армысың, ару наурыз!

13
ТҮСІНІК ХАТ «Армысың, ару Наурыз!» Балабақшаның ересектер тобына арналған әдеби- музыкалық қойылым Мақсаты: Балаларды айтулы мерекелермен таныстыруды жалғастыру, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін одан әрі кеңейту. Міндеттері: -салт- дәстүрлер , төрт түлік туралы білімдерін молайту; -ертегіні сахналау арқылы балалардың тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту; -ән айтып ,би билету арқылы шығармашылықтарын дамытып,эстетикалық тәрбие беру; -балаларды ептілікке,шапшаңдыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу; -мерекелік көңіл-күй сыйлау. Реквизиттер: Ойыншық ат, сиқырлы кітап, бесік,бесік жабдықтары, қуыршақ, музыкалық орталық, микрофон,домбыралар, ноутбук Қатысушылар: Балалар: Хан,Наурыз батыр,Әже, Ата, Қарлығаш, Көктем, Лақ, Бұзау, Қозы. Жүргізуші: Музыка жетекшісі Өткізілетін орны: балабақшаның музыка залы. Музыка залының безендірілуі: Зал іші Наурыз мерекесіне сай безендірілген. Төр жақта киіз үй көрінісі, төрде сандық, киіз үй жиһаздары қойылған. Бұл әдеби- музыкалық қойылым балабақшаның ересек топ балаларына арналып жасалған. Ертегі мазмұны, сөздері

Upload: -

Post on 19-Mar-2017

241 views

Category:

Internet


2 download

TRANSCRIPT

Page 1: армысың, ару наурыз!

ТҮСІНІК ХАТ

«Армысың, ару Наурыз!» Балабақшаның ересектер тобына арналған әдеби- музыкалық қойылым

Мақсаты: Балаларды айтулы мерекелермен таныстыруды жалғастыру, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін одан әрі кеңейту.Міндеттері:-салт- дәстүрлер , төрт түлік туралы білімдерін молайту;-ертегіні сахналау арқылы балалардың тілдерін дамытып,сөздік қорларын молайту;-ән айтып ,би билету арқылы шығармашылықтарын дамытып,эстетикалық тәрбие беру;-балаларды ептілікке,шапшаңдыққа,отансүйгіштікке тәрбиелеу;-мерекелік көңіл-күй сыйлау.Реквизиттер: Ойыншық ат, сиқырлы кітап, бесік,бесік жабдықтары, қуыршақ, музыкалық орталық, микрофон,домбыралар, ноутбук

Қатысушылар: Балалар: Хан,Наурыз батыр,Әже, Ата, Қарлығаш, Көктем, Лақ, Бұзау, Қозы.

Жүргізуші: Музыка жетекшісі

Өткізілетін орны: балабақшаның музыка залы.

Музыка залының безендірілуі: Зал іші Наурыз мерекесіне сай безендірілген. Төр жақта киіз үй көрінісі, төрде сандық, киіз үй жиһаздары қойылған.

Бұл әдеби- музыкалық қойылым балабақшаның ересек топ балаларына арналып жасалған. Ертегі мазмұны, сөздері балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалғандықтан, барлық кейіпкерлерді балалардың өздері ойнайды.Ертегі мазмұнына сай костюмдер әзірленіп, балалар қызығушылықпен ойнады.

Page 2: армысың, ару наурыз!

«Армысың, ару Наурыз!»

Ересектер тобының Наурыз мерекесіне арналған әдеби-музыкалық қойылымы.Балалар Роза Рымбаеваның «Наурыз» әнімен әсем безендірілген залға кіреді.Музыка жетекшісі: Басы барлық ырыстың,

Басы барлық ұлы істің.Құтты болсын,Наурыз той-Ұлы күні ұлыстың!

Уа, ағайын, халайық,Мұнда назар салайық.Мерекесі халықтың,Наурыз тойын бастайық.

Балалар Бота Бейсенованың «Наурыз» әнін орындайды.Ән аяқталған соң, «Хафиз» күйі ойналып, залға ашулы хан кіреді.Хан: Бұл не шу?! Не мереке?! Мен сендерге Көктемнің келмейтінін, ызғарлы қыстың кетпейтінін жариялаймын!

Ашулы хан Көктемнің келмейтінін хабарлады.

Page 3: армысың, ару наурыз!

Музыка жетекшісі: Неге олай дейсіз, хан ием?!Хан: Себебі, мен Көктем ханшайымын ұрлап, қараңғы жерге қамап қойдым. Адамдардың қуанып, күннің жылынып, мереке тойлағандарын қаламаймын. Гүлдер жайнап, құстардың сайрағанын ұнатпаймын. (Хан шығып кетеді.)Музыка жетекшісі: Балалар, енді не істейміз? Бізге күшті де, ақылды Көктем ханшайымын құтқаратын батыр керек. Кәне, батырлар туралы сиқырлы кітапты ашайық.(Кітапты ашады).-Қаңтар батыр, Ақпан батыр, Наурыз батыр. Балалар, міне бізге керегі осы Наурыз батыр болар. Оны дауыстап шақырайықшы.

Көмекке Наурыз батыр келді.

(Балалар «Наурыз батыр, Наурыз батыр!» деп дауыстап шақырады.)Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі ойналып,Наурыз батыр келеді.Наурыз батыр: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерге менің көмегім керек болып тұр ма?Музыка жетекшісі: Иә, Наурыз батыр. Зұлым хан Көктем ханшайымын ұрлап қараңғы капасқа қамап қойыпты. Көктем келмесе мерекені қалай қарсы аламыз? Сол үшін Көктем ханшайымын құтқарып, бізге көмектесесіз бе?

Page 4: армысың, ару наурыз!

Наурыз батыр: Мені шақырғандарың дұрыс болды. Мен сендерге көмектесемін. Қазір тұлпарымды ерттеп, қару-сайманымды алып жолға шығамын. Қайтсем де, Көктем ханшайымын құтқарамын!

Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйі ойналып, Наурыз батыр шауып кетеді.

Музыка жетекшісі: Сөйтіп Наурыз батыр, жолға аттанады. 3күн,3 түн жүріп бір ауылға түседі.

Ауылда сәбиді бесікке салу рәсімі болып жатыр екен.

Page 5: армысың, ару наурыз!

Наурыз батыр: Ассалаумағалейкүм,қария,- деп амандасады.Музыка жетекшісі: Наурыз батыр түскен ауылда жаңа туған нәрестені бесікке салу рәсімін тойлап жатыр екен. Ата нәрестені қолына алып былай дейді:- Сенің атың-Бәйшешек! Сенің атың-Бәйшешек! Сенің атың-Бәйшешек!,-деп қайталайды. Наурыз батыр: Атаңның баласы болма, халқыңның баласы бол,-дейді. Әже қолына шырақ алып бесікті аластайды: -Енді бесікті аластайық.Алас, алас, баладан алас!Алас, алас, бәледен алас,Көзі жаманның көзінен алас!Тілі жаманның тілінен алас! Әже баланы бесікке бөлейді. Бесікті тербетіп отырып, «Бесік жырын»орындайды Б.Бейсенованың.Наурыз батыр: Мынау сәби күннің нұрымен, көктем шуағымен өссін. Рұқсат болса мен Көктем ханшайымын іздеуге әрі қарай аттанайын.Музыка жетекшісі: Наурыз батыр жол жүріп келгенше, біздің әнші қыздарымыз «Домбыра» әнін орындап берсін!

«Тойдың сәні- ән болар» деп қыздар «Домбыра» әнін тамылжыта орындады.

Б.Бейсенованың «Домбыра» әні орындалады. (вокалды топ)Музыка жетекшісі: Наурыз батыр 3 күн,3 түн жүріп жолда кішкентай жаңа туған төлдерге жолығады.

Page 6: армысың, ару наурыз!

Наурыз батыр жол жүріп келе жатып, жолда жаңа туған төлдерді кездестіреді.

Лақ: Мен-кішкентай лақпын. Мен тоңып қалдым, Көктем қашан келеді?Бұзау: Мен- кішкентай бұзаумын. Мен тоңып қалдым, Көктем қашан келеді?Қозы: Мен-кішкентай қозымын. Мен тоңып қалдым, Көктем қашан келеді?Наурыз батыр: Сендер жаңа туған төлдер екенсіңдер. Мен де сол Көктем ханшайымын іздеп бара жатырмын. Көктемді табамын деп сендергеуәде беремін.Музыка жетекшісі: Наурыз батыр әрі қарай жолға аттанады. Батырымыз жол жүріп келгенше біздің топтың жігіттері «Батырлар» биін билеп бергісі келіп отыр.

Page 7: армысың, ару наурыз!

Жігіттеріміз «Батырлар биін» билеп берді.

«Ұлытау» тобының «Көрұғлы»күйінің әуеніне «Батырлар» биі орындалады.Музыка жетекшісі: Наурыз батыр 3 күн, 3 түн жүріп келе жатып , кенет бір дауыс естиді.(Алдынан ұшып Қарлығаш шығады.)

Page 8: армысың, ару наурыз!

Қарлығаш: Наурыз батыр, Наурыз батыр! Мен Көктемнің серігі –Қарлығашпын! Сенің Көктем ханшайымын іздеп шыққаныңды естідім. Менімен бірге жүр, мен хан сарайын білемін. (Екеуі жолға шығады. Хан келеді.)Наурыз батыр: Хан ием! Сіз неге Көктем ханшайымын ұрлап қамап қойдыңыз? Бүкіл ел суық қыстан кейін Көктемді сағынып күтіп отыр. Наурыз мерекесін тойламақшы!Хан: Егер сол Көктем ханшайымын сонша жақсы көрсеңдер онда мен оны сендерге қайтарайын. Бірақ менің шарттарымды орындасаңдар ғана. Сендерге қоятын сұрақтарым бар. Соған жауап берсеңдер, Көктем сендердікі. Келісесіңдер ме?Музыка жетекшісі: Балалар, не істейміз, келісесіңдер ме?Балалар: Иә!Хан: 1. Неліктен Наурыз мерекесін 22-наурызда тойлайды? 2. Наурыз тойда әзірленетін негізгі тағам қандай?3. Төрт түлікті атап беріңдер.Балалар ханның сұрақтарына жауап береді.

Балалар ханның қойған сұрақтарына жауап берді.

Хан: Уәдем-уәде! Сендер жеңдіңдер. Мен Көктем ханшайымын өздеріңе қайтарамын! Әй-уәзірлерім, босатыңдар Көктемді!Музыка жетекшісі: Рахмет,саған Наурыз батыр. Көктемді құтқарып бізге көмектестің. Табиғаттың еркесі сұлу Көктем енді бізге шуағын шашып Наурыз мерекесін де өзімен бірге ала келді. Хан ием, сіз де бізбен бірге Наурыз мерекесін тойлаңыз!А.Еңсеповтың «Балалық шақ» әуені ойналып, Көктем келеді.

Page 9: армысың, ару наурыз!

Көктем: Сәлем достар аман ба ? Мынау бейбіт заманда Ән құрадым үніммен, Сән құрамын гүліммен, Қуантамын бәріңді, Құт - береке күніммен!Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Наурыз тойы құтты болсын! Балалар К.Қуатбаевтың «Көктем» әнін орындайды.Музыка жетекшісі: Дұрыс айтасың, Көктем ән жырмен Наурыз тойын жалғастырайық! Көктем гүліндей сұлу қыздарымыздың Наурыз тойға арнаған әсем биі бар!

Наурыз тойда қыздарымыз мың бұрала биледі.

Page 10: армысың, ару наурыз!

А.Еңсеповтың «Концерт Будашкина» әуеніне «Қыздар» биіМузыка жетекшісі:Ырысты боп жаңа жыл,

Бақ дарысын бәріңе.Ой қосылып ойыңа,Бой қосылып бойыңа.Аман-есен жетейікКелер наурыз тойына!Думандасқан дарқан елім,Күмбірлесін күй төгіліп.Наурыз тойы құтты болсын,Қонақ жайлы жомарт елім!- дей отырып мерекелік

дастарханға шақырамыз.Балалар Ж.Қалжанованың «Наурыз» әнін орындайды.

Балалар Роза Рымбаеваның «Наурыз» әнімен залдан шығады.