Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

45
М М ұ ұ с с ы ы л л м м а а н н д д ы ы Ж Ж ә ә н н н н а а т т қ қ а а ж ж е е т т е е л л е е й й т т і і н н с с е е б б е е п п т т е е р р از ف د ق ف ة ن ال ل خ د أ و ار الن ن ع ح ز ح ز ن م ﴿ف«Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті» Әли Ғымран сүресі, 185-аят Дайындаған: Азамат Махыпбек ұлы Кайр 2007

Upload: islambookkz

Post on 02-Apr-2016

238 views

Category:

Documents


13 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

ММұұссыыллммааннддыы

ЖЖәәннннааттққаа

жжееттееллееййттіінн ссееббееппттеерр

﴿فمن زحزح عن النار وأدخل اجلنة فقد فاز﴾

«Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа

кіргізілер болса, шын мәнінде жеңіске жетті»

Әли Ғымран сүресі, 185-аят

Дайындаған: Азамат Махыпбек ұлы

Кайр 2007

Page 2: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

2

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

Мұсылманды Жәннатқа жетелейтін себептер

Алғы сөз

Барлық мақтау мен мадақ Аллаһқа тән әрі Аллаһ елшісіне, оның

отбасына және оның соңынан жақсы түрде ерушілерге салауаттар

мен игі сәлемдер болсын. Енді:

Күмәнсіз, Адам пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) заманынан бастап, Қиямет орнағанға дейінгі аралықтағы

әрбір мұсылманның осы дүниедегі барлық талабы мен талпынысы –

ертеректе аталарының күнәсі себебінен одан қуылып шыққан отаны,

Жәннатқа қайта қайтудың амалы екені ешкімге де жасырын емес.

Сөзсіз, бұл дүниеде әрбірі сан алпауыт қиындықтар мен

ауыртпашылықтарға тап болды. Ендігі кезекте осының бәрін де

ұмыт қалдыратын жылы-жайлы мекенге қайту әрбірінің үлкен

қажеттіліктерінің бірі болып саналады. Әлбетте, ешкім де бір қиын

дүниеден екінші, одан да өрескел әрі азабы қатты, мәңгілік өмірге

түскісі келмейді. Міне, Аллаһ Тағала да осы мәңгілік тыныштық пен

рахаттың мекені, астыларынан өзендер ағатын Жәннаттарға қайтып,

ұлы жеңіске жету үшін белгілі бір шарттар орнатқан. Аллаһ Тағала

Құранда:

﴾﴿فمن زحزح عن النار وأدخل اجلنة فقد فاز

«Кімде-кім Тозақтан құтқарылып, Жәннатқа кіргізілер болса,

шын мәнінде жеңіске жетті», - деген. (Әли Ғымран сүресі, 185-аят).

Бұл қысқаша жолдамада біз Құран аяттары мен

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын

сенімді, сахих хадистерін жинап, қалың жұрт назарына ұсынамыз.

Сондай-ақ, пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) көркем мінездерінің кейібірінен де шағын мысалдар

келтіріп өтеміз. Бұл еңбекті біз Әбу Абдулла Махмуд ибнул

Жәмилдің «Мұсылманның Жәннатқа кіруінің алпыс себебі» деген

кітабының негізінде құрдық. Жинақтап өткен аяттар мен хадистерде

Жәннатқа кіруге немесе оттан құтылып, Аллаһпен жүздесуге әрі

Жәннатқа кіруге себепкер болатын ізгі амалдар, игі сөздер және де

анық сенімдер айтылған. Оқырманға түсінікті болу үшін кейбір

жерлерде кітаптың түп нұсқасынан тыс түсініктеме қосылып,

сілтемелер жасалып отырды.

Page 3: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

3

Пайғамбарлар мен періштелер есімдері аталған кезде (Аләйһис

сәләм) белгісі қойылды. Мағынасы: «Оған сәлем болсын» деген сөз.

Ал Аллаһ елшісінің есімі аталған кезде (саллаллаһу аләйһи уә

сәлләм) белгісі қойылды. Мағынасы: «Оған Аллаһтың салауаттары

мен сәлемі болсын» деген сөз.

Аллаһ Тағала осы еңбегімізді өзімізге де, өзгеге де пайдалы

етіп, жақсы түрде қабыл алуын сұраймыз. Соңғы сөзімізді барлық

әлемдерді жаратушы Раббымыз Аллаһқа мадақтар айтумен

аяқтаймыз. Оның елшісі Мұхаммедке, оның отбасына және соңынан

жақсы түрде ерген барлық мұсылмандарға салауаттар мен игі

сәлемдер болсын!

Тәржімашы

Адамның Жаратушымен қарым-қатынасы: Аллаһқа деген

шынайы ықыластылық

Аллаһ Тағала Құранда:

﴾ذلك دين القيمة﴿وما أمروا إال ليعبدوا اهلل مخلصني له الدين حنفاء ويقيموا الصالة ويؤتوا الزكاة و

«Негізінен олар Оған (Аллаһқа) шынайы ықыластылықпен

ханиф1 болған күйде тек қана жалғыз Аллаһқа құлшылық қылуға

әрі намазды толық орындап, зекетті өтеуге бұйырылған. Міне

бұл-туралық діні», - дейді. (Бәийнә сүресі, 3-аят).

Сондай-ақ, Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болғай)

жеткен бір хадисте ол: «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде амалдар ниетке байланысты,

әрі әрбір адамға ниеттенген нәрсесі тиесілі. Кімде-кім Аллаһ және

Оның елшісі үшін қоныс аударса, онда ол Аллаһ және Оның елшісі

үшін қоныс аударған болып табылады. Ал енді кімде-кімнің қоныс

аударуы қол жеткізетін дүние үшін немесе некелесетін әйел үшін

болса, онда оның қоныс аударуы не үшін болса сол болады», -

дегенін естідім», - дейді. (әл-Бухари 1; Муслим 1907).

Сонымен қатар Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын)

жеткен бір хадисте ол былай дейді: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Шын мәнінде Аллаһ сендердің дене

1 Ханиф болған күйде дегеніміз-Аллаһқа серік қосудан басын аулақ ұстаған күйде деген сөз.

Page 4: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

4

бітімдеріңе және келбеттеріңе қарамайды, алайда сендердің

жүректеріңе және амалдарыңа қарайды», - деді. (Муслим 2564).

Адамның жасаған кез-келген құлшылығы мен игі ісінің қабыл

болуы үшін екі шарт керек. Біріншісі – ықыластылық, екіншісі – сол

ісінің пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

Cүннетіне сәйкес болуы. Егер де осы екі шарттың бірі болмаса,

жасаған ізгі амал мен құлшылықтың қабыл болуы екіталай. Демек,

ықыластылық – шариғат бойынша ізгі амалдардың қабыл болуының

шарты. Сол үшін де ықыластылықты алға қою уәжіп болып

табылады.

Шарттарын орындай отырып шынайы тәубе ету

Күнәлар Жәннаттан шығып кетудің себебі болумен қатар оған

қайтуға да кедергі болып саналады. Ондай болса Құдіретті Күшті

Аллаһтың құлдары сол күнәларды және күнәға итермелейтін

нәрселерді шынайы дұрыс түрдегі тәубе арқылы тастауы керек

етіледі. Осы арқылы ол Жәннатқа қайтушылар қатарына қосылмақ.

Ғұламалар: «Кез-келген күнә үшін тәубе ету уәжіп болып

табылады», - дейді. Егер де күнә адамдарға еш қатысы жоқ, тек құл

мен Аллаһ Тағала арасындағы нәрсе болса, онда оның үш шарты

бар: Біріншісі: Күнәні тастау. Екіншісі: Күнә жасағанына өкіну.

Үшіншісі: Енді қайтіп сол күнәға қайтпайтынына үзілді-кесілді ниет

ету. Егер де осы үш шарттың бірі болмаса, онда тәубе дұрыс болып

саналмайды.

Ал егер де ол күнә адамдарға да қатысы бар болса, онда оның

шарты төртеу болмақ. Үшеуі жоғарыдағы шарттар, ал төртіншісі

иесіне тиістісін беріп құтылу. Егер мал немесе сол сияқты нәрсе

болса қайтарып беру. Ал егер де жала жабу немесе сол сияқты нәрсе

болса, онда орнын толтырып немесе әлгі адамнан кешірім сұрауы

керек етіледі. Демек, барлық күнә үшін тәубе ету уәжіп болып

табылады. Егер күнәнің бір бөлігі үшін тәубе етсе, онда

ғұламалардың басым бөлігінің айтуы бойынша тек сол бөлігі үшін

тәубе еткен болып саналады. Енді оған қалған бөлігі үшін тәубе ету

керек болмақ.

Тәубе ету жайында Құран мен Сүннетте көптеген дәлелдер бар.

Ал ижмағ, яғни Ислам үмметі ғұламаларының барлығы тәубе етудің

уәжіп екендігіне келіскен.

Аллаһ Тағала Құранда:

﴾﴿وتوبوا إلى اهلل جميعا أيها املؤمنون لعلكم تفلحون

Page 5: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

5

«Әй, мүминдер! Барлығың жаппай Аллаһқа тәубе етіңдер.

Мүмкін жетістікке жетерсіңдер», - деген. (Нұр сүресі, 31-аят).

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хадисте ол:

«Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-

кім күн батысынан шыққанға дейін (яғни Қиямет орнағанға дейін)

тәубе ететін болса, Аллаһ оның тәубесін қабыл алады», - деді», -

дейді. (Муслим 2703).

Сондай-ақ, Әбу Сағид әл-Һудрий (Аллаһ оған разы болсын)

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Сендерден бұрын болғандардың арасында тоқсан тоғыз адамды

өлтірген біреу болатын. Сөйтіп ол жер бетіндегі ең ілімді жан

жайында сұрап еді, оған бір монахты айтады. Әлгі адам монахқа

барып, өзінің тоқсан тоғыз жанды өлтіргендігін айтады. Сөйтіп

тәубесі қабыл болатын-болмайтындығын сұрайды. (Әлгі монах):

«Жоқ», - деп еді, әлгі адам оны да өлтіріп, ақыры (өлтірген адамдар

санын) жүзге толтырады. Сосын (адамдардан) жер бетіндегі ең

ілімді жан жайында (қайта) сұрайды. Ақыры оны ілімді біреуге

жібереді. Ол оған өзінің жүз адамды өлтіргендігін айтады әрі

тәубесі қабыл болатын-болмайтындығын сұрайды. (Әлгі ілімді

адам): «Әрине! Сені мен тәубе арасында бөгет боларлық не бар?

Бәлен-түген деген жерге бар. Ол жерде Аллаһ Тағалаға құлшылық

қылушы адамдар бар. Сен де солармен бірге құлшылық қыл әрі

өзіңнің жеріңе қайтып оралма. Шын мәнінде ол жамандық жері», -

дейді. Әлгі адам жолға шығып, орта жолға жеткен кезде қайтыс

болады. Осы кезде мейірім періштелері мен азап періштелері әлгі

адам жайында таласып қалады. Мейірім періштелері: «Ол шынайы

түрде Аллаһқа тәубе етіп келді», - десе, азап періштелері: «Ол

бірде-бір жақсылық жасамаған», - дейді. Ақыры оларға адам

бейнесінде бір (періште) келіп, олар оны өз араларына төреші етіп

алады. Сонда (әлгі періште): «Екі жолды өлшеп көріңдер.

Қайсысына жақын болса, ол соған тиесілі болмақ», - дейді. Сөйтіп

олар өлшеп, (әлгі адамның) мақсат етіп бара жатқан жерге

жақын екендігін байқап, мейірім періштелері алып кетеді», -

дегенін жеткізген. (әл-Бухари 3470; Муслим 2766).

Имран ибнул Хусайн әл-Хузағийден (Аллаһ оған разы болсын)

жеткен бір хабарда, зинадан жүкті болып қалған жуһәйналық бір

әйел пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

келіп: «Әй, Аллаһ елшісі! Мен жазалы іс жасап қойдым. Енді мені

жазалаңыз», - дейді2. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) әлгі әйелді қамқорлыққа алған адамды шақыртып:

2 Яғни шариғат бойынша зина жасаушы адамға тиісті жазаны меңзеп отыр.

Page 6: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

6

«Бұған жақсы қарайлас. Босанған соң маған әкел», - дейді3. (Әлгі

адам) солай жасайды. (Әйелді әкелгеннен кейін) Аллаһ пайғамбары

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұйрық беріп, әйелдің

киімі қымтап байланды да4, сосын қайта бұйырып, (әйелге) тас

атылды. Сосын (ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын))

әйелге (жаназа) намазын оқыды.

Осы кезде Омар (пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын)): «Әй, Аллаһ елшісі, ол зина жасағанына қарамастан

оның намазын шығардыңыз ба?!» - дейді. Сонда (пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Ол тәубе еткені

сонша, егер де Мәдина тұрғындарының жетпісіне бөлінер болса,

бәріне де жетер еді5. Сен (бұл әйелдің) өз жанын Құдіретті Күшті

Аллаһ алдында құрбан етуінен де абзал нәрсе (жасай алар еді ғой)

деп ойлайсың ба?!» - дейді. (Муслим 1696).

Аллаһқа бойұсыну мен Оның белгілеген тағдырына

сабырлық ету

Бұл дүние емтихан мен сынақ мекені болуы себепті адам

баласының қамданып, жинайтын нәрселерінің ең үлкені – Аллаһқа

құлшылық жасауда, күнәлі істерде және де Аллаһтың біздерге

тағдыр етіп белгілеген нәрселерінде сабыр сақтау. Бұдан

байқайтынымыз, әрбір мұсылман адам осы өмірде үш нәрседе сабыр

сақтауы керек етіледі. Аллаһқа құлшылық қылуда сабыр сақтау

дегені – қандай қиындықтарға қарамастан құлшылық істерін толық

орындау. Күнәлі істерде сабыр сақтау дегені – қанша жерден нәпсісі

тартып тұрса да сол күнәні істемеуге тырысып, дүние жылтырағына

салынудан бас тарту. Ал тағдырға сабыр сақтау дегені – қандай

қиыншылық, жаманшылық болса дағы шыдамдылық танытып,

қуанышты нәрсе болса шектен тыс қуанбау.

Аллаһ Тағала Құранда:

﴾﴿إنما يوفى الصابرون أجرهم بغير حساب

«Шын мәнінде сабыр етушілерге сауап сыйлары есепсіз толық

беріледі», - дейді. (Зумәр сүресі, 10-аят).

3 "Бұған жақсы қарайлас" - деп бұйыруы арқылы ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) әлгі әйелді балағаттап, кінәламауларын талап еткен. Себебі ол шынайы түрде тәубе

еткен-ді. Осыны ескерген Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тиісті

жазасынан өзге езгінің керек еместігін білдірсе керек. 4 Яғни тас ату барысында денесі ашылып қалмауы үшін киімін байлауды бұйырған. 5 Яғни жетпіс адамның жасап қойған күнәсін жуып кетуге жарар еді деген мағынада айтқан.

Page 7: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

7

Тағы бір аятта:

﴾﴿وما يلقاها إال الذين صبروا

«Оған (яғни жамандықты жақсылықпен қайтару қасиетіне)

тек қана сабыр еткендер жетеді», - деген. (Фуссиләт сүресі, 35-аят).

Және де Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болғай) Аллаһ елшісінің

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мына сөзін жеткізеді:

«Аллаһ Тағала: «Егер мен оның дүниедегі ең жақынын алып қойып,

ол болса (сауапты) үміт етіп (сабыр сақтайтын болса), онда Менің

мүмин құлым үшін берер сыйым тек қана Жәннат болмақ», - деді. (әл-Бухари 6424).

Ал Әнастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда ол: «Мен

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

дегенін естідім: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала: «Егер де мен құлымды

ең сүйікті болған екі нәрсесі арқылы сынап, ал ол болса өз алдына

сабыр сақтаса, онда ол екеуі үшін оған Жәннатты сыйлаймын»,-

деді. Сүйікті болған екі нәрсесі деген жерде екі көзі меңзелген. (әл-

Бухари 5653).

Сондай-ақ Әбу Сағид пен Әбу Һурайра (Аллаһ оларға разы

болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Мұсылманның шаршау, ұзақ сырқат, мазасыздық,

көңілсіздік, жағымсыз нәрсе, уайым-қайғыға тап болуы, тіпті

тікеннің өзі арқылы Аллаһ оның істеген қателіктерін кешіреді», -

дегенін жеткізеді. (әл-Бухари 5641, 5642; Муслим 2573).

Жалғыз Аллаһқа құлшылық ету әрі Оған серік

қосудан аулақ болу

Шын мәнінде бұл Жәннатқа кірудің ең бірінші себебі әрі

Жәннаттың кілті болып табылады. Демек, Аллаһқа серік қоспай, тек

Оған ғана құлшылық еткен адам үшін Жәннаттың есіктері айқара

ашылмақ. Бұған Құран аяттары мен хадистен өте көптеген дәлелдер

келтіруге болар еді. Алайда бір-екеуін келтіріп кетер болсақ, Ғубәда

ибн Сомит (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен бір хадисте

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім

Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық тәңір жоқ, Ол жалғыз, Оның

серігі жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі, Иса да Оның құлы әрі

елшісі әрі Мәриямға айтқан сөзі6 және Оның (жаратқан) рухы

7,

6 Яғни Аллаһ Тағала "Бол" - деп еді, Иса Мәриямның құрсағында пайда боды. 7 Яғни Иса пайғамбар да кез-келген адам сияқты жаратылған жаратылыс әрі рух иесі. Демек,

Исаны құдай деп білу орынсыз болмақ. Ал бұл жерде "Оның рухы" деу арқылы Иса

пайғамбардың дәрежесінің басқа адамдардан жоғары екенін білдіру үшін айтылған. (Ниса

сүресінің 171-аятын қараңыз);

Page 8: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

8

сондай-ақ, Жәннат – хақ, Тозақ – хақ деп куәлік етсе, қандай амалы

болса да Аллаһ оны Жәннатқа кіргізеді», - дейді. (әл-Бухари 3435;

Муслим 28). Әнас ибн Мәликтен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда

пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бен

Муғаздың (Аллаһ оған разы болғай) есекке мінгесіп келе жатқаны

айтылады. Сонда (пайғамбарымыз): «Әй, Муғаз ибн Жәбәл», - дейді.

(Муғаз): «Мен алдыңыздамын, әй, Аллаһ елшісі, әрі қызметіңіздемін»,

- дейді. (Пайғамбарымыз қайтадан): «Әй, Муғаз», - дейді. Сонда

(Муғаз): «Мен алдыңыздамын, әй, Аллаһ елшісі, әрі қызметіңіздемін»,

- деп үш рет айтады. (Осы кезде Аллаһ елшісі ): «Қандай адам болса

да «Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ әрі Мұхаммед

Аллаһтың елшісі» деп шын жүректен куәлік етсе, Аллаһ сол адамға

Оттың тиюін харам етеді», - дейді. (Бұл хабарды естіген Муғаз):

«Әй, Аллаһ елшісі! Сүйінші ретінде адамдарға осыны айтсам

қайтеді?» - деп еді, ол кісі: «(Бұлай жасасаң) онда (олар тек осы

нәрсеге үміттеніп) сеніп қалады», - деген екен.

Муғаз бұл (хабарды жасырып кету) күнә болар деп, қайтыс болар

шағында айтып кеткен. (әл-Бухари 128; Муслим 32).

Сөз, амал және сенімдегі шыншылдық

Шыншылдық – ықыластылық белгілерінен әрі ол Аллаһпен,

Оның жаратқан жаратылыстарымен және де адамның өз-өзімен

жасаған қарым-қатынасындағы ең жақсы мінез құлық болып

табылады8.

Аллаһ Тағала Өз Кітабында:

﴾ا الذين آمنوا اتقوا اهلل وكونوا مع الصادقني﴿يا أيه

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар әрі

шыншылдармен бірге болыңдар», - дейді. (Тәубе сүресі, 119-аят).

Ал енді хадистерге назар салсақ, Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы

болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Шын мәнінде шындық жақсылыққа жетелейді, ал

жақсылық болса Жәннатқа жетелейді. Шынында бір адам шындық

айтып, тіпті Аллаһтың қасында «шыншыл» деп жазылмақ. Шын

мәнінде өтірік бұзықтыққа жетелейді, ал бұзықтық Отқа

жетелейді. Шынында бір адам өтірік айтып, Аллаһтың қасында

8 Бұдан шығар қорытынды: Әрбір адамның қарым-қатынасы үш түрлі болады. Раббысымен,

Оның жаратқан жаратылыстарымен және де өзімен жасаған қарым-қатынасы.

Page 9: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

9

«өтірікші» деп жазылмақ», - деген сөзін жеткізеді. (әл-Бухари 6094;

Муслим 2607).

Сондай-ақ, Сәһл ибн Хунәйфтан (Аллаһ оған разы болсын)

жеткен хабарда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Кімде-кім шынайы түрде Аллаһтан шәһидтікті (яғни

Аллаһ жолында күресіп өлуді) сұраса, Аллаһ Тағала оны тіпті

төсегінде жатып өлсе де шәһидтердің деңгейіне дейін жеткізбек»,

- дейді. (Муслим 1909).

Және де Әбу Суфиян (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен

ұзын хадисте келгендей, Һирақл Әбу Суфияннан: «Ол (яғни

пайғамбар) сендерге не бұйырады?» - деп сұрағанда Әбу Суфиян:

«Ол: «Тек қана Аллаһқа құлшылық етіңдер де, Одан өзге ешкімге

құлшылық жасамаңдар. Ата-бабаларыңның айтқанын тастаңдар»

- дейді. Сондай-ақ бізге намаз оқуды, зекет беруді, шындық айтуды,

пәктікті және туыстармен қатынас сақтауды бұйырады», -

дедім», - дейді. (әл-Бухари 7, Муслим 1773).

Қалжыңдасу мен ойынның өзінде де шындық айтылу керек. Бұл

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

көркем сипаттарының бірі. Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы

болсын) жеткен сенімді хадистердің бірінде ол: «Адамдар

(пайғамбарымызға): «Әй, Аллаһ елшісі, сіз бізбен ойнап,

қалжыңдасасыз ғой», - деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Шын мәнінде мен шындықтан өзге ешнәрсе

айтпаймын», - деді», - дейді. (Тирмизи 1990).

Әнас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен

хадисте оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Әй, екі құлақ иесі», - деген екен, яғни осылай

қалжыңдасқан. (Тирмизи 1992).

Жасырын және жария нәрселерде Аллаһтың бақылап

тұрғанын есте ұстау

Әр адам Раббысының оның сөздерін естіп, амалдарын көріп

тұрғанын және де ішкі сырларының бәрін де біліп тұрғанын есте

ұстауы оны ұлы дәреже иесі етеді9. Аллаһ Тағала Құранда:

9 Әрбір адамның осы дүниедегі барлық амалдары үш түрлі болады. Сөздері, істері және ішкі жан дүниесі. Демек, әрбір адам осы өмірде мұсылмандықтың ең жоғарғы нүктесі, яғни мурақаба

дәрежесіне жетуі үшін Аллаһтың үш сипатын әркез есте ұстауы керек. Ол сипаттар: Аллаһтың

барлық нәрсені еститіндігі, кез-келген қимыл, іс-әрекетті көретіндігі және де жүрекпен

атқарылған кез-келген амалды білетіндігі. Осы үш сипатты әркез есте ұстаған қоғам үлкен

жетістіктерге қол жеткізбек. Айналадағы болып жатқан бұзықтықтың бәрі де осы үш сипатқа

мән бермеуден туындағаны айтпаса да белгілі емес пе?!

Page 10: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

01

﴾ال يخفى عليه شيء في األرض وال في السماءاهلل إن﴿

«Шын мәнінде жердегі әрі аспандағы нәрселердің ешқайсысы

да Аллаһқа жасырын емес», - дейді. (Әли Ғымран сүресі, 5-аят).

Әбу Зәрр және Муғаз ибн Жәбәл (Аллаһ оларға разы болсын)

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Қай

жерде болсаң да Аллаһтан қорық. Жаманшылықтың артынан оны

өшіретін жақсылық жаса, әрі адамдармен жақсы мінез-құлық

көрсете біл», - дегенін жеткізеді. (Тирмизи 1987).

Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын): «Бір күні пайғамбар (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) артында (мінгесіп келе жатыр)

едім, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй,

балақай! Мен саған бір сөздер үйретемін: Аллаһты есте ұста, Ол

да сені сақтайды10

. Аллаһты есте ұста, Оны алдыңнан табасың11

.

Егер сұрасаң, Аллаһтан сұра. Егер жәрдем сұрасаң, Аллаһтан

жәрдем сұра. Және де біліп қой, егер толық үммет саған бір

жақсылық жасау үшін жиылатын болса, Аллаһтың сен үшін

жазып қойғанынан артық жақсылық жасай алмайды. Ал егер саған

бір жамандық жасау үшін жиылатын болса, Аллаһтың сен үшін

жазып қойғанынан артық жамандық жасай алмайды. Қалам

көтерілді, парақ кепті12

», - деді», - дейді. (Тирмизи 2516).

Аллаһтан шынайы түрде қорқу (тақуалық)

Тақуалық дегеніміз – Аллаһтан шынайы түрде қорқу13

. Бұл

адамның Аллаһқа бойұсынуда, оның тыйған нәрселерінен бойын

аулақ ұстауда және де жасап қойған күнәлары үшін тәубе етуге

итермелейтін бірден-бір ұлы қасиет. Аллаһ Тағала Қасиетті Құранда:

﴾ها الذين آمنوا اتقوا اهلل حق تقاته﴿يا أي

«Әй, иман келтіргендер! Аллаһтан шынайы қорқумен

қорқыңдар», - деп бұйырған. (Әли Ғымран сүресі, 102-аят).

10 Араб нұсқасында "Аллаһты сақта, ол да сені сақтайды" - деп келген. Яғни Аллаһтың

шариғатын сақтап, бұйырғанын орындап, тыйғанынан аулақ болсаң, Аллаһ та сені сақтайды

деген мағынада. Ал Аллаһтың сақтауы бес нәрседе шектеледі: Оның өзін, ақылын, дінін, малын

және ұрпағын сақтауы. 11 Яғни әркез дұрыс шешім қабылдауға, туралықты таңдауға көмек беріп, сілтеп отырады деген мағынада. 12 Яғни Аллаһтың әуелде тағдыр тақтасына жазған жазуы тоқтаған. Енді ешнәрсе өзгеріске

ұшырамайды әрі бәрі де Аллаһтың қалауымен, тағдырымен болмақ деген сөз. 13 "Тақуалық" сөзінің негізі араб тіліндегі "уиқоя" - "қорған, қалқан" сөзінен туындаған. Демек,

бұл сөздің тілдік анықтамасы – Раббымыздың азабы мен өзіміздің арамызға сол азаптан

құтқаратын қорған орнату дегенді білдіреді.

Page 11: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

00

Сондай-ақ, Әбу Умәмә (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу

қажылығында хұтпа айтып тұрып: «Аллаһтан қорқыңдар, бес

(уақыт намаздарыңды) толық орындаңдар, (Рамазан) айларыңда

ораза ұстаңдар, малдарыңның зекетін өтеңдер, басшыларыңа

бағыныңдар, Раббыларыңның Жәннатына кірерсіңдер», - дегенін

естідім», - дейді. (Тирмизи 616).

Аллаһтың үкімі мен заңдарына көну

Әрбір адам Аллаһтың құлы болуы себепті Аллаһтың үкімдеріне,

қойған заңдылықтарына, берген шариғатына шынайы түрде риза

болып, қандай болса да көніп, жан-тәнімен бойұсыну керек етіледі.

Аллаһ Тағала Құранда:

فال وربك ال يؤمنون حتى يحكموك فيما شجر بينهم ثم ال يجدوا ﴿ ﴾في أنفسهم حرجا مما قضيت ويسلموا تسليما

«Раббыңа серт! Олар өз араларында шыққан

келіспеушіліктерде сені төреші қылмайынша және кейін сен

шығарған үкімнен жүректерінде ешқандай ақау таппай толық

бойұсынбайынша ешқашан да мүмин бола алмайды», - дейді. (Ниса сүресі, 65-аят).

Аяттан байқауымызша Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) шығарған үкіміне еш күмән-сылтаусыз көніп,

бойұсыну керектігі айтылған. Ал Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) өздігінен ешнәрсе айтпайды, бәлкім

айтқандарының бәрі де көкейіне салынған Аллаһтың уахиы. Ондай

болса Құдіретті Күшті Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) біздерге дін етіп берген барлық үкімдері

мен талаптарына бойұсынып, көкейде кірбің таппай көнуіміз керек.

Шынайы мүминдер сипатын Аллаһ Тағала Құранда:

هلل ورسوله ليحكم بينهم أن يقولواإنما كان قول املؤمنني إذا دعوا إلى ا﴿ ﴾سمعنا وأطعنا وأولئك هم املفلحون

«Шын мәнінде араларына үкім беру үшін мүминдерді Аллаһ

пен Оның елшісіне шақырғанда олардың сөздері: «Естідік те,

бойұсындық», - деу болады. Міне бұлар құтылушылар», - деп

сипаттаған. (Нұр сүресі, 51-аят).

Page 12: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

02

Анық сенім және Аллаһқа тәуекел ету

Мұсылман адамның көркем сипаттарының бірі – анық сенімді

болу, яғни Аллаһ пен Оның елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) хабарларына деген сенімі қуатты болу әрі сол

сенімне еш таймау. Хабар етілген нәрселерді өз көзімен көріп

тұрғанындай қорқуы және қуануы. Осы арқылы адамның бойында

тәуекел ету деген жақсы қасиет пайда болады. Тәуекел ету дегеніміз

– адамның жақсылыққа қол жеткізу мен жамандықты қайтаруда

сыртқы және ішкі жан дүниесімен өз Раббысына үмміттеніп, арқа

тіреуі. Егер де адам Раббысын шынайы түрде таныр болса, онда ол

Раббысына разы болып, Раббысының берген уәделеріне шынайы,

анық сеніммен сеніп, тек қана Оған тәуекел етпек.

Аллаһ Тағала Өзінің кітабы Құранда:

﴾و توكل على احلي الذي ال يموت﴿

«Өлмейтін мәңгі тіріге (яғни Аллаһқа) тәуекел ет», - дейді.

(Фурқан, 58-аят). Тағы бір аятта:

﴾ ﴿ومن يتوكل على اهلل فهو حسبه

«Кімде-кім Аллаһқа тәуекел етер болса, Ол оған жеткілікті

болады», - деп баяндаған. (Талақ сүресі, 3-аят).

Ибн Аббастан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда Аллаһ

елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Маған (барлық)

үмметтер көрсетілді. Сонда мен қасында кішкене ғана14

адамы бар

пайғамбарды, сондай-ақ қасында бір-екі адамы бар пайғамбарды

және қасында ешкімі жоқ пайғамбарды көрдім15

. Кенет маған көп

халық көрініп, мен оларды өзімнің үмметім екен деп ойладым. Сонда

маған: «Бұл Мұса және оның қаумы. Мына көкжиек жаққа назар

аудар», - делінді. Қарасам ол жақта көп халық бар екен. Сонда

маған: «Енді екінші көкжиек жаққа қара», - делінді. Ол жерде де

көптеген халық бар екен. Осы кезде маған: «Бұл сенің үмметің.

Және де олардың арасында Жәннатқа есеп-хисапсыз, еш азапсыз

14 "Кішкене ғана" - деген сөз араб нұсқасында "Руһайт" - деп келген, яғни 3 пен 10-ның

арасындағы санды білдіреді. 15 Яғни жоғарыда аталған пайғамбарлар өмір бойы адамдарды дінге қанша шақырса да

адамдардың өте аз бөлігі жауап қатқандығын білдіреді. Біреуінің соңынан азғантай адам,

екіншісіне бір-екі адам, ал басқасына тіпті ешкім ермегендігі меңзелген. Бірақ, бұл сол

пайғамбарлардың жалғандығын емес, бәлкім үмметінің аз болғандығын ғана көрсетеді. Осы

жерден ғұламалар: "Шындық көппен бірге емес, аз болса да шындық кімде болса, ол бір үммет

болып саналады" - деген ереже шығарған.

Page 13: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

03

кіретін жетпіс мың (адам) бар», - делінді», - деді. Сосын

(пайғамбар) орнынан тұрып, үйіне кіріп кетті. Адамдар болса

Жәннатқа есеп-хисапсыз, еш азапсыз кіретіндер жайында сөз өрбіте

бастады. Біреулері: «Мүмкін ол Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары шығар», - десе, енді біреулері:

«Мүмкін ол Исламда туып, Аллаһқа серік қоспағандар шығар», -

деп, әртүрлі нәрселерді еске алысты.

(Біраздан соң) Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) оларға қайта шығып: «Сендер не нәрсе жайында сөйлесіп

жатырсыңдар?» - деп еді, олар айтып берді. Сонда ол кісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) (Жәннатқа есепсіз, азапсыз

кіретін жетпіс мың жайында хабар беріп): «Олар - руқия16

жасап

беруді сұрамаушылар, жалған ырым жасамаушылар17

және де

өздерінің Раббыларына тәуекел етушілер», - дейді. Осы кезде

Укаша ибн Михсан (Аллаһ оған разы болсын) орнынан тұрып:

«Мені де солардың арасында етуін сұрап, Аллаһқа дұға қылыңыз», -

деп еді, (пайғамбар): «Сен солардың қатарындасың», - дейді. Сосын

тағы бір адам тұрып: «Мені де солардың арасында етуін сұрап,

Аллаһқа дұға қылыңызшы», - деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын): «Бұл нәрседе Укаша сені озып кетті18

», - дейді. (әл-Бухари 5705; әл-Бухари риуаятында: "Отпен күйдіріп, ем

жасамаушылар" - деген сөз бар. Муслим 220; Муслим риуаятында: "Руқия

жасамаушылар" - деген сөз бар).

Аллаһтың бұйрықтарында тұрақты болу

Аллаһтың бұйрықтарында тұрақты болу – шындықтың, Аллаһқа

деген сүйіспеншіліктің, ризалықтың және де қорқудың айқын дәлелі

болып табылады. Аллаһ Тағала Құранда:

16 Яғни бір ауру немесе тағы басқа нәрсеге тап бола қалған жағдайда дұға оқып, үшкіріп беруді

руқия деп атайды. Алайда, бір адам бір ауруға барып ем ретінде дұға оқып беруіне рұқсат

етілген. Муслим келтірген риуаятта "дұға оқып, үшкіріп берушілер де жәннатқа есепсіз кіре

алмайды" - деп келген. Алайда ғұламалар бұл сөйлемнің қате екендігін айтады. Себебі

пайғамбарымыз да, сахабалар да ауруға ем ретінде дұға немесе Фатиха сүресін оқып беретін.

Демек, адам дұға оқып, үшкіріп беруді сұрамай, шамасы келгенінше өзі жасағаны абзал.

Анығын Аллаһ біледі. 17 "Жалған ырым жасамаушылар" - деген сөйлем араб нұсқасында "құс ұшырмаушылар" - деп берілген. Себебі ертеде арабтар бір істі бастарда құс ұшыратын болған. Егер оңға қарай ұшса,

онда ол іс берекетті деп, ал егер солға қарай ұшса, онда ол істі жасаудан бас тартатын. 18 Аллаһ елшісі әлгі адамға жұмсақ жауап қатты. Бірақ ғұламалар әлгі адам үшін не себепті дұға

жасалмағанында көптеген пікірлер айтқан. Біреулері: "Мүмкін ол адамның екіжүзді-мунафиқ

екенін біліп дұға етпеген шығар", - десе, енді біреулері: "Мүмкін ол Жәннатқа есептесіп барып

кіретіндердің бірі болған соң солай жасаған шығар" - дейді. Анығын Аллаһ біледі.

Page 14: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

04

ا وأبشروا باجلنة التي كنتم ﴿إن الذين قالوا ربنا اهلل ثم استقاموا تتنزل عليهم املالئكة أال تخافوا والتحزنو دنيا وفي اآلخرة ولكم فيها ما تشتهي أنفسكم نحن أولياؤكم في احلياة ال[ 03]توعدون

﴾[03]ولكم فيها ما تدعون

«Әлбетте: «Раббымыз Аллаһ», - деп айтып, сосын (жалғыз

Аллаһқа құлшылық қылуда) тұрақты болғандарға (өлер

уақытында және басқа да жағдайларда) періштелер (бірінен соң

бірі) түсіп: «Қорықпаңдар, мұңаймаңдар19

әрі сендерге уәде

етілген Жәннаттың (қуанышты хабарымен) қуанышқа

бөленіңдер. Біз сендердің дүниедегі әрі ахиреттегі достарыңбыз.

Сендер үшін (Жәннатта) көңілдерің тілеген нәрселер бар және де

сендер үшін ол жерде қалаған нәрселерің бар», - дейді», - деп

хабарлаған. (Фуссиләт сүресі, 30-31-аяттар).

Сондай-ақ, Суфиян ибн Абдулла (Аллаһ оған разы болсын):

«Мен: «Әй, Аллаһ елшісі! Маған сізден өзге ешкімнен

сұрамайтындай етіп Исламдағы бір сөзді айтыңызшы», - деп едім, ол

кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһқа иман

келтірдім», - деп айт та (осы сөзіңде) тұрақты бол», - деді», -

дейді. (Муслим 38).

Демек, кез-келген адам шынайы түрде Аллаһқа иман келтіріп,

осы сөзінде тұрақты болса, бұл оған жеткілікті болмақ. Ал Аллаһқа

иман келтірген адам Аллаһтың барлық бұйрықтарын орындап,

тыйымдарынан тыйылуы керек етіледі әрі осы нәрселерде тұрақты

болуы да шарт. Бұл Аллаһқа иман келтіргендіктің айқын белгісі.

«Аллаһқа иман келтірдім» - деген сөзді тек қана тілмен емес,

бәлкім жүрекпен де айту керек етіледі. Ал Аллаһқа иман келтіру

дегеніміз өз ішінде үш нәрсені қамтиды. Біріншіден: Аллаһтың бар

екеніне, Жаратушы, Ризық Беруші және Тәрбиелеуші екеніне иман

келтіру. Екіншіден: құлшылық атаулының бәрі де тек қана Аллаһқа

лайықты екендігіне иман келтіру. Үшіншіден: Аллаһтың бізге

хабарлаған және біз білмейтін көркем есімдері мен сипаттары тек

қана Оған тән екендігіне иман келтіру. Осы аталған нәрседе және де

құлшылық істерінде тұрақты болу мұсылманның шынайы келбеті

болып саналады.

Осыған қоса Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «(Амалдарда) орталық пен туралықта20

болыңдар.

19 Яғни алда болатын нәрселерден қорықпаңдар әрі өтіп кеткен нәрселер үшін мұңайып, қам

жемеңдер деп жұбатады. 20 "Орталықты сақтау" дегеніміз қандай іс-амал болса да шектен тыс асырмаңдар әрі шамадан

аз етпеңдер деген сөз. Ал "туралықта болу" дегеніміз амалдардың дұрыс, тура түрін жасау әрі

әркез осындай туралықты сақтау, осы нәрседе тұрақты болу деген сөз.

Page 15: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

05

Сондай-ақ, ешкім де өзінің амалының арқасында

құтқарылмайтынын біліңдер», - дейді. (Адамдар): «Сіз де ме, әй,

Аллаһ елшісі?!» - деп еді, ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Аллаһ мені Өзінің мейірімі мен пазыл-кеңшілігіне

бөлемейінше, тіпті мен де», - дейді. (Муслим 2816).

Жақсылықта жарысу

Кімде-кім Раббысының уәде етіп, хабарлап берген

нығметтеріне, Жәннатына, мәңгілік рахатқа, Аллаһпен жүздесуге

шынайы түрде сенетін болса, онда ол соған жетуге асығар еді. Аллаһ

Тағала жақсылықта жарысуды бұйырып:

﴾وجنة عرضها السماوات واألرض أعدت للمتقني ﴿وسارعوا إلى مغفرة من ربكم

«Раббыларыңның тарапынан болатын кешірімге әрі

тақуалар үшін дайындалып қойылған, көлемі көктер мен жердей

Жәннатқа қарай асығыңдар», - дейді. (Әли Ғымран сүресі, 133-аят).

Жәбир (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді: «Ұхұд соғысы

күні бір адам пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Егер мен (соғысып) қаза тапсам қайда боламын?» - дейді.

Ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннатта»,-

деп еді, әлгі адам қолында болған құрмаларды тастай салып, қаза

тапқанға дейін соғысты». (әл-Бухари 4046; Муслим 1899).

Сондай-ақ, Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын): «Бір адам

пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Әй,

Аллаһ елшісі! Садақаның қай түрі сауабы жағынан үлкен болып

табылады?» - деп сұрайды. Сонда ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Өзің сау әрі кедейліктен қорқып, байлықты ойлап,

(мал-мүлік, ақшаны) жақсы көре тұра берген садақаң21

. (Садақаны)

жаның алқымға кеп тіреліп, (мал дүниең) бәленге тиісті болғанда:

«Бәленге мұнша, түгенге мұнша», - деп айтқанға дейін кешіктіре

берме22

», - деді», - дейді. (әл-Бухари 1419; Муслим 1032).

Аллаһқа бойұсынып, құлшылық жасауда бар күш-жігерді салу

21 Себебі сау адам ертеңін ойлап, дүниені жақсы көріп тұрады. Сол үшін де сау адамның малды

жақсы көре тұра бергені әлдеқайда абзал. Демек, шынайы садақа керексіз, қалған ұсақ-түйек

малдан емес, керісінше жақсы көрген малдан шыққан садақа. 22 Яғни өлім келіп, жан алқымға келгенге дейін кешіктіре бермей асығу керектігі меңзелген.

Page 16: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

06

Адамның нәпсісі еріншектік, жұмыссыздық және шаршауға

бейім келуі себепті әрбір адам жігерлілікке, ынтаға әрі бар күш-

жігерді салып амал жасауға мұқтаж болып табылады. Азғантай

өмірде жігерлі, қайратты түрде Аллаһқа бойұсыну соңы мәңгілік

рахат пен демалуға жетелейді.

Жігерлілік екі түрлі болады: Адамның өзі-өзін түзеудегі

жігерлілік және өзгені түзеудегі жігерлілік. Бірінші түріне келер

болсақ, ол да өз ішінде екіге бөлінеді: Аллаһқа құлшылық қылуда

жігерлі болу және Аллаһтың тыйған тыйымдарынан бойды аулақ

салуда жігерлі болу.

Ал өзгені түзеудегі жігерлілікке келер болсақ, ол да өз ішінде

екі түрлі: Білімнің көмегімен түзеу немесе қарудың көмегімен түзеу.

Біліммен түзеу – ол Ислам бойынша оларға қарсы қару көтеруге

тыйым салынғандарға қатысты. Мысалы: Екіжүзділер, дінге күпірлік

деңгейіндегі жаңалық енгізушілер т.б; Ал қару болса Исламға

шынайы қарсы жауларға қарсы көтеріледі.

Демек, адамның жігерлі болып, құлшылыққа бар күшін салуы

жақсы қасиет. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾املحسننيسبلنا وإن اهلل لمع والذين جاهدوا فينا لنهدينهم﴿

«Біз үшін бар күш жігерін салғандарды Өз жолдарымызға

бастаймыз. Әрі шын мәнінде Аллаһ көркем амал

жасаушылармен бірге», - деген. (Анкәбут сүресі, 69-аят).

Айша анамыздан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай) жеткен

хабарда: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) түнгі намазда аяқтары жарылып кеткенге дейін (ұзақ)

тұратын. Мен ол кісіге: «Әй, Аллаһ елшісі! Мұны неге жасайсыз?

Аллаһ Тағала сіздің өткен күнәларыңыз бен алдағы қателіктеріңізді

кешіріп қойған емес пе?» - дедім. Ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Мен шүкіршілік етуші құл болуды қаласам болмай

ма?» - деді», - делінген. (әл-Бухари 4837; Муслим 2820).

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен хабарда

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Тозақ

құмар нәрселермен, ал Жәннат жеккөрінішті нәрселермен

қоршалған», - деген екен. (әл-Бухари 6487; Муслим 2823). Яғни осы

дүниедегі адамның құмартып, ынтық болып тұратын дүниенің

жылтырағы арты Тозаққа әкеп соғады. Ал дүниедегі қиыншылықтар

мен адамға ұнамайтын нәрселер соңы Жәннатқа жетелейді. Жалпы,

Аллаһқа құлшылық қылу адамдар үшін қиын болып көрініп, ойын-

күлкі мен басқа да құмарлы нәрселер адамға оңай екені рас. Осы

арқылы біз Жәннатқа кірудің Тозаққа түсуден әлдеқайда қиын

екенін байқаймыз. Ол үшін жігерлілік пен қайраттылық керек.

Page 17: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

07

Және де Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) қызметшісі әрі суффа астында мекен еткендердің бірі23

-

Рабиға ибн Кәғбул Әсләми (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ

елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге

түнейтінмін. Сөйтіп ол кісінің дәрет суын және басқа да

қажеттіліктерін әкелетінмін. Сонда ол кісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын): «Менен сұра», - деді. Мен: «Мен Жәннатта

сізбен бірге болуды сұраймын», - дедім. Ол кісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмкін басқа нәрсе шығар», - деді.

Мен: «Жәннатта сізбен бірге болуды сұраймын», - дедім. Ол кісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мүмкін басқа нәрсе

шығар», - деді. Мен: «Осы нәрсе», - дедім. Сонда ол кісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ондай болса сенің нәпсіңе

қарсы (күресуде) көп сәжде жасау24

арқылы маған көмектес», -

деді», - дейді. (Муслим 489).

Аллаһты еске алу және намаз оқу үшін мешітке жиі бару

Мешіттер – Аллаһтың үйі25

әрі Оған құлшылық етіп, Оны еске

алатын мекен болып саналады. Мешіттерге жиі барып, құлшылық

жасау өте көркем амалдардың бірі. Аллаһ Тағала бұл істің қандай

дәрежеде жоғары екендігін баян етіп:

اآلخر وأقام الصالة وآتى الزكاة ولم يخش إال اهلل﴿إنما يعمر مساجد اهلل من آمن باهلل واليوم ﴾فعسى أولئك أن يكونوا من املهتدين

«Аллаһтың мешіттерін тек Аллаһқа және ахирет күніне

иман келтіргендер, намазды толық орындаған, зекетті өтеген

және де Аллаһтан өзге ешкімнен қорықпағандар ғана көркейтеді.

Міне, олар тура жолдағылар болса ғажап емес»,-дейді. (Тәубе

сүресі, 18-аят).

23 "Суффа тұрғындары" – дегеніміз ертеректе Мәдинаға қоныс аударып, барар жерлері болмауы

себепті пайғамбарымыз өз үйінің қасынан шатыр тіккізіп, сол жерде мекен еткен сахабалар.

Сандары сексенге жуық болған деген көзқарастар бар. Сахабалар болса өз алдына оларға тағам

тасып, садақа беретін-ді. 24 Бұл пайғамбарымыздың көркемсөз шебері екендігінің айқын дәлелі. «Сәжде», - деу арқылы

ол кісі намазды әрі басқа да қосымша сәжделерді меңзеген. 25 "Аллаһтың үйі" – деген жерде Аллаһ мекен ететін үйі емес, бәлкім мешіттің басқа үйлерге

қарағанда дәрежесі жоғары екендігі меңзеледі. Себебі Аллаһ сөзіне матаса байланысқан

нәрселер дәрежесі жоғары екендігін білдіру үшін ғана солай айтылады. Мысалы: Абдулла –

Аллаһтың құлы. Яғни басқа құлдарға қарағанда Аллаһтың құлы болу жоғарырақ., т.б;

Page 18: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

08

Сондай-ақ, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Кімде-кім мешітке ерте барып, түс ауа қайтатын болса,

Аллаһ Тағала ол үшін әрбір барып-қайтқанына Жәннатта азық26

әзірлейді», - деген. (әл-Бухари 662; Муслим 669).

Аллаһтан қорқу

Аллаһ Тағала Құранда:

﴾ولمن خاف مقام ربه جنتان ﴿

«Раббының хұзырына шығуға қорыққан кісіге екі пейіш бар» -

деген. (Рахман сүресі, 46-аят).

Сондай-ақ, Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Қорыққан адам түннің әуелгі бөлігінде жолға шығады, ал

кім түннің әуелгі бөлігінде жолға шықса үйіне жетеді. Шын

мәнінде Аллаһтың тауары қымбат тұрады. Ал Аллаһтың тауары –

Жәннат», - деген екен. (Тирмизи 1993).

Хадиске назар аударсақ, үлкен мағынаға қол жеткізе аламыз.

Кімде-кім Аллаһтан қорқып, ізгі амалдар жасаса, онда бойұсыну мен

толық берілуге асығады. Ал асыққан адам көздеген мақсатына

жетеді. Сондай-ақ, бұл жерде Жәннатты тауарға теңеген. Ал тауарға

қол жеткізудің жолы тек қана сатып алу арқылы болады. Сол үшін

де кімде-кім Аллаһтан шынайы түрде қорқып, өзін Аллаһтың

жолына толығымен берер болса, осы арқылы ол Жәннатты сатып

алуға қол жеткізеді.

Аллаһтың мейірімінен үміт ету әрі Аллаһ

жайында тек жақсы ойда болу

Аллаһ ерекше мейірімді, аса рахымды. Өзі жаратқан

жаратылыстың ең кішісінен бастап, үлкен жаратылыстарының

бәріне де толық мейірімін төгіп, мархаматына бөлеп тұрады. Ондай

болса Аллаһқа шынайы түрде сенетін адам Аллаһтың мейірімінен

күдер үзбей, жасаған күнәларын кешіретінін біліп жүруі керек.

Аллаһ Тағала Құранда осы бір зор сүйіншіні былай баян етеді:

26 Араб нұсқасында "Нузул" - деп берілген, яғни қонақтарға қойылатын ас, азық дегенді

білдіреді.

Page 19: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

09

أنفسهم ال تقنطوا من رحمة اهلل إن اهلل يغفر قل يا عبادي الذين أسرفوا على ﴿ ﴾الذنوب جميعا إنه هو الغفور الرحيم

«Әй, өзіне зиян қылған құлдарым! Аллаһтың мейірімінен

күдер үзбеңдер. Аллаһ барлық күнәларды кешіреді. Себебі ол тым

Кешірімді, ерекше Мейірімді», - деп айт». (Зүмәр сүресі, 53-аят).

Сондай-ақ, Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) жеткен хадистердің бірінде: «Шын мәнінде Аллаһтың

мейірімі жүз бөліктен тұрады. Соның бірін ғана

(жаратылыстарына түсіріп) адамдар, жындар, жануарлар мен

жәндіктер арасына бөліп берген. Сол арқылы (адамдар) өзара

сүйіспеншілік пен мейірімде болады әрі сол арқылы жабайы аңның

өзі баласын жақсы көреді. Ал қалған тоқсан тоғыз бөлігін Аллаһ

Тағала құлдарына мейірім ету үшін Қиямет күніне дейін кешіктіріп

қойған», - делінген. (әл-Бухари 6000; Муслим 2752).

Айналамызға көз тастап, Аллаһтың жер бетіне түсірген

мейіріміне назар салсақ, мейірімінің шексіздігі байқалатыны анық.

Тіпті біздің әркез еркін тыныс алып, қоректеніп жүруіміздің өзі,

жүрегіміз тоқтаусыз соғып, қан айналып тұруы, ана құрсағындағы

нәрестенің тоғыз ай бойы дамып, дүниеге келіп, есеюі, жан-

жануарлар мен табиғаттың өзара үйлесімділік табуы, үлкен

ғаламшарлардың өзара бір жүйемен айналып тұруы, мұның бәрі де

Аллаһтың мейірімі әрі бұл тек мейірімінің бір бөлігі. Онда Қияметке

кешіктірілген тоқсан тоғыз бөлігінің кеңдігі қандай болмақ?! Ондай

болса мұсылман адамның Аллаһ мейірімінен күдер үзуі орынсыз

болмақ.

Раббымыз бізді жаратып, мейіріміне бөлеген болса, онда

Раббымыз жайында тек жақсы ойда болғанымыз әрі бізді мейіріміне

бөлейтініне сенгеніміз жөн болмақ. Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ

оған разы болсын) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) қайтыс болуынан үш күн бұрын естіген хадисінде:

«Араларыңда біреу ахиретке аттанатын болса, Аллаһ Тағаладан

тек жақсылық күткен күйде өлсін" - делінген. (Муслим 2877).

Сондай-ақ, Әнас (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен

хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

былай дейді: «Аллаһ Тағала: «Әй, Адам баласы! Маған жалбарынып

сұрап, үміт етер болсаң, мен кешіремін әрі (күнәларың) қандай

болғанына да қарамаймын. Әй, Адам баласы! Күнәларың тіпті

аспанның бұлттарына дейін жетіп, сосын Меннен кешірім сұрасаң,

кешіремін әрі қандай болғанын мән бермеймін. Әй, Адам баласы!

Егер де сен жер бетіндей (көп) қателіктер жасап, бірақ Маған

ешкімді серік етпеген күйде Мені кездестірсең, Мен де (сол

Page 20: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

21

күнәларыңды жоятын) көлемдегі кешірім беремін», - дейді». (Тирмизи 2805).

Аллаһтан қорқып, кішіпейілділікпен, шынайы түрде жылау

Бұл мұсылманнның ең көркем сипаттарының бірі. Біле-білсек,

Аллаһтан шынайы түрде қорқу арқылы көзден шыққан бір тамшы

жас осы дүниедегі барлық нәрседен әлдеқайда артық. Иманның

тәттілігін сезінудің жолы да осы.

Аллаһтың азабы мен қаһарынан кез-келген жаратылыс қорқады.

Тіпті бекем болған алып таулардың өзі түкке тұрғысыз топырақ

болып, үгітіліп кетер еді. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құранда:

﴾لو أنزلنا هذا القرآن على جبل لرأيته خاشعا متصدعا من خشية اهلل ﴿

«Егер осы Құранды бір тауға түсірсек еді, Аллаһтан

қорыққандығынан үрейленіп, быт-шыт болып кеткенін көрер

едің», - деген. (Хашыр сүресі, 21-аят).

Көзге алынбас берік қамалдай болып көрінетін алып таулардың

өзі Аллаһтың қаһарынан үгітілер болса, онда қарапайым адамзаттың

кеуде-керіп, батырсынуы орынсыз болмақ. Шын мәнінде көзден жас

шыға отырып, жүрек елжіреген күйде құлшылық жасау ең үлкен

ләззаттардың бірі әрі бұл кішіпейілділік пен тақуалықты арттыруға

үлкен септігін береді. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾لألذقان يبكون ويزيدهم خشوعا و يخرون ﴿

«Олар жылаған күйде етпеттерінен түседі. Бұл олардың

кішіпейілділіктерін арттырады», - дейді. (Исра сүресі, 109-аят).

Сондай-ақ, Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен бір хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Аллаһтың көлеңкесінен өзге көлеңке болмаған Күні Аллаһ

жеті түрлі адамды27

Өзінің көлеңкесіне28

паналатады:

(Біріншісі) - әділ имам. (Екіншісі) - Аллаһ Тағалаға құлшылық

қылып өскен жігіт29

. (Үшіншісі) - жүрегі мешіттерге байлаулы

27 Яғни хадисте аталған сипаттар бойында табылған адамдардың бәрі де осы хадиске кіреді. 28 Бұл жерде кез-келген нәрсеге күші толық жетуші Құдіретті Аллаһ оларға арнайы бір көлеңке

жаратып, Қияметтің ыстығынан сақтап қалады деген мағына меңзелген. 29 Яғни басқалар осы өмірдің жылтырағына көбірек мән беріп, мәңгі өлместей тірлік еткенде

жастық шағын құлшылықпен өткізген жігіт, бозбала, бойжеткендер. Себебі қартайған адам

еріксіз құлшылыққа бой алады. Ал бойда қуат бар кезде өзін тежеп, Аллаһтың дініне көбірек

көңіл бөлу кез-келгеннің қолынан келе бермейді.

Page 21: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

20

адам30

. (Төртіншісі) - бірін-бірі Аллаһ үшін жақсы көріп, Оның

ризалығы үшін кездесіп, Оның ризалығы үшін ажырасқан екі адам31

.

(Бесіншісі) - әдемілігі мен мансабы бар әйел (ойнастыққа) шақырған

кезде: «Шын мәнінде мен Аллаһтан қорқамын», - дейтін адам.

(Алтыншысы) - Садақаны бергенде тіпті сол қолы оң қолының не

беріп жатқанын білмейтіндей етіп жасырын түрде садақа беруші

адам. (Жетіншісі) - жалғыз қалған кезде Аллаһты еске алып,

көздері жасқа шоматын адам», - деген. (әл-Бухари 660; Муслим 1031).

Мұсылмандар жүретін жолдағы кедергіні алып тастау

Бұл өзімізді қоршаған адамдарға, айналадығаларға жасаған

мейірім әрі иманның ажырамас тармақтарының бірі. Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Мен Жәннатта бір

адамның ағаш (көлеңкесінде) дем алып жатқанын көрдім. Ол (әлгі

ағашты тірі кезінде) мұсылмандарға кедергі келтіріп тұрған

жерінен кесіп тастаған-ды», - деген. (әл-Бухари 652; Муслим 1914).

Азаншының азанына жауап беру

Шариғат бойынша азаншының даусын естіген әрбір мұсылман

оның артынан қайталап, азан сөздерін айтып отыруы керек. Тек

«хайя аләссоләһ» және «хайя аләл фәләх» - деген тіркестерді

қайталап айтпайды, бәлкім оның орнына «лә хаулә уә лә қууәтә иллә

билләһ» - деп айтады. Сосын Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) салауат айтып, ол кісі үшін уәсилә сұрайды.

Бұған Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

мына хадисі дәлел. Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы

болсын) Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

мына бір сөздерін естігендігін жеткізеді: «Егер де азан естісеңдер,

онда (азаншы) не десе, соны айтыңдар да, сосын маған салауат

айтыңдар. Шын мәнінде кімде-кім маған бір рет салауат айтса,

Аллаһ оған сол үшін он рет салауат айтады. Сосын мен үшін

Аллаһтан уәсиләны сұраңдар. Ол Аллаһтың құлдарының арасынан

біреуіне ғана лайықты Жәннаттағы орын. Сол біреу мен болармын.

Кімде-кім мен үшін уәсилә сұрайтын болса, ол үшін (менің) шапағат

(етуім) рұқсат болады». (әл-Бухари 608; Муслим 389).

30 Яғни уақытының көп бөлігін мешіттерде өткізіп, әркез жамағат намаздарына қатысып тұрушы

адам. 31 Яғни тірі кездерінде де, өлгеннен кейін де бірін-бірі сыйлап, бауырластығы, достығы

жалғасқан жандар.

Page 22: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

22

Ал уәсилә дұғасына келер болсақ, Жәбир (Аллаһ оған разы

болсын) арқылы жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім азан естіген кезде:

«Аллаһуммә роббә һәзиһид-дағуатит тәәмәти уас соләтил қоймәти

әәти Мухаммаданил уәсииләтә уәл фадыйләһ. Уәб'әсһу мақоомәм

махмудәнилләзи уағәдтәһ», - десе, Қияметте менің оған шапағат

етуім рұқсат етіледі», - дейді. (әл-Бухари 614).

Дәретті (таһаратты) толық алу

Дәретті толық алу – Аллаһқа деген құлшылықты тиянақты

түрде орындаудың бірден-бір белгісі. Дәрет алуға немқұрайлы қарау

– соңы үлкен азапқа әкеп соғады, ал толыққанды түрде алу –

кешірімге жетелейді. Сондай-ақ, Аллаһ Тағаланың сүйікті

құлдарының қатарына қосылуға да себеп болмақ. Аллаһ Тағала

Құранда:

﴾ طهرينإن اهلل يحب التوابني ويحب املت﴿

«Шын мәнінде Аллаһ Тағала тәубе етушілерді және таза

болушыларды жақсы көреді», - деген. (Бақара сүресі, 222-аят).

Ал Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

болса: «Егер де (Аллаһтың) мұсылман немесе мүмин құлы дәрет

алып, бетін жуар болса, онда (харам болған нәрсеге) көзімен

қарағандағы әрбір қателігі бетінен сумен немесе судың соңғы

тамшысымен бірге шығып кетеді. Егер де екі қолын жуса, онда екі

қолымен ұстағандағы әрбір қателігі қолынан сумен немесе судың

соңғы тамшысымен бірге шығып кетеді. Ал егер екі аяғын жуса,

онда екі аяғы барғандағы әрбір қателігі қолынан сумен немесе

судың соңғы тамшысымен бірге шығып кетеді. Күнәдан таза болып

шыққанға дейін (осылай болмақ)», - дейді. (Муслим 244).

Жұма намазы мен бес уақыт намазды өткізіп алудан сақ болу

Бұл намаздарды өз уақытында, өз орнында, пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қалай оқыған болса, дәл

сол үлгіде оқу арқылы жүзеге асады. Намаздарды қаза етіп алудан

сақ болудың берер жемісі өте зор. Бұл сөзімізге Аллаһ елшісінің

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бес уақыт намаз, бір

жұма намазы екінші жұмаға дейін, бір рамазан екінші рамазанға

дейін кішігірім күнәлардың өшірілуіне (себепкер) болып табылады.

Page 23: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

23

Тек егер үлкен күнәлардан бойын аулақ ұстаса32

», - деген сөзі дәлел

болмақ. (Муслим 233).

Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Кімде-кім дәретті толыққанды

түрде алып, сосын жұма намазына барып, (имам хұтпасын) үнсіз

тыңдайтын болса, онда оның бір жұмадан екінші жұмаға дейінгі

аралықтағы және қосымша үш күндік (күнәлары) кешіріледі. Ал

енді кімде-кім кішкентай тастарды қолына алар болса, онда ол

болмашы (іспен шұғылданған) болып саналады33

», - делінген. (Муслим 587).

Бір намаздан кейін екінші намазды күту

Бір намаздан кейін екіншісін күту – мұсылманның аса жақсы

қасиеттерінің бірі. Кез-келген адамның қолынан келе бермейтіндігі

себепті бұл үшін берілетін сауаптар да өте үлкен. Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: «Аллаһ

Тағала соның себебімен қателіктерді өшіріп, дәрежелерді

көтеретін нәрсені айтайын ба?» - дейді. Сонда (сахабалар):

«Әлбетте, әй, Аллаһ елшісі!» - дейді. Пайғамбарымыз (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жеккөрінішті (жағдай) бола

тұра дәретті толыққанды алу34

, мешіттерге қарай басылған көп

қадам және де бір намаздан кейін екінші намазды күту. Міне бұл

сендер үшін рибат!»-дейді. (Муслим 251). Ал «рибат» - сөзіне келер

болсақ, негізі жауға қарсы соғысқа тұру, қару-жарақ дайындау

дегенді білдіреді. Адамның қандай қиындықтарға қарамастан толық

дәрет алуы, алыс бола тұра мешітке баруы және бәрін тастап,

намаздарды күтуі өте қиын нәрселердің бірі болып саналады. Сол

үшін де бұл нәрселер Құдіретті Күшті Аллаһ жолындағы күреске

теңестірілген.

Таң және екінді намазына қатты көңіл бөлу

Таң намазы уақыты ұйқының ең тәтті мезеттерінде кіруі

себепті, адамның жылы төсек пен жұмсақ жастықтан бас көтеруі

32 "Үлкен күнәлар" дегеніміз шариғат бойынша ол үшін арнайы жаза белгіленген және де

істеушісіне лағынет айтылған нәрселер. Мысалы: Намазды тастау, зина жасау, арақ ішу, өтірік куәгер болу, өсімқорлықпен айналысу т.б; 33 Ертеректе пайғамбар мешітінде жер төсеніштері болмауы себепті мешіт еденінде кішкентай

тастар көп болатын. Пайғамбарымыз осыны меңзеп, кімде-кім имамның сөзін тыңдамай, басқа

бір іспен шұғылданып, таспен ойнап отырар болса, онда ол бос іспен айналысып отырған болып

табылатынын айтқан. 34 Мысалы қыс уақыттарында немесе су қатты суық бола тұра дәретті толыққанды алу.

Page 24: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

24

қиындау болып табылады. Ал енді екінді намазының уақыты

жұмыстар бәсеңдеп, шаршау бет көрсете бастаған кезде кіруі себепті

адамның намазға тұруы да сәл қиындық тудырады. Бірақ, дәл осы

екі намазға көп көңіл бөлу – мұсылман адамның шыншылдығының,

ықыластылығының әрі Раббысына деген ризалығының айқын

белгісі. Әбу Муса Әл-Ашғари (Аллаһ оған разы болсын) былай

дейді: «Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім екі суықта35

намаз оқитын болса, онда Жәннатқа

кіреді», - деді. «Екі суық» - таң және екінді намаздары. (әл-Бухари

574; Муслим 635).

Сүннет рәуәтибтерді әрдайым жасауға тырысу

Аллаһтың нығметі мен мейірімділігінің кеңдігінің арқасында

мұсылмандар үшін парыз намаздарын толықтырып отыратын

Сүннет рәуәтибтер берілген.

Мүминдер анасы Умму Хабибә Рәмлә бинт Әби Суфиян (Аллаһ

әкесі екеуіне разы болсын): «Мен Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман құл күнделікті түрде

парыздан өзге он екі рәкағат қосымша намазды Аллаһ Тағала үшін

оқитын болса, Аллаһ ол үшін Жәннаттан үй салып береді. Немесе

ол үшін Жәннаттан үй салынады», - дегенін естідім», - дейді. (Муслим 728).

Хадисте айтылған он екі рәкәт намазға келер болсақ, ол бесін

парызының алдындағы төрт рәкәт пен кейінгі екі рәкәт, ақшам

парызынан кейінгі екі рәкәт, құптан парызынан кейінгі екі рәкәт

және таң намазының парызы алдындағы екі рәкәт Сүннет

намаздары. Мұсылман адам осы рәуәтиб Сүннеттерге қатты көңіл

бөліп, әркез орындап жүруге тырысуы керек әрі бұл намаздар үйде

оқылғаны абзал болып табылады. Жалпы, намаз рәкәттарының саны

мен оқылу тәртібінен хабардар болғысы келген адам осы саладағы

фиқһ кітаптарына жүгінгені жөн болар.

Аллаһтың сауабынан үміт күту әрі уәде еткен нәрселеріне сену

Қандай адам болмасын көбіне өзіне бір қиыншылықтар тап бола

қалса сабыр сақтап, Аллаһтың үлкен сыйларынан үміт күткеннің

орнына керісінше ашуға булығып, Аллаһқа, дінге, тағдырға тіл

тигізіп жатады. Бірақ, бізден талап етілетіні сабыр сақтап, Аллаһтың

35 "Екі суық" деген жерде таң намазы мен екінді намазы меңзелген. Себебі таң намазы уақыты

түннің ең суық мезетінде, ал екінді намазы күндіздің ең салқын уақытында кіреді.

Page 25: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

25

сауабы мен сыйына үміт ету және де Аллаһтың уәде еткен үлкен

нығметтеріне сеніп, соған қарай ұмтылу. Абдулла ибн Амр (Аллаһ

әкесі екеуіне разы болғай) арқылы жеткен хабарда Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Жақсы амалдардың)

қырық түрі бар әрі ең жоғарғысы - (мұқтаж болып тұрғанға) сүті

сауылуға жарайтын ешкіні уақытша қолдануға беру. Сауабына

үміт етіп, (берілген) уәдеге сеніп, осы (қырықтың) қайсібірін

атқарған адамды Аллаһ сөзсіз сол арқылы Жәннатқа кіргізеді», -

деген. (әл-Бухари 2631).

Өзгелерді жақсылық пен тура жолға сілтеу

Раббысын шынайы түрде танып, Оған разы болып, берілер

нығметтерге сенген адам өзгелерге де соны тілеуі керек. Сол себепті

де адамдарға жақсылық пен дінді үйретуге, жеткізуге тырысқаны

жақсы. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾ادع إىل سبيل ربك بالحكمة واملوعظة احلسنة ﴿

«(Адамдарды) Раббыңның жолына даналық және көркем

уағыз арқылы шақыр», - деп бұйырған. (Нахл сүресі, 125-аят).

Ал Әбу Масғуд Әл-Ансари (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Кімде-кім жақсылыққа сілтер болса, онда оған

жасаушының сауабындай сауап болмақ», - деген. (Муслим 1893).

Сондай-ақ, Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен хабарда пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Кімде-кім тура жолға шақырар болса, онда оған оның

артынан ілескендердің сауабындай сауап болмақ. Олардың

сауабынан ешнәрсе де кемітілмей беріледі. Ал кімде-кім

адасушылыққа шақырар болса, онда оған оның артынан

ілескендердің күнәсіндей күнәлар жазылмақ. Олардың күнәларынан

ешнәрсе кемітілмей беріледі», - деген. (Муслим 2674).

Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю

Кімде-кім Аллаһты жақсы көрер болса, онда ол адамдарды

Аллаһтың жақсы көрген нәрсесіне қарай шақырып, Аллаһтың

жеккөргенінен тыюға асығар еді. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾وتؤمنون باهلل﴿كنتم خير أمة أخرجت للناس تأمرون باملعروف وتنهون عن املنكر

Page 26: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

26

«Сендер адамдар үшін жақсылыққа шақырып,

жамандықтан тыятын әрі Аллаһқа иман келтірген ең жақсы

үммет болып шығарылдыңдар», - дейді мұсылмандар жайында. (Әли Ғымран сүресі, 110-аят).

Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю – қоғамның жеке

тұлғалары ғана емес, бәлкім толық қоғамның көркеюіне де үлкен

септігін тигізеді. Осы екі қасиетті өз бойында тәрбиелей білген

қоғам қайкезде де жетістікте болмақ. Ал егер жақсылыққа шақыру

мен жамандықтан тыю жоғалатын болса, онда үммет үлкен

құлдырауға душар болады. Бұл сөзімізге дәлел келтіре кетсек,

исрайлдықтардың сенбі күні жасаған опасыздықтарын айтуға

болады. Аллаһ Тағала:

وم ﴿وسئلهم عن القرية التي كانت حاضرة البحر إذ يعدون في السبت إذ تأتيهم حيتانهم ي ﴾تأتيهم كذلك نبلوهم بما كانوا يفسقون سبتهم شرعا ويوم ال يسبتون ال

«Олардан теңіздің жанында болған қала жайында сұра. Олар

сенбі күні балық аулап, шектен шығатын еді. Сонда олардың

сенбіні тойлаған кезінде, балықтар, оларға қаптап келіп, сенбісіз

күнде оларға келмейтін еді. Олардың зұлымдықтары себепті

оларды осылай әуреге салдық», - деген. (Ағраф сүресі, 163-аят).

Олар сенбі күні балық аулап, шектен шықты. Алайда Аллаһ

оларға бұл нәрсені жасауға тыйым салған-тын. Бірақ олар өздерінше

Аллаһты алдаймыз деген оймен жексенбі күні теңізге ау тастап,

келесі жексенбіде алатын. Яғни сенбі күнінде емес, бір апта ауладық

деп ақталатын.

Оларға сенбі күні балық аулау тыйым салынған кезде сол

қалада үш топ адамдар пайда болады. Бірінші топ салихалы, ізгі

жандар, екінші топ өздері жасамайды, бірақ жасағандарға да тыйым

салмайды. Ал үшінші топ Аллаһтың әміріне қарсы келіп, балық

аулауға шыққандар. Салихалы жандар әлгі бұзықтардың

бұзақылықтарын тыйып, тоқтатуға тырысып бақса, енді бір топ үнсіз

қалып, жамандықтан тыюға немқұрайлы болатын. Аллаһ Тағала бұл

жайында:

﴿لم تعظون قوما اهلل مهلكهم أو معذبهم عذابا شديدا قالوا معذرة ﴾إلى ربكم ولعلهم يتقون

«Сол уақытта олардың бір тобы: «Аллаһ құртып жіберетін

немесе қатты азапқа түсетін қауымға неменеге уағыз

айтасыңдар?» - дейді. Сонда уағыз айтушылар (салихалы

Page 27: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

27

жандар): «Раббыларымызға ғұзырымыз болсын, бәлкім олар

сақтанар», - дейді». (Ағраф сүресі, 164-аят).

Осы үш топтың ішінен тек салихалы, ізгі жандар ғана Аллаһтың

азабынан аман қалып, ал сенбі күні теңізге ау тастаушы және де

олардың бұл қылығын тыймаған екі топ азапқа душар болды. Демек,

өздері салихалы жан бола тұра насихат айтудан бас тартып, тіпті

өздері оны жасамаса да азапқа душар болды. Ондай болса үмметтің

жетістікке жетуі – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыюға келіп

тіреледі екен.

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

жақсылыққа шақырушылар мен жамандықтан тыюшылар жайында

өте жақсы мысал келтіріп кеткен. Ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) бір хадисінде: «Аллаһ орнатқан заңдар шегінен

аспаушы адам (яғни жақсылыққа шақырып, жамандықтан

тыюшы) мен шектен асып кеткен адамның мысалы кемеге

мінгескен қауым сияқты. Бірі кеменің астыңғы қабатында болса,

енді бірі үстінгі қабатында. Кеменің астындағылары суды кеменің

үстіндегілерінен алатын. Күндердің күнінде олар: «Үстідегілерді

мазалап қайтеміз, осы жерден тесік жасап, суды сол жерден алсақ

та болады», - дейді. Егер олар тесетін болса, толық кеме батып

кетеді, ал егер де кеменің үстіндегілер кеменің астындағыларға

жәрдем берсе, онда барлығы да аман қалады. Ал жәрдемсіз

қалдырса кеме тесіліп, барлығы да құриды», - деген. (әл-Бухари,

2493). Демек, күнәһар, бұзық қауымға уағыз айтып, жақсылыққа

шақырмаса толық үммет қиындыққа душар болады. Білім, ақыл

иелері оларға қолұшын беріп, құлдыраудан, Аллаһтың азабынан

аман алып қалуға тырысуы керек. Күнәһарлар себебінен туындаған

азап ақ-қарасын алаламай, жақсыны да, жаманды да алып, тегіс

жалмап кететіні тағы да белгілі. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾تنة التصيبن الذين ظلموا منكم خاصة واعلموا أن اهلل شديد العقابواتقوا ف﴿

«Және сендерден жеке залым болғандарға ғана кесірі тиіп

қалмайтын бүліктен сақтаныңдар. Сондай-ақ Аллаһтың қатты

азап иесі екенін біліңдер», - дейді. (Әнфәл сүресі, 25-аят).

Демек, фитнадан, бүліктен кейінгі азап барлығын да жалмап

кетеді екен. Ондай болса жақсылыққа шақырып, жамандықтан

тыюдың маңызы қаншалықты жоғары болса, қаупі де соншалықты

жоғары.

Page 28: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

28

Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан

тыюды отбасынан бастау

Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыюда әрбір адамға

жүктелген жауапкершілік бар. Яғни бұл әрбір адамның атқаруы

керек болған маңызды нәрсе. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын): «Кімде-кім жеккөрінішті іс көрсе, оны қолымен

өзгертсін. Егер шамасы келмесе, онда тілімен. Ал бұған да шамасы

келмесе, онда жүрегімен өзгертсін, алайда бұл иманның әлсіздігінің

белгісі», - деген. (Муслим, 177).

Әрбір адам өзінің отбасын жақсылыққа шақырып, жамандықтан

тыйып отыруы керек. Себебі әрбір адамның отбасындағы жағдай үй

иесіне ғана белгілі әрі өзі түземесе, оны басқа біреу келіп түзеп бере

алмайды. Ондай болса әйел бала-шаға, үйге келген қонақтарға

насихат жасау әрбір мұсылманның жеке парызы. Аллаһ Тағала

Құранда:

أنفسكم وأهليكم نارا وقودها الناس واحلجارة عليها مالئكة ﴿يأيها الذين آمنوا قوا ﴾عالظ شداد ال يعصون اهلل ما أمرهم ويفعلون ما يؤمرون

«Әй, иман келтіргендер! Өздеріңді әрі отбасыларыңды отыны

адамдар мен тастар болатын Оттан қорғаңдар. Оның

басындағы періштелер жуан денелі, қатал. Олар Аллаһтың

бұйырған әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйырылса, соны

орындайды», - деген. (Тахрим сүресі, 6-аят).

Сондай-ақ, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Әрбірің бақташысыңдар әрі өзінің қарамағындағылар

үшін жауап береді. Басшы да бақташы, үй иесі де өзінің

отбасының бақташысы, әйел де өзінің күйеуінің үйінің және

балаларының бақташысы, демек, әрбірің бақташысыңдар, әрі өзінің

қарамағындағылар үшін жауапкершілігі бар», - деген. (әл-Бухари,

5200). Жақсылыққа шақыру мен жамандықтан тыю барлық кезде де

жүру керек, алайда жасау жолдары шаманың келуіне байланысты.

Үй иесі балалары мен әйеліне, үйіне келген қонақтарға насихат

айтып, жамандықтарын қолымен тыйя алады. Себебі сол үйдегі

билік соның қолында әрі ешкім де бұған қарсы келіп, реніш

білдіруіне хақысы жоқ. Қалған жағдайлар да осындай.

Ал қолда билік жоқ жағдайда жамандық көрген адам жүрекпен

жеккөруге тырысу керек. Егер тіпті жүрекпен тыюға шамасы

келмей, жеккөрінішті іске разы болса, онда ол адамның иманы жоқ

Page 29: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

29

десек артық болмас. Ең төменгі иманнан төмен нәрсе болмайтыны

айтпаса да белгілі.

Мұсылмандарға жәрдем беріп, мұқтаждықтарын өтеу

Кез-келген мұсылман адам Аллаһты жақсы көруде өзімен бірге

серік болған бауыры, екінші мұсылманға әркез қолұшын беріп

отыруы керек. Себебі Құдіретті Күшті Аллаһты жақсы көрген адам

ендігі кезекте Аллаһтың сүйікті болған құлдарын да жақсы көруі

керек етіледі. Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) арқылы

жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Мұсылман мұсылманның бауыры. Оған зұлымдық

жасамайды да, оны (зұлымдық жасаушыларға) тапсырмайды36

.

Кімде-кім бауырының қажеттілігін (өтесе), Аллаһ та оның

қажеттілігін (өтейді). Кімде-кім мұсылманның бір мұңын басса,

Аллаһ та осы арқылы оның Қияметте болатын мұңдарының бірін

сейілтеді. Ал кімде-кім мұсылманның (күнәсін) жасырса, Аллаһ та

оны Қияметте жасырады», - деген. (әл-Бухари 2442; Муслим 2580).

Осы хадиске біршама түсініктеме бере кетсек, хадистегі «мұң»

сөзі белгілі бір қиындықтар не басқа да жағдайлар себебінен

адамның көкейінде ұстайтын күйініші. Ал мұсылман адамдар өзара

осы мұңды кетіріп, өзара жәрдемдесуі жөн болады. Мұсылманның

мұңын басу түрлі жолдармен жасалады. Мысалы: ақша жағынан

қиындық көрсе, онда оған жәрдем беріп, сол арқылы мұңын басу;

Егер жабырқаңқы болып, көңілсіз болса, онда көңілін көтеру, егер

денсаулығы нашарлау болса, барынша жәрдем беріп, болмаса басу

айту дегендей түрлері көп.

Ал басқаның жасаған күнәсін жасыру мәселесіне тоқталсақ,

қандай күнә жасаса да жасыру керек деген сөз емес. Себебі

жасырудың өзі кей жағдайда мақтауға лайықты болса, кейде

жасыруға болмайтын түрлері бар. Мысалы, әркез күнә жасаушы,

бұзық мұсылманның күнә жасағанын көрсек, онда оның күнәсін

жасыруға болмайды. Себебі ол одан сайын басынып, күнәлар санын

көбейтіп кетуі ғажап емес. Ал енді байқаусызда күнә жасап қойған

мұсылман болса, онда оның күнәсін шама келсе жасырған дұрыс.

Сондай-ақ, жасыру үкіміне күнәдан өзге де нәрселер кіреді. Мысалы,

денесінде бір кемістігі болып, оны басқаға айтудан ұялатын болса, оны біліп

қалған басқа мұсылман шамасы келгенше жасырған жақсы.

36 Зұлымдықтың ешбір түрін жасамайды, яғни дініне, жанына, малына, отбасына, денсаулығына

зиян тигізбейді.

Page 30: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

31

Жетімдерге қамқорлық пен жақсылық жасау

Аллаһ Тағала Құранда жетімдерге жұмсақ болуды бұйырып:

﴾﴿فأما اليتيم فال تقهر

«Ендеше жетімді қорлама», - дейді. (Дұха сүресі, 9-аят).

Сондай-ақ, Аллаһ елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) жеткен хабарлардың бірінде ол кісі (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын): «Мен және жетімге қамқорлық жасаған адам

екеуіміз Жәннатта мынадай боламыз», - деп, сұқ саусағы мен

ортаңғы саусағын көрсетіп, арасын ашады. (әл-Бухари 5304; 6005).

Жесірлер мен кедей-кепшіктерге жәрдем беру

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Жесір мен міскіндерге (жәрдем етуге) асығатын адам Аллаһ

жолында күресушімен тең», - деген. (Әбу Һурайра): «Сондай-ақ ол

кісі: «Шаршаусыз түні бойы намаз оқушы және үзбей ораза

ұстаушы сияқты», - деді ғой деймін», -дейді. (әл-Бухари 6007;

Муслим 2982).

Қыздарға және әпке-қарындастарға жақсылық жасау

Әнас (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен хабарда Аллаһ

елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бойжеткенге37

дейін екі қыз балаға қамқор38

болған адам екеуіміз Қиямет күні

мынадай болып келеміз», - деп, саусақтарын біріктірді. (Муслим 2631).

Жанұяға қамқорлық жасау

Әрбір ер адам өзінің отбасының, жанұясының бақташысы әрі

сол жанұясын барлық жағынан қамтамассыздандыруы талап етіледі.

Ислам дінінің көркемділігінің жоғары болғаны сонша, тіпті отбасыға

ақшалай жәрдем жасаудың өзі үлкен сауаптарға қол жеткізуге

37 Бұл жерде қыз баланың балиғатқа жеткен уақыты меңзелген. Қыз баланың балиғатқа жетуінің

төрт белгісі бар: Жасы он беске жетуі, түк өсуі, түнгі поллюция және де етеккір келуі. Осы

төртеуінің қайсыбірі орындалса ол қыз балиғат жасына жеткен болып саналады. 38 Қамқорлық дегеніміз екі түрлі. Рухани жағынан, яғни ілім мен тәрбие беру. Екіншісі

материалдық жағынан, яғни ішіп-жем, киім-кешекпен қамтамассыз ету.

Page 31: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

30

септігін тигізеді. Отбасыға ақшалай жәрдем жасап, асырау – ер

адамның парызы. Бірақ, ол үшін үш шарт орындалуы керек.

Біріншіден: Садақа етуші әке ақша шығаруға, яғни отбасын асырауға

шамасы толық жетерлік болуы керек. Екіншіден: Садақа алушы

адам, яғни бала-шаға өзін-өзі асырауға шамасы келмейтін жан болуы

керек. Егер де өзін-өзі асырауға шамасы келетін болса, онда әкесі

оған ақша шығаруы міндет емес. Үшіншіден: Садақа алушы адам

садақа берушінің мирасқоры болуы керек. Демек, алыс туыстар

біреудің отбасына садақа беруі міндет емес. Ал егер беремін десе өз

еркі. Бәлкім әрбір адам өз отбасы үшін садақа шығаруы міндет. Осы

үш шарт толық орындалса, онда үй иесі өзінің қарамағындағылар

үшін садақа етіп ақша шығаруы, оларды асырауы жеке парыз, яғни

парыз айн болады.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір

хадисінде: «Ер адамның садақа етіп шығарған динарының ішіндегі

ең абзалы – өзінің қарамағындағылары39

үшін шығарған динар,

Аллаһ жолындағы өзінің көлігіне шығарған динар және де Аллаһ

жолындағы өз жолдастары үшін шығарған динар», - дейді. (Муслим

954).

Ата-анаға жақсылық жасау

Ата-анаға жақсылық жасау – ұлы, абзал амалдардың бірі, тіпті

Аллаһ хақысынан кейін келетіні де осы ата-ана хақысы. Бұл

жайында көптеген аяттар мен хадистер келген. Аллаһ Тағала

Құранда:

تقل لهما هما فالإياه وبالوالدين إحسانا إما يبلغن عندك الكبر أحدهما أو كال تعبدوا إال وقضى ربك أال ﴿ ﴾كرميا تنهرهما وقل لهما قوال أف وال

«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге

жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе

екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Туһ» деме (Кейіс

білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз

сөйле», - дейді. (Исра сүресі, 23-аят).

Сондай-ақ, Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын): «Мен

пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ

Тағалаға қай амал сүйіктірек?» - деп сұрадым. Ол кісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уақытысында оқылған

намаз», - деді. Мен: «Сосын қайсысы?» - дедім. Ол кісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ата-анаға жақсылық

39 Араб нұсқасында "ғиял" - деп берілген, яғни әйелі, бала-шағасы, жақындары, күңі мен құлы

т.б

Page 32: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

32

жасау», - деді. Мен: «Сосын қайсысы?» - деп едім ол кісі: «Аллаһ

жолында соғысу», - деді», - дейді. (әл-Бухари 527; Муслим 85).

Сондай-ақ, тағы бір хабарда: «Ата-анасының бірі немесе екеуі

де кәрілікке жеткен кезін көріп, бірақ Жәннатқа кіре алмай қалған

адам үлкен ұятта, үлкен ұятта, үлкен ұятта», - деген екен. (Муслим 2551).

Туыстық қарым-қатынасты сақтау

Ислам діні қоғамдық біртұтастыққа қатты көңіл бөледі. Ал

соның ішінде туыстық қарым-қатынасқа өте үлкен орын берген. Әбу

Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен хадистердің

бірінде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірген болса, онда

қонағына жомарттық жасасын. Және кімде-кім Аллаһқа және

ахирет күніне иман келтірсе, онда туыстық қарым-қатынасын

сақтасын. Ал кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірсе,

онда жақсы сөз айтсын немесе үндемесін» - деген. (әл-Бухари 6138;

Муслим 47). Сондай-ақ, Әбу Айюб (Аллаһ оған разы болсын) былай дейді:

«Бір адам: «Әй, Аллаһ елшісі! Мені Жәннатқа кіргізіп, Тозақтан

алыстататын бір амалды айтыңызшы», - деп еді, Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһқа ғана құлшылық қыл

әрі Оған ешнәрсені серік етпе, намазды толық орында, зекетті өте

әрі туыстық қарым-қатынасты сақта», - дейді. (әл-Бухари 1396;

Муслим 13).

Көршілерге жақсылық жасау

Көрші дегеніміз бірінің үйі екіншісінің үйіне іргелес, жақын

болған адамдар. Жалпы, шариғат бойынша көршілік құқыққа ие

болу үшін нақты ереже айтылмаған, бәлкім, көршілер тұрғылықты

жердің салтына байланысты анықталады. Яғни бұл белгілі бір халық

салтына байланысты, егер де ол халық ішінде тек есіктері қарама-

қарсы орналасқан екі үй көрші деп аталып, басқалары көрші есебіне

кірмейтін болса, онда ол солай қабылданады. Ал егер де халық

салты бойынша бүтін бір ауыл көрші есебіне кіретін болса, онда ол

солай қабылданады.

Аллаһ Тағала көршілерге жақсы қарым-қатынаста болуды

бұйырып:

Page 33: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

33

دوا اهلل والتشركوا به شيئا وبالوالدين إحسانا وبذي القربى واليتامى واملساكني واجلار واعب﴿ ﴾ذي القربى واجلاراجلنب

«Аллаһқа ғана құлшылық қылыңдар әрі Оған ешнәрсені серік

етпеңдер және де ата-анаға, туыстарға, жетімдерге,

міскіндерге, туыс көршілеріңе және де бөгде көршілерге

жақсылық қылыңдар», - деп бұйырған. (Ниса сүресі, 36-аят).

Ғұламалар көршінің үш түрлі болатынын айтады: Біріншісі

туыс әрі мұсылман болған көрші. Оның үш хақысы бар. Біріншіден

мұсылмандық хақысы, екіншіден туыстық хақысы және үшіншіден

көршілік хақысы. Аяттағы: «туыс көршілеріңе» - деген сөз осының

айғағы. Адам бұған көбірек көңіл бөлуі керек.

Екіншісі: Туыс емес, алайда мұсылман болған көрші. Оның екі

хақысы бар. Мұсылмандық және көршілік хақысы. Ал үшіншісі

кәпір көрші. Оның тек көршілік хақысы бар. Аятта: «бөгде

көршілерге» - деп келген. Бірақ, қайсібірі болса да, өзіндік хақысы

бар әрі оны өтеу мұсылманның міндеті.

Ал енді көршінің хақысы қандай екенін білу үшін Аллаһ

елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистеріне

назар аударып көрейік. Ибн Омар және Айша (Аллаһ оларға разы

болсын) арқылы жеткен хадистерде пайғамбар (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Жәбрайл маған көрші жайында өсиет

етуін доғармағаны сонша, тіпті мен (көршіні) мирасқор етіп бере

ме деп ойлап қалдым», - деген. (әл-Бухари 6014; 6015; Муслим 2624;

2625).

Қонақтарға жомарттық көрсету

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен

хадистердің бірінде Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірген

болса, онда қонағына жомарттық жасасын. Және кімде-кім

Аллаһқа және ахирет күніне иман келтірсе, онда туыстық қарым-

қатынасын сақтасын. Ал кімде-кім Аллаһқа және ахирет күніне

иман келтірсе, онда жақсы сөз айтсын немесе үндемесін», - деген. (әл-Бухари 6138; Муслим 47).

Ізгі, салихалы жандарды зиярат етіп, әркез солармен

бірге болып, оларды жақсы көру

Page 34: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

34

Әрдайым Аллаһқа бойұсынып, құлшылық пен басқа да істерде

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

Сүннетіне еліктеп, алғашқы буын сахабалар мен табиғиндерге әрі

үлкен ғұламалардың сөзіне ерушілер – ізгі, салихалы жандар болып

табылады. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

мұсылмандарға осындай ізгі жандардың қасында жүріп, әркез

солармен қарайласып тұруды көп насихат еткен. Бізге жеткен

хадистерінің бірінде ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын): «Бір адам басқа бір ауылда тұратын бауырын40

зиярат

етті. Сонда Аллаһ Тағала бір періштеге (әлгі адамның) жолында

күтіп тұруын бұйырады. (Әлгі адам періштеге) кезіккен кезде

(періште): «Қайда бара жатырсың?» - деп сұрайды. Ол: «Мен осы

ауылдағы бауырыма бара жатырмын», - деп жауап қатады.

(Періште): «Мүмкін сен оған кезінде бір жақсылық жасап, (соны

қайтарып алу үшін) бара жатқан шығарсың», - деп еді, әлгі адам:

«Жоқ. Мен бар болғаны оны Аллаһ Тағала үшін жақсы көремін», -

дейді. Сонда (періште): «Ондай болса мен Аллаһтың саған

жіберген елшісімін. Сен оны Аллаһ үшін қалай жақсы көрсең, Аллаһ

та сені солай жақсы көргендігін (айту үшін жіберілдім)», - дейді. (Муслим 2567).

Тағы бір хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) мысал келтіріп: «Шын мәнінде ізгі жолдас пен

нашар жолдас – әтір сататын (адам) мен ұста көрігін үрлейтін41

(адам) сияқты. Әтір иесі болса саған (жақсы бір нәрсені) сый етер

немесе сен одан бір нәрсе сатып аласың. Тіпті болмаса оның жақсы

иісін байқайсың. Ал көрік үрлейтінге келсек, не ол сенің киіміңді

өртер, не сен оның үстінен шығатын жағымсыз иісті сезесің», -

дейді. (әл-Бухари 2104; 5534; Муслим 2628).

Аурудың көңілін сұрау

Сәубән (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен бір хабарда

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): "Шын

мәнінде егер де мұсылман адам өзінің бауырының көңілін сұрап

барар болса, қайтқанға дейін хурфатул-жәннада болады» - деді.

Сонда ол кісіге: ««Хурфатул-жәнна» деген не?» - делінді. Ол кісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ол - (жұмақтың)

жемісі», - дейді. (Муслим 2568).

40 Яғни Ислам бойынша болатын бауырластық меңзелген. 41 Ұста көрігі – темір ұстасы дүкеніндегі көмірді үрлеп темірді қыздыру үшін теріден жасалған

үрлеуіш.

Page 35: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

35

Осы орайда ауруды зиярат етіп, көңілін сұраудағы кейбір

әдептерді айта кетсек, біріншіден: көңіл сұраушы адам осы ісі

арқылы Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

бұйрығын орындап жатқанын ниет ету керек.

Екіншіден: ауырып жатқан бауырына ізгілік көрсету ниетімен

бару керек.

Үшіншіден: ауырып жатқан бауырына тек пайдалы істерді

айтып, тәубе ету, күнәлары үшін кешірім сұрау және адамдардың

хақысын өтеуін есіне салу керек.

Төртіншіден: Ауырып жатқан бауырының шамасы келмей

жатқан нәрселерінде жәрдем беруі керек.

Бесіншіден: Көңіл сұрай келген адам аурудың жағдайына қарап,

ұзақ не аз отыруды өзі білуі керек. Егер де аурудың мазасы қашатын

болса, шамасы келсе аз отырып, ал егер де сырлас дос іздеп

отырғанын байқаса, ұзағырақ сырласқаны жақсы.

Алтыншыдан: Ауру адамды жұбатып, осы ауруы арқылы Аллаһ

оның күнәларын кешіп жатқанын айта отырғаны да жөн болады.

Жетіншіден: Әлбетте, көңіл сұрай келген адам ауырып жатқан

бауыры үшін дұға жасап, Аллаһтан шипа сұрағаны жақсы. Сондай-

ақ, ауырып жатқан адам да өз алдына ризалығын білдіріп, көңіл

сұрай келген бауыры үшін дұға жасағаны да жөн, себебі аурудың

дұғасы қабыл болуы жеңіл болып табылады. Осы және осы сияқты

әдептерге сүйене отырып, әрбір мұсылман өзінің бауырын зиярат

етіп, көңілін сұрай жүргені жақсы амал болып табылады. Себебі бұл

мұсылманның екінші мұсылмандағы хақысы. Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылманның

екінші бір мұсылмандағы хақысы бесеу: Сәлемге жауап қату,

аурудың көңілін сұрап бару, жаназаның соңынан еру, шақырғанына

жауап қату және түшкірсе (тиісті дұғасын айтып) жақсылық

тілеу», - деген. (әл-Бухари 1240; Муслим 2162).

Аллаһ үшін жақсы көру және сәлемдесу

Аллаһ үшін жақсы көру – иманның ең абзал тармақтарының

бірі. Осы арқылы адам иманның тәттілігін сезіне алады. Ал Аллаһ

үшін жақсы көру қасиетіне жетелер себептердің ең маңыздысы –

өзара сәлемдесу.

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір

хадисінде: «Кімде-кімнің бойында үш нәрсе болса, ол иманның

тәттілігін табады. (Ол үш нәрсе):

- Аллаһ пен Оның елшісін басқа нәрселерден де артық жақсы

көру;

Page 36: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

36

- Біреуді тек Аллаһ үшін жақсы көру;

- Отқа тасталуды жек көргеніндей күпірлікке қайтуды жек

көру» - дейді. (әл-Бухари 16; Муслим 43).

Сондай-ақ, тағы бір хадисінде: «Шын мәнінде Аллаһ Тағала

Қиямет күні: «Бірін-бірі Менің құдіретім үшін жақсы көргендер

қайда? Бүгін Менің көлеңкемнен өзге көлеңке болмаған күні мен

оларды Өзімнің көлеңкеме паналатамын», - дейді», - деген. (Муслим

2566). Қиямет күні күннен қорғап, көлеңке боларлық ешнәрсе

болмайды. Адамдар өздерінің терлеріне батып, жан сауғалап, қатты

ыстыққа шыдамаған кейбіреулер тіпті: «Мұндай азапты көргенше

Тозаққа бара салғанымыз жақсы», - дейді. Сондай қиын мезетте

Аллаһ Тағала жоғарыдағы сипат иелері үшін бір көлеңке жаратып,

сол жерге паналауға рұқсат етеді. Ол көлеңкенің дәрежесі жоғары

болғаны сонша, тіпті бұл дүниедегі ешбір уақыттағы көлеңке оған

теңесе алмас. Сол үшін де Аллаһ Тағала ол көлеңкенің дәрежесінің

жоғарылығын көрсету үшін «Менің көлеңкем», - деп айтады.

Сондай-ақ, тағы бір хадисте: «Жаным қолында болғанмен ант

етейін, иман келтірмегенше Жәннатқа кіре алмайсыңдар. Ал бір-

біріңді өзара жақсы көрмейінше иман келтіре алмайсыңдар. Егер

соны жасасаңдар өзара жақсы көре бастауға жетелейтін бір

нәрсені айтайын ба? Өзара сәлемдесіңдер», - деген екен. (Муслим

54).

Кішіпейілділік пен қарапайымдылық

Кімде-кім Раббысын ұлық деп біліп, тәкәппарлық пен

ұлылықтың бәрі де Аллаһқа тән екендігін шынайы түрде мойындаса,

онда ол осы сипаттарда Раббысына теңесуден бас тартып, барынша

кішіпейіл әрі қарапайым болуға тырыспақ. Аллаһ Тағала Құранда:

﴾ تلك الدار اآلخرة نجعلها للذين ال يريدون علوا في األرض وال فسادا والعاقبة للمتقني ﴿

«Міне, сол ахирет жұрты: Оны жер бетінде жоғарылық пен

бұзықтықты қаламайтындар үшін нәсіп етеміз. Негізінде соңғы

табыс тақуалардыкі», - деген. (Қасас сүресі, 83-аят).

Хариса ибн Уәһб арқылы жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендерге Жәннат иелері

жайында хабар берейін бе? Барлық әлсіз бен (халық менсінбеген)

бейшара. Егер де ол (бір нәрседе) Аллаһқа ант етсе, (Аллаһ оның)

антын орындайды. Енді сендерге Тозақ иелері жайында хабар

берейін бе? Барлық дөрекі, сараң әрі тәкәппар», - дейді. (әл-Бухари

4918; Муслим 2853).

Page 37: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

37

Әбу Сағид Әл-Худрийден (Аллаһ оған разы болсын) жеткен

хабарда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Жәннат пен Тозақ өзара дауласып қалып42

, Тозақ: «Менің ішімде

қаталдар мен тәкаппарлар болады», - десе, Жәннат тұрып: «Менің

ішімде әлсіздер мен кедей-кепшік болады», - дейді. Сөйтіп Аллаһ ол

екеуінің арасына билік жүргізіп: «Шын мәнінде Жәннат, сен Менің

мейірімімсің. Сен арқылы қалағаныма мейірімділік етемін. Ал шын

мәнінде Тозақ, сен Менің азабымсың. Сен арқылы қалағаныма

азабымды жүргіземін. Екеуіңді де толтыру Менің міндетім», -

деді», - дейді. (Муслим 2847).

Ал Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

қарапайымдылығы мен кішіпейілділігіне мына бір шағын хадистер

дәлел болады. Бір күні Әнас ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын)

кішкентай балалардың қасынан өтіп бара жатып, оларға сәлем

береді. Сосын: «Пайғамбар да осыны жасайтын» - дейді. (әл-Бухари

5778). Әнас (Аллаһ оған разы болғай) арқылы жеткен тағы бір хадисте

ол: «Мәдиналық күңдердің бірі Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) қолынан алып, қай жерге барғысы келсе,

сол жерге алып кететін», - деген. (Бухари 5610). Яғни,

қарапайымдылығы сонша, жүр мындалап жетектегеннің кез-

келгенінің көңілін баурап, еріп кете беретін (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын).

Жануарларға мейірімділік жасау

Аллаһ Тағаланың мейірімі мейірімділерге беріледі. Бәлкім

Жәннатқа кірудің өзі де Аллаһтың мейірімі мен кеңдігінің

арқасында ғана болмақ. Ондай болса ақыл иесі болған адамдар

айналасындағыларға мейірімді болуы керек.

Сөзімізге дәлел келтірер болсақ, Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Бір адам көшеде келе жатып қатты

шөлдейді. Сөйтіп бір құдыққа кезігіп, ішіне түседі де су ішеді. (Су

ішіп болып, құдықтан) шығып қараса, тілі салақтап, шөл

қысқаннан дымқыл балшық жеп тұрған итті байқайды. Сонда әлгі

адам: «Мына ит мен шөлдегенімдей шөлдеп тұр-ау», - деп, құдыққа

(қайта) түсіп, аяқ киіміне су толтырып, аузымен тістеп сыртқа

шығады да итке береді. Сөйтіп Аллаһ (әлгі адамға) алғыс білдіріп,

күнәсін кешіреді», - дейді43

. (Мұны естіген сахабалар): «Әй, Аллаһ

42 "Жәннат пен Тозақтың дауласуы" ғайып ілімдеріне жатады, яғни әрбір мұсылман бұған иман

келтіруі керек әрі қалай дегендей сұрақтар қойып, тереңдемегені дұрыс. Бұл бір Аллаһқа ғана

белгілі. 43 Имам Бұхари келтірген нұсқада "Әрі Жәннатқа кіргізді" - делінген.

Page 38: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

38

елшісі! Сонда біздің малдарымыз үшін де сауап бар ма?» - деп еді,

ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кез-келген тірі

жан үшін сауап бар», - дейді. (әл-Бухари 2363; Муслим 2244).

Сүннетке берік болу

Адамның ізгі амалдары мен құлшылықтарының қабыл

болуының бірінші шарты Аллаһқа ықыласты болу екендігін

кітаптың ең алғашқы беттерінде айтып кеткен болатынбыз. Ендігі

кезекте екінші шарты – Сүннетке сәйкес амал жасау жайында сөз

өрбітпекпіз. Тіпті Аллаһты жақсы көрушіліктің өзі де тек қана

Сүннетке еру арқылы дәлелденеді. Ал кімде-кім Сүннетке еліктеп,

барлық ісін пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) атқарғанындай атқарар болса, онда оны Аллаһ та жақсы

көреді. Аллаһ Тағала Құранда пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтуды бұйырған:

﴾قل إن كنتم تحبون اهلل فاتبعوني يحببكم اهلل ويغفر لكم ذنوبكم ﴿

«Сен: «Егер де Аллаһты жақсы көрсеңдер, онда маған

еріңдер. Сол кезде Аллаһ та сендерді жақсы көреді әрі

күнәларыңды кешіреді» - деп айт». (Әли Ғымран сүресі, 31-аят).

Демек, Аллаһты кез-келген адам жақсы көре алатыны сөзсіз,

алайда Аллаһ сізді жақсы көре ме?! Осы нәрсе маңыздырақ екені

айтпаса да белгілі. Ондай болса Сүннетке еліктемей, өздігінше дінге

жаңалық енгізіп, сол жаңалығын Аллаһты жақсы көрушіліктен

туындаған десе, ол адамның бұл талпынысы бос әурешілік. Себебі

Аллаһ Тағала тек қана шынайы ықыластылық пен Сүннетке сәйкес

амалды ғана қабыл етеді. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын)

арқылы жеткен хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «(Кіруден) бас тартқандардан өзге менің

үмметімнен барлығы да Жәннатқа кіреді» - дейді. Сонда ол кісіге

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «(Жәннатқа кіруден) кім

бас тартпақ, әй, Аллаһ елшісі?!» - делінді. Ол кісі (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім маған бойұсынса, Жәннатқа

кіреді. Ал кімде-кім маған бойұсынбаса, онда бас тартқан болып

табылады», - дейді. (әл-Бухари 7280).

Демек, ілесу мен бойұсынуда біз үшін ең абзал жан ол –

Мұхаммед (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын). Аллаһ Тағала

Құранда:

Page 39: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

39

﴾القد كان لكم في رسول اهلل أسوة حسنة لمن كان يرجوا اهلل واليوم اآلخر وذكر اهلل كثري ﴿

«Расында сендер үшін, Аллаһ және ахирет күнінен үміт

еткендер әрі Аллаһты көп еске алғандар үшін Аллаһ елшісінде

көркем үлгі-өнегелер бар», - деген. (Ахзап сүресі, 21-аят).

Ондай болса дін істерінде де, мінез-құлықта да

пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) үлгі

алу – кез-келген мұсылманның бірден-бір міндеті.

Көркем мінез

Көркем мінез – Жәннатқа кіруге себеп боларлық сипаттардың

бірі болып табылады. Сондай-ақ, көркем мінезділік өз ішінде екіге

бөлінеді: Аллаһқа қатысты көркем мінез және де айналадағылармен

жасаған көркем мінез.

Біріншісіне келер болсақ, ол да өз ішінде төрт нәрсені қамтиды:

біріншіден – Аллаһ Тағала тарапынан келген барлық хабарды

мойындап, оған сену. Екіншіден – Аллаһ тарапынан міндеттелген

үкімдерді орындау. Үшіншіден – белгілеген тағдырларында

сабырлық сақтап, ризалық білдіру. Ал енді кімде-кім осы үшеуінің

бірін атқармаса, Аллаһқа жаман мінез көрсеткен болып табылады.

Мінез-құлықтың екінші түріне, яғни айналадағыларға

көрсетілетін көркем мінезге келер болсақ, әл-Хасан әл-Басридың

(Оған Аллаһтың мейірімі жаусын) мына сөзіне құлақ түрелік. Ол:

«Айналадағыларға көрсетілген жақсы мінез ол – келе жатқан

жамандықты тойтару, тек жақсылық пен жомарттық көрсету және

әркез жылы шырай танытып, көңілді жүру» - дейді. Яғни көркем

мінез толығымен осылардың ішінде шектеледі.

Енді көркем мінезділіктің артықшылығын айтар болсақ, Әбу

Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен хадисте: «Аллаһ

елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдардың

көбісін Жәннатқа кіргізетін нәрсе жайында сұралды. Сонда ол кісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ алдында

тақуалық және көркем мінез», - деп жауап қатты. Сосын

адамдардың көбісін Тозаққа кіргізетін нәрсе жайында сұралды. Ол

кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ауыз бен ұятты

жер», - деп жауап береді», - делінген. (Тирмизи 1927).

Ауыз деген жерде көп сөз меңзелген. Яғни жаман, былапыт,

өсек, лағынет сияқты жеккөрінішті сөздер. Ал ұятты жер деген

жерде ойнастық, зина меңзелген.

Ал Әбу Умәмә Әл-Бәһили (Аллаһ оған разы болсын) арқылы

жеткен бір хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

Page 40: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

41

болсын): «Лайықты болса да дауласуды тастаған адам үшін

Жәннат төңірегінен бір үй (берілуіне), сондай-ақ, қалжыңдаған

күннің өзінде өтірік айтудан аулақ болған адам үшін Жәннаттың

ортасынан бір үй (берілуіне), сонымен қатар мінезі көркем болған

адам үшін Жәннаттың төрінен бір үй (берілуіне) кепіл боламын», -

дейді. (Әбу Дәуд 4015).

Демек, әрбір адам жаман мінез бен лайықсыз қасиеттерден

аулақ болып, көркем мінезге үйір болғаны дұрыс. Ал енді көркем

мінезділікте кімнен үлгі алсақ жөн болар еді?

Мінез-құлық пен адамгершілікте Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) еліктеу

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Аллаһ елшісіне (оған Аллаһтың

игілігі мен сәлемі болсын) еру – әрбіріміздің міндетіміз. Мінез-

құлық мәселесі де осыған жатады. Бірақ, мінез-құлықта біреуден

үлгі алу үшін сол адамның мінез-құлқы өте жоғары дәрежеде болу

керек етіледі емес пе?! Ондай болса Құран мен Сүннетке көз тастап,

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

сипаттарына назар аударып көрейік. Аллаһ Тағала Құранда Қалам

сүресінің төртінші аятында пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

﴾ إنك لعلى خلق عظيمو﴿

«Шын мәнінде сен ұлы мінез иесісің» - деп, ол кісінің (оған

Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ұлы, көркем мінез иесі екеніне

куәлік берген.

Ал Айша анамыздан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын)

пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

мінез-құлқы жайында сұрағанда Айша: «Ол кісінің мінез құлқы

Құран болатын»44

- деп жауап берген екен. Яғни Құрандағы жақсы

қасиеттердің бәрі де ол кісінің бойында жиналған әрі Құран ризалық

білдірген нәрселерге риза болып, Құран қарсы болған нәрсеге қарсы

болатын.

Дүниеге қатты қызығушылықты тастау

44 Хадисті имам Муслим келтірген.

Page 41: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

40

Шын мәнінде мал-мүлік, дүние сияқты нәрселер адамның қолын

байлап, Аллаһқа толыққанды құлшылық етуіне кедергі келтіреді әрі

уақытынан кешіктіреді. Тура сол сияқты, Қиямет күні де адамның

Жәннатқа кіруін кешіктіріп, кедергілік жасайды екен. Сөзімізге

дәлел келтірер болсақ, Усәма арқылы жеткен хабарда Аллаһ елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жәннат қақпасының

алдына тұрсам, ішіндегілердің көбісі кедей-кепшіктер екен. Ал

мансап (байлық) иелері болса кіргізілмей тұрғанын (байқадым)45

. Ал

Тозақ иелері болса Тозаққа (тасталуы) бұйырылған екен46

. Сосын

Тозақ қақпасының алдына барсам, ішіндегілердің көбісі әйелдер

екен47

" - деген. (әл-Бухари 5196; Муслим 2736).

Дүниеге салынудан аулақ болу

Шын мәнінде дүние, мал-мүлік, байлық дегендей нәрселердің

бәрі де алдамшы, өткінші әрі Аллаһ пен Жәннатқа жетуге кедергі

болатын нәрселер. Ондай болса дүниеге салынудан аулақ болған

жөн. Бірақ, мүлдем дүниеге мән бермей, бәрін тәрк етіп кету де

орынсыз. Бұл Исламға жат қылық, себебі дүние – Аллаһтың бізге

берген нығметтерінің бірі. Оны орынды жұмсап, хақысын өтеп,

тиісті орын беріп, шамамызша қолдануымыз керек. Сол үшін де

«салынып кетпеу» - деген тіркес айтылады. Әбу Сағид әл-Худрий

(Аллаһ оған разы болғай): «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) мінбарға отырып, біз оның айналасына жайғастық.

Сонда ол кісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын

мәнінде менен кейін сендер үшін қорқатын нәрселерімнің бірі –

сендер үшін дүние жылтырағы мен сәндерінің ашылуы», - деді», -

дейді. (әл-Бухари 1465; Муслим 1052).

Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

дүниеге салынып, байлыққа мас болудан әркез аулақ болатын әрі

мұсылмандарға да осыны өсиет ететін. Бір хадисінде: «Аллаһым!

Ахирет өмірінен өзге өмір өмір емес» - деген-ді. (әл-Бухари 2834;

Муслим 1805). Демек, толыққанды түрде, еш кемшіліксіз, мәңгі рахат кешіп,

бейқам өмір кешу тек ахиретте орнамақ. Ал бұл дүние алдамшы әрі

көзімізге қызық боп көрінгеннің бәрі де өткінші нәрсе. Аллаһ елшісі

45 Бұл жерде тек осы дүниедегі байлығын тиісінше жұмсамай, құлшылықтан гөрі байлығына, дүниесіне көп көңіл бөлгендер меңзелген. Сол себепті есеп беру үшін кешіктірілген. 46 Демек, хадисте адамдардың үш тобы айтылған: Жәннатқа кіріп қойған топ-кедейлер, Тозаққа

кіріп қойғандар және кешіктіріліп тұрған топ-байлығын тиісінше жұмсамаған жандар. 47 Бұл жерде кез-келген әйел Тозаққа кіреді деген сөз емес, бәлкім әйелдердің көп лағынет

айтып, өсек пен ғайбатқа бейім келетіндігі әрі күеулеріне разылық білдірмей, бір жамандығы

үшін өмір бойы жасаған жақсылығын тез ұмытатыны меңзелген.

Page 42: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

42

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны ескертіп: «Өлген

адамды үш нәрсе шығарып салады: жанұясы, малы және амалдары.

Соның екеуі кері қайтады да, біреуі қалады. Жанұясы мен малы кері

қайтып, амалдары ғана қалмақ», - деген. (әл-Бухари 6514; Муслим

2960).

Азға қанағат ету және де адамдарға алақан жаюдан аулақ болу

Ислам дінінде зәрулік қыспаған жағдайда адамдарға алақан

жайып, сұрауға тыйым салынған. Тіпті кедей болған күннің өзінде

абыройын сақтап, шама келгенше біреудің қолына қараудан аулақ

болған жақсы. Аллаһ Тағала Құранда ондай жандарды:

ي سبيل اهلل ال يستطيعون ضربا في األرض يحسبهم اجلاهل أغنياء من التعفف للفقراء الذين أحصروا ف ﴿ ﴾وما تنفقوا من خير فإن اهلل به عليم تعرفهم بسيماهم ال يسألون الناس إلحافا

«(Садақаларыңды) Аллаһ жолында қамалып шықпай

отырған, бірер жерге сапар шегуге шамасы келмейтін кедейлерге

беріңдер. Білмейтіндер оларды абырой сақтағаннан (сырт көзге)

бай екен деп қалады. Олардың (кедейліктерін) бейнелерінен

танисың. Олар тіленіп тұрып сұрамайды. Қандай игілік

етсеңдер де шынайы түрде Аллаһ оны біледі», - деп сипаттаған. (Бақара сүресі, 273-аят).

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) арқылы жеткен бір

хадисте Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Байлық малдың көптігінде емес, бәлкім шынайы байлық – жан

байлығы», - деген. (әл-Бухари 6446; Муслим 1051).

Тағы бір хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын): «Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы48

. (Садақа

беруді) өзіңнің қарамағыңдағылардан баста. Жақсы садақа – бай

бола тұра берілген садақа. Кімде-кім (қол жайып, сұраудан бас

тартып), абыройлы болса, Аллаһ оны абыройлы етпек49

. Ал кімде-

кім (Аллаһ бергенді) жеткілікті деп білсе, Аллаһ (оның басқа

нәрселерге мұқтаждығын) кетіреді», - дейді. (әл-Бухари 1427;

Муслим 1034). Сондай-ақ, Сәубан (Аллаһ оған разы болсын): «Бірде Аллаһ

елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Адамдардан

ешнәрсе сұрамайтындығын айтып маған кім кепілдік берсе, мен ол

үшін Жәннатты кепілдік етемін», - дейді. Сонда мен: «Мен»,-

48 Яғни беруші қол алушыдан жақсырақ деген мағынада. 49 Яғни ешкімге де мұқтаж болмайды.

Page 43: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

43

дедім», - дейді. Осыдан кейін ол ешкімнен ешнәрсе сұрамай өтті. (Әбу Дәуд 1446).

Байқағанымыздай, дүниеге қатты салынбай, азға қанағат етіп,

барға шүкір айта білу – Жәннатқа жетелер себептердің бірі болып

табылады.

Жұмсақтық, биязылық және кең пейілділік

Айша (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) анамыздан жеткен

хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Шын мәнінде Аллаһ кең пейілді әрі кез-келген нәрседе кең

пейілділікті жақсы көреді», - дейді.

Үкім беруде немесе жанұяда әділдік сақтау

Аллаһ Тағала Құранда:

﴾يأمر بالعدل و اإلحسانإن اهلل ﴿

«Шын мәнінде Аллаһ әділдік пен игілік жасауды бұйырады»,

- дейді. (Нахл сүресі, 90-аят).

Абдулла ибн Амр ибн Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болғай)

Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын

мәнінде үкімдерінде, жанұяларында және өзінің

қарамағындағыларына әділдік жасаушылар Аллаһтың қасында

нұрдан жасалған бір мінбардан (орын алады)», - дегені сөзін

жеткізеді. (Муслим 1827).

Ғияд ибн Химар (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ

елшісінің: «Жәннат иелері үшеу: (Біріншісі) - әділ әрі Аллаһ тауфиқ

берген билік иесі. (Екіншісі) - әрбір жақыны мен мұсылманға

мейірімді әрі жүрегі жұмсақ адам. (Үшіншісі) - абыройлы әрі

абыройлығын сақтаушы50

бала-шағалы адам», - дегенін естідім», -

дейді. (Муслим 2865).

Рамазанда ораза ұстау және түнгі намаздарды оқу

50 Абыройлы дегеніміз өзінің бала-шағасы бола тұра басқаларға қол жайып сұраудан

тартынатын адам. Ал абыройлығын сақтаушы адам дегеніміз басқалардың қолына қарап

қалудан қорқып, әрекет етіп, отбасын асыраушы адам.

Page 44: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

44

Сәһл ибн Сағд (Аллаһ оған разы болсын) былай риуаят етеді:

«Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Шын

мәнінде Жәннатта Райян деп аталатын бір есік бар. Қиямет күні

ол есіктен тек ораза ұстағандар кіреді әрі олардан басқа ешкім

кірмейді. «Ораза ұстағандар қайда?» - делінеді. Олар орындарынан

тұрып, олардан өзге ешкім де кірмейді. Ал енді олар кіріп біткен

кезде есік жабылып, басқа ешкім кірмейді», - деді. (әл-Бухари 1896,

Муслим 1152).

Сондай-ақ, Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен

хабарда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім иманмен әрі (Аллаһтың сыйына деген) үмітпен

Рамазанда ораза ұстаса, оның өткен күнәлары кешіріледі. Кімде-

кім сеніммен /иманмен/ әрі (Аллаһтың сыйына деген) үмітпен

Рамазан айының түндерін құлшылықпен өткізсе, оның өткен

күнәлары кешіріледі. Кімде-кім сеніммен /иманмен/ әрі

(Аллаһтың сыйына деген) үмітпен Қадыр түнінде құлшылық

жасаса өткен күнәлары кешіріледі» - деген. (әл-Бухари 35, 37, 38,

2009; Муслим 759, 760).

Аллаһтың мейірімі әрі жәрдемі арқылы жинақтап өткен аяттар

мен хадистер топтамасы осымен аяқталды. Білгенімізге амал жасап,

шынайы, ықыласты құлдардың қатарында болуымызды жазсын

Жаратқан. Сөзіміздің түйінін әлемдердің Раббысы Аллаһқа мадақ

айтып, Оның елшісіне салауат айтумен аяқтаймыз.

Page 45: Мұсылманды жәннатқа жетелейтін себептер

45

Қолданылған әдебиеттер

1. Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі, Халифа Алтай,

Мәдина, миләди 1991 (һижри 1412)

2. Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі, Алауддин

Мансұр, Бішкек, миләди 2001 (һижри 1422)

3. "Риядус салихин мин кәләми сәйдил мурсәлин", Яхия ибн

Шәрәф Ән-Науауи, Кайр, миләди 2002 (һижри 1423)

4. "Ситтинә сәбәбән лидухулил муслими Әл-Жәннәһ", Махмуд

ибнул Жәмил, Кайр, "Сафа баспасы", миләди 2001 (һижри

1422)

5. "Кәнә хулуқуһу Әл-Қурән", Нәуәф ибн Суһәил Әссәмәғил,

Кувейт, миләди 2003 (һижри 1424)

6. «Қазақ тілінің сөздігі». «Дайк-пресс» баспасы. Алматы, 1999;

7. «Фатхул Бәри». Ибн Хажар Асқалани. «Әл-Мәктәбәтус-

сәләфия» баспасы, Кайр, 1986; Үшінші басылым.