maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · web viewПятый том собрания...

31
Жаңа түскен кітаптар тізімі Список поступившей литературы Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки Оразалықызы Г. Шахмардан Есенов[Текст] / Г. Оразалықызы. – Алматы ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2014. – 376 б. + 32 бет фотосуреттер. Бұл кітап еліміздің екі рет Геология министрі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болған, Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар, екі рет Ленин орденін алған, КСРО және ҚССР Жоғары Кеңестерінң депутаты болған, бірақ әділетсіздік салдарынан көп қиянат көрген, сонда да адамдық, азаматтық, ғалымдық тұлғасына дақ түсірмей өткен Шахмардан Есеновтің бейнесін ұсынады. Автор оны жасау үшін көп, ұзақ ізденіп, мол материал жинаған, оларды жүйелі, сапалы баяндай білген.

Upload: others

Post on 09-Jul-2020

9 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Жаңа түскен кітаптар тізімі

Список поступившей литературы

Жаратылыстану ғылымдары

Естественные науки

Оразалықызы Г. Шахмардан Есенов[Текст] / Г. Оразалықызы. – Алматы ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2014. – 376 б. + 32 бет фотосуреттер.

Бұл кітап еліміздің екі рет Геология министрі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болған, Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар, екі рет Ленин орденін алған, КСРО және ҚССР Жоғары Кеңестерінң депутаты болған, бірақ әділетсіздік салдарынан көп қиянат көрген, сонда да адамдық, азаматтық, ғалымдық тұлғасына дақ түсірмей өткен Шахмардан Есеновтің бейнесін ұсынады. Автор оны жасау үшін көп, ұзақ ізденіп, мол материал жинаған, оларды жүйелі, сапалы баяндай білген.

Құқық.Заң ғылымдары

Право. Юридические науки

Page 2: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

История независимости в вопросах и ответах: Сборник избранных интервью Президента Республики Казахстан[Текст] / Сост. Д.А. Абаев. – Алматы: Раритет, 2014. – 600 с. + 16 с. вклейка.Книга представляет собой сборник избранных иетервь Президента РК различным отечественным и зарубежным СМИ.В них расскрывается взгляды Главы государства на широкий круг проблем, его оценка событий, актуальных в разные исторические периоды.

Аманжолова З. и др. Права о государственной границе Республики Казахстан[Текст]/ З.Аманжолова, М. Атанов, Б.Турарбеков. -3-е издание,доп., переработанное. – Алматы: «Жибек жолы», 2014. -228 с., ил.

Настоящая книга является уникальным изданием, поскольку посвящена международно-правовому оформлению государственной границы Казахстана с сопредельными странами.Освещается история формирования границы нашей страны с соседними государствами.

Материалы книги дают прелставление о специфике правового регулирования вопросов територии, сущности и содержании переговоров по определнию границы, а также об историческом и междунородном значении правового оформления государственной границы Республики Казахстан.

Page 3: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Президент: 2013 жылғы басты оқиғалардың фотобаяны. Президент: фотолента основных событий 2013 года: Фотоальбом/ құраст. Д.Абаев. – Алматы: раритет, 2014. – 360 б.

Бұл фотоальбомда Қазақстан республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2013 жылы ел ішінде халықаралық аренада өткен маңызды іс-шаралардың фотоматериалдар жинағы.

Данный фотоальбом представляет собой сборник фотоматериалов, которые отражают ключевые события внутриполитической и международный жизни с участием Президента РК Нурсултана Назарбаева, состоявщихся в 2013 году.

Page 4: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Білім беру. Педагогикалық ғылымдарОбразование. Педагогические знания

Михайлюкова З. Семейное воспитание незрячего дошкольника[Текст]/ Алматы. Раритет, 2014. – 240 с.

Автор книги описывает некоторые особенности обучения и воспитания детей с глубоким нарушениями зрения, подчеркивает специфику развития речи, дает рекомендации по ориентировке, физическому воспитанию, навыкам самообслуживания, советы родителям в подготовке ребенка снизким зрением для поступления в специальную школу.

В работе большое внимание уделяется отношению родителей к незрячему ребенку, для самоуважения которму необходимо иметь опыт безусловной родительской любви и привязанности. В книге доказательно и ситемно проводится мысль о том, что дети с ограниченными возможностями могут и обязательно должны стать востребованными гражданами общества.

Page 5: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Бұқаралық ақпарат құралдары және насихат құралдары.

Средство массовой информации и пропаганды

Жүністегі О. Ел мен жер [Текст]/О.Жүністегі. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 380 б.Журналист-жазушы Оралбек Жүністегінің бұл жинағында Әртүрлі мамандық иелерінің еліміз

тәуелсіздік алғаннан кейінгі өмір, еңбек тынысы баяндалады. Аға буынның кейінгі өмір, еңбек тынысы баяндалады. Аға буынның өнегелі істерін жалғастыратын жалынды жастардың ерен еңбегі сөз болады. Нарыққа тез бейімделген кәсіпкерлердің де жаңаша ой-пікірлері бар.

Қашқынбаев М. Кербез дала ой салады [Текст]/ М.Қашқынбаев. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 бет.

Бұл жинаққа қаламгер, журналист Марат Қашқынбаевтың ел мен жер, еңбек адамы жайлы кең тынысты публицистикалық туындылары еніп отыр. Кітапта ауыл адамдарының тыныс-тіршілігі, қам-қарекеті әсерлі суреттеледі.

Page 6: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Қорғасбек Ж. Кітапхана: Сұхбат [Tекст] / Ж. Қорғасбек. – Алматы: хан Тәңірі, 2014. – 266 б. Жазушы Жүсіпбек Қорғасбектың бұл жинағында халық тағдыры, ұлт тарихына қатысты белгілі тұлғалармен жүргізген сұхбаттары топтастырылып беріліп отыр.

Нысаналин А. Отамалы[Текст] /А.Нысаналин. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 285 б.

Белгілі қаламгер Аян Нысаналиннің бұл жинағына қазақ әдебиеті мен өнерінң шоқтығы биік тұлғалары жайлы әдеби-сын мақалалары, естеліктері еніп отыр.

Кітапта оқырман қауымға қызықты көптеген деректер, мәліметтер келтірілген.

Page 7: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Олжай Қ. Жермен аспан арасындағы дастан [Текст] / Қ.Олжай. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2014. -206 бет.

Журналист Қайнар Олжайдың кезекті кітабы экологиялық очерктерден тұрады және осы очерктер тұтаса келе бір желіні құрайды. Кітап табиғатқа, ондағы аң-құстар мен жануарларға, өсімдіктер мен тау-тасқа аяушылықпен қарауға үндейді. Ақын әлемдік құбылыстарды бағалауда арғы-бергі қазақ жыраулары мен ақындарына, жазушылары мен ойшылдарына жүгінеді. Сол арқылы ғаламдық шытырмандардың біздің даламызға ортақ екенін аңғартады.

Оралбаев Ө. Серпер сезім[Текст] / Ө.Оралбаев. – Алматы:Хан тәңірі, 2014. – 286 б.Қазақстан Журналистика Академиясының академигі, белгілі ақын, көрнекті журналист Өтеген

Оралбайұлының бұл жинағында ұлтымыздың зиялы қауымының атақты да белді өкілдері, мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері туралы жүрекжарды сезіммен, інілік ізетпен, ақындық жүрекпен, азаматтық тілекпен жазылған естеліктері мен эсселер, сұхбаттар мен сырласулар, толғаныстар мен толғаулыр топтастырылған.

Жинақ іздемпаз жас толқынға, осы саланың мамандарына, жалпы көпшілікке айтар ойымен, ұсынар бағытымен, жеткізер жаңалығымен құнды боларына күмән жоқ. Автоордың көркем тілі, жазу мәніріндегі ақындық сезім мен азаматтық болмысы жинақты көркемдік-идеялық биіктен көрсетеді.

Page 8: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Ысқақбай М. Қайта жанған жұлдыздар: ой-толғаныстар, мақалалар[Текст] / М.Ысқақбай. –Алматы: ХанТәңірі, 2014. – 380 бет.

Белгілі жазушы Марал Ысқақбайдың бұл жинағына тарих, мәдениет, әдебиет, өнер тақырыбында соңғы жылдары жазылған ой-толғаныстары, мақалалары еніп отыр.

Автордың дәлелді де дәйекті пікірлері көзі қарақты оқырмандарды бей-жай қалдырмасы анық.

Тіл біліміЯзыкознание

Қалмағамбетов Б.Сәйгүлік өмір[Текст] / Б.Қалмағамбетов. – Алматы: Хан Тәңірі,2014. – 286 бет.

Бұл – ақын Бижан Қалмағамбетовтыңтің екінші жыр жинағы. Кітаптың негізгі өзегі – адамгершілік, махаббат, өмір жайлы өлеңдер болып табылады. Авторды жүрегінен шыққан сыршыл да нәзік туындылары оқырманды бей-жай қалдырмайды, ойландырады, толғандырады.

Әдебиеттану

Page 9: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Литературоведение

Қайырбеков Ә. Тұлғалар тағылымы: Сәбит пен Ғабит. Эсселер, ғылыми-зерттеу, мақалалар, ой-толғам, сыр-сұхбат[Текст] /Ә.Қайырбеков. – Алматы: Айғаным, 2014. – 286 б.Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты, ақын Әділғазы Қайырбековтің «Тұлғалар тағылымы» атты кітабына оның көп жылдар бойы Алматыдағы «Сәбит

Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің Мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешешнінде» қызмет істей жүріп жазған, қазақ әдеби мұралары, құнды жәдігерліктері, т.б. туралы ғылыми-зерттеу мақалалары, әсселері, ой-толғамдары, сыр-сұхбаттары топтастырылған. Ұлттық әдебиетіміздің тарихында өшпейтін із қалдырған, халықтың жүрегінен берік орын тапқан қос қаламгердің қоғамдық-әлеуметтік, жазушылық-азаматтық тұлғалары жан-жақты ашылады. Олардың соңдарында қалдырған мұраларының көркемдік, тағылымдық, өнегелік сипаттары сараланады.

Молағалиев Ж. Шығармалары: Поэма, өлеңдер және публицистика [Текст]/ Ж. Молағалиев. – Алматы: «Алатау» баспасы, 2014Т.: 4. – 384 бет.

Page 10: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтің бұл шығармалар жинағының 4 томына кейінгі жылдарды жазған поэма, өлеңдері мен публицистикалық мақалалары еніп отыр.

Оразалықызы Г. Шахмардан Есенов [Текст] / Г. Оразалықызы. – Алматы ЖШС «Қазақстан» баспа үйі», 2014. – 376 б. + 32 бет фотосуреттер.

Бұл кітап еліміздің екі рет Геология министрі, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Президенті болған, Лениндік, Мемлекеттік сыйлықтар, екі рет Ленин орденін алған, КСРО және ҚССР Жоғары Кеңестерінң депутаты болған, бірақ әділетсіздік салдарынан көп қиянат көрген, сонда да адамдық, азаматтық, ғалымдық тұлғасына дақ түсірмей өткен Шахмардан Есеновтің бейнесін ұсынады. Автор оны жасау үшін көп, ұзақ ізденіп, мол материал жинаған, оларды жүйелі, сапалы баяндай білген.

Тарақ Ә. Абылай хан. [Текст] / Ә.Тарақ. – Алматы ЖШС «Қазақстан, 2014. – 496 бет.

Page 11: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Монографияда Абылай хан билік құрған XVIII ғасырдағы тарихи жағдайлар сол кездегі орыс, қытай құжаттары және ақын-жыраулар поэзиясы негізінде талданады.Автор Абылайдың сол дәуірде ұстанған саясатын, қайраткерлік, қөшбасшылық, дипломатиялық талантын саралап сараптайды. Әлемдегі әйгілі тарихи тұлғалармен Абылай өмірі мен бейнесінің ұқсастық, ерекшеліктерін салыстыра бағалайды. Қазақ тарихи романдарындағы, поэзиясындағы, драмасындағы Абылай бейнесінің сомдалуын тарихи,әдеби жүйеде зерттейді. М.Әуезов, С.Мұқановтан басталған дәстүрдің І.Есенберлин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, Қ.Жұмаділов тарихи туындыларында жалғасуы, сабақтасуы кеңінен талданады. Тарихи туындылардағы Абылай тұлғасының тәлімі, тағлымы тұжырымдалады.

Өнер. Өнер біліміИскусство. Искусствознание

Әлжік О. Есік көрген еркек [Текст] /О.Әлжік. – Алматы:Хан Тәңірі, 2014. – 343 б.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, сатирик-жазушы Орынбасар Әлжіктің бұл кітабына сықақ өлеңдері, бірқақпайлары, шымшымалары, әзіл-қалжындары еніп отыр.

Автордың қазақи астарлы әңгімелері оқырманды езу тарттыра отырып ойландырады, толғандырады.

Егінбаев М. Мөлдір махаббат [Текст] / М.Егінбаев. – Алматы: «Алматы-Болашақ» АҚ, 2014. – 440 бет.

Page 12: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Бұл кітап 1957 жылдардан бері халық арасында әндері кеңінен таралып жүрген белгілі композитор Мұратхан Егінбаевтың ән жинағы ретінде ұсынылып отыр. Кітапқа 60 ақындардың өлеңдеріне шығарылған әндер енгізілген.

Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі Мұратқан Солтанбайұлы Егінбаевтың ұсынып отырған бұл кітабы музыка мамандары мен арнаулы оқу орындарының студенттеріне, жалпы әнсүйер қауымға берері мол еңбек.

Жумасеитова Г. Хореография Казахстана. Период независимости: монография [Текст] / Г.Жумасеитова. – Алматы: «Жибек жолы», 2014. – 220 с.+32с. (цв.вклейка)

В монографии прослеживаются тенденции развития национальной хореографии в период независимости посредством анализа творческого пути трех профессиональных трупп: Государственного академического театра оперы и балета им. Абая, Национального театра оперы и балета им. К.Байсеитовой и Государственого академического театра танца под руководством Б.Аюханова. В орбиту исследования вошли и молодые коллективы, работающие в области современного танца Гульнары Адамовой «Самрук» и «Gabbassоv Sisters Company». Книга включает обзор балетных фестивалей и конкурсов этого периода современное состояние подготовки кадров в области хореографии.

Сығай Ә. Таңғажайып театр:эсселер [Текст] / Ә.Сығай. – Алматы «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2014.- 480 бет.ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, өнертанушы, профессор Әшірбек Сығайдың «Таңғажайып театр»

жинағына соңғы жылдары Жазылған дүниелері берілді. Автордың «театрлар шеруі», «Қазақ жеріндегі ұлт театрлары»,

Page 13: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Әсерлер әлемі», «Жарқын тұлғалар» атты төрт тараудан тұратын бұл еңбегі таңғажайып театр әлемінің саналуан мәселелерінен, оның ғаламға танылған жарқын тұлғалары жайынан сыр шертеді. Көңіл қойған кісіге мағлұматы мол, мазмұны тағылымды.

Көркем әдебиетХудожественная литература

Абыз.Б. Уақыттың алуан түсі [Текст] / Б.Абыз. – Алматы: Хантәңірі, 2014. -390 б. Қазақтың талантты ақындарының бірі Бақытжан Абызовтың «Уақыттың алуан түсі» атты мына жаңа жинағы – ақынның оқырмандарына жол тартқан сан бояулы, шалқар шабытты дүниесі.Кей мезеттерде орыс поэзиясының ірі өкілдері С.Есенин мен Н.Рубцовтың және сол сияқты қазақтың көрнекті лириктері Т.Айбергенов пен С.Жиенбаевтың сұлу сазға суарылған ойнақы да ойлы өлеңдерімен сарындас, мінездес келіп жататын Бақытжан ақынның қалың қауымға ұсынып отырған бұл поэтикалық топтамасында әсем табиғаттың хас суреттері, ел мен жер, махаббат пен мезгіл, өмір мен өлең жайлы философиялық мазмұндағы толғамдары шебер де шынайы бейнеленген. Ақынның өзгеше өрнекте айшықталған лирикалық туындылары өзіннің орамды ойларымен, терең тақырыбымен, жаңаша түр-сипатымен ерекшеленеді.

Айтқожа М. Коп томдық шығармалар жинағы[Текст] /М.Айтқожа. – Алматы: «Қазығұрт» Баспасы, 2014.Т.6:. -2014. – 400 бет.

Page 14: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Көренкті ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Марфұға Айтхожаның көп томдық шығармалар жинағының алтыншы томына «Аққу жүрек», «Алатаудың ақбатасы» атты кітаптарындағы таңдаулы өлеңдері топтастырылған.

Әріп Ғ. Қасиетті парыз: публицистика [Текст]/ Ғ.Әріп. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 бет.Автор бұған дейін жарық көрген «Асылдың сынығ», «Каспий трагадясы», «Рух жаңартауы» тәрізді кітаптарында

елдік, ерлік рух, ана тілі мен баба ділі, ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды әспеттеу, қастерлі тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу турасындағы өрелі пайымын бұл кітабында зерделей түседі. Жинақтағы дүниелерді тілі кестелі, публицистикалық өршіл сарыны басым. Бұл әрбір оқырманның бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттің оянуына септігін тигізері сөзсіз.

бдіқалықов А. Хантәңірінің Мұзбалағы: Естеліктер [Текст]/А.Әбдіқалықов. – Алматы: Айғаным,2014. 320 б.

Page 15: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Мұқағали Мақатаев – қазақ өлеңінің қадір-қасиетін, көркемдік дәрежесін асқан зор шеберлікпен, қайталанбас даралықпен шырқау биікке көтерген ұлкен сүреткер, халықтық ақынға айналған тұлға.

Бұл жинаққа ақынның қаламдас ағаларының, замандастарының, інілерінің, туған-туыстарының естеліктері әдеби өңделіп, толықтырылып еніп отыр.

Әбдіразақов Б. Жарық дүние: Өлеңдер мен поэмалар[Текст]/Б.Әбдіразақов. –Алматы: Хантәңірі, 2014. – 356 б.Бұл жинаққа қазақтың белгілі ақыны Бекен Әбдіразақовтың таңдамалы туындылары еніп отыр.Кезінде Қ.Бекхожин, Ғ.Қайырбеков, М.Мақатаев жылы лебіз білдірген ақынның сыршыл, нәзік лирикасы оқырмандар тарапынан жоғары баға алған болатын. Кітаптан автордың өмір, достық, махаббат жайлы жырлары, поэмалары, бұрын жарияланбаған шығармалары, балаларға арналған өлеңдері орын алды.

Бабажанұлы Б. Ниетқабыл [Текст] / Б.Бабажанұлы. –Алматы: Хантәңірі, 2014. – 286 б.

Бауыржан Бабажанұлының жаңа жинағына негізінен соңғы жылдары жазған жырлары мен баллада-поэмалары еніп отыр. Өзекжарды өлеңдерден өмірдегінің бәріне өзін жауаптыдай сезінетін беймаза ақын жанын ел, жер, тіл, дін, ұлт тағдыры, ұрпақ қамы шынайы толғантатыны сезіледі. Жинақтағы туындыларға Жаратушы – адам – табиғат – қоғам арасындағы жарасым мен жаңсақтыққа толы күрделі қарым-қатынасты сан қырынан саралай суреттейтін бедерлі тіл мен бейнелі ой

тән.

Page 16: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Байғанин Н. Үш томдық шығармаар жинағы [Текст]/ Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2014. Т.3: Алпамыс батыр; Қобыланды батыр (Н.Байғанин нұсқалары). – 2013. - 384 бет.

Нұрпейіс Байғанинің 3 томдық шығармалар жинағының ІІІ томына»Төрехан», «Қарасай-Қази», «Құрбұғыл» жырларының ақын жырларының желісі» мен «Қараүлектің Мамайды жоқтауының» байғаниндік нұсқалары да осы томға енгізілді

Бельгер Г. Казахские арабески: Статьи, эссе, рецензии, этюды [Текст] /Г. Бельгер. –Алматы: ИД «Жибек жолы», 2014. – 520 с.Собранные в эту книгу статьи, рецензии, рассказы, интервью составляют своеобразный казахский орнамент-калейдоскоп, этюды-арбески. Автор книги – прозаик, перводчик, эссеист, критик, литературовед – 73 года бытует и творит в казахской среде. Его произведения пронизаны искренней любовью к Казахии, ее истории, культуре, литературе и языку.Издание рассчитано на массового читателя и приурочено к 80-летию Герольда Карловича Бельгера.

Page 17: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Владимиров В. Судьбы наших муз. Интеллектуальная жизнь независимого Казахстана в интерьере эпохи: Статьи, эссе, интервью, хроника [Текст] / В.Владимиров. – Алматы: «Балалар әдебиеті», 2014. Т.5. -480 с.

Пятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его статьи, эссе и рецензии о ярком творчестве казахстанцев разных поколений-прозаиков, поэтов, переводчиков, композиторов, музыкантов, артистов, газетчиков... В большей чести у автора – как призанного искусствоведа, журналиста иписателя, литературного критика – всегда календарно-точный жанр блиц-фрагментов

Елубаев Е. Таңдамалы[Текст] / Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2014.Т.2: өлеңдер, жұмбақтар, ертегілер, жаңылтпаштар. – 384 бет.

Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Ескен Елубаев екінші томына үздік шығармалары іріктелініп беріліп отыр. Ақынның балаларға арналған сан алуан тақырыптағы

туындылары танымдық-тәрбиелік мақсатымен, ішкі мазмұнымен мәнді.

Жүністегі К. Темір –Астау: деректі әңгімелер [Текст] / К.Жүністегі.-Алматы:Хан Тәңірі,2014. – 286 бет.

Page 18: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Жазушы Кәмел Жүністегінің бұл жинағына тарих, әдебиет, мәдениет, бүгінгі заман жайлы ой-толғаныстары еніп отыр. Автордың ұлттық болмыс, сана, әдет-ғұрып, дәстүр жайлы ұмыт бола бастаған дүниелерді қайта жаңғыртып көпшілік назарына ұсынуы игілікті нәрсе екенін айта кетуіміз керек.

Кәпұлы Д. Бөрісырғақ: жыр кітабы [Текст] / Кәпұлы Д.-Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 бет.

Әуел баста қазақтың қасиетті айтыс өнерінің аспанында жұлдыздай жарқыраған Дәулеткерей Кәпұлы жазба поэзияда да қолға қалам алып айшықты өлең-жырлар жазып келеді. Соның айғағындай бұған дейін үш-төрт жыр жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа жас та болса жалынды, талантты ақынның өлеңдері, айтыстары еніп отыр.

Қазиев Қ. Таңдамалы шығармалары [Текст] / Қ. Қазиев. –Алматы: Айғаным, 2014. - 266 б.

Page 19: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Бұл жинаққа белгілі жазушы, көркем сөздің шебері Қарауылбек Қазиевтің таңдамалы әңгімелері мен хиқаяттары еніп отыр.

Автордың сөз қолдануы, теңеулері, кеіпкерлерінің психолгиялық суреттелуі оқырманды бей-жай қалдырмайды.

Т. Сөз кені: сатирикалық әңгімелер[Текст] / Т.Кенеев. – Алматы: ХанТәңірі, 2014. – 342 бет.

Белгілі сатирик – жазушы, ғалым, ұстаз Таңдай Кенеевтің бұл жинағына әр жылдардығы жазылған әзіл әңгімелері, сықақтары, шымшымалары, бірқақпайлары еніп отыр. Қай шығармасынан да қазақы әзіл-қалжынының исі аңқитын автор қоғамдағы, өмірдегі келеңсіз құбылыстарды сынға алып, оқырманды күлдіре отырып ойландырады.

Кітап күле білетін, күлкіні түсіне білетін, парасатты оқырман қауымға арналады.

Page 20: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

МайбасТ. Айбөкен. Әңгімелер мен хиқаяттар [Текст] / Т.майтас. – Алматы: ХанТәңірі, 2014. – 286 бет.Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірқатар қысқа әңгімелері мен

хиқаяттары кіріп отыр. Ұлттық қанық бояумен суарылған этнографиялық әңгімелердің оқырандарға берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.

Маулина Н. Ұршық [Текст]. – Алматы: Хан тәңірі, 2014. – 190 б.Нұргүл Хасанқызы Маулина – Ақтаудағы Ш.Есенов атындағы КаспийМемлекеттік технология

және инжиниринг университеті «Экономика және құқық» институтының «Қаржы» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты.Мамандығы басқа болса да, бала күнінен-ақ өлең-жырға ғашық боп өскен іңкәр жүрек қолы қалт еткенде көңіліндегі көрікті ойды қағазға түсіріп, әдебиет әлемінде өзінің ізін қалдыруға ұмтылады. Бұл кітап жас таланттың тұңғыш жыр жинағы.

Page 21: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Ниязбек Р. Шығармалар жинағы: өлеңдер[Текст] /Р.Ниязбек. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2014.Т.1. – 2014. – 380 бет.

Шешенстан Мемлекеттік сыйлығының және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Рафаэль Ниязбектің бұл томына қилы-қилы тағдыр кешкен қазақ халқының елдігі мен ерлігі, арғы-бергі тарлан тарихы, рухани құнды байлығы, таным-тіршілігі, адамгершілік қасиеті, жаратылыс-болмысы шымыр суреттелген.

Ақынның сонымен бірге балалық шақ, махаббат, табиғат тақырыбына жазылған өлеңдері де сыршылдығымен ерекшеленеді, оқушы қауымды тазалыққа, сұлулыққа, адалдыққа үндейді.

Ниязин Ш. Домбыра:әңгімелер[Текст] / Ш.Ниязин. – алматы: ХанТәңірі, 2014. – 342 бет.Жазушы Шәмші Ниязиннің бұл жинағында ел мен жер, өмір, өнер иелері жайлы әңгімелері,

Қажымұқан туралы естеліктері еніп отыр. Автор өміден көрген-білгендерін, басынан кешкен жәйіттерін ой елегінен өткізіп, әдемі тілмен көркем дүниеге айналдыра білген. Кітап көркем сөздің қадірін білетін қалың оқырманға арналады.

Оңғарбай Р. Рубаилар [Текст]/ Р.Оңғарбай.- Алматы: Хантәңірі, 2014.- 286 бет.Қаламгер Рза Оңғарбайдың бұл жинағына төрттаған (рубаилар) түріндегі өлеңдері, өмір, туған жер, адамгершілік

тақырыбындағы философиялық ой-тұжырымдағы, сырлы сезімдерге толы туындылары еніп отыр. Автор өмірден түйген ойларын жыр жолдарына түсіріп, салмақты пікір айта білген.

Page 22: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

Өтеген А. Ақ көйлекпен шығып ең: поэзия [Текст] / А.Өтеген – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 286 б.Бұл жинақ ақынның жастық, достық, махаббат тақырыптарына арналған алғашқы өлеңдерінен құралған. Қанаты

қатаймаса да ұясынан ерте ұшуға талпынған балапан тәрізді балаң жырлар – он сегіз бен жиырма бестің арасындағы бозбаланың әлі ешнәрсеге былғана қоймаған мөлдір сезімін, адал махаббатын паш етіп тұрғандай. Өлеңдердің біразы еш жерде жарияланбай қойын дәптерде қалып қойғандар, кейбірі бұрынғы жинақтарда аяусыз түзетіліп, мүлдем өзге өлең болып шыққандар еді. Автор енді түзетілген өлеңдерді де қағазға түскен алғашқы қалпында оқырманға ұсынғанды жөн көрді.

Рахымжанұлы Т. Өлеңімнің өзегі – Өр Алтайым: Өлеңдер [Текст] / Т.Рақымжанұлы. –Алматы: Раритет, 2014. -224 б.

Ақын Төлеген Рахымжанұлы өмірінің соңына дейін ұстаздық ете жүріп, өмірін өлеңмен өрнектеп өткен жан. Кіндік қаны тамған топырағында шәкірт тәрбиелеп, жұртының қалаулысы, Қаратай елінің қадірменді шежіре қарты, қабырғалы жампоз ақын атанды. Әр жылдары жарық көрген «Ағажай Алтайдай жер қайда», «Туған жер, сені жырлаймын», «Буырқанған Бұқтырма», «Асылдарым» атты өлеңдер жинақтары арқылы оқырман қауымға кеңінен

Page 23: maysk-biblio.kzmaysk-biblio.kz/arrivals.docx · Web viewПятый том собрания сочинений Власдислава Владимирова составляет его

таныс. Ұсынылып отырған «Өлеңімнің өзегі – өр Алтайым» атты жыр жинағы ақынның әр жылдары жазған таңдамалы өлеңдерінен құрылған.

Үркімбайұлы И. Дала жыры[Текст] / И.Үркімбайұлы. – Алматы: Хантәңірі, 2014. – 286 б. Ақын Исламғали Үркімбайұлының бұл жинағына адам, табиғат, сезім туралы философиялық ой-орамдарымен өрілген өлең-жырлары еніп отыр. Автордың жүрек түкпірінен шыққан сырлы жолдары оқырманды ойландырады, толғандырады. Кітап өлеңді қадірлейтін көпшілік қауымға арналып отыр.

Хасен М. Мазасыз күндер: аудармалар [Текст] / М. Хасен. – Алматы: Хан Тәңірі, 2014. – 380 б.Сөзі мірдің оғындай, ақиқатшыл қаламгер, дәуір үнін дөп басқан ділмар публицист, кос тілдің тізгінін тең ұстаған

аптал аудармашы Марал Хасеннің бұл жинағына әр түрлі жанрдағы мақалалары, әңгімелері және әлем әдебиеті өкілдерінің таңдамалы шығармаларының аудармалары еніп отыр.