ertegi kus tumsikti_patsha

32
¡±с т±мсы¢ патша Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бағдарламасы бойынша шығарылды

Upload: ernur-esenjolov

Post on 09-Jul-2015

269 views

Category:

Education


2 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ertegi kus tumsikti_patsha

¡±с т±мсы¢ патша

Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту»

бағдарламасы бойынша шығарылды

Page 2: Ertegi kus tumsikti_patsha

Ертеде бір патша өмір сүріпті. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар, теңдессіз сұлу қызы болыпты. Алайда, қанша сұлу болғанымен, мінез-құлқы нашар, өркөкірек, тәкаппар екен. Ол жігіттердің ешқайсысын менсінбепті. Келгендерді бірінен соң бірін қайтарып, онымен қоймай, мазақ етіпті.

2

Page 3: Ertegi kus tumsikti_patsha

Бірде патша сарайда үлкен ойын-сауық ұйымдастырады. Сөйтіп, жер-жердегі «күйеу бала боламын» дегендердің бәрін ша-қыртады. Ханшайым олардың арасынан өзі-не күйеу жігіт таңдауы тиіс болатын. Алай-да қызы әйтеуір бір кемшілік тауып, еш-қайсысын жақтырмайды. Біреуін көріп:

– Ой, мынау өзі бөшкедей екен! – дейді.

3

Page 4: Ertegi kus tumsikti_patsha

Бойы ұзын екіншісінің қасына келіп:

– Мынасы ұзын әрі арық, жүргенде ұсқынсыз көрінетін шығар! – деп келе-ке етеді.

Үшіншінің бойы аласа еді. Оған:– Қандай аянышты, өзі семіз, бойы

тапал! – деп тыжырынады.

4

Page 5: Ertegi kus tumsikti_patsha

Беті боп-боз жігітті: «Мынаның орны табытта ғой!» деп, қызыл

шырайлы жігітті «күркетауыққа ұқсайды!» деп әбден күледі. Осылай-

ша Ханшайым бәрінің бір олқылығын тауып, сөзбен түйрейді. Әсіресе, иек сү йе-

гі аздап қисықтау бір патшаға: «Мына-ның иегі сайрауық құстың тұмсығынан

5

Page 6: Ertegi kus tumsikti_patsha

аумай қалыпты!» деп мазақ етеді. Содан бастап әлгі патша «Құс тұмсық патша» атанып кетеді.

Патша қызының бұл қылығына қатты ашуланады.

– Мен қызымды бірінші болып есік қағып кірген ең кедей адамға күйеуге беремін! – деп серт береді.

6

Page 7: Ertegi kus tumsikti_patsha

Арада бірнеше күн өтеді. Бір күні бір қайыршы адам терезенің алдына келіп, ән айта бастайды. Патша әнді естіп:

– Ана кісіні кіргізіңдер! – деп бұйырады.Алба-жұлба, кір-қожалақ киім киген әнші патшаның алдына келіп, әнін жалғастырады. Айтып болған соң, садақа тілеп, қолын жаяды.

Сонда патша:– Сен бірінші болып үйге кірдің,

әнді де тамаша айтады екенсің. Қызымды саған бере-

мін, – дейді.

7

Page 8: Ertegi kus tumsikti_patsha

Ханша қорқып кетеді. Әкесі оған: – Мен сені «Бірінші кездескен қайыршыға күйеуге

беремін» деп серт бергенмін. Сөзімде тұруым керек! – деген шешімін айтады.

Қыз қанша жалынып-жалбарынса да әкесі көнбейді. Дереу шіркеуден діндар әкейді алдыр-

тып, қайыршы екеуінің некесін қи дырады.

8

Page 9: Ertegi kus tumsikti_patsha

Содан соң ол қызына: – Енді сен кедей әншінің әйелісің,

менің сарайымда қалуыңа себеп жоқ. Күйеуің екеуің қайда барсаңдар да жолдарың ашық, – дейді.

Қайыршы ханшаны қолынан жетектеп, сарайдан алып шығады. Олар жаяу латып жүре-жүре, бір қалың орманға, орманнан шығып, жайқалған көк шалғынды алқапқа жетеді.

9

Page 10: Ertegi kus tumsikti_patsha

Сонда ханша:– Қалың орман, мына көк шалғынды алқап кімдікі? – деп сұрайды.– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер де сен оны сол кезде қумасаң, мұның бәрі

тек саған тиесілі болар еді.

10

Page 11: Ertegi kus tumsikti_patsha

Қыз қатты өкінеді, бірақ тіл қатпайды. Бір уақытта алдарынан субұрқақ кездеседі.

– Мына субұрқақтың әдемісін-ай, бұл кімдікі? – дейді қыз таңданып.– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер

сен оны сол кезде қумасаң, бұл да тек саған тиесілі болар еді.

Ханшайымның өкініші үдей түседі, алайда ләм-

мим демейді.

11

Page 12: Ertegi kus tumsikti_patsha

Екеуі жүре-жүре бір қалаға келеді.– Мына тұрған үлкен шаһар кімдікі? – деп тағы

да сұрайды қыз.– Әлгі Құс тұмсық патшанікі. Егер де сен оны сол

кезде қумасаң, бұл шаһар саған ғана тиесілі болар еді.– Қап, әттең-ай! – деп күрсінеді ханшайым.– Не дедің? Мұның маған тіптен

ұнамай барады. Сенің ойың басқа адамда ма? Бірақ тағдырға ешкімқарсы келе алған емес, – дейді күйеуі.

12

Page 13: Ertegi kus tumsikti_patsha

Ақырында, екеуі бір кішкентай лашыққа жетеді.

– Құдайым-ау, осындай да үй бола ма? Мұнда адам тұра ма, әлде мал қора ма? – деп қыз шошып кетеді.

Күйеуі:– Бұл – менің үйім. Бұдан былай

сенің де үйің. Біз енді осында бірге тұрамыз, – дейді.

13

Page 14: Ertegi kus tumsikti_patsha

– Бұл үйде қалай өмір сүрмекпін? – дейді ханшайым жыларман болып.

– «Үш күннен соң тозаққа да үйренесің» деген, әлі-ақ бәріне көндігіп кетесің, – деп жұбатады күйеуі.

14

Page 15: Ertegi kus tumsikti_patsha

Алайда ханша от жағуды да, тамақ істеуді де мүлдем білмейтін. Қайыршы оған тамақ әзірлеуді үйретеді. Та-мақтанып болған соң, олар ұйқыға жатады.

Келесі күні күйеуі таң атар-атпастан ханшаны төсектен тұрғызып алып, үй шаруасын істетеді. Осылайша, бірнеше күн өтеді. Азық қоры таусылады.

15

Page 16: Ertegi kus tumsikti_patsha

Күйеуі оған:– Бұлай болмайды, сұлуым! Біз бар азықты жеп тауыстық.

Енді ас табудың қамын жасауымыз керек. Қане, сен себет тоқуға кіріс, – дейді.

Өзі шілікке барып, жас талдың майысқақ бұтақтарын қиып алып келеді. Ханша себет тоқи бастайды. Бірақоның мұндайды көрмеген нәзік саусақтары тілініп, қанап қалады.

16

Page 17: Ertegi kus tumsikti_patsha

– Байқаймын, себет тоқу қолыңнан келмейді екен. Мүмкін жіп иіре аларсың, сол оңай шығар, – дейді күйеуі.

Ханша жіп иіруге отырады. Алайда жіп саусақтарын қажап, қанын шығарады.

17

Page 18: Ertegi kus tumsikti_patsha

– Сенің қолыңнан түк келмейді екен. Ең болмаса, саудамен айналысып кө рейік. Мен саған құмыралар мен қыш ыдыстарды әкеліп тұрамын. Сен оларды базарға апарып сататын боласың, – дейді күйеуі.

Мұны естіген ханша: «Масқара, біздің патша-лықтың адамдары менің базарда ыдыс сатып отырғанымды көрсе, күлетін болды-ау!» деп қатты уайымдайды.

Дегенмен, ханшаның жолы болып, сауда жақсы жүреді. Ел сұраған құнын төлеп, ыдыстарды талап алады.

18

Page 19: Ertegi kus tumsikti_patsha

Қыздың сұлулығына қызыққандары, ақшасын бергенімен, құмы-раларын тастап кетіп жатады. Сол ақшаға екеуі күндерін көреді.

Бірде ханша, күндегі әдетінше, ба-зардың бұрышына отырып алып, құмыраларын жан-жағына тізіп

қойған еді. Сәлден соң бір

19

Page 20: Ertegi kus tumsikti_patsha

салт атты мас сарбаз ыдыстарды құлатып, үстінен басып кетеді. Құмыралардың бәрі сынады. Не істерін білмей, қорқып кеткен ханша:

– Аһ, менің күнім не болады? Күйеуім маған не дер екен? –

деп жылап жібереді.

20

Page 21: Ertegi kus tumsikti_patsha

Үйіне жүгіріп келіп, күйеуіне болған жайды айтып береді.

– Қыш ыдыстармен базардың бұрышына кім оты-рады? – деп ұрсады күйеуі оған. – Жарайды, жылама. Мен са ған басқа оңай жұ мыс тап тым. Кеше патша са-

райының жанынан өтіп бара жатып, бас аспаз шы ның ыдыс жуатын адам іздеп жатқанын білдім. Ертең

сарайға бар, жұмыс сұра.

21

Page 22: Ertegi kus tumsikti_patsha

Ханша Құс тұмсық патшадан ұялып, барғысы келмейді. Бірақ күйеуі оны тыңдамастан, таң атысымен үйден шығарып жібереді. Амал жоқ, ханша сарайға келеді. Расында да, сарайға ыдыс жуушы адам керек екен. Бас аспазшы қызды жұмысқа алады. Ханша ыдыс жуып қана қоймай, аспазшыларға да көмектеседі. Тіпті, кейде кез келген қара жұмысты да

атқаруға тура келеді. Күндердің күнінде «Құс тұмсық патша үйленейін деп жатыр» деген хабар тарайды. Сарайда үлкен тойға дайындық жүріп

жатады.

22

Page 23: Ertegi kus tumsikti_patsha

Бас аспазшы ханшаның қолына дәмге толы үлкен табақты ұс-татып, дастарқан жайылып жатқан үлкен залға жібереді. Ке-нет табақпен бетін бүркеп бара жатқан қыз шалынысып, жер-ге құлап түседі. Мұны көрген сарай қызметкерлері ду күледі.Осы кезде біреу қолынан ұстап, орнынан тұрғызады. Бұл Құс тұмсық патша еді. Ханша сонда барып, жаман лашықта өзімен бірге тұрған кедей әншінің, базарда құмыраларды сындырған мас сарбаздың Құс тұмсық патша екенін біледі.

23

Page 24: Ertegi kus tumsikti_patsha

Патша осының бәрін өр кө кірек ханшаға сабақ беру үшін ойлас-тырыпты.

Сөйтіп, Құс тұмсық патша хан-шаға ресми түрде «жарым бол» деген

ұсыныс жасайды. Қызметші әйелдер қызға әдемі көйлек кигізіп, үсті-

басын жөндейді.Артынша сарайға қыздың

әкесі келіп жетеді. Ол Құс тұмсық патша мен қызына ба-тасын береді. Тойға жиылған жұрт екеуіне ұзақ та бақытты

өмір тілейді.

24

Page 25: Ertegi kus tumsikti_patsha

Әріптерден сөз �ра.

Жауабы: 1. Ханшайым. 2. �айыршы. 3. Себет. 4. Сарай.5. Патша. 6. Той. 7. Лашы . 8. ��мыра. 9. ��с т�мсы . 10. Аспаз

Ы

Р

Б

Й

А

М

С Т Қ

П

Ұ Ы С

А

Қ М Ұ

Й

А

Р А

Қ

Т

Т

С А

Л

Қ

Е Т С Е

Ш

Р

Ы Қ Й А

О

П А

Ы

Ш

А

С А

Ы

Ұ

З

ЫШ

Х А Ш М Н А Й

Ойлан , тапОйлан , тап

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

25

Page 26: Ertegi kus tumsikti_patsha

1 2 3 4 5

СәйкестендірСәйкестендір

Әр�айсысыны көлекелерін тап.

а ә б в г

Жауабы: 1-в, 2-г, 3-а, 4-б, 5-ə

26

Page 27: Ertegi kus tumsikti_patsha

19

18

20

21

22

23

2425

2627

28

29

30

31

32

3334

35

36

37

40

3938

41

17

1615

14

13

12

11

10

9

8

7

4

65

2

3

1

Ғажайып

нүктелерН�ктелерді бір-біріне сызы� ар�ылы �ос.Шы��ан суретті боя.

27

Page 28: Ertegi kus tumsikti_patsha

Ханшайым лашыа барар жолды табаалмай т�р, көмектес.

Шытырман жолШытырман жол

28

Page 29: Ertegi kus tumsikti_patsha

БоямақБоямақ

29

Page 30: Ertegi kus tumsikti_patsha

��с т�мсы� патшаны көргенде ханшайым �андай сезімде болды?

Сәйкес келетін эмоцияны белгіле.

Ойлан , тапОйлан , тап

30

Page 31: Ertegi kus tumsikti_patsha

1

2

4

5

3

П

Л

С

С

Қ

1

2

4

5

3

ПАТШ

ҰМЫРАРБАЗ

Ы АА

Л

С

СЕ

ЕТ

Қ

2 Л

Көлдене�інен:

2. �айыршыны йі5. ��мыраларды сындырушы

Тігінен:

1. Ханшайымны әкесі3. Ханшайым сат�ан зат 4. Ханшайым то�и алма�ан зат

СөзжұмбақСөзжұмбақЖауабы:

31

Page 32: Ertegi kus tumsikti_patsha

AOШТХA

T

AA

A A

ПA

Ш

ETHҚИАHBE

ПТМАKAТPK

О

КMO

ШОУСTА

Д

УOС

АХAТAI

НAT

ПA

НM K

AHТK

AНA

THАИ

Т

HBEA

AAС

I

П С

Ш

EA

ПРДO

ФPНОXCAPX

ЗPA

A АШ M

AO

I ОС НА НР ДM T

ҚP

Г

P

CM

ГРA

T

ЗOM

Кестеде «патша» сөзі неше рет �айталан�ан?Жауабын берілген шаршы�а жаз.

Жасырын сөзЖасырын сөз

32