Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін...

5
1 Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы Өз шақыруының барлық уақытын Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін түсіндіруге бағыштады. Ол оны түсіндірудің және одан сақтандырудың маңыздылығын басқа күнәлардың қауіптілігін түсіндірудің маңыздылығынан жоғарырақ қойды. Мұның себептері мынандай еді: 1) Егер адам көпқұдайшылық амалдарынан болған қандай да бір амалды [саналы түрде біліп тұрып] 1 жасаса, ал содан соң осыған тәубе келтірместен қайтыс болса, 1 Аудармашының ескертпесі: Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде кешірілмейді», - деген болса, ал басқалары: «Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», - деп айтқан. Бірақ бұлтартпайтын пікір - Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және бұл пікірдің дәлелдері де көңілге өте қонымды: Аллаһ Тағала былай деді: و س ر ث ع ب ى ن ت ح ب ذ ع ا م ن ا ك م و«Біз бір пайғамбар жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз» (әл-Исра 17: 15). Қатада айтатын: “Ақиқатында, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, Аллаһ Тағала ешкімді жазаламайды!”Қз.: «Тафсир әт-Табари» 8/50. Хафиз Ибн Касир былай деген: “Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді (оған елшілердің елшілігімен дәлел ұсынылғаннан кейінгі жағдайдан басқа) жазаламайтынына нұсқау бар!”Қз.: «Тафсир Ибн Касир» 4/25. Бұл - елшілердің миссиясы туралы білместіктің жазалауға бөгет болып табылатындығына нұсқайтын айқын және Құранның тікелей аяты! Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: ش ب م س رى ل ع اس لن ل ون ك ي ئ ل ين ر نذ م و ين ر ه ل ال ان ك و ل س الر د ع ب ة ج ح ه ل ال يما ك ح يزا ز ع«Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін» (ән-Ниса 4: 165). Имам әл-Бағауи былай деген: “Бұл аятта Аллаһ жаратылыстарын пайғамбарлар жібермейінше, жазаламайтындығына дәлел бар!”Қз.: «Тафсир әл-Бағауи» 1/500. Абу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Мухаммадтың жаны Қолында Тұрғанның атымен ант етемін, мен туралы естіген және мен алып келген нәрсеге иман келтірмей, өлген кез келген яхуди немесе христиан міндетті түрде От тұрғындарынан болады!» Муслим 153. Егер білместік ақтау болып саналмаса, онда неліктен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өзі туралы «естуді» шарт етіп айтып тұр, ал христиандар мен яхудилердің күпірлігі – үлкен күпірлік қой!

Upload: islambookkz

Post on 02-Apr-2016

268 views

Category:

Documents


13 download

DESCRIPTION

 

TRANSCRIPT

Page 1: Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

1

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен

Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және

оның түрлерін жан-жақты түсіндіру

қажеттілігі туралы

Өз шақыруының барлық уақытын Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін түсіндіруге

бағыштады. Ол оны түсіндірудің және одан сақтандырудың маңыздылығын басқа

күнәлардың қауіптілігін түсіндірудің маңыздылығынан жоғарырақ қойды. Мұның

себептері мынандай еді:

1) Егер адам көпқұдайшылық амалдарынан болған қандай да бір амалды [саналы

түрде біліп тұрып]1 жасаса, ал содан соң осыған тәубе келтірместен қайтыс болса,

1Аудармашының ескертпесі: Ғалымдардың бір тобы: «Білместікпен жасалған ширк тек

тармақтарында кешіріледі, ал Исламның негіздерінде кешірілмейді», - деген болса, ал басқалары:

«Негіздерінде де, тармақтарында да кешіріледі», - деп айтқан.

Бірақ бұлтартпайтын пікір - Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті де кешіреді! Және

бұл пікірдің дәлелдері де көңілге өте қонымды:

Аллаһ Тағала былай деді: وما كنا معذبني حتى نبعث رسوال

«Біз бір пайғамбар жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз» (әл-Исра 17: 15).

Қатада айтатын: “Ақиқатында, оған Аллаһтан хабар немесе түсіндірме келіп жетпейінше, Аллаһ

Тағала ешкімді жазаламайды!”Қз.: «Тафсир әт-Табари» 8/50.

Хафиз Ибн Касир былай деген: “Бұл аятта Аллаһ Тағаланың Әділ екендігіне, және Ол ешкімді (оған

елшілердің елшілігімен дәлел ұсынылғаннан кейінгі жағдайдан басқа) жазаламайтынына нұсқау бар!”Қз.:

«Тафсир Ибн Касир» 4/25.

Бұл - елшілердің миссиясы туралы білместіктің жазалауға бөгет болып табылатындығына

нұсқайтын айқын және Құранның тікелей аяты!

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:

عزيزا حكيما اللهحجة بعد الرسل وكان اللهرين ومنذرين لئال يكون للناس على رسال مبش

«Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік: Елшілерден кейін адамдардың

Аллаһқа қарсы сылтауы болмауы үшін» (ән-Ниса 4: 165).

Имам әл-Бағауи былай деген: “Бұл аятта Аллаһ жаратылыстарын пайғамбарлар жібермейінше,

жазаламайтындығына дәлел бар!”Қз.: «Тафсир әл-Бағауи» 1/500.

Абу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

деген: «Мухаммадтың жаны Қолында Тұрғанның атымен ант етемін, мен туралы естіген және

мен алып келген нәрсеге иман келтірмей, өлген кез келген яхуди немесе христиан міндетті түрде

От тұрғындарынан болады!» Муслим 153.

Егер білместік ақтау болып саналмаса, онда неліктен Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) өзі туралы «естуді» шарт етіп айтып тұр, ал христиандар мен яхудилердің күпірлігі –

үлкен күпірлік қой!

Page 2: Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

2

Қазы ‘Ийяд былай деп айтатын: “Бұл хадисте жердің алыс түпкірлерінде және теңіздердің арғы

жағында тұратындарға Ислам шақыруы мен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

әмірлері жетпеген болса, оларда жауапкершілік жүктелмейтініне дәлел бар. Және «мен туралы естісе»

деген сөздер осы жөнінде”. Қз.: «әл-Икмал» 1/468.

Имам Абул-‘Аббас әл-Қуртуби былай деген: “Бұл хадисте Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі

мен сәлемі болсын) шақыруы жетпеген адам жауапқа тартылмайтындығына және

жазаланбайтындығына дәлел бар!” Қз.: «әл-Муфхим» 1/368.

Имам ән-Нәуауи былай деген: “Кімге Ислам шақыруы жетпесе, ол ақталуға лайықты”. Қз.: “Шарх

Сахих Муслим” 2/342.

Бұл - тіпті үлкен күпірлікте білместікпен ақталуға жеткілікті дәлел!

Қазы Абу Бакр ибн әл-'Араби былай деп айтқан: “Бұл үмметтің қатарынан болған білмейтін және

қателесуші (адам), тіпті күпірлік пен ширк амалдарын жасаса да, мүшрик яки кәпір болмайды, өйткені

білместік пен қателік ақталу болып табылады (ақталуға себеп бола алады)!” Қз.: «Тафсир әл-Қасими»

5/1307.

Шейхул-Ислам Ибн Таймийя былай деген: “Аллаһ Өзінің жолдауы жеткеннен өзге ешкімді

жазаламайды. Және Оның жолдауы жетпеген (адам) мүлде жазаланбайды! Ал Оның жолдауы жетіп, бірақ

оған түсіндірілмеген (адам), тек өзіне белгілі болғанды жоққа шығарғаннан басқа жағдайда жазаланбайды!”

Қз.: «Маджму’ әл-фатауа» 12/493.

Ал «Аллаһ білместікпен жасалған үлкен күпірлік үшін де жазаламайды» дегенге ең басты дәлел –

мына хадис:

Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Қиямет күні төрт

адам ақтала бастайды. Түк естімейтін саңырау; ақыл-есі жоқ; қаусаған шал; және (иманға)

шақыру жетпегендердің қатарынан өлген біреу. Саңырау: «Я, Раббым, Ислам келгенде, мен еш

нәрсе естімедім!», - дейді. Ақыл-есі жоқ: «Ислам келгенде, балалар маған тезек лақтыратын еді!»,

- дейді. Қаусаған шал: «Ислам келді, бірақ мен еш нәрсе түсінбедім!», - дейді. Ал (иманға) шақыру

жетпеген: «Я, Раббым, маған Сенің елшің жетпеген еді!», - дейді. Содан кейін бұл адамдардан

келісім-шарт алынады да, оларға елші келіп, Тозаққа кіруді бұйырады. Және жаным Қолында

Тұрғанның (Аллаһтың) атымен ант етемін, егер олар Тозаққа кірсе, ол оларға салқындық және

құтылу болады, ал кірмеген адам оған (Тозаққа) лақтырылады!» Абу Хурайра Пайғамбардың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл сөздерін жеткізгеннен кейін: «Қаласаңдар «Біз бір

пайғамбар жібермейінше, ешкімді жазаламаймыз...» (әл-Исра сүресі, 15-аят)дегенді оқыңдар!», -

деп айтты. Ахмад 4/24, Ибн Хиббан 1827, әт-Табарани 1/841, әл-Бәззар 3/217, және басқалар.

Бұл хадис бес сахабадан: Абу Хурайрадан, Абу Са’ид әл-Худриден, Анастан, Му’аздан және әл-

Асуад ибн Сари’адан жеткізіледі. Және оның сахихтығын әл-Байһақи, хафиз Ибн ‘Абдул-Барр,

хафиз Ибн Хажжәр, шейх Ибн әл-Қайим, хафиз ‘Абдул-Хаққ әл-Ишбили және шейх әл-Әлбани

растаған. Қз.: «Тариқ әл-хижратайн» 397, «Фатхул-Бари» 3/290, «Тахқиқ әл-Муснад» 26/28, «әс-

Сильсилә әс-сахиха» 1434, 2468.

Бұл хадисте Аллаһ білместікпен жасалған тіпті үлкен ширкті кешіретіндігіне айқын дәлел бар!

Бұл адамдардың барлығы өздерінің болмысында мұсылман емес еді, өйткені олар Ислам туралы

мүлдем білмеді, бірақ сонымен бірге Әділетті Аллаһ Қиямет күні оларды бірден жазаға тартпай,

сынақтан өткізеді!

Ал Аллаһ Тағаланың: إناللهاليغفرأنيشركبهويغفرمادون ذلكلمنيشاء

«Аллаһ Тағала Өзіне серік қосқанды жарылқамайды, ал одан басқасының барлығын

қалағанына кешіреді» деген аятқа келер болсақ, онда біле тұра өзінің көпқұдайшылдығы үшін

тәубе етпей өлген адам туралы сөз болуда.

Және бұл аятты өзгеше түсінуге болмайды, өйткені оны жалпылама түсіну Исламдағы анық

(мухкам) ережелерге қайшы келеді. Оның үстіртін мағынасын алар болсақ, онда Аллаһ мүшрик

болған будистті, ол Исламды қабылдаса да, кешірмейді, өйткені ол ширк жасады ғой! Әрине, бұл –

дұрыс емес түсінік! Сөз үлкен ширк үшін тәубе етпей өлген адам туралы болуда.

Page 3: Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

3

онда Аллаһ Тағала оны ешқашан кешірмейді және оның соңғы барар мекені ол

одан ешқашан шықпайтын Тозақ болады.

Аллаһ былай деді: «Аллаһ өзіне серік қосылуды жарылқамайды да, бұдан

басқасының барлығын (немесе кішілерін) қалағанына жарылқайды2. Сондай-

ақ кім Аллаһқа серік қосса, расында, жала қойып, зор күнәлі болды» (4:48).

Аллаһ білмегенді және білуге мүмкіндігі болмағанды жазаламайды! Және Аллаһ Әділетті!

Алайда кім өзінің болмысында кәпір болса, оны біз кәпір дейміз, әрі бұған күмән келтірмейміз, ал

оның тағдыры Аллаһтың құзырында. Сондықтан да мұсылман болмай өлгеннің әрбіріне қатысты

оның кәпір екендігін айтуға болады, әрине: «Ол Тозақта!», - деп нақты айтпай (өйткені ахлю-Сунна

нақты біреу туралы: «Пәленше Тозақта!» – немесе: «Пәленше Жәннатта!», - деп куәлік бермейді)

жалпылама түрде: «Мұсылман болып өлген Жәннатта болады, ал кәпір болып өлген Тозақта

болады!» - деп айтады.

Ал өзінің негізінде (болмысында) мұсылман болып табылатын адамды күпірлікте айыптау

(такфир) туралы айтар болсақ, бұдан аулақ болыңыздар!

Аллаһ бізді мұсылмандарға такфир жасамағанымыз үшін жазаламайды, бірақ біз бұны істегеніміз

үшін жазаға тартады! Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп

айтатын: «Кім мұсылманды күпірлікте айыптаса, оны өлтіргенмен бірдей!» әт-Табарани. Хадис

сахих.Қз.: «Сахих әл-жами’» 6269. 2Ибн Касир осы аяттың тәпсірінде өзге нәрселер қатарында мынаны да айтты: «Кейін Аллаһ Тағала:

«Өзіне серік қосылуды жарылқамайды», - деп хабарлады. Яғни Оған серік қосқан түрде Онымен

кездесетін құлын жарылқамайтынын (мәлімдеді).«Бірақ одан кішілерін», яғни күнәлардың,

«қалағанына жарылқайды», яғни құлдарының ішінен. Бұл ардақты аятпен байланысты хадистер

келтірілген болатын, әрі біз олардың арасынан мүмкін болғандарын келтіреміз.

Бірінші хадис. Имам Ахмад ‘Аишадан оның былай деп баяндағанын жеткізген: ”Аллаһтың Елшісі

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Аллаһтың алдындағы жазулар үш түрлі

болады: Аллаһ назар бұрмайтын жазу; Аллаһ одан ешнәрсе қалдырмайтын жазу; Аллаһ

кешірмейтін жазу. Аллаһ кешірмейтін жазуға келер болсақ, бұл – Аллаһқа серік қосу. Аса

Құдіретті әрі Ұлы Аллаһ: «Расында, Аллаһ оған серік қосылғанды жарылқамайды», - деді.

Және Ол: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, Ол оған Жәннатты арам етті» (Ниса сүресі, 72-

аят), - деді.

Аллаһ ешқандай назар салмайтын жазуға келер болсақ, бұл Аллаһтың құлының өзінің

Раббысымен болған қарым-қытынасындағы ораза (күнін) қалдыру немесе намазды қалдыру

сияқты зұлымдық. Өйткені Аллаһ егер қаласа мұны кешіреді.

Аллаһ одан ешнәрсені қалдырмайтын жазуға келер болсақ, бұл Оның құлдарының бір-біріне

қатысты істеген зұлымдығы. Жаза міндетті түрде орындалады»“. Бұл хабарды Ахмад ғана

келтірген. (Ахмад 6/240. Кейбір мухаддистер оның тізбегінде Садақа есімді әлсіз және Ибн Бабнус

деген аз танылған жеткізуші болғанымен, ол төменде келтірілетін Анастың хадисімен күшейтіледі

деп айтқан. Ибн Касирдің тафсирін тексерген мухаддистер әд-Дарақутнидің Ибн Бабнус туралы:

«Жаман емес», - дегенін және Ибн ‘Адийдің: «Оның хадистері белгілі (танымал)», - дегенін, әрі Ибн

Хиббан да оны сенім артуға лайықты деп атағанын келтірген. Ал Ахмад Шакир Садақаның шәкірті

- Ибраһим ибн Муслимнің Садақа туралы: «Ол салиқалы еді», - деген сөздерін, сондай-ақ әл-

Хакимнің осы хадистің сенімді (сахих) деп айтқанын келтіріп, бұл хадистің жеткізушілер тізбегін

сахих деген.)

Екінші хадис. Хафиз Абу Бакр әл-Бәззар өзінің «Муснадында» Әнас ибн Мәликтен Пайғамбардың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын жеткізген:«Зұлымдықтың үш

түрі болады: Аллаһ кешірмейтін зұлымдық; Аллаһ кешіретін зұлымдық және Аллаһ одан еш

нәрсені (өтеусіз, жазасыз) қалдырмайтын зұлымдық. Аллаһ кешірмейтін зұлымдыққа келер

болсақ, бұл – Аллаһқа серік қосу. Әрі Ол: «Өйткені көпқұдайшылық (ширк) ұлы зұлымдық

Page 4: Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

4

2) Көпқұдайшылық ең ауыр күнә болып табылады. Абу Бакрата былай деп

баяндаған: «Бірде біз Аллаһтың Елшісінің жанында болдық және ол бізге:

«Сендерге ең ауыр күнәлар туралы айтып берейін бе? (Олар:) Аллаһқа серік қосу,

ата-анаға мойынсұнбау және өтірік куәлік беру», - деді» (Хадис сенімді (сахих);

Бухари 2654; Муслим 87).

3) Көпқұдайшылық ең терең адасушылық болып табылады. Аллаһ былай деді:

«Ақиқатында, Аллаһ оған серік қосылғанды жарылқамайды, одан басқа

барлық (немесе кішілеу) күнәларды жарылқайды. Ал кім Аллаһқа серік

қосса, сол терең адасушылыққа түсті» (4:116).

4) Көпқұдайшылық адамның Отта мәңгі қалуына және одан ешқашан шықпауына

себеп болады. Аллаһ былай деді: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, Ол оған

Жәннатты арам етті. Оның сонғы барар мекені Тозақ болады, әрі

залымдарда көмекші болмайды» (5:72).

5) Көпқұдайшылық ұлы зұлымдық болып табылады. Аллаһ былай деді: "Сол

уақытта Лүқман өз ұлына үгіт бере отырып: «Әй, ұлым! Аллаһқа серік қоспа!

Күдіксіз, серік қосу (көпқұдайшылық) – зор зұлымдық!», - деді“ (31:13).

6) Егер адам (саналы түрде біле тұра) көпқұдайшылықтан қандай да бір нәрсені

істейтін болса, оның өмір бойы істеген игі амалдарының барлығы зая кетеді.

Аллаһ Өзінің Пайғамбарына (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай

деді: «Расында, саған да, сенен бұрынғыларға да: "Егер Аллаһқа серік қоссаң,

әлбетте, ғамалың жойылып кетеді де, анық зиянға ұшыраушылардан

боласың", - деп уахи етілді» (39:65).

Бұдан тыс, өзінің он сегіз пайғамбарлары мен елшілерінің есімдерін атап айтып,

Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһтың нұсқауы осы. Құлдарынан кімді қаласа

тура жолға салады. Егер олар серік қосса еді, әрине, істеген амалдары

жойылып кетер еді» (6:88).

Бұл аяттар бізге көпқұдайшылықтың мәнін, оның түрлері мен көріністерін біліп-

үйренудің маңыздылығы туралы айтуда, оны жасаушылардың қатарынан болмау

үшін. Өйткені біздің ешқайсымыз Аллаһқа мойынсынудың ұзақ жылдары бойы

жасаған игі амалдарының заяға кеткен топыраққа айналғанын қаламаймыз.

болып табылады» (Луқман сүресі, 13-аят), - деп айтты. Аллаһ кешіретін зұлымдық туралы

айтар болсақ, онда бұл Оның құлдарының Раббыларымен болған қарым-қатынасындағы

өздеріне қатысты жасаған зұлымдықтары. Аллаһ қалдырмайтын зұлымдыққа келсек, бұл Оның

құлдарының бір-біріне жасаған зұлымдығы. Әрі Ол біреулері үшін басқаларына қарсы жазаны

орындайды» («Кашф әл-астар» №3439. Әл-Хайсами әл-Бәззардың шейхы – Ахмад ибн Мәликті

білмейтіндігін айтты, ал қалған жеткізушілер сенім артуға лайық деп айтылған, оларда әлсіздік

болса да. Кейбір мухаддистер әлсіз жеткізушісі және есте сақтау қабілеті әлсіз жеткізушісі болған

басқа бір тізбекті келтіріп, бұл хадис жоғарыда келтірілген Айшаның хадисін күшейтеді деп

айтқан). Алынған көзі: www.salaf-forum.ru

Page 5: Адамдарға көпқұдайшылықтың мәнін және оның түрлерін жан-жақты түсіндіру қажеттілігі туралы

5

Дәл сондықтан да пайғамбарлар көпқұдайшылықтан бір нәрсе жасап қоюынан

өте қатты қорыққан.

Аллаһ Тағала бізге бірқұдайшылдардың имамы болған Ибраһим пайғамбардың

сөздері туралы баяндап, былай деген: «Сол уақытта Ибраһим былай деді:

“Раббым! Осы Мекке қаласын бейбіт қыл! Мені және ұлдарымды пұттарға

құлшылық етуден сақта! Раббым олар адамдардың көбін адастырды”»(14:35-

36).

Аллаһтың пайғамбары көпқұдайшылық жасаудан қалайша қорыққанына

қараңыздаршы, ал ол туралы Аллаһ Тағала былай деп айтқан еді ғой:

«Шынында, Ибраһим нағыз Аллаһқа бойсұнушы, бірқұдайшыл (ханиф) бір

басшы еді. Аллаһтың нығметтеріне шүкір етуші еді. Аллаһ оны таңдап, тура

жолға салды. Оған дүниеде жақсылық бердік. Сондай-ақ ол Ақыретте де,

әлбетте, игілерден болады. (Мухаммад) содан соң саған: «Ибраһимнің дінін

бірқұдайшыл (ханиф) болған күйде ұстан, өйткені ол көпқұдайшылдардан

емес еді!», - деп уахи еттік» (16: 120-123).

7) Көпқұдайшылық лас нәрсе (нәжіс), ал көпқұдайшыл лас (нәжіс) болып

табылады. Аллаһ былай деді: "Әй, иман келтіргендер! Дау жоқ,

көпқұдайшылдар (мүшриктер) лас болып табылады» (9:28).

8) Аллаһ Тағала бізге көпқұдайшыл көпқұдайшылықты ұстанған күйде қайтыс

болған соң, ол үшін жарылқау тілеуге тыйым салады. Аллаһ былай деді:

«Пайғамбарға және мүміндерге көпқұдайшылдардың (мүшриктердің)

тозақтық екендігі өздеріне білінгеннен кейін, тіпті олар жақындары болса

да мүшріктер үшін жарылқау тілеулеріне болмайды» (9:113).

Бұл аят көпқұдайшылықтың мәнін біздің туысқандарымызға түсіндірудің

маңыздылығы туралы айтуда, өйткені олардан біреу көпқұдайшылықтан (саналы

түрде біле тұра) бір нәрсе жасай тұра немесе көпқұдайшылдардың сенімдерінен

белгілі бір нәрселерге ие бола тұра жан тапсырса, онда біз Аллаһтан олар үшін

тіпті кешірім тілей алмай қаламыз.

Қолданылған дерек көз: Руслан Абу Ибраһим Татарстанидің «Оживление

языческих обрядов в Булгаре» кітабы. www.toislam.ws сайтының кітапханасы

(төртбұрышты жақшаларға алынған сөздер аудармашыдан).

Кітап қазақ тіліне аударған және қазақ тілді оқырманға бейімдеп өңдеген:

www.abuhanifa.kz сайтының редакциясы.