Мен - Қазақстан азаматымын

Post on 27-Jul-2015

273 Views

Category:

Education

19 Downloads

Preview:

Click to see full reader

TRANSCRIPT

БҚО Жаңақала ауданы №3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі Қуанова Айнаш Зиноллақызы ағылшын тілі пәні мұғалімі

“ Біз тәуелсіздікке аңсап, зорығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек ”

Н. Ә. Назарбаев

Тәуелсіздік монументі

Желтоқсан ызғары

Сабира мен Ляззат көтеріліс құрбандары

Мақсаты:Білімділік: оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер –

рәміздермен жан – жақты таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу жасау, оның алға қойған мақсаттары мен болашағынан күтер үміттерін түсіндіру.

Тәрбиелік: оқушыларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, ой - өрісін кеңейту және сана – сезімдерін Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдеріне сүйене отырып, олардың осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру одан әрі дамыту бағытынағы түрлі сұрақтар беру арқылы ой - өрісін дамыту.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір

салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман –

аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын

білдіреді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Сөзін жазған – Жұмекен Нәжімеденов

Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған – Шәмші Қалдаяқов

Қазақстан қандаймемлекет? 

демократиялық құқықтық

әлеуметтікзайырлы көпұлтты

Сайыстың тақырыбы:

«Тәуелсіз елге – білімді ұрпақ»

1) Қызығуды ояту.1-топ-(қоңыр)-көктем мезгілі.2-топ-(жасыл түс)-жаз мезгілі.3-топ-(сары түс)-күз мезгілі.4-топ-(ақ)-қыс мезгілі.

1-тур «Таныстыру әліппесі» (Әр топ өздерін таныстырады, өмірлік ұстанымдарын , болашақтағы армандарын айтып өтеді.)2-тур «Сөз мәйегі-мақал» сайысы (Әр топ 5 мақалдан айтады. 1 мақалға 5-балл. Туған ел, Отан, ел, халық туралы.)3-тур «Сиқырлы сұрақтар» (Әр топқа 3 сұрақтан қойылады, дұрыс жауапқа 5-баллдан беріледі.)

1-топқа:1) Мемлекеттік рәміздерді атаңыз. 2) 1986 жылы 16-желтоқсанда құрбандыққа ұшыраған аға-апаларымызды атап беріңіз. 3) Қазақстанның теңгесі қай жылы шықты?

2-топқа.1) Елордамыз қай қала? 2) Жаңақаладан шыққан өнер саңылақтары. 3) Әнұранның авторлары кімдер?

3-топқа:1) Қазақстан республикасы қандай мемлекет? 2) Батыс Қазақстан облыс әкімінің аты жөні. 3) 1941-1945 жылдары не болды?

4-топқа:1) Тәуелсіздік күні қай күн, оған неше жыл толады?2) Қазақстанның республикасының жаңа әнұраны қай жылы қабылданды? 3) Қазақтың үш биін ата:

4-тур.«Сөз ойла-тез ойла»сайысына 2-минут уақыт ішінде берілген сөзден бірнеше сөздер құрастыру керек.1-топқа-«Қазақстан»2-топқа-«Жасампаздық»3-топқа-«Тәуелсіздік»4-топқа-«Егемендік»

«Тәуелсіз Қазақстанға Ақ-тілек»

top related