Силлабус ЖБ

30
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ ««БЕКІТЕМІН» ОӘЖ бойынша проректор э.ғ.д., профессор ________________ Г.Ж. Нұрмұханова « 31 » тамыз 2012 ж. Студенттерге арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus) Пәннің аты:__ Жобаларды басқару Мамандық (шифры, атауы ) 5В050700 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В090800 «Оценка», 5В070300ИС Оқу түрі: күндізгі Пәннің коды: UPR3223 Күндізгі оқу бөлімі Кешкі оқу бөлімі Сырттай оқу бөлімі Кредит саны 3 - - Курс 3 - - Семестр 6 - - Аралық бақылау (саны) 2 - - Экзамен (семестр) 6 - - Дәрістер (сағат) 30 - - Тәжірибелік (семинар) сабақтар 15 - -

Upload: akerke1

Post on 03-Nov-2014

273 views

Category:

Documents


28 download

TRANSCRIPT

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

««БЕКІТЕМІН»ОӘЖ бойынша проректор э.ғ.д., профессор

________________ Г.Ж. Нұрмұханова « 31 » тамыз 2012 ж.

Студенттерге арналған пән бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)Пәннің аты:__ Жобаларды басқару

Мамандық (шифры, атауы ) 5В050700 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В090800 «Оценка», 5В070300ИС

Оқу түрі: күндізгі Пәннің коды: UPR3223

Күндізгі оқу бөлімі

Кешкі оқу бөлімі

Сырттай оқу бөлімі

Кредит саны 3 - -Курс 3 - -Семестр 6 - -Аралық бақылау (саны) 2 - -Экзамен (семестр) 6 - -Дәрістер (сағат) 30 - -Тәжірибелік (семинар) сабақтар (сағат)

15 - -

СОӨЖ (сағат) 23 - -СӨЖ(сағат) 67 - -Барлық сағат саны 135 - -

Алматы, 2012

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

Оқу бағдарламасын дайындаған аға оқытушы Ибрагимова Акгул Амангельдиевна (Оқытушының аты-жөні)

«Экономика» мамандықтарына арналған типтік бағдарлама негізінде дайындалды (қандай құжаттар негізінде)

Оқытушы туралы мәлімет және қосымша ақпарат: мамандығы экономист, «Менеджмент», «Персоналды басқару», «Маркетинг» т.б. нарықтық қатынастарға байланысты білімін жоғарлату курстарын аяқтаған. Соңғы он бес жылда менеджменттің түрлі бағыттарынан дәріс оқиды, семинарлық сабақтарды өмір тәжірибесі мысалдарымен байланыстыра жүргізеді. Орыс тілді экономикалық бағыттағы әдебиеттерді қазақ тіліне жоғары сапада аударады. Тел.: 8-775-523-56-84.

Оқу бағдарламасы «Менеджмент» кафедрасының жиналысында талқыланды(кафедраның аты)

«_28_» тамыз 2012 ж. № 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент Бреслав Е.П.(қолы, аты-жөні)

«Экономика және есеп» факультетінің деканы э.ғ.д.,проф. Мұхаммедов Ә.О.

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

№ 1 хаттама

« 31 » тамыз 2012 ж.

КІРІСПЕ

2

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

Кредиттік оқу жүйесі оқытушылардың жұмысын айтарлықтай өзгертеді, студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстарының сапасын жоғарлату үшін оқытушылардың үнемі ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп отыру қажеттігі туындайды. Әсіресе аудиториялық сабақтарда студенттердің біліктілігін арттыру мәселелерін ұйымдастыру және басқару үшін арнайы әдістемелік және дидактикалық дайындық кешені болу қажет.

Кредиттік оқу жүйесінде шәкірттердің талабын толық ескеретіндей білім беру талаптарын қамтамасыз ететін, оқытушылар арасында бәсеке туғызатын, түрлі оқыту әдістемелерін жетілдіре отырып пайдаланатын, оның ішінде оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны мен сапасын жетілдіріп, жақсарта түсу қарастырылған. Білім беру жүйесінде қоғамның әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру жолында қазіргі заманға лайықты жаңар- тылған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындау көзделген.

Syllabus – бұл курстың жан-жақты, терең дайындалған түрі, оны сол пән бойынша дәріс оқитын, сабақ жүргізетін оқытушы дайындайды.

Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) пәнді оқыту бағдарламасын көрсететін негізгі оқу-әдістемелік құжат. Syllabus әрбір академиялық кезеңнің басында студентке ұсынылады.

Оқу жұмыс бағдарламасының (syllabus) сыртқы беті қатаң түрде берілген форма бойынша (1 қосымша) дайындалады. Бұл бетте: университеттің, кафедраның аты, бағдарламаның, пәннің атауы, кредит саны, нешінші семестр екені көрсетіледі. Қарсы бетінде (1.1 қосымша) осы бағдарламаны дайындауға негіз болған типтік бағдарламаның аты, оқытушы туралы мәлімет беріледі.

Бағдарлама кафедра жиналысында талқыланып бекітіледі, унивеситеттің оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдап, ең соңында университеттің оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры «Бекітемін» деп қол қояды.

Оқу жұмыс бағдарламасы (syllabus) кафедрада оқытылатын әр сабақ бойынша дайындалады. Егер аттас пәндер әртүрлі мамандықтарға оқытылатын болса, ол пән үшін барлығына бір бағдарлама дайындау мүмкіндігі кафедрада анықталады.

Пәнді оқыту міндеттері студенттердің білімі мен қабілетін дамыту жолындағы талаптарға сай белгіленеді. Білім беру міндеттемелері бекітілген квалификациялық сипаттамада көрсетілген мамандарды дайындау талаптарын жүзеге асыру ережелеріне сәйкес болуы тиіс.

Өткізілетін курсқа дейінгі (пререквизиттер) және сол курстан кейін өтетін (постреквиэиттер) пәндер тізімі берілуі тиіс.

Пререквизиттер – осы пәнді игеруге негіз болатын пәндер: Экономикалық теория, макроэкономика, микроэкономика.

Постреквизиттер – аталған пәнді қорытындылап, бекіте түсетін пәндер тізімі: Еңбек ресурстарын басқару, инновациялық менеджмент, стратегиялық менеджмент.

Пәннің сипаттамасы.«Жобаларды басқару» пәнін оқу барысында болашақ мамандар өз білімдерін, инвестициялық шешімдер қабылдау үшін қажет, қаржылық және экономикалық талдау тәсілдерімен толықтырады. Сонымен қатар, кезкелген саладағы басқаруды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс-қимылын қоғамның әлеуметтік - экономикалық дамуының нақты жағдайларында қолданудың әістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.

Осы пән бойынша студенттерді оқытудың белсенді әдістері: имитациялық (жағдайды талдау, имитациялық жаттығулар), ойындық, (іскерлік ойындар, рольдерде ойнау, жобалау), имитациялық емес (тәжірибелік сабақ, тақырыптық пікірталас) тәсілдер қолданылады.

3

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

Пәнді оқыту мақсаты. Студенттердің жобаларды басқару игеруі, олардың аталған курсты оқу арқылы алған білімдері фирмалар мен компанияларда іс жүзінде, тәжірибеде қолдануға ықпал етеді.

Пәнді оқыту міндеттері. Білім алушылардың бойында жобаларды басқару жайында нарықтық катынастарға сай нақты, қазіргі заманға байланысты толық көзкарас қалыптастыру, яғни жобаларды басқару пәнін ғылым және өнер ретінде түсіну, түрлі ұйымдарды басқарудың жүйесі ретінде, жоғары коммерциялық нәтижелерге жетудегі тиімді стратегиялық бағдарламалар жасауға бағытталған қызмет ретінде түсінік қалыптастыру.

4

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

1. Пәннің мазмұны 1.1 Күнтізбектік -тақырыптық жоспар:

Ап

тал

ар

Тақырып атаулары

Сағат саны

Лек

циял

ар

Пра

ктик

а

СО

ӨЖ

СӨ

Ж

1. Жобаның экономикалық мазмұны. 2 1 1 52. Жоба түрлерінің жіктемесі. 2 1 1 53. Жобалардың мақсаты мен стратегиясы. 2 1 2 54. Жобалардың өмірлік циклы. 2 1 2 55. Жобаны жүзеге асырудың ұйымдастырушылық экономикалық жүйесі. 2 1 1 56. Жобаларды басқару әдістері. 2 1 2 57. Жобаларды талдауда қолданылатын есептеу тәсілдері Проценттерді

есептеу тәсілдері.2 1 2 5

8. Дисконтау, NPV, ARR, IRR. 2 1 2 59. Ұзақ мерзімдік қарыздарды қайтару тәсілдері. 2 1 2 510. Инвестициялық жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың негізгі

ережелері.2 1 2 5

11. Ақша ағымын анықтау тәсілдері. 2 1 2 5

12. Жобалардың тәуекелдігін бағалау. 2 1 1 4

13. Инфляция жағдайының инвестициялық жобаларды бағалауға тигізетін әсері.

2 1 1 4

14. Жобаларды қаржыландыру 2 1 1 4

15. Жобаны басқарудың нәтижесі. 2 1 1 4

БАРЛЫҒЫ 30 15 23 67

1.2 СӨЖ орындау және тапсыру мерзімдері:

№Тапсырманың

тақырыбыТақырыптың мазмұны

Ұсынылатын әдебиеттер

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі(апта)

Ең жоғарғы бағалау көрсеткіші (балл)

1 Жобаларды басқарудың мәні және түсінігі. Жоба мақсаты.

Жобаны түсінудегі екі негізгі тәсілдер. Жобаны басқарудың базалық түсінігі. Жоба мақсаты.

Нег.әдеб.1,2,3,4 Қос. әдеб. 1,2,

Жазбаша (реферат)

2 5

2 Жобалық және тұрақты қызмет: ұқсастығы және ерекшелігі.

Жобалық және тұрақты қызметтердің ұқсастығы. Операциялар мен жобалардың арасындағы айырмашылық. Қазіргі жағдайдағы жобалық қызметтердің айырмашылығы.

Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 2 5

3 Жоба сәттілігінің триплеті: бюджет және сапа, мерзімдері.

Жоба сәттілігі түсінігінің мәні. Бюджет жобасы және сапа, мерзімі белгілері сәйкестігін

Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 6,7

Реферат 3 5

5

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

қамсыздандыру күрделілігі.Сәттілік триплетінің жобасы.

4 Бағдарлама жобалық топ ретінде. Жоба негізінде.

Жоба үддерісінің негізгі екі тобы. Жоба негізінің түсінігі және оның қажеттілігі. Бағдарлама түсінігі жобалық топ ретінде. Жобаларды басқару мен жалпы басқару байланысы.

Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,4

Реферат 4 5

5 Жоба портфелін басқару.

Жоба партфелі түсінігі және оны қазіргі жобаны ұйымдастыруындағы қажеттілік. Жоба партфелінің тиімділігін қамсыздандыру. Жоба партфелін басқару.

Нег.әдеб.1,2,4,9 Қос. әдеб. 2,3

Тақырыпқа сай

пікірталас өткізу

5 5

6 Жобаның өмірлік партфелі.

Жобаның фазалары және сатылары. Жобаның тармақтары. Жоба сатылары: инвестиция алдында, инвестициялық, жалдамашылық.

Нег.әдеб.1,2,3,10 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 6 5

7 Жобаны басқару қызметтері.

Жобаны басқару қызметтері: жоспарлау, басқару, бақылау, ұйымдастыру, әкімшілік және басқа жалпы жүйелік қызметтері. Жобаны басқарудың астарлы жүйесі. Фазалардың, қызметтерінің өзара байланыстылығы және жобаны басқарудағы астарлы жүйесі.

Нег.әдеб.1,2,3,11 Қос. әдеб. 4,5

Реферат 7 5

8 Жобалардың классификациясы.

Жобалардың классификация типтері: шағын жобалар, мега жобалар, күрделі жобалар, халықаралық жобалар.

Нег.әдеб.1,2,3,12 Қос. әдеб. 5,6

Реферат 8 5

9 Жоба қатысушылары (мүдделі жақтары).

Жоба қатысушылары және мүдделі жақтары. Жобадағы рөлінен. Бұйырушы, атқарушы ұйымымен және командалық жоба арасындағы өзара қатнастары.

Нег.әдеб.10,12,13 Қос. әдеб. 7,8

Реферат 9 5

10 Жобаны ұйымдастырушылық құрылымын басқару.

Құрылымды ұйымдастыру қызметі. Жобаға бағытталған ұйымдастырушылық құрылымы. Матрицалық ұйымдастырушылық құрылымы. Аралас ұйымдастырушылық құрылымы.

Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 8,9

Реферат 10 5

11 Жобаны басқару Жобалар Нег.әдеб.1,2,4,5 Реферат 11 5

6

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

процессінің моделі. Жоба инициациясы.

инициациялары. Жоба идеясын қалыптастырудың негізгі себептері. Жобаны алдын-ала мақсат, міндеттерін өңдеу.

Қос. әдеб. 10,13

12 Жобаны жоспарлау процессі және әдістері.

Негізгі ұғымдар және анықтама. Жоба жоспары. Жоспарлау деңгейі. Жобаның күнтүзбелік жоспары. Жобаны жоспарлау дәйектемесі. SWOT - анализ әдістері

Нег.әдеб.1,2,8,9 Қос. әдеб. 8,13

Реферат 12 5

13 Жұмыстың иерархиялық құрылымы(WBS).

Мазмұнының декомпозициясы. WBS егжей-тегжейлі деңгейі. WBS негізіндегі жобаны иерархиялық құрылымы. Жобаның құрылымдық мүмкін болатын қателігі.

Нег.әдеб.1,2,9,10 Қос. әдеб. 9,10

Реферат 12 5

14 Жобаларды басқарудағы желілік жоспарлау: желілік моделі және оның құрылымы.

Желілік диаграмма ұғымы. Желілік диаграмма типтері. Желілік жоспарлау әдістері. Желілік моделі және оның құрылымы.

Нег.әдеб.1,6,10 Қос. әдеб. 1,2

Реферат 12 5

15 Сыни жолдар әдісі (Critical Path Method).

“Сыни жол” ұғымы. Сыни жолдар әдісі. Уақыттың толық қоры.

Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 13 5

16 Гант диаграммасы. Гант диаграммасын құру үшін желілік процедура жиынтығы. Желілік моделін өңдеу процессі. Жұмыс кешенін анықтау. Жұмыс көрсеткіштерін бағалау.

Нег.әдеб.1,2,3,9 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 13 5

17 Орны толатын және орны толмайтын ресурстар.

Ресурстардағы қажеттілікті анықтау. Ресурстарды теңестіру. Операция ұзақтығын жоспарлау.

Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 6,7

Реферат 14 5

18 Жобаны атқару процесі немесе іске асыру.

Жобаның жоспарын атқару. Салыстырмалы негізгі жоспарды ағымдағы атқару мониторингісі. Мерзім және бюджет бойынша келешектегі атқару кезеңдерін болжау. Жобаның түзетуші іс-қимылы және тәжірибиесі. Жоба жұмысын санкциялау процедурасы. Жобаны атқару жағдайы жайында ақпараттарды алмасу үшін кезеңдік жиналыс. Жоба жұмыстарының нәтижесі.

Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 14 5

19 Жобаны талдау және Талдау және бақылау Нег.әдеб.1,2,3,6 Реферат 14 5

7

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

бақылау процессі. процессі. Жоспардан ауытқу. Атқару жайындағы есеп беру: мерзімі, құны, ресурстары, тәуекелі, келісімдері. Меңгерілген көлемді талдау.

Қос. әдеб. 2,3

20 PERT жобасын атқару мерзімін бақылау әдісі(Program Evaluation and Review technique).

Бақылау жүйесіндегі талаптары. Жобаны атқару мерзімі. PERT жобасын атқару мерзімін бақылау әдісі.

Нег.әдеб.1,2,3,7 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 15 5

СӨЖ ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар

Өзіндік жұмыс кең мағынада өз бетінше ойлауды және студенттің таным белсенділігін ынталандыруға жағдай жасайтын кез-келген іс-әрекет. Өзіндік жұмыс семинар сабақтарына дайындалу барысында, консультацияларда, жеке тапсырмаларды орындауда, баяндама, рефераттар жазуда, конспект жазуда жүзеге асады. Бұл жұмыстар арасында айқын шек жоқ, сондықтан өзіндік жұмыс аудиторияда және аудиториядан тыс орындалады. Білім беру стандарттары өзіндік жұмыстарға арнайы сағаттардың бөлінуін қарастырған. Бұл оның оқу үрдісіндегі маңыздылығын көрсетеді. «Жобаларды басқару» пәнін оқыту барысында СӨЖ жүргізудің жазбаша түрде, реферат дайындау формалары қолданылады. Өзіндік жұмыс түрлерінің тиімділігін арттыру үшін, ең алдымен, лекция материалдарымен және тақырып бойынша ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттермен танысу қажет. Қажетті ақпаратты іріктеп алғаннан соң, қысқаша конспект жазған орынды. Пысықтау мақсатында қосымша бірнеше сұрақтар ұсынуға болады. Бұл топ алдында сөйлеу үшін пайдалы. Мысалы, “Жобаларды талдау” тақырыбы өте ауқымды, күрделі мәліметтерді талдауды қажет етеді. Мұндай ауқымды материалды игеру сатылық сипатта жүруге тиісті. Алдымен осы тақырыптың негізгі мазмұны мен мәселелерін түсіндіруші лекция материалдарын игеру, одан соң СӨЖ барысында жекелеген сұрақтар бойынша қысқаша конспектілеу, одан әрі нақты бір мәселеге (функциялар түрлеріне) байланысты реферат жазу қарастырылады. Жеке тапсырмалар әртүрлі формада болу қажет. Оның үстіне, студенттің тілегі бойынша, ғылыми зерттеуге қабілеті мен ынтасын ескере отырып, жеке тапсырмаға өзгеріс енгізуге болады. Сонымен қатар, СӨЖ жеке тапсырмалар ретінде және шағын топтарда оындалуы мүмкін. Келесі нұсқада барлығына бірдей сұрақтарда СӨЖ тапсырмасы беріліп, оны бағалауда олардың бірдей сұрақтарды дербес, шығармашылық тұрғыда талдауы ескеріледі.

1.3. СОӨЖ орындау мерзімі:

№Сабақтардың тақырыптары

Тапсырманың мазмұны*Ұсынылат

ын әдебиеттер

Өткізу түрі

Апталар және сағат саны

Ең жоғарғы

бағалау

мөлшері(балл

)1 Жобаны аяқтау

процесі. Жобаны түзетуші іс-қимылы және

Аяқтау процесі. Келісімнің аяқталуы. Әкімшілік аяқтау. Жоба нәтижелерін белгілеу және құжаттау. Тапсырыс беруші жоба өнімдерін формалды

Нег.әдеб.1,2,3,4 Қос. әдеб. 1,2,

Іскерлік ойы

1 5

8

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

тәжірибиесі. қабылдау. Жобалық материалдар архивін құру. Жобаны аяқтау түрлері. Аяқтау бойынша іс-әрекет.

2 Жобаларды талдау мағыздылығы, мәні және мазмұны.

Жобаларды талдаумағыздылығы. Жобаларды талдау мәні. Жобаларды талдау мазмұны.

Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 2,3

Әл-Фараби бойынша

басшының 12 қасиетін

талдау

2 5

3 Жобаларды іске асырудағы инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау маңыздылығы және көрсеткіштері.

Тиімді инвестициялық жобаларды бағалаудың негізгі принціптері. Тиімді жобаларды есептеу үшін бастапқы көрсеткіштері. Жобаның тиімділігін негізгі көрсеткіштері. Тиімді инвестициялық жобаларды бағалау.

Нег.әдеб.1,2,5,6 Қос. әдеб. 6,7

Пікірталас 2 5

4 Дисконттау ұғымы. Берілген капитал салымдарының құнының ұғымы.

Ақша легінің дисконттау түсінігі. Дисконттауды пайдаланудағы негізгі экономикалық нормативтері. Дисконт нормасы.

Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,4

Іскерлік ойын өткізу:

3 5

5 NPV және IRR көрсеткіштерінің экономикалық мәні.

NPV және IRRкөрсеткіштерінің экономикалық мәні. Көрсеткіштердің есептеу формуласы.

Нег.әдеб.1,2,4,9 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 4 5

6 Жобаны ақтау мерзімінің мәні және маңыздылығы. Ақтаудың дисконттық мерзімі.

Жобаны ақтау мерзімінің мәні. Жобаны ақталу мерзімін есептеу формуласы. Дисконттық ақтау мерзімінің мәні. Жобаны ақталу мерзімін дисконттық есептеу формуласы.

Нег.әдеб.1,2,3,10 Қос. әдеб. 2,3

психологиялық тест өткізу

5 5

7 Жоба құнын басқару: мәні және мазмұны.

Жоба құнын басқарудың негізгі принціптері. Жоба құнын бағалау. Ресурстар құны. Жоба операциясының тұрақты және өзгермелі құрамдас құны. Ресурстар құнының ұқсас бағалары. Төменгі және жоғарғы әдіс бойынша ресурстарды бағалау(WBS). Компьютерлік әдістер. Нақты бағалау диапозоны.

Нег.әдеб.1,2,3,11 Қос. әдеб. 4,5

фирманыңқұрылымы

н талдау

6 5

8 Бюджеттеу ұғымы. Жоба бюджеттері және жоба партфелі.

Бюджеттеу ұғымы. Бюджет түрлері. Бюджеттер көрсету формасы. Жоба бюджеттері және жоба партфелі.

Нег.әдеб.1,2,3,12

Қос. әдеб. 5,6

Бірнеше топқа

бөлініп, жобаның бюджетін

талдау

7 5

9 Жоба құнын басқару: меңгерілген көлем әдісі.

Меңгерілген көлем әдісі. Жұмыс графигі мен құнындағы алшақтықты анықтау. Жұмыс аяқталуының пайыздық бағалауы.

Нег.әдеб.10,12,13

Қос. әдеб. 7,8

Жаңа ұйыммен

таныстыру (презентац

ия)

8 10

10 Жоба құнын бақылау.

Жоба құнын бақылау әдісі. Жоба құнының бақылау құрамы. Дәстүрлі құнды бақылау әдісі.

Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 8,9

Іскерлік ойын:

9 5

11 Тәуекелдерді басқару жобасы.

Тәуекелдерді жоғалту және қайтару мүмкіндігі. Тәуекелдік оқиғасы . Тәуекелдер категориясы. Форс-мажор. Құндық басқару нәтижесінің бірегейлігі. Қалыптасқан деңгейге

Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос.

әдеб. 10,13

Іскерлік ойын:Топтардың келіспеушілік

10 5

9

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

дейінгі тәуекелділік әсерінің төмендеуі. Анықтылық және белгісіздік.

себептері және оны шешеу жолдарын анықтау

12 Тәуекелдер классификациясы.

Субъекттер байланысты тәуекелдер түрлері. Зақым деңгейі бойынша тәуекелдер түрлері. Сфералық көрінісі бойынша тәуекелдер түрлері. Пайда болу көздері бойынша тәуекелдік түрлері. Тұйықталған жүйедегі жобаларға байланысы бойынша тәуекелдердің түрлері. Шығын немесе табыстағы нәтижесі бойынша тәуекелдер түрлері.

Нег.әдеб.1,2,8,9 Қос. әдеб. 8,13

Өткен тақырыптар бойынша

«Ойлан, тап»

ойыны

11 5

13 Тәуекелдерді сандық және сапалық бағалау.

Математикалық статистикалық әдістер көмегімен тәуекелді сандық бағалау. Тәуекелдерді эксперттік бағалау әдісі. Тәуекелдерді имитациялық моделдеу әдісі. Бірнеше жеке әдістердің бірігуі немесе олардың жеке элементтерінің білдіретін үйлестіру әдісітері.

Нег.әдеб.1,2,9,10 Қос. әдеб. 9,10

Пікірталас 12 5

14 Жоба сапасы. Жобаның сапа менеджменті. Жоба сапасы және жоба өнімінің сапасының өзара байланыстылығы. Жобаларды пайдалану сапасын көтеру.

Нег.әдеб.1,6,10 Қос.

әдеб. 1,2

Іскерлік ойын өткізу:

12 5

15 Жоба сапасын басқару.

Қазіргі басқару сапасының концепциясы. Деминг бойынша сапаны басқару. Кайзен. Дәл мерзіміне. Сапаны марегиналдық талдау. Жалпыламалық сапаны басқару(TQM). Концепциясының негізгі жағдайы TQM. Сапаны жоспарлау. Исикава диаграммасы. Сапаны қамтамасыз ету. Сапаны бақылау.

Нег.әдеб.1,2,3,5 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 13 5

16 Сапа менеджмент стандарттандырылған жүйесі: ИСО 9001-2000 және т.б

Компания сапасы бойынша құжаттау жүйесі. Сапа элементері бойынша методологиялық инструкциясы. Сапаға жалпы регламенттеуші талаптары, стандарттары.(стандарттар сериясы ICO 9000 және EN 29000). Мемлекет стандарттары, стандарт баламалығы ICO және EN.

Нег.әдеб.1,2,3,9 Қос. әдеб. 2,3

Пікірталас 14 5

17 Адамдар ресурсын басқару процестерінің жобасы.

Билік және әсер етуі. Ұйымдағы саясат. Мінез құлқы саясаты.Қарым қатнас принціптері. Командалық менеджмент. Ұйымдастырушылық мәдениет. Келіссөздер күрделілігі. Жобалық менеджердің негізгі сапасы. Персоналды басқаруды психологиялық аспектілері.

Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 6,7

Іскерлік ойын өткізу:

14 5

18 Қатысушылар мүддесінің шиеленісі. Шиеленістердің шешу тәсілдері.

Шиеленістер. Шиеленістердің әскери фазасы. Шиеленістің конструктивті фазасы. Шиеленістің коммуникативті фазасы. Шиеліністерді шешу тәсілдері.

Нег.әдеб.1,2,4,5 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 14 5

19 Жоба коммуникациясын басқару процессі және

Жоба коммуникациясын басқару. Жобаны басқарудағы ақппараттық технологиясы. Жобаларды басқарудағы ақппаратты жүйесін

Нег.әдеб.1,2,3,6 Қос. әдеб. 2,3

Реферат 15 5

10

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

мәні. енгізу ерекшелігі. Қоғаммен байланысы.

СОӨЖ орындау бойынша әдістемелік ұсыныстар

СОӨЖ-дің оқу үрдісінде маңыздылығы жоғары. Себебі, студент осы арқылы курс (тақырып) шеңберінде білімді белсенді түрде және өз бетінше игеруге үйренеді. Өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, оны дәлелдеуге, пікір және ақпарат алмасу дағдыларын қалыптастырады.. Жоғары білімнің мақсаты - өзін-өзі дамытуға, өз бетінше білім алуға, жаңашылдық іс-әрекетке қабілетті, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру болып табылады. Бұл өз кезегінде СОӨЖ ұйымдастыру және жүргізуге ерекше талаптар қояды. Бұл үшін СОӨЖ орындауда өз бетінше дайындалу және шығармашылық қабілеті мен студенттің ой-өрісін дамыту талаптары орындалуы қажет. Берілген тақырыптарды талдау барысында, дәстүрлі әдістерді қолдануға болады. Сұрақтарын жеке талдаумен қатар, баяндамалар немесе хабарламаларды “дөңгелек үстел” формасында талдау, шағын жазбаша жұмыстары арқылы тақырыптың түйінді мәселелерін айқындау, проблемалық жағдайларды ұжымдық тұрғыда талқылау. Материалды пысықтауда тренинг әдісі тиімдірек. Топ ішкі топтарға бөлініп, қарастырылатын мәселе бойынша алдын ала белгілі бір жағдайды суреттейтін материал дайындайды. Сабақта әрбір ішкі топ өз жағдайлары мен ой-пікірлерін шынайы, толық көрсете білуі қажет. Тренинг екі нұсқада жүргізілуі мүмкін. Біріншісі: әрбір ішкі топ өздері баяндап, қарастыратын мәселелерді талдайды. Екіншісі: бір топтың дайындаған материалын екінші топ талдайды. Әрбір ішкі топтың өз ойларын баяндауда кесте, схема, график, т.б. көрнекті құралдарды қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, талданатын жағдайға байланысты пікірталасты өрбіту немесе кейбір түсініксіз сәттерді айқындау мақсатында қосымша сұрақтар қойылады.Ойынның екінші бөлімінде келесі ішкі топ теорияның әлсіз тұстарын көрсетіп, ұсынушы топ өз пікірін дәлелдеу үшін жеткілікті дәлелдер келтіруі қажет. Бағалауды да ішкі топтар жүргізгені дұрыс. Соңында олардың дәлелдеулерін, өз ойларын жеткізу өнерін оқытушының өзі талқылап, қорытынды жасап, басқаша айтқанда, төреші болып баға бергені дұрыс. Әр тақырыптың соңында осы әдіспен қатар “жедел сауал” әдісін қолдану материалды игеруге, оны бекітуге, пысықтауға қабілетін арттыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда барлық тақырыптар бойынша, оның тәжірибеге қаншалықты жақындығын пайымдауды студенттердің дағдысына айналдыру кез келген пәннің өзектілігін арттырады. Студенттер тақырып шеңберінде қосымша материал іздестіріп, оларды басқару теориялары тұрғысында негіздеулері қажет. Сол сияқты т.б. түйінді мәселелерді мерзімді басылымдардан алынған ресми деректер негізінде талдау осы материалдың бекітілуіне және теорияның тәжірибеге байланысын түсінуге жағдай жасайды

СОӨЖ шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін мотивация жүйесін қалыптастырады. Оқытушы студенттің белсенділігіне пара-пар немесе ынталандыру мақсатында жоғары балл қоя алады. Ең бастысы – бұл жүйе студентке ыңғайлы, түсінікті, әрі олардың белсенділігін, бастамашылығын, жүйелілігін ескеруі тиіс.

11

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

1.4 Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары

1. Жобаларды талдау туралы түсінік және оның кезеңдері2. Жобаны экономикалық талдау3. Жобаны қаржылық талдау4. Қазақстан кәсіпорындарында сыртқы экономикалық қызметті басқару5. Нарық жағдайында фирма стратегиясын жасау6. Басқару жүйесі және бизнес жүйесі7. Жобалық тәуекелдік және оны төмендету жолдары8. Басқарудың экономикалық әдістері9. Бизнес жүйесіндегі нарық және бәсекелестік10. Белгісіздік және тәуекелді жағдайларда басқару шешімдерін дайындау және таңдау11. Фирманы басқаруда қаржы-несие механизмі12. Жобаны техникалық тұрғыдан басқару13. Жобаны экологиялық тұрғыдан басқару14. Жобаны құрылымдық тұрғыдан басқару 15. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын басқару16. Өндірістік шығындарды талдау17. Жобаларды талдауда қолданылатын көрсеткіштер18. Жоба тиімділігінің көрсеткіштерін талдау19. Ақша ағымын талдау20. Инвестициялық жобаға байланысты табыстар мен шығындарды жорамалдау21. Жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру22. Жобаларды талдауда қолданылатын баға белгілеу саясаты23. Инфляция жағдайының жобаларды талдауға және бағалауға тигізетін әсері24. Инвестициялық жобалардың түрлері. 25. Жобаға қатысушылар. 26. Бизнес жоспар, оның түрлері27. Жоба маркетингі, оның бағдарламасы, бюджеті, жүзеге асырылуы28. Жоба менеджерінің қызметі29. Жоба тиімділігінң негізі көрсеткіштері30. Жобаның сапа менеджменті

1.5 Өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты?A) Political, (Саяси факторлар)B) Technological, (Технологиялық) C) Social, (Әлеуметтік факторлар)D) Environmental (Қоршаған орта )E) Economic,( Экономикалық)

2. Денсаулық сақтау мәселесіPESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты?A) Social, (Әлеуметтік факторлар)B) Technological, (Технологиялық факторлар) C) Economic, ( Экономикалық факторлар)

12

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

D) Political, (Саяси факторлар)E) Environmental, (Қоршаған орта)

3. Тұтынушылардың хұқын қорғау мәселесі PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты?A) Political (Саяси факторлар)B) Technological (Технологиялық факторлар)C) Economic (Экономикалық факторлар)D) Social (Әлеуметтік факторлар)E) Environmental (Қоршаған орта)

4. Тауарды маркалау, каптау ережелерін өзгертуPESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты?A) Political (Саяси факторлар)B) Technological (Технологиялық факторлар) C) Economic (Экономикалық факторлар)D) Social (Әлеуметтік факторлар)E) Environmental (Қоршаған орта)

5. Ірі айыппұл төлеу PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты?A) Economic (Экономикалық факторлар)B) Technological (Технологиялық факторлар) C) Environmental (Қоршаған орта)D) Political, (Саяси факторлар)E) Social, (Әлеуметтікфакторлар)

6. Инфляцияның әсері PESTE ( Political , Economic, Social, Technological, Environmental) жүйесінің қандай факторына қатысты? A)Economic, ( Экономикалық факторлар)B) Political, (Саяси факторлар)C) Environmental (Қоршаған орта)D) Technological (Технологиялық факторлар) E) Social, (Әлеуметтікфакторлар)

7. PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесіндегі пайыз ставкасының өзгеруі қандай факторға жатады? A) Economic ( Экономикалық факторлар)B) Political, (Саяси факторлар)C) Environmental (Қоршаған орта)D) Technological (Технологиялық факторларE) Social (Әлеуметтікфакторлар)

8. Валюта курсының өзгеруі PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесі бойынша қандай факторға қатысты? A) Economic ( Экономикалық факторлар)

13

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

B) Social (Әлеуметтік факторлар)C) Environmental (Қоршаған орта)D) Political (Саяси факторлар)E) Technological (Технологиялық факторлар)

9. PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесіндегі демографиялық өзгерістер қандай факторға жатады? A) Social, (Әлеуметтік факторлар)B) Technological, (Технологиялық факторлар) C) Economic, ( Экономикалық факторлар)D) Political, (Саяси факторлар)E) Environmental, (Қоршаған орта)

10. PESTE ( Political , Economic, Social,Technological, Environmental) жүйесі бойынша әлеуметтік жағдайлардың өзгеруі A) Social, (Әлеуметтік факторлар)B) Technological, (Технологиялық факторлар) C) Economic, ( Экономикалық факторлар)D) Political, (Саяси факторлар)E) Environmental, (Қоршаған орта)

11. PESTE ( Political , Economic, Social, Technological, Environmental) жүйесіндегі интернеттің дамуы қандай фактор? A) Economic ( Экономикалық факторлар)B) Social (Әлеуметтік факторлар)C) Environmental (Қоршаған орта)D) Political (Саяси факторлар)E) Technological, (Технологиялық факторлар)

12. Ақпараттық технологияның дамуы PESTE ( Political , Economic, Social, Technological, Environmental) жүйесі бойынша қандай факторға қатысты? A) Technological, (Технологиялық факторлар) B) Economic ( Экономикалық факторлар)C) Social (Әлеуметтікфакторлар)D) Environmental (Қоршаған орта)E) Political (Саяси факторлар)

13. PESTE (Political, Economic, Social, Technological, Environmental) жүйесіндегі гендік инженерияның дамуы қандай факторы? A) Environmental (Қоршаған орта)B) Political (Саяси факторлар)C) Technological, (Технологиялық факторлар) D) Economic ( Экономикалық факторлар)E) Social (Әлеуметтікфакторлар)

14

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

14. Бизнес- жоспар дайындаудағы талдау кезінде шығындарды есептеу үшін қандай коэффициент қолданылады?A) Рентабельділік және жалпы пайда коэффициентіB) Шығындардың орнын толтыру коэффициенті C) Төлем қабілеттілігі коэффициенті D) Дебиторлар менкредиторлар төлемінің мерзімдік коэффициенті E) Айналымдағы материалдық корлар коэффициенті

15. Бизнес- жоспар дайындаудағы талдау кезінде ликвидтілікті есептеу үшін қандай коэффициент қолданылады?A) Шығындардың орнын толтыру коэффициенті B) Төлем қабілеттілігі коэффициенті C) Дебиторлар мен кредиторлар төлемінің мерзімінің коэффициенті D) Айналымдағы материалдық корлар коэффициенті E) Рентабельділік және жалпы пайда коэффициенті

16. Бизнес- жоспар дайындаудағы талдау кезінде айналымдағы материалдық қорларды есептеуүшін қандай коэффициент қолданылады?A) Төлем қабілеттілігі коэффициенті B) Айналымдағы материалдық корлар коэффициенті C) Рентабельділік және жалпы пайда коэффициентіD) Шығындардың орнын толтыру коэффициентіE) Дебиторлар мен кредиторлар төлемінің мерзімдік коэффициенті

17. Бизнестің құрылымы неден тұрады?A) Алғашқы өндіріс, екінші ретті өндіріс, үшінші ретті өндірісB) Экономикалық, саяси, әлеуметтік, технологиялық ортаC) Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық-құқықтық формаларыD) Белгілі бір өнімді өндіруге кеткен шығындарE) Капиталды мобилизациялау құралдары

18. Бизнеске төменде көрсетілген қасиеттердің қайсысы сай келеді?A) Белсенділік, мақсаттылықB) Тұтастылық, зияткерлікC) Жан-жақтылық, табыстылық, жоспарлылықD) Қарама-қайшылықтық, біліктілікE) Белсенділік, кезеңділік

19. Кәсіпкерліктің дамуына қандай жағдайлар туғызылуы қажет?A) Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік және әлеуметтік саясаттың тұрақтылығыB) Салықтардың жоғарғы ставкаларын қалыптастыруC) Субсидия деңгейі мен инвестиция көлемінің төмендігі, моральдық құндылықтардың өзгерісіD) Бизнес саласына келіп түсетін ақшалай қаражаттарды мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алу

15

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

E) Жеке меншік секторына деген оңтайсыз көзқарас

20. Басқару субъекті бойынша шешімнің жіктелуі.A) Әкімшілік шешім;B) Қарапайым;C)Ішкі;D)Сыртқы;E)Жалпы;

21. Бағалау үшін қолданылатын белгілерге сәйкес қандай түрге бөлінеді?A) сапалықB) индекативтікC) сауалнамалықD) тұрақтыE) өзгермелі

22. Басқарудың жоғарғы буыныA) Топ менеджментB) Мидле менеджментC) Тайм менеджментD) Кадр менеджментE) Инновациялық менеджмент

23. Бәсекелік орта мен тиімді нарықтықэкономиканы қалыптастыруды мақсат тұтынатын заң актілері мен әкімшілік шаралар жүйесі:A) мемлекеттің амортизациялықсаясатыB)мемлекеттіњ циклге ?арсы саясаты C)мемлекеттің салалық саясатыD)мемлекеттің валюталық саясаты E)мемлекеттің монополияға қарсы саясаты

1.6 Өтілген курс бойынша және соларға сәйкес тесттер бойынша бағдарламалық сұрақтардың тізімі

1. Жобаның экономикалық мазмұны2. Жоба туралы ұғым3. Нарығтық экономика жағдайындаы жобалардың категорияларын талдау4. Жобаларды басқару түсінігі5. Жобалар түрлері, мақсаты мен мәні6. Жоба құрылымы, жобаға қатысушылар7. Шағын жобалар8. Мегажобалар 9. Халықаралық 10. Халықшаруашылық жобалар11. Жобалардың ішкі ортасы12. Жобалардың сыртқы ортасы13. Жобалардың мақсатын анықтау

16

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

14. Жобалардың стратегиясын қалыптастыру15. Жобалардың саяси ортамен байланысы16. Жобалардың экологиямен байланысы17. Жобалардың нарықпен байланысы18. Жобалардың инвестиция алдындағы циклы19. Инвестиция циклы20. Пайдаланым циклы21. Жоба тәуекелділігін төмендету механизмі22. Жоба шығындары23. Жобаны анықтау бағалары24. Жобаның көлемі және құны.25. Жобаның орындалу мерзімі және фазасы. 26. Жоба шешімдерінің сапасы. 27. Жүйелік жоспарлау және басқару әдістері28. Күнтізбелік жаспарлау әдістері29. Құрылымдық жоспарлау әдістері30. Жобаларды модельдеу әдістері31. Жобаларды талдау тәсілдері32. проценттік есептеу33. Дисконт түсінгі.34. NPV түсінігі 35. ARR түсінігі36. РІ түсінігі37. Қаржылық рента38. Қаржылық рентаның қазіргі құны.39. Жобаны қаржылық-экономикалық жағынан бағалау. 40. Жобаны коммерциялық жағынан бағалау. 41. Өнімді өткізу бойынша өндірістік шығындар42. Айналым қаражаттарының қажеттілігін анықтау.43. Айналым капиталының түрлі тиімділіктерін анықтау.44. Инвестициялық қызметтегі ақша ағымы. 45. Оперциялық қызметтегі ақша ағымы46. Өнімді өткізудегі өндірістік шығындар47. Жобаның қаржылық профилі48. Жобалардың тиімділігін бағалаудың негізгі принциптері. 49. Жоба тиімділігін есептеудегі негізгі мәліметтер. 50. Жобалардың тиімділігін бағалау.51. Тәуекелділік және белгісіздік. 52. Жобаны талдаудағы тәуекелділік. 53. Тәуекелділіктің сандыңқ және сапалық талдауы. 54. Тәуекелділікті төмендету тәсілдері.55. Инфляция көрсеткіштері.56. Инфляция әсері. 57. Дефлирлеу. 58. Инфляцияны болжамдау шаралары59. Жобаны қаржыландырудың кемшіліктері мен артықшылықтары.60. Жобаны қаржыландырудағы қолдану тәсілдері61. Ғылыми талдау нәтижесі.62. Жаңа технологиялық прогресс.63. Кәсіпорын құрылымын жаңғырту.

17

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

1.7 Ұсынылған әдебиеттер тізіміНегізгі әдебиеттер:

1. A Guide to the Project Management Body Of Knowledge, PMI Inc, 2000 – 216 pages - PMBOK.

2. Бэгьюли Ф. Управление проектом – М.: ФАИР-ПРЕСС, 2004. – 208 с.3. Иванов Г.И. Инвестиции: сущность, виды, механизмы функционирования/Феникс,

2002. – 352 с. 4. Колтынюк Б.А. Инвестиционное проектирование объектов социально-культурной

сферы: Учебник. СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000. –432 с.5. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. Управление проектами – М.: Омега-Л,

2004. – с. 664.6. Д.Нортон, Р.Каплан Сбалансированная система показателей. От стратегии к

действию. — Олимп-Бизнес, 2010. — 320 с. 7. Гершун А., Горский М. Технологии сбалансированного управления. – М.2009. - 409с.8. Клочков А. К. KPI и мотивация персонала. Полный сборник практических

инструментов. — Эксмо, 2010. — 160 с. — ISBN 978-5-699-37901-99. А. Гершун. Сбалансированная система показателей для предприятий холдингового

типа10. Каплан Роберт С., Нортон Дейвид П. Стратегические карты: Трансформация

нематериальных активов в материальные результаты. – М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2005. – 436 с.

Қосымша әдебиеттер:1. Основы управления проектами, Локк Д.: Пер. с англ. М.: «НРРО», 2004. – 253 с.2. Профессиональное управление проектом. Ким Хелдман, М.: БИНОМ. Лаборатория

знаний, 2005 г.3. Как рассчитать эффективность инвестиционного проекта. Расчет с комментариями, -

М.: Ин-т промышленного развития (Информэлектро), 2006.4. Ковалев В. Методы оценки инвестиционных проектов. —

М.: Финансы и статистика, 2008 и др.5. Хорват П. Сбалансированная система показателей как средство управления

предприятием // Стандарты и качество. – 2004, №2. – С.50-53.6. Крюков И., Шадрин А. Сбалансированная система показателей в интегрированной

системе качества // Стандарты и качество. – 2004, №6. – С.62-64.7. Мицкевич А., Ухова О. Роль функции ценности при использовании сбалансированной

системы показателей для мотивации. // Журнал Экономические стратегии - Центральная Азия . - №2. – 2006.

8. Виноградова Е. Сбалансированная система показателей: возвращение к здравому смыслу. http://www.6n.ru/articles/ssp.php

9. Блумфилд Ч. Внедрение сбалансированной системы индикаторов: методология Microsoft Balanced Scorecard Framework. Официальное описание. Корпорация Insightformation, Ins., 2002. – 31с. http://www.microsoft.com/business/bi/.

10. Каплан Роберт С., Нортон Дейвид П. Организация, ориентированная на стратегию. - М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2004. – 514 с.

11. Ильин В.В. СМК и человеческий фактор // Методы менеджмента качества. – 2006, №3. – С.24-25.

12. Солодовников А.Н. Стратегия будущего // Методы менеджмента качества. – 2006, №10. – С.56-57

18

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

13. Стихова Н. "Фактор успеха. Сбалансированная система показателей" http://www.econika.ru/ru/main/newspaper/index.shtml?article=200

14. Пашанин И. "Сбалансированная система показателей как основа стратегического управления" http://www.interface.ru/home.asp?artId=4539

1.8 ГлоссарийМенеджмент – ұйымды, яғни адамдарды басқару. Менеджер - кәсіби басқарушы, ұйымдастырушы.Басқару, бұл – ұжымға және жеке адамдарға, олардың жүмыс процесіне мақсатты, жүйелі ықпал етуТоп менеджмент – ұйымның жоғары деңгейіндегі басшылар.Мидле менеджмент – басқарушылық деңгейдегі бөлімшелер мен функционалдық қызмет басшылары.Ловер менеджмент – басқару құрылымындағы төменгі буын басшылары.Жүйе – тұтастық құрылымын құрайтын, белгілі жоспарға немесе схемаға сәйкес реттеліп орналасқан тұтастық.Жүйе тармақтары – дербес жұмыс істейтін, бірақ басқа бөлімдермен байланысы бар элементтер жиынтығы.Басқару құрылымы - ұйымның басқару аппаратының өзара тікелей және көлденең байланысы.Басқару деңгейлері – ұйым бөлімшелерінің немесе бақару құрылымының тікелей еңбек бөлінісі арқылы байланысы (бұл жағдайда басшылардың лауазымы, жауапкершілігі, әртүрлі).Ресми ұйым – заң бойынша тіркелген, өзінің мөрі , банкте есеп шоты бар ұйымдар.Бейресми ұйым – заңмен тіркелмеген, адамдардың мақсаттары мен ынталарының үйлесімділігі арқылы ұйымдасуы.Тікелей еңбек бөлінісі – ұйым бөлімшелерінің немесе қызметкерлердің деңгейлеріне қарай сатылап орналасуы.Көлденең еңбек бөлінісі – ұйымдағы бөлімшелердің немесе қызметкерлердің бір деңгейде мамандықтарына , функцияларына қарай бөлінуі.Тейлоризм - менеджменттің ғылыми негізін қалаушы Ф.У.Тейлордың қағидаларымен жұмыс атқару. Иерархия – бірнеше элементтердің бір-біріне тәуелді, тікелей, сатылап байланысы. Иерархиялық құрылым – ұйымның көп деңгейліЖоспар – жүзеге асыру үшін таңдалып алынған мақсат, белгілі бір шешім.Стратегия - мақсатқа жетудегі жалпы, жан-жақты негізгі жоспар.Тактика – стратегиялық жоспарды орындаудың әдіс-тәсілдері.Өкілеттілік – көзделген міндеттерді орындау үшін ұйымның ресурстарына иелік шегіӨкілеттілікті беру –басқару, міндеттерді жүзеге асыру хұқын басқа адамға жүктеу.Адаптивтік құрылым – сыртқы ортаның өзгерістеріне тез бейімделе алатын ұйымдық құрылым.Мотивация – адамдарды жұмысқа ынталандыру жолы.Гигиеналық факторлар – Мотивацияның екі факторлы теориясының біреуі, онсыз адамдарды жұмысқа ынталандыру қиынға соғады.Ішкі сыйлық – мотивация жағдайында адамның өз ісіне қанағаттануы, ризашылығы.Сыртқы сыйлық – мотивация жағдайында орындалған жұмысы үшін сыртқы марапаттау (еңбек ақы, сыйақылар).Коммуникация – байланыс, қарым-қатынас, ақпарат алмасу.Ақпарат – басқаруға, өндіріске, технологияға т.б. жағдайларды анықтау үшін қажетті мәліметтер жиынтығы.Лидер – адамдарға басшылық ету қабілеті.Миссия – ұйымның жоспарындағы негізгі мақсаты мен міндеті.

19

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

Портер-Лоулер моделі – мотивацияның күту және әділдік теорияларының элементтері біпіктіреді ол бес түрлі өлшемге негізделген: ұмтылу, нәтижелілігі , күту, марапатталу және ризашылығы.Вербалсыз кедергілер – сөзсіз байданыс – көзқарасымен, мимикамен қол қимылымен «сөйлесу».Семантика – сөздің өзгешелігі, сөздің мағынасын, мәнін ашу.Эксперттік билік – орындаушылардың басшының біліміне, олардың мүддесінен шығатынына сенімі арқылы жүзеге асады.Харизма – аса кеңпейілділік, адамдардың көңілінен шыға білу (үлгі көрсету) және тартымдылық арқылы ықпал ету.Кәсіпкер – жаңа ұйым құру жолында немесе жаңа идеялар мен тауар өндіруге, қызметтер орындауға тәуекел ету.Шешім қабылдау – ұсынылған нұсқалардың ең қолайлысын таңдау.Тәуекелділік – белгізіздік, нәтижесі анықталмаған жағдайСтандарт – өлшеу мүмкіндігі бар нақты көрсеткішБасшылық стилі - мақсатқа жету жолында қарамағындағыларға ықпал етудегі мінез-құлық ерекшеліктері, бұған білім деңгейі мен басқа да қарым-қатынас ерекшеліктері жатады.Этика – жағымсыз іс-әрекеттерден жағымды іс-әрекеттерді айыра білу принципіЭтикалық нормалар – қызметкерлердің жалпы құндылықтар жүйесі мен этика ережелерін сақтауы. Бизнес – табысқа жеткізіп, пайданы көбейтетін кәсіпкерлік іс-әрекеттер.Бизнесмен – кәсіпкерлік арқылыпайда келтіретін адамКоммерциялық есеп – кәсіпорында өндіріске жұмсалған шығындардың орнын толтырып, «ақша-тауар –ақша» айналымы арқылы пайданың тұрақты болуын қамтамасыз ету, бірнеше фирмалар арасындағы байланыс.Ішкі фирмалық есеп – күрделі ұйымдағы бірнеше бөлімдердің өзара байланысы.Нарықтық қатынастар – еркін кәсіпкерлік, еркін бәсеке, еркін баға жағдайындағы әлеуметтік-экономикалық карым-қатынас.Бақылау – бұл кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына сай алға қойылған міндеттердің орындалуын тексеру.Индикативті жоспар – жаңа жобалар мен ұсыныстар енгізу жоспары. Инновация –-өнідріске, технологияға енгізілетін жаңалақтар, жаңа тауар түрлерін т.б. жаңалықтарды ойлап табу.

20

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

Білімді бағалаудың жалпы шкаласы

Баға Әріптік эквивалент Пайыз бойынша % Балл бойыншаӨте жақсы А 95-100 4

А- 90-94 3,67Жақсы В+ 85-89 3,33

В 80-84 3,0В- 75-79 2,67

Қанағаттанарлық С+ 70-74 2,33С 65-69 2,0С- 60-64 1,67Д+ 55-59 1,33Д- 50-54 1,0

Қанағаттанарсыз Ғ 0-49 0

ІСБ бойынша қорытынды баға

Пән бойынша ІСБ бойынша қорытынды баға төмендегі бақылау түрлерін қамтуы қажет:№ Бақылау түрі Баллдар1 Посещаемость 15 ға дейін2 Аудиториядағы жұмыс ( лекция мен семинар

сабақтарындағы белсенділік):- өткен тақырыптар бойынша шолу- эссе қысқаша -глоссарий жазу (қазақша немесе орыс тілінде жазып ағылшын тіліне аудару)- кез-келген тақырыпқа презентация - ойындарға қатысу (Business Game)- белгілі бір нақты ситуацияларды шешу (Case Study)- топпен проект қорғау- жеке проек қорғау және т.с.с.

30 ға дейін

3 СӨЖ орындау:- үй жұмыстары - эссе- тестер- аралық есептер- топтық проектер дайындау- жеке проектер дайындау және т.с.с.

25 ға дейін

СӨЖ уақытысында өткізбегені үшін 1 балл шегеріледі әр тапсырма бойынша

4 Аралық бақылау 30 ға дейін

Оқытушы семестр ішінде дисциплинаны бұзғаны үшін студенттен максималды 10 балл шегеріп тастауға құқығы бар:- оқытушы мен басқа да студенттерді балағаттау;- оқу барысаны қатысты оқытушы талаптарын орындамау;- мобильді телефонмен оқу барысында сөйлесу;-ХБУ орнатқан аудиториялар тазалығына қатысты

21

Аға оқытушы Ибрагимова А.А.

талаптарын орындамау.Максималды балл ІСБ (ВСК) бойынша Минималды келесі ІСБ немесе қорытынды емтиханға өту баллы

100 балл 50 балл

Ескерту: Сабаққа қатысуды бағалау өлшемі 15%-ға тең, сондықтан бір аптадағы сабаққа қатысуды бағалау - 1%. Пән бойынша қорытынды баға пайыздық тұрғыда келесі формуламен анықталады:

И% = Р1 + Р2 х 0,6 + Э х 0,4 , 2 мұнда: Р1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық көрінісі, Р2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық көрінісі, Э - емтихан бағасының пайыздық көрінісі (тест-емтихан).(пән бойынша үлестердің арақатынасы: 40% - емтихан бойынша алынған нәтижелер, және 60% - ағымдағы үлгерімнің нәтижелері)

22