ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29...

12
№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР ағыны Биыл «Жұмыспен қамту-2020» бағдарлама- сының жол картасы аясын- да 1 мыңнан астам инфрақұ- рылымдық жоба іске қосыл- ды. Осының нəтижесінде 20 мың жұмыс орны ашылды. Ол үшін бюджеттен 101 млрд. тең- ге бөлінген. Қазақстанда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға 155 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржы кəсіпкерлерге алдағы ай- дан бастап үлестіріледі. Тағы бір айта кетерлігі, аталған қаражат бизнестік өнім мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді. 2023-2024 жылға дейiн елiмiзде 7 мың шақырым автожолға ақылы жүйе енгiзiледі. Бұл – республикалық көлік дəлізінің 25-30 пайызы. Жоспар бойынша, Астана – Атбасар – Жақсы, Шымкент – Қызылорда, Астана – Темiртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Алматы – Қорғас, Астана – Павлодар жолдары ақылы болады. Еліміздің экономика- сына Жапония мемлекеті 10 жыл ішінде 4,5 млрд. дол- лар инвестиция құйған. KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің айту- ынша, 2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларды құраған. Негізгі инвестицияның үлесі – уран өндіру жəне уран өнімдерін шығару салалары. 2015 жылы 200-ден астам өнеркəсіп орындары мемлекеттік қолдауға ие бол- ды. Инвестициялар жəне даму министрлігінің хабарлауынша, аталған өндіріс ошақтарына көмек дағдарысқа қарсы ұйымдастырылған шаралар ая- сында жүзеге асқан. Астанадағы əуежайдың халықаралық терминалын жаңғыртуға Ұлттық қордан 10 млрд. теңге бөлінді. Еліміздегі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметовтің айтуынша, мұнан бөлек, өткен жылы бұл нысанның жаңғырту жұмыстарына 29 миллиард теңге бөлінген. Алматы облысындағы қала, аудан жəне ауылдар- да 37 медиация кабинеттері ашылды. Енді тұрғындар тұр- ғылықты жерінен ұзамай-ақ, түйткілді мəселелерін, дау- жанжалдарын жəне татуласу ниеттерін осы орталықтардағы медиаторлардың көмегімен жүзеге асыра алады. Жамбыл облысындағы моноқала – Қаратауда шағын жəне орта кəсіпкерлік дамып келеді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюд- жеттен 250 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, 19 жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 100-ден астам адам жұ- мысқа тартылған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды Ауылдастар алғысы Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» Айнұр Байрамованың кіндік қаны тамған жері – Əзербайжан Республикасы болса, ортасын таныған Отаны – Қазақ елі. Жөргекте жатқан сəби кезінде ата-анасы Қазақстанға қоныс аударыпты. Əкесі ор- ман шаруашылығында, анасы ауруханада медбике болып еңбек етеді. Осындай отбасында дүниеге келген Айнұр Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында өсті. 1997 жылы аудан орталығындағы мектептің табалдырығын аттаған ол тоғызыншы сыныпқа дейін ауылда оқыды. Одан кейін Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы колледжге аудармашы-референт мамандығы бойын- ша оқуға түсті. Колледжді бітірген соң арнайы орта білім базасы негізінде Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде шет тілдер мамандығы бойынша білім алды. Ағылшын жəне қытай тілдерін меңгеруге талпынды. Жанына жақыны – əлем халықтарының байланыс тіліне айналған ағылшын тілі болып шыққан бойжеткен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де тілді тереңдете меңгеруді тоқтатқан жоқ. Соңғы жылдары еліміздегі қанатқақты жоба ретінде Шығыс Қазақстан өңірінде көптілділдік бағдарламасы енгізіліп жатқаны белгілі. Осыған орай Айнұрдың алған білімі сұранысқа ие мамандықтардың біріне айналды. Себебі, ауылдар- да үш тұғырлы тіл бағдарламасының бір бұтағы са- налатын ағылшын тілінің мамандары тапшы, тіпті, жетіспейді деуге де болады. Осы олқылықтың ор- нын толтыруға ұмтылған ол 2012 жылы оқу бітірген соң Бесқарағай ауылындағы өзі оқыған Борас орта мектебіне мұғалім болып орналасты. КӨЗҚАРАС ЗЕРДЕ ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан» «АрселорМиттал Теміртау» ком- паниясының құрамында метал- лургиялық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы, Қарағанды, Ақмола жəне Қостанай облыстарындағы темір кенін өндіретін 4 кеніші бар. Кəсіпорындағы жұмыс- тарды шартты түрде үшке бөлуге бо- лады. Мəселенің мəнісі Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан» Облыстағы ветеринария басқар- масының мəліметінше, бруцеллезге шалдыққан малдың басым бөлігі Қашыр ауданында, Екібастұзда, Баянауыл ауданында тіркеліпті. Қазіргі уақытта Май, Успен ау- дандарында малды бруцеллезден сауықтыру шаралары жүргізілуде. Сондай-ақ, ірі қара жəне ұсақ малдың дертке шалдығуы бойын- ша арнайы сақтандыру шаралары барысында Лебяжі ауданының Ша- рбақты, Қызылəскер жəне Шəмші ауылдарында карантиндік шек- теу шаралары жасалуда. Дертке шалдыққан мал «Рубиком», «Ет бастау» жəне «Ақжар өндірісі» ет өңдеу комбинаттарына тапсырылу- да. Жалпы, біздің өңірде облыстық ветеринария басқармасының ха- барынша, маусым айындағы, яғни, қазіргі жағдай бойынша тексерілген 230 мың мал басының 2400-і, 290 мың ұсақ малдың 159 басы бруцеллезге шалдыққаны анықталды. Мəліметтер азай- тылып көрсетілетін де сияқты. Өйткені, біз газетімізде жазған Лебяжі ауданы Шəмші ауылының тұрғыны Е.Бөлекбаевтың бір отар қойының өзінен 60 ұсақ мал ауруға шалдыққан болатын-ды. Өткен жылы бруцеллезге шалдыққан малдың шығынын өтеу үшін 340 миллион теңгеден астам қаржы төленіпті. Оның 50 пайызын мемле- кет, 50 пайызын ет өңдеу кəсіпорны өтейді. Биыл бұл өтем үшін 159 миллион теңге қарастырылыпты. Ветеринарларға жүктелетін негізгі талаптар бойын- ша малдың қаны жыл сайын екі рет диагностикалық тексе- рулерден өтуі керек. Облыстар мен аудандарда қажетті құрал- жабдықтармен жабдықталған ветеринариялық зертханалар бо- луы шарт. Қаржыны бақылау үшін əрбір өңірде, ауданда коммуналдық ветеринариялық кəсіпорындар құру қажеттілігі де айтылды. Бұл талап- тар қалай орындалуда, бақылау бар ма, жоқ па деген сұрақтар туын- дайды. Сондықтан, ветеринарлық алдын алу жəне диагностикалық шараларға бөлінген қыруар қаржыны бақылауға алған жөн. «Қазір малды бағудан гөрі ем- деу қиын болып тұр...», дейді ауылдықтар. Сонда, қыруар қаражаттың қалай игеріліп жатқаны – дертке шалдыққан жүздеген малдың ет өңдеу комбинаттарына жөнел- тілуімен есептеліп, анықтала ма?.. Павлодар облысы Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан» Сырдың бойында отырған аудандардың іскер жігіттері дарияны бойлап өсетін қалың қамысты кəдеге жаратып жатыр. Қалың қорыстан ең алғаш құрылыс материалдар жасаған шардаралық кəсіпкердің өнімдері арзан жəне бəсекеге қабілетті болғандықтан тұтынушылардың қызығушылығын арттырған еді. Енді Отырар ауданы Қарғалы ауылындағы «Ақмерген» серіктестігі жергілікті жерде көп өсетін табиғат өнімдерінен құры- лыс материалдарын шығару жо- басын іске асыруда. Қазақта «шешінген судан тайынбас» деген мəтел бар. «Ақмерген» жігіттерінің жоба- сы мемлекеттік үдемелі индус- триялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында индустриялық картаға енген. Жобаның жалпы құны 622,3 млн. теңге болса, бизнесті қолдау бағдарламасы бойынша 320 млн. теңге жеңілдетілген несие берілген. Қазір цехтың қажетті қондырғылары орнаты- лып, қамыс оратын, жинайтын, кептіретін жəне өзге мақсаттарға керекті техникалар алынған. Келер жылы толық іске қосылады деп күтіліп отырған кəсіпорын 30 адамға жаңа жұмыс орнын ашып береді. Жылына 720 мың шаршы метр өнім шығаруға қабілетті цехтың нығыздалған қамыс тақтайшалары құрылыстың ішкі, сыртқы əрлеу жəне қаптау жұмыстарына пайдаланылады. Сонымен қатар, түрлі жиһаздар жасауға да қолайлы материал. Еліміздің қай түкпіріне бар- саңыз осы бағыттағы құрылыс ма- териалдары Қытай жəне Ресейден тасымалданатынын көресіз. Жоба жетекшілері көрші мем- лекеттерден əкелінетін құрылыс материалынан анағұрлым арзан əрі сапалы екендігін айтады. Лайым, солай болғай. Өйткені, қазірдің өзінде кəсіпорын өнім- деріне алдын-ала тапсырыс бер- гендер көп. «Ақмерген» ЖШС-інде болған аудан əкімі Ерлан Айтаханов кə- сіпорын жұмысындағы кейбір түйткілді мəселелерді шешуге жəрдемдесетіндігін айтты. Мақтаарал ауданында бол- ғанымызда кəдімгі мақтаның қозапаясынан құрылыс матери- алдарын жасап жатқан кəсіпорын жұмысымен танысқанбыз. Енді қау қамыс кəдеге жарап жатыр. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» деген осы. Отандық өнімдер өзге елдің осындай құрылыс мате- риалдарымен бəсекеде қабілетті болса, еліміздің əлеуеті арта береді. Оңтүстік Қазақстан облысы Өңір өмірі Алаңдатарлық ахуал Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнінде өткен ведомствоаралық кеңеске қатысты. ● Оймақтай ой Адам баласындағы гармония – теңбе- теңдіктен емес, келісім- жарасымдылығынан. Ғабит МҮСІРЕПОВ ҚАМЫС Ол – қолдана білсе, мықты құрылыс материалы Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Бас прокуратурада өткен кеңеске Парламент депутатта- ры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демогра- фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Бас прокура- тура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойын- ша Қазақстанда қоғамдағы тұр- мыстық зорлық-зомбылық про- филактикасы ісіндегі заңнаманы жүзеге асыруға байланысты барлық қажетті шаралар қабыл- данып жатқанын атап өтті. Соң- ғы жылдары елімізде осы сала- дағы заңдылықты нығайту жөнінде пəрменді заңнамалық жəне практикалық шаралар қа- былданды, тұрмыстық сипаттағы қылмыстардың алдын алу жөнін- дегі құқықтық тетіктер қалыптас- тырылды. Қаржы бөлінген, қайтарымы қандай? 2500-ге жуық ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан Ал өңірде мал ауруларын болдырмау үшін ветеринарлық- алдын алу жəне диагностикалық шараларды жүргізуге былтыр 571 миллион теңге, биыл 568,9 миллион теңге бөлініпті. Сонда бұл қаржының нəтижесі мен тиімділігі қандай болған? Жаңа басшыға кәсіпорын құрылымы неге ұнамайды? «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы Жұмыс күшін жо- спарлау бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы соған орай өткізілген баспасөз мəслихатында «АрселорМиттал ТМД» компаниясының жаңадан тағайындалған директоры Парамжит Калон мəлімдеді. Оның айтуынша, кəсіпорынның қазіргі құрылымы дұрыс ұйымдастырылмаған. (Соңы 2-бетте) (Соңы 2-бетте) (Соңы 5-бетте) (Соңы 5-бетте) «АЛТЫН ОРТА», ҚАЙДАСЫҢ? ОҚЫҒАН ӨҢІРДЕ ТҰРАҚТАП ҚАЛА МА? ҚАЗАҚ ЖЕРІ –– МАЛ КІНДІГІ, ҰЛТ МЕНШІГІ 4 5 6 Үкімет қарапайым халыққа бет бұрды Кеше Үкімет отырысында жұмыспен қамту мəселелері қаралды. Осыған орай елдегі негізгі жағдайды Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова баяндады. Динара БІТІКОВА, «Егемен Қазақстан» Министрдің мəліметінше, «Жұмыспен қамтудың жол кар- тасы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудың аясында 167 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болып, жұмыс істеуге жəрдем алды. Ал мұның еңбек нарығындағы ахуал- ға оң ықпалы бар. Қазір еліміздегі жұмыссыздық деңгейі – 5 пайыз. Т.Дүйсенованың хабарлауын- ша жылдың соңына дейін де «Жұмыспен қамту-2020» бағдар- ламасының жол картасы аясын- да əлі біраз инфрақұрылымдық жобалар іске қосылып, талай адамға жұмыс табылайын деп тұр. Бұл бағдарламаға негізінен 101 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылы 1177 инфрақұрылымдық жобаны, сонымен бірге, 26 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, отбасылық-дəрігерлік амбулато- рияны іске қосу жоспарланған. Толықтай алғанда, 20 мың жұмыс орны қарастырылған. «Осы мақ- саттарға өңірлерге 4,4 млрд. теңге бағытталды. 830 жоба бойынша байқау аяқталды жəне 470 жобаны жүзеге асыру басталды. Оларға шамамен 5 мың адам жұмысқа тұрды», деді Т.Дүйсенова. Бүгінде өзге ағымдардың жетегінде кетіп жатқандардың 80 пайызы жұмыссыз жастар Əлихан БӨКЕЙХАНОВ:

Upload: others

Post on 09-Aug-2020

18 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

№123 (28851)29 МАУСЫМСƏРСЕНБІ2016 ЖЫЛ

● Еңбегімен еленген

АҚПАРАТТАРағыны● Б и ы л « Ж ұ м ы с п е н

қам ту-2020» бағдар лама-сының жол картасы аясын-да 1 мыңнан астам инфрақұ-рылымдық жоба іске қосыл-ды. Осының нəтижесінде 20 мың жұмыс орны ашылды. Ол үшін бюджеттен 101 млрд. тең-ге бөлінген.

● Қазақстанда шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға 155 млрд. теңге бөлінеді. Бұл қаржы кəсіпкерлерге алдағы ай-дан бастап үлестіріледі. Тағы бір айта кетерлігі, аталған қаражат бизнестік өнім мөлшерін көбейтуге мүмкіндік береді.

● 2023-2024 жылға дейiн елiмiзде 7 мың шақырым автожолға ақылы жүйе енгiзiледі. Бұл – республикалық көлік дəлізінің 25-30 пайызы. Жоспар бойынша, Астана – Атбасар – Жақсы, Шымкент – Қ ы з ы л о р д а , А с т а н а – Темiртау, Алматы – Қапшағай – Талдықорған, Алматы – Қорғас, Астана – Павлодар жолдары ақылы болады.

● Еліміздің экономика-сына Жапония мемлекеті 10 жыл ішінде 4,5 млрд. дол-лар инвестиция құйған. KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалиннің айту-ынша, 2015 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларды құраған. Негізгі инвестицияның үлесі – уран өндіру жəне уран өнімдерін шығару салалары.

● 2015 жылы 200-ден астам өнеркəсіп орындары мемлекеттік қолдауға ие бол-ды. Инвестициялар жəне даму министрлігінің хабарлауынша, аталған өндіріс ошақтарына көмек дағдарысқа қарсы ұйымдастырылған шаралар ая-сында жүзеге асқан.

● Астанадағы əуежайдың халықаралық терминалын жаңғыртуға Ұлттық қордан 10 млрд. теңге бөлінді. Еліміздегі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бе кен Сейдахметовтің айтуынша, мұнан бөлек, өткен жылы бұл нысанның жаңғырту жұмыс тарына 29 миллиард теңге бөлінген.

● Алматы облысындағы қала, аудан жəне ауылдар-да 37 медиация кабинеттері ашылды. Енді тұрғындар тұр-ғылықты жерінен ұзамай-ақ, түйткілді мəселелерін, дау-жанжалдарын жəне татуласу ниеттерін осы орталықтардағы медиаторлардың көмегімен жүзеге асыра алады.

● Жамбыл облысындағы моноқала – Қаратауда шағын жəне орта кəсіпкерлік дамып келеді. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бюд-жеттен 250 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп, 19 жоба жүзеге асырылған. Сонымен қатар, 100-ден астам адам жұ-мысқа тартылған.

Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары,

«ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері

бойынша дайындалды

Ауылдастар алғысыДуман АНАШ,«Егемен Қазақстан»

Айнұр Байрамованың кіндік қаны тамған жері – Əзербайжан Республикасы болса, ортасын таныған Отаны – Қазақ елі. Жөргекте жатқан сəби кезінде ата-анасы Қазақстанға қоныс аударыпты. Əкесі ор-ман шаруашылығында, анасы ауруханада медбике болып еңбек етеді. Осындай отбасында дүниеге келген Айнұр Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында өсті. 1997 жылы аудан орталығындағы мектептің табалдырығын аттаған ол тоғызыншы сыныпқа дейін ауылда оқыды. Одан кейін Алматы қаласында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы колледжге аудармашы-референт мамандығы бойын-ша оқуға түсті. Колледжді бітірген соң арнайы орта білім базасы негізінде Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде шет тілдер мамандығы бойынша білім алды. Ағылшын жəне қытай тілдерін меңгеруге талпынды. Жанына жақыны – əлем халықтарының байланыс тіліне айналған ағылшын тілі болып шыққан бойжеткен жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін де тілді тереңдете меңгеруді тоқтатқан жоқ.

Соңғы жылдары еліміздегі қанатқақты жоба ретінде Шығыс Қазақстан өңірінде көптілділдік бағдарламасы енгізіліп жатқаны белгілі. Осыған орай Айнұрдың алған білімі сұранысқа ие

мамандықтардың біріне айналды. Себебі, ауылдар-да үш тұғырлы тіл бағдарламасының бір бұтағы са-налатын ағылшын тілінің мамандары тапшы, тіпті, жетіспейді деуге де болады. Осы олқылықтың ор-нын толтыруға ұмтылған ол 2012 жылы оқу бітірген соң Бесқарағай ауылындағы өзі оқыған Борас орта мектебіне мұғалім болып орналасты.

КӨЗҚАРАС

ЗЕРДЕ

ЖАЗЫЛҒАН ЖАЙДЫҢ ЖАЛҒАСЫ

Қайрат ƏБІЛДИНОВ,«Егемен Қазақстан»

«АрселорМиттал Теміртау» ком-паниясының құрамында метал-лур гия лық комбинат, Қарағанды облысындағы 8 көмір шахтасы,

Қарағанды, Ақмола жəне Қос танай облыстарындағы темір кенін өндіретін 4 кеніші бар. Кəсі п орындағы жұ мыс-тарды шартты түрде үшке бөлуге бо-лады.

● Мəселенің мəнісі

Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан»

Облыстағы ветеринария бас қар-масының мəліметінше, бруцеллезге шалдыққан малдың басым бөлігі Қашыр ауданында, Екі бастұзда, Баянауыл ауданында тір келіпті. Қазіргі уақытта Май, Успен ау-дандарында малды бру цел лезден сауықтыру шаралары жүр гізілуде. Сондай-ақ, ірі қара жəне ұсақ малдың дертке шалдығуы бойын-ша арнайы сақтандыру шаралары

барысын да Лебяжі ауданының Ша-р бақты, Қызылəскер жəне Шəм ші ауылдарында карантин дік шек-теу шаралары жасалуда. Дертке шалдыққан мал «Руби ком», «Ет бастау» жəне «Ақжар өндірісі» ет өңдеу комбинаттарына тапсырылу-да. Жалпы, біздің өңірде облыстық ветеринария басқармасының ха-барынша, мау сым айындағы, яғни, қазіргі жағдай бойынша тексерілген 230 мың мал басының 2400-і, 290 мың ұсақ малдың 159 басы бруцеллезге шалдыққаны

анықталды. Мəліметтер азай-тылып көрсетілетін де сияқты. Өйткені, біз газетімізде жазған Лебяжі ауданы Шəмші ауылының тұрғыны Е.Бөлекбаевтың бір отар қойының өзінен 60 ұсақ мал ауруға шалдыққан болатын-ды. Өткен жылы бруцеллезге шалдыққан малдың шығынын өтеу үшін 340 миллион теңгеден астам қаржы төленіпті. Оның 50 пайызын мемле-кет, 50 пайызын ет өңдеу кəсіпорны өтейді. Биыл бұл өтем үшін 159 миллион теңге қарастырылыпты.

Ветеринарларға жүктелетін н е г і з г і т а л а п т а р б о й ы н -ша малдың қаны жыл сайын екі рет диагностикалық тексе-рулерден өтуі керек. Облыстар

мен аудандарда қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған ветеринариялық зертханалар бо-луы шарт. Қаржыны бақылау үшін əрбір өңірде, ауданда коммуналдық ветеринариялық кəсіпорындар құру қажеттілігі де айтылды. Бұл талап-тар қалай орындалуда, бақылау бар ма, жоқ па деген сұрақтар туын-дайды. Сондықтан, ветеринарлық алдын алу жəне диагностикалық шараларға бөлінген қыруар қаржыны бақылауға алған жөн. «Қазір малды бағудан гөрі ем-деу қиын болып тұр...», дейді ауылдықтар.

Сонда, қыруар қаражаттың қалай игеріліп жатқаны – дертке шалдыққан жүздеген малдың ет өңдеу комбинаттарына жөнел-тілуімен есептеліп, анықтала ма?..

Павлодар облысы

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Сырдың бойында отырған аудандардың іскер жігіттері дария ны бойлап өсетін қалың қамысты кəдеге жаратып жатыр.

Қалың қорыстан ең алғаш құрылыс материалдар жасаған шардаралық кəсіпкердің өнімдері арзан жəне бəсекеге қабілетті болғандықтан тұтынушылардың қызығушылығын арттырған еді. Енді Отырар ауданы Қарғалы а у ы л ы н д а ғ ы « А қ м е р г е н » серіктес тігі жергілікті жерде көп өсе тін табиғат өнімдерінен құры-лыс ма териалдарын шығару жо-басын іске асыруда.

Қазақта «шешінген судан тайынбас» деген мəтел бар. «Ақмерген» жігіттерінің жоба-сы мемлекеттік үдемелі индус-триялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында индустриялық картаға енген.

Жобаның жалпы құны 622,3 млн. теңге бол са, бизнесті қолдау бағдарламасы бойын ша 320 млн. теңге жеңілдетілген несие беріл ген. Қазір цехтың қажетті қондырғылары орнаты-лып, қамыс оратын, жинайтын, кептіретін жəне өзге мақсаттарға керекті техникалар алынған. Келер жылы толық іске қосылады деп күтіліп отырған кəсіпорын 30 адамға жаңа жұмыс орнын ашып береді. Жылына 720 мың шаршы метр өнім шығаруға қабілетті цехтың нығыздалған қамыс

тақтайшалары құрылыстың ішкі, сыртқы əрлеу жəне қаптау жұмыстарына пайдаланылады. Сонымен қатар, түрлі жиһаздар жасауға да қолайлы материал.

Еліміздің қай түкпіріне бар-саңыз осы бағыттағы құрылыс ма-териалдары Қытай жəне Ресейден тасымалданатынын көресіз.

Жоба жетекшілері көрші мем-лекеттерден əкелінетін құрылыс материалынан анағұрлым арзан

əрі сапалы екендігін айтады. Ла йым, солай болғай. Өйткені, қа зір дің өзінде кəсіпорын өнім-деріне алдын-ала тапсырыс бер-гендер көп.

«Ақмерген» ЖШС-інде болған аудан əкімі Ерлан Айтаханов кə-сіпорын жұмысындағы кейбір түйткілді мəселелерді шешуге жəр демдесетіндігін айтты.

Мақтаарал ауданында бол-ғанымызда кəдімгі мақтаның

қозапаясынан құрылыс матери-алдарын жасап жатқан кəсіпорын жұмысымен танысқанбыз. Енді қау қамыс кəдеге жарап жатыр. «Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар» деген осы. Отандық өнімдер өзге елдің осындай құрылыс мате-риалдарымен бəсекеде қабілетті болса, еліміздің əлеуеті арта береді.

Оңтүстік Қазақстан облысы

● Өңір өмірі

● Алаңдатарлық ахуалМемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Əбдіқалықова тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы жөнінде өткен ведомствоаралық кеңеске қатысты.

● Оймақтай ойАдам баласындағы гармония – теңбе-

теңдіктен емес, келісім-жарасымдылығынан.

Ғабит МҮСІРЕПОВ

ҚАМЫС Ол – қолдана білсе, мықты құрылыс материалы

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,«Егемен Қазақстан»

Бас прокуратурада өткен кеңеске Парламент депутатта-ры, Қа зақ стан Республикасының Прези денті жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демогра-фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, Бас прокура-тура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдар, халықаралық жəне үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкілдері қатысты.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет

басшысының тапсырмасы бойын-ша Қазақстанда қоғамдағы тұр-мыстық зорлық-зомбылық про-фи лактикасы ісіндегі заңнаманы жүзеге асыруға байланысты барлық қажетті шаралар қабыл-данып жатқанын атап өтті. Соң-ғы жылдары елімізде осы сала-дағы заңдылықты нығайту жөнінде пəрменді заңнама лық жəне практикалық шаралар қа-былданды, тұрмыстық сипат тағы қылмыстардың алдын алу жөнін-дегі құқықтық тетіктер қалыптас-тырылды.

Қаржы бөлінген, қайтарымы қандай?2500-ге жуық ірі қара мал бруцеллезге шалдыққан

Ал өңірде мал ауруларын болдырмау үшін ветеринарлық-алдын алу жəне диагностикалық шараларды жүргізуге былтыр 571 миллион теңге, биыл 568,9 миллион теңге бөлініпті. Сонда бұл қаржының нəтижесі мен тиімділігі қандай болған?

Жаңа басшыға кәсіпорын құрылымы неге ұнамайды?

«АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы Жұмыс күшін жо-спарлау бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы соған орай өткізілген баспасөз мəслихатында «АрселорМиттал ТМД» компаниясының жаңадан тағайындалған директоры Парамжит Калон мəлімдеді. Оның айтуынша, кəсіпорынның қазіргі құрылымы дұрыс ұйымдастырылмаған.

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 2-бетте)

(Соңы 5-бетте)

(Соңы 5-бетте)

«АЛТЫН ОРТА», ҚАЙДАСЫҢ?ОҚЫҒАН ӨҢІРДЕ ТҰРАҚТАП ҚАЛА МА?

ҚАЗАҚ ЖЕРІ –– МАЛ КІНДІГІ, ҰЛТ МЕНШІГІ

4 5 6

Үкімет қарапайым халыққа бет бұрды

Кеше Үкімет отырысында жұмыспен қамту мəселелері қаралды. Осыған орай елдегі негізгі жағдайды Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова баяндады.

Динара БІТІКОВА,«Егемен Қазақстан»

Министрдің мəліметінше, «Жұ мыспен қамтудың жол кар-тасы-2020» бағдарламасын жүзе ге асы рудың аясында 167 мың адам мемлекеттік қолдауға ие болып, жұ мыс істеуге жəрдем алды. Ал мұ ның еңбек нарығындағы ахуал-ға оң ықпалы бар. Қазір елі міз дегі жұмыссыздық деңгейі – 5 пайыз.

Т.Дүйсенованың хабар лауын-ша жылдың соңына дейін де «Жұмыспен қамту-2020» бағ дар-ламасының жол картасы аясын-да əлі біраз инфрақұрылымдық жобалар іске қосылып, талай

адамға жұмыс табылайын деп тұр. Бұл бағдарламаға негізінен 101 млрд. теңге бөлінген. Ағымдағы жылы 1177 инфрақұрылымдық жобаны, сонымен бірге, 26 жаңа фельдшерлік-акушерлік пункті, отбасылық-дəрігерлік амбулато-рияны іске қосу жоспарланған. Толықтай алғанда, 20 мың жұ мыс орны қарастырылған. «Осы мақ-саттарға өңірлерге 4,4 млрд. теңге бағытталды. 830 жоба бойынша байқау аяқталды жəне 470 жобаны жүзеге асыру басталды. Оларға шамамен 5 мың адам жұмысқа тұрды», деді Т.Дүйсенова.

Бүгінде өзге ағымдардың жетегінде кетіп жатқандардың 80 пайызы

жұмыссыз жастар

Əлихан БӨКЕЙХАНОВ:

Page 2: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

www.egemen.kz2 29 маусым 2016 жыл

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Кеңесте атап өтілгендей, тұр-мыстық сипаттағы зорлық-зом бы -лықтың профилактикасы туралы салалық заң қабылданғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгере бас тады. Құқықтық акт тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, отба-сылық жанжал ту дырушыларға қатысты қыл мыс тық-процестік тұр-ғыда мəж бүр леудің қажетті əдістерін пай да лануға жəне зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Профилактикалық жұмысты жан-дандыру жəне əкімшілік-құқықтық шараларды қолдану өз нəтижесін берді. Соңғы төрт жыл ішінде тұр-мыстық сипаттағы қылмыстар саны екі есе азайды. Алайда, тəжірибе көр сеткендей, əйел адамдарға қатыс-ты жазаланатын қылмыстық əре-кеттер жасаған адамдардың жауап-кершілігін күшейту үшін қолда-ныстағы заңнамаға өзгерістер енгізу керек. Тұрмыстық сипаттағы зор лық-зомбылыққа тап болған адам дарға арналған дағдарыстық ор та лық-тардың жұмысы негізінде бір ыңғай əдістеме əзірлеу қажет.

Биылғы І тоқсанның қорытын-дысы бойынша, тұрмыстық си пат -тағы қылмыстың 54,4%-ға кө бей гені байқалады. Елімізде зор лық-зом-былық сипатындағы қылмыс тардың 60%-ға жуығы отбасында жасала-ды. Бұдан туын даған агрес сиялық көңіл-күй сырт та да жалға сып, өзге ауыр қыл мыстарды жасауға себепші болады.

Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ, əйелдер көп жағдайда өз жұба йының немесе отбасы мүше лерінің тарапы-нан тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық құр банына айналғанын жасыратынына тоқталды. Соның салдарынан тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылық құрбандары одан əрі тексеру жүргізгенді қаламай, сотқа шағымданбайды, сондықтан ішкі істер органдары сотқа жіберген материалдар қараусыз қалады. Тек 2015 жылы ғана отбасылық жан жал тудырушы 2 мың адам жауап кер-шіліктен құтылып кеткен.

Гүлшара Əбдіқалықова тұр мыс-тық сипаттағы зорлық-зом былықтың алдын алу сала сын дағы заңнаманы əрі қарай жетілдіру бойынша жұмыс жүр гізу қажет екенін атап өтті. Заң барша халыққа түсінікті жəне əр адам үшін қалыпты норма болуы үшін қызмет ету керек. Біз əйел

адам д арға медициналық, құ қық тық, пси хологиялық көмек көрсету жө нін-де мемлекет тік кепілдіктерді қа лай нығайта ты нымыз туралы айту үшін жинал дық, деді Мемлекеттік хатшы.

Бұдан кейін сөз алған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов жағдай 2009 жылдың жел тоқсанында «Тұрмыстық зор лық-зомбылықтың профилак тикасы туралы» Заңның қабыл дануымен жақсара түскенін мəлімдеді. Атап айтқанда, заңдық норма қабылданғаннан кейін ішкі істер органдарының қызмет кер лері тарапынан 260 мыңнан аса қорғау нұсқауы толтырылып, соттар тара-пынан 22,5 мың жүріс-тұрыс ережесі бекі тіп бе рілген. Енді отбасының бере ке сін кетірушінің алкогольді ішім дікті тұтынуына 3 айдан 1 жыл -ға дейін мерзімге тыйым са лы на ды. Жалпы, заңдық нор ма ның қабыл-дануы жыл са йын тұр мыс тық зор-лық-зом бы лық көр сет кішін 10 пай-ыз ға төмен дету ге мүмкіндік беруде. 2005 жы лы 1600 осындай қыл мыс жа сал с а, 2015 жылдың қоры тын-ды сы бо йын ша көрсеткіш үш есеге қыс қарған.

2014 жылдың қорытындысы бой-ынша сотта отбасындағы зор лық-зомбылық əрекеттері бо йын ша 23 мың əкімшілік құқық бұзу шылық ісі қаралса, 2015 жы лы оны қылмыстық құқық бұзу шылыққа алмастырғаннан кейін бар-жоғы 627 жазаға тарту шешімі шығарылған. Əкімшіліктік қамауда ұстау мерзімінің 48-ден 3 сағатқа дейін қысқаруы да тəжі ри-беде көптеген проблемалар тудыр-ған. Өйткені, араққа сылқия тойып алған бұзақы үш сағатта есін жинай алмайды, сондықтан отбасына қайта барып, ауыр қылмыс жасап жатады.

Сондай-ақ, отырыста Қазақ стан Республикасындағы балалар құқығы жөніндегі уəкіл Зағипа Балиева қазіргі таңда елімізде 5,5 миллион бала бар екенін айтты. Соның 2 миллионы мектепке дейінгі жастағы балалар болып табылады. Бұл ретте 140 мың бала мүмкіндігі шектеулі балалар болса, 10 мыңға жуығы жетім жəне əке-шешелерінің қамқорлығынсыз қалғандар. Балал ардың отбасындағы зор лық-зомбылыққа куə болуы олар дың болашағына кері əсерін тигізетін болады. Бұл өз кезе гін-де қоғамның бұзылуына, еліміз дегі еңбек өнімділігі мен эконо ми ка-сының өсіміне теріс ықпал етеді.

БҰҰ Балалар қорының өкілі Юрий Оксамитный өз кезегін де отбасындағы зорлық-зом бы лықтың

алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізіліп отырғандығына назар аудартты. 2009 жылы БҰҰ Балалар жөніндегі комитеті зорлық-зом былық мəселесіне байланысты өзіндік ұсыным жасаған болатын. Онда балаларды жазаламау тура-лы тұжырымдар көрініс тапқан. Осыған орай ата-аналармен жəне балалармен жұмыс істейтін меке-мелерге осы жайттарды түсіндіру қажет. Тұрмыстық зорлық-зомбылық баланың психология сына зор күйзе-ліс əкелетіндігі түсінікті. Балаға қол жұм сау олардың өзін төмен баға-лауы на, сабағының нашарлауына əсер ететінін көрсетіп отыр. Сон дық тан осы бағытта зерттеу жүргізіліп келе ді.

Сонымен қатар, ведомство ара-лық кеңес отырысында Бас проку-рор Жақып Асанов сөз алып, күн тəр тібіндегі мəселенің өзектілігіне тоқталды. Көшедегі агрессияның бір себебі – отбасын дағы жағдай. Үйден ызамен шық қан адам өшін өзгеден алады. Адамдардың қоғамдық жер-лердегі жəне көліктегі теріс қылық-тары, көп жағдайда, отбасында бо-лып жатқан жағдайлардың көрі нісі, деді Жақып Қажманұлы. Ста тис тика бойынша Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылық сипа тындағы қылмыстардың 90 пайызға жуығы əйел адамдарға қатыс ты жасалады, егде адамдар мен ба лалар зорлық-зомбылық əрекет терге тап болатын жағдай лар да аз емес. Сондықтан да бас ты мақсат тұрғындардың сана-сезімін өзгерту дің жаңа жолдарын іздестіру, осы проб лемаға деген көзқарасты өзгерту болып табылады.

Жалпы айтқанда, кеңеске қаты с-у шылар құзыретті құры лым дар дың өзара келісілген іс-қимылын қам-тамасыз етудің, тұр мыстық сипат-тағы зорлық-зом былықты тоқта ту жəне оның алдын алу тетік терін жетілдіруге бағытталған тиімді құқық тық жəне тəжірибелік шаралар қа был даудың маңызы туралы айтып өтті. Бұл жұмыстың сəтті жүруі не мем лекет пен азаматтық қоғам инс -ти туттарының бірлескен күш-жіге-рінің жұмылдырылуы, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылық про-блемаларын нақты шешумен айналы-сатын үкіметтік емес ұйымдардың іс-қимылдары ықпал етпек.

Кеңес соңында Мемлекеттік хат-шы тұрмыстық сипаттағы зорлық-зомбылықты түбірімен жою үшін құзырлы мемлекеттік органдар жүзеге асыруға тиіс бірқатар міндетті айқындап берді.

2016 жылы Кəсіпкерлікті дамыту кар-тасы аясында 9 мыңнан астам адам 3 млн. теңгеге дейін ша ғын несие алған. «Мұндай несие лерді алу үшін міндетті түр де шаруа қожалығы немесе жеке кəсіпкер ретінде тіркелу қажет. Бүгінгі таңда 1,6 мың адамға 3,5 млрд. теңгеден астам шағын несие берілген. Алайда, кейбір өңірлерде жұмыс баяу жүріп жатқан көрінеді. Мəселен, БҚО, ОҚО, ШҚО, Қос танай, Қарағанды, Ақмола облыс тары мен Алматы, Астана қала ларында жоспарланған жоба лардың жүзеге асырылу жайы 40 пайызға жетпейтіндігі айтылды. Соған байланысты министр жұ мыс ты ширатуды сұрады.

ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ БАҚЫЛАУДА ҰСТАЛМАҚ

Т.Дүйсенова елімізде жұмыс шыларына жалақысын бермей жүрген кəсіпорындардың бар екендігін атап өтті. Министрдің дерегіне сүйенсек, жыл басынан мемлекеттік ин-спекторлар ел кə сіп орындарының ағымдағы бере шектері 2,8 млрд. теңге көле мінде екен-дігін анықтап, дағда рыс қа қар сы штабтың қабылдаған шара ларының арқасында оның 2,4 млрд. теңгесі өтелген.

«Дегенмен, өңірлік дағдарысқа қарсы штабтың мəліметтерінде жалақы бойынша жалпы бере шек тің көлемі бүгінде 1,6 млрд. теңгені құрап отырғаны көрсе тілген. Оның ішінде үш айға дейінгі ағымдағы берешектер 514 млн. теңгені, үш айдан асатын уақыты өтіп кеткен берешек шамамен 134 млн. теңгені құрайды. Банкротқа ұшыраған кəсіпорындардағы қарыздың ең көлемдісі – 955 млн. теңге. Қазіргі уақытта бұл бағытта Бас прокуратурамен, Қаржы министрлігімен жəне жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде», деді Т.Дүйсенова Үкімет басшысына қарата айтқан сөзінде.

Премьер-Министр бұл ретте жұмыс орындарында еңбекақы төлеу мəселесі ағымдағы мəселе ден өзекті мəселеге айналып кетуі мүмкін екендігін атап өтті. «Үкі меттің келесі отырысында жал а қы лардың төленуі мəселесі бо йынша аймақтар əкімдерінің баян-дамаларын тыңдасам деймін. Осы аптада кəсіпорындармен белсене жұмыс жасап, жағдай қай жерде қалай болып жатқанын, қандай шаралар қабылдау керектігін анықтау керек», деді К.Мəсімов.

Үкімет басшысы жуырда жұ мыс сапарымен Қарағанды облы сына барғанында ірі тау-кен ме таллургиялық кəсіпорын дардың басшылығы барлық жұ мыс орын дарын сақтап қалу ға уəде еткенін еске салды. «Бұдан басқа, көп теген орта жəне ша ғын кəсіп орындар бар, қазіргі эконо мика лық жағдай бұл мəселе біздің бақы лауымызда болуы тиіс екенін көрсе теді. Келесі аптада бұл біздің қарастыратын екінші мəселеміз болмақ», деді К.Мəсімов.

ҚОСАЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Үкімет отырысында ауыл тұр ғындарын жұмыспен қамта масыз ету жəне жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану арқылы агроөнеркəсіп кешен өнімдері өндірісінің көлемдерін арттыру жəне азық-түлік қауіпсіз дігі мəселелерін шешу шараларына да баса назар аударылды. Бұл ретте Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдар ла масының қаражаттарын сүт қа былдау пункттері жəне от басылық бордақылау алаңдарын құрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы кооперативтерін ұйымдастыруға, оларды несиелен діруге бағыттауды ұсынды. Ол сүт жəне еттің 70-80 пайызы жеке қосалқы шаруашылықтарда өн ді рілетінін атап өтті. Ал қайта өңдеуші кəсіпорындар қуат ты лығы тек 60 пайыз ғана жүк телген. Себебі, жеке қосалқы шаруа шы-лықтардан ауыл шаруа шы лығы өнімдерін дайындау жəне та сымалдау үшін қажет бола тын инфрақұрылымдар əлі қалып тасқан жоқ. Қолданыстағы сүт зауыттарының қуат көлемін шикі затпен қамтамасыз ету үшін 3 жыл ішінде 668 сүт қабылдау пункттерін құрып, жеке қосалқы шаруашылықтардан 380 мың тонна қосымша сүт жинау жəне өткізу жоспарланған. Бұл сүт зауыттарының жүктемелерін 64 пайыздан 84 пайызға дейін көбейтіп, қайта өңделген өнім өндірісін 30 пайызға дейін арт тыруға мүмкіндік береді.

Екінші өзекті бағыт ретінде отбасылық бордақылау алаң дарын құру ұсынылды. Өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғын дардың малдарын бұқа жəне азықпен қамтамасыз ету үшін же ңіл дікпен несиелеу қарасты рылады.

Бағдарлама шеңберінде 100 мың тонна сиыр еті өндірілетін 32 мың отбасылық бордақылау алаңдарын ашу жоспарланған. Үш жыл ішінде 65 мыңнан астам үнемі қызмет істеп тұратын жұ мыс орындары құрылатын болады. Осының нəтижесінде қайта өндеуші кəсіпорындардың жүкте мелігін 61 пайыздан 95 пайызға дейін жеткізу жоспар ланған.

Қ ұ р ы л а т ы н а у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы кооперативтері бұған қо сымша басқа да бағыттармен жұ мыстана алады. Мысалы, жүн жəне тері дайындау, жеміс-көк ө ніс тер дайындау, ара шар уа шы лығы, отбасылық құс шаруа шылығы жəне тауарлы балық шаруашылығы бар. Бағ дарламаны жүзеге асыру үшін «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» жəне «ҚазАгро»ҰБХ» АҚ қаражаттары тартылатын болады.

Премьер-Министр К.Мəсiмов отырыс барысында Ауыл шаруа шылығы министріне Қара ған ды дағы күйдіргі ауруына (сібір жара сына) қатысты туын даған мəселеге байланысты мəн-жайды анықтауды тапсырды.

«Кеше Қарағанды облысында осы мəселеге қатысты жиын өткiздiк. Жалпы түйгенiмiз – бiзде мал қорымын күзету мəселесi бақылаусыз жатыр десек болады. Осы мəселенiң жай-күйiн анықтау керек. Кеше тиiстi тапсырма бердiм. Келесi Үкiмет отырысында осы мəселені де қарастырамыз. Мал қорымдарын күзету қажет. Қаражат бөлiнген болатын, ендi қаржының қайда жұмсалғанын жəне кiмнiң жауапты екенiн қарау керек», дедi К.Мəсiмов.

Бұл орайда, Үкiмет басшысы, ветеринарлық бақылау мəселе сiнің маңызды екенiн атап өттi. «Өңiрлерде бұл жұмыс тиiстi деңгейде емес деген ойдамын», деп түйіндеді Премьер-Министр.

ҚАРЖЫНЫ ИГЕРУ ҚАДАҒАЛАНАДЫ

Өз кезег інде Премьер -Ми нистр -дің орынбасары Д.Назар баева Жұмыспен қамтудың жол картасы жəне жалпы жұмыспен қамту мəселесі бойынша Үкі меттің ауқымды жұмыс жүр гізіп, үлкен қаржы ресурстарын бөліп жатқандығын атап өтті. «Бұл жерде мəселе оның нəти желілігі мен тиімділігінде болып отыр. Шағын несиелер беру өте маңызды, ол халықтың эконо микалық белсенділігін ынта лан дырады жəне бұл жерде жергі лікті органдар осы қаржыны оңтайлы пайдалануға ерекше көңіл бөлулері керек. Жəне игерушілік сомасына ғана емес, сонымен қатар оның нəтижесіне де назар аударулары тиіс», деген Д.Назарбаева жұмыспен қамтуға жəне еңбек нарығын тұрақтандыруға бағытталған бағдарламалар қаражатының бір бөлігі салық жəне əлеуметтік аударымдар түрінде қайтарылуы тиіс екенін, тауар айна-лымы жəне халықтың сатып алу белсенділігі ұлғаюы керек екенін атап өтті. «Осы тұрғыда бізде нақты статистикалық мəлімет жоқ. Жəне мен бұл қаржыны игеру үрдістерінің қалай бақыла натындығын анықтаған кезде салалық министрліктің осы қаражатты игеру үдерісін белсенді бақылайтындай жеткілікті құзыреті жоқ екеніне көзім жетті. Бұл ретте министрлік пен əкімдіктердің арасында осы ақшаның тиімді жұмсалуына жауап беретін өзара жаңа деңгейдегі қарым-қатынас орнату керек. Барлық осы жобалар бойынша, инфрақұрылымды қалыптастыру мен жөндеу, шағын несиелерді беру жүйесінде толық ашықтықты қамтамасыз ету керек, интернеттегі инфрақұрылымдық жобалардың паспорты толық орналасуы тиіс», деп түйіндеді Д.Назарбаева.

Қалай дегенмен, Үкімет мүше лері алға тартқан деректер жұ мыспен қамтуға қыруар қаржы бөлініп, жүйелі жұмыс жүріп жатқанын жеткізді. Алайда, қазіргі күні ауыл-аймақтардағы жұмыспен қамтудың жағдайы əлі де болса көңіл көншітіп отырған жоқ. Ендеше, Премьер-Министрдің орынбасары Д.Назарбаева айтқандай, бөлінген қаржы қаншалықты нəтижелі жұмсалды, қорытындысы қандай деген сұрақтарға да айрықша назар аударған жөн. Əрине, қорытынды туралы қаузағанда, жұмыспен қамту деген жұрттың бəріне мемлекеттік мекемелерден жұмыс беру немесе мемлекеттік қызметкерлердің қатарын көбейту емес екенін де ескерген жөн. Қазір қорадағы малыңды көбейтуге көмектесіп, сүт сатуға жол ашылса да, оның арғы жағында Үкіметтің үлесі жатады. Ал ауыл адамдары мал өсіріп, жерді игеріп-ақ өзін өзі жұмыспен қамти алатыны айқын. Ал ол үшін Үкіметке ауыл-аймақтардағы инфрақұрылымдар мен жол жағдайын жақсарту əбден қажет-ақ. Əйтпесе, қанша қаржы қарыз-несие берсек те, қатынас жасау жайы дұрыс қалыпқа келмей шаруа шалқымайды-ау деген күдігіміз де жоқ емес.

Республиканың қоғамдық, эко-но микалық, əлеуметтік-тұрмыстық, мəдени өмірінің айқын айнасы, бет-бейнесі болып келе жатқан бас ба-сылымның бедел биігінің жоға ры-лауына ұйымшыл ұжымның қосып отырған үлесі де зор. Күндіз-түні, қысы-жазы жарғақ құлағы жастыққа тимей, жанын салып жүретін егемен-діктердің еселі еңбегі төл мереке қарсаңында еленді. Байланыс жə-не ақпарат қызметкерлерінің күні-не орай «Егемен Қазақстан» газе ті-нің бір топ қызметкері түрлі мара-паттарға ие болды.

Қазақстан Республикасының

дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін Ақпарат жəне коммуникациялар министрлігі-нің Құрмет грамотасымен газеттің фо то тіл шісі Ерлан Омаров, бет қаттаушы Əсел Алтышева, коррек-тор Ақбаян Сна зарова марапаттал-ды. Ал, «Нұр Отан» пар тиясының БАҚ саласы бойынша жыл сайын ұйымдастыратын сайысында «Егемен Қазақстанның» Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Оралхан Дəуіт топ жарды. Ол «Нұр Сұңқар» жүлдесінің иегері атанды.

«Егемен Қазақстанның» меншік-ті тілшілері өңірлердегі өткір де

өзекті мəселелерді газет бетінде ұда йы көтеріп келеді. Осындай ең-бегі еленген тілшіміздің бірі – Сол-түстік Қазақстандағы Өмір Есқали. Ол Қазақстан Республикасы Ақ-парат жəне коммуникациялар ми-нистрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне жəне Жур-на листер одағының «Қазақ стан-ның құрметті журналисі» атағына ие болды. Сондай-ақ, «Ақпарат сала сының үздігі» төсбелгісімен мара пат талғандардың қатарында, газеттің шолушысы Анар Төлеухан да бар. Меншікті тілшілеріміз Нəзи-ра Жəрімбетова мен Бақберген Амалбек Қостанай жəне Ақмола об лысы əкімдерінің бұқаралық ақ парат құралдары үшін арнайы

тағайындаған бас жүлдесіне ие бол-ды. Сондай-ақ, фототілшіміз Ерлан Омаров Қазақстан Журналистер ода-ғы ның Рахымбай Ханалиев атын дағы сыйлығымен марапатталды.

«Егемен Қазақстан» газетінің ар-дагері, Қарағанды облысында мен-шікті тілші болып қызмет еткен қа-рымды қаламгер Айқын Несіпбай «Мамандыққа адалдық» аталымы бойынша Қарағанды облысы əкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері атанды.

Əріптестерімізді осындай зор табыстарымен құттықтай отырып, ал дағы уақытта да шығармашылық биік терден көріне беруіне тілектеспіз.

«Егемен-ақпарат»

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Шарль де Голль қорының президенті Жак Годфренмен кездесті, деп хабар-лады Қазақстан Республикасы П а р л а м е н т і С е н а т ы н ы ң баспасөз қызметі.

Қор басшысымен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан-Фран ция ынтымақтастығының мəсе лелері талқыланды. Тараптар парла ментаралық байланыстар ды тереңдету екі ел халықтарының арасын дағы дос тық пен ынты мақ -тастықты нығай туға ықпал ететі-нін атап өтті. «Сенат пен Фран -ция Ұлттық Жина лысында парла -ментаралық достық тобы құрыл-ғаннан бері 20 жыл ішінде жүйелі түрде парламенттік сапар алмасулар болып тұрды», – деді И.Адырбеков.

Сенат комитетінің төрағасы эко но микалық саладағы екіжақ-ты қарым-қа тынастар туралы айта келіп, Қа зақ стандағы шетел дік инвесторлар дың еңбек жағдай-ларын жақсарту мақ сатында жаңа ынталандыру шара ларының топ-тамасы қабылданғаны жай ында хабардар етті. 2005 жылдан бас-тап, біздің елімізде француз инвес-ти циясының көлемі 12 миллиард доллар дан асты, Франция азамат-тарының Қа зақстанға визасыз тəртіппен келіп-кету мүмкіндігі келесі жылдың соңына дейін ұзар-тылды, деді комитет төрағасы.

Кездесуге сенатор Мұхтар Алтын баев та қатысты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – өркениет өрісіне тұсау

Үкімет қарапайым халыққа бет бұрды

Кеше Байланыс жəне ақ-парат қызметкерлерінің күні ме-рекесіне орай «Қаз Медиа орта-лығында» салта натты іс-шара өтті. Онда Ақ парат жəне ком-муни ка ция лар министрі Дəурен Абаев журналистер мен бай ла ныс саласының қыз меткер лерін кəсіби мереке сімен құт тықтап, олардың бір то бын «Үздік байланысшы» жəне «Ақпарат саласының үзді гі» төсбелгілерімен мара пат тады.

Талғат РАЙЫМБЕК,«Егемен Қазақстан»

Мерекеде ең алдымен Премьер-Министрдің орынбасары Дариға Назарбаеваның БАҚ өкілдеріне жолдаған құттықтау хаты оқылды. Онда: «Құрметті БАҚ өкілдері мен бай ланыс саласы ның қызметкерлері, Сіздерді бүгінгі кəсіби төл мере-келеріңізбен шын жүректен құт-тық таймын. Тəуел сіздіктің 25 жы-лында еліміздегі ақпарат саласы жаңа белестерді бағындырып, жедел хабар таратуда үздік келеді. Қазіргі технологиясы дамыған заманда қоғамға білікті мамандар қажет. Кез келген жаңа лықты дер уақытында ха лық қа жеткізіп, өз аудиториясына шы найы ақпарат беру əрбір БАҚ ұжымының міндеті. Осы орайда, мен сіздерге шығармашылық та быс,

отба сы ларыңызға тек жақ сы лық тілей мін» – деген ізгі лебіздер бар.

Мұнан соң министр Дəурен Абаев қос саланың қызметкерлеріне шы-найы құттықтауын жеткізді.

– Құрметті əріптестер, қым-батты достар, баршаңызды Бай-ланыс жəне ақпарат қызметкерлері күнімен шын жүректен құттық-таймын. Мемлекет басшысы айт-қандай, ХХІ ғасырда ақпарат сала-сы оқиғаларды таратушы ғана емес, тұтас əлемде оның қалай өріс теп

отырғанын айшықтайтын же текші күшке айналды. Əлемде бұрын-соңды болмаған үрдістер жүзеге асып, байланыс пен ақпа рат қоғамның бар саласына қалай ықпал етіп жатқанын көріп жүрсіздер. Осынау жаһандық тренд аясында Қазақстанның осы салалары қар қын ды дамып келеді. Ақпарат жəне ком муникациялар министрлігі үшін бүгінгідей қым-қуыт заманда өз деріңіз сияқ ты майталман мамандармен тығыз қарым-қаты наста бірге болу өте

маңызды, – деді министр. Сонымен қатар, ол журналистиканың қазанын-да қайнап, байланыс саласының басы-қасында жүріп үздік атанған бір топ қызметкерді марапатта ды. Оларға министрліктің төсбелгілері мен Құрмет грамотасы табысталды.

Мұнан кейін салтанатты шара-ға арнайы келген Парламент депу-таттары да БАҚ өкілдерін құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. Ал мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпарат құралдары мен байланыс саласының үздіктері марапатталды

«Егемендіктер» ерледі

Іс-шараға екі тараптың тиісті мемлекеттік орган дарының бас-шылары мен жауапты қызмет-керлері қатысты.

Кездесу барысында ұлт тық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, халықаралық тер ро-

ризмге, діни экстремизм мен заң сыз есірткі айналымына қар сы іс-қимыл саласындағы екі елдің серіктестігін нығайту мəсе лелері қаралды.

Консультацияларға қаты су -шылар өңірлік қауіпсіздік са ла-

сындағы ахуалға баға беріп, ха лық аралық күн тəрті бін дегі өзекті мəселелерді, атап айт-қанда, Таяу Шығыс пен Ауған-стандағы жағдайды талқылады.

Н.Ермекбаев, консуль-та цияларды қорытындылай келе, экстремизм мен терро-ризмге қарсы күрес мəселелері бойынша Қазақстан мен Ресей-дің құзыретт і органдары арасында ақпарат алмасудың маңыздылығына, екі елдің деңгейлес мамандарының жұмыс бабындағы кездесу -

лер інің өткізілуіне назар аудар-ды. Со нымен қатар, Қазақ стан мен Ресей аумақ тары арқылы есірткі трафигіне қарсы тиімді іс-қимыл жасау мақ сатымен Есірткінің, психотроптық заттар мен олар дың прекурсорларының заң сыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңір лік ақпараттық үйлестіру орта-лығының қызметін жандандыра түсу ұсынылды.

Тараптар талқыланған жайт-тарды ескере келіп, бірлесе қа-былданған шешім дерді іске асыру бағытында жасалуы тиіс алдағы нақты қадамдар жөнінде уағдаласты.

Жоспарланған жүздесулерҚазақстан Респуб ли касы Президентінің кө мекшісі –

Қауіпсіздік Ке ңесінің хатшысы Нұр лан Ермекбаев пен Ресей Федерациясы Қауіп сіздік Кеңесінің хат шысы Николай Пат-рушевтың тең төрағалығымен Қа зақ стан мен Ресей қауіп-сіздік ке ңес терінің ап параттары арасын да жоспарланған консуль та циялар өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Сур

етт

і түс

ірге

н О

рынб

ай Б

АЛМ

ҰРАТ

Page 3: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жыл 3www.egemen.kz

Бір қызығы, Оқушылар сара-йы ның есігі ашылғаннан-ақ, өзге əлемге енгендей боласың. Балдырғандардың ба қыт ты күлкісі, тəтті сөздері, кіш кен тай-лар дың ата-анасына бұл да нып, еркелей бұлданғаны, топыр лаған жүрістің дүбірі – бəрі-бəрі бар ғой, шіркін!

Аз-кем ресми деректерге сү-йенсек, Оқушылар сара йын да за-ман талабына сай бала ның шы ғар-машылық, интел лек туалдық жəне спорттық қабі лет терін дамытуға арналған бас-аяғы 123 үйірме жұ мыс істей ді. Қосымша білім беру жү йе сінің əртүрлі бағыттары топ тас тырылған бір шаңырақ ас-тын да бүгінде 9470 оқушы тəлім алады екен. Оның 60 пайызы бюджеттік негізде үйірмелерге те гін қатысады. Яғни, мүмкіндігі шек теулі, əлеуметтік тұрғыдан аз қам тылған, көпбалалы отбасы нан шық қан немесе ата-ана қам қор-лығ ынсыз қалған балалар ақысыз оқытылады.

Мектептен тыс бос уақытын тиім ді ұйымдастырамын де-ген бала ның алдында таңдау мүм кіндігі зор. Технопарк, ғылым қала шығы, чемпион-дар лигасы, болашақ, шеберлер қаласы, дип ло матиялық кор-пус сияқты үлкен бөлімдердің ішінде неше түрлі үйірмелер бар. Директордың оқу-тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Қымбат Іргебаеваның айтуынша, бала-лар дың арасында спорттық сек-цияларға деген сұраныс ерекше жоғары екен. «Қазақша күрес, тоғызқұмалақ, мəнерлеп сыр-ғанау, хоккей, жүзу, дзюдо, кара-тэ, көркем гимнастика, шах мат жəне т.б. ұлттық жəне клас си-калық спорт түрлеріне ар нал ған үйірмелер еліміздің бо ла шақ спорт саңлақтарын қа лып тас-тыратыны сөзсіз», – деген сені-мін білдірді Қымбат Іргебаева.

Білім мен ғылым жетекші са-налатын ХХІ ғасырдың оқушы-ларға қояр басты талабы – зерт-теу дағдысын жетілдіру, ғылыми жобалар мен зертханалық жұ-мыс тармен айналысу болған-дықтан, ең алдымен біз «ғылым қалашығын» аралап шықтық.

Ғылыми-зерттеу жəне са рап-тау қызметіне баулу мен техникаға икемі бар дарынды балаларды анықтау осы «Ғылым қалашығы» мен «Технопарк» бағыттарының жұмыстарынан айқын көрінеді. Мысалы, «Ғылым қалашығы» бағы ты физика, астрономия, хи-мия, математика, информати-ка, экология, анатомия, биоло-гия, география сынды барлық академиялық пəндерді қамтиды. Бұл пəндер мектепте де оқыты-ла ды, бірақ осы жерге келген бала ның озық технологиялар мен жабдықталған лабораториялар-да практикалық жұмыстарды

тереңірек зерттеуге мүмкіндігі бар. Əсіресе, «Биохимиялық зерт ханада» тірі организмдердегі ге не тикалық ақпараттың ұрпақ-тан-ұрпаққа берілуін, сақталуын, дамуы мен қызметін қамтама-сыз етуге жауапты ДНК алу, оны көбейту, молекулаларын тыңғы-лық ты зерттеу үйретіледі.

«NextBio» үйірмесінде еліміз-дің өсімдік селекциясы жөніндегі же тіс тіктері баяндалып қана қой -май, оқушылардың өздері де өсім -дік тің өсуін, көбеюін, тыныс алуын, қоректенуін, қоршаған ор та ның қолайсыз жағдайына бе йім де л уін, яғни физиологиясын зерттейді.

Ал «Технопарк» мынадай үйір-ме лерді қамтиды: интернет жо-балау, электроника, робот тех-никасы, компьютерлік графи ка, WEB дизайн, автомодель деу, бағ-дарламалау тілі, жас өнер тап қыш жəне кеме құрас тыру. Атал ған алаң дардың негізгі принципі – ғы лымға қызығу шы лық танытқан оқу шылар қол же тімді форматта жаңа техноло гияларды қолдану ар қылы виз уаль ді əлемге ене

отырып, барлы ғын өз көзімен көріп, сезіне алады.

Сондай-ақ, Оқушылар сара-йын дағы жеткіншектерге жас по ли г лот болып, интерактивті фор мада əлемге белгілі тілдерді үй ре ніп, əр елдің ұлттық құнды-лық тары мен танысуға жағдай жа сай тын «дипкорпус» жұмыс іс тейді. Со ның аясындағы қазақ, орыс, ағыл шын, француз, түрік, қы тай тілдері үйірмелері арқасын-да линг вистикалық кеңістікке ену үшін билин гвал ды дамыту ортасы құрылды.

Сонымен, біз флористикаға қатыс ты «Жас натуралистер» үйір -месіне кіргенде, 5-6 жасар бала-лар сурет салып, біреуі қура ған гүлдерден композиция жасап жат-ты. «Апай, апай, ме нің өр мек шіме қараңызшы. Дұрыс жаса дым ба?» деп ұл бала жетек шісінің қасына жүгіріп келді. Мен де қарадым. Ермексаздың қо ңыр, қара жəне ақ түсін пайда ла нып, өрмек тоқыған өрмекші ні бейнелепті. Артынан үйірме жетек шісі айтқандай, біздің алдымызда

ғана оқушылар жəндіктер мен өсімдіктердің қыс мезгіліне дай-ындалуы туралы сабақ өткен. Бұл үйірмеге қатысқан бала лар-дың байқампаздығы қалыптасып, олар табиғаттың тілін түсіне бас-тайды екен. «Ботаникалық бақты аралатып, ондағы өсімдіктердің пайдасын, оған қандай күтім ке-рек екенін əңгімелейміз. Сондай-ақ, адамға қандай əсері барын да үйретеміз. Мектеп бағдарламасын қайталамаймыз, керісінше ондағы білімді толықтыра түсеміз. Оқу-шы ларым жыл басынан бері бас-тал ған дəптерге гүлдердің ғылы-ми аттарын, сипаттамасын жазып алып жүр.

«Қыш жəне мүсін» үйірмесі-нің жұмыстарымен де танысып қайттық. Осы өнерге баулитын мұғалім Еркінбек Сатыбал ды-ұлының айтуынша, балалар бұл жұмысты бар зейінімен жа-сайды. Əсіресе, құмыра құюға қызығады. «Өте пайдалы іс. Баланың ойлау қабілеті дами-ды. Екі қолды бірдей іске қосу арқылы мидың екі жақ бөлігінің

жұмысы жақсара түседі» деді ол. «Осында қатысқаныма 3 жыл болды. Басым тынығып, кере-мет күйге бөленемін. Болмашы нəрсеге ашуланатын ед ім , үйірме нің арқасында сабыр-лы, тия нақ ты болып, бастаған ісімді аяғы на дейін жеткізуге үйрендім. Сон дай-ақ, осы үйірме менің сурет ші лік қырымды да ашты», – дейді 11 жастағы Тұржанова Томирис.

«Сəндік қолданбалы өнер» үйірмесіне қатысатын қыздарға қарап көз тояды. Саусағынан шебер лік тамған қыздар өсіп келе-ді. Ине сабақтап, кесте тігіп, киіз-ге ою-өрнек басып отыр. Жұм сақ ойыншық тігуді əлде қашан мең-геріп алған.

Балалар «Шешендік өнер» үйірмесіне де үйір. Көпшілік алдында сөйлеу мəдениетін мең геріп, қандай да болсын ортада қысылмай, емін-еркін жүріп, тыңдаушысын баурап алып, кез келген адаммен тіл табыса кету өнеріне машықтану мақсатында келген балалар біздің көзімізше жетекшілері берген тақырыптағы этюдті мимикамен ашуға тырыс ты. «Дұрыс сөйлеуді дағдыға ай нал -дыру үшін жақ пен ауыз қуы -сына, тыныс алу мүшелеріне ар нал ған артикуляциялық жат-ты ғу лар жасатамын. Əңгіме жазу, от басы мүшелерінің қи-м ыл-қозға лыстарына пародия жасау үй тапсырмасы ре тін де беріледі», – деді аталмыш үйір-менің мұғалімі.

Айтпақшы, оқушылар Елбасы-ның тікелей тапсырмасымен ашыл ған Ұлттық интерактивті парк ті тиім ді қолданып жүр. Дə-ліз дің іші нен əрі-бері өткенде бай қа дық, балалар алдарындағы тех ни ка ның тілін меңгеріп алға-ны сонша, кішігірім экранда шы-ғатын түсін дір мелерді де оқу ды қойған екен. Көп қондырғы лар-дың сырын түсін ген олар экспо-зи циялардың таным дық қызметін білім игілігіне жұм сау ды əдетке айналдырған сыңайлы.

Ал, былтыр Оқушылар сарай-ында «Менің мамандығым» атты виртуалды лаборатория ашылды. Арнайы көзілдірікті таққан бой-да балалар құрылыс, теміржол саласының қыр-сырымен таны-сып, ауылшаруашылығы, мұ-най-кен өндірісін зерттейді. Вир-туалды түрде Астананың əуе-жайын аралайды, əлемнің музей-лерінде саяхаттайды.

Бірқатар үйірменің қонағы болу арқылы қаншама позитивті энергия алғанымызды жасыр-маймыз. Біздің кезімізде мұндай шаңырақ болмады. Сол жоқтың орнын толтыруға талпынғандай бүгінгінің балалары «Оқушылар сара йының» қадірін түсініп, бар жақсылығын көріп жүр.

Ментальді арифметиканың Қа-зақ станға келгеніне 4-5 жыл дың жү-зі болды. Алайда, атағы 2015 жыл д-ың аяғында кеңге жайылды. Бұ ған бір себеп – былтыр ғана «Пус ть го-ворят» бағдарламасында Ма ла хов мақтаған ойша есептеуі мен жұрт-ты тəнті еткен астаналық Да нияр Құр манбаевтың айды ас пан ға бір-ақ шығаруы еді. Əйтеуір мен тальді ари ф метика бе лең алғалы оның төңі ре гінде дау-дамай да қыза түс ті. Əсіресе, математиктер дабыл қақты.

Мəселен, академик Асқар Жұма-ділдаев «Abai.kz»-ке шыққан сұх -ба тында: «Математика ғылымы – теңіз. Ментальді арифметика сол те ңіз дің бір тамшысы ғана. Мұны игер ген адам сандарды тез кө бейту-ді бі леді. Одан өзге артық шылығы жоқ. Бір есепті біреу 5 секундта, екін ші біреу 1 минутта шығаруы мүм кін. Меніңше, нəтиже дұрыс бол са, болды» дейді. Профессор сон дай-ақ, бұл жолға бүкіл қазақ тү сіп кетпесе дейді, себебі, мұны ха-лық т ың қалтасын қағу үшін жасал-ған ма ғы насы күмəнді шаруа деп күдіктенеді.

Алайда, таяқтың екі ұшы бар. Пай дасын пайымдау үшін пер-зентінің саннан жаңылыспай, тез есептеуіне ай сайын 16 мыңдап ақша төлейтін ата-аналармен тіл десуді жөн көрдік.

Сөз басында республикалық олим пиадада үздік үштікке енген

алты жастағы Заңғар туралы ай-тылды. Əкесі Бахтияр Базылов бізге бір қызық оқиғаны баяндап берді.

Бұдан бір жыл бұрын ол бала-бақшадағы тəрбиешіден баласы жайлы жағымсыз пікірлерді жиі естіпті. «Заңғар əріп танымайды, түк тү сін бейді, санау білмейді, оқу-ға ынтасы жоқ» тағысын-тағы ша -ғым дары бітпейді екен. Бала ның да бала бақшадан басы салбырап, кө ңі-лі түсіп келеді. Келесі күні бару ға құл қы да жоқ. Ақыры əкесі Заң ғар -ды ба ла бақшадан шығарып алыпты.

Бір күні таныстарынан менталь-ді арифметика жайлы естіп, бала-сын соған жаздырады. Заңғар шот арқылы санауды бірден ұнатып, «Əке, тағы барайықшы» депті келесі күні.

Содан бері бір жылдай уақыт өтті. Заңғар бүгінде ментальді ариф ме тиканың алғашқы екі дең-ге йін еңсеріп, үшіншісін меңгеріп жүр. Астанадан 30 бала қатысқан республикалық олимпиададан Заң-ғар дың жүлдемен оралуын мұ-ғалімі Зибагүл Қанапина оның бас-қалардан еректігімен түсіндіреді.

– Есептерді дауыстап оқыған да, Заңғар кібіртіктеп, ұзақ ойла нып барып жауап беретін. Айтқан сан-дарды қайтара сұрайтын, ша тасып кетемін деп қайталап айтатын. Бас-тапқыда түк шықпай ма деп уайым-дадым. Бірақ бір күні есептерді тақтаға жазып, «Кəне, Заңғар, осы-лай көрші» деп едім, саусақтарын ойнатып, көзді ашып жұмған -ша бірнеше амалдың жауабын айнақатесіз жаза берді, жаза берді. Мен де таңғалдым, өзі де солай шеше ала тынын күтпеп еді. Бірден «Апай, маған тағы есеп беріңіз де, видеоға түсіріп алыңызшы. Мамама көрсетемін» деп қуаныпты.

Өнерін бізге де көрсетті. Зиба-гүл Еділбайқызы тақтаға тігінен «54+35-24+23» деп жазғаны сол еді Заңғардың саусақтары тоқтау-сыз жыбырлап, 88 екенін дəл тапты. «53+20+15+11?» деген ді шы ғаруға, ересек оқырман, қанша секунд кетті? Алты жастағы балақай есепті «99» деп 3 секундқа жетер-жетпес уақытта шағып тастады.

Бір қызығы, балабақшада ашыла

алмаған кішкентай мектепке даярлық сыныбында үлгерім жөнінен топ жа-рыпты. Ұстаздар ерек ше баланың зеректігіне таңғал ған. Əрине, сан таниды, оның үстіне екі таңбалысын бір-біріне ойша қосады, азайтады. Əріптерді де бір айтқаннан қағып ала-ды. Өлең шумақтарын жатқа соғады. Үш айға созылатын даярлық сыны-бын Заңғар бір айға жетер-жет пес уақытта тəмамдапты. Бала бо йын дағы осы оң өзгерістерді үй іші мен тальді арифметикамен байланыстырады.

Шындығында ментальді ариф-ме тиканың пайдасы екенін «ISMA» халықаралық ментальді арифметика мектебінің бас директоры Айжан Бектілеуова сеніммен айтып отыр.

– Ментальді арифметика – 5-16 жастағы баланың ақыл-ой қабілетін ойда санақ жүргізу арқылы дамы-

татын ерекше əдіс. Оны меңгерген бала қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлуді, процент пен түбір астын табу есеп терін калькулятордан жыл-дам шығарады. Ментальді ариф-метиканың маңызы – сол нəтижеге жетуде баланың ми бөлігінің сол жағы мен оң жағы қатар жұмыс істейді. Абакус дейтін есеп шот та бала екі қолының саусақ тарын бір-дей пай даланады. Əбден жат тық қан соң, абакусты көз алдына елестетіп үйре неді де, күр делі есептерді ойша шы ғарады. Сол ар қылы баланың зейі ні артады, фото графиялық есте сақ тау қабілеті қа лып тасады, же-дел қимыл дап, жыл дам ойланатын болады.

Иə, ментальді арифметика ғылым емес. Жай ғана есептеудің тиімді əрі пайдалы əдісі. «Математиканы ешкім жоққа шығармайды. Тез есептеуді үйренемін деп балам ештеңеден кем қалмады. Керісінше, бұрын бір шумақ өлеңді жаттата алмай əбігерге түсетінмін. Қазір, рақат, үш-төрт шумақты бес-алты рет оқып, айналдырған бір сағатта зуылдатып айтып шығады өзіме. Бір күні дүкеншінің ақшамыз-ды жеп қойғанын мен емес, осы ұлым байқап қалды. Сөйтсе, алған тауар ларымызды ойша қосып, қайтарымның қанша болатынына дейін тауып қойыпты» дейді 9 жасар Аслан Рысқалиевтің анасы Бақыт Ерболатқызы.

Бағасына келер болсақ, ата-ана біраз ақшадан қағылары анық. Себебі, ментальді арифметика 10 деңгейден тұрады. Оқу ұзақтығы – 3-4 жыл. Аптасына бір рет 90 ми нуттан өткізілетін сабақтың бір айлық құны – 16 мыңнан кем емес көп жерде. Ал, нəтижесі жоға рыда айтылғандай. Дегенмен, жетіс тікке жету үшін сабақтан тыс күні не 15-20 минут бөлуі тиіс дейді оқыту-шылар. Сондықтан бала үйіне құ-шақ-құшақ есепті арқалап кетеді. Əри не, бұл оның компьютер алдын-да телміргенінен əлдеқайда жақсы.

Қош, өсіп келе жатқан кішкен-тай математиктер болашақта қазақ-стандық білім сапасын көтеріп, қазақтың алғырлығын əлемге əйгі-лейді деген тілегіміз бар.

Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

Осыдан 5 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап-сырмасымен Астана қаласында Оқу шылар сарайы салын ды. Содан бері бала ларға арналған өнер-білім, мəдениет пен спорттың зəулім орда сы қаншама жет кін шектің қабі ле-тін ұштап, жақсы лық-тарға жетелеп келеді десеңізші!..

баќытты балалыќ мекені

Ментальді арифметиканы меѕгеру

Жақында əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ментальді арифметикадан «ISMA Kazakhstan» атты ІІ республикалық олимпиада өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 1300-дей бала ішінен «KG» аталымы бойынша астаналық Заңғар Базылов жүлделі үшінші орынды иеленіпті. Қарапайым қатарластары онға дейін санайды, ал алты жасар вун-деркинд қосу-азайту амалдарын əп-сəтте есептейді. Бүгінде калькулятордан озған жүйріктердің қатары көбейіп келеді. Баласын ментальді арифметикаға жазды-рушылар да толастамаса, азаяр емес. Бір сұрақ: неге?

Бетті дайындаған Мəдина ҚАЙРАТҚЫЗЫ, журналист

Сур

етт

ерді

түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В

десеңізші!..

ЕЛОРДА:

Page 4: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жылwww.egemen.kz4

Бақберген АМАЛБЕК,«Егемен Қазақстан»

Жобаның мақсаты – еңбек нарығында талап етіле тін маман-дықтар бойынша білім кеңіс-тігін кеңейтуге, респуб лика ның солтүстік жəне орталық өңір-лерінде ашылып жатқан мүм кін-діктерді ескере отырып, оңтайлы көші-қон үдерісін үйлестіруге, студенттердің таңдаған маман-дық тарына деген ынтасын ар т-тыруға жəне олардың еңбек жəне жұмыспен қамту саласында шарт-тар жасасуына жол ашу.

– Университетімізде «Сер-пін-2050» əлеуметтік жобасын қолдау мақсатында оқытушылар ара сында арнайы штаб құрылған, – дейді ректордың тəрбие ісі жөнін дегі орынбасары Аманай Сейіт қ асымов. – Оның мүшелері бес облысқа бөлініп, оқуға түсетін талапкерлермен нақты жұмыстар жүргізді. Соның нəтижесінде бүгін гі күні Ш.Уəлиханов атын-дағы КМУ-де былтырғы жылмен қосқанда «Серпін-2050» əлеу-меттік жобасы бойынша Оң-түс тік Қазақстан, Қызылорда, Жам был, Алматы, Маңғыстау облыс тарының 515 талапкері оқу ордамызда педагогикалық, тех никалық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім алуда. Биыл 377 студент бірінші курсты ойдағыдай аяқтады.

Əңгіме барысында, универ-ситетте «Серпін-2050» грант иегер лерінің штабы құрылып, оның төрағалығына аталған жоба түлегі, жаратылыстану ғылым-дары факультетінің 2-курс сту-денті Керімбек Бексұлтанның сай ланғанын білдік. Бұл өзін өзі басқару қағидаттарына құрылған өте жақсы шешім. Өйткені, мұның астарында көптеген мəселелер қарастырылған. Мəселен, бұл күні кеше мектеп бітіріп, туған елінен ұзап шықпаған балалардың жарасымды қауымдастығын, жергілікті түсінік-танымдардың жылдам қалыптасуын қамтамасыз ететіні анық. Сонымен бірге, «Серпін» штабына университеттің бас ғимаратынан арнайы ка-бинет бөлініп, талапқа сай жабдықталғаны да құптарлық. Б іл ім ордасының басшысы серпіндіктермен жиі-жиі кез-десу өтк і з іп , емен-жарқын əңгіме өрбитіні тəрбие тəлімінің баяндылығын байқатады. Тағы бір айта кетерлігі, универси-тет бас шылығы былтырғы оқу жылы ның басында барлық жатақ ханаларда тұратын 900 студен тке дастарқан жайып, дəм бергенін қала жұрт шылығы жақ-сы дəстүрдің бас тамасындай қабылдағаны есімізде.

Қазіргі уақытта бұл штабтың мүшелері университеттің қоғам-дық жұмыстарын үйлестіруге сеп тесуде. Бүгінгі күні барлық грант иегерлері жатақханамен қам та масыз етіліп, оларға қажетті тұр мыстық жағдайлар жасалған.

Білім ордасында əн-би, дом-быра, шахмат, жас таланттар, көр кем өнерпаздар үйірмелері, «Жауқазын» театры жұмыс істейді. Сонымен бірге, КМУ-де сту денттік деканат, «Жастар» педа гогикалық отря ды, студент-тер кеңесі де өне гелі қырларымен танылуда. «Сер пін-2050» əлеу-меттік жобасы бо йын ша оқуға түскен студенттер атал ған ұйым-дар дың негізгі құра мы ның мүше-лері . Яғни, шығар ма шы лық үйірмелеріне 115, спорт жа ғы на 144 студент қатысады екен.

Мұнда жас ақындар мен тіл-ші лер клубы құрылғанын да біле міз. Бұлардың қатарындағы балауса жыр мүшəйраларына қаты сып, қалалық, облыстық, рес-пуб ликалық байқаулардың жеңім-паз дары атанды. Əсіресе, талан-ты мен тəнті етіп жүрген Күлəш Нысанбек Л.Н.Гумилев атын-дағы ЕҰУ ұйымдастыруымен өткен Мұқағали Мақатаевқа ар-нал ған «Жазба ақындар мүшəй-расында» бас жүлдені, Түркі-стан қаласындағы Ғани Мұрат-баевтың 100 жылдығына арналған «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшəй-ра сында ІІІ орынды, Ақмола об-лыстық «Студенттік көктем» фес-тивалі мен «Мəңгілік Ел – мəр-тебелі тіл» атты ақындар мүшəй-ра сында ІІІ орынды иемденуін үлкен жетістік деп бағалаймыз.

Сондай-ақ, Керімбек Бексұл-тан ның Көкшетау қалалық «Кө-ңіл ділер мен тапқыр лар» бай-қауын да І орынды жеңіп алға-нын, Назер ке Жақсы лықова-ның қалалық «Наурыз аруы» байқауында ІІІ орын ды иемде-ніп, «Күз аруы» бай қауында топ жарғанын бөлек теп айтуға бо-лады. Ал, «Күз аруы-2015» бай-қауына қатысқан филология факультетінің 1 курс студент тері Қараман Ардақ ІІ орын, Қал қаман Айнұр ІІІ орындарды еншіледі. Осы орайда, Жоламан Ұлықбек «Қазақ күресінен» республикалық, қалалық көптеген турнирлердің жең імпазы атанып жүрген Жоламан Ұлықбектің атына жылы лебіздер білдіргіміз келеді.

Бүгінгі күні «Серпін-2050» əлеу меттік жобасы бойынша оқуға түскен студенттер универ ситет-тегі жəне қалалық, облыстық, рес-публикалық деңгейде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді түрде қатысуда. Солардың бір-азын санамалап өтсек дейміз.

Серпіндіктер дің ұйым дас-тыруы мен №1 жəне «Ара с ан» жа тақ ханасында «Біз жалын ды жас тар мыз» атты мəдени кеш өт кізді. Қалалық «Денсаулық фе с ти валіне» бес факультеттен 1000-ға жуық студент қатысты. Соның тең жартысынан көбі – сер піндіктер. Өздері шептік қам-қор лыққа алған Бұқпа тауының бөк терін көкорайға бөлеудегі бел сен ділігі үшін қала əкімінің Ал ғыс хатымен марапатталғандар да солар. «Жастардың жеті қазы-насы» форумында, «Шоқан жұл-дыз дары» фестивалінде жарқы рай көрінгендердің ішінде де сер-піндіктер бар.

Əртүрлі интеллектуалдық, спорт тық жарыстарда Көкшедегі жетекші білім ордасының беделін көтеріп жүргендердің арасынан серпіндіктерді көбірек көре бас-тауымыз да ғанибет. Мəселен, 2015 жылдың 29 қыркүйегінде Ас тана қаласында өткен Серпін сар дарларының слетіне Керімбек Бексұлтан қатысып, Ақмола облы сының Серпін сардары ата-нып қайтты.

Биылғы жылғы 1 курс сту-денттері арасынан «Жалын» қо-ғам дық ұйымы құрылып, қайы -рым дылық шаралар ұйым дас-тырылуда. Нақтылай кетсек, қала-дағы соғыс жəне тыл арда гер-лерінің үйлеріне барып үлкен қайырымдылық көмектер жасал-ды. Сонымен бірге, мүмкіндігі шек теулі балалар үй лерінде де кон церттер қойыл ды. Студенттер ара сындағы ай мақ тық «Аламан» бəй гесін ұйым дас тырушылар қата-рында да сер пінділіктер ай рық ша белсенділік танытқаны айтылуда.

Өткен жылдың соңында «Өр-леу» біліктілікті арттыру Ұлт т-ық орталығы» акционерлік қо-ға мы директорлар кеңесінің мү-шелері, «Мəңгілік Ел жастары – индустрияға» республикалық жобасы үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Əбенов арнайы келіп, сер пін діктермен кезде-су өткізуі əлеуметтік жобаның əлеуетті екен дігін айғақтайды.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақ-стан Тəуелсіздігінің тұғырлы бо-лып, Қазақ елінің өркендеуі жас-тар дың қолында екендігін алға тарт қанда, аталы сөзін серпін дік -терге де қаратып айтқаны бел -гілі. Қоғамымызда ғылыми жас -тар элитасы шоғырланса, елі міз дамыған 30 мемлекеттің қа тары на қосылатындығы айқын. Хал қы-мыздың ұлық мұратына Ш.Уəли -ханов атындағы Көкшетау мем ле-кет тік университетінде білім алып жатқан студенттер де өзіндік үлес қосатынына сенгіміз келеді.

Ақмола облысы

Жазылған жайдың жалғасы

Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Оќыєан ґѕірде тўраќтап ќала ма?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мəңгілік Ел жастары – индус трия-ға» атты мемлекеттік бағдарламасы аясында «Серпін-2050» əлеуметтік жобасы Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мем лекеттік университетінде толыққанды жүзеге асырылу үстінде. «Мəңгілік Ел» мақ-сат тарымен байланыстырылған жоба оңтүстік облыстар жастарының еліміз дің солтүстік, батыс жəне шығыс аймақ тарында білім алуына мүмкіндік береді.

Аталған жобаны компания «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырып жатыр. Алматы-1 – Шу телімінің екінші қатарын іске қосу Парсы шы-ғанағы елдері, Еуропа жəне Түр-кия бағыттарында транзиттік вагон ағынын арттыруда үлкен маңызға ие. Алматы-1 – Шу телі-мінде екінші қатарлы жол құры-лысы пойыздар қозғалысын ұйым-дастыру, тасымал үдерісінің тиім-ділігін арттыру жұмыстарын да «тар» жерлерді жою үшін аса қажет болып табылады. Өйт-кені, аталған теліммен жүре тін пой ыз дар қозғалысы жиілі гі мен ерек шеленеді. Ал бұл нысан-ның еліміздегі аса маңызды

магистральдің өткізу қабілетін арттыруда рөлі аса жоғары.

Құрылысты жүргізіп жатқан-дармен өткізілген кеңес кезін де компания басшысы нысанның стратегиялық маңызы жоғары екенін атап өтті. Осы орайда құ-ры лыс жұмыстарының шешуші кезеңге аяқ басқанын айта кеткен жөн.

«Бұл желіге жүктеме айтар-лықтай артады, яғни жаңа мар-шруттар қосылады, жолау шы-лар пойызы қозға лысының жиі-лігі көбейеді. Əсіресе, жүрдек «Тұлпар-Тальго» пойыздарының қоз ғалысы жиілейді», – деді ком-пания басшысы. Ол, сондай-ақ, күн сайын осы магистральмен 6-7

контейнерлік құрамалар өтетінін де көлденең тартты.

Қазіргі кезде екінші қатарлы жолға қажетті көпірлер, су өткі-зетін құбырлар, байланыс жəне энергетика нысандарын салу бо-йынша жұмыстар жүргізілуде. Сөз орайында екінші қатарлы жол төселіміне Ақтөбедегі зауыт та шығарылатын рельстер пайда ла-нылып жатқанын да айта кеткен абзал.

Жобаға сəйкес, 110 шақырымға созылатын екінші қатарлы жол құрылысының алғашқы 58,2 шақырымдық бөлігін үстіміздегі жылдың қараша айында пайда-лануға беру жоспарланған. Бұл – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың ел Тəуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арнайы сыйы болмақ.

«Егемен-ақпарат»

Екінші ќатарлы жолтелімініѕ алєашќы кезегі ел Тəуелсіздігініѕ25 жыл дыќ мерейтойы ќарсаѕында ашылады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Асқар Мамин Алматы облысына жұмыс сапары барысында Алматы-1 – Шу екінші қатарлы теміржол салу жұмыстары қалай жүріп жатқанымен танысты. Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА,

«Егемен Қазақстан»

Далада боран ұлып тұр. Сарыбай карьерінің тереңдігі 600 метрден асады. Бірақ алып қазан шұңқыр қанша тереңдесе де ықтасын болмайды екен. Қырдың басында ақ түтек боран қалай соқса, 600 метр тереңдікте де сол алай-дүлей жынды мінезінен бір танбайды. «Табиғатта жаман-дайтын ауа райы жоқ», деп орыс əнінде айтылатындай, Ғұбайдолла Алдабергенұлына туған жердің аптабы мен боранының жақпай қалған жері жоқ десек те Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің кеніштеріндегі теміржол төсеу жұмысы кезінде ақпандатқан боранның əлегі оңай емес, əрине. Өйткені, қар үріп тастай береді де, жолды бұзғанда да, салғанда да кедергісі көп болады. Үскірік аяз топырақты əбден қатырып тастағандықтан, экскаватордың тісі тасқа тигендей шақылдайды. Теміржол төсеу жұмысы қыс ай-ларында осындай қиындықпен жүреді. Көктем мен жаздың, күз-дің дайындайтын «сыбағасы» өз алдына. Дегенмен, жаздың толас с ыз жауатын жаңбыры мен төбең нен шыжғыратын аптап ыс ты ғы, күздің қарасуығы мен өт кір желі карьердегі теміржол учас кесінде 35 жыл үзіліссіз істеп келе жатқан Ғұбайдолла Жанах-метов ке үйреншікті болып кеткелі қашан?!

Кен қазу жұмысын қазір алып тех никаларсыз елестетудің өзі қиын. Шетелдік алып экскава-тор лардың шөміші бір салғанда 190 текше метрге дейін жыныс-ты бір-ақ шығарады. Бірақ адам қолы араласпай жұмыс бітпейді. Карьерде теміржол төсеп жүрген жұмысшылардың қолынан қайла-сы мен балғасы, күрегі мен кілті түспейді. Техника теміржол түсе-тін жолдың барлығын қолмен қой ған дай тегістемейді, оның да адам қолымен атқарылар тұс тары жетіп-артылады. Жер тегіс тел-мей теміржол төселмейді. Боран соғып немесе жаңбыр құйып тұрғанда жұмысты түнде атқа-рудың қиындықтары өз ал дына, қауіптілігін айтыңыз. Карьер тереңдеген сайын жол да қу сы ры-лады. «Етігің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда» дегенді əр жұ мысшы сезініп жүреді. Учас-кенің бастығы Ғ.Жанахметов əр қадам жердегі жұмысқа жау-ап береді, өйткені, оның сызба-сын да, жүргізілетін жұмыстың бағыт-бағдарын да, жабдықтар мен құралдардың жұмсалуын да өзі жоспарлап береді жəне оның басы-қасында болады. Бір учаскеде жұмыс тоқтаса, бүкіл кеніш құлаққа ұрған танадай тып-тыныш күйге енеді. Электр қуатын беріп тұрған желіден ақау шықса да немесе бағаналар жел-мен құлап, сым үзілсе де бүкіл ке-ніш тоқтайды. Өйткені, электр қуа -тын сыз бір учаске жұмыс істе мей-ді. Кен жынысын тасып жүр ген машиналар бұзылып қал са, бүкіл кеніш жұмысы тағы қаң тары лады. Себебі, құлатылған жы ныс ты сырт қа шығарып, орын бос атып тұр маса, кен қазу мүмкін емес.

Ал егер карьерге теміржол төсел месе, онда тіпті кеніште жұмыс жүреді деген түсінік те

бол мас еді. Себебі, экскаватор қазып берген кен байыту фаб-рика сына жеткізілмей қалады. Карьер ішіндегі теміржолмен кел-ген вагондар тізбегіне кен арты-лады. Əрі бұл жұмыс күндіз-түні тоқ та май жүреді. Кеніштегі ең жауап ты, түйінді жұмыс учаскесі де осы.

– Кеніштен басқа орында жұ-мыс күндіз ғана жүреді. Тіпті таби -ғаттың өзі түнде дамыл даған дай болады ғой? Күндіз жорт қан аң, ұшқан құс түнде ініне кіріп, ұясында қонақтамай ма? Тек кеніштерде ғана күн діз-түні дамылсыз еңбек қайнай ды, – дейді Сарыбай жəне Соколов кеніштеріндегі карьер темір жол учаскелерінің бастығы Ғ.Жанахметов.

Жол салушылар кен қазатын экскаваторды бағыт етіп ұстайды. Экс каватор қалай жылжыса, кен ар татын вагон тізбегі де солай жыл жи береді. Сондықтан Ғұбай-долла Алдабергенұлы басқаратын теміржол учаскесі жыл тəулігінде 80 шақырымнан аса теміржолды төсеп, оны қайта бұзып отырады. Мысалы, экскаваторға дейінгі 500 метр жолды екі тəулікте бітіруге тапсырма келеді. Жұмысшылар дамылсыз қимылдап, теміржолды экскаватор шөміші жететіндей жерге дейін төсейді. Сонда ғана вагонға кен артылады.

– Мұндай кездерде карьер-де жұмыс қызады. Халық ара-лық нарықта темір жентегі баға-сының арзандауына байланысты кейінгі жылдары өндіріс көле мі ықшамдалды. Соған орай жұмыс ауқымы да азайды. Əйт песе, бұрын карьер ішінде жылына 160 ша қырымға дейін теміржол төсей тінбіз, – дейді Ғұбекең.

Ол бүкіл ғұмырын кеніш т е өт кізіп келеді. Ғ.Жанах метовтің ең бек кітапша сында Еуразиялық топқа кіре тін «Соколов-Сарыбай кен өн діру бірлестігі» акционерлік қоға мынан басқа кəсіпорын көрсе-тіл меген. 1981 жылы Қарағанды политехникалық институтының «Өнеркəсіп көліктері» факуль-тетін бітіріп, Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігіне жұмысқа келді. Мамандығы бойынша өндірістегі ірі көліктер инженері болып саналатын бұған кадр меңгерушісі өтініш айтты. «Бізде карьерлерге теміржол төсеу ісі өте маңызды, ол жерде маман-дар тапшылығы білініп тұр, сені сонда жібере тұрсақ, қалай қарай-сың?» деген. Бұл келісті. Жұмыс ауқымы өте көп, күрделі цех

екен. Кеніштерде əр жұмыс учас-кесі цех деп аталады. Теміржол төсеу цехының бастығы Вик тор Иванович Кайда білікті, тəжі-рибелі жəне əкесіндей қамқор, адамгершілігі мол кісі екен. Жас маман мен учаске бастығы тез түсіністі, елгезек жігіт Виктор Ивановичке ұнап қалды. Ұстазы алдымен техникалық қауіпсіздікті барынша мұқият сақтауды, тіпті жұмыстың өзі содан басталаты-нын үйретті.

«Ұлым, ең алдымен аман болғаның дұрыс, сосын жұмыс. Байқамасаң, мына техникалар, сонша қуатпен жұмыс істейтін электр энергиясы, мың даған тек-ше метр топырақ, кен жынысы сені құмырсқа құрлы көрмейді, адамның ақыл-ойымен жаса-лып жатса да, оның құрбаны болып кету түк емес», дейтін. Кен, жыныс таситын вагон-дар теміржолмен ғана жүреді. Сондық тан рельстерді қалай тез арада төсесе, солай жылдам бұзып тастауы тиіс, күндіз-түні шөміші ты ным таппайтын экскаватор соңы нан бұлар да жылжып оты-рады. Кеніште топырақтың түсіне қарап кенін танитын, техниканың тілін, іс тетігін білетін маман-дар ең қажет адамдар. Жас ма-ман Ғұбайдолла Алдабергенұлы жылдар бойы жинаған тəжірибесі арқасында білікті маманға – ең қажет адамға айналды. 1998 жы-лы Виктор Иванович осындай дəрежеге жеткен Ғұбайдолланы өзінің орынбасары етіп алды. 2005 жылы ол ұстазының орны-на карьердегі теміржол төсеу учаскесінің бастығы болып таға-йындалды. Ғ.Жанахметов те осы іске берілген жастарды жанына үйір етті. Қазір Виктор Бабенко, Владимир Старков, Александр Трубецкой деген іске мығым жігіттер бар. Қарап отырса, ке-ніш тегі тірлік те уақыт ағы ны на бағынып, ғаламмен бірге да мып бара жатқандай. Өзінің зейнет-кер лікке шығатын уақыты да жа-қын дап қалыпты. Əйтеуір кеніш-тердегі теміржол төсеу ісі ешқан-дай төтенше жағдайсыз, жақсы жалғасатынына сенімді, өйткені, əлгі өзінің айналасындағы маман жігіттер істі іліп əкетері сөзсіз.

– Қазір қарамағыңызда 160 адам жұмыс істейді. Мынандай ауыр жұмысқа тұрақтамаушылық бар ма? – дейміз біз Ғұбайдолла Алдабергенұлын əңгімеге тартып.

– Жоқ, жұмыстан кету си-рек. Біздегі жұмыс жеңіл емес.

Рельстерді крандар көтергенімен, бəрібір, қол жұмысы да жеткілікті ғой. Бірақ жұмысшылар да, өзіміз де тапсырманы орындап болғанша жұмыстың ауыр-жеңілі, кету-кетпеу туралы ойлап бас қатырып жатпаймыз. Оған шама-мыз келмейді. Экскаватор тоқтап тұрып қалмауы тиіс. Жолды тез бұзып, тез төсеп отырамыз. Межелеген уақытта вагондар тізбегі келіп, кен артылғанда иығымыздан жүк түскендей, жеңілденіп қаламыз. Аязда тоңғанымыз, жаңбырда су бол-ғанымыз, шаң қапқанымыз ұмы-тыл ғандай болады. Ал жұмыс біт кен соң кімнің кеткісі келеді? – дейді Ғұбекең күліп.

– Екеуміз де осы Рудный қаласына жас маман болып келдік. Содан бері Ғұбайдолла Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінде істейді. Мен мұға-ліммін. Кеніштегі қай жұмыс та оңай емес. Ғұбекең жұмыстан өте шаршап келеді. Ас-суын ішіп тыныққаннан кейін ғана бала-шағасын ойлайды, – деп зайыбы Гауһар əңгімеге араласты. Үйінде Гауһар апай секілді арқасүйері болмаса, ер азаматтың қайсысы да кеніште жақсы жұмысшы бола ал-майды. Өзі айтқандай, жұмыстан кейін адам үйіне келіп, алаңсыз тынығуы тиіс. Ал отбасының берекесі жоқ адам кеніштің ауыр жұмысына төтеп бере алмайды.

Ғұбайдолла мен Гауһар бір ұл, екі қыз өсірді. Балалары жақсы оқы ды, Астанадағы Л.Н.Гумилев аты н дағы Еуразия универси-тетінде білім алды, бір-бір маман-дық иесі атанды. Əкесінің еңбек-қор лығына, өзгенің ала жібін ат-та маған адалдығы мен адамгер-ші лігіне қарап өскен балалары да өмірден өз орындарын тапты, оның мақтанышына айналды.

Ғұбайдолла Жанахметов бас қаратын карьер теміржолы учаскесі кен алыбының Соколов жəне Сарыбай кеніштерін темір-жол мен қамтамасыз етіп келе-ді. Жұмыстың жартысынан көбі күндіз, қалғаны түнде ат қа ры-лады. Жарылыспен кен қопарған кездерде жұмыс та қайнайды, əр минут есепке алынады. Жарылыс кейде жол салатын топырақты аударып кетеді, оны кран грей-дерден шығып кетпестей етіп жөн деу де оңай шаруа емес. Учас-ке бастығы алаңсыз телефонда отырып, бүкіл жұмысты ұйым-дастырады, есептейді, нысана-лы жерді барып көреді. Оған да, бірге істейтін мамандар мен жұмыс шыларға да дамыл жоқ. Кеніштердегі жұмыстардың бір күн тоқтауы тек кен алыбына емес, бүкіл еліміз экономикасы на дабыл қоңырауындай əсер етеді.

Жеріміздің байлығын елі міз дің ырысына айналдыруға Ғұбай долла Жанахметов пен оның учаскесіндегі теміржол төсеп жүрген құрыш қолды жұмыс шы лардың да үлесі аз емес. Жауап кершілік жүгін сезінген діктен, олар жылы жер іздеп, учас кені тастап кетпеді. Бірақ Ғұбайдолла Алдабергенұлы мен кеншілерде мақ тану, міндетсу деген түсінік жоқ. Өзімен ұжымда қатар жүр ген дердің бəрі де та-бан ет, маңдай терімен отбасын асырап, бала өсіруде. Учаскеге жаңа техника алынса, жұмыстың өнетінін ойлап, барлығы бірге қуанады. Кен алыбының басшы-лығы нан алған «Алғыс хаттар» Ғ.Жанахметовтің үйінде бір аль-бом болған, «ССКӨБ» акционерлік қоғамының Құрмет тақтасында суреті ілулі тұр. Оны ұжымы, кеншілер қаласы құрметтейді.

РУДНЫЙ

Еѕ жауаптыжердегі керек маман

Эльмира МƏТІБАЕВА,«Егемен Қазақстан»

Бүгінгі таңда журналистика саласына құлшыныс танытып келетін жастарға қолдау көрсету жəне олардың қоғам арасын да ақпарат алмасу жүйесін дамы туға үлес қосу, сондай-ақ, ақпа рат тық технологияларды дамыту жəне IT-мамандықтардың беделін арттырып БАҚ жəне баспасөз қызметтерінің білік тілігін көтеру мақсаты кө з делген форумды «Пресс-центр Азия» қоғамдық қоры мен «Samruk-Kazyna Trust» əлеу меттік жобаларды дамыту қоры ұйымдастырды.

Сонымен қатар, Қазақстан Жастар конгресінің қатысуы мен

өткен іс-шарада жас жур-налис тер дің кадрлық əлеуетін арттыру, оқиғаларды халыққа объек тивті əрі сапалы жеткізу тақы рыптары жан-жақты қам-тылды. Бұл ретте сөз ал ған Білім жəне ғылым ми нистрі Ерлан Сағадиев жалпы алған-да, еліміздің жастарына мол үміт артатынын жəне осын-да бола шақ министрлер мен медиа басшылары отырғанына сене ті нін жеткізді. Бүгін гі күн-нің білім саласындағы өзек ті тақырыпқа айналған үштілді-лік мəселесіне тоқталған ол, осы мəселе көтерілсе болғаны, ж ұ р т ш ы л ы қ т ы ң б і р і н ш і кезекте ағыл шын тілін ойға алатынын айтты.

Бұл ретте ол үштілділік – ең бірінші қазақ тілі туралы бағдарлама екендігін ескерте отырып, əуелгіде қазақ тіліне мəн берілуі тиістігін назарға алды. Оның айтуына қарағанда, қазақ тілінің жағдайы қазіргі таңда жаман емес, яғни бүгінде оқу шылардың 70 пайызы қазақ тілін де оқиды. Оған дəлел, күні кеше өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуді 72 пайызға жуық оқу шы қазақ тілінде тапсырған.

Дегенмен, орыс мектептерін-де оқитын 500 мың баланың қазақ ша сөйлемейтіндігі басты мəсе лелердің бірі екендігін айта келе, министрлік алдында алдағы 3-4 жылда осы балаларды қазақ-ша сөйлету міндеті тұрғандығын көлденең тартты.

«Түсінікті жағ дай. Əдістеме дұрыс емес. Ең алдымен дұрыс əдістеме жасау керек. Бірнеше зияткерлік инс титут бірлесіп осы бағытта жұмыс тар жүргізіп жатыр. Жаңа əдістеме дайын

болса, 2017 жылдан бастап орыс мектептерінде қазақ тілінде өтетін сабақтар өзгере бастайды. Заманауи ғылыми негізде жасалған, компьютерлік модельдеуден өткен, алты айда тіл үйрететін əдістеме жасап жатырмыз. Үш жылдың ішінде балалардың барлығы қазақша сөйлейді. Мен оған сеніп отыр-мын», деді министр өз сөзінде.

Сондай-ақ, əлемде екі тілде бірдей ойлайтын жастары бар елдің аз екендігін, осы орайда екі тілді еркін меңгерген аза-маттардың басқа да тілдерді білуі тіпті оңай болатынын атап айтты.

Көрші елдермен салыстырып көріңіз, кімдер бар орыс тілін мінсіз сөйлейтін? Біз осы жерде ұлт ретінде қаншалықты ерекше екендігімізді, тілді тез уақытта меңгеруде қазақтардың қабілетін білеміз.Тек дұрыс əдістеме мен оқыту жүйесін жандандыру қажет», деді министр.

Жастар жəне журналистикаКеше Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

— Елбасы кітапханасында Тəуелсіздіктің 25 жылдығы мен Ақпарат жəне байланыс қызметкерлері күніне арналған «Жас медиа. Ақпараттық технологиялар мен Қазақстан ме-диа саласының заманауи тұжырымдамасы» тақырыбында форум өтті.

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»

«Егемен Қазақстан»

Page 5: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

www.egemen.kz 529 маусым 2016 жыл

Ə.Бөкейхановтың эконо-микалық көзқарасының қалып-тасуы, əрине, оның Ф.А.Шер-бина (1896-1903 жж.) жəне ака демик С.П.Швецов (1903-1904 жж.) басқарған ғылыми-зерт теу экспедицияларына қа-ты суымен байланысты болды. Басқарушысының атымен атал-ған «Щербина экспедиция сы» Семей жəне Ақмола облыс тар-ын дағы 10 уездің табиғи орта-сы мен осы өңірдегі жұрттың ша руашылық жүргізу жүйесі мен мəдениетін зерттеуге алып, экспедиция материалдары көп томдық түрінде баспадан шығып, оның 4, 6, 9 жəне 11

томдары Ə.Н.Бөкейхановтың атсалысуы мен жарық көрді. Көптомдық ең бектің 4-ші томы, мəселен, Пав лодар уезіне ар-налып, томда берілген уез тұрғындарының мұн да келіп орнығу тарихын, ру жə не əулеттер шежіресін Əлихан Бөкейханов жазды. Сондай-ақ, ол Алтыбай жəне Қызылтау болыстары туралы очерктерді дайындауға қатысады.

Ə.Бөкейханов үшін əсіресе, нəтижелі болған оның академик С.П.Швецов басқарған Сі бір темір жолы бойындағы ау дан-дарды экономикалық тұр ғы дан зерттеу экспедиция сы еді. Бұл экспедицияға қаты са жү ріп, ол қазақ қойына арнал ған мо-нографиялық зерттеуін аяқтай-ды. Бұл қазақ қой шаруашылығы туралы алғашқы іргелі зерттеу еңбегі болатын. Қазақ қойы ту-ралы бұдан бұрын да (мəселен, А.И.Добромыслов ж.б.), кейін де зерттеу жұ мыс тары болған. Де ген мен, Əле кеңнің зерттеуі қазақ қасиет тұтатын мал тұқы-мы туралы тереңдігімен, нəзік те жан-жақтылығымен ерекше-ленеді.

Енді өз ретімен осы еңбек-терге қысқа болса да тоқталып өтейін. Сонымен, Павлодар уезі халқының тарихына байланы-сты Əлекең еңбегінен бүгінгі біздер үшін де қызықты мынадай тарихи деректерді кездестіреміз. Кереку (жергілікті халық бұл өңірді осылай атайды) өңірі ілгері замандардан мал шаруа-сына жəне егіншілікке қолайлы, жері құнарлы, елге құтты мекен болған. Сондықтан да бұл өңір үшін түрлі этникалық қауымдар арасында үзіліссіз күрес жүріп отырған. Сондай қарулы қақ-тығыстардың соңғысы ХVIII ғасырда қазақтар мен қалмақтар арасында жүргендігін ел ішінде сақталған ауызекі əңгімелерден байқауға болады.

Осы ХVIII ғасырда жоңғар қалмақтарын Кереку өңірінен біржола ығыстырған қазақтың арғын, қыпшақ жəне найман тайпалары мынадай аудандарға орналасады. Қыпшақтар уездің солтүстік аймағына Ертістің оң жəне сол жақ бетіне, наймандар болса жеке ауыл-ауыл болып түрлі рулардың арасына шашы-рай орын теуіп, ал уездің қалған бөлігіне арғын тайпасының мей-рам, бəсентиін, қанжығалы жəне сондай-ақ, уақ-керей бұтақтары қоныстанады.

Ф.А.Шербина экспедиция-сы материалдарының VI томы Қар қаралы уезіне арналған. Осы томға кіріспе жазған белгілі зерт теуші-ғалым Л.К.Чермак бұл томды əзірлеу ісіне Ə.Бө-кей хановпен бірге Мəжит Шом балов, Ережеп Итбаев, У.Əбішев, Д.Сатыбалдин сияқ-ты қазақ зия лыларының да атсалысқанын, со нымен бірге, бұл томдағы ма териал дарды баспаға даярлау да Əли хан Нұр-мұхамедұлының ерек ше үлесі болғандығын жазады.

Əлихан Нұрмұхамедұлының

еңбектерінде осы сияқты тари-хи фактілер молынан кез де-седі. Міне, бұл баяндалған мағ-лұматтар қайраткердің ел өмі-рінен соншалықты терең хабар-дар болғандығының айғағы еді. Əлекеңнің қайраткерлік тұлға сының соншалықты биікке көте рілуінің бірден-бір сыры ту-ған елінің жүріп өткен жолын терең біліп қана қоймай, соны-мен бірге, оны мұқият ой елегі-нен өткізгендігіне байланысты бол са керек.

Əлихан Нұрмұхамедұлы қа-зақ хал қының дəстүрлі мал ша-руа шылығының артықшылық-тары мен əлсіз жақтарын терең

əрі нəзік түсінген ғалым болды. Ғалымның бұл реттегі сұң ғы-лалығына оның қой шаруа-шылығына арналған моно гра -фиялық зерттеуінің 2-ші тарау-ы мен таныса отырып көз жет кі-зуге болады. Тарауда жасал ған тұ жырымдар Семей, Ақмо ла жəне Торғай облыстарына қа-райтын 12 уездегі қазақ қожа-лық тарын статистикалық тұр-ғыдан зерттеу арқылы алынған.

Əлекең қазақ жеріндегі қой шаруашылығын Ресейдің малға бай деген Астрахань, Таврия губернияларындағы жəне Дон облысындағы жағдаймен салыс-тырады. Мəселен, 1897 жылға тиесілі көрсеткіштер бойынша:

Астрахань губерниясында 1 адам басына шаққанда – 2,45 бас қой;

Таврия губерниясында – 1,80 бас қой;

Дон облысында – 1,05 бас қой өсірілген.

Ф.А. Щербина экспедиция-сының көрсетулері бойынша бұл көрсеткіш:

Семей облысында – 5,47 бас;Ақмола облысында – 3,93

бас қойдан келген.Осы көрсеткіштерге сүйене

отырып Əлекең: қазақ дала-сы тұрғындарының қажетіне өсірілетін қой саны Еуропалық Ресейдің ең малға бай деген гу-бернияларынан анағұрлым асып түседі деген тұжырым жасайды.

Осы тарауда Əлекең қазақ қойларына сипаттама бере оты-рып: «Ақ қойды қазақ байлары өсіреді, өйткені, ақ қойдың жү-ні нен қазақтың бай киіз үйіне қажет ақ киіз даярланады. Бі -рақ ақ қой аязды қысқа төзімді емес. Яғни орта жəне кедей қа-зақ қожалықтарына ақ қой өсі ру тиімсіз, сондықтан да бұл қо жа-лық иелері қою түсті қой өсіруге бейім. Қазақ қойлары ның басым бөлігі боз жəне қоңыр болып келеді», – деп жазады.

Əлекең қазақ қойына берген сипаттамасын мынадай сөз-дермен аяқтайды: қазақ қойы бұл жануар туралы айтылатын ғайбат сөздерге лайық емес. Қазақ қойының кеңістікте өзін еркін сезінуге мүмкіндік бере-тін ғажап ес-жады бар. Мəсе лен, жас қозы жаңа жайылым іздеп 10-15 шақырым ұзап, шық қан жеріне оңай-ақ оралады. Əккі қойлар күзгі жəне қысқы жайы-лымдардағы құнарлы оты бар жерлерді жақсы айыра бі леді, бұл ретте малшылар қалың қарлы қыста қойдың тапқыр лы-ғына сүйеніп қардан аршып ала-тын жайылымдарды анық тайды.

Əлекеңнің қазақ малына бер ген мінездемесі осын дай те рең дігімен жəне жылы лы-ғы мен ерекшеленеді. Жоға-ры да аталған ғылыми-зерт теу экспедиция ларына қаты на суы, сондай-ақ, ғұлама ғалым ның кейінгі бай қау лары мен зерт-теулері оны қан дай тұжырым-дарға жетеледі?

Жергілікті халықтың дəс-түр лі шаруашылығын, жер қо рын пайдалану жүйесі мен

мəдениетін зерттеу арқылы ор та лық үкімет орындарына нақты ұсыныстар əзірлеу үшін ұйымдастырылған бұл экс пе-диция жұмыстарына қа тына-су барысында Əлихан Нұр-мұха медұлы қазақ даласы на байланыс ты империялық билік-тің көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жаңа қы рынан таныды. Үкіметтің таяу арада қазақ жеріне байланысты стра-тегиялық шараларды іске асы-руға қауырт дайындық үстінде тұрғанына көзі жетті.

Соның нақты көрінісі үкімет-тің қазақ көшпелі жəне жарты-лай көшпелі қожалықтарын жап пай отырықшы өмір салты-на ау дару ісін қолға ала бас тауы еді. Ə.Бөкейханов қатынас қан екі экс педицияның көзде ген ор тақ мақсаты орта қазақ қожа-лық тарын отырықшы өмірге ау-да руға қажет болатын жер нор-масын анықтау бола тын. Қазақ қожалықтарын отырық шы өмір-ге аудару өз ретінде патша лық би лікке қалған қазақ жеріне ішкі гу берниялардан мыңда ған орыс ша руаларын көшіріп əке ліп қо-ныстандыруға жол ашатын еді.

Ресей үкіметі қазақ даласына ғылыми-зерттеу экспедицияла-рын шығара отырып, осымен бір мезгілде, яғни 1896 жылы Ішкі істер министрлігі жанынан Қоныс аударту басқармасын (Пе ре селенческое управление) ашты. Қазақ жерінен ішкі Ресей-ден келетін переселендер үшін алты аудан, яғни Торғай, Орал, Ақмола, Семей, Сырдария жəне Же тісу переселен аудандары белгі ленді. Осы өңірлердегі егін ші лікке жарамды құнарлы жер лер ішкі Ресейден қоныс ау-дарып келгендерге үлес ретінде бері луге тиіс болды.

Басқаша айтқанда, XX ға-сыр дың басындағы Ресей үкіме -тінің есебі бойынша қазақ жері, біріншіден, империяның ішкі гу бер нияларындағы жер тап-шы лығын шешуге мүмкіндік ту -ғызатын құрал болса, екін шіден, оның батыс мем ле кеттерімен кезекті техноло гиялық теке-ті ресінде өнеркə сіптік бай шикізат көзіне айна луға тиіс еді. Ал əлемдік күш тердің өзара қар сыласу проце сі барысын-да импе рия құрамын дағы кіші этника лық құрылым дардың табиғи мүд десі мен мəдени құн дылық тары сонша лықты жоғары мəнге ие бола алмай-тындығы о бастан белгілі. Қазақ елі, оның таби ғи жəне адами əлеуеті Ресей дің батыс мемле-кеттерімен текеті ре сінде күш қоры (резерв) міндетін атқаруға тиіс болды.

Міне, осындай жағдайда қа-зақ қоғамының мұндай ауыр сыннан өту мүмкіндігі қандай, ентелеп еніп келе жатқан капи-тализм сұраныстарына қазақ жұрты немен жауап бере ала-ды деген сауалдар туындады. Əлихан Нұрмұхамедұлын да қинаған осы сауалдар еді.

Ұлы далада шашыранды орналасқан елдің алдынан

көл денең тартылған мұндай күр-делі сауалдарға иланымды жау-ап табу оны іздеушіден үлкен ыждағаттылықты, теория лық даярлықты жəне зор жауапкер-шілікті талап еткен еді. Бұған қо сымша, Əлекеңнің өзі айтқан-дай, ұлтына қызмет жасаймын деген тұлғаға біліммен бірге, сондай дəреже-деңгейдегі мінез де қажет етіледі. Ал Əли хан Нұр мұхамедұлы, Жаратушы осы екі қасиетті молынан бер-ген, ерекше тұлға еді. Өзіне та-рих жүктеген мұндай міндетті ол ең жоғарғы деңгейде орын-дап шықты. Оның табанды ізденісінің нəтижесінде қазақ шындығына сүйенген жəне елдің ортақ ұстанымы болуға лайық, стратегиялық тұрғыдан дəлелді шешім өмірге келді. Енді осы ұстанымның басты элементтеріне тоқталайын.

Əлекеңнің пікірінше, мал ба-сын асылдандырып, тиімді мал шаруашылығына көшу қазаққа да жат емес. Ə.Бөкейханов ал -дымен патшалық биліктің, кейі -нірек кеңестік биліктің қазақ елін тез арада отырықшы тұр-мысқа аудару жобасына үзілді-кесілді қарсы шықты. «Мал шаруасы тымақ емес, төре келе жатыр деп қолға ала қоятын», – деп жазды ол.

Кеңес өкіметінің қазақ қо-жа лықтарын ешқандай да даяр-лықсыз, бірнеше жылдың төңі-ре гінде отырықшы тұрмысқа аудару əрекетін ол ұлт өміріне жасалған эксперимент ретінде баға лады. Яғни, эксперименттер лабо ра торияларда жүргізілмек, ал адам дар қоғамын экспери-мент кең істігіне айналдыру қоғам үшін нағыз трагедияға айна луы əб ден мүмкін екендігін ескертті.

Əлихан Нұрмұхамедұлы жəне оның серіктері Ахмет Бай тұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «Қазақ» газеті арқы-лы қазақ халқын патша əкімші-лігінің əрбір отбасындағы ер адамға 15 десятинадан жер үлесін алып, отырықшы тұрмыс-қа өтуге шақырған шараларына мойынсұнбай, қарсылық көрсе-туге шақырды. Бұл ретте ол башқұрт халқының ауыр тəжіри-бесінен сабақ алуға үндеді. Егіншіліктің қыр-сырынан бей-хабар жұрт əуелде əкімшілік орындарының үгітіне сеніп, ер басына он бес десятинадан жер алуға келісіп, соңынан оты рықшы тұрмысқа бірден көндіге алмастан, алған үлесін көрші орыс мұжығына қант-шайға айырбастап, ең соңында өз Отанында жер иелігі жоқ босқынға айналған еді.

Алдымен патшалық билік тұсында, сонан соң кеңес өкі меті жағдайында Əлихан Нұр мұ-хамедұлы бастаған қазақ зиялы-лары биліктен қазақ жеріне ішкі Ресейден орыс шаруаларын кө-шіріп əкеліп қоныстандыру ша-раларын тоқтатуды талап етті. Бұл істе алаштық жəне кеңестік ұстанымдағы ұлт зиялылары ауыз бірлік танытты, бір үрдістен

шығып отырды. Метрополия та-рапынан жүріп жатқан отарлау саясаты жағдайында алаштық ұстанымдағы зиялылар жерге жекеменшік енгізу саясатына үзілді-кесілді қарсылық таны-тып, жерді қауымдық меншік тү рінде пайдалану тиімді екендігін дəлелдеуге күш салды.

Аграрлық сектордың тез дамуын қамтамасыз ету үшін жеке шаруалар ерікті коопера-тив болып ұйымдасқаны тиім-ді екенін Дания елінің тəжі-рибесімен дəлелдеп бағып еді Əле кең. Халқының бірегей сауат тылығы негізінде бүкіл Данияға тараған кооперация қозғалысы бірлескен еңбек тиім ділігін арттырып, елді тез арада байытуға негіз бол ды. Архив материалдарына қара-ғанда, «Алаш» автономиясы құрыл ғанға дейін Торғай облы-сындағы Уақытша үкіметтің ко миссары дəрежесіндегі Əле-кең ауылды кооперациялауды пəрменді түрде қолға алып, бұл шара соңынан Қазақ-Алаш ав-тономиясына кірген 10 облыс-тың бəрінде де қарқынды жүргі-зілгенін атап өту керек.

Жер мəселесі Алаш партия-сы ның бағдарламасында жеке тарау ретінде берілді. Онда, мəселен, негізгі заңын жаса-ғанда жер сыбағасын алдымен жер гілікті жұртқа берілсін, қазақ жер сыбағасын отырған жер лер ден алып орналасқанша қазақ же ріне қоныс аударушы-лар кел месін...», – деген жолдар бар еді.

1914 жылы желтоқсан айын -да Орынборда Əлихан Бөкей -ханов басшылығымен өткен ІІ Бүкіл қазақ съезі қазақ мемле -кеттігін Алаш форматы ре тін-де ұсынған болатын. Сол құ-рыл тайда бірауыздан ұйғарым қа былдап: «Алаш автоно-миясының 10 облысының жер асты-үсті нің байлығы, жер-су, пайдалы қазбалары бөлін бес Алаш мен ші гінде», деп бекі-тілген болатын. Бұл ұйғарым келешек Қазақ станның алдыңғы қатарлы мемлекет болып қалып-тасып, өсіп-өркендеуінің негізі боларына толық кепіл, сенім артылған-ды.

Сол кезеңдегі Алаш автоно-миясы көсемдерінің бірегейі А.Бай тұрсынұлы асқан көреген-дік танытып: «Халық өз зама-нына сай мамандық меңгеруі тиіс, өз жерінің байлықтарын игілікке айналдыра алатындай дəрежеге көтерілуі тиіс. Алдыңғы қатарлы техниканы игеруі тиіс. Олай етпесек, біз басқа елдің от-ары боламыз», деп бірінші Қазақ ұлттық уни вер ситеті – қазіргі Абай атындағы ҚазҰПУ-дің 1928 жылғы ашылуында жар салған еді. Ал одан бұрынырақ (1918 ж.) Əлихан Нұр мұхамедұлы келешек жас мем лекетіміздің алдында тұрған өрелі мақсаттары туралы: «Үсті міздегі ХХ ғасыр – өркениет бəсе келестігінің заманы. Бұл уа-қытта күн астындағы орын үшін күреспейтін һəм мəдениетке талпынбайтын ұлттың табылуы кəдік... Қазіргі əлемдік соғыста ғылым үстемдік алды. Күн делікті өмірде... ғылым айқын даушы күшке айналды. Білім сіз халық өркениет қал тарыс тарында қалып қоятынын айтып жату артық. Өз мəдениетін сақтау, барлық жақсы нəрсе лерді игеру жолындағы күреске қа зақтар да қосылды... Бізге бі лімді, тəжірибелі саясат-шылар, жоғары білікті маман-дар қажет. Бізге фабрикалар, за-уыттар, шаруашылық ұйымдары, коо пе ративтер жəне басқа да көп нəр селер керек. Мұның бəрі білімді қазақтарды қажетсінеді. Мұның бəрі бір күнде немесе бір жылда пайда болмайды. Осы ның бəрін өмірде жедел іске асыру үшін жіті жоспарлау, маман-дардың бейнетті еңбегі, ауқатты азаматтардың қаржысы керек жəне істі дереу қолға алу керек» деп жазған еді.

Бұдан бір ғасыр бұрын ел мүддесін, халық болашағын көксеген ұлт көсемі, ұлы қай-ратк ер Əлихан Бөкейхановтың бағдары бүгінгі тəуелсіз Қазақ-станның өркениетті елдер са-натына құлаш ұрған дəуірінде шешімін табуда десек, жаза баспағанымыз. Оған кепіл бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан Ұлт Жоспары. Бес инс ти-туттық реформа, оларды орын-даудағы 100 нақты қадам. Осы-ның негізінде тəуелсіз Қазақ-стан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға нақтылы пəрменділік жасап, Əлихан Бөкейхановтың, Алаш қайраткерлерінің ұлы бағ-дарын жүзеге асыруға кепілдік ететініне бүгінгі ұрпақ толық сенімді.

Аманжол ҚОШАНОВ,академик

АЛМАТЫ

● Зерде

ҚАЗАҚ ЖЕРІ – мал кіндігі, ұлт меншігі

Əлихан БӨКЕЙХАНОВ:

Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы бүгінгі таңда дені тарихшылар мен əдебиеттанушылар тарапынан зерттеуге алынып, ал қайраткердің экономикалық көзқарасын ғылыми тал-дау ісі сəл кешеуілдеп қалғандай əсер қалдырады. Шын мəнінде, Əлекең алған базалық білімі тұрғысынан – экономист. Ол 1894 жылы Санкт-Петербургтің Императорлық орман шаруашылығы академиясының экономика факультетін бітірген. Тергеу материалдарында тіркелген жеке іс қағаздарының бірінде ол мамандығым «оценщик» деп те көрсетеді. Замандастары Əлекеңді қазақ жерінің, оның асты-үсті табиғи байлықтарының терең білгірі ретінде мойындаған.

Шəкірттерін əлемдік тілде сөйлетуге күш салған ағылшын тілі пəнінің мұғалімін бүгінде барша ауылдастары құрмет тұтады. 24 жастағы жас ұстаздың мектептегі еңбек өтіліне – 4 жыл. Аз уақытта алғырлығымен ауылдастарынан алғыс алып үлгерді. Ана тілімен бірге мемлекеттік тілді һəм ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген əзербайжан ұлтының аруы бесқарағайлық жастарға үлгі.

Айнұр – қоғамдық өмірде бел сенділік танытып, облыстық, аудандық деңгейде өткен іс-шаралардың бел ортасынан та-былды. Жастар форумына, түрлі келелі басқосулар мен конференцияларға қатысып келеді. «Жасотандықтар» құрамында тікелей өзі де ауқымды шаралар ұйым дастырады. Айталық, Айнұр Ров шанқызы бүгінде Бесқарағай аудан дық Достық үйінің əзербайжан этно мəдени бірлестігінің жетекшісі, аудан дық «Достар» этномəдени жас-тар тобының белсенді мүшесі ретін де

жастарды тағаттылыққа тəр бие лейтін жобаларды қолға алды.

– Қазіргі кезде балалардың тіл үй-ренуге деген құштарлығы ерек-ше. Барлығы да бірнеше тіл білгісі келеді. Бірақ, қабілет-қарымына қарай оқушылардың тілді меңгеру деңгейі əртүрлі болып келеді. Мемлекет бас-шысы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде үштілділікті дамытуға басымдық бергені белгілі. Осы орайда оқушылар ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқуға ден қоюда. Балалар қосымша сабақтарға келу арқылы тіл меңгеруге белсене қатысуда, – деген Айнұр өткен жылы Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатына ие болғанын зор мақтанышпен жеткізді. – Конституция күнінде берілген бұл марапат мерейімді ғана өсіріп қойған жоқ, сонымен бірге, ертеңгі күнге де-ген сенімімді де нығайта түсті, – дейді мұғалима қыз.

Шығыс Қазақстан облысы,Бесқарағай ауданы

Оның біріншісі – өнім өндірісі, екіншісі – құрал-жабдықтарды жөндеу мен қамтамасыз ету, ал үшіншісі – сервистік, яғни қаржылық, мар кетингтік жəне басқа да қыз меттер. Əлемдік тəжірибеге сүйен сек, алғашқы бөлік бойынша барлық еңбеккерлердің 60 пайы зы, екіншісінде 30 пайызы жəне соңғысында 10 пайызы жұ мыс істеуі тиіс. Ал Теміртау метал лургия комбинатында жұ мыскерлердің шамамен өндірісте 45 пайызы, жөндеу мен қамтамасыз ету-де 40 пайызы да, қалғандары сервистік қызметте.

– Қазір екінші бөліктегі ең бек-керлердің біразын, бірінші бөлікке, үшіншідегілердің біршамасын екінші бөлікке ауыстыру жоспарланып отыр, – дейді Парамжит Ка лон мырза. – Ол үшін адамдардың тиісінше тəжірибе жинақтауына мүм кіндік беру керек. Көпшілік еңбек түрін өзгертуге дай-ын емес. Оларға жаңа жұмыс орын-дары қарас тырылады немесе ор-нына жаңа дан жас мамандар алынуы мүмкін. Компанияда былтырғы жылы болған қиыншылықтарға тоқтал ған бас директордың айтуынша, қазір гі уақытта «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың көмір жəне болат депар таменттерінің жұмыстарына шолу жасалуда. Дайын өнім шығару шы ғын дарын азайту,

сапасын, бəсе кеге қабілеттілігін артты-ру қажет. Бас ди ректордың пікірінше, иелік тегі кен базасы, көмір сияқты басым дықтар ды орынды пайдалану керек. Электр қуатын өндіру көлемін арттыру қажет. Теміртау жылу-электр ор талы ғының жұмысын жақсарту да кезек күттірмейтін мəселелердің бірі. Ком пания инвестициялық даму бағдар ламасын ойдағыдай жүзеге асы-рып келеді. Атап айтқанда, қазір №4 дом на пешіне жетілдіру жұмыс тары жүргізілуде. Келешекте агро өндіріс, басқа да салалар жетіл діріледі. Жал пы, компания осы комбинатты ал ғаннан бері оны же тілдіруге 5 мил лиард АҚШ долла-ры көлемінде қаражат жұмсаған.

Бір ай бұрын ғана тағайындалған бас директор Украинадағы Кривой Рог металлургия комбинатының директоры қызметін қоса атқарады.

Бір жылғы уақытының 80 пайызын-да Қазақстанда болуды жоспарлап отыр.

Ал Теміртау комбинатының мүм-кіндіктері туралы жаңа директор ештеңе айта алмады. Өйткені, өндіріс туралы жан-жақты біліп, үлкен жос парлар жайлы сенімді сөйлеу үшін бір ай уақыт тым аз. Дегенмен, жаңа басшы журналистермен жиі кездесіп, жағдайдан тұрақты хабардар етіп отыруға уəде берді.

Қарағанды облысы,Теміртау қаласы

Жаңа басшыға кәсіпорын құрылымы неге ұнамайды?

● Мəселенің мəнісі

● Еңбегімен еленген

Ауылдастар алғысы

Сенім грамотасын тапсырдыҚазақстан Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Қайрат

Саржанов Бразилия Федеративтік Республикасы президентінің міндетін атқарушы Мишель Темерге Сенім грамотасын тапсырды.

Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды да мы-тудың перспективаларын талқылады. Қ.Саржанов еліміздің Бразилиямен ма-шина жасау, металл өңдеу, мұнай жəне мұнай химиясы өнеркəсібі сала ларында ынтымақтастықты нығай туға, сондай-ақ, бразилиялық инвес тициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді.

Елші екіжақты сауда айналы мының құрылымын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласын да ынты мақ-тастықты дамыту мүм кін дігі мол екенін атап өтті, оның ішінде Қазақстан аума-ғында ет, сүт шығаратын бірлескен кəсіпорындар құру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін заманауи тех-нологияларды қолдану арқылы өңдеу бойынша тəжірибе алмасу сияқты мəсе ле лерге назар аударылды. Соны-мен бірге, ол еліміздің əуе байланы сы құ рамында Бразилияның «Ем браер» компаниясының 12 жолаушы ұшағы ның бар екеніне байланыс ты Қазақ стан да авиациялық-техникалық орта лық ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Елші Астанада ЭКСПО-2017 ха-лық аралық мамандандырылған көр-месін өткізуге дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанына ерекше назар аударып, Бразилияның қатысуы туралы ресми растау құжатын жі беру мəселесін жəне «ЭКСПО» Ко миссарын

тағайындау рəсімін тездетуге шақырды. Бразилияның «Итайпу Бинасионал» ком-паниясы ЭКСПО-2017 алаңында ұлттық павильон ашу мəселесінде Бразилия үкіметіне қаржылық көмек көрсетуге дайын отыр екен.

Қ.Саржанов Қазақстанда «Нұр-лы Жол» бағдарламасы мен Бес инс-титуттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары негізінде қоғамды дамыту мен экономиканы əртараптандыру бой-ынша атқарылып жатқан жұ мыстар, инвестициялық климатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралар, жекешелендіру үдерістері туралы хабарлады. Сондай-ақ, елші Қазақстан Президентінің бітімгерлік бастамасы – «Əлем. XXI ғасыр» манифесінің не гізгі қырлары ту-ралы баяндады.

Өз кезегінде М.Темер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін жа-сап келе жатқан жұмысында табыс ті леді. Дүниежүзінің саясат сахна-сында Қазақстанның беделі өсе түсіп отырғанын атап өтіп, Бразилияның елімізбен барлық салада өзара ықпал-дасуға дайын екендігін білдірді жəне екі жақтың сауда-экономикалық əлеу-етін белсенді ете түсуге барлық мүмкін-шіліктер бар екенін мəлімдеді.

«Егемен-ақпарат»

(Соңы. Басы 1-бетте)

(Соңы. Басы 1-бетте)

Рəсімге қазақ диаспорасының өкілдері, сыртқы саясат ведомствосының басшылығы, мемлекеттік органдардың, Парламенттің, дипломатиялық корпустың өкілдері, Латын Америкасы мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салу жөніндегі агенттіктің басшылығы, бизнес өкілдері қатысты. Мексика сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Альберто де Иказа мен ОПАНАЛ-дың бас хат-шысы Лиус Филипе де Маседо Суареш қабылдаудың құрметті қонақтары болды.

Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесов елі міз дің соңғы жылдары қол жет кіз ген жетістіктері тура-лы əңгі мелеп, Қазақстан мен Мек си к а ның

екіжақты ынты мақ тас ты ғының қазіргі жағ-дайы мен перспективалары туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.

Карлос Альберто де Иказа дипло-ма тиялық өкілдікті Мексика үкіметінің атынан құттықтап, Қа зақстан басшы-лығының Мехикода өзінің елшілігін ашу туралы саяси шешімінің маңызы мен мəні жоғары екенін атап өтті. Ол əлемдік күн тəртібінің көптеген бағыты бойынша екіжақты саяси үнқатысуды нығайтудың маңызы зор екеніне тоқтала келіп, екі елдің сыртқы саяси бағыттарының ұқсас екендігіне жиналғандардың назарын ау-дарды.

«Егемен-ақпарат»

Мехикода да елшілігіміз барҚазақстанның əлем елдерімен ынтымақтастығы уақыт өткен сайын арта

түсіп келеді. Осы сөзіміздің дəлеліндей, жақында алыстағы Мехикода да Қазақстан Республикасының Мексикадағы елшілігінің салтанатты ашылу рəсімі болды.

Page 6: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жылwww.egemen.kz6

Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ,Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті

Білім беру деңгейі – эконо-ми калық жəне ғылыми-техни-калық ілгерілеуінің бастау көзі, мемлекет пен қоғамның табыс-ты дамуының кепілі. Бұл салада кенжелеп қалу елдің бəсекеге қабілеттілігіне, ұлт болашағына жəне мемлекеттің қауіпсіздігіне тікелей əсер етеді. Сондықтан да білім беруді дамыту – жалпы ұлт үшін аса маңызды міндет болып табылады. Барлық өркениетті əлемде мемлекет пен эко номи-ка лық өрлеу мен əлеу меттік-сая си тұрақтылыққа ұмтылатын қоғам, білім беруді дамытуға қызығушылық танытып қана қоймай, оған өзінің қатысуын үнемі ұлғайтып отырады.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев: «Ұлт-тың бəсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік дең гейі-мен анықталады. Бізге эконо-микалық жəне қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қа-жет», – деп атап көрсетті.

Демек, басты мақсат жас ұр-пақ қа саналы тəрбие, сапалы білім беру. Осы мақсатқа жету жолын-да елімізде көптеген реформа-лар жүргізілді, енді 2020 жылға дейін толық 12 жылдық мек тепке өту жəне үш тілде дəріс беру мəселесін іске асыру жө нінде шешім қабылданып отыр. Бұл шешім қоғамда үлкен тал қылау туғызып, көптеген пікірлер айты-луда. Ол күтілген заңды құбылыс. Осыған орай біз де өз пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Таяуда үлкен аудиторияда үш тілдік оқу жүйесіне қатысты сұрақ қойылды. Мұқият тыңдағаннан

кейін: «Кім өз баласының үш тілде еркін сөйлегенін қаламайды?» – деп, қайыра сұрақ қойдым. Залдан ешкім жауап бермеді. Содан кейін: «Өз сұрақтарыңызға өздеріңіз жауап бердіңіздер ғой», – дедім. Зал тағы да үнсіз қалпын сақтады. Расында да, балалары-мыз үш тілде еркін сөйлейтін бол-са, одан кім ұтылады? Ешкімде ұтылмайды, қайта ұтарымыз көп болар еді. Елбасының түпкі арман-мұратының да осы екенін толық түсінуіміз керек.

Қандай да болмасын тіл жаңа бір əлем есігін ашады. Ал ағыл-шын тілі болса əлемдік тілге ай-налып барады. Барлық маңызды халықаралық конференциялар, қай елде болмасын, ағылшын тілінде өтеді. Ғылыми еңбектер негізінен ағылшын тілінде жазы-луда. IТ-технология, кибер нетика, машина өндірісі, биомедицина, инженерия мен адам ның ақыл-ой ұшқырлығын қажет ететін жаңа ғылым салалары ағыл шын тілінде дамуда. Осыны терең түсінгенмен, білім беру са ла-сында жүргізілген көптеген ре-формалардың жақсы нəтижесін көре алмаған ата-аналар бұл жа-ңа лыққа үлкен күмəнмен қарап отыр. Басты проблема – үш тілді оқытуға баса назар аударып, тəрбие мен білім сапасын ақсатып алмау, қайта оны көтерудің тиімді жолын табу. Бұл аса күрделі мəселе болып табылады. Халықты алаңдататын да осы.

Тіл тірегі – педагог кадрлар-дың кəсіби біліктілігі. Барлық пəндерден сапалы дəріс берілген

жағдайда ғана, білімде сапа бола-ды. Ол үшін ұстаз өз пəнін терең білетін, дəріс беру əдіс-тəсілдерін жақсы меңгерген əдіскер болуы, сонымен бірге, бір пəнді ағылшын тілінде беру үшін cол тілде еркін сөйлей білуі тиіс. Бұл басты талап. Ал бұл пəнді оқушылар ағыл шын тілінде жақсы меңгеруі үшін, олар оны мұғаліммен еркін сөй ле се ала-тын деңгейде білулері қажет.

Ағылшын тілін білмейді екен деп біз қазір білім саласында нəтижелі еңбек етіп жүрген тəжі-рибелі ұстаздардан айырылып қалмауымыз керек. Ағылшын тілін білгенмен, мектепке келген жас мұғалімге əдіскер деңгейіне көтерілу үшін мықты тəжірибелі ұстаздардың көмегі қажет. Демек бұл асығыстыққа салынбай, асқан сабырлылықпен атқарылуы тиісті жұмыс.

Осы арада тағы бір білім құрау-шысы туралы айта кеткен дұрыс болар. Ол – білім мониторингі. Біз білім сапасын анықтаудың шынайы бағалау жүйесін жаса-уымыз керек. Ал ол жүйе біз де əлі жасалмаған. Дəріс қай тіл де берілсе де, оқушылардың нақ ты алған білімдерінің сапасы анық-талуы қажет. Білім сапасын баға-лаудың нақты жүйесі жасалмай, білім сапасын көтеру мүмкін емес. Бағалау критерийлер жүйесі жасалған уақытта ғана əр тілде білім алған оқушылардың білім деңгейі нақты анықталатын бо-лады. Осындай бағалау негізінде қорытынды жасалып отыруы тиіс. Ұстаз еңбегі де осы нəтиже негізінде бағалануы керек.

Мұндай өлшемдер жүйесі жасалғанша, алдымен мектеп-терде кəсіби құзыреті жоғары ұстаздардың дəріс беруі қамтама-сыз етілсе. Білім беру ісі дамыған елдерде мектепке жұмысқа келген

ұстаз қоғамдық комиссия алдынан өтеді. Бізде мұндай тəжірибе жоқ. Бірақ осындай сынақтың білім са-пасын көтеруде ерекше маңызды рөл атқаратынын дамыған ел-дер тəжірибесі дəлелдеп отыр. Сондықтан əр мектептің жаны-нан құрылған қоғамдық комиссия құрамына білімді, өмірлік тəжі-рибелері мол, ұстаздық еңбек-тің қыр-сырын білетін ата-ана-лар, тəжірибелі тəлімгерлер ен-гені жөн. Комиссияның негізгі мақсаты – жас маманның ұстаз болып еңбек етуге қабілетін анық-тау. Комиссия оң шешім қабыл-дамаса, талапкердің мектепке алынбағаны дұрыс, ал алынған жағдайда, оған нақты талаптар қойылуы қажет. Осындай талап ағылшын тілінде дəріс беретін мұғалімдерге де қойылуы тиіс. Бұл біріншіден, жас талапкер-ге үлкен жауапкершілік арта-тын болады, екіншіден, оларды оқытқан оқу орнының жұмысына баға беріледі, үшіншіден, ата-аналардың жауапкершілігі арта-ды, төртіншіден, қоғам мен мек-теп арасындағы шынайы қауым-дастық құрылады, бесіншіден, балалардың сапалы білім алула-рына ата-аналар да себепкер бола-ды, алтыншыдан, ең маңыздысы білім сапасы көтеріледі.

Қоғамда үш тілді оқытқанда балаға алдымен ана тілін мең-гер ту, ана тілі негізінде ұлт-тық рухани-адамгершілік тəрбие беру мəселесін шешу керектігі ай тылуда. Дұрыс пікір, кім бұл пікір ге қарсы уəж айта алады. Енді осы мəселеге тереңдеп

бара йықшы. Қазақ – ықылым заманнан бала тəрбиесіне ерек-ше мəн берген халық. Ер терек те ауыл-аймақтарда бала оқы татын мұғалім елдің шынайы құрметіне бөленген, оған қашанда төрден орын берілген. Алаш арыс тары-ның: «Ұстазы мықтының – ұста-ны мы мықты», – деген сөзіне тоқ-таған халқымыз.

Бізден бұрын өткен ата-ба-баларымыз: «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай күт, бес жастан он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса, он бес жастан асқан соң досыңдай сырлас», – деген. Бұл сөздердің өте терең тəрбиелік маңызы бар. Баланы бес жасқа дейін патшадай күт деген сөз, бес жасқа дейін балаға шынайы мейіріммен, асқан ізеттілікпен, үлкен талғампаздықпен қарым-қатынас жасау қажеттігін, ол бар жерде ешқандай əдепсіздікке жол бермеу керектігін меңзейді. Міне, осындай жағдайда баланың пси-хо-физиологиясы дұрыс қалып-тасып, ойлау қабілеті дамып, ол мейірімді, адами қасиеті бай аза-мат болып өсетінін ата-бабалары-мыз жақсы білген. Ал бала тəр-биесіндегі ананың атқаратын рөлін толық мойындай отырып, оның тұлғалық қасиетінің дұрыс қалыптасуының ерекше маңыз-дылығын ескеріп, «қызға қырық үйден тыйым» деген.

Қазақтың осындай даналығын дүниежүзі ғалымдары ғылым мен техниканың озық дамыған кезін-де көлемді зерттеулер жүргізіп, дə лел деп отыр. Sony кор порация-сы ның негізін қалаған, талант-ты ғалым, өнертапқыш Масару Ибука жас бала психологиясын зерттеуге ерекше мəн берген. Өз зерт теулерінің қорытындысын: «Үш жастан кейін кеш болады» деген кітабында егжей-тегжейлі

баяндаған. Онда: «Жас баланың ми физиологиясын, бір жағынан психологиясын зерттеу болса, екіншіден, оның ақыл-ой қабі-летінің даму ерекшелігін анық-тайды. Бұл зерттеу оның ақыл-ой қабілетінің даму көзі – алғашқы үш жыл өміріндегі, яғни ми жасушаларының даму кезеңіндегі жеке таным тəжірибесі екенін көрсетті. Бірде-бір бала даныш-пан да, ақымақ та болып туыл-майды. Барлығы бала өмірінің шешуші жылдары миының даму дəрежесі мен стимуляциясына байланысты. Барлық адамдар, егер жарымжан болмаса шама-мен бірдей болып туады. Баланың ақылды немесе ақымақ, зерек жəне табанды болып өсуі үш жасқа дейінгі алған тəрбиесіне байланысты. Балабақшада тəр-бие леу əлдеқашан кеш болмақ.

Жаңа туған баланың миы – таза қағаз парағы сияқты. Баланың қаншалықты дарынды болаты ны осы қағазға не жазылатынды-ғына байланысты. Нəрестелік кезең – адам өміріндегі өте алғыр кезең. Адам миында шамамен 1,4 мил лиард жасуша бар дей-ді, ал жаңа туған балада оның көбісі əлі əрекетке араласпаған. Жасушалар арасындағы байла-ныс, едəуір қалыптасатын кезең – бұл баланың туғаннан үш жасқа дейінгі кезеңі. Бұл уақытта осын-дай байланыстың шамамен 70-80 пайызы пайда болып, ми 80 па-йызға дейін жетіледі. Осы ке-зеңде бала миына не жазылса, сол оның болашақ дамуының негізі болады. Яғни адамның миы

компьютердің жады сияқты, үш жасқа дейін көп дүние жазылса, ол өсе келе жады мықты компью-тердей жақсы жұмыс жасайтын болады», – дейді.

Бұл қорытындының бала-лары мыздың ана тілін жетік білу-леріне тікелей қатысы бар екенін баса айтуымыз керек. Олар ана тілінде еркін, əрі таза сөйлесін десек, туғаннан үш жасқа дейін мүмкіндігінше ана тілін мол естулеріне жағдай жасауымыз керек. Өзіміз олармен тек ана тілінде сөйлесіп, қазақ тілінде ер те гілер айтып, қазақ əндері мен күйлерін естуіне мүмкіндік жа сау ға тиіспіз. Оның қазір жол-дары көп. Қазақ тілінде салиқалы түрде сөйлесіп, мол мағлұматтар беруіміз керек. Нəресте баланың естігенінің бəрі оның ми жасуша-ларына жазылып, кейін оның ақыл-ойының жақсы дамуына оң əсер етеді, ол бала ана тілінде таза сөйлейтін болады жəне оның сөз байлығы да мол болады.

Баланың ойлау, қажетсіну, шығармашылық сезіну сияқ-ты қабілеттері үш жастан кейін дами бастайды жəне ол осы жас-қа дейін қалыптасқан базаны қол-да нады. Міне, осы кезеңде оның зорлық-зомбылыққа толы шетел-дік фильмдерді көрулерін мүм-кін дігінше азайту керек. Себебі, мұн дай фильмдер баланың психо-физиологиясының дұрыс қалып-тасуына кері əсер етеді. Екінші жағынан, бала фильмдерді орыс тілінде көп көретін болса, оның тілі орысша шығады. Ата-анасы бала сына бір сөз үйрететін болса, теле дидар он сөз үйретеді. Бала-ның осындай мықты даму фунда-ментін қалыптастыру ата-ананың, алдымен ананың міндеті екенін біз жақсы білгеніміз абзал. Ол міндетті орындау үшін болашақ аналардың бойында мол ұлттық адами қасиеттер болғаны дұрыс.

Жапония елінде 1994 жылы жүр гізілген жаппай сұрақ-жауап барысында ата-аналардың ша-мамен 64 пайызы тəрбиелеудегі басты рөл өздеріне тиесілі деп есеп тейтіндерін растады. Ал сауал намаға қатысқан басқа жа-уап берушілер, тіпті тəрбиелеу түгелімен отбасының ісі болуы тиіс деген. Оңтүстік Корея елі ата-аналарының жауабы да осы көрсеткіштер аясында болған.

Жастайынан баланың бойы-на берілген, біз бере алған ада-ми қасиеттерін одан əрі дамы-ту үшін бастауыш сыныптарда ана тілінде оқытуға басымдық берілгені дұрыс. Оларға ұлттық құндылықтарды одан əрі терең меңгерту керек.

Ұстаздармен өткен бір кез-десуде 9-шы сынып жетекші сі, жас мұғалім: «Түнгі сағат 2 ша-ма сында сыныбымда оқитын бала ның анасы телефон шалып, ашулы дауысымен айғайға басты. «Менің баламның қайда жүргенін неге білмейсің? Сен қандай сы-нып жетекшісісің. Ұлым бұзақы-лық жасап полицияға түсіп қал ды. Сен қандай тəрбие бергенсің?» – деп, жерден алып, жерге салды. Ертеңіне мектептегі талқылауда менің атыма тағы да көптеген сыни пікірлер айтылды. Қазір бала бұзақылық жасаса, тек мұға лім кінəлі дейтін болды. Осы дұрыс па? Қазіргі уақытта мұға лім дердің қоғам алдында да, ата-аналар ал-дында да, тіпті оқу шы лар алдында да ешқандай абыройы жоқ. Бұған не айтасыз?» – деген сұрақ қойды. Мен қатты ойландым, көңілім де қатты құлазып қалды. Мəселе өте тереңдеп кет кен екен, мұны біз ел болып тал қы лап, бір қорытынды жасауы мыз керек екен деген бай-лам көкейде тұрды.

Жапонияда «Ұстаз – ұлттық құндылық», «Үш қадам шегін, еш уақытта ұстазыңның көлеңкесін баспа» деген, халық иіліп отырған ұстанымдар бар. Біз неге осын-дай ұлттық ұстанымдардан кетіп қалдық?..

Елімізде 2016-2019 жылдар-ға арналған Білім мен ғылым ды дамытудың мемлекеттік бағ-дар ламасы қабылданды. Оны іске асырудың іс-шара жоспары жа са луда. Енді білім сапасын көтеру үшін жоспарланып отыр-ған іс-шаралардың жүйелі түрде, кезек-кезегімен іске асырылу-ын қам та ма сыз ететін ғылы ми негізделген ар найы құжат қа-был дануы қажет. Міне, осындай құжат қабылданған жағдайда ғана білім сапасы артады.

АЛМАТЫ

Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Дін – рухани өміріміздің құбы-ласы іспетті. Алайда: «Біз шы-найы құлшылық қылудың мəнісін білеміз деп айта аламыз ба?», «Иман ұғымын ғибадат түсінігінен, Құдай ісін дін ісінен айыра алып жүрміз бе?», «Неге тура жолдан адасқан, ақыр аяғында басын қай жарға соғарын білмей «дағдарған» жандардың көптеп кездесуі бізге таңсық болудан, я таңданыс ту-дырудан қалды?», «Ондайларға не жетпейді?» деген сауалдардың көп туындайтыны заңды. Əрине, бұған иманымыз бен рухани тіні-міздің əлсіреуінен деп жауап беру-ге де болар еді. Бірақ, бұл мə се ле-нің «күрделену бағытына» қарай бет алып бара жатқанына қарап, əсіредіншілдік көріністерге үрке қарауымызға түрткі болған жайттар тамырының тым тереңде жатқанын аңғарамыз...

Жалпы, діни сананы қауіптің түр-түрінен қорғау мен оның ал-дын алудың жолдары көп жағ-дай да қазақы дүниетанымға, ұлы ойшылдардың ілімдерімен сусын-дауға да келіп тірелетінін уақыт көрсете бастады. Мəселен, нағыз асылдың жасық дүниемен алмас-тырылуы, діни əрі рухани ілім мен танымда қандай да бір ауытқулар мен адасулардың орын алуы, шын дін мен шатақ діннің аражігін айы-ру турасында Шəкəрім қажының «Тура жолда қайғы тұрмас» деген өлеңінде былай суреттеледі. Онда:

«Таза ақылмен таппаған дінШын дін емес – жындылық.Қармалаған бір соқырсың,Өлген ой мен көз, құлақ», –

делінсе, тағы бірде:«Таза діннің шын негізін,Ұстаған бір пенде жоқ,Дүние толған көп шатақ дін,Бəрі бірдей шатпырақ», – дейді

Шəкəрім. Осындайда, Құран Кəрімнің

бір аяты еске түседі. Онда: «Біз сен дерді орта жолды ұстанатын қауым қылдық...», – деген жолдар бар. Орта жол немесе байсалды ислам ұстанымы – қазақ қауымы үшін жаңалық емес. Қазақ халқы мың жылдан бері мұсылман ел, де-мек, бұл – қазақ қауымының мың жылдық толеранттылық тəжіри бесі бар деген сөз. Ендеше, орта жол ды ұстану – Пайғамбар сүннетінен.

Ал «алтын орта» деп аталатын дəстүрлі діндерге ортақ құн ды-лық осы орта жолды ұстану не-месе байсалды ислам ұстаны мын қастерлеуден басталып, оның те-реңі нен тамыр тарта тын дай кө рі-неді. Себебі, біздің мың жыл дық мұсылмандық-толерант ты лық тə-жірибеміз қазақ дүние таны мын, болмысын нағыз шектен шық-пайтын, байсалды, орта жол ды ұстанған болмыс ретінде қалып-тас тыра білді. Дін істері агент ті-гі нің Діни оқу орындарымен бай-ла ныс жəне дінтану сарап тама сы бас қармасының басты ғы Айнұр Əб дірəсілқызының пікі рінше, бұл айтылғандарға дəлел бола алатын екі қайнаркөз бар. Олардың бірін-шісі – ислам ілімін жетік мең ге-ріп, қазақы дүние таныммен ас тас-тыра білген, қазақы мұсы л ман-дыққа негіз болған біре гей ілім-дер қалыптастырған ұлты мыз дың көрнекті тұлғалары ның еңбек тері болса, екіншісі – хал қы мыз дың діни танымын, руха ни құ ндылықтары мен ұс таным да рын танытатын шығар ма шылық мұралары екен.

« И с л а м д а ғ ы « о р т а ж о л »

ұс та н ымына біз халқымыздың дүние танымында бұрыннан негізі қа лан ған, ғасырлар бойы қол да-ныс та болған қалыпты ислам ға сəйкес қағидалар мен ілім дер не -гі зінде ұлттық діни таным тұр -ғы сынан келуіміз керек. Қазақ та дін мəселесінде ешқа шан шек-тен шығушылық көзқарас тар, іс-əрекеттер орын алмаған, Алланың парызын, Пайғамбардың сүн-нетін тəрк етіп, күпірлікке салы-ну фактілері де болмаған, қазақы ислам ғасырлар бойы өзі нің ор -нықты арнасымен дамы ған. Əрине, «бес саусақ бірдей емес», адасу-шылықтар мен сауат сыз дық тар же-келеген адамдар мысалында орын алған болуы мүмкін, бірақ мұндай келеңсіздік ешқашан топтық деңгейге көтеріліп көрген емес»,– дейді Айнұр Əбдірəсілқызы.

Белгілі саясаттанушы Айдос Сарымның бұл мəселеге қатысты көзқарасы өзгеше көрінеді. Ол «алтын орта» тек исламның ғана тұжырымдамасы емес, кез келген діннің өзегінде болатын, негізі, дінге де көп қатысы жоқ нəрсе де-ген ойын алға тартады. «Менің ой-ымша, бұл – əрбір қоғамның, əрбір ортаның, мемлекеттің өзіндік ұс-та ны мы. Қай қоғамды алсақ та, олар дың өз ішінде қарама-қай шы-лық тар кездеседі. Бір-біріне мүл-дем сəйкес келмейтін азаматтар, пар тия лар, топтар, ойлар, көз қа-рас тар, идеялардың болары анық. Солар дың барлығын біріктіріп оты -ра т ын мемлекеттің мəдениеті болуы керек. Яғни, біздің өзіміздің мə де-ниетіміз дұрыс қалыптаса алса, оны дұрыс орнықтыра білсек, бұл, шын мəнінде, көп қай шы лық ты азайтар еді. Себебі, өзі міз кө ріп отырғандай, əсіресе, бү гін гі қо ғамда кейбір кез-де тым шек тен шы ғатын пікірлер бар. Кей де ашық, үлкен əңгіме бол-май жа тады, кей кездері өзіміздің басы мыз да, қоғамымызда бар мə се ле лерді ашық айтпауымыз, талқ ы ла мауымыз мүмкін. Бірақ, шын мəнінде, мұның екінші де астары бар. Қазақ «əңгіме сыртқа шықпасын, жаманатты болмайық» дегенді ұстанатын ырымшыл ха лық қой. Кейде өзіміздің ішімізде болып жатқан əңгімелерді, шына йы про-блемаларды жасырып та жата мыз, мойындамай да жатамыз. Ал не гі-зінен, кез келген мəселені шешу -дің ең бірінші жолы – сол нəр се нің дұрыс мойындалуы, оған дұ рыс диагноз қоя білу»,– дейді Айдос Сарым.

Яғни, сарапшы «алтын орта» құн дылығы дегенде, оны өз мəде-ниетімізбен, қоғамның ішін дегі ашық талқылармен, үлкен демо-кратияның басқа да үрдіс терімен байланыстыра қарау қажет деп са-найтынын жеткізеді. «Біз, ең алды-мен, осы «алтын ортаның» қандай болуы тиіс екенін белгілеп алуы-мыз керек. Ол сырттан таңылып, я болмаса, төбеден түсетін нəрсе емес. Жалпы, адамның табиға тын-да «орта жолмен жүру» деген бар ғой. Сондықтан, бүгінгі қоғамда болып жатқан түрлі дау-дамайдың өзін – осы «алтын ортаны іздеу» деп түсінемін»,– дейді саясаттанушы өзінің сөзінде.

Осындайда, «Пайғамбардың: «Еш нəрсеге, тіпті, дінге де шектен тыс берілмеңіздер. Сіздерден бұрын өткен көп қауым дінге шектен тыс берілгендіктен, өкініште қалған», деген хадисі де ойға оралады. Оны Құранды «теріс оқитын», діни фана-тизмге берілген жастардың санасы-на қалай құю ға болады? Мəселен, бүгінде өзге ағым дардың жетегінде

ке тіп жат қандардың 80 пайызы – жұмыссыз жүрген жастар екен. Мұндай азаматтардан бөлек, діни көзқарасы толық қалыптаспаған, алғашқы теологиялық білім алма-ған жігіттердің шетелдерде оқып, сол жақтың діни көзқарасы бо-йынша пікір таратып, бүлік ту-дырып жүргені де жасырын емес. Яғни, адам санасы түрлі білімді, танымды, психологияны, дəстүрді, құндылықты сіңіріп алғаннан кейін, өз еліне табиғи тұрғыдан «бөтен» болып қалады. Соның əсе-рі нен оның бұл қоғамға жоға ры-дан қарамайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Міне, белгілі бір шек пен шеңбер сызығынан асу осын-дайдан басталса керек.

Жастық – діни танымды өзіне сіңіріп, ұлттың тарихындағы негізгі эстафетаны алып өтетін, жалауды ұстап жүретін феномен. Демек, уахабизммен қаруланып келген немесе теологиялық тұр-ғыда басқа да ағымдарды «басшы-лыққа алған» жастарымыз өз еліне оралғанда қоғамдағы кейбір жайттарға шекесінен, я болмаса агрессиялық тұрғыда қарауы, бұл жердегі көзқарастар мен діни таным дұрыс емес деп ой түюі – заңдылық. Бұл – діни сауат сыз дық «дертіне шалдығып», адасу шылыққа бой алдырған жастарға тəн қасиет. Яғни, діни танымның қуаты жастардың психологиясынан анық көрінетіні, я болмаса аңғарылатыны дəлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Ал ондай жастарға: «Дінге шек-тен тыс берілмеңдер. Орта жолды ұстаныңдар!» – деп кеңес берудің нəтижесі бола қояр ма екен?

Əрине, Қазақстан мұсылман-дарының діни басқармасы бұл мəселені қолға алып, өзге ағымның жетегінде кеткен жастар туралы мəселені назарда ұстап, екіжақты келісім бойынша оқуға түскен шəкірттердің білімін, тəрбиесін қадағалап, бақылау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, бүгінде қоғамда көбіне «орта жолды ұстанатын» байсалды, ұлтжанды, зиялы, елге жанашыр, ең бастысы, иманды ортаны қалыптастыру – тек Діни басқарманың ғана жұмысы емес екенін, бұл барлық зиялы қауым өкілдеріне, өзге де ме кеме жетек-шілеріне, қолына қалам ұста ған жандарға, жалпы алғанда, ұрпақ болашағы мен тағ дырына алаңдай білетін, бейжай қарай алмайтын əрбір азаматқа ортақ міндет екенін жете түсіне бермейтіндейміз.

Сондықтан, бабалар салған жол-ды жаңғыртып, «қазақы орта жол-ды», мəмілегер ислам түсі нігін қоғам болып қайта қалпы на келтірсе, бүгінгі қазақ рухания ты үшін осыдан үлкен олжа болмас еді. Бұл орайда, халық тың ғасырлар бойы жинаған руха ни-діни құндылықтарын қайта жаңғыртып, бүгінгі қоғам игілігіне жаратудың да маңызы зор болмақ. Себебі, кез келген шектен шыққан көзқарастарды ұстанатын идеоло-гия лық ағымдардың қандай да бір көрінісі – өз соңынан азшы-лы қты емес, көпшілікті ілестіруді мақ сат тұтатын теріс бағыттағы ұйым дар ұяшығының ұлғаюы де-сек, мұның ұлтаралық, дінаралық қатынастарға жік түсіріп, ұлт пен мемлекет тұтастығына, дəстүр-лі діни құндылықтарға қауіп төн-дірері хақ.

Ал: «Өзгелерден нені үй рен-геніміз жөн?», «Тағы не жетіс -пейді?» – деген секілді сауалдарға жауап ты кейін де іздеуге болатыны күмəнсіз.

Көзқарас

«Алтын орта», ќайдасыѕ?Бїгінде ґзге аєымдардыѕ жетегінде кетіп жатќандардыѕ 80 пайызы жўмыссыз жастар

Ўлттыќ ќўндылыќ жəне ўрпаќ

президенті

media.winnipegfreepress.com

bridge.georgetown.edu

Page 7: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 7

2015 ЖЫЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫНЫҢ

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ

2015 жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан əрі – Үкімет) 2014 жылғы 27 тамыздағы отырысында мақұлданған (№37 хаттама) Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған əлеуметтік-экономикалық даму болжамына негізделген.

Макроэкономикалық көрсеткіштер 2014 жылғы қарашада, сондай-ақ 2015 жылғы ақпанда жəне қарашада нақтыланды (2014 жылғы 4 қарашадағы №48 жəне 14 қарашадағы №50, 2015 жылғы 17 ақпандағы №9 жəне 17 қарашадағы №47 хат-тамалар).

Республикалық бюджеттің атқарылуы экономикалық дамудың өсу қарқыны баяулаған жағдайда, мұнайға əлемдік баға төмендеген, инфляция деңгейі өскен, ұлттық валютаның АҚШ долларына бағамы едəуір əлсіреген тұста жүргізілді.

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан əрі – Статистика комитеті) алдын ала деректері бо-йынша 2015 жылғы жалпы ішкі өнімнің (бұдан əрі – ЖІӨ) өсу қарқыны нақты мəнде 1,2%-ды құрады, бұл болжамды көрсеткішке сəйкес келеді.

Сонымен бірге, болжамды көрсеткіштерге төрт мəрте нақтылау жүргізілгеніне қарамастан, номиналды түрдегі ЖІӨ іс жүзінде жоспарлы мəнінен 823,2 млрд. теңгеге (2015 жылғы қараша) төмен қалыптасып, 40 878,0 млрд. теңгені құрады.

Сыртқы конъюнктура нашарлағандықтан, соңғы рет нақтыланған кезде болжам 98,2%-ға мақұлданғанымен, өнеркəсіп өндірісі көлемінің өсу қарқыны төмендеу бағытына 101,9%-ға түзетілді. 2015 жылғы іс жүзіндегі көрсеткіш 98,6%-ды (болжамнан 0,4 пайыздық тармаққа жоғары) не-месе 14,6 трлн. теңгені құрады. Тау-кен өндіру саласындағы жалпы қосылған құн (бұдан əрі – ЖҚҚ) ЖІӨ-де 2010 жылғы 18,5%-дан 2015 жылы 12,9%-ға төмендеді.

Сондай-ақ ЖІӨ құрылымында қайта өңдеу салалары үлесінің төмендеу үрдісі байқалады. 2015 жылы ол 9,9%-ға дейін қысқарды (2010-2013 жылдары ол ЖІӨ-де 10,4-10,8%-ды құрады).

Энергия жеткізгіштерге бағалар төмен болған тұста, 2015 жылы тауар экспорты құлдырауының жалғасуы, соның салдарынан тікелей шетелдік инвесторлар кірістерінің күрт қысқаруы төлем балансының ағымдағы операция-лары шотының теріс сальдосына əкеп соқты, ол 2014 жылғы 6,4 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі профицит-пен салыстырғанда, 2015 жылы (-) 5,8 млрд. АҚШ доллары деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышы (бұдан əрі – ЖСБ) 2014 жылдың деңгейімен салыстырғанда 2,5%-ға төмендеп, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 153,5 млрд. АҚШ долларын құрады.

Сонымен бірге, мемлекеттік жəне мемлекет кепілдік берген борыш 2015 жылы 47,7%-ға өсті жəне 12,9 млрд. АҚШ долла-рын немесе ЖСБ құрылымында 7,4%-ды құрады.

2015 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 7 024,7 млрд. теңгені құрап, 2014 жылғы деңгейге шаққанда 3,7%-ға ұлғайды.

2015 жылы инфляция жоспарланған дəліздің жоғары шегін 3,6 пайыздық тармаққа (бұдан əрі – п.т.) асып кетіп, 13,6%-ды (2014 жылы – 7,4%) құрады. Бұл ретте азық-түлік тауар-ларына арналған бағалар 10,9%-ға (8,0%-ға), азық-түлік емес тауарларға – 22,6%-ға (7,8%-ға) өсті. Жыл ішіндегі ақылы қызметтер 8,1%-ға (6,4%-ға) қымбаттады.

Сыртқы соққыларға қарамастан, əлеуметтік саладағы жағдай тұрақтылығын сақтауда, номиналды ақша кірістері 7,3%-ға, нақты кірістер – 0,7%-ға өсті. 2015 жылғы 4-тоқсанда орташа айлық номиналды жалақы 4,1%-ға өсті.

Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-ды құрады, бұл болжамды көрсеткішке сəйкес келеді.

Жүргізілген нақтылаулар мен түзетулерге қарамастан, 7 755 млн. теңге игерілмеген, соның ішінде орталық мемлекеттік органдар 7 265,3 млн. теңгені игермеген, 2014 жылы бөлініп, Үкіметтің шешімімен толық пайдалануға рұқсат етілген, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасы 489,7 млн. теңгені құрады.

Үкіметтің пайдаланылмаған резерві 7 015 млн. теңгені (43,8%), үнемделген бюджет қаражаты – 1 694,6 млн. теңгені құрады.

Пайдаланылмаған жəне нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған 4 157,3 млн. теңге сомасындағы нысаналы трансферттер бюджетке қайтарылды.

Пайдаланылмай жəне нысаналы мақсаты бойынша пай-даланылмай қайтарылған бюджеттік кредиттер сомасы 175 млн. теңгені құрады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капита-лын қалыптастыруға жəне ұлғайтуға бөлініп, қазынашылықтың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында жатқан қаражат қалдықтары 132 209,5 млн. теңгені, соның ішінде 2015 жылғы республикалық бюджет қаражаты – 76 462,7 млн. теңгені құрады. Бұдан басқа, мемлекеттік тапсырысты орындауға бөлінген 5,1 млрд. теңге пайдаланылмай қалған.

Есеп комитетінің 2015 жылы жүргізген бақылау-тал да-малық жəне аудиторлық іс-шараларының нəтижелері бойын-ша анықталған бұзушылықтар сомасы 1 648,0 млрд. теңгені, соның ішінде 2015 жылы бөлінген республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде 316,2 млрд. теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 174,4 млрд. теңге.

Есеп комитетінің бағалауынша, Үкімет, жалпы алғанда, 2015 жылғы республикалық бюджет түсімдерінің жоспар-лы параметрлері жəне шығыстарының атқарылуы бойынша қабылдаған міндеттерін орындап шықты.

2015 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҒАЛАУ

Республикалық бюджет түсімдерінің атқарылуын бағалау

2015 жылы республикалық бюджет түсімдері 2014 жылмен салыстырғанда 375,8 млрд. теңгеге ұлғайып, 7 730,6 млрд. теңгені құрады.

Республикалық бюджетке түскен түсімдердің жалпы көлемінде кірістердің үлесі – 79,4%-ды, өтелген бюджеттік кредиттердің үлесі – 1,5%-ды, қарыз түсімдерінің үлесі – 19,1%-ды құрады.

Республикалық бюджет кірістерінің атқарылуын бағалау

2015 жылға арналған республикалық бюджет кірістері бой-ынша нақтыланған жəне түзетілген жоспар 5 806,8 млрд. теңге сомасында белгіленген. Кірістердің іс жүзіндегі түсімдері жоспарлы көлемінен 330,2 млрд. теңгеге асып кетіп, 6 137,0 млрд. теңгені құрады.

Кірістердің жалпы сомасында салықтық түсімдер – 3 332,9 млрд. теңгені немесе 54,3%-ды, трансферттер түсімдері – 2 632,5 млрд. теңгені немесе 42,9%-ды, салықтық емес түсімдер – 162,8 млрд. теңгені немесе 2,7%-ды, негізгі ка-питалды сатудан түскен түсімдер – 8,8 млрд. теңгені немесе 0,1%-ды құрады.

2014 жылмен салыстырғанда, кірістер құрылымындағы салықтық түсімдердің үлесі 7,7 п.т.-ға азайды (2014 жылы – 62%, 2015 жылы – 54,3%), трансферттер мен салықтық емес тү сімдер тиісінше 7,3 п.т.-ға (2014 жылы – 35,6%, 2015 жылы – 42,9%) жəне 0,4 п.т.-ға (2014 жылы – 2,3%, 2015 жылы – 2,7%) ұлғайды.

Республикалық бюджет кірістері 2014 жылмен салыс-тырғанда 228,2 млрд. теңгеге немесе 3,9%-ға өсті. Соның ішінде трансферттер түсімдерінің сомасы 529,2 млрд. теңгеге немесе 25,2%-ға, салықтық емес түсімдер – 31,1 млрд. теңгеге немесе 23,6%-ға, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 1,1 млрд. теңгеге немесе 14,3%-ға ұлғайды. Сонымен қатар, салық тық түсімдердің көлемі 333,2 млрд. теңгеге немесе 9,1%-ға қысқарды.

Соңғы бес жылда республикалық бюджет кірістерінің құрылымында салықтық түсімдерді Ұлттық қордан жəне төменгі бюджеттерден трансферттермен алмастыру үрдісі байқалады. Мəселен, егер 2011 жылы трансферттер кірістердің 29,8%-ын құраса, 2015 жылы олардың үлес салмағы 13,1 п.т.-ға өсіп, 42,9%-ды құрады.

Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан əрі – Мемлекеттік кірістер комитеті) деректері бойынша

теңгенің еркін құбылмалы айырбастау бағамына өтуіне байла-нысты, республикалық бюджетке түскен қосымша салықтық түсімдер жалпы 300 млрд.-тан астам теңгені құрады.

Салықтардың жекелеген түрлері бойынша жоспарлы көрсеткіштер орындалмады.

Бюджеттік сыныптауыштың 10 коды (бұдан əрі – БСК) бойынша түсімдер жоспары орындалмаған, атқарылмаған жалпы сома 23,6 млрд. теңгені құрады. Мəселен, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін тауарларға, орындалған жұмыстарға жəне көрсетілген қызметтерге са-лынатын қосылған құн салығы (бұдан əрі – ҚҚС) (90,5%), Қазақстан Республикасының аумағына Кеден Одағына мүше мемлекеттердің аумағынан əкелінетін темекі өнімдеріне ак-циз (94,6%), əкетілетін тауарларға салынатын кедендік баж-дар (91,2%) бойынша жоспардан елеулі ауытқушылықтарға жол берілген.

Республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдердің (импортқа салынатын кедендік баждар мен салықтарды қоспағанда) 40%-дан астамы мониторингке жататын 300 ірі салық төлеушінің 737,8 млрд. теңге немесе түскен салық-тардың жалпы сомасының 42,8%-ы мөлшерінде салықтар төлеуінің есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 2014 жылмен салыстырғанда, олар бойынша республикалық бюд-жетке түскен төлемдер 155,3 млрд. теңгеге азайған.

2015 жылы мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы (бұдан əрі – КТС) 1 224,6 млрд. теңгені құрады, оның анағұрлым көп үлесі – салықтық түсімдерде (36,7%), шикі мұнайға салынатын жəне мұнайдан өндірілген тауарларға салынатын кедендік əкету баждарында – 690,5 млрд. теңге (20,7%).

Ресей Федерациясы жəне Беларусь Республикасының аумағынан импортталатын тауарларға салынатын ҚҚС-дан басқа, Қазақстан Республикасының аумағына импорттала-тын тауарларға салынатын ҚҚС 362,7 млрд. теңгені (10,9%) құрады.

КТС бойынша жоспарды асыра орындауға валютаның еркін құбылмалы айырбас бағамына өтуі (КТС бойынша қосымша түсімдер сомасы тек 2015 жылғы желтоқсанда 100 млрд.-тан астам теңгені құрады), жоспарлы көрсеткіштердің төмендеу жағына түзетілуі, сондай-ақ болашақ кезеңдегі төлемдердің есебінен аванс беру əсер етті.

Мəселен, 2016 жылғы 1 қаңтарға КТС бойынша артық төлем 200,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда, 54,0 млрд. теңгеге немесе 36,9%-ға көп. 2015 жылы түскен КТС-ның жалпы сомасындағы артық төлемнің үлесі 16,4%-ды құрады.

2015 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Рес-публикасының аумағындағы өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстарға жəне көрсетілген қызметтерге ҚҚС (БСК 105101) 224,5 млрд. теңгеге жоспарланып, іс жүзінде 203,2 млрд. теңге сомасында түсті, 21,3 млрд. теңге немесе 9,5%-ы орындалмаған.

2014 жылмен салыстырғанда, «нөлдік» мөлшерлеме салынған айналымдар бойынша ҚҚС-ның асып кеткен со-масын қайтарудың өсуіне байланысты, ҚҚС түсімдері 130,7 млрд. теңгеге немесе 39,1%-ға азайған.

Мəселен, 759 салық төлеушіден асып кеткен ҚҚС-ны қайтару туралы мемлекеттік кірістер органдары қарастырған талаптардың жалпы сомасы 1 250,6 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте 2015 жылы 432 салық төлеуші бойынша асып кеткен ҚҚС-ны бюджеттен өтеу сомасы 620,4 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылға қарағанда, 203,5 млрд. теңгеге жоғары.

ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтарудың 441,3 млрд. тең-ге немесе 71,1% мөлшеріндегі негізгі сомасы 19 салық төлеушіге тиесілі (жалпы санының 4,4%-ы).

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ҚҚС-ның асып кеткен (дебеттік сальдо) жалпы сомасы 1 329,6 млрд. теңгені құрады, соның ішінде нөлдік мөлшерлеме бойынша айналым-дар есебінен экспорттаушыларға – 733,9 млрд. теңге немесе жалпы сомасының 55,2%-ы, өзге де айналымдар бойынша асып кеткен сома – 595,7 млрд. теңге немесе 44,8%.

2015 жылы кедендік төлемдер жəне салықтар (бұдан əрі – КТжС) 1 521,9 млрд. теңгеге жоспарланып, 1 608,3 млрд. теңге немесе 105,6% мөлшерінде түсті. 2014 жылмен салыстырғанда КТжС түсімдері 280,7 млрд. теңгеге немесе 12,8%-ға азайды.

Мұнайға салынатын экспорт баждарынан түскен түсімдер көлемі 2015 жылы 585,2 млрд. теңгеге жоспарланып, 647,7 млрд. теңгені немесе 110,7%-құрады.

2015 жылы ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттердің бюджетіне Қазақстан Республикасы (бұдан əрі – ҚР) аударған кедендік əкелу жəне қорғау баждарының сомасы – 174,9 млрд. теңгені, соның ішінде Ресей Федерациясына – 163,2 млрд. теңгені, Беларусь Республикасына – 8,7 млрд. теңгені, Армения Республикасына – 2,0 млрд. теңгені, Қырғыз Республикасына – 1,0 млрд. теңгені құрады.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алынған үстеме аударым-дардың сомасы 156,5 млрд. теңгені құрады.

2010-2012 жылдар аралығында кедендік əкелу баждарын бөлу ҚР-ның пайдасына оң сальдомен қалыптасты, ал 2013-2015 жылдар арасында 98,2 млрд. теңге сомасындағы теріс сальдо орын алды.

2010 жылғы 1 қыркүйек – 2015 жыл аралығында ҚР бюджетіне 1 276,2 млрд. теңге түсті, ҚР-дан үстеме ау-дарымдар 1 237,6 млрд. теңгені құрады, 39,9 млрд. теңге сомасындағы оң сальдо орын алды.

2015 жылы республикалық бюджетке түскен салықтық емес төлемдердің көлемі 162,8 млрд. теңге немесе жоспарға шақ қанда 107,5% болды. Салықтық емес түсімдердің негізгі үлесін мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен кі рістер (32,8 млрд. теңге немесе 20,2%), оның ішінде 24,5 млрд. тең гесін «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемнен түскен түсімдер құрайды.

Салықтық жəне кедендік əкімшілендірудің тиімділігін бағалау

2015 жылы Мемлекеттік кірістер комитеті салықтық жəне кедендік əкімшілендіруді 2014 жылы салық жəне кеден қызметтерін біріктіру, сондай-ақ экономикалық, қаржылық қылмыстар жəне құқық бұзушылықтардың алдын алу жəне анықтау жөніндегі функцияларды орындау жағдайында жүзеге асырды.

2016 жылғы 1 қаңтарға салықтық түсімдер бойынша бересі 85,3 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,2 млрд. теңгеге немесе 27,4%-ға аз. Оның ішінде республикалық бюджеттің есебіне жатқызылатын салықтар мен төлемдер бойынша бересінің жалпы сомасы 57,1 млрд. теңгені құрады, бұл 20,9 млрд. теңгеге немесе 26,8%-ға төмен.

Салық тексерулерін жүргізу тиімділігінің төмендігі байқалады. Мəселен, нəтижесіз салық тексерулерінің үлесі жо ғары болып қалуда, ол жүргізілген тексерулердің жалпы санының 2014 жылы – 35,9%-ын, 2015 жылы – 27,8%-ын құрады.

Салық тексерулерінің нəтижелері бойынша 598,6 млрд. тең -ге сомасында салықтар жəне төлемдер қо сым ша есептелген, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға небəрі 34,4 млрд. теңгесі немесе 5,8%-ы өндіріп алынды, 62,8 млрд. теңгесі (10,5%) – банкрот болып жарияланған борышкерлер бойынша есеп-тен шығарылған, 63,3 млрд. теңгесі (10,6%) – шағымдану процесінде, 1,6 млрд. теңгесі (0,3%) – шағымдануды қарау нəтижелері бойынша азайды.

2012 жылы «Ақша төлемi мен аударымы туралы» Заңға кəсіпкерлік қызметінде қолма қол ақша айналымының шекті мəндерін 4000-нан 1000-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштерге қатайту бөлігінде өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, қолма қол ақша айналымы көлемінің едəуір төмендегені байқалмайды.

Жалған кəсіпкерлікке қарсы іс-қимыл саласында аяқ тал-маған қылмыстық істер бойынша 92,2 млрд. теңге сома-сындағы залалдан іс жүзінде 2,0 млрд. теңгесі өтелген, бұл небəрі 2,2%-ды құрайды.

Бюджеттің айтарлықтай шығындары салық төлеуден жал-тару схемаларын пайдалану кезінде, соның ішінде жалған кəсіпкерлік фирмалармен өзара есеп айырысулар арқылы қалыптасуда.

2015 жылы сот жалған кəсіпорын деп таныған 100 заңды тұлға бойынша олармен өзара есеп айырысулары есебінен өз салықтық міндеттемелерін 33,7 млрд. теңгеге, соның ішінде КТС-ны – 21,1 млрд. теңгеге, ҚҚС-ны – 12,6 млрд. теңгеге азайтқан 2 951 контрагент анықталды. Оның ішінде салықтық бақылау шараларымен 2038 контрагент бойынша бюджетке 6,6 млрд. теңге немесе 19,5% сомасындағы салық есептелді.

Есеп комитетінің аудиті камералдық бақылаудың нəти-желері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою тура-лы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламаларын орындамаған салық төлеушілерге тексерулер жүргізілмеу фактілерін анықтады.

2016 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушілердің талаптар бо-йынша құжаттарды (күмəнді контрагенттермен анықталған өзара есеп айырысулар, қозғалған қылмыстық істер) ұсынбауы себепті, мемлекеттік кірістер органдары 795 салық тексеруін тоқтатқан. Алайда, құжаттарды бермегені үшін салық төлеушілерге «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 219 жəне 288-баптарында көзделген əкімшілік ықпал ету шаралары қолданылмаған.

Салық тексерулерінің жүргізілуі жəне аяқталуы бойынша жұмыстарды тиісінше ұйымдастырмау, сондай-ақ өзара есеп айырысулардың дұрыстығын анықтау, жалған кəсіпкерлік белгілері бар салық төлеушілердің тіркелуін күшін жойды деп тану жөніндегі іс-шараларды жүргізбеу қосымша есептелген салықтар бойынша талап қою мерзімдерінің өтуіне байланыс-ты, бюджет шығындарына əкеп соғады.

Мемлекеттік кірістер комитеті уақытша сақтау қойма-ларында ұзақ уақыт сақтауда жатқан, қажет етілмеген мүлікті түгендеу бойынша жұмыстар жүргізбеген жəне оларды мемлекеттің кірісіне айналдыру жөнінде шаралар қабылдамаған.

Кедендік əкімшілендіру кезінде қолданылатын тəуекел дерді басқару жүйесі тиімділігінің жеткілікті дəрежеде еместігі атап өтіледі.

«Тəуекелдерді селективті бақылау жəне басқару» құрам-дауышының «Тəуекелдерді жедел басқару» жəне «Деректерді талдау жүйесі» модульдерінің функционалдық жəне техни калық мүмкіндіктері бақылау-талдамалық міндеттерді шешу үшін тəуекелдерді барынша азайту шараларын қабылдаудың нəти-желері туралы егжей-тегжейлі ақпарат алуға мүмкіндік бермейді.

«Кедендік тексеру» тəуекелін барынша азайту шараларын қолдану тиімділігінің төмендігіне жол берілген.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылы экономиканың өсу қарқыны баяулаған тұста, мемлекеттің барлық əлеуметтік жəне инвестициялық бағдарламаларын орындау үшін жалпы бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз еткен.

Республикалық бюджет шығыстарының атқарылуын бағалау

2015 жылы бекітілген көлемдермен (8 149,7 млрд. теңге) салыстырғанда 664,5 млрд. теңгеге немесе 8,2 %-ға азаю жағына түзетілген республикалық бюджет шығыстары 7 485,2 млрд. теңгені құрады.

Нақты шығыстар 7 469,2 млрд. теңгені немесе 2014 жылмен салыстырғанда 38 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға ұлғая отырып, түзетілген жоспарға шаққанда 99,8%-ды құрады.

Шығыстардың құрылымында айтарлықтай үлес салмағы шығындарға тиесілі (90,9%), олар 2014 жылмен салыстырғанда 318,6 млрд. теңгеге (4,9%-ға) ұлғайып, 6 789,8 млрд. теңгені құрады.

Қаржы активтерін сатып алуға арналған 182,7 млрд. теңге мөлшеріндегі шығыстар жəне 190,8 млрд. теңге мөлшерінде ұсынылған бюджеттік кредиттер толық көлемде атқарылды.

2015 жылы бюджеттік кредиттердің үлесі 1,6%-дан 2,6%-ға дейін ұлғайып, қарыздарды өтеу үлесі 5,2%-дан 4,1%-ға дейін қысқарды.

2015 жылы ЖІӨ-дегі шығыстардың үлесі 2014 жылға шаққанда 0,1%-ға жəне 2013 жылға шаққанда 1,3%-ға ұлғая отырып, 18,3%-ды құрады.

Бюджеттің бірнеше мəрте нақтыланғанына жəне түзетілгеніне қарамастан, орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттен бөлінген 7,3 млрд. теңге қаражатты игермеген.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражат қалдығы 264,4 млрд. теңгені құрады.

Дебиторлық берешек 2014 жылмен салыстырғанда 36,6 млрд. теңгеге немесе 21,5%-ға, 2013 жылмен салыс-тырғанда 84,6 млрд. теңгеге немесе 69,3%-ға ұлғайып, 2015 жылы 206,6 млрд. теңгені құрады.

Дебиторлық берешектің өсуінің негізгі себептері қаржы тəртібінің сақталмауы, алынатын тауарларға жəне көрсетілетін қызметтерге алдын ала төлем жасау, наразылық-талап қою жұмыстарының нашар жүргізілуі жəне сот шешімдерін орындаудың созылуы болып табылады.

2015 жылдың қорытындылары бойынша кредиторлық бе-решек 2014 жылдың деңгейіне қарағанда 24,3 млрд. теңгеге (34,8%-ға) төмендеп, жыл соңында 45,4 млрд. теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда кредиторлық берешек сомасы 25,4%-ға немесе 9,1 млрд. теңгеге ұлғайған.

Кредиторлық берешектің қалыптасуының негізгі себеп-теріне сот актілерінің болуы, активтердің, запастардың жетіспеушілігінің анықталған жəне белгіленген сомалары, ақша қаражатын ұрлау, сондай-ақ төлеуге берілетін шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы жатады.

Республикалық бюджет шығындарыШығындар 6 789,8 млрд. теңгені құрап, 99,8%-ға

орындалған. Олар 2014 жылмен салыстырғанда 5%-ға, 2013 жылмен салыстырғанда – 18%-ға өскен.

2015 жылы республикалық бюджет шығындарының атқарылуы 26 мемлекеттік орган əкімшілік ететін 625 бюджеттік бағдарлама бойынша 15 функционалдық топ бөлінісінде жүзеге асырылды.

Түзетілген бюджетте жоспарлы шығындар бекітілгеннен 404,1 млрд. теңгеге азая отырып, 6 805,8 млрд. теңгені құрады (2014 жылғы желтоқсанда 7 209,9 млрд. теңге сомасында).

2015 жылдың соңында шығындар бойынша 16,0 млрд. теңге орындалмаған, соның ішінде орталық мемлекеттік органдар 7,3 млрд. теңгені игермеген, Үкіметтің пайдаланылмаған резерві 7 млрд. теңгені (43,8%), үнемделген бюджет қаражаты – 1,7 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте шығындардың жылдық мəндері 14 функционалдық топ бойынша орындалмаған.

Ең көп атқарылмауға мынадай топтарда жол берілген: «Өзгелер» – 7,6 млрд. теңге (47,8%), «Қоғамдық тəртіп, қауіп сіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» – 3,2 млрд. теңге (20,2%) «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» – 1,3 млрд. теңге (8,0%), «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны жəне жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» – 915,3 млн. теңге (5,7%), «Мəдениет, спорт, туризм жəне ақпараттық кеңістік» – 869,1 млн. теңге (5,4%), «Денсаулық сақтау» – 763,3 млн. теңге (4,8%), «Білім беру» – 446,6 млн. теңге (2,8%), «Қорғаныс» – 326,7 млн. теңге (2,0%), «Көлік жəне коммуникация» – 291,3 млн. теңге (1,8%).

Бюджеттік кредиттердің пайдаланылуы2015 жылға арналған республикалық бюджетті нақты-

лау жəне түзету кезіндегі бюджеттік кредит берудің кө-лемі бекітілгеннен 6,4 млрд. теңгеге қысқара отырып, 190,8 млрд. теңгені құрады. Іс жүзінде 190,8 млрд. теңге (100%) мөлшерінде бюджеттік кредиттер бөлінген. Бюджеттік кре-дит берудің көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 72,3 млрд. теңгеге (61%) ұлғайғанын атап өту қажет.

2015 жылы бюджеттік кредиттерді өтеу бойынша түсімдер нақтыланған жəне түзетілген жоспарда 113,4 млрд. теңгеге көзделгенімен, 112,8 млрд. теңгені немесе 99,5%-ды құрады. Жоспар, негізінен, төленген мемлекеттік кепілдіктер бойын-ша талаптарды заңды тұлғалардың қайтаруы бойынша сомасы 434,3 млн. теңге (28,8%) берешектің мерзімінен кешіктірілуіне байланысты орындалмаған. Аталған көрсеткіш бойынша жоспардың орындалмауы жүйелі сипатқа ие екендігін атап өткен жөн.

2015 жылы бюджеттік кредит беруді 8 бюджеттік бағдарлама арқылы төрт республикалық бюджеттік бағдарламалар əкімшісі жүзеге асырған.

Бұл ретте əкімшілер бөлінісінде бюджеттік кредит берудің ең көп үлесі: жалпы соманың 62,9%-ы – Ұлттық эконо-мика министрлігіне жəне 31,5%-ы – Ауыл шаруашылығы министрлігіне тиесілі.

Бюджеттік кредит берудің негізгі бағыттары – жылумен-, сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін реконструкциялау жəне салу; агроөнеркəсіптік кешен субъектілерін қолдау бо-йынша іс-шаралар жүргізу (31,5%); тұрғын үйді жобалау жəне (немесе) салу (21,4%) болып табылады.

Республикалық бюджет қаражатынан бюджеттік кредит беру бағдарламалары бойынша 2015 жылдың қорытындыларымен жергілікті бюджет деңгейінде 1 364,4 млн. теңге атқарылмаған, оның 1 222,2 млн. теңгесі игерілмеген, үнемдеу мен қаражат қалдығы 142,2 млн. теңгені құрады.

Талдау көрсеткендей, игерілмегенге жатқызылған бюд-жеттік кредиттерді игеру кредиттік шарттардың талаптарына сəйкес, 2015 жылға емес, одан кейінгі қаржылық кезеңдерге көзделген. Осыған байланысты, Есеп комитетінің пікірінше, кейінгі қаржы жылдары ішінде игерілуі көзделген сомаларды қоспағанда, есепті кезеңдегі бюджеттік кредиттердің игерілуін жəне пайдаланылуын есепке алу тетігін заңнамамен реттеу талап етіледі.

Орталық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің есептерінде нəтижелерге қол жеткізілуі 2015 жылға көзделген бюджеттік кредиттер тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізіле отырып игерілген деп көрсетілгені анықталды. Сонымен бірге олар өңірлерде игерілмеген, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

АӨК субъектілерін қолдау жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 2015 жылы 60 млрд. теңге (2014 жылы – 40 млрд. теңге) бөлінген. Бұл ретте тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің сандық көрсеткіштерін төмендете отырып, оларды жоспарлауға формальды тəсіл белгіленген.

Мəселен, 2015 жылы жоспарлы көрсеткіш 2,5 есеге асып кетіп, 2 249 ауыл шаруашылық тауарын өндірушіге кредит берілген, егістік алаңдарын қамту жоспарлы деңгейден 4,3 есеге (1,2 млн. га) асып кетіп, 5,2 млн. га-ны құрады. Осыған ұқсас жайт, 2014 жылы олар бойынша асып кету тиісінше 3,6 жəне 5,7 есені құраған.

2014-2015 жылдары бюджеттік кредит есебінен (0,01%-бен) екінші деңгейдегі банктерді жылдық 6,53%-бен жəне 3,41%-бен 54,5 млрд. теңге сомасына қорландыру жүзеге асырылған.

Екінші деңгейдегі банктер 2014 жылы алған қарыз қаражатын түпкілікті алушыларға жылдық 8,41% жəне 11,53%-бен, 2015 жылы – жылдық 7,41%-бен берген.

Есепті кезеңде кредит беру бағдарламалары бойынша бақылаумен қамтылған сома 38,5 млрд. теңгені құрады, 18,1 млрд. теңгеге – қаржылық бұзушылықтар, 20 млрд. теңгеге тиімсіз пайдаланылғаны анықталды.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатып алуСоңғы үш жылда қаржы активтерін сатып алуға рес-

публикалық бюджеттен 830,1 млрд. теңге бағытталды. Сонымен қатар, шығыстар серпіні олардың көлемдерінің

2015 жылы едəуір қысқарғанын көрсетіп отыр. Егер, активтерді сатып алуға 2013 жылы 167,5 млрд. теңге жұмсалса, 2014 жылы – 480 млрд. теңге, 2015 жылы – 182,6 млрд. теңге1 жұмсалған.

2015 жылға бекітілген республикалық бюджетте жал-пы сомасы 448,0 млрд. теңгеге қаржы активтерін сатып алу көзделген. Шығыстар сомасы түзетілгеннен кейін 182,6 млрд. теңгеге дейін немесе бекітілген бюджеттен 2,5 есе-ге азайған. 2014 жылмен салыстырғанда, ол 310,9 млрд. теңгеге немесе 2,7 есеге қысқарған.

Халықаралық қаржы ұйымдарының акцияларын сатып алуға 1,0 млрд. теңге, акционерлік қоғамдардың жарғылық капиталын толықтыруға – 181,6 млрд. теңге бөлінген.

Бюджеттік бағдарламалар əкімшілері қаржы активтерін са-тып алуға көзделген қаражатты толығымен игерген.

Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 26 квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында (бұдан əрі – ҚБШ) жарғылық капитал-ды қалыптастыруға жəне ұлғайтуға бөлінген жалпы сомасы 132,3 млрд. теңге қалдық қалыптасқан.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ҚБШ-сында пайдаланылмаған қалдықтардың қалуына бөлінген қаражаттың кейінгі кезеңдерге қайта бөлінуі, өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша қаражаттың үнемделуі де се-беп болған. Бұған қоса, валютаның қалыптасқан бағамының айырмасына жəне теңге бағамының түзетілуіне байланысты, құны бірнеше есеге ұлғайған жабдықтарды сатып алу жүзеге асырылмаған.

Сондай-ақ есепті кезеңде квазимемлекеттік сектор субъек-тілерінің ҚБШ-сында мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінген 5,1 млрд. теңге пайдаланылмай қалған.

Аудит барысында анықталғандай, квазимемлекеттік сек-тор субъектілерінің жарғылық капиталын толықтыруға Үкіметтің шұғыл шығындарға арналған резервінен қосымша 117,6 млрд. теңге бөлінген.

Бюджет тапшылығын жəне оны қаржыландыру көздерін бағалау

2015 жылға арналған республикалық бюджет тапшылығы 997,1 млрд. теңге мөлшерінде бекітіліп, наурыз айында 1 256,5 млрд. теңгеге дейін, қараша айында 1 257,7 млрд. теңгеге дейін ұлғаю жағына қарай нақтыланды.

2015 жылы бюджет тапшылығы іс жүзінде 912,1 млрд. теңге мөлшерінде қалыптасты, бұл түзетілген бюджеттен 345,6 млрд. теңгеге төмен.

2015 жылы тапшылық мөлшері 2014 жылмен салыстырғанда 169,1 млрд. теңгеге төмендеп, 2013 жылмен салыстырғанда 194,1 млрд. теңгеге ұлғайды.

Республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаражат көлемі 1 173,5 млрд. теңгені құра-ды (тартылған қарыздар сомасы арасындағы айырма – 1 479,4 млрд. теңге жəне оларды өтеу сомасы арасындағы ай-ырма – 305,9 млрд. теңге). Бюджет тапшылығының іс жүзінде қалыптасқан барынша төмен көлемінің нəтижесінде бюджет қаражатының қалдықтары 261,4 млрд. теңгені құрады.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН

БАҒЫТТАР БОЙЫНША ПАЙДАЛАНЫЛУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы тиімділігін бағалау

2015 жылы мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды іске асыру кезінде 2 816,8 млрд. теңгеге жоспарланып, 2 571,2 млрд. теңгесі немесе 91,3%-ы, соның ішінде 2 109,4 млрд. теңге – республикалық бюджет қаражаты, 289,5 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты, 172,4 млрд. теңге – бюджеттен тыс қаражат игерілген.

2015 жылы Есеп комитеті 2 мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін бақылауды жəне іске асырылуын бағалауды жүзеге асырды.

Жоспарланған 525,0 млрд. теңгенің тексерілген мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген 502,1 млрд. теңгесі, соның ішінде 499,9 млрд. теңге – республикалық бюджет қара-жаты, 2,2 млрд. теңге – жергілікті бюджет қаражаты игерілген.

Бюджет жəне өзге де заңнаманың анықталған бұзушылық-тарының жалпы сомасы 72,5 млрд. теңгені құрады, 49,2 млрд. теңге тиімсіз пайдаланылған.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан əрі – «Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы) іске асырылу тиімділігіне жүргізілген аудит.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасы Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттарын іске асыру үшін əзірленген.

Бағдарламаның мақсаты еліміздің орнықты əлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының Іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі – Іс-шаралар жоспары) іске асыруға 2011-2015 жылдар аралығында 429,3 млрд. теңге бағытталған, оның ішінде 424,5 млрд. теңгесін – республикалық бюджет қаражаты, 4,8 млрд. теңгесін – жергілікті бюджет қаражаты құрайды.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасының іске асыры-лу тиімділігіне жүргізілген аудиттің қорытындылары бойын-ша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 65,8 млрд. теңгені құрады, соның ішінде 12,8 млрд. теңгесі –қаржылық бұзушылықтар, 34,6 млрд. теңгесі – тиімсіз пайдаланылған, жалпы сомасы 18,4 млрд. теңгесі – 138 бірлік рəсімдік бұзу-шылықтар.

Мектеп медицинасы қызметін, денсаулық сақтаудың мемлекеттік кəсіпорындарын корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, медициналық көмек сапасы стандарттарын жəне пациенттердің, медицина қызметкерлерінің құқықтарын сақтау бойынша нормативтік құқықтық актілерді əзірлеу қамтамасыз етілмеген.

Қоршаған ортаның халықтың денсаулығына əсерінің тəуекелін бағалау жəне саланың адами əлеуетін жетілдіру үшін кадр ресурстарын дамыту тұжырымдамаларын əзірлеу жүзеге асырылмаған.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасын іске асыру кезінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке-мен шік əріптестіктің мүмкіндіктері мен тетіктері толық пайдаланылмаған.

Нəтижелердің жекелеген көрсеткіштерін есептеу əдіснамасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолданатын халық-аралық талаптар мен стандарттарға сай емес, бұл əлемдік рей-тингте Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін бағалаудың анықтығына теріс əсерін тигізеді.

Ұлттық скринингтік бағдарламаны іске асырудың тиім-ділігінің төмендігі байқалады. Ересек тұрғындардың арасында ауруларды анықтау барлығы 3,4%-ды, балалардың арасында 16,4%-ды құрайды.

«Саламатты Қазақстан» мембағдарламасында медициналық колледждерде білім беру сапасын жақсарту жөнінде іс-шаралар көзделмеген, медициналық білім беру жүйесін материалдық-техникалық жарақтандыру, медицина жоғары оқу орындарының басым бөлігінде университеттік емханалардың болмауы, жатақханаларда орындардың жетіспеушілігі мəсе-лелері толығымен шешілмеген. Бұдан басқа, денсаулық сақтау саласындағы іргелі жəне қолданбалы ғылымды дамыту мəселелеріне жеткілікті дəрежеде көңіл бөлінбеген.

Ұйымдардың дəрілік заттарды ұтымды жоспарламау жəне сатып алу проблемасы толық көлемде шешілмеген, медикаменттердің жоспарланатын көлемдері медицина кəсіпорындарының жылдық мұқтажын асып кетеді, бұл көбінесе ауруханалар мен емханалардың дəріхана қор-ларындағы едəуір қалдықтарға əкеп соғады.

«Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағ-дар ламасын (бұдан əрі – «Ақпаратты Қазақстан» мем-бағдарламасы) іске асырудың қорытындылары бо-йынша анықталған қаржылық бұзушылықтар сомасы – 145,1 млн. теңгені, тиімсіз пайдаланылған қаражат – 14,6 млрд. теңгені, рəсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 41,2 млрд. теңгені құрады.

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасының Іс-шаралар жоспарын (бұдан əрі – Іс-шаралар жоспары) іске асыруға 2013-2015 жылдар кезеңінде республикалық бюджеттен 121,4 млрд. теңге бағытталып, солардың 119,5 млрд. теңгесі немесе 98,4%-ы игерілген.

Іс-шаралар жоспарында 2014 жылы өнеркəсіптік пайдалануға енгізілуі көзделген құны 9 млрд. теңгеден аса-тын 6 ақпараттық жүйе бірқатар мемлекеттік органдарда (Бас прокуратура, Инвестициялар жəне даму, Қаржы, Əділет министрліктері) қамтамасыз етілмеген.

2015 жылы мемлекеттік органдарда (Мемлекеттік қызмет істері, Қаржы министрліктері, Есеп комитеті) сомасы 6,5 млрд. теңгеге төрт ақпараттық жүйені енгізу Іс-шаралар жоспарында көзделгенімен, іс жүзінде Есеп комитетінің ақпараттық жүйесі ғана өнеркəсіптік пайдалануға енгізілген. Қалған мемлекеттік органдарда құны 6,1 млрд. теңгенің үш ақпараттық жүйесі жоспарланған кезеңде өнеркəсіптік пайдалануға енгізілмеген.

2015 жылғы нысаналы индикаторлар көрсеткіштерінің іске асырылуын бағалаудың қорытындылары бойынша 2017 жылға жоспарланған 25 көрсеткішке қол жеткізбеу тəуекелі орын алып отыр.

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасының 18 нысана-лы индикаторының көрсеткіштерін əзірлеу тиісті деңгейде жүргізілмеген, соның салдарынан олардың жоспарлы мəн-дерінің төмендеуіне жол берілген.

Мысалы, мемлекеттік органдардың ақпараттық өзара іс-қимылын автоматтандыру 2017 жылы – 80% деңгейінде жоспарланған, іс жүзінде ол 2013 жылы – 97%-ды, 2014 жылы – 99,17%-ды жəне 2015 жылы – 99,96%-ды құрады; дəстүрлі түрде алынған қызметтердің жалпы санына арақатынасы бой-ынша көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылы – 50% болуға тиіс, іс жүзінде ол 2013 жылы – 78,6%-ды жəне 2014 жылы – 63,1%-ды құрады; Интер-нет желісіне қосылған үй шаруашылықтарының үлесіне 2017 жылы 65% деңгейінде қол жеткізу жоспарланған, іс жү зінде ол 2013 жылы – 86,7%-ды, 2014 жылы – 86,9%-ды құрады.

«Ақпаратты Қазақстан» мембағдарламасында оны іске асы-ру үшін ресурстарға деген қажеттілік айқындалмаған.

Іс-шаралар жоспарында 25 тармақ бойынша жергілікті бюд-жет қаражатының жəне бюджеттен тыс қаражаттың көлемдері көрсетілмеген, бұл Мембағдарламаларды мониторингтеу əдістемесін сақтамау болып табылады.

Мемлекеттік органдарға бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалау

2015 жылы орталық мемлекеттік органдардың рес-публикалық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін бағалау бюджеттік бағдарламалар əкімшілері ұсынған ақпараттың, бақылау-талдамалық жəне аудиторлық іс-шаралар нəтижелерінің негізінде жүргізілді.

Бағалау қорытындылары көрсеткендей, мемлекеттік органдар бюджет қаражатының тиімсіз пайдаланылуына жол беруде, бюджеттік бағдарламалардың тікелей жəне түпкілікті нəтижелерінің жекелеген көрсеткіштері толығымен игерілгенімен, оларға қол жеткізілмеуде.

Бұдан басқа, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көр-сеткіштері сапасыз жоспарланып, қаржыландырудың талап етілген көлемдері өсіріліп көрсетіледі, соған байланыс-ты, бөлінген қаражат игерілмейді немесе басқа бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінеді.

Жекелеген бюджеттік бағдарламалар əкімшілері тара-пынан бақылаудың əлсіздігінен, өңірлерге қаражат толық аударылғанымен, кейбір жергілікті атқарушы органдар бюджеттік бағдарламалар нəтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етпеуде.

Аудиторлық іс-шаралардың нəтижелері бойынша жекеле-ген инвестициялық жобалардың іске асырылу тиімділігінің төмендігі, құрылыс қызметі жəне мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар, орындалған жұмыстар көлемінің анықтығын қамтамасыз етпеу анықталды.

Бақылау объектілері мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып, біліктілік талаптарына сəйкес келмейтін əлеуетті өнім берушілердің конкурстарға қатысуына негізсіз жол берген, шартты жеңілдіктерді дұрыс есептемеген, бекітілген жобалау-сметалық құжаттама жəне басқалары болмаса да, мемлекеттік сатып алу жүргізген.

Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін бюджеттік өтінімсіз не олардың негізсіз жəне анық емес есептеулері бойынша қаржыландыру фактілері анықталды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекет активтерін пайдалану тиімділігін бағалау

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республика-да мемлекет қатысатын 403 заңды тұлға есептелді, соның ішінде:

131 акционерлік қоғам (бұдан əрі – АҚ), олардың 11-і – таратылу, банкроттық сатысында тұр не жұмыс істемейді, 13-і – сенімгерлік басқаруға берілді жəне 2-еуі – төлемдер бойынша бөліп төлене отырып сатылды.

23 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан əрі – ЖШС), олардың 3-еуі таратылу, банкроттық сатысында тұр не жұмыс істемейді;

139 республикалық мемлекеттік кəсіпорын (бұдан əрі – РМК) жəне 110 республикалық мемлекеттік қазыналық кəсіпорын (бұдан əрі – РМҚК).

Акцияларының (үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншікте болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметінің нəтижелеріне талдау жəне бағалау жүргізілді.

«Мемлекеттік тізілім» ақпараттық порталының деректеріне сəйкес, қаржы-шаруашылық қызметінің нəтижелері туралы жедел есептілікті орналастырған 92 АҚ мен ЖШС-дан 2015 жылды 65-і – пайдамен, 20-сы – нөлдік нəтижемен аяқтады жəне 7-еуі залалды болып табылады.

2015 жылы қаржы жылын 139 РМК-нің 117-сі – пайдамен, 13-і - 956,7 млн. теңге сомасындағы залалмен, 9-ы – нөлдік нəтижемен аяқтады.

2015 жылдың қорытындылары бойынша 7 РМК қайта ұйымдастырылды не таратылу сатысында, 1-і сатылды жəне 1-і сенімгерлік басқаруға берілді.

Дивиденд саясатын күшейтудің арқасында дивидендтердің, таза кіріс бөліктерінің, қатысу үлесіне кірістердің рес пуб-ликалық бюджетке түсетін түсімдерінің үлесі 2,2 есеге ұлғайды. Бұл ретте таза кірістен түсетін дивидендтердің үлесі 4,4%-дан 14,8%-ға ұлғайды.

(Соңы 8-бетте)

2015 ЖЫЛҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫ ТУРАЛЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЕСЕП КОМИТЕТІ ЕСЕБІНІҢ

(ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЕСЕБІНЕ ҚОРЫТЫНДЫ) НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАРЫ

Page 8: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жылwww.egemen.kz8(Соңы. Басы 7-бетте)

2015 жылы АҚ-лар (ұлттық басқарушы холдингтерсіз) мен ЖШС-лардан түскен дивидендтер мен қатысу үлесіне кірістер түсімдері 5,5 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің 65,1%-ын құрады. Бұл ретте төленген дивидендтер мен кірістердің үлес салмағы 2014 жылмен салыстырғанда 15,4 пайыздық тармаққа (49,7%-дан 65,1%-ға) ұлғайды.

2014 жылы таза кіріс 2,7 млрд. теңгеге немесе 2013 жылмен салыстырғанда 24,3%-ға қысқарғандықтан, 2015 жылы АҚ жəне ЖШС-дан түскен дивидендтер мен кірістердің сомасы абсолюттік мəнде 81 млн. теңгеге немесе 1,5%-ға қысқарды.

2015 жылы РМК таза кірісі бөлігінің түсімдері 4,8 млрд. тең-гені немесе жоспарға шаққанда 100,7%-ды құрады.

Жалпы алғанда, соңғы үш жыл ішінде республикалық бюд-жет кірісіне жалпы сомасы 85,1 млрд. теңге немесе бюджетке түскен түсімдердің жалпы көлемінің 0,4 %-ы болатын диви-дендтер түсті.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруа-шылық қызметінің нəтижелері бойынша аударымдар мен дивидендтерді бюджет кірісіне уақтылы аудармау фактілерінің орын алуы жалғасуда.

Сонымен бірге, аудиторлық іс-шаралардың нəтижелері бойынша таза кірісінің бір бөлігін төлегеннен кейін квази-мемлекеттік сектор субъектілерінің иелігінде айтар лық тай қаражат қалып отырады, олар екінші деңгейдегі банктердің депозиттік шоттарына орналастырылады.

19 ЖШС «Жауапкершілігі шектеулі жəне қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заң талаптарын бұза отырып, таза кірісінің бір бөлігін бөлу жəне бюджетке аудару туралы шешім қабылдамаған.

Бұл ретте Есеп комитетінің квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігі мен дивидендтерді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есептеу тəртібін айқындау жөніндегі ұсынымы орындалмай қалды.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі кемшіліктер мен олқылықтар бақылау-талдау іс-шараларымен анықталды. Бұдан басқа, бюджет жəне өзге де заңнама бұзушылықтарына жол берілді.

ӨҢІРЛЕРДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ПАЙДАЛАНЫЛУ

ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУӨңірлерде трансферттердің пайдаланылу

тиімділігін бағалау2015 жылы республикалық бюджеттен өңірлерге бөлінген

трансферттердің жалпы сомасы 1 916 млрд. теңгені, соның ішінде нысаналы даму трансферттері – 422 млрд. теңгені, ағымдағы нысаналы трансферттер – 589,6 млрд. теңгені жəне субвенциялар – 904,4 млрд. теңгені құрады.

Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге бөлінген трансферттер көлемдерінің төмендегені байқалады. Мəселен, есепті кезеңде бөлінген трансферттердің жалпы көлемі 2014 жыл мен салыстырғанда 11,6%-ға немесе 251,4 млрд. теңгеге азайған.

Трансферттер құрылымында бюджеттік субвенциялардың көлемдері 2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 7,5%-ға не-месе 73,7 млрд. теңгеге, нысаналы даму трансферттері – 31,5%-ға немесе 194,6 млрд. теңгеге азайған, бұл ретте ағымдағы ны саналы трансферттер 2,9%-ға немесе 16,8 млрд. теңгеге ұлғайған.

2015 жылы бөлінген нысаналы трансферттердің көлемі 1 011,6 млрд. теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыс-тырғанда 177,7 млрд.теңгеге немесе 14,9%-ға аз.

Аудиторлық (бақылау) жəне талдау іс-шараларының нəтижелері бойынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді бөлу жəне пайдалану кезінде жол берген жүйелі бұзушылықтар, кемшіліктер мен олқылықтар анықталды.

Есепті кезеңде қамтылған 866 млрд. теңге мөлшеріндегі бюджет қаражатының жалпы көлемінен нысаналы тран-сферттерді қалыптастыру мен пайдалануға байланысты анықталған қаржылық бұзушылықтар 410,5 млрд. теңгені құрады. Бұл 2014 жылғы деңгейден 67,6%-ға асып отыр. Орталық мемлекеттік органдар жол берген бұзушылықтар сомасы – 46 млрд. теңгені, жергілікті атқарушы органдардың бұзушылықтары – 364,5 млрд. теңгені құрады.

Нысаналы трансферттер бойынша қаржылық бұзушы лық-тардың жалпы көлемінен 97,3%-ын немесе 399,4 млрд. теңгесін нысаналы даму трансферттері құрайды, 11,1 млрд. теңгесі ағымдағы нысаналы трансферттерге тиесілі.

Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде, негізінен, Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңдардың, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптары бұзылған.

Бюджет кодексін бұза отырып, бюджеттік өтінімдердің есептеулерінің толықтығы мен анықтығы қамтамасыз етілмеуде, нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімдерде көзделген тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізілмеуде.

Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сəйкес 2015 жылдан бастап ағымдағы нысаналы трансферттерді пайда-лану есебінен қол жеткізілуге тиіс тікелей жəне түпкілікті нəтижелерді айқындай отырып, бюджеттік бағдарламалар əкімшілері мен өңірлер əкімдерінің арасында ағымдағы ны-саналы трансферттер бойынша келісімдер жасасу жөніндегі норма алынып тасталды.

Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша нəтижелер туралы келісімдердің болмауы ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын орталық мемлекеттік органдардың бақылауының нашарлауына əкеп соқты, бұл ретте нəтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне бағалау жүргізу мүмкін болмай отыр. Осылайша, нысаналы сипаты ескерілмеген ағымдағы нысаналы трансферттер іс жүзінде субвенцияларға теңестірілген.

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы

2015 жылғы республикалық бюджетті түзету кезінде республикалық инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражат сомасы 61,2 млрд. теңгеге (21%) төмендеп, 230,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылғы көлемнен 1,3 %-ға аз.

Жалпы сомасы 3,1 млрд. теңге болатын 13 жоба алы-нып тасталған, қаржыландыру сомасы 6,5 млрд. теңгені құрайтын 40 жоба қосымша енгізілген, сондай-ақ 177 жобаның қаржыландыру сомасы түзетілген. Нəтижесінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың жалпы саны 2015 жылы 239 бірлікті құрады.

Бюджетті нақтылау кезінде басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне енгізу жəне одан алып тастау негіз-ділігінің нақты өлшемшарттары регламенттелмеген.

2015 жылы республикалық бюджеттік инвестициялық жоба-лар мына бағыттар бойынша қаржыландырылған: көлік жəне коммуникация жүйелерін дамытуға – 131,8 млрд. теңге (57,2%), қорғанысты қамтамасыз етуге – 38,6 млрд. теңге (16,8%), ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға – 22,2 млрд.теңге (9,6%), білім беру, денсаулық сақтау, мəдениет, спорт, туризм жəне ақпараттық кеңістікке – 18,1 млрд. теңге (7,9%), қоғамдық тəртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқарушылық қызметке – 12,5 млрд. теңге (5,4%).

Ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттан сумен жабдықтау жүйелері мен гидротехникалық құрылыстарды салу бойынша 78 жоба 19,7 млрд. теңгеге не-месе 88,7%-ға қаржыландырылған.

153 республикалық инвестициялық жобаның ішінен 2015 жылы 96-сын аяқтау жоспарланып, іс жүзінде 81-і аяқталды.

Атқарылмаудың жəне объектілер құрылысының уақтылы аяқталмауын негізінен жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу (жобалық жəне жоба алдындағы құжаттаманы пысықтау), конкурстық рəсімдер нəтижелерінің күшін жою, шығыстардың сомаларын тоқтату немесе кейінгі мерзімге ауыстыру себеп болған.

Бақылау-талдау іс-шараларының нəтижелері бойынша анықталғандай, орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволары республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру жəне нысаналы даму трансферттерін пайдалану кезінде жалпы сомасы 149,6 млрд. теңгенің, соның ішінде 2015 жылғы республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде – 10,6 млрд. теңгенің бұзушылықтарына жол берген.

Орталық мемлекеттік органдар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде, негізінен, Бюджет кодексінің, «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Əкімшілік рəсімдер туралы» заңдардың, сондай-ақ Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларының талаптарын бұзған.

Бюджет кодексі бұзушылықтарының құрылымында бұзушылықтардың айтарлықтай бөлігі ЖСҚ-ға түзетулер енгізілместен, шарт бағасының жобаның сметалық құнынан асып кетуіне (62%) тиесілі болып отыр.

Сыртқы қарыздар есебінен құрылыс жүргізуге жасалған келісімшарттардың жекелеген ережелерінде жолдарды салу бойынша жұмыстар жүргізуді бастау жəне оларды күтіп-ұстау мəселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары көзделмеген.

Өңірлерде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуы

2015 жылы республикалық бюджеттен инвестициялық жоба-ларды іске асыруға бөлінген нысаналы даму трансферттерінің көлемі 503,7 млрд. теңге сомасында бекітілді. Нақтылаулар мен түзетулер нəтижесінде ол 81,7 млрд. теңгеге (16,2%) төмендеп, 422,0 млрд. теңгені құрады, бұл 2014 жылға қарағанда 194,6 млрд. теңгеге аз.

Өңірлерде инвестициялық жобалар қорғаныс, қоғамдық тəртіп жəне қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, əлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық ша-руашылық, мəдениет, туризм, отын-энергетикалық кешен, қоршаған ортаны қорғау салаларын дамытуға бағытталған 30 бюджеттік бағдарлама бойынша іске асырылды.

2015 жылы өңірлерде іске асырылған 970 инвестициялық жобаның 576-сын аяқтау жоспарланып, іс жүзінде 527-сі (91,5%) аяқталды.

2015 жылы жергілікті атқарушы органдардың деректеріне сəйкес, нысаналы (даму) трансферттер бойынша нəтижелер ту-ралы келісімдерде 1 542 тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу көзделіп, олардың іс жүзінде 1 437 көрсеткішіне немесе 93,2 %-ына қол жеткізілді.

Өңірлерде жүргізілген кешенді жəне тақырыптық тексерулердің қорытындылары бойынша инвестициялық жобаларды іске асырудың жүйелі проблемалары жəне тиім ділігінің төмен екендігі, нысаналы трансферттер бойын ша нəтижелер туралы келісімдердің (бұдан əрі – келісімдер) сапасыз əзірленгені жəне олар бойынша нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмегені, орындалмаған жұмыс көлеміне ақы төленгені, құрылыс қызметі жəне мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы, бюджет жəне өзге де заңнаманы жүйелі түрде бұзушылықтар анықталды.

Есепті кезеңде өңірлерде жүргізілген бақылау-талдау іс-шараларының аясында 469 млрд. теңгеге 116 объекті тексеріліп, олар бойынша 352,9 млрд. теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Республикалық жəне жергілікті деңгейлердегі бюджеттік бағдарламалар əкімшілері бюджеттік өтінімдердің толық-тығын, анықтығы мен негізділігін қамтамасыз етпеуде.

Барлық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалардың жекелеген əкімшілері келісімдерді əзірлеу кезінде тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көрсеткіштерін, инвестициялық жобалардың сапалық сипаттамалары мен іс-шараларын қаржыландырылу көлемдерін көрсете отырып, олардың атауы бойынша тізбесін көрсетпеген.

Нəтижесінде республикалық бюджеттен бері летін ны саналы трансферттер келісімдерде көз дел меген инвестициялық жобалар мен іс-ша ра лар ды іс ке асыруға пайдаланылуда, жекелеген жоба-лар қаражаттың басқаларға қайта бөлінуіне байланысты жете қаржыландырылмаған.

Аталған бұзушылықтар нысаналы трансферттерді пай да ла-нудың ашықтығына, олардың нысаналы бағытына теріс əсер етеді.

Жергілікті атқарушы органдар Бюджет кодексінің талапта-рын жергілікті бюджеттен жобаларды уақтылы əрі міндетті қоса қаржыландыру бөлігінде сақтамаған, бұл нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге, инвестициялық жобаларды пайдалануға беру мерзімдерінің кешіктірілуіне, кредиторлық берешектің қалыптасуына жəне республикалық бюджетке жүктеменің түсуіне алып келген.

Өңірлерде нысаналы даму трансферттерін игеру кезінде бірқатар инвестициялық жобалар мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама бұзыла отырып жəне белгіленген тəртіппен бекітілген техникалық құжаттамасыз іске асырылған.

Негізсіз есептеулері мен олқылықтары бар жобаларды іске асыру, жобалық шешімдерге өзгерістер енгізу бюд-жеттік инвестициялық жобалар құнының қымбаттауына, республикалық бюджет қаражатынан қосымша шығыстарға əкеп соққан.

Мəселен, 2015 жылы сомасы 2 216,1 млрд. теңгеге іске асырылған жобалардың жалпы сметалық құны жобалық құжаттарға түзетулер енгізу нəтижесінде 134,1 млрд. теңгеге немесе 6,1 %-ға ұлғайған.

Нысаналы даму трансферттерін мақсатсыз əрі тиімсіз пайдалану фактілері анықталды, осылайша пайдалануға тап-сырылған объектілер тұрып қалған, жекелеген жағдайларда тоқтатылған.

2015 жылы өңірлерде бюджеттік инвестиция лық жо ба лар ды іске асыруға бағытталған, тиімсіз пайда -ла ныл ғ ан бюджет қаражатының жалпы сомасы 51,2 млрд. теңгені құрады.

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІКТұжырымдар

1. Республикалық бюджеттің атқарылуы мұнайға əлемдік баға төмендеген, инфляция деңгейі өскен, ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы едəуір əлсіреген тұста, экономикалық дамудың өсу қарқынының баяулауы жағдайларында жүргізілді.

2. Республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 8 200 млрд. теңге көлемінде 2015 жылға арналған үкіметтік борыштың лимиті 465,7 млрд. теңгеге немесе 5,7%-ға асып кеткен.

3. 2015 жылы жалғасқан энергия жеткізгіштерге төмен бағалар жағдайларында, тауарлар экспорты құлдырауының жалғасуы жəне соның салдарынан, тікелей шетелдік инвесторлардың кірістерінің күрт қысқаруы төлем балансының ағымдағы операциялары шотының теріс сальдосына əкеп соқты.

4. Шоғырландырылған бюджет түсімдеріндегі шикізат сек-торы үлесінің біршама төмендегеніне қарамастан, бюджеттің кіріс бөлігінің экономиканың өндіруші салаларына тəуелділігі сақталып отыр.

5. 2015 жылы республикалық бюджетке түскен салықтық түсімдердің асыра орындалуына еркін құбылмалы валюталық айырбастау бағамына көшуге байланысты түсімдер (шама-мен 300 млрд. теңге), сондай-ақ жоспарлы көрсеткіштерді төмендету жағына қарай түзету айтарлықтай əсерін тигізді. Бұл ретте мемлекеттік кірістер органдары салықтық жəне кедендік əкімшілендіру шараларын жеткілікті дəрежеде тиімді қолданбаған.

Мемлекеттік кірістер органдары қабылдап жатқан салықтық бақылау шаралары салықтарды төлеуден жалтару нəтижесінде туындайтын шығындардың едəуір төмендеуіне əкеп соқпауда.

6. Салық тексерулерін негізсіз ұзарту немесе тоқтату төмен-детілген төлемдерді қосымша есептеу үшін талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуіне, соның салдарынан бюджеттің айтарлықтай шығындарына əкеп соғады.

7. Бюджеттік кредиттерді мониторингтеу мен бақылау тиісті деңгейде жүзеге асырылмауда, бұл түпкілікті нəтижелерге қол жеткізу бойынша деректердің анықтығына əсерін тигізді (Орталық деңгейдегі бюджеттік бағдарламалар əкім-шілерінің есептерінде бюджеттік кредиттер тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізе отырып игерілген ретінде көрсетілгенімен, өңірлерде игерілмеген, олар бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізілмеген).

8. 2015 жылы ұзақ мерзімді кезеңге арналған игеру мерзімімен берілген бюджеттік кредиттер жергілікті бюд-жеттің 2015 жылы игерілмеген қаражатына жатқызылған.

9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ҚБШ-сында 2016 жылғы 1 қаңтарға жарғылық капиталын қалыптастыруға жəне ұлғайтуға бөлінген 132,2 млрд.теңге (соның ішінде 76,5 млрд. теңге – 2015 жылғы республикалық бюджет қа-ражаты) мөлшеріндегі республикалық бюджет қаражатының қалдығы қалыптасқан. Бұдан басқа, ҚБШ-да мемлекеттік тапсырманы орындауға бөлінген 5,1 млрд.теңге пайдаланыл-май қалған.

10. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағ дар ла-масының жеткілікті дəрежеде сапалы əзірленбегені атап өтіледі. Жекелеген іс-шаралар бойынша ресурстарға талап етілген қажеттілік айқындалмаған. Мембағдарламаның барлық нысаналы индикаторларының аралық мəндері көрсетілмеген.

Жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалмаған, бірқатар көрсеткіштерге қол жеткізілмеген.

11. Жекелеген мемлекеттік органдар бюджеттік бағ дар-ламаларға қол жеткізудің тікелей жəне түпкілікті нəтижелерін сапасыз əзірлеген. Қаржыландырудың талап етілген көлемдері асыра көрсетіліп, бөлінген қаражат игерілмеген немесе басқа бюджеттік бағдарламаларға қайта бөлінген.

12. Бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін бюджеттік өтінімдерсіз не олардың негізделмеген жəне анық емес есеп-теулері бойынша қаржыландыру фактілері анықталды.

13. Ғылыми жобаларды, іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бағытталып отырған айтар-лықтай көлемдегі ресурстардың болғанынан қарамастан, ғылыми əзірлемелердің экономикалық тиімділігінің төмендігі жəне талап етілмей отырғаны атап өтіледі.

14. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет кірісіне аударымдар мен дивидендтерді уақтылы аудармау фак тілерінің орын алуы жалғасуда.

2014 жылы Есеп комитеті енгізген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің таза кірісінің бір бөлігі мен дивидендтерді уақтылы аудармағаны үшін өсімпұл есептеу тəртібін айқындау жөніндегі ұсыным орындалмай қалды.

15. Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне кредит беру үшін төмен мөлшерлемелермен (3,41% жəне 6,53%-бен) көзделген бюджеттік кредиттер түпкілікті алушыларға екінші деңгейдегі банктер арқылы анағұрлым жоғары мөлшерлемелермен (7,41% жəне 11,53%) берілген.

16. «Мемлекеттік аудит жəне қаржылық бақылау туралы»

Заңда «бюджет қаражатын, мемлекет активтерін тиімсіз басқару жəне пайдалану» деген ұғым болғанымен, «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте бұзушылықтың аталған түрлері үшін жауаптылық көзделмеген.

17. Қолданыстағы заңнамада шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындардың есеп саяса-тын уəкілетті органмен келісу жөніндегі норманың болма-уы бухгалтерлік есепті жүргізу жəне қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде жол берілетін көптеген бұзушылықтарға əкеп соғуда.

18. Бірқатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ие лігінде жатқан айтарлықтай бюджет қаражаты сома-лары екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне орналас-тырылған, жекелеген жағдайларда заңнаманы бұза отырып пайдаланылған.

19. Мемлекеттік органдардағы жəне квазимемлекеттік сек-тор субъектілеріндегі бухгалтерлік қызметтерде жұмыс жа-сайтын қызметкерлердің біліктіліктерінің жеткілікті болмауы бухгалтерлік есеп жүргізуде көптеген бұзушылықтарға əкеп соғуда, бұл қаржылық есептіліктің анықтығына кері əсер етеді.

20. 2015 жылы Бюджет кодексінен бюджеттік бағдарламалар əкімшілері мен өңірлердің əкімдері арасында ағымдағы ны-саналы трансферттер бойынша келісімдерді жасасу жөніндегі норманы алып тастау орталық мемлекеттік органдар тара-пынан ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайда-ланылуын бақылаудың нашарлауына əкеп соқты. Бұл рет-те, нəтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізілуіне бағалау жүргізу мүмкін болмай отыр. Осылайша, нысаналы сипаты ескерілмеген ағымдағы нысаналы трансферттер іс жүзінде субвенцияларға теңестірілген.

21. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын іске асыру кезінде мүдделі мемлекеттік органдар автожолдың жекелеген учаскелері бойынша жұмыстарды үйлестірмеген.

22. Сыртқы қарыздар есебінен құрылыс жүргізуге арналған келісімшарттардың жекелеген ережелерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының жолдарды салу жəне оларды күтіп ұстау бойынша жұмыстар жүргізуді бастау бөлігіндегі талаптары көзделмеген.

23. Өңірлерде аяқталуы жоспарланған 576 жобаның іс жүзінде 527-сі аяқталған (49 жоба аяқталмай қалған).

24. Нысаналы даму трансферттері бойынша келісімдерде тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің көрсеткіштері, инвес-тициялық жобалардың атаулы тізбесі, олардың сапалық сипат-тамалары жəне іс-шаралар бойынша қаржыландыру көлемдері көрсетілмеген, келісімдерді орындау мерзімдері сақталмаған.

Жекелеген жобалар бойынша нысаналы даму трансферттері келісімдерде көзделмеген іс-шараларға жұмсалған, қаражаттың басқа жобаларға қайта бөлінуіне байланысты, жекелеген жо-балар жете қаржыландырылмаған.

25. Жергілікті атқарушы органдар Бюджет кодексінің жобаларды жергілікті бюджеттен уақтылы жəне міндетті қоса қаржыландыру бөлігіндегі талаптарын сақтамаған, бұл нəтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуіне, инвестициялық жобаларды пайдалануға енгізу мерзімдерінің кешіктірілуіне, кредиторлық берешектің қалыптасуына жəне республикалық бюджетке қосымша жүктемеге əкеп соққан.

Ұсынымдар1. Шоғырландырылған бюджет түсімдерінің шикізат сек-

торына тəуелділігін төмендету мақсатында, экономиканың өндіруші секторларының өсу қарқынымен салыстырғанда, жоғары қосылған құнмен өңдеуші өнеркəсіп салаларын дамытудың озық қарқынын қамтамасыз ету жөнінде шара-лар қабылдансын.

2. Салықтарды төлеуден жалтаруға қарсы іс-қимыл мақ-сатында, «Салық жəне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске салық міндеттемелері жəне қозғалған қылмыстық істер шеңберінде туындайтын талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімдерін ұлғайту бөлігінде түзетулер енгізілсін.

3. Игерілу мерзімдері кейінгі қаржы жылдарына көз делгендерді қоспағанда, есепті кезеңде бюджеттік кредиттердің игерілуін жəне пайдаланылуын есепке алу тетігі заң жүзінде реттелсін.

4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне бюджет қаражатын оларды игеру жəне жобаларды іске асыру ке-зеңділігіне қарай бөлу жөніндегі Есеп комитеті ұсынымының орындалмағанына назар аударылсын.

5. «Саламатты Қазақстан» жəне «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойын-ша анықталған кемшіліктерге жол бермеу мақсатында, олар Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жəне жаңа «Цифрлық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасын əзірлеу кезінде ескерілсін.

6. Үкімет резервінен шұғыл шығындарға арналған қаражаттың күтілмегендерге жатпайтын іс-шараларға пайда-ланылу фактілерінің болуына, мұның бюджет заңнамасына қайшы келетіндігіне назар аударылсын.

7. Ғылыми зерттеулер мен жобаларға қажеттілікті айқындау, олардың тиімділігі мен нəтижелілігін, сондай-ақ іске асырудың əлеуметтік-экономикалық жəне экологиялық салдарла-рын бағалау рəсімдерін реттейтін тетіктер əзірленсін жəне заңнамада белгіленген тəртіппен бекітілсін.

8. Мемлекеттік органдардағы жəне квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі бухгалтерлік қызметтерде жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыру жəне оларды қайта да-ярлау жөнінде шаралар қабылдансын.

9. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган бюджеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландыру жоспарла-рына енгізілетін өзгерістер (ерекшеліктер арасындағы ауысты-рулар) санын шектеу мəселесін қарасын.

10. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган мем-лекеттік жоспарлаудың ақпараттық жүйесі арқылы бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру жəне мақұлдау процесін толығымен автоматтандыруды қамтамасыз етсін.

11. «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне оның күшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құқықтық актілерімен белгіленген əкімшілік шығыстар бойынша заттай нормаларға қолдану бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мəселесі қаралсын.

12. Қолданыстағы заңнамаға өсімпұлдар есептеу, сондай-ақ таза кірістің бір бөлігін жəне дивидендтерді уақтылы аудармағаны үшін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларын жеке жауаптылыққа тарту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу процесі жеделдетілсін.

13. «Əкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны жəне мемлекет активтерін тиімсіз басқарғаны үшін жауаптылық енгізу бөлігінде өзгерістер мен толық-тырулар енгізілсін.

14. «Бухгалтерлік есеп жəне қаржылық есептілік тура-лы» Қазақстан Республикасының Заңына республикалық мемлекеттік кəсіпорындардың есеп саясатын тиісті уəкілетті органмен міндетті түрде келісу бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.

15. Табиғи монополия субъектілеріне немесе тиісті нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілеріне жататын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кəсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін ұлғайту тарапына қайта қарау мəселесі қаралсын.

16. «Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметі туралы» Заңға жобалау-сметалық құжаттаманың жобалық шешімдерге сəйкессіздігі анықталған кезде оны сапасыз əзірлегені үшін ұйымның жауаптылығын белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілсін. Кешенді ведом-стводан тыс сараптама жүргізудің бірыңғай ақпараттық жүйесіне жобалау-сметалық құжаттаманы жəне техникалық-экономикалық құжаттаманы енгізудің жəне оның сақталуын қамтамасыз етудің міндеттілігі мəселесі заң жүзінде реттелсін.

17. Тікелей жəне түпкілікті нəтижелерге қол жеткізілуін айқындай отырып, ағымдағы нысаналы трансферттер бой-ынша орталық жəне жергілікті атқарушы органдар арасында келісімдер жасасуды бюджет заңнамасында регламенттеу мəселесі қаралсын.

18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уəкілетті орган қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге бюджетті нақтылаулар кезінде басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесіне қосу жəне одан алып тастау негізділігінің өлшемшарттарын регламенттеу бойынша өзгерістер енгізсін.

19. Сыртқы қарыздар есебінен автожолдар салуға ке-лісім шарттар жасасу кезінде олардың «Қазақстан Рес-публикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құры лыс қызметі туралы» Заң талаптарына сəйкестігі қамтамасыз етілсін.

20. Заңнамада, соның ішінде халықаралық келісімшарттар бойынша сыртқы қарыздар есебінен жобаларды аяқтау мерзімдерінің бұзушылықтарына жəне қарызға қызмет көрсету үшін республикалық бюджеттен қосымша шығыстарға əкеп соққан, оларды уақтылы игермегені жəне іске асырмағаны үшін бюджеттік бағдарламалар əкімшілерін жауаптылыққа тарту мəселесі қаралсын.

21. Қазақстан Республикасының шет елдердегі меке-мелерінің жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алу, жалға алу, ғимараттар мен құрылыстар салу жəне күрделі жөндеу тəртібін айқындау жөнінде Үкіметтің құзыретін бекіту мəселесі қаралсын.–––––––––––––––––––––––––––

1ҚР Үкіметінің резервінен бөлінген қаражатты есепке алмағанда

Басты байлық

Жуырда осыған орай, Астанада онколог, сто-матолог жəне оториноларинголог дəрігерлердің қатысуымен «Бас пен мойын ісіктерін ерте кезеңде диагностикалаудағы алуан түрлі ғылым салаларын үйлестірген тəсілдеме» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Бас пен мойын обырын ерте кезде диагнос-тикалау еуропалық апталығы 2016-2020 жыл-дарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде іске асыры-лады, оның негізгі мақсаттары: санитарлық саламаттылықты қамтамасыз етудің негізінде халықтың денсаулығын нығайту, қауіп-қа тер факторларының алдын алу, пайдалы тағам-дармен тамақтануды насихаттау жəне сала матты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

Конференция жұмысына ҚазОжР ҒЗИ дирек-торы, медицина ғылымдарының докторы Диляра Қайдарова, «Ресей ФМБА БАИ» ФМББМ он-кология жəне реконструкциялық пластикалық хирургия кафедрасының мең герушісі, РҒА корреспондент-мүшесі, профес сор Игорь Решетов, Астана қаласының Он кология орталығының бас дəрігері, «Астана қаласының онкологтары мен радиологтары қауымдастығы» ҚБ төрағасы, қалалық мəслихат депутаты Мұхтар Төлеутаев, Астана қаласы ДБ «Стоматология оқу-клиникалық орталығының» директоры, штаттан тыс бас стома-толог Астан Жан гереев, Онкология орталығының бас пен мойын бөлімінің меңгерушісі Дархан Ахмедин қатысты.

Бас пен мойын обыры таралу ауқымы жағы нан қатерлі ісіктердің арасында 6-шы орында тұр. Бұл кеселді хирургиялық жолмен емдеудің, химиялық, радио жəне таргеттік терапияның тиімді əдістері бар болғанына қарамастан, нау қас адамдардың арасындағы өлім-жітім диагноз қойылғаннан кейінгі 1-ші жылдың ішінде 50%-ға жетіп отыр. Онкологтар бас пен ми обырына шалдыққан адам-дар санының күрт өсуіне қатты алаңдап отыр.

Ісікке шалдыққан науқастар ауруының асқыну себептерін талдау мынадай жағдайды көрсетті: науқас адамдардың 6,5%-ында аурудың асқынуы оның еш нышансыз жəне аз

ғана белгімен өтуіне байланысты болған; 17,5%-ында дененің бұл бөлігінде қатерлі ісіктің болу ықтималы бойынша хабарсыздығынан жəне өзін-өзі емдеуінен болған; 25,5%-ында мұның себебі – жалпы бейіндегі дəрігерлердің (тера-певт, хирург) онкологиялық қырағылығының жеткіліксіздігінен; 50,5%-ында бұл оторино-ларинголог жəне стоматолог мамандардың жіберген қателіктерінен орын алған.

Бастапқыда диагноздың қате қойылуы ем-нің де дұрыс болмауына əкеледі, науқасқа ауыз-мұрын қуысын шайып, əртүрлі жақпа май жағу ұсынылады, қабынуға қарсы ем шарала-ры, физиотерапия процедуралары, компресс, тісті жұлу жəне хирургиялық араласу ша ра лары қолданылады. Осының нəтижесінде бас пен мой-ын обыры көбіне-көп аурудың ке йінгі сатыларын-да, оны емдеу өте қиындаған кезде анықталады. Ал диагноз неғұрлым ертерек қойылса жəне дұрыс ем белгіленсе, сырқаттанған адамның жазылуға мүмкіндіктері соғұрлым көбірек бола-ды. Адамды өлімнен сақтап қалу үшін əр күннің маңызы зор десек, артық айтқандық болмас.

Бұл еуропалық апталық шарасын өткізу кезінде мамандар 1 600-ден астам адамды тек-серуді жоспарлап отыр. Апталық екі кезең бо-йынша өтеді. Бірінші кезең барысында ЛОР мамандары мен стоматологтар Қазақстан мен Ресейдің жетекші онкологтарынан бас пен мойын ісіктерін ерте сатыда диагностика-лау əдістерін оқып-үйренеді. Екінші кезеңде, 2016 жылдың 19-23 қыркүйегі аралығында онкологиялық диспансерлердің негізінде аза-маттарды тегін қабылдау жүзеге асырылады.

Еске сала кетейік, апталық Қазақстанның төрт қаласында: Алматы, Қарағанды, Өске-мен жəне Астана қалаларында болып өтті. Қа-зақстандықтар 8-800-080-5058 «жедел желі» телефоны ар қылы 1 тамыз бен 23 қыркүйек ара-лығында диаг ностикаға жазылып, мамандарға көрініп, тегін скринингтен өте алады.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ,журналист

Ќатерлі ісіккеќарсы тўрар бір амалОл дер кезінде емделу

Жыл сайын дүниежүзінде бас пен мойынның жазық жасушалық обырына шалдығудың 1 116 000-нан астам жаңа жағдайлары анықталып жатады, солардың арасынан жыл сайын 763 000 адам көз жұмады екен.Ал Қазақстанда жыл сайын бас пен мойын ісігі бойынша шамамен 1700 жағдай тіркеледі. Оның басым бөлігі – кеселдің таралуы III-IV сатыға сəйкес келетін емделушілер. Бас пен мойындағы обырды емдеу үшін жасалатын отадан адамдар əдетте жарымжан, мүгедек болып қалады. Ал дер кезінде емделген жағдайда науқас адамдардың аман қалуы 80-90 пайызды көрсетіп отыр.

Биыл Халықаралық өнер фестиваліне Вин-Чун Халықаралық федерациясының (IWCO) құрметті президенті Сифу Дональд Мак, Ultimate Fighting Championship қамқорлығымен өнер көрсететін, аралас стильдегі кəсіпқой спортшы Хабиб Нурмагомедов, кəсіпқой ре-сей лік тайбоксшы жəне кикбоксшы, тай бок-сынан жəне кикбоксингтен кəсіпқойлар мен əуесқойлар арасындағы жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, тай боксынан Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Артем Левин сынды əйгілі тұлғалар қатысады. Актер, кəсіпқой спорт-шы, жауынгерлік жекпе-жек бойынша əскери нұсқаушы Сергея Бадюк спортсүйер қауым үшін тосын сый болмақ.

Баспасөз мəслихатында атап көрсетілгендей, маңызды спорттық шарадан қазақстандық спортшылар да тыс қалмайды. Еліміздің таны-мал боксшысы, 2005 жылғы жəне 2007 жылғы əлем чемпионы, 2012 жылғы олимпиада чемпи-оны, «Астана Арланс» кəсіпқой бокс клубының бас директоры Серік Сəпиев, тай боксы мен К-1 кəсіпқой спортшы, əуесқойлар арасындағы əлем чемпионы, кəсіпқойлар арасындағы Таиланд Королі кубогының иегері Дəулет Отар-баев, каратэ мен ММА-дан əлемнің үш дүркін

чемпионы, джиу-джитсуден Еуропаның үш дүркін чемпионы Айдар Махметов, сондай-ақ, Қазақстанның джиу-джитсу мен ММА феде-рациясының президенті Анатолий Ким сияқты кеш қонақтары өз шеберліктерін ортаға салады.

Еске сала кететін болсақ, өткен жылғы бі-рінші жауынгерлік өнер фестиваліне дүние-жүзінен 150-ге жуық шебер қатысып, шара барысында Стивен Сигал, Сергей Бадюк пен Бату Хасиков көпшілікке түрлі жекпе-жек-терден айла-тəсілдер көрсетіп, көрермендерді ұмытылмас əсерге бөлеген. Сонымен бірге, елордалық көрермендер алғаш рет шаолинь монахтарының өнерін тамашалаған болатын. Баспасөз мəслихатында айтылғандай, биылғы жауынгерлік өнер фестивалі де əсерлі əрі тар-тымды болатын түрі бар.

ІІ Халықаралық жа уынгерлік өнер фес-тивалінің шымылдығы кеше, 28 маусымда «Дəулет» ұлттық теннис орталығында ашыл-ды. Ал бүгін ІІ Халықаралық жауынгерлік өнер фестиваліне қатысушылар Астана қаласындағы спорт мектептерінің шəкірттеріне арналған шеберлік дəрістерін өткізеді.

Назерке МҰХАМЕДИЯ,№4 мектеп-гимназияның түлегі

Боз кілемде жауынгерлік жекпе-жек

Кеше, Астанадағы «Marriott» қонақүйінде ІІ Халықаралық жауынгерлік өнер фестиваліне қатысушылардың баспасөз мəслихаты болып өтті. Халықаралық жауынгерлік өнер фестивалі елордада осымен екінші рет өткізілмек. Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылғалы отырған бұл айтулы шараға Италия, Қазақстан, Қытай, Ресей, Филиппин жəне Жапония шеберлері көрермендер назарына джиу-джит-су, киокушинкай-кан каратэ, қоян-қолтық ұрыс, сумо, таэквандо, муай-тай, вин-чун, қазақ күресі, бразилиялық джиу-джитсу, шаолинь-цюань жəне пекити-тирсия кали сияқты жауынгерлік жекпе-жектер бойынша өнер көрсетеді.

Қарсаңда

Page 9: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 9

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,«Егемен Қазақстан»

– Екі апта тез өте шығады,

мен балалардың жақсылап демал -ып, тынығуларына тілектеспін. Табиғатты аялап, өз елдеріңізді шын сүйіңіздер. Демалысты жақсы өткізіп, оқуда озат болыңыздар, – деді «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком-паниясының бизнесті қолдау жө-ніндегі басқарушы директоры Серік Кеулімжаев.

«Сұңқар» сауықтыру лагерін-де толыққанды демалу үшін жан-жақты жағдай жасалған. Бала -лар жайлы тұрғын корпус тарда тұрады. Əр нөмірде сани тарлық торап, душ бөлмесі жұмыс істейді. Кешен аумағында баскетбол, во-лейбол, футбол ойнауға ар налған алаңдар бар. Суға түсіп жүземін десең екі бассейн ашылған. Сон-дай-ақ, тренажер, кино залда-ры да толық қызмет көр сетеді. Жеткіншектер сүйікті істерімен

айналысып, уақыттарын мəнді өткізеді.

Демалыс кезінде балалар Бу -рабай ұлттық саябағына барып саяхатқа шығады. Абылай ханның алаңында болып, табиғат музейінің жəдігерлерімен танысады. Əрине, жаяу жорықта гитараға қосылып əн шырқайды. Түрлі концерттер мен дискотекаларға қатысып, өнер лерін көрсетеді.

– «Сұңқар» сауықтыру кеше-нінде көптеген балалармен таны-сып, достастым. Олармен бірге өз өнерімді көрсетіп, көпшіліктің кө ңілінен шықтық. Жалпы алғанда лагерьде демалып тынығу өте кө-ңілді. Кешен қызметкерлері бізге талай нəрсені үйретті. Өйт кені, мұндағы табиғаттың өзі ға жайып емес пе. Бəрі шынайы əрі əсерлі, – дейді 2-ші жасақтың мүшесі Мерей Мұхаметжан.

2001 жылдан бері «Сұңқар» сауықтыру кешені жазғы мау-сым да 23 мыңнан астам баланы қабылдап, жақсы тыны ғуларына жағдай жасады. Не гізінен олар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компа-ниясына қарасты еншілес кəсіп-орындар мен бөлім шелердің бала-лары. Жеткіншектердің көп шілігі табиғаты қаталдау Қызыл орда, Жаңаөзен, Маңғыстау сияқ ты өңірлерден келді. Əрине, олар-дың бəріне Ақмола облы сы-ның аумағындағы қарағайлы ор мандардың көркемдігі көңіл-дерінен шығып, денсаулықтарын шың дауға себебін тигізгені сөзсіз.

Балалар бір-бірімен шүйір-

ке лесіп жатқан сəтте, бір кездегі ла герьде өткен күндерін ұлттық ком панияның басқарушы дирек-торы Серік Кеулімжаев та есіне түсірді.

– Мен кеңестік кезеңде туып-өстім. Жыл сайын жазғы кани-кул күндерін пионер лагерінде өткізетінмін. Кей кезде бос орын таба алмай шатырларда жат қанбыз. Ол уақыттағыны қа зір гімен са-лыстыра алмайсың. Екеуі нің ара-сы жер мен көктей. Өйткені, бү-гінгі күннің лагерьлері заманауи жабдықтармен жаб дықталған. Керекті нəрсенің бəрін табасың. Жалпы алғанда лагерьде дем-алғанға не жетсін. Жаңа дос тар тау-ып, ой-өрісің кеңейетіні өз алдына. Бір сөзбен айтқанда, лагерьде бəрі тамаша, – дейді Серік Кеулімжаев.

Көркімен көз тамсанды-ратын Көкше өңіріндегі бала-лар лагерьлерінде қазір нағыз қызықты шақ. Жаз жайнатып, күн күлдіріп, мəре-сəре болған жеткіншектердің қуаныштары шексіз болғай. Олардың алаң-сыз демалуына жағдай жасаған «ҚазМұнайГаз» ұлттық ком-паниясының жұмысы атап айтуға əбден лайық.

Зерендіде балалар лагері бар«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының «Сұңқар» ба-лалар сауықтыру лагері Көкше өңіріндегі Зеренді көлінің жағалауындағы «Көкшетау» ұлттық саябағында орналасқан. Мұнда екі апта ішінде компанияға қарасты еншілес ұйымдар қызметкерлерінің 2 мыңға жуық балала-ры демалып, денсаулықтарын түзетеді. Əсіресе Қызылорда, Маңғыстау жəне басқа облыстардан келген жеткіншектердің алған əсерлерін тауысып айта алмайсың. Жақында лагерьде екінші маусымның салтанатты ашылуы болды.

Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кəсіби біліктілігін шыңдау, білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жас-тарды тəрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тəжіри-белерді жинақтап, тарату еді.

Дəстүрлі екінші республикалық педа-гогикалық оқуларда жаңалықтың жаршысы болуға еліміздің 32824 педагогы қатысты. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейтойы құрметіне арналып өткізілген педагогикалық оқулар ең пер-спективалы инновациялық жобаларды анықтап, оларды жүзеге асыруға жол аша-тын тəжірибе алмасуға жəне пікірталасқа арналған орын, кəсіби шеберлік-шыңдалу

мектебі болды. Педагогикалық оқуларға аудандық (қалалық) жəне облыстық кезеңдерден сүрінбей өткен 122 ең үздік жұмыс республикалық қорытынды кезеңде өзара бақ сынасып, өздерінің бірегей тəжіри белерімен жəне жекелей ерекше қасиеттерімен көзге түсті. Педагогикалық оқулардың жұмысы – мектепке дейінгі білім беруден бастап, жоғары білім беруге дейінгі білім мазмұнын жаңарту мəселелерін қамтыған барлық білім беру сатылары бой-ынша 8 бағытта стратегиялық зертханалар форматында ұйымдастырылды.

Екінші республикалық педагогикалық оқулардың жұмысына Біл ім жəне ғылым министрлігінің жауапты хат-шысы Əмір хан Рахымжанов қатысты. Ол форум қатысушыларына сəттілік тілеп, білім саласының алдында күрделі,

əрі ма ңызды басты міндеттер тұрғанын атап өтті. Бұқар жырау, М.Ж.Көпеев, С.Торайғыров, Ж.Мұса, Қ.Сəтбаев, Ш.Шө-кин, Ə.Марғұлан, Ш.Айманов тəрізді та-лай дарын мен талантты дүниеге əкелген ұлылар мекенінде өткізіліп жатқан іс-шара мемлекетіміздің білім беру саясатын жүзеге асырудың бір қадамы, соған қосар үлес екеніне тоқталды. Əмірхан Мұратбекұлы Қазақстан Республикасының білім беру мен ғылымды дамытудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асырудағы « Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ қыз метіне жоғары баға берді.

С.Торайғыров атындағы Павлодар мем лекеттік университеті, Павлодар мем-лекеттік педагогикалық институты, Инно-вациялық еуразиялық университеті ғалым-дары нан құрылған сараптамалық қазылар ал қасы қатысушылардың жұмысын баға-лау барысын да педагогтердің жұмыс маз мұнының ин но вациялық идеялар басымдығын, оның тəжірибелік бағытын ерекше баға лады.

Екінші республикалық педагогикалық оқулардың қатысушылары ынтымақ тастық

ахуалын құру, өзара пікір алмасу, тиімді сұхбат жүргізу, педагогикалық қызметтің алдағы қадамдарын белгілеу үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ барлық қажетті жағдайды жасағаны туралы пікір лерін білдірді.

Республиканың педагогикалық қыз-меткерлері өздерінің бірегей инно вациялық тəжірибелерін, зерттеу қызметінің əзір-лемелерін, жалпы дарынын ашатын Педагогикалық оқуды өткізу тамаша дəс-түрге айналып отырғанын алға тартты.

«Ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мəңгі», дейді Елбасы өз Жолдауында. Олай болса, бүгінгі тұманың тұнығындай тума таланттар жерінен шабыт алған ұстаздар қауымы қажырлы еңбектерімен баянды ету-ге жұмылары анық. Екінші республикалық педагогикалық оқулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің шыққан шыңдары мен бағындырған биіктері осыны дəлелдейді. Иə, олардың шығармашылық жұмыстары қашанда жемісті бола бермек.

Бұлғын ЖАЛМАҒАМБЕТОВА,

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Павлодар

облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру

институтының директоры

Білім. Бағдарлама. Білік

Еркін елдің ертеңі

Кəсіби дамудыѕ баєдарыЖақында Павлодар қаласында Білім жəне ғылым министрлігі жəне «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының мұрындық болуымен «Білім берудегі инновациялар мен тəжірибе: уақыт талабы» атты екінші республикалық педагогикалық оқулар – өзгерістер мен шеберлік керуені өткізілді.

Интернет материалдары негізінде əзірленді

ШАРАЙНАƏлем жаѕалыќтары

Супермемлекет дегеніміз осындай ма?Германия мен Франция Еуроодақты ре-формалау жобасын дайындаған. Бұл туралы TVP Info телеарнасы хабарла-ды. Телеарнаның қолына екі ел сыртқы істер министрлері қол қойған құжат түскен секілді.

Бұл жерде əңгіме Париж бен Берлиннің Еуроодақтағы басқа елдерге қойып отырған ультиматумы туралы бо-лып отыр. Жоба бойынша, оған қатысушы елдердің іс жүзінде өздерінің жеке армиясына, арнайы қызметтеріне, қылмыстық кодексі мен ұлттық валютасына құқы болмайды екен. Сондай-ақ, біртұтас арнайы қызметтер мен салықтық жəне визалық жүйе құру жоспарланып отырғанға ұқсайды. Бұған қоса, жобада ортақ сыртқы саясат жүргізу мен НАТО-ның Еуропа құрлығындағы рөлін шектеу туралы мəселе қарастырылыпты. Осылайша жаңа одаққа мүше мемлекеттер іс жүзінде өз шекараларын бақылаудан да айырылатын тəрізді.

Тїркия мен Израильдіѕ уаєдаластыєыТүркия мен Израиль қарым-қатынастарын жақсарту туралы уағдаластыққа келді. Бұл туралы Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым мəлімдеді, деп хабарлады «Рейтер» агенттігі.

Келісім шеңберінде тараптар енді жақын арада елшілерімен алмаса-тын болады. Түркия премьерінің сөзіне қарағанда, Израиль 2010 жылы орын алған қақтығыс кезінде қаза тапқан немесе зардап шеккен түрік азаматтарының отбасыларына 20 миллион доллар өтемақы төлеуге келісімін берген. Өз кезегінде Түркия Газа секторына əскери емес өнімдермен гуманитарлық көмек көрсетпекші. Ал 2010 жылы Газа секто-рына қойылған блокаданы бұзуға барған түрік корабльдеріне израильдік əскерилер баса-көктеп кіріп, Түркияның тоғыз азаматын атып өлтіргені белгілі. Жанжал содан туған болатын.

Елизавета ІІ-ніѕ денсаулыєы ќандай? Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Солтүстік Ирландияға сапары кезінде денсаулығына қатысты қойылған сұраққа қалжыңмен жауап қайтарыпты. Мұны The Telegraph хабарлады.

Патшайым Солтүстік Ирландияның аста-насы – Белфаст қаласындағы Хиллсборо замо-

гында осы ел бірінші министрінің орынбасары Мартин Макгиннесспен кездескен болатын. Сол кезде бірінші министрдің орынбасары 90 жастағы патшайымнан «хал-жағдайыңыз қалай?» деп сұраған ғой. «Əзірше əйтеуір тірімін» деп жауап қайтарыпты Елизавета ІІ. Макгиннесс болса, бұған қоса бүгінде Біріккен Корольдікте адам түсініп болмайтын оқиғалар орын алып жатқанын көлденең тартқан. Патшайымның екі күндік сапа-ры Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу мəселесіне арналған болатын.

Қысқа қайырғанда: ● Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым өз елінің

Ресейдің атып түсірілген Су-24 ұшағы үшін өтемақы төлеуден бас тартатынын мəлімдеді. «Өтемақы туралы əңгіме қозғалған емес, Түркия тек кешірім сұраған болатын», деп атап көрсеткен үкімет басшысы. Мұны «Рейтер» хабарлады.

● АҚШ-тың Миссисипи штатындағы Джексон округінде орналасқан газ өңдейтін зауытта жарылыс болды. Куəгерлердің сөздеріне қарағанда, жарылыстан соң бірден өрт шыққан. Əзірше опат болғандар мен зардап шеккендер туралы нақты ақпарат жоқ.

● Ресейден Түркияға барып демалатындар ағыны осы жыл-дың бірінші тоқсанында өткен жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 71 пайызға құлап, бар болғаны 20,9 мың адамды құраған. Бұл ақпаратты Ресей туристік индустрия одағының баспасөз хатшысы Ирина Тюрина таратты.

● Полиция Жапонияның Japan Airlines əуе компаниясының екінші ұшқышын қамауға алды. Ол рейс алдында лайнер капи-танымен бірге спиртті ішімдік ішіп, онымен ілігісіп қалған. Жанжалдасып жатқан екеуге араша түскен полицейді 42 жастағы Соити Тацуми жұдырықтың астына алған. Сөйтіп, Канадзавадан Токиоға ұшатын рейс кейінге қалдырылыпты.

Гастарбайтерлер ўйымдастырєан тґбелесШамамен 100 гастарбайтер Ленинград облысының Кудрово елді мекеніндегі құрылыс алаңында төбелес ұйымдастырған. Жұдырықтасуға қатысқандар арматура мен таяқтар жəне тастар қолданып, бір-біріне травматикалық қарудан оқ атқан.

Кейбір төбелескендер жарақат алған. Полиция 20 адамды қамап тастаған. Ал төбелесті құрылыс алаңының жанынан өтіп бара жатқан Дағыстанның тумасы ұйымдастырса керек. Ол Орталық Азиядан барған мигранттармен сөзге келіп, керісіп қалыпты. Оқиғаға куə болғандардың айтуларынша, дағыстандық мінген автомобиль сол маңда тұрған гастарбайтердің бірінің үстіне жаңбырдың лай суын шашыратып кет-кен. Салдарынан, жүргізуші соққыға жығылса, кейін ол өзімен бірге «қосымша күш» ертіп келген...

Жїк кґлігінен 17 кг. героин табылды Ресейдің Екатеринбург қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің Свердлов облысы бойынша басқармасының қызметкерлері Қырғызстаннан келетін героинның жолын жапты. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарманың ақпаратына қарағанда, Қырғызстан азаматы өзінің сыбайластарымен есірткі əкелудің сызбасын дайындаған. Сөйтіп, есірткінің осы күшті түрі Екатеринбургке федералды көлік компания-сымен жеткізіліп тұрған. «Көлік компаниясының қызметкерлері тауар толтырылған жүк көлігінде есірткі бар деп еш күдіктенбеген де», деп атап өтеді арнайы қызметтегілер. Басқарма қызметкерлері жүк тиелген автокөлікті компанияның арнайы тұрағында күтіп алып, 33 жастағы Қырғызстан азаматын тұтқындаған. Тексере келгенде жүк көлігінен 17,5 кг. героин шыққан.

Танзаниядаєы гелий ќоры Ұлыбританиялық жəне норвегиялық гео-химиктер Танзания аумағынан гелийдің орасан мол қорын тапқан. Шығыс Африка мемлекетіндегі жерасты кен ор-нында осы элементтің 1,5 миллиард тек-ше метр қоры бар екені белгілі болып отыр.

Ғалымдар гелийді оны іздеудің арнайы дайындалған тəсілі арқылы табуға қол жеткізген. Бұл газ жер бетіне вулкандық белсенділік нəтижесінде көтеріледі екен. Сұйық гелий негізінен жоғары өткізгішті магниттерді суыту үшін, атап айтқанда, магнитті-резонансты томо-графия үшін пайдаланылады. Қазіргі кезде жылына шамамен 220 миллион текше метр гелий іске жаратылады. Оны сататын əлемдегі негізгі ірі ел АҚШ саналады. Бұл елдегі барланған гелий қоры 4,3 миллиард текше метрді құрайды. Бірақ ол жыл өткен сайын тез азай-ып келе жатыр екен.

Сұңғат ƏЛІПБАЙ,«Егемен Қазақстан»

«Otau TV» жерсеріктік теле-хабар тарату желісі абоненттерін отандық «KazSat-3» жерсерігіне көшіру жұмыстарын 2016 жылдың 15 наурызында бастады. Бұған дейін жерсеріктік «Otau TV» телехабар таралымы шетелдік жерсеріктен жүзеге асырылып кел ген еді. Енді ол жұмысын 2016 жылы аяқтайды.

– Қазақстандық жерсерікті таңдай отырып, біз отандық эко-номиканың дамуына сеп боламыз. «Қазақстандық өнімді таңда!» не-месе «Қазақстанда жасалған» – жай ғана патриоттық ұран емес. Əрбір қазақстандық өз болашағына, өс келең ұрпақтың келешегіне осылайша үлес қосады, – дейді «Қазтелерадио» АҚ өкілдері.

Қазақстандық «KazSat-3» жер-серігіне көшу көрермендерге қо-сымша SD арналар көруге мүм-кіндік береді. Сондай-ақ, ақылы арналар топтамасына қосылған пайдаланушылар HD арналарды тамашалай алады.

– Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен 1 миллионнан астам үй шаруашылығы «Otau TV» желісіне қосылған, ал бұл 4 мил-лионнан астам қазақстандық үшін телеарналар мен радиостансалар ды тыңдайтын ақпарат көзі – «Оtau TV» жерсеріктік телерадиохабар тарату желісі деген сөз. Бір жерсеріктен екіншісіне көшу үдерісі пайда-ланушыларымыз үшін барынша ауыртпалықсыз өтуі тиіс. Яғни, «KazSat-3» жерсерігінен хабар таратудың техникалық талаптарына сəйкес, абоненттерге қондырғыны қайта теңдестіруге уақыт жет-кілікті болуы керек. Осыған бай-ланыс ты біздің абоненттерді жерсерікке көшіру кезеңі 2016 жылдың наурызы мен қыркүйек айы аралығында деп белгіленген. Өтпелі кезеңде хабар тарату екі жерсеріктен де жүзеге асыры-лады. Бұл уақытша шара көшу ке зінде тұтынушыларымыздың қазақстандық телевизиядан қағы-лып қалмауы үшін қолданылып отыр, – дейді «Қазтелерадио» АҚ Бас коммерциялық директоры Бақ-тияр Өшірбаев.

«KazSat» ұлттық жүйесі қа-зақстандық байланыс опе ра тор-ларының қажеттіліктерін қа-нағаттандыру үшін жасалған. Сон дай-ақ, ол еліміздің ақпарат-тық қауіпсіздігін нығайтып, мем-лекеттік органдарды тəуелсіз байла-ныс арналарымен қамтамасыз етеді.

– «KazSat-3» жерсерігінде жиі-ліктің Ku-диапазонындағы 28 транспондер орнатылған, олар Қазақстан аумағын байланыс қыз-метімен қамтамасыз етеді. «Оtau TV» қондырғысын күйге кел тір-ген кезде 58,5 градусқа жаңа гео-стационарлық позиция тіркелуі керек. «KazSat-3» ғарыш аппара-тына барынша нақты теңдестіруге арқылы сигналдың ең жоғарғы деңгейіне қол жеткізу керек. Сонда ғана «Оtau TV» желісін сапалы, үзіліссіз қолдануға мүмкіндік бо-лады. Тағы бір айта кетерлік жəйт, қондырғыны теңдестіру кезінде əрбір аймақ үшін антеннаның кө-лемі, МШУ əмбебаптығы секілді факторларды қаперде ұстаған жөн. Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін біз үйрететін матери-алдар дайындап қойдық. Оларды компания сайттары мен ғаламтор желісінен табуға болады. Сонымен қатар, абоненттер қондырғыны кəсіби түрде қайта теңдестіру үшін дилерлерге хабарласа ала-ды, – деді «Қазтелерадио» АҚ Бас тех никалық директоры Айдын Бəжекеев.

Мəртебені айќындайтын Əдеп кодексі

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекеттік қызмет істері вице-министрі Айгүл Шайымова мен Мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасының басшысы Мақсат Мусиннің қатысуымен баспасөз мəслихаты өтті. Онда жаңа Əдеп кодексінің мемлекеттік қызметкерлер алдына қойылатын талаптары айтылып, сала мамандарының қоғамдағы рөлі, олардың этикасы мен эстетикасы сөз болды. Талғат РАЙЫМБЕК,«Егемен Қазақстан»

Айгүл Шайымованың айтуынша, мемлекеттік қызметшілер тəртібінің стандарттары екіге бөліп қарастырылған. Олар базалық жəне ахуалдық болып аталады. Мұның базалық жүйесі мемлекеттік қызметкерлердің моральдық-этикалық кейпіне қойылатын негізгі талаптарды қалыптастыруға жəне олардың тəртіп векторын анықтауға бағытталған.

– Жаңа Əдеп кодексінде қабылданған шешімдердің заңдылығы, əділдік пен ашықтықтығын қамтамасыз ету, қыз меттік міндеттерді тиімді орындау жəне кəсіби деңгейін арттыру, жеке мəселелерді шешу тұрғысында қызметтік лау-азымын пайдалануға тыйым салу, іскерлік əдеп пен ресми іс-қимыл ережелерін сақтау секілді жайттар толық қамтылған. Сондықтан да аталған кодекс мемлекеттік қызметкерлерге үнемі көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға нақты талап қояды, – деді вице-министр. Сонымен қатар, ол еліміздегі мемлекеттік қызметтер сапасына 80 пайыз қазақстандықтардың көңілі толатынын жеткізді.

– Бұл жүргізілген сауалдама нəтижесі. Жалпы, Əдеп ко-дексінде қызметкерлердің жүріс-тұрысы, мəдениеті, сондай-ақ, қызметтік міндеттерді орындау талаптары көрсетілген, – деді ол.

Баспасөз мəслихатында мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда өзін өзі ұстауы, ішімдік ішпеуі, балағат сөздер айтпауы, егер осындай олқылықтарға орын берген жағдайда олардың іс-əрекеті тəртіптік кеңесте қаралатыны ай-тылды. Жиын соңында Мақсат Мусин жыл сайын ұсынылатын мемлекеттік қызметтер сапасы жақсарып келе жатқанын тілге тиек етті.

Цифрлық жəне жерсеріктік телевизиясының Ұлттық операторы «Қазтелерадио» АҚ ел халқына жаңа са-палы теледидар көрсетілімін ұсынады. Бұл жағдай жаңа қазақстандық «KazSat-3» жерсерігіне көшу нəтижесінде мүмкін болып отыр. Сигнал сапасын анықтау бойынша тестілеу жұмыстары 2016 жылдың ақпан айында аяқталды.

«Егемен Қазақстан»

«KazSat-3» жерсерігініѕ жаѕа ќызметі ќазаќстандыќ телекґрермендерге баєытталып отыр

Page 10: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жылwww.egemen.kz10

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кəсіпкерлер палатасына 2016 жылға арналған

міндетті мүшелік жарналар туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы тура-лы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 1-тармағына сəйкес «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер пала-тасы ІІІ Съезде келесі шешімдерді (2016 жылғы 16 маусымдағы №3 хаттама) қабылдағаны туралы хабарлайды:

1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы ту-ралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кəсіпкерлік субъектілерінің топта-ры ішінде сатылау белгіленсін жəне міндетті мүшелік жарналардың келесі мөлшерлері бекітілсін:

Топ Топ ішіндегі сатылау

(2015 жылғы айлық есептiк

көрсеткiштегі 2015 жылғы жылдық

жиынтық табысы)

2016 жылға арналған

жарна мөлшері

(2016 жылғы айлық есептiк көрсеткiште)

бастап дейін«Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кəсіпкерлік субъектілері

60 000 150 000 80150 000 420 000 105420 000 690 000 130690 000 1 500 000 155

«Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген кəсіпкерлік субъектілері

1 500 000 2 310 000 5052 310 000 3 120 000 1 0103 120 000 3 930 000 1 5153 930 000 4 740 000 2 0204 740 000 5 550 000 2 5255 550 000 3 030

2. Міндетті мүшелік жарна төлеуден «Қазақстан Республикасының Ұлттық кəсіпкерлер палатасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген кəсіпкерлік субъектілер тобы:

1) 50% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) жəне есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз пайызы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың əрқайсысы;

2) 25% мөлшерінде: заңды тұлға (негізгі ұйым) жəне есепті күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы тікелей не жанама түрде негізгі ұйымға тиесілі заңды тұлғалардың əрқайсысы босатылсын.

3. Осы шешімнің 2-тармағын жүзеге асыру мақсатында:1) «тиесілігі» деген ұғым жекеменшік құқығындағы тиесілілікті

білдіреді;2) «жанама түрде тиесілігі» деген ұғым əрбір келесі заңды тұлғаның

өзге заңды тұлғаның акцияларын (қатысу үлестерін) жекеменшік құқығымен иеленуін білдіреді;

3) нақты бір заңды тұлғаға қатысты осы шешімнің 2-тармағы 1) жəне2) тармақшаларында көрсетілген критерийлер сəйкес келген кезде аталған заңды тұлға 25% мөлшеріндегі міндетті мүшелік жарналар-ды төлеуден босатылады;

4) міндетті мүшелік жарналарды төлеуден босату нақты заңды тұлғаға қатысты бір рет қолданылады.

4. Есепті кезеңде қызметкерлердің жалпы санынан мүгедектер саны елу бір пайыздан кем емес санды құрайтын ұйымдар міндетті мүшелік жарналарды төлеуден 100% мөлшерінде босатылсын.

Ќўрметті салымшылар!ЖАО-дан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі

бағдарламасы» шеңберінде құрылысы жоспарланып жатқан ШҚО, Өскемен қаласы, 19-тұрғын ауданы мекенжайын-да орналасқан «49 айқындамадағы тұрғын үй» нысаны құрылысының аяқталу мерзімінің өзгертілуі жайындағы мəліметтерді алуымызға байланысты:

– құрылыстың аяқталу мерзімінің «2017 жылдың желтоқсанына» өзгертілгендігін;– құрылыстың пайдалануға берілу мерзімінің «2018 жылдың қаңтарына»

өзгертілгендігін;– «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының» «Халықтың

барлық санатына арналған тұрғын үй» бағыты бойынша ІІ топтың талаптарына сəйкес келетін тұлғалардың ішінен құрылатын тұрғын үйді сатып алушылар мен жалға алушылардың пулына қатысуға өтініш қабылдау мерзімінің «2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2017 жылдың 31 қазанына дейін өзгертілгендігін хабарлаймыз.

Толығырақ ақпаратты алу үшін Банктің төменде көрсетілген мекенжайларына хабарласуларыңызды сұраймыз:

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Головков көшесі, 25/1; Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Михаэлис көшесі, 2; Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі, 102/2.

«Қарағанды аймақтық энергетикалық компаниясы» ЖШС («ҚАЭК» ЖШС) 25.12.2015 ж. келесі тендерді өткізді:

№1 лот. «ҚАЭК» ЖШС шаруашылық жəне технологиялық қажеттіліктері үшін электр қуатын сатып алу.

№2 лот. «ҚАЭК» ЖШС жанар-жағармай материалдарын сатып алу. Əлеуетті өнім берушілерден мəлімдемелердің түспегеніне бай-

ланысты тендер болмады деп есептелсін.Қосымша ақпарат пен анықтамаларды мына телефон

арқылы алуға болады: 8(7212) 56-19-93.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры студенттік стипендиялар алуға республикалық конкурс жариялайды

Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының жоғары жəне орта арнайы (өнер жəне мəдениет) оқу орындары күндізгі бөлімшелерінің студенттері қатыса алады.

Өтінімдер берудің мерзімі: 2016 жылғы 25 шілдеден 2016 жылғы 10 қыркүйек аралығы бойынша.

Конкурс туралы ереже www.fpp.kz веб-сайтында орналастырылған.

ХАБАРЛАНДЫРУ«Досжан темір жолы (ДТЖ)» АҚ (070012, Қазақстан Республикасы,

Өскемен қаласы, Меновное ауылы, Шоссейная к-сі, 26, www.kazrail.kz) Р-65 рельстерін сатып алу жөнінде 2016 жылғы 27 маусымда сағат 11.00-де Өскемен қ., Меновное а., Шоссейная к-сі, 26 мекенжайында өткізілген ашық тендер болмады деп танылғандығы туралы хабарлайды.

ОБЪЯВЛЕНИЕАО «Досжан темир жолы (ДТЖ)» (070012, Республика Казахстан, го-

род Усть-Каменогорск, село Меновное, ул. Шоссейная, 26, www.kazrail.kz) объяв ляет о том, что в открытом тендере по закупу: рельсов Р-65, проведен-ный в 11 часов 00 минут 27 июня 2016 года, по адресу: г. Усть-Каменогорск, с.Меновное, ул. Шоссейная, 26, признан несостоявшимся.

«Агрохолдинг Даму» ЖШС Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Үштөбе ауылдық округі, Заречное ауылындағы, аумағы 17 га жер құжаттары (мем.акт, бұйрық, жалдау шарты) жоғалғанын xабарлайды. Табылған құжаттар жарамсыз деп таңылсын.

«Астана-Құрылыс» Ұлттық құрылыс компаниясы» АҚ жəне «БанкЦентр Кредит» АҚ арасында ірі мəміле жа-салуда.

Между АО «Национальная строитель-ная компания «Астана-Курылыс» и АО «Банк ЦентрКредит» заключается круп-ная сделка.

Жекешелендіру объектісін сату Қазақ-стан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекі-тілген Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына (бұдан əрі – қағида) сəйкес жүзеге асырылады.

Тендер 2016 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10.00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан əрі – тізілім) өткізіледі.

Тендерге мына объект қойылады1. Ұйымның атауы: «Өнеркəсіп қауіп-

сіздігінің ұлттық ғылыми-техникалық орталығы» АҚ.

Ұйымның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 3/1, 4-қабат;

Қызмет түрі: техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу саласындағы қолданбалы ғылыми-зерттеулер; ғылыми жəне қолдан-балы зерттеулерді жүргізу үшін зерттеу жəне сынақ зертханаларының базасын кеңейту; өнеркəсіп қауіпсіздігі мəселелері бойынша нормативтік-техникалық құ-жаттама мен техникалық регламенттерді əзірлеу; қауіпті өндірістік объектілерде өнеркəсіптік қауіпсіздік сараптамаларын жүргізу; өнеркəсіптік қауіпсіздік салала-рында мамандарды дайындау жəне қайта даярлауға оқытуды ұйымдастыру жəне өткізу.

Сатылатын акциялардың мемле-кеттік пакетінің мөлшері, жарғылық капиталдан % жəне акциялар саны: 100 %, 374 635 жай акция.

Бастапқы баға: 178 384 500 теңге.Кепілдік жарна: 63 630 000 теңге.Тендер шарты: негізгі қызмет бейінін

5 (бес) жыл бойы сақтау.Тендер өткізу тəртібі

Егер тендерге тiркелген қатысушы-лардың саны екеуден аз болса, онда жеке-шелендiру объектiсi бiр ғана қатысушыға сатылуы мүмкiн, бұған үшiншi сауда-саттықты қоспағанда, онда тендер өтпеді деп жарияланады.

Егер тендер өтпеді деп жарияланса,

сатушы тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хаба рла-мада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп танылады. Егер тендерде екi жəне одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын бол-са, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы сауда-саттық нəтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электронды почта арқылы сауда-саттық нəтижелері туралы хабар-дар етіледі.

Сауда-саттық нəтижелері туралы хат-тама тізілімнің веб-порталында қа лып-тастырылады, оған сауда-саттық өткі зі-летін күні сатушы мен тендердің жеңім па-зы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.

Сауда-саттық нəтижелерi туралы хатта-ма тендердің нəтижелерi мен жеңiмпаздың жəне сатушының тендер нəтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нəтижелерi тура-лы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Егер жеңімпаз сауда-саттық нəтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нəтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды жəне осы жекешелендіру объектісі сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабар лама жарияланған күннен бастап

2016 жылғы 15 шілдеде сағат 08.00-де аяқ талады.

Тендерге қатысу үшін мыналарды: 1) жеке тұлғалар үшін: жеке сəйкес-

тендіру нөмірін (бұдан əрі – ЖСН), тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сəйкес-тендіру нөмірін (бұдан əрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, əкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық ме-кенжайы, телефоны, факс, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгер-ген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішін-де тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған объ-ект бойынша сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталынан 25 %-дан астам мемле-кетке тиесілі акцияларды сату кезінде – сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімді тіркеу үшін акционерлік қоғамдар акция-ларының мемлекеттік пакеті сауда-саттыққа қойылатын акционерлік қоғам осы сауда-саттыққа қатысуға ниет біл-дірген акционерлік қоғамның акцияла-рына ие емес екендігін растауы тиіс, ал жеңімпаз қатысушының акцияларына иелік ететін акционерлік қоғамдар ту-ралы ақпаратты қамтитын акционерлер тізілімінен (хабарламаның жариялану сəтінде) үзінді-көшірмені ұсынады.

Тендерге қатысушылар:1) тендерге қатысушы қол қойған,

тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақ ша-сында электрондық конвертке жүкте летін баға ұсынысының;

2) сауда-саттық өткізу туралы ха-барламада көрсетілген қатысушыларға

(сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сəйкестігін растайтын құжат-тардың элек трондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжат тардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың не-месе жеке тұлғаның жеке басын куəлан-дыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куəліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куəландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының не-месе оның жеке басын куəландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куəландырған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге тіркелген құжаттардың тұпнұсқаларын не нотариатта куəландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салысты-рып тексерілгеннен кейін, бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректеме-лерге енгізіледі: «Қазкоммерцбанк» АҚ-да, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бой-ынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мəліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тек-серу жүргізеді.

Қатысушының қағиданың 28 жəне 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды

сақтамауы, сондай-ақ арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы ха-барламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында арнайы тран-зиттік шотқа кепілдік жарнаның түс-кені туралы мəліметтер болған жағ-дайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдауды жəне қатысушыны тендер-ге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерек қорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жар-наның түскені туралы мəлімет болма ған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысу-шының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тек-серу нəтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электронды мекенжайына өтінімді қабыл-дауды не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Тізілімнің веб-порталы аукционға қатысу үшін электрондық өтінімді кері қайтарған қатысушының аукцион нөмірін сауда-саттықты өткізу басталғанға дейін кемінде екі сағат бұрын жояды.

Осыған байланысты, арнайы транзиттік шотқа кепілдік жарнаның уақтылы түсуі мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті өтінім бер-генге дейін бір жұмыс күнінен ке шік-тірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсы-нымын жасайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы ми-нистрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905-кабинет.

Тендер өткізу туралы қосымша ақпа ратты www.gosreestr.kz сайтынан қарауға болады немесе 8 (7172)717184, 717189, 717280 телефондары арқылы алуға болады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА-САТТЫҚ!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру комитеті республикалық меншік объектісін

сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды

Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығы Азаматтық авиация академиясының ректоры Мұхтар Қазбекұлы Байжұмановқа əкесі

Қазбек Əбдіқадырұлы БАЙЖҰМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Азаматтық авиация академиясы» АҚ ұжымы академияның ректоры Мұхтар Қазбекұлы Байжұмановқа əкесі

Қазбек Əбдіқадырұлы БАЙЖҰМАНОВТЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа, иманы жолдас болсын.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің ұжымы Азаматтық авиация академиясының ректоры, физика-матема-тика ғылымдарының кандидаты, РһD докторы Мұхтар Қазбекұлы Байжұмановқа əкесі

Қазбек Əбдіқадырұлы БАЙЖҰМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиевке туысы

Асқар Махмудұлы БАЙМҰРАТОВТЫҢкенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Ембімұнайгаз» АҚ жəне «Мұнайшы» қоғамдық қорының ұжымдары «Ембімұнайгаз» АҚ қызметкері

Мамай Ниязұлы ИБРАШЕВТІҢкенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

«Егемен Қазақстан» республикалық газеті АҚ ұжымы редакцияның бұрынғы қызметкері, белгілі қаламгер Ағайдар Ысымға ұлы

ЗЕЙІНƏБІЛДІҢкенеттен қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

«Ембімұнайгаз» АҚ қызметкері Ма май Ниязұлы Ибрашев 2016 жыл ғы 26 маусымда дүниеден озды.

Мамай Ниязұлы 1955 жылы туды. Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын жəне Атырау мұнай жəне газ институтын «мұнай жəне газ кəсіпшіліктерінің жабдықтары мен машиналары» мамандығы бойынша тəмамдады.

Ол еңбек жолын 1976 жылы «Гурьевсуқұрылыс» тресінің Гурьев құрылыс материалда-ры комбинатында 4-дəрежелі дəнекерлеуші болып бастады. 1979-2016 жылдар аралығында бұрғылау қондырғысының 3-дəрежелі дизелші-моторшысы, механика бөлімінің инженер-механигі, Каспий маңы терең бұрғылау бойынша мұнай бар-лау экспедициясы механика-энер гетика бөлімінің механигі, аға механигі қызметтерін , «Гурьевмұнайгазгеология» бір -лестігінің Солтүстік Ембі м ұнай барлау экспедициясы ме ханикалық жөндеу цехы ның басшысы, өндірістік қыз мет көрсету шебері, техника қауіпсіздігі инженері, «ҚазақстанКаспийқайраңы» ААҚ кеден жөніндегі жетекші маманы

лауазымдарын, «АдайПетролиум» ЖШС-да бас механик, инженер, «Ембімұнайгаз» АҚ «ӨТҚКжЖК» басқармасының аға инженері қызметтерін атқарды.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы мен «Мұнайшы» қоғамдық қоры білікті маманның мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның от-басы мен туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жатқан жері жа рық болып, нұры пейіште шалқысын.

«Ембімұнайгаз» АҚ жəне «Мұнайшы» қоғамдық қорының

ұжымдары

Қамза Әбуұлы ҚУАНТЫРОВ

Мамай Ниязұлы ИБРАШЕВ

2016 жылғы 26 маусымда май-талман мұнайшы, бұрғышы, тыл жəне еңбек ардагері Қамза Əбуұлы Қуантыров дүниеден өтті.

Қамза Қуантыров 1929 жыл ғы 12 тамызда Гурьев об лы сындағы (қазіргі Атырау) Қызылқоға ауданының Қарабау селосында дүниеге келген. 1946 жылы Гурьев мұнай техникумына оқуға түсті. Оны 1950 жылы бұрғышы-техник мамандығы бо йын ша аяқтады. 1951 – 1955 жылдары Мəскеудегі КСРО Мұнай министрлігінің ин-женер-техник мамандар мен басшы кадрлардың кəсіптік мамандығын арттыру жөніндегі арнайы курсты бітірді.

Қ.Əбуұлы еңбек жолын Қара-тон мұнай кəсіпшілігінде бұр-ғышының көмекшісі болып бас-тап, кейіннен бұрғышы, бұр ғылау бригадасының бұр ғышы-шебері қызметтерін, Қызыл құдық, Қарсақ, Тереңөзек, Оң түстік Сарқамыс, Тəжіғали, Ақнияз, Қараарна, Пустынный, Прибрежный жəне Боранқұл барлау алаңдарында, Құлсары бұр ғылау кеңсесінде, «Қазақстанмұнай» өндірістік бір-лес тігіне қарасты жаңадан құ-рылған Прорва бұрғылау бас-қармасында, Балықшы барлау-бұрғылау басқармасында, При-каспий бұрғылау басқармасында, « Э м б а н е ф т ь » ө н д і р і с т і к

бірлес тігінде көптеген лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды.

Қ.Əбуұлы Атырау, Маң ғыстау, Ақтөбе облыстары көле мінде 70-тен астам бұрғылау алаң дарын ашуға қатысқан білікті маман. Ол 1997 жылы құрметті демалысқа шықты.

Қамза Қуантыров КСРО мұнай өндірісінің үздігі, Қазақстан Рес-публикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы, мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қыз-меткері, оннан астам орден мен медальдардың иегері еді. Ардақты азаматтың қайтыс болуына бай-ланысты марқұмның ағайын-туыстары менотбасына қай ғы-ларына ортақтасып көңіл айтамыз.

«Ембімұнайгаз» АҚ ұжымы жəне «Мұнайшы» қоғамдық қоры

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Енді түйіні шешілмей тұрған мəселенің бірі – ана тілінде га-зет шығару еді. Алғашқыда сол кездегі газет редакторы Бəтима Қамыспаева «Знамя Роди ны» газетіне қазақ тілінде қосымша шығарып жүрді. Ол өте аз, маз-мұны жағынан да талапқа сай болмайтын. Осы мəселенің түйіні егемендік алғанымызға 15 жыл болғанда ғана шешілді. 2006 жылдың мамыр айында «Ақкөл өмірі» атты қазақша газеттің бірінші саны шықты. Алғашқы редакторы Қуаныш Дəулетханұлы Нұрсадықов. Қуаныш інімізге біраз қиындықтарды жеңуге тура келді. Қазақ тілінде жазатын кадр жоқ.Редакцияның ғимараты бірнеше жыл жөндеу көрмеген. Бүгінгі күн талабына сəйкес келетін бас-па техникалары болмады. Ал-ғашқыда өзі тілші, өзі редактор. Бірте-бірте қоғамдық тілшілерді тарта бас тады. Газетті тарату мəселесі де қиындықтар туғызды. Осы қиындықтарды жеңуге өмір

тəжірибесі, өткен жолдары үлкен көмек берді.

Қуаныш Шығыс Қазақстан облысының табиғаты əсем Алтай тауларының бөктерінде дүниеге келген. Ауылда өсіп, орта мектепті бітіріп, жоғары оқу орнын тə-мамдағаннан кейін қызметке жол-дама алады. Осы кезеңнен бас-тап Қуаныш Дəулетханұлы өз қызметінен басқа қоғамдық өмірге белсене араласады. Қатардағы ұстаздан аудандық білім бөлімінің меңгерушісіне дейін көтерілген. Бұл жауапты жұмысы Кеңес Одағы ыдырап, еліміз егемендік алған кезге сай келді. Сол кезеңде біздің кейіпкеріміз Қатонқара-ғай ауданының білім саласын басқарған.

Одан кейін аудан басшы ларының ұйғарымымен газетке редакторлық қызметке ауыс тырылған. Мұнда да мол тəжірибе жинақтаған. Сол тəжірибесі Ақкөл ауданына келіп, қазақ тілді «Ақкөл өмірі» газетін шы ғару кезінде көп септігін тигізді.

Міне, ақкөлдіктердің ана тілінде өз ауданының газетін оқи баста-ғандарына 10 жыл толды. Газеттің шығару сапасы, мазмұны жылдан жылға жақсарып келеді. Сонда да шешілмеген проблемалар шаш-етектен. Олардың негізгілері – қаржы, кадр мəселелері.

Соған қарамастан, газет ауда-нымыздың мол тарихын оқыр-мандарға жеткізуде. Ауда ны-мыздан шыққан тұлғалы аза-маттарымыз Жайық Бектұров, Сағадат Нұрмағамбетов, бірнеше Кеңес Одағының батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, т.б. туралы мақалалар жүйелі беріліп тұрады. Ауданның белгілі азамат-тары туралы «Ақкөл – азаматымен ажарлы» деген айдармен естелік кітаптар сериясын шығара бастады.

Қуаныш Ақкөл ауданы ның тарихында көрнекті із қалды рып келеді. Ол орыс тілді ауданда бірінші болып газетті мемлекеттік тілде шығарды. Əрі алғашқы редак-тор, Ақкөл аудандық мəс лиха ты-ның депутаты.

Өр Алтайда өсіп, Сарыарқа төсіне ер жасы 50-інде келіп, 10 жыл баспа жұмысының қиын-шылықтарын жеңе отырып ал-пыстың асқарына абыроймен шыққан Қуаныш Дəулетханұлы адал да əділ мінезімен, қайсар-лығымен ауданымызда мемлекет-тік тілдің өз дəрежесіне көтерілуі жолында əлі талай белестерді бағындыратынына зор сеніммен қараймын.

Еркін ДƏУЕШҰЛЫ,Ақкөл ауданының құрметті

азаматы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Ақмола облысы

Өнеге

Айбын

Ана тіліндегі аудандыќ газетАќкґл ґѕірінде 2006 жылдан бері єана жарыќ кґре бастаєан еді

Ант қабылдау арнайы бағ-дарламадан, атап айтқанда, Конституцияны, Қазақстан Рес-пуб ликасын қорғау мəселесі тура-лы заңнаманың талаптарын зерде-леуден басталды.

«Сендердің алдарыңда армия-ның қауырт күндері тұр, əскери істі ізденіспен үйреніңдер, өжет, ержүрек болыңдар, ең бастысы – бірліктерің мықты болсын. Бір-біріңді қолдап,

қол ұшын беріңдер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери қызметшісі атағына лайықты абыроймен қызмет атқа-рыңдар», – деді Əскери-əуе күш-тері қолбасшысының тəрбие жəне идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Еркін Жұмағалиев.

Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, жас сарбаздардың

туыстары мен жақындары келді. Сонымен қатар, жас сарбаздарды бөлім басшылығы, туыстары мен достары құттықтады.

Ант қабылдаудан кейін туыс-тары мен жақындарына сар баз-дардың қызмет өткеретін жағ-дайын таныстыру үшін оқу-жаттығу корпусы, казарма, асхана, спорт залы көрсетілді.

Аталған іс-шараның есте қаларлығы арнайы мақсаттағы бөлімшенің қоян-қолтық күрес тəсілдерін көрсеткен сəті бол-ды. 30153 əскери бөлімінің бас-шылығы жас жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындығын жəне бір жылдан соң аман-есен елге оралатындығын зор сеніммен айтты.

«Егемен-ақпарат»

Əскери авиаторлар ант ќабылдады

Ақтау қаласындағы авиациялық базада мерзімді қызметке қабылданған жас сарбаздар Отан алдында адал болу үшін ант қабылдады. Олар мұнда əскери қызметін өткеру үшін Атырау облысынан келді.

Ақкөл ауданы тарихы мол, көне аудандардың біріне жатады. Еліміз егемендік алғаннан кейін басқа ұлттың өкілдері тарихи отандарына бет бұрды да, шетелдегі өз ағайындарымыз, алыс аудандарда тұратын қазақтар астанаға жақындау мақсатында күре жолдың үстінде тұрған, табиғаты əсем Ақкөл ауданына қоныстана ба-стады. Аудан орталығында қазақша оқытудың қажеттілігі туды. 1990 жылы бəріміз жабылып жүріп, зорға ашқан бірінші қазақ сыныбы қазақ мектебінің іргетасы болды деп толық айта ала-мыз. Онымен қоса, қазақтар басым тұра тын ауылдардағы мектептерді ана тіліне көшірдік. Қазақша тəрбиелейтін балабақшалар мен топ-тар жұмыс істей бастады. Мəдениет ошақтары да ұлттық салт-дəстүрлерімізді дамыту жолында болды.

Page 11: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жыл www.egemen.kz 11 Дода Тарих толқынында

Сейіліп, серпілгендей таңда мұнар,Көненің көзі ашылса, жан жадырар.Халықтың қанша мұнда арманы бар,Тарихтың қанша мұнда салмағы бар?!Мəңгілік нұр боп тұнып, əуелеп тұр,Əз баба, əулие ана, ардақ ұлдар.

О, менің нұр тұнып тұр кеудемде де,Сезімнің гүлін шашам ел мен жерге!Аруағын бабалардың медет қылдым,Жыр етіп, замандарды өрген кезде.Санада сақталған сыр өзгермейді,Теңіздей тулап тарих, өзгергенде.

Шет қалмас шежіреде қалған аңыз,Сондықтан, соларды біз қарманамыз.Қазақтық қасиетті қастер тұтып,Табынып, таңдай қағып таң қаламыз.Тозбайтын тұлпарлардың тұяғы боп,Жолына бабалардың жалғанамыз.

Жалғанып, жар саламыз болашаққа,Бойда бар батырлық та, парасат та,Кешеден келген кемел ақыл-ойменЕл мен жұрт кенеледі мол атаққа.Данқы өлмес даналардың орны бөлек,Көз жұмып, «көнерген» деп санасақ та.

Мўрын ана – Əбубəкір ҚАЙРАН,ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты

(Шежіре-аѕыз, жыр-толєау)

Байтағы – баба ырысы бар адамның,Аруақты ұмытқанды қамалар мұң.Əспеттер, əсіресе, дана рухынЕшқашан естен кетпес аналардың.Ананың ақ жүрегі Күн сияқты,Ол жəне жаны өмірдің, жанары ардың!

Қазақта аналар көп дара туған,Бір Тəңір пəрменімен жаратылған.Ойлаумен елдің мұңын, жердің құнын,Толғанып, кірпік ілмей таң атырған.Солардың бірі – əулие Мұрын ана,Ырыс-бақ арылмаған сабасынан!

* * *Найманда Қаракерей – қабырғалы,Мақтаныш, марапаты – нар ұлдары.Жалғасы – шөбересі Байыс батыр,Ешқашан жүрген жолдан жаңылмады.Ұлы жүз Бəйдібекпен құда болды ол,Матасып жату үшін тамырлары.

Байыстың Құдай берген бес ұлы бар,Бес ұлдың маңдайының несібі бар.Сарымырза, Ақымбет пен Сыбан, Қыржы,Байжігіт – ең кенжесі, сесі – бұлар.«Бес Байыс» деп атайды бұл бесеуін, Алдынан жан шықпаған төсін ұрар.

Байысқа ағайын – жұрт құрақ ұшқан,Күндіз-түн көп ойланды бұл арыстан –Үйсінде өзіне тең Бəйдібек би,Қол созып, хабарласып жүр алыстан.Қайтеді құда түссе бір қызына,Бар дейсің не жақындық құдалықтан?!

Байыстың үлкен ұлы – Сарымырза,Батпаған басы сорға, жаны – мұңға.Осы ұлын үйлендірмек болды Байыс,Шыдамай ұзақ күтіп сарылуға.Көп өтпей Бəйдібекпен құдаласты,Қастерлі Қаратаудың бауырында...

Көсемі бүкіл үйсін ер Бəйдібек,Басынан бағы таймай, самғады үдеп.Басқарып байтақ елді, байсын жерді,Ойлаған орындалды арманы көп.Дəулетті, сəулетті де Құдай берді,Жылқысы шұрқыраған – кіл қаракөк.

Жан тартты жақын біткен, бөтен біткен,Ғұмыры бір танбады көсемдіктен.Ол ардақ бүкіл үйсін баласына,Ол аулақ бəсеңдіктен, есерліктен.Батырлық, билігі де жұртқа аян боп,Дұшпаны дабысынан қатер күткен.

Бəйдібек жан мен малға мол жарыған,Қолдаған Қыдыр баба оң жағынан.Үш əйел алған екен хақ жолымен,Үмітін үстем қойып мал-жанынан.Бірінші алған жары – Сары бəйбіше,Сары үйсін содан тарап, оңғарылған.

Екінші əйелі оның – Зеріп ана,Табынған əрбір күнге, таңына да.Ұлдары – шапырашты, ошақты, ысты, Жолдары оң бастаған қазынаға.Үш ұлы үш таған боп Ұлы үйсінге, Лаулаған күннен-күнге бағы жана.

Үшінші – ол Домалақ ана деген,Пір тұтып, алты алаштың бəрі елеген.Бұл ана көктен түскен періштедей –Дүр нұрын қанатынан себелеген.Анадан албан, суан, дулат тарап,Жыр болған не бір аңыз, не бір өлең.

Екі қыз бұл анадан туған еді.Екі нұр – əулиенің нұр дəнегі.Жүзей мен Қызай деген есімдері,Қос қыздың елден бөлек сыр, мəнері.

Ғашық боп екеуіне күйіп-жанып,Болыпты бағландар тым дəмелі.

Қос ару Бір Тəңірге сыйыныпты,Дүниенің сырын ұқты, күйін ұқты.Елінен ұзатылып екеуі де,Дəм жазып наймандарға бұйырыпты.Батыр мен бай, бағлан дəме күткен,Сап болып, содан кейін тиылыпты.

Жүзей қыз Сарымырзаға ұзатылды,Жұбайлар болашаққа құлаш ұрды.Байыстың батыр ұлы шадыман боп,Мойнына моншақтай боп күн асылды.Жүзей қыз келін болып түсе салып,Атағын ел мен жұрттың шын асырды!

* * *Мына бір қараңызшы ғажайыпты – Сол кезде жау да, жұт та азайыпты.Інісі Қаракерей Матай мырза,Байлығы лықсып толып, молайыпты.Баласы Құттыболат ерен шығып,Атағы ну найманда зорайыпты.

Ұлы да ер жетіпті Шағыр деген,Бозбала ел-жұртының қамын жеген.Қолы ашық, жомарт болып бала жастан,

Дейді екен: «Достарыма бəрін берем!».Қиылған қыздарға да мойын бұрмай,Ойланып көп жүріпті сабырменен.

Сарымырза қайын жұртқа барғанда ұрын,Бірге боп, шын танытты заңғарлығын.Қызайды көрген кезде, көзі жайнап,Лаулатты жүрегінде жанған нұрын.Күрсінді: «О, Құдай-ау, болар ма, – деп – Қызайды ап, Сарымырзадай самғар күнім?!».

Бал татса, у татса да – таңдайынан,Көз тастап, құдашаға əн қайырған.Қайтарда нəзік қолын уысына ап,Елжіреп, сүйіп кетті маңдайынан.Бозбала содан бері зарлы, мұңлы,Амалсыз жердің алыс шалғайынан.

Татсам деп махаббаттың бал шырынын,Жасады жұртқа ырым ғып жақсылығын.Бір жылдай жүріп-жүріп сабыр сақтап,Бір күні Сарымырзаға айтты мұңын.Ағасы мақтан етіп бұл інісін, Біріне санаушы еді шаттығының.

Сарымырза бұл сырды айтты жарына кеп,«Мұнысы дұрыс па, əлде, қырын ба?» – деп.«Бажа боп аға-інілі немерелер,Жүргенін сан көргенбіз бұрын да» – деп.«Сол кісі шешер бəрін, атама айтқын»,Деп Жүзей бір сөз айтты, тілін тежеп.

Айтқан соң бұйымтайын балалары,Байыс би сақалын көп салалады.«Сүйекті тез жаңғыртқан əбес пе?» деп,Қария қалың ойға қамалады.«Құдалық құда үстіне құт болар» деп,Осы ойын бекем етіп тағалады...

Бұл хабар кетті бүкіл матайға еніп,Жаңалық жұртқа жақсы атой беріп.Бетке алып Бəйдібекті топ жөнелді,Берілген ақ тілеулі батаға еріп...Бір айдай өткен кезде бұл шоғыр топ,«Сүйінші! Көнді!» – деді қайта келіп.

Осылай найман даңқы шарықтады,Жарқырап жана түсті жарықтары.Қаратау, Тарбағатай қол ұстасып,Қос қыран көк жүзінде қалықтады.Екі рет, құда болды төс түйісіп,Ұлы үйсін, Өр найманың алыптары!

Қызайдың даңқы шықты мүлде бөлек –Би Қызай, батыр Қызай елден ерек.Соғыста қол бастаған жаугер аруЖөн тапқан қиын кезде күрделірек.Шағырдан тарағандар «қызаймыз» деп, Атанды «қызай елі», Құдай жебеп...

* * *Махаббат – бұл жалғанның бал шырыны, Жүректің күнге ұмтылған тал шыбығы.Екі жас шын ұғысса, бұл дүниеніңБілінбес қиындығы, таршылығы.Ып-ыстық оттай жүрек лаулап тұрса,Жауратпас жəдігөйдің салқын үні.

Жүзей мен Сарымырзаны қосты Құдай,Бір-бірін тез түсінді осқырынбай.Жігітті жайнаған көз жаулап алды,Шырмады қап-қара шаш ат қылындай.Ауылдан ұзап шықса, тез қайтатын,Басы ауып, басқа жаққа көп бұрылмай.

Ел-жұртқа екі жұбай болған аңыз,(Біз дағы сол леппенен толғанамыз).Екеуі еркелесіп, күліскенде,Батасын беріп тұрған, қолдап абыз.Ай мен күн секілденіп көрініпті –Алуадай алма бет пен ер, дана жүз.

Жүзей қыз келін болды нақ көрікті,Жаратқан маңдайына бақ беріпті.Тəңірге тəубе қылып ер Сарымырза,Көңілі жан-жарына шат болыпты.Мұрыны сəл үлкендеу болғанан соң,Жүзейге «Мұрын» деген ат қойыпты.

Сарымырза батыр екен алабөтен,Қалжыңға жаны құмар қазақ екен.Ат қойып, айдар тақса əлдекімге,Жатталып жұрт есінде қалады екен.Болған соң аузы уəлі, оны көргенЕтегін тез-ақ жинап алады екен.

Жүзей қыз сөйтіп енді Мұрын болды.Өкпе мен реніші білінбеді.«Мұрынның іші қандай?» десе қулар,«Мұрынсыз бет болмас» деп күлімдеді.Ұмыт боп бірте-бірте Жүзей аты,Осылай таң қалдырды рулы елді.

Жарасып кең маңдайға қалам қасы,Төгіліп тірсегіне қолаң шашы,Ақ білек, сым саусақта жарқ-жұрқ етерСаф алтын білезік пен сақинасы.Зүбаржат алқаменен қабаттасарƏспетті, əшекейлі тұмаршасы.

Жанары жан ерітер қарағанда,Жаман сөз айтпайтұғын жан адамға.Төгіліп тұрар нұры дидарынан,Көңілі тап-таза, пəк баладан да.Бұлқынып, жұлқынғандар кеуде соғып,Жым болған көзін тіктеп қадағанда.

Қолынан ине түспес ісмер еді,Күн сайын үйдің іші іреңделді.Жинап ап абысын мен ажындарын,Үйретті тоқытуға кілемді ендіЖүзей қыз келін болып түскеннен соң,Көркейіп, бүкіл ауыл түлей берді.

Қарсы алып тұрды Мұрын таңды кілең,Түндігін түрді отаудың алдыменен.Сонан соң үлкен үйдің отын жағып,Қарайтын маңайына жан нұрымен.Жер жайын, түлік сырын терең ұғып,Тұстарын түйіп алар мəнді деген.

Ойнаған ат үстінде он жасынан, Тентектеу болды асырмас сөз басынан.Ентелеп, бұл мінбеген ат қалмады,Елінің жүйрік пен жорғасынан.Жесірге қызындай боп жақын барып,Жетімнің қорқушы еді көз жасынан.

Əлі де ат үстінде салар əні, Көп кешті көк жайлауды самалалы.Ілесіп Сарымырзаға бірнеше рет,Қыстау мен күзеуді де аралады.Бұл елдің бар мекенін түгел көріп,Шөп түрін, қоныс мəнін саралады.

Сарымырза таң қалады бұл ісіне,Тым шұғыл, өте жылдам жүрісі де.Жер жайын біліп алып, əр ауылдыКөшіріп, қондыруға кірісуде.Мұнысы Сарымырзаға жақсы болды –Бұл іске араласып жұмысы не?!

Болған соң ойы терең, сөзі нəрлі,Келіншек таң қалдырды көзі барды.Барлығын басқаратын Байыс би де Əр неге бас ауыртпас болып алды.Осылай жылжып-жылжып жылдар өтіп,Ырғалған ырыс-бақтың жолы ұзарды.

Ел үшін тапты тура, нағыз жолды,Талпынды, талаптанды, тағы ізденді.Жасасып Қытайменен сауда-саттық,Бал, шырын бақ үстіне тамызды енді.Əр басқан қадамынан гүл алаулап,Қазаққа жалпақ жатқан аңыз болды.

Би Байыс жетпіс асып өтті өмірден,Ақ өлім келіп жетті Көк Тəңірден.«Найманның нары қайтты дүниеден!» деп,Көз жасы көл боп жұрттың көп төгілген.Бес ұлы бес жетімдей жер шұқыды,Бесеуі бес ауыл боп өскенімен...

Сарымырза жер ортасы жасқа жетті,Күйлерін бебеулетті, төкпелетті.Жасынан батырлықпен аты шығып,Қас жауын қарсы келген таптап өтті.Жанда жоқ жомарттығын жұрты сүйіп,Найманда «шүлен» деген даңққа жетті.

Бəйбіше қасабалы ұлы дана –Атанды Мұрын енді Мұрын ана!Тілегін Тəңір қолдап, аруақ жебеп,Малынды шапағат пен шұғылаға.Қормалы, ұйытқысы бүкіл елдіңШықты енді əулиелік шыңына да!

Тəңірі сыйға тартып үш ұл берді,Жол тартты болашаққа көш ілгері.Ана боп отырса да, аттан түспей,Керіліп «ұл таптым» деп көсілмеді.Тұңғышы Жолымбетті тапқан кезде,Ең алғаш əулиелік түсін көрді.

Түсінде – түн сүттей боп ай нұрынан,Туыпты жеті жұлдыз маңдайынан.Жігіт боп кеткен екен Жолымбеті,Жабысқан жеті сəби шалғайынан.Жетеуге жеті қамшы сыйлап жатыр,Əлдекім жетіп келіп мал қайырған.

Бұл түсін Мұрын көрді таң алдында,Оянып, бетін жуды, таранды да.Дұға оқып, түсін жорып көп отырды,Деп ойлап: «Бөпем нұрдан жаралды ма?Артынан жеті ұлы ерер, түс оң болса,Əрбірін бүкіл елі санар мыңға».

Өз түсін айтып еді Сарымырзаға,«Болайық – деді батыр – барға ырза».Сонан соң əдетіндей қалжың айтты:«Түс көрер ана қыран самғарында.Бəйбіше, үшеу болсын, енді екі ұл тап,Қалайын мен де жетіп арманыма».

Аузына осы сөзді Құдай салған,Секілді себеппенен сұрай салған.Бұдан соң екі ұл туып бəйбішесі,Бақ құсы бастарына шыр айналған.Бəйімбет, Жолболойдай қос түлекпен,Əулеті Байыс бидің шырайланған...

* * *Көз жасын бүкіл найман төгілдірді –Сарымырза жау оғынан көзін жұмды.Тұқымын Төлегетай қайғы қамап,Күрсінтіп, қабырғасын сөгілдірді.Жалғыз сəт естен кетпес – өлеріндеСарымырза ағайынға жүзін бұрды.

«Пəруана – деді – жұртым үшін жаным,Осы елмен қуанғаным, қысылғаным.Ұлдарым тым ертерек жылап қалды,Сөйтсе де сезінемін құтым барын.Тұңғышым – Жолымбетім жігіт болды,Ұямнан сол жалғыз құс ұшырғаным.

Əлі жас екі інісі, ағайындар,Бұл жерде қамқор болар талайың бар.Мұңайып Мұрын гүлім жасымасын,Қасында басын сүйеп, қарайыңдар.Əулетім аттан ауып қалмас, білем,Төс айыл үзілсе де, шап айыл бар.

Мен емес ата жолдан жаңылатын,Ұрпақ бар – ұмытылмас менің атым.Атауы ұрпағымның «Мұрын» болсын,Аманат! Болсын мұны бəрі ұғатын!Əрқашан жүреді ғой Мұрын алда,Өзім де дəл қойыппын тауып атын».

Қалмады өлерде де бір қалжыңы,Жүзінде күлкі ойнады тынғанда үні.Үзіліп кетті сонсоң ышқынды да,Жер аунап, бұлт көшіп, Күн қаңғыды.Бұл қаза қара орманға қасірет боп,Дала мен тау-тасты да мұңдандырды.

* * *Көкейді көңілсіз де көңілді еткенТағы да заман зырғып, өмір де өткен.Дəл келіп Мұрын ана көрген түсі,Тұп-тура жеті ұл туды Жолымбеттен.Əулие, шын данагөй Мұрын анаТанбады əулиелік қабілеттен.

Ұлы ана бір Тəңірді ие тұтқан,Үш пенен жеті санын кие тұтқан.Салт-сана, əдет-ғұрып, жол-жораны,Ескіден қалған заң мен жүйені ұққан.Пір тұтқан Ойсылқара жарықтықты,«Бар елді қорғайды – деп – түйе жұттан».

Үш санын кие тұтып, үш ұл тапты,«Жеті ұл» деп дəл жорыды түсін тəтті.Ырым мен ұғымдарды қастер тұтып,Басынан бақыт құсын ұшырмапты.Көк нұрын көкірекке көп сіңіріп,Жəннаттың жер үстінде құсын бақты.

Тараған Жолымбеттен бақ суаты –Ажығұл, Қыдыр менен Қосмұраты.Ажы мен Рақа, Назар, Арыстанбек,Жетеуі – сары қымыз, ақ шұбаты.Бұл «жеті Жолымбет» деп аталады.Ұрпақтың санасында нақ тұр аты!

Ұлдары Бəйімбеттің мұрат басы –Күлеке, Сейіт, Шартай, Мұңайтпасы.Сүт кенже – Көншісінің жөні бөлек,Белгілі шаңырақты құлатпасы!Шойтабан, Жарылғап бар Жолболойдан,Осы он төрт немересі – гүл бақшасы!

* * *Жаны – нұр, көкірегі – ұлы дана,Жаңғырар жадымызда Мұрын ана!Өткеннің, болашақтың бейнесіндей,Маңдайы малынып тұр шұғылаға.Бас иіп тəу етеміз, тəубе етемізБейне бір табынғандай құбылаға!

Өшпейтін сəулесіндей адал ардыңРауандап ұрпақ өсіп, тараған мың.Жарқырап жауһар бейне Күндей болып,Жатталар кеудесінде əр адамның!Нұрлы өмір, сырлы ғұмыр – əз мирасыМəңгілік ұмытылмас аналардың!

Жїзей ќызСерік ПІРНАЗАР,«Егемен Қазақстан»

Қазір осы сегіздікті алдағы күн-дерде бір-бірлерімен кездесетін Польша – Португалия, Уэльс – Бель гия, Германия – Италия жəне Фран ция – Исландия жұптары құрап отыр.

Əдетте, мұндай жан алып, жан берісетін, безбен басына бір елдің ары мен намысы түсетін алмағайып спорттық жарыстарда алдын ала болжам айтып, сəуегейлік көрсету адамға оншалықты абырой əпере бермейді. Сондайлардың біразы бұрнағы Англия – Исландия матч-ында ағылшындардың шүбəсіз күшті екеніне бəс тігісіп, қатты қателесті.

Алдымен алаңға Италия мен Испания беттеді. «Скуадра адзур-ра» əр таймда соққан бір голының нəтижесінде 2:0 есебімен жеңіске жетті. Лион стадионы бұл күні бір неше тарихи шешімге қол қой-ды. Соның біріншісі – испандар сегіз жылдан бері арқалап келе жатқан құрлық чемпионы деген атақтарының уəкілдігін беріп шықты. Екіншісі – «Фурия роха» бұған дейін қатарынан екі са-пар алған чемпиондығын үшінші мəртелікке ұластыру мақсатымен біржола қоштасты. Үшіншісі – Аппенин түбегінің жігіттері қарсыластарынан 2012 жылғы Еуропа чемпионатының Киевте 1 шілде күні ойналған фина-лында 0:4 болып ұтылуының есесін қайтарды. Мұны бірқатар спорт шолушылары «итальянша вендетта» деп атап та үлгерді. Төртіншісі – екі құраманың осы кезге дейінгі өзара кездесулерінің қорытындысында тең болып тұрған таразы басы осы жолғы ұтыспен итальяндарға қарай ауып кетті. Ал бұл құрамалар бұған шекті бір-бірімен 34 рет ұшырасып, əрқайсысы 10 рет-тен жеңіске жетіп, 14 кезек тең ойнаған болатын.

«Италия – жай ғана катенач-чо деңгейінен анағұрлым би-ік», – деді ойыннан кейінгі бас-пасөз мəслихатында «Скуад-ра адзур раның» бас жаттық-тырушысы Антонио Конте. Ең бас тысы, итальян футболшыла-ры мұны алаң үстінде өте-мөте дəлдікпен дəлелдеп берді. Олар испандардың əрбір артық жүрі-сінің алдын орап кетіп, қауіп-қатерді тұсаулап тас тап отырды. Сонымен бірге, бұл матч итальян командасының шабуыл шебінде біраз салмақты проблеманың бар екенін де байқатып қойды. Со-ған қарамастан, бұл олардың іс басындағы чемпионды тізе бүк-тіріп, жарыс жолынан шығарып тас тауларына кедергі келтіре ал-мады.

Жекпе-жекті Антонио Кон-тенің шəкірттері белсенді баста-ды. Осы тұста Эдер мен Пелле біршама көзге түсті. 11-минутта Эмануеле Джаккеринидің шалқая беріп тепкен добы бағаннан қайт ты. Əлбетте, испандар да өз қақпасы алдында жер бауырлап жатып алған жоқ. Ара-тұра олар да алға ұмтылып тұрды. Бірінші тайм, тұтастай алғанда, Италия құрамасының басымдығымен өтті. Соның арасында, 33-минут-та Джорджио Кьеллини гол соғып кетті. Ол Эдердің соққысынан

кейін допты дəл алдына түсіріп алған Давид де Хеа қателігін əдемі пайдалана білді. Ал екінші голды итальяндар кездесудің ең соңғы секундтары жүріп жатқан 90+1 минутта соқты. Бұл жолы олар Висенте дель Боскенің ойын-шыларын қарсы шабуыл кезінде «қақпанға» түсірді. Голды Маттео Дармианнан пас алған Грациано Пелле салды.

Исландияның Англияны ығыс-тырып, жолдан шығарып тас-тауының сенсация екенін мойын-дамайтын маман жоқ. Бірақ Ниццада өткен кездесудің басы жағдайдың бұлайша дамитыны жөнінде ешқандай сыбыс білдірген жоқ. Керісінше, Рой Ходжсон футболшыларының оны сəтті бастағанын көрсетті. Ағылшындар 4-минутта-ақ есеп ашты. Рас, гол Уэйн Рунидің ұруымен пеналь-тиден кірді. Айып добы Даниэл Старрижден доп алған Рахим Стерлинг қақпа алаңына құйғытып келген кезде қақпашы Ханнес Халльдоурссонның оны тобықтан қағып құла туына байланысты белгіленді. Алайда, арада бар-жоғы екі минут өткеннен кейін фа-ворит-команда ойыншыларының көңіл күйлері нілдей бұзылып сала берді. Бұған Кари Арнасонның қапталдан қол мен лақтырып бер-ген добын Рагнар Сигурдссонның қағып алып, жақын жерден қақырата ұрып, жауап гол соғуы себеп болды.

Осыдан кейін біртіндеп өз-өзіне келген Англия жойқын жорық тармен қарсыласын басып тастамаққа ұмтылды. Сол уақыт -тары он минуттай уақыт «Үш арыстанның» ентігін басып, ек-пінін қайтаруға күш салған Ларс Лагербектің ұландары қайта қарсы шабуылға көтерілді. 18-минутта өте жақсы ойналған комбинация-дан кейін Кольбейн Сигторссон айып алаңы сызығы маңында соққы жасады. Қақпашы Джо Харт допқа қолы тигенімен, оны біржола қайтарып тастай алма-ды. Осылайша исландтар алға шығып кетті. Əлбетте, көп ұзамай ағылшындар есепті теңестіру үшін жанталаса шапқылады. Осы мақсатта бапкер екінші тайм-да ойынға қосқан футболшы-лар сенімді ақтай алған жоқ. Мəселен, Джек Уилшердің жар-тылай қорғаныстың орта шебінде Уэйн Рунимен тіл табысып ойна-уы оңайға түспеді. Ал Джейми Вар дидің тіпті алаңда бар-жоғы бел гісіз болып қалды. Англия құра масы осылайша өздерінен күтіл гендей ойын өрнегін көрсете қой мады. Мұның соңы жеңіліспен аяқталды.

Ойын біткеннен кейін Рой Ходжсонның айтқан бірінші сөзі өзінің отставкаға кетуі турасын-да болды. «Маған жолды осылай аяқтау өте өкінішті. Бірақ мұндай жағдай бола береді», – деді ол. Сөйтіп, ол төрт жылға созылған жұмысын аяқтағалы отыр. Осы уақыт аралығында жаттықтырушы құраманы Еуропаның екі, əлемнің бір чемпионатына бастап барды. Бұлардың ішіндегі ең ірі табысы 2012 жылы құрлық чемпиона-тында ширек финал шебіне дейін жетуі болды. Бұл жолы оған да жете алмады.

Енді командалар екі күндік үзіліс алады.

Францияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында бұрнағы күні соңғы екі ойынның ойналуымен 1/8 финалдық кезең мəресіне жетті. Енді 30 маусым – 3 шілде аралығында ширек финалдық ойындарға кезек беріледі. Бұдан айбыны асып, айды-ны озып шығатын төрт команданың үшеуі күні ертең кіл сыңғырлаған медальдарға қол жеткізеді. Мұның өзі уақыттың жүлделі жүйріктер анықталатын тұсқа тым жақындап қалғанын көрсетеді.

Жїйріктер аныќталатын сəт жаќын

«Егемен Қазақстан»

Page 12: ҚАМЫС - akmola.atameken.kz•гемен Казахстан (2).pdf№123 (28851) 29 МАУСЫМ СƏРСЕНБІ 2016 ЖЫЛ Еңбегімен еленген АҚПАРАТТАР

29 маусым 2016 жылwww.egemen.kz12 Саламаттылық салты

Қаз-қалпында Солай ма?

Мəссаған!

Міне, ғажап!

www.egemen.kz12

Сур

етт

ерді

түс

ірге

н Ер

лан

ОМ

АРО

В

Меншік иесі:“Егемен Қазақстан”

республикалық газеті”акционерлік қоғамы

Басқарма төрағасыЕркін ҚЫДЫР

Басқарма төрағасының орынбасары – бас редактор

Жанболат АУПБАЕВ

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А.

АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru Интернет-редакция: [email protected]Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – [email protected]

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75;Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70;Атырау – 8 (712-2) 31-74-13;

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91;Қарағанды – 8 (777) 949-64-77;Қостанай – 8 (714-2) 21-01-42;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11;Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56;Тараз – 8 (726-2) 43-37-33;Шымкент – 8 (701) 362-63-76;Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, [email protected] Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]

Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.А

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы

5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мəдениет жəне

ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009

Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921

Таралымы210 932 дана.

Газет мына қалалардағы:010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС,050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС,030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «Алматы-Болашақ» АҚ,070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №123 ek

Нөмірдің кезекші редакторы

Аян ƏБДУƏЛИ

Талғат РАЙЫМБЕК,«Егемен Қазақстан»

Турнирдің ашылу салтанатында Л.Н.Гу милев атындағы Еуразия ұлт тық

уни верситеті жанындағы «Журналистика мəселелерін зерттеу» инс титутының ди-ректоры Намазалы Ома шев жарыстың маңызы мен ерекшелігін кеңінен айтып берді.

«Ақселеу Сейдімбек атындағы би-льярд сайысы осымен алтыншы мəрте ұйымдастырылып отыр. Турнирдің өтуіне аталған білім ордасының кəсіп-одақ комитеті мұрындық болып, демеу-шілік көрсетті. Одан бөлек, Ақсе леу ағамыздың інісі Асылхан Сейдімбек əулеті атынан арнайы сыйлық тапсыра-ды», – деді ол.

Мұнан кей ін университетт ің

«Журна листика жəне саясаттану» факультетінің деканы Қайрат Сақ сөз алып, жарысқа қатысушы ақсақалдар тобы – 24, орта буын өкілдері мен жа-стардан құралған ойын шылар 32 сайы-скерден тұратынын жеткізді.

« Б ұ л т у р н и р е ң а л ғ а ш 2 0 0 9 жылы Ақселеу ағамыздың бастама-сымен БАҚ өкілдері арасында ұйым -дастырылды. Мақсаты – жур на лис-тиканың қазанында қайнап жүрген жəне қолындағы қаламын қару еткен қаламгерлердің басын қосып, кəсіби мерекенің қарсаңында бір сергіп қалу.

Осы ретте, ағамыз өзінің атынан тур-нир жеңімпазына ақшалай жүлдесін беріп, дəстүрлі шараға мұрындық бол-ды. Ал 2010 жылдан бері біз осы сай-ысты Ахаңның атынан өткізіп келеміз. Жыл сайын бильярдқа қызығушылық танытып, жарысқа қатысуға ниет білдірген ойыншылар қатары артып келеді. Бүгінгі шараға «Қазақстан» ұлттық телеарнасы» мен Ақселеу аға еңбек еткен «Егемен Қазақстан» газеті жарыс жеңімпаздарына арнайы жүлде тағайындады. Жалпы, біз келесі жылы Ақселеу ағамыздың 75 жылдығына

орай турнир ауқымын ұлғайтып, дүбірлетіп өткіземіз бе деп отырмыз», – деді Қайрат Сақ өзінің сөзінде.

Сонымен, жеті сағатқа созылған сайыста ақсақалдар тобынан 1-орынды Намазалы Омашев жеңіп алса, 60 жасқа дейінгі ойыншылар ішінен үздік шыққан тележурналист Нұрділдə Ораз топ жар-ды. Оларға турнирдің бас сыйлығы – кубоктар мен бағалы сыйлықтар та-быс етілді. Турнирде, сондай-ақ, бұдан да басқа аталымдар бойынша үздіктер анықталып, тиісті сый-сияпаттарға ие болды.

Əріптестер əлеуетін таныттыЖурналистердің кəсіби мерекесіне орай бильярдтан жазушы, жур-налист, ғалым, профессор Ақселеу Сейдімбектi еске алуға арналған дəстүрлі республикалық турнир өтті. Оған БАҚ саласының 60-қа жуық өкілі қатысты.

Аян ƏБДУƏЛИ,«Егемен Қазақстан»

– Google X кеңсемізде киіз үйдің орнатылуына Эмили жəне Ричард есімді əріптестерім көмектесті. Оларға алғысым шексіз. Ин тернет арқылы бай ла ныс қанымызда өті -ніш-ті легімізді жерге қалдырмады. Ал дағы уақытта бұл орын мей-мандармен кездесуге ар налған бөлме ретінде пайдаланылады, – деді Тілек Мамутов.

2014 жылы Қазақстан мен Қыр-ғызстанның бір лесуімен киіз үйді жа сау дың дəстүрлі мағлұматы жəне өнері ЮНЕСКО-ның тізіміне енген болатын.

Google X қазіргі таңда Alphabet холдингінің құрамында. Негізінен перспективті технологиялар шы-ғарумен айналысады. Олардың арасында жүргізушісіз жүретін а в т о м о б и л ь , ш ы н а й ы ө м і р көзілдірігі, атмосфераның стра-тосфера қабатында интернетке кіру,

адам сөзін тануды, сонымен қатар видеодағы, ғаламтордағы нысан-дарды анықтайтын оқыту нейтрон желісі бар.

Айта кетейік, көш пелі халық-тардың баспанасы болған киіз үй бүгінде көпшіліктің қызы ғу-шылығын тудыруда. Мəселен,

осыдан бірнеше ай бұрын Канадада Майкл Джеффри есімді студент ықшамдылығы, үнемділігі, қо лай-лығы үшін ежелгі жұрттар бас-панасын құрып алған. Ал Голливуд жұл дызы Леонардо Ди Каприо 10 күндік дема лысын Моңғолияда киіз үйде өт кізген.

«Алтын адам»аймаќтарды аралап кетті

Тəуелсіздіктің 25 жыл -дығына орай еліміз бойын-ша «Ұлттық музей – сенің қалаңда!» атты мəдени тур бас тау алды. Қазақстан Респуб-ликасының Ұлттық музейі ұйым дастырып отырған мə-дени саяхат алдымен Орал қаласына табан тіреді. Оралдық көрермендер Ұлттық музейдің ең құнды мұрасының бірі – «Алтын адам» жəдігерін тама-шалап, арнайы бағдарламаның куəсі болды.

«Алтын адам» – халқы-мыз дың ең құнды жəдігері, елдігіміздің символы. Атаулы жоба аясында қа ла жұртшылығы мен қонақ тары тек музей төрінде ғана тұратын құнды жə дігер мен тереңірек танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, батысқазақстандықтар «Ұлттық музейдің 10 шедеврін» тама шалады. Ғасырлар бойы қалпын бұзбаған асыл ми-рас өнерсүйер қауымның ерек ше қызығушылығын ту-дырды. Астаналық музейді араламағандар үшін «Ұлттық музейге саяхат» таныстыру бейнеролигі жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, 3D тех-нологиясы арқылы музейдің əр залы жеке-жеке таныстырыл-ды. Шараға облыс əкімдігінің өкілдері мен өзге де салалар-дан қонақтар қатысты. Тəуелсіз Қазақстанның брэндіне айнал-ған «Алтын адам» ескерткіші өзге қалаларда да кең көлемде таныс тырылмақ. Көрмені тама-шалау тегін жүргізіледі.

Бұдан əрі көрме Ақтөбе қаласында жалғасады.

«Егемен-ақпарат»

Алматыда дельфиндерді балалардың цере-бралды тырысқақ ауруын емдеуге пайдала-на бастады. Небəрі 10 сеанстан тұратын ем-дом бағдарламасын қазірдің өзінде 50 балаға қолданып көрген дəрігерлер бұл емнің жақсы нəтиже көрсеткендігін айтуда.Қанат ЕСКЕНДІР,«Егемен Қазақстан»

Ғылыми жетекшілер мен дəрігерлер ұсынған 25 минуттық емдік бағдарлама 2 бөлімнен – «жағалаудағы жүздесу» мен «судағы серуеннен» тұрады. Ем жүргізу ісін бақылаушы мамандардың айтуынша, сырқат бала-лардың 90 пайызы су жануарымен кездескеннен кейін жағдайлары оңалып, сөйлеуге талпынып, түрлі қимыл-дар жасағысы келіп, өмірге деген құлшынысы артқан.

– Дельфиндер – бала психологиясына ерекше əсер ете алатын сүтқоректілер. Біріншіден, олардың түрі үнемі күліп тұратын жанды елестетсе, екіншіден, адам бойындағы психологиялық ауыртпалықты алып тастай-тындай қасиетке ие. Көбіне біз бұйырған тапсырмадан гөрі өз бетінше басқа да қимыл-əрекеттерге барады. Бір жақсысы, іс-əрекеттері балаларға көп əсер етеді. Осыған қарағанда, су жануарын дұрыс баулыса, адам жаны мен тəнін емдеудің жаңаша тəсілі пайда болуға тиіс, – деді

Алматы дельфинатерапия бөлімінің жетекшісі Алексей Полищук.

Николь, Катя жəне Юми атты 3 дельфин суда да, жағада да сырқат балалардың көңілін аулап, өз ойынын көрсетеді. Сипауға, ұстап көруге жəне бірге жүзуге тырысқан балалар бір сəт өздерінің дертін ұмытып, өмірге деген құлшынысы артады. Дəрігерлердің айтуын-ша, олардан шығатын ультра дыбыс адам ағзасына ерек-ше əсер етіп, əлсіз дененің иммунитетін көтеруге жəне психикалық қалыбын жақсартуға зор ықпал жасайды.

АЛМАТЫ

Аян ƏБДУƏЛИ,«Егемен Қазақстан»

Қытайда өз үйінен қашып, бір апта бойы интер-нет клубтан шықпаған 19 жастағы жігіт мүгедек болудың аз-ақ алдында қалды. Дəрігерлердің айту-ынша, ол осы уақыттың бəрінде ойын ойнап, қоз-ғалыссыз отырғандықтан, екі аяғы іріңдеп кеткен.

Бірнеше күн ас ішпей, орнынан да тұрмай, компьютерге тəуелді болған бозбаланы жұрт теміржол маңайында есін білмей, құлап жатқан жерінен тауып алған. Оны көргендер тіпті,

үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас адам деп ойлап қалған көрінеді.

Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру мен компью-тердің зардабы өтіп кеткендіктен, аяғындағы инфекция денеге таралып кетсе, өмірімен қош айтысуы мүмкін болар еді. Бірақ ақ халаттылар дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.

Құмар ойынға тəуелділіктен бүгінде қайтыс бо-лып жатқандар аз емес. Мəселен, өткен жылы дəл осы Аспанасты елінде 19 сағат бойы компью тердің алдын-да телміріп отырған жасөспірім тіл тартпай кеткен.

Ал Башқұртстанда 2015 жылы тамыз айының соңында 22 күн бойы үздіксіз ойын ойнаған 17 жасар бала қайтыс болды. Мəліметтерге сəйкес, ол 2014 жыл-дан бері компьютерге 2 мың сағат уақытын жұмсаған. Ата-анасы үйде болмаған кездері ескі əуеніне басып, тек ұйықтап алу үшін ғана үзіліс жасаған.

Бақтияр ТАЙЖАН,«Егемен Қазақстан»

Фуми есімді жапон жиһанке-зінің Шымкентте жүргеніне он күннен асып кетті. Оның мəнісі қызық. Бір топ мотоциклші Ыс-тық көлге демалуға бара жатып, құла дүзде жалғыз өзі тамақ ішіп отырған шетелдікті байқайды. Əуестікпен сұраса, бір жыл бұрын жолға шыққан 28 жастағы жапон жігіті велосипедпен Австралияға дейін жетпекші екен. Ескі вело-сипед, азын-аулақ тамақ, көр-жер салынған жол қапшық. Бар жабдығы осы.

Токиодан тəуекелдің қайығына мініп, «құдай жарылқасын» деп ат-танып кеткен жапон жиһанкезі Жер шарын біраз шарлап, Қазақстанға келген. Астана, Алматы, Тараз қалаларында болған. Жиһанкез деген қызық халық қой. Күй талғамайды. Таңғы асын тəңірден көріп, ершікке қонып жолды-жолсыз жерді əбден шиыр-лап, талықсып барып қоналқаға құлайды. «Мен де бір құдайдың құлымын. Маған көмектесіңдер», деп ешкімге бəлсінбейді. Түз бен адамның жыртқышынан басқа қорқары жоқ.

Оңтүстіктің жігіттері ер көңілді. Жападан жалғыз жүрген, əбден күйі тайған жапон жиһанкезін жақсылап күтіп алу үшін Шым-кент тегі велоқауымдастық мүше-леріне хабар береді. Мұндағы сан алуан ұлтының бəрі заты да, жаны да дархан қазақ болып кеткен. Олар мейманды қонақүйге орналасты-рып, аста-төк дастарқанмен күтеді.

Бұл жағдай кісікиік деңгейіне жеткен жапон жігітін қатты таң-дан дырыпты. «Менен сендерге еш пайда жоқ, неліктен ықыл-астарың түсіп жатыр?» деп ыңғай -сызданады екен. Əу баста Фуми-дің жоспарында Шымкентте екі күн аялдап, Ташкентке өту екен. Алайда, Ташкентте саммит

өтіп жатқандықтан, 26 маусымға дейін шекара жабық. Сондықтан, шымкент тік велосипедшілер оны бұ рын жапон тұтқындары жұмыс жасаған Байжансай кен орталы ғына апарып келген.

Екінші дүниежүзілік соғыста тұтқынға түскен жапон солдаттары салған мектеп Жиынбай ауылын-да əлі күнге дейін мызғымай тұр. Отандастарының ізі қалған жерде жүрген Фумидің шым кенттіктерге ықыласы ерекше.

–Дүниенің талай түкпірінде болдым. Бірақ Шымкенттің тұр-ғын дарындай ешкімді жатыр қа-майтын, жақынындай бауырына басатын жұртты көргенім жоқ. Мен осы жерден нағыз достар тапқаныма өте қуаныштымын, – дейді ол.

Қазақ қонажайлығынан бөлек Шымкент асханасын да келістіріп мақтаған Фумиге велосипедке арналған аяқ жолдың болмауы ыңғайсыздық туғызбаған. «Əлемге əйгілі Токио да веложолымен мақ-тана алмайды» деп жуып-шаяды ол.

Айтқандай, велоспортқа қы-зығу Шымкентке де қала əкімі Ғабидолла Əбдірахымовпен бірге жетті. Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Виноку-ровтың қолынан сыйлыққа велоси-пед алған əкім анда-санда ершікке қонып, қала аралайды. Қала əкімін Шымкенттегі экологиялық ахуал алаңдататын болу керек, бір мезгіл машинаны қойып, елді ершікке отырғызуды ойластырып жүр. Жақында шетелден велосипедтің үлкен партиясы келді. 40 велотұрақ орны дайындалып жатыр. Сағатына 100 теңге төлеп, мініп кете ала-сыз. Ұрлық туралы сөз болуы мүмкін емес. Əр шайтанарбаға GPS орнатылған.

Күнде велосипед мінгендер ара-сынан жапон Фуми сияқты қазақ жиһанкездері де шығар-ау.

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жапон жићанкезі Шымкент шаћарын ўнатты

Google кеѕсесінде тігілген киіз їй

Компьютерге байланєанжан мїгедек бола жаздады

Жөн-ақ!

Бəрекелді!

Дертті сəбиді дельфин емдейді Алматы облысында туризм саласын дамыту мақсатында Ала көл ауданының орталығы Үшарал қала-сында 50 жолаушыға қызмет көрсететін аэро-вокзал салу үшін жер телімі бекітіліп, жобалық сме талық құжаттары дайындалды.

Алакґлге ўшаќпен...

Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Жалпы, Алакөл жағалауына 3,1 млрд. теңгенің инвестиция-сы тартылып, 1200 орынды 3 демалыс кешенінің құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы көл жағалауындағы 102 демалыс орнында 144 000 адам демалып, оларға 612 млн. теңгенің қызметі көрсетілген еді. Биыл тағы 26 демалыс орнын іске қосу жос-парланып, 220 мың адам келеді деп күтілуде. Демалыс үйлерінің құны 3500-6500 теңге көлемінде болады. Заман талабына сай салынған орындар 11000-60000 теңгеге дейін бағаланып отыр.

Алакөлге əуе жолынан бөлек, теміржол, автомобиль жолы да бар. Көлік қолжетімділігімен қам-тамасыз ету мақсатында биыл-ғы жазғы демалыс маусымында «Алматы-Достық» бағытында жүретін туристік пойызы аптасы-на 3 рет қатынайды. Ал «Алматы-Үшарал-Ақши-Көктұма» марш-руты бойынша күніне 5 автобус жолаушыларды тасымалдайды.

Алматы облысы,Алакөл ауданы

АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Google X кең-сесінде киіз үй тігілді. Бұл жаңалықты алғаш болып компа-ния қызметкері, Қырғызстан азаматы Тілек Мамутов facebook əлеуметтік желі сіндегі жеке парақшасында хабарлады.

«Егемен Қазақстан»