aidos-infosabak.at.ua  · web viewСабақтың тақырыбы: Есептеуіш...

65
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі. Сабақтың мақсаты: Білімділік – Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу. Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыра отырып дамыту Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу. 1. оқушыларды кабинетте сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау Сабақтың түрі: Білімді меңгерту Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап Сабақтың барысы Ұйымдастырылу кезеңі 2. оқушылармен сәлемдесу 3. келмеген оқушыларды белгілеу 4. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру Техника қауіпсіздік ережесін қайталау Есептеуіш техника кабинетінде өте күрделі, аса қымбат аппараттар компьбтерлер және басқа құрылғылар орналасқан. Сондықтан тиым салынатын әрекеттер: o Рұқсатсыз кабинетке кіруге; o Аппаратураны рұқсатсыз қосып өшіруге o Жалғаушы кабельдерді ұстауға o Экранға тиісуге o Қол сулы кезде ұстауға o Аппаратураны орнынан қозғалтуға болмайды Жұмыс басталардағы талаптар: 5. жұмыс орныңда зақымданған нәрсе жоқ па соны тексер 6. экранға нақ орта тұсына келетіндей болып отыр 7. мұғалім айтқанын мұқият тыңда 8. жұмысты мұғалім рұқсатымен баста Жұмысты аяқтауға талаптар:

Upload: others

Post on 22-Jan-2020

12 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Сабаќтыњ таќырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника ќауіпсіздік жєне тєртіп ережелері

Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетінде техника                                        қауіпсіздік және тәртіп ережелері. Алгоритм және оның қасиеттарі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритм ұғымымен таныстыру, оның қасиеттерін пайдалану жолдарын және атқарушы командалар жүйелерін пайдаланып жұмыс істеуге баулу.

Дамытушылық – Оқушылардың іскерлігін, ойлау қабілетін, ізденімпаздық дағдысын қалыптастыра отырып дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды шапшаң ойлауға, өздігінен талпынып жауапкершілікті сезінетін өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

1. оқушыларды кабинетте сақталатын қауіпсіздік техникасының ережелерін қайталау

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

2. оқушылармен сәлемдесу

3. келмеген оқушыларды белгілеу

4. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Техника қауіпсіздік ережесін қайталау

Есептеуіш техника кабинетінде өте күрделі, аса қымбат аппараттар компьбтерлер және басқа құрылғылар орналасқан.

Сондықтан тиым салынатын әрекеттер:

· Рұқсатсыз кабинетке кіруге;

· Аппаратураны рұқсатсыз қосып өшіруге

· Жалғаушы кабельдерді ұстауға

· Экранға тиісуге

· Қол сулы кезде ұстауға

· Аппаратураны орнынан қозғалтуға болмайды

Жұмыс басталардағы талаптар:

5. жұмыс орныңда зақымданған нәрсе жоқ па соны тексер

6. экранға нақ орта тұсына келетіндей болып отыр

7. мұғалім айтқанын мұқият тыңда

8. жұмысты мұғалім рұқсатымен баста

Жұмысты аяқтауға талаптар:

9. жұмыс аяқталған соң компьютерді өшіріп, жұмыс орнын реттеп қою

10. мұғалімнің рұқсатымен кабинеттен шығу

Электр тогымен зақымданғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету

Электр тогымен зақымдану шамалы ғана ауырғаннан бастап ІІІ, ІV дәрежелі күйік жағдайына дейін жетуі мүмкін.

Электр тогымен зақымданғанда ең бірінші қосқышты өшіру керек. Содан кейін зақымданған адамды өте үлкен ұқыптылықпен сымнан ажыратып алу керек, көмектесушіге зақым келтірмей ( көмекші қолына резеңке қолғап киіп немесе құрғақ шүберекпен, құрғақ тақтай үстінде тұрып көмектесуіне болады..

Тоқ ұрған кезде ең бірінші адамның тыныс алуына, жүрек қан тамырының қызметіне көңіл бөлу керек. Дем алу, жүрек соғу тоқтаған кезде, тез арада жүрекке массаж жасау, аузына дем беру керек.

Жүрек қызметі әлсіреген кезде таза ауа мен нашатыр спиртін иіскету . Жедел жәрдем шақыру.

Жаңа сабақты түсіндіру

Егер сіз берілген есепті шешу үшін қандай да бір программалау тілінде программа жазғыңыз келсе, онда алдымен есепті шешудің алгоритмін құруыңыз керек.

Алгоритм деп берілген есепті шешудегі жасалатын әрекеттерді дәл және қарапайым етіп жазуды айтамыз.

Алгоритм ұғымының мәнін аша түсетін оның мынадай қасиеттері бар:

1. Алгоритм дискретті информацияларменжасалатын әрекеттерді тағайындайды және өрнектейді

2. Алгоритм біздің қалауымызға қарай өзгертуге болмайтын нақты нұсқау. Алгоритмде не істеу керектігі алдын ала айқын беріледі. Алгортмнің осы қасиетін анықталғандық қасиеті дейміз.

3. Бір алгоритмнің өзін бірнеше есептің шешімін табу үшін пайдалану мүмкіндігі Алгоритмнің мұндай қасиетін көпшілікке бірдейлік, басқаша айтқанда жалпылық қасиеті дейміз.

4. Әрбір алгоритм белгілі бір бастапқы деректердің болуын талап етеді және іздеген нәтижені алуға жеткізеді. Осылайша, алгоритмнің әрекеттердің белгілі бір санының орындалуынан кейін қажетті нәтиже алу мүмкіндігі алгоритмнің нәтижелілігі деп аталады.

Алгоритм белгілі бір реттілікпен бірінен соң бірі орындалатын бірнеше қадамдардан тұрады. Алгоритмнің әрбір қадамы бір немесе бірнеше қарапайым операцияларды қамтиды.

Мысалы: Компьютерді өшіру алгоритмін құрайық

1. Барлық ашық тұрған қосымша терезелерін жабу

2. «Бастау» (пуск) батырмасын шерту.

3. Басты менюден «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

4. Диалог терезесінде «Выключить компьютер» пунктін таңдау.

5. «Да» батырмасын шерту.

Мектептік алгоритмдік тілде алгоритмді құру және оларды жазып көрсетуде атқарушыларды басқаратын командалардан тұратын алгоритмдерді оқып үйренуден бастайды.

Атқарушы – бұл нақты әрекеттерді орындай алатын құрылғы немесе адамның өзі. Атқарушының орындай алатын командалар тізбегін оның командалар жүйесі деп атайды. Әрбір атқарушының өзінің жұмыс істейтін арнайы ортасы және командалар жүйесі болады.

Атқарушылардың командаларды орындаудағы жұмысын адам немесе компьютер басқарады.

Тапсырмалар.

Сүт қайнату алгоритмін құрыңыз.

1. Ыдысқа сүт құю

2. Ыдысты плитаға қою

3. Сіріңкені жағу

4. Сіріңкені от жанатын жерге тосу

5. Газ кранын ашу

6. Сүт қайнағанша күту

7. Газды өшіру

Сабақты қорытындылау:

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

3. Атқарушы командалар жүйелерін кімдер атқарады?

Үйге тапсырма: Алгоритм Атқарушы командалар жүйелері   

                   

2 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм жазу жолдары                                  

Блок-схема

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді негізгі блоктар түрінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру Блоктарды пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

11. оқушылармен сәлемдесу

12. келмеген оқушыларды белгілеу

13. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?

3. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

4. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритм көрсетімінің ең көрнекі әдісі болып блок схемалар түріндегі графикалық көрсетім саналады. Алгоритм бұл жерде блоктар бірізділігі түрінде бейнеленеді.

2

*

H

B

S

=

Негізгі блоктар мен олардың кескіндерін қарастырайық:

Алгоритмнің үш түрі бар:

1 Сызықтық

2 Тармақталушы

3 Қайталанушы (циклдік)

Сызықтық алгоритм

Егер алгоритмнің N қадамы болса және олардың

барлығы басынан аяғына дейін бірінен соң бірі

тізбектеле орындалатын болса, онда алгоритмді

сызықтық алгортим дейміз.

Тармақталушы алгоритм.

Егер алгортим қадамдарының тізбектеле

орындалуы қандайда бір шартқа тәуелді

өзгеретін болса, онда алгоритмді тармақ

талушы алгоритм дейміз.Алгоритм орын

далғанда «ия» немесе « жоқ» мәндердің

бірін қабылдай алатын логикалық өрнекті

шарт деп атаймыз

Қайталанушы алгоритм (циклдік).

Егер берілген шамаға тәуелді алгоритмнің

белгілі бір тізбектелген қадамдары бірнеше

рет орындалатын болса, онда алгоритмді

қайталанушы ( циклдік) алгоритм дейміз

Сабақты қорытындылау:

1. Блок – схемалар не үшін қолданылады?

2. Алгоритмнің неше түрі бар?

3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не?

5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не?

Үйге тапсырма: Алгоритм түрлері                                      

Графикалық бейнелеулер

3 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Алгоритм                                     

Атқарушы командалар жүйелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Алгоритмдерді алгоритм тілінде көрсету және оның түрлерімен таныстыру , пайдалану жолдарын көрсету

Дамытушылық – Оқушылардың ой - өрісін, өздігінен білім алып, ізденімпаздық жүйелілеу қасиеттерін, алгоритм түрлерін пайдаланып жұмыс істей алу дағдыларын дамыту

Тәрбиелік – Оқушыларды тез ойлауға, ойын жүйелей білуге, ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

14. оқушылармен сәлемдесу

15. келмеген оқушыларды белгілеу

16. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Алгоритм дегеніміз не?

2. Алгоритм ұғымы қайдан пайда болған?

3. Алгоритмнің қандай қасиеттері бар?

4. Атқарушыларды басқару командасы дегеніміз не?

5. Алгоритмнің графикалық көрсетімі?

Жаңа сабақты түсіндіру

Алгоритмдік тілде өрнектелген әрбір алгоритмнің мазмұндық сипатын ашатын атауы, яғни тақырыбы болады. Тақырыпты арнайы бөліп көрсету үшін оның алдына алг (алгоритм) түйінді сөзі жазылады. Алгоритмнің тақырыбынан кейін, жаңа жолдан оның командалары жазылады. Ал, алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуын көрсету үшін басы және соңы түйінді сөздері пайдаланылады.Командалар осы екі түйінді сөздің арасына жазылады.

Алгоритмнің бірінен кейін бірі орындалатын, белгілі бір нәтежие беретін бірнеше командасының тізбегін серия деп атайды.Серия кейде тек бір командадан, ал көбінесе бірнеше командадан құрылуы мүмкін. Бір команда бір жолға сыймаса, онда оны екінші жолға жалғастырып жазуға болады. Керісінше бір жолға бірнеше командаларды жазуға да болады.Бірнеше команда бір жолға жазылса, әрбір командадан кейін нүктелі үтір (;) қойылады.

Алгоритмнің тақырыбынан кейінгі бөлігі алгоритм тұлғасы деп аталады, ол басы және соңы түйінді сөздерімен шектеліп тұрады.

Сонымен алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:

алг алгоритмнің атауы (типтері көрсетілген шамалардың атаулары)

арг аргументтер тізімі

нәт нәтежиелер тізімі

басы

алгоритм командалары (серия)

соңы

2.Тармақталған алгоритм. Күнделікті өмірде жиі кездесетін алгоритмдердің бір түріне есептегі белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауына байланысты командалар тізбегінің бірнеше тармақтарға бөлінетін тобы жатады.Алгоритмдерді атқару үшін алдымен тармақталу командасының шарты тексеріледі. Шарт орындалған жағдайда онда және әйтпесе түйінді сөздерінің арасындағы 1-серия командалары орындалады. Ал шарт орындалмаған жағдайда әйтпесе және бітті түйінді сөздерінің арасындағы 2-серия командалары орындалады.

Тармақталған алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:

Толық түрі

егер шарт

онда 1- серия

әйтпесе 2- серия

бітті

Толымсыз түрі

егер шарт

онда серия

бітті

3.Циклдік алгоритм. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанып орындалып отырады. Математикада есеп шығару кезінде бір теңдеуді пайдаланып, ондағы айнымалы мәнінің өзгеруіне байланысты оны бірнеше рет қайталап есептеуге тура келеді. Осындай есептеу процесі бөліктерінің қайталап орындалуын цикл деп атайды, ал қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер тобы циклдік алгоритмдерге жатады.

Қайталану командасын алгоритмдік тілде жазу үшін әзірше (әзір), цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздері қолданылады: әзірше сөзінен кейін қойылатын шарт, ал цикл басы (цб) және цикл соңы (цс) түйінді сөздерінің арасына қайталанатын командалар жазылады.

Циклдік алгоритмнің алгоритмдік тілде көрсетілімі:

әзір шарт

цб

серия

цс

Сабақты бекіту:1.Табаны В, биіктігі Н үшбұрыштың ауданын есептейтін алгоритм және блок – схема құрыңдар.

алг үшбұрыштың ауданы

бер В,Н

нәт S

басы

2

*

H

B

S

=

соңы

2. ах2+вх+с =0 квадрат теңдеуін шешу алгоритмін және блок схемасын құрыңдар.

алг квадрат теңдеу

бер а,в,х

нәт х1,х2

басы

ac

B

D

4

2

-

=

егер D >= 0

онда

х1 = (-b+D)/(2a)

x2 = (-b- D)/(2a)

әйтпесе « шешімі жоқ»

бітті

соңы

3. Екі оң бүтін сан а және в (а ≥в) берілсін. Бөлу амалын қолданбай

         а  – ны в – ға бөлгендегі қалатын қалдықты табу.

алг цикл

бер а,в

нәт а

басы

егер а ≥в

онда

а = а – в

бітті

шығару а

соңы

1. Трапецияның ауданын табатын

алгоритм және блок схема

құрыңдар

Сабақты қорытындылау:

1. Алгоритмдердің сипатталу үлгісі?

2. Алгоритмнің неше түрі бар?

3. Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

4. Тармақталушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?

5. Қайталанушы алгоритм дегеніміз не, алгоритмдік тілде жазылуы?

Үйге тапсырма: Алгоритм командалары                                      

Алгоритм құрылымы                                     

4 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері.

Тілдің алфавиті                     

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Программа ұғымымен, программалау тілдерімен және сол тілде пайдаланылатын тілдің алфавитімен таныстыру, жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен танымын, тілдің алфавитін пайдалануда оның өз бетінше проблемалық ситуацияларды шеше алуын қамтамасыз ету.

Тәрбиелік – Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, сабақта өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

17. оқушылармен сәлемдесу

18. келмеген оқушыларды белгілеу

19. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1 Алгоритм дегеніміз не?

2 Блок – схемалар не үшін қажет?

3 Алгоритмнің неше түрі бар?

4 Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

5 Тармақталушы алгоритм дегеніміз не?

6 Қайталанушы алгоритм дегеніміз не?

Жаңа сабақты түсіндіру

Программалау тілі деп деректерді жазуға және оларды белгілі ережелер (алгоритмдер) бойынша өңдеуге арналған адам мен компьютерді байланыстыратын тілді айтамыз.

Программалау тілі символдардың жиынынан, яғни программаларды құру ережелерінің жүйесінен құралады.

Программа дегеніміз – бұл алгоритмді компьютер түсінетін тілде жазып көрсету деген сөз.

Программалау тілдері көптеп саналады, мысалы Visual Basic, Quick Basic6 Pascal және тағы басқалар.

Паскаль тілі дербес компьютерлер үшін программалаудың ең үздік оқу тілдерінің бірі. Әр тілдің өзінің алфавиті, символдар жиыны, операторлар жазбалары мен программаларды бейнелеу ережелері бар.

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын.Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады(машина тіліне аударылады) объектік прграммаға түрлендіріледі де, содан кейін ғана орындалады.Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқасы болады, оның біріншісі –алгоритмдік тілдегі алғашқы түпнұсқасы,ал екіншісі объектік кодтағы жазылған программа.

Паскаль тілінде пайдаланылатын тілдің алфавитіне тоқталайық.

A - Z бас әріптер

а – z кіші әріптер

0 – 9 сандар

бос орын

! леп белгі

# диез

% пайыз

& амперсант

$ доллар белгісі

" қос тырнақша

' апостроф

. нүкте

, үтір

; нүктелі үтір

: қос нүкте

+ қосу белгісі

- азайту

* жұлдызша

/ көлбеу сызық

\ кері көлбеу сызық

^ кірістірме белгісі

= теңдік

< кішілік белгісі

> үлкендік белгісі

() сол және оң жақшалар

? сұрақ белгісі

_ ерекшелеу белгісі

~ тильда

Паскаль тілінде жасалған программа жолма жол жазылған осы тіл операторларының бірізділігінен тұрады. Бір жол бірнеше операторлардын тұруы мүмкін, олар бір – бірінен қос нүктемен « : » бөлінеді.

Паскаль тілінде пайдаланылатын арифметикалық операциялардың символдары:

Арифметикалық операциялар белгілері

Операциялар аты

Паскаль тілінің символдары

Жазу пішіні

Дәрежеге көтеру

^

2^3

Х

Көбейту

*

2*3

:

Бөлу

/

4/2

Бүтін сандық бөлу

\

5\2

+

қосу

+

2+3

-

азайту

-

5-2

Сабақты қорытындылау:

1 Программалау тілі дегеніміз не?

2 Паскаль қандай тіл?

3 Паскаль тілінде тілдің алфавиті не үшін қажет?

Үйге тапсырма:       Программалау тілдері.

Тілдің алфавиті                     

                

5 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Паскаль – программалау тілі. Тілдің алфавиті.

Мақсаты:

Паскаль программалау тілінің алфавитімен таныстыру және алгоритмді программалау тілінде жазу ережелерін түсіндіру.

Жасанды тілдің қалай құрылатынын сезіну.

Тәртіптілік пен жинақылық дағдыларының қалыптасуына әсер ету.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер, Паскаль-программа.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ.

1. Паскаль тілі

ПС. Алгоритмнің бәрі формулалармен ғана емес сөздерменде жазылады. Ол сөздерді компьютер қалай түсінеді? Компьютер деген машина болса, ол командаларды қалай орындайды?

Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны машинаға түсінікті тілде жазамыз. Ондай тілдер өте көп. Солардың кең тараған бір түрі Паскаль. Одан басқа АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК, ДЕЛФИ... т.с.с болып кете береді. Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцариялық ғалым Никалус Врит оқып-үйренуге қолайлы тіл ретінде ұсыған.

Паскал тілінде программа үш бөліктен тұрады:

1. тақырып

2. сипаттау бөлімі

3. операторлар бөлімі

Түйінді сөз – мағанасы алдын ала анықталған, Паскаль тілінің құрамына кіретін ағылшын сөзі. (Оқулықтың 39 бетіндегі 2.2 кестені қара)

Мыс: program, var, begin, while…

Идентификатор – айнымалыларды белгілеу үшін және программалау үрдісінде қолданылатын арнайы таңбалар мен белгілер көбінесе латын әріптері және цифрлар).

Мыс:

x=9, y01:=0.1, y02:=0.5, mektep:=’Уалиханов’

мұндағы: x, y01, y02, mektep шамалары идентификатор болып табылады.

2. Тілдің алфавиті.

Паскаль – тіл деп аталған соң оның кәдімгі тілдегідей өз алфавиті бар.

Барлық латын әріптері – A … z;

Сандар: 0...9, 2-лік, 16-лық; (16-лық санды шатастырмау үшін оның идентификаторына $ белгісі тіркеліп жазылады, $1F);

Арифметикалық амалдар: +, -, *, /

Бұларды біз математикадан білеміз. Паскалда бұлардан басқа мынадай да амалдар қолданылады:

div — бүтін бөлу (бүтін санды бүтін санға бөлгендегі бөлiндінің бүтін бөлігін табу), мысалы, 10 div 3 = 3.

10 div 3 = 3

mod — қалдықты табу (бүтін сандарды бөлген кездегі бүтін қалдықты табу), мысалы, 10 mod 3 — нәтижесі 1.

Логикалық амал белгілері:

and— және (логикалық көбейту) операциясы;

or — немесе (логикалык косу) операциясы;

x and y > 0

not — емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;

true – ақиқат

false - жалған

div – бүтін бөлу. Мыс: 10 div 3 =3 қалдығы еленбейді.

mod – қалдықты табу. Мыс: 10 mod 3 =1 бүтін бөлігі еленбейді.

And – және (логикалық көбейту);

or - немесе (логикалық қосу);

not – емес (терістеу).

‘ (апостроп) – символдық немесе жолдық шамаларды қоршау (тырнақшаға алу) белгісі

:= - меншіктеу белгісі

; - операторлар арасын бөлектеу үшін қолданылады.

Бұдан басқа да көптеген таңбалар бар. Оларды болашақ сабақтарымызда қажеттігіне қарай біртіндеп анықтап отырамыз.

Қатыс таңбалары : >, <, >=, <=

3. Сабақты бекіту

Суреттегі жақтағы есептерді талдау, осыған ұқсас ауызша есептер шығару.

4. Үйге тапсырма:

§2.1, §2.2 оқу.

6 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтердің типтері. Мәліметтердің стандартты типтері..

Мақсаты:

Оқушыларға мәліметтің типі мен стандартты типітер мен функциялармен таныстыру, айнымалыларды сипаттау жолдарын үйрету;

Типтердің Паскаль тілінде жазылу түрлері туралы ұғымдарын дамыту;

Қоршаған ортаның ортақ қасиеттері мен жеке қасиеттерін айыра білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

· Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

· Журнал толтыру;

· Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (7мин)

1. Үй жұмысын тексеру, ұпай беру (үй жұмысы бар-дұрыс – 1ұп, жоқ – 0; дұрыс емес – 0,5ұп)

2. Қысқаша сұрақ-жауап;

· Паскаль тілінде программа қанша бөліктен тұрады?

· Сандардың қандай түрлері бар? мысал.

· Идентификатор деген не? Бірнеше мысал келтір.

· Паскальтілінің қарапайым объектілерін атап шық?

· := ‘ ; таңбалары Паскаль тілінде не үшін қолданылады?

· Айнымалылар деген не? түрлері, мысал.

ІІІ. Жаңа сабақ (25мин)

1. Мәліметтер типі.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.

Математикадағы өрнектерді, мысалы бөлшектерді, дәрежелерді Паскал-программаның ортасында компьютер экранында жазуға бола ма? Есптердік өрнектердің бәрі әріптермен белгіленген. Паскаль әріптердің орнына сандарды қалай қояды?

1. Арифметикалық өрнектер

Математикалық жазылуы

Паскаль тілінде жазылуы

ах3 + вх + с

a*sqr(x)*x + b*x + c

)

sin

ln(cos

x

x

+

sqrt(abs(ln(cos(x)+sin(x))))

шатасып кетпес үшін ашылған және жабылған жақсалардың сандарының теңдігін тексеру керек

sin2x – cos2x

sqr(sin(x)) – sqr(cos(x))

2

2

2

2

x

x

e

a

e

a

-

+

+

(sqr(a) + exp(sqr(x)))/(sqr(a)+ exp(-sqr(x)))

x

b

a

b

a

3

2

2

sin

*

*

+

((sqr(a) + sqr(b))/(a*b*sqr(sin(x))*sin(x))

xylnx

exp(y*ln(x))

y

x

e

+

3

exp(1/3*ln(x+y))

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

Т И П Т Е Р

Қ А Р А П А Й Ы М

К Ү Р Д Е Л І

Бүтін сан

(integer)

Нақты сан

(Real)

Символдық шама

(Char)

Логикалық шама

(Logocal)

Мәтіндік шама

(Text)

Жиымдар

(Array)

Файлдар

(File)

Жазбалар

(Record)

жиындар

(set)

Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.

2. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;

мысалы: oryn=(soljak, orta, onjak)

2. Сандардың типтері.

Бүтін сан типтері

Нақты сан типтері

Byte

0 – 255

Real

±1.7E38

Shortint

-127 - +127

Single

±3.4E38

Integer

-32768 - +32768

Double

±1.7E308

Word

0 – 65535

Extendet

±1.1E4932

longint

±2147483648

Copm

-2E63-1 ... 2E1063+1

3. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).

Мысал: var x:bolean;

4. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.

var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.

Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.

Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.

5. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:

атау=(1-идентиф, 2-идентиф,...,n-идентиф );

kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, ..., ‘жексембі’);

ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,..., ‘желтоқсан’);

6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал:

apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …

7. Жиі қолданылатын стандартты функциялар.

Функция

chr(x)

round(x)

truns(x)

odd(x)

ord(x)

sqr(x)

Түсіндіру

Х-санын символға аударады

Санды дөңгелек-тейді

Нақты санның бүтін бөлігі

X-тың тақ екенін тексереді.

Х-символының рет нөмірін береді

x-тің кв.түбірін шығарады

Мысал:

Chr(53)=5, chr(73)=I

round(5,7)=6

truns(5,7)=5

X=5 (true)

X=6 (false)

ord(?)=63

ord(‘5’)=53

sqr(81)=9

Функция

sqrt(x)

frac(x)

int(x)

abc(x)

pi

Қалғандарын қажетіне қарай алдағы сабақтарда қолданамыз.

Түсіндіру

Х-тің квадараты

Х-санының бөлшек бөлігі

Х-санының бүтін бөлігі

Х-тің абсалют шамасы

ПИ саны

3.14159265358979

Мысал:

sqrt()

frac(15.89)=0.89

int (15.89)=15

abc(9)=9

abc(-9)=9

write(pi);

3.14159265358979

IV. Сабақты бекіту: (8мин)

1. Стандартты типтерді талдау.

2. Пайдаланушының типтеріне мысалдар келтіру.

3. Сандардың типтерін талдау, мысалдар келтіру.

4. Саналатын және диапазондық типтерге сабақта қарастырылғаннан басқамысалдар келтіру.

V. Үйге (3мин)

§2-4,6,7

7 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Паскаль программасының құрылымы.

Мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінің құрылымымен және оның орындалу ретімен таныстыру, программа бөліктерінде міндетті түрде қолданылатын түйінді сөздердің дұрыс жазылуын, орналасу ретін қатаң сақтауды үйрету.

Жауапкершілікті сезіну.

І. Сабақтың барысы: Жаңа сабақ

Программалау тілінде мына ұғымдар жиі қолданылады:

Өрнек

Арифметикалық немесе логикалықамалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б мағанасы бар сөздер тізбегі өрнек деп аталады.

Өрнек жазуда кеткен қателікті компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Оператор

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тұрақты мағанасы бар сөйлемін оператор дейді.

Операторды жазғанда қате кетсе компьютер бірден анқытайды.

Тіл синтаксисі

Программа жазу барысында сақталуға тиісті тілдің ережелерін программалау тілінің синтаксисі дейді.

Синтаксистік қатені де компьютер бірден анқытайды.

Тілдің семантикасы

Программа жазудың мағаналық ережелерін тілдің семантикасы дейді.

Семантикалық қателерді компьютер анықтай алмауы мүмкін.

Паскаль тілінде программа жеке жолдардан тұрады. Жол бойында бірнеше оператор жазылса, олардың арасы «;» -мен ажыратылады. Бір жолдағы таңбалар саны пробелді қосқанда 256-дан аспауы тиіс.

Паскаль программасының құрылымы.

1. тақырып

program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

begin

3. операторлар бөлімі

Операторлар;

end.

var қызметші сөзі Паскалда жиі қолданылады, осы сөзден кейін программада қолданылатын барлық айнымалылар типтері көрсетіліп арасы үтірмен бөлініп, тізіліп жазылады. Бұл айнымалылар мәліметтер мен нәтижелерден және аралық шамалардын тұрады.

Мәліметтер – программа орындалуы үшін керекті айнымалылар.

Мәліметтер Паскаль тілінде READ операторының көмегімен компьютерге енгізіледі. Программа ішінен бұл операторды кездесітіріп, компьютер, «?» белгісін экранға шығарып сан (мәлімет) енгізуід күтеді.

Былай жазылады: read(x,y,z); клавиатурадан арасы пробелмен бөлінген үш сан теріп клавшін басамыз.

Readln(x) - сұрақ белгісі жаңа жолға шығып тұрады.

Нәтижелер – программа орындалып болған соң мәні анықталатын айнымалылар. Нәтижені экранға шығрау үшін Паскалда WRITE операторы қолданылады. Мыс: werite(‘natyje= ‘;x). ‘апостроф белгісінің арасындағылар экранға сол күйінде өзгеріссіз шығады да, х-тың орнына оны мәні шығады.

writeln(‘s= ‘,s) нәтиже жаңа жолға шығады.

Аралық шама – мәліметке де нәтижеге де жатпайтын, программа орындау барысында қажет болатын программалаушы енгізген айнымалылар.

Қосалқы программа – алдын ала ат қойылған программа. Ол негізгі программаның кез-келген бөлігінде атын көрсету арқылы шақырылып атқарыла береді.

ІІ.Сабақты бекіту:

Осы алған біліміміз негізінде шағын, сызықтық программа жаза аламыз.

ЕСЕП: Клавиатурадан екі бүтін сан сұрайтын және экранға олардың көбейтіндісін басып шығаратын программа жазыңыз.

Программаны есеп шығару кезеңдерін ескере отырып жазайық. Есептік математикалық моделін құрамыз:

Математикалық моделі

Паскаль программа

1. Не белгілі? Екі бүтін сан, х, у – бүтін;

2. Не істеу керек?

Екі сан тенгізу; олардың көбейтіндісін

z:=х*у; аралық шама z-ке меншіктеу.

Нәтижені экранға шығару;

Соңы.

program esep01;

var x,y,z:integer;

begin

z:=x*y;

write(‘көбейтінді = ‘,z);

end.

Дайын нұсқасын компьютерде орындап көрсетеміз.

ІІІ. Сынып жұмысы

Жоғарыдағы программаны ары қарай дамытайық:

тапсырма: №1 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар қосындысын да шығаратындай етіп,

№2 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар айрымасын да шығаратындай етіп,

№3 Енігізілген екі санның көбейтіндісімен қатар бөліндісін де шығаратындай етіп программаға өзгеріс енгізіңіз. Мүмкін болса компьютерде орындаңыз.

ІV. Үйге тапсырма.

1. Жоғарыдағы программаны екі санға барлық арифметикалық амалдарды қолданып, нәтижелерін экранға шығаратындай етіп өзгертіңіз.

2. §3.1, §2.2 оқу.

8 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Енгізу-шығару операторы, сызықтық программалар.

Мақсаты:

Паскаль-программаның шамаларды сипаттау бөлімі, мәлімет енгізу, нәтижені экранға шығару, сызықтық программа туралы ұғымдар қалыптастыру;

Программа құрылымын сақтай отырып сызықтық программалар жазу дағдысын қалыптастыру және дамыту;

Программа құрамында операторларды көрнекті жазуды талап ету, эстетикалық талаптарды сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған дәстүрлі сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

· Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

· Журнал толтыру;

· Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

· 10-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Паскальға сандарды, мәндерді қалай енгіземіз? Паскаль шығарған есептің жауаптарын қалай көруе болады?

1. Шамаларды сипаттау бөлімі

Жетінші сабақтағы программа құрылымын еске түсірейік.

1. тақырып

program программа аты жазылады;

2. сипаттау бөлімі

Var типтері көрсетілген айнымалылар;

begin

3. операторлар бөлімі

Операторлар;

end.

Мұндағы шамаларды сипаттау бөлімінде үш түрлі шаманың сипатталуын қарастырамыз.

1. Белгілерді сипаттау. Программадағы операторды символдармен (әріптер, сандар, аралас символдар) белгіп қоюға болады. Сонда Паскаль программаның кез-келген жерінен осы операторға оралып оны кезектен тыс орындай берді. Белгіні сипаттау бөлімінде былай көрсетеді:

label: 10, 200, aaa, bbb, 500; Мұнда label түйінді сөзінен кейін программа ішінде кездесетін белгілер көрсетілген. Белгісі бар гоператорға өту үшін goto түйіндес сөзі қолданылады. Мысалы: goto 200; 200-деген белгісі бар операторға өтеді. Бұл оператор (200) программаның қай бөлігінде (ортасы, соңы, бас жағы) тұрса да бәрі-бір.

1. Тұрақтыларды сипаттау. Программада тұрақтылар өз мәнімен (5, 14, 13.5...) немесе оған қойылған атау арқылы беріледі. Осы атау арқылы оны программаның кез-келген жерінде қолдана береміз. Сипаттау бөлімінде тұрақтылар const түйіндес сөзімен беріледі. Жазылу түрі:

Const atay1=мән, atay2=мән2, atay3=мән,...

Const p=3.14, e=1.6E-19, max=10000,...

3. Айнымалыларды сипаттау. Паскаль-программада қолданылатын айнымалылардың атауларын сипаттау бөлімінде var түйінді сөзінің көмегімен көрсетеміз.

Жазылу түрі (пішімі):

var айнымалылар тізімі: типі;

мысалы: var i, j, k:integer;

x, y:real; name: string; т.с.с.

2. Операторлар бөлімі

Паскаль құрылымын өткенде танысқанымыздай операторлар бөлімі begin – end. түйінді сөздерінің аралығына, «;» таңбасымен бөлектеніп жазылады. Паскаль программа әрқашан program түйінді сөзінен басталып жазылады.

Жазылу түрі:program атау (input, output); Кез-келген программада кіріс (input) – шығыс (output) процедуралары қолданылатындықтан бұл екі сөзді жазбауға болады. Егер программада басқа стандартты файлдар қолданылатын болса олардың атын жақша ішіне жазып қоюға болады.

Сонымен кез-келген программада мына бөліктер болуы міндетті.

1. тақырып

program атау;

2. сипаттау бөлімі

var айнымалылар: тип;

3. операторлар бөлімі

begin

операторлар;

end.

3. Шығару операторы. Нәтижені немесе кез-келген ақпаратты экранға шығару үшін write немесе writeln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: write(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалы немесе апострофпен қоршалған мәтіндер болуы мүмкін. Writeln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан басып шығарады. Нақты сандарды басып шығарғанда оларға қанша орын берілетінін көрсетуге болады. Мысалы: x –сан болсын,

write(x,n,m); Мұндағы:

х- ондық бөлшек сан,

n – х-тың барлық мәніне берілген орын саны,

m – х-мәніннің бөлшек бөлігіне берілген орын саны.

4. Енгізу операторы. Мәліметті немесе кез-келген ақпаратты компьютерге енгізу үшін read немесе readln қарапайым операторлары қолданылады.

Пішімі: read(a1, a2, a3, …, an); мұнада жақша ішінде жәй айнымалылар. Readln-нің ерекшелігі ол ақпаратты жаңа жолдан бастап оқиды. Айнымалыларға мән енгізгенде мәнді пернетақтадан теріп пернесін басамыз. Айнымалылар біреу немесе бірнешеу болса да осылай істейміз, болмаса жақшада қанша айнымалы (әріп) тұрса сонша мәнді арасын үтірмен бөліп жазып бірақ енгізуге болады. Тек айнмалы мен енгізілетін мәліметтің типтері бірдей болуы керек. Мысалы: x –айнымалы болсын,

read(x); Программада осы оператор кездескенде компьютер «тоқтап», экранға «?» белгісін шығарып, мәлімет енгізуіімізді күтіп тұрады. Біз тиісті мәнді (сан, сөз, т.б.) теріп -ді басамыз.

5. Сызықтық программа –дегеніміз операторлары бірінен соң бірі жазылған және сол

ретпен атқарылатын программалар.

ЕСЕП: Берілген бүтін х, у екі санның қосындысын экранға кәдімгі жазуға ұқсас етіп шығаратын программа жазыңыз.

program esep01;

var x,y:integer;

begin

write(‘Екі бүтін сан енгізіңіз ’);

read(x,y);

write(x,’+’,y,’=’,x+y);

end.

ІV. Сабақты бекіту және бағалау: (10мин)

x

m

y

5

2

*

3

2

-

=

осы есептің программасын жазыңыз. Мұндағы m, x бүтін сандар. Төмендегі схеманы пайдаланыңыз.

prog… esep02;

var …,…:integer

…:real;

be…

w……

r……

y=….

w…

readln;

e….

V. Үйге (3мин)

§3.2, 3.4.2, 3.4.4, 3.4.5 №5, 9, 10 есептер (74бет).

10 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Шартты программалау және тармақтаушы операторлар.

Мақсаты:

Шарт, шарт арқылы тармақтау және таңдау операторларының жазылу тәртібімен таныстыру, тармақтаушы алгоритмдерге программа жазу жолдарын көрсету;

Программалау ұғымын дамыту;

Ойлау, жоспарлау және әрекет ету жүйеліне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Сабақ жоспарын экранда проекциялау, мульт.мед.жабдықтар, (кестелер), презентация, компьютер, тест-программа.

Өтілу әдісі: Мультитехникамен жабдықталған сабақ.

Сабақтың барысы

І. Кіріспе. (2мин)

· Оқушыларды түгелдеу, сынып бөлмесі, тақта тазалығына назар аудару;

· Журнал толтыру;

· Оқушылардың назарын сабаққа бұру,

ІІ. Өткен сабаққа шолу. (10мин)

· Үй жұмысын тексеру (№5, 9, 10 есептер (74бет).),

· 11-сабақ бойынша тест тапсыру.

ІІІ. Жаңа сабақ (20мин)

ПС. Копьютермен оқушының сұқбат программасын көрсетеміз.

Компьютер-оқушының сұқбаты:

Экрандағы ақпарат

Сары жазуға назар аударайық. Қалай ойлайсыңдар, компьютер оқушының өзінен 7 жас үлкен екенін қалай «біліп» тұр? ...

Осындай мәселелерді шешу үшін программалық тілде шартты операторлар қолданылады.

Шарт дегеніміз жауабы «иә» немесе «жоқ» болатын ұйғарым (сұрақ). Шарты бар операторларды құрама немесе күрделі дейді.

.

1. Тармақтаушы оператор – шарттың сақталуына/сақталмауына байланысты екі түрлі жағдайдың бірін таңдауға мүмкіндік береді.

Паскалдағы жазылу түрі:

Толық тармақтау

БС

if <шарт> then 1-оператор else 2-оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып 1-оператор атқарылады және керісінше.

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’)

else write(‘сен менен ’,jas-8,’ үлкенсің’);

Жоғарыдағы сұраққа назар салыңдар.

Қысқаша тармақтау

БС

if <шарт> then оператор;

шарт сақталса жауабы «иә» болып оператор атқарылады, сақталмаса («жоқ») компьютер келесі операторды орындауға өтеді..

мыс:

gas:=15;

if jas<8 then write(‘сен менен ’,8-jas,’ кішісің’);

Енді жоғарыдағы сұқбатты программалап көрелік. ЕСЕП: Компьютер атыңды сұрайтын, содан соң өзнің қанша жас кіші/үлкен екенін айтатын проргамма жазыңыз.

ІV. Сынып жұмысы. (10мин)

Квадрат теңдеуді шешу алгоритмі.

ах2 + вх + с = 0

1. Не белгілі?

а, в, с – нақты сандар

2. Не істеу керек?

Кв.теңдеудің х1, х2 түбірлерін табу керек, түбірі болмаса «түбірі жоқ» деген хабар шығару керек.

3. Қалай жасау керек?

Дискриминант d=b2-4аc

D<0 түбірі жоқ

D=0 бір түбірі бар x1=-b/2a

d>0 екі түбірі бар х1=?, х2=?

a

d

b

x

2

1

-

-

=

,

a

d

b

x

2

2

+

-

=

program kvtendeu;

var a,b,c:integer;

x1,x2,d:real;

label 10;

begin

write('Кв.тенд.коэф. енгіз a,b,c ');

read(a,b,c);

d:=sqr(b)-(4*a*c);

if d<0 then begin writeln('түбірі жок ');goto 10;end;

if d=0 then begin writeln('Бір түбірі бар: ',-b/(2*a));goto 10;end

else writeln('Екі түбірі бар: ',-b+sqr(d)/(2*a),' ',-b-sqr(d)/(2*a));

10: end.

V. Бағалау және үйге тапсырма (3мин)

§3.5 (76-82бет), №6 есеп (89бет)

11 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Таңдау операторы.                 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Берілген есептерді есептеп шығаратын программалар құруға, таңдау операторларымен таныстыру,қолдануды үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың жан – жақты ойлау қабілеттерін, компьютерді пайдаланып программаны енгізіп жауабын алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, сабақта өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

20. оқушылармен сәлемдесу

21. келмеген оқушыларды белгілеу

22. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Шартты көшу операторы? Жазылу үлгісі.

2. Шартсыз көшу операторы? Жазылу үлгісі.

3. Паскаль тілінде қай оператор соңына «;» қойылады, ал қандай жағдайда қойылмайды?

Есеп №6Берілген А(х,у) нүктесі радиусы (центрі координаталар осінің бас нүктесінде) шеңбер ішінде жата ма немесе жатпай ма, соны анықтайтын программа құру керек.

program esep;uses crt;

var х,у,R,L:real;

begin clrscr;

write('х,у координаталар нүктесін және радиус енгіз-?');readln(х,у,R);

L:=sqr(x)+sqr(y);

If L

writeln('нүкте R радиусы шеңбер ішінде жатады');

else writeln('нүкте R радиусы шеңбер ішінде жатпайды');

end.

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің таңдау операторы процес 2 ден көп болған жағдайда қолданылады. Таңдау case ,of операторы қолданылады. Оператордың жазылу үлгісі:

case m of  таңдау 1: оператор1;  ...  таңдау N: операторN;  else оператор0end;

Мұндағы: m-real типінен басқа кез- келген скалярлық типте берілген айнымалы. Оны сұрыптаушы деп атайды.

Мыс: case m of

1:у:=5*х;

2:y:=5*x-3;

End;

m-нің мәні 1-ге тең болғанда у:=5х өрнегі, 2-ге тең болғанда y=5x-3 өрнегі орындалады.Ал, егер m≠1, m≠2 болса, онда case операторынан кейінгі операторлар орындалады. m –нің мәні қажет мәнге тең болмағанда case операторына мынадай түзету енгізуге болады.

case m of

1:у:=5*х;

2:y:=5*x-3

Else writeln(‘m-ң мәні дұрыс енгізілген жоқ’);

End;

Мысалы, Апта күндерінің реттік номері бойынша олардың аттарын анықтайтын    программа құрайық.

program esep;uses crt;

var kyn:integer;

begin clrscr;

write('күннің аптадағы реттік номерін енгіз');readln(kyn);

case kyn of

1:writeln('дүйсенбі');

2:writeln('сейсенбі');

3:writeln('сәрсенбі');

4:writeln('бейсенбі');

5:writeln('жұма');

6:writeln('сенбі');

7:writeln('жексенбі');

else writeln('1..7 аралығындағы сандарды енгізіңдер'); end; end.

Програмамны компьютерге теріп F9 батырмасын басамыз. Экранға күннің аптадағы реттік номерін енгіз белгісін алып шығады. Мұнда сандық мәндерді меншіктeп Enter батырмасын бассақ есептің жауабын аламыз.

Өз бетінше орындайтын тапсырмалар.

№1.Кез келген айдың бірінші жұлдызы аптаның қай күні екені белгілі болғанда, сол айдың енгізілген кез келген күннің аптаның қандай күні болатынын анықтау программасын құру қажет.

program esep;uses crt;

Label 10;

Const k=1;k=2;k=3;

var den,n:integer; t:char;

begin clrscr;

10: write('айдың күнін енгіз');readln(den);

n:=den mod 7+k-1; if n>7 then n:=n-7;

write(‘айдың ‘,den:3,’күні ‘);

case n of

1:writeln('дүйсенбі');

2:writeln('сейсенбі');

3:writeln('сәрсенбі');

4:writeln('бейсенбі');

5:writeln('жұма');

6:writeln('сенбі');

7:writeln('жексенбі');

Writeln(‘ болады‘)

writeln(тағы енгізесіңдер ме?(ия-'у’,жоқ-‘n’)’);

readln(t);

if (t=’y’) or (t=’y’) then goto 10 end.

2. 1917 жылдан 1992 жылға дейінгі аралықтағы төрторынды сандар енгізіліп, сол жылдары бұрынғы КСРО-да кімнің ел басқарғаны анықталады. Мұнда өрнектің мәні белгілі бір кесіндіге кіретін сан болатыны тексеріліп,сол арқылы бір оператор таңдап алынып отыр.

program esep;uses crt;

var god:integer; t:char;

begin clrscr;

write(' КСРО заманының жылдарын енгіз');readln(god);

write god:4,’-жылы КСРО-ны ‘);

case god of

1917..1924:writeln('Ленин басқарды');

1925..1953:writeln('Сталин басқарды');

1954..1955:writeln('Маленков басқарды');

1957..1964:writeln('Хрущев басқарды');

1965..1985:writeln('Брежнев басқарды');

1985..1991:writeln('Горбачев басқарды');

End; end.

Сабақты қорытындылау:

1. Тармақталу операторлары қандай міндет атқарады?

2. Қандай алгоритмдер тармақталған деп аталады?

3. Тармақталу операторының жазылу ережесі?

4. case m of операторын жазылу ережесі

5. Үйге тапсырма:   Таңдау  операторы. №4,8 Есептер шығару.   

12 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты алдын-ала тексеретін қайталау операторы.Әзірше циклі .                 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Берілген есептерді есептеп шығаратын программалар құруға, әзірше циклінің операторларымен таныстыру,қолдануды үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың жан – жақты ойлау қабілеттерін, компьютерді пайдаланып программаны енгізіп жауабын алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, сабақта өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

23. оқушылармен сәлемдесу

24. келмеген оқушыларды белгілеу

25. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

4. Шартты көшу операторы? Жазылу үлгісі.

5. Шартсыз көшу операторы? Жазылу үлгісі.

6. Таңдау операторы?Жазылу үлгісі.

Есеп №6 Кез-келген цифр арқылы енгізілген жылдың қазақша жыл атауын табатын программа құр.

program esep;uses crt;

var m,n:integer;

begin clrscr;

write('жылды енгіз-?');readln(n);

m:=n mod 12;

case m of

0:writeln('мешін жылы');

1:writeln('тауык жылы');

2:writeln('ит жылы');

3:writeln('доныз жылы ');

4:writeln('тышкан жылы ');

5:writeln('сиыр жылы ');

6:writeln('барыс жылы ');

7:writeln('коян жылы ');

8:writeln('улу жылы ');

9:writeln('жылан жылы ');

10:writeln('жылкы жылы ');

11:writeln('кой жылы ');

end; end.

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің шартты алдын-ала тексеретін қайталау операторы. Әзірше цикліне WHILE операторы қолданылады. Оператордың жазылу үлгісі:

WHILE P DO S ;

Мұндағы: P –шарт

S – цикл денесі (циклде орындалатын оператор тізімі)

Бұл циклде алдымен шарт тексеріледі. Егер шарт сақталса цикл денесі орындалады. Қайтадан шарт тексеріледі. Осылай шарт сақталындай қалғанша тексеру қайталана береді.

Мысалы, n!-ды есептеп шығаратын   программа құрайық

Математикалық моделі: n!=1*2*3*4*...* n

program esep;uses crt;

var r,n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;r:=1;

while k<=n do

begin

r:=r*k; k:=k+1;

end;

writeln(n,'!=',r);

end.

Програмамны компьютерге теріп F9 батырмасын басамыз. Экранға n-? белгісін алып шығады. Мұнда айнымалыларға сандық мәндерді меншіктeп Enter батырмасын бассақ есептің жауабын аламыз.

Өз бетінше орындайтын тапсырмалар.

№1.S=1+2+3+…+100

2. 1++

3.Дюйммен берілген қашықтықты(1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендір.(1 дюйм=2,54 см)

4. S=+

№1.

program esep;uses crt;

var S,n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;S:=0;

while k<=n do

begin

S:=S+k; k:=k+1;

end; writeln('S=',S); end.

№2

program esep;uses crt;

var S:real;n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;S:=0;

while k<=n do

begin

S:=S+1/k; k:=k+1;

end;

writeln('S=',S);

end.

№3

program esep;uses crt;

var k,S:real;n:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=0;S:=1;

while k

begin

S:=2.54*S; k:=k+1; writeln(k,'дюйм=',S,'см');

end;

end.

№4

program esep;uses crt;

var S:real;n,k:integer;

begin clrscr;

k:=2;S:=0;

repeat begin

S:=S+1/sqrt(k); k:=10*k;

end;

until k>200000 ;

writeln('S=',S);

end.

Сабақты қорытындылау:

1. Қайталау операторлары қандай міндет атқарады?

2. Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?

3. While операторының жазылу ережесі?

4. While операторында цикл тұлғасы қай кезде орындалады , ал қай кезде орындалмайды?

Үйге тапсырма:   Әзірше  операторы. №6,8 Есептер шығару.   

13 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы.Дейін циклі .                 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – Берілген есептерді есептеп шығаратын программалар құруға, дейін циклінің операторларымен таныстыру,қолдануды үйрету.

Дамытушылық – Оқушылардың жан – жақты ойлау қабілеттерін, компьютерді пайдаланып программаны енгізіп жауабын алу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Оқушыларды кішіпейілдікке, жекелеп жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, сабақта өзін - өзі басқаруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Білімді меңгерту

Сабақтың әдісі: Баяндау , сұрақ жауап

Сабақтың барысы

Ұйымдастырылу кезеңі

26. оқушылармен сәлемдесу

27. келмеген оқушыларды белгілеу

28. сабаққа дайындығын, құралдарын тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрау

1. Қайталау операторлары қандай міндет атқарады?

2. Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?

3. While операторының жазылу ережесі?

4. While операторында цикл тұлғасы қай кезде орындалады , ал қай кезде орындалмайды?

Есеп №6 Қадақпен берілген массаны (1-50қадақ аралығын) кг-ға түрлендіріңдер.(1қадақ=0,4кг)

program esep;uses crt;

var k,S:real;n:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=0;S:=1;

while k

begin

S:=0.4*S; k:=k+1; writeln(k,'кадак=',S,'кг');

end;

end.

№8 1-ден 100-ге дейінгі тақ және жұп сандардың қосындыларын табатын программа құрыңдар.

program esep;uses crt;

var P,S,n,k:integer;

begin clrscr;

k:=1;S:=0;P:=0;

while k<=100 do

begin

if k mod 2<>0 then S:=S+k

else P:=P+k ;k:=k+1;end;

writeln('так сандардын косындысы: ',S);

writeln('жуп сандардын косындысы: ',P);

end.

Жаңа сабақты түсіндіру

Паскаль тілінің шартты соңынан тексеретін қайталау операторы. Дейін цикліне repeat,until операторы қолданылады. Оператордың жазылу үлгісі:

Repeat  Suntil not(P)

Мұндағы: P –шарт

S – цикл денесі (циклде орындалатын оператор тізімі)

Бұл циклде алдымен цикл денесі орындалады ,содан соң шарт тексеріледі. Егер шарт сақталмаса қайтадан цикл денесі орындалады. Осылай шарт сақталынғанша қайталана береді. Көп жағдайда not(P)-орнына P-ға қарама-қарсы шарт қойылады.

Мысалы, n!-ды есептеп шығаратын   программа құрайық

Математикалық моделі: n!=1*2*3*4*...* n

program esep;uses crt;

var r,n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;r:=1;

repeat

r:=r*k; k:=k+1;

until k>n;

writeln(n,'!=',r);

end.

Программаны компьютерге теріп F9 батырмасын басамыз. Экранға n-? белгісін алып шығады. Мұнда айнымалыларға сандық мәндерді меншіктeп Enter батырмасын бассақ есептің жауабын аламыз.

Өз бетінше орындайтын тапсырмалар.

№1.S=1+2+3+…+100

2. 1++

3.Дюйммен берілген қашықтықты(1-20 дюйм аралығын) см-ге түрлендір.(1 дюйм=2,54 см)

4. S=+

№1.

program esep;uses crt;

var S,n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;S:=0;

repeat

S:=S+k; k:=k+1;

until k>n;

writeln('S=',S);

end.

№2

program esep;uses crt;

var S:real;n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;S:=0;

repeat

S:=S+1/k; k:=k+1;

until k>n;

writeln('S=',S);

end.

№3

program esep;uses crt;

var k,S:real;n:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=0;S:=1;

repeat

begin S:=2.54*S; k:=k+1; writeln(k,'дюйм=',S,'см');

end; until k>=n; end.

№4

program esep;uses crt;

var S:real;n,k:integer;

begin clrscr;

write('n-?');readln(n);

k:=1;S:=0;

repeat

begin

S:=S+1/sqrt(k); k:=10*k;

end; until k>=n;

writeln('S=',S); end.

Сабақты қорытындылау:

5. Қайталау операторлары қандай міндет атқарады?

6. Қандай алгоритмдер циклдік деп аталады?

7. Repeat операторының жазылу ережесі?

8. Repeat операторында цикл тұлғасы қай кезде орындалады , ал қай кезде орындалмайды?

Үйге тапсырма:   Дейін  операторы. №12,13 Есептер шығару.   

14 – сабақ сыныбы____ күні _______ Пән мұғалімі ________________

Сабақтың тақырыбы: FOR –DO, FOR –DOWNTO қайталау операторы (1 сағ)

мақсаттары:

1. FOR –DO опреторы көмегімен программалауды үйрену.

2. Программаны ықшам, сапалы жазу дағдысын қалыптастыру. Программаның математикалық моделі туралы түсініктерін тереңдеу.

3. Программа мәтінін экранға және дәптерге жазудың эстетикасын сақтауды ескеру.

көрнекілігі:

Паскаль редакторы – Паскал АВС, қайталау операторнының блок-схемасы.

түрі:

Теориялық сабақ.

ІІ

барысы:

(3 мин)

(10 мин)

Ұйымдастыру.

1. Оқушыларды түгелдеу, журнал толтыру, оқушылардың дәптерлерін, оқулықтарын қарап шығу.

2. Сынып, тақта, парта тазалығын қарап шығу, қажет болса ескертулер жасау.

3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІІ

Үй тапсырмасымен жұмыс.

1. Үй жұмысының орындалуын тексеру, есепке алу (Есеп №2ә repeat-until көмегімен жазып келу)

Үй жұмысы орындалған, бірақ дұрыс емес - 1 ұпай,

жартылай дұрыс - 2

толық дұрыс - 3

жоқ - 0