анықталды. 1938-1945 жылдар аралығында терең бұрғылаудың екінші кезеңінде Орталық Сағыздың шығыс қанатындағы бор және юра түзілімдері анықталды. Терең бұрғылаудың 1950-1958 жылдар аралығын қамтитын үшінші кезеңінде Орталық Сағыздағы шығыс қанаттың шеткі жиегінде тұздың екінші құлдилау беткейінен өнікті пер-мотриас қабаты табылды. Сағыз кенорны 1939 жылдан бастап пайдаланылып келді. Кенорынның аумағында 1, 2 және Солтүстік Сағыз учаскелері орналасқан. Өнікті бөліктерде 12 мұнайлы қабат бар. Соның ішінде 5 төменгі бор, 4-юра, 3-пер-мотриас қабаттары бар. Төменгі бор қабаттарының орналасу тереңдігі 31-422 м., ортаңғы юра 131-748 м., пермотриас 174-1083 метр. Төменгі бор шоғырларының биіктігі 6-133 м., орта юра 10-145 м., пермотриас 60-161 м. Су және мұнай жапсары 87-1266 м. белгіде. Мұнай қаныққандық қалыңдық төменгі бор қабаттарында 2,4-11,3 м., ортаңғы юрада 2,25-18 м., пермортриаста 9,35-15,1 м. Коллекторлардың ашық кеуектілігі 20-30 % дейін өзгереді. Мұнай қаныққандық коэффициенті 0,56-дан 0,7-ге дейін құбылады. Бастапқы мұнай шығымы тәулігіне 0,1-21 шар-шы метр, газ факторы 14-65 шаршы метрге тең. Алғашқы қабат қысымы 0,9-7,0 Мпа, температурасы 13-45 градус Сельция, мұнайының тығыздығы 795-897,2 кг шаршы метр аралығында өзгереді. Баланстық қоры 3108,0 мың тн., алынатын қор 1545,0 мың тн., қалдық қор-86,0 мың тн. 01.01.2001 жылы пайдалану қорында 66 ұңғыма бар. 01.01.2004 жылға дейін экономикалық тиімсіздігіне байланысты тоқталыста болды. Кенорны «Ембімұнайгаз» ААҚ филиалы «Доссормұнайгаз» басқармасына қарайды. Өнімі ең мол жыл – 1944 ж. 72 ұңғымадан 77,7 мың т. мұнай өндірілді.

Сағыз кенті

Доссор кентінен оңтүстік шығысқа қарай 18 шақырым, Мақат темір жол стансасы-нан оңтүстікке қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Іргесі 1938 жылы мұнайшылар кенті ретінде қаланды. Халқының саны 1975 жылдың есебімен шамамен 900 адам-дай. Мұнай өндірісі, аудандық инженерлік-техникалық қызмет орны, ауылдық Кеңес, сегіз жылдық мектеп, кітапхана, аурухана, клуб, қосалқы қуаттық станция, дүкендер, асхана, байланыс торабы, су қотару стансасы болған. Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында кен қабатындағы мұнай қорының азаюы-

Page 10: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

10

на байланысты жұмыс орындары көптеп қысқарды. Аздаған мұнай өндіру үшін кенттің тұрғындарын ұстап тұру экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан, өндіріс басшылары мұнайшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Мақат кентінде арнайы тұрғын үйлер тұрғызып, олардың отбасыла-рын жаңа қонысқа аударды. Қазіргі кезде Сағыздың орнында ештеңе де жоқ.

Сағыз өзені

Облыстың солтүстік-шығысындағы өзен. Жалпы ұзындығы 511 км, су жинай-тын алқабы 19,4 мың км2. Орал маңы үстіртіндегі бұлақтардан басталып, Ка-спий теңізіне 60 км-дей жетпей Тентексорға сіңіп тартылып қалады. Жоғарғы ағысында арнасы тік жарлы, тар, төменгі ағысының сағасында кеңейіп, сорға ұласады. Жауын-шашын суынан толысады. Наурыз-көкекте суы тасиды. Суы ауыз суға жарамды. Атырабы мал жайылымдылығына пайдаланылады. Жағасында Сағыз, Шоба ауылдары орналасқан.

Page 11: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

11

Бірінші БөліМ

кіндігім қалған Сағызым

Біздің ауыл

Page 12: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

12

«Ойыл қайда, Жем қайда, Сағыз қайда ...» деп басталатын әнді жұрттың бәрі де біледі ғой. Осы әнде айтылатын Сағыз-менің киелі мекенім, кіндік қаным тамған топырағым. Қай елді мекенге бұлайша ән шығарылған? Санаулы ғана шығар. Қалай ғана мақтанбассың? Қалай ғана қуанбассың? Кезінде тойларда осы әнді домбырамен орындаған әншіге сыйлығымды алып шабатын едім, бетінен сүйіп (әдемі қыз-келіншек болса тіпті керемет), алғысымды білдіріп, өзімнің сол Сағыздан екенімді, осы әнді бұлайша нақышына келтіріп тамаша орындаған әншіні бірінші кездестіріп тұрғанымды құлағына сыбырлап айтып кететінмін. Маңғыстаудың тойларында ілуде біреу болмаса, көпшілік орындаушылар бұл әнді айта бермейді.

Сонымен, біздің ауыл Ақтөбе өңіріндегі Мұғалжар тауынан бастауын ала-тын әйгілі Сағыз өзенінің аяқталар тұсында орналасқан. Қазір көп ешкім біле бермегенімен, осы топырақтан түлеп ұшқан Сағыздықтардың барлығының да жүрегінің түкпірінде біздің ауыл ең аяулы асылындай, қымбат қазынасындай сақтаулы екеніне күмән жоқ. Менің де бүгін сол асыл қазынамды ашатын, кейінгіге аманат ететін кезім келген сияқты. Туған ауылымның сол кездегі суретін қолымнан келгенінше, ауылдастарымның көзіне елестету үшін, ал өзім сағынышымды басу үшін, біздің ауылдың орналасу тәртібін, кейбір белгілі ны-сандарын жазып қарайын.

Ауыл күн батыстан күн шығысқа қарай ұзынша болып созылып, екі жалпақ сордың ортасындағы тіл сияқты аралға орналасқан. Доссор беттен Құлсары бетке қарай созылып жатыр. Сағыз өзенінің Бесбөлектің сорларына келіп құйып жоғалатын тұсы ғой. Мұнай деген байлығын Жаратушы Иеміз осындай табиғаты қатал, жер бедері сор, батпақты қиын жерлердің астына тығып қойған ғой. Ауылдың айналасы түгелдей ойдым-ойдым тұзды сорлар. Ертеректе, біздің сәби кезімізде, өзеннің суы біздің ауылдың маңындағы сорларды көктемде тасығанда суға толтыратын, балық келетін. Артынан жоғары жақтан тоғандар салып, Ақтөбе өңірі егінге су жинайтын болғандықтан көктемде су өте аз келетін болды. Содан тұзды сордың бетіндегі ақ ұлпа тұздар «үп» еткен жел тұра қалса болғаны борап, жел тынғаннан кейін де аппақ шаң-тозаң күйінде тұман сияқты ауада қалықтап тұратын болды.

Доссор жақ беттен бастасақ ең бірінші «Водокачка» ауылы болады. Бұл ауыл негізгі ауылдан оңашалау, шеттеу орналасқан ауыл. Жасыл желегі көп, огород-ты қалай өсіру керек екендігін білетін ауыл және суы да мол ғой. Тал-теректері мол, үйлері корпус, аз үйлі, жасыл желекке оранып тұрған ауыл. Тұрғындары орысқолдау. Бұл ауылдың тағы бір ерекшелігі, Селәубай («Силовая») деген, ау-ылды, өндірісті тоқпен қамтамасыз ететін биік, қызыл тастан мықты қылып салған бірнеше қабатты зәулім ғимараты бар. Бір кездері анам Балжан сонда ма-шинист болып жұмыс жасады, талай барып ішіне кіріп таң қалып қарағанмын. Шетелдік дизель-генераторлар бар ішінде, тазалық дегенің мінсіз еді. Бұл ауылда атына байланысты су жинайтын аппақ ақ қазандары көп. Сол көп қазандардың барлығы да биік болып өскен теректерден көрінбей тұратын. Мұнда өспейтін «бәле» жоқ, жеміс ағаштары да көп. Сағыздың балаларының ауыздарының

Page 13: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

13

суын құртып, көздерінің құрты болған бау-бақша ғой. Талай рет түнгі жорыққа, барымтаға барғанбыз. Тұрғындары бақшаларын түнде мылтыққа тұзды оқ са-лып қорғайды, атады. Сағыздан қалған жалғыз белгі болып «Селәубайы» әлі тұр. Ауылға жақындағанда алыстан қолын бұлғап: «Іздеген Сағызың мұнда» деп қарсы алады. Ауылға жолым түскенде (жылына көктем-күзде екі мәрте баратын әдетім бар), алдымен сол «Селәубайымды» көзіммен іздей бастаймын. Ол маған Париждегі Эйфель мұнарасы сияқты, менің «Селәубай мұнарам». Ал сол «Водо-качка» ауылының орысқолдау тұрғындары біздің ауылға шаруалары шығып келе қалса: «Сағызға барамыз» дейді. Өздері Парижде тұрғандай болып. Киноға, танцыға біздің ауылға келеді. Қыз- келіншектері боянып, әдеміленіп, аяқтарына өкшесі біздей биік туфли, үстіне крепдешин әдемі көйлек киіп, шаштарын төбесіне түйіп дегендей барынша сәнденіп келеді. Біздің ауылдың жігіттерімен вальс билегенде көйлектерінің етегі жайылып, дөңгеленіп шыр айналады. Біз олардың әдемілігіне, билерінің кереметтігіне ауыздарымызды ашып бұталардың түбінде жатамыз, бірақ есімізге біздерді бақшасына түскен кезімізде мылтыққа тұз салып ататыны түсіп кетіп, саусақтарымызға киген «мылтықтарымызды» дайындай бастаймыз. Бір қабат резинка салып атамыз, резинка екі қабат, үш қабат болса аяқтарын ойып жаралайды, өзімізше аяушылық танытқан түріміз. Түнде садтың ортасындағы фонтанның айналасындағы танцплощадкада билеп жүргендерінде бұталардың арасында тығылып жатып балтырларын көздеп та-лай аттық қой. Ойбай салып «шар» етіп отыра қалатын байғұстар. Біз ұстатамыз ба?! Олар бақшасына түскенде тұзбен атса, біз сыммен ататынбыз. Тұзбен ату да, сыммен ату да тек түнде болады. Күндіз бәрі «нормально» жүреді. Түнге қарай бұзылады. Бірақ өшпенділік жоқ, тек балалық шалдуарлық қана.

Бұл ауылда атақты сварщик Макар тұрады. Біздің Сағыздың барлық балаларының қыста ойнайтын шаналары Макардың қолынан шыққан дүние. Қандай әдемі қылып жасайды десеңші, ою-өрнек салып, әспеттеп иіп, темір шыбықтардан сәндеп берген дүниеге қарауға көз керек. Жақсылап сырлап алсаң тіпті керемет. Сағыздың барлық үйінде біреуден, екеуден болды. Сол әдемі, өте жеңіл шанаға салып алып не тасымадық десеңші. Өзіңнен кейінгі іні-қарындастарыңды қысты күні бақшаға алып бару, алып келу – сол шананың міндеті. Ата-анаң қысқы түнде қонақтан қайтқанында ұйықтап қалған кішкентайларын шанаға салып алып қайтады. Жолдағы бір төмпекте шанадан ауып қалғасын баласын байқамай құр шананы сүйретіп келетін кездері де болған ауыл адамдарының. Қонақта «өте жақсы» отырыс болғанының белгісі шығар. Ол ауылдың басқа тұрғындары жайында жазбаймын, әр ауылды жазғанда сол ауылдың «атағын шығарған» бір, немесе 2-3 «неординарный», «біртүрлілеу» адамнан, өзіндік ісімен атағы шыққан адамдарды жазып отыруға шештім. Бұл ауылдан Макар сварщикті жаздым. Дәнекерлеуші емес, ауылдың адамдары айта-тындай ол сварщик қой, сварщик. Шөп шабатын түрендердің де түрін жасайды, соның қолынан шығады. Жасаған дүниесінде мін болмайды.

Бұдан кейін Селәубайдың тұсындағы қырқамен, биіктеу төбемен ұзынша со-зылып жатырған финский үйлер бар. Қатарда тек бір үйден болғасын өте со-зылып кеткен ауыл. Бұл жеке ауыл емес, тек үйлердің тізбегі. Бұл үйлердің де

Page 14: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

14

шарбақтары бар, аулалары тал-терекке толы, бақша егеді, мал ұстайды. Бұл ауылдың орта тұсындағы бір үйді бастауыш мектеп қылған. Сол мектепте біздер аздаған уақыт оқыдық та. Артынан үлкен мектептің қасынан бастауыш кластарға арнап тағы бір шағындау мектеп салынғасын бізден кейінгі балалар сонда оқитын болды. Мектеп болған үйді Атшыбаев Қабдол ағама пәтер қылып берді, екінші басына тағы бір жанұя кірді. Бұл ауылдың атағын шығаратын ада-мы-шопыр Қаламбай. Сол үйлердің Селәубай жағында тұрды. Айдағаны груз-такси, ГАЗ-52 шығар деп жобалаймын. «Водокачканың» ба, әлде Селәубайдың ба қарамағындағы машина, мұнай өндірісіне қатысы жоқ сияқты. Қаламбай қызық адам, шағын ғана денесінің шарғысына қарамай өзін маңғаз, кербез ұстайды, үнемі таза жүреді. Киіміне қылау жұқтырмайды, қолына жұмысшылардың ақ брезент қолғабын киеді, сол қолғаппен машина айдайды. Машинасына да шаң тимейді, таза болғанда, сұрама. Машинаны іш пыстыратындай жай ай-дайды. Ауылдағы жолдың әр шоқалағын санап айдайды. Байғұс машина өзінің бойындағы барлық мүмкіншілігін көрсете алмай тозған болар. Басқа жігіттердің қолына тисе бауырын жазып қарар еді. Ал машинаның сорына қарай Қалекеңе тигесін не болсын. Қашан көрсең де сүртіп, жуып, бір жерлерін бұрап, майлап жатқаны.

Финский үйлердің біріне орналасқан Атшыбаев Қабдол ағамның үйінде жиі қонып қалатынмын. Салқын кезде үйде, жазда даладағы сәкіде ағам біздерді қасына жинап алып, түнгі аспанға қарап жатып қияли, ойдан шығарған әңгімелерді «бұрқырататын». Ойпырмай, керемет әңгімешіл еді. Қиюын қиыстырып «соққанда» аузымыздың суы құрып ұйқыға кететінбіз. Әңгімелерінің тақырыбы, мазмұны өте кең болатын.

Корпустың шеткі үйлерінің бірінде Константин Евдокимов деген қарт неміс болды. Ұзын арықша неміс шал, кемпірі бар. Баласы ауылдағы мұнай өндіру басқармасының бас инженері, толық, еңгезердей неміс. Шал мектепте еңбек сабағынан ағаш шебері ретінде сабақ береді. Қолы алтын, шебер адам. Қазіргі кезде әлемде итальян мебельдері мода болса, біздің ауылда неміс шалдың қолынан шыққан мебельдер мода болды. Әрбір, өзін жақсы жанұямын деген Сағыздың үйлерінде неміс шалдың қолынан жасалған мебель тұруы «престиж» саналды. Жасаған сандықтары әрі жеңіл, әрі ішіне су құйып қойсаң бір тамшы да тамбайтын керемет дүние болатын. Әртүрлі әдемілеп лакталған, есіктері әйнектелген шкафтар, тумбочкалар, отырғыштар, столдар ... Несін айтасың, үйге, тұрмысқа қажетті барлық мебельдерді өте сапалы, әдемі қылып жасайтын. Біздің үйде де екі сандық (әлі бар), радионың астына қоятын, кітап жинайтын сөресі бар тумбочка, ыдыс-аяқ жинайтын шкаф болған. Евдокимов шалдан басқа финский үйлерде тұрған Молдағали деген де шебер болды. Бұл біздің Қапиза апайдың жолдасы болатын. Екеуі бірінен бірі өтетін шебер еді. Ағаштан түйін түйген шеберлер. Молдағали да мектепте еңбек сабағын жүргізді. Молдекең жақсы аңшы, мотоциклдің құдайы болатын. Корпустың бірінде Күшікбай ағамыз тұрды. Бір кемпірдің жалғыз баласы, бала тұрмағасын қазақтардың ырымы бойынша атын осылай қойса керек. Қазақтар ырымшыл халық қой. Әйелінің аты Бұлдаш. Күшікбай ағамыз өзінің атын неге осылай қойғанына таңырқаған

Page 15: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

15

адамдарға: «Әкем соғыстан келгесін көп ұзамай қайтты. Мені әкем орнына әкемдей болған Рахымғали ағам тәрбиелеп, оқытып, өсірді. Сол ағам бауырының балалары жастай шетіней бергеніне қатты қиналса керек, бірде әкеме айтыпты: «Түсімде кішкентай қара күшік мойныма асылып жүр екен, көп ұзамай балалы боларсың, сол баламен жапырағың жайылар» депті. Дүниеге келген мені осы-лайша Күшікбай деп атапты. Ол заманның адамы атты әдемілеп қоюды емес, ұрпағының жалғасуын маңызды көрген ғой, сондықтан менің атым бір атаның атын жалғастыруға деген аталарымның ынтызарлығы, балаға шөлдеген ата-ананың өлшеусіз махаббаты деп түсінем» дейді екен. Қазіргі кезде екеуінің жапырағы жайылып, әулеттері өскен, балалары мұнай саласында ірі орындарда басшы қызметтерде.

Корпустардың оңтүстік бетіндегі сордың жағалауында котельный, монша бар. Котельныйды біздің ауыл кочегар дейді, содан бүкіл Сағыздың корпустары-на, мекемелерге жылу тұрбалары жердің бетімен тарайды. Тұрбаларды жерден жарты метрдей биіктікпен астына тіреу көміп, сыртын технический войлокпен жылылап орап, оның сыртынан рубероидпен қаптап, әр жерінен аллюминий сыммен буып жүргізеді. Ауылдың барлық жеріне барып жатыр. Кочегардың қасында көмір, көмірдің күлі үйіліп жатады. Моншада еркектер мен әйелдердің «общий» бөлімдері, жеке түсетіндерге арналған бөлек бірнеше «нөмірлер» бар. Сенбіде монша жағылады. Жұрт моншаға қарай ағылады. Корпустардың соңы «Приезжиймен» бітеді. Бұл айналасын қоршаған паркі бар біздің ауылдың қонақ үйі. Командировкаға келгендер, әзірге үй таба алмаған мамандардың уақытша тұратын жатақханасы. Бастығы Мүгілсім апай. «Приезжийдің» көше бетінде балабақша бар. Екеуінің шарбағы бір, тек балабақша жолдың жиегіне, тротуарға, жақын, ал қонақүй парктің ішіне кіріп тұр. Балабақшада кинооператор қараноғай Юсуфтың Тосясы, ауылдың барлық балаларының сүйікті «мамасы» Нұрзила апай жұмыс жасайды, қалғандарын ұмыттым. Бұлардан кейін мектептің ауласы, бағы, үлкен мектептің өзі, кіші мектеп, шеберхана, ойын ойнайтын алаңы орналасады. Мектептің ауласының солтүстік бетінде тағы да жалпақ сордың жағасын бойлай қазақ ауыл, саман үйлер, мал қораларымен созылып жатады. Корпустың фин-ский үйлермен шектесетін тұсында, қырдың басында үлкен су жинайтын қазан тұр. Қазақ ауылдың ортасында, біздің үйдің дәл қасында, сордың жиегінде тап сондай су жинайтын тағы бір қазан тұр. Одан әрі бір-біріне қатар орналасқан, аралары жақын үш склад тұр. Есіктері оңтүстікке қарайды, біршама ұзын. Жер-ден қазып жасалған, төбесін итарқа қылып жапқан. Ауқымдары бірталай үлкен. Складчик Ерқара деген ұзын қара кісі. Ерқара складын ашып, өзі төменге түсіп кеткенде біздер, жас балалар, оны: «Әй, Ерқара, Ерқара, ары қара да, бері қара» деп мазақтап айқай саламыз. Ол біздерді тырқыратып қуады, біз қашамыз. Әй, балалық-ай десеңші! Қыста осы складтардың төбесінен төмен қарай ша-намен, шана болмаса портфеліңді астыңа салып, тіпті жайдақ отыра қалып та сырғанауға өте ыңғайлы. Жазда велосипедпен де төмен қарай құлдырауға бо-лады. Кешке қарай, кейде түнде де осы складтардың төбесіне жиналып алып не бір қызық әңгімелер айтуға, немесе тентектіктерді ұйымдастырып, жоспарлауға таптырмайтын орын. Онсыз ойынның қызығы бола ма? Айтжан, Құтжан деген

Page 16: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

16

ағайынды екі кісі болды. Неге екенін кім білсін, солардың үйінің есіктерін аула-сында тұрған арбасымен тіреп қойып, (түннің бір уағында) терезелерін тарсыл-датып қағып, шулыған қылатынбыз. Ана байғұстар іштен шыға алмай жанта-ласады, айналада не болып жатқанын білмей әлек болады. Болды ғой.. ... Қазір балаларға, немерелерге ақыл айтуға шеберміз.

Бірінші ауылдың аяқ жағында, орталыққа жақын, Сағызды екіге бөліп тұрған күре жолдың жиегінде Пекарня бар, пекарьлар ерлі-зайыптылар, Тельманның ата-анасы, кейін біздің кластас-құрдасымыз Гүлжан Құрманқұлованың ата-енесі болған Әбіл мен Сәуле. Пекарныйдан ат-арбамен дүкендерге нан таситын Лес деген болды. Лестің Кеңес және бізбен құрдас Мерген деген балалары бар. Пекарныйдың тұсынан өткенде жаңа піскен нанның иісі мұрыныңды жарады. Піскен нанды пекарныйдан арбаға тиеу үшін жіберетін тесіктің ішінде қалған нанның қиқымдарын теріп жейтінбіз, әсіресе, қытырлақ қабықтарын, кере-мет тәтті болатын. Пекарныйдан сәл әрі Мыңғаштың тамақ дүкені. Дүкен тап күре жолдың жиегінде. Мыңғаш Нұрзила деген қыздың анасы, кейін Көбекбаев Ізберген деген жолдас жігітімнің енесі болды. Мақаш деген баласы бар, қазір Орал жақта басшы орында жұмыс жасайды, мұнайшы. Мыңғаш Мақаштың қолында. Мыңғаштың дүкенінен оңтүстікке қарай күре жолдың бойында, бір ғимараттың ішінде клуб, дүкен, асхана-буфет бірге орналасқан. Клубтың есігі күре жолға, баққа қарап тұр, дүкеннің есігі (дүкенші Қапиза апай) оңтүстік қапталға қарап тұр, асхана-буфеттің есігі клубқа қарама-қарсы бетке, яғни үш жер складқа қарап тұр. Осы жерден бірінші ауыл аяқталады. Мектеп директоры Муса ағай, зав-уч Жиден апай, мұғалім Қапиза апай, мұнай мекемесінің басшылары, ауылдық кеңестің басшылары, Едіге деген домбыра жасайтын шебер осы ауылда тұрады. Серік, Сағи, Жұма, Демес, Мақат, Қабес, Бисенбай ... деген балалар осы ауылдың «мырзалары». Бұл ауылда жоғарыда жазғандарымнан басқа да бірқатар «ерек-ше» адамдар бар. Пекарь Әбіл мен Сәуленің баласы Тельман қыста шаңғы тебетін еді. Біздің ауылда коньки тебуден мықты балалар көп, ал шаңғы тебетін бала жалғыз осы Тельман ғана. Оспан шал шөпті есек түренмен, не болмаса түренге өзі жегіліп шабатын. Ауылдағы жер қазу жұмыстарының барлығына жуығы осы Оспан атамыздың еншісіне тиген сияқты. Осыншама қайратты, еңбекқор жан бо-лар ма?! Оның Қуаныш деген баласы көгершін ұстайтын. Көгершіндердің неше түрі болатынын сол үйден көрдім, үйіміз көрші болатын. Көгершіндер аспанда шырқ көбелек айналып билегенде аузымызды ашып қарайтын едік. Қуаныш құстардың тілін білетіндей көрінетін біздерге, аспанда шырқ көбелек айналып ұшып, ойнап жүрген көгершіндерге өзі тілінде ысқырып команда беретін, ал құстар оның айтқандарын бұлжытпай орындайтын. Керемет емес пе?! Біздің ауылдағы цирк. Кейін олар Ақтауға көшіп келді, Қуаныштың мамасы Зылиха апай Басқұдықта тұрып қаланың бүкіл сәбилерін қиып, емдеп, ұлтына қарамай бүкіл қала халқының алғысына бөленді.

Енді екінші ауылға кіріспес бұрын ауылды екіге бөліп тұрған күре жолды, оның айналасындағы кейбір «стратегиялық маңызды объектілерді» жазып қарайын. Күре жол дегеніміз Гурьев-Ескене-Байшонас-Доссор-Нармонданақ-Сағыз одан ары қарай Құлсарыға тартатын щебень тас төселген грейдер жол. Мүмкін бір

Page 17: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

17

замандарда жақсы жол болған да шығар, бірақ мен көргелі шоқалағы көп, ойы-лып қалған шұңқырлары жетіп артылатын жол деген аты ғана бар сұлбасы ғана. Құрғақ кезде ауылдың шопырлары ол грейдермен жүрмейді, қапталындағы қара жолмен шаңын аспанға шығарып «тартады», не сордың жағасындағы тегіс жолмен ызғытады. Біздің ауылда шопыр дегендей шопырлар онша көп емес «әйгілі» Қаламбайдан басқа Түлкібай, оның інісі Бақыбай, Демеу, Нұрсұлтан мен Саламат. Басқа шопырлар есіме түсе қоймай отыр, бары осы болар деп жоба-лап отырмын. Ал осы күре жолмен біздің ауылдың үстімен біраз машина өтеді, әсіресе, Маңғыстаудың мұнайы ашылғасын ылғи су жаңа машиналардың тізбегі толастамастан ағылып жататын, бағыттары Гурьев-Құлсары-Маңғыстау, «пере-гон» деген жазулары бар, нөмірлері жоқ. Машиналардың неше түрі ағылды ғой, бәрі су жаңа. Жаңбыр жауғанда осы күре жол батқан машиналардың тізбегінен көрінбей қалатын. Бір машинада екі шопырдан деп есептегенде де қыруар адам ғой. Солардың көпшілігі кешке клубқа киноға, танцыға келеді. Ауылдың қыздарына қырындайды. Ауылдың тентектері оларын көтере алмайды. Шатақ, төбелес деген аяқ астынан туады. Олар көп, ауыл жігіттері аз. Бірақ болмайды, жас балалар, біздер көмекке келеміз. Бөтен шопырларды кесектейміз, машина-ларына тас лақтырамыз, рогаткамен атамыз, әйтеуір қолымыздан келгенінше «партизан соғысын» ашамыз. Ауыл өзіміздікі, барлық «тесіктерді» жатқа білеміз. Клубта бильярд бар. Бильярд ойнап жатырғанда да шамды сөндіріп тастап қиқуды саламыз. «Партизан соғысының» түрлі тәсілдері көп қой, сырттан келген «басқыншыларға» жасалатын.

Грейдер Доссордан шыққасын Сағыздың тұсына келгенде екі жалпақ сордың арғы жағында қырдың үстімен келіп, ауыл жақ қапталындағы аталарым, мамала-рым жатқан бейіттер қауымын жиектей өтіп, өндірілген мұнайды қоспаларынан тазалап құбырмен Мақатқа айдау үшін дайындайтын «Деэмульсатор» учаскесінің дәл тұсынан тіке солтүстікке, Мақатқа қарай кілт бұрылып, сорлардың үстіне салынған екі дамбадан өтіп ауылға кіреді. Бұрылған бойдағы сордағы дамба-дан өткесін жолдың Водокачка, Доссор жақ бетінде конюшня болады (ертеде жұмысқа жегілген, басшылар мінген аттар тұратын орын), екінші ауыл, Құлсары бетінде гараж ауыл, механический цех, кузня, заправка болады, солардан өткесін және бір сордың үстіне салған дамбадан өтіп барып клубтың тұсынан грейдер Сағызға кіреді. Грейдер жолдың бағытын суреттеп бастаған екенмін, енді ол жолды ауылдан шыққанынша жазып жіберейін. Ауылды қақ жарып Динаның крантымен Құлымның (Серіктің) үйлерінің ортасындағы дамбамен үшінші ау-ылдан сәл асып барып күншығысқа қарай тағы тіке кілт бұрылады да, Құлсары қайдасың деп тартады. Үшінші ауылдың аяқталар тұсында, грейдердің екінші ауыл бетінде екінші бейіт қауымы тұр. Сол қауымнан сәл ары асқасын грей-дерден Мақат бетке, солға қарай Тоқсанбайға баратын қара жол шығады. Грей-дер үшінші ауылға кірер тұста одан солға қарай тіке шығатын тағы бір қара жол болады, бұл жол «Северный» деген мұнай учаскесінің үстімен Мақатқа, ау-дан орталығына барады. «Северный» учаскесі жақта сорларға дамба салу үшін топырақ алған үлкен карьердің орыны бар, сол жерге Сағыз өзені тасығанда су келеді, карьер суға толады. Және сол жерде жерге көміліп, артынан қазылып

Page 18: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

18

жөндеу жұмыстары жасалған мұнай айдайтын үш тұрбаның кесілген, ырсиып тұрған ұштары шығып тұр. Өткір пышақ сияқты темір тұрбалардың ұштары өте қорқынышты, байқамасаң сойып кетеді. «Ит пен бала қорыған жерге өш» деген ғой, біздер тап сол жерге барып жаз бойы суға түсеміз, суда ойнаймыз. Судың астында көрінбей тұрған үш тұрбаның үстіне барып, тап ұшынан суға сүңгіп секіреміз, трамплин қылып ойнаймыз. Талай балалардың көтендерін, жамба-старын ырситып сойып та кетті, бірақ біз сол жерден секіруді қоймаймыз. Ере-сек балалар кішкентай, жүзуді енді үйреніп жүрген балаларды сол үш тұрбаның үстінен терең суға лақтырады, сөйтіп үйретеді. Жаның үшін тырбаңдап келесі жағаға малтып, батып, ащы суды тойғаныңша жұтып шығасың, үйренесің. Үйренбесең ұстап алып тағы лақтырады, үйренбеуге жайың жоқ. Бәріміз де сол мектептен өткенбіз. Біздер ол жерді «Үш тұрба» дейтінбіз. Сол жерде су ұзақ сақталады, жаз бойы жерге сіңеді, буланып ұшады, ең соңында түсі көкпеңбек тұзды су (рапа) қалады. Рассол дейсің бе, тұздық дейсің бе өзің біл, дәмі удай ғой, удай. Өзеннің қалған тұстары баяғыда жоқ болып кеткенімен манағы жер терең карьер болғандықтан о баста су көп жиналғасын жаз бойы біздер шомылуға жарайды. Ащы тұзды суға жаз бойы шомылып тұздаламыз, содан ыссы күннің астында күні бойы қақталамыз, судың астында сүңгіп жүріп көздерімізді ашып қуыспақ ойнаймыз. Көздеріміз құтырған иттің көздеріндей жаз бойы қызарып жүреді. Міне, закалка деп осыны айт. Денемізге тұз жұғып сортақ болмасын деп шемешкі май (үйден ұрлап алып) жағып майланып алып суға сүңгиміз. Жаз бойы қайыстай қатқан қап-қара қарасирақ болып жүреміз. Сол маңға жақын жерде ауыл адамдарының тұзға түсетін жері бар. Шілденің кезінде қыс бойғы денелеріндегі жиналған жел-құздарын ауылдың кемпір-шалдары осы тұзға түсіп шығарады. Ғылыми, медициналық тілмен айтқанда-бальнеология. Сордың бетіндегі қабыршақтарын алып тастап астын шұңқырлап қазады да, сол шұңқырға жалаңаштанып жатады, тұзды суы аралас май балшықты денесіне түгел қоюлап жағады. Дәл курорттардағыдай. Қанша жататынын әр адам өзі біледі. Тұзға келерде үйлерінде бір қозыны сойып, етін қазанға салдырып кетеді. Тұздан шыққасын жақсылап қымтанып оранады, жел тимеуін қатты қадағалайды. Үйіне келіп үнді шайын қанып ішеді, пора-порасы шығып терлейді, терін сүртпейді, қалың киіміне сіңеді. Әбден тері шыққанша шайды тартады, болғасын кептірініп жатады, содан кейін құрғақ киім ауыстырып киеді. Жас ет жеп, сорпа ішеді. Қымтанып, бүркеніп ұйықтайды. Ұйқыдан жеп-жеңіл болып, құр атқа мінгендей сергек күйінде билеп кеткісі келіп атып тұрады. Бүкіл денесін құрсаған жел-құздан біздің ауылдың қарттары осылай құтылады. Қалай десең де, біздің ауыл керемет, өз курорты өзінде. Тұзға түскендер тұзға түскен шұңқырының басына шүберекке түйіп ақша, тиын байлайды, біз олар қырдан асқан бойда жүгіріп ба-рып сыпырып кетеміз. Доссор Сағыздан 25 шақырым, Мақат 18 шақырым. До-ссордан Сағызға дейін жаман да болса грейдер болса, Мақатқа дейін тек қара жол, көпшілік бөлігі сормен жүреді. Сондықтан Мақатқа бару өте қиын, тек ылғалды кезде ғана қиын, құрғақ мезгілде жүруге болады. Алматыдан, Маңғыстаудан по-езбен Мақатқа жетіп келіп, ауылыма жететін көлік болмай, балшықтан жүре ал-май бірнеше күн Мақатта отырған кездерім де болған.

Page 19: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

19

Ал қазіргі кезде тақтайдай тегіс, түріктердің ең озық технологиямен салған асфальт жолы біздің ауылға кірмей, деэмульсатордың тұсынан бұрылмай, тіке, бағытын өзгертпестен крант Қошқардың үстімен Құлсарыға тартады. Жол болғанда қандай, сайрап жатыр ғой, сайрап жатыр. Европаның жолдарынан бір кемі жоқ. Деэмульсатордың арғы жағында соғыс жылдарында тұтқында болған немістер жатқан лагерьдің орны бар. Сол маңда лагерьге Құлсары жақтан келетін «узкоколейка» теміржолдың қалдықтары да болатын. Лагерьдің айнала-сынан адамның сүйектерінің қалдықтарын да кездестіруге болатын. Көргенбіз. Походқа шығамыз деп бірталай жерлерді балалық шақта шарлайтынбыз. Бәрі есімде. Сол лагерьден Құлсары бағытқа қарай созылып мұнай өндіретін бірінші, екінші, үшінші учаскелер орналасқан. Ылғи мұнай өндіретін качалкалар, мұнай жинайтын қара қазандар, мұнай жайылған сорлар. Таусылмайтын, бітпейтін сорлар, сорлар, сорлар. Осындай тұзды сорларды орыстар «Соленое озеро» деп атайды.

Енді ауылға қайта оралайық. Грейдер жол ауылды екіге қақ жарып өтеді дедім ғой. Міне, сол грейдердің күншығыс бетінде екінші ауыл бар. Грейдер ауылға кіре бергендегі екінші ауыл жақтағы жолдың жиегінде су кранты бар, үстіне салған үйшігі бар. Жолдың жиегін бойлай, клубқа, Мыңғаштың дүкеніне қарсы созылып сад орналасқан. Аумағы үлкен. Клубтың тұсынан садқа кіретін айналмалы темір есік бар, метродағы турникет сияқты. Шарбағы биік ағаш шта-кетниктер. Сәл қиғаштау, әріректе ұзын барақ типтес қылып салынған ағаш өңдейтін пилорама бар, ағаш мастерскойы. Ауласы толған жиналып қойылған тақтайлар, бөренелер. Соның жол бетінде «Ожидалка» дейтін жұмысшылардың вахтаға бару үшін жиналатын бөлмесі бар. Кейде контордың алдынан, кейде осы жерден учаскелерге вахта аттандырылады. Жаңбырда, қарлы борандарда ішінде жылынып жұмысшылар машина күтіп, темекілерін тартып, әңгімелердің неше шұрайын айтып, бірін бірі қағытып, әзілдесіп отырады. Одан сәл әріректе, сордың жиегінде бөлек тұрған Динаның кранты бар. Бұл крант садтан бөлек тұр. Садтың осы шетінде овощ дүкені бар, жазда қауын, қарбыз сатады. Басқа кезде жабық. Садқа клуб жақтан кіріп ортасын қақ жарып өтіп жатырған жолмен ары жүрсең садтың тап ортасында дөңгелентіп цемент құйып жасалған би алаңы болады, соның дәл ортасында фонтан бар, фонтанның айналасы биіктеліп цемент-тас қоршаумен қоршалған. Сәл әрірек су жинайтын қазан тұр. Би алаңынан сәл әріректе, сол жағында жазғы киноклуб бар. Тастан салынған кинобудкасы, экран тұратын сценасы да тастан салынған, біріне бірін қабаттап, арасында саңылау қалмайтындай қылып қалың тақтайлардан биік қылып жасалған қабырғалары бар, ішінде бірнеше қатар отырғыштары бар, ішіне де қабырғаларды бойлатып талдар өсірілген көру залы бар киноклубымыз осындай. Би алаңын, жазғы кино-клубты айналдыра электр шамдары орнатылған. Жазғы киноклубқа қарсы бет-те, садтың ортасындағы аллеямен бірінші ауыл жақтан келе жатырғаныңда сол жағыңда телефон станциясы тұрады. Станцияның артқы қабырғасы садқа кіріп тұр, өзі бөренелерден қиып, орыстардың избасындай (сруб) қылып жасалған жалғыз үй. Бұндай үйді мен басқа ауылдардан көрген емеспін, сондықтан бұл біздің ауылдың өз ерекшелігі болып есептеледі. Станция бетте сәл ілгері жүрсең

Page 20: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

20

тағы бір комплекс корпусқа тап боласың. Бұл корпуста есігі Сатыбалдының үйіне қарап ауылдық ересектер кітапханасы орналасқан, көше бетіндегі қапталында радиоузель, ауылдық кеңес орналасса, телефон станциясы жағындағы қапталында есігі де сол жаққа қарап техникалық кітаптар кітапханасы орналасқан. Радиоузельдің алдында биік бағанға орнатылған үлкен қара қалпақ сияқты радио ілінген, артынан үлкен шелек сияқты ақ радиоға (ауылда оны «ақшелек» дейтін) ауыстырылды. Сол радиодан күні бойы жаңалықтар, әндер беріліп тұратын. Радиоузельдің жауапты адамы бар, уақытында қосып, уақытымен айырады. Сатыбалдының үйіне әбден тақалып келіп сад аяқталады. Садтың аумағы біршама үлкен, ішінде жеміс ағаштары көп, жидек, тутовник сияқты. Қарауылы жалғызбасты Қилым кемпір, оның артынан Махфузаның әкесі «шырылдауық Сәрсен» шал болды. Жаздың күйіп тұрған ыссысында бұтына күрте шалбар, аяғына етік, басына құлақшын, үстіне фуфайка киіп жүретін. Осы-лайша киінетін біздің ауылда үш адам болды, біреуі осы шал, екіншісі Оспан шал, тағы біреуі Қайыр. Енді екінші ауылдың корпустары басталады. Біраз жерге, атамның үйіне дейін корпус үйлер болды, атамның үйінен бастап ары қарай қазақы саман тастан салынған үйлер. Садтың қасындағы Сатыбалдының үйінің арты ашық алаң, сол алаңда бірінші мамыр, жетінші қараша мерекелерінде па-рад қабылдайтын, демонстрация болатын. Сол алаңда волейбол ойнайтын, сет-касы тартылған, ақталған сызықтары бар орын бар. Ауыл жастары өзара, кейде басқа ауылдардан келген ойыншылармен волейболдан жарыс өткізіліп тұратын. Алаңның ортасында тастан салынған, аппақ қылып әктелген трибуна тұрды. Төртінші, әлде бесінші кластардың бірінде, бір айтулы мерекедегі демонстраци-яда мен де сол трибунада тұрғанмын, құттықтау сөз оқығанмын. Бойым жетпейтіндіктен, көрінбей тұрғандығымнан контордан әкеліп астыма арқасы бар отырғыш қойғаны есімде. Ең бірінші рет көпшіліктің алдына шығуым ғой. Астыма отырғыш қойса да шәуімдей басым ғана трибунадан шығып тұрды, бірақ сөз кезегі өзіме келгенде құттықтауымды тақылдатып оқып шықтым. Атам мен мамам мені бастықтардың қасынан көріп мәз болды, атамды мұғалімдер құттықтап жатты. Мені оқу озаты деп сол трибунаға шығарған ғой. Бәрі есімде. Трибуна тұрған алаңның гараж жақ бетінде, сордың жиегінде тағы бір комплекс болды. Бұл жалпы шарбақпен қоршалған ұзын корпус, қасында тағы бір кішкене корпус. Ұзын корпустың алаң беті мұнай өндірісінің конторы, алдында Құрмет тақтасы бар. Сол корпустың сор жақ бетінде емхана. Контордың қарсы бетіндегі кішкене корпус амбулатория. Больницаның шарбағы үлкен, талдары көп, науқастар тынығып отыратын отырғыштар көп. Бұл конторда қазақ елінің мұнай саласында атағы шыққан көптеген басшылар, мұнайшы инженерлер, гео-логтар әр замандарда жұмыс жасаған. Маңғыстау мұнайын көтерген көптеген атақты адамдар осы біздің ауылда еңбек жолын бастаған, Ембі мұнайының да талай ардагерлері осы біздің ауылдан шыққан. Энциклопедияларды парақтап, атақты тұлғалардың өмір жолдарымен танысып отырғанымда солардың көпшілігі бір кездері менің ауылдасым болғанына, мен басқан топырақты олардың да басқанына мақтанатынмын. Осы емхананың есігінің дәл алдыңғы жағында, сордан өте бере, гараж ауылға жетпей тегіс жерде қақпалары

Page 21: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

21

орнатылған, әктеп линиялары белгіленген футбол алаңы болды. Ауыл жастары бөлініп команда құрып, кейде басқа ауылдардың командаларымен де ойнап жа-рыс өткізіліп тұрушы еді. Енді контордан сәл ілгері жүрсек қасапхана, қолдан сойған малдың етін сататын дүкен сияқты, мал сойып сататын жер бар. Оның жанында базар бар. Базар деген аты ғана, жерге қазып орнатылған ұзынша ағаш стол, екі жағында ағаш отырғыштары бар. Тап қасында тағы дүкен бар, овощной сияқты. Осылардың қасына Ғалымжан-Екібастың корпустағы үйі жақын. Қасапханаға қатар тағы бір корпус бар, бұл корпуста екі дүкен бар. Көше жақ бетіндегі үлкен есігі бар дүкен Мақсымның мамасының, Тұрағал апамыздың тұрмыс тауарлары дүкені, ал есігі қапталына қарап тұрған жағындағы дүкен тамақ дүкен. Сатушысы Жасия апай, кластасымыз Құрманқұлова Гүлжанның ма-масы. Міне, осымен екінші ауылдың ірі ғимараттары, мекемелері жазылды, қалғандары сонау төбедегі ақсақ Қалдештің үйіне дейін созылып жатырған кілең қазақы саман үйлер, мал қоралар, аулалар. Арасында мал суаратын, су алатын Сыламғали көкемнің үйінің жанында бір крант бар. Бұл ауылда су жинайтын қазан жоқ, неге екенін білмедім. Бірақ, ойықбас Құлымжанның үйінің қасында жерге көмілген, үстіңгі жағы едәуір биік төмпек су жинайтын қазан бар. Кешке қарай шал-кемпірлер сол төбеге жиналып әңгіме айтады, өрістен қайтқан мал-дарын күтіп алады. Ойықбас Құлымжанның төбесінде, дәлірек айтқанда еңбегінде үлкен ойық бар. Жұмыста жүргенінде басына тұрба түскен дейтін. Қарауға өте қорқынышты. Телпекпен жауып қояды. Бүлкілдемейді, талай үйге келіп отырғанда көргенмін. Ойықбас Құлымжаннан басқа ерекше адамдардан екінші ауылда Қаби мен Ажар деген адамдар тұрды. Ерлі-зайыпты адамдар, екеуі де соғысқа қатынасқан керемет адамдар. Қабидың беті, денесі күйіктен ала-құла, қолдары да. Танкист болған, танк өртенгенде күйген. Қазір Ақтөбе жақта тұрады, апай әлі бар, ағай өмірден өткен. Нағыз батырлар ғой. Жеңіс күніне байланысты республикалық телеарналардан берілетін хабарлардан жыл сайын апайдың сөйлегенін көріп жүрмін, көрген сайын қуанып қаламын. Менің бір көзінен соғыста айрылған, қара былғары тартпамен Кутузов сияқты тартып алған Нығымет ағам. «Нығымет ағам қалайша көзіне тиген оқтан аман қалды, көзіне кірген оқ басының қай жерінен тесіп шықты екен» деп өзіне білдірмей талай ба-сын қарағанмын, «Менің ағам Кутузов сияқты батыр ғой» деп үнемі ойлайтын-мын. Құрманқұлова Гүлжанның үйінде қос кемпір болды, әжелері. Бір үйде екі кемпірдің тұрғаны маған таң еді. Дүкенші Мыңғаштың үйінде Тілекқабыл деген штангист жігіт болды. Бойы кішілеу, аяқтары қисықтау, ал штанганы көтергенде әлемет. Спорт шебері ме, әлде кандидаты ма, білмедім, әйтеуір осындай атағы бар тірі спортшыны менің бірінші рет көруім. Сыламғали көкемнің үйінің қасындағы су кранттың қасында Қадиша деген сақау әйел тұрды. Тілі жоқ, сөйлемейді, бірақ ыммен бәрін түсіндіреді. Бұндай сақауды бірінші рет көріп тұрғанмын, таң қалатын едім. Ауылдың ең шетіндегі төбеде ағаш аяқ Қалдеш деген соғысқа қатысқан адам тұрды. Ағаш аяғын (протезін) кейде алып тастай-тын, балдақпен жүретін. Бір күні ағаш аяғының жарға сүйеулі тұрғанын көріп қатты қорыққанмын. Кітаптан оқыған пираттардың капитаны Флинт сияқты болып көрінетін маған. Ақыш деген шалдың Нысаналы деген баласы болды,

Page 22: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

22

үлкен жігіт, тамағында салбырап өскен нысаны бар, атын соған сәйкес қойған. Атамның көршісі Ахмет деген шешен шал болды, атаммен екеуі бірге намаз оқитын. Мамамның досы Майтап деген татар кемпір, қараноғай Юсуф, оның орыс әйелі Тося, «малосольный оғұршық» жасаудың шебері, шемішке сататын тет Маруся (Насенкова), тет Варя, осылардың барлығы да осы екінші ауылдың тұрғындары. Оразалы шалдың үйінде аппақ ақ түйе болды. Ауылдағы жалғыз тракторшы орыс әйел, Банкова Валентина да осы ауылдың тұрғыны. Күйеуі жоқ, бізбен құралпылас Банков Сашка деген баласы, тағы егіз ұлдары бар. Бұл ауылда Қошанов Бердібай ағайымыз, Бәлкен апайымыз, Сейітов Камали ағайларымыз тұрды. Конторда жасайтын есепші, плановик, экономист, геолог, кадровик дегендердің көпшілігі, мұнай учаскелерінің басшылары, шеберлері де осы ауылдың тұрғындары. Сатыбалды, Ғалымжан, Мақсым, Қазиев Аманқос, Мүсілимов Серік ... тағы басқа балалар осы ауылдың «мырзалары». Бұл ауылда конькиді мәнерлеп тебудің асқан шебері Ермек деген де бала тұрады. Гараж ауылдағы Ораз бен Ажар дегендерді де осы жерге қосып кетейін. Ораз мотоциклдің құдайы, шемішкіше шағады. Оның мотоциклі әлемет тартады. Үйіне барып та-лай қасында болғанмын, үйренгенмін, көмектескенмін. Ораз киік қуатын аңшы. Бір ерекшелігі мылтық ұстамайды, киік қуса олжасыз оралмайды. Киікке мотоциклімен қуып жетіп, аяғымен артқы санынан бір тебеді. Киік омақаса құлайды, сол сәтте Орекең де киіктің үстіне жүріп келе жатырған мотоциклінен секіріп міне кетеді. Мотоциклі сөнбестен қасында құлап жатады. Міне, осындай аңшыны естігендерің, көргендерің бар ма? Осындай бір аңшылықта шөмелені айналдыра қазылған шөп өсіп кеткен ескі орды байқамай қалып ол бар жылдамдығымен келе жатырған мотоциклден ұшып кеткен ғой. Өлімші болып жарақаттанды, өлім аузынан қалды, бірақ аңшылықты қоймады. Қазір Жаңаөзен жақта балалары тұрады.

Ал «Водокачка» ауылдан екінші ауылдағы контордың алдына дейін созылған оқтай түзу кең көше бар. Асфальтталған демей-ақ қояйын, бірақ шлакоцемент-ный тротуар салынған. Екі қапталына ағаштан опалубка жасап ортасын цемент араластырылған котельныйдан шыққан көмірдің күлімен жасалған раствормен толтырады. Қатқаннан кейін әп-әсем адам жүретін тротуар бола қалады. Тротуар-ды бойлай бағанаға орнатылған шамдар түнде жарқырайды, күндіз өздері сөнеді де қараңғы түсе өздері жанатын. Көше болғанда қандай, үлкен қалалардағы Ле-нин проспектісі сияқты ғой. Ал садтан Сатыбалдының үйінің қасынан шығатын есіктен басталатын екінші ауылдың ең шетіне дейін созылған оқтай түзу кең тағы бір көше бар, көп жерге дейін бірінші ауылдың көшесімен параллельно жүріп отырады. Екінші ауылдағы көшеге тротуар салынбаған, жарығы да шама-лы.

Енді үшінші ауылға да жеткен сияқтымыз. Екінші ауылдың арғы жағында, ағаш аяқ Қалдештің үйінен тіке ары қарай сордан өткенде «Разведка ауыл» деген болды. Бірақ артынан елі басқа жаққа көшіп кетті, көпшілік адамда-ры Сағызға жұмысқа тұрып, ауылдарға көшіп алды да, ол ауылдың тек жұрты ғана қалды. Сондықтан ол ауылдың жазатындай түгі де жоқ деп ойлап, үшінші ауылды жырлауға көшемін. Бұл ауыл ана екі ауылдай емес өте шағын, аз ауыл.

Page 23: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

23

Екінші ауыл мен үшінші ауылдың арасын жалпақ бір сор бөліп тұр, балшықты мезгілдерде қатынас дамба арқылы болады. Құрғақ мезгілдерде сордың үстімен тіке тартамыз ғой. Адам да, мал да, машина да тіке салады, әсіресе машиналарға, мотоциклдерге рахат, сор тақтайдай тегіс, қақпайды ғой, қақпайды. Осы сор-да ғой қыста мұз қатырып хоккей ойнайтынымыз. Бұл ауылда Мейрамбайдың әкесі Сүйеу деген ақын, жыршы, домбырашы, мұнайшы тұрады. Бұдан басқа ерекше адамды бұл ауылдан таба алмадым. Аз үйлі, қырдың басына шоғырлана орналасқан ауыл ғой.

Біздің ауыл өндірісті ауыл болғандықтан ғылымға, білімге, оқуға, мәдениетке жақын болды. Біздің ауылдың жігіттерінің қайсысын алып қарамасаң да басқа жақтың жігіттерінен шоқтығы едәуір биік тұратынын көруге болады. Қай қырынан алып қарамасаң да. Мұнай саласындағы жеткен жетістіктерінен де басқа бірталай биіктерге көтерілген азаматтар бар. Басқаларын айтпағанда, біздің ауылдың бір жігіті атомдық физика ғылымымен айналысып Ресейдің атақты ғалымдарымен бірге ғылыми орталықта еңбек етуде. Ресейде саясаткер болып жүргендері де бар.

Жолықсаң біздің жақтың тентегіне, Өмірдің өкінбейді-ау келтеңіне. Үйдегі жалғыз атын сойып беріп, Жүгенін ұстап қалар ертеңіне.Міне, бұл өлең тап біздің ауылдың жігіттеріне арнап шығарылған екеніне еш

күмәнің болмасын. Балалық шақтағы тағы бір нәрсе есімнен кетпейді. Ол - Мұқаш қожаның біздің

ауылға үнемі бір мезгілде ат ізін салуы. Доссорда тұратын, біздің ауылға мото-циклмен жазғытұрым, шыбын шықпай келетін денесі ірі, семіз, ұзын мұртты адам. Қолында сары былғарыдан жасалған саквояжы бар, семіздіктен ырсыл-дап демін азар алатын адам. Мұқаш қожа келіп кеткеннен кейін біздің ауылдың бес, жеті жас шамасындағы, кейде одан да ересектеу бірталай ер балалары бірер күн далаға шықпай, ойынға келмей көрінбей қалады. Содан кейін денесіне ұзын қылып, етегі тобығына түскен әкелерінің көйлектерін киіп, талтаңдап, бір қолымен көйлегінің етегін көтеріп үйінің жанында жүреді. Қолдары толған кәмпит, пешение, тиын, қағаз ақша. Сөйтсек, бұларды Мұқаш піштіріп тастайды екен ғой. Кім білген оның біздің ауылға неге келгіштеп жүргенін. Кезек маған да келді. «Жазған құлда жазық жоқ», тағдырыма көнуіме тура келді. Төрге төсек салып жатқызды, барлығы мені әр нәрсені бір айтып алдарқатуда. Мен байғұста «қыңқ» етуге шама жоқ шалқамнан жатырмын. Семіз Мұқаш ырсылдап демін әзер алып үйге кірді, менің жаныма отырды. Саквояжын ашты, бірдемелерді шығарды. Тердің иісі мен арақтың иісі сасып тұр. Ол иіспен ешкімнің шаруасы жоқ. «Таза құм, оттың күлі бар ма, кесеге салып әкеліңдер» деді. Дайындап қойған екен, сол бойда кесе толы құм да, күл де келе қалды. Ырсылдап отырып быртиған семіз саусақтарымен шүметегімнің басындағы артық теріні уқалай бастады. Еш ауырмаса да менің жаным шығып бара жатыр. Ызадан жарылайын деп жатсам да, шыдауыма тура келіп жатырмын. Бүкіл ауылдың ер балаларының басындағы жағдай осындай, шыдамағанда қайда барамын. Тек атам ғана ұстайтын насы-

Page 24: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

24

байымды, атам ғана сақалымен, мұртымен қытықтап сүйетін қымбат дүниемді мына біреудің быртиған семіз саусақтары езгілеуде. Ол аздай екінші қолымен дастархандағы арақты ішіп, тамағын жеп отыр. Қанша уақыт өткенін байқамадым, қанша арақ ішкенін де білмеймін, бір мезгілде қожа қабақтай қарынымен маған бұрылды да бірдемелерді сыбырлап, күбірлеп отырып шүметегімнің басын тар-тып қалғандай болды. Ауырып та жарытпады, шымыр еткендей болды, сезбей де қалдым. Сол бойда кесе толы құм ба, әлде күл ме бірдемені шүметегімнің үстіне төңкере қойды. Әлгі құм сусып шабыма қарай төгілгенін мен қан екен деп жы-лай бастадым. Сол бойда менің қасыма кәмпит те, пешени де, аппақ күміс тиын-дар да төгіле бастады. Кішкентай, әп-әдемі, жалтыраған велосипед те пайда бола қалды. Қай уақытта әкеліп үлгергенін кім білсін? Жыламсырап, талтайып, екі аяғын жинай алмай жатқан менен басқаның бәрі мәз. Мұқаш қожа арағын ішіп, етке қарамай, тағы бір баланың шүметегін уқалауға, құм құюға кетіп қалды. Сол замандағы біздің өңірдегі біраз ауылдардың қара домалақтарының бұттарының арасында Мұқаш қожаның ұстарасының ізі бар. Барлығы да бір қолдан шыққан, бір фирманың таңбасы салынған, бір пышақпен артық терісін алып, басын кертіп салған белгісі бар балалар. Піштірілгеннен кейін атам алдына алып отырып шүметегімді домбыра қылып ойнап мынандай өлең айтатын: «Шырылду-шы-рылду шертпек бас, қыздар сүйер кертпек бас» деп. Үйге құрдас кемпірлері келсе, жеңгелері келсе өлеңін үдетіп жіберетін, ал атамның келіндері, менің жеңгелерім беттерін, құлақтарын басып қашатын. Мен атама домбыра болуына жарағанына мәз болып рахаттанып, талтайып тізесінің үстінде жататынмын. Серік құрдас қана қашқақтап, ұстатпай еркелікпен біраз жүрді. Мұқаш қожаның қай мезгілде біздің ауылға келетінін зерттеп білген ғой, ол құр босқа келмейтінін де білген. Мотоциклінің даусы шыққан бойда зытатын болған, тығылып қалатын болған. Қайда қашып құтылсын бір күні құрыққа түсті ғой. Бірақ жасы он үшке келіп қалғанда ұсталған сияқты. Қалайша шырылдағанын естімедім, бірақ оңдырмай әжесін боқтағанын сеземін. Байғұс бала десейші...

Ауылымды біраз жаздым, схемасын салып жасауға да болатын еді, бірақ соқыр адамның да көз алдына елестете алатындай қылып тәптіштеп жазғандай бол-дым. Сонау Селәубайдан басталған ауылымды жаза отырып біраз ойға да қалдым. Елдің шетіндегі Селәубай қайда, екінші ауылдың шетіне жақын орналасқан атамның үйі қайда? Арасы қанша жер? Бала кезімде атамның үйінен Селәубайға талай жаяу барғанмын. Алыс қой, көп қашықтық. Бұл менің жазда, күн ашық-жарықта, желаяқ бала кезімдегі жүргенім. Ал қысқы түнде қарлы боранда, бет қаратпайтын боранға қарсы жүрген аяғы ауыр, толғағы қысқан анам Балжан қалай жеткен десейші атамның үйіне??? Анамды қатты аядым. «Қиыншылығы мен ауыртпашылығы көп осы алдамшы өмірге неге ғана ертерек келуге, дәл сол түні келуге тырыстым екен» деп өзімді қатты жазғыратынмын. Туған анам Бал-жанды қатты аяушы едім, қатты сыйлаушы едім. Тек соған ғана еркелеуші едім. Барлық қылығымды көтеретін. Ойлап отырсам өмір бойы: «Ұят болады. Атаңның атына кір келтірме» деген бір ауыз сөзбен тәрбиелеген екен. Қандай сөздер?! Бір-ақ ауыз сөздің ішіне барлық қазақы тәрбиені қалайша сыйғызған?! Тентек болсам, нашар оқысам, жұмысты шамалы жасасам, білімсіз болып қатарымнан

Page 25: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

25

кейін қалсам, онда ұят болады, төбеме көтеріп әулие көретін атамның атағына, фамилияма, кір келеді ғой. Содан кейін алға ұмтылмай көр. Баласының қай «точ-касына» басуды біліп тұр ғой. Оңашада екеуіміз көп әңгімелесетін едік, менің қандай қиыншылықпен дүниеге келгенімді, өзінің үйге жете алмай қаламын ба деп қатты қорыққанын, өзінің соғыс жылдарында қалай жұмыс жасағанын айтатын. Қайран қалатынмын. Қандай жаны сірі жан?! Балжан әкесіне ұқсаған өте күшті, қайратты, жігерлі адам еді. Ешқашан Балжанның мұқалып, жүнжіп шаршағанын көрген емеспін. Сағыздықтар жақсы біледі, марқұм Бисенғали атам өте қайратты адам болды, өмірінің соңғы күніне дейін тіп-тік жүріп, барлық 32 тісі сау, қыста қардан аққала соғып, жаз бойы малының шөбін өзі шауып, тек қана өзі өсірген малдың өнімімен тамақтанып кетті бұл фәниден. Ол марқұм да 90 жастан асып кетіп еді өмірден. Балжан да тап әкесінің жолын қайталады. Балжан соңғы кездері төсекте жатырған кездерінде қасына келіп отырсам бол-ды көзін ашып алып: «Бәкөн, келдің бе, папам қайда?» деп сұрайтын және мені көрген сайын жаңылмастан қайталайтын. Жасы 90-нан асса да туған әкесін өте қатты құрметтейтін адам болатынын көріп қатты қайран қалдым. Атамды мен де жақсы көремін, бірақ 90 жастағы анамның өлейін деп жатырғанында да әкесін аузынан тастамай кеткен махаббаты мені таң қалдырды. Менің атымды азан шақырып қойған марқұм Бисенғали атам ғой, өзінің атына ұқсас қылып, әрі кіші жұмада дүниеге келгесін де осылай қойған болар. Марқұм Балжан менің атымды тікелей атамайтын: «Папамның аты аталып кетеді» деп мені «Бәкөн» деумен кетті.

Балжан осы өмірінде көп қиыншылықтарды басынан өткерді, балалық шағындағы ұзақ жылдарға созылған, миллиондаған қазақтарды қынадай қырған әлемет аштықты да, ол аштықпен бірге келген оба індетті де, соғыс кезіндегі ауыртпашылықты да жеңді, одан кейінгі бейбіт өмірде де оның өмірі қиыншылықтарға толы болды. Оның барлығын, қандай қиындықтар екенін, ау-ылдастарымыз, Сағыздықтар, өте жақсы біледі. 1939 жылдан, 16 жасынан мұнай кәсіпшілігінде ауыр жұмысты атқарды. Соғыс жылдарындағы ауыртпалықтарын айтқанда таң қалатын едім. Бисенғалиевтардың мұнайшы болуына ең көп ықпал жасап, мұнай саласында маман болуын бастаған осы Балжан болатын. Мен мұны өзімнің балаларыма, немерелеріме әр кез мақтанышпен айтып оты-рамын. Сол кездерде өндірісте өзі тәрбиелеп өсірген Есімов Қарабала, Есекенов Қажымұрат сияқты ағаларымыз өмірден өткендерінше Балжанды «Апалап» ке-реметтей сыйлап, Балжанның алғырлығын, жұмысқа өте жауапты болғандығын маған үнемі айтатын. Екеуі де өз жұмыстарында үлкен табыстарға жеткен елге сыйлы азаматтар еді. Балжан жұмыста беделді болды, үлгілі еңбегі үшін алған үкіметтің берген медальдары, мақтау грамоталары (көбін соғыс жылдарын-да алған) менде сақтаулы тұр. Қарапайым, мұнай саласының қара жұмысшысы емес, білдей білікті маманы болды, сол замандағы озық техника болып сана-латын америкалық дизель-генератордың өте жоғары дәрежелі, 7-разрядты, машинисі болды. Ол заманда ондай жауапты жұмысты атқару кім көрінгеннің қолынан келе бермейтін. Заманның ағымына қарай беделді де, белсенді ком-мунист те болды кезінде. Дінді де еш уақытта есінен шығарған емес, ұзақ жыл-

Page 26: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

26

дар бойы, денсаулығы жарағанша, бес уақыт намазын да оқыды, оразасын да ұстады. Оның сүйікті папасы, марқұм Бисенғали атам, діни сауаты мықты, араб-ша, латынша, орысша оқи да, жаза да алатын көзі ашық, көңілі ояу адам бола-тын. Құрандарды арабша көшіріп жазып, ұдайы оқып отыратын. Балжан осын-шама қиыншылықтарға төзе отырып біздерді тістелеп жүріп жеткізді. Оны мен еш уақытта ұмытқан емеспін, ұмытпаймын да. Барлығын көзім көріп, өзімнің басымнан кешіріп өстім ғой. Сол өмірден сабақ алмаған, ол қиыншылықтарды ұмытқандар бар шығар, бірақ мен еш уақытта ұмытқан емеспін ол күндерді.

Егер мен бұл өмірде сәл де болса жетістіктерге жеткен болсам, ол бойымдағы жүріп тұрған Бисенғали атамның Балжан арқылы берілген қанының арқасы, Балжанның үнемі құлағыма құйып отыратын ақылының арқасы, сол ақылды дұрыс тыңдай білгенімнің арқасы, Балжанның ақылдарын тыңдай алатындай сана бергенінің арқасы деп ойлаймын. Атама да, Балжанға да қарыздармын. Сағыздықтар жақсы біледі, менің мамам Меткіл ғой. Меткіл мамамның жөні мен үшін тіпті ерекше екенін айтпай-ақ қояйын, ол бір өте ерекше жаратылған жан еді ғой, бәріміз үшін де. Жұмақтан орын алатын екі адам болатын болса, соның біреуі, ал бір адам болса соның өзі менің Меткіл мамам болатын шығар-ау. Бұл жерде мен тек менің өмірімде Балжанның да үлкен орны бар екенін көрсеткім келген еді. Ал осы үш тұлғаның да алдарында мен балалық борышымды дұрыс өтей алмасам, ойымдағы барлық жақсылықтарды оларға жасай алмасам, ол менің олардан сәл де болса осал болып туылғаным деп есептеймін.

Анамның менің балалық шағымда өте дәмді қылып пісіретін екі асы бола-тын, оның біреуі жұп-жұқа қылып турап, табаға, майға қуыратын, екі жағы да қып-қызыл болып, қытырлап тұратын картошка болатын да, екіншісі, сөктен қайнатқан қара көже болатын, эмалированный шелекке құйып, бетін ақ мәрлімен жауып қойған көженің бетінде көпіршіктері ойнап, құтырып ашып тұратын. Қазіргі замандағы «Боржоми» суы сияқты. Бетіндегі қара суын ішсең мейіріңді қандыратын, газы танауыңды жарып кекірік атқызатын, түбінде тұнған қоюы қарныңды тойғызатын керемет еді. Осы екі тамағының дәмі әлі таңдайымда тұр. Сағыздың менімен ойнаған талай баласы Балжанның осы қара көжесінің дәмін татып, шөлдерін қандырып еді кезінде. Ондай «қара көжені» мен осыған дейін еш жерден кездестірген емеспін.

Қайран Анам, бұл өмірде көрген қызығың аздау, қиыншылықтарың молдау болып еді, ендігі жерде жатқан жерің жайлы, топырағың торқа болсын, қасиетті Шағбан айында көзіңді жұмып, демің таусылып еді, жаның пейіште шалқысын деп тілеймін ЖАРАТУШЫ ИЕМІЗДЕН. Маған өмір сыйлап, ақыл-ой, сана беріп, өмірде дұрыс бағыт-бағдар бергенің үшін өзіңе қарыздармын.

Маңызды науҚан

Біздің ауылдың өзі сияқты мұнай өндірісімен айналысатын басқа көптеген ау-ылдардан айырмашылығы шамалы, тіпті жоқ десе де болады. Мұнайшы елдің тірліктері ұқсас болады, әсіресе, шағын ғана өндірісті ауылдар болғасын да бо-

Page 27: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

27

лар. Бірақ, үңіле қарасаң біраз ерекшеліктерді байқап көруге болады. Ауылдың өмір ырғағы біркелкі, күнделікті мұнайшылардың өндірістегі

жұмысы. Тәулігіне сегіз сағаттан ауысатын жұмыс ырғағы. Қысы-жазы осылайша қайталана береді, көп өзгеріс бола қоймайды. Тек бір мезгілде ғана сілкініс бола-ды. Ол – шөп шабу науқаны. Астықты өңірлерде егін орағы, өзбектерде мақта жи-нау, мал бағатын өңірлерде төл алу, қырқым, қысқа мал азығын дайындау қандай маңызға ие болса, біздің ауыл үшін де шөп шабу науқаны сондай маңызға ие. Сол кезде біздің ауыл ұйқысынан оянып дүр сілкінеді. Көп соза бермей, ауылымның шөп шабу сияқты бір қауырт науқанын сипаттап жазып көрсетейін. Өзім тығыз араласқан шаруа болғандықтан, бұл саланы бір адамдай білетін сияқтымын. Тек оқушы кезімде ғана білек сыбана шөп шабуға қатыстым, ал жігіт болып жоғарғы оқуға түскелі мүлдем қатыспай кеттім, қол тимеді, ауылда да көп бола қоймадым. Оқушы кезімде көргендерім, қолыммен шапқандарымның әсерімен жазып қарайын. Жігіт кезімде шөп науқанына аралассам бұдан да әдемірек жа-зар ма едім, кім білсін.

Ауылымыз өндірістік ауыл болғанымен ауласында азын-аулақ мал ұстайтын, шаруашылықтан хабары бар ауыл болды. Мал ұстамаған үй болмады десем де болады, орыстар да ұстады. Мал болғасын шөп дайындау керек, жаздың орта-сынан ауа «ақ шөп» науқаны басталады. Сағыз өзенінің көктемде арнасынан асып жайылған жеріне шығатын көк шөпті «ақ шөп» дейді. Бұл құнары шама-лы, азықтық калориясы аз, құрамындағы витаминдері көп, жұмсақ шөп. Ақ шөп деп жалпы аталғанымен ол тек бір шөптің түрі емес, арасында шөптердің түрі өте көп болады, мал үшін өте пайдалы. Сондықтан оны көп жинап алуға тыры-сады. Бір үйге бірнеше машина түсіріледі. Шабылуы жеңіл, жиналуы да, тиелуі де, тасылуы да жеңілдеу. Шөп піскесін шауып бастайды, июльдің ортасынан ауа, қырық күн шілде аяқталысымен.. Ақ шөп шабуға негізінен Тоқсанбайдың жазығына шығады. Тоқсанбайдың жазығы Сағыздан Құлсарының жолымен, ескі грейдермен үшінші ауылдың сырт жағымен біраз жүріп барып солға қарай бұрылып Сағыз өзенін бойлай тартқанда алдыңнан шығады. Әрине, алдын ала шөп шабатын жерді ауыл адамдары барлап қайтады, қай жерден қанша шөп ша-уып алуға болатындығын, шөптің шығымын ... барлығын байқап, жерін белгілеп келеді. Барлық уақытта бірдей тамаша бола бермейді, шөп шабатын жер үшін жанжалдасып қалатын кездер де кездеседі, кейде шабылған шөпті «шатасып» тиеп алатын кездер де болады, сонда да айқай-шумен мәселе шешіліп, кейде жұдырық та жұмсалып дегендей. Бірақ тез ұмытылады, кек сақталмайды. Ауыл адамдары сондай. Кейде бір үй, кейде екі үй бірігіп қос болып шөп шабады. Шалғы орақпен шауып, тырмамен жинастырып, әуелі шоқа қылып үйіп, артынан бірнеше шоқаны бір жерге үйіп шөмеле салады. Шөмеле күйінде күнге кептіріліп, жел қағып біраз тұрып қалады. Шөмеле үю де өнер, сыртын жаңбыр суы ішіне өтпейтіндей, желмен жалбыратып жұлып кетпейтіндей қылып, тігісін жатқызып, конус тәрізді қылып үйеді. Айырмен ұрғылап, артық шығып тұрғандарын шаш тарағандай тарап жігін жатқызып үйеді, сонда жаңбырдың суы ішіне кетпейді, шөмелейдің тегіс үстімен ағып отырып жерге барады, ал жерде шөмелені айнал-дыра шеңбермен ор қазылады, шөмеленің үстінен аққан су шөмеленің астына

Page 28: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

28

кетпей сол орға құйылады, шөмеледегі шөп осылайша қорғалғасын шірімейтін болады. Шөмеленің төбесін шошақ қылып үйеді, жаңбыр суы ағып кетуі үшін, жалпақ болса су жиналып қалып ішіне қарай өтіп кетеді ғой. Әлі келген, қолында дерегі бар адамдар сенокосильканың артына грабля тіркеп машинамен бір күнде шауып, жинап, тиеп алып кетеді. Егер машинамен шабуға жететіндей үлкен шабындық табыла қалса. Ол бастықсымақтар, не машина айдайтын шо-пырлар. Қарапайым жұмысшы адамдар қос болып жата-жастана шалғы орақпен шауып, қол тырмамен жинап жатады. Қол күшімен шабатын адамдарға ойдым-ойдым алаңқайдағы шөптер де жарай береді, өзеннің баурайындағы шөптерді де шаба береді, ол жерлерге машина бара алмайды. Шабындық үшін талас, шатақтар да болып қалып жататыны бар. Қостың басында бір-екі апта жатып қалатын да кез болады. Негізінде бұндай шөп шабудың салмағы ойын баласы мен шал-кемпірлерге түседі. Балалар каникулда, шалдар-кемпірлер болса олар да «каникулда». Қиын да қызықты кез. Шөп шабу дегенің де үлкен өнер. Шалғы орақпен құлашыңды керіп талмай шөп шабудың «мастерлері» біздің ауылда бар. Солардың біреуі марқұм Жайберген. Шаршауды білмейді, тегіс шабады, шалғысы өзіне сай. Ал шабылған «ақ шөпті» қанаттары жайылған машинаға ретімен қалап тиеу дегенің өнердің өнері. Жақсылап нығыздап басып, кіріктіріп тастай етіп байланыстырып тиелген шөпті машинаның төрт бұрышынан «крест на крест» қылып тартылған арқанмен сығып байлап ауылға барғанша бір тал шөп жерге түспейтіндей қылып тиеу- өнердің өнері. Оның үстіне бұл жұмыс шөп тиеудің ең соңғы процесі болғандықтан адамдар әбден шаршайды, оның үстіне шөп тиеу барысында талай рет «шаң басу» дегенің болады, шөпшілер «ащылайды» ғой, «ащы» құрымағырың буындарына түседі.

Ауыл адамдары шөп шабу науқанына дайындалған кездерінде «ащы суды» ерекше көп жинайды, біраз уақыт бойы әйелдері күйеулерінен «тығып» жи-настырады. «Ащы сусыз» шөп шабылмайды, жиналмайды, тиелмейді, аулаға түсірілмейді. Сондықтан, әшейінде күйеулеріне күңкілдеп күн бермейтін әйелдер шөп науқаны басталысымен қолдары ашылып өте мырза болып кетеді, «ащы суының» жеткілікті болуын өздері қадағалайды. «Шөп басына» да, тиеп келетін адамдарға, ауылдағы шөп түсіріліп болғасын шай дастарханына да жеткілікті қойылады, обалы не керек, сараңдық болмайды. Ауылда осы кезде шөпшілер үшін бір рахат мезгіл орнайды. Біздің ауылда нағыз коммунизм орнайды. «Қайдан «ащы су» табылады» деген басқа мезгілдегі әдеттегі «сұрақ» түбірімен жоғалады, себебі күнде бірнеше үй шөп түсіріп жатады, шөпшілерден аяйтын ештеңе бол-майды. Әйелдердің барлық «тықпалары» сол мезгілде жарқырап дастарханға, шөпшілердің дастарханына, келеді, еттің де дәмдісі, «ащы судың» да дәмдісі, балалардан тығып қоятын кәмпиттердің неше түрі, компоттардың да түр-түрі, колбасалар, түрлі банкаларда жабылған ащы оғұршық, пимадорлар (біздің ауылдың кемпірлері осылай айтады), ащы қуырдақтар ... Ол заманда тамақтың түрі аз болатын, жоқшылық емес, бірақ аз. Тет Маруся мен тет Варяның эмаль-ды он литрлік шелекке салған «малосольный» оғұршық, пимадорлары бетін аппақ марлямен жауып базарға шығарғанда любой адамның, әсіресе, бір рет те болса дәмін татқан адамның, аузының сілекейін шұбыртатыны сөзсіз. Сондай

Page 29: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

29

оғұршықтарды өздері де дайындап, көбінесе сол орыс әйелдерден сатып алып, шөпшілердің дастарханына қояды. Осылайша тиелген шөп ауылға жеткенше жол алыс, даланың ойқы-шойқы шоқалақ жолымен машина ыңыранып, күшеніп көк түтіні будақтап, кейбір жерлерде ауып кететіндей бір жағына қисайып ба-рып түзеліп, әйтеуір үйге әрең барады. Сондай жолда бір тал шөп түсірмейтіндей қылып тиейтін жігіттер біздің ауылда санаулы ғана. Оларға шөп тиеткізу үшін ауыл адамдары кезекке тұрады. Соның біреуі, марқұм Қаби Кенжеғалиев. «Ақ шөптің» соңы «бұйырғын трест» деген қызу науқанға ұласады. Содан жаңбырлы күздің соңы, жерге алғашқы қар түскенше «бұйырғын трест» жалғасады. Бұйырғын шабу дегенің өте ауыр жұмыс, оның қасында ақ шөп шабу баланың ермегі сияқты, курортта демалған сияқты болып қалады. Бірақ шөп шабу науқаны біздің ауылда өте қызу жүреді, ақ шөп те, бұйырғын да. Ауылдың адамдары бір-бірлеріне шын ниеттерімен көмектеседі, асарлатып жұмыла кірісіп, қанша маши-на болса да ауылдың барлық малына қыстық азықтық шөп шабылып, жиналып, түсіріліп алынады. Қазіргі замандағыдай ақысын бермесе қимылдағысы келмей қиқаңдайтындар жоқ, жалқаулар да жоқ, барлық жігіттер білек сыбана кірісіп кететін. Жігіттердің сондай ақ ниеттеріне дастарханың да мол болуы керек, әсіресе ... «көкмойындар». Біздің ауылдың әйелдері оны өте жақсы түсінеді, біледі. Жай күндері қанша жерден «жыланғандарымен» шөп науқаны басталысымен «көз жастары» тиылады, қолдары ашылады, бірден жомарт болып шыға келеді. Әшейінде ауылдағы кейбір тілі ащы, ауыздары жеңіл қатындардың қарғап-сілеп айтпайтын сөздері қалмайтын жігіттердің бәсі науқан басталысымен шарықтап шыға келеді, қазіргі тілмен айтқанда, рейтінгісі өте жоғары деңгейге көтеріледі, «Бәленшежан», «Түгеншекең» болып қай үйдің болмасын төрінде талтайып тұрып жататын болады ол жігіттерің. Ауылдағы барлық тәтті тағамдар мен «ащы-тұщылар» солардың ауыздарына тосылады. Ішкендері алдында, ішпегені артында. Қыс түскенше, шөп науқаны аяқталғанша. Адам болғасын кейде шәлкем-шалыс келіп қалатын, «қызулау» жүргенде жұдырықтасып та қалатын кездер болады. Жылда қайталанатын «круговорот». Қайран дөңгеленген дүние-ай!!! Қайран біздің ауылдың нар жігіттері-ай!!! Келесі науқан басталысымен көңілдерінде титтей де кірбіңі болмай, ешкімге реніштері болмай науқанға бір үйдің балаларындай білек сыбанып кірісіп кетеді. Шөп науқаны кезінде біздің ауылда кішігірім коммунизм орнайды. «Не ішемін, не жеймін» деген пробле-ма жоқ, «Барлығы шөпшілер үшін!» деген қызыл матаға «жазылмаған» лозунг әр үйдің ауласында өте ірі әріптермен жазылып ілулі тұрғандай болады. Енді қайтсін, біздің ауылдың қысы өте қатты, қары қалың, бораны көп, аязы күшті. Оның үстіне айнала толған қыстай қатпайтын батпақ тұзды сор, құрғақ жердің өзі қара саз, сәл ылғал тисе болғаны балалардың пластилиніндей жабысып ай-рылмайтын балшыққа айнала қояды. Резинка етігіңді әрең суырып жүресің, кей-де балшықтан суыра алмай қалып та қояды. Күз түсе жаңбыр басталады, суық жаңбыр, мал қорада тұруға мәжбүр болады, шығарсаң сордың батпағына кіріп кетуі мүмкін, не аяқтарын балшықтан суыра алмай жайылып жарытпайды, не батпаққа кіріп кетіп үйге қайта алмайды, іздеп әуре боласың. Ал қыста сірә да ауладан шығармайсың ғой. Ноябрьден келесі жылғы марттың ортасына дейін

Page 30: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

30

қолда болады, тірнектеп жинаған шөбіңді азық қылады. Сондықтан да ауылдың адамдарының шөп науқанына қатты дайындалып, ұзақ қысқа жететін мал азығын жинап алуға тырысатындығы. Кей жылдары қыстың созылып кететіні де бар, март туғанмен көктем шыға қоймайды, мал қолда тұра береді. Көп қылып жинап алған шөбің жетпей қалып қолдағы мал сабан, томаша кеміріп қалатыны да болады. Міне, осылардың барлығын ойлаған біздің ауылдың әйелдерінің қолдары «ашылып», өте-мөте жомарт болып, шөпшілерге аса бір ілтипатпен көңілдері түседі. Шөп көп жиналса қолға қарап қалған мал қыстан күйлі шығады, түйелер қыстай сауылады, ерте туған төлдерге де енелерінің сүті керек деген-дей ғой. Біздің ауылдың әйелдері осылардың барлығын ертерек ойлайды ғой, мырза болмай қайтсін. Мал ұстамаса, қолында малы болмаса өмір сүре алмайтын қазекең ғой, тіпті біздің ауылдың орыстары да мал ұстады, шөп түсірді.

Шөп шабудың «мастері»- менің атам. Шалғы орақпен де, кетпенмен де, түйе түренмен де шабады. Шалғы орақпен шөп шауып Жайбергенмен жарысқа түскенін өз көзіммен көрдім, куә болдым. Атам жетпістен асқан қарт, Жайбер-ген жас жігіт. Екеуі де алдырмады. Атам жас жігіттен қалыспады. Жайбергенді мақтады. Атам өте қайратты болатын. Атамның қайраттылығының тағы бір көрінісі, мені ертіп ауылдағы Нәріш деген кісінің үйіне тойға бардық. Тойларға атам мен мамамнан қалмай барамын, ертіп жүреді. Үйінің алдына біраз адамдар жиналып қалған екен, біздер де келіп қосылдық. Атама орын берді. Атамның жасы сол кездерде сексенге жақындап қалды. Бірақ жас жігіт сияқты сықиып тұр. Қызыл шырайлы, денесі тіп-тік. Жасы қырықтардан асқан бір жігіт ағасы атам-мен әзілдесіп отырып, сәлден кейін бәстесе кетті. Бәстесудің шарты атам мен әлгі адам күресуі тиіс, жеңілген адам бір машина шөпті жеңген адамның ауласына түсіріп береді. Күз енді басталған шақ, шөп шабылып жатыр. Тойға жиналғандар кеу-кеулеп екеуін ортаға шығарды, өздері дөңгеленіп қоршап тұра қалысты. Атамның да, ана адамның да белдеріне орамал байланды. Күрес басталды. Анау болса жас адам, атам-қарт, қарт болса да ширақ, күші бар. Белдесе кетті. Атам әлгіні белінен мықтап ұстап жерден көтеріп алды, айналадағы жұрт айқай-шу көтеріп, ысқырып мәз болуда. Бір айналдырып жіберіп атам ананы жерге жауы-рынымен жатқыза қойды. Тыпырлап жатырған жеңілген адамның басынан аттап жіберіп: «Шөбіңді түсіріп беруді ұмытпа» деді. Бұл да болса біздің ауылдағы шөп науқанының бір хикаясы. Тоқсанбай жаққа мотоциклі барлар, жұмыс көлігін ай-дайтын шопырлар барып шөп шабатын, алыс қой. Шөбі шүйгін болғанымен ау-ылдан алыстау. Атам сияқты шалдар ауылдың маңында, оншақты шақырымның о жақ, бұ жағындағы жерлерден шөп шабады. Кішігірім алаңқайлардан теріп шаба береді. Бесбөлектің сорларының ара-арасындағы машина бара алмайтын жерлердегі шөптерді шауып түйе арбамен тасып та бір қысқа жетіп артылатын мал азығын жинап ала беретін біздің ауылдың шалдары. Машина айдайтын шо-пырлар патшамен тең. Бұйырғын деген шөп өте құнарлы шөп, ақ шөптің екі-үш айырын жегенде тоймайтын мал, әсіресе, түйе малы, бұйырғынның бір айырын салсаң біраз уақыт қаужайды, тояды. Бұйырғынның қасында жусан сияқты тағы да бірнеше қатқыл шөптер болады, араласып жүреді, сондықтан да құнарлы болады. Бұйырғынның шабылуы да, жиналуы да, тиелуі де қиын. Ауыр жұмыс.

Page 31: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

31

Бұйырғынды кетпенмен де, түйе түренмен де, машина түренмен де шабады. Шал-дар негізінен кетпенмен, түйе түренмен жайлап шаба береді. Кетпенмен шапқан шөптің топырағы болмайды, таза болады. Түренмен, әсіресе, машина түренмен шапқан шөпте топырақ көп болады. Түрен ең жаман құрал, бұйырғынды түп-тамырымен қырқып, қопарып кетеді. Түрен түскен жерге жуық арада шөп шыға қоймайды. Ақ тақыр болып жатады. Оны ойлап жатырған ауыл адамда-ры жоқ, малына қыстан шығатын шөбін алса болғаны. Түренмен шабылған бұйырғынның жиналуы да қиын, қопарылған жермен, топырағымен бірге тыр-малап жинауың керек. Өте ауыр. Шоқа салу, шөмеле салу дегенің де қиын, бір айыр шөптің салмағы ақ шөптің бір айырынан көп ауыр. Және, осы бұйырғын шабатын кезде күз түседі, күн суытады, жаңбыр да басталады, кейде арты қарға да айналып жатады. Кетпенмен, түйе түренмен ауылға жақын маңнан шауып, ар-бамен, не болмаса, машинамен тиеп алып келу бір басқа. Себебі, бұндай әдіспен шабылған шөп асығыс тасылып алынбайды. Асықпай шабылады, асықпай жи-налады, арбамен біртіндеп тасыла береді, не болмаса, шөмеле саны машина то-латындай болғанда ауылдың бір машинасымен келісіп бір күні жұмыстан кейін бірнеше жігіттермен барып тиеп алып келе қояды. Әрі ауылға жақын, әрі көп уақыт кетпейді, әрі шабылған шөп те таза. Топырағынан біршама тазартылған. Ал ең жаманы машина түренмен бір күнде шауып, сол күні асығыс жинап, сол машинамен сол күні тиеп алып келіп түсіру. Бұл әдіс өте асығыс әдіс, өте нашар әдіс, бірақ адамдар бір шаршайды, шаруа бір күнде бітіп қалады.

Атаммен, мамаммен бірге ала таңнан тұрып, түйеге мініп талай рет шөп шабуға бардым, қолқабыс қылдым. Ең есімде қалғаны, жас баламын, таң атар атпастан ұйқыдан тұрғызып, түйеге отырғызып шөпке алып кетті. Ұйқым ашылмаған, бұтта дамбалдан басқа ештеңе жоқ. Екі өркештің ортасында ұйқымды аша ал-май маужырап келе жатырмын. Қанша жүргенімізді білмеймін, бір жерге келдік. Мені атам көтеріп түсірді де жерге қойды аяқтарыммен. Аяқтарымды сезбеймін, жоқ сияқты, бұтым арасы удай ашып бара жатыр. Мамам көтеріп алып жер-ге жайылған алашаның үстіне жатқыза қойды. Ұзақ жүргеннен, талтайып отырғаннан аяқтарым талып қалыпты, ұйып қалған. Оның үстіне түйенің арқа терісі бұтымның арасын, шабымның арасын қажап тастаған, қызыл шақа бо-лып, түйенің арқасынан шыққан тұзды тер жағылып удай ашып тұр. Жағдайым өте мүшкіл. Талтаңдап жүре алмаймын, шаптарымның арасына, екі санымның ішкі бетіне тұз сеуіп қойғандай ашиды. Ұйқылы-ояу күйімде қалғып оты-рып байқамаппын. Бұтымның жағдайын көрген мамам атамның «сыбағасын» беріп жүр (әрине, маған ғана естіртіп). Сулы шүберекпен сүртіп, майлап қойды. Біраздан кейін ойнап кеттім.

Ал осындай азапты еңбекпен шабылатын, жиналатын шөпті мен темекі тар-тып өртеп жібердім. Қаншама машина жиналған ауладағы шөп өртеніп кетті десейші. Күздің кезі. Аулада тығылыспақ ойнап шауып жүрген біздер шөптің ешкілер ойып жеген қуысына тығылдық. Бір бала қалтасынан темекі шығарды, екеуіміз тұтаттық, аздап тартқан болдық, қақалдық, шашалдық. Ақырында сөніп үлгермеген (үлкендерден көргенімізді істеп ұшына түкіргенбіз) темекінің тұқылын лақтырып тастап тығылған жерімізден шығып шауып кеттік. Ойы-

Page 32: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

32

мызда дәнеңе де жоқ ойнап жүргенімізде ауланың бір шетінен қою қара түтін шығып жатырғанын байқадық. Көрші Қайыр ойбай салып шауып жүр. По-жарный шақырды, ауыл адамдары жиналды. Сөндіріп жарытпады. Ауладағы бірнеше машина шөп өртеніп кетті. Атам мен мамам шөпте болатын, үйде тек Нұраш екеуіміз ғана. Біздің ауылда болған менің есімдегі жалғыз өрт осы, басқа өрт болған емес, мен ауылдан Алматыға кеткенше. Атам мен мамам келді. Ақ шөптің науқаны, былтырдан қалған қурап тұрған шөптің үстіне жаңадан шабылған шөп қосылып жатырған кез. Күн әлі ыссы. Өртенген шөптен шыққан қарақұрт (уы әбден піскен кезі ғой) мамамды шаққан, мамам өлуге шақ қалды. Мен қорыққанымнан Балжанның үйіне қашып кеттім. Артынан естідім ғой, ашу бойымен мені іздеп шығуға ұмтылған атаммен мамам жалғыз арпалысып, ой-байын салып жүріп, маған жібермей қалыпты. Көрші Қайыр талай рет: «Әй, бала, мамаңа рахмет айт, әйтпегенде Бисекең сол күні сенің жоныңнан таспа тілетін еді» деп. Мен ол айтпаса да білемін атамның қаһарын, ашуының қатты екенін, соны білгендіктен де қашып кеткен жоқпын ба. Атам мені ерекше жақсы көретін, еркелететін, бірақ тайраңдатпайтын. Ал мамама сөз жоқ қой, жанын беруге бар ғой. Біз үшін атам түгіл арыстанмен де алысуға бар болатын. Сол күні кешке қарынынан қарақұрт шаққан. Бір өлімнен қалды ғой қайран мамам. Больницаға жатып әрең жазылды. Міне, менің тигізген пайдам. Қазіргі кезде өзімше ба-лаларыма, немерелеріме ақыл айтамын, ал өзімнің қалай өскенімді ұмытқан сияқтымын. Тіпті де ұмытқан жоқпын. Жасым келгесін ақылды болып отырмын, үлкендік «обязывает». Атамның қамшысынан мамамның кең көйлегінің етегіне талай рет кіріп кетіп тығылдым ғой. Қазіргі кемпірлердің киетіні шалбар, не болмаса етегі қысқа көйлек, немерелерінің бірдемеден қорыққанда тығылатын, кіріп кететін, тіпті жабысып ұстай алатын етегі де жоқ. Біздің бала кезіміздегі кемпірлердің көйлектерінің етегінің астына қанша бала сиып кетеді десеңші. Сол кездің кемпірлеріне жететін кемпір жоқ қой, шіркін. Жалпы ауылдың кемпірлерін нағыз қазақтың кемпірлері деп айтуға болатын шығар, ал қазіргі қаланың «кемпір» деп аталып жүргендері кемпірлерге мүлдем ұқсамайды, олар немерелерінен гөрі өздерін көбірек ойлайды, боянады, таранады, тіпті көпшілігі немерелерінен қашады да. Тойларға «боқмұрындарын» сүйретіп бармайды, немерелері де әжелерінің етектеріне жармаспайды, етегі жоқ болғасын, шалбар киеді ғой, несіне жармассын?

Сол балалығымның тағы бір суретін көз алдыма келтірген бір жайды жа-зайын. Бұған себеп болған кәбрөшке. Кәбрөшке. Бұл не? Таба алмадың ба? Мен де бұл сөздің мағынасын жасым елуге тақағанда кездейсоқ таптым. Таптым да қуандым. Сәби кезімдегі достарымның біреуін кездестіргендей қуандым. Тоқсаныншы жылдардың аяғында, ол кезде Ақтауға көшіп келгенбіз, дема-лыс сайын Ермек екеуіміз базарға тамаққа барамыз. Ол алдында, мен артын-да. Ол сатып алушы, мен тасымалдаушы жүкшімін. Менің екі қолым толған па-кеттер, ол тамақ толы қатарларды сүзіп қарап әлі бірдеңелерді іздеп жүр. Мен шаршап, әрең ілесіп, салпақтап еріп келемін, арамыз едәуір қашықтап кеткен. Менің жүрісім өнбей келеді. Солай келе жатырғанымда көзімнің қиығына бір киосканың әйнегінің арғы жағында тұрған таныс бірдеңе ілінгендей болды. Ор-

Page 33: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

33

нымда қалт тұра қалдым. Есіме түсер емес, не көргенімді өзім де білмей әлекпін. Бірақ өте таныс, баяғы заманда кездескен тұманды елес сияқты бірдеме. Кері бұрылып киосканың алдына бардым, қарадым. Таба алмай тұрған сияқтымын. Бір мезгілде таптым. Көзіме оттай басылды. Бала ғашығымды көргендей көзімді ала алар емеспін. Тымпитып целофан қапшыққа салып әдемілеп қорап жасап қойыпты. Сыртындағы жазылған атауы басқаша. Атауымен шаруам жоқ, іздеген нәрсемнің өзін көргеніме мәз болып мен тұрмын. Кем дегенде қырық жылдан асатын уақытта кездесіп тұрғанымды көрмейсің бе. Ойпырмай, ә! Қапшық қалтаның сыртына әдемілеп «Пряник» деп жазып қойыпты. Сол бойда айқайды салып, базарды басыма көтеріп, менен ұзап жоғалып кеткен Ермекті шақырып алдым. Ол байғұс маған бірдеңе болып қалған екен деп жүгіріп жетті. Мен оған пряникті көрсетіп бірнеше қалтасын алуын сұрадым. Ол түкке түсінер емес. Білмейді ғой, білмегесін қайдан түсінсін. Алды. Сол бойда бір қалтасын бұзып біреуін алып ауызыма салдым. Құдды сәби сияқты болдым. Жұп-жұмсақ, тәп-тәтті. Енді бұл қылығымның тарихын, хикаясын баяндайын. Сәби кезімде мамам ауылдағы бір тойға мені ертіп барды. Мамам баратын тойлардан қалған емеспін, етегіне жармасып барамын, жеймін, ішемін, сол жерде мамамның тізесіне ба-сымды қойып ұйықтаймын, ұйқым қанғасын ойнаймын, құлақ жеймін, сирақ та жеймін. Бәрін жеймін, себебі мен атам мен мамамның баласымын, оларды елдің бәрі сыйлайды, сыйлағасын маған бәрін береді. Сол тойдан қайтып келе жатырғанда мамам маған «кәбрөшке» деген бірдемені берді. Ауызыма сал-сам қап-қатты, тастай бірдеме. Жалап қарап едім, тәтті сияқты. Тістеріммен мүжіп, қизалап қажап дәмін алдым. Ұнады. Сол кәбрөшкені қалтама салып жүріп қанша күн қизалап, жалап дәмін алып мүжігенімді өзім де ұмыттым. Көп күндер. Ешкімге көрсетпей, балалар жоқта қалтамнан шығарамын, жабысқан қиқым-қоқыстарды алақаныммен сипап, үрлеп түсіремін, барымша тазартқан боламын, сосын іске кірісемін. Ойпырмай, мұндай тәтті болар ма?! Тауыстым ба, тауыса алмай жоғалтып алдым ба, білмеймін. Ұзақ кемірдім. Қандай тәтті бол-са, соншалықты қатты да еді. Шіркін, керемет еді. Кәбрөшке дегеннің жұмсақ болатыны үш ұйықтасам да түсіме кірмес. Енді міне, жасым елуге тақағанда қайта кездескен жерімізді көрмейсің бе? Сәбилік кезім қайда, қазіргі заманым қайда? Ол кезде мен боқмұрын, мамамның көйлегінен қалған шыттан дамбал киетін, қарасирақ жүдеу, арық қара бала болсам, қазір жаман-жақсы болсын төрт баланың әкесімін, өндіріс басқарып, қарамағымдағыларға өзімше ақыл айтатын орта жастағы азамат деген атым бар адаммын. Ал істеп тұрған ісімнің түрі мы-нау, сәбиге ұқсап базардың қақ ортасында кәбрөшке кеміріп тұрмын. Күлермісің, жылармысың? Сол сол екен, мен енді пряник деген кәбрөшкемнен айырыл-майтын болдым. Дүкенге, базарға тамақ алуға шыққан біздің үйдің адамдары маған кәбрөшкемді міндетті түрде алып келеді. Бұл біздің үйдің бұлжымайтын заңына айналғалы қашан. Балаларым мазақтайды: «Әй, біздің папаның прянигін ұмытпаңдар» деп. Қай баламның үйіне шай ішуге барсам да дастарханда менің кәбрөшкем тұрады. Бұл да заң. Ойпырмай, бала-ғашық деген қызық болады екен ғой. «Кәбрөшке» деген сөз дұрыстап орысша айтқанда «коврижка», бірақ дұрысы пряник екен. Сол сәби кезімдегі кәбрөшкем өте қатты болды, сірә менің қолыма

Page 34: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

34

тигенше қанша уақыт ашық жатқанын, кепкенін кім білсін. Кәбрөшке жұмсақ бо-лады деп ойламаппын да ғой. Мамамның орысшасы Мейрамбайдың мамасының орысшасынан да асып кетті ғой. Жарықтықтың соған тілі келгеніне мың шүкір. Ең бастысы, қолындағы бар тәттісін менің ауызыма тосып тұр ғой. Мен әлі күнге мамам сияқты кәбрөшке деймін.

Сәби күнімді еске алғанда ойымнан кетпейтін тағы бір сәтті айтпасыма бол-май тұр. Ол- менің Меткіл мамамның табананы. Қазақтар үйдегі ошақта жанған малдың қиының шоғына екі шойын табаның ортасына қамырды илеп, нан сияқты қылып салады. Бір табаға салып, екіншісімен үстін жабады да табалар-ды қидың қып-қызыл шоғымен жақсылап көмеді. Піскеннен кейін алады, қалың орамалмен жылы орап пештің қасында баппен суытады. Әбден суып қалмай тұрғанда қолмен сындырып (қазақтар нанды темір пышақпен кеспейді, қолмен сындырады), арасына қолдың сары майын жағып жейді. Ыстық табананның ор-тасына түскен сарымай еріп езуіңнен ағып жатады, қызара бөртіп, кей жерлері күйіп піскен нанның сыртқы қабығы тісіңде қытырлап сынып жатады, нанның ішкі жағы сарымай сіңіп өте жұмсақ болып дәмі тіл үйіретіндей тәтті болады. Шіркін, бұндай нанды жеген де арманда, жемеген де арманда. Қазіргі заманда духовкаға арасына неше түрлі дәмдер салып пісірілген пирогтардың дәмі он-дай нанның дәміне жетпейді. Қидың шоғына, шойын табаға салып пісіргенге не жетсін. Сыртының қабығы қызарып, қытырлақ болып тұрса... Менің марқұм Меткіл мамам табананның шебері еді ғой. Жатқан жері жұмақ болсын, талай езуімізден сарымайымыз ағып, қабығын қытырлатып жедік қой. Қазандық астында от алаулап, біздер мамамның тізесінде табанан жеп жатамыз, далада қарасуық жел уілдеп ұрып, жаңбыр төпелеп құйып тұрады. Ал біздер мамамның тізесінде рахаттанып жатқан күйімізде ұйықтап та кетеміз. Менің марқұм Меткіл мамамдай табанан пісіретін адам жоқ шығар бұл әлемде?!

Ауылымның адамдары күні бойы үкіметтің өндірісінде жұмыс жасап, одан кейін қолындағы малдарына шөбін шауып, малын баптап тыным таппайды. Еңбегінің жемісін экологиялық таза тағам ретінде (малының сүті, еті, майы, қаймағы, шұбаты, көжесі, құрты ...) пайдаланады. Үнемі тыным таппайтын қозғалыста болады. Ал осы заманғы қаланың адамдары мал ұстамайды, шөп шаппайды, барлық жұмысын техниканың күшімен атқарады, көп қозғалмайды, артық қозғала қалса, бірден шаршайды. Нәтижесінде дүкеннің етін жейді, сүтін ішеді, майын жейді ... Барлығы дәрі-дәрмектің күшімен, химикаттар қосылған жемдермен қоректенген малдың нәрсіз, құнарсыз дүниелері. Тіпті ол замандағы «көк мойын Московскийдің» өзі де қазіргі кездегі дүкендерде толып тұрған «ке-ремет арақтардан» таза болды, салыстыруға болмайтындай таза еді.

Міне, мен өзімше, әлімнің жеткенінше өз ауылым жөнінде жазған болдым. Ең болмағанда балаларым, ұрпақтарым оқысын, білсін: «Бір замандарда жер бетінде Сағыз деген ауыл болған екен, ауылының адамдары керемет болған екен, біздің әкелеріміз, аталарымыз сол жерден шыққан екен, ойнаған екен. Әкеміз, атамыз соншама мақтаған қандай жер екенін көріп келейік» деп айтып қалар деген ой ғой.

Page 35: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

35

БалалыҚ шағыМның Бал күндері

Ауыл баласының ойнайтын ойындарын айтып тауыса алмаспын. Тек ойын ғана емес, шаруасы да. Үй шаруашылығының көпшілігі солардың мойынында, бірақ «баланың істегені білінбейді» дегендей олардың жұмысы ылғи да «көрінбей» жатады. Бір қызығы, сол бала бір жаққа кетіп қалатын болса, орны ойсырап қалады, күнделікті атқаратын шаруаларының қаншалықты ауқымды екендігі сол кезде ғана көріне қалады. Үлкендердің айтуынша: «Қолдары кесіліп қалады». Шөп шабу, малдың боғын алу, шөп салу, жатар орынын дай-ындап қою, суару сияқтыларын. Бұлар жұмыстың шет-шепірі ғана. Олардан басқа жұмыстар да бар ғой. Өзімнің басымнан өткендерін жазайын, бұлардың көпшілігі біздің ауылдың балаларының басындағы жағдай, біреуі сәл былай, екіншісі сәл олай дегендей. Үлкендердің күнделікті сансыз жұмсап жатқан жұмыстарынан бөлек, балалардың өздері біліп жасайтын мойынындағы міндетті жұмыстары. Көктем шыға үйдің жанына огород егу басталады. Бұл менің сүйікті жұмысым. Көрші үйлерден екі шелекпен жаздай шидей аяқтарым майысып (бұтымның қисық болғаны содан да болар) тасып суарамын. Жеген өніміміз де шамалы, бірақ соларды егіп, суарып баптау мен үшін бір қызық дүние, қылтиып жерді жарып шығып келе жатырғанын көрсең ғой. Жалықпайтынмын. Оның арасында өзіңнен кейінгі өсіп келе жатырған бала-ларды тербету, ойнату, балабақшаға (өзім детсадта болмадым, атам мен ма-мам бақты) алып барып, алып келу, үйдің жайындыларын далаға шығарып қағып алу, еден жуу дегендер бар ғой. Қыстай малдың астында иленіп қалған боғын қи қылып ойып алып, далаға тасып, күнге жайып кептіріп, аударып, әбден кепкесін тас қалағандай қылып шахмат кестесіндей текшелеп қалап қоясың. Содан кейін қыстай мал қорадан далаға шығарылған, тау болып үйіліп тұрған малдың боғынан тезек басу да жұмыстың біреуі. Малдың боғы бірнеше төбе болады. Соларды су құйып (шелекпен тасылған су ғой) езіп, шылапшындарға салып алып, жалаңаяқпен нығыздап таптап төңкеріп тастайсың. Бұның да шеті-шегі көрінбейтін ұзақ жұмыс. Біраз жерді алып жатырған ылғал тезектерді күннің көзі кептіргесін, аударыстырасың, арты-нан оларды да қи сияқты шахмат кестесі тәрізді қылып төбесін шошайтып жи-нап қоясың. Сол жерде біраз уақыт жел қағып кебеді, әбден кепкен кезінде сыңғырлап жеп-жеңіл болып кетеді. Қи да, тезек те қыстай отқа жағылатын отын. Қидың да, тезектің де отқа жанғандағы иісі, түтіні қазақ үшін, ауылда өскен адам үшін тамаша иіс қой. Ал енді ауылда жаз бойы саман тас басу жары-сы басталады. Саз балшыққа сабан, малдың боғын араластырып илеу керек. Иі әбден қанғанша жалаңаяғыңмен илейсің. Табаныңа шөңге кіреді, аяқтарыңды балшықтан суыра алмай шаршайсың. Үлкендер де илейді, бірақ негізінен ба-лаларды салады. Иі қанған саман балшықты қалыпқа салып тағы да нығыздап басасың, содан кейін төңкересің. Қалыптың ішін саман балшықпен толтырар-да сулап алу керек, әйтпесе қалыпты суырып алу қиынға соғады. Иі қанбаған саман балшықтан жасалған тас шашылып қалады, кейде кепкенде, кейде

Page 36: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

36

қалыптан түсіріп жатқаныңда. Саман балшық илейтін саздың да түрі болады, соны білу керек. Жерге жайылып тасталған жаңадан басылған тастар ылғалы кепкенше күннің көзінде жата береді, бір жағы күнге кепкесін екінші бүйіріне аударасың, барлық жағының ылғалы кепкесін оларды да қи, тезек сияқты шахмат кестесі тәріздес формада қалап, жинап желдің әбден кептіруіне қалдырасың. Әбден кепкен кезде саман тас та жеңілдейді, сыңғырлайды. Қанша тас басылатыны не салатыныңа байланысты, кейде түгелдей үй де са-лынады, кейде бұрыннан салулы тұрған үйге бөлме қосылады, жазда шай ішетін сарай салынады, мал қора салынады ... әйтеуір бітіп болмайтын шеті де, шегі де жеткізбейтін құрылыс жүріп жатады. Жаз сайын солай. Қабырғасы осы таспен көтерілген үйдің, бөлменің, қораның, сарайдың төбесін жабатын қамыстан «маты» жасалады. Қамыс маты тоқу да өнер. Оны да бір кісідей тоқыдым, тоқи білемін, талай қолым қамысқа кесілген, солай үйренгенмін. Ол үйдің, сарайдың, қораның қабырғасын майлау, сылау, штукатурка жасау керек, балшық езу керек. Жоғарыда жазған тезек басу, саман тас илеу, басу дегендерің қазақы үйде тұратын балалардың «бағына» тап болған жұмыстар, корпуста тұратындардың үйлері орталықтан қыздырылады, олар үй салмайды. Көктем шыға тұрған үйіміздің сыртқы қабырғаларын майлап, одан кейін әдемілеп ақтаймыз, терезелерді түсіріп жуып жарқыратамыз, «кәшегін» сырлаймыз. Известка деген бәле бар, кейде дұрыстап күйдірілмесе, қолдарыңды оңдырмай ойып тастайды. Ой, сұрама, жұмыс дегенің жетіп артылады. Бұлардан басқа ауланың шарбағының бұзылған жерлерін жөндеу, қозы-лақтарға, боталарға даладан жас шөп жұлып алып келу, оларды ауылдың айналасындағы өріске шығарып бағып, жайып келу, велосипедпен, не мотоциклмен өрістен үйге кел-мей қалған «жайрағырларды» іздестіру сияқты көптеген жұмыстар бар ауыл баласының мойынына ілінген. Осылардың барлығының арасынан ойын ойнауға да уақыт тауып жатамыз. Ойынның түрлері де әр маусымға сәйкес өзгеріп тұрады. Қыста хоккей, коньки тебу, шанамен сырғанау болса, көктемде ләңгі (мәлік ойнау) тебу, асық ойнау, тиын ойнау (жарға соғып шұңқыр-қазанға түсіру), жазда футбол ойнау, Сағыз өзенінің тұзды суына күні бойы шомылып, күнге қақталу, үйден картошка ұрлап «походқа» шығып шоққа көміп пісіріп жеу, адастырмақ ойнау (казаки-разбойники), түнге қарай шалдардың ешектерін ұрлап мініп жарысу, водокачка ауылға бақшаға ұрлыққа түсуге бару, овощной магазинге түсіріліп жатқан қауын-қарбыздарды ұрлау, мамамның досы, садтың қарауылы Қилым кемпір қоритын садтағы тутовник, жидектерді ұрлау ... ойынның түрі жетеді ғой. Соның арасында оқуға да үлгеру керек. Әдеби кітап оқу тағы бар. Мен үшін әдеби кітап оқу бірінші орында тұрды, сабақ одан кейін тұрды. Химия пәні аздап қиындық туғызды, онша керім жақтырмайтын едім, ал қалған сабақтар еш қиындықсыз басыма қонатын, гуманитарлық ауызша сабақтар екібастан ғой. Әдеби кітап оқыған баланың ондай сабақтарға тілі де, ойы да жетік болатыны белгілі дүние. Әріп танығаннан ертектер мен батырлар жырларын оқи бастадым да, артынан фантастикаға, теңіз қарақшылары жайлы хикаяларға, әлемді кезген саяхатшылардың қол жазбаларына, шым-шытырық қызыққа толы бастарынан кешкен хикаялары-

Page 37: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

37

на, содан кейін тарихи романдарға, шығыстың ұлы ойшылдарының, шайырларының жазғандарына, поэмаларына тісім батып кірісе бастадым. Одан әрі кітаптардың қызыққа толы тұңғиығына бата бердім, бата бердім ... әлі батып бара жатырмын, шыға алар емеспін. Шыққым да келмейтін сияқты. Бірнеше рет шұқшиып оқуды доғарып қарадым, болмады... Сәби кезімде ба-тырлар жырларындағы, ертектердегі әдемі салынған суреттерге қарап қиялдап жатып ұйықтап кететін едім, түсімде соларды көретін едім. Марқұм анамның «кітапты көп оқисың» деп ұрсатын жөні бар еді, тіпті кейде жатқан бөлмеме түннің бір уағында кіріп шамды сөндіріп, қолымдағы кітабымды алып қойып кететін де, таңертең: «Сен бұл оқуыңды қоймасаң бір күндері көзіңнен айырылып соқыр болып қаласың» деп қорқытатын. Кітап оқу жөнінде бір оқиға есіме түсіп отыр, кітаптың арқасында анамнан өмірімде бірінші де, соңғы да рет қатты мінез көрдім. Қақаған қыстың күні, күні бойы «Динаның крантының» қасындағы жалпақ сорға жайылған судың мұзына коньки теуіп, хоккей ойнаймыз. Рабочий ботинканың табанына әр түрлі конькиді шуруппен бекітіп алып, кейде пимаға аллюминий сыммен шандып байлап та, қолыңа клюшканың орнына соған ұқсас, басы имиген ағаштың бұтағын алып, шайбаның орнына әбден мыжырылып майысқан консервінің қаңылтырын пайдаланып ойнайтын едік. Қысқы каникулдың кезі болса, құдайдың бергені дей бер. Оқудың кезінде де барлық бос уақыт сол «катокта» өтеді. «Катоктың» да келісіп тұрғаны шамалы, кейде суы қата қоймайды, мұзы біркелкі емес дегендей. Үстіңдегі киімің түгел саудыраған мұз болып тұрады (ертегідегі батырлардың болат сауытындай сақырлап), илікпей аязбен қатып қалады да. Кешке үйге келгенде шешелерің «сауыттарыңды», аяқ киіміңді үстіңнен әзер дегенде шешіп алатын. Аяқтарыңа әбден су сіңген, суықтан домбығып қызыл шақа болып ісініп кетеді. Қолдарың да тап сондай. Үстіңдегі «сауыттарыңды» шешіп алғаннан кейін жүнін жұлған торғайдай болып бүрісіп, қалтырап, дірілдеп пештің түбіне жата кетесің. Байғұс шешең бұрқылдап ұрсып жүріп майкаңды, трусиыңды құрғақ киімге ауыстырады, үстіңе түйе жүн көрпені жылылап жабады. Жауды шауып келген батырлардай, үлкен ша-руаны бітіріп келгендей болып тәтті ұйқыға кіресің. Шешеңнің ауыз жаппай ұрысқанының шыбын шаққандай әсері болмайды, майдай жағып, ұйықтатын музыкадай болып әлдилеп жатады. Көзің қалай ұйқыға кеткенін білмейсің де. Бір уақытта зорлағандай болып, айқайдың күшімен ыссы тамақ ішкендей боласың. Болды, сенің «сауыттарыңды» шешең ертеңгі «соғысқа» дайындап пешке жайып, кептіріп, жыртылған жерлерін жамап қояды. Ертең тағы қайталанады. Қыс біткенше осылай. «Шайба» тиіп, «клюшка» деген шоқпар тиіп, құлаған кезіңде коньки тиіп жараланған денеңнің сау-тамтығы болмай-ды. «Соғыс» болғасын жарақатсыз бола ма?! Қалай көзіміз аман қалды десейші?

Кешке қарай үйдегі түйелерді кранттың басындағы астауға алып барып су-ару менің міндетім. Түйе дегенің бір маңғаз жануар. Сенің жаның шығып ойнағың келіп тұрғанымен шаруасы болмайды, жайлап, аяқтарын санап ба-сып маңғазданып әрең дегенде үйден крантқа әзер жетеді. Суды да сырпылда-тып («сырп-сырп-сырп» деп айтып аузың ауырады), астыңғы салбыраған

Page 38: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

38

ернінен суын ағызып, басын шайқап ернінен, шудасынан аққан суын айнала-сына, сенің үстіңе де шашып, асықпай ішеді. Суға қанып болмайды. Әбден қанбаса астаудан кері шығара алмайсың, трактормен сүйресең де орынынан бір адым қозғалмайды ғой, шіркінің. Сондай кезде жыным келеді, бірақ басқа кезде түйелерді (әсіресе, біздің үйдегі Ақтанауды) өте жақсы көремін. Қазақтың өзі өсірген түйелері қазақтың өзінен аумайды ғой, аумайды. Қазақты жылқы мінезді дейді, бірақ менің ойымша, түйелерден де жұққан мінезі бар екені шүбәсіз. Маңғазданып, маң-маң басып, ешқайда асықпай, жер шайқалса да мыңқ етпей өз жөнімен, не болмаса, қайда айдасаң сонда, жүре береді, тек шек-тен шығып ашуына тимесең болғаны. Қазақты маңғаз түйеге теңегенді мен дұрыс деп есептеймін. Кейбіреулер жылқы мінезді дегенге еш қарсылығым жоқ, ал кейбіреулердің қой сияқты момын, жуас дегеніне тіпті де қосыла ал-маймын. Осындай бір күні, күндегі әдетім бойынша үйдегі түйелерді жетек-теп кранттың басындағы астауға суаруға келдім. Түйелер су ішіп болмады. Балаларға қосылып ойнаған да емес, не жұмыс жасаған да емес, түйелердің ауыздарына қарап, босқа тоңып тұрғаның. Хоккейге кіріп кетуге болмайды, бірақ қызығасың, мына жайбасар түйелер жіпсіз байлап тұр. Сол заматта есіме кітапханашы Жәмила апайдың: «Бисенбай, іздеп жүрген кітабыңды бүгін алып келіп тапсырады, ұмытпай тапсырған бойда алмасаң тағы біреулер сұрап жүр» дегені есіме сарт ете қалды. Жюль Верннің қолыма тимей жүрген фантастика-сы ғой. Нурик (Нұрмағамбет деген кітапты көп оқитын, менен ересектеу татар бала, мамасы Майтап Меткіл мамамның досы, көршісі) оқып жатыр екен. Есіме қалай түсті, солай кітапханаға қарай қалай құстай ұшқанымды білмей де қалдым. Түйелер қалды жөнінде, бұйдаларын бастарына іліп қойғанмын. Кітапхана парктің арғы жағында, тіке тартсам крантқа жақын. Шарбақтардан секіріп құстай ұшып келемін. Жәмила апай кітапты маған дайындап отыр екен, кірген бойымда столдың суырмасынан суырып бере қойды, қолымды қойып көптен күткен кітабымды алдым. Мұқабасы әбден мүжілген, беттерінің шеттері мыжырылып әбден тозған кітап екен. Қолдан қолға өтіп жиі оқылатын сирек, өте қызық кітап екені көрініп тұрды. Сол бойда шыдамсыздана бірінші бетін ашып қарадым. Бітті ... Тұңғиыққа тартып ала жөнелді. Кітаптан басым-ды алмастан оқи отырып үйден бір шығыппын. Орталық көшемен аяқтарым өздері үйге алып келіпті. Есім шығып кеткені соншалық, түйелерді мүлдем ұмыттым. Шала шешініп пештің түбіне отыра қалып қызыққа баттым да кеттім. Қанша уақыт өткенін кім білген, үйдің іші қаракөлеңкеленіп қалған екен. Балжан даладан шелекпен көмір алып кірген, шешінген, шамды жақса пештің түбінде қараңғы жерде кітаптың қызығына беріліп мен отырмын. Аулаға түйелердің кірмегенін ол біледі, өзі сол жақтан келді (көмір қора сол жақта), түйелерді суаруға кеткен «мырзасы» кітап кеміріп, бұл дүниемен ісі жоқ, шамды жағуға әлі келмей отырған түрі мынау. Бір қолын екі ете алмай үкіметтің жұмысынан келе от жағып, көмір тасып, тамақ дайындап, шырыл-дап жылап жатырған кішкентай қарындастарыма тамақ беріп жанталасып жүргенінде пайдасы тиетін көмекшісінің мына түрін көріп қаны басына шапқан ғой. Баласының кітап десе ішкен асын жерге қоятын «әуейлігі» барын

Page 39: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

39

жақсы біледі. «Әй, Бәкөн, бұл не отырыс, түйелер қайда, шам жақпайсың ба?» деген шығар, бірақ мен естімеген шығармын, сірә. Мынандай оспадарсыздықты өзі шаршап келген адам қайдан көтере қойсын, қолымдағы кітапты жұлып алып жанып жатырған отқа лақтырып жіберді. Көмір салайын деп пештің ау-ызын ашып қойған ғой. Не болғанымды білмей қалдым, тіпті есімді де жиған жоқпын ғой деймін, жанып жатырған пешке жалаңаш қолымды тығып жіберіп кітапты суырып алдым. Бір шеті ғана күйе бастаған екен. Жанып кетуге үлгертпедім. Кітабымды бауырыма қысып алып үйден жалаңаяқ, жалаңбас, киім киместен атып шығып атамның үйіне қарай тартып кеттім. Қыстың кезінде қараңғылық тез түседі ғой, айнала қараңғы екен. Жүгіріп отырып атамның үйіне жеттім. Екі ауылдың арасы біраз жер, шалғай. Атам намаз оқып жатыр, мамам ойбайын салып мені құшақтай алды, тамақ пісіретін бөлмеге кіргізіп алып пештің түбіне менімен бірге жата кетті. Бұрқылдап ұрсып Балжанның сыртынан дымын қалдырмады. Атам да, мамам да біраз қаһарларына мінді. Балжан ертеңіне келіп менен де, атам мен мамамнан да жылап отырып кешірім сұрады. Барғым келмесе де әрең дегенде көндім, бар-дым үйлеріне. Түйелерін қалай жинап алғандарын сұраған да жоқпын. Жата-тын жылы қораларына өздері келген шығар. Анам Балжан марқұмның өмірімдегі ең алғашқы және ең соңғы рет менің бетіме қатты келгені еді. Соның өзінде менен кешірім сұрап аяғыма жығылды ғой, кінәлі мен бола тұрсам да. Артыңда арқа сүйейтін атаң мен мамаңның болғаны қандай кере-мет десеңші. Маңдайыңа шаң тигізбейді ғой, шіркін. Сол кез енді бір сәтке бол-са да қайтып келмейді ғой... Міне, кітап дейтін сиқырлы дүниенің маған тигізген бір пайдасы осындай болды. Қанша кітап оқығанымды кім санады дейсің, көп қой, көп ... Кітапханашы Жәмила апай Жюль Верннің шеті күйген сол кітабын (байғұс кітаптың көрмегені жоқ) тапсырғанымда маған айтқан сөзін ұмытқан да шығар. Менің есімде. Ауылда кітаптың соңына түсіп, қызық кітаптарды таңдап тауып алып оқитын балалар, ересектер бар екенін білдім, өзім де солардың қатарына ендім. Ауылдың баласы сабақтан келе тамағын ішіп алып түйе қора тазалауға кіріседі, астауға салып далаға шығарады, төгеді. Лық толы астауды сүйреу деген де оңай шаруа емес, Волга өзенінің бойындағы кеме сүйреген бурлактар сияқты. Тәшкені де (тачка ғой) пайдаландық, бірақ ол шылапшын астаудай емес, ауыр, жүре қоймайды. Түйелердің кешке жата-тын жеріне құрғақ күбір төгіп дайындайды. Аулада тұрған малдардың боқтарын «қағып» жинайды, алдарына шөп салады, жеп болған сабандарын бөлек жинайды. Ұсақ жандықтарға жылытып су береді, ірілерін суаратын жер-ге жетектеп барып суарады. Дүкенге нанға да бару мойнында. Арасында ойынға да үлгеру үшін жанын салып қимылдайды. Ешкім оны үстінен бағып қарап тұрып итермелемейді, өзінің міндеті екенін жақсы түсінеді. Қыстың қысқа күнінде үлгеріп қалу үшін барын салады. Бұл қыстағы шаруалардың бір бөлігі ғана, малға қатыстысы. Түнге қарай сабақтарын да қарай жатады, ұйқы жеңсе қисая да кетеді сол жерде. Нан, секері қолында. Ой, нағыз қызық өмір еді ғой. Телевизор, компьютер, кино дегендерді түсіңде де көрмейсің. Кино жұмасына бір рет болса болады, болмаса ол да жоқ. Кейде тиын болмай бара

Page 40: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

40

алмай қаласың, кейде жұмыс жасап жатып жібермей қалады дегендей ... Осылардың арасында шеті-шегі жоқ үлкендердің жұмсайтын шаруалары тау-сыла ма, солардың барлығына үлгеру керек. Ауыл баласының бітпейтін міндетті шаруаларын жазғандай болдым, ойынның түрлерін де жаздым. Шүлдік те, городки де ойнадық. Марқұм Серік досым сияқты керемет болма-сам да, футболды жаман ойнаған жоқпын, асықты да біршама жақсы ойнадым деп ойлаймын (марқұм Ғалымжан досым күшті ойнайтын), сүйіп ойнайтыным мәлік тебу еді. Ойпырмай, мәлікті жерге түсірместен аяғыммен неше түрлі тебіске салып өкпем өшкенше тебетінмін. Ұпайы көп тебістердің түрін білетінмін, аяқтың, бұттың арасынан өткізіп жіберіп секіріп тебетін тебістер ғой. Ыңғайыңа келетін мәлік жасау, оған тері таңдау (мамам тері таңдап беретін), қорғасын құю өнер еді. Өзімнің жақсы жасалған бірнеше мәлігім бо-латын, өзім жасайтынмын. Жүнін тарап үлпілдетіп баптайтынмын. Үнемі секіру, аяқпен үздіксіз жұмыс жасау өкпені қоймайды, қызыл тер боласың. Әр ойынның өзіне лайықты маусымы болады. Бұл ойын неге екенін білмеймін ерте көктемде ойналады, жазда көп ойналмайды. Күн әлі салқын, күн шуақ жерде күртеңді шешіп тастап кірісіп кетесің, тұла бойың терден ағып кетеді, қызыл май болып ентігіп секіресің, тебесің. Өте жақсы ойнадым, шаршамай-тынмын. Тек ойыннан басқа (ұят та болса айтайын) Нұраш апама еріп «кре-стик» әдісімен түрлі мулине жіптермен ақ орамалға, жібін суырған ақ матаға әдемілеп кесте де тоқыдым. Марқұм Жұмабай ағама еріп талай рет охотаға да бардым. «Ковровец» мотоцикліміз бар, екі мылтығымыз бар Тоқсанбай жаққа барып Сағыз өзенінен үйрек, құс атамыз. Екі мылтықты да барлық керек-жарақтарымен (патронташ, гильза, патрон, бытыра, порох, пыж, басқа да асай-мүсейлері көп) сақтап келгенмін, балаларыма көрсетпей, жақында ғана полицияға тапсырдым. Қаншама жылдар бойы ағамның көзіндей қылып, екеуіміздің бірге болған кезіміздің куәсіндей қылып, балалық кезімнің айғағындай қылып сақтап едім, қимай-қимай, ішімнен жылай-жылай қоштастым. Ағам өзенде отырған үйректі атады, мен жүзіп барып тісіммен тістегендей болып (басыммен итермелеп) алып келемін. Есейе келе киікке де бардым, Соколок жаққа шанышқымен балыққа да бардым, Иманқара-Қойқара тауы жаққа қабан атуға да бардым. Алтыншы класс оқығанымда ағам мото-циклге отырғызды, өзіме айдауға берді. Ағамды артыма отырғызып алып Тоқсанбайдың жазығында талай киік те қудым. Ағамның маған үйретпеген нәрсесі жоқ. Өзінің қолынан көп нәрсе келетін. Сол білгендерінің көпшілігін мен де үйрендім. Өзі телефон станциясының монтері, артынан басшысы бол-ды. Телефонды шашып тастап жинай беретінмін, тоқтың (электр тоғы) жайын да жетік білдім, екі фазды, үш фазды айналмалы электр тоғы, аккумулятордағы плюс, минусы бар тұрақты тоқ жайында физикадан оқымастан бұрын білдім, қай провод фаза, қай провод ноль болатынын... Қайсысы ұратынын, қайсысы ұрмайтынын талай рет тоқ соққасын үйренесін ғой. Проводтарды паяльник-пен қалай жақсы дәнекерлеу (олово, канифоль, паяльник) керек екенін де біліп үйреніп алдым. Ағама көмектесе жүріп жеңіл қызыл тастан электр пли-тасын қашап, ойып жасап, оған керекті жуан вольфрам сымнан жуан шегеге

Page 41: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

41

орап спираль жасап үйрендім, үкіметтің плиткасынан гөрі қолдан біз жасаған плитка анағұрлым қатты қыздырады. Темір қиятын қайшымен қиып, шеттерін иіп қабыстырып тұрып сыртқы қорабын да әдемілеп жасап жүрдім. Көршілердің талайының үйінде менің өз қолыммен жасаған плиткаларым жасап тұрды. Сүргімен ағаш сүргілеп те үйрендім, үйдегі көптеген отырғыштар, үлдіріктер, столдар менің қолымнан шықты, не болмаса, менің қатысуыммен жасалды. Қоралардың, сарайлардың, шарбақтардың есіктерін жасау мен үшін түк те емес болды, топса салу, кілт орнату, шеге қағу (оның да түрлі әдістері болады, тек жай қаға салуға болмайды). Қысқы кештерде ағама көмектесіп мылтықтың патрондарын қолдан жасалған үлкен бытыралармен (картечь) заряжать еттім. Қорғасынды табаға салып ерітіп, әдейі дайындалған (бытыраның жуан, жіңішкелігіне байланысты) қалыпқа құйып, қатқаннан (суығаннан) кейін ке-рек мөлшеріңде кусачкмен кесіп (бытыраның көлеміндей шарик қылып), көп қылып дайындаймыз. Содан кейін екі табаны пешке қойып әбден ысытып алып манағы бытыраларды екі ыссы табаның (екеуі де төңкерілген) ортасына салып алып үйкелейсің, сонда кусачкамен кесілген қолдан жасалған бытыралардың бұрыштары кетіп, доп-домалақ шарик болып шыға келеді. Бұған да біраз ептілік керек, әйтпесе қолың күйіп қалуы әбден мүмкін. Содан кейін бос патрондардың түбіне пистон ұрасың (ағаш балғамен, темірмен қатты ұрсаң атылады), содан кейін меркамен өлшеп тұрып порох (дәрі) саласың, (порохтың мөлшері қандай аңға шығатыныңа, қандай бытыра салатыныңа тікелей байланысты), содан кейін порохтың үстін пыжбен (байпақтың қонышынан ойып алған киіз тығын, ескі патронның ауыз жағын өткірлеп егеп, қайрап, сонымен көп қылып ойып аласың) тығындайсың, нығыздап ағашпен ұрасың (жайлап ұру керек, әйтпесе патронның астында пи-стон бар, ішінде порох бар, өте сақ болу қажет), содан кейін парафин (май шам ғой) ерітіп құясың, (порохқа кездейсоқ су кірмеуі үшін, ылғал тартпауы үшін), содан кейін меркамен өлшеп дайындап қойған бытыраңды саласың, тағы пыжбен тығындайсың. Оғың дайын. Қанша патрон жасайтының өзіңе байла-нысты. Әдетте, үйрекке, құсқа шыққанда үкіметтің құс бытырасын салып па-тронды дайындаймыз. Одан басқа ағам мотоциклді оңдауды, бұзып-жинауды үйретті. Түгелдей шашып тастап қайта жинайтындай дәрежеге жеттім, ауыл-да жүргенімде. Ағамды жақсы көрдім, қатты сыйладым. Ол да мені қатты сый-лады, қасына ертіп жүріп көптеген нәрсеге үйретті. Ер адамның қолынан не келуі керек соның көпшілігін үйретті. Балта, балға, сүргі, электр тоғының жағдайы, телефонның жағдайы, мылтық, мотоцикл, тырма, шалғы орақ, айыр, түрен, малдың жағдайы ... осылардың барлығын қолыма ұстап пайдалана білдім, тым тәуір пайдаландым. Ақкөңіл адам болатын марқұм ағам. Көп нәрсе қолынан келетін. Малдың кез-келген түрін аз уақытта сойып тастайтын. Менің не нәрсені болса да үйренуге деген ынтамның барлығын көріп өзінің қасынан тастамайтын, үйрететін. Мен де үйренуге құмар болдым. Бірақ көп нәрсені үйрене алмағаныма, білмейтініме әлі де өкінемін. Мысалы, мал союды білмеймін, домбыра тартуды үйрене алмай-ақ қойдым. Ағам домбыра тарта алмады, бірақ менің талпынысымды байқап ауылдағы Едіге деген шеберге

Page 42: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

42

кішкентай қылып домбыра жасатып берді. Сол домбырамды құшақтап талай домбыра тартатын адамдарға бардым, үйренгім келді. Бірақ болмады: «Құлағымды түйе таптап кеткен» екен, орыстардың «на ухо медведь насту-пил» дегеніндей. Музыкалық слух жоқ екен. Бірақ домбыра тартқан адамды қатты сыйлаймын, күйлерді тыңдаудан жалықпаймын, әсіресе батыстың төкпе күйлерін. Орнымда отыра алмаймын. Сол домбырам әлі бар. Кішкентай қара домбыра. Анам марқұм Балжанның іс машинасымен іс тігіп те үйрендім, өзімнің жыртылған киімдерімді (ол кезде сау киім бола ма) өзім жамап-жасқап ала беретінмін. Сол кездерде стиляга деген мода шықты. Шалбардың балақтарын тыртитып, бұтқа жабыстырып киетін болдық. Қайбір бізде оңған шалбар болушы еді, барымызды тыртитатын болдық. Содан мен біздің үйден «цех аштым», Балжанның іс машинасымен тігін тігіп үйреніп алғанмын, дос балаларымның, бірге ойнайтын балалардың, көрші балалардың шалбарларын тыртитып, жабыстырып сықитып тігіп беріп жүрдім. Көйлектерді де жабы-стырып тіккенімде әдемі шығатын. Сол стилягадан мен оңбай зардап шектім. Бұтымда тыртиған, жабысып қалған шалбарым бар үйдегі іні-қарындастарыма түскі шайын құйып беріп отырғанмын. Даладан (үйді жазда қараңғылап қоямыз ғой, сырттан келген адам көздері үйренгенше дым көрмейді) бір інім шауып кірді, қолында мотоциклдің жаман покрышкасы, домалатып машина қылып ызғытып «айдап» келген түрі. Өзі көзі көрмей табалдырықта тұрып қалды да, айдап келе жатырған дөңгелегі менің қасымда, плитканың үстінде сарқылдап қайнап тұрған шай құманды саныма төңкере салды. Оңбай күйдім. Отта қайнап тұрған құманның ішіндегі шайдың шамасы құманмен бірге саны-ма жабысып қалды. Шыңғырып жатырмын, қасымдағы тамақ ішіп отырған іні-қарындастарым қорыққандарынан далаға қашып кетті. Ересектеу көрші бала менің дауысымды естіп кіріп келіп тыртиып саныма жабысып киілген стиляга шалбарымды сыпырып алды. Қайшымен қиып алу кімнің есіне келсін, менің шыңғырып жатырған даусымның өзі есті кетіріп жатыр ғой. Шалбармен бірге санымның бірнеше қабат терілері сиырылып түсті, ал нағыз шама төңкерілген жердегі санымның еті терең болып ойылып түсті. Қанша уақыт ойыннан қалдым десеңші. Стиляга шалбар болмағанда тез сыпырып тастауға болатын еді, сонда көп зардабы болмас та еді, тез жазылып кетер де еді. Жөніме жүрмей стиляга шалбар кию не керек еді маған?! Ал менің бала күнгі арманым шопыр болып машина айдау, не болмаса сварщик болу еді. Екеуі де керемет мамандық қой.

Балалығымды айтқасын, балалық армандарымды айтқасын, сол армандарға қиял қанатын жалғаған ұстаздарымды айтпай қалай кетейін. Сондықтан да басқаларын айтпай-ақ мектебіміздің директоры Көшербаев Муса ағай туралы ғана айтсам деймін, бір өзі бір төбе еді ғой жарықтықтың, жатқан жері жайлы болғыр. Бүкіл бір елдің жақсысы мен жайсаңына білім берген, тәрбие берген, өзінің өмірімен өнеге болған ғұлама ғой. Менің оқушы болған кезім халықтың ұстазды өте қадірлеген, үлгі еткен, оның бойынан барлық ізгі қасиеттерді көре білген заманы еді. Қазіргідей ұстаздың қадірін, беделін түсіретін әңгімелер мүлдем айтылмайтын, өйткені кез келген адам мұғалім болмайтын кез бола-

Page 43: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

43

тын. Қай заманда да солай болуы керек қой, асылы. Содан да болар, мен әлі күнге мұғалім атаулыға құрметпен қараймын, олардың бейнеті мол еңбегіне әрқашан шәкірттік тілеулестікпен ықылас білдіремін.

Бастауыш кластарда біздерді оқытқан, молдаларша айтқанда «тілімізді сындырған» Қошанов Бердібай ағай еді, топырағы торқа болсын. Өте сырбаз, әдемі киінетін, таза жүретін адам еді ғой. Киген киімдері керемет еді, полуво-енный, үстіне қымбат диагональ матадан тіккізген китель, бұтында сол мата-дан тігілген галифе шалбар, аяғында сықырлап тұрған, жалтыраған хром етік, ұлтаны қымбат былғарыдан, етіктің сыртынан тап-таза калош киетін. Бірде көгілдір түсті костюм, бірде сарғыш түстіні ауыстырып, кезек-кезек киетін еді. Кейде жай костюм де киеді. Әдемілеп кейін қарай, шалқасынан қайырған қою қара шашын, онсызда сықиып тұрғанымен, класқа кіргеннен кейін асықпай, қалтасынан тарағын алып, содан кейін тарақты үріп-үріп тазалап алып төс қалтасына салатын, сосын шипр деген одеколонның иісін аңқытып шалбарының қалтасынан қолорамалын алып жіберіп желкесін, бет-ауызын сүртіп алып, қолорамалын жақсылап бүктеп қалтасына салып қойғанша сабақ басталмайтын. Содан кейін барып сабаққа кірісетінбіз. Айнадай жарқыраған хром етіктердің қымбат былғарыдан тігілген ұлтандары сықыр-сықыр етіп, парта-парталардың арасымен жүріп желкеден, самайдан тартатын өсіп кеткен шаштардың иелерін аңдап қарап шығатын. Класта жасайтын тапсырманы, есеп болсын, басқа сабақ болсын бәрібір, кім бірінші болып бітірсе сол оқушыға етігінің сыртынан киген галошын тазалап, сумен жуып келетін құрметті, өте жауапты жұмыс тапсырылатын еді. Сағыздың қара саз балшығында, ол кісінің аяғы көп онша балшық бола қоймайтын қасиеті бар болатын. Мидай езілген саз балшықтың арасынан, қалай аяқтары таза жүретініне, таң қалмасқа бол-майды. Тек калоштарына ғана аздаған балшық жұғатын еді. Сондай жауапты тапсырманы орындау құрметіне Мақсым екеуміз, кластағы көп оқушылардың, ішінен жиі-жиі ие болатын едік. Ол кезде сыныптарда, қазіргідей емес, бала саны көп болатын.

Коридордағы мұғалімдер бөлмесінің қасындағы титанның жанындағы еден жуатын Гүлжәмилә апайдың шелегіне жылы су құйып алып, апайдың шүберегімен жақсылап жуып, сүртіп, калоштың ішіндегі қызыл матаға ылғал тигізбей орындап шығатынбыз. Калоштарды өте бір қымбат дүниені алып келе жатқандай, сондай ұқыптылықпен алып класқа кіргенде басқа бала-лар әлі класс жұмысымен арпалысып, мұрындары пысылдап, терлеп-тепшіп отыратын еді-ау. Гүлжәмилә апайдың шүберегін де тап-таза қылып жуып, алған орнына жайып қоясың, шелегін тазалауды ұмытуға тіпті де болмайды. Мектептегі Гүлжәмилә апайдың «авторитеті» директордан кем емес, жұрттың бәрі ол кісіден қорқады. Сондай тәртіп орнатқан Гүлжәмилә апайдың еңбегінің арқасында далада қаншама жерден апталап, айлап балшық болғанменен мектептің іші айнадай жарқырап тұратын, қаншама бала үзіліс сайын кіріп-шығып жатса да мейлі. Молшылық кез емес қой, сондықтан ол кезде ауысты-рып киетін аяқ киім болмайтын, киіп келген етігіңді, ботинкаңды жақсылап жуып кіресің мектепке. Апайдың тәртібі күшті еді, еңбегі де бар болатын,

Page 44: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

44

жарықтықтың. Сағыздың анандай балшығында мектепте мінсіз тазалықты ұстап тұру деген керемет емес пе? Жарықтықтар, біздің Сағыздың адамда-ры еден жуушыдан мектеп директорына дейін өз міндеттеріне аса үлкен жауапкершілікпен қараған екен-ау?! Осындай адамдардан біз тәртіп пен жауапкершілікті, өз ісіне, қызметіне адалдықты үйренген екенбіз. Сағыздың көшесінде, тек мектептің ішінде емес, мұғалім кездесе қалса болғаны, бас киіміңді шешіп, қолыңа ұстап тұрып, тоқыр шекең жалтырап, ол кісі өтіп кеткенше жолдың жиегінде тұруың керек. «Шапка долой». Патша ағзамды көргендегі орыс офицерлері сияқты. Мұғалімге деген қандай құрмет, қандай тәртіпті біздің санамызға құйып қойған десеңші. Барлық халық солардай жұмыс жасап, міндеттерін атқарса баяғыда-ақ коммунизм орнап қалатын шығар. Бұл жерде мен тек алғашқы мұғаліміміз жайлы аздап қана жаздым, ал біздердің өмірімізде қаншама тамаша мұғалімдер болды дейсің, Муса ағай, Жиден апай, Қапиза апай. Тірілеріне саламат, өлілеріне салауат дейді қазақтар. Әрине, ол кезде оны түсіне қоймаған шығармыз, қазір ойласам, керемет адам-дардан өнеге алып өсіппіз ғой біздер.

Менің дОСТарыМ

Ал енді ауылда бірге ойнаған балалық шақтағы құрдас-достарым жайлы жа-зып көрейін. Тек қана құрдас-достарым жайында, әйтпесе бірге ойнаған ауыл-дас балалар көп. Ауылда бірге ойнаған сәл жасы үлкендері де, сәл жасы кішілері де бар, солардың ішінен әдейі бөліп өзіме етене жақын құрдас-достарымды алдым. Әр кездерде (сәбилік шақтан бозбалалық шаққа дейін) бірге жүрген, ойнаған, оқыған Атшыбаевтар Амантай, Мақсот, Мақат; Кенжеғалиевтар Сағи, Жұмабек; Көшербаев Демес, Нұрсейітов Әбілхан, Баубековтер Кеңес, Мер-ген; Қостамбековтер Қанат, Жекенбай; Қайырлиевтар Серікқали, Жұматай; Досқалиев Қабес; Қуантай, Зейнолла, Сәмбет; Мүсілімов Серік; Қазиев Аманқос; Жексенғалиев Амантай; Есқожиев Төлеуғали ... деген балалар көп. Солардан бөлек Аманғалиев Сатыбалды, Долданов Серік, Сағындықов Ғалымжан, Әлиев Мейрамбай, Сабуғалиев Мақсым, Бисенғалиев Бисенбай дегендер қашанда бірге болдық, бірге көп уақытымызды өткіздік. Ауылда болғанда бірге ойнадық, қалған уақытта ойымызда, жүрегіміздің түбінде бейнелері мәңгілік тұр. Өмірден озғандарын алдыңғы жағына жазып өзімше құрмет көрсеткенім ғой. Имандары жолдас болып, жатқан жерлері жұмақ болғырлар: Сатыбалды, Серік, Ғалымжан. Осылардың әр қайсысына аздап тоқтала кеткім келеді.

аманғалиев Сатыбалды. Мұрынының үстінде айшық тәріздес сәл ойылған белгісі бар. Әкесі электрик болып жұмыс жасап жүріп тоққа түсіп қайтыс бол-ды. Садтың қасындағы, кітапхананың алдындағы корпус үйде тұрды. Үйінде талай асыр салып ойнадық. Сол корпустың қабырғалары өте қалың болатын, терезесінің алдына жата беруге болатын, терезе жапқыштың арғы жағына, та-лай тығылдық қой. Терезенің алды ашық алаң, алаңның ортасында мейрам сайын басшылардың парад қабылдайтын трибунасы болатын. Үйінің алдында поссовет, кітапхана, радиоузель, радиоузельдің алдындағы столбаның басында

Page 45: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

45

үлкен қара қалпақ тәрізді радио, сол радиодан ән төгіліп тұратын. Біз бірінші классқа барғанымызда бізге қосылды. Ауылдың үлкендерінің арасында «тен-тектеу бала» деген аты шыққан. Бірақ мен оның алып бара жатқан аса бір ерек тентектігін көре алмадым. Қаншама уақыт бірге жүрдік, дос болдық. Өзінен жасы үлкен балалардың, жігіттердің қасында жүруге үйірлігі болды, жастайынан темекі тартты, бірақ бас жаратындай бұзақылығын көрмеппін. Екеуіміз жақсы дос болдық. Бірінші класта әріптерді жаза бастағанымызда, әлі есімде, мен «ш» деген әріпті жаза алмай қиналдым. Сонда ол маған «ш» әрпінің тасқа басқан түрін жазу дәптеріме жазып беріп көмектескен. Сатыбалды маған өмірімде бірінші рет сабаққа бармай қалып ойнауға болатынын көрсетіп атамнан таяқ жегізді. Баста-уыш кластардың бірінің оқушыларымыз, мен атамның үйіндемін, мектепке бара жатып жолдағы Сатыбалдының үйіне соғып екеуіміз сабаққа бірге баратынбыз.

Сол күні алтын күздің бір тамаша күні еді, күн жарқырап шығып келе жатты, садтың ішінде талдардан қызғылт-сары алтындай болып саулап жапырақтар төгіліп түсіп жатыр. Жайма шуақ керемет кез. Сатыбалдының үйі садтың тап түбінде. Садқа кіретін есік оның үйінің іргесінде. Қалай екенін қайдам, біздер сол күні садтың ішімен жүрдік. Біраз жүргеннен кейін кітап, дәптер салған қол дорбамызды талдарға су жіберетін арықтың ішіне қойып, бетін жапырақтармен жақсылап жауып ойынға кірістік. Қандай ойын екенін де ұмыттым, жас балаға ойын көп қой. Сонымен сабақ қалды жөніне. Қарынымыз ашқан кезде қарасақ түс қайтып кетіпті. Кластың балалары мектептен қайтып келе жатыр. Соларға еріп үйлерімізге қайттық. Үйдегілер мені сабақтан келді деп ойлады. Тамағымды ішіп алып атаммен бірге үйдің күнгей жағындағы күншуаққа барып отырдым. Атам етікші ғой, қолындағы қайыстан таспа тіліп, бір шетін маған ұстатып қойып отырған. Бір мезгілде көшемен Бердібай ағай өтіп бара жатып (оның неге бұл жермен жүргенін кім білсін, оның үйі біздің үйге жетпей, жолда бола-тын. Сірә менің сорым үшін келген шығар): «Бисеке, балаңыз сабаққа келмеді ғой, ауырып қалды ма?» деді. Атаммен нағашылы-жиенді ойнайтыны болатын. Атам маған алайып бір қарады. Ондай көзқарастан еш жақсылық күтуге бол-майтынын мен жақсы білемін, сол бойда орнымнан атып тұрып үйге, мамама қарай шаба жөнелдім. Атам аттатпай қуып жетті (жасы жетпістен көп асқан кезі), қалай жүгіреді десейші. Желкемнен қысып ұстап аулаға кіргізді, қақпаны кілттеді, қолына түскен жиде талының тікенекті шыбығымен остыртты дейсің. Жаным шыға шырылдадым, менің шырқыраған жан даусымды естіген мамам үйден атып шықты. Келе атамның қолына жабысып мені тартып алды, атам шыбықпен сыдыртуын қояр емес. Мен жандәрмен мамамның етегінің астына (өзімді талай қорғаған «бомбоубежищеме») сүңгіп кеттім. Атам сыпыртуын қояр емес, маған етектің астынан да, мамама да тиіп жатыр тікенек жиде шыбығы. Атамның ашуы қатты. Қанша сыпыртсын, бір мезгілде тоқтады «бомбардиров-ка». Мамам мені үйге алып кірді. Пештің түбіне жатқызып арқама кірген жиде талының тікенектерін суырып алып жатыр, арқам қызыл ала қан болды. Мамама да біраз тікенек қадалыпты. Екеуіміз де біраз солығымызды бастық, солқылдап жатып ұйықтап кетіппін. Қайдан ғана Бердібай ағай біздің үй жаққа келе қалды десейші?! Атам өзін алдаған адамды оқсатпайды, адал болуды бірінші орынға

Page 46: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

46

қояды. Менің өзін алдағанымды, сабаққа бармай ойнағанымды кешірмеді. Өте дұрыс жасады деп ойлаймын (бұл қазіргі кездегі ойым, ол кезде мүлде теріс ойлағанымды түсінетін шығарсыңдар). Қанша қатты жазаласа да атамнан жақсы адам жоқ, екеуіміз сәлден кейін тіл табысып кететінбіз. Көзі күлімдеп, басымнан сипап, төбемнен бір иіскесе болғаны, барлық өкпем жоғалып кететін.

Бұл Сатыбалды досымның маған берген бірінші «сабағы». Тағы бірде темекіге үйретті. Көшеде кездескен темекінің тұқылын жинап алып тартады. Мен қасындамын. Қыстың күні, аяз баршылық, қар да жетерлік. Мақсымның мамасының дүкенінің қасымен қасап, базар жаққа тақап қалдық. Мені үстімде қара жұмыс фуфайка, аяғымда кирза етік, басымда жаман бөркім бар. Саты-балды темекі тартып келе жатыр. Қызығып кетіп шыдай алмай, мен де бір тұқылды сұрап алып оның темекісінен тұтатып алдым. Алдында байқағанмын, Сатыбалды темекі тартып келе жатып үлкен адамдарды көре қалса темекісін күртесінің қалтасына тыға қояды да, артынан шығарып алып тарта беретінін. Оның қалайша олай жасайтынын, әдісін білмеймін ғой. Мен темекіні тартып келе жатырғанымда алдымыздан біреу шыға келді. Мен темекімді «жып» еткізіп фуфайкамның қалтасына сүңгітіп жібердім. Адам өтіп кеткесін темекімді алып тарта бастадым. Бір мезгілде мақтаның күйген иісі шыға бастады. Онымен біздің шаруамыз жоқ, әңгімені боратып тартып келе жатырмыз. Бір мезгілде оң жақ бүйірім ыси бастағандай болды, қарасақ фуфайкам өртеніп келе жа-тыр екен. Шешіп алып қарға көміп таптадық. Сөндірдік. Бірақ фуфайкам пай-дадан қалыпты. Ол кезде киім де жоқ қой, жұмысшы фуфайкасын киеміз. Мен Балжанның үйінде жатып оқитынмын. Олар маған ұрса алмайды, атам білмейді. Таяқ желінбей қалды. Мен қалтамдағы темекіні дұрыс ұстамаппын ғой, мақтаға, матаға тиіп кеткен екен. Сатыбалды жетінші классты бітіргесін Сарайшықтағы СПТУ-ға оқуға кетті, ал біздер сегізінші кластың он бес күнін оқып, класымыз бала саны аз болғасын жабылып, Мақсым екеуіміз он үш қызды бастап Қошқарға интернатқа кеттік. Каникулға келген сайын кездесіп тұрдық. Одан кейін біз Алматыға кеттік. Ауылға келген сайын бірге қыдырып жүрдік. Осылайша ара-мыз суый берді, кездесулеріміз сиректей берді. Ең соңында Мақсым да, мен де ауылымыздан Маңғыстауға көшіп кеттік. Ауылымызды жауып, халқын Мақатқа көшіріп жіберді. Сатыбалды да Мақатқа көшті. Бір класта оқыған Мұханғалиева Рысты деген қызға үйленді. Екеуі де жақсы адамдар еді. Рысты да жақсы қыз болатын. Сатыбалды аздап «сілтеп» алып Рыстының үйінің терезесін қағыпты, қызын кездесуге шақырғаны ғой. Сөйтсе, қыз емес әкесі шығыпты, ашу-лы көрінеді. Сірә қызының «тентек» жігітпен жүретінін жақтырмаса керек, Сатыбалдыға «бұл үйге жолама» деп ұрсып, үйінің маңынан әрі қуатын сияқты. Сонда Сәкең: «Әй, сен неге шығасың, мен сені емес қызыңды шақырып тұрмын ғой» дейтін көрінеді. Ақыры сол Рыстысына үйленіпті, балалы-шағалы болыпты. Тракторшы болды. Қайын атасы Мұханғалиев Қабдол да ауылымыздың сыйлы адамдарының бірі, ірі, қара өңді сұсты адам. Ол адамға көпшілік жайлап, абайлап сөйлейтін біздің кезімізде. Сәкеңнің батырлығы ғой сондай адамға қарсы сөз ай-тып, қызын келіншек қылып алуы. Сатыбалды да, Рысты да марқұм болды. Иман-дары жолдас болып, жатқан жерлері жарық болғай деп тілеймін. Жұмыс, жұмыс

Page 47: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

47

деп жүріп есейген шағымда, азамат болған шағымызда осындай достарыммен, Сатыбалды-Рысты, жақын араласа алмадым. Екеуі де жақсы адамдар еді. Екеуінің де бір жамандығын көрмеппін, білмеппін. Сатыбалдыны біреулер тентек дейді, ал мен соның бір тентектігін байқамадым. Кім темекі тартпады, кім арақ ішпеді, кім қыздың терезесін қағып әке-шешелерінің мазасын алмады, ауыл иттерін шу-латпады, кім төбелеспеді?! Ондай періштені күндіз шаммен іздесең де таппасың біздің ауылдан. Онда біздің ауылдың жігіттерінің барлығы тентек болғаны ғой, ал мен олай ойламаймын. Екеуінің артында балалары қалды, ұрпағы бар.

долданов Серік. Атамның досы Сайын шал мен Балсары кемпірдің бала-сы. Негізінде немерелері. Әкесі Сәуір, анасы Нөкеш болуы керек. Бірақ Серікті олардың баласы деп айтқан адамды кездестірген емеспін, барлығы Сайынның баласы дейді. Әжесінің аты Балсары екенін мен едәуір жігіт болғанымда ғана білдім. Оған дейін ол әжеміздің азан шақырып қойған аты болуы мүмкін дегенді ойламаппын да, туғанымыздан бері естіп келе жатырғанымыз «Серіктің әжесі» деген сөз тіркесі, басқаша аты болуы мүмкін де емес сияқты еді. Бірақ аты бар екен. Сәуір Серіктің көкесі, әжесі үнемі солай айтады. Ал Нөкештің атын атайды. Серік екеуіміз бұл жағынан өте ұқсаспыз. Мен де атам мен мамамның қолында өстім, ауылдың адамдарының барлығы мені «Бисекеңнің баласы» дейді, Балжанның атын атаймын, тек бір айырмамыз ол әжесін әже дейді, мен Меткіл мамамды мама деймін. Сәуір соғысқа менің Тапырыш көкеммен бірге кеткен. Та-пырыш көкем соғыстан оралмады, Сәуір тұтқында болған. «Үндеместер» (НКВД) Сәуірді тыныш өмір сүргізбеді. Соғыстан ауылға оралғасын оған (үлкендердің айтулары бойынша) «үндеместердің» көрсетпеген қорлығы болмапты. Жұмыста жүрген жерінен де, үйінде жүрген жерінен де, күн демей, түн демей кез-келген уақытта «органның адамдары» алып кететін көрінеді, қанша уақыт ұстап, тергейтінін бір құдайдың өзі білетін болар, әйтеуір бір уақыттарда ауылға әкеліп тастайтын көрінеді. Сәуірдің өзі бұл жайында тіс жарып адам баласына жақ аш-папты. Өте тұйық адам. Серіктің үйі үшінші ауылға өтетін дамбаның қасында. Үш үй біріне бірі тіркестіріп салынған. Водокачка жақ шетінде «шырылдауық» Сәрсен шалдың үйі. Соған жалғастыра Серіктің үйі, оған жалғастыра Жиембе-тов Құлымның үйі. Құлымның үйінде қабаған овчарка ит бар, үнемі шынжырда тұрады. Одан әрі дамба, оның арғы жағында Динаның кранты және сад. Динаның (Жұма, Ізімбай, Ізтұрған деген үш ұлы болды) үйінде де Джон атты ит бар, ол өте ақылды ит, малды өзі бағады, адамға тимейді, айтылған барлық команда-ны бұлжытпай орындайды. Барлық үйде мал қамайтын қора, шөп жинайтын аула бар. Нөкеш те, Серіктің әжесі де темекі тартады. «Байкал» деген пачкасы 8 тиын тұратын кішкене папирос темекі. Басқа темекі тартқан емес. Серіктің үйі Балжанның үйіне жақын. Күнде бірге ойнаймыз десек те болады, не оның үйінде, не біздің үйде. Серіктің үйінде ойнағанда әжесінің темекісін ұрлап тарта-мыз. Әжесі пештің бергі жағында отырады, біз арғы жағында боламыз. Пештің от жағылатын аузының үстіңгі жағы үлкен тесік, сол тесіктен үйді екіге бөліп тұрған пештің екі жағы да көрінеді. Плитаның мойын жағына әжесі темекі пачкасын кептіруге қояды. Өзі темекі тартып отырғасын түтіннің иісін сезбейді, түтіннің қайдан шығып жатырғанын байқамайды. Ол папиросын тұтатқан кезде біз де

Page 48: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

48

білдірмей алып тұтата бастаймыз. Кейде шаманы білмей көп түтіндетіп жіберсек әжесі сезе қояды. Темекісінің азайғанын білетін де болар, бірақ бізге еш ұрысқан емес. Алтын адам. Серіктің айтқаны- әжесі үшін заң. Біздер қайбір темекі тар-тып ұқсатады дейсің, тек балалық қой. Түтінін ішке сормаймыз, мұрынымыздан шығарғанға мәз боламыз. Кейде ерінімізді шүршитіп сақина қылып шығаруға талпынамыз. Отпен ойнағанымыз қауіпті, байқамай өртеніп кетуіміз де мүмкін еді. Сәбиміз ғой. Ешқандай сақтық жоқ. Бірақ осылайша әжесінің, Нөкештің темекілерін ұрлайтынымыз шындық. Екеуі де біздерге «Әй» деп ұрсып көрген емес. Ол үйде ойымызға не келсе соны істейтіндей еркіндік болды. Себебі, Серік - сол үйдің королі.

Серік - қызық бала. Адамға тіке қарамайтын, төбелесейін деп тұрғанда да бір жаққа қарап керісетін, жаратылысы солай. Сөйлеп жарытпайды, бірдемелерді бұрқылдаған болады. Түсінсең де, түсінбесең де өзің біл. Одан артық жарытып ештеңе ести алмайсың. Екеуіміздің тұрқымыз шамалас, арық қарасирақтармыз. Өте жақсы дос болдық. Күлгені қызық, түсіндіріп айта алмаймын, бірақ «от души» мәз-мәйрам болып күледі. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын адам. Біздің ауылдың Пелесі. Ойпырмай, қара тері ағып, өкпесі өшіп бар жанын салып ойнайды. Доп аяғына жабысып, клейленіп қалғандай болып көрінеді, біздерді алдап түрлі финттер жасағанда өзіңнің аяғыңа өзің шатасып құлап қалатын кездер де болады. Допты дұрыс теппесең, пасты жақсылап бере алмасаң, қарсы жақтың ойыншысы-нан алданып, аяғыңдағы доптан айырылып қалсаң шыж-быж болып кейитін. Фут-бол алаңының барлық жағын өзі қадағалап шыр айналып шауып жүретін, шарша-майтын, шыр жұқпайтын қайыстай қатқан қара еді. Пеле десең Пеле. Екеуіміздің ауылымыз бір, бір командада ойнаймыз. Мен де жаман ойнамаған болуым керек, оның айқайын көп естімеген сияқтымын, мүмкін айқайлаған да шығар, есімде жоқ. Еш арамдығы жоқ, керемет бала. Біздің ортамызда араққа әуестігі болмай, әртүрлі тентектікке де араласпай дұрыс адам болғанымыз- осы Серік. Бір үйдің жалғызына Құдай сана беріп тұр ғой. Біздің аулаға жиналып бірнеше қабат жұмысшы қолғаптарының арасына мақта, жүн, сабан толтырып тігіп алып бокс секциясын аштық, бірнеше бала болып біраз уақыт «төбелесіп» жүрдік. Тым тәуір бокстасып жүрдік. Брезент қолғап талай бетімізді, иықтарымызды жырды ғой. «Черная маска» деген кино көріп (рыцарьлар жайлы ғой деймін), біздер де өзімізге маска жасап кидік, ағаштан қалқан, қылыш, қанжар, білегімізге бау жа-сап іліп алатын гүрзі-шоқпар жасап алдық. Өзара сол қаруларымызбен шайқасып жүрдік. Бір күні біреуіміз: «Осы қаруларымызбен көшедегі қабаған иттермен соғыссақ қайтеді» деген ой тастады. Біздерге айтылса болғаны ғой, бірден кірісіп кеттік. Ауылдағы иттерді қуалауға шықтық. Біраз арпалыстық, ауылды шула-тып азан-қазан қылдық. Әй, істемегеніміз де жоқ еді. Серіктің жүрген жерінің бір қызығы оның артында үнемі әжесі жүретін. Қайда жүрмесін мейлі, қай тесікке кіріп кетпесін мейлі әжесі тауып алып келіп тұрады. Қалай табатынын кім білсін, әйтеуір тауып алады. Әжесінің айтатыны бір сөз: «Серік, а, Серік, үйге жүр, көкең өлтірейін деп жатыр, жүр үйге». Болды осы сөздерден басқа сөзді естімейсің. Бұл сөздерді ауыл адамдарының барлығы жаттап алған, қаншама жылдардан бері күнделікті айтылатын сөздер ғой. Ал әжесінің ол сөзіне Серіктің де жаттанды жа-

Page 49: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

49

уабы қашанда дайын, бұл жауапты да Сағыздың халқы түгелдей біледі. Ол жау-ап: «Әже деймін, ..... әже деймін, үйге бар деймін». Болды. Басқа сөз айтылмайды. Жаз кезінде кешке қарай, қараңғы түсе садтың ортасындағы летний клубта кино болады. Ол киноға балаларды кіргізбейді. Ит пен бала қорыған жерге өш. Төбесі ашық, тек биік қылып тақтай қабырғалармен қоршалған клубта болып жатырған киноның дауысы барлық жерге естіліп жатады. Әсіресе соғыс кинолар болғанда біздер үйде қалай отыра аламыз. Күні бұрын ілінетін афишадан кешке болатын киноның керемет суреттерін көреміз. Ересек балалар аузыңның суын құртып ай-тып жүреді. Олар бір жерлерден көрген, не болмаса үлкендерден естіген. Кейде бір киноны қайталап та көрсетіп жатады ғой, не тапсын. Біздер жаздағы клубтағы киноға ерте бастан дайындаламыз. Клубқа жақын жердегі биік талдардың басына шығып отырамыз, не болмаса кинобудканың төбесіне шығып алып дыбысымыз-ды шығармастан тырп етпестен жатамыз. Кейде үлкендердің аяқтарының арасы-на оратылып билет жыртып жатырғанда «жып» ете түсеміз, кейде кино болмастан бұрын клубтың ішіне қабырғасынан секіріп түсіп ішіндегі бір қуысқа тығылып қаламыз. Кино қараудың түрлі варианттары жетеді. Тек кино болса болғаны. Қысқы клубта кешкі кино болғанда да солай. Қалайда ретін тауып ішке кірудің бір амалы табылады. Кино көрсететін қараноғай Юсуф, билет жыртатын Дуся, немесе тет Маруся, тет Варяның біреуі. Олардың ойбайлағанына, шарылдағанына біздер әбден үйренгенбіз. Шыбын шаққан құрлы көрмейміз. Кинода мұғалімдеріміз де отырады, аздап солардан қорқатын шығармыз. Сонымен, осыншама еңбектеніп, тапқырлық көрсетіп киноға кіріп, кино көріп жатырғанымызда есікті ашып (кино жүріп жатады) Серіктің әжесі есіктің аузында тұрып алып: «Серік, а, Серік, көкең өлтірем деп жатыр ...» деген жаттанды сөзін айқайлайды. Жұрт кино көріп жатыр ғой деген ой ол әжемізде болмайды. Тек Серігін тауып алып үйге ертіп кету ғана ойындағысы. Қараноғайдың Дусясы жарықты жағады, кино сырылдап барып тоқтайды, залдағы халық мойындарын бұрғылап залдан Серікті іздей бастайды. Тося (немесе тет Маруся, тет Варя): «Куктимигир, каирши, шик, кайдасин, ажин килди» деп шарылдап залды басына көтереді. Залдағы жұрт: «Әй, Серікжан, шыға ғой, кино көрейік» деп жалынады. Сол мезгілде Серік те өзінің үйреншікті сөздерін айтып: «Шешеңді..., әже, деймін, анаңды ..., әже, деймін» деп тығылған жерінен шығып залдан әжесіне қарай жүреді. Оның қасындағы біз де бастарымыз салбы-рап шыға бастаймыз. Шықпасақ болмайды, біліп қойды, кино басталмайды, айқай болады. Ал летний клубтағы кинобудканың төбесінде тығылғанда тіпті қызық. Әжесінің айқайы естілген бойда кино тоқтайды, прожекторлар жанады, төмендегі залда отырған халық түгелімен оындарынан тұрып бізге қарайды, біз төбеден секіріп түсіп тырағайлап қаша жөнелеміз. Серікті әжесінен, әжесін Серігінен бөліп қарау мүмкін емес. Мен үшін тіпті мүмкін емес. Мен Серікті әжесінен бөлек көз алдыма елестете алмаймын. Балалық шағымды ойыма алсам Серік пен әжесі бірге көз алдыма келе қалады. Өзімді атамсыз, мамамсыз, Балжансыз есіме ала алмасам, Серікті де солай ... Марқұмдар тамаша жандар еді, қандай жақсы адам-дар өмірден өткен десеңші. Мен солардың қасында жүрдім, бірге ойнадым, сол әжемнің қолынан тамақ жедім, шұбат іштім, темекісін ұрлап тарттым. Осылайша Серігін тауып алған әжесі екеуі біріне бірі тіркесіп, бірдемелерді айтып күңкілдесіп

Page 50: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

50

үйлеріне қарай кетіп бара жатады. Ертең бұл «ән» тағы қайталанады. Арғы күні де, осылайша, тағы, тағы ... жалғаса береді. Мен Серіктің азамат болған шағында ауыл-да көп болған жоқпын, ол кезде әжесі де өмірден озған. Кейде ойлаймын: «Әжесіне ұзақ ғұмыр берсе Серігі дәу азамат болғанда да, үйлі-баранды болғанда да арты-нан іздеп тауып жүрер ме екен» деп. Мүмкін, бәрі де мүмкін. «Жалғыздың жары-Құдай» дегендей, атасы мен әжесінің жалғызына Құдай жар болды, Серік жақсы азамат болып ер жетті. Әжесінің еркесі саналы бала болып ер жетті, кейбір шолжаң еркелердей сәулесіз болмады. Ақылды азамат болып өсті, Зәурешке үйленді, ұлды болды. Жалғыз ұл қалды артында. Ғұмырлы болсын. Өмір Серікті әжесі сияқты еркелетпеді, өмір дегенің үнемі Серік гол соға беретін, қарсыласының басын шыр айналдырып финт жасап алдап өтетін футбол да емес екен. Жалғыз ұл берді де, оның да қызығын қызықтап, үйлі болғанын көріп, келіннің қолынан шай ішіп, не-мере сүйіп қызықтауға жеткізбестен ерте алып кетті. Жақсылар ол жаққа да керек шығар.

Сағындықов ғалымжан

Солдан оңға қарай: Жұмабек, Ғалымжан, Бисенбай.

Бұл да бір үйдің жар дегендегі жалғызы. Жұмағали мен Жонастың жалғыз баласы. Екінші аты «Екібас». Басы үлкен, еңбек жағы, маңдай алды дөңестеу әрі үлкен, алға қарай шығыңқы, артқы жағы да үлкендігі жөнінен қалыспайды. Сондықтан осындай екінші ат тағылған. Әкесі Жұмағали қара қою мұрты қиылған өте әдемі адам, анасы Жонас жуас, көп үндеп жарытпайтын біртоға тұйық, жай адам болды. Әкесі өте ұқыпты, текті адам болған дейді. Ғалекең анасына тартқан. Сыртқы пошымы да, мінез-болмысы да, былайынша ішкі қалыптасуы да, барлық жағынан нағашыларына тартқан. Ғалымжан о баста, сәби шағымызда атамның үйіне іргелес, ортасын бір тас қабырғамен бөліп қойған үйде тұрды. Ауласы, есігі бөлек, бірақ екі үйдің ортасында ортақ бір қабырға. Ол қабырғаны, саман тас қой, Ғалымжан екеуіміз екі жақтан шұқылап тесіп қойдық. Рахат болды, екеуіміз сол тесіктен сөйлесеміз. Оның үйі жағынан да, біздің үй жақтан да ол тесік жарға ілінген кілеммен жабылып тұрады, ешкім көпке дейін байқамады да. Сөйлесіп болғасын шүберектерді умаждап тығып, тығындап қоямыз, керегінде тығынын суырып аламыз. Үлкен емес, бес тиынның көлеміндей тесік. Ғалымжан асықтың

Page 51: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

51

құдайы, атқанда қандай қашықтықтан болса да көндегі тігілген асықтарды ұшырады. Қалай көздеп ататынын кім білсін, әйтеуір қатырады. Мінезі жуастау, болбырлау бала. Екеуіміз сәби кезімізден дос болдық, бірге ойнап өстік. Бір үйдің баласындай едік. Атам мен мамам Жұмағалиды да, Жонасты да жақсы көретін. Әсіресе, атам оның әкесін үнемі мақтап, оның шыққан тегінің жақсы екендігін айтып отыратын. Олар да атам мен мамамды қатты құрметтейтін, Жонас үнемі мамамның қасында болатын, атамды «ағекем» дейтін. Алдын кесіп өтпейтін. Атам Ғалымжанды өмірге келген кезінде бір өлімнен алып қалыпты. Ұзақ уақыт құран оқып, дем салып қасында бірнеше күн отырыпты. Сондықтан да олар Ғалымжанды «ағекемнің» баласы дейді. Мен де атамның баласымын, ол да атамның баласы болғасын біздер ағайын болып шықпаймыз ба, бір үйдің бала-ларымыз ғой. Атам мен мамам да Ғалымжанды жақсы көрді, үнемі басынан сипап еркелететін. Біздерге қанша қатал болса да атам Ғалымжанды қатты еркелететін, онымен әңгімелесетін. «Бір үйдің, қандай адамның жалғызы» деп отыратынын талай естідім. Ал сол Ғалекең асығымызды ұтып алып қан қақсататын. Талай әдемілеп бояған, мамамның алаша тоқитын жақсылап түтілген, қойдың қолдан иірілген жіптерін, киіз басатын жүнді бояйтын кезде қазанға салып жіберіп жіппен, жүнмен бірге қайнатып, әбден асықтың сүйегіне сіңіріп неше түрлі түске боялған асықтар Ғалекеңнің қалтасына түсті ғой. «Ойнағанға жылауға бол-майды, басың таз болады» дейді. Қалай жыламайсың, ішің күйеді ғой. Қандай әдемі асықтар десеңші. Ойнамауға да болмайды, жыламауға да болмайды. Кейде қайтарып та беретіні бар. Біз де асықты жақсы атуға тырысамыз, бірақ Екібасқа жету қайда?! Анасының ішінде жатып асық атудың мергені болудың оқуын оқып шыққан шығар. Асық әлі күн жылына қоймаған кезде, көктемде жақсы ойнала-ды, қызу ойын сол кезде болады. Күншуаққа жиналып, асықтарды көнге жағалай тізіп қойып қолымыздағы сақаларымызды көннен алшақтау жерге лақтырып «шығамыз». Шығудың да түрлі амалдары бар. Көннен ең алысқа шыққан адам бастап көнді көздеп атады, біртіндеп жақында тұрғандар ата бастайды. Шама-шарқыңа қарап, ату дәлдігіңе сай қашықтыққа шығуға тырысасың. Бірінші болып атамын деп өте алысқа шықсаң көндегі асықтарға тигізе алмайсың, ал тіпті жақынға шықсаң сенің алдыңдағы адам дәл тигізіп ұтып кетуі мүмкін. Жатқан саясат, соғыс саясаты. Екібас өз күшіне сенімді. Ойнайтын балалардың әлеуетінің шамасына қарап қалаған қашықтығына шыға салады. Өзіне ыңғайлы қашықтыққа. Сақасы да жақсы сақа. «Ойнайсың құнан қойдың сақасымен» деген-дей, сірә құнан қойдың сақасы да болуы мүмкін. Қорғасын құйылмаса да зілдей. Тисе ұшырады. Екібасқа сенбей талай тексердік, «рентгенге» салмағанмен соған жақындаттық. Қорғасын құйылмаған, жиі алшысынан тұруы үшін тақа жағы егелмеген. Таза сүйек. Сақада кінәрат жоқ. Екібас үстіндегі күртесінің оң жеңін шешіп, иығынан төмен түсіріп қиғаштап байлап алады, сақа ұстаған оң қолы жеңілдейді, сақасын саусақтарымен шырқ үйіріп айналдырып, көздерін сығырайтып айналасындағылардың атқандарын байқап, бақылап тұрады. Ке-зек өзіне келгенде «еңіреуден екі ат келеді» дегендей мұрынынан «ағып келе жатырғанын» қолының жеңімен бір сүйкеп жіберіп, сәл еңкейіп көздегендей бо-лады да, сақасын аса бір дәлдікпен шиырады дейсің. Шиырардың алдында оң

Page 52: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

52

қолының бас бармағы мен сұқ саусақтарының ұштарымен қысып ұстап тұрған «құнан қойдың сақасын» көз ілеспес жылдамдықпен зырылдауықтай шыр ай-налдырып үйіріп сақаны атуға дайындайды. Шиыруының да мәнісі бар сияқты. Аса бір ыждағаттылықпен, өнермен шиырылған ауыр салмақты сақа өзінің жемтігіне қарай зеңбіректің снарядындай зулайды. Қиялдап, бір сәт көзіңе елестетіп қарасаң, батырлар жырындағы батырлардың болат сауыттың түбіне жасырылған жауының дәл жүрегін көздеп шірене тартқан садағынан атылған сауыт бұзар қозы жауырын жебесіндей, айналасына өлім зарын сеуіп Екібастың сақасы көндегі асықтың біреуіне ажал құштыруға ұшып бара жатады. Көндегі Екібас көздеген асық байғұстың дәл ортасына әлемет күшпен сарт ете түседі. Темір болса от шашырар еді, сүйек болғасын от шықпайды. Бірақ Екібастың сақасы тиген асық байғұс көнге тігілгеніне, Екібастың сақасына көзделгеніне лағнет айтып шырқыраған күйінде өте алыс қашықтыққа ұшып бара жатады. Асық ойынның өз ережелері болады, көбіне бұлжытпай орындалады. Мысалы, көнге тігілген асық сақа тигеннен кейін көндегі тұрған орнынан ойыншының аяғының табаны жетпейтіндей жерге ұшып кетсе ғана ұтылған болып есептеледі, әйтпесе көндегі орнына қайта тігілуі керек. Сондықтан Ғалымжанмен асық ойнағанда кейбір балалар аяқтарына әкелерінің нән етігін киіп келеді, содан ойламаған жерден дау шығаруға дайын тұрады. Бірақ Екібастың сақасы тиген асық бір табан емес, бір қадамнан да алысқа ұшып кететін. Ешқандай дау тудыруға негіз қалмайтындай шүбәсіз басымдық болатын. Екібас күнделікті өмірде жай, көнбістеу болып көрінгенімен асық ойынға келгенде ешқандай ымыраға келмей қоятын. Ойынның ережелерін толық жатқа білетін, мүлтіксіз орындалуына көп көңіл бөлетін. Бүкіл Сағыздағы балалардың асықтарының Екібастың сақасынан зардап шекпегені жоқ болар, болса да өте аз болар. Дорбалап жинаған асықтарың осылайша зар илеп кете барады Екібастың қалтасына. Ғалымжанның үйі бір жылы корпустан үй алып қасап, базар, орталық жаққа жақындап Дайыр деген адаммен көрші болып көшіп кетті. Тақтай едені бар, есігінің алдында шай ішетін сарайы бар, сәл бөлектеу мал қоралайтын қорасы бар, жақсы үй. Бұрынғы үйінен, біздің үйден онша қашық емес. Баяғыша бірге ойнап жүрдік, енді Екібастың жаңа үйіне, еркін асыр салатын үйге қарай шабатын болдық. Жонас шешеміздің талай нәрсесін бүлдірдік, біздердің талай тентектігімізді көтерді, атама да мамама да айтқан емес. Не бүлдірмедік десеңші ...

Ғалымжан да жетінші класстан ары оқымады, училище оқып тракторшы мамандығын алды. Ауылда жұмыс жасады. Құрдасымыз, досымыз Серіктен бұның айырмашылығы ерме болды, үлкен жігіттерге ерді, жас балаларға да ере береді. Былайынша өмірде Ғалымжаннан жақсы адам жоқ, еш арамдығы, бөтен ойы жоқ. Достыққа адал. Бірақ, көңілжықпастығы басым, жұрттың барлығын өзіндей көреді, сенгіш. Содан соң «ғасыр дерті» арақ деген бәледен арыла алма-ды. Үйленіп, жанұялы болып, бала сүйіп дегендей өмірдің қызығын көре алмады, әкесінен қалған шаңырақты да ұстап тұра алмады, ошағының отын сөндірмей жағып отыратын қыз жолықпады. Сатыбалдыдан, Серіктен ең басты айырма-сы осы болды. Артында тұяқ қалмады. Жұмағали сияқты жақсы, текті адамның ошағының оты өшкен жері осы болды. Өте аянышты өмір ...

Page 53: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

53

Міне, осындай менің досым өтті бұл жалғаннан. Қайран менің, аңғал, ақ жүрек, сәбидей таза, ақкөңіл досым-ай, десеңші, мына алдамшы жалған өмірді түсіне алмай өтіп кетті. Өмірдің сақасы үнемі алшысынан түсе бермейді, тәйкісінен түссе де рахмет айтатын кездер көп болады екен, бүгі мен шігі аралас түсіп, кей-де тоңқайып омпысынан да келіп жатса не амалың бар. «Мүлтім бар» деп қайта шиырып салатын құнан қойдың сақасы емес өмір деген жалған дүние, ол тек бір рет шиырылып атылатын сақа екен. Осыны түсінсең ғана опық жеп қалмай сақаңды оңтайлы тұста шиырып тастап дұрыс өмір сүруге болады. Екібас досым о дүниеде Серікпен, Сатыбалдымен асығын ойнап біздерді күтіп жүрген де бо-лар. Достарымның жатқан жерлері жұмақта болсын, имандары жолдас болсын.

әлиев Мейрамбай. Суырыпсалма ақын, домбырамен ән салатын әнші, мұнайшы Әлиев Сүйеудің маңдайына біткен жалғыз ұлы. Мамасының атын білмеймін, ол кісінің жалғыз, біз білетін аты - «Мейрамбайдың мамасы». Мей-рамбай үшінші ауылда тұрды. Ол ауыл жалпақ сордың арғы жағында, оған бару үшін балшық кезде Серіктің үйінің қасындағы дамбаның үстімен жүру керек. Ал құрғақ кезде сормен тіке тартасың ғой. Қар болғанда, балшық болғанда ол ауылға қатынау- азаптың азабы. Баланың тізесінен асатын ұйма, жабысса жібермейтін «өте бауырмал» балшықтан аяғыңдағы етігіңді әрең суырып өліп-талып жетесің. Көктемнің кезінде қызыл майың шығады. Сол ауылда тұратын Жұпболдың үйінен шайға құятын сүт алу үшін күнде баратынмын. Жұпболдың үйі ауылдың бергі шетінде, Мейрамбайдың үйі сәл әріректе. Сүт алмайтын кезде де сабақтан шыққасын алым жоқ, бұйым жоқ Мейрамбайға ілесіп сол үшінші ауылға барамын. Қар болсын, балшық болсын, боран болсын, жаңбыр болсын қарамаймыз. Бізді кім қуып бара жатырғанын, кім алдына салып ай-дап бара жатырғанын білмейміз, соншама азаптанып әрең жетеміз оның үйіне. Қызыл майымыз шығып терлейміз. Анандай ми батпақпен жүріп көр. Талай рет етігімізді балшықтан суыра алмай, жалаң аяғымызды суырып алып балшыққа тыққанбыз. Алға ұмтылған екпініңмен, тепе теңдігіңді ұстай алмай қалып, денеңді игере алмай талай бетімізбен, етбетімізбен, балшықты мұрынымызбен сүзе талай балшыққа құлап, орынымыздан тұра алмай аунадық та ғой Сағыздың балшығына. Әсіресе, Мейрамбайдың ауылына бара жатырғанда. Ой, несін сұрайсың, талай қызық болды ғой.

Сүйеу кешке қарай, жұрт әбден малын жайғап болып, кешкі шайын ішіп алып ауладағы сәкілеріне жайғасып кешкі қоңыр салқын ауамен тыныстап, рахатта-нып отырған шағында жалпақ сордың арғы жағынан домбырамен әнді жібереді дейсің. Дауысы біршама жерге жетіп жатады. Әнді естіген ел тыныштала қалып ән тыңдайды. Ол кісінің ауылдағы жұмыстас мұнайшыларға шығарған өлеңдері көп. Кейбіреулеріне әзілдеп шығарады, кейбіреулерінің жұмыста, күнделікті өмірде жіберген шалалықтарын сынап та шығарады. Көпшілік ақынның тіліне ілініп қалудан сақтанады. Сағыздың көзі тірі адамдарының көпшілігі ол кісінің өлеңдерінің біразын әлі де болса ұмытпай жатқа айтады. Мейрамбайдың ма-масы жақсы адам, біздердің аузымызға барын тосады. Мейрамбайдың қандай сөзін, тілегін болмасын жерге қалдырмайды. Міндетті түрде орындайды. Мей-рамбай да жақсы бала, орынсыз қинамайды, не істесе де ақылмен істейді. Ма-

Page 54: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

54

масына жасайтын өтініштері де сондай, шектен шыққан біреуі жоқ. Мейрамбай бала кезінен орнықты, ұшқалақ мінезі жоқ, үлкен адамдар сияқты байсалды бала болды. Балжан марқұм маған үнемі Мейрамбайды үлгі қылып: «Сен неге өзің сияқты ана Мейрамбайға қарамайсың, содан неге үлгі алмайсың, досың емес пе, бірге жүресіңдер, бірге оқисыңдар, бірге ойнайсыңдар. Ал сен мүлдем басқасың» дейтін. Ол марқұмның не айтқысы келетінін білемін. Баласының кемшіліктерін анасы білмегенде кім біледі? Анасы баласының жақсы болғанын қалайды, Бал-жанды да түсінуге болады. Баласының кемшілігін біліп, оны түзетуге тырысқан ана жақсы ғой, маған Алла Тағалам сондай ана берген, немесе мені сондай ана-дан туғызған. Балжанның сондай болғанына Аллаға мың шүкір. Мен туа біткен табиғатымды қалайша, қасымдағы Мейрамбай сондай болды екен деп өзгерте қоямын. Табиғат деген бар емес пе, одан асып қайда бармақшысың. Ол салмақты, мен басқашалау болғанымызбен бірге ойнауға, бірге жүруге мінездеріміздің түк кедергісі болған емес.

Үшінші ауылға осындай еңбектеніп жүріп жеткенімізде алдымыздан Мейрамбайдың мамасы «айналайындап» шығады, дастарханы жайылып бізді күтіп тұрады. Шешінер шешінбестен тамаққа бас қоямыз. Барлық тәтті Мейрамбайдың аузына тосылады, яғни біздің де аузымызға деген сөз: ыссы таба нан, қолдың сары майы, кәмпиттер, пешенилер, компот... Бұл үйде Серіктің үйіндегідей емес, ұрлап темекі тартуға болмайды. Мейрамбай еркелеп мамасы-на: Хрущев деші, огурцый деші, помидор деші десе мамасы: Хрущевты-Крүшек, огурцыйды-әгүршік, помидорды-пимадор тағы да сол сияқты кейбір орыс сөздеріне тілі келмей бұрмалап (мүмкін біздің мәз болып шықылықтағанымызды қызықтап әдейі де айтатын шығар) жауап береді. Біз екеуіміз шықылықтап күліп мәз боламыз, жерге жатып алып күлеміз. Ал мамасы бізге бар мейірімін төгіп қарап отырады. Кейде Мейрамбайды жалындыру үшін әдейі «қойыңдаршы, шар-шадым, тілім келмейді, сендер күлесіңдер, мазақтайсыңдар» деп «бұлданады» да, біз қоямыз ба, ол жалынған сайын біз екі жақтап тіпті үдетіп жібереміз. Кей-де осылайша ойнап отырғанда кеш те болып қалады. Мейрамбай мені дамбаға дейін шығарып салады, мен үйіме қайтамын. Біздің үйдің қасында, көрші тұрдық, Мейрамбайдың әкесі Сүйеудің Қосымбай деген қарындасы тұрады. Қосымбайдың Бисенова Алтын деген қызы болды. Біздің кластасымыз. Кейде сол үйде де ой-нап қалатын кездеріміз болады, бірақ көбіне үшінші ауыл қайдасың деп борбай-лап бара жатырғанымыз. Біздің үйде де ойнаймыз, Балжан менің достарымның барлығын жақсы көреді, бірақ байқаймын, Мейрамбайға бүйрегі бұрыңқырайды. Алтын марқұммен екеуіміз дос болдық. Менің жазуым өте нашар, үй тапсырма-ларын көбіне Алтын әдемілеп көшіріп беретін. Атам үйінде болғанымда Нұраш апам көшіреді, Балжанның үйінде болғанымда Алтын көшіреді. Сөйтіп жүрген баланың қайдан жазуы түзеле қойсын, осылайша өмір бойы түзелместен кетті ғой.

Мейрамбайдың үйі Сағыздан ол төртінші класты аяқтағасын станция Сағыз деген жерге көшіп кетті. Станция Сағыз біздің Сағыздан мүлде бөлек ауыл, басқа ауданның жері, үлкен теміржол торабы бар ауыл шаруашылығымен ай-налысатын, Ақтөбе облысына жақын елді мекен. Содан Мейрамбайды көруіміз

Page 55: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

55

сиреді, тіпті оны жоғалтып алдық десек те болады. Мақсым үшеуіміз дос едік, «три мушкетера» деген сияқты бірге жүретінбіз. Класстың алдыңғы қатарлы оқу озаттары болып есептелдік, сабақ үлгерімі жөнінен үшеуімізді бір-бірімізбен жарыстырып қоятын. Тоқсан сайынғы болатын қорытынды жиналыстарда алған бағаларымызды салыстырып отыратын үлкендер жағы. Мейрамбай көшіп кеткесін Мақсым екеуіміз қалдық. Мейрамбайдың әкесі Сүйеу ақынға Мақат кентінде көше берілген. Әкесінің абыройы жетіп тұрса да, баласы жақсы болмаса көше беріле қоюы екіталай шаруа ғой. Бұл да болса Мейрамбайдың елге жаққан жақсылығы, әке алдындағы борышының сәл де болса өтеуі. Марқұм біздің Бал-жан әулие екен: «Болар бала боғынан...» дегендей, Мейрамбайдың жақсы азамат болатынын менімен ойнап жүргенде-ақ сезген екен-ау!!!

Мейрамбай мен Жаңылдан өрбіген ұлдар да, қыздар да баршылық. Немере-лер сүйіп отырған ата-әже. Міне «Жалғыздың шаңы шықпас» деген қазақтың мақалының кей жағдайларда дұрыс бола бермейтіні де болатынын көріп отыр-мыз. Жалғыздың шаңы дұрыстап шапса шығады екен, тек оқсатып шаба білу ке-рек екен. Шабатын жүйрігің шын жүйрік, арғымақ болуы керек екен!!!

Сабуғалиев Мақсым. Мұнайшы шебер Сабуғалиев Қажымұрат пен дүкенші Көшербаева Тұрағалдың ортаншы ұлы. Қажымұрат Балжан екеуі атамның үлкен ұлы Ағесен атамнан сабақ алған, мектепте бірге оқыған, Қызылқоғада ауылдас болған. Мақсымның нағашысы өзіміз, бүкіл өңіріміз қатты қадірлейтін Муса ағай. Муса ағайымыз-мектеп директоры. Қазақ жақсы азаматты көргенде: «Нағашысы кім екен?» деп сұрап қалып жатады. «Үйдің жақсы болуы ағашынан, жігіттің жақсы болуы нағашыдан» деп біздің қазекең бекер айтпаған да болар. Тегі де жақсы, нағашысы да жақсы осы Мақсым менің туғалы жұбымыз жазылмастан келе жатырған асыл досым. Жоғарыда әр қайсысына жеке-жеке тоқталып өткен төрт досымнан Мақсымның айырмашылығы екеуіміздің жұбымыздың жазыл-мастан әлі күнге бірге жүріп келе жатырғандығымызда болса керек. Сағыздың сағыздай созылатын, өзіне тартып жібере қоймайтын «бауырмал» қара саз балшығында сәби кезімізден бірге ойнап өстік, мектепке бірге бардық. Сегізінші класымыз басталмай жатып жабылып қалғанда он үш қызды бастап Қошқардың интернатына бірге аттандық. Алматыда да бірге оқыдық. Жұмысқа да киелі Маңғыстау жеріне бірге келдік. Жаңа Өзен қаласының көшесін кезіп, шаңын да бірталай бірге жұттық. Мен Ералиевте, ол Жаңа Өзенде болсақ та жиі араласып тұрдық. Ақтауға көшіп келіп екі үйіміз тағы бірге болдық. Ол жұмыс бабымен әуелі Ақтөбеге, содан кейін Астанаға көшіп кетсе де екеуіміздің арамыз суыған емес. Тіпті жақындай түскен сияқты болып тұрғандай ма, қалай?! Қалалардың арасындағы қашықтық, достардың арасына қашықтық болып түспейді екен. Мақсым екеуіміздің арамыздың осындай жақындығы Сатыбалды, Серік, Ғалымжан, Мейрамбай сияқты сәби кезімізде екеуіміз де бірге ойнаған доста-рымызды ойымыздан, жүрегімізден ығыстыра алмайды. Сол достарымызбен асыр салып ойнаған асыл ауылымыз Сағызымызға деген ыстық сағыныш та бар жүректерімізде. Ғылымның, технологияның дамыған заманындағы ғаламтор деген ғажап дүние екеуіміздің байланысымызды одан әрі күшейте түсті.

Бастауыш класстарда Мейрамбай, Мақсым үшеуіміз оқу озаты болдық, тек

Page 56: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

56

кластың емес мектептің де алдыңғы қатарында болдық. Мейрамбай көшіп кеткеннен кейін екеуіміз сол алдыңғы саптан кейін кетпедік, орта мектепті бітіргенше оқу озаты болдық. Жақсы оқудың ауылда жүргенде де, артынан ин-тернатта жүргенде де «бірдемелерді бүлдіріп» жүруімізге кедергісі болған емес. Мұғалімдерден талай ұрыс та естідік, таяқ та жедік. Ауылдағы мектебімізде жүргенде Мақсым кластас бір баланы үзіліс кезінде ойнап жүріп боқтап жіберді. Ол жүгірмек жылап класс жетекшіміз Бердібай ағайға айтып барыпты. Үзілістен кейінгі келесі сабақ қалды жөніне, ағайымыз Мақсым екеуімізді кластың ор-тасына шығарып қойып тергеуге алды. Манағы жүгірмек Бисенғалиев пен Сабуғалиев маған жабылды, боқтады деген екен. Оған екеуіміз жабылатын-дай үлкен бала болмайтұғын, екеуіміздің үнемі бірге жүретінімізді, бір жақ болып ойнайтынымызды айтқаны шығар, әйтпесе оған жеке біреуіміздің де әліміз жететін. Түс қайта екінші ауысымда оқитынбыз. Біздерде үн жоқ, баста-рымыз салбырап ортада тұрдық та қойдық. Нағыз партизандар сияқты. Сол күнгі сабақтардың бітетін уақыты болып кластың қалған балалары үйлеріне тарап кетті. Бізді ағай мұғалімдер бөлмесіне алып барды. Үзіліс кезінде жоғары кластардың мұғалімдері бірі кіріп, бірі шығып мұғалімдер бөлмесі қайнап кетті. Кірген, шыққан мұғалімдердің барлығы бұрышта солбырайып тұрған біздерге қарап өтеді, кейбіреулері ағайымыздан: «Мыналар не бүлдірді, мақтағанды көтере алмаған екен» деген сияқты сөздерді айтып кетіп жатыр. Сол тұрғаннан әбден мұғалімдер сабақтарын аяқтап үйлеріне тарап кеткенше тұрдық. Қарын шұрылдады. Үшеуіміз әбден оңаша қалғасын ғана ағайымыз бізді «допростың» астына алды. Түсініктеме жазғызды. Мақсымның боқтағанын біліп тұр, мені оның қалай боқтағанын айтуың керек, сен қасында болдың, екеуің біргесің деп қосақтап ұстап отыр. Ана жүгірмектің көрсетуі солай. Мақсым түсініктемені жазады, мен де жазамын, бірақ ол жазған түсініктемелеріміз ағайымызға ұнамайды. Бірнеше рет жаздырды. Ағайдың айтуынша біз боқтаған сөзімізді тап сол айтылған күйінде жазуымыз керек, ал біздер олай жаза алмай қиналамыз. Көзімізге шұқып тұрып жазғызды. Жаздық. Үйге қайттық. Үйдегі әңгімені жаз-баймын, белгілі әңгіме ғой. Бұл тек шет-шепірі ғана, талай бүлдірулер болды ғой, олардың несін айта берейін. Интернатта да болды біраз шатақтар. Көзімізді қорқыту үшін жасалатын, сабаққа да бірнеше күн қатыстырмай қойған күндер болды. Әбден оқуды аяқтап, емтихандар біткесін, мектеппен қоштасу кешін жасамайтын болды. Интернат, мектеп басшылығы сендердің кластарыңның тәртібі нашар деген сылтау айтты. Бұның арты жақсылыққа апармады, өздеріміз «отырмақ» ұйымдастырып, оның арты үлкен төбелеске айналып, ең соңында біздерге аттестат берілмейтін болды. Бірақ берді ғой, жақсы оқығанымыздың пайдасы тиген болар. Осылардың барлығының ортасында екеуіміз «фигуриро-вать» етіп жүрдік. Ауылда да, интернатта да мұғалімдер жақсы көрді, сыйла-ды, екеуімізді алға тартатын, бетке ұстайтын. Бірақ біздердің «шайып» кететін тұстарымыз көбірек болған сияқты. Ойпырмай десейші?!

Мақсымның үйі атамның ауылы жағындағы, екінші ауылдағы, корпуста бол-ды. Үйлерінің тап алдында мамасының дүкені. Көп пәтерлі ұзын, екі жағында да пәтерлер бар үлкен корпус. Қасында, сордың жағасына жақын мал қоралары

Page 57: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

57

болды, ол да ұзынша қылып сорды жағалай тізбектеліп салынған қоралар, ау-лалар. Мақсымның папасының «Москвич» машинасы болды (ауылдағы жалғыз «Москвич»).

Осы достарымның ішінде жалғыз Мақсымда ғана аға бар, қалғандарымызда аға жоқ, не өздеріміз үйіміздің үлкеніміз, не үйдің жалғызымыз. Мен Мақсымға қатты қызығатын едім, ағаң болған қашанда жақсы ғой. Ағаңа арқа сүйеуге бо-лады, еркін жүресің, ешкім саған күш көрсете алмайды. Тағы бір Мақсымның артықшылығы, оның мамасы дүкенші. Ауылдық жерде өскен адамдар біледі, дүкенші дегенің жарты Құдай ғой. Біздің ауылымызда мұғалімдердің авторитеті өте жоғары болды, содан кейінгі кезекте дүкеншілер тұратын. Атақты сықақшы Аркадий Райкин айтқандай: «Театрдың алдыңғы қатарындағы орындар-да ауыздары толған алтын тіс, білектері мен саусақтары алтын білезіктер мен жүзіктерге толы, жалтылдап көздеріңді шағылыстырып базалардың бастықтары, қоймашылар, дүкеншілер, тіс салатын дәрігерлер отырады, со-дан кейінгі қатарларда инженерлер, жобалаушылар, мұғалімдер, жай жұмысшы халық ...» деп. Райкин біздің ауылда болған жоқ қой, қайдан білсін, біздің ауылда мұғалімнің беделі өте жоғары еді, дүкеншілер, қоймашылар мұғалімдерден кейін сәл төмендеу тұрды. Мұғалім көшеде келе жатырғанда біздің ауылдың үлкені де, кішісі де құрмет көрсетіп үлкен ілтипатпен амандасып, жол беріп тұра қалатын, ал біз сияқты оқушылар көзіне көрінбеуге тырысып, көшені айналып өтіп, «зып» беріп қарамызды жоғалтуға тырысатынбыз. Ал жоғалуға үлгере алмай қалсақ бас киімімізді қолымызға алып мұғалімнің өтіп кетуін күтіп тұра қалатынбыз. Сон-дай жанұяда дүниеге келген Мақсым жақсы тәрбие алды, өнегелі болды. Үйіне барғанымызда бізді папасы да, мамасы да жақсы қарсы алатын. Мақсымның үйі атамның үйі мен Сатыбалдының үйінің арасында, жолда болды.

Мақсым жақсы қызға үйленіп жанұялы болды. Жанұямызбен араласып, ағайындай болып кеттік. Ең алғашқы, баласының үйленетін тойына мені бас құда қылып аттандырды. Бас құда болу дегенің өте зор құрмет екенін бәріміз білеміз. Ет-жақын ағайының, тумаң баратын жол ғой. Ал ондай зор құрметке лайықты ағайындары Мақсымның айналасында, өз тегі жағынан да, нағашылары жағынан да, тіпті үйленгелі жатырған баламыздың нағашылары жағынан да жетіп арты-лады. Атағынан ат үркетін әлеуетті, елге сыйлы азаматтары, ағайындары бола тұра әдейі мені таңдады. Бұндай құрметке қалайша риза болмассың?!!! Міне, шынайы достық деп осыны айтатын шығар!!! Бұл шынайы сыйластықтың, сәби кезден жалғасып келе жатырған достыққа адалдықтың тек бір ғана көрінісі ғой. Ал Мақсымның тарапынан ондай адамгершіліктің неше түрлі көріністерін, неше түрлі қырларын тізбелеп жаза беруге болады. Екеуіміздің арамыздағы достықтың үлкен тірегі де, отын маздатып жағып отырған ұйтқысы да осы Мақсым ба деп қаламын. Екеуіміздің арамыздағы интернетпен жазылған хат-хабардың өзі бір роман болатын шығар. Сағызымызды, достарымызды, ауылымыздың жақсы адамдарын, сүйікті мұғалімдерімізді ... «жырлап» жазғандарымыз, күлкілі әңгімелеріміз неге тұрады?

Мектепте оқып жүргенімізде ауылдағы мұғалімдеріміз екеуімізге үлкен үміт артып, жоғары оқу орынында оқиды, жақсы инженер болып шығады деп

Page 58: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

58

үнемі айтып, құлақтарымызға құюдай-ақ құйып жүретін. Ұстаздарымыздың үмітін Мақсым ақтады. Әкесінің жолын қуып, ісін жалғастырып мұнайшы ин-женер болды. Көп инженердің бірі емес білікті, білімді, басы бар инженер бол-ды. Сатылап өсіп еліміздің мұнай-газ саласының ірі маманы атанды. Мұнай өндірісін ұйымдастырушы басшы дәрежесіне көтерілді. Маңғыстау өлкесінің ірі-ірі кенорындары саналатын Өзен, Қаламқас, Жетібай сияқты мұнай-газ өндіру басқармаларында басшы орындарда жұмыс атқарды, басқарды, жұмысты ұйымдастырды. Астанадағы Ұлттық Компанияның Департаментіне де басшылық жасады. Қазіргі кезде Ақтөбеде қытайлармен бірлескен кәсіпорында өндіріс басшысы. Мақсым мен Бақыт Сабуғалиевтардың мұнайшылар династиясының өздерінен кейінгі ұрпақтарын тәрбиелеп, оқытып, мұнай саласында өзіндік орны бар білікті, білімді инженерлер дайындап қосып отырған әке-ана, төртінші буын, Қажымұрат ақсақалдың шөберелерін де сол жолға салуға дайындап жатырған ата-әже. Білім берген, үміттенген ұстаздарымыздың үміті ақталды деген осы шығар. Жарайсың, досым!!! Осындай мықты, жүрегі үлкен, адамгершілігі мол досымның барлығына қуанамын. Көп адам мен сияқты: «Осындай досым бар» деп мақтана алмайтын да болар! Досыма денсаулық берсін, ошағының оты маз-дап жана берсін, Бақыт екеуіне ұзақ өмір берсін деп тілеймін Алла Тағаладан!

Бисенғалиев Бисенбай. Бұл Бисенғали атасы мен Меткіл мамасының ба-ласы. Бұл бала жөнінде басынан бірталай жаздым. Бірақ жоғарыда жазған құрдас-достарынан айырмай тағы бірдеңелерді жазып қарайын. Бұл баланы да туғанынан бері білетін сияқтымын. Бір торғай қасына келіп қонған қаршығаға өзін «Бүркітпін» деп таныстырыпты. Сонда қаршыға: «Ау, бүркіт біздердің ағамыз ғой, ол саған қарағанда ірірек болуы керек еді, ал сен мойның ырғайдай, өзің бір уыс болып алып қалайша бүркітпін деп отырсың, сенбеймін» десе, торғай еш қысылмастан: «Мен шала туылғанмын, жасымда аурушаң болдым, сондықтан өспей қалғанмын ғой. Әйтпесе бүркіт екенімде дау жоқ, бүркіттің нағыз өзімін» депті. Сол торғай айтқандай мен де өмірге уақытымнан ерте келіппін, шала туылыппын, сәби кезімде ауырмаған ауруым жоқ болған сияқты. Мамамның, Нұраш апамның айтуларынша шайға сүт құятын ағаш қасықтай көлемде болыппын, басым ерекше үлкен, мойным үзіліп кететіндей жіңішке, иық деген тіпті болмаған, бұттарым шидей, жүнін жұлған торғайдай әлжуаз болыппын. Мені көрген адамдардың барлығы да мені бұл өмірдікі емес, адам қатарына қосылмайды депті. Бұл былай болыпты, 1951 жылдың 4 декабріндегі түнде Балжан Селәубайда вахтада тұрады. Кенет толғақ қысады. Күн аяз, боран, қар қалың. Селәубайдан екінші ауылдағы атамның үйіне дейін ұзақ қашықтық, әрі боранға қарсы жүру керек. Түнгі мезгілде жұмысын тастап жаяу үйге тарта-ды. Ұзақ жүріп әрең жетеді. Таң ата атамның үйінің төріне менің кіндік қаным тамады. Жұрт «Ата заңның шыққан күнін, конституция күнін» мерекелеп жата-ды, айналада шырқалған ән, радиодан төгілген музыка, барлық жерге қызыл жа-лаулар мен мерекелік транспаранттар ілінген. Бұлардың барлығы менің өмірге келу құрметіме емес, мерекенің құрметіне арналған, 1936 жылғы 5 декабрьде қабылданған Сталиннің заңы, Ата заңның құрметіне. Сөйтіп мен больницада емес атам мен мамамның қолында дүние есігін аштым. Больницада туылсам өліп

Page 59: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

59

те қалар ма едім, кім білсін, көрер жарығым болғаны ғой. Өмірге асығып кел-ген мені аман алып қалу үшін атам мен мамам ғана үміттерін үзбей менің өмірім үшін күресіпті. Тымаққа салып үйдің жарына жоғарырақ қағылған шегеге іліп қойып, аузыма шай қасықпен су тамызып отырыпты. Атам молда болғандықтан үзбестен құрандарын, дұғаларын оқып, тілеуімді тілепті. Сөйтіп аман қалған сияқтымын. Бірақ өте жадау, еш нәрсеге әлім келмейтін әлжуаз болғанымды жақсы білемін. Мамам маған көрсеткен шайға сүт құятын ағаш қасықтай бол-сам қалайша мені аман алып қалғандарына әлі күнге таң қаламын. Атам мен мамамның тілеулерін Алла Тағалам жерге тастай алмаған ғой, шын жүректерімен, жан-тәндерімен тілеген ғой менің аман қалуымды. Денсаулығыма байланысты болар, мен жұрттың балаларындай балабақшаға бармадым. Атам мен мамамның қасында болдым, әңгімелерін тыңдадым, бағымында болдым, соларға еріп той-садақаларға бардым. Атам мен мамамның берген тәрбиесі балабақшадағы әйелдердің тәрбиесінен артық екенінде дау жоқ. Сондай себеппен мектептің табалдырығын да кеш аттадым, 1959 жылы 8 жасқа тақап бардым. Денсаулығым болып бір жыл ерте, 7 жасқа сәл толмай, не болмаса, алты жасымда мектепке бар-сам, онда жоғарыда жазған достарыммен бірге жүре алмай қалатын шығармын. Бұл да Алланың маған деген сыйы болар. Қазір тіпті салмағы 500 грамм болып туылғандарды да аман алып қалатын мүмкіндіктер бар екен. Шала туылғандар үш категорияға бөлінетін көрінеді, 500 грамм болып туылатындар ең соңғы үшінші категориядағылар. Ал менің сол кезде, ешқандай медициналық көмексіз, дәрігерлерсіз, атамның тымағының арқасында аман қалуым ғажайып құбылыс сияқты маған. Атамның үздіксіз оқыған дұғалары Жаратушы Иеміздің құлағына жеткен ғой. Жоғарыда жазған бес досымның тағы бір досы болсын деген шығар, соларға қосылып кеттім-ау, әйтеуір. Атам ырымдап мұғалім болып жұмыс жасай-тын Шоңай жеңгеме кіндігімді кестіріпті. Мүмкін кітапқа, әр нәрсені білуге деген құмарлығым осыдан да шығар. Сәбидің алдағы өмір жолы кіндігін кескен адамға, жүріс-тұрысы тұсауын кескен адамға ұқсас болады деген қазақтарда түсінік бар ғой.

Мамам айтқаннан кейін шала туылған балалар жөнінде біталай дүниелерді оқып білдім. Леонардо да Винчи, Наполеон Бонапарт, Уинстон Черчиль ... тағы біраз атақты адамдар шала туылғандар. Барлық халықтардың түсінігінде шала туылғандар «дарынды, жолы болғыш» болып есептеледі екен. Дұрыс па, бұрыс па, өздері біледі. Өзімді күштілігімнен іріктеліп шыққандардың қатарына қоса алмаймын, және өзімді жоғарыда жазған атақты адамдармен салыстырудан аулақпын, олай жаман ойлап қала көрмеңдер, тек оқығанымды жазып отырғаным ғой. Өзім жөнінде «дарынды» деген түсінік түбегейлі қате, маған арналмаған деп толық айта аламын. Ал «жолы болғыш» дегенге толығымен қосыламын. Жара-тушы Иеміз мені жаратқанда дарынды қылуды ұмытып кеткен сияқты (шата-сып кеткен де шығар, әлемде сол күні, сол сағатта, сол сәтте қаншама сәби дүние есігін ашып жатты), ал жолым болғыш екені рас. Аман қалып (ағаш қасықтың көлеміндей шақалақтың аман қалуы жолы болғыштық емес пе?!), қатарымнан қалмай, достарыма ілесіп жүруімнің өзі жолы болғыштықтың дәлелі ғой. Оның үстіне жоғарыда жазғанымдай бала кезімнен-ақ өте тамаша балалармен дос бол-

Page 60: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

60

дым, тамаша ауылда балалық шағым өтті, есейдім. Мектепте де, жоғары оқу оры-нында да, еңбекке араласқанымда да қасымда өте тамаша ұстаздарым болды, солардан тәлім-тәрбие алдым, ақыл-кеңестерін тыңдадым. Бұл да болса өмірде жолымның болғаны емес пе?! Қатарымнан қалмай жанұялы болдым, балаларым бар, қылықтары бірінен бірі өтетін немере-жиен деген тәттілерім бар, солардың қызығын тамашалауға, қызықтауға Алла Тағалам мүмкіншілік беріп отыр, бұны қалайша жолы болғыштық деуге болмайды?! Әлбетте, жолы болғыштықтың нағыз көкесі осы емес пе?!

Қатарымдағы достарымның, басқа балалардың менен әлдеқайда «здоровый» екендіктерін біраздан кейін байқадым. Байқадым да ешкімге дабыра қылмай біртіндеп өзімді өзім қолыма алып спортпен шұғылдана бастадым. Бұл ісіме кітап оқитыным көп көмегін тигізді. Ешкім білмеді, тек өзім үшін, қатарымнан қалмау үшін жасадым. Гараж жақтан трактордың темірлерін үйге жинай баста-дым, аулаға турник орнаттым, өзім көтере алатындай шағын штанга, гантель-дер жасап алдым. Үнемі жаттығулар жасауды әдетке айналдырдым, таңертеңмен сордың жағасында жүгірдім. Бірте-бірте мойным толысып, иықтарым да шыға бастады, іштегі пресс те қатая берді, бойым да басқалардан қалыспай өсті. Басымның басқа денеме қарағанда көзге ұрып тұратын «қазанбастығы», мойнымның шілдей жіңішкелігі байқалмайтындай болып қалды, «шала туылған әлжуаз бала» болмай, өз уақытында туылған құрдастарымнан еш айырмам жоқ болып шыға келдім. Ешкім мені ешқашан шала туылған деп ойлап көрген емес, ауылдың менің өмірге келген сәтімді білетін үлкендер болмаса, тіпті құрдастарымның өздері де білмейді. Содан бері дене шынықтырудан айырылған кезім болған емес, өмірлік жолдасым болып кетті.

Өзім жайында түртпектеп жүріп әр жерлерде бірталай мәліметтер берген сияқтымын. Бұлардың көпшілігін өзім үшін емес, достарым үшін де емес, бала-ларым үшін, келер ұрпақ немере-шөбере-шөпшек деген «жамандар» үшін жазып отырмын. Іштерінен біреуі бір замандарда: «Осы біздің атамыз, әкеміз қандай болды екен, адамшылық қасиеті қандай екен, достары кімдер, сәби кезінде қандай ойындар ойнады екен, туған ауылы қайда, қандай ауыл екен, ауылының адамдары қандай екен ...?» деп қалатындай жағдай болса осыларды тауып оқыр деген үміт бар көңіл түкпірінде. Көңіліме ұнайтын мына бір өлеңнің де бір шумағын жазып жіберейін:

Баспадым жардың шетін құлай ма деп, Ішпедім арықтан су лай ма деп. Қорқамын дос болуға жаманменен, Тар жерде ердің құнын сұрай ма деп.Осы өлеңде айтылғандай айналамда ылғи жақсы жігіттер болды, әлі де бар,

жамандардан аулақ болуға тырыстым. Құдай менің жолымды ашып ылғи жақсы жігіттермен жүруге, достасуға жазыпты. Мың шүкіршілік. Балалық шақтағы достарымнан бөлек, өмір болғасын оқып жүргенде де, жұмыс жасап жүрген кездерімде де, былайынша өмірде де ылғи жақсы жігіттермен дос болдым. Кей кездерде ойша көз жүгіртіп әр кездегі достасқан жігіттерімді ой елегінен өткізсем өзіме риза болып қаламын. Ылғи сайдың тасындай «сен тұр, мен атай-

Page 61: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

61

ын» дейтіндей азаматтар. Ғалым да, басшы да, білікті инженер де, тіпті жазу-шылар да бар. Ойлаған ойлары қандай, әр нәрсеге білдіретін пікірлері қандай, ой-өрістерінің биіктігі қандай ... десеңші. Кей кездерде олармен әңгімелесіп отырғанымда өзімнің көп нәрселерден бейхабар екендігімді, пікір таластыра-тындай біліктілігімнің аздығын сезіп қалатыным да шындық.

Ал балалық шақтағы құрдас-достарымның әр қайсысы неге тұрады?! Сәл тентектеу, сылқымсоқтау, болашақ қайынатасына, ел алдындағы сұсынан имікпестен: «Мен сені шақырған жоқпын, қызыңды шақырдым, қызыңды шығарып бер маған»дейтін, сүйген қызы үшін еш нәрседен қаймықпайтын батыр Сатыбалды досым, тамаша футболист, әжесінің еркесі Серік досым, құнан қойдың сақасын үнемі алшысынан түсіретін, көздегенін ұшырып түсіретін жоямерген Ғалымжан-Екібас досым, өз істерінің шебері, білімді, білікті, айналасындағы ел-халықтың алғыстарына бөленіп жүрген, қазақ елінің экономикасында, құрылыс, мұнай салаларында ойып тұрып алатын өз орындары бар Мейрамбай, Мақсымдай достарым бар мен де «Сау сиырдың боғы» емес шығармын-ау деп өзімді жұбатамын. «Сенің кім екеніңді айтайын, қасыңдағы достарыңды көрсет» деген екен. Ешкімнен ұялмай көрсететін осындай достарым бар. Болған.

***Ауылым, Сағызым жайында толғана отырып, кейде назаланатыным да бар.

Сағыз мұнай кәсіпшілігін өткен ғасырдың 1987 жылы жапты. Тұрғындарын Мақат ауылына көшірді. Кеңес үкіметінің соңғы жылдары, экономиканың да ақсап тұрған шағы болатын. Өндірісті басқаруды оңтайландыру, шығынды азайту үшін жасалған шешім еді. Әуелі Мақаттан Сағыздықтар үшін бірнеше екі қабатты, көп пәтерлі үйлер салынды. Сағыздықтар осындай жерге тұрып үйренген деген болулары керек, ол үйлер нағыз сордың, батпақтың үстіне са-лынды. Шырқыраған шілдеде бір кеппейтін, құрғап үлгермейтін тұзды сордың үстіне салынған үйде қандай сапа болсын, тұрғындар тұрған үйлер сыз, ылғалды болды. Бұл енді кеңес үкіметінің заманындағы құрылыс жүргізген басшылардың қандай дәрежеде ойлайтынын көрсететін шығар. Ал біздің ауылдың тұрғындары бір балшықтан (Сағыздың балшығынан) шығып екінші сорға (Мақаттың соры-на) кіріп те кетті. Содан біздің ауылдың орнында тек қана Селәубайдың биік ғимаратының жұрнағы ғана көрініп қала берді. Орны тегістеліп тасталды. Бір замандарда осы жерде қайнаған өмір болды, керемет, руға бөлінбейтін, біртұтас «Сағыз» деген руы бар халық тұрды, ұрпақ өсті дегенге ешкім де сенбейтіндей болып қала берді. Жылына екі рет, көктемде, күзде ауылымның орынына ба-ратын мен сияқтылар ғана естеріне алатын шығар. Барған сайын балалық шақтағы, есейген шағымдағы жүрген, ойнаған жерлерімді ұзақ қарап тұрамын. Сазды жерден құрдастарыммен асыр салған қасиетті топырақта табанымыздың іздері қалған жоқ па екен деп іздеймін. Тапқан да, көрген де сияқты боламын. Қай жерде қандай ғимарат болғанын жобалап ойша табамын, сол ғимаратқа бай-ланысты қандайма бір естеліктерді есіме аламын. Бала кезімде бірге ойнаған Сатыбалды, Серік, Ғалымжан, Мейрамбай, Мақсымдарды есіме аламын. Бір жағынан өзімнің осы қасиетті жерден көп қашыққа кетпегеніме, байланысымды үзбегеніме қуанамын. Екінші жағынан өкініш деген бәле жабысады менің ойыма.

Page 62: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

62

Өкінетін себебім, біздің Сағыз сияқты ескі мұнай кәсіпшіліктерін: Сарықамысты, Қаратонды жаңа жерден әдемі, ыңғайлы жеке үйлер салып, жаңа ауыл тұрғызып, халқын риза қылып орнықтырды. Комсомольск, Қошқар деген ауылдардың тұрғындарын Атырау қаласынан заманауи шағын аудандардан толығымен жабдықталған пәтерлерге көшірді, Махамбет деген аудан орталығынан кот-тедж үйлер де берді. Осы аталған төрт шағын ауылдардың тұрғындары бұрынғы кездерінде ешқандай тұрмыстық жағдайы қарастырылмаған үйлерде тұрса, енді барлығы да кең, заманауи үлгіде салынған жеке үйлерге, кейбіреулері екі қабатты коттедждерге де кіріп алды, көпшілігі қалалық болып алды. Солармен өзімнің Сағызымды салыстырып қарасам, тұрғындарының Мақаттың сорындағы сызды, ылғалды ешбір жағдайы жоқ үйлеріне кіргенін ойласам ішім удай ашиды. Міне, менің өкінішімнің сыры. Әрине, ол кезде кеңес үкіметі болды, ал бұлар егемендік алғасын көшірілді. Қалай болғанда да іште өкініш қалады, өзімді бұлайша жұбата алмаймын. Еткен еңбектері бірдей, көрген азаптары бірдей, ал соңында біреулер «екі жеп биге шығып» алады да, екіншілері «таз кепешін» кигеніне де риза бола-ды. Бұл қалай болғаны?!

Осыларды ойлай-ойлай мен бір шешімге келгендей болдым. Ауызша айтылған әңгімелер бір күндері ұмытылады, ауылымыздың орны онсыз да жоғалып кетті. Бір замандарда атағы дүрілдеген ардагерлеріміз де ұмытылады. Ал тасқа басы-лып қағазға жазылған бір сөз де болса жоғалмайды, бір күндері іздеген ұрпақ тауып алатын болады. Бұл күндері орны ғана қалған ауылымда өткен балалық күнімнің ескерткіші болсын, осы топырақта өткен, маған өмір берген ата-бабаларымның алдындағы, туған топырағымның алдындағы парызымның өтеуі болсын деген оймен осы жазбаны қолға алдым. Себебі: «Әркімге өз туған жері -Мысыр шаһары». Мақсатыма жеттім бе, жетпедім бе, оның бағасын оқыған оқырман бере жатар.

Page 63: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

63

екінші БөліМ

естеліктер

Page 64: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

64

Құлымғара АтағозиевЕңбек ардагері. Сағыз кенішінде еңбек жолын қарапайым үйренушіден бастаған, өндірістің ең соңғы басшысы. Атырау қаласы

Мен өзімнің туған жылымды білмеймін, құжатта 1928 жылы туылған деген-мен, соның өзіне сенбеймін, менімен сыныптас балалардың бәрі менен 2-3 жас үлкен болып шығады, Доссорға қай жылы, неше жаста келгенімді де білмеймін. Сыламғали көкемнің Маржан деген қызы және Есенжан деген ұлы қайтыс болғасын, көкемнің сұрауы бойынша, қай жылы екені белгісіз, мені әкем Доссорға алып келіп, інісі Сыламғалидың үйіне бала қылып тастап кеткен. Тегімді де өзінің басқа балаларынан бөлектеп арғы атамыздың атына жазғызыпты. Сол кездегі адамдардың туысқандықты қадірлеуі, бауырмалдығы таңғалдырады. Бауыр еті баласын бауырының көңілі, оның ұрпағының, атының жалғасуы үшін қиып қалдырып тұр ғой. Мектепке әке-шешемнен қашып өзім барып оқып жүргенімді Жансая апай үйге айтып, содан оқып кеттім ғой. Тоғызыншы сыныпқа дейін Доссор қазақ орта мектебінде оқыдым. 1944 жылдың апрель ай-ында үкіметтің қаулысымен мұнай техникумы жанынан Гурьев мұнай өңдеу заводында бір жылдық, қысқа мерзімдік технологтар курсы, ашылып, соған До-ссор қазақ орта мектебінен мен, орыс орта мектебінен Чукалов деген орыс ба-ласы екеуміз кеттік. Ол кезде азық түлік, нан карточкамен беріледі, 2 ай он күн оқығаннан кейін нан карточкамды жоғалтып алып, оқу жайына қалып, ауылға қайтуға тура келді. Қазіргі көзбен қарасақ, он алтыға толмаған баламын ғой, 1944 жылдың июнь айының аяғында Гурьевтен Мақатқа дейінгі жолды поез-бен, Мақаттан Сағызға дейінгі жолды жаяу жүріп адасып-адасып, жылап-жы-лап әрең дегенде Сағызға жеттім. Бірақ біз бала болып жүрмеген ұрпақпыз, за-ман сондай болды. 02.08. 1944 жылы апам Балжан мені Сағыз м.ө.к. геология бөліміне жұмысқа кіргізді, құжаттар жинақтаушы техник болып жұмыс жасап, одан зерттеушілер бригадасына оператор, мұнай ұңғыларын зерттеу технигі, мұнай өндіру учаскесінің шебері, жер асты жөндеу бригадасының шебері, кадр бөлімінде инспектор, цех бастығы болып Сағыз м.ө.к. жабылғанша жұмыс жа-садым. Қарапайым үйренушіден барлық сатылардан өтіп өндіріс басшысына дейінгі жолдан өттім. Ол заман ел басына күн туған, ер етігімен су кешкен кез еді ғой. Өндіріс директоры бұл кезде Калашников Павел Федорович деген адам бо-латын. Өзі Отан соғысының партизаны, алпыстарға жақындаған үлкен кісі. Бала-жан адам болатын, Приезжийде жалғыз тұрды. Жатыс күндері бірдей түстен үш ат (вязок) шанаға жеккізіп, қазақтың көзіне түскен балаларын шақырып алып, шанаға мінгізіп, Доссор жақтағы жалпақ сорға қыдыртып келетін. Көлік айдау-шысы бар, сонымен бірге балаларды қыдыртатын. Балалар тоңып қалмасын деп, үлкен тұлып алып балаларға жабатын еді. Бас инженер Шелёпин Матвей Ники-тыч болатын. Күлмейтін суық адам еді, атқа жақсы отыратын. Ол кезде маши-на деген жоқ, әрбір адамның, бастықтардың өндіріске баруға беркітілген атта-ры болды. Шелёпиннің торы жорғасы болатын. Анда-санда жалпақ сорға салып жорғалатқанда өткен-кеткеннің бәрі таң қалып қарап тұратын.

Page 65: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

65

Есімде қалғандары бойынша сол кезде, жылдарымен көрсете алмаспын, өндірісте еңбек еткендер туралы айтып өтейін, арада қаншама жылдар өтті. Кейбірінің атын, кейбірінің фамилиясын ұмыттым. Мұның бәрі тарих үшін ке-рек қой, ауылымыздың тарихында әр кездерде ізі қалған адамдардың аттары ескерусіз қалмасын деген ойым.

Өндірістің бас геологы Свищев Борис Иванович болатын. Эксплуатация гео-логы Струняшева Александра деген қыз болды. Каванкин деген бас механигіміз болды. Диментман Исаак Наумович, ұлты еврей болатын, мұнай өндіру цехының бастығы болды. Фридбург Лев Мордукович, ұлты еврей, техника бөлімінің бастығы болатын. Сонымен қатар, Фридман деген еврей, техникалық бөлімнің инженері, Тамчани Анатолий Александрович, аға инженер, Райшор, еврей, ин-женер капстройтельства, Ермаков Василий Михайлович, техник по исследо-ванию, москвалық болатын. Болонкин, бригадир, мұнара құрастырушы. Бол-дырев, механикалық шеберхананың бастығы. Дылев Василий, механикалық шеберхананың шебері. Петров гараждың бастығы. Шестопалов электроцехтың бастығы. Кацман, техснабтың бастығы. Шаукенбаев парторг, артынан Алматыға кетті, профессор, академик атанды. Үсенов Дүйсен, парторг. Мишуковский, бас бухгалтер. Қонысбаев ОРКТиЗ бастығы. Цыпленков, аға лейтенант, өрт сөндіру командасының бастығы. Ізбасов Ақыл, коммунальныйдың бастығы. Деэмульсатордың бастығы, еврей Шерстяной Михаил, белгілі өнертапқыш бо-латын. ОРС Қуанов, Каценеленбоген, ұлты еврей. ДЭС Букин, Розенко Василий Иванович.

Мектеп директоры 1944 жылдан Көшербаев Муса болды. Әр кездерде Өтебалиев, Айтбаев, Қостанбеков С., Атағозиев Қ., Демеуов С. поселкелік кеңестің төрағалары, ал поселкелік кеңестің хатшылары Латипов Қуан, Оразалиев Құсайын, Демеуов Серік, т.б. болды.

Мұнай өндіру участоктерінің шеберлері І участок Кенжеғалиев Сағынғали, ІІ участокте Есенжанов Қаратау, ІІІ участокте Жұмабаев Мерген. Жоспарлау бөлімінің бастығы Жанғалиев Құбай. Балалар бақшасында Шелёпиннің әйелі жұмыс жасады. Күзет командасының басшысы Мұханғалиев Қабдол бола-тын. Ауыл амбулоториясының дәрігері Казакова Нина Петровна. Комсомол ұйымының хатшысы Қобдабаев Сымағұл болатын. Техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер Абдоллаев деген әзірбайжан жігіт еді. Кәсіподақ басшысы Оразғалиев Қабидолла, дайындық бригадасының шебері Сүйесінов Мұқан болатын. Мастер площадного заводнения Евдокимов Виктор Константинович.

Еңбегімен елеулі болып, Сағыз тарихында Ленин орденіне ие болғандар Шынтасов Бауыржан, Есенжанов Қаратау, Қалдығариев Жұпбол, Оразғалиев Қабидолла, Түрікпенбаева Айгүнше, Аманбаев Балықбайлар болатын. Ал Еңбек Қызыл ту ордені иелері Әлиев Сүйеу, Кенжеғалиев Сағынғали, Жұмабаев Мерген.

Кейінгі жылдары өндірісте еңбек еткен, кейін өндіріс басшылары болған, басқа да салаларда еңбек еткендердің аты-жөндерін атап өткенім дұрыс шығар. Олар: Корнеев Петр Миронович өндіріс басшысы. Атшыбаев Әбу, бас инженер. Ау-хатов Хансұлтан, өндіріс басшысы. Аға инженер Сұлтан, фамилиясын ұмыттым. Есенғалиев Бағытжан, өндіріс басшысы. Айдыналиев Зияддин Мәжитұлы,

Page 66: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

66

Қалыбаев Қабдыжаппар, бас инженер. Ғабдуллин Хамит, Жоғары кеңестің де-путаты. Балжанов Құмар, бас инженер. Матайбаев Жаңаш, Нұрмұханов Әлібек, Евдокимов Виктор Константинович деген мамандар қатардағы мұнайшы бола жүріп, артынан бас инженер, өндірістің басшысы болды.

Сағыз аумағы шағын болғанмен онда келген кадрлар тез өсіп, жақсы тәжірибе алып, ысылып, басқа жаққа жоғарылатылып жіберілетін. Яғни, Сағыз кадрлар өсуінің трамплині еді. Мысалға Қалыбаев Мақатта қатардағы жұмысшы, опе-ратор, мастер болып жүріп Сағыз мұнай кәсіпшілігінің бас инженерлігіне дейін көтерілді. Балжанов Құмар Сағыздан Прорваға бас инженер болып барып, одан Қазақстан Мұнай бірлестігіне бас инженерлікке дейін көтерілді. Қаратонда участок бастығы болған Ғабдуллин Хамит Сағызда өндіріс басшысы болып, одан Құлсарыға директор болып, одан Ембімұнай бірлестігінің басшысының орынбасары болды. Сағызда өндіріс басшысы болып еңбек еткен Есенғалиев Бағытжан министрлікке дейін көтерілді. Айдыналиев Зияддин Сағыздағы өндіріс басшылығынан мұнай-газ жұмысшылар кәсіподағы комитетін басқаруға дейін көтерілді. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бас инженер болған Атшыбаев Әбу аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, одан Маңғыстау облысының партиялық халықтық бақылау комитетінің басшысы болды. Сағызда өндіріс бас-шысы болған Аухатов Хансұлтан Доссор мұнай өндірісі директоры болып қызмет атқарды. Сағызда техникалық бөлімнің бастығы болған Фридбург Лев Мордуко-вич Қошқарда бас инженер, директор болды. Ал Сағыздан кеңсе қызметкерінен соғысқа кеткен Сүйесінов Дүйсен Сегізінші гвардияның комсоргы болып, офи-цер, Жауынгерлік Қызыл ту орденімен, көптеген медальдармен майданнан келіп аудандық партия комитетінің хатшысы болып жүріп өмірден өтті. Сағызда кеңсе жұмысында болған Есенжанов Жетпісбай аға лейтенант, артиллерияда ба-тарея командирі болып, бес орденмен, бірнеше медальдармен келіп, аудандық партия комитетінде, одан Қазақстан жұмысшылары мұнай химия өнеркәсібінің комитетін көп жыл басқарып, кейін Маңғыстау ашылғанда сонда жауапты жұмыстарда болды. Оразғалиев Қабидолла, үш Қызыл Ту, екі Отан соғысы ордендерімен, «Ерлігі үшін» медалімен, т.б. медальдармен марапатталып, ол жайында Қазақ ССР ның 25 жылдығы тарихына орай орталық газетке «Отваж-ный танкист» мақаласы, суретімен шықты. Жетпісінші жылдары Сағызда опе-ратор болып еңбек етіп жүріп ол Ленин орденімен марапатталды. Айта берсем, Сағыздықтардың еңбектегі де, майдандағы да жеткен жетістіктері, көрсеткен ерліктері ұшан-теңіз. Олардың барлығын менің қысқа ғана естелігімде түгелдей атап көрсету мүмкін емес, мен тек есімде қалған кейбіреулерін ғана көрсеттім. Кезінде біздің Сағыздықтардың майдандағы да, тылдағы да ерліктері, бейбіт өмірдегі еңбек ерліктері жайында көптеген орталық басылымдар жарыса жаз-ды, суреттерімен қоса жариялады.

Сағыздың тәулігіне ең көп мұнай өндіргені 1944 жылдың август айы. Қазақ мұнайшыларының «Мұнайшылар, мұнай бер, Соны сізден сұрайды ел!» де-ген Отан шақыруына теңдессіз үлес қосқан жылдары осы кез. «Барлығы май-дан үшін, барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен сол бір жылдарда Сағыздықтар да барлық отандастарымыз сияқты қолдан келгенін аяған жоқ.

Page 67: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

67

Аталған айда Сағыз мұнай кәсіпшілігі тәулігіне 222 тонна мұнай берді. Ол кез-де жаңа ұңғыларды бұрғылау мұнай өндірумен қатар жүреді. Қазу жұмыстары аяқталған ұңғылардың мұнай қабаттарын аттырып мұнайын алады да өндіріске қосады. Ол заманда Сағыз мұнай кеніші жаңа кеніш саналады, мүмкіншіліктері орасан зор еді. Сондықтан да тәулігіне осыншама көп өнім алу мүмкін болды. Со-дан 1987 жылы ауылды көшіргенде өндірістің барлық беретіні тәулігіне 36 тонна болды. Осыншама деңгейге дейін мұнай өнімі құлдырап кетті. Зерттелген мұнай қабаттары әбден тозған, берерін беріп болған көне мұнай өндірісі болғандықтан жаңа ұңғымалар қазылмады, сондықтан мұнай өндіру де өте нашарлап кет-кен еді. Оның аяғы өндірісті оңтайластыру қажеттігіне ұласты, халықты үлкен шығынмен ауылда ұстап тұру тиімсіз болды. Ауыл халқы Мақат поселкесіне көшірілді.

Сағыз мұнай өндірісіне басшылыққа Айдыналиев Зияддин Мәжитұлы келісімен поселкені көркейту жұмыстары қолға алынды. 1958 жылы жаз айында арнайы Евдокимов бастаған төрт кісіден тұратын бригада құрып, сол бригада соғыс алдында тұрғызылып, бітірмей тастап кеткен орталық жылу қазандығын салып бітіріп, моншаны, кеңсені, мектепті, тағы да басқа бұқаралық нысандар-ды, барлық тұрғын үйлерді ыссы сумен бір орталықтан жылытылатын қылды. Көшеге жарық қондырылды. Жаңадан салынған корпустарға, бала бақшаға тас жол салынды. Бұрын ауыз суды тұрғындар комунальныйдың қасындағы Динаның су будкасынан иінағашпен шелектеп, ал өндіріске (балабақшаға, мек-тепке, наубайханаға ...) қажетті суды ат арбаға салған бөшкелермен, артынан су таситын қазан орнатылған машиналармен тасып алатын болса, енді әрбір үйге ауыз су жеткізілді. Үшінші ауылға сордан тіке қазылып, дамба жасалып, ауыз су құбыры тартылды. Бұл жұмыс үш жыл бойына тынбастан жүргізіліп, мәресіне жеткізілді. Тұрғындардың тұрмысын жақсарту үшін жасалған бұл жұмыстар өндіріс басшысы Айдыналиев, поселкелік кеңестің төрағасы Қостанбеков С., партия ұйымының жетекшісі Тасболатов, кәсіподақ комитетінің төрағасы менің басшылығыммен жүзеге асырылды. Тұрғындардың жазғы де-малысын ұйымдастыру мақсатында бақшаны жөнге келтіріп, бақшаның ор-тасына тақтайдан жазғы клуб тұрғызылып, жаз маусымында кешкі кинолар, жиналыстар, концерттер, жастардың би кештері сонда өтетін болды. Жазғы клубтың қасында әдейілеп су бұрқағы тұрғызылды, би болатын алаң жасал-ды. Бұл Сағыз үшін үлкен бетбұрыс еді. Сағыздың қысқы клубы сол кездерде адам танымастай әрленді. Сахнаны безендіруге арнайы Ресейден келген әскери суретші Артюшин деген гвардия майорының еңбегі сіңді. Клубтың фоэсіне бил-лиард, үстел теннистері қойылып, халыққа қызмет көрсетті. 1959 жылы Львов политехникалық институтын бітірген Тихонов деген маман жігіт, тройной пры-жоктан спорт шебері, ауыл өмірімен таныса келе көшеге таң ата сөнетін, күн батарда өзі жанатын автомат құрал-жабдығын қондырды. Қысқасы, бұл жыл-дар Сағыздың мәдени даму кезеңі болды. Жоғарыда айтқандай Сағызда кең байтақ кеңес елінің әр қиырынан келген өндірістік те, мәдени де көргендері көп, тәжірибелері мол орыстар мен еврей ұлтының өкілдері басшы жұмыстарда бол-ды. Ол басшылар өздерімен бірге Сағызға көп өзгерістер ала келді. Тек өндірісті

Page 68: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

68

дамытпай, олар ауыл халқын барлық жағынан, мәдени, тұрмыстық ... жағынан ілгері сүйреді, халыққа үлгі болды. Сағыздықтар соларға теңелуге, солардан үлгі алуға тырысты. Солардың арқасында Сағыздықтар көрмегенді көріп, көп нәрсені үйреніп, барлық жағынан да көтерілді, біліктіліктері артты, мәдени тұрғыдан да өсті. Сағыздың балалар бақшасы приезжийдің қасында, мектепке қарсы үй ғой. Сол үйдің қасында бір қазба жұмыстары болып, қазу кезінде ол жерде қашан және кімнің істегені белгісіз жүзу бассейні табылды. Міні құрамаған, бассейнді айнал-дыра «П» әрпі сияқты ағаштар отырғызылған. Шамасы, бастап салынғанымен, соғыс басталғасын аяқталмай қалған болар. Бұл да болса ауылымыздың соғыс басталғанға дейін де біршама өркендегенін көрсетсе керек.

1949 жылы 9 январьда армия қатарына алындым, одан 02.09.1952 жылы оралдым. Әскери борышымды Сахалин аралындағы Южносахалинск қаласында 21-ОШМИС (окружная школа младших интендантских специалистов) бітіріп, 1950 жылдан Кунашир аралында экспедиция басшысы, гвардия старшинасы дәрежесінде өтедім. Армияны Мақтау грамотасымен аяқтадым. Әскер қатарында атқарғаным мемлекеттік шекарадағы құпия қызмет болатын. Одан оралғасын комсорг, профком, парторг, совет жұмыстарында болдым. Қандай жұмыста жүрсем де, абыройлы болдым, бірнеше дүркін облыстық партия, атқару, кәсіподақтар, комсомол ұйымдарының, аудандық партия, атқару, кәсіподақтар комитеттерінің, мұнай, газ өндіру басқармасының құрмет грамоталарымен ма-рапатталдым. 1972 жылы июнь айында Сағыз м.ө.к. мен басқаратын жер асты жөндеу бригадасының көрсеткіштері Қазақстан мұнай өнеркәсібі бойынша үздік деп танылды. Озық тәжірибеміз бүкіл Қазақстан мұнайшыларына таратылды. 1977 жылы тағы да осы бригада үздік деп танылды. Қазақстан мұнай өндірісі кәсіпшілігінің дипломымен марапатталды. Сол кездегі үздіктерді ұлығылаудың бір түрі ретінде бригада мүшесі Қостанбеков Жекенбай КСРО астанасы Москва қаласындағы Кремльдің жанында суретке түсу құрметіне ие болды.

Кен қабатындағы мұнай қорының азаюына байланысты, ауылымызды ұстап тұру экономикалық жағынан тиімсіз болғандықтан көшіргенге дейін, Сағыз бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл болды. Кезінде орыс-қазағы аралас, тату-тәтті, айрандай ұйыған ауыл болып еді. Бүгінгі күні мен сол ауылдың өсіп-өркендеуіне, көркеюіне, тұрғындарының сан түрлі проблемаларын шешуге бір адамдай атсалысқанымды мақтан етемін. Бұл менің ғана емес, сол ауылда туып өскен, азамат болған, саналы ғұмырын туған өлкесінің тағдырына арнаған бар азаматтың борышы деп білемін. Қай жерде жүрсе де біздің Сағыздың азамат-тары биіктен көріне білді, туған жерінің атына кір келтірген жоқ. Мен соған қуанамын, риза боламын, мақтан тұтамын!

Page 69: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

69

Сейітов Камали Демесінұлы Қазақстанның «Халық ағарту ісінің үздігі». Атырау қаласы

Сағыз ауылы... Сағыз кен орны.... Бүгін қалай атап жүрсе де, Сағыз менің ой-ымда жастығымның жалынды күндері өткен, отбасын құрған, балаларым өмір есігін ашқан, үлкен өмірге жолдама берген құт мекен болып қала береді. 1964 жылы Гурьев пединститутын бітіргеннен кейін, 1964-1965 оқу жылы жолда-мамен Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы , Қаратоғай мектебінде бір жыл еңбек еттім. 1965 жылы Сағыз сегіз жылдық мектебіне келдім. Сол жыл-дары Мақат пен Жылыой аудандары біріккен болатын, сондықтан жолдаманы Құлсарыдан алдым. Ол кезде Сағызда басқа жақтан келіп жұмыс жасайтындарға арналған «Дом приезжих» деп аталатын орын болатын, сонда орналастым. Пе-динститутта бірге оқыған Сұлтанова Бәлкен, Айшикова Ақжандар мектепке менен бір жыл бұрын келіп орналасқан екен. Маған 6-сыныптың жетекшілігін берді, онда Көшербаев Демес, Есқожиев Төлеуғали, Ниетқалиев Наурызбай, Сармұқанов Самиғолла, Танкиева Күлән, Атырауова Салима, Таубаева Күләш т.б. оқушылар болды. Мектепте үш жүздей оқушы, оннан астам мұғалімдер бар екен. Бастауыш мектептегі орыс сыныбы жабылудың алдында тұрды. Мұғалімі Людмила Эдуардовна Медведская бірер жылдан кейін кетіп, орнына Богуш де-ген мұғалім келді. Ол да көп тұрақтаған жоқ. Мектеп директоры – Көшербаев Мұса, оқу ісінің меңгерушісі Түлкібаева Жиде, бастауыш сыныптар мұғалімі – Қошанов Бердібай, қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Төреханова Хапи-за. Бұлар мектептің тұрақты жергілікті мұғалімдері. Кейіннен педагогикалық ұжымға Төлеуова Алма, Бөпежанова Зәуреш қосылды. Осында келген соң бір жылдан кейін мен үйлендім. Жолдасым Жангереева Үнзила тарих, география пәндерінен сабақ берді. Бізден кейін ұжымға жас мұғалімдер Ындыбаев Алпыс-бай (физик), жұбайы Қомытова Ақлес (математик) және Мұқанғалиева Света қосылды. Әр жылдары жас мұғалімдер Қожағұлова Нұрлықыз, Құспанова Бияз, Есмағанбетова Нұрлықыз, Жапарова Жанат , Жұмабике, Бижамал, Бекмағанбетов Қуаныш, Насимуллин Ерболат, Қитарова, т.б. оқытушылар келіп жұмыс жасады. Бірақ олар бірер жылдан кейін кетіп қалды. Әрине, мектептің өз қиындықтары да бар еді. Әсіресе, орыс тілін оқытуда тілдік орта жоқ, ойнайтын орыс балалары, бала бақшаларда орыс топтары да жоқ. Тіпті орыс балалары да қазақша оқиды. Дегенмен, менің 6 – сыныбымның балалары өздері бастама көтеріп үзілісте, сабақтан тыс уақытта, ойнағанда бір – бірімен орысша сөйлесіп жүрді. Шағын комплектілі мектеп болғандықтан, жас мұғалімдер тұрақтамайды, өйткені па-ралель сыныптар жоқ, сағаттары аз болғандықтан жалақы да аз. Клубтан басқа мәдени ошақ жоқ, киім, тамақпен қамтылу да өз дәрежесінде емес, жол қатынасы нашар т.с.с. қиыншылықтар болды. Бір пәннен бірнеше мұғалім болса, кейбір пәндерден маман жоқ. Мысалы дене шынықтыру, еңбек, бейнелеу өнері, музы-ка т.б.пәндерден маман болмады. Методикалық жұмыста да қиыншылықтар болды. Мұғалімдер бір - бірімен тәжірибе алмасу үшін, үйреніп, іс- тәжірибесін жетілдіру үшін методикалық бірлестік қажет. Бірлестікте кемінде үш мұғалім

Page 70: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

70

болу керек. Сол себепті әр ширек сайын жылына төрт рет Қошқар, Комсомол, Сағыз ауылдарының мұғалімдері бір мектепте бас қосып, тәжірибе алмасып тұратын еді. Жалпы Сағыз кәсіпшілігінің тұрғындары басқаларға қарағанда ауыз бірлігі мол, ұйымшыл, еңбекқор, өсек-аяңға үйір емес, арыз-шағыммен ісі жоқ адамдар еді. Сол кезде кәсіпшілік директоры Ерекешов Шәли болды. Бай-салды, қарапайым азамат, ұжымды ұйымдастыра біледі. Артынан Евдокимов Виктор Константинович директор болды. Сабырлы, мәдениетті, білікті маман. Одан кейін Матайбаев Жанаберген өндірісті басқарды. Кен орнының соңғы бас-шысы болған Атағозиев Құлымғара ісіне өте мұқият, байсалды, жоғары білімі болмаса да орысша өте сауатты сөйлейтін, әрі жазатын, жазуы сондай әдемі, өз ісінің шебері, ұйымдастыру қабілеті жоғары, талапшыл, нағыз істің адамы бо-латын. Турасын айтатын, мәймөңкелеуді, басшыға жағынуды білмейтін адам еді. Жұмысқа қатысты жайларда ешқашан күлбілтелемейтін, анығын айтатын және басқалардың да солай етуін талап ететін. Құжатқа ұқыптылығы сонша, тіпті балаларының туу туралы куәліктерін де үйінде емес, кабинетіндегі сейф-те сақтайтын. «Сақтықта қорлық жоқ», - дегендей, су апаты, өрт, үйге ұры түсу сияқты түрлі жағдайлар болуы мүмкін ғой. Үлгі ететін, өнеге алатын қасиеттері өте көп еді.

1965 жылдардан бастап Сағызға жоғары білімді жастар келе бастады. Нұрсейітов Амантай, өте сауатты инженер, жан – жақты, білікті. Алтыбаев Ор-манбай, Оспанов Қарсақбай, Нұрсейітова Майра, Жақашев т.б. да осы тұста келді ауылға.

Ол кезде аузы дуалы, сөзі уәлі ауылдың қарияларының беделі өте зор еді ғой. Сондай қарттардың қатарында ел ұйытқысы болып отырған Аманбаев Балықбай, Есжанов Ғинаят, Қосмурзиев Қашқын, Раханов Оразалы, Балабай, Сұлтанов Бисен, Масақбаев Мизамбайлар болды. Олардың алдынан ауылдың қандай тентегі болсын кесіп өтпейтін, үлкеннің айтқаны жазылмаған заң бо-латын да, жастар ол заңды бұзбайтын. Сол кездегі ел азаматтары Көшербаев Мұса, Атағозиев Құлымғара, Құрманқұлов Қойшекен, Демеуов Серік, Сабуғалиев Қажымұрат, Атшыбаев Қабдол, Мұқанғалиев Қабдол, Атырауов Байбосын, Бұзаубеков Молдағали, Есекенов Қажымұраттармен бірге қыдырып, бірге жүрдік. Мұқанғалиев Қабдол ағамыз Ұлы Отан соғысына қатысқан, жасының ұлғайғанына, денесінің үлкендігіне қарамай жастармен футбол ойнайтын. Жұрттың бәрін «Айналайын, қарағым» - деп, түрлі игі шараларға ұйтқы бо-лып, ұйымдастырып жүретін белсенді, ақкөңіл, жомарт, қарапайым адам еді. Бұзаубеков Молдағали Қабекеңмен «финский» үйінде көрші тұрды . Молдекең санаторий- курортқа жиі баратын. Кетерде «жолаяқ» жасатамыз. Кезекті бір оты-рыста шай ішіліп, шампан атылды. Қарасақ пробка төбені тесіп кетіпті, төбеде сондай 5-6 тесік бар екен. Финский үйдің төбесі жұқа болады екен, шампан атылған сайын төбе тесіледі. Курорттан келгенде тағы сол үйден табыламыз, Молдекеңнен базарлыққа бір–бір колода карта алып қайтамыз. «Жілікке» мал соятын үй Молдекеңді шақырады. Ол малды тез сояды, әрі жілік, қабырғаларды сызғышпен өлшегендей қылып балтамен бір-ақ шабады. Жарқыншақ қылып отырмайды. Ағаш шебері , слесарь, мотоцикл оңдайды, ынтызар аңшы, балық ,

Page 71: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

71

құс, аң аулауға, қақпан құруға шебер. Мекеме басшысы Шәли екеуі теңізден жел тұрса болды құс ату үшін Байшонас жаққа, теңіз жағасына аттанатын. Мал со-ятын, еркек малды «тарттыратын» болса ауылдастары Шеруенов Сансызбайды шакырады. Сондай-ақ ауыл үлкені Сұлтанов Бисен ізгілікті істердің ұйытқысы болып жүретін.

Мұсекең керемет әңгімешіл еді, әңгімелерін жалықпай таңға дейін тындауға болатын. Даусы да саңқылдаған анық, есте сақтау қабілеті тамаша, көргендерін, естігендерін ұмытпайды. Сол кезде халық жауы атанып, әлі ақталмаған А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, т.б. өлеңдерін жатқа айтатын. Әңгімелері өте қызық, тартымды болатын, еш жалықтырмайтын. Құраннан, арабша жазылған кітаптардан оқығандарын, өмірден алынған жайттарды, замандастары арасындағы айтылатын әзілдерді айтып күлкіден ауыз жаптыртпайтын. Араб-ша жақсы біледі, құранды оқи береді, бірақ Құран сүрелерін халық алдында айт-пайды. Коммунист қой. Мұғалімдер сабағына қатысқанда көрген кемшіліктері мен өз ойларын тек арабша жазып отыратын. Ал біз не жазғанын білгіміз келіп әуреге түсетінбіз. Салауатты өмір салтын өмірден өткенше ұстанды, аула ішінде жүгіреді, дене шынықтыру жаттығуларын жасайды, турникке тартылады, қысы- жазы мұздай сумен жуынады. Жүрісі шапшаң, тез жүретін, жас жігіттердей ширақ ұстайтын өзін. Ол кісінің жүрісіне біз, жастар, әрең ілесіп жүретінбіз. Бірде, бір жас мұғалім қыз Доссорға аудандық оқу бөліміне Мұсекеңмен бірге барды. Ав-тобустан Доссордың бергі шетіндегі«пожарныйдан» түсіп қалып, арғы беттегі аудандық оқу бөліміне жеткенше Мұсекеңнің артынан жүгіріп отырып, өкпесі өшіп, қара суға түсіп, әрең жетеді. Ол қыздың «Енді ағаймен бірге жүрмеспін» - деп ант бергені есімде қалыпты. Марқұм, 90- нан асып қайтқанша салқын душқа түсіп, турникте ұршықша айналып өтті ғой.

Мұсекең қонақтыққа, тойға кешіккенді ұнатпайтын, қандай істе де уақытымен жүру керектігін, уақытты қадірлеу керектігін айтып отыратын. Мұсекеңмен Дол-данов Жәрдем, Рахманов Хайролла, Оразғалиев Қаби, Лұқпанов Демеу, Сабуғалиев Қажмұрат және мен жиі кездесіп, бас қосатынбыз. Мұсекең біздерді көрсетіп: «Шіркін-ай, мына менің қарындастарыма қарашы, қоңды, кескен томардай, ал күйеу балаларым жадау. Шамасы бұларға қарындастарым дұрыс тамақ бермейді –ау деймін», - деп әзілдеп отырады. Өзі арақ ішпейді, темекі тартпайды, жаман сөз айтпайды, бірақ ортамызда отыра береді. Ол кісінің іс-қимылы, жүріс-тұрысы, әңгімесі әлі күнге есімде. Айналасындағы қатарластары да, кейінгі жастар да ол кісінің барша жақсы қылықтарын аңыздай етіп айтып жүретін. Оның көзін көрген замандастары да, алдынан тәлім алған шәкірттері де Мұсекеңнен алған үлгісін өмірлеріне үлгі етті деп ойлаймын. Ауылымыздың тағы бір тұрғыны, ұлты татар, Сафаров Ғабдырахидты Гриша деп атайтын еді, техника жағын өте жақсы білетін, бұзылған техниканың ол оңдамайтын, ол білмейтін қиындығы болмайтын. Жары Капитолина екеуінің балалары Риза, Алеша қазақ мектебін бітірді. Әсіресе Алеша жақсы оқыды. Пошта меңгерушісі Құлым ағамыздың әйелі Шура, қызының аты Аққу. Ағамыздың ұқыптылығын, тазалығын ауылдастары жыр қылып айтып жүретін.

Сағыздың халқы бір-бірімен ағайын–туыстай болды. «Бүтін құртты бөліп,

Page 72: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

72

жарты құртты жарып жейтін еді» деп осындай ынтымақ пен бірлікті айтатын шығар, сірә! Бірде кәсіпорын директоры В.К.Евдокимов түнде сорда жатқан түйеге машинасымен соғылды. В.К.Евдокимовке, түйенің иесіне ауылдастарының көрсеткен жанашырлығы ғой, халық түйенің иесіне өз қалталарынан ақша жи-нап берді. Хасанов Кәріммен көрші тұрдық. Жолдасы қайтқан, қолында екі қызы, бір ұлы, қарт анасы бар. Қаншама жерден түнгі ауыр жұмыстан ұйықтамай, шар-шап келсе де, таңғы шәйін іше сала: «Камали, істеп тастайтын нең бар?»- деп келіп тұратын. Әрқашан көмекке дайын тұратын. Жас балаға сүт керек болып барсаң, малы барлар күнде сүт беріп тұрады, ақысын да алмайды. Елден жақын–жуық келсе, я сыйлы адам болса, таңсық шұбат ішейік деп, Аманбаев Балықбай атаның үйіне алып барамыз. Бала келіні Бекежан мен Қапиза мәз болып күтіп алады. Халықтың ықылас пейілі тарылмаған, кеңшілік заман еді ғой. Талай дәмдес болдық. Ауыл тұрғындарының қайырымы мол, тарылмайтын, ешкімді жатсынбайтын. Водокачкадағылар бақша салады, олар бізге Сағыздың сая-жайы сияқты, қатарымыз Құлымжанов Есқайыр, Шалғынбаев Сабит, Сақауов Ақсисендердің үйлеріне қыдырып барып, көкөніс жеп қайтатынбыз. Шағын кәсіпорын болғанымен Сағыздың 50 жылдай ғұмырында елге, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, Жеңісімізге қосқан үлесі өлшеусіз болған. Үлкендердің айту-ынша Сағыз, Ескене кен орындарының мұнайы арнайы тазартусыз, өңдеусіз танк, самолеттерге бірден құя беруге жарамды таза болған дейді. Соғыс жылда-ры мұнайды қазіргідей емес, ат арбамен, түйемен, өгізбен бөшкелеп Ескенеге, Дамбыға тасыған.

Осы жерде бірге жүрген, жастықтың қызығын бірге кешкен құрбылар, дос, жолдастар туралы да айта кеткен орынды болар деп ойлаймын. Олар Нұрсейітов Амантай, Раханов Нұрсұлтан, Нұрғалиев Қуаныш, Жұмабаев Жолдас, Әлішев Саламат, Масақбаев Мырзаш, Саримов Амантай, Жұмақұлов Төлен, Шиланов Мақсат, Сақауов Ақсисен, Өтебалиев Темір, Берсүгіров Назар, Қабылов Досболай, Алтыбаев Орманбай т.б.

Амантаймен 1965 жылдан 2004 жылға дейін дос болып, бірге жүрдік. Досқа, достыққа адал , қарапайым, жан-жақты білімді азамат еді. Онымен институт-та бірге оқыған Әбілғазиев Аманкелді екеуі қандай мәселені де қолма –қол шешіп беретін, ешкімге жалтақтамайтын. Мұсекең ағасы ғой, қатты сыйлайды, қонақтықта ол кісінің көзінше рюмка ұстамайды. Артынан маған ренжиді: «Ка-мали, сен іш-іш деп зорламайсын ба мені! Сонда ол кісі іше бер деп рұқсатын беретін еді » - дейтін. Бірінші әйелі Аманкүл – Жаппастың қызы еді. Одан бала-сы – Алмат. Роза Құрмановаға құда болып барғанмын. Раханов Нұрсұлтанның ескі сомосвалы болды. Жіппен, сыммен байлап алып жүре беретін. Көктемде (8 мартта) сенбі күні Бәйгітөбеге баратын болдық. Бір төбеден асқанда радиатор-да су жоқ, түтіндеп жатыр. Құятын су да жоқ, қақтың лас суын құйып жатыр. «Мынауың не? Радиоторың батпаққа толды ғой!»- деймін. «Дым да етпейді»- дейді. Бәйгітөбеге қонып, келесі күні кеш шықтық. Сол жерге келгенде маши-насы тағы тоқтап қалды. Енді қақтың суын құйсақ та да жүрмейді. Төбенің ба-сына қонуға тура келді.Үшеуіміз де шөлдеп барамыз. Ішетін су жоқ. Амалсыздан мұзын ойып жіберіп, тұнған қақтың суын іштік – тәп-тәтті. Нұрсұлтан : «Кеше

Page 73: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

73

радиаторға құйма, лас қой деп жатыр едің. Қалай екен?» - дейді. Түнде, далада үшеуміз қатар жатырмыз, Нұрсұлтан ортаға тығылып: «Мына төбеден шайтан бізді жібермей тұрған. Қасқыр келсе әуелі сендерді жесін!» - дейді. Содан Есекенов Қажымұраттан трактор алып, дүйсенбі күні машинасын сүйреп әкелді. Нұрсұлтан үйленгенде Сағызда тұратын Сәлиманы Доссорға алып қашып, бір күннен кейін Сағызға, Құсайын ағасының үйіне алып келдік. Есіктері іргелес, қорқып далаға шықпайды. «Апасы Зылиха, бізге ыссы су шашып жібереді»- деп. Ой, қызығы тау-сылмастай көрінген жастық дәурен-ай! Сол күндердің қас-қаққандай ғана сәтін, қайтарып алар ма еді, шіркін!

Саримов Амантай «Бұйырғын, шөп шабу»- деп түренді мотоциклге тіркеп алып шөпті шаба беретін. Мотоциклді қатты айдайтын, бір күні артқы отырғышта отырған еңгезердей мал дәрігері түсіп қалғанын байқамапты, ауылға келсе артындағы кісі жоқ. Қайта барып түсіп қалған жерінен алып келді. Сондай да оқиға болған!

Бірде ондай жағдай Матайбаев Орынбасардың да басында болған. Ол кезде ең қолайлы көлік мотоцикл еді ғой. Жиде құрдасы Доссорға мотоциклмен апа-рып келші деп қолқа салады, екеуі келісіп жолға шығады. Жолда бір шоқалақта Орекең тосыннан қатты газ беріп қалғанында Жиденің қолы ұстап отырған жерінен шығып кетіп, Жиде мотоциклден түсіп қалады. Оны Орынбасар білмейді. Жарты жолға жеткенде артына қараса – Жиде жоқ. Біраз жерден қайта айналып барып «Сен не, шашылып қалған печеньесің бе?» деп, Орекең ұрсып жүр дейді.

Мектеп завучы Түлкібаева Жиде математикадан өз ісінің шебері, талап қойғыш, қатал мұғалім еді. Оқушылар мен олардың ата-аналарының алдында беделді болды. Кешігіп барып тұрмыс құрды. Мұқырға Сиғуат деген, 5-6 баласы бар, әйелі қайтқан жігітке тұрмысқа шықты. Оның балаларына туған анасын-дай болды. Өзі де Бағдат, Қайрат деген екі баланы дүниеге әкелді. Бірақ ғұмыры қысқа болды. Сол жылдардың ішінде мектептегі жұмысынан қалмай, терең білімнің арқасында оқушыларына, ата–аналарына сыйлы болды. Ұжымдастары құрметтеп, еңбегін бағалап, үнемі ауыздарынан тастамайтын.

Ауыл жастары білімге өте құштар болатын. Орта білімі жоқ Сағыздың жас жұмысшылары, тіпті ересек адамдар кешкі мектепке жазылып, жыл бойы бізде оқып, көктемде Мақаттағы М.Горький орта кешкі мектебіне барып ем-тихан тапсыратын. Орта білім алғаннан кейін мекеме, цех басшысы қызметіне жоғарылайтын. Мысалы, Демеуов Серік почта меңгерушісі, Нұржігітов Базар-бай және Балабаев Амантай цех басшылары болды. Сол кездегі жастардың да, үлкендердің де білімге деген ынтызарлығы, білуге деген құштарлығы ерек-ше болатын. Қазір ондай жастарды іздеп табу қиын шығар. Ынтымақтық, бауырмалдық, бір–біріне көмектесу ауылдың күнделікті өмірінде ұдайы көрінетін. Бұл, әсіресе, мал ұстайтын адамдар күзде қысқы мал азығын алуға қамданғанда байқалатын. Маңайда көк шөп жоқ. Сондықтан тек бұйырғын ала-ды. Жер эррозияға ұшырайды деп, машинаға тіркеп түрен салуға рұқсат жоқ. Сондықтан бұйырғынды тек түйе түренмен, не шотпен шауып алады. Шотпен өнбейді, түйе түрен екінің бірінде жоқ. Сондықтан ебін тауып, машина түренмен оншақты адам жиналып, әрі шауып, әрі жинап, машинаға тиеп бір күнде әкелесің.

Page 74: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

74

Ет–шайыңды жеп-ішіп алып, екінші, үшінші адамның шөбіне кетесің. Сонда таңға дейін қанша шаршаса да ешкім ренжімейтін, бір үйдің балаларындай болып, ұйымдаса кететін. Қайратты, қажырлы адамдар асықпай жұмыс арасында шот-пен де шауып қысқа жететін шөбін ала беретін. Бұлай істейтін көбіне қарттар жағы еді. Мысалы, Көжеков Уахит, Жакупов Қайыр, Серәлі, Уалиев Сабырғали, Жұмағалиев Байбоз, т.б. Жастар бұлардың шөбін машинаға тиеп ауылға әкелуге барудан қашқақтайтын. Өйткені олардың әрбір шөмелейі скирдтей үлкен, таусы-лып болмайды, машинаға, прицепке сыймайтын.

Мектеп пен өндірістің байланысы өте жақсы болатын. Сынып жетекшілері сыныппен цехтарға экскурсияға шығып, жұмыс процессімен танысатын, кон-церт қоятын. Ширек сайын әр цехтағы ата-аналардың балаларының үлгерімдері цех тақтасында ілулі тұратын. Оны жиында талқылайтын. Ата-аналар кезекпен балаларының сабақтарына қатысып, мұғалімдермен тығыз байланыста болатын. Сынып жетекшілері оқушылардың ата–анасымен, үй жағдайымен танысу үшін оқушылардың үйін аралайтын. Қазір осындай байланыстардың жоқтығынан бала тәрбиесінде болатын кемшіліктер орын алып жатқандай көрінеді. Сол кезді қаншама «тоқырау» деп кемсіткенімен, үлгі алатын тұстары көп еді, өткеннен алған ғибраттың кейінгі жастарға беретін өнегесі мол екенін мойындау керек.

Сағызда мұнай өндірудің қиыншылығын көрген, соғыс зардабын басынан өткерген еңбек және соғыс ардагерлері жетерлік. Олардың ерен еңбектері баршаға үлгі болатын. Оразғалиев Қаби - ержүрек танкист, танкісімен бірге өртеніп аман қалған. Ерлігі үшін бірнеше орденмен, медальмен марапатталған. Есімі соғыс тура-лы кітаптарға енген. Ал зайыбы – Хасенова Ажар да соғыс ардагері. Олардан басқа соғыс ардагерлері Жанайысов Мұхамбет, Ботабаев Құлымжан, Бисалиев Қалдеш, Наушиев Есқайыр т.б. болды.

Олар қанды қырғыннан аман-есен оралып, бейбіт өмірде қара алтын өндіруде де өз үлестерін қосты. Әсіресе, бір аяғынан айырылған Қалдеш аға қатарынан қалмай , сау адамдармен бірдей, зейнеткерлікке жеткенше еңбек етті. Өзі етжеңді адам, биік вахта машинасының астауына күнде мініп -түсудің өзі дені сау адамға қиындық туғызатын, ал ол ағамыз болса күніне бірнеше мәрте мінетін, түсетін сол астауға. Кемпірі де қажырлы еңбегі үшін талай марапаттарға ие болған. Теңел, Есенқос , Қайырбек атты ұлдары мен Дидар атты қызы бар. Олардың жақсы ата-ананың тәрбиесін көрген, ибалы перзент екендігінің айғағындай, мына бір оқиғаны айта кеткім келеді. Бірде Ақтауға бір айлық курсқа бардым. Көшеде Есенқоспен кездесіп қалдым. «Қаламқас» кен орнында жұмыс істейді екен. Ақтаудан квартира алған, жөн сұрасқаннан кейін ештеңеге қараған жоқ: «Ағай, ешқайда бармаңыз, мынау менің квартирамның кілті, өз үйіңіздей көріп қанша күн болса да жата беріңіз»,- деді. Өзі вахтаға кетерде холодильникке тамақ толтырып кетеді. Сөйтіп мен Есенқостың үйінде бір ай жаттым. Ақша берсем алмайды. Қандай жомарттық, қандай адамгершілік!! Бұл да болса біздің ауылымыздың адамдарының ізгі ниеті мен адамгершілігінің, ұстазды сыйлай білген көргенділігінің бір көрінісі деу керек шығар. Ерен еңбегімен марапатқа ие болған жергілікті ақын Әлиев Сүйеу жұмыстастарының еңбегін, өнегесін жырға қосқан. Мақат ауданының құрметті азаматы, бірнеше орденмен, медальдармен

Page 75: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

75

марапатталған. Мақаттың бір көшесіне оның есімін берді. Баласы – Мейрамбай да бірнеше медаль иегері, Қызылқоға ауданының құрметті азаматы.

Еңбек ардагерлері Көшербаев Мұса, Қайырлиев Қадыр, Сибағатова Алма, Лақбағарова, т.б. болатын. Қадекең деэмульсатор цехының бастығы, еңбекқор адам, ешқашан ерінбейді. Цехы үлгілі, вахта машинасына мінбей 3-4 шақырым жерге сорды кешіп, күнде бірнеше рет жаяу барып келеді. Қазір сол ата–дәстүрін еңбекте жалғастырып жүрген жастар бар. Олар Жанайысов Мұхамбеттің бала-сы-Жанайысов Төлеген, Шиланов Көптілеудің баласы – Шиланов Мақан, т.б.

Сол жылдар ішінде Жылыой мен Мақат аудандары үш рет қосылып, үш рет бөлінді. Аудан біріккен жылдары мұғалімдердің айлық жалақысын Құлсарыдан аламыз. Автобус, поезд жоқ. Өндірістен баратын жүк машинасының үстінде жаз-да шаң-шаң болып, қыста қатып–семіп тоңып барамыз. Мектепте негізінен әйел мұғалімдер болған соң, ақша әкелуге көбіне мен баратын едім.

Сағыз кәсіпшілігі құрылғаннан бастап болған адамдардың бірі – Сұлтанов Би-сен. Ол кісі: «Бұрын көктемде Сағыз өзені тасығанда су сорларды басып, жайылып кетеді. Үлкен сары сазандарды шанышқысыз, аусыз қолмен ұстайтын едік» - деп айтып отыратын. Сазан болмағанмен Сағыздың көпірінің астынан Мақаттағы машинист орыстар қаппен қарагөз аулап алғандарын көрдік. Қазір айтсаң, кім сенеді?! Табиғат қалай өзгерген! «Елу жылда ел жаңа» деген осы.

1970-1980 жылдары Сағыз өзенінің арнасы тартыла бастады. Өйткені Таске-шуден Сағыз өзенін бөгеп тастады. Жылда сорларды су баспаған соң, құм көшуі пайда болды. Көз аштырмайтын құм боран, даланың, сордың құмдарын жер үйлердің іргесіне таудай қылып үйіп тастайды. Мектепті төбесімен бірдей қылып құм көмді. Терезелер құмнан көрінбейді, тіпті күндіз шаммен оқитын жағдайға да жеттік. Бульдозермен қанша тазаласаң да, келесі аптада қайта басып қалады. Сонымен қатар оқушылар саны күрт азайды. Маңғыстау облысынан Жаңа Өзен, Исатай ауданынан Мартыши кен орындары ашылды. Оларға мұнайшы маман-дар қажет болды. Оларға бірден үй берді, жалақысы да жақсы. Сол себепті Сағыз мұнайшылары сол жақтағы өндірістерге үдере көшті. Сағыздың мұнайы азайды. Сөйтіп тиімсіз кәсіпорынға айналды. Бірақ еңбек қарқыны тоқтаған жоқ. Сайлау науқандары кезінде мектеп мұғалімдері үгіт–насихат жұмыстарына белсене ара-ласты. Коммунистердің саны аз болғандықтан мектеп пен өндірістің бастауыш партия ұйымы бір болды. Жиі-жиі өндіріс басшыларымен бірге рейдке шығып жүрдік. Сайлау науқандарында мұғалімдер күні-түні жүретін. Мұнайшылармен ішетін суымыз, демалатын ауамыз, жұтатын құмымыз бір болғанымен, мұғалімдердің «вредность» үшін алатын коэффициентіміз 15% еді. Мен де, жолда-сым Жангереева Үнзила да жоғарғы санатты мұғалімдерміз, еңбек ардагерлеріміз, поселкелік кеңестің депутаттары болдық, Республикалық халықтық бақылау комитетінің, комсомолдың, кәсіподақтың грамоталарымен, «Халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгілерімен, Мақаттың мұнайының 90 жылдығы төсбелгісімен марапатталдық. Үнзила Республикалық Оқу Министрлігінің Құрмет грамо-тасына ие болды. Сағыз сегіз жылдық мектебін бітірген оқушыларымыз 9-10 сыныптарды Қошқар, Доссордағы мектеп-интернатқа, Байшонас, Мақат орта мектептеріне барып оқыды. Мектеп завучы әрі физика пәнінің мұғалімі Ын-

Page 76: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

76

дыбаев Алпысбай басқаратын «Жас физиктер» үйірмесі тек сегіз жылдық мек-тептер арасында ғана емес, аудан бойынша орта мектептер арасында алдыңғы орындардан көрініп, талай облыстық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 9-10 сыныпқа барған Сағыз оқушыларының білімін басқа орта мектеп мұғалімдері әрдайым мақтап жүретін. Бізде «3» деген бағаға оқыған оқушылар Мақат, Доссор, Қошқар, Байшонас орта мектептерінде «4» пен «5»ке оқитын.

Қазір олар терең білімдерінің нәтижесінде жоғарғы оқу орындарын бітіріп, түрлі салада еңбек етіп жүрген білікті мамандар. Олардың қатарында біздің Сағызымыздан білім алып, үлкен өмірде өз орнын тапқандар деп мақтанышпен айта алатын Жамауов Жұмабек, Нұрсейітов Амантай (марқұм), Сабуғалиевтар Мақсым, Мақым, Бисенғалиев Бисенбайларды айтар едім. Әрине, бұл тізімді әрі қарай да жалғастыруға болар еді, бірақ біздің Сағыздан шыққан еңбек майтал-мандарын осы азғантай естелікте қамту қиын сияқты.

Сөйтіп, 1987 жылы бір кездері қазақтың қара алтынын қайнатқан, аты аңыз болған Сағыз кәсіпшілігі жабылды. Ал Сағыздықтар түгелге жуық Маңғыстау об-лысына, Жаңа Өзен, Ақтау қалаларына көшіп кетті. Біраз Сағыздықтар Атырауда, Мақатта. Сағыздың орнында үйілген топырақ ішіне талай сырды бүгіп, бір кездері осы үйіндінің астында берекесі мен ынтымағы жарасқан, татулыққа тал бесіктен бастап тәрбиелеген, үлкенінің алдынан кішісі қия өтпеген ауыл болғанын құм дауылының астына жасырып, уақыт керуен жылжуда. Сағыз жайлы естеліктер біздің көкірегімізде сақтаулы, жадымызда жаттаулы... Ол естеліктер менің, мен сияқты жастығы Сағызда өткен, өмірінің ең бір қымбат шақтары осы ауылмен байланысты талай жанның жүрек түкпірінде жатқанына мен сенем...

Мәуелі БәйТерек А.Байжігітов. Сағыз ауылының көнекөз ақсақалдарының бірі, кеудесі сыр

сандық, Қойшекен ағамыз арамызда өзі жоқ болса да ауылымыз туралы ар-тына асыл сөз, естелік қалдырған екен. Мақат ауданының 90 жылдық ме-рейтойына байланысты аудандық газетте жарияланған Құрманқұловтар әулеті туралы мақаланы Сағыз ауылының абыз ақсақалының естелігі ретінде оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік.

(Мақала 2005 жыл 21 қазанда аудандық «Мақат тынысы» газетінде жарияланған)

Шерткізе білсек айтар сыры көп, тоқсанға келген Мақаттың өткенін бүгінгідей әңгімелеп беретін мұнайлы өңірдің қарттары- тірі сыр сандықтың нақ өзі, ашылмаған қазына.

Тамыры тереңге кеткен тоқсандағы Мақаттың осынау сыйлы жасқа жеткен-ше қандай тар жол, тайғақ кешуді басынан өткергенін сол көнекөз қариялардың көрген әңгімесін келешекке қалдыруды бүгінгінің бір парызы десек те болады-ау.

Қазынамыздың қай-қайсысын да сөйлете қалсаң да, олардың «Асыра мені

Page 77: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

77

мақтамай-ақ қой» деп тіл қататыны бар. Бұл болмысынан мұнайшыларға біткен қарапайымдылық іспетті. Сондай жандардың бірі - бүгінде мәуелі бәйтерекке айналған, атадан жалғыз Қойшекен Құрманқұлұлы.

-Анамның айтуынша, мен қоян жылы (1927 жылы, қазан айы) ел жайлаудан қыстауға көшкенде дүниеге келіппін. Ол кезде қазақ әлі отырықшылыққа үйрене қоймаған шақ болса керек, орыстар бізді «кочевник» деп атайтын көрінеді. 1932 жылы Үйшікке, одан әрі Нарын құмына бір қыстап шығып, 1933 жылы Үйшікке қайтып оралыппыз. Біраз малымыз болатын. Содан біз секілді көшпенділерді Ре-дут елді мекеніне қоныстандыру саясаты жүріп, біз де осы жерді тұрақтаппыз. Егіншілікті кәсіп еткен әкем 1938 жылы бақилық болып, анам екеумізге әкемнің інісінің шаңырағын пана қылуға тура келген екен.

Бүгінде ізі де қалмаған Гурьев қаласының № 5 мектебінің 6- сыныбын ғана бітірдім. Ел басына күн туып, сұрапыл соғыс жүріп жатқан қиын кезеңді ба-стан кешіріп жатқан тұста анам мені ремесльге алып кетеді деп қорқып, оқып жүрген жерімнен шығарып алып, іргедегі байпақ басатын, былғары илейтін, етік тігетін т.т. тұрмыстық қажеттіліктерді жасайтын цехтары бар «ГУЖТРАНСПОРТ» мекемесіне ат жегуші қып жұмысқа орналастырды. Осылайша мен де сол кездегі бұғанасы қатпаған балалар санында еңбекке ерте араластым. Ақшіркеуге атпен су тасушы болып жүргенімде, былғары илейтін цехтың шебері өзіне тартып, бар білгенін үйретіп, мені осы цехқа шебер қылып қалдырды. Мұнда шебер болып, үш жыл жұмыс атқардым,- деп, өмір жолының бір өрімін тарқата айтқан ақсақал бір демін алды.

«Болар бала басынан» деген осы болса керек. Бала кезінен былғары илеп, аяқ киім тігудің қыр сырына қанық ақсақал сол кәсібін әлі ұмыта қоймапты. Тек екінің бірі біле бермейтін кәсіпті үйренетін жанның жанынан табылмауы қарияның көңіліне кірбің ұялатады екен.

Балалық шағында-ақ былғары илеудің «шебері» атанған бозбаланың мұнайшы болу арманы алға жетелеп, оған кейін қол жеткізген жаңа өмірі басталып та кетті. Бұл жеңіс туы желбіреген 1945 жыл болатын.

Айналасына көз жүгіртіп, білімдіге өріс кең екендігіне көңілі әбден сенгендіктен, болашағын ойлаған балаң жігіт жеңіс жылында Гурьев мұнай техникумына түсіп, оны озық бітірген соң, Сағыз кәсіпшілігіне қарапайым жұмысшы сапын-да жер қойнауының қазынасын халық игілігіне жаратуға бел шеше кірісіп кетті. Екінші дүниежүзілік соғыс басталған 1939 жылы пайдалануға берілген кеніште техник-мұнайшы атанған жас маман алғашында оператор болып қызмет етті. Қарапайым қазақ баласының бойындағы өмірге деген құштарлық, айналаға де-ген адалдық қасиеттері адамдармен тез тіл табысуына, сөйтіп беделінің өсуіне әсерін тигізсе керек. Адамдарды кәсіпке баулымайынша кәсіпшіліктің алға басқан ісі кері кетіп те жатады. Сондықтан маман даярлау мәселесі өткір күйінде қалуы себепті, оның үстіне техника тапшылығының бой көрсетуі Қойшекен –секілді жас мамандардың мойнына жауапкершілік жүгін артқан- ды.

Жанарынан жалын, бойынан қайрат байқалған болу керек, басшылар оны осындай жауапты қызметтерге қойыпты. Айталық, әр жылдары техника бөліміне инженер, еңбекті ұйымдастыру, кадр даярлау мен мөлшерлеу (норма) бөлімінің

Page 78: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

78

бастығы, № 3 мұнай өндіру учаскесінде шебер, учаске бастығы секілді өсу саты-ларынан өтті.

Айрандай ұйыған сол кезде КСРО ның орталығы болған Мәскеуден екі мәрте болып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатындағы оқыту курсынан білімін жетілдіріп те үлгерген Құрманқұлұлының еңбекке деген құлшыныстық қасиетін айна қатесіз танытады емес пе?

Енді кейіпкеріміздің салиқалы сөзі бар өзін тыңдасақ.- Сағыздың жұлдызды жылдары 1954-1964 жылдар болды. Бұл кезде тәулігіне

180-200 тонна мұнай өндірілетін. Ел тұрмысының бет-бейнесінің шырайын соның арқасында келтірілген-ді. Бүгінде адам айтса нанғысыз, «бәлду-бәлду бәрі өтіріктей» көрінетін бір жерден жылытылатын орталықтың, поселке ішінде екі шақырымдық жаяу адамдар жүретін жолдың, сәні келіскен клубтың, үйді-үйге тартылған ауыз су құбырының, жарықтандырылған көшесінің жасыл желекке оранғандығын көргендер біледі.

Қара алтынды өндіруде СК-11, СКН-5, СКН-2 топтың тарту тарту жүйесі, экс-центрик, ПГ, ағаш пен тіркелме качалкалар қолданылды. Өндірілген мұнай әр учаскелердегі қазандарға жиналып, Мақатқа айдалатын. Әсіресе жерасты жабдықтарын жөндеу қиынға соғатын. Ал ол өз кезегінде мұнай алаңдарында өнім беріп тұрған қорды сақтауда, мұнай өнімділігін арттыруда негізгі резерв болып табылады. Біздер де «Молчанов» аппаратын қолдандық. Сағыз поселкесі мен учаскесінің арасы тоғыз шақырым. Соған біздер атпен, жұмысшылар жалғыз ғана ЗИС-5 көлігімен қатынайтын. І-ІІ сортты болып саналатын Сағыз мұнайы тәулігіне 90-120 тонна өндіріліп тұрды. Учаскенің солтүстік бөлігі Қошқарға қарай бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде 23 ұңғыманың саны 50-ге жетті.

Есімнен әлі күнге кетпейтіні 1949-1950 жылдың қысы. Ұңғылардың жұмысы тоқтап қалды. Линия жарылып, 500 тонна мұнайдың сорға кеткені бар. Күндіз күлкі, түнде ұйқы жоқ сол мұнайды жинап алғанбыз. Әйтпесе алға қойған мақсатты жоспарымыз орындалмай қалатын еді. Жоспар орындалмады деген-ше...

Мұнайшы санында мен еңбекке араласқан жыл тарихта кен қабаттарына көлдете су айдау арқылы мұнай өндіруді арттырудың екінші кезеңінің басталуы-мен жазылғандығы белгілі. Екінші әдіс деп аталатын осы әдіс үшін біз мұнаймен бірге ере шыққан суды және өнім қабатындағы су пластасынан арнайы сорылған суды пайдаландық.

Сағыз, Қошқар мен Комсомол учаскелерінің біріктірілуі (Орталығы Қошқар, орталық директоры Оспанов, 1955 ж.), оны бір жылдан соң қайта айырып, 1970 жылы қайтадан бір орталыққа бағындырылғаны (орталығы Мақат, басқарма бастығы М.Тутимов) да толғауы терең тарихымыздың парақтарында қаттаулы.

Менің қалған өмірімді Мақатпен байланыстыруыма да сол 1970 жылғы біріктірілу әсер етті. Сол келгенімнен 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанша «Мақатмұнай» басқармасында кадр бөлімінде басшылықта, одан соң арнаулы техника бөлімінде жауапты жұмыста болдым. Талай мұнайшы саңлақтар есімі Сағызбен тікелей байланысты ғой. Мақаттан көше аты берілген Ленин орденді

Page 79: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

79

мұнайшы С.Әлиев, учаскенің директоры мен бас инженерлері Б.Махамбетов, М.Жұмабаев, Тончанин, Б.Төралиев, П.Корнеев т.т. игі жақсылардың есімі ұрпақ жадында сақталмақ. Мен өзімді солармен жұмыстас болғаныма бақытты санай-мын, дейді ел үшін ерен еңбек еткен жандардың есімін жаңғыртқан ардагер-мұнайшы.

«Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін» деген аталы сөз осындайда айтыл-са керек. Мұнайлы өңірдің мерейтойларына орай берілген түрлі медальда-ры кеудесінде жарқыраса да, оның мәртебесін зейнеткерлікке қалып, халыққа тындырған ісі үшін құрметке бөлейтін ел алғысынан биік қоя алмайды. Ол бұл туралы былай дейді:

Бірде «Ембімұнай» бірлестігінің бастығы Б.Сағынғалиев облыстық кеңеске депутаттыққа кандидат болып Мақатқа келді. Кездесуде кімнің қандай айтар уәжі бар дегенде мен іргеден өтіп жатқан газдың қызығын ауыл тұрғындарының көруіне жағдай жасау мәселесін көтердім. Бірақ арада жылдар өтті, одан хабар болмады. Содан облсоветке бірнеше адамның қолын қойдырып, мәселені хат қып жібердік. Содан бір күні аудандық кеңестің төрағасы Сағытжанов шақырып алды. Барсам облгаздың бастығы келіп отыр екен. Ол газ тарту үшін кооператив ұйымдастыру, банктен есепшот ашып, ақша жинау керегін айтты...

.....«Мақатмұнайгаз» басқармасының бастығы Қ.Нұрсұлтанов өзінің жоғары басшылығына шығып, 1000 метр газ тартуға керекті тұрбаға қол жеткізді. Соның арқасында линия бірінші ауылға келіп жетті. Мақат Жылойға қараған кез болатын. Ол жақта да осы мәселе бойынша Алматының газ жобалау бөлімі жұмыстанып жатыр екен. Бастығымен сөйлесіп, ол адамдарын Мақатқа жібертіп, әрең дегенде жоба жасалды. Сөйтіп 1992 жылдың желтоқсан айында отын жағып, күл шығарған қазақ ауыл үйлерінің алғашқыларының бірі болып менің үйімде де көгілдір отын алаулады. Түрлі қиындықпен келген көңіл қуанышы жолында марқұм Ж.Дәулетияров та көп еңбек сіңірді.

Жылтырақ көрсе періште жолдан тайғанымен, ардагердің жылтырға, атаққа құмар еместігін, оның арғы жағында «жансарайының» қарапайымдылығын кескіндейді.

Марқұм жан жары Жасия екеуі 9 ұл-қыз тәрбиелеп өсірген мәуелі бәйтеректің нақ өзі. «Ат тұяғын тай басады» дегендей, бірі ұяға, бірі қияға қонған шетінен жоғары білімді ұл-қыздарының дені «Мақатмұнай» басқармасында инженерлер. Олардан өрбіген немере мен шөберелердің сүйікті атасы, тіпті бабасы Қойшекен ақсақал бүгінгі бақытты елдің тірлігін Елбасының сарабдал саясатының оңдығына саяды.

Басын қырау басқандай аппақ, нұрлы жүзді келбеті бейне бір ертегілердегі абыз ақсақалдарды көз алдыңа елестететін Қойшекен қарттың ермегі газет пен кітап оқу екен. Бұл сексеннің сеңгіріне екі-ақ адым жақын тұрған қарияны жаңа қырынан аша түскен болатын.

Ол енді бөлек әңгіме.....

Page 80: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

80

Сатимова Марияш БалтабайқызыҰстазМақат кенті

даңҚТы ЖерлеСіМізБен кездеСкендеМен барғанда Ажар апаның қуанғанын көрсеңіз! «Менің Атырауым мені

ұмытпапты ау!» - деп шаттанған ананың жүзіне қарап, оның келбетінен сонау бір жылдары етігімен қан кешіп, ерлермен бірге жаумен алысып, оқ пен оттың ортасынан аман келген өрімдей ғана жас қыздың бейнесін іздедім. Ия, ол біздің ауылда тұрған кезде жап-жас еді ғой. Жеңістен кейінгі жетпіс бірінші көктемін көріп тұрса да, Ажар апа әлі тың, ширақ екен. Сағыз ауылы туралы жинақ шыққалы жатқанын естігенде қуанышын жасырмады. Сағыз ауылында тұрған кездерін әңгімелегенде оның жүзінен жастығы мен туған жеріне деген сағыныш лебі ескендей болды. Ажар ападан соғыс естеліктерін айтуды өтінбедім. Барым-ша соғыстан кейінгі бейбіт күндер туралы әңгіме айтқызуға тырыстым. «Мен соғыстан келгенде жалғыз інім Ермекқали АРЗ-да жұмыста екен. Сол қанды қырғыннан кейін де өмір жалғасты. Қаби екеуміз бас қосқан кез ең бір ауыр кез еді ғой. Екеуміз де оқ пен оттың ортасынан жаңа келгендерміз. Аудандық партия комитеті біз үйленгенде екеумізге екі қара киіз бен екі көрпе берді. Әлі көз ал-дымда, сол біздің отауымыздың алғашқы дүниесі еді» деп күлімсірей есіне алды әзіз Ана. «1947 жылдан бастап Сағызда тұрдық. Оқыған, сауатты адам жоқтың қасы, екеуміз де партия мүшесіміз, бізді партия мүшесі деп қолдап, жауапты жұмыстарды тапсырды. Білімім сегіз кластық қана болатын. Өте алғыр бол-дым, содан да болар 1950 жылы Сағыздағы балабақшаның меңгерушілігін сеніп тапсырғаны. Қаби промком болып қызмет етті. Қандай жұмыста жүрсем де, өзіме тапсырылған істі таза, адал орындадым,»- деп есіне алды. Мені таңғалдырғаны, оның жары туралы әңгімелегенде Қаби атамыз жаңа ғана үйден шығып кет-кендей, сәлден соң оралатындай әңгімелегені еді. Өзі жайлы айтып отырады да, жары жайлы әңгімеге ауыса береді: «Мен көріп жатырмын ғой, Қаби туралы айтыңдаршы, сол туралы жазыңдаршы» деп өтінгенде, жарының майдандағы ерліктерін, қайнаған соғыстың ортасынан басын тәуекелге тігіп, жолдастарын аман алып шыққанын, қысылтаяңда жау ордасынан қалай аман шыққанын айтқанда, Ананың, Жардың өзінің өмірлік серігі, перзенттерінің әкесі үшін мақтанышы да, махаббаты да сезілгендей көрінді. Жаңа ашылған кен орнын игеруге 1974 жылы Кеңқияққа көшіп келген соң, батырлар отбасының Ақтөбе өлкесіндегі өмірі басталады.

«Ауылды сағынасыз ба?» деген сұрағыма: «Айналайын-ау, әрине сағынам. Он баламды дүниеге әкелген, ана бақытына бөлеген Сағызым емес пе?» деп жауап қайырды Ажар апа. «Сағыз өте қарапайым ел еді. Халқы бауырмал, бір-біріне қол ұшын беруге үнемі дайын тұратын. Біздің азамат болып қалыптасуымызға, Қаби екеуміздің елдің арқа сүйер азаматтары болуымызға тек майдан жолында ғана емес, Сағыз мұнай кәсіпшілігінде тұрған жылдарымыз, алған өмір тәжірибеміз, көрген қиындықтарымыз бен қуаныштарымыздың бәрі де ықпал етті,»- деді. Әр

Page 81: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

81

сөзінің соңында елдің тыныштығын тілек етіп отырған Анаға қарап ойладым, әрине, ТЫНЫШТЫҚ, ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ деген ұғым, МАЙДАНГЕР үшін өлшеусіз бағалы ұғым болуы заңды да ғой.

Қоштасарда Ажар апа туған жерге деген сағынышты сәлемін айтты, жылдар оның жүзіне қаншама ізін салса да, Азамат тұлғасын сақтаған осы бір қарапайым да даңқты жерлесімізбен мен де қимай қоштастым. Бойынан адалдық пен қайраттылықтың лебі ескен майдангер ана қоштасарда маған саңқылдаған дау-ысымен ақ батасын берді. Бұл батаны мен тек маған ғана емес, өз ауылдастары-на, Сағыздықтарға жолдаған ақ батасы деп қабылдадым. Сіздер де солай қабыл алыңыздар:

Ия, құдайым саған Бақ берсін!Ұзақ өмір жас берсін!Жорытқанда жолың болсын!Қыдыр ата жолдасың болсын! Алхамның берекетін берсін!Құлқуалланың қуатын берсін!Деннің саулығын берсін!Аспаның ашық болсын!Елің тыныш болсын!Досың көп болсын!Дұшпаның жоқ болсын!Алла тағала тыныштық беріп,Ғұмыр жасың ұзақ боп,Отбасыңа бақ берсін!Әманда жақсы болып жүре бер!Ел тыныш болсын!

Мақат-ақтөбе-Мақат

Оспанов Жәрдем қажы ӘбуұлыЕңбек ардагеріАқтау қаласы

Мен 05.12.1935 жылы Гурьев облысы Мақат поселкесінде дүниеге келгенмін, бірақ өзімді тұрғылықты Сағыздықпын деп есептеймін. Оның себебін менің әңгімелерімді тыңдай отырып түсінерсіздер деп ойлаймын. Менің жұбайым Оспа-нова Тұрсын Дәулетқызы 1940 жылы Гурьев облысы, Доссор поселкесінде туған. Әскер қатарында болып келгеннен кейін1958 жылдың аяғында отбасын құрдық. Екі ұл, бір қызды болдық, олардан немере, жиен, шөбере дегендер Аллаға шүкір бар. Гурьев политехникумында Сағыздық Татиев Саясат екеуіміз бірге оқыдық. Техникумды бітіргеннен кейін жолдамамен Сағыз м.ө.к. келіп 1960-1964 жылдар аралығында жұмыс жасадым. Сағызда жұбайым механикалық шеберханада то-карь болып жұмыс жасады. Өзім өндірісте Аманғалиев Байғабылдың учаскесінде

Page 82: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

82

жөндеуші болып еңбек жолымды бастадым. Өндірістегі алғашқы тәлімгерім Мұқаш деген қарт мұнайшы болды. Өз ісінің білгірі еді осы қарт, алғаш еңбек жолымда тәжірибе жинауыма, үйренуіме көп ықпал етті, үйренуге деген ын-там да зор болды, білмегенімді сұраудан еш ұялған жоқпын, содан да шығар, ол кезде үлкендер бар білгенін аянбастан үйрететін. Өндірісте көп істемей кеңсе жұмысына ауыстым. Сол кездерде Сағыз м.ө.к. директоры Ғабдуллин Хамит, артынан Еркешов Шәли болды, бас инженер Виктор Константинович Евдо-кимов, бас геолог Қарабалин Әбілхайыр, бас есепші Құсайынов Әйтім болған. Өндірісте де, кеңседе де жұмыс жасаған кездерімде өзіме өнеге болған жасы үлкен Атағозиев Құлымғара, Құрманқұлов Қойшекен, Сабуғалиев Қажымұрат, Ақшабаев Ноғай, Атшыбаев Қабдол, Мұханғалиев Қабдол, Шоқан, Демеуов Серік, Оразалиев Құсайын, Кенжеғалиев Сағынғали, Жұмабаев Мерген, Матайбаев Жаңаберген, Долданов Сәуір, Көшербаев Мұса тағы басқа ағаларым болды. Осы ағаларымның әңгімелерін тыңдадық, ақыл-кеңестерін алдық. Тек өндіріс ба-сында емес, тұрмыста да, дастархан басында да өзімізге жақсы өнеге болатын әңгімелерін тыңдап өстік. Сағызда өткен жылдарым менің өмірлік тәжірибе жинаған жылдарым болды. Өзім құралпылас жастардан Есекенов Қажымұрат, Еркін, Долданов Жәрдем, Оразалиев Сұлтанбай, Кенжеғалиев Сағидолла, Әбдеш (Кенжеғали), Шыман ... сияқты тағы басқа жора-жолдастармен әзілдеріміз жара-сып әңгімелер айтып, ойнап-күліп жастық шақты бірге өткіздік. Шіркін, бақытты жастық шақтағы сол шуақты күндерді қазір сағына еске аламыз.

Сағыз деген бір кішкене ауыл болатын, тұрғындары өте тату, той-садақаларын барлығы бірге өткізетін, бір адам қалыс қалмайтын. Біздің үй Сабуғалиев Қажымұрат ағамыз-Тұрағал жеңгеміз, Қазиза жеңгемізбен көрші болдық. Маңғыстау мұнайы ашылғасын мен 1964 жылы қыркүйек айында «Өзенмұнайгаз» мекемесіне келіп жұмысқа тұрдым, содан 1983 жылы Шевченко қаласына көшіп келіп «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінің аппаратында екі жыл жұмыс жасап, 1985 жылы сол бірлестіктің құрамындағы «Жетібаймұнайгаз» басқармасына кадр бөлімінің бастығы болып ауыстым. Сол жұмыста 01.04.1999 жылы зейнеткерлікке шыққанша жасадым. 1996 жылдан бастап мұсылманшылыққа бет бұрып, намазға жығылып, ораза тұтып келемін. 2006 жылы Алла Тағалам сәтін салып Қажылыққа барып келдім.

Сағыз ауылында салыстырмалы түрде аз ғана уақыт тұрсам да, өзімді тұрғылықты Сағыздық азаматпын деп есептеймін. Еңбек жолымды сол өндірістен бастадым, сол ауылдан жақсы ағалар, жеңгелер таптым, құрдастарым да көп болды. Қазіргі күндері сол Сағыздық ауылдастарыммен жиі араласып тұрамыз, Маңғыстау өңіріне көшіп келген Сағыздықтар бір-бірлерімен туған бауырдай болып араласады, біздің жанұяны да ұмытқан емес. Жалындаған жастық шағымның ең бір шуақты күндері өткен Сағыз ауылы жайында жазы-латын кітапқа естелік беру мен үшін үлкен қуаныш. Өте игілікті бастама бастап жатырған Сіздерге сәттілік тілеймін!

Сағыз м.ө.к. еңбек еткен, барлығымызға үлгі болған, атақтары Ембі өңіріне жайылған, орденді қос мұнайшылар Кенжеғалиев Сағынғали мен Жұмабаев Мерген жайында сол ауылға кеңінен таралған көптеген әңгімелер болатын

Page 83: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

83

сол кездері. Екеуі екі өндіріс учаскесінің шеберлері, екеуі құрдас, дос болатын. Сағынғали ағамыз Мергенге қарағанда қулау болатын. Екеуінің айтқан әзілдері, құрдас болып ойнаған ойындары шынға бергісіз еді. Сағыз ауылында көптеген әңгімелері түзу, өнегелі азаматтар болды ғой. Алланың бұйрығы ғой, олар орта-мызда жүргенде осындай әңгімелердің бәрі тарихқа айналарын аңдамағанымыз өкінтеді. Өткеннің бағасын тарих береді ғой, бір білерім, біздің ауылымыз өз тарихында ауызбіршілігімен, ынтымағымен, еңбекқорлығымен, адамдықты бағалауымен қалды. Осы ізгі қасиеттер ұрпағымызға да жұғысты болғай!!!

Нұржамал қажы Бисенғалиқызы Байланыс саласы ардагеріЖаңаөзен қаласы

Сандаған жылдар өткенде алыста қалған бал дәурен балалық шағыңа, өтіп кеткен сол бір қимас шақтарыңа бұрылып бір қарағанның өзі бір ғанибет пе деп қалдым. Мен сағынышпен еске алатын қанша қымбат естеліктерім бар десеңші... Менің туған анам Балжан Бисенғали қызы болғанымен, мені туғаннан Меткіл мамам мен Бисенғали атам бауырына басыпты. Олардың бес баласы болғанмен, жастай шетіней берген екен. Менімен қатар дүниеге келген Қарасай деген ұлдары да шетінегесін, атам мен мамам мені алып, сол Қарасайдың орнына мен мамамды еміп өсіппін. 1946 жылы 23 желтоқсанда дүниеге келген менің атым-ды азан шақырып, атамның өзі қойыпты. Кішкене күнімнен Меткіл мамамның анасы Сағынай әжеміз есімде қалыпты, ол сырқат, жасы келген адам болатын. Күні бойы атам мен мамам шаруаларымен үйде болмайтын да, мен үнемі әжемнің қасында болатынмын.

Біздің ауыл шағын болғанымен, ұядай әсем ауыл еді. Балалық шағымды есіме алсам, сан ұлтттың өкілі тұрған туған ауылым мен үшін нағыз Жерұйық боп елестейді. Біз кішкентай баламыз ғой, олардың қалай, қашан, неліктен өз туған жерлерін тастап, қиырдағы біздің ауылға келгенін бізге кім түсіндіріпті? Бір ғана білерім, сол сандаған ұлт біздің халықтың жан жылуын, адамгершілік қасиеттерін, ізгілігін, мейірімін көргені ғана. Көршіміз Ахмет деген шешен шалы болды. Семьясы үлкен, балалары көп болғаны есімде. Өздерінің ұлттық дәстүрлерін өте қадірлейтін адамдар болатын. Ахмет атамнан жас болса да, екеуі бірге намаз оқитын. Атам Ахметті мақтап отыратын, діни сауаты мол жан деп. Қазір ойлаймын, заманның қытымыр кезі ғой, менің атам да, Ахмет шал да жүректі адамдар болғаны ғой, сол заманның саясатынан қорықпай, нама-зын оқып, оразасын тұтып жүрген. Атаммен бірге намаз оқитын, ораза кезінде кезектесіп таңертеңнен кешке дейін құран оқитын достары болды: Ыхсан, Оспан, Бақтыгерей, Елеусін сияқты. Қай жылы екені жадымда қалмапты, Ахмет еліне көшетін болды. Атам екеуі құшақтасып қимай қоштасты, ауыл адамдары бәрі жиылып шығарып салды. Қысылтаяңда арқасын сүйеген ауылдастары да Ах-мет шалдың отбасы көшіп кеткеннен кейін біразға дейін олар туралы әңгімелеп, ұзақ уақыт ұмытпай жүрді.

Менің бойым кішкентай болатын. Бастауыш кластарда оқығанымда, класс

Page 84: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

84

жетекшіміз Шоңай апай болатын. Апайым менің ойымда балаларды өте жақсы көретін, мейірбан мінезімен қалды. Біздің ауылдың қысы қатты, қар қалың жауған кездерде, мені сабақтан түйе жеккен шанамен атамның өзі келіп алып кететін. Омбы қарда жүре алмайды, тоңып қалады деп қамқорлағаны ғой. Атам түйе шанамен келе жатқанда екінші ауылдың бар баласы шулап, бірімізден біріміз қалмай, жарысып, шанаға алдымен мінуге ұмтылатын едік. Ол шанаға біздің кластағы екінші ауылдың барлық балаларын мінгізіп алатын еді. Сол балалардың қатарында менің құлын-тайдай тебісіп, бірге ойнаған кластас-до-старым Зайда, Алуа, Күләш, Қаражай, Қарагөз, Қаби, Кенжебек, Хамит, Алпа-мыс, Есқали, тағы да басқа балалар болатын. Осылайша ауылдың жетіжылдық мектебін бітіріп, Ескене ауылының мектеп-интернатына оқуға кеттік. Орта білім алып шыққасын туған ауылымда мұнайшы-оператор болып екі жыл жұмыс жаса-дым. Қасымда Сұлтанов Бисен, Шеруенов Сансызбай, Жарылғасын, Нұрмұханов Көбеш деген аға операторлар болды, солардан үйрендім, ақыл-кеңестерін алдым. Екі жыл жұмыс жасап, мұнайшы болудың қыр-сырын біршама меңгеріп алдым. 1966 жылы Гурьевтегі политехникумға мұнайшы мамандығына емтихан тапсы-рып, оқуға түсе алмай қалдым. Сол қаладағы «Товаровед» мамандығын дайын-дайтын оқуға түсіп, атама хабарлағанымда ол «дүкеншілікті» оқуыма қарсы бол-ды. Түсіп тұрған оқуымнан бас тартып, құжаттарымды байланыс техникумына тапсырып, емтихандарын жақсы тапсырып, оқуға қабылдандым. Осы оқуымды бітіріп, дипломымды қолыма алып ауылға келгенімде атам қатты қуанды. Той жасап, ақ батасын берді. Сонда өзінің үнемі қолынан тастамайтын тасбиғын маған сыйлаған болатын. Жолдамаммен Маңғыстауға жұмысқа шығарып сал-ды. Маңғыстауда орнығып қалсам да туған ауылымды ұмытқан емеспін. Жы-лына әртүрлі шаруалармен қаншама рет жолым түсіп сол өңірге табаным тисе болғаны, туған топырағыма міндетті түрде соғып тұратын әдетімнен жаңылған емеспін. Ауыл шетіндегі төбе басындағы бейітте жатқан аталарыма, мамалары-ма, туысқандарыма барамын, дұға оқимын. Жастық шағым өткен ауылымның орнына, мұнайшы болып жұмыс жасаған жерлеріме қараймын. Есіме аламын. Ауылымызда жазғы, қысқы клубтарымыз болатын, жазғы би алаңы парктің ор-тасында еді, паркте жай ағаштармен қатар тұт, жиде ... сияқты жеміс ағаштары да өсетін. Көктем кезінде олар гүл шашып, парктің ішін кереметтей әдемі қылып жіберетін. Ауылдың көшесі қаланың көшелеріндей болып, түнде шамдар жанып жарқырап кететін еді. Құрбы қыздармен бірге би алаңында билейтінбіз, киноға баратынбыз, мереке күндері үйде отырмақ ұйымдастыратынбыз. Қымбат, Қайша, Алуаш, Қарагөз, Зайда, Шолпан, Нағима, Людмила Эдуардовна, Рахима деген құрбы қыздармен талай қызықты күндерді бірге өткізген қайран менің Сағызым! Сен менің болашағыма, үлкен өмірге жол ашқан өмір айлағымсың, сенде өткен балалығым мен жастығым қас қаққандай қысқа болса да, мен үшін өмірімнің ең жарқын, ең бақытты, ең алаңсыз шағы. Сондықтан да менің Сағызым - мен үшін ең қастерлі, киелі мекен!

Page 85: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

85

Өткембаева Оңдаған Қазымқанқызы Еңбек ардагеріҚұлсары қаласы

Менің әкем Өткембаев Қазымқан Ұшқан, Мұнайлы жағында бұрғышы болып ұзақ жылдар еңбек еткен. Анамыз Ойлан екеуінен төрт ағайындымыз. Өзім 1942 жылы дүниеге келгенмін. 1961 жылы ерім Шалғынбаев Сәбит Нәбішұлымен (1939-2005 ж.ж.) бас қосқаннан кейін Сағыз ауылына көшіп келдік. Сәбит 1959 жылдан бастап осындағы су айдау станциясында жұмыс жасады. Өзім 1961 жыл-дан 1965 жылға дейін медсестра болып жұмыс жасадым. 1965 жылдан бастап Водокачкада жұмыс жасадым. Сағыз ауылындағы су айдау станциясын ол кез-де солай атайтын. Мекемеміздің басшысы Федор Васильевич Лазарев болатын. Әйелі Нина Марченко. Михаил деген баласы болды. Балаларым кішкентай кезі ғой, жұмыс та жасағым келді. Федор Васильевич керемет адам еді ғой. Адамға деген жанашырлығы ерекше болатын. Менің балаларым кішкентай деп әкемдей қамқор болып еді. Маған: «Үйге, балалардың қасына барып, қарап қой. Светті қара, жақын жерден жүгіріп келесің ғой» дейтін. Үнемі қарамағындағылардың отбасы жағдайына, балаларының жай-күйіне қарасып, қамқорлығын аямай жүретін. Водокачка ауылы жасыл желегі тұнып тұрған, ғажайып жер еді. Ауы-лымыз жалпы ынтымағы жарасқан, өте тату ауыл болды ғой. Соғыс ардагері До-сымайылов Құлымжан, оның балалары Құлымжановтар Бекбауыл мен Есқайыр, олардың жарлары Шауханова Өзипа мен Халықова Бибіштер осы ауылда тұрды, осы мекемеде еңбек етті. Ахметқалиев Батих пен Хамиланың отбасы, Голо-вин Алексей Сергеевич, Велиляев Сали (1885 ж.т), Аманшиев Балықбай, соғыс ардагері, Даңқ орденінің иегері Баубеков Лес пен Орыншаның отбасы да осында тұрды. Сағыздықтар әрқашанда бір-біріне қамқорлығын аямаған, өте ұйымшыл, достыққа, жолдастыққа адал болатын. Ауыл ішінде болған ірілі-ұсақты түрлі жағдайларда бір-біріне әрдайым қолдау көрсетіп, жанынан табылатын. 1987 жылы жұмыс жағдайымен Құлсары қаласына көшіп кеттік. Құлсарыда жаңадан ашылып жатқан КРНУ мекемесіне ауыстық. Осы мекемеде екеуміз де зейнетке шыққанша еңбек еттік, еңбегіміздің жемісін де көрдік. Біз көшкен кезде Сағыз кен орны жабылғалы тұрған. Ауылымыздан кетіп басқа жерге барған алғашқы кезде көпке дейін үйренісе алмай, өсіп-өнген Сағызымызды сағынып, аңсап жүргенімізді несін жасырайын. Балаларым Нұрлан (1962-1976 ж.ж.), Қайрат (1963-1994 ж.ж.), Раиса (1965 ж.т.), Серік (1967 ж.т.), Разия (1970 ж.т), Алтын (1972 ж.т.), Наурыз (1974 ж.т.), Ерлан (1976 ж.т.), Талғат (1978 ж.т.), бәрі де Сағызда дүниеге келді, Сағыздың балабақшасына барды. Сағыз балабақшасында меңгеруші ол кезде Шәрипа Мұханғалиева, медсестра Гүлнар, тәрбиешілер Сағи, Қалампыр, Қарашаш, Жібек апайлар болатын. Балабақшаға кеткен балаларым Серік пен Раисаның бармай, даладан ойнап-ойнап кешке үйге келген кездері де болатын. Қазір, Аллаға шүкір, балаларымның жастай дүниеден өткен екеуінен басқасы өз алдарына үй болып кетті, балалы-шағалы, отағасым көрмеген қызықтарды көріп, балаларымның арасында отырғаныма шүкір етемін. Сағызда

Page 86: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

86

тұрған кезіміз балаларымыздың дүниеге келіп, алғаш қаз басқан, балабақша мен мектепке барған, өмірге алғаш қадам басқан жері болғандықтан ба, әлде жастық шағымыз өткен жер болғасын ба, әйтеуір мен үшін қымбат, ыстық. Әлі күнге дейін мен Сағыз ауылын сағынышпен еске аламын, онда өткен әр күнім мен үшін қайта оралмас тарих, сағынышқа толы шежіре...

Сабуғалиев Мақсым ҚажымұратұлыМұнайшыАстана қаласы

Балалық шағымды есіме алсам, қазір ізі де қалмаған Сағыз ауылы көз алды-ма кино лентасындай тізбектеле қалады. Қайран, менің балалығымның бұлтсыз ашық аспаны! Әркімнің өз балалығы өзіне қымбат, өзі үшін ерекше арайлы екені хақ. Дәл сол сияқты менің де табаным тиген топырағым өзім үшін ыстық, өзім үшін қымбат. Ол күндерді есіме алу мен үшін тек қана өткеннің естеліктері емес, ол мен үшін өткеннің өнегесі, ата-бабалар алдындағы ұрпақтың борышы деп есептеймін.

Бір жылы менің әкем Сабуғалиев Қажымұраттың мұнай өндірісіне енгізген өнертапқыштық жаңалығы туралы «Коммунистік жол» газетіне мақала жария-ланды. Мақала «Қажымұраттың каналы» деп аталатын. Бірде басыма «Сол канал қандай дүние екен, көрейінші» деген ой келді. Қасыма ауылдың біраз баласын, достарымды ертіп алып әкемнің мұнай өндіру шебері, сол учаскенің басшысы болып жұмыс жасайтын үшінші учаскесіне келдім. Бұл учаске ауылдан біраз қашықтағы, ең алыс учаске болып саналатын. Екінші учаскенің шебері, басшысы Матайбаев Жаңаберген деген ағамыз болатын. Келдік, көрдік. Канал деп дабы-райтып айтқан аты болмаса біз сияқты балаларға еш түсініксіз, бульдозермен қазылған үлкен терең, ұзынша су ағатын жыра және су жиналатын тереңдеу қазан шұңқыр. Қазан шұңқырға бір насостың шлангасы батырылған, оның су айдайтын құбыры скважинаға жалғастырылыпты. Әлі ештеңеден хабары жоқ бала болсам да менің көз алдыма осы қарапайым жыра мен қазан шұңқыр кере-меттей канал болып елестегені әлі есімде. Қасымдағы балаларға: «Әй, қараңдар менің әкемнің жасаған каналына!»-деп мақтанғаным есімде. Бұл не жыра, не шұңқыр, насос неге тұр деген сұрақтар ол бойда менің санама кірмеген бола-тын. Есейіп, мұнай саласының маманы атандым. Қазір ойласам, ол ескі мұнай кәсіпшіліктерінде «вторичный метод» деген әдіспен мұнайы сарқылған пластар-дан «нагнетательный скважиналар» арқылы су айдап, қалдық мұнайды өндіру тәсілі екен. Әкемнің өндіріске енгізген осы жаңалығы біраз қаржыны үнемдеуге пайдасын тигізген тәрізді. Скважиналардан өндірілген мұнай таза күйінде бол-майды ғой, мұнаймен бірге құм да, су да, ілеспе газ да шығады жер бетіне. Осын-дай қоспаларды (мұнай, су, газ, құм ...) бірден скважинадан шыққан бойында бір үлкен қазанға жинайды. Ол қазанның сыртында шыныдан жасалған түтікше болады, қазанның биіктігімен бірдей. Сол түтікшеден қазанның ішіндегі мұнай қанша, төмен қарай отырған мұнаймен ілесіп шыққан суы қанша екені көрініп

Page 87: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

87

тұрады. Мұнай өндіруші оператор әбден мұнай мен су ажыратылып болғаннан кейін (тұнғаннан кейін, мұнайы бетіне шығып, суы түбіне отырып) шөккен суды манағы жырамен (әкемнің каналымен) қазылған қазан шұңқырға ағызады. Қазан шұңқыр суға толған бойда орнатылған 9МГР поршенді насосы ол суды на-гнетательный скважина арқылы мұнай қабатына айдайды. Ұсыныстың пайда-лы жағы су ағатын ұзын құбырдың орнына жыра (канал), жерге көмілетін темір қазанның орынына қазан шұңқыр пайдаланылғаны және скважинадан мұнаймен ілесіп шыққан суды кері пластқа айдауы ғана. Ол кездер әр нәрсенің де тапшы заманы ғой, сондықтан үнемделген қазан мен құбырлардың өзі өндіріске біраз қаржылай пайда әкелгені түсінікті. Осылайша мен әкемнің, «Қажымұраттың ка-налын» көргенмін: «Менің әкем осындай!»-деп мақтанғанмын.

Әкем жұмыстан келе жатқанда үнемі ауылдың сыртынан күтіп алатынмын. Ол кезде мен, шамамен 3-4 класстарда оқимын-ау деймін. Әкем жұмыстан атпен қайтатын, техниканың жоқ кезі, ауыр жұмыстар аттың күшімен атқарылатын, учаске мастерлері, басшылар атпен жүретін, аттарды «гужевой транспорт» деп атайтын. Ол аттарды ауылдың сыртында атқорада ұстайды, жемдейді, суарады, бағады. Ол атқораны біздер конюшня дейтінбіз. Әкемнің өзіне тиесілі жақсы, әдемі аты болды. Оның атын да білетін едім, қазір ұмытыппын. Әкем жұмысқа сол атпен барады, учаскесін аралайды, ауылға да жұмыстан кейін атымен қайтады. Міне, менің аңдығаным да сол. Сол үшін алдынан шығып, әкемнің аты-нан түсіп, мені орнына отырғызуын күтіп тұратынмын. Мені мінгізген атын же-тектеп, өзі жаяу үйге қайтатын. Атқа мініп келе жатқанда көңілім көкке шалқып, өзімді ертегінің хас батырларындай сезініп келе жататын едім. Үйге келген бой-да аттың шылбырын мойнына түріп бос қоя береміз. Ол басқа еш жаққа бұрылып кетпей, атқорасына, жем жейтін, су ішетін, күтім көретін жеріне өзі кете баратын. Шіркін, балалық-ай десеңші! Менің ең бақытты, ең алаңсыз, қамсыз күндерім өткен Сағызымды қалай сағынышпен еске алмайын!

Бастауыш класта оқып жүрген кезім болатын. Мектептің ауласында өсіп тұрған бір ағаштың бұтағын сындырып алып, достарыммен бірге ойынға кірістім. Мұны терезеден класс жетекшіміз Қошанов Бердібай ағай көріп тұрыпты. Далаға шығып мені ұстап алды. Сындырған бұтағым қолымда, ағай келді де, қолымдағы бұтағымды дәл орнына қайтадан өзі қадағалап тұрып байлатты. Мен қолымдағы бұтақты сындырып алған жеріме қайтадан орнат-тым, жалғастырған жерімді шүберекпен мықтап орап байладым. Ағайым со-дан кейін мені мұғалімдер бөлмесіне алып барып түсініктеме жазғызды. Енді түсініктемемді әкеме беретін шығар, үйге барғасын не айтамын деген қорқыныш пайда болды менде. Ағайым сол түсініктемемді ақыры әкеме берген жоқ. Ал мен сындырған бұтақ болса қайтадан өз орнында бірігіп, өсуін жалғастырып кетті. Мен оны үнемі бақылап жүрдім. Бердібай ағайымыз тамаша адам болатын. Ер балалардың шашы өсіп кеткенін байқаса, класта партада отырғаныңда артыңнан келіп желке шашыңнан, немесе самай шашыңнан тартып орныңнан тұрғызатын. Ағайдың бұл жасағаны «ертең шашыңды ұстарамен алып келесің» дегені. Сол бойда орныңа отырасың, сабағыңды аяқтайсың, ертеңіне ағайдың алдына басың жарқырап «жылтыр шеке» болып келесің. Бұл бұлжымайтын заң, екі рет

Page 88: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

88

қайталанбайтын, әскери тәртіппен бірдей болатын. Ал мектеп директорымыз менің туған нағашым, Көшербаев Муса ағай еді. Қатаң тәртіптің адамы. Мектеп-те жүргенімде мен барлық оқушылармен бірдеймін, ол да маған басқа балаларға қарағандай қарайтын, мен де нағашыма еркелей алмайтынмын. Ал үйіне бара қалсам: «Әй, Роза, жиен келді ғой, шайыңды қой, жиен шай ішіп кетсін» дейтін жеңгемізге.

Сәл есейе келе жаз бойы шөп шабуға көмектесеміз. Ересектер шабады, біздер шабылған шөпті тырмалармен жинаймыз, шөмелеге үйеміз. Ол заман-да ауылымыздағы әр отбасының да ауласында мал ұстайтын, ірі қара мен уақ жандықтар ғой. Бір жазда қос болып шөп шабуға шықтық. Біздің қостың ағасы Наушиев Есқайыр деген ересек адам, оның қарамағында Бисенбай, Орынғали, Мақым, Мақсым сияқты уақ балалар болдық. Сол шөп шабу науқанының есте қалған бір оқиғасы – біздер шөпке таласып өндірістің бас геологы Жұмабай деген азаматпен төбелесе жаздағанбыз. Қателік жіберген осы азаматтың өзі, біздің жинап үйіп қойған шөмелелерімізді машинасына тиеп алып кеткісі кел-ген еді. Жас балалар болсақ та біздер ондай зорлыққа көнбей, оның лауазымы-на қарамай қарсы тұрып алдық. Ақырында өз еңбегімізді қорғап қалдық. Шөп өзімізде қалды.

Сол жазда қандай сайлау екені есімде жоқ, бір сайлау өтетін болды. Сайлау сайын әкем сайлау учаскесінің басшысы болатын. Жаздың күні, күн батып кет-кен шақ. Біздер бірнеше бала болып Аманғалиев Сатыбалды досымыздың үйінің артқы жағындағы алаңның ортасында тұрған трибунаның, мейрамда демон-страция қабылдайтын, жанында әңгіме айтып отырғанбыз. Мен, Өтегеннің бала-сы Аманғалиев Сатыбалды, Банков Сашка, Сапаның баласы Төлеуғали Есқожиев, Ләтіптің баласы Қараман Сапағалиев, Мизамбайдың баласы Аманжол Масақбаев, Салдудың баласы Есқали Жармағамбетов бәріміз отырғанбыз. Әр кезде де ойынның түрін ойлап тауып отыратын Сатыбалды «Қане, бәріміз қолымызға тас жинап алайық, сосын қараңғыда осы жерге кім келсе де кесектейік,» - деді. Біз келістік. Бәріміз де қолдарымызға сиғанынша тас жинап алдық. Осылай-ша отырғанымызда түннің бір уағы болды. Қараңғылық қоюланды. Сол кез-де біздерге қараңғыда бір адам жақындап келе жатыр екен. Жүрісі асығыстау сияқты, оның артында тағы бір адамның сұлбасы қараңдағандай болады. Са-тыбалды бізге: «Огонь» деп команда берді. Біз де жақындап қалған адамға та-сты оқша боратып жаудырып жатырмыз. Қараңғыда келе жатырған адам: «Өй, әкеңді ...» деп сыпыртып боқтай жөнелді. Әкемнің дауысын бірден таныдым да тездетіп сол жерден қарамды батырдым. Қалған балалар да тырым-тырақай жан-жаққа қашты. Бұл әкем екен, сайлау учаскесінде жұмыстың көптігінен біраз кідіріп қалып, учаске орналасқан ауыл клубын жауып үйге келе жатырған бойы. Оның артындағы қалбалаңдап келе жатырған адам масаңдау екен. Содан біраз уақыт көшеде жүріп, әкем әбден сабасына түскендей болғасын үйге келдім. Кел-сем әкем ауладағы сәкінің үстінде Оразалиев Құсайын, Қосаев Жақсығали, За-харов Николай деген достарымен бірге әңгімені соғып отыр. Орталарында бір шиша, дастархан толы көкөністер, шайлары құюлы. Құлағымды тігіп қарасам әкем жұмыстың, сайлаудың жайын айта отырып өзін үйге келе жатырғанда

Page 89: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

89

балалар кесек жаудырып, өзін қуып келе жатырған бір масаңдау ауылдасынан сол балалардың кесектегенінің арқасында құтылып кеткенін айтып отыр екен. Тездетіп барып төсегіме жата кетіп өтірік ұйықтаған бола қалдым. Кім білген, менің өзін кесектегендердің арасында болғанымды білсе не болатынын.

Әкемнің «Москвич-403» деген жеңіл көлігі болды. Ол заманда жеңіл көлік дегенің ілуде бір кездесетін, көзі жоқ дүние ғой. Біздің ауылда бірер сондай жекеменшік жеңіл машина болғаны есімде. Біреуі папам аттас Есекенов Қажымұрат деген адамның «Победа» машинасы, тағы біреуі Қалдеш деген соғыс мүгедегінің мо-токоляскасы. Басқа жеңіл көлігі болған адамдар есімде жоқ. Әкем осы машина-сымен жұмысқа барады. Бұзыла қалса жөндейтіндер татар Сафаров Ғарифолла деген гараждың механигі және Лұқпанов Демеу деген ауылдың гаражының шо-пыры. Мен Алматыда оқуда болғанымда сол машинамызға қатысты бір күлкілі оқиға болыпты. Әкем жұмысқа баратын машинасымен «ожидалка» деп атала-тын жұмысшылар жиналатын жерге барады. Учаскеге баратын жұмысшыларын тексеру үшін. Ол жердегі жұмысы біткесін машинасына мінсе от алмайды. Со-дан машинасын сол жерге тастап, өзі жұмысшылармен бірге вахта таситын ма-шинамен кетеді учаскесіне. Машинасын учаскенің бульдозершісі Қостанбеков Бөкенбайға тастап кетеді: «Жөндеп, қыздырғаннан кейін учаскеге айдап алып кел» деген тапсырмамен. Бөкенбай қасындағы үйренуші тракторшысы, өзінің шәкірті, Жұмағалидың баласы Сағындықов Ғалымжан деген менің досыммен екеуі жөндеуге кіріседі. Жөндеу үшін үйге келіп гараждан керек-жарақтарын алады, содан дүкенде тұрған анама келіп: «Апа, ана машинаны қыздыру үшін екі шөлмек спирт керек, радиаторға құймаса болмайды, қызбай тұрғаны содан» депті. Анам ондай техника жайын қайдан білсін, сенеді: «Әй, спирт жоқ қой үйде, ақ арақ берсем бола ма?» дейді. Анамның аңқаулығына, өздерінің қулықтарына оңай көне қалғанына қуанып: «Апа, болады, арақ болса арақ болсын, тек аязда қатып қалмаса болғаны» дейді. Анам да аңқау ғой: «Жаздың ортасында қайдағы аяз, не деп сандалап тұрсындар» деп екеуін қуып шықпапты. Техникадан хабары бар адамға көп қиын болмаған сияқты, машинаны ілезде жөндеп қыздырады да, екеуі анамнан алған екі шөлмектің біреуін қылдай бөліп ішіп алады. Бір шөлмекті Бөкенбай машинаға салып алып учаскеге тартады да, Ғалымжанға: «Гараждан алған кейбір заттарды орнына апарып қой да гаражды кілттеп, кілтті үйін апарып бер» деген тапсырма береді. Анам үйге түскі демалысқа келсе, гараждың есігінің шалқасынан ашық жатқанын көреді. Келсе гараждың ішінде Ғалымжан ұйықтап жатыр екен. Аңқау анам сонда ғана біліпті, манағы екі шөлмек ақ арақтың қай «машинаның радиаторына» құйылғанын.

Бала күнімнің кейбір сәттерін есіме түсірсем, біздің үй екінші ауылда тұрған кезі еріксіз еске түседі. Сол ауылда теріші Шалабаев Қази деген шал тұрды. Ол тері-терсек, жүн-жұрқа, сүйек-саяқ, жез-мыстан жасалған көне заттарды, сым-дарды жинастыратын агент болатын. «Вторсырье», әлде «Живсырье», деген мекеменің агенті сияқты. Ауылдың балалары әр жерлерден қолымызға түскен осындай дүниелерді жинастырып тапсырып, ақша алатынбыз. Әсіресе мыстан жасалған дүниелерге көп ақша беретіні есімде. Сол шал қорасында қоян бағады. Қояндарының көптігі сонша, кейде олар жер астындағы індерін кеулеп қазып

Page 90: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

90

көрші отырған Әуелбай Жамауов, Қашқын Қосмұрзиев, Орынғали Жабуовтардың үйлерінің қораларынан да шығып жататын еді. Теріші шалдың екі баласы бар, үлкені Асылбек деген, ол Зил самосвал машина айдайды, олардың көршісі Иман-шиев Сәлімгерей деген шопыр, ол астаулы Урал ЗИС деген машина айдайды. Иманшиев Сәлімгерейдің Ермек, Серік деген екі ұлы бар. Көктем кезінде осы екі машинаға мініп алып біздің ауылдың балалары қырға қызғалдақ теруге шығатынбыз. Ол балалар – Жайберген, Оңберген Ғинаятовтар, Сәкөн Болғанбаев, Мұханбет, Жаңбырбай Табынбаевтар, Талшын, Алау Қосмұрзиевалар, Апатай (Аманжан) Тәңірбергенов, Айтан Жұмағалиева, Амангелді, Аманқос Қазиевтар, Абылай, Тәке Оразғалиевтар, Сатыбалды Атырауов, Ақылбек Шалабаев ... деген-дер. Бұлардың жас шамалары әртүрлі, арасында үлкендері де, сәл кішілері де бар, бірақ барлығы да замандас балалар болғасын ойындарымыз жарасқан болатын. Ақылбектің овчарка иті болды, біздер ол итті қасқыр ит дейтінбіз. Кейде сол ит-пен ауылдың сырт жағындағы қырлардан атжалман аулап қызықтайтынбыз. Ал Иманшиев Ермек деген бала қыс кезінде конькимен сырғанаудан алдына жан салмайтын керемет өнерлі болатын. Мәнерлеп сырғанағанда, мұздың үстіне әртүрлі оюлар салып өрнектегенде аузымызды ашып қалатынбыз. Ермекке ұқсап сырғанауға тырысатынбыз.

Сәнім деген нағашымның Тамара деген қызы болды, бізге нағашы апа болып келеді. Бір кездерде сол апамызды Құлжанов Шалқардың Қуантай деген бала-сы алып қашайын деп жүр деген қауесет тарады ауылымызда. Апамыз байла-ныс бөлімінде, телефон станциясының коммутаторында, телефонистка болып еңбек ететін. Үш күнде бір рет түнгі кезекшілікте болады. Сол кезде Көшербаев Муса нағашымның Демес деген баласы екеуіміз түнгі кезекшілікте апамыздың жанында түнейміз. Қуантайдан қорғанған түріміз. Қуантай біздерден сескенетін болуы керек, әйтеуір ол жерге жоламайтын. Ал керісінше, Доссор ауылында тұратын болашақ жездеміз Бажбенов Сайлау деген жігіт келгенде біз апамызды одан қызғанбайтынбыз. Ақыры сол Сайлау бізге жезде болып шықты да.

Осы жерде әкемнің құрдастарымен қалжыңы, достық әзілдері туралы айта кеткім келеді. Сол кездерді есіме алсам, әкемнің достарымен, құрдастарымен айтқан әңгімелері, әзілдері ерекше болатын. Ол әзілдерге ешкім өкпелемейтін де, ренжімейтін де. Үйімізде екі мысық болды. Олар әкемнің достарының атын иеленген болатын. «Таңатар» және «Гриша» деп оларды атаған, әрине, әкем бола-тын. Өз аттарын ол екеуі де жақсы білетін, аттары аталса жетіп келетін. Екеуі де өте ақылды болатын. Әкемнен қыл елі қалмайтын, жұмысқа да, қораға да, аулаға да бірге барады, кейде анаммен дүкенге барып тышқан аулап көмектесетін. Анаммен дүкенге, кәдімгідей жұмысқа барғандай барып, түскі демалысқа анам-мен бірге келіп, кешке дейін қайтадан жұмыстарын жасап тышқан аулайтын. Ешқашан дүкенде қалып қоймайтын. Әсіресе Гриша өте ақылды еді. Әкем: «Гри-ша, мас болшы» десе болғаны қисалаңдап кәдімгідей мас адамның кейпіне түсе қалатын. Оның бұл «концертіне» барлығымыз қырылып күлетінбіз. Сол сәтте әкем де телефонды алып жіберіп досына: «Әй, біздің үйдегі Гриша мас, сен қалайсың?» дейтін. Артынан білсем, бұл екі достың құпия «паролі» екен. Сәлден кейін Гриша досы шишасын алып мысық аттасының концертін тамашалауға

Page 91: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

91

біздің үйге жететін. Арада қанша жылдар өтсе де, бал дәурен балалығымның әр сәті, күні

кешегідей көз алдымда. Ауылымның абзал жандары да, әкемнің жан жолда-стары мен анамның көзін көрген тұстастары да, бірге ойнаған достарым мен іргелес көршілерім де, ауылдың қызықты оқиғалары да менің жадымнан бір сәт те өшкен емес. Бұл заңдылық та шығар, өйткені адам баласы үшін өзінің туған жерінен ыстық, одан қымбат не бар бұл жалғанда?

Кенжеғалиев Жұмабек СағынғалиұлыМұнайшыАқтау қаласы

Менің әкем Кенжеғалиев Сағынғали мен Жұмабаев Мерген бүкіл Ембіге, Қазақстанға атағы жайылған майталман мұнайшылар болатын. Екеуі құрдас, араларынан қыл өтпейтін достар еді. Екеуі құрдас болғандықтан қатты қалжыңдасатын. Екеуі де Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде екі мұнай өндіретін учаскенің мастерлері. Жұмыста екеуі бәсекелестікпен өзара жарысып жүретін сияқты. Осы құрдас әкелерімнің біздің ауылымызға кеңінен тараған, өзім куә болған бір қалжыңы есімде. Бірде әкем әлдебір шаруаларымен Мергеннің үйінің алдындағы сарайының жанынан өтіп бара жатып сарайдың есігінен ішіндегі көлденең қағылған керме ағашқа кептіріп жайып тастаған сүрленген еттерді көреді. Ол заманда есікке құлып салу, үйді кілттеп жүру деген атымен жоқ бо-латын. Әкем қасында келе жатырған қосшы баласына сарайдың ішінде тұрған су алатын екі шелекті көрсетіп: «Мына еттерден екі шелекке толғанынша са-лып алып біздің үйдегі жеңгеңе бер, қазанға салып аса берсін» дейді де, өзі құрдасының үйіне кіріп кетеді. Айтса болды ғой, қосшы бала бәрін тап-тұйнақтай етіп орындайды. Әкемнің өзі құрдасын кешке үйіне қонаққа шақырып шығады. Кеш түсе Мерген әйелін ертіп біздің үйге қонаққа келеді. Үйге кіре бергенде Мергеннің әйелі өз үйінің екі шелегі осы жерде жатқанын байқайды да: «Мер-ген, мына екі шелек біздердікі, бұнда неғып жатыр бұлар?» десе, Мерген: «Әй, сен де айтады екенсің, бұндай шелектер жалғыз сенде ғана бар деп кім айтты саған» деп көп мән бере қоймайды. Ерінің айтқанына көнгенімен әйелі осы жер-де бір шикіліктің барын сезеді, бірақ дымы ішінде болады. Жақсы отырыс бо-лады, молынан асылған сүр етке тояды. Мерген мен әйелі үйіне қайтады. Әйелі бірден сарайына барса шелектер де жоқ, кептіруге жайып қойған еттері де тым азайып қалыпты. Әкемнен келген бәле екенін біледі де өз ойын Мергенге ай-тады. Мерген ештеңе демейді. Тек ішінен құрдасының өз етімен өзін сыйлаған қулығына мәз болып күлумен болады. Бұл оқиғадан кейін біраз уақыт өткесін, жаз мезгілінде біздің үйдің бордақылап семіртіп отырған қойымызды біреу қорамызда тұрған жерінен сойып алып кетті. Сол күні таңертең мен қорадағы қойға жем-шөбін салып, астын тазалап кеткенмін, ол кезде қой аман болатын. Біраздан кейін су берейін деп үйден шелекпен су алып келсем бағана шауып жүрген қойым бір бұрышта өзгешелеу күйде бүк түсіп жатыр екен. Бұлай жа-

Page 92: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

92

тысы маған ұнамады. Келіп қарасам қой сойылып қалған, еттері алынып, бас-сирақтары жоқ, тек терісін жамылған кейбір мүшелері ғана қалыпты. Мен үйге жүгіріп келіп, болған жағдайды анама айттым. Сәлден кейін жаманат хабарды естіген көршілер жиналып қалды. Бұндай ұрлық бұл ауылда бұрын-соңды бол-мапты. Қойдың аққан қаны біраз жерге дейін тамып, ауылдың іргесіндегі жалпақ сорға дейін барыпты. Көршілердің ақылымен милицияға хабарламақшы болып даурығысып жатқанымызда әкем де жұмыстан келе қалды. Барлық жағдайға қаныққасын: «Әй, милицияға хабарламай-ақ қойыңдар, ауыл арасының ұрысы шығар, көп ұзамай бір хабары шығып қалар» деп үйге кіріп шайына отырды. Әкем өте сабырлы, түк болмағандай жайбарақат отыр. Іші бірдемені сезетін тәрізді. Айтқандай-ақ көп ұзамай біздерді Мергеннің үйі қонаққа шақырып жа-тыр деген хабаршы бала да жетті. Әкем өзінің ойының дұрыстығына күлгендей еді. Өзі бордақылаған қойы өзіне бұйыратын болғанына күлген де болар ішінен.

Бұл тек екі құрдастың бір ғана әзілі. Ал ондай әзілдер бұлардың өмірінде қаншама рет болғанын кім білсін?! Қайран, қазақтың құрдастар арасындағы әзілдері мен қалжыңдары десеңші! Әкем дүниеден құрдасынан сәл ерте қайтып, онымен қоштасу рәсіміндегі қаралы митингте Мерген құрдасы еңкілдеп жылап тұрып: «Қош бол, досым, көп ұзамай мен де барармын артыңнан, жарты жыл, әрі кетсе бір жылдан қалмаспын» дегенін естіп едім. Айтқанындай-ақ, дені сау, ша-уып жүрген Мерген құрдасы жарты жылдан кейін досының артынан о дүниелік болды. Әкелерімнің осындай мықты достығы әлі күнге менің көз алдымда. Сол замандағы әкелерімнің арасындағы қалтқысыз шынайы достық қазіргі кезде маған нағыз достықтың эталонындай болып көрінеді.

Ауылда өндірісте оператор болып жұмыс жасап жүргенімде Наушиев Есқайыр ағамызбен бірге еңбек еттім. Ол өте ерекше адам болатын. Соғысқа қатысқан май-дангер. Көп сөзі жоқ. Барлық майдангерлер сияқты, соғыс жайында әңгімелегенді ұната қоймайтын. Сол бір сұрапыл жылдарды естеріне алғысы келмейтін сияқты. Сондай сараңдау әңгімелердің бірінен есімде қалғаны, ағамыз соғыс бастала сала немістерге тұтқынға түсіпті. Алғашқы кезде тұтқындарды орналастырған ла-герьге немістердің бір байы келіп өзіне жұмыс жасауға адам таңдапты. Бұл неміс, сірә, отставкадағы бұрынғы үлкен дәрежедегі офицер болса керек. Тұтқындарды әр жерлерге жұмысқа бөліп жатқан болатын. Тас карьерлерге, жол жөндеуге, заводтарға. ... Тұтқындар сапта тұрмыз, әлгі шонжар жайлап сапты аралап қарап келе жатты да, менің тұсыма келгенде, таза орыс тілінде: «Азиатпысың, ат бағуды, баптауды білесің бе?» деп сұрады. Мен аттың жайын білетінімді айт-тым. Содан ол неміс мені таңдап алды, үйіне алып барды. Бұл ерте заманда орыс жерінде оқыған немістің генералы екен, сондықтан да орысшаны таза сөйлейді. Маған өзінің жалшысы ретінде емес, өзінің туысқанындай қарады. Моншасы-на шомылдырды, жаңа жұмыс киімдерін берді. Жататын орнымды көрсетті. Менің жұмысым ол немістің екі арғымақ атын бағу, күтімін жасау, керек кезінде жарысқа дайындау. Жұмысым ауыр емес, тамағым тоқ. Жұмыс киімдері деп бер-ген киімдері мен бұрын киіп көрмеген жаңа, таза киімдер, ішетін тамақтарым да керемет. Біздердің қазіргі кездегі орнатайын деп жатырған коммунизмді мен сол неміс генералының қолында тұрған жылдарымда көріп қойғанмын. Осы немістің

Page 93: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

93

қоластында мен соғыс аяқталғанша болдым. Неміс айтатын: «Кеңес армиясы бұл соғыста жеңеді. Бірақ сен еліме қайтамын десең өзің білесің, ал осында қаламын десең немістің бір қызына үйлендіремін ...». Ол жерде коммунизм болмақ түгіл жұмақ болса да мен елімді, туған жерімді, ағайындарымның ортасын сағындым. Еліме қайттым дейтін. Есқайыр ағамыз елге келгеннен кейін нағыз лагерь дегеннің қандай болатынын біліпті. Оншақты жылдай кеңес лагерлерінде тұтқын болып жазасын өтепті. Ол ағамыздың жұмысқа деген көзқарасы ерек-ше болатын. Қандай ауыр жұмыстан болмасын қашпайтын, барлық ниетімен адал, тындырымды, өте таза жасайтын. Оның жұмыс жасағанына қараудың өзі бір ғанибет болатын. Мұнайшылар жақсы біледі, жердің астына терең көмілген мұнай айдайтын құбыр жарылып, мұнай далаға кетіп жатады. Бұны «порыв» дейді. Құбырдың жарылған тұсын анықтап, мұнай айдап жатырған насосты тоқтатам дегеніңше, жарылған құбырдан аққан мұнай біраз жерге жайылып, ай-нала көл болады. Сағыздың жері қандай, онсыз да сәл ылғал тисе езіліп жата-тын сазды сор ғой. Сондай «порывты» жөндеу үшін Есқайыр ағамыз бас болып, талай рет жер қазғанбыз. Жастарымыз бар, үлкендеріміз бар бірнеше адам жер қазамыз, жердің астындағы құбырдың жарылған жерін анықтап, бітеуге жан-таласамыз. Айнала шалқыған мұнай аралас ми балшық. Соғыс қиыншылығын, соғыстан кейінгі тұтқындар лагерінің қиыншылықтарын көрмеген біздер он-дай ауыр жұмысқа жарамайды екенбіз. Сәл жер қазғанға шаршап, қолымыздағы күректерімізді қалай болса солай лақтырып тастап жерге отыра кететінбіз. Ал Есақаң бір қалыпты жұмыс ырғағын жоғалтпастан басынан бастап аяғына дейін шаршамастан, демалмастан күрегін толтыра саз балшықты лақтыра беретін. Құдды бір шаршауды білмейтін, бір ырғаққа сәйкестендіріп бағыттап қойған робот сияқты еді. Оның күрегіне де балшық жабыспайды, күрегінің жүзі де мұқалмайды, лақтырған балшықтары да шашырамай дәл бір жерге барып жата қалады ... Сырттай қарап тұрған адамға оңай жұмыс сияқты әсер қалдырады. Қазақша айтқанда «Қошың келеді». Бірақ, бұл-өте ауыр жұмыс. Есақаңның қайдан қуат алатынын кім білген. Әйтеуір шаршау дегенің бұл ағамыз үшін жат ұғым. Әбден жұмыс аяқталғасын біздер күректерімізді лақтыра салып демалып отырамыз, ал ағамыз біздердің шашып тастаған күректерімізді жинастырып, әрқайсысын балшығынан тазартып, сүртіп, бір жерге жинастырып қоятын. Со-дан кейін барып өзінің аяқ киімін балшықтан мұнтаздай қылып тазалайтын. Осылардың барлығын ешқандай ренжусіз, жасының үлкендігін пайдаланып бұрқылдап ақыл айтусыз, тыныш қана жасайтын. Осыншама ми батпақтың ортасында тұрып аяқ киімдерін мұқият тазалағанын көрген арамыздағы жігіттер: «Есақа, енді мына балшықты баспайсың ба, төбеңмен жүресің бе мына батпақта?» деп әзілдесе, ағамыз: «Әй, үйреніп қалған әдет қой» деп қоя салатын. Артынан байқасам, ағамызды өмірдің өзі үйреткен екен ғой, осындай ырғақпен жұмыс жасауға да, шаршамауға да, айналасындағыларға көп сөйлеп құр ақыл айтпауға да, қолындағы жұмыс құралына мұқият қарайтын ұқыпты болуға да ... Немістердің тұтқыны, кеңестің лагерьлері санасына сіңірген екен тәртіптің қандай болу қажеттігін.

Менің Сәуір көкем де немістерде тұтқынында, одан келіп кеңес лагерлерінде

Page 94: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

94

тұтқында оншақты жылын өткізген адам. Ол да көп сөйлемейтін адам. Кейбір кездері сараңдау ғана ашылған шақтарында естігендерім бойынша көкем Мұстафа Шоқай ұйымдастырған «Түркістан легионында» болған екен. Жы-лой жеріне түсірілген жау десантының құрамында менің көкем де болуы керек екен. Соған әдейі дайындалған топтың мүшесі болыпты. Топтың дәл аттанатын сәтінде көкем қатты сырқаттанып топтан қалып қойыпты. Бұл топқа сол өңірді жақсы білетін адамдар таңдалыпты. Қазақ жігіттерінің көпшілігі сол топқа кіруге ынталы болып, өздері сұранып топқа кіріпті. Ойлары, өз еліне, өз топырағына келіп, ағайындарын көру екен. Жерге түскеннен кейін отандық әскерилерге өз еріктерімен берілуді де ойластырыпты.

Есқайыр ағамыз бен Сәуір көкем кейбір кездерде біздің үйде кездесіп қонақ болатын. Қатты қызған кездерінде екеуі де немісше сөйлеп кететіні есімде. Мүмкін, біздер түсінбесін деп, өздері ғана білетін кейбір жайттарды әңгімелейтін шығар?! Кім білсін?! Осы екі адамның да жұмыс жасау тәсілдері, жұмысқа деген көзқарастары, тазалықтары, артық сөз шығындамайтындары ... бәрі-бәрі қатты ұқсас болатын. Осы екі ағамызды ойласам, қазір еріксіз мынадай ойға келем. Еш кінәсі болмаса да, жазықсыздан жазалы болып, қаншама адам тұтқынға түскені үшін ғана соғыстан кейін лагерьлерде азап шекті, қаншама адам елге тірі келгені үшін кінәлі боп, қалған өмірінде үнсіз ғана өмір сүруге мәжбүр болды.... Бұл да бір тағдыр.... Соғыс даласында белгісіз боздақтардың бірі болып қалып қоймай, туған жердің топырағын басқанының өзін бақыт деп санаған шығар олар, бәлкім?

Менің атам Сабуғалиев Қажымұрат та Сағыз ауылында белгілі адамдардың бірі болатын, оның достары мен құрдастары арасындағы айтылатын әзіл- қалжыңдары да өз кезінде аңыз болып тарап, ауылдастардың арасында жыр боп кетіп еді. Енді солардың кейбіреуіне кезек берсек.

Сабуғалиев Қажымұрат мұнай өндіретін учаскенің мастері, оны учаскеден Қаламбай деген шопыр жұмыстан кейін ауылға алып келе жатып: «Қажеке, ана Гриша деген татар менің арғы-бергі тегімнен түгін қалдырмай боқтай береді, жазығым болса да, болмаса да. Соның бетін қайтарып, менің көзімше өшімді алып берші. Ақысына сол жерде бір шиша қоямын» дейді. Қажекең келіседі. Уча-скеден келген жұмысшылар, мастерлер кәсіпшіліктің конторының алдынан ма-шинадан түсіп жатады. Бірталай халық жиналып тұрған жерде Қажекең каби-надан түсе бере барлығына естіртіп Гриша татарды ата-тегінен түк қалдырмай боқтай жөнеледі. Сафаров Гриша (татарша аты Ғабдырахид, ауылымыздың байырғы тұрғыны, Қажекеңнің досы) кәсіпшіліктің гаражының механигі ғой, оның жұмысының Қажекеңе қатысы шамалы. Ол түкке түсінбей Қажекеңе қарап қалса, Қажекең сыпыртып боқтай жүріп, оған бір жақ көзін әлсін-әлі қысып белгі беріп тұр екен. Оны Қаламбай көрмейді, Гриша көреді де сезеді, бұл боқтаудың бір сыры бар екенін. Гриша мен Қажекең бірін-бірі ымнан түсінетін достар ғой. Қаламбай сөзінде тұрып, Қажекеңнің өзінің «жауын» жиналған елдің алдында сыпыртып боқтап жатқанына айызы қанып, жұмысшылар түсіп болған бойда дүкенге қарай зулап барып, бір шишасын әкеліп береді. Қаламбай дүкенге барып келгенше, Қажекең де Гришаға барлық жағдайды түсіндіріп қояды. Арғы жағын достардың өзі біледі ғой. Сабуғалиев Қажымұрат, Сафаров Гриша, Оразалиев

Page 95: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

95

Құсайын араларынан қыл өтпейтін достар. Бірін бірі сөзсіз-ақ, ыммен де түсіне береді екен. Олардың жұмыстан бос уақыттарында «тамақ жібітетін» кездері жиі болатын көрінеді. Әрине, бұл әйелдеріне онша ұнай қоймайтыны белгілі ғой. Сондықтан бұл үшеуінің өздері ғана білетін «шпионский» парольдері болып-ты. Қажекеңнің жеке автокөлігі бар, ал гаражы үйден сәл шеткеріректе, сордың жағасында оңашалау жерде тұр. Демалыс күні Қажекең гаражға барып есігін шалқасынан ашып, оны ломмен тіреп қойса, бұл достарына берілген өздері ғана түсінетін шартты белгі: «менде шиша бар, келе беруге болады» деген. Гриша мен Құсайын өздерінің үйлерінен гараждың есігінің шалқасынан ашылғанын көрсе болғаны, Қажекеңнің машинасын жөндеуге көмекке жүгіретін көрінеді. Ал кейде гараждың есігі ашық болғанымен, шалқасынан айқара ашылмай, жәй ғана ашылып таспен тіреулі болса, онда «менде ештеңе жоқ, шишаны өздерің ала келіңдер» деген белгі екен. Ондай жағдайда достары әуелі дүкенге соғып, қолтығына шишаларын қыстыра келетін көрінеді гаражға.

Кейбір кездері Қажекең шашын алдыруға бала жүгіртіп Құсайын досын шақыртатын көрінеді. Енеміз бұрқылдап: «Әй, сол Құсайын шаш алуды біле ме, бір барғаныңда Доссордағы шаштаразға алдырмайсың ба? Шашың да көп өспеген сияқты ғой» деген сияқты сөздер айтады екен. Оған Қажекең: «Е, осы ау-ылда шашты Құсайыннан артық алатын адам жоқ. Қашан Доссорға барамын деп жүремін бе желке шашым қобырап» деп сылтау айтады дейді. Сөйткенше болмай Құсайын досы да қайшысы мен тарағын алып жетеді екен. Шаш алдыру деген сылтау ғой. Екеуі аулада айнаны алдына алып отырып, шаштың әр жерлерінің шошайып тұрғандарын қиып сәл түзеген болады екен. Қиып болғасын, басты жуып, жылмитып тарап барып екеуі шай дастарханына отыратын көрінеді. Дастарханға керектері қойылары белгілі. Артынан Қажекең жұмыс бабымен Доссорға барғанда досының бүлдіргенін түзеу үшін шаштаразға барып шашын жөндеп қидырады екен.

Шөп шабу науқаны қызған шақта Қажекең шөп шабуға ауылдың жігіттерін ұйымдастырады екен. Ол жігіттердің ең басында Құсайын мен Гриша достары болатын көрінеді. Қажекеңнің достарын шөпке ала баратынынан сезіктенетін енеміз: «Әй, сол екеуінен не пайда, одан да олардың орнына пайдасы тиетін, қажырлы жас жігіттерді алып бармайсың?» десе, Қажекең: «Е, сен не білетін едің, Құсекең жігіттерді ұйымдастыруға, жұмылдыруға керемет қой. Ал Гриша де-ген механик емес пе, елсіз далада машина бұзылып қалса түренді кім сүйретеді, шөпті үйге кім алып келеді?» деп керемет дәлелдер табатын көрінеді. Енеміз дәлелді сөзге дау шығара алмайды. Түннің бір уағында даладан шөп келген-де үш дос бірін бірі сүйеп, машинадан өлең айтып түсетін көрінеді. Шөпті жас жігіттер өздері шауып, жинап, тиеп, аулаға түсіріп кететін көрінеді. Сірә, шөп ша-буда үш дос оларға тек жақсылап «ақыл-кеңес» беріп, уақытында «шаң басуға» көмектессе керек.

Міне, менің атам мен оның достары жайында осындай әңгімелер бар біздің ауылда. Бұл әңгімелер, кейбіреуге арақ ішу туралы болып та көрінер, бірақ, ой-ланып қарасақ, «әр заманның бір сұрқылтайы бар» дегендей, мұндай кездер болғаны шындық емес пе? Бұл сол заманның шындығы еді ғой, мұны жасырып

Page 96: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

96

жазбасақ, айтпасақ, өтірік айтып, қолдан қаһарман жасаудың керегі не? Оның үстіне біздің аталарымыз, әкелеріміз «ақылын ішкен» адамдар емес еді. Қажекең айтса айтқандай, Құсайын ағамыздың сөйлеген сөздері, айтқан әңгімелері ке-ремет болатын. Қазіргі кездегі молдалардың айтатын уағыздарынан бір кем емес, жастармен, жұмыстастарымен сөйлесу тәсілі бөлекше болатын. Жатқан жерлері жарық болып, имандары жолдас болсын, жарықтықтардың. Бұлар біздің ауылдың белді, белгілі, алдыңғы қатарлы азаматтары болатын. Жұмыста өз істерінің шеберлері, достықта қандай екендерін байқаған боларсыздар. Қайран біздің Сағыздың Азаматтары-ай десеңші!!!

Жұматанова МəруЗейнеткерЖаңаөзен қаласы

Менің анам Жұматанова Қазиза Айтбайқызы 1922 ж Атырау облысы До-ссор кентінде дүниеге келіпті. Үш жасқа келгенде анасынан айрылады. Әкесі түрмеге қамалып, панасыз қалған 9 жастағы қызды жаны ашыған ауылдастары Естай қалалық жетім балалар үйіне өткізеді. Сонда алты кластық білім алып үлгерген. Елмен бірдей, көптің басында болған қиыншылықтарға төзе жүріп, балалық шағы да өте береді. Осындай күндердің бірінде әкесі түрмеден оралып, Доссорда жұмысқа орналасып, үйленіп, қызын қолына қайтарып алады. Өмір қиыншылықтарына шыңдалған қыз 1941ж 19-ға келгенде əкесінің ақылымен Сағыз мұнай кәсіпшілігінің тұрғыны Шаудиров Сəрсен (1914 ж.т.) деген азаматқа тұрмысқа шыққан. Соғыстың нағыз қызып тұрған уақытында, 1942 ж. 3 наурыз-да өмірге Роза атты қызы келген, көп ұзамай Сəрсенді соғысқа əкетеді. Анам бала кезінен өжет болып өскен екен. Сол қасиетінен болар, қиыншылыққа мойымай, соғыс кезінде азаматы майданға кеткен, балалар мен әйелдер, қарттар ғана қалған отбасыларына қамқор болғанын, аш қалдырмай бағып қаққанын қайын- жұрты, ағайындары әлі күнге ұмытпай еске алып отырады. Соғыс кезінде ауыл наубайха-насында пекарь болған. 1949-1970 ж.ж аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор болып еңбек еткен. Жолдасы Сəрсен соғыстан оралмады. Менің анам ер тұлғалы, ер мінезді зор күш иесі еді, мойымай-бүгілмей, өле-өлгенше, өмірге риза, қуанып өмір сүрді. Қасындағы құрбылары анамды «Қажымұқан», «Балуан – шолақ» деп атаушы еді. Сағыз мұнай кәсіпшілігі - шағын мұнайшылар кенті – əдемі ғана поселок болды. Көркін ашатын жері сады еді, қалың талдар ортасын-да жазғы клуб, фонтаны бар би алаңы. Апа–ағаларымыз би билеп, қыдырғанда, біздер кішкентай болсақ та қызықтаушы едік, солардай болуды армандаушы едік. Өмірге күнделікті керектінің бәрі, клуб, монша, столовый- буфет, тіпті ко-нюшня да болды. Қыста балалардың мұз айдыны да болды. Кішкентай Сағызда соғыс кезінде жер ауып келген - грек, поляк, латыш, болгар, шешен, басқа да ұлт өкілдері көп болды. Солардың бәрімен біздің ауылдың адамдары тату-тәтті өмір сүрді, тойларын бірге тойлады, қайғысын бірге бөлісті. Ешқандай ұлтқа бөліну, сырттан келгенді кемсіту деген болмайтын. Басқа ұлттардың бәрі қазақша таза

Page 97: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

97

сөйлейтін. 7 қараша, 1 мамырда ашық алаңда мерекелік парад өтеді, анам пар-тия мүшесі, еңбек ардагері, трибунада тұратынына бала болсам да мақтаныш сезімі бойымды билеп, қуанатынмын. 9 мамырда ауыл сыртында бәйге-ат жарыс, күрес өтеді. Анамды күреске де шығарады. Ауыл басшылары Хамит Ғабдуллин, Атағозиев Құлымғара, Құрманқұлов Қойшекен, Евдокимов Виктор, Сабуғалиев Қажымұрат сияқты азаматтар болды. Ауылымыздың адамдары қуанышын да, қайғысын да бірге бөліскен, татулығы мен ынтымағы жарасқан ауыл болып еді. Біз бала болсақ та, шет жағасын көріп өстік, анам ауылдың барлық шаруасының ортасында белсене араласып жүретін. 1970 ж. Маңғыстау ашылғанда шақыртумен көптің бірі болып, бізді алып анам да Маңғыстауға, Жаңаөзенге көшті, НГДУ «Узеннефть» мекемесіне оператор болып жұмысқа ор-наласты. 1972 ж. зейнетке қалды. Анам Атырауда да Манғыстауда да жан аямай еңбек етіп, апам екеумізді оқытып-тоқытып, тұрмысқа беріп, бейнетінің зейнетін көріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болып, 1994 жылы 72 жасында бақилық болды. Теңге қорымына жерленді. Анадан екі қыз: Роза, Мəру.

Туған жеріміз Сағыз болғанымен, өсіп-өнген жеріміз қасиетті Маңғыстау өлкесі болды. Осы киелі өлкеде өмірден өз орнымызды таптық, балалы-шағалы болдық, өрісіміз кеңіп, ырысымыз тасыды. Бәрібір жасың ұлғайған сайын туған өлкеңді, балалығыңның ізі қалған ауылыңды сағынады екенсің. Бір кездері менің ұрпақтарым да анамыздың туған жері туралы білсек деп талап қылса, естелік болсын деп, кейінгілерге әңгіме қалдырғым келді. Бастауыш сыныпта сабақ берген Баландина, Медведская Людмила Эдуардовна апайыммен арала-сып тұрамын. Ол қазір Ақтау қаласында тұрады, жездеміз Виктормен зейнет-те; 2 ұлы үйленген, еңбекте , немерелері бар. Қызы үйлі-баранды, Ленинградта тұрады. Ал жерлес, рулас Нұржамал апаммен көршілес тұрамыз. Осы бастаманы көтерген Бисенбай сияқты азаматқа ризалығымды білдіремін. Құрдас болса да ағаның ісін бастағаны оң болсын, жеңгеміз Ермекпен, балаларымен бақытты болсын.

Page 98: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

98

Page 99: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

99

үшінші БөліМ

Сағыз мектебі мен балабақшасы

Page 100: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

100

Бұл топтамада Сағыз кен орнында әр жылдарда ауылдың ағарту сала-сында еңбек еткен ұстаздарды таныстыруды мақсат еттік. Ел болашағы - жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиені қатар ұштастырған, ауылымыздың «тарыдай» жас өркенін «таудай» етпекті алдына мақсат еткен, өз өмірлерін ұрпақ тәрбиелеудей ұлы мұраттың жолына арнаған жандардың ауылымыздың тарихында алар орны ерекше. Сағыздың сандаған ұрпағы осы бір абзал жандардың алдынан өтті, тәрбиесін сіңірді, өнегесін көрді, «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» екеніне көз жеткізді. Біз өмірде қандай жетістіктерге жетсек те, қанша биік белестерді бағындырсақ та, бұл біздің ұстаздарымыздың еңбегі, ұстаздарымыздың жеңістері екенін естен шығарған емеспіз. Сол ұстаздардың еңбегі арқасында біз ӨМІР атты ұлы мектептен өз орнымызды таба білдік. Артында өшпестей із қалдыра алған ұстаздарымыздың есімі әрқашан есімізде, біз олардың ал-дында мәңгі ШӘКІРТПІЗ!

Біздің ауылдың мектебі алғаш ашылғанда оның ең алғашқы ұжымын толығымен назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Бұл біздің өмір жолымыздағы барлық ұстаздарымызға көрсеткен құрметіміз деп ұғыңыздар...

1940 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі ашылған бастауыш мектептің тамыз айындағы ұжым мүшелері:

Балғожин Кенжеғали (1910 ж.т.) мектеп директорыАбилов Раушанбай (1913 ж.т.) оқу ісінің меңгерушісіАишов Қошан (1887 ж.т.) мұғалімСелдіров Сүйінғара (1923 ж.т.) мұғалімЖұмағалиев Бердіғали (1921 ж.т.) мұғалімАишов Оңғар (1921 ж.т.) мұғалімКөшекпаев Қойшыбай (1917 ж.т.) мұғалімТаженова Сән (1904 ж.т.) тазалықшыОсы ұжыммен тарихын бастаған Сағыз мектебі 1943 жылы орта мек-

теп мәртебесіне ие болады. Мектеп директоры Құлниязов атты азамат болыпты.

Төребаев Орынбасар Әлиұлы1916 жылы дүниеге келген. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігіндегі мектепте,

1940 жылдары, мұғалім, директор болған. «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісін, «Еңбек ардагері» медалін алған. 1985 жылы дүниеден өткен.

Көшербаев Муса Нұрсейітұы(1914 -2000ж.ж.) Қайыршақты селосында дүниеге келген.

1953 жылы Орал мемлекеттік мұғалімдер институтын матема-тика және физика мамандығы бойынша сырттай оқып, бітіріп, 1944 жылдан зейнеткерлікке қалғанынша Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігіндегі сегіз жылдық мектептің мұғалімі, директо-ры болды. Кеңес, Демес, Ертай атты ұлдар өсірді. «Еңбектегі

Page 101: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

101

ерлігі үшін» (1966), «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбек ардагері» (1975) ме-дальдарымен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісімен марапатталған. «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 40 жылдығы» , «Жеңістің 50 жылдығы» мерекелік медальдарының иегері.

Қошанов Бердібай Қошанұлы(1914-1997 ж.ж.) Он төрт жасынан бастап, үш айлық курсты бітіріп, мұғалім болып еңбекке араласқан. 1941-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысына қатысып, бірнеше жарақаттар алып елге оралған. Бірнеше мемлекеттік наградалардың, оның ішінде «Қазақ ССР –нің Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісінің, «Жеңістің 30 жылдығы», «Жеңістің 40 жылдығы» мерекелік медальдарының иегері. Соғыстан келгесін мұғалімдік мамандығы бойынша қызмет еткен. 1962-

1967 жылдар аралығында Гурьев Педагогика Институтында оқып, тарих пәнінің мұғалімі мамандығын алып шыққан. Білім беру саласында 45 жыл еңбек етіп, зейнетке шықты. Сағыз ауылындағы мектепте талай шәкіртті білім нәрімен су-сындатып, үлкен өмір сапарына шығарып салған үлкен жүректі ұстаз болатын. Жұбайы Жәния Есқұл қызымен екеуі үлгілі отбасын құрып, ұлдары Өтеғұл мен Амангелдіден ұрпақ қызығын көрді. Бүгінгі күні оның шәкірттері қазақ елінің әр түкпірінде еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүр.

Төреханова Хафиза Сәлімгерейқызы 7 қараша 1927 жылы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Сағыз орта мектебінде 1952-1980 жылдар арасында қазақ тілі әдебиетінен сабақ берді. Көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған. 1982 жылы дүниеден өтті.

Жолиманов Мизам

1930 жылы Қызылқоға ауданындағы Балабейіт деген жерде дүниеге келген. 1953 жылы еңбек жолын Сағыз кен орнында электр монтеры бо лып бастаған. Өндірістен қол үзбей оқып, Гурьев Педагогика Институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1968-1971 жылдары Сағыз мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасаған. Қазір Мақат кентінде тұрады, зейнеткер.

Page 102: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

102

Түлкібаева Жиден1935 жылы дүниеге келген. Гурьев Педагогика институ-тын физика-математика мамандығы бойынша бітіріп, Сағыз сегізжылдық мектебінде математика пәнінен сабақ берген. Қатардағы мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі лауазымында жұмыс жасаған. 1974 жылға дейін осы мектепте еңбек етіп, отбасы жағдайымен Мұқыр орта мектебіне ауысады. Ол жер-де де өз мамандығы бойынша еңбек етеді. Досмағанбетов Сиғуат деген азаматпен отбасын құрып, Қайрат, Бағдат атты балалар көреді. 1979 жылы ауыр науқастан дүниеден өтеді.

Қай жерде еңбек етсе де, қызметіне өте адал, ұжымында сыйлы, шәкірттеріне деген абзал мінезімен танылған адам болатын. Оның бойында адамгершілік пен адалдық, нағыз ұстазға тән табандылық пен ұстамдылық қатар астасқан еді. Оның алдынан білім алған, өнеге көрген шәкірттері Жиден апайды әрдайым ыстық ықыласпен, шәкірттік жүрекпен сағына еске алады.

Дәулетова Шоңай 1916 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылында туған. 1947 жылдан 1964 жылға дейін Сағыз м.ө.кәсіпшілігіндегі мектепте мұғалім болған. 21.02.1977 жылы дүниеден өткен.

Жангереева Үнзила 1941 жылы Гурьев блысы Мақат ауданы Ескене кентінде дүниеге келген. 1965 жылы Гурьев педагогикалық инсти-тутын бітірген. 1965 -1983 жылдар аралығында Сағыз сегізжылдық мектебінде мұғалім болған. 1983-1996 жыл-дары №83 теміржол орта мектебінде, қазіргі Хамза Санба-ев атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінің мұғалімі болып қызмет еткен. Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамотасының (1986), «ҚР Білім беру ісінің үздігі» белгісінің иегері (1994).

Page 103: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

103

Сейітов Камали Демесінұлы1940 жылы Астрахань облысы Зеленга ауданы Қара Бүйрек селосында дүниеге келген. 1955-1959 Астрахань педагоги-ка училищесін бітірген. 1964 жылы Гурьев мемлекеттік пе-дагогика институтын бітірген. 1965-1983 жылдары Сағыз сегізжылдық мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры болып еңбек еткен. 1983-1988 жылдары Мақат ауданы оқу бөлімінің инспекторы. Халық ағарту ісінің озық қызметкері (1984). «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

Қожағұлова Нұрлығыз Ноқатқызы1943 жылы туған. Гурьев Педагогика институтын физика математика пәні

мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1965-1970 жылдары Доссор, Сағыз мектептерінде еңбек еткен. «Қазақ ССР –нің Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» төсбелгісінің иегері.

Ындыбаев Алпысбай Төлеуұлы1950 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Қалтабан

ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Гурьев мемлекеттік пе-дагогика институтын физика математика пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1976-1983 жылдары Сағыз сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі болды. Екі рет (1981,1987) Қазақ ССР Оқу министрлігінің Құрмет грамота-сымен марапатталған. Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері (1992). Қазір Мақат ауданындағы М.Баймұханов

атындағы орта мектептің физика пәні мұғалімі.

Қомытова Ақілес1951 жылы Түрікменстанның Ташауыз облысында дүниеге

келген. 1975 жылы Гурьев Педагогика институтын мате-матика пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Сағыз сегізжылдық мектебінде сегіз жыл, кен орны жабылғанша еңбек еткен. Аудандық, облыстық деңгейде бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған. Мақат кен орнының 90 жылдық мерейтойына орай мерекелік төсбелгімен марапатталған.

Төреханова Шолпан Төреханқызы (1934-2013 ж.ж) Гурьев педагогика институтын бітірген. 1955 жылы Сағыз

мектебінде мұғалім, 1959 жылы Доссор кентіндегі С.Шарипов атындағы мектеп-интернатта, В.Белинский атындағы орта мектепте мұғалім болған. 1992 жылдан зейнеткер. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

Page 104: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

104

Төлеуова Алма Жәрдем қызы1945 жылы 9 мамырда Гурьев облысы Теңіз ауданы Котяев-ка ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Гурьев Педагогика институтының химия-биология факультетін аяқтап, жолда-мамен Сағыз сегізжылдық мектебінде еңбек жолын бастай-ды. Осы мектепте мұғалім, кейін Сағыздағы балабақшаның меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1990 жылы дүниеден өтті.

Насимуллин Ерболат1954 жылы Гурьев облысы Новобогат ауданы Мыңтөбе ауылында дүниеге

келген. 1976 жылы Гурьев Педагогика институтын бітіріп, Сағыз сегізжылдық мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастаған. Қазір Аққыстау орта мектебінде мұғалім. ҚР Білім беру ісінің үздігі.

Бекмағанбетова Гүлшат Тоғызаққызы1955 жылы Мақат ауданы Бекбике бекетінде дүниеге келген. 1977 жылы Гурьев

Педагогика институтының физика математика пәні мұғалімі мамандығы бой-ынша бітірген. Сағыз сегізжылдық мектебінде 1980-1982 жылдар аралығында еңбек еткен. Қазір Мақат ауданындағы Л.Шахатов атындағы орта мектепте ма-тематика пәнінің мұғалімі. Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы-мен марапатталған.

Мұқанғалиева Светлана1956 жылы Мақат ауданы Сағыз кен орнында дүниеге келген. Гурьев Педагогика институтының Бастауыш сыныптардағы Педагогика және Методика факультетін бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1974-1975 оқу жылы-нан бастап, Сағыз бастауыш мектебінде жұмыс жасап, кен орны жабылғанша сонда қызмет еткен. Қазір Мақат ауданындағы Мұса Баймұханов атындағы орта мектептің мұғалімі.

Page 105: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

105

Сағыз мектебінің алғашқы кездегі оқытушылар ұжымы

Бисенғалиев Бисенбай, Әлиев Мейрамбай,Бердібай ағай, Сабуғалиев Мақсым, Аманғалиев Сатыбалды. 4 класс

Page 106: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

106

Сағыз мектебінің мұғалімдері, солдан оңға қарай: Жоғары қатарда Насимуллин Ерболат, Сейітов Камали, Ындыбаев

Алпысбай. Алдыңғы қатарда Мұханғалиева Светлана, Жангереева Үнзила, Қомытова Ағілес

Солдан оңға қарай: Алеша Сафаров,.... Долданов Кеңес, Досжанов Боранбай, Сағыз сегізжылдық мектебінің «Жас физиктер» үйірмесі,

7-сынып, жетекшісі физика пәні мұғалімі Алпысбай Ындыбаев.

Page 107: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

107

1970-1971 оқу жылы. Сағыз мектебінің 8- сынып оқушы қыздары. Қосмурзиева Нәсіп, Қатпенова Мүнира, Жұмағалиева Сәлима,

Хабидуллина Роза, Қосаева Ибаш, Шабаева Сәуле, Каримова Баян, Матайбаева Қалжан.

Сейітов Камали оқушыларымен бірге

Page 108: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

108

Сағыз мектебінің 1970-1971 оқу жылындағы оқытушылар коллективі, солдан оңға қарай, отырғандар: Ақболатова Бижамал,

Түлкібаева Жиден, Бөпежанова Зәуреш, Төреханова Хафиза, Жангереева Үнзила. Тұрғандар: Қошанов Бердібай, Сейітов Камали

Сағыз мектебі 5-сынып оқушылары Хафиза апаймен бірге

Page 109: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

109

1954 жыл. Қараша айы. 7-сынып оқушылары

10.10.1959. Сағыз мектебінің 5-сынып оқушылары. 1 қатарда: Шалабаев А, Сәрсенғалиев Ж, Идрисова, Дүзелбаева, Жұмағазиева.

ІІ қатарда: Сынып жетекші Төреханова Хафиза, Мәмбетов, Сафаров, Құлжанова, Жұмағалиева, Алжанова, Қамиева.

ІІІ қатарда:Сабуғалиев М., Тұрғанов, Ахметов Қ., Нұржігітов Б.

Page 110: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

110

Төлеуова Алма оқушыларымен бірге

Page 111: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

111

Ақболатова Бижамал оқушыларымен бірге

1979-1980 оқу жылы

Page 112: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

112

Жиден апай оқушыларымен

Бірінші орыс класс оқушылары класс жетекшілері Т.Карташовамен

Page 113: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

113

Үшінші орыс класс оқушылары класс жетекшілері Л.Э.Медведскаямен

Шоңай апай оқушылармен

Page 114: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

114

Сағыз жетіжылдық мектебінің І сынып оқушылары 1959-1960 оқу жылы, ән сабағының мұғалімі Жаманқұл ағай

Page 115: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

115

Бөпежанова Зәуреш оқушыларымен бірге

1979-1980 оқу жылы

Page 116: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

116 Сағыз мектебі

1980-1981 оқу жылы

Page 117: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

117

Сағы

з ор

та

мет

ебін

ің 8

-сы

ныбы

195

9 ж

ыл

Page 118: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

118

Сағыз БалаБаҚшаСыСағыз мұнай кәсіпшілігіне қарасты балабақша туралы деректерді мұрағат

құжаттарынан 1940 жылдан бастап кездестірдік. Алғаш ясли боп ашылған ме-кемеден бастау алған балабақша мекемесі Сағыздықтардың талай ұрпағына анадай қамқор болып, ата-анасы еңбек сапындағы сандаған бүлдіршіннің бабын тауып, қатарға қосты. Төмендегі деректер сол Сағыз балабақшасында еңбек ет-кен, ауылдың бүлдіршіндерін аялап баққан, мектепке дейінгі тәрбие саласында еңбек еткен жандар туралы. Әрине олардың кейбірінің арнайы осы сала бойын-ша алған білімі де болған жоқ, бірақ олардың БАЛА ЖАНЫН ТҮСІНЕ АЛҒАН АБЗАЛ ЖҮРЕКТЕРІ бар болатын. Сондықтан да оларды әлі күнге Сағыздың сол кездегі бүлдіршіндері сағынып еске алады, жастары біразға келсе де оларды «Апайым еді» деп әңгімеге қосады.

Сағыз ауылындағы балабақша қызметкерлерінің толық құрамын мұрағат құжаттарын жинақтаған бөлімдегі 01.04.1966 жылғы еңбекақы тағайындау жөніндегі Бұйрықтағы тізімнен көруге болады. Сол бұйрықта көрсетілген қызметкерлер негізгі құрам ғой, әр жылдарда сәл өзгерістер болып тұрғаны бол-маса.

Оң жақта тұрған Айнаш Есжанова(меңгеруші)

Page 119: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

119

шынбаева Сағи (1928 -) 1950 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еден жуушы, бала бақша тәрбиешісі жұмыстарын атқарған. 1986 жылы зейнет жасына шыққанша балабақшада еңбек етті.

ержанова Қалампыр ержанқызы (21.12.1936-28.04. 2006) Доссор поселкесінде дүниеге келген. Осындағы Абай атындағы орта мектептегі буфетте, Қосшағыл кәсіпшілігінде дүкенде са-тушы болып қызмет атқарған. 1962 жылдан Сағыз мұнай өндірісіне қарасты балабақшада тәрбиеші болып 1988 жылы өндіріс жабылғанға дейін қызмет атқарды.

Мұханғалиева (Сүйенова) шәрипаАуруханада шаруашылық ісінің меңгерушісі, Сағыз мұнай кәсіпшілігінде кассир, бухгалтер қызметін атқарған. Кейінгі жылдары балабақша меңгерушісі болып қызмет атқарған.

Байтақова Қадиша (1935-2015 ж.ж.) 1960 жылдан бастап зейнетке қалғанға дейін Сағыз балабақшасында бала күтуші болып еңбек еткен.

Page 120: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

120

Мұханғалиева Шарипа (меңгеруші), ... . Ботағариева Жаңыл, Таубаева Күләш, Дандыбаева Сағира, Жібек

(Молдаштың әйелі), Мұханғалиева Шарипа (меңгеруші), Ержанова Қалампыр

Мұханғалиева Шарипа (меңгеруші), Ержанова Қалампыр

Page 121: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

121

Қарашаш, Нұрзила, Жібек, Қалампыр

Қосаева Нұрзила (1920-13.11.2007 ж.ж.)

Соғыс басталғаннан 1969 жылға дейін Сағыздың балабақшасында

тәрбиеші болып еңбек еткен.

Тәрбиеші Қалампыр, медсестра Сақыпжамал

Page 122: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

122

ХанИМ Қызы гулянаның нұрзИла әЖеСі Туралы еСТелігі

Мен Әжем жайлы сәбилік жүрегімнен шыққан сағынышымды, есімде қалған ең жақсы кездерімді айтсам деймін. Ол-менің Әкем Ханимның анасы. Ол шын мәніндегі Ана деген атқа лайық жан болатын. Жасы сексен жетіге келіп өмірден өтсе де, ол сәбидей ақ, періштедей пәк жан болатын. Адал да аңғал, адамдардан тек жақсылық қана күтетін, кіршіксіз сенімнің адамы еді. Оған өтірік айту, адамдарға қиянат қылу, алдау деген қасиеттер жат болатын. Ол ешкімді таңдандыратындай ер де болған жоқ, ешкімге қымбат тарту да жасап көрген емес, атағы асқан байлығы да болып көрген емес. Бірақ, ол көп адамда кездесе бермейтін сирек қасиетке ие жан болатын. Ол қасиет, оның адамға деген жанашырлық, мейірімділік қасиеті болатын. Ол қолынан келгенінше тарыққан адамға, қиналған жанға өз көмегін қылатын, ешқашан ол үшін еш қайтарым күтпейтін. Ол дүниеден өткенде ғана біз өзіміз үшін оның орны ойсырап қалғанын ең алғаш рет сезіндік, үйде қанша үнсіз жүрсе де, сирек сөйлесе де, тіпті өзін соншалық қарапайым ұстаса да, біз оның орны ерекше екенін, қасымызда жүргенде оның бізге берген үлгісі мен өнегесінің өлшеусіз екенін ұқтық. Сонша қарапайым бола тұра, бойына сонша ірілікті, ұлылықты сиғыза алған Әжеміздің біздің әрқайсымыздың жүрегімізде алар орны ерек екенін ұқтық. Ол біздің әрқайсымыздың арамызды жалғап тұрған, көзге көрінбейтін алтын арқау болатын, біздің бүкіл өміріміз, балалығымыздан бүгінге дейінгіміз сол көрінбейтін алтын арқаумен жалғастырулы тұрғанын ұғындық. Біздің әрқайсымызға не ұнайтынын, нені қалайтынымызды да Әжеміз ғана білетін, сол ғана орындайтын. Міне, сондықтан да біз үшін оның орны ой-сырап тұр, оны біз әлі күнге сағынамыз, оның бізге шын мәнінде қымбат жан екеніне көз жеткіземіз. Қанша есейсек те, әжем дүниеден өткенге дейін оның алдында өзімізді сәби сезінген екенбіз. Осындай Әженің тәрбиесін көрген мені бақытты немере деп есептеуге болатын шығар. Менің Әжем әлемдегі ең керемет Әже болатын, ол мені әлі күнге қорғап, қолдап жүргендей сезінемін, мен Жұмақ бары рас болса, Әжем сонда жүрген шығар деп ойлаймын, барлық ниетіммен, сәбилік жүрегіммен соны тілеймін!

Қосаева Тоқыш1930 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында дүниеге

келген. Еңбек жолын 1943 жылы туған ауылында ауыл шаруашылығы жұмысшысы болып бастаған. 1955 жылдан Сағыз м.ө.кәсіпшілігінің балабақшасында бала күтуші, аспаз болып, 1984 жылы зейнетке шыққанынша жасаған. «Күміс алқа» иегері.

Кенжеғалиева Бақтылы (1918-1987 ж.ж.)1956-1983 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі балабақшаның аспазы

болған.

Page 123: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

123

Шеруенова Злиха Сансызбайқызы1952 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1973 жылдан Сағыз

балабақшасында тәрбиеші болып еңбек еткен. Кейін 1978 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі әртүрлі салаларда еңбек еткен.

1971 жыл. Балабақша қызметкерлері.

1970 жылғы тәрбиеленушілер

Page 124: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

124

1970 жыл. Жоғарғы топ, тәрбиешілер Дандыбаева Сағира

1969 жыл. Балабақша қызметкерлері

Page 125: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

125

1969-1970 жылғы тәрбиеленушілер

1968 жылғы тәрбиеленушілер

Page 126: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

126

1964-1965 жылғы тәрбиеленушілер. Тәрбиеші Захарова Галина Алексеевна

1971 жыл. Балабақша қызметкерлері

Page 127: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

127

Ясли тобы Қалампыр, Жібек

Тәрбиешілер Қалампыр Ержанова

Page 128: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

128

Тәрбиешілер Ержанова Қалампыр, Шеруенова Зылиха, Дандыбаева Сағира

Медбике Сағира, тәрбиеші Жібек Жұмабаева

Page 129: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

129

Ясли тобы

Тәрбиешілер Жібек, Злиха

Page 130: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

130

Ясли тобы

Page 131: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

131

Кошанов Бердібай мен Жәния

Сейітов Камали оқушыларымен бірге

Page 132: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

132

Page 133: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

133

ТөрТінші БөліМ

ауылдың белгілі азаматтары

Page 134: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

134

Сағыздан шыҚҚан Белгілі Тұлғалар

Біз Сағыз ауылында әр жылдары тұрған, өз өмірінің ең бір қайрат пен жігерге толы жалындаған шағын ауылымыздың көркеюіне арнаған абзал азаматтар туралы қысқаша өмірдеректер топтама-сын жинастырған болатынбыз. Ең алғаш Сағыз кен орны ашылғаннан бастап, Ұлы Отан соғысының отты жылдары мен соғыстан кейінгі күйзелген шаруашылықты қалпына келтіру қиыншылықтары, жоқтық пен жетіспеушілік, бұлардың ешқайсысы да біздің ауылымыздың атпал азаматтарының жігерін мұқалтқан жоқ, олар қандай қиыншылықты көрсе де шыңдала түсті, елі үшін еңбек етті, ұрпақ жалғастырды. Сағыз мұнай кәсіпшілігінің тарихының бастау алған тұсында тұрған олар өткен тарихты қолмен жасаушылар болды, ел өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, өз заманының нағыз батырлары болатын. Бұл туралы Мақат ауданының эн-циклопедиясында былай деп атап көрсетеді: «Алғашқы бесжылдықтарда қазақ жастары жалпы және техникалық білім алып, өндірістің қыры мен сырын жете меңгеретін дәрежеге жетті. Гурьев мұнай техникумын, Ресейдің, Әзірбайжанның, т.б. қалалардың жоғары өндірістік оқу орын-дарын бітірген Рахымжан Сағындықов, Әлғазы Ільясов, Әбіш Сүлейменов, Сапар Қарымсақов, Сары Жүсіпов, Орынбай Бердіғожин, Ерғожа Таума-нов, Жауқан Салиев, Тапырыш Бисенғалиев, Құби Жанғалиев, Балжан Жұмағалиева, Хансұлтан Аухатов, Шәли Еркешов, т.б. сынды ондаған жа-стар ұлттық техникалық интеллигенцияның алғашқы қарлығаштары болды. Олар жастық жігері мен алған білімін туған жерін түлетуге аян-бай жұмсай білді. Олардың кәсіби және ұйымдастырушылық шеберлігі арқасында мұнайшылардың белсенділігі артып, табыс ұлғая түсті». Осын-да аттары аталған сол кездегі жас мамандар, Сағыз өндірісінің алғашқы қарлығаштары болып саналатын Әлғазы Ільясов, Әбіш Сүлейменов, Сары Жүсіпов, Тапырыш Бисенғалиев, Құби Жанғалиев, Хансұлтан Аухатовтар біздің ауылымыздың өндіріс орны ретінде алғаш іргетасын қалағандар деп баға берсек артық айтқандық болмас.

Сонымен қатар осы энциклопедияда: «Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті мұнай саласының мамандарын және сала жұмысшыларын тылда қалдыруға шешім қабылдаса да майданға кеткендердің орнын толты-ру, жаңадан ашылған кен орындарын игеруге қажетті жұмысшы күшін толықтыру аса зәру мәселе болды. Майдандағы ерлердің орнына олардың әйелдері, апалары, қарындастары, аналары, жас балаларының тұруларына тура келді. Солардың бірі Аймақова Доссор кәсіпшілігінде балғашы, Сармано-ва Байшонас кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор, Сағыз кәсіпшілігінде Бекмағанбетова шофер, Завалова Доссор кәсіпшілігінде тракторшы, Рябова Ескене кәсіпшілігінде монтер ... болды»,-делінген. Ер етігімен су кешкен, ат ауыздығымен су ішкен сол кезеңдерде ер азаматтардың ор-нын жоқтатпаған, арды ойлаған аналарды бүгінгі ұрпақ та ұмытпас. Біздерге, олардың жеңісті жолын жалғастырған ұрпақтарына, сонша-

Page 135: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

135

ма қиыншылықтарды жеңе отырып жеткен табыстарын тек санама-лап айтып шығудың өзі бір мақтаныш. Бұл тізімде өндіріс басшыларынан бастап, еңбегімен ел құрметіне бөленген мұнайшылар мен ауыл өміріне белсене араласқан тұрғындардың біразы бар. Ол кезде әлемдегі алып державалардың бірінен саналған Кеңестер Одағының жоғары марапат-тарына ие болуға кез-келгеннің мүмкіндігі болмағанын ескерсек, біздің ауылымыздың нағыз еңбеккерлер мен замана қаһармандарының мекені болғанына шек келтіре алмассыз.

1. Айдыналиев Зияден. (1916-1977 ж.ж). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы. Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде директор болған. Бұл басшы Сағыздықтардың есінде ауылдың тұрмыстық, әлеуметтік жағдайын жоғары деңгейге көтерген басшы ретінде мәңгіге қалды. Мұнай және химия өнеркәсібі Гурьев облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы. Басқа да көптеген кәсіпшіліктерде басшылықта болған.

2. Айтбаев Төрехан. (1900-1974) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медальдар-мен марапатталған. 1944-1954 жылдар аралығында Сағыз поселкелік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған.

3. Аманбаев Балықбай. (1902-1984 ж.ж). Мұнайшы. Ленин орденімен, медаль-дармен марапатталған.

4. Аманғалиев Есқабыл. 1928 ж.т. Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторы болған. «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері.

5. Арысов Нәби Сақиұлы. (1909-1994 ж.ж.) Сағыз м.ө.к. бұрғылау учаскесінің бастығы, «Қазмұнайбарлау» тресінде ОК партия ұйымдастырушысы, бұрғылау мекемелерінің басшысы, Маңғыстау мұнайын ашуға атсалысушы. Қаз.КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен мадақталған.

6. Атағозиев Құлымғара. 09.02.1928 ж. Мұнайшы-техник. Сағыз м.ө. кәсіпшілігінің ең соңғы басшысы. 1944 жылдан кәсіпшілік жабылған 1987 жылға дейін еңбек еткен. «КСРО Мұнай кәсіпшілігінің үздігі», алты медаль-мен, грамоталармен марапатталған, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан мұнайына 100 жылдығына орай Алғыс хатын алған.

7. Атшыбаев Әбу. (05.05.1925-19.04.2004 ж.ж.) Мұнайшы инженер. Сағыз кәсіпшілігінде бөлім бастығы, бас инженер болған. Мақат аупарткомының бірінші хатшысы, Маңғыстау облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы. Ақтау қаласының құрметті азаматы. Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, ме-дальдармен марапатталған. Мұнай тарихы мен Қазақ шежіресін зерттеуші.

8. Аустниязов Аққали. (1895-1957 ж.ж.) Мұнайшы. Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде жабдықтарды жөндеуші болған. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдар-мен марапатталған.

9. Аухатов Хансұлтан. (1903-1984 ж.ж). Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде директор болған. Ленин ордені, медальдармен марапатталған.

10. Әлиев Сүйеу. (1908-1980 ж.ж.) Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Еңбек Қызыл Ту, Ленин ордендерінің, медальдардың

Page 136: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

136

иегері. Хисса-жырға құмар, бірер шумақ өлең шығаратын өнері бар мұнайшы. Әр кездерде Сағыздықтарға арнап жазған өлеңдері ауылдастарының есінде. Мақат ауданының орталығындағы бір көшеге аты берілген.

11. Баймұқанов Муса. (1910-1945 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғышы бо-лып жүргенінде өзі сұранып майданға аттанған. Кеңес Одағының Батыры, Ленин, 1 дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Есімі Атырау қаласындағы, Мақат кентіндегі көшелердің біріне, Мақат кентіндегі орта мектепке берілген. Ол басқарған взвод Германияның Одер өзені үшін болған шайқаста немістің 25 солдаты мен 2 офицерін жойып жібереді. Мусаның өзі 9 неміс солдатын жайрата-ды. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі.

12. Байтұяқов Рысқали Байтілесұлы. (1896 ж.т.) Өндіріс жетекшісі. Баку өндірістік академиясын бітірген. Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде техника қауіпсіздігі жөніндегі инженер болған. Басқа кәсіпшіліктерде басшылық орындарда болған. Ленин орденімен марапатталған.

13. Балжанов Құмар Қайырбайұлы. (1928 ж.т). Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бас инженер болған. Басқа кәсіпшіліктерде басшы болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, . Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерінің иегері.

14. Бекмамбетов Есекен. (1888-1963 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғышы, артынан мұнай өндіру операторы болған. КСРО мұнай өндірісінің үздігі. Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

15. Ботабаев Жетпіс. (1911-1980 ж.ж.) Бұрғышы, партия қызметкері. Сағызда м.ө.кәсіпшілігінде Орталық Партия комитетінің ұйымдастырушысы болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.

16. Ботабаев Құлымжан. Туған, қайтқан жылдары белгісіз. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болған. Ленин орденінің иегері.

17. Бисенғалиев Тапырыш. (15.06.1917-16.09.1942 ж.ж.) Бұрғылау технигі. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау технигі болған. 01.03.1940 ж. әскерге алынып, тұтқында опат болған.

18. Бисенғалиева Балжан. (01.12.1923-15.06.2013 ж.ж.) Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы тыл еңбеккері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен, мақтау грамоталарымен, Соғыс жылдарындағы тылдағы еңбегі үшін төсбелгілерімен марапатталған.

19. Бөлекбаев Зейнолла. (1932 ж.т.)Инженер-геолог. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде геолог болған. Еңбек жолында басқа кәсіпшіліктерде бірлестіктердің бас геологі, барлау экспедицияларының басшысы дәрежесіне дейін көтерілген. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

20. Бұзаубеков Молдағали. (02.05.1925-1997 ж.ж.) Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Мұнай өндіру шебері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде ауылдық кеңестің төрағасы, м.ө.шебері болған. Ленин орденінің, Құрмет грамоталарының иегері.

21. Ғабдуллин Хамит. (1925-2001 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде басшы болған. Мұнай кәсіпшілігіндегі ірі бірлестіктерде басшы болған. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі», КСРО «Құрметті мұнайшысы», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің

Page 137: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

137

депутаты, «Құрмет белгісі» ордені, медальдармен марапатталған.22. Дүйсәлиев Әубәкір. (1894-1964 ж.ж.) Сағыз м.ө. кәсіпшілігінің басшысы

болған. алғашқы қазақ мұнайшыларының бірі. Одақ бойынша 1930 жылы аҚш-та алғаш тәжірибеден өткен бұрғышы. КСРО «Құрметті мұнайшысы», Ленин, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

23. Евдокимов Виктор Константинович. (1926-1990 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінің бас инженері, басшысы. Лениндік мерекелік медальмен марапатталған.

24. Ержанов Жұмабай. (1928 ж.т). Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде кадр бөлімінің ин-спекторы. Бұрғылау шебері. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі», «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

25. Еркешов Шали. (1929-1986 ж.ж) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде басшы болған. КСРО «Құрметті мұнайшысы», «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

26. Есенжанов Жетпісбай.( 1923 ж.т.) Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Гео-лог, экономист. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде техник-геолог болған. Мақат аупарт-комында бөлім меңгерушісі, Мұнай өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіподағы республикалық комитетінің төрағасы, Жаңаөзен ауаткомының төрағасы. Үш Қызыл Жұлдыз, 1, 2 дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» орденімен, медаль-дармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен мараптталған.

27. Есенжанов Қаратау. (1908-1993 ж.ж.) Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіру учаскесінің мастері болған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

28. Есмағанбетов Досқали. Туған, қайтқан жылдары белгісіз. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болған. Ленин орденінің иегері.

29. Жанайысов Мұхамбет. (1922-1993 ж.ж.) Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор, жер асты жабдықтарын жөндеу операторы болған. «Ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және де басқа мерекелік медальдармен марапатталған.

30. Жанғалиев Құби. (1914 ж.т.) Экономист. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жоспар-лау бөлімінің бастығы болған. Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің жоспарлау-экономика бөлімі бастығының орынбасары. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі». «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

31. Жоламанов Әмір. (1897-1973 ж.ж). Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғышы болған. Ленин, «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

32. Жұмағалиев Байбоз. (1921-1992 ж.ж). Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

33. Жұмағалиева Балжан. (1917 ж.т.) Техник-механик. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде геолог, техник, шебер, бөлім бастығы, директордың орынбасары болған. «Құрмет» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

34. Жүсіпов Сары. (1903-1968 ж.ж.) Мұнайшы-техник. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде

Page 138: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

138

басшы болған. Гурьев облаткомы төрағасының орынбасары болған. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

35. Жиембетов Құлым.(1926-1996 ж.ж.) Байланыс технигі. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз поселкесіндегі почта бөлімін басқарған. «Ұлы Отан Соғысы» ордені, «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «ҰОС жылдарындағы қаһармандық ерлігі үшін», «КСРО Әскери Күштеріне 50 жыл», «ҰОС Жеңіске 20,30,40,50,60,70 жыл», т.б. медальдардың, еңбектегі жеткен жетістіктері үшін алған көптеген марапаттардың иегері.

36. Иманбаев Жарылғасын. (1925 ж.т.) Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші аға оператор болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет гра-мотасын алған.

37. Кенжеғалиев Сағынғали. (1912-1965 ж.ж.) Мұнайшы шебер. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасының шебері болған. Есімі мұнайлы Ембідегі атақты мұнайшылардың бірі. «Еңбек Қызыл Ту» ордені, «За трудовую доблесть», «За трудовое отличие» медальдары, Құрмет грамотала-рымен марапатталған..

38. Көшербаев Мұса. 1914-1999 ж.ж. Мұғалім. 1944-ші жылдан зейнеткерлікке қалғанынша Сағыз м.ө.кәсіпшілігіндегі сегіз жылдық мектептің директоры бол-ды. «Еңбектегі мерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен, «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

39. Қамысбаев Егізғали. (1911-1942 ж.ж.). Техник-мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде басшы болған. Баку мұнай ин-ститутында сырттай оқып жүргенінде, үшінші курстан соғысқа алынған. Басқа деректер жоқ.

40. Қайырлиев Қадыр. (1913-1997 ж.ж.) Бұрғышы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайды дайындау-айдау цехының механигі болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы.

41. Қалабаев Әбіш. (1895-1953 ж.ж.) Бұрғышы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болған. «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, медальдар-мен марапатталған.

42. Қалбаев Қапжапар. (1927-1984 ж.ж.) Мұнайшы инженер. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бас инженер болған. Өңіріміздің бұрғылау басқармаларында басшы болған. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі», Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

43. Қалдығариев Жұпбол. (1901-1975ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінің трактор-шысы. Ленин орденінің иегері.

44. Қарамұрзиев Бисен. (1904-1951 ж.ж.) Бұрғылау шебері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау цехының басшысы болған. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің, медальдарының иегері.

45. Қарамұрзиев Боқай. (1913-1967 ж.ж.) Мұнайшы инженер. Өңіріміздің мұнай барлау экспедицияларының басшысы болған.

46. Қатпенов Олжабай. (1928-2000) ж.ж. Сағыз кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. «Еңбек Қызыл Ту» орденінің иегері.

47. Қилыбаев Төлеп. (1916-1993 ж.ж.) Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына

Page 139: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

139

қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. 2 дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, бірнеше жауынгерлік медальдармен марапатталған.

48. Қосмағанбетов Бақтыгерей. (1916-1994 ж.ж.) Есепші. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде есепші болған. «Ембімұнай», «Маңғыстаумұнай» ӨБ бас есепші болған. «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.

49. Қосмырзиев Жұмақұл. (1898-1990 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғышы болған. « Еңбек қызыл Ту» орденінің иегері.

50. Құлбаев Боранша. (1895-1961 ж.ж.) Механик. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау қондырғыларының жабдықтарын пайдалану аға механигі болған. Екі дүркін Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

51. Құрманқұлов Қойшекен. (1927 ж.т.) Техник-механик. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде еңбекті нормалау және жоспарлау бөлімінің басшысы болған. «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне мерекелік медалімен», «Ерлік еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

52. Магомерзоев Муса. Туған-қайтқан жылдары белгісіз. Бұрғылау шебері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болған. Ленин орденінің иегері.

53. Матайбаев Жаңаберген. (1930-07.02.1993 ж.ж.) Мұнайшы-техник. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде басшы болған.

54. Мұқанғалиев Қабдол. (1923-1978 ж.ж.) Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде нормалаушы инженер болған. 2 дәрежелі «Отан Соғысы» орденінің иегері.»

55. Наушиев Есқайыр. (1919-1993 ж.ж.) Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Бірнеше жауынгерлік медальдармен, мақтау грамоталарымен марапатталған.

56. Нұрғалиев Бораш. (1926 ж.т.) Техник-жоспарлаушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде еңбек пен жалақы бөлімін басқарған. Еңбек ете жүріп ұжымның, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласқан. Косомол, кәсіподақ, партия ұйымдарына жетекшілік еткен. КСРО «Мұнай өнеркәсібінің үздігі», онға тарта медальдардың иегері, «Кәсіподақтарда белсенді қызметі үшін» белгілерімен марапатталған.

57. Нұрмұханов Кемелхан.(1928-1995 ж.ж.) Мұнайшы. КСРО еңбегі сіңген мұнайшы. Дербес зейнеткер. Ленин, Октябрь Революциясы ордендері, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне Ерен еңбегі үшін», Еңбек ардагері медальдарының иегері.

58. Оразалиев Шамбай. (1916-1988 ж.ж.) Бұрғылау технигі. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м .ө.кәсіпшілігінде бөлім бастығы, басшы болған. Басқа да мұнай өндіру мекемелерінде басшылықта болған. Қазақ КСР еңбек сіңірген мұнайшысы. Қазан революциясы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдар-мен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

59. Оразғалиев Қабидолла. (1918-2008ж.ж.) Ембінің байырғы мұнайшыларының бірі. Фин және Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы, шебер, кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. «Ленин», «Отан Соғысы», «Жауынгерлік Қызыл Ту», «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Page 140: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

140

60. Оразов Дәрмен. (1902-1965 ж.ж.) Бұрғышы. Ембінің ардагері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау шебері болған. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

61. Рукавишников Анатолий Иванович. (1900-1963) ж.ж. Мұнайшы механик. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғылау механигі, бас механик болған. Ленин орденінің иегері.

62. Сейітов Камали Демесінұлы. (1940 ж.т.) Мұғалім. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде сегіз жылдық мектептің директоры болған. «Қазақ КСР халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісі мен «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

63. Сибағатова Мария. (1941-1994 ж.ж.) Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен, мақтау грамоталарымен марапатталған.

64. Сүйесінов Дүйсен. (1923-1964 ж.ж.) Партия қызметкері. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Панфилов дивизиясында полк комсоргі болған. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде токарь болған. Аудандық ірі кәсіпшіліктерде партия қызметінде болған. «Жауынгерлік Қызыл Ту», 2 дәрежелі «Отан Соғысы» ордендерімен, ме-дальдармен марапатталған.

65. Сүйесінов Мұқан. Туған-қайтқан жылдары белгісіз. Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жер асты жабдықтарын жөндеу шебері болған.

66. Сүлейменов Әбіш. (1897-1976 ж.ж.) Алғашқы қазақ мұнайшы инженерлерінің бірі. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінің басшысы болған. Мұнай барлау мекемелерінің басшысы болған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамо-тасымен, «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін», «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» медальда-рымен, мақтау грамоталарымен марапатталған.

67. Таубаев Демеу.(1922-1997 ж.ж.) Есепші. Сағыз м.ө.к. 1964-1971 жыл-дары бас есепші болған. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. 3 дәрежелі «Даңқ», «Отан Соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысында неміс басқыншыларын жеңгені үшін», «Жуков» медальдарымен және де басқа 14 ме-дальдар, төсбелгілермен, мақтау грамоталарымен марапатталған.

68. Таңқыбаев Жанша. (1925-1998 ж.ж.) Инженер-экономист. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайшы болған. Облыстық, Өлкелік деңгейдегі экономикалық жоспарлау бөлімдерін басқарған, Қаз.КСР Мұнай өндіру өнеркәсібі бірлестігінің бастығының, Қаз. КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасарлары, Қаз. КСР Материалдық-техникалық жабдықтау мемл.комитетінің төрағасы, Қаз. КСР Министрлер Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», екі мәрте «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

69. Тәжібаев Боранбай. (1929-1984 ж.ж). Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. КСРО Мұнай министрлігі мен мұнайшылар кәсіподағы ОК грамотасымен марапатталған. Өнертапқыштар мен өндіріс жаңашылдарының бүкілодақтық съезіне делегат болған.

70. Түрікпенбаева Айгөнше (1911ж.т.) Мұнайшы. Ленин орденінің иегері (1965 ж.) 1940-1966 жылдар аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек ет-кен. 1979 дүниеден өткен.

Page 141: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

141

71. Қасенова Ажар. (1924 ж.т.) Ұлы Отан Соғысына қатысушы. 1942 жылы өзі сұранып майданға аттанған. 1, 2, 3, 4 Украина майданы жауынгерлік құрамаларында зенитші болып ұрысқа қатысқан. Жеңісті Берлинде қарсы алған. Атақты танкист Қабиболла Оразғалиевтың жұбайы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде са-тушы, балабақша меңгерушісі, техникалық қамтудың қоймашысы болған. Отан Соғысы ордені мен жауынгерлік медальдарға қоса он бала туып, тәрбиелегені үшін «Ардақты ана» орденін иеленген.

72. Шәудіров Құспан. (1904-1977 ж.ж). Бұрғышы. Ембінің ардагері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бұрғышы, мұнай өндіру операторы болған. Ленин орденінің, «Қызыл Ту» орденінің, медальдардың иегері.

73. Шеруенов Сансызбай. 1927-1981. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде 1942 жылдан бұрғышы, мұнай өндіру операторы, шебері болған. «За трудовую доблесть», «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945 г» медальдарының, көптеген Құрмет грамоталарының иегері.

74. Шынтасов Аужан. (1893-??? Ж.ж.). Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болған. «Ленин» орденінің иегері.

75. Ізтілеуов Кенжеғали. (1913-1986 ж.ж.) Партия қызметкері. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде партбюро хатшысы болған. «Құрмет белгісі», 2 дәрежелі «Отан Соғысы» ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

76. Ілиясов Әлғазы. (1899-1971 ж.ж). Алғашқы қазақ мұнайшы инженерлерінің бірі. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде басшы болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.

Қолымызға жинақталған құжаттар мен материалдарға сүйене оты-рып жасалған бұл тізімнің толық болмауы әбден мүмкін. Мұнда ауылы-мызда әр кезеңдерде өндіріс басшысы болған азаматтардың есімін ерек-шелеп көрсеттік. Бірақ бұлардың барлығы да дербес шаруашылық есебі бар Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігін басқармаған болулары да мүмкін. Кейбіреулері мұнай кәсіпшілігі ашылғанға дейін «Разведка Сагиз» болып тұрған кезде, немесе бастапқы кездегі ГРК Доссор құрамындағы Сағыз атты промысельда басшы болулары мүмкін. Сонымен қатар, кейбір бас-шы болған азаматтар бұл тізімге кірмей де қалған, олардың қатарында Сағыз мұнай кәсіпшілігі алғаш ашылғанда директор болып тағайындалған, кен орнының ТҰҢҒЫШ директоры С.Магдиев, одан кейін басшы болған А.В.Бородин ...соңғы кездердегі Ә. Нұрмұқановтар. Өйткені біз келтірген мәліметтер тарихи құжаттар мен энциклопедияларға сүйеніп берілген болатын, ал аталған азаматтар туралы толық деректерді табу, белгілі себептермен мүмкін болмады. Өмірдеректерді де барынша қысқа да нақты етіп беруге тырыстық. Байқағандарыңыздай, бұлардың бәрі де аға буын өкілдері. Олардың ерлік пен қаһармандыққа толы еңбек жолдарын кейінгі толқын да лайықты ұстауда. Бүгінгі күні осы аталғандардың ұрпақтары бабалар аманатына адалдықпен осы жолды жалғастырып келеді.

Page 142: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

142

Page 143: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

143

БеСінші БөліМ

Біздің ауылдың майдангерлері

Page 144: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

144

Ауылымыздың тарихында Ұлы Отан Соғысына қатысып, ерлік даңқын шығарған жандар да жетерлік. Олар - ел басына күн туып, ер етігімен қан кешкен кезеңде өз өмірінен Отан амандығын жоғары қойғандар, ел, халық алдындағы парызын абыроймен атқарғандар. Бүгінгі күні олар ту-ралы бүкіл қазақ елінде ғана емес, алыс және жақын шетелдерде де жақсы біледі, оларды барша қазақ баласы мақтан етеді. Бұл бөлімде біз ауылы-мыздан шыққан қаһармандар туралы әр жылдары баспасөз бетін көрген жарияланымдарды назарға беріп отырмыз.

Бұл соғыс адамзат тарихындағы ең бір сұрапыл соғыс болды. Құрамына Ұлы Отан Соғысы да кіретін Екінші Дүниежүзілік Соғыс 6 жылға созыл-ды. Оған 61 мемлекет қатысты. Әлем халқының 80 пайызы соғыс алапа-тын көрді. Соғыс қимылдары әлемнің 40 мемлекетінің аумағында жүрді. Әскерге 110 миллион адам шақырылды. 60 миллион адам қаза тапса, миллиондаған адам жаралы болды. Кеңес Одағы сол соғыста 27 миллион адамынан айырылса, Қазақстаннан соғысқа аттанған 1 миллион 200 мың адамның тең жартысынан астамы майдан даласынан оралмады.

Бұл да біздің ауылымыздың тарихы. Сол бір қасіретті жылдарда олар Отан үшін от кешіп жүргенде, елде қалған ауылдастарымыз Жеңісті жақындату үшін жанын аямай еңбек етті. Осындай ынтымақ пен бірліктің арқасында бүгінгідей заманға жету мүмкін болды. Біз бейбіт күндеріміз бен тыныш түндеріміз үшін майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ал-дында борышты екенімізді әр жылы Жеңіс күнін тойлағанда ғана емес, әрдайым да есте ұстауға міндеттіміз!

СОвеТ Одағының БаТыры МұСа БайМұХанОв

Ұлы Отан Соғысындағы Ұлы Жеңіс - айбынды Совет Армиясы жауынгерлерінің теңдесі жоқ ерлік істерінің куәсі. Мұны Отан тәуелсіздігі жолында құрбан болған ержүрек жерлесіміз Совет Одағының Батыры, гвардия кіші лейтенанты, коммунист Мұса Баймұхановтың өмір жолынан да айқын көре аламыз. Совет Одағының Батыры Мұса Баймұханов 1910 жылы Қызылқоға ауданы №3 Саркөл ауылындағы кедей шаруа Төребаев Баймұханның семьясында дүниеге келді. Баймұхан өз баласы туралы естелігінде «Мұса менің еңбекте де, өмірде де әрі көмекшім, әрі кеңесшім болды. Енді ойлап қарасам Мұсажаным заман жайын әуел бастан жақсы түсінген, оған жан-тәнімен берілген екен. Ол сол кезде қызыл әскер отрядына ақгвардияшыл-банды қалдықтарының тығылып жүрген жерін көрсеткен еді», - дейді.

Мұса өзінің еңбек жолын 15 жасында Доссор мұнай кәсіпшілігінде үйренуші бо-лып бастайды. Балауса жас бірден-ақ еңбекке деген ұқыптылығымен көзге түсіп, жұмыстас жолдастарының сеніміне ие бола бастайды, әрі сауатсыздықты жою мектебінде оқып, хат танитын жұмысшылар кәсіподағының Доссор аудандық комитетінің жолдамасымен 1928 жылы Алматыдағы рабфакты ойдағыдай бітіргеннен соң 1932-1938 жылдар аралығында мұнайшылар кәсіподағының До-

Page 145: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

145

ссор аудандық комитетінде жұмыс жасайды. 1936 жылдан сентябрь айынан ба-стап, прокуратура системасына жұмысқа ауыстырылды. Бұл жауапты жұмыс са-ласында да Мұса іскерлігімен, принципшілдігімен көзге түседі. Гурьев облыстық прокурорының бұйрығы бойынша Мұса Баймұхановқа үлгілі қызметі үшін әдейі алғыс жариялайды. Бұдан соң Мұса Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бұрғышы болып жұмыс істейді. Ұлы Отан соғысы басталып, ел басына күн туған сын сағатта өз еркімен 1941 жылдың июль айында елін қорғауға аттанды.

Батырдың өмір жолы - Отанын жан-тәнімен сүйіп, оның азаттығы үшін ақырғы деміне дейін күрескен, қаһарман совет солдатының жеңімпаз жолы.

Мұса Октябрь революциясының бесігі – Ленинградты қорғауға қатысып, үлкен ерлік көрсетті. Сол бір қиын-қыстау күндерде ұлы бабасы Жамбылдың Ленинградтықтарға арналған дабылды өлең сөздерін қас жауына ажал оғын боратумен қостады. Ол Прибалтика мен Беларуссия майдандарында болғанда табандылық пен тапқырлықтың, ерліктің үлгісін көрсетіп, неміс фашистерін еліміздің территориясынан біржола қуып шығуға белсене араласты, сонымен бірге поляк қалалары мен селоларын басқыншылардан азат етуде де алғы сапта болды. Соғыс кезінде Мұса командирлік курстан өтіп, кіші лейтенант атағын ала-ды. Бұл қуанышын отбасына білдіріп 1943 жылғы 27 январда жазған хатында: «Сабақтарды жақсы тапсырып, оқуды бітірдім. Кіші лейтенант әскери жасағын алып, минометшілер ротасын командирлерінің саяси жұмыс жөніндегі орынба-сары болып қызмет атқаруға кірістім»-деген. Мұса жаумен шайқаста әлденеше рет жараланды. Бірақ мұның бірін де семьясына хабарлаған емес. Тек госпи-тальдан жазылып шығып сапқа қосылғаннан соң, болған оқиға ретінде сөз ара-сында еске салып отыратын. Ол хатында полк солдаттарының достығы, совет жауынгерлерінің фашизмді құртатындығына сенімінің молдығы жайлы көбірек айтатын.

Польша жерін фашист басқыншыларынан азат етудегі қанды шайқастарда Мұса ерекше ерлік көрсетті. Генерал Говровтың Қызыл тулы Гатчиндік гвардия-шы дивизиясының 538-атқыштар полкінің алдында Одер өзенінен өтіп, алдағы жағалаудан плацдарм алып бекіну міндеті қойылды.

Полк командиры полковник Хормышевтен әскери тапсырма алған гвар-дия кіші лейтенанты Мұса Баймұханов та өз взводына келісімен тапсырманы орындау қамына кірісті. Шабуылдың белгісі берілісімен взвод жауынгерлері жау бетіндегілер оқ атуды үдетіп, совет жауынгерлерін мұз үстінде еңбектеуге мәжбүр етті. Мұса шабуылдың қаупін сезіп, батыл да тез шешім жасады. “Отан үшін, алға!” деп ұран тастап взводты шабуылға көтерді. Мұсаның ерлігімен жігерленген жауынгерлер алға ұмтылды. Олар Одер жағалауына бекінді. Енді жауынгерлердің алдында жағадағы плацдармды ұстап тұру және оны кеңейте түсу міндеті тұрды. Сәлден соң есін жиған жау әскері қос танкінің сүймелдеуімен шабуылға шыкты. Бірақ біздің жауынгерлер екі танкті де жойып, жаудың жаяу әскерін пулемет оғымен жерге жапсырды. Осы ұрыста снаряд жарқыншағы Мұсаның иығын жаралады. Жара жанына қанша батса да, оның бар ойы таяу тұрған биікке бекініп алып, сондағы дзотты жою еді. Міне, Мұсаның бастауымен взвод жауынгерлері сай бойын қуалай жылжып граната лақтырар қашыктыққа

Page 146: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

146

да жетті. Мұсаның лақтырған гранаты жау пулеметінің үнін өшірді. Бірақ қалтарыста тұрған дүшпанның екінші пулеметі қас-қағымда Мұсаның өмірін қиып түсірді.

Осылайша Мұса Баймұханов майдан даласында ерлікпен қаза тапты. Бірақ ол бастаған шабуыл одан әрі жалғасып, совет жауынгерлері фашистерді өз үңгіріне карай қуа түсті. СССР Жоғарғы Совет Президумынын 1945 жылғы 10 апрельдегі Указымен гвардия кіші лейтенаты Баймұханов Мұсаға Одер жағалауында плац-дарм алып оны ұлғайтудағы айрықша көзге түскен ерлігі үшін Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қас жауына мейрімсіз болған Мұсаның елге, туған жерге, семьясына деген сүйіспеншілігі ерекше еді. Майданда қан кешіп жүрсе де өзінің елінен, жүртынан, семьясынан қол үздім, алыстадым деп сезінген жок. Елдегі ха-барларды радио, газет хабарларынан, хат арқылы біліп тұрды, тылдағы еңбек майданындағы жерлестерінің табыстарына олармен бірге қуанды, ел-жұртының совет жауынгерлеріне деген қамқорлығына бек риза болды.

Мұсаның майданнан жазған бір хатынан мынадай сөздерді оқимыз. “Облыс еңбекшілерінің мұнай өндіру жоспарын асыра орындағанын естідім. Еңбекшілер Совет Армиясына үлкен қамқорлық жасап, жылы киім дайындап танк колонна-сын жасақтау үшін ақша жинағанын естіп қуандық. Елдегілердің соғыс көрігіне сай табысты еңбек етуіне тілектеспіз. Мұса хат жазған сайын әкесі мен анасына, жұбайы Зейнепке, екі қызы Шолпан мен Айманға қамқорлық ақыл-кеңесін айту-мен болды.

«Қарақтарым Шолпан мен Айман, сендердің коммунистік тұрғыда тәрбиеленіп, оқу-озаттары болуларыңды тілеймін, отлично оқыңдар!» Жауынгер хаттарының арасында өзінің тебіренген көңіл-күйін білдіріп, сүйікті екі қызына арнаған өлең жолдары да кездеседі.

«Қарағым Айман, Шолпан екі балам,Сағынған және болар ата-анам, Ішінде бір жетінің екі рет «Сағындық папа», -деген хатыңды алам»Бір шумақтан батырдың көңіл-күйі толқынын, балаларына деген терең әкелік

махаббатын, тамаша азаматтық қасиеттерін байқаймыз.Совет Одағының Батыры Мұса Баймұхановтың денесі Польша жеріндегі Болес-

лавец қаласында жерленді. Батыр есімі поляк халқының жүрегінде бауырластық, үлкен құрмет пен ризалық сезімдеріне бөленген.

Ержүрек офицер, коммунист Мұса Баймұханов осындай жан еді.

***2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай шыққан Іңкәр

Сабырқызының «Жеңісті жақындатқандар» атты кітабының 49-56 беттерінде біздің даңқты ауылдасымыз жайында төмендегілер жазылған екен.

Page 147: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

147

ТанкИСТ ғаБИдОлла

Ойын да, еркелік те, қиялдағы ағаш ат та— бәрі де әке-шешенің барында екен. Араларына жыл салып бірінен соң бірі о дүниелік болып кете барды. Тұлдыр жетім болып Ғабидолла қала берді. Жалпақ жұрттың басына түскен ашаршылық жылдары мұның ата-анасының өлгеніне кім таңырқапты. Ел жаппай қырылып жатқанда. Шамалы уақыт бауырына басып паналатқан ағайын көз жасы кепті-ау дегенде ақылдаса келіп, Ғабидолланы Нарындағы ба-лалар үйіне тапсырады. Оны мұнда алдырту да оңайға түскен жоқ. Әрі жетім, әрі ауру балалар бұл жерде де жетіп артылады. Басшылар мүмкіндік келгенше алмауға тырысады. Содан Ғабидолланың жасы екі жылға шегертіліп,

әзер дегенде үшінші сыныпқа окуға қабылданып, жетімдер үйіне орналасады.1916 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған ауылында туылған

Ғабидолла Оразғалиевтың өмірбаяны осылай басталады. Бүған дейін әр жерде тиіп қашып екі-үш айдан үзып-жұлып болса да оқыған бала жетімдер мектеп-интернатында тағы да екі жыл білімін кеңейтеді. Бүйірі шыға, қарны тойып тамақ жемесе де, ел арасында «түйенің шөбі» атанған құмаршықты қағып жеп, аштан өлмеудің амалын іздеген жұртпен бірдей болды. Ғабидолла бесінші кла-сты бітірген кезде, сол уақыттағы Кеңес Одағының ауыр өнеркәсібін бақылап отырған Халық Комиссарлар кеңесінің төрағасы С. Орджиникидзенің «Жергілікті халықтың өкілдерінен ұлт кадрларын дайындау» туралы жарлығы шьіғады. Жарлықтың негізінде бес кластық білімі барлар мұғалімдік немесе мұнайшылар дайындайтын техникумға, төрт класты бітіргендер кәсіптік училищеге, одан төмен білімі барлар кеңес-партия мектебіне окуға қабылданды. Ғабидолла Атыраудағы (ол кезде Гурьев деп аталатын) училищені бітіріп, дәнекерлеуші мамандығын игеріп шығады. Жасынан қағілез, елгезек Ғабидолла азғантай уақыттың ішінде «темірден түйін түйген» стахановшы атанады.

1938 жылы армия қатарына шақырылып, Ленинград маңындағы №4413 ауыр артиллерия полк мектебінде оқиды. Бір жылдан соң бөлім командирі болып шығады. Сол 1939 жылдың күзінде фин соғысы басталғанда взвод командирінің көмекшісі болып жүріп, Қырымның Выворог қаласын алу майданына қатысады. 1940 жылдың 12 наурызында фин соғысы біткен соң Ғабидолла Тула қаласындағы фин соғысына қатысқан жауынгерлерден құралған №18 танк полкінің взвод командирінің көмекшісі болып қызмет атқарады. Ұтқыр үйымдастырушы, үйлесімді де шебер командир ретіндегі оның басқарушылық қабілеті осы жерде айқын танылады. Ғабидолла басқарған взвод көзге түсе бастайды. 1941 жылдың Кеңес Армиясы күні оның взводы Мәскеу әскери округінде сынақтан өтетін бол-ды. Ол кезде округті атақты маршал Конев басқаратын. Алла абырой беріп, сын-

Page 148: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

148

нан сүрінбей, жақсы атақпен өтеді. Сөйтіп,1941 жылдың мамыр айында Мәскеу облысының Калуга қаласында лагерьде жүрген жерінен командир Ғ.Оразғалиев Лужский полигонына оқу-жаттығу жұмыстарына жіберіледі. Жас командир бұл жерде даңқты маршал, генералдардан неше түрлі әскери тактика, артиллериялық ату сабақтарын үйренеді де, «танк және артиллерия командирі бола алады»,-деген мінездемеге ие болады. Фашистік Германияның опасыздықпен Кеңес ше-карасына шабуыл жасаған кезінде Ғабидолла алғашқылардың бірі болып артил-лерия командирі ретінде шұғыл майданға шақырылады. Ленинградқа жедел жеткен оған батальонды бастап барып Киров зауытынан танк айдап әкелу тап-сырылады.

1941 жылдың 27 шілдесі. Жау басып алып, тас-талқан еткен Белоруссияның астанасы Минск, Витебск, Смоленск қалаларынан өтіп, Мәскеуге бару керек. Онда танк батальондары жинақталып жаудың ең таңдаулы, күшті әрі жеңімпаз деген әскеріне тойтарыс беру үшін күш біріктіріп жатыр. Бұлар да келіп қосылды. Немістің ең күшті армиясына қарсыласуға шыққан кеңес үкіметінің 10 танкісі жаудың 1000 танкісіне татиды. Танктерде мін жоқ-ау, фашист иттер осындай алып танктерге самолеттен оқ жаудырып тағы да айласын асырып кетті ғой! Самолеттің жасақталып жатырғанын естіген, кешеуілдеп жатыр, егер біздің «қырандар» да аспанда қалықтаған да жаудың тас-талқаны шығатын еді...Шегінуге тура келді. Алдына екі танкты салып кері қайткан Ғабидолла өзінің қарамағындағы механик-жүргізушісінің де, танк командирінің де жоқ екенін енді байқады. Қай уақытта, қалай жерге түсіп кеткен?

Тірі қалған байланысшы мен кіші механигін алып жүріп келеді, жаудың қарша бораған оғы толастар емес. Оның үстіне Смоленск жерінің лай батпағы да адым аштырмайды. Бір уақытта танк батты да қалды, орманнан ағаш кесіп әкеліп, әзер дегенде батпақтан шыққанда алдарындағы танктерден адасып қалды. Қолда карта да жоқ, әйтеуір, ұлы бағытпен жалғыз танк жүріп келеді. Анық білетіні алда біздің артиллерия болуы керек, не болса да жаяу әскерге жетіп жығылу ке-рек. Содан Брестен шегініп келе жатырған өзіміздің әскерге де келіп қосылды-ау, олардың арасынан баяғы оқу-жаттығуда бірге болғандары да үшырасып жа-тыр. Бірін-бірі аман, тірі көргендеріне қуанып жатса да, жігіттердің көздерінде «шегініс қашан тоқтайды?»,- деген жауапсыз сұрақ тұрды. Соғыстьң аяқ алысы жақсы емес, жаппай шегініп келе жатқандары жанға аяздай батады. «Іш қазандай қайнайды, күресерге дәрмен жоқ»,-дегендей қару- жарағының басымдылығы қол байлап тұр-ау, атаңа нәлет, қу фашистің.

Мәссаған, сонау №18 полкте бірге болған Пшеничкин Николайды қара! Дереу оны өз танкісінің қару командирі етіп касына алды. «Құралайды көзге атқан»,- деген теңеу бар ғой біздің халықта, міне, дәл сол сұр мерген еді ғой, біздің Коля,-деп еске алады ардагер өткен күндерін. Сол Николай бір атыстарда жаудың үш танксін табан астында жоқ қылған, ай, жігіттің сырттаны еді-ау?!

Содан алдарына немістердін негізгі күшін бақылап-біліп отыратын барлаушы-ларды салып, тек түн ішінде ғана жылжып жүріп отырып, жолшыбай батпаққа ба-тып калған танктерді шығарып алып, бұлар үш танк болды. Сөйтіп, үш танктың экипажы аман-есен өзіміздің негізгі күшке келіп қосылады. Бүл- Смоленскінің

Page 149: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

149

маңы. Осы жердегі соғыс қимылдарын баскаруға Коневтің келген уакыты. Бүған дейін Батыс майдандағы соғыс қимылдарын басқарған Ворошилов, Тимошен-ко сияқты қолбасшыларды ауыстырған оның басты міндеті- Мәскеу түбіндегі соғысты қайткен күнде де тоқтату. Бас қолбасшы И.В. Сталиннің өзі оған «жаудың бетін Смоленск түбінен қайтар, Смоленскіні немістерге берме, олардың жеңілісі осы жерден басталуға тиіс» деген бұйрық берген. Кеңес үкіметінің әскери самолеттері әлі жоқ, азғантай истребительдердің күші немістердің самолетінен екі есе аз. Жау самолеттерінің жылдамдығы секундына 800 метрге жетеді, біздердікі-400 метр. Немістер күш алып тұр, артиллерияның да, танктердің де төбесінен оқ жаудырып басып тастайды, әсіресе, бомбалағыш самолеттері мен пулеметтерінен оқ қатар борайды. Дюсовщина деген қаланың тұсына келген-де, немістер біздің әскердің алдын орап десанттарын түсірді. Германияның атақты «эсэсшылары», кілең «сен тұр, мен атайын» дейтіндей күштілері. Бұл кезде Ғабидолла танк командирі болып тағайындалған. Кескілескен ұрыс жүріп жатқан, бір уақытта Ғабидолланың танкісіне бомба түсті. Енді командир Ғ.Оразғалиевке жаумен жекпе-жек ұрысқа шығуға тура келді. Иығында «СС» деген жазуы, қолында винтовкасы бар дәу неміс қарсы келеді, айқаса кетті. Екеуінің де қаруы бір-біріне ілінісіп, не әрі шықпай, не бері шықпай калды. Осы мезетті байқап қалған қанды көйлек жолдасы Н. Пшеничкин немістің сол жақ бүйірінен найзасын салып кеп алды. Еңгезердей неме пілдей болып аударылып түсті. Осы жерде жаудың күшті десанттарының тас-талқаны шығып жеңілді. Бүл 1941 жылдың тамыз айы болатын.

Кейін шегініп келе жатса да біздің әскердің басты тапсырмасы-Мәскеуді жау қолына түсірмеу. Тағы да Ғабидолла бастаған бригада экипажы Челябинскіден 20 танкты бірден айдап шығып жүріп келеді. Бағыт- Калинск қаласы, осындағы №143 танк полкіне келіп қосылу керек. Желтоқсанның ызғырық аязды желімен қоса жауды Ржевке қуып тығады. Қала бұл кезде немістердің қолында еді, оны азат етуде кеңес әскері үлкен шығынға ұшырады, себебі, жау Ржевтегі шіркеуге бекініп алған. Әлгі шіркеудің неден тұрғызылғаны белгісіз, әйтеуір ешбір оқ өтпейді. Соны пайдаланған немістер атысып-атысып алады да, шіркеуге кіріп тығылады, жан-жағынан окоп та қазып алған. Ржев үшін болған атыста (1942 жылдың 21-22 наурызы) Ғабидолла басқарған экипажға бүкіл бір полкты қолдау тапсырылады. Қайнаған атыс кезінде танктың көздеу-атқылау қондырғысы істен шығады да, танк бағыт-бағдардан адасып қалады. Амал жоқ, жоғарғы люкті ашып жан-жақты байқаймын деген Ғабидолланың бас киімін жаудың оғы екі жерден жанамалай келіп тесіп өтеді. Ыждағаттап нысананы 60 градусқа бұру керектігін байқап үлгерген Ғ. Оразғалиев жүргізуші - механикке дәл де төте нүсқау береді. Сөйтіп, тар жерде батырлық пен ептілік танытқан ол жаудың 8 пулеметімен қоса ротаға жуық немістің көзін жойып, бүкіл экипажды аса қиын жағдайдан аман-есен алып шығады. Ғабидолланың осы шайқастан соң атыс толастаған шақта люкті ашып, танктен шығьш келе жатырған кезін майдангер-суретші А.Бек дер кезінде суретке түсіріп алыпты. Бұл майдандағы ең алғашқы сурет болатын. Ржевті азат етудегі ерлігі үшін танк командирі Ғ.Оразғалиев және жүргізуші ме-ханик «Қызыл ту» орденімен марапатталды, кіші механик-жүргізуші «Қызыл

Page 150: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

150

Жұлдызға» ие болды. Ал, танк байланысшысы «Ерлігі үшін» медалін кеудесіне қадады. Бұл 1942 жылдың аяғы еді. Бірақ, ауыр жарақат алған Ғ. Оразғалиев әскери госпитальге түседі. Емделіп шыққан сон, майданға кері шақыртылады. Ржевтен басталған азат ету соғысы Белоруссия жеріне жетті, кеңес әскері біртіндеп жауды тықсырып қуып келе жатыр. 1943 жылдың қыркүйек айында азат етушілер Минск қаласына келді. Осы жердегі аэропортты жау қолынан тар-тып алу үшін болған соғыста көрсеткен ерлігі үшін Ғ.Оразғалиев бірінші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталады. Рота командирін қорғап, немістердің миналап тастаған құрсауынан аман алып шығады, сөйте жүре жаудын өздігінен жүретін бес атқыш-қондырғысының көзін құртты. Осындай ерен ерліктері мен көзсіз батырлығы үшін Ғабидолланың омырауына «Ерлігі үшін» медалі, екіншідәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» және «Қызыл Жұлдыз» ордендері тағылды. Бұл- 14 сағат бойы жау қоршауында калып, оларды тас-талқан етіп жеңіп шығып, табандылықпен көрсеткен теңдессіз ерліктің өтеуі. Ғабидолланың танкі атқан оқтан жау жаққа қандай шығын келгенін барлаушылар алып келген «тілдің» өзі санап берген. Себебі, Ғ.Оразғалиев баскарған №65 танктың экипажы немістердің де басты назарында болған көрінеді. Енді немістер соғыс басталғалы үш жыл-дан бері әбден бекініп алған Витебск қаласындағы қоршауды бұзып шығу керек. Бұл 1943 жылдың тамыз айы. Ғабидолланың экипажы сонда аттанды. Шабуыл кезінде экипаждың оқтаушысы жараланады, оны алмастырған әскерге жаңадан алынған жас жігіттің тәжірибесінің жоқтығынан оқталып үлгермеген танктың дәл алдына жау снаряды түсіп, жарылады. Танк отқа оранды, енді бұл өрттен шығу керек, жалынның қызуы 2000 градусқа таяу. Сасқалақтаған әлгі жас жа-уынгер өзі шығып бара жатып, жоғарғы люкті де жауып кетеді. Оны ашамын дегенше Ғабидолланың екі қолы да күйіп кетті. Жанталасып жүріп механик-жүргізушінің есігіне жетсе, ол ашық тұр екен, зорға дегенде сыртқа шықты. Одан арғысы есінде жоқ, тек осы уақытқа дейін жаудың төрт қаруының көзін құртып үлгергенін анық біледі. «Жолдасы жаксы жауда қалмайды» деген осы шығар, түтеп тұрған оққа қарамастан экипаж кұрамындағы Киреев Николай мен Щептук Василий өздерінің басын қатерге тіге жүріп, отқа оранған мұны сүйреп шыкты. Сөйтіп, қалың орманның ішіндегі әскери емдеу пунктіне жеткенде Ғабидолланың екі көзі су қараңғы соқыр болып көрмей қалған, екі қолдың күйіктен сау жері қалмаған. Осы күйінде Калинин қаласындағы госпитальге жеткізілді, жарты жылдан соң Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде елге қайтарылады.

Майдангер Ғабидолланың туған жерге келгеннен кейінгі тыныс-тіршілігі қайнаған еңбекпен тығыз байланысты. Алдымен аудандық атқару комитетінде әскери бөлімнің меңгерушісі болып еңбек етті. Кейіннен жоғары партия мектебін тәмәмдаған соң мұнай өндірісі қызметкерлері кәсіподағына қызметке жіберілді. 1945 жылдың 8 қарашасында өзі сиякты майдангер бойжеткен Ажар-мен отбасын құрады. Қару ұстаған қажырлы қолдар бірігіп, бейбіт елдің соғыс ауыртпалығы салған шаруашылығын көтеруге кірісті. Еңбек майданында да ерліктің үлгісін көрсете білді. Жеңімпаз танкистің төрт ордені мен толып жатқан медальдардың қатарына Ленин ордені қосылды. «Еңбектегі озат еңбегі үшін» медалі де мұнайшының мазасыз еңбегінің жемісі, сарғайып жеке мұрағатында

Page 151: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

151

жатқан алғыс хаттар мен мақтау қағаздары өткен күннің белгісіндей. Өзімен бірге тізе қоса еңбек ете жүріп, жары Ажар Ғабидолланың шаңырағын сәбилердің шат күлкісіне толтырды. Шаранасы қара қанаттанып, қолға көнуге жарағасын-ақ белді бекем буып жұмысына қайтып оралған Ажар балалардың тәрбиесіне де уақыт таба білді. Украина майданында батыр қыз атанған Ажар табиғаттың, жаратылыстың алдындағы борышын да адал атқарып «Батыр ана» атанды. Үлкені кішісін жетектеп, үйелмелі-сүйелмелі болып өсіп келе жатырған балалардың болашағы екеуін де қатты ойлантатын. Бастауыш мектептен әрі өспеген ауылдағы білім ордасы нұрлы болашаққа қол созған жас шаңырақтың көк желкендеріне аздық ететін болды. Ақылдаса келе олар туған жер Атырау-дан дәл сол сияқты мұнайлы өңір, көршілес жатқан Ақтөбенің Кеңқияқ ауылы-на қоныс аударды. Ал, Ғабекең болса өзінің үйренген ұжымынан қол үзбеді. Екі араға қатынап істеп, мұнай өндірісіне өзі сияқты алтын қолды дәнекерлеушінің бірнешеуін дайындап беріп, жасы 55-ке жеткенде зейнеткерлік демалыска шықты. Атадан жалғыз қалған Ғабидолланың өмірінің де, кәсібінің де жалғасы болған ұрпақтарының бәрі мұнайшы деуге болады. «Балаларды оқытам»,- деп ірге аударып көшіп келген еңбегі ақталды. Ажар мен екеуі балалардың бәрін оқытты, жоғары білім алуға толық жағдай жасады. Тек бір ұлы ғана «арпа ішінде бір бидай» дегендей, ата кәсібін емес, көлік жүргізушілігін қалады. Бәрі де ретімен, өз жөнімен келе жатыр еді-ау, әттең, күнгейі мен көлеңкесі, күншуағы мен бұлыңғыры қатар жүретін тағдыр емес пе? Енді жетілдім, «кеткенім келіп, кемтігім толып» дегендей бір атадан жалғыз жер басып жүрген Ғабидолла ақсақалдың шаңырағьіның шаттығын кенеттен келген қайғы бұзды. Екі ұлының бірі созылмалы науқастан, екіншісі жол апатынан қаза болды. Өмірдің небір тауқыметін тартып, қиындығын көріп келе жатырған қос қария еңсесін биік көтеріп, тәңірінің бұл сынын да сабырлылықпен өткерді. Оқ пен оқтан аман келген қос майдангер қайғы бұлтын қайсарлыкпен, ұстамдылықпен кері серпіп, калған ұрпағынын амандығын тілеп күй кешуде. Пенделіктен періште күйге көшкен, жасы 90-ға таяған Ғабидолла ата әлі тың. Көкірегі тұнған тарих, түңғиық шежіре. Бейне бір Абыз дерсің, тілдесе қалсаң ру-шежіре, аңыз-әңгіме, дастан-қиссаларды жатқа айтатын қарттың есте сақтау қабілеті таң қалдырады. Сұрапыл соғыс жылдарының әр күні, әр сағатына дейін дәлдікпен суреттеп береді. Қазірде Ақтөбе қаласындағы мұнайшылар тарту еткен жаңа қоныста тәңіріне күніне мың мәрте тәубе айтып, шүкіршілік етіп отырған Ғабидолла ата-ны көріп, тілдескенде «сүйегі алтын» деген сөз сірә, осындай жандарға айтылған шығар дедім. Ұлы Жеңістің асқаралы алпыс жылдығы Ғабидолла ата мен Ажар әженің ынтымағы айрандай ұйыған, шуағы мен шаттығы мол шаңырағы үшін де мерейлі мереке! Дәм тартып, тәңірі жазса қос майдангер осы жылдың қоңыр күзінде шаңырақ қөтерген қуаныштарының да алпыс жылдығын тойламақшы! Керегесі кең, уығы алтын шаңырақта немере-шөберенің күміс күлкісі мен тәтті былдыры естіліп тұр. Ажар ана тербеген тал бесік немере келіндердің қолына көшкен, Ғабидолла ата ұстаған кеншінің кетпені де немере-шөберенің еншісінде. Ұрпағына осыларды ұлағатпен табыстаған қос майдангердің бүгінгі келбеті осындай!

Page 152: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

152

2010 жылы Алматы қаласындағы «Исламнұр» баспасынан шыққан А. Елеусіновтың «Боздақтың пәк қаны» кітабының 110-117 беттерінде де біздің даңқты ауылдасымыз жайында төмендегілер жазылыпты.

рЖев ТүБіндегі ұрыС

1942 жылдың қысы. Қабилар фашистерді қуып Днепр өзеніне жетті. Өзен мұз көрпесін жамылған. 143-танк бригадасына Днепрдің оң жақ плацдармындағы жау бекінісін бұзып, басқа әскер бөлімшелерінің өтуіне жол ашу тапсырылды. Қаби осы бригаданың танк экипажында атқыш болып істейтін.

Кешкісін «Таң ата шабуылға шығуға сақадай сай болындар!» — деген әмір жетті. Бұйрықты алған бөлімшелердің саяси жетекшілері, командирлер:

-Днепрдің арғы тұсы — биіктік. Онда жау мықтап бекінген. Биікте тұрған жау біздің әр қимылымызды көріп-біліп отырады. Сондықтан әрбір ісімізді ой-ластырып, жаудан айламызды асыруымыз керек.

Осы биіктікті алып, бекіну алдымыздағы Ржевті алуымыз үшін қолайы жағдай туғызады, деп алдағы міндетті түсіндірді.

Таң ата «КВ» моторларының қуатты гүрілі айналаны дүр сілкіндірді. Танкілер батысқа карай бет қойды. Немістер де осыны күткендей оқты жаудырып жіберді. Болжалды жер осы-ау деп, танк командирі кіші лейтенант Ивановтың бұйрығымен Қаби жаудың атыс ұяларына «сәлемдеме» жіберіп келеді. Өзеннің екінші бетіне жақын қалғанда бір ауыр нәрсе танкты шайқалтып жіберді. Снаряд дәл тисе де танк бронын тесіп өте алмады.

Иванов та:-Амансыңдар ма? — деп сұрап алды да, назаланды білем, механик жүргізушіге:-Бар шапшандықпен, алға! — деп бұйырды. Міне, жаудың алдыңғы шебіне де

жетті. Олар пулемет ұяларының бірінен-соң бірін таптап келеді. Танкке тағы да жарықшақ оқ тиді.

-Оң жақта неміс батареясы...-Тез оқта, ат!-Күлі көкке ұшты, — деп айқайлап жіберді механик Вольтман. Осылай олар

жаудың сегіз пулемет орнын таптап, бес зеңбірегін құртты.Қас қараюға айналды. Қабилар өз әріптестерінен ұзап кеткен. Осы қарқынынан

жазар емес еді. Бір уақытта немістің дәлдеп атқан оғы танк перископын быт-шыт қылды.

Тастай қараңғы. Кімнің қайда екенін айырып болар емес. Люкті ашып бағдарлауға айнала қоршаған жау. Қимылдағаныңды бағып жатыр.

Не істеу керек! Тез қимылдамаса жау танкіні кұртады. Шама келсе, кейін қайтып

Page 153: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

153

бөлімшеге қосылу керек. Бірақ жау қайда, бригада кайда, оны болжайтын прибор жок. Кенет Қабидің ойына бір тәсіл сап ете түсті: «Шлемді люктен шығару керек. Аңдып жатқан жау оқ жаудырады. Сосын кімнің қайда орналасқаны белгілі ғой». Сөйтті де. Жаудың атыс ұяларына бірнеше дүркін оқ боратып олар өз бөлімшесіне қарай тартып берді. Жау да үсті- үстіне артиллериядан оқ жаудырып жатыр. Жа-уынгер жолдастары бұлар үшін мазасыздануда екен. Қуанысып қалды. Қаптаған жаудың қалың ортасында қалғанда қорған болған болат серігіне 36 жерден оқ тиіпті. Танктің шынжыр табанына жау сілімтіктері ілесе келіпті. Ржев түбінде болған ұрыста осындай ерлік көрсеткен танк экипажы түгелдей үкімет награда-сына ұсынылды. Ал Қ. Оразғалиев «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденімен наград-талды.

ТуыСҚандар кегі

Қабилар бір елді пункттен соң екінші елді пунктті жаудан тазартып келеді. Бұл жерлерде қанішерлердің талай озбырлығы мен аиуандығын көрді. Әсіресе, Зубцово қаласына кіре берістегі жау окоптарының бірінен екі бала табылды. Күп болып ісіп кеткен. Жазықсыз балаларды ұстап алып, қанын жаралы жен-детке құйса керек. Балалар талықсып кеткен, тыныстағанынан ғана тірі екенін байқауға болады. Осы көрініс оларды кек алуға, жәбір шеккен туысқандарды жаудың қанды тырнағынан құтқаруға құлшындырды.

Танк шабуыл үстінде. Немістер де Зубцово қаласын оңайлықпен бергісі кел-мей тырмысуда. Қала маңы техникалар соғысының алаңына айналды. Артилле-рия мен танк жер құйқасын аударыстырса, көктегі самолеттар ауыр бомбасын тастап, жердің опай-топайын шығаруда.

– Жолдас кіші лейтенант, оң жақтан неміс танкі келеді!-Сол жақта «Фердинанд»!-деп хабарлады жүргізуші-механик. Алдан да жау

танкісі көрінді. Бір танкіге-үш танк. Жау күші үш есе басым. Бұрылар жер жоқ. Жалғыз жол кейін шегіну. Ол-өлім деген сөз. Сондықтан жауды да «машқарға» бірге ала кету керек. Қаби саспады. Көздеп атып жіберді. Танктен түтін бұрқ етті.

-Жарайсың, Коля! –деп айқайлап жіберді Иванов. Оң жақтағыға да сәлем!-Жазықсыз сәбидің қаны үшін! –деп күбірледі Қаби танкті көздеп жатып. -Ал мынау екінші сәбидің кегі! –деп Қаби шүріппені басып қалды. -Бұған да тиді, жігітсің Қаби! –Жау танкісінің жылан бауыры аспанға ұшты да,

бір жағына қисайып тұрып қалды. Кіші танк зыта жөнелді. Зубцово үшін айқас қыза түсті. Әсіресе, бір зауыттың орнына бекінген

немістердің қарсылығы күшті болды. Міне осы шайқаста Қабилардың танк эки-пажы жаудың 8 пулемет ұясын, бір «Фердинанд» танкін жойып жіберді. Жау бекінісін ойрандап жүргенде снаряд оғы танктің жыланбауырының быт- шытын шығарды. Сонымен бірге рациясы қирады.

Түн. Жау пулеметтері ажал отын шашып тұр. Радист Киреев жау ортасынан шығып, командирге хабар беруге сұранды. Жібермеске лаж болмады. Өйткені,түн қараңғысымен келіп немістер бірер гранатамен ұрса жетіп жатыр емес пе.

Page 154: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

154

Жауынгер достары Киреевпен құшақтасып қоштасты. Екі қолына екі граната ұстаған радист түн қараңғылығына сүңгіп жоқ болды. Осы халде олар он төрт сағат отырды. Ақыры бір советтік танк көмекке келді. Бөлімше командирінің орынбасары Елюшин екен. Радист Киреев жете алмапты.

аЖалМен айҚаС

1942 жылдың ақырғы айлары. Духовщина қорғаны. Мұны неміс генералдары үш жылдан бері дайындауда екен. Соғыс техникасының соңғы жаңалықтарын пайдаланған фашистер «орыс армиясын осы арада тойтарамыз» деп даурықса керек. Шынында да немістер мықты бекінген болып шықты. Қорғанды айнала қазыпты да, ар жағына биік етіп топырақ үйіпті. Бекініс қирады. Бірақ бұл жеңіс қымбатқа түсті. Талай боздақтар қаза тапты. Қабилар да ажал аузынан аман қалды. Бұл жайды белгілі журналист Жәмек Оспанов «Ардагерлер» очеркінде («Социалистік Қазақстан» 09.05.1968) төмендегідей суреттепті:(Сүйген құлдың аты көп дегендей өз ортасында сүйкімді саналған өреннің есімі құжатта Қабидолла болғанмен қатарластары «Қаби», «Коля» деп атай береді екен.)

....О,ғажап, мынау не дауыс.... снарядтікі ме? Жоқ, ыңырсиды ғой, бебеу қағып безілдей ме қалай? Экипаж аман сияқты еді, бұл кім болды екен, танктің ішіне қалай естіліп тұр өзі... Танкке ұқсамайды, дала, дала, ие дала екен ғой. Танк қайда, бұл арада неғып жатыр өзі.... Жауынгер есеңгіреп жатыр. Екі қолда күймеген жер қалмапты, дененің өзге жерлері де отқа шарпылған. «Темірді балқытып жіберген от адамның несін қалдырсын?» деп ойлады сестра. Ол әлгінде «Жауынгерлік Қызыл Ту» орденінің де, І,ІІ дәрежелі Отан соғысы орденінің де, медальдардың да кей жерлерінің балқып айғызданғанын, ағып кеткенін көрген ді. Бірақ ол жа-сымады. Жауға деген өшпенділікпен суарылып шығып, шынықкан жан бордай езілгеннен аулақ-ты. Жаралы жандардың тез сауығып, қатарға қайтадан тұруы үшін қолынан келгеннің бәрін істеуден басқаны ойламауда еді.

- Партбилет! - деп айқайлай тұра келді Қабидолла. Селк ете түскен сестра оны орнына жатқызды. Осы бір қасиетті сөз оның аузынан қашан шығып еді? Иә, өртенген танктен шыға бергенінде өзіне көмекке ұмтылған қаруластарын көргенде айтқан екен-ау. Өлі-тірі боларын да білмейтін еді-ау ол сонда...1943 жыл. Август айының іші. Витебск бағытында жаудың қорғанысын бұзуға бұйрық берілді. Соғыспен барлауға Колбасиннің экипажы жіберілді. Қабидолла оқты қарша жаудырғанымен дұшпан дыбыс шығармады. Олар кері оралғанда да немістер тым-тырыс күйінде калды. Тал түсте жаппай шабуыл басталды. Фашистердің күткені сол екен: оқты боратты-ай келіп. Қарудың қай түрі де қапы қалып жатқан жоқ. Сан түрлі үн: зуыл да зуыл, құлак жарған шуыл. Жа-нап өтіп те жатыр, жарылып та жатыр. Айналаның бәрі - аранын ашқан ажал. Қабидоллаларға сол қанатты сүйемелдеу жүктелді. Жаңбырдай жауған оқтан жасқанар олар жоқ. «КВ»-ның маңдай броны берік, қапталдай соқпаса қауіп жоқ. «Жау қайдасың», деп жалақтаған ерлер дұшпанды баудай қиып келеді. Әне, бір зеңбіректің үні өшті. Екіншісі де соның кебін киді. «Жарайсың, Қабидолла!» — деп айқайлап жіберді Колбасин. Сол сәтте тағы бір пулеметтің күлі көкке ұшты.

Page 155: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

155

Жау оғы башняны тесіп өтгі. Танк өртене бастады. Әсіресе, Қабидолланың маңында қызыл алау самсаған сан найзадай сүйрең-сүйрең етті. Кек қыжылы, ет қызуымен ол тағы да екі- үш дүркін атып жіберді. Өрт тұншықтырып барады. Тез шығу керек. Башня маңайлатар емес, енді қайтпек...Иә, механиктің люгі бар екен ғой. Минут пе, сағат па, уақьгг өтті. Жан дәрмен дегенде люкке де жетті-ау. Сүйретіліп шыға берді. Осы арада күтіп тұрған достары «тірімісің» деген күйлері Қабидолланы люктен шығарып алды. Сонда оның берген жауабы «Партбилет» деген жалғыз сөз еді. Партбилет... Иә, партбилет әрбір коммунистің дем-тынысы, ар-ожданы, жан-жүрегі ғой. Партия мүшесіне оның ыстықтығын, қасиетін тілмен айтып жеткізе алармысың. Ал, Қабидолла болса сол асылын от-жалынды кешіп жүріп өмір мен өлім белдескен шақта алды ғой...Дала да дұшпанды жатсынып жиырыла қалған дерсің. Бір ой, бір қыр. Суық. Балшық. Табиғат та қызық қой, батпағы мен аязы бауырлардай-ақ жұп жазар емес. Таң сібірлеп атып келеді. Төңірек меңіреу, мылқау сұлық жатыр. Сол тыныштықты «КВ»- лардың гүрілі мен дүрілі бұзды. Тағы шабуыл басталды.

... Дәрігер «жазыласың» дейді. «Жазылмайсың» деп аузы барып айта алар ма ол, - деп ойлады Қабидолла. — Рас, аянып жатқан жоқ. Үлбіреп-күлбіреп күйген терінің бәрін сыдырып алып тастады. Қоң етінен кесіп алып, бет ауыздың, қолдың кем- кетік жерін бүтіндеді. Қолдың қауқары жоқтығы өз алдына, ырси-ып қалған ерін ештемені тигізбейді. «Аузына ас тамызсын, бағып-күтсін» деп қасыма бір әсем қызды отырғызып қойды. Тап көршінің қызы Ажар сияқты. Ажар да майданда. Айдай толықсып отырар ару жан шаршап-шалдығып соғысып жүр-ау. Ол бір сәт осылай аяушылық білдірген ойынан тез қайтгы да «Ажар аза-мат кой, Отанын қорғауға аттанған қазақтың ер қыздарының бірі — ол. Ажар десе Ажар ғой» — деп сүйсінді. Жараланардың алдында ғана хат алған еді-ау Ажардан. Курск иініндегі шайқаста жеңіл жараланғанмен сол баяғы зенитші-дальномершик екенін, құзғындарды топшысынан қиып жатқанын, жауды жеңбей елге қайтпайтынын жазыпты. Ажарды көрмегеніме де көп болды-ау...

Қызыл Армияның кұрдасы Қабидолла 20 жасында 1938 жылы армияға алынды. Жастайынан әке-шешеден айырылған ол Кулагиндегі балалар үйінде тәрбиеленгенде де, Доссордың механикалык мастерскойында слесарь болып жұмыс істегенде де ұқыптылыққа, жинақылыққа, мұқияттыққа үйренді. Оның бұл дағдысы армияда жүргенде қасиетіне айналды. Ол әскери-саяси дайындықта өнеге көрсетті. «Үлгі алар кызыләскер Қабидолла Оразғалиев атанды». Ол ақ финдерге қарсы соғысқа да қатысты. 1941 жылдың көктемінде аға сержант «От-личник РККА» значегімен наградталды. Үздік шыкканы үшін оған мамыр айын-да демалыс берілетін болды. «Сәті түсті, ауылға соғып қайтатын болдым», — деп қуанды Қабидолла. «Бүгін, ертеңмен» күн өте берді. Демалыс беріле қоймады. Мамыр өтті. Маусым орталанды. Сөйтіп жүргенде соғыс басталды.

Енді міне жаралы, асын да өзі іше алмайды. Бірақ қапы кеттім демейді. Соғыс басталғаннан бері жауды қан құстырмаған күні жоқ. Талай гитлершілді жер жа-стандырды. Ондаған танк, зеңбірек, пулемет, блиндаждарды тас-талқан етгі...

Жарасы жазылып, елге оралған атақты танкисті мұнайшылар қауымы кұшақ жая қарсы алады. Ол жөнінде халық ағарту ісінің майталманы Мұса Көшербаев

Page 156: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

156

ақсақал аудандық «Мұнайшы» газетінің 1995 жылғы 4 наурыздағы санында төмендегіше жазған екен:

... Оразғалиев Хаби (дұрысы Қабидолла) 1938-43 жылдар аралығында Қызыл Армия катарында болып, 1943 жылдың наурыз айында Доссорға орал-ды. Бұл кезде оның омырауында екі Қызыл Ту, бір Қызыл Жұлдыз, I және П дәрежелі Отан соғысы ордендері мен «Ерлігі үшін» медалі жарқырап тұрған-ды. «Оразғалиев Қабидолла елге оралып келе жатыр», - деген хабар тиісімен Мақат ауданының біраз басшы адамдары алдынан шығып, ел шетінен қарсы алды. Қанша шаршап-шалдығып, жүдеп-жадап келсе де Қабидоллаға ел аралатып, ірі-ірі елді мекендердегі жиындарда оның соғыс даласында басынан кешкендері ту-ралы әңгімелетті.

Одан әрі ардагер-ұстаз Қабекеңнің қаруласы Михаил Владимирович Галиннің «Ленинская смена» газетінің 1965 жылғы 23 маусымдағы санында жарияланған «Славный сын казахского народа» мақаласынан мынадай үзінді келтірген:

«Отвага, мужество и героизм в боях с немецко-фашисткими захватчиками, ко-торый проявлял Габидулла Оразгалиев, служил вдохновляющим примером для бойцов и командиров частей, в которых он служил.

О нем знаю следующее. Родился 1918 году в Гурьеве, воспитывался в детском доме. Работал слесарем. В 1938 году Габидулла ушел в ряды Советской армии. Га-бидулла принимает участие в боевых действиях против белофинов. Затем — Ве-ликая Отечественная война. В боях с гитлеровцами сын Казахстана рука об руку с русскими, грузинами, латышами проявлял чудеса героизма.

В 1943 году был награжден двумя орденами «Красного Знамени», орденом «Красный Звезды», орденом «Отечественной войны I степени», медалью «За от-вагу». На счету у командира танкового орудия сотни уничтоженных вражеских танков, машин и дзотов... Были бои, в которых танковый экипаж, где служил Га-бидулла находился в непрерывном огне более семидесяти двух часов. Под Рже-вом командир танкового орудия был ранен, затем снова фронт, передовая. В од-ном из ожесточенных боев Оразгалиев получил тяжелые ожога лица и рук.»

Көп кешікпей Қ.Оразғалиев бейбіт еңбекке қызу араласып кетеді. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде зейнеткерлікке дейін мұнай өндіруші оператор болып жұмыс жа-сайды. Мұнда да ол жауынгерлік ар-ожданына кір келтірмей абыройлы еңбек етгі.

Әрқашан озаттар қатарынан көрініп, марапатталып жүрді. 1955 ж. «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалін алса, 1972 ж. Ленин орденін омырауына тақты. «Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мұнайшысы» құрметті атағын иеленді.

Ержүрек танкистің отбасылық өмірінің де тағылымы мол. Ол майдангер Ажар-мен көңілдері жарасып, шаңырак көтерген-ді. Кәдімгі қаламы жүйрік журналист Жәмек Оспанов суреттеген «Ажар десе — Ажар» атанған қыз қолына бақыт құсы болып қонған-ды.

Соғыс басталғанда Ажар қыз 18 жаста ғана еді. Атырау облысында жасақталған ерікті қыздар қатарында майданға аттанды. Доссорлық Жеміс Ақбөпиева, Жәния Берниязова және басқа құрбылармен бірге әуені жау ұшақтарынан қорғайтын зенитші болып қызмет етті. Жаумен бетпе-бетте екі рет жараланды. Шайқастарда

Page 157: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

157

20-ға тарта құрбылары шейіт болды. Доссордан бірге аттанған Жемісін Киев қаласы маңындағы айқаста өз қолымен қара жердің қойнауына тапсырды. Аяулы кұрбыларының кегін қайтару жолында Берлинге дейінгі жорықтарға қатысты. «Батылдығы үшін» және басқа медальдарды иеленіп, елге аман-есен оралды. Доссордағы геологиялык іздестіру кеңсесіне есепші болып орналаса-ды. Қабидолламен отасқан соң Сағыз кентінде сатушы, балабақша меңгерушісі, техникалық қойманың қоймашысы болып жұмыс жасайды. Жұбайлық өмірлері де жарасымын тауып, жапырағы жайылған қос бәйтерекке айналады. Екеуі 4 ұл, 6 қыз өсіріп, ұядан ұшырып, қияға қондырған, 13 немерені қызықтаған, еліне ардақты жандар. Балаларымен бірге Кеңқияқ кентінде тұрады.

Сонда да өскен елі, маңдай тері тамған жерін, оның ізгі жандарын ұмытқан емес. Биылғы Жеңіс күні мерекесінде қос майдангер Мақат кентіне келіп, соғыс даласынан оралмаған жерлестеріне салынған ескерткіш монументке гүл шоқтарын қойып, еңбектес жүрген мұнайшылармен дидарласып кетті.

Даңқты ауылдасымыз Ажар апа жайында ғаламторда жарияланған төмендегі әңгімені сол күйінде беріп отырмыз.

а зОрИ здеСь ТИХИе…

Среда, 8 мая 2013 годаКто провожал вас на фронт? В каких войсках служили? Возникали ли сложно-

сти с женским обмундированием? Было ли страшно? Где вы встретили День По-беды? Долго ли снилась вам война? Смотрите ли вы военные фильмы? — такие вопросы были заданы женщинам- фронтовичкам. Вот как ответили оставшиеся в живых солдатки.

До Великой Отечественной войны женщины в ча-стях Красной Армии не служили. Но к августу 1941 года стало очевидно, что без них никак не обойтись. Первыми на фронт призвали медсестер, врачей и са-нитарок, затем связисток, телефонисток, радисток. Дошло до того, что почти все зенитные части были укомплектованы девушками в возрасте от 18 до 25 лет. К 1943 году в армии служили до двух с полови-ной миллионов женщин.

Через курСк на БерлИн

Ажар апай Уразгалиева, 89 лет:- Призвали меня в 1942 году, было мне 18 лет. Жили мы тогда в Гурьевской об-

ласти, в Доссоре. Провожали мама, братишка. Служила я в зенитной артиллерии. Направили под Курск, где наши войска держали оборону. Харьков, Орел, Белград

Page 158: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

158

были захвачены врагами. Курск был весь в огне.Оказывается, человек долго может обходиться без сна. Ночью – бомбежка,

днем самолеты кружат. У меня была пушка 85 калибра, стреляли по самолетам. Сколько я сбила? Ой-бо-о-о-й, разве можно узнать, чей снаряд попал в самолет? После боя командиры спорили, чей зенитчик сбил, ругались между собой.

Поначалу мы ходили в мужских брюках, гимнастерке. Потом выдали юбки, бе-реты со звездой. Хоть и война была, но за обмундированием следили строго, во-ротнички мы стирали каждый вечер. Все держали в порядке, иначе можно было наряд получить от командира.

Забывали о страхе. По ночам жители поселков прятались в лесу. Каждый вечер мы слышали: мычат коровы, лают собаки, люди кричат, дети плачут. До сих пор этот шум в ушах стоит. В домах оставались старики, охраняли пожитки, продук-ты. Утром люди шли обратно. Самый трудный бой был под Киевом, на узловой станции Фастов. Мы потеряли 18 бойцов, там, в братской могиле, похоронена и моя подруга. Я получила ранение и контузию.

Воевала в Румынии, дошла до Берлина. 7 мая с двух до четырех ночи я стоя-ла на посту, наши все спали в вагоне, на платформе. Смотрю – светло стало, как днем. Бежит командир, кричит на ходу: «Ребята, девушки, война закончилась!». Я от радости всех в вагоне растолкала: «Чего вы спите? Война кончилась!». Меня целуют, обнимают, кто плачет, кто смеется.

Долго еще снились мне бои, и до сих пор иногда просыпаюсь от криков. Филь-мы про войну раньше смотрела, да, именно так все и было, разве станут неправду показывать?

Ажар апа, Аққайша, Қабидолла аға

Page 159: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

159

Жауынгер әке ЖОл

Қиыр Шығыстағы Отан қорғаушылар

Қазақта ұлағатты сөз бар, «Өлі жебемей, тірі байыз таппайды» деген-дей, бұл күнде ата-анасына құрмет көрсетіп өткенге салауат, болашаққа ғұмырлы жол салған кейбір азаматтардың істеріне сүйсінуге тура келеді. Осының айғағындай, жуырда Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатынан ауылдас інім Асхат Байбосынұлы Атырауовты ұшыраттым. Әкесі туралы көзін көріп білгендермен сұхбаттасып, тарих сырын бүркеген мұрағаттарды ақтарып деректер жинап жүрген азаматтың бұл қаракетін – нағыз тәрбиелік мәні бар игілікті іс деп бағаладым. Заманның ағымына сай әр жаққа шашылып, той-домалақ, садақа мен ас беруде шүйіркелесіп басы қосылатын ағайындардан гөрі, қиын-қыстау шақтарда жетімдіктің қасіретін көрсетпей бір-біріне қамқор болған үш ағайындылардың өмірін ой елегінен өткізіп, артынан ерген бүгінгі іні-қарындастарына ұлағаттағысы келгеніне қатты қуандым. Осылайша екеуара әңгімеден соң осы мақала өмірге жол тартты.

Шындығында неміс-фашистерімен қан майданда жаумен арпалысқан, бейбіт өмірде мұнай саласында еселі еңбек еткен Байбосын Атырауовтың өнегелі тағылымын, еңбек жолын бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Алпыс жыл ғұмырлы өмір кешіп, артына Алма, Сәлима, Сатыбалды, Сәния, Самат және Ас-хат атты ұрпағын қалдырып, ұл-қыз өсірген Байбосын Атырауов Мақат ауда-ны, Доссор селосында 1914 жылы өмірге келген. Алайда оны жетімдіктің ащы тағдыры күтіп тұрды. Ата-анасынан айырылған шақта Панақожа ағасы 10 жа-ста, ал Байбосын 6 жаста қалады. Жетімдіктің зарын ерте тартқан балаларды бір шаңырақ астында ғұмыр кешкен әкесі Атыраудың інілері ешқайда тентіретпей өз қамқорлығына алып, бауырына басады. Жас кезінен зерек, ағалары Арал мен Тоғайдың тәрбиесінде өскен «құйма құлақ» атанған бала Байбосын еңбекке

Page 160: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

160

ерте араласады. Ес біліп, ел таныған сәттен бастап мал бағып, шөп шауып ағаларына қолқанат атанды. Кейін білімге деген құштарлығын байқаған ағасы Арал оны селодағы кәсіптік мектепке береді. Байбосын ағамыз 1931 жылы До-ссор поселкесіндегі 7 кластық тау-кен мектебін бухалтер мамандығы бойын-ша бітіреді. Сол жылы Байшонас мұнай кәсіпшілігінің қаржы-есеп бөліміне жұмысқа орналасады. Байшонас – Ембінің ежелгі, Доссор мен Мақаттан кейінгі үшінші мұнай кәсіпшілігі, Атырау облысының Мақат ауданындағы мұнайшылар кенті. Мұнай кені 1931 жылдан бастап өндіріле бастаған аймақ. Осы жерден Отан алдындағы кезекті борышын өтеуге 1936 жылдың қарашасынан 1939 жылдың желтоқсаны аралығында шекара әскері қатарына шақырылып ра-дист болып қызметін атқарады. Кейін елге оралған Байбосын ағамыз Байшонас поселкесіндегі мұнай кәсіпшілігіне қайта оралып, бұрынғы есепшілік қызметіне кіріседі. Сол жылдары, яғни 1938-41 жылдары Ембі аймағындағы барлық бұрғылау жұмыстары көлемінің 10%, пайдалану бұрғылауы көлемінің 28,5% Байшонаста бұрғыланды, мұнайдың жиынтық өнімінің 34%-і осында алын-ды. Осында жүріп 1940 жылдың 25 шілдесі күні өмірлік серігі Қалиякперова Жеміспен қосылып, түтін түтетеді. (1941 жылы Роза атты өмірге тұңғыш сәбиі келеді, бірақ кейін ол соғыс кезінде шетінеп кетеді). Ол туралы ағамыздың не-мере інісі, бүгінде 90 жасты еңсерген қариядан гөрі пайғамбар жасындағы жігіт ағасына ұқсаңқырайтын Темірғали Тоғайұлы: «Мен болашақ жеңгем Жеміспен бір сыныпта оқыдым, әрі оқуға зерек болдым. Көбіне ол менен есеп көшіріп алайыншы деп жалынатын, бірақ есеп түгілі қара жазу жазған дәптерімнің сыр-тында көрсетпейтін едім. Сөйтіп орталау мектепті аяқтадық гой. Бірақ ағамның Жеміске үйленуі мен үшін тосын оқиға болды. Оның болашақ «су сұрасам, сүт беретін» ақжеңгем боларын білгенде барлық есебі түгелі, шығармасын да жазып беретін едім ғой» деп ағынан жарылды.

Ұлы Отан соғысы басталған сәтте Байбосын Атырауұлы өз еркімен арызда-нып, 1941 жылдың шілдесінде Төлеген мұнай кенішінен отан қорғауға аттанады. Сол кезде Жапонияның Квантун армиясының елімізге басып кіруіне жол бермеуі үшін, Кеңес мемлекеті соғыс жылдарында Маньжуриямен шекарада 40 дивизия ұстап тұруға мәжбүр болды. Сол дивизия құрамындағы Қызыл Армия сапында болған ержүрек жауынгер Б.Атырауовта алғашында № 80 жабдықтау станциясы батолон командирінің көмекшісі, әскери ант қабылдаған 1942 маусымынан 1946 шілдесі аралығында № 210 танк полкы командирінің материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі көмекшісі, радиобайланыс бөлімінің бастығы болып соғыс даласын жүріп өтеді. Ол Кеңес Одағының Маршалы Мерецков басшылық жасаған № 1 Қиыршығыс майданы әскерлері құрамында Уссори өзенін кесіп өтіп, жапондардың қолындағы Хутоуский, Мишаньский, Пограниченский және Дуннинский аудандарын бұзып, жан баласының аяғы баспаған қатерлі қиын-қыстау 500 шақырым жерді жаяу өтеді. Сөйтіп Мишань, Гирин, Яньцзы, Харбин қалаларын милитаристік Жапонияның Кватун армиясынан тазартады. Бұл кезде одақтастық борышына адал болған Кеңес үкіметі Қиыр Шығыстағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қытай халқына оның өз елін шетел құл иеленушілерінен азат ету жолындағы ерлік күресінде көмек көрсету мақсатында 1945 жылы 8 та-

Page 161: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

161

мызда империалистік Жапонияға қарсы соғыс жариялайды. Келесі 9 тамыз күні таңертең Қиыр Шығыстағы кеңес әскерлері мен Тынық мұхиты флоты жапон әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын бастайды. Квантун армиясы жанталаса қарсылық көрсетеді. Бірақ Қызыл Армия оларды тас-талқан етіп жеңеді, сөйтіп Маньчжурия мен Солтүстік Кореяның көп азап көрген халықтарын жапондардың тепкісінен азат етеді. Жапон үкіметі өзінің жеңілгендігін мойындап, 1945 жылы 2 қыркүйекте тізе бүгу туралы актіге қол қояды. Бұл күн адамзат тарихында екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған күн болып табылып, бейбітшілік пен де-мократия жауларын, фашизмнің қара түнек күштерін талқандаған бостандық сүйгіш халықтардың зарығып күткен ұлы жеңісі орнады. Міне, сол сұрапыл соғыстың бас-аяғында Қызыл Армияның аға сержанты Байбосын Атырауовта болған еді. Сол кездегі қаһарлы күндердің белгісін алға тартқандай болған жау-ынгер атамыздың ұлы Асхаттың қолында сақталған әскери билетте осы дерек-тер толығымен жазылған.

Қаһармандық ерлігі үшін Байбосын Атырауов бірнеше алғыс хаттары мен медальдарға ие болады. Атап айтқанда, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны талқандаудағы жеңісі үшін», «Жапонияны талқандаудағы жеңісі үшін» медаль-дарымен марапатталды. Отты жылдарда жаумен арпалысқан ұрыстың алдыңғы шебінде жүргенде 1944 жылы ВКП(б) партиясы қатарына қабылданады. Осылардың ішінде ең қымбаттысы 1945 жылы 23 тамыз күнгі төмендегі Алғыс хат болатын: «Старший сержант Атрауов Байбусин Атрауович За отличные бо-евые действия, Вам – участнику боев с японцами на Дальнем Востоке в составе 1-го Дальневосточного фронта приказом №372 Верховного Главнокомандующе-го Генералиссимуса Советского Союза товарища Сталина – ОБЪЯЛЕНА БЛАГО-ДАРНОСТЬ».

1946 жылдың желтоқсанында бейбіт өмірге оралған Байбосын Атырауовтың ендігі өмірі Сағыз мұнай кәсіпшілігінде қаржы бөлімінде есепшілік қызметте жалғасады. Бірер сөз, Сағыз – Ембінің көне мұнай кәсіпшіліктерінің бірі. До-ссордан 24 км жерде орналасқан. 1937 жылы ашылған, өзімен аттас мұнай кенінің негізінде 1939 жылы іргесі қаланды. Өндірістік инфрақұрылымы соғыс жылдарында жасалды. Ембідегі бүкіл пайдалану бұрғылауы көлемінің 13,6%-і Сағыздың үлесіне тиді, 10 дюймдік Сағыз-Қошқар мұнай құбыры тартылды, сыйымдылық паркі салынды. Пайдалану кезеңінде Сағызда 1458 тонна мұнай өндірілді. Еліміз экономикасының локомотиві атанған Ембі мұнайын тонна-лап тиеп асқан поездар легінің есебін шығаруда бухалтер Б.Атырауовтың да үлкен үлесі бар болатын. 1947 жылы 1 қазан күні Сағыз мұнай кәсіпшілігінде материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінде есепші, бөлім бастығы, 1950-1952 жылдары Доссор мұнай ремесло училищесінде директордың орынбаса-ры (қазіргі мұнай-газ технологиясы колледжісі), 1953-1971 жылдар арасында Сағыз мұнай кәсіпшілігінің материалдық-техникалық жабдықтау инженері, коммунальдық шаруашылық қызметінің бастығы, 1971 жылдың 6 қыркүйегінен бастап өз өтініші бойынша Сағыз мұнай кәсіпшілігінің операторлығына ау-ысады. Осында жүріп кәсіпшіліктің бастауыш партия ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарып, бірнеше рет халық депутат-

Page 162: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

162

тары поселкелік кеңесінің депутаты болып сайланады. «СССР мұнай және газ өнеркәсібінің 100 жылдығы», «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы» мерекелік медальда-рына ие болады. «Халқына қалаулы, еліне елеулі» атанған жауынгер әкенің өмір жолы осындай еді!

Қылышбай СүндеТұлы, тарих ғылымдарының кандидаты,

Қазақстан журналистер одағының мүшесі.

рЖев Қанды Қырғынынан аМан шыҚҚан

демеу Таубаев ақсақал бұрынғы Жылой ауданының орталығы Қосшағыл поселкесіндегі лермонтов атындағы орта мектептің 1941 жылғы түлегі еді. еңбек жолын сол алапат соғыс өрті тұтанған жылдың 10 тамызында Қосшағыл, кебіркөл мектептерінің бастауыш сынып мұғалімі болудан бастаған еді. Бірақ желтоқсанның 8-де Қызыл армия қатарына шақырылды. Сол уақытта ақтөбе қаласында жасақталған 101-дербес атқыштар бригадасының құрамында бірнеше ай бойына алғашқы әскери дайындықтан өтті. 1942 жылдың тамызында көптеген қазақ жасақтарының сапында Москваның жанындағы норильск қаласына табан тіреп, жауынгерлік

шыңдалу жолын жалғастырды. Сол жерде әскери ант қабылдаған жас сар-баз қарашада калинин майданының 33-армиясының құрамында ржев бағытындағы кескілескен ұрыстарға кірісіп кетті.

Осы жерде айта кету керек, 101-жеке атқыштар бригадасының 90 пайызы Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал және Қызылорда облыстарының жергілікті қазақ жігіттерінен жасақталған еді. Оның командирі болып кәнігі әскери офи-цер, аралдық Мұса Сәдібеков тағайындалған ды. Уыздай жап жас қызыләскерлер әскери жаттығудан соң, фашистердің күшті дайындалған, жалпақ тілмен айтқанда басынан бақайшағына дейін қаруланған «Орталық» армиясын Москва қаласына жақындатпау мақсатында жоспарланған Жуковтың «Марс» опера-циясына жұмылдырылды. Өздерінен күші де, соғыс тәжірибесі де басым жауға қарсы соғысып, ауыр шығынға ұшырады. 1942 жылдың 25 қарашасы мен 20 желтоқсанына дейін созылады деп күтілген бұл ұрыс қимылдары «Ржев қанды қырғыны» деген атпен екінші дүниежүзілік соғыс тарихына жазылып қалды. Қазіргі әскери тарих Ржев-Зубцово-Сычевка -Гжатск-Вязма-Белый Оленин ара-сын Ржев «қанды көпбұрышы» деп те атайды. Мұндағы 29 бауырластар зира-тында он мыңға жуық қазақ жауынгерінің сүйегі жатыр. Қазір Ржев қаласына кіре берістегі Осташковск тас жолының бойына Ақтөбе қаласында құрылған

Page 163: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

163

100-ші және 101-ші атқыштар дивизиясының жауынгерлері құрметіне Ақтөбе облысының әкімдігі ұзындығы 33 метр, биіктігі 3,6 метрлік гранит қабырға орнат-ты. Онда осы жерде қаза тапқан қазақстандық қос бригаданың он мыңнан астам жауынгерлерінің есімдері алтын әріптермен жазылған. «Қырық жыл қырғында ажалды өледі» дегендей, жерлесіміз Таубай Демеуов, міне, сол қырғыннан аман шыққан жас жауынгерлердің бірі. Көзі тірісінде сол бір қасіретті соғысқа кірген алғашқы сәттердегі адам төзгісіз ауыртпалықты былайша суреттеп берген еді:

-1942 жылдың қысы қатты болды. 35-37 градус аяздағы қардың қалыңдығы бір жарым метрге жетті. Жер қатып тоң болып қалған соң, окоп қазуға да еш мүмкіндік жоқ. Амалсыз жау оғынан қорғану үшін, қарды тасалаумен шектелдік. Оның үстіне жылы киім жетпей жатты. Қардың қалыңдығынан әскери асхана жылжи алмай, ыстық тамақсыз қалдық. Жаяу тасуға ұрыс жағдайы мүмкіндік бермеді. Қатқан нан, консерв, басқа да басқа да құрғақ қоректі аспаннан ұшақпен тастады. Онысы қалың қарға көміліп, іздеп табу қарша бораған оқтың астында мүмкін болмады. Бар табылған құрғақ тағамдар мұз болып қатып қалатын. Дәл осындай жағдайда қазақ жауынгерлерінің алдында екі таңдау: жауды жеңу не ерлікпен өлу ғана тұрды.

Москва қаласындағы орталық әскери мұрағатта сақталған құжатта взвод командирі Демеу Таубаевтың Великие Луки түбіндегі ұрыста өзінің бөлімшесімен неміс дзотын басып алып, бес неміс солдатын қару- жарақтарымен қолға түсіргендігі және он фашистің көзін жойып жібергендігі туралы мәлімет сақталған. Бұл кезең Ржев қырғынын көзбен көріп, фашизмге деген өшпенділігі өрши түскен жас жігіттің көзсіз ерліктерге барып, құрыштай шынығып, қатардағы жауынгерден аға сержант атағына ие болған шағы еді. Бірақ оқ пен оттан тайсалмаған табанды командирдің әскери жорығы осыдан кейін алысқа бармады. 1942 жылдың 3 желтоқсанында Калинин облысы Оленин ауданының Кувшиново елді мекенін жаудан азат ету үшін болған қан майданда жерлесіміз аяғынан ауыр жарақат алды. Жарақаттың жанына батқандығы соншалық: аға сержант Москва қаласындағы Боткин атындағы госпиталында есін бір-ақ жиды. Сол жерде ота жасалып, оң аяғы тізеге дейін кесілді. 1943 жылдың сәуірінде ол елге ІІ топтағы соғыс мүгедегі болып оралды. Ұлы Отан Соғысындағы көрсеткен ерлігі үшін аға сержант Демеу Таубаев ІІІ дәрежелі «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысында неміс басқыншыларын жеңгені үшін», басқа да он төртке жуық медальдар мен төс белгілерді кеудесіне тақты. Елге оралған соң Қосшағыл мұнай кәсіпшілігінде, халық шаруашылығының өзге де салаларында, Құлсары станциясының №11 теміржол дистанциясында есепші, бас есепші болып еселі еңбек етті. Мекеме-де бастауыш партия ұйымының төрағасы болды. Демеу ақсақал жұбайы Жай-нашпен бірге алты баланы дүниеге әкелді. Жары өмірден өткенде балаларының алды 16, кішісі 3 жаста ғана еді. Перзенттеріне асқар таудай әке бола білген ол ұл-қыздарын адалдыққа, жоғары білімге баулыды. Оқ пен оттың ортасында етігімен су кешкен қарт майдангер 1997 жылы 75 жасында дүниеден озды.

е.Қошақанов(Мақала «кең Жылой» газетінің 2015 жылғы 26 ақпандағы

санында жарияланған.)

Page 164: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

164

БИСенғалИев Тапырыш

Бірде «Президент және Халық» газетінде «Мемориал» деректер базасында жарияланған Ұлы Отан Соғысында Қазақстан аумағынан әскерге шақырылып, соғыс кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткендердің тізімі жарияланды. Осы материалды қарау арқасында, мен сандаған жылдар бойы «хабар-сыз кетті» деп есептелген Тапырыш көкемді тауып ал-дым. Бұрын біз ол туралы қайдан, қалай іздесек те, еш мәлімет ала алмайтын едік. Газетте жарияланған мәліметтер арқылы іздеу барысында, сайттан тайға таңба басқандай: «Бисенгалиев Тапруш-1916 г.р., при-зывался 01.03.1940 году Макатским РВК, Гурьевской области, Каз.ССР. Погиб в плену 16.09.1942 г» деген ха-

барды алдық, тізімде 34 749-шы адам болып тұр екен. 05.07.1941 жылы Белоруссияның Барановичи қаласы маңында тұтқынға түскен. Польшаның Чен-стохово, Замосць қалаларындағы тұтқындар лагерлерінде болған. Сүйегі Польшаның Замосць қаласындағы бауырластар бейітінде жатыр.

Енді көкем туралы азғана дерек бере кетейін. Бисенғалиев Тапырыш көкем 1916 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл деген жерде шаруа от-басында дүниеге келген. 1935-1939 жылдары Гурьев қаласындағы мұнай тех-никумын «Мұнай ұңғыларын бұрғылау технигі» мамандығы бойынша аяқтап, диплом жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғап шығады. Содан жолдамамен Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз мұнай кенішіне келіп жұмысқа тұрады, сол мұнай кенішін ашуға атсалысады. 1 наурыз 1940 жылы Мақат аудандық әскери комиссариатының шақыруымен әскерге алынады. Алғашқы кезде Мо-сква түбіндегі Алабино стансасында орналасқан «300-й отдельный зенитный дивизионда» штабта писарь болып борышын өтеп жатады. Артынан соғыс басталғанда Латвия, Польша жерлерінен жазған хаттары келіп тұрады. Ол хат-тарды мен көрген емеспін, біздің отбасы мүшелерінен естігенім ғана, менде көкемнің техникумды бітірген кезде диплом жұмысын «өте жақсы» деген бағаға қорғағандығы жөніндегі техникум директорының қолы қойылған, мөрі басылған анықтаманың көшірмесі мен Алабино стансасында болғанда көкеме 30.05.1940 жылы берілген «увольнительныйдың» (Москваға бару үшін), сол дивизионның бүкіл құпия құжаттарын алу үшін берілген сенім хаттың көшірмесі ғана бар. Қолымдағы бар мәлімет осы ғана. Тапырыш көкем әскер қатарына үйленбестен кеткен еді. Артында ұрпағы қалмады. Ауылдас қарттардың айтуынша жанып тұрған, білімге деген құштарлығы зор жас болыпты. «Бұндай жанып тұрған бала Бисекеңнің маңдайына сыймай кетті ғой» деп отыратын ауылымыздың қарттары менің Бисенғали атамды жұбатып. Тапырыш көкем біздің әулетті мұнай өндірісіне алып келген адам. Атамның үшінші ұлы. Атамның алғашқы екі

Page 165: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

165

ұлы педагогикалық білім алып, мұғалімдік мамандықпен айналысқан. Ал Тапы-рыш көкем ата-анасын мал шаруашылығымен айналысатын ауданнан мұнай өндірумен айналысатын ауданға көшіріп алып келіп, атамның ұрпақтарының келешегін мұнай саласымен тығыз байланыстырып, өндіріске кіріктіріп кет-кен адам. Өзі оқыған оқуының, алған білімінің (кім білген, мүмкін тірі болса ары қарай да тереңдетіп оқып алар ма еді) қызығын көрмесе де, көкеміздің салып кет-кен ізін біз жалғастырып келе жатырмыз. Бисенғали әулетінен шыққан жоғары білімді мұнайшылар, геолог-барлаушылар, бұрғышылар жетерлік. Атақ-даңқтан да, марапаттардан да құр алақан емес. Қазіргі кезде Тапырыш көкем салып кет-кен ізбен мұнайшы болып еңбек етіп жатырған Бисенғали атамның үшінші-төртінші буыны. Санамалап жатпаймын, сандары жағынан да, сапасы жағынан да Тапырыш көкемнің атына кір келтіріп жатырғандары жоқ. Бәрі де абырой-лы. Бисенғали атамның Тапырыш көкемнен кейінгі мұнай саласында абыройлы еңбек еткен екі баласын ғана атап өткенді жөн көріп отырмын. Біреуі менің анам Бисенғали қызы Балжан (1923-2013ж.ж.) Ол 1939 жылы, 16 жасында жаңадан ғана ашылып жатырған Сағыз мұнай кәсіпшілігіне жұмысқа тұрып, зейнетке шыққанынша сол кенорынында абыройлы еңбек етті. Соғыс жылдарындағы жанқиярлық еңбегі үшін алған марапаттары жетерлік: 28.11.1942 жылы «По-хвальная грамота», 28.11.1952 жылы медаль «За трудовое отличие», 13.05.2005 жылы «Мақат мұнай кенорынына 90 жыл», «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 50, 60, 65 жыл» мерейтойлық төсбелгілері, тағы да басқа көптеген алғыс хат-тар, мақтау грамоталары жетерлік. Абыройлы өмір сүріп 90 жасқа келіп өмірден озды. Екіншісі, Бисенғали атамның сүт кенжесі Атағозиев Құлымғара ақкөкем (1928ж.т). Бұл кісі де 1944 жылы, 16 жасында осы кәсіпорынға жұмысқа тұрып, зейнетке шыққанынша абыройлы еңбек етті. Қатардағы үйренуші мұнайшы бо-лып бастап, ұзақ жылдар осы мұнай кәсіпорынының басшысы болды. Өсу жол-дарында әр жылдары кәсіпорынның комсомол, кәсіподақ, партия ұйымдарына да басшылық жасап, осы кәсіпорынның басшысы дәрежесіне дейін көтерілді. Адал еңбегі үшін үкіметтен алған марапаттарының бәрін жазып жатудың қажеті бола қоймас, көп орын алады, тек кейбіреулерін ғана көрсетіп өтейін: «Отлич-ник нефтяной промышленности СССР», «Ветеран ВОВ», «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіске 30,40,50,55,60 жыл», медаль «За доблестный и самоотверженный труд в период ВОВ», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» мерейтойлық төсбелгісі және Қазақстан Республикасының президентінің Алғыс хаты ... Қазіргі кез-де дін аман, жасына қарағанда тың, Атырау қаласында тұрып жатыр. Он бала-ны өсіріп, оқытып білім беріп, мұнай саласына маман қылып қосып отырған, немерелерінің, шөберелерінің қызығын көріп отырған абыройлы абыз ақсақал. Қарт Ембі мұнайының көзі тірі ардагерлерінің бірі.

Тапырыш көкем ашылуына еңбек үлесін қосқан, қалған іні-қарындастары оның жолын жалғастырған Сағыз мұнай кенорыны әлі де еліміздің экономикасы-на пайдасын тигізіп мұнайын беруде. Мұнайы өте жоғары сапалы, сұйық, көгілдір түсті. Соғыс кезінде еңбек еткен қарт мұнайшылардың айтуынша самолеттерге, танктерге ешқандай өңдеуден өткізбестен де тікелей құйып пайдаланған кездері болыпты.

Page 166: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

166

Тапырыш көкем де, сұм соғыс болмағанда, қазіргі кезде Қазақстан мұнайының марқасқа корифейлерінің бірі болып отырар ма еді?! Бисенғалиевтар мұнайшылар династиясының басында маңдайы жарқырап, ботаның көздеріндей екі көзінен мейірім төгіліп, алдымызда ақылшы, әулеттің саялы бәйтерегі боп отыруы да әбден мүмкін еді ғой?!

Өткенге өкінуге болмайды деседі... Дегенмен де пендеміз ғой. Көкемнің осы ха-барын алғаннан бері мынадай ойға келдім. Менің Тапырыш көкемді өмірден ізсіз кетті деуім бекер екен. Оның жолын жалғастырып келе жатқан Бисенғалиевтар әулеті барда, оның ізі жоғалмайды екен. Өмірден ерте кетсе де, артына із тастап аққан құйрықты жұлдыздай боп өткен екен менің Көкем!

«Мемориал» деректер базасын жариялаған «Президент және Халық» газетіне алғысымды білдіріп хат жазғанымда, менің ойыма Бисенғали ұлы Тапырыш көкем жөнінде осындай ойлар келген еді.

Бисенғалиев Бисенбай,зейнеттегі ардагер геолог-барлаушы, «Құрмет» орденінің иегері.

1939 жылы осы мамандықты Тапырышпен бірге Оразалиев Шамбай, Сәлиев Жауқан да оқып бітірген

Page 167: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

167

Т.Бисенғалиевтың өз қолымен жазылған «Доверенность»

Немістер лагеріндегі тұтқын Т.Бисенғалиевтың жеке карточкасы

Page 168: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

168

ИБраева райХан ҚыдырБайҚызы (1924-1948 ж.ж.)

Ұлы Отан Соғысына дейін аудан орталығы Қосшағыл поселкесінде «Социалистік ауыл» газетінің жауапты хатшысы болып еңбек еткен. 1942 жылы 22 қазанда Ұлы Отан Соғысына өзі сұранып, майданға аттанғанда 18 жаста болған екен. Майданға Жылой аудандық әскери комиссариатынан аттанған. 1943 жылы қаңтар айында әскери дайындықтан өткеннен кейін, Тамбов түбіндегі №1083 артиллерия полкінің құрамында ұрысқа қатынасады. Осы полк құрамында та-лай қанды шайқастарды басынан кешіп, Курск, Орел, Казатин, Бердичев, Киев қалаларын жаудан азат етуге қатысады.

1944 жылы № 416-зениттік артилериялық полктың құрамында Украинаның Житомир қаласын азат етуге қатынасып, фашистерді өз ұясында талқандап, Жеңісті Берлинде қарсы алады. Соғыс кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін командирлерінен бірнеше рет алғыс, Бас қолбасшыдан мақтау грамотасы, бірнеше орден, медальдар алды.

1945 жылдың желтоқсан айында елге оралған соң, Сағыз мұнай кәсіпшілігіне кадр бөлімінің бастығы болып жұмысқа орналасады. Тұрмысқа шыққаннан кейін, 1948 жылы соғыс салған жарақаттан кенеттен қайтыс болады.

«70 жыл желбірейді Жеңіс туы» кітабының 486-ншы беті.

Page 169: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

169

Сағыз м.ө.кәсіпшілігі бойынша автоматшылар батальонына кірген ерікті-мұнайшылардың Тізімі

1. Қайырлиев Қадыр – 1913 ж.т.2. Юсупов Исмайл -1914 ж.т.3. Аухатов Хансұлтан - 1903 ж.т. 4. Арысов Нәби - 1913 ж.т.5. Ізғанов Таңат - 1920 ж.т.6. Мұқашев Жәнібек - 1912 ж.т.7. Қарамұрзиев Боқай - 1913 ж.т.8. Қалдығариев Қалым - 1913 ж.т.9. Қоныспаев Мұханбет - 1913 ж.т.10. Мұханов Абдол - 1910 ж.т.11. Кісенбаев Мұханғали - 1907 ж.т.

Page 170: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

170

Селә

убай

(Сил

овая

). 19

86ж

. Арғ

ы ж

ағы

нда

Сағы

з ау

ылы

ның

көрі

нісі

Page 171: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

171

алТыншы БөліМ

БаҚыТын Мұнайдан ТапҚан әулеТТер

Page 172: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

172

Мұнайшылар дИнаСТИяларыҚазақтың қара алтыны.... Әрине, алтын деген сөздің өзі әуезді естіледі.

Бірақ, осы қара алтынды игеріп, ел игілігіне жарату оңай ма? Осын-дай зейнетінен бейнеті көп, қара нар қайыспай көтерердей жүгі бар іске тұтас бір әулеттің өз өмірін арнауы жиі бола бере ме? Сірә, бұл да таңдаулылардың несібесіне бұйырар ризық болса керек. Бұл бөлімге біз еңбек жолы Сағыз мұнай кәсіпшілігінен бастау алып, әлі күнге жалғасын тауып келе жатқан, әулетімен мұнай саласында еңбек етіп жатқан ұрпақтар туралы мәліметтер бердік. Мұндай әулеттер еліміздің тари-хында да, жалпы қай мамандыққа да қатысты, көптеп кездеседі. Баяғыдан айтылатын әкесінің таяғын ұстап, жолын жалғастырған деген ұғым қай әулеттің де тарихында бар. «Егіншінің баласы арық қазып ойнайды» деген-дей, бала күнінен көргенін өміріне үлгі етіп алу қай қазаққа да жат емес. Ал, тұтас бір әулеттің аталар жолын жалғастырып, мұнай саласында қызмет етуі деген де сол ұлы жолдың жалғасы, ұрпақтар сабақтастығы деген дұрыс шығар.

аТағОзИев-БИСенғалИевТар әулеТіСағыздағы мұнай өндіру кәсіпшілігінде еңбек еткен бұл әулеттің бастауында

Атағозы ұлы Бисенғали тұр.

Бисенғали атағозы ұлы (1881(1877) – 9.03.1969 ж.ж.)Бисенғалидың туған, өскен жері, табаны Гурьев об-

лысы, Қызылқоға ауданы Қарабау кентінің маңындағы Қаракөл жері. Көкмешіт, Қызылмешіт деген татарлардың күйген кірпіштен салдырған мешіттері болған.

1877 жылы (1881) туылып, 9.03.1969 жылы 92 жасында қайтқан. Бейіті Сағыз мұнай кәсіпшілігінің Құлсары – Аты-рау асфальт жолының бойында, Доссорға 22 км қалғанда, төбе басындағы қорымда. 1938 жылы Сағызға көшкенше туған өлкесінде тұрады. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде атшы

болады, соғыс жылдарында мұнай нысандарын қорғайтын күзет қызметінде жұмыс жасайды. Туған өлкесін тастап Сағызға көшіп келу себебі, 1928 жылы мал-мүлкі тәркіленген болатын және Тапырыш деген үшінші ұлы Гурьевтегі мұнай техникумында оқып, ендігі жерде болашақ мұнай саласында, өндірісте болаты-нына көздерін жеткізеді.

Page 173: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

173

Тапырыш Бисенғалиұлы (15.06.1917-16.09.1942 ж.ж). Бисенғалиев Тапырыш 15.06.1917 жылы Гурьев облы-сы, Тайпақ ауданы, 16 ауылда Атағозы ұлы Бисенғали мен Сәрсембаева Қалықыздың(Қалекеннің) жанұясында туған. 1935-1939 жылдары Гурьевтің мұнай техникумында оқып, «Мұнай-газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бой-ынша аяқтап, «өте жақсы» деген бағаға дипломын қорғап шығады. Техникумның жолдамасы бойынша Сағыз мұнай кәсіпшілігіне жұмысқа тұрады. 01.03.1940 жылы Мақат аудандық әскери комиссариатының шақыртуымен әскерге

алынады. 05.07.1941 жылы немістердің тұтқынына түседі. 16.09.1942 жылы Польшаның Замосць қаласындағы тұтқындар лагерінде қаза табады.

Балжан Бисенғалиқызы (01.12.1923-15.06.2013 ж.ж).Гурьев облысы Қызылқоға ауданы Қаракөл елді мекенінде Бисенғали мен Қалекеннің шаңырағында дүниеге кел-ген. 1939 жылы 16 жасында Сағыз мұнай кәсіпшілігіне мұнайшы болып жұмысқа тұрған. 1943 жылы ВЛКСМ, ок-тябрь айы 1954 жылы КПСС мүшесі болып қабылданған. 1978 жылы 20 апрельде(дұрысы декабрь 1973 жыл) Сағыз мұнай кәсіпшілігінен жоғары дәрежелі мұнайшы болып зей-нет демалысына қалған. Марапаттары: «Похвальная грамо-та» 28.11.1942 ж., медаль «За трудовое отличие» 28.11.1952

ж., «Медаль материнства – 2 степени» 27.08.1963 ж., «Медаль материнства – 1 степени» 25.12.1965 ж., медаль «50 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941 – 1945 г.г.», медаль «60 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941 – 1945 г.г.», медаль «65 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941 – 1945 г.г.», медаль «Мақат мұнай кенорынына 90 жыл» 13.07.2005 ж. 15 июнь 2013 жылы дүниеден озды.

Құлымғара атағозиев Бисенғалиұлы (9.02.1928 ж.т.) Туған жері – Қаракөл. Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы. 16 жасынан бастап, 43 жыл Сағыз мұнай өндірісі кәсіпшілігінде, 1987 жылы зейнеткерлікке шыққанынша еңбек еткен. 1969 жылы Гурьев политехникумын техник-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын коллектор болып бастап, Сағыз мұнай өндірісі кәсіпшілігінің басшысына дейін көтерілген. Еңбек жолында Сағыз, Қошқар мұнай кәсіпшіліктерінде кәсіподақ комитеттерінің, Сағыз ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болған. Аудандық партия комитетінің

мүшесі, аудандық кеңестің депутаты болып бірнеше рет сайланған. «КСРО Мұнай кәсіпшілігінің үздігі», алты медальмен, грамоталармен мара-

патталып, Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан Мұнайының 100 жылдығына орай Алғыс хатын алған. Жары Махамбетова

Page 174: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

174

нұрбиға (18.04.1936–01.05.2000 ж.ж.) Сағыз механикалық шеберханасында токарь болып зейнетке шыққанынша еңбек еткен.

ұрпақтары:1. Орынғали Құлымғара ұлы. (22.09.1954 ж.т.) Мұнайшы-инженер. Балалары:

Асхат-мұнайшы(балалары: Нұргүл, Арай), Ардақ-заңгер(балалры: Айдана, Аль-бина), Бауыржан-мұнайшы-инженер.

2. Гүлшара Құлымғара қызы. (05.12.1956-11.05.2011 ж.ж.) Мұнайшы-инженер. Баласы: Жадыра.

3. Серікқали Құлымғара ұлы. (05.12.1958 ж.т.) Құрылысшы-инженер. Балала-ры: Әмина, Мөлдір.

4. Рамазан Құлымғара ұлы. (20.02.1961 ж.т.) Мұнайшы. Балалары: Әсет, Бе-кет(26.06.1990-15.07.2009 ж.ж.), Жазира.

5. Гүлфара Құлымғара қызы. (22.04.1063 ж.т.) Мұнайшы. Балалары: Мейрам-бай, Тельман, Нұрболат, Гүлназ.

6. Орақ Құлымғара ұлы. (11.11.1965 ж.т.) Теңіз портында докер. Балалары: Эль-вира(08.08.1991-25.08.2011 ж.ж.), Мәдина, Дәулет, Аида.

7. Бейбіт Құлымғара ұлы. (27.12.1969 ж.т.) Мұнайшы. Балалары: Әнет, Әсел.8. Гүлжан Құлымғара қызы. (23.05.1972 ж.т.) Балалары: Әйгерім, Арман, Айда-

на, Думан.9. Ерболат Құлымғара ұлы. (16.07.1974 ж.т.) Дәнекерлеуші. Балалары: Маяжан,

Нұрбол.10. Гүлмира Құлымғара қызы. (06.02.1976 ж.т.) Балалары: Динара, Гүлдана.

Садықова (Бисенғалиева) нұржамал Қамысбайқызы23 желтоқсан 1946 жылы, Гурьев облысы, Мақат ауда-

ны, Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнайшылар отбасында дүниеге келген. Білімі: 1954-1962 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі 7 жылдық орталау мектепте,1962-1964 жыл-дары Ескене мектеп-интернатында оқып 11 класстық орта білім алған. 1966-1968 жылдары Гурьев қаласындағы бай-ланыс техникумында оқып, электромеханик мамандығын алып шыққан. Еңбек жолдары: 1964-1966 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болып еңбек

еткен. 12.04.1968 жылы жолдамамен Шевченко қаласындағы ЭТУС байланыс мекемесіне электромеханик мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. 1968 жылдың сәуір айынан қыркүйек айына дейін Ескі Жетібай, Су-4 кенттерінде, Шев-ченко қаласында мамандығы бойынша жұмыс жасап, тәжірибе жинақтап, Ж. Өзен қаласына алған мамандығы бойынша тұрақты жұмыс жасауға тағайындалған. 1968-1990 ж.ж. Ж. Өзен қаласында мамандығы бойынша электромеханик ЛАЗ, 1990-1993 ж.ж. инженер ЛАЗ, 1993-2000 ж.ж. Ж. Өзен қалалық «Қазақтелеком» мекемесінің басшысы болып еңбек еткен. 2000-2004 ж.ж. штаттың қысқаруына байланысты осы аталған мекемеде инженер болып еңбек етіп зейнет демалысы-на шыққан.

Марапаттары: Мұнай саласындағы еңбегі үшін: 26.10.1966 жылы Қазақстан

Page 175: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

175

ЛКСМ комитетінің «Похвальный лист» грамотасы, 29.04.1967 жылы «Свидель-ство почета» кітабына тіркелген. Байланыс саласындағы еңбегі үшін: 06.11.1979 жылы Шевченко ЭТУС-ның «Почетная грамота» марапаты, 03.11.1980 жылы МОПТУС-тың «Почетная грамота» марапаты, 22.04.1985 жылы МОПТУС-тың «По-четная грамота» марапаты, 2011 жылы «Жаңа Өзен мұнайына 50 жыл» төсбелгісі, 2012 жылы «Маңғыстау облысына 40 жыл» төсбелгісі. Жанұялық-тұрмыстық жағдайы: Екі ұл, бір қыздан немере-жиендері бар. Ұлы Арман Асылбекұлы «Орта Азия Университетін» инженер-системщик мамандығы бойынша аяқтады, сол салада еңбек етуде. Жанұялы. Қызы Айжан Асылбекқызы Жаңа Өзен Мұнай колледжін қызыл дипломмен аяқтап, Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Политехникалық Институттың мұнай факультетін геолог мамандығы бойын-ша аяқтап қазыргі кезде мұнай саласында жетекші геолог болып еңбек етуде. Жанұялы. Ұлы Тельман Асылбекұлы Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Политехникалық Институттың мұнай факультетін мұнай өндіру инженері мамандығы бойынша аяқтап қазыргі кезде өз мамандығы бойынша еңбек етуде. Жанұялы.

Бисенғалиев БисенбайГурьев облысы Мақат ауданы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде

5.ХІІ.1951 жылы дүниеге келген. 1959–1967 жылда-ры Сағыздың 7 жылдық мектебін, 1967–1969 жылдары Қошқар мектеп-интернатында оқып 10 класстық орта білім алған. 1969–1974 жылдары Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультетін бұрғылау инженері мамандығы бойын-ша оқып аяқтап тау-кен инженері деген жоғары білім алған. Жолдамамен Маңғыстау облысына «Маңғышлақ

мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына (КЭ «МНГР») 1974 жылы жұмысқа орналасқан. Бұрғышы көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау қондырғысының шебері, бұрғылау қондырғысының бастығы, инженер-технолог, аға инженер, учаске бастығы, аймақтық инженерлік қызметтің ауысым бастығы, мұнай газ барлау экспедициясының басшысының өндіріс жөніндегі орынбасары, экспедиция бас-шысы болған. Маңғыстаудың мұнайы мен газын барлауға сіңірген еңбегі жеміссіз болған жоқ:

1. «ІХ бес жылдықтың социалистік жарыс жеңімпазы» төс белгісі, 2. Қ.Р.Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамо-

тасы», 3. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісі, 4. «Маңғыстау мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясына 50 жыл» төс белгісі,5. «Құрмет» ордені, 6. «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы» төс белгісі, 7. «Еңбек ардагері» төс белгісі сияқты отан наградаларымен, ақшалай-заттай

сыйлықтармен, аудандық әкімшіліктің алғыс хаттарымен марапатталған. Басшылық қызметке тағайындалғанға дейін ұзақ жылдар бойы қоғамдық жұмыс

Page 176: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

176

ретінде ұжымдық кәсіподақ ұйымына жетекшілік жасаған. Қоғамдық жұмысты да абыройлы атқарғаны үшін сол кездегі Кеңес Одағының Орталық кәсіподақ комитетінің (ВЦСПС) бірнеше дүркін, республикалық, облыстық кәсіподақ комитеттерінің құрмет грамоталарына, алғыс хаттарына, сыйлықтарына ие болған. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына, «Незабываемое: стра-ницы истории Мангистау» энциклопедиясына, «Олар алғашқылардың бірі бол-ды. Они были первыми» деген кітапқа енген. 1977 жылы Бисенғалиева Ермек Мұқашқызымен тұрмыс құрған. Жұбайының 2001 жылы «Іңкәр жүрек» жыр жинағы жарық көрген.

Төрт бала тәрбиелеп өсіріп, жоғары білім, жақсы мамандық алуларына ықпал жасаған, бірнеше немерелер мен жиендердің атасы. Үлкен ұлы – Азамат – Ақтау политехникалық институтының мұнай факультетін мұнайшы мамандығы бойынша бітірген жоғары дәрежелі мұнайшы инженер. Шетелдік «Вазерфорд» компаниясында мұнай ұңғымаларында болатын күрделі жұмыстар жөніндегі Қазақстан бойынша Бас Менеджер. Мамандығы бойынша дәрежесін, кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін Американың бірнеше штатында Техас, Окла-хома, бірнеше рет, Канадада , Шотландияда, Норвегияда, Францияда (Парижде), Біріккен Араб Әмірлігінде (Дубайда) білімін жетілдіріп, оқып, тәжірибеден өткен. Жолдасы, Гузель, мұнайшыларға транспорттық қызмет көрсету мекемесінің есепшісі, балалары: Саят, Диас, Таймас, Сафия.

Қызы – Ақмаржан – Жаңа Өзен медициналық училищесін бітірген. Жоғары са-натты медбике. Осы салада еңбек етуде. Жолдасы, Ерболов Сәрсен Амантұрлы ұлы, Теңіз мұнай кенішінің әкімшілігі басшысы, балалары: Нұрасхан, Зерде.

Қызы – Ақмарал – Ақтаудың экономикалық лицейін жақсы аяқтап, Санкт-Петербургтің инженерлік-экономикалық институтында оқып өндіріс экономикасының менеджері мамандығы бойынша білім алып, инженер-эконо-мист мамандығын алған. Мұнай өндірісі саласының бір мекемесінде бас есепші. Тұрмыста, баласы: Әмина.

Кенже ұлы – Саламат – Маңғыстау политехникалық колледжінің мұнай өндіру саласы мамандығын дайындайтын бөлімінде оқуын қызыл дипломмен аяқтағасын, Ақтаудың Ш.Есенов атындағы политехникалық институтының мұнай факультетіне түсіп, оны да үздік аяқтап, шетелдік «Шлюмберже» ком-паниясында мұнай ұңғымаларына геофизикалық қызмет көрсетумен айна-лысады. Екі мәрте Францияда білімін жетілдіріп, өндірістік әдістемеден өткен. Үйленбеген.

СаБуғалИевТар әулеТі

Сабуғалиевтарды мұнайлы өңірге бастап келген әкеміз Қажымұрат. Ол Қызылқоға өңірінен 1942 жылы, 16 жасында Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігіне келеді. Қасында апасы Нұрыш, інісі Сәтібек (1936-1953 ж.ж.) болған. Сол кезде әкемнің Қырмызы деген апасының жолдасы Жарас жездеміз Сағыз ауыл кеңесінің хатшысы екен. Әкеміз соларды сағалап келіп осы кәсіпшілікке мұнайшы болып жұмысқа тұрады. Қырмызы апамыз, оның сіңлілері Зира, Нұрыш апаларымыз

Page 177: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

177

Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бірге болдық. Сәтібек ағамыз өндірісте болған өрескел қателіктен аяқ астынан 1953 жылы қаза тапты. Осылайша Сабуғалиевтер әулеті мұнайшылар болып қалыптасты.

Сабуғалиев Қажымұрат (20.03.1926-1983 ж.ж.)Гурьев облысы, Тайсойған өңірі, Қызылқоға ауданында

дүниеге келді. 16 жасынан бастап еңбекке араласты, «ЕмбіМұнайГаз» бірлестігінің Сағыз мұнай кен орнында көптеген жылдар жерасты мұнай көзін зерттеу және же-расты сораптарының жұмысын сараптап тексеру мама-ны болып жұмыс атқарды. 1955 жылы Гурьев Мұнай тех-никумында сырттай оқып, еңбектен қол үзбей «Мұнай кен орнының технигі» деген мамандық алды. 1957-1959

жылдары Алматы қаласындағы «Ауыл шаруашылық институтының» механик мамандығына оқып білім алды. 1960 жылдан 1981 жылдың тамыз айына дейін, сол Сағыз мұнай кен орнында жерасты жабдықтарын жөндеу және мұнай өндіру учәскесінің мастері болып еңбек атқарды. Отыз тоғыз жыл мұнайшылық еңбек атқарып, 1981 жылы зейнеткерлікке шықты. Артында із қалдырды, балала-ры: Махсот, Мақсым, Тыныштық, Мақым, Айгүл бәрі де мұнайшы мамандығын игеріп, мұнай саласында еңбек етуде.

Сабуғалиев Мақсот Қажымұратұлы (3.071948 ж.т.)Гуръев облысы Мақат ауданының Сағыз кентінде туылған. 1968 ж. – Гурьев политехникалық техникумын мұнай мен газды тасымалдау және сақтау жөніндегі тех-ник-механик мамандығы бойынша, 1984 ж. – В.И.Ленин атындағы ҚазПТИ-ді кен инженер-геологы мамандығы бойынша бітірген. 1968 ж. – Семей тауар-көлік басқармасының Аякөз мұнай базасының Бас механигі, 1969 ж. КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің

Мұнайды тасымалдау жөніндегі бас басқармасының «Оңтүстікмұнайқұбыры» Өзен бөлімінің Тауар-операторы, Инженер-диспетчері, Аға инженер-диспетчері, Ауысым бастығы, Суйық қойма паркінің бастығы, Өзен Линиялық-өндірістік диспетчерлік станциясының бастығы Өзен ЛӨДС. 1984 ж. Өзенмұнай МГӨБ нің №3 жерқабат қысымын қолдау цехының Аға технологі, №1 жерқабаты қысымын қолдау Цехының бастығы. 1986 ж. «Қаражанбастерммұнай» МГӨБ-нің мұнай өндіру Цехының шебері, мұнайды дайындау және айдау Цехының бастығы, Ғылыми-өндірістік жұмыстар цехының (ҒЗӨЖЦ) бастығының Орынбасары, «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның өндірістік Бөлімінің бастығы. 1995 ж. «Мұнайгаз» Мемлекеттiк ХолдингКомпаниясының мұнайды тасымалдау жөніндегі бас басқарма Бөлімінің бастығы, баланс басқармасының мұнай жеткізу Бөлімінің бастығы. 1997 ж. Мұнай және газ өнеркәсібі министірлігнің Бас диспетчерлік басқармасының мұнайды жеткізу және өңдеу жөніндегі талдау бақармасының Жетекші инженері, Мұнайды жеткізу және өңдеу жөніндегі талдау Бақармасының

Page 178: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

178

бастығы. 1997 ж. «Қазақойл» ҰМК ЖАҚ-ның өндірісті басқару департаментінің Манғыстау облысы бойынша Бас менеджері, Бас инженері, сектордың Бас талда-ушысы. 2002 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Өндіруші активтер департаментінің Бас менеджері. Қазіргі уакытта зейнеткер. «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл» белгілерімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапаталған, ҚР Президентінің алғысымен аталған. «Өзен – Гурьев – Куйбышев» бірегей мұнай құбырын пайдалануын іске қосуға тікелей қатысқан (1969 ж.) Жұбайы - Серікқайша Мұқашева Рахманбердіқызы, зейнеткер.

Ұлы, Марат Сабуғалиев, Астанада, «КазТрансОйл» мекемесiнің «Эксплуатация» департаментінде бас менеджер. Жолдасы: Сәуле, жеке кәсіпкер, «КазИнтерТехт» мекемесінің директоры.

Балалары: Әлішер Сабуғалиев, Марғұлан Мақсот, Фатима Сабуғалиева.Қызы Меруерт Сабуғалиева, Алматыда, «Транко» АҚ мекемесiнде Директор-

лар Кеңесінің кеңесшісі. Мұнайшы. Баласы: Дәулет.Қызы, Мадина Сабуғалиева, Ақтауда, «ҚазМұнайтеңіз» мекемесінде инже-

нер. Балалары: Әлихан, Жәния, Исатай.

Сабуғалиев Мақсым Қажымұратұлы1952 жылы 24 наурызда Гурьев облысы, Мақат

ауданы, Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келді. 1969-1974 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақтың Политехникалық Институтының мұнай факультетін тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап шықты. Жолдама бойынша «Мангышлакнефть» бірлестігінің «Өзенмұнайгаз» мұнай өндіру басқармасына опе-ратор болып орналасты. Кейіннен мұнай-газ өндіру цехының басшысы, «Өзенмұнайгаз» өндіру

басқармасының бас инженерінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1993-1999 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Қаламқасмұнайгаз» өндіру басқармасы бастығының орынбасары, «Жетібаймұнайгаз» өндіру басқармасының бас инженері және басшысы болып еңбек етті. 1999-2002 жылда-ры «ҚазМұнайГаз» компаниясында, соңынан «Қазахойл Ақтөбе» басқармасында еңбек етті. 2002-2005 жылдары «Алтиес Петролеум Интернэшил БК» мұнай ком-паниясын басқарды. 2005 жылдан «Каспийнефть ТМЕ» АҚ мұнай компаниясының технология-инженерлік басқару орталығын басқарады. Жұбайы Тауниязова Бақыт, мұнайшы инженер, қазір зейнеткер.

Ұлы, Махмұт Мақсым ұлы, Астанада, «Қазмұнайгаз»-дың Қарашығанақ, Қашаған кенорындарын жобалаумен айналысатын «PSA» ЖШС өндіріс бөлімнің менеджері. Жолдасы Айгүл, «НИПИ Нефтегаз» қызметкері. Балалары: Аяна, Ескендір.

Ұлы, Мұрат Мақсым ұлы, Астанада, «ҚазТрансОйл» АҚ бас басқармасында «Мұнай айдау, сату» департаментінің бас менеджері. Жолдасы, Итебаева Әсел, «Интергаз Центральная Азия» заң департаментінде 1 категориялы заңгер. Бала-

Page 179: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

179

лары: Аймира, Бағжан, Айбибі.Ұлы, Манарбек Мақсым ұлы, Павлодарда, «ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс

филиалының операторлық қызмет көрсету бөлімінің бастығы. Жолдасы, Әлия Марат қызы Жанесенова, «КАЗENERGY» компаниясында эксперт-аналитик. Ба-ласы: Мәди.

Сабуғалиев Мақым Қажымұратұлы20.03.1955 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.к. дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы Сағыз м.ө.к. жерасты жөндеу бригадасында оператор болып бастаған. 1978-1983 ж.ж. ҚазПТИ мұнай факультетінде оқып жоғары білім алған. 1983 жылы «Қаражанбасмұнай» мұнай кәсіпшілігінде шебер, 1991-1995 жылдары сол мекемеде өндіріс бөлімінің аға инженері, 1991 жылдан «Қазақтүрікмұнай» мекемесінде инженер, цех бастығы болып еңбек етуде. Жұбайы Қалдықыз (01.02.1956 ж.т.).

Балалары: Маржан (1981 ж.т.), Мөлдір (1985 ж.т.), Шынар (1991 ж.т.).

кенЖеғалИев-дОлданОвТар әулеТі

кенжеғалиев Сайын (1890-1974 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы №17 ауылда дүниеге келген. 1914 жылы

Доссор кенішінде мұнай өндіру кәсібімен айналысып жатырған ағылшын өндірушілеріне арбакеш болып жалданған. Артынан мұнай өндіруші оператордың көмекшісі, оператор болған. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде өмірден өткен. Кенжеғалиев Сайын Кенжеғалиев-Долдановтар әулеттерін мұнай кәсіпшілігіне алып келген бастаушы тұлға.

кенжеғалиев Сағынғали Сайынұлы (1912-04.11.1965 ж.ж.)

Гурьев облысының Қызылқоға ауданындағы №17 ау-ылда дүниеге келген. Еңбек жолын 1927 жылы ұжымшарда бастаған. 1933-1938 жылдары Мақат м.ө.кәсіпшілігінде жұмысшы, кілтші болған. 1938-1965 жылдары Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде кілтші, жер асты жабдықтарын жөндеуші шебер болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен, «За трудовую доблесть», «За трудовое отличие» медальдары-мен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазақ КСР

«Еңбек сіңірген мұнайшысы». Сағынғалидың ұрпақтары:1. Сағызбай Сағынғали ұлы.(1940-1963 ж.ж.) Мұнай өндіру операторы. Бала-

сы: Орынша (1963-1964 ж.ж.)2. Сағидолла Сағынғали ұлы. (1943-1999 ж.ж.) Техник-мұнайшы. М.ө.

кәсіпшіліктерінде шебер болған.

Page 180: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

180

3. Қаби Сағынғали ұлы. (1947-1995 ж.ж.) Дәнекерлеуші.4. Сағи Сағынғали ұлы. (1950-2002 ж.ж.) Мұнайшы-инженер. Балалары: Руслан-

мұнайшы-инженер, Райхан-экономист.5. Жұмабек Сағынғали ұлы. (1953ж.т.) Мұнайшы. Балалары: Қуаныш-инженер-

геолог (балалары: Дариға, Дінмұхамед), Аққуан-инженер-мұнайшы (балалары: Ділназ).

6. Хамидолла Сағынғали ұлы. (1956 ж.т.) Мұнайшы. 7. Сұлухия Сағынғали қызы. (1960 ж.т.) Мұнайшы. Балалары: Төлеген, Өтеген,

Аманжан, Медет.

долданов Сәуір Сайынұлы (1919-1975 ж.ж.)Гурьев облысының Мақат кентінде дүниеге келген.

Еңбек жолын Мақат м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші опе-ратордан бастаған. 1938 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінен әскер қатарына шақырылған. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан Соғысында болған. 1946-1956 жылдар арасында неміс басқыншыларында тұтқында болғаны үшін өз еліміздің лагерьлерінде тұтқында болған. 1956 жылдан 1974 жылы зейнетке шыққанынша Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор, шебер болып еңбек еткен. «За трудо-

вую доблесть» медалінің, мақтау грамоталарының иегері. 1975 жылы дүниеден өтті.

долданов ұғыл (1910-1957 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1938 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болып бастап, өмірден озғанынша сол мекемеде жұмыс жасаған. «За трудовое отличие» медалінің иегері. 1957 жылы дүниеден өтті.

долданов Жәрдем ұғылұлы1937 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз ауы-

лында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жүргізуші болып еңбек еткен, 1968 жылдан 1984 жылға дейін сол кәсіпшілікте мұнай өндіруші оператор болған. 1984 жылдан Маңғыстау облысындағы «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай өндіру бірлестігіне қарасты Жетібай мұнай өндіру басқармасында мұнай өндіру опе-раторы болып еңбек етіп 1998 жылы зейнетке шыққан. Бірнеше салалық мақтау грамоталарымен, мерейтойлық

төсбелгілермен марапатталған.

Page 181: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

181

Жәрдемнің ұрпақтары:1. Зиба Жәрдем қызы. (1961 ж.т.) Мұнайшы-инженер.2. Кеңес Жәрдем ұлы. (1963 ж.т.) Мұнайшы-инженер.3. Салтанат Жәрдем қызы.(1965 ж.т.) Мұнайшы-инженер.4. Ермек Жәрдем ұлы. (1966 ж.т.) Мұнайшы-инженер.5. Ерболат Жәрдем ұлы. (1968 ж.т.) Жүргізуші.

долданов Серік (20.01.1952-01.03.2006 ж.ж.) Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз мұнай өндіру

кәсіпшілігінде дүниеге келген. Мұнайшы. Еңбек жолын 1969 жылы, орта білім беретін мектепті аяқтағаннан кейін, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайды дайындау цехы операторының көмекшісі, операторы болып бастаған. 1976 жылдан «Мақатмұнай» басқармасында м.ө.операторы, жер асты жабдықтарын жөндеу операторы болып жалғастырады. Мақат кентінде дүниеден озды. Артында 1983 жылы туған

Долданов Тұрар Серікұлы деген ұлы қалды.

ОразалИевТар әулеТі

раханұлы Оразалы (1901-1968 ж.ж.)Оразалиевтар әулетін Сағыз мұнай кәсіпшілігіне бастап

алып келген Раханұлы Оразалы. Мыңды айдаған бай атанған Раханды кәмпескелегенде, балалары Оразалы, Оразғали, Ахметқали, Мұхаметжандар азғана малымен қалыпты. Үлкендердің айтуынша, сол өңірде әлі күнге Қарабаудан он екі шақырым жерде Рахан төбе деп аталатын жер бар деседі. Колхозға кірсе де, байдың тұқымы деген қаңқудан құтыла алмағандықтан, ұрпағының ендігі тағдырын өндіріспен байланыстыруды мақсат еткен Оразалы қарт өзі мекен ет-

кен Тайсойған жерінен Сағызға 1951-1952 жылдары көшіп келеді. Жары Қошан қызы Талшынмен екеуі бес ұл, бір қыз тәрбиелеп, өсірген. Барлық перзенттері де осы кен орнында еңбек жолын бастаған.

Оразалиев Құсайын Оразалыұлы (1928-1983 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Сағыз поселкелік

кеңесінде хатшы болып қызмет атқарған. Кейін Сағыз кен орнында оператор болып, осы кен орнынан зейнетке қалған. Жары Аязбаева (Ханымкерей) Бәтима Сағыздың телефон станциясында телефонистка болып қызмет еткен. Балалары Берекет 1955 (ж.т.), еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінен бастаған. Қазір «Қайнармұнайгаз» кен ор-нында оператор, Гүлфайруз (1965 ж.т.), еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінен бастаған, қазір «Доссормұнайгаз»

Page 182: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

182

мекемесінде оператор, Берік (1967 ж.т.), еңбек жолын Сағыздағы «Водокач-ка» мекемесінде бастаған. Қазір «ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде механик. Беріктің балалары Абылай Құсайынов (1992 ж.т.), Қазақ Британ Техникалық Университетінің «Мұнай газ ісі» мамандығының магистранты, Абай Құсайынов (1996 ж.т.), Уфа Мемлекеттік Мұнай Техникалық Университетінің студенті, Берік Айназ (1998 ж.т.), Сүлеймен Демирель Университетінің «Шетел әдебиеті» мамандығының студенті.

раханов нұрсұлтан Оразалыұлы (1940-2003 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын

Сағыз кен орнында жүргізуші болып бастаған. 1972 жылы Ақтау қаласына қоныс аударып, жүргізуші болып еңбек еткен. Жұбайы Сәлима Жұмағазиева да Сағыз ауылының тумасы. Балалары Бақыт Раханов «ТүрікМұнай» компани-ясында өндірістік техникалық бөлім бастығының орынба-сары, Азамат Раханов «ҚазТрансОйл» мекемесінде.

Оразалиев Сұлтанбай Оразалыұлы (1937-1966 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Сағыз кен

орнында бұрғышы, тракторшы болып еңбек еткен. Ұрпақтары жоқ.

Оразалиев наурыз Оразалыұлы (1944-1992 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Сағыз кен ор-

нында 1960-1963, 1966-1967 жылдары мұнай операто-ры болып еңбек еткен. 1967-1972 жылдары В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқиды. 1972 жылдан бастап, Сағыз өндіріс орнында ше-бер, Қошқар кен орнында инженерлік технологиялық қызметінде инженер, цех бастығының орынбасары, цех

бастығы болып еңбек етті. 1984-1986 жылдары «Мақатмұнай» басқармасында жетекші инженер қызметін атқарып, денсаулығына байланысты еңбек мүгедегі болды. «Еңбектегі ерлігі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл» мерекелік медалімен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жары Алтаева Дәмен мұғалім. Балалары Ардақ (1976 ж.т.), «Қаражанбасмұнай» АҚ куратор, Айнұр

Page 183: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

183

(1977 ж. т.), «Қазмұнайгаз» құрылымында менеджер, Гүлназ (1982 ж.т.), Мақат аудандық әкімшілігінде кадр және персональды басқару бөлімінің басшысы, Ер-болат (1985 ж.т.), «Қаражанбасмұнай» АҚ «Тұлпар» мекемесінде шебер.

Оразалина ақзиба Оразалықызы1950 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге кел-

ген. Сағыз поселкесіндегі балабақшада, кен орнында жұмыс жасаған. Жары Амантурлиев Бауыржанмен екеуі «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясында ұзақ жылдар еңбек етіп, осыннан зейнетке қалды. Балалары Тұрлан Амантур-лиев «ҚазТрансОйл» ЖШС-де, Ақмарал Амантурлиева.

Оразалиев кенжеғұл Оразалыұлы1956 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге кел-

ген. Еңбек жолын осы жердегі «Водокачка» мекемесінде бастаған. Қазір «Қарақұдықмұнай» ЖШС-де цех бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары. Жұбайы Имашева Әсима жеке кәсіпкер. Балалары Оразалиев Амангелді (1979 ж.т.), «ҚазақОйлАқтөбе» АҚ-да механикалық басқару бөлімі бастығының орынбасары, Оразалиев Нұрболат (1986 ж.т.) «Қарақұдықмұнай» ЖШС-де басқару пульті операторы.

аязбаев Берекет (1955 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1971 жылы осы кәсіпшіліктің жылыту жүйесінде бастап, кәсіпшілік жабылғанша мұнай өндіру бригадасының операторы, мұнайды дайындау және айдау бригадасының операторы болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» басқармасында еңбек етеді. «Доссор мұнайына 100 жыл» төсбелгісімен марапатталған.

ҚОСаевТар әулеТі

Қосаев нұрғали Қосайұлы (1915-1955 ж.ж.)1915 жылы Орал облысында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысының ардагері.

«Қызыл Жұлдыз» орденінің, «Ұлы Отан Соғысына қатысушы», «Сталин» орденінің, «За защиту родины», «За победу» және басқа да медальдарының иегері. Соғыстан кейін Мақат ауданындағы Сағыз кен орнында әскерилендірілген өрт қызметінің инспекторы болып еңбек еткен. Ембі кен орындарына фашистік Германияның Абвер барлау мектебінен диверсия жасау мақсатында жіберілген тобын жоюға қатысқан. Інілері Сұлтан мен Жақсығалиды да мұнай кенішіне жұмысқа орнала-стырып, осы кен орнында отбасымен еңбек етеді. Сұлтан мен Жақсығали да Ұлы Отан Соғысының ардагерлері, Сұлтан жерасты ұңғымаларын күрделі жөндеу

Page 184: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

184

операторы, Жақсығали мұнай өндіру операторы. Нұрғалидың жұбайы Қосаева Нұрзила (1920-2007 ж.ж.), балалары: Хамит (1946-1997 ж.ж.), Ханим (10.09.1949 ж.т.)

Қосаев Ханим нұрғалиұлы 10.09.1949 жылы Гурьев облысы Мақат ауданы

Сағыз кен орнында өмірге келген. 1968 жылы Гурьев политехникалық техникумын,1975 жылы И.М.Губкин атындағы Мәскеу химия және газ өндірісі институтын тау кен инженері мамандығы бойынша бітірген. 1979 жылы Мәскеуде біліктілігін жетілдірген, 1995 жылы Бо-стон қаласының Сафолк Университетінде Қазақстан АҚШ арасындағы Бизнес-бағдарлама бойынша, бірлескен

кәсіпорындардағы менеджмент бойынша білім алған. «Совершенствование технологии подготовки высоковязкой нефти месторождения Каражанбас» (г.Москва, 1985); «Предложения по совершенствованию технологии повышения нефтеотдачи пластов месторождения Каражанбас» и улучшения экономиче-ской ситуации в АО «Каражанбасмунай» (г.Актау,1996); «Модульные установки по переработке амбарной нефти и нефтешлама» (г.Алма-Ата, 1997); «Комплекс-ное решение проблем реабилитации мелких, низкорентабельных месторожде-ний» (г.Актау, 2013) атты ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың авторы және қосалқы авторы. «Разработка новой конструкции штуцерных узлов для скважин» (1981), «Способ переработки нефтешлама и амбарной нефти» (1997), «Способ очистки резервуаров нефти и устройство для его осуществления» (2003), «Применение паровой насадки для зачистки призабойной зоны сква-жин» (2004) тақырыбындағы ғылыми-өнертапқыштық жасалымдарына па-тент алған. Еңбек жолы: 1968 жылдан бастап «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты «Өзенмұнайгаз» басқармасында слесарь болып еңбек ет-кен. Жоғары оқу орнын бітірген соң, оператор, шебер, бөлімше бастығы, бас инженер болған. 1983 жылдан «Қаражанбас» кен орнында бас инженер, 1988 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» өндірістік бірлестігі Бас директорының көмекшісі, өндіріс бөлімінің басшысы, Инженерлік Техникалық Қызмет Орталығының бастығы, 1994 жылы Бостон қаласының Сафолк Университетінде Қазақстан АҚШ арасындағы Бизнес бағдарлама бойынша, бірлескен кәсіпорындардағы ме-неджмент бойынша білім алған. 1996 жылы «Жетібай Куест» ЖШС де, «Куест Петролеум» ҚазақАвстрия біріккен компаниясында, 1999 жылы «Модульная технология», корпорациясының бас директорының орынбасары, «ОТО Пром» ЖШС-нің директоры, ҚР Минералды ресурстар және энергетика министрлігінің мұнай және газ өндірісі диспечерлік басқармасының директорының орынба-сары, директоры, «Нельсон Ресoрсес» компаниясының басқарушы менеджері, «Меридиан петролеум», ЖШС-нің менеджері, «Астана ойл компани» ЖШС-нің техникалық директоры қызметтерін атқарған. 2010 - 2014 жылдар аралығында «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ-ның жетекші инженері, 2014 – 2015 жылдары «Энерготексеріс» ЖШС-де «Тенгизшевройл» ЖШС- дегі мұнай мен газ

Page 185: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

185

өндірудегі қуат көздері мәселелері бойынша маман. Қазақ ССР-нің Құрмет Грамо-таларымен, «Өзенмұнайгаз» мекемесінің 40 жылдығы», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы» (2011 ж), «Самұрық Қазына» ҰҚҚ-ның Алғыс хатымен (2013 ж), көптеген мұнай кен орындарына енгізген жаңа технологиялары үшін Мұнай компанияларының Алғыс хаттарымен (2013 ж) марапатталған. Балалары Гулья-на, Абдол, Нұрлан. Бәрі де жоғары білімді, отбасылы, мұнай ісі саласында еңбек етеді, үшеуінен он бір немере сүйіп отыр.

Тәңірбергенов Сұлтан Қосайұлы (1908-1985 ж.ж.)Ұлы Отан Соғысына қатысқан ардагер. Бұрғышы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде

жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасында жұмыс жасаған. Жұбайы, Қанзила (1918-1982 ж.ж.) екеуінің балалары: Зиба-1938 ж.т., Әли-1945 ж.т., Аманжан-1947 ж.т., Мақсот-1958 ж.т.

Қосаев Жақсығали Қосайұлы (1919-1970 ж.ж.)1939 жылдан бастап мұнай саласында еңбек еткен. Ұлы Отан Соғысының

ардагері. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1947 жылдан моторист, оператор, ше-бер болып жұмыс жасаған. Осы кен орнынан 1954 жылы еңбек мүгедегі болып, зейнеткерлікке қалған. Ұрпақтары: Қосаева Ибаш (1954 ж.т.) инженер мұнайшы, Қосаев Орынғали (1958-19.. ж.ж.) мұнайшы, Қосаев Мереке (1960 ж.т.) инженер бұрғышы, Қосаева Қибаш (1963 ж.т.) медицина қызметкері, Наурыз (1966-1982 ж.ж.), Сара (1968 ж.т.) техникалық қызметкер, Орынай (1971 ж.т.) балабақша қызметкері.

МұҚанғалИевТар әулеТі

Мұқанғалиев Қабдол Мұхамбетұлы (1923-2001 ж.ж.) Атырау қаласында дүниеге келген. Әкесі Мұхамбет, анасы

Ақым. 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы жараланып, елге оралады. 1945 жылы Сүйенова Шәрипамен бас қосып, үш қыз, екі ұл тәрбиелеп өсіреді. Көп жылдар бойы Сағыздағы деэмульсатор цехында оператор, шебер бо-лып жұмыс жасады. 1978 жылы дүниеден өтеді. Шәрипа ана Сағыз өндірісінде кассир, есепші болып еңбек еткен. Кейін балабақша меңгерушісі болады. 2001 жылы дүниеден өтті.

Қабдолдың балалары: Мақсот, Бақтылы (Рысты), Аманғалиев Сатыбалдымен отбасын құрып, бес балалы болды. Токарь болып еңбек еткен. Светлана мұғалім, Жексенғалиев Нұртаймен отбасын құрған, балалары Әлия, Ғалия, Марат, Гүлнұр, Жанаргүл. Ұлы Болат «Болат жол» мекемесінде слесарь, Жакупова Маралмен от-басын құрған. Күлән кітапханашы, Есқариев Қайратпен отбасын құрған .

Мұқанғалиев Мақсот Қабдолұлы1947 жылы Сағыз кен орнында дүниеге келген. Бұрғышының көмекшісі,

шебері болып «Прикаспий» бұрғылау бөлімшесінде, Жылойда «Ақінген»,

Page 186: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

186

«Аққұдық», «Ақнияз», «Королевский», «Қараарна», Қызылқоға өңірінде «Мәтен», «Орысқазған» кен алаңдарында еңбек еткен. 1981 жылы ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Ұңғымаларды жерасты жөндеу шебері болып еңбек еткен. Зайыбы Рысты мен екеуі бақытты отбасы. Балалары Ақмарал, Са-мал, Арман, Тельман, Анар, Жанар, Бауыржан, Мейрамгүл, Жанар. Балаларының ішінде Арман мен Тельманы әке жолын қуған мұнайшы, қалғандары басқа сала-ларда өмірден өз орындарын тапқан жандар.

аТырауОвТар әулеТі

атырауов Байбосын (1914-1974 ж.ж.)Гурьев облысы, Мақат ауданы, Доссор ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан

Соғысы майдангері. Қиыршығыста жапондармен соғысқа қатысқан. 25.07.1940 жылы Қалиякперова Жеміспен қосылып Роза, Алма, Сәлима, Сатыбалды, Сәния, Самат, Асхат деген балаларды дүниеге келтіріп, тәрбиелеп өсіреді. Ұзақ жыл-дар Байшонас, Сағыз м.ө.кәсіпшіліктерінде қаржы-есеп бөлімінде есепші, бөлім бастығы, материалдық қамту бөлімінің бастығы болады. Ұжымның бастауыш партия ұйымының хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін де атқарады. 06.09.1971 жылдан бастап Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор зейнет демалысына шыққанша жасайды. «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Берлинді талқандаудағы жеңісі үшін», «Жапондарды талқандаудағы жеңісі үшін», «Ұлы Жеңістің 20 жылдығы» медальдарымен, «КСРО Мұнай және Газ өнеркәсібінің 100 жылдығы» төсбелгісімен марапатталған.

атырауов Сатыбалды Байбосынұлы1955 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Инженер-экономист. Мәскеу мұнай институтын 1983 жылы бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасының операторы болып бастаған. 1983 жылы «Ембімұнайгаз» ААҚ-ның өндіріс бөлімдерінде жұмыс жасайды. 1988-1990 жылдары «Доссормұнай» басқармасында бас экономист, Орталық өндірістік қызмет базасының экономисі, 1990 жылдан

бастап «Ембімұнайгаз» ААҚ финанс бөлімінің бастығы, бас бухгалтер, бақылау-тексеру қызметінің жетекшісі, тексеру секторының жетекшісі қызметтерін атқарып келеді.

атырауов асхат Байбосынұлы1963 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге

келген. Алматы Совет саудасы техникумын, Алматы Менеджмент және марке-тинг ининститутын бітірген. Экономист менеджер.

Page 187: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

187

МаТайБаевТар әулеТі

Матайбаев Жаңаберген (10.01.1930-07.02.1993 ж.ж.)Әкесі Матайбаев Әбиіс, 1952 жылы, анасы Айман 1962

жылы дүниеден өткен. Жаңаберген 1947-1952 жылда-ры Гурьев политехникалық техникумында оқып білім алған. Техник-мұнайшы. Сол жылы Сағыз м.ө.к. жұмысқа тұрған. 1973-1977 жылдары Сағыз м.ө.к. басшысы болған. 1977 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігіне мұнайшы инженер болып жұмысқа ауысқан, зейнетке шыққанша осы мекемеде еңбек еткен. 07.02.1993 жылы дүниеден өткен. Ұрпақтары: Рахымжан Жаңабергенұлы. Бұрғылау

инженері. Қалжан Жаңабергенқызы. Мұнайшы инженер. Ахмет Жаңабергенұлы. Мұнайшы инженер. Балжан Жаңабергенқызы. Байланыс саласының маманы. Қайрат Жаңабергенұлы. Жеке кәсіпкер. Айжан Жаңабергенқызы. Жанболат Жаңабергенұлы. Дәнекерлеуші. Аман Жаңабергенұлы. Жеке кәсіпкер. Маржан Жаңабергенқызы. Жеке кәсіпкер. Нұрлан Жаңабергенұлы. Жеке кәсіпкер.

Матайбаев Орынбасар (15.05.1935-18.11.1994 ж.ж.)Мұнай өндіру операторы. Еңбек жолын 27.07.1953 жылы

бұрғышы көмекшілігінен бастаған, 09.07.1958 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторлығына ауысқан. 04.12.1981жылы Маңғыстау облысына «Комсомольскмұнай» басқармасына м.ө.операторы болып жұмысқа тұрған, 29.06.1990 жылы зейнетке шыққанынша осы меке-меде еңбек еткен. Бірнеше дүркін социалистік жарыстың жеңімпазы атағын жеңіп алған, мақтау грамоталарымен,

ақшалай сыйлықтармен марапатталған. Бекбасова Жәмиламен (10.05.1940 ж.т.)отбасын құрып, Жомарт (08.05.1961 ж.т.) МАЭК мекемесінде жөндеуші, Назымгүл (01.07.1964 ж.т.) Ақтау қаласындағы №1 мектепте кітапханашы, Айгүл (26.01.1967 ж.т.) сауда қызметкері, Марат (22.03.1971 ж.т.) «Маңғыстаумұнайгаз» ӨБ токарь, төрт бала тәрбиелеп өсірген. Жұбайы Бекбасова Жамила еңбек жо-лын 01.11.1958 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жұмысшы болып бастап, артынан сол кәсіпшілікте ұзақ жылдар кітапханашы болған.

ҚұрМанҚұлОвТар әулеТі

Құрманқұлов Қойшекен (1927-2008)Гурьев облысы, Бақсай ауданы, Редут селосында дүниеге

келген. Техник-механик. Еңбек жолын 1943 жылы Гурьев облыстық тұтынушылар одағының тері илеу цехында шебер болып бастаған. 1949 жылы Гурьев мұнай техни-кумын бітірген. Сол жылы жолдамамен Сағыз, Қошқар м.ө.кәсіпшіліктерінде директордың ауысым бойынша

Page 188: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

188

көмекшісі, шебер, өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы, еңбекті нормалау және жоспарлау бөлімінің бастығы, «Мақатмұнай» басқармасының кадр жөніндегі аға инженері болған. 1987 жылдан зейнеткер. «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуы құрметіне» және «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. Жары Құрманқұлова Жасия Қуантыр қызы (1927-2003 ж.ж.) Сағыз кен орнында электр цехының қызметкері, кейін халыққа қызмет көрсету саласын-да қызмет еткен. Ұрпақтары: Құрманқұлова Гүлжамал Қойшекенқызы. 1952 ж.т. Мұнайшы-инженер. «Мақатмұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында оператор, технолог, жоспарлау бөлімінің инженері, кадр бөлімінің жетекшісі, әлеуметтік даму бөлімінің жетекшісі, инженері болып еңбек еткен. Қазір зейнет-кер. Балалары: Әділғалиев Сағынжан Тельманұлы. (1975 ж.т.) Инженер-мұнайшы. «Мақатмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында опе-ратор, шебер, геолог, геология бөлімінің жетекшісі, зерттеу бөлімінің басшысы. Абилов Талғат Тельманұлы. (1977 ж.т.) Инженер-энергетик. «Доссормұнайгаз» басқармасында жер асты қысымын сақтау бригадасының жөндеушісі, автомати-ка бөлімінің инженері. Қазір «Ембімұнайгаз» басқармасында автоматика бөлімі жетекшісінің орынбасары. Абилова Минара Тельман қызы. (1979 ж.т.) Инженер. «Доссормұнайгаз» басқармасы Қарсақ мұнай айдау және дайындау цехының ла-боранты. Құрманқұлов Аманжол Қойшекенұлы. 1953 ж.т. Бұрғылау-инженері. 1976 жылдан Балықшы бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, шебері, технолог, ЦИТС жетекшісі, бас инженері болып еңбек етті. Баласы Құрманқұлов Асылбек 1984 ж.т. Атырау МӨЗ-да оператор. Құрманқұлов Орынбасар Қойшекенұлы. (1957 ж.т.) Инженер-энергетик. 1973 жылдан «Мақатмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында электр жөндеушісі, шебер болып еңбек еткен. 1984 жылдан бас энергетик. «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл», «Доссор мұнай кен орнына 100 жыл» ескерткіш белгісімен, ҚР мұнай және газ өнеркәсібі министрлігінің Құрмет Грамотасымен, «Ембімұнайгаз» ААҚ Грамотасымен (2003 ж), «ҚазМұнайГаз БӨ» АҚ «Ембімұнайгаз» ӨФ Алғыс Хатымен (2012 ж), «Ембімұнайгаз» АҚ Алғыс Хатымен (2014 ж.) марапатталған. Баласы Құрманқұлов Ақылбек (1981-2011 ж.ж) Инженер-мұнайшы. «Қайнармұнайгаз» басқармасының жерасты жөндеу цехының жүргізушісі болып еңбек етті. Орынбасаров Әлібек (1985 ж.т.) Ин-женер АСУТП. «Мақатмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» басқармаларының жера-сты жөндеу бригадасында оператор, инженер АСУТП.Құрманқұлов амантай Қойшекенұлы. (1960 ж.т.) Бұрғылау-технигі. 1976 жылдан Балықшы бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, шебері, технолог болып еңбек ет-кен. Қазір «ҚазмұнайгазБарлауБұрғылау» басқармасында шебер. Баласы Құрманқұлов Әділбек 2012 жылдан «Доссормұнайгаз» басқармасында зерттеу бригадасының операторы, жөндеушісі. Құрманқұлов Мұрат Қойшекенұлы. (1 962 ж.т.) 1979 жылдан «Мақатмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында дәнекерлеуші. Баласы Қойшекенов Алдаберген. 1995 ж.т. Техник-энергетик. Құрманқұлова Сара Қойшекенқызы. (1964 ж.т.) 1980 жылдан «Мақатмұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында оператор, ау-ысым инженері, эколог, геолог болып еңбек етеді. Құрманқұлова гүлмайра

Page 189: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

189

Қойшекенқызы. (1966 ж.т.) 1988 жылдан «Мақатмұнайгаз», «Доссормұнайгаз» басқармаларында оператор, жоспарлау бөлімінің инженері, экономика бөлімінің инженері болып еңбек еткен. Қазір «Локомотив» АҚ да бас есепші. Құрманқұлов Болат Қойшекенұлы (1968-2006 ж.ж) Техник энергетик. 1989 жылдан АТУ, АТП мекемелерінде крановщик, жүргізуші, электр жөндеушісі болып еңбек ет-кен. Құрманқұлов амангелді Қойшекенұлы. (1973 ж.т.) Инженер энерге-тик. 1991 жылдан «Мақатмұнайгаз» басқармасында электр жөндеушісі, қазір «Эмбамұнайэнерго» басқармасында шебер болып еңбек етеді.

ҚаМыСБаев-еСекенОв-лұҚпанОвТар әулеТі

Қамысбаев егізғали (1911-1942 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Гурьевтің мұнай техни-

кумын бітірген, жұмыс жасай жүріп Бакудің мұнай институтында сырттай оқып, 1942 жылы үшінші курстан соғысқа аттанған. Байшонас, Ескене, Сағыз м.ө.к. басшылықта болған. Соғысқа Сағыз м.ө.к. басшы болып жүргенінде аттанған. Сталинград майданында мерт болған. Ұрпақ қалмаған.

есекенов нығмет (04.11.1917-23.02.1969 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл

ауылында дүниеге келген. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. 1939 жылы Татарстандағы Қазан қаласының педучилищесін аяқтаған. 1947-1963 жыл-дар аралығында Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде бухгал-тер болған, соңынан өмірінің аяғына дейін Прорва м.ө.кәсіпшілігінде бухгалтер, м.ө.операторы болып еңбек еткен. Жұбайы Дәулетова Шоңай(1916-21.02.1977 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігіндегі мектепте(1947-1964 ж.ж.),

Сарықамыс м.ө.кәсіпшілігіндегі мектепте мұғалім болған. Ұрпақтары: Шакиза Нығмет қызы. 1953 ж.т. Балалары: Рүстем, Руслан. Зина Нығмет қызы. 1955 ж.т. Балалары: Асқар, Ақмарал, Әнуар.

лұқпанов Қожас (Қожаберген)20.09.1937 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданын-

да дүниеге келген. Гурьев мұнай техникумын бітірген. Техник-мұнайшы. Сағызға 1948 жылы келген. Сағыз ор-талау мектебін (7 жылдық) 1953 жылы бітіріп, Гурьев по-литехникумында 1953-1957 жылдары оқып білім алған. Гурьев барлау экспедициясында бұрғышы көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері болған, Прорва м.ө.к. оператор, шебер болып 1994 жылы зейнетке шыққанша еңбек ет-кен. «9-шы бесжылдық екпіндісі», «Еңбек ардагері», «Ерен

еңбегі үшін», «Мақат мұнай кенорынына 90 жыл», «Қосшағыл мұнай кенорны-

Page 190: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

190

на 70 жыл», «Прорва мұнай кенорнына 50 жыл» медальдары мен мерейтойлық төсбелгілердің, көптеген Алғыс хаттардың иегері. 1960 жылы Сағыздық Есжа-нова Айнаш Ғинаятқызына (1938-1990 ж.ж.) үйленген. Балалары: Лена, Шолпан, Жеңісбек, Айман, Манарбек, Нұрлыбек, Гүлфайруз, Гүлмарал, Әлібек.

ОразғалИевТар әулеТі(Бұл әулет жөнінде барынша толық мәлімет «Біздің ауылдың майдангерлері»

деген бөлімде беріледі)

Оразғалиев Қабидолла (1918-11.09.2008 ж.ж.) Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, №4 ауылда дүниеге

келген.1930 жылы әкесі, 1931 жылы анасы өліп жетім қалады. 1932-1935 жылдарда балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935-1937 жылдарда ФЗУ-да оқып жөндеуші мамандығын алады. Сол жылдан бастап 1938 жылы әскер қатарына шақырылғанша Доссор м.ө.кәсіпшілігінде жөндеуші бо-лып жұмыс жасайды. 20.09.1938-1944 жылдар аралығында әскерде болады, Фин және Ұлы Отан Соғыстарына қатысады. 20.09.1938 – 03.09.1939 – Ленинград әскери округі, 143 бөлім, артиллерия полкы. Курсант. 03.09.1939 -01.03.1940 - Ленин-

град әскери округі, №40 артиллерия полкы, сержант, орудия командирі (Калу-га қ.) 01.03.1940 -23.05.1941 – Москва әскери округі, 18-ші танк дивизиясы, №18 арт.полк, аға сержант, взвод командирінің көмекшісі (Калуга қ., Тула облысы) 23.05.1941 - 19.08.1943 – фронт, Калинин бағыты, 143 танк бригадасы, 203 танк полкы, старшина, орудия командирі. 19.08.1943– 22.05.1944 – ауыр жарақат, II, III дәрежелі күйік, Калинин қаласының госпиталы, мүгедектіктен әскер қатарынан босатылған. 22.05.1944-19.03.1945 - Макат аупарткомының әскери бөлімінің меңгерушісі, «ҚазақстанМұнайБарлау Басқармасы» Доссор м.ө.кәсіпшілігінің жергілікті комитетінің төрағасы. 19.03.1946- 04.02.1949 – Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде кәсіподақ комитетінің төрағасы, 04.02.1949 жылдан бастап 1975 жылға дейін Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.оператор болып жұмыс жасаған. Сол жылы Кеңқияқ мұнай кең орынының ашылуына байланысты көшіп келеді. Наградалары – Қызыл Ту ордені (№34413), «Ерлігі үшін» медалі (№ 59080), I-ші дәрежелі Отан Соғысы ордені (№1817), II-ші дәрежелі Отан Соғысы ордені (№878525), «За тру-довое отличие» медалі (№714307; 19.09.1953 ж.), Ленина ордені (30.03.1971 ж) т.б. Зайыбы– Қасенова Ажар. Ұлы Отан Соғысына қатысушы, толарсақтан саз кешіп, мұз төсеніп, қар жамылған қазақтың батыр қыздарының бірі. Зенитші, дәлдеуші. Венгрия, Румыния, Чехословакия елдерін азат етуге қатысқан, Берлин-де жеңісті қарсы алған. 10 бала тәрбиеленген мұнайшы-ардагер, II-ші дәрежелі Отан Соғысы ордені, Қызыл Ту ордені, «Ерлігі үшін» медалі, «Г.Жуков», «Курскіні қорғаған үшін» медалі, «За Победу над Германией» медалі, «Мать – Героиня» ордені, «Алтын алқа» ҚР ордені, ҚР «Құрмет» ордені Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, т.б. мемлекеттік марапаттары бар. Ұрпақтары:

1. Зәмзәгүл. 1947 жылы Сағызда туған. Мұнайшы-инженер.

Page 191: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

191

2. Аманжол. 1949-1992 ж.ж. Сағызда туған. Мұнайшы-инженер. Балалары: Әйгерім (1986 ж.т.) Инженер-геолог., Ақмарал (1987 ж.т.) Мұнайшы-инженер.

3. Таңатар (Тәке). 1950 ж. Сағызда туған. Мұнайшы, машинист, жүргізуші. Ба-лалары: Нұргүл (1975 ж.т.) экономист., Амандық (1976 ж.т.) мұнайшы жүргізуші., Әсел (1979 ж.т.) мұнайшы-инженер., Әсемгүл (1987 ж.т.) педагог., Серік (1991 ж.т.) спортшы, қазақша күрес, еркін күрестен спорт шебері, халықаралық, отандық жарыстардың жүлдегері.

4. Зәуре. 1953 ж. Сағызда туған. Инженер-технолог. Жеңіл өнеркәсіп маманы.5. Хайша. 1954 ж. Сағызда туған. Инженер-құрылысшы. «KAZGOR” Жобалау

Академиясының академигі, ҚР Құрметті құрылысшысы. Есімі Халықаралық «Үздік Адамдар» Энциклопедиясына (2012 ж), Қазақстанның құрылыс саласының «Құрмет кітабына» (2015 ж), Даңқ Галареясына енген.

6. Гүлнәр. 1956 ж. Сағызда туған. Инженер-фотометрист. Балалары: Гаухар (1980 ж.т.) инженер-программист, Әнуар (1989 ж.т.) инженер-экономист, Рамазан (1990 ж.т.) инженер.

7. Ахмет. (1958-1988 ж.ж.). Сағызда туған. Бұрғылау инженері.8. Рамазан. (1960-1985 ж.ж.) Сағызда туған. Құрылысшы.9. Гүлмайраш. 1962 ж. Сағызда туған. Медбике. Балалары: Қанат (1987 ж.т.)

мұнайшы-инженер, Ханшайым (1989 ж.т.) мұнайшы-инженер, Мәдина-оқушы.10. Гүлзия. 1966 ж. Сағызда туған. Жоғары санатты дәрігер. Балалары: Ал-

тынай (1994 ж.т.) И.М.Губкина атындағы Ресейдің мемлекеттік мұнай және газ университетінің студенті. Мерует (1997 ж.т.) Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің студенті.

Оразғалиев аманжол Қабидоллаұлы (1949-1999 ж.ж.)1949 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған. Мұнайшы-инженер. 1972 жылы

Кеңқияқ м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторы, аға шебер, 1978 жылы Геофизикалық-іздестіру партиясында учаске бастығы, 1980 жылы «Кеңқияқмұнай» басқармасында өндірістік қамту базасының бастығы, 1988 жылы Қаз.КСР Мемлекеттік тау-кен өндірістік қадағалау Ақтөбе округтік басқармасы бастығының орынбасары болған.

нұрСейіТОв-көшерБаевТар әулеТі

нұрсейітов Сәнім (1910-1963 ж.ж.) Гурьев облысы Қайыршақты ауылында балықшының

отбасында дүниеге келген. 1942-1945 жылдар аралығында Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Өмір бойы Сағыз мұнай кәсіпшілігінің жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде са-тушы қызметін атқарған. Жары Ағия екеуі үш ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Амантай, Серік, Тамара, Әбілхан.

Page 192: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

192

нұрсейітов амантай Сәнімұлы (1942-2005 ж.ж.)Доссор кентінде туған. Мұнайшы-инженер. Алғаш

еңбек жолын 1958 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде трак-торшы болып бастаған. 1967 жылы институты аяқтаған соң Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жер асты жабдықтарын жөндеу шебері, м.ө.учаскесінің шебері болған. 1970 жылы Қошқар м.ө.кәсіпшілігінде аға инженер, инженерлік-технологиялық қызметтің бастығы, 1977 жылдан «Мақатмұнай» басқармасында цех бастығы, өндірістік-

техникалық бөлім бастығы болып жасайды. «Еңбек ардагері» медалімен, Құрмет грамоталарымен, «Бесжылдық үздігі» төсбелгілерімен марапатталған. Жұбайы Құрманова Роза зейнеткер мұғалім. Балалары Алмат (1967 ж.т.) «Тен-гизшевройл» компаниясында инженер, Қуандық (1974 ж.т.) «Энергомұнай» қоғамының қызметкері, Жұбандық (1977 ж.т.) инженер механик, Әсел (1980 ж.т.) Мақат аудандық қазынашылығында бас маман, Әсет (1984 ж.т.) «Аджип» компаниясының қызметкері .

көшербаев Серік Сәнімұлы (01.01.1945-2006 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған. Еңбек жолын Сағызда бастаған. Кейін

«Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде өмірінің соңына дейін еңбек етті. Жұбайы Балғаным Көшербаева да Сағыз ауылының тумасы. Ұрпақтары: Гүлнар Өзен қаласында тұрады, медицина қызметкері. Жанна педагог, жұбайы Арман Кама-ловпен төрт баласы бар. Жанболат (1974ж.т.) Ұлттық Мұнай компаниясында ин-женер, отбасылы, жары Көшербаева Гүлбақша.

нұрсейітова Тамара Сәнімқызы (09.07.1949-16.06.2014 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған. Еңбек жолын Сағызда бастаған. Есепші

мамандығын алып, көп жылдар бойы кәсіподақта жұмыс жасаған. Облыстық әскери комиссариатта еңбек еткен. Күйеуі Бажбенов Сайлау. Ұрпақтары: Салта-нат экономист, ұлы Диас. Қызы Сәуле, дәрігер, қызы Нәзира, оқушы. Қызы Самал, банк қызметкері, жұбайы Ерлан екеуінің Ренат атты ұлы бар. Ұлы Данияр Кана-дада білім алуда.

нұрсейітов әбілхан Сәнімұлы (1953-2010 ж.ж.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған. Еңбек жолын Қошқар м.ө.кәсіпшілігінде

электр цехында жұмысшы болудан бастаған. Әскери міндетін өтеп келгесін 1974 жылдан «Мақатмұнай» басқармасында арнаулы техника керуенінде ұңғыма жуғыш агрегаттың машинисі болып қызмет атқарған. Құрмет грамоталарымен марапатталған. Жұбайы Шамшырақ Нұрсейітовамен екеуі төрт бала тәрбиелеп, өсірді. Ұлы Талғат «Энергомұнай» мекемесінде қызметкер, қызы Айнель теміржолда цех бастығы, Ризабек теміржолшы, Айбек мұнайшы.

Page 193: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

193

көшербаев кеңес Мусаұлы (1948-2000 ж.ж.) Сағыз кәсіпшілігінде дүниеге келген. Мектепті

бітіргеннен кейін Сағыз кәсіпшілігінде еңбек жо-лын бастаған. «МақатМұнайГаз», «Қайнармұнайгаз» мекемелерінде ауысу бөлімінің бастығы, мұнай өндіру цехының мастері, техникалық бөлім бастығы болып қызмет атқарды. 2000 жылы дүниеден өтті. Ерлан, Руслан, Лаура атты перзенттері бар. Ерланы мұнайшы.

көшербаев демес Мусаұлы1953 жылы Сағыз кәсіпшілігінде дүниеге келген. Алғашқы еңбек жолын да

осы кәсіпшіліктен бастаған. Қазір «Өзенмұнайгаз» мекемесінде мұнай өндіру операторы болып еңбек етеді.

көшербаев ертай Мусаұлы1959 жылы Сағыз кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1979 жылдан 1987 жылға

дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы, тракторист болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта «Доссормұнайгаз» басқармасына қарасты арнаулы автокөлік керуенінде тракторшы-эксковаторшы болып жұмыс жасайды.

ЖанайыСОвТар әулеТі

Жанайысов Мұхамбет (1922-1993 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы село-

сында дүниеге келген. Мұнайшы. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Еңбек жолын 1940 жылы жұмысшы бо-лып бастаған. 1946 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде өрт сөндірушілер командасының жауынгері болған, кейін сол мекемеде м.ө.операторы, жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасының операторы болған. «Ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққаны үшін» және де басқа мерекелік медаль-дармен марапатталған. Әлиева Орынбасармен отбасын

құрып, Төлеген, Тапай, Шыңғыс, Ертай атты төрт бала тәрбиелеп, өсірген.

Жанайысов Төлеген Мұхамбетұлы1950 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған. Мұнайшы. 1966-1968 жылдары Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде ағаш өңдеу шебері, соңынан м.ө.операторы, 1971 жылдан «Мақатмұнай» басқармасында м.ө.операторы болған. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Жұбайы Хабидуллина Ры-сты, 1952 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде туған, еңбек жолын Сағызда бастаған. «Мақатмұнай» басқармасында м.ө.операторы болған, қазір зейнеткер. Бес бала тәрбиелеп өсірді. Балалары: Жанайысов Ермек (1975-2015) Мақат

Page 194: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

194

МГӨБ-да, Мәтен БК-да оператор, шебер болып еңбек етті. Жанайысов Еркін (1977 ж.т.) «Эмбанефть» басқармасында маман. Жанайысова Орынгүл (1978 ж.т.) «Мақатмұнай» басқармасында м.ө.операторы. Жанайысова Қарлығаш (1981 ж.т.) Балабақшада тәрбиеші. Жанайысов Бектай (1982 ж.т.) «Қайнармұнайгаз» басқармасында заңгер.

Жанайысов Тапай Мұхамбетұлы (1954-1984 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1971-1976 жыл-дар аралығында Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқыған. Бұрғышы инженер. Ұрпақтары жоқ.

Жанайысов шыңғыс Мұхамбетұлы1958 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен. Қазір Орал қаласында тұрады. Ба-лалары Асхат-Дария, Гүлшат-Алтай, Кәмшат-Бахтияр.

Жанайысов ертай Мұхамбетұлы1964 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жера-сты жөндеу бригадасында оператор болып еңбек еткен. Қазір «Мақатмұнай» басқармасында мұнай өндіру операторы. Бала-лары Батырбек экономист, Жанаргүл мұғалім, Қазбек оқушы.

ЖанеСенОвТер әулеТі

Жанесенов рахымғали (1888-1957 ж.ж.)Қызылқоға ауданы 12-ауылда дүниеге келген. 1935 жылдан мұнай саласында еңбек еткен. 1941 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіне Мақат мұнай кәсіпшілігінен келген. Мұнайшылардың жетіспеушілігінен әскери комиссариаттың бронімен соғыстан қалдырылған. Жерасты жөндеу цехында бұрғышының көмекшісі, опе-ратор, шебер болып қызмет атқарған. Дәмет, Мәрия атты қыздарынан тараған ұрпақтары Атырау облысы Мақат ауданында, Ақтау қаласында тұрады.

Жанесенов күшікбай (1932-2010 ж.ж.) Еңбек жолын Сағыз мұнай өндірісінде 1949 жылы слесарь болып бастаған. Осы кен орнын-да ұзақ жылдар бойы жер асты жөндеу цехында машинист болып еңбек етіп, осы жерден 1987 жылы зейнетке қалған. «Мақат кен орнына 90 жыл» мерекелік медалінің иегері. Жұбайы Опи-ева Бұлдаш.

Page 195: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

195

Жанесенова Мария рақымғалиқызы (1943-2013 ж.ж.) Еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1961 жылдан коче-гар болып бастап, соңынан мұнайшы оператор болып еңбек еткен. 2003 жылы зейнет демалысына қалған. Ұрпағы: Жұмажан (1970 ж.т.) бұрғышы, келіні Закирова Маржан (1976 ж.т.), балалары Әдемі, Әмина, Ұлболсын, Инабат, Рухия.

Жанесенов Серікбай күшікбайұлы1957 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1976 жылдан осы жерде еңбек жолын жерасты жөндеу бөлімшесінде бастаған. Қазір «ҚазақОйлАқтөбе» мекемесінде шебер болып қызмет атқарады.

Жанесенова зоя күшікбайқызы1959 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1978 жылдан осы жерде еңбек жолын бастаған. 1984 жылы Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Ин-ститутын геолог мамандығы бойынша бітірген.

Жанесенов Берікбай күшікбайұлы 1967 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге кел-ген. 1991 жылы Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтын үздік бітірген. Еңбек жолын «Мангышлакнефть» бірлестігіне қарасты «Жетыбайнефть» МГӨБ-да бастап, «Южнефтегаз»АҚ, «Құмкөл Лукойл» АҚ, «KatkazLTD» компаниясында, «ККМ Operating Company» АҚ-да әртүрлі лауазымдарда, «Қарақұдықмұнай» ЖШС-де бас инже-нер, «ҚазахОйлАқтөбе» ЖШС-де Бас директор, «Казнефтехим

Копа» ЖШС-де директор, «КольжанОйл» ЖШС-де аймақтық директор, «Фирма АдаОйл» ЖШС-де директор, «Алтиес Петролеум Интернешнл» мұнай компани-ясында аймақтық директор болып жұмыс жасаған. «Қазақстан мұнайының 100 жылдығы төсбелгісінің», Ақтөбе, Қызылорда облыстары әкімдерінің Құрмет Гра-

Page 196: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

196

моталармен, ҚР ЭМРМ нің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Жары Жанесе-нова Гүлзада Абдиканиевна, балалары Тұрлан, Асыл, Амина, Әмірхан, Әділхан.

СүйеСінОвТер әулеТі

Сүйесінов Мұқан. Туған-қайтқан жылдары белгісіз. Жастай-ынан жетім қалып, байдың малын бағып, жалда жүреді. 1914 жылдан Орал губерниясы Гурьев уезіне қарасты Ракуша елді мекенінде мұнай жөнелтуші, майшы болып жұмыс жасаған. 1917 жылдан Доссор және Мақат мұнай кен орындарында бұрғышы болып еңбек еткен. 1930 жылдан Мақатта мұнай өндіру бөлімшесінің басшысы, 1940 жылдан Сағыз м.ө.кәсіпшілігіндемұнай өндіру бөлімшесінің басшысы бо-лып еңбек еткен. Сүйесінов дүйсен. (1923-1964 ж.ж.) Мақат мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде то-карь болған. Партия қызметкері. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Панфилов дивизиясында полк комсоргі болған. Соғыстан кейін Мақат аудандық комсомол комитетінің хат-шысы болған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары Партия мектебін бітірген. Аудандық ірі кәсіпшіліктерде партия қызметінде болған. «Жауынгерлік Қызыл Ту», 2 дәрежелі «Отан Соғысы» ордендерімен, медаль-дармен марапатталған.

Сүйесінов аманжол дүйсенович. (1952 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1969-1974 жылдар аралығында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік Университетін «Мұнай және газ кен орындарының геологы» мамандығы бойынша аяқтаған. 2000-2004 жылдары Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтында, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері Академи-ясында біліктілігін жетілдірген. «Ембімұнай» Бірлестігінің кәсіподақ басшысы.

Page 197: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

197

Сүйесінов Тілекқос дүйсенович. (1945 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын Доссор мұнай кәсіпшілігінде бастаған. Гурьев политехникалық технику-мын , Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары Партия мектебін, Алматы Архитектура құрылыс ин-ститутын бітірген. Мақат аудандық комсомол комитетінің ұйымдастыру комитетінің бөлім меңгерушісі болған. Облыстық автомобиль жолдары бірлестігі басшысының орынбасары, «ҚазақҚұрылысГаз» компаниясының, «ҚазақГаз Холдингтік компаниясының» Бас директоры лауа-зымдарында қызмет атқарған. Еңбек ардагері, экология

ғылымдарының кандидаты, Халықаралық экология және қауіпсіздік ғылымдары Академиясының мүшесі. «За заслуги экологию», «Мақат кенорнына 90 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталған. Мақат ауданының Құрметті азаматы.

Сүйесінов аманғали есжанұлы (1913-1965 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек жолын бастап, өмірінің соңына дейін осы кен орнында еңбек етті. Жары Сүйесінова Күмісай (1914-1995 ж.ж.). Соғыс жылдары тылда еңбек еткен. Балалары Тілекқабыл, Өзипа, Аманқұл, Есенқұл, Нұрзила, Оңай, Кенжеғали.

Сүйесінов есенқұл аманғалиұлы (1953 ж.т.)«ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде машинист. Балалары Мейрамбай, Алмагүл, Айгүл, Асқар, Аманжол. Мейрамбай «Қайнармұнайгаз» мекемесінде мұнай өндіру шебері.

Сүйесінова нұрзила аманғалиқызы (1948 ж.т.)Еңбек жолын 1966 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бастап, кейін мұнайшыларды жабдықтау бөлімінде сауда қызметкері болып жасаған. Қазір зейнет демалысын-да.

аТшыБаевТар әулеТі

атшыбаев Қабдол (1915-1983 ж.ж.)1915 жылы Гурьев облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1946 жылы

Рахмат қызы Жұпарға (21.11.1922-1994 ж.ж.) үйленген. Еңбек жолы жайында толық мәліметтер жоқ. Байшонас, Қошқар, Мақат, Сағыз м.ө.кәсіпшіліктерінде жұмысшыларды жабдықтау мекемелерін(ОРС) басқарған, 1970 жылдан зейнет-ке шыққанынша Жаңа Өзен м.ө.басқармасының жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. Жұбайы Жұпар мұнай өндіру

Page 198: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

198

операторы болып 1976 жылға дейін еңбек еткен.ұрпақтары:1. Амантай Қабдол ұлы (24.01.1950-21.04.2015 ж.ж.). Мұнайшы-техник. Бала-

лары: Дәулеткерей, Айман.2. Мақсот Қабдол ұлы (20.11.1951-?.05.1998 ж.ж.) Мұнайшы. Балалары: Масқар

(27.11.1984 ж.т.), Аққуат (18.04.1988 ж.т.), Назгүл (26.11.1990 ж.т.), Шаттық (15.04.1994 ж.т.)

3. Махат Қабдол ұлы (29.08.1953-02.02.2000 ж.ж.). Мұнайшы-инженер. Балала-ры: Шолпан, Асқар, Берік, Рахат.

4. Әмина Қабдол қызы (1957 ж.т.). Жеке кәсіпкер. Балалары: Нұрлыбек (14.02.1980 ж.т.), Нұрболат (22.07.1981 ж.т.), Ерболат (22.07.1981 ж.т.), Нұргүл (16.01.1986 ж.т.).

5. Рашида Қабдол қызы (30.08.1960 ж.т.). Құрылысшы. Балалары: Мәдина (28.11.1980 ж.т.), Олег (06.11.1981 ж.т.)

атшыбаев Мақат Қабдолұлы(29.08.1953-02.02.2000 ж.ж.)

Гурьев облысының Мақат кентінде дүниеге келді. Ол 3 ұл мен 2 қыз бала өсіп-өнген тату-тәтті әулеттің бір мүшесі еді.

Мақаттың отбасы тіршілік жағдайларымен 1970 жылы Жаңа Өзен қаласына қоныс аударды. Дәл осы жылы Мақат қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ политехникалық инсти-тутына оқуға түсті. Аталған жоғары оқу орнының мұнай факультетін «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша ойдағыдай тәмамдады.

Институтты 1975 жылы бітірген соң Өзен бұрғылау жұмыстары басқармасына еңбек етуге жолдамамен жіберілді. Ол осында жүріп бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы, бұрғылау шебері, өндірістік бөлімнің аға инженері болып абы-ройлы қызмет етті. 1978 жылы «Узеннефть» мұнай-газ өндіру басқармасына мұнай және газ өндіру жөніндегі оператор болып жолданды. Еңбек ұжымындағы алғашқы жұмыс істеген жылдары, ол үздік оператор атағына ие болып, суреті Қалалық Құрмет Тақтасына ілініп қойылды. Келесі жылы РИТС-4 цехына мұнай және газ өндіру шебері, ал 1982 жылы – осы цехтың аға технологы болып тағайындалды.

1985 жылдың бас кезінде «Жетібайнефть» мұнай-газ өндіру басқармасына мұнай және газ өндіру жөніндегі шебер ретінде жұмысқа шақырылды. Осы уақыт аралығында ол басқаратын бригада мұнай-газ өндіру басқармасының еңбек ұжымы арасында бірнеше рет үздіктер қатарынан көрініп отырды. 1987 жылы – 1-ші санаттағы инженер-технолог, содан соң 1991 жылы жетекші ин-женер қызметіне көтерілді. «Жетібайнефть» мұнай-газ өндіру басқармасында еңбек еткен жылдары оның үздік қызметі әлденеше мәрте Құрмет грамоталары-мен және бағалы сыйлықтармен аталып өтілді.

1993 жылы Қызылорда қаласындағы «Южнефтегаз» акционерлік қоғамының шақыруы бойынша, Махат Қабдолұлы Құмкөл кенішіне қызмет бабымен

Page 199: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

199

келді. Содан соң отбасы да Ақтау қаласынан Қызылордаға қоныс аударды. Ол келе сала жұмысқа қызу кірісіп, қабат қысымын ұстау учаскесінің бастығы қызметін атқарды. 1995 жылы мұнай және газ өндіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Арада 4 ай өткен мезгілде басшылар тарапынан үлкен абырой мен сенімге иеленіп, Махат бас технолог қызметіне көтерілді.1998 жылы өндірістік іс-қызмет жөніндегі вице-президент жоғары лауазымына ие болды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының мұнай-газ секторының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан мұнайына 100 жыл» сала бойынша естелік төсбелгісімен марапатталды.

Ұзаққа созылған науқастан кейін асыл азаматтың ғұмыры 2000 жылдың 2 ақпанында кенеттен үзілді. Махаттың артында өзінің ізін басар алтындай 4 баласы: 2 қыз, 2 ұлы қалды. Қызы Шолпан 2000 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Қазіргі уақытта италиялық «Saipem» фирмасында жабдықтау бөлімінің менеджері болып қызмет атқарады.Ұлы Асқар политехникалық институтты бітіріп, «Торғай Петролеум» акционерлік қоғамының геология бөлімінде инженер-геолог болып жұмыс істеп жүр.

Ұлы Берік Ақтөбе қаласындағы Оспанов атындағы медицина академиясы мен Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін тәмамдап, қазіргі таңда Алстронг фир-масында еңбек етуде. Қызы Рахат Шанхай қаласында Шанхай Транспорттық Уни-верситетинде магистратура оқуда.

ҚадыралИевТер әулеТі

Қадыралиев Байжан (1910-1994 ж.ж. )Ескене деген жерде дүниеге келген. Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде 1938 жылдан бастап еңбек еткен. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1970 жылға дейін мұнай өндіру операторы болған. Жары Құсайынова Зира (1917-1980 ж.ж.) Гурьев қаласында дүниеге келген.

Қадыралы Қазихан Байжанұлы1954 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультетінде бұрғылау мамандығы бойынша жоғары білім алған.1977-1999 жылдары «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты Балықшы барлау-бұрғылау басқармасында бұрғышы көмекшісінен бастап инже-нер, аға инженер, ауысым бастығы, РИТС, ЦИТС басшысы,

Page 200: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

200

басқарма бас инженерінің орынбасары, өндірістік-техникалық бөлім басшысы, басқарма бастығының өндіріс жөніндегі орынбасары дәрежелерінде еңбек етті. 1999-2007 жылдары Атырау мұнай қабаттары өнімділігін арттыру және сква-жиналарды бұрғылау, күрделі жөндеу мекемесінде бөлім бастығы, бұрғылау басқармасы бастығының орынбасары, 2007-2008 жылдары «Бұрғылау» ЖШС Атырау филиалының бас инженері, 2008 жылдан бастап «Бұрғышы Сервис» ЖШС мекемесінің бас директоры қызметтерін атқарды. 2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «РОМПетрол УЭЛЛ-Сервис СА» компаниясының Қазақстандағы филиалының Бас директоры қызметін атқаруда. Канада мұнай компания-ларында, т.б. оқу орталықтарында өндірістік тәжірибеден өткен. Ол Кенбай кенді аймағындағы Солтүстік Қотыртас, Шығыс Молдабай кеніштерін алғаш ашушылардың бірі. Ол салалық көптеген Құрмет грамоталармен, төсбелгілермен марапатталған. Мақат ауданының Құрметті азаматы. Оның есімі, өмір жолы Қазақстан Мұнай Энциклопедиясына енген. Жары Қадыралы Әзиза Жұбанқызы (1955 ж.т.) Ембімұнайгаз» мекемесінде еңбек еткен, қазір зейнеткер. Балалары Айнұр (1980 ж.т.), Бауыржан (1984 ж.т.) «ҚазМұнайГаз» ҰК құрылымында, Абзал (1987 ж.т.) «Вазерфорд» компаниясында қаржы директоры болып еңбек етеді.

Қадыралиева ұлбосын Байжанқызы (1949-1994 ж.ж.)Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген.

Мұнайшы, партия қызметкері. Алматы Жоғары партия мектебін бітірген. 1966 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторы, 1976 жылы Алматы Жоғары пар-тия мектебінің тыңдаушысы. 1980 жылы Мақат аупарткомының нұсқаушысы, бөлім меңгерушісі, 1988 жылдан Атырау облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім бастығы. Құрмет грамоталарымен марапатталған.

ЖаМауОвТар әулеТі

Қосмырзиев Жамау (1870 ж.т.)Гурьев қаласының Ракуша елді мекенінде туған.1932 жылы отбасымен Мақат ауданындағы Сағыз кен орнына көшіп келеді. Жамаудың ұрпақтары: Әуелбай (1905 ж.т. ), Орынбай (1919-1944 ж.ж.), Мәнер (1913-1954 ж.ж.), Қадырбай (1928-1995 ж.ж.)

Жамауов әуелбай (1905 ж.т. )1932 жылы әйелі Шебешпен, әкесі Жамаумен бірге Сағызға көшіп келеді. Әкелі-балалы Жамау мен Әуелбай осы кен ор-нында еңбек етеді. Әуелбай бұрғышының көмекшісі, кейін бұрғышы болып жұмыс жасап жүріп өндірісте жарақат алып, жеңіл жұмысқа ауыстырылады. Мақат ауданы бойынша салық инспекторы болып қызмет етеді. Қызы Сара (1952 ж.т.).

Page 201: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

201

Жамауов Орынбай (1919-1944 ж.ж.)Молдавияның Дубассар қаласын неміс басқыншыларынан азат етуде ерлікпен

қаза тапқан. « За боевые заслуги « медалімен марапатталған. Майданға 1942 жылы Мақат ауданынан аттанған. Дубассар қаласында оны қорғап, ерлікпен қаза тапқан 81 жауынгердің құрметіне арналған Даңқ мемориалы мен аллея бар. Мұнда жауынгер Орынбай Жамауовтың да аты-жөні жазылған.

Жамауов Қадырбай (1928-1995 ж.ж.)Жары Құспанова Зәуре (1933-2008 ж.ж.)

Қадырбай Фабрика Зауыт оқуын аяқтағаннан кейін, он бес жасынан еңбек етеді. 1965 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі механикалық шеберханада токарь болып еңбек етеді. Қадырбайдың балалары Жа-мауов Жұмабек (1955 ж.т.) Жамауов Асқар (1958-2012 ж.ж.) бұрғышы инженер, балала-

ры Қайрат пен Арман. Қайрат мұнай саласында еңбек етіп жатыр. Арман Алма-ты қаласындағы Қаныш Сатпаев атындағы политехникалық университетінің мұнай-газ факультетінде білім алуда. Жамауов Әскер (1960-2012 ж.ж.) бұрғышы инженер, баласы Қамбар. Жамауов Қуаныш (1962 ж.т.), Гүлшара (1965 ж.т.), Гүлфара (1968 ж.т.)

Жамауов Жұмабек14.07.1955 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультетін «Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша бітірген. 1973-1975 жылдары Өзен бұрғылау мекемесінде бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. 1975-1982 жылда-ры «Ембімұнай» өндірістік бірлестігіне қарасты Балықшы бұрғылау басқармасында бұрғышы көмекшісі, бұрғышы болып

еңбек еткен. 1982-1991 жылдары «Ембімұнай» өндірістік бірлестігіне қарасты Балықшы бұрғылау басқармасында бұрғылау шебері, РИТС бастығының орын-басары, бастығы, ЦИТС бастығы, басқарма бастығы болған. 1991-2010 жылдары мұнай-газ кенорындарын бұрғылаумен айналысатын «Гюрал» БК» ЖШС, «Армак» ЖШС, «ҚазақМұнайСервис» ЖШС, «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» Сервистік бұрғылау кәсіпорны» ЖШС сияқты мекемелерде директор, Бас Директор лауазымдарында болған. 2010-2012 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры, 2012-2013 жылдары «Ембімұнайгаз» АҚ Бас Директоры қызметтерін атқарған. Артынан «АЛМЭКС ПЛЮС» ЖШС директоры қызметінде. «Қазақстан мұнайына 100 жыл», «Жайық мұнайының игерілуіне 40 жыл», «Жер қойнауының құрметті барлаушысы», «Доссор кен орнының игерілуіне 100 жыл», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл», «Маңғыстау мұнайына 50 жыл», тағы да басқа көптеген мерекелік медальдар, төсбелгілермен, құрмет грамотала-

Page 202: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

202

рымен, алғыс хаттармен марапатталған. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына енген. Жұбайы Мұнбаева Гүлбаршын, жеке кәсіпкер. Балалары: Әлібек, Әсел, Бауыржан мұнай компанияларының қызметкерлері.

әлИев-ҚұлЖанОвТар әулеТі

әлиев Сүйеу (1908-1980 ж.ж.) Гурьев облысы, Қызылқоға ауданының Тайсойған

ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын Мақат мұнай кенішінде 1928 жылы мұнайшы болып бастаған. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы басталғанда мұнайшы кадрлар жетіспегендіктен, аудандық комиссариаттың бронімен соғысқа жіберілмеген. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өңдеу операторы, шебер болып ұзақ жылдар еңбек етіп, 1964 жылы зейнеткерлікке қалған. Хисса жырға құмар, өзі де жанынан өлең шығарып айта білген, ауылда-

старын, жұмыстастарының өмірін өлеңге қосып айтқандары ел аузында әлі күнге ұмытылмай сақталған. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1950 ж.), Ленин орденімен (1954 ж.) марапатталған. Мақат поселкесінің бір көшесі Әлиев Сүйеудің атымен аталады. Миялы селосында дүниеден өткен.

әлиев Құлжан (1929-1990 ж.ж.) Сағыз мұнай

кәсіпшілігінде жерасты жөндеу цехында машинист-жүргізуші болып еңбек еткен. Жары Сүйеуова Жаңыл (1931-2010 ж.ж.) Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде сылақшы болған. Екеуінің ұрпақтары: Айман (1950 ж.т.), Ай-жан (1953 ж.т.), Төлжан (1957 ж.т.), Жолжан (1961ж.т.), Молжан (1964 ж.т.), Гүлжан (1967

ж.т.), Балжан (1970 ж.т.), Назымгүл (1971 ж.т.).

Құлжанов Төлжан Құлжанұлы22.10.1957 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Төлжан 1983-1989 жыл-дарда Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультетін «Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша оқып бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайшы болып бастаған. 1989-1994 жыл-дары «Маңғыстаунефть» бірлестігіне қарасты Қаламқас, Қаражанбас кен алаңдарында ұңғымаларды күрделі жөндеу,

Page 203: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

203

мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру жұмыстарымен айналысқан. 1994-2007 жылдары «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Атырау ұңғымаларды күрделі жөндеу, мұнай қабатарының өнімділігін арттыру» басқармасында бри-гада шебері, жетекші инженер, өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы, бас инженер қызметтерінде, 2007 жылдан бері қарай «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБМ» ЖШС Бас Директорының ұңғымаларды күрделі жөндеу жөніндегі орын-басары қызметінде болған. Қазіргі уақытта «ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде өндіріс жөніндегі атқарушы директор. Ол Мәскеу қаласындағы Губкин атындағы мұнай институтында, Канада еліндегі Калгари мұнай институтында, Алматы, Астана қалаларында және тағы басқа шетел компанияларында оқып біліктілігін арттырған. «Қазақстан мұнайына 100 жыл» , «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл», «Доссор мұнайына 100 жыл», «Жайық мұнайын игеруге 40 жыл», «Прорва кен ор-нына 50 жыл» ескерткіш төсбелгілерімен, «Ембімұнайгаз» Бірлестігінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Есімі «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағына енген. Жұбайы Қамиева Жайшылық Науырызғали қызы (12.04.1958 ж.т.) Бала-лары: Нұргүл (17.05.1980 ж.т.) , Эльмира (26.12.1983 ж.т.), Шолпан (1987 ж.т.) – жоғары білімді экономистер, Ерлан – Қазақ Британ Техникалық Университетінің Мұнай Газ Ісі мамандығы бойынша ІІІ курс студенті.

алиев Жолжан Құлжанұлы1961 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Сағыз сегізжылдық мектебінен кейін, орта мектепті До-ссор мектеп интернатынан бітірген. 1978 жылдан бастап, Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай айдау операторы болып еңбек еткен. Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін, кәсіпшіліктің электр цехында еңбек еткен. 1982 жыл-дан бүгінгі күнге дейін «Маңғыстаумұнайгаз» Бірлестігіне қарасты «Қаламқас» кен орнында оператор болып еңбек

етеді. Жары Қажақбаева Шарагүл (1962 ж.т.) екеуінің ұрпақтары Құлжан Мерейлім (1993 ж.т.) Қазақ Мемлекеттік Университетінің магистранты, Құлжан Ержан (1995 ж.т.) Қазақ ҰТУ-дың студенті.

алиев Молжан Құлжанұлы (1964 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Қазіргі уақытта «Қазмұнайгаз» құрылымында мұнайшы болып еңбек етеді. Жұбайы Абдрахманова Қарагөз (1969 ж.т.) Балалары Алиев Бауыржан, Құлжан Әміржан оқушылар.

Page 204: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

204

уәлиев Сабырғали (1913-1978 ж.ж.) Еңбек жолын 1947 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бастаған. Ұзақ жылдар кәсіпшілікте мұнай өндіру опера-торы болып еңбек еткен. 1968 жылы осы кәсіпшіліктен зейнеткерлікке қалған. Еңбегі бағаланып, СССР мұнай өнеркәсібіне сіңірген мінсіз еңбегі үшін «За трудовое от-личие» медалімен (1951 ж.), Құрмет грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Жары Сейталиева Рахиламен (1933-1993 ж.ж.) Тілек, Серік, Қарагөз, Берік, Ермек, Ақсұлу, Майра атты ұрпақтарын өсіріп жеткізген.

Ұрпақтары Атырау қаласында, Мақат ауданында тұрады. уәлиев Тілек (1950-2002 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осы кен орнында еңбек жолын

бастаған. Мұнай кәсіпшілігінің жабылуына байланысты Мақат кентіне қоныс ау-дарып, «Мақатмұнайгаз» басқармасында өмірінің соңына дейін еңбек еткен.

уәлиев Серік (1955-1997ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын Сағызда бастаған.

Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтын 1989 жылы тау кен инженері мамандығы бойынша бітірген. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор, шебер, учаске бастығы болып еңбек еткен. Мұнай кәсіпшілігінің жабылуына бай-ланысты «Мақатмұнайгаз» басқармасының Шығыс Мақат кен орнына инженер эколог болып қызметке ауыстырылған. Осында өмірінің соңына дейін еңбек ет-кен.

уәлиев Берік (1959-2016ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын да Сағыздан

бастаған. 1979 жылдан бастап кен орнында дәнеркерлеуші болып еңбек еткен. Мұнай кәсіпшілігінің жабылуына байланысты «Мақатмұнайгаз» басқармасына ауыстырылып, өмірінің соңына дейін осы басқармада еңбек еткен. «Мақат кен орнына 90 жыл» ескерткіш белгісінің (2005 ж) иегері, «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ-ның Құрмет Грамотасымен марапатталған (2011ж).

уәлиева Қарагөз (1947-1993 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осындағы негізгі мектепті,

Доссордағы мектеп интернатты бітіргеннен кейін, Гурьев медицина училищесін аяқтаған. Сағыздағы медицина мекемесінде 1985 жылға дейін фельдшер болып еңбек еткен.

уәлиев ермек (1961- ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте бастаған. Деэмульсаторде оператор болып еңбек еткен.

уәлиева ақсұлу (1963- ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте бастаған. Кітапханада кітапханашы болып еңбек еткен.

уәлиева Майра (1966 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте бастаған. Кітапханада кітапханашы болып еңбек еткен.

Page 205: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

205

Искариев рамазан есмағанбетұлы (1902-1953 ж.ж.)Гурьев облысы Ракуш ауылында дүниеге келген. Гурьев облысындағы Ескене, Байшонас, Доссор, Мақат, Қошқар кен алаңдарынан мұнай шығарған атақты бұрғышы шебер. «За трудовое отличие» медалі (1942 ж.), Ленин ордені (1944 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1945 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1947 ж.), «Еңбек Қызыл Ту» ордені (1950 ж.), Ле-нин ордені (1950 ж.), 1947 жылы екінші шақырылған Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланған, 1950 жылы үшінші шақырылған Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат бо-

лып сайланған.

Искариев амандос рамазанұлы (1931-1996 ж.ж.) Байшонас кентінде дүниеге келген. 1952 жылдан еңбек жолын бастап, Байшонас, Қарсақ, Доссор, Мақат, Қошқар, Сағыз кен орындарында мұнай өндіру операторы, шебері, механик болып еңбек етті. «За трудовое отличие» медалімен марапатталған. Жары Искариева Өтебике мұнайшы зейнет-кер, екеуі он бала тәрбиелеп өсірді. Олар: Мариям, Болат, Қайрат, Ләйлім, Самат, Салават, Әлия, Мәншүк, Ардақ.

Искариева Мариям амандосқызы (1959 ж.т.) Доссор кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1976 жылы Сағыз мұнай

кәсіпшілігінде мұнай дайындау және айдау учаскесінде машинист кочегар болып бастаған. 1985 жылы Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық Институтын бітіріп, Сағыз мұнай өндіру цехына орналасады. 1986-1994 жыл-дары осы кәсіпшілікте шебер болып, 1994-1996 жылдары «Мақатмұнайгаз» басқармасының мұнай дайындау және айдау цехында шебер, 1996-2006 жыл-дары осы басқарманың жоспарлау бөлімінде экономист, 2006-2009 жылдары Шығыс Мақат кен орнында шебер, қазіргі уақытта Орталық Қазандар Паркінде тауар операторы болып еңбек етуде. «Ембімұнайгаз» ӨФ «Алғыс хатымен» марапатталған (2011 ж.).

Искариев Қайрат амандосұлы (1963 ж.т.) Доссор кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1979 жылы Сағыз мұнай өндіру

цехында бастаған. Кейін Солтүстік Жолдыбай, Шығыс Мақат, «Қайнармұнайгаз» кен орындарының ашылуына қатысқан, еңбек еткен. Қазіргі уақытта Мақат мұнай айдау цехының Солтүстік Жолдыбай учаскесінде тауар операторы болып еңбек етеді. «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ Алғыс Хатымен (2012 ж.),«Ембімұнайгаз» ӨФ АҚ «Құрмет Грамотасымен» (2013 ж.) марапатталған.

Искариев Болат амандосұлы (1965 ж.т.) Қошқар кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы Сағыз мұнай өндіру

цехында оператор болып бастаған. Қазір «Гюрал» ЖШС де еңбек етуде.

Page 206: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

206

Искариева ләйлім амандосқызы (1968 ж.т.) Қошқар кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1985 жылы Сағыз мұнай

өндіру цехында зерттеу операторы болып бастаған. Солтүстік Жолдыбай, Шығыс Мақат кен орындарында зерттеу операторы болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта Мақат мұнай дайындап және айдау цехында сорап машинисі болып еңбек етеді. Еңбек еткен жылдары басқарма тарапынан Алғыс хаттармен марапатталған. Ері Байтақов Ермекбай 1985 жылдан жерасты жөндеу бригадасының операторы.

Искариев Самат амандосұлы (1971 ж.т.) Қошқар поселкесінде дүниеге келген. 1992 жылдан Шығыс Мақат кен орнында

оператор. Мұнай және Газ министрлігінің Алғыс Хаты (2005 ж.), «ҚазМұнайГаз» БӨ АҚ Алғыс Хатымен (2011 ж.) марапатталған.

нұрМұХанОвТар әулеТі

нұрмұханова Жамал Байжанқызы (1917-2003 ж.ж.) 1945-1972 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігінде деэмуль-сатор операторы болып еңбек еткен. Жергілікті кеңеске де-путат болып сайланған. Қазақ мұнайын өндіруде өлшеусіз еңбек сіңірген мұнайшы.

нұрмұханов әлібек Байділдәұлы (1943-2008 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1967 жылы Ле-нин атындағы Қазақ Политехникалық Институтына түскенге дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор болып еңбек етеді. 1972 жылы аталған институтты аяқтап, оператор, шебер, Орталық Инженерлік Техникалық бөлімде ауысым бастығы болып еңбек етеді. 1977-1979 жылдары Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігін басқарады. 1979 жылдан «Қаламқасмұнай» өндірістік басқармасында шебер, кәсіпшілік бастығының орынбасары, Орталық Инженерлік Техникалық Бөлім

бастығының орынбасары болып, осы мекемеден зейнет демалысына шықты. Жары Тасболатова Нәзипамен екеуінің ұрпақтары: Жанар (1973 ж.т.), Мұрат (1975 ж.т.) Бозащы кен орнында оператор, Болат (1978 ж.т.) «КАЗНИПИНЕФТЬ» мекемесінде ғылым саласында еңбек етеді.

Page 207: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

207

нұрмұханов Қазыбек1957 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осы кәсіпшіліктің су айдау станциясында еңбек жолын бастаған. 1983-1988 жылдары Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқыған. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Қаламқасмұнай» өндірістік басқармасында жерасты жөндеу цехының операторы, шебері, цех бастығының орынбасары, жер асты қысымын ұстау цехының бастығы, басқарманың технология бөлімінің бастығы қызметтерін

атқарған. 2010 жылдан Ақтау мұнай сервистік компаниясының бас технологы қызметін атқарып келеді. «Маңғыстау облысының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен (2013 ж.) марапатталды. Жары Шыныбекова Гүлзадамен екеуінің ұрпақтары: Асхат экономика саласында, Әнуар «Қаламқасмұнай» өндірістік басқармасында, Асылбек теміржол оқу орнында оқиды.

МаСаҚБаевТар әулеТі

Масақбаев Мизамбай насырұлы (1908-1986 ж.ж.) Жылой жерінде дүниеге келген. Әкесі На-сыр заманында мықты оқыған молда болған дейді, бақсы болып халықты да емдейтін қасиеттері болған. Адам емдеп жатқанда ауы-зымен қып-қызыл шоқты қарш-қарш шайнап отырғанын көргенбіз деп үлкендер айтады екен. Насыр молда болғандықтан, өткен ғасырдың 20-30 жылдарында көп қуғын көріпті.

Сондықтан да ұрпағына зияны тимесін деп баласына арғы аталары Масақбай атасының атын фамилия қылып берген көрінеді. Одан қалған қасиетті қамшы қазір Аманжолда сақтаулы тұр. Мизамбай Сағыз мұнай кәсіпшілігінде ағаш ұстасы болып қызмет етіп, 1973 жылы зейнеткерлікке шыққан. Жаңаөзен қаласына балалары жұмысқа ауысқан соң, 1981 жылы осы қалаға отбасымен көшіп келген. Жары Үкібайқызы Сәлима (1919-1999 ж.ж.) Өмірде өте батыл, бетің бар жүзің бар демей әңгімесін тіке бетке айтатын мінезі бар, өтірікке жаны қас, әділ адам болатын. 1990 жылы 80 жастан аса өмірден өтті. Екеуінің мәңгілік мекені Жаңаөзен қаласының жанындағы Теңге әулие қорымында. Ұрпақтары: Масақбаев Мырзаш (1941-1969 ж.ж.), Сағыз мұнай кәсіпшілігінде көлік жүргізушісі болып еңбек еткен. Жары Сералиева аманша (1942-1995 ж.ж.), екеуінің ұрпағы Мырзаш Ермек Мырзашұлы.

Page 208: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

208

Мизамбаев аманғали (1943-1996 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде көлік жүргізушісі болып еңбек еткен. 1972 жылы Жаңаөзен қаласына ауысып, УТТ - көлік мекемесінде автоколонна басшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы бо-лып жасады. Жары Сағира Бисенқызы (1945-2010 ж.ж.) медицина қызметкері болып еңбек еткен. Аманғалидың ұрпақтары: Төлеген (1970-2010), Нұрболат (1975-2010), Маржан Ақтау

қалалық СЭС-те қызмет атқарады. Төлегеннен қызы Динара (11 класс оқушысы), Дамир (6 класта). Жары Зәмзәгүл Ақтау қаласында аптека басқарады.

Масақбаева Балғаным(Қайша) (1946 ж.т). Сағыз мұнай кәсіпшілігінде сауда саласының қызметкері болып еңбек еткен. 1977 жылы Жаңаөзен қаласына ауысып, Жаңаөзен қаласында тұрғын үй – коммуналдық мекемесінде ұзақ жылдар қызмет жасап зейнеткерлікке шықты. Қазір баласы Жанболаттың қолында Астана қаласында тұрады. Серік Көшербаевпен 1969 жылы бас

қосып, үш бала тәрбиелеп өсірді. Серік (1945-2006 ж.ж), 1960 жылы Ақтөбе қаласында дәнекерлеуші мамандығын алып, Сағызда , Жаңаөзен қаласында Маңғыстау газ өндіру мекемесінде (кейін Қазақ газ өңдеу зауытымен бірікті) өз ісінің шебері болып, 2006 жылға дейін қызмет етіп дүниеден озды. Теңге әулие қорымында жерленген. Ұрпақтары: Гүлнар, «Медикер» медициналық мекемесінде фельдшер, Ақтау қаласында тұрады. Жанна педагог, Ақтөбе қаласында тұрады. Жанболат Астанада «КМГ – Барлау Өндіру» АҚ-ында департа-мент басшысы. Балалары: Әнуар, Даниял, Санжар.

Масақбаева Балжан(1952 ж.т.). Жаңаөзен қаласының тұрғын үй – коммуналдық мекемесінде еңбек еткен. Қазір зейнеткер. Жары абдулла Маңғыбаев ұзақ жылдар Қазақ газ өңдеу зауытында жасап, 2014 жылдан зей-неткер. Ұрпақтары: Бибігүл - дәрігер, Айнұр- мұнайшы, Нұргүл- есепші-аудит маманы, ұлы Нұрлан- мұнайшы. Оның да бес сәбиі бар, өзі

«Теңге» біріккен кәсіпорынында жұмыс жасайды.

Page 209: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

209

Масақбаев аманжол (1953 ж.т.) Сағызда 8 жылдық мектепті бітіріп, 9-10 сыныпты Қошқар мектеп интернатынан тәмәмдаған. 1972-1976 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы қызметін атқарған. 1976 жылы Жаңаөзенге көшіп келіп, еңбек жолын Маңғыстау газ өндіру басқармасында жалғастырған, сол кәсібін Қазақ газ өңдеу зауы-

тында, технолог мамандығы бойынша жалғастыруда. Жары айсұлу Жанғазиева жеке кәсіпкер. Балалары Талғат – «Өзенмұнайгаз» басқармасында, инженер-энергетик. Асхат – «Ұңғылардың жерасты құрылғыларын жөндеу» басқармасында еңбек етеді. Екеуі де жоғары білімді инженерлер. Жанұялы, сәбилері өсіп келеді. Қызы Айжан Жаңаөзен қаласында тұрады, геолог маман.

Масақбаева Сара Мизамбайқызы (1958 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1965 жылы Сағыз сегізжылдық мектебінің бірінші класына барған. Жаңаөзен қаласынан №1 орта мектепті 1975 жылы бітірген. «Мангышлакнеф-тегазстрой» құрылыс тресінің машина – есептеу бюросына машинистка болып еңбек жолын бастаған. 1989 жылы Ақтау мұнай техникумын, ал 1994 жылы Алматыдағы ҚазПТИ-ді сырттай мұнайшы – инженер мамандығы бойынша бітірген.1980 жылы Жаңаөзен қалалық комсомол комитетіне есепке тұрғызу секторының

меңгерушісі,1984 жылы Жаңаөзен қалалық партия комитетінің жалпы бөлімінде, 1986 жылы партиялық кабинеттің меңгерушісі, 1988-1992 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық халық бақылау комитетінде іс басқарушы – инспектор қызметтерін атқарған.1991 жылдан Жаңаөзен Политехникалық колледжінде мамандар бөлімі бастығы болып қызмет атқарып, зейнетке шыққан. 1978 -1982 жылдар аралығында халық депутаттары Жаңаөзен қалалық кеңесінің депутаты, қалалық комсомол комитетінің мүшесі болып бірнеше қайтара сайланған. Көп балалы ана, Алтын алқа иегері. Жары Алшымбаев Өнербек, мұнайшы – инженер. Ұрпақтары: Әлия, Жаңаөзен қалалық «Стоматология» поликлиникасында дәрігер – стоматолог. Тұрмыста, екі қызы бар, күйеу баласы Марат мұнайшы – инженер, «Бұрғылау» мекемесінде еңбек етеді.Әйгерім Алматыда ҚазҰТУ-ды үздік бітіріп, Ресейдің «ГазПромнефть» мұнай компаниясының Алматы филиа-лында есепші, Дина 2015 жылы КБТУ-ды үздік бітіріп, сол университетте еңбек етеді. Төртінші қызы Тереза қаржы мамандығы бойынша биыл ҚБТУдың 4-курс студенті. Бәйдібек Алматыда Каспий университетінде 3- курс студенті, болашақ мұнайшы.Рауза Жаңаөзен қаласындағы №3 орта мектептің 10-сынып, Райымбек 9- сыныптарының оқушылары.

Page 210: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

210

Масақбаева гүлшара (1961ж.т.), 1969 жылы Сағызда 1 сыныпқа барып, 1979 жылы Жаңаөзен қаласындағы № 1 мектепті бітірген. Алматы теміржол институтын 1984 жылы бітірді. Өзен теміржол стансасында станса кезекшісі болып еңбек еткен. 2006 жылдан Жаңаөзен қаласындағы Политехникалық колледжде бөлім меңгерушісі болып еңбек етеді. 2004 жылы ҚазҰТУ-ды сырттай, мұнайшы

мамандығы бойынша бітірген. Ері Махамбет Қошджанов Жаңаөзен қаласындағы «Тұщы су өндіру, тасымалдау» мекемесінде бас маман. Ұлдары Айбек ҚазҰТУ-дің түлегі, инженер мұнайшы, Ақылбек Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағы университеттің 4 курс студенті, болашақ мұнайшы-инженер, Диас Алматы қаласының Қайнар университетінің 2 курс студенті, болашақ юрист. Дүниеден мезгілсіз өткен үлкен ұлдары Нұрбектен немересі Аяулым қолдарында өсіп келеді.

Мырзаш ермек Мырзашұлы (1967 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Сағызда 7 сынып бітіріп, Жаңаөзен қаласының №1 орта мектебінде 10 жылдықты бітірген. 1984-1985 жылдары МГДУ БПО слесарь қызметін атқарды. 1985 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының , мұнай және газ геология мамандығы бойынша қызыл ди-пломмен бітірген. Жары Қуразова Гүлжан

Әлібекқызы да жоғары білімді маман-геологтар. Ермек 1992-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» мекемесінде қызмет етіп, қатардағы инженер-геологтан, геология және кен игеру департаментінің бас-шысы қызметіне дейін көтерілді. 2007 жылдан Ақтау қаласында «OPTIMUM» Жобалау Институты ұжымын басқарады. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Индустрия және Жаңа технологиялар министрі Ә. Исекешовтен геология сала-сына сіңірген еңбегі үшін Алғыс хатпен марапатталды. 2014 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Алматы қаласында өткен инновациялық жобалар форумына қатысып, Елбасы алдында ұсынған жобасы жоғары баға алды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және Даму министрлігі, геология саласындағы зор еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының құрметті барлаушысы» төс белгісімен марапаттады. Баласы Ержан жоғары білімді маман. Қызы Дана Малайзияда магистратурада оқиды, Даяна- мектеп оқушысы.

Page 211: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

211

шиланов көптілеу (1906-1979 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1940 жылдан

өрт сөндіру бөлімінде, кәсіпшілікте мұнай өндіру операторы болып қызмет еткен. 1961 жылы зейнетке қалған. Жары Шила-нова Жұпар (1910-1993 ж.ж.) Ұрпақтары: Шиланов Мақсот (1939-2015 ж.ж.) Еңбек жолын Сағызда слесарь болып бастап, зей-нетке қалғанша осы кен орнында мұнай

өндіру операторы болып еңбек еткен.

шиланов Мұхит (1946 ж.т.)Еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жүргізуші

болып бастап, мұнай өндіру операторы болып еңбек ет-кен. «Прикаспииская нефтеразведочная экспедиция глу-бокого бурения» мекемесінде, «Қазмұнайгазбурение» мекемелерінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, өндіріс шебері, ауысым инженері болып еңбек етіп, 2009 жылы зейнетке қалған. Зайыбы Миралина Қанапия (1953 ж.т.), балалары Көптілеуов Мүслим (1975 ж.т.) Төтенше жағдайлар қызметінде, Көптілеуов Мұрат (1976 ж.т.)

«ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде, Мұхитова Маншук (1978 ж.т.) теміржолшы, Көптілеуов Бауыржан (1983 ж.т.) күзет қызметкері, Көптілеуова Майра (1985 ж.т.) мұнайшы инженер.

шиланова Июлия (1942 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде коммуналдық шаруашылықта еңбек ет-

кен. Шиланова Ағилаш (1950 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде коммуналдық шаруашылығында еңбек еткен.

шиланов Махмет (1954 ж.т.) Еңбек жолын 1973 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде сле-

сарь болып бастап, мұнай өндіру операторы болып еңбек еткен. 2015 жылдан зейнеткерлік демалыста. Еңбек еткен жылдарында ерен еңбегі ескеріліп, Мақат кен орнының 90 жылдық мерекесіне орай автокөлік сыйға алған. Қазақ мұнайының 100 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» медаліне, «Доссор мұнайына 100 жыл», «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» мерекелік төсбелгілерге ие болған. Жары Бұзаубекова Әтинамен екеуінің балалары Көптілеуов Ра-

хымжан (1982 ж.т.) «КаспийМұнайГаз» мекемесінде инженер жобалаушы. Мах-метова Эльмира (1984 ж.т.) дизайнер, Көптілеуов Бахытжан (1986 ж.т.) Инженер технолог, Көптілеуов Ахметжан (1992 ж.т.) инженер технолог.

Page 212: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

212

БОТағарИевТар әулеТі

Ботағариев Бағыт Боранқұлұлы (1925-1994 ж.ж.) Әкесі Ботағариев Боранқұл, анасы Ботағариева Далап. Бағыт Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі коммуналдық шаруашылықта басшы болып еңбек еткен. Жары Алмашева Жаңыл (1930-2013ж.ж.) Сағыз мұнай кәсiпшiлiгiнде дүкенде (магазинде) сатушы, бала бақшасында бас қоймашы болып жұмыс iстеген. Екеуінің

ұрпақтары: Қанат (1953 ж.т.), Ұлдай (1957 ж.т.), Самұрат (1958-1996 ж.ж.), Манат (1960 ж.т.), Мұрат (1962 ж.т.), Болат (1964 ж.т.), Қуат (1965 ж.т.), Айнагүл (1967 ж.т.), Саламат (1969-2002 ж.ж.).

Ботағариев Қанат Бағытұлы1953 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1972 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайшы болып бастаған. Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста. Жары Абдешова Замария (1952 ж.т.) екеуінің ұрпақтары: Ботагариева Әлия (1996 ж.т.), Ботага-риева Асел (1996 ж.т.), Ботагариева Даурен (1989 ж.т.), Ботага-риева Нұрлы (1990 ж.т.), Ботагариева Мәншүк (1992 ж.т.).

Ботағариев Манат Бағытұлы1960 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Сағыз сегізжылдық орта мектебінде 1975 жылға дейін оқып, кейін Атырауда Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітірген. 1977 жылы «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Прикаспий ұңғымаларды бұрғылау басқармасында (ПУБР)» бұрғылау қондырғы-жабдықтарын жөндеу слесары болып еңбек жо-лын бастап, бүгінгі күні жеке кәсіпорында еңбек етеді.

Ботағариев Мұрат Бағытұлы1962 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Сағыз сегізжылдық орта мектебінде 1975жылға дейін оқып кейін, Атырауда Н.К.Крупская атындағы орта мектепті 8 сынабын 1977 жылы бітірген. 1977-1980 жылдары Атырауда СПТУ-37 де «Механизатор экскаватора» мамандығы бойынша оқып бітірген. Сол жылдан бастап «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты «ДРСУ» мекемесінде «механизатор экскаватора» мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. Бүгінгі күні құрылыс мекемесінде еңбек етуде. Жары Аязбаева Гүлжанар

Page 213: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

213

(1966 ж.т.) екеуінің ұрпақтары: Ботагариев Азамат (1986 ж.т.) жанұялы, 2 баласы бар. Қазіргі уақытта «ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде ұңғымаларды күрделі жөндеу бригадасында бұрғышы болып еңбек етеді. Ботагариев Ерболат (1988 ж.т.) жанұялы, 2 баласы бар. Бүгінгі күні құрылыс мекемесінде еңбек етуде. Қыздары Ботагариева Арайлым (1989 ж.т.), Ботагариева Салтанат (1997 ж.т.) екеуі де тұрмыста.

Ботағариев Болат Бағытұлы08.01.1964 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1986-1991 жылдарда Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультетін «Мұнай-газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойын-ша оқып бітірген. Еңбек жолын 1981 жылы «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Прикаспий ұңғымаларды бұрғылау басқармасы (ПУБР)» мекемесінде бұрғышы көмекшісі болып бастаған. 1991-1998 жылдары «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты « Атырау бұрғылау басқармасы (АУБР)»

мекемесінде бұрғышы көмекшісі, бұрғылау шебері, жетекші инженер, өндірістік-технологиялық бөлімінің жетекші инженері, ЦИТС-те жетекші инженер қызметін атқарған. 1998-2001 жылдары «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБМ» басқармасында өндірістік-технологиялық бөлімінің инженері. 2001-2008 жылдары Атырау фи-лиалы ТОО «ОТО-Пром» мекемесінде жетекші инженер, директордың орынбаса-ры қызметін атқарған. 2008-2015 жылдары АО «РД «КазМунайГаз» мекемесіне қарасты Атырау Инженерлік Орталығында жетекші инженер болып еңбек ет-кен. Бүгінгі күнгі ТОО НИИ «Каспий Мунай Газ» мекемесінде жетекші инженер болып еңбек етуде. Жұбайы Байтемірова Гүлшат (13.06.1964 ж.т.) Балалары: Бо-тагариева Айша (22.07.2009 ж.т.) – оқушы.

Ботағариев Қуат Бағытұлы1965 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген.

Сағыз сегізжылдық орта мектебінде 1975 жылға дейін оқып кейін, Атырауда Н.К.Крупская атындағы орта мектепті бітірген. 1984 жылдан бүгінгі күнге дейін «Ембімұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Прикаспий ұңғымаларды бұрғылау басқармасы ( ПУБР)» бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастап, бүгінгі күні «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау» СБМ» ЖШС, «ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде бұрғышы болып еңбек етуде. Жары Гумарова Гулжан (1968 ж.т.) екеуінің ба-

ласы: Ботагариев Қуаныш (2008 ж.т) оқушы.

Page 214: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

214

Ботағариев Жұма (1937-1978 ж.ж.) Әкесі Ботағариев Тілекқабыл, анасы Ботағариева Дина. Жұма Сағыз мұнай кәсіпшілігінде элек-трмонтер болып еңбек етті. Жары Жұмақұлова Роза (1940-2010 ж.ж.) Сағыз м.ө. кәсіпшілігінде оператор – машинист боп жасаған. Қазір зей-неткер. Екеуінің ұрпақтары: Гүлзада (1964 ж.т.), Гүлмайра (1966 ж.т.), Асхат (1969 ж.т.), Гүлшат (1972ж.т.), Гүлбаршын (1974 ж.т.).

Ботағариев асхат Жұмаұлы (1969 ж.т.) Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Асхат 1985-1987 жылдарда Кәсіптік техникалық №7 ПТУ моторист мамандығы бойынша оқып бітірген. 1987жылы әскер қатарына алынып, онда Теңіз флотында 2 жыл әскери міндетін атқарған. 1989 жылдан мұнай саласында моторист, машинист болып еңбек еткен. Қазіргі уақытта «КазТатМұнайСервис» мекемесінде машинист болып жұмыс жасайды. Жолдасы Исқалиева Ай-жамал (1969 ж.т.), балалары Ботағариева Алима (1990 ж.т.)

тұрмыста, Ботағариева Әйгерім (1995 ж.т.) тұрмыста, Жұмаев Аманжан (1999ж.т.) Н.Тлендиев Атындағы кіші өнер академиясының 11 сынып түлегі. Ботағариевтар әулетін айтқанда Дина анамыздың Жұмадан басқа да Ізімбай (құрылыс саласының инженер маманы), Ізтұрған (мұнай саласының инженер маманы) деген ұлдары болғанын айтпай кете алмадық. Өкінішке орай бұл екі азамат жайында деректер таба алмадық.

ҚОСМырзИевТар әулеТі

Қосмырзиев Жұмақұл (1898-1990 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жерасты жөндеу цехында мұнайшы (бұрғышы) болып еңбек еткен, «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. Жары Қосмырзиева Жаңыл (1912-1980 ж.ж.) . Екеуінің ұрпақтары: Қосмырзиева Үміт (1923-1987 ж.ж.), Қосмырзиев Шам (1927-1987 ж.ж.), Қосмырзиев Төлебай (1942 ж.т).

Page 215: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

215

Қосмырзиев шам (1927-1987 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен. Жары Қосмырзиева Сәуле.

Қосмырзиев Төлебай Жұмақұлұлы (1942 ж.т.) Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1965 жылы Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде электро-монтер болып бастаған. Бүгінгі күні зейнеткерлік демалыста Атырау қаласында тұрады. Жары Искалиева Са-бира (1946-2014 ж.ж.) екеуінің ұрпақтары: Қосмырзиева Бекзада (1968 ж.т.), Қосмырзиева Гүлнар (1972 ж.т.), Қосмурзиев Бауыржан (1979 ж.т).

Қосмырзиев Бауыржан Төлебайұлы (1979 ж.т.) Атырау қаласында дүниеге келген. Бүгінгі күні Атырау мұнай өндеу заводын-да энергетик болып еңбек етеді. Жары Ақмарал (1981 ж.т.) екеуінің ұрпақтары: Қосмырзиева Алия (2000 ж.т.).

аМанБаев - аМанЧИевТер әулеТі

Осы әулеттің мұнайшылар әулетінің бастауында тұрған атақты мұнайшы

аманбаев Балықбай аманшаұлы (1902-1984 ж.ж.) Жылой ауданы Ракуша кентінде дүниеге келген. Әкесі

Аманша Саттарұлы ерте қайтыс болғасын, оның ағасы Аман-бай Саттарұлының тәрбиесінде болған. Бастауыш білімі бар. Араб, латын, кириллица графикасын танып жаза білген. 1916 жылы Ракуш кентінде балықшы, кейін құрылысшы. 1926 жылы Байшонас, Ескене кен орындарында мұнай іздеу экспедициясында буровойларда жұмысшы, монтажшы. 1932 жылы Байшонас мұнай кәсіпшілігіндегі «Эмбанефть» тресінде монтаждау бригадасында слесарь. 1938 жылы - Байшонас мұнай кәсіпшілігі «Эмбанефть» тресінде мон-

таждау бригадасының бригадирі болып тағайындалды. 1941 жылы жаңадан ашылған Сағыз мұнай кәсіпшілігіне аударма мен монтаждау бригадасының 7 раз-рядты слесарьлар бригадирі болады. 1941-1945 жылы Ұлы Отан Соғысы кезінде Сағызда броньмен қалып, жеңіске еселі еңбегін арнады. 1948 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде деэмульсаторға механик болып тағайындалды. 1956 жылы 7 раз-рядты мұнай қотару операторы болып ауыстырылды. 1956 жылы деэмульсация қондырғысының 8 разрядты машинисі болып бекітілді. 1957 жылы жасының

Page 216: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

216

келгеніне байланысты зейнет демалысына шығады. 1939-1948 ж – Қазақстан Коммунистік партиясының мүшесі. 1951 жылы – Кәрі Ембі мұнай өнеркәсібінің қалыптасуына сіңірген ерен еңбегі және КСРО мұнай өндірісі өркендеуіне қосқан зор үлесі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен 147189 номерлі «Ленин» орденімен марапатталады. Атырауда жерленген. Жолдасы Аманбаева Сәнім Мырзахмет қызы (1909-1960 ж.ж.) Таушықта дүниеге келген. Екі бала тәрбиелеп өсірген. Сағызда жерленген.

аманчиев Бекежан Балықбайұлы (1932 -1977 ж.ж.)

Байшонаста дүниеге келген. Орта білімі бар. 1950 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жұмысшы. 1952 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіне қарасты гаражда сле-сарь, 1956 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор, 1964 жылы УМНПП мұнай мен су

айдау басқармасына қарасты Сағыз бөлімшесінде оператор, 1968-1977жылы УМНПП басқармасына қарасты Сағыз мұнай мен су айдау қондырғысының машинисі болып еңбек еткен. Сағыз көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі болды. Мұхиттың, Ғарифолланың халық әндерін нақышына келтіріп орындаған. Көркемөнерпаздар бригадасымен Гурьев облысының мұнай кәсіпшіліктерінде, буровойларда, экспедицияларда ән шырқаған. Зайыбы Қарашолақова Қатира (Қапиза) (1935-2006 ж.ж.) Гурьев қаласында дүниеге келген. Бекежан екеуі 1955 жылы Сағызда шаңырақ көтерген. 1963-1980ж Сағыз жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде азық-түлік дүкенінің сатушысы болды. 1980 жылы – Гу-рьев қаласының горпищеторгтің экспедиторы. 1982-1992 жж – горпищеторгтің №98 дүкенінің сатушысы. 1992 жылы – зейнетке шықты. «Ана даңқы» орденің 1,2 дәрежесімен марапатталды.

аманбаева клара Балықбайқызы (1952 ж.т.)Сағыз поселкесінде дүниеге келген. 1979 жылы Халық де-путаттары Сағыз поселкелік Кеңесінің 16-сессиясының шешімімен Сағыз поселкелік атқару Кеңесінің хатшысы бо-лып сайланды. 1980 жылы Гурьев Облыстық кинопрокаттау мекемесінің репертуарды жоспарлау бөлімінің редакторы. 1982 жылы - Фильмофонды жоспарлау және кинореперту-арды бақылау бөліміне аға редактор болып тағайындалады. 1987-2007 жылы – Кинорепертуарды жоспарлау бөлімінде аға редактор. 2010 жылдан бастап зейнеткер. Сағызда ком-

сомол ұйымының жетекшісі 1976-1980 жылдары Сағыз поселкелік Кеңесі депутаты. Атырауда 1982-1984 ж.ж. Облыстық кинопрокаттау мекемесінің кәсіподақ комитетінің төрағасы, 1984-1991ж партия ұйымының хатшысы. 1979 -1991жылға дейін партия мүшесі болды.

Page 217: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

217

аманчиев руслан Бекежанұлы (1956-1985 ж.ж.) Сағыз поселкесінде дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының 1979 жылғы түлегі. Мамандығы инженер-бұрғылаушы. 1979 жылы БУРБ-де РИТС-3 те бұрғышының көмекшісі. 1980 жылы БУРБ қауіпсіздік тех-никасын сақтау бөлімінің инженері. 1982 жылы БУРБ ком-сомол ұйымының хатшысы. 1983-1985 жж «Ембімұнайгаз» бірлестігінде комсомол комитетінің хатшысы. Жары Бисе-нова Светлана Занешқызы (1956 ж.т.) Еңбек жолын Сағызда

бастаған. 1979-1981 жылы Сағыз 8-жылдық мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 1981-1990 ж Атырау қаласы №19 мектепте география пәні мұғалімі, 1990-2006 жылдары № 27 мектепте директордың тәрбие жөнінен орынбасары, 2006-2014 жылы Атырауда агротехникалық колледжінде география-биология пәні мұғалімі. 2014 жылдан зейнеткер, Балалары: Аманчиева Әлия Русланқызы (1980 ж.т.) мамандығы экономист. Атырау мұнай мен газ институтында, Қазақ Ұлттық техникалық университетінде аға оқытушы болып еңбек еткен. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2009 жылдан Аджип мұнай компаниясында эконо-мист. Тұрмыста. Екі баласы бар. Жантемир қазақ түрік лицейінде оқиды. Ислам бала бақшада. Аманчиев Жасұлан Русланұлы (1981ж.т.) Қазақ Ұлттық техникалық университеті мамандығы инженер бұрғышы мамандығы бойынша бітірген. Жеке кәсіпкер. Жары Қағазова Айгуль Құрманғалиқызы (1982 ж.т.) Балалары Эльдар, Эльнара. Аманчиев Еркебұлан Русланұлы (1984 ж.т.). 2009 жылдан ТОО «Руссвет сервис» мекемесінің директоры. Жары Жанабаева Зарина Сексенқызы (1995 ж.т.) Балалары Аяна, Санжар.

аманчиева Светлана Бекежанқызы (1958 ж.т.)Сағызда дүниеге келген. 1975-1977 жж НГДУ Мақатмұнайгаз ЖКХ –да жұмысшы. 1978-1983 жж Ленин атындағы ҚазПТИ-ді бітірген, тау кен инженері. 1983-2007 жж – НГДУ «Мақатмұнайгаз» -да оператор, ПТО инженері. 2007 жылдан – АО «Интергаз Орталық Азия УМГ Атырау жабдықтаушы. Жолдасы Аймашев Қайырбек Нұриденұлы 1958 жылы туған. Каз ПТИ-тау инженері. «АО Интергаз Орталық Азия» да бөлім бастығы. 3-бала тәрбиелеуде. Қызы Айсәуле КБТУ-ді бітірген, программист, ұлдары Марат Атырау мұнай газ

институтын бітірген, АО «Интергаз Орталық Азия» мекемесінде инженер, Жан-дарбек Чехияда білім алуда.

Page 218: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

218

аманчиев нұрлан Бекежанұлы (1961 ж.т.) Сағыз поселкесінде дүниеге келген. Ленин атындағы ҚазПТИ түлегі, мамандығы инженер-механик. 1986-1994 жж – «Гурьевмұнайгазгеология» да машинист учаске мастері, БНГРЭИС механигі. 1996 жылы АО «Қаражанбасмұнай» мұнай өндіру операторы, труба инструментальді алаңының бастығы. 1997-2008 жж – НГДУ «Қайнармұнайгаз» басқармасында инженер ОТ,ТБ және экология қызметінің

басшысы автоматиканың жетекші инженері, ЦИТС тің ауысым бастығы. 2008 жылдан ПФ «Ембімұнайгаз» АО РД «Казмұнайгаз» да өндірісті оперативті басқару бөлімінің ауысым бастығы. Зайыбы Құспанова Әлия Мергенқызы (1965ж.т.). Балалары Шолпан, Әйгерім, Нұржан. Әйгерім Қаз ГАСА, факуль-тет сәулет дизайн. Нұржан оқушы. Аманчиева Шолпан Нұрланқызы (1990 ж.т.) Абылайхан атындағы лингвистикалық лицей колледжін, С Демирель атындағы Университеті, Ұлыбританиядағы «Суррей Университетінің» Маги-стратурасын аударма ісі бойынша аяқтаған. 2014 жылдан С.Демирель атындагы Университетінде, халықаралық қатынастар бөлімі маманы болып қызмет етеді. Тұрмыста, Амира атты қызы бар.

аманчиев Бауыржан Бекежанұлы (1962 ж.т.) Сағызда дүниеге келген. Ленин атындағы ҚазПТИ түлегі,

мамандығы инженер буровик. АО «Ақтөбемұнайгаз» бірлестігіне қарасты «Октябрьск» бұрғылау басқармасында бұрғылаушының көмекшісі, бұрғылаушы бұрғылау мастері, инженер технолог, ТОО ККБК «Великая стена» мекемесінде бұрғылау мастері, АО РД «Казмұнайгаз» ға қарасты ТОО «Өріктау Оперетинг» мекемесінде бұрғылау жұмыстары жөніндегі жетекші инженер болып еңбек ет-

кен. Зайыбы Аманчиева Гүлмира Бітімбайқызы (1967ж.т.) Жеке кәсіпкер. Бала-лары Данияр, Дана. Ақтөбе қаласында тұрады. Аманчиев Данияр Бауыржанұлы (1989 ж.т.) Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 2007-2011 жылы Пекинде Мұнай Университетін инженер механик мамандығы бойынша аяқтаған. 2012 жылдан ТОО ККБК «Великая стена» инженер технолог.

аманчиев Теміржан Бекежанұлы (1964 ж.т.)Сағызда дүниеге келген. «Гурьевнефтегазгеология»,

«Тенгизшевройл»- ге қарасты АО «Казмұнайгаз» да, ТОО «Компас сервис» мекемелерінде жургізуші болып еңбек еткен. Жары Сисенбердиева Ақтолған Жанкейқызы. (1964 ж.т.) Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Уни-верситетте оқытушы. Балалары Әнуар, Санжар, Інкар. Аманчиев Әнуар Теміржанұлы (1989 ж.т.) 2013 жыл-дан ТОО «БДМ Мұнайсервис» супервайзер болып еңбек

Page 219: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

219

етеді. Аманчиев Санжар Теміржанұлы (1991 ж.т.) Евразия Ұлттық Университеті мамандығы автоматтандыру және басқару, Мәскеу аэронавигация институты, авиадиспетчер мамандығы бойынша аяқтаған. РГП «Казаэронавигация» Ақтөбе халықаралық аэропорты авиадиспетчер. Алматы азаматтық авиация академия-сы факультет әуе қозғалысын реттеу.

аманчиев нариман Бекежанұлы (1968 ж.т.) Сағызда дүниеге келген. Алматы Құрылыс Сәулет институтын инженер

құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Құрылыс саласында еңбек етеді. За-йыбы Сартаева Ұлжан Мейірманқызы (1967 ж.т.) КазНТУ кадр бөлімінің маманы. Балалары Бақтияр, Ажар. Аманчиев Бақтияр Нариманұлы (1991 ж.т.) К. И. Сат-паев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университетінің Магистратурасын, инженер – геолог мамандығы бойынша аяқтаған. ТОО « Pandea Endineeind». Ин-женер техник.

аманчиева гүлжан Бекежанқызы. Қаржы саласында еңбек етеді. Ұлы Алдияр

политехникалық колледжінің студенті.

аманчиев Батырлан Бекежанұлы (1974 ж.т.) Сағызда дүниеге келген. Мұнайшы. Зайыбы Әжіғұлова

Нұргүл Салауатқызы (1975 ж.т.) Жеке кәсіпкер.

Сағыз тұрғындарының барлығы да мұнайшы болғандарымен, олардың арасында ұрпақтары сол мамандықты бірнеше буынға жалғастырған, жақсы нәтижелерге қол жеткізген бірнеше династиялар бар. Соларды ерекше атап көрсетіп, елге олардың еңбекте жеткен табыстарын, олардың ұрпақтары қандай екенін жария еткіміз келген мақсатымыздың нәтижесі осы.

Page 220: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

220

Page 221: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

221

ЖеТінші БөліМ

атакүлдік

Page 222: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

222

БаБалар Мекені - ҚаСИеТТі ҚызылҚОға

Бұл жинақ біздің туған ауылымыз Сағыз кен орнына арналғанымен, Сағыздың атағын шығарған, мұнайлы Ембінің қазынасын арттыруда тер төккен аталарымыз бен әкелеріміздің туған топырағы туралы сөз етпей кету-ге азаматтық арымыз жібермеді. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде еңбек ет-кен ауыл тұрғындарының басым көпшілігі, тіпті барлығына жуығы, байырғы Қызылқоға өңірінен шыққан қарт мұнайшылар мен солардың ұрпақтары болатұғын. Қарт мұнайшылар өздерінің кіндік қандары тамған туған өңірін ауыздарынан тастамай үнемі әңгімелеріне арқау қылып отыратын. Сағыздың киелі топырағында еңбек еткенімен, бүкіл өмірлерін Сағыздың өркендеуіне арнағанымен, олар өздері туған топырағын ұдайы есінде сақтады. Бүгінгі күні туған ауылын, туған жерін аңсап тебіренген дәл өзіміз сияқты, олар да сол өздері топырағында аунаған қасиетті Қызылқоға жерін ешқашан ұмытқан жоқ. Ұрпақтарының құлақтарына, саналарына өздерінің ата-бабаларына құтты қоныс болған, ата-бабаларының сүйектері жатқан қасиетті, киелі Қызылқоға өңірін сіңіруден жалыққан емес. Біздің ауылдың қарттары туған өлкесін, кіші отанын, ұрпақтарының санасына сіңірудей-ақ сіңіре білді. Сол қасиетті өңірде олар өздерінің елімізді ашаршылық жайлаған нәубет жылдарда шағыл құмнан құмаршық қазып жеп аман қалғандарын айтатын. Аталарымыз он сегізінші ғасырдың аяғында-ақ заманның ыңғайын дәл жобалап, ендігі заманның жаңалықтың, өндірістің заманы екенін тез бағамдай алды. Олардың алдыңғы легі мұнай өндіріп жатқан ағылшын капиталистеріне қара жұмысшы болып жал-дана жүріп мұнай өндірісіне кіріге бастады, үйренді, елде қалған ағайындарын өндіріске икемдеп тартты. Міне солардың бір бөлегі сол кезде жаңадан ашылып жатырған Сағыз кенішіне де келген болатын. Аталарымыз бен әкелеріміз осы топырақтан өз бақытын іздеп, мәңгілік мекендерін де осы жерден тапқанымен, біздің құлағымызға АТА ҚОНЫС атты ұғымды сіңіріп кетті. Олар өздері туған топырақты ешқашан ұмытқан емес! Сағыз ауылында тұратын тұрғындардың ұйымшылдығы, ауызбірлігі, татулығы сол Қызылқоға өңірінде туған, бірге ой-нап, бірге өскен, бір үйдің балаларындай болып мұнай өндірісіне келген біздің ауылдың қарт мұнайшыларының татулығынан болса керек. Қарттардың ай-туынша, олар тек аштықтан азап шекпеген екен, Азамат соғысы, Революция жылдары орыс солдаттарының таратқан түрлі індеттерінен де зардап шегіпті. Міне, осындай қиындықтар оларды жақындастыра түскен, ағайыншылықтарын арттыра түскен сияқты. Қарттарымыздың бірін-бірі құрметтеуі, сыйлауы осын-дай қиыншылықтарды бірлесіп жеңулері арқылы келген десек дұрыс болар. Ата-бабаларының сүйегі қалған қасиетті Қызылқоға өңірімен Сағыз ауылының қарт мұнайшылары мен олардың ұрпақтарының байланысы бір сәтке де үзілген емес. Ауыр жұмыстан қолдары сәл босай қалғандай болса ауылдың әр тұрғыны да сол өңірге қарай жолаушылап бара жататын. Өздерінің табаны бо-лып есептелетін өңірде қалған туыстарына барып, ата-бабаларының зираттары-

Page 223: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

223

на дұға жасап келуді өздерінің қасиетті парызы санайтын. Сондықтан да біздер Қызылқоға өңірімен оқырмандарымызды қолымыздан келгенінше жақынырақ таныстырғанды жөн көрдік. Төменде берілген Қызылқоға топырағындағы қасиетті мекендер мен олар туралы аңыздарды, жер-су атауларын біз де бала күнімізден естіп, жүрегімізге түйіп өстік, аталарымыз туған топыраққа жаз сай-ын барып аунадық, саф ауасын жұттық, көкірегімізге туған топырақ, Ата қоныс, Бабалар жері деген ойды сақтадық. Бүгінгі күні қай жерде жүрсек те, Қаракөл, Қарабау, Қызылқоға, Тайсойған дегенде өз әкелеріміздің, аталарымыздың туған топырағы, бабалар қонысы деп тебіренеміз, сағынамыз, қуанамыз....

Байқап отырсақ, қазақ мұнайының тарихында ойып тұрып орын алатын тұлғалардың дені осы Қызылқоға топырағынан екенін аңғару қиын емес. Бұл топырақтан шыққан қазақ мұнайының корифейлері Сафи Өтебаев, Рахмет Өтесінов, Жәрдем Кейкин, Таумыш Жұмағалиев, Жауғашты Нәбиев, отандық өнеркәсіпті өркендетуге зор үлес қосқан кәсіпқой мамандар Нұрлан Балғымбаев, Балтабек Қуандықов, Ұзақбай Қарабалиндерді де мақтанышпен атауға болады.

Қазақ даласында өткен тарихи оқиғалардың Қызылқоға топырағына соқпай өтетіні сирек. Бұл жерден Асанқайғы, Қазтуған, Жиенбет жыраулар да желіп өтті. Бөкен би, Сырым батыр, Алдар, Есет, Машақ билер, Есбай, Мұхит бабаларымыздың құтханасы болды. Алты Алаштың қамын жеген біртуар ба-тырлар Исатай – Махамбет, Асау – Тұрлан жүрген өңір бұл! Арқалы ақындар Досжан, Шернияз Жарылғасұлы, Ығылман Шөрекұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Ақтан Керейұлы, Зімбіл Тегенбайұлы, Зәкәрия Сағындықұлдары жыр нөсерін төкпектеткен өлке бұл!

Бұл өңір бұрынғы өткен батыр, би, ақын-жырауларымен ғана емес, бүгінгі даңқты ұлдары, елімізге әйгілі тұлғалар Петербург әскери медициналық акаде-миясын алтын медальмен бітірген, энциклопедист-ғалым Халел Досмұхамедұлы, әйгілі «Дөңасқан» романының авторы Ғабдол Сланов, академик-заңгер Салық Зиманов, академик-жазушы Зейнолла Қабдолов, мемлекеттік деңгейдегі бас-шы Саламат Мұқашевтар дүние есігін ашқан өңір. Бұл қатарда елімізге танымал ақын жазушылар Сәтімжан Санбаев, Мереке Құлкеновтерді атап кеткен жөн.

Қасиетті Еділ-Жайық, Сарайшық арасы ежелгі өркениеттің мекені, тек қазақ халқы ғана емес, бүкіл түркі әлемінің ата-бабалары ғұмыр кешкен қарашаңырақ іспетті болса, соның бір айғағы Асанқайғының «Ойыл көздің жасы еді», «Созы-лып жатқан Жем, Сағыз» атты әйгіл жырлары.

Осынау киелі өлкенің бұдан төрт ғасырдай бұрын Ресейдің ежелгі картасына енгізілгені, аталмыш карта 1627 жылы Санкт-Петербург қаласындағы баспаха-нада екінші рет қайта басылғаны белгілі. 1858 жылдардағы Тайсойған, Бүйрек құмдары мен Қарабау көлін және Каспий жағалауын қыстаған Кіші Орданың ба-тыс бөлігіндегі ру басылары мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазан төңкерісіне дейінгі болыстық басқару жөніндегі құжаттарға ден қоя отырып, осыдан бірнеше ғасыр бұрынғы ата-бабаларымыздың тыныс-тіршілігін елестетуге болатындай.

Картаға енгізілген жер, елдімекен, өзен, көлдердің сол кездегі атаулары, олардың ара қашықтығы, өзендердің қайдан бастау алып қайда құятындығы, қандай салалары қай жерде қосылатындығы нақты көрсетілген. Соның бірден

Page 224: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

224

бір дәлелі – Қаракөл көлі. «Ойыл өзені Жайыққа жетпей сіңіп кетеді. Осы өзеннің құярлық айналасында Қаракөл деген көл бар (по нашему черные өзера)» деп дәл анықтама берілген. Алайда сол көп көлдер табиғи апатқа ұшырады. Бүгінде орындары тақырға айналды. Олардың атаулары естен шықты.

Осы картаны құрастырған ғалымдардың 1627 жылы Ресейде шығарылған «Үлкен сызба кітапта» келтірілген деректерде бұл өлке (Қарабау, Қаракөл, Қызылқоға, Тайсойған, Бүйрек..) Еуразия материгінің ішкері аймағында орналасқан, яғни Атлант мұхитынан 2500 км қашықтықта жатыр, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі жатыр. Көктем кезінде еріген қар суын жинайтын ойпаңдар, көлшіктер көп. Каспий маңы ойпатының кең тараған жер бедерінің бір түрі – сорлар. Олардың тереңдігі -10-20 м. Сорлар қар еріген кезде сай – сала-дан су құйылып, бетіне шығып жатқан тұзды ерітеді. Жаз айларында (маусым, шілде) құрғап, бетінде тұздың жұқа қабыршақтары қалыптасады. Сорлардың емдік қасиеттері бар. Әртүрлі тұз ерітінділерінен тұратын сор балшықтарын жергілікті халық буын, тері ауруларын емдеуге пайдаланады. Мысалы: Қазанғап, Құлпейіс, Шажабай сорлары. Құмды шағылдар көп. Тайсойған, Бүйрек құмдары үлкен территорияны алып жатыр. Мұндағы құм теңіздің тартылған орнында пайда болған.

Шөгінді жыныстардың астында жатқан қалыңдығы 5000-8000 метрге жететін тұз қабаты мұнай қорын зерттеуге толық мүмкіндік бермей отыр, қазіргі кезде.

ҚызылҚОғаның Су ҚОрларыҚызылқоғаның негізгі өзендері – Ойыл мен Сағыз. Ойыл өзені басын Мұғалжар

тауынан алады. Аудан территориясын шығыстан батысқа қарай кесіп өтеді. Ойыл өзенінің жалпы ұзындығы 800 км. Көктемде қар суымен деңгейі көтеріліп, жаз-да иірім бөлініп, тұздылығы артады. Ойылдың басты салалары Ащы Ойыл, Кен-жалы, Қиыл, Қайнар, Жарыпшыққан, Жамансай, Жаманаша, Шолақсай және т.б. кішкене өзендер бар. Суы Жайыққа жетпей көлшіктерге айналады. Мал суаруға, егіске пайдаланады.

Каспий маңы тұщы суға әрдайым зәру. Қатаң континенттік климат, жауын-шашынның аздығы және жер бедерінің мардымсыз ойдымдылығы салдарынан Каспий маңында су жүйесі нашар дамыған. Аймақта ағын су да тапшы. Алқаптың едәуір бөлігінде тұрақты ағынды су көздері мүлдем жоқ, мезгілді өзендер мен уақытша ағысты сулар керісінше көп кездеседі. Суы аз, құмға, сорға, шағын көлшіктерге сіңіп, құрып кететін «соқыр» өзендер де бар.

Жарыпшыққан өзені Ойыл өзенінің алабында. Ұзындығы 180 км. Миялыдан төмен 7 км жерде Ойылдан тармақталып шығып, Тайсойған құмын оңтүстікке қарай қақ жарып ағады. Тайсойғаннан төменірек Жаманаша, Үлкенаша, Қарабау тармақтарына бөлініп кетеді. 50-60 км-ден кейін Айғыркөл көліне қайта қосылады да, Ұлқияқ көліне қайта құяды. Суы кермектеу келеді, Жағасында Қарабау ауылы орналасқан.

Ойыл өзені Ембі дөңінің (Ақтөбе облысы) 250 м биіктіктегі оңтүстік-батыс беткейінен бастау алады, ұзындығы 800 км, су жинайтын алқабының ауданы 31

Page 225: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

225

500 км2. Негізгі салалары: Қиыл, ұзындығы 179 км, су жинайтын алқабының ау-даны 4 мың км2, Ащыойыл, ұзындығы 111 км, су жинайтын алқабының ауданы 5 мың км2. Басқа салаларының ағыны уақытша. Ойылдың негізгі ағысы батыс-оңтүстік-батыс бағытында. Өзеннің бастауынан сағасына дейінгі құламасы 270 м, орташа көлбеулігі 0,38. Ойыл суының аздығына қарамастан (өзеннің орташа жылдық шығыны 10м3/сек), өзен суының тұздылығы аз болғандықтан және солтүстікте жақын орналасуына орай, аймақты сумен жабдықтауда маңызды роль атқарады. Өзен қоректену түрі бойынша қар суымен толысатындар қатарында. Орташа жылдық шығыны 10,0 м3/сек, көп жылдық орташа ағыны 360 млн.м3. Ойыл суының толысуы сәуірдің ортасынан бастап, судың деңгейі күрт көтерілуінен басталады. Тереңдігі 10 м, сәуірдің аяғына қарай азая береді. Ағынның негізгі бөлігі (90%-і) су толысу кезеңінде (сәуір, мамыр) өтеді.

Сағыз – Ембі дөңдігінің 190 м биіктіктегі оңтүстік-шығыс беткейінен Қызыл, Әділсай жылғаларының қосылған жерінен бастау алады. Өзеннің ұзындығы 511 км. Бастауынан сағаға дейінгі жалпы құламасы 213 м. Су жинайтын алқабының ауданы 19,4 мың м2.

Негізінен, қар суынан, жартылай жер астынан да қорек алады. Сағыздың ор-таша көп жылдық шығыны шамалы –3,2 м3/сек, орташа ең үлкен көрсеткіш –45 м3/сек, орташа жылдық ағын 118 млн.м3, төменгі ағысында Тентексор елді мекенінің тұсындағы құмға сіңіп жойылатын жерінде ағынының көлемі 30-40 млн.м3-ге дейін азаяды. Жылына Сағыз 300 мың т тұз алып шығады. Тұздың осыншама көп мөлшерінен, өзен түбі суының және төңірегіндегі топырақтың тұздануына жағдай туады. Жазда Сағыз ағысының өң бойында су ішуге де, мал суаруға да жарамсыз, тұзды. Тек қана көктемгі су тасқыны кезінде және жаздың алғашқы айларында суы әжептәуір тұщыланады.

аңызға ТОлы аТаМекенАдам өмірі тал бесіктен жер бесікке дейін сандаған аңыздың арқауы емес пе?

Осындай аңыздың бір парасын назарларыңызға бергіміз келді. Өйткені, бұл аңыздар - қасиетті Қызылқоға өңіріне қатысты аңыздар. Осы өңірдегі тарихи орындар мен ескерткіштер туралы бүгін осылай айтады. Аңыз атасы шындық екенін ойласақ, сіз де құлақ салып байқаңыз, бір шындықтың ұшын табарсыз....

ТүкТі аТа – алып анаБаяғыда осы атырапта ерлі-зайыпты жандар өмір сүріпті. Жаугершілік заманы

болса керек. Ел шетіне жау тигенде анамыздың ерлігі елден ерек, жұрттың көзіне түседі. Елдің жастары оны Алып Ана деп атап кетіпті. Өзі денелі, ірі адам болса керек. Қоршауда қалып, жаудың қыспағында қалғанда да, тіпті, жекпе-жекте де жау батырын найзамен түйреп, ат үстінен лақтырып жібереді екен. Осы Ебейті-Ноғайты мен Сағыздың тұщы сулы Қопа тұсын мекен етіп тұра беріпті. Бейбіт за-манда Алып Ана көріпкелдігі бар емші ретінде атағы алысқа жайылады. Уақыт өте келе екеуі де жастары ұлғайып қартаяды. Сонда Алып Ана ері Түкті Атаға:

– Біз екеуміз бұл пәниде бірге тұрғанымызбен, о дүниеде бөлек жататынымыз айқын. Егер бір қорымда қалсақ, ел көп ұзамай Алып Ана қорымы деп атап, сенің

Page 226: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

226

есімің ұмыт қала ма деп қорқамын, ер әйелдің иесі ғой,- депті. Осы күні Сағыз өзенінің Солтүстік беткейінде Түкті Ата, оңтүстігінде Алып

Ана бейіттері тұр. Екеуінің де бейіттері жер болып кеткен, тек қана халық қойған белгі бар. Осы жердің тұрғындары екеуіне де тәу етіп түнейді, Әулие тұтады.

Екінші бір халық аузындағы әңгімеде: Түкті Ата мен Алып Ананы, ертедегі жыр-ларда кездесетін Баба Түкті Шашты Әзиз атамен байланыстырады. Баба Түктінің зайыбы Шашты Әзиз өзінің жарына үш шарт қояды: біріншісі, басын жуғанда ба-сына қарамау, екіншісі қолтығының астына қарамау, үшіншісі аяғына қарамау. Баба Түкті әулие алғашқыда келіскенімен, қызығушылықпен бір күні жасырын сығалап қараса, Шашты Әзиз басын қолына алып жуып отыр екен, қолтығынан өкпесі көрініп тұрады екен, ал аяқтарының башпайлары теріс қарап тұрған пері қызы екен дейді. Баба Түктінің қарап тұрғанын көрген пері қызы енді мен саған жоқпын, сен уәдеде тұрмадың деп қаша жөнелген екен дейді. Содан Алатаудан ба, Қап тауынан ба, болмаса Алтайдан ба немесе Арқадан ба жеткен жерлері Сағыз өзенінің екі жағынан екеуі мәңгілік орын тепкен деген аңыз бар.

көкМешіТАбдолла Хазірет Жаналыұлы 1853 жылы Сағыз өңірінде дүниеге келіп, 1918

жылы қайтыс болған. Уфадағы атақты «Ғалия» медресесін үздік бітірген және Бұхарадағы діни мектептің түлегі. Меккеге қажылыққа барған өте білімдар кісі болған. Орта Азия діни бірлестігінің ғалымдары оның білімділігін жоғары бағалап, «Хазрет» атағын қосып Абдолла Хазірет деп атайды. Қазіргі Мақат-Қандыағаш темір жолы бойындағы Сағыз станциясынан 12 км. жердегі Шибұлақ деген ме-кенде мешіт ұстаған (1914). Мешіттің күмбезі алыстан көкшіл тартып көрініп тұрғасын халық «Көк мешіт» атаған. Абдолла мешітке түскен қаржыны кемтар адамдар мен кедей-кепшік отбасыларына үлестіріп, мейірімділік көрсетеді.

БОрСанМахамбеттің ағасы Бекмағамбеттің Жәңгірдің он екі биінің бірі болғаны тарих-

тан белгілі. Көтерілістен кейін тоз-тоз болған Құлмәлілерді Тайсойғандағы Бор-сан жеріне әкеліп орналастырған. Бұл күнде Бекмағамбеттің бейіті Борсанның оңтүстігінде әлі тұр. Борсан – кісі аты. Құлмәлілер арасында абыройлы адам болған. Жер аты да оның кісілігіне сай аталған.

СұлТануәйіС ҚОрыМыСұлтануәйіс ата – ел ішіндегі әңгімелерге қарағанда әулие адам болған, оның

аталары да Қызылқоға ауданындағы Тайсойған құмын мекендеген. Сұлтануәйіс Ыбырайұлы 1838 жылы туып, 1887 жылы жарық дүниеден озған. Сұлтануәйіс ауылы Борсан деген жерде болған. Ұрлық жасаған жігіттеріне өкпелеп, әулие Шыбындыға көшіп кетеді. Әулиенің бейіті Тайсойған құмы ішіндегі осы Шыбын-ды деген жерде. Жанына шипа іздеген жандарға басында түнек үйі бар.

Бүгінде Батыс Қазақстан жұртшылығы түгел мойындайтын Сұлтануәйіс ата «Қақпақты қара қазан» Тайсойған жерінде Шыбындының бойында жамбасы жер-ге тиген. Сұлтануәйіс Өтемістің он баласының ең кішісі Ибраһимнің бел баласы.

Page 227: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

227

Сол жерге биік, әдемі кесене бой көтерді. Басында атадан тараған ұрпақтардың бірі шырақшы. Зиярат етуге келген жандарға Алла атымен қызмет етеді.

МәТенҚОЖа МазарыМәтенқожа әулие мазары – Тасшағыл ауылдық округінде, Қаракөл селосының

шығысына қарай 3-4 км жерде. Мәтен қожа атамыздың туған, өлген жылдары жайында деректер жоқ. Тек қана әулие атамызды 1700 жылдардың тұсында өмір сүрген деп пайымдауға болады. Мәтен қожаның осы өңірде қалғандығы жөнінде аңыз да бар. Ата ел аралап жүріп, осы өңірдегі бір ауылға қонады. Өгізіне мініп кеткелі жатқанда ауыл адамдары біреудің жоғалған көйлегін даулап жібермейді. Өзінің ақтығына ешкімді сендіре алмағасын дұға оқитынын айтады. Алған адамның іші жарылатынын ескертеді. Ауыл адамдарын жинап, ол дұғасын оқиды. Сол кезде мал құдыққа келіп жатыр екен. Мал ішінде бір үлкен қасқа сиыр өкіріп, бақырып ортаға құлайды. Сол жерде оның қарны жарылып кетеді де ішінен жоғалған қызыл көйлек шығады. Содан бастап ел атадан кешірім сұрап, алдына мал салып, басына үй тігіп үйлендіріп, осы жерде қалдырады. Әулиенің басында түнек үй салынған, шырақшысы бар.

СаМай МазарыСамай мазары – Миялы селосының шығысында 18 км жерде орналасқан. Әкесі

Хан, Қожа атты дәулетті кісі болған. Сондықтан Самайды елі - Самай Қожа атаған. Ол 1804 ж. Жылой өңіріндегі Жем өзенінің бойында дүниеге келген. Самай ерек-ше оқыған білімді кісі екені белгілі. Ол 25 жыл бойы Қызылқоға, Ойыл, Жылой аймақтарының әкімі (Зональный правитель) болған. Осы еңбектерін бағалап патша үкіметі оған Сардар атағын берген. Самай Кіші жүздің Таз руларымен келіспей, ақыры соңында Таз рулары батырларының қолынан, қазірде мазары тұрған жердегі Ойыл өзенінің жағасында 1897 жылы қаза тапқан.

ТайМан ЖалыИсатайдың әкесі Тайман 1790-1800 жылдары осы жерге қоныс тепкен.

Аз уақыт шаруасына ыңғайлап, осы жерді мекендеген. Тайман жалы Нарын құмынан Тайсойған құмы арқылы шығыс бетінен оңтүстікке қарай жетпіс алты шақырымдай жерде Сарыалжын көліне жақын жерде жатыр. Көсіліп жатқан бұл жал ХІХ ғасырдан бері Тайман жалы аталып келеді.

Халел СТавкаСыХалел ставкасы – Миялы кентінен 25-30 км жердегі Х. Досмұхамедовтың

салдырған үйі. Оны халық арасында қауіпті індет шыққанда аурухана есебінде пайдаланған. Соңынан мектеп болған. Қазір де орны бар. Халық арасында «үйдің подвалында көптеген кітап болған, оны құм басып қалыпты-мыс» деген әңгіме бар.

айғыршағылАйғыршағыл – Тасшағыл елді мекенінде орналасқан қыстау. Қыстаудың бір

Page 228: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

228

жағы шағыл, бір жағы жазықтық, табиғаты өте сұлу аймақ, бұрынғы Микоян колхозының орталығы.

БылҚылдаҚТыБұл бірталай тарихи жазбаларда аты жиі аталатын, аса құнарлы өңір. Оның

бұлай аталу себебі, жері бұлақты, суы тұщы, өзен сағасы, айналасы былқылдаған көкорай болып келетіндігі. Былқылдақтыдағы бұрынғы кеңес үкіметі қиратқан мешіттің орнынан қазір әулие бұлақ шапшып жатыр. Алладан медет, дертіне дауа і здегендер осы бұлақ басына түнейді.

Секер Сұлу МазарыСекер сұлу мазары – Миялы селосының шығысында 7-8 км жерде орналасқан.

Секер сұлу (1786-1801) – қыз есімі. Секердің әкесі Байсал өте ауқатты, атақты бай болған кісі. Секер осы жерде дүниеге келген. Ол өте сұлу, әрі ақылды, күміс көмей әнші, күйші, қыран көз атбегі болған. Секер 15 жасында ұзатылайын деп отырғанда оқ жыланның шабуылынан жазым болыпты. Сүйегі сол отауы тігілген жерде жерленіп, басына үлкен мазар тұрғызылған. Кеңес үкіметі орнағанға дейін махаббат тылсымында жолы болмаған жастар мазар басына түнеп отырған. Соған қарағанда Секер әулие қыз болғанға ұқсайды.

СырыМ БөгеТіКөшпелі елдегі су тапшылығын көп көргендіктен Сырым Тайсойған Бүйректі

жайлаған кезінде бір жылы Ойыл өзеніне бөгет салу қажеттігіне тоқталады. Ойыл өзені бірнеше тармаққа бөлінеді. Сырым соның Құройыл деп аталатын тармағын бөгеуді жөн көреді. Бұл сала кейін де бөгелді. Олардың Сырым дәуіріндегі де, Кеңес кезеңіндегі де мақсат-мәні негізінен бір деуге болады.

Ол Құройылды бөгеу арқылы Тайсойған, Бүйрек, Қаракөл, Қарабау, Сарыкөл атыраптарын суға қанықтыруды көздеген. Сырым өзенді екі жыл қатарынын жазғытұрым бөгеп, суды тоқтата алмайды. Ол кезде құрал-жабдықтың, техниканың мүлдем жоқтығын еске алсақ, бұл таңқаларлық жәй емес. Ақырында үшінші көктемде салған бөгетті су бұзып кеткен соң, Сырым қасындағы қосшыларына: «Мен үйден шыққанда құдық басында балалар ойнап жүр еді. Солардың ойынын байқаңдаршы» - депті. Қараса балалар жерді жырып қауғамен су ағызып, оған өздерінше бөгет салып, қолдарында жапырақ киіздері бар, топырақ арасына киіз салалық деп шуласып жатыр екен. Жігіттер көргенін Сырымға айтып келгенде, Сырым: «Ақыл жастан» деген екен. Одан кейін Сырым көшпелі елден өрелеген киіз жинаттырады. Оны шуда жіппен тігіп шуал (үлкен қапшық) жасайды. Содан соң құммен толтырып, Құройылдың ортасын бөгепті.

Қазіргі «Сырым бөгетін» саларда (1930-1931) жүргізілген зерттеулер осы күнгі бөгеттен 200-300 метрдей төмен Сырым салған бөгеттің орнын ақтаған. Оған негіз болған сол нүктенің өзеннің екі жақ бетіндегі қабаттарының басқалардан айырмашылығы, өзен арнасының бағытын көрсететін тау жыныстарының өзгешеліктері, тағы осы секілді ғылыми дәлелдер.

Атырау облысындағы біз білетін Қазбек (Миялы), Ералы, Сырым, Бекмұрза,

Page 229: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

229

Қызылбөгет (Шілмағамбет) Батыс Қазақстанның – Үлкен өзен, Кіші өзен, Ақтөбе облысының Ащыойыл бөгеттері құрылысын басқарған тәжірибелі су маман-дары И.И.Филимонов, М.Зимин, С.Сидоров қара халықтан шыққан Сырымның инженерлік ойының тереңдігіне сүйсініп, таң-тамаша қалған.

ЖанұзаҚ ҚаЖы Түнек үйіЖанұзақ қажы Қалнияз ұлы 1863 жылы Сағыз өңірінде дүниеге келген. Аты

кіші жүзге кең тараған Абдолла хазіреттің шәкірті, Бұхарадағы діни мектепте дәріс алған. Меккеге қажылыққа барған көзі ашық, өз заманындағы алғыр адам болған. Кейіннен Былқылдақты ауылында мешіт салдырып, сол төңіректегі балалардың діни сауатын ашқан. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары мешіт ғимараты құлатылып, оның құрылыс жабдықтары қора салуға пайдаланыл-ды. Соңғы жылдары жергілікті халық, қажының шөбере-шөпшектері оның зиратының орнына көпшілік түнеп, зиярат ететін кесене тұрғызды.

БазарғалИ әулИеБазарғали Сағындықұлы 1869 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданының

қазіргі Жанкелдин ауылдық округі аумағында дүниеге келген. Әке-шешесі ауқатты, бай болған. Базарғали ата жас кезінен пысық, елгезек, алғыр бо-лып, ауыл молдасынан хат танып, кейіннен Орынбор қаласынан арнайы діни білім алған. Мекке, Мәдинаға барып қажы атанған. Ауыл тұрғындары мен ағайындарын жұмылдырып қазіргі «Қарақұдық» қыстағынан мешіт салдырған. Мешіт құрылысына қажетті көк тастарды (таудың тасы) Индерден алдырған. Көне көздердің айтуынша, мешітте Кенжебай ишан атанған ағайыны балаларға діни дәріс берген. Базарғали өзі де көп оқыған. Оған дәлел, Кеңес үкіметінің кезінде мешітті бұзып, тастарын салынатын құрылысқа пайдаланғанда көп кітаптар шыққан.

Базарғали ата тек діни сауатты ғана болып қоймай, көріпкелдік және емшілік қасиеттерінен де кенде емес. Өзі ауқатты бола тұрса да «Менің ажалым аштықтан болады» - дейді екен. Шынында да солай болған. 1932 жылғы елді жайлаған, қолдан жасалған аштық кезінде, қыста 63 жасында қайтыс болған. Қайтыс бо-ларда қасында болған ағайыны Қанат Маханов қарттың (марқұм) естелігінде «Базарғали ағам айтты» дейтін мынандай сөздер бар. «Мен қайтарда бір ат-шаналы адам келеді, соның шанасында бір қой мен бір қап астық болады, со-нымен жаназамды шығарарсыздар», - деген екен. Айтқандай-ақ, Қанат сыртқа шығып тұрса, бір ат шаналы бейтаныс адам Базарғалидың үйін сұрапты. Екеуі ішке кірсе Базарғали ата қайтыс болып кетіпті. Тағы бір айта кететін жәйт, Базарғали ата қайтыс болатын күні сол жердегі Ерғали деген кісінің де дәм-тұзы таусылыпты. Содан 6-7 жігіт қабірді қаза алмай қиналған екен. Өйткені, күн бо-ран, жер өте қатты болған. Ал, соның қасынан Базарғали атаға қабірді қазғанда жер жұмсақ, еспе құм болып, еш қиындық көрмепті. Әлгі бейтаныс адам атаның жаназасын шығарғаннан кейін үн-түнсіз аттанып кетіпті.

Базарғали ата, әсіресе жүйке ауруларына шалдыққандарды емдеген. Оның осы қасиеті өзі қайтыс болғаннан кейін де, басына барып түнеген адамдарға

Page 230: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

230

шипа болып, дерттерінен жазылып кетіп жатады, әлі де солай. Ағайындарының күшімен Базарғали атаның басына түнек үйі салынған.

Базарғалидан ер бала болмаған, соңында үш қызы қалған. Қазіргі уақытта Атырау қаласында тұратын бір қызы бар, аты – Қайрат. 1926 жылы туған.

СаҚал БадыранұлыСақал Бадыранұлы 1810-1886 жылдары өмір сүрген. Әулиенің бейіті Атырау

облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы селосының күншығыс бетінде 3 шақырым жердегі биік төбе басында орналасқан. Азан шақырып қойған аты – Бекберген екен. Туғанда жас баланың иегінде болар-болмас сақалы болыпты. Әкесі Бады-ран баласының бойында үлкен қасиет барын ерте сезініпті, бірақ балаға айт-папты.

Сақал атамыздың бала кезінде көрші ауылда үлкен той болыпты, осы тойға қызық көру үшін Сақал да барыпты. Бірақ, жас баланы ешқайсысы еле-мей, шетқақпай жасай беріпті. Бұған ренжіген Сақал ата «Ит құрлы елемеді, бала деп көңіл бөлмеді» деп үйіне кетіп қалыпты. Баласының ренжіп келгенін сезген әкесі: «Балам кімге ренжіп келдің, бірнәрсе бүлдірдің бе?» - деп сұрапты. «Жоқ, әке ештеңе бүлдіргенім жоқ», - деп жатып қалыпты.

Ертесіне хабаршы келіп ауыл-ауылды аралап, кешегі той жасаған бай үй-ішімен ажал тауыпты, неден болғанын ешкім білмейді деп жария етіпті.

Мұны естіген Бадыран баласына қарап: - «Балам сен кеше сол тойға бардым деп едің, бірақ ештеңе бүлдіргенім жоқ дегенсің, байқауымша, мынау сенің ісің, қате жасаған екенсің, сенде үлкен қасиет бар, аруағыңда 41 оқ бар еді, соның біреуін жұмсаған екенсің, енді қалғанын бала-шаға, қатын-қалашқа жұмсама, ол таусылса сенде ешқандай қасиет қалмайды, кең бол, кешірімшіл бол» - депті. Со-дан бастап Сақал ата ешкімге ренжімеске, ренжісе де қатты кетпеске ант беріпті.

Сақал ата бозбала кезінен жоқшылық пен жетімдікті қатар көріп өсіпті. Өзінен үлкен рулас ағалары ат әкелуге, мал суаруға соны жұмсай беріпті. Бір күні ат әкелуге жіберген Сақал ата келіп болмайды. Бұған ашуланған ағалары өздері келсе, бір ойпаңдау жерде аттардың шылбырын ұстаған Сақал ата шалқалап жа-тыр дейді. Үсті-басы толған жылан, қойнына бірі кіріп, бірі шығып жатса керек. Мұны көрген ағалары шошып кетіп, Сақал атаның қасиеті бар екенін мойындап, ат әкелуге жұмсамайтын болыпты.

Әлім елінде болған бір үлкен асқа Байұлынан да көп адам барыпты. Байұлынан барған адамдардың жасы үлкені, әрі Шеркеш руының батыры деп Бадыранға сыйға ту бие береді.

Елге келе жатқанда Асаудың баласы Тұрлан батыр кездесіп, «Еркек қойдың жасы үлкен, еркек тоқтының басы үлкен» деген, мен тұрғанда Бадыранға сыйлық қайда деп жетектегі ту биені шешіп алып, жетектеп кете барыпты. Бұл оқиғаны естіген Бадыранның баласы Сақал: «Тұрланды өлтіремін, Тұрланды өлтірмесем, өзім кәпір, қатыным талақ» деп ант беріп, бірнеше жыл сақал-мұртын қақтырмай, тырнақ, шашын алдырмай серттеп жүріпті. Мұны білген Тұрлан қоныс аударып басқа жаққа көшіп кетіпті. Осыдан бастап бұрынғы Бекберген аты ұмытылып, Сақал аты берік орын алыпты.

Page 231: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

231

Рулас, жерлес екі батырдың арасындағы ренішті естіген Қосым Шеркеш Тұманшы би: «Ер жігіттің елінен кеткені жеңіліп, жетімдік көргені емес пе? Тұрланның кеткеніне көп болды. Сен райыңнан қайт, сақал-шашыңды алдыр-тып, татуласыңдар», - депті. Сөзге тоқтаған Сақал ата райынан қайтып, сақал-шашын алдыртып, Тұрланның соңынан кісі жіберіпті, елге көшіріп алып, екі ба-тыр татуласыпты.

Сақал ата тірі кезінің өзінде көріпкел адам болыпты. Сақал атамен рулас Базарғали Нұрпейісовтің анасы 94 жасқа келіп қайтқан Қәдірше әжеміздің өз ау-ызынан айтқан мына бір сөзі көптің құлағында. Әжеміздің шешесі көп жыл бала көтермей жүріпті. Әулиелерге сыйынып, Сақал атаға іздеп барып,құмалақ ашты-рыпты. Сонда атамыз былай деген екен: «Жасыңыз ұлғайып, арасы селдіреп кеткен екен. Алла саған 3 нәресте береді. Алғашқысы ұл бала, оның атын Селдір деп қоярсың. Екіншісі қыз бала ел-жұртына қадірлі болар, атын Қадірше деп қой. Соңынан бір ұл бала табарсың, оның атын-Қошқар деп қой депті. Кейіннен осы балалардың ұрпақтары өсіп-өніпті. Сақал ата 1886 жылы қайтыс болған.

Сақал атаның Өтеген деген баласынан Жұқа, Татар деген балалар болды, олардың ұрпақтары Ақтөбе облысының Ойыл, Шалқар аудандарында орын теп-кен.

Атаның Ботақара деген баласынан туған Сатыбалды Қабдығалиұлы Сареке-нов Жылой ауданының орталығы Құлсары қаласында тұрады, зейнеткер, ұл-қыздары ер жеткен. 2001 жылы осы Сатыбалды ағамыз елге келіп Сақал атаның басына ақ тастан күмбезді бейіт тұрғызды. Сақал атаны пір тұтатын ауыл адамда-ры мен ағайын-тумалары әулиенің басына түнек үйін салып, келіп-кетушілерге қызмет көрсетіп отырады.

ТОпыраҚшашТыБұл біраз ақын-жыраулар жырына арқау болған өзен аты. Басын қары тез еритін

қыраттардан алатын әлгі өзен терең саймен ағады. Қар күрт еріп, тасыған кезде өзен арнасына сыймай, қатты ағыспен бұрқыратып, топырақты қоса ағызатын болған. Атақты Нұрым Шыршығұлұлының зираты осы Топырақшаштының жағасында.

«Топырақшашты, Наршөккен,Қонысым еді күл төккен.Ежелден мекен жер еді,Ата-бабам белгі еткен.Ақ орда тігіп, ас беріп, Салтанатын оңды еткен.Бұрын-соңды байқасам,Жоқ екен бәйгім құр кеткен...»,деп ақпа ақын Закария Сағындықұлы осылай деп Топырақшаштыны жырға

қосқан.

кенБай аТаСағыз селолық округінің оңтүстік батысындағы Сағыздан 110 шақырым

Page 232: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

232

қашықтықта ірі елді мекен бар. Мекеннің Кенбай атануы сол елді мекеннің ба-тыс жағында 5 км жерде Кенбай атаның бейіті бар. Кенбай ата өте қасиетті адам болған деседі. Руы таз. Басына топалаңмен ауырған малды түнеткен. Адамдар да жиі барады.

наршөккенСағыз елді мекенінің солтустік жағындағы үлкен биік төбе. Қыста қар қалың

түсетін ылғалды жер. Ылдидан қарағанда төбе шөгіп жатқан алып нарды көзге елестетеді. Ел аузында Наршөккен туралы мынадай дерек айтылады. Ертеректе осы өңірдің қайтыс болған жақсыларының зиратын көтеруге бағалы тастарды сонау Маңғыстаудың ойынан түйемен тасыған деседі. Ауыр жүк астында әбден зорыққан нар осы жерге жетіп, жантәсілім еткен көрінеді. Содан бері бұл маң Наршөккен аталған дейді көне көздер.

ҚалМаҚҚырғанСағыз селосынан 23 шақырымдай, Былқылдақты елді мекенінен екі

шақырымдай қашықтықта орналасқан қырат. Үсті толы қазақ-қалмақ соғысында қаза тапқан жауынгерлер жерленген қорым. ХVI–ХVII ғасырлар ескерткішіне жа-тады. Әлі терең зерттелмеген. Зират айналасынан әр кезеңде түрлі қару-жарақтар табылып жатыр. Біраз тарихтың осы жерде көміліп жатқанына дау жоқ. Көне жәдігерлік ретінде мемлекеттік дәрежеде қорғауға алынса оңды болар еді.

ҚызылҚОғаның алғашҚы БіліМ ОшаҚТарыҚазақ сахарасында білім беру ісі патшалы Ресейден бұрын-ақ қолға

алынған болатын. Дегенмен, жер-жерлерде хат танытатын «Қызыл үйлер» ұйымдастырылып халықты жаппай сауаттандыру жүйелі жүргізіле бастаған тұс – осы кезеңге тура келеді. Қызылқоға өңірінде алғашқы мектептің іргетасы 1891 жылы қаланған. Содан бергі Қазан төңкерісіне дейінгі уақытта Қарабаудың «Қызыл үй» мектебі, «Кермеқас», «Қаракөл» мектептері өмірге келді.

Қаракөлдегі мектеп халқымыздың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің бастамасымен ашылды.

Қаракөлдегі «Қызыл үй» алғашҚы ОрыС-ҚазаҚ МекТеБі

Бұл мектептің үйін салу ісі 1891 жылдан бастап қолға алынғанмен 1897 жылы ғана бір кластық орыс-қазақ мектебін ашуға мүмкіндік туды. Алайда мұғалімдер жетіспеуі салдарынан мектептегі оқу 1898 жылы қыркүйекте ғана басталды. Төрт жыл оқытатын Қаракөл бір кластық мектебі 1904 жылы екі кластық орыс-қазақ мектебіне айналдырылды. Дүниежүзілік соғыстың салдарынан мектеп 1917 жылдың күзінен бастап жабылып қалды да, 1921 жылы қайта жұмыс істей бастады.

Кейін мектеп жанынан 60 балаға арналған интернат ашылды, онда тәрбиеленгендердің көпшілігі жетімдер мен әл-ауқаты нашар отбасыларының балалары болды. 1925 жылға дейін Қаракөл орта мектебі бірінші басқыш мектеп

Page 233: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

233

болып келді де, 1925 жылы V-VІ кластар ашылды. Қаракөл мектебінен түлеп ұшқан өрендер жоғарғы оқу орындарында оқып,

ғылым саласында да табысқа жетуде. Олар: республикамыздың еңбек сіңірген геологы, ғылым кандидаты Т.Жұмағалиев, академик З.Қабдолов және ғылым кандидаттары Х.Кенжеғұлов, Б.Қосабаев, Т.Айтуаров және басқалар.

ҚараБаудағы Тұңғыш БіліМ ОшағыҚызылқоға өңіріндегі өзіндік бай тарихы бар оқу орны – Қарабау мектебі.

Қарабау «Қызыл үйінің» ірге тасы 1892 жылы қаланып, 1898 жылы бір кластық орыс-қазақ мектебі болып ашылған.

1904 жылы мектеп екі кластық алтыжылдық болып, дүниежүзілік соғыс сал-дарынан 1916 жылдан 1921 жылға дейін жабылған.

Қызылқоға жерінде Қаракөл, Қарабау, Кермеқас елді мекендерінде төртжылдық орыс-қырғыз мектебін ашты. Жоғарыда аталған мектептерді 100-ден астам «қарашекпендер» жергілікті жерде жыңғыл, қамыс, шағыр тағы басқа отындармен күйдірген тастан салған. Қарабау «қызыл үйі» орыс-қырғыз І басқыш училище болып, кейін шаруа-жастар мектебіне айналған.

1921 жылы «Бірлік мектебі» болып қайта ашылған. 1924-1925 жылдары мек-теп жетіжылдыққа айналып, 1928 жылы панасыз жетім балалар үшін интернат болған.

Белгілі Тұлғалар ұшҚан ұяХалық аузындағы аңызға сүйенсек, қай жылы екені белгісіз ХІХ ғасырдың

ІІ жартысында жоғарыдан Ояз келетін болып, елдің би-болыстары, байлар Ойыл бойына үй тігіп қабылдапты. Сол жерді кейін халық «Ояз түскен» деп атаған көрінеді. Ал оязды қарсы алуға елдің барлық игі жақсылары жиналады. Жергілікті халықтың жылы қабылдап, сый-құрмет көрсеткеніне көңілі толып, риза болған Ояз: «Сендерге мектеп салып берейін, қайсың ие бола аласындар» дегенде, көпшілік тынып қалыпты. Сонда болыстың қасында көрерге көз керек Кермеқас атты сұлу қызы бар екен, сол әкесіне: «Сіз сұрап, алыңыз», - деп қолқа салады. Содан кейін салынған мектеп үйі қыздың атымен «Кермеқас» деп ата-лып кетіпті деген аңыз әңгіме бар.

«Кермеқас» мектебі – Қызылқоға өңірінде үш қызыл үйдің ең соңынан са-лынды. Бұл мектепте басқаларға қарағанда бала көп оқымаған секілді. Себебі, мектеп маңындағы ел қазан төңкерісінен кейін анда-мында көшіп, көбі бір орталыққа қоныстануына байланысты колхоздасу кезеңінде мектеп тұрған жер иесіз қалғанға ұқсайды. Көнекөз қариялардың айтуына қарағанда, соны-мен бірге Қарабау мектебімен екеуінің арасының жақындығы да себеп болған. Бұл мектепте сабақ көбіне орысша жүрген. Мұның өзі жергілікті қазақ балалары үшін көп қиындық келтірген.

көздіҚара ауылдыҚ Округі«Қоныстану» селосы. Ескі атауы Қарамен деген кісінің атымен аталған. Руы

Ысық, тайпасы Кәдірғұл. Тілеуұлы Қарамен батыр болған адам. 1710-1720 жыл-

Page 234: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

234

дар шамасында жаугершілікте қаза болып, осы жерде жерленген. Қоныстану се-лосы қасындағы үлкен қауым сол кісінің атымен Қарамен деп аталады.

Көздіқара Ойыл өзенінің бір саласы, ұзындығы 20-25 км-ге созылған көзі бар, суы ашқылтым өзек. Бұрынғы замандарда өзек бойының әр жерлерінде жер асты қайнар көздерінің суы бұрқылдап фонтан тәрізді атқылап жатқан кездер болыпты. Сол кезеңде осыны көрген жергілікті халық «көзін қара», «көзді қара» деп таң қалып тамашалапты, содан кейін өзек Көздіқара болып аталып кетіпті.

Ояз түскен өткелі 1895 жылдың жаз мезгілінде Орал уезінің бастығы, яғни (сол кездерде ел Оязы атап кеткен) халықтың жағдайымен танысу, халықты са-уаттандыру мақсатында осы өңірге келеді. Оязды Ойыл өзенінен жайылмамен келіп Көздіқара өзегінен құятын жерінен, қазіргі Ояз түскен тұсынан күтіп алып, қошамет көрсеткен. Ояз осы жерден мектеп салдыру жөнінде шешім шығарып құрылыс материалдарын (күйдірілген қызыл кірпіштерін) тасыта бастаған. Бірақ мектепте сабақ орыс тілінде жүреді деген соң, ауылдың ақсақалдары ақылдасып, ұрпақтарымыз дінімізді, имандылық жолын ұмытып, шоқынып кетеді деген оймен мектеп салуды Қаракөл, Кермеқасқа қарай (жылжытып) асы-рып жіберген. Осы жер ояздың құрметіне Ояз түскен аталып кеткен.

Осылайша Сағыз ауылының тұрғындарының ежелгі ата қонысы Қызылқоға топырағы туралы мәліметтер мен ел аузында жүрген аңыздарды назарларыңызға ұсындық. Әрине, мұндай аңыздар ел арасында көп және әртүрлі нұсқада. Біздің айтқымыз келгені, Сағыз ауылының бүгінгі күні аңызға бергісіз болып айтыла-тын ынтымағы мен ұйымшылдығы осы аңыздардан бастау алғандай көрінетіні ғана. Сол киелі топырақтан келген бабаларымыздың қаймағы бұзылмаған қазақы тәрбие мен ұлттық ұлағатты, ділімізге тән әдеп пен иба атты ұғымдарды ұрпағының бойына сіңіре алғандығы ғана....

Page 235: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

235

Сегізінші БөліМ

Сыр Тұнған, Сарғайған СуреТТер ...

Page 236: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

236

Қай үйдің альбомында да бар, қадірлеп, аялап ұстап отырған жәдігерлері, көне күннен сыр шертер естеліктері, анасы мен әкесінен қалған ескерткіштері... Бүгін сіздер Сағыздықтардың ең қымбатты қазынасымен қауышып отырсыздар. Қайта оралмайтын балалықтың, өткен күннің елестерін көз алдымызға елестетер көне суреттер әркімнің альбомынан шығып, әр Сағыздықтың үйінің төрінен орын алмақ. Мұнда Сағыз ауылының дәурендеп тұрған кезінен әртүрлі суреттер жинақталған.

Тұрғандар: Демеуов Серік, Атырауов Байбосын, Хайыров Нұржан, отырғандар: ... , Сабуғалиев Қажымұрат, Атағозиев Құлымғара, ... , ...,

Ғабдуллин Хамит(басшы), бергі шеткі: Құрманқұлов Қойшекен

Атағозиев Құлымғара, ... , Ғабдуллин Хамит(басшы).

Page 237: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

237

Page 238: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

238

Сағыздық жастар волейбол алаңында

Солдан оңға қарай ,отырғандар: Атырауов Байбосын, Құрманқұлов Қойшекен, Тося, Құсайынов Әйтім, Балжанов

Құмар, Ғабдуллин Хамит (басшы). Тұрғандар: Шоқан, Сабуғалиев Қажымұрат, Пилецкий, Атағозиев Құлымғара, ... , ... , ... ,

Назар(бухгалтер)

Page 239: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

239

Атағозиев Құлымғара

Шеруенов Сансызбай, Қошанов Бердібай, Жәния(Бердібай ағайдың әйелі).

Қатпенов Қалім

Page 240: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

240

Кенжеғалиев Қаби, Сафарова Дания, Оразалиев Құсайын

Сұлтанбай Оразалиев, Рахманов Зейнолла, Сералиев Орынбасар, Иманбаев Жарылғасын

Page 241: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

241

Түлкібаева Жиден апай жанұясымен

Сағыз м.ө.кәсіпшілігінің қызметкерлеріБастары көрінгені бойынша, солдан оңға қарай:Берқалиева Шар-

хат-бухгалтер, Мұханғалиева Шарипа-бухгалтер, Есеншиева На-дежда-бухгалтер, Таубаев Демеу-бас бухгалтер, Махамбетова

Нәсіп(Тастай)-кассир, Дүйсенова Жаңыл-хатшы.

Page 242: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

242

Оразалиев Құсайын өндіріс басында

Сол жақ шеттегі Кенжеғалиев Сағынғали. Алматы. ВДНХ. 1962 ж.

Сағыздықтар сайлау учаскесінде.Солдан оңға қарай, отырғандар: Матайбаев Жаңаберген, Сариев

Сағынбай, Евдокимовтың әйелі, Атағозиев Құлымғара, Құлметенов(завгар). Тұрғандар: ... , ... , Юсуп(киномеханик), ... , ... , Салду

Иманшиев, Түлкібаева Жиден, Мүгілсім, Ботағариев Бағыт, Демеуов Серік, Сабуғалиев Қажымұрат.

Page 243: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

243

Солдан оңға қарай, отырғандар: ... , Ғабдуллин Хамит. Тұрғандар: Құрманқұлов Қойшекен, ... .

Солдан оңға қарай, отырғандар: Әбілғазиев Пішенбай, Дәулетов

Макар(сварщик), тұрғандар: Қалиев Қожық, ... .

Оңнан солға қарай: Сабуғалиев Қажымұрат, ... , ... .

Page 244: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

244

Ауылдастар

Сағыз ауылы

Page 245: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

245

Сағыздықтар

Махамбетова Нәсіп (Тастай) пен Л.Э.Медведская.

Сағыздық құрбы келіншектер.

Page 246: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

246

Сафаров Ғали (марқұм), Матайбаев Жомарт (көршісі), отырған әкелері Сафаров Гриша (Ғабдырахид), Сафаров Риза Сағыз м.ө.к.

көрсеткіштер тақтасының алдында. Мереке күні

Бұзаубеков Молдағали. Ауылдық кеңес төрағасы.

Page 247: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

247

Сағыз ауылының Қазақ Политехникалық Институтының әр кур-сында оқитын студенттерінің бір тобы. Солдан оңға қарай, төменгі

қатарда отырғандар: Жамауов Жұмабек, Аманшиев Руслан, Жа-найысов Тапай, Матайбаев Рахымжан. Тұрғандар: Бисенғалиев Би-сенбай, Сабуғалиев Мақсым, Қадыралиев Қазихан, Хабидуллин Берік,

Құрманқұлов Аманжол

Алматы. Сағыздық студент жастар: Солдан оңға қарай, отырғандар: Әлиев Мейрамбай (Целиноград

инженерлік құрылыс институтының студенті), Сабуғалиев Мақсым, Бисенғалиев Бисенбай. Тұрған: Жанайысов Тапай (соңғы

үшеуі Қазақ Политехникалық Институты студенттері)

Page 248: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

248

Алматы. В.И.Ленин алаңы. 1973 жыл. Сағыздың Қазақ Политехникалық Институтының әр курсында оқитын бір топ студенттері ұстаздары,

мектеп директоры Мұса Көшербаевпен бірге. Солдан оңға қарай: Әбуғалиев Төлебай, Атағозиев Орынғали, Сабуғалиев Мақсым, Көшербаев Кеңес, Жанайысов Тапай, Көшербаев Мұса ағай, Бисенғалиев Бисенбай,

Кенжеғалиев Сағи, Хабидуллин Берік, Қадыралиев Қазихан.

Алматы. 1987 ж. КазПТИ.

Page 249: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

249

Алматы. 1987 жыл. Қаз ПТИ

Сағыздық еңбек озаты Қазиза Жұматанова Бірінші Мақат аудандық пар-тия конференциясының делегаты

Алматы қ. Сағыздық Каз-ПТИ студенттері Ботағариев

Ізтұрған, Әбілов Тельман.

Page 250: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

250

Шеруенов Сансызбай, Қошанов Амангелді, Қошанов Өтеғұл шөп шабу науқанында. Сағыз ауылы

Матайбаев Жаңабергеннің саяси сабақ жүргізіп тұрған кезі

Page 251: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

251

Майдангерлер: Оразғалиев

Қабидолла мен Қасенова Ажар

Исследование операторы

Шеруенов Қуанғали Сансызбайұлы

Тоқмұрзиева Ақау (1928-2005 ж.ж.)

телефон станция-сында жұмыста

Page 252: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

252

Матайбаев Жаңаберген еңбек озаттарымен саяси сабақ өткізуде

Гүлфайруз Оразалиева, Бейбіт Атағозиев, Бақыт Тәңкиева, Ләйлім Исқариева. 1991 жыл

Page 253: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

253Сағыздағы ағаштан жасалған бұрғылау қондырғысы

Сағыз еңбеккерлері

Page 254: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

254

Сағыздағы ағаштан жасалған бұрғылау қондырғысы

Жанайысов Төлеген, Кенжеғалиев Қаби, ... , Сафарова Дания, Қошқарбаева Зоя, Матайбаев Орынбасар, Қалдығариев Дүйіс

Page 255: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

255

Туып-өскен топырағын, ауылының орынын сағынған бір топ Сағыздық азаматтар (қазіргі Мақаттық, Атыраулық) Сағыз ауылының жұртына

келіп тұр. Бір замандарда қайнаған өмір болған қайран ауылымыздың жұрты!!! 01.03.2016 ж.

Көрінген сонадайдан Селәубайым.Париждегі Эйфель мұнарасындай болып алыстан «Мен мұндалап» қол

бұлғап тұратын біздің Селәубайымыз осы тұрған. Осы жерде бір кездерде қайнаған өмір болды дегенге кім сенеді қазір?!

Page 256: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

256

Мақат м.ө.к. Нұрсейітов Амантай, Құрманқұлов Орынбасар ұжымдастарымен

ҚР «Құрметті құрылысшысы» Оразғалиева Хайша Қабидоллақызы есімі «Құрмет кітабында»

Page 257: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

257

Женя Қалиева(сол жақта), ... ,

Аманғалиева Тәрбия, Сағыз дүкенінде жұмыс кезінде

... , Мұқанғалиева Шарипа, Зылиха,

Жаңыл, Нәсіп

Татиева Аманша, ... , Нәсіп

Page 258: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

258

Махамбетова Нәсіп (Тастай).

Өтебалиев Темірғали мен Раханов Нұрсұлтан

Уалиева Қарагөз. Медицина қызметкері

Page 259: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

259

Есекенов Қажымұрат Сағыз ауылының клубында мерекелік

кезекшілікте

Есекенов Қажымұрат (сол жақта), Масақбаев Мырзаш, Қабылов Досболай, жолдастарымен BMW машинасын

жөндеуде. Сағыз ауылы. Сағыздағы алғашқы «иномарка»

Page 260: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

260

Шәли Еркешов, Сағыз м.ө.к. директоры

Есекенов Қажымұрат жұбайы Женямен, Атшыбаев Қабдол жұбайы Жұпармен

Иманшиев Сәлімгерейұлы Ермекпен, 1950 ж.

Page 261: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

261

Бәкиза , Көшербаева Тұрағал, ...(Абылай) , Матайбаев Жаңаберген, Раханов Нұрсұлтан.

Сабуғалиев Қажымұрат, Шеруенов Сансызбай

Саримов Аманқос, Рахманов Зейнолла , Демеуов Серік

Page 262: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

262Сибағатова Мария(оң жақта) облыстық партия

конференциясының делегаты. Гурьев қ.

Иманшиев Сәлімгерей отбасымен. Сағыз

Page 263: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

263

Тыңд

ауш

ыла

рды

ң ж

оғар

ғы қ

атар

ынд

а, о

ң ж

ақт

ан е

кінш

і Қо

стан

беко

в Са

уыт

қали

Page 264: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

264Киномеханик Велиляев Юсуф

Токарь Велиляев Юсуф, оң жақ шеттегі

Page 265: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

265

Сапағалиев Латип. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі

Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің ІІ учаскесі. Жерасты жөндеу бригадасының операторлары Қосмырзиев Шам мен Сапағалиев

Латип жұмыс үстінде

Жамауов Қадырбай (оң жақта) жұмыс үстінде.

Page 266: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

266

Ауыл тұрғындары

Көшербаев Муса

Page 267: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

267

Сағыз жастары Велиляевтар әулеті

Майра мен Ақсұлу Уәлиевалар. Сағыз ауылы

Page 268: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

268Иманбаев Жарылғасын

Өтебалиев Тілес. Сағыз мұнай кәсіпшілігі Өтебалиев Тілес. Сағыз.

Page 269: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

269

Сағыздық футбол командасы

Page 270: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

270

Сара Масақбаева мен Алшынбаев Өнербектің отбасы

Солдан оңға қарай Масақбаевтар отбасы: Мырзаш,Гүлшара, Сәлима, Балғаным, Аманша. Сағыз ауылы

Page 271: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

271

Сағыз тұрғындары

Рахманов Хайролла, ... , Сабуғалиев Қажымұрат, ... .

Page 272: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

272

Page 273: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

273

ТОғызыншы БөліМ

МұрағаТ шерТкен Сырлар

Page 274: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

274

«Біздерді де ЖОҚТайТын Жан БОлСа егер, шаң БаСҚан арХИвТерден ТаБыларМыз»

деп Мұқағали ақын жырлағандай, туған жеріміздің, ауылымыздың тарихынан сыр шертетін мұрағат құжаттарын іздеуде біз тапқан та-рихи құжаттардың бір парасы төмендегідей. Сағыз алғашқыда «Раз-ведка Сагиз»(Доссор ГРК-сы құрамындағы) деген атаумен 1938 жылғы құжаттарда жазылған екен. Бұл кезде мұнда тек барлау және бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Кейін 1939 жылдың шілдесінен «Промысел Сагиз» болып ресми құжаттарда жазылады. 1939 19.07. «Эмбанефть» трестінің бас инженері С.Өтебаев қол қойған бұйрық бойынша Сағыз кәсіпшілігінің ди-ректоры болып С.С. Магдиевтің тағайындалғаны айтылады. Осы жылдың 10.09. күні №357 бұйрық бойынша «Сағыз» мұнай кәсіпшілігі ашылғандығы, оның басшысы болып С.С.Магдиев тағайындалады. Бұйрыққа «Эмбанефть» трестінің басшысы Хананян қол қойған. 1940 жылғы 20 қаңтарда «Эмба-нефть» трестінің 1939 жылдың қорытынды есебі мен 1940 жылға жаса-латын жұмыстардың жоспары талқыланған Еңбекшілер Депутатта-ры Гурьев облыстық Атқару комитетінде (төраға Тастайбеков, хатшы Құрманғазиев) «Эмбанефть» трестінің бас инженері С.Өтебаевтың баян-дамасын тыңдап, қаулы қабылдайды. Осы Қаулыда трестке қарасты басқа да кенорындарының жағдайларымен қатар Сағыз мұнай кенорнына да баса көңіл бөлінгені көрінеді. Қаулының №5, №6 баптары толығымен Сағыз кенорынын дамытуға арналған. Және де бұл қаулыдан Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі 1939 жылдың қараша айында өндіріске пайдалануға қосылғанын да көруге болады. Мұнда Сағыз кенорны жұмысшыларының тұрмыстық жағдайларын жақсарту мәселесі де қамтылғанын байқаймыз.

1940 жылғы 27 желтоқсанда Еңбекшілер Депутаттары Мақат аудандық атқару комитетінің төрағасы Аллояров пен хатшысы Нуралин қол қойған №28 хаттамада Сағыз поселкелік кеңесін құру туралы жазылған. Осы жылы желтоқсан айында Еңбекшілер Депутаттары облыстық атқару комитетінде де осы мәселе қаралып, Жоғары кеңеске ұсыну туралы төраға орынбасары Иванов пен хатшы Құрманғазиев қол қойған шешім қабылданады. Мұның өзі сол кезде Сағыз кен орнының мұнайын өндіру аса маңызды мәселе болғанын көрсетсе керек.

Сағыз мұнай кәсіпшілігінде алғаш толық емес мектеп ашу туралы Еңбекшілер Депутаттары Мақат аудандық атқару комитетінің шешімі № 24 хаттамамен 1940 жылғы 5 қазанда қабылданған екен. Мұнда Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мектеп ашуға қажетті қаражат көлемі қаралып, оның орындалуы мен кадрлармен қамтамасыз етудің сол кездегі аудандық білім бөлімінің басшысы Қоблановқа міндеттелгенін көруге болады. Бұл хаттамаға қол қойған сол кездегі төраға орынбасары Лукманов пен хат-шы Барсаевтар екен. Дәл осы жылы Сағыздағы фельдшерлік пунктті уақытша амбулаторияға қайта жасақтау мен он бес орындық станци-

Page 275: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

275

онар ашу туралы да шешім қабылданған. Осы құжаттар біздің ауылдың тарихының бастау алған шақтарынан сыр шертеді. Бүгінгі күні тарихтың аударылған бір парағындай болып, талай сырды ішіне бүккен ғасырлар қойнауына кетіп қалғанымен, біздің ауылымыздың ел тарихының, қазақ мұнайының тарихының бір бөлігі екені сөзсіз. Бұл тек Сағыздың емес, Сіз бен Біздің өткеніміз, тарихымыз. Өз тарихымызды өзіміз зерделемесек, оған өзіміз зейін қоймасақ, ол басқа ешкімге керек емесі аян.

Бұл Бұйрық Сағыз промсылының алғашқы директорын тағайындаған бұйрық. ГРК (ГеологоРазведочнаяКонтора)-дан негізгі құндылықтарды

(основные средства, скважиналарды) тапсыру-қабылдау турасында

Төмендегі №357(10.09.1939 ж.) Бұйрық бойынша 01.09.1939 жыл, мұнай бе-руге дайын, қазулы тұрған 13 ұңғысы бар, тағы да 25 ұңғыларды қазу үшін

дайындалған алаңдары бар Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің өмірге келген күні деп санауға болады.

Page 276: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

276

Page 277: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

277

11.04.1940 жылы Эмбанефть трестінің № 86 бұйрығымен Магдиевті қызметінен босатып, орнына Қосшағыл кап.ремонты мекемесінің директорының орынбасары А.В.Бородин тағайындалады. Осы бұйрықпен трестің эксплуата-ция инженері Р.С.Ибрагимовты Сағыз мұнай кәсіпшілігінің бас инженерлігіне тағайындайды. Бұйрыққа Хананян қол қойған. Бұл уақытта Сағыздың бас бухгалтері И.С.Севостьянов. Осы жерде мұрағаттарда әртүрлі құжаттарда көрсетілген реттері бойынша, жобамен Сағыз мұнай кәсіпшілігін сол кездерде басқарған басшыларды анықтағандай болдық. Магдиев С.С. (1939 жыл), Бородин А.В. (1940 жыл), Погосов (1940 ж.), Сары Юсупов (1941 ж.), Ростовцев (1942 ж.), Калашников (1943 ж.), Шелепин (1945 ж., осы адам 1948 жылғы құжаттарда да басшы болған, қаншама ұзақ болғаны белгісіз), Тұрдалиев 1916 ж.т. (1950 ж.), П.М.Корнеев (1954 жыл), Айдыналиев З. (1958 жыл), Ғабдуллин Х. (1961 жыл), Еркешов Ш. (1961-1965 жылдар). Бұлардан кейінгі басшылар: Евдокимов В.К., Матайбаев Ж.(1973 ж), Нұрмұқанов Ә. (1977 ж), Атағозиев Қ.

Page 278: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

278

Ұлы Отан Соғысы басталған алғашқы кезеңде халық шаруашылығының барлық саласында, соғыс жағдайына лайықтап қайта жасақтау жұмыстары жүрді. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін!» деген ұранмен халқымыз жанқиярлықтың нағыз үлгісін көрсетті. Қазақ дала-сынан майданға аттанған сандаған жауынгерлер ғана емес, елдегі әр тыл еңбеккері жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Төменде осы кезең ту-ралы берілген шолудың өз ауылымызға, мұнай саласына қатысты тұсын ғана қысқартып беріп отырмыз. Осы қысқартылған шолудың өзінен-ақ Қазақ елінің үлесіне қаншама ауыр жүк түскенін көруге болады. Осыншама ауыр кезеңде енді ғана аяғынан тұрып келе жатырған Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің уақыт талабына сай еліміздегі, ұзақ жылдарға созылған тарихы бар, қалыптасқан ірі өндіріс ошақтарынан қалыспай алдыңғы орыннан көріне білгенін, өндірістің алғашқы басшысы болған, соңынан ин-женер дәрежесіне ауыстырылған С.С.Магдиевтің де осындай қиын кезеңде өзін көрсете білгенін, даңқты жерлесіміз, бұрғылау шебері Бекмамбетов Есекеннің де өндіріс озаттарының қатарында аты бүкіл Кеңестер Одағына жайылғанын зор мақтанышпен оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.

в ОднОй руке МеЧ, в другОй МОлОТ

экОнОМИку — на вОенные рельСыОрганизатором и вдохновителем борьбы Советского народа с фашизмом ста-

ла великая ленинская партия коммунистов. Компартия Казахстана — один из ее отрядов, опираясь на программные до-

кументы ЦК ВКП (б) , Советского правительства и вновь созданного высшего органа — Государственного Комитета Обороны, определивших задачи народа и армии в защите социалистического Отечества, возглавила работу по перестрой-ке народного хозяйства республики на рельсы военной экономики.

В повороте экономики на нужды войны решающую роль сыграли утвержден-ные правительством СССР мобилизационный план на III квартал 1941 г. и во-енно-хозяйственные планы на IV квартал 1941 г. и 1942 г. по районам Поволжья, Урала, Западной Сибири, Казахстана и Средней Азии.

Мобилизационный план на III квартал 1941 г. предусматривал резкое увели-чение продукции военной промышленности, переключение гражданских пред-приятий на выпуск военной техники, увеличение выпуска специальных видов проката, концентрацию капитальных вложений, материалов, оборудования, ра-бочей силы на ударных стройках, форсирование строительства военно-промыш-ленных объектов и электростанций в тыловых районах, мероприятия по эконо-мии горючего, создание резервов топлива к зиме, подготовку кадров из числа женщин и подростков для замены ушедших в армию.

В числе ударных строек были определены по Казахстану разведка и добыча нефти на Эмбе, строительство шахт в Караганде и на Мангышлаке, ряда электро-станций и цехов огневой рафинировки меди на Балхашском медеплавильном

Page 279: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

279

комбинате.Военно-хозяйственный план на IV квартал 1941 г. и на 1942 г. наметил про-

грамму военной перестройки народного хозяйства, предусматривающую созда-ние и развитие в тыловых районах военно-промышленной базы на основе эваку-ации предприятий из районов Юга и Центра и нового строительства на Востоке, серьезные меры по укреплению продовольственной базы.

... Проблемы мобилизации природных ресурсов на нужды фронта стали пред-метом повседневной заботы всей республиканской партийной организации. Первоочередные задачи перестройки промышленности на военные рельсы были в известной мере определены в решениях V пленума ЦК КП Казахстана, со-стоявшегося в первые же дни войны.

Пленум обсудил вопрос «О ходе выполнения Карагандинским обкомом и Лени-ногорским горкомом КП(б) Казахстана решения XVIII Всесоюзной конференции ВКП(б) «О задачах партийных организаций в области промышленности и транс-порта», потребовал от партийных комитетов усилить свое внимание и контроль за работой ведущих предприятий союзного значения (Балхашский, Карсакпай-ский, Иртышский медеплавильный, Чимкентский, Лениногорский свинцовые заводы, Карагандинский угольный бассейн, Актюбхимкомбйнат, Эмбанефть, Актюбнефть и т. д.), занимающих особую роль в обороне страны. Перед партий-ными организациями ставилась задача развернуть социалистическое соревно-вание под лозунгом дать стране сверх плана сотни и тысячи тонн угля, нефти, свинца, меди и других металлов для нужд Красной Армии, флота и авиации, для победы над врагом.

... Практическая работа КП Казахстана по перестройке всей жизни на военные рельсы проходила в очень тяжелых условиях. Положение в стране все более и более осложнялось. Враг оккупировал прибалтийские республики, Украину, Бе-лоруссию. На территории СССР, захваченной к ноябрю 1941 г., до войны произ-водилось 63% угля, 68% чугуна, 58% стали, 60% алюминия. Валовая продукция промышленности страны с июня по ноябрь 1941 г. уменьшилась в 2,1 раза. «В ноябре и декабре 1941 г. народное хозяйство СССР не получило ни одной тонны угля из Донецкого и Подмосковного бассейнов. Выпуск проката черных метал-лов — основы военной промышленности—в декабре 1941 г. уменьшился против июня 1941 г. в 3,1 раза; производство проката цветных металлов, без которого невозможно военное производство, за этот же период сократилось в 430 раз».

В этих условиях, как никогда, возросла роль Казахстана, как и других тыло-вых районов, в снабжении армии, удовлетворении нужд промышленности и на-селения. Необходимо было восполнить потерю донецкого угля карагандинским, марганца Никополя — казахстанским, резко увеличить выплавку меди, свинца, цинка, добычу нефти. Таким образом, усиление роли Казахстана в военной эко-номике страны, необходимость решать сложнейшие вопросы при относительно малых людских и материальных ресурсах возложили на коммунистов республи-ки огромную роль за судьбу Родины.

ЦК КП Казахстана уже 7 июля 1941 г. утвердил новый план, предусмотрев в нём главным образом военно-мобилизационные вопросы и важнейшие меро-

Page 280: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

280

приятия по руководству народным хозяйством республики.... Особо важное значение придавалось промышленному строительству. Была

установлена очередность строительства объектов, предусматривавшая ударные сверхлимитные стройки, а также стройки первой и второй очереди. Многие объ-екты капитального строительства, главным образом культурно-бытовые, пред-усмотренные народнохозяйственным планом республики на 1941 г., были закон-сервированы.

... Были приняты меры по сокращению административно-управленческих рас-ходов по наркоматам, ведомствам и хозяйственным органам. ЦК КП Казахстана и правительство республики внесли изменения в бюджет 1941 г. Для военно-опе-ративных целей и вложений в промышленное строительство оборонного зна-чения 45% его расходной части передавалось в союзный бюджет, ассигнования по сметам республиканских учреждений, а также им развитие промышленности значительно уменьшились.

... В январе 1942 г. VI пленум ЦК КП Казахстана подвел первые итоги работы республиканской партийной организации по перестройке всей жизни на воен-ный лад. Пленум обязал партийные комитеты «...на основе тщательного изуче-ния и глубокого знания каждого предприятия, колхоза и совхоза сделать свое руководство работой партийных, советских и хозяйственных организаций более конкретным и оперативным, решительно покончить с канцелярско-бюрокра-тическими методами руководства и заседательской суетой». Особое внимание партийных комитетов обращалось на обсуждение решающих, злободневных для данного момента вопросов.

В решениях партийных организаций тех дней центральное место заняли на-сущные проблемы перестройки производства. ЦК КП Казахстана неоднократно проверял, например, работу Балхашского медеплавильного комбината, Эмба-нефти, Чимкентского свинцового завода.

... Рабочие коллективы «Казахстаннефть» одними из первых перешли на 12-часовой график. За счет высвободившихся 268 рабочих был дополнительно организован ряд буровых бригад. На основе хрономегражных наблюдений были пересмотрены 8600 норм, из них свыше 2700 норм были признаны устаревши-ми, дополнительно введено 6800 норм. Многие бригады по добыче и бурению отказались от подсмены и переходили на трафик без выходных дней.

Важная оборонная задача была возложена в тот период Центральным Коми-тетом партии и Советским правительством на нефтяную промышленность вос-точных районов страны. Военно-хозяйственным планом на IV квартал 1941 г. и на 1942 год был установлен объем буровых работ в районах «Второго Баку» — Казахстана и Средней Азии — в размере 340 тыс. м, а на 1942 год — 1760 тыс. м, ввести в действие из бурения в 1942 г. 1550 эксплуатационных скважин. Для бы-строго развития производства жидкого топлива было признано необходимым всемерно форсировать строительство нефтеперерабатывающих заводов и уста-новок на Востоке страны.

8 июля 1941 г. Актюбинский обком партии обсудил вопрос о работе треста «Актюбнефть». Бюро решило ввести в эксплуатацию находившийся к началу во-

Page 281: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

281

йны в состоянии консервации промысел Джаксымай. Туда же была переброше-на часть бурового оборудования с других участков. На промысле Шубар-Кудык было создано пять цеховых партийных организаций. Под руководством бригады обкома партии на промысле осуществлялся ряд организационно-технических мероприятий.

Комплекс мероприятий, направленных на увеличение производства высоко-октанового автогорючего и автомасел, проводила Гурьевская областная партий-ная организация. Обком партии и районные партийные комитеты заслушали со-общения об итогах работы промысла Доссор за 1 полугодие и задачах на второе полугодие, о ходе перестройки партийно-массовой работы в условиях военного времени в партийных организациях нефтепромысла Байчунас, о мероприятиях по развитию промысла Кулсары. Партийные организации значительно усилили агитколлективы. Только на пяти промыслах Макатского района число агитато-ров увеличилось в 3,5 раза. Социалистическим соревнованием было охвачено 9340 нефтяников. Из 5800 рабочих, занятых на сдельных работах, в дни традици-онного предоктябрьского соревнования 2786 выполнили нормы на 101—200%, 218—на 200—300%, 23 нефтяника— свыше 300%.

Коммунисты проявили инициативу и изобретательность в поисках резервов остродефицитных материально-технических средств: бурового оборудования, двигателей, насосов, труб, металла.

Героические страницы в историю борьбы за нефть вписали нефтяники Бай-чунаса. Здесь по инициативе главного геолога промысла коммуниста Джолда-скалия Досмухаметова (ныне лауреат Ленинской премии) впервые на Эмбе была внедрена система мероприятий по усиленному отбору жидкости. Перевод четы-рех горизонтов восточного участка промысла на усиленный отбор жидкости за несколько месяцев 1941 г. дал 51 430 тонн нефти. Впереди соревнующихся шли мастер добычи коммунист А. Дунешев, бурильщик А. Рашпаев, оператор Б. До-спаева и др.

Накануне годовщины Великого Октября коллектив промысла Байчунас на 66 дней раньше срока завершил годовой план добычи нефти. По итогам работы за первый военный квартал (III квартал 1941 г.) Народный Комиссариат нефтяной промышленности и ВЦСПС присудили промыслу Байчунас вторую премию и присвоили ему звание «лучший промысел Союза ССР».

Выдающихся успехов добился коллектив самого молодого промысла на Эмбе — Кулсары, возглавляемый одним из первых казахских инженеров-нефтяников Сафи Утебаевым. В 1941 г. нефтяники Кулсары ввели в эксплуатацию 29 сква-жин. Суточная добыча в июле — декабре 1941 г. по сравнению с довоенным полу-годием возросла более чем в два раза.

... В январе 1942 г. ЦК КП Казахстана подвел итоги работы ведущих отраслей промышленности республики. Выплавка меди увеличилась на 22, редких ме-таллов — на 88%. Свинцовые заводы выдали максимальный выпуск продукции. Началось освоение Акчатауского вольфрамового месторождения. Казахская ССР дала максимальную добычу золота. Высокую активность проявлял в выполне-нии заказа фронта один из ведущих отрядов рабочего класса Казахстана — не-

Page 282: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

282

фтяники. Они успешно решили задачу увеличения добычи жидкого топлива. За первое военное полугодие нефтяная Эмба дала фронту горючего на 21,3% боль-ше, чем за первое полугодие 1941 г., а за весь 1941 г. было добыто нефти на 23,9% больше, чем в довоенном 1940 г. В годовом отчете Казахстаннефтекомбината за 1941 г. указывается, что во втором полугодии промысел Кулсары по сравнению с довоенным полугодием удвоил добычу нефти, на 85 процентов увеличил добычу промысел Сагиз. Славно потрудились в первые военные месяцы разведчики и буровики. Ими было открыто четыре новых месторождения, имеющих промыш-ленное значение,— Жолдыбай, Нармунданак, Алтыкуль, Беке-Беке.

Президиум Верховного Совета СССР Указом от 6/II 1942 г. наградил за образ-цовое выполнение заданий правительства по увеличению добычи нефти, про-изводству оборонных нефтепродуктов и боеприпасов орденами и медалями большую группу работников нефтяной промышленности Казахстана. Среди на-гражденных мастера и операторы добычи Низен Бермагамбетов (Макат), Балга-ным Доспаева (Байчунас), Абиль Уразов (Искине), Нуржан Досмагамбетов (Кос-чагыл), Бахтыгали Жумагалиев (Кулсары), буровые мастера и бурильщики А. Рашпаев, А. И. Котельников, Утен Нурашев, Есекен Бекмамбетов, Зайнулла Иска-ков, Рамазан Искариев, рабочие подземного ремонта и ремонтно-механических предприятий А. Чинтасов, И. Дюсегалиев, директор промысла Кулсары С. Утеба-ев, главный геолог промысла Байчунас Д. Досмухаметов, начальник комбината И. П. Нифантов, его заместители Л. И. Векслер и Г. Я. Хаимов, парторги ЦК ВКПб) на нефтепромыслах К. Оспанова, Г. Кужагулов, инженеры Н. В. Неволин, Д. А. Чер-няев, С. Магдиев и другие.

Так партия Ленина последовательно и настойчиво осуществляла развернутую программу всемерного роста военной промышленности, цветной металлургии, топливной и других жизненно важных отраслей индустрий в Казахской ССР.

Төмендегі 04.02.1940 шыққан Бұйрыққа қарап Сағыз м.ө.к. мұнай айдау ныса-нын (нефтеперекачка) жасақтау басталғанын көруге болады .

Page 283: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

283

Page 284: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

284

Page 285: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

285

Төмендегі Бұйрық 1939 жылы Гурьев мұнай техникумын аяқтаған жас ма-мандарды өндіріс орындарына бөлу жайында. Сағыз ГРК-сына бұрғылау жұмыстарының технигі болып Бисенғалиев Тапырыш (тізімде №14) бөлініпті.

Page 286: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

286

Сағыз мұнай кәсіпшілігіне Гурьев мұнай техникумын бітірген соң техник болып орналасқан Бисенғалиев Тапырыштың еңбек

кітапшасы. 02.10.1939

Page 287: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

287

Төмендегі Бұйрықтар Сағыз м.ө.к. техникалық және басқа да өндіріске қажетті мамандармен жабдықталу барысын көрсетсе керек (тек бір парасын ғана алып отырмыз)

Page 288: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

288

Page 289: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

289

Төмендегі Бұйрықтар Сағыз м.ө.к. Бас жоспарын жасақтау үшін және мұнайшылардың тұрмыстық жағдайлары үшін жасалып жатырған жұмыстарды көрсетеді.

Page 290: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

290

Исполнительного Комитета Гурьевского Областного Совета депутатов трудящихся.

г.Гурьев. №2 от 28 января 1940 г.«Об итогах работы треста Эмбанефть за 1939 год и плана на 1940 год»

Докладчик – т.С.Утебаев, главный инженер треста Эмбанефть.

Заслушав главного инженера треста «Эмбанефть» тов. Утебаева, Исполнитель-ный Комитет Гурьевского Областного Совета депутатов трудящихся считает, что несмотря на рост добычи (119,9%) и эксплуатационного бурения (119,9%) в 1939 году, по сравнению с 1938 годом, трест «Эмбанефть» не выполнил плана до-бычи нефти (95%,) разведочного (79,7%) и эксплуатационного (81,6 %) бурения, при наличии всех условии к его выполнению.

.....5. Исполнительный комитет считает совершенно нетерпимым существу-ющее положение вновь введенного в промышленную эксплуатацию промысла «Сагиз» , который будучи передан в эксплуатацию в ноябре месяце 1939 года до сих пор не имеет: нефтепровода,электростанции, мехмастерской, нет генераль-ного плана, большой недостаток жилья, все это поставило промысел в исключи-тельно сложные условия, Испольнительный комитет обязывает: т.т. Хананяна, Утебаева и директора промыслом Магдиева:

а) Оборудовать 3 законченные бурением и законсервированные скважины на Юго-восточном участке и пустить этот участок в эксплуатацию к 10 февраля сего года.

б) Закончить стройтельство 2-х переходящих жилых корпусов к I / IV с.г.в) Широко развернуть индивидуальное жилстроительство, оказывая конкрет-

Page 291: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

291

ную помощь застройщикам.г) закончить составление генплана стройтельства промысла не позднее 1

апреля с.г.д) Укомплектовать промысел недостающими кадрами инженерно-техниче-

ских работников. 6. Обязать Спецстрой тов. Корнилова:а) Стройтельство нефтепровода Сагиз- Макат закончить к 10 февраля с.г.б) Стройтельство перекачечной станции на Сагизе закончить к 1 мая с.г.в) Постройть на Сагизе емкость в 2000 тонн для хранения питьевой воды к I

/ IV с.г.

Page 292: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

292

Page 293: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

293

Page 294: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

294

Page 295: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

295

1942 жылы Сағыз ауылында тұратын әскер жанұяларының мемлекеттік жәрдемақы алатын Тізімі

Page 296: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

296

Page 297: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

297

Гурьев облыстық Атқару Комитетінің Сағыз жұмысшы поселкелік кеңесін құру туралы Тарихи Шешімі. 25.12.1940 ж.

Page 298: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

298

Мақат аудандық атқару комитетінің отырысының Сағыз поселкелік кеңесін құру жөнінде хаттамасы. 27.12.1940 ж.

Page 299: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

299

Мақат аудандық атқару комитетінің Сағыз поселкелік кеңесін құру жөніндегі Шешімі. 25.12.1940 ж.

Page 300: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

300

Мақат аудандық атқару комитетінің Сағыз поселкесіндегі орталау мектепке қаржы бөлу жөніндегі Шешімі. 05.10.1940 ж.

Сағыз поселкесінде орталау мектеп ашу жөніндегі Гурьев облыстық Кеңесінің Қаулысы 24.07.1940 жылы 2 сессияда қабылданған.

Page 301: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

301

Сағыз поселкесінің мектебіне қосымша ғимарат салу, 1941-1942 оқу жылдарына қысқы дайындық, отын бөлу мәселелері бойынша Шешім

Page 302: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

302

Page 303: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

303

Page 304: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

304

Page 305: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

305

Сағыз ауылының орталау мектебін орта мектепке ауыстыру жөніндегі Гурьев Облыстық Атқару Комитетінің 7 январь 1943 жылғы Шешімі

Page 306: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

306

Мақат аудандық кеңесінің 3 сессиясында, 30.12.1940 ж., Сағыз поселкесінде 15 орындық аурухана ұйымдастыру, осыған дейін жұмыс жасап келген

фельдшерлік пунктті амбулаторияға айналдыру жөніндегі Шешімі

Page 307: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

307

Page 308: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

308

Сағыз м.ө.к. Гужтранспорт (Атқора, мініс жылқыларын жалға алу, ат-көлік шаруашылығы) ұйымдастыру жөніндегі шешім

Page 309: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

309

Сағыз яслиіне қосымша қаржы бөлу

Page 310: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

310

Сағыз ауылының балабақша қызметкерлерінің еңбекақыларына 01.04.1966 жылдан бастап өзгерістер енгізу жөніндегі Бұйрық

Бұл бұйрықтан сол кезде балабақшада кімдердің еңбек еткендерін және қаншалықты үлкен ұжым болғанын көруге болады.

Page 311: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

311

Сағыз поселкесінде радиоторабын ұйымдастыру жөнінде

Page 312: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

312

Төменде 1952 және 1954 жылдары отанымыздың жоғарғы наградаларына ие болған ауылдастарымыздың Тізімі

Page 313: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

313

Page 314: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

314

Сағыз кенорнындағы 1941 жыл сентябрь айындағы өндіріс жоспары мен стахановшылар қатарының өсуі

Page 315: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

315

Төмендегі №32(05.03.1966 ж.) Бұйрықта Сағыз м.ө.к. бойынша еңбекте жет-кен жоғары жетістіктері үшін Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында

өндіріс озаттары атанған қыз-келіншектерді сол заманның үрдісімен Құнды сыйлықтармен, суретін Құрмет тақтасына ілу, есімін өндірістің Құрмет

Кітабына енгізу, Алғыс жариялау сияқты марапаттаулар көрсетілген

Page 316: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

316

Page 317: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

317

Сағыз ауылының намысын қорғайтын спортшы жастарды Гурьев облыстық спартакиадасына жұмыстан босатып жіберу жөніндегі №58

Бұйрық(29.05.1965 ж.)

Сағыз поселкелік кеңесінің төрағаларының (С. Қостанбеков, С. демеуов, М.Бұзаубеков, Қ. атағозиев) әр кезеңдерде қабылдаған шешімдері

Page 318: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

318

Page 319: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

319

Page 320: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

320

Page 321: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

321

Мақат аудандық «Мұнайшы» газетіне шыққан Сағыздықтар туралы ма-териалдар. Бұлар «Сағыз» Мұнай Кәсіпшілігінің өмір сүрген соңғы жылдары жарияланған, яғни кәсіпшілік туралы жазылған соңғы мақалалар.

Page 322: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

322

Жоғарыда көрсетілген тарихи құжаттарға сүйене отырып мынадай ой

түюге болады. 1939 жылдың қараша айына дейін Сағыз кенорны тек қана барлау-бұрғылау жұмыстарымен айналысып, өз алдына мұнай өндіретін кәсіпшілік те, тұрғылықты халқы бар, әлеуметтік-тұрмыстық нысанда-ры бар, өзін өзі басқару органы бар жеке поселок болып та қалыптаспаған. Барлама бұрғылаумен шұғылданатын «Разведка Сағыз» деген контордың жұмысшылары ғана шоғырланған, әкімшілік жағынан Мақат поселкесіне қарайтын, тұрақты мекені жоқ, бұрғылау қондырғылары қайда бар-са сонымен бірге мұнай барлайтын жаңа алаңдарға көшіп жүре беретін тұрғындардың жиынтығы ғана екенін көреміз. Ал 1939 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстанның өндіріс саласында жаңа мұнай өндіретін кәсіпшілік іске қосылды. Ол кәсіпшіліктің ресми атауы Эмба-нефть трестінің құрамындағы «Нефтепромысел Сагиз». Гурьев облыстық атқару комитетінің қаулысында атап көрсетілгеніндей 1940 жылдың ба-сында бұл жаңа өндіріс орынында ештеңе де болмаған. Өндіріс орынының дамуының бас жобасы да жасақталып болмаған, мұнай өндірісіне қажетті көптеген инфрақұрылымдар да жоқ, мұнай өндіруші білікті мамандармен де қамтамасыз етілмеген, мұнайшылардың тұрғылықты үйлері де салынбаған ... Міне, осындай ауыр жағдайда, қыстың көзі қырауда Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі құрылды.

Тап осы кезеңде Сағыз мұнай кенорнының зор болашағы бар екеніне басқарушы билік тарапынан көңіл аударылып, ендігі жерде мұнай өндіретін жұмысшы халықтың жағдайын ойластыратын кез келгені ескеріліп Сағыз поселкесінің негізі қаланды. Барлаушы бұрғылаушылармен қоса мұнай өндірушілердің жалпы саны 350 түтін, 2000 адамнан асаты-

Page 323: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

323

ны, олардың әкімшілік тұрғыда Мақат поселкесіне қарайтыны ескеріліп, ендігі жерде өз алдына Сағыз поселкелік кеңесін құру да өз шешімін тап-ты. Міне, тап осы тарихи сәтті біздер Сағыз ауылының іргетасы қаланған тұс деп мақтанышпен айта аламыз. Қазақстанның картасында «Сағыз» деген жаңа елді мекен пайда болды. Бұл да 1940 жылдың аяғы болатын. Өздеріңіз тарихи құжаттардан көргеніңіздей мектеп те, ясли де, ауруха-на да, амбулатория да, тұрғын үйлер, радиоторабы да бой көтере баста-ды. Ең бастысы, тұрғындардың жергілікті басқару органы, үкімет орга-ны, заңды тұлға, поселкелік кеңес жасақталды. Осы сәттен бастап Сағыз ауылы, барлығымыздың ортақ мекеніміз, қазіргі кезде сағынышымызға айналған ауылымыз өз алдына отау болып бөлініп шығып, тәй-тәй басқан жас баладай өз өмірін бастады. Енді ғана үлкен өмірге қадам басқан жас өндірістің, жаңа ауылдың шырқын бұзған соғыс әлегі де мұнайшыларды ай-налып өтпеді. Жоғарыда келтірілген соғысқа аттанған мұнайшылардың әскер жанұяларының үкіметтен жәрдемақы алатындардың Тізімі де соған дәлел болатындай. Мұнда, әрине, ауылдың бүкіл тарихы толығымен қамтылмаған болуы да мүмкін. Әйтсе де, осы құжаттар арқылы тарих қойнауына кеткен, бір кездері «Сағыз Ірілендірілген Мұнай Кәсіпшілігі» («УНП «Сагиз») деп аталған туған ауылымыз туралы біршама дерек бары анық.

Жаңа ашылған істің қашан да қиыншылығы мен қызығы қатар жүрері белгілі. Сол сияқты Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің тарихында өрлеу де, төмендеулер де болған. Сағыздың бастау алар тұсында, енді ғана бұрғылау жұмыстары жүре бастағанда, Доссор ГРК-сы (Доссорская ГеологоРазведочная Контора) құрамындағы «Разведка Сағыз» болса, сәлден кейін осы ГРК Доссордың құрамында промысель Сағыз ұйымдастырылады (осы промсылдың өз басшы-лары болған, бірақ дербес кәсіпшілік болмаған), мұны мұрағат құжаттарынан байқауға болады. Осы құжаттарда 1939 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігі ашыл-май тұрғанның өзінде Сағыз промыселының меңгерушісі деп Әжіғалиев деген адамның аталуы бұған дәлел десек болады. Ал қазақ мұнайының тарихында Ірілендірілген Мұнай кәсіпшілігі (УНП Сагиз) деген атпен қалған, дербес Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігі 01.09.1939 жылы құрылды. Бір кездері (жетпісінші жыл-дарда) өндірісті ірілендіру деген желеумен Комсомольск, Қошқар, Сағыз мұнай өндіру кәсіпшіліктерін біріктіріп, орталығын Қошқар поселкесінде орналасты-рып жұмыс жасаған жылдар да болған. Бұл ірілендіру өзін ақтамағандықтан біріктірілген үш кәсіпшілік қайтадан бөлектенді. Ең соңында осы үш кәсіпшілік те «Доссормұнайгаз» басқармасының құрамындағы үш РИТС (Районная Инженер-но-Технологическая Служба) болып өз өмірлерінің аяғына дейін қызмет көрсетіп мұнай өндіріп тұрды. Сағыз мұнайшылар поселкесі 1987 жылы жабылғанымен мұнайшылар Мақат поселкесінен қатынап вахталық әдіспен мұнай өндіруді 2015 жылға дейін жалғастырып келді.

1937 жылы батыс қанатта К-7 құрылымдық-іздестіру ұңғымасында пермотриас қабатындағы түзілім анықталды. Біздің ойымызша, осы 1937 жылды Сағыз кенорынының ашылған жылы деп атауға болатын сияқты,

Page 324: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

324

себебі бор және юра қабаттарындағы түзілімдер осыдан кейін, 1938 жылы басталған үшінші кезеңде анықталған болатын. Осы, 1937 жылдан бастап Сағыз кенорынына мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп, барлау бұрғылау жұмыстарын кеңінен жүргізу үшін қаржы қарастырылып жұмыс күштері шоғырландырыла бастаған. Ел қоныстанып, болашақ Сағыз ауылының тұрғындары пайда болған. Әрине, уақыт болып, ұзақ уақыттар мұрағатта іздестіру жұмыстарын жасасақ ГРК Доссордың құрамындағы «Разведка Сагиз» бен «Промысель Сагиз» деген бөлімшелердің қашан құрылғанын, оның алғашқы басшыларының кімдер болғандарын табуға да болатын еді. Ал біздер о бастан-ақ алдымызға ондай мақсат қойған емеспіз. Біздерге маңыздысы ГРК Доссордың құрамындағы бөлімшелердің өмірге келген уақыты емес, өз алдына жеке отау болып құрылған, дербес шаруашылық есептегі Сағыз мұнай өндіру кәсішілігі мен заңды тұлға бо-лып есептелетін Сағыз поселкелік кеңесінің ашылған уақыттары бола-тын. Ол мақсатымызға жеттік деп айта аламыз.

Page 325: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

325

Оныншы БөліМ

Сағыз МаҚТанышТары

Page 326: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

326

өзі еңБек еТкен СалаСы БОйынша ЖОғары ЖеТіСТікТерге ЖеТкен СағыздыҚ ЖаСТар Және

Олардың ұрпаҚТары

Біздің ауыл көлемі жағынан өте шағын, жобамен екі жүздің о жақ, бұ жағында түтіні бар өндірістік ауыл. Мұнай өндіретін кәсіпшілік те шағын өндіріс орын-дарына жатады. Өндіретін мұнайының көлемі де біршама аз. Мұнай өндірілетін тереңдіктер де тайыз. Ал мұнайының сапасы өте жоғары. Көгілдір түсті сұйық, жеңіл, табиғи қоспалары өте аз. Осындай шағын өндірістік ауылда не бір тамаша адамдар әр кезеңдерде жұмыс жасады. Оларды осы ауылдың, өндірістің көзі тірі шежіресі Құлымғара Атағозиевтың, білім саласының кәрікөз майталманы Кама-ли Сейітовтың естеліктерін оқығанда көруге болады. Олардың айтуларынша, ал олар сол өңірдегі біраз өндіріс орындарында жұмыс жасап, салыстырмалы түрде баға бере алатын білікті жандар, Сағыздың жұмысшы адамдары да, жастары да білімге құштар, біліктілігі, жан-жақты ой өрісінің кеңдігі ... жағынан қатарларынан оқ бойы озық екен. Шағын ауыл саналғанымен әр саладағы жоғары білім алған жастарының саны жағынан көп ауылдарға қарағанда көш алда. Ауылдағы әр шаңырақтан кем дегенде бір бала, ал көбінесе бірнеше бала жоғары оқу орын-дарында білім алған. Салыстырмалы түрде әр шаңырақтан қанша бала жоғары білім алғаны жөніндегі орташа коэффициентті шығаратындай бола қалсақ, онда біздің ауыл осы көрсеткішпен еліміз бойынша алдыңғы қатардағы ондыққа ілінетіні сөзсіз.

Осы жазылғандардың дәлеліндей төменде көрсетілген біздің ауылдан білім алып ұшқан жастардың, олардың ұрпақтарының өз салалары бойынша елімізде жеткен табыстарын көрсетіп мақтаныш еткіміз келеді.

Мұнай өндіру СалаСында

Сабуғалиев М.Қ. Қосаев Х.н. Сабуғалиев М.Қ.

Page 327: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

327

атшыбаев Мақат Қабдолұлы

в паМяТь О МаХаТе аТЧИБаеве

Я познакомился с Махатом в 1997 году когда начал работать в компании Харрикейн Хайдрокарбонс. Это был сложный период для компании. Нам приходилось усиленно работать, чтобы компания смогла увеличить свою рентабельность и выжить. Махат играл решаю-щую роль в нашей работе. Его профессионализм, чест-

ность и прекрасные личностные качества были ключевыми в будущем успехе компании, последовавшим за тяжелыми временами. Он всегда с уважением от-носился к каждому и всегда прислушивался к рекомендациям. У него было свое виденье и свои профессиональные навыки в принятии правильных решений в целях улучшения положения компании и состояния людей. В нашей жизни мы встречаем людей, которые существенно оказывают большое влияние на нас и общество. Махат был одним из тех людей и он всегда будет в нашей памяти.

Директор месторождения, вице-президент АО ППКР- Брюс Андерсон. ***

Весной 1993 года Махат Атчибаев был приглашен в ПО «Южнефтегаз» на должность начальника цеха по поддержанию пластового давления (ППД) как знающий специалист –нефтяник, производственник с большим опытом работы.

Он активно участвовал в промышленном освоении месторождений Кумколь и Южный Кумколь, расположенных в Южно-Тургайском бассейне на юге Централь-ного Казахстана. Махат Атчибаев руководил развитием строительства первой БКНС (блочной кустовой насосной станции) на месторождении Кумколь. Под его непосредственном руководством проводилось строительство дополнительных объектов закачки воды в пласт. В итоге наращивания производственных мощ-ностей цеха ППД была обеспечена возможность выхода месторождения Кумколь на проектные уровни добычи нефти.

Проявленные организаторские способности, успешная и плодотворная работа по запуску новых объектов в сложных условиях были отмечены руководством компании и осенью 1993 года Махат Атчибаев был назначен заместителем на-чальника Центральной инженерно_технической службы (ЦИТС).

Грамотный инженер, работавший на мангышлакских нефтегазовых место-рождениях Узень и Жетыбай, он отлично владел теоретическими знаниями и практическими навыками в деле освоения месторождений Кумколь и Южный Кумколь.

В 1996 году Махат был переведен в головной офис компании, где трудился на разных руководящих должностях: заместителем начальника производственно-го отдела, зам. начальника отдела добычи нефти и газа, главным технологом . В

Page 328: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

328

своей производственной деятельности в головном офисе Махат отвечал за под-готовку и получение согласований и утверждений различного рода проектных документаций, отчетов, связанных с вопросами разработки месторождения и не-дропользования. В результате успешно и своевременно проделанных работ обе-спечивал эффективную эксплуатацию месторождений «ПКИ».

После приобретения ГАО «Южнефтегаз» канадской компанией «Петроказах-стан инк.» в 1998 году Махат был назначен Вице-президентом по производствен-ной деятельности.

Махат щедро делился своим богатым опытом с молодыми нефтяниками. Он — первый руководитель, который предложил готовить молодых специалистов для компании в первую очередь из местных кадров.

Махат отличался своей отзывчивостью, бескорыстностью, умением вести за собой людей, постоянной готовностью помочь коллегам и близким. Коллеги от-мечают его лидерские качества, спокойный деловой характер, искренность, до-броту, порядочность. Он пользовался большим уважением не только среди дру-зей и коллег, но и среди государственных служащих.

Махат Атчибаев был предан профессии, друзьям, близким, семье.Агиманов Ж.О.- Зам.директора департамента разработки нефти и газа

АО «Петро Казахстан Кумколь Ресорсиз» от имени коллектива и руковод-ства.

перечень научных трудов1. Атчибаев М.К., Айшуаков К.А. Проблемы борьбы с солеотложениями на ме-

сторождении Кумколь. (Издательство «Ғылым. Нефть и газ Казахстана», 1/1996 г.)

2. Атчибаев М.К.,Ахметкалиев Р.Б. Способы защиты от коррозии на нефтяных месторождениях. (Издательство «Ғылым. Нефть и газ Казахстана», 1/1996 г.)

3. Оспанов Ж., Утесинов А.Р., Оспанов Е.С., Утебаев А.О., Атчибаев М.К. Изуче-ние проблем увеличения нефтеотдачи пластов Кумкольского месторождения с применением энергоаккумулирующих веществ. (Проблемы развития предпри-ятий основной и горной химии. Сборник начных трудов.)

4. Оспанов Е.С., Атчибаев М.К., Турсункулов Э., Бейсембаева Г.Б., Бут И.Л., Мар-кабаев К. Исследование состава закачиваемых вод в солеотложений на стенках водоводов Кумкольского месторождения . (Проблемы развития предприятий ос-новной и горной химии. Сборник научных трудов.)

Жоғарыдағылар Мақаттың қысқа ғұмырында өндіріс пен ғылымды ұштастыра жүріп жазған ғылыми еңбектерінің тізімі және өндірісте жеткен жетістіктерін көрсететін әріптестерінің лебіздері. Өмірден ерте кетті, жоғары нәтижелерге енді жететін шағында ауыр науқас оның жолын қиды. Еліне бергенінен берері мол еді Мақат марқұмның. Жатқан жері жайлы, иманы жолдас болсын дейміз.

Page 329: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

329

Құлжанов Төлжан атырауов Сатыбалды

лұқпанов Жеңісбек, бұл азамат жөнінде де мәліметтер (өмірдерегін, суретін) ала алмадық. Сағыздықтар Лұқпанов Қожас ағамыз бен оның жұбайы Есжа-нова Айнаш Ғинаятқызының ұлы, Сарықамыс елдімекенінде дүниеге келген, «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтаудағы Маңғыстау филиалын, Павлодардағы Шығыс фи-лиалын басқарған, қазіргі кезде Атырау филиалына басшылық жасауда.

Қадыралы Қазихан Жанесенов Берікбай

Жамауов Жұмабек

Page 330: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

330

Мырзаш ермек Мырзашұлы2014 жылы 8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Алма-ты қаласында өткен инновациялық жобалар форумында жо-басымен таныстыруда.

Бисенғалиев азамат БисенбайұлыАзамат шетелдік «Вазерфорд» компаниясының мұнай

ұңғымаларында болатын күрделі жұмыстар жөніндегі Қазақстан бойынша Бас Менеджері. Қызмет көрсету аясы: Қазақстандағы Қашаған, Қарашығанақ, Теңіз сияқты ірі кен орындарымен қатар басқа да мұнай алаңдары бар. Африкадағы мұнайлы мемлекеттер (Габон, Камерун ...), Америка, Малайзия, Россия, Канада, Әзербайджан ... сияқты мұнайлы елдері. Еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер.

Сүйесінов аманжол Сүйесінов Тілекқос дүйсенович дүйсенович

Page 331: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

331

ҚұрылыС СалаСында

әлиев Мейрамбай Сүйеуұлы (1952-2015ж.ж.) Мақат ауданы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1959-1964 жылдар аралығында Сағыз жетіжылдық мектебінде оқыған. Орта мектепті Қызылқоға ауданындағы Сағыз селосынан бітірген. Целиноград инженерлік құрылыс институтын 1974 жылы құрылысшы-инженер мамандығы бойынша аяқтап, Қызылқоға ауданы Ленин атындағы совхоздың аға прорабы, Қызылқоға аудандық №9 «Гурьевстрой» тресі №907 ПМК мекемесінің бас инженері, Махамбет

аудандық №9 «Гурьевстрой» тресі №905 ПМК мекемесінің басшысы, Қызылқоға аудандық №9 «Гурьевстрой» тресі №907 ПМК мекемесінің басшысы, Миялы селолық кеңесінің төрағасы, Қызылқоға аудандық коммерциялық орталығының директоры, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары, «Атырауқұрылыс»АҚ ның бірінші вице президенті, «ӘлиАта»ЖШС директоры, 2001 жылдан өмірінің соңына дейін облыс әкімдігінің жанындағы «Құрылыс және облыс жолдары» МКК ның техникалық директоры қызметтерін атқарған. «Құрмет» орденінің (1991ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің (2001ж.) иегері. Облыстық, аудандық деңгейдегі Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен бірнеше мәрте марапатталған. Қызылқоға ауданының құрметті азаматы (2004 ж.). Жары Әлиева Жаңыл Кетебай қызымен (1952 ж.т.) екеуінің ұрпақтары: Жеңіс (1976ж.т.), Елдос (1977ж.т.), Жандос (1980 ж.т.), Гүлдария (1982 ж.т.), Айдос (1985ж.т.)

Хайша Оразғалиева Қабидоллақызығаламтордан алынған мәлімет:

уразгалИева Хайша гаБИдуллИевна

Директор Центрсмет ПА «KAZGOR» г. Алматы. Высо-коквалифицированный специалист, опытный настав-ник молодого поколения.

Страна: Республика КазахстанРегион: Алматинская областьГород: АлматыВключен по рекомендации ОИВ, решение Межгосу-

дарственного совета от: 04.07.2012Энциклопедия: Международная энциклопедия «Лучшие люди»Раздел: Галерея славыДиректор Центрсмет ПА «KAZGOR» г. Алматы. Высококвалифицированный

специалист, опытный наставник молодого поколения. Окончила Алматинский

Page 332: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

332

архитектурно-строительный институт. С 1978 г. работала в Госстрое КазССР в ГГПИ «Казгорстройпроект». Разрабатывала уникальные объекты в Алматы: Ин-ститут стратегических исследований, Парк информационных технологий, мно-гофункциональный комплекс «Рахат Тауэрс», Дом политпросвещения, окружной Дом офицеров, Центральный государственный музей РК, санаторный комплекс «Алатау». Принимала участие в разработке жилого комплекса «Нурсая» в г. Аста-не, больничного комплекса г. Ашхабад, застроек г. Жанатас, п. Кульсары, вахтово-го посёлка Тенгиз, типовых проектов, монумента «Ажалмен айқас» — жертвам атомных испытаний в г. Семипалатинске и др. Осуществляла разработку госу-дарственных нормативов по ценообразованию в строительстве РК и создания программного обеспечения «SANA-2001» для автоматического расчёта стои-мости строительства. Почётный строитель РК, академик Проектной академии «KAZGOR». Отмечена грамотами акимата г. Алматы, комитета по делам строи-тельства и ЖКХ МИТ РК, знаком «Қазақстанның кұрметті кұрылысшысы» и ме-далью «В честь 20-летия независимости РК».

Татиев амантай Жұқаұлы (22.11.1957 ж.т.) Атырау об-лысы, Исатай ауданы, Зинеден (бұрынғы Забурунье) ауы-лында дүниеге келген. Ағасы Татиев Саясат Жұқа ұлы Гу-рьев мұнай техникумын бітіріп Сағыз мұнай кәсіпорнына жұмысқа орналасуына байланысты, 1961 жылы Сағызға көшіп келген. Сағызда 10 жыл тұрдық. Мектепке Сағызда барған. 2 класс орысша, кейін орыс класстар жабылуына байланысты әрі қарай қазақша оқыған. 1971 жылы Сағыздан Ақтау қаласына отбасымен көшкен. 1976 жылы орта мектеп бітірген. Сол жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының инженерлік құрылыс

факультетіне түскен. 1981 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірген. 1981 жылы Жетібай құрылыс монтаж басқармасында, 1982 жылы Закаспийсктран-сгаз бірлестігінде инженер болып жұмыс істеген. 1983-1994 жылдар арасында «Қаламқасмұнайгаз» мекемесінде инженер, аға инженер, жобалау-сметалау бюро бастығы болып қызмет істеген. 1994-1997 жылдар арасында Маңғыстауда құрылған «Мұнай Капитал» атты инвестициялық жекешеліндіру қорының басқарушысы қызметін атқарған. 1997 жылдан бері жеке кәсіпкер. 2012 жылдан отбасымен Алматы қаласында тұрады. Жұбайы – Серікқалиева Сәуле Қиюқызы, Алматы медицина институтын бітірген. Мамандығы – провизор. 3 ұл, 1 қызы, 2 немересі бар.

Page 333: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

333

СпОрТ СалаСында

Оразғалиев Серік Таңатарұлы (1991 ж.т.) Еркін күрестен спорт шебері.Қазақстан біріншіліктерінде, Халықаралық жарыстарда жеңімпаз, жүлдегер атанып жүрген спортшы.

БіліМ СалаСында

Құсайынов абылай Берікұлы (1992 ж.т.) Атырау Облыстық дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің түлегі, математика пәнінен оқушылардың республикалық олимпиадасының ІІІ кезеңінің 2008, 2009, 2010 жылдардағы жүлдегері. Қазақ Бри-тан Техникалық Университетінің «Мұнай газ ісі» мамандығының магистранты.

Бисалиев кенжеғали жиендері (Жұматанова Қазиза апайдың жиеншарла-ры):

абылай (14.01.1996 ж.т.), Қасым (09.10.1997 ж.т.) Астанадағы Назарбаев Университетінің бірінші, екінші курс студенттері.

Page 334: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

334

ғылыМ СалаСында

Жиембетов амангелді 07.12.1953 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Шевченко қаласындағы №4 мектепті үздік аяқтап, Москва қаласындағы Физикалық Зерттеу Институтын(МИФИ) аяқтағаннан кейін, жолдама-мен Арзамас қаласындағы Ядролық Физика инсти-тутына жұмысқа орналасады. Қазір бұл институт «Ресей Федералдық Ядролық Орталығы-Жалпыресейлік қолданбалы физикалық ғылыми зерттеу институты»- («Российский Федеральный ядерный центр - Всероссийский научно-исследова-

тельский институт экспериментальной физики» - ФГУП «РФЯЦ-ВНИИЭФ») (RU) деп аталады. Ғылым кандидаты, ядролық физика бойынша патенттелген жобалардың авторы. Балалары Рузанна, Яна.

Иманшиев ермек Сәлімгерейұлының балалары:1. Иманшиев кенжебек ермекұлы (1974 ж.т.) Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе

Өңірлік Мемлекеттік Университетінде магистр. 2. Иманшиев асқарбек ермекұлы (1976 ж.т.) Қ.Жұбанов атындағы

Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінде еңбек етеді, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кафедра меңгерушісі.

3. Иманшиев Жандарбек ермекұлы (1981 ж.т.) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінде еңбек етеді, педагогика ғылымдарының докторы.

4. Иманшиева гүлжанат ермекқызы. Филология ғылымның магистрі.

Page 335: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

335

Он Бірінші БөліМ

Сағыздан шыҚҚан ҚаЖылар

Page 336: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

336

Біз бұл бөлімде өз ауылымыздың тарихын ғана емес, ауылымыздан шыққан қажылар туралы да мәлімет бергіміз келді. Олар мұсылмандықтың бес парызының бірі қажылық сапарына барып келгендер. Өздерінің өмір жолында кездескен сандаған қиындықтарды жеңе отырып, еңбекте биік белестерді бағындырумен қатар, ешқашан жүректеріндегі имандылық сезімдеріне селкеу түсірмей, не көрсе де Алладан үмітін үзбеген жандар. Осы үшін де олар құрмет тұтуға лайық!

1. Оспанов Жәрдем Әбуұлы (05.12.1935 ж.т.)- 1996 жылдан намазға жығылған, 2006 жылы қажылыққа барған.

2. Жұмағазиева Зылиха Бақақызы (15.12.1939 ж.т.) -2010 жылы барған.3. Садықова (Бисенғалиева) Нұржамал Қамысбайқызы (23.12.1946 ж.т.) –

2012 жылы барған.4. Матайбаев Рахымжан жұбайы Тәнзиламен бірге – 2007; 2010 жылдары екі

мәрте бірге барған.5. Құрманқұлов Аманжол Қойшекенұлы (1953 ж.т.)- 2008 жылы барған. 6. Оразғалиева Хайша(Аққайша) Қабидоллақызы (31.08.1954 ж.т.) 2004,

2012 жылдары екі мәрте барған. 7. Матайбаев Жомарт Орынбасарұлы (08.05.1961 ж.т.) – 2012 жылы барған.8. Еркешова Лилия (1941 ж.т.), зейнеткер мұнайшы, екі рет қажылықта

болған.

зылиха Қажы

Оң жақтан бірінші зыли-ха Қажы ақтаудан барған

құрбыларымен. 2009 жылдан бастап намазға жығылған. 2010

жылы Қажылыққа барған.

Page 337: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

337

нұржамал Қажы Мекке. 2012 жыл. Суреттің арғы жағында Қасиетті

Қағба көрініп тұр. Меккеге Қажылыққа бару әр мұсылманның арма-

ны ғой. Менің де осындай асыл арманым орындал-ды. Парызымды орындадым. Мен Бисенғали атам мен Меткіл мамамның қызымын. Бисенғали атам діни сауаты мол, мұсылманның парыздарын қаза қылмай орындайтын адам болатын. Арабша жаза да, оқи да алатын. Есімді білгелі көріп келе жатырғаным

атамның үнемі намазға жығылып жататыны, не болмаса құран оқып, оның ішіндегі кейбір аяттарды, сүрелерді таза қағазға көшіріп жазып отыратыны еді. Бірнеше қалың, үлкен құран кітаптары болатын. Оларды әспеттеп жекелеп таза ақ матамен орап жинап қоятын. Өзіне керек кітабын аларда ең әуелі ол кітапты маңдайына тигізіп, ішінен дұғаларын оқып барып ораған ақ матасын ашатын еді. Атам намазға жығылған, намазға ұйыған кезінде үйде тыныштық орнайтын, намаз оқып отырғанында еш нәрсеге көңілін алаңдатпай тек намазға берілетін. Сәби болғандықтан мен атам сәждеге басын тқойған кезінде оның арқасына мініп алатынмын. Атам еш алаң болмастан, арқасындағы маған көңілін бөлместен на-мазын жалғастыра беретін. Біздің үйдің дастарханында тек қана халал тамақтар болатын. Колбаса, арақ-шарап, насыбай, темекі дегендерді біздің үйдің ауласына да кіргіздірмейтін. Міне, сәби кезімнен осындай адамның тәрбиесінде болған өзім де заманымыз түзелгесін, дінімізге бостандық берілгесін намазға жығылдым. Атамның үнемі айтып отыратын қасиетті Мекке-Мәдина қалаларын, Қасиетті Қағбаны көргім келді. Атамның армандап кеткен қасиетті жерлеріне барып сәждеге басымды қойып намаз оқуды, сол жерлерге тәу етуді армандадым. Атам өмірден өтерінде маған өзінің қолының тері сіңген, саусақтарының табы қалған таспиғын әдейі арнап беріп кеткен. Сол сәт 2012 жылы келді. Мен қажылыққа бардым. Атамның таспиғын да ала бардым. Атам сәби кезімде құраннан оқып, біздерге әңгіме қылып айтатын жерлерді көрдім, зәмзәм суын іштім, Қасиетті Қағбаға қолымды тигіздім, әсем мешіттерде намаз оқыдым ...

аманжол Қажы

аманжол Қажы Қойшекенұлы.Қажылыққа 2008 жылы барған. 1993 жылдан

мешітке жұма намазына қатысып, намаз сабақтарын ала бастаған. 1998 жылдан намазға жығылған.

Page 338: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

338

Хайша ҚажыОразғалиева Хайша алғаш рет 2004 жылы

«KAZGOR» Жобалау Академиясының қолдауымен барған, екінші ретінде өзі барған.

Бұл Хайшаның бірінші қажылық сапарының

суреті. Оның артқы жағында айша анамыздың мешіті көрінеді.

Хайша ауылдасымыз жұмысбастылығына қарамастан өз әулеті жөнінде көптеген ақпараттар берді. Жазылып жатырған кітабымызға жақсы тілегін арнады: «Жасап жатырған ерен еңбектеріңізге

сәттіліктер тілеймін. Бұл Сағыздық ауылдастарымыз үшін өте маңызды шаруа, келешек ұрпақтарға асыл мұра. Осындай орасан зор шығармашылықтарыңыз жалғаса берсін!»

Ауылдасымыздың өмірбаянымен де таныс болыңыздар, мақтануға тұрарлық.

Оразғалиева Хайша ғабидоллақызы

1954 жылғы тамыздың 31-інде Гурьев облысы Мақат ауданы Сағыз мұнайшылар кентінде мұнайшылар мен Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангерлердің көпбалалы отбасында дүниеге келді. Әкесі Оразғалиев Ғабидолла Фин және Ұлы Отан соғысына қатысып, Ұлы Отан соғысының І және ІІ дәрежелі ордендерінің кавалері, Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерінің, «Ерлігі үшін» медалінің иегері, сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды. Анасы Оразғалиева (Қасенова) Ажар Ұлы Отан соғысына қатысып, зенитшілер артиллериясында соғысып, Берлинге дейін жетіп, Қызыл Жұлдыз орденімен, медальдармен, «Ба-тыр Ана» орденімен марапатталған.

1962–1965 жылдары 1класстан 4 классқа дейін Сағыз м.ө.кәсіпшілігіндегі ба-стауыш орыс мектебінде, 1966-1967 оқу жылы – 5 классты Гурьев қаласындағы №10 мектебінде, 1967-1972 оқу жылдары Алматы қаласында оқып орта білім алып шыққан.

1972 жылы Алматы қаласындағы №113 мектепті, 1978 жылы Алматы құрылыс техникумін бітірді. Сол жылдың сәуір айында үлгілі оқуы мен қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін Бүкілодақтық Лениндік Коммунистік Жастар Одағының (ВЛКСМ) ХVIII cъезіне делегат болып сайланды. 1978 жылы Бүкілодақтық инженерлік-құрылыс институтының кешкі бөліміне түсті. Кейіннен бұл институт Алматы сәулет-құрылыс институты болып өзгертіліп, оны өз мамандығы бойынша 1984 жылы жақсы тәмамдап шықты.

1978 жылдан бастап «KAZGOR жобалау академиясында (бұрынғы «Каз-горстройпроект» МБЖИ) жұмыс істеп келеді. Техник лауазымынан Смета орталығының директоры қызметіне дейін көтерілді.

Ол КСРО Мемлекеттік құрылыс комитеті 1984, 1991 жылдары қабылдаған

Page 339: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

339

құрылыс жұмыстарының сметалық нормаларын қайта қарауға байланысты нысандардың сметалық құнын қайта есептеу жұмыстарына көп күш жұмсады. Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Стратегиялық зерттеулер институты», «Ақпараттық технологиялар паркі», «Алматы Тауэрс» көпфункционалдық кешені, саяси ағарту үйі, аймақтық офицерлер үйі, ҚР Орталық мемлекеттік музейі, «Ала-тау» шипажай кешені сияқты бірегей нысандарды әзірледі. Астана қаласындағы «Нұрсая» тұрғын үй кешенін, Ашхабад қаласындағы аурухана кешенін, Жаңатас қаласының, Құлсары кентінің, Теңіз вахталық кентінің құрылыстарын, типтік жобаларды, Семей қаласындағы атом сынақтарының құрбандарына арналған «Ажалмен айқас» монументін әзірлеуге белсене қатысты. Сонымен бірге ҚР құрылысында баға белгілеу жөніндегі мемлекеттік нормативтерді әзірлеуге және құрылыс құнын автоматты түрде есептейтін «SANA-2001» программалық жасағын дайындауға қатысты.

ҚР-нің құрметті құрылысшысы, «KAZGOR» жобалау академиясының академигі, ол «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төс белгісімен, Алматы қаласы әкімінің, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Қазақстан құрылысшылары қауымдастығының Құрмет грамотала-рымен марапатталған.

Есімі «Үздік адамдар» Халықаралық Энциклопедиясына(2012ж), Қазақстанның Құрылыс саласы бойынша «Құрмет кітабына» (2015ж) енгізілді.

Жомарт Қажы

Жомарт Қажы Орынбасарұлы. Арафа тауы. 2012 жыл.

2010 жылдан бастап намазға жығылдым. Ақтау қаласындағы мешітте қажылыққа баратындарды дай-ындайтын сабаққа қатыстым. 2012 жылы Алла Тағала сәтін салып Қажылық парызымды өтедім.

Page 340: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

340

ҚаСИеТТі Мекке, ҚағБа көрініСТері

Бұл суреттерде әр мұсылманның өмірінде бір рет те болса көрсем екен дейтін Қасиетті нысандарды көрсеткіміз келді. Бұлардан да

басқа Қасиетті нысандар баршылық, бірақ біздер тек осыларды ғана оқырмандарға ұсынуды жөн көрдік.

Қағба жайлы біз білмейтін он дерек

Қағба Меккедегі Әл Харам мешітінің ортасында орналасқан ғимарат. Аллағ құлшылық ету үшін барша мұсылман қауымының күніне бес рет бет бұратын қасиетті орны. Бұл мақалада осы ерекше ғимарат жайлы, сіз, мүмкін, біле бермейтін деректер туралы әңгімелемекпіз.

Қағба бірнеше рет тұрғызылған. Оның қазіргі көрінісі Ибраһим мен Исмаил пайғамбарлар тұрғызған кездегіден мүлде бөлек. Табиғи апаттар мен бұзылып, қираулар нәтижесінде, ол осыған дейін бірнеше рет қайта жаңартылған. Екі есігі мен терезесі және түрлі-түсті болған. Бір есігі кіруге, екіншісі шығуға арналған болатын. Біраз уақыт терезесі болған болатын. Қазіргі таңда тек есігі ғана қалған. Бастапқыда қабырғалары қызыл, жасыл, ақ түсті болатын.Оны қара матамен жабу Аббасидтер кезеңінен басталды. Кілті Меккелік бір әулетке тиесілі. Әуел баста құрайыштар тайпасындағы кілт Меккені алған соң Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қолына тиеді. Бірақ Алла елшісі (с.ғ.с.) кілтті Оман ибн Талхаға қайтарып береді. Содан бері осы әулеттің ұрпақтары кілттің иесі болып есептеледі. Қағба барлық адамдар үшін ашық болған. Қазір жылына екі рет, арнайы қонақтар үшін ғана ашылатын есік ол кезде аптасына екі рет барлық адамдар үшін ашық тұрған. Қағбаны су басып кеткен кездер де болған. Қағба таулар мен даланың төменгі бөлігінде орналасқандықтан, су тасқындарымен күресуге мүмкіндік жоқ кездерде оны талай рет су басып кеткен. Адамдар жан жағына жүзіп құлшылық жасайтын болған. Оның ішінде кез келген жаққа бұрылып на-маз оқуға болады. Қағбаның ішкі қабырғалары ақ түсті мәрмәрдан жасалған, едендері де дәл сондай аппақ мәрмәр. Екі Қағба бар. Қағбаның қақ төбесінде, аспанда оның көшірмесі бар. Ол жайлы қасиетті Құранда және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқан. Алла елшісі (с.ғ.с.) Миғраж сапары туралы айтқанда: «.... Одан кейін маған әл Байт-уль Маъмур (Алла үйі) көрсетілді, күніне бұл жерде жетпіс мың періште құлшылық жасайды, олар бір қайтқанда екінші қайта келмейді. Олардың орнына басқа періштелер келеді, осылай жалғаса береді,» деді» деген.

Қара тастың жарылған кезі. Орта ғасырларда карматтар сектасы қажылықты «ырымшылдық» деп санап, ондаған мың қажыны өлтіріп, денелерін зәмзәм құдығына тастап, Қара тасты өздерімен алып кетеді. Оны тек 22 жылдан соң ғана жарылып, сынған күйде ғана қайтарады. Сондықтан қазір шашылып кет-пес үшін күміс жиектемемен орап қойған. Пішіні бастапқыда тіктөртбұрыш болған. Мұсылмандар үшін Қағба мен Қара тастың орны ерекше. Қағба Аллаға құлшылық жасағанда қайда қарап бұрылу керектігін меңзейтін қасиетті орын болса, Қара тас қасиетті үйдің қай жерінен бастап айналу керектігін көрсетеді.

Page 341: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

341

Әлем мұсылмандары өз уақыттарын

осы сағатқа қарап түзейді, на-маз мезгілдері де

белгіленеді.

Қасиетті Қағба

Page 342: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

342

Қасиетті Қағбаға кіретін Алтын Қақпа

Қасиетті Қағбаның ішіндегі әр мұсылманның

қолын тигізіп, еріндерімен суюді арман ететін

Жәннаттан түскен Қасиетті Қара Тас

Page 343: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

343

Он екінші БөліМ

ауылдаСТарыМыздың өМірБаяндары

Page 344: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

344

Біздің ауылдың көшесімен жүрсеңіз, онда тұратындардың бәрі туралы да осындай жақсы ой, жылы лебіз білдірмей кетуге болмас еді...

Бізге өз ауылымыз өте қымбат, оның әр тұрғынын өзіне тән жақсы қырымен, ерекшелігімен осы кітапта көрсеткіміз келді. Бұл тарауға біз қарапайым еңбек адамдарының өмірдеректерін топтастырдық. Олар әртүрлі салаларда еңбек етті, ауыл өмірінің барлық тыныс тіршілігіне белсене араласты. Ауылдастардың қуанышы мен қайғысында әрдайым қасынан табылды, біреуге адал дос болды, біреуге жай ғана таныс болды, бірақ оларды біріктірген Сағыз атты ауылдың өмірі болатын. Олардың біздің ауылдың өмірінде әрқайсысының ойып алатын өз орындары бар еді, әрқайсысы өз отбасының алтын діңгегі болатын. Бүгінгі күні олардың ұрпақтары еліміздің әр саласында еңбек етуде, бабалар ізін жалғастыруда. Олар өздерінің Сағыздықтардың ұрпағы екенін мақтан етеді, сол атқа лайықты болуды мақсат етеді.

Бекмамбетов есекен (1988-07.05.1963 ж.ж.) Зайыбы Зағым Бекмамбетова 1900 жылы дүниеге кел-

ген. Еңбек жолын 1906 жылы ағылшындарға жалданып Доссор кәсіпшілігінде бастаған. 1911 жылы ағылшын экспедициясының құрамында Маңғыстау жеріне геодезиялық жұмыстар жүргізуге қатысқан. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Доссор, Сағыз мұнай кеніштерінде бұрғылау жұмыстарында жасаған. Зейнетке қалғанға дейін бұрғылау шебері боп еңбек еткен. Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін 1943 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1953 жылы Ленин

орденімен, «СССР мұнай өндірісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Бек-мамбетов Есекен -аты әлемге жайылған қазақстандық кинорежиссер Тимур Бекмамбетовтың туған атасы Бижанның інісі.

есекенов Хажымұрат (1936-09.03.2011 ж.ж.) Гурьев балық техникумын бітіргеннен кейін, еңбек жолын

Сағыз поселкесіндегі су айдау станциясында бастаған. Кейін комсомол ұйымының секретары болып сайланған. Кейін оны Сағыз кәсіпшілігінің гараж меңгерушілігіне ауыстыра-ды. 1966-1969 жылдар аралығында өндірістің бас механигі қызметін атқарады. 1969 жылдан Маңғыстау облысында еңбек етеді. Шебер, «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің автотран-спорт кеңсесінің өндірістегі кәсіподақ басшысы болып, кейін Маңғыстау облыстық кәсіподақтарына техникалық инспек-

тор болып ауыстырылады. 1974 жылдан облыстық байланыс басқармасының автобазасында директор, облыстық тұрмыстық қызмет көрсету басқармасында директор, Маңғыстау электр байланыстар мекемесінде директор, Шевчен-ко ет комбинатының транспорт басқармасының басшысы болып қызмет етті. Хажымұрат Есекенов пен Евгенья Қалиеваның (1940 ж.т.) ұрпақтары:

Page 345: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

345

1. Есекенов Мәлік, (1964 ж.т.) – Ақтау халықаралық теңіз транспорты пор-тында механик (АММТП). Баласы Есекенов Әмірбек Мәскеу Халықтар Достығы Университетінің 5 курс студенті. Қызы Мәдина Есекенова, мектеп гимназияның 9 сынып оқушысы.

2. Есекенов Тимур (1987 ж.т.) – Ақтау халықаралық теңіз транспорты портын-да тальман (АММТП).

3. Есекенова Маншук (1958 ж.т.) Маңғыстау облыстық комсомол комитетінде, облыстық мәслихатта қызмет еткен. Қазіргі уақытта «Нейрон» медициналық орталығында кадр бөлімінде еңбек етеді.

4. Есекенова Гулнар (Гульшара) (1959 ж.т.) жеке құрылымдарда еңбек етеді. Қызы Альмира (1982 ж.т.) заң кеңесшісі, ұлы Мұратбек (1992 ж.т.) Санкт-Петербург қаласындағы адмирал С.О.Макаров атындағы теңіз және өзен флоты Академиясының студенті.

5. Есекенова Наталья (Ақжұма) (1961 ж.т.) Солтүстік Бозащы мұнай өндіру компаниясы бас бухгалтері. Қызы– Жанетта (1988 ж.т.), Ломоносов атындағы Мәскеу университетін аяқтап, Астана қаласындағы Еуразиялық экономикалық ғылыми клубта жетекші маман болып еңбек етеді.

6.Есекенова Татьяна (Дәріжан) (1966 ж.т.)– заң кеңесшісі. Маңғыстау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта 2004-2009 жылдар аралығында судья ,»Народный Сберегательный банк Казахстана» АҚ МОФ-ның 2009-20014 жылдарда заң бөлімінің басшысы болып қызмет еткен. Қазіргі уақытта «Kaspiy Holding» ЖШС-нің заң кеңесшісі.

Қостанбеков Сауытқали (1902-1962 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Қызылқоға ауданы,

Қарабау селосында 10 жылдай ауыл советі төрағасы болған. 1953 -1961 Мақат ауданы Сағыз поселкелік кеңес төрағасы болып жұмыс атқарған. Жары Қостанбекова Торғай екеуінің балалары Бөкенбай, Қанат, Қымбат, Дәмен, Баян.

Қостанбеков Бөкенбай Сауытқалиұлы (1930-1991 ж.ж.)Еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде слесарь болып

бастаған. Ұзақ жылдар осы кен орнында еңбек еткен. Жары Аманғалиева Ұлдайдан 10 бала дүниеге келген.Олар: Жекен-бай, Серік, Сұлу, Айжан, Айсұлу, Тойған, Айман, Света, Амангүл, Айгүл.

Page 346: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

346

Қостанбеков Қанат Сауытқалиұлы (1953-1997 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жер асты жөндеу бригадасының шебері болып жұмыс атқарған. Жары Қостанбекова Бақтыбикеден 4 бала дүниеге келген. Олар; ұлдары Берік (1978 ж.т.), Беркін (1981ж.т.), оның балалары: Сауытқали, Мейрамбек. Қыздары Алмагүл, Айымгүл.

Қостанбеков Жекенбай Бөкенбайұлы (1953 ж.т.) 1974 жыл-дан бастап бүгінгі күнге дейін «Доссормұнайгаз» басқармасында жер асты жөндеу бригадасының шебері бо-лып қызмет атқарады. Жекенбайдың балалары: Қостанбеков Серболат Жекенбайұлы (1978 ж.т.) «ҚазМұнайгаз» КРС жер асты күрделі жөндеу механигі болып қызмет атқарады. Бала-лары: Нұрдәулет, Ақбота, Мадина.

Қостанбеков Максим Жекенбайұлы (1981 ж.т.) Мақат аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы-лар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы. Ба-

лалары: Жансая, Айкөркем, Бақдәулет. Қостанбеков Жанболат Жекенбайұлы (1984 ж.т.) «ҚазМұнайгаз» КРС жер асты күрделі жөндеу шебері болып қызмет атқарады. Балалары: Аружан, Томирис, Диана. Қостанбеков Серік Бөкенбайұлы (1965 ж.т.)Мақат аудандық теміржол инженер КИП болып қызмет атқарады. Жары Қостанбекова Нүриладан 3 бала дүниеге келген. Олар; ұлы Әлімбай (1991ж.т.), оның балалары Дилара, Жасұлан. Қыздары Алина, Айдана.

Саримов аманқос (1942-2005 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын

осы кен орнында бастап, 1975 жылға дейін мұнай өндіру опе-раторы болып еңбек еткен. 2005 жылы зейнетке қалғанға дейін «Мақатмұнайгаз» басқармасында мұнай өндіру опера-торы болған. Зайыбы Сибағатова Мәриямен екеуі төрт ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген. Ұрпақтары Ермек (1962 ж.т.) мұнайшы, Ербол (1963 ж.т.) мұнайшы, Ақмарал (1965 ж.т.) медицина қызметкері , Марат (1968 ж.т.) мұнайшы.

Сибағатова Мәрия (1941-1994 ж.ж.)Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын Сағыз байланыс

бөлімшесінде телефонист қызметінде бастаған. 1962 жылдан мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Еңбек Қызыл Ту орденімен (1974 ж.), «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медалімен, бірнеше мәрте «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгілерімен, облыстық, аудандық деңгейдегі мақтау грамоталарымен марапатталған. Облыстық партия комитетінің конференцияларына делегат болып қатысқан.

Page 347: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

347

Сисенғалиева айнаш (1912 ж.т.)Құлсары поселкесінде дүниеге келген. 1942 жылдан бастап

Сағыз мұнай кәсіпшілігінде тазалықшы, сылақшы-сыршы болып еңбек еткен. Аудандық, ауылдық кеңестердің депута-ты, халық сотының заседателі болып сайланған. Ерен еңбегі үшін бірнеше мәрте грамоталармен, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

Сибағатов Төлеген (1934 ж.т.)Қызылқоға ауданында Қамыскөл елді мекенінде

дүниеге келген. 1949-1950 жылдары Доссордағы қолөнер училищесінде оқып, еңбекке араласады. 1950 жылдан 1970 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру опера-торы, машинист, жүргізуші болып еңбек еткен. «Коммунистік еңбектің екпіндісі» (1961 ж), «СССР мұнай өндірісінің үздігі» төсбелгісімен (1963 ж.), «Еңбек ардагері» (1984 ж.), «ҰОС Жеңістің 60 жылдығы», «ҰОС Жеңістің 65 жылдығы», «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады. Ұрпақтары:

Мүгілсім (1964 ж.т.), Гүлсім (1965 ж.т.), Алия (1968 ж.т.), Маншүк (1971 ж.т.), Рыскүл, Рысбике (1970), Еркебұлан (1990 ж.т.)

Сибағатова Сақыпжамал Хайруллаевна (1939 ж.т.)БҚО Орда ауданы Орда ауылында дүниеге келген. 1959

жылы Орал медицина училищесін бітірген. 1962-1963 жыл-дары Сағыз мұнай кәсіпшілігінде балабақшада медбике бо-лып,1963-1970 жылдары балабақша меңгерушісі болып еңбек еткен. «Еңбек ардагері» (1984 ж.), «ҰОС Жеңістің 70 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған. Қазір Ақтөбе қаласында тұрады.

Түрікпенбаева айгөнше (1911-1979 ж.ж.)Мұнайшы. Ленин орденінің иегері (1965 ж.) 1940-1966

жылдар аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен.

Page 348: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

348

Жексенғалиев Түлкібай (1926-1982 ж.ж.) Қызылқоға ауда-нында дүниеге келген. Анасының есімі Ақкенже. 1950 жылы Сағыз кен орнына көшіп келеді. Содан бастап өндірісте жүргізуші болып еңбек еткен. Зайыбы Дәмет Жанесеновамен отбасын құрып, бес ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. Ұлдары Нұртай, Ертай, Ортай Жексенғалиевтар әкелерінің ізін жалғастырып, Атырау облысының Мақат ауданындағы мұнай кәсіпшіліктерінде жүргізуші болып еңбек етеді. Қызы Сәния мейірбике, кіші ұлы Болат Ақтау қаласында тұрады, мұнайшы.

Жексенғалиев нұртай Түлкібайұлы(1955 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте бастаған. 1978-1982 жыл-дар аралығында Гурьев ауылшаруашылығы техникумын-да оқыған. 1982-1984 жылдар аралығында кәсіпшілікте, кейін Доссор автокөлік басқармасында, «Доссормұнайгаз» басқармасында жүргізуші болып, 2015 жылы зейнетке қалған. Зайыбы Светлана Мұқанғалиева, балалары Әлия, Ғалия, Ма-рат, Гүлнұр, Жанаргүл.

Жексенғалиев ертай Түлкібайұлы (1964 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте бастаған. Қазіргі уақытта «Қайнармұнайгаз» басқармасында еңбек етеді. Балалары Айгүл, Айболат.

Жексенғалиев Болат Түлкібайұлы (1968 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген.Мұнайшы. Қазіргі уақытта «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ГӨДжТЦ геологы.

Page 349: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

349

Жұмағазиев (Боранбай) Бақа (1902-1961 ж.ж.)Мұнара құрастырушы. 1958 жылы құрметті зейнет демалы-сына шыққанша бүкіл саналы ғұмырын мұнайлы Ембінің кен орындарында бұрғылау мұнараларын құрастыруға арнаған монтажшы. Сағыз, Қошқар, Мұнайлы, Қосшағыл мұнай кен орындарында абыройлы еңбек еткен, елге сыйлы азамат. Ел үшін еткен еңбегі бірнеше медальдармен, Құрмет грамота-ларымен марапатталған. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде дүниеден озды. Зайыбы Жарылғасын қызы Аққойқын. Зли-ха, Сәлима атты қыздарынан тараған ұрпақтары Маңғыстау,

Ақтөбе облыстарында тұрады.

Бұзаубеков Молдағали (02.05.1925-1997 ж.ж.) Қызылқоға ауданы «Бала бейіт» ауылында дүниеге кел-

ген.Ұлы Отан соғысының ардагері. 1947 жылы Сағыз кен ор-нында еңбек жолын машина жүргізуші болып бастаған. 1952 жылы Төреханова Хапизаға үйленіп, Ақесен, Әтина, Асқар атты балалар өсірді.1960-1970 жылдар аралығында Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде ауылдық кеңестің төрағасы болып жұмыс жасады.1970-1980 жылдары Сағызда деэмульсаторда мастер болып жұмыс жасады.1980 жылы зейнеткерлікке шықты. Ле-нин орденінің, КПСС ХХІV жылдығына орай Құрмет грамота-

сымен наградталған.

айтбаев Төрехан (1900-1974 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Ұлы Отан соғысының ардагері. ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1944-1954 жылдар аралығында Сағыз поселкелік кеңесінің атқару комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 1964 жылы зейнетке шыққан.

айтбаев Сәмбет Төреханұлы1949 жылы Сағыз поселкесінде дүниеге келген. 1964 жылы сегізжылдық

мектепті аяқтап, 1966 жылы Доссордағы Абай атындағы мектептен онжылдықты аяқтап, Сағыз кен орнында жерасты қысымын сақтау бригадасында оператор болып еңбек жолын бастаған. Өзінің еңбек жолындағы алғашқы ұстаздарым деп сол кездегі учаске мастері Құрманқұлов Қойшекенді, операторлар Оразалиев Құсайынды, Саримов Амантайды есептейді. Еңбек жолында Мұқанғалиев Қабдол, Мұхамбетов Жұмабай, Шабаев Бітімбай, Калягина Шура, Нұрмұханова Жаңыл сынды еңбек майталмандарымен қанаттас еңбек еткенін мақтан етеді. 2012

Page 350: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

350

жылы «Доссормұнайгаз» мекемесіне қарасты Шығыс Мақат цехынан зейнетке қалған. Балалары Ақтолқын, Әлібек, Нұрбек. Ақтолқыны «Қайнармұнайгаз» мекемесінде аға геолог болып қызмет етеді.

Жұматанова Қазиза (1922-1994 ж.ж.) Атырау облысы Доссор кентінде дүниеге келген. Соғыс

кезінде Сағызда ауыл наубайханасында пекарь болған. 1949-1970 ж.ж аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор болып еңбек еткен.

еңбектегі табыстары: Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің; Со-внархоз және СССР Мұнай министрлігінің Құрмет грамота-ларымен, куәліктерімен марапатталған; «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына100 жыл толу құрметіне» медалі; «Еңбек ардагері» медалі, «Мұнайшы арулар еңбегі – ерлік

ескерткіш 1945-2005 ж.ж» кітабына басылып, Қазмұнайгаз энциклопедия кітабына есімі енді. Ұрпақтары: шаудирова роза Сарсенқызы (3.03.1942-08.03.2010ж.ж) Еңбек жолы: Сағыз ауыл кеңесінің бухгалтері болған. Жаңаөзен қаласы - əкімшілікте бухгалтер.1997 ж. Зейнетке қалды. Жолдасы – Бисалиев Кенжеғали Сəрсенғалиұлы (Сағыз ауылының тұрғыны 12.04.37-14.05.1996ж.ж) «Қазмұнайгаз» - мұнайшы 59 жасында ауырып қайтыс болды. Балалары: Бисали-ев Саламат (18.11.1966ж.) Жаңаөзен қаласында тұрады. НГДУ «Узеннефть»-мұнай саласында еңбек етеді. Келіншегі Қалыш -НГДУ- да оператор (баласы: Муслима 3 сынып оқушысы (17.02.2007 ж.т), Жунусова Гүлшат (3.03.1969)Ақтау қаласында тұрады. Жолдасы, Жүнісов Қаныш (14.09.1963) (балалары: Абылай (14.01.1996ж) Назарбаев университетінде 2 курс студенті, Қасым (09.10.1997ж.) Назарбаев университетінде 1 курс студенті, Бану (18.08.2007ж.) Орыс гимназиясының 2 сы-нып оқушысы). Бисалиев Болат (14.07.1970) ТОО ҚАЗГПЗ –машинист, келіншегі Темірбаева Айжан (30.10.1971) ТОО ҚАЗГПЗ оператор,(балалары: Азамат, Айсұлу, Аружан , Нұрсұлтан, Нұрасыл).

Жұматанова Мəру (20.04.1953ж.т.) ТОО ҚАЗГПЗ, оператор -2011ж зейнет-кер. Жолдасы, Сәрсекенов Амангелді Дауланұлы (02.07.1957ж.т) ТОО ҚАЗГПЗ – машинист. Балалары: Мұрат Амангелдіұлы (27.03.192ж.т) Ш.Есенов атындағы технология және инженерлік университеті машина жасау мамандығын бітірді(2010-1014ж.ж), ТОО «Бұрғылауда» бұрғышы көмекшісі. Келіншегі Гүлзира Аманқосқызы (28.10.192ж.т) Ш. Есенов атындағы технология және инженерлік университеті стандартизация метрология сертификация мамандығын бітірді, (баласы: Амангелді Әлинұр Мұрат ұлы (27.10.2013ж.т).

Page 351: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

351

Жиембетов Құлым Жиембетович (1926-1996 ж.ж.) Шындығында 1928 жылғы ақпан айында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы басталғанда жасы жетпегендіктен, майданға аттану үшін, көптеген замандастары сияқты, жасын асырып 1926 жыл деп жазған. Ұлы Отан Соғысының ардагері. «Ұлы Отан Соғысы» ордені, «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Отан Соғысындағы қаһармандық ерлігі үшін», «Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 20, 30, 40, 50, 60, 70 жылдығы», «КСРО Әскери Күштеріне 50 жыл» мерейтойлық медальдары, тағы да басқа көптеген медальдардың иегері.

Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі почтаны басқарған. Куйбышев қаласындағы политехникалық техникумды почта байланысы технигі мамандығы бойынша аяқтаған, Қарағанды қаласындағы біліктілігін жетілдіру курсын тәмамдаған. 1963 жылдан 1967 жылдарға дейін Сағыз поселкелік кеңесінің депутаты болған. Еңбектегі алған марапаттары: «Ерен еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне», «Социалистік жарыстың жеңімпазы», «Еңбек ардагері», т.б.. 1960 жылы Багаутдинова шахарбанумен (27.12.1930-03.07.1983) бас қосып, Амангелді, Ақлима, Аққу атты балалар тәрбиелеп өсірді. Шахарбану Сағыз поселкесіндегі телефон станциясында телефонист болып еңбек етті. 1968 жылы отбасымен Шевченко қаласына көшіп келеді. Мұнда Құлым еңбек жолын байланыс диспетчері болып жалғастырып, еңбек жолында байланысты автомат-тандыру және механикаландыру зертханасының басшысы болады. Кәсіподақ ұйымының төрағасы, ҰОС ардагерлері кеңесінің мүшесі, халықтық бақылау комитетінің төрағасы болады. 22.04.1996 жылы дүниеден өткен. Шахарбану еңбек жолын «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде жалғастырып, аға телефонист болып еңбек етеді. Коммунистік партия мүшесі болады. «Еңбек ардагері», «Ме-даль Материнства» медальдарының иегері.

Ұрпақтары: Жиембетов амангелді. 07.12.1953 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Шевченко қаласындағы №4 мектепті үздік аяқтап, Москва қаласындағы Физикалық Зерттеу Институтын(МИФИ) аяқтағаннан кейін, жолдамамен Арзамас қаласындағы Ядролық Физика институтына орнала-сады. Қазір бұл институт «Ресей Федералдық Ядролық Орталығы-Жалпыресейлік қолданбалы физикалық ғылыми зерттеу институты»- («Российский Федераль-ный ядерный центр - Всероссийский научно-исследовательский институт экспе-риментальной физики» - ФГУП «РФЯЦ-ВНИИЭФ») (RU) деп аталады. Ғылым кан-дидаты, ядролық физика бойынша патенттелген жобалардың авторы. Балалары Рузанна, Яна. Жиембетова ақлима. 21.07.1961 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Шевченко қаласындағы №6 мектепті аяқтап, Москва Энергетика институтын аяқтаған. Жолдамамен МАЭК мекемесіне орналасып, қазіргі кезде осы мекемеде инженер сметашы болып еңбек етеді. Тұрмыста, ұлы Тимур Ақтау қаласындағы медицина колледжінің студенті. Жиембетов аққу. 21.04.1964 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Шевченко қаласындағы №6 мектепті аяқтаған. Арнайы техникалық білімді. «Қазтрансойл» мекемесінде жүргізуші болып еңбек етеді. Отбасылы, екі ұлы бар. Дамир Жәңгірхан атындағы

Page 352: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

352

БҚМУ «МұнайГаз ісі» факультетінің студенті, Тамирланы оқушы.

каримов Хайдар (1930-2008 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қызылқоға ауылында

дүниеге келген. 1950 жылдан Сағыз м.ө.к. электрик болып жұмыс жасаған. Жары Қарақұлова Орындық(15.06.1930-09.12.1991 ж.ж.) екеуі сегіз қыз тәрбиелеп өсірген, олардан өрбіген жиендері, жиеншарлары бар.

нұржігітов Ибраш (1906-1957 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1940 жылдан бастап моторист,

бұрғылау цехында жұмысшы, бұрғышының көмекшісі, опе-ратор болып 1957 жылы мүгедектігіне байланысты зейнетке шыққан. Еңбек еткен жылдарында «За трудовое отличие», «За трудовую доблесть» медальдарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған.

нұржігітов Базарбай Ибрашұлы1947 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз

м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1964 жылы Сағыз кен орынында бу және сумен қамту цехының жөндеушісі болып бастаған. 1971 жылдан «Қайнармұнай», «Мақатмұнай» басқармаларында жылумен және сумен қамту бөлімінің, өндірістік қызмет көрсету базасының бастығы. «Ерлік еңбегі үшін. В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне» медалімен, еңбек озатының белгілерімен, Қазақ КСР Құрмет грамотасымен марапатталған.

наушиев есқайыр (1919-1993 ж.ж.)1939 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек жолын

бастаған. Фин соғысына қатысқан. Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1946 жылы соғыстан кейін Сағыз мұнай кәсіпшілігіне мұнай өндіру операторы болып қабылданады. 1974 жылға дейін Сағызда еңбек етіп, зейнеткерлікке қалады. Еңбек еткен жыл-дарында бірнеше мәрте Алғыстар мен бағалы сыйлықтармен марапатталған. 1947 жылы Бегенова Қаниямен (1928 ж.т.) бас қосып, он бала тәрбиелеп өсірген. Қания ана ұзақ жылдар

Page 353: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

353

бойы, зейнетке қалғанша Сағыздың коммуналды шаруашылық мекемесінде, жылу жүйесінде еңбек еткен. Ұрпақтары: Серік (1950-1950 ж.ж.), Шолпан (1952-1952 ж.ж.), Елемес (1955-1962 ж.ж.), Нұржауған (1957-2006 ж.ж.), Жұмақұл (1961-1961 ж.ж.), Есболат (1962 ж.т.) «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС-де автокөлік қызметінде жүргізуші, Тасболат (1964 ж.т.) «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС-де Инженерлік Техникалық Орталықтың көлік мекемесінің басшысы, Нұрлы (1966 ж.т.) медици-на қызметкері, Нұрсұлу (1970 ж.т.) жеке кәсіпкер, Құралай (1972 ж.т.) «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-да КИП приборшы болып еңбек етеді.

наушиев Тасболат есқайырұлы (1964 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1971-1978

жылдары Сағыз сегізжылдық мектебін бітіріп, 1979-1981 жылдары Мақат кентіндегі М.Горький атындағы мектепте оқиды. Атырау Мұнай және Газ институтын «Көлік және көлік шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген. 1985 жыл-дан мұнай газ саласы бойынша еңбек етеді. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГазӨнімдері» ЖШС-де Инженерлік Техникалық Орталықтың көлік мекемесінің басшысы. Жары Чигреева

Сәулемен екі ұл тәрбиелеп отыр. Наушиев Мейрам, Есқайыров Руслан. Екеуі де мұнай-газ мамандығы саласының мамандары.

рахманов зейнолла (1931-2006 ж.ж.)Индер ауданы Зеленый ауылында дүниеге келген. Сағыз

мұнай кәсіпшілігінде жер асты жөндеу бригадасында маши-нист болып еңбек еткен. Жары Бүркітәлиева Тәжен (1939-2004 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жылу жүйесінде маши-нист болып еңбек еткен Баласы Айболат «Доссормұнайгаз» басқармасында арнаулы автокөлік керуенінде машинист бо-лып еңбек етеді.Қызы Қамқа медицина қызметкері.

рахманов Хайролла (1937-20 ж.ж.)Индер ауданы Зеленый ауылында дүниеге келген. Сағыз

мұнай кәсіпшілігінде электроцехта монтёр болып еңбек еткен. Жары Махамбетова нәсіп (1940 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде кассир, есепші болып еңбек еткен. Ұрпақтары: Ерболат, Бекболат, Нәзила, Ләззат, Жанат.

Page 354: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

354

Қайырлиев Қадыр (1913-1997 ж.ж.)Бұрғышы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнайды дайындау-ай-

дау цехының механигі болған. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұнайшысы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Жұбайы ермұқанова Қанымзия (1924-1989 ж.ж.) екеуінің ұрпақтары: Қания (1945-1973 ж.ж.) Қазақ политехникалық институтын геолог мамандығы бойынша аяқтаған, Зоя (1952 ж.т.) кооператив техникумын аяқтаған,

Серікқали (1954 ж.т.) теміржол техникумын аяқтаған, Салтанат (1957-1989 ж.ж.) Гурьев политехникумын аяқтаған, Жұматай (1959 ж.т.) эл.монтер, Жәния (1962 ж.т.) кооператив техникумын аяқтаған, Сәния (1964 ж.т.) мед.училище түлегі.

Қайырлиев есберген (1896-1964 ж.ж.) Бұрғышы.Қайырлиев өтеген(1942 ж.т.) Бұрғышы. 2005 жылдан зейнетте. Қайырлиев Төлеген 1949 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы,

Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын 1968 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторы болып бастаған. 1972 жылы Мақаттағы автоке-руенде жүргізуші, жөндеуші, 1998 жылдан «Мақатмұнай» басқармасына қарасты арнаулы техника гаражында жүргізуші.

әбілов Тельман әбілғали ұлы (1947-1997 ж.ж.)1947 жылы Гурьев облысы, Мақат мауданы, Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде дүниеге

келген. 1975 жылы Қазақ Политехникалық Институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде м.ө.операторы, жөндеуші болып бастаған. 1976-1997 жылдары Мақат м.ө.кәсіпшілігінде жөндеуші, «Союзгазпром» бірлестігі Мақат автобазасының, Доссор автокөлік кәсіпорнының, Доссордағы №3 автокеруеннің бастығы қызметтерін атқарған. «Одақтық магистралдық газ құбырларын жүргізгені үшін» ескерткіш белгісін, «Еңбек ардагері» медалін алған.

Хабибуллин Жұмабек (1957-1998 ж.ж.)1957 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге кел-

ген. Еңбек жолын Сағызда ағаш жөндеуші, оператор болып бастаған. Кейін мұнай өндіру шебері, өндіріс орындарында түрлі басшылық қызметтерде болды. Солтүстік Жолдыбай, Шығыс Мақат, Мәтен, Орысқазған мұнай өндіру учаскелерінің ашылуына тікелей қатынасты. Жұбайы Есқариева Мәрия 1976 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен. Шығыс Мақат участогінде мұнай айдаушысы болып еңбек етеді. Бала-

лары Жұлдыз, Хамит.

Page 355: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

355

Бекбасова Жәмила (10.05.1940 ж.т.), еңбек жолын 01.11.1958 жылы Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде жұмысшы болып бастап, арты-нан сол кәсіпшілікте ұзақ жылдар кітапханашы болған.

аманғалиев өтеген аманғалиұлы (1927-1962 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде монтер болып еңбек еткен. Жары Байбосынова Тәрбие Асан қызы (1930-2010 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігіне қарасты жұмысшыларды жабдықтау бөлімінің қызметкері болып еңбек еткен. Екеуінің ұрпақтары Сатыбалды (1951-2008 ж.ж.), Бисенбай (1953-2002 ж.ж.), Сисенбай (1955 ж.т.), Сәния (1960 ж.т.).

аманғалиев Сатыбалды өтегенұлы (1951-2008 ж.ж.)Сағызда дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен бастап,

Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек еткен. Жары Мұқанғалиева Бақтылы (1950-2004 ж.ж.) комуналдық қызмет көрсету сала-сында жұмыс жасады. Екеуінің ұрпақтары: Маржан (1975 ж.т.) тұрмыстық қызмет саласында, Гүлжан (1978 ж.т.), Гүлмира (1980 ж.т.), Аслан (1987 ж.т.) теміржолшы, Гүлайым (1990 ж.т.) металлург-инженер. Ұрпақтары Атырау облысының Мақат, Доссор кенттерінде, Алматы қаласында тұрады.

аманғалиев Сисенбай өтегенұлы1955 жылы Гурьев облысы, Мақат ауданы, Сағыз м.ө.к.

дүниеге келген. Еңбек жолын Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде 1973 жылы мұнайшы оператор болып бастаған, арты-нан «Мақатмұнай» басқармасында м.ө.операторы болып жалғастыруда. Қазақ КСР Құрмет грамотасымен, «Қазақойл-Ембі» ААҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.

Таубаев демеу (1922-1997 ж.ж.)Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1941 жылы, сол

кездегі Жылыой ауданы орталығы Қосшағыл елді мекеніндегі Лермонтов атындағы орта мектебінің ең алғаш түлектерінің бірі. Саратов қаржы- есеп техникумын бітірген. 1964-1971 жылдары Сағыз мұнай өндіру кәсіпорнында бас бухгалтер қызметін атқарған. Сағыз өндірісінің қысқаруына байла-нысты 1971 жылы Құлсары қаласына қоныс аударып 1971 жылда зейнеткерлікке шыққанша Құлсары теміржол дис-

танциясында бас бухгалтер қызметін атқарған. Еңбек жолын 1941 жылдың 10

Page 356: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

356

тамызынан бастаған, Жилокоса ауданының Қосшағыл, Кебіркөл мектептерінде бастауыш класс мұғалімі болып еңбек еткен. 1941 жылдың 8 желтоқсанында Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, бірнеше ай Ақтөбе қаласында арнайы әскери дайындықтан өтеді. 1942 жылдың тамыз айында Ақтөбе қаласында жасақталған 101 дербес атқыштар бригадасы құрамында арнайы эшелонмен Москва қаласының жанындағы Норильск қаласына келіп, әскери жаттығуларды жалғастырған. Сол жерде әскери ант қабылдап, қараша айында майданға аттанған. 101-ші атқыштар бригадасы 1942 жылы 7 қарашасында Калинин майданының 33-армия құрамында Ржев бағытындағы ұрысқа кіреді. Великие Луки түбіндегі қанды шайқастарға қатысты. Осы ұрыстарда отан үшін жауған оқтың, жарылған бомба астында жауға қарсы қорықпай бас көтерді. Жауынгер міндетін мүлтіксіз орындап, үздік әскери қимыл әрекеттері үшін қатардағы жауынгерден аға сер-жант атағына ие болды, бөлімше командирі болып тағайындалған. Москва қаласының орталық әскери мұрағатында сақталған марапаттау құжатындағы мәліметтер бойынша, Таубаев Демеу Великие Луки түбіндегі ұрыста өзінің бөлімшесімен неміс дзотын қолға түсірген, 2 пулемет, пушка, көптеген қару-жарақ және 5 неміс солдатын тұтқынға алған. 1942 жылдың 3 желтоқсанында Калинин облысы Оленин ауданының Кувшиново елді мекенін жаудан азат ету жолында болған қанды шайқаста аяғынан ауыр жараланып, госпитальға түседі. Жарақатының ауыр болуына байланысты Москва қаласының Боткин атындағы әскери госпиталында ғана есін жияды, сол жерде оң аяғы тізеге дейін кесіліп ота жасалынады. 1943 жылдың сәуір айында 2 топтағы мүгедектігіне байланысты елге оралады.

1943 жылдың 1 мамырынан бастап Қосшағыл нефтепромыселінде бухгалтер көмекшісі болып тағайындалып, кейіннен халық шаруашылығының әртүрлі са-лаларында бухгалтер,бас бухгалтер қызметтерін атқарған. 1964-1971 жылда-ры Сағыз мұнай өндіру кәсіпорнында бас бухгалтер қызметін атқарған. Бейбіт өмірдегі еңбек өтілі – 49 жыл, 11 ай. Қоғамдық жұмыстарға да белсене арала-сты, бірнеше қайтара Құлсары (ПЧ-15) теміржол мекемесінің бастауыш партия ұйымың хатшысы кәсіподақ комитетінің мүшесі болып сайланған.

Таубаев Демеу үлкен отбасы иесі. Жан жары Жайнашпен 6 бала дүниеге әкелді. Жары дүниеден 1965 жылы өткенде, балаларының үлкені 16 жаста, кішісі 3 жа-ста ғана еді. Отбасында балаларға өнегелі әке бола білді. Оларды әдептілікке, адамгершілікке, адалдыққа, білімге баулыды. Балалары заман талабына сай жоғарғы білім алып, бүгінгі күні халық шаруашылығының әр саласында маман иелері, туған өлкесіне еңбектерін абыроймен атқарып жүр, өз ортасына сыйлы азаматтар.

Отан алдындағы борышын адал өтеген Таубаев Демеу 3 дәрежелі «Даңқ» ордені, «Отан соғысы» ордендерімен, «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын жеңгені үшін» және Жуков медалімен және басқа да 14 ме-дальдар және төс белгілерімен марапатталған. Өндіріс саласындағы жетістіктері үшін Одақ теміржол министірлігінің мақтау грамотасымен, Облыстық атқару комитетінің марапаттау қағаздарымен марапатталған.

Page 357: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

357

ғинаятов Жайберген (1946-2013 ж.ж.) Қызылқоға ауданын-да, Миялы ауылында дүниеге келген. Доссордағы Абай атындағы орта мектепті бітірген соң, 1963 жылы автокөлік жөндеу зауытына токарь болып жұмысқа орналасады. 1966-1971 жылдар арасында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде токарь бо-лып еңбек етеді. 1971-1987 жылдар арасында «Союзгазэнер-горемонт», «Саратовгазэнергоремонт» құрылымдарында токарь болып еңбек етеді. 1987 жылдан бастап өмірінің соңына дейін «Мақатмұнайгаз» басқармасына қарасты өндіріс шеберханасында шебер қызметін атқарды. «Еңбек ардагері»

медалінің, Доссор мұнайының 90 және 100 жылдық мерейтойларына арналған мерекелік медальдардың, «Коммунистік еңбектің екпіндісі» төсбелгілерінің иегері, жергілікті кеңестің бірнеше дүркін депутаты болған.

Бисалиев Қалдаш. (15.01.1921-03.2005 ж.ж.) Ұлы Отан Соғысына қатысушы. Сағыз м.ө.к. электроцехта жұмыс жасаған. Жұбайы Лақбағарова Нұржамал (28.03.1926-10.07.1987 ж.ж.) м.ө.оператор болған. Балалары: Дидар Қалдашқызы (29.11.1953 ж.т.) құрылысшы, Теңел Қалдашұлы (18.03.1956 ж.т.) мұнайшы, Есенқос Қалдашұлы (28.06.1958 ж.т.) мұнайшы, Қайырбек Қалдашұлы (25.05.1962 ж.т.) жүргізуші.

шеруенов Сансызбай. (1927-1981ж.ж.) Қызылқоға ауданы Тайсойған елді мекенінде дүниеге келген. 1942 жылы ФЗОда оқыған. 1948 жылдан бұрғышы, мұнай өндіру операторы, шебері болған. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде 1950 жылдан опера-тор, Солтүстік учаскенің шебері болып, өмірінің соңына дейін осы кен орнында еңбек еткен. Ақшабаев Ноғай, Жұмабаев Сәрсенғали, Катпенов Олжабай, Сабуғалиев Қажымұрат, т.б. қатарластарымен бірге еңбек еткен. Оның еңбек еткен уақыты Ғабдуллин Хамит, Еркешов Шәли, Евдокимов Виктор Констан-тиновичтер басшы болған кезеңдер. Еңбек жолын айтқанда

Сапи Өтебаев, Саламат Мұқашев, Дүтбаевтарды айтып отыратын. «За трудовую доблесть», «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945» медальдарының, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен (1976 ж), көптеген Құрмет грамоталарының иегері. Жары Тоқмурзиева Ахау (1928-2005 ж.ж.) Сағыз телефон станциясында ұзақ жылдар еңбек етіп, сол жерден зейнеткерлікке шықты. Балалары Аман (1954 ж.т.), теміржолшы, Қуан (1956-1981 ж.ж.) мұнайшы, Қабден (1962 ж.т.) инженер-автоматик, Роза (1951ж.т.) , Злиха (1952 ж.т.), Жұман (1958 ж.т.), Әлия (1965 ж.т.) мұнайшы, Жұмазия (1968 ж.т.) мұнайшы, Жанат (1971ж.т.) байланыс қызметкері.

Page 358: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

358

Иманшиев Сәлімгерей Төлешұлы (1926-1984 ж.ж.) Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Қызылқорған ауылсоветінде дүниеге келген. 1947 жылдан 1965 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы, кейіннен кәсіпшіліктің гаражының басшысы болып еңбек еткен. 1965 жылы Ақтөбе өңіріне көшкен. 1983 жылы зейнетке шыққан. Жұбайы Қорғанбаева Сағи (1929-2013 ж.ж.) Сағызда алғашқыда кітапханашы, кейін кәсіпшіліктің комуналдық қызметіне қарасты моншаның меңгерушісі болған. Ұрпақтары: Ермек (1949 ж.т.), Есқали (1952 ж.т.), Серік (1953 ж.т.), Гүлзипа (1956

ж.т), Меңзипа (1958-1962 ж.ж.), Ербол (1961 ж.т), Нұрбол (1965 ж.т.), Ерболат (1968 ж.т.) Сәлімгерей әкесінің жолын қуған кенже балалары Нұрбол мен Ербо-лат мұнай саласында жұмыс істейді.

Иманшиев ермек Сәлімгерейұлы (1949 ж.т.) Гурьев Педагогика Институтының түлегі. Ақтөбе облысы Ойыл ауданында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып еңбек еткен, 2012 жылдан зейнетте. Зайыбы Мұхтарова Алтынзер мен Ермектің балалары: Кенжебек, Асқарбек, Гүлзира, Жандарбек, Гүлжанат. Ұстаздар әулеті.

1. Иманшиев кенжебек ермекұлы (1974 ж.т.) Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінде биология ғылымының магистрі.

2. Иманшиев асқарбек ермекұлы (1976 ж.т.) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінде еңбек етеді, физика-математика ғылымдарының кандидаты, зав кафедра.

3. Иманшиев Жандарбек ермекұлы (1981 ж.т.) Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университетінде еңбек етеді, педагогика ғылымдарының докторы.

4. гүлжанат-филология ғылымының магистрі.

Жармағанбетов Сәлду 1920 жылы дүниеге келген. 1946 жылдан Сағыз м.ө.к. оператор-кочегар, мұнай

өндіру операторы, мұнай өндіру шебері болып еңбек еткен. Жұбайы Мәрзия 1927 жылы дүниеге келген. Балалары: Арыстан, Меңдіғали, Иіссұлу.

шағанов Сералы (1900-1978 ж.ж.)Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Кейін Сағыз мұнай кәсіпшілігіне

жұмысқа тұрады. Осы кен орнынан зейнеткерлікке шыққан. Жұбайы Шағанова Ұштап Большой қызымен (1904-1968) он екі бала өсірген. 1.Шағанова Аяу (1937-64 ж.ж.), 2. Сералиев Орынбасар (1939-1999 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жерасты жабдықтарын жөндеу цехында еңбек еткен. 1982-1999 жылдары НГДУ Комсомольск мұнай кен орнында жерасты жабдықтарын жөндеу цехын-да еңбек еткен. 1997 жылы зейнеткерлікке қалған. Ұрпақтары: Гүлайым (1967-1968 ж.ж.), Наташа (1974 ж.т.), Света (1977 ж.т.), Иса (1981 ж.т.), Бауырбек (1983 ж.т.). Маңғыстау, Атырау облыстарында тұрады. 3. Сералиева Аманша (1942-

Page 359: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

359

1995 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай айдау цехында оператор болып еңбек еткен. Кейін Доссор кентіндегі бумен жылыту цехында өмірінің соңына дейін еңбек етті. Ұрпақтары: Ермек, Хамит, Райла, Роза, Шара, Әлия, Тойған, Нұрлан. Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұрады. 4. Се-ралиев Жақсылық (1946-2011ж.ж.) Миялы селосында дүниеге келген. 1964-70 жылдары Сағыз мұнай кәсіпшілігінде зерттеу цехында оператор, жүргізуші бо-лып еңбек етеді. 1970 жылдан 1977 жылга дейін Қошқар кен орнында да опе-ратор болып, кейін бумен жылыту жүйесінде басшы болып еңбек еткен. 1977 жылы Маңғыстау облысына көшіп келеді. «Мангышлаксельстрой», «Закаспий-трансгаз» мекемелерінде, Шевченко қалалық автобус паркінде , АО «Ынта» мекемесінде жүргізуші болып енбек еткен. 2009 жылы зейнеткерлікке қалады. Жолдасы Тәтиева Рахима Жұқақызымен сегіз бала өсіреді. Ұрпақтары: Болат (1966 ж.т.), Гүлзада (1968-1968 ж.ж), Қалыбек (1969 ж.т.) Орынгүл (1970-1970 ж.т.) Сәнді (Қалжан) (1971 ж.т.), Сәнжан (1973-1974 ж.т.), Сандуғаш (1975 ж.т.), Әлмұрат (1982 ж.т.), Тәтиева Рахима Жұқақызы 1946 жылы Забурын селосын-да дүниеге келген, 1962 жылы Сағызға үй ішімен көшіп келген. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде хатшы , балабақшада шаруашылық меңгерушісі болып, 1970 жыл-дан бастап Қошқар мұнай кәсіпшілігінде іс жүргізуші, балабақша меңгерушісі болып жұмыс жасаған. 1977 жылы отбасымен Маңғыстауға көшіп келіп, № 11 қазақ мектебінде, «Мангышлаксельстрой» мекемесінде, Шевченко қалалық ав-тобус паркінде, асфальт-бетон зауытында 2005 жылға дейін енбек еткен, 1997 жылдан зейнет демалысында.

Тәтиев Жұқа (1908-1975 ж.ж.)Орал облысының Қаракөл ауылында дүниеге келген.

Атыраудың (Гурьев) «Педшколын» бітіріп, Мыңтөбе, Айбас, Қарақұдық елді мекендерінде мұғалім, мектеп директоры болып еңбек еткен. 1942-1944 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, елге келіп әрі қарай жұмысын жалғастырған. Денсаулығына байланысты 1954 жылы зейнеткерлікке қалған.1962 жылға дейін Забурын селосында тұрған. Жұбайы Меңді Махмудқызы (1919-2012 ж.ж.) 1962 жылы үлкен ұлдары Саясат Гурьев мұнай техникумын бітіріп, Сағыз мұнай

кәсіпшілігіне жолдамамен жіберіледі де, осында отбасымен көшіп келеді. Сағызда біраз уақыт почта басшысы болып жұмыс жасайды. 1972 жылы Саясаттың жұмыс жағдайымен Ақтау қаласына көшіп келеді. Тәтиев Саясат (1942-1988 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жас маман ретінде оператордан бастап инженерлікке дейін көтеріледі. 1968 жылы Ақтауға келіп «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде инже-нер болып жұмыс жасап бастаған. Кейін Москвадан, Ленинградтан жоғарғы пар-тия мектебін, Кәсіподақ мектептерін бітіріп, «Закаспийтрансгаз» мекемесінде, Облыстық кәсіподақ ұйымында өмірінің соңына дейін еңбек еткен. Ұрпақтары: Берік (1964-2012 ж.ж.), Қуантай мен Әлия (1966 ж.т.), Мархабат (1970 ж.т.). Жұқаның ұрпақтары: Ағиба (1939-41 ж.ж.), Саясат (1942-1988 ж.ж.), Ғазиза (1945-45 ж.ж.), Рахима (1946 ж.т.), Тілекқабыл (1949-53 ж.т.), Төлеген (1952-1959

Page 360: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

360

ж.ж.), Забиға (1955 ж.т.), Амантай (1957 ж.т.), Ғалия (1960 ж.т.) Забиға Сағыз мұнай кәсіпшілігінен сегізжылдық мектепті бітіріп, Шевчен-

ко қаласынан орта мектепті аяқтап, «Жетыбайнефть» мекемесінде оператор, пластмасса зауытында оператор, АО «АКмО-88» мекемесінде кадр бөлімінің басшысы болып еңбек етіп, 2013 жылдан зейнеткерлікте. Балалары Гүлмира (1975 ж.т.), Нұрлан (1978 ж.т.), Бекболат (1990 ж.т.) әртүрлі салада енбек етеді. Амантай -жоғары білімді құрылысшы, «Комсомольскнефть» мекемесінде еңбек жолын бастап, басшылық жұмыстарда еңбек етіп келеді. Жұбайы Сәуле Қиу қызымен 4 бала тарбиелеп отыр. Балалары Әділ (1987 ж.т), Мейрамбек (1988 ж.т.), Бейбіт, Нәзік (2000 ж.т.) Ғалия ішкі істер қызметінде еңбек еткен 4 баланын анасы, зейнеткер, жолдасы Нұрмагамбетов Жүсіп (1959 ж.т.) қылмысты іздестіру қызметінің запастағы подполковнигі, зейнеткер. Балалары: Айнұр (1982 ж.т.), Дүйсен (1986 ж.т.), Амангүл (1989 ж.т.), Дәурен (1999 ж.т.)

Жұмабаев Мерген (1910-30.08.1966 ж.ж.)1926 жылдан мұнай саласында еңбек еткен. 1937 жылы

Ескене м.ө.к. жұмысшы болып орналасқан. Грозный қаласында мастерлер курсында оқыған. 1939 жылдан мастер лауазымын-да жұмыс жасаған. 21.05.1941 жылдан өмірінің соңына дейін Сағыз м.ө.к. мұнайшы болған. Алғашында мұнай өндіру опера-торы, артынан әртүрлі участоктерде мұнай өндіру шебері, уча-сток басшысы болып еңбек еткен. 16.08.1965 жылы зейнетке шыққан. Жұбайы Оралбаева Сәлима (1924-1998 ж.ж.) екеуінің балалары: Жолдас (1941-2005 ж.ж.), Зайда (1947 ж.т.), Орын-

ша (1951-2001 ж.ж.), Құндыз (1953 ж.т.), Қарагөз (1959 ж.т.), Жеңіс (1961 ж.т.), Тельман (1966 ж.т.). Есімі Ембі өңіріне беплгілі атақты мұнайшы ағамыздың тек Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері екені ғана бізге мәлім, қалған марапаттарын анықтай алмадық. Майталман мұнайшы ауылдас ағамыздың ел үшін сіңірген еңбегі марапаттарға толы болғаны халыққа аян.

шелепин Матвей никитович (1905-?..)1935 жылы Грозный мұнай институтын тау кен инженері мамандығы бой-

ынша бітірген. 1942 жылы «Грозныйтрест» құрылымынан келген. 1945 жыл-дан «Сағыз» мұнай кәсіпшілігінің директоры болған. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісінің иегері.

Тамчани анатолий александрович (1917-?...)1940 жылы Грозный мұнай институтын тау кен инженері мамандығы бой-

ынша бітірген. 1940 жылдан мұнай саласында еңбек еткен. 1942 жылы «Гроз-ныйтрест» құрылымынан келген. 1947 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бас инженер болып еңбек еткен. «За доблестный труд в Великой Отечественной Во-йне» медалінің иегері.

Page 361: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

361

Сафаров Құрманғали Сафарғалиевич (1894- ? ж.ж.) 1939 жылдан «Гурьев қаракөл қой совхозында» еңбек еткен. Балаларының, ұрпақтарының бәрінің өмірі Сағыз мұнай кәсіпшілігімен тығыз байланысты.

Сафаров ғабдырахид Құрманғалиевич (1926-1997 ж.ж.)

Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі автокөлік гаражында механик, гараж меңгерушісі болып еңбек еткен. Зейнетке қалғаннан кейін Мақат кентінде дүниеден өтті. Жары Саксонова капитолина алексеев-на (1927-1979 ж.ж.) Саратов облысында дүниеге келген. Сталиндік репрессияға

ұшырап, қазақ жеріне көшірілген отбасының қызы. Еңбек жолын Құлсары мұнай кәсіпшілігінде бастап, 1949 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі гаражда стати-стик нарядшы, механикалық шеберханада техникалық нормалаушы, комендант, оператор, машинист, кейін кадр бөлімінде еңбек еткен. Ұрпақтарының бәрі де Сағызда дүниеге келген, Ғали (1959-2013 ж.ж.), Риза (1960 ж.т.), Алексей (1963 ж.т.) «Қашаған» кен орнында еңбек етеді. Атырау қаласында тұрады.

Сафаров нұрмағамбет Құрманғалиевич (1947-1999 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осында еңбек жолын бастап,

Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болып өмірінің соңына дейін еңбек еткен.

ахметқалиев Батых ахметқалиұлы (1932-... ж.ж.)Гурьев облысы Теңіз ауданында дүниеге келген. Сағыз су айдау станциясын-

да өмірінің соңына дейін аға шебер болып еңбек еткен. Жары Жұмахметова Ха-мида (1929 ж.ж.) Теңіз ауданында дүниеге келген. Сағыз Су айдау станциясында машинист қызметін атқарған. Ұрпақтары: Мерхат, Амангелді, Мақатбай, Гүлара (қайтыс болған), Жұмабике Мақат кентінде тұрады.

кереев Қуаныш Қалмырзаұлы (17.03.1942-21.06.1995 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1965 жылдан бастап өмірінің соңына дейін мұнай

өндіру операторы болып еңбек еткен.

Page 362: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

362

Балабаев амантай (1950 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын

осы кәсіпшілікте 1966 жылы жер асты жөндеу операторының көмекшісі болып бастаған. Мұнай саласында үздіксіз 47 жыл еңбек етіп, 2013 жылы зейнеткерлікке қалған. Жары Қадірова зоя Қадірқызы (1952 ж.т. Балабақша тәрбиешісі болып еңбек еткен, зейнеткер, екеуінің ұрпақтары: Амангелді мұнайшы, Анар «ДоссорСервис» мекемесінде менеджер, Саламат жера-сты жөндеу бригадасында машинист, Қазыбек теміржол сала-сында, локомотив депосында кадр бөлімінің басшысы, Асыл-

бек «ҚазТатМұнайСервис» мекемесінде шебер.

велиляев Сали (1885-1967 ж.ж.)1944 жылы Қырымнан Гурьев облысына күштеп жер аударылғандар отба-

сы. Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі су айдау станциясында өмірінің соңына дейін машинист болып еңбек еткен. Жары Бершатская Матрена (1905-1974 ж.ж.) су айдау станциясында моторист болып еңбек еткен. Ұрпақтары: Салиева Марьям (1929-2013 ж.ж.) су айдау станциясында тазалықшы, мотористің көмекшісі, мо-торист болып еңбек еткен, оның балалары Александр (1950 ж.т.), кәсіпшілікте дәнекерлеуші болып еңбек еткен, Салиман (1953 ж.т.) су айдау станциясында электр монтеры болып еңбек еткен, Надежда (1957 ж.т.) су айдау станциясында оператор болған, Борис (1961 ж.т.). Велиляев Юсуф (1935-2001 ж.ж.), Велиляева Лилия (1938-2010 ж.ж.) су айдау станциясында телефонистка болған, ері Шалта-хаев Төлеген, балалары Гүлжан (1957 ж.т.), Лида (1959 ж.т.), Марат (1961 ж.т.), Бо-лат (1964-1978 ж.т.). Салиева Надежданың балалары Станислав (1978 ж.т.), Зухра (1984 ж.т.), Анджела (1990 ж.т.).

велиляев Юсуф Салиевич (1935-2001 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде токарь, клуб меңгерушісі, ки-

номеханик болып 1965 жылға дейін еңбек еткен. Жары не-федова антонина васильевна (1934-2000 ж.ж.) мұнай айдау станциясында обмотчица болып, кейін балабақшада еңбек еткен. Ұрпақтары: Владислав (1955-1955 ж.ж.), Александр (1956 ж.т.), Марина мен Наталья (1959 ж.т.), Ирина (1961 ж.т.) Атырау қаласында тұрады.

Page 363: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

363

Қасенов ермекқали ерғара ұлы(29.04.1926 – 29.04.1976 ж) Гурьев облысында дүниеге

келген. 1928 жылы әкесі өліп, анасы Аққыз Көшербай қызы 3 баласымен қалады – Ажар (1924 т.ж.), Ермекқали (1926 т.ж.), Хиуаш (1929 т.ж). Ермекқали 1940 жылдарда Доссордағы қолөнер (ремесленное) училищесін бітіріп, сле-сарь мамандығын алып, 14 жасында Доссор м.ө.кәсіпшілігінде автожөндеу зауытына слесарь болып орналасады. 1949 жылы Сағызға көшеді. 1949 -1975 жылдары Сағыз мұнай өндіру

кәсіпшілігінде механикалық шеберханада слесарь болып еңбек етеді. 1975 жылы Кеңқияқ мұнай кен орнының ашылуына байланысты, осында көшіп келеді. 1975 жылы өндірістік қызмет көрсету базасында жерүсті жабдықтарын жөндеу сле-сары болып еңбек еткен. Ұрпақтары: Еркінғали (Далбай) (1953 ж.т.), Бекболат (1970 ж.т.), Талғат, (1972 ж.т.), Анаргүл. (1974 ж.т.), Айнагүл (1976 ж.т.)

дощанов Қабай Исбергенович (17.09. 1929 -7.05.1994 ж.ж.) Гурьев облысы, Бақсай ауданы Редут ауылында дүниеге

келген. 1953 жылдан бастап Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мон-тер, крановщик, тракторшы, мұнай өндіру операторы бо-лып еңбек етті. Еңбек еткен жылдары ішінде бірнеше мәрте бағалы сыйлықтар мен басшылық тарапынан алғыстарға ие болып отырды. Жары кенжешова Қарашаш кенжешовна-мен (10.07.1930- 28.02.2016 ж.ж.) 1949 жылы 11 апрельде от-басын құрған. Ұрпақтары: Сағызжан (1953 ж.т.) теміржолшы, баласы Дощанов Әлімжан Сагызжанович, (1975 ж.т.), подпол-

ковник, СОБР Алматы қалалық ІІД отряд командирінің орынбасары. Алмаш 1958 ж.т. медицина қызметкері, Орынша (1961 ж.т.) зейнеткер, Боранбай (1963 ж.т.), ТРК Қазақстан мекемесінде, баласы Дамир (1986 ж.т.) Алматы қаласындағы ГЦВП бас маманы, Сәулеш (1966-1993 ж.ж.) , Айнагүл (1968 ж.т.) оператор техно-лог, Алмагүл (1971 ж.т.) «Табнаев Е. С.» ЖШС нің бас есепшісі. Ұрпақтары Алматы қаласында, Атырау облысының Құлсары қаласында тұрады.

Сапағалиев латип Сапағалиұлы (1905-1972 ж.ж.)

Тайсойған өңірінде дүниеге келген. 1938 жылдан мұнай саласында еңбек еткен. Ұлы Отан Соғысынан әскери комиссариаттың бронімен қалдырылып, соғыс кезінде Сағыздағы мұнай кен орындарындағы әскери күзет қызметінде болған. Пар-тия мүшесі болған. Кейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операто-

ры болып еңбек еткен. «Социалистік жарыстың үздігі» төсбелгісімен (1961 ж),

Page 364: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

364

«За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945 г.г.» (1946 ж.), «За боевые заслуги» медальдарымен, СССР Мұнай Өнеркәсібі Министрлігінің Құрмет Грамотасымен (1956 ж.) марапатталған. Жары Сапағалиева Қалдығыз (1917-1995 ж.ж.) Сағызда тұрмыстық қызмет саласында тігінші болған, екеуінің ұрпақтары: (Сапағалиева) Нығметова Қауан (1937 ж.т.), Сапағалиев Қазанғап (1945-1990 ж.ж.) теміржолшы болған, Сапағалиев Қараман (1950-2002 ж.ж.), (Сапағалиева) Изғалиева Светлана (1953 ж.т.) зейнеткер теміржолшы, Сапағалиев Қазбек (1956-2008 ж.ж.) теміржолшы болған. Ұрпақтары Атырау облысы Мақат ауданында, Алматы қаласында тұрады.

Сапағалиева Бақтылы Сапағали қызы (1924-1981 ж.ж.)Тайсойған өңірінде дүниеге келген. 1939 жылдан мұнай саласында еңбек ет-

кен. 1947 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде тракторист, жүргізуші болып еңбек еткен. Кейін кәсіпшіліктің коммуналдық шаруашылығында еңбек еткен. 1950 жылы Сағыздан Мақат кен орнына көшіп келген. Ұрпақтары Сапағалиев Жолжан (1949-1990 ж.ж.), машинист болған, Сапағалиева Жәмила (1952 ж.т.) мұнайшы зейнеткер. Ұрпақтары Атырау облысы Мақат ауданында тұрады.

Сұлтанов Бисен Сұлтанович (1912-1993 ж.ж.) 1937 жылдан бастап мұнай саласында еңбек еткен. 1937 жылдан Сағыз терең бұрғылауында бұрғышы көмекшісі, масленщик, бұрғышы бо-лып еңбек еткен. Кейін Құлсары, Мақат бұрғылау контораларына қарасты кен орын-дарында еңбек еткен.1960 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіне ауысып, 1967 жылы осы кен ор-нынан зейнетке қалады. «За доблестный труд в Великой Отечественной Войне 1941-1945

г.г.», «За трудовое отличие» медалімен, «100 лет нефтяной и газовой промышлен-ности» төсбелгісімен, «Ұлы Жеңістің 30 жылдығы» медалімен марапатталған. Жары Байжанова Балима (1915-1960 ж.ж.) екеуінің ұрпақтары Сұлтанов Сағидолла (1936-1976 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жерасты жөндеу, күрделі жөндеу бригадаларында оператор болып 1953-1976 жылдар аралығында еңбек еткен. Жары Сафарова Дания (1935-2015 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде оператор болып 1953-1983 жылдар аралығында еңбек еткен. «Оныншы бесжылдықтың үздігі» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Сұлтанова Сағира (1945-2010 ж.ж.), ері Мизамбаев Амангелді. Сұлтанова Рысты (1948-2012 ж.ж.), ері Таженов Тарих, балалары Амантай, Шолпан. Сұлтанова Ал-пия (1952 ж.т.), ері Сүндетқалиев Жеңіс, балалары Нұржамал, Ерболат, Тұрғанбай, Мирамгүл, Серікбай. Сағидолланың балалары Сұлтанова Гүлнар (1962 ж.т.), ері Айтниязов Қосдәулет (1962 ж.т.), балалары Аяулым, Асылбек, Райымбек, Жібек. Сұлтанов Асқар (1965 ж.т.), «ҚазТрансОйл» мекемесінде оператор, жары Кенже-бекова Надежда (1966 ж.т.), балалары Айдана, Мәдина, Аружан. Сұлтанова Гүлфара (1965 ж.т.), ері Аренжанов Жұмабай (1964 ж.т.), балалары Руфина, Аль-

Page 365: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

365

бина, Сембай, Арман. Сұлтанов Қанат (1968 ж.т.), «Өзенмұнайгаз» мекемесінде еңбек етеді. Жары Сұлтанова Света (1969 ж.т.), балалары Күнсұлу, Ақылбек, Серік, Берік, Бақытжан, Жанболат, Мөлдір.

Жакупов Қайыр (1928 -2012 ж.ж.) 1949 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1987 жылы зейнетке қалғанша оператор болып еңбек еткен. Жары Ізтілеуова Нұрхия (1929-1978ж.ж.) мұнайшыларды жабдықтау саласында еңбек еткен. Ұрпақтары: Жакупова Бақтылы (1950 ж.т.), зейнеткер. Жакупова Ақжамал (1951ж.т.), зейнеткер. Жакупова Гүлжан (1953ж.т.) зейнеткер. Жакупова Жаңылсын (1954 ж.т.) зейнеткер. Жакупов Ишан (1959 – 2000 ж.ж.), мұнайшы болып еңбек еткен. Жакупова Бәтима (1960 ж.т.) мұнайшы, Жакупова Акма-рал (1962 ж.т.), Жакупов Мұрат (1964-2011ж.ж.) Жакупов Нұрлан (1965 ж.т.) мұнайшы, Жакупова Ақкенже (1967 ж.т.) мейiрбике, Жакупов Амангелді (1969 ж.т.) мұнайшы.

Жұмағалиев Жандос (Жанбоз) Молдағалиұлы (1931-1984 ж.ж.) Жылқосын ауданы Қосшағыл елді мекенінде

дүниеге келген. Еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бастап, 1982 жылға дейін еңбек еткен. 1982 жылы «Мақатмұнайгаз» басқармасына жұмысқа ауысып, өмірінің соңына дейін осы басқармада еңбек еткен. Жары есенғалиева әзипа (1936-2008 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінің коммуналдық қызмет сала-сында әртүрлі қызмет атқарған. Ұрпақтары: Жұмағалиев Би-сенбай (1956-1991 ж.ж.), Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген, еңбек жолын Сағызда бастап, кейін Мақат локомотив де-

посында ағаш ұстасы болып еңбек еткен. Жұмағалиев Сисенбай (1960 ж.т.), Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын Сағызда 1977 жылы мұнай өндіру операторы болып бастаған. Қазір Мақат Желілік Өндірістік Басқармасында еңбек етеді. Жары Тағанова Нәсіп (1960 ж.т.) теміржолшы, екеуінің балалары Сағыныш (1987 ж.т.), экономист, Бауыржан (1989 ж.т.), өрт сөндіру қызметкері, Айша (1991 ж.т.), мұнайшы инженер, Құралай (1997 ж.т.), студент. Жұмағалиев Сайлаубай (1962 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген, еңбек жолын Сағызда бастаған. Қазір Астана қаласындағы «АстанаЦеснаАстық» зауытында еңбек етеді. Жары Амандәулетова Сәуле (1963 ж.т.) медицина саласында еңбек етеді. Балалары: Бағытжан (1989 ж.т.), Гауһар (1990 ж.т.), Құндыз (1993 ж.т.), Әділжан (1996 ж.т.), Жұлдыз (1999 ж.т.). Жұмағалиев Қуандық (1964 ж.т.), Мақат Желілік Өндірістік Басқармасында еңбек етеді. Жары Тәжібаева Рысты (1971 ж.т.) екеуінің балалары: Аманжан (1990 ж.т.), Назгүл (1991 ж.т.), Нұржан (1999 ж.т.), Арайлым (2002 ж.т.), Інжу (2011 ж.т.). Жұмағалиев Сәрсенбай (1967 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Қазір Ақтөбе қаласындағы «Көктас» фирма-сында еңбек етеді. Жары Қалиева Марфуға екеуінің балалары: Ержан (1993 ж.т.) күзет қызметкері, Алтынай (1997 ж.т.) медицина саласында, Жарқынай (2003 ж.т.), Асылай (2005 ж.т.) оқушылар. Жұмағалиева аққаймақ (1969 ж.т.), Сағызда дүниеге келген. Ері Қыздарбаев Ғарифолла, балалары: Азамат (1992 ж.т.), Саябек

Page 366: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

366

(1994 ж.т.). Жұмағалиева аққайша (1973 ж.т.), Ері Құсайынов Қанат, балалары: Толқынай (1992 ж.т.), Шұғыла (2004 ж.т.), Шыңғыс (2005 ж.т.), Айдана (2007 ж.т.), оқушылар.

Жұмағалиев Байбоз Жұмағалиұлы (1921-1993 ж.ж.)

Ембі ауданы Қосшағыл елді мекенінде дүниеге келген. Мұнайшы. Сағыз м.ө.кәсіпшілігінде мұнай өндіруші оператор болған. Ұлы Отан Соғысына қатысушы. «Германияны жеңгені үшін» медалімен, «Мұнай және газ өнеркәсібінің 100 жылдығы», «Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 20, 30,40 жылдығына» арналған ескерткіш медальдармен, Халық Шаруашылығы Кеңесінің, Облыстық кәсіподақтардың, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Жары Мол-баева кенже (1928-2009 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі

коммуналдық шаруашылықта әртүрлі қызметтерде болған. Он бала туып, тәрбиелеген «Батыр ана». Ұрпақтары: Жұмағалиев Берікқали (1948-1954 ж.ж.), Жұмағалиев Серікқали (1949-1954 ж.ж.), Жұмағалиева есен (1951 ж.т.), мұнайшы зейнеткер, баласы Қожахметов Асылбек, «АДЖИП» компаниясында еңбек етеді. Жұмағалиева Қалампыр (1953 ж.т.), зейнеткер, ері Өтегенов Төлеген екеуінің балалары Айгүл, Берік, Серік, Бақнұр, Гүлайым, Қанат. Жұмағалиева Қалима (1954 ж.т.), зейнеткер теміржолшы. Жұмағалиева Сәлима (1956 ж.т.), қауіпсіздік қызметінен зейнетке қалған, ері Әбдешов Асай, қызы Асай қызы Асыл. Жұмағалиев Болат (1957 ж.т.), еңбек жолын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1975 жылдан электр цехында монтер болып бастап 1978 жылға дейін осы кәсіпшілікте еңбек еткен. Кейін Мақат Желілік Өндірістік Басқармасына ауысып, 1978 жылдан бүгінге дейін осында еңбек етеді. Жары Өркенғалиева Қымбат (1958 ж.т.), зейнет-кер геофизик, балалары: Әділжан (1994 ж.т.), «Мұнайгаз ісі» мамандығы бойынша АИТИ түлегі, Батыржан (2000 ж.т.), мектеп оқушысы. Жұмағалиев Самат (1959-1991 ж.ж.), 1977-1981жылдар аралығында Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болып еңбек еткен, 1984 жылдан Мақат аудандық қаржы бөлімінде, ревизиялау және бақылау басқармасында ревизор болып еңбек еткен. Жары Қожахметова Жұмағыз (1963 ж.т.). Баласы: Жұмағалиев Мақсым (1989 ж.т.), Алматы агротехникалық колледжінің бас есепшісі. Жұмағалиева гүлжан (1961 ж.т.), сауда қызметкері, ері Жаманқұлов Қалыбай, екеуінің баласы Бекмұрат (2000 ж.т.), оқушы. Байбозов Жайлыбай (1963 ж.т.), байланыс қызметкері, жары Қарабалина Балжан (1963 ж.т.), баласы Мәтжан оқушы. Жұмағалиева Саржан (1964-1965 ж.ж.), Жұмағалиева нұрзила (1966 ж.т.), Индер аудандық «Қазпочта» бөлімшесінде еңбек етеді. Ері Исламғалиұлы Асқар, балалары Әнуар (1989 ж.т.), АДЖИП мекемесінде еңбек етеді, Әлібек (2000 ж.т.) оқушы. Жұмағалиев Сәндібек (1967 ж.т.), Мақат кентіндегі УМЭР мекемесінде еңбек етеді. Жары Жұмағалиева Мәдина (1967 ж.т.), Мақат Желілік Өндірістік Басқармасында өндіріс шебері болып еңбек етеді. Балалары Біржан (1990 ж.т.) Мақат Желілік Өндірістік Басқармасында машинист болып еңбек етеді. Ақбала (1992 ж.т.) Орал қаласындағы УМГА КИПИА бөлімінде оператор болып еңбек етеді. Әсемгүл (1999 ж.т.) мен Айымжан (2010

Page 367: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

367

ж.т.) мектеп оқушылары.

лұқпанов демеуғали Қашқанқұлұлы (1936-1988 ж.ж.)Әкесі Лұқпанов Қашқанқұл, анасы Лұқпанова Жәми. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде

1985 жылға дейін жылыту қазандығында кочегар болып, өндірістік комитеттің басшысы болып қызмет атқарған. Құрмет Грамоталарымен марапатталған, жергілікті кеңестің депутаттығына сайланған. Жары лұқпанова ағибаш Балабайқызы (1939 ж.т.), анасы Құтқожа қызы Мәрия (1900-1976 ж.ж.), Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі коммуналдық шаруашылықта әртүрлі қызмет атқарған, жылыту қазандығында кочегар болған. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Екеуінің ұрпақтары Елеуғали (1962 ж.т.), еңбек жолын 1982 жылы Сағызда электрик болып бастаған. Инженер энергетик. Зоя (1965 ж.т.), мұнайшы, ері Юсупов Қайрат, балалары Райымбек (1987 ж.т.) ТШО да оператор, Ақтоты (1991 ж.т.) «Каспиймұнайгаз» мекемесінде эколог, Ақнұр (1995 ж.т.) Алматы Технология Университеті студенті, Мардан (2007 ж.т.) оқушы. Берен (1968 ж.т.), теміржол саласында, жары Лұқпанова Жанат (1971 ж.т.), балалары Айдана (1992 ж.т.) Астана Медицина Академиясының студенті, Айбек (1994-2011 ж.ж.). Гүлзия (1971 ж.т.), мұнайшы инженер.

шуақбаев Құтжан шуақбайұлы (1910-

1968 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай

өндіру операторы болып еңбек еткен. Ұлы Отан Соғысының ардагері. 1968 жылы осы кен орнынан зейнеткерлікке қалған. «Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің ХХ жылдығы» ескерткіш медалімен марапатталған. Жары шуақбаева дина Мұқамбетқали қызы (1928-2008 ж.ж.),

1943 жылдан тылда еңбек еткен. Сағыздағы коммуналдық шаруашылықта әртүрлі қызметтер атқарған. «Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 50 жылдығы», «Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 60 жылдығы», «Мақат кен орнына 90 жыл», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері. Ұрпақтары: шуақбаев Жұмабай (1958 ж.т.), еңбек жолын 1977 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болып бастаған. Қазір «Доссормұнайгаз» басқармасында оператор болып еңбек етеді. Жары Әбдіғалиева Әнбия (1960 ж.т.), «Доссормұнайгаз» басқармасында техник қызметкер болып еңбек етеді. Балалары: Айнаш (1986 ж.т.) инженер эколог, Азамат (1988 ж.т.), энергетика саласының маманы, Айнагүл (1990 ж.т.) теміржол қызметкері, Ару (1992 ж.т.) медакадемия студенті, Мөлдір (1997 ж.т.) Әлем Тілдері Институтының студенті. шуақбаева зираш (1963 ж.т.) 1980-1984 жылдары Сағыздағы жылу жүйесінде еңбек еткен. Ері Бекбау-ов Жұмабай Амандықұлы (1963 ж.т.), балалары Бақытнұр (1985 ж.т), Бақытжан (1991 ж.т.), Бахтыгүл (1990 ж.т.). шуақбаева зибаш (1965 ж.т.) 1982 жылдан Сағыздағы жылу жүйесінде еңбек еткен. Ері Есбосынов Байрот (1965 ж.т.), ба-

Page 368: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

368

ласы Төлендиев Елубай (1990 ж.т.) «Қайнармұнайгаз» басқармасында оператор болып еңбек етеді.

Сахауов ақсисен Мұхамедиярұлы (1936-1982 ж.ж.)Әкесі Сахауов Мұхамедияр (1884-1958 ж.ж.) Ақтөбе облысы Қарауылкелді

ауданында дүниеге келген. Ленин орденді мұнайшы. Ақсисен Атырау қаласы Ракуша елді мекенінде дүниеге келген. 1969-1981 жылдар аралығында Сағыз су айдау станциясында басшылық қызметте болған. Еңбек еткен жылдарында еңбектегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға, Құрмет Грамоталары мен сыйлықтарға ие болған. Жары Тнеева Оңай (1939 ж.т.) Сағыз су айдау станци-ясында 1969 жылдан машинист қызметінде болған. Еңбек еткен жылдарында еңбектегі жетістіктері үшін көптеген марапаттарға, Құрмет Грамоталарына ие болған. Екеуінің ұрпақтары: Мұхамедияров Смағұл (1961 ж.т.), мұнайшы, Саха-уов Мирамбай (1961 ж.т.), Сахауов Төлеміш (1963 ж.т.), Сахауов абзал (1966 ж.т.), Сахауова күнімай (1967 ж.т.), Сахауов аманжан (1969 ж.т.), Сахауов Мұрат (1973 ж.т.), Сахауова күмісай (1975 ж.т.), ақсисенұлы асқар (1977 ж.т.) мұнайшы.

Хабидуллин Тасжан (1929-1996 ж.ж.)1948 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жер асты жабдықтарын жөндеу бри-

гадасында еңбек етті. 1984 зейнетке осы кәсіпшіліктен қалды. Жары Мұсағалиева Мерует (1932-2003ж.ж.) Сағыз кәсіпшілігінде еңбек етті, екеуі алты ұл, үш қыз тәрбиелеп өсірді. Олар - Берік, Роза, Маруся, Бейбіт, Беркін, Зүлфия, Жеңіс, Ми-рамбай, Марат. Ұрпақтары Павлодар қаласында, Атырау облысында тұрады.

Хабидуллин Берік Тасжанұлы (1953-2000 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осындағы

жетіжылдық мектептен кейін Қошқар мектеп интернаты-нан орта білім алып, Алматыдағы Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтын бітірген. Бұрғышы болып еңбек еткен. Жары Қарлығашпен екеуінің балалары Рүстем, Гүлназ. Рүстем әке жолын жалғастырған бұрғышы, жары Әселмен екеуінің үш баласы бар, Атырау қаласында тұрады.

Жұмағалиев Базарбай Жұмағалиұлы (1913-1986 ж.ж.)

Қызылқоға ауданындағы Саркөл де-ген жерде дүниеге келген. Еңбек жолын 1928 жылдан мұнай саласында бастаған. 1938 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде ағаш шебері болып еңбек еткен. Әскери комиссариаттың бронімен соғысқа бармаған. Осы кәсіпшілікте ұзақ жылдар

Page 369: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

369

мұнай өндіру операторы болып, 1969 жылы зейнетке қалған. «За трудовую до-блесть» медалінің, сандаған алғыстар мен Құрмет Грамоталарының иегері. Жары Жұмағалиева рысжан үбдиян қызы (1924 ж.т.) Жылой өңірінде дүниеге келген. Екеуінің ұрпақтары: Жұмағалиева Бағытжан (1947 ж.т.), ері Өтепқалиев Төлеш, балалары Орынғали, Мақсот, Бауыржан, Алтынай, Айсұлу. Жұмағалиева айтан (1949 ж.т.), ері Хасанов Қазбек, балалары Азамат. Жұмағалиев Сүлеймен (1953 ж.т.), жары Шалқар қызы Ұлдаш (1956 ж.т.), балалары Нұрлан, Ерлан, Аслан, Жасұлан, Арайлым. Жұмағалиев Темір (1962 ж.т.), Гүлбану, балалары Әмірхан, Сейілхан, Бекзат, Перизат. Жұмағалиев Қайырғали (1956 ж.т.), балалары Рус-лан, Ақбаян. Жұмағалиев ахмедияр (1965 ж.т.), балалары Ербол, Батыр, Нұрбол, Бекарыс.

Жұмағалиев Сүлеймен Базарбайұлы (1953 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Еңбек жолын осы кәсіпшілікте

оператор болып бастап, ұзақ жылдар осы салада мұнай өндіру операторы, жера-сты жөндеу цехының операторы болып еңбек еткен. 1993 жылы Шығыс Мақат кен орнына ауыстырылған. 1998 жылдан зейнеткерлік демалыста.

Құлжанов шалқар (1911-1983 ж.ж.)Ақтөбе облысы Ойыл ауданы 13-ауыл-

да дүниеге келген. 1938 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек жолын бастап, мұнай өндіру операторы болып еңбек еткен. Әскери комиссариаттың бронімен соғысқа бармаған. Жары Байбатырова Бәтима (1920-1977 ж.ж.)

кәсіпшіліктегі жылыту жүйесінде кочегар болып еңбек еткен. Ұрпақтары Құлжанова Күләш (1947 ж.т.), Құлжанов Қуаныш (1950-1978 ж.ж.), Құлжанова Жонас (1954-2013 ж.ж.), Құлжанова Ұлдаш (1956 ж.т.), Құлжанов Сәтбай (1959 ж.т.) энергетик. Ұрпақтары Атырау облысы мен Алматы қаласында тұрады.

Жұмақұлов Төлеп (1934-2008 ж.ж.)Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы

селосында дүниеге келген. 6 жылдық мектепті бітіргеннен кейін әрі қарай Доссор мұнай- газ училищесін бітіріп, 1951 жылы мұнай өндіру операторы мамандығымен еңбекке арала-сты. 1953-1983 жылдар аралығында Сағыз мұнай-газ өндірісінде оператор мамандығы бойынша еңбек етті. 1991 жылы Мақат мұнай-

газ өндірісінен зейнеткерлікке қалды. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, салалық Құрмет Грамоталарымен, «Мақат кен орнына 90 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. Жары Қабанбаева рысты (1941-1983

Page 370: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

370

ж.ж.) Мақат ауданы, Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1961-1983 жылдар аралығында Сағыз мұнай-газ өндірісінде оператор мамандығы бойынша еңбек етті. Мінсіз еңбегі үшін «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісімен, салалық Құрмет Грамоталарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталған. Ұрпақтары: Жұмақұлов Жұмажан (1962 ж.т.) байланысшы. Жұмақұлова Гүлжан (1965 ж.т.) мұнайшы. Жұмақұлова Сәнжан (1967 ж.т.) мұнайшы. ТШО-да техникалық қауіпсіздік инженері болып 1989 жылдан бастап еңбек етуде. Жұмақұлов Серік (1969 ж.т.) Мамандығы-электрик. Жұмақұлов Бейсенбай (1972-1978 ж.ж.) Жұмақұлова Айбарша (1975 ж.т.) мұғалім. Жұмақұлов Айболат (1978 ж.т.) мұнайшы.

аманбаев ержан (1881-1957 ж.ж.) Сағыздағы ұстаханада ұста болып еңбек еткен. Әйелі Иманбаева Жонас Саты-

балды қызы (1889-1948 ж.ж.) Екеуінің ұрпақтары Жарылғасын (1925-2005 ж.ж.), Қамаш (1916-1997 ж.ж.), Жұмабай (1928 ж.т.)

Иманбаев Жарылғасын ержанұлы (1925-2005 ж.ж.)Ақтөбе облысы Ойыл ауданында Жетікөл Жекенді деген

жерде дүниеге келген. 1942 жылдан ФЗО мектебін бітіріп, Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі механикалық шеберханада өндіріс құрал жабдықтарын жөндеушісінің көмекшісі болып еңбек жолын бастайды. Жастық шағы соғыс алапатымен тұстас келген барлық замандастары сияқты жан аямай еңбек етіп, жеңісті жақындатуға күш салады. 1987 жылға дейін мұнай саласында слесарь, ұңғыны бұрғылау цехы бұрғышысының көмекшісі, бұрғышы, ұңғыны жерасты жөндеу бригадасының

операторы, мұнай өндіру операторы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке қалды. Қазақ КСР Жоғары кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Жары Иманбаева нұрғаным Тоқмырза қызы (1930-2002 ж.ж.) Гурьев қаласында дүниеге келген. 1955 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі балабақшада аспаз, бала күтуші болып еңбек еткен. 1986 жылы зейнетке қалған. Ұрпақтары ержа-нов зейнолла (1952 ж.т.) зейнеттегі мұнайшы, Ержанов Сәлік (1958-2004 ж.ж.) мұнайшы болып еңбек еткен, Иманбаев Серік (1962-2010 ж.ж.) мұнайшы болып еңбек еткен, ержанова Жұмағыз (1954 ж.т.) бұрғылау саласында, «Қазпочта» мекемесінде еңбек еткен, зейнеткер. ержанова Жұмазия (1961 ж.т.), мұнайшы инженер, «Каспиймұнайгаз» АҚ ҒЗИ да технологиялық бөлімде жетекші инже-нер, Иманбаева гүлбану (1964 ж.т.), еңбек жолын Сағызда бастаған, кәсіпшілікте коммуналдық шаруашылықта, жылыту қазандығында еңбек еткен. Ұрпақтары Атырау қаласында , Мақат ауданында тұрады.

Page 371: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

371

ержанов Жұмабай (1928 ж.т.)Ақтөбе облысы, Жақсыкөл ауылында туған. Техник-

бұрғышы. Гурьев мұнай техникумын бітірген. 1944 жылдан Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы, кадр бөлімінің инспекторы болып еңбек еткен. Еңбек жолында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері болған. 1959 жылы Қарарна мұнай барлау алаңында бұрғылау шебері, аға инженер, басшысы болған. 1973 жылы Теңіз кен орнын-да бұрғылау алаңының бастығы. «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. «КСРО мұнай

өнеркәсібінің үздігі» төсбелгісінің иегері.

ержанов Мұрат (1965 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осындағы мек-

тептен кейін Доссордағы мектеп интернаттан орта білім ала-ды. Алматы электробайланыс техникумын 1988 жылы бітіріп Мақат аудандық телекомуникация торабында электромеха-ник, аға электромеханик болып қызмет атқарды. 1990 жылдан Мақат желілік өндірістік басқармасында, байланыс инженері, 1 категориялы маман, ТК инженері, байланыс торабының бастығы болып еңбек еткен. Қазір БФ ‘KazTransCom»АҚ Мақат ЖӨБ ы «ИОА» АҚ ТҚК қызметі жетекші инженері бо-

лып жұмыс жасайды. Жұбайы Қауашева Света (1965 ж.т.) медицина қызметкері, балалары Қарлыға, Ақжарқын, Нұрболат, Мұхтасим.

өтебалиев әділғали өтебалыұлы (1910-1944 ж.ж.)Ұлы Отан соғысының ардагері. 1941-1942 жылдары соғыста болып, жарала-

нып елге келгеннен кейін, 1942 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіне көшіп келеді. Осында поселкелік кеңестің төрағасы болады. Зайыбы Жұмабекова Мәрия (1914-1982 ж.ж.) Сағыздағы коммуналдық шаруашылықта жұмыс жасады. Екеуінің ұрпақтары Өтебалиева Тамара (1936 ж.т.), Темірғали (1936 ж.т), Тілес (1943-1999ж.ж).

өтебалиев Темірғали әділғалиұлы (1936 ж.т.), еңбек жолын Сағызда бастаған, зейнеттегі мұнайшы, «Прорва кен орнының 50 жылдығы» ескерткіш белгісінің иегері, жары өтебалиева (Бер-калиева) роза дүйсенқызы (1942 ж.т.), 1971-1973 жылдар аралығында Сағыз поселкелік кеңесінің төрағасы болған, зей-неткер мұнайшы. «Еңбек ардагері» төсбелгісінің, «Күміс алқа» марапатының

иегері. Балалары Өтебалиев Болат (1966 ж.т.) инженер эколог, Өтебалиев Мұрат

Page 372: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

372

(1968 ж.т.) кәсіпкер, Өтебалиева Света (1970 ж.т.) тәрбиеші, Өтебалиева Гүлнар (1973 ж.т.) Атырау Мұнай және Газ институтының доценті, Өтебалиева Гүлмира (1974 ж.т.) экономист, Өтебалиева Злиха (1991 ж.т.) «Онур Тревел» агенттігінде менеджер.

өтебалиев Тілес әділғалиұлы (1943-1999 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі электроцехта монтер болып

еңбек еткен. Жары шиланова ағилаш (1950 ж.т.) екеуінің ба-лалары Өтебалиев Сабырбек (1974 ж.т.) кәсіпкер, Өтебалиев Мырзабек (1976 ж.т.) Атырау мұнай өңдеу зауытында еңбек етеді. Гүлшат (1980 ж.т.), Орынғали (1978 ж.т.) теміржолшы, Гүлнара және Гүлсара (1984 ж.т.).

демеуов Серік (1928-1988 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі почтаның бастығы, поселкелік кеңестің төрағасы

болған, әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған. Кәсіпшілік тарихында іскер басшы, азамат ретінде қалған адам. Жары Демеуова Жаңыл (1935-19 ж.ж.)1971-1973 жылдар аралығында Сағыз поселкелік кеңесінің хатшысы болған. Баласы Демеуов Сағидолла.

Бабанов шабай (1881-1959 ж.ж.)шабаева Бейбіт (1910-1969 ж.ж.) 1966 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігіне қарасты балабақшаның

қарауылы болып еңбек еткен. Баласы шабаев Бітімбай (1944-2011 ж.ж.) 1972 жылдан мұнай өндіру операторы болып еңбек еткен. Кейін Мақат кентіне көшіп, теміржол саласында еңбек етіп, 2007 жылы зейнетке қалады.

шабаев Қасен (1952 ж.т.) Еңбек жолын 1969 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде тракторист машинист болып бастаған. 1973 жылы Мақат кентіне көшіп, Мақат Желілік Өндірістік Басқармасында еңбек еткен. 1981 жылы «Құрмет белгісі» орденіне ие болған. 2016 жылы зейнетке қалған. Зайыбы Зей-неп, Балалары Бақытжан, Айзада.

Page 373: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

373

Қалдығариев дүйіс Жұпболұлы (1937-2001 ж.ж.)

Ембі ауданы Ескене поселкесінде дүниеге кел-ген. 1958-1990 жылдар аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнай өндіру операторы болып еңбек еткен. «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісінің, «Еңбек ардагері» медалінің иегері. Поселкелік кеңестің депутаты болып бірнеше

мәрте сайланған. Зайыбы пішімова Балкенже (1938 ж.т.) 1960-1988 жылдар аралығында Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі электроцехта сым ораушы болып еңбек еткен. «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» ескерткіш медалінің, «Еңбек ардагері» медалінің, «Алтын алқа» орденінің иегері. Балалары: Қалдығариев Қуанышкерей (1958 ж.т.) «Қайнармұнайгаз» басқармасында оператор, Қалдығариева Сәулеш (1961 ж.т.) банк қызметкері, Қалдығариева Күләш (1965 ж.т.), Қалдығариева Лиза (1967 ж.т.), Қалдығариева Гүлбану (1969 ж.т.), Қалдығариева Гүлжанат (1972 ж.т.), Жұпболова Орал (1975 ж.т.), Қалдығариева Мөлдір (1994 ж.т.).

Жанпейісов Мұса (1894-1963 ж.ж.) Жанпейісова үміт (1890-1964 ж.ж.)

Ұрпақтары Мусина Қанзиба Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жылыту жүйесінде кочегар бо-лып еңбек еткен. Мусина Қалампыр Сағызда дүниеге келген. Сағыз мектебінде оқып, онжылдықты Қошқардағы мектеп интернаттан аяқтаған. Ері Байназаров Жарылғас, балалары Айгүл, Сәуле, Нұрман, Гүлжаз.

нұрмұханов кемелхан (1928-1995 ж.ж.)Еңбек жолын 1947 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде

мұнайшы болып бастаған. 1964 жылы Өзен мұнайын игеру-ге атсалысу үшін Жаңа Өзенге көшіп келген. 1987 жылдан Республикалық дәрежедегі зейнеткер. КСРО еңбек сіңірген мұнайшы. Ленин, Октябрь Революциясы ордендерінің, «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл құрметіне Ерен еңбегі үшін», Еңбек ардагері медальдарының иегері. Жұбайы Кілт (1930-2005 ж.ж.) те мұнайшы. Балалары: Хадиша (1952 ж.т.),

Мәдияр (1959 ж.т.)

Page 374: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

374

Құрманов абылқайыр (1918-1961 ж.ж.) Атырау облысында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келген. Еңбек жолын пошта тасушы болып бастаған. «Ембі Мұнай өндіру» басқармасының Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінің бас бухгалтеріболып еңбек еткен. 1940 жылдың аяғында Сағыз, Байшонас, Доссор т.б. кәсіпшіліктерінің басшы азаматтары-мен бірге сталиндік заманның құғын

сүргініне ұшырап, сотталып кетеді. «приписка» деген пәлеге ұшырап топ тобы-мен сотталып жатты. Сол кездегі Сталиндік түрменің сұмдығын өз көзімен көреді. Сталин өлгеннен кейін өзінің жазықсыз сотталғанын дәлелдеп, ақталып бас есепші қызметіне қайта оралады. 1960 жылы ұлы Құрманов алдан абылқайырұлы дүниеге келеді. 1961 жылдың сәуір айында Абекең дүниеден озады, сойтіп Алдан 4 айлығында анасы каримова Жұпармен (1932-2001 ж.ж.) қалады. 1970 жылы жаңадан ашылған Жаңаөзен қаласына анасымен көшіп келіп, № 1 орта мектептің 3 сыныбына оқуға барады. 1978 жылы сол мектепті бітіріп Ташкент қаласындағы автодорожный техникумына сырттай оқуға түсіп, 1982 жылы аталған техникумды бітіріп техник механик мамандығын алады. Жолдасы Қайырбаева гүлбаршын Төкенқызы Құлсары қаласында туылған. Көп жылдар бойы Жаңаөзенде НГДУ Пром ОРС мекемесінде мамандар бөлімін басқарған. Екеуі екі ұл, бір қыз тәрбилеп өсірді. Үшеуі де Алматыдағы академик Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетін бітірген.. Үлкен баласы Аққуан «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның НГДУ-1 басқармасында «Сандық программалық басқару қондырғысының операторы. Қызы Ақлима «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында директордың орынбасары қызметінде. Кенже баласы Берік «КРУЗ» ЖШС бұрғышының көмекшісі қызметінде. Екі келіні, төрт немересі бар. Жұпар апамыз 2001 жылы дүнеден өтті. Алдан «КЕЗБИ» ЖШС өзінің мамандығы бойынша тексеруші механик болып қызмет атқарады. Қазір Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында тұрып жатыр.

есқожиев Сапа (1903-1973 ж.ж.)Ұлы Отан соғысының мүгедегі. 1941 – 1943 жылдары Сталинград маңында

сол аяғынан айырылған. 1964 – 1972 жылдарда Сағыз поселкесінде тұрды. Есқожиева Насиха (1913 – 2000 ж.ж.) Сағыз өндірісінің деэмульцатор цехында оператор болып 1968 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

есқожиев Бітімғали (1947 – 2008 ж.ж.)1963 – 1966 жылдары Совет Армиясы қатарында болды. 1966 -1971 жылда-

ры Грозный мұнай институтында оқыды. 1971 – 2007 жылдары «Эмбанефть» бірлестігінде əртүрлі жұмыстарда еңбек етіп зейнеткерлікке шықты. 4 қызы тұрмыста. Ұлы Есқожиев Қуанышқали – жеке кəсіпкер, мұнай саласында.

Page 375: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

375

есқожиев Төлеуғали (1952 ж.т.)1964 -1968 жылдары Сағыз сегізжылдық мектебінде

оқыды. 1968 – 1972 жылдары Гурьев политехникумында оқыды. 1972 – 1974 жылдары Совет Армиясы қатарында бол-ды. 1974 – 2015 жылдары «Эмбанефть» бірлестігінде еңбек етті. 2016 жылдан зейнеткер. 2 қызы тұрмыста.

еркешов шәли (1929-1986 ж.ж.) Әкесі Танашев Еркеш (1890-1952 ж.ж.), анасы Еркешова Тота

(1903-1976 ж.ж.). 1949 жылы Гурьев мұнай техникумын тех-ник-геолог мамандығы бойынша бітірген. «Қазақстаннефть» бірлестігінің жолдамасымен Ескен мұнай кәсіпшілігіне қарасты Байшонас кен орнына мұнай өндіру операторы бо-лып еңбек еткен. Байшонас, Қарсақ кен орындарында өндіріс шебері, инженері, өндіріс басшысы болып еңбек еткен. 1963-1968 жылдар аралығында Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде басшы болған. Кейін «Доссормұнайгаз» басқармасында бас-

шы болған. 1971 жылдан өмірінің соңына дейін осы басқарманың Инженерлік Техникалық Қызмет Орталығының басшысы болып еңбек еткен. КСРО «Құрметті мұнайшысы» (1981 ж.), «Құрмет белгісі» орденімен (1971 ж.), «Еңбек ардагері» (1985 ж.), «Лениннің туғанына 100 жыл» толуына орай мерекелік медальдармен марапатталған. Жұбайы еркешова лилия (1941 ж.т.), еңбек жолын 1962 жыл-дан бастаған. Қарсақ кен орнында зерттеуші өлшеуші, Сағыз кен орнында кадр жөніндегі инженер, «Доссормұнайгаз» басқармасында техникалық жабдықтау қоймасының меңгерушісі болып еңбек еткен. Екеуінің ұрпақтары Еркешова Ағырыс Шалиевна (1963 ж.т.) Атырау облыстық сот экспертиза орталығында бас эксперт болып еңбек етеді. Еркешова Роза Шалиевна (1965 ж.т.), отставкадағы подполковник, Еркешова Айжан Шалиевна (1967 ж.т.) мұнайшы инженер, Ерке-шов Бауыржан Шалиевич (1969 ж.т.), мұнайшы инженер, жұбайы Нұрмұханова Ажар Неметаевна (1971 ж.т.) балалары Самал, Нұржамал, Алдияр, Әсемай. Ерке-шова Алтын Шалиевна (1972 ж.т.), мұнайшы инженер, Еркешова Сәуле Шалиев-на (1975 ж.т.), қаржы маманы, Еркешов Амангелді Шалиевич (1985 ж.т.), мұнай өндіру операторы, Еркешова Айгүл Шалиевна (1990 ж.т.) мұғалім.

Қоспанова әлен Отарғазықызы (1905-1972 ж.ж.)Сағыз мұнай кәсіпшілігіне 1958 жылы көшіп келген. Ұрпақтары Байтақова

Қадиша (1935-2015 ж.ж.) 1960 жылдан бастап зейнетке қалғанға дейін Сағыз балабақшасында бала күтуші болып еңбек еткен. Балалары Байтақова ақиіс (1958 ж.т.) Қарағанды Металлургия комбинаты жанындағы Жоғары Техникалық Оқу Орнын бітірген. Инженер экономист. Ері Искаков Серік Төлеубекович (1956-

Page 376: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

376

1999 ж.ж.), балалары Динара, Қуанышбек, Олжас. Байтақов ермекбай (1961 ж.т.). Еңбек жолын 1981 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігінен бастаған. Осында 1994 жылға дейін еңбек етті.1985 жылдан жерасты жөндеу бригадасының операторы. Қазір «Доссормұнайгаз» басқармасында еңбек етеді. Жары Искариева Ләйлім Амандос қызы (1968 ж.т.) екеуінің балалары Арайлым, Айгүл, Ахмет, Асхат.

Қазиев Тұрғанбай Қазиұлы (1896-1976 ж.ж.)

Ұлы Отан Соғысының ардагері. Сағыз мұнай кәсіпшілігінде мұнайшы болып еңбек еткен. «ҰОС Жеңістің Х жылдығы», «ҰОС Жеңістің ХХ жылдығы», «Герма-нияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған. Зайыбы Тілеубергенова Жамиға (1924-2007 ж.ж.) екеуінің

ұрпақтары Қазиев Амангелді (1946 ж.т.) зейнеткер, Қазиев Аманқос (1949-1978 ж.ж.), Қазиева Оңайша (1951 ж.т.) зейнеткер, Қазиева Орынша (1954 ж.т.), Қазиев Мұхамбет (1956 ж.т.), Қазиев Мұқан (1958 ж.т.), Қазиев Мирамбай (1964 ж.т.), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да мұнайшы, 2010 жылғы Маңғыстау облысының «Жыл мұнайшысы».

Қатпенов Қалім (1916-1980 ж.ж.) Сағыздағы өрт сөндіру қызметінде еңбек еткен. Зайыбы шарипова Қантай (1923-1983 ж.ж.) екеуінің ұрпақтары Қатпенова Мүнира (1954 ж.т.) Сағыздағы почта бөлімшесінде еңбек еткен, Қатпенова Қатира (1956 ж.т.), Қатпенов Салық (1959 ж.т.), Қатпенов Жаңабатыр (1961 ж.т.), Қатпенов Марат (1964 ж.т.) «Эмбамұнайэнерго» мекемесінде монтер.

Бекмағамбетов Төлеп (1896-1956 ж.ж.). Ембі ардагері. 1914-1919 жылдары — Но-вобогат кәсіпорны ағайынды Нобельдер кәсіпорнында бұрғылаушы-жұмысшы, бұрғылаушы. 1920-1933 жылдары «Қазмұнайбарлау» тресінің бұрғышысы. 1933-1950 жылдары Байшонас, Ескене мұнай кәсіпшіліктерінде ұңғымаларды жер асты жөндеу жұмыстары бригадасында аға оператор, шебер, 1950-1953 жылдары — Сағыз мұнай кәсіпшілігі басқармасында аға оператор болып еңбек еткен. Ленин орденімен (1951 ж.) және медальдармен марапатталған.

Page 377: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

377

Мұқашева ақерке Қошан қызы (1934-1985ж.ж) Гурьев облысы Сағыз елді мекенінде дүниеге келген. Балалық шағы соғыс жылдары-мен тұспа тұс келгендіктен, өз тұстастары сияқты сол заманның бар қиыншылығын елмен бірге көрген. Анасына көмектесіп байпақ басып, жүн иіріп, майдандағы жауынгерлерге жылы киім жіберуде өз үлесін қосқан. Соғыс салған қиындықтарды, қайғы қасіретті елмен бірге

көрген. Ел ішінде тараған түрлі жұқпалы ауруларды жоюда қызмет еткен зарар-сыздандыру отрядына көмектескен. Кейін ері Мұқашев Қайырхан екеуі Маңғыстау облысы Аташ елді мекенінде отбасымен тұрған. «Маңғыстау балық комбинатында» еңбек еткен. Екеуінің ұрпақтары Қыран, Мұрат, Көбеген, Мақсат, Самат атты ұлдары мен Таңсұлу атты қызы мен оның ері Нұрмағамбетов Итем-ген Маңғыстау облысы Ақкетік, Аташ, Баутино кенттерінде тұрады. Олардан тараған балалары Жаңабай, Жеңісбек, Жалғас, Ардақ, Мерей, Аманбол, Темірлан.

Қошанов өтеғұл Бердібайұлы (1940 ж.т.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде еңбек жолын 1959 жылы жерасты жөндеу бригадасының операторы болып бастаған. Бұрғышының көмекшісі, зерттеу операторы болып еңбек еткен. Осы кен ор-нында 1964 жылға дейін еңбек еткен. Зейнеткер. Ақтөбе қаласында тұрады.

Қошанов амангелді Бердібайұлы (1947-2015 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Мұнайшы.

алтыбаев Орманбай ешмұханұлы(1938ж.т.) 1971-1979 жылдар аралығындаСағыз мұнай кәсіпшілігінде бас инженер болып еңбек еткен. Жары Жарасова Турдумбубе Абдухаймовна (1940ж.т.) 1971-1973 жылдары клубта еңбек еткен, 1973- 1979 жылдар аралығында медсестра болып еңбек еткен. Бала-лары Алтыбаев Асқар Орманбайұлы (1965ж.т.) Алтыбаев Тимур Орманбайұлы (1975ж.т.)

шалғынбаев Сәбит нәрішұлы (1939-2005 ж.ж.). Әкесі Шалғынбаев Нәріш (1892-1967 ж.ж.), анасы Шалғынбаева Қырмызыдан апасы Қалау Шалғынбаева (1936 ж.т.) екеуі. Сәбит Нәрішұлы Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі су айдау станциясында 1959 жылдан бастап жұмыс жаса-ды. Жары Өткембаева Оңдаған Қазымқан қызы.1961 жылдан 1965 жылға дейін медсестра

Page 378: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

378

болып, 1965 жылдан бастап су айдау станциясында жұмыс жасаған. Балалары Нұрлан (1962-1976 ж.ж.), Қайрат (1963-1994 ж.ж.), Раиса (1965 ж.т.), Серік (1967 ж.т.), Разия (1970 ж.т), Алтын (1972 ж.т.), Наурыз (1974 ж.т.), Ерлан (1976 ж.т.), Талғат (1978 ж.т.). Ұрпақтары Атырау облысы Құлсары қаласында тұрады.

досмағанбетов ерғара (1903-1971 ж.ж) Сағыз мұнай кәсіпшілігінің жұмысшыларды жабдықтау бөліміндегі қойма меңгерушісі болып жұмыс істеді, жұбайы Досмағанбетова Раушан (1919-2011ж.ж.) мамандығы мұғалім, дүкенші - еңбек ардагері. Екеуінің ұрпақтары Досма-ганбетова Нұрзия Ерғара кызы (1945 ж.т.), ері Кенже Айтбаев. Досмағанбетов Болат Ерғара ұлы (1949 –2011ж.ж.), жары

Жаңылған. Балалары Руслан мен Ләззат, Әльфия мен Серікберген, Гүлзия мен Қанат.Досмағанбетов Қобланды (Аманқос) Ерғара ұлы (1953 ж.т.). Жұбайы Гүлшат, балалары Азамат, Гүлжиһан мен Әділ, Абай. Досмағанбетов Аманжол Ерғара ұлы (1955 ж.т.)Жубайы – Света, қызы – Гульзира, балдары –Ану-ар, Бауржан, күйеу баласы Әлібек жане немерелері мен жиендері. Досмағанбетов Амангелді Ерғара ұлы (1957 ж.т.) Жұбайы-Баян, ұлы-Аманжан, қызы-Гүлдана. Досмағанбетова Сәнзия Ерғарақызы (1960 -2014 ж.ж.) Жолдасы-Ұлыкпан, бала-лары Жандарбек, Жәнібек-Мейрамгүл , Ризабек, Гүлжазира- Роман.

Қайырғожиев Жұмабай (1952-2000 ж.ж.) Байшонас кен орнында дүниеге келген. 1969 жылдан 1981 жылға дейін Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бұрғылау жұмыстарының дәнекерлеушісі болып еңбек еткен. Осында отбасын құрып, ұрпақтарын өсірген. Кейін Ақтау қаласына көшіп, Бозащы кен орнына дәнекерлеуші болып еңбек еткен. Жары Бисалиева Дидар Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. 1971 жылдан кәсіпшіліктегі жылыту жүйесінде еңбек еткен. Балалары Нұрлыбек (1973 ж.т.)ішкі істер қызметінен зейнетке қалған, жары Қызықбаева Базаргүл Айтбаевна Ақтау қаласындағы периноталды орталықта акушер. Бала-лары Ақкүміс (1995 ж.т.), студент, Айнаш (1997 ж.т.), студент, Айбек (1999 ж.т.), студент, «Каспий» футбол клубының ойыншысы, спорт шеберлігіне үміткер. Нұрлығыз (1975 ж.т.)6 жары Талғат жүргізуші, үш баласы бар. Нұргүл (1979 ж.т.), жары Сағатбек «Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде жұмысшы оператор. Айнұр (1993 ж.т.) мұғалім, Жары Саламат«Маңғыстаумұнайгаз» мекемесінде еңбек етеді.

Page 379: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

379

есқалиев Мұқаш Баймұханұлы (14.03.1922-24.04.1963 ж.ж.) Ұлы Отан Соғысының ардагері. Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде мұнай өндіру операто-ры болып еңбек еткен. Ниязова Мәрия Мақтаған қызы (01.02.1929- 29.06.2001 ж.ж.) Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде кассир болып еңбек еткен. Әкесі Ниязов Мақтаған(04.05.1903-03.01.1992 ж.ж.) кәсіпшілікте моторист, механик болып

еңбек еткен.

әбуғалиев Сағын әбуғалиұлы (1927-2007 ж.ж.) Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 1968 жылдан Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде жерасты жөндеу брига-дасында кілтші, кейін оператор болып еңбек еткен. Жары Қосқұлақова Нәзира Кемел қызы (1924-1990 ж.ж.) Силовойда монтер болып қызмет еткен. Екеуінің ұрпақтары Төлебай (1955 ж.т.), Амантай (1957 ж.т.), Майра (1960 ж.т.).

әбуғалиев Төлебай Сағынұлы (1955 ж.т.) Мақат поселкесінде дүниеге кел-ген. 1974 жылы Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі жерасты жөндеу бригадасын-да бұрғышының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. 1978-1983 жылдары Алматыдағы Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқыған. 1976 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» басқармасына оператор болып орналасып, қазіргі уақытта «Жетібайнефть» басқармасында газ дайындау және тасымалдау шебері болып еңбек етеді. Жары Құрманғалиева Гүлнар Ғилымановна екеуінің балалары Мәншүк (1980 ж.т.), Альмира (1981 ж.т.), Бауыржан (1984 ж.т.), Әсел (1986 ж.т.).

Жакупов Бағытқали Оразғалиұлы (1938-1983 ж.ж.) Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде өмірінің соңына дейін тракторист болып еңбек еткен. Жұбайы Құтымова Күнсұлу Баймағанбет қызы (1939-1979 ж.ж.) жұмысшыларды жабдықтау бөлімінде сатушы, кейін жылыту жүйесінде еңбек еткен. Ұрпақтары Серік (1961 ж.т.), Нұрлан (1962 ж.т.), Ермек (1964 ж.т.), Нұрбай (1973 ж.т.), Темірболат (1974 ж.т.), Ғалия (1975 ж.т.).

елемесов Қоныс елемесұлы (1927-1971 ж.ж.) Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 1944 жылдан бастап жерасты жөндеу операторы болып еңбек еткен. Інісі Спи-танов Муса (Қойман) елемесұлы (1942 ж.т.) Сағыз кәсіпшілігінде жүргізуші болып еңбек еткен. Ұлы елемесов әбен Қонысұлы (1952 ж.т.), Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Байланыс саласының ардагері, «МЭР» ЖШС мекемесінен зейнетке қалған. Мақат кентінде тұрады.

Page 380: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

380

Ауылдастарымыздың өмірбаяндарымен танысу барысында өздеріңіз байқағандай, жазғанымызда бірізділік жоқ. Ауылдастарымыздың өз әулеттері жайында берген ақпараттарына көп өзгеріс енгізбей, өздері қалай берсе, солай енгізуді жөн көрдік. Әрине, өңдеп жазғанымызды, орыс тілінде берілген мәліметтерді қазақ тіліне аударма жасағанымызды жоққа шығармаймыз. Көпшілік өмірбаяндарда туған жері, өңірі көрсетілмеген, кейбіреулерінде өмірден өткен уақыты да жоқ, балаларын да (қалған ұрпақтарын айтпағанда) көрсетпегендері баршылық, еңбекте алған марапаттары да, жеке суреті де жоқ... . Қиындық туғызғаны да сол, мәліметтер тапшылығынан ауылдастарымыздың біразы енбей де қалды. Мысалы, Үшінші ауылда тұрған Бүркітов Ахмет (1900 ж.т.) ақсақал тура-сында да көп жазуға болар еді, бірақ ешқандай мәлімет ала алмағандықтан аз ғана сөзбен ойымызды жеткізген боламыз. Ахмет ақсақал жұбайы Қанапияш (1913 ж.т.) екеуі Ибалы, Нағима, Қуанышқали атты балалар тәрбиелеп өсірді. Нағима апамыз кезінде Сағыз ауылында кітапханашы, соңынан ауылдық кеңестің төрағасы болып қызмет атқарды. Қуанышқали жоғары білімді мұнайшы болды. Қазақ политехникалық институтын мұнайшы мамандығы бойынша аяқтаған. Өкінішке орай үйленіп үлгермей, өмірден ерте өтті. Ибалы апамыз бен Нағима апамыздың ұрпақтары Ақтау, Жаңа Өзен қалаларында тұрады, көпшілігі мұнайшылар. Кейбір ауылдастарымыздан ешқандай ақпарат ала алмағандықтан энциклопе-дияларда, шежірелерде, БАҚ беттерінде жарияланған материалдардан тапқандарымызды сүзіп алуымызға да тура келді. Телефон арқылы, не болмаса, ауызекі әңгімелесу барысында айтылған мәліметтерді де, кей-де жаза алмаған адамдардың айтқандарын қағазға түсіріп те жиналған мәліметтердің бәрі қолдарыңыздағы кітапта.

Сонымен қатар Сағыздағы электр цехында басшы болған Амирян Ни-колай Шмавоновичті (1926 ж.т.), монтер Суенов Уахит (1926 ж.т.), пе-рекачка цехында еңбек еткен Қатпенов Сәлім (1897 ж.т.) мен Катпенов Олжабайды (1928 ж.т.), осы цехтың операторлары Скоробогатов Нико-лай Николаевичті (1921 ж.т.), Қошқарбаев Ербөлекті (1908 ж.т.), меха-ник Әділов Айдарды, оператор көмекшісі Долданова Нөкешті (1917 ж.т.) айтпай кете алмадық. Олардың бәрі де ауылымыздың тарихында өзіндік орны бар тұлғалар болатын. Олар туралы мұрағат құжаттарынан қолымыздан келгенінше тапқан мәліметтерді беруге тырыстық. Артын-да іздеушісі болмай, ал кейбірі салғырттықтан, ұмытшақтықтан атта-ры аталмай қалмаса екен деген тілекпен ең болмағанда есімдерін ескергіміз келді. Ал кейбір ауылдастарымыз бірнеше мәрте өтініш жасағанымызға қарамастан үнсіз қалды. Барымызша ауылдастарымыз, олардың әулеттері, еңбек жолдары, ұрпақтары ... жайында кеңінен қамтып, тереңірек ақпараттар жинап кітабымыз арқылы оқырмандарға, келе-шек ұрпаққа ұсынғымыз келген еді. Мақсатымыз ауылымыздың азамат-тары, әр тұрғыны туралы мәліметті осы кітаптан таба алатындай жинақ жасау болатын. Ол талабымыздан қандай нәтиже шыққанын оқырмандарымыз айта жатар.

Page 381: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

381

Он үшінші БөліМ

Сағыз БайланыС ТОраБы

Page 382: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

382

Төмендегі Сағыз ауылының тұрғындары «Гурьевэнерго» байланыс басқармасына қарасты Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі телефон станци-ясында қызмет еткендер. 1981 жылы мекеме «Ембімұнай» Өндірістік Бірлестігінің байланыс конторы» деп аталады. Сағыз ауылының еліміздегі ірі қалалармен, мұнай кеніштерімен байланыста болуын үнемі қадағалап, сапалы байланысты қамтамасыз еткен, алыста жүрген ауыл жаста-рын сағынған ата-анасымен байланыстырған, осы салада еңбек еткен әкелеріміз бен аналарымыздың еңбегі өлшеусіз...

Қалиев Қожық (1925-1975 ж.ж.) Гурьев облысы Ембі ауданында дүниеге келген. Сағыз

телефон станциясында байланыс механигі, басшысы бо-лып қызмет еткен. 1964 жылы жұмыс бабымен Құлсары поселкесіне көшіп, сол жақта дүниеден өткен.

Байқатов Жұмабай (1929-1979 ж.ж.)Гурьев облысы Бақсай ауданында дүниеге келген. 1955-

1978 жылдар аралығында Сағыз м.ө.к. телефон станциясында монтер, соңынан басшы болып еңбек еткен. Маңғыстау облы-сы Ералиев поселкесінде байланыс технигі болып еңбек жо-лын жалғастырған. Жұбайы Бисенғалиева Балжан.

Ұрпақтары: Майра (15.05.1957- 28.11.2015 ж.ж.) балалары Шынар, Асхат, Ахан, Алмагүл., Клара (10.01.1959-20.02.2006 ж.ж.) балалары Жанаргүл, Асылан, Ерлан, Елужан (марқұм)., Нұрлан (20.05.1962 ж.т.)., Қобылан (17.11.1964 ж.т.) балалары

Қанағат, Ақсамал, Сұлтанболат, Халиса.

аязбаева Бәтима (Ханымкерей) (1929-1990 ж.ж.)Гурьев облысы Ембі ауданында дүниеге келген. Еңбек жо-

лын Сағыз мұнай кәсіпшілігінде бастаған. 1952 жылдан Сағыз телефон станциясында ІІ класты телефонист болып, осы ме-кемеде отыз екі жыл қызмет етіп, 1984 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан. Байланыс басқармасының 25 жылдығына орай 1974 жылы «Ұзақ жылдар бойы мінсіз қызмет еткені үшін» төсбелгісінің, «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төсбелгісінің (1973 ж.), «Коммунистік еңбектің екпіндісі»

төсбелгісінің (1973 ж.), бірнеше мәрте заттай, ақшалай сыйлықтардың, еңбек кітапшасына жазылған алғыстардың иегері.

Page 383: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

383

Тоқмурзиева ахау (1928-2005 ж.ж.) Еңбек жолын 1947 жылдан бастап, Бек Бике, Қошқар кен

орындарында еңбек еткен. Сағыз телефон станциясында 1961-1980 жылдар аралығында телефонист болып еңбек ет-кен.

атырауова (Қалиякперова) Жеміс (1924-2013 ж.ж.)Сарыайшық елді мекенінде дүниеге келген. Сағыз мұнай кәсіпшілігіндегі те-

лефон станциясында телефонист болып еңбек еткен.

Багаутдинова шахарбану (1930-1983 ж.ж.) 1968 жылға дейін Сағыз поселкесіндегі телефон станциясында телефо-нист болып еңбек еткен. 1968 жылы отбасымен Шевченко қаласына көшіп келеді. Шахарбану еңбек жолын «Маңғыстаумұнайгаз» бірлестігінде жалғастырып, аға теле-фонист болып еңбек етеді. Коммунистік партия мүшесі бола-ды. «Еңбек ардагері» медалінің иегері.

кульжанова айжан кульжановна (1953 ж.т.)Сағыз мұнай кәсіпшілігінде дүниеге келген. Осындағы

сегізжылдық мектепті бітірген. Орта мектепті Қошқардағы мектеп интернаттан бітірген. 1974-1982 жылдары Сағыздағы телефон станциясында телефонист болып еңбек еткен. 1982-1985 жылдары Сағыз поселкелік кеңесінде есепші болған.1985-2011 жылдары Мақат кентінің поселкелік әкімдігінде және аудандық әкімдік аппаратында кассир, есепші қызметтерінде болған. Қазір зейнет демалысында.

Page 384: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

384

Page 385: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

385

Он ТөрТінші БөліМ

ауылдың айТҚышТары

Page 386: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

386

Әр ауылдың өз айтқыштары мен Қожанасырлары болатыны белгілі. Біздің Сағызымыз да ондайлардан кенде болмаған. Бұл бөлімде біз кезінде ауыл арасында кең тараған, әзілі мен шыны аралас айтылған хикаялар-ды топтастырдық. «Аузында әзілі жоқтың, қолында шоқпары бар» деген бар. Ауылдастарымыздың айтқандары ешқандай зілі жоқ әзілдер, бүгінгі ұрпаққа үлгі болатындай қазақы қалжыңдар болатын. Бүгінгінің арзанқол анекдоттарындай емес, өмірдің өзінен алынған әдемі әзілдер мен қазақы қалжыңдардың нағыз үлгісін назарларыңызға ұсынғымыз келді.

әкелі-Балалы аТшыБаевТардың айТҚандары

Москва қаласы.

Қабдол ағамыз өте әңгімешіл, ой-дан шығарып түрлі оқиғалар айтудың шебері еді. Бұл дегеніңіз қазіргі күннің арзанқол анекдоттарының талайын жолда қалдыратын әңгімелер еді ғой! Ағамыздың осы қасиеті баласы Мақатқа дарыған екен. Ол да әңгімешіл, қияли-ғажайып ертегілерден оқығандарын осы қазіргі өмірге бейімдеп, қуақыландырып әңгіме құрастырып айтқанда аузыңның суын құртатын еді. Екеуі де әңгіменің майын та-мызып, қиюын келістіріп айтатын.

Қабдол ағамның көп әңгімелерінен екі әңгіме айтайын. Қабдол ағам біздерді жи-нап алып тамақтан кейін әңгіме айтатын.

Бірде жастық шағы туралы айтты: «Атақты байдың баласы болдым. Жас жігітпін. Астымда ахалтеке арғымақ, үстіме кигенім өте әдемі киімдер. Ер-тұрманым, ат-әбзелім сүйектен ойылған. Қолымдағы қамшымның өзінің бағасы бір үйір жылқы. Қолымда үкілі домбырам бар, бес-алты жігіт болып сал-серілік құрып, жайлаудағы елді аралаймыз. Қай ауылда алтыбақан бар, қай ауылда той бар, қай ауылда әдемі қыз-келіншектер бар деп сайран салып жүреміз. Елдің әдемі деген қыз-келіншектері біздікі. Біз арғымақтарымызбен ойқастап келіп, домбыраны қағып-қағып жіберіп әнді бірінен кейін бірін шырқаған кезде ауылдың бүкіл әдемі қыздары бізге қалай еріп кеткенін білмей қалатын. Сол қыздар таң ата қоштасарда бізден айырыла алмай, аттың жалына оратылып тұрып, үзеңгіден айырылмай жылап қоштасатын» дегенде әңгіме тыңдап отырған ерке қызы: «Папа, онда мына жаман кемпірді неге алдың, әп-әдемі қыз неге алмадың?» - дейді. Ағамның да жауабы дайын: «Құлдығым-ау, бұл кемпір де кезінде өте әдемі қыз болды ғой. Жүз қыздың ішінен «стройға» тұрғызып қойып ең әдемісін таңдап алдым ғой. Сен әп-әдемі болып мамаңа тартқансың, мамаң әдемі болмаса

Page 387: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

387

сен де әдемі болмас едің ғой» - деп құтылатын. Қайсысы шын, қай жерін ойдан шығарғанын кім білсін, меніңше көпшілігі ағамның қиялы, себебі ағамыз дом-быра тарта алмайтын. Бір жері дұрыс – ол Жұпар мамамыздың әдемілігі.

Екінші әңгіме Ұлы Отан Соғысы жайында. «Москваның түбінде жатырмыз. Қыс қатты. Немістердің «тигр», «пантера» деген жаңа танкілері көп. Шабуыл үсті-үстіне жасалып жатыр. Окоптан басымды шығарып қарасам, бір «Тигр» маған қарай келе жатыр екен. Аллаға сиынып, Жақсыбай атамыздың аруағы қолдай көр деп, бір қолыма гранат алып, екінші иығыма автоматымды іліп алып, танкке қарай жер бауырлап еңбектей жөнелдім. «Тигр» деген танкке қарсы менен бұрын ешкім де гранатпен шабуыл жасап көрген емес. «Тигрді» үлкен калибрлі зеңбірекпен атып та тоқтата алмайды. Мен бірінші болып бара жатыр-мын. Мен тоқтатпасам немістер Москваны басып алуы мүмкін. Содан қармен араласып, еңбектеген күйі танкке әбден жақындап келіп, орнымнан тұра салып, гранатаны танктің шынжыр табанының астына қарай лақтырдым. Танк жа-рылды. Мен бұрыла бергенімде немістің автоматшысы қапталымнан оқты жа-удырды. Оқтар менің қарынымды жарып кетіп, ішектерім аппақ қардың үстіне ақтарылып қалды. Аппақ қар қызыл қанға боялды.» Осы кезде балалардың бәрі ұйықтап кеткен ғой. Таңертең ояна салысымен ерке қызы: «Папа, папа, ішектеріңді не істедің, сол жерде қалып қойды ма?» дейді ғой. Сонда ағам: «Е-е, неге қалдырайын, жинап салып алдым ішіме, маған тамақ ішуге керек емес пе?» деп жауап бергенін естігенмін. Әрине, бұл әңгіме басынан аяғына дейін ағамның өзінің шығармашылығы екеніне дау жоқ. Себебі ағам соғысқа қатыспаған еді. И.В.Сталинмен, Н.Крупскаямен кездескендері жөніндегі әңгімелерін білемін. Ю.А.Гагаринмен екеуі қалай космосқа ұшқаны жөніндегі хикаяларды да білемін. Ойдан шығарылған әңгімелерінің барлығын да шынында да болғандай қылып, сол айтылатын әңгімелердің ішіндегі әрбір детальге көңіл бөліп айтатын, сол кездегі терминдерді дәл тауып пайдаланатын.

«Немістерді Москваның түбінен лақтырып тастағаннан кейін мені И.Сталин Кремльге шақырып алды. Атшаптырымдай үлкен кабинеттің төрінде трубкасының түтінін бұрқыратып тартып, соғыс картасына қарап ойланып, ауыратын қолын артына ұстап тұр екен. Мен кірген бойда жедел маған қарай бұрылып, құшағын жайып келіп мені қарсы алып, құшақтап, кеудесіне басып біраз тұрып қалды. Өзі алып келіп жұмсақ креслоға отырғызды, шай алғызды. Амандық-саулық сұрасып болғаннан кейін:

- Қабдолжан, сенің мына теңдесі жоқ ерлігіңе мен ризамын. Неміс иттің «тигр», «пантера» деген танктеріне ешкім қарсы тұра алмай әбден сасқанбыз. Өзің бізді құтқармағанда қазір Москваны жау алатын еді. Рахмет. Қазақтар өте жауынгер халық екенін білемін. «Кіші Жүзді жауға қой» деген мақалды да білемін. Соның ішінде Ысық деген ру өте батыр ру деп естимін, оның ішінде әсіресе көзсіз ерлер шыққан Жақсыбай аталарыңның тармағын ерекше мақтайды. Сен сол Ысықтың Жақсыбайы емессің бе? Сенің осы ерлігіңді естігенде өзімнің жастық шағымды, Азамат соғысындағы ақгвардияшыларға қарсы соғысқанымды есіме алып, сенімен бірге немістерге қарсы алдыңғы шепте соғысқым келіп кетті. Бірақ елді басқару да керек, осы жерден шыға алмай отырмын, – деп көп әңгіме айтты.

Page 388: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

388

«Батыр» атағын беруге указға қол қояйын деп отырғанын айтқанда мен қарсы болдым. Ол көнді. Рахметімді айтып, қоштасып, кабинетінен шықсам Кремльдің корридорында кездескен маршал, генерал, адмиралдар маған «Честь» беріп өтіп жатыр. Біреуін танысам, біреуін танымаймын. Жарда ілулі тұрған айнаға көзім түсіп кеткенде барып түсіндім олардың неге маған «честь» беретіндерін. И.Сталиннің кабинетінен шығарда байқамай, ауыстырып Стекеңнің фураж-касын киіп кетіппін ғой. Кілең дәулер сол фуражкадан қорқып «Честь» беруде екен. Қазақта жолдан кері оралып, бір шыққан жеріңе қайта баруға болмайды дейді, жолың болмайды деген ырым бар екенін білемін. Бір фуражка үшін кері бұрылмадым. Алдымда соғыс, фронт тұр. Стекең інісінің бір еркелігін кешірер, оған фуражкасын соғыстан келгесін қайтарармын деп ойладым. Артынан білсем екеуміздің бастарымыздың размерлері бірдей екен. Стекең сол менің фуражкам-ды соғыс біткенше киіп жүріпті де, соғыс біткесін музейге тапсырыпты. Сонымен коридорда келе жатырғанда бір әйел маған жабысып «ой бауырымдап» жылап, құшақтап жібермей әлегімді шығарды. Танымаймын, бетін көре алмай тұрмын. Таныс дауыс сияқты.

- Қайным-ау, ағаң өлгелі бір келмедің ғой деп жылайды. Ойлаймын: «Кремльде жүрген кім ағам, бұл қай жеңгем?» деп. Ысықтардан, оның ішінде

Жақсыбайдан ешкім есіме түспеді. Менің ойымша Кремльге кіріп тұрған бірінші Жақсыбай мен сияқтымын Жылап-жылап мауқы басылғасын мені босатты-ау, әйтеуір. Қарасам, Н.Крупская жеңгем екен. Үйіне шақырды. Көп әңгіме айттық. Сақтаған сүр етін асты. Нанды өзі илеп салды. Ауылдың сүрленген етін қатты сағыныппын. Иісі мұрнымды жарады. Маған арнаған сыбаға жіліктерімді де са-лыпты. Түйенің сүрленген сап-сары өркеш майы білем-білем, қойдың құйрық майы да тегенедей болып төңкеріліп жатыр. Соғыста жүріп мұндай жеңсік асты ұмытып қала жаздаппын. Әрі ылғи ботқа мен консерві жеп, кейде ол да бол-май қалып, бірнеше күн аш жүріп әбден бірішек болып қарным арқама жабы-сып қалыпты. Езуімнен ақ май ағып көп жей алмаған сияқтымын. Есесіне нән зереңмен берген майлы сорпаны «жақсы ас қалғанша жаман қарыным жарыл-сын» деп түгел соғып алдым. Надежда жеңгем риза болып қарап отыр екен маған. Ас қайырып, Ленин ағама батамды оқып, дастархан жиналғасын жүргім келетінін айттым жеңгеме. Содан әрең дегенде қимай қоштасып, Кремльден әзер шығып фронтқа қарай тарттым.

Міне осындай-осындай қызық әңгімелерді келістіріп құрастырып айтып біздің аузымыздың суын құртатын ағам еді.

*** Мәкөннің жиі айтатын «Молодец, Ермекбаев» деген әңгімесі бар. Ол кезде

қазіргі кездегідей әрбір газетте анекдотты топырлатып жазбайды ғой. Интер-нет, телевизор деген атымен жоқ. Көбіне Қабдол ағам сияқты, Мәкөн сияқты әңгімешіл адамдардың жақсы әңгімелерін тыңдағанға мәз боламыз. Сонымен Мәкөннің айтуы бойынша: «Орысша білмейтін ауылдың жігітін армияға алады. Қазақ жоқ. Ылғи орыс. Жігіт ұйықтағанды жақсы көреді екен. Бірінші күні казар-мада кроватьта ұйқыны жіберіп жатады. Дневальный «Подъем» деп айқайлайды. Барлық солдат тұрып кеткен. Ауылдың жігіті «Подъемді» қыстырмай ұйықтай

Page 389: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

389

береді. Сол кезде дневальный қасына жетіп келіп, одеялын сыпырып алып, айқайлап:

-Подъем! – дейді. Сонда жігітің, дым болмағандай көзін әрең ашып, дневаль-ныйдан:

-Куда пойдем? – деп сұрапты. «Подъем» деген сөзді түсінбей, «Пойдем» деп тұр, бір жерге шақырып тұр деп ойлаған ғой.

Дневальный мынандай көргенсіздікке шыдай алмай айқайды салып:-Вставай, дурак, – дейді. Сонда жігітің:-Е-е, сталабай (столовая деген сөзі), пойдем, пойдем – деп асықпай орынынан

тұрыпты. Вставай дегенді сталабай деп түсінген екен.Үш жыл әскери борышын өтеп келгенсін, үйінде жиналған ағайын-тума,

көрші-көлемдер:-Служба қалай өтті, жақсы служить еттің бе? – деп сұраса:-Бәрі жақсы болды. Командир мені мақтады, арқамнан қағып, қимай қоштасып

былай деді: «Молодец, Ермекбаев, много стреляешь, мало попадаешь». Мәкөннің қасында жолдас болған жігіттерінің, достарының «Молодец, Ер-

мекбаев» дейтін мәтелі бар екені естеріне түскен болар. Мәкөннің тағы бір-екі әңгімелері есіме түсіп тұр. Толық жазбай-ақ жалпы

мазмұндарын жазып жіберейін «Бір қазақ соғыста «рукопашный бойда» неміске былай депті: «Әй, оңбаған, мына штыгіңе сақ бол, көзімді шығарарсың»».

Тағы біреуі былай: «Немістер окопты қоршап алып, шала орысшамен «Русь сдавайсь» деп қайта-қайта қайталап жақындап келгенде бір қазақ қолын көтеріп шығып келе жатып «А казаха возьмете?» дейтін көрінеді».

әлИев Сүйеудің айТҚандары Соғыс кезінің заңы бойынша маскировка жасалған, жарық жоқ, жертөледе де-

малыс будкесі, іші қараңғы. Анда-санда операторлар келіп жылынып кетеді. Бір жас жігіт оператор қызға сыртынан қырындап жүріп, будкаға жылынуға келген мезгілін аңдып, қараңғыда қызбен оңаша жолықпақ болып, қараңғыда қарманып жүр дейді. Оның осындай ойын біліп қалған оператор Әлиев Сүйеу қыздың ор-нына жатып алып, бөксесін сипалаған жігітке:

Сипағаның көтен,Іздегенің бөтен. Сен мұныңды қоймасаң, Мен бұ жерден кетем,- депті. Содан жастар істері доғарылыпты.

Арғынбай деген оператор жігіт қазаннан май асырып алыпты. Сонда Сүйеу: Оператор Арғынбай, Қазаннан майды асырды-ай. Мастер көріп қалады деп, Топырақпен бетін жасырды-ай, -депті.

Page 390: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

390

Сағыздағы мұнай өндіретін үш учаскенің үш мастеріне Сүйеу ат қойған. Үшінші учаскенің мастері Жұмабаев Мерген бетінде шешек дағы бар, екінші учаскенің мастері Есенжанов Қаратаудың басы айнатаз, ал бірінші учаскенің мастері Кенжеғалиев Сағынғалидың көзінің ағы бар. Сонда Сүйеудің айтқаны: Үшіншіге келсең қотыр,

Біріншіге келсең соқыр, Екіншіге келсең бір таз басын қасып отыр.

***Соғыстың кезі болса керек, бір күні Сүйеу жұмыстан келсе үйдегі балалар

үрпиісіп отыр екен. Шешелерін колхоздың шаруасына мобилизовать етіп алып кетіпті. Соғыс кезінің заңы солай, оған ешкім қарсы тұра алмайды. Сонда Сүйеу жарда ілулі тұрған домбырасын алып жіберіп кемпіріне арнап былай деп жыр-лапты:

Қатын жоқ бұл Сағызда Меруерттей,Меруерт кеткенің бе сертке жетпей.Үрпиіп самай шашың барғаныңда,Колхоздар отыр ма екен шошып кетпей.

***Сағызда Есенбі деген адам қайтыс болыпты. Жерлеуге келген ағайындары

малдың шөбін жеп тауыса ма деп қауіптенген Есенбінің әйелі Сүйеудің шығарып берген төмендегідей жоқтауын айтыпты дейді (айтты ма, айтпады ма, ол жағы беймәлім):

Байымның аты Есенбі, Өлерінде күшенді.Кететін болсаң тезірек кет,Бата оқи келген Байбақты,Қояр емес пішенді.

*** Сағыздың мұнайшы мастері Матайбаев Жаңабергенді мұнай өндіру жоспарын

артығымен орындағаны үшін газетке мақтап шыққан мақалаға орай Сүйеудің шығарғаны:

Жаңаберген, Жаңаберген,Келеді жана бергім, жана бергім.Сағыздың бар мұнайын тауысып алып,Кәсіпсіз қалып жүрме, Жаңаберген.

*** Күйеу баласының үйіне келген Сүйеу қарт далаға шығайын десе, галошын

Page 391: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

391

күйеу баласы Жөкен киіп кетіпті. Сонда қарт былай деп жырлапты:

Айналайын, Жөкен!Жалаң аяқ қалды көкең.Мен де не көп болар дейсің, Бірер күнде кетем.

ауылдың БаСҚа да айТҚышТарының айТҚандары:

«Гурьев большая деревня, Сағыз маленький Париж» (Сагиз емес, Сағыз) деген екен біздің ауылдың Өтебалиев Темір деген жігіті. «Сағызды білмеймін, Гурьевті білемін» деген адамға ұғынықты қылып суреттеп түсіндіріп.

*** Ауылдың айтқыштарының Қырбай деген шопырға шығарған мынандай

өлеңі болатын:

Қырбай, Қырбай қырлайды, Жиырмаменен зырлайды. Әрбір төбе асқан соң, «Давай ақша» деп жырлайды.

***Тағы бір біздің ауылдың тентегі ауызын ашса боқтай жөнеледі екен,

сөйлегені осындай болыпты. Оның бұлай сөйлейтініне жұрттың бәрі үйренген, құлақтарына да қыстырмай, қалыпты жағдайдай қабылдайды екен. Бір келіншек манағы жігіттің ешқандай зілі жоқ манағыдай боқтағанын көтере алмай қалып басшыларға шағымданыпты. Басшылар жиналыс жасап жігіттің «мәселесін май шаммен» қарай бастайды. Ұрсады, ұялтады. Ең соңында: «Әй, осылай отыра бересін бе, боқтаған адамыңнан кешірім сұрамайсың ба, осылай отыра береміз бе сенің бетіңе қарап» десе, манағы боқтағыш жігіт қасында тұрған жәбірленуші келіншекке бұрылып, басы төмен салбыраған күйі: «Әй, шешеңді ... , кешірші бір жолға» депті.

***Орысшаға шорқақтау ауылдық кеңестің төрағасы 1 май мерекесіне арналған

салтанатты демонстрациядан соң жиналған халыққа хабарлама жасап былай деп айқайлапты трибунадан: «Да здравстует один май, сегодня на большом та-кыршаке будет ат шабыс».

*** Біздің ауылдың бір айтқышы айтыпты: «Біздің ауылдың адамдарында ру жоқ,

біздің ауылдың адамдарында «Сағыз» деген бір ғана ру бар» деп.

Page 392: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

392

***«С утра с қатқақом» деген сөзді ойлап тапқан біздің ауылдың айтқыштары.

Көктемнің жылымық кезінде түнгі аязбен жер қатайып, күн шыға еріп езіле бастайтын мезгілде әлдебір шаруалармен жолға шығатын бола қалса, біздің ауылдың адамдары міндетті түрде осы сөздерді айтады және сол айтылғанға сүйенеді де. Демек, жер езіліп кетпей тұрғанда, таңғы салқынмен баратын жеріне жетіп алуды ойлау керек деген сөз ғой.

***Ауылдағы орысшаға шорқақтау бір ағамыз үйінде болатын тойға орыс ауыл-

дастарын шақыра барып былай депті: «Бауырсақом, кәмпитом, арақ пішен (көп болады дегені), той будет». Орыстар түсінген, бауырсақ болса, кәмпит болса той болады ғой, той болса арақ та болмай қалмайтыны шындық.

***Біздің ауылдың бір айтқышы амандасқан кезінде аузы-аузына жұқпай

шұбырта сөйлеп, екпіндетіп барып « ... ауыл-аймақ, бота-тайлақ, мал-бас, екі тас аман ба?» деп бір тоқтайтын.

***Үлкен жастағы, басшы орында жұмыс жасайтын жаңылысқақтау бір ағамыз

түскі астан жұмысқа келіп отырып үйіне телефон соғып: «Бәйбіше, менің отырған жерімде көзәйнегім қалып қойған жоқ па, қарашы?»- дейді. Кемпірі шарқ ұрып іздеп таба алмай сасқалақтап жүрсе, тағы телефон соғып: «Әй, іздемей-ақ қой, ол мұрынымның үстінде тұр екен, таптым,» -депті.

***Біздің ауылдың бір жас баласы Алматыға оқуға барады. Баллы жетпей конкур-

стан өте алмай, дайындық курсына қабылданады. Орысшаға мүлдем жоқ екен. Асханаға тамақ ішуге барса ондағы жұмыс жасайтындар ылғи орыс әйелдер екен. Бар білетіні «каша» деген сөз. Біздердің ауылдағы жейтін тамақтарымыздың негізі каша ғой, еті бар, еті жоқ дегендей, барлығын каша деп атаймыз. Соған салып тамақ жіберіп тұрған орыс әйелге «дай каша» дейді. Орыс әйел ойлайды: «Байғұс студенттің ақшасы жоқ екен» деп, сондықтан оған тек макарон гарнир ғана салып береді. Бір күн гарнир жейді, екі күн гарнир жейді біздің ауылдың «батыры», айналасындағы жұрт ет салған каша жейді, суп ішеді, котлет жейді. Бұның соларға қарап ауызының суы құриды, бұның да ет жегісі келеді. Ақшасы бар, бірақ орыс әйел басқаларға берген ет салған кашасын, котлетін, супысын бұған бермейді. Өзінің дұрыс сұрамағанынан, тіл білмегендігінен көрмейді де, іштей ойлайды: «Е-е-е, бұлар оқуға түскен студент болғасын ет жейді екен ғой, оларға қалағанын, сұрағанын береді екен ғой, ал мен подкурста оқығасын ет бермей, құр каша береді екен ғой».

***

Page 393: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

393

Шөп науқанының маусымы. Машинаға шөп тиеліп болған, әкесі жоғарыда тиелген шөпті арқанмен байластырып, оны ломмен бұрап жатырса, төменде айырмен басқа жігіттермен бірге шөп лақтырып, машинаға тиеп тұрған бала-сы әкесіне айқайлап ақыл айтып: «Папа, сақ бол, лом шығып кетіп шешеңді ... кетпесін» дейтін көрінеді. Шамасы, баласы шөп шабудағы қалыпты жағдай бо-лып саналатын «шаңды көбірек басса» керек.

***Ауылымызда Шам деген адамның Сәуле деген әйелі болды. Және ауылымызда

Сәуле аттас бірнеше әйел бар. Сондықтан осы әйелді айтқанда шатаспас үшін: «Шамның Сәулесі» деп анықтап айтатын.

Торғай деген шешеміздің Қанат деген баласы болды. Ауылымызда Қанаттар да баршылық. Сондықтан осы баланы айтатын болғанда: «Торғайдың Қанаты» деп анықтап қоятын.

Кемелхан деген адамның әйелі үнемі күйеуін әңгіме қылғанда: «Әщщадан Ке-мелхан» дейтін. Неге олай айтатынын ешкім білмейді.

***Ауылымыздың бір тентегі Доссорға әлдебір шаруаларымен бармақшы болып

жолға шығады. Үйден алып шыққан бар қаржысына достарына «жолаяқ» жасай-ды. Оның арты созылып кетіп бұл Доссорға бармай күні бойы «жолаяқ» жасаумен болады, достары да сыйлайды дегендей. Ұзаққа созылған «жолаяқтан»шаршаған ол түннің бір уағында ауылдың бір түкпірінде, далада оянады. Есіне үйінен Доссорға бармақшы болып шыққаны түсіп, мен Доссорда жатыр екенмін деп ойлайды. Есін шала жиып, денесі тоңазығасын, жақын маңдағы бір үйге түнеп шығуды ойлайды да бір үйдің есігін қағып: «Түнеп шығуға бола ма, жолаушы едім» десе, арғы жағынан есікті ашқан әйел: «Көктемегір, жолаушымын деп не сандалғаның, сен Бәленше емессің бе, есіңнен адастың ба? Таяқ тастам жердегі үйіңе барып түнемейсін бе?» депті.

***Ауылдың бір тентегі кешке қарай қызулау күйінде көшеге сыймай, ұрынарға

қара таба алмай келе жатса алдынан баяғы бір кездерде өзін оқытқан мұғалімі шығады. Мұғалім соңғы сабақтардан кеш шығып үйіне келе жатырған беті бол-са керек. Тентектің есіне осы мұғалімнің мектепте өзіне бірер рет екі қойғаны, құлағынан бұрағаны түсе кетеді де мұғалімге келіп амандық жоқ, саулық жоқ: «Баяғыда маған талай екі қойғансыз, құлағымнан да бұрағансыз, неге олай істедіңіз?» дейді. Мұғалім болса сабақтан шаршап келе жатырған, әрі ауылдың адамдары бұларға сыртынан қарап та тұр деген оймен: «Қарағым Бәленшежан, сенің есің бар ғой, мен саған ол кезде жақсы оқысын, адам болсын, қатарынан қалмасын деп ұрысқан шығармын. Өзіңнің жақсы оқыған достарың қазіргі кезде қайда жүргенін білесің бе? Ал сенің ауылда жүрісің мынау. Сол кезде мені тыңдап жақсы оқығаныңда, екі алмағаныңда сен де солар сияқты болар едің ғой» де-ген сияқты жылы сөздермен мәселені ушықтырмай тентекті сабасына түсіреді.

Page 394: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

394

Ал тағы бірде, түннің бір уағында көшеде келе жатырған манағы тентекті әлгі мұғалім кездестіріп қалады. Мұғалім бір үйден қонақтықтан шығып келе жат-са керек, өзі қызулау сияқты. Тентек осы жолы сау екен. Мұғалім тентекті өзіне шақырып алады, ойында түк жоқ тентек жетіп барып: «Ассалаумағалейкүм, ағай ...» деп ауызын аша бергенінде мұғалім тентектің маңдайынан бір періп құлатады. Тентек не болғанын түсінбестен тырағайлап қаша жөнеледі. Ағайы ар-тынан: «Қарағым Бәленшежан, бұл өткендегінің сдачасы, сол жолы бере алмап едім» депті.

***Бірде жер асты жабдықтарын жөндеу бригадасының мастері жаңа скважина

басына көшкеннен кейін бригада мүшелеріне жертөле қазуға тапсырма береді де, өзі басқа бір шаруаларымен кетіп қалады. Жертөле жұмысшылардың жауын-шашынды, боранды күндері тамақтануы үшін, әлдебір жабдықтарды сақтау үшін керек баспана. Мастер кетпей тұрып қазатын адамдар сұрайды: «Жертөленің тереңдігін қандай қылайық?» деп. Шамасы бұлар бұл жұмысты алғаш орындап тұрған бригадаға жаңадан келгендер болса керек. Мастер сыпыртып бір боқтап алып: «Кісі бойындай қылыңдар» депті де кетіп қалыпты. Біраздан кейін кел-се жұмысшылар көлеңкеде темекілерін тартып, шайларын ішіп отыр екен. «Әй, не бітірдіңдер, жертөлені қазып болмаған боларсыңдар?» десе, жұмысшылар: «Жертөлең дайын, баяғыда қазып болғанбыз» депті. Мастер: «Бұлар қалайша тез қазып бола қалды екен, Сағыздың көк сазын кісі бойы қазу оңай шаруа емес қой, бұл жерде бір шикілік бар» деп қазылған жерді қараса, жертөле өте тайыз екен. Ма-стер жұмысшыларды алып келіп боқтайды: «Мен сендерге кісі бойы қаз демедім бе, мыналарың не?» десе, жұмысшылар: «Біз кісі бойы қаздық қой, нанбасаңыз өзіңіз қараңыз» деп жертөлеге ішіне бір жігітті түсіріпті. Бұл жігіт осы ауылдағы ең қысқа бойлы жігіт болатын. Жұмысшылардың айтқандарындай жертөленің тереңдігі ішіне түскен жігіттің бойымен бірдей екен. Бұларға не айтарын білмей мастер «қақалып»қалыпты. Осы қысқа бойлы жігіт артынан біліктілігі артып, жұмыс дәрежесі көтеріліп подъемниктің машинисі болыпты. Сонда бойының қысқалығынан, басқалардың отырып жасайтын жұмысын, бұл подъемниктің кабинасында аяқтарынан тік тұрып жасайды екен. Бұған не дерсің?! Біздің ауылдың тапқыштарына сөз жоқ қой, сөз жоқ.

***Ауылымызда қулық жасаудың да түрі болған сияқты. Қулар оларын әртүрлі,

өздеріне ыңғайлы салаға икемдеп қолданған екен. Солардың біреуі қонақтықта жақсы отырыс болып, таң ата үйіне қайтатын болғанда, сол үйге бас киімін әдейі «ұмытып» кетеді екен. Ертеңіне ұйқысынан тұра сала, бас киімін алу үшін кешегі қонақ болған үйіне жететін көрінеді. Үйге кіре, қарсы шыққан әйелге дауысын әдейі көтере: «Кеше бас киімім қалып қойған екен, соған келдім,»- дейтін көрінеді. Оның дауысын естіген үй иесі қуанып кетіп, оны дастарханға шақырып, екеуі асықпай «бастарын жазып» алады екен. Бұл қудың қонақтықтан кейінгі «бас жазу» проблемасы осылайша өте тамаша шешіліп жүріпті. Оның бұндай қулығын

Page 395: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

395

ешкім сезбейді де. Сөйтіп жүргенінде бір қонақтықтан бас киімсіз шығып бара жатырғанында қасына ерген қосшыбаласы артынан шауып келе жатып: «Аға, аға, бас киіміңіз қалып қойыпты ғой, міне алыңыз,»- десе, қу: «Өй, ақымақ, кім саған бас киімімді алып кел деді, ертең мен қалай бас жазамын енді?»- депті.

*** Тағы бір қу базарға үйіндегі қойын сатуға шығарарда суға әбден қарыны

қампиғанша тойдырып, жон арқасын қатты соғып ісіріп алып барады екен. Са-тып алушыға: «Әй, менің қойым семіз, қарыны тоқ, жон арқасын ұстап қарашы, сүйегі білінбейді семіздіктен» дейтін көрінеді.

Осы қудың әйелі базарда тары сатады екен. Бұл арасында танымайтын адам болып: «Әй, жарандар, осы әйелдің тарысы жақсы, күйрек, тарыны осы әйелден алыңдар!»-деп айқайлап қояды дейді. Бір күні шала таныс бір жамағайынынына тап осылай тары сатып алдырады. Сол ағайыны қонатын үй таба алмай, түн түсе осы үйге қонаға келіпті. Келсе қу мен тары сататын әйел терлеп-тепшіп тары салған шай ішіп отырғанын көреді. Қонақ таңғалып: «Әй, мынау манағы базардағы тары сататын әйел емес пе?» десе, қу да саспай: «Қарағым-ау, бәрі де күн көрістің қамы ғой, кел одан да шай ішейік» депті беті бүлк етпестен.

***Ауылымыздың бір баласы Алматыға институтқа түседі. Бірер курс оқығаннан

кейін ауылдағы қарт әкесіне астананы көрсеткісі келеді де, бір каникулда әкесін қалаға алып келеді. Қарттың өмірінде қаланы көріп тұрғаны осы екен, ауыл-дан ғұмыр бойы аттап шықпағанының есесіне Алматыны армансыз араламақ болыпты. Бір күні хайуанаттар паркіне алып келеді. Қызықтың көкесі осы жер-де басталады. Қарт түйелер тұрған вольердегі бір түйені көріп: «Әй, мынау ана Бәленшенің жарбайына ұқсайды екен, алдыңғы өркеші сол жағына қарай жа-пырайып жатыр ...» деп айқайлапты, содан ешкілерді көргенде де, жылқыларды көргенде де біраз даурығыпты қартың. Баласы қысылып: «Папа, жайлап сөйлесеңізші, бұл ауыл емес, қала ғой» десе де қарт елең қылмапты. Бір мезгілде маймылдар отырған вольердің торына жабысып, арғы жағындағы тісін шұқып отырған маймылға тесіле қарап: «Әй, Жәмила, сен қайдан жүрсің, ауыл қайда, балаларды кімге тастадың ...?» деп айналаны басына көтеріпті. Маймылды қарт шынымен де ауылда қалған кемпірімен шатастырды ма, әлде біздің ауылдың қызық қылығымен Алматыны таңғалдырайын деді ме, оны ешкім білмейді. Бір анығы, қасындағы баласы енді қайтып хайуанаттар бағына келместей болған сияқты.

***Ауылымыздың бір жігіті, қазіргі кезде, отбасымен Оралдан Атырауға такси-

мен келе жатқан көрінеді. Асфальт деген тамаша, жаңадан ғана түріктердің са-лып бітірген тақтайдай тегіс жолы ғой. Бұндай жолмен бұрын жүріп көрмеген біздің ауылдас таң қалып ауызын ашып отырыпты. Өзі алдыңғы орында, отба-

Page 396: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

396

сы артқы отырғышта. Мінгендері шетелдік керемет жүйрік машина. Шопыры салонға телевизор орнатып қойған, дисктен «Тамашадан» концерт жіберіп, бұлар соны қарап мәз болуда. Машинаның жылдамдығы сағатына 160-170 шақырым, кейде 180-ге де барып қалады. Бұндай жылдамдықты бұрын көрмеген ауылда-сым біраздан соң қорқайын депті. Әрі шопыр жігіт машинаның рулімен шаруа-сы жоқ, екі қолында екі ұялы телефон, біреуімен сөйлесіп отырса, екіншісімен СМС жазып әлек. Соның арасында заказ да қабылдап, қарсы келген таксистер-мен де қол бұлғап амандасып жатады. Жолмен, жүйткіп келе жатырған машина-сымен, басқарып отырған рулімен тіпті шаруасы жоқ адамдай. Ауылдасымның зәресі зәр түбіне кетіп отыр. Бірдеңе дейін десе ыңғайсызданады. Бір мезгілде екі қолындағы телефондарды орындарына қойып, өзі әбден шалқайып жатып алып, сол жақ қолын ашық тұрған терезеден далаға созып жіберіп, оң қолымен мұрынын шұқуға кірісіпті. Рульмен шаруасы жоқ, тізесімен тіреп қойған. Маши-на құстай ұшып келе жатыр. Ауылдасымның әбден дегбірі қашады: «Енді бұл шо-пыр мұрнын шұқып болып ұйқыға кететін шығар, біздің шаруамыздың біткен жері осы шығар, бұл құрымағырға қайдан ғана міне қойып едім» деген ой миын тесіп бара жатады да: «Әй, жігітім, бір қолыңмен руліңді ұсташы, мұрныңды мен шұқи тұрайын» депті. Біздің ауылдың адамынан басқа қандай адам осылайша айта алады?

ҚОрҚаҚТың ХИкаялары

Ауылымызда елге белгілі бір қорқақ адам тұрыпты, өндірісте жұмыс жасапты. «Көлеңкесінен қорқатын» сужүрек болса керек. Енді соның да бірер әңгімелерін жазайық.

Ол ауылымыздың Мақат бетіндегі «Северный» деген учаскесінің мұнай өндіруші операторы екен. Жұмысын тек күндіз жасап бітіріп тастап, қараңғы түсе үйіне келетін көрінеді. Түнде учаскеде қалуға қорқатын көрінеді. Учаскенің ауылға жақын орналасқаны да оған жақсы болған. Әлдеқандай себептермен ол бір күні операторлар отыратын будкада жұмыс журналын толтырып отырып қараңғы түсіп кеткенін байқамай қалады. Жазуын аяқтап басын көтерсе далада қараңғы түсіп кетіпті. Стол үстін жинастырып далаға шығу үшін орынынан тұра бергенінде, будканың есігінің алдында, ішкі жағында өзінен басқа бір әйелдің де отырғанын байқайды. Әйел үнсіз ғана жүресінен отыр екен, бұған назар салып қарамайды да. Ол әйелдің қашан, қалай ішке кіргенін бұл сезбеген. Зәресі зәр түбіне кетіп, отырғышына сылқ етіп отыра кетеді. Әйелді көз қырымен бағып оты-рады, тіке қарауға дәті бармайды. Әйел де қимылсыз, бұл да қимылсыз, осылайша екеуі көрер таңды көздерімен атырады. Қозғалуға дәрмен жоқ қорқақ байғұста. Таң атысымен әйел жайымен орнынан тұрып далаға шығып кетеді. Қорқақтың есін жинай алмай сол жерде қанша уақыт отырғанын ешкім білмейді. Артынан белгілі болғанындай бұл әйел Мақатта тұратын көтеріліп ауыратын, «Құскелдісі бар», басы ауған жағына жүре беретін әйел екен. Сол күні будканың терезесінен жарықты көріп ішіне кірген ғой. Ешкімге зиянсыз адам, ауыл тұрғындары оны

Page 397: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

397

таниды да. Сол күні қорқақтың үйіне қалай жеткенін, қалай ұйықтай алғанын ешкім білмейді. Біраз уақыт өткесін ғана ол әйеліне учаскеде шимұрын әйелмен бірге түнімен болғанын айтыпты. «Отыз тістен шыққан сөздің отыз рулы елге тарайтыны» белгілі ғой. Осы оқиға осылайша ауылымызға тарап кеткен екен.

*** Тағы бірде оған жұмыс жағдайымен түнгі кезекте «Северный»учаскесінде

болуына тура келеді. Қараңғы түсе будкаға кіріп, есікті іштен құлыптап алып отырады. Сол күні Мақаттан ауылға үшінші ауылдың тұрғыны, ауылдасымыз жаяу келе жатады. Қатынайтын көлік болмағасын жолға жаяу шыққан ғой. Шілденің кезі, шөл қысып қорқақ отырған будкаға әзер жетеді. Ауызы кеуіп, буд-када оператор болса су сұрап ішермін деп ойлайды ғой. Келсе будканың есігі тарс жабық, ішінен кілттеп алынған, терезеде жарық бар. Терезеден қараса будканың ішінде қорқақтың отырғанын көреді. Терезені қағып: «Әй, Бәленше, есікті аш, өлтірмесең бір жұтым су берші, мен өзің білетін Түгеншемін ғой» деп бірнеше рет айқайласа да, екі терезені кезегімен қақса да есік ашылмайды. Қорқақ бұл жаққа көз салып қарамайды да. Құлағы керең болып қалған меңіреу адамдай күйде отырған орынында міз бақпастан отыра береді. Әбден шаршап, шөлден өлетін болғасын, жүргінші қорқақтың жеті атасынан түк қалдырмай боқтап, қасында тиіп тұрған өзінің үшінші ауылына кетеді. Осы оқиғадан кейін бірер күн өткесін қорқақ ауылдың адамдары жиналып тұрған бір басқосуда: «Ойпырмай, мен жұмыс жасайтын учаскеде шимұрын бар десем сенбейсіндер, жақында ғана түнгі кезекте тұрғанымда будкамның терезесін шимұрын қағып қоймады және «Мен Түгеншемін ғой» деп қақсай берді, мен есікті ашпадым» десе, сол жерде оны естіп тұрған Түгенше: «Әй, шешеңді ..., сол шимұрының менмін ғой, шөлден өлтіруге қалдың ғой, оңбаған!»- депті.

*** Содан бұл қорқақ сұранып шимұрыны бар «Северный» учаскесінен басқа,

бірінші, учаскеге жұмысқа ауысады. Бірінші учаскенің операторлар отыратын будкасының шынында да «иесі» бар деп есептелетін. Күндіз болсын, түнде бол-сын сол учаскеде жұмыс жасайтын операторлар будканың ішінде ұйықтаудан сескенетін. Ұйықтаған адам біраздан кейін бастығырлыға бастайды екен. Бірнеше адам сондай жағдайды бастарынан кешіргесін білетіндер ол будкада ұйықтамайтын болыпты. Ал бұл учаскеге жаңадан ауысып келген қорқақ бол-са бұл жағдайдан хабарсыз екен. Әдейілеп пе, әлде басқаша себеппен бе, бұған будканың бұл сырын ешкім айта қоймаған. Күндізгі кезекте жұмыста жүрген қорқақ басшылардың жоқ екенін пайдаланып, түскі асынан кейін жалпақ отырғышқа жатып «көз іліндіріп» алмақ болады. Ұйқыға кіріскен кезде түс көреді, түсінде ұзын бойлы, ақ киімді, сақалы беліне түскен бір адам бұған бірдемелерді айтып тұр екен. Бастығырлығып, дем жетпей оянады. Өзі қорқақ адамға мынан-дай түс көргесін не оңсын, оянса, қара терге малшынып жатыр екен. Шілденің уағы, темір будканың іші болғасы не жорық. Жатқан отырғышынан жерге құлап түсіп, далаға төртаяқтап еңбектеп шығады. Шыққаны бар болсын, түсінде көрген

Page 398: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

398

ақ киімді ұзын адам өңінде де алыстан сағым сияқты бұлдырап бұған жақындап келе жатырғанын көреді. Бұл көріністен зәресі кеткен қорқақ байғұс төртаяқтап еңбектеген күйінде жарты шақырымнан асатындай жерде бір скважинаның басында жұмыс жасап жатырған басқа бригаданың жұмысшыларына қарай еңбектей жөнеледі. Көз қиығымен артында келе жатырған ақ киімді ұзын адамды да бақылап келе жатады. Ол адам да бұған бірдеңелерді дауыстап ай-тып артынан қалмай еріп келе жатады. Аралары жақындап та қалған сияқты. Тұрып жүгіріп кетуге әлі құрып, төртаяқтап еңбектеген күйі «қуғыншысынан» қаша береді. Қара тері боршалап аққан күйінде жарты шақырымнан асатын қашықтықты еңбектеп өтіп жұмыс жасап жатырған жұмысшыларға да жетеді. Жұмысшыларға жете бере әлі құрып жерге ұзынынан сұлап жата кетеді. Жұмыс жасап жатырған жұмысшылар да бұл көрініске түк түсінбей ауыздарын ашып қарап тұр екен. Олардың көргендері, қорқақ алды-артына қарамастан тырағайлап еңбектеп келеді де, оның артқы жағында өздері танитын ауылдас мұнайшы бірдеңелерді айтып жайбарақат еріп келе жатыр. Қызық көрініс. Ақ киімді ұзын адам осы ауылдың мұнайшысы. Жұмыс бабымен скважиналарды «обход» жа-сап келе жатырған беті екен. Бұл мұнайшының бір қасиеті жұмысты өте таза, ұқыпты, жұмыс киіміне қылау жұқтырмай жасайтындығы еді. Жаздың ыстық күндері үстіне ұзын ақ бешпет-шалбар(жуа бергесін түсі оңып кеткен спецов-ка) киіп, басындағы қалпағының астынан күн тимесін деп ақ орамал салып, екі ұшын желбіретіп қоятын. «Обход» жасап келе жатырғанында оның жолын-да будкадан еңбектеп шыққан қорқақ кездеседі де, бұны көріп еңбектеген күйі қаша жөнеледі. Қорқақтың өзінен неге қашып бара жатырғанын бұл білмейді. «Әй, Бәленше, мен Түгеншемін ғой, не болды саған?» деген сияқты сұрақтарына да жауап бермепті.

*** Тағы бірде сол бірінші учаскенің будкасындағы жалпақ отырғышқа бір

жұмысшы жатып ұйықтамақшы болады. Елдің арасына тараған «бұл будканың иесі бар» деген қауесетке сеніңкіремейді. Басшылардың әдейі шығарып жүрген қауесеті, жұмысшылар жұмыс кезінде ұйықтамасын деп таратқан қулығы деп ой-лайды. Тамақтарын ішіп болғасын жұрт жұмыстарына кеткенде бұл ұйқыға жа-тады. Астындағы жалпақ отырғыштың үстіне қисаяды. Көзі енді іліне берген кез-де есіктің алдында тұрған кішкентай тышқанды байқайды. Ұйқылы-ояу жатып қараса әлгі тышқан тұрып алып адамша сілкінетін сияқты. Сілкінген сайын ұлғая да береді. Ұйқысынан ояна алмай, есін жинағысы келсе де жинай алмай, көздерін де толық аша алмай, қара терге малшынып, дем жетпей жанталасады. Ал тышқан болса біртіндеп ұлғая береді, ұлғая береді, оған көз алмастан қарауға да дәті же-тер емес. Енді бір қарағанында тышқанның үлкендігі тоқтыдай болған екен. Осылайша сілкіне берсе ол тышқан бұдан да үлкейіп бұны басып тастауы мүмкін екенін ойлағанда жаны көзіне көрінеді. Осылайша қиналып жатырғанында отырғышынан жерге құлап түседі. Есін жияр-жимастан далаға атып шығып кеудесін кере таза ауа жұтып біраз отырады. Содан кейін көргендерін айнала-сына жиналған жұмысшыларға айтады. Ол жердегі жұмысшылардың арасында

Page 399: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

399

қорқақ та бар болатын. Бұл хикаяны естіген байғұс қорқақ сол күні басшылыққа арызын беріп жұмысын ауыстырады. Шимұрындары қаптаған, әртүрлі «иелері» бар мұнайдың айналасынан кетеді. Ендігі жерде ол жүргізуші болып еңбек етеді.

СварщИк Макардың ҚылЖаҚТары

Ауылымызда атақты сварщик Дәулетов Макар деген болды, әйелі Сәлима апай. Орыстары көп «Водокачка» ауылда тұрады. Макардың апасы Шоңай Сағызда мұғалім болды, Мәсел деген інісі Алматыда «Қазақкинода», театрларда суретші болды(жақсы суретші дейтін), Мақым деген інісі орыс қызға үйленіп Москвада тұрды. Макар өз ісінің шебері. Әзілкеш, ойлап таппайтын қылжақтары жоқ және соларды жасауға ерінбейтін адам. Сол Макардың жасаған бірер қылжақтары төмендегідей.

Өндірістің шет жағындағы екінші учаскеде өндіріске қажетті жабдықтардың қоймасы болатын. Қоймашысы бар, түнге қарай күзетшісі және болады. Сол қоймаға әлдебір шаруаларымен барған Макар мен ауылдың бір адамы жолығып қалады. Қоймада текшелеп жиналып тұрған қалың тақтайларды көріп әлгі адам: «Мына тақтайлардың тұрысын-ай, маған берсе ғой, салып жатырған үйімнің төбесін жауып алар едім» дейді. Оны қасында тұрған Макар естиді де: «Әй, оның ешқандай проблемасы жоқ, қанша керек болса соншасын өзім алып беремін, тек ат-арбаң дайын болса болғаны» дейді. Оны естіген ауылдасы: «Әй, Макар, ол оңай емес, түнде мылтық асынған күзетші болады, оны қайтесің?» десе, Макар: «Күзетшіні маған тапсыр, өзің бүгін түн ортасында ат-арбаңды сайлап осында кел» дейді. Ауылдасы мен Макар түн ортасы ауа қойманың жанында кездеседі. Қойманы күзететін бір кемпір екен, иығында асынған мылтығы бар қойманы айналып жүр. Ол мылтықта оқ бар ма, жоқ па, ешкім білмейді, тіпті күзетші кемпірдің өзі де білмейтін болар-ау. Ауылдасын арбасымен бірге қараңғылау жерге қойып Макардың өзі бір жаққа кетіп қалады. Күзетші кемпір қойманың жарық жағына келе бергенде алдынан тырдай жалаңаш шешінген, бет-ауызын, денесін түгел мұнаймен майлап алған Макар қисалаңдап, қолдарын ербеңдетіп билеп шыға келеді. Күзетшіде ес қалмай қорқып, мылтығын тастап, далаға қаша жөнеледі. Макар ауылдасының арбасына тақтайды керегінше тиеп беріп, өзі жуынуға кетеді. Міне, осыны жасау үшін түннің ортасында, ұйқысынан қалып, ауылдан едәуір қашықтықта тұрған қоймаға келіп, денесін мұнаймен майлап жүр ғой Макар сварщик.

*** «Вторичный метод» дейтін мұнай өндіру тәсілі бар. Амбардағы мұнайдан

айырылған ілеспе суды қайтадан скважинаға айдау арқылы мұнай шығымын ұлғайтады. Бұл участок та ауылдан едәуір қашықта орналасқан. Сол жерге түнгі кезекке ауылдың бір мұнайшысы тұратынын аңдып барып Макар қорқытады. Екеуінің арасында не болғанын кім білген, мүмкін әзіл үшін түк болмаса да жасаған болар. Макар түннің ортасы ауа су жиналған амбардың жанындағы

Page 400: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

400

үйілген топырақтың артынан тырдай жалаңаш күйінде бет-аузын, денесін түгел мұнаймен майлап алып қолдарын ербеңдетіп билеп шыға келеді. Уақыты болғасын су айдайтын насосты қосуға келген ауылдасы мынаны көріп зәресі кете қорқып тұра қашады ғой. Артынан Макар қуып: «Әй, Бәленше, мен Макар-мын ғой, қорықпа» дегеніне қарамастан алды-артына қарамастан қашыпты әлгі байғұс.

Содан бері ауыл тұрғындарының арасында: «Екінші учаскенің, «Вторичныйдың» айналасындағы сорларда шимұрын бар екен, бәленшелер көздерімен көріпті» деген қауесет тарап кетіпті.

*** Қалай екенін кім білсін, бір күні жайылып жүрген өрісінен адасып Макар

жұмыс жасайтын алыс учаскеге «Водокачка» ауылының бір орысының сиыры келе қалады. Сиырды Макар жақсы таниды. Содан сиырды иесіне айтпастан үш күн учаскеге байлап қойып, сол маңға жайып, суын беріп, жемдеп, сауып сүтін ішеді. Айналасындағыларды да қарқ қылады. Үш күн өткесін ауылдас орысы-на: «Сиырыңды таптым» деп алдына салып айдап алып барып, сүйіншісіне үш шөлмек ақмағамбет алыпты.

*** Ауылдың шет жағында сараңдау бір адам тұрды. Оның қолының қытыңқы

екенін Макар да, басқалар да жақсы біледі. Сол адам жаздың ыстық бір күні жарты шақырымнан да көптеу жерден Макар жұмыс жасап жатырған жерге 200 литрлік темір бөшкесінің тесілген жерін сваркамен бітетіп алу үшін, домалатып келіпті. Ол кездегі темір бөшкелер қалың темірден жасалған ауыр ғой. Домалатып кел-генше қара терге малшыныпты манағы байғұс. Тесілген жерін көрсетіп сварка-лап беруін сұрапты. Ақысын беретінін де айтқан. Макар сол бойда бітеп береді. Бөшкенің иесі қолында ұстаған түйіншегін Макарға беріп бөшкесін ала береді. Макар болса бірден түйіншекті жазып жіберіп қарапты да: «Әй, сәл тұра тұршы, мына жерін қалдырып қойыппын ғой» деп бөшкенің тағы бір жеріне сваркасын тигізіпті. «Ал болды, енді жүре бер» дегесін, бөшкенің иесі ауыр бөшкені шыжып тұрған ыстықта алыстағы ауылына қарай домалатып ала жөнеледі. Макар бол-са мырсылдап күліп жұмысын жасай береді. Біраздан кейін әлгі адам бөшкесін домалатып қайта келеді: «Мәке, бөшкемді дұрыс сваркелемепсін ғой, екінші жерінен де су ағып тұр» десе, Макар: «Әй, түйіншегіңнің жеткені сол болды ғой, бергеніңнің жеткен жеріне дейін сваркеледім» депті. Бөшкенің иесі тағы да сондай көлемде шығындалғасын ғана дұрыстап тұрып сваркелеп берген екен. Бірінші ретте сараңдау ауылдасының берген түйіншегіндегісі тек бір шөлмек қызылға жететінін көргеннен кейін бөшкесінің басқа жерін тесіп жіберген екен ғой Макар сварщик. Сараң ауылдасының шыжыған шілдеде біраз жерге ауыр бөшкені екі мәрте домалатқызып, сараңдығының азабын осылайша тартқызыпты.

Page 401: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

401

дОСБОлайдың айТҚандары

Қабылов Досболай кітапты көп оқитын, жұмысты жақсы жасайтын ауылымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының, өндіріс басшыларының бірі. Әкесі Қабылов Сәрсен(ауылдастар ол адамды дауысына қарап «шырылдауық Сәрсен» дейтін), майдангер. Махфуза деген қарындасы бар. Досболай тілі қуақы, әзілге жүйрік жан. «Досболай айтыпты» деген әңгімелер де Сағыздықтар ара-сында кең тарап еді кезінде.

Демалыс күні Досболай жұмыс жағдайынан хабар алайын деп өзі басқаратын

учаскесіне телефон соғады, оған сол жерде жұмыс жасап жатырған Жаңатуған деген құрдасы жауап берген екен. Досболай оны танымаған болып: «Бұл кім өзі, жағдай не болып жатыр?» десе, арғы жағындағы адам: «Досеке, мен Жаңатуғанмын ғой, танымай қалдың ба?» дейді. Сонда Досболай: «Әй, сенен қашан туғаныңды ешкім сұрап тұрған жоқ, жұмыстың жағдайын айт» депті.

*** Ауылдағы моншаның жалпы бөліміне Досболай кіріп келсе жуынатын

бөлмеден қолдарында шылапшындары бар ауылдағы «шыр жұқпаған» үш арық адам қабырғалары ырсиып шығып келе жатыпты. Олардың терілерінің сүйектеріне жабысқан «тірі аруақтардай» түрлерінен жорта шошып кеткен бо-лып, қолындағы заттарын жерге түсіріп алып: «Астафиралла, сендер көрден шығып келе жатырсындар ма?» депті.

*** Досболай жақсы жұмыскер болыпты. Әр мереке сайын оған кәсіпшілік

басшылығы үнемі бағалы сыйлықтар табыстайтын көрінеді. Бірде қол сағат, бірде ақшалай сыйлық, бірде костюм-шалбар ..., дегендей. Сондай бір салтанат-ты жиналыста оған тағы да бағалы сыйлық беріледі. Жиналыс аяқталып, мекеме басшысы жиналысты жауып жатып: «Кімде қандай сұрақ, ұсыныс бар, айтуға бо-лады» десе, Досболай орынынан көтеріліп: «Менің өзіңізге жеке ұсынысым бар. Маған мереке сайын бағалы сыйлықтар беріледі, кейде ақшалай да беріп жата-ды. Сол сыйлықтарды маған әр мерекеде табыстамай, жинап-жинап, әбден құны жеткен кезде олардың орнына мотоцикл беруге болмас па екен?» депті.

***Біздің ауылда Қалдеш деген соғыс мүгедегі бар, бір аяғын соғыста жоғалтқан.

Протезбен жүреді, кейде протезін алып тастап екі балдақпен де жүреді. Сол адамның мотоколяскасы болды. Досболай: «Қалдеш бір күнде соғысқан жоқ, тірі немісті көрмеген адам, майданға бара жатырған поезды немістер бомбалағанда аяғынан айырылған. Ал менің әкем төрт жыл бойы қырғын соғыстың қайнаған ортасында болып бір жерін де сыздырмай, жарақаттамай келді. Әкем Қалдеш сияқты бір аяғынан айырылып келгенінде осы күні мен де мотоколяскамен жүретін едім ғой» депті.

Page 402: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

402

*** Учаскелерге жұмысшыларды таситын машинаның шопыры Қаламбай. Әр

учаскеге де баратын жол грейдер қылып сорлардан өтетін дамбаның үстіне салынған. Бұл жол жауын-шашын, қар қалың болған кезде жүру үшін салынған ғой. Ал жаздың құрғақ кезінде жүруге болатын сорлардың үстімен шопырлардың өздері салып алған тақтайдай тегіс жолдар бар. Грейдер, дамба дегендердің үстіндегі жолдардың тек атауы ғана, быт-шыт шоқалақ жол. Ал Қаламбай болса қысы-жазы сол грейдермен, дамбамен жүретін көрінеді. Жұмысшылар әбден ығыр болған, жұмысқа жеткенше де, үйге қайтқанша да өкпе-бауырлары солқылдап, машинаның әр бортына бір соғып келеді екен. Әрі ашық машинаның астауы ғой, шаңға да көміледі, шоқалақ жолдағы жүріс те ұзақ. Сондай бір жүрісте астауда жұмысшылармен бірге отырған Досболай шыдай алмай машинаның ка-бинасын төбесінен тарсылдатып ұрыпты. Машина тоқтап, не болып қалғанын білу үшін кабинадан түскен Қаламбайға: «Әй, мына грейдерден түсіп сордың тегіс жолымен жүрсең адасып кетесің бе?» деп айғайласа керек. Күніне бірнеше рет қатынайтын, ауыл арасындағы учаскелерден кім адасады, Қаламбайдың кезекті қырсықтығы дағы?

Page 403: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

403

Түйін Сөз

Құрметті ауылдастар, оқырмандар! Міне көптен бері ойда жүрген бұл кітап та өз мәресіне жеткен сияқты. Оқып шықтыңыздар, ой түйдіңіздер, кітаптың жазы-луы, құрамындағы бөлімдері турасында пікір қалыптастырдыңыздар. «Біткен іске сыншы көп» дейді қазақтар. Сынаңыздар, пікірлеріңізбен бөлісіңіздер, кітаптың сапасы жайындағы ойларыңызды ортаға салыңыздар, кітапты әлде де жақсарта түсетіндей құнды ұсыныстар айтыңыздар. Орынды айтылған сынды қабылдауға әрқашан да дайынбыз. Ауылдастарымыздың сындары мен пікірлерін, ұсыныстарын ескеріп осы кітапты екінші рет бастырып шығаруға да болмай ма?! Әрине, көптеген ауылдастарымызды кітабымызға енгізе алмадық, бірақ көпшілігін қамтуға тырысқанымыз шындық. Көпшілік ауылдастарымыз біз ойлағаннан да артық құлшыныс танытып көмектесті, қажетті деректерден де артық мәліметтер жинастырып атсалысты. Тіпті, кейбірі біздерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп, осы кітапқа беру үшін өздерінің арғы тегінің та-рихына тереңірек үңіліп, қажетті мәліметтерді іздестіріп, әулеттерін жаңадан танығандай болғандарын да жеткізіп жатты. Қалай болғанда да бұл кітап ауылдастарымызға біраз ой салғаны анық. Ауылдастарымыздың көпшілігі, әсіресе, жас ұрпақ өкілдері қайдан шыққандарына, қандай ортада өскендеріне, сәби, балалық шақтарында күнде көріп жүрген ата-әжелерінің, аға-апаларының қандай адамдар болғанына енді басқаша көзбен қарайтын сияқты.

Ендігі жерде осы кітапты оқу барысында, кітапта жазылған әңгімелер түрткі болып, ауылдастарымыздың есіне көптеген естеліктер, ұмыт болған оқиғалар, қызықты әңгімелер түсуі де мүмкін. Міне, солардың негізінде қолдарыңыздағы осы кітапты жаңа деректермен толықтырып, қалып қойған ауылдастары-мызды қосып, олардың ұрпақтарының жеткен жаңа белестерін елге көрсетіп қайтадан бастырып шығаруға неге болмасын?! Көріп отырғандарыңыздай ауылдастарымыздың арасында тамаша адамдар жеткілікті.

Ауылымыз жоқ болып кеткенімен, оның орнында тірі ескерткіш болып, аталарымыздың қолымен тұрғызып кеткен, солардың көзіндей болған Селәубайымыз тұр. Қанша уақыт ұзақ тұратынын кім білсін, бірақ бұл ескерткіш барлығымыз үшін де өте ыстық екені көпшілікке аян.

Тағы бір айта кететін мәселе, мұнайшылар жақсы біледі, оның ішінде геолог-барлаушылар, Сағыз кен орынының мұнай қабаттары жер қыртысындағы тұз шөгінділерінің жоғарғы жағында орналасқан ғой. Сол замандардағы техникалық, технологиялық мүмкіншіліктерге байланысты аса терең емес қабаттардағы мұнайды алуға ғана шамасы жеткен ғой. Сағыздықтардың есінде болар, өткен ғасырдың жетпісінші жылдарының орта тұсында тұз шөгіндісінен ары өтіп, тереңде жатқан жер қыртыстарын зерттеп қарамақшы болғаны, ауылдың іргесінде терең бұрғылау қондырғысы жұмыс жасағаны. Бірақ әлдебір себептер-мен бұрғылау жұмыстары нәтижесіз болып, тұз шөгіндісінен ары өте алмаған

Page 404: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

404

сияқты. Сағыз кен орынының тұсында тұз шөгіндісінің қалыңдығы кейбір геологиялық мәліметтерге қарағанда жеті-сегіз мың метрден асатын сияқты. Ал осындай аса қалың тұз қабатын қазып өту үшін әлемдік деңгейдегі жетілген тех-нология қажет, әрі техникалық мүмкіндіктер де соған сай дәрежеде болуы керек. Осындай үлкен тереңдіктегі жер қыртысын зерттеу үшін аса үлкен көлемдегі қаржылық инвестиция да қажет екені белгілі. Әлемге аты жайылған іргеміздегі атақты Теңіз мұнай кенішінің мұнайы да осындай қалың тұз шөгіндісінің асты-нан алынып отырған жоқ па. Біздің Сағыздың да екінші тынысы ашылатын уақыты осы аса қалың тұз қабатының астында жатырған тәрізді деген үміт бар. Заманымыз оңалып келе жатыр, әлемдік деңгейдегі озық технологиялар мен жетілген техникалар елімізге келіп жатыр. Білімді ұрпағымыз да өсіп жетілуде. Кім білген, бір замандарда өзіміздің ауылдан шыққан бір қаракөз баламыз аталарының жүріп кеткен Сағызын қайтадан жаңғыртып әлемге әйгілер де. Тұз қабатының арғы жағынан аса мол мұнай қорын тауып, оның атын «САҒЫЗ» деп қойып барлығымызды қуантар да. Солай үміттенейік, ауылдастар!!! Бұл сонда Сағыз кенорнын терең бұрғылаудың төртінші кезеңі болатын да шығар.

«Бақытын мұнайдан тапқан әулеттер», «Ауылдастарымыздың өмірбаяндары» атты бөлімдерде біздер ауылдастарымыздың әулеттерінің бастауында кімдер тұрғанын, олардың Сағызға қашан, қайдан келгендерін көрсетуге тырысқанбыз. Ол ойымызды қолдан келгенше жүзеге асыруға тырыстық та. Қолымызға ти-ген мәліметтердің тапшылығы мен мерзімінде қолжетімді болмауы да бұған өз әсерін тигізді. Әзірге осыған да шүкіршілік дейміз. Сонымен қатар, бұл ісіміз тек өткен тарихты саралау емес, келер ұрпаққа арналған болғандықтан, тек кітап шығарумен шектелмедік. Ауылымызды мәңгі есте қалдыру мақсатында ескерткіш белгі орнатылуын қолға алдық, құжатты бейнебаян жасадық, ауыл-дастар басқосуын ұйымдастыруға ұйтқы болдық. Осы шараға арналған Шақыру, естелік төсбелгі мен «Сағыз аулының Ардақты азаматы» куәлігін дайындап, ауылдың сызба картасын даярладық. Ерекше атап өтерлігі, бұл істердің барлығы да Сағыздықтардың тікелей қатысымен, өз қолымен жасалды. Төменде аталған істердің суреттері де беріліп отыр.

Сағыз ауылының орынына тұрғызылатын ескерткіш белгінің бізге кел-ген барлық нұсқаларына назар салыңыз да, таңдау неліктен осы нұсқаға түскенін түсінуге тырысыңыз.

Page 405: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

405

Page 406: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

406

Төменде KAZGOR Жобалау академиясы (алматы) мамандары жасаған жоба

Page 407: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

407

Page 408: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

408

Суреттерін қарай отырып, ескерткіштің бірнеше нұсқалары болғанын білдіңіздер, оның ішінен неліктен осы нұсқа таңдалғанын анықтап айта кетсек, артық болмас. Кез келген ескерткіш-өнер туындысы. Ал өнер туындысының өзіндік идеясы болары анық. Біз де ескерткіште барша ауылдастарымыздың көңілінде жүрген ойының берілуін еске ұстадық.

1. Шаңырақты ұстап тұрған үш тұғыр – ауылымыздың тарихында өзіндік орыны бар үш буынды (кәсіпшіліктің бастауында тұрған аға буынды, одан кейінгі кездерде кәсіпшіліктің өркендеп дамуына зор үлес қосқан орта бу-ынды, алдағы уақытта ауылымыздың атын ұмытпай жалғастырып жүретін өскелең буынды), кеше, Бүгін, ерТең атты ұғымдарды көрсететін символ.2. Үш тұғырды біріктіріп тұрған қазақтың қасиетті шаңырағы – осы үш буынды бір ортаға біріктіріп ұстап тұрған Сағыз атты ауылымызды, біздің тарихымыздың терең тамыры бастау алған атамекеніміздің шаңырақтай мәңгілігін көрсетеді.3. Ортадағы мұнайдың тамшысы мен мұнай өндіретін качалка – ауылымыздың тұрғындарының негізгі кәсібі мұнай өндіру болғандығын және кәсіпшіліктің өз қойнауындағы байлығын ең соңғы тамшысына дейін сарқып еліміздің игілігіне бергендігін көрсетеді.4. Ал Шақыру мен Куәлікке Сәләубайдың суретін салған себебіміз түсінікті шығар. Сәләубай қазіргі күні жер бетінде Сағыз деген ауылдың болғанын еске түсіріп тұрған жалғыз жәдігер, ауылымыздан қалған көз, әр Сағыздық үшін ауылдың ескерткішіндей болып тұр емес пе?Біздің ауылдастардың бұл ісі туған жерді құрметтеудің, шыққан тари-

хын құрметтеудің, болашаққа сенімнің үлгісі екеніне ешкімнің күмәні бол-мас. Болашағымыз бұдан да жарқын, қазақ елінің, мұнайлы мекеннің тарихы жалғаса береді, болашақ ұрпақтар өзінің атамекенін ешқашан ұмытпайды! Сын-ескертпелерді, ұсыныстарды, талап-тілектерді [email protected] және [email protected] электронды пошталарына жолдауларыңызға болады. Асыға күтеміз.

Page 409: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

409

еСкерТкіш ескерткіштің үш тұғырына бекітілетін тақталар:

№1 Тақта Бұл жерде 1937-1987 жылдар аралығында «Сағыз Мұнай өндіру кәсіпшілігі» болған. кәсіпшілік «эмбанефть» тресінің №357 бұйрығымен 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап толығымен іске қосылған.

***1940 жылы 25 желтоқсанда еңбекшілер депутаттарының гурьев Облыстық

атқару комитетінің №33 шешіміне сәйкес 1941 жылы 350 түтіні, 2000 тұрғыны бар Сағыз мұнай өндіру кәсіпшілігінде өз алдына заңды тұлға ретінде жеке жұмысшылар поселкелік кеңесін құру Қазақ кСр Жоғары кеңесіне ұсынылған.

№2 ТақтаЖолаушы, жүрген өмір сапарында,Көзің сал, бұл белгінің қатарына.Бұл тұста «САҒЫЗ» деген қоныс болған,Бір кездер тамсандырған атағына.Бұл жерден талай ұрпақ өсіп-өнді,Байлығын қойнауынан елге берді.Ескерткіш ауылына белгі қойған,Сағыздық сағынғандар туған жерді.№3 ТақтаСағыз мұнай кәсіпшілігін басқарған басшылар:Магдиев С.С. (1939 ж.)Бородин А.В.(1940 ж.)Погосов (1940 ж.)Жүсіпов С. (1941 ж.)Ростовцев (1942 ж.)Ілиясов Ә (1942 ж.)Калашников (1943 ж.)Шелепин (1945 ж.)Тұрдалиев (1950 жыл)Корнеев П.М. (1954 ж.)Есенғалиев Б (1957-1958 ж.ж.)Аухатов Х. (195..-1960 ж.ж.)Айдыналиев З. (1958 ж.)Ғабдуллин Х. (1961 ж.)Еркешов Ш. (1963 ж.)Евдокимов В.К. (1968 ж.)Матайбаев Ж. (1973 ж.)Нұрмұқанов Ә. (1977 ж.)Атағозиев Қ. (1979-1987 ж.ж.)

Page 410: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

410

шақыру қағазы

куәлік

Page 411: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

411

Төсбелгі

Page 412: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

412

пайдаланылған әдеБИеТТер

1. Атырау облысының энциклопедиясы.2. Мақат ауданының энциклопедиясы.3. «Қызылқоға-құт мекен» энциклопедиясы.4. «Ел ардақтылары-Бұрғышылар» жинағы. 5. Мұрағат құжаттары (Мақат аудандық мұрағаты. Қор №3, Қор №7, Қор

№72, Атырау облыстық мұрағаты. Қор №146, Қор №855, «Ембімұнайгаз» АҚ мұрағаты).

6. Сағыздықтар берген әр кезеңдерде БАҚ беттерінде, кітаптарда жарияланған мақалалар, естеліктер, жазбалар.

7. Ғаламтор желілерінен алынған материалдар.8. Сағыздық азаматтардың арнайы берген естелік әңгімелері, өмірбаяндары. 9. Сағыздық азаматтардың жеке архивтеріндегі көне суреттер.

Page 413: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

413

Бисенғалиев Бисенбай

Гурьев облысы Мақат ауданы Сағыз мұнай кәсіпшілігінде 5.ХІІ.1951 жылы дүниеге келген. Алматыдағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтының мұнай факультеті, бұрғылау инженері мамандығы бойынша 1974 жылғы түлегі. Геолог-барлаушы. Еңбек жолын «Маңғышлақ мұнай-газ барлау» кешенді экспедициясын-да 1974 жылы бастаған. Бұрғышы көмекшісінен экспедиция басшысы лауазымына дейінгі өсу жолынан өткен. ҚР Энергетика және минерал-ды ресурстар министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Құрмет» орденімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл»,

«Маңғыстау мұнай-газ бар-лау» кешенді экспедициясына 50 жыл», «Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы», «Еңбек ардагері» төс белгілерімен марапатталған.

Сатимова Марияш Балтабайқызы

Гурьев облысы Индер ауданы Жарсуат ауылында 25.11.1966 жылы дүниеге келген. Гурьев Педагогика Институтының 1991 жылғы түлегі. Аталған институттың қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы болып еңбек еткен. 2003 жылдан Атырау облысы Мақат ауданындағы Мұса Баймұханов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиетінің жоғары санатты мұғалімі. Халықаралық Ұстаздар Одағының, «Қазақстан ұстазы» қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» Бірлестігінің «Лидер образования», Халықаралық «Бейбітшілік әлемі» бірлестігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған медалімен марапатталған.

Page 414: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

414

МазМұны

Сөз басы ____________________________________________________ 3Өткен күннен белгі бар ___________________________________ 5Тілектер ____________________________________________________ 7Сағыз туралы энциклопедия не дейді _________________ 9Бірінші бөлімКіндігім қалған Сағызым ________________________________ 11Екінші бөлімЕстеліктер __________________________________________________ 63Үшінші бөлімСағыз мектебі мен балабақшасы _______________________ 99Төртінші бөлімАуылдың белгілі азаматтары ___________________________ 133Бесінші бөлімБіздің ауылдың майдангерлері _________________________143Алтыншы бөлімБақытын мұнайдан тапқан әулеттер __________________ 171Жетінші бөлімАтакүлдік ___________________________________________________ 221Сегізінші бөлімСыр тұнған, сарғайған суреттер ..._______________________ 235Тоғызыншы бөлімМұрағат шерткен сырлар ________________________________ 273Оныншы бөлімСағыз мақтаныштары ____________________________________ 325Он бірінші бөлімСағыздан шыққан Қажылар _____________________________335Он екінші бөлімАуылдастарымыздың өмірбаяндары __________________ 343Он үшінші бөлімСағыз байланыс торабы __________________________________ 381Он төртінші бөлімАуылдың айтқыштары ___________________________________ 385Түйін ________________________________________________________ 403Пайдаланылған әдебиеттер _____________________________ 412

Page 415: Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі · әОЖ 62232 ҚБЖ 33.361 Б 58 Жинақтап құрастырушылар: Б.Бисенғалиев М.Сатимова

415

Б. Бисенғалиев. М.Сатимова

Сағыз Мұнай өндіру кәСіпшілігі

кітапты шығаруға жауапты Қойшығұл ЖылҚышИев

Баспаның директоры Клара ОРАЛҚЫЗЫ Баспа меңгерушісі Сәуле Марданова

Көркемдеуші - дизайнер Сәуле Абдолқызы

Баспа кітаптың мазмұны мен қателеріне жауап бермейді.

Шығаруға 19.07. 2016 ж. қол қойылды. Офсеттік басылым. Қаріп түрі «Asylbek». Баспа табағы.

Таралымы 250 дана Тапсырыс №.

Атырау қаласы, Азаттық 11 «Ағатай» баспасы

тел(факс): 8(7122) 32-78-03сот: 8 701 736 64 73