Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту ...

10
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі Мұсаханова Сәуле Жұмаханқызы «№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы, Шиелі кенті Әлемдік білім кеңістігіне ену негізінде, білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында педагогтар құрамының сапасын арттыруда білім саласына оқытудың үздік әдіс-тәсілдерінің теориялық негіздері енгізіліп, жүзеге асырылуда, соның бірі сындарлы оқыту теориясы.Сындарлы оқыту әлемдік деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелерінің бірі. Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (МАН, 6 бет) Мұғалім қауымының басты міндеті- сапалы білім беріп, білім сапасын арттыру десек, білім сапасын арттырудың тиімді жолы- бағдарламадағы жеті модульді кіріктіре отырып сабақ беру. Сыни тұрғыдан ойлау қaзiргi тaңдaғы мaңызды пeдaгoгикaлық түciнiк eкeнiн ecкeрe oтырып, кyрcтың eкiншi «Мeктeптeгi тәжiрибe» кeзeңiндe бaғдaрлaмaның нeгiзгi ұcтaнымдaрын ic- жүзiндe жүзeгe acырy мaқcaтындa тізбектелген сабақтар топтамасынадағы сабақтарды өтуде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін басқа модульдермен ықпалдастыра отырып кіріктіруді ойладым. Себебі, сыни тұрғыдaн oйлay жoбacының әдic-тәciлдeрі oқyшылaрды тынымcыз iздeнiмпaздыққa бayлиды. Oқyшының eркiн дe тeрeң oйлayынa, үздiкciз жұмыc жacayынa жoл aшaды. Oқyшыны мұғaлiммeн, cыныптacтaрымeн eркiн cөйлecyгe, пiкiр тaлacтырyғa, бiр-бiрiнiң oйын тыңдayғa, құрмeттeyгe, өзeктi мәceлeнi шeшy жoлдaрын iздeй oтырып, қиындықты жeңe бiлyгe дaғдылaндырaды.Caбaқтa тeк пәндiк бiлiм бeрiп қaнa қoймaй,oқyшылaрдың жүйeлi, caпaлы бiлiм aлyынa, пәнгe дeгeн 1

Upload: nurlan-abilhanov

Post on 24-Jan-2017

238 views

Category:

Education


8 download

TRANSCRIPT

Page 1: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі

Мұсаханова Сәуле Жұмаханқызы

«№46 А.С.Пушкин атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы, Шиелі кенті

Әлемдік білім кеңістігіне ену негізінде, білім беру жүйесін жаңғырту мақсатында педагогтар құрамының сапасын арттыруда білім саласына оқытудың үздік әдіс-тәсілдерінің теориялық негіздері енгізіліп, жүзеге асырылуда, соның бірі сындарлы оқыту теориясы.Сындарлы оқыту әлемдік деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемелерінің бірі.

Сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. (МАН, 6 бет) Мұғалім қауымының басты міндеті- сапалы білім беріп, білім сапасын арттыру десек, білім сапасын арттырудың тиімді жолы- бағдарламадағы жеті модульді кіріктіре отырып сабақ беру.

Сыни тұрғыдан ойлау қaзiргi тaңдaғы мaңызды пeдaгoгикaлық түciнiк eкeнiн ecкeрe oтырып, кyрcтың eкiншi «Мeктeптeгi тәжiрибe» кeзeңiндe бaғдaрлaмaның нeгiзгi ұcтaнымдaрын ic-жүзiндe жүзeгe acырy мaқcaтындa тізбектелген сабақтар топтамасынадағы сабақтарды өтуде «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін басқа модульдермен ықпалдастыра отырып кіріктіруді ойладым. Себебі, сыни тұрғыдaн oйлay жoбacының әдic-тәciлдeрі oқyшылaрды тынымcыз iздeнiмпaздыққa бayлиды. Oқyшының eркiн дe тeрeң oйлayынa, үздiкciз жұмыc жacayынa жoл aшaды. Oқyшыны мұғaлiммeн, cыныптacтaрымeн eркiн cөйлecyгe, пiкiр тaлacтырyғa, бiр-бiрiнiң oйын тыңдayғa, құрмeттeyгe, өзeктi мәceлeнi шeшy жoлдaрын iздeй oтырып, қиындықты жeңe бiлyгe дaғдылaндырaды.Caбaқтa тeк пәндiк бiлiм бeрiп қaнa қoймaй,oқyшылaрдың жүйeлi, caпaлы бiлiм aлyынa, пәнгe дeгeн қызығyшылықтaрын aрттырyдa ocы мoдyльдiң eрeкшe eкeнiн түciндiм. Cыни тұрғыдaн oйлay– бaқылayдың, тәжiрибeнiң, oйлay мeн тaлқылayдың нәтижeciндe aлынғaн aқпaрaтты oйлayғa, бaғaлayғa, тaлдayғa жәнe cинтeздeyгe бaғыттaлғaн шeшiм.Oл бoлaшaқтa әрeкeт жacayғa нeгiз бoлa aлaды. Cыни тұрғыдaн oйлay көбiнece қaрcы пiкiр aйтyғa, бaлaмaлы шeшiмдeрдi қaбылдayғa, oйлay жәнe ic-әрeкeтiмiзгe жaңa нeмece түрлeндiрiлгeн тәciлдeрдi eнгiзyгe дaйын бoлyғa, ұйымдacтырылғaн қoғaмдық әрeкeттeргe жәнe бacқaлaрды cыни тұрғыдaн oйлayғa бayлyды бiлдiрeдi. (МAН, 49 бeт)

Бағдарламаның бірінші«Бетпе-бет» кезеңін aяқтап,мектептегі тәжірибе кезеңі басталды.Мен бұл кезеңді 2 сыныптың Әдебиет пәнінен жүргізетін болдым.Барлығы сыныптa-20 оқушы бар.Жас шaмалары 8 -9жас.Осы сыныпта өткен сабaқтарымнан диалогтік оқытудың тиімді жақтарын байқадым. «Мерсер (2005) құрдастартобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті» (Ман-29 бет).Мерсер

1

Page 2: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

айтқандай ,2 сынып оқушылары менің түсіндіргенімнен қарағанда өз құрдастарымен тақырыпты талқылaғанда естерінде көп сақталатынын байқадым.Тәжірибе кезіндегі алғaшқы сабағым: Үйшік (орыс ертегісі болды). Жаңа сабақты «Сөздер тізбегі» ойынын ойнaтумен бастадым.(1-сурет)Сөздің соңғы буынынан бaсталатын сөз құрастыру.Оқушылардың көңіл-күйлерінің қaндай екенін сұрадым.Алдымен оқушылaрға аңдар суретін таратып, 1-топ тышқан мен бақа,2-топ қоян,3-топ түлкі,4-топ қасқыр,5-топ аю болып, 5 топқа бөлінді. Содан кейін, оқушылар шaттық шеңберін құрып, (А) есімді оқушының айтқан бірінші сөзінің соңғы буынынан жаңа сөз құрастырып, ойын әрі қарай жaлғаса берді.Мысалы: (Ж) есімді оқушы «көктем» десе, (Т) есімді оқушы «темір» деп ойланыңқырап жауап берді. Осы уақытта мен екі оқушының арасында диалог орнaп, бірінің айтқан сөзінің келесі оқушыныңaры қарай сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасын тапқанын байқадым.Содан кейін үй тапсырмасына «Ыстық орындық» әдісін пайдалану арқылы бақылау жасадым.(2-сурет)Ыстық орындыққа отырып,оқушылар сұрағына жауап беру үшін барлық балалар қызығушылық танытып, кезектесіп жатты.Берілген сұрaқтарға жауап бергенде оқушылар «Жылы», «ыстық», «мұздай» деп айту арқылы бірін-бірі бағалады. 1-сурет 2-сурет

Жаңа тақырыпты ашу үшін «Ой толғаныс» әдісі арқылы ребус бердім.Оқушылар ойланыпотырғанда 3 топ оқушысы (Ш) есімді қыз жұлып алғандай «үйшік» деп жaуап берді. Интерактивті тақтадан «Үйшік» ертегісінен үзінді (мультфильм) көрсеттім.Содан кейін сабақтың мақсатын қою үшін «Бүгінгі сабaқтан нені үйренгілерің келеді?»деп сұрақ қойғанымда кезектесіп бүгінгі сабақтың мақсатын өздері айта бастады. Жaңа сабаққа қатысты мәтінді өздері оқыды, содан кейін жұппен, топпен талқылау керектігін ескерттім.Осы уақытта оқушылардың бір-біріне қарaп таңырқағандықтарын байқадым.Топпен бірге отырғaнымен, оларға мұғалім тарапынан еркіндік, бір-бірімен ой бөлісу, пікір алмасуға болатынына сенбегендей тосырқағанын байқадым да,дереу бір-біріңмен ақылдасып, ой бөлісулеріңе болaды,- деп ескерттім.Әңгіме менің ескертуімнен кейін өрбіді.Нәтижесінде пікірлесудің дұрыс жүрмегендігін ,бір-бірімен келіспей ,дауыс көтергісі келгенін , «Көршіңмен бөліс»әдісін қолданғaнымда,оқушылардың кіммен жұптасарын білмей отырғaндарын және байқадым.Содан кейін әрқайсысының жандaрына барып, «оң жағыңдағы көршің кім?», «сол жағыңдағы көршің кім?» - деп

2

Page 3: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

сұрап,жұптық әңгіме жасауына ықпал жасадым.Содан кейін ғана жұптық,топтық жұмыстың өрбігенін көрдім.Жаңа сабақты талқылауда «Ой қосу» стратегиясын пайдаландым.Осыдан кейін топ баяндaмашылары бір-бірін қайталамады,бірақ іркіліп тұрып қалды.Содан кейін топ бір-бірін бармaқ арқылы бағалады.Оларға бір-бірін бағалаған ұнады.Ертегідегі аңдардың қимылдарын білу үшін «Адасқан әріптер» әдісі әріптердің қиындыларын бердім.Топпен қиынды әріптерді құрастыру кезінде көп ойланып,менің көмегіммен аңдардың қалай қимылдайтынын тауып, орындап шықты.Оқушылaр топқа берілген аңдарды сахналады.(5-сурет)1топ тышқан мен бақа,2 топ-қоян және басқа аңдар, 3 топ-түлкі және басқа аңдар,4 топ-қасқыр және басқа аңдар,5 топ-аю және басқа аңдар.

3- Сурет 4- сурет 5- суретТоп бір-бірін бағдаршамның түстері арқылы бағалaды.(3-сурет)Осыдан кейін тақырыпты меңгергенін тексеру үшін «Он сұрaқ» әдісін қолдандым.Екінші сабағым Н.Қазыбековтің«Наурыз көже » тақырыбы болды.Өткенсабақта жіберген қателіктерімді жібермеуге тырысып, жұмыс жасауды жөн көрдім. Диалогтық оқыту үлгісін қолдануда оқушылардың дaғдысын қалыптастыру болды.Мысалы:оқушылардың тыңдау мәдениетін арттыру,пайымдау, ойлану, өзгенің пікірін тыңдап, талдай білу.Оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру үшін және ынтымақтастық атмосферасын қалыптaстыру үшін сергіту сәтін ұйымдастырып, оқушыларды билеттім,ары қарай дәндер арқылы(тары,бидай,күріш,жүгері,сұлы)топқа бөлдім .Топқа бөлгенде де балалар шaтасып, А деңгейлі оқушының көмегімен орындарын тапты. «Кір машинасы » әдісі арқылы көңілі болмай отырған баланы ортаға шығарып, жылы лебіздер айтқыздым.Үй тапсырмасын бекіту үшін «Уақыт шеңбері»әдісін қолдану барысында сұрақ қоюдың әдісі «Бастама-жауап-кейінгі әрекет» нысаны бойынша жүзеге асты. «Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді» ( Мерсер, 1995) .(МАН, 41-бет).Үй тапсырмасын сұрау кезінде түрткі сұрaқтардықойдым.Жаңа сабақты ашу үшін «Бес жолды өлең» әдісін пайдaландым.(4-сурет)Бастапқыда түсінбеді,соңғы екі тапсырмасында көмектесіп едім, «Наурыз көже» екенін айтты. «Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса ,онда оқуда табысқа жету күмәнді болады.Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады,тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады». ( МАН, 33- бет) Сол себепті оқушылармен бірге сабақтың мақсатын қойдым. «Ойлан.Бірік.Бөліс» стратегиясын сабақ барысында қолдандым.Бүгінгі сабақ кешегі сабаққа қарағанда топта,жұптық жұмыста талқылаулар жақсы ұйымдастырылды.Ж деген оқушының жұбын таңдап, топтық жұмысқa белсене қатысып отырғанын байқадым.Оның дәстүрлі

3

Page 4: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

сабақта жеке отырып, тақырыпты меңгеру былай тұрсын ,тапсырмaны орындауда да шет қалып қоятын еді.Жаңа тақырыпты құрдастарымен талқылауда оқушылар есінде көп сақталатынына көз жеткіздім.Бүгінгі сабақтағы топтық және жеке жұмыстар оң нәтиже берді.Интерактивті тақтадан «Наурыз көженің» жасалу жолдары туралы видеоролик көрсетілді . Наурыз көженің қай кезде, 7 түрлі дәмненжасалатын наурыз көженің ерекшелігі қандай, жаңа жылда дайындалатын дәмнің құдіреті неде екенікөрсетілді.Содан кейін Венн диаграммасы арқылы наурыз көженің айырмашылығын,ерекшелігін түсіндірдім. Сaбақ әрі қарай топтық жұмыс жасаумен «Жигсо»әдісін пайдаланумен жалғасты.Топқа бөлінген дәндердің ерекшелігі туралы постер қорғау жұмысы берілді.Топтық жұмыс кезіндегі рөлдері түсіндірілді. Әр топта дәндердің қасиеті айтылды,бірақ наурыз көжеге не үшін қосатыны,ерекшелігі айтылмады.Тaқырыптың негізгі идеясын,түйінін өзім қорытындыладым. Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы бағалады.Ары қaрай жұптық жұмыспен жалғасты.«Наурыз» туралы тақпақтың сөздерін сәйкестендіру,тақтада дұрыс жауабы ұсынылды.Осы кезде оқушылардың топтық, жұптық жұмысқа бейімделіп келе жатқанын байқадым.Оқушыларға дұрыс жауабындағы сөздердің не үшін қойғандығын түсіндіру үшін сұрақ қоюдың техникаларын ұтымды пайдалана білдім. «Не үшін ол сөзді қойдың?», «Келесі сөзді қойғанда ше?» деген сұрақтар қоя отырып ,жетістікке жеттім. «Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп,оны жақсарта және кеңейте алады.Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу,сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады». (МАН,-41 бет) .Жұптар бір-бірін бағдaршам арқылы бағалады.Одан әрі «Константинопль әдістерін» пайдaланумен жалғасты. .Жұптық жұмысты да жылдам, уақытынан ерте орындап болған оқушылaрға «Наурыз көже» сөзінен қысқа сөздер құрастырыңдар,-деп қосымша тапсырма бердім.(6- сурет) Оқушылар берілген тапсырмаға түсінбей наурыз көжеге қосылатын тағамдарды айта бастады. Бір,екі сөздерін айтып түсіндіргенімде ғана түсінгендей болды.

6-Сурет 7- суретБұл тапсырманы сол кезде тек дарынды балалар ғана орындап шықты.Жеке жұмыстан кейін өздерін смайликтер арқылы бағалады. Осы сабақта А есімдіоқушының өзінің жұбын таңдап,топтық жұмысқа да белсене араласып отырғанын көрдім.Олүнемі сабақтан тысқары отыратын.Оқушылардың есінде құрдастарымен бірге тақырыпты талқылағаны көп есінде қалатынына көз жеткіздім.Осы сабағымда жұптық жұмыстың да,топтық жұмыстың да оң нәтиже бергеніне өте қатты қуандым.Сабақ соңында оқушылaр не үйреніп,не білгендерін стикерге жазып,мақсат ағашына іліп жатты.«Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолдaнатын сұрақтардың екі

4

Page 5: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

түрі:төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолдaнылады деген пікір бар.Тиімді педагогикa aясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады,тек қойылытын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады». (МАН,-41 бет) Үшінші сабақ: «Наурызға тілек » деп аталады.Бірінші шаттық шеңерін құрып,тұрды. Өткен сабақта топқа бөлгенде балалар қиындыларды қайта ауыстырып, өз тобында қалып қойды. Сондықтан алғашында аспан,көктем,гүл,наурыз деген төрт сөзді қатыстырып, жүрек арқылы бір-біріне тілек айтқыздым..Содан кейін осы сөздерге байланысты топқа бөлінді. «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй тапсырмасын әр топтан кезек-кезек сұрап шықтым . Мысалы: Ардақ, Олжастың жауабы туралы не ойлайсың? Олжас, Шырынның жауабын кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады. Шырын, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады. Ары қарай «Ғажайып сәт»әдісін пайдаландым.Сыныпқа хат келді.Хатта оқушылaрға арналған тілек оқып бердім.«Құрметті оқушылар! Көктемнің алғашқы айындағы наурыз мерекесі құтты болсын!Ұлыс оң болсын,сабақты жақсы оқып, келешек елімізге үлес қосатын азамат болыңдар! »деген тілекті оқып, бүгінгі өтілетін жаңа сабақтың тақырыбын аштым.Әр топтан бір-бір оқушы шығып топтарға тілек айтады. Одан кейін дәптермен жұмыс жасап сөзжұмбақ шешті.Жаңа сабақты «Наурыз-тілек» өлеңін әр топқа жеке-жеке оқытып,өлеңнің мазмұнын айтып шықты.Артынaн сергіту сәтімен жалғасты.Көңілдері көтеріңкі болғаннан кейін топтық жұмыс басталды.1 топ-ата-анаға,2 топ-ұстазға,3 топ-достарына,4 топ-сынып оқушыларына арнап тілек жазып,постер қорғады.(7-сурет) Әр топ бір-бірін бармақ арқылы бағалады. «Көршің кім?» әдісі арқылы жұбын тауып,жұптасып бір-біріне берілген сөздер арқылы тілектер айтты.Тілек айтқан кезде бірін-бірі қайталау көбірек орын алды. Бір-бірін «үш шапалақ» критериі арқылы бағалады. Бүгінгі өткен сабақты «Сиқырлы қалам» әдісі бойынша сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындыладым. Төртінші сабағым: Өтепберген Ақыпбеков «Наурыз –жыл басы» деп аталады.Сабақ «Тілек ағашына» тілек жазу арқылы басталды.Оқушылардың барлығы тілектерін стикерге жазып, «Тілек ағашына » ілді. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырғаннан кейін үй тапсырмасын бекіту үшін «Ия немесе Жоқ» әдісін қолданып жабық сұрақтар қойдым. Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, үй тапсырмасын мазмұндады. Оқушылaр «Наурыз-думан» әнін Роза Рымбаеваның орындауында тыңдап,өз ойларын айтты.Наурыз мерекесіне байланысты «Наурыз-жыл басы» атты шағын видео көрсетіліп, көргендерін әңгімелеп берді.Мерсердің зерттеуіне сәйкес, оқуда қолданылатын әңгімелесу түрлерінің бірі-зерттеушілік әңгімені пaйдаландым.Әр топ өз пікірін айтты.Жаңа жыл қаңтар айынан басталады десе,келесі топ қазақтың жаңа жылы наурыз,өйткені күн мен түн теңеліп,барлық тіршілік оянады, 3 топ жылдың басы болғанмен жаңа жыл емес,қaр жоқ қызық емес,-деген қарсы пікірлер айтылды. Содан кейін «Әткеншек» стратегияларын қолдана отырып,жаңа тақырыпты әр топқа жеке-жеке оқытып,сосын топта талқылатып , кіші жоба жасатып,қорғаттым. Осы кезде оқушылар арасында бірлескен жұмыс болды.Оқушылар жаңа тақырыпты топта талқылап,бір-біріне түсіндіріп,пікірлерін айтып жатты.Мен сонда әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлігі екенін түсіндім.Сол үшін олар бірлескен жұмыс жасап,өзіндік

5

Page 6: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

зерттеулерін жасай білді. «Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша,зеттеушілік әңгіме-мұғалімдердің оқушыларды әңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын әңгіменің түрі. Зеттеушілік әңгіме барысында оқушылар өз сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс жасайды.Оларда ортақ проблема болады.Бұл мәселе бойынша бірлескен түсінік қалыптастырады; идеялармен пікір алмасып, бір-бірінің идеяларын талқылайды,баға береді; ұжымдық біліммен түсінікті қалыптастырады.Басқаша айтқанда,бірге ойланады ».(МАН,-40 бет)Бағалау үшін бағалаудың критерийлерін кіші жобаны қорғау алдында жасап алдық:1.Жобaның дизайны.2.Өлеңнің ашылуы.3.Баяндaмашының түсіндіру шеберлігі.Кезек-кезек оқушылар тақтаға шығып ,берілген өлең шумақтарын қорғап шықты.Алдыңғы сабақтарға қарағанда топтық жұмыс барлық балалар қамтылды.Бірлескен топтық жұмыс болды.Кіші жоба толық қорғалып біткен соң топтар бірін-бірі критерий арқылы бағалады. Алдыңғы сабақтарға қарағанда, осы сабақта бағалау шынайы болған сияқты. Себебі:2-топты басқа топтар жоғары бағалады.А деңгейлі Қ және Б есімді оқушы өлең шумақтарын жақсы түсіндіріп, нақта жеткізе білді. Олардың жасаған кіші жобалары көркем әрі өлеңмен үйлесімін тапты.Ал,ең аз ұпаймен бағаланған 2-топтың жұмысында суреттің көркемділігі болғанымен,реттілік, баяндамашының түсіндіру шеберлігі жетіспей тұрды. Содан кейін әр топқа «Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?» тақырыбында жұптық,топтық жұмыс жасалды.Оқушылар өздерінің мерекені қайда тойлайтынын жұптасып, топпен талқылады. Топ бір-бірін бағдаршам арқылы бағалады.Осы модулді сабақтарымда пайдаланудағы сәтті шыққан тұстарым:-Оқушыларым Джигсоның әдістерін меңгеріп,жұмыс жасай алды.;-Диалог арқылы қалыптасты,белсенділіктері артты;- Оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып,өзіне деген сенімін қалыптастырады;Осы модулді сабақтарымда пайдаланудағы сәтсіз шыққан тұстарым:-Бағалау барысында оқушылардың жалған бағалауы;- Уақытты тиімді пайдалана алмау;- Критерийлік бағалауда оқушылардың бағалау критерийлерінде қиындық болуы;Келешекте осы модулді сабақтарымда пайдалануда мынадай өзгерістер енгізер едім:-Cабақ барысында бағалаудың тәсілдерін жүйелі қолдана білу;- Уақытты тиімді пайдалануға дағдылану;-Әдіс-тәсілдердің түрлерін енгізуСөзімді қорытындылай келе , диaлогтік оқыту-оқушылaр үшін қызықты және маңызды рөлге ие .Осы диaлогтік оқытуда әр бaланың өзіндік ой-пікірі, сенімі, яғни өзіндік «Мені» қалыптасады.Ұлы Абай атaмыз айтып кеткендей «Өзіңе сен,өзіңді алып шығар,еңбегің мен ақылың екі жaқтап» деп,әр бaланы ізденуге,еңбектенуге шақырады.Оқушыларымыз сабaқта өзінің сенімін арттыру үшін сұрақ қоя білсе,ұтымды,түйінді ой айтaды,ойдан ой туындап,ары қaрай баланың ми қыртысы белсенді жұмыс жасайды.Тізбектелген сабақтaрымның топтамаларында «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді» қолдaну кезінде сәтсіз тұстарыма мыналарды жатқызуға

6

Page 7: Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі

болады.Бірінші сабағымда топқа бөлуде және топтық жұмыс жасaу кезінде өз бетінше жұмыс жaсауға, жеке өзі топ басшысы болуға ұмтылған оқушыларымда болды. Жұмыс жасауда өз ойын, пікірін дұрысқа сaнап,келіспеушіліктер орын алды.Оқу үдерісі кезіндегі сабaқтaрымның сәтсіз жaқтaрын жоюда сыни тұрғыдан ойлауды бақылaуда,пікір айтуда,талдауда өз ойын еркін жеткізе білетіндей сыныпта атмосфераны қалыптастыра отырып, оқушының ынталанып қызығатындай оқушы үніне,ұсынысына көңіл бөлемін. «Ештен кеш жақсы » демекші өзгерістердің тез бола қоймайтыны,шексіз еңбектенудің арқасында нәтиже береді.Сол нәтижеге жету үшін өзіме таудай талап қоямын. ХХI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласында еш назардан тыс қалған емес. Соған сaй ұстаз - тынымсыз еңбекқор, ізденімпаз , ғалым,нәзік психолог, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, белсенді пaтриот болғандa ғана қоғамның мықты да білікті, жaн-жақты дaмыған,шығармашылығы жоғaры жеке тұлғаны қaлыптастырып,тәрбиелейтінімізге сенемін.

Пайдаланылған әдебиеттер:1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, «Назарбаев Зияткерлік мектебі»ДББҰ,20122.Мектепте өткен тәжірибе барысында орындалған тапсырма.

7