ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің...

8
(Соңы 3-бетте). Мемлекет мерейі №208 (28147) 10 ҚЫРКҮЙЕК СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ Балыєы тайдай туласа ґзен-кґлдіѕ Соңғы жылдардағы қар суының жетімсіздігі, жазда- ғы қуаңшылық салдарынан өңірдегі өзен-көлдердің көбінің суы тартылып, кейбіреулерінің табаны мүлдем құрғап қалды. Бұл олардағы балықтың да құрып кетуіне соқтыруда. Өнеркəсіптік мақсатты бы- лай қойғанда, əуесқой балық- шылықпен айналысудың өзіне қауіп бұлты төне бастады. Облыста өзен-көлдерді балық- тандырудың қазіргі жай- күйі қандай? Бар балықты сақтауға қаншалықты көңіл бөлінуде? «Егемен Қазақстан» газетінің Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сəуірбай Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы Ақтөбе облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мақсат Разбаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Қазір облыстағы су көздері толық есепке алынды. Облыс əкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы №167 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар су айдындары тізіміне 77 ірі су айдындары енгізілген. Оның ішінде 10 өзен салала- ры, 51 көл, 8 су қоймасы, 8 тоған бар. 2004-2011 жылда- ры 33 су айдындары, оның ішінде 8 өзен салалары, 13 көл, 5 су тоғаны, 6 су қоймасы шаруашылық құрылымдарына он жыл мерзімге жалға жəне бір тоғандар жүйесі «Ардағым» шаруа қожалығына жеке меншікке бекітіліп берілді. Соңғы бес-алты жыл бойы қар жəне жаңбыр суының тапшылығына байланысты өзен-көлдер, су қоймалары мен тоғандар қажетінше суға толмай, балықтың өсіп-өнуіне көп қиындық келтіргені рас. Оны айтасыз, Ырғыз ауданын- да –16, Алға ауданында бір көлдің табаны тартылып, кеуіп қалды. Осы себептерге байла- нысты өткен жылы жеті пайда- ланушы 9 көлден жəне Ырғыз өзені жүйелерінен бас тар- тып, бекітілген су айдындары- нан босатылды. Ауа райының күрделі жағдайына тап болған пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоспарлы жұ- мыстарды жүргізуге мүм- кіндігі жоқ. Көлдердегі су- дың кеуіп кетуіне байланыс- ты ғылыми жұмыстарға, тех- никалық-технологиялық құрал- дармен жабдықтауға жəне балықтандыру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу тоқтап тұр. Сондықтан су көздерін пайдаланушылардың жалпы көрсеткіші төмендеуде. Биыл мамыр айында Ырғыз ауданындағы өзен- көлдерге тексеру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысын- да 15 көлдің толықтай кеуіп қалғаны, ал бірқатарының суы азайғаны анықталды. Өткен жылы облысқа бекітілген балық аулау лимиті 152,8 тон- на болатын, бұл көрсеткіш толығымен орындалды. Облыс бойынша 2013 жылға 120,8 тонна балық аулауға лимит бөлінген. Осының өзінен-ақ, өзен-көлдердегі балықтың жыл өткен сайын азайып бара жатқанын аңғару қиын емес. Солай бола тұрса да, біз ба- лық қорғау жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Облыста өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстары жалғасуда. Ақтөбе облысы. СІЗ не дейсіз? АҚПАРАТТАР аєыны – ел тарихындаєы ерекше оќиєа Еліміздің елулікке енуі біздің тек экономикада қол жеткізген жетістіктерімізбен екшеліп отырған жоқ, мұндай халықаралық үлкен мəртебе Қазақстанның əлеуметтік жəне қоғамдық игі көрсеткіштерімен де сарала- нып отыр. Мəселен, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі-сыртқы сая- си үдерістері мен қоғамды сауат- ты басқара білу, елдің білім мен ғылыми-техникалық əлеуеті жəне ақпараттық инфраструктураның даму деңгейі, сондай-ақ, қоғамның құқықтық мəдениеті мен жал- пы адамзаттық құндылықтың қазақстандық қоғамдағы салиқалы жүйесіне де көп мəн берілуде. Қазақстанның ғаламдық бəсе- келі көрсеткіштер бағанынан өз бағасын алуына, əрине, еліміздің соңғы жиырма жыл бойына атқарған тыңғылықты еңбегі мен болашаққа жасаған нақты бағдарламаларының да жемісі ора- сан зор. Əлемдік бəсекеге қабілетті елдер тізімінде Қазақстанның ал- дында тұрған елдер кілең екпінді дамушы мемлекеттер. Алда, бізді дүние жүзінің ең дамушы отыз елінің қатарына кіру межесі күтіп тұр. Бұл жолда иннова- ция мен бизнесті, сонымен қатар технологиялық ілгерілеуді арттыра түсіп, мемлекеттік институттардың қызметін, оның ішінде зияткерлік меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са- лаларда да көп жетістіктерге қол жеткізуіміз қажет. Əлемдік бəсекеге қабілеттілік – ең əуелі өз мемлекетіміздің азаматтарының сапалы өмір сүріп отырғандығының сырт көз бер- ген сындарлы бағасы. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көптеген істер атқарылды, əлі де атқарыла бермек. АЛМАТЫ. Сапар КОЛДЫБАЕВ, философия ғылымдарының докторы, профессор. Кездейсоқ ешнəрсе болмай- ды. Табиғатта да, қоғамда да болған оқиғаның алғышарты, заңдылығы болады. Міне, Қазақстан дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарынан көрініп отыр. Мен мұны біздің дамуымыздың заңды нəтижесі, біздің шыққан құтты биігіміз деп білемін. Соңғы жылдары əлемдегі беделді халықаралық ұйымдар мен аузы дуалы саясаткерлер еліміздің жетістіктеріне лайықты бағасын бере бастаған. Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші елге айналғанын да сырт көз бірінші айтқан еді. Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне қарағанда біздің республикадағы экономикалық жəне əлеуметтік даму қарқыны оқ бойы алда келе жатқаны ай- дай əлемге анық. Бұл өзімізге де белгілі. Халықтың əлеуметтік тұрмыс жағдайы көтерілген. Жылдан жылға жұмыссыздар қатары азайып келеді, біздің отан- дастарымыз күнкөріс үшін үйін тастап, өзге елге жұмыс іздеп тентіреп кетпейді. Гастарбайтер деген түсінік қазақстандықтар үшін жат ұғым. Сонау 90-шы жылдардың аяғынан бастап біздегі жалпы ішкі өнім жыл сайын 5-7 пайызға өсіп отырды. Осы қарқын кері кеткен жоқ, алға дамып келеді. Дамудың тағы бір жəне негізгі көрсеткіші əлеуметтік саланың реформалануы дер едім. Мысалы, денсаулық сақтау, білім беру жəне зейнетақы жүйесін реформа- лау жөнінен Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған елдердің, оның ішінде Ресейді қосқанда, барлығынан озып кет- ті. Соңғы жылдары үдемелі ин- дустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыра бас- тадық. Экономиканы жаңа техноло- гиялар, үздік жобалар арқылы дамы- ту мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан табиғи қазба байлықтарға бай болса да, шикізатқа тəуелділіктен арылуға талпыныс жа- сай бастады. Экономиканың негізін мұнай мен газ құрайды. Алдағы уақыттарда өндіріске енгізетін жаңа технологиялар жəне «жасыл эко- номика» табиғи байлықты барын- ша сақтауды қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Болашақтағы дамудың өлшемі де осы болар. Біздің экономикалық дамуымыз – елдегі ішкі əлеуметтік жəне сая- си жағдай тұрақтылығының кепілі. Сонымен қатар, қазақтармен тату- тəтті тұрып жатқан түрлі ұлттар өкілінен тұратын елдің бірлігі – өсіп-өркендеу кілті екені анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы, дана саясаты осы жетістіктердің барлығының ба- сында тұр. Бұл – заңдылық! ҚОСТАНАЙ. Мансұр КАНТУРЕЕВ, экономика ғылымдарының докторы. Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Бүкілəлемдік эконо- микалық форумда Қазақстан 148 елдің арасында елуінші орын- ды иеленгені ресми түрде жа- рияланды. Бұл қуанарлық жайт. Қуана құптарлығымыз сол – халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер қалып- тастыратын əлемдік бағалау көрсеткіші нəтижесі мен кейбір сəуегейлердің кертартпа сөздері- нің арасы жер мен көктей. Сон- дықтан осынау қуанышты эконо- мистер жан-жақтылы талқылап, мерзімдік басылымдар арқылы елге егжей-тегжейлі түсіндірулері Отан алдындағы перзенттік па- рызы. Ондағы мақсат қарапайым халық уақыт талабына ілесіп, ешнəрседен қаймықпай алға басу- ына мұрындық болу керек. Сонда еліміз өркениетке ұмтылған үстіне ұмтылып, Елбасының сарабдал саясатымен алға басары хақ. Есте ұстайтын мəселе қай сала- да болмасын шикізат шығарумен шектелмей əр ұжым өзі өндірген өнімін өзі өңдеп сатуға ұмтылуы, соған билік тарапынан қолдау көрсетіліп, жарқын жол ашылуы керек. Отандық оқымыстылар тарапынан электр қуатының ба- лама көздерін ашу қалыптасып келеді. Ауыл шаруашылығы сала- сы бойынша өнімдерді экспортқа шығару дұрыс жолға қойылса құба-құп. Сонда қолы қысқа фер- мерлерге көп мүмкіндіктер туа- тыны анық. ТАЛДЫҚОРҒАН. Халыќаралыќ аренадаєы сындарлы баєа Лəйлə МҰЗАПАРОВА, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары. Бўл – заѕдылыќ! Ел ырысын арттырады Жаћандыќ форумныѕ жай- жапсары неде? Кеше Президент жанын- дағы Орталық коммуни- кациялар қызметінде бүгін басталатын «Дамушы на- рықтардың екінші Еуразия- лық форумына» қатысты брифинг болып өтті. Оны əдеттегідей аталған қыз- меттің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев жүргізді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан». Брифингтің бірінші бөлімінде А.Əбибуллаев елімізде жəне шет- елдерде болатын маңызды ша- ралар туралы айтты. Қазақстан өңірлік ынтымақтастық пен қауіпсіздікті Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясын- да нығайтуға зор мəн береді. Біздің елімізге Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясын- да екі елдің көшбасшылары бұл мəселелерді кеңінен талқылағанына тоқталды. Осы айдың 13-де ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемле- кеттер басшылары кеңесінің 13-ші отырысына қатысады. Басқосуда Ұйым дамуының болашағы, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланады, деді А.Əбибуллаев. Сондай-ақ, елімізге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен кел- мек. Оны Мемлекет басшы- сы Нұрсұлтан Назарбаев қабылдайды. Сондай-ақ, Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров арасында өтетін келіссөзде сая- си, сауда-экономикалық, мəдени- гуманитарлық салалардағы жəне халықаралық деңгейдегі түйткілді мəселелер сөз болады. Бюрода, сондай-ақ, Қазақ- стан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Одан басқа, палатаның биылғы 12 қыркүйекте бола- тын отырысының күн тəртібіне ұсыныстар қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Əмірліктерінің Үкіметі арасындағы Табысқа салы- натын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды бол- дырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу тура- лы конвенцияны жəне оған Хаттаманы ратификациялау ту- ралы заң жобасы талқыланатын болды. Бұдан былай Сенат оты- рыстарын он-лайн режімде трансляциялау көзделуде. Ал келешекте палата тұрақты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарын да көрсету қолға алынады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Көлік жəне коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Марат Тəжин министрге əуежайлар мен əуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мəселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды. Кїн тəртібі белгіленді Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро оты- рысы болды. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясын босатуға жəне сайлауға ұсынуы туралы мəселені талқылау Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді. Аќпараттыќ стандарттарєа ерекше назар Қазақстанда қазірге дейін астықтың 18,4 пайызы жиналып алынды. Бұл 2 898,8 мың га алқапты құрайды. Ал биыл жалпы 21,4 млн. га жерге астық алқабы орналасты. Оңтүстік Қазақстанда V инвестиция- лық жобалар көрмесі өтіп, 30-ға жуық жұмыс таныстырылды. Шараның өтуіне мұрындық болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов қазіргі таңда аймақта үдемелі индустриялы даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген кəсіпкерлер саны 101-ге жеткенін айтты. Өскемендегі театр маусымы жазушы- драматург Оралхан Бөкейді еске түсіруден басталды. «Маусымның тап осы мерейтойдан басталуының өзінде үлкен нышан бар», деді кеш соңында жазушы шығармашылығын зерттеп жүрген жергілікті ақын Мұрат Тастағанов. Алматыда «Балауса» балалар орталығы ашылды. «Бұл жерде тəжірибелі педагогтар балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді», – деді жастар саясаты мəселесі бойынша басқарма басшысы Санжар Боқаев орталықтың ашылу салтанатында. Қызылорда қаласына қарасты Иіркөл ауылының ауыз су проблемасы өз шешімін тапты. Кеше осында болған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев мұнымен қатар, елді мекен тұрғындарының жолға, медициналық қызметке жəне бастауыш мектепке қатысты өтініш- тілектерін де орындаудың орайын келтірді. Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшқыш отбасына Астанадан пəтер берілді. Авиация апатынан қаза тапқан полковник Марат Едігеевтің отбасына кеше елордадағы үш бөлмелі пəтердің кілті табыс етілді. Каспий теңізі айдынындағы ыққан катамаран жағаға шығарылды. Осы арқылы жел айдаған су көлігінде болған 1991, 1994 жəне 1997 жылдарғы төрт ер бала құтқарылды. Қостанай қалалық сотының судьялары- на қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды. Атап айтқанда, қалалық сот төрағасы С. Мұхта- ров пен судья С.Қашқынбаевқа тұрғындардан пара алды деген айып тағылып отыр. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды. Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Алматы қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекеттер басшылары бірқатар нысандарды аралап, қала архи- тектурасымен танысты. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ. Алматыны аралады 4-бет 5-бет 2-бет Бїгінгі нґмірде: Алуан-алуан аѕ-ќўс бар ґр Алтайда Ќазаќ туралы жыр Рухы биік ел ЕЛУЛІККЕ ЕНУ Əлем жəне Қазақстан

Upload: others

Post on 11-Jan-2020

37 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

(Соңы 3-бетте).

Мемлекет мерейі

№208 (28147)10 ҚЫРКҮЙЕК

СЕЙСЕНБІ2013 ЖЫЛ

Балыєы тайдай туласа ґзен-кґлдіѕ

Соңғы жылдардағы қар суының жетімсіздігі, жаз да-ғы қуаңшылық салдарынан өңірдегі өзен-көлдердің көбінің суы тартылып, кейбіреулерінің табаны мүлдем құрғап қалды. Бұл олардағы балықтың да құрып кетуіне соқтыруда. Өнеркəсіптік мақсатты бы-лай қойғанда, əуесқой балық-шы лықпен айналысудың өзіне қауіп бұлты төне бастады. Облыста өзен-көлдерді балық-тан дырудың қазіргі жай-күйі қандай? Бар балықты сақтауға қаншалықты көңіл бөлінуде? «Егемен Қазақстан» газетінің

Ақтөбе облысындағы тілшісі Сатыбалды Сəуірбай Тобыл-Торғай облысаралық

бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы

Ақтөбе облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің басшысы Мақсат Разбаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз?– Қазір облыстағы су көздері

толық есепке алынды. Облыс əкімдігінің 2008 жылғы 12 мамырдағы №167 қаулысымен бекітілген жергілікті маңызы бар су айдындары тізіміне 77 ірі су айдындары енгізілген. Оның ішінде 10 өзен салала-ры, 51 көл, 8 су қоймасы, 8 тоған бар. 2004-2011 жылда-ры 33 су айдындары, оның ішінде 8 өзен салалары, 13 көл, 5 су тоғаны, 6 су қоймасы шаруашылық құрылымдарына он жыл мерзімге жалға жəне бір тоғандар жүйесі «Ардағым» шаруа қожалығына жеке меншікке бекітіліп берілді.

Соңғы бес-алты жыл бойы қар жəне жаңбыр суының тапшылығына байланысты өзен-көлдер, су қоймалары мен тоғандар қажетінше суға толмай, балықтың өсіп-өнуіне көп қиындық келтіргені рас. Оны айтасыз, Ырғыз ауданын-да –16, Алға ауданында бір көлдің табаны тартылып, кеуіп қалды. Осы себептерге байла-нысты өткен жылы жеті пайда-ланушы 9 көлден жəне Ырғыз өзені жүйелерінен бас тар-тып, бекітілген су айдындары-нан босатылды. Ауа райының күрделі жағдайына тап болған пайдаланушылардың балық шаруашылығын дамытуға бағытталған жоспарлы жұ-мыстарды жүргізуге мүм-кін дігі жоқ. Көлдердегі су-дың кеуіп кетуіне байланыс-ты ғылыми жұмыстарға, тех-никалық-технологиялық құрал-дармен жабдықтауға жəне ба лықтандыру жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу тоқтап тұр. Сондықтан су көздерін пайдаланушылардың жалпы көрсеткіші төмендеуде.

Б и ы л м а м ы р а й ы н д а Ырғыз ауданындағы өзен-көлдерге тексеру жұмыстары жүргізілді.Тексеру барысын-да 15 көлдің толықтай кеуіп қалғаны, ал бірқатарының суы азайғаны анықталды. Өткен жылы облысқа бекітілген балық аулау лимиті 152,8 тон-на болатын, бұл көрсеткіш толығымен орындалды. Облыс бойынша 2013 жылға 120,8 тонна балық аулауға лимит бөлінген. Осының өзінен-ақ, өзен-көлдердегі балықтың жыл өткен сайын азайып бара жатқанын аңғару қиын емес.

Солай бола тұрса да, біз ба-лық қорғау жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Облыста өзен-көлдерді балықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Ақтөбе облысы.

СІЗне дейсіз?

АҚПАРАТТАРаєыны

– ел тарихындаєы ерекше оќиєаЕліміздің елулікке енуі біздің

тек экономикада қол жеткізген жетістіктерімізбен екшеліп отырған жоқ, мұндай халықаралық үлкен мəртебе Қазақстанның əлеуметтік жəне қоғамдық игі

көрсеткіштерімен де сарала-нып отыр. Мəселен, мемлекеттің жүргізіп отырған ішкі-сыртқы сая-си үдерістері мен қоғамды сауат-ты басқара білу, елдің білім мен ғылыми-техникалық əлеуеті жəне ақпараттық инфраструктураның даму деңгейі, сондай-ақ, қоғамның құқықтық мəдениеті мен жал-пы адамзаттық құндылықтың қазақстандық қоғамдағы салиқалы жүйесіне де көп мəн берілуде.

Қазақстанның ғаламдық бəсе-келі көрсеткіштер бағанынан өз бағасын алуына, əрине, еліміздің

соңғы жиырма жыл бойына атқарған тыңғылықты еңбегі мен болашаққа жасаған нақты бағдарламаларының да жемісі ора-сан зор. Əлемдік бəсекеге қабілетті елдер тізімінде Қазақстанның ал-

дында тұрған елдер кілең екпінді дамушы мемлекеттер. Алда, бізді дүние жүзінің ең дамушы отыз елінің қатарына кіру межесі күтіп тұр. Бұл жолда иннова-ция мен бизнесті, сонымен қатар технологиялық ілгерілеуді арттыра түсіп, мемлекеттік институттардың қызметін, оның ішінде зияткерлік меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-лаларда да көп жетістіктерге қол жеткізуіміз қажет.

Əлемдік бəсекеге қабілеттілік – ең əуелі өз мемлекетіміздің азаматтарының сапалы өмір сүріп отырғандығының сырт көз бер-ген сындарлы бағасы. Бұл жолда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көптеген істер атқарылды, əлі де атқарыла бермек.

АЛМАТЫ.

Сапар КОЛДЫБАЕВ,философия ғылымдарының докторы, профессор.

Кездейсоқ ешнəрсе болмай-ды. Табиғатта да, қоғамда да болған оқиғаның алғышарты, з а ң д ы л ы ғ ы б о л а д ы . М і н е , Қазақстан дүниежүзіндегі дамыған елу елдің қатарынан көрініп отыр. Мен мұны біздің дамуымыздың заңды нəтижесі, біздің шыққан құтты биігіміз деп білемін.

Соңғы жылдары əлемдегі беделді халықаралық ұйымдар мен аузы дуалы саясаткерлер еліміздің жетістіктеріне лайықты бағасын бере бастаған. Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші елге айналғанын да сырт көз бірінші айтқан еді. Тəжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттеріне қарағанда біздің республикадағы экономикалық жəне əлеуметтік даму қарқыны оқ бойы алда келе жатқаны ай-дай əлемге анық. Бұл өзімізге де белгілі. Халықтың əлеуметтік тұрмыс жағдайы көтерілген. Жылдан жылға жұмыссыздар қатары азайып келеді, біздің отан-дастарымыз күнкөріс үшін үйін тастап, өзге елге жұмыс іздеп тентіреп кетпейді. Гастарбайтер деген түсінік қазақстандықтар үшін жат ұғым. Сонау 90-шы жылдардың аяғынан бастап біздегі жалпы ішкі өнім жыл сайын 5-7 пайызға өсіп отырды. Осы қарқын кері кеткен жоқ, алға дамып келеді.

Дамудың тағы бір жəне негізгі көрсеткіші əлеуметтік саланың рефор малануы дер едім. Мысалы, ден саулық сақтау, білім беру жəне зейнетақы жүйесін реформа-лау жөнінен Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған ел дердің, оның ішінде Ресейді қос қанда, барлығынан озып кет-ті. Соңғы жылдары үдемелі ин-дус триялық-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыра бас-та дық. Экономиканы жаңа техноло-гиялар, үздік жобалар арқылы дамы-ту мақсаты қойылып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан табиғи қазба байлықтарға бай болса да, шикізатқа тəуелділіктен арылуға талпыныс жа-сай бастады. Экономиканың негізін мұнай мен газ құрайды. Алдағы уақыттарда өндіріске енгізетін жаңа технологиялар жəне «жасыл эко-номика» табиғи байлықты барын-ша сақтауды қамтамасыз етеді деп ойлаймын. Болашақтағы дамудың өлшемі де осы болар.

Біздің экономикалық дамуы мыз – елдегі ішкі əлеуметтік жəне сая-си жағдай тұрақтылығының кепілі. Сонымен қатар, қазақтармен та ту-тəтті тұрып жатқан түрлі ұлттар өкілінен тұратын елдің бірлігі – өсіп-өркендеу кілті екені анық. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы, дана саясаты осы жетістіктердің барлығының ба-сында тұр. Бұл – заңдылық!

ҚОСТАНАЙ.

Мансұр КАНТУРЕЕВ,экономика ғылымдарының докторы.

Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Бүкілəлемдік эконо-ми калық форумда Қазақстан 148 елдің арасында елуінші орын-ды иеленгені ресми түрде жа-рияланды. Бұл қуанарлық жайт. Қуана құптарлығымыз сол – халықаралық ұйымдар мен рей тингтік агенттіктер қалып-тастыратын əлемдік бағалау көр сеткіші нəтижесі мен кейбір сəуегейлердің кертартпа сөздері-нің арасы жер мен көктей. Сон-дықтан осынау қуанышты эконо-мистер жан-жақтылы талқылап, мерзімдік басылымдар арқылы елге егжей-тегжейлі түсіндірулері Отан алдындағы перзенттік па-рызы. Ондағы мақсат қарапайым

халық уақыт талабына ілесіп, ешнəрседен қаймықпай алға басу-ына мұрындық болу керек. Сонда еліміз өркениетке ұмтылған үстіне ұмтылып, Елбасының сарабдал сая сатымен алға басары хақ.

Есте ұстайтын мəселе қай сала-да болмасын шикізат шығарумен шектелмей əр ұжым өзі өндірген өнімін өзі өңдеп сатуға ұмтылуы, соған билік тарапынан қолдау көрсетіліп, жарқын жол ашылуы керек. Отандық оқымыстылар тарапынан электр қуатының ба-лама көздерін ашу қалыптасып келеді. Ауыл шаруашылығы сала-сы бойынша өнімдерді экспортқа шығару дұрыс жолға қойылса құба-құп. Сонда қолы қысқа фер-мерлерге көп мүмкіндіктер туа-тыны анық.

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Халыќаралыќ аренадаєы сындарлы баєа

Лəйлə МҰЗАПАРОВА,Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары.

Бўл – заѕдылыќ!

Ел ырысын арттырады

Жаћандыќ форумныѕ жай-жапсары неде?

Кеше Президент жа нын-дағы Орталық комму ни-ка циялар қызметінде бүгін басталатын «Дамушы на-рықтардың екінші Еуразия-лық форумына» қатысты брифинг болып өтті. Оны əдеттегідей аталған қыз-меттің ресми өкілі Алтай Əбибуллаев жүргізді.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан».

Брифингтің бірінші бөлімінде А.Əбибуллаев елімізде жəне шет-елдерде болатын маңызды ша-ралар туралы айтты. Қазақстан ө ң і р л і к ы н т ы м а қ т а с т ы қ пен қау іпс і зд ікт і Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясын-да нығайтуға зор мəн береді. Біздің елімізге Си Цзиньпиннің мемлекеттік сапары аясын-да екі елдің көшбасшылары б ұ л м ə с е л е л е р д і к е ң і н е н талқылағанына тоқталды. Осы айдың 13-де ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бішкекте өтетін ШЫҰ-ға мүше мемле-кеттер басшылары кеңесінің 13-ші отырысына қатысады. Басқосуда Ұйым дамуының болашағы, мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі іс-шаралар талқыланады, деді А.Əбибуллаев.

Сондай-ақ, елімізге Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен кел-мек. Оны Мемлекет басшы-с ы Н ұ р с ұ л т а н Н а з а р б а е в қ а б ы л д а й д ы . С о н д а й - а қ , Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Сергей Лавров арасында өтетін келіссөзде сая-си, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы жəне халықаралық деңгейдегі түйткілді мəселелер сөз болады.

Бюрода, сондай-ақ, Қазақ-стан Республикасы Парламенті Сенатының 2013 жылға арналған Негізгі шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Одан басқа, палатаның биылғы 12 қыркүйекте бола-тын отырысының күн тəртібіне ұсыныстар қаралды. Отырыста Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб

Ə м і р л і к т е р і н і ң Ү к і м е т і арасындағы Табысқа салы-натын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды бол-дырмау жəне салық салудан жалтаруға жол бермеу тура-лы конвенцияны жəне оған Хаттаманы ратификациялау ту-ралы заң жобасы талқыланатын болды.

Бұдан былай Сенат оты-рыстарын он-лайн режімде трансляциялау көзделуде. Ал келешекте палата тұрақты комитеттерінің кеңейтілген отырыстарын да көрсету қолға алынады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжин Көлік жəне коммуникациялар министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында А.Жұмағалиев азаматтық

авиация саласында ұсынылатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Марат Тəжин министрге əуежайлар мен əуе компанияларында жолаушыларға қызмет көрсетудің ақпараттық стандарттарын сақтау мəселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Кїн тəртібі белгілендіКеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының бюро оты-рысы болды. Онда Қазақстан Республикасы Президентінің Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық сотының судьясын босатуға жəне сайлауға ұсынуы туралы мəселені талқылау Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетіне берілді.

Аќпараттыќ стандарттарєа ерекше назар

Қазақстанда қазірге дейін астықтың 18,4 пайызы жиналып алынды. Бұл 2 898,8 мың га алқапты құрайды. Ал биыл жалпы 21,4 млн. га жерге астық алқабы орналасты. Оңтүстік Қазақстанда V инвести ция-

лық жобалар көрмесі өтіп, 30-ға жуық жұмыс таныстырылды. Шараның өтуі не мұрындық болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов қазіргі таңда аймақта үдемелі индустриялы даму мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген кəсіпкерлер саны 101-ге жеткенін айтты. Өскемендегі театр маусымы жазушы-

драматург Оралхан Бөкейді еске түсіруден басталды. «Маусымның тап осы мерейтойдан басталуының өзінде үлкен нышан бар», деді кеш соңында жазушы шығармашылығын зерттеп жүрген жергілікті ақын Мұрат Тастағанов. Алматыда «Балауса» балалар орталығы

ашылды. «Бұл жерде тəжірибелі педагогтар балалардың өз дарындары мен шығармашылық қырларын ашуға көмек береді», – деді жастар саясаты мəселесі бойынша басқарма басшысы Санжар Боқаев орталықтың ашылу салтанатында.

Қызылорда қаласына қарасты Иіркөл ауылының ауыз су проблемасы өз шешімін тапты. Кеше осында болған қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев мұнымен қатар, елді мекен тұрғындарының жолға, медициналық қызметке жəне бастауыш мектепке қатысты өтініш-тілектерін де орындаудың орайын келтірді. Қарағандыда апатқа ұшыраған ұшқыш

отбасына Астанадан пəтер берілді. Авиация апатынан қаза тапқан полковник Марат Едігеевтің отбасына кеше елордадағы үш бөлмелі пəтердің кілті табыс етілді. Каспий теңізі айдынындағы ыққан

катамаран жағаға шығарылды. Осы арқылы жел айдаған су көлігінде болған 1991, 1994 жəне 1997 жылдарғы төрт ер бала құтқарылды. Қостанай қалалық сотының судьялары-

на қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды. Атап айтқанда, қалалық сот төрағасы С. Мұх та-ров пен судья С.Қашқынбаевқа тұр ғындардан пара алды деген айып тағылып отыр.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews,

EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

Бұрнағы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге Алматы қаласына келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Мемлекеттер басшылары бірқатар нысандарды аралап, қала архи-тектурасымен танысты.-----------------------------------------

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Алматыны аралады

4-бет

5-бет

2-бет

Бїгінгі нґмірде:

Алуан-алуан аѕ-ќўс бар ґр Алтайда

Ќазаќ туралы жыр

Рухы биік ел

ЕЛУЛІККЕ ЕНУ Əлем жəне Қазақстан

Page 2: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жылwww.egemen.kz2 Туыстық туы Дəуір дауысы

– Жангелді , Мемлекет бас шысының биылғы Жол-дауынан патриотизм жөнінде қандай тұжырым таратуға бо-лады?

– Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында патриотизм, отансүйгіштік хақында жақсы айтты. Мемлекетіміз көп этнос-ты жəне көп конфессиялы. Сон-дықтан қазақстандықтардың мақсаты қарапайым əрі ұғынық-ты. Біз қоғамдық келісімді сақ тауға жəне оны нығайтуға тиіспіз. Бұл түсіне білген жанға мемлекетіміздің қоғам ретінде, ұлт ретінде өмір сүруінің айны-мас шарты іспетті. Демек, ортақ үйіміз болып табылатын кең байтақ Отанымызда тұратын өзге ұлт пен ұлыс өкілдерімен тіл та-бысып, тату-тəтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру барша қазақтың қағидасы болуы шарт. Береке бар жерге бақ тұрақтайды. Өз халқын сүйетін адам, өз жұр-тына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды.

Қазақстан – біздің қасиет-ті мекеніміз. Демек, басты жауапкершілік біздерге, қазақ тар-ға артылатынын Елбасымыз орын-ды меңзеп отыр. Өйткені, елдің де, жердің де иесі – өзіміз. Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі өз Отанында өмір сүргенді артық көретіндей болуы тиіс. Біз өскелең ұрпақты осын-дай өміршең қағидаттар негізінде тəрбиелеуіміз керек. Болашаққа сенім болмаса, толыққанды мем-лекет құруға болмайды.

Жолдауда айтылғанындай, мұны қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы алғышарттар деп түсінгеніміз лəзім. Бар лық этностар азаматтары құқық-тарының теңдігі, қазақ тілі жəне тілдердің үштұғырлылығы, мəдениет, дəстүр жəне даралық, ұлттық интелигенцияның рөлі, ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін мəселелері жан-жақты пы-сықталып, негізді дəйектелген па-триотизм ұлттық идеологиямыз-дың уығына айналуы қажет. Сайып келгенде, Қазақстан пат-риотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқылы жəне олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі деген ұғым. Жас ұрпақты патриоттық рухта тəрбилеу мақсатында Қазақстан Президенті ауқымды шараларды жүзеге асыру үстінде. Демек, осы игі мақсат жолында өз үлесімізді қосуды азаматтық парызымыз деп санаймыз.

– Оңтүстік Қазақстан облы-сында ауған соғысы ардагер-лерінің төрағасы болып 7 жыл-дай істедіңіз. Шымкент қала-лық əкімдігінің жиналыста-рында, мəслихаттың сессияла-рында қарулас достарыңыздың аты нан сөз сөйлеп, мұң-мұқ та-жын жеткізетін едіңіз. Кейін Ш ы м к е н т қ а л а л ы қ м ə с -лихатына депутат болып сай-ланып, мəслихат хатшысы, одан соң қала əкімінің кеңес-шісі, кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімі н ің

бас тығы қызметтерін атқар-дыңыз. Жалпы, өз іңізд ің өмір жолыңыз туралы айтып өтсеңіз?

– Келесі жылы кеңес əскер-лерінің Ауғанстан жерінен шы-ғарылғанына 25 жыл толады. Жеңімпазы жоқ соғысқа 22 мыңдай қазақстандық қаты сып, мыңға жуық боздақтан айы-рылдық. Жар құшып, бала сүйіп үлгермеген тағы мыңнан астам жігіт елге мүгедек болып орал-ды. Республика бойынша ауған соғысының қанды қасабынан аман-есен оралған, жаны жа-ралы 18 мыңнан астам ардагер ортамызда жүр. Бүгінгі таңда ардагерлеріміздің əлеуметтік жағдайы ойдағыдай емес . Мəр тебелері əлі күнге дейін анықталған жоқ. Сұрапыл соғыс 10 жылға созылса да қантөгістің себебін, қазақ жігіттерінің ерлігін бүгінгі жас ұрпақ біле бермейді. Біз ауған соғысы ардагерлеріне, ұлдары қаза тапқан ата-аналары-на, олардың отбасына құрметпен қарап, қамқорлық танытудамыз.

Оңтүстік Қазақстан облысы-ның Түрк істан қаласында көпбалалы отбасында дүниеге кел ген мін. Əке-шешем үш ұл, бес қыз тəрбиелеген. Ресейдің Екатеринбург қаласындағы Урал заң институтын, Алматы эконо-мика жəне статистика академия-сын бітірдім. Мамандығым – заңгер-экономист. Еңбек жо-лым қарапайым күзетшіден бас-талды. Ресейде күзет мекеме-сінің басшысына дейін көтеріл-дім. 1999 жылдан 2002 жылға дейін Шымкенттегі кеден бас-қармасында бөлім басшысы бо-лып қызмет атқардым. ОҚО Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы болып істеп жүргенде, қаруластарыма, мүгедек жəне қаза тапқан жауынгерлердің ата-анала-рына, зайыптарына материалдық, моральдық көмектер көрсеттік. 2005 жылы 70-тен астам ардагер-ге біздің жəрдемізбен Шымкент қаласында жер телімі берілді. Сол жылы «Достық» шағын ау-данында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгердің əкесі мен жесір қалған жұбайына біздің ықпалымызбен баспана салын-ды. 2009 жылы демеуші арқылы 3 бөлмелі пəтерді бұрынғы ин-тернационалист жауынгер-ге сатып əпердік. 2010 жылы де путаттарға сұраныс жасап, ауған соғысы ардагерлеріне кеңсе сатып алынды. Халық қалаулысы болған кезімде, ауған соғысы ардагерлеріне ай

сайын қалалық бюджеттен көмек ретінде əрқайсысына 1700 тең-геден (Шымкентте 750 арда-гер бар еді) қаржы бөлдірдік. Олар дың қоғамдық көлікте тегін жүруіне ықпал еттік. Мереке сай-ын ардагерлерге сыйлықтар табыс етілетін.

– Абай атындағы саябақтың ашық аспан астындағы мұра-жайы Шымқаланың көрікті жерлерінің біріне айналды. Оны ұйымдастыруға Жангелді Махашовтың да еңбегі сіңді де-ген əңгімені құлағымыз шалып қалған еді.

– Оныңыз рас енді... Бұл мұ ра-жай 2006 жылы сол кездегі облыс əкімі Болат Жылқышиевтің қол-дауымен салынған. Əскери техни-камен кітап, кино арқы лы танысқан бір бөлек те, жас тардың оларды өз көзімен көріп, ұстағандары басқаша əсер қалдырады. Өскелең ұрпақ арасында əскери өмірге қызығып, осы салада қызмет етуге құмарту шылардың қарасы көбейе түспе сіне кім кепіл? Отансүйгіш жас тарды тəрбиелеудің бір парасы осы шығар, бəлкім. Ел басына күн туғанда, Отанын қорғауға дайын тұратын ұлтжанды азаматтардың қатары бұдан былай көбейеді деген сенімдемін.

Мұның өзі сəті түскен оң-тайлы іс болды. Үкіметтің қау-лысынан кейін техникаларды еліміздің түкпір-түкпірінен жинай бастадық. Мəселен, бір ай жүріп Семей қаласынан танкіні, Теміртаудан БТР-70, Отардан БРДМ-ді, Шамалғаннан үш зеңбіректі алып келдік. Мұражайдың жер телімі, кұрылыс мəселелерін өзім жергілікті əкімдікпен бірге тікелей шешуге атсалысқан едім.

– Қазіргі таңда республика-лық «Ауғанстан ардагерлері» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ) төрағасының бірінші орынба-сары екеніңізді, «Ер Батыр» патриоттық қоғамдық қо рын басқаратыныңызды біле міз. Аталмыш қор қандай мақ-сатта құрылды? Бақытжан Ертаевпен қалай таныстыңыз?

– 2005 жылы республикалық Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығы құрылды да, оның төрағасы болып, гене-рал-лейтенант Бақытжан Ертаев бірауыздан сайланды. Атағына сырттай қанық ағамен сол кезде Алматыда таныстым.

Парламент Мəжілісінің де-путаты, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың бастамасы-мен осы жылдың мамыр айында «Ер Батыр» патриоттық қоры құрылып, «Батыр» журналы шыға бастады. Қордың жəне журналдың мақсаты – жастарды патриоттық тəрбиеге баулу, ауған соғысының ардагерлеріне, мүгедектеріне жəне соғыста қаза тапқан жауын герлердің отбасыларына, Қарулы Күштер ардагерлеріне моральдық, материалдық, психо-логиялық көмек көрсету, соғыс ардагерлерінің ерлігін жастар арасында насихаттау. Əскери-спорттық ойындар өткізу, оларға қолдау көрсету.

– Ауғанстандағы ұрыс

қи мыл дарына қатысқан бұрын-ғы кеңес жауынгерісіз. Кеуде-ңізде екі орден мен бірнеше жауынгерлік медальдар жар-қырайды. Соғыс жылдарынан есіңізде қалған естеліктердің бірін айтып өтсеңіз?

– 1987 жылы сəуір айында əскери қызметке шақырылып, 3 ай Ташкентте, сосын 3 ай Шыршық қаласында арнайы дайындықтан кейін Ауғанстанның Пули-Хумри елді мекенінде орналасқан 395-ші мотоатқыш полкінің барлау взводында взвод командирінің орынбасары болып қызмет еттім. Желтоқсан айында 40-армияның «Магистраль» атты операция-сына қатысқанмын. Дұшмандар Гардез-Хост атты жолына тос-қауыл қойған, сол себептен ко-лонна өте алмады. Бұл ұрыс-қимыл Пəкстан шекарасынан 10 шақырымдай жерде болды. Біздің батальонның тауға шығатын орны 3 000 метрден де жоғары биіктікте еді. Əрқайсымыздың арқамызда салмағы 60 килодан асатын қапшық. Онда қару-жарақ, оқ-дəрі, граната, құрғақ тамақ, киім, т.б, керекті заттар бар.

Тауда жүрген екінші күні біздің взвод 500-600 метр қашықтан 30 шақты дұшманды байқап қалды. Дереу радиостансамен штабқа хабарлап, олардың қай шаршыда екенін айтып, мəлімет бердім. Көп ұзамай артиллерия сол шаршыны атқылап, олардың көзін жойды. Ал олар біздің колоннаға шабу-ыл ұйымдастыруды жоспарлаған екен. Дұшмандардың арам ниеті жүзеге аспады. Бұл операция 1988 жылдың қаңтарында бір-ақ аяқталды. Екі жақтан да адам шығыны көп болды. Таудан түскеннен кейін біздің БТР минаға түсті. Контузия алған мені Гардез елді мекеніндегі 56-ші десанттар бригадасының медициналық ро-тасына жеткізді. Бір күннен кейін тікұшақпен Кабул қаласындағы əскери госпитальға алып келді. 10 күннен кейін емделіп, өз полкіме қайта келдім.

Бұдан кейін де Файзабадта, Саланг өткелінде, Кұндызда, Бағланда, Бануда, тағы басқа жер-лерде болған ұрыс қимылдарына қатысып, командирлер берген тапсырмаларды мұқият орын-дадық. 1989 жылдың ақпан ай-ында, əскеріміздің елге шығуына 10 күндей қалған кезде біздің полктан екі прапорщик, екі сар баз тұтқынға түсіп қалды. Отанымызға қайтар кезде «тұт-қын дағылардың барлығын шығару керек» деген бұйрық болды жоғарыдан. Біздің взвод осы операцияға катысты. Полк командирі Варенников бастаған топ дұшмандармен келіссөз жүргізді. Дұшмандар жағының 17 адамын Кабулдағы түрмеден шығарып, оларды біздің 4 адамға айырбастадық. Операция біткен соң дұшмандар бізді асқа шақырып, олармен бірге тамақ ішкеніміз есімде. 1989 жылы 15 ақпанда Термез қаласына келдік. Аман-есен шыққанымызда қуа-нышымызда шек болмады. Кеңес өкіметінің жарлығымен маған ал-дымен «Соғыстағы ерлігі үшін» медалі тапсырылды. Горбачевтің атынан Кұрмет грамотасын алдым. Ауғанстан президенті Наджибулла атынан «Ауған халқының алғысы» атты медалі берілді. 2006 жылы Қазақстан Президентінің Жарлығымен қоғамдық жұмысқа белсенді қатысқаным үшін «Құрмет» орденімен, 2011 жылы ел Тəуел-сіздігінің 20 жылдығына орай Ауғанстандағы соғыста ерлік көр сеткенім үшін II дəрежелі «Айбын» орденімен наградтал-дым.

Біз – бақытты ұрпақтың өкіліміз. Туған жеріміз де, Отанымыз да біреу. Ол – қасиетті Қазақ даласы, Тəуелсіз Қазақстан! «Отан үшін отқа түс, күймейсің», деп батыр Бауыржан өсиет еткен. Ендеше, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді, елімізді қорғап қалған ата-ба-ба дəстүріне адал болып, аға буынның аманатын ақтай білейік дегім келеді.

ƏңгімелескенСерікқали ЖЕКСЕНБАЕВ.

ШЫМКЕНТ.

Ќазаќстандыќ патриотизм – ўлттыќ идеологияныѕ уыєы

Астанадағы №64 мектеп лицейде оқу-шы ларға дəріс оқыған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде патриоттықтың ұлы ұғым екенін атап көрсетті. Президент өз дəрісінің алтын арқауы етіп отаншылдықты алды. Биылдан бастап мектептерде «Қазақ елі» деген пəн енгізіліп отырғаны белгілі. Соның бірінші сабағын Нұрсұлтан Назарбаев жоғарыда аталған оқу ошағында өзі өткізгені де көпшіліктің есінде.

Жастарымызды патриоттыққа тəрбие-лейтін тақырыптар сан алуан. Отан үшін қасық қаны қалғанша айқасып, түрлі ерлік қимылдарға бару – солардың бір парасы.

Елімізде осыған үлгі болатын ержүрек аза-маттар да аз емес. Солардың бірі – Жангелді МАХАШОВ. Ол – өзінің бүкіл болмы-сымен өзгелерге үлгі бола алатын тұлға. Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысып, майдан жорықтарынан өткен кешегі сарбаз. Жат жерде жүріп, интернационалдық боры-шын атқарды. Ең бастысы – антына адал болды. Құрдастары сияқты соғысты тек кинолардан тамашалаған жоқ. Соғысты өз көзімен көрді, оқ-дəрінің исін иіскеді, қан кешті. Сон дықтан оның патриотизм жөнінде айтқан əңгімелері əсерлі. Жүрегінен өткізіп сөйлейді.

Шара барысында ма жар тарапы Қазақстан Прези денті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақ-стан-2050» Стратегиясы – қалып тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жол дауы, елдегі қоғамдық-саяси жəне экономикалық ахуал, атап айт қанда, Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесін

өткізу, «жа сыл экономикаға» өтудің не гізгі аспектілерімен таныстырылды.

Форумда екі елдің эконо ми калық əлеуеті тақырыбында Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Нұрбах Рүстемов, Қазақстан-Мажарстан Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең

төрағасы – Мажарстан Ұлттық экономика министрі Михай Варга, Ұлттық экономика вице-министрі Антал Николетти, «Мажар сауда үйлері» компаниясының төрағасы Вильмош Шкультети жəне Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Шандор Фашимон баяндама жасады.

Бизнес -форум аясында тараптар сауда-экономикалық жəне инвестиция салаларындағы екіжақты байланыстарды тереңдету мен оның аясын кеңейту мəселесін де талқыға салды.

«Егемен-ақпарат».

Ќазаќстан-Мажарстан бизнес-форумы Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының елшілігі Мажарстан Ұлттық экономика министрлігі мен Сауда-өнеркəсіптік палатасының ат-салысуымен осы елдің жетекші іскер топтарының 100-ден аса өкілдері қатысқан Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумын өткізді.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

«Қонақ аз отырып, көп сынай-ды», деп ой түйіпті халқымыз. Жер көресің, ел көресің, көрген-баққаныңды зердеңе тоқып, ой та-разысына салып, бағамдап, салыс-тыра отырып, саралап кеткеніңді байқамай қалады екенсің. «Оу, мына түркімендер өздерін сыйлата білетін халық екен», дейді əріптесім Нұртөре Жүсіп. Рас айтады.

Əуежайдан түскенде: «Бұл елде мейрамхана атаулы тек 23.30-ға дейін ғана ашық, барсаңыздар сол уақыттан кешікпеңіздер, көшеде темекі тартуға болмайды, ба-зарды фото-бейне таспаларға тү сіруге, көшедегі адамдарды тоқ татып, сұхбат алуға рұқсат етіл мейді, түркімен кілемдерін əке темін десеңіздер, оны арнайы ресімдеулеріңіз қажет, əйтпесе, елден шығарылмайды, жұмсаған қаражаттарыңыз далаға кетеді, де-гендей бірсыпыра шектеулер бар екенін елшілік қызметкері, жол-бастаушымыз Ержан Мұстафин ескертіп айтқан. Санасуға тура келеді...

Түркіменстан ашылып-ша-шылып жатқан жоқ. Біртоға, өзі-мен өзі тұйықталып, ұлттық құн-дылықтары – ахалтеке жылқысын, көнеден бүгінгі күнге дейін үзіл-мей келе жатқан кілем тоқуын, зергерлік бұйымдарын қастерлеп, оны тек музейлерге қойып қоймай, өздері қасиеттеп ұстап, кəделеріне барлығын бірдей жаратып жатқан ел. Сол тұйықтығынан болар, Аш ғабадқа барғанда алдымыз-дан Интернетке кіру проблема-сы шықты. Көптеген əлеуметтік жел ілер мүлдем ашылмай-ды, өзге елдерге жол түскенде редакцияға жіберген материалың «зу» етіп, лезде түсе қалса, мұнда қонақүйлердің өзінен ғаламторға шығу оңай емес. Меймандарды тіркейтін лоббиге келіп, сол жер-ден жібермесең, нөмірлерде бай-ланыс жоқ. Сірə, аз ұлт болған соң (халқы 5,5 млн. шамасы) сырт-тан келетін əсерді азайту, ұлттық бол мысты сақтау тұрғысынан ақтайтын шығар дегеніңізбен, Интернет мүмкіндігін шектеп пай-далану ақылға сыя бермейді.

Парламент Сенатының Төр-ағасы Қайрат Мəмидің Түр кі мен-станға ресми сапары алғаш рет болғандықтан болар, бағдарламада ресми кездесулермен қатар, елмен жете танысуға мүмкіндік беретін бірнеше тарихи, мəдени орындар-ды аралау белгіленген көрінеді. Соның бірі – Түркімен кілемінің музейі.

Жалпы Ашғабад – əсем қала. Ақ мəрмəр тастан қаланған жаңа Ашғабадтың ажары көз тартады. Жақында Ашғабад мəрмəр тас ең көп жұмсалған қала ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді. Оған қоса, əрбір ғимараттың сəулетіндегі ұлттық реңк, ұлттық келбет ажырайып көрінбегенімен, əсем үйлесіп, өзіңнің қай елдің қаласында жүргеніңді бірден сезіндіреді.

Музей де осындай еңселі, сыртқы сəулетімен де ерекше құн дылықты қастерлеген орын екен дігін білдіретін ақ мəрмəр сарай екен. Ашғабадта ұлттық киім киген қыздарды көру таңсық емес, көшеде кəрі-жасы бірдей ұлт тық киімдерін тастамайды. Тіп ті мектеп оқушылары, жоо сту денттеріне дейін. Музейге кіре берісте жүздеріне ұяң күлкі ұя ла ған, сəмбіталдай иілген керім қыздар біздің бауырсаққа ұқсас нанымен қарсы алды. Ал кілемдері керемет, таныстырып жүрген гид қыз да кілемдердің əрбір айшы ғына, гүліне, бояуына мəн бере, жеріне жеткізе айтып жүр. Жүзінен өзінің осы ұлттың өкілі екендігіне, ғасырлардан жет-кен асыл өнердің құрып кетпей, қайта бүгінде өрлеп-өсуіне деген ризашылығы білінген гөзəл қыз түркімен өмірінің кілеммен тығыз байланыстылығын айтады.

Бала дүниеге келген сəтте оған арнап кілем тоқылады, оның алғашқы қадамы да кілем үстін де, тіпті бақиға аттанғанда да кілем ге оралады деген ол түркімен кіле-мінің 300 жылға дейін пайдала-н ы л а т ы н ы н м а қ т а н ы ш п е н назарға салады. Түркімен кілемі тек таза, жіңішке етіп иірілген жүннен тоқылады, бір шаршы метріне 1 млн. жіп түйінделіп, кілемшілер бір күнде 3 см ғана тоқылады. Түркімен кілемі Қайта өрлеу заманындағы италиялық суретшілердің картинасында да безендірілген. «Мадонна əулие Иоанн шоқындырушымен жəне Донатуспен бірге» атты картина-да Леонарда да Винчидің ұстазы Андреа дель Верроккьоның шығармаларынан кездестіресіз, де-ген қыз əлемдегі ең алып кілемнің де түркімен жерінде тоқылғанын көлденең тартады. Ол кілемдерді көз көрді. Алып сарайдың үлкен үш қабырғасына тұтастай ілінген үш кілемнің əрқайсысын 50 шақты қыз-келіншек көз майын тауысып 8 ай бойына тоқыпты.

– Түркімен кілемі тұтас елдің тарихынан ғана емес, жеке бір отбасының да тарихынан сыр шер-теді. Мына кілемді 19-ғасырда қажылыққа барған əкесі айтқан əңгімені естіген сол кісінің қыздары тоқыған. Кілемге қарап отырып, қажының қандай көлікке мінгені, жүрген жерлерінің бедері қандай болғаны, өзен-көл, шөлмен өткені, аяғында Меккеге қалай жет кені суреттелген,– деген қыз-дың айтқаны əсем ертегідей естіледі.

Жалпы, Түркіменстанның əр өлкесіне тəн кілем өрнектері мен тоқу мəдениеті болған, олар күні бүгінге дейін сақталып келеді. Түркімен кілемі ахалтеке жылқысы тəрізді біздің ұлттық брендіміз, де-ген оның кілем жайында білетіні ұшан-теңіз көрінді . Соның барлығын мақтаныш сезіммен, ұлттық құндылықты қадірлей білген көңілмен айтқанда: «Шіркін, біздің ұлттық аспаптарымызға ар-нап осындай музей салса, оларды археологиялық қазба жұмыстары

кезінде табылған үлгілерімен қоса, бүгінгісін қосып, қазақ му-зыка өнерінің тамаша бір көрнекі орнын жасасақ, сырттан кел-ген меймандарға ұлтымызды танытудың тамаша үлгісі болар еді ғой», деп армандап кеткенімізді несін жасырайық. Ойланып ба-рып қолға алсақ, бізде де ұлттық ерекшелікті көрсететін өнер та-былар еді-ау. Тіпті ою-өрнек, зергерлік бұйымдарымыздың өзі неге тұрады. Сақ заманынан бүгінге үзілмей жеткен аң-өсімдік стилінің бүгінгі тынысының өзі көп сырды аңғартпас па еді?!

Т у ы с ж ұ р т т ы ң е н д і б і р қастерлісі – зергерлік бұйымдар екен. Өрнектері сан түрлі келетін тағымдар тағылымы да мол-ақ. «Біздің түркімен зергерлері шəкірттерін 5 жыл оқытқан. Сол кезеңде оған қажет заттың бəрін өзі тауып беріп отырған. Жəне əрбір ұстаз үшін шəкіртінің өзінен озуы айрықша мақсат етіп қойылған. Себебі, өнер өрістеп, ұлғайып отырмаса, ұлттық зергерлік өшіп қалады деген оймен, өз білгенімен толық бөлісіп, шəкіртінің қиялына тый-ым салмай, қайта оның ізденісін құптап отырған. Бір қыздың тағымы 20 келіге дейін барған, ал əшекей бұйымдар жас ұлғайған сайын азайып отырған», дейді ұлттық қазынаны сатып тұрған сатушының өзі.

Журналистік қызығушы лы-ғымыз оянып, түркімен зергерлері деген кітапшаны сатып алдым. Көне Мерв қаласында 1400 зер-гер өмір сүрген. Сол зергерлер өздеріне арналған орынға жи-налып, жасаған бұйымдарын ортаға салып, зергерлердің қазылығына салатын болыпты. Тек осы таразыдан өтіп, «көркемдік кеңестен» жақсы бағасын алған бұйым ғана сатуға рұқсат ала-ды екен. Міне, ұлттық өнерге деген жанашырлықтың үлгісі түркімендерге сонау замандарда-ақ ана сүтімен берілсе керек.

Түркімендер Каспий жағасын жайқалтып қойыпты. Біздің еліміздің шекарасына тиіп жатқан Түркіменбашы қаласының сырты-на «Аваза» атты ұлттық туристік орталық салыпты. Анталья жағалауындағы түрік отельдерінен еш айырмасы жоқ, субтропикалық өсімдіктердің түр-түрін əкеліп қойған Аваза маңы ертегідегідей. Көкке шаншылған сəулетті мейманханалардың іші-сырты бір-бірімен керемет үйлесім тапқаны көз тойдырады. Автотұрақтардың өзін əдемі етіп ойластырған бұл орталыққа Қазақстанның батыс аймағындағы Атырау, Ақтау қалаларының тұрғындары да келіп демала алады екен. Ал қалған қазақстандықтар үшін тəртіп басқа, виза алмасаңыз, «Аваза» есігі жабық.

Туыстас түркімен жұртымен қоштасып , елге қарай бет түзегенімізде, ұлттық рухын биікке көтере ұстаған бауырларға құрметіміздің арта түскенін аңғардық.

Рухы биік ел

П а л а т а т ө р а л қ а с ы н ы ң төрағалығына «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы, «Атамекен» Одағы» Қазақстанның

ұлттық экономикалық палатасы төралқасының төрағасы Тимур Құлыбаев сайланды.

Ұлттық палатаның басқарма

төрағалығына Абылай Мыр-захметов, басқарма мүшелігіне Рақым Ошақбаев, Екатерина Никитинская, Жаннат Ертілесова, Тимур Назханов, Мейрамкүл Дүзбаева, Гүлнар Құрбанбаева, Заңғар Ноғайбай сайланды, деп хабарлады «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының баспасөз қызметі.

Тґраєа сайландыКеше Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлерінің ұлттық палатасының бірінші ұйымдық отырысында пала-та төралқасының төрағасы, басқарма төрағасы жəне басқарма мүшелері сайланды.

Page 3: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жыл www.egemen.kz 3

(Соңы. Басы 1-бетте).

Зардари ґз еркімен отставкаєа кеттіЗардари ґз еркімен отставкаєа кеттіПəкстанның президенті Асиф Али Зардари президенттік қызметтен кетті. Мұнда мəселе, Зардаридің алғашқы президенттік мерзімінің аяқталуына байланысты өз еркімен отставкаға кетуі ел тарихында тұңғыш рет болып

отырғандығында жатыр. «Ассошейтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, Асиф Али

Зардари 2008 жылы Пəкстан халық партиясы билікке келгеннен кейін президенттікке сайланған. Ол – осы партияның бұрынғы басшысы, екі мəрте елдің премьер-министрі қызметін атқарған Беназир Бхуттоның күйеуі. Ал Зардаридің мұрагері Мамнун Хусейн болды. Жаңа президентті ұлықтау кеше, 9 қыркүйекте өтті. Хусейн «Мұсылман ли-гасы» партиясының өкілі, сондай-ақ ол ірі кəсіпкер ретінде танымал. Əсілі, бұл елде президент бес жылдан екі мерзімге ғана сайлана алады.

Кемені де, есірткіні де ґртеп жібердіКемені де, есірткіні де ґртеп жібердіЖерорта теңізінде Египеттің жəне Сирияның теңізшілері өздері мінген кемені, сондай-ақ жасырын алып бара жатқан 30 тонна гашишті өртеп жіберген. Бұл жөнінде «Франс-пресс» агенттігі хабарлады. Оқиға италиялық полицейлер есірткі тасымалдаушылардың ізіне

түсіп, оларды тұтқындауға əрекет жасаған кезде болған. Полицейлерден қашып құтылмасын білген теңізшілер 85 метрлік жүк кемесін өртеп, өздері суға секірген көрінеді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оларды құтқарып алған жəне тұтқындаған. Арнайы операцияға италиялық полицейлермен бірге, Мальтаның құқық қорғау органдарының қызметкерлері де қатысқан.

Сайлауда Сергей Собянин жеѕіске жеттіСайлауда Сергей Собянин жеѕіске жеттіМəскеу қаласының сайлау ко-миссиясы Мəскеу мэрі сайла-уында берілген дауыстардың барлығын санап, оның нəтижесін жария етті. Сайлау комиссиясының мəліметтері бойынша, сайлаудың бірінші турында 51,37 пайыз дауыс

жинаған Мəскеу мэрінің міндетін атқарушы Сергей Собянин жеңіске жеткен. Екінші орынды оппозициялық саясаткер Алексей Навальный

алыпты. Оған сайлаушылардың 27,24 пайызы дауыс берген екен. Ал коммунистерден ұсынылған кандидат Иван Мельников 10,69 пайыз, «Яблоко» партиясының өкілі Сергей Митрохин 3,51 пайыз, ЛДПР-лық Михаил Дегтярев 2,86 пайыз дауысқа ие болған. Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруі 32,07 пайызды құраған.

Қысқа қайырып айтқанда: ● Сухумиде Ресейдің Абхазиядағы елшілігі консульдық бөлімінің

бірінші хатшысы Дмитрий Вишерневті атып кетті. Оқиға кеше Мəскеу уақыты бойынша сағат 08.30-да болған.

● Сирия президенті Башар Асад Ресей президенті Владимир Путинге Санкт-Петербургтегі саммитке дейін жəне саммиттен кейін Сирия жөніндегі көзқарасы үшін алғыс айтты.

● Кабардин-Балкар үкіметінің басшысы Руслан Хасанов отставкаға жіберілді. Үкімет басшысының міндетін атқару бірінші орынбасар Ирина Марьяшқа жүктелді.

● Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон құжаттар салынған кейсін пойыз үстелінде ұмытып кетіпті. Ол Йоркке үйлену тойына бара жатса керек.

Жазєы Олимпиада Токиода ґтедіЖазєы Олимпиада Токиода ґтедіХалықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылғы жазғы Олимпиа ойын-дары өтетін қала ретінде Жапонияның астанасы – Токионы таңдады. Сенбі күні Буэнос-Айресте өткен ХОК жиынында Токио қаласы – 60,

Ыстамбұл – 36 дауысқа ие болды. 2020 жылғы жазғы Олимпиаданы өткізуге Токио жəне Ыстамбұлмен

қатар, Мадрид қаласы да өтініш берген болатын. Дауыс берудің алғашқы айналымында Испания астанасы бұл бəсекеден шығып қалған еді. Осылайша, Токио қаласы 2011 жылы жер сілкінісі салда-рына байланысты апатты жағдайға ұшыраған «Фукусима» атом электр стансасындағы радиация қаупіне қарамастан таңдалды. Айта кетейік, Токиода олимпиада осымен екінші рет өткелі отыр.

Делегация сапарын кейінге ќалдырдыДелегация сапарын кейінге ќалдырдыТоғызыншы қыркүйекке жоспарланған АҚШ делегациясының Əзербайжанға жоспарланған сапа-ры кейінге қалдырылды. Бұған АҚШ-тың Бакудегі елшілігі: «Əзербайжан үкіметі сапарды президенттік сайлау аяқталғанға дейін кейінге қалдыруды жөн көріп отыр. Өкінішке қарай, енді біз бұл елдің сайлау-алды үдерістерімен таныса алмайтын болдық», – деп өкініш білдіріпті. Ақпараттарға қарағанда, Əзербайжанға АҚШ мемлекеттік

хатшысының демократия жəне адам құқықтары жөніндегі көмекшісі Томас Мели бастаған делегация сапармен келуі тиіс екен. Америкалық делегация алдымен Тбилисиде оппозиция жəне азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, содан кейін Бакуде осындай кездесу өткізуді жоспарлаған көрінеді. Əзербайжанда президенттік сайлау осы жылдың 9 қазанында өтпек.

Конфессияаралыќ ќаќтыєыстыѕ салдарыКонфессияаралыќ ќаќтыєыстыѕ салдарыҮндістан билігі Уттар Прадеш штатының Музаффарнагар округі аумағына əскер кіргізді. Бұған конфессияаралық қақтығыс салдарынан 28 адамның ажал құшуы себеп болып отыр.

Округ аумағына 800-ге жуық əскер кіргізілген. Тəртіпсіздікке айдап салған деген күдікпен 100-ден астам адам тұтқынға алынған. Қақтығыс 7 қыркүйекте үндістер мен мұсылмандар арасында басталған көрінеді. Дəл сол күні жергілікті үндіс фермерлер жиналып, 27 тамызда өлтірілген үш ер адамның өлімінің себептерін талқылапты. Бұл үшеуі мұсылмандар балағаттаған қызға ара түскен екен. Фермерлер тарқай салысымен, оларға мұсылмандар лап қойса керек.

Интернет материалдары негізінде əзірленді.

ШАРАЙНАƏлем жаңалықтарыƏлем жаңалықтары

Жаћандыќ форумныѕ жай-жапсары неде?Аймақаралық жəне шекара

маңындағы ынтымақтастық ая-сында отын-энерге ти калық жəне ғарыш саласындағы, Тəуелсіз Мемлеке т т ер Дост а с тығы , Еуразиялық эко но ми калық қауым-дастық, Кеден ода ғы, Біртұтас экономикалық кеңіс тік, Ұжым дық қауіпсіздік тура лы шарт ұйымы, Шан хай ынты мақ тас тық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық жəне сенім ша ра лары жөніндегі кеңес жəне Бірік кен Ұлттар Ұйы-мы аясындағы ын ты мақтастықтағы өзара əре кеттерге көңіл бөлінеді, деді А.Əби буллаев.

Елімізде моноқалаларды да-мы тудың 2012-2020 жылдарға ар налған бағдарламасы бекітілді. 27 моноқаладағы 1 млн. 530 мың тұрғынға бағытталған бағ дар-ламаның бас ты мақсаты – жергілікті

экономиканы əртараптандыру арқылы шағын жəне орта бизнесті дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу, халықты жаңа жұмыс орында-рымен қамтамасыз ету. Бағдарлама бүгінге дейін қалай іске асып жа-тыр, Үкімет қандай мəселелерге мəн беруі қажет, осы жəне басқа да мəселелер 10 қыркүйекте өтетін Үкі меттің дəстүрлі отырысында қаралады, деді аталған қызметтің ресми өкілі.

Шарамыздың негізгі бөлігінде айтайын дегенім, Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ба-стамасы бойынша, сонымен қатар, басқа да халықаралық көрнекті қайраткерлердің, бұрынғы мем-лекет жəне үкімет басшыларының қатысуларымен тұңғыш рет Ас та-нада «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумы өтеді, деп

сөзін жалғады А.Əбибуллаев.Аталған форумда Президент

Нұр сұлтан Назарбаев «Қазақ-стан-2050: Əлемнің 30 дамыған мемлекеттерінің қатарына кіру» тақырыбында сөз сөйлейді деп күтілуде. Елімізде тұңғыш рет өт кі зіл гелі тұрған халықаралық шара ның мəні мен маңызын ашып көр сету мақсатымен, сон-дай-ақ оның жұ мысына кімдер жəне қандай сарапшылар қаты-са тын болады, Қазақстан жəне халық аралық қауым дастық үшін нендей өзекті мəсе лелер талқы-ланады, Астанадағы іс-шараның айырмашылығы неде? Осы , тағы басқа да сұрақтарға жауап беру үшін брифингке Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, дамушы нарықтардың Еуразиялық форумының тең төрағасы Хариндер Коли мен «Назар баев Университеті» АҚ

пре зиденті Шигео Катсу арнайы ша қыр тылыпты . Бірінші сөз кезегін алған Премьер-Министрдің орынбасары Е.Орынбаев еліміздің əлеу мет тік-экономикалық дамуына тоқ талып, өткізі ле тін форумның маңыздылығын таратып айтты.

Еуразиялық форумның тең төрағасы Хариндер Коли форумның мақсаты мен жұмысы туралы баян-дады. Мұндай форумдардың мақ-саты – дамушы нарықтар тап бо-латын мəселелерді талқылап, елдер арасындағы диалогты жақсарту. Жаһандық экономикада дамушы нарықтардың маңы зы артып келеді. Бүгінгі күні дамушы нарықтардың жаһандық ішкі жалпы өнімдегі үлесі 40 пайызды құрап отыр, деді Хариндер Коли.

Шетел сарапшысы атап өт-кен дей, кейбір зерттеулер бой -ынша 2050 жылға дейін дамушы нарықтардың жаһандық ІЖӨ-дегі

үлесі 70%-ға жететін көрінеді. Яғни 2050 жылға қарай қазіргі да-мушы нарықтар жетекші күшке ие болады екен. Тең төрағаның сөзіне қарағанда, аталмыш жаһандық форум осыған дейін жеті рет өт-кен. Келесі жиын Вашингтонда қа зан айында ұйымдастырылады. Шара жетекшілері Қазақстанның вице-премьері Е.Орынбаевты осы үлкен шараға шақырып отыр. Ол шақыруды қабыл алды. Біз он да «Қа з ақстан-2050» Стратегиясын талқылай тын боламыз , дейді Коли.

Дамушы елдердің екінші Еу ра зиялық форумының Ас-та на да өткізілуіне біз де үлкен қызығушылық таныттық. Өйткені, Қазақстанның алға қойған мақсат-тарының орындалуына универси-тет те қызмет етеді, деді «Назарбаев Университеті» АҚ президенті Шигео Катсу сөз кезегінде.

Кез келген жұмыр бас ты пенденің бойындағы адами қа сие т терін биіктетіп, санасын дамытатын, ақыл-ойын үздіксіз кемелдендіріп, намысын үнемі жанып оты-ратын əлемдегі ең үздік 50 классикалық шығарманың құнарлы құндылықтарын тобықтай етіп түйіндеп, тарының қауызына сыйғызған Том Батлер -Боудонның «Ғұмырыңызды өзгертуге серпінді шабыт сыйлайтын классикалық 50 кітап» (Tom Butler-Bowdon. 50 Self-Help Classics: 50 Inspirational Books to Transform Your Life», 2003) атты туындысымен жете танысқан зерделі оқырманның бірде-бірі бейжай қалмайтыны күмəн тудырмайды. Өйткені, 50 том емес, бір ғана кітап-қазынаға тоғытылған құндылық иірімінен сусындаған адамның ақ ниетті авторға тек қана риза болатыны күмəн тудырмайды.

Айтса, айтқандай-ақ, Том Батлер-Боудон күні бүгінге дейін есімдері бүкіл əлемге əйгілі Лао-Цзы (б.з.д.VI-V ғ.ғ.), Рим импе-раторы Марк Аврелий (б.з.II ғ.), өз зама-нында мемлекет қайраткері болған Боэций (б.з.480-524 ж.ж.), АҚШ-тың іргетасын қалаушылардың бірі – Бенджамин Франклин (1706-1790 ж.ж.) сияқты ондаған философ-тар мен тарихи тұлғалардың асыл ойларын ғана емес, бүгінгі əлемнің шоқ жұлдыздары саналатын Далай-лама, Дейл Карнеги, Дипак Чопра, Пауло Коэльо, Стивен Кови немесе ондаған басқа да кемеңгер ойшылдардың классикалық туындыларының ғибратқа толы сүзбесін өз шығармасының өзегіне шебер өре білген. Автордың мұндағы нысанасы да, жоғарыда атап өткендей, бүгінгі адамды, оның ішінде, əсіресе, жеткіншек жастарды адамзат өркениетінде жинақталған рухани құндылықтардың ізгілік бұлағынан сусында-тып, ой-өрісі мен адами сапасын жетілдіру.

Мəселен, даосизмнің негізін қалаған данышпан Лао-цзы өз заманындағы ел тұтқасын ұстаған көшбасшыларды екі топқа бөліп қараған: біріншісі – көздеген мақсатқа тек білектің күшімен ғана жететін қара күштің иесі ян – еркек кіндікті батыр тұлға; екіншісі – инь – көпшілікті бірінші орынға қоятын ана тұлғалы емші-қолбасшы.

Данышпан Лао-цзы былай депті : «Кемеңгер абыздар көпт ің ішінен ерекшеленіп тұрады, себебі, олар өздерін бүтіннің бөлшегі деп есептейді. Олар көптің көзіне түсуге тырыспайды, сондықтан да олардың өңінен нұр төгіліп тұрады. Олар ұлы нысаналарға қол жеткізеді. Себебі, олар атақ-даңқ іздемейді. Олардың абыздығы айтқан пікірлерінен ғана білінбейді. Бұл қасиет олардың тұла бойында тұнып тұрады. Олар бəске түспейді, себебі, олармен ешкім пікір таластырмайды».

Демек, жасампаз халқымыздың: «Ұлық болсаң, кішік бол» немесе «Бетегеден биік, жусаннан аласа бол» деген даналықтарының да ас та рының тым тереңде жатқанын, со-сын олардың өзге халықтардың құн ды-лықтарымен тең түспесе, кем түспейтінін де, адамзат ізгілік терімен астасып жататын мыңдаған жылдық тарихы бар екенін де аңғару қиын емес.

Біздің заманымыздың 161 жылынан 180 жылына дейін 19 жыл Рим империясының тізгінін ұстаған Марк Аврелий – соңына əділеттіліктің өшпес ізін қалдырған философ. Өзінің «Ойтолғау» («Meditations») деп ата-латын əйгілі еңбегінде кемеңгер император кез келген кісі төңірегіндегі бұйымдар мен адамдарды өзінің қалауына сай пішіп-кесуге тырыспай, оларды баз қалпында қабылдау қағидасын берік ұстанған. Сонымен қатар, əлемге басқа адамның көзімен қарауға тырысудың өзі де кез келген тұлғаның көкжиегін кеңейтетінін дəріптеген. Кісінің өзінен басқа жанды жек көруі, жақтырмауы немесе сыртынан ғайбаттауы табиғат заңына қайшы келетінін, сосын Ғаламдағы бүкіл болмыс, оның ішінде адам да бар, о бастан-ақ бір-бірімен тығыз байланысты екеніне ерекше екпін берген.

Том Батлер-Боудон адамның ізгі қасиеттерінің кемелденуіне жəне қолға алған ісінің өркендеп-өсуіне ауадай қажет қағидалар мен дағдыларды АҚШ-тағы Гарвард университетінің түлегі, профес-сор Стивен Ковидің «Жолы болғыш іскер адамдардың 7 дағдысы» (Stephen Covey. «The 7 Habits of Highly Effective People») атты 1990 жылдардың басында жарық көрген əрі əлемнің 32 тіліне аударылған ту-ындысынан да табады.

Аталмыш еңбегінде кемеңгер Кови: «Ой егіңіз. Ой ексеңіз ізгілік əрекет ора-сыз. Ізгілік əрекет егіңіз. Ізгілік əрекет ексеңіз əдет орасыз. Əдет егіңіз. Əдет ексеңіз мінез орасыз . Мінез егіңіз .

Мінез ексеңіз тағдыр орасыз», – депті. Стивен Кови туындысының қалың

жұрттың назарына тез ілігіп, жыл сай-ын миллиондаған тиражбен таралуының тағы да бір сыры бар. Мəселен, өткен ғасырдың сексенінші жылдары Батыс əлемі «нəтижелілік» теориясы мен «уақытты меңгеру» қағидасын ту етіп көтеріп, бұл екеуінің де адамның жеке басының кеңістігіне тікелей қатысы бар екенін дəлелдеуге тырысқан. Сөйтіп, адам тағдырындағы кез келген сəтсіздіктің қолда бар ресурстарды, оның ішінде уақыт та бар, тиімді пайдаланбаудың салдарынан болады деген аксиомаға табан тіреген.

Алайда, Стивен Кови əлгі теорияға да, одан туындайтын қағида мен аксиомаға да кез келген адамның көңіліне ұялап, көкейіне қонатын, дара көзқарас танытады. Кемеңгер былай дейді: «Ең алдымен терең ойла-нып, өзіңізге ең маңызды дүние не, соны айқындап, дұрыс таңдау жасаңыз. Сосын, əлгі таңдаудың өз өміріңіздің ең басты темірқазығы ма, соны жете зерделеп алған жөн. Істің нəтижелі болуын алдын-ала ой-ламай тұра тұрыңыз. Өйткені, қолға алған іс-əрекетіңіздің көпшілікке ешқандай пай-дасы мен қайыры болмаса, оның «нəтижелі» болуы түкке де тұрмайды.»

Демек, Стивен Кови кез келген іс-əрекеттің нəтижелілігінен гөрі оның қоғамға тиімділігін бірінші орынға қояды. Сонымен қатар, кемеңгер Кови дағдыға айналған жауапкершілік сезімнің ең басты қасиет екеніне ерекше мəн беріп, өз туындысының атауында тұрған жеті дағдыға жөн сілтейді. Олар төмендегі ой-түйіндерден тұрады.

Біріншіден, белсенді болу – парыз. Өйткені, еті тірі адамның бұл дағ ды сының алмайтын асуы болмайды.

Екіншіден, іс-əрекет бастағанда оны көздеген нысанаға жеткіземін деген сенімділікті əдетке айналдыру қажет.

Үшіншіден, ең əуелі кезек күт тір мейтін шаруаларды тындырып тастауды дағдыға айналдыру аса қажет.

Төртіншіден, өзім де ұтайын, өзге де ұтсын деген қағиданы бек ұстану аб-зал. Бірақ бұл қағида бір адамның жеңісі мен ұтысы екінші адамның қол жеткізген табысының арқасында болады деген ұғымды білдірмейді. Керісінше, бұл қағида адамды əлемге өзгенің көзімен қарай білуге жəне мұны дағдыға айналдыруға бағыттайды.

Бесіншіден, алдымен кісінің сөзін то-сып, пікірін тыңдап, ойын ұғып, тек содан кейін ғана өз көзқарасыңды ұқтыруға ұмтыл. Басқаларға өзіңді сыйлату үшін бұл əдет ау-адай қажет.

Алтыншыдан, синергияға қол жеткізу лəзім. Синергия –алдыңғы дағдыларды түгелдей тиімді пайдалана білудің арқасында ғана қол жеткізетін нəтиже. Демек, бұл дағдыны қалыптастыру адам нан үлкен табандылық пен шыдам ды лықты талап ететіні көрініп тұр.

Жетіншіден, адам өзін үздіксіз жанып,

үнемі қамшылап отыруы керек. Сосын, қолға алған іс-əрекетті тиімділігі мен берекеттілігін арттыру үшін, кез келген адам өз бойындағы физикалық, рухани, жүйкелік жəне əлеуметтік өлшемдердің тепе-тең-дігін бір қалыпта ұстай білуді дағ дыға ай-налдыруы қажет. Олай етпеген жағдайда əлгі қасиеттер мен дағдылардың моқалып қалатынын естен шығармаған жөн.

Том Батлер-Боудон өз туын дысына енгізген кемеңгер лер дің енді бірі АҚШ-тың Еге мендік дек ларациясы мен Консти-туциясын сомдаған қаламы қарым ды авторлардың бірі, XVIII ғасыр да Батыстың саяси өмірі мен өнеркəсіп əлеміне үлкен ықпал еткен, электр энергиясының ұңғыл-шұңғылын эксперимент арқылы зерт-теп-зерделеген, бүкіл əлемге есімі əйгілі ғалым əрі тарихи тұлға – Бенджамин Франклин. Франклиннің биографы Ричард Амачердің пікірінше, кемеңгер ғалымның «Автография» деп аталатын туындысы – Америкада бұрын-соңды жарық көрген бірінші ұлы кітап болса керек.

Кемеңгер Франклиннің аталмыш шығармасынан жетелі ав тор дың сегіз қырлы бір сырлы болып қалыптасуы мен оның ада-ми қасиеттерінің ұшталып, кемел денуіне саналы түрде өзі ден қойған шешендік өнердің себеп болғанын жəне əлгі өнерді игерудің жалғыз жолы кітап оқу екені тайға таңба бас қандай көрініп тұр. Айтса айтқан-дай-ақ, Бенджамин Франклин жас кезінде кітап дүкенінде істейтін өзінің жақын до-сынан таңдаулы кітаптарды бір түнге сұрап алып, таң атқанша, көзінің майын тауыса, оқып тас тайтынын əдетке айналдырғанын жасырмайды. Себебі, ол əлемнің əйгілі көшбасшыларының басым көпшілігінің қол жете бермейтін биіктерге тек құнды кітаптар оқудың арқасында жететінін жақсы білген. Сондықтан да адамның кемелде-ну этикасының авторы атануы Бенд жамин Франклинге жарасып тұр.

Ғұлама ғалымның кемел дікке жеткізетін этикалық қағида ларының ұзын саны – 13: артық астан тыйы лу, бос сөз айтпау, тəр-тіп сақ тау, тəуекелге бел буа білу, ысырап-шылдықтан аулақ бо лу, еңбек қор лық, ой пəктігі, əді лет тілік, шектен шықпау, тазалық, сабырлылық, нəпсіні шектей білу, биязылық.

Ниеттенген адамның бойы мен ойын түзеп, кемелдік пен кемең гер лікке тəрбиелейтін, биік асулар ды алып, көздеген мұратқа жетуге бағыт-бағдар сілтейтін жоғары дағыдай адами қасиеттердің құнды топтамасын Том Батлер Боудонның туын-дысына енген үздік шығармалардың кез келгенінен табылатыны күмəн туғызбаса керек. Алайда, олардың бəрін тізіп шығу бұл мақаланың мақсаты емес. Оның үстіне олар-дың бəрін тауып оқимын деген оқыр манға ақпарат технология сы аса дамыған мына заманда мүм кіндіктер де жетіп артылады.

Сондықтан дəл осы тұста оқыр ман на-зарын мүлде басқа арнаға бұрып, атап айтқанда, Том Батлер-Боудонның жинағын қоса есептегенде, 51 кітапқа жүк болған парасат құндылықтарының өзі міз дің төл мəдениетіміздегі көрі ніс тері қандай екен деген сауал дың жауабын іздеп көрелік. Бұған көп уақыт та керек емес. Өйт кені, осы

уақытқа дейін тілге тиек етіп, өзгелерден барлаған кемеңгерлік пен данышпандықтың озық үлгілерінің өз өркениетіміздің тұңғиық Тынық мұхиты – ұлы Абайдың бірнеше ғана жыр жолдарына сыйғызғаны таңдай қақтырып, тамсандырып қана қоймай, терең мақтаныш сезімге бөлейді. Бұл сөз-дердің бұлтартпас дəлелдері Хакім Абай дың өміршең де жасампаз поэзиясынан мен мұн-далап, Шолпан жұлдызындай, адамзаттың санасына нұрлы сəуле шашып тұр:

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,Сонда толық боласың елден бөлек.Жеке-жеке біреуі жарытпайды,Жол да жоқ жарыместі жақсы демек...

Қайрат пен ақыл жол табарҚашқанға да қуғанға.Əділет, шапқат кімде бар,Сол жарасар туғанға...

Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба,Құмарланып шаттанба,Бес нəрсеге асық бол,Адам болам десеңіз.Тілеуің, өмірің алдыңда,Оған қайғы жесеңіз.Өсек, өтірік, мақтаншақ,Еріншек, бекер мал шашпақ –Бес дұшпаның, білсеңіз.Талап, еңбек, терең ой,Қанағат, рақым, ойлап қой –Бес асыл іс көнсеңіз... Сізге ғылым кім берер,Жанбай жатып сөнсеңіз?Дүние де өзі, мал да өзіҒылымға көңіл бөлсеңіз.Білгендердің сөзінеМахаббатпен ерсеңіз.Ақыл сенбей сенбеңіз,Бір іске кез келсеңіз...Надандарға бой берме,Шын сөзбенен өлсеңіз...Көп орында көріне айтпа,Біздің сөзге ерсеңіз...Сөз мəнісін білсеңіз,Ақыл – мизан, өлшеу қыл.Егер қисық көрінсе, Мейлің таста, мейлің күл.Егер түзу көрінсе,Ойлап-ойлап құлаққа іл.Ақымақ көп, ақылды аз,Деме көптің сөзі пұл.Жақынның сөзі тəтті деп,Жақыным айтты дей көрме.Надандықпен кім айтса,Ондай түпсіз сөзге ерме,Сізге айтамын, қаупім – бұл.Өзің үшін үйренсең,Жамандықтан жиренсең,Ашыларсың жылма-жыл.Біреу үшін үйренсең,Біреу білмес, сен білсең,Білгеніңнің бəрі – тұл.Сөзіне қарай кісіні ал,Кісіге қарап сөз алма.Шын сөз қайсы біле алмай,Əр нəрседен құр қалма.»Cөз соңында о бастан-ақ əкенің бала-

сы болуды емес, адамның баласы болуды армандаған кемеңгер де данышпан, абыз да хəкім Абайдың 150 жылдығына арналған 1995 жылы 9 тамызда Алматы қаласында өткен салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Президенті Нұр сұлтан Назарбаевтың тебіреніске толы сындарлы сөзінен төмендегі жол дарды бүгінгі жасам-паз жас тар дың назарына жеткізуді үлкен парыз деп санаймын:

«Ерекше жағдай ерекше із де ністер мен ерекше əрекеттерге бастайтыны белгілі. Ерен талант пен ерен жігер де сондай-да керек. Əрдайым алға ұмтылып, биікке ұмсынған адамзат нəсілі ешқашан то-лас таппаған жəне таппайтын рухани күресіне адастырмас нысана, алжастырмас бағдар сілтеп бере алатын көреген көсем тұлғаларды əрдайым сусай аңсаған, əрдайым төбеcіне көтере құрметтеген. Өйт кені, ақыл табылмай тұрып, еште ңе табылмайды. Ол жетілмей тұ рып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін кө гер те алмай-ды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық на-мыс та тұл. Онсыз қоғам дамудың даңғыл жолына түсе алмай, үйреншікті үрдістің солғын соқпағынан шыға алмай, заманалар шырғалаңында бас айналып, дағдарыс хал кешеді. Ондай дағдарыстан шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша пейілі түскен перзенттері ғана сілтеп бере алады. Абай да – дəл сондай балағат заманда ғаламат тəуекелге бара алған ерекше парасат пен ерекше рух иесі. Соның арқасында ол бүгін күллі адамзаттың абыройы аласармас руха-ни сардарларының біріне айналып отыр».

АСТАНА.

Ізгілік иіріміІзгілік иірімі

«Ақылдыдан шыққан сөз – талаптыға болсын кез».

(Абай)

Əділ АХМЕТОВ,Қазақстанның еңбексіңірген қайраткері.

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

Ойқазына

Page 4: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жылwww.egemen.kz4

– Төлебай Қосиябекұлы, «Эко логия. Радиация. Денсау лық» атты конфе рен-цияның 8-ші рет жалғасқаны оның ма -ңыз дылығын білдірсе керек. Бұл халық-аралық басқосу өзі нің əу баста алдына қойған мақ сатына қаншалықты қол жет кізе алды?

– Халықаралық ғылыми конферен-ция мақсаттары – елімізде жəне шетел-дерде радиация əсерінің медициналық-биологиялық зардаптарын түбегейлі зерт-теу. Осы зерттеулер нəтижелеріне орай болашақта мəселелерге ба сымдық берілуін анықтау. Істен шыққан ядролық отынды кө муге атсалысып, радиациялық қауіп-сіздікті қамтамасыз ету. Қолымыздан кел-генше Чер но быль жəне «Фу ку сима-1» атом стансаларындағы апаттар тудырған зардап-тар мен эколо гия лық қолайсыз аймақтар тұр ғындары денсаулығына қоғам ды тар-ту. Конференцияға қаты сушылар негізінен дүние жүзіндегі радиациялық медицина мен экология мəселелерін жəне оларды шешудің жолдарын да талқылады.

Еліміздегі жалпы генетика жəне цитоло-гия институты, ҚР Ұлттық биотехнология-лар орталығы, Курчатовтағы ра диациялық қауіпсіздік жəне экология институты, ҚР Ұлттық яд ролық орталығы, Қазақ та ғамтану академиясы, Семейдегі радиациялық меди-цина жəне экология ғылыми-зерттеу инс-титуты, «Невада-Семей» Халықаралық антиядролық қозғалысы өкілдері, Жапония, Ресей, Қырғызстан, Финляндия, Үндістан елдерінің медицина ғалымдары аталмыш конференцияның тұрақты мүшелері.

Бір айта кетерлігі, биылғы жиындағы түрлі ұйымдар мен жо баларды бас қа-рушылар біздің ЖОО-ның əр жылдардағы түлек тері . Олар еліміздің медици-на ғылымына , денсаулық сақтауды

да мытуға үлкен үлес қосқан мамандар. Басқосу мақсатының тағы бір парасы –

экологиялық жайсыз аумақта тұратындарға меди ци налық көмек көрсетуді жетілдіру, мəселелерді ғылыми жүйемен реттеу, ар-найы бағдарламаға енгізу. «Радиациялық экология жəне радиациялық қауіпсіздік», «Эко логиялық қолайсыз аумақтардағы клини калық медицинаның өзекті мəселе-лері», «Экологиялық қолайсыз аумақтарда тұратын халық денсаулығын оңалту» секілді нақты бағыттардың жұ мысына баға беріледі.

Осы конференция аясында Қазақстан, АҚШ, Жапония, Еуропа, Ресей, Украина, Тəжікстан, Беларусь мемлекеттерінің ірі ғалымдарының қатысуымен радиа ция лық экология жəне қауіпсіздік, клиникалық медицина жəне эко ло гиялық жағымсыз аумақтарда тұратын тұрғындарды оңалту мен ем деу жəне алдын алу мəселелері бойынша жайттар талқыланады. Тың-далған жəне талқыланған баяндамалар мен ұсыныстар ме дицинадағы ғылыми-тəжірибе айналымын байы та түсетіндігімен құнды.

– Бұл жиынға шетел ғалым дары-ның тұрақты қатысып, зор белсенділік танытып келе жатқандығы да тəнті бо лар лық жағдай. Сынақ зардапта-рын түбе гейлі зерттеп келе жатқан ғалымдар қан дай нəтижелерге қол жеткізіп, нендей тұ рақ ты тұжырым жа-сады? Бастапқы бас қос у лар дағы баян-дамалар жеміс берді ме?

– Семей полигонында 40 жыл бойы жүргізілген орасан ядролық қару сынақтары жүздеген мың тұрғынның сəулеленуге ұшырауына жəне Қазақстанның ауқымды жерінің радиациялық белсенді заттармен ластануына əкелді. Əуелде иондау шы

сəулеленуге ұшыраған тұрғындар арасында ісік жəне генетикалық аурулар таралуының қаупін анықтау қажет болды. Бұдан басқа соматикалық əсерлер, оның ішінде, ең бастысы, қан айналымы мен эндокринді жүйелер бар. Қазіргі уақытта сəулеге ұшыраған ата-аналардан дүниеге кел-ген ұрпақтың ағзасындағы патологиялық өзгерістердің туындауына радиация əсерін зерттеу мəселесі пайда болып отыр.

«Халық денсаулығына жа ғымсыз əсердің алдын алу үшін экологиялық қауіпті мини мизациялаудың ғылыми негіз-дел ген технологиясын жасау» ғылыми-техникалық бағ дар ламасы бойынша біздің ғалымдар адам бойындағы иондаушы сəуле əсері олардың 2-3 ұр пағына мультифакто-риалды жалғасатындығын зерттеп келеді.

Алдын ала нəтижелер бойынша ион-ды сəуле тұрғындар арасында остеопороз, гинекологиялық аурулар, əйелдердің сүт бездері аурулары, эндокриндік жүйесінің аурулары, қан айналымы жүйе сі нің ауру-лары, иммундық жүйе нің бұзылуы жəне де артериал ды гипертония, балалар мен жасөспірімдер арасында зəр шы ғару жүйесі ауруларының жиілеуін арттыратындығы анықталған.

Радиация зардабын ықшамдай оты-рып қауіпті жағдайда өмір сүріп жатқан адамдар денсау лы ғын жақсарту бағытында жаңа инновациялық əдістер əзір леу деміз. Радиация əсерлерінің алдын алу мен емдеудің тиімді тəсілін практикаға енгізу бүгінгі күннің стратегиялық бағыты бо-лып табылады. Алдын алу іс-шараларын нығайтып, скринингтік зерттеулерді жетілдіруді, негізгі əлеуметтік маңызды ауруларды емдеуді одан əрі дамыта түспекпіз. Бұл бағытта біздің ЖОО 2011-2015 жылдардағы «Саламатты Қазақстан»

мемлекеттік бағ дарламасы аясында жүзеге асыруды көздейді.

«Экология жəне радиация» тақырыбы Семей медициналық университетінің ғылыми-зерттеу нысанасының басым бағыты болып қала береді.

– Сіздің бастамаңызбен шетелдік инс-титуттармен байланысты арттырып, озық тəжірибелерін үйренуге қатысты бірнеше жобалар жасалғанын білеміз. Соның ішінде ядролық сынақтардан зардап шеккен жерді залалсызданды-ру мен ел денсаулығын сауықтыруға қатысты қадамдар да жоқ емес екен. Тəжірибелі ғалым ретінде сізді осы мəселеге қатысты қандай сауалдар ма-залайды?

– Осы уақытқа дейін біздің білім, ғылым жəне практикалық қызмет салаларындағы əріптестікті дамыту мақсатымен 20 шетелдік университетпен жəне ғылыми мекемелермен келісімшарт жасалды. Олардың қатарында Жапония, АҚШ, Сингапур, Израиль, Ко рея, Үндістан, т.б. елдердің мақ таулы оқу орындарымен бай-ланыс қалыптасқан. Мысалы, Нагасаки университетінің медицина факультеті осы конференцияға жыл сайын қатысумен бірге, «Семей ядролық полигоны тұрғындары арасында қалқанша без обырының эти-ологиясы» тақырыбын бірлесе зерттеп келеміз. Келесі əріптесімізбен «МИР-Казахстан» біріккен жобасындағы ядролық сынақтан радиацияға шалдыққандарды радиологиялық жəне радиоэкологиялық жағдай лар ды мультиорталықтық зерттеуде бірлесеміз. Сондай-ақ, «Ра диациялық меди-цина» жəне «Биофизика» мамандықтары бойын ша магистрлерді даярлаудың біріккен бағдарламасы аясында білім алу-шылар оқудан кейін Қазақстан жəне АҚШ дипломына ие болады.

С ем е й м ем л е к е т т і к м е д и ц и -на университеті зардап шеккен аумақ халқын одан əрі оңалту мақсатында осы мəселелермен айналысуды өзінің міндеті деп санайды. Осы бағытта барлық дүниежүзілік қоғамдастықты тарта оты-рып, біз адамдар денсаулығын сақтау жəне нығайтуға – жоғары мақсаттарға қол жеткізуге үлесімізді қосқымыз келеді. Бұл конференция мінбері нақты бағыттағы ашық əңгімеге тарту, пікір білдіру, сұхбаттасу, мəселелер шешімін іздеу мүмкіндігі. Бұл бағытта табыстар мен жетістіктер бар.

Қорыта айтарым, Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев бүгінгі таңда барша адамзаттың кауіпсіздігі жолында ядролық қарудың дүние жүзінде таралмауын үздіксіз айтып келе жатқан бірден-бір Мемлекет басшысы. Біздің конференциямыздың халықаралық деңгейге ұласуына Қазақстан Президенті беделінің зор ықпал еткенін мақтанышпен айта кеткім келеді.

ƏңгімелескенҚайрат ЗЕКЕНҰЛЫ.

СЕМЕЙ.

Сынаќ салдарын зерттеу жалєаса береді

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні болып белгіленгеніне де бірнеше жылдың жүзі болды. Бүкілəлемдік маңызы бар осынау датаның дүниеге келуінде Қазақстанның рөлі зор екендігі мəлім. Семей сынақ алаңын жабудан бастап, өзге де ядролық қарулардың адам-зат өміріне қауіп тудырмауын тынбай айтып келе жатқан Елбасы еңбегін алыс-жақын шетел жұрты оң бағалауда.

Қазақстан басшысының қадамы Семей жерінде бірінші күннен бастап қолдау тауып, халық белсенділігі артып

отыр. Соның бірі – Семей мемлекеттік медицина университеті базасында «Экология. Радиация. Денсаулық» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының тұрақты өтіп келе жатуы. Биыл 29 тамызда сегізінші рет жалғасын тауып отырған бұл конференция осы университеттің 60 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Дүние жүзінің 6 мемлекетінен жəне еліміздің ғалымдары мен арнаулы мамандарының басын қосатын жиын жөнінде Семей мемлекеттік медицин а университетінің ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Төлебай РАҚЫПБЕКОВТІ сөзге тарттық.

Мəскеудегі дґѕгелек їстел

Ресей астанасы Мəскеу қаласында Қазақстан Респуб ли-касының елшілігі «Аргументы и факты» федералды бас-пасөз орталығымен бірлесіп, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай «Ядролық сынақтарға тыйым салудан ядролық қарудан азат əлемге» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Оның жұмысына ядролық таратпау жəне қарусыздану саласындағы белг іл і Ресей жəне Қазақстан сарапшыла-ры, дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ, қазақстандық жəне ресейлік БАҚ өкілдері қатысты.

Ресей Федерациясы Мемдума-сы ның табиғи ресурстар жəне экология комитеті төрағасының орын басары, «Невада-Жаңа Жер» қозғалысының тең ұйымдас ты-рушысы Максим Шингаркин өзінің сөзінде, егер Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық деңгейде ядролық қарусыздануда осындай сөзсіз көшбасшылық танытпағанда, аталған салада мұндай табысқа қол жеткізу мүмкін болмас еді деген пікірін білдірді.

Өз сөзінде белгілі Ресей са-рапшысы Алексей Власов атап өткендей, Қазақстанның ядролық қарусыздану туралы шешімі қазіргі мемлекет дамуының сұлбасын айқындауда шешуші рөл атқарды. Ал Президент Нұрсұлтан

Назарбаевтың жаһандық ядролық қарусыздану саласындағы дəйекті саясаты бүгінде екі əлемдік проб-лемалар – сенім дағдарысы мен қосарланған стандарттар қолдану үдерістеріне байланысты ерекше көкейкесті бола түсіп отыр.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсыр-малар жөніндегі елшісі Роман Ва с и л е н к о Қа з а қ с т а н ның қарусыздану тарихы мен ядролық мұрадан арылу барысы тура-лы əңгімеледі. «Қазақстанның, Ресейдің жəне АҚШ-тың бұл бағыттағы көп жылғы үшжақты ынтымақтастығы нəтижесінде өзара сенім рухында бірге іс-қимыл таныта отырып қана біз əлемді қауіпсіз ете аламыз», деді ол сөзінің қорытындысында.

«АТОМ» жобасының Құрметті елшісі, қазақстандық суретші Кəріпбек Күйіков əлем назарын тағы да өзі басынан өткерген ядролық сынақтардың қасіретті салдарына аударуға шақырды.

«Егемен-ақпарат».

Замана

Оңдасын ЕЛУБАЙ,«Егемен Қазақстан».

Ұлттық парктің мақсаты еліміздің құрып бара жатқан орман байлығын, қызыл кітапқа енген қара дегелек, Алтай ұлары, қызыл қасқыр, сары тышқан, бұлғын, құндыз, бүркіт, таутеке, күдір, елік, бұлан, аю, қоңыр аю, ұшатын тиін, басқа да бағалы құс-жануарларды қанатының астына алып қорғау, əлпештеу, жат пиғылдылардың қанды шеңгелінен құтқарып қалу, тіпті өлшеусіз кесіліп, ұрланып жатқан ағаштарды күзету болып табылады. Ұлттық парктің тұңғыш дирек-торы, табиғат байлығын қорғауда ерек-ше еңбек сіңірген Ерен Жұмағұловтың ұжымды басқарған жеті-сегіз жылда көп ізденіс пен ілкімділік танытқанын айта кеткен жөн. Қазір ұлттық паркті Ерлан Мұстафин басқарады.

– Қазіргі таңда елімізде 12 мемлекеттік ұлттық парк бар болса соның ішінде ірісі мен бірегейі Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, оның жалпы ауданы 643 мың 477 гектарды құрайды.Ұлттық парктің жануарлар əлемі бай əрі сан алу-ан. Сүт қоректілердің 68 түрі, құстардың – 280, қосмекенділердің – 3, бау-ырымен жорғалаушылардың – 6, сүйекті балықтардың – 17, омыртқасыздардың 10 мыңнан астам түрі ұлттық парк аумағында кездеседі. Ол ол ма, парк аумағын еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген жан-жануарлардың көптеген түрі мекен етеді. Сирек кездесетін жəне құруға таяу қалған қар барысы, алтай тау арқары, тас сусары жəне Иконников жарқанаты, құстың 30 түрі, олардың ішінде дентұмсық тұрпан, лашын, ителгі, балықшы тұйғын, бүркіт, қарақұс, үкі, сұр тырна, ақбас тырна, алтай ұлары, балықтың аса сирек кездесетін түрі – тай-мен, омыртқасыздардың ішінде жəндіктің

екі түрі – Михайлов бақылдауық қоңызы, керемет барылдауық қоңыз, басқа да түрлері ұлттық парктің байлығы əрі мақтанышы. Біздің міндетіміз, Табиғат-ананың байлығын қорғап қана қоймай орман байлығын көздің қарашығындай сақтау, – деп ұлттық парктің бас дирек-торы Ерлан Қабылұлы біраз жайлардан мағлұмат бере кетті.

Жақында Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне жолымыз түсті. Бізді ұлттық парк бас директорының орынбасары Қайырхан Ахмадиев қарсы алды. Қайырхан да осы салада ұзақ

жылдар жемісті қызмет еткен тəжірибелі маман.

– Бұл күндері ұлттық парк құрамына Ақсу, Белқарағай, Алтай, Шыңғыстай, Өрел бөлімдері кіреді. Оның ішінде ең үлкені Алтай бөлімі 100 мың гектарды алып жатыр. Бір кездері ұлттық паркте небəрі екі жүздей адам, 84 инспектор болса, қазір мемлекет қамқорлық жасау-да. Бес жүзден астам адам ұлттық пар-кте еңбек етуде. Жалақы аз болғанымен, уақтылы алып тұрады. Бізде бəрі жақсы деуге келмейді. Проблемалар мен кем ші-лік тер кездесіп жатады, – дейді бас дирек-тордың орынбасары Қайырхан Ахмадиев.

Алтайдың аясындағы көп ауылдар қысы алты-жеті айға созылатын ақ-түтек боран мен аязды күндерге көн-дігіп алған. Алтайда жаз екі-үш ай ғана болады десе сенесіз бе? Бұл өңірде қазан айында қар жауып, күн күрт суи бастайды. Қардың қалыңдығы үш-төрт метрге жетеді. Жолдар жабылып,

орманшылықта еңбек ететіндердің ауыл-ға қатынауы қиындайды. Ал ұлттық та-би ғи парктегі мыңдаған жануарлар қатты аязда пана іздеп жақын маңдағы ауылға келетіні де шындық. Ондай кезде олар-ды қамқорлыққа алу да назарда екен. Орман байлығы мен құс-жануарларды қылтасынан қиғысы келетіндер табы-лады. Өткен жылы ағашты заңсыз кес-кендерге қарсы бірнеше іс қозғалыпты. Айыппұл ондаған адамға салынған. Парк қызметкерлері түрлі рейдтерді тұрақты жүргізеді . Орман өрті – қауіпті жау. Сонау 2008 жылы тамызда жүздеген гектар орман өртеніп, орасан зиян келгені белгілі. Биыл Табиғат-ана жомарттық танытты, жаңбыр мол жауған соң қауіптің бұлты сейілді. Алайда, алдағы уақытта өрт сөндіретін қосымша көлік бөлінсе нұр үстіне нұр болар еді, дейді парк қызметкерлері.

Ұлттық парктің флорасы да ғажайып. Мəселен, парктің өсімдіктер əлемі

жоғары сатылы өсімдіктердің 2 мыңнан астам түрімен, мүктер, қыналар мен саңырауқұлақтардың алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Алтай желайдары, сібір ушырмауығы, тəтті жапырақты тас-па, алтай қоңыроты. Қорғауды қажет ететін өсімдіктердің сирек түрі ерекше құндылыққа ие, ал олардың 30-ға тая-уы құрып кету алдында тұрғандықтан «Қызыл кітапқа» енгізілген. Бұлардың қатарында алтай рауғашы, алтай сібір қандығы, ала күлтелі қызғалдақ, ірі гүлді жəне кəдімгі шолпан кебістер, ал-тай суықшөбі, таңдамалы плаун, дала шұғылдығы, қызғылт семізот, марал түбірі, алтай қасқыржидегі де бар. Міне, осыншама табиғат байлығын қорғайтын азаматтардың ерен еңбегіне сүйсінбеске лаж жоқ.

Орманға аялы алақан керек. Ағашты кесіп, отынға жаратып жатқандардың аз болса да кездесетіні жанға батады. Тіпті, орман ішіндегі көкорай шөпті ұрлап

шауып жатқандарға қаншама тосқауыл қойылса да, олар бұл əрекеттерін тыяр емес. Олармен қатаң күресе береміз, дейді ұлттық парк басшылары. Кесілген, өртенген орманды қалпына келтірумен де парк қызметкерлері мықтап шұғылданып жатыр. Белқарағай орманшылығында 40 гектар питомник бар. Онда жүздеген мың ағаш көшеттері отырғызылады. Қарағай, самырсын жылына небəрі 3-4 сантиметр өседі. Осында бірнеше жыл ерекше күтімде болған көшеттер қажетті мөлшерді жинаған соң орманшылықтарға отырғызылады. Сөйтіп, орман байлығы еселеніп арта түседі.

Бұдан екі жыл бұрын Катонқарағай ауылында туризм бекеті ашылды . Өрел ауылындағы орта мектепте «Гид-рейнджерлер» əзірлейтін оқу курсы жұмыс істеп тұр. Міне, бірнеше жылдан бері Өрел мектебінің түлектері алыс-жақын шетелдерден келетін турис-терге қызмет көрсетуде. Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Табиғат əлемі» деген газеті жəне «Гид-рейнджерлер» курсына парк қызметкерлері жан-жақты қамқорлық көрсетіп тұрады. Парк басшысы Ерлан Мұстафиннің айтуынша, мекемедегі қызметкерлер мен орманшыларға да жағдай жасалып тұрады екен.

Өңірде туризм кластерін құруда батыл қадам жасалуда. Қазірдің өзінде өңірде пантымен емдейтін оннан астам шипажай-лар жұмыс істеп тұр. Биік тау аясында ат-пен серуендеуге қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Биыл ауданға ондаған мың адам келіп, денсаулығын түзеп қайтыпты. Катонқарағай ауданының жаңа əкімі Дəурен Тілеубаев өңір бас-шысы Б.Сапарбаевтың туризмді дамы-ту, аймақта марал пантысымен емдеуде ізденістер таныту жөніндегі тапсырмасын орындау басты міндетіміз, дейді.

Табиғат-ана сыйлаған ерен байлықты көздің қарашығындай қорғағанда ғана ел ырысы еселене түспек. Демек, алдағы уақытта да Катонқарағай мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері ізденіс пен ілкімділік таныта бермек.

Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы.

Талбесік

Алуан-алуан аѕ-ќўс бар ґр АлтайдаҚазақ жері мен төрінде құт қонған жерұйық қоныс, жанға жай-

лы жəннат мекен аз емес. Соның бірі – Өр Алтайдың төрінен, атақты Мұзтаудың етегінен ойып тұрып орын алған Катонқарағай ауданы. Мыңжылдық қарағайы мен самырсыны, балқарағайы жайқалып өскен нулы мекен, қаз қаңқылдап, сансыз құстар сайрап ұшқан осынау бір ғажап жерде бұдан 12 жыл бұрын Үкіметіміздің 970-ші қаулысы бойын-ша Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.

Page 5: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жыл www.egemen.kz 5 Есімі елдің есінде Теледидар терезесі

Оралхан «Лениншіл жасқа» қызметке шақырылып, алғаш Алматыға келген күні біздің үйге келіп қонды. Бұл біздің тұңғыш танысқан сəтіміз. Оған дейін Оралханды ре -дакцияға жолдаған жазбалары арқылы сырт -тай ғана танитынмын. Ал бейтаныс жі гіттің табан астында атбасын біздің үй ге тіреуі кездейсоқтық па, жоқ əлде Жа рат қанның жазуы ма, ол жағын кесіп айту қиын.

Нақ сол күні ақын Төлеген Айбер ге-нов тің жылына орай редакцияда қызмет істейтін əйелі Үрниса ұжымды үйіне шақырған. Оралханды да ерте барғанбыз. Қайтар кезде есік алдында оңаша тұрған Оралханнан қайда тоқтағанын сұрадым. «Оны өзім де білмеймін, қонақ үй іздейтін шығармын» деген жауап алдым. Сөйтсе таңертең шамаданын вокзалда қалдырып, бірден редакцияға келген екен. Мен ойлан-бастан үйге шақырдым. Содан екі айдан астам уақыт, елден келіншегі Айман көшіп келіп, жалға пəтер тауып алғанша біздің отбасының бір мүшесі болып кетті.

Міне, сол бір сəтті күннен басталған арақа тына сымыз ол іссапармен Үндістанға аттанғанға дейін гі аралықта өткен ширек ғасырда шарболаттай шыңдалып, шынайы достыққа айналған еді. Туыстай табысып, ағайындай араластық, жан сырымызды, қуаныш-қайғымызды бөлістік. Рия сыз

сыйластығымыздың сырын кетірмей, адал досты ғымызды аялап ғұмыр кештік. Иə, Оралхан менің нағыз досым еді. Тіпті, басқалар түгіл, «жеті жетім» ішінде де Оралхан екеуміздің жақын-жарастығымыз бөлекше болатын. Енді міне, тірі болса жасы жетпіске толуын тойлап жататын сол ерте айырылған есіл досымды есіме алып, сыр бөлі сіп отырған жағдайым бар. Құдай басқа салған соң көнбеске не шара?! Тағдырдың жазуы осылай болғаны да...

Ойда жоқта Оралханнан айырылып, ортамыздың ойсырап қалғанына тура жи-ырма жыл толыпты. Бұл бір біздер, отба-сы, қатар жүрген достары ғана емес, жал-пы ел-жұртының еңсесін езген оқыс оқиға, қабырғасын қайыстырған қаза болатын. Мезгілсіз, төтесінен келген ажалға қанша қайғырып-қапалансақ та, артының қайырын тілеп, шүкіршілікке жүгінуге мəжбүрміз. Өзі өлсе де сөзі тірі жазушының ғибратты ғұмыры жалғасып, қалың елі қазағының жадында жүргені көңілге медет. Көркем шығармалары көпшіліктің көңілінен шығып, есімі қазақ əдебиетінің тарихына жазылған жайсаң жазушы Оралхан Бөкейді ұлты ұлықтап, құрмет көрсетіп, жетпіс жылдық мерейтойын өткізіп жатқандығы қандай керемет! Хас талантқа, дара дарынға деген тағзым, еңселі елдіктің белгісі осын-дай болса керек!..

Оралхан аяулы атамекені – Алтай ай-мағының тылсым табиғаты мен қара пай-ым адамдарының болмыс-бітімін, тірі бейнелерін өз шығармаларында жар қы рата жазған-тын. Күнделікті күйбең тіршіліктің, алмағайып əлеуметтік өмір дің тынысын тап басып, көркемдік шындықтың көрігінде шыңдап, боямасыз болмысын жеріне жеткізе жазу арқылы сүлей суреткерлігін танытқан орны бөлек жазушы Оралхан еді. Оның сан салалы тақырыпты қамтыған, қилы тағдырлы кейіпкерлер сомдаған көркем шығармаларының оқиғалары да қиялдан құрастырылмаған. Шынайы шындық – көркем əдебиеттің көркі екендігін жан-жүрегімен түсінген жазушыға тəн осы қасиет Оралхан көркемсөздеріндегі кейіп-керлері – ауылдастарының өмір-тіршілігіне арналған көркемсөздеріне де көшкен. Оған көз жеткізгіңіз келсе таяуда жарық көрген «Біздің Оралхан» деген қалыңдығы сүбе қарыс кітапты оқуыңыз керек. Онда қалам-гердің жерлестері жазған естеліктер мен суреттер топтастырылған. Кітапты оқу барысында Оралханның əңгіме-повес-терінің тірі кейіпкерлерімен танысып, тіл десесіз. Жазушының ел-жұртының жүре гінде өшпестей із қалдыруының бас-ты сыры осы болса керек. Ал Оралханды көр кем əдебиетке əкелген оның очерктері, яғни жур налистік жолы болатын. Бұл жанрда О. Бөкей сал ған соны соқпақты қаламгерлер қауымы түгел мойын даған. Оның кейіпкерлерін өңіріне қадаған ор-ден-медальдарына қарап емес, адами қадір-қасиеттері арқылы танып-танытуды ерекше мансұқ та ған ұстаз-журналист ретінде аты шықты. Бұл қазақ журналистикасындағы жаңа жол – сара жол екен дігі шүбəсіз шын-дық. Ендеше, Оралханның көр кем шы-ғармаларындағы кейіпкерлерінің бейнесі: мінез-құлқы, ой-санасы, іс-əрекеті ескі таныс-біліс кісіңді кездестіргендей, бірден көзіңе жылы ұшырап, жүрегіңді тебірентіп-толғантып, кере мет əсерге бөлеуінің тағы бір сыры осы болар деймін.

Қазақтың аса дарынды жазушы-дра матургі Оралхан Бөкей есімі қалың жұртшылыққа өзінің қайталанбас қолтаң-басы арқылы кеңінен танылған талант. Оның жазу мəнері, сөз саптауы, кейіп-керлер образының оқшаулығы, сюжетінің сонылығы, тақырып таңдауы – бəрі-бəрі жаңаша, өзгеше, өзінше. Қазақ прозасының қарымды да дарынды өкілі – Оралхан өз сөз өрнегі, өзіндік суретті сөзі бар жазушы. Ол өзінің терең түйсігіне сай өлшеп-пішіп, өз парасат-пайымына сай пікір айтудың да айтулы шебері. Оның ой сабақтап, түйінін таратуы да өзгеше. Əр сөздің сыр-сипатын түсініп-түйсінуі де кісіні қайран қалдырады. Жазушының бөстекі қызыл сөз бен қысыр сөзге қаны қас. Керісінше, қарапайым сөзге қан жүгіртіп, қызғалдақтай құлпыртып жіберетініне таңғалмасқа шараң

жоқ. Жазушының жанды сөзі арқы лы оның сомдаған кейіпкерлерінің бейне-болмысы көлбеңдеп көз алдыңа келе қалатын құдірет-күшке ие. Оралханның дүние құбылыстарын суретшінің көзі мен көріп, қаламы қылқаламға айналып кететіні де ғажап құбылыс. Ал оның тілінің еркін есіліп-төгіліп тұратын шұрай лылығы – жазушының ана тіліне уызынан жарығандығының нақты белгісі. Бұл жерде менің тіл мəселесіне тəптіштей тоқталуымның себебі – жазушының көркем шығарма жазардағы басты құралы тіл шеберлігіне тікелей байланысты екендігін еске түсіру. Оралхан суреткерлігінің кере-меттілігі сол – сен бармай, көрмей-ақ алыс-тағы Алтайдың ғажайып келбетін, таңға-жайып табиғатын көз алдыңа елестете де, сезіне де алатының. Сөз құдіреті деген де осы болар. Жазушы шеберлігі дегенге рия-сыз сендіретін де осы бір сөзбен сомдалған суреттер ғой. Жазушының тілге шебер, сөзге мырза, ойға жүйрік болғандығы оның об-раз айшықтап, кейіпкерлерін бейнелеуіне даңғыл жол ашылып отыр.

Дарынды жазушының даңқын шыға-рып, қалың оқырман алдында абыройын асырған, əрине, ұлт əдебиетінің алтын қо рына қосылған көркем шығармалары. Оралханның əңгіме-повестері мен роман-дарындағы əрбір кейіпкері ешкімге ұқса-

майтын мінез-құлқымен, сөйлеу мəне рімен, ойлау жүйесімен, тіпті бет-əлпеті, жүріс-тұрысымен де елден ерекше. Сон дай-ақ, олардың пікірі, көзқарасы, жандүниесі бөлекше жаратылған. Бірде-бірі өзге жазушылардың қаламына ілікпеген айрықша тағдырлы адамдар. Таңдаған тақырыбының шығар ма идеясына, көздеген мақсат-мұратына сөзсіз сай ма-сай келуі де ерекше ескерілген. Уақыт тыны сын, мезгіл мінезін, қоғам тіршілігін адамдар тағ дыры арқылы сөзбен бейнелейтін суреткер дең-ге йі не көтерілген жазушының бірегейі де біздің Оралхан.

Тырнақалды туындыларының арқауы сонау еліміздің қиыр шетінде жат қан ша ғын ғана Шыңғыстай ауылы адам да-рының өмір-тіршіліктері мен қилы тағдыр-ларын көркем əдебиетке көшіруден бас-тау алғанын білеміз. Оны Оралханның «Ауыл хикаялары» əңгімелер жинағының желісінен аңғарамыз. Жазушылық жол ға жүрегіне жауапкершілік артып, даяр лықпен түскендіктен де арманына жетті. Жаны таза, сезімтал, əсершіл, қиялшыл, бозба-ла зердесін байытып, ой-өрісін, білімін кемелдендірген соң, əлем əдебиетінің жауһарларын оқып-тоқып жəне туған халқының қадір-қасиетін, тілі мен та-

рихын санасына сіңіріп, жан сарайын байытып, қиялын ұштаған соң, яғни жазушыға қажетті бес қаруын түгел сай-лап алған соң ғана қолына қалам алған. Өмірді зерттемей, қоғамдық-əлеуметтік құбылыстарды зерделемей жеңіл жолмен жазушы болмасын ол əрине білген. Бұған қоса Оралханның бойында ең алдымен табиғи талант, қабілет-дарын болатын. Ол жаратылысынан дарыған киелі қасиеті еді.

Кешегі кеңес билігі кезінде де біз Оралхан шы ғармалары арқылы сол заманның адамдарын та нып-білдік, сол уақыттың тыныс-тіршілігін се зін дік. Шым-шымдап, емеурінмен болса да ол тілге тұсау салған саясат қақпанын айналып өтіп, ақи қатты айтуға асықты. Сөйтіп, тума та-ланты мен үзбей ізденісі арқасында туған əдебиетіне олжа салған Оралхан шынайы шеберлік пен хас қа лам герліктің арқасында бақыт құсын қолына қондырған.

Менің білуімше, Оралханның жазушы-лық ерлігі – кешегі халқымыз басынан кешірген зұлмат заман зардаптарының төл шығармаларының төрінен орын алуы. Мысалы, жас кезінде жазып, алғашқы кітабында жарық көрген «Терісаққан» де-ген повесі бар. Ұлтының ұлы арманы мен өмірлік өкінішін бұдан асырып ашық айтып, ақтарыла сыр ашу мүмкін емес. Кеңестік кезеңде халқының қайғы-қасіретін, қиын тағдырын тұспалдап-астарлап айтудың жіңішке жолын тауып, оқырмандарына ой салып, сана-сезіміне сəуле түсіріп, жігерілендіріп, еркіндікті аңсаған ел-жұртын азаттық алуға асықтырған, тіпті, астыртын əрекетке шақырған шығарма. Повеске «Қазақ туралы жыр» деп қосым ша тақырып қоюында терең сыр бар. Халқының қазіргі (кеңес кезеңі) хал-жағдайын, тар жол, тайғақ кешулі тағдырын өмір-өзенге айналдырып, шығарманың негізгі мазмұны

мен мақсатының жымын білдірмей, өңін айналдырып жазып шыққан. Түпкі идея-сын түсінбей, жай ғана табиғаттың тыл-сым мінезін сөзбен суреттелуі ретінде қабылданған туындының сыры тереңде жатқанын аңғармаған цензорлар мен саясат-керлерге мың да бір рахмет. Дарынды жазу-шы ел алдындағы азаматтық-қайраткерлік парызын осылай өтеген болатын.

Зейін қойып, зерделей оқыған кісі Орал-ханның «Бура», «Кербұғы», «Құм міне зі», «Атау кере», т.б. шығармалары да тап осын-дай мақсат-мұратты көксей жазыл ған көркем шындықтың шеңберіндегі туындылар екендігін жазбай таныры сөзсіз. Бұл жерде мен аталған шығармаларды талдап, сыни са-ралап уақыт оздырмаймын. Менің мақсатым Оралханның жазушылық қыр-сырын сипат-тап, сыр бөлісу. Жалпы, мен Оралханның шығармашылығы мен адами өмірі туралы кезінде 4-5 мақала жазып, оларды баспасөз беттерінде жариялап, өз пікірімді ортаға салғанмын. Ал аталмыш туындылардың көркемдігі мен мақсатына көз жеткізгісі кел-ген жас ұрпақ оқырмандарына Оралханның мерейтойы қарсаңында мемлекеттік тапсы-рыспен, Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қамқорлығымен жарық көрген жеті томдығын оқып шығуға

кеңес берер едім... Қазақ жерінің таңғажайып табиғаты

мен ұлтының жандүниесін Оралхандай оқырмандарын ойлантып, шешіле сырла-сып, жарқырата жазып, шебер суреттеген жазушы некен-саяқ. Шындығына келген-де Оралхан өте-мөте шағын жанрдың шы-найы шебері еді ғой. Əңгіме-эсселерінің маз мұны бай, идеясы иманды, тілі өрнекті. Оның үлкен ді-кішілі туындылары кестелі көркем тілмен жазыл ғандықтан да оқуға жеңіл, тартымды да қызықты.

Жалпы, табиғат суреттерін кейіпкер -лерінің кө ңіл күйіне, сезіміне, өмір-тағды -рына үйлестіре, үн дестіре қара сөзбен жыр лаудың, сол табиғатпен тірі жандай тілдесіп, сырласып, мұңдасудың тамаша үлгісін төл əдебиетімізге əкелген де жа-зушы Орал хан. Ол қай шығармасын да поэтикалық па фоспен мөлдіретіп, жырдай жыр ғып жазған жалғыз жазушы. Оның көркемсөзі өлеңдей оқылады. Мұны, əсіресе, «Мезгіл əуендері», «Табиғат – өмір – адам», «Ел мен жер» т.б. шығармаларын оқыған сəтте бір ден байқайсың, тамсанып, таңданып қайран қаласың.

Енді Оралханның жазушылық шеберлігі мен ерекшелігін айғақтайтын түйінді ойла-рымды айтып, пікірімді қорытындылайын. Ол əдеби кейіпкерлеріне жалаң мінездеме бермейді, кімнің кім екенін жазушы суреттеуі бойынша мінез-құлқынан, ой-пікірінен, түйсік-түсінігінен, іс-əрекетінен танисың. Қаламгердің өз замандастары кешкен ғұмырдың қуаныш-қайғысын, арман-аңсарын, ой-өрісін, тірлік-тынысын жас ұрпаққа жеткізіп, олардың санасында саралап, сабақ алуын көздеп отырғанын айтпай аңғарасың. Қазақтың қара сөзін құлпыртып, жан бітіріп, жауһардай жай-натып жіберетін суреткер жазушының та-ланты, талғампаздығы, шығармаларының

көркемдік кестесі керемет келісті. Бұл бол-са, қаламы қарымды, ойы толымды, тілі ше-шен жазушының жазбалары оқырмандарын жалықтырмай, жетелей, желпінте оқитын шырайлы шығармалар екендігіне нақты дəлел. Оралхан шығармаларындағы жаны жомарт, сезімі мөлдір, ары таза көптеген кейіпкерлеріне қарадай ғашық боласың. Солармен кітап беттерінде болса да кездесіп, сөйлесіп, сырласқың келіп кететіні тіпті ғажап қой. Ал кейіпкерлерімен бейне тірі адамдардай сұхбаттастыруы жазушының қоғамдағы қайнаған өмір-тіршіліктің қақ ортасында жүргендігінің, адамтану қабілет-қасиетінің арқасы. Жазушы бізге өмір сабақтарын, қоғамдық-əлеуметтік ортадағы құбылмалы құбылыстарды санасында саралап, ойлы оқырманға тəлімдік мəні маңызды, тұжырымы түйінді, рухани тəрбие беретін тамаша туындыларын қалдырды. Оралхан өзінің артына қалдырған бай ру-хани мұралары арқылы өмірдің өліарасы – қоғамдық құрылыстың алмасуы заманын-да адамдық қасиеттерді қалай жоғалтып алмауға болатынын таразы басына тар-тып, ой бөлісіп, сіз бен бізбен сырласты. Оның шығармаларындағы кемел ойлар, түйінді толғамдар, парасатты пайымдаулар, заңғар зерделілік, өрісті өре бірден көкейіңе қона кетері сөзсіз. Қай шығармасында болмасын қаламгер адам өмірін, қазіргі қоғамның тіршілік-тынысын сан қырынан саралап, тұлғалы кейіпкерлер бейнесін көркем ойға орап көрсетуге аса ынталы, əр кейіпкерін рухани кемелденудің үлгі-өнегесі ретінде кейіптеуге асық. Ал адамның ішкі жансарайының құпия да жұмбақ қыры мен сырын ашып жүрекке жеткізе суреттеу жа-зушы Оралханға берілген тағдыр сыйы, та-лант жемісі. Қазір заман да, адам да өзгерген өтпелі кезең. Иə, бүгінгі адамдардың бойы-нан жаны жайсаң, пейілі пəк, арманы асқақ бекзат болмысты шам алып іздесең де кездестіруің қиын. Замандастарымыздың тұрмысы ғана төмендеп кеткен жоқ, сон-дай-ақ олардың рухани жан дүниесі де жүдеп-жадап бара жатқаны қандай қасірет. Жазушы арманы адамдардың табиғи таза жаратылысын жоғалтып алмаса деген ізгі ниет. Осындай Оралханның сəтті қиялы, арманшыл, ақжүрек, адал кейіпкерлерімен сырласып, бір жасап қалуды аңсайсың... Айтып-айтпай не керек, Оралханның лири-калық-психологиялық əрі лирикалық-романтикалық проза жанрына тұңғыш түрен түсірген бірегей суреткер екендігін ашып айтуымыз керек. Көркем əдебиет адам ның жан дүниесінің айнасы жəне оның өзін өзі тануына жол ашатын өзгеше өнер. Оралхан шығармалары осындай ой түйгізеді.

Əлбетте, жазушы қоғамның қозғаушы күші. Уақыт ушықтырған қателіктерді сынау, сол кесірлі кезеңнің бүркеулі тыныс-тіршілігін ашып көрсету, сөйтіп өмір-тіршілікті өркендетуге үлес қосу көркем əдебиеттің еншісінде. Оралхан осы қағидатты да берік ұстанды. Шығармаларын оқи отырып еліміздің əлеуметтік өміріндегі өрескел қателіктердің, экономикамыздың құлды рауы ның, сая-си-рухани теңсіздіктердің себеп-сырына тереңнен ой жүгіртіп, ұрыншақ ұраншыл-дықтың, даурықпа даңғазалықтың, кесірлі көзбояу шылықтың ақиқаттан аттап өтіп, ар-ожданнан айырылуымыздың қоғамды құлдырату мен адамдарды əлеуметтік теңсіздіктің, сыңаржақ солақай ұлттық саясаттың орға жығарын жете зерделеп, жа-сырып-жаппай жазған жазушы туындыла-рына тұщынып, шындығына шын көңілден риза боласың. Қысқасы, сан-салалы, толағай тақырыпты жазушы туындылары-на жеке-жеке тоқталып жатпай, жалпыла-ма сипаттама беріп, сыр бөліскенде осын-дай-осындай ойларға келдік. Оралханның қандай жазушы екендігін бағалауға осы пікір-толғамдарымыз əбден жеткілікті.

Сөз соңында Оралханның күнделігінде жазылған екі пікіріне түсінік бере кетпекшімін. Біріншіден, жалғыздық ту-ралы айтқанын біржақты, теріс топшылап, тон пішіп жүргендер бар екен. Бұл əсте қате пікір. Əңгіме төркініне тереңірек үңілсек, мəселенің мəнісі мүлде басқада. Шындыққа жүгінсек, жалғыздық жазушыға ғана жа-расатын мінез ерекшелігі, шығармашылық

кəсібіне байланысты қажетті ғадет. Өйткені, ол өзімен-өзі, оңаша отырып, ой толғап, сыр ашып, оқырмандарымен сырттай сөйлесетін сəт. Сөйтіп, көптің көкейіндегі сөзін тауып айтып, шығармаларына халқының асыл мақсат-мұратын, арман-аңсарын арқау ету-ге тиіс. Бұл ретте жазушыға серік болатын ешкім жоқ. Ол тек өз қабілет-қарымына, құдай берген дарынына сенеді. Жалғыздық деген осы. Ал отбасы, ағайын-туғаны, ел-жұрты, қызмет ортасы, дос-жарандары бар, атақты жазушы Оралханның жапан-да жалғыз қалуы мүмкін емес қой. Рас, оның басына тағдырдың талқысы көп түскенін білеміз. Ол апа-қарындасы, əке-шешесінен ерте айырылды. Сондай-ақ, сүйікті жары Айман да қапияда көз жұмып, қасірет шектірді. Алайда, ол таза пендеуи жалғыздықта ғұмыр кешкен жоқ.

Зарықтырып болса да құдай Оралханға Ардақ пен бас қосқаннан кейін қос құлын – Айхан мен Айжанды берді. Бүгінде екеуі де жоғары білім ді, білікті азаматтар. Олай болса, жазушылық жал ғыздықты рухани жалғыздықпен шатыстырып алмағанымыз жөн болар.

Екінші бір жаңсақ пікірді де қоштай алмаймын. Осы жерде Оралханның ау-зына «менде нағыз дос жоқ...» деген ащы сөздің не себепті аузына түскенін білетін кісі ретінде сыр сабақтайын.

Бірде түнгі сағат он екілер шамасында Оралхан телефон соқты. Жазушылардың шығармашылық үйінде жатқан кезі. Аман-саулық сұрамастан қызулана сөйлеп кетті. Даусынан діріл, сөзінен қатты реніш сезіліп тұр. Сөйтсе, өзі редактор болып істейтін «Қазақ əдебиетінде» жарияланған бір досының мақаласына екінші бір ав-тор қарсы пікір жазыпты. Соны оқып шамданып, ашу шақырған екінші бір досы кешкілік бөлмесіне келіп, сөге сөйлеп, жұдырық жұмсай жаздапты. Өзі де талай жыл газетте істеген, пікірталас мақалалардың жариялана беретінін біле тұра, досының дау шығарып, жазықсыз жазғырғанына өкпелеген Оралхан реніш-қынжылысы ішіне сыймай маған хабарласқан екен. Мен басу айтып, тігісін жатқыза сөйлеп, араағайыншылық жасап, сабырға шақырдым. Дөрекі мінез, шайпау сөз шымбайына қатты батса керек, сол сəттегі көңіл күйін күнделігіне түсіріпті. Оны кейін маған өзі айтқан.

Шындығы осы. Ақиқаттығына арым куə. Айтқандайын, Оралхан ішіне кір сақтамайтын, ойын жасырып-жаппай сол сəтінде айтып салатын. Ренжісе де, ашу-ланса да қайтымы тез еді. Ол əлгі аузын ашса жүрегі көрінетін жігіттің төресі еді ғой. Оның нақты бір мысалы жоғарыда сөз болған мақалаға байланысты ренжіскен екі досымен де кейін жауласқан жоқ. Əуелгі достық қарым-қатынасы алғаусыз жалғаса берді.

Шын мəнісінде Оралханның адал дос-тары аз емес-тін. Біздің алғашқы танысқан күннен өле-өлгенше арамыздан қыл өтпестей қияметтік дос болғанымыз Аллаға аян. Сөзіме дəлел болатын дəйектер келтіріп, ақталғандай, мақтанғандай болмай-ақ қояйын. Алайда, жаңа кітаптарына жа-зып берген қолтаңбаларынан бірер мысал келтірсем достығымыздың куəсі болып қалар деймін.

Оралхан республикалық жастар сыйлығын алғанда соның шашуы ретінде зайыбым ұл туса есімін – Оралхан, қыз туса – Аймен қоюға уəде беріп едім. Сөйтіп, Айменімізге – Айман кіндік шеше, Оралхан кіндік əке болды. Қызымыздың өмі рінде екінші ата-анасындай болған достарымыз өле-өлгенше Айменді туған балаларындай бауырларына басып, жыл сайын туған күнін өздері атап өтетін.

1970 жылы жарық көрген тұңғыш кітабы «Қамшыгердегі» қолтаңба: «Қу-аға! Құдай жалғыз – мен жалғыз боп жүргенде адал достықпен шын қамқоршы болып едің – ескерткіш болсын! Оралхан». «Өз отыңды өшірме» кітабына: «Адал да аңқау азамат қалпыңды енді елу жылдан кейін көргім келеді. Туысың Ораш. 2.VІ. 1981» деп жазыпты. Ал «Біздің жақта қыс ұзақ» шыққанда жазғаны: «Құрметті Қу-ағаңа! Мəңгілік достық көңілден. Ораш. 1.04.1984 ж.». Соңғы кітабы «Атау керені» сыйлағандағы сөзі: «Қуанышты да, қайғыны да бірдей көтерісіп келе жатқан досым – Қуағаңа Оралханнан ескерткіш. 19. ІV. 1991 ж.».

Өзім емес, Оралханның өз сөзіне сүйеніп, оның нағыз досы болғанымды мақтанышпен айтамын. Сондай-ақ, онымен жан аямас, сырлас та мұңдас дос болғандар арасында қас-қағым сəтте өлшеулі өмірден өте шыққан қазақтың айбоз азаматтары Ақселеу, Кəрібай, Серік бар. Оралханның көзі тірі аяулы достары Асанəлі, Кəдірбек, Дулат, Бексұлтан, Төлендер ше?! Əлібек, Тұрсын, Дидахмет, Жүрсін, Иранбек, т.б. іні-достары аға достарының алдынан қия кесіп өтіп пе еді?!

Сөз түйіні: Оралхан жалғыздық көрген жоқ, на ғыз достары көп болған аяулы аза-мат, атақты жазушы.

Өтпелі де өшпелі жалған дүние кімге опа берген дейсің?! Əйтсе де артына – ұрпағына өлмес мұра қалдырған жазушыны қалайша опасыз дүниенің құрбандығына қосарсыз. Оралхан сынды саңлақ суреткер жазушының есімі елінің есінде мəңгілік сақталарына сенгендіктен оның тағдыры туралы сөз қозғағанда өкіне беру қисынсыз.

Қалың елі қазағының азаттығын аңсаған, басына бақыт құсы қонуын көксеген, асқар Алтайдың ақиығы, Мұзтаудың мұзбалағы атанған қазақ əде бие тінің Кербұғысы, ұлт тіліне уызынан жарыған қа натты қаламгер Оралхан «тіпті де өлген жоқ» (Орал ханың өз сөзі) бүгін де, ертең де біздің ортамыз-да. Оның бүкіл шығармашылығы – Қазақ туралы жыр.

Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ, Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі. АЛМАТЫ.

Ќазаќ туралы жыр(Оралхан ойєа оралєанда)

Қыркүйек айы білім есігін ашып қана қой май ды, бұл – теле-арналардың қалың көрермені үшін жаңа маусымды бастайтын мезгілі. Ендеше, дəл осы күндері ұлттық телеарнада «Білгірлер отауы» жобасы тұсауын кесіп, өз ауди то рия сына жол тартты.

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан».

Ұлттық арнадағы бұл жоба-ның бас ты ерекшелігі – зият-керлік бағ дар лама болып табы-лады. Бұл да бол са уақыттың сұранысынан туған соны бағыт дер едік. Өйткені, көрер мен -дер де талғам-талаптарымен, өре өлшем дерімен топтарға бөлінеді . Мə се лен, түрлі ойын-сауық, əн-күй бағ дар-ламаларында көшіп жүретін бір топ əнші, оншақты өнер жұлдызы əб ден жалықтырған жұрт барлық кезде көгілдір дидардағы жаңалықшыл дү ние-лерге құмар. Қазір бұқаралық ақ па рат құралдары дамыған мемлекет тер ге қарасақ, интел-лектуалдық бағ дар ламаларға ден қоюда. Бұл да бекер емес...

Осы тұрғыдан алғанда, көрермен қауымының таным аясын кеңейтіп, бір сəт болса да ойлануға, апырым-ай дегізіп, таңдануға жетелейтін теле арна-лардағы танымдық бағдарла-ма ларды санамаласаңыз он саусаққа толуы неғайбыл.

Дегенмен, қазіргі таңда бұлқы ныс ты кезеңдерді бастан өткеріп, көп шіліктің керегін екшеуге көшкен отандық теле-арналарда ілгері бас қан істер аз емес. Сол ілкімді баста ма-лардың қатарына «Білгірлер отауын» да қосып қоялық.

– Бұған дейін «Қазақстан» телеарнасында танымдық бағыт ұстанған бағдарламалар болмады деп айтуға келмес. Бірақ, телеарналардағы бағ-дарламалардың басым бөлігі эстрада жұлдыздарын ғана қатыстырып қояды да, қара-пайым адамдар, басқа саланың өкілдері ұмыт қалып жатады. Қарап отырсақ, əрбір саланың өз жұлдыздары бар, көрінбей жүрген таланттары жеткілікті, – дейді «Білгірлер отауы» бағдарламасының авторы əрі продюсері Ұлпан Құрайысова.

Сонымен, аптасына бір рет экранға жол тартатын бір сағаттық тележоба қазақ тілінде жүреді. Бағ дарламаны танымал өнер адамы – шығармашылық отбасында дүние ге келген актер əрі композитор Нұр-лан Əлімжан жүргізеді. Жоба автор ларының таңдауы бұл жігітке текке түспегенін бірден айтқан жөн. Бойында ұлт тық намысы бар, ана тілінің тұны-ғын қанып ішкен, əрі шешен, қай тақырыпқа салсаң да көсем, келбеті көркем актер барлық талап үдесінен шығады.

Аталмыш бағдарламаның негізінде ресейлік «НТВ» арна-сының «Своя игра» ойыны жа-тыр. «Білгірлер отауы» 4 бе-лестен тұрады. Əр салаға бай-ланысты қызықты мəліметтер мен сұрақтардан тұратын сынақтардан сүрінбей білімі мен жылдамдығы арқасында бір топ жеңіске жетіп шет елге барып-қайту мүмкіндігіне ие болады. Бағдарламаның əр кезеңі атауына тəн келетін сұрақтардан тұрады.

«Білгірлер отауы» – өз ұл-ты ның бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мем-лекет құруды мақсат еткен Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын қолдаушы бағдарлама. Мақ-саты – жан-жақты дамыған білімді, мəдениетті, отаншыл, ұлтжандылықты қалып тас-тыру. «Білгірлер отауы» – Пре зидентіміздің «Интел лек-туалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми əлеуетін арттыру синопсисін негіз етіп отыр.

АЛМАТЫ.

БЎЛЌЫНЫС«Ќазаќстан» телеарнасы «Интеллектуалды ўлт – 2020» атты жаѕа жобаныѕ тўсауын кесті

Page 6: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жылwww.egemen.kz6Жезқазған. Қазақтың жер ортасы да, ел ортасы да – осы Жезқазған. Жезқазған десе көзіңізге қазақтың кең жазықты, ұсақ шоқылы сары даласы, тас қопарып, кен қазып жатқан еңбекқор адамдары елестейді.

ҚАЛАНЫҢ ҚЫСҚА ТАРИХЫЖездің өзі табиғатта таза күйінде

кездеспейді, ол мыстың мырыш жəне басқа да элементтердің қоспасынан алынатын өнім. ХІХ ғасырда алаяқтар жезді түстері ұқсас болғандықтан ал-тын деп талай жұртты алдаған. Ал мыс – жер қыртысынан қоспаларымен бірге алынатын қызыл түсті металл. Мыстың бір тоннасының Лондон биржасындағы бүгінгі бағасы 7 мың доллардың үстінде. Оның пайдаланылатын саласы өте көп. Қазір дүниеде 70-тен аса түсті металдар қорытылады, соның ішінде ең ежелгісі – мыс. Адамзат оны б.д.д. ІІ мыңжылдықтан бері қолданып келеді.

Қазақ мысты көбінесе жез дейді. Сондықтан да Жезқазған қаласын «мыс қазған» демей, осылай атаған. Жезқазған кенінде алтын мен күміс те аз кездеспейді. Қаланың өзі Қаракеңгір өзенінің жағасына орналасқан. Алдымен кеншілер кенті болған ол 1954 жылы ғана Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен қала атанған. 1973 жылдан 1992 жылға дейін ол аттас облыстың орталығы болды. 1997 жылдың мамырында, облыс таратылған соң, шаһар Қарағанды өңірінің облыстық бағыныстағы қаласына айналды.

Кезінде ақын Ғафу Қайырбековтің Жезқазғанға арнаған: «Бар қазынаны ар-тып ап, Уақытпенен жарысқан. Сен көзіме жарқырап, Көрінесің алыстан. Бір бүйірің – Ұлытау, Бір бүйірің – Қарсақпай. Сені тапқан жігіт-ау, Қаныш-аға, ер Сəтбай!» деп жырлағанындай, жез қаласы деген-де аузыңа қазақтың ұлы перзенттерінің бірі Қаныш Сəтбаев есімі орала кетеді. Өйткені, қазіргі Жезқазған өңірі мен қала-сының өнеркəсібі өркендеген аймақ қа айналуы Сəтбаев есімімен тығыз байла-нысты. 1929-1931 жылдары ол Жез қаз-ған – Ұлытау өңірінде бұрыннан бел гілі деректерді талдау жəне жаңа гео логия-лық барлау нəтижелеріне сүйене оты-рып, Жезқазғанда сол уақыттағы дү ние жүзіндегі ең үлкен мыс кен орны бар екенін ашқан. Одан металлогендік бол-жам картасын жасап, кен игерудің ке-шенді бағдарламасын түзген. Арты нан осыларды қолдану орасан зор та быс тарға қол жеткізді. Осы еңбегі үшін Қ.Сəтбаевқа 1958 жылы Лениндік сыйлық берілді.

Жезқазған шаһарының өзі Ұлытаудың оңтүстік-шығысында, Қаракеңгір жəне Сарыкеңгір өзендерінің бастауында орналасқан. Бұл жер Бетпақдаланың солтүстік-батысына жатады. Қаладан терістікке қарай шыға қалсаңыз, біршама жазық болғанымен, одан əрі биік адырлы, терең сайлы тау жоталары басталады. Жусанды, селеулі даланың иісі ғажап, көкірек көзін ашып, самалына кеудеңді тосып тұра бергің келеді. Жезқазған қаласын суландыратын негізгі көз – осы Кеңгір жəне Жезді су қоймалары.

Жезқазған қаласы тұрғындарының саны бір кезде 140 мың адамға жақын-да ған, қазір 90 мыңның төңірегінде. Жез қазғанды КСРО-ның түсті металлур-гия орталығына айналдырамыз деген ұран көтерілген жылдары басқа рес-публикалардан адамдар ағылды. Қала ны Орынбор – Ташкент темір жолына қосу да көзделген. Ондаған жаңа шах та лар, мыс қорыту зауыты, кен байы ту фаб рикасы жəне т.б. ашылды. Сол жыл да ры қа ла да қазақ халқының үлесі де күрт тө мендеп кеткен. Бірақ қазір ша һар хал қы ның 70 пайызға жуығы өз қандас та ры мыз.

Қазіргі Жезқазғанда Ө.Байқоңыров атындағы университет, бірнеше кол-ледж бар. Өлкетану музейі, С.Сейфуллин атындағы кітапхана, С.Қожамқұлов атын дағы театр жəне басқалары жез-қаз ғандықтардың мəдени өмірінде өзін-дік алар орны бар орындар. Сонымен бірге, бірнеше газет, соның ішінде бұрын ғы облыстық «Жезқазған туы» газетінің орнында қалған «Сары-Арқа» газеті, жергілікті «Дидар» телеарнасы жұмыс істейді. Шаһарда С.Сейфуллинге, Қ.Сəтбаевқа, Абылай ханға жəне т.б. арналған ескерткіштер орналасқан. Қала-лықтар атақты орыс-кеңес актері, халық-қа «Қалқан мен қанжар», «Екі жолдас қызмет етіп еді» жəне т.б. көптеген ки-нофильмдер арқылы кеңінен танымал болған дарынды өнерпаз Олег Янков-скийдің осында туғанын мақтан тұтады.

Міне, Жезқазған қаласының қысқаша тарихы осындай.

ДАҚПЫРТ ПЕН ШЫНДЫҚРедакцияның тапсырмасымен осы

өңірдің өмірін көрсету мақсатымен жолға жиналдық. Астанадан шығатын жалғыз пойыз Жезқазғанға барып тіреледі. Əрі қарай темір жол жоқ, «тупик». Купелес серіктерімнің бірі Светлана есімді əйел Жезқазған темір жолдың ғана «тупигі» емес, болашағы да «тупикте», яғни дағдарыста дегенді салғаннан жиі ай-тып отырды. Өзі бір кезде осындағы мыс қорыту зауытында қызмет істеген көрінеді, тіпті əкесі мен шешесі де сон-да істепті. Жекешелендіру жылдары əжептəуір акцияға да қол жеткізген. «Акцияңызға дивидент алмайсыз ба?» деген сұраққа ыршып түсті. Сөйтсе, бұрынғы жылдары біршама төлеп тұрған, ал қазіргісі мардымсыз көрінеді. Əйелдің ытырынып қалғаны сол екен. Сатып жіберейін десем қимаймын, мүмкін ди-видент қайтадан төленетін болар деген

үмітін де білдіріп қойды. Ал сатқан болса, бір акцияның құны 2 мың теңгеге жуық көрінеді... Қазір Астанада тұратын əйел одан пайда табу үмітін бəрібір үзбейтін сыңайлы...

Айтты-айтпады, соңғы кездері Жез -қаз ған туралы алыпқашпа əңгімелер көп. 2012 жылы Жезқазғанда бір сойқан жасағысы келіп, алақандарына түкіріп, құлшынып жүргендер шыққан-тын. Солардың арасында Алматыдан жеткен «жанашырлар» да болған. «Жезқазғанды жабады екен, болашағы жоқ қала, «Қазақмыс» мұндағы жұмыстарын доғаратын болыпты, өйткені, кеннің қоры таусылыпты», деген сияқты əңгімелерді желдей естіріп, халықты қобалжытатын хабар таратқандар негізінен солар екен. Бұл əңгіме, əсіресе, «Қазақмыс» кор-порациясы» ЖШС басқарма төрағасы Эдуард Огайдың Жезқазған мыс қорыту зауытын қайта құру мақсатымен екі жылға жабатындығы туралы мəлімдеме жасағаннан кейін қатты өрлеп кеткен. Өзі де үркектеп жүрген көңілдерді бұл хабар тіпті өрекпітіп жіберсе керек.

Бірақ жезқазғандықтар қыздырманың қы зыл тіліне жаппай еріп, желіккен жоқ, байсалды қалыптарын сақтай білді. Оның үстіне жұмысшылардың унифор-масын киіп алып, Жаңаөзендегідей дүкендерді, офистерді бұзып, сындырып, бүлдіруге бастаған арандатушылардың ойқастауына да жол берілген жоқ. Бұл қауіпсіздік қызметтерінің еңбегі екені даусыз, əйтпесе шабына ыстық май та-мып кеткендей шарылдаған біреулердің шабаланған дауысы шапылдай шығып жатқан еді... Жəне олар шахтер, метал-лург те емес, көлденеңнен қосылған көк аттылар-тын. Үкімет тарапынан мəселеге жедел көңіл бөлініп, қайта құру үшін жабылатын мыс қорыту зауытының жұмысшылары қысқартылмайтындай етіп, жұмыс берушілермен мəміле жа-салды. Кəсіпорындағы қайта құ ру жұ-мыстарына осындағы мыс қоры ту шы-лардың өздері тартылатын болып, ешкім де жұмыссыз қалмайтын болды.

Осы арада Жезқазған қаласының негізгі табыс көзі – «Қазақмыс» кор-порациясы туралы да аздап айта кет-кен жөн. Онсыз əңгіменің сəні де, мəні де жоқ. Өйткені, қала кезінде осын-да жұмыс істеуге жиналған халықтан өсіп шыққан. Алысқа бармай-ақ бүгінгі күнін айтар болсақ, 1992 жылы сол кезде «Джезказганцветмет» аталатын кəсіп -орын ды акционерлеудің нəти жесінде өмірге келген «Қазақмыстың» қазір 18 кеніші, 10 кен байыту фабрикасы, 2 мыс қоры ту зауыты жəне т.б. бар. Осының бəрі Жез қазған қаласы мен оның төңірегінде орналасқан. «Қазақмыс» корпорация-сы мыс қорыту бойынша əлемде 11-ші орын алады. Ол кен қазудан бас тап дай-ын мыс өнімдерін (катодты мыс, шақ-пақтар жəне т.б.) шығара алатын Қазақ-стандағы бірден-бір кəсіпорын. Соны мен бірге, кен қоспаларындағы мырыш, күміс, алтын, т.б. бағалы металдарды да айы-рып, оларды таза өнім күйіне жет кізуге қабілетті. Мəселен, 2011 жылы 13 млн. унций күміс өндірген. Қазір «Қа зақ мыс» Екібастұздағы электр қуатын өнді ретін ГРЭС-1 алып кəсіпорнының 50 пайыз-дық акциясын иеленген. Соңғы кездері ол Ақтоғай мен Бозшакөл жобала рын дамытуға да үлкен көлемде инвес тиция салуда. Сонымен қатар, атағы жер жара-тын А.Машкевич, П.Шодиев, А.Ибра ги-мовтердің иелігіндегі ENRC (Еура зия лық табиғат ресурстары корпорация сы) ком-паниясының 26 пайыздық үлесінің иесі.

Бізге белгілі болған деректерге қара-ғанда, «Қазақмыс» 2010 жылы 2,8 млрд. доллар табыс тапқан. 2011 жылғы түсім 3,6 млрд, соның 930 млн. доллары таза пайда. Ал былтыр, мыстың арзандауына байланысты, 1,9 млрд. доллар түсіріпті. Компанияның штаб-пəтері Лондон жəне Алматы қалаларында орналасқан. Гер-манияда жəне Қырғызстанда еншілес кəсіпорындары бар.

Ал енді осындай бай компанияның иесі кім дегенге тоқталайық. «Вики пе-дия» анықтамалығының деректеріне қарағанда, оның ең үлкен акционерлері: Владимир Ким (25,7 пайыз), Олег Но-вачук (5,6 пайыз) жəне «Самұрық-Қа-зына» қоры (26,3 пайызы), қалғандары ұсақ акционерлер. Бірақ осы анықтама-лық тың өзі компания иелерінің толық көрсетілгеніне шүбə келтіреді. Ал «For-bes» журналының деректеріне қарағанда, директорлар кеңесінің төрағасы Вла-димир Кимнің 3,5 млрд. доллар байлы ғы бар. Жезқазғанның қалалық бюд жетіне «Қазақмыс» компаниясының кəсіп-орындарынан 6 млрд. 45 млн. теңге салық түседі. Бұл – қала бюджетіне түсетін барлық кірістің 65 пайызы. Осындай бай кəсіпорны бар қала жайнап тұруға, халқы жадырап жүруге тиісті ғой.

Бірақ... Бірақ халықтың бойында бір енжарлық, салғырттық бары байқалады. Бəрі де «Қазақмысқа» иек артып алған секілді. Енді оның жағдайы біршама

ауырлағанда қала халқы да моральдық күйзеліске түсе бастағандай. Соңғы уақытқа дейін 300-400 мың теңгеден табыс тауып келген металлургтер, шах-терлер қазіргі еңбекақыларына қомсына қарайтыны аңғарылады. Оның үстіне кендері таусылғандықтан жабылған, қазір

жері опырыла бастаған бірнеше шахтаның маңындағы кенттердің тұрғындары қалаға көшіріле бастапты. Бірақ оларға үй алу үшін беретін қаражаттары жеткіліксіз көрінеді, кейбіреулер соған да наразы. Біз дəл осындай, кеншілер үшін құрылған Екібастұз қаласында да осыдан 3-4 жыл бұрын болған едік. Оның халқының үміттері зор, көңіл-күйлері жарқын екенін көргенбіз. Кіммен сөйлессең де өз қаласы туралы жақсы сөз айтып, тіпті онымен мақтануға ұмтылып тұрған. Ал мыналар-да ешнəрсеге селт етпейтін самарқаулық, көңілсіздік басым. Шағын кəсіпкерлік нысандары (дүкендер, кафелер, түрлі қызмет көрсететін орындар, т.б.) да басқа жерлердегідей жыпырлап тұрған жоқ. Көзге түсетін үлкен көшелер біршама əрлі болғанымен, аулалар кеңес заманын еске салатын ескі, жұпыны кейіпте. Үйлердің сырты қоңырқай, сұрғылт, жолдары жөнделмеген, қоқыстары үйіліп жатқан талай ауланы көрдік. Орталық базарла-рында да қайнаған тірлік көзге түспеді. Бішкектің ер адамдарға арналған шал-барларын сатып тұрған ерлі-зайыпты сатушылар халықтың тауар алмайтынын айтып шағынды. Əрине, тауарларың са-пасыз, түріктің, я басқа жұрттың өтімді дүниесін неге əкелмейсіздер десек, оны да алмайды деп қолдарын сілтейді. Олар да өздеріндегі енжарлыққа емес, қаланың болашағы жоқ деп налитындай.

Қалаға 2-3 ай бұрын ғана тұрған əкім Серік Шайдаров бір күрек қазба байлығы жоқ аудан орталықтарындағы халықтың көңіл-хошы көтеріңкі, ұмтылыстары зор болғанда, мына жезқазғандықтардың енжарлығына таңырқайтынын жасырма-ды. Қалалықтардың мəдени шара өткізуге тиісті сахналары, спорттық кешендері, т.т. бəрі «Қазақмыстың» иелігінде екен. Жекеменшік болған соң, оның бəрін жал -дау ақысын төлеп қана аласың. Ал ол аз ақша емес. «Қазақ тілі» қоғамының төр-айымы Мейрамкүл Мусина жалдау ақысы жоғары болғандықтан, ешқандай шаралар да өткізе алмаймыз деген ренішін айтты.

Шаһардың тіпті қоқыс шығаратын кə сіпорнының техникалары да корпо -ра циянікі көрінеді. Бүгінгі күні, дүние-жүзілік дағдарысқа байланысты мыстың арзандағанын сылтауратып, корпорация өзіндегі əлеуметтік міндеттерден ары-лу саясатына ұмтылыпты. Қазір бұрын меншігінде болған барлық əлеуметтік нысандарды бюджетке өткізгелі жатыр екен. Айта кететін болсақ, корпорация өз күшімен қалада бірнеше əлеуметтік ны-сандар салып немесе күрделі жөн деуден өткізіп, қарауына алған. Мəселен, «Ер Төстік» балабақшасы, «Ұлытау» спорт сарайы, Медициналық орталық, «Ме-таллург» стадионы жəне т.б. Соны мен қатар, Пирамида түрінде салынған му зей ғимаратын да 2012 жылы қаланың неке сарайы үшін қолдануға жарақтап бе ріпті. Көшелерді, парктерді, кейбір тұр ғын үйлерді жөндеуге де қарасатын көрінеді.

Əрине, талай адамды миллиардер етіп жатқан Жезқазған байлығы үшін бұл мүлде мардымсыз. 3,5 миллиард дол лар қазынаны Жезқазғаннан өндірген Ким мырза өз атынан ұмытылмастай етіп, кем дегенде бір əлеуметтік нысан тұрғызып берсе, оған ел де, жер де разы болар еді. Бірақ Лондондағы мырзалар Жезқазғанға оң қабақ таныта қояр емес. Салығын төлеп отырған соң оларға кінə де таға алмайсың. Алайда... ендігі жерде Жезқазғанға келуді де артық көріп, менеджері арқылы ғана байланысып жатқан сондай мырзалардың акциясын Қазақстан Үкіметі сатып алып, дивидент үшін төленетін қаражаттың бір бөлігін қаланы көркейте түсу үшін жұмсаса, ұтымды іс-ақ болар еді.

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Э.Огайдың өзі Алматыдағы офисінде отырады, ал мұн-дағы бастығы Ж.Бөрібаев мыр заға жолыға алмадық. Алдымен хат жазыңдар деген ол артынан Огайдан рұқсат керек деп кергіді. Соған қарағанда, кəсіпорында ашықтық жоқ секілді. Жолықсақ, қоятын сұрақтарымыз да жеткілікті. Соның ішінде жұртты алаңдатып жүрген кеннің азайып

қалғаны, жұмысшыларды əлеуметтік қолдаудың, еңбек қауіпсіздігінің деңгейі, барлау жұмыстарының қалай жүргізілетіндігі, т.б. туралы білгіміз кел-ген. Амал не, есігінен де аттай алмадық.

2010 жылы Президент Н.Назарбаев-тың жастық өміріне қатысты мақала жазу

үшін ол қанат қағып шыққан Украинада-ғы Днепропетровск металлургиялық ком бинатына жолымыз түскен. Бұл ком-бинат та жекеменшіктікі, бірақ алыс-тан, шет мемлекеттен келген біз дің ішке кіруімізге, бастықтарымен жолығуымызға ешқандай кедергі жасалған жоқ. Ал мына-лар есіктерін тарс жауып алған...

ҮМІТТІ ҮЗДІРМЕЙТІН ҮДЕРІСТЕР

Үкіметтің моноқалаларды дамытуға арналған 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына сəйкес, Жезқазғанды орта жəне ұзақ мерзімді перспективада əлеуметтік-экономикалық дамытудың жоспары жасалған. Үстіміздегі жылдың шілде айында Жезқазған қаласына барған сапарында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев онда қарастырылған шаралар санының аздығына назар ау-дарып, қосымша ұсыныстар жасауды тапсырған болатын. Соған сəйкес, қала əкімдігі бұрынғы 38 шараның санын 108-ге дейін арттырып, оларды жүзеге асыру үшін жалпы сомасы 446 млрд. теңгенің (оның ішінде 115 млрд. теңгесі «Қазақмыстан») бөлінуі қажет екені туралы ұсыныс жасапты. Қазір бұл ұсыныстар министрліктен қолдау тау-ып, енді Үкіметтің қарауына ұсынылған. Егер Үкімет қолдап, қаражат бөлінсе, Жезқазған жаңғырып кеткелі тұр. Жүгірте қарап шыққанымыздың өзінде онда өмірдің барлық саласы қамтылғанын көрдік...

Жезқазғанды жоғары перспектива-лы мекенге айналдырғалы отырған бас-таманың бірі Жезқазған – Бейнеу темір жолының тартылуы болмақшы. Бұл – тəуелсіз Қазақстанның тағы бір үл кен жетістігі. Өйткені, КСРО кезінде қан ша айтса да Қазақстанның орталығын Кас-

пий теңізімен қосуға Мəскеу мəн бермей келген. Тіпті Орынбор – Ташкент темір жолына қосу да əңгімеден əріге бар-маған. Енді Қазақстан теңізге дейінгі 988 шақырым жолды өз күшімен 1,5 жыл да салмақшы. Атышулы БАМ-ды (ұзын дығы – 3145 шақырым) бүкіл КСРО жабылып 12 жылда əрең салып бітірген. Оны мен салыстырғанда біздегі еңбек өнім ділігі 3 есеге жуық артық болғалы тұр.

Біз Жезқазғаннан Сексеуіл станса-сына дейін жол салып жатқан кəсіп-орын ның бастығы Рүстем Молдағұловқа жолықтық. Айта кетелік, бұл жердегі учаскенің ұзындығы 517 шақырым. Сексе уіл стансасының өзі жоғарыда атал-ған Орынбор – Ташкент магистралінің бойында. Одан Шалқарға дейін темір жол бар. Ал Шалқардан Бейнеуге дейінгі жолдың ұзындығы 471 шақырым, сонда барлығы 988 шақырым болады. Жердің таулы-тасты, көшпелі құмды, шұқырлы-сайлы болғанына қарамастан, біз жол-ды Тəуелсіздік күніне дейін бітіреміз, деп отыр Р.Молдағұлов. Оған ештеңе

де бөгесін болмайды. Жол біткенде оны пайдалану ісі бойынша 1500-дей жаңа жұмыс орны ашылады. Оның үсті не инфрақұрылымдық нысандар-ды қосқанда 3 мыңдай адам бұл жер-ден нəпақасын айыратын болады. Ең бас тысы, Қазақстанның орталығы мен

баты сы темір жол арқылы қосылып, дайын өнімдер əрі қарай теңіз арқылы тасымалданатын, болады. Жезқазған да тұйықтағы қаладан транзитті қалаға айна-лады. Бұрын Қытайдың тауарлары Ақтау портына 40-50 күнде жететін болса, енді Жезқазған – Бейнеу темір жолы арқылы 10-15 күнде жетіп барады. Осының бəрі Жезқазғанды «болашағы жоқ» дегенді теріске шығаратын үмітті үдерістер.

Сөйтіп, Жезқазған «Қазақмысқа» тəуелді болған масылдық пиғылдан ары латын кезеңге енді жетіп отырған секілді. Жоғарыда аталған 108 шараны Үкімет қолдаса, шаһардың шарықтап кетері сөзсіз. Бүгінгі күннің өзінде қала-да біршама серпілістер бар. Мəселен, əкім діктің құрылыс бөлімінің бастығы Сапарбек Оспановтың айтуына қарағанда, биылғы жартыжылдықта былтырғы сəйкес мерзіммен салыстырғанда құры-лыс-монтаж жұмыстары 10 есеге жуық артық жүргізіліпті. «Власть» журна лы-ның деректеріне сүйенсек, «Қазақ мыс» та мыс өндіруді биылғы жарты жыл -дықта былтырғымен салыстыр ған да 7 пайызға арттырыпты. Облыс орта лы ғы Қарағандыда болған жергілікті өнді-рушілердің конкурсында 50 шақты кəсіп-орынның арасынан үздік деп танылған «Ютария ЛТД» тігін фабрикасын да жез-қазғандықтар орынды мақтаныш тұта ды. 300-ден артық жұмыскері бар бұл кə сіп-орын негізінен «Қазақмыс» корпо ра ция-сы ның тапсырыстарын орындайды.

ЖОШЫ ХАНҒА ҚОҢСЫ ҚОНУ ДҰРЫС ПА?..

Жезқазған Ұлытау тау сілемдерінің оңтүстік-шығысында орналасқанын жоғарыда айтқанбыз. Сондықтан қазақ тарихында айрықша орны бар осы таудың барлық қилы-қилы тарихи оқиғалары мен құнды жəдігерлерін ал-

дымен жезқазғандықтар мақтан тұтады. Он дағы Алаша ханның, Жошы ханның ке сенелері иісі қазақтың баға жетпес ескерт кіштері. Алтын Орданың хандары Тоқта мыс пен Едіге де осында жай тап қан. Алтыншоқыдан бір кезде Қаныш Сəт баев Əмір Темірдің 1391 жылы жа зып қалдыр-ған тас тақтасын да тауып алып, көр меге берген. Бір сөзбен айт қан да, Ұлы таудың қазақ тарихындағы маңызы өте зор.

Осылардың ішінен біз ХІІІ ғасырда тұрғызылған Жошы ханның күмбезіне зия-рат етіп қайтпақ болдық. Ол Жезқазғаннан елу шақырымдай жерде екен. Ойлы-қыратты, таулы-жазықты қаптаған ию-қию дала жолдарымен өзімізге керектісін зорға тауып жүріп келеміз. Жүргізушінің білгірлігі болмаса, жолсерігім Ізтілеу екеуміз жөнін ешқашан таба да алмай-ды екенбіз. Өткенде Моңғолиядан да бір кісілер келіп кеткенін көрдік. Жолды біл -мейтін олар да көп адасты, деді жүргізуші.

Бір төбенің басына шыға келсек, ал-дымызда мал-дүниесі мыңғырған жалғыз үй тұр. Не де болса соға кетейік деп көлік

басын бұрдық. 20 шақты жылқы, қара мал, түйе, жүздеген қой айдаған Білім деген жігіттің үйі екен. Үй толы шүпірлеген бала. Орта жастағы бəйбіше оларды бағып-қағып отыр. Сəтбаевта (қала) үш бөлмелі үйіміз, коттеджіміз бар, мына жердегі баламыздың үйіне мал бағуға жəрдемдесу үшін ғана жазда келіп оты-рамыз, деді ол кісі. Білімнің өзі отбасы-мен қысы-жазы осында отырады екен. 2 мың гектардай жалға алған жері бар, малдарын сонда бағады. Ет өткізуден басқа қысы-жазы қымыз, шұбат сатып та табыс табады екен. Қысқасы, жігітіңнің қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Білімнің үйінен тандырға жапқан қалың нанға сары майды батыра шылап, иісі бұрқыраған шұбатты тоя ішіп алған соң жолымызды жалғастырдық.

Міне, алыстан мұнарланып бəлен жүз жылғы тарихтың куəсіндей болып Жошы хан жарықтықтың күмбезі де көрінді. Архитектуралық шеберлігінде мін жоқ, ең бастысы, күмбездің бояуы сол 700 жыл бұрынғы қалпында көкпеңбек болып жай-нап тұр. Адамды нешетүрлі ойға жетеле-ген Жошының күмбезіне ұзақ қарадық...

Талай ғасыр бойы сары далада қасқиып, жалғыз тұрған Жошы хан күмбезінің жанына 1996 жылы тағы бір күмбез түсіпті. Жер жетпегендей енте-летіп, кесенеден 30-35 метр жерге əкесін жерлеп, республикалық маңызы бар та-рихи жəне мəдени ескерткішпен жарыс-тырып сары кірпіштен күмбез орнатқан пенделердің қылығын біліктілікке жатқы-зу қиын... Əрине, ол мар құмның өзі мені Жошының жанына қойыңдар деп өсиет айтпаған болар, бірақ ата-бабаларының осы маңды жайлағанын алға тартып, əкесін ханның қасына қосар ландырған ұрпағы екені даусыз.

Бүгінгідей елдігіміздің еңсесін көтеріп, тарихымыздың тамырын тереңнен тартуға бет алған шақта Жошы хан мен оның істерінің маңызы да арта берері сөзсіз. Бір кезде Алтын Орданың біздің орда екендігі де мойындалар. Қазақ ордасының осы ордадан бөлінгені рас, ал қазақ хандарының бəрі Шыңғыс хан-нан тараған төре тұқымдары. Ендеше, бір кезде Жошы күмбезіне жол да тар-тылып, əрлендіріліп, көгалдандырылып, маңызы да көтеріле түсері талассыз. Сол кезде оның жанына білместікпен қоңсы түскен марқұмға əркімнің «мынау кім өзі» дегендей, жақтырмай жатырқай қарары ұрпақтарына ыңғайлы бола қоймас-ау...

Жезқазғанда тағы бір жайсыз жайдың куəсі болғанымызды айта кетейік. Мұнда үсті-басын қарамен қаптап жүретін жас əйелдер көп екен. Араб елдерінде болған кездерімізде мұндайдың та-лайын ұшыратқанбыз, бірақ олардың көздері ашық болушы еді, мыналар тіпті көздеріне дейін қара капрон тартып алыпты. Қарап қалған адамды шошы-тып жіберердей-ақ. Ішкі саясат бөлімінің бастығы Мереке Мырзабекованың айту-ына қарағанда, қалада осындай, дəстүрлі емес ағымды тұтынушылар көп екен. Сол жолға түскен жастардың бірсыпырасын кейде дін ұстаздарымен, имаммен кездестіріп, дұрыс ілімнен хабар беруді ұйымдастырамыз. Соның əсерімен кейбірі дұрыс жолға түсіп те жатыр, бірақ ара-сында теріс ағымның уағызы əбден өтіп кеткендер де жоқ емес, деді ол.

Жезқазған мешіті біршама еңселі, əрі сəнді, бірақ қаланың бір шетіне орна -лас қан. Орталықта мешіт салу идеясы болға нымен, ол əлі іске асатын емес. Біз наиб-имам Айтжан Аққошқаровпен де сөйлесіп, біршама ақпарат алдық. Адасқан ағым дағылар мұнда да көп келіп, қисық

пікір лер айтатын көрінеді. Намаздың да пары зын оқып, сүннетін аттап кетеді. Тың дағандарынша дұрыс уағыз айтып, олардың жолы дұрыс емес екендігін дəлелдеген боламыз, деді ол. Олар тіпті өздерінің дүкен дерін, кəсіпорындарын да ашып алыпты.

Теріс ағым жолындағылардың мұнда көбейіп кетуінің бір себебі – радикалды діни идеологияның жолына түсіп, қылмыс жасағандардың түрмесі осында екен. Солардың кейбірінің əйелдері, туыста-ры, достары олармен жақын болу үшін осында келіп, өмір сүріп жатқан көрінеді. Қалай десек те мұндағы діни ахуалға айрықша көңіл бөлу қажет екені көрініп тұр. М.Мырзабекова ішкі саясат бөліміне дінге қатысты тағы бір штат бірлігі ашы-лып жатқанын айтты. Бірақ ол да аздық ететін сияқты. Аурудың алдын алмаса асқынып кетуі ғажап емес, сол сияқты кеселді дүниелердің де кері қылықтары кердең қағып кетуі əбден мүмкін...

АСТАНА – ЖЕЗҚАЗҒАН – АСТАНА.

Журналист жолда жүргенде

Жаѕєыру жолындаєы Жезќазєан

Жақсыбай САМРАТ,«Егемен Қазақстан».

Page 7: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жыл www.egemen.kz 7

Тендерге шығарылады:Қазақстан Республикасы Спорт жəне

денешынықтыру істері агенттігінің «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК теңгерімінде тұрған, жалпы көлемі 200 ш.м. (пайдалы көлемі – 95,1 ш.м., қосымша көлемі – 104,9 ш.м.) асхана үй-жайы жəне қалдық құны 2 362 336,24 теңге асхана құрал-жабдықтары, мекенжайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр к-сі, 45А-үй, объектіге кіру рұқсаты шектеулі.

Бастапқы жалдау ақысы айына – 127 111 теңге.

Мүлікті жалдау (жалға алу) ақысына коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, ағымды жəне күрделі жөндеуге есеп-теулер, объектіге қызмет көрсету үшін төлемдер енгізілмейді. Бұл төлемедерді жалдаушы тікелей водомстволық күзетке, пайдалану, коммуналдық, санитарлық жəне басқа да қызметтерге төлейді, не-месе теңгерім ұстаушымен келісімшарт бойынша.

Мүлікті жалға беру шарттың жасасу мерзімі, теңгерім ұстаушының келісімі бойынша бұдан əрі ұзарту мүмкіндігімен 1 жыл.

Тендердің талаптары:1. Бастапқы жалдау ақысынан төмен емес

жалға төлеу ақысы бойынша ұсыныстар. 2. Нысанды қоғамдық тамақтандыруды

ұйымдастыру үшін пайдалану.Тендердің жеңімпазын таңдау

өлшем дері:Тендер комиссиясының шешімі бой-

ынша объект үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған жəне тендерлік құжаттамада қамтылған барлық талаптарға сай келетін тендерге қатысушы тендер жеңімпазы деп танылады.

Тендерді өткізу ережелері:Тендер өтетін күні отырыста тендер

комиссиясы тендерге қатысушылардың ұсыныстары бар ішкі конверттерді ашады жəне олардың ұсыныстарын жариялай-ды. Конверттерді ашу алдында комиссия олардың бүтіндігін тексереді, бұл ішкі конверттерді ашу хаттамасында тіркеледі.

Конверттерді ашу жəне ұсыныстарды жа-риялау кезінде тендерге қатысушылар неме-се олардың уəкілетті өкілдері қатыса алады.

Тендердің қатысушысы ретінде тір-келу үшін келесіні ұсыну қажет:

1) үмiткердiң тендерге қатысуға келiсi мiн жəне оның тендер шарттарын орындау мен шарт жасасу жөнiндегi мiндеттемелерiн қамтитын тендерге қатысуға өтiнiштi;

2) желiмделген конвертте тендердiң шарттары бойынша ұсыныстарды;

3) заңды тұлғалар үшiн – салыстыру үшiн мiндеттi түрде түпнұсқасын ұсына отырып, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу)

туралы куəлiктiң, құрылтай құжаттардың (құрылтай шарты пен жарғы) жəне салық төлеушi куəлiгiнiң көшiрмелерiн не көрсетiлген құжаттардың жəне нотариал-ды куəландырылған көшiрмелерiн;

жеке тұлғалар үшін – салыстыру үшін міндетті түрде түпнұсқасын ұсына оты-рып, жеке кəсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің, жеке тұлғаның жеке басын куəландыратын құжаттың, салық төлеуші куəлігінің жəне үй кітапшасының көшірмелерін не құжаттардың нотариал-ды куəландырылған көшірмелерін;

4) акционерлiк қоғамдар үшiн – бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмiнен үзiндi көшiрменi;

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшiн – серiктестiкке қатысушылар тiзiлi-мiнен үзiндi көшiрменi (серiктестiкке қатысушылардың тiзiлiмi жүргiзiлген жағдайда);

5) шетелдік заңды тұлғалар үшін – қазақ жəне орыс тілдеріне нотариалды куəландырылған аудармасы бар құрылтай құжаттарын;

6) кепiлдi жарнаның аударылғанын рас-тайтын төлем тапсырмасының көшiрмесiн;

7) өтiнiш беру сəтiне салықтық берешегi жоқ екенi туралы салық органының анықтамасын беруi қажет.

Тендерге қатысу үшін тілек білдір-гендерден өтініштерді қабылдау жəне оларды тіркеу, құжаттардың толық жинағы бар болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Өтінімдер ақпараттық хабарлаудың жарияланған күнінен бастап жүргізіледі жəне 2013 жылдың 26 қыркүйегінде сағ.: 15.00-де аяқталады.

Кепілдік жарналар Астана қал а -сы мемлекеттік мүлік жəне жеке-ше лен діру департаментінің – БСК KZ880705012170181006, БЖК KKMFKZ2A, БСН 120340010824, ҚР ҚМ Қа зынашылық комитет банкі, ТБЖ-171, ММ коды 2170181 есептік шотына енгі зіледі.

Кепілді жарнаның мөлшері – 205 006 теңге.

Тендерд ің өтк і з ілу і , тендер-ге қатысу үшін өтінімдер мен тен-дер лік құжаттамалардың топтама-сын қабылдау келесі мекен-жайда жүргізіледі: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй, №2 бөлме. Құжаттарды қабылдау жəне тендерге қатысушыларды тіркеу тендер өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі жəне тендер өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын аяқталады.

Тендердің өткізілуі жөнінде қосымша ақпаратты келесі телефондар арқылы: 8 (7172) 32-73-23, 32-89-20 немесе www.gosreestr.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Кеңсенің бұрынғы қызметкері Нартай Бегалыұлы БЕКТАСОВТЫҢ

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Басшылығы мен депутаттары мем-лекет жəне қоғам қайраткері

Оңайбай Көшекұлы КӨШЕКОВТІҢқайтыс болуына байланысты отбасына, туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қызылорда облысының əкімдігі мен облыстық мəслихат басшылығы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Үбайдуллаұлы Уəйіске ағасы, Түркістан қаласының құрметті азаматы, медицина ғылымдарының кандидаты

Нұржан ҮБАЙДУЛЛАҰЛЫНЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұжымы кеңес, пар-тия жəне мемлекет қайраткері

Оңайбай Көшекұлы КӨШЕКОВТІҢдүниеден озуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«KAZGOR» жобалау академиясы Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер

Сабыржан ШҮКІРҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы Сүлейман Демирел атындағы Қазақ-түрік университетінің проректоры Нұрлыбек Сейітқұловқа ағасы

АМАНТАЙДЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Əкеміз, атамыз, ұлы атам Сапабек Кең -бейілұлын 80 жас-қа келуімен құт тық -таймыз, зор ден сау-лық, əже міз Би кенмен бірге жасай беруін ті-лейміз!

Ол 1933 жылы Қос-танай облысы Торғай ауданы Көкалаат ауы-лының Жырық көлінің жағасында дүниеге келген. 1951-1956 ж.ж. Алматыда Қазақ кен-металлургия инс-титутын да дəріс алып кен инженері маман дығын игерген.

1956-1986 ж.ж. Соколов-Сарыбай кен байыту комбинатында(ССКБК) қызмет істеді. Сарыбай руднигінің алғашқы кен шеберлерінің бірі. Сарыбайда кен аршу жұмысы басталғанша, уақытша ұсақтау фа-брикасын тұрғызып, 1957 жылдың тамыз айында бірінші темір кенінің эшелонын жөнелтуге мүмкіндік жасады. Өмірінің ең табысты да қиын кезеңі осы комбинаттың кəсіп одағын (33 мың мүшесі бар) басқарған 1974-1984 жылда-ры болды. КСРО Металлургтер кəсіподағының Орталық, Рес-публикалық, облыстық коми-теттерінің, облсовпрофтың мүше-ліктеріне сайланды. Одақ көлемінде, республика, облыс ай мағында кəсіподақ жұмысына белсене ара-ласты. Нəтижесінде ВЦСПС-тің, Құрмет грамоталарымен марапат-талды. ВЦСПС-тің «Кəсіподақтағы белсенділігі үшін» белгісін ал-ды. ВЦСПС жəне Каз совпроф кəсіп одақ комитетінің (төрағасы С.Кеңбейілов) социалистік жарыс-ты ұйымдастыру, жұмыскерлер арасында ауруды азайту, оның ал-дын алу тəжірибелерін жинақтап,

Одақ, республика кө лемінде таратқан. Осы озық тəжірибе бо йынша кə сіп одақ комитетінің, төр-ағасы С.Кең бейі лов ВЦСПС-т ің сый-лы ғына ұсынылды. С.Кең бейілов «Əр ми -нут есепте» (1983 ж.) кітапшасының авто-ры. «Құрмет Белгісі» ордені, КСРО «Ең бек ардагері» ме далінің иегері. Тоғыз рет КСРО Металлургтер

кəсіподағының Ор талық комитеті мен КСРО Қара металлургия ми-нистрлігінің «Социалистік жа-рыстың үздігі» белгісін алған. «Ком бинаттың құрметті еңбек ар-дагері» атанған.

Үш мəрте Рудный қалалық ке-ңе сінің депутаттығына, екі рет Руд ный қалалық жəне комбинат партия (аудандық мəртебелі) коми-теттерінің мүшелігіне, Павлов ауыл дық кеңесінің (1959 ж.) де-путаттығына сайланды.

1986-2000 жылдары Қазақстан Рес-пуб ликасы Кен-металлургия кəсіп-одағының комитетінде бөлім бас-қарушысы, азаттық алған кезде бас ма-ман қызметтерін атқарды. Қазақстан Орталық комитеті «Еңбек даңқы» ме далін, 2003 жылы 70 жасқа толуына «ТМД-нің жалпы ұлттық кə сіп одағы» құрмет грамотасын берген.

Əлі күнге дейін қоғамдық жұ-мысқа белсенді араласуда. Метал-лургтердің республикалық ардагер-лер кеңе сінің мүшесі.

Сəбилік тілектерімен балалары – Алма, Қалыбек, Жанна,

келіні Света, немерелері – Темірбек, Мəди,

Əділбек, Мақпал, Əйгерім, Ержахан, шөбересі – Даниал.

«Кутузовское-Алиби» ЖШС 2013 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.00-де жалпы жиналыс-ты мына мекен-жайда өткізу туралы хабарлайды: СҚО, Айыртау ауд., Каменный Брод а.

Күн тəртібі:1. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар

немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы займдарды ұзарту.2. «Кутузовское-Алиби» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті

көлемде «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға жылжитын жəне/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге беру.

3. «Кутузовское-Алиби» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитеті, 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, министрліктер үйі, Орынбор көшесі, 8-үй, 5-кіреберіс, анықтама үшін телефон: (7172) 74-33-15 «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Бас директорының бос лауазымына орналасуға кон-курс жариялайды (050028, Алматы қаласы, Бартольд көшесі, 157В) анықтама үшін тел: (8727) 383-95-09.

Функционалдық міндеттері: Ұйымның өндірістік, шаруашылық жəне қаржы-экономикалық қызметін басқарады, қабылданатын шешімдер, мүліктің сақталуы жəне тиімді пайдаланылуы, сондай-ақ оның қызметінің қаржы-шаруашылық нəтижелері үшін толық жауаптылықта болады. Жануарлар дүниесін, табиғи кешендерді жəне табиғи-қорық қорының басқа да нысандарын қорғауды, күзетуді, молықтыруды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жануарлар дүниесі ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын жəне тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін табиғи кешендер мен табиғи-қорық қорының басқа да нысандарының жануарлар дүниесін қорғау, күзету, өсімін молай-ту жөніндегі жұмысын дамытуға жəне жетілдіруге бағыттайды. Ұйымның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы жəне сақтандыру қорларының, банк алдындағы міндеттемелерінің орындалуын, сондай-ақ шаруашылық жəне еңбек шарттарының (келісім-шарттарының), бизнес-жоспар көрсеткіштерінің орында-луын қамтамасыз етеді. Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кəсіби білімі мен тəжірибесін ұтымды пайдалану жəне дамыту жөнінде шаралар қолданады. Еңбек жəне өндірістік тəртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоға-ры (немесе жоғары оқу орнынан кейін алған) білім (экология жəне табиғат пайдалану, биологиялық, экономикалық, заңгер). Ұйымда басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кем деген-де бес жыл; Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін, Қазақстан Республикасының Орман кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы», «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін мо-лайту жəне пайдалану туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»,

«Əкімшілік рəсімдер туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Жеке жəне заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тəртібі туралы» Заңдарын; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жəне жануарлар дүниесі саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерді; ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жұмысты ұйымдастыруға қатысты ұйымдық-басқару құжаттар мен əдістемелік материалдар-ды; ұйымның экономикалық-қаржы қызметінің негіздерін, ұйым құрылымының бағытын, мамандануы мен ерекшеліктерін; есеп-ке алу мен қаржылық талдаудың негіздерін, ұйымның өндірістік қуаттары мен кадр ресурстарын; ұйымның шаруашылық жүргізуі мен оны басқарудың қазіргі заманғы əдістерін; стратегиялық жоспарлауды; республикадағы жəне шет елдердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен жануарлар дүниесі саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер мен отандық жəне шетелдік тəжірибені, əкімшілік жəне қылмыстық заңнаманың негіздерін; қызмет көрсетілетін аумақтың ерекшеліктерін; қауіпсіздік тех-никасын, өндірістік санитарияны, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын білуі керек.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажет құжаттар тізбесі: конкурсқа қатысу туралы өтініш; түйіндеме мемлекеттік жəне орыс тілдерінде; еркін түрде жазылған өмірбаян; білімі ту-ралы құжаттардың көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылдану жəне еңбек шартын тоқтату ту-ралы бұйрықтардың көшірмелері; денсаулық жағдайы туралы белгіленген нысандағы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кəсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арт-тыру, ғылыми дəрежелер мен атақтарға ие болу, ғылыми жария-лымдар туралы құжаттардың көшірмелері жəне алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсыныстар жəне т.б.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау конкурс өткізу хабарландыру жайында бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген күннен бастап он бес күнтізбелік күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үміткерлермен əңгімелесу хабарландыру жарияланған сəттен бастап 25 күнтізбелік күн өткеннен кейін Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінде өткізіледі.

Кəсіпорындардың негізгі қызметі:«Семей қаласының спорттық шеберлік мектебі» КМҚК

Қазақстан Республикасының Конституциясымен шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ жəне басқа ұлттық жəне халық ойындарын дамытуға құқығы бар қосымша білім беретін мекеме болып табылады.

«Семей қаласының балалар көркемөнер мектебі» КМҚК Қазақстан Республикасының Конституциясымен шығармашылық, интеллектуалдық жəне эстетикалық қасиеттерінің дамуына құқығы бар қосымша білім беретін мекеме болып табылады.

Функционалдық міндеттері: Бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына берiлетiн лицензияға,

ұйым жарғысына жəне басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сəйкес қосымша бiлiм беру ұйымына басшылық етедi.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:жоғары педагогикалық бiлiм немесе тиiстi бейiн бойынша

жоғары бiлiм, бiлiм беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтiлi 5 жылдан кем болмауы немесе басшылық лауазымдағы еңбек

өтiлi 3 жылдан кем болмауы тиiс.Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар конкурс өткізілетіні

туралы хабарландыру «Егеменді Қазақстан», «Казахстанская прав-да» газеттерінде соңғы хабарландыру жарияланған күннен бас-тап 15 күнтізбелік күн ішінде Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 8 үй, 230 кабинетке ұсынылуы керек, тел: 568963:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) мемлекеттік жəне орыс тілдеріндегі түйіндеме;3) еркін түрде жазылған өмірбаян;4) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куəландырылған

көшермесі;5) еңбек кітапшасының нотариалдық куəландырылған

көшермесі;6) денсаулық жағдайы туралы анықтама (086У нысандағы);7) кадрларды есепке алудың жеке парағы;8) жеке куəліктің көшірмесі.

Хабарландыру«Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамы (бұдан əрі - «ДТЖ» АҚ) (050000;

Алматы қ., Желтоқсан к-сі, 118, www.kazrail.kz) карьерді жəне резервті қайта өңдеу бой-ынша сатып алу жөнінде ашық тендер өткізу туралы хабарлайды.

Сатып алынатын жұмыстардың толық тізбесі, саны, жеткізу мерзімі, орны жəне техникалық ерекшелігі тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тендерлік құжаттама көшірмесін 2013 ж. 24 қыркүйекте сағат 18.00-ге дейінгі мерзімді қоса есептегенде мына мекен-жай бойынша алуға болады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесінде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін немесе «ДТЖ» АҚ веб-сайтында: www.kazraіl.kz, «Сатып алу» бөлімі.

Əлеуетті жеткізушілердің өкілдері тендерлік құжаттаманың көшірмесін арнайы алу үшін тендерлік құжаттаманың көшірмесін алуға жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тиісті түрде ресімделіп, өкілеттігін құжаттық растауын тапсыруы міндетті.

Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерін жапсырылған кон-верттерге салып «Досжан темір жолы (ДТЖ)» акционерлік қоғамының мына мекен-жайы бойынша тапсырады (жібереді): 070012, Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі.

Əлеуетті жеткізушілер тендерге қатысуға өтінімдерін арнайы тапсыру кезінде, əлеуетті жеткізушілер немесе олардың уəкілетті өкілдері тендерге қатысуға өтінімдерін тапсыру құқығын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін əлеуетті жеткізушінің мүддесі атынан ұсынатын тұлғалардың сенімхатын жəне жеке басын куəландыратын құжаттың көшірмесін тапсыруы қажет.

Тендерлік өтінімдерді тапсырудың түпкілікті мерзімі – 2013 жылғы 25 қыркүйекте сағат 9.30-ға дейін. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендер комиссиясы 2013 жылғы 25 қыркүйекте сағат 10.00-де мына мекен-жайда ашады: Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26, сатып алу бөлімінің бөлмесі. Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7232) 54 48 57 немесе сатып алуды ұйымдастырушының электронды поштасының мына мекен-жайына: [email protected].

Вниманию акционеров АО «АК «Қазақстан Жолдары»АО «АК «Қазақстан Жолдары», местонахождение исполнительного органа:

г. Алматы, ул.Гоголя, 86, извещает своих акционеров о проведении годового общего собрания акционеров, которое состоится 27 сентября 2013 года в 11.00, регистрация 27 сентября 2013 года в 10.00 часов по адресу: г.Алматы , ул.Гоголя, 86, каб.409. Инициатор собрания – Совет директоров общества. Список акцио-неров составляется на 20 августа 2012 года.

Повестка дня:1. О количественном составе и сроках полномочий счетной комиссии Общества.2. Об утверждении годовой финансовой отчетности за 2012 год.3. О дивидендах за 2012 год.4. О составе Совета директоров, избрание членов совета директоров, избра-

ние председателя Совета директоров, определение размера и условий выплаты вознаграждения членам Совета директоров.

В случае отсутствия кворума на первом собрании, повторное собрание со-стоится в 15 ч.00 м., 02 октября 2013 года по адресу: г.Алматы, ул. Гоголя, 86.

С материалами, необходимыми для принятия решения при голосовании по вопросам повестки дня собрания, можно ознакомиться с 27 сентября 2013 года, г.Алматы, ул.Гоголя, 86, каб.409.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ұйғарымымен «АСТАНА ТЕХПИЛОТОН» ЖШС банкроттығы жөнінде іс қозғалды. Іс мына мекенжайда қаралады: Астана қаласы, Абай даңғылы, 36-үй, 3-қабат.

Определением специализированного межрайонного экономического суда горо-да Астана в отношении ТОО «АСТАНА ТЕХПИЛОТОН» возбуждено дело о банкрот-стве. Дело будет рассматриваться по адресу: город Астана, проспект Абая, дом 36, 3-этаж.

«Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының білім бөлімі» ММ «Семей қаласының спорттық шеберлік мектебі» КМҚК, «Семей қаласының балалар көркемөнер мектебі» КМҚК директорларының бос лауазы-

мына орналасуға конкурс жариялайды:

Ақпараттық хабарламаАстана қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті

2013 жылдың 27 қыркүйегінде сағат 15.00-де мемлекеттік республикалық мүлік нысанын мүліктік жалға беру бойынша тендер өткізетіндігін хабар-

лайды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Əуезов к-сі, 14-үй.

Қазақстанның қай жағына зер сала қарасаңыз да көркіне көз тоймастай əсем қалалар назар аударады. Соның бірі – Арқа төсінен бой көтерген құтты, қазыналы Қостанай. Ірі өндіріс орны болумен қатар, сұлу көше, сəнді үйлер, сымбатты ғимараттарымен уақыт алға озған сайын айрықша ажарланып бара жатқан қалаға сырттан келуші меймандар мен жергілікті халықтың жиі бас сұғатын киелі мекенінің бірі – облыстық Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық мұражайы. Ол даңқты педагог, алып ағартушы, тарлан тұлғаның туғанына 150 жыл то-луы құрметіне 1991 жылы шаңырақ көтерген болатын. Яғни, егеменді елдің төл құрдасы.

Қазір аталған мұражайда он екі мыңнан астам жəдігер бар. Мұнда келушілер Мəскеу, Санкт-Петербург, Орынбор, Алматы, Ақтөбе жəне басқа да қалалардан ұқыпты түрде жиналған, сақталған құжаттармен жан-жақты танысатын, қыр төсіне білім дəнін сепкен ағартушының өмірінен, оның тағдырлы, тəлімді ғұмырының баянынан мол мағлұмат ала-ды. Əсіресе, соңғы жылы жүргізілген күрделі жөндеу жұмысы мұражайдың бет-бейнесін оң бағытта өзгертті, əбден өңдендірді. Қостанайлық құрылысшылар ғимараттың бірінші жəне екінші қабаттарын түгелдей дерлік жаңа үлгіде жөндеді. Алматы қаласындағы Аманжол Найманбай басқаратын «Этнодизайн-2030»

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандары, суретші-дизайнерлер диораммалардың санын көбейтті. Жəне оның барлығы да ұлы ұстаздың шынайы шығармаларымен, сондай-ақ салмақты, ойлы, тағылымды сөздерімен тікелей байланыстырылды. Мұражай директоры, белгілі ақын, филология ғылымдарының кандидаты Нағашыбай Мұқатов. Қазіргі таңда мұражайда облыстық мəдениет басқармасы бекіткен жоспарларға сəйкес, бұқаралық сипаттағы мəдени-көпшілік шаралар, көрмелер, дəрістер жиі өткізілсе, оған қатысуға ниет білдірген зиялы қауым, студенттер, оқушылар саны да əлдеқайда көбейе түсті.

«Егемен-ақпарат».

«Маєжанныѕ» оралуы

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан».

«Мағжан» əдеби-көркем қоғамдық-саяси журналының алғашқы саны 2007 жылы қаңтарда жарық көріп, облыс өмірінде үлкен мəдени жаңалық ретінде қабылданған еді.

Алайда, қаржы тапшылығынан 9 саны ғана шығып, дара тұлға ретінде төрткүл түркі дүниесін мойындатқан ұлтшыл, рух-шыл ақын Мағжанның шығармашылық асыл құндылықтарымен жан-жақты таныса бастаған талғампаз оқырман қауым сусынын баса алмаған күйі өкініште қалған болатын.

Енді, міне, араға 6 жыл салып, өңір басшы-сы Самат Ескендіровтің тікелей қолдауымен басылым өз оқырмандарымен қайта табысты. Оның тұсаукесері С.Мұқанов атындағы əмбебап кітапханада өтіп, жиынды кіріспе сөзбен ашқан ішкі саясат басқармасының басшысы Салауат Мұқсимов биыл ұлы шайырдың 120 жылдық мерейтойына республикалық, облыс деңгейінде көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылғанын жеткізді. Олардың қатарында «Мағжан көктемі» ІІ республикалық өнер фестивалін, ол туралы түсірілген көркем-деректі фильмді, ғылыми-тəжірибелік конференцияларды атады. Біз бүгін ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығын жан-жақты насихаттайтын, облыс қаламгерлері мен жас таланттардың туындыларын жариялай-тын журналдың қайта жарық көруімен қауышып отырмыз, деді Салауат Сыйлыбайұлы. Сосын сөз кезегін осы игі шараны ұйымдастырушылардың бірі, республикалық «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, белгілі журна-лист-жазушы, Жарасбай Сүлейменовке берді. Мағжантанушы рухани, мəдени салаға үлкен көңіл бөліп, жанашырлық қолдау көрсеткені үшін Самат Сапарбекұлына ризашылығын айта келіп, басылым алдағы уақытта Мағжанның шығармашылығымен, өңірлік ауқыммен ғана шектеліп қалмайтынын, ел өнеріне, мəдениетіне қатысты мəселелер де кеңінен қамтылатынын, əсіресе, жастар шығармашылығына үлкен орын берілетінін, ел аумағына тарату мақсаты тұрғанын алға тартты.

Жиында Қазақстан Жазушылар одағы жергілікті бөлімшесінің төрағасы, ақын Мүталлап Қанғожин, «Асыл мұра» орталығының жетекшісі Таңат Сүгірбаев, СҚМУ жанындағы Тіл инс-титутының директоры Жанар Таласбаева, «Қазақ тілі» халықаралық ұйымы облыстық филиалының жетекшісі Кəрібай Мұсырман, тағы басқалар журналдың осы жолғы саны айдарлар, тақырыптар сан-алуандығымен тартымды да мазмұнды шыққанын, белсенді авторлар қатарына елімізге белгілі қаламгерлер мен тұлғалардың тартылуы құптарлық екенін тілге тиек етті.

Тұсаукесерде «Мағжан көктемі» ІІ респуб-ликалық өнер фестивалінің жүлдегері Аманжол Зағыпар Мағжан рухына арналған «Қызыл от» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді.

Солтүстік Қазақстан облысы.

Руханият

Ќостанайдаєы Ыбырай мўражайы

Қазақстан аумағында аң-шылық нысандарына құс-тардың 59 жəне сүт қо рек-тілердің 34 түрі жатқы зы-лады. Қолданыстағы заң на-ма талаптарына сəйкес, аң-шылық жүргізу тек аң шылық шаруашылықтар аумақ-тарында ғана рұқсат етіледі.

Қазақстанның аңшылық алқаптарының жалпы ауданы 228 млн. га құрап, оның 120,4 млн. га (53,0%) аңшылық ша-руашылықтарына қарасты.

Бүгінгі күні республи ка-мызда 634 аңшылық шаруа-шылықтары тіркелген. Қо-рықшылар саны 2447 адам-ды құрайды. Жануарлар дү-ниесін қорғау шараларына 2103 автокөлік жəне басқа да техника жұмылдырылған. Ел бойынша 130 мыңнан астам аңшы тіркелген.

Əуесқой (спорттық) аң аулаушы аңшыда мынадай құжаттар болуы тиіс:

1) аңшы куəлігі;2 ) Қ а з а қ с т а н Р е с -

п у б л и к а с ы н ы ң с а л ы қ

заңнама сында бекітілген аңшы куə лігін жыл сайынғы тіркеу үшін төленетін мемлекеттік баж салығының төленгені ту-ралы түбіртек;

3) жануарлар дүниесін пай-далануға рұқсат;

4) аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары;

5) аңшылық атыс қаруын қолданып аң аулаған кезде аңшылық атыс қаруын сақтау жəне алып жүру құқығына бер-ген Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының рұқ-саты;

5) жыртқыш құстармен аң аулаған кезде белгiленген тəртiппен берiлген тіркеу ту-ралы құжаттар.

Тұяқты жануарлар мен қоңыр аюды олжалау қорық-шының немесе жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молай-ту жəне пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізілуі тиіс. Осы жануарлардың олжа-ланғаны туралы белгіні осы адамдар жасайды.

Ен салынған (сақина, ми-крочип салынған) құстарды немесе сүтқоректiлердi олжа-лау кезiнде олжалаудың күнi мен орны көрсетiлген ақпарат, сақина, микрочип жəне басқа да белгiлер кейіннен ғылым мен ғылыми-техникалық қызмет саласындағы басшы-лықты жүзеге асыратын уəкi-леттi мемлекеттік органға тап сырылу үшiн аңшылық шаруашылығы субъектісінің уəкiлеттi тұлғасына неме-се Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің облыстық аумақ-тық бөлімшелеріне беріледі.

Аңшылық жүргізу бары-сында өрт қауіпсіздігі шарала-рын қамтамасыз етіп, аңшылық алқаптардың тұр мыстық, кəсіптік қал дықтармен ласта-нуына жол берілмеуі тиіс.

«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту жəне пайдалану туралы» заң мен Қазақстан аумағында аң ау-лау ережелерінің талапта-рын орындамаған азаматтар еліміздің қылмыстық жəне əкімшіліктік заң бұзу шылықтар туралы кодекстері бойынша жауапкершілікке тартылады, деп хабарлады Қоршаған ор-таны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Аѕшылыќ маусым басталдыАң аулау ережелерінің талаптарына сəйкес, Қа зақстан аумағында 7 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарға күзгі аңшылық маусымы басталады.

Орман жəне аңшылық шаруашылығы комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК бас директорының бос лау-азымына орналасу конкурсы өтпеді деп танылды. Осыған байланысты бос лауазымға орналасуға қайтадан

конкурс өткізіледі.

Саят

Page 8: ЕЛУЛІККЕ ЕНУ - Egemen · 2017-11-30 · меншік құқығы, өкіметтің қызмет ету əсерлілігін арттыру секілді са-

10 қыркүйек 2013 жылwww.egemen.kz8 www.egemen.kz8

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы,070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

ПрезидентСауытбек АБДРАХМАНОВ

Вице-президент – бас редакторЖанболат АУПБАЕВ

Вице-президентЕркін ҚЫДЫР

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kzАлматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – (717-2) 37-61-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – (712-2) 32-94-07;

Көкшетау – (716-2) 25-76-91;Қарағанды – (721-2) 43-94-72;Қостанай – (714-2) 39-12-15;Қызылорда – (724-2) 27-00-85Орал – (711-2) 28-80-35;Өскемен – (723-2) 25-28-41;

Павлодар – (718-2) 57-18-09;Семей – (722-2) 52-26-86;Тараз – (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 404-36-29;Петропавл – (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы200 601 дана.

Нөмірдің кезекші редакторы

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №139 ek

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Жақында ойылдықтар қос бірдей қуанышқа кенелді. Бұл ауданда екі жаңа мектептің ашылуына байланысты болды. Ақшатау ауылында пайдалануға берілген жаңа мектептің ашылу салтанатына ауылдықтар тайлы-тұяғы қалмай жиналды десе де болғандай. Мұның себебі де бар. Аудандық білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменовтің айтуынша, ақшатаулық балалар бұған дейін апатты жағдайдағы 9 жылдық мектепте оқып келіпті. Енді, міне, кең де жарық жаңа мектеп пайдалануға беріліп,10-сынып ашылып, білім ұясы орта мектеп мəртебесіне ие бо лып отыр. Жаңа мектептің құрылысымен «Бөбек құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі айналысқан.

Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыстан арнайы келген осы өңірдің тумасы, ардагер дəрігер Тұрар Шериязданов «Көркейе бер, туған жер» акция-сы аясында мектепке компьютер сыйлады.

Құмжарған ауылындағы Соркөл орта мектебінің ашылу салтанатында сөз алған облыс əкімінің орын-басары Сара Нұрқатова: – Ауылдарыңызда сəулетті де еңселі білім ұясы бой көтерді. Жаңа мектеп құтты болсын! Ақтөбе облысында соңғы он жылда 51 жаңа мектеп салынды. 43 апатты жағдайдағы білім ғи-мараттары күрделі жөндеуден өткізілді. Ал Ойыл ауда нында өткен жылы 4 мектеп ашылса, биыл екі бір дей білім шаңырағы бой көтеріп отыр. Ендігі мақ-сат – оқушылардың сапалы білім алуына қол жеткізу бол мақ – деді.

Жаңа мектептің лентасы қиылғаннан кейін, əжелер шашу шашты. Қонақтар жаңа мектепті ара-лап көрді. Мектеп ғимаратының құрылысына 170 миллион теңге жұмсалған.

Ақтөбе облысы.

Дəулет СЕЙСЕНҰЛЫ.

Жаңа ғана басталған күз айының алғашқы күнінде бір шаңырақтың астындағы Абай жəне Достоевский атындағы драма театрлары жаңа маусымының ашылуы «Театр шатырда жəне сахна-да» деген тақырыппен ерекше жағдайда атап өтілді.

Ал оның мəнісі мынада еді. Яғни, қос теа тр ұжымы өз көрермендерімен алдымен ашық аспан астында, содан кейін сахнада жүздесті. Айталық, өнер жұлдыздарының ашық аспан астында Абай мен Шəкəрім арасындағы туыстықтан да бөлек ру-хани жақындықты бейнелейтін көрінісі көрерменді ерекше əсерге бөледі.

Бұдан кейін театр жанашырлары залға шақырылды. Мұнда театрдың ашылу салтана-ты қос театрдың алма-ке зек өнеріне жалғасты.

Өнер ордасының басшылары көрермендерге жаңа маусымның жаңалықтарын жет кізді. Сонымен бірге, кө рермендер театрдың ішкі өмі рімен де жете танысты.

Хакім ақын атындағы театр ұжымы үшін биылғы маусымның жөні тіптен де бөлек екендігі де айтылмай қалмады. Яғни, еліміздегі ең байырғы өнер ұжымы өзінің сексенінші маусымын ба-стап отыр. Бұдан жүз жылға жуық уақыт бұрын қазақ театрының қарлығашындай жас Мұхтардың «Еңлік-Кебегімен» Ойқұдықта алғашқы іргетасы қаланған Семей театры 1934 жылы ресми түрде ашылған еді. Соның бəрі əсерлі кеште кеңінен қозғалып жатты.

Иə, бұл маусым сондықтан бұрынғыдан өзгерек.

СЕМЕЙ.

Үстіміздегі жылғы ақпанда 2009 жылы Қаржы полициясы қыз меткерлері тарапынан із деу жарияланған Статистика агент тігі-нің бұрынғы төрайымы А.Ме шім-баеваның жүрген жері жедел жолмен анықталды.

Биылғы 6 ақпанда оны Мəс кеу қаласында Ресей ІІМ қыз меткерлері ұстаған болатын. Ре сей Феде ра-циясының құ қық қорғау орган-дарының оны бе руінен кейін кеше таңертең Мəс кеу – Астана əуе рейсі-мен Қаржы полициясы агенттігі

қыз меткерлерінің қарауылымен А.Ме шімбаева Қазақстанға жет-кізілді.

Естеріңізге салсақ, А.Ме шім бае-ваға 2009 жылғы қарашада ұлттық санақты жүргізуге бөлінген бюджет қаражатын талан-таражға салды деген айыппен халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Бүгінгі күні ол Астана қаласы ІІД тергеу абақтысына тоғытылды.

«Егемен-ақпарат».

Киіктер неге ќырылды

2013 жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола жəне Қарағанды облыстарының аумағында киіктердің (ақбөкендердің) бетпақдала популяциясының (алдын ала мəліметтер бойынша) 3000-ға жуық басының қырылуы тіркелді. Олардың 1500-ге жуығы Теңіз көлінің оңтүстік, батыс жəне солтүстік жа ғалауларында табылды. Қырылған киіктер жазық да-лада да кездескен.

Жануарлардың қырылуы жөнінде барлық мүдделі орталық жəне жергілікті атқарушы органдарға жедел хабар берілді.

Қазір Қоршаған ортаны қорғау ми-нистрлігінің Орман жəне аңшылық ша-руа шылығы комитетінің бағынысты қыз-меттерінің мамандары Биоқауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты жəне Қа ра -ған ды облыстық ветеринария қыз ме тімен бір лесе отырып, киіктердің қы ры лу аума-қ тарын тексеру, орын алған оқи ғаның ауқы мын жəне себептерін анық тау шара-ларын жүргізіп жатыр.

Қоршаған ортаны қорғау минис-трлігінде шұғыл кеңес өткізілді. Киік-тер дің жаппай қырылу себептерін анық -тау мақсатында Орман жəне аң шы-лық шаруашылығы комитетінің төр -ағасы Бағдат Азбаевтың басшы лы ғын-дағы жұмыс тобы құрылды. Бұл топ-қа мүдделі мемлекеттік органдардың (Қарағанды жəне Ақмола облыстық экология департаменттері, ветеринарлық қызметтер, төтенше жағдайлар, ішкі іс-тер департаменттері жəне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі) өкілдері тартылды, деп хабарлады Қор-шаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Жағымды жаңалық Өңір өмірі Спорт

Дабыл! Қылмыс пен жаза

Ойылдаєы жаѕа мектеп

Мешімбаеваны алып келдіЌаржы полициясы Ќазаќстанєа Статистика агенттігініѕ бўрынєы тґрайымы А.Мешімбаеваны жеткізді

Бўл маусым бўрынєыдан ґзгерек...

Дастан КЕНЖАЛИН,«Егемен Қазақстан».

Бұл жолы еліміздің бас командасы Астана-дағы «Астана-Арена» стадионында Швеция ұлттық құрамасын қабылдайды. Бұған дейін біздің құраманың Скандинавия түбегінің бір бөлігін алып жатқан елмен əлі кездеспегенін білеміз. Жалпы, Қазақстан құрамасы Скан-динавия елдерінің ешқайсысымен əлі ойнап көрген жоқ. Тек жақында ғана аталған түбекке жақын орналасқан Дания корольдігінің авто-номиясы саналатын Фарер аралдарымен ғана үшінші матчын өткізді. Сондықтан Қазақстан мен Швеция арасындағы бүгінгі кездесу екі елдің алғашқы матчы болады.

Жалпы, Швеция командасы туралы көп нəрсе айтуға болады. Бұл елдің құрамасы халықаралық аренада өзіндік қолтаңбасы бар, əлем жəне Еуропа чемпионаттарында бұрыннан бері жақсы өнер көрсетіп келе жатқан команда ретінде белгілі. Шведтер 1950-1990 жылдары əлем жəне Еуропа чемпионаттарында өзіндік ойын өрнегін қалыптастырып үлгерген. Ол тіпті, екі рет əлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Алғаш рет 1950 жылы Бразилияда өткен əлемдік бəсекеде, екіншісін 1994 жылы АҚШ-та өткен сында алды. Содан бері швед-тер халықаралық аренада лайықты өнер көрсетіп келеді. Қазіргі кезде де Скандинавия елі ешкімге жығыла салатындай емес. Ол 2014 жылғы əлем чемпионатының іріктеу турнирінде біздің «С» тобында Германиядан кейінгі екінші орында тұр. Топтағы соңғы кездесуін олар 6 қыркүйек күні Ирландияға қарсы өткізіп, 2:1 есебімен ұтты. Қалай де-сек те, бүгінгі кездесу қызықты жəне тарты-сты өтетіні анық. Бұған қоса, қазақстандық жанкүйерлерді Швеция құрамасының қазіргі күнгі «жұлдызы», тегі босниялық мұсылман оғланы Златан Ибрагимовичтің өнері қатты қызықтыратыны да сөзсіз.

Осы кездесу алдында Қазақстан мен Шве-ция құра малары командалар құрамын жа-рияла ды. Біздің бас командаға қақпашылар Андрей Сидельников («Ақтөбе»), Александр Мокин («Шахтер»), Антон Цирин («Жетісу»), қорғаушылар Қайрат Нұрдəулетов («Астана»), Андрей Порываев («Шахтер»), Юрий

Логвиненко, Алексей Мулдаров (екеуі де – «Ақтөбе»), Виктор Дмитренко («Астана»), Марк Гурман, Александр Кислицын (екеуі де – «Қайрат»), Константин Энгель («Энерги» Котбус, Германия), жартылай қорғаушылар Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл»), Мақсат Байжанов («Шахтер»), Марат Хайруллин («Ақтөбе»), Валерий Коробкин («Астана»), Дмитрий Шомко («Ертіс»), Андрей Карпович («Ордабасы»), Анатолий Богданов («Тобыл»), шабуылшылар Таңат Нөсербаев («Астана»), Андрей Финонченко, Сергей Хижниченко (екеуі де – «Шахтер»), Сергей Остапенко («Астана»), Алексей Щеткин («Атырау»), Игорь Юрин («Ертіс») шақырылды.

Ш в е ц и я м ы н а қ ұ р а м м е н о й ы н ғ а шығады: қақпашылар – Андреас Исакссон («Касымпаша», Түркия), Кристоффер Нордфельдт («Херенвен», Голландия), Юхан Виланд («Копенгаген», Дания); Қорғаушылар – Микаэль Антонссон («Болонья», Италия), Пьер Бенгтссон («Копенгаген», Дания), Расмус Бенгтссон («Твенте», Голландия), Ан дреас Гранквист («Дженоа», Италия), Адам Юханссон («Сиэтл Саундерс», США), Микаэль Лустиг («Селтик», Шотландия), Пер Нильссон («Нюрнберг», Германия), Юнас Ульссон («Вест Бромвич», Англия), Мартин Ульссон («Блэкберн Роверс», Англия); жартылай қорғаушылар – Джимми Дурмаз («Генчлербирлиги», Түркия), Альбин Экдаль («Кальяри», Италия), Александр Качаникли («Фулхэм», Англия), Себастиан Ларссон («Сандерленд», Англия), Андерс Свенссон («Эльфсборг», Швеция), Понтус Вернблум (ЦСКА, Ресей), Эркан Зенгин («Генчлербирлиги», Түркия); шабуылшы-лар – Юхан Эльмандер («Галатасарай», Түркия), Тобиас Хюсен («Гетеборг», Швеция), Златан Ибрагимович («Пари Сен-Жермен», Франция), Ола Тойвонен (ПСВ, Голландия).

Бас жаттықтырушы – Эрик Хамрен (Швеция).

Матч Астана уақытымен кешкі сағат 22.00-де басталады. Кездесу «Хабар» арнасы-нан тікелей эфирде көрсетіледі. Біздің газеттің сайты (www. egemen.kz) матчтан репортаж беретін болады. Оны ойын біткен соң бір-бір жарым сағаттан кейін оқи аласыздар.

• Күрес Олимпиадада қалды. Арген-тинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен Халықаралық олимпиада коми тетінің кезекті сессиясында күрес түрлерін Олимпиада бағдарламасында қалдыру ту-ралы шешім қабылданды.

8 қыркүйек күні өткен дауыс беру кезінде ХОК 49 мүшесі күресті, 24 мүшесі бейсбол-ды, 22 мүшесі сквошты жақтап дауыс берді.

• «Барыстың» бабы жақсы. Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы ба-сталды. Астананың «Барыс» командасы алғашқы ойынын өз алаңында Череповецтің «Северсталь» клубымен өткізіп, 10:1 есебімен ұтты.

Ал Жоғары хоккей лигасында жаңа мау-сымын бастаған Қарағандының «Сарыарқа» клубы, өкінішке қарай, Нефтекамскіде «Торос» командасынан 3:4 есебімен жеңіліп қалды.

• Регбиден Қазақстанның əйелдер құ-рамасы Алматыда өткен Азия чемпио-натында жеңіске жетіп, келер жылы Францияда өтетін əлем чемпионатына жолдама алды.

Қазақстан мен Жапония арасында өткен финалда біздің құрама 25:23 есебімен жеңіске жетті. Қола жүлдені Сингапур жеңіп алды.

• Астанада – көкпардан Азия чемпио-наты. 10-15 қыркүйек күндері қаланың «Қаза нат» атшабарында елімізде көкпар-дан тұңғыш рет І-ашық Азия чемпионаты өтеді.

Оған біздің елден басқа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Тəжікстан, Ауғанстан,

Қытай, Моңғолия елдерінің спортшылары қатысады.

• Жасөспірімдер жақсы бастады. Жексенбі күні Украина астанасы Киев қаласында бокс тан жасөспірімдер ара-сындағы əлем чемпио наты басталады.

Онда 46 кг. салмақ дəрежесінде Əлімжан Бескемпір, Сабыржан Əбілов (54 кг), Жұмагелді Раев (75 кг.) алғашқы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.

• Спортта Вудстан асқан бай жоқ. Жа-қында «Forbes» журналы əлемнің ең бай спорт шыларының тізімін жариялады.

Əлемдегі ең бай спортшылардың тізімін АҚШ гольфшісі Тайгер Вудс бастап тұр. Оның жылдық табысы – 78,1 млн. АҚШ доллары. Екінші орында швейцариялық теннисші Роджер Федерер. Оның табысы – 71, 5 млн. доллар. Америкалық баскетболшы Коби Брайант 61,9 млн. доллармен үшінші орында тұр.

• Кличко бокстан кетемін деп жатыр. Бокстан WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақтағы əлем чемпионы Виталий Клич ко 2014 жылы спорттан кетуі мүмкін екенін мəлімдеді.

Ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының өкілі Том Леффлердің айтуынша, Виталий Кличко енді бір ғана кездесу өткізуі мүмкін. Ол чемпиондық атаққа үміткер канадалық Бермейн Стивернмен қолғап түйістіреді.

• Флайборлинг - жаңа спорт түрі. Əлем-де осындай атпен спорттың жаңа түрі пайда болды.

Əзірге бұл спортпен 30 жастағы Ұлы-британия азаматы ғана айналысады. Ол реактивті əскери қапшық киіп, су айдынынан 9 метрге дейін көтеріледі. Су өткізбейтін ар-найы зымыран жəкеттің құны 15 мың фунт стерлинг тұрады.

• Бұрын-соңды болмаған рекорд. Голлан-дияның Роттердам қаласында Кайл есімді баскетболдың əуесқой ойыншысының 98 метр биіктіктен лақтырған добы себет-ке дəл түсті.

Əлемдік рекордты жаңарту үшін ол Роттер-дамның əйгілі «Еуромаст» мұнарасына шыққан. Ал себет мұнараның дəл астына орнатылған. Баскетболшы допты торға дəл түсірді.

«Егемен-ақпарат».

Бїгінгі ќарсылас – Швеция ќўрамасы

Қазақстан ұлттық құрамасы Астанада 2014 жылғы əлем чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті кездесуін өткізеді.

Ондыќќа тиген он жол