Жоба...4 11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау...

34
1 Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің « »_______________2016 жылғы №______ Бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарты 1 тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастырудың стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 7 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына (бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамай денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, станционарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде жүкті әйелдерге, бала туатын әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды, жалпы қағидаларын орнатады. 2. Осы Стандартта қолданылатын анықтамалар: 1) Инвазивті әдістер адам ағзасының ішкі ортасына ену арқылы жүзеге асырылатын емдеу мен диагностикалаудың әдістері; 2) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін құжат; 3) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен құралдары; 4) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары – қолдану кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды, ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау); 5) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру қабілетін көрсететін денсаулығы;

Upload: others

Post on 25-Dec-2019

47 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

1

Жоба

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің

« »_______________2016 жылғы

№______

Бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру стандарты

1 тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастырудың стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан

Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және

денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 7 бабы 1 тармағы 6) тармақшасына

(бұдан әрі - Кодекс) сәйкес әзірленген және медициналық қызметті жүзеге

асыруға лицензиясы бар меншік нысаны мен ведомстволық тиесілігіне қарамай

денсаулық сақтау ұйымдарында амбулаториялық-емханалық, станционарлық

және стационарды алмастыратын деңгейлерде жүкті әйелдерге, бала туатын

әйелдерге акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыруға

қойылатын талаптарды, жалпы қағидаларын орнатады.

2. Осы Стандартта қолданылатын анықтамалар:

1) Инвазивті әдістер – адам ағзасының ішкі ортасына ену арқылы жүзеге

асырылатын емдеу мен диагностикалаудың әдістері;

2) клиникалық хаттама – белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай

кезінде пациентке медициналық көмек көрсетуге қойылатын жалпы талаптарды

белгілейтін құжат;

3) контрацепция - қаламаған жүктіліктің алдын алу әдістері мен

құралдары;

4) ұрпақты болудың қосалқы әдістері мен технологиялары – қолдану

кезінде ұрықтанудың және эмбриондардың ерте дамуының жекелеген немесе

барлық кезеңі ана организмінен тыс жүзеге асырылатын (оның ішінде

донорлық және (немесе) криоконсервацияланған жыныстық жасушаларды,

ұрпақты болу ағзаларының тіндері мен эмбриондарды, сондай-ақ суррогат ана

болуды пайдалана отырып) бедеулікті емдеу әдістері (жасанды

инсеминациялау, жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау);

5) ұрпақты болу денсаулығы - адамның толымды ұрпақты өмірге келтіру

қабілетін көрсететін денсаулығы;

2

6) тегін медициналық көмектің кепілдік беретін көлемі (бұдан әрі -

ТМККК) Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталатын Қазақстан

Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілетін медициналық

көмектің медициналық қызметтің тізбесі бойынша бірыңғай көлемі;

7) іштегі нәрестенің тірі тууы және өлі тууы – іштегі нәрестенің тірі

және өлі туу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тиісті халықаралық

критерийлері бойынша анықталатын жаңа туған сәбидің (іштегі нәрестенің)

жағдайы;

8) дәрі-дәрмек формуляры– бар болуы денсаулық сақтау ұйымының

басшысымен бекітілген денсаулық сақтау ұйымының бейінін ескере отырып

тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету үшін құрылған жеткілікті

мөлшерде міндетті болатын дәрілік құралдардың тізбесі.

2 тарау. Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық

көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары

3. Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдарында жүкті, босанатын және

босанған әйелдерге консультациялық медициналық көмек ТМККК шеңберінде

ұсынылады.

4. ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау ұйымдарында жүкті, босанатын

және босанған әйелдерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 23 қарашадағы №762

бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №5900 тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік

формулярларын әзірлеу және келісу қағидаларына сәйкес әзірленген және

бекітілген дәрілік формулярларының негізінде ұсынылады.

5. Қазақстан Республикасында акушерлік көмекті көрсетудің мақсаты,

міндеттері, функциялары, құқықтық және ұйымдық негіздері Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 27 тамыздағы №593

бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №7931 тіркелген) акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсететін

денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы Ережемен, Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2015

жылғы 29 қыркүйектеші №761 бұйрығымен бекітілген стационарлық көмекті

көрсетудің ережелерімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде №12204 тіркелген) анықталған (бұдан әрі – Бұйрық №761).

6. Акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсететін медициналық ұйымдар

қызметінің негізгі бағыттары (бұдан әрі - МҰ):

1) Жүктілік, бала туу және бала туғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге

білікті және мамандандырылған көмекті, сондай-ақ ұрпақты болу денсаулығын

қорғау мақсатында ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдер мен жаңа

туған сәбилерге медициналық көмекті көрсету;

3

2) Медициналық көмектің қолжетімділігі мен медициналық

қызметтердің сапасын қамтамасыз ететін тиімді жүйені құру.

7. Акушерлік көмекті көрсету келесі нысандар бойынша жүзеге

асырылады:

1) амбулаториялық-емханалық көмек (тәулік бойы медициналық

қадағалау мен емдеуді қарастыратын шарттарында: алғашқы медициналық-

санитарлық көмек (бұдан әрі -АМСК); консультациялық-диагностикалық көмек

(бұдан әрі – КДК);

2) стационарды алмастыратын көмек (тәуліктік медициналық қадағалау

мен емдеуді талап етпейтін медициналық қадағалау мен емдеуді қарастыратын

шарттарда);

3) Стационарлық көмек (тәулік бойы медициналық қадағалау және

емдеуді қамтамасыз ететін шарттарда);

4) Жедел медициналық көмек;

5) Санитарлық авиация.

8. Жүктілік кезінде әйелдерге медициналық көмекті көрсетудің тәртібі

екі кезеңді қосады:

1) Амбулаториялық, акушер-гинеколог дәрігерлерімен жүзеге

асырылатын, ал олар болмаған кезде физиологиялық түрде жүретін жүктілік

кезінде - жалпы тәжірибелік дәрігерлермен жүзеге асырылады (отбасылық

дәрігерлер), аурудың бейіні бойынша дәрігер маман мен акушер-гинеколог

дәрігерінің жүктілік кезінде ауыр асқыну кезінде консультациясы пайда болған

жағдайда қамтамасыз етумен фельдшерлік-акушерлік медициналық

қызметкерлерімен);

2) Стационарлық, көп бейінді стационарларда (соматикалық және

(немесе) хирургиялық аурулар кезінде) мамандандырылған бөлімшелерінде

және (немесе) жүктіліктің патологиясы (акушерлік асқынулар) бөлімшелерінде

жүзеге асырылатын.

9. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі МҰ жатады:

1) Медициналық, фельдшерлік-акушерлік пункттер;

2) АМСК денсаулық сақтау ұйымдары құрамында акушерлік-

гинекологиялық бөлімшелер (кабинеттер), оның ішінде дәрігерлік амбулатория

құрамында (Отбасылық денсаулық орталығы), Жастар денсаулық орталығы,

емханалардың мамандандырылған көмек бөлімшелері (ауыл, аудан, қала) және

КДК, оның ішінде кеңес беру- диагностикалық орталықтары (қалалық,

облыстық).

10. Стационарлық деңгейде МҰ-ға жатады:

1) Астана және республикалық мәні бар қалалардағы, сондай-ақ 300 000

(үш жүз) мың адамнан басталатын қызмет көрсететін халық саны бар қалаларда

перинаталдық орталықтар (көп бейінді стационарлар кезінде босандыратын

бөлімшелер);

2) Республикалық денсаулық сақтау ұйымдары.

4

11. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін

орындаушының 2010 жылғы 23 қазандағы №907 бұйрығымен бекітілген

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697

тіркелген) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық

құжаттамасының нысанына сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманы

жүргізуді қамтамасыз етеді (бұдан әрі – Бұйрық № 907).

3 тарау. Амбулаториялық-емханалық деңгейде акушерлік көмекті

көрсету ұйымдастыру

12. АМСК көрсететін ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі

№281 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеу тізілімінде №11268 ) АМСК ұйымдарына азаматтарды тіркеу

қағидалары мен АМСК көрсету Қағидаларына сәйкес медициналық ұйымды

еркін таңдау құқықтарын ескере отырып оларды тіркеу орындары бойынша

жүкті әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету

мақсатында аумақтық қағида бойынша жүзеге асырылады (бұдан әрі - бұйрық

№ 281).

13. Жүкті, босанатын және босанған әйелдерге акушерлік көмекті көрсету

клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

14. Физиологиялық жүктілік барысында медициналық қызметкерлер

жүкті әйелдерге медициналық көмекті көрсетуді №593 Бұйрыққа сәйкес

қамтамасыз етеді.

15. Медициналық көрсеткіштер бойынша және жүкті әйелдің

ақпараттандырылған келісімі кезінде пренаталды диагностиканың инвазивті

әдістері қолданылады. Тексеру нәтижелері бойынша дәрігер Қазақстан

Республикасы 2010 жылғы 9 қыркүйектегі №704 бұйрығымен бекітілген

скринингті ұйымдастыруға Қағидаларына сәйкес іштегі нәрестенің дұрыс

дамымауын анықтау туралы шешім қабылдайды (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6490 тіркелген).

16. Адамның иммун тапшылығының вирусын анықтау үшін (бұдан әрі -

АИТВ) жүкті әйел №907 Бұйрықпен бекітілген (диагностикалық зертхана)

АИТВ-қа антиденелерді тексеру нәтижесі» №270/у нысаны деректерді белгілей

отырып емделушінің ақпараттандырылған келісімімен ресімдеумен АИТВ-ға

жүктілік барысында екі рет тексеруден өтеді.

17. Жүкті әйел жүктілігін сақтауға ниеті болмаған кезде, медициналық

және әлеуметтік қарсы көрсеткіштері бар кезде жүктілікті сақтау үшін жүктілік

жасанды үзіледі.

Жүктілікті жасанды үзуді жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 30 қазандағы №626

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5864

5

тіркелген) бұйрығымен бекітілген жүктілікті жасанды үзуді өткізудің

ережелерімен анықталған (бұдан әрі – Бұйрық 626).

18. МҰ осы Стандарттың 5 Тарауына сәйкес қиын жағдайдағы жүкті

әйелдерді, босанатын әйелдерді есепке алу Картасын толтыра отырып, осы

Стандарттың 1 қосымшасына сәйкес жүкті, босанатын және босанған

әйелдердің жағдайына мониторингті жүргізеді.

19. Жүктілік кезінде және жүктіліктен тыс кездегі әйелдерге, жаңа туған

нәрестелер мен ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге дәрігерге

дейінгі көмек келесіні қосады:

1) Фертильді жастағы әйелдер мен жүкті әйелдердің денсаулықтары

күйінің көрсеткіштерін мониторингтеу және және фертильді жастағы және

жүкті әйелдердің топтарын автоматтандырылған түрде жүргізу мақсатында

«Тіркелген халықтың тізілімі» электронды порталының «Фертильді жастағы

әйелдер мен жүкті әйелдердің тізілімі» ішкі жүйесіне деректерді енгізу;

2) Емделушінің денсаулығының күйін анықтау, дифференциалды

диагностика жүргізу және дәрігерге дейінгі қадағалау және (немесе) емханаға

жатқызуды талап ететін жүктіліктің қауіпті физиологиялық барысы «үрей

тудыратын белгілері» анықталған кезде акушер-гинеколог немесе педиатр

дәрігерінің консультациясын ұйымдастыра отырып, алдын ала диагнозды

орнату мақсатында медициналық қарау мен жеке қабылдау, оның ішінде:

есінен тану және сіңір тартылу;

денеде тез ісінуі;

90 миллиметр сынап бағанынан астам диастолгиялық қан қысымының

артуы (бұдан әрі – мм.сн.бғ.);

Систологиялық қан қысымы 90 мм.сн.бғ төмен немесе тамыр соғысы 110

астам соққы/минутына;

Несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы (1000 миллилитрден аз (бұдан әрі –

мл) тәулігіне);

Бастың ауруы, көздің көру қабілетінің бұзылуы, құсу;

Жатырдан қан кету немесе 400 мл және одан астам бала туғаннан кейін

қан жоғалту (бала туғаннан кейінгі қан жоғалту);

Іштің қатты ауруы;

Қиын тыныс алу;

3) Адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай кезінде

шұғыл және жедел дәрігерге дейінгі медициналық көмекті көрсету;

4) Құзыретінің шегінде экстрагениталды патологиясы бар жүкті

әйелдерді динамикалық қадағалау;

5) Акушер-гинеколог дәрігерінің белгілегенін орындау, оның ішінде

тамырға, бұлшық етке, тері астына инъекциялар; жатыр санациясы; дағды

болған кезде жатыр ішіндегі спиральді салу және (немесе) алу;

6) Міндетті зертханалық зерттеуден өту үшін жолдаманы уақытылы

ұсына отырып жүкті, босанатын және босанған әйелдердің физиологиялық,

қиын емес жүктліктері мен патронажын жүргізу, оңтайлы күн режимін,

6

демалысты, ұйқыны сақтау бойынша ұсыныстар, физикалық белсенділік;

дәрілік препараттарды алдын ала қабылдау бойынша (құрамында йод бар,

темір, фолий бар);жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың, оның

ішінде АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша; жеке тазалық пен тұратын

үйдің жайын сақтау туралы; активті және пассивті ретінде темекі тартудың

зияны туралы, күшті және әлсіз алкоголь құрамында бар сусындар мен

есірткінің іштегі баланың дамуына тигізетін зияны туралы;

7) Жүкті әйелдерге, гинекологиялық ауруларға үйде медициналық

қызмет көрсету;

8) Әйелдердің жыныстық органдары мен басқа да көзге көрініп тұратын

локализацияларының (тері, ерін, сүт бездері) қабыну және обыр ауруларын ерте

анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық қарауларын өткізу;

гинекологиялық аурулар;

9) Медициналық көмекке жүгінген барлық жастағы әйелдерге қарауды

өткізу (цитология мен тазалық деңгейіне жағындыны алумен);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндеттерін

орындаушының 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 бұйрығымен бекітілген

нысаналы халық топтарына профилактикалық медициналық қарауларын

өткізудің Қағидаларына сәйкес сүт безінің қатерлі ісігі мен жатыр мойнының

қатерлі ісігіне скрининг өткізуге қатысу (Нормативтік құқықтық актілердің

мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5918 тіркелген).

20. АМСК және КДК денсаулық сақтау ұйымдарының құрамындағы

акушерлік-гинекологиялық бөлімшелер (кабинеттер) әйелдерге жүктіліктен тыс

және жүктілік кезінде, отбасын жоспарлау және ұрпақты болу денсаулығын

сақтау бойынша, ұрпақты болу жүйесінің гинекологиялық ауруларын емдеу,

диагностикалау және алдын алу бойынша қызметтерді ұсына отырып

босанғаннан кейінгі кезеңде акушерлік-гинекологиялық көмекті

ұйымдастырады.

21. Жүкті әйелдер мен фертильді жастағы әйелдерді (бұдан әрі - ФЖӘ)

топтарын автоматтандырылған түрде жүргізу және жүкті әйелдер мен ФЖӘ

денсаулықтарының күйі көрсеткіштерін мониторингтеу мақсатында «Тіркелген

халықтың тізілімі» электронды порталының «Жүкті әйелдер мен фертильді

жастағы әйелдердің тізілімі» ішкі жүйесіне деректерді енгізу кезінде «емдеу

ісі», «педиатрия», «жалпы медицина», «акушерлік және гинекология (ересектер

және балалар)» мамандықтары бойынша дәрігерлер міндетті медициналық

тексеру нәтижелері бойынша динамикалық қадағалау топтары бойынша топтар

мен ішкі топтардың индекстерімен науқастардың медициналық карталардың

таңбалауымен ФЖӘ бөледі:

1) бірінші топ (ГРР1) – дені сау әйелдер,

1А ішкі топ (ағымдағы жылы жүктіліктерін жоспарлайтындар),

1Б ішкі топ (ағымдағы жылы жүктіліктерін жоспарламайтындар);

2) екінші топ (ГРР2) – экстрагениталиялық патологиясы бар әйелдер,

2А ішкі топ (жүктіліктерін ағымдағы жылы жоспарлайтындар),

7

2Б ішкі топ (ағымдағы жылы жүктіліктерін жоспарламайтындар),

2В ішкі топ (экстрагениталиялық патология бойынша жүктілігіне қарсы

көрсеткіштері бар);

3) үшінші топ (ГРР3) – гинекологиялық патологиясы бар әйелдер,

3А ішкі топ (ағымдағы жылы жүктілікті жоспарлайтын),

3Б ішкі топ (ағымдағы жылы жүктілікті жоспарламайтын);

4) төртінші топ (ГРР4) – экстрагениталиялық және гинекологиялық

патологиялары бар әйелдер,

4А ішкі топ (ағымдағы жылы жүктіліктерін жоспарлайтын),

4Б ішкі топ (ағымдағы жылы жүктіліктерін жоспарламайтын);

5) бесінші топ (ГРР5) – «Тіркелген халықтың тізілімі» порталының

«Жүкті әйелдер мен ФЖӘ» ішкі жүйесі және тіркелген халықтың порталын

жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

міндетін орындаушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы №7 бұйрығымен бекітілген

(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6774

тіркелген) амбулаториялық-емханалық көмекті көрсететін денсаулық сақтау

ұйымдары қызметі туралы Қағидаға сәйкес әлеуметтік қауіпті топ әйелдері.

22. АМСК және КДК деңгейінде медициналық қызмет көрсетудің

минималды көлемі №7 бұйрықпен реттелген.

23. «Емдеу ісі», «жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігерлер

қамтамасыз етеді:

1) Емделушілерге консультация беру, оның ішінде отбасын жоспарлау

және ұрпақты болу денсаулығын қорғау сұрақтары бойынша жасөспірімдерге;

2) Экстрагениталиялық аурулары бар ФЖӘ диспансеризациялау және

алдағы болатын жүктілікке дайындау;

3) Жүктілікке абсолютті және салыстырмалы қарсы көрсеткіштермен

ФЖӘ тобының контрацепцияларын қамту;

4) Прегравидарлы дайындық бойынша ұсыныстар беру.

24. «Педиатрия», «жасөспірімдер терапиясы» мамандығы бойынша

дәрігерлер қамтамасыз етеді:

1) Әлеуметтік-нашар отбасылардан мінез-құлықты қауіп факторлары,

экстрагениталиялы аурулары бар балалар мен жасөспірімдерді анықтау,

диспансеризациялау және сауықтыру;

2) Жасөспірімдерді отбасыны жоспарлау және оларды отбасылық

өмірге дайындау мәселелері бойынша ақпараттандыру;

3) Лактациялық аменорея әдісі бойынша консультация және әйелдерді

отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша босанғаннан кейінгі кезеңде

ақпараттандыру.

25. «Медициналық генетика» мамандығы бойынша дәрігерлер

қамтамасыз етеді:

1) Сау ұрпақты болжау үшін отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша

консультация жүргізу;

2) Прегравидарлы дайындық бойынша ұсыныстар жасау.

8

26. Уролог (андрология, сексапотологтар) дәрігерлер қамтамасыз етеді:

1) Отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша емделушілерге

консультация беру, жыныстық функциялардың бұзылуы, жыныстық жолмен

берілетін инфекциялар;

2) Емделушілердің денсаулықтарының жағдайын бағалау.

27. Жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромымен күресу және

алдын алу бойынша орталық дәрігерлері жыныстық жолмен берілетін, оның

ішінде анадан ұрыққа берілетін инфекциялардың алдын алу және отбасыны

жоспарлау сұрақтары бойынша емделушілерге ақпарат беру және

консультацияны қамтамасыз етеді.

28. Нарколог, психиатр, фтизиаторлар, онкологтар, дерметовенеролгтар

отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша ақпараттандыру мен консультация

беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ отбасыны жоспарлау бойынша арнайы

даярлықтан өткен мамандармен бірге контрацепция әдісін динамикалық

қадағалау, бақылау және негізгі ауруды бағалауды жүргізеді.

29. Отбасыны жоспарлау бойынша оқудан өткен әлеуметтік

қызметкерлер ұрпақты болу денсаулығын қорғау мен отбасыны жоспарлау

мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды жүргізеді.

30. Психологтар жастар мен жасөспірімдерді адамгершілік-жыныстық

тәрбиесіне қатысады.

31. Жүктілік және жүктіліктен тыс кезінде әйелдерге ұрпақты болу

жүйесінің аурулары бар әйелдерге стационарды алмастыратын медициналық

көмек МҰ немесе Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №669 бұйрығымен бекітілген

стационарды алмастыратын көмекті көрсету Қағидаларына сәйкес тәулік бойы

медициналық қадағалауды талап етпейтін емханаға жатқызу жағдайларында

тиісті құрылымдық бөлімшелерде жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық

актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12106 тіркелген).

4 тарау. Стационарлық деңгейде акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру

32. Жүктілік және жүктіліктен тыс кезінде әйелдерге ұрпақты болу

жүйесінің аурулары бар әйелдерге стационарлы көмек МҰ немесе тәулік бойы

медициналық қадағалауды қажет ететін емханаға жатқызу жағдайларында

олардың тиісті бөлімшелерінде № 761 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

33. Стационарға жоспарлы жатқызу емделушінің медициналық

көрсеткіштері бар кезде және медициналық көмекті алуға ақпараттандырылған

келісімі бар №907 бұйрықпен бекітілген алғашқы медициналық құжаттаманы

қабылдау бөлімінің дәрігерімен толтырылған босандыруға көмектесетін

медициналық ұйымның қабылдау бөлімшесіне емделуші барған сәттен бастап

30 минуттан кеш емес жүзеге асырылады.

9

Ықтимал салдарын көрсете отырып медициналық көмектен тас тартуға

емделуші немесе оның заңды өкілі, сондай-ақ медицина қызметкері Кодекстің

93 бабына сәйкес қол қойылады және медициналық құжаттардағы жазбамен

ресімделеді.

34. Экстрагениталиялық аурулары бар және ауруның ауырлығын

бағалағаннан кейін көп бейінді стационарлардың бейінді бөлімшелерінде

емделу мен қосымша тексерілуді қажет ететін 36 аптаға дейін жүктілігі бар

жүкті әйелдер түскен кезде мамандандырылған медициналық көмек көрсетілуі

үшін республикалық деңгейдегі (тасымалдау үшін қарсы көрсеткіштер жоқ

кезде) бейінді медициналық ұйымдарға емделушігі ауыстыру, ана мен іштегі

баланың өміріне қауіпті ескере отырып, жүктілікті әрі қарай созудың

мақсаттылығы мәселелері комиссиялық түрде шешіледі.

35. Басым келетін экстрагениталиялы патологиясы бар 36 аптаға дейін

жүктілік мерзімімен жүкті әйелдерді емханаға жатқызу емдеу және

диагностикалаудың клиникалық хаттамаларымен, ал олар жоқ кезде –

дәрігерлер консилиуымының шешімімен анықталған көрсеткіштерге сәйкес

бейінді мамандандырылған бөлімшелерге жүзеге асырылады.

36. Стационарлы көмекті көрсету Дүниежүзілік денсаулық сақтау

ұйымы ұсынған акушерлік және неонатологиядағы акушерліктегі жоғары

тиімді халықаралық технологияларды сақтай отырып жүзеге асырылады, оның

ішінде:

1) тері контактісі немесе «тері теріге» контакті – жаңа туған нәрестені

туғаннан кейін бірден анасының немесе әкесінің (босанған кездегі партнеры)

кеудесіне қояды ;

2) «Кенгуру» әдісі – жылу режимін қамтамасыз ету үшін анасының

немесе әкесінің кеудесінде белгілеу арқылы салмағы аз немесе мерзіміне

жетпей туған сәбилерді күтудің тиімді әдісі;

3) Партнермен бірге босану – босануда жайлылықты қамтамасыз ету

мақсатында босанатын әйелдің жақындарының босануға қатысуы;

4) партограмма – босану процесін графикалық жазу;

5) Кіндік қалдығын құрғақ енгізу – кіндік қалдығын антисептикалық

құралдармен өңдеусіз енгізу;

6) Жылу тізбегі – туылған сәтінен бастап қатты тоңазу жолымен жаңа

туған сәбидің патологиялық жағдайының дамуын алдын алуға бағытталған

шаралардың тізбектілігі.

37. Жүктілік және жүктіліктен тыс, ұрпақты болу жүйесінің аурулары

бар әйелдерге стационарлық көмек мыналарды қосады:

1) Дәрігердің қарауы және №907 бұйрықпен бекітілген нысандармен

орнатылған медициналық құжаттаманы ресімдеу;

2) Диагноз қою;

3) Жүкті әйел мен жатыр ішіндегі баланың күйін анықтау;

4) Босанудың оңтайлы мерзімі мен әдістерін анықтау;

10

5) Экстрагениталды патология кезінде базистік терапияны таңдау және

түзету, емдеу;

6) Жатыр ішіндегі нәрестенің күйін динамикалық бақылау (медициналық

көрсеткіштер бар кезде);

7) 22-34 апта жүктілік кезінде токолизді жүргізу;

8) Жүкті әйелдің жағдайын динамикалық қадағалау;

9) 24-34 апта жүктілік кезінде ұрық жанындағы судың босанғанға дейінгі

шығуы кезінде бактерияға қарсы профилактикалық терапиясы;

10) Тиімді перинаталды күтім принциптерін сақтай отырып жеке

босандыру палаталарында босандыруды жүргізу.

38. Шұғыл және жедел медициналық көмекті көрсету, оның ішінде

жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге интенсивті

терапия мен реанимация бойынша шараларды қоса алғанда екі кезеңмен жүзеге

асырылады:

1) медициналық ұйымнан тыс – көшпелі жедел жәрдем бригадасымен,

сондай-ақ шұғыл медициналық көмекті көрсету үшін консультативтік-көлік

қызметімен (бұдан әрі - ККҚ) жүзеге асырылады;

2) стационар жағдайларында – медициналық ұйымдардың интенсивті

терапия мен реаниматология, анестезиология бөлімшелерінде жүзеге

асырылады. Шұғыл медициналық көмекті көрсетуді талап ететін эпизод болған

стационарда қажетті ресурстар болмаған кезде, стационарға медициналық

көмек бригадасы, сондай-ақ емделушіні тасымалдау процесінде шұғыл

медициналық көрсетумен медициналық көмекті көрсетудің анағұрлым жоғары

деңгейіне ауыстыру үшін ККҚ шақырылады.

Жедел медициналық жәрдемнің көшпелі бригадасының, сондай-ақ ККҚ

құрамына акушер-гинекологтар, неонатологтар, реаниматологтар,

трансфузиологтар және гематологтар кіреді (кез келген генез жағдайында),

жетекші экстрагениталды синдром бойынша бейінді мамандар.

39. Жүкті, босанатын және босанған әйелдердің өміріне қауіп төндіретін

осы Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес жедел жағдайлардың белгілеріне

сәйкес келетін клиникалық жағдайлар туындаған кезде шұғыл түрде жедел

медициналық жәрдем бригадасын шақырады және әкімшілікті осы жағдай

туралы ақпараттандырады.

40. Фельдшерлік-акушерлік пункт деңгейінде босанғаннан кейінгі қан

кетумен байланысты клиникалық жағдай туындаған кезде, медицина

қызметкері осы Стандартқа 3 қосымшаға сәйкес орташа медицина

қызметкерімен (дәрігер жоқ кезде) босанғаннан кейінгі қан кетулер кезінде

шұғыл көмекті көрсетудің алгоритмі бойынша медициналық көмекті көрсетеді.

41. Фельдшерлік-акушерлік пунктте гипертензивті күймен (ауыр

преэкламспия) гипертензивті күйімен байланысты клиникалық жағдай

туындаған кезде медицина қызметкері осы Стандартқа 4 қосымшаға сәйкес

преэклампсия және ауыр деңгейлі және шипертензивті күйлері (дәрігер жоқ

11

кезде) кезінде акушердің іс-әрекеті алгоритмі бойынша медициналық көмекті

көрсетеді.

42. Фельдшерлік-акушерлік пунктте эклампсиямен байланысты

клиникалық жағдай туындаған кезде, медицина қызметкері осы Стандартқа 5

қосымшаға сәйкес эклампсия (дәрігер жоқ кезде) акушердің әрекет ету

алгоритмі бойынша медициналық көмекті көрсетеді.

43. Жүкті, босанатын және босанғаннан кейін қан кетумен босанған

әйелдерге шұғыл көмек көрсетуді осы Стандартқа 6 қосымшаға сәйкес

босанғаннан кейін қан кету кезінде шұғыл көмекті көрсету алгоритмі бойынша

кезекші дәрігер, қабылдау бөлімшесінің дәрігері жүргізеді.

44. Ауыр деңгейлі преэклампсиясы бар жүкті, босанатын және босанған

әйелдерге шұғыл көмек көрсетуді осы Стандартқа 7 қосымшаға сәйкес ауыр

дәрежелі преэклампсия кезінде шұғыл көмекті көрсету алгоритмі бойынша

кезекші дәрігер, қабылдау бөлімшесінің дәрігері жүргізеді.

45. Эклампсиясы бар жүкті, босанатын және босанған әйелдерге шұғыл

көмек көрсетуді осы Стандартқа 8 қосымшаға сәйкес эклампсия кезінде шұғыл

көмекті көрсету алгоритмі бойынша кезекші дәрігер, қабылдау бөлімшесінің

дәрігері жүргізеді.

46. Денсаулық сақтау ұйымдарында реанимациялық шараларды өткізу

және интенсивті емдеуді қажет ететін медициналық көмекті көрсету,

анестезиология, реанимация және интенсивті терапия (бұдан әрі - АРИБ),

сондай-ақ өмірлік маңызы бар функцияларды тұрақтандыру және

метаболиялық бұзушылықтарды түзету, гемодинамика мен кенеттен тыныс

алуды қалпына келтіру кезінде перинаталды көмекті өңірлендірудің анағұрлым

жоғары деңгейіне қиын жағдайларда әйелдерді тасымалдау және шұғыл

көмекті көрсету үшін көшпелі анестезиологиялық-реанимациялық акушер

бригадаларымен ККҚ жүзеге асырады.

47. Өңірлендіру – босану және босанғаннан кейінгі кезеңде әйелдерге

медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдарды кадрлық қамтамасыз

ету, жарақтандыру, төсек қуатына байланысты жүктілік пен босану ағысының

қаупі деңгейіне сәйкес әйелдер мен жаңа туған сәбилерге перинаталды

стационарлы көмекті көрсетудің үш деңгейі бойынша медициналық көмекті

көрсетудің мүмкіндіктері бойынша босандыруға көмектесетін медициналық

ұйымдарды тарату.

48. Өңірлендіру мақсаты ана мен баланы қорғайтын медициналық

ұйымдардың арасында медициналық қызметтерді тиімді тарату мен босануға

көмектесудің қазіргі жүйесінің мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану есебінен

перинаталды көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру болып табылады.

49. Перинаталды көмекті өңірлендіру деңгейіне сәйкес көрсетілетін

қызметтердің көлемі осы Стандартқа 9 қосымшаға сәйкес ұсынылады.

50. Перинаталды көмекті өңірлендіру деңгейлері бойынша жүкті

әйелдерді емханаға жатқызу үшін көрсеткіштер мен өңірлендіру кестесі осы

Стандартқа 10 қосымшасында анықталған.

12

51. Жүкті және босанған әйелдердің қауіптің сәйкес келмейтін дәрежесіне

түскен жағдайда босануға көмектесетін ұйымдардың әкімшілігі оларды

өңірлендіруге сәйкес тиісті босануға көмектесетін ұйымға ауысуын қамтамасыз

етеді.

52. Бейінді емес жүкті және босанатын әйелдер түскен жағдайда,

жағдайын тұрақтандырудың шұғыл жағдайлары туындағанда және жүкті

әйелдің қауіп деңгейін қайта бағалау кезінде босануға көмектесетін ұйым жүкті

әйелдер мен жаңа туған сәбилерді ауыстыру үшін анағұрлым жоғары деңгейлі

ұйымнан «өздеріне» көлікті шақыруды қамтамасыз етеді.

53. Бірінші деңгейлі медициналық ұйымдарға интенсивті терапия

палаталарымен жарақталған әйелдер мен жаңа туған сәбилерді реанимацияға

арналған жабдықтардың болуы мен негізгі материалды-техникалық жарақтың

бар болуы кезінде босануға көмектесетін ұйымдар жатады.

54. Бірінші деңгейлі ұйымдар мерзімдік физиологиялық босану мен

жүктілігі ауыр әйелдерге арналған.

55. Бейінді емес жүкті, босанатын әйелдерді ауыстыру мүмкін болмаған

жағдайда дәрігер бірінші деңгейде ұрық пен жаңа туған сәбидің күйіне қауіп

төндіретін күйін диагностикалайды, болжайды және алдын алады, босандыру

әдісі туралы мәселені шешеді, шұғыл жағдайлар туындағанда және туған кезде

балаға алғашқы реанимациялық көмекті көрсетеді, анағұрлым жоғары деңгейде

ауыстыру мүмкіндігіне дейін интенсивті және сақтайтын терапияны жүргізеді,

сондай-ақ егер салмағы 2000 граммнан асса қан айналымы мен тұрақты тыныс

алу функцияларымен мерзімі жетпей туылған балаларды күтеді.

56. Екінші деңгейлі медициналық ұйымдарға СРАР (Continuous Positive

Airway Pressure — тыныс алу жолдарындағы тұрақты оң қысым), өкпенің

жасанды желдету жүйелері, реанимацияға арналған толық жиынтықпен жаңа

туған сәбилердің интенсивті терапиясы мен реанимация палаталары және

базалық материалды-техникалық жарақтары, кувездер, клиникалық,

биохимиялық және бактериологиялық зертханалары, сондай-ақ балалар

медбикелері мен неонатологтардың тәуліктік кезекшілік штатты кестесі бар

босануға көмектесетін ұйымдар жатады.

57. Екінші деңгейлі ұйымдар 34 және одан астам апта мерзімі кезінде

мерзімінен бұрын босану қаупі бар; жеңіл преэклампсия; суының көп болуы; 34

тен және одан астам апта көп ұрықты жүктілігі, кесір тілігі/ миомэктомия және

басқалардан кейін (асқыну жоқ кезде) жатыр кесіктері бар; әйелдер мен жаңа

туған сәбилерге АРИБ бар ремиссия кезеңінде экстрагениталды патологиясы

бар жүкті әйелдерге арналған

58. Науқас жаңа туған сәби немесе салмағы 1500 граммнан аз сәбилердің

тууы және бейінді емес босанған әйелдерді ауыстыру мүмкін болмаған

жағдайда екінші деңгейлі мекемелердің міндеттеріне жоғарыда аталған

шаралардан басқа, шұғыл хирургиялық араласуды талап ететін ауруларды

есептемегенде, клиникалық хаттамаларға сәйкес барабар медициналық көмек

пен интенсивті терапияны жүргізу кіреді.

13

59. Үшінші деңгейлі медициналық ұйымдарға жоғары білікті

медициналық персоналмен қамтамасыз етілген, заманауи тиімді перинаталды

технологияларға ие және қазіргі заманға сай емдеу-диагностикалау

жабдықтары мен дәрілік препараттармен жарақталған, тәуліктік неонаталды

посты, клиникалық, биохимиялық, бактериологиялық зертханасы, әйелдер мен

жаңа туған сәбилерге арналған интенсивті терапия мен реанимация бөлімшесі

бар, сондай-ақ мерзімі жетпей туған балаларды күту бөлімшесі бар босануға

көмектесетін ұйымдар кіреді.

60. Үшінші деңгейлі ұйымдарға мына жүкті әйелдер жатқызылады:

1) 22-23 апта кезінде (6 күн бұрын немесе кейін) уақыттан бұрын босану

қаупімен;

2) ауыр дәрежедегі преэклампсиямен; эклампсиямен;

3) мерзімінен бұрын бала жолдасының ажырауымен;

4) акушерлік қан кетуімен; аса ауыр қағанақ суының көптігімен;

5) құрсақтағы нәресте дамуының кідіртуімен;

6) 40 жастан асқан және 16 жастан кіші жасымен акушерлік және

экстрагениталды патологиямен үйлесумен;

7) үш рет немесе одан да көп рет іштен кесір тілігімен баланы алу немесе

бір рет анамнезде асқынумен;

8) 22 аптадан бастап көпұрықтық жүктілікпен;

9) жатыр ісігі, миомалар (үлкен, көптеген);

10) өсінділердің аурулары жүктілікпен үйлескен;

11) жамбас органдарының даму ауытқушылығымен;

12) жамбас сүйегінің өзгеруімен;

13) клиникалық қысаң 3-4 дәрежелі жамбас болуы; 22 аптадан бастап 34

аптаға қоса дейін экстракорпоральдық ұрықтандыру жүктілігімен;

14) резус изоиммунизациясымен жүктілікте;

15) ұрық дамуының іштен ақауы диагностикаланған кезде;

16) декомпенсациялық экстрагениталды патологиясымен жүктілікте

(денсаулықты сақтаудың республикалық ұйымдарына ауыстыру мәселесін

шешу үшін).

61. жүкті әйелдер, босанатын, жаңа босанған әйелдер 36 аптаға дейін

гестация мерзімінде және аборттан кейін кезеңде экстрагениталды

паталогиясымен жәнемедициналық көрсеткіші бар және акушерлік асқыну

жоқтығында септикалық жағдайымен әйелдер стационарлардың бейінді

соматикалық бөлімшелеріне жатқызылады.

62. Бейінді бөлімшеде жүкті әйелдерді бақылау және емдеу барысында

дәрігер ана мен ұрық өміріне тәуекелін ескере отырып, жүктілікті әрі қарай

ұзарту тиімділігі туралы мәселені комиссиямен шешіп, аурудың ауырлығын

бағалайды.

63. Әйелдің экстрагениталды ауруын аймақтық деңгейде емдеу

мүмкіндігі болмағанда, пациентті республикалық деңгейдегі бейінді

14

медициналық ұйымдарына ауыстыру мәселесін комиссиямен шешеді

(тасымалдау үшін қайшы көрсеткіші болмағанда).

64. Жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді қажет сінген

жүкті әйелдер, жаңа босанған әйелдер және жаңа туған балалар денсаулықты

сақтаудың республикалық ұйымдарына жіберіледі.

65. Жүкті әйелде және (немесе) жаңа туған балада жедел

мамандандырылған медициналық жәрдем көрсету, диагностикалау және

емдеудің кардиохирургиялық немесе инвазивті әдістерін қолданумен жоғары

технологиялық медициналық қызметті көрсетуге қажет жүрек-тамырлы

аурулары болғанда, жүкті әйел және (немесе) жаңа туған бала

мамандандырылған медициналық жәрдемді және (немесе) жоғары

технологиялық медициналық қызметті көрсететін және өз құрылымында

кардиохирургиялық бөлімшесі, диагностикалау және емдеудің инвазивті

әдістері бөлімшесі (зертханасы) бар медициналық ұйымға жіберіледі.

66. Осы медициналық ұйымға жүкті әйелді және (немесе) жаңа туған

баланы жіберу туралы шешімді кардиолог дәрігері, акушер-гинеколог дәрігері,

интервенциялық кардиолог, аритмолог, кардиохирург қатысуымен дәрігерлер

консилиумы қабылдайды.

67. Жүкті әйелдер, босанатын, жаңа босанған әйелдер мен

гинекологиялық науқастар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау

министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығымен бекітілген

«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық

авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру

стандарттарына» сәйкес (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу

тізілімінде № 8576 нөмірімен тіркелген) бейінді стационарларға тасымалдауға

жатады.

68. Босануға көмектесетін және балалықтың жоғарырақ деңгейлі

медициналық ұйымдарына жүкті әйелдерді, жаңа босанған әйелдерді, жаңа

туған балаларды ауыстыруды (тасымалдауға қарсы көрсеткіштер болмағанда)

ККҚ жүзеге асырады, ол босанатын әйелдерге медициналық көмек беретін

үшінші деңгейлі бас ұйымы жанындағы құрылады және тәулік бойы жұмыс

істейді.

69. Әр нақты клиникалық жағдайда, ККҚ -тың бейінді мамандар

бригадасының құрамы жіберетін және қабылдайтын тараптардың бірлескен

шешімі негізінде қалыптасады.

70. Жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді және жаңа туған балаларды

тасымалдау ККҚ -тың өз көлігімен «өзіне» ұстанымы бойынша жүргізіледі.

Жүкті әйелдер, босанатын әйелдер және жаңа босанған әйелдер ККҚ -тың

қызметкерлері (дәрігер, акушерка, көлік жүргізуші-санитар) мен басқа

тартылған бейінді мамандардың міндетті түрде сүйемелдеу арқылы жылыту

жүйесі бар мамандандырылған көлікте тасымалданады.

71. Балалар 3 деңгейлі медициналық ұйымында болу кезінде өмір сүрудің

28 күн жасына жеткен балаларды балалар көп бейінді стационарлар

15

бөлімшелеріне ауыстырады. 1,2, деңгейлі медициналық ұйымда болу кезінде 28

күн өмір сүрген балаларды балалар көп бейінді стационарларда күтудің екінші

кезеңі ауыстырылады.

72. Жаңа туылған балаларды оқытылған медициналық қызметкерлер

(дәрігер-неанатолог, медициналық бике, көлік жүргізуші-санитар) мен басқа

тартылған бейінді мамандардың міндетті түрде сүйемелдеу арқылы жылыту

жүйесі бар реанимобильде немесе мамандандырылған көлікте тасымалданады.

73. ККҚ -ты жүкті әйел, босанатын әйел, жаңа босанған әйел немесе жаңа

туылған бала орналасқан бірінші, екінші деңгейлі медициналық ұйымның

басшылары шақырады. Ауыстыруды емдейтін дәрігер белгілейді, ол пациент

жағдайын тұрақтандыру бойынша іс-шараларды жүргізу, тасымалдау

нұсқаларын анықтау, қабылдайтын ұйымның басшылығымен алдын ала

келіспей, пациентті қабылдауға және тез арада көмек көрсетуге қабылдаушы

тарапты дайындау үшін ККҚ -пен байланысады.

74. Ауыстыру алдында емдейтін дәрігер ауыстыру себептері мен

қабылдайтын ұйымның мекенжайы туралы ата-аналарды және (немесе)

туысқандарына хабарлайды, мүмкіндік болса ақпараттандырылған тараптың

қолын қойғыздырып, медицналық құжаттамада жазу жасайды.

75. Жоғарырақ деңгейдегі медициналық ұйымға пациентті тасымалдау

мүмкінсіздігінде, кеңес беру көмегі және жедел араласу пациенттің орналасқан

жерінде көрсетіледі.

76. Медициналық құжаттама (жүкті әйелдің айырбастау картасы,

жіберетін мекеменің ауру немесе босану тарихынан үзінді) жіберетін

медициналық ұйымның мамандарымен уақытылы дайындалып, пациентпен

бірге жіберіледі.

77. ККҚ мамандары тасымалдау кезінде жай-күйдің мониторингін

көрсететін бастапқы медициналық құжаттама жүргізуді қамтамасыз етеді.

78. Қабылдаушы тарап бірінші жүгіну уақытын және кеңес берушінің

жазбасын тіркейді (жүгіну себебін көрсету, жағдайдың ауырлығын бағалау

және ұсынымдар).

79. Тасымалдаған кезде стационарға жатқызу сәтіне дейін пациентке

медициналық көмекті ККҚ мамандары көрсетеді.

80. ККҚ -пен жатқызылған пациент қабылдаушы ұйымның дәрігерімен

(консилиумымен) тез арада қаралады.

81. ККҚ персоналы жүру (тасымалдау) жолында келесі іс-шарларды

жүргізеді:

1) Әйелге:

артериялық қысым (бұдан әрі –АҚ) деңгейін мониторингілеу, жүрек

қысқартылуының жиілігін (бұдан әрі – ЖҚЖ) есептеу, дем алу жиілігін (бұдан

әрі – ДЖ) есептеу, дене қызуын, оттегінің сатурациясын, жатырдың жағдайын,

терең сіңірлі рефлексін қарау, ұрықтың жүрек қысқартылуының жиілігін (бұдан

әрі – ұрықтың ЖҚЖ) есептеу;

инфузиялық терапия, токолиз;

16

әр түрлі жедел жағдайларда медициналық көмек көрсету, оның ішінде

гипертензиялық және дірілдеу жағдайларын тотқтату, босануды қабылдау және

реанимациялық іс-шаралар.

2) Нәрестеге:

дене қызуын, АҚ, ЖҚЖ,ДЖ, оттегі сатурациясын мониторингілеу;

көліктің инкубаторында оттегінің шоғырлануын, ылғалдықты және

қызуды мониторингілеу;

терапияның көлемін, басталуын және ұзақтығын ескере отырып,

инфузиялық терапия;

ағзаның тіршілік функциялары мен өкпенің адекватты желдетуін

қамтамасыз ету (өкпені жасанды желдету (бұдан әрі – ӨЖЖ) аппаратының

оңтайлы режимін және өлшемдерін орнату);

реанимациялық іс-шараларды жүргізу (клиникалық жағдай бойынша).

82. ККҚ персоналы клиникалық хаттамаларына сәйкес медициналық

көмек көрсетеді.

83. ККҚ осы Стандарттың 11-қосымшасына сәйкес әйелдерді және жаңа

туған балаларды тасымалдаған кезде қажет материалдық-техникалық

жабдықталу мен дәрі-дәрмектің ең аз тізімімен қамтамасыз етіледі.

84. Гинекологиялық аурулар болғанда қыздарға көрсетілетін

медициналық көмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің

міндетін атқарушының 2010 жылғы 12 тамыздағы №631 бұйрығымен бекітілген

Балаларға гинекологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы қағидаға сәйкес

ұсынылады. (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№ 6451 тіркелді).

85. Терапияға бағынбайтын бедеулік диагнозын қойған кезде, ерлі-

зайыпты жұптың немесе тұрмыс құрмаған әйелдің қалауынша Қазақстан

Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009

жылғы 30 қазандағы №627 бұйрығымен бекітілген Ұрпақты болудың қосалқы

әдістері мен технологияларын жүргізу ережелеріне сәйкес ұрпақты болудың

қосалқы технологиялары қолданылады (Нормативтік-құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 тіркелді).

86. МҰ-да көрсетілетін медицналық қызметтердің сапасы, жекеменшік

формасына және ведомстволық тиесілдікке қарамай, Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27

наурыздағы №173 бұйрығымен бекітілген Медициналық қызметтер көрсету

сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды ұйымдастыру мен жүргізу

қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік-құқықтық актілерді

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10880 тіркелді).

87. МҰ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін

атқарушының 2013 жылғы 6 наурыздағы «Денсаулық сақтау субъектілерінің

әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарын бекіту туралы» №128

бұйрығына сәйкес әкімшілік деректер жиналуын және ұсынуды жүзеге

17

асырады. (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

№8421тіркелген).

5-тарау. Жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің, жаңа босанған

әйелдердің сыни жағдайыларына мониторингті ұйымдастыру

88. Денсаулықты сақтау ұйымдары жүкті әйелдердің, босанатын

әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің интенсивті терапия мен реанимация іс-

шараларын жүргізуді талап ететін сыни жағдайларының мониторингін жүзеге

асырады.

89. Жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің

сыни жағдайларын (бұдан әрі –сыни жағдайлары) мониторингілеудің негізгі

міндеттері:

1) жедел көмек көрсетуді қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсетудің

барлық деңгейдегі және барлық мамандықпен дәрігерлері арасында

сабақтасытығын сақтау және науқастарды қарау;

2) медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша ақпаратты

уақытымен алмастырып отыру;

3) медициналық көмек көрсетуді жақсартуға бағытталған іс-шараларды

бірлесіп жоспарлау және жүргізу болып табылады.

90. Жүкті әйелдердің, босанатын әйелдердің, жаңа босанған әйелдердің

интенсивті терапия мен реанимация іс-шараларын жүргізуді талап ететін сыни

жағдайларының тізіміне төмендегілер кіреді:

1) жүктілік, босану, босанғаннан кейін кезеңде қан кету шогымен 1000

миллилитрдан астам көп қан кету;

2) босанғаннан кейін және операциядан кейін 3 тәуліктен астам

қалтырау;

3) травматикалық, аллергиялық шоктың құбылыстары;

4) 12 сағаттан астам ұзақ жасанды өкпе желдетуі;

5) екінші және үшінші дәрежелі дем алу жетіспеушілігімен ауыр

дәрежелі пневмония;

6) декомпенсация сатысында пайда болған, тумасынан болған жүрек

ақауы;

7) қанда қанттың қиын түзетпелетін деңгейімен және кетоацидозға

бейімі бар қантты диабет;

8) гепатит салдарынан бауыр энцефалопатиясы;

9) эклампсия, эклампсиялық кома, мидің қан айналуы ауыр бұзылуы,

Неllp-синдромы;

10) жүктілік кезінде асқазанда қан кету;

11) диагноздарды қиын анықтау;

12) ятрогенды асқынулар (анестезия асқынуы, трансфузиялық асқыну

және т.б.).

18

91. Сыни жағдайлардың мониторингін жүргізген кезде медициналық

ұйымдардың өзара әрекеттесуі төмендегі деңгейдегі медициналық көмек

көрсетудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады:

1) медициналық пункт, фельдшер-акушерлік пункт, ауыл дәрігерлік

амбулаториясы, ауыл емханасы, ауыл ауруханасы;

2) аудан емханасы, орталық аудан ауруханасы, диспансерлер, балалар

емханасы, медициналық жедел жәрдем станциясы;

3) ауданаралық аурухана, қалалық аурухана, облыстық аурухана,

облыстық диспансерлер, областық (қалалық) кеңес беру – диагностикалық

орталық, босану үйі, перинаталдық орталық, медициналық жедел жәрдем

ауруханасы, балалар ауруханасы, санитарлық авиация, ведомстволық

ауруханалар мен емханалар;

4) республикалық емдеу-профилактикалық ұйымдар мен орталықтар,

мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді

көрсететін ғылыми орталықтардың және ғылыми-зерттеу институттардың,

медициналық академиялардың клиникалары.

92. Барлық деңгейлі медициналық ұйымдар денсаулық сақтаудың басқа

ұйымдарының, денсаулықты сақтаудың мемлекеттік басқару жергілікті

органдарының және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның

негізделген сұранымы бойынша статистикалық және медициналық ақпараттың

басқа түрлерін ұсынады.

19

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді ұйымдастыру

Стандартына

1 қосымша

Нысан

Ауыр жағдайдағы жүкті, босанатын және босанған әйелдерді есепке алу картасы

№ Атаулары Емделушінің деректері

1 Медициналық ұйымның атауы

2 Емделушінің тегі, аты, әкесінің аты (егер

бар болса) (бұдан әрі – Т.А.Ә)

3 Жасы

4 Тұратын жері

5 Жеке сәйкестендіру нөмірі (егер бар болса)

6 Жүктілік паритеті (туу)

7 Жүктіліктің мерзімі босанғаннан кейінгі

кезең (тәулік)

8 Емханаға жату уақыты мен күні

9 Қашан жеткізілді, қай жерден

ауыстырылды

10 Түскен кездегі жағдайы

11 Клиникалық диагнозы

12 Қорытынды диагнозы

13 Диагнозды қою проблемалары (егер болса)

14 Емделу

15 Алдағы тактика

16 Емдеу шараларын көрсетудегі проблемалар

(егер болса)

17 Босандыру әдісі және уақыты

18 Картаны толтырған күні

18 Картаны кім толтырды (Т.А.Ә), лауазымы,

байланыс телефоны

20

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру

Стандартына

1 қосымша

Тревожные признаки неотложных состояний для средних медицинских работников

1) есінен тану және сіңір тартылуы; 2) денедегі ісінулердің тез өрбуі;

3) диастолалық қысымы 90 мм.сн.бғ асқанда;

4) систолалық қан қысымы 90 мм сн.бғ және тамыр соғысы 110 соққы/минутына;

5) несептің тәуліктік мөлшерінің азаюы (1000 мл/тәулігіне аз);

6)бастың ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, құсу;

7)жатыр ішінен қан кету немесе босанғаннан кейінгі қан жоғалту 400 мл және одан астам

(босанғаннан кейін қан кету); 8) іштің қатты аурулары; 9) тыныс алудың ауырлауы;10) тоңу

немесе дене температурасының 37,5ºС астам болуы

Плацентаның уақытынан бұрын бөлінуі;

жатырдың жыртылуы:іштің қатты

ауруы, жатырдан қан кету .

Қан кету: босанғаннан кейін қан

жоғалту 500 мл және одан астам;

Систолалық қан қысымы 90

мм.сн.бғ төмен.;

Тамыр соғысы 110 астам

соққы/минутына

Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайы: бастың

ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, құсу; диастолалық

қан қысымы 90 мм.сн.бғ астам.

Пневмония немесе Тыныс алу жолдарының обструкциясы

немесе демікпе немесе жүрек-тамыр жетіспеушілігі: тыныс

алудың ауырлауы, тоңу, температура.

Сепсис: тоңу немесе

дене температурасының

37,5ºС астам болуы;

Іштің қатты ауруы,

тыныс алудың

ауырлауы.

Преэклампсия немесе

эклампсия: денеде ісіктің тез

тарауы; несептің тәуліктің

мөлшерінің азаюы (1000 аз

мл/тәулігіне); бастың ауруы,

көру қабілетінің бұзылуы,

есінен тану және сіңір

тартылу; қанның

диастолалық қысымы 90

мм.сн.бғ астам.

Жүкті, босанатын,

босанған

Орташа медицина қызметкерлеріне арналған шұғыл жағдайлардың қауіпті белгілері

21

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру стандартына

3 қосымша

Орташа медициналық қызметкердің босанғаннан кейінгі қан кету кезінде жедел көмекті

көрсетудің алгоритмі

(дәрігер жоқ кезде)

Дәрігерді немесе

зертханашыны

шақыру

Жүкті, босанатын әйелдің жағдайына баға беру.

Қан қысымын өлшеу

Тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін санау

Диурезді есепке алу

үшін несеп қабына

катетер қою

Қан кету көзін орнату үшін:

1. Екі перифериялық тамырды катетерлеу (катетер № 14,16)

2. 15-20 минуттың ішінде 1000 мл жылдамдықпен қан кету көлеміне 3:1

қатынасында физиологиялық ерітіндінің инфузиясы.

Қан кетудің басынан бірінші сағаттың ішінде кристаллоидті ерітінділердің

2000 мл кемін құю!

Әйелді қыздыру,

ылғалды

жөргектерді

құрғаққа ауыстыру,

жылы көрпе жабу,

қан қысымын,

тамыр соғысын

және дене

температурасын

өлшеу

Өңірдің ДБ

бекітілген хабарлау

сызбасы бойынша

қиын жағдайларда

әрекет ету

Қан кетудің көзін анықтау

Босану

жолдарының

үзілуі

Жатырдың

қысқаруының

бұзылуы

Жолдасының

бөлінунің бұзылуы

немесе

жолдасының

ақаулығы

Жыртылған босану жолдарын тігу

1.Жатыр қуысынан жолдасын

қолмен алу

2. Жатырдың бимануалды

компрессиясы

1. Жатырдың сыртынан массаж

2. Окситоцин 10 ЕД в/м немесе в/в араластырып 5 ЕД окситоцин енгізу

3.Окситоцин инфузиясы 20 ЕД минутына 60 тамшы жылдамдықпен

1000 мл физ.ерітіндіге

4. Жатырдың бимануалды компрессиясы

5.Жоғарыда аталған шаралар тиімсіз болған жағдайда : мизопростол 800-

1000мг ректалды

Жатырды

айналдыру

Наркозбен операциялық жағдайда

жатырды түзету

Қан кету – жүктілік немесе босанғаннан

кейінгі уақытта жатыр ішінен қанның

бөлінуі (500 миллилитр және (бұдан әрі –

мл)және одан астам)

Акушерка, медициналық бике

22

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді

ұйымдастыру Стандартына 4 қосымша

Гипертензивті күйі мен ауыр дәрежелі преэклампсия кезінде акушердің әрекет ету алгоритмі

(дәрігер жоқ кезде)

Ескертпе: әсер болмаған кезде кіндіктен төмен сол жақтан іш аортасын басу және операция жасайтын

жерге тасымалдау

Дәрігер мен зертханашыны

шақыру

Аспирацияның алдын алу үшін жүкті әйелді сол

жағына жатқызу

Әйелдің жағдайын бағалау:

1. Қан қысымы 140/90 сынап бағанасы (бұдан әрі - мм.сн.бғ) және одан астам

2. бас ауруы, көру қабілетінің бұзылуы, құсу, құлақтағы шу, эпигастриядағы ауру.

3. Бүкіл денедегі ісіну.

1. Перифериялық тамырды катетерлеу

(катетер №№ 16-18)

2. 25% пайыздық магний сульфатын 5-10

минут ішінде тамыр ішіне ақырын енгізу -

20,0 мл (бастапқы мөлшері)

3. Тамырға тамшымен 25% магний

сульфатын енгізу - 80,0 мл 11-22

тамшы/минутына физиологиялық ерітіндіні

320,0 енгізу (сақтайтын мөлшерлеме) – 1,0-

2,0 грамма/сағ

4. Диастолалық қысым 110 мм.сн.бғ және

одан астам сақталған кезде 5-10 миллиграмм

пероралды

Диурезді есепке алу үшін

несепқабына катетер қою

Қиын жағдайларда өңірдің

Денсаулық сақтау басқармасымен

бекітілген хабарлау схемасына

сәйкес әрекет ету

Еркін тыныс алуын қамтамасыз ету

Интенсивті терапия

палатасына ауыстыру

23

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру стандартына

5 қосымша

Эклампсия кезінде акушердің әрекет ету алгоритмі

(дәрігер жоқ кезде)

Дәрігерді және зертханашыны

шақыру

Әйелдің жағдайына баға беру:

1. Сіңірдің тартылуы (тонусты немесе тонико-

клонды) және есінен тануы

2. Қан қысымы ≥ 140/90 миллиметр сынап бағанасы

және одан астам

3. Бүкіл дененің ісінуі

4. Несептегі ақуыз мөлшері 300 грамм/литрден астам

Сіңір тартылуының алдын алу үшін және қан қысымын төмендету

үшін:

1. Перифериялық тамырға катетер қою (катетер №№ 14-16)

2. 25% пайыздық магний сульфатының 20 мл 10-15 минут ішінде

ақырын тамырға енгізу

(бастапқы мөлшерлемесі)

3. Одан кейін 25% пайыздық магний сульффатының инфузиясы - 80

мл 11-22 тамшы минутына қарқынымен физиологиялық ерітінді 320

мл енгізу (сақтайтын мөлшерлеме)

Сіңір тартылған кезде және кейін оттектің берілуін келесі тәртіпте жүзеге асыру: 1 роторды

кеңейткішпен емделушінің аузын ашу;

2.тілдің жұтуының алдын алу үшін оны тіл ұстағышпен ұстау немесе астыңғы иекті ұстау

3. өзі тыныс алған кезде емделушінің ауыз қуысын босату үшін және тыныс алу жолдарына

ауаның түсуін қамтамасыз ету үшін ауа үрлегішті енгізу

4. Өзі дем ала алмаған кезде Амбу қабы мен маска арқылы өкпенің жасанды желдетуін

қамтамасыз ету

Диурездің есепке

алу үшін

несепқабына

катетер қою

Қиын жағдайларда өңірдің

Денсаулық сақтау

басқармасымен бекітілген

хабарлау схемасына сәйкес

әрекет ету

Емделушіні сол жағына жатқызу

Зақымдардан қорғау, бірақ белсенді ұстамау

Интенсивті

терапия

палатасына

ауыстыру

24

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру стандартына

6 қосымша

Босанғаннан кейін қан кету кезінде шұғыл көмекті көрсетудің алгоритмі

Жыныстық жолдарынан қан кету, жалпы әлсіздік, бас айналу, ішт ауыру, терінің боздығы

Кезекші дәрігердің, қабылдау бөлімшесінің дәрігерінің І

әрекеті

«Оценить состояние родильницы»

Қосымша медбикені

көмекке шақыру

Акушер-гинеколог және

(немесе) хирургты,

анестезиологты,

реаниматологты,

зертханашыны, қан құю

үшін жауапты медицина

қызметкерін шақыру

Манипуляциялар:

2 перифериялық тамырларға катетер қою

(№№16-18G);

15 минуттың ішінде 1000-1500 мл

жылдамдықпен қан кету көлеміне 3:1

қатынасында физиологиялық ерітіндінің тамыр

ішіндегі инфузиясы (кристаллоидан бастау);

Ылғалдандырылған оттектің берілуін

қамтамасыз ету;

Төсектің бас жағын түсіру

Міндеттерді

бөлу (бірақ 5

минуттан

астам емес)

Қан қысымын, тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін,

диурезді, температураны өлшеу, нәтижелерін

құжаттамалай отырып виталды функцияларына үнемі

мониторинг жүргізу;

Қан кету көлемінің алдын ала бағалауын жүргізу

(визуалды және өлшемді ыдыс арқылы)

Клиникалық қан талдауы (гемоглобин, гематокрит, тромбоцит);

Коагулограмма (фибриноген, есептеу уақыты, АЧТВ; МНО;

ABO жүйесі бойынша қан тобы; қанның резус-факторы; жеке

сыйысымдылық

Іiәрекет « 15 минут ішінде қан кету көзін анықтау.

Этиотропты терапия (4Т)»

Тонус –жатыр тонусы бұзылған

кезде (жатыр атониясы):

- жатырдың сыртынан массаж;

- утеротоник – минутына 60 тамшы

жылдамдықпен (енгізілетін

окситоциннің мөлшерлемесі 50-60

бірлік) 1000 физерітіндіге 20 бірлік

окситоциннің баяу инфузиясын

араластыруда 5 бірлік және 10

бірлік окситоцинді қайтадан енгізу

және Е топты простагландиндерді

енгізу (800-1000 мг

мөлшерлемесімен мизопростол)

Бакри резеңке баллонымен –

жатырдың бимануалды

компрессиясы*

Ткань –

жолдасының

бөліктері

тұрып

қалғанда –

жатыр

қуысын

қолмен

тексеру**

(жатыр

кюретажы

ерекше

жағдайларда)

Жарақат – жұқа

босану

жолдарының үзілуі,

жатырдың үзілуі,

жатырды

айналдыру:

а) жұқа босану

жолдарын тігу;

б) лапаротомия

жатыр үзлген кезде,

в) жатырды

айналдыруды

тұзету***

Тромбин-түрілу

факторларын қайта құру

(СЗП, криопреципитат,

тромбоцитарлы масса),

- антифибринолитикалар,

- концентрат

Протромбиді кешен

- Рекомбинанты VII қан

факторы

Босанатын әйелді

жылыту (көрпе

жабу, ылғалды

төсекті құрғаққа

ауыстыру)

25

*жатырға дәке тампонадасы білікті медициналық көрсету үшін жағдайлар жоқ болған кезде

ғана жүргізіледі;

** жатыр қуысын қолмен тексеру ұрық қабықшалары және (немесе) плацентарлы тканьның

қалдықтарын жою мақсатында жүргізіледі;

***жатырды айналдырып түзету наркозбен операция шарттарында ғана жүзеге асырылады

(егер бар болса)

**** жатырдың тонусының тиімсіздігі кезінде ғана жүзеге асырылады, қан кетудің

коагулологиялық себептері бар кезде коагулопатияны емдеу және диагностикалаудың

Операция

жасайтын

жерге

тасымалдау

кезінде іш

аортасын басу

жүргізіледі

ІII әрекет **** «Инфузиялық терапия көлемі» тұрақты зертханалық бақылау кезінде

(гемоглобин, гематокрит, тромбоциттер, түрілу уақыты, АЧТВ, ПТИ)

1) 1000,0 мл дейін қан кету

кезінде кристаллоидтар көлемі

қан кетудің көлеміне 3:1

құрайды;

2) 1000,0-1500,0 мл қан кету

кезінде: кристаллоид -

2000,0мл, коллоидтер – 1000,0-

1500,0 мл, СЗП -1000,0 мл

(науқастың дене салмағына кг

СЗП кемінде 30 мл бірнеше рет

құю) криопреципитат (10 кг-ға

1 мөлшерлеме),

тромбоконцентрат кемінде 2

емдеу мөлшерлемесі (бір емдеу

мөлшерлемесінде 240 литрде

109тромбоциттер);

3) қан кету кезінде 2000,0 мл

және одан астам:

кристаллоидтар - 3000,0 мл,

коллоидтар – 1000,0-2000,0 мл,

СЗП -1000,0 мл (бірнеше рет

құю кемінде 30 мл

СЗПнауқастың салмағына кг);

криопреципитат (1 мөлшерлеме

10 кг), тромбоконцентрат

кемінде 2 емдеу мөлшерлемесі

(бір емдеу мөлшерлемесінде

240 109 тромбоцит литрде);

Эритроцитарлы масса - 1000,0

мл Hb<80 г/л кезінде

Утеротониктер мен трансфузионды

қолдаудың тиімсіздігі кезінде–

1) Қан түрілуінің рекомбинантты

факторларын қайтадан енгізу

(белсендірілген VII фактор) немесе

протомбинді кешен препараты,

орынбасатын гемокомпонентті

терапияны жалғастыру)

коагулопатты қан кету кезінде

2) Атониялық қан кетуді

емдеудің тиімсіздігі кезінде Б-Линча,

О-Лири бойынша компрессионды

жікті салу;

2) компрессиялық тігуден әсер

болмаған кезде - гистрерэктомияны

жүргізу

3) коагулопатия кезінде (нормадан

30% пайыздан астамға тромбоциттер

мен жиырылу факторларының

азаюы, қан ұйып қалудың жоқтығы

кезінде 1,5 есе және астам АЧТВ

және протромбинді уақыттың артуы)

– жатырдың экстирпациясы

(техникалық мүмкіндіктер бар кезде

- ішкі қан тамырларын байлау).

Қан кету жалғасып жатыр (жатыр тонусының бұзылуына байланысты)

26

клиникалық хаттамаларына сәйкес гемостазды түзетуді жүргізу керек (гематолог,

трансфузиологты міндетті түрде шақыру керек):

1) 1000,0-1500,0 мл қан кету кезінде: кристаллоидтер - 2000,0 мл, коллоидтер – 1000,0-

1500,0 мл, СЗП -1000,0 мл (науқастың салмағына кг СЗП кемінде 30 мл бірнеше рет құю),

криопреципитат (1 мөлшерлеме 10 кг-ға), тромбоконцентрат кемінде 2 емдеу мөлшерлемесі

(бір емдеу мөлшерлемесінде 240 на 109 тромбоцит литрде); тиімсіз болса – қан ұйысуының

рекомбинантты факторларын енгізу (белсендірілген VII фактор) немесе протромбинді

кешеннің препараты, антифибринолитиктер (транексамды, аминокапронды қышқыл) орын

басатын гемокомпонентті терапияны жалғастыру);

2) 2000,0 мл және одан астам қан жоғалту кезінде: кристаллоидтер - 3000,0 мл,

коллоидтер – 1000,0-2000,0 мл, СЗП -1000,0 мл (науқастың салмағына қарай кг СЗП кемінде

30 мл бірнеше рет құю); криопреципитат (1 мөлшерлеме 10 кг-ға), тромбоконцентрат

кемінде 2 емдеу мөлшерлемесі (бір емдеу мөлшерлемесінде 240 - 109 тромбоцит литрде);

тромбоконцентрат кемінде 2 емдеу мөлшерлемесі (бір емдеу мөлшерлемесінде 240 - 109

тромбоцит литрде); тиімсіз болса - қан ұйысуының рекомбинантты факторларын енгізу

(белсендірілген VII фактор) немесе протромбинді кешеннің препараты,

антифибринолитиктер (транексамды, аминокапронды қышқыл) орын басатын

гемокомпонентті терапияны жалғастыру) эритроцитарлы массасы - 1000,0 мл Hb<80 г/л

кезінде.

27

Бастың қатты аурулары, жүрек айну, құсу,

эпигастриядағы аурулар, оң жақ қабырға астында

қатты аурулар, беттің, қолдың немесе табанның

кенеттен ісінуі, несептің бөлінуінің төмендеуі,

бұлшық еттердің жеке топтарының тартылуы , көру

қабілетінің бұзылуы (күңгірттену, көз алдының

бұлдырауы)

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді

ұйымдастыру стандартына 7 қосымша

Ауыр деңгейдегі преэклампсия кезіндегі жедел көмекті көрсетудің алгоритмі

Приложение 8

Манипуляциялар:

1) Жүкті әйелді сол жағына қарай жатқызу;

2) Перифериялық тамырды катетерлеуді жүргізу;

3) Магний сульфатының тамырлы инфузиясын

бастау:

4 грамм жүктеме мөлшерлемесі 5 минуттың ішінде

(магний сульфат ерітіндісі 25 % 16-20,0 мл тамырға

5 минут ішінде);

Магний сульфат құрғақ затының 1 грамм/сағ

есебімен сақтайтын мөлшерлемесі 24 сағаттың

ішінде (80,0 мл 25% пайыз 320,0 мл физиологиялық

ерітінді: 11 тамшы/минутына – 1,0 грамм, 22

тамшы/минутына – 2,0 грамма); сіңір тартылған

кезде 2-4 грамм құрғақ зат 5 минуттың ішінде

қосымша енгізіледі

4) катетеризация мочевого пузыря

Магнезиалды терапия аясында

160/110 мм.сн.бғ астам

гипертензия сақталған кезде

клиникалық хаттамаға сәйкес

гипотензивті препараттарды

қосымша тағайындау керек

1әрекет «Жүкті әйелдің жағдайын бағалау»

Қауіптің орташа факторлары:

Алғашқы жүктілік;

40 және одан асқан жас;

Жүктілік арасындағы 10

жылдан асқан аралық;

Дене салмағының индексі 35

кг/м2немесе астам бірінші

қабылдау кезінде;

Көп ұрықты жүктілік;

Отбасында преэклампсиямен

ауырған жағдайлар

Қауіптің жоғары факторлары:

Алдыңғы жүктілік кезінде

гипертензивті ауруы;

Бүйректің созылмалы

аурулары;

Аутоиммунды аурулар;

1 немесе 2 типті қант диабеті;

Созылмалы гипертензия

Гипотензивті препараттар:

α-адреномиметиктер – метилдоп;

β-блокаторлар – атенолол, небиволол;

α и β-блокаторлар – лабеталол;

кальций жолдарының блокаторлары –

нифедипин;

α-адреноблокаторлар – урапидил;

перифериялық вазодилататорлар – гидралазин.

Гипотензивті терапия гипертензия ауырлығына

қарай жеке тағайындалады!

Диагностикалық тексеру:

Тромбоциттерді есептеумен жалпы

қан талдауы;

Несептің бір реттік мөлшеріндегі

ақуызды анықтау немесе тәуліктік

протеинурия;

трансаминаз, билирубин, креатининді

анықтау;

іштегі баланың кардиотокографиясы,

іштегі баланың биофизический

бейіні; кіндік қысымының

доплерометриясы

Тұрақтандыру күйі аясында

босандыру 24-48 сағаттың ішінде

болады

28

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді

ұйымдастыру стандартына 8 қосымша

Эклампсия кезінде шұғыл көмекті көрсету алгоритмі

0

Бастың қатты аурулары, жүрек айну, құсу, эпигастриядағы аурулар, оң жақ қабырға астында

қатты аурулар, беттің, қолдың немесе табанның кенеттен ісінуі, несептің бөлінуінің

төмендеуі, бұлшық еттердің жеке топтарының тартылуы , көру қабілетінің бұзылуы

(күңгірттену, көз алдының бұлдырауы)

Манипуляциялар:

1) Емделушіні сол жақ бүйірге жатқызу;

2) Зақымдардан қорғау, бірақ белсенді

ұстамау;

3) Перифериялық тамырға катетерлеуді

жүргізу (№№ 14-16);

4) Магний сульфатын тамыр ішіне

инфузиясын бастау:

Жүктеме мөлшері 4 грамм 5 минут ішінде

(25 % магний сульфатының ерітіндісі

16-20 миллилитр (бұдан әрі - мл) тамырға

5 минут бойы);

Сіңір қайтадан тартылған кезде 25 %

магний сульфатының ерітіндісін 10,0 мл

тамырға;

Тартылу дайындығы сақталған кезде

тамырға диазепамды 10 миллиграмм

ақырын енгізу (бұдан әрі – мг) (20 мг

дейін);

Сақтау мөлшері 1 грамм/сағ 24 сағат

ішінде магний сульфатының құрғақ заты

(80 мл 25% 320 мл физиологиялық

ерітіндіге: 11 тамшы-минутына – 1 грамм,

22 тамшы/минутына – 2 грамма); сіңір

тартылу кезінде қосымша мөлшері 2-4

грамм құрғақ зат 5 минут ішінде;

Несепқабына катетер қою

«Жүкті әйелдің жағдайын бағалау»

Диагностикалық зерттеу:

Тромбоциттерді есептей отырып жалпы қан

талдауы;

Бір реттік несеп мөлшерінде ақуызды анықтау

немесе тәуліктік протеинурия;

трансаминаз, билирубин, креатининді

анықтау;

ұрықтың кардиотокографиясы, ұрықтың

биофизикалық бейіні, кіндік артериясының

доплерометриясы

160/110 мм.сн.бғ және одан астам қан

қысымы сақталған кезде магнезиалды

терапия аясында клиникалық хаттамаға

сәйкес гипотензивті препараттарды

қосымша тағайындау керек

Қан қысымын үнемі бақылау

Гипотензивті терапия:

α-адреномиметика – метилдопп;

β-блокаторлар – атенолол, небиволол;

α и β-блокаторлар – лабеталол;

кальций жолдарын блокаторлар –

нифедипин;

α-адреноблокаторлар – урапидил;

перифериялық вазодилататорлар –

гидралазин

Гипотензивті терапия гипертензия

ауырлығына қарай тағайындалады!

Емдеу кезіндегі реакцияны бақылау

мына мақсаттарда:

- Қан қысымын төмендету <150/80-100

миллилитр сынап бағаны (бұдан әрі –

мм.сн.бғ);

- әйелдер мен ұрықтың жанама әсерін

анықтау

- емделушінің реакциясына сәйкес емді

түзету

Әсері болмаса: емделушіні өкпенің жасанды

желдету аппаратына ауыстырылуы

29

Ескертпе: Эклампсия – зертханалық көрсеткіштерінде (креатинин, трансаминаз, билирубин,

тромбоцит) бар болуымен және (немесе) ауытқусыз елеулі протеинуриямен (тәуліктік

несепте 300 мг астам ақуыз) преэклампсиямен байланысты сіңір тартылу.

Инфузиялы терапия диурезді

бақылаумен 80,0 мл/сағ

фармакологиялық дәрілік

препараттарды таратушы

орта ретінде ғана

қолданылады

Жансыздандыру

Аймақтық анестезия кесір тілігімен оперативтік босандыруды

жансыздандыруға жақсы келеді

Тар мамандық

дәрігерлерінің

тағайындауы

бойынша емдеу

Интенсивті терапия палатасының шарттарында емдеу, оның ішінде кемінде 48 сағат

босандырудан кейін

Кесір тілігі үшін көрсеткіштер

Магний сульфатын 24 сағат

ішінде соңғы сіңір тартылудан

кейін және босануда сақтау

мөлшерінде енгізу

Натрий нитропруссиді (көрсеткіштер бойынша):

Диастолалық қысым кезінде >110 мм рт.ст. - 0,25 мкг/кг/мин тамырға ,0,5 мкг/кг дейін әр

минутта мкг/кг мөлшерге жеткенге дейін. Қолдану ұзақтығы 4 сағаттан артық емес . Бұл ретте

диастолалық қысым 90 ммсн бғ төмен емес. (немесе оның аналогтары: изокет,

нитроглицерин).

Шамадан артық мөлшері кезінде –қан қысымының күрт төмендеуі, тахикардия, құсу, есінен

тану: - натрий нитропруссидін тоқтатып, антидот – натрий тиосульфатын енгізу: 12,5 мг в 50

мл физ. Ерітіндіге және В12-дәрумені 1,0 в 100,0 натрий хлоридінің физ.ерітіндісі.

Ұзартылған өкпені жасанды желдетуге көрсеткіштер бар кезде (бұдан әрі - ӨЖЖ)

12-24 сағаттан астам емес уақытқа жоспарлау-

Босану жолдарының

дауын болмауы –

жағдайын

тұрақтандырудан кейін

Геморрагиялық инсульт

Тор қабығының бөлінуі

Эклампсиялы кома

HELLP-синдром (гемолиз, бауыр ферменттерінің

белсенділігінің артуы ( >70МЕ/литрге дейін

тромбоцитопения <100*109/литр

Баланың өкпесін жетілдіру (егер босандыру 7 күн деп болжалса):

24-34 апта жүктілік мерзімінде 2 мөлшерлеме бетаметазон 12 мг бұлшық етке 24

сағаттың ішінде немесе дексаметазон 6,0 мг- 4 мөлшерлеме 12 сағаттан кейін;

35-36 апта жүктілік кезінде 2 мөлшерлеме бетаметазон 12 мг бұлшық етке 24 сағат

жеке-жеке дексаметазон 6,0 мг- 4 мөлшерлеме 12 сағаттан кейін.

30

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті

көрсетуді ұйымдастыру стандартына

9 қосымша

Перинаталды көмекті өңірлендіру деңгейлері бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі

Көрсе

тілет

ін қ

ызм

етте

рд

ің к

өлем

і

Бірінші деңгей Екінші деңгей Үшінші деңгей

Партограммаларды

енгізу.

Антибиотиктерді

парентералды енгізу.

Окситоцинді

парентералды енгізу.

37 аптадан басталған

физиологиялық

босандыру.

Плацентаны қолмен

алып тастау және

жатыр қуысын қолмен

тексеру.

Құралдармен жатыр

арқылы босандыру.

Плацентаның

қалдықтарын алып

тастау.

Кесір тілігі .

Гистерэктомия шұғыл

жағдайларда.

Перифериялық

тамырлар мен орталық

тамырларына катетер

қою.

Қан және оның

құраушыларын құю.

Инфузиялы-

трансфузиялы терапия.

Жаңа туған сәбидің

бірінші реанимациясын

көрсету және жаңа

туған сәбилердің күтімі.

Тумысынан болған

кемістіктерін

диагностикалау,

ұрықтың жатыр ішінде

дамымауы,

гипогликемия, ,

неонаталды сепсис,

сіңір тартылу,

Партограммалардыенгізу.

Антибиотиктерді

парентералды енгізу.

Окситоцинді

парентералды енгізу.

34 аптадан бастап босану

барысын жүргізу.

Жамбаспен келген

босануды жүргізу.

Босандыру индукциясы

Плацентаны қолмен алып

тастау

Құралдармен жатыр

арқылы босандыру.

Плацентаның

қалдықтарын алып

тастау.

Кесір тілігі .

Гистерэктомия шұғыл

жағдайларда.

Қан және оның

құраушыларын құю,

Инфузиялы-

трансфузиялы терапия.

Жаңа туған сәбидің

бірінші реанимациясын

көрсету және жаңа туған

сәбилердің күтімі.

Перифериялық тамырлар

мен орталық

тамырларына катетер

қою.

Тумысынан болған

кемістіктерін

диагностикалау, ұрықтың

жатыр ішінде дамымауы,

гипогликемия, ,

неонаталды сепсис,

тыныс алу дистресс-

синдромы.

Гипербилирунемиясы,

Партограммаларды енгізу.

22 аптадан бастап мерзімінен

бұрын босануды жүргізу.

Кесір тілігінен кейін табиғи

босану жолдары арқылы

босандыру (жатырдағы

кесікпен).

Босандыру индукциясы.

Плацентаны қолмен алып

тастау.

Құралдармен жатыр арқылы

босандыру.

Плацента қалдықтарын алу.

Кесір тілігі.

Гистерэктомия шұғыл

жағдайларда

Қан және оның құраушыларын

құю, Инфузиялы-трансфузиялы

терапия.

Жаңа туған сәбидің бірінші

реанимациясын көрсету және

жаңа туған сәбилердің күтімі.

Перифериялық тамырлар мен

орталық тамырларына катетер

қою.

Тумысынан болған

кемістіктерін диагностикалау,

ұрықтың жатыр ішінде

дамымауы

гипогликемия, , неонаталды

сепсис, тыныс алу дистресс-

синдромын емдеу және

диагностикалау

гипербилирунемиясы, тыныс

алу дистресс-синдромы,

некротизациялау энтероколиті,

пневмотаксы бар жаңа туған

балаларды күту.

назофаренгиалды тұрақты оң

қысымы бар жаңа туған

балаларды күту.

31

аспирациялық синдром.

Гипербилирубинемиясы

бар жаңа туған

сәбилерді күту.

тыныс алу дистресс-

синдромы, некротикті

энтерокол,

пневмотораксы бар жаңа

туған балаларды күту.

Мерзіміне жетпей туған

балалардың ретинопатия

бронхопульмоналды дисплазия

(тыныс алу жолдарының

бұзылуы), жаңа туған

сәбилердің персистирлеуші өкпе

гипертензиясын емдеу.

Мамандандырылған

медициналық көмек көрсету

(хирургиялық, урологиялық

құрал эфферентологиялық

көмек (оның ішінде

гемодиафильтрация),

экстракопоралды мембраналы

оксигенация жүргізу (басқа

медициналық ұйымдармен

келісім бойынша),

микробиологиялық мониторинг,

коагулологиялық

көрсеткіштерге мониторинг).

32

Қазақстан Республикасында акушерлік-гинекологиялық

Көмекті көрсетуді ұйымдастыру Стандартына

10 қосымша

Перинаталды көмектің өңірлендіру деңгейлері бойынша жүкті әйелдерді емханаға жатқызу үшін көрсеткіщтер және өңірлендіру

кестесі

СМП

3 деңгей

34 және одан астам апта мерзімі кезінде

мерзімінен бұрын туу қаупі бар жүкті

әйелдер; жеңіл преэклампсиямен;

суының көп болуы; кесір тілігі/

миомэктомия және басқалардан кейін

жатырдағы кесікпен (асқыну жоқ кезде);

34 және одан астам апталық көп ұрықты

жүктілікпен; экстрагениталды

патологиямен жүкті әйелдер (бұдан әрі –

ЭГП) ремиссия кезеңінде

22-33 апта мерзімі кезінде мерзімінен бұрын босану қаупі бар

жүкті әйелдер (плюс минус 6 күн); ауыр деңгейдегі

преэклампсия; эклампсия; плацентаның мерзімінен бұрын

бөлінуі; акушерлік қан кетулер: суының көп болуы; ұрықтың

жатыр ішінде дамуында кідіру: 40 жастан асқан және 16 жасқа

жетпеген әйелдер акушерлік және/немесе ЭГП үйлесімінде; үш

және одан астам кесір тілігі немесе бір асқынған анамнез

кезінде: 22 аптадан көп ұрықты жүктілік; жатыр ісіктері,

миомалар (үлкен, көп); жүктілікпен қатар үстеме өсінділер;

жамбас органдарының даму өзгерістері; жамбас сүйектерінің

өзгеруі; 3-4 дәрежелі жамбастың клиникалық тар күйі; 22 ден

34 аптаға дейін қоса алғанда экстракорпоралды

ұрықтандырудан кейінгі жүктілік; резус изоиммунизациямен

жүктілк; ұрықтың тумысынан болған кемістіктерін

диагностикалау кезінде; қосалқы және декомпенсациялы ЭГП

жүктілер (Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына

ауыстыру мәселелерін шешу үшін).

Жүктіліктері ауыр

емес, мерзімді

физиологиялық

босанатын әйелдер

2 деңгей 1 деңгей

33

Перинаталды көмекті көрсетудің 2 деңгейлі

ЖПБ жүкті әйелдерді емханаға жатқызу үшін

көрсеткіштер: 32-36 апта жүктілік кезінде

жатыр мойнының құрылымды өзгеруімен

жалған толғақ; несеп жолдарының

инфекциялары.

Баланың жамбаспен келуі;ауыр анемия;

жатырдағы кесік(1);көп ұрықты жүктілік; 34-

37 апта мерзімде мерзімінен бұрын босану

Перинаталды көмекті көрсетудің

деңгейлі босандыруға көмектесу

ұйымдарының жүктілік

патологиясының бөлімшелеріне

жүкті әйелдерді жатқызу үшін

көрсеткіштер (бұдан әрі - ЖПБ):

34-36 апта жүктілік кезінде жатыр

мойнының құрылымды

өзгеруімен жалған толғақ; несеп

жолдарының инфекциялары.

Перинаталды көмектің 3 деңгейлі ЖПБ жүкті

әйелдерді емханаға жатқызу үшін көрсеткіштер:

22-32 апта жүктілік кезінде жатыр мойнының

құрылымды өзгеруімен жалған толғақ; несеп

жолдарының инфекциялары.

ауыр экстрагениталды патология; ауыр дәрежелі

преэклампсия; суының аз болуы: суының көп

болуы: баланың жатыр ішінде дамымауы;

жүктілік пен резус-иммунизация; босанғанға

дейін ұрық жанындағы суының ағуы;

мерзімінен бұрын жүктіліктің 32 аптасына дейін

босану;

плацентаның дұрыс келмеуі; баланың жамбаспен

келуі;

2 және одан артық жатырдағы кесік: көп ұрықты

жүктілік;

Ұрықтың дамуының кемістіктері (осы деңгейде

корригациялау операцияларға арналған

шарттардың бар болуы кезінде);ұрықтың жатыр

ішіндегі дамуының кідіруі

34

Қазақстан Республикасында

акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуді

ұйымдастыру стандартына

11 қосымша

Әйелдерді тасымалдау кезінде қажетті материалды-техникалық жарақтаудың минималды

тізбесі

1) рефлексті кішкене балға;

2) өкпенің жасанды желдету транспортты аппараты;

3) портативті кардиомонитор;

4) оттекті баллон;

5) инфузиялы шприц сорғы (перфузор және (немесе) мөлшерлегіш);

6) электрлік сору;

7) өкпені жасанды желдетуге арналған қол аппараты (Амбу қабы);

8) әйелдерге арналған реанимациялық жиынтықтар: ларингоскоп, интубациялық

түтіктер, ларингоскопқа арналған батарейкалар, ауаны үрлегіштер;

9) аспирациялық катетерлер: № 6, № 8, № 10 Fr;

10) босандыруға арналған құралдар;

11) қан кетуді тоқтату үшін жатқызу.