Әдебиеттік оқу 2- сынып
DESCRIPTION
ә) Өткен сабақты бекіту Желтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме?TRANSCRIPT
I. Ұйымдастыру кезеңі.Мұғалім:Балалар(хормен)- Әрбір адам? - Туысым, досым, жұрағат.- Әрбір сабақ? - Үйрену, ұғу, ұлағат.- Әрбір ісің? - Тірлік, тірек, адамдық.- Әрбір сөзің? - Шындық, бірлік, адалдық
ІІ.Негізгі бөлім.а) Үй тапсырмасын тексеру
Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Өлеңді мәнерлеп оқып беру.
ә) Өткен сабақты бекітуЖелтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме? Өйткені, 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері жастар өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін шеруге шыққан. Бейбіт тілекпен шыққан жастарды билікке қарсы шыққан деген сылтаумен аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Олардың қолында қару болмаған еді. Бар алып шыққаны «Өз елін өз көсемі басқарсын!» деген тақырыптағы қағазға жазылған сөздер еді. Енді осы «Желтоқсан оқиғасына» тоқталайық.
Желтоқсанның он үшіҚайратым- қайсарым
Жақау Дәуренбеков
Жаңа сабақ-Ендеше, бүгін Қайрат Рұсқұлбеков туралы
Жақау Дәуренбековтың «Қайратым-қайсарым» мәтінімен танысамыз.
21 қазан 1946 жылы Қызылорда облысы,Арал ауданы,Сарыбастау
ауылында дүниеге келген.-Жазушы,журналист. ҚазҰУ-ды 1971 жылы
бітірген. 1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры. Алғашқы
эжинағы «1970 ж.) « Бөгенауыл балалары», 1996 ж «Менің
елім –Қазақстан», «Сөз киесі» т.б. кітаптары жарық көрген. КСРО
баспасөзінің үздігі» белгісімен, Қазақстан жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен
марапатталған. Бірнеше дүркін Қазақстан Журналистері одағы сыйлығының лауреаты болған.
КСРО баспасөзінің үздігі
Кітаппен жұмыс А) Мәтін авторы Жақау Дәуренбеков туралы танысып өтейік.
Ә) Мәтінді оқып беремін.Б)Сұрақ – жауап
-Әңгіме кім туралы?-Желтоқсан көтерілісі қашан болды?
- Қайрат не үшін құрбан болды?( Фильм көрсетіледі.)
( Қайраттың өмірімен слайдтар арқылы таныстыру.)
-Халқы Қайраттың есімін қалай дәріптеді?- Қазіргі кезде , яғни ел Қайрат сынды батырының өшпес
ерлігін ұмытпау үшін, болашаққа ерлігін дәріптеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қайратқа арнап өз туған жерінде ескерткіш орнатылса,оның қабіріне нағыз батырға сай құлыптас орнатылды. 2009 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласында Желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында Мұхтар Шаханов Қайрат Рысқұлбековке арнап арнау өлеңін оқыды.
2009 жылы 1 қаңтарында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан 32 адамға, соның ішінде Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаға «Халық батыры» атағы берілді.
1986-жылғы Желтоқсан уақиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ, өзі кеткенмен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, азаматтық асқақ даңқы қалды. Қайрат Батыр ғана емес, Ақын да еді, Оның шындық деп шырылдаған дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.
Көріністер. « Қайраттың тұтқындалуы», «Қайратты тергеу сәті».
Қайрат Рысқұлбековтың қойын дәптерінен өлеңін оқып беремін.
АНА ТІЛІ«Мен — қазақпын мың өліп, мың
тірілген»,Құшақ жая таныстым сан тілменен. —
«Жаман үйді қонағы билейді» деп, Қала жаздап айрылып өз тілімнен. Өзге тілге еліктеп ел болмайсың,
Қазағымның артык жоқ өз тілінен...
ҚорытындыБүгін балалар, қандай мәтінмен таныстық?
Ж.Дәуренбеков «Қайратым - қайсарым» мәтінімен.
-Желтоқсан оқиғасына биыл неше жыл толды?
- 26 жыл
Желтоқсан құрбандарын кім атайды?
Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира.
Қайрат Рысқұлбеков туралы не білдік?
Ой толғау
Үйге тапсырма: Ж.Дәуренбеков
«Қайратым – қайсарым» оқып түсінгенін айту. «Ақтық сөз» өлеңін
жаттауға .
Сабақ аяқталды.
21