КУРСОВАЯ(live 2008 november) by beimzhan

46
КІРІСПЕ Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады. Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

Upload: beimzhan-bissenov

Post on 03-Mar-2015

274 views

Category:

Documents


4 download

TRANSCRIPT

Page 1: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі эканомиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі, ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясаты облысындағы негізгі бағыт: мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру басты негізде салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы әрекет етуде және де осы уақытқа дейін қатаң сынаудың обьектісі болуын жалғастырып келеді. Еліміздің жеке салық қызметінің ұйымдасқан күніне бастағандығы он жыл ішінде біздің тәуелсіз мемлекетіміздің салық жүйесін қалыптастырып және оның, әрі қарай дамуына сәйкес біршама жұмыстар атқарылады.Қазақстан Республикасының «Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндеті төлемдер туралы» кодексі 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастай күшіне енді. Салықтық қатынастарды реттеу деңгейі тағы бір сатыға жоғарылады. Салықтың түрлері мен санының кемуі және оларды бюджетке төлеу механизмнің жеңілдетілуі жүмыс жағдайына жағымды әсер етті. Бірақта салық салу механизмінің анық болмауы, көптеген жұмыскерлер қызметтерінің нақты болмауы салық төлеуден жалтаруға әкелді.

Page 2: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Бөлім I. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығының ҚР-ң салық жүйесіндегі орны, маңызы.

1.1 Заңды тұлғалардың мүлік салығы мәні,төлеушілері ,салық салу обьектілері, жеңілдіктері.

Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар төлейтін салық түрі.Мүлік салығы жергілікті салық болып табылады.Мүлік жылжитын және жылжымайтын болып бөлінеді.Жылжитын мүлік өзі екіге бөлінеді:материалдық құндылықтар және көлік құралдары.Материалдық құндылықтарға: бағалы қағаздар, антиквариат, валюталық құндылықтар.Көлік құралдарына: су - әуе, автожол.Жылжымайтын мүліктеде екіге бөлінеді: құрылыс ғимараттары және жер(жер санаттары).Құрылыс ғимараттарына: тұрғын үй, тұрғын үйге жатпайтын.Жер(жер санаттары): ауыл шаруашылық мақсатындағы, елді мекен, басқа да жер санаттары. Мүлік салығын төлеушілер:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiсi бар заңды тұлғалар, сондай-ақ концессия шарты бойынша концессионер;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншiк құқығында салық салу объектiсi бар жеке кәсiпкерлер.

2. 1) тармақшасында белгіленген құқықтарда салық салу объектілері бар заңды тұлғаның шешiмi бойынша оның құрылымдық бөлiмшелерi дербес салық төлеушiлер деп қарастырылады.

3. 2-тармағында аталған салық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы тарауда заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.Егер салық салу обьектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, онда осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші болып саналады.Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу обьектілері бойынша осы салық салу обьектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.

2

Page 3: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Қаржылық лизинге берілген обьектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.

Салық салу объектiсi: Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшiн негiзгi

құралдар (оның iшiнде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектiлер) мен материалдық емес активтер салық салу объектiсi болып табылады.

Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды: 1) Салық Кодексінің 326 және 327-баптарына сәйкес жер

салығын салу объектiсi болып табылатын жер; 2) Салық Кодексінің 346-бабына сәйкес көлiк құралдарына

салық салу объектiсi болып табылатын көлiк құралдары; 3) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң шешiмi бойынша

консервацияда тұрған негiзгi құралдар; 4) жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк

автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары:

бұрылу белдеуi; жолдардың конструкциялық элементтерi; жол жағдайы мен оны абаттандыру; көпiрлер; өткерме жолдар; виадуктар; жол тарамдары; тоннельдер; қорғаныш галереялары; жол қозғалысы қауiпсiздiгiн арттыруға арналған

құрылыстар мен құрылғылар; суды бұрып жiберетiн және су өткiзгiш құрылыстар; жол бойындағы орман алаптары; желiлiк тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметiнiң

кешендерi; 5) Салық Кодексінің 138-140-баптарында белгiленген

тәртiппен инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға жаңадан енгiзiлетiн негiзгi құралдар;

6) аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізі құралдардың құрамдас бөліктері.

Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер:

3

Page 4: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған.Мәселен:

1.1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес мүлік салығын төлеуден босатылады:

кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша

-коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар;өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада

пайдаланылатын мүлік бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраушылар қоғамы, Ақыл – иесі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, ААФЖЕҚ Орталық комитеті, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);

Қазақстанның Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері. 2.Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі заңына сәйкес, мүлік салығынан босатылады:

1) Мемлекеттікмекемелер және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша коммерциялық емес ұйымдар;

2) өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша – Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Ақыл – есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншігі болып табылатын және олардың қаражаты есебінен салынған өндірістік кәсіпорындар, Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Республикалық ұйымы (кәсіпорындарынсыз);

2-1) қызметінің негізгі түрі ғылым және кітапхана қызметін көрсету саласындағы жұмыстарды орныдау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;2-2) ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын:2-3) қызметінің незізгі түрі театр, ойын-сауық және концерттік шараларды жүзеге асыру, тарихи-мәдени

4

Page 5: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

құндылықтарды сақтау жөнінде, балаларды, қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру саласында, спорт саласында қызметтер көрсету болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;3) Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;4)жалпы пайдалану дағы мемлекеттік автомобиль жолдарын және олардағы жол құрылыстарын жедел басқаруға құқығы басқаруға құқығы бар ұйымдар;5) инвестициялар жөніндегі уәкілетті органымен жасалған келісімшартқа сәкес салық төлеушілер 5 жылға дейінгі кезеңге мүлік салығын төлеуден босатылуы мүмкін;6) түзеу мекемелері, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін қылмыстық-атқару жүйесі түзеу мекемелерінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары;7) мектепке дейінгі балалар мекемелері, орта арнаулы орта және жоғары білім саласында медициналық көмек(косметологиялық қызметті қоспағанда) және білім беру қызметін осы түрлерін жүргізуге құқық беретін тиісті лицензиялар бойынша жүзеге асыратын ұйымдар, осындай қызметтен алынатын табысы жылдық жиынтық табыс көлемінің кем дегенде 50 пайызын құраған жағдайда;8) «Бақоңыр» кешені обьектілерінің мүлкі негізінде құрылған мемлекеттік кәсіпорын «Байқоңыр» кешені обьектісі болып табылатын мүлік бойынш

3.Қазірігі уақытта мүлік салығын төлеуден босатылады:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн

қажеттiлiк нормативтерi шегiнде салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын төлеушiлер.

Салық салу объектiлерi бойынша бiрыңғай жер салығын белгiленген қажеттiлiк нормативтерiнен артық төлеушiлер мүлiкке салынатын салықты осы бөлiмде белгiленген тәртiппен төлейдi;

2) салық салу осы Кодекстiң 283-бабында белгiленген салық режимiнiң екiншi үлгiсi бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;

3) мемлекеттiк мекемелер; 5) уәкiлеттi органның қылмыстық жазаларды атқару

саласындағы түзеу мекемелерiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары;

6) дiни бiрлестiктер

5

Page 6: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

1.2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы мәні, төлеушілер және салық салу оьектілері,жеңілдіктері.

Меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.

Мыналар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

1) мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мерзiмдi қызметтен өту (оқу) кезеңiнде;

6

Page 7: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

2) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерінiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың айлық есептік көрсеткiш шегiнде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа" алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер. 3) меншiк құқығындағы барлық салық салу объектiлерiнiң жалпы құнынан тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш шегiнде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдар, I және II топтағы мүгедектер4) кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын салық салу объектілері бойынша жеке кәсіпкерлер.

Салық салу объектiлерiн меншiк иесi сенiмгерлiк басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң келiсiмi бойынша сенiмгер басқарушы немесе жалгер берілген объектiлер бойынша салық төлеушi болуы мүмкiн.

Бұл ретте сенiмгер басқарушының немесе жалгердің салық төлеуi салық салу объектiлерi меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Егер салық салу объектiсi бiрнеше тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiнде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеушi деп танылады. Бiрлескен ортақ меншiктегi салық салу объектiлерi бойынша өздерiнiң арасындағы келісіммен оны салық салу обьектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.Салық салу объектiсi:

Жеке тұлғаларға меншiк құқығымен тиесiлi және мынадай объектiлер: 1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар; 2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектiлерi - қоныстану (пайдалану) кезiнен бастап жеке тұлғалардың мүлкiне салық салу объектiсi болып табылады.Мүлік салығын төлейтін жеке тұлғаларға да салық жеңілдіктері берілген. Атап айтқанда:

7

Page 8: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

1. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқада індетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғалардың мүлік салығынан мүлік құнының 1000 ең төменгі айлық жалақы мөлшерінде салық салынбайтын ең төмеңгі деңгей:

Кеңестер Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен соларға теңестірілген адамдарға, адамдарға, «Халық Қаһарманы» атағына ие болғандар, ІІІ дәрежелі Даңқ ордені, «Отан( орденімен наградталған адамдар;

«Алтын алқа» және «Ардақты ана» атағына ие болған көп балалы аналар;

І және ІІ топмүгедектері; жеке тұратын зейнеткерлер.

2. Бүгінгі таңда мүлік салығын төлеуден босатылатын жеке тұлғалар:1) мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермерзімді қызметтен өту (оқу) кезеңінде;2) меншік құқығындағы барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың айлық есептік көрсеткіш шегінде(2008 жылы АЕК – 1168 теңге);

Кеңес Одағының Батырлары; Социалистік Еңбек Ерлері; «Халық қаһарманы атағын алғаңдар, ІІІ дәрежелі

Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар;

«Ардақты ана» атағын алғандар және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

жеке тұратын зейнеткерлер.

3) меншік құқығында барлық салық салу обьектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш (2008 жылы АЕК – 1168 теңге):

Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар;

І және ІІ топтағы мүгедектер;

8

Page 9: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Осы аталған адамдар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша мүлік салығынан мұндай жеңілдік түрі қолданылмайды.Салық салу обьектілерін меншік иесі сенімгерлік басқаруға немесе басқаруға немесе жалға берген кезде салық салу обьектілері меншік иесінің келісімі бойынша сенімгер басқарушы немесе жалгер берілген обьектілер бойынша салық төлеуші болуы мүмкін.Бұл ретте сенімгер басқарушы немесе жалгерлдің салық төлеуі салық салу обьектілері меншік иесінің осы салық кезеңі үшін міндеттемесін орындауы болып табылады.Егер салық салу обьектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу обьектілері бойынша өздерінің арасындағы келісммен осы салық салу обьектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай обьектілер салық салу обьектісі болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

2) Қазақстан Республикасының аумағындағы аяқталмаған құрылыс обьектілері – пайдалану кезінен басталады.

Әрбір жылдың 1 қаңтарынан жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган белгілейтін салық салу обьектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.Жеке тұлғалардың салық салу обьектілерінің құнын анықтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.Салық төлеуші жеке тұлғаның бірнеше салық салу обьектілері болған жағдайда, салық базасы әр обьект бойынша жеке – жеке есептеледі.

9

Page 10: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

10

Page 11: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Бөлім II. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығының тәжиребеде қолдануы, есептеу мен төлеу тәртіптері.

2.1 Заңды тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі,салық есептілігі.

Мүлік салығының ставкалары.

1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметтен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгіөндірістік және өндірістік және өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайых ставка бойынша мүлік салығы салынған енді.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнынан мүлік салығын есептейді. Кейбір заңды тұлғаларға мүлік салығын төлеуде салық ставкалары бойынша жеңілдіктер қарастырылған, мұны төменде атап өтеміз.Ал енді мүліктің орташа жылдық құнынан есептелетін салық ставкаларына тоқталайық: - біріншіден, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнына 1 пайыз;- екіншіден, төменде аталған заңды тұлғалар салық салу обьектілерінің орташа жылдық құнынан 0,1 пайыз ставка бойынша мүлік салығын есептейді:

1)дiни бiрлестiктердi қоспағанда, коммерциялық емес ұйымдар;

2)әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;

11

Page 12: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

3)негiзгi қызмет түрi кiтапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау (қызмет көрсету) болып табылатын ұйымдар;

4)ғылыми кадрларды мемлекеттiк аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындар;

5)мемлекеттiк меншiкке жататын және мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектiлерi бойынша заңды тұлғалар. 6)ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер - заңды тұлғалардың және шаруа (фермер) қожалықтарының жерін суару үшiн пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектiлерi бойынша заңды тұлғалар.22.11.2005 жылы №89 Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлердің мүлік салығына өзгерістер енгізілді, ол 2006 жылдың 1 қаңтарынан енгізілді:- Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.- Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғалар мүлік салығын салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 процент ставка бойынша есептейді.

Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.

Салықты төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісіті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.Ортақ үлестік меншіктегі салық салу обьектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі.Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу обьектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.Бюджетке салық төлеу салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі мынадай мерзімнен кешіктірмей тең үлестермен енгізеді:

20 ақпанда

12

Page 13: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

20 мамырда 20 тамызда 20 қарашада

Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу обьектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекті мерзім уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласнда түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары ағымдағ ы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу обьектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезінде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғанна кейін он күннен кешіктірмей төлейді.Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу обьектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдерді салық салу обьектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен 20 ақпанда, 20 мамырда, 20 тамызда, 20 қарашада төленеді, бұл ретте салық салу обьектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.Салық кезеңінің ішінде есептен шығарылған салық салу обьектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығарылған салық салу обьектілерінің есептен шығарылған салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестерімен бөлінеді.Салық кезеңінің ішінде мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу жөніндегі міндеттемелер өзгерген кезде мүлік салығының ағымдағы төлемдері мүлік салығы төленетін алдағы мерзімдер бойынша тең үлестермен салық міндеттемлерінің өзгерген сомасына түзетіледі.Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он күннен кешіктірілмейтін мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.Жеке кәсіпкер кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын үй-жайлар бойынша мүлік салығында көзделген тәртіппен есептеледі және төленеді.

13

Page 14: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтүзбелік жыл болып саналады.Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары үшін салық кезеңі салық салу обьектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезден бастап мұндай пайдаланудың аяқталу кезіне дейін белгіленеді.

Мүлік салығы бойынша салық есетілігі.

Салық төлеушілер (ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды қоспағанда) салық салу обьектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомасының есеп-қисабын және декларация табыс етуге міндетті.Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу меккемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша салық есептілігін жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен табыс етеді.Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.Жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер сомасының есебін салық органдарына тіркеу есебіне қойылған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.Уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу меккемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу обьектілері бойынша ағымдағы төлемдер сомасының есебін обьектілерді пайдалануға немесежалға берген айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.Салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салықсалу обьектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, және 20 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.

14

Page 15: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Декларация есепті кезеңнен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.

2.2 Жеке тұлғалардың мүлік салығы ставкалары, есептеу төлеу тәртібі.

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық ставкалары:

1. Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 24 желтоқсандағы «Жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық туралы» Заңына сәйкес жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық жыл сайын құрылыстардың, үй-жайлар мен ғимараттардың түгендеген құнынан 0,1 пайыз нарқы бойынша, ал ол болмаған кезде – осы құрылыстардың мемлекеттік міндетті сақтандыруы бойынша төлемдер есептеу үшін қолданылатын бағамен төленеді.

2. 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлкіне салық салынатын мүліктің түгендемелік құнынан 0,5 пайыз көлемінде мүлік салығын төлеген еді.

15

Page 16: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

3. 01.01.2008 жылы жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:

1) 1 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

салық салу объектілері құнының0,05 проценті;

2) 1 000 000 теңгеден жоғары- 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

500 теңге + 1 000 000 теңгеденасатын сомадан 0,08 проценті;

3) 2 000 000-нан теңгеденжоғары - 3 000 000 теңгегедейін қоса алғанда

1 300 теңге + 2 000 000теңгеден асатын сомадан 0,1проценті;

4) 3 000 000 теңгеден жоғары- 4 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

2 300 теңге + 3 000 000теңгеден асатын сомадан 0,15проценті;

5) 4 000 000 теңгеден жоғары- 5 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

3 800 теңге + 4 000 000теңгеден асатын сомадан 0,2проценті;

6) 5 000 000 теңгеден жоғары - 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

5 800 теңге + 5 000 000теңгеден асатын сомадан 0,25проценті;

7) 6 000 000 теңгеден жоғары- 7 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

8 300 теңге + 6 000 000теңгеден асатын сомадан 0,3проценті;

8) 7 000 000 теңгеден жоғары- 8 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

11 300 теңге + 7 000 000теңгеден асатын сомадан 0,35проценті;

9) 8 000 000 теңгеден жоғары- 9 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

14 800 теңге + 8 000 000теңгеден асатын сомадан 0,4проценті;

10) 9 000 000 теңгеден жоғары- 10 000 000 теңгеге дейінқоса алғанда

18 800 теңге + 9 000 000теңгеден асатын сомадан 0,45проценті;

16

Page 17: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

11) 10 000 000 теңгеден жоғары 23 300 теңге + 10 000 000теңгеден асатын сомадан 0,5проценті;

Салықты есептеу мен төлеу тәртiбi: Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеудi

салық кезеңiнiң 1 тамызынан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде тиiстi салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушiнiң тұрғылықты жерiне қарамастан салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша салық органдары жүргiзедi.

Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы осы баптың бір тармағына сәйкес анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын іске асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне барабар есептеледi.

Бiрнеше салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушi бiр жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбiр салық салу объектiсi бойынша бөлек жүргiзiледi.

Жаңадан құрылған салық салу объектiлерi бойынша салықты есептеу олардың құрылу жылынан кейiнгi салық жылында жүргiзiледi.

Салық салу объектiсi жойылған, қираған, бұзылған кезде жойылу, қирау, бұзылу фактiсiн растап уәкiлеттi орган беретiн құжаттар болған жағдайда салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi. Салық кезеңi iшiнде салық төлеушiнiң салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептеу жүргiзiледi.

Бюджетке салық төлеу салық салу объектiлерiнiң орналасқан жерi бойынша есептi салық кезеңiнiң 1 қазанынан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне меншiк құқықтары берiлген жағдайда салық сомасы мүлiкке меншiк құқықтарын iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.

Меншiк құқығын берген тұлға салық салу объектiсiн iс жүзiнде иелену кезеңi үшiн төленуге жататын салық сомасын меншiк құқықтарын мемлекеттiк тiркеу кезiне дейiн немесе тiркеу кезiнде бюджетке енгiзуге тиiс. Бұл орайда бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап, ол меншiк құқығын берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге мүлiк салығының есептелген сомасы

17

Page 18: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

туралы салық органдары жiберетiн хабарламада оның меншiк құқығы туындаған айдың басынан басталатын кезең iшiнде есептелген салық сомасы көрсетiледi.

Салықтың жылдық сомасын салық салынатын объектiге меншiк құқығын мемлекеттiк тiркеу кезiнде тараптардың бiрi (келiсiм бойынша) бюджетке енгiзуi мүмкiн. Аталған салық сомалары кейiннен қайталап төленбейдi.

Жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде (бастапқы тiркеудi қоспағанда) Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген орган салық салу объектiлерiнiң құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңiнде есептелген салық сомасы негiзге алына отырып төленедi. Мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі – күнтүзбелік жыл болып саналады. Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерi жойылған, қираған, бұзылған кезде салық салу объектiлерiнiң жойылу, қирау, бұзылу фактiсi болған ай салық кезеңiнiң есебiне кiредi.

Әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын уәкiлеттi орган белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құны жеке тұлғалар үшiн салық базасы болып табылады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектiлерiнiң құнын анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.

18

Page 19: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

2.3 Есептер жинағы, декларация тапсыру тәртібі

№ 1Жеке тұлғаның 3200000 теңгеге бағаланған мүлігінің мүлік салығын аңықтаңыз?Е м.с. = 2300+(3200000 – 3000000)*0,15%= 2600

№ 2 Заңды тұлғаның балансында 2007 жылы 1 қаңтарда 1200000 теңге негізгі құралдар бар, 1 мамырда 720000 теңге құрылғылар сатып алынған, 1 шілде айында 250000 теңге материалдар сатылды, қарашада 180000 теңгеге орам құралдары сатылды, бюджетке төленетін мүлік салығын аңықтаңыз?

01.01.07– 1200000 теңге01.02.07– 1200000 теңге01.03.07– 1200000 теңге01.04.07– 1200000 теңге01.05.07– 1200000+720000 теңге01.06.07– 1920000-250000 теңге01.07.07– 1670000 теңге 01.08.07– 1670000 теңге 01.09.07– 1670000 теңге 01.10.07– 1670000 теңге01.11.07– 1670000-180000 теңге01.12.07– 1490000 теңге 01.01.08– 1490000 теңге

Е.орт.жылдық.көрсеткіш=(1200000*5)+(1920000*3)+(1670000*4)+(1490000*2)=19500000 теңге:13=1500000 теңге

Е м.с= 1500000*1% = 15000 теңге100%

Е а.т.=15000:4ай = 3750 теңге

19

Page 20: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

№ 3Заңды тұлғаның жыл басында 28800000 негізгі құралдары болды, ақпан айында 217000 теңге тұратын 2 дана компьютер сатып алды, наурыз айында 78000 теңге ксеркс, шілдегі айнда 300000 теңгеге құрылғы сатып алынды, қазан айында 1500000 теңгеге құрылыс сатылды, желтоқсан айында 250000 материалдар сатылды.

01.01.07– 28800000 теңге01.02.07– 28800000+(217000*2)01.03.07– 29234000+78000 теңге01.04.07– 29312000 теңге01.05.07– 29312000 теңге01.06.07– 29312000 теңге01.07.07– 29312000+300000 теңге 01.08.07– 29612000 теңге 01.09.07– 29612000 теңге 01.10.07– 29612000-1500000 теңге01.11.07– 28112000 теңге01.12.07– 28112000-250000 теңге 01.01.08– 27862000 теңге

Е.орт.жылдық.көрсеткіш=(28800000*2)+(29234000*1)+(29312000*4)+(29612000*3)+(28112000*2)+(27862000*1)=377004000:13=29000307

Е м.с= 29000307*1% =290009 теңге100%

Е а.т.=290009:4ай = 72500 теңге

№ 4Заңды тұлғаның меншігінде 15129000 теңге бар. Наурызда 1400000 теңгеге жабдықтар сатып алынды, мамырда әрқайсысы 550000 теңге тұратын аппарат(2 дана) сатып алынды, тамызда 785000 теңгеге негізгі құралдар сатылды, қыркүйекте164000 теңгеге құрылғы сатып алынды, қазан айында 515000 теңгеге дүкен сатылды, желтоқсан айында 316000 теңгеге материалдар алынды.01.01.07– 15129000 теңге01.02.07– 15129000 теңге01.03.07– 15129000+140000 теңге01.04.07– 16529000 теңге01.05.07– 16529000+(550000*2) теңге01.06.07– 17629000 теңге01.07.07– 17629000теңге 01.08.07– 17629000-785000 теңге 01.09.07– 16844000+164000 теңге 01.10.07– 17008000-5155000 теңге

20

Page 21: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

01.11.07– 11853000 теңге01.12.07– 11853000+316000 теңге 01.01.08– 12169000 теңге

Е.орт.жылдық.көрсеткіш=(15129000*3)+(16529000*2)+(17629000*3)+(16844000*1)+(11853000*2)+(12169000*1)=201059000:13=15466076

Е м.с= 15466076*1% =154660 теңге100%

Е а.т.=154660:4ай = 38665 теңге

Декларация тапсыру тәртібі

«Салық есептілігін жасау ережелерін бекіту туралы»Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының

2003 жылғы ________________ № ____бұйрығымен

бекітілген

Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы

бойынша Декларацияны жасауережелері

(700.00-нысан)

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 12, 13, 14-бөлімдеріне сәйкес әзірленген және салық төлеушілердің жер салығын, көлік құралдары салығын және мүлік салығын есептеу мен уақтылы төлеуіне арналған Жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.

2. Декларация Декларацияның өзінен (700.00-нысан) және жер салығы, көлік құралдары салығы және мүлік салығы ережелерімен байланысты бойынша салық салумен байланысты объектілер және салық салу объектілері туралы ақпаратты ашу бойынша оған қосымшалардан (700.01, 700.02 және 700.03-нысандары) тұрады.

3. Декларация жасау кезінде:

21

Page 22: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

1) қағаз тасығышта–қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады;

2) электронды тасығышта – Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

4. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті тор көз толтырылмайды.

6. Қосымшаларда көрсетілуге тиісті деректер болмаған жағдайда, көрсетілген қосымша берілмейді.

7. Қосымшаның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде Декларацияның «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.

8. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол жақтағы тор көзінде « - » белгісімен белгіленеді.

9. Декларацияны беру кезінде:1) Декларация қағаз түрінде келу тәртібінде екі данада

жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен салық төлеуші почта арқылы почта немесе өзгелей байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) Салық кодексінің 69-бабының 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.

10. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және расталады.

2. Декларацияны жасау (700.00-нысан)

11. «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:

1) салық төлеушінің тіркелу нөмірі;2) Декларация берілетін салық кезеңі. Декларация беру

үшін салық кезеңі есептік жыл болып табылады. Салық кезеңі араб цифрларымен көрсетіледі;

3) құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның толық атауы немесе салық төлеушінің аты-жөні;

4) ЭҚЖЖ коды.

22

Page 23: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

ЭҚЖЖ ұяшықтарында ЭҚЖЖ кодтары (бес белгіге дейін) ұйым қызметінің түрлері бойынша олардың үлес салмағының кему тәртібімен көрсетілуі тиіс. «Үлес салмағы, %» ұяшықтарында осы қызмет түрінің үлес салмағын (бір ондық белгімен) көрсету қажет (осы ұяшықтардың сомасы 100 %-ке тең болуы міндетті емес).

ЭҚЖЖ үлес салмағын есептеу үшін салық төлеуші №1-ӨН (жылдық) мемлекеттік статистикалық есептілігінің (бұдан әрі - МСЕ) І-бөлімінің («Өнім») 100-жолында көрсететін деректерді пайдалану қажет. ЭҚЖЖ үлес салмағы 100 жол бойынша 3 бағанның деректеріне 100 жолдың сәйкес бағаны деректерінің қатынасы ретінде айқындалады.

Мысалы, қызметінің негізгі түрі ғимараттар құрылысы болып табылатын ұйым (ЭҚЖЖ коды 45211), №1-ӨН (жылдық) есептің І бөлімінің 100 жолында мынадай деректерді көрсетті:

1-кестеКөрсеткіштердің атауы

Жол коды

Есепті кезең үшін барлығы

оның ішінде:

Қызметтің негізгі түрі

қосалқы (басқа да) қызмет түрлері

сауда аңшылық жарнама

балық аулау

балық өсіру

5010 01500 74400 05010 050201 2 3 4 5 6 7 8 9

Өндірілген өнімдердің (тауарлар,

қызмет көрсетулерді

ң) көлемі, мың теңге

100 250 000,0 150 000,0 50 000,0 35 000,0 5 000,0 2 000,0 1 000,0

Онда ЭҚЖЖ бойынша мәліметтер кестесі мынадай түрде болады:

ЭҚЖЖ Үлес салмағы, %

45211 60,05010 20,001500 14,0

бұл ретте, мысалы құрылыстың үлес салмағы 150 000,0 (1-кестенің 4-бағаны) / 250 000,0 (1-кестенің 3-бағаны) * 100 ретінде есептелген. Қалған ЭҚЖЖ кодтары бойынша үлес салмағы осындай жолмен есептелген.

№2–ШК нысанының МСЕ тапсыратын заңды тұлға - шағын кәсіпкерлік субъектілері ЭҚЖЖ бойынша мәліметтерді 2–ШК (жылдық) нысанының 2–бөлімінің («Тауарлар (жұмыстар,

23

Page 24: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

қызмет көрсетулер) шығару және оларды өндіру үшін шығыстар туралы мәліметтер») – шаруашылық қызметінің нәтижесі”) 100–107-жолдарының деректерін негізге ала отырып, жоғарыда көрсетілген тәсілмен толтырады.

№ СОЦФИН (денсау.сақ.) нысанының МСЕ тапсыратын денсаулық сақтау (әлеуметтік қызмет) ұйымдары және № СОЦФИН (білім) нысанының МСЕ тапсыратын білім ұйымдары, жоғарыда көрсетілген нысандар есептілігін тапсырмайтын банктер, сақтандыру ұйымдары, қоғамдық, бюджеттік және өзге де ұйымдар, жеке кәсіпкерлер ЭҚЖЖ мәліметтерінде тек ғана негізгі қызметтің ЭҚЖЖ кодын көрсетеді.

5) Декларация түрі. Осы торкөздер Салық кодексінің 69 және 71-баптарына

сәйкес белгіленеді. Декларацияның түріне байланысты тиісті торкөз белгіленеді.

“Бастапқы” торкөзі егер салық төлеуші ретінде тіркелгеннен кейін алғаш рет Декларация берілгенде белгіленеді.

Одан кейінгі Декларациялар беру кезінде “Кезекті” торкөзі белгіленеді.

Бұрын берілген Декларацияларға өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде “Қосымша” тор көзі белгіленеді.

«Хабарлама бойынша» тор көзі, егер салық төлеуші Салық кодексінің 31-бабының 2-тармағы 7) тармақшасында қарастырылған хабарламаны алса, соның негізінде бұрын көрсетілген Декларацияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет ететін жағдайда белгіленеді. Бұл жағдайда салық төлеуші «Хабарлама бойынша» және «Қосымша» тор көздері бір уақытта белгілейді.

Салық төлеушіні тарату жағдайында (қайта құру) жағдайында “Тарату” торкөзі белгіленеді.

6) хабарламаның нөмірі мен күні, хабарлама бойынша қосымша Декларация табыс еткен жағдайда толтырылады;

7) валюта коды;8) берілген қосымшалар. Берілген қосымшалардың тиісті тор көздері белгіленеді; 9) қосымшалардың саны.700.01 және 700.02 нысандар бойынша берілген

қосымшалар беттерінің саны көрсетіледі.12. “Жер салығы” бөлімінде: 1) 700.00.001 жолында 700.01 барлық нысандары

бойынша 700.01.017 жолдарының сомасы ретінде

24

Page 25: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

айқындалатын, есепті салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.002 жолында 700.01 барлық нысандары бойынша 700.01.018 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

3) егер 700.00.001 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.002 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.003 жолында 700.00.001 және 700.00.002 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі;

4) егер 700.00.002 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.001 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.004 жолында 700.00.002 және 700.00.001 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын есептеуге салық сомасы көрсетіледі.

13. “Көлік құралдары салығы” бөлімінде:1) 700.00.005 жолында 700.02 барлық нысандары

бойынша 700.02.013 жолдарының сомасы ретінде айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

2) 700.00.006 жолында салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі. 700.00.006 жолында 701.01.001 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

3) егер 700.00.005 жолында көрсетілген салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы 700.00.006 жолында көрсетілген есептелген салық сомасынан көп болған жағдайда, 700.00.007 жолында 700.00.005 және 700.00.006 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, азайтылатын салық сомасы көрсетіледі.

14. “Мүлік салығы” бөлімінде:1) 700.00.009 жолына 700.03.018 жолында көрсетілген

сома көшіріледі;2) 700.00.010 жолында салық кезеңі үшін есептелген

ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі. 700.00.010 жолына 701.00.007 жолында көрсетілген сома плюс (минус) 701.01.019 жолында (салық кезеңі үшін барлық табыс етілген 701.01-нысандары бойынша) көрсетілген сома көшіріледі;

3) 700.00.011 жолында 700.00.009 және 700.00.010 жолдары сомасының айырмасы ретінде айқындалатын, төленуге жататын салық сомасы көрсетіледі;

25

Page 26: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

4) егер, 700.00.010 жолында көрсетілген есептелген салық 700.00.009 жолында көрсетілген есептелген ағымдағы төлемдерден аз жағдайында, 700.00.012 жолында 700.00.010 және 700.00.009 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын азайтылатын салық сомасы көрсетіледі.

3. Жер салығы - 700.01-нысанын жасау

15. Осы қосымша Салық кодексінің 12-бөліміне сәйкес заңды тұлғалардың жер салығын есептеуіне арналған. Салық төлеуші 700.01 нысанын салық кезеңі ішінде меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы тегін уақытша жер пайдалану құқығында болған әрбір жер теліміне жасайды. Егер базар (мал сату бойынша базарлардан басқа) орналасқан жер телімдері үшін қосымшалар жасалатын жағдай болса, онда екі қосымша жасалады: сауда қатарлары орналасқан жер телімі бөлігі үшін, және жер телімінің қалған бөлігі үшін.

16. “Жер салығын есептеу” бөлімінде:1) 700.01.001 жолында Салық кодексінің 326 және 327-

баптарына сәйкес жер телімімен салық салу объектісі болып табылатын жер телімінің атауы, орналасқан жері (жер теліміне жалпы үлестік меншік кезінде - жер үлесі) көрсетіледі;

2) 700.01.002 жолында құқық растаушы құжаттардың негізінде кадастрлық нөмір көрсетіледі;

3) 700.01.003 жолында растаушы құжаттардың негізінде Қазақстан Республикасының жер заңнамасының ережелеріне сәйкес (теліміне құқық беру туралы жергілікті атқарушы органның құқықтық актілері, сату-сатып алу шарттары (айырбас, сыйға тарту немесе жер телімін иеліктен шығару туралы өзге де мәміле) және жер теліміне жеке меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және өзге де заттай құқықтарды тану туралы сот органдарының шешімдерінің негізінде жер теліміне құқық туындау күні көрсетіледі;

4) 700.01.004 жолында растаушы құжаттар негізінде Қазақстан Республикасының жер заңдары ережелеріне сәйкес жер теліміне құқықты тоқтату күні көрсетіледі;

5) Салық кодексінің 325-бабының 2-тармағына сәйкес салық төлеуші жер салығын төлеген жағдайда, 700.01.003 және 700.01.004 жолдары толтырылмайды;

6) 700.01.005 жолында салық кезеңінде жер телімін иелену немесе пайдалану айларының саны көрсетіледі;

26

Page 27: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

7) 700.01.006 жолында Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер санаты көрсетіледі. Бұл ретте, мынадай шартты белгілер пайдаланылады:

АМЖ-1 - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - кәдімгі және оңтүстік, қара-каштан мен каштан қаратопырақтармен бірге далалық және жазықтық құрғақ далалық аймақ жерлері, сондай-ақ тау алды қара (сұрғылт-қоңыр), каштан (қоңыр) және қаражерлердің сұрғылт жерлерімен тау алды аумақтары;

АМЖ-2 - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - ашық-каштан, қоңыр, сұрғылт-қоңыр, ашық сұрғылт жерлер және кәдімгідей мен жартылай шөлді, шөлді және тау алды шөлді аумақтарның жерлері, сондай-ақ тау-жазықтық, тау-жайылым-далалық және таулық альпілік және субальпілік топырақтармен бірге таулы аумақтар;

ЕМПЖ-ҮҚ - үй қорындағы елді мекен пунктерінің жерлері, оның ішінде оның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен;

ЕМПЖ - үй қорындағы жерлерден басқа елді мекен пунктерінің жерлері, оның ішінде оның жанындағы құрылыстармен және ғимараттармен;

ЕМПЖ-ҮЖЖУ - елді мекен пунктерінің жерлері - үй жанындағы жер учаскелері;

ӨЖ - елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлері;

ӨЖ-ЕМ - елді мекендар аумағында орналасқан өнеркәсіп жерлері;

ЕҚТАЖ-АУМ-1 және ЕҚТАЖ-АУМ-2 – ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері;

ЕҚТАЖ - ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері;

ОҚЖ-АУМ-1 және ОҚЖ-АУМ-2 - ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын орман қорының жерлері;

ОҚЖ - ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын орман қорының жерлері;

СҚЖ-АУМ-1 немесе СҚЖ-АУМ-1 - ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылатын су қорының жерлері;

СҚЖ - ауыл шаруашылығынан басқа өзге де мақсатта пайдаланылатын су қорының жерлері;

8) 700.01.007 жолында құқық растаушы құжаттардың (жер теліміне жеке меншік құқығына акт, тұрақты жер пайдалану құқығына акт және уақытша (ақылы, тегін) жер

27

Page 28: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

пайдалану құқығына акт) негізінде жер телімі топырағының бонитет баллы көрсетіледі;

9) 700.01.008 жолында жер теліміне құқықты куәландыратын құжаттарға сәйкес жер телімінің жалпы көлемі көрсетіледі. Салық кодексінің 325-бабының 2-тармағымен айқындалған салық төлеушілер нақты иелену мен пайдаланудағы жер телімінің жалпы көлемін көрсетеді. Жер теліміне құқық куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда аумақты айқындау жер телімін өлшеуді жүргізген жеке және заңды тұлғалардың (тиісті лицензиялары бар) қорытындыларының негізінде жүзеге асырылады;

10) 700.01.009 жолында “Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес қолданылатын Салық кодексінінің 326-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ, “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 123-бабындағы 2-тармақтың 5) тармақшасына сәйкес жер салығы салынбайтын жер телімінің көлемі көрсетіледі;

11) 700.01.010 жолында 700.01.008 және 700.01.009 жолдарының айырмасы ретінде айқындалатын, жер салығымен салық салынатын жер телімінің көлемі көрсетіледі;

12) 700.01.011 жолында Салық кодексінің 54-тарауына сәйкес жер салығының базалық ставкасы көрсетіледі;

13) 700.01.012 жолында Салық кодексінің 338-бабының 1-тармағына сәйкес есепті салық кезеңіне жергілікті өкілетті органның шешімімен белгіленген жер салығының ставкасын төмендету немесе көтеру ставкасы көрсетіледі;

14) 700.01.013 жолында Салық кодексінің 337-бабына сәйкес есепті салық кезеңіне жергілікті өкілетті органның шешімімен белгіленген автотұрақтарға, автомай құю станциялары мен рыноктарға арналған жер теліміне жер салығының ставкасын көтеру мөлшері көрсетіледі;

15) 700.01.014 жолында тиісті салық төлеушілер үшін Салық кодексінің 338-бабының 2-тармағымен белгіленген коэффициент көрсетіледі;

16) 700.01.015 жолында арнаулы экономикалық аймақ аумақтарында қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге арналған, Салық кодексінің 355-бабында белгіленген коэффициент көрсетіледі;

17) 700.01.016 жолында 700.01.012, 700.01.013, 700.01.014 және 700.01.015 жолдарында көзделген базылық

28

Page 29: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

салық ставкасын түзетумен ескеріп жер салығының ставкасы көрсетіледі;

18) 700.01.017 (700.01.010 х 700.01.016) / 12 х 700.01.005 формуласы бойынша айқындалатын, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі;

19) 700.01.018 жолында көрсетілген жер учаскесі бойынша салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасы көрсетіледі. 700.01.018 жолы салық төлеуші жер салығы бойынша жыл басына ұсынған Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің F бағанының мәні алу (қосу) көрсетілген жер учаскесі бойынша салық кезеңі ішінде салық міндеттемелері өзгерген кезде табыс етілген Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебінің (701.00) мәні ретінде айқындалады;

20) 700.01.017 жолында көрсетілген жер салығы сомасының 700.01.018 жолында көрсетілген есепті салық кезеңі үшін есептелген ағымдағы төлемдер сомасынан асып кеткен жағдайда, 700.01.019 жолында есептеуге салық сомасы (+), кері жағдайда жода азайтылатын салық сомасы (-) көрсетіледі;

21) 700.01.020 жолында уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген жер салығының бюджет тік жіктемесінің тиісті коды көрсетіледі.

4. Көлік құралдары салығы - 700.02-нысанын жасау

17. Осы нысан Салық кодексінің 13-бөліміне сәйкес заңды тұлғалардың көлік құралдары салығын есептеуге арналған. 700.02 нысанын салық төлеуші әрбір көлік құралына жасайды. Ұқсас көлік құралдары болған жағдайда, (бір үлгі, бірдей двигатель көлемі, отырғызу орындарының саны, двигатель қуаты, пайдалану мерзімі) есептен шыққан және (немесе) сатып алынған көлік құралдарынан басқа, 700.02.012 жолындағы олардың жалпы санын көрсете отырып бір нысан жасалады.

18. “Көлік құралдарына салықты есептеу” бөлімінде:1) 700.02.001 жолында көлік құралының маркасы мен

үлгісін көрсете отырып, Салық кодексінің 346-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын көлік құралы көрсетіледі;

2) 700.02.002 жолында көлік құралының шыққан жылы көрсетіледі;

3) 700.02.003 жолында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы, соның ішінде Қазақстан

29

Page 30: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Республикасында бұрын есепте тұрмаған көлік құралын нақыт иелену кезеңі (айлар саны) көрсетіледі;

4) 700.02.004 жолында өлшеудің тиісті бірліктері:жеңіл автомобиль двигателінің көлемі - шаршы

сантиметрлерде;жүк және арнайы автомобильдерінің жүк көтерімділігі -

тоннада;автобустардың отырғызу орындарының саны;катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар

двигатеьдерінің қуаты - ат күшінде;шағын көлемді кемелер мен ұшу аппараттары

двигателінің қуаты - киловаттарда көрсетіледі;5) 700.02.005 жолында Салық кодексінің 347-бабының 1-

тармағына сәйкес есептелген көлік құралына салық ставкасы көрсетіледі;

6) 700.02.006 жолында салықты төлеу күніне сәйкес қаржы жылы үшін республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері көрсетіледі;

7) 700.02.007 жолында Салық кодексінің 347-бабының 2-тармағына сәйкес 1500-ден астам - 2000 шаршы см-гі, 2000-нан астам - 2500 шаршы см-гі, 2500-ден астам - 3000 шаршы см-гі, 3000-нан астам 4000 шаршы см-гі жеңіл автомобиль двигателі көлемінің асуы көрсетіледі;

8) 700.02.008 жолында 700.02.005 жолында жеңіл автомобиль бойынша 700.02.005 х 700.02.006 + 700.02.007 х 7 теңге, қалған көлік құралдары мен ұшу аппараттары үшін 700.02.005 х 700.02.006 ретінде айқындалған салық сомасы көрсетіледі;

9) 700.02.009 жолында Салық кодексінің 347 бабының 3, 4, 5 және 7-тармақтарында белгіленген тиісті түзету коэффициенті көрсетіледі;

10) 700.02.010 жолында 700.02.008 және 700.02.009 жолдарын көбейту жолымен айқындалатын түзету коэффициентін ескеріп есепті салық кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі;

11) 700.02.011 жолында 700.02.010/12 х 700.02.003 ретінде айқындалатын иеленудің нақты кезеңі үшін салық сомасы көрсетіледі. Егер нақты иелену кезеңі 12 ай құраған жағдайда, онда 700.02.011 жолына 700.02.010 жолында көрсетілген сома көшіріледі;

12) 700.02.012 жолында осы нысан жасалатын көлік құралдарының саны көрсетіледі;

30

Page 31: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

13) 700.02.013 жолында 700.02.011 және 700.02.012 жолдарын көбейту жолымен айқындалатын көлік құралдарының санын ескеріп салық сомасы көрсетіледі.

5. Мүлік салығы - 700.03-нысанын жасау

19. Осы нысан Салық кодексінің 14-бөліміне сәйкес заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын есептеуге арналған.

20. “Салық салу объектілерінің қалдық құнын есептеу” бөлімінде:

1) 700.03.001 - 700.03.013 жолдарының А бағанында салық салу объектісі болып табылмайтын есепті салық кезеңінің басына, есепті салық кезеңінің әр айының бірінші күніне және есепті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректері бойынша негізгі қаражаттардың қалдық құны көрсетіледі;

2) 700.03.001 - 700.03.013 жолдарының В бағаны есепті салық кезеңінің басына, есепті салық кезеңінің әр айының бірінші күніне және есепті салық кезеңінің соңына бухгалтерлік есеп деректері бойынша материалдық емес активтердің қалдық құны көрсетілді;

3) 700.03.014А жолында 700.03.001А - 700.03.013А жолдарының сомасы ретінде айқындалатын негізгі қаражаттардың қалдық құны көрсетіледі;

4) 700.03.014В жолында 700.03.001В - 700.03.013В жолдарының сомасы ретінде айқындалатын материалдық емес активтердің қалдық құны көрсетіледі;

5) 700.03.015А жолында Салық кодексінің 138-140 баптарымен белгіленген тәртіпте инвестициялық жоба шегінде пайдалануға қайта енгізілген негізгі қаражаттардың қалдық құны көрсетіледі;

6) 700.03.015В жолында “Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Заңына сәйкес қолданылатын “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 132-бабындағы 2-бөлікке сәйкес оның қызмет ету кезеңіне “Астана - жаңа қала” арнайы экономикалық аймағының аумағында салынған үй-жайлар мен құрылыстардың қалдық құны көрсетіледі.

21. “Мүлік салығын есептеу” бөлімінде:1) 700.03.016 жолында Салық кодексінің 354-бабының 2-

тармағына сәйкес негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің орташа жылдық қалдық құны көрсетіледі;

31

Page 32: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

2) 700.03.017 жолында Салық кодексінің 355-бабымен белгіленген мүлік салығының ставкасы көрсетіледі;3) 700.03.018 жолында 700.03.017 жолында көрсетілген салық ставкасына 700.03.016 жолында көрсетілген негізгі қаражаттар мен материалдық емес активтердің орташа жылдық қалдық құнын көбейту жолымен айқындалатын салық сомасы көрсетіледі. 700.03.018 жолының сомасы 700.00.009 жолына көшіріледі.

Бөлім III. Мүлік салығының әлемдік тәжиребедегі рөлі, дамуы. 3.1 Ұлыбритания, Жапония, Германия, Австрия, Швеция, Испания,АҚШ елдерінде мүлік салығын есептеу мен төлеу ерекшелігі.

Дүние жүзінде салық жүйелелері ұқсас. Әр елде тура және жанама салықтар қызмет етеді.Акциздан кету мүмкін емес, мүлік салығы да таралған. Шет елдерде мүлік салығының жергілікті маңызы үлкен. Дүние жүзінде 130 елінде мүлік салығының белгілі түрлері бар, бірақ маңыздылығы бірдей емес. Жеке шетелдердегі салықты жинауды қарастырайық.Ұлыбритания негізгі салықболып мүлік салығы болып табылады. Ол мүлік емес емес немесе жалға алушыдан жиналады. Берілген салықты төлеушілердің қатарына мүлікті бағалау 10 жылда бір рет жүргізіледі. Ол берілген мүлікті жалға берудің жылдық соммасына жуық. Салық салу ставкасы жергілікті органмен қаржыға тапшылық шамасынан қойылады.Жапонияда мүлікті салықта заңды және жеке тұлғалар бірдей бағамен төлейді. Қайта бағалау үш жылда бір рет жүргізіледі. Салық обьектісіне: бар қозғалмайтын мүлік, жер, банктік депозиттерге салық жатады. Салық осылайша мүлік иелері ауысқан жағдай да төленеді, сатып алынғанда немесе сатқанда.Германия салық бағамы жеке тұлғаларға 0,5%, заңды тұлғаларға 0,6% 700 мың евроға дейін мүлікке салық салынбайды.Австрияда салық төлеушілерге барлық мүлік иелері жатады. Жекет және заңды тұлғалардан алынады. Серіктестеріне берілген салық салынбайды. Оның қатысушылары өз меншік үлестеріне қарай төлейді. Салық 1% ставкамен алады, оған негіз болып бағаланушы мүліктің 90% жатады,Швецияда мүлікке, салық жанұяның мүліктің қосындысы алынады. 400 мың кроннан төмен мүлік салықтан

32

Page 33: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

босатылады. 400-600 мың крон салығы 1,5% 1,8 млн. кроннан жоғары 3%.Испанияда мүлік салығы жергілікті бюджет табысының негізі болып табылады. Мүлікті бағалау қадастырлық органдармен жүзеге асырылады.Кадарстрлық басқарма мүлікті тіркеу, қайта мен айналысатын мемлекеттік құрылым. Ставкаларды муниципалитет тексереді.Ол басқармалар қозғалмайтын мүлікті бағалаудың түрін жобаларына ие, олардың негізгісі:- тура бағалау. Қозғалмайтын мүлік нарығының болуының өзі сол обьектілердің бағасының барлығын көрсетеді. Осы ақпарат негізінде тура бағалау жүргізілді, бұған сәкес ұқсас обьектілерде бағаланады. Бұлбағалау жобасы сұраныс пен ұсынысты тура анықтайды, өйткені оған кездейсоқ факторлар әсер етпейді.- жаппай бағалау. Бағлаудың бұл түрін қолдану, бар мүліктің негізігі құнын кіргізеді, ол үшін есептің нақты әдістемесін жасау қажет. Бағалау обьектінің жалпы ауданы, материалы, салу жылы, қабатына сай жасалады,Испанияның төлеушілеріне салық салу келесідей жасалады:- мұраға және сыйға берілетін мүлікке салық. Бұл салық резиденттерден және резиденттерден алынады, егер ол мүлік Испанияда болса, салық келесілерге салынады:1) сыйға беру арқылы мұраға қалса;2) мұра алушымен сақтандыру сомалары.Салық салуы негізі болып мүлік бағасы мен сақтандыру соммаларынан алынады. Егер тура мұрагерге 21 жыл көп болса, салық салу базасынан 2470 мың песет шегеріледі. Егер ол 27 жастан жас болса, қосымша әр жылға 617 мың песет шегеріледі.Екінші деңгейлі мұрагер салық соммасын 1235 мың песет шегеруді талап етуі мүмкін. Алыс туысатын мұрагерге шегерімдер жасламайды. Егер мұрагер мүгедек болса, 7409 мың песетке шегерім жасалады.Салық деңгейі 7,65-34%.- мүлікті беру және мүлікті құқыққа салық. Берілген салықты төлеушілер заңды тұлғалар. Салық салу обьектісі болып, мүлікті жалға беру, сату кезінде құжаттарды нотариалды куәландырылған кезде;- жеке тұлғалардың мүлкіне салық база болып мүлік бағасы қайта бағларды шегергендн құрайды. Мәдени және тари хи құндылықтарғасалық салынбайды.Шет ел азаматтары Испанияда 183 күннен көп болса, мүлік декларациясын берулері міндетті. Салық салынбайтын

33

Page 34: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

деңгей 25875 песет. Бұл сомадан жоғары – 0,2 %. Егер мүлік бағасы 1656 мың песеттен жоғары болса 2,5 %.АҚШ-та салық құрылымы федералды, штаттар және жергілікті салықтармен көрсетілген. Мүлік салығы тек жергілікті емес, штат бюджетін де құрайды. Федералды үкімет оны жинаумен айналыспайды. Мүлікке салық маңыздылығы жағынан негізгі болып табылады. АҚШ-та мүлік салығы жергілікті бюджеттің 30% құрайды.АҚШ-та мүлікке салық штат деңгейінде 51 түрлі жүйеден құрылады. Олардың әр біреуі заңды әр түрлі әкімшілік үрдістерге де айырмашылықтарға ие.АҚШ-тағы қалалар өз салық көзіне ие. Олардың бастысы мүлік салығы деп айтуға болады. Ол иелерден шамамен 9000 мың ғимараттар мен құрылыстардан алынады. Сонымен қатар коммерциялық басқа да меншік дифференциалды бағамдармен алынады. Пәтер иесі, негізгі қор иелері жалға берушілерден аз төленеді. Пәтер жалдаушы мүлік салығын төлемейді, бұл төлем пәтердің жал төлеміне кіретіні анық. Салық салу меншігіне жер мен құрылыс енеді. Салық салу базасы нарық құнының 1/3 бөлігіне тең Мүлік иесі төрт жылда бір рет мүлкін бағалау хатын алады. Салық, графтықтар, қалалар және саябақ аймақтарының бюджеттеріне түседі.

3.2 Салық есептілігін тапсырудың электронды толтыру ерекшелігі,артықшылықтары.

Электронды түрде жіберілген салық есептілігі салық органдары беретін салық төлеушінің, салық агентінің электронды цифрлық қолтаңбасымен (криптографиялық кілтпен) куәландырылуы тиіс.

Салық есептілігі электронды түрде салық органына салық есептілігін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйелерін (СЕЭН АЖ, ҚҚС АЖ, ККАЖ, КМ АЖ) пайдалана отырып жіберіледі.

Өз офисінен салық есептілігін тапсыру үшін – салық есептілігін қабылдау және өңдеу бойынша ақпараттық жүйелерінің бағдарламалық қамтамасыз етуін, оны орнату бойынша нұсқаулықты ҚР Қаржы министрлігі Салық

34

Page 35: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

комитетінің сайтында: www.taxkz.kz . адресі бойынша алуға болады

«Салық төлеуші терминалы» бағдарламалық қамтамасыз етуі салық органдарының компьютерлік жабдықтарында орнатылған және барлық пайдаланамын деушілерге еркін қол жетімді жерде орналасқан.

Салық есептілігі электронды цифрлық қолтаңбасы бар магнитті тасығыштарда салық органдарының Ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығына тапсырылады.

Салық есептілігін электронды түрде тапсырған кезде салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін тапсырғаны туралы хабарландыруды/растауды Сіз:

- есептілікті ХКЖЖ немесе «Салық төлеуші терминалы» арқылы жіберген кезде – ақпараттық жүйелер арқылы;

- есептілікті ЭЦҚ бар магнитті тасығыштарда тапсырған кезде – Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығының қызметкерінен аласыз.

Хабарландыруды сондай-ақ салық есептілігі жіберілген салық органының Ақпарат қабылдау және өңдеу орталығына барып алуға болады.

Салық органы электронды түрде тапсырылған салық есептілігін қабылдаған кезде салық есептілігінің тапсыру күні электронды түрде салық есептілігін тапсырғаны туралы хабарландыруда/растауда көрсетілген «ХКЖЖ торабына жеткізілді» мәртебесінің күні болып табылады.

«Электронды» салық төлеуші болуға болады Электронды цифрлық қолтаңба (криптографиялық кілт)

алу үшін:- салық органдарымен электронды құжат алмасу туралы өтініш беру (009.00 нысан);- салық органымен Электронды құжат алмасу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасасу (009.02 нысан) қажет. Электронды цифрлық қолтаңба (криптографиялық кілт)

Электронды құжат алмасу кезінде электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім жасасқан кезде дискетада беріледі.

Өтініш беру, Келісім жасасу және электронды цифрлық қолтаңба алу салық төлеушінің тіркеу орны бойынша салық органында жүзеге асырылады.

Салық декларациясын тапсыру мерзімі қалай ұзартылады

35

Page 36: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

Салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсатты салық төлеушінің өтініші негізінде ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті береді. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетіне жүгінгенде салық декларациясын ұзарту мерзімі – үш айдан аспайтын уақытқа.

Электронды түрде салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсатты осы декларацияны тапсыру мерзімі басталғанға дейін табыс етілуі тиіс өтінішті тіркеу орны бойынша салық органына тапсыру жолымен алуға болады.

Электронды түрде салық декларациясын тапсыру мерзімін ұзартуға Рұқсат ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті бұйрығының негізінде беріледі.

Егер Сіз тапсырылған салық есептілігіне өзгерістер немесе толықтырулар енгізгіңіз келсе

Тапсырылған салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар қосымша салық есептілігін тапсыру арқылы енгізіледі.

Қосымша салық есептілігі салық есептілігін тапсыру үшін белгіленген талаптарға сәйкес тапсырылады.

Салық есептілігінің мазмұны бойынша жіберілген қате (салық салу объектілерін, салық салуға байланысты объектілерді айқындауда, салық және төлемдерді есептеуде) қосымша салық есептілігін тапсыру жолымен жойылады:

- жиынтық мәндер үшін жолы бойынша бұрын тапсырылған салық есептілігіне салыстырғанда анықталған айырма сомасын ғана көрсете отырып;

- әріптік немесе цифрлық мәндер (жиынтық емес) үшін жолдары бойынша өзгертілетін немесе толықтырылатын жолдардың дұрыс мәліметтерін көрсете отырып.

Салық есептілігін жасау кезінде «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде жіберілген қате дұрыс мәліметтерді міндетті түрде көрсете отырып салық есептілігін тапсырған салық органына осы салық есептілігін кері қайтаруға өтініш беру жолымен жойылады. Салық есептілігін кері қайтаруға өтініштің тәртібі мен түрі www . taxkz . kz . сайтында орналасқан.

36

Page 37: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

ҚОРЫТЫНДЫ

Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізгі болып табады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптастырды.Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің тұрақты қаржы көзі. Сондықтанда мемлекет экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.Мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең ңегізгі құралы болып табылатын салық жүйесі, ел экономикасын кайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік щаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.Салық жүйесін мемлекет пен заңды түлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен

37

Салық есептілігін электронды түрде тапсырудың артықшылықтары:

салық есептілігін салық органына бармай-ақ, тәуліктің кез-келген уақытында тапсыру;

салық декларациясын электронды түрде тапсыру шартымен оны тапсыру мерзімін ұзартуға рұқсат алу;

салық есептілігін автоматты түрде есептеуге және дұрыс жасалғанын тексеруге мүмкіндік беретін «автоесеп» режимін пайдалану;

өзінің дербес шоттарын қарау режимін пайдалану, e-inis-client арқылы бюджетпен есеп айырысу жағдайы туралы дербес шоттан көшірме жазбаға сұрау салу.

Page 38: КУРСОВАЯ(LIVE 2008 NOVEMBER) BY BEIMZHAN

тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.

38