Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 ·...

12
№122 (29103) 28 МАУСЫМ, СРСЕНБІ 2017 ЖЫЛ E-mail: [email protected] www.egemen.kz TWITTER.COM/EGEMENKZ FACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ РУХАНИЯТ 10-бет ЭКСПО-2017 ДЕМОКРАТИЯ – ДАМУ ДАҢҒЫЛЫ БІЛІМ 9-бет ЭКОНОМИКА ҒАЖАЙЫП КЕЛІНШЕККЕ ЖАЗЫЛҒАН ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАР 5-бет 100 ШАҚЫРЫМҒА – 1 ЛИТР БЕНЗИН 8-бет ҚАСИЕТТІ ЖАУҚАЗЫН Ен байлыққа ие болар күн қайда? ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ТАБУҒА ЖӘРДЕМДЕСЕТІН ЖОБА EUR/KZT 362.42 USD/KZT 322.01 RUB/KZT 5.46 CNY/KZT 47.26 ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ: БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ 8-бет 9-бет Думан АНАШ Атамұрат ШМЕНОВ «Бітімгер: Сирия түйіні» Бұл – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық аренадағы медиаторлық қызметіне арналған «Бітімгерден» кейінгі екінші кітап Сириядағы дағдарыс əлі де жалғасып жатқанына қарамастан, бүгін осы қанды шиеленісті аяқтауға мүмкіндік беретін бетбұрысты кезең келді. Ресей, Түркия жəне Иран басшыларының Астанада сирияаралық келіссөздерді бастау ту- ралы уақытылы бастамасы Сирияда оқ атуды тоқтатуға жол ашты. Бұл мемлекеттер бүгінде де осы уағдаластықтарды жүзеге асыруға күш салуда. Астана алаңы Женева процесіне қосымша болып табылады. Қазақстан келіссөздердің екі алаңда да жүргізілуін қолдайды. Дағдарысты бейбіт реттеу үшін Сирияның ішінде жəне одан тыс жерлердегі барлық мүдделі тараптар күш-жігерлерін біріктіру қажет. «Бітімгер: Сирия түйіні» кітабының басты ой өзегі де осы. Бітімгер болмысы ...Мемлекет басшысы жұмысының ресми бөлігі БАҚ-та жеткілікті деңгейде жан-жақты көрініс та- бады. Солай бола тұрғанмен, Елбасының жаһандық жəне өңірлік проблемаларды шешуге, сондай- ақ, Қазақстанның шетелдермен достық қарым- қатынастарын нығайтуға бағытталған ерен еңбегінің көптеген элементтері кадр сыртында қалып қоя береді. ...Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің шетелдік əріптестерімен көп жағдайда мемлекетіміздің мүдделерін ілгерілетуде маңызды рөл атқаратын қарапайым адами қарым-қатынас та орната біледі. Кез келген сұхбаттасымен ортақ тіл табыса білу, мəселенің мəніне терең бойлау машықтары мен таңғаларлық жады, қажет кезінде қандай да бір оқиғалардың техникалық детальдарын тауып алу қабілеті, əзіл-қалжың мен əдеп арасын тама- ша сезінуі, осы жəне басқа да көптеген қасиеттері Н.Ə.Назарбаевқа мемлекет жəне үкімет басшыларын, халықаралық ұйымдардың жетекшілерін, көрнекті саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін, инвестор- лар мен трансұлттық корпорациялардың басшыла- рын қоса алғанда, Қазақстанның барлық шетелдік əріптестермен өзара достық пен сенімге құрылған қарым-қатынастар қалыптастыруына мүмкіндік береді. Нұрсұлтан Əбішұлы қашанда ашық пікір алмасқанды қалайды, сараптамалық бағалауларға құлақ асады, кім-кімнің де көзқарасын білдіруіне жағдай туғызады. Мұндай ұстаным мəселелердің мəніне терең үңіліп, олардың ішкі саясатқа, экономикаға немесе халықаралық жағдайға қай тұрғыдан қатыстылығына қарамастан, шешім қабылдауда өзгеруі ықтимал ахуалға тез бейімделуге мүмкіндік береді. * * * ...2011 жылдың наурызында басталған Сириядағы үкіметке қарсы іс-қимылдар Таяу Шығысты қамтыған «араб көктемі» деп айдар тағылған революциялар сериясының жалғасы болды. Сириядағы жағдай азамат соғысына күрт айнал- ғандықтан, əрі қарай ел аумағы сырттан нəрлендірілген түрлі террористік топтар үшін əлсіз болып шықты. 2011 жылдың 15 наурызында іс басындағы биліктің қарсыластары ел астанасы – Дамаскіде бір- неше наразылық акциясын ұйымдастырды. Содан кейін үкіметке қарсы демонстрациялар елдің оңтүс- тігінде бұрқ ете қалды. 2011 жылдың сəуірінде түбегейлі реформалар жүргізілуін талап еткен жаппай манифестациялар бүкіл елде етек алды. Аса тереңдеген ішкі саяси дағдарыс 2011 жылдың соңына қарай ішкі қарулы қақтығысқа ұласты. * * * ...Қазақстанның Сирия дағдарысына тікелей тартылып отырмағаны белгілі. Алайда, Астана халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшесі бо- лып отырғандықтан, бүкіл Таяу Шығыс өңірін дүр сілкіндірген дағдарыстан шет қала алмады. ...Қазақстан Президенті, бітімгершілік күш-жігерді белсенді жүргізе отырып, Сирия халқының проблема- ларына қатыспай тұра алмайтынын байқатты. Біздің Президентіміздің бастамасымен сириялық босқындарға қолда бар мүмкіндікке сай гуманитарлық көмек көрсетілді. * * * ...Мемлекет басшысының атына бірқатар Сирия оппозициялық қозғалыстарынан Сириядағы дағдарысты реттеу мəселесі бойынша келіссөздерге бітімгер ретінде қатысу туралы өтініш түсті. –––––––––––––––––––––––––––––––––– Қазақстан Республикасы Президентінің кмекшісі Нұрлан ОНЖАНОВТЫҢ авторлығымен шыққан кітап түрлі фактілер мен материалдарға, Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мен Анкара арасындағы текетірес секілді күрделі мәселелерді реттеу, сондай- ақ Сириядағы аса күрделі дағдарыстан шығу жолдарын іздестіру барысында әлемдік ли- дерлер мен халықаралық ұйымдар басшы- ларымен сұхбаттарының үзінділеріне бай. Автор Мемлекет басшысының Қазақстанның түрлі халықаралық бастамаларымен қоса сириялық және Ресей-Түркия мәселелері бойынша бітімгерлік қызметін сараптай келе, Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітшілікті қамтамасыз ету және халықаралық қауымдастықта зара сенімділікті нығайту туралы жаһандық идеяға байлам жасайды де- ген тұжырымға келеді. Бүгін біз осы кітаптан үзінді жариялап отырмыз. –––––––––––––––––––––––––––––––––– (Соңы 3-бетте) Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан» Елбасы биыл «Қазақстан Рес- публикасының Конституция- сына өзгерістер мен толық- тырулар енгізу туралы» Заң- ға қол қойғаны белгілі. Билік тармақтары арасындағы өкілет- тіктерді қайта бөлу бойынша Ата Заңға енгізілген өзгерістер Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтті. Президент өзінің заң шығарушы өкілеттігін бергеннен кейін, биліктің бұл тармағы енді заң шығарушы қызметті жүзеге асыратын емес, заң шығарушы билік ретінде тұжырымдалды. Конституциядағы өзгеріс- терге сəйкес, Үкімет Парла- ментке өзінің шешімдері тура- лы, негізгі бағыттары туралы баяндап отырады. Егер есепті тыңдау қорытындылары бо- йынша Үкімет мүшесі респуб- лика заңдарын орындамаған жағдайда палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен оны қызметтен босату туралы ел Президентіне өтініш жасауға құзыретті. Мұндай жағдайда ел Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады. Бұл – Парламенттің жауапкершілігі артқанын айғақтайтын жайт. Мемлекеттің басқару ныса- нының президенттіктен прези- денттік-парламенттік респуб- ликаға өзгеруі, Мемлекет бас- шысының бірқатар өкілеттігін ел Парламентіне беруі, Сенат депутаттарының саны Прези- дент квотасы есебінен 7-ден 15- ке дейін көбейтілуі Парламенттің орны мен рөлінің түбегейлі ны- ғаюына басымдық берілгенін біл- діреді. Демек, бүгін сайланғалы отырған Сенат депутаттарының алдында үлкен жауапкершілік тұр. Жалпы, Сенат Консти- туциялық заңда белгіленген тəртіппен əр облыстан, рес- публикалық маңызы бар қа- ладан жəне Қазақстан Респуб- ликасының астанасынан екі адам- нан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мəдени жəне өзге де елеулі мүдделері ескерілуі керек. Сондықтан, Жоғарғы палатаның 15 депутатын республика Прези- денті тағайындайды. Сенат депутаттарының жар- тысы əрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депу- таттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл. Конституциядағы талаптарға сəйкес, жасы отызға толған, жо- ғары білімі жəне кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті об- лыстың, республикалық маңызы бар қаланың, не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Сонымен, облыстық, Астана жəне Алматы қалалары сайлау комиссияларының мəліметтеріне сəйкес, бүгінгі сайлауға барлығы 38 үміткер тіркелді. Осыған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында таңдаушылардың тізімдері жарияланған болатын. Ресми дерекке сəйкес, бүгінге дейін сайлауға қатысатын таң- даушылардың саны – 3293. Яғни, сайлау заңнамасына сəйкес Сенат депутаттарын мəслихат депутат- тары сайлайды. Олардың басым бөлігі Алматы, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыс- тарында тіркелген. Орталық сайлау комиссия- сының төрағасы Берік Имашев- тың айтуынша, сайлау науқаны «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңға сай өтуі қатаң қадағаланған. Əрі демокра- тиялық қоғамға сай дауыс беру үдерісін халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден аккре- диттелген байқаушылар бақылап отыр. Олардың қатарында Франс- пресс, Би-би-си, Рейтер, Əл- Жазира секілді танымал ақпарат құралдарының өкілдері де бар. Парламент Сенаты депутатта- рын сайлауға дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады. Осы сайлауда таңдаушылар электрондық тіркеуді алғаш рет қолданатынын да айта кету лəзім. Бұл дауыс берудің əділдігі мен ашықтығын айғақтайтын тəсілдердің бірі саналады. Бүгін Сенат депутаттарын сайлау өтеді –––––––––––––––––––– Бүгін Парламент Сена- тының депутаттарын сай- лау теді. Орталық сай- лау комиссиясының де- регі бойынша Сенат депут- татығына үміткерлердің саны – 38. Дауыс берудің әділ демократиялық үде- рістерге сай туін халық- аралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген 288 байқаушы бақылайды. ––––––––––––––––––––

Upload: others

Post on 16-Jul-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

№122 (29103) 28 МАУСЫМ, С�РСЕНБІ 2017 ЖЫЛE-mail: [email protected] TWITTER.COM/EGEMENKZFACEBOOK.COM/.EGEMEN.KZ

1919 жылғы 17 желтоқсаннан

шыға бастады

ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ГАЗЕТ

РУХАНИЯТ

10-бет

ЭКСПО-2017

ДЕМОКРАТИЯ – ДАМУ ДАҢҒЫЛЫ

БІЛІМ

9-бет

ЭКОНОМИКА

ҒАЖАЙЫП КЕЛІНШЕККЕ ЖАЗЫЛҒАН ҒАШЫҚТЫҚ ХАТТАР

5-бет

100 ШАҚЫРЫМҒА – 1 ЛИТР БЕНЗИН

8-бет

ҚАСИЕТТІ ЖАУҚАЗЫНЕн байлыққа ие болар күн қайда?

ЖАСТАРҒА ЖҰМЫС ТАБУҒА ЖӘРДЕМДЕСЕТІН ЖОБА

EUR/KZT 362.42 USD/KZT 322.01 RUB/KZT 5.46 CNY/KZT 47.26ВАЛЮТАЛАРДЫҢ РЕСМИ (НАРЫҚТЫҚ) БАҒАМДАРЫ:

БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҚТАРЫ

КӘСІПКЕ БАУЛУДЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

8-бет 9-бет

Думан АНАШ

Атамұрат Ш�МЕНОВ

«Бітімгер: Сирия түйіні» Бұл – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық аренадағы медиаторлық қызметіне арналған «Бітімгерден» кейінгі екінші кітап

Сириядағы дағдарыс əлі де жалғасып жатқанына қарамастан, бүгін осы қанды шиеленісті аяқтауға мүмкіндік беретін бетбұрысты кезең келді.

Ресей, Түркия жəне Иран басшыларының Астанада сирияаралық келіссөздерді бастау ту-ралы уақытылы бастамасы Сирияда оқ атуды тоқтатуға жол ашты. Бұл мемлекеттер бүгінде де осы уағдаластықтарды жүзеге асыруға күш салуда. Астана алаңы Женева процесіне қосымша болып табылады. Қазақстан келіссөздердің екі алаңда да жүргізілуін қолдайды.

Дағдарысты бейбіт реттеу үшін Сирияның ішінде жəне одан тыс жерлердегі барлық мүдделі тараптар күш-жігерлерін біріктіру қажет.

«Бітімгер: Сирия түйіні» кітабының басты ой өзегі де осы.

Бітімгер болмысы ...Мемлекет басшысы жұмысының ресми бөлігі

БАҚ-та жеткілікті деңгейде жан-жақты көрініс та-бады. Солай бола тұрғанмен, Елбасының жаһандық жəне өңірлік проблемаларды шешуге, сондай-ақ, Қазақстанның шетелдермен достық қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған ерен еңбегінің көптеген элементтері кадр сыртында қалып қоя береді.

. . .Нұрсұлтан Əбішұлы өзінің шетелдік əріптестерімен көп жағдайда мемлекетіміздің мүдделерін ілгерілетуде маңызды рөл атқаратын қарапайым адами қарым-қатынас та орната біледі.

Кез келген сұхбаттасымен ортақ тіл табыса білу, мəселенің мəніне терең бойлау машықтары мен таңғаларлық жады, қажет кезінде қандай да бір оқиғалардың техникалық детальдарын тауып алу қабілеті, əзіл-қалжың мен əдеп арасын тама-ша сезінуі, осы жəне басқа да көптеген қасиеттері Н.Ə.Назарбаевқа мемлекет жəне үкімет басшыларын, халықаралық ұйымдардың жетекшілерін, көрнекті саясаткерлерді, қоғам қайраткерлерін, инвестор-лар мен трансұлттық корпорациялардың басшыла-рын қоса алғанда, Қазақстанның барлық шетелдік əріптестермен өзара достық пен сенімге құрылған қарым-қатынастар қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Нұрсұлтан Əбішұлы қашанда ашық пікір алмасқанды қалайды, сараптамалық бағалауларға құлақ асады, кім-кімнің де көзқарасын білдіруіне жағдай туғызады. Мұндай ұстаным мəселелердің мəніне терең үңіліп, олардың ішкі саясатқа, экономикаға немесе халықаралық жағдайға қай тұрғыдан қатыстылығына қарамастан, шешім қабылдауда өзгеруі ықтимал ахуалға тез бейімделуге мүмкіндік береді.

* * *...2011 жылдың наурызында басталған Сириядағы

үкіметке қарсы іс-қимылдар Таяу Шығысты қамтыған «араб көктемі» деп айдар тағылған революциялар сериясының жалғасы болды.

Сириядағы жағдай азамат соғысына күрт айнал-ғандықтан, əрі қарай ел аумағы сырттан нəрлендірілген түрлі террористік топтар үшін əлсіз болып шықты.

2011 жылдың 15 наурызында іс басындағы биліктің қарсыластары ел астанасы – Дамаскіде бір-неше наразылық акциясын ұйымдастырды. Содан кейін үкіметке қарсы демонстрациялар елдің оңтүс-тігінде бұрқ ете қалды.

2011 жылдың сəуірінде түбегейлі реформалар жүргі зілуін талап еткен жаппай манифестациялар бүкіл елде етек алды.

Аса тереңдеген ішкі саяси дағдарыс 2011 жылдың соңына қарай ішкі қарулы қақтығысқа ұласты.

* * *...Қазақстанның Сирия дағдарысына тікелей

тартылып отырмағаны белгілі. Алайда, Астана халықаралық қоғамдастықтың белсенді мүшесі бо-лып отырғандықтан, бүкіл Таяу Шығыс өңірін дүр сілкіндірген дағдарыстан шет қала алмады.

...Қазақстан Президенті, бітімгершілік күш-жігерді белсенді жүргізе отырып, Сирия халқының проблема-ларына қатыспай тұра алмайтынын байқатты.

Біздің Президентіміздің бастамасымен сириялық босқындарға қолда бар мүмкіндікке сай гуманитарлық көмек көрсетілді.

* * *...Мемлекет басшысының атына бірқатар

Сирия оппозициялық қозғалыстарынан Сириядағы дағдарысты реттеу мəселесі бойынша келіссөздерге бітімгер ретінде қатысу туралы өтініш түсті.

––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасы Президентінің к�мекшісі Нұрлан ОНЖАНОВТЫҢ авторлығымен шық қан кітап түрлі фактілер мен материалдарға, Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеу мен Анкара ара сындағы текетірес секілді күрделі мәселелерді реттеу, сондай-ақ Сириядағы аса күрделі дағда рыс тан шығу жолдарын іздестіру барысында әлем дік ли-дерлер мен халықаралық ұйымдар басшы-ларымен сұхбаттарының үзінділеріне бай. Автор Мемлекет басшысының Қазақстанның түрлі халықаралық бастамаларымен қоса сириялық және Ресей-Түркия мәселелері бо йынша бітімгерлік қызметін сараптай келе, Нұрсұлтан Назарбаевты бейбітшілікті қамтамасыз ету және халықаралық қауымдастықта �зара сенімділікті нығайту туралы жаһандық идеяға байлам жасайды де-ген тұжырымға келеді. Бүгін біз осы кітаптан үзінді жария лап отырмыз.––––––––––––––––––––––––––––––––––

(Соңы 3-бетте)

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ, «Егемен Қазақстан»

Елбасы биыл «Қазақстан Рес-публикасының Консти туция-сына өзгерістер мен толық-тырулар енгізу туралы» Заң-ға қол қойғаны белгілі. Билік тармақтары арасындағы өкілет-тіктерді қайта бөлу бо йынша Ата Заңға енгізілген өзгерістер Парламенттің рөлін айтарлықтай күшейтті. Президент өзінің заң шығарушы өкілеттігін бергеннен кейін, биліктің бұл тармағы енді заң шығарушы қызметті жүзеге асыратын емес, заң шығарушы билік ретінде тұжырымдалды.

Конституциядағы өзге ріс-терге сəйкес, Үкімет Парла-ментке өзінің шешімдері тура-лы, негізгі бағыттары туралы баяндап отырады. Егер есепті тыңдау қорытындылары бо-йынша Үкімет мүшесі респуб-лика заңдарын орындамаған жағдайда палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен оны қызметтен босату туралы ел Президентіне өтініш жасауға

құзыретті. Мұндай жағдайда ел Президенті Үкімет мүшесін қызметінен босатады. Бұл – Парламенттің жауапкершілігі артқанын айғақтайтын жайт.

Мемлекеттің басқару ныса-нының президенттіктен прези-денттік-парламенттік респуб-ликаға өзгеруі, Мемлекет бас-шысының бірқатар өкілеттігін ел Парламентіне беруі, Се нат

депутаттарының саны Пре зи-дент квотасы есебінен 7-ден 15-ке дейін көбейтілуі Парламенттің орны мен рөлінің түбегейлі ны-ғаюына басымдық берілгенін біл-діреді. Демек, бүгін сайланғалы отырған Сенат депутаттарының алдында үлкен жауапкершілік тұр.

Жалпы, Сенат Конс ти-ту циялық заңда белгіленген

тəр тіп пен əр облыстан, рес-публикалық маңы зы бар қа-ладан жəне Қазақстан Респуб-ликасының аста насынан екі адам-нан өкіл дік ететін депутаттар дан құра лады. Сенатта қоғамның ұлттық-мəдени жəне өзге де елеулі мүд делері ескерілуі керек. Сон дықтан, Жоғарғы палатаның 15 депутатын республика Прези-денті тағайындайды.

Сенат депутаттарының жар-тысы əрбір үш жыл сайын қай та сай ланып отырады. Сенат депу-тат тарының өкілеттік мер зімі – алты жыл.

Конституциядағы талаптарға сəйкес, жасы отызға толған, жо-ғары білімі жəне кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, тиісті об-лыс тың, республикалық маңызы бар қаланың, не республика

астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады.

Сонымен, облыстық, Астана жəне Алматы қалалары сайлау комиссияларының мəліметтеріне сəйкес, бүгінгі сайлауға барлығы 38 үміткер тіркелді. Осыған дейін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында таңдаушылардың тізімдері жарияланған болатын. Ресми дерекке сəйкес, бүгінге дейін сайлауға қатысатын таң-даушылардың саны – 3293. Яғни, сайлау заңнамасына сəйкес Сенат депутаттарын мəслихат депутат-тары сайлайды. Олардың басым бөлігі Алматы, Шығыс Қазақстан жəне Оңтүстік Қазақстан облыс-тарында тіркелген.

Орталық сайлау комис сия-сының төрағасы Берік Имашев-тың айтуынша, сайлау науқаны «Қа зақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Заңға сай өтуі қатаң қадағаланған. Əрі демо кра-тиялық қоғамға сай дауыс беру үдерісін халықаралық ұйым дар мен шет мемлекеттер ден аккре-диттелген байқаушылар ба қы лап отыр. Олардың қатарында Франс-пресс, Би-би-си, Рейтер, Əл-Жазира секілді танымал ақпарат құралдарының өкілдері де бар.

Парламент Сенаты депутатта-рын сайлауға дауыс беру Астана уақыты бойынша сағат 10.00-де басталады.

Осы сайлауда таңдаушылар электрондық тіркеуді алғаш рет қолданатынын да айта кету лəзім. Бұл дауыс берудің əділдігі мен ашықтығын ай ғақ тайтын тəсілдердің бірі сана лады.

Бүгін Сенат депутаттарын сайлау өтеді––––––––––––––––––––Бүгін Парламент Сена-тының депутаттарын сай-лау �теді. Орталық сай-лау комиссиясының де-регі бойынша Сенат депут-татығына үміткер лердің саны – 38. Дауыс берудің әділ демокра тиялық үде-рістерге сай �туін ха лық-аралық ұйым дар мен шет мемлекет тер ден келген 288 байқаушы ба қылайды.––––––––––––––––––––

Page 2: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

2 28 маусым 2017 жылСаяСат

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының байқаушылар миссиясы өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Сапар шеңберінде құқықтық семи-нар ұйымдастырылды. Онда қылмыстық қудалау, қылмыстық процесте соттар әкімшілігінің рөлі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот төрелігін атқарудағы тиімді өзара әрекеттестік жөніндегі мәселелер талқыланды.

Англияда судья, прокурор, полицей мен адвокаттардың сот өндірі сін де тепе-теңдікті қамтамасыз ету, сотқа дейін-гі өндіріс нысаны, дәлелдер ді бекіту, қылмыстық процесте азамат тар дың құ-қығын қорғауда адвокаттар дың рөлі және қылмыстылық ахуалды ба ға лау жүйе-сіндегі жұмыс тәжірибе лері қазақстандық делегацияның қызушылығын тудырды.

Сонымен қатар, Англия мен Уэльстегі Барристерлер ассоциациясының вице-төрағасы Эндрю Уокер және Корольдің адво катымен, Англия Жоғарғы соты-ның әкімшілік істер жөніндегі алқа төрағасының орынбасары Джеймс

Льюиспен, Корольдік прокурорлық қыз-мет тің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қи мыл мен халықаралық әділет басқар-масының басшысы Сью Паттенмен, Лондонның Орталық қылмыстық соты Жоғарғы судьяның орынбасары Ричард Маркспен, Алаяқтық қылмыстарды тер-геу кеңсесі тергеу тобының басшысы Джон Гибсонмен кездесулер өткізілді.

Қазақстандық делегация құрамында Жоғарғы соттың Төрағасы Қайрат Мә-ми, Бас Прокурор Жақып Асанов, ҰҚК Төрағасының орынбасары Марат Қалқа-баев, ІІМ орынбасары Рашид Жақыпов, Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди, сондай-ақ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Адвокаттар алқасының өкілдері болды.

«Егемен-ақпарат»

Сұңғат ӘліПбАй,«Егемен Қазақстан»

Жолын тапқанға туризм табыс көзі

Бірінші мәселе бойын-ша сөз алған Мәдениет жә-не спорт министрі Арыс тан-бек Мұхамедиұлы Қазақстан-ның туристік саласын дамы ту-дың 2023 жылға дейінгі тұжы-рым дамасы туралы баяндады. Оның айтуынша, Дүниежүзілік экономикалық форумның 2017 жылғы саяхат пен туризмнің бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі рей тингінде Қазақстан 136 елдің арасында 81-орынға табан тіреп, 2015 жылмен салыс тыр-ғанда 4 саты, ал 2011 жылғы көр сет кіш тен 12 саты алға бас-қан.

«Еліміздегі туризм сала-сы ның көрсеткіштеріне тоқ та-латын болсақ, 2016 жылы ішкі сая хатта болғандар 9,6 млн адам ды құрады, ал шет елдерден кел ген туристер саны 6,5 млн адамға жетті. Шетелдіктердің 90 пайызы Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан секілді ТМД елдерінен келгендер. Қал -ған 10 пайызы Қытай, Түр кия мен Иран және өзге мем ле -кет тердің азаматтары. Қа зіргі кезде Статистика комите тімен, «Маккензи» мен «Рефор ма-тикс» компанияларымен, со-нымен қатар, ЮНВТО және Дү-ниежүзілік банк сарапшылары-мен бірлесе туристерді тіркеудің әдістемесін өзгерту бойынша жұмыстарды жүргізудеміз», деді А. Мұхамедиұлы.

Еліміз маңызды туристік әлеу етке ие бола тұра, ол мүм-кін діктер әлі де болса толық пай-да ланылмай келеді. Жаңа тұжы-рымдамада осы мәселелер ес-керіліп отыр. Соның ішінде ай-мақтық туризм әр өңірдің ерек-шеліктеріне сәйкес 6 кластерге бө лініп, дамытылмақ. Олардың жаңа дан енгізілетін түрлері «Мәң гілік Ел» жалпыұлттық идея сы құндылықтарын наси-хат тауға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, жаңартылған тұ жы рымдама жобасында мә-дени-танымдық және этно гра-фиялық туризм, оқиғалық, бала-лар мен жасөспірімдер туризмі, медициналық, кемпингтік, аң-шылық-трофейлік және спорт-тық туризм ескеріліп отыр.

Үкімет отырысына Дүние-жүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Талеб Рифай да қатысып, өз ұсыныстарын ор та ға салды. Оның айтуын-ша, Қазақстанда туризм сала-сын дамыту үшін шетелдік ту ристер үшін виза алуды жеңіл дету, туристердің елге келіп кетуіне қолайлы жағ-дай лар туғызу, Қазақстанның атын шығару үшін оның ерек-шелік терін халықаралық дең-гейде насихаттау және туризм саласындағы мамандар дайын-дауды жетілдіру қажет.

«Қазір туризммен атын шы-ғарып отырған Дубайдың өзін-де кезінде ештеңе болмап еді. Бәрін де адамдардың ерік-жі гері

шешті. Ал Қазақстанның ту рис-тік әлеуеті үлкен. Үлкен ерік-жігер болса, Қазақстан да бұл са ланы мықтап дамыта алады», деді ол.

Транзиттік әлеуетімізді тиімді

пайдаланайықКүн тәртібінде қаралған

екін ші мәселе транзитті, логис-ти каны және жол бойында көр-сетілетін қызметтерді дамыту жайында болды. Бұл мәселе бойынша Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады.

«Қытайдың және Оңтүстік-Шы ғыс Азия елдерінің Еуро-палық Одақпен сауда қатынас-тарының қарқынды дамуы Қа-зақ станның транзиттік мүмкін-діктерін нығайтуға қолайлы алғы шарттар туғызуда. Сон дық-тан, көлік саласының өсіміне әсер ететін еліміздегі негізгі

драйвер ретінде біз бірінші ке-зекте ҚХР-ЕО бағытындағы тран зиттік әлеуетті дамыту мә-се лесін қарастырып отырмыз», деді министр.

Жеңіс Қасымбектің айтуын-ша, көліктік ұйымдардың тран-зиттік тасымалдан түсетін кі-ріс тері 2016 жылы 267 млрд тең гені, оның ішінде теміржол көлі гінде 222,6 млрд теңгені, әуе көлігінде 44,3 млрд теңгені және автомобиль көлігінде 67 млн теңгені құрады.

2020 жылға қарай Мемлекет басшысының Жолдауына сәй-кес транзиттік тасымалдан тү-се тін кіріс 1,3 трлн теңге, оның ішінде темір жол көлігінде 1,1 трлн теңге, әуе көлігінде 134 млрд теңге және автомобиль көлігінде 66 млрд теңгені құ-рай тын болады.

Бұл ретте, сарапшылардың (Bos ton Consulting Group) баға-лау ын ша, 2020 жылы транзит тік тас ы малдың өсімінен еліміздің ІЖӨ-сіне 5,2 млрд АҚШ долла-ры мөлшерінде табыс кірмек.

Бүгінгі күннің өзінде Еуро-паға жүктер Қытайдан Қазақ-стан арқылы шамамен 12-15 күн де жеткізіледі. Ал осы жүк-тер дің Оңтүстік теңіз жолымен 45-60 күнде, Солтүстік теңіз жо-лымен 33-35 күнде және Транс-сібір магистралі бойынша 18-20 күнде жеткізілетіндігін ескер-сек, Қазақстанның тран зит тік

жүктерді тартуда қатаң ха-лықаралық бәсекеге түсе оты-рып, дәстүрлі халықаралық мар шруттарға (Оңтүстік және Солтүстік теңіз жолдары, Транс сібір магистралі) қарсы бәсекеге қабілетті құрлықтық маршрутты құра білгендігін қазірдің өзінде анық аңғаруға болады.

Соның нәтижесінде 2016 жылы ҚХР – ЕО – ҚХР бағы-тында контейнерлік тасымал-дардың көлемі 2015 жылмен салыс тыр ғанда 2 есе өссе, осы жылдың 5 айында осы бағыт-тағы тасымалдар 2016 жыл дың сәйкес кезеңімен салыс тыр-ғанда тағы да 2,2 есеге өсіп, 59 мың ЖФБ құрады. Өт кен 5 айда ҚХР – ЕО – ҚХР бағытында контейнерлік пойыз дардың саны 681 бірлік бол ды, бұл 2016 жылғы сәйкес ке зеңмен салыстырғанда 2 есе ге көп. Жалпы 2016 жылы Қазақ -стан Республикасының ау-мағы бойынша транзиттік қа-ты наспен 245 мың контейнер тасымалданды, бұл 2015 жыл-дың сәйкес ке зеңімен салыс-тырғанда 35,3 мың контей-нерге немесе 14 пайызға көп.

Ал осы 5 айда транзиттік кон-тейнерлік тасымалдардың кө-лемі 119 мың ЖФЭ құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыс тырғанда 1,5 есе өсті. 2020 жылға қарай жалпы көлем 2 млн контейнерді құрайды деп күтілуде.

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек соңғы 7 жылда әуе көлігіндегі транзиттік жолаушылар ағы-ны 20 еседен астамға өсіп, 2010 жылғы 20 мың адамнан өткен жылы 478 мың адам ға жеткендігін атап өтті. Қазақ-стан арқылы транзитпен өте-тін негізгі жолаушылар ағы-ны Қытайдан Еуропаға, Ре-сей және Түркияға, Еуропа мен Үндістан, Украина мен Өз бекстан, Қырғызстан мен Оңтүс тік Корея арасында кү-шейе түскендігі байқалды.

Қазақстан арқылы авиат ран-зит тартымдылығын арт тыру үшін Мемлекет басшы сының «Қазақстанның Үшінші жаң-ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі-леттілік» Жолдауы шеңберінде транзиттік әуе жолаушылар са-нын 2017 жылдың аяғына дейін 600 мыңға, ал 2020 жылға қарай 1,6 млн адамға дейін ұлғайту көз деледі.

Осы көрсеткіштерге қол жеткізу үшін жобалық басқару ш е ң б е р і н д е қ а н а т қ а қ т ы режімде ЭКСПО-2017 өт кі зу кезінде қа зақ стандық авиа ком -

паниялармен Астана және Алматының әуе жай лары арқылы транзитпен өте тін ҚХР азаматтарына 72 са ғаттық виза-сыз режім енгі зіл ген.

«Сонымен қатар, қызмет көр сетілген транзиттік ұшу лар-дың өскендігі байқалады. 2017 жыл дың 5 айында ұшулар саны 48,5 мыңды құрады. Бұл өткен жыл дың сәйкес кезеңінен 5,9 пайызға артық», деді министр.

Ү к і м е т б а с ш ы с ы н ы ң бірінші орынбасары Асқар Мамин жүк контейнерлері тасымалының артуы Қазақстан үшін маңызды екендігін атап көрсетті. Оның айтуынша, Қытайдан басталатын жүк кон-тей нерлерінің бұрын 10 пайы-зы ғана Қазақстан аумағы ар-қылы, қалған бөлігі басқа елдер арқылы өтіп келсе, енді 2020 жылға таман 80 пайызы біздің елдің аумағы арқылы өтеді деп күтілуде.

Отырыста осы қаралып отырған мәселенің жалғасы іс петті «Инфрақұрылымдық жоба ларды жүзеге асы -ру және темір жол көлігімен транзитті дамыту барысы» ту-ралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Қа нат Алпысбаев толығырақ баян-дап берді. Оның айтуынша, 2017 жылдың желтоқсан айын-да Құрық портында автокөлік өтке лінің бірінші кезег і пайдалануға беріледі. Алматы – Шу темір жол желісінің бірінші кезегінің құ рылысы аяқталды. Сөйтіп, оның мүмкіндігі 1,5 есе өсті.

«Жаңадан іске қосылған «Нұр лы жол» вокзалы кешені ар қылы тәулігіне 27 жүк пойызы өтеді. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ха лықаралық әуежайының жаңа терминалы пайдалануға беріл-гелі 195 халықаралық әуе рей-сіне, 48 мың жолаушыға қыз мет көрсетілді», деді Қ.Алпыс баев.

Кодекске түзетулер үш бағытты

қамтидыКүн тәртібіндегі үшінші

мәсе ле бойынша Әділет ми-нистрі Марат Бекетаев Әкім-шілік құқық бұзушылық тура-лы кодекске түзетулер енгізуді қарастыратын заң жобасын қарауға ұсынды. Ол үш бағытты қам тиды. Соның біріншісі ізгі-лен діру ісі осыған дейін жеке тұл ғаларға қолданылса, енді заң ды тұлғаларды қамту да көзде леді. Сондай-ақ, санкция-ларды жеңіл дету шаралары да қарас тырылған.

Екінші бағыт бойынша осы -ған дейін рұқсаттама құ жаты-ның әрекеті толық тоқ та ты лып келсе, енді оны жеке қызмет түр леріне қатыс ты ішінара тоқ тату да қарасты рылатын болады.

Үшінші бағыт бойынша мемлекеттік органдар мен сот деңгейлерінің істерді қайта қа-рау рәсімдері ажыратылады және бөлек процестік құжат-тардың мәртебесі белгіленетін болады.

Үкімет отырысының соңы-нан журналистерге арнал ған баспасөз мәслихаты ұйым -да с тырылып, қаралған мәсе-лелердің мәні мен маңызы түсін дірілді.

Парламент Сенатының Төр ағасы Қасым-Жомарт То қаев журналистерді кә сі-би мере ке лерімен құттық-тап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тың еліміздегі бұқаралық ақпа-рат құралдарының әлем-дік дең гей дегі бәсекеге қабілеттілігін артты ру міндетін қойып отырға-нын еске салды. Төраға БАҚ қо ғам дағы бірлік пен келісімді нығай ту дың

маңызды құралы болып табылатынын және олар-ға шығармашылық жасам-паздық тың айрықша рөлі тиесілі екенін атап өтті.

Төраға журналистерді құттық тауға арналған сал-танатты жиын дағы сөзінде «Сіздердің адал қыз-меттеріңіз халқымыздың әл-ауқатын арттыруға ба-ғытталған Елбасының ба-стамаларын ілгерілету м е н э к о н о м и к а л ы қ

реформаларды іске асыруға серпін беретіні сөзсіз», – деді.

Қ.Тоқаев бүгінгі күні Қазақ стан ның медиа кеңіс тігінде елдің әлеу-меттік-саяси өмірінің өзек ті мәселелері бойын-ша сын дарлы талқылау жасау ға мүмкіндік бере-тін ашық пікірталас алаң -дары ашылып жатқа нын атап өтті. Сенат Төр аға-сының пікірін ше, озық БАҚ-тың өзгелер ден айыр машылығы ақпарат-ты тез әрі сапалы беруіне, оқи ғаны сипаттаудағы салқынқан ды лығына және терең талдау жасай алуына көп байланысты.

Қ.Тоқаев, бұқаралық ақпарат құралдары өкіл-дерін Парламент қызметін ақпараттық қолдаудағы белсенді және жемісті еңбегі үшін Сенат Төр ағасының алғыс хатымен марапатта-ды және бір қатар журна-лиске Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңір ген еңбегі үшін» құрмет белгісін та-быс етті.

Қ.Тоқаев Парламент Сенаты сай-лауы ның мониторингіне қатысқаны үшін алғыс айта отырып, ТМД байқаушылар миссиясы едәуір өкілетті және сайлау мони торингінде мол тәжірибесі бар еке-нін атап өтті.

Делегация басшысы, Ресей Фе де-ралдық Жиналысы Феде рация Кеңесінің Төрағасы Ильяс Умаханов делегация құ рамында бес ел өкілдерінің болаты-нын, олар Астана, Қарағанды және Көк-шетау қалаларындағы сайлау барысын бақылайтынын айтты.

«Сенат депутаттарын сайлайтын бұл саяси сәттің маңызы жоғары екенін біз жақсы түсінеміз», – деді И. Умаханов.

Сенат Төрағасы байқаушыларды

ағымдағы сайлау нау қанының ерек ше-ліктері туралы хабардар етті. «Парламент Се натының депутаттығына 89 үміткер ұсынылып, оның 38-і тіркелді», – деді Қ.Тоқаев.

Тараптар парламентаралық ынты-мақтастық туралы пікір алмасты. Сұхбаттасушылардың айтуынша, заңнамалық қызметтің тәжірибесімен же-дел бөлісуге, ұлттық заңнаманы жақын-дату бойынша тиімді жұмысты ұйым-дастыруға парламентаралық ынты-мақтастық үлкен мүмкіндік береді. «ТМД ПАА – біздің парла ментшілер жіті назар аударып отырған өзара байланыстың маңыз ды құралы, ірі парламенттік орган», – деді Қ.Тоқаев.

Дүниежүзілік туристік ұйым ның бас хат-шысы Т.Рифаидің ба ғалауынша, Қазақстанда ту рис тік саласы дамыған елге айналуға

жақсы әлеует бар. Ол үшін виза саясатын жетілдіруді, туристік саладағы заңнаманы ырықтандыруды жалғастыру және елдік

брендті ілгерілету шараларын қолдану қажет.Өңірлерде туризмді дамыту бой-

ынша қабылданып жатқан шаралар туралы Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қы зылорда облыстары мен Алма ты қаласының әкімдері Д.Ах метов, Ж.Түймебаев, Қ.Көшер баев және Б.Байбек баяндама жа сады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Бұл туралы Н.Нығ ма-тулин «Еу разия айма ғында ортақ мүд делер аясын-да парламентаралық ын-тымақтастыққа ықпал ету» тақырыбында Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан Еуразия елдері парламенттері төр-ағаларының екінші жина-лысында сөйлеген сөзінде айтты.

Мәжіліс Спикерінің пікірін ше, Қазақстан

Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан Еура зия-лық идея макроаймақтық ин те грациялық жобалар түрін де жүзеге асып, іс жүзін де өз тиім ділігін дәлел деді. Олардың қа-т а р ы н д а Е А Э О м е н АӨСШК-ні және ШЫҰ-ны атауға болады.

Бұл маңызды қадам-дар ұлт тық экономи ка-ның бәсекеге қабі лет ті-лігін арттыруға, Азияда

қауіп сіздіктің перс пек-ти валық жүйе сін құруға, трансшекаралық бай-ланыс тарды дамытуға, сон дай-ақ, білім беру, әлеу меттік-мәдени са-лалар да өзара тиімді іс-қимыл ды нығайтуға ба-ғыт талған.

Өз сөзінде Мәжіліс Төр ағасы елімізде жүзеге асы рылып жатқан «Нұр-лы жол», «Батыс Еуропа − Батыс Қытай» бағдарла-малары жа йында да сөз етті. Интеграция жолын-дағы нақты қадамдар − Нұрсұлтан Назарбаевтың еура зия лық жобаларының іс жү зінде орындалуы, деді Н.Нығматулин.

Осы ретте Мәжіліс Төр ағасы халықаралық тер роризм мен экс тремизм заң сыз көші-қон, ұйым дас-қан трансұлттық қылмыс, басқа да халықаралық дең-гейдегі өзекті мәселелерге тоқталды.

Аталған маңызды жиын ға 27 елдің өкілдері қа тысуда.

Жиналыс нәтижесі бо йынша қорытынды құжат – Сеул мә лімдемесі қабылданады деп күті-луде.

Журналистер марапатталды

Миссия өкілдерін қабылдады

Интеграция елдерді жақындастырады

Қазақстан – мүмкіндігі жоғары ел

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Талғат Донақовтың басшылық етуімен қазақстандық делегация құқық қорғау мен сот органдарының тәжірибесін Қазақстанның қылмыстық процесін жетілдіруді зерттеу тұрғысындағы жұмыс сапарын лондон қаласында жалғастырды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Мәселелердің бәрі маңызды –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Премьер-Министр бақытжан Сағынтаевтың төра ға-лығымен өткен кешегі Үкімет отырысында негізінен үш мәселе қаралды.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жұмыс сапарымен Ұлыбританияда болды

–––––––––––––––––––––––––––––––––––Парламент Сенатында байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған сал-танатты жиын болып өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. –––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразия елдері парламенттері өкілдерін еуразиялық ынтымақтастықты дамыту және нығайту үдерістеріне белсене араласуға шақырды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Т.Рифаи Премьер-Министр бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстанның туристік саласын дамыту бойынша ұсынымдар берді.–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

бауыржан МұҚАНов, «Егемен Қазақстан»

Гүлшара Әбдіқалықова сал танатты шара барысында сый лық лауреаттары мен грант ие герлерін, Мемлекет басшы сының алғысына ие болған шы ғар машылық ұжымдарды, сон дай-ақ, Қазақстанның барлық журналистерін кәсіби мерекесі – Бай ланыс және ақпарат саласы қыз-меткерлерінің күнімен құт тықтады.

«Бүгін үздік деп танылған жур-налистеріміз бен озық жетіс тік терімен ерекшеленген шығар машылық ұжымдарға Президент сыйлықтары мен грантта-рын тапсырып, алғысын жариялай мыз. Журналистер қауымы асыға күтетін бұл шара биыл 21-рет өткізіліп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БАҚ сала-сын дамытуға ұдайы ай рықша көңіл бөліп отырғанын өз деріңіз білесіздер. Алаштың ары сы Ахмет Байтұрсынұлының сө зімен айтқанда, баспасөз қа шанда халықтың көзі, құлағы һәм тілі», − деген Мемлекеттік хат-шы ширек ғасыр уақыт ішінде БАҚ өкілдері

еліміздің қо ғам дық-саяси, әлеуметтік-эко-но ми калық дамуының бар лық үде рістерін уақтылы және жан-жақты жариялап келе жат қа нын атап көрсетті.

«Ақпарат саласы мемле кет тік билік пен халық арасын дағы ажырамас байланыс-ты қам тамасыз етіп, Қазақстан қоғамын жұмылдыруда маңызды рөл атқа руда. Бүгінде отандық БАҚ-қа Мемлекет бас-шысы белгі леген стратегиялық мақсат-мін дет терді, соның ішін де «Рухани жаң-ғырудың» маңы зын кеңінен жариялап көр сету міндеті жүк те ліп отыр. Астанада өтіп жат қан ЭКСПО-2017 халық аралық көрмесін де ақпа рат тық тұрғыдан қолдау − күн тәрті біндегі негізгі мәселелердің бірі. Қазақстанның инновациялық болашағын қалыптастыру және әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылу үдерістерін жан-жақты көрсету ісінде де отандық БАҚ-тың рөлі арта түсуде. Осы стра тегиялық міндеттерді тиімді жүзеге асыру мемлекет пен ме диа-қоғамдастықтың өзара же місті іс-қимыл орнатуы қажет ті гіне негізделеді», – деді Гүл шара Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқа-лықова жүйелі түрде ақ па раттандыру жұмыстарын жүр гізу биыл Елбасы баста-ма шы лық еткен Қазақстанның Үшін ші жаңғыруын табысты іске асы рудың негізгі фак торы ның бірі болып табылатынын атап өтті.

Мемлекет басшысының Өкі мімен сыйлықтар Қарағанды об лыстық «Ор та-лық Қазақстан» газетінің бас редакторы Мағауия Сем баевқа және «Хабар» агент -тігінің меншікті тілшісі Майра Абдрах-мановаға табыс етілді.

Гранттар «Айқын» газетінің тілшісі Айхан Шәріпов пен «Ка захстанская прав-да» газетінің тіл шісі Юлия Магерге тап-сырылды.

Қазақстан Республикасы Пре зидентінің алғысы «Аста на» телеарнасындағы «Біз дің уақыт» телевизиялық бағ дар ламасының, «Мысль» респуб ликалық қоғамдық-саяси жур на лының, Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің және «Хабар 24» телеарнасының шығармашылық ұжымдарына жарияланды.

Айта кетейік, биыл жүлденің жалпы қоры 9 млн 76 мың тең гені құрап отыр. Президент сыйлығының лауреаттарына 3 млн ал грант иегерлеріне 1 млн 538 мың теңгеден берілді.

Президент сыйлығы тапсырылды––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын табыс етіп, алғысын жариялады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 3: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

28 маусым 2017 жыл 3САЯСАТ

...2015 жылдың 18 қыркүйегінде Астанада Мемлекет басшысы құрамына Израильдің экс-президенті Шимон Перес, Польшаның экс-президенті Лех Валенса, Колумбияның экс-президенті Сесар Гавириа Трухильо, Испанияның экс-премьер-министрі Хосе Луис Родригес Сапатеро, МАГАТЭ-нің экс-бас директо-ры Мұхаммед Әл-Барадеи, Францияның экс-сыртқы істер министрі Бернар Кушнер секілді көрнекті шетелдік мемлекет қайраткерлері мен Нобель сыйлығының лауреаттары енген Даналар кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.

...Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысын әлемдегі жанжалдар: Украи-на дағы, Сириядағы жанжалдарды және Батыс пен Ресей қарсы тұрушылығын рет теуде белсендірек іс-қимыл танытуға шақырды. Даналар кеңесінің мүшелері Президент Н.Ә.Назарбаевтан барлығы сөзіне құлақ асатын бітімгерді көрді.

...Мемлекет басшысы сол кезде Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрған, көптеген ұлттар мен ұлыстар және конфессиялар бейбіт қатар өмір сүретіндіктен, бізге түрлі жанжал-дарды шешіп берсеңіздер деген өтінішпен жиі қайырылады деп атап өтті. «Бізге одан ешнәрсе де қажет емес. Өйткені, бұл не бизнеске, не коммерциялық келісімшартқа жатпайды. Егер Қазақстанға жай ғана сенім білдіріліп жатса, мен қолымнан келгенінше, көмек көрсетуге ұмтыламын», – деп атап көрсетті ол.

...Сирия мәселесін реттеу Қазақстан Пре зидентінің мұсылман әлемі көшбас-шыларымен келіссөздерінде міндетті тармақ болды. Мысалы, аталған мәселе Иордания королі ІІ Абдалла бен Әл-Хусейнмен оның Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезіне (2015 жылғы 11 маусым) қатысу үшін Астанаға жұмыс сапары барысында, Қатар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Танимен (2015 жылғы 26 қазан), Иран президенті Хасан Руханимен (2016 жылғы 11 сәуір), сондай-ақ, Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел-Әзиз Әл Саудпен (2016 жылғы 25 қазан) талқыланды.

Эр-Риядқа сапары барысында Мем-лекет басшысы ИЫҰ Бас хатшысы (Сауд Арабиясының өкілі) Ияд Маданимен кез десті. Ол біздің Президентті ИЫҰ шеңберінде күш біріктіріп, мұсылман әлеміндегі түрлі алауыздықтар мен жан-жалдарды, оның ішінде Сауд Арабиясы мен Иран, Түркия мен Мысыр, Алжир мен Марокко арасындағы дүрдараздықты, Мали мен Сомалидегі дағдарыстарды, Мьянмадағы мұсылмандар қасіретін, т.б. шешуге шақырды.

Ресей-Түркия қарым-қатынасын реттеу

2015 жылдың 24 қарашасында Ресей мен Түркия арасындағы қатынас күрт ушығып кетті.

Бұған түрік-сирия шекарасы маңында әскери тапсырма орындау үстіндегі ресейлік борт нөмірі 83 Су-24М бомбалау-шы ұша ғының апатқа ұшырауы себеп бол-ды. Ұшақ Түркия F-16 жойғыш ұшағынан жібе рілген «әуе-әуе» санатындағы зымы-ранмен атып түсірілген болатын. Оқиға жергілікті уақыт бойынша 09:24 сағатта орын алған еді.

... Мәскеу мен Анкара арасындағы қарым-қатынас күрт нашарлай түсті. Ондаған жылдар бойы негізі қаланған оң істер көз алдында бұзылып, қирай баста-ды. Кейбір сарапшылар жағдай әрі қарай одан бетер ушығып, оған тіпті НАТО-ның тартылуы ықтимал деген болжамдар жа-сады. Осылайша, аталған дағдарыс күн өткен сайын «қайта оралу нүктесінен» ал-шақтап, тығырыққа тіреле түскендей әсер қалдырды. Бұл жайт аталған елдер ара-сындағы қарым-қатынас дамуының бас -тауында тұрған Н.Назарбаевты өте алаң-датты. Өңірлік геосаясат күрделі кезең-дердің тұңғиығына батып бара жатты.

* * *...Кикілжіңнің алғашқы күнінен бастап,

Мемлекет басшысы аталған дағдарысты қалай еңсеруге болатыны туралы ойла ды. Ол жағдайды сараптай отырып, Кремль-мен де және Ақсараймен де тығыз байла-ныста болды.

...2015 жылдың 21 желтоқсанында Қазақ стан мен Ресей президенттері Мәс-кеу де екіжақты келіссөз өткізді. Тет-а-тет кез десуде Н.Назарбаев В.Путинмен түрік мә селесін егжей-тегжейлі талқылады.

...Су-24М-мен болған кикілжіңнен кейін Анкарадан Астанаға алғашқы са-пар 2016 жылдың 6 ақпанында жаса-лып, елімізге Түркия премьер-министрі А.Давутоғлу келді.

...Түрік тарапы аталған идеяны оң қабылдады. Бұл қалыптасқан жағдайды конструктивті шешу үшін іс жүзінде алғашқы қадам болды.

...Әрі қарай Н.Назарбаевтың Р.Ер до-ғанмен (1 сәуірде Вашингтонда және 13 сәуірде Ыстанбұлда) және В.Путинмен (9 мамырда Мәскеуде, 31 мамырда Астанада және 17 маусымда Санкт-Петербургте) екі жақты кездесулерінің кезегі басталды. Осы кездесулердің бәрінде Түркия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты қайта жаңғырту мәселесі келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі болды.

...2016 жылдың 12 сәуірінде Ыстан-бұл да, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы саммиті қарсаңында, Мемлекет басшысы Р.Ердоғанмен екіжақты кездесу өткізді.

...Түркия президенті Н.Назарбаевқа та раптардың таласын даналықпен шеше ала тын Ақсақал ретінде өтінішпен қайы-рылды.

...Сапар қорытындысы бойынша, Ыс тан бұлдан ұшқанға дейін Елбасы ТР пре зидентінің атына ризашылық білді-ретін хаттың мәтінін жазып, сол хатта Анкара мен Мәскеудің екіжақты қарым-қатынасын қайта жаңғырту үшін қажетті іс-қимылдың әр қадамын мазмұндап бер ді. Хатта Р.Ердоғанның В.Путинге

жолдауы ның құрылымы тағы бір мәрте егжей-тегжейлі түсіндірілді.

* * *...Содан кейін Ташкентте болған түйін-

ді тарқатудың шешуші кезеңі келді....Қазақстан Президенті Ресей бас шы-

сының атына бұған дейін Р.Т.Ердоғаннан қол қойылмай келген жолдау мәтінімен таныстырылды. Ресей президенті өз көз-қарасын білдірді – құжатқа нақтылық жетіс пейді және ол қол қойылған болуы тиіс. Владимир Путин Нұрсұлтан Әбіш-ұлын осын дай жағдайда өзінің жолдау-ды қа былдайтынына және қарайтынына сендірді.

...Өте тығыз жұмыс күніне және уа-қыт тың кештігіне (түн ортасы таяп қал ған болатын) қарамастан, Нұрсұлтан Әбіш-ұлы, өзі қалыптастырған дәстүрге сай, еш нәр сені келесі күнге қалдырмағанды жөн көрді.

...Осыған байланысты біздің тарапы-мыздан қосалқы нұсқа дайындалды – Оң түстік Қазақстан облысының әкіміне түрік бортын қабылдау үшін Шым кент қаласының әуежайын дайындау, со дан кейін Ибрахим Калынды тікұшақ пен тікелей Қазақстан-Өзбекстан шекара-сына жеткізу тапсырылды. Ол сол жер ден Қазақстанның Ташкенттегі елшілі гінің машиналарымен «Куксарой» рези ден ция-сындағы ШЫҰ саммиті өткізіліп жатқан жерге келуі тиіс болды.

...Әйтеуір елшінің машинасы әуежай-дан оралып, «Куксаройға» енді. Осы кез-ге қарай мемлекет басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдардағы мәжіліс-тері аяқталды. Мен Президентке Р.Т.Ердо-ған ның арнайы елшісінің жақындап қал-ғанын жеткіздім. Президент Ибрахим Ка-лын мен менің ресейлік әріптесім Юрий Уша ковты өзінің резиденциясына бір мез-гілде шақыруға нұсқау берді.

...Нұрсұлтан Әбішұлы түрік мейман-ды қабылдап, онымен пікір алысқан соң, әке лінген жолдаудың мәтінімен танысып шықты.

Бұдан кейін қонақ бөлмеге Ресей прези-дентінің көмекшісі шақырылды. Онымен амандық-саулық сұрасқан соң, Қазақстан Көшбасшысы: «Енді бәрі де ойдағыдай болуы тиіс, өзара әңгімелесіңдер», – деді. Біз Нұрсұлтан Әбішұлы резиденциясының қонақ бөлмесінде екеуін ғана – Түркия және Ресей өкілдерін қалдырып, шығып кеттік.

...Владимир Путин көмекшісінің қолы-нан жолдауды қабылдап алып, мұқият оқып шықты. Ашығын айтқанда, Ресей бас шысының алғашқы реакциясы сон-шалықты бір қуантарлықтай емес еді. Ол Нұрсұлтан Әбішұлына көңілінен шық-паған нәрселерді түсіндіре бастады.

Сол кезде Қазақстан Президенті мына-дай маңызды сөздер айтты...

...2016 жылдың 29 маусымында Түр-кия Президенті Ресей-Түркия қарым-қаты-настарын қалпына келтіруге қосқан баға жетпес үлесіне алғыс айту үшін Елбасына қоңырау соқты. Р.Ердоған Елбасының күш-жігерінсіз бұл дағдарысты шешу күр-делі болатынын атап көрсетті. Ол түрік халқының ҚР Президентінің осынау аса маңызды тарихи миссиясын ешқашан ұмытпайтынын атап өтті.

Одан әрі Ресей-Түркия келіссөздері мен қарым-қатынастарды қалпына келтіруге арналған кездесулер сериялары жалғасты.

...2016 жылдың 16 тамызында Сочиде екі жақты кездесу барысында РФ Пре зи ден-ті В.Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа Түр кия -мен қарым-қатынасты қалпына кел ті ру дегі мәмілегерлігі үшін алғысын біл дірді.

...Медиатордың кемеңгерлігі мен тә-жі рибесі және Елбасының беделі Мәс-кеу мен Анкара арасындағы диалогты қалпына келтіруге өз жәрдемін тигізді. Сол арқылы Мемлекет басшысы орны толмас жаһандық зардаптарға соқтыруы да әбден мүмкін өңірлік өткір дағдарысты еңсеруге ықпал етті.

Қазақстан – БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің

тұрақты емес мүшесі...Қазақстан салыстырмалы түрде

өзінің тәуелсіздігінің жас тарихында бұған дейін ешқашан Біріккен Ұлттар Ұйымының ең беделді органы – Қауіпсіздік

Кеңесінің жұмысына қатысқан емес....2010 жылдың 1 маусымында Нью-

Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақ-стан кандидатурасын 2017-2018 жылдарғы кезеңге БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке ұсыну туралы ресми түрде хабарланды. Қазақстаннан басқа аталған кезеңге Таиланд та өз кандидатурасын ұсынған болатын.

...Міне, шешуші күн де келіп жетті – 2016 жылдың 28 маусымында БҰҰ Қау іп- сіз дік Кеңесінің 2017-2018 жылдарға тұрақ ты емес мүшелігіне сайлау өтті.

...Қауіпсіздік Кеңесіне өткен сай лау-дағы Қазақстанның жеңісі Мемлекет бас -шысының аса жоғары халықаралық беде-лін, әлемдік аренадағы ең ірі ойыншы лар-мен стратегиялық және сенімді қарым-қатынастар қалыптастыра білген Қазақ-станның сындарлы да бейбітсүйгіш сырт-қы саясатын, сондай-ақ, әлемнің бар лық құр лықтарындағы елдердің бәрімен дос-тық қарым-қатынас орната білуін мойын-да ғандықтың дәлелі болып табылады.

* * *…Біздің мүшелігіміз 2016 жылдың 23

қа рашасында Елбасымен кездесіп, көкей-кесті халықаралық мәселелер бойынша пі-кір алмасу үшін Қазақстанға келген, БҰҰ Бас хатшылығына жаңадан сайланған Антониу Гутерриштің өз лауазымына кірісуімен сәйкес келді.

...А.Гутерриш қазақстандық лидер бейбітшілікті, толеранттылықты, дін ара-лық үнқатысуды нығайтуға бағытталған өз бастамаларымен мәлім болғандықтан өз са-парының мақсаты Президент Н.Назарбаев-қа өзіне жаһандық ұйым басшылығы лауа-зымында қолдау көрсету жөнінде тілек білдіру екенін атап көрсетті.

Жаңа Бас хатшы Елбасының әлемнің түрлі бөліктеріндегі бітімгершілік процес-терге қолдау білдіру тақырыбына өз алдына жеке назар аударды. Атап айтқанда, Си рия мәселесін шешуде және өзге де өңір лік дау-жанжалдарды реттеуде оның күш-жігерінің маңызды екендігі атап өтілді.

Астана процесі...Қазақстанның өз Көшбасшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өңірлік және жаһандық проблемаларды шешуге қатысты әрқашанда белсенді позиция ұстанатыны баршаға да жақсы мәлім. Бұл орайда мұндай саясатта, әрине, еліміз Президентінің әлемдік аренадағы беделі мен салмағы орасан зор рөл атқарады.

Сондықтан да сирияаралық келіс-сөз дер мен «Астана процесін» іске қосу үшін алаң болу мәртебесі Қазақстанға ұсынылды.

Бұл туралы алғаш рет Ресей Пре зи-денті өзінің Жапонияға сапары кезінде Синдзо Абэмен бірлескен баспасөз-мәсли хатында 2016 жылдың 16 желтоқ-санында мәлімдеді (бұл айрықша күн еді – Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өтіп жатты).

...Келесі күні-ақ, 17 желтоқсанда Ре-сей Президенті Владимир Путин, кейі-ні рек Түркия Президенті Режеп Тайип Ер доған, бірінен соң бірі Мемлекет бас-шысына телефон соқты. Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, Қазақстан хал қына одан әрі өркендеу тілегеннен кейін, Астанада Сириядағы жанжалдасу-шы тараптардың бейбіт келіссөздерін өткі зуге ықпал жасау жөнінде бірлескен өтініш білдірілді.

Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманы толықтай қолдады және ондай келіссөздер үшін Қазақстан астанасында алаң ұсынуға принципті түрде дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен бірге, ол біздің еліміздің атал ған жанжалды бейбіт реттеуге бағытталған халықаралық күш-жігерді әу бастан-ақ қолдап келгенін атап көрсетті.

Осы сәттен кейін Қазақстан аста-насында си рияаралық келіссөздерге дайындық бас талды.

...Астанада сирияаралық келіс сөз-дер өткізу туралы жаңалық әлемдік БАҚ-тар көпшілігінің ең басты тақы-ры бына, сондай-ақ, жоғары және биік дең гей лердегі келіссөздердің күн тәрті-бі нің міндетті тармағына айналды.

...Міне, Астанадағы кездесу өтетін күн де келіп жетті.

Күннің алғашқы жартысында, сирия-аралық келіссөздер басталардан бірнеше сағат бұрын, Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша Арнайы өкілі Стаффан де Мистураны қабылдады.

...Стаффан де Мистура Қазақстан Пре-зидентіне Астанада келіссөздер өткізу мүмкіндігін ұсынғаны үшін БҰҰ Бас хат-шысы Антониу Гутерриш атынан алғыс білдірді.

«Сіздің еліңіз халықаралық аренадағы ең күрделі ахуалдарды реттеуде үлкен тәжірибе мен үлгіні қазірдің өзінде көр-сетті. Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне тұ рақты емес мүшелігі Сирия жанжалын шешуде қосымша мүмкіндік болады», – деп атап өтті Стаффан де Мистура.

Сирия бойынша халықаралық кезде-су (сарапшылар оған сол сәтте-ақ «Ас-тана-1» деген атау берді) Қазақстан аста-на сында 2017 жылғы 23 қаңтарда 45 ми-нут тік кеші гумен (13 с. 45 мин.) басталды.

Кешігуге сириялық оппозиция деле-га циясының соңғы сәтке дейін ойланып-толғануы себеп болды...

...2017 жылдың 23-31 наурызында Женевада сирияаралық келіссөздердің кезекті 5-ші раунды өтті. Бұл раундтың бас талуы САР-дың бірқатар қалаларында со ғыс ахуалының шиеленісуімен қат-қа-бат келді. Оқ атуды тоқтату режимін бұр-малауда үкімет пен оппозициялық күштер бір-бірін айыптады.

...Мемлекет басшысы Сирия дағда-ры сына тартылған барлық тараптардың мүдделері ескерілмейінше, Сирия жанжалының шешілуі мүмкін емес екенін айқын түсінді. Сондықтан да, келіссөздер процесін ілгерілету үшін Астанадағы кездесулерге қатысушылар шеңберін сапалық жағынан кеңейту маңызды болды. Оның пікірінше, бірінші кезекте Қазақстан астанасындағы келіссөздерге Сириядағы дағдарысқа ықпал ете ала-тын Парсы шығанағындағы бірқатар араб елдерін қосу қажет.

Қазақстан мен оның Көшбасшысының халықаралық араағайын және медиа-тор ретінде мойындалған беделі, Сирия дағдарысының барлық ойыншыларымен жақсы қарым-қатынастың болуы бізге осындай бастамалар көтеруге мүмкіндік берді.

...Сирия жанжалы мен оның зардап-тарының ауқымы таңғаларлықтай.

Бұрын сүниттер, шииттер, христиан-дар, алавиттер, друздар, исмаилиттер, ар мяндар, гректер және өзге де этностар бей біт өмір сүрген мемлекет – өкінішке қа рай, іс жүзінде бұдан былайғы жерде жоқ тың қасы.

Сириядағы дағдарыс тұрақтылық пен қауіп сіздікке өңірлік және жаһандық ау-қымда теріс ықпалын тигізді.

Ол бүтіндей бір елдер мен блоктардың мүдделерін аса күрделі геосаяси түйін-дерге шиелеп, жаңадан бөлшектегіш желі лер құрды.

Осынау аса күрделі жағдайларда Нұрсұл тан Назарбаев әлемдік қоғамдас-тық ты және әсіресе, жанжалға тартылған тараптарды аталған дағдарысты бейбіт шешу жолдарын іздеуге табанды түрде шақырумен келеді.

Және де оның бәрінің нақты практи-ка лық қадамдармен дәйектеліп отырғаны өте маңызды.

...Оған мысалдар өте көп. Таяу да-ғы лар дың қатарында Мемлекет басшы-сының «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынты мақтастық форумына (Бейжің, 2017 жылдың 13-15 мамыры) және «Ислам және араб әлемі – АҚШ» саммитіне (Эр-Рияд, 2017 жылдың 20-21 мамыры), сон дай-ақ, Шанхай Ынтымақтастық Ұйы мына мүше мемлекеттер басшылары кеңе сінің отыры-сына (Астана, 2017 жыл дың 8-9 маусымы) қатысқанын да атауға болады.

Бұл іс-шаралар соңғы уақыттағы аса маңызды әлемдік оқиғаларға айналды. Оларға мемлекет және үкімет басшы-ла ры ның ірі тобы, сондай-ақ, жетекші ха лық аралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Саммиттерде талқыланған тақырыптар мен идеялар Қазақстанда қазірдің өзінде белсенді жүзеге асырылуда немесе халық-аралық алаңдарда ілгерілетілуде.

...Бейжіңдегі форумда сөз сөйлей оты рып, Мемлекет басшысы Астананың

біз дің құрлық елдері арасындағы тату көр-шілік қарым-қатынастарын нығайтуды жақтайтынын және Қытайдың ХХІ ғасыр-дағы Жібек жолын дамытуға деген ұмты-лысын қолдайтынын атап көрсетті.

...2017 жылы Астанада өткен ШЫҰ Сам миті қазірдің өзінде әлемнің сая-си тарихына еніп үлгерді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен өткен осы жиналыста Үндістан мен Пәкістан ШЫҰ-ның толыққанды мүшелері болып қабылданды.

Сөйтіп, Ұйымның жауапкершілігіне қарасты аймақ бұдан былай қарай 3 мил-лиардтан аса халқы бар территорияны қамтитын болады.

...Сауд Арабиясындағы саммитті уақыттың өзі талап еткен болатын. Оның күн тәртібіне терроризммен және экстре-мизммен күрес мәселелері енді.

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстаннан «қосылған құн» ретінде кездесуге қаты-су шыларға ұсынатын дүние де бар еді.

Біріншіден, «зұлымдықтың» осы түр-лерімен күресу үшін 2015 жылы БҰҰ мін берінен Астана жаһандық бірегей анти тер рорлық коалиция құруды ұсынған бола тын.

Екіншіден, әлемде исламофобияның таралуы жағдайында Қазақстан әлем қоғам дастығына «Ислам – терроризмге қар сы» ұғымын енгізу үшін күш-жігер жұм сауда. Өткен жылы Астанада Біріккен Ұлт тар Ұйымының қолдауымен «Діндер тер ро ризмге қарсы» тақырыбында форум өткізілді.

Үшіншіден, конфессияаралық және этносаралық келісімді нығайту үшін Қазақ станда 14 жылдан бері Әлемдік және дәс түрлі діндер лидерлерінің съезі өткізі-луде. Ислам, христиандық, иудаизм және буддизм, сондай-ақ, өзге де конфессиялар өкілдері бір үстел басына жиналады.

Айқын ұстаным, берік байлам

Нұрсұлтан Назарбаевтың өңірдегі неғұрлым өткір проблемаларға да қатысты өзінің айқын пайымы бар.

Бірінші: 70 жыл бойы жалғасып келе жатқан Палестина-Израиль жанжалы бас-ты мәселе ретінде көрініс табады.

Бұл проблема өзге түйіндерді тар-қатуға мүмкіндік бермейді. Бұл мәселе «Екі мемлекет – екі халық үшін» формула-сы бойынша қарастырылуы тиіс.

Егер әлемдік қоғамдастық осынау күр делі проблеманы еңсерер болса, онда өңірлік ахуалдың тұрақтануымен қатар, ислам әлемі мен Батыс арасындағы бай-ланыстар да қалыпқа түсетін болады.

Екінші: мұсылман үмбетіне бас ты қатер қазіргі уақытта бірліктің жоқ ты-ғынан, сол сияқты ішкі даулар мен жан-жалдар әсерінен туындауда. Ислам әлемі сүн ниттер және шииттер болып бөліну қаупі алдында тұр. Оған жол беруге бол-майды.

Осыған байланысты 2016 жылы ИЫҰ-ның Ыстанбұл саммитінде «Исламдық та-туластық» жөнінде Қазақстан мен Түр кия бастамасы жария етілді.

Үшінші: «Ислам» және «Прогресс» ұғым дары арасындағы теңдік белгісін мәң гілік орнату қажет.

Мұсылман елдері қазіргі болып жат-қан индустриялық революциядан кейін-деп қа луға тиіс емес.

Басты міндет – жаңа идеяларды жүзеге асыратын, ислам өркениетіне қызмет ете-тін интеллектуалды элита тәрбиелеу.

Төртінші: Сирия проблемасын соғыс жолымен шешуге болмайды, тек келіс-сөздер жолымен ғана шешу керек.

...Астана алаңы Сириядағы аса күрделі дағдарысты реттеуде өзінің өте қажет екен дігін дәлелдеп отыр.

...Қазақстан мен оның Көшбасшысы Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу жөніндегі ортақ жұмысқа белсенді қаты-суды одан әрі де жалғастыруға ниетті.

* * * «Кез келген соғыс бейбітшілікпен,

келіссөздермен аяқталады, тарих солай», – дегенді Мемлекет басшысы жиі атап көрсетеді. Ол шынымен де солай.

Солай бола тұрғанмен, журналистер со фитында әр уақытта қандай да бір жан-жалға өзіңнің алаңдаушылығыңды білдіре отырып, бейтарап байқаушы ретінде қала беруге де болады.

Нұрсұлтан Назарбаев үшін мұндай жол жат. Қазақстан Президенті әлемді со ғыс сыз және дау-жанжалдарсыз сақтау үшін тынымсыз жұмыс істеуде.

Мәмілегерлік бағыт сақталуда...

«Бітімгер: Сирия түйіні» Бұл – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халықаралық аренадағы медиаторлық қызметіне арналған «Бітімгерден» кейінгі екінші кітап

(Соңы. Басы 1-бетте)

Page 4: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

4 28 маусым 2017 жылқоғам

– Салтанат Әзірбекқызы, тір­ші лігі бір сәтке толастамайтын алып шаһардың оқыс оқиғасыз, ты ныш өтетін күні бола ма?

– Алматы − қарқынды дамып келе жат қан қала, еліміздің ең ірі мегаполисі. Шаһардың 2 млн-нан астам тұрғынына Алматы облысының кейбір қала қарамағына енген аудандарын қосыңыз. Қалаға келіп-кетіп жатқан өз азаматта-рымыздан бөлек, шетел азамат-тары бар. Жеңіл жолмен нан табу ниетімен келетіндер де көбейіп кетті. Ішкі миграция мәселесі және бар. Ал біз қаланың төрт қақ па-сын қатар жауып тастап отыра ал-маймыз ғой. Сондықтан миллион-нан астам адам шоғырланған қалада, әрине, күнделікті келеңсіз оқиғалар, қылмыстар болып тұрады. Жоқ дегенде, тұрмыстық жағдайларға қатысты қылмыстар орын алып жатады. Ал қазіргі әлеуметтік же-лілер, интернет арқылы ондай жа йт- тың бәрі тез жария болып ке-теді. Аяқ астынан бір отбасының мә селесі көпшіліктің проблема-сына айналып шыға келеді. Кейбір журналистердің ка бинеттен шық-пай, ғаламторлық ресурстар кө-ме гімен ұсақ-түйек дүниені іліп әкетіп, жұрт ты дүрліктіріп отыруы дәстүрге айналып кетті.

Жуырда ғана ветеринарлық орта-лық қызметкерінің автокөлігінде бір ит өліп қалған екен. Сол иттің өлі мін, оның қалай азапталғанын жур налистер қауымы екі апта бойы әң гіме қылды. Ол, әрине, Қыл-мыстық кодекстің 316-бабы бойын-ша қылмыс бо лып табылады, бірақ қоғамның проблемасы болмауы тиіс еді. БАҚ-та көрсетуге лайықты одан да өзекті мәселелер бар ғой.

– Қылмыстық істер жайлы ақ па рат тарды күнделікті көп ести бе ру адам психи касына кері әсерін тигізбей ме?

– Әрине, кері әсерін тигізеді. Тәжірибе көрсеткендей, адамдар қылмыстық қанды оқиғаларды оқығанды, көргенді ұнатады. Яғ ни, сұраныс болған соң, ұсыныс бар. Де-ген мен, мені алаңдататыны, қазіргі қоғам да ғы өскелең ұрпақтың жай-күйі. Шаһарда өтіп жатқан әлдебір тамаша көрме жайлы жазудың ор-нына, қайдағы бір кішігірім жол

апаты жайлы жарыса жазып, жұртқа жариялай бергеннен ұтарымыз қанша? Қазір кішкентай балалар-ды далаға жіберіп, сыртта ойна-тудан гөрі, қолына ұялы телефо-нын ұстатып, үйде отырғанын жөн көреміз. Теле дидардан кіл келеңсіз оқиғаларды кө ріп, естіп отыр ған, психикасы қалыптасып үлгермеген жет кіншектердің бойында қандай да бір үрей қалып қоймас па екен деп алаңдаймын. Бәрінен де қа- у іп тісі, баланың табиғаты сондай, ес тігенін, көрген-білгенін қай та-лағысы келіп тұрады...

Өзімнің жеке субъективті пікірім бойынша, еліміздің ақпараттық сая-саты өзгеруі тиіс. Ақпарат құрал-да рындағы қыл мыстық бағыттағы бағ дарламаларға шек теу қойып, қо ғамды рухани байытатын бағ-дар ламаларға көбірек назар аудару ке рек. Бізде қазір әр телеарнаның бір-бір кри миналдық хроникасы бар. Олар қандай да бір қылмыстың тергеу амалдарынан бас тап, қалай болғанына дейін жілік-жілігін ша-ғып көрсетіп, түрлі кадрлармен әрлеп көр сет кенде, төбе құйқаңыз шымырлап отырады. Кейбір теле-арналар этиканы ысырып тастап, мәйітті тура жақыннан көрсетіп жа-тады. Көптеген бұқаралық ақпарат құралдары, сайт-агенттіктер өз рейтингтерін тек оқыс оқиға, кри-ми налдық хабар лар мен көте реді. Ал жол жүру ере же лерін бұзбауға бағытталған про фи лактикалық жұ мыстарды, оқыс оқи ғаның ал-дын алуға арналған шараларды көрсетуге тілшілердің дені құлық-сыз десем, артық айтпаспын.

– Жалпы, қылмыстардың дені

қайдан бас тау алады? Адамдарды қылмыс жа сау ға итермелеп жата­тын басты фактор не?

– Тек Алматы қаласына ғана емес, жалпы қоғам үшін үлкен проб лема – ұрлық. Мысалы, бүкіл қыл мыстың 70 пайызын бөтеннің мүлкін қолды қылу деректері құрап отыр. Қалта ұрлығы, пәтер, автокөлік тонау ісі күнделікті бо-лып жатады. Оларға төтеп беру де мүмкін болмай отыр, өйткені әр көліктің жанына бір полиция қызметкерін күзетке қою мүмкін емес қой. Сондықтан, азаматтар бірінші кезекте сақтық шарала-рын өздері танытуы тиіс. Сондай-ақ, көлік апаты жиі орын алады. Алматы қаласында ресми түрде 570 мың автокөлік тіркелген. Ал қалаға транзиттік жолдар арқылы сырттан күнделікті 250-300 мыңдай автокөліктің кіретінін ескерсек, миллионға жуық көлігі бар қала үшін жол апаты өте өзекті мәселе болып табылады.

– Салтанат Әзірбекқызы, әйел адам үшін күн сайын ондаған қыл мыс түрін, оның жай­жап са­рын естіп, қабылдап отыру ауыр емес пе?

– Біздегі 6 мың полицияның 1 мың нан ас тамы әйел қызметкерлер. Әри не, әр қыл мыстық оқиға – бі-ре у дің, бір отбасының трагедия-сы. Бірақ нәзік жанды әйел екенбіз деп, олардың әрқайсысына жылап, көз жа сымызды көл қылып оты-ра берсек, өзі міздің жайымыз не бол мақ? Сон дық тан, біз өзімізге пси хо ло гиялық тосқауыл қойып үй рен генбіз.

Десек те, балаларға қатысты қыл мыстар, оқыс оқиғалар жүре-гімді ауыр тады. Былтыр ғана өзен жа ғасында демалып жүрген бір от-ба сының 15 жасар үлкен қызы кіш-кен тай сіңлісін қолына ұстап, су орта сында суретке түспек болғанда, сә биді қолынан түсіріп алған. Өзеннің қатты ағысы кішкентай сәбиді бірден ағызып алып кеткен... Бұл ол отбасы үшін үлкен трагедия, әсіресе, үлкен қызының психикасы оңала ма, белгісіз...

Сондай-ақ, менің жаныма ай-рық ша бататыны, полиция қыз мет-кер леріне қатысты қыл мыс тар. По-лиция қызметкерін көргенде жұ ды-рық ала жүгіретіндер көбейіп кет-ті. Мектеп жанында ойнап жүрген ба лаларға тиіскен бір мас ер адам мек теп инспекторын, 21 жастағы бойжеткенді құқықтық тәртіпті бұзбау жөнінде ескерту жасағаны үшін соққыға жықты. Ал ол − бұрын пультті бермей қойғаны үшін өз әкесін ұрып өлтіріп, жазасын өтеп шыққан, психикасы бұзылған адам. Полиция қызметкерін, оның ішінде, әйел адамды бұлай тепкілеп ұру асқан ар сыз дық дер едім. Мұндай фактілер көп-ақ.

Жолдағы жол-пат рульдік полиция-сына қоқан-лоқы көрсетіп, ертең жұмыстан қу ы ласың деп қор қы-татындар көбейіп кетті. Мұ ның бәрі заңға бағынғысы келмеушілікті білдірсе керек.

– Бәлкім, бұл полиция қыз мет­кер лерінің оң имиджін жет кілікті қа лыптастыра алмауымыздың сал дары шығар?

– Өкінішке қарай, біздің сала-мыз да да өз міндетін адал атқара алмайтын қызметкерлер кездесіп қалып жатады. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, ондайларды кә сібіне кездейсоқ кел-гендер деуге болар. Әйтпесе, ерен ең бек етіп жүр ген әріп тес теріміз көп. Жалпы, жа ғымды дү ние лер ден гөрі, жа ғым сыз хабарды бірден іліп әке туге бейім қоғам Полиция кү-ні не орай, ең болмаса, қаза тапқан қыз мет керлерді еске алып отырса ғой дей сің...

Мысалы, былтырғы шілде ай-ында болған лаңкестік оқиғада Аян Ғалиев, Бауыржан Нұрмаханбетов, Мақсат Сәлімбаев, Мей рам бек Рах-матуллаев, Тимур Бегасылов, Се рік Әбділдаев, Жалғас Келдібаев сын-ды азаматтар қыршын кетті... Ұй-ым дасқан қылмысқа қарсы күрес бас қармасының жедел уәкілі болған Валерий Аваков деген жап-жас жігіт те іздеуде жүрген қауіпті қыл мыс-кер дің жолына тосқауыл қоймақ бо-лып тұра ұмтылғанда, мерт болды. Қылмыскер еш шімірікпестен оны көлігімен басып өтіп кеткен...

1993 жыл мен 2016 жыл ара лы-ғында қызметтік міндетін орын-дау барысында ішкі істер ор ган-дарының 764 қызметкері қаза тапқан екен... Соның 50-ден аста-мы Алматы қаласының полиция қыз меткерлері. Бізге құқық қорғау ор гандары өкілдерінің сондай ерл-ік терін көбірек насихаттау, жария ету жетіспейді.

Қазақстанда 90 мыңнан астам полиция қызметкері жұмыс істе-се, солардың әрқайсысы жеке тұл-ға, бір-бір кәсіби маман деп ай та аламын. Өйткені, олардың же ке өмірлеріндегі тұр мыстық жағ-дайларды былай қой ғанда, жұ-мы сындағы қиын дық тардың да оңай еместігін мен өз басым нан білемін. Тәуелсіз еліміздің по лиция құрылымының құрылғанына 25 жыл толды, бұл біреулер үшін аз уақыт болғанмен, біз үшін үлкен жұ мыстар атқарылған жемісті жылдар болып саналады. Елдің, Отанның қамын ойлап жүрген әріптестеріме сәттілік тілеймін.

– Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Мира БАЙБЕК,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ

Өмір ЕСҚАЛИ,«Егемен Қазақстан»

Қазақстан полициясының 25 жыл ды ғы қарсаңында облыстық Ішкі істер де партаменті тарапынан атқарылып жат қ ан ауқымды шаралар арасынан есіл ер лерді ұлықтау, есімдерін жаңғырту ба ғытындағы игілікті істер көңіл то-ғай тады. «Өлі риза болмай, тірі байымай ды» деп атала-рымыз текке айтпаса керек. Адамдардың тыныштығын күзетіп, қо ғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жо лын да қыршынынан қиылған кешегі боз дақ тар қалай әспеттелсе де еш артықтық ет пейтіні анық.

Аққайың ауда ны ның орта лығы Смир ново кен тінде Алексей Щер баков оқы ған мек теп тің қабыр ға сына ме мо-ри алдық тақ та ның қойылуы полиция қыз меткеріне деген үл кен құр меттің бі рі, жас буын ды ерлікке, адалдыққа бау-лудың өнегесі мен тағыл ы мы болса керек.

Алексей Кеңес дәуірінде Ішкі істер саласында қызмет еткен. Ол осы ауданда туып-өскенімен, саналы ғұмырын Пет ро павл қаласында өт кер ген. Өмірінің со-ңына дей ін қылмыс көп жасалатын Жұ мысшы кентіндегі Добролюбов по лиция беке тінде аға учаскелік инс пек то-ры қызметін атқарған. Көбіне тә жірибелі, бі лікті тәртіп сақшылары осы аумаққа жі берілетін. Алексейге де осын-дай үлкен сенім артылған. Милиция май оры ның жұмысқа ыждағаттылығын, те мірдей тәртіпті сүйетінін басшылық та, әріп тестері де жоғары бағалайтын.

Сол бір қанды оқиғаны қызы Наталья бы лай еске ала-ды: «Әкем от ба сылық жанжал жайлы суыт хабар алы-сымен оқиға орнына тез жеткенше асық қан. Өйткені, екі рет сотталып, түр меде отырып келген А.Шкодиннің мінез-құлқын жақсы білетін. Жас балаларды жазым ете ме деген қауіп ойынан шықпаған. Әкем жеткен-ше әйелі мен көршілерін жарақаттап үлгерген. Үйге кіре бергенде қылмыскер жасырынған же рінен атып шығып, өткір ұстарамен әкем нің тамақ тұсынан бірнеше рет орып жі бе рген. Рецидивистің жеке тәртібіне бай-ланысты отбасында бірнеше рет бол ғандықтан, дәл осындай тегеурінді қар сы лық күтпесе керек. Ауыр жарақат ал ға нына қарамастан, әріптестері келгенше қыл мыскерді жібермеген. Оларға үйде ба лалардың барын ескертіп, тапанша қолдануға рұқсат бермеген. Көп қан жоғалтқанына қарамастан ауруханада өзін байсалды ұстады. Бақилық болар алдында айтқан «Бұл – менің міндетім еді» деген ақтық сөзі құлағымда әлі күн ге дейін жаңғырып тұр».

Есіл ердің ерлігі ескерусіз қалған жоқ. Кеңес Ода ғы-ның «Жеке ерлігі үшін» орденімен марапатталды. Ме-мо ри алдық тақтаның ашылу салтанатында ОІІД-ның бас тығы, генерал-майор Бе рік Біләлов, қызы Наталья, Ресейдің Став рополь өлкесінен арнайы келген не мересі сөз сөйлеп, марқұмның өмір жо лы нан естеліктер айтты.

Солтүстік Қазақстан облысы,Аққайың ауданы

БейБіт күннің Батырлары қазақстан респуБликасы ішкі істер органдарының құрылғанына – 25 жыл

«Бұл менің міндетім еді» Есіл ердің бақилық болар алдында айтқан ақтық сөзі

Полицияның оң имиджін қалыптастыру маңызды

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Қазір жаңалығын жайсыз хабармен бастайтын теледидардың, рей-тинг қуалаған сансыз сайттың бетін ашсаңыз, күніне кем дегенде бес-алты қылмыстың «жай-жапсарына» қанып, заманыңызға на-лып, жүйкеңіздің жұқарған қалыпқа түсетіні анық. Сонда жағымсыз оқиғаларды жар салғаннан ұтарымыз не? Әлде көпшілік та рапынан қылмыстық ақпараттарға деген сұраныс ар тып келе ме? Қылмыс атаулының «жетпіс жеті атасы» жайлы ақпарат тасқыны қоғамның түзелуіне емес, ке рісінше, бұзыла түсуіне ықпал етіп отырған жоқ па? Ал маты Ішкі істер департаментінің ресми өкілі, подпол ковник Салтанат ӘЗІРБЕКПЕН өрбіген әңгі ме мізде осы мәселелерді қозғаған едік.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,«Егемен Қазақстан»

Басты мақсат – ақпаратқа қолжетімділік

Ақпарат және коммуникациялар ми-ни стрлігі құрылғанда Мемлекет басшысы жүк теген бірқатар міндеттің аса маңызды екендігін және соған орай, бүгінгі таңда көптеген шаралар жүзеге асы рыл ғанын атап өткен министр бұлардың бар лығы да ел мүддесі жолындағы кезек күт тір мейтін мәселелер екендігіне тоқ талды.

«Өткен жылдан бері елімізде мемлекет-ке қарасты барлық телеарналарда, газеттер мен интернет-ресурстарда толық жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік ақ па-раттық саясатты жүзеге асыру бойынша түбегейлі өзгерістер жасалды. Отандық ме-диа өнімдердің көлемі ұлғайып, сапасы арт-ты. Әрине, бұл шаралардың барлығы ақпарат саласындағы оң өзгерістердің қарқын алуына айтарлықтай оң ықпалын тигізді. Дегенмен, бүгінгі заманның ағымы тағы бір маңызды мәселені қолға алуды талап етіп отыр. Ол – осы саладағы заңнаманы жетілдіру. Сондықтан да министрлік «Ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірледі. Біз жобаны талқылауға тұтас қоғамның қатысуына мүмкіндік жасадық. Арнайы жұмыс тобы құрылып, оған осы саладағы беделді ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері, журна-листер мен сарапшылар кірді. Атап айту керек, талқылаудың жоғары деңгейде өтуіне Парламент Мәжілісінің депутатта-ры да белсене атсалысты. Осындай ашық талқылаудың арқасында заңның нұсқасы жаңа ұсыныстармен толықтырылды. Тұтастай алғанда, аталған заң жобасы шеңберінде 12 заң мен 4 кодекске 200-ден

астам түзету енгізу жоспарланып отыр. Ал осы заңға 200-ге жуық ұсыныс түссе, соның 70%-ы ескеріліп, құжатқа енгізілді», деді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, ең алдымен азамат-тар дың құқығын ескеру, әсіресе балаларды қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударылған. Сонымен қатар, телеарналарда белгіленген уақыт аралығында мемлекеттік тілдегі жарнамалардың үлес салмағының 50 па-йыздан кем болмауы, мемлекеттік ор-гандар мен ұйымдарда көпшіліктің тек отандық телеарналарды көруін қамтамасыз ету мәселелері де қамтылып отыр.

«Сұр тәрелкелер» заңмен реттеледі

Заң жобасын отандық арналарды көр-сетпейтін, «сұр тәрелке» деп аталып кет-кен спутниктік құрылғылардың таралуын құ қықтық тұрғыдан реттеу көз де луде. Министр «сұр тәрелкелерді» орнат қан азаматтар отандық телеарналарды қа ра-майды, яғни өз елінің ақпараттық ке ңіс-тігінен тыс қалып отырғанын айтады. «Сұр тәрелкелерге» еш жерде лицензиялар алынбаған әрі тіркелмеген. Яғни, олармен күрес қиындау, алайда сол жүйедегі карта-лармен күресуге болады. Жаңа заң жоба-сында лицензияланбаған осы карталарды таратқаны немесе жарнамалағаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Интернет пен жаңа технологиялардың дамуына бай-ланысты өзгерістер де ескерілген. Түп теп келгенде, осының барлығы – ақпа рат тық қау іпсіздігімізді қамтамасыз етуге ба ғыт-тал ған шаралар кешені.

Балалардың құқығы ерекше қорғалады

Министрдің атап өтуінше, қазақстандық БАҚ-та және телекоммуникацияның басқа

да желілерінде құқыққа қарсы әрекеттен зардап шеккен балалар туралы ақпарат жариялауда шектеулер енгізіліп отыр. «Қазіргі кезде бұл мәселе реттелмеген, ал интернетте пайда болған мәліметтер ал да-ғы уақытта баланың тағдырына кері әсер етуі мүмкін», деді Д. Абаев.

Заң жобасында айыппұлдардың сомасы көр сетілген. Құқыққа қарсы әрекеттен зар-дап шеккен баланың фотосуреттері мен жеке мәліметтерін таратқанда жеке тұлғаларға 5 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне неме-се коммерциялық емес ұйымдарға – 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айппұл салынуы мүмкін. Егер де бір жылдың ішінде әкімшілік жаза белгіленгеннен кейін аталған жағдай қайталанса, жеке тұлғаларға – 50 АЕК, ла-уазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұй ымдарға – 50 АЕК, орта кәсіпкерлік су-бъектілеріне – 100 АЕК, сондай-ақ ірі кәс-іп керлік субъектілеріне 200 АЕК кө ле мінде айыппұл салу қарастырылады.

Интернетте тәулік бойы мониторинг жүргізіледі

Талқылау барысында Мәжіліс де-путаты Кәрібай Мұсырман министрден теріс мазмұндағы сайттарға тыйым салу шаралары туралы сұрады. Министр мем-ле кеттің заңнамасына қайшы келетін сайт тарды анықтауға тәулік бойы мони-торинг жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл орай да, мемлекеттің заңнамасына қайшы ке летін мыңдаған сайттың жұмысы то қ татылып, әлеуметтік желілердегі

пабликтер жабылған. Д.Абаевтың ай-туынша, тұрғындар өздерін алаңдатқан мә селелер бойынша тиісті сіл те мелерді жіберсе, қажетті тексерулер мін дет ті түрде жүргізілетін болады.

Блогерлер Бақ-қа теңестірілмейді

«Біз блогерлерді журналистерге не-месе желілік басылымдарға теңестіруді ұсынған болатынбыз, алайда жұртшылық қарсы пікір айтқан соң, осы норманы алып тастадық. Менің ойымша, еш қан-дай да проблема жоқ. Бұдан бөлек, Қа-зақ станда тіркелген желілік басылым-дар аталған заңнама нормаларымен рет теледі. Әлеуметтік желілердегі паб-лик тер заңмен реттелмейді. Қазіргі ке-зең де біз бір ғана бағытты көріп отыр-мыз, яғни Қазақстан аумағында жа рия - ланатын құқыққа қайшы контентті алып тастау үшін аталған пабликтердің ад -миндерімен, жетекшілерімен жұмыс істейміз», деді министр. Министрдің атап өткеніндей, кейбір блогерлердің ауди-ториясы бірқатар қазақстандық БАҚ-қа қарағанда көп. Бірақ оларға мемлекеттік тапсырыс берілмейді.

Айта кетейік, заң жобасы аясында 4 кодекс пен 12 заң жобасына 200-ден ас-там түзетулер енгізу жоспарланып отыр. Заң таныстырылымына БАҚ басшы лары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкіл-дері, журналистер, сарапшылар, қоғам қай раткерлері, саяси партиялар мен қоз-ғалыстардың, қауымдастықтардың, сон-дай-ақ ақпараттық технологиялар, байла-ныс, телерадиотарату және коммуникация-лар салаларының мамандары қатысты.

Қаржы саласының қарқыны

–––––––––––––––––––––––Кеше Қаржы министрі Бақыт Сұл та новтың жыл сайынғы ха-лық алдындағы есеп беру кез-де суі болып өтті.–––––––––––––––––––––––

Рауан ҚАЙДАР,«Егемен Қазақстан»

Шараға қоғамдық кеңестің мү ше ле-рі, Парламент депутаттары, әр түр лі ұйым өкіл дері, ел өңірлерінің тұр ғын дары қа-тыс ты. Елдегі барлық облыс тар онлайн режимде қосылып, олар кезек-кезек өздерінің сұрақтарын қойды.

Спикер 2016 жылы еліміздің кіріс бөлігін нығайту үшін бірқатар шаралар іске асырылғанын алға тартып, нақты сан-дар бойынша сараптама жасады.

«Адал бизнес үшін жасалған жағ-дай дың арқасында мемлекеттік бюд-жет кірістері 101,1 пайызға орындалды және 9,3 трлн теңгені құрады. Бұл 2015 жылға қарағанда 1,7 трлн теңгеге немесе 22 пайызға көп. Республикалық бюджет кірістері трансферттерді есепке алмағанда, жоспар бойынша 109,1 пайызға орын-далды және 4,6 трлн теңгені құрады. Артығымен орындау салықтық түсімдердің өсуі есебінен қамтамасыз етілді. Өткен жылы олар бюджетке күтілгенге қарағанда 358 млрд теңгеге көп түсті. Жергілікті бюджеттің өз табысы трансферттерді есепке алмағанда 1,9 трлн теңгеге орын-далды, бұл 105,6 пайыз. Жоспардан артық 100 млрд теңге түсті», деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, Бақыт Сұлтанов Мем лекеттік бюджет шығыстары 10 трлн теңгеден асқанын, бұл 2015 жылға қа ра ғанда 1,5 трлн теңгеге көбейгенін жет кізді. Және республикалық бюджет шығыстарының атқарылу көрсеткіші 98,3 пайызды немесе 8,5 трлн теңгені құрағанын тілге тиек етіп, нақтылау нәтижесінде бекітілген бюджет шығыс-та ры 980 млрд теңгеге өскенін жеткізді.

Жиын соңында салықтық және кеден-дік әкімшілендіруге, мемлекеттік сатып алу ға, жекешелендіруге және тағы да басқа мәселелерге қатысты қойылған сан түрлі сауалға жан-жақты жауап берілді.

Салаға байланысты заң жетілдіріледі––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Бейбіт Мамраевтың жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұсаукесері өтті. БАҚ және телерадио хабарларын тарату, ақпараттандыру және байланыс салаларындағы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қоса алғанда басқа да түйткілді мәселелерді реттеу мақсатындағы құжатты Ақпарат және комму-никациялар министрі Дәурен Абаев таныстырды.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

patrul.kz

voxpopuli.kz

kazinform.kz

Page 5: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

28 маусым 2017 жыл 5

Бүгінде Жер шары халқының жарты-сынан көбі қалаларда тұрады. Заманауи мегаполистер ре сурстардың барлық түр ле рі нің негізгі тұтынушысы б олып, эко ло гиялық мәселенің негізгі кө зіне айналу да. Қал дықтарды басқару жүйе­сі нің өзектілігі жыл өткен сайын ар тып келе жатқаны да сон дық тан. Қазіргі таңда үлкен қа лалардың түгелге жуығы қал дық тарды қоршаған ортаға зи я­ нын тигізбей өңдеуге мүм кін дік беретін шешімдерге ие. Франция мен Қазақстан қа ла ларында қол да нылатын тех но ло гиялық шешім дер осы шарада талқыланған негізгі тақырып болды.

Басқосу барысында қос ел дің маман­дары қалдықтарды өң деу мен олар ды энергияның ба ла малы көздері не айнал­ды ру саласындағы жаңа зерт теулерімен бөлісті. Фра н цуз дық компанияның ве дом­ст во ара лық бөлімі директоры Каролин Шаль қор шаған орт аны қорғаудағы басым ба ғыт тар мен екі ел арасындағы ынты мақтасудың және тәжірибе алмасу­дың ықти мал әдістері туралы баянда-ды. Па риждің ірі коммуналдық қыз­мет тері қа ланың экологиялық және энер ге тикалық мәселелерін шешуге ар нал ған тәжірибелері мен ресу рс­ т а р ы н қ а л а й б і р і к т і р е т і н і ж а ­ й ын да «SIAAP» компаниясы бас дирек­торы ның орынбасары Дени Пенуэль әңгі ме ле ді. Қазақстандық «Экология және кли мат зертханалары» энергети ка ор та лығы жетекшісінің міндетін атқа ­ру шы, доктор Ербол Сарбасов қаты су ­шы ларға Астана үшін жасалған, тұр­мыс тық қатты қалдықтарды жағу дың жаңа технологиясымен жә не айнал-малы қайнаған қабат әді сі бойынша көмірді жағу ре активтілігіне тұрмыстық ауыр қалдықтардың әсерін зерт теуі мен, сондай­ақ газдандыру үдерісімен таныс­тырды.

«Syctom» компаниясының қыз­меті қайталама шикізатты сұ рып тау­ды қолдануға және әрі қарай өн діруге негізделген. Бұл қал ған қалдықтардан таза әрі қай та жаңартылатын энергия алу ға мүмкіндік береді. Мұндай қа­дам ның нәтижесі ресурстарды са қ­тайды. Болашақтың міндеті – аздаған қалдықтан көп энергия өндіру», деді сөзінде компанияның техникалық сер-вис жөніндегі бас директорының орын-басары Пьер Хиртцбергер.

Жаңартылмалы энергия түрін ұсынды

––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында Франция павильо-нында Назарбаев Университет мен «Syctom» компаниясы зерт-теушілерінің ортақ жұмы сы нәтижелеріне арналған «Энер-гияны қайта өңдеу. Шешімдер. Серіктестер» тақырыбында семи-нар өтті. ––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Ел мерейін асырған ЭКСПО-2017 халықаралық маман-дандырылған көрмесіне орай мамыр айында тарихи Тараз шаһарынан «Ұлы Жібек жолы. Көне Тараздан асқақ Астанаға тарту» керуені жолға шыққан болатын. Бір айдан астам уақыт бойы Әулиеатаның Байзақ, Т.Рысқұлов, Меркі аудандарын және көптеген елді мекендерін басып өткен этнографиялық керуен Мойынқұм ауданына келді. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Экспо-2017

Хамит ЕСАМАН,«Егемен Қазақстан»

Бұл күні Кеңес ауылында

Тараз инновациялық­гумани­тарлық университетінің, об­лыс тық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы халық шығармашылығы орта­лығының және Мойын құм ауданы әкімдігінің ұйым дас­тыруымен сегіз киіз үй тігіліп, алтыбақан құрылды.

Бұл сапар халқымыздың ежелгі тұрмыс­тіршілігін,

салт­дәстүрін еске түсіретін ерекше күн болды. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай мәде­ниетіміз бен тарихымыз да этнографиялық керуеннің өн бойынан көрініс тауып тұрды. Сонымен қатар, жиналған көпшілік ауылдың тұрмысы да тамырымыздың бір бөлшегі екенін сезіне түсті. Ауыл ірге­сін де бие сауу, ұршық иіру, диір мен тарту және жүн сабау сияқты тұрмыс құндылықтары да насихатталды. Ал өңірге белгілі құсбегілер баптаған

бүр кі тін айнала ұшырып, ежелгі дала мәде ниеті нің маз ­мұнын көрсетті. Құстың аспан ­ды айнала ұшып жүріп, кенет бүр кіт шіге керуеннің келе жат­қанынан белгі беруі де талайды таңдандырмай қоймады.

Шудасы желмен желкілде­ген түйелердің тарпаң бейне­лері мен ұлттық киімдері сән­салтанатын келтіріп тұрған адамдар арасындағы өзара байланыс та Ұлы Даланың дегдар болмысын, көркем келбетін танытып тұрғандай

әсер етті. Ал күймелері күмбір­леген көшті ауыл тұрғындары ұлттық дәстүрге сай қарсы алды. Қазақы дәстүрге сай қынама бел қам зол киген қыз­келіншектер керуен ші лерге қымыз бен шұбат ұсынып, ілтипат көрсетті.

Шара барысында қазақтың ба ла ны бесік ке салу, тұсауын ке су, тоқымқағар сияқ ты ұлт­тық салт­дәстүрлері дәріп тел­ді. Үлкендер жағы жастарға біл ме ге нін үйретіп, үлгі көр­сетті. Әсіресе, бұл кө рі ніс бо­ла шақ аналар үшін де пай да лы ке ңес болды. Сондай­ақ, жер­гілікті өнер паз дар мен сал та нат қонақтары ән шыр қап, Мойын­құм даласын әсерлі күйге бөледі.

Халқымыздың ықылымнан келе жатқан ырысты салтының бірі – сапар ға оң болсын айту болған. Бабалар өсиеті мен жалғасып келе жатқан осынау игі дәстүр бүгінде қолдау

тауып, жинал ған көпшілік Ас­тана төріне бет алған кер уен ші­лерге сәт­сапар тіледі. Об лыс әкімінің орынбасары Ер қанат Ман жуов бастаған жам был­дықтар Мойын құм ауданы­нан этнографиялық керуен ­ді шығарып салды. Айта кетейік, Мойын құм ауданы, Кеңес ауылы аталған кер уен­нің Жамбыл облысындағы соң ­ғы беке ті. Ал кеш түсе «Ұлы Жі бек жолы. Көне Тараз дан ас қақ Астанаға тарту» кер­уені Қарағанды облысы, Сары ­ш аған ауылына қарай бет алды. Енді санаулы күндерден кейін күймелер күмбірі көрме алаңына да естіліп қалатын бола ды. Айтулы көрмені тама­ша лау шы лардың да ұлттың ұлы ерек ше лігімен танысатын күні алыс емес.

Жамбыл облысы

Күймелері күмбірлеген керуен

Аян ӘБДУӘЛИ,«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе облысы күндерінің салтанат­ты ашылуы ЭКСПО­2017 көрмесінің аумағында орналасқан амфитеатрда өтті. Жиналған қауымға «Ақтөбе – құт­ты мекен» атты гала­концерт болды. Мере келік шараға «I am a Singer» халық аралық конкурсының финалисі Димаш Құдайберген, сондай­ақ, қазақ эстрадасының жұлдыздары, Ақтөбе облысының шығармашылық ұжымдары, жалпы саны 600­ден аса өнерпаз қатысты.

Мәдени күндерд ің жалғасы кеше Астана қаласының маңындағы

«Қазанат» ипподромындағы «Этноауыл­да» жалғасты. Бұл жерде өңірдің шығар­машылық ұжымдарының қатысуымен «Ел жүрегі Астанаға – Арайлы Ақтөбе­ден» атты театрландырылған этно концерттік бағдарламасы өтті.

Бұл күні А.Жұбанов атындағы қазақ халықтық аспаптары оркестрі жинал ған қауымды ән­күйге бөлесе, Т.Ах танов атындағы облыстық драма театрының әртістері «Айман­Шол­пан» музыкалық спектаклін қойды. Ал «Алақай» қуыршақ театрының орын­дауындағы «Жайна, жадыра, достар» атты бағдарлама қонақтарды қуанышқа бөледі.

– Бас қаламызға өңіріміздің бал­қаймақтарын ертіп келдік. «Ақтөбе – құтты мекен» атты гала­концертте өнерпаздарымыз өз өнерін паш етті. Ал әлемдік сахнада жарқырап шыққан жас жұлдызымыз Димаш Құдайберген шарамыздың көркіне көрік бере түсті. «Этноауылда» қойған Ақтөбенің тарихы көрермендер көңілінен жылы орын таба білді деп үміттенемін, – деді Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының режиссері Елтай Кемал.

Ұйымдастырушылар өңір тарихын жоғары деңгейде сахналай білгені анық. Себебі, Әбілқайыр хан, Едіге батыр, Мөңке би секілді нар тұлғалар тарих қойнауынан сыр шерткендей әсерде қалдырды. Әсіресе, Мөңке бидің «Түрлі­түрлі халық болады, ынтымағы берік болады. Алла халқымыздың

тұтастығын, амандығын бергей!» дегенде сол бабаларымыздың арман­тілегі бүгінде бізді осындай бейбіт күнге жеткізіп отыр деген ой қалдырып жатты.

– «Айман­Шолпан» спектаклі бұ­рын репертуарымызда болған. 20 жыл бұрын алғаш рет сахналағанбыз. Көрер ­мен жылы қабылдады. Бірақ, соң ғы үш жылда белгілі себептерге бай ­ланысты тоқтап қалды. ЭКСПО аясын­да өтетін мәдени күндерге орай қойы­лым ды қайта жаңғырттық, – деді «Айман­Шолпан» спектаклінің режис­сері Дәметкен Құсайынова.

Бес күнге жалғасатын шарада «Ақ төбе облысының қазынасы» ұлт­тық гео графиялық дүниелер көр месі, «Ақтөбе мануфактуралары» атты кар­тиналар көрмесі жұртшылық назарына ұсынылады.

Ақтөбеліктер әні асқақтады––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Ақтөбенің мәдени күндері басталды. Бұл күндері өңірдің шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін паш етеді. Шара 30 маусымға дейін жалғасады. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

«Мен Қазақстанға, әсіресе, Астанаға келгеніме өте қуаныш­тымын. Қазақ елінің ЭКСПО­2017 халықаралық көрмесін өткізіп жатқанына қуанамын және мақтан тұтамын. Жаңа ғана «Нұр әлем» павильонында болып, ғимараттың өте сапалы салынғанына көз жет­кіздім. Бұған дейін талай халық­аралық көрмелерге қатыссам да мұндай павильонды өмірімде көрген емеспін», деп ағынан жа-рылды министр.

Жиында Қатар үкіметінің өкілі жасыл технологияны дамытуда Қазақстанмен бірге жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді. «Қатар мұнай мен газға бай ел екен дігіне қарамастан, баламалы энер гетика мен жоғары техноло-гия мәселелеріне айрықша назар аударады. Біз жасыл технология-ны дамытуда Қазақстанмен бірге

жұмыс істеуге дайынбыз және өзара тиімді серіктестік қатынас құрудан үмітіміз бар», деді ол. Сонымен қатар, Солтан Бин Әл­Мурайхи шөл даладағы шағын мемлекеттің қысқа уақыт ішінде экономикалық көрсеткіштері жоғары, алдыңғы қатарлы мем-лекетке қалай айнал ғанын да әңгімеледі.

Екі елдің мемлекеттік тула-ры көтеріліп, әнұраны ойналған басқосудан соң, көпшілік Таяу Шығыстағы танымал ансамбль­дердің бірі «Maqam Ensemble» ұжымы ның өнерін тамашалады. Араб өнерінің рухы мен ерек ше­ліктерін сақтай отырып, класси­ка лық араб музыкасына замана-уи интерпретацияда орындау­ға машықтанған әртістердің ән­жыры көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

–––––––––––––––––––––––––––––Э К С П О - 2 0 1 7 қ а л а ш ы ғ ы н ы ң аумағында әлемдегі ең кішкентай және жанар-жағармайды ең аз пайда лана-тын көлік таныстырылуда. Жүргізу-шімен қосқанда екі-ақ адамға шақтал-ған автомобиль көлемінің шағын-дығы мен және айрықша дизайнымен көпшіктің назарын аударды. –––––––––––––––––––––––––––––

Қазақстан нарығында көптеген жыл дар дан бері қызмет ететін ұлы­бриа та ниялық «Шелл» компаниясы автомобильді экома рафонға қатысу үшін арнайы құрас тырып шығарған. Азияда және Еуропада ұйымдастырылатын мұндай шара аз жанар­жағармай жағу арқылы ұзақ қашықтықты бағындыратын көлікті анықтауды мақсат етеді. Ал бұл автомабиль бар болғаны бір литр бензинмен жүз шақырымға жүре алады. Максималды жылдамдығы – 45 шақырым/сағат. Салмағы – 295 кг. «Иамаха» скутер моторымен жабдықталған көлік газбен де қозғала алады.

«Дәл қазіргі кезде оның багына «Шелл» компаниясының «Ай­95» маркалы жанар майы құйылған. Дүние­жүзі бойынша автомобильдің төрт

данасы ғана бар. Алдағы уақытта ЭКСПО қонақтарын мінгізіп, әрі­бері жүруге мүмкіндік болады. Әзірге көпшілік назарына көру үшін ғана ұсынудамыз.

Көлікті әлі нарыққа шығарып, саудала­ған жоқ. Бірақ бағасы – 30 мың доллар­дың шамасында», дейді компания өкілі Құндыз Ахметкәрімова.

Астана алғашқы ондықта

–––––––––––––––––––––––––––А с т а н а т у р и с т і к т ұ р ғ ы д а н алғанда, 2017 жылы ТМД-дағы әйгілі қалалардың көшін баста-ды. Туристік ұйымдар жария-лаған деректерге сенсек, сая хат-шылар елордаға орта есеппен 3-5 күнге келеді екен. Олар қонақ-үйдің өзіне 80 АҚШ долларын жұмсайды. –––––––––––––––––––––––––––

Алғашқы ондыққа ілінген қалалар ішінде бұл – ең қымбат баға. Ең арзан қала – Ашхабад. Бұл шаһарға барғандар қонақүйге небәрі 30 доллар төлейді. Ондыққа енген ең қымбат қалалардың қатарында Астанамен қатар, Баку де бар. Ең арзан қалалардың легін Бішкек жалғайды.

Енді №500 желі – Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы – «Нұрлы жол» темір жол вокзалы, №501 желі – «Рахмет» сауда орталығы – Клиникалық­оңалту орталығы, №502 желі – «Астана» М – «Арнау» ТК, №503 желі – «Алай» ­ «Арнау» ТК көліктік хабы, №504 желі – «Достар­1» ТК – Клиникалық­оңалту орталығы, №505 желі – «Нұрлы жол» темір жол вокзалы – «Арнау» ТК, №506 желі – «Кеңмарт» СО – «Қазанат» ипподромы

араларында қатынайтын болады. Сонымен қатар, №10, 12, 15, 18, 35, 37, 40, 51, 53, 70, 102, 303 қалалық бағыттарына қосымша 50 көлік үстемеленіп, бағдар күшейтіледі.

Айта кетерлігі, бүгінде қалалық автобус паркі 1025 автобустан тұрады, оның ішінде 358­і – кондиционермен жабдықталған жаңа автобустар. Жолаушылар тасымалы қызметіне 1192 жүргізуші тартылып, 1101 кондуктор жол бойында жұмыс істеуде.

Қатар елі қатарласадамуға ықыласты

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Қатар мемлекетінің ұлттық күні өтті. Салтанатты шара барысында осы елдің Сыртқы істер министрі Солтан Бин Әл-Мурайхи Қазақстан павильонын аралап, жоғары баға берді. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі күндері Астананың шалғай аудандарын, көрме орталығымен байланыстыратын 7 бірдей «Shuttle Bus» жаңа бағдары енгізілді. Мұны көше-жол желісінің жүктемесін төмендету үшін «ALAY-ASTRA» және «КеңМарт-ASTRA» көліктік орталықтары ұйымдастырды. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

100 шақырымға – 1 литр бензин

Көрмеге апаратынкөлік бағыты көбейді

Топтаманы әзірлеген Асхат РАЙҚҰЛ, «Егемен Қазақстан»,Суреттерді түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ, «Егемен Қазақстан

Page 6: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

6 28 МАУСЫМ 2017 ЖЫЛРУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

– Ерлан Биахметұлы, Елбасы мақаласы жарық көргеннен бері қоғамдық сананы жаңғырту жөнінде көптеген ой-пікірлер айтылды. Жалпы, жаңғыру – ұзаққа созылатын үдеріс. Осы уақыт аралығында ой-сананы ілгерілетудің қандай іргетасы қаланды?

– Елбасы мақаласы – еліміздің болашаққа бағытталған ауқымды идеясы. Идеяның негізгі тіні неде? ХХ ғасырдың 60-70-жылдарын-да Еуропа, Солтүстік Америкада ғылыми-техникалық прогресс ре-волюциясы болды. Адамзат бұрын білмеген тұрмыс жабдықтарын, жаңа байланыс жүйелерін пайдала-на бастады. Адам дамуының индексі деген ұғым қолданысқа енді. Бұл қоғамның түлеуінде алғышартқа айналды. Əр мемлекет жеке адам-ды дамытуға бағыт алды. Ғылыми-техникалық прогресс пен əлеуметтік жаңғыртуға ілесе алған мемлекеттер жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Азия-Тынық мұхиты аймағындағы «Азия жолбарыстары» атанған мем-лекеттер де осы қатарға қосылды. Ал 90-жылдары қос лагерьлік жүйеде пайда болған «миллиард» ұғымы құрдымға кетті.

Сонымен бірге, əлемде сағат сайын қоғамның формасы мен мазмұны өзгеруде. Жер шарындағы 6 миллиард халық күннен күнге өсіп келеді. Сондықтан, қоғамға игілік сыйлау (материалдық жəне материалдық емес) жəне оны басқа елдерге ұсына білу де өз игілігің болмақ. Мəселен, жуырда НАСА-ның «Кеплер» зонды Жерге сəйкес келетін планетаны тапты. Яғни, жақын арада «Ғаламшарда адамзат жалғыз ба?» деген сұраққа жауап табылуы ықтимал. Адамның уақыт, кеңістік, ғалам жөніндегі көзқарасы толығымен өзгереді. Біз соған сəйкес болуымыз керек. Сондай-ақ, 10-20 жылдың ішінде орын алуы ықтимал экономикалық-өндірістік рево-люция алдында тұрмыз. Мысалы, 10 жыл бұрын жүргізушісіз көлік, ұшақ-такси дегендер қиял-ғажайып нəрселер сияқты көрінетін. Қазір бəрі қолданыста бар. Міне, осы тұрғыда Қазақстан не істеуі керек деген түйінді сұрақтарға Елбасы мақаласы жауап береді. Бұл − ел болашағының манифесі деп айтуға тұрарлық кешенді еңбек.

– Мақалада еліміздің дамуы революциялық емес, эволюция-лық дамуға бағыттауға сүйенеді делінген емес пе?

– Қазақстан қоғамы ең алдымен прагматикалық қоғам болуы керек. Прагматика – басқамен тіл табыса білу, басқаның игілігін өз пайда-сына жұмсау. Екіншіден, ұлттық код. Қазақстан халқы тамыры мен өткенін зерделеп, бойына сіңірмесе, қазіргі 7 миллиард, 2050 жылға дейін тағы 2 миллиард қосылса, барлығы

9 миллиардты құрайтын халықтың ішінде жоғалып кетуі мүмкін. Сон-дықтан, бұл − ел дамуының ең не-гіз гі алғышарты.

Ұлттық код қандай құрамнан тұрады? Президент бес бағытты анықтап берді. Біріншіден, латын қарпін енгізу, екіншіден, киелі гео графия, үшіншіден, туған жер, төртін шіден, жаһандағы Қазақстан мəдениеті, бесіншіден, əлемдегі үздік 100 гуманитарлық кітапты ана тілімізге қотару. Əрқайсысына тоқталар болсақ, сакральді, яғни қасиетті жерлеріміздің география-сын Қазақстанның географиялық нүктелері деп қарауға болмайды. Оның аясы өте үлкен. Мысалы, Алтай ды айтқанда мың жыл бұрын-ғы халықтардың ұлы көшін, Аттила-ның Еуропаға баруын айтамыз. Аттила Еуропаға өзі ғана барған жоқ, түркі əлемінің пассионарлығын, мəде ниетін, жойқын күшін де алып бар ды. Құл иеленушілік құрылысты жойып, Еуропаны басқа деңгейге шығарудың негізін жасады.

Алтайдан шыққан корейлер, манжчурлар өздерінің түп төркіні осында екенін жиі айтады. Яғни, Алтай – дүние жүзінде үлкен текто-никалық өзгерістерді енгізген, халық тардың басын қосқан жер. Ал Ахмет Ясауидің негізгі еңбегі ис-ламды түркі мəдениетіне бейімдеу болды. Ол − исламның ең жақсы қасиеттерін түркі мəдениетіне алып келген тұлға. Осы арқылы түркілер өзін өзі сезінуін сақтап қалды. Əр адамда туған өлкеге деген сағыныш бар. Америкада, Еуропада əлеуметтік проблемаларды, инфрақұрылымды қоғам өзінің мойнына алып, түрлі қауымдастықтармен бірігіп шешеді. Яғни, əлеуметтік проблемалар шеші-мін тауып отырғандықтан, мемле-кет экономикалық инфрақұры-лымды қарауға қабілетті болады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда əлеуметтік мəселелерді қоғамның бірігіп шешуі «Туған жер» бағдар-ла масының негізгі өзегі болуы тиіс.

Ал 100 кітапқа келетін болсақ, əлемде нақты ғылымдар мен кітап индустриясының 80 пайызы ағыл-шын тілінің үлесінде, 20 пайызы ғана басқа тілде шығады. Дүние жүзіндегі үздік жаңашылдықтар мен ғалам жөніндегі ілімді жаста-рымыз игеруі керек. Жастарымыз бүгінде халықтың 30 пайызына жуық. Бұл – еліміздің болашақтағы үлкен пассионарлық күші. Бұл күш Қазақстан құндылықтарын ғана емес, шеттен келген құндылықтарды да бойына сіңіретін болса, бəсекеге қабілеттілігіміз артады.

Жақын арада мəдениет үлкен стратегиялық ресурсқа айналады. Себебі, мұнайдың экономикалық бағасы ғана емес, жалпы құндылығы түсіп барады. Есесіне мəдени құн-ды лық көтеріліп келеді. Мəде-ниеттің экономикалық күшке

айналуы ғажап емес. Əлемде еңбек бөлінісінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Интеллектуалды еңбектің бөлінісіне түскен соң адамдардың қолы босайды. Адамзаттың 30 пайы-зы тек мəдениетпен, мəдениетті қалыптастырумен жəне наси-хаттаумен айналысатын болады. Міне, осыған байланысты ұлттық нақыштағы мəдениетімізді əлемдік деңгейге көтеруге талпынуымыз, соған жетуге үлгеруіміз тиіс.

Қазақстанда опера өнері де, кино индустриясы да дамып жа-тыр. Төл мəдениетіміздің бастауы – бағзыда. Мысалы, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» − эллиндер заманынан бергі алғашқы махаббат жөніндегі дастан. Ал «Тристан мен Изольда», «Ромео мен Джульетта» жырлары көш керуен кейін шыққан. Сондай-ақ, шетелдік дастандардағы адам-дар өмірде болмаған лақап есімдер. Ал Қозы мен Баян есімді ғашықтар өмір сүрген, оқиғаның өткен жері де сақталған. Міне, біздің мəдениеттің осы іспетті басымдықтары көп.

Номад мəдениеті басымдығы-ның бірі – үзеңгі. Былай қарасаңыз, ат тың үстіндегі қарапайым құрал тəріз ді. Ал ертеде үзеңгіні ойлап табу қазір гі ұшақты ойлап табу іспетті еді. Өйт кені, ат үстіндегі жасақтың нық отыруымен басымдылығы пайда болды. Ғылыми-техникалық прог-ресс зерттеушісі Л.Уайльд «Еуро-пада үзеңгінің пайда болуы алғашқы феодалдық мемлекеттердің даму-ына алып келді» деген тұжырым жасайды. Бұл − номадтар əсерінің негізгі көрінісі. Қазақтың барлық жауһарларын шығарып, экспорт-таушы мəдениетке айнала алсақ, болашаққа үмітіміз зор болмақ.

Руханият пен экономика бір-бірін толықтырып отыратын сала-лар. Көшпенділіктің мұрагері ретін-де Қазақ елінің əлем мəдениетіне қосқан үлесі үзеңгі, киіз үй, дөңге-лек. Батыс əлемі айтқандай емес, са лық жүйесі мен кедендік алым-дар Шығыс елдерінде пайда болды. Араб халифаты мен Алтын Орда мемлекеттерінде экономикалық жүйе жұмыс істеді. Мысалы, сол кез дегі керуен сарайы кəдуілгі биз-нес-орталығы еді. Керуен сарайын-да керуеннің бүкіл қауіпсіздігі сақ-талады. Қазіргі экономикалық жүйе-нің бəрі бұрыннан бар. Бірақ, біздегі тамыры үзіліп қалды.

Израиль мемлекетінің аумағы шағын əрі климаты жайсыз болса да жылына 3-5 миллиард доллар-дың ауыл шаруашылығы өнімін

шыға рады, 6 миллиард доллардың технологиясын экспорттайды. 8 мил-лион халық тұрады. Ал жан-жағын қоршаған араб мемлекеттерінде 200 миллион халық бар. Десе де, Израиль дүние жүзіндегі дамыған 8 мемлекеттің қатарында. Міне, рухтың негізгі мəні осында. Мысалы, Данияда бүкіл электр энергиясының 30 пайызын жел электр стансалары береді. Германияда 10 пайызын күн батареялары береді. Бұл − балама-лы энергияның күні туады деген сөз. Латын қарпі – гуманитарлық жоба. Біз кейде Қытай, Жапония сияқты елдер иероглифпен жаза-ды дейміз. Олар өз иероглифтерін латын қарпіне бейімдеген. Дүние жүзінде халықтың 90 пайызы ла-тын қарпін қолданады. Латын қарпіне көшкенде, осы 90 пайыз-бен гуманитарлық жəне мəдени тұрғыдан бəсекеге қабілетті бола-мыз. Мұның саясатқа еш қатысы жоқ, бұл − қазақ қоғамының ішкі гуманитарлық мəселесі.

– Елбасы адами капитал-ды дамыту туралы үнемі айтып келеді. Осы капиталды байыта түсетін тағы бір қасиет прагматик болу жөніндегі ой деуге болады. Көзқарасыңыз?

– XVII, XVIII, XIX ғасырлар түркі халықтарына оңай болған жоқ. Туысқан халықтардың көбі этностық топ ретінде күшін жойды. Ал қазақтар қалды. Оның негізгі себебі – басқалармен бітімге бару. Бітімге бейімделе білудің арқасында сұрапыл замандарда сақталып қалдық. Мұны прагматиканың үлкен нəтижесі деуге болады. Бү-гін гі жаһандық саясатқа келетін бол сақ, Шанхай ынтымақтастық ұйы мына мүшеміз, БҰҰ-да ядролық қару сыздану бойынша көшбас шы атандық. Украина дағдарысы, Си-рия процесі болсын, дүние жүзіндегі ірі геосаяси процестер күрмеуінің шешімін Астанада табуға қадам жасалу да. Бұл – еліміздің дүние жү-зін дегі саяси процестер мен кикіл-жің дерден жоғары тұрып, арбитр болуы. Төрелік атқарған мем ле-кеттер əрқашан өз мүддесін қорғау-ға қабілетті. Мемлекеттік тұрғы-дағы прагматизм – осы. Ал жеке адамның прагматизміне келсек, ол − жəй ғана үнемшіл болу емес, ол − жаңашылдыққа ұмтылу. Қандай жаңа технология пайда болды, қандай ноу-хау бар, барлығын игеру, өзінің ноу-хауын, жаңашылдығын енгізу деген сөз. Прагматизмді осы тұрғыдан қарау керек.

Орхан Памуктің «Менің атым қызыл» атты кітабы бар. Шығармада бес суретшінің тарихына тоқтала-ды. Бірақ көптеген оқырман туын-дыдағы негізгі жіптің ұшын жоғал-тып алады. Бұл − Сұлтанның Рим Папасы сияқты өзінің портретін салғызғысы келетін тұс. Міне, сол кезде Сұлтанның айналасында шиеленіс пайда болады. Өйт кені, бұл − жаңа мен ескінің күресі. Ескілер айтады: «Сұлтан – Алла тағаланың өкілі, оның суретін салуға болмайды». Ал жаңашылдар: «Бұл портретті салсақ, келешек ұрпаққа қалады», дейді. Егер жаңа жеңіп, портрет салынатын болса, Осман

империясының тарихы қалай өрбитін еді?! Кішкене ғана түйткіл жаңа мен ескінің қалай күресетінін, тарихтың тегершігі де осыған орай айналатынын бейнелейді. Бұл − барлық елдерге тəн.

Дүние жүзінде империя деген құбылыс бар. Бұл империялардың барлығы түркі мəдениетімен бай-ланысты. Мысалы, араб халифа-тында түркі факторы 60-70 пайызға дейін болды. Халифаттың бүкіл қолбасшысы, кеңсесі түркілерден құралған еді. Алтын Орда 100 пайыз түркілерден тұрды. Дели сұлтанаты да түркілер құрған мем-лекет. Барлығы үлкен империяларға айналғанымен аяғында ыдырап кетті. Неге? Өйткені, толысып, мығым жағдайға жеткен кезде жаңашылдықты, басқа мəдениеттің элементтерін алудан бас тартып, томаға-тұйықталып қалып отырды. Сондықтан болашаққа бағдар жасап, мемлекетіміз мығым болсын десек, жаңашылдыққа батыл болу, оны өзіміз жасау, жасай алмасақ, дамы-тып отыру қажет. Бірақ жаңашыл боламыз деп өткенімізді ұмытып кетпеуіміз де керек. Орхан Памуктің тағы бір айтқаны бар: «Вавилон патшалығының жойылуы олардың биік мұнара саламыз деп тəңірге жақындағанынан емес, аспанмен астасқан мұнараны саламыз деп биікке көтеріле беріп, өзінің тамы-рынан ажырап қалуында», деп.

– АҚШ президенті Т.Джеф-фор сон Еуропада оқып жүрген америкалық жастарға хат жаз-ғанында осы тамырды ұмыт-пау жөнінде айтады. Шетелде оқыған жастардың кейбірінің еуропалық мəдениетке ден қойып кетіп жатқанынан да хабардар-мыз. Таразының екі басын қалай тең ұстауға болады?

– Қазақ социуымының ішінде үлкен өзгерістер жүріп жатыр. Қазақ болу біртіндеп трендке айналып келеді. Өйткені, қазақ ұлты мəде ниет пен ғылымда халықаралық тұрғы-дан белгілі бір жетістіктерге жетті. Ди маш Құдайбергеновтің өзін мы салға алсақ та жеткілікті. Осы əлеуметтік-рухани жаңашылдықты демеп жіберу қажет. Қазақстанның ішінде қазақ болуды дəріптеуіміз керек. Мəселен, «Никелодеон» ар-насын қосып қалсаңыз «Наруто», «Аватар» сияқты мультфильмдерді көресіз. Бұлар − жапон халқының XV ғасырдағы аңыздары. Олар осы аңыздарын мультфильм арқылы дəріптеп, өздеріне ұлттық код жасап отыр. Біз де ұлттық дүниелерімізді дүние жүзінде дəріптеудің инсти-тутын қалыптастыруымыз керек. Сонда дүниенің қай тарабында болсаңыз да, өзіңіздің қазақ екені-ңізді сезініп, көкірегіңіз көтеріліп жүреді. Қазақстанның жаһандық мəдениеті бағдарламасы осыған бағытталған.

Ұлттық код – қазақ ұлтының дамуы ның негізгі алғышарты. Ұлт-тық код қалыптастыра алмасақ, қазақтың антропологиясына ұқсас халықтарға сіңісіп кету оңай. Саса-нид, сабур деген халық болған. Сабурлар басқа халықтармен сау-да жасаймыз деп жүріп, соңында

сасанидтармен бірігіп, соларға сіңіп кетті. Ассимиляцияға ұшырамау үшін ар жағыңызда қазақ екеніңізді сезініп тұру керек. Бұл − басқа мəдениетті, өркениетті алшақтату емес. Керісінше, қазақ екеніңді сезіне отырып, оны басқа мəдениетке лайықты дəрежеде көрсетсең, олар сыймен қарайтын болады. Рухы күшті екен, мəдениеті биік екен дейді. Əрине, өз мəдениетіңді иге-ре отырып, басқаның да ішкі жан дүниесін білуің керек. Қазақ осын-дай майталман болмай, дүниежүзілік дамудың келесі сатысына өтуі қиын. Қытай, Жапония, Үндістан, Израиль елдерінің барлығы этностық негізде құрылған. Бұл елдердің əрқай-сысы этностық сезінуін бірінші орынға қояды. Одан кейін барып дүниежүзілік мəдениетке назар ау-дарады. Біздің де осындай деңгейге жетуіміз керек.

– Жоғарыда пассионарлық ту-ралы айттыңыз. Елдің ел болуы үшін əр адамның пассионарлық үлесі болуы керек сияқты ма, қалай?

– Əрине, пассионарлық жеке адамдарда болуы мүмкін, бірақ бұл − ұжымдық күш. Еуразияның кіндігі Алтайдан төрт-бес бағыттағы пассионарлық ағымдар тарады. Халықтардың ұлы көші кезінде түркілер Еуропаға барды. Еуропаның ішіндегі орталық мемлекеттердің қағидасы, экономикалық-қаржылық жəне рухани жүйесі ғұндардың əсері мен құрылды. Екінші пассио-нарлық күш Шыңғыс ханмен та-рады. Оның əскерінің 80 пайызы түркілер еді. Ибн Баттута Шыңғыс хан əскері қыпшақтарды жаулап алғанымен, олардың тілін қабылдап, сіңіп кеткенін жазады. Бұл − түркі халқының екінші пассионарлық жарылысы. Олар да Еуропаға келіп, əлеуметтік жаңғырудың бастау-ын түзді. Ресей сияқты орталық-тандырылған мемлекеттің ең негізгі элементтерін жасады.

Дəл сол кезде Юань империя-сында Құбылайдың билігі болды. Онда сарай ішіндегі қаржы мен кадр мəселесін қыпшақтар шешіп отыр-ды. Дели сұлтанатын да қыпшақтар құрып, орталықтандырылған мем ле-кеттің негіздерін жасады. ХХ ғасыр-дағы Алаш орда – қазақ тың жаңа пассионарлық күші. Бұл қазақтың əбден қалжырап, ұлттық рухының жойылып бара жатқан кезеңінде ұлтты басқа деңгейге көтерді. ХХ ғасырда М.Əуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұ қанов, Ғ.Мұстафин, І.Есенбер-лин мен 70-80-жылдардағы «Менің Қазақстаным!», «Атамекен» сын-ды өлең-жырлармен қазақ му-зыкасы, поэзиясы қазақтың биік рухы бар екенін танытты. Қазіргі таңда бізге тағы бір сондай үлкен пассионарлық бағыт керек. Міне, Елбасы мақаласы осы пассионарлық бағытқа негіз бола алады. Мемлекет тарапынан оған барлық ресурс қарастырылып отыр. Сондықтан, қоғам бұл мəселеде саналы қолдау танытуы тиіс.

�ңгімелескен Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Б о л а ш а қ қ а б а ғ д а р : р у х а н и ж а ң ғ ы р у » а т т ы бағдарламалық мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер ж�нінде белгілі саясаттанушы Ерлан САИРОВПЕН әңгімелескен едік.––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Жаңа пассионарлық бағыт

Мемлекет басшысының еліміздің бас газеті «Егемен Қазақстанда» «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында жарияланған мақаласы зиялы қауым өкілдері тарапынан да, əлеу мет тарапынан да ең көп талқыға түсіп жатқан дүние екені белгілі. Ол жəне бекер емес. Жер бетіндегі қуатты елдердің тізіміне еніп, бəсекеге қабілетті, дамудың даңғыл жолымен жүреміз десек, халқымыздың руха ният тұрғысынан жаңарып өркен деуі маңызды істердің ішіндегі ең ма ңыздысы екені де түсінікті. Прези дентіміз ұсынып отырған идеяны қалай жүзеге асырамыз, қайда бағыт түзейміз, қандай құрал керек, яки қайтсек рухани жаңғыра аламыз?

Жаһандағы жағдайды бақы-ласақ, кей мемлекеттердің технологиясы қарыштап дамып, экономикасы өрлеп тұрғанымен,

руханият мəсе лесі ақсап, ол өз кезегінде сол елдің ертеңіне үлкен қауіп төндіріп тұрған жағдайлар аз емес. Белгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек ағамыздың қайбір жылдары «Астана ақшамы» газетіне берген сұхбатында былай деген еді: «Қазақ халқы халық болып тарих сахнасына шыққалы зорлық пен қорлықтың, соғыс пен сойқанның, алдау мен арбаудың, аштық пен апат-тың, геноцид пен репрессияның ұлтты жоюға бағытталған небiр сұмдықтарын көрiп баққаны белгiлi. Соның бəрiне де қазақ халқы төтеп берiп, өзiнiң ұлттық бет-бейнесiн – тiлiн, дiлiн, дiнiн, салт-дəстүрiн, рухани мəдениетiн, моральдық-этикалық нормаларын сақ-тай алған халық едi. Жəне бұл құндылықтар өзiнiң бiртұтас монолиттi қалпымен қазақ ұлтын ұйыстыруға, ұлттық

болмыстың бiр бүтiн болуына қызмет ететiн, сөйтiп əлеумет-тiк қатынастардың барлық деңгейлерi мен барлық типтерiне бiр дей тегеурiндi ықпалы бола-тын. Түп теп келгенде, қазақ халқын тарих тың қылкөпiрiнен аман алып шыққан құдiрет те осы құндылықтар едi».

Ақпараттық соғыстың ала-ңын да қаруымыз да, қор ғанымыз да ұлттық руханиятымыз екенін Ел ба сы мыз нақтылап көрсетіп беріп отыр.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз мақаласында: «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаң ғыру дегеніңіздің құр жаң ғы-рыққа айналуы оп-оңай» деп атап көрсеткеніндей, рухани жаңғы-ру басқаның емес, өз болмыс-бітімімізге терең үңілумен іске асады деп білемін.

Дəл осы ретте айта кетейін. М ы с а л ы , м о т и в а ц и я н ы ң сыртқы жəне ішкі деп екіге бөлінетінін біле міз. Алғашқы түріне қаржылай көмек көрсету, сал мақ ты мəртебе беру, мақтау, мара пат тау, тағысын тағы лар ды жатқы за мыз. Ал оның екін ші түрі, адам белгілі бір дүние-лерді өзі іштей қалап тұра-ды. Бірақ ол үшін саған ешкім ақша төле мейді, мақтамай-ды, бірақ сен оны өз еркің-мен істейсің, одан тағы лəз зат аласың. Айтайын дегенім, ен-дігі жерде Мемлекет бас шы сы-ның маңызды бұл бастама сын іске асыру мақсатында адам-дар дың ішкі мотивациясын қалай дамы тамыз деген сауалға басты назар аударған дұрыс деп ойлаймын.

Азамат БИТАН, PR маманы, блогер

Қаруымыз да, қорғанымыз да ұлттық руханиятымыз

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»

Page 7: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

28 маусым 2017 жыл 7қоғам

ЕлімЕн ЕтЕнЕ Елбасы

28 маусым – байланыс жәнЕ ақпарат қызмЕткЕрлЕрінің күні мЕрЕй

––––––––––––––––––––––––––Көк байрақ көк аспанда жел­бі реді. Қыран құс құлашын ке­ре қалықтады. Халқына тәу ел­сіздіктің туын ұстатқан Тұңғыш Пре зидент Нұрсұлтан Әбішұлы На зарбаевтың есімі тарих бетіне ал тын әріппен терілді. Жүректі кер неген қуаныш, бақыт, азаттық елі мен етене Елбасы елдік қаты­нас тарды нығайту жолына түсті.––––––––––––––––––––––––––

Ержан УӘЙІС,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Дүниежүзі картасында Қазақстан де-ген ел өз орнын нық тапты. Әрбір жылы бір ғасырға тең тәуелсіздік қазақты нұрлы жолға жетеледі. Қазақстан мемлекетінің әрбір азаматы ұлтына, тіліне, дініне қарамастан, тату тұрақтылық пен береке-бірлікте өмір сүруі – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясатының жемісі. Талай ғасыр ата-баба арманы бол ған тәуелсіздігімізге қан төгіссіз же-ту жолында барлық күш-жігерін ая-ма ған, түрлі ұлтты асқан татулықпен бір тудың астына біріктіре білген Нұр сұл тан Назарбаевтай көшбасшысы бар хал қымыз аса бақытты.

Елбасының сарабдал саясатының арқасында еліміз әлемнің алпауыт ел-дерін мойындатып, барлық ұлт пен ұлыс-тың бейбітшілік ордасына айналып, толеранттылықтың ерекше үл гі сін жасай білді. Бүгінгі күні еліміз өзі нің даму жолы қалыптасқан, бағыт-бағ дарын айқындаған, өзге де мемлекеттермен бәсекелесуге қабі-летті ір гелі елге айналды. Осы егеменді мем лекеттің бір перзенті ретінде мен де Елбасының тәуелсіз Қазақстанды өсіп-өркендету жолындағы қажырлы ең бег і-нің, ізгі мақсат-мұраттарының куәсі бо лып келемін. Елбасының қамқор қол дауымен тәуелсіздікке алғаш қадам ба с қан күндері шетелде аккредитацияға тір келген Түркия Республикасындағы тұң ғыш қазақ тілшісі болу бақытының бұй ырғаны – мен үшін Алланың үлкен сыйы еді.

Нұрсұлтан Әбішұлы – тәуелсіз Қ а-зақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған сәтте Елбасынан ең бірінші

болып қазақ теледидарына (ол кезде рес-публикада бір ғана телеарна еді) сұхбат алу бақытына ие болуым мені ақ жолға жетеледі. Мына фотосуреттерде 1991

жылғы 1 желтоқсандағы Президент сайлау күні және 1989 жылы жазда Орталық Комитетінің пленумында Бірінші хатшылыққа сайланған соң тү стен кейін

Алматыдағы мешітке барып, Алладан халқының амандығын тілеп, ба та алған сәті бейнеленген.

Бұл игі істі шетелдің бұқаралық ақ -па рат құралдары жарыса хабарлап жат-ты. Германиядағы «Азатттық» ради осы «Қылышынан қан тамып тұрған со ла қай саясатқа қарамастан Қазақстанға бас шы-лыққа келген жергілікті халық өкілі Н. Назарбаевтың алғашқы қызметін иман-ды лық жолынан бастап, Алла үйіне ат ба-сын бұруы – жақсылық нышаны» деген хабар берді.

Елбасы тәуелсіз Қазақстанның Пре-зиденті ретінде алғашқы ресми сапа-рын Түркия мемлекетінен бастағанда ең бірінші болып екі ел арасында тікелей бейнерепортаж жасауым мен үшін үлкен бақыт болды. Сол кезеңдерде Елба сы-ның ел ішіне, шет мемлекетке жасаған са парлары кезінде жанында жүріп, жур-налистік сараптама жасауым өміріме жа-ңаша серпін беріп, болашақ бағытымды айқындауға қол жеткізді. Оншақты жыл-дай уақыт дипломатиялық қызмет ат-қарып, Ыстанбұл қаласында бас консул ретінде екі елдің арасында дос тық көпірін қалыптастыруға үлес қос қанымды мақтан тұтамын.

1992 жылғы қазанның 30-31 күндері Анкарада сол кездегі Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың бастамасымен түркі тілдес мемлекеттер басшыларының І саммиті шақырылған еді. Бұл жиын да Тұрғыт Өзал «Ата жұртымыз – Қазақ стан. Бабаларымыз Атажұрттан Ана долыға ат-пен келсе, бүгін, міне, Нұрсұлтан бауырым ұшақпен келіп отыр» деп алғашқы сөзді Елбасына берді. Елбасы бұл басқосуда «Түбі бір түркі, түгел бол!» деген ұран тастады. Бұл сөз бүкіл түркі жұрты үшін қанатты сөзге айналды.

Тұрғыт Өзалмен әңгімелесу бары-сында Елбасы Түркияда қанша қазақ бар деген сауалға Түркия басшысының «Менімен 60 миллион қазақ» бар деп ай-туы қазақ халқының алар орны қандай екен ін көрсетсе керек. Елбасы сонда ри-за шылықпен Т.Өзалды бауырына қысты. Бауырластық деген осы болар.

1992 жылы Тұрғыт Өзал елімізге кел-генде Елбасы Еуразиялық Одақ құ ру ту-ралы идея көтерген болатын. Сон да Т.Өзал «Еуразиялық одақ құру ту ралы идеяны

толық қолдаймын. Қазақстан Еуропа мен Азияның басын қосып тұрған кіндік орта, Түркия да солай» деген болатын. Бүгінгі күні ара да 24 жыл өткеніне қарамастан Ел-басының көрегендікпен айтқан идеясы өз өміршеңдігін көрсетіп, көп елдерде қолдау тауып отыр.

1992 жылғы 25 наурыз күні тәуелсіз Қазақстанның астанасы Алматы қала-сы нан Түркияға бірінші рет әуе ұшағы кө терілген еді. Қазақстан үкіметі де-легациясын сол кездегі Премьер-Ми-ни стрдің орынбасары Мырзатай Жол-дасбеков ба с қарып барды. Оны елі міз-дің тәу елсіздігін алғаш таныған елдің Пр е зиденті Тұрғыт Өзал қабылдады. М.Жолдасбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ыстық сәлемін жеткізді. Қазақы ою-өрнекті түйе шапан мен қам-шыны сыйға тартты.

Тұрғыт Өзал «Міне, мен нағыз қазақ болдым» деп сұхбат берді. Мені де сол кезде Түркияға келген Тәуелсіз елдің тұңғыш тілшісі деп таныстырды. Маған арнайы бағалы фотоаппарат сыйлады. Сол кездерде осы фотоаппаратпен екі ел арасындағы достық көпірін бейнелейтін көріністерді, Елбасының ісі сапарла-ры мен кездесулерінен талай суреттер әзірлеген едім.

1-сурет. 1991 жылы 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент болып сайланған күні Елбасынан алған бірінші сұхбат.

2-сурет. Қасиетті Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Тұрғыт Өзалдан сұхбат алу сәті.

Осы елшілікте Түркияда дип ло ма-тия ның алғашқы қарлығаштары атан-ған Қанат Саудабаев, Әбутәліп Ахметов, Жансейіт Түймебаев, Өміртай Бітімов, Қайрат Сарыбай, Дулат Қуаныш сын-ды белгілі дипломаттармен бірге қыз мет еткенімді мақтан етемін. Олар тәу ел-сіздіктің шетелдегі алғашқы ту ұс тау шы-лары еді. Әрі Елбасының сенімді өкілдері бола білді.

Міне, Елбасының қасында жүріп та-лай тарихи істердің куәсі болдым. Арнайы суреттерді түсіріп бірнеше фотоальбомдар жасап, деректі фильмдер жасағанымды мақтанышпен айтқым келеді.

Қызылорда

Тәуелсіздік таңындағы тағылым

Ардагер журналистер ардақталды

––––––––––––––––––––––––Б а й л а н ы с ж ә н е а қ п а р а т қызметкерлері күні құрметіне алматыдағы «Вивальди» мей­рамханасында бір топ ардагер журналист Қоғамдық атақ­тар мен марапаттар жө нін дегі республикалық Ке ңес та ғай­ындаған «Қазақ жур на лис­тикасының қайрат кері» ме­далімен марапатталды. ––––––––––––––––––––––––

Талғат СҮЙІНБаЙ, «Егемен Қазақстан»

Шара – мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ұстанымдары негі зін-де ұлттық кодты нығайту мен ұлттық сананы өркендету аясында өтті. Марапатты республикалық қоғамдық-саяси «Президент және Халық» газетінің Бас редакторы, профессор, Қоғамдық атақтар мен марапаттар жөніндегі республикалық кеңестің төрағасы Марат Тоқашбаев тапсыр-ды. «Қазақ журналистикасының қайраткері» құрметті атағына қазақ журналистикасының қазіргі ең үлкен ақсақалы – 92 жастағы қарт журна-лист Сапабек Әсіпұлы мен мемле-кет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза бастаған алматылық аға буын журналистер ие болды.

Арасында жергілікті БАҚ басшы-лары бар, барлығы 45 адам кеуделеріне «Қазақ журналистикасының қайрат-кері» рәміздік медалін тақты. Өнер шеберлері ән-жырдан шашу ша-шып, ардагер журналистерге ар-найы жайылған Айт дастарқаны ба-сында дүниеден өткен барша қазақ журналистеріне бағышталып, Құран оқылды.

алМаТы

Суретті түсірген автор

1-сурет

2-сурет

динара БІТІКоВа,«Егемен Қазақстан»

Еліміз бүгінде ғарыш саласында айтарлықтай жетістікке ие. Ал сол еңсерген елеулі игіліктің бірі – «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі. Әлемнің көптеген елдері үшін әлі күнге қол жетпес арман болып отырған жасанды жер серігі біздің елде бар. Тіпті, еліміз қазіргі таңда осы салада білікті отандық мамандарды да даярлап үлгерді. Оған «Ақкөл» ғарыштық аппараттарды басқарудың жер үсті кешенінің «сайдың тасындай» сайыпқыран қызметкерлері дәлел бола алады. Ақпарат және байланыс қызметкерлері күні қарсаңында аталған орталыққа арнайы барып, мамандардың мерекелік көңіл-күйімен бөлісіп, орталық жұмысымен танысып қайтқан едік.

«KazSat» ғарыштық аппараттарды басқарудың жер үсті кешені Астанадан 100 шақырым жердегі Ақкөл қаласында орналасқан. Қазіргі таңда бұл қаланың аты аталса болғаны, көзі қарақты жұрт бірден «Ақкөлге бардың ба, «KazSat»-ты көрдің бе?» деседі. Өйткені, бұл шағын қаланың, әрине, еліміз үшін маңызы зор. Себебі, Қазақстанның ғарыш кеңістігін игерудің жаңа кезеңі осы жерден бас тал ған. Алғашқы отандық ғарыштық аппа раттарды жер үсті басқару кешені 2005 жылы осында құрылды. 2006 жылдың маусымында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған бірін ші қазақстандық «KazSat» байланыс пен ха-бар тарату спутнигін бас қару «Ақкөлден» жүргізілді. 2011 жыл дың шілдесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран ұшырғышымен геостационарлық орбитаға екінші қазақстандық байланыс және хабар тарату серігі жеткізілді. Ол да «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығынан басқарылады және Қазақстанның, Орталық Азия елдерінің және Ресейдің орталық бөлігінің аймақтарына телевизиялық хабар таратуды, деректерді жіберуді қамтамасыз етеді. Осы жер серігінің арқасында Қазақстан ғарыштық байланыс жүйесі саласында толыққанды тәуелсіз мемлекетке айналды. Тіпті, қазір көршілес елдердің сұранысын да қанағаттандыруға қауқарлы. Ғарыш аппа-раттарын басқаратын білікті мамандар тобы да жасақталды. Ал өткен жылдың қазан ай-ында елімізде Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрылуының өзі бұл саланың жұмысын жандандыра түсті.

Қазір отандық «KazSat-2», «KazSat-3» жасанды жер серіктері «Ақкөлден» және Алматы облысындағы «Көктерек» ғарыштық байланыс орталығынан бас қарылады. Бұл

орталықтың маман дарының арқасында біз ұялы бай ланыс, интернет, теледидар мен радионы пайдалана аламыз. Қазіргі таңда «KazSat» қызметін Қазақстанның ірі теле-коммуникация операторлары, ұлттық ком-паниялар күш құрылымдары, мемлекеттік органдар мен жекеменшік компаниялар кеңінен қолданады.

Ғарыштық аппараттарды басқарудың жер үсті кешені кәдімгі өндірістік зауыт-тар сияқты тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істейді. Байланыс үзілмейтін үдеріс бо-луы тиіс. Алматы облысындағы резервті басқару орталығы да осы мақсатта құрылды. Сондықтан мұндай стратегиялық нысанның

баламасы болу аса маңызды. Егер де Ақкөл маңындағы кешен істен шығатын болса, ғарыштық аппараттарды басқару қызметін Алматы маңындағы орталық мойнына алды.

Ғарыштық байланыс орталықтарының қаладан шеткері орналасуының өзі тегін емес. Оның бірнеше себебі бар екен. Біріншіден, бұл жерде қаладағыдай радиокедергілер мүлдем аз. Екіншіден, табиғаты қолайлы. Инженерлердің айтуынша, шамамен 12 айдың 10 айында аспан ашық тұрады. Ал бұл жер серіктерін еш кедергісіз басқаруға зор мүмкіндік береді. Орталықтар пайдалануға берілгелі бері дамылсыз жұмыс істеп келеді.

«Ақкөл» ғарыштық аппараттарды басқарудың жер үсті кешенінің дирек-торы Шоқан Свогузовтың айтуынша, «KazSat-3» жер серігін іске қосу Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды сәттерінің бірі бол-ды. Байланыс жөніндегі ұлттық Жер серіктерінің болуы белгіленген спутниктік

байланыс арналарына елдің сұранысын және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, мемлекет аумағында «цифрлық теңсіздікті» жояды. Қаржының шет елдерге кету ағымын төмендетеді.

«Үш жылдың ішінде «KazSat-3» жер серігінің ресурстарын 9 мемлекеттік және қаржылық ұйымдар пайдаланды. 2016 жылы Қазақстан Республикасы ұлттық телеоператорларының шетелдік байла-ныс және хабар тарату жүйесінен отандық жүйеге көшуі толық аяқталды. Бүгінгі күні «KazSat-3» жер серігі базасында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша түпкілікті тұтынушыға дейін цифрлы теле-радиохабарларын тарату қатамасыз етілді. Телерадиохабарларын тарату саласындағы ұлттық оператор болып табылатын «Қазтелерадио» АҚ «Отау ТВ» жер серіктік телерадио хабарлары бағдарламасын тара-тады. Ал Сaspio HD операторы «KazSat-3» технологиялық платформасын пайдала-на отырып, HD форматындағы телеарна-лар пакеттерін республиканың кез кел-ген нүктесіне жеткізеді. Бұл ресурсты «Алма ТВ» да пайдалануда», дейді Шоқан Ғалиханұлы.

«KazSat-3» жер серігін қалып тас тыр ған кезде сенімділіктің қажетті дең гейі мен осы аппарат сипаттамасына сәйкес мүмкіндіктер бере алатын заманауи техникалық шешімдер

пайдаланылды. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстан Республиканың ғана емес, Орталық Азия елдерінің (Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан) бүкіл аумағына, сондай-ақ, Ресейдің орталық бөлігіне жетеді. Ғарыштық аппаратты басқаруды «Ғарыштық байланыстың республикалық орталығы» АҚ-тың жоғары білікті мамандары жүзеге асырады.

Бір айта кетерлігі, Ақмола облы сын дағы Ақкөл қаласындағы ғарыштық аппараттар-ды басқарудың жер үсті кешені мен Алматы қаласындағы «Көктерек» ғарыштық аппарат-тарды басқарудың резервтік кешендерінде ең жаңа техни ка лық құралдар қолданылады.

«KazSat» ғарыштық жүйесі штаттық пайдалануға берілген сәттен бастап, қазіргі уақытқа дейін 16 байланыс опера торы мен еліміздің мемлекеттік ор ган д арының қажеттіліктері қамта ма сыз етілді, 200-ден астам жұмыс орны құрылды.

Айтқандай, биылғы жылдың наурызында

«KazSat-2» жоғалып «кетіпті» немесе «істен шығыпты» дегендей қауесет тараған бола-тын. Сол кезде сала мамандары «KazSat-2» ғарыш аппаратымен байланысты жоғалту туралы ешбір оқиға тіркелмегенін айтты. Сол күні орталықтың білікті мамандары апатты жағдайдың алдын алған. Тәжірибелі мамандар техникалық ақауды зерттеп, нәтижесінде аппаратпен байланысты қайта қалпына келтірген.

«Ғарыш аппаратының өз міндетін дұрыс атқара алмай қалуына жерден басқару жүйесіндегі кінәрат себеп болған. Салдарынан отандық жер серіктік телехабар таратудың аналогтық эфирі мен өңірлердегі жергілікті арналардың таратқыш желілері сигналды дұрыс қабылдай алмай қалған. «KazSat-2» аппаратын біз жоғалтқан жоқпыз. Біз онымен үнемі байланыста болдық. Тиісті тапсырманы республикалық ғарыштық байланыс орталығының мамандары беріп тұрды. Тек штаттан тыс жағдай орын алды. Қазір жағдай қалпына келді, тиісінше жұмыс істеп тұр. Мұның өзі мамандарымыздың біліктігін дәлелдейді. Мамандарымызға сынақ болды», дейді «Ақкөл» ғарыштық ап-параттарды басқарудың жер үсті кешенінің директоры Шоқан Ғалиханұлы.

«KazSat-2» ғарыштық аппаратының белсенді қызмет ету мерзімі 2023 жылдың қараша айында аяқталады. Сондықтан

«Ғарыштық байланыстың республикалық орталығы» АҚ оның орнына келетін «KazSat-2R» аппаратын құру және оның қызметін пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруда. Қазіргі күні компанияда осы ғарыштық аппаратты құру жөніндегі жоба алды жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қоса, бүгінгі күні ғарыштық аппараттар-ды жинақтау-сынақтан өткізу кешенін қалыптастыру жөнінде атқарылып жатқан істер де бар. Бұл жоба ғарыштық аппа-раттар мен олардың бөлшектерін жоба-лау және әзірлеу бойынша жұмыстардың толық кезеңін жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Елімізге басқа елдерден ғарыш аппарат-тарын жасау жөнінде тапсырыстар алуға, сондай-ақ, жер серіктері өндірісінің әлемдік нарығына шығуға мүмкіндік береді.

ТМД бойынша жасанды жер серігі бар мемлекеттер саны бесеу ғана. Қазақстан осы елдер сапында. Әрине, бұл еліміз үшін биік бедел, асқақ абырой.

Көк пен жерді жалғаған «kazsat»––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Бұл күні басқалардан гөрі БаҚ өкілдерінің еңбегі ерекше аталып жатады. оның өзіндік себебі де бар. Өйткені, алғашында бұл күн журналистердің жеке мерекесі болатын. 28 маусым − БаҚ туралы қазақстандық алғашқы заң шыққан күн. Бірақ кейін журналистер мерекесі маусымның соңғы жексенбісінде атап өтіліп келді. ал қазір мерекенің 28 маусымға белгіленген толық атауы − Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні. Тәуелсіз Қазақстанның ақпарат саласындағы орасан жетістігі ғарыш сала­сымен тікелей байланысты. Көк мен Жердің арасына көпір салған ғарыш саласының мамандары нағыз байланыстың тұтқасын ұстап отырғандай. ыбырайшаласақ, «айшылық алыс жерлерден, көзді ашып­жұмғанша, жыл­дам хабар алғызған» «өнер­білімі бар жұрттар», міне, осы саланың майтал­мандары. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 8: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

8 28 маусым 2017 жылэкономика

Атамұрат ШӘМЕНОВ,экономика ғылымдарының докторы

Кәсіпке баулудың кейбір мәселелері

Елімізде еңбекке қабілетті адамдар саны 9 миллион екен, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар 8,5 миллион, 6,3 миллион – жалдама-лы жұмыскерлер, 2,2 миллион – өз бетінше жұмыспен қамтылғандар. Ал жұмыссыздар 445 мың адам. Ал жұмыспен қамтылған дар саны жұмысқа жарамды адам дар санының 67 пайызын құрайды, ал бұл көрсеткіш біз ұмтылып жүрген өркениетті 30 елде орташа алғанда 82 пайызды құрайды. Яғни, Қазақстан үшін халықты шынайы жұмыспен қамту жайы өзекті болып отыр.

Бұл мақсатқа жету үшін үш деңгейлі оқу жүйесі қарастырылған. Біріншісі, еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даяр­лау. Бағдарламаға қатысушыларға аталған мамандықтарға оқытудың екі деңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі. Өткен жылы бұл жөнінде Елбасы Қазақстан халқына Жол­дауында айтқан болатын.

Бұл оқуға өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың 9­11­сыныптарды бітірген балалары, оқу орындары­на түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай­ақ өзге санаттағы азаматтар қабылданады. Ал өзге санаттағы адамдарға жататын кімдер деген сұрақ туады. Олар көп балалы отбасылардың балалары, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың, сондай­ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа та­бысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балалары, мектеп­интернаттарда және дарынды балаларға арналған интернаттарда, интернаттық ұйымдарда білім алатын, денсаулық жағдайына қарай үйде немесе емханада, медициналық оңалту ұйымдарында оқитын, жетім, ата­аналарының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек және кәмелетке толма ған­дарды бейімдеу орталықтарындағы балалар. Олардың оқуы тегін, бір реттік ыстық тамақпен, шәкірта қы­мен, жол жүру ақысымен қамтама­сыз етіледі. Ал оқуды аяқтаған және біліктілік емтиханынан өткен оқушы­ға белгілеген тәртіппен техника­лық және кәсіптік білім туралы диплом, біліктілік туралы сертификат беріледі. Біріншісі түсінікті, ал екін ші берілетін сертификаттың да өз мәні бар. Өйткені, онсыз микрокредит ала алмайсыз.

Екінші оқу жүйесі, бұл жұмысшы к а д р л а р д ы е ң б е к н а р ы ғ ы н д а сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту. Бағдарламаға қатысушы лар­ды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі. Қысқа мерзімді кәсіптік оқу ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.

Үшіншісі − «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәс іпкерл ік негіздеріне оқыту. Бұл жоба жұмыс­сыздар, кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдар мен аудан орта лықтарын­да тұратын өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдарды кәсіпкерлік дағдыларға оқытуға, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооператив­терін қалыптастыру қағидаттарына, сондай­ақ олардың бизнес жоба ларын сүйемелдеуге бағытталған. Бұл оқу да тегін, оған қосымша стипендия төленеді.

Оқу мерзімі 30 күн, бірақ оқуға қатысушының 12 айға дейін биз­нес­жобасының іске асырылуы сүйемелденеді. Ол жұмысты қар­жылай емес қолдау оператор лары атқарады. Бизнес­жобаны іске асы­руды сүйемелдеу бизнес­жоба ны іске асыру кезеңінде кон суль тациялық қолдау көрсетуге бағытталған. Осы жерде менің ойыма ислам банкингінің қағидаттары келіп отыр. Олар несие бергенде пайыз дық үстеме алмайды, сіздің бизнесіңіздің жүруін қадағалап, пайдаңызбен бөліседі. Қазақстанда ислам банктері ірі бизнес арасында ғана жүр, шағын бизнес пен ауыл экономикасына әлі бет бұра қойған жоқ. Сондықтан бұл бағдарламадағы қағидаттар құптарлық.

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Қазіргі уақытта мұнда құрылыс жұмыс тары қарқын алып, әртүрлі қуатты­лықтағы, жоғары вольтті желілерден бас тап өндірістік ғимараттарға дейін, ұзын саны елуден астам нысандар са­лынып жатыр. Карьерде кен өндіру ша­ралары биылғы жылдың екінші жарты жылдығында, ал жақын жылдары іске қосылатын тау­кен байыту кешенінде алғашқы концентратты өндіру 2018 жыл­дың үшінші тоқсанында басталады деп жоспарланып отыр. Фабрика толық қуа­тын да жұмыс істеуге 2019 жылы көшеді.

Алтын өндіруші «Полиметалл» ком­пания сы 2014 жылы Жарма ауданы аума ғындағы Бақыршық кен орнын са­тып алғандығын жариялаған­ды. Сол уақыттан бері кәсіпорын бизнестің әлеу­меттік жауапкершілігі негізінде аудан тұрғындарына тұрақты түрде қолдау көр­сетіп келеді. 2014­2016 жылдар ара лы ғы­нда кен орны облыс және Жарма ауда ны әкімдіктермен жасалған меморан думдар аясында әлеуметтік салаға 1 млрд 74 мил­лион теңгеден астам инвестиция салыпты. Осы уақытқа дейін облыс, республика бюджетіне және бюджеттік емес қорларға 1,2 млрд теңге көлемінде салық төлепті.

Кәсіпорынның қолға алған ең ауқым­ды әлеуметтік жобаларының бірі – Әуезов кентіндегі 20 жылға жуық қаңырап бос тұрған 180 орынға арналған балабақша ғима ратын қайта қалпына келтіруі. Ком­пания бұл мақсатқа 240 миллион теңге қаржы жұмсап, 2016 жылдың аяғында толықтай жөндеуден өткізілген, заман та­лабына сай жабдықталған «Аққу» бала­бақ шасын мемлекет қарамағына бер ген­ді. Журналистерге тәрбие оша ғын арала­тып көрсеткен балабақша меңгерушісінің

міндетін атқарушы Назкен Бектұрғанова 1999 жылы осы нысан жабылып қалған кезде бірнеше әріптестерімен бірге өзі­нің де жұмыссыз қалғанын айтады. «Құдайға шүкір, 20 жылдан кейін бұрын­ғы әріптестеріміз осы балабақшада қайта­дан бас қосып, еңбек етіп жатқан жайы­мыз бар. Мұнда балғындар үшін де, тә р­биешілер үшін де барлық жағдай жасал ған. Ұжымымызда еңбек ететін жас ма ман ­дардың қатары да аз емес. Бала бақ ша ның жұмыс істей бастағанына бар бол ғаны 4 ай болса да, үлкен қалаларда өтетін әртүрлі семинарларға қатысып, бі лік ті лігімізді шыңдап жатырмыз», дейді ол.

Кен орны Әуезов кентіндегі емха­на, мектеп пен еркін күреске арналған

спорт залын күрделі жөндеуден өткізуге де жәрдемдесіпті. Кәсіпорын жыл сайын Әуезов кенті мен Шалабай ауылындағы мектептерді бітірген түлектерге 4 грант бөліп отырады екен. Қазіргі уақытта еліміздің университеттерінде 23 студент білім алып жатқан көрінеді.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне ерекше тоқталған еді. Біз бұл жауапкершілікті толық сезінеміз. Соңғы үш жылда Жарма ауданының Әуезов, Шалабай ауылдарының дамуына 1 млрд 74 млн теңге қаржы инвес­тицияланды. Біздің кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да қолдау көрсете бермек. Себебі, бұл ауылдың ғана емес, келер ұрпақтың өсіп­өркендеуіне тартылған инвестиция деп түсінеміз», дейді «Бақыршық тау­кен өндіру кәсіпорны» ЖШС бас директоры Юрий Овчинников.

Биылғы ақпан айында кәсіпорын бас ­шылығы Жарма ауданының әкім дігі мен меморандумға қол қойып, аудан ның да­муына 30 млн теңге, облыс әкім дігі мен жасал ған келісімшарт ая сын да аймақ тың инфрақұрылымына 750 млн теңге қар­жы бөліпті. Кен орны бизнестің әлеу­мет тік жауапкершілігі аясында биыл ау­дан орталығына айтыскер ақын Қали хан Алтын баевтың ескерткішін орнатып, рес­пуб ли калық ақындар айтысын ұйым дасты­руға қаржылай қолдау көрсетіп, Әуезов кентіндегі амбулаторияның екінші қабатын, әкімдіктің акты залын және «Арман» клу­бын жөндеуден өткізуді жос парлап отыр.

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіЖарма өңірінің өркендеуіне үлес қосып келеді

Айнаш ЕСАЛИ,«Егемен Қазақстан»

ӘлҚиссА. Жер бетінде гүлдердің таңға жайып түрлері миллиондап саналса­да, көркем дігі мен пәктігі жағынан жау қа­зынға жетер гүл бар ма екен, сірә?! Тіпті, тарихтың тере ңіне үңіліңіз, бол ма са бала­лық шаққа саяхат жасаңыз, есте лігі ерен дәл осындай қасиетті өскінді кездестірер ме едіңіз. Жауқазынға қатысты аңыз да көп, әфсаналар да жетіп артылады.

Осы гүл жердің бетінде қашан және қалай пайда болды өзі? Әлмисақтан жет­кен аңыздарға сенсек, Шырынға ғашық бо­лып, жалған сөзге сеніп, сүйгеніне қосыла алмай жартасқа соғылып өлген Фархадтың басынан аққан қанынан өсіп шыққан деседі. Әфсана әфсанамен, ал ғалымдар жабайы жауқазындар Солтүстік Ираннан бастап, Памир тауларынан асып, Тянь­Шаньға дейін салтанат құрғанын айтады. Осы 10­15 миллион жылда жауқазын жылжып отырып Испаниядан Мароккаға дейін жайқалған. Ал Иран аңыздарында жауқазын айдаһардан аққан қаннан өсіп шыққан деседі. Ағылшындардың көне ертегілерінде жауқазын қауызына періштелер түнейтіні әлі күнге дейін айтылады. Парсы әдебиетінде «дюльбаш» деген атауға ие гүл тюрбан дейтін Шығыс бас киімінің үлгісін еске салмай ма?! Кейбір наным­сенімдерде сары жауқазынның қауызында байлық пен бақыт жасырынып отырады­мыс.

Қызғалдақтың «төркіні» – Қазақстан

Қандай дерек көздерін ақтарсақ та, жауқазын бір замандарда қазақтың даласынан тарап, Батыс Еуропаға дейін барып, қазір Голландия сияқты елдерді ен байлыққа бөлеп отырғаны туралы ләм­мим демейді. Мақала түгілі, кітап жазуға болатын ағыл­тегіл ақпараттар легінде «тюльпанның төркіні» Қазақстан екені айтылмайды­ау, айтылмайды.

Есесіне және ең қызығы, 2014 жылы Елбасы осы Нидерланд Корольдігіне рес­ми сапармен барғанда, жауқазынның түп отаны Қазақстан екенін голландықтардың өздері мойындап, тіпті гүлдің жаңа бір сұрпын «Президент Назарбаев» деп ата­ғанын білеміз.

Айтқандай, бұрынырақта Вашингтон­нан іссапармен келе жатып, үстінен күндіз ұшақпен келіп қонып, абстракциялық кілем сияқты әсер қалдыратын осы елдің әуе жайында жарты күн қамалып отырып, Гол ландияға сөзсіз қайтадан оралуды көксе геніміз де есімізде. Сол транзиттік жолау шыны қызығы мен құпиясын ішіне бүк кен бөлек елді армансыз араласа деген тілегіміз тәңірдің құлағына жетіп, Амстердамға да бір жол түскен­ді.

Ішін армансыз аралаған адам түгілі, төбеден ұшқан туристі өзіне магнитше тартқан елдің не құдіреті бар екенін осы елге жолы арнайы түскен жан біртіндеп түйсінеді. Бұл Голландияны сұлулығымен көмкерген жауқазынның қасиеті екені сөзсіз. Ғылымсыз­ақ, бұл мемлекетке құт болып келген қасиетті гүлдің түбі Қазақ­стан екенін ішкі түйсікпен, ешқандай ғылыми дәйексіз­ақ ұғынуға болар еді.

Әуежайдан трапқа табаның тигеннен­ақ, сізді құшақ­құшақ жауқазындар са­тылып жатқан бутиктер, жауқазын кәде­сый лары, жауқазын бейнеленген көй ­лек көн шектер қарсы алады. Кез келген тірлік тің тілін тапқан осынау ел жау­қазын ды ғаламдық бизнеске қай заман­да айналдырып үлгер геніне өзіңіз де таңғаласыз.

Туристер күн сайын миллиондап ағылған тарихи көшелерде жауқазын

тұқым дарының түр­түрі миллиондап саты­лып жатады. Әдемі қағаз қапшықтарға салын ған тұқымдардың өзі туристерге таптыр майтын тәбәрік. Танысыңыз бен туысы ңызға тұқымдарын сый ретінде сатып алсаңыз, күндердің күнінде бақ­шасында жайқалып, сізді сәт сайын еске алып тұрары сөзсіз.

Жауқазын базарларын айтпағанның өзінде, кез келген сыйлық дүкендерінде туристерге мыңдап сатылып жатқан мата­дан тігілген, ағаштан жасалған жауқазын­дар көздің жауын алады. Сұлулы ғын ішіне бүккен бұл гүлдің суреттері де таптыр май тын сыйлық. Қайда қарасаң да жауқазын, сөмкелерге салынған суреттер, шыныдан мөлдіретіп құйған жауқазындар, тізе берсең таусылмайды. Бүкіл елдің брендіне айналған қасиетіңнен айналайын қызғалдақ, осыншама құт болармысың! Мемлекеттің қазынасына күн сайын, сәт сайын мил лиондап құйылып жатқан байлықтың бір бөлігі осы экспортталған гүлдерден келіп жатқанына шүбәңіз болмасын.

Ал біз күндердің күнінде осы тақы­рыпқа қалам тартатынымызды түйсінген болармыз, жауқазын десе үнемі елең етуші едік. Тіпті, бала күніміздің ең жарқын суреттері де жау қазынмен байланысты болып келеді екен.

Біздің оңтүстік өңірлерде бала күні­міз де «маевка» деген үрдіс болушы еді. 1 ма мыр күні жұрттың бәрі тауға шыға­ды. Таудан түс ауа ұбап­шұбап келе жат­қандардың қолында құшақ­құшақ гүл бо­лушы еді. «Жауқазын» деп кейін әспеттеп айтып жүрміз ғой. Шын мәнінде оны бала күнімізде «қыз ғалдақ теруге бару» деп білетін едік. Ал кәдім гі қызғалдақты бәрі де «итқызғалдақ» дейтін. Ауылдың іргесінде, кез келген аулада тез гүлдеп, тез қурайтын, қолжетім жердегі итқызғалдақтың қадірі, әрине жау қазындай емес. Ол жауқазындай таудың бөктерінде өспейді.

Жауқазын жылнамасыБұрынырықта жауқазынға қатысты

өте қызықты дерек оқығанымыз да есте. Қысқасы, жауқазын жайлы VI­VII ғасыр­лардағы парсы әдеби шығарма ларында да жолдар көп. Оның бер жағында бірінші рет Батыс Еуропада, Португалияда 1530 жыл­дары алғашқы жауқазындар отыр ғызыла бастаған көрінеді. Ширек ғасыр өткенде бірінші жауқазындар Солтүстік Еуропаға да жетеді. Әйгілі ботаник Геснердің айтуынша, Аусбургке қызыл жауқазын Ыстанбұлдан, яки Каппадокиядан барған. Ал кейбір әдебиеттер Антверпенге жау­қазынды фламандық дипломат Олье де Буюбек жібергенін дәйектейді. Елші Олье де Буюбек 1554­1562 жылдары Түркияда тұрған. Сол сияқты Византияға да жауқазын тұқымдары мен ұрықтары Австрия императорының Түркиядағы елшісі Олье де Буюбек арқылы жеткен. Ол жауқазын тұқымдарының үлкен партиясын 1554 жылы Венаға аттандырады. Егер Ертұғрылдың ұрпақтары түріктердің түп Отаны – атажұрты Қазақстан екенін ескерсек, онда жауқазындардың Батыс Еуропаға, тіпті бүкіл әлемге қалай тара­ғанын аңға ру қиын емес.

Сонымен, баяғыда оқыған сол бір мақа лаға қайта оралып көрелік. Айттық қой, жауқазынның біз білмейтін құпия­лары да, қасиеті де мол. Қысқасы, осы­дан кейін Еуропаға жауқазынның тәж киген таң даулы сұрыптары да біртіндеп бара бастаған. Қалай барғанын, кім­дер апарғанын тәптіштеп баяндап оты­руға басылымның шектеулі жол дары көтере қоймас. Алайда, Осман импе­рия сы нан жеткен ғажайып жауқазын түр лері Еуропаға тез тарайды. Түрік

сұл тандарының сүйікті гүлінің тұқымдары уақыт өте келе валюта орнына жүргенін, Еур опа дағы Қор биржаларында алтыннан да жоғары бағаланып, акция ретінде сатыл­ғанын, ғасыр спекулияциясына айнал­ғанын тарих ұмыта қоймас.

Кейбір дереккөздерге сенсек, жау­қазын ның «Tulipa gesneriana» дейтін түрі Голландияда 1570 жылы пайда болыпты. Византиядан кейін әйгілі селекционер К.Клузиус басқа да белгілі ботаниктермен бірге Голландияға шақыртылады да, ол өзімен жауқазын тұқымдарының бірнеше түрін ала барады. Бүкіл голландықтардың «тюльпанаманиямен» дерттенетін кезі де осы тұс. Жауқазынның кейбір сирек сұрыптары 2 мыңнан 4 мың флоринге дейін саудаланып, биржаларда оның бағасы шарықтай бастайды. Қысқасы, XVI ғасырдың басында голландықтардың есіл­дерті жауқазын тұқымдарын қолға түсіру болады. Оның бағасы биржаларда белгіленеді. 3 жыл ішінде 10 миллион флорға дейін жауқазын түйіндері сауда­ланса керек. Тіпті, көптеген өндіріс­шілер байырғы бизнестерінен бас тар­тып, жауқазын өсіре бастайды. Мәсе­лен, Амстердамдағы әйгілі бір сыра хана түгелдей жауқазын тұқымына айырбас­талады. Нәтижесінде, талай адам өзінің барынан айырылады, енді біреулер ен байлыққа белшесінен батады. Жұртты «жынды қылған» жауқазын ауруынан құтқару үшін мемлекет шара қолдануға дейін мәжбүр болғаны тарихтың еншісінде. Бұл әулекілік тек ағылшын бақтары кеңі­нен тарап, жауқазын сұрыптары көбейе түскен тұста тыйылған.

Көршіміз – мына Ресейге жабайы жауқазындар бұрыннан белгілі болса да, бақшалық жауқазын түйіндері тек І Петр патшаның тұсында 1702 жылы Голлан диядан барғанын айтсақ та, көп жайт белгілі болар еді. Князь Вяземский, графиня Зубова, П.Демидов, граф Разу­мовскийлар әуес тенген, XIX ғасырға дейін бай­бағлан ның бағында жайқалған жауқазын тұқымдары әрине, ол заманда арзан тұрмаған.

Жабайы табиғатта өсіп тұрған жау­қазын түрлерін ғылыми тұрғыда зерт теу тек XV ғасырда қолға алына бастаған. Сол кезде Грекия, Италияда, одан кейін Францияның оңтүстік өңірлерінде Дидье деп аталатын түрі мен жасыл бо лып гүлдейтін (Tulipa viridiflora) сұрпы табылған.

Парсы ақыны Хафиздің жауқазын туралы «Оның пәк кереметімен тіпті рау шан гүлі де таласа алмайды» дейтін жолдардан асырып айту мүмкін емес. Көне бір жазбаларда «Бұл гүлдің исі жоқ,

кәдімгі тауыс құсындай көркем – ән. Есесіне жауқазын әдемі қауызымен, тауыс құсы ғажайып қанатымен танылды» дейтін жолдар бар. Қысқасы, қанша жырласаң да, сұқтансаң да жауқазын туралы айтып тауысу мүмкін емес.

Айтқандай, біраз жыл бұрын белгілі қыпшақтанушы ғалым Александр Гар­ка вецпен сұхбаттаса отырып, түркі тілдерінің негізгі бөлігінің түптамыры – қыпшақ тілінде осыдан 700 жыл бұрын Алтай мен Дунай арасын мекендеген халықтардың бәрі сөйлегенін, олардың селекциямен қалай айналысқанын баян­дағаны бар. 2003 жылы ғалымның «Қыпшақ жазба мұралары» деген құнды зерттеуі жарық көрген болатын.

Тағдырдың талай теперішін бастан өткеріп, тарихтың қатпарларында көмескі­леніп қалып кеткен түркі халықтары ның түрлі болжамды жазба тарихы ғылымға адал берілген осы бір оқымыстының арқасында дәлелді деректермен дәйектелген­ді. Сонымен, бір ғасырларда Алтай мен Дунайға дейінгі аралықта салтанат құрған біздің ата­бабаларымыздың тілі және оның жазба тарихы туралы Александр Гарка­вецпен бүкпесіз сырласа отырып, жоғары­дағы жемістерді сүйегінен қалай айыру дың жолдарын түсіндірген­ді. Ғалым қыпшақ­тардың ғылыммен де терең айналыс қанын, мәселен өте ізденімпаз А.Торосович дейтін саудагердің жасыл райхан гүлін, сүйегі жоқ шабдалы мен өрік өсірудің әдісін бүге­шігесіне дейін баяндады. Бір қызығы, селекционерлер тәжірибесін сәтті тәмамдай келе: «Құдаймен тексерілген» деп жазады екен. Міне, бұл да біздің бабаларымыз. Қан деген, жәй ағып жатқан су емес. Ықы лым бір замандарда бұл өнер біздің де қанымызда болды.

ТөрЕ сөздің Түйіні. Ендеше, тоқ сан ауыз сөздің тобықтай түйіні – жау қазынның түп Отаны – Қазақстан деп құр мақтанға салынғанша, оны төріне шығарып тәжін кидіріп, қазақтың өзіне құт қылып қайтарар күн туса екен деген тілекпен, түрткі ойларды төгіп отырған жайымыз бар.

Қазірдің өзінде Қазақстанда қызғал­дақ тың 32 түрі өседі екен. Оның ішінде 12 түрі тек біздің еліміздің топырағына тән дейді. Әлемнің небір бағбандары барын салып, өмірге әкелген жауқазынның сирек түрлері енді бізге жерсінбейді деп әсте ойлауға болмас. Ботаниктеріміз бен істің жайын білетін бизнесмендер күштерін біріктірсе, көз дің жауын алған жауқазын өзіміздің кең­байтақ далаға ен байлық әкелері сөзсіз.

АЛМАТЫ

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жарма ауданында орналасқан Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырып, әлеуметтік және өндірістік нысандарын аралатып, атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Толғандырар Тақырып

Қасиетті жауқазынЕн байлыққа ие болар күн қайда?

аудан ахуалы

Page 9: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

28 маусым 2017 жыл 9білім

әлеуметтік қорғаудың әлеуеті

серпін

Болашақтың мамандықтары

Білім – шамшырақ. Алдағы жол андыздап көрінеді. Сүрінбейсіз, жортақтауыңыз, желе жортуыңыз, бауырыңызды кең жазған ша­бы сыңыз жиған білімге байла­ныс ты. Білім – ырыстың тіз гіні. Ырысты тал бесіктен жер бе сік ке дейін іздейтін уақыт туды. Өй т­кені, білгірге ділгірлік бар. Тес­тілеу қортындысы бойынша жо ­ға ры оқу орындарына құжат тап­сы ратын талапкердің өмірлік мақ сат­мұратын айқындауы – ел болашағына қосар үлесін ай қын да­уы. Сондықтан мамандық таң дау ға бейжай қарауға болмайды.

2000 жылдары әл-Фараби атын-дағы ҚазҰУ-дің журналистика фа-ку ль тетінде алғаш рет PR (паблик ри лейшнз) мамандығы ашылғанда көп шілік оның қандай мамандық еке-нін жете түсінбейтін. Бүгінде ком-мерциялық ұйымдар ғана емес, мем ле-кеттік құрылымдар да қоғаммен байла-ныс бөлімінсіз жұмысын жолға қоя ал-майтын дәрежеге жетті. Тіпті, бұл сала түрленіп келеді десе болғандай. Осы күні осыған сабақтас ИТ-евенгелист мамандарына үлкен сұраныс бар. Ол нарықта тауарды өткізуге арналған аудитория қалыптастырады. Кәсіби евенгелистерді жекелеген компания-лар өз технологиясы мен өнімін өткізу үшін жалдауы немесе сатып алған есімін пайдалануы мүмкін. Евенгелист деген діни лексиканың өзі белгілі мақ-сат қа негізделген ақпаратты тарату мен жақтастар жинау дегенге жақын. Жал-пы, болашақтың мамандықтары қан-дай болмақ? Талапкерлер буы ны ның баршасын осы сауал ойлантуы тиіс. Бүгінде виртуальды әлемнің сәу лет-шілері, нейроинтерфейстердің жоба-лаушылары, эмоция дизайнерлері еңбек нарығын түбегейлі өзгертетіні бел гілі болды. Сарапшылар қазірдің өзін де көптеген мамандықтарды «зей-нетке» шығарып жатыр. Олардың ара-сында есепші, call-center операто ры, такси жүргізушісі, аудармашы си яқты мамандықтар бар. Бұл мін дет тер-дің барлығын болашақта компьютер, автоматтандырылған жүйелер ат қар мақ.

Болашақтың еншісіндегі бір ма ман-дық – ғарыш жолының инженері. Ол Жерге жақын көлік жүйесі мен көлік тас қыны дәлізіне қызмет көрсететін болады. Мәселен, орбитаға арналған рейстер мен құрлықаралық тасымалд ы баллистикалық ракеталардың тра ек-ториясы арқылы жүзеге асыру көз-деліп отыр. Сондай-ақ баланың бо-лашақтағы мінез-құлқын, яғни, ке-лешек кейпін жоспарлайтын сарап-шы лардың қызметі қызады деген бол жам бар. Әлбетте, келешектегі ең қажетті мамандар IT саласы мен ро-бот техникасының білгірлері бол мақ. Себебі, технологиямен жұмыс бар-лық саланың қызметіне әсер етеді. Ай талық, дәрігерлер болғанымен ем деу сипаты өзгереді, фермерлер жұмысын жалғастырғанымен, өсім-дікті өсіру технологиясына өз ге ріс - т ер енеді. Мәселен, сити-фермер қала ішінде, зәулім ғимараттар тө бесінде оты рып-ақ агрокешенді шаруа шы-лық тарды дамытуы ықтимал. Тірі ағза сәулетшісі микроағзалар мен генетикалық түрленуге ұшыраған ағзалардың қатысуымен жабық цикл-ді технологиялар құра бастайды. Бұл арқылы қалалық ферма құру, қо қыс ты қайта өңдеу, биореактор қуа тын арт-тыру жобалары жүзеге асы рылады. Сәулетшілерге байланыс ты құрылыс технологиялары да түбегейлі өзгереді. Яғни, болашақта адам дар осы қызметтің баршасын роботтарға жүктейді не-месе басқа да баламаларына беруге мәжбүр болады. Тіпті, гуманитарлық мамандық иелері де жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл саладағы ең ізгі саналатын педагогика мамандарының қызметі үлкен цифрлық базаға топтастыры-лып, компьютермен сарапталып оты-рады. Ал мұғалім баланың басынан сипап, ұйқысының қанған-қан ба ғанын сұрайтын адами қарым-қа тынас фак-торын сақтау қызметін ғана атқаруы ықтимал. Десе де, гу ма нитарлық мамандар әрдайым адам гершілік күзетінде. Осы бағыт одан әрі тереңдей түсуі, жаңа тұрпатта жаң ғыруы мүмкін. Мәселен, өнер мен ғылымның бай-ланысы бір елі ажы раған емес. Тіпті, жаңа дүниелер сур етшілерге жаңа тех-никаларды иге руге немесе жаңа жанр ойлап та бу ға жәрдемдеседі. Соның ішінде та яуда science art термині пай-да болды. Мұны ғылыми өнер деп те айта ды. Яғни, ғалым мен суретшінің әріп тес тігінің нәтижесінде пайда бо-латын игі лік болғандықтан, мұнда қылқалам ше берінің құштарлығы ғана емес, ғы лыми зертханалар мен зерттеу ор та лықтарының болуы да маңызды. Әлем дегі көптеген университеттер сай нс-артқа қолдау көрсетіп отырады. Бұл кеңінен қанат жайып келе жатқан әрі сұранысқа ие тың өнер.

Әрине, таңдау – әркімнің жеке құ-қы. Кез-келген мамандықпен қо ғамға қыз мет етуге болады.

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан»

Гүлнұр ҚУАНЫШБЕКҚЫЗЫ,«Егемен Қазақстан»

Мамандардың айтуынша, білім, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет, қаржы және сақтандыру мамандықтары бойынша жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғары (4-4,6%). Бұл көрсеткіш орман, балық шаруашылығы мамандарында төмен. Яғни, жұмыс таба алмаған дипломы бар маман күнкөріс қамымен басқа қызметтерге орналаса бастайды. Мұның себебін көпшілігі білім беру жүйесінен іздейді. Үкімет кадрлар үйлесімсіздігін анықтап, экономика мамандары мен заңгерлерді азайтып, инженерлерге берілетін гранттарды арттыру керек дейтіндер де бар. Бірақ мемлекеттік тап-сырыспен оқитын жастар тек 20 пайыз екенін де ескерген жөн. Жалпы, 2000 жыл-дан бері жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,5 есе азайған. Ал 2015 жылы «Білім ту-ралы» Заңға «ұжымдық оқыту» термині енгізілгені белгілі. Бұл оқу орны, мемлекет пен жұмыс берушінің жас мамандарды бірігіп дайындауын көздейді. Қазақстанда жастарды жұмысқа тұрғызуға арналған бағдарламалар арқасында 36 мың жас ма-ман қызметке орналасқан. Бағдарламалар қатарында «Дипломмен ауылға», «Жас кадрлар резерві», «Жастар практикасы» жобаларын атауға болады. Мысалы, соңғы бағдарлама жастарға мамандық бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді. Жұмыс берушілердің жоғарыдағы талаптарын ескерсек, бұл жастардың жұмысқа тұруына септігін тигізе алады.

Түлектердің жұмысқа орналасуының жаһандық рейтингі бойынша Гарвард (АҚШ), Кембридж пен Оксфорд (Ұлыб-ри тания) университеттері алғашқы орын-дар да келеді. Бұл рейтингте Сингапур уни верситетінің бір жылдың ішінде 17 по зицияға көтеріліп, 39-орынға жай-ғас қа нын атап өтуге болады. Оның үздік 200 сту денті Бейжің, Стокгольм, Нью-Йорк, Шан хай және Израиль университеттерінде та ғылымдамадан өтеді. Алты ай кішігірім ком панияларда жұмыс істеп, бизнес ашу жолдарын үйренеді. Шетелдерде сту дент терді тағылымдамадан өткізу тә жі рибесі жақсы дамыған. Мысалы, АҚШ-та Google, BMW, Microsoft, Bloomberg, Apple, ExxonMobil, Yahoo, Facebook компаниялары бакалавр, магистрату-ра, докторантура түлектерін ақылы тағылымдамаға қабылайды. Мұндай тәжірибе Жапонияның ірі компания-ларында да бар. 2015 жылдан бастап Үндістан да 6 айға дейін оқу бі тірген жастарды мемлекеттік органдар мен ірі компанияларға, Ұлттық банкке тағылымдамаға қабылдайды. Әлем бой-ынша мұндай бағдарламалардың көбі ор-таша есеппен 6 айға дейін созылады. Та-ғылымдамадан өтетін орын шектеулі әрі тәлімгердің бірнеше сатыдан өтуі талап етіледі. Аталған бағдарламалардың ба-ламалары Қазақстанда да бар. Мысалы, көп теген кәсіпорындар техникалық бағытта білім беретін колледж және жоғары оқу орындарымен меморандумға отырып, дуальды оқыту жүйелері арқылы өздеріне маман даярлауда. Сонымен қатар ірі компаниялар, мемлекеттік

және мемлекеттік емес ұйымдар да жыл сайын байқаулар өткізеді. Оның қатарында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының биыл жариялаған «Жас Өркен» жобасы бар. Ерек шелігі – қарамағындағы ұлттық ком панияларға болашақ топ-менеджерлер дайын дау мақ сатында оқу бітірген жастарды тағы-лым дамадан өткізеді.

Үміткерлерге қойылатын талап көп емес. Бастысы, Қазақ с тан Рес пуб ли-касының азаматы болуы керек. Қал-ғанын іріктеу кезінде жазған эсселері мен жұмысқа құлшынысы, іскер лік қабілеті шешеді. Ақтық кезеңге өткен 20 тәлімгерге артылар үміт көп. Шамамен, 10 жыл ішінде олар басқарушы ме-неджерлер қатарына қабылданады деп болжап отырмыз, дейді бағдарлама жетекшісі Гүлнұр Жассекенова.

Айтуынша, тәлімгерлер жұмысқа кіріспес бұрын бір ай «Самұрық-Қазына» кор поративтік университетінде, бір апта Мәс кеудегі Deloitte компаниясының фили алында арнайы оқу курсынан өтеді. Оқу курсы аяқталған соң финалдық кезең қа тысушылары 20 айлық тағылымдаманы бастайды. Тәлімгерлердің лауазымы бастапқы маман мансабынан баста-лады және тәжірибе жинаған сайын өсуі мүмкін. Әлеуметтік бағдарламаға

Қазатомпром, KEGOC, Air Astana, Kazak Air, Самұрық Энерго, Тау-кен Самұрық, Самұрық Қазына Инвест, Самұрық Қазына жыл жы майтын мүлік қоры, Қазпошта, Қа зақ телеком, Қазақстан темір жолы ком па ниялары қатысады. Айта кетерлігі, бұл компанияларда тәжірибе жинау үшін мін детті түрде сол мамандықтың дипломы болуы шарт емес. Финалдық ке зе ңге өту үшін 1-ші және 2-ші кезең тап сыр ма ла рын, яғни уәждемелік эссе жа зу, қа білет, мінез-құлық тестілерін жоғары дә режеде тап-сыру қажет. Өз-өзіне сенімді, бі лімге құштар, аналитикалық ойлау, көш бас-шы лық қасиеттері бар дарынды тү лек-терге басымдық беріледі, деп атап өтті Г.Жассекенова.

Бағдарлама барысында тәлімгер өзі таң даған бағыт бойынша төрт компания-да бес айдан жұмыс істейді. Мысалы, элек троэнергетикалық бағыттағы инже-нер лікті таңдаса, Самұрық Энергоға қа-рас ты кәсіпорында қатардағы инженер бо лып еңбек жолын бастайды. Одан ке-йін қабілеті мен мүмкіндіктеріне байла-ныс ты қызметтік мансапта өсе алады. Бағ дарлама енді жүзеге асырыла бас та-ғандықтан алғашқы нәтижелік көр сет-кіш теріне байланысты келесі жылы да жалғасуы мүмкін.

Жастарға жұмыс табуға жәрдемдесетін жоба

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Шығыстың табиғаты тамылжыған, көрікті шаһарларының бірі - Риддер. 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста-масымен қолға алынған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» әлеуметтік жобасының «Серпін» бағдарламасы аясында кеншілер қаласына еліміздің оңтүстік өңірлерінен (Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда облыстары) 20-дан астам жас келген-ді. Жуырда Риддерде Білім және ғылым министрлігінің, облыстық білім басқармасының мұрындық болуымен аграр-лы техникалық колледжді «түсті металлдар металлургиясы» мамандығы бойынша бітіріп шыққан 22 студентке диплом тап-сыру салтанаты өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Бағдарламаның Риддердегі алғашқы түлектері22 студенттің 14-і еңбекпен қамтылды

Азамат ҚАСЫМ,«Егемен Қазақстан»

Жас металлургтер жұмысқа кірісті

Салтанатты шара бастал-мас бұрын Астанадан Білім және ғылым министрлігінен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Сер пін» ұлттық жобалар басқар масы нан, Ақ-па рат және коммуникациялар ми нистрлігінен арнайы келген қо нақтар республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерімен бірге пресс-тур аясында «Қазцинк» ЖШС Риддер металлургиялық кешені мен Риддер аграрлық колледжін аралап, тыныс-тір ші-лігімен танысты. Бұл екі ны сан-ның да «серпіндіктерге» ті келей қатысы бар. Өйткені, 22 студент колледжде үш жыл бойы білім нәрімен сусындаса, соның 7-уі 8 ай Риддер металлургиялық кешенінде өн дірістік тәжірибеден өтіп, жұ мысқа қабылданып отыр. Техник-металлург мамандығы бойынша аталған кешенде еңбек етіп жатқан Алматы об-лысының тумасы Мирас Қай-даров Риддердегі үш жыл дың қызықты өткенін, өз дері не барлық жағдайдың жа сал ға нын айтады. «Қала хал қы біз ді құ-шақ жая қарсы алды. Кол ледж -дегі ұстаздарымызға, ш аһар бас-шылығына үлкен алғыс айта мыз. Қазір металлургиялық кешен де өз қатарластарыммен бірге жұ-мыс істеп жатырмын», дейді ол. Ми рас тың қатарластарының бірі, Оң түс тік Қазақстан облысының Шым кент қаласынан келген Ғалым жан Бегалы: «Біз мұнда ең ал ды мен тәжірибеден өттік, тәжі ри бе кезін де әрқайсымызға қол дау ре тін де 90 мыңнан 110 мың теңгеге де йін ақша төленді. Әри не, әуелде тіл жағынан аз да ған қиын дық тар

бол ды. Бі рақ осындағы қыз мет-кер лер түсіністікпен қарап, тіл үй-ренуімізге жәрдемдесті. Ұжымы-мыз жақсы. «Қазцинк» секілді алпауыт кәсіпорында еңбек етіп жат қаны мызға қуаныштымыз» дейді. Жеті бірдей студентті қызметке қа бы л даған кешен басшылығы олар дың жұмысқа деген ынта-ықы л асы зор екенін айтып, қатар лары ның білікті жас мамандармен толық қанына ризашылықтарын біл дір ді. Ел-ордадан келген қонақ тар мен журналистер жылы жақтың ұл-дары мен қыздары білім алған кол леджді аралағаннан кейін «Шы ғыс Қазақстан облысының Риддер қала сында «Мәңгілік ел жастары – ин дуст рияға!» әлеуметтік жо ба сының «Серпін» дамыту бағ дар ла ма сын енгізу болашағы» тақы ры бын да өткен дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстелді ашқан Риддер қаласы әкімінің орын-басары Данияр Дүй сембаев колледж бітірген 22 сту денттің ешқайсысы жұмыссыз қал-майтынын, шаһардағы Риддер ме тал лургиялық кешені тағы да 7 «сер пін дікті», яғни, ұзын саны 14 тү лекті жұмыспен қам-туға ниетті еке нін, қазіргі уа-қытта қалған 6 бой жет кенге жұ мыс іздестіріліп жат қа нын, бұл мәселе жуық арада ше шімін та батынын айтты. 22 сту дент-тің бірі әскерге баруға, енді бірі уни вер ситетке түсуге шешім қабылдапты.

Баспана беріле ме?Жұмыс жайы шешілді де-

лік, ал баспана мәселесі қа-лай болмақ? Қала әкімі орын-басарының айтуынша, 22 сту-дент әзірге Риддер аграрлы техникалық колледжінің жатақ-ханасында тұрады. Жұмысқа орналасқаннан кейін оларға

«2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерліктi дамы-ту» бағ дарламасы аясында осында көшіп келу үшін 20, пәтерді жалдап тұрғаны үшін бір жыл бойы ай са йын 20-дан 30 айлық көрсеткішке дей ін төлемақы қарастырылмақ. Қа-зір Риддерде жоғарыда атап өт кен мемлекеттік бағдарлама не гізінде бір үй, «Тұрғын үй құ рылыс жинақ банкі» арқылы тағы 1 үй салынып жатыр екен. Данияр Дүйсембаев жас ма-мандарды баспанамен қамту мәселесін шешу үшін Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс жол дан ғанын жеткізді. Дөң гелек үстелде сөз алған «Ха -лық ара лық бағдарламалар ор-та лығы» АҚ «Серпін» ұлттық жоба лар басқармасының бас-шысы Күл зия Тобатаева қазір-гі уа қытта «Серпін-2050» бағ-дар ла масымен еліміз бойын-ша 12 мыңға жуық студент бі лім алып жатқанын, оның 2256-сы Шығыс Қазақстанда екендігін атап өтті. «2014 жылы бағдарлама басталғанда оңтүстік өңірдің жастарын ең бірінші болып құшақ жая қарсы алған Шығыс Қазақстан облысы бола-тын. Бір қуанарлығы, бұл аймақ оңтүстіктегі өңірлерден келіп білім алып жатқан жастардың жұмыспен қамтылуына үлкен жауапкершілікпен қарап отыр. Бір ғана кәсіпорын 14 жас ма-манды жұмысқа қабылдап жа-тыр. Бұл – қуанарлық жәйт. Осы ретте Шығыс өңірі өзге об-лыстарға үлгі болады деп ой лай-мын», дейді басқарма басшысы.

Қазіргі уақытта «Серпін» бағ дар ламасы арқылы Риддерде ға на емес, Өскемен, Семей қа-ла ла ры мен Ұлан ауданында өзге өңір лер дің студенттері оқып жатыр. Об лыс тық ішкі саясат басқармасы «Жас тар

ресурстық орталығының» ди-ректоры Арайлым Есімбекова бұл жастардың да жұмыспен қам ты луына қазірден бастап қам жасалып жатқанын айтады. Орталық облыс орталығында өңір дегі ірі алты кәсіпорын өкіл де рінің қатысуымен бос жұ мыс орындары жәрмеңкесін ұйым дас тырды. «Келесі жылы Өскемендегі С.Аманжолов атын дағы уни вер си тет ті 240 «серпіндік» бітіреді. Қала жә-не аудан әкімдері арнайы келіп, ашық есік күндерін өткізіп, оларды жұ мысқа шақы ра тын болады. Егер олар қандай да бір ауданға жұмысқа бар ғысы келсе, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы арқылы жі бе руді жоспарлап отырмыз», дей ді орталық директоры.

17-інші немере«Серпін» бағдарламасы

арқы лы бі лім алушылардың дені – әлеу мет тік тұрғыдан аз қамтылған және көп балалы от-басылардан шыққан сту денттер. Осындай студенттердің бі рі Ұлан ауданының Саратов ау ы-лы ндағы Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжінде оқып жат қан қызылордалық Айдана Иманғали. Бойжеткен 2014 жылы мек теп бітірген кезде жүрегі ауырып, емде-луге қаржысы болмай, оқуға түсе алмай қалған кө рі неді. Алайда оған 2015 жылы «Сер-пін» арқылы Шығыста бі лім алуға мүмкіндік беріледі. «Оқу-ға түскеннен кейін колледж бас-шы лығы менің денсаулығымды тек сер тіп, нақты диагноз қойыл-ған нан соң Астанаға тегін кво-та алып бер ді. Жол шығынын да төледі. Ота сәт ті жасалды. Қазір жағдайым жақ сы. Көңіл күйім көтеріңкі. Шығыс Қазақ-стан жұртшылығына айтар

алғысым зор. Қазірдің өзінде біз-ді жұмысқа алуға ниетті мекеме-лер бар. Оқуымды бітірген соң міндетті түрде осында қалып, жұ мыс істеймін», – дейді Сыр бойынан келген студент.

Риддерде білім алған 22 сту-де нттің алды отбасын құрып та үл геріпті. Алматы облысының тума сы Елдан Болатұлы ди-плом алу сал танатына қолына кішкентайын кө терген жұбайы Кристинаны жетек теп келіпті. Ол да осы колледж де орман-шы мамандығы бойынша білім алған. «2014 жылы осында оқу-ға түстім. Болашақ жұбайыммен сол жылы танысып, бір жарым жыл дан ке йін отбасын құрдық. Алла сәтін сал са, осы қалада еңбек ет сем деген ойым бар», – дейді же тісулық студент.

«Серпіндіктердің» арасын-да көңіл жарастырып, отбасын құрған жастардың қатары аз емес. Бұған дейін 16 бозбала мен бойжеткен шаңырақ көтеріпті. «Бұл - біздің 17-інші немере», – дейді «Серпін» ұлттық жоба-лар басқармасының басшысы Күлзия Тобатаева.

Риддер аграрлы техникалық колле джінде өткен қорытынды ша ра барысында 8 «серпіндікке» қы зыл диплом, бірқатар сту-денттерге Білім және ғылым министрінің Ал ғыс хаты тап-сырылды. Сондай-ақ Алғыс хат осы істің басы-қасында жүр ген Риддер қаласының әкімі Жомарт Мұратовқа, оның орынба сары Данияр Дүйсембаевқа, Рид дер аграрлы техникалық колле джі -нің ди ректоры Александр Са мо-й лен ко мен облыстық ішкі сая -сат бас қар масының «Жастар ре-су рс тық орта лығының» директо-ры Арайлым Есімбековаға да табыс етілді.

Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жаз айларында дипломы қолға тиген жастар жұмыс іздей бастайды. Бірақ жұмыс берушілердің көпшілігі еңбек өтілі бар, жоғары білімді, тәжірибелі мамандарға басымдық береді. Head Hunter порталының мәліметіне сен-сек, вакансия жариялайтын жұмыс берушілердің тек 16 пайызы еңбек өтілі жоқ адамды алады. Ал 50 пайызы 1-3 жыл, 27 пайызы 3-6 жыл, 7 пайызы 6 жылдан жоғары еңбек өтілін талап етеді. Қа жетті тәжірибенің болмауы дипломы бар мамандардың жұмысқа орналасуын қи ындатады. Мысалы, 2014 жылы оқу бітірген 58 331 адамның тек 12 пайызы (5 595) мамандығы бойынша жұмысқа ор наласқан (Зерттеу нәтижелері былтыр жа рияланды). Бұл республика бойынша жұ мысқа орналасқандардың 2,6 пайызын құрайды. Ең жоғары көрсеткіш Алматыда – 14 535. Ал Ақтөбе облысында оқу бітіргендердің тек 318-і (0,6%) мамандық бойынша жұмыс тапқан. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 10: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

10 28 маусым 2017 жылруханият

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––«Сөз – сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады?» деп біздің қазақ бекер айтқан ба?.. «Егемен Қазақстанның» осы жылғы 28 сәуірдегі 82-санында жарияланған Құлбек Ергөбек інімнің «Әуезов ғашық болған Ғайыпжамал» деген мақаласын оқып, соған бірер пікір қосуды жөн көрдім. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Өйткені, сол бір ғажайып ке­ліншекке жазылған ғашықтық хаттардың баспасөз бетінде жа­рық көруіне менің де тікелей қа­тысым болды!

«Менің де...», деп отырған себебім, – кез келген ұлы тұлға­ның жеке өмірінде болған бей­мәлім жайттар туралы тың де­ректер мен айғақтардың табы­луы, оның жарияға жар болуы бір ғана адамның емес, бірнеше адам ның, кейде тіпті тұтас ұжым еңбегінің нәтижесінде бо лып жатады, – Мұхтар Әуезов өмі­рінің беймәлім парақтары да со­лайша, Әбең (Әбдіжамил Нұр ­пеисов) бастаған бір топ адам ­ның еңбегінің нәтижесінде қа лың көпшілікке мәлім болған­ды.

Әрине, Құлбек бауырымыз жазғанындай, ат арытып, тон тоздырып Шымкент арқылы Таш кенттегі бейтаныс «тарих­шы, профессорды» іздеп барып, дүниядан өтіп кеткен Мұхаң ғашығының аманат­хаттарын көздің қарашығындай сақтап отырған әлгі кісіден 10 (он) мың долларға сатып алу үшін жол шеккен, сол үшін жұмыстанған Ә.Нұрпеисов еңбегі ең бірінші орын да тұратыны сөзсіз.

Алайда, Мұхаң өмірінің беймәлім беттері туралы деректі фильм түсіремін деп жүріп, Таш­кенттегі әлгі «профессормен» алғаш рет жолыққан, жолығып қана қоймай, сұхбат алған, сұхбат алып қана қоймай, деректі фильмімде сіздің сөздеріңізге айғақ ретінде көрермендерге көр сетемін деп алты хатты факт ретінде әрең сұрап ал ған талант ты кинорежиссер Сер­гей Әзімовтің еңбегін, еске рім­ділігін қайда қоямыз... Сер гейдің қолындағы сол алты хат бол­маса, ауызша айтылған сөздің бәрі бүгінде «бәлду­бәлду бәрі өтірік» болып шықпай ма?!

Сәтін салғанда, дерек­хаттар (әлгі 6 (алты) хат) болды. Бірақ хаттар орысша жазылған болатын. Міне, осы жерде... Мұ хаң хаттарын қазақшаға аудару мәселесі маған – Қажы ғали Мұханбетқалиұлына – жүк телді. «Мұхаңның сол бір ға жайып келіншекке жазған ға­шықтық хаттарының баспасөз бетінде жарық көруіне менің де тікелей қатысым болды», деп отырғанымның мәнісі сол. (Қа­ра­ңыз:­«Таң­–­Шолпан»­журналы,­тамыз,­2000­жыл.­144­156­бет­тер.)

Осы жерде ескерте кетер бір жайт бар...

Аңғарымпаз оқырман зер салса, «Таң­Шолпан» журна­лы, Тамыз, 2000 жыл» деген сілтемемде журналдың рет саны (нөмірі) көрсетілмеген.

Неге? Өйткені , ХХ ғасырдың

20­жыл дарында, аз уақытқа бол­са да Мұхтар Әуезов пен Мағжан Жұмабаевтың діттеуімен «Таң» және «Шолпан» журналдарының жарыққа шығып тұрғаны өзде­ріңізге мәлім. Заман өзгер ген ­мен, көркем әдебиеттің заңы да, мәні де, міндеті де өз гер­мей, қаз­қалпында қа ла беретін болғандықтан, әлгі «Таң» және

«Шолпан» жур нал дарының мүддесін – мүд де, мақсатын – мақсат ететін сон дай бір жаңа жур­нал шы ға руды армандап жүретін Әбең (Әбдіжамил Нұрпеисов) мұ ратына сол 2000 жылдың орта шенінде қол жеткізген бо­латын. Сөйтіп, Мәдениет, ақ­парат және қоғамдық келісім министрлігінің келісімімен, бұрынғы «Жалын» журналының негізінде Халықаралық Қа зақ ПЕН­клубының әдеби­мәдени жур налын шығаруға кірісті. Оған М.Әуезов пен М.Жұ ма баев жарыққа шығарған жур нал дар­дың атауының қо сын дысынан тұратын «Таң­Шолпан» деген ат берілді. Оқыр мандарға таныс­тыру үшін сы нақ нөмірі (орыс­ша «пилотный номер») жарыққа шықты. Бұл – 2000 жылдың та­мыз айы еді. Сондықтан, сынақ нөмірге ешқандай рет саны қойыл ған жоқ. Әрі бұл кезде ол байланыс мекемесінің газет­жур налдарға жазылу жөніндегі кітапшасына (каталогке) енбеген болатын.

Менің ойымша, «Таң­Шол­пан» журналының сондай та­ныстырылымдық басылымы

болғанын күні бүгінге дейін, біреулер білсе де, біреулер біл­мейді. Тіпті, естіген­білген дер­дің өздерінің қолына сол ба­сылым тиді ме, тимеді ме, – бұл да беймағлұм. Өйткені, көзі қарақты оқырман ғана емес, белгілі әде­биетші, сыншы, бас пасөз бе­тіндегі жылт еткен жа ңалыққа сер гек қарап жүретін Құл бек секілділердің өздері: «Жаңашыл «Жалын» журналы ма, әлде «Таң­Шолпан» ба екен, Мұхаң хаты­нан бірер үзін ді (?) жариялап та үлгерді», – дегендеріне қарағанда, әй, сол таныстырылымдық ба­сылым жалпы жұртқа жетпей қалды­ау деген ой келеді. Олай болса, Мұхаң секілді ұлы адамның

жәдігер хаттары да қалың оқыр­манның назарынан тыс қалды, – деп топшылауға әбден болады.

Әдебиетшілер қауымының арасында желдей ескен бұл ха­бар құлағына тигенмен, басы­лымды қолына ұстап, кө зімен көрмегендіктен бо лу керек, Құл­бек «Егемен Қазақ стан дағы» әлгі мақаласына «Әуе­зов­ ға­шық­болған­Ғайып­жамал...» де ген тақырып қойыпты. Шын дығында, Мұхаң үшбу хат жолдаған әйелдің­аты­–­Ғай­нижамал! Бұған 1939 жылдың 10 қазанында, 1940 жыл­дың 7 ақпаны мен 9 маусымында жа зылған, т.б. хаттардың «Аяу­лым менің, Ғайни» деп бастала­тыны айғақ бола алады. Ал 1940 жылдың 11 шілдесіндегі хатта:

«Ғайнижамал­–­әлемдегі­ең­сұлу­есім.­Бізде­қайырмасы­«Ғайни­ай,­сәулем!»­деп­келетін­тамаша­лирикалық­ән­әлі­күнге­ауыз­дан­түспей­айтылып­келеді...»,­деп жазғаны бұл пікірді бекіте түседі. Сондықтан да, бұл хат­тарды жариялағанда, біз «Ғай­ни­ай,­сәулем!»­деген ортақ та­қырып қойғанбыз. Ал зерделі зерттеушінің өзге ой­пікірлеріне алып­қосарымыз жоқ.

Ескерте кетер бір жайт: орыс тілінде жазылып, мен тәржі­малаған сол хаттар жур налға жа­рияланарда редакция алқасының мүшесі, академик Зейнолла Қабдолов ағамыз оған бір ауыз ле біз қосып еді:

«Көз алдыңыздағы Мұх тар Әуезовтің хаттары – адам-дар ара сындағы өзара үйрен­шікті жазып сәлемдесу, не ха­бар ласу (эпистола) ғана емес, кәдімгідей құнарлы эпис толяр­лық әдебиет. Жұртқа мәлім, Федор Достоевский өзінің «Бей­шараларында» мұндай жазба түрін көркем шығарма туғызу тәсіліне, тіпті әдеби жанр ға ай нал дырған. Ал мына жаз ба­ларға қарап отырып, ав тор­дың адамдық тағдырының, с у­реткерлік ғұмырнамасының бұ­рын бізге беймәлім болып келген тағы бір түкпірін тінтіп, тың деректер жинап қана тынбай-мыз, жазушының творчестволық лабораториясын ашамыз. Орыс прозасындағы айрықша әлем «Тургенев әйелдері» тәрізді, қазақ әдебиетіндегі «Әуезов әйелдері» деуге болатын ға жа йып сұлу, керемет бай образ дар галереясын құрайтын қай та ланбас көркем бей нелердің табиғатына, ішкі жан дүниесіне тереңдеп барып, олардың сон шалық шебер жасалу сырын ашып, сөз өнеріндегі махаб-бат секілді мәңгілік тақырыптың көркем игерілуіндегі небір нәзік құпияларын байыптаймыз.

Бүгінгі мәдени құндылық та­рымызға жаңалық әрі қымбат қазына болып қосылатын Әуезов хат тарын «Таң­Шолпан» өз оқушыларына келешекте түгел жариялап таныстырмақ», деп жазған болатын. (Бұл да сонда, 155­156­беттер.)

Әттең­ай, ол мақсат «он мың долларды азсынған» әлгі про фес сордың» пысықтығынан орын далмай қалды. Хат түгел қол ға тиген жоқ. Одан бері де 17 (он же ті) жыл өтті.

Қайтеміз, «барымен базар...» қыламыз дағы.

Жазылған Жайдың Жаңғырығы

Ғажайып келіншекке жазылған ғашықтық хаттар

P.S. Бұған қоса, жақында Сергей Әзімов інімізбен хабарлас­қанымызда, әлгі «тарихшы профессордың» да о дүниелік болғанын естідік. Мұхаң хаттары қазір кімнің қолында?! Соңғы иесі енді кімге аманаттады?! Қымбат қазына шашылмай­жоғалмай сақталып тұр ма, жоқ па?! – Бәрі белгісіз!

Сондықтан, қолда барды қалың оқырманға қайтадан табыс­тырсақ, соның өзі көңіл жұбатарлық көз қуанышымыз болар еді.

Құрметпен,Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ,

жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

«Әйелдің жан дүниесі – өте нәзік те күрделі әлем. Бірақ оның бойындағы нәзіктіктің тасасында ұлы күш бар», депті бір фило­соф. Шынында, әйел құдіреттің құдіреті ғой. Пайғамбардың анаң­ды сыйла деп үш рет айтуы тегін бол маса керек. Сол үш рет айтқан сөздің астарында, біріншісі – құр­сағындағы нәрестесін тоғыз ай, тоғыз күн тірсегі дірілдеп кө­те ре тінін, екіншісі – ащы тол­ғақ қа тістеніп тұрып төзіп, жа­нының бір бөлшегін өмірге әке­летінін, үшіншісі – ақ, адал сүтін беріп, басынан құс ұшырмай, құс қанатының көлеңкесінен де суық тиіп қалады деп мәпелеп бағып, қатарға қосқаны жатса керек. Қазақ – анасын ардақтап, қызын жақсы да қимас қонағына балаған жұрт. «Ана мен әкенің жолы − дара» деген халық сөзі бар.

Алда таратып айтқан тағы­лымды өнегені, яғни қазақтың қызы қандай болуы керек, ананың ұрпақ алдындағы үлгісі деген қа­ғиданы мүлтіксіз атқарып келе жат қан зерделі замандасымыз – кешегі «Социалистік Қазақстан», бүгінгі «Егемен Қазақстан» басы­лымының қызметкері Нұршагүл Әшімбайқызы.

Қырық жылға таяу, нақтылай түссек 22 жасында киелі шаңы­рақ тың табалдырығын аттап, қа­зақ журналистикасының басты ұстаха насында небір нар тұл­ғалардың тәлім­тәрбиесін үйрен­ген, алдын қиып өтпей, алғысын алған Нұршагүл бір әңгімесінде өзінің өткен жолы жайлы кеңінен толғанғаны бар еді.

– Бас басылымда қызмет ет­кен ардақты ағалардың жөні де, жолы да бөлек еді. Шетінен ай­бынды, айбарлы, тілдесе келген­де мейірімдері мол, шапағаты ерен, қамқор, қайырымды бола­тын. Кеуде кермейтін, мен­мен демейтін, кішімен кіші, үлкен­мен үлкенше сөйлесетін. Ол кез­де бас басылымға жұмысқа тұру деген бір мәртебе болатын. Қа­зақ журналистерінің қарымды өкілі, белгілі жазушы, романист, мінезді де іскер, сөзінде бере­ке, жұмысында тиянақ бар Бал­ғабек Қыдырбекұлы қызметке қабылдап тұрып: «Социалистік Қазақстанда» жұмыстың үлкен­кішісі жоқ, бір мақсат, бір мүд­де ғана бар. Ісіңе мұқият, мы­ғым бол. Сауатты шыққан га­зет – айна. Айнаның бетіне дақ түссе, дидарың көз тарт пайды. Сол секілді газеттен қате кету, оның бадырайып тұруы ұятқа қалдырады, оқырман алдында беделіңді кетіреді. Біз ел алдын­да, жұрт көзінде тұрған басылым­быз», деді. Балғабек аға айтқандай, жауапкершілігі зор, өзіндік қыр­сыры бар, көз бен көңіліңнен әр күні ондаған адамның қуанышы мен реніші өтіп жатады. Біріне «бәрекелді» десең, екіншісіне ет жүрегің шымырлап, кейбір пенделердің әттеген­айларына налитын тұсың да болады. Иә, алғашында «Қайда келдім?» деп толқыдым. Жақсы ағалар, аяулы апалар жатырқамай, балапандай баулыды. Қанатымды қатайтты. Сөйтіп, кешкі редакциядағы жұ­мыс «сүйікті» мамандығыма ай­налды. Содан бері осы жұмыстан қол үзбей келемін. Бас басы­лымда өстім, өндім, бұдан артық мен үшін байлық та, бақыт та жоқ, – дейді кісілігін жоғалтпай, кі шілігін сақтаған Нұршагүл Әшімбайқызы.

Ол Жамбыл өңірінде Ұлы Отан соғысының ардагері Әшімбай мен анасы Тұрсынкүлдің отбасын­да дүниеге келген тұңғыштары екен. Қазақ тұңғышы қыз болса, оны байлықтың кеніне, бақыт­тың басына балаған. Біздің кейіп­керіміздің де ата­анасы сол дәс­түрді естерінде ұстапты. Содан да болу керек, оның артынан Болат, Болатбек, Тұр ысбек, Нұржамал, Жанар сынды үлбіреген ұлдары мен қызғалдақтай қос сіңлісі өмір есігін ашыпты.

Мектепті бітіргеннен кейін

С.Киров атындағы Қазақ мем­лекеттік университетінің журна­листика факультетіне түсіп, оны жақсы бітірген Нұршагүл ана­сының өтінішін жерге тастай алмай, Жамбыл облысы, Меркі аудандық газетінде тілшілік қыз­мет атқарады. Жас қаламгер аудан өміріндегі елеулі оқиғалар мен кейбір шешімін таппаған олқы­лықтарды жасындай жарқылдап жазып, жұрт көзіне түседі. Бір жолы аудандық партия ұйымында алқалы жиын өтіп, олқылыққа жол берген кеңшар директорының аты аталып, қатаң ескерту жа­салады. Нұршагүл мұны қағып алып, зерттеп, зерделей келіп, ақи қатында міннің бар екенін анық тап шығады. Ол газетте жа­рияланғаннан кейін ұжымшар директоры қызметінен алына­ды. Жас қыздың өжеттігіне риза болған газет редакторы Деридович алғыс жариялап, өзгелерге үлгі етіп көрсетеді. Сөйтіп жүргенде, өзі оқыған мектептің директоры мұғалімдік қызметке шақырады. Оны да абыроймен атқарады. Бірақ Алматыға барсам, сондағы беделді басылымдарға жұмысқа тұрсам деген арман­тілегі оны алға сүйрей береді. Ақыры алда өзі айтқандай бас басылымға жұмысқа тұрады.

Қызмет істеу бар да, айнала­сындағы адамдармен сыйлас, сырлас болу да − бір ғанибет. Бұл тұрғыдан келгенде Нұршагүл Әшім байқызының замандаста­рымен әдемі қарым­қатынасы оның бойындағы ізет­инабатты дәйектейді. Мысалы, курстас құр­бысы Баян Болатханованың ол ту­ралы жазбасындағы әдемі сәттер оның биязылығын көрсетеді. «Өмір дің елең­алаң белесінде бір ге жүрген жан құрбым Нұр­шагүл! Нұрша – Гүлім!», деп сту­денттік дәуірдегі жоғары курс та оқитын Алма, Айымхан, өзге де апалары жайдары мінез, қам қор қарекеттерін тарата айтады.

Елорда Арқа төсіндегі Ақ­молаға көшкенде бас басылым ұжы мының белді өкілдерінің бірі ретінде келген Нұршагүлдің Астананың өркен жаюы көз ал­дында өтіп келеді. Кезіндегі бет қарыған аяз, қар үрлеген бұрқасын – бәрі де қазір ұмыт болып барады. Жатаған үйлердің орнына еңселі ғимараттар бой көтеріп, халықтың дидары ашылды. Есіл өзенінің екі жағындағы аққу түстес еңсесі биік үйлер қазір ел мақтанышына айналды.

Қазақ баспасөзінің қара шаңы­рағындағы еткен еңбек, төккен тері ақталды деуге болады. Оның ең бастысы ұжымға сыйлы, ал­дыңғы толқын ағаларына – қа­рындас, апаларына – сіңлі, кейінгі ізбасарларына үлгі болуы, оның бойындағы қазақ қызына тән асыл қасиеттердің молдығынан деп білеміз. Құрметке бөленіп, абыройының асуына тағы бір мысал Елбасының Жар лығымен «Ерен еңбегі үшін» медалін өңі­ріне тағуы болса керек. Жай­дары бір сәтінде, алты бе леске кө теріліп, мәртебесі биік теген әріптес: «Бұл киелі ша ңыраққа менің алдымда да қан шама үл­кендер «пионер» болып келіп, зейнеткер болып жатты. Мұның өзі басылымдағы жарасымды дәстүрдің, сыйластықтағы тыныс­тіршіліктің әдемі дәйегі деп біле­мін. Сол жалғасын таба берсе екен», дейді.

Нұршагүл Әшімбайқызы қыз­меттегі беделімен бірге отбасын­да да жігерімен шыңдалып, ас­қарға балаған Асқар ұлының сүйік ті анасы болып отыр. Көз қуа нышы, үкілеген үміті Асқар орта мектепті үздік бітіріп, фи­зика пәнінен халықаралық олим­пиадада жүлдегер атанып, соның нәтижесінде Алматыдағы Ха­лықаралық ақпараттық техноло­гиялар университетін де жақсы бітіріп, Астанаға қайта оралып, «Қазконтентте» жұмыс істеп жүр. Ол анасының қолғанаты ғана емес, заманға сай білім алған жақсы ма­ман. Міне, «Егемен Қазақстан» газетінің Нұршагүлі өткен жол, қол жеткен табысы осындай.

Әріптес туралы Әңгіме

Танымды тағылым

Этнографиялық Этюдтер

Тас түскен қазан«Сөз сөзден туады, сөйлемесе

неден туады?» Бабаларымыз осылай деп дөп басыпты. Мына айтпағымыз да сол сөйлегеннен туындаған дүние. Бала кезімізде «Апыр­ау, ана шәйнекке тас түсіп кетті ме?» деген сөзді кілең ата­мыз айтатын. Жуырда үйіне бара қалсам, өз шаруасына асыққанын білдіргісі келген бауырым «Әй, қазаныңа тас салып жібердің бе?» деп түк жазығы жоқ келінді қарадай қыжыртып отыр. Әрине, бұл сөзді бұған дейін де талай қазақтың аузынан сан мәрте естігенбіз. Інімнің айтқаны соның бәрін жаңғырту ғана болды.

Содан мишығымыздың бір түкпірінен «Қазаныңа тас түсті ме сөзі қайдан шыққан?» деген сауал бас көтеріп, маза бермей қойғаны. Дереу індете іздей бас тадық. Әуелі жүгінетіміз әлеуметтік желі ғой. Ақтарып көрсек, «Сүт тасып кетпеу үшін қазан бетіне ағаш қасық қойып қойыңыз, бірақ қасығыңыз тез істен шығады» немесе «Қазан тасымасын десеңіз, ыдыстың сыртын майлап тастаңыз» деген сақауланған «жауаптан» өзге жа­рытымды ештеңе таппадық.

«Қазанға тас салу» дегеннің сорабымен осы күні ұмытыла бастаған «тасқорықты» да тө­ңіректеп көргенбіз. Оның да қисыны жоқ тәрізді. Өйткені, ол малта тасты отқа әбден қыз­дырып алып, ыдыстағы сүтке салып қайнату, сүтті тез пісіру. Соны бабаларымыз «қорық»

немесе «тасқорық» деп атаған. Ал бұл жерде қайнамау, қай­натпау айтылып тұр ғой.

Ақыры, алыстан іздеген жоғымыз жақыннан табылды. Бірде шәй іше отырып: «Осы қа заныңа тас түсті ме?» дегенді не үшін айтады?» деп анамнан сұрап қалып едім, ол кісі оп­оңай айта салды. Сөйтсек, ба­баларымыз ыдыстағы сүтті қай­нату үшін де, қайнатпау үшін де тасты қолданыпты ғой.

Анам айтады: «Баяғы әже­леріміздің көргенінің бәрі бей­нет қой. Ол кезде жер ошақтың басында алынбастай қылып ор­нататын жалғыз қазан тұрады. Ет те сонда, сүт те сонда піседі. Суды да әлгі қазанға қайнатады. Қазақ қатынының көп күні от

басы, ошақ қасында қазан таза­лаумен өтер еді ғой.

Ауыл­үй болған соң әйелдің қазан­ошақтан басқа да қыруар шаруасы бар емес пе. Мысалы, отты жақсылап жағып, қазанға құйған сүті енді пісті­ау дегенде үй жақтан шарылдап баласы жы­лайды, ақырып байы шақырады, не тағы, сондай тұра жүгіретін жұмыс шыға қалады. Не істеуі керек? Тастап кетсе сүт тасып, төгіліп оттың басы көңірсіп кетеді. Бармауға амалы жоқ. Міне, сондай кезде қазанға тас сала салып, бетін жауып кете беру – қазақта атам заманнан бар әдіс. Ертеректе әр ошақтың басында он жасар баланың жұдырығындай жұмыр тастар дайын жатады. Әлгіндей қысылтаяң кезде сол

тасты «бісмилла» деп, суға бір шайып жіберіп қазанға тастай салады. Содан тіпті бір сағаттан соң айналып келсе де, беті жабық қазан бүлкілдеп қайнай береді. Тасып­төгіліп кету деген жоқ. Бұл тасты тек сүт қана емес, көбігін бір қалқып алған соң етті асықпай пісіру үшін де қазанға салып қояды. Мұны жас кезімізде өзіміз де талай көрдік. Міне, әлгі «Қазаныңа тас түсті ме?» дегеннің мәнісі осы».

Сөйтіп, жасы сексенге таяған анам ойда жоқта көптен тап­пай жүрген жоғарыдағы сөздің жұмбағын шешіп бере салғаны. Сол сәтте мектепте оқу озаты атанып жүрген Нұрлым қызым: «Әже ол физика заңдылығы ғой. Физика дегеніміз – табиғаттың алуан түрлі құбылыстары мен тәжірибеге негізделген ғылым. Жаңағы айтқаныңыз Ньютон заңдарында баяғыдан бар. Егер сұйықтыққа темір шарик са­лып қойса, ол белгілі бір гра­дустан асып қайнамайды» деп зуылдатып, термодинамиканың, термостаттың «қасиеттерін» бір­талай айтып тастады. Неме ресінің сөзін соңына дейін тыңдап алған анам: «Әжелеріміз физиканы білмесе де, қазанды қалай та­сытпауды, қазан­ошақтың басын таза ұстауды Нүйтоныңнан артық білген», деп бір­ақ қайырды. Әңгімемізді осы тұстан түйіндеуді біз де жөн көрдік.

Төлеген ЖӘКІТАЙҰЛЫ

Суретті түсірген Әйгерім БЕГІМБЕТ

Page 11: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

28 маусым 2017 жыл 11аймақ

Егер сіз «Егемен Қазақстан»

газетіне жарнама бергіңіз келсе,

мына телефондарға хабарласыңыз:

Астана 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: [email protected]

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: [email protected]

Жекешелендіру объектілерін сату Қазақстан Республикасы Үкі метінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қау­лысымен бекітілген Жеке ше лен діру объек тілерін сату қағида сына (бұдан әрі – қағида) сәйкес жү зеге асыры­лады.

Тендер 2017 жылғы 14 шілдеде Астана қаласының уақыты бойын­ша сағат 10.00­де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб­пор талында (бұдан әрі – тізілім) өткі зіледі.

Тендерге мына объектілер қойы­лады:

1. Ұйымның атауы – «Жалын» журналы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Ұйымның орналасқан жері: Ал­маты қаласы, Пушкин көшесі, 6­қабат.

Қызмет түрі: «Жалын» журналын шығару.

Сатылатын мемлекеттік қа­тысу үлесінің, жарғылық капи­тал дан %: 100%.

Бастапқы бағасы – 45 032 000 теңге.

Кепілдік жарна – 6 754 800 теңге.Тендер шарттары: негізгі қызмет

бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау. 2. Ұйымның атауы – «Қараған­

ды шахтатарату» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі

Ұйымның орналасқан жері: Қара­ғанды қаласы, Алалыкин көшесі, 12.

Қызмет түрі – «Қарағанды көмір» бұрынғы өндірістік бірлестіктің шахталары мен көмір қималары қызметінің салдарларын жою; газ қондырғысы, гидрогеология және жойылған шахталарда су басу дең­гейінің мониторингі; таратылған объектілерді зерттеу, қызмет бейіні бойынша жер беті жұмыстары.

С а т ы л а т ы н м е м л е к е т т і к қатысу үлесінің, жарғылық ка­питалдан %: 100%.

Бастапқы бағасы – 234 575 000 теңге.

Кепілдік жарна – 35 186 250 теңге.Тендер шарттары: негізгі қызмет

бейінін 5 (бес) жыл бойы сақтау («Қа­ра ғанды көмір» бұрынғы өнді рістік бірлестіктің шахталары мен көмір қималары қызметінің салдарларын жою; газ қондырғысы, гидрогеология және жойылған шахталарда су басу деңгейінің мониторингі; таратылған объектілерді зерттеу, қызмет бейіні бойынша жер беті жұмыстары).

Қосымша ақпарат: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.04.2017 жылғы № 232 қаулысына сәйкес «Қара ғандышахтатарату» ЖШС­ға берілген, таратылған шахталар жұмыс керлеріне келтірілген залал­ды өтеу» республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат есебінен мерзімсіз «Қарағандышахтатарату» ЖШС таратылған шахталардың жұмыскерлеріне келтірілген залалды (табиғи кему, яғни, марқұм болғанша)

өтеуді жүзеге асырады.2. «Қарағанды көмір» бұрынғы

өндірістік бірлестіктің шахталары мен көмір қималары қызметінің сал­дарларын жою бойынша жұмыстар «Қарағанды көмір» бұрынғы өнді­рістік бірлестіктің шахталары мен көмір қималары қызметінің салдарла­рын жою» республикалық бюджеттік бағдарлама бойынша қаражат есебінен жүзеге асыралады.

3. Газ қондырғысы, гидрогеоло­гия және жойылған шахталарда су басу деңгейінің мониторингі; та ра тылған объектілерді зерттеу бойын ша жұмыстар кәсіпорынның мен шікті қаражаты есебінен қар­жыландырылады.

4. Газ қондырғысы, гидрогеология және жойылған шахталарда су басу деңгейінің мониторингі; таратылған объектілерді зерттеу бойынша жұ­мыстар таратылған шахталардан ме­тан бөлінгенге дейін жүргізіледі.

Тендерді өткізу тәртібіЕгер тендерге тiркелген қатысушы­

лардың саны екеуден аз болса, онда жекешелендiру объектiсi бiр ғана қаты сушыға сатылуы мүмкiн, үшiншi сауда­саттықты қоспағанда тендер өтпеді деп жарияланады.

Егер тендер өтпеді деп жарияланса, сатушы тендердің өткізілмегені тура­лы актіге қол қояды.

Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда­саттықты өткізу туралы хабар­ламада көрсетілген күн мен уақыт кел­генде тізілімнің веб­порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы тендердiң жеңiмпазы деп таныла­ды. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын бол­са онда осы қатысушылардың ара­сында қаты с у шылардың басқа өті­німдерінен өтінімі бұрын қабыл­данған қатысушы тен дердің жеңім­пазы болып танылады.

Тендердің жеңімпазы сауда­саттық нәтижелері туралы электрондық хат­та маға қол қою үшін электронды поч­та арқылы сауда­саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.

Сауда­саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб­порталында қалып тастырылады, оған сауда­сат­тық өткізілетін күні сатушы мен тен­дердің жеңімпазы ЭЦҚ­ны пайдалана отырып қол қояды.

Сауда­саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тен­дер нәтижесi болып табылатын шарт­тармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу­сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Жеңімпазбен сатып алу­са­ту шартына сауда­саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күн­нен бастап күнтізбелік он күннен

аспайтын мерзімде қол қойылады.Егер жеңімпаз сауда­саттық нә­

ти желері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу­сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ­ны пайдалана отырып, тізілімнің веб­порталында сауда­саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі сауда­саттыққа қайтадан шығарылады.

Тендер қатысушыларын тіркеу хабарлама жарияланған күннен бас тап 2017 жылғы 14 шілдеде сағат 8.00­де аяқталады.

Тендерге қатысу үшін мына­ларды:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәй­кестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәй­кестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айы­рысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е­mail) көрсете отырып, тізілімнің веб­пор та­лында алдын ала тіркелу қажет.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб­порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ қойылған объект бойынша сауда­саттыққа қа­ты суға өтінімді тізілімнің веб­пор та­лында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар:1) тендерге қатысушы қол қойған,

тізілімнің арнайы бөлінген веб­па­рақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;

2) сауда­саттық өткізу туралы хабар­ламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосым­ша талаптарға сәйкестігін растай­тын құжат тардың электрондық (ска­нерлен ген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда­саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендердің жеңімпазы сатып алу­сату шартына қол қойған кезде сату шыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұл­ғаны мемлекеттік тіркеу (қай та тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сон дай­ақ заңды тұлғаның өкілі паспор­тының немесе оның жеке басын куә ландыратын құжаттың түпнұс­қала рын міндетті түрде көрсете оты­рып, олардың көшірмелерін не но­тариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сатып алу­сату шартына қол қой ған кезде өтінімге тіркелген құжат тар­дың тұп нұсқаларын не нотариат­та куә ландырылған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары са­лыстырып тексерілгеннен кейін, бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

Кепілдік жарна мынадай деректе­мелерге енгізіледі: «Казкоммерцбанк» АҚ­та, ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX, төлем мақсатының коды 171, бенефициар коды 16, төлем алушы: «Ақпараттық­есептеу орталығы» АҚ, БСН 050540004455.

Тендерге қатысуға өтінім тіркел­геннен кейін тізілімнің веб­порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан ав­томатты түрде тексеру жүргізеді.

Қатысушының қағиданың 28 және 29­тармақтарында көрсетілген талап­тарды сақтамауы, сондай­ақ ар найы транзиттік шотына сауда­саттықты өткізу туралы хабарламада көр­сетіл ген кепілдік жарнаның сауда­сат тық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб­порталының өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің дерекқорында арнайы транзиттік шотқа кепілдік жар на­ның түскені туралы мәліметтер бол­ған жағдайда, тізілімнің веб­пор талы өтінімді қабылдауды және қаты­сушыны тендерге жіберуді жүзеге асы­рады. Тізілімнің дерекқорында бірың­ғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб­порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады.

Тізілімнің веб­порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізі­лімнің веб­порталында көрсетілген қаты сушының электронды мекенжай­ына өтінімді қабылдауды не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

Осыған байланысты, арнайы тран­зиттік шотқа кепілдік жарна ның уақ тылы түсуі мақсатында Қазақ­стан Республикасы Қаржы минис­тр лігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті өтінім бер­генге дейін бір жұмыс күнінен кешік тірмей кепілдік жарнаны төлеу ұсынымын жасайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің орналасқан жері: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 905­кабинет.

Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosrees tr .kz сайты нан қарауға болады немесе 8 (7172)717184, 717189, 717280 теле­фондары арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі белгілі про­фессор­педагог

Күнімжан БАЙҚАДАМОВАНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Шілдебайұлы Әбілдаевқа ұлы

ДАРХАННЫҢмезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұжымы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғановқа ағасы

Мұхтар ӨТЕҒҰЛҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Қазақстан Кинематографистер одағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғановқа ағасы

Мұхтар ӨТЕҒҰЛҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ұжымы бас бухгалтердің орынбасары Күлбан Әмірбекқызы Құрмановаға әкесі

Әмірбек ҚАСЫМҰЛЫНЫҢқайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми­практикалық орталығының алғашқы директоры

Үміт Бахытжанқызы ЖЕКСЕНБАЕВАНЫҢқайтыс болуына байланысты марқұмның артында қалған бала­шағасы мен туыстарына «Дарын» республикалық ғылыми­практикалық орталығының ұжымы қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі 2017 жылғы 15 тамызда сағат 15.00­де Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының отырысын Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, Министрліктер үйі, 13­кіреберіс, А841­кабинет мекенжайы бойынша өткізетінін хабарлайды.

Утеряные бланки строгой отчетности АО «Страховая Компания «Сентрас Иншуранс», серии ОГПОПП №00011717, серии ОГПОПП 00011718, серии ОГПОПП 00011719, серии ОГПОПП 00011720, серии ОГПОПП 00011721 считать недействтельными.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, САУДА­САТТЫҚ!Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті республикалық меншік

объектілерін сату бойынша сауда­саттық өткізу туралы хабарлайды

Мирас АСАН,«Егемен Қазақстан»

Салтанатты шараға университет ректоры, профессор Марат Ибатов және Mitsubishi Electric концернінің бас директоры Хироши Фурута мен «Казпромавтоматика» компа ниясының өкілдері қатысты.

Қарағанды техникалық университеті бұған дейін де Total, Ersai, Siemens, Festo, Leica Geosystems Kazakhstan, Schneider Electric сияқты әлемдік компаниялардың өкілдіктерімен бірлесе отырып, оқу орталықтары мен тәжірибелік зерт­ханалар ашқан болатын. Мұндай орталықтардың артықшылығы – студенттер мен магистранттар университет қабырғасында жүріп­ақ өндірістік тәжірибемен кеңінен танысу мүмкіндігіне ие бо­лады.

– Бұл зертханалар университетпен тығыз жұмыс істейтін металлургия, тау­кен, энер­гетика салаларындағы өндіріс орындарының жұмыскерлері үшін тренингтер өткізуге де өте қолайлы. Сондықтан, мұндай білім беру орталықтарын жоғары оқу орны база­сында өндірістік компаниялармен бірігіп ашу бәсекеге қабілетті шынайы маман­инженерлерді дайындап, өлкеміздің кадрлар мәселесін шешуге тікелей ықпал етеді, – деді университет ректоры М.Ибатов.

Оқу орталығы Mitsubishi Electric ұсынған әлемдік станд арттарға сай құрылғылармен жабдықталған. Онда өндірістік машиналар­ды ұзақтан, тіпті, мобильдік телефон арқылы басқару бағдарламаларын жасайтын құрылғылар, бақылаушы құрылғылар, оператор панелі, қондырғылардың жұмыс істеу жиілігін бақылау құралдары, сондай­ақ жиілігі жоғары тоқпен жұмыс істейтін өндірістік құрыл ғылар мен роботтардың жұмысын бақылау және өзгерту процестерін қадағалайтын сервопривод бар.

Орталықтың ашылу рәсіміне арнайы шақырылған жапон концернінің бас директоры Хироши Фурута кездесу барысында университеттегі маман даярлау шарттарымен танысып, концерннің ресми өкілі «Казпромавтоматика» компаниясы арқылы университетпен үшжақты серіктестікте жұмыс жасауын жалғастыра беретіндігін мәлімдеді.

Қарағанды облысы

Алмас НҮСІП,«Егемен Қазақстан»

Биыл жетісулық журналис­тер қасиетті Ораза айтының алғашқы күнін спорттық ме­рекемен ұштастыра атап өтті. Журналистер күні қарсаңында Алматы облыстық Ішкі саясат басқармасы ұйымдастырған «Zhetisu Cup» атты спартакиа­дада бас қосқан өңірлік БАҚ өкілдері спорттың бес түрі (фут­бол, волейбол, бильярд, арқан тарту, үстел теннисі) бойынша күш сынасты.

Саламатты өмір салтын наси хаттауды мақсат еткен бұл шарада алдымен мәреге жеткен бильярд болды. Бірінші орын­ды облыс тық «Жетісу» арна­сы алса, екінші орын Қарасай

аудандық «Заман жар шысы» газетінің тілшісіне бұйыр ды. Волейболдан қыз дар арасында өткен жарыста Тал ғар аудандық «Талғар» газеті топ жарды. Екін ші орынды «Жетісу» теле­арна сының қыздары, үшін­ші жүлдені Райымбек аудан­дық «Хантәңірі» газеті ие­ленді. Арқан тарту бойын­ша облыстық «Жетісу» газеті қарсылас шыдатқан жоқ. Одан кейінгі тізімде Ұйғыр ауда­ны мен Көксу ауданының құрамалары. Үстел теннисінен өткен жарыста да «Жетісу» га­зеті топ жарды.

Сайыстың көркін қыз­дырған басты спорт фут­бол болды деуге болады. Әдеттегідей кіші футбол емес, ойынды үлкен алаң да

өткізуді мақұл көрген ұйым­дастырушылар шағын ұжым­дардың қосылып, бір коман­да шығаруына мүмкіндік берді. Бұл да жоғарыда айт­қан әріптестік сыйластықты арттырудың бір жолы екен дест ік . Доп додасының бас кубогын «Жетісу» те­леарнасы жеңіп алды. Ал «Жетісу» газетінің жігіттері күміс, «Талғар» газе тінің ой­ыншылары қоладан медаль тақты. Облыстық Ішкі сая­сат басқармасының төрағасы Рустам Алпысбаевтың айтуын­ша, БАҚ өкілдері мен Ішкі саясат арасындағы түсіністік, ауызбірлік өлкенің өсіп­өркен­деуіне зор ықпал етеді.

Алматы облысы

Бақытгүл БАБАШ,«Егемен Қазақстан»

Атыраудағы табиғат пайда ланушыларға қоршаған ортаға кел тірген зияндары үшін жыл басынан бері 4 млрд 855 млн теңге айып пұл салын­ды. Әзірге өндірілгені 9 млн теңге ғана, қалған қаражатқа қатысты сот процестері жүріп жатыр. Облыстық экология де партаментінің басшысы Қабижан Қапанов өңірлік ком муникациялар қызметінде өткен брифингте осындай мәлі меттерді жария етті. Би­ылғы бес айда департамент тарапынан 47 тексеру жүр­гізілген. Нәтиже сінде, 128 экологиялық заң та лап тарын бұзу фактілері анық талыпты.

– Өткен жылы облыстағы табиғат пайдаланушылар ша­руа шылығына 382 тексеру жүр гізілді. 278 бұзушылық анық талып, 48 млн теңгені құрай тын 248 әкімшілік айып пұл салынды. Қоршаған ортаға келтірген залалын өтеу үшін 135 нұсқама берілді, – дейді облыстың бас экологы.

Мемлекеттік экологиялық бақылау жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат құжатынсыз қызметін жүргізген «Сабиров Б.»,

«Ер меков Ж.» жеке кәсіп­керліктері мен «Жылой су» МКК­нің ша руашылық қыз­меті сот ше шімдері негізінде тоқтатылған.

Мұнайлы аймақтың эколо­гиялық ахуалы сын кө тер­мей тіні жайлы бұған дейін де айтылып жүр. Әсіресе, облыс орталы ғының тұрғындары ауадағы жағымсыз иіске жиі шағымданады. Департамент басшысының айтуынша, меке­ме қызметкерлері ауа құрамын қолда бар жаб дықтармен бақылап отырады. Алайда, ауа ластанғанын анықтайтын технология жоқ. Жабдықтар соңғы төрт жылда жаңар­тылмаған. Қаржы министрлігі бұл мақ сатқа қаражат бөлмей келеді. Енді ғана облыс әкімдігі қаржы қарас тырып, тендер жа­риялады. Сол арқылы экология депар таменті жылжымалы зертхана ашуды жоспарлап отыр. Өт кен жылдың өзінде ғана күкірт ті сутегі атмос фе­раға 81 рет рұқ сат етілген мөл­шерден артық шыға рылған.

Өндірісті өлкедегі ел эко­номикасына елеулі үлес қосып жүрген ірі кәсіпорындардың экология мәселесіне салғырт қарайтыны өкінішті.

АТЫРАУ

«Mitsubishi Electric» концернімен бірге оқытады

––––––––––––––––––––––––––––––––Қарағанды мемлекеттік техникалық уни верситетінде Казпромавтоматика компаниясының демеушілігімен Энер­гетика, автоматика және телебайланыс факультетінде және «Казпромавтоматика» компаниясының ғимаратында «ҚарМТУ­Мицу биши­Электрик­Казпромав тома тика» оқу орталықтарының ашылу рәсімі өтті. –––––––––––––––––––––––––––––––

Ауа ластанғанын анықтайтын қондырғы керек

Журналистер сайысқа түсті

Айдар ӨРІСБАЕВ,«Егемен Қазақстан»

Астанадағы Ақтөбе облысы күніне орайластырылған бұл шараға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Инвестициялар және даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің, ұлттық компаниялар мен шетелдік ұйымдардың өкілдері, сондай­ақ дипломатиялық миссиялардың басшылары қатысты.

Ақтөбе облысының әкімі Б.Са­парбаев қатысушыларды өңірдегі болашағынан зор үміт күттіретін ин­вестициялық жобалармен таныстырды.

Олардың ішінде Шалқар ауданында темір кендерін қайта өңдеу бойынша тау­кен метал лургиялық кешені, Темір ауданында «Ащысай» титан­цирко­ний кен орнын игеру жобасы, Ақтөбе қаласында қуаттылығы 45­55 МВт ферроқорытпа газымен қалдықтарды қайта өңдейтін электр стансасын салу, Қарғалы ауданында болат пен шойын түріндегі өнімдер шығаратын тау­кен металлургиялық кешенінің құрылысы, Мәртөк ауданында ауыл шаруашылығы тауарларының көлік­логистикалық орталығы, Алға ауда нында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салу, Қарғалы ауданында бройлер өсірумен

айналысатын құс фабрикасының құрылысы, Мәртөк ауданында 3000 бас мүйізді ірі қараға арналған жоғары технологиялық бордақылау кешенін құру, «Sheraton» қонақүй кешені секілді ірі жобалар бар.

Аймақ басшысы Б.Сапарбаев Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірах­мановқа, елшілерге, ұлттық компа­ниялар мен шетелдік ұйымдардың өкілдеріне облыстың инвестициялық жобалары ұсынылған көрмеге уақыт бөліп келгендері үшін алғысын айтты.

«Қазақстанның ұстанған инвес­тициялық саясатын барлығыңыз жақсы білесіздер. Жалпы, Ақтө­бедегі инвестициялық ахуал да сон­дай. Осында облысымыздағы инвес­тициялық жобалармен таныс тыңыздар. Өңірде инвесторлар үшін қандай жағдай жасалатынын білдіңіздер. Басты

мақсатымыз – өңірде инвесторлардың қауіпсіз әрі сенімді жұмыс істеуіне мүм кіндік жасау. Біз еліміздің нор­мативтік­құқықтық актілерін ескере отырып, өңірде инвесторлар үшін бар­лық жағдайды жасаймыз», деді облыс әкімі.

Көрме барысында Ақтөбе облы­сының әкімдігі мен «United Energies Aktobe» ЖШС арасында «Ақтөбе» индустриялық аймағында жел ге­нераторларын өндіретін зауыт салу жөніндегі меморандумға қол қою рәсімі болып өтті. Құжатқа аймақ бас­шысы Бердібек Сапарбаев пен «United Energies Aktobe» ЖШС­нің бас ди­ректоры Михаэль Паульс қол қойды. Жалпы құны 84 млн еуроға бағаланған жобаның жүзеге асырылуы өңірде 500 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Инвестицияның игілігін көреміз––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Кеше Астанадағы «Бейжің сарайы» қонақүйінде Ақтөбе облысы инвестициялық жобаларының көрмесі болып өтті. Онда жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба ұсынылды. ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

Page 12: Б’гін Сенат депутаттарын сайлау Šтеді · 2017-09-29 · Думан АНАШ ... туралы жа‹анды идея а байлам жасайды

12 28 маусым 2017 жылдидар

әріптестер әзілі

–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––Жақында ғана Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайы дүркіреп өтті. Әлемнің 40-қа жуық елінен келген 300-ден астам делегат Астанада бас қосып, атажұрттағы ағайынмен арқа-жарқа қауқылдасып, аунап-қунап қайтты. Осы орайда біз Қытай елінен келген белгілі әнші Қазыкен МұхАМеДҚАлиұлыМен аз-кем сұхбаттасқан едік. –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

––––––––––––––Қ а р а ғ а н д ы н ы ң жол-патрульдік полицейі, аға сер-ж а н т С а л а м а т Темірбаев өзінің еңбек дем алы сы-ның қаражатын Қарағанды қала-сындағы «Даму мүмкін шіліктері шек телген балалар үйінің» балдыр-ғандарына табыс-тады. Табыстап қана қоймай, ба-лаларды орта лық саябақта се руен-детіп, шаттық нұ-рын шартарапқа шашты. ––––––––––––––

–––––––––––––––––––––––––Белгілі журналист Қали Сәрсен-бай тек қара сөздің жорғасы ғана емес, оның оқта-текте қағыт пасы да, қалжыңы да қатар жү ретіні бар. Әрине, ол күн делік ті пендешіліктен аспайтын қарабайыр қалжың емес, ұлттың мүддесіне қызмет ететін уытты қалжыңдар. –––––––––––––––––––––––––

Жалпыұлттық республикалық газет. 1919 жылғы 17 желтоқсаннан шыға бастады.

Меншік иесі:«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамыБасқарма төрағасыДархан ҚЫДЫРӘЛІБасқарма төрағасының орынбасарыАйбын ШАҒАЛАҚОВБас редакторҚуат БОРАШ

Газет мына қалалардағы:Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «Ernur» Медиа холдингі» ЖШС,Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС,Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Типография Арко» ЖШС,Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС,Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС,Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС,Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС,Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС,Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС,Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС,Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШСбаспаханаларында басылып шықты.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады.«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газетті есепке қою туралы №01-Г куәлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республи касының Мәдениет және ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қа зақ стан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сәйкес сертификатталған.

Таралымы 202 360 дана

Нөмірдің кезекші редакторыАнар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ

Mекенжайымыз: 010008 АСТАНА, «Егемен Қазақстан» газеті көшесі, 5/13 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58аАнықтама үшін:Астанада: АТС 37-65-27, факс 8 (7172) 37-19-87; Электронды пошта: [email protected] Интернет-редакция: [email protected] Алматыда: 8 (727) 273-07-87, факс 8 (727) 273-07-87; Электронды пошта: [email protected] Маркетинг бөлімі: Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, 37-64-48, [email protected]Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, [email protected]А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мәтініне тапсырыс беруші жауапты.Газеттің жеткізілуіне қатысты сұрақтар үшін байланыстелефоны: 1499 («Қазпошта» АҚ)

Меншікті тілшілер:Астана – 8 (717-2) 37-54-21;Ақтау – 8 (701) 593-64-78;Ақтөбе – 8 (775) 336-47-57;Талдықорған – 8 (701) 236-76-99;Атырау – 8 (701) 553-36-53;Көкшетау – 8 (707) 778-01-72;Қарағанды – 8 (701) 375-74-34;Қостанай – 8 (701) 150-94-43;Қызылорда – 8 (701) 772-70-74;Орал – 8 (702) 886-01-87;Өскемен – 8 (777) 355-41-14;Павлодар – 8 (777) 449-74-78;Тараз – 8 (705) 915-60-04;Шымкент – 8 (701) 362-63-76; 8 (702) 608-91-98;Петропавл – 8 (777) 197-14-06.

ШеНдестірУ

Қазақ – қашанда қазақ!

Ежелден асыл сөзін тасқа басқан,Қазағым келе-келе баспа да ашқан.«Түркістан уәлаяты», «Айқап», «Қазақ»,«Ұшқыннан» – «Социалистік Қазақстан».

Баспасөз – басты сөзі берен елдің,Әлемге айтарым көп, өнегем – мың.Қаламын нұрға малған маржан сөздіБетінен оқиды жұрт «Егеменнің»!..

Қорғанбек АМАнЖОл,«Егемен Қазақстан»

Жобаның жүргізушісі Айдарбек ҒАЗиЗұлы, «Егемен Қазақстан»

− Қазыкен мырза! Қош келіпсіз, Астанаға бұрын да жолыңыз түскен шығар?

− Иә, мен былтыр ғана келіп кеткем. Халықаралық «Шабыт» фестивалінде эстрада бойынша қазылық жасадым. Шынымды айтайын, бұл жолғы әсер ерекше. Қалай тез дамып, адам таны-мастай өзгерген?! Өнер сапарларымен Еуропа елдеріне де көп шығып тұрамын ғой, талай қалаларды көрдік дегендей. Бірақ, Астана қаласының жөні бөлек. Бұл қаладан дүние жүзінің барлық ғимарат үлгілері топтастырылған және ұлттық нақыш тапқан ерекше үйлесімді көрдім. Мұны көріп осы қаланың Қазақ елінің қаласы екенін, қазақ екеніңді мақтаныш етеді екенсің. Кеше «Этноауылды» араладық. Өте жақсы жасалыпты. Туыстарға көрсетуге небір тамаша естеліктер жиынтығын алып бара жатырмыз.

− Сізді жұрт танымал әнші ре­тінде және Қытайдағы қазақ тілді телеарналардағы «Қазақстан дауы­сы» секілді жобалардан тәлімгер ре­тінде жақсы таниды. Өнердегі же­тіс тіктеріңіз туралы қыс қаша айт­саңыз?

− Мен ұзақ жыл Бейжің қаласында

тұрдым. Оқыған мамандығым пиа-нино еді. Кейін эстрадаға ауыстым. Оқуды бітіріп Алтайға келіп үш жылдай қызмет еттім де, содан кейін өз өнерімді жетілдіру үшін қайтадан Бейжіңге кеттім. Сонда біраз жігіттердің басын қосып топ құрдым. Басында рок ай-тып, кейін өзіміздің халық әндеріне ойыстық. Өзім де ән шығарып, орын-дадым. Нәтижеміз жаман емес, 2000 жылы Қытайдың жыл сайынғы көктем мерекесі қарсаңында өтетін фестиваліне қатысып жүлделі болдық. Шыны ке-рек, ол байқауға қатысу мүмкіндігін алудың өзі өте қиын. Сонымен бірге, халықаралық фестивальдарға жиі ба-рамыз. Азия бойынша өткен «Жаңа әуен» байқауында үш аталым бойын-ша бас жүлдені еншіледік. Мұндай жетістіктеріміз аз емес. Испания, Фран­ция, Корея сынды көптеген елдердің белді фестивальдарынан жүлделі орал­ды. Ел іші, сыртындағы өзге де жетістік­теріміздің бар лығын мынау атүсті әңгімеде кең көлемде айтып беру оңай да емес болып тұр... Қысқасы, қайда жүрсек те қазақ өнерін дәріптеуден тан­ған емеспіз.

− Қазір немен айналысып жүрсіз?− Мен концерттер ұйым дастырудан

бөлек жеке кәсіппен және шәкірттер тәрбиелеумен айналысып келемін. Өйткені, талантты жастарымыздың жолы кесіліп жататын келең сіз жағ­дайларды көремін, солардың өз дең­гейінде өнер көрсетуін, қазақ өнерін жалпақ жұртқа паш етуін қаладым.

− Мықты шәкірттеріңіз бар ма?− Иә, жаңа ғана айтқан «Ша быт»

халықаралық фес тивалінде Қай­сар Далай деген әнші бауырымыз «Эстрада» жанры бойынша бас жүлдені қанжығалап қайтты. Сәмет, Сержан, Әділ сынды жас пе рілер енді жарқырап көрініп жүр. Осы жақтағы «Қазақстан дауысы» сынды «Күміс көмей» ән

байқауында екі шәкіртім бірінші, екінші орындардан көрінді.

− Құрылтай жөнінде айтсаңыз. Сіздің өз салаңызға қандай әсері бар?

− Жалпы, қазаққа пайдасын тигізер қандай да бір жоба біздің де пайдамыз деп есептеймін. Құрылтай өте тамаша өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ жастарының шығармашылық байланыстары жөнінде айтты. Соның ішінде өзге елдердегі өнерпаз жас­тар Қазақстанға келіп концерттер қойып, түрлі шаралар мен өзара мәдениетті байыту жөнінде айтты. Өте құптарлық сөз. Шынымды айт-сам, енді осындағы достарым бар, екі елдің мәдениет алмасу бойын-ша арнайы орындарымен селбесіп өнерімізді атажұртта да көрсетсек деген ой келіп отыр. Осында Ерлан Көкеев сынды әріптес достарым бар ғой, солармен де ақылдасып бұл ойды іске асыруға тырысамын.

− Сәттілік тілейміз. Бір ауыз тіле­гіңіз...

− Тілегім, екі ел арасы мәң гі ты-ныш, ынтымақты болса екен. Екі ел басшыларының достығы мәңгі жара-са берсе. Қытайда бір жарым миллион қазақ бар деп жатамыз, солардың да тілейтіні екі ел аман болса, достығы берік, қатарласа қарқынды дамыса деп тілейді. Ләйім солай бола берсін.

Әңгімелескен ұларбек нұРҒАлыМұлы,

«Егемен Қазақстан»

«...тәуірімін»Бір күні кедейлік туралы әңгіме бо-

лып жатады да, жұрттың бәрі кедей бо-лып шығады. Қалекең үнсіз қалыпты. Сонда бір досы: «Сен немене, кедей емессің бе?» дейді. Сонда Қалекең:

– Кедейі кедеймін­ау, бірақ сендер-ге қарағанда соның тәуірімін, – депті.

«...қайта салып қояды»Жігіттер бір азаматты мақтап жата-

ды. Мақтауы келіспей жатса керек, бір кезде біреу: «Ол жыланның аузындағы шөпті алатын жігіт қой» депті. Сонда Қалекең: «Өй, алғаның не, ол оны қуып жетіп ұстап алып, аузына қайта салып қояды» депті.

«Жағың сынса да...»Бір досы жол апатына түсіп жағы

сынып, Қалекеңе көңіл сұрамадың деп ренжіп жүріпті. Содан Қалекең қолы қалт еткенде алыстағы досына ұшып ба-рып, халін сұрапты. Досы мұны көрген соң баяғы өкпесі қайта есіне түсіп, «Жағым сынып жабырқап жатқанда неге келмедің?» деп тағы да сол ренішін айта бастайды. Сонда Қалекең:

– Сен де қоймадың ғой. Басыңның аман қалғанына тәубе десейші. Жағың сынса да, сағың сынбасын, – депті.

«Ұлтқа төнген қауіп...» Қалекеңнің үстінен атынан ат

үркетін бір мекемеге тағы біреулер арыз түсіріпті. Арыз түскен соң тексерілуі керек. Қайта­қайта шақырып, оны­мұны сұрай береді. Түсініктеме жаза-ды. Арызда «бес­алты адамға заңсыз пәтер берді» дейді. Онысы дәлел­денбейді. Содан тағы бір күні ша қыр­ғанда шыдамы таусылған Қалекең тергеушіге:

– Бауырым, қазақтың үйсіз­күйсіз жүрген бес­алты баласына пәтер берген-нен Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төніп тұр ма? – депті.

Содан бұл мәселеге нүкте қойы­лыпты.

«...ішінде адасып кетсең...»Бір ағайынның үш­төрт қабат үйі

бар екен. Қуысы, ұңғыл­шұңғылы өте көп, үйінің ішіне кіргенше бес­алты бөлмеден өту керек. Бір досы сол кісінің үйіне қонаққа бара жатқанын мақтаныш етеді.

– Соткасын білуші ме едің? – дейді Қалекең досына.

– Жоқ, ә, оны қайтем, үйін білем ғой, – дейді. Сонда Қалекең:

– Үйінің ішінде адасып кетсең керек бола ма дегенім ғой, – депті.

Жиған-терген Сәрсен ҚАРМыС

АлМАТы

Мирас АСАн,«Егемен Қазақстан»

2012 жылдан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып келе жатқан жомарт жүрек полицейдің биылғы еңбек демалысы ораза айына сәйкес келіпті. Әкесі Мағаздың

өсиетін зердесіне тоқып өс­кен Саламат, нағыз қазақы қалыппен тәрбие көрген азамат екенін танытты. Сауапты іске дән риза болған балалар түрлі аттракциондарда ойнап, бір сәтке болсын дүние­думанды алаңсыз кешірді.

Қазақта «Жетім көрсең

жебей жүр» деген нақыл бар. Саламаттың бүгінгі жасаған сауабы – ертеңгі күннің жау-абы екенін ұғынған жөн. Біз ертең ұтсақ, қаражаты бар ел емес, Саламаты бар елі ретінде өркениеттің алдына түсеміз.

Қарағанды облысы

Өмір еСҚАли,«Егемен Қазақстан»

Өткен сенбі күні жер­дүниені сел қылып жіберген нөсер жаңбыр облыс тұрғындары үшін бірқатар қолайсыздық тудырды. Тіпті, көшелерде кетіп бара жатқан көліктер жүрістерін баяулатуға болмаса уақытша тоқтауға тура келді. Кейбіреулер аспаннан періште түріндегі бұлттар көргенін, өзгеше құйынның «ойнақ салғанын» айтып, сан­саққа жүгірткендер де болды.

Біз «Қазгидромет» мекемесі СҚОФ­ның бөлім бас-шысы Гүлзат Ғазизовамен хабарласып, табиғаттың тылсым сырлары жайлы айтып беруін өтінген едік.

– Солтүстік­Батыс жақтан соққан суық ауа сал-дарынан қатты жел тұрып, оның жылдамдығы се-кундына 19­20 метрге дейін жетті. Аспанда найзағай жарқылдап, жұртшылықтың үрейленгені рас. Жарты күннің ішінде 12­18 мм жаңбыр жауды. Бұл – он күннің нормасына тең.

Ал аспанда жөңкіле көшкен қорғасын, қара бұлттардан кей адамдардың періште кескіндес таңғажайып суреттерді «көруін» табиғи құбылысқа жатқызар едік. Жаңбыр жауғаннан кейін күн шайдай ашылып, аспан неше түрлі реңкке боянып, әр алуан кейіп енетіні заңды. Бала кезімізде шелекпен су әке­тіп бара жатқан келіншекті немесе салт атты кі сіні талай мәрте көретінбіз. Бұл да соның бір мысалы.

Қобалжитындай, үрейленетіндей ештеңе жоқ.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бірде...

ҚайырымдылыҚ Қағидаттары тосыН табиғат

Сауап іздеген Саламат Елді үрейлендірген ерекше жауын

«егемеН» аШҚаН есімдер

Қайда жүрсек те қазақ өнерін дәріптеумен келеміз– дейді әнші Қазыкен МҰхаМедҚали