Ұжымдық шарт Қостанай жоғары...

17
1 Ұжымдық шарт «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» Мекемесі Біз, төменде көрсетілген тараптардың өкілетті өкілдер: «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі бұдан әрі Жұмыс беруші, деп аталатын директор Байгабелов Алтынбек Усербаевич атынан, Жарғы және 10 сәүір 2017 жылғы, № 951240000797- Ж- да қайта тіркелу туралы куәлік негізінде әрекет етуші, БСЖ 951240000797, мекен – жай: Қостанай қ-сы Әл-Фараби даңғылы 99, бір тараптан, және «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесінің Қызметкерлері одан әрі Еңбек ұжымы, өкілетті өкіл атынан кәсіподақ комитетінің төрағасы Күнтуған Бахытхан, Қызметкерлер атынан әрекет етуші, екінші тараптан одан әрі бірлесіп аталған Тараптар, 2014 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі, республикалық қызметкерлер бірлестігі және республикалық жұмыс берушілер бірлестігі арасында жасалған 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді негізге қабылдай отыпыр, (бұдан әрі – Бас келісім), оны Тараптар Қазақстан Республикасында 2015-2017 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік- экономикалық саясатты өткізу бойынша басым бағыттар мен қажетті әрекеттерді белгілейтін әлеуметтік серіктестіктің негізгі құжаты деп мойындайды және оның міндеттері осы ұжымдық шартта есептелген және Қызметкерлердің еңбек ұжымының 2018 жылғы « 5» ақпанындағы 2 отырысы Хаттамасына сәйкес ұжымдық шарт жобасын талқылау нәтижесін және ұжымдық шарттың ережесі бойынша келісім Тараптары арасында жетілген, сондай-ақ жасалған ұжымдық шарт мәтіні заңнамамен, оның ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің нормаларымен (бұдан әрі - Кодекс), Тараптармен әзірленген және келісілген ұжымдық шарт жобасының мәтініне тең түп нұсқа болып табылатын, екі жақтық кепілдікті есепке ала отырып Тараптарға таралады, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары және оларды іске асыруға бірікке әрекеттер бойынша Тараптардың келісілген позициясын анықтайтын төмендегі туралы осы ұжымдық шартты жасасты (бұдан әрі - Шарт): 1.ШАРТТЫҢ МӘНІ 1.1. Осы шарт Тараптар арасында жазбаша келісім түріндегі құқықтық акт болып табылады, Ұйымда әлеуметтік - еңбек қатынастарын реттейді. 1.2. Еңбек заңнамасында қарастырылған, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін пайда болатын, Тараптардың келісімімен жасалған, Қызметкер мен Жұмыс берушінің арсындағы еңбек қатынастары.

Upload: others

Post on 30-Mar-2021

15 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

1

Ұжымдық шарт

«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі»

Мекемесі

Біз, төменде көрсетілген тараптардың өкілетті өкілдер:

«Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі» мекемесі

бұдан әрі Жұмыс беруші, деп аталатын директор Байгабелов Алтынбек

Усербаевич атынан, Жарғы және 10 сәүір 2017 жылғы, № 951240000797- Ж-

да қайта тіркелу туралы куәлік негізінде әрекет етуші, БСЖ 951240000797,

мекен – жай: Қостанай қ-сы Әл-Фараби даңғылы 99, бір тараптан,

және «Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжі»

мекемесінің Қызметкерлері одан әрі Еңбек ұжымы, өкілетті өкіл атынан

кәсіподақ комитетінің төрағасы Күнтуған Бахытхан, Қызметкерлер атынан

әрекет етуші, екінші тараптан одан әрі бірлесіп аталған Тараптар, 2014

жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі,

республикалық қызметкерлер бірлестігі және республикалық жұмыс берушілер

бірлестігі арасында жасалған 2015-2017 жылдарға арналған Бас келісімді

негізге қабылдай отыпыр, (бұдан әрі – Бас келісім), оны Тараптар Қазақстан

Республикасында 2015-2017 жылдарға арналған келісілген әлеуметтік-

экономикалық саясатты өткізу бойынша басым бағыттар мен қажетті

әрекеттерді белгілейтін әлеуметтік серіктестіктің негізгі құжаты деп

мойындайды және оның міндеттері осы ұжымдық шартта есептелген және

Қызметкерлердің еңбек ұжымының 2018 жылғы « 5» ақпанындағы

№2 отырысы Хаттамасына сәйкес ұжымдық шарт жобасын талқылау

нәтижесін және ұжымдық шарттың ережесі бойынша келісім Тараптары

арасында жетілген, сондай-ақ жасалған ұжымдық шарт мәтіні заңнамамен,

оның ішінде 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің нормаларымен

(бұдан әрі - Кодекс), Тараптармен әзірленген және келісілген ұжымдық шарт

жобасының мәтініне тең түп нұсқа болып табылатын, екі жақтық кепілдікті

есепке ала отырып Тараптарға таралады, әлеуметтік-еңбек қатынастарын

реттеудің негізгі бағыттары және оларды іске асыруға бірікке әрекеттер

бойынша Тараптардың келісілген позициясын анықтайтын төмендегі туралы

осы ұжымдық шартты жасасты (бұдан әрі - Шарт):

1.ШАРТТЫҢ МӘНІ

1.1. Осы шарт Тараптар арасында жазбаша келісім түріндегі

құқықтық акт болып табылады, Ұйымда әлеуметтік - еңбек қатынастарын

реттейді.

1.2. Еңбек заңнамасында қарастырылған, құқықтар мен міндеттерді

жүзеге асыру үшін пайда болатын, Тараптардың келісімімен жасалған,

Қызметкер мен Жұмыс берушінің арсындағы еңбек қатынастары.

Page 2: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

2

1.3. Қарым-қатынас, еңбекпен тікелей байланысты - ұйымдастыру және

еңбекті басқару, жұмысқа орналастыру, кәсіби дайындық (мамандыққа

дайындау), қайта даярлау және Қызметкерлердің біліктілігін арттыру,

әлеуметтік серіктестік, Тараптардың арасында келісім жасау, Қызметкерлердің

(Қызметкерлердің өкілдерінің) еңбек жағдайын белгілеуде қатысу, еңбек

дауларын шешу және еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау жөнінде

қалыптасатын қарым-қатынас.

1.4. Еңбек қарым - қатынасы ҚР заңнамасымен, еңбек Кодексіне сәйкес

жасалған еңбек шарты негізінде Қызметкер мен Жұмыс берушінің арасында

пайда болады.

Ұжымдық шартты жасаудың негізгі қағидалары

1.5. Осы ұжымдық шарт тең құқылы тараптардың өз еркімен Қазақстан

Республикасы

заңнамасының нормаларын сақтау, тараптардың өкілдерінің өкілетілігі, таңдау

еркіндігі, оның мазмұнын құрайтын мәселелерді талқылау және шешу,

қабылданған міндеттерді қамтамасыз ету нақтылығының негізінде

құрастырылған және жасалған. Тараптар осы шарттың орындалу міндеттілігін

растайды.

Тараптармен ұжымдық шарттың жасалуы және орындалуы кезінде мына

қағидалар сақталуы тиіс:

-тараптардың тең құқықтығы және мүдделерін құрметтеу;

-ұжымдық шарттың немесе келісімнің мазмұнын құрайтын сұрақтарды

талқылауда таңдау еркіндігі;

- тараптардың міндеттемелерді қабылдау еркіндігі;

- Қазақстан Республикасыныың еңбек заңнамасын сақтау.

2. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН НОРМАЛАУ

2.1. Еңбекақыны, үстемелерді және қосымша ақыларды, сыйақыларды және

колледж жұмыскерлерін ынталандыру сипатындағы өзге де төлемдерді

төлеу тәртібі және жүйесі:

-«Білім туралы» 27.07.2007 жылғы № 319 ҚР заңы;

-Қазақстан Республикасының 23.11.2015 жылғы № 414-V Еңбек Кодексі;

-«Қазақстан Республикасының тұтынушылар кооперациясының білім беру

мекемелері қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеу жүйесі туралы»

Қазтұтынуодағы басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 3 қаулысы;

-«Қазақстан Республикасының тұтынушылар коопеациясының білім беру

мекемелері қызметкерлерінің еңбекақыларын төлеу жүйесі туралы»

Қазтұтынуодағы басқармасының 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 3 қаулысына

толықтырулар және өзгертулер енгізу туралы» Қазтұтынуодағы

басқармасының 20.08.2007 жылғы № 12 қаулысын ескере отырып

жүргізіледі.

Page 3: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

3

Педагог кадрлардың, оларға теңестірілген тұлғалардың және мемлекеттік

қызметкер болып есептелмейтін өзге де қызметкерлердің еңбек өтілі «Білім

беру ұйымдарының және ғылыми ұйымдарының қызметкерлеріне

мамандықтары бойынша еңбек өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» ҚР

Білім және Ғылым министрінің 14.06.2010 жылғы № 302 бұйрығы негізінде

белгіленеді. Мамандық бойынша еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссиямен

белгіленеді, оның құрамы колледж директорының бұйрығымен белгіленеді.

2.1. Колледже еңбекті уақыт бойынша төлеу белгіленеді:

- Қазтұтынуодағы Басқармасымен белгіленген, Қазақстанның тұтынушы

кооперациясы мекемесінің лауазымдар тізілімі;

- Базалық лауазым жалақысы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен

белгіленген;

- Қазақстан Республикасындағы тұтынушы кооперациясы білім беру мекемесі

қызметкерлерінің, атқарып отырған лауазымына, мамандық бойынша жұмыс

өтіліне және игерілген біліктілік разрядтарына (қызметкерлер үшін)

байланысты лауазымдық жалақыларын (мөлшерлемені) есептеу үшін, базалық

лауазым жалақысына қолданылатын коэффициенттер;

- Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде, Қазтұтынуодағы

Басқармасының қаулыларында қарастырылған қосымша төлемдер,

үстемеақылар және өтемақылар;

- лауазымдар санаты топтарын (лауазымдар тізілімі) белгілеу кезінде ҚР білім

және ғылым Министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығы

(Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды өткізу ережесі және шарты)

негізінде, соңғы өткізілген аттестаттау нәтижелері бойынша бұрын игерілген

санат есептелінеді.

Колледжінің педагогикалық қызметкерлеріне төлем G - 7 санаты бойынша

төленеді.

2.2. Сонымен қатар колледжде қосымша ақы төленеді:

Мұғалімдерге:

Жазбаша жұмысты тексеру үшін ҚР БҒМ «Бюджет есебінен

қаржыландырылатын, мемлекеттік білім беру ұйымы қызметкерлері

жалақысын есептеу Ережесін бекіту туралы» 2016 жылдың 29 ақпанындағы №

181 бұйрығы, осылайша Ереже мемлекеттік білім беру ұйымдарына әрекет

етеді (жүреді), біздің колледжде төлем және қосымша төлем жасау,

өзгерістер мен толықтырулар енгізілген 2004 жылдың 31 наурызындағы № 15

«ҚР тұтынушылар кооперациясы білім беру мекемесі қызметкерлеріне

еңбекақы төлеу жүйесі туралы» жекеленген санаттарға қосымша төлем төлеу

қарастырылған Қазтұтынуодағы Басқармасының 2004 жылдың 19

қаңтарындағы № 3 қаулысының негізінде жүргізіледі.

-қазақ , орыс және өзге ұлттық тілдер және әдебиет бойынша БЛЖ-дан 25%

мөлшерде;

-математика, химия, физика, биология, шет тілі бойынша БЛЖ-дан 20%

мөлшерде;

Page 4: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

4

- орыс тілінде оқытатын топтарда мемлекеттік тілде сабақ жүргізген сағаты

үшін оқытушыларға БЛЖ-дан 25 % мөлшерде;

- санат үшін жоғары - 8276 теңге, бірінші - 6098 теңге, екінші - 4792 теңге;

- сынып жетекшілігін БЛЖ-дан 25% (25-оқушыдан асса БЛЖ-дан 50% )

мөлшерде;

- пән комиссиясын меңгергені, оқу кабинетін меңгергені үшін БЛЖ-дан

25% мөлшерде;

- жазбаша жұмыстарды тексерген үшін

мемлекеттік тілде сабақ жүргізген сағаты үшін БЛЖ-дан 25 % мөлшерде;

- электрондық оқу құралдары мен әдістемелік жәрдемақы кітапханаға арнайы

басылып шығару үшін колледж бюджетінен төленеді

Техникалық персоналға:

-бөлмелерді жинаушыларға жұмыста дезинфициялық құралдарды

пайдаланған үшін БЛЖ-дан 20% мөлшерде, дәретханаларды жинаушыларға

БЛЖ-дан 30% мөлшерде;

2.2. Бұдан басқа колледж директорына және директордың тәрбие ісі жөніндегі

орынбасарына, саны жағынан 200 дейін адам тұратын жатақхананың бар

болғанына лауазымдық қызметақыдан 10% мөлшерде үстем ақы төленеді.

2.3. Жұмыс беруші Қызметкерге ақшасыз тәртіпте Қызметкердің (банк) төлем

картасына колледждің кассасынан қолма-қол айына бір реттен сиретпей, келесі

айдың бірінші онкүндігінен кешіктірілмей төленеді. Жалақы төленетін күн

еңбек шартында көзделеді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен

ақшалай түрде (нысанда) ақшаны аудару жолымен айдың 5 - нен кешіктірілмей

жалақы төлейді. (113бап ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V

ҚРЗ)

Ай сайын жалақыны төлеу кезінде Жұмыс беруші әр қызметкерге оның

жалақысын есепке алу карточкасын, тиісті кезеңде оған тиесілі жалақының

құрама бөліктері, мөлшері туралы хабарлайды, соның ішінде ұсталған міндетті

зейнетақы жарналар туралы, сондай-ақ төлеуге тиесілі жалпы ақша сомасы

туралы мәлімет ұсынады.

Жалақыны төлеу күні демалыс және мереке күндеріне сәйкес келген

жағдайда төлем бір күн бұрын төленеді.

Еңбек шартын бұзу кезінде Жұмыс берушіден Қызметкерге тиесілі соманы

төлеу еңбек шарты бұзылғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнен кешіктірмей

төленеді.

Осы шартпен, басқа да Тараптар келісімдерімен, Жұмыс берушінің актілерімен

белгіленген еңбекті төлеу жағдайы заңнамада белгіленген жағдайлармен

салыстырғанда төмен болуы мүмкін емес.

3. ЕҢБЕК ТӘРТІПТЕМЕСІ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ТӘРТІБІ.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС УАҚЫТЫНЫҢ,

ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ

Page 5: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

5

3.1. Заңнамаға сәйкес жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40

(қырық) сағаттан аспауы тиіс

3.2. Жұмыс беруші Қызметкерлерге келесі тәртіпте колледждің еңбек

тәріптемесінің Ережесіне сәйкес келесі жұмыс тәртібін белгілейді:

- оқу процесімен тікелей байланысты жұмыскерлерге, аптасына алты күн,

екі аусымды жұмыс аптасы белгіленеді;

- алты күндік жұмыс аптасы, бір күн: жексенбі демалыс күні болып

белгіленген;

- екі демалыс күнімен (сенбі, жексенбі) бес күндік жұмыс аптасы:

бухгалтерия қызметкерлері, жатақхана коменданты, кадрлар бөлімінің

меңгерушісіне белгіленген;

- жұмыс күнінің басталу уақыты сағат 08.00-де;

- демалу мен тамақтану үшін үзіліс ұзақтығы 1 (бір) сағат сағат 12.00 - ден

13.00-ге дейін;

- бухгалтерия жұмыскерлерінен басқалары жұмыс күнінің аяқталу уақыты -

сағат 17. 00-де.

-бухгалтерия жұмыскерлері сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін, түскі асқа 1-сағат

үзіліспен 13.00 ден 14.00 ге дейін

3.3. Қызметкерлерді үстеме жұмыстарға және түнгі уақыттағы жұмысқа

тарту, заңнамада белгіленген шектеулерді сақтай отырып жүргізіледі.

Сонымен бірге төлем жасалады:

- еңбекке мерзімдік ақы төлегенде - қызметкердің күндізгі (сағаттық) бір

жарым мөлшерлемесінен аз емес төлем жасалады;

- оқу корпусы және жатақхана кезекшісінің түнгі уақытта әрбір жұмыс істеген

сағатына күндізгі (сағаттық) бір жарым мөлшерлемесінен кем емес төлем

жасалады;

3.4. Демалыс және мереке күндерінде жұмыс істеу Қызметкердің жазбаша

келісімімен, тек ерекше жағдайда жұмысқа тарту, ҚР ЕК 86 бабында

қарастырылған, Қызметкердің және ауысымдық кесте бойынша жұмыс

істейтін Қызметкерлердің келісімінсіз рұқсат етіледі.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін, Қызметкердің қалауы

бойынша оған басқа демалыс күні беріледі немесе бір жарым мөлшерлемеден

кем емес төлем жасалады.

Ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейтін, Қызметкерлерді ҚР ЕК 84

бабының 5 тармағында қарастырылған мереке күндері кезеңінде

(мұсылмандар күнтізбесі бойынша атап өтетін Құрбан айт мерекесінің

бірінші күні, 7 қаңтар – православиялық мереке күні), сондай - ақ демалыс

күндері жұмысқа тарту үшін Қызметкерлердің жазбаша келісімі және

Жұмыс берушінің актіні шығаруы қажет етілмейді.

Жұмыс берушіге жүктілік туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдерді

демалыс және мереке күндерінде жұмысқа тартуға тыйым салынады.

3.5. Еңбек демалысы күндеріне сәйкес келетін, мереке күндерді есепке

алмағанда, жұмыс тәртібіне және ауысым кестесіне қарамастан,

Page 6: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

6

Қызметкерлерге жыл сайынғы негізгі ақылы 24 (жиырма төрт) күнтізбелік

күннен кем емес, еңбек демалысы ұсынылады:

- колледж директорына Қазтұтынуодағының 14.03.2002жылғы №10 Қаулысына

сәйкес 56 күнтізбелік күнге еңбек демалысы белгіленсін;

- оқытушыларға – 56 күнтізбелік күн;

- бас бухгалтерге және директордың шаруашылық бөлімінің көмекшісіне 12

күнтізбелік күн көлемінде қосымша демалыс белгіленеді;

- колледжде 15 жылдан астам жұмыс істеген қызметкерлерге (педагогикалық

қызметкерлерден басқа) және жұмыскерлердің жекелеген категорияларына

(слесарь – сантехник, еден жуушы, дәретханалардың еденін жуушы, аула

тазалаушы) 2015 жылғы 23 қарашасындағы № 414 – V ҚР ЕК 89 тармағына

сәйкес 6 күнтізбелік күн көлемінде қосымша демалыс ұсынылады;

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезінде

жыл сайын төленетін қосымша еңбек демалысы негізгі жыл сайын төленетін

еңбек демалысымен қосылады.

Қызметкерге жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын беру кезегі

Қызметкердің пікірін есепке ала отырып, директормен бекітілген демалыс

кестесіне сәйкес жыл сайын белгіленеді, немесе келісім бойынша демалыстар

кестесінен тыс Тараптардың келісімімен белгіленеді.

Жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын, немесе оның бөлігін, екі жыл бойы

қатар бермеуге тыйым салынады.

Өндірістік қажеттіллікке байланысты демалыс кестесі өзгерген жағдайда,

Жұмыс беруші

ол туралы Қызметкерге еңбек демалысы басталғанға дейін екі апта бұрын

ескертуге міндетті.

Бұдан басқа жұмыскерлерге келесі әлеуметтік демалыстар беріледі:

1. жалақысы сақталмайтын демалыс;

2. оқу демалысы;

3. жүктілікке және бала тууына байланысты демалыс;

4.баланың 3 жасқа толғанына дейін, бала күтіміне байланысты жалақысы

сақталмайтын демалыс;

Қызметкердің өтінішінің негізінде Жұмыс беруші жалақысы сақталмайтын 5

күнтізбелік күнге мынадай жағдайға демалыс береді:

- некеге тіркелу;

- баланың туылуы;

- жақын туыстарының қайтыс болуы;

- отбасы мүшелерінің ауыр сырқаттанушыларының күтімі;

- еңбек және ұжымдық шартта қарастырылған өзге жағдайларда.

3.6. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін

тәртіптік жазаның мынадай түрлерін қолдануға құқылы:

- ескерту,

- сөгіс,

- қатаң сөгіс,

Page 7: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

7

- еңбек шартын бұзу.

Осы Кодекстің 52-бабы 1- тармағының 8-17 тармақшаларында

қарастырылған негіздер бойынша еңбек шартын бұзу:

- Қызметкердің жұмыста себепсіз бір тәулік ішінде 3 сағат және қатарынан

одан да артық болмауы;

-қызметкердің жұмыста алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық

масаңдық (соларға ұқсас) жағдайында болуы, оның ішінде жұмыс күні ішінде

алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық (соларға ұқсас) жағдайын

туғызатын заттарды пайдалану жағдайда;

-тиісті актімен расталған, алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаңдық

жағдайын туғызатын заттарды пайдалану фактісін анықтау үшін медициналық

куәландырудан өтуден бас тартқанда;

-өндірістік жарақаттар мен аварияларды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкеп

соққан немесе әкеп соқтыруы мүмкін, еңбекті қорғау немесе өрт қауіпсіздігі не

көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін қызметкер бұзғанда;

-қызметкердің жұмыс орнында бөтен мүлікті ұрлағаны оның ішінде ұсақ

ұрлық, оны қасақана жойғаны немесе оны бүлдіргені заңды күшіне енген сот

үкімімен немесе сот қаулысымен анықталғанда;

- ақшалай немесе тауарлық құндылықтарға қызмет көрсететін қызметкердің

жасаған кінәлі әрекеттері немесе әрекетсіздігі, егерде бұл әрекеттер немесе

әрекетсіздік жұмыс берушінің тарапынан оған деген сенімнің жоғалуына негіз

болса;

- тәрбиелеу функцияларын атқаратын қызметкер осы жұмысын

жалғастыруға сыйыспайтын (жатпайтын), адамгершілікке жат қылық

жасағанда;

- қызметкер еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған

мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын

мәліметтерді жариялағанда;

- тәртіптік жазасы бар Қызметкер, еңбек міндеттерін дәлелсіз себеппен

қайталап орындамаса немесе қайталап тиісінше орындамаса;

- егер түпнұсқа құжаттар немесе мәліметтер еңбек шартын жасауда немесе

басқа жұмысқа ауысудан бас тартуға негіз болатын болса, еңбек шартын жасасу

не басқа жұмысқа ауыстыру кезінде қызметкер жұмыс берушіге жалған

құжаттар немесе мәліметтер ұсынғанда;

- еңбек шартының мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен тараптардың өзара

келісімі бойынша, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен

қамсыздандыру» ҚРЗ белгіленген қызметкердің зейнетақы жасына келуі.

4. КЕПІЛДІКТЕР, ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕҢІЛДІКТЕР, ӨТЕМАҚЫЛАР

4.1. Жұмыс беруші заңнамамен қарастырылған барлық кепілдіктерді

орындайды, оның ішінде:

Page 8: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

8

- Қызметкерді заңнамада қарастырылған мемлекеттік немесе қоғамдық

міндеттерді орындауға тарту уақытында, қызметкердің жұмыс орны (лауазымы)

сақталады. Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған үшін,

көрсетілген міндеттерді орындаған орны бойынша қызметкерге жалақы

төленеді, бірақ жұмыс орнының орташа жалақысынан төмен болмауы тиіс;

- мерзімді әскери қызметін атқарған тұлғалар, оны өткеннен кейін, екі ай

ішінде мерзімдік әскери қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген ұйымға

жұмысқа қабылдау кезінде айрықша құқығы болады;

- «Халықтың денсаулығы туралы және денсаулық сақтау жүйесі» (167 бабы)

ҚР кодексіне сәйкес медициналық тексеру күндері донор болып табылатын

қызметкерді қанды тапсыру және оның құрамын зерделеу кезінде Жұмыс

беруші орташа жалақысын сақтай отырып жұмыстан босатады.

- Донорлық міндетін қайтарымсыз (тегін) жүзеге асыратын донор, орташа

жалақысы сақтала отырып, қосымша бір күн демалыс алады.

4.2. Еңбек шартын тоқтату кезінде төленетін жыл сайынғы еңбек демалысын

пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған Қызметкерге, төленетін жыл

сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленеді.

- Қызметкерге жұмысынан айырылуына байланысты Жұмыс беруші орташа

жалақы мөлшерінде өтемақы төлейді:

- мұндай жағдайда бір айдан кем емес;

- Жұмыс берушінің таратылуына (жабылуына) байланысты, Жұмыс

берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу кезінде;

- Қызметкерлер штаты немесе санының қысқару жағдайында Жұмыс

берушінің бастамасы бойынша Еңбек шарты бұзу кезінде;

- Жұмыс беруші Еңбек шартының ережесін орындамаған жағдайда

Қызметкердің бастамасы бойынша Еңбек шартын бұзу кезінде;

- екі айдан кем емес Жұмыс берушінің бастамасы бойынша Еңбек шартын бұзу

кезінде Жұмыс берушінің экономикалық жағдайының нашарлауына әкелетін,

өндіріс көлемінің, орындалатын жұмыстың және көрсетілетін қызмет

көлемінің төмендеген жағдайында

4.3. Жұмыс беруші заңнамада регламенттелген жағдайда және тәртіпте,

белгіленген тәртіпте берілген жұмысқа жарамсыз парақтар негізінде өзінің

қаражаты есебінен Қызметкерге заңнамаға сәйкес есептелген орташа жалақы

есебінен уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы

төлейді. Сонымен бірге уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша айлық

жәрдемақы көлемі тек заңнамада белгіленген жағдайларды қоспағанда,

айлық есептік көрсеткіштен он бес есе мөлшерден аспауы тиіс.

Колледж мамандарына жыл сайынғы төленетін еңбек демалысын беру

кезінде Жұмыс берушіде осы мақсатқа ақшалай қаражат бар болса, Жұмыс

беруші жылына бір рет, лауазымдық қызметақы мөлшерінде сауықтыруға

арналған жәрдемақы төлеуге құқылы.

Сауықтыруға арналған жәрдемақы бір жылда нақты жұмыс істеген уақыты

үшін төленеді.

Page 9: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

9

4.4. Ұжым мүшелері үшін төлем төлеу кезінде белгіленген бір жолғы

материалдық көмек тағайындалсын:

- ең аз екі жалақы мөлшерінде, байланысты;

- ерлердің - 50 жылдық, 60 жылдық мерейтойына;

- зейнет жасына жету кезінде (егер Қызметкер колледжде 20 жылдан астам

жұмыс істесе, ең аз 3 жалақы мөлшерінде);

- ең аз жалақыдан 50 % мөлшерінде, байланысты:

- әйелдердің 60 жылдық мерейтойына.

4.5. Жұмыс істемейтіндер үшін:

- зейнеткерлерге, Қарттар күніне байланысты кемінде 2000 теңге көлемінде бір

жолғы материалдық көмек белгіленсін;

-мерейтойларға байланысты:

60-жылдық;

70-жылдық;

75-жылдық;

80-жылдық;

85-жылдық

жыл сайынғы Республикалық бюджетпен белгіленген ең аз еңбекақының 50

% көлемінде бір жолғы материалдық көмек белгіленсін.

4.6. Жұмыс беруші кепілдік береді:

- осы шарттың 4.3 тармағына сәйкес мерзімде еңбекақыны уақытылы және

толық көлемде төлеуге;

- міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аудармаларды, қызметкерді

бақытсыз оқиғадан сақтандыруды уақытылы және толық төлеуге;

- Жұмыс берушінің есебінен мүмкіндік беруге: біліктілікті арттыру,

кәсіпорындарда тағылымдамалардан өту;

- Зейнетақы жасына жетуіне екі жыл шамасында қалған Қызметкерлермен

Еңбек шартын бұзуға Қазақстан Республикасында зейнетақымен

қамсыздандыру» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ҚР ЕК 52

бабы 1 тармағының 2) және 4) тармақшаларында қарастырылған негіздер

бойынша Жұмыс беруші мен Қызметкерлер өкілдерінің тең санымен құрылған

комиссияның оң шешімінсіз бұзуға болмайды.

Әйелдер еңбегін пайдалану заңнамада белгіленген қатаң тыйым салулар және

(немесе) шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады.

Кодекстің 52 бабы 1 тармағының 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған

негіздер бойынша жүктілігі туралы анықтаманы жұмыс берушіге ұсынған жүкті

әйелдермен, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдермен, он төрт жасқа дейінгі

баланы (он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы) тәрбиелеп отырған жалғыз

басты әйелдермен, көрсетілген санаттағы балаларды анасыз тәрбиелейтін басқа

да тұлғалармен Жұмыс берушінің бастамасымен Еңбек шартын бұзуға

болмайды.

Page 10: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

10

4.7. Жұмыс беруші ақша қаражаты болған жағдайда және жалпы табыстан 60%

еңбекті төлеу бойынша нормативтен аспайтын жағдайда колледж қызметкеріне

бір жолғы материалдық көмек төлеуге құқылы:

-жақын туыстарының (жұбайын, әйелін, әкесін, анасын, ұлын, қызын, туған аға-

інілері мен әпке-сіңілерін) жерлеу рәсіміне байланысты 20000 теңге

мөлшерінде;

-қызметкерді стационарда емдеуге (жылына бір рет) - 20000 теңге;

-қызметкердің қайтыс болу жағдайында колледж жерлеу рәсімін ұйымдастыру

бойынша шығындарды өзіне алады.

4.8. Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыстан шығаруға, мүгедекті

оның келісімінсіз, халықты әлеуметтік қорғау саласында өкілетті органның

аймақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша оның денсаулығы кәсіптік

міндеттерді орындауға кедергі болған жағдайда немесе басқа да тұлғалардың

денсаулығы мен еңбек қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайларды қоспағанда,

мүгедектік себебі бойынша басқа жұмысқа ауыстыру жол берілмейді.

Бірінші және екінші топтағы жұмыс істейтін мүгедектерге аптасына отыз алты

сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзықтығы тағайындалады,

күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзықтығы жеті сағаттан аспайды

және ұзақтығы 6 күнтізбелік күн шамасында жыл сайынғы қосымша еңбек ақы

төленетін демалыс беріледі.Мерзімнен тыс жұмысқа тартуға тыйым салынады.

Түнгі уақытта жұмыс істеуге және денсаулық жағдайы бойынша ол үшін

тыйым салынбаған жағдайда мүгедектің келісімен жол беріледі. Демалыс және

мереке күндері жұмыс істеуге, іс-сапарға жіберуге, медициналық көрсеткіштер

бойынша (денсаулық жағдайы) оларға осындай жұмыс тыйым салынбаған

жағдайда Мүгедек - қызметкерлердің жазбаша келісімімен рұқсат етіледі.

Мүгедек-қызметкерлерге төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы

Қызметкерлердің пікірін есепке ала отырып, Жұмыс берушімен бекітілген

демалыстар кестесіне, немесе тараптар келісімі бойынша демалыстар

кестесінен тыс тағайындалады.

Төленетін жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзықтығын есептеу

кезінде, қосымша төленетін жыл сайынға еңбек демалысы, негізгі төленетін

жыл сайынғы еңбек демалысымен қосылады.

Жұмыс беруші Қызметкерлерге денсаулықты сақтау бойынша мәселелерде

әлеуметтік қолдауды, сондай-ақ жұмыс істеушілерді сауықтыруды қамтамасыз

етеді және дене шынықтыру мен спортпен айналысу үшін жағдай жасайды.

5. САЛАУАТТЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖАҒДАЙЫН

ЖАСАУ

5.1. Жұмыс беруші өз іс әрекеттерін ҚР ЕК 179 - 185 баптарын, Осы Шартты

және Тараптардың өзге де келісімдерін басшылыққа ала отырып,

денсаулықты және еңбек қауіпсіздігі жағдайын қамтамасыз етеді.

Page 11: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

11

5.2. Жұмыс беруші қызметкерлерге оның жұмыс орнындағы жағдайына

қойылатын нормативтік талаптарды , сондай-ақ осы жағдайдың нақты жай-

күйі туралы жүйелі түрде хабардар етуге өз міндеттеме алады.

Ақпаратқа өндірістік ортаның талаптары сақталуы, еңбек және демалыс

тәртібі, жеңілдіктер және өтемақылар, жеке қорғану құралы туралы

мәліметтер кіруі тиіс. Көрсетілген ақпарат әрбір қызметкерге оның өтініші

бойынша ұсынылуы тиіс.

5.3. Тараптармен бірлесе еңбекті қорғау талаптарының бұзылғаны үшін

қызметкердің жауапкершілігі қарастырылады.

Қызметкердің және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігін қорғау

саласындағы құқықтары мен міндеттері.

5.4. Қызметкер құқылы:

1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған

жұмыс орнына;

2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес санитарлық -

тұрмыстық үй –жайдың жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы

киіммен, сондай - ақ еңбек, ұжымдық шартпен қамтамасыз етілуге;

3) еңбек бойынша құзіретті мемлекеттік органға және оның аймақтық

бөлімшелеріне жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге;

4) өзінің немесе өз өкілі арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

шарттарының жағдайларын жақсартуға байланысты мәселелерді тексеруде

және қарастыруда қатынасуға;

5) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін жағдай туындаған

кезде, бұл туралы тікелей басшыны немесе жұмыс берушіні жазбаша

хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, еңбек

міндеттерін орындау қауіпсіздігі үшін қажет, білім алуға және кәсіби

дайындыққа;

7) жұмыс берушіден жұмыс орнының сипаттамасы және ұйымның

территориясы, шарттың жағдайы, қауіпсіздік және еңбекті қорғау,

денсаулық және өмір үшін төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды

әсерден (аса зиянды) және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғау

шаралары расталған ақпарат алуға;

8) қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарына ұйым жұмысының сай

келмеуінен уақытша тоқтатылуы кезінде орташа жалақының сақталуына;

9) қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында жұмыс берушінің заңнан тыс

әрекетіне шағымдануға.

5.5. Қызметкер міндетті:

1) ережелер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаудың

талаптары нормасын сақтауға;

2) өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға, кәсіптік сырқат белгілері (улану),

сондай - ақ адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жағдай туралы,

өзінің тікелей жетекшісіне шұғыл түрде хабарлауға;

Page 12: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

12

3) міндетті мерзімді медициналық тексеруден және ауысымалды

медициналық куәландырудан, сондай-ақ өндірістік қажеттілік бойынша басқа

жұмысқа ауысу үшін немесе кәсіптік сырқат белгілері көрінгенде

медициналық куәландырудан өтуге;

4) жұмыс берушінің ұсынған жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын

тағайындалуы бойынша қолдануға және пайдалануға;

5) жұмыс беруші қаржыландырған жағдайда, медициналық мекемелердің

тапсырған емдік және сауықтыру шараларын орындауға;

6) ережелер мен қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқаудың

талаптары нормасын, сондай - ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіп -

қатерсіз жүргізу талабын сақтауға;

5.6. Жұмыс беруші құқылы:

1) жұмыскерлерді жұмыс орнында еңбекте қолайлы жағдайлар жасағаны,

қауіпсіз еңбек жағдайын жасау бойынша өнертабыстық ұсыныс жасағаны

үшін мадақтауға;

2) Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіпте, қауіпсіздік және еңбекті қорғау

бойынша талаптарды бұзған жұмыскерлерді тәртіптік жауапкершілікке

тартуға және жұмыстан босатуға;

5.7. Жұмыс беруші міндетті:

1) қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша оқытуды, нұсқаулық

беруді өткізуге, қызметкерлердің білімін тексеруге;

2) қызметкерлерге қажетті санитариялық-гигиеналық жағдайлар жасауға,

профилактикалық өңдеу құралдарымен, жуғыш заттармен және

зарарсыздандырғыш дәрі-дәрмектер жабдықтауға;

3) жұмыс орнында және технологиялық үдерістерде кез – келген қатерді

болдырмаудың алдын - алу жолымен, өндірістік жабдықты және

технологиялық үдерісті қауіпсізіне айырбастау шараларын қолдануға;

4) нұсқау өткізуге, өндірістік үдерістерді және жұмысты қауіпсіз жүргізу

бойынша құжаттармен қамтамасыз етуге;

5) қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселесі бойынша тексеріс жүргізуге және

еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органның бекіткен ережесіне сәйкес

басшылар мен мамандардың білімін тексеруді ұйымдастыруға;

6) еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік органға және оның аумақтық

бөлімшелеріне, санитарлық - эпидемиологиялық қызмет органының

лауазымдық тұлғаларына, қызметкерлердің өкілдеріне ұйымдардағы

қауіпсіздіктің, талапың жай-күйі және еңбекті қорғау туралы қажетті

ақпаратты ұсынуға;

7) барлық құрылымдық бөлімшелер үшін, алғашқы қажетті медициналық дәрі

қобдишасын толықтыру жолымен қызметкерлерге және оқушыларға дәрі -

дәрмекті тегін ұсынуға;

8) мемлекеттік еңбек инспекторларының ұйғарымдарын орындауға;

9) жазатайым оқиғаның есебі мен сараптамасын және өндіріс орнындағы

кәсіптік сырқатты тіркеуді жүзеге асыру;

Page 13: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

13

10) Қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен, өндірістік объектілерді еңбек

жағдайларының жай-күйі бойынша, сондай – ақ қайта құру, жаңарту, жаңа

техниканы және технологияны орнату, еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік

органның бекіткен ережелеріне сәйкес мерзімдік, бес жылда бір рет

аттестаттаудан өткізу.

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте

өндірісте Жазатайым оқиғаларды тексеріп тергеуді қамтамасыз ету;

12) Қызметкердікерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оны

жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

13) уәкілетті мемлекеттік органның халықтың санитарлық -

эпидемиологиялық аман-саулығы саласы бойынша тиісті аумақтық

бөлімшелеріне қатты улануы туралы хабарлауға;

14) қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге;

15) ақшалай қаражаты бар болған жағдайда өз қаржысы есебінен міндетті,

мерзімдік (еңбек қызметін) медициналық тексерістерді және Қазақстан

Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда, қызметкерлерді

ауысымалды медициналық куәландырудан, сондай-ақ еңбек жағдайлары

өзгертілген басқа жұмысқа ауысу кезінде немесе кәсіптік сырқат белгілері

көрінгенде медициналық куәландырудан өтуді өткізуге;

16) апатқа ұшырау жағдайының және басқа адамдарға зақым келу

факторының алдын алудың кейінге қалдырылмайтын шараларын

қолдануға;

Жұмыс беруші оқуға, қызметкер құрамының еңбекті қорғау бойынша

заманауи технологияларды қолдану арқылы кешенді дайындалуларына және

еңбекті қорғау бойынша құқықтық мәдениетті арттыруға, өндірістік

жарақаттанушылықты және кәсіптік сырқаттануды төмендетуге бағытталған

іс шараларды қаржыландырады.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша іс шараларды қаржыландыру

жұмыс берушінің қаржысының есебінен және Қазақстан Республикасының

заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да көзерден жүзеге асырылады.

Қызметкерлер бұл мақсаттарға шығын шығармайды.

6. КӘСІПТІК ОДАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ҮШІН ЖАҒДАЙ ЖАСАУ

ТУРАЛЫ

Таңдалған кәсіптік органның қызмет жасауы үшін жағдайын қамтамасыз

ету.

Кәсіподақтың кепілдіктері мен құқықтары ҚР Конституциясында,

«Қоғамдық ұйымдар туралы» ҚР заңында, «Кәсіптік одақтар туралы» ҚР

заңында белгіленген.

Жұмыс беруші:

Page 14: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

14

6.1. Кәсіптікодақ органын қызметкерлердің еңбек, экономикалық және

әлеуметтік қарым-қатынастармен байланысты мәселелерде мүдделері мен

құқықтарын қорғаушы және жалғыз өкілі деп біледі.

6.2. Кәсіптік органның ұсыныстарын қарастырады, ұжымдық келіссөздер

жүргізеді және ҚР Еңбек Кодексінде белгіленген тәртіпте ұжымдық

шарттар жасайды.

6.3. Кәсіподақтың, ұйымда қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласы бойынша

қоғамдық бақылауды жүзеге асыру үшін, кәсіподақтың сайлаған еңбекті

қорғау бойынша қоғамдық инспектордың құқығын мойындау.

6.4. Кәсіподақтың ұйымда еңбек заңнамасының сақталуының қоғамдық

бақылауын жүзеге асыру құқығын мойындау.

6.5. Тараптардың келісімі бойынша және кәсіподақтың мүшесі болып

келетін, жұмыскерлердің жазбаша өтініштері бар болса, жұмыс беруші айына

бір рет, келесі айдың он күндігінен кешіктірмей, қызметкерлердің еңбек

ақысынан кәсіптік мүшелік жарналарды кәсіподақтың есеп шотына аударады.

6.6. Кәсіподақ органының мүшелері қоғамдық міндеттерді орындауда өз

мүшелерінің мүдделері үшін кәсіптік оқу кезінде, кәсіподақ шақырған

съездерде (конференцияларда) делегеттар есебінде, сондай-ақ олардың

алқалық жиналысының, төралқаның жұмысына қатысқанда негізгі

жұмыстарынан босатылады. Босату шарты және ақы (төлем) төлеу тәртібі

ұжымдық шартта және келісімде қарастырылады.

7. ҰЖЫМДЫҚ ШАРТҚА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ ТУРАЛЫ

7.1. Ұжымдық шарт өз қызметін мына жағжайларда сақтайды:

- ұйым атауын өзгерткенде, ұйым басшысымен еңбек шартын бұзғанда - ол

жасалған барлық мерзім ішінде,

- ұйымды қайта құру (қосылу, бірігу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) - қайта

құрудың барлық мерзімі ішінде;

- ұйым меншігі түрін ауыстыру;

- ұйымды тарату - ұйымды таратудың барлық мерзім ішінде.

7.2. Ұжымдық шартты өзгертілуі және толықтырылуы тек тараптардың

өзара келісімімен, 156 бабтың 7,8 тармақшаларында белгіленген тәртіпте

жасалады.

Өзгертулер мен толықтырулар бөлек хаттамалармен рәсімделеді және өз

күшіне қол қойған күннен бастап енеді. Еңбек жағдайларын өзгерту туралы

Осы шарттқа өзгертулер мен (немесе) толықтырулар енгізуге алып келетін

ұсыныс, жазбаша түрде баяндалады және басқа тараптың талқылауына,

еңбек жағдайларын өзгерткенге дейін, он бес күнтізбелік күн мерзім ішінде

жіберіледі. Осы Шартқа өзгерту және толықтыру жасау заңнамамен

белгіленген тәртіпте жасалады.

Page 15: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

15

7.3. Ұжымдық шарттың қызметі осы ұйымның барлық қызметкерлеріне, оның

филиалдарына, өкілдігіне және өзге де оқшауландырылған құрылымдық

бөлімшелеріне қатысты. (таралады)

7.4. Тараптар өкілдерінің шарт жасау, өзгерту, ұжымдық шартты толықтыру

бойынша келіссөзге қатысудан жалтаруы немесе ұжымдық шарт жасаудан

негізсіз бас тарту, келіссөзді жүргізу мерзімін бұзу және тиісті комиссияның

жұмысын қамтамасыз етпеу, келіссөздерді жүргізу және ұжымдық шарт

ережесінің сақталуын бақылауды іске асыру

үшін қажетті ақпаратты ұсынбау, оның талаптарын бұзу немесе орындамау

Қазақстан Республикасының заңында белгіленген жауапкершілікке әкеледі

(ұшыратады).

8. БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ ОРЫНДАУДА

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ТУРАЛЫ

8.1. Егер оның ережелерінде басқа қарастырылмаған болса, ұжымдық Шарт

қол қойған сәттен бастап өз күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін

міндетті.

Шарт қызметі Шартты жасағандар Жұмыс беруші мен Қызметкерге

қатысты (таралады).

8.2. Тараптар ұжымдық шарттың қызмет жасау кезінде, жұмыс беруші оның

ережелерін орындаған жағдайда қызметкерлер еңбек және әлеуметтік –

экономикалық сұрақтар бойынша жаңа талаптар қоймайды және жұмыс

берушіге қысым көрсету құралы ретінде пайдаланылмайды деп келісті.

Тараптардың біреуінің ұсынысы бойынша Шартқа Тараптардың өзара

келісімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

8.3. Тараптардың қол қойған Шарты және онда өзгерістер мен толықтырулар

болған жағдайда Жұмыс беруші қол қойылған күннен бастап айлық мерзімде

мониторинг үшін еңбек инспекциясы бойынша жергілікті органға ұсынуға

міндетті.

Осы Шарттың қызмет жасауы кезінде және міндеттері орындалған жағдайда

Өкілдік орган, Шартқа қол қойған Қызметкерлер (Шартқа қосылғандар),

татуластыру (бітімге келу) рәсімі тәртібінде Тараптар арасындағы жанжалды

алдын ала қараусыз және шешусіз ереуіл өткізбейді.

8.4. Шарттың орындалу барысын бақылау Тараптармен, келісімдерде және

шартта бекітілген жағдайларда және тәртіпте заңнамаға сәйкес жүзеге

асырылатын, соның ішінде қоғамдық бақылау тәртібінде жүзеге асырылады.

8.5. Тең құқық негізінде Шарттың орындалуын бақылауды ұйымдастыру үшін

Тараптардың шешімі бойынша Шартты орындау барысы туралы ақпаратты

дайындайтын Тараптар өкілдерінің қажетті өкілеттіліктері берілген комиссия

құрылады. Тараптар жылында бір реттен кем емес, тиісті жылдың ақпан

Page 16: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

16

айының бірінші онкүндігінен кешіктірмей Шарт ережесін орындалу барысын

қарастырады және ол туралы Қызметкерлерге хабардар етеді.

Қызметкерлер Өкілетті органды кәсіподақ комитеті тұлғасында Шарттың

қызметін орындау кезеңінде Тараптардың міндеттерінің орындалуын бақылау

кезінде олардың мүдделерін қорғауға өкіліеттілік берді.

8.6. Тараптар Шартқа және заңнамаға сәйкес, Шартта қарастырылған

міндеттерін орындамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.

Тараптар ұжымдық шарттың мәтіні қол қойылғаннан кейін, жұмыс берушімен

30 күннің ішінде қызметкерлер хабарландырылуы тиіс деп келісті. Бұл үшін

ол тиісті түрде көбейтілуі тиіс.

Ұжымдық шарттың орындалуын бақылауды оған қол қойған, екі тарап

жүзеге асырады.

8.7. Ұжымдық шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен, бас,

салалық, аймақтық, келісімдермен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын

нашарландырмауы тиіс. Бұндай ережелер жарамсыз деп танылады және

қолдануға келмейді.

Жұмыс беруші және өкілетті тұлғалар ұжымдық шарттың орындалмауына

және оның талаптарының бұзылуына Қазақстан Республикасының

заңнамасына сәйкес жауап береді.

9. Жұмыс берушінің актісі

9.1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде ( одан әрі

Еңбек Кодексі), ұжымдық шартта, қарастырылған жағдайда қызметкерлер

өкілдерінің пікірлерін ескеріп немесе келісім бойынша акт шығарады.

Жұмыс беруші актіні шығарар алдында тараптардың шешімі бойынша тең

құқылы негізде қажетті өкілеттіліктер берілген өкілдерден құрастырылған

комиссияға оның жобасын және ол бойынша негіздемені ұсынады.

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес шығарылған жұмыс

берушінің акт жобасын талқылау үшін қызметкерлер өкілдерінің пікірімен

санаса отырып немесе келісімдерімен жүзеге асырылады, сондай-ақ

ұжымдық шарттың орындалуын бақылау үшін бұндай комиссия

құрастырылады.

9.2. Жұмыс берушінің акт жобасы ұсынылған үш күннің ішінде комиссиямен

талқыланады.

Page 17: Ұжымдық шарт Қостанай жоғары экономикалықkekk.kz/kz/wp-content/uploads/2020/02/Koll.-dogov.-novyy...4 - орыс тілінде оқытатын

17

Комиссияның шешімі қызметкерлер өкілдерінің жұмыс берушінің акт

жобасымен келісуі (келіспеуі) көрсетілген хаттамамен рәсімделеді, және оның

ұсыныстары баяндалады.

9.3. Қызметкерлер өкілдерінің пікірлері жұмыс берушінің акт жобасымен

келісілмесе немесе оны жетілдіру бойынша ұсыныс жасалса, жұмыс беруші:

1) қызметкерлер өкілдерінің ұсыныстары ескеріліп, өзгертілген акт жобасын

шығарады;

2) келісілмеген жағдайда қызметкерлер өкілдерімен қосымша кеңестер

жүргізуге немесе олар ұсынған басылымда акт шығаруға құқылы.

9.4. Жұмыс берушінің акт жобасы бойынша келісімге қол жеткізбеген

жағдайда, оны шығару үшін қызметкерлер өкілдерінің келісімі қажет болса,

пайда болған келісе алмаушылық хаттамамен рәсімделеді, одан кейін жұмыс

беруші нормативті акт қабылдауға құқылы.

9.5. Жұмыс берушінің актіні шығару кезінде ұсынысты толық немесе бір

бөлігі ескерілмесе қызметкерлер өкілдері қолданыстағы еңбек заңнамасына

сәйкес ұжымдық еңбек дауы рәсімін бастауға құқылы.

9.6. Жұмыс берушінің шығарған актісінде Қазаұстан Республикасының Еңбек

Кодексінде, ұжымдық шартында қарастырылған қызметкерлердің құқықтары

мен кепілдіктерін бұзатын немесе нашарлататын ережелер болса, онда ол

тиісті мемлекеттік органның еңбек бойынша өкілетті еңбек инспекциясына

немесе сотқа шағымдануына болады.