Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы

28
Психика мен санан ың пайда болуы ме н дамуы ОРЫНДАҒАН: ҚОНЫСОВА С. МАШ-511

Upload: -

Post on 16-Feb-2017

1.831 views

Category:

Education


14 download

TRANSCRIPT

Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы

ОРЫНДАҒАН: ҚОНЫСОВА С.

МАШ-511

Жануарлар дүниесінде психиканың тууы және дамуы.

Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтар

Психика Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары

Ғалымдар пікірлеріСана

Жоспары:

Психика(гр. psychikos — ішкі

сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани

бірлестігі.

Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның

дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына

бейімделетін бағдарын құрайды.

Психика

объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді

бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті

адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен

сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

қарапайымсезімталдық

Заттайқабылдау.

Затаралық байланыстарды

бейнелеу

Психика дамуының кезеңдері

қарапайым сезімталдық– бұл сатыда тек өкілдерінің инстинкттері, яғни белгілі орта жағдайларына бейімделудің тума формалары қалыптасады.

Заттай қабылдау. Бұл кезеңнің нәтижесі – дағдылар, яғни тек өкілінің жеке-дара тәжірибесімен игерілген әрекет-қылықтар фор-масы.

Затаралық байланыстарды бейнелеу, яғни интеллек-туалды әрекет-қылық– заттар арасындағы байланыс – қатынастарды бейнелеуші психикалық әрекеттердің күрделі формасы.

Экзопсихика

Эндопсихика

Интропсихика

Психикалық болмыс 3 шартты түрге бөлінеді

Экзопсихика –психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика– құрамды психиканың адам ойын, ерік күшін, қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психика органикалық материяның барлығында бірдей

бола беретін қасиет емес. Ол өсімдіктер дүниесінде жоқ. Тіпті тірі организмдердің төмендегі

фомаларынан да оны табу қиын. Психика материяның жоғары

формаларының, жанды материяның ғана қасиеті. Тірі

материяның, төменгі түрлеріне (мәселен, қарапайым

организмдерге) тітіркенушілік (сыртқы әсерлерге жауап бере алушылық), ал оның жоғары

түрлеріне сезгіштік (заттардың қасиеттерін бейнелей алу) қасиет

тән

• Сезгіштік – психиканның ең бастапқы белгісі. Бұл организм сыртқы ортаны түйсіне алу қабілеті. Түйсік орталық нерв жүейесі бар барлық жануарларда және адамдарда кездесетін қарапайым психикалық құбылыс. Психикалық әрекеттің дамуы нерв жүесімен дамуымен шарттас. Ал нерв жүйесі құрылысының күделене түсуі психиканың күрделене түсуіне, оның жоғарғы формаларының пайда болуына жағдай туғызған. Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологиялық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар.

Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті

жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару

заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық

табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін

және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның

— сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының

дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы

қалыптасады.

У.Джемс пікірінше, психиканың негізгі қызметі: сырттай болмысты бейнелеу негізінде жеке әрекет-қылықты басқару және ретке келтіру, сонымен бірге оны адам қажетіне сәйкестендіру. Е.Ф. Ломов өз еңбектерінде тұлға әрекет-қылығы мен іс-әрекетіне байланысты психиканың үш түрлі қызметін ажыратты: танымдық, ретте-ушілік, ақпарат алмасымен қарым-қатынасқа келу (коммуникативті). Адамның бейімделуі мен шығармашыл әрекетке түсуі осы үш қызметтің орындалуына тікелей тәуелді деді.

Психиканың пайда болуы, яғни генезисі және оның дамуы туралы проблемалар өзара тығыз байланысты. Соңдықтан да психика дамуы туралы жалпы көзқарас психиканың туындауы жөніндегі мәселенің теориялық ерекшеліктерімен сипатталады. Аталған проблема бойынша ғылымда бірнеше теориялық бағыт қалыптасқан. Ең алдымен бұлар арасында философиялық ой-пікір тарихында Р. Декарт есімімен байланысты ғылыми елеуге тұрарлық "антропопсихизм" бағдары. Оның мәні психиканың пайда болуы адамның келіп шығуымен байланысты. Психика тек адамға тән қасиет. Осылай пайымдаудан адам психикасының біз білетін тарихтан бұрынғы болмысы түгелдей жоққа шығарылды. Мұндай пікір қазіргі күнде де өз қолдауын табуда.

Психикалық дамудың алғашқы қарапайым формалары

Тітіркену -бұл биологиялық бейнелеудің ең қарапайым формасы болумен, өсімдік және жануарлар эволюциясының барша кезендеріндегі тірі организмдерге тән құбылыс, яғни бұл тірі организмнің барша биологиялық мәнді әсерлерге жауап беру қабілеті. Осылай, органикалық дүниеге өту барысында бейнеленудің сапалық жаңа формасы келіп шығады, әлбетте, бұл бейне айнадағыдай дәл сипатты бере алмайдыТіршілікке маңызды әсерлерге болған тітіркену процестері, тітіркенудің жоғары маманданған формаларының қалыптасуы жэне олардың Ү-рпақтан үрпаққа беріліп отыруы өсімдік дүниесі деп аталған өмір кезеңінің сипатына айналады. Мысалы, күн жарығына орай өсімдік тамырының терендеуі, дарақ діңінің қисық болуы, өсімдіктің күн сәулесін бағуы сияқты құбылыстар бәрі осы биотикалық әсерлерден болған тітіркенудің нәтижесі. Өсімдік өмірі үшін мәнді және бір жағдай бар. Биотикалық әсерге қарқынды зат алмасумен жауап беруші өсімдіктер нақты зат алмасу кезінде өзге әсерлерді байқамайды. Олар қоршаған ортада белсенді бағыт-бағдар таңдай алмайды. Мысалы, адым жерде күн сәулесі жарқырап түсіп тұрғанымен, өзі тасада қалған өсімдік жасай алмайды.

Тіршілік иесі қоршаған ортада бағдарлау қабілетіне ие болып, онда болып жатқан әртүрлі өзгерістерге белсенді қатынас жасай отырып, есімдіктерге тән емес, әрекет-қылықтың жеке-дара өзгермелі формаларын қалыптастыра бастады.Алғашқы кезде мұндай жеке өзгермелі әрекет-қылықтың қалыптасуы өте баяу болды, солай да болса, бұл процесті эксперимент жағдайында (Брамштедт) байқауға қол жетті. Бір жасушалы жануарлар жылуды сезеді де, жарықты қабылдамайды. Сондықтан да олар бір жағы жарық, екіншісі қараңғы, суы тендей жылы камерада бір қалыпты жайыла жасайды. Ал егер камерадағы судың бір бөлігін ғана жылытса, жануарлар сол бұрышқа келіп жиналады. Егер камераның суық су тарапына ұзақ уақыт жарық түсіріп жылы жағын қараңғыласа, жануарлар әрекеті өзгере бастайды, яғни енді біржасушалылар температураның көтерілуінен хабар беруші сигналға айналған жарықты сезе бастайды. Өсімдіктерден жануарларды ажырататын жекелеген әрекет-қылық баяу өзгереді және пайда болған өзгерістер ұзақ уақыт сақталып, өте жай жойылады.

бейнеге сүйене қоғаммен қарым-

қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі,

адамның заттармен байланыс іс-әрекеті, табиғи және мәдени

қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдар өзара қатынасы мен

қызметі, яғни осы образдарды өзінің

мінез-құлық бағытында әдіс-тәсілі ретінде

пайдалану.

Сана

Сананың негізгі қасиеттеріӨзіндік-сана сезім

САНАНЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚАСИЕТТЕРІ

Сана психика дамуының жоғарғы сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны

білу адамның болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін дұрыс алып жүруге мүмкіндік береді. Жалпыны біле отырып адам әрбір жеке міндетті практикалық

тұрғыдан шеше алады.

ӨЗІНДІК   САНА-СЕЗІМ Адамның жануарлардан

айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім — сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Жануар мен адам психикасындағы айырмашылықтарСонымен, тіршілік дамуы қоршаған болмыс, дүниені бейнелеуді қамтамасыз етуге арналған жануарлардың тән құрылымын пайда етіп, сол қызметке қажетті ағзаларды жікке салды. Бейнелеу қызметінің сипаты неге тәуелді? Неліктен бір жағдайда ол жеке қасиеттерді қабылдайды да, екіншісінде затты тұтастай бейнелейді? Бұл жануарды қоршаған дүниемен байланыстыратын сол жануардың әрекет-қылығының объектив құрылысына тәуелді. Тіршілік жағдайының өзгермелілігіне жауап бере отырып, жануардың дене құрылысы мен әрекеті де өзгеріске келеді, соның салдарынан психикалық бейнелеудің жаңа формаларының туыңдауына себепші тән мүшелері мен олардың қызметі өзгерген (биологиялық талаптарға орай икемдеседі. Жануар психикасы мен әрекетінің және адам іс-әрекеті мен санасының сапалық ерекшеліктері төмендегідей:

1. Жануарлар әрекет-қылығының бәрі адам іс-әретінің өзінің тікелей биологиялық, табиғи сипатымен ажыратылады, яғни жануар әрекеті тек тіршілікке қажет затқа байланысты өрбіп, табиғатта болған инстинктік қатынас шеңберінен аса алмайды. Осыған орай тіршілік иесінің шындықты психикалық бейнелеу мүмкіндігі шектеліп, өзіне биологиялық тараптан қажет болған заттардың қасиеттері мен сапаларын ғана қабылдау қабілеттеріне ие. Сондықтан да жануарларда заттарды сол күйінде тұрақты, объектив бейнелеу тәсіл қалыптасады. Қоршаған ортаның барша заттары олар үшін инстинктік қажет аймағында ғана танылуы мүмкін.

Жануарлардың өзі тектес тіршілік түрлеріне қатынасы басқа тысқы объекттерге, нысандарға қатынасынан бөлектенбейді, яғни жануарларда қоғамдық сезімнің болмауына байланысты бұл қатынас та биологиялық инстинкт сипатында болады. Жануарларда шын мәніндегі еңбек бөлісі атымен жоқ, ал олардың әртүрлі қызметті шеберлікпен орындай алуы табиғи жағдай қажеттіліктеріне орай тума берілген қасиет.

• Жануарлардың өзара қатынас түрлері олардың "тіліндегі" ерекшеліктерді де анықтап отырады. Көбіне жануарлар бір-біріне дыбыстар көмегімен әсер етеді. Мұндай процестің адамдардың тілдесу қатынастарына ұқсастығы қандай? Әлбетте, қандай да бір сыртқы ұқсастық бар. Бірақ олар ішкі мағыналық тарапынан бір бірінен мүлде басқаша. Адам тілдесу барысында объектив мазмұнды білдіріп, өзіне қаратылған ауызша сөзді әншейін бір дыбыс ретінде қабылдап қоймастан, қоршаған болмыс шындығын бейнелеген ақпарат деп таниды. Ал жануарлардың дыбыстық әрекеті белгілі мазмұнға сай сараланбай, барша биологиялық қажеттіліктің бәріне бірдей қолданылады (көректі қажетсіну, үрку, қорғаныс т.б.) да, инстинктік, тума бекіген қылықтар шегінен аса алмайды.