Өлеңдер - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5...

256
Өлеңдер

Upload: others

Post on 21-Jun-2020

17 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Өлеңдер

Page 2: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

УДК 821.512.122-1ББК 84 (5 қаз) - 5C 32

Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлең дер/ Роза Сейілхан. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2014. – 256 б.

ІSBN 978-601-291-211-1

Қолыңыздағы кітап – өмір туралы, өлең туралы. Өлеңімен өмірді жырлаған ақын жанының қат пар-қатпары кітап парақтарына айналып, қалың оқыр-манымен сыр бөлісіп, жыр жырламақшы. Қара сиядан төгілген жыр шумақтары «өткеннің терең дігі, бүгінгі нің кеңдігі, болашақтың биіктігі» жайлы ой толғап, ақын сертін жалпақ жұртқа паш етеді.

Кітап жыршыл, сыршыл жаны бар қалың оқыр-манға арналған.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ МИНИСТРЛІГІ

«ӘДЕБИЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ ТҮРЛЕРІН БАСЫП ШЫҒАРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

ЖАРЫҚ КӨРДІ

© Роза Сейілхан, 2014© «Ан Арыс» баспасы, 2014ІSBN 978-601-291-211-1

УДК 821.512.122-1ББК 84 (5 қаз) - 5

Page 3: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Көңілім жасып тұр менің,Ұйқысын ұрлап түндерім.Азаптан құтқар, жарық күн,Өзіңмен енді біргемін.

Page 4: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

4

***

Армандарымды қайтемін, Адасып жүрген ақ таңда.Сезімдерімді не істеймін,Түсіп бір қалған қақпанға.Мінезімді де білемін,Шыдаған талай батпанға,Адамдар ұқпас жанымды, Ақтарсам ба екен, ақ қарға.

Жалғыз ойыммен өбісіп,Жабырқап жүрген шақтарда.Ақыл мен мұңды бөлісіп,Кетер ем алыс жақтарға.Қысы да келер, күз өтіп,Жапырақ сынды өмірім.Жаратқан соң-ақ қыз етіп,Күндердің енді көбі мұң.

Мастанған емен, мақтанға Жаным бір жайын тапқан ба?!Өзім де біліп болмаймын,Басыма қонған бақ бар ма?!Не болар, ол бақ қонғанмен,Шыр-пыры шыққан тірлікте,Үтірі көптеу болғанмен,Өмірдің өзі бір нүкте.

Page 5: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

5

***

Жарық әлем, мен саған шын құмармын,Сүрінермін, құлап ап, бір тұрармын.Жапырақтай сарғайып күз келгенде,Көктем келе қайтадан құлпырармын.

Мен өлеңмін, өлеңде кінә бар ма,Жарық күннің жетелер шуағы алға.Түсініксіз бір жайтты жиі өткерем,Көз көрмейтін кеткім кеп бір аралға.

Тамшыларын үйірді жанарға мұң,Өзімді іздеп өзімнен таба алмадым.Бақытымды бағамдай алмасам кеш,Үмітімді жалғай гөр, ақ арманым.

Мен әйелмін, мұңаяр жабыққанда,Қанатым жоқ қайтейін қалықтарға.Мен ақынмын, шарасыз ақын жанын,Не жетеді, шіркін-ай, жары ұққанға...

Page 6: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

6

***

Жалықтырды,ұқсас күндер сырғыған,Қай жерде екен, қиялдағы мекенім.Өзімді өзім ұқпай жүріп, кімді ұғам?..Кермек татып бара жатса шекерім.

Енді өзімнен сұраймын ба кешірім,Көтермейді бұдан артық жүрек шын.Шынымды емес, сырымды айтсам несі мін.Жалғыз жаным, тек сол ғана тілекшім.

Түсіндіріп жатуға да болар-ау,Бірақ оны тыңдар ма екен бір адам.Сол баяғы іште жанған бір алау,Сол алауды сөндіре алмай жылағам.

Page 7: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

7

Жылап тұрып күле де алам, сұмдық-ай,Кімге айналып, қайда барып жай табам.Пендемін ғой, жар болса екен бір Құдай,Әлде тіпті жаратса ғой, қайтадан.

Бәлкім сондаем табармын дертіме, Қайталамай қателескен күндерді.Берік болам сөзіме де, сертіме,Жылауды емес, ұнатармын күлгенді.

Page 8: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

8

ЖҰБАНУ

Өзімді жүрмінмұңға шын батырып,Таңымды үмітпенен күнде атырып.Мүсіндеп қиялымда жасап алған,Бақытым келмей қойды-ау, ырғатылып.

Білмеймін нені күтем, нелерді аңсап,Жанымда жылап жатыр өлең-моншақ.Бәрі де қалады ғой дүниенің,Таусылып талқанымыз өлер болсақ.

Сезімім сергелдеңге салады енді,Әлегін мына көктем ала келді.Тұңғиық көк аспаннан маңғазданып,Менің де бір жұлдызым жанады енді.

Page 9: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

9

Жанады, жанбайды деп айтам қалай,Нұр шашып, көкжиектен байқалды арай.Өзіне ынтық етіп онан сайын,Өзгеше тал-қайыңның жайқалғаны-ай.

Апыр-ай, мына күннің құмартқаны-ай,Сылдырап, ән айтады бұлақ қалай?!Жабыққан жанарымды самал өбіп,Жылаған жүрегімді жұбатқаны-ай.Бұл күн де өтер ме екен тұрақтамай...

Page 10: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

10

***

Дәлелдемек боламын кімге нені,Күн артынан ілесіп күн келеді.Мен әйтеуір елегзіп күтудемін,Шын бақытқа ұқсайтын бірдеңені.

Бірдеңені иә, рас, бірдеңені,Көргім келген... жоқ оның бір дерегі.Ол жайлы айту ыңғайсыз болар білем,Құрғыр жүрек өйткені сыр береді.

Өмір жүйткіп барады қалай ғана,Қарауға да құлқым жоқ шарайнаға.Онсыз-дағы жүргенде басым қатып,Қинағанды қойыңыз, жарай ма, аға!

Page 11: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

11

***

Сезім іздедім, төзім іздедім,Таппадым одан тұрақ түк.Есіме алсам, ең ізгілерін,Жанардан кетті құлап шық.

Өзімнен өзім жерініп тегі,Жетімнің күйін кешкемін.Тап бұлай жаным езіліп пе еді,Мен, Тағдыр, саған не істедім?!.

Күлемін, рас, жылап тұрып-ақ,Соғады жүрек дүрсілі.Қайрылмай кеткен ұнаттырып ап,Көңілдің солды бүршігі.

Сынаптай сырғып барады күндер,Бұ дүние кімнен қалмаған.Кетеді кімдер, қалады кімдер,Өкінбей өткен бар ма адам?

Page 12: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

12

ЖАНЫ АУЫРМАС

Жаны ауырмас біреудің біреу үшін,Жанашырдың аздығын біледі ішім.Жақсыларды жаныма жақын тартам,Жақсы көре алатын жүрегі үшін.

Шын мейірімге шөлдегем, зарыға тым,Жарық күннен мен емес жалығатын.Сыймай кетіп өзіме кездерім көп,Мұңдарымды моншақ қып тағынатын.

Тазарғым кеп мен солай жылап алам.Жылатады шындықсыз мына ғалам.Бір-біріне кінә артып жүрген жоқ па,Туғандар да бір әке, бір анадан.

Пенделер көп өмірде соры қалың,Неге мұнша жүдеймін, қорынамын.Күннің нұры жарқырап шыға келсе,Жер де жібір қыстан соң тоңы қалың.

Page 13: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

13

***

Күз екен, күркіреп келген,Дүрілдеп, дүркіреп келгенЖаңбыр боп сіркіреп көргем.Терезе жылады қайта,Күн көзі сүртіп өткенмен.Мұң есіп тұрады бақтан,Таң бе екен, құлазып атқан,Күз, сені жақсы көремін,Сені де ұнатам қатты,Ей, өзен, бұралып аққан.Аямай жапырақтарын,Таптайды, таптайды тағы,Шуылдақ көшелер анау,Қаланың жақпай тұр әні.Келгенше келесі көктем,Күз сырды сақтай тұрады...

Page 14: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

14

АЛМАТЫ ДЕГЕН МӘРТ ҚАЛА

Өтіп жатыр, өтудеесіл күндер,Сыйлап кетер бір сезімтосын күндер.Алматы деп аталған мәрт қалаға,Тікпей жатыр бұл күндеқосын кімдер.

Қара көздің ішінденала қалып,Ауыр ойдан болды ғой,сана ғаріп.Табанынан таусылыпұл-қызың жүр,Дала барып,біресе қала барып.

Тіксін, қосын, тікпе деп кім айтады,Наз айтам деп бұл қазақсыр айтады.Тұрағы жоқ дүние-ай,қарайламай,Абайламай өткеніңмұңайтады.

Медет етсем, бозарғантаңды ғана.

Page 15: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

15

Құмартады көз тартқансәнді қала.Алатаумен таласқанақ шатырлар,Үйі жоққа болдың ғойжанды жара.

Жақсыны кім жаратпас,үйір бәрі,Тағдыр неге бұлайшашиырлады.Өмір өтіп кетпесе,болғаны ендідеп жүргенде, болар деп бұйырғаны.

Жасыл бақтың сүйкімді тиындары,Жалқау болып алғандайбиылдары.Теріп жеуден ерініпжаңғақтарын,Ұйықтап жатқан секілдіүйінде әлі.Әлде, олар да жалығып,мына өмірден,Жатыр ма екен,болар деп бұйырғаны.

Page 16: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

16

КЕЛГЕН СОҢ КӨКТЕМ

Келген соң көктем Мұз-қарды ерітпей ме екен,Қаһарлы қысқа Ол әлде еліктей ме екен,Астаң да кестең, Бір ғажап сезімге бөлеп,Жүрегі нәзік жандарды Елітпей ме екен.

Қырмызы гүлді қырдағы Термегем бе екем,Көктемді күткен кісілер Кемде кем бе екен?Ызғары қарған аяздыңЖазығы бар ма,Суыққа тоңған жүрегім,Емделер ме екен.

Аңсаған көңіл,Аптығың басылар ма екен,Кешіккен бақыт,Мен жаққа асығар ма екен.Табиғат ана жыладыКүн шығып еді,Менің де онда Көзімнің жасы бар ма екен.

Page 17: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

17

АЛМАТЫ ТҮНІ

Алматы түні, жан-жақтан зуылдап көлік,Қағардай замат, тоқтайды зырылдап келіп.Қонақжай анам жататын дуылдап келіп,Отырған шығар, мейманға қуырдақ беріп.

Қызығам сондай, ауылды сағынам қатты,Қаланың қатал тірлігі жаныма батты.Туған жерде өскен гүлдің де иісі бөлек,Арайлап атар ауылдың таңы ғажап-ты.

Қатыгез болып алдық қой, қалаға келіп,Қасиет деген бойдағы бара ма кеміп,Өзім де ұғып болмайтын өмірдің жайын,Үйреткен болам, өзімше балама келіп.

Page 18: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

18

***

Ештеңені сезбейді ғой деп пе еңдер,Еш нәрсені білмейді ғой деп пе еңдер.Менің жаным көлгірсуді сүймеген,Оған куә, тау менен тас, көк пен жер.

Бәрін көрдім, жасаурады жанарым,Кеуде қаққан кейпін көрдім ағаның.Бұл өмірден алары көп білемін,Уызында жарымаған баланың.

Жылап тұрды, қан жылады жүрегім,Сонда да үміт үзе алмады күдерін.«Мен басқамын, ұқсамаймын оларға», –деймін де іштей, өзіме-өзім күлемін.

Жалынуға дәрменім жоқ, жат маған,Көтермеңдер, қар боп жерде тапталам.Менің мұңым өзім үшін тәтті мұң,Менің жырым, түтей соққан ақ боран.

Page 19: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

19

ӘН САЛЫП ЖАТЫР ҚАР ӘППАҚ

Шыңылтыр аяз, мүлгиді қала,Ән салып жатыр қар әппақ.Қайыңдар билеп бір биді ғана,Бозарып атты таң әппақ.

Келмесін біліп жылауға шамам,Жазғырдым сені жарық күн.Ақынның жанын ұға алмас адам,Ол үшін неге қамықтым.

Тәнімді қойшы, қалтырап жаным, Санама салды салмағын,Жігер мен күштің сарқып ап бәрін.Өзімді күң ғып жалдадым.

Шарапаты жоқ заманға налып,Ай туса тұрам күбірлеп.Шындықтың бетін қаламға қарып,Қызымды сүйем, гүлім деп.Ұлыма жаным-күнім деп.

Соларға қарап шүкірлік етем,Басқа бақ қандай болады.Өзгенің бәрі күпірлік екен,Өмірдің соны ұқ, қонағы.

Page 20: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

20

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН

Қазақтың қызымын,Бойында қызу қаны бар.Қазақ деп соққан жаны бар.Жанатын түбі бағы бар.Ажарын билер ақылыБетінде ұяты, ары бар.Қазақтың қызымын танып ал.

Қазақтың қызымын,Сезімін төзімге жаныған.Ашқарақ пейілден арыған.Шаршаған заманныңӨзімшіл заңынан.

Қазақтың қызымын,Ұлдары тілдеген.Құлдары күндеген.Шырағын сөндірмей сонда да,Өшірмей үмітін үрлеген.

Қазақтың қызымын,Ананың мейірімін,Ағаның пейілін аңсаған,Ізгілік күтетін баршадан.

Қазақтың қызымын,Жігіттің төресін,Ойының өресін іздеген.

Page 21: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

21

Көңілін марқайтқанІзгі өлеңҮлкенге иіліп, Сіз деген.

Қазақтың қызымын,Көзіне жас тұнған,Жарасы асқынған.Нәзіктеу болғанмен,Қазақтың қызымын,Темірдей тас тұлғам.

Page 22: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

22

ТУҒАН ЖЕР

Туған жер,Жүрегімнің тамырысың,Бір сәткеСарқылмайтын бар ырысың.Куәсі балалығым, жастығымның,Өзіңсіз басылмайды сағынышым.

Көкшетау, Анау жатқан Көктөбем ғой,Нәр алыпМен өзіңнен көктеп ем ғой.Сапырған сары қымыз Көк жайлауым,Сен маған мәңгі бақиКөктем ең ғой.

Сен мағанҚашан-дағы жұмақ ең ғой,Мен саған,Сен де маған құмар ең ғой.Самалы сипағанда самайымды,Сүйсініп жұпарыңа тұрар ем ғой.

Бұлақтан су тасығанБұла күнім,Сылдырап құлағымдаТұрады үнің.Түсімде көргенімді

Page 23: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

23

Апама айтқам,Жамбылдай атамызды,Жыр алыбын.

Мен бүгін Бір отаудың шырағымын,Шегі жоқ, шеті де жоқШыдамының.Жаныма жыр сыйлаған Туған елім,Алдыңда мен сендердіңКінәлімін.

Алдыңда Мен сендердің айыптымын,ЖазағаҚандай болсын лайықтымын.Биікті аңсағанменБиікте өсіп,Ұшпадым қанатымдыЖайып бүгін.

Сұлу ғой,Біздің ауыл әдемі ғой,Күй еді, айтылмағанӘн еді ғой.Алапат, астаң-кестеңКүй кештірген,Ақындар,Батырлардың әлемі ғой.

Page 24: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

24

ӨЗІМДІ ЖЕК КӨРГЕНДЕ...

Өзімді-өзім жек көрген кездерім көп,Осыншалық апыр-ау, арсыз ба едім.Селт етпедім, түкті де сезгенім жоқ,Жоғалтып ап, ұятымды қанша іздедім.

Кешір дедім, оп-оңай айта салғам,Жылап тұрды жүрегім шын жылады.Шыға келер шындығым қай тасадан,Бір өкініш ішімде шыңғырады.

Жастығыма сіңірдім бұлақ жасты,Менің жайым тек соған, соған мәлім.Қателескен кездерде шыдам қашты,Бәрін көріп мұңайды жанарларым.

Сөз естідім, тым ауыр, зілдей екен,Жеңілденбек мұндайда жазам қалай.Сонда қалай шаттанбай, күлмей өтем,Барыңдаршы, бәрің де мазамды алмай?!

Page 25: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

25

ӨЛЕҢ

Теңіз өлең, толқышы тағы да бір,Көктем өлең, ексеңші жаныма гүл.Жаңбыр өлең, селдетіп жауа берші,Өмір өлең, мұңыма, зарыма үңіл.

Тұнық өлең, ойыма, санама кір,Тентек өлең, түссеңші, сабаңа бір.Тағдырлы өлең, еңсеңді көтер, енді,Мұндай күйге түскенің маған ауыр.

Өлең, өлең, не дейін саған өлең,Хақым бар ма жазуға жаман өлең.Тек Алланың алдында кінәм болса,Пешенеме жазғанын бара көрем.

Бақытты өлең, нұрлы өлең, шуақты өлең,Кете көрме, тек қана жырақ менен.Ешкім қалмай жанымда жабырқасам,Басымнан кеп сипады, жұбатты өлең.

Page 26: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

26

БАЛАПАНДАРЫМ

Балапандарым, Жанымның жарығысыңдар.Жүрегімсіңдер,Менің бар тамырымсыңдар.Шөлімді басар сусыным,Жабыққан шақта,Жігерімсіңдер, Өздерің сабырымсыңдар.

Балапандарым,Күн нұрым – шуағымсыңдар,Сендерде ғана,Шаттығым, қуанышым бар.Ұмыттыратын өмірдіңСәтсіз тұстарын,Төзімімсіңдер,Күндерім, шыдамымсыңдар.

Балапандарым,Дем берер, оттегімсіңдер,Бүр ашқан жаңаГүл бағым, көктемімсіңдер,Шаттығымсыңдар, Жаныма жылу сыйлаған,Ана болуды үйреткенМектебімсіңдер.

Page 27: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

27

ӘЖЕ

Әже, мен бүгін айналғам анаға,Көре алмай кеттіңіз өкінем.Қаншама уақыт өтсе де арадаҚазір мен мықтымын, бекігем.

Сіз жайлы ойланам, отырып түндерде,Кешірші, жұмысым басымнан асады Пенде емес, біз, әже, екенбіз құр кеуде,Өзіме қарным ашады.

Жылаудан шаршағам,Барлығы ауырады жанымның.Рас айтам, кезім көп аңсаған,Сені әже, өлердей сағындым.

Балалық шағым да есімде мәңгілік,Ұмыту мүмкін бе, бал күнді.Дауысың жадымда қалыпты жаңғырып,Өкініш ішімді жандырды.

Білте шам, екеуміз жағатын кештерде,Қоқысқа кетті ме таппадым.Тау жақтан өңмеңдеп бір ызғар ескенде,Байқадым сол кештің құлазып батқанын.

Page 28: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

28

***

Нұр тілеп көлеңкедей күн аңсаған,Көктемдей көңілім бар гүл аңсаған.Мен сені ұмыта алмай қойдым десем,Біртүрлі естілетін шығар саған.

Біртүрлі естілер-ау, біледі кім,Жыласам мазақ етіп күледі кім.Санама кеп түнейді сені ойласам,Қияли қонақтары түн елінің.

Сен жайлы өлең жазам тұрып түнде,Дейтіндей сенің кейпің «ұмыт мүлде».Жазған-ау, шын ұнатып көрмедім ғой,Боларын дәл осылай біліппін бе.

Жаз ба еді, есімде жоқ, көктем бе еді,Астасып бір-бірімен көк пен жері.Күз өтіп, қыс та кетті бір алапат,Көп болды бір сезімді өткергелі.

Әйелмін, азабына көнген күліп,Қол берем, соңыма ылғи ергенде үміт.Ақылдан айырмасын деп тілеймін,Ілесіп бұл көктеммен келген бүлік.

Жаныма талғажау ғып өлеңімді,Дал болғам, білмей сенбес, сенерімді.

Page 29: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

29

Сен кеткен жаққа қарай мен де ұзадым,Көктеммен бірге жайып желегімді.

Өлара, «құсқанаты» жапты жерді,Жаныма әппақ қардан таптым емді.Өбектеп менің әппақ сезімімдей,Ай нұры сүйіп жатты ақ кілемді.

Page 30: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

30

БАҒАЛАМАДЫҢ

(Әні бар)

Білмеймін,Күн кешемін қайда барып,Жанымды ұқпағаныңАйдан анық,Еріксіз мені өзіңеТарта бердің,Көрінбес сезім жіпке,Байлап алып.

Қайырмасы: Бағаламадың, бағаламадың қарамадың жанымды, жараладың.

Гүл еккен көңілімеКөктембісің,Ұмыту қиын екен,Өткенді шын.Жолыңа қарайлауменКөзім талды-ай,Қанаты талып ұшыпЖеткен құсым.

Қайырмасы.

Page 31: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

31

Төгіліп тереземе Дір етті арай,Санама кеткен ең ғой,Түнеп талай.Жақында жүргеніңмен,Алыстасың.Шыдайды бұған енді,Жүрек қалай.

Page 32: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

32

СӘЛЕМДЕСТІМ...

Сәлемдестім бау-бақшамен,Көк желегін жайып тұрған.Осы көктем емес пе еді,Мені мұңнан айықтырған.Тамашалап қыз – көктемді,Еске түсті бала күнім,Ақ парақты қайық қылған.

Санамдағы сағыныштан,Ертегі өмір жасап алғам.Сыртым бүтін, жаным іштен,Бір тұйыққа тасаланғам.

Арманыма арыз айттым,Нұрын іздеп жанарымның.Аузыңа су тамызбайтын,Өзі ме бұл азабымның, –

Деп ойлағам, бірақ көктем,Ұмыттырды мұңның барын.Көп көктеммен жырақ кеткен,Есіме алып тұрдым бәрін.

Page 33: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

33

***

Нала мұңым,Аңсап жүр дала гүлін,Ақ арыма дақ түсті,Аттамай-ақ ешкімнің ала жібін.

Сенделемін,Бар күнәм жерде менің.Ұғуға да келмейтінТүсінуге,«Ақын» деген кінәмшілПендең едім.Өлгенім де белгісізӨлмегенім.

Арман әнім,Кештім талайТағдырдың қар боранын.Алдағанын, біреудіңАрбағанынАйтпай-ақ аңғарамын.

Түсінгенім –Таусылмайтын сияқтыКүшім, демім.Өңімде ылғи болып жүр –Түсімдегім.Атап жүрген «бақыт» депЖақсылықтыТек қиялда суреттеп,Мүсіндедім.

Page 34: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

34

АҚТАРЫЛУ

Шаршағам, жабырқағам, өмірдің заңын ұғып,Таңдар да әлі атпаған сыйлайды жаныма үміт.Бүгінгі күннен безіп,Ертеңге емексимін,Тұрса да, санам, ойымЖүрегім, жаным ұлып.Білмеймін нені күтем,Нелерді аңсап тағы,Бір елес бұлдырайды,Мұң сыйлап алшақтағы.Тәнім де қалтыраған,Күздегі жапырақтай,Жанарда боталайды,Жанымның моншақтары.Басым бір ауған жаққаБел буып күнде-күнде.Сорыммен содан кейін,Жатамын түнде бірге.Қырдағы қызғалдақ ем,Ұқсамай кеткем рас,Өзіме мүлде-мүлде.Осылай болатынынӘу, баста білмедім бе.Шаттықты сүйген көңіл,Сен солай кірледің бе?!Қажеті жоқ-ау, осыҮлдемен-бүлденің де.

Page 35: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

35

Шаттық боп жолыққан ол,Мұң болып жүргенімде.Дертімді асқындырды,Сезімнен кеткен ағат.Қайтейін өмір сүрем,Біреуге өкпелеп ап.Жұлдызды түннен үміт,Күтемін сарыла шын,Тағы да көкке қарап.Жүр ме әлде, мені адамдар,Ақынға текке балап.Жауап жоқ сауалыма,Ішімде арпалысым.Алдыға талпынғанмен,Кейінге тартады ісім.Кім енді не десе де,Өлеңім, өмірімсің,Дем берер арқауымсың.

Page 36: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

36

ОРАЛХАН БӨКЕЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ

Мазаны ала берді күдік келіп,Дос анау бірін-бірі жығып беріп.Алдымнан бір тосқауыл шығады, аға,Жүргенде жақсылықтан үміттеніп.

Өлген соң айтыла ма, шынның бәрі,Тірліктің тербеп жатыр мұңды ырғағы.Сіз, аға, бақилықсыз, жаны нұрдан,Мен болсам бір мұңлықпын құрдымдағы.

Есіме түседі ылғи құлын күнім,Мендегі өрт сезімге жылынды мұң.Сіз жазған кейіпкерге ұқсап қалам,Әттең-ай, ұғар бірақ сырымды кім.

Ұзақ түн, келмейді аға, ұйқым менің,Жазғаның жанға жақын сиқыр ма едің.Қатыгез дүниенің көру азап,Шырқырап, тозақ отта үйтілгенін.

Өр Алтай сыйлаған ғой Сізге бәрін,Өзіңді тауып алған іздеп ағын.Ағылып, төгілесіз нөсер болып,Жемістей беретұғын күзде нәрін.

Арманның арғымағын таң асырдым,«Тағандай» күйін кештім шарасыздың.

Page 37: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

37

Өзімді-өзім таппай жарық күннен,Тамшымен жуып көзді аласұрдым.

Шығыстың балқарағай, шыршалары, Өзіңсіз енді кімге мұң шағады.Алтайды мекен еткен кер бұғыдай,Сананы қайта-қайта жыр соғады.

Page 38: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

38

ҚЫРЫҚТАМЫН

Сұрасаң қыздың жасын қырықтамын,Білемін, Құдай сүймес қылықтамын.Құраумен келем әлі быт-шыт болып,Шашылған сезімімнің сынықтарын.

Сұрасаң сұрай берші, қырықтамын.Бұл күні бәріне де шыныққамын.Өлеңсіз өмір сүру мүмкін емес,Өлеңсіз тұл жетіммін бір ұққаным.

Қинаған жанымды мұң қырықтамын,Мөлдіреп тұрмас енді тұнықтарым.Тірліктің көргім келмей былықтарын,Өзімді өзім ғана жылытқамын.

Осылай өтіп жатыр өмір деген,Жармасып көз жасыма төгілді өлең.Тірліктің әділетсіз сиқын көріп,Бәрінен қалады екен көңіл деген.

Жас болсам елемес ем ештеңені,Пендеге ақыл сірә, кеш келеді.Күні өтіп бара жатса, ғұмыры өтіп,Оны айтшы, қай ақымақ хош көреді.

Жоқ шығар тағдырыңа айла, амалың,Бар дейсің алынбаған қай қамалым.Құбылған дүниеге көз салғанда,Ұлым мен қызым жайлы ойланамын.

Page 39: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

39

ӨСКЕМЕНГЕ

Табиғат берген қала сыйын үйіп,Ойлантпай қоймайды екен шыңы биік.Қазақтың жүрегі мен пейіліндей,Бұралып бал қарағай тұр иіліп.

Таңырқап бұл ғажапқа қарар аспан,Таулары ақша бұлтпен жағаласқан.Көліне кәусар бұлақ араласқан.Жел анау есеңгіреп, есі кетіп,Жұпарын сай-салаға ала қашқан.

Ертістің өзімсініп жағалауын,Үмітпен балықшылар салады ауын.Толқындар дауылдан соң саябырсыр,Шешкендей өзара бір жаңа дауын.

Бұл мекен міне, осындай жәннат мекен,Таусылып біткендей ғой, тағат көкем,Тұндырып сұлулыққа тұла бойын,Жаныңды қандай нұрдан жаратты екен.

Page 40: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

40

ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕККЕ

Есаға, есіл ағам-ау,Бәрін де есіме алам-ау.Алдыңда болса айыбым,Кешірші, кешір ағам-ау.

Баладай жаныңды көргем,Шарасыз хәліңді көргем.Ақын ең, амал бар ма енді.Өлеңге барыңды берген. Мұңайған шағыңды көргем,Жүзіңнен сабырды көргем.Сіз жоқсыз, Ұзынағашта,Сол ойдан тарылды кеудем.

Асығып Алматы жақтанАқындар іздеп баратын.Біз жақты көрсек деп емес,Өлең деп, Сіз деп баратын.Шаттанып қалатын едің,Күлімдеп көгілдір көзің.Лапылдап жанатын едің,Шын сүйіп өмірдің де өзін.Қалтарыс-бұлтарыстарын,Тағдырдың қалдырып ұмыт,Ап-адал жүрегіңде аға,Тұратын жаңғырып үміт.Жығылсаң, тұратын ең ғой,Жасанып шығатын ең ғой.

Page 41: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

41

Өмірді тап басып, жырлап,Талайды жылатып ең ғой.Асығып кеткенің қалай,Енді-енді бүр атып ең ғой.Сабырға жеңдіріп бәрін,Ішіңнен тынатын ең ғой.Төгілді жанардан бұлақ,Кетпейсің санамнан жырақ.Алдыңнан қарсы алсын аға,Шындықтан жаралған жұмақ.Жүрегің ауырмайды енді,Ешкімді сағынбайды енді.Бұл жақта өлеңің лаулап,Баурайды, жалындайды енді.Тұлпардай бәйгеге қосқан,Шапқанда бағынбайды енді.Туғанмен тағы бір ақын,Дәл сіздей табылмайды енді.

Есаға, есіл ағам-ау,Өткенді есіме алам-ау,Алдыңда айыбым болса, Кеш енді, кешір ағам-ау.

Page 42: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

42

МАХАББАТ БИГЕЛДИЕВКЕ

Біраздан мәлім еді есіміңіз,Жақсыға ашық дейді есігіңіз.Қанымда жағымпаздық жоқ жан едім,Сізге енді жыр арнасам, кешіріңіз.

Өлеңмен өтемекпін айыбымды,Жан деп жүр, Сізді ағалар қайырымды.Тербеліп теңізсіз-ақ толқынымда,Ел жаққа мен де бұрдым қайығымды.

Дәметіп келгенім жоқ бірдеңені,Жанымды жабырқатты «жыр» дегені.«Қайтейік, ақын болса» – дегені емес,Батады «үйсіз-күйсіз жүр» дегені.

Оған да көргенім жоқ жасып тағы,Ішінде адамның бар пасықтары.Кейбіреу талантсыз-ақ тайраңдайды,Түскенде алшысынан асықтары.

Анамын – алдамаған арман әні,Ақынмын – қалам мен жыр жалдағаны.Ақтарғым келген сырды бүге алмадым,Бұл өлең – аға, сізге арналады.

Алланың қолында ғой көреріміз,Лайым таусылмасын береріміз.

Page 43: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

43

Көтеріп мәртебемді жұрт алдында,Тигенін ұмытқам жоқ көмегіңіз.

Жылқының жылқысынан тұлпар шығар,Сарауыз балапаннан сұңқар шығар.Бір шумақ жазғандардың бәрі ақын ба,Тек қана шын шайырдан жыр тамшылар.

Ұлына қарап білген өсер елді,Төгеді шын тілектің нөсері енді.Рухы Жамбыл менен Сүйінбайдың,Аралап жүрген шығар көшелерді.Аруағы қолдай берсін бабалардың,Құдайым көгертсінші көсегеңді.

Page 44: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

44

ӨЛЕҢ, КЕШІР

Саудаға салсам, кешірСені өлеңім,Сенімен деп ем, Көктеп, көгеремін.Өңменнен өтіп кетсе,Шарам қайсы,Киізі шұрық тесік Керегемнің.

Өзіммен өзім жүргем шықпай үнім,Нөсерін төкті келіп Бұлттай мұңым.Туысың кінәлайдыОнан қалса,Сендегі алапаттың Ұқпай бірін.Ол түгіл,Жарың қойып кінә тағы,Жаныңды Жылатқанды ұнатады.Ақынның мұң шекпеген Кезі бар ма,Күмәнмен атар ылғиСірә, таңы.

Page 45: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

45

ӨКІНІШ

Ертіс, Сен қалай ағасың Түнеріп, Қап-қара мұң көрдім Көзіңнен.Жағаңа қайтеді Қойса егер гүл егіп,Мұң емес, Гүл егіп төзімнен.

Көз жасым ағады Шүпілдей төменге,Паромнан құлағым келедіТүсінші.Ол нені ойлады,Үлгіріп өлерде,Шағала, Арманды өзіңмен ұшыршы.

Кінәлай көрмеші, Өтінем, жазғырма.Ініге мәңгілік «қош» дегем Тым ауыр.Жүрегім шымырлап тағы бір саздың да,«Арқалап кеткен жоқ» дедің ғой,Күнәні ұл.

Page 46: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

46

Сыбырлай айтқансың Оны сен тым әлсіз,Ол мені жұбатты Неліктен, дем беріп.Күлкіні жек көрдім Өлердей,Шын арсыз,Қара Ертіс,Тынымсыз ағады тербеліп.

Жынданып кетермінЖыласам, қайғырып,Ұзақтау болған жоқБұрындар бұлай түн.Қапыда қалғандаБір ұлдан айырылып,Сен болдыңЕй, Ертіс,Хәлімді сұрайтын.

Шағалаң сияқты Шарқ ұрған жем іздеп,Біткенше жүрермізКүніміз сенделіп.Әттең-ай, кеш қалдық Келгенмен сені іздеп,Деді жұрт: «Жігітті сендерсіз жерледік»,Толқындар қабадыЖағаны тістелей тебініп,

Page 47: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

47

Өкініш дегеннің Сол сәтте ұғасың азабын.Жалғанға жалынғың келеді, Вулкан боп жарылғың келеді Егіліп,Содан соң жүресің Амал жоқ,Өлшеніп берілген Өмірге жегіліп.

Page 48: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

48

ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫНА

Алматы қарсы алған жоқ күліп мені,Есімде үмітімді үгіткені.Қаланың қатыгездеу тіршілігі,шығарды қанша ма рет сілікпені.Сол кезде дем бердіңізбауырымдай,Көрсетіп сабырлылық,Тау ұлындай.Білсеңіз, содан бері,бұл шаһарың,боп кетті маған туғанАуылымдай.Жаныңыз жақсылықтыкөксер білем,Бізге ортақ, туған жердіңөскен гүлі ем.Шимайлап қаламым менқағазымды.Өзімше басып келемөкшеңді мен.Жаныңыз адал аға,баладай-ақ,Биіктен неге, тағы Айқарады аяп.Тәңірім, кейде сізге беретіндейжақсының барлығын дааямай-ақ.

Page 49: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

49

Тұнықсыз, көк жайлаудың бұлағындай,Шыдам жоқ, аға, сеніңшыдамыңдай.Жайқалып шыға келерексе болды,Жер бар ма аға, сеніңқұнарыңдай.Қызылсай, сіз білетін,мен білетін,Ерекше бір арманғасендіретін.Қырғызбай, менің әкемАйтжандарсыз.ол мекен, қалған сындыЕнді жетім.Қашанда серік еттің қаламыңды,Жан аға, мұң шалмасынжанарыңды.Ұлтына берері көпаман қылғай,Пайымы бөлек туған Саналы ұлды.

Page 50: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

50

БАҚДӘУЛЕТКЕ

Балапаным, кішкентай жарық күнім,Сенсіз өмір сүргенім бекер менің.Тәй-тәй ботам, жүруден жалықпа ұлым,Тәп-тәттім-ай, бал ма едің, шекер ме едің.

Сенсіз қалай атты екен таң арайлы,Былдырлаған тіліңе тояр ма екем.Жан-жүйемді бір сезім аралайды,Бағаласаң бақыт та баянды екен.

Жақындады көп күткен бір алысым,Аман болшы, шаттығым, жұбанышым.Жабығудан сақтайтын, қамығудан,Сен анаңның мәңгілік тұмарысың.

Судан аман бол, ұлым, оттан аман,Ай сәулесі жолыңды жарық етсін.Үлесіңді ал уақыттан тоқтамаған,Өмір теңіз, шайқалтпай алып өтсін.

Page 51: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Ақ жүрегім,Адалдықпен ағарам,Ақ сүтімен аялағанАқ анам.Баладай пәк Жырларымды өбектеп,Арманымның Ақ құсына балағам.

Page 52: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

52

***

Жылт етпей қойды жақсы үміт,Есалаң күйден мезі еді ол,Қатпарын мидың тарсынып,Санасыз ойды кезеді ол.

Ақылды жеңіп мұң деген,Арманды кетті ада ғып.Өзімді өзім күндер ем,Дұшпанға қойса таба ғып.

Аңсамас едім түкті мен,Қолымнан келсе саналы іс.Күндердің бәрі күп-күрең,Шын күткендердің бәрі алыс.

Page 53: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

53

ҚОҢЫР

Жүректі тербеп қоңыр ән,Қоңырқай мұңмен жолығам.Қоңыр күз, қоңыр жапырақ,Түсімді саған жорығам.

Меселі қайтып мелшиген,Бар болсаң бақыт, келші үйге.Қоңырқай көзі мөлдірер,Сол жігіт қайда мен сүйген.

Соны айтшы, маған қоңыр күз,Тақпаспын кінә орынсыз.Изейді басын күзгі бақ,Соқпаса самал, ол үнсіз.

Өзіңнен хабар жоқ бүгін,Жаныма батты жоқтығың.

Page 54: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

54

***

Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің,Бір жарқ етер, ерте ме, кеш пе өлеңім.Түсіне алмас жанымды жүрген дос та,Ойық-ойық көңілдің кестелерін.

Ерте барып мұңыма кеш келемін,Самалдың да түсінем еспегенін.Жабыққанда құлазып жалғыздықтан,Жұбатпасаң «жаным» деп не істер едім.

Page 55: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

55

***

Сағынып жүрмін мен сені,Сағыныш ол бір ғаламат.Көрсем ғой деген бір ойлар,Дегбірімді де барады ап.Өзіңсіз мені меңіреу,Қызықтырмайды қала, бақ,Осы бір шумақ жолдардыАрнадым саған қалам ап.Кетпегін бірақ мендегіӘлсіздеу жанды жаралап.Көлгірсулерден бол аман,Жүрегің керек маған ақ.

Page 56: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

56

САҒЫНДЫҢ БА ДЕП СҰРАЙСЫҢ

Сағындың ба, деп сұрайсың сен менен,Есіңе алып күндеріңді келмеген.Сұрамашы, сұрақ толы кеудемде,Барлығына жауап іздеп сенделем.

Сүйесің бе деп сұрайсың сен менен,Шын сүюге тұра алмайтын пенде ме ең.Сені қайдам, ал мен өзім өмірдің,Бар ғажабын бір өзіңе теңгерем.

Page 57: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

57

***

Тарылды тынысым, демім,Қаладан безуге шақ қап.Тірлігі құрысын дедім,Жығылсаң кетеді таптап.

Несіне құмарттым екен,Қатыгез мекенге мына.Ес жисам жылап тұр екем,Арқалап кетем бе күнә.

Ұғындым осында келіп,Адамның аласы барын.Көп жерде тосылған едік,Сезінбей жаны ашығанын.

Жасыған көңілдің жасын,Көрсетпеу керегін ұғып.Болады өмір болғасын,Адамға керегі де үміт.

Page 58: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

58

***

Кетсем бе екен біржола ауылға енді,Төтеп берер күшім жоқ дауылға енді.«Үйсіз-күйсіз жүргенің қалай» – десе,Не деп жауап беремін бауырға енді.

Алматыдан баспана бұйырмады,Неге сонша барлығы қиындады.Жұдырықтай жүрегім жаншылады,Салмағы ауыр ойлардан миымдағы.

«Үй алдың ба», – дейді ылғи туысқандар,Атадан бір туысып бір ұшқандар. Жақсылықта бастары біріге алмай,Жамандықта бір-бірін ұғысқандар.

Page 59: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

59

***

Елегізи берем неге мен,Жылымшы тамшы аймалап.Жындыға мені теңемен,Табаным жүр тек тайғанап.

Мылқауға барам айналып,Жұлдызда сан жоқ, ай қарап.Қиялым кетті қайда алып,Қыдырған сол бір қайда бақ.

Шашымды тарап тарағым,Кірпігім тұрды суланып.Сансырап қалған сананың,Сарқыншақтары уланып.

Ұйқы мен ойым алмасып,Салады келіп, түн дүрмек.Қараңғылықтан таң қашып,Жанады шамдар бір-бірлеп.

Ұсынған көп сый тас қала,Қалың жұрт жалғыз емеспін.Бәрі бар, бақ та, басқа да,Ермегім, еншім егес күн.

Тілекті пұлға сатып ап,Халқы осы тұйық қаланың.Сыртынан ғана бақылып,Мұңыма кетіп барамын.

Page 60: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

60

***

Мен бүгін тағы өлтірдім,Жерледім ұятты селт етпей.Көлшігім көзде мөлт етпей.Көміліп қалған күнәмді,Қойнына алған жер теппей.

Жын ұрып кеткен тентектей,Өкініштерім өртеп кей.Өмірімнің де өзін мен,Елестетіппін ертектей.

Бір үміттен соң бір үміт,Бірі өліп, бірі тіріліп.Ертегі деген елінен,Еңіреп шықтым бүлініп.

Тас-талқан етті миымды ой,Айта алмай жүрмін түйінді ой.Ақымақтығың түк емес,Ақын боп туған қиын ғой.

Page 61: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

61

***

Сүйдің бе демен, сен мені ұнаттың ба екен,Түспейді маған өзіңсіз шуақ, нұр көкем.Білер ме екенсің, өзімшіл өмір өткелден,Өтем деп қанша құлап тұрды екем.

Ешкім де оны ұқпайды, ұқтыра да алман,Жек көріп кетем көзімді шық тұна қалған.Мен үшін бақыт алыста, ал біреулер үшін,Шаттыққа бөлеп көңілін тік тұрады арман.

Сағына да алмай шаршағам сағынып болғам,Қызығы жоқтай түктің де бәрі ұмыт болған.Бақыт құс ұшып келмей ме, бәлсіне бермей,Бәдәуи жанның басына жаңылып қонған.

Қызғаныш емес, бұл менің нала бір өкпем,Сауалым көп-ақ, жоқ бірақ жауабы көптен.Сағынып жүрмін даланың самалын өпкен,Оралсаң етті өлердей күтумен жүрмін,Өзіңсіз тағы қол бұлғап барады көктем.

Page 62: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

62

***

Жан дүнием шаршады езілуден,Соның бәрі түйсіну сезінуден.Қайғырмайтын, түкті де ойламайтын,Пенделердің болмайды кезі мүлдем.

Арманымды қашан мен жоғалтқалы,Басқа болғам, сезімді тоналтқалы.Менің жаным тұратын өртенуден,Шырпыға ұқсап қалады қораптағы.

Мезі болған жан едім бәрінен де,Жоқ демеймін, үміт көп әлі менде.Бар салмағын тағдырдың көтеретін,Менің нәзік жүрегім зәру емге.

Бақытым бар кезіккен сорым болып,Барым да оңып тұрған жоқ, жоғым да оңып.Ақылынан алжасқан ақымақтай,Мендік емес бір жанның жолын қорып.

Сезімімді жүргенім сарқып алып,Бар азапты арқама артып алып.Тасып жатқан өзенге өкпе айтып ем,Суын шашты бетіме шалқып ағып.

Есін жисын деді ме, ұқпағамын,Қопарылған жанымды құптар ағын.Адалдықтың алдында аласардым,Биіктерге сол екен шықпағаным.

Page 63: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

63

***

Жүрегімді өзіңе жұлып бергем,Үміттерге толғанда тұнып кеудем.Бақыт деген сағым ба, елес пе еді,Жеткізбеді, соңынан қуып көргем.

Өзгелерден мен сені дара деп ем,Жүрегімнен тамшылап тамады өлең.Сезім атты шаһардан қайтарымда,Саған да бір нала, мұң ала келем.

Сонда бәрін айтпай-ақ түсінесің,Шоғы түсіп сезімнің ішіңе шын.Иілмейтін басыңды иіп талай,Еңсеңді де сан мәрте түсіресің.

Бағалайсың сол кезде бәрін де сен,Мағынам да емессің, мәнім де сен.Қабылдармын өзіңді жақсы адам деп,Сондықтан да барлығын, бәрін кешем.

Page 64: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

64

***

Тағдырымның түсініп өктемдігін,Қатыгездеу болып тым кеткем бүгін.Сүйенетін бір жан жоқ сүрінгенде,Жақсылыққа тек өзің жеткер Күнім!

Күн не білер көктегі төккен нұрын,Күнделіктен ақтарам беттерді мың.Сар далада сарғалдақ теріп кетіп,Құшып өлсе, арман не көктем гүлін.

Ешкім сенің ұғынбас жаныңды бір,Таяп келе жатыр ғой жарым ғұмыр.Қимасаң да бағың мен бақытыңды,О, Жасаған, жырымды жалынды қыл.

Page 65: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

65

***

Ақылым-ау, есіңнен адастың ба?Көлеңке бар көгілдір шам астында.Ашу, сен де алжасып қалып па едің,Жауың барын біле алмай жар астында.Төзім, сен ше, күйі жоқ күйкі өмірдеОйыма ой сап, адассам қарастың ба?

Жанарымда білемін бұлақ барын,Тәлтіректеп жүргенде құлатпа мұң.Жапырақтай сарғайып сары уайым,Ұмыттырып жіберді шуақ барын.

Арбап-алдар түлкі ме мына тірлікКөкейдегі быт-шыт боп сұрақтарым.Бір жан қалмай жанымда жалғыз өзім,Жүректегі жырыммен тұрақтадым.Қоңыр самал еспеді қоңыр кеште,Одан өзге түкті де ұнатпадым.Гуілдеген естімей күңкілдерді,Тас боп бітіп қалса ғой құлақтарым.

Соны ғана тіледім сенсең енді,Тұла бойым сенделген сел-сел еді.Жақсы адамға жала да жабу оңай,Жамандардың сөзіне ел сенеді.

Page 66: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

66

***

Бара алмаймын ауылға,Барар едім...Бақытымды сол жақтан табар едім.Бәлкім, сонда от болып жанар едім,Тамшы болып мөлтілдеп тамар едім.Ағын судай тасып бір ағар едім.Сырқаты көп анама,Бауырға да,Ініге де, сіңліге алаң едім.Бара алмаймын ауылғаБарар едім...

Мен ауылда жүргендеСамал едім,Алынбайтын мәңгілікҚамал едім.Әлі сонда жүргенде кім біледі,Періштеге өзімді балар едім.Кінә тақпас ол үшін маған елім,Бара алмаймын ауылға,Барар едім.

Түк бергем жоқ, ауылға.Ауыл – мағанӨлең берді, бұрқаған, дауылдаған.Жүрегіме от берді жалындаған,Сезім берді ақылға бағынбаған.Ауыл аман болсыншыТауым аман,

Page 67: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

67

Ауылдағы аңқылдақ,Қауым аман.Таудың қызы екенім рас болса,Бір биікке шығармын,Жанымда аман.

Мен бір бұлтпын,Түнерсе жауындаған.Жақсылығы көңілде арындаған.Өз жерінде жүрсе де өгейсітіп,Жүк көтеріп арқасы жауыр болған.Жертөленің сызы өтіп кетсе дағы,Төменшектеп тауы бір шағылмаған.Сонда-дағы біреуге жағынбаған,Сонда-дағы біреуге шағынбаған.

Білсеңдер ғой, білсеңдер,Ауылдастар!Бүгін менің жерім жоқ ауырмаған.Сендер бірақ білмей-ақ өтсе деп ем,Ақын қыздың хәл-күйін ауырлаған,

Бара алмаймын ауылғаБарар едім...

Page 68: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

68

***

Томаға-тұйық күн кешіп,Жырымды жүрем жұбатып.Санамды шайқап түн бесік,Өмірді кеткем ұнатып.

Арманға сенгем алдамшы,Жанардан саулап көлшігім.Тұншығып іште жан даусы.Бұлқынып барып көншідім.

Тағдырдың сыйын қабыл ап,Осыған тәубе деген ек,Бір Тәңір куә, жаным ақ,Мен де бір көзсіз көбелек.

Не дермін, не деп кінә артам,Жазғыруға да жоқ себеп.Бір жанға үнсіз құмартам,Дәл менше сүйіп кетсе деп.

Page 69: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

69

ДӨҢГЕЛЕК

Дөңгелек Ай көктегі дөңгелек күн,Төніп тұрар үстінен дөңгелектің.Дөңгелек көз ішінде дөңгелек жас,Мен де сені неше рет дөңгелеттім.Дөп-дөңгелек әлемнің дөңдерінен,Бара жатыр көңілсіз дөңгелеп түн.

Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,Солар білер өмірдің өр, белесін.Дөңгелетіп өрмекші тор салады,Кейбіреулер көңіл де бөлмегесін.

Дөңгелейді бәрі де, дөңгелесін,Дүние ыстық, өмір сол өлмегесін.Таусылғанда талқаның пенде ғұмыр,Дөңге қарап жалған деп көрге енесің.

Page 70: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

70

ҚЫЗЫЛСАЙ

Қызылсай, Қызыл өңір, қызыл құмдар,Төріңді мекен еткен Қызырың бар.Қайран сол, балалық шақ Бақытты еді-ау,Өзіңде қап кеткендей Қызығым бар.

Қызылсай, Қызыл мекен, Қызыл арай,Биікте саған тіпті Қызығар Ай.Үйірін көп бөкеннің Қызықтаушы ем,Қалған ба, енді соның Ізі қалмай.

Қызылсай, қызыл алап, Қызыл бәрі,Суың бал, шөбің шүйгін, Тұзың дәрі.Жәудіреп топ киіктің Жанарындай,Көңілдің қиын болды Бұзылғаны.

Page 71: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

71

Қызылсай,Қараңғы түн,Жасырынды Ай,Мен оны жақсы көрем Ғашығымдай.Тосқанда жалғыз ұлдыңАман жолын,Апамның алшы түскен Асығындай.

Жалғыз үй, Жалғыз отар, Жалғыз үміт,Қарайтын күн күлімдеп, Таң қызығып.Білдім бе, білмедім-ау, Сол бір сәттің,Кетерін көз алдымнан Мәңгі үзіліп.

Қызылсай, Болдың арман,Елесің бар,Мен оны сүйіп өтем Сенесің бе Ар!Әкемді менен, Сенен алып кеткен,Өмірге өле өлгенше Егесім бар.

Page 72: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

72

Қызылсай, Қызыл арай, қыналы сай,Сол шақтың тәттісін-ай, Тым алысы-ай.Әкетіп бара жатыр Екеумізді,Өмірдің өзгермейтін Бір ағысы-ай.

Қызылсай, Сұрайыншы, Күйің қалай?Қоштасу өзіңменен Қиын қалай.Топ киік ол да кетті Сені тастап,Өзіңе жалғыздықтың Бұйырғаны-ай.

Page 73: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

73

***

Іздесе деп ем, сені де мендей сағынып,Күтсе ғой деп ем, сені де менше сарылып.Арманшыл болып кетсе ғой деп ем өзіңді,Ойыңа келген ойларға түгел бағынып.

Білемін, білем, бұл күнде бәрі кеш бірақ,Жауынсыз жерде жайқалған емес еш құрақ.Саясын аңсап, баратын барып, сырласар,Армансыз ба едің, аққайың, сен де кешкі бақ.

Жыр жазбай қайтем, көңілде ылғи барда алаң,Жаным бір дауыл, ұйтқиды одан қар, боран.Сен аман болшы, естиін сырттай атыңды,Сен болсаң күнім, тірімін, мен де бар болам.

Өмірде құшып, сүйгеннің жөні бөлек қой,Өкпелей бермей біреуді сен де демеп қой.Бақыттымын деп сезіну үшін өзіңді,Қамығып тұрып, сағынып тұру керек қой.

Іздесе тілеп, қаласа жүрек несі мін,Дұрыс та бұрыс беретін солар кесімін.Абайсыз келіп, аңдаусыз қадам бастырған,Сезімім «Ардан» сұрасаң етті кешірім.

Кіршіксіз, адал жүрегің үшін ұнатқам,Сен маған кейде жаралғандайсың шуақтан.Сен кейде тіпті биіктеп бара жатасың,Таулардай сонау, алыстан маңғаз мұнартқан.

Page 74: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

74

ҚЫЗЫЛСАЙ-2

Шаң қылып Қызылсайдың сар даласын,Даладан іздейтіндей жан дауасын.Үйірін ақ бөкеннің талай көрдім,Жау тұтқан адамзаттың бар баласын.

Қарақат көздерінен төгіліп нұр,Тұрғаны үрке қарап көрініп тұр.Еліктей елеңдеген киіктермен,Арайға әппақ әлем шомылып тұр.

Қызылсай қызғалдаққа малынғандай,Жібектен қызыл шәлі жамылғандай.«Құдайым, осы сәтті мәңгі етші» – деп,Дүние күй кешеді жалынғандай.

Өң бе екен, жоқ әлде бұл елес пе екен,Ақ бөкен әппақ ару емес пе екен.Көзімді жұмған сайын сол бір шақты,Жазығын Қызылсайдың елестетем.

Бөктерді бетеге мен раң басқан,Тербеліп самал желмен бұраңдасқан.Кешегі желбір жекен сияқты емес,Бүгінгі біз айтатын бұл ән, басқа ән.

Қыздырып қызыл құмды күн аптабы,Жылқылар кісінейді суаттағы.

Page 75: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

75

Ғайыпқа кеткен киік елесіндей,Жаныма бір аңсаулар тұрақтады.

Басқа жай қинамайды мені еш бөтен,Сол бір шақ қайта айналып келмес пе екен.Құмына Қызылсайдың сіңіп қалған,Қан жоса киік қаны емес пе екен.

Page 76: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

76

***

Сығандардай пал ашқан алақанға,Ойларымды жан-жаққа таратам даӨзім болжап, өзімнің өмірімді,Аласұрам ұйықтамай ала таңда.

Өмір болса өтуде қарайламай,Құлап тұрған кезім көп абайламай,Алдамшы арман қайда енді апарады,Жалғыз соқпақ бастайды қалай қарай.

Ит те дедік, өмірді басқа дедік,Жанарларды кінәсіз жасқа көміп.Мейірленсе шынымен Тәңірім-ау,Гүл-бәйшешек шықпай ма тасқа да өніп.

Керексіздей ешкімге аласұрдым.Барын ұқпай жанымда жанашырдың.Ғажап күндер күтеді алдан әлі,Күйін кешіп қайтемін шарасыздың.

Қай қимасым бар еді бұл қалада.Күн кешкенім жақсы еді-ау құм далада.Торғай екеш торғайдың ұясы барЖындана да алмаймын мұңдана да.

Есіркеулер меңдеді жерінетін,Жеңімпаздар мәреде жеңілетін.

Page 77: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

77

Айналаның бәрі де әділетсіз,Талантсызы талантты көрінетін.

Сығандардай пал ашқан алақанға,Ойларымды жан-жаққа таратам да,Өзім болжап, өзімнің өмірімдіҰйықтап кетем әйтеуір ала таңда.

Page 78: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

78

***

Таба алмай жүрмін күлкімді, Жауын ғып көңіл бұлтымды.Ішін бермейтін біреулер, Ашпақ боп кілтсіз құлпымды.

Ұлпасын үрлеп арымның,Шоғыңа, тағдыр, қарылдым.Жарасын жазар бауырдың,Шүберек болып таңылдым.

Тапқаным қане, алғаным,Алданған үміт, арманым.Артып-ақ кетер ме екенмін,Тағдырдың ауыр салмағын.

Ақ қар да жауды соңы аяз,Бұл шақтың өзі бояуы аз.Үйсіздің терезесіне,Атыңды қырау оя жаз.

Қанықпын сендік өнерге,Тоңбаспын, тоңсам көрем де.Әйнекке түскен жазуды,Түсірем мен де өлеңге.

Шуағын күтем таңымның,Іздеймін жоғын барымның.Көз жасы қыздың тимесін,Шыдайын, сабыр, сабыр мұң.

Page 79: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

79

ҚАРАҢҒЫДА МЕН ЖҮРМІН ӨЛЕҢ ІЗДЕП

Күңгірт бөлме, күңгірт ой, күңгірт бәрі,Өлең іздеп ойымды үңгіп тағы.Отырамын оңаша оқшауланып,Жанарымнан мөлдірім сырғып, тамып.

Көлеңкелі көңілге күн түсіріп,Ыстығымды тартады түнгі суық.Алыстарға апарар армандардың,Аңсаулардың алдында мың кішіріп.

Қою бұлттың ішінен көрінбеген,Ай тәрізді тұманға көмілді өлең.Саңылауынан сәулесін шашып қалып,Жасып қалып жатады сезім деген.

Сұр тұманға селт етпей телміретін,Төзімді рас, бұл мінез мендік етін.Бақытымның бағытын бағамдайтын,Жанарындай сұлудың мөлдіре, түн.

Түнек басқа, түн басқа мен білетін,Сезім бөлек, сөз бөлек сендіретін.Өмір деген ұғымның аясында,Тылсым күш бар бәріне көндіретін.

Армандардың бәріне сенеміз деп,Соғылады сеңдерге кемеміз көп.Жарық күнді жатсынып, түнді күтіп,Қараңғыда мен жүрмін өлең іздеп.

Page 80: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

80

***

Көзімнен жасым аққанша қуанып, бір күлсем деп ем,Төгілер ме едің моншақтай болып мүмкін сен де өлең.Сағыныштарым сарқылып, сағымға айналғандай ма,Күлкімді таппай жоғалтқан, шарқ ұрып бұл күн сенделем.

Ұмытар едім тағдырдың біржола, тарлық қылғанын,Көргім келеді мұңның да бір сәткеқалғып тұрғанын.Бүкіл жаныммен қалар ем, өзімшіл қоғамда мына,Қуаныштар мен шаттықтың ғана хандық құрғанын.

Қуанғым келеді жақсы күндермен қауышып тұрып,Кәусарын балдай өмірдің ішер ем, тауысып тұрып.Армандарымды алдамшы рас, аялай шаршадым,Мұңдарым мұңайды жанарларынатағы шық тұнып.

Page 81: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

81

Сілем қатқанша қуанып, нақ шыным, бір күлсем деп ем,Болмауға тиіс нәрсенің бәрін бүлдірсем деп ем.Жалт еткен жасын секілді мына жалған дүниеде,Жақсылық сыйлап жақсы жандарға үлгірсем деп ем.

Page 82: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

82

***

Таба алмадым маңайымнан бір ізгі ән,Менің бүгін көңілімде көп күдік.Маңдайыма бұйырған сол ғұмырданЖүрегіме келем, тек мұң өптіріп.

Ащы өмірдің кермектігін сезініп,Сезген сайын онан мүлде безініп.Алдарқатып тым тәттілеу арманменМеніменен күн кешіп жүр ез үміт.

Алдамшы өмір, сен де бір күн өтерсің,Кірпігімнен тамшы болып үзіліп.Бар күнәмді арым ғана көтерсін,Қара жерге сіңіп жатса сүзіліп.

Мұң екеуміз дос болғанбыз бұл күні,Жүректегі ашып кірді ол құлпыны.Өзіме аян, тек өзіме қайтейін,Қырық жамау жүрегімнің жыртығы.

Page 83: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

83

***

Алдандырып жүргендей үміт мені,Бітпей қойды көңілдің күдіктері.Мұз боп барам, жүрегім тасқа айналып,Сабыр бер де, Тәңірім, жібіт мені.

Тас боп барам, өзі де тас қалада,Тым ақылды жас қыз да, жас бала да.«Өмір» – дейтін ортасы қан базардың,Әлде осылай қаталдау бастала ма?

Қажет емес, жауабы білетінім,Өлмейінше өмірді сүретінім,Ішім жылап, ал сыртқа күлетінім,Нәпақа іздеп әйтеуір жүретінім.

Аңғал арман, дерсің-ау «мұның қалай?»Қателікке сен мендей ұрынбағай.Өзім ғана кінәлі, сенбесең көр,Мысқылдайды төбемнен жымыңдап Ай.

Сенімім де әп сәтте көзін ілді,Қайрай-қайрай жалықтым төзімімді.Жылауға да жасқанам, естуге де,Іштен тынған өз даусым, өз үнімді.

Жалғыз соқпақ түскенім алды сағым,Түсімде ылғи құс болып тауға ұшамын.Өзектіге бір өлім өлеңіме,Айырбастап алғанмын жар құшағын.

Page 84: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

84

***

Мен келемін,Әйтеуір жүріп келем.Күдікпенен, өлмейтін үмітпенен.Қол ұстасқан қыздың да жігітпененБір ғаламат назы бар біліп келем.Өлгем бе екем, Әлде бұл өлі денемӨлі адамға не дейсіз соныменен?Махаббатқа ұқсастау бір сезімменКөзім жұмсам болғаны сені көрем.

Күлуге де болады бұл ісіме,Түсіп кетіп шықпай жүр мұң ішіме.Сен рас, түкті білмейсің, білмеген соң,Оның саған өлісі, тірісі не.

Күз тонауда бар талдың жапырағын,Бұл мезгілде шырқайды ақын әнін.Сен мен үшін елессің, өзіңсіз-ақ,Таңды атырып, күнімді батырамын.

Аянышты бәрі де дүниенің,Бірде күйіп, ал бірде сүйінемін.Бақытымды сол тауып беретіндей,Бауырымның сақасын иіремін.

Үзіп, жұлып жанымның жапырағын,Кірпік ілмей таңымды атырамын.Тіл тигізсем ей, өмір, кешір мені,Ақын деген мен болам ақымағың.

Page 85: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

85

***

Жолықтың маған,Мұңайып жүрген шақта бір.Күз айы еді, төгіліп тұрдыБаққа нұр.Біреуді бұлай ұнатпағалыКөп болды,Кеудемнен жаным шығып кетердейШаққа жүр.

Сезіммен сезім кезіккен,Сол бір сағатта,Моншақтай өлең төгіліп түсті параққа.Отырдық үнсіз, көңілшек жасым көзімнен,Тамып та кеткен тостаған толы шарапқа.

Мас болғым келген,Шарапты түгел тауысып,Тұрғанда жаным шаттықпен бір сәт қауышып.Балауыз шамдай жүрегім еріп баратты,Өмірдің түсі өзгеше түске ауысып.

Өлең оқыдым,Ұғатын сол ғой мені шын.Әзірге менің жырымда ғана жеңісім.Өмірден мынау өкінбей өтсек болғаныОл аса қажет, сен үшін және мен үшін.

Page 86: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

86

КҮЗГІ ЖАҢБЫР

Жанымды жабықтырды.Естіп тұрдым туу, көктің жылағанын.Тереземді тамшылар қағып тұрды.Елес беріп сұлбасы бір ағаның.

Күлген болдым, жүрегім қуанбады.Оймен кезіп шаршадым ертегі елін.Оны көріп көңілім жұбанбады,Басқа жанға келді ме еркелегім.

Көлгірсуді өзіме ар санап ем,Бақытымның күткен соң баяндысын.Шөлім қанбас, амал не тамсағанмен,Алайда, аға, бәрібір аяулысың.

Ақымақпын ұқпайтын, ұға алмайтын,Әлім де жоқ, бітуге таяу күшім.Сөйлеспесе, көрмесе тұра алмайтын,Жан екенсің бәріне аяулы шын.

Page 87: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

87

***

Көктен жұлдыз бір құлайды.Күндер жейді үңгіп Айды.Көлеңкелі тірлігімнен,Бір бақытым бұлдырайды.

Таңда жаңбыр себеледі,Іздегенім өлең еді.Көрінбейді неге жаздың,Қызыл-сары көбелегі.

Жанымның бір жыртығы бар,Арманымның сырты мұнар.Таудың қызы тауды аңсайды,Атсейістей жылқы құмар.

Таң шапағы шыңға асылып,Шабыт тұрды жырға асығып.Неге еркек боп жаралмадым,Жалықтырды ұрғашы үміт.

Бақытымды аңсамаймын,Азығы бар жан сарайдың.Сонша бақыт күн кешеді,Бар болса егер қанша қайғым.

Төзімімді тұмар етем,Сұлулыққа құмар екем.Өмір өтер бұлаң етіп,Салғанымыз бір ән екен.

Page 88: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

88

***

Таң самалы,Көп-ақ екен жанымның аңсағаны.Өзіңді көрсем деген бірер арман,Кеудемде жар салады,Сені күтіп, көп болды шаршағалы.

Шағын кафе,Жұрт күліп тамсанады.Ұрттап ішкен масайтып бал шарабы,Сыңғырлатып бокалын қағыстырып,Бірі билеп, ал бірі ән салады.

Ал мен үшін,Тәтті емес өмір керім,Алдап-арбап мұқалтты сенімдерім.Сен екеуміз тоздырған бұл орыннан,Осы күні өлердей жерінгенмін.

Бітті бәрі,Жанарыма домалап шық тұнады,Айналамның бақытты тіпті бәрі.Күйтабақтан төгілген көңілсіз күй,Жалғандығын өмірдің ұқтырады.

Page 89: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

89

***

Сұрағым да көп,Жауапсыз лағып, сенделген.Жыладың ба деп,Аяйтын сезім менде өлген.

Барлығы жым-жырт,Былығып біткен тірлігім.Бір-бірін құл ғып,Жер бетін кезді жынды мұң.

Арғымақ мініп,Адыр-адырмен желген күн,Балқұрақ тынып,Соғатын еді жел де еркін.Елеске айналды,Көңілім шалқып, күлген күн.Егес қайдағы...Күрсініп, білек түргенмін.

Санада ой көп,Бірі бар, бірі жоғалған.Қалада той боп,Ауылдың көркі тоналған.

Айнала ың-жың,Беймаза болған тірлігім.Пенделер ым-жым,Ұқсастар тауып, бір-бірін.

Page 90: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

90

***

Талғажау ғып қанағат пен төзімді,Арман, арман, биік арман көз ілді.Көрінбейтін кеңістіктің ішінен,Белгісіз жан іздеп жүрмін өзіңді.

Ал сен жоқсың,Тағдыр бәлкім қатал ма?Жүрсің бе әлде оралмайтын сапарда.Неге екенін жалғызсырай беремін,Жолаушыдай жол таппаған жапанда.

Місе тұтпай дүниенің кеңдігін,Тар әлемде аласұрдым мен бүгін.Күлсе күлер, қайғырды деп біреулер,«Аяулы жан» сені күтіп шерлімін.

Қанатына қол созумен бақыттың,Қадіріне жетпей жүйрік уақыттың.Әлденеге елегзумен өтті өмір,Атты таң да, батты күн.

Бәрін ұғып, үндемейді жүрегім,Қайталанған тірлігіме күлемін.Сағынышты сіңдіріп ап санама,Сені күтіп, сені іздеумен жүремін.

Page 91: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

91

АРПАЛЫС

Жүрегім, қорқытпашы дүрсіліңмен,Онсыз да күндер өтті күрсінумен.Мен осы қаншама рет құлап тұрдым,Көз ашпай кедергіден кіл сүрінгем.

Өмірдің күтіп алып ағыстарын,Келмеген өктемдерден қалыс қалғым.Сыр тұнған көңілімнің көлеңкесін,Тағдырым, бір өзіңе табыстадым.

Алдасын күліп тұрып ұнағандар,Дос та жоқ, жабырқасаң шын алаңдар.Ұға алмай дал боласың кім екенін,Жұмбақ қой шешуі жоқ бұл адамдар.

Page 92: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

92

***

Жаныңа қанша қайғы жамаса да,Күлкі арсыз, ұйқы да арсыз, тамаша да.Өмірдің заңы қатал, талғамайды ол,Өзіңді қанша мықты санасаң да.

Төрінде жүрегімнің сезім барда,Ойланып, мұңаймаған кезім бар ма.Жанымның жыртығына жамау іздеп,Қайраумен жүріп келем төзімді арға.

Есенмін, жынды емеспін, әккі мұңым,Мінез бар, жоқ алайда жат қылығым.Сүруді қояр ем-ау, мен де өмірді,Егер де ол қояр болса тәттілігін.

Асқақтық мән бермейді аласаға,Батылға әлсіз болу жараса ма?Жаз өтіп, күз келсе екен, ал содан соң,Қыс түсіп, қар жауса екен қарашада.

Қолымды сілтеп қарап барлығына,Тірліктің барлығына, тарлығына.Оралмас бір сапарға аттанар ем,Тәңірдің құлақ түріп жарлығына.

Күн кешем несіне енді жалған күліп,Ойымда ойран салды арман бүлік.Жалған-ай, жақсылығың жайбасар-ау,Әйтеуір бір келетін алдандырып.

Page 93: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

93

***

Жан жүйемді кеміргіш ой кеміріп,Жын соққандай өлең жазам еліріп.Көз көрмейтін кеткім кеп жүр бір жаққа,Бұл өмірдің тәттілігін сезініп.

Сонда ұғармын, сонда бәрін түсінем,Ей, жақсы өмір, ең болмаса түсіме ен.Мен бақытты көре алғам жоқ алайда,Бақытсыздық жеңе алмайды күші кем.

Адам дейтін сырты сұлу гүл сынды,Сусып кетер әп-сәттегі құм сынды.Жүрегін тас, санасын у жайлағанШешуі жоқ, аянышты мұң сынды.

Таба алмадым ағы қайсы, қарасы.Бәрінің де сыздайды жан жарасы.Жек көруге дәтім барған емес тек,Өйткені олар адамзаттың баласы.

Өкпелетті, өкінішті үдетіп,Ойға салды жүрегімді жүдетіп.Содан бері дәніктіріп жүрмін мен,Уайымдарды үйіме әкеп түнетіп.

Page 94: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

94

***

Мен ұйқыда,Жаным қаңғып.Күбір, күбір тілек етем.Қателесті арым қалғып.Дүрс-дүрс соққан жүрек екен.

Мансап, байлық әлек тегі...Күйіп барам жалын құшып,Бәрінің сол дәметкеніТұңғиықтан ағылды шық.

Үміт жібін бырт-бырт үзіп,Опасыз мұң телміреді.Ой ойлаймын тіпті қызық,Тек сол ғана сендіреді.

«Қызық» десін, «бұзық» десінБағынасың, көндіреді.Жүрегіңді жібіткесін.Сен жылайсың, ол күледі.

Өмір, өмір, өмір – нала.Жігер – бәрін жеңдіреді.Күрсінемін жеңіл ғанаБір азап кеп телміреді.

Page 95: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

95

***

Көк күледі, біресе жылап алып,Өршіл таудың өзені бұрала ағып.Тізіле ұшқан тырнадан көз алмадым.Ішіме ұстап, демімді тына қалып.

Сәттік бейне, қош деді қанат қағып,Көк терегін ауылдың жанап барып.Қол ұстасып ұшты олар, сүйсіндім мен,Төзім қалып, бойымнан тағат қалып.

Неткен сурет, сұлуы-ай келбетінің,Толқынындай момақан көл бетінің.Қалқи ұшып барады, шалқи ұшып,Сусыз жерін менсінбей жер бетінің.

Тілек етіп, ішімнен күбірледім,Көңілімнің сеземін бүлінгенін.Жастығымды ап қашқан күндер қайда?Түндер қайда? білмеймін түгін? ненің?

Алыстады тырналар үнінде мұң,Сездіме екен, сезімге жүгінгенін.Жиырма тоғыз көктемім ғайып болды,Отызыншы көктемім бүгін менің.

Шуағыңды бойыма дарыт Күнім!Қимай кетті-ау, ол-дағы жарықтығым.Жиырма тоғыз көктемнің жоқшысындай,Естіледі алыстан талып бір үн.

Page 96: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

96

***

Жүріп келемін, құлағаным жоқ,Жалғыздығым бар, ұнағаным жоқ.Тәңірден көпті сұрағаным жоқ.Сұрамауға да түк амалым жоқ.

Өмір орманда түлкі жортады,Тікенегі бар, кірпі қорқады.Қырықтың бірі қызыр деуші еді,Кезбейді ол да ұйқылы ортаны.

Қызықты күндер байқалмай кетті.Айналып әлек Ай талмай көкті.Тауыса алмай оны мүжіген күндер,Өткен ғұмырды қайтармай кетті.

Найзағай түсіп, терек құлады,Әрнені пенде себеп қылады.Жаның мен тәнің ұғысқан шақта.Жақсы көруді керек қылады.

Өмірдің осы жұмбағы, заңы.Ақынның осы жырдағы хәлі.Бәйшешек сынды төзімді гүлге,Кедергі етпес ылғалы, қары.

Қаланың халқы абыр да, сабыр,Кеудемде үміт, жанымда сабыр.

Page 97: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

97

Несіне сүрем өмірді айтшы,Мені ойлап біреу сағынбаса бір.

Жүріп те келем, сүрініп келем.Бүлдіріп келем, бүлініп келем.Дүние осы-ау, қызыққа толы,Бірі күткенді бірі күтпеген.

Білініп боз таң ағарып атты,Саусағы күннің тарады бақты.Мөлтілдек шықтар бу болып ұшып,Асығар бұлтқа қабағы қатты.

Page 98: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

98

***

Таң да атпайды, безерді түн неліктен,Түрі ме әлде жалғызсың деп кеміткен.Анау жұлдыз телміреді несіне,Әлде сол ма сезімімді еліткен.

Кешір енді, періште емес, пендемін,Асып жатыр, тасып жатыр менде мұң.Ақымақ Ай, жұлдызыңды алып кет,Білмеуші ме ең, мендік сезім өлгенін.

Қылаң берші, құтқарушым, ақ таңым,Көрмейсің бе, жаным жылап жатқанын.Жалғыз едім, дәл кеудемнен мына түн,Басып қойды зілдей қара батпанын.

Page 99: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

99

НАЗ

Өзіңді іздегенде мен,Жалғаннан күтем жақсылық жаңаЖасымды сүртем жасырып қана.Лапылдай жанған өрт емес пе едің,Жалының бітіп басылып қалма.Күнсің ғой көкем, көлеңке сүймес,Мұңайсам егер, сәулеңді шашып,Көкжиектерден асылып қара.

Бәзбіреулердей мысқылдап күліп,Жаншыма, жанның алапаттарын.Керегімді мен жаңа тапқанмын.Көктемім келіп жылытқан шақта,Жылыстап жаймен барар ақпаным.

Аяулым деме, сағындым деме,Сөнуге тақау жалынды үрлеме.Сүйсіне қарап, сүйем демесең,Сезімнен алқа тағындым негеӨзіңді сағынғанда мен,Қалмайды мүлде бойымда дәрменАлысып болғам төзіммен, армен.Жиреніп кеткем сезімнен әлден,Өзіңсіз күннен безінгем әбден.

Page 100: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

100

***

Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді,Сырт-сырт етіп соғады сағат қана.Құдайым тек бәрін де кешіреді,«Сабыр» дейді төзім мен тағатқа да.

Пәстеу күйде әрнеге алабұртып,Қойып жатам өзімше сезімге мін.Жалғыздығым кеткенде жан ауыртып,Тамып қалып жатады көзімдегім.

Аңсамаймын түкті де тұнық түнім,Бақытымды өзіммін құрбан еткен.«Өңің неге мұншалық сынық күнім», –Анам қойған сауал көп жылдар өткен.

Берекесін тілеумен шаңырақтың,Өмірімді өлшемей өңімменен.Жыр әлемде келді ме жалын атқым,Әлденені іздеппін көрінбеген.

Page 101: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

101

***

Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма,Осы күні түсіп жүр, алаң арға.Бұл қаладан біржола кетсем бе екен,Артып алып жүгімді қара нарға.

Сорымды жүр үмітім ақтап алып,Мысықтілеу біреулер таптары анық.Жаным әппақ болатын, тәлкек тағдырЖаға салды күйесін қап-қара ғып.

Ажыратып жатпады ақ, қара ғып,Өтпегендей басынан тап балалық.Егер де мен қар болсам, мына адамдар,Қояр ма еді қатырып аққала ғып.

Page 102: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

102

ӘКЕМЕ

Күн кірпігі сәуле боп таралады,Жылы шуақ ауылды аралады.Келем ұшып әкемнің қабіріне,Жүрегімнің ағармай қара дағы.

Құлыптаста бейнесі тірі сынды,О, Құдірет, бере гөр ырысыңды.Туған жердің төріне өткенімде,Терең ала бастадым тынысымды.

Алматыда жүрегім қысылатын,Тәлкек тағдыр күнде сый ұсынатын.Зекіп жібер, жан әке, аямашы,Кез жеткенін еске сап ысылатын.

Топырағың жылытты алақанды,Жанарымнан жас емес, нала тамды,Әкем мені тым ұзақ күтсе керек,Сағынышпен атырып ала таңды.

Ақ күмбездің есігі ашық қапты,Сағыныштан сары шөп басып қапты.Алатаудан құлаған ашулы өзен,Тебірентті жанымды тасып қатты.

Үнсіз қалдым ішімнен дұға қылып,Қылаң етті кеудемде қырағы үміт.

Page 103: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

103

Шабытымның шыңырау шатқалынан,Сел боп тасып келеді жыр ағылып.

Қоңыр самал самайдан өпті келіп,Тілеуіңді дегендей көп тіледік.Күбірлеп ем, әкем деп иіскеп тұрған,Жанарыма тамшылар етті иелік.

Page 104: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

104

***

Көгілдір көкте күн күдік,Құйқылжыр сағым сыр бүгіп.Жанардан тамбай тамшылар,Ақ шағыл бұлттар тұр күліп.

Санама сіңіп сағыныш,Жанымда болған жарылыс.Кеше гөр, мені Тәңірім!Адымым бассам жаңылыс.

Жаратқан, өзің бір Аллам,Алдыңда талай сыналғам.Сезімім бар да, жүрегім,Күнәға батпай тұра алман.Жаңылыс баспай жүре алман.

Көгімнен төкті күн нұрын,Жырақта қалсын мұңды күн,Мен бүгін мұңның көзінен,Бір тамшы болып сырғыдым.

Қуаныштан кеп жыладым,Жанғандай болды шырағым.Тәңірім, өзің жар болшы,Бармақтай бақты сұрадым.

Page 105: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

105

***

Тағдырға артпай кінәнің бәрін,Өзіңді күткем сенделіп.Аузыма келіп сыраның дәмі,Жылағам жандай боркемік.

Келмейтініңді біліп тұрсам да,Қимайтынымды білдіргем.Түк болмағандай күліп тұрсаң да,Ұмытарыңды кім білген.

Жақсы еді-ау, сенің көрінбегенің,Көргенде шалқып көңілденемін.Күндердің бәрі көңілсіз емес,Тәп-тәтті болып өмірде керім.

Есіктің әрбір тырсылын бағып,Елеңдеумен-ақ күн өтер.Кетпеді-ау, Тәңір қырсығымды алып,Шын сүю мені күң етер.

Ақылды санап өзгенің бәрін,Ақымақ болып жүргенім.Қиянаттарға төзбеді ме мұң,Тынышталғандай түндерім.

Мен бірақ мүлде өкінген емен,Көгімде Жұлдыз, Айым бар.Тәңірден жалғыз өтінгем Өлең,Мақұлдап тұр ғой қайыңдар.

Page 106: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

106

***

Ұнатамын,Бәрін де ұнатамын.Ай сәулесін, ажарын,Бұла таңын.

Тамшыларын,Жаңбырдың моншақтарын.Өр таулардың белесін,Жол, соқпағын.

Өзен-көлді,Шәрбатын ақ бұлақтың.Ақ жусанын, жуасын,Көк құрақтың.

Аймалаған самалды,Шашымды өбіп.Көк отты да, жоғалған,Жасынға еріп.

Бұлдыраған алыстанСағымды да,Тұла бойда маздағанЖалынды да.

Дүниенің кеңдігінКөк аспанды,

Page 107: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

107

Көк теңізді бәрін деБәрін мына.

Не табамыз көңілгеКірбің алып,Өмір, өмір өтедіСырғып ағып.

Махаббаттың орнынаЖүрегімде«Өлең» атты отырмынЖырды жағып.

Page 108: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

108

МЕНІҢ КҮЗІМ

Сағындырып жеттің-ау менің күзім,Жүрегімде бір шаттық тулағандай.Құстар қайтты көрсетпей көгінде ізін,Қанатының қағысын бұлдағандай.

Санам да ояу, көңілім тазарғандай,Тымық ауа, күз иісі білінеді.Тым қашықтан елестеп ақ армандай,Тереземе таң бозы ілінеді.

Жердің, әлде, білмеймін таудың лебі,Естілгендей болады талып қана.Жаңбырдың ба, бәлки ол қардың лебі,Тіршілік бар секілді табытта да.

Сен бір күлші, қуаншы, мен де күлем,Жапырағың ән салып, талың билеп.Түк таппадым сезімнен сенделіп ем,Тәнімді илеп, барады жанымды илеп.

Көрмеуге енді бекіндім көңілсізді,Аялауға өзімді күшім қалмай.Жақсы көрем, әрине, Өмір, сізді,Кей сәттерді жүрсем де түсіне алмай.

Күзім менің, келдің-ау зарықтырып,Неге екенін жақынсың жаныма тым.

Page 109: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

109

Жүрегіме кеткен жан тағып құлып,Әлі мені сияқты сағынатын.

Әлде тағы, тағы да қателестім,Нендей ғажап көңілді жадыратқан?!Мен де өзіңе, мұнар күз, жат емеспін,Айырмам жоқ титтей де жапырақтан.

Page 110: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

110

АҢСАУ

Ісі де жоқ ешкімнің ешкімменен,Арманым-ай, ешкімге естілмеген.Қуып келем елесті жеткізбейтін,Сусып өтіп барады «бес күн» менен.

Айналамның бәрін де жұмақ көріп,Түсінбесті түсініп, сұрап көріп.Өң бе, түс пе белгісіз бір елеспен,Жылап кетіп барамын жылап келіп.

Ажыратып тірліктің ақ, қарасын,Ашу қысып, өлуге шақ қаласың.Сен де ешкімді ұғуға тырыспайсың,Сені де ешкім ұғынып жатпағасын.

Жақсы сөзді күтесің, сағынасың,Жүрегіңді ит тірлік жанығасын.Пенделік-ай, біреу сәл жылы күлсе,Сол адамның жанынан табыласың.

Ақын болсаң, ал тіпті жаны жасын,От боп, өрт боп түбі бір жарыласың.Жұртқа ұнаған той-думан саған жақпай,Саған жаққан нәрседен жалығасың.

Көргің келмей көп жанды қамығасың,Адамсың ғой, құлайсың, жаңыласың.

Page 111: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

111

Біреу олай, ал біреу былай сөйлеп,Дерт түседі айықпас жаныңа шын.

Көңілімнен кей сәтте күн күледі,Бақыт кетсе бақ келер кім біледі.Ақын деген атаққа ұмтылғам жоқ,Тәңір берген пендемін жыр жүрегі.

Қалай басам кеудемде от демімді,Жақсы көру, үйрендім жек көруді.Жаным қыстан қалтырап, мұздағандай,Өткенімді аңсадым көктемімді.

Ай біледі, бір білсе таң ажарын,Өзім де емес, жырымда бар азабым.Үркітпесе болғаны біреу келіп,Көлде жүзген көңілдің ала қазын.

Күн батады қызарып, жүректе үміт,Ертеңіңді күтесің білек түріп.Көз шырымын алады кең дүние,Жүрегінің төріне гүл ектіріп.

Page 112: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

112

***

Түрлі-түсті әлем, арманның бәрі түгесіп,Жұлқына билеп, бұлқына билеп ұл-қызы.Бақыты үшін жан сала берсе күресіп,Үзіліп түсіп солады-ау гүлдер қырмызы.

Шылымын шегіп, бұрымын жайып, тарқатып,Әуенге елтіп, мұңая қалған жанары,Осында сынды байлық та, бақ та, бар бақыт,Осыдан ғана жанына жылу табады.

Ақылдан, ойдан ада емес, арман дегеннен,Сұлулар отыр сырадан сырбаз сіміріп,«Не шығар дейсің өмірді жалған дегенненЖүректе тірлік кешеді ұлы бір үміт».

Дейтіндей солай, дейтіндей үркер топ мына,Төгіліп кетті күйтабақтан да жат бір ән.Елемей тіпті, ескермей барды жоқты да,Шел басты көзді сұр тұман және ақ тұман.

Өзгерген өмір, өзгерген талап, талғам да,Қаланың түнгі көркі де ақша дәметіп.Сезініп арды, сендіріп жанды жалғанға,Ішесің уын өмірдің сарқып, бал етіп.

Көнесің сосын, қайтармай ойдың меселін,Іздейсің келіп, беймәлім саған бір затты.

Page 113: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

113

Тікендей батып, салулы жұмсақ төсегің,Жылайын десең көзден де жасың құрғапты.

Түнгі әуенге елтіп, жүректер аласұрады,Жұбаныш етіп, казино, кафе, барларды.Алматы ғана, бәріне ара тұрады,Күзетіп түнді, күндерді, жаңа таңдарды.

Өзгерген өмір, өзгерген талап, талғам да,Қаланың түні, күні де ақша дәметіп.Кеудеңде ғұмыр, тіршілік үні, жан барда,Ішесің келіп, уын да сарқып, бал етіп.

Page 114: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

114

***

Іздеуменен келемін кімді, нені,Оны Ай мен жұлдызды түн біледі.Әлденеге алаңдап жүрген шақта,Кеш батады таң атып үлгіреді.

Үміт ол да бір жылап, бір күледі,Сезім аңғал бәрін де бүлдіреді.Ал жүрек ше жүректің хәлі нашар,Сезе, сезе тоқтай ма кім біледі.

Сенім болса қайрылмай кете барған,Өзім, жырым, ойларым жеке қалғам.Жарқ-жұрқ еткен жасындай өтер өмір,Өтер жастық, өтер мұң, кетер арман.

Тәтті ойлар да қойыпты тербетуін,Тірлігімнің секілді келбеті мұң.Жақсылардың барлығы көкке ұшқан ба,Жамандығын көтермей жер бетінің.

Page 115: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

115

КҮЗ

Күз суық... салқыны өбеді беттен,Қаудырлап қайың-ағаштың желегі кепкен.Қарқылдап құзғын-қарғасы қысты шақырды,Табиғат Ана жүрегің кең еді неткен.

Жаз еді кеше, уақыт тез еді неткен,Күркіреп аспан, күздің де кезегі жеткен.Кешігіп қалған бақытын кезіктірердей,Бұлқына жүрек бір жайды сезеді көптен.

Жапырақ ұшты, мертікпей құлары да анық,Жаңбырдың суы жылғада бұралып ағып.Сұрланған сұр бұлт ашуға мінеді-дағы,Дарбаза көгін аспанның ұрады барып.

Күз салқын, суық жел өбеді беттен,Адасқан ақыл қайтеді көреді көппен.Жапырақ екеш, сарғайған жапырағы да,Топырақ басып, Құдай-ау, өледі деп пе ем.Өледі деп пе ем,Ақ қайыңдар-ау, желегі кепкен!

Page 116: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

116

***

Күлкілі,Сағынғаным да,Жылағаным да күлкілі.Ұйқыға сараң түнімнің,Айқасар емес кірпігі.

Бір күні,Өтеді бәрі бір күні,Кетеді бояу, жылтыры.Аялап қалғым келедіСезімді өлі, бір тірі.

Күн-түні,Ойлардың қинап түр-түрі,Армандарымның тірлікте,Жоқ па деп қалам мүмкіні.Сыртылдап өмір өткенмен,Сағаттың тоқтап тұр тілі.

Елес бұл,Елес те емес, сағым бұл.Тірлікте көп-ақ жар, үңгір.Бүп-бүтін сыртым болғанмен,Өртеніп ішім жанып жүр.

Жоқ бәрі,Жанып тұр іште от та әлі,Шаршатты жоқ, жоқ, жоқтары.Өмірдің мынау онсыз да,Ауырлау екен соқпағы.

Page 117: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

117

КӨКТӨБЕ

Көктөбе,Көкшіл көк өзен.Көгіне көк бұлт байлаған.Көркіңе құрғар кенезем,Аумай бір қалған айнадан.

Қызғалдақ теріп сарғалдақ,Жүгірген бұйрат белдерім.Сұп-сұлу болып жанды арбап,Кірпікті жуды кермегім.

Өзіңді жүрмін сағынып,Балалығымның куәсі.Жүрегім кетсін жарылып,Хәлімді келіп сұрашы.

Тобылғы түстес тағдырым,Тобама келсем кеш мені.Бұралған белде тал бұрым,Алаңмын сені кескелі.

Page 118: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

118

***

Жаназасын шығардық жаздың кеше,Жапырақсыз ағаштар, азғын көше.Сұп-сұр үйлер, сұр қала сұрқы қашқан,Мұңдандырар жақсы өлең жазғың келсе.

Бір сыр бүгіп ішіне жымысқы күн,Аяқ асты аяп қап тұр ыстығын.Боз таң зорға атады саналыға,Жер бетінің тілесе ол тыныштығын.

Қара суық өңмеңдеп жағадан ап,Сезімімді тонады баладан-ақ.Сырты бүтін тірлігім қаңғырып жүр,Өзі жарым жүрегім жаралап ап.

Page 119: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

119

НАУРЫЗ

Наурыз айы, тербеген сезім қылын.Көктем деген, жеңісі төзімдінің.Армандарға ақ Айдың нұры тамып,Гүл шыққанда бөктерге көз ілді мұң.

Жаңа көйлек үстіне киіп келген,Сені көктем бәрінен биік көргем.Мейіріміңнен нәр алды бар дүние,Сен Анасың ақ сүтін иіп берген.

Шатырлар тұр тежемей тамшыларын,Сайрашы бір бұлбұл құс, ән сұрадым.Көз ілмеген көктемнің түндерінде.Жарық болып кеткендей жан шырағым.

Қуантады құстардың салған әні,Өмір қайта түлейді жанданады.Көптен күткен көктемі келіп, жетіп,Қыз үміті тағы да жалғанады.

Барлығы да басында сағындырып,Ал содан соң тұрады таңың күліп.Қылтиғанда бәйшешек қар астынанМаза кетіп, салады жаның бүлік.

Page 120: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

120

ҚОҢЫР МҰҢ

Жылағаным мұңайып,кімге керек,Арман құшам жанымды гүлге бөлеп.Бәрін қойшы,бір күні өтер, кетер,Өлең жазсам деп едім, бір керемет.

Тереземнен тұр, әні, мұңайып күз,Тағдыр жазса,маңдайға шыдайық біз.Пендеміз ғой шатаспайтұра алмайтын,Қандай үкім шығарсын, лайықпыз.

Қоңыр мұңды тербеді тағы күз кеп,Сол күзбенен ұқсайды жанымыз бек,Сағына ма, жанарым жабыға ма,Жүрегіме керектің бәрін іздеп.

Өткенді аңсап, Біресе, көктемді аңсап,Қызғалдағы майысқан Көк белді аңсап,Әжені аңсап,

Page 121: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

121

Әкені, Ағаны аңсап,Жазиралы кеңпейіл Даланы аңсап.

Бұлақты аңсап, тауды аңсап, жуаны аңсап,Ойнап жүріп құлаған, жылаған шақ.Тас қаланың түтіні тұмшаласа,Жаным тұнық кездерді тұрады аңсап.

Ұйқы көрмей содан соң өлең іздеп,Түсініксіз жаныңа қорек іздеп.Не боларын білмейміз, білмеген соң,Жетегіне үміттің ереміз кеп.

Дүние жалғанкөңілде күмән қалды,Көре алмадым жанымды ұғар жанды.Мәңгілікке біз солай аттанармыз,Биігінен түсірмей Ұлы арманды.

Page 122: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

122

***

Құтқармайды, құтқармайтын боп алған.Ойланбауға мұрша бермес азабым,Түйсігі жоқ біреу болу, сол арман,Етім жауыр, мені ұмытшы аза мұң.

Тым болмаса, сәл кешірек, кешірек...Жолық, сосын, жүрегімді тесіп өт.Өмірім бар, кіл жалғаннан тұратынОтырғаны, тұрғанынан көші көп.

Көре-көре көзімнің де көркі жоқ,Жана-жана сезімнің де өрті жоқ.«Жан» – атанған жарық күннің елшісіКеудемде жүр тірлігімнің серті боп.

Мезгіл, уақыт, жұмбақ күйге түсті үміт,Ыстық, аптап, соңы тағы үскірік.Үре-үре жалыққан ба білмеймін,Ой төбет жүр, ұғар күтіп, іште ұлып.

Сөз де өзін ұғар жанды сағынар,Ой да, ми да, бәрі, бәрі, бәрі бар.Қалың нөпір, жалғыз кетіп барамынКөңілі – қыс, жүрегі – мұз, жаны – қар.

Page 123: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

123

***

Жастығымды жылдарым алып кетті,Құры кетпей тағдырға налып кетті.Тұтануға шақ тұр ем, қапияда,Күл-қоқыс қып жанымды жағып кетті.

Қайта оралмай күндерім неғып кетті,Жанарымнан тамшы боп тамып кетті.Қараулығы, сұмдығы шаш етектен,Мына өмірден көңілім қалып кетті.

Жүрегімді ауыртты, демім бітті,Көңілімді кім ұғар менің күпті.Қапастағы тұтқындай аласұрам,Күте-күте шаршаған жеңілдікті.

Өмір қайда, баяғы мағыналы,Неге жаным сол күнді сағынады.Ың-шыңы жоқ кетсем бе құла дүзге,Жасып қалған жанымды жанығалы.

Жан-дүнием тұр неге өксігелі,Қашан осы білмеймін ес кіреді.Түрін түсін білмейтін жүрегімнен,Түсініксіз бір дауыс естіледі.

Жалғас, жалғас, жалғасшы, тіршілігім,Жеткізсем деп жүргенде бір шыбығын,Жайқалғанша сол шыбық тамыр жайып,Шуағыңды тоқтатпай тұршы, күнім.

Page 124: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

124

КӨШІП КЕЛЕМ

Көшіп келем, тағы да көшіп барам,Кетсем бе екен біржола ауылыма,Ұлымнан да ұялам, өсіп қалған,Қала мені баспады бауырына.

Ашуланам білмеймін, кімге, неге,Тағдырыма, ал, мүмкін, қосағыма.Оранбай-ақ үлде мен бүлдеге де,Өз үйімнің от жақсам ошағына.

Өз үйімнің, айтқанға жақсы қандай,Күнде еденін жуар ем жалтыратып.Жынын алған жүремін бақсылардай,Пешенеме бұйырмай жарты бақыт.

Көкем де жоқ, әкемнің алақаны,Сағындырып көп болды, аңсатқалы,Оны ойласам, ұйқысыз таң атады,Жүрегімді мұздатты қанша ақпаны?

Көшіп жүрмін, ай аман, күн аманда,Хан сарайдай көрші үйі телміреді.Бізден кедей жоқ екен мына маңда,Үміт қана өзіне сендіреді.

Қорланамын несіне, баймын мен де,Тірі жүрек мендегі соғып тұрған.

Page 125: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

125

Аққу-қазын қондырған айдын көлге,Өлеңім бар бақимен жолықтырған.

Жұбатамын, жұбатам, өзімді-өзім,Апалаған ұлыма қарағандаСезім де өзім, бұл күнде төзім де өзім,Бас аманға не жетсін, жан аманға.

Көшіп келем, тағы да, көшіп барам. Оңдырмады бұл тағдыр сынағанда. Ұлымнан да ұялам, өсіп қалған. Не дер екем, өз үйін сұрағанда...

Page 126: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

126

***

Тас емес, еттен жаралған, Жүрегім сені аядым.Заманым мынау аларған.Шошаңдатады таяғын.

Ешкімді көргім келмейді,Жақсысын, тіпті жаманын.Амал не, өлгім келмейді,Алынбаған соң қамалым.

Байлығын қайтем, ол емес,Мен күткен бақыт көктемім.Сұрадым, бірақ көп емес,Бүтінделсін деп көп кемім.

Жанымның сезсем қорегін,Иілгені де тағдырдың.Баладай аңғал өлеңім,Есімнен неге тандырдың.

Түсімде сені көп көрем,Бақытқа ұқсас бір арман.Өртеніп кетсін от денем,Күткенде ғажап күн алдан.

Page 127: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

127

***

Мазалайды бұл ойлар неге мені,Қашан менің терезем теңеледі.Керек емес біреудің демегені,Қажет емес біреудің елегені.Сағат санап өзгерген мына ғалам,Мына уақыт бізге енді не береді?..

Қатал тірлік жанымды мұздатқалы,Тас бауыр жан жанымды сыздатқалы.Жүрегімді бір сезім мұздатқалы,Солқылдатып санамды соққылайды,Мың қатпары миымның, жүз қатпары.

Керегімнің бәрі де бар сияқты,Естіледі бір әуен ән сияқты.Мазағынан, тағдырдың тозағынан,Тұла бойым қып-қызыл қан сияқты.Мынау байтақ дүние, шексіз әлем,Әділетсіз тірлікке таң сияқты.

Жалқы көңіл, құлазу күні-түні,Кеудемдегі сол дүрсіл – үміт үні.Өлең – өмір, өмірің бүгінгі күн,Тағдыр – жазу, түспеген бір үтірі.

Page 128: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

128

***

Жан серігім, қаламсабым, мұңдасым,Сенен өзге жанымды кім тыңдасын.Жаза алмасам, айта алмасам ойымды,Өзіме емес, ең бастысы жырға сын.

Таба алмадым, іздегенім жоқ менің,Өкіндіре бердің неге өткенім.Бұл жолы да тындырмадың түкті деп,Кейіп кетті көк желекті көктемім.

Не істей алам, не дей алам кімге енді,Өмір сиқыр тағы тағы түрленді.«Жаспын» – деуші ем, жастығым да байқатпай,Көз алдымда ғайып болып үлгерді.

Таң атады қуанамын оған да,Күн батады қуанамын бұған да.Азабымды аза тұтып күн кешкем,Мені ұғатын жан жоқ сынды бұ маңда.

Сырғып өткен өміріме кінә артып,Кінә артсам да оған сонша құмартып.Арманымның ақ шуағы күн болып,Көкжиекке сіңіп жатты мұнартып.

Жұбатпасын жүрегімді басқа мұң,Тамып, тамып кетсе мінәй жастарым.Мен қуана келісер ем, бақытты –Өте шыққан өмір десе қас-қағым.

Page 129: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

129

ЖАЛҒЫЗДЫҚ

Мекеніне құстар қайтты тізіліп,Сияқтанып мендік мұң.Құс болғым кеп қарап тұрдым қызығып.Оларды да келді ұққым.

Бұл жолы да қоштаспады Күз, Үміт,Сағынбайды мені ешкім.Жүрегімнің бар тамыры үзіліп,Кейпіне ендім елестің.

Іздегенім табылмады бұл маңнан,Күйін кештім жалғыздың.Мендік тағдыр, ауырлау ма деп қалам,Тағдырынан бар қыздың.

Жалғыздық – тек жарасқан деп Құдайға,Кінәлаған жұрт кілең.Жерді құшқан жапырақ та жылай ма?Түсі неге күп-күрең.

Page 130: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

130

АУҒАН СОҒЫСЫНА

Біз ол кезде бала едік, балғын едік,Батқан күнмен қуандық таңды көріп.Ойладық па, бақытты бал дәуренді,Кетеміз деп ауылға мәңгі көміп.

Есте бәрі, асыр сап шаттанамыз,Шыбық алып шыққанша ақ мамамыз,Әсерінен ойынның арыла алмай,Ал ертесі мектепке аттанамыз.

Мақтанышпен ерекше махаббатпен,«Отан» сөзін жазамыз тақтаға біз.Дәл сол жылы ойран ғып ойымызды,Ауған жайлы таралып жатқан аңыз.

Үзілместей бұйдалап үміттерін,Рухына жеңдіріп күдіктерін.Алып жатты әскерге сол ауылдың,Тепсе темір үзетін жігіттерін.

Гүл сияқты екен ғой қыз дегенің,Сен дей алмай есімде «Сіз» дегенім,Сен аттанған сол күні кірпік ілмей,Бір сезімді елегзіп іздегенмін.

Қызығыңды анашым көрсем деген,«Жалғызымның алдында өлсем» деген.Аманат қып отырған шаңырақты,Бір дауыл кеп шайқады ел сенбеген.

Page 131: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

131

Өлі де емес, тірі емес жанары мұң,Қапаланған заңына заманының.Ұлы жатыр ананың ащы жасын,Қуысына жасырып тамағының.

Жаратқан-ай, Тәңірдің көрікті ғып, Тіршілік жоқ көзінде өліпті үміт.Тұңғыш рет «лағынет өмір» дедім,Домаланған томарды көріп тұрып.

Қыз бала едік, кететін ерте гүлдеп,«Жүруші едім өзімді еркемін» деп.«Қарындасым, аяулы қарлығашым,Таусылмайтын сен менің ертегім» деп.

Ән салатын, жоқ енді сол бір әні,Өмір неге бұлайша тоңдырады.Еріндері күбірлеп қайталайды,«Бітті, бәрі осымен болды бәрі».

Емес еді бұл соңы қасіреттің,Қанша жүрек қапыда жасып өтті.Бір күн жарық түк болмай ар алдында,Жүректегі рухты басым етті.

Емдейді уақыт бәрін де, мұң-наланы,Сол шешеді кім кетіп, кім қалады.Сен шырқаған сол бір ән сияқтанып,Түн артынан қуалап күн барады.

Page 132: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

132

ТӨРТЕУ

Төрт қабырға, төрт шумақ өлеңімде,Осы екеуі көргенім, қорегім де.Таса болсаң көзден сәл ұмытады,Қадірлейді сені жұрт керегіңде.Бәрі солай болады керегінде,Бәрі жақсы көрінер кемелінде.Түгендеп ап төрт көзін жақыныңның,Арыздасып қаларсың өлеріңде.Сенбесің де қас-қағым сенерің де,Жеңбесің де беймәлім, жеңерің деөнерің де, қалады өлеңің де.Бәрі жалған екен ғой,бұл өмірде,Бәрі алдамшы екен ғой мына өмірде.

Page 133: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

133

***

Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды,Адам ойын бiлмейтiн тап басуды.Балағымнан су кештім қар аралас,Жаурағанда бiлмейтiн жақтасуды.

Кешiп келем бар денем күйіп, жанып,Тепкiлейдi шекемдi миым қарып.«Ақын жанын ұғуға тырыспайтынАдам деген не деген қиын халық», –деп сөгем кеп алдымнан қарайғанды,Жұта-жұта шаршады санам қайғы.Көзге күлiп тұрғанмен былай шыға,Дұшпан түгiл, досың да жамандайды.

Қар жауып тұр, өбедi беттен келiп,Қарып жатыр аязы неткен желiк.Жылы жаққа ұшатын қанатым жоқ,Қуантса екен тезiрек көктем келiп.

Көктем келiп қуантса, көктем келiп,Қиялыма сүңгiдiм өткенге ерiп.Қысқа өкпелеп тоңғанда бара жатам,Жылы күннiң шуағын кеткен көмiп,

Пештi армандап отырар шоғын үрлеп,Ғажап екен ананың тоны бiр деп.Мысығының, итiнiң панасы бар,Алаяқтар ауласын торыдым кеп.

Page 134: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

134

АСТАНАҒА АРНАУ

Өзiңе қарап ойланам, жас қала бүгiн,Арнайды бұл қыз өзiңе жасқана жырын.Арқаның әппақ таңын-ай, арайлап атқан,Жап-жазық дала төрiнен бастала ма ұғым.

Тербелiп зәулiм үйлер тұр өтiнде желдiң,Көргiң келсе егер дейтiндей бекiн де келгiн.Ебелек бiткен елiктеп дөңгелеп кеттi,Өзi де сондай дөңгелек бетiнде жердiң.

Ғайыптан келген секiлдi бұл қала маған,Ару ма әлде бiлмеймiн, мұңдана қалған,Өмiрге сенi әкелген сиқырлар емес,Өмiрге сенi әкелген бiр дана, қалам.

Жаратқан оны адам деп Тәңірiм өзi,Жақсы да, жаман тек сода бәрiнiң көзi,Адамның ғана қолынан келетiн заттың,Iске аспай қалған болмапты әлi бiр кезi.

Жасалып қолдан, паңданар тәкаппар қала,Таулар жоқ мұнда, тау сынды атақ бар дара.Жалыны сыймай бойына өртеген күннен,Тарайды жерге мыңдаған шапақтар жана.

Бақытты құшқан сәтiмнiң куәгерiсiң,Көргендей оны боп кеттi бiр әлем iшiм.Мен оны сүйгем, сондықтан сенi де сүйем,Шын сүймей ғұмыр кешу де күнә мен үшiн.

Page 135: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

135

ТОЛҒАУ

(Астананың 15 жылдығына)

Тәй-тәйлап келіп,Айқайлап ашқан есігін.Ақылың болса, Айқайлағанның несі мін.Ақ таңнан үміт күтетін Елдің бесігінТербете берші, Құдайым, беріп кешірім.Абырой, атақ Арыңнан қымбат болмаған,Осыдан асқан бар ма екен сірә,Зор бағаң.Еңіреп кеткен Ерлердің есіл аруағы,Қиындау сәтте, Ауырлау шақта қолдаған.Жанардан қаншаҮзіліп түсті лағыл мұң,Сары алтын болып, Жарқырап түбі сабырдың.Запыран құсып,Залымдығынан заманның,Жоғалып барып,Жоғалып қалып табылдың.Күн нұрын төкті, Төкпеген кезі бар ма шын.

Page 136: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

136

Сезімнен асқақ, көңілден биік Бар ма шың.Өзен ғой, өмір Қайнары келіп қосылған,Бұрмауға тәйір,Амалы бар ма арнасын.Түрленіп ғалам,Гүлденіп далам күн санап,Сусылдай сырғып, Зырылдап жатыр құмсағат.Ұқтырды ма екен,Шық тұнды ма екен жанарға,Жүргенде өзін, Тұрғанда өзін құл санап.Сүрінбей өттік,Тағдырдың қатал сынынан,Жарық күн, әр кезЖарқырап атқан шұғылаң.Астана сынды Шаһарым жайды қанатынЕлімнің оны Жетістігі деп ұғынам.Бар әлем танып, Мәшһүр боп аты даламның,Күн санап көркі әрленіп жатыр қаламның.Әлемнің көзі –қалғанда саған қадалып,Тотыдай болып, Ару қалам-ау, тарандың.

Page 137: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

137

Жасанған шаһар,жаныңа сыйлар шаттығын,Жас болғандықтан,басылмай тұр-ау, аптығың.Тәуелсіз елдің көгінен күліп атты күн,Тәуелсіз елді қия алмай қанша батты күн.Қазағым, сенің Қасиетіңнен айналып,Алдыңнан туды шуағын төгіп ақ күнің.Ұлтыңның бүгін Жүрегі болып соғасың,Арманшыл жастың,Түсіне түнеп қонасың.Ғұмырың ұзақ, мерейің үстем болсыншы,Сен енді бүгін 15-ке ғана толасың.Бүгінгі әсем көркіңдеЖатыр қанша ұғым.Арманы болған аруы Сенсің баршаның.Құс болып ұшыпкетуге дайын едім ғой,Асқақ қалам-ау, Ауғанда саған аңсарым.Дөңгелеп кетті жел қуған жеңіл ебелек,

Page 138: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

138

Күрес қой өмір,Ебелекті кім елемек.Астана, сені көрген елбүгін айтып жүр,«Елбасы шешім қабылдапты деп керемет»Тартқан ел едік тағдырдың тартқан талайын,Тарихтың бетінҮн-түнсіз қалай жабайын.Бейбіт өмірдіңБерекесін бер, Тәңірім,дегеннен енді Жаңылмайықшы, ағайын!

Зәулім сарайлар Аспанмен көкте таласқан,«Ханшатыр» менен «Бәйтерек» қалай жарасқан.Кейпіңнен сенің керемет сенім көремін, Бәйгеге қосар Сәйгүлік сынды таң асқан.Жүзіңе бейне төккендейсәуле әппақ Ай,Сұлулығыңды тұрамыз қалай мақтамай.Тәуелсіз елді Тыныштығымен тербетіп,Бозала таңның Бозарып тұрып атқаны-ай.

Page 139: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

139

Жабыққаныңды, Қамыққаныңды ұмыттың,Күдікпен емес, үмітпен Бойды жылыттың.Бірікпей қайда барады дейсің апыр-ау,Шаңырақ болса, Шаншылар жері уықтың.Себезгі мұңныңСейіліп кеткен кермегі,Сендегі кескін Жарасын жанның емдеді.Астана болып Бас қала келер дегенге,Біреулер сенді,Біреулер мүлде сенбеді.Қаланың өркен жайғанын сонда шын қалап,Елбасын қолдап,Қаншама жандар терледі.Жанарға шаттық үйірген сезім сияқты,Еліткен едіШаһардың сұлу өрнегі.Атадан алған, Анадан алған тәлім бар,Қазақ деп соққан Жүрегің менен жаның бар.Бәрінен биік қоятынҰятың арың бар,

Page 140: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

140

Құдайдай сыйлар мейманын қиын шақта да,Бұл қазақ деген Кең пейіл ел ғой, наныңдар.Астана менен Алматысы бар,Қос қанат.Қазағым менің ел екенсің ғой,Бағың бар!

Page 141: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

141

ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ

Атқанда тәуелсіздік таңы күліп,Жақындай түседі екен жаныңа үміт. Толқын боп буырқанар теңіз өмір,Дүбірлі дүниенің заңын ұғып.

Сезініп, еркіндікті жер де тынып,Кетті ғой бау-бақшалар тербетіліп.Сағыныш кернеп кеткен көкірегін,Табиғат төсейді енді желге тұнық.

Аптабын баса да алмай барады күн,Күн кетсе, түн де келер қара бұрым.Тәуелсіз тіршіліктің самайынан,Тым ұзақ сипап тұрды жаралы мұң...

Туған ел, туып-өскен жерді құшып,Ақ қанат ақ көгершін келді ме ұшып.Көгімде көк байрағым желбірейді,Береке-бірлігіміз енді ұғысып.

Қара бұлт жылады да, жасыны ойнап,Сіңді кеп, кең далаға жасы бойлап.Туған жер, жүрміз енді төскейіңе,Ап-аңғал күміс күлкі шашып ойнап.

Шаттықтан жарылардай жүрегіміз,Көп күткен орындалды-ау, тілегіміз.Қыранын қалықтатып аспанында,Биіктен қолын бұлғап тұр еліміз.

Page 142: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

142

***

Сеземiн ғарышта да бар,Өкпелi бiр қыз,Өйткенi жабырқау тартадыКөктегi жұлдыз.Адамдық пенен адалдықҚұлынға құл боп,Жақсылық дегеннiң бәрiнен Шеткерi жүрмiз.

Сағынып болдым.Сарыла күтiп санамдағыны.Моншақ қып шаштым,Мөлдiреген сол жанардағыны.Түсiнбеген соңөзге түгiлi өзiмдi де мен,Шығар жол таппай кеудемде,қамалды-ау мұңы.

Құдайға мәлiм, Адалдық iздеп аласұрғаным,Аямасын деп қиналып кетсемЖанашырларым.Өлердей сенiп ем, Ешкiмдi бөлiп жара алмай.БайқағанымменӨзiме деген жан ашу барын.Құдайдай сенiппiн.

Page 143: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

143

Жазғыра да алмай,Жасып кеткенмiн, өмiрге налып,Аққудай арман,Қалықтап ұшып, көңілде қалып.Сосын отырдым,Самал жел самайдан өпкенде,Шыдамай кетiпШықтарым көзiмнен ағып.Сол сәтте бiрақ,Әлемтапырық күйге енiп кеткен,Астаңда-кестеңЖанымның езiлгенi анық.

Page 144: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

144

ҚЫЗЫЛ ГҮЛ

Қажетi жоқ ұсынған қызыл алмаң,Шашыма тақ сол гүлдi үзiп алған.Гүлдей болып құлпырып қалса деп ем,Жан сарайын жаңғыртқан үзiк арман.

Үндемедiң адамдай сасып қалған,Алдыңда мен сырымды ашып та алғам.Бұрымына құрбымның тақтың гүлдi,Күнi қараң мен тұрмын ғашық болған.

Шыр айналып барады жан ұршығы,Арманымның өзiң ең самырсыны.Жүрегiмдей сен деген дiрiлдейдi,Үзiлген гүл қып-қызыл қабыршығы.

Жұлдыздаймын жоғалған жанып көктен,Кiмге керек жан күйi налып төккен.Қызыл гүлдей қызарып қалды арманым,Бұрымына құрбы қыз тағып кеткен.

Page 145: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

145

ЖҰМЕКЕНМЕН СЫРЛАСУ

Жұмекен аға, Жұмекен аға,Өмiр дегенiң мұң екен аға.Жабырқап жүрген жалғыздың күйiн,Шындықсыз өмiр жүдетедi аға.

Ойымды ойға түнетем аға,Сүлдемдi сүйреп жүр екем аға.Өксiген көңiл өмiршең екен,Өлдiм ғой деп ем, тiрi екем аға.

Табалар досым, қасым да күлiп,Күн түскен жерге шашылған үмiт.Жаралы жаным қансырап жатыр,Адалдығымның қасында жүрiп.

Аш бөрi болып ұлыды заман,Тасқыны ем, таудың құмығып ағам.Ананың зарын естiдi құлақ,Ботасын жоқтап құлынымдаған.

Не деймін енді, не дермін аға,Маңдайға жазса, көнермін аға,Жырларыңменен сусындап жүрген,Тағдырлы қызың мен едім аға!

Page 146: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

146

СӘКЕН ИМАНАСОВТЫҢ РУХЫНА

1. Бұл – Сенің әлемің әдемі

Әппақ қар төгілді аспаннан,Кестелеп тігілген.Бәрі де осылай басталған,Ертеңнен, бүгіннен.Суық сөз тарады Сіз жайлы,Мәңгілік сүрінген...Жүрегім мұздайды,Көз іле алмаспын бүгін мен.«Анығын айтады» жұрт әлі,Бәрін де сезесіз.Біз ғой деп, Сәкеннің ұрпағы,Жырыңды жаттайды,Оған да сенесіз.Бұл – Сенің әлемің әдемі,Өлеңде қалатын.Жоқ енді тірліктің әлегі,Күйетін, жанатын...Өмірді сүйіп ең, Сүйгенсің жаныңдай,Себебі биік ең,Мөлдір ең лағылдай.Тәкаппар дүние,Құлазып тұр бүгін.Айнала бұлдырап барадыСағымдай.Түн жапты түндігін,Ешкімге бағынбай.

Page 147: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

147

2

Жүрегіңе тұрған сәуле нұр құйып,Бір суынды, бір күйіп.Соңғы сапар... сезімсіз де дір етті,Өлең қалды тұңғиық.

Мәңгі емесін жарық күннің сезініп,Астаң-кестең жан да кетті езіліп.Ақындарын аямайтын тірлігің,Жіберді ме мезі ғып...

Білем, енді жауап қатпас елдесің,Ұғындырдың жаңа жырдың келмесін.Сәкен аға, нені ойладың, нені аңсап,Сахна өмір жапқан сәтте пердесін.

Көп сауалға таба алғам жоқ жауап түк,Ел-жұртыңа кеткен жан ең, қарап тік.Қарындасқа ақыл қостың «қалқам» деп,Қамқор болдың жасағанға ағаттық.

Біреу үнсіз... біреу жылап ұзақ тым,Жүрегінде барын ұқтым сызаттың.Ақын жаны күрсінгендей соңғы рет,«Өлім» атты құрсауында тұзақтың.

Күбірледім, тек ішімнен дұға қып,Кірпіктерім тамшы мұңға шыланып.Аспан жақпен түйіскенде жанарым,Ай туыпты сыланып...

Page 148: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

148

***

Мен кім едім, кім едім,Жұлдыз едім, түн едім.Қиялымда жыр құрап,Айға барып түнедім.Өлеңімнің жүзіне,Жүрегімді біледім.Арманымда ақыл жоқ,Жырдан өзге жақын жоқ.Күліп тұрып жылаймын,Жылап тұрып күлемін.Адамға ұқсас қыбыры,Биіктемес тұғыры...Жер бетінде адам көп,Бірі – ақылгөй, бірі – ұлы.Түнге айтамын назымды,Аңсап, аққу-қазымды.Көңіл күйім айтпай-ақ,Жанарымда жазулы.Даңғаза ма, күлкі ме,Арсыз екен бір түге.Тысырлардан шошитын,Айналыппын кірпіге.Өмір деген бір майдан,Дерті асқынып, ұлғайған.Сүйегі асыл болмаса,Патша болсын құл қайдан.Кірпігіне жас іліп,Оны өзгеден жасырып.

Page 149: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

149

Уын жұтып жанардың,Шайқақтап жүр мас үміт.Жұлдыз болып кеткендей,Жауһарлары жанымның.Аспан жақта шашылып,Жұлдыз емес, күн емес,Жан да тіпті бір емес.Олар көкте, мен жерде,Ортамызда бір елес.Сол елеспен күн кешер,Өмір дейтін бір егес.

Page 150: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

150

***

Маған түк ұнамайды,Кінәлай беретінің.«Өмірде сен емес пе ең,дедің ғой сенетінім».Жан-тәнім жанады үнсізКүліндей темекінің.Құр сүлдем қалды емес пе,Бермейсің неге тыным.Сорың боп жолыққамын,Айыпта, айыптасаң,Іздер ме ең..?... Іздер едің! Егер де, ғайып болсам.Сүймеуге хақың бар ма?Сүюге лайық болсам.Өбеді тереземді Өртеніп батқан арай,Соңыңнан ерем үнсіз,Шақырған жаққа қарай.Содан соң отырамын,Өзіме-өзім жекіп.Кінәлі болам қайта,Алдыңда ақтала алмай.Білесің, түсінесің,Бәрін де ұғынасың,Мен сенің қанықпын ғой,Жаным-ау, сырыңа шын.Қайтадан кінәлайсың,Тентектің ісі мәлім.

Page 151: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

151

Түсінсең, мен сен емес,Өзімнен қысыламын.Бағалай білсең егер,Саған сый ұсынамын,Бақытқа мас қылам да,Аспанға ұшырамын.Кешірем, барлығын да,Тағдырға кінә артпаймын.Жаныңды жақсы көрем,Өзіңді ұнатпаймын.

Page 152: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

152

***

Ұлылардың ұрпағымыз саналы,Сол ұрпақтың улануда жан, ары.Алтын көрсе анталаған ағалар!Тартылсыншы, оларға да өз табағы.

Арманына жетпей кеткен ұл қанша,Бұл қоғамда менсiнбейдi қызды онша.Бiздiң iздi басқандарға не дермiз,Өзiмiздiң жүрегiмiз мұз болса.

Жамандықты сезсе болды көкке ұлып,Жылар ит те көздерiне шоқ тұнып.Құдiреттiң барын ол да бiледi,Мүлт кеткендi жiберетiн жоқ қылып.

Иесiнiң амандығын тiлейтiн,Сол ит құрлы жасай алмай шапағат. Алдындағы асын iшпей жүдейтiн,Бiзге бiтсе, итке бiткен махаббат.

Көңілге кеп қылаулайды көп үмiт,Пендемiз ғой, ойдан сезiм өрiлiп.Қыңсылайды мақұлықтар ал көкте,Дөңгеледi Ай, көк бұлттарға көмiлiп.

Ұрпағы едiк, ұлылардың саналы,Сол ұрпақтың ашылмай жүр қабағы.Алтын көрсе анталаған ағалар!Тартылсыншы, сол ұрпаққа өз табағы.

Page 153: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

153

***

Жаным жүдедіШаршадым бәрінен,Сағыныштардың бәрі азап екен.Тіршіліктерден бітпейтінЖүгірістерден зәрезап екем.

Жаныма не керек енді,Көз алдым тұман ба, қалай.Жақындатудан жалыққам рас,Үмітті шыдамға қарай.

Күз күлді терезе жақтанЕстідім сыбдырын оның.Білгенмен, барлығы да үнсіз,Заманның шындығы жоғын.

Ызыңы шағады миды,Көшеде қаптаған көлік.Сыртыңнан сөгеді дұшпан,Бетіңе мақтаған болып.

Жалықтым, аярлығынан,Адамның, заманның бүгін.Абайлап басатын болғам,Өмірдің табалдырығын.

Page 154: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

154

АҚ БҰЛТТАР

Ай нұры!Көзiмдi жасқа көмдiргенАп кетшi, мендiк қайғыны.Керегi бар ма, мұңлыққа,Дүниенiң түпсiз байлығы.Мазмұнын iздеп мұңымның,Май iшкен жүрек айныды.Сүрлеулi жолдар тосып тұр,Сүрінем қашан, қай күнi.

Жұлдыздар!Бiр ысып, жаным бiр мұздар.Жамаусыз жыртық кеудемнен,Уiлдей соғар күнде ызғар.Тәнiме у боп тараған,Тоң болып қатқан бiр мұз бар.Аспанға ылғи сәлем сапЖүретiн жерде бiр қыз бар.

Бiр қыз бар, аты – өлең бе,Отырар жырға төнер де.Адамдар ұғып болмайтын,Жұмбақ бар тылсым сол елдеСезiм бар сыршыл ол елде...

Ақ бұлттар! Көңілiмде шалқар шаттық бар.Туғаныңа жақпай жүргенде,Жарым көңiлдi жат құптар

Page 155: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

155

Адасып жүрген жайым жоқ,Арзу айтуға аптықпа ар.Арзу айтуға аптықпа ар!

Күн шуақ!Жүр дейсiң жайды кiм сұрап.Пендесiн өзi Тәңірiм!Сүйейдi кейде бiр сынап Ағысы қатты тiрлiгiм,Арындай бермей тыншып ақ Тыншып ақ, өмiр-кiл сұрақ...

Page 156: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

156

КӨРIМДIК

Таң атқалы жауып тұр борап қары,Аппақ ұлпа аспанның қонақтары.Сұрғылт күннiң сұрқына үйренбеген,Ғайып болды көңiлдiң жолақтары.

Мұңаяды айнала зiлсiз ғана,Сыр айтқандай болады тiлсiз қала.Тұңғиықтан төгiлген таза қиқым,Ой салатын сияқты мұңсызға да.

Басылған жоқ даланың дегбiрi де,Тарқатады толассыз шердi күнге.Кiр шалмаған жаулығын әппақ қайың,Сырымды айтам өзiңсiз ендi кiмге.

Қап-қара едi, болды ендi әппақ қала,Көрпе керек боп едi батпаққа даКiрпiгiңе iлiнген жұлдыздарды.Тұнық аспан шашсаңшы, шақтап қана.

Жұлдыз қарды бiртүрлi өпкiм келдi,Жан сырымды ақтарып көп күндергi.Ақ таңменен адасқан көбiк қармен,Аспан жаққа адасып кеткiм келдi.

Ағарғандай ақ қармен көңiл кiрi,Түк еместей болды да өмiр мұңы.Шыркөбелек айналды жұлдызша қар,Жаңа жылдың осы деп көрiмдiгi.

Page 157: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

157

МЕН ӨМІР, САҒАН ҚҰМАРМЫН

Бәрiнен шаршап кеткен шығармын,Көз алдым сағым буалдыр.Өткендi аңсап кеткен шығармын,Жан-тәнiм боздап жылап жүр.Шын сүйген жаннан сыр алдым,Өзгелер оған ұнап жүр.Қаламға келiп жүгiндiм,Еркiме көнбей құнан жыр.Жасандылығым жоқ сияқты едi,Өтiрiк күлетiндi шығардым.Бойыма жиып соңғы жiгердi,О, мен әбден-ақ сыналдым.Жанымды мейлi, жасыта бершi,Мен, Өмiр, саған құмармын.

Page 158: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

158

***

Құмға сiңген тамшыдайын,Көрместер бар жан шырайын.Әппақ айым туар әлi-ақ,Сәл шыдайын, сәл шыдайын.

Төзiмiмдi қамшылайын,Көңiлiмдi бар сұрайын.Шық сiңiрген қауызына,Жауқазын боп аршылайын.Не тындырдым, не бiтiрдiм,Түйсiгiмдi ал, сынайын.

Әшекейлеп жыр кестенi,Ұнап, жанмен үндескенi.Қинады, әттең, тағдырыммен,Шын сезiмнiң күн кешкенi.

Өмiр, өлең ұқсамайды,Құсқа айналып, құшсам Айды.Жұбатпайды жұрт өздi-өзi,Бәзбiреулер жұтса қайғы.

Ақымақтың iсiн қылып,Сәттiк бейне, түсiм жылып,Мен өмiрдi жұмақ деппiн,Қиялымда ұшып жүрiп.

Page 159: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

159

Көзге тұнып жанның жасы,Кiрпiгiме iркiледi,Арман болып жардың қасы,Жүрегiме жыр түнедi.Жалғандығын түсiнгенде,Өмiр неткен күлкiлi едi.

Page 160: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

160

***

Жанарымда өткеннiң елесi бар,Арманымның аспаған белесi бар.Санадағы сан ойдың салмағынан,Жерiп кетпе жүрегiм, менi есiңе ал.

Көрерiм бар, берерiм аларым да,Жаңаруда өмiрiм, заманым да.Жоқ iздеген жоқшының мен де бiрi,Таппасым да белгiсiз, табарым да.

Умаждалса жастығым құшағымда,Тағдыр менi телiген құса мұңға.Лапылдаған сезiмдi тежеуде күш,Тұсалдым ба бiлмеймiн, тұсады ма.

Көктем де емес, күз де емес, көңілi қар,Қардай суық қақаған өмiрiм бар.Ауыры бар, тiрлiктiң жеңiлi бар,Бiр жан шықса болғаны менi де ұғар.

Қалайы бар, нелiктен, негесi бар,Тағдырдың да талайы егесi бар.Жасыма тек жүрегiм, жаншылма тек,Жаншығанға ерегес, менi есiңе ал.

Өкпелеме, көп болса, өкiнiшiм,Өрлiгiм бар өткiзбес бекiнiсiм.Ең алдымен өзiңдi бағалашы,Адам болып өмiрден өту үшiн.

Page 161: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

161

ОЙЛА, ОЙЛАШЫ

(Әні бар)

Жанарға кетті жаным тағы Толып мұң,Сағынбасаң, күтпесең,Неге жолықтың.Селт еткізіп сезімді, Бар санама оралдың.Тек өзіңе соғатын,Самал боп алдым.

Қайырмасы:Ойла, ойлашы,Тербетіп шаттығыңмен.Баура, баурашы, Баладай пәктігіңмен.Жүрегіме енші, арманым,Ардағым, ақ гүлім ең.Жолықтырмаспын өзіңдей жандыЖаным-ау, тәтті күлген.

Түнгі аспанның әлемі,Жұлдыздармен шашылған.Нөсер қандай әдемі,Төгіп басылған.Ғажайыбын ғаламныңСаған ғана сыйылар ем,Бар гүлдерін даламның,Сен деп жинар ем.

Қайырмасы.

Page 162: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

162

***

Ей, Алматы,Жанымның жарасын ұқ.Өзіме-өзім сыймадым аласұрып.Адалдықты ту етсем айып па екен,Жағымпаздың жатқандабағы ашылып.Асқақтайсың қол созыпкөкке қарай,Шұғыласын өзіңетөккен арай.Мен отырмын, тәп-тәтті сол сезімді,Баяғдый басымнанӨткере алмай.Е-е, Алматы,Өтпеді бастан нелер,Ақиқатпен сырыңды ашқан да өнер.Сенің сұлу кейпіңді бізден бұрын,бақыты ғой, бақытты,Аспан көрер.

Page 163: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

163

***

Анау жатқан біздің тау, біздің ауыл.Күндеріндей көңілсіз күздің ауыр.Бір салқындық орнапты ел ішінде,Өкпелетіп алғандай қызды бауыр.

Бұл салқындық көп болды орнағалы,Қырдан ескен бір дауыл долданады.Кәрі шеше сүйеніп таяғына,Жоқ іздеген жоқшыдай жол қарады.

Әжім басқан жүзінде жатыр үміт,Өн-бойынан бір ашу атырылып.Көктен тілеп көк төбет несібесін,Жуындыға жарымай жатыр ұлып.

Ішкен ұлдың көзінде мән қалмаған,Өшіп, сөніп бітіпті мәңгі арман, ән,Адамдықтың барлығын ада ғылып,Бұл не деген жынды су жанды арбаған.

Қызғалдағы құлпырып қырды басқан,Қиялдағы ақ арман шынға ұласқан.Қайда кетіп барады қайда маңып,Ақ мақтадай ақ бұлттар шыңды басқан.

Неге жылап қайтамыз ауылдан біз,Сөз ести ме апыр-ау бауырдан қыз.Жат жұрттықсың сен енді, сәл сабыр ет,Жанарына шық моншақ тағынған қыз.

Page 164: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

164

***

Күн батып барады бір күнімді алып,Барлығына да қанағат дедім.Тек сол біле ме бір мінімді анықОған да үмітпен қарамап па едім?

Санамнан өшіргім келеді өткеннің бәрін,Өшірмеуге де шарасыз екем.Медет етемін қыстан соң көктемнің барын,Себебі панасыз екем.

Кейде, рас, шарасыздығым жаныма батады,Анамын ғой мен де бесік тербеген.Бір күнімді ұрлап кеш тағы да батады,Басынан мұндайды кешіп көрмеген.

Page 165: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

165

***

Бірте-бірте сарғаяды бар алап,Сары көйлек киіп алды қала, бақ.Ағаш түбін пана қылған бейбақтың,Нан сұрайды нәрестесі мамалап.

Ақ арман мен ақ үміттер санада ақ,Тек соларды жүрген жандай сағалап.Басқаша өмір бастап кеткім келіп жүр,Сезімді емес, төзімімді жаңалап.

Бой көтерді тағы да әні, күз үміт,Ағаштардан жапырақ жас үзіліп.Жылы жаққа ұшып кеткен құстарға,Қызғанышпен қарап тұрмын қызығып.

Айтар қысқа қарғалар да шағымын,Сары алапта сарғаяды сары мұң.Ағаш түбін пана қылған ананың,Сірісін-ай, деп ойладым жанының.

Page 166: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

166

***

Ақ үміттер,Ақ сезімдер,Ақ бәрі.Ақ қар басқан Ақ гүлдерді бақтағы.Әппақ түнді Ай сәулесі жетелеп,Жұлдыздармен Алмасады ақ таңы.

Өліп сүйемДүниенің ақтығын,Анық білем, Аққа Құдай жақтығын.Ақ бұлттармен Бу боп ұшып кетемін,Жүрегіме сыймай кетіпШаттығым.

Ақ, ақ бәрі,Ағарады ажарым,Ақ параққаАқ жырымды жазамын.Арманымның ақ қанатын Талдырмай,Тартып кетем,Ақтығымның азабын.

Page 167: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

167

Ақ жүрегім,Адалдықпен ағарам,Ақ сүтімен аялағанАқ анам.Баладай пәк Жырларымды өбектеп,Арманымның Ақ құсына балағам.

Page 168: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

168

ҚАДІР ТҮНІ ТУҒАН ЖЫР

Кешір Алла, көп мұңайсам, көп күлсем,Сезімім бар жүректе.Құпиямды өзің ғана тек білсең,Тілек қосып, тілекке.

Титтей ғана бақ сұраған қыз едім,Сынағыңа көнейін.Арман көп қой, қалай бәрін тізейін,Сорым болса, көрейін.

Алла, десем, жас толады жанарға,Нәзік пе еді көңілім.Ал, көз жасқа ерік берген заматта,Елестеді өмірім.

Айтылмаған әні бардай жүректің,Ішіне ендім тылсымның.Санама әкеп түстеріңді түнеттің,Барын ұқтым бір сырдың.

Алла дедім, жығылсам да, сүрінсем,Ұмыттырдың өкпемді.Кешір Алла, жөнсіз кейде түңілсем,Гүл жапса екен бөктерді.

Тағдыр дейміз, тағдыр деген өзің бе,Мейіріміңе қанықпын.

Page 169: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

169

Жаумай қоймас жауын жасым көзімде,Көзайым бол жарық күн.

Періштелер пердемді ашсын бүгін түн,Қабыл етіп дұғамды.Пендеңізбін үкілеген үмітін,Кешір Алла, күнәмді.

Page 170: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

170

***

Жаз да кетті, Жанымды жабықтырып,Өлең де жоқ,Тым-тырыс, Шабыт тынып.Өңі қашқан осы бір Өмір дейтін,Өтірігімен жібердіЖалықтырып.

Өксіп, өксіп жылайдыҰлып ішім,Сезем анық сезімнің Ұлы күшін.Дүр сілкініп кеудемдеДолы жүрек,Өлімісің дейтіндей,Тірімісің.

Бұл неғылған тұрақсызӨмір еді,Оны ойласам, Ойыма ой көміледі.Қызыл-жасыл әлемнің Бәрі жасыл,Не біледі,Осы жұрт не біледі.

Page 171: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

171

Қыс келеді, Қыс келсе, күз де өтеді,Ұл ержетіп, Күйеуге қыз кетеді.Өмір жылдам жылжидыЖылжи келе,Жанға жақынБір жанды іздетеді.

Page 172: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

172

МҰҚАҒАЛИ АҚЫНҒА

Ойлы көзің бұлақтай мөлдіреген,Самал желмен самайың желбіреген.Қабағыңа қарасам, қамығамын, Қара бұлты өмірдің төнді неден.

Жыр шағала қанатын жайыпты шын,Дауыл күнгі теңізде қайықпысың.Бәлкім, мынау дүмбілез дүниеде,Ақын болған үшін де айыптысың.

Көзбен емес, көресің жүрегіңмен.Жүрегіммен көрсем депЖүр едім мен.Тап өзіңдей айналдымСырлы ақыннан,Жылай білген өмірде Күле білген.

Өлеңменен таңдадың бағытыңды,Шырқай көктен селдеттің Шабытыңды.Өміріңді өлең ғып жауып кеткен,Қара өлеңнің қалайша Жағы тынды.

Өмір сүру білмеймін,Қиын ба шын,Қалай ерте жан аға қиылғансың.

Page 173: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

173

Жыр теңіздің кемері көтерілді,Таудан таза Бұлақтар құйылғасын.

Өзіңе арнап жыр жазды,Қарындасың,Қарындасың, қанатты қарлығашың.Арыс ақын өлеңнің Хан-Тәңірі Мәңгілікке сен меніңЖанымдасың.

Page 174: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

174

***

Іздеуге де, табуға да жоқ тілек,Тәтті үмітім санама жүр көп түнеп.Өмір кейде сайқал әйел сияқты,Ерінімен жер тіреген, көк тіреп.

Қала бірақ тым әдемі, ертегі,Гүлзар бақтарөзінше сыр шертеді.Түнгі әуені Әлдилейді жүректі,Шәрбат сезім неге сонша елітеді.

Шамам бар маБақытымды бағамдар,Жігер де бар,Бола тұра алаң бар.Кешір мені,Менің аңғал арманым,Күйе жақсам, кешірім ет, саған да ар.

Медет етержабыққанда жоқ тілек,

Page 175: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

175

Ақырын бер, Тәңір, өзің деп тілеп.Жүріп келем, сүріп келем өмірді,Жерден алып, жерге салып тепкілеп.

Page 176: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

176

***

Қауіпке толы бар маңай,Ішіме бүгем сырымды.Қаперсіз атқан таңдар-ай,Кімге айтсам екен шынымды.

Көлгірсіп өтірік күлгеннен,Шаршасам айтшы, несі мін,Ойларым сырлас түндермен,Тербеткен мұңның бесігін.

Апарар ма екен тамұққа,Қасқа жол мына мен жүрген.Қанатын қомдап жарыққа,Көбелек тағдыр мен білген.

Бағындым өмір заңына,Алдымда бұлдыр елес көп,Батып жүр бәрі жаныма,Ол жан да мендік емес тек.

Тоқтамай күндер сырғиды,Мөлтілдек тамшы секілді,Кешумен жүрмін бір күйді,Қайтарды бәрі бетімді.

Page 177: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

177

***

Жаным да бөтен, тәнім де бөтен,Көп арман көзге шалынған екен.Мұңайып тұрып түсіндім бәрін,Өзіңді көкем сағынған екем.

Өзім де бөтен, көзім де бөтен,Қашанғы өстіп өзім деп өтем.Ащы жастардан жерініп кеттім,Өмірден көңіл безінген екен.

Дәптерге мынау сыр аша бердім,Мөлтілдеп көзім жыласа келгін,Жан таппай жаным елеңдеуменен,Жәудіреп тағы қыр аса бердім.

Домбыра үні күй ағытқанда,Қараймын ылғи мұңайып таңға.«Көңіл толқыны» әкетті баурап,Айналып кеттім сия бұлттарға.

Жаным да бөтен, тәнім де бөтен,Лаулап бір қашан жалындар екем.Мұңайып тұрып түсіндім бәрін,Өзіңді көкем сағынған екем.

Page 178: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

178

***

Мөлдір-мөлдір бұлағым,Моншақ болып төгілді.Мұңнан ою құрадым,Мата жібі сөгілді.

Мөңкіп, мөңкіп шабытым,Мөңкіп алып жөнелді.Мазам қашты, әлі түн...Мазақ етем өлеңді.

Мисыз, мисыз санамен,Меңіреуге айналам.Миуасы тар әлем,Мұқтаж жіпке байлаған.

Маңғаз, маңғаз пенделер,Марапат дерт ендеген.Мағынасыз өмірдің,Мәнін іздеп сенделем.

Мөлдір, мөлдір тамшылар,Мүсіркеуді сүйме сен.Мұнар көкке ай шығар,Мүшкіл емес күй кешем.

Мендік күнә бар шығар,Малай боп бас имес ем.Менің қолым қан емес,Мәңгі жан да бөлекте.

Page 179: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

179

Манаураған таң елес,Маужырайды керекте.Менде күнә бар болса,Малай боп та күй кешем.

Мен өлмеймін, өлсем де,Мәңгілікпен үйлесем.

Page 180: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

180

***

Өзің едің кінәлі еткен мені,Көрінбей ақ кетіп ең көптен бері.Сен екеуміз қоштасқан сол көктемнің,Қаншама рет сарғайды көк көйлегі.

Болғандай-ек бақытты мен де, сен де,Күн өтуде сенсіз де, келмесең де.Жамандыққа қимаймын неге екенін,Ұрсып тұрып жек көріп жерлесем де.

Бұл не сезім өзім де ұға алмаған,Құлағымда ызыңдап жыларман ән.Ендігәрі жолыңды күтпеймін деп,Қайран сертім, алданған, мың алдаған.

Мен өмірге, өмір де құмар маған,Сәттік күлкі, сәттік ой, мұнарлаған.Сені биік қоюшы ем бәрінен де,Ал биіктер көп екен шыға алмаған.

Жақсылықтар келер-ау еселеніп,Бәрін бәрін ұғындым өсе келіп.Көк көйлегін кимеген көктем қанша,Келген сайын төбемнен көше ме бұлт.

Page 181: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

181

ШЫҚ

Шық, мөп-мөлдір шық,Көзімнен ағады тамып.Мұң, тағы да мұң,Ойымды алады тауып.Түк, қолымнан түк,Келетін емес.Жанымды жаулап,Барады қауіп.Із, соңымнан із,Қалар ма менің.Мұз, жүрегім мұз,Алар ма демін.Сыз, табаннан сыз,Өткелі қашан.Асқынған дерттің,Таба алман емін.

Құм, жігерім құм,Таппадым бақыт.Шын, айтпағым шын,Ақтарып жатып.Кім, қасымнан кім,Табылар екен?Кеудеме кетті-ау,ЖалғыздығымныңБатпаны батып.

Page 182: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

182

***

Кінәлімін,Болмысым күнә менің,Күнә моншақ шашылды жылап едім.Санаменен сезімнің шеңберімен,Сенделумен келеді бір әлемім.

Кешір дедімСонда да күліп тұрып,Бүлдіргенім, түп-түгел тұнық қылық.Пендемін ғой,Қашанғы алып жүрем,Жүрегімді кілті жоқ құлып қылып.

Жыламаймын.Үзілген тамшыларым.Қырық жаным шарпыған шамшырағым,Тозаңынан тосырқап қалған кезде,Мөлтек-мөлтек мөлдірге малшынамын.

Кінәлімін,Десе де кінәлімін,Есіме сап күнде оны тұрады мұң.Өміріме ою сап жүрген тағдыр,Өрнегінің келтірер бір әдібін.

Page 183: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

183

Кінәлі емен,Болмысым күнә менің.Күнә моншақ шашылды жылап едім.Жұмбағы көп жанымның жұмбағына,Жалғыз жауап беріп жүр бір әлемім.

Page 184: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

184

СЕЗІМ ҒАНА

Күн аспандаАймен жүр қуаласып,Қызарақтап кетті ол даЖыраға асып.Жалтыраған жақұтты шашып тастап,Жарық сәулеКеткендей тұра қашып.

Ал, түн мылқау...Бәлкім, ол сараңдығы,Сезім ғана сүйе ме қараңғыны?Жұлдыз болып ағып тұрТүнгі арудың,Мөлтілдеген көзіндеТарам мұңы.

Қуып жете бергенде,Таң атып ап,Тұрды өзіне әлемдіҚаратып-ақ.Шыққа айналып кеткен беЖұлдыз біткен,Түнгі жасты кетіпті таратып ап.

Түн қып-қызыл,Ай аппақ,Қап-қара түн.

Page 185: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

185

Аққу көлде сермейдіАқ қанатын.Бір-біріне жете алмай жүрген кезде,Келер уақытМәңгіге аттанатын.

Page 186: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

186

***

Қашан бір жаным жай табар,Шыным бар бүкпей айта алар.Қаймағы қалың көңілдің,Мезгілі жетті шайқалар.

Сезіммен көрдім алысып,Арманмен жүрмін табысып.Жоғалып кеткен жандаймын,Өмірімді ерте тауысып.

Бірлігін күтіп бауырдың,Арқалап болдым ауыр мұң.Сауырым сипар епті жоқ,Еп-ерсілерден жауырмын.

Көңілім түкті қаламай,Жалтақтай бердім баладай.«Кінәлі өзің» деген боп,Мысқылдап қарап қалады Ай.

Тұңғиық ойды кешемін,Есерсоқ десін, десе кім.Көйлегімді де кейде мен,Еріксіздігімнен шешемін...

Page 187: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

187

СЕЗІМ СЕҢ

Естіп тұрсың жаңбырдың үнін сен де,Сен жайлы ойға тағы бір үңілсем бе,Бүгін сен де ұйықтамай мені ойлап шық,Қыз біткеннен жалығып түңіл сен де.

Мен шылқыған жаңбырға малын сен де,өзімде емес, ұқсаңшы жаным сенде.Жалын сен де, біреуді сүйіп қалып,Айналдырып жасыңды ағын, селге.

Сезін сен де, еңіреп, егіл сен де,Жиіркенсең де, өмір сол... жерінсең де.Менің сенде кегім жоқ қалып кеткен,Малтып жүрген бір жанмын сезім сеңде.

Page 188: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

188

***

Сар далада ойнайды сұлу сағым,Еске түсті тағы да құлын шағым.Бала күнім көзіме елестейді,Әлдилеген әндетіп қуыршағын.

Көз алдымнан өтеді тізбектеліп,Қуантса ғой, сол күндер іздеп келіп.Бүгінгінің аңсары өткені емес,Қазіргінің арманы – қызмет, көлік.

Бұлдырайды бұлыңғыр бұлағай күн,Үйірінен адасқан құралаймын.Көзі түзу болса екен, Құдайымның,Өзге ештеңе өтініп, сұрамаймын.

Жанарымды өбеді бір мұң келіп,Құдіреті-ай, ал кейде күлгім келіп.Налығанмен, тырысып бағам рас,Жарық күнді көбірек сүргім келіп.

Сар далада ойнаса, сұлу сағым,Еске түсе береді құлын шағым.Қай тасада қалды екен, бала кезім,Отыратын әлдилеп құлыншағын.

Page 189: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

189

***

Барлығы да баспаналы қатардың,Үмітіме балта шапты бір күдік.Төріне озып Алматыдай шаһардың,Үй алғандар қуаныштан тұр күліп.

Үй алғандар шаттанады шынайы,Туса оңынан қайтпек енді Күн, Айы.Жазсын Тәңір дедім іштей күбірлеп,Жазсын Құдай шаттануды ұдайы.

Пешенемнен көрем бәрін сынақтың,Кедергіні алған дейсің сұрап кім.Сүйген құлы мен болармын Тәңірдің,Содан бәлкім, сол үшінде жылаттың.

Өкінбеймін, өкінгенмен жоқ амал,Жалықтырды жалған үміт, жорамал.Тым кешігіп келген сұлу көктемдей,Бір бақытым келер, келіп қол алар.

Баспанам жоқ, көлігім де, жоқ түгім,Пәтер жалдап өтіп жатыр көп күнім.Жығып алып жұлмалады мына өмір,Қанша жүрдім ортасында соққының.

Қос құлыным, ойнай алмай бір еркін,Іште жанған басыла алмай тұр өртім.Жаңғырығып шаңырағы шаттықтан,Болар ма екен, шын жүректен күлер күн.

Page 190: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

190

***

Мен бүгін өзіме оралдым,Таба алмай жүр едім, іздеп.Бір кездер үн-түнсіз жоғалдым,Құтқарды ұнатқан күз кеп.

Тәкаппар болған да шығармын,Сөксін жұрт, сөккісі келсе,Көкірек толғанда шығардым,Жұбатсын, өпкісі келсе.

Жанарда сағыныш тұрады,Шын жақын адамдар ғайыпта.Мына өмір жаңылыстырады,Бұйыра көрмеңдер айыпқа.

Теңізге айналып кетсемші,Толқыны қабатын жағаны.Сен мені бақытты етсеңші,Бұл ғұмыр тез өтіп барады.

Жанарда сағыныш тұрады,Сөксін жұрт сөккісі келсе,Сезімім жаңылыстырады,Өпсін мұң өпкісі келсе.

Page 191: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

191

***

Нендей сезім, Қандай арман тербеген,Бөтен пәтер, суық бөлме, төрде өлең.Аңсаулар көп, орындала бермейтін,Бақыт кейде сығалайды пердеден.

Жаным жалын, лап етеді өртеніп,Оның бәрібәлкім тағы еркелік.Дүниенің дүбіріненқорықпағам,Өлермен көп, келем содан жиіркеніп.

Бұл фәниде күткен үміт көбірек,Сезімімді жібердім бекөп іреп.Менің жаным түнге ұқсайды, ал Айсыз,Жарық болып тұрмайды ғой, төңірек.

Page 192: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

192

ӨЛЕҢ

Саңлауы бар санаға ар сияды,Өмір, мені жіберме жындандырып.Жүрегімнен ағызып қан сияны,Қойдым білем, Көп жанға сыр да алдырып.

Асқақтығым ол менің еркелігім,Ақылымды жеңбесін сезімдерім.Өкіндірме, өтінем, өрте мұңым,Мен өзіңмен ей, Өлең, көз ілгемін.

Жынды да дер, есер дер, селт етпегем,Тағып жүрмін бір ойды тұмар қылып.Мен емеспін, асау да, тентек те өлең,Сол Өлеңнен шығады, шығар бүлік.

Page 193: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

193

***

Жаздан да кетті жарасым,Күңгірт күн күттім күзді мен.Күндіз бен түннің арасын,Бір ойлар басты мүлгіген.

Ақылдан күттім ізгілік,Жеңдіріп бәрін сабырға,Сыбырлайтындай үздігіп,Жалғыздық, тілсіз қабырға.

Өмірге ғашық жүрегім,Бұрып ем, мойным із де жоқ,Жақсылық қана тіледім,Басқадай ниет бізде жоқ.

Нені іздеп, таптым нені мен,Тынымсыз масаң қаладан.Түнгі әуенге үнсіз елігем,Орын ап бір мұң санадан.

Көнемін, талай көнгенмін,Тағдырдың сыйын қабыл ап.Өлеңнен өрім өргемін,Жалындай жырға жанып ап.

Page 194: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

194

***

Жоғалтқан да шығармын сенімімді,Баса алмасам, кешіңдер, желігімді.Саған ғана сүйдіріп ерінімді,Қайтаруға болса ғой, кері күнді.

Бір күніммен бір күнім алмасады,Бүгініммен қоштасып үлгермеймін.Тереземнің әйнегін шаң басады,Мен мұнда емес, Бір жақта жүргендеймін.

Өмір – шеңбер, келемін шыр айналып,Көрсеткем жоқ біреуге азабымды.Сыртым бүтін, ал ішім жылайды анық,Қаламым жүр, тез ұғып жазарымды.

Мына қала бұл күнде жұмақ қала,Ақша ғана шешеді мұнда бәрін.Жүрегіме табылмай бірақ пана,Тамшы болып тағы да сырғанадым.

Жоғалттым ба білмедім, сенімімді,Баса алмасам, кеш енді желігімді.Саған ғана сүйдіріп ерінімді,Тым бақытты кешсем ғой, сері күнді.

Page 195: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

195

***

Сені ойладым көзімді көлбеп бір мұң,Сағынышты жүректен тербеп тұрмын.Жанарда тек елесің, өзің жоқсың,Жалғыздықтан жырымды ермек қылдым.

Жеміс салды алма ағаш бүршік атқан,Жауабы жоқ шаршадым кіл сұрақтан.Менің жаным өзіңе таза еді ғой,Қылаң берген секілді кірсіз ақ таң.

Кешірімшіл едім мен, кешір, десең,Кінәлі де емессің, несін кешем.Кеудемдегі маздаған қызуы оттың,Өртеп кетер болмайды өшірмесең.

Маздасыншы, қоздасын жанған шырақ,Күн кешеміз, қайтеміз жалғаншылап.Қинайтыны несі екен санадағы,Өзің жайлы жауапсыз қалған сұрақ.

Page 196: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

196

***

Тірлікте мынау мәңгі емес бәрі,Тоқтатар жүрек соғысын.Қиялымда атып таңғы елес тағы,Жібиді мұздақ, тоң ішім.

Нәп-нәзік жаным үзілер ме екен,Жанарға моншақ тізілер көкем.Тізіліп ұшқан тырналарымен,Менен де гөрі күз іреңді екен.

Өшімді ылғи көзімнен алып,Үмітті шоқтай төзімге қарып.Лаулаған оттың ішінде жүрмін,Өзім де жанып, сезім де жанып.

Page 197: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

197

***

Белдер-белдер, көк майсаға оранған,Кеудем менің үмітті дос тола арман.Қызғалдақтар көз жауын ап қып-қызыл,Күн қызарып шыға келер сонардан.

Гүл жинаған құшағына қос бұрым,Ерке қыз ем, серік болды, хош, мұңым.Бала кезім, дара кезім ол менің,Кең даламен, ен даламен достығым.

Әр барғанда қош деп қағып қанатын,Сандуғаштар сиқырлы үнге салатын.Менің жұмақ мекенімнің куәсі – Аспан, жұлдыз, Ай ілінген қара түн.

Түн ақ Айды сырға етіп тағатын,Бұлақтан су сылдыр-сылдыр ағатын.Ғашық жігіт сұлулыққа ынтыққан,Қызды алдайды кері бұрап сағатын.

Естідің бе жүрегімнің лүпілін,«Сен» деп соғар тамырдағы бүкіл үн.Өмір сүрем, бір қуанып, бір жылап,Қашан Тәңір шығарғанша үкімін.

Page 198: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

198

***

Күлемін,Несіне күлемін,Безерді,Жаралы жүрегім.Баянсыз бақытым Кешіккен,Сені ойлап тағы да Жүдедім.Кім едім, Осы мен кім едім.Жыр елін аралап Жүр едім.Ниетке ұласып тілегім,Жанымның іздедімБір емін.Сүремін,Өмірді сүремін.Санама түнеме,Түне мұң.Қарайды кім қалай,Ойлайды кім қалайМен жайлы...Бәрін де сеземін,Білемін.Бағытым –Өлеңнің аралы,ЕспейтінБақыттың самалы.

Page 199: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

199

ТырнайтынСол ескі жараны.Жақпайды, Біресе жағады.Күндерім, түндерімЗаманым.Ұқпаймын, Кім кінә тағады.Төменге,Түпсіз бір тереңгеШын батып барамын.Себебі,Бұл өмірМенен де қалады...Сенен де қалады...

Page 200: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

200

ҮЗІЛІП КЕТЕ БАРДЫҢ...

Бөлем Тимурға

От едің лапылдаған,Шоқ болып қызатынсың.Қамалын қиындықтың,Өзің-ақ бұзатынсың.

Жанарың жасын еді,Жарқ етсе, жандыратын.Басқа емес, ханның қызын,Есінен тандыратын.

Бөлем ең бөліп жеген,Бір нанды талай бірге.Оралмай қойғандайсың,Кетіп ап талай күнге.

Сүйгенсің жарық күнді,Сен оған ынтық едің.Жыласам «Мен бармын» деп,Көзімді сүртіп едің.

Бәрін де жақсы көрдің,Бәріне нұр тіледің.Өзіңді пана тұттым,Бар ғой, деп бір тірегім.

Үзіліп кете бардың,Шағыңда жанып тұрған.

Page 201: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

201

Мен сөйтіп жеке қалдым,Дүние-ай, зарықтырған.

Есімде әлденеге,Асығып жүретінің.Сия алмай тар денеге,Кеткенсің, білетінім.

Жүрегің жылы еді шын,Адалым аңқылдаған.Аңырап білемісің,Қалды ғой артыңда анаң.

Бұйырғай жұмақ мекен,Пейіштен атып ақ таң,Неліктен жылатты екен,Сұрашы, жапырақтан.

Сен енді білесің ғой,Мүлгіген тілін бақтың...

Page 202: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

202

***

Қарайды аспандағы Ай,Түнектен жасқанды арай.Жаным-ау, айтарыңды,Айтсаңшы, астарламай.Мені ешкім аямаған,Аямас сені де ешкім.Арманды аялаған,Сүйердей өліп-өштің.Содан соң кінәладың,Өзіңді-өзің сөгіп.Көзіңнен құлады ағын,Жатқандай сезім соғып.Басыңды көтер, енді,Барады төзім солып.Бітірер болдың-ау шын,Өзіңді өзің сорып.

Page 203: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

203

ЕРБОЛАТҚА

Жаңбыр емес, жас тамды құйып көктен,Бір ұл ең ғой, өмірді сүйіп кеткен.Қарақаттай жанарың нұр сүйетін,Кімнің көзі болды екен тиіп кеткен.

Кімнің тілі болды екен тиіп кеткен,Жақсылығын жандар ма үйіп-төккен.Балапаны сияқты ең қарлығаштың,Қанатыңды кім екен, қиып кеткен.

Сүйікті едің, сүйкімді құлыншағым,Қайда кеттің желкілдеп тұлымшағың.Өзің де ұқпай қалдың ба не болғанын,Мөлдіреген жанары ұрыншағым.

Елес болып кеттің ғой, заматта бұл,Дара қылып Құдайым жаратқан ұл.Бақилыққа көз жұмып кеткеніңде,Жүк көтеріп бар әлем баратты ауыр.

Жаңбыр емес, жас тамды құйып көктен,Жарық күнді ұл ең ғой, сүйіп кеткен.Қарлығаштың сияқты ең балапаны,Кімнің тілі болды екен тиіп кеткен,Кімнің көзі болды екен, тиіп кеткен.

P.S. (Тфә, тфә дейікші, бұдан кейін...)

Page 204: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

204

ХАБАРСЫЗБЫН

Хабарсызбын, Тым ұзақ кешіккесің,Мылқау күйде мелшигенЕсікте өшім.Менің мынау Мұңдылау күндерімнен,Хабарсыз жат,Құлағың есітпесін.

Ұқсас күндер,Меңіреу, қала тыныш.Өзіңсіз де алғанмынЖаңа тыныс.Өз билігі өзімен кешкен ғұмыр,Сен де, мен де,Бәрі де жаратылыс.

Сені күтем, Мен емес, тосқан бірақ,Тостағанға үміт қой,Қосқан бұлақ.Өмір әні,Дүние алма-кезек,Кеше гүлдеп,Ал бүгін Бос қалды бақ.

Page 205: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

205

Хабарсызбын,Көп болды хабарым жоқ.Шуақ шашқанСөнгендейжанарымда от.Сені сүйгенерекше жүрегімнен,Ағып тұрды бір тамшыҚара мұң боп.

Page 206: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

206

***

Бақытты екенмін,Сол шақта – бала күндерде,Келгенде көктем,Толғанда дала гүлдерге.Оңаша жүріп ойланам,Ойларым ойран,Баянсыз өмір Сығалап барады іргемде.

Бақытты едім ғой, Бақытты білмегенде де,Бақытты болып жолыққам мұң дегенге де.Бақыттымын ғой, Бақытты бола да берем,Масайрап, шалқып,өмірін сүрмегенде де.

Бақытты болғам,Сүйіп қап жылағанда да,Табыстырып ап айырған,Дін аман қала.Бақыт дегенді сезінтіпЕң алғаш рет,Бақытты да еткен,Соңғы рет бір адам ғана.

Page 207: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

207

Болмасын, болсын,Бәрін де татып кетермін,Қайғының мейлі, түбінеБатып кетермін.Арамдығынан адамныңСақташы, Құдай,Мен сонда ғанаӨзімді бақытты етермін.

Page 208: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

208

***

Санама сіңіп, мұңды өлең жанарым ашып,Тамады келіп, мөлдіреп қаламыма шық.Асу да, асу, асудан барамын асып.Сарқылған сол бір сағыныш сенікі дер ем,Тағы бір сезім оянса, аранын ашып.

Page 209: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

209

***

Ең қымбаттым өмірдегі сен ғана,Жалғызымсың, жанашырым, барымсың.Саған айтшы, ай мен жұлдыз тең бе Ана,Жүрегімсің, тірегімсің жанымсың.

Бақыттымын шуағым сен жылынар,Құшағың бар аңсатпайтын өзгені.Мендік жайдың барлығын да ұғынар,Жәудірейді мейірім толы көздері.

Сенсің Ана, сені маған Тәңірім,Тастап кеткен, жылауымды қаламай.Оның рас, отырамын ойланып,Еркелігі ерте біткен баладай.

Сенен өзге кім бар маған бақ тілер,Жалғаспасын моншақтардың тізбегі.Жапырақпен тағы тәнін жапты жер,Өткен шақтың көрінбейді іздері.

Page 210: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

210

***

Бәрінен қорқамын,Мен күткен бақыт та өзгеше,Ортамын,Шүпілдеп толмадым,Амал не, Болмайды төзбесе.

Еркемін,Есермін еліткен сезімге.Жанымда ешкім жоқҚалыппын.Ертегі айтатын кезіңде,Сенен де, Өзімнен жалықтым.

Бұзықпын,Ол ойға мен жайлы келістім,Есімнен айырыла сүйгенде.Қызық күн,Селт етпей басамыз жер үстін,Күнәсін арқалап өлгенде.

Жабықтым,Кірпігім сүйіп тұр жасымды,Жып-жылы құшақта жоғалсам.

Page 211: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

211

Игем жоқ ешкімге басымды,Тоналған шығармын,Тоналсам.

Тұнықпын,Жаным тұр мөлдіреп,Білмеймін, болады енді, не?!Күйген жер кетіпті көлдіреп,Бұл қандай жатады белгіге?!

Page 212: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

212

***

КелмедіңЖүрегім жаншылды азаптан.Сен бе едің,Жанымды қайғыдан тазартқан.Келмесең келмегін.

Шөлдедім,Бәріне кінәлі өзіммін.Көнгемін,Себебі, сені ойлап Көз ілдім.

Қуандым, Несіне қуандым,Мен бәлкім,Ақымақ шығармын.Оу, жалған, тәкаппар Мұнар күн,Мен мүмкін, Тек саған сыңармын,Тек сағанШын ғашық шығармын.

Құлармын,Құласам, құлармын.Құлап ап,Қайтадан тұрармын.

Page 213: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

213

Қасқайып қарсы алыпАзапты,Онымен салтанат құрармын.Өйткені, өмірді сүйемін,Өмірге өлердей Құмармын.

Келмедің,Келмесең келмегін,Өзің ең, сүйгенім,Сенгенім.Ұқпадың жанымдыШерлі едім.Күндердің сыйладыңКермегін.

Page 214: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

214

***

Есіңе де алма, Ессіздеу жанның қылығын.Есіркемейді,Жыр-ұғым.Есі бар қыздыңСағынып жүрсең бұрымын,Иықтан шашым, Құрыдым.Жүрегім тоқтап,Мен өліп,Ғұмырын жалғарТұнығым.Сағыныш жайын қозғамай,Көзімнің алдым шырымын.Шашылған жинап түсімде,Сезімдерімнің сынығын.Ай жарық екен,Тұңғиық түпсізденКүлді жұлдыздар,Мен кейпін кигем шарасыз,Тосырқап қалған ұрының.

Page 215: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

215

***

Мен өзімді жоғалтып алғам бүгін,Іздеймін деп бақыттың арман гүлін.Ұшқым келген кең жайып құлашымды,Бірақ өмір көрсетті жалғандығын.

Табылармын бір күні іздемейін,Қыс бар, жаз бар, көктем бар күзге дейін.Ағарғанға жаны қас қара дақтың,Табанымнан өткені сыз демейін.

Санамдағы сарқып ап сағынышты,Күреңіткен күп-күрең Күзге енейін,Табылармын, түбі бір жоғалмасам,Сондықтан да өзімді іздемейін.

Page 216: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

216

***

Жаман әдет жоқ еді,Менде тіпті,Үйір қылдым өзіме пенделікті.Жүрек жылап жүргенде,Жалғыздықтан,Жылы сөйлеп Кім сонда дем беріпті.

Көріп келем Көп жанның емексуін,Ақынмын баҚалмайды бөлексуім.Өмірімнің өткіншіСәттерінде,Күлгенімнен шаршатты,Көп өксуім.

«Қамықпа» деп әке жоқДем беретін,Қан шықпайды кессең деӨлген етім.Ай жарық, бәрі ұйқыда,Мен отырам.Жалғызбын,Жалғызсырар бөлмеде түн.

Page 217: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

217

Көзімнен көлшігімді Іркемін де,Арманымнан шабытымЖыр теруде.Көрсетпей іште мұңдыБіреулер жүр,Ролді мықтап ойнапҚырт өмірде.

Жүректің тоқтаған жоқ,Тырсылы әлі.Бұл күнге ол да қонақБір сынады.Әділін айтқан ауызКөпке ұнамай.Ішіңде талай ойларТұншығады.

Page 218: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

218

***

Пендемін ғой, иә, рас пендемін,Жаманды да, жақсыны да көргемін.Тұнық бұлақ сылдыраған тұнығым,Сенің кәусар суыңды аңсап, шөлдедім.

Көлеңкелі күніме де көнгемін,Тереземе салды тағдыр өрнегін.Жалғыз өзім жабырқаған жанымды,Жадыраған жастығыммен емдедім.

Шаттықпенен жуылды ғой жөргегім,Неге тағдыр, көңіліңді бөлмедің,Әлегі көп әлемде жүр демесең,Мен әйтпесе, әлдеқашан өлгенмін.

Пендемін ғой, сенгем талай сенгенмін,Қош айтысып азабымды көмгенмін.Жанарыма жарық күнді сыйдырып,Мен өмірді сүю үшін келгенмін.

Page 219: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

219

***

Өзімді-өзім кінәлап аламын да,Көмілемін көңілсіз нала мұңға.Ашушаң боп барамын соңы кездер,Жас құрғап жанарымды.

Шаршадым ба, білмеймін, жалықтым ба,Менде бары бір өлең таныттым ба.Осы күні көктемім өкпелетті,Қызғалдақтар шықпайды жанып қырға.

Енді міне, өзіммен өзім қалдым,Өмірімнің ішінде өзім бармын.Үмітіме ұрыстым алдама деп,Серік етіп жаныма төзімді алдым.

Қызық екен бәрі де жалғаныңның,Айыптымын алдында арманымның.Кешірімін ала алмай кетпесем тек,Өкініштен тістелген бармағымның.

Page 220: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

220

***

Жоқ боп кетсем, көрінбей ешкімге де,Қолды бір-ақ сілтесем, бес күнге де.Мені кім іздер екен.

Іздер екен, сонда кім,Қайдан бірақ,Іздесе ғой, көктемімЖайған құрақ.Мендік үміт жұлдызды аралап жүр,Аспандағы арманымАйдан құлап.

Жоқ боп кетсем...Тірлікке тойып кеткем,Орын алсам, Ортасын ойып көктен.Төзе берем, төзуге жаралғанмын,Қоштаспайды қыспен деМойып көктем.

Ұқпай кеткем,Бұл күнде өзімді мен,Миым басқа, Көлгірсу сөзім кілең.Тауды көрем түсімде,

Page 221: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

221

Көкті сүйген,Кім боламын,Не болам, Өзім білем.

Жоқ боп кетіпТүбінде табыламын,Келер сондаЖұбатып жаныма мұң.Жоғалуға болмайдыӨмір барда,Сол өмірдіңЫрқына бағынамын.

Page 222: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

222

ӘН САЛШЫ, РОЗА

(әні бар)

Дара халқым қазағымдыӘсем әнге бөлеген,Сенің жаның сұлу еді,Тұнық еді не деген. Әуелеген әндеріңді сүйіп тыңдап, Аялап,Өзіңді елің жарқыраған,Жұлдызына теңеген.

Қайырмасы:Ән салшы, Роза,Бұл өнер ғой, киелі,Ән салшы, Роза,Әніңді елің сүйеді.Ән салшы, Роза,Розалардың жалғасы.Ән салшы, Роза,Бұл Тәңірдің сыйы еді.

Тым биіксің,Тым асқақсыңӘнің барда, ардағым,Талай елдеӘнмен аштыңТарихтардың тармағын,Паш еттің де өнеріңмен,

Page 223: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

223

Туған елді әлемге,Шарықтаттың орындалмасТалайлардың арманын.

Қайырмасы: Ән салшы, Роза,Бұл өнер ғой киелі,Ән салшы, Роза,Әніңді елің сүйеді.Ән салшы, Роза,Розалардың жалғасы.Ән салшы, Роза,Бұл Тәңірдің сыйы еді.

Page 224: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

224

АРҒА СӨЗ

Серік еттім, серік етем өзіңді ар,Саған бірақ айтатұғын сөзім бар.Ажал келіп алқымымнан алса да,Дейтін едім, «сөзімді алма, өзімді ал».

Ой келеді бұл күндері не түрлі,Өмір өткен есіркейтін жетімді.Жейін деп жүр жетесіздер ұялмай,Тірідей-ақ кесіп берсең етіңді.

Арғымақты ауыздықтап мінгендер,Кіл «өзімдер», жаулап алды кіл «мендер».Өмір деген қас пен көздің арасы,Мәңгілікпен шатастырып жүрмеңдер.

Дегім келген, айтқым келген бәрін де,Жүрек бірақ бағынбайды әмірге.Көз жасымның кермек дәмі сияқты,Бір сырқат бар жүрегімде, тәнімде.

Соның бәрін тек Сен ғана білесің,Дертім аздай кінә тағып жүресің.Өзің айтшы, қанша ақымақ болсам да,Жақсылыққа қосқан бар ғой үлесім?!

Әлде жоқ па, түсіндірші, Сен маған,Саған сеніп, құзғындарға жем болам.Бұл өмірден аларым бар менің де,Сол үшін де бағынбаймын енді оған.

Page 225: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

225

ЖЕҢЕШЕ

Балалығым, жастығым, еркелігімді,Сағындым ғой сол күнді – ертегі күнді.Қабағымды бағатын асыл жеңеше-ай,Мен де өзіңдей келін боп шертемін мұңды.

Қайырмасы:Айдай әппақ жеңеше,Жаным жеңеше.Айғайласам жете ме әнім жеңеше.Саған ғана сырымды ақтарушы ем ғой,Жүректегі сезімге әлім келмесе.

Түнгі аспанды сынық Ай көркемдегелі,Жан-дүнием дәл бұлай өртенбеп еді.Еміренген әжемді түсімде көрсем,Ақ жеңгемнің елестер еркем дегені.

Қайырмасы.

Сәлемімді ауылға айта барарсың,Аяулымсың, ақылын айтар анамсың.Теңін тапқан кешегі тентек қызыңның,Бойжеткенін қалайша байқамағансың.

Page 226: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

226

КҮН, АЙ

(әні бар)

Тамылжыған таңғы күн,Қайда нөсер жаңбырың.Саған аян білемін,Сырым да, мұңым да менің.

Жанарымда жарық күн,Неге жаным жабықтың.Жаулаған сәт санамдыБәрін де ұғынған едім.

Қайырмасы:Көктегі Күн, Ай,Өмірге берген ғажап шырай.Өзіңді күткен едім шыдайТағдырым қинамашы бұлай.

Дегбірімді тауысқан,Оянамын дауыстан.Көп күттірген көктемдей,Аңсаттың ардағым нені.

Қайырмасы.

Page 227: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

227

***

Сезімді жоғалтып алдым,Өзіңді іздесе деп ем.Барымды тонатып алдым,Тезірек күз келсе, деп ем.

Бақтарда жапырақ кешіп,Жүрсем ғой, күлсем ғой деп ем.Біреулер ақымақ десіп...Өмірді сүрсем ғой деп ем.

Өзіме сыймайтынымды,Жанымды қинайтынымды,Өзгелер білмей-ақ қойсын,Сен ғана білсең ғой деп ем.

Тағдырдың ақын еткенін,Мұңыма жақын еткенін,Бағалап жүрсең ғой деп ем.

Page 228: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

228

БАУЫРЛАРЫМА

Бауырларым!Көрмей қалсам сендердіСағынғамын.Бір-біріңе жақсы едіБағынғаның,Бір-біріңді жақсы ғой,Сағынғаның.

Бауырларым,Бүгін менің кеудем от,Жаным жалын,Нәсібіңнен қалай бұлҚағылғаның,Бұлт үйіріп төбеденЖасыны ойнап,Қарашаның көргемінҚағынғанын.Неге тағдыр қинайдыТау ұлдарын.Қиналсаңдар,шық моншақ тағынғамын.Біріккенде бастарыңдабырладың,дүбірлетіп арасынқабырғаның.Бас қоспайтын болдыңдар,бұрынғыдай,Іздемейтін болғаныңне ғылғаның.

Page 229: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

229

Бауырларым!Маған батар сендердің ауырғаның.Биіктесе деп едімтанымдарың.Алыстамай мәңгілікауылдарың.Жақсы еді ғой,Әй, ғажап болар еді-ау,Бір-біріңнің қасыңнан табылғаның.Бір-біріңнің ырқыңабағынғаның.

Page 230: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

230

ЖЕҢГЕЛЕРІМЕ

Жеңгелерім!Сен де келін, Біреуге мен де келін.Тереңінде,Сезімнің тербелемін.Шіркін, меніңҚолымнан бәрі келсе,Бар сырқатын Жаныңның емдер едім.Жеңгелерім!Бармағаның болмайды,Келмегенің,Алмағаның жарамас,Бермегенің.Туғаныма айналдың Сен де менің,Бір қаныма айналдыңСен де менің.Жеңгелерім,Бауырлардың өздерің,Емдер емін,Көп болса даКөргеннен көрмегенің,Сендер ғанаТабатын сияқтысың,Менің ағаларымныңең керегін.

Page 231: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

231

***

Ананы алып бер, дейді ұлым маған,Мынаны алып бер, дейді қызым маған.Анаң болса көзде мұң, жүзінде алаң.Бір Алладан жалынып, сұрайтыны – Ұлымды аман қыла гөр, қызымды аман.Құдайына содан соң жалбарынар,Қос құлынды қолда, – деп Қызыр бабам.

Үй салайық, – дейді де ұлым маған,Құмсағатты көрсетер зуылдаған.Барлығы да болады, – деймін күнім,Жалақысын алады жуырда әкең,Жалақысын алады жуырда анаң.

Жармағандай ол ақша жетер ме екен,Бізді балам, бақытты етер ме екен.Арманымыз түбі бір орындалар,Сондықтан да еңсеңді көтер, көкем.

Жұбатамын ұл-қызды жігер беріп,Әлі бізде болады мінер көлік.Бас аманға не жетер деймін сосын,Төрт құбылам қалғандай түгелденіп.

Бөрі арығын білдірмес, болар бәрі,Қайшылықтар жоғалса қоғамдағы.Қатыгездік жоғалса қоғамдағы,Адамзаттың пейілі түзу болғай,Сонда ғана бақыттың толар бағы.Сонда ғана жемістің толар дәні.

Page 232: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

232

ТЫРНАЛАР

Тырулап ұшты тырналар,Үнінде мұңның бары анық.Жанардан тамшы сырғанар,Суретке сұлу қадалып.

Тыру да, тыру тырналар,Жабығып ұшып барасың.Суыңды сырбаз сыр бағар,Сағынып ұшып барасың.

Қонатын сол бір кезеңге,Ынтығып ұшып барасың.Бұрқырап аққан өзенге,Бұлқынып ұшып барасың.

Бұлдыр да бұлдыр бұлттарғаТаяулау ұшып барасың,Кеудеңді тосып шықтарға,Баяулау ұшып барасың.

Тыру да, тыру тырналар,Тізіліп ұшып барасың,Жанымды бір мұң тырналар,Сызылып ұшып барасың.

Көгілдір аспан көгіне,Талпынып ұшып барасың,

Page 233: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

233

Айдынды шалқар көліңе Алқынып ұшып барасың.

Алапат бір күй кештіріп,Тырулағаның неткенің.Қанаттан самал естіріп,Бұрылмағаның неткенің?! Тыру да, тыру тырналар.

Page 234: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

234

ЖЫЛАДЫ ТҮН

Жылады түн Жұлдызын шашып алып,Өкінді түн,Бар сырын ашып алып.Жинай алмай төгілген Моншақтарын,Қара түнмен барадығасыр ағып.

Жылдар жылжып барады,Күндер өтіп,Табаныңнан сыз анауЖүрген өтіп.Жадыраған жастығымЖыламсырап,Сағаттармен барады бірге кетіп,Минуттармен барады Бірге кетіп.

Түн жылайды,Күн бірақ жыламайды.Жасырады бұлт негеБірақ Айды.Өмір өтіп барады Дегенімен,Неге өтті деп оны ешкім сұрамайды.

Page 235: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

235

***

Сыймайды екем ауылға түсінгенім,Алай-дүлей бұл күні ішім, демім.Сыртым бүтін болғанмен бір тозақтың,Түсініксіз әлемнің ішіндемін.

Мұз құрсанған сияқты қала маған,Қандай жазам жанымды жаралаған.Бәрі суық әйтеуір айналамның,Әлденеге алаңдап, мазаланам.

Таудың қызы ем, биікті шын қалаған,Нені таптым, нені іздеп бұл қаладан.Жалған күліп жайымды жасырғанмен,Қайда тығам көзімді мұң қамаған.

Page 236: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

236

***

Айтармын, жазармын,Шындығын жанымның.Дегбірсіз төгілді,Моншақ боп лағыл мұң.Бақытқа бөлеген,Шаттықпен демеген,Жаным-ау, өзіңді,Өлердей сағындым.

Page 237: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

237

***

Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң,Күнбағыстай күнге ғашық жан едім,Мен өзіңді неге ғана ұмыттым,Жүрегімнің түкпірінде бар едің.

Бақыт іздеп баспаған тау қалмады,Қателіктер кетті қайтем, пендемін.Биік екен шын тілектің заңғары,Сыртын берді, сезімдерім, сенгенім.

Бірімізді алдап тағы біріміз,Өмір деген сахнада жолықтық.Сезім атты шашылды да гүліміз,Жақсы түсті жақсыларға жорыттық.

Кірпігімді сүйді жылап кірпігім,Сағат тілі тықылдайды тынымсыз.Жүрегімнің жырмен жамап жыртығын,Тілсіз тағдыр мылқау шығар?!Тұр үнсіз.

Page 238: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

238

***

Қанша ғасыр өзіңнен алыстады,Қанша жұлдыз құлады ғарыштағы.Жанымызды қанша мұң жаныштады,Қанша тағдыр табысты, табыспады.Тоқтаған жоқ сонда да уақыттың Тоқтатуға болмайтын ағыстары.

Ауыспалы дүние-ай, ауыспалы,Анау көше, мынау үй, таныс бәрі.Мүсін алма телмірер көшелерден,Алматының апортын тауысқалы.

Нендей күйді бұл қала өткермеді,Сонда да өгей біреуге боп көрмеді.Қаншама аңыз тарады ол туралы,Қанша ақынның жүрегін от кернеді.Сағат санап емес-ау, минут санап,Зәулім, әсем сарайлар көкке өрледі.

Гүл иісін аңқытып көк белдері,Бір-бірімен жарасқан көк пен жері.Сезіміне масайған қаншама ару,Бұрымдарын тарқатты тоқ белдегі.

Қарсы тұрған нөсерге, жасынға да,Төзе білген жүрегі тас ұлға да.

Page 239: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

239

Пысықтарды көтеріп төбесіне,Пана болған бұл қала масылға да.Талайларды тамсантқан бұл Алматы,Арман болған бір кезде Қасымға да.

Талай жанға бұл әлі арман қала,Әу бастан-ақ, бағы шын жанған қала.Ұрпағыңа бере бер, жемісіңді.

Page 240: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

240

***

Жанарымнан өтер күн тізбектеліп,Қамданамыз қысқа енді, күзді өткеріп.Не керегін жаныма білмей далмын,Сен де мені қуантшы, іздеп келіп.

Сарғаяды санамда сағынышым,Дөңбекшідім түндерде жанып ішім.Тіршіліктің бітпейді тауқыметі,Жалған өмір, бір күнгі жарық үшін.

Кетсем бе әлде, білмеймін, дала кезіп,Сұрғылт қала жанымды барады езіп.

Page 241: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

241

***

Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім,Кімге керек жылағаным, күлгенім.Өзіңменен қоштасқалы тәйірі,Жүрегімде дертім үдеп жүр менің.

Кездеспедік, айлар өтті, жыл өтті,Жалғыздығым, жан қызуым жүдетті.Күздің соңы, жапырақ боп үзілдім,Жабығумен, сағынумен күн өтті.

Енді өзіңді іздемесем дегемін,Арманнан да алыс қалды дерегің.Қыз атаулы жар сап жүрген сезіммен,Мен де сені аңсауменен келемін.

Қандай жазам, сұрамаймын үкімін,Сен деп қана көтерер ем бүкілін.Күн де жалғыз, Ай да жалғыз, ұйқысыз,Күлкі жалған, көз ілмейтін үкімін.

Тастан да ауыр азабым бар салмағым,Қолда барды шашып-төгіп алғамын.Өткен өтті, қайтарарға дәрмен жоқ,Жаңаруда жаңа күнім, таңдарым.Ақ үмітті пәк үмітке жалғадым.Ұшқым келді, қанатсыз-ақ самғадым.

Page 242: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

242

***

Сен келем деген күн де алыстады,Арманнан қалдым адасып.Жымиды жұлдыз ту ғарыштағы,Ай туды түнмен таласып.

Бұл қала мені мазақ қылады,Өзімнен кеттім жалығып.Жылуға жаным аз-ақ тұрады,Тәтті сәттерді сағынып.

Ғайып боп кеткен сияқтанады,Бақытқа масаң күндерім.Сезімді санам жиі ақтарады,Мұндалап мұңды көздерім.

Page 243: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

243

***

Сағындым, сағынбай қайтем,Мезі етті қаланың үні.Жалынам, жалынбай қайтем,Езгілеп барады мұңы.

Ауылды, даланы аңсап,Біржола кетсем бе дедім.Келдім деп көктем тұр жар сап,Мен оған бек сенген едім.

Page 244: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

244

***

Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп,Тірілерге керегі – төзім, үміт.Санадағы саңылау ой – мекені,Қалғып кетсе, кеш Тәңір, көзін іліп.

Өтеді өмір бәрін де кешіреді,Бақыт сәттік келеді, кешігеді.Өмір – өлең кіршіксіз тұла бойы,Ақын оны айнытпай көшіреді.

Page 245: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

245

***

Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы,У-ға айналып бақыттың бал шырыны.Жүрегімде, ішінде жүрегімнің,Жақсылардың енгізген бар сынығы.

Кінәласын, теңесін есалаңға,Не жетпейді тәйірі осы адамға.Сезімсіздер «жылайсың неге», – дейді,Қуаныштан көңілің босағанда.

Бұл буы емес, жастықтың кірген есі,Күдіктенбе, өтінем, үндемеші.Еркеледі дей көрме, бұл әншейін,Әйелдердің назы ма бірдеңесі.

Page 246: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

246

***

Жырақ едім өзімнен Тым жырақ ем.Мұң моншақтар төгілдіТұнжырап ем.Ғұмыр кешіп жүрміз ғойМына жақта,Бір күнә емес, Құдай-ау, мың күнәмен.

Кешіре ме Тәңірім кім біледі,Жүрегімді бір азап тілгіледі.Бар ниетті бір нәпсі бүлдіреді,Жылатады, содан соң күлдіреді.

Жарық күнді келедіАялағым,Жасыл бақты келедіСаялағым.Бұрынғыдай мен қалай Бұлданармын,Бір тықырдың сезген соңТаяғанын.

Page 247: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

247

Күдік қалды,Ол түгіл үміт қалды.Көмейге кеп бір өксікТұрып қалды.Өзгелерді өзіндейКөрген көңіл,Амал қанша,Кілтсіз-ақ құлыпталды.

Өкініш кеп өбедіЖанарымдыӨлең болса, өрнектеп парағымды,Жазармын-ау,Өлмесем, жазам әлі,Ақиқатқа малып апҚаламымды.

Page 248: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

248

***

Жабады айналаны тағы да түн,Жұбатып келер енді жаныма кім?!Өткенім өкіндірген шығар, мейлі,Ол жақта ешкімім жоқ сағынатын.

Ай көкке көтерілер жылы күліп,Салып бір жүрегіме жыры бүлік.Жымиып оған мен де қарай берем,Дүбірлі дүниенің сырын ұғып.

Бұл түн де мені өзіне ынтық етті,Сөйтті де санама әкеп жыр түнетті.Самалы сипады да самайымды,Жаңбырын жанарымның сүртіп өтті.

Тұнжырап қалған көңіл шаттанды бір,Ілесіп түнмен бірге аттанды нұр.Шашты да кете барды тәтті ойларды,Қақ жарып қара түнді жатқан дүбір.

Page 249: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

АҚ БҰЛТТАР

249

ОРЫСБАЙ ӘБДІЛДАЕВҚА

Біздің ауыл етегі Майтөбенің,Самал соқса, шайқайды бәйтерегін.Өзін көрген, әкемнің көзін көрген,Сен болмасаң, ағам-ай, қайтер едім?!

Біздің жақтың таңы да арайлы екен,Шуағынан мың сәуле тарайды екен.Жетпісіңде баладай аңқылдақ ең,Жетпіс бесті сезіндің, қалай, көкем?!

Сағындың ба жуасын Көктөбенің,Жауқазыны ашылды көктеменің.Көре білген жақсының жақсылығын,Жанарыңнан мен сенің от көремін!

Қайран күндер қайырылмай бара ма екен?Ойлап кетсең, көзден жас тамады екен...Әкем қайта тіріліп келетіндей,Тұрғанымды-ай күй кешіп алабөтен...

Өткенді еске түсіріп, кеткенді де,Күтіп алдық бұл жолғы көктемді де,Саған деген балалық махаббатым,Осы өлеңде, сонан соң леп белгіде!

Page 250: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Роза СЕЙІЛХАН

250

***

Айтқым келеді ауылдың,даланың әнін,Дұшпан да досым,Жақсының жанарындамын.Өзімді қойшы,Өбектеп өлеңді сүйем,Ойлаумен болам содан соң,Баланың қамын.Өкпелеп болған,Өзінше өлең де налып,Кеше гөр, муза,Көңілім сенен де қалып,Тербеліп келем,Тербетіп өмірдің үні,Сенделіп жүрмін,Санамды тереңге малып.Өйткені білем,Төменді аңсамас жаным,Өзіме кінә неліктен арта бастадым.Жалғанға тағы сендірдіЖабығып тұрдым,Өмірдің көріпӨліммен жанталасқанын.

Page 251: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

МАЗМҰНЫ

251

МАЗМҰНЫ

1-бөлім

«Армандарымды қайтемін...» .............................................. 4«Жарық әлем, мен саған шын құмармын...» ..................... 5«Жалықтырды...» ................................................................... 6ЖҰБАНУ .................................................................................. 8«Дәлелдемек боламын кімге нені...» ................................. 10«Сезім іздедім, төзім іздедім...».......................................... 11ЖАНЫ АУЫРМАС .............................................................. 12«Күз екен...» .......................................................................... 13АЛМАТЫ ДЕГЕН МӘРТ ҚАЛА .......................................... 14КЕЛГЕН СОҢ КӨКТЕМ ..................................................... 16АЛМАТЫ ТҮНІ...................................................................... 17«Ештеңені сезбейді ғой деп пе еңдер...» .......................... 18ӘН САЛЫП ЖАТЫР ҚАР ӘППАҚ ................................... 19ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫМЫН ................................................... 20ТУҒАН ЖЕР ........................................................................... 22ӨЗІМДІ ЖЕК КӨРГЕНДЕ... ............................................... 24ӨЛЕҢ ...................................................................................... 25БАЛАПАНДАРЫМ ............................................................... 26ӘЖЕ ........................................................................................ 27«Нұр тілеп көлеңкедей күн аңсаған...» ............................. 28БАҒАЛАМАДЫҢ (әні бар) .................................................. 30СӘЛЕМДЕСТІМ... ................................................................ 32«Нала мұңым...» .................................................................... 33АҚТАРЫЛУ ............................................................................ 34ОРАЛХАН БӨКЕЙ РУХЫМЕН СЫРЛАСУ ..................... 36ҚЫРЫҚТАМЫН ................................................................... 38ӨСКЕМЕНГЕ ........................................................................ 39ЕСЕНҚҰЛ ЖАҚЫПБЕККЕ ................................................ 40МАХАББАТ БИГЕЛДИЕВКЕ .............................................. 42

Page 252: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

МАЗМҰНЫ

252

ӨЛЕҢ, КЕШІР ....................................................................... 44ӨКІНІШ .................................................................................. 45ЖҰМАБАЙ ШАШТАЙҰЛЫНА ......................................... 48БАҚДӘУЛЕТКЕ ..................................................................... 50

2-бөлім

«Жылт етпей қойды жақсы үміт...» .................................. 52ҚОҢЫР .................................................................................. 53«Керегі жоқ ештеңе, ештеңенің...» ................................... 54«Сағынып жүрмін мен сені...» ........................................... 55САҒЫНДЫҢ БА ДЕП СҰРАЙСЫҢ ................................... 56«Тарылды тынысым, демім...» ............................................ 57«Кетсем бе екен біржола ауылға енді...» .......................... 58«Елегзи берем неге мен...» .................................................. 59«Мен бүгін тағы өлтірдім...» ............................................... 60«Сүйдің бе демен, сен мені ұнаттың ба екен...» ............. 61«Жан дүнием шаршады езілуден...» ................................. 62«Жүрегімді өзіңе жұлып бергем...» .................................. 63«Тағдырымның түсініп өктемдігін...» ............................... 64«Ақылым-ау, есіңнен адастың ба?..» ................................ 65«Бара алмаймын ауылға...» ................................................. 66«Томаға-тұйық күн кешіп...» .............................................. 68ДӨҢГЕЛЕК ............................................................................ 69ҚЫЗЫЛСАЙ .......................................................................... 70«Іздесе деп ем, сені де мендей сағынып...» ...................... 73ҚЫЗЫЛСАЙ-2 ...................................................................... 74«Сығандардай пал ашқан алақанға...» .............................. 76«Таба алмай жүрмін күлкімді...» ....................................... 78ҚАРАҢҒЫДА МЕН ЖҮРМІН ӨЛЕҢ ІЗДЕП ................... 79«Көзімнен жасым аққанша қуанып...» ............................ 80«Таба алмадым маңайымнан бір ізгі ән...» ....................... 82«Алдандырып жүргендей үміт мені...» ............................. 83«Мен келемін...» ................................................................... 84«Жолықтың маған...»........................................................... 85КҮЗГІ ЖАҢБЫР ................................................................... 86«Көктен жұлдыз бір құлайды...» ........................................ 87«Таң самалы...» ...................................................................... 88«Сұрағым да көп...» .............................................................. 89«Талғажау ғып қанағат пен төзімді...» .............................. 90

Page 253: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

МАЗМҰНЫ

253

АРПАЛЫС ............................................................................. 91«Жаныңа қанша қайғы жамаса да...» ............................... 92«Жан жүйемді кеміргіш ой кеміріп...» ............................. 93«Мен ұйқыда...» .................................................................... 94«Көк күледі, біресе жылап алып...» ................................... 95«Жүріп келемін, құлағаным жоқ...» .................................. 96«Таң да атпайды, безерді түн неліктен...» ........................ 98НАЗ ......................................................................................... 99«Тыныш бөлме, ал көңіл есіреді...» ................................. 100«Өтірік күлем, күлмеске шара бар ма...» ....................... 101ӘКЕМЕ ................................................................................. 102«Көгілдір көкте күн күдік...»............................................. 104«Тағдырға артпай кінәнің бәрін, ..................................... 105«Ұнатамын, .......................................................................... 106МЕНІҢ КҮЗІМ .................................................................... 108АҢСАУ ................................................................................. 110«Түрлі-түсті әлем, арманның бәрі түгесіп...» ................. 112«Іздеуменен келемін кімді, нені...» .................................. 114КҮЗ ........................................................................................ 115«Күлкілі...» ........................................................................... 116КӨКТӨБЕ ............................................................................ 117«Жаназасын шығардық жаздың кеше...» ...................... 118НАУРЫЗ ............................................................................... 119ҚОҢЫР МҰҢ ...................................................................... 120«Құтқармайды, құтқармайтын боп алған...» ................. 122«Жастығымды жылдарым алып кетті...» ....................... 123КӨШІП КЕЛЕМ .................................................................. 124«Тас емес, еттен жаралған...» .......................................... 126«Мазалайды бұл ойлар неге мені...» ................................ 127«Жан серігім, қаламсабым, мұңдасым...» ...................... 128ЖАЛҒЫЗДЫҚ .................................................................... 129АУҒАН СОҒЫСЫНА ......................................................... 130ТӨРТЕУ ................................................................................ 132«Қар жауып тұр, әппақ қар мақта сынды...» ................. 133АСТАНАҒА АРНАУ ............................................................ 134ТОЛҒАУ (Астананың 15 жылдығына) ............................ 135ТӘУЕЛСІЗДІК ТАҢЫ ........................................................ 141«Сеземiн ғарышта да бар...» ............................................. 142ҚЫЗЫЛ ГҮЛ ........................................................................ 144ЖҰМЕКЕНМЕН СЫРЛАСУ ............................................ 145

Page 254: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

МАЗМҰНЫ

254

СӘКЕН ИМАНАСОВТЫҢ РУХЫНА ............................. 146«Мен кім едім, кім едім...» ................................................. 148«Маған түк ұнамайды...» ................................................... 150«Ұлылардың ұрпағымыз саналы...» ................................. 152«Жаным жүдеді...» ............................................................. 153АҚ БҰЛТТАР ........................................................................ 154КӨРIМДIК ........................................................................... 156МЕН ӨМІР, САҒАН ҚҰМАРМЫН .................................. 157«Құмға сiңген тамшыдайын...» ........................................ 158«Жанарымда өткеннiң елесi бар...» ................................ 160ОЙЛА, ОЙЛАШЫ .............................................................. 161«Ей, Алматы...» .................................................................... 162«Анау жатқан біздің тау, біздің ауыл...» ......................... 163«Күн батып барады бір күнімді алып...» ......................... 164«Бірте-бірте сарғаяды бар алап...» ................................... 165«Ақ үміттер...» ..................................................................... 166ҚАДІР ТҮНІ ТУҒАН ЖЫР ................................................. 168«Жаз да кетті...» ................................................................. 170МҰҚАҒАЛИ АҚЫНҒА ....................................................... 172«Іздеуге де...» ...................................................................... 174«Қауіпке толы бар маңай...» ............................................. 176«Жаным да бөтен, тәнім де бөтен...» .............................. 177«Мөлдір-мөлдір бұлағым...» .............................................. 178«Өзің едің кінәлі еткен мені...» ........................................ 180ШЫҚ ..................................................................................... 181«Кінәлімін...» ....................................................................... 182СЕЗІМ ҒАНА ....................................................................... 184«Қашан бір жаным жай табар...» ..................................... 186СЕЗІМ СЕҢ ......................................................................... 187«Сар далада ойнайды сұлу сағым...» ............................... 188«Барлығы да баспаналы қатардың...» ............................. 189«Мен бүгін өзіме оралдым...» ........................................... 190«Нендей сезім...» ................................................................ 191ӨЛЕҢ .................................................................................... 192«Жаздан да кетті жарасым...» .......................................... 193«Жоғалтқан да шығармын сенімімді...» ......................... 194«Сені ойладым көзімді көлбеп бір мұң...» ...................... 195«Тірлікте мынау мәңгі емес бәрі...»................................. 196«Белдер-белдер, көк майсаға оранған...» ....................... 197«Күлемін...» .......................................................................... 198

Page 255: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

МАЗМҰНЫ

255

ҮЗІЛІП КЕТЕ БАРДЫҢ... (Бөлем Тимурға) ..................... 200«Қарайды аспандағы Ай...» ............................................... 202ЕРБОЛАТҚА ........................................................................ 203ХАБАРСЫЗБЫН ................................................................. 204«Бақытты екенмін...» ......................................................... 206«Санама сіңіп, мұңды өлең жанарым ашып...» ............. 208«Ең қымбаттым өмірдегі сен ғана...» .............................. 209«Бәрінен қорқамын...» ....................................................... 210«Келмедің ...» ....................................................................... 212«Есіңе де алма...» ................................................................ 214«Мен өзімді жоғалтып алғам бүгін...» ............................. 215«Жаман әдет жоқ еді...» .................................................... 216«Пендемін ғой, иә, рас пендемін...» ................................ 218«Өзімді-өзім кінәлап аламын да...» .................................. 219«Жоқ боп кетсем...» .......................................................... 220ӘН САЛШЫ, РОЗА (әні бар) ............................................ 222АРҒА СӨЗ ............................................................................ 224ЖЕҢЕШЕ ............................................................................ 225КҮН, АЙ................................................................................ 226«Сезімді жоғалтып алдым...» ............................................ 227БАУЫРЛАРЫМА ................................................................ 228ЖЕҢГЕЛЕРІМЕ .................................................................. 230«Ананы алып бер, дейді ұлым маған...» .......................... 231ТЫРНАЛАР .......................................................................... 232ЖЫЛАДЫ ТҮН ................................................................... 234«Сыймайды екем ауылға түсінгенім...» .......................... 235«Айтармын, жазармын...» ................................................. 236«Жанарымнан мөлтілдейді тұнық мұң ...» ..................... 237«Қанша ғасыр өзіңнен алыстады...»................................ 238«Жанарымнан өтер күн тізбектеліп...» .......................... 240«Мұңмен мұңды жалғап алып жүргенім...» ................... 241«Сен келем деген күн де алыстады...» ............................ 242«Сағындым, сағынбай қайтем...» ..................................... 243«Өзі шешер, бұл тағдыр өзі біліп...» ................................ 244«Мөлдірейді жанардың тамшы мұңы...» ........................ 245«Жырақ едім өзімнен ...» .................................................. 246«Жабады айналаны тағы да түн...» .................................. 248ОРЫСБАЙ ӘБДІЛДАЕВҚА ............................................... 249«Айтқым келеді ауылдың...» ............................................. 250

Page 256: Өлеңдер - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7173.pdfУДК 821.512.122-1 ББК 84 (5 қаз) - 5 C 32 Сейілхан Р. С 32 Ақ бұлттар. Өлеңдер/ Роза Сейілхан

Бас редакторы Кәдірбек ҚұныпияұлыРедакторы Қаракөз СмәділКөркемдеушi редакторы Кенжеғазы АйтжұманұлыСуретші Бейсен СерікбайКорректоры Қызжібек Әбдіғаниқызы

Басуға 15.09.2014 ж. қол қойылды. Қалыбы 75х901/

32. Басылымы офсеттiк.

Қарiп түрi «DS Baltica». Шартты баспа табағы 10,0 б.т. Таралымы 2000+100 дана. Тапсырыс №

«Ан Арыс» ЖШС, 050000, Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 105. Тел.: +7 (727) 272 51 84, 261 60 67, факс: +7 (727) 261 62 13

ЖШС РПБК «Дәуір», 050009, Алматы қ-сы, Гагарин даңғылы, 93а, Телефон: +7 (727) 394 39 22, +7 (727) 394 39 34, +7 (727) 394 39 42E-mail: [email protected], [email protected]

Өлеңдер