Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

8
А А л л л л а а һ һ т т ы ы ң ң е е с с і і м м д д е е р р і і м м е е н н с с и и п п а а т т т т а а р р ы ы н н д д а а ғ ғ ы ы ж ж а а л л ғ ғ ы ы з з д д ы ы ғ ғ ы ы (ТАУХИД ӘЛ-АСМАИ УАС-СИФАТ)

Upload: islambookkz

Post on 02-Apr-2016

278 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы (Таухид әл-Асмаи уас-Сифат)

TRANSCRIPT

Page 1: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

ААллллааһһттыыңң еессііммддеерріі

ммеенн

ссииппааттттааррыыннддаағғыы

жжааллғғыыззддыығғыы ((ТТААУУХХИИДД ӘӘЛЛ--ААССММААИИ УУААСС--ССИИФФААТТ))

Page 2: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

2

Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен бастаймын!

ААллллааһһттыыңң еессііммддеерріі ммеенн ссииппааттттааррыыннддаағғыы жжааллғғыыззддыығғыы

н/е ТАУХИД ӘЛ-АСМАИ УАС-СИФАТ дегеніміз – Аллаһ өзін

Құранда қандай есімдермен атап, қалай сипаттаған болса және

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһты

қандай есімдермен атап, қандай сипаттармен сипаттаса, біз де тура

солай,

1 - ден ҰҚСАТПАСТАН (ташбих),

2 - ден ЖОҚҚА ШЫҒАРМАСТАН (та'тиль),

3 - ден «ҚАЛАЙША?» ДЕМЕСТЕН (такйиф),

4 - ден ӨЗГЕРТПЕСТЕН (тауиль)

ИМАН КЕЛТІРЕМІЗ!

Себебі көптеген адасқан топтар (му`тазилиттер, матуридилер мен

аш`арилер сияқты) Құран мен сүннетте келген Аллаһтың есім-сипаттарын

нақлдан (Құран мен сүннеттен) бұрын ақылға салып, Аллаһтың

сипаттарын бірінші ұқсатты, сосын оны жоққа шығарды, кейін

«қалайша?» деп сұрақ қойды, содан кейін сипаттардың мағынасын

өзгертті. Ал бұлай істеу Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын) және оның Әбу Бакр, Омар, Осман, Али сияқты және басқа

сахабаларының жолына сәйкес келмейді. Өйткені Пайғамбарымыздың

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қоштасу хажылығында жүз

мыңнан астам сахабалар қатысқанын ескерсек, олардың біреуінен

Аллаһтың есім-сипаттары туралы аят-хадистер келгенде, олар

сипаттардың мағынасын ұқсатқандығы, жоққа шығарғандығы, «бұл

сипаты менің ақылыма сыймай жатыр, бұны «қалайша түсінемін?» деп

сұрақ қойғандығы және ақылға сиятынын қалдырып, симағанының

мағынасын өзгерткендігі туралы бірде-бір хадис келмеген. Керісінше Али

бин Абу Талиб (Аллаһ ол кісіден разы болсын): «Егер дін ақылға

салынатын болғанда, Біз масихты мәсінің үстінен емес, астынан

тартуымыз керек еді, бірақ біз үстінен тартуға бұйырылдық» деген,

Page 3: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

3

яғни Құран мен хадисте қалай келген болса және Аллаһ пен Оның

Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басқа аят, хадисте

«оның мағынасы былай» деп айтпаған болса, онда тура солай иман келтіру

міндет болады.

Аллаһтың есім-сипаттарына қатысты мына үш қағиданы кім түсініп,

білсе, иншаАллаһ ешқашан адаспайды:

1) Аллаһтың ешбір сипаты жаратылыстардың сипатына ұқсамайды.

Бұған Құран мен сүннеттен дәлелдер:

«Оған ұқсайтын ешнәрсе, ешкім жоқ. Ол Аллаһ әр нәрсені Естуші,

толық Көруші» (Шура, 11).

«Расында Аллаһ, күйеуі жайында Аллаһқа шағымданып, сенімен

тартысқан әйелдің сөзін естіді. Аллаһ екеуіңнің сөйлескендеріңді

естиді. Күмәнсіз Аллаһ толық Естуші, тым Қырағы» (Мужәдәлә, 1).

ибн Касир осы аяттың тәпсірінде имам Бухари мен имам Ахмад Айша

анамыздан риуаят еткен хадисті келтірген. Ол хадисте былай делінген:

«Бүкіл дауыстарды естуші Аллаһқа мақтау-мадақтар болсын!

Тартысушы әйел Пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі

болсын) келіп, онымен сөйлескенде, мен бөлменің бұрышында отырып,

ештеңе естімедім. Сонда Аллаһ: «Расында Аллаһ, күйеуі жайында

Аллаһқа шағымданып, сенімен тартысқан әйелдің сөзін естіді»деген

аятты түсірді».

Тағы да Құранда келеді:

«Аллаһқа мысал бермеңдер (Аллаһты еш нәрсеге теңемеңдер).

Негізінде Аллаһ әр нәрсені біледі, сендер білмейсіңдер» (Нахыл,74).

«Ол сияқты басқа біреуді білесің бе?» (Марям, 65).

«әрі Оған ешкім тең емес» (Ыхлас, 4).

2) Аллаһ Тағала өзін атаған есімдері мен сипаттары және Пайғамбарымыз

(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) Аллаһты атаған есімдері мен

сипаттары, Аллаһтың ұлылығына сәйкес болуы керек.

Бұған дәлел:

Page 4: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

4

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты еш тәңір жоқ. Ол Мәңгі

Тірі, толық Меңгеріп Тұрушы. Ол қалғымайды да, ұйықтамайды.

Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында Өзінің

рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да,

арттарындағыны да біледі. Олар Оның қалауынан басқа еш нәрсе

білмейді. Оның Күрсісі көктер мен жерден кең. Оған Ол екеуін қорғау

ауыр келмейді. Ол өте Биік, аса Зор, Ұлы» (Бақара, 255).

«Ол Аллаһ Әуелгі әрі Соңғы (әр нәрседен бұрын ежелден бар әрі мәңгі

қалады, соңы жоқ). Және Ол (әр түрлі дәлелдермен) Көрнеу әрі (ақыл

жетпейтін) Көмес (ғайып). Сондай-ақ Ол әр нәрсені толық білуші»

(Хадид, 3).

«Ол сондай Аллаһ, Одан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір

жоқ. Көместі (жасырын) де, көрнеуді (ашық) де біледі. Сондай-ақ Ол

аса Рахымды, ерекше Мейірімді. Ол сондай Аллаһ, одан басқа

құлшылыққа лайық ешбір құдай жоқ. Ол патша, өте Пәк, Есендік

беруші, Қорғаушы, тым Үстем, аса Өктем, өте Ұлы. Аллаһ олардың

қосқан ортақтарынан пәк. Ол Аллаһ Жаратушы, Жоқтан Бар Етуші

және Бейнелеуші. Есімдердің ең көркемі оған тән. Көктер мен жердегі

әрбір нәрсе оны ұлықтап, мақтайды. Ол өте Үстем, аса Дана» (Хашыр,

22-24).

Сүннеттен дәлел: Абу Хурайрадан имам Муслим жеткізген хадисте

Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге төсекке

жатқаннан кейін: «Жеті қат көктің Раббы әрі ұлы аршының Раббы.

сондай-ақ, біздің және барлық нәрселердің Раббы, дән мен дәнекті

жарушы, Тәурат,Іінжіл және Құранды түсіруші Аллаһ! Сен Әуелгісің,

өйткені сенен бұрын еш нәрсе болған емес. Сен Көрнеусің, Сенің

үстіңде еш нәрсе жоқ. Сен Жасырынсың, Сенің астыңда еш нәрсе жоқ.

бізді қарызымыздан құтқарып әрі кедейліктен сақтап, байыта гөр!»

деп айтуды бұйырды».

3) Аллаһтың сипаттарының қандай, қалай екенін білемін деп, терең кетуге

болмайды. өйткені жаратылыстар оған құдіретті емес, яғни Аллаһты

көрген ешкім жоқ, оны салыстыратын еш нәрсе жоқ және Аллаһ пен

пайғамбары бізге оның қандай екенін айтқан жоқ.

Бұған дәлел:

Page 5: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

5

«өйткені Аллаһ олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да

біледі. Басқалар Оны толық білмейді» (Та һа, 110).

«көздер Оған жете алмайды. Ол көздерді көреді және Ол өте Жұмсақ,

толық Білуші» (Әнғам, 103).

Әрбір ақыл-есі бүтін, саналы адам, өзінің көруі, естуі, білуі, ақылы сияқты

сипаттарының шектеулі екенін біледі. Мұндай саналы кісі, өзінің ақылы

жетпейтін істерге араласпайды. Ал Аллаһтың сипаттарының қандай

екендігіне дәлелсіз араласудан тіптен қорқады. Сондықтан қысқа ақылына

салып, Аллаһтың сипаттарын тәлкек етпестен, Құранда Аллаһ өзін қандай

сипаттармен сипаттаса, тура солай иман келтіреді («Мән Роббукә?» Шейх

Махмуд `Абдур-Разиқ).

Ұлы имам Әбу Ханифа былай деген: «Аллаһ Тағаланы, Оның құлдарының

сипаттарымен сипаттауға болмайды. Оның «ашуы» мен оның

«разылығы» – Аллаһтың екі сипаты. Олар жайында: «қандай?», – деп

сұрақ қоюға болмайды. Бұл Әһлюс-суннә уәл джәмә`аның сенімі (нанымы).

Аллаһ ашуланады, Аллаһ разы болады, әрі: «оның ашуы – бұл Оның азабы,

ал Оның разылығы – бұл Оның сыйы», – деп айтуға болмайды. Ол Өзін

қалай сипаттаған болса, біз де дәл солай сипаттаймыз: Ахад, Самад, ләм

йәлид уә ләм йуләд уә ләм йәкун ләһу куфуән ахад, Хайй, Қодир, Сами`,

Басыр, `Алим. «Аллаһтың Қолы – олардың қолдарының үстінде», алайда

Оның Қолы жаратылыстарының қолына ұқсамайды, ал Оның Жүзі

жаратылыстарының жүздеріне (беттеріне) ұқсамайды» («фиқһ әл-

әбсәт» 56).

Ал Әбу Ханифаның мына сөздері аш`арилер үшін ату жазасы секілді:

«Аллаһтың Қолы, Жүзі және Нәфсі (жаны, заты) бар. Аллаһ бұларды

Құранда атаған. Аллаһ Тағала Құранда атаған Жүз, Қол және Нәфс

оның сипаттарына жатады, олар туралы «қандай?», – деп сұрақ қоюға

болмайды. Сонымен бірге: «Оның Қолы – бұл оның Құдыреті, немесе

оның Мейірімі (ни`мә)», – деп айтуға болмайды, себебі осыған ұқсас

сөздер Аллаһтың сипаттарын теріске шығаруды (ибтәл) білдіреді. ал бұл

қадарилер мен му`тазилиялардың ақидасы (сенім-нанымы)» («Әл-фиқһ әл-

әкбәр» 302).

Аллаһтың нәфс деген сипатына әбу Ханифаның дәлелі: Аллаһ тағала

былай деді: «міне Аллаһ айтты: «йә, `Иса, Мәриямның ұлы! Сен

адамдарға: «мені және менің анамды Аллаһпен бірге тәңір етіп

алыңдар», – деп айтқан ба едің?». Ол былай деді: «Сен Пәксің!

Page 6: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

6

Құқығым жоқ нәрсені мен қалайша айта аламын? Егер де мен

бұндайды айтқанымда, Сен оны білетін едің. Сен менің

жанымдағыны (фи нәфси)» білесің, ал мен Сенің жаныңдағыны (фи

нәфсик) білмеймін. Расында, Сен – көместен (ғоиб) хабардарсың!»

(Мәида, 116).

Тағы да Әбу Ханифа былай деген: «негізінде, пәк Аллаһ Тағала жерде

емес, аспанда». Сол кезде бір адам одан: «ал сен Аллаһтың мына сөздері

туралы не дейсің: «қайда болсаңдар да, Ол (Аллаһ) сендермен бірге»?», –

деп сұрайды. Сонда Әбу Ханифа: «бұл сенің қасыңда жоқ бір адамға:

«мен сенімен біргемін», – деп хат жазғаның секілді», – деп жауап берді

(«әл-Әсма уәс-Сыфәт» 2/170).

Тағы да Әбу Ханифа айтқан: «кім: «мен Раббымның қайда екенін: аспанда

ма, әлде жерде ме, білмеймін», – десе, күпірлік (куфр) жасады. Бұл:

«Аллаһ `Аршқа (тақ)» көтерілген, алайда мен тақтың қайда екенін:

аспанда ма, әлде жер де ме, білмеймін», – деген адамға да қатысты»

(«әл-фиқһ әл-әсбат» 46).

Мен әдейі әбу Ханифаның сөздерін келтірдім, өйткені аш`арилер мен

мәтрудилер өздерін жиі сол кісінің жолында жүретінін мәлімдейді. Егер

имам Әбу Ханифаның ақидасы (сенімі) осындай болған болса, онда қалған

үш имамның сөздерін келтірмесек те болады, себебі олардың сенімдер

айналасында бұл мәселелерде ешқандай күдік болғанда жоқ, болмайды да.

Осы жерде бір сұрақ туады: егер Аллаһтың есім-сипат мәселесінде

исламның төрт ұлы, беделді имамдары адасқан болса, онда кім бұл

мәселеде тура жолға ілескен? Олардан кейін жүз, не екі жүз жылдан кейін

пайда болған бір топ аш`арилер ма?! Далбаса! (бос сөз!) ))

Аллаһ Тағала былай деді: «Мейірімді (Аллаһ) `Аршыға (таққа)

көтерілді» (Та һа, 5).

«Күдіксіз Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде

жаратқан. содан кейін Аршыға көтерілген…» (Ағраф, 54).

Бір күні біреу имам Мәликтен: «Аллаһ Аршыға қалай көтерілді?» – деп

сұрағанда, ол кісі: «Аллаһтың Аршыға көтерілгені белгілі, қалай

көтерілгені белгісіз, бұған иман келтіру – парыз, ал бұл туралы сұрақ қою

– бидғат (дінге еңгізілген жаңалық) », – деп көркем әрі нақты жауап

берді.

Шейх Мухаммад Солих ибн `Усемин былай деген: «(имам Мәликтің бұл

жауабын) Аллаһтың барлық сипаттарына қатысты қолданып жүр! Егер

Page 7: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

7

біреу бізден: «Аллаһ Тағала былай деген: «Менің Өз Қолдарыммен

жаратқаныма», (Сад 75)», яғни Адамды (`алейһи сәләм), Аллаһ оны өз

қолымен қалай жаратты?», – деп сұраса, біз оған: «бұл сұрақ – бид`а!», –

деп жауап береміз. Ал егер ол: «мен білім (ізденуді), әрі Раббымның

сипаттарынан менен ештеңе жасырын болмауын қалаймын. (Аллаһ

Тағала) Адамды (`алейһи сәләм) қалай жаратқанын білгім келеді», – деп

айтатын болса, біз оған былай дейміз: «біз саған: «сенің ұмтылысың

сахабалардан да артық па?, – деген жеп-жеңіл сұрақ қояйық!». Сонда ол не

«йә!», не «жоқ!», – дейді. енді «жоқ!», – деп жауап беретіні жақынырақ.

Сонда біз оған (тағы да бір оңай сұрақ қоямыз): «қазір сен, одан сұрап

тұрған адамың (сұралушы) Аллаһ сипаттарының кейіпі туралы жақсырақ

біле ме, әлде Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)

жақсырақ біле ме?». Ол: «Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен

сәлемі болсын)», – деп жауап қататыны анық.

Сонымен, сахабалардың білімге деген ұмтылысы сенен де артық, әрі

олардың, оған сұрақ қоятын адамы (яғни, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың

игілі мен сәлемі болсын) қазір сен одан сұрап жатқан адамнан

(сұралушыдан) білімдірек. Соған қарамастан, олар (яғни, сахабалар) ондай

сұрақтар қоймаған. өйткені, олар Аллаһқа (қатысты мәселелерде) әдепті

ұстанған. Олар өз жүректерінде, ал кейде өз тілдерімен де: «расында,

Аллаһ, оның сипаттарының кейіпін (қандай екенін) біздің ақылдарымыз

бен ойларымыз қамтып алуынан ұлырақ», – деп айтатын. Аллаһ Тағала

мағнауи нәрселерде: «Олар оны білімдерімен қамтып ала алмайды» (Та

һа, 110) және сезім мүшелерімен танылатын нәрселерде: «Оны (Аллаһты)

көздер қамтып ала алмайды, бірақ Ол көздерді қамтып алады»

(Ән`ам, 103).

Сондықтан, біз айтамыз: бауырым, Аллаһқа (қатысты нәрселерде) әдепті

ұстан! «Аллаһ адамды өз қолымен қалай жаратты?», – деп сұрама!

расында, бұл сұрақ – бид`а. міне, қалған сипаттарға да (қатысты әңгіме)

дәл осындай. Егер біреу: «Аллаһтың көздері қандай», – деп сұраса, біз

оған: «бұл – бид`а!», – дейміз. Егер біреу: «Аллаһтың қолдары қандай», –

деп сұраса, біз оған: «бұл (сұрақ) – бид`а!», – деп жауап береміз. Аллаһқа

(қатысты мәселелерде) әдепті ұстан. Аллаһ сипаттарының кейіпі жайында

сұрама! Егер біреу «Раббың келеді» деген аят туралы: «қалай келеді», –

деп сұрайтын болса, онда біз: «бұл (сұрақ – бид`а)!», – дейміз. Осы

қағиданы ұстаныңдар! және Аллаһ сипаттарының кейіпі туралы сұрайтын

Page 8: Аллаһтың есімдері мен сипаттарындағы жалғыздығы

8

әрбір адам мубтади` (дінге жаңалық еңгізуші), (сұрақ қоя беріп) шектен

шыққан адам болып табылады. Қол жеткізе алмайтын нәрселері туралы

сұрақ қоя беретін адам болып табылады» («тәфсирул-Қурәнил-Кәрим.

джуз-у `аммә» 149).

Аллаһ жақсырақ біледі!

Дерек көзі: www.al-hanifiya.kz/forum