Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

8
Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс Наурыздың 12 – сінен 13 – не қараған түні аяқ астынан келген апат ел – жұртты қорқыныш қоршауына алды. Баласын еркелеткен ананың көзіндегі мейірімді мұңға алмастырып, өрімдей ғана жас баланың жүзіндегі шаттықты ұрлаған апат өкінішке орай, Алматы облысы Қызылағаш ауылында болды. Бұл жағдай ешкімді де бейжай қалдырмады. Қызылағаштағы болған оқиғаға байланысты “Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының” оқытушысы Е.Т. Шайхинаның ұйымдастыруымен, Жалпы медицина факультетінің 041 топ 1 курс студенттерінің қатысуымен “Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс” тақырыбында оқу – тәжірибелік сабақ өтті.

Upload: amiel

Post on 06-Feb-2016

118 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс. - PowerPoint PPT Presentation

TRANSCRIPT

Page 1: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

Наурыздың 12 – сінен 13 – не қараған түні аяқ астынан келген апат ел – жұртты қорқыныш қоршауына алды. Баласын еркелеткен ананың көзіндегі мейірімді мұңға алмастырып, өрімдей ғана жас баланың жүзіндегі шаттықты ұрлаған апат өкінішке орай, Алматы облысы Қызылағаш ауылында болды.

Бұл жағдай ешкімді де бейжай қалдырмады. Қызылағаштағы болған оқиғаға байланысты “Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының” оқытушысы Е.Т. Шайхинаның ұйымдастыруымен, Жалпы медицина факультетінің 041 топ 1 курс студенттерінің қатысуымен “Төтенше жағдайлардағы азаматтық қорғаныс” тақырыбында оқу – тәжірибелік сабақ өтті.

Page 2: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс
Page 3: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс
Page 4: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

Сабаққа Университет бойынша төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Таскеева Бақытгүл Жорабаевна, кафедра бойынша жауапты оқытушы Қашағанова К.Т., оқытушы Абсатарова Г.П. қатысты. Сабақтың мақсаты төтенше жағдайлардағы медицина және әскери қызметкерлердің дайындығын көрсету. Студенттер өз қойылымдарында апатты жағдайдағы Қызылағаштықтардың жай – күйімен қатар, алғашқы көмек көрсету шарттарын да келген қонақтарға жеткізіп берді.Ені 20 шақырым, ұзындығы 50 шақырымға созылған апат орнын кішкентай ғана аудиторияға сидырған студенттер жапа шеккендердің өмірінің қайғылы кезеңдерінен үзінді көрсетті. Апат әкелген шығындарды нақтылы деректерден топтастырып қонақтардың назарына ұсынды. Сондай – ақ Қызылағаштықтарға көрсетіліп жатқан моральдық және материалдық көмек көрсету барысын бейнетаспадан көрсетіп жүректерді тебірентті.

Page 5: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс
Page 6: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс
Page 7: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс
Page 8: Төтенше  жағдайлардағы азаматтық қорғаныс

Сабақ соңында қонақтар өз ойларымен бөлісіп, сабақ көздеген мақсатына жеткендігін алға тартты. Апаттың айтып келмейтіндігін және кез келген төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек екендігін де тілге тиек етті.Тақырып аясын кеңінен көрсету үшін студенттер жер сілкінісі жағдайындағы алғашқа жәрдем және құтқару шараларымен де таныстырды. Сабақ барысында 041 топ студенттері Мырзаимова А., Қуанышов А., Шабакова А., Сүйеубеков Б., Бердалиева С., Үсенова А., Ақбаев Қ. белсенділік танытты.

Коммуникативті дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасы оқытушысы Шайхина Еркетай, Жалпы медицина факультетінің 1 курс, 041 топ студенті Сүйеубеков Бекзат.