80 (3137) 2014-07-22

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆÊÒÆμ 22 Ù¼ÌÅÆ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +20°..+22° +13°.. +15° ǮȈШȣȕȌȈȍȓȖȘȌȈȌȈȈȠȣȓФȈȕ©ǮȈșȒиșСȗȒȍȘȔȍȒȚȍȉСȕȌȍª ȒȍȏȒȍȓȋȍȕȈȌȈȔШȈȓȈțȣȉȖȑȣȕȠȈȉСȓСȔȈȓȈȈȓȈȌȣ Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë âáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì f·ÈÉ·Ä· »¼Æ Á¼Â¼»° ·ÂÒÈÉ·Ç»·Ä 4 ÜÝĉăàà× åßáâÝ ÜĈßÞäß×ĉ× ʽ೪˶˾ˬ˘˲ ˘˲˘˳ˮ˞˘೦ ϰϱͲ˧ˮ˾˧ ˈ˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˹ˤˣˤ˪˘ ˯ˬˤ˭Ͳ ˱ˤ˘˞˘˳ ˣ ˭ഉ˲˟˳˧ˮ˟ ˢ˟˵˵˧ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ೪˲˘˭˘˳ ϯ ˘ˬ˵ˮ ˢഉˮ˟ Ϯ ˪˭˧˳ ˭˟Ͳ ˞˘ˬ ˟ˮ˾˧ˬ˟˱ ˪˯˭˘ˮ˞˘ˬ೪ ˟˳˟˱ ˙˯˥ˮ˾˘ ϴϱ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧೮ ˘˲˘˳ˮ˞˘ ˣ˞˧˪ ˯ˮ˞೪೪˘ ˟ˮ˞˧ 2 ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ ǂƼǍ džʃǍƲNjdžǁnj ƽƲLJƲLjƲlj ǔǗɍǀƼDžǀǗ Белгіленген жоспарға сәйкес мектепте екі апта бойы бизнесті басқару теориясы мен тәжірибесі оқытылады, ал оқудың соңында оқушылар жеке бизнес-жоспарын дайындап, оны қорғайды. Үздік деп танылған жобалар әлеуетті ин- весторлар шақырылатын идеялар жәрмеңкесінде таныстырылады. Осылайша жоба авторы өзінің биз- нес-идеясын іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Бірінші топтың сабақтары үстіміздегі жылдың маусым айында өткізілді. Қазіргі кезде 4-16 тамызда білім алатын екінші топқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Мектепке жазылу үшін кәсіпкерлердің қызмет көрсету орталығымен хабарласу қажет. Жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу және олардың арасында кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың жағымды үрдісін қолдау мақсатында әзірленді. Бұған дейін мұндай жоба 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында жүзеге асырылған болатын. Ол табысты бо- лып, үш айдың ішінде 400 адам білім алды. Ал өткен жылы жоба еліміздің бес өңірінде қолға алынды, 632 адам оқытылып, 10 идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сағи ОРАЛ Сәрсенбі, 23 шілде күні сағат 15.00-16.00 аралығында Астана қаласы №2 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Тимур МҰРАТОВ бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына хабарласуға болады. «

Upload: -

Post on 01-Apr-2016

223 views

Category:

Documents


10 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №80 (3137) 22 шілде 2014

TRANSCRIPT

22 +20°..+22°+13°.. +15°

4

2

Белгіленген жоспарға сәйкес мектепте екі апта бойы бизнесті басқару теориясы мен тәжірибесі оқытылады, ал оқудың соңында оқушылар жеке бизнес-жоспарын дайындап, оны қорғайды. Үздік

деп танылған жобалар әлеуетті ин-весторлар шақырылатын идеялар жәрмеңкесінде таныстырылады.Осылайша жоба авторы өзінің биз-нес-идеясын іске асыру мүмкіндігіне ие болады.

Б і р і н ш і т о п т ы ң с а б а қ т а р ы үстіміздегі жылдың маусым айында өткізілді. Қазіргі кезде 4-16 тамызда білім алатын екінші топқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Мектепке жазылу үшін кәсіпкерлердің қызмет көрсету орталығымен хабарласу қажет.

Жоба жастардың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін ашу және

олардың арасында кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудың жағымды үрдісін қолдау мақсатында әзірленді.

Б ұ ғ а н д е й і н м ұ н д а й ж о б а 2012 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында жүзеге асырылған болатын. Ол табысты бо-лып, үш айдың ішінде 400 адам білім алды. Ал өткен жылы жоба еліміздің бес өңірінде қолға алынды, 632 адам оқытылып, 10 идеялар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Сағи ОРАЛ

Сәрсенбі, 23 шілде күні сағат 15.00-16.00 аралығында Астана қаласы №2 аурухана бас дәрігерінің орынбасары Тимур МҰРАТОВ бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.

Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-19 телефонына хабарласуға болады.

«

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Дәулет» спорт кешенінде теннистен «Қазақстан Президентінің кубогы – 2014» дәстүрлі халықаралық турнир басталды.

Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан – Еуразия жүрегі» көрмесі өтеді. Басталуы: 10.00

Балалар мен жасөспірімдер кітапхана-сында «Кітап – жан азығы» атты көрме ұйымдас-тырылады.Басталуы: 10.00

Елордада биыл алты айда 70 000 абонентке жеке су есептеуіш орнатылды.

Қазіргі уақытта елордада келесі учаскелерде жаңа жолдар салынып жатыр: Бейсекова көшесі Қор-ғалжын тас жолынан Тілендиев даң-ғылына дейін; 2-ші Алматы көшесі Тілендиев даңғылынан Бейсекова көшесіне дейін; Күйші Дина көшесі Тоқпанов көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін; Жұмабаев көшесі №14 көшеден №41а көшесіне дейін; Жұмабаев көшесі №14 кө шеден №41а көшесіне дейін; Баян тау кө-шесі №14 көшеден №41а көше сіне дейін; №14 көше Қордай көше-сінен Төлебаев көшесіне дейін; Рыс құлбеков көшесі Абылай хан даң ғылынан Махтұмқұли көшесіне дейін; Күйші Дина көшесі Жұмабаев көшесінен Абылай хан даңғылына дейін.

Сонымен қатар, мына жол учас келерінде жол жабынын қал-пына келтіру және жөндеу жұ-мыстары жүргізіліп жатыр: Әуезов көшесінде Иманов көшесінен Молдағұлова көшесіне дейін, Тар-хан көшесі Жұбанов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін. Бал-қантау көшесінде Жұмабаев көше-

(Басы 1-бетте)Назарбаев университетінде ұйым-

дастырылған білімділер додасы екі кезеңнен тұрды. Теориялық сында 383 оқушыға тапсырмалар жазылған 3 конверт таратылып, оны орындауға 5 сағат уақыт берілді. Қатысушылардың қай елден келгендігі де ескеріліп, сәйкесінше есептері де өз тілдеріне аударылды. Шетелден келген біраз профессорлардың айт у ынша, Астанадағы IPHO олимпиадасының тапсырмалары әдеттегіден қиын әрі көп болған екен.

Алайда олар физиканың қарқынды дамып келе жатқандығына байла-нысты оқушылар да мықты болу керектігін айтып, сұрақтар деңгейін лайықты деп тауыпты.

Ауқымы кең олимпиаданы ұйым-дастырушы ел ретінде Білім және ғылым министрлігіне, қала әкімшілігі мен «Дарын» ғылыми-практикалық орталығына артылған жүк жеңіл болмағаны анық. Қазақ еліне алғаш рет ат басын тіреген әлем жастарының ғылым бәйгесін халықаралық дең-гейде өткізіп қана қоймай, мей ман-дардың көңілін қалдырмай, ұйым-дастыру жағын кем-кетіксіз жасау қажет. Қазақстан бұл үдеден шыға білді. Ол қатысушылардың ыстық ықыластарынан айқын аңғарылды. Жас физиктер, әсіресе, Астана сәулетіне таңғалысып, оның көркі ел дамуын паш етіп тұрғандығын жа-сырмады. Бір аптаға созылған олим-пиада кезінде олар қаланы аралап

сінен Төлебаев көшесіне дейін, сондай-ақ Республика даңғылында Сейфуллин көшесінен Гёте кө-шесіне дейін орташа жөндеу жұ-мыстары жүргізілуде.

Бүгінде аталған учаскелерде нөсерлік, тұрмыстық кәріздер жасалып, электр кабельдері тар-тылуда, жер жұмыстары, асфальт төсеу, қозғалыс бөлігін абаттандыру жұмыстары қолға алынған.

Шетелдік «Bureau Veritas» ком-паниясы жоғарыда аталған жолдар құрылысының барысын бақылауына алды. Жол жабынын төсеу мен мате-риалдар шығару да осы компанияның назарында.

Еске салайық, «Bureau Veritas» – жол құрылысы саласын жетілдіру үшін арнайы тартылған француз инспекциялық-сертификаттау ком-паниясы.

қана қоймай, Бурабай курортына да барып қайтты. Ондағы этно-мәдени ауылда тігілген киіз үйлерге бас сұғып, ұлттық тағамдардан дәм та-тып, бишілермен бірге қазақ билерін де билеп үлгерді.

«Бәрі өз уақытында өт ті . Бізді жақсы орналастырды, оқу-шы лармен де үнемі байланыста

болдық. Қатысушылар жадында Қазақстандағы бұл олимпиада мәңгі сақталатынына күмәнім жоқ» деді Сараево университетінің профес-соры Райфа Мусемич.

«Осы олимпиадаға былтыр да қатысқанмын. Алайда, жарыстан күміс медальмен оралдым. Келесі IPHO елімізде өтетінін білгенде, бір жыл бойы еңбектеніп, алдымызға «алтын аламыз» деген мақсат қойдық. Қосымша кітаптарды ақтармай, мектеп бағдарламасымен ғана дайындалған балалардың қи-налып қалғаны рас. Өйткені, осы жылы университеттің алғашқы

курсында үйретілетін есептер бол-ды» дейді алтын медаль иеленген отандасымыз Әмір Бірәлин. Сонымен қатар, ол олимпиаданың жабылу салта-натында бәрінен оза шауып, жоғары көрсеткіштен көрінген 7 абсолютті жеңімпаздың қатарына кірді.

Жеңімпаздарды Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Білім және

ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен IPHO олимпиадасының прези-денті Ханс Йорданс марапаттады. Иса Данат, Нұрбек Дінмұхаммед, Тұрсынбек Нұрислам, Әмір Бір-әлин және Дәулет Құрмантаев ел мәртебесін бірінші ондықтағы сегізінші сатыға көтерді. Ал, алғашқы үштіктен Қытай, Тайвань және Оңт үстік Корея команда лары көрінді.

Ендігі кезекте бұл олимпиада 2015 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында өткізіледі.

Мәдина ЖАҚЫП

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУ

ҒАЛ

ИЕВ

. Дер

ек к

өзде

рі: w

ww

.ast

ana.

kz, w

ww.

info

rm.k

z, w

ww.

baq.

kz

– Бұқаралық спорттың өрісін ұзарту үшін клуб тарапынан ат-қарылып жатқан шаруаларды айтып берсеңіз...

– Елорда басшылығы дене шынықтыруды айнымас әдетке айналдыру қажет әрі пайдалы екенін түсіндіру үшін барынша жағдай жасап келеді. Ең бастысы салалық бірнеше спорт кешендері пайдалануға берілді. Күнде кеш-кілік серуендеп жүргендер қала көшелері мен Астаналық саябағы, Есілдің жағалауына орнатылған тренажерлардың игілігін көріп жүр. Сондай-ақ, тегін жаттығу залдары жұмыс істейді. Жаз бойы әр жексенбі сайын Астаналық

саябақта таңғы бұқаралық жүгіруге, сондай-ақ, бүкіл отбасыға арналған көңіл көтеру және сауықтыру жат тығуларына қатыса алады. Жап пай жүгіру соңғы кездері жиі өткізіледі. Қазіргі кезде белгілі бір команда қалыптасып, әр жолы жаңа қатысушылар қосылып жатады.

– Спорттық шараларға қа-тысқысы келетіндер қай жерге бару керек?

– Әр жексенбіде М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының жанына сағат 9.00-де жиналу керек. Ал жұма сайын сағат 19.00-ден 20.00-ге дейін «Өмір нәрінен ләззат ал!» атты акция аясында көңіл көтеру, сауықтыру жаттығулары

өтеді. Бұған Астананың барлық т ұ рғындары мен қонақтары, балалар мен ересектер, тіпті, мемлекеттік қызметкерлер мен кәсіпкерлер де қатыса алады. Түрлі ойындар мен тренингтер өт кізіледі. Сондықтан барлық қала тұрғындарын қолжетімді әрі қауіп-сіз мерекеге шақырамыз.

– Сонда келушілерге жат ты-ғуды кім жүргізеді?

– Қ а л а м ы з д а ғ ы « Wo r l d Class» фитнес клубтар желісі іс-шараны жүргізетін фитнес жаттықтырушыларымен қам-тамасыз етіп отыр.

Еркежан СӘТІМБЕК

Халықаралық шахмат федера-циясы аясында биыл 34-ші рет өткен айтулы жарысқа 38 елден 37 халықаралық гроссмейстер және 33 халықаралық шебер сынға түскен. Осындай байрақты бәсекенің екі бірдей сайысында бақ сынаған астаналық Дина-ра Садуақасова қос бәйгенің де жүлдесін қанжығасына байлап қайтты. Атап айтқанда, әйелдер және жасөспірім қыздар арасында топ жарды.

Турнир барысында он жеті жасар қазақ қызы әлемге таны-лып қалған бірнеше халықаралық г россмейс терлермен кере-мет ойын көрсетті. Мәселен,

чехиялық В.Шансаны айқын басымдылықпен тізе бүктірсе, ү н д і с т а н д ы қ Г. Го п а л м е н , қытайлық Лей Теджимен және испандық Д.Форсенмен тең түсті. Ал, жасөспірімдер арасындағы сында барлық қарсыластарынан басым болды.

О с ы л а й ш а , А с т а н а д а ғ ы Х .Омаров атындағы шахмат клубының шәкірті, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ди-нара Садуақасова тағы бір мәрте Қазақстан шахматының қарқынды даму динамикасын төрткүл дүниеге айшықтап көрсеткендей болды. Біз өз тарапымыздан «жеңісті күндерің үзілмесін, жұлдызың жана берсін, Динара чемпион» демекпіз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Жүз отызға жуық ЮНЕСКО-ға мүше-мемлекет тің жүз жетпіске жуық өкілі біздің еліміздің астанасында алғаш рет жиналмақ. Ұлттық комис-сиялардың жалпы кеңесі бары-сында ЮНЕСКО бөлімшелері мен Ұлт тық комиссиялар арасындағы ықпа л дастық п е н ы н т ы м а қ т а с т ы қ , ЮНЕСКО қызметінің елдік деңгейін жоғарылату, сондай-ақ , мәдениеттерді жақын-дастырудың х а лықара лық онжылдығы (2013-2022 жж.) шеңберіндегі бастамалар-ды жүзеге асыру мәселелері талқыланады.

Нақтылай айтсақ, «ҚазАгро» холдингінің қолдауымен «Астана-Боттлерс» сүт пен шырын дайын-дау және құю бойынша техно-логиялық желісі өз жұмысын қайта жандандырды. Зауыт 2007 жылы ашылып, қаржының қат тығына байланысты тұралап қалған бо-латын. Астана маңындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру ба-ғы тындағы маңызды жобаны жолға салу енді мүмкін болып отыр.

«ҚазАгро» ҰБХ басшысы Ду-лат Айтжановтың айтуынша, за-уыт табиғи таза сүт пен құрғақ сүтті өңдейтін германиялық,

австриялық, италиялық тенхоло-гиямен жабдықталған. Бастапқы кезеңде өнімді құрғақ сүттен өңдіреді, алайда көп ұзамай хол-дингтің көмегімен 500 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт ферма-сы құрылады.

Зауыттың қуаттылығы – тәулігіне 100 тонна. Бүгінгі шығарылып жатқан өнім елорданың сауда желі-лерімен қатар, Атырау, Маң ғыс тау өңірлеріне жөнелтілмек. Мұнымен қоса, зауытта алдағы уақытта «Ба-лапан» сауда маркасымен шырын және шырынды балалар тағамын өндіру жоспарланып отыр.

Көрмені Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрліктерінің қол дау ымен « Х а лықара лық мәдени орталық» АКЕҰ (Ресей) және Қазақстан халқының рухани даму қоры ұйымдастырды.

Қазақстанда бірінші рет жаңа-шыл ойлары арқылы Еуро падағы да, Ресейдегі де сурет өнері тура-лы өз дәуіріндегі дәстүрлі пікір-лерді өзгертіп төңкеріс жасаған ресейлік суретшілердің кең кө-лемді көрмесі ұсынылып отыр.

Ресейлік төрт музей («РОСИ-ЗО» Мемлекеттік музей-көрме орталығы, Тверь облыстық сурет галереясы, Иванов облыстық көркемсурет музейі, Серпухов тарихи-көркемсурет музейі) суретшілер одағымен бірлесіп Қазақстанда көрсету үшін арнайы

жасақталған бірегей жәдігерлердің жинағын ұсынып отыр. Көрмеге ұлттық көркем сурет дәстүрінің төрт жүз жылдық тарихы ашы-латын елу автордың тоқсаннан астам жұмысы қойылған. Бұл жерден орыс реалистік мектебі классиктерінің және орыс аван-гардының әлемге танымал хас шеберлерінің, соцреализмнің жетекші шеберлерінің және өз шығармашылық жолдарын ізде-ген олардың замандастарының жұмыстарын көруге болады. Ке-неп бетіне түсірілген кескіндеме өнерінің барлық негізгі жанрла-ры арқылы Империялық Ресей, Кеңестік Ресей, Ресей Федераци-ясы сынды Ресей тарихы оқылады.

Көрме 14 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жұма ҚАЗИЕВ

www.astana-akshamy.kz

Әлбетте, бұл – бірінші кезекте балаға бейқам ата-аналардың кінәсі. Өйткені өздері үйде болмаған кезде терезелерді қымтап жабуды ұмытып кетеді, тіпті пәтердегі жиһаздардың бала терезенің алдына оңай шығып кететіндей қылып орналасуы да қайғылы жағдайларға душар қылатыны жасырын емес.

Оның ішінде болмашы ғана салмақ түссе, дар айырылып жыртылып кететін москитті тордың кесірінен 5 бала мертігіп, опат болды. Оқыс оқиға салдары өлімге әкеп соғатыны өз алдына, бел омыртқа мен сүйектердің сынуы-нан, ішкі ағзаларына, миына зақым келуінен, күретамырлардың жарылып кетуінен мүгедек боп қалған жеткіншектерге обал-ақ.

Дәрігерлік тәжірибеміз көрсеткендей көбінесе жарақат алған жанға дер кезінде көмек жасалмағандықтан, жағдай асқынып кететініне көзіміз жетіп отыр. Сондықтан осындай оқыс оқиға куәгері бола қалсаңыз, қ а р а п т ұ р м а й м ы н а д а й қ а р е к е т т е р г е көшкеніңіз абзал:

Шұғыл түрде жедел дәрігерлік көмек шақыртыңыз, мекенжай мен оқиға туралы дәл қалпында баяндаңыз;

Егер жас бала ақыл-есін жоғалтпаған болса, оны өздігінен қимылдатпауға тырысыңыз;

Ал, есінен танып қалған жағдайда, оны кері аудармаңыз, себебі бел омыртқаға зақым келсе, жағдайды одан әрі ушықтырып жіберуіңіз мүмкін;

Күретамырдың соғысы мен тыныс алуын тексеріңіз, тек демалысы нашарлағанда ғана баланы шалқасынан жатқызып, жа-санды тыныс алдырыңыз;

Е г е р д е қ а н т о қ т а м а й ж а т с а , жарақатты таза дәке немесе орамал сияқты қолда бар затпен таңып тастаңыз.

Қандай жағдай болса да науқасты жалғыз қалдырмаңыз, себебі айналада жағдайды білмей жатып, өзім білемдікке салып көмек бергісі келетін адамдар табы-лып қалуы мүмкін, бұл науқастың жағдайын одан әрі ауырлатып жібереді.

Ал, ата-аналарға айтарымыз: москитті тор самалдыққа жақсы болғанмен, сақтыққа жа-рамайтын материал, сондықтан мүмкіндігінше терезелерге кішкентай балалар өз бетінше ашып-жаба алмайтын арнаулы бекіткіштер орнатыңыз. Ең абзалы, баланы үйде жалғыз тастап кетпеңіз.

Д.ШКОЛЬНЫЙ, №2 қалалық балалар ауруханасы

травмпунктінің ординатор-дәрігері

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

КӨРІКТІ ҚАЛАЛАР ҚАТАРЫНДАМЫЗ

Астана қаласы еліміздің негізгі орталығы ретінде басты, ірі туристік шаһарға айнал-ды. Арқаның төсіндегі әсем қала көптеген халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өз мәртебесіне сай өткізіп, сан мыңдаған қонақтарға кең пейілділігі мен ақжарқын ниетін танытып, өзінің мәртебесіне сай екенін сан мәрте дәлелдеді.

Өткен жылы ғана біздің Астанамыз туристік қалалардың беделді Бүкіләлемдік федерациясы (World Tourism Cities Federation – WTCF) құрамына енген. Бұл – Лос-Анджелес, Рим, Берлин, Макао, Пекин, Лондон, Вена, тағы басқа да елуден аса мегаполистер мен туристік орталықтарды біріктіретін көлемі жағынан төртінші туристік бірлестік. Бір айта кетерлігі, бұрынғы кеңес елдерінің қалалары ішінде WTCF қатысушылары – тек Мәскеу, Минск және Астана ғана.

Қазақстан астанасы әлгі федерация құрамына Пекин мэрі Уонг Аншунгтың шақыруы бойынша кіргені де есімізде. Сол тұста Пекин мэрі «Бүкіләлемдік туристік қалалар федерациясы кеңесінің төрағасы ретінде мен Астананы WTCF құрамына қуана ұсындым. Федерацияға қосыла оты-рып, қала ұйымдағы басқа қалалармен бірге сәтті тәжірибесімен, туризмді дамыту мүмкіндіктерімен бөлісетіндігіне сенімім зор» деген еді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРАЛАР БЕДЕЛІМІЗДІ КҮШЕЙТЕДІ

Бас қалаға алғаш келген адам нағыз мәдени, рухани сезімді басынан кешіреді. Өйткені, та-рихи өлшеммен өте қысқа мерзімде құрылған Астананың сәулеттік бейнесін тамашалаған кез келген қонақ таң қалмауы мүмкін емес. Тәуелсіздік, Бейбітшілік және келісім сарайларының, «Қазақстан» орталық концерт залының, күні кеше ғана есігін айқара ашқан Ұлттық музейдің, «Бәйтерек» монументінің ғажайыптары тамашалаушысын сергек күйге жетелейді.

2013 жылғы арнайы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қалаға 687 239 турист келген екен. Оның ішіндегі 108,5 мыңы – алыс шет ел азаматтары. Бұған қарап, бір жыл ішінде елордаға табан тірейтін туристер санының 105 мың адамға, яғни, 16 пайызға өскенін көреміз. Былтыр қалаға келген адамдардың жал-пы санын 2010 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 67,5 пайызға артқанын аңғарамыз.

Мамандардың айтуынша, туризмнің осылай қарқынды дамуының басты себебі – жергілікті органдар мен ұйымдардың туризм саласымен тығыз байланыста жұмыс жасауында.

Бүгінде Астана шаһарында 132 туристік фирма жұмыс істейді. Елорданың халықаралық туристік нарықта бәсекеге қабілетті болуы үшін олар туристік көрмелерге белсенді қатысуда және үздіксіз шақырылуда. Мұны да астаналық компаниялардың туған қаласын насихаттауға қосқан үлесі деуге әбден келеді.

«Туризмнің ең табысты түрлерінің бірі – іссапарлық туризм. Мұндай туристердің 70 пай-ыздан астамы Астанада өтетін әртүрлі көрмелер мен конференцияларға, семинарларға қатысу мақсатында келеді. Яғни, қонақтардың көпшілігі біздің бас қаламызға іссапарлық мақсатта ат басын бұрады» дейді сала мамандары. Осы орайда айта кететін бір жайт, жаңа ғана айтқан ЕҚЫҰ Саммиті, VII қысқы Азия ойындары, жыл сайын өтетін Аста-на экономикалық форумы және Астана күні секілді түрлі халықаралық деңгейдегі ірі экономикалық, са-яси, спорттық және мәдени шаралар туризмнің да-муына және елорда мәртебесінің артуына маңызды әсерін тигізеді. Ал 2017 жылы өтетін «ЕХРО» халықаралық мамандандырылған көрмесіне алыс-жақын шет мемлекеттерден 5 миллионға тарта мейман келмек.

ЕЛБАСЫ «ЕХРО» КӨРМЕСІН ҚУАТТАУДА

Туризмнің басты талаптарының бірі – қонақүйлердің сапаға сай келуі, заман көшіне ілесуі. Қазіргі таңда Астана қаласында 161 қонақүй жұмыс істейді. Олардағы жа-тын орындар саны 8442-ге жеткен. Соны-мен қатар, «люкс» санатындағы нөмірлер саны 744-ті құрайды. Ал бес жұлдызды қонақүйлер – 5, төрт жұлдызды – 11, үш жұлдызды 20 қонақүй бар екен. Бұл цифрлар алдағы үш жылда еселеп өсетініне сенімдіміз. Өйткені, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі елордада өтетін «ЕХРО» көрмесіне баса маңыз беріп, дайындық жұмыстарын жіті бақылауда. Халықаралық шараға орай туристерді мәртебесіне сай күтіп алатын мей-манханалар мен мейрамханалардың қатарын көбейту қажеттігін де тапсырған Мемлекет басшысы.

Т у р и с т е р д і қ а б ы л д а у д а т а м а қ т а н у орындарының көптеп болуы өте маңызды. Бұл тұрғыдан да бас шаһардың қызмет көрсетуі ойға қонымды. Айталық, Астанадағы мейрамханалардың қатары бүгінде 177-ге жет-се, осының барлығы бір мезетте 23000 адамды қабылдай алады. Ал 770 кафе-барымыз 28950 қонақ күте алады. Мемлекет тарапынан шағын және орта бизнеске қолдау да бұл саланың ілгерілеуіне септігін тигізуде.

Астанадағы туристік іспен айналысатын кәсіпкерлер өткен жылы 425,9 мың адамға қызмет көрсетіпті. Оның ішінде туристік фирмалар арқылы 56,3 мың адамға, жеке кәсіпкерлер арқылы 31,2 мың адамға қызмет ұсынылған.

Астанаға өткен жылы шет мемлекеттен келген 198,8 мың азаматтың басым бөлігі – ТМД аумағындағы елдердің тұрғындары.

Самат ҚАБДУЛИН, Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Астана қаласы халықаралық туризмнің басты орталығына айна-лар күн алыс емес деп білемін. Себебі, елордадағы қазірг і жағдайдың өзі бұл сенімді күшейте түседі. Мен өз салам бойынша әңгімелейін, Аста-нада көптеген байрақты спорттық бәсекелер өтіп тұрады. Олардың қай-қайсысына да алыс-жақын шет ел-дерден келетін спортшылар көп-ақ. Қонақтардың көпшілігі отыз мың адамды құшағына сыйдыруға мүмкіндігі бар «Астана-арена» стадионына, «Алау» мұз айдынына, «Сарыарқа» республикалық велотрекке, басқа да спорттық нысандарымызға таңдай қағып, тамсанып кетеді.

Статистикалық деректер елордаға ағылған меймандардың жыл санап артып келе жатқанын айғақтайды. Біле білсек, солардың дені спорттық шараларға қатысуға келеді . Енді халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесіне дайындық үстіндеміз. Бұл оқиға да Астана туризмінің салмағын артты-рып, атымызды шартарапқа жаяты-нына сенімім зор.

Нақтырақ айтсақ, 72,6 пайызы Ресей Феде-рациясынан, 11,5 пайызы Украинадан, 4,7 пайызы Өзбекстаннан, 2,4 пайызы Белоруссия елінен елордаға ат басын бұрған. Ал ТМД-дан өзге мемлекеттерден келген туристер санының басым бөлігі түркиялықтар екен. Қытайдан, АҚШ-тан, Германиядан және Ұлыбританиядан Қазақстанды көргісі келген-дер де баршылық.

Асхат РАЙҚҰЛ

»

»

»

»

»

»

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Ата-бабаларымыз сондықтан имандылық ұялаған ислам дінін ежелден мойындаған. Яғни, біз – мұсылманбыз. Оның ішінде, Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын сүнниттерміз. Бабаларымыз аса қадір тұтқан бұл жол ұлттық салт-дәстүрді, ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ әлемдегі ең ізгі жол – ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны абзал. Халық «алты жыл аш болсаң да, атаңның салтын ұмытпа» деген, сондай-ақ, «Атадан – өсиет, анадан – қасиет» деп бекер айтпаса керек. Өйткені, ұлттың ұлы болмағы есіктегі мен бесіктегінің белгі нышанынан көрініс табады.

Өкініштісі, қазір кейбір сыртқы күштер жас-тарымызды ислам дінінің хақ жолынан адасты-рып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. Бәрімізге белгілі, кешегі кеңес заманында жетпіс жыл бойы ата салтымыз бен дәстүріміз аяққа басылып, ұрпағымыз қасиетті ана тілімізде ұлағатты сөз тыңдаудан құрдым қалды. Бұл бізге отбасының қазақи тірлігін іріткен, ата дәстүрді алшақтатқан індет болып жабысты, өскелең ұрпақты ұлтымызға жат құндылықтарға ден қоюға бейімдеді. Содан да болар, қазір кейбір жастарымыз өздерін қоғамнан оқшау ұстап, бізде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанып, басқа елдердің орныққан дәстүрлеріне ден қоюда.

Жамбыл облысы Қордай ауданы, Ке-нен ауылындағы мына бір уақиға жәйлі Та-раз қаласында тұратын ел ағасы Асаубай Майлыбаевтың «Ғұмырым, Тұғырым, Тұнығым» атты естелік-толғауынан оқып едім. Бір институтта оқыған, екеуі де жоғары білімді медицина мамандары отбасын құрған, қызметке тұрып, ұл-қызды болып, ойнап-күліп жүргендерінде отбасы ойран болды. Әйелі дін жолына түсем деп, Исламдағы жат пиғылдарға қосылды да кетті. Одан ол жанына ұлы мен қызының басын айналдырып, қосып алды. Ұлы түрмеге түсті. Одан топ болып қашты. Ақтөбеде өздерін өздері жарып жібергендердің ішінде

болды. Әкесі қайтеді, ұлының денесін ауылға алып келді. Сол кезде Алматыдан жанында өңшең қара киінген, еркектері сақалды, әйелдері тұмшаланған ұлдың шешесі де жетеді. Сонда қазақы дәстүрмен жылап-сықтап жатқан жұртқа: «Тоқтатыңдар жылағанды!» деп бәле қылады. «Ұлым – шаһид. Жаны жәннатқа барды» деп жатып қуанған. Ішінен шыққан баласының денесі бөлек-салақ, өліп жатыр, ал анасының қылығы әлгі.

Төмендегі өлең шумағы дәл осы оқиғаға қаратып айтылғандай.

Ділін ұқпас дүмбілез дүбәра бар,Түңілемін – түрім жоқ шыдай алар.Тарап жатқан тамырын – танымаса,Иесіз боп, бір күні ұя қалар.Осындайда еске түседі. Теледидардан бір

тәжірибені көргенім бар еді. Инкубатордан жаңа шыққан, яғни жетім балапандардың алды-нан нендей де бір затты – доп, ойыншық, кебіс – сүйретсе, таңдамайды, шықылықтап соның ізінен ере жөнеледі. Сөйтсе, пақырлар әлгі затты анам деп есептейді екен. Өзінің тарихи дәстүрін қастер тұтпаған, одан адасқан, өзекті арқауы жоқ

ел әр кебістің ізіне еріп өркениетке жетуі екіталай. Шынтуайтына келсек, біздің өзгеден емес,

өзгенің бізден үйренер тұсы баршылық. Мәселен, біздің халқымызда көп құдайға сенушілік деген ешбір уақытта болмаған. Бұл жайында тарихтың атасы саналатын Геродот бізді гректермен салы-стыра отырып, былайша жазады: «олар гректер тәрізді көп құдайға емес, тек бір ғана құдайға сенеді». Геродот сондай-ақ біздің арғы ата-

Қ а й ы р ы м о л қ а д і р л і а й д а қайырымдылық істерін жасауды «Нұр Астана» мешіті де жылдағы дәстүрмен жалғастырып, көңілі кемшін жандарға демеушілік көрсетті. Атап айтар болсақ, әлеуметтік жағдайы, тұрмысы төмен отбасы-лармен қатар, тағдырдың сынағына мойымай, тумысынан кемтар, мүгедек жандарды бағып-қағып отырған шаңырақтарға да қамқорлық

бабаларымыздың өлген кісіні жөнелтер алдында, онымен халықтың қоштасу рәсімі болғандығы ту-ралы жазады. Бүгінде қаза болған кісіні жерлерде халық көп жиналып, оны соңғы сапарға шығарып салу әркімнің қасиетті борышы саналады. Әлдеқалай келе алмай қалып, марқұмның қабіріне топырақ тастай алмаған адам өзін кінәлі санап, қылмыс жасап қойғандай күй кешеді. Мұндай жағдайда «өлімнен ұят күшті» деп жататыны да сондықтан. Ал, өлген кісінің денесін ешкімге көрсетпей әрі онымен қоштастырмай, жылдамда-тып жерлей салу нағыз көргенсіздік және жерлеу дәстүрін дөрекі бұзғандық. Алла Тағала Құран Кәрімнің «Бақара», «Ағраф» сүрелерінде былай дейді: «Мен бұл дүниені сендер үшін және оған сендер ие болсын деп жараттым. Осының бәрін дұрыстап пайдалана біліңдер және бақытты өмір кешіңдер». Сондықтан, бақилық болған азаматқа соңғы рет құрмет көрсету рәсімі, марқұмдардың қабірлеріне барып құран оқу, халыққа зор еңбегі сіңген жандарға ескерткіш орнату Аллаға серік қосу дейтіндердікі құр шатасқандық дегеннен басқа амал жоқ. Өйткені, «Өлі риза болмай, тірі байымайды».

Тағы бір мысал. Қазақтар әуелден қыздарын күні ертең алысты – жақын, жатты жекжат етер, елмен елді таныстырып, табыстырар дәнекер көріп, үлкен үміт артқан, ерекше қадір тұтқан, аналарын мейлінше құрметтеп өткен. Мәселен, қазақтың ежелгі тарихында Әулие атанған Ұмай Ененің атын бабаларымыз тасқа жазып қалдырған. Дін мұсылманда Бекір ана, Қаранас ана есімдері ерекше құрметпен айтылады. Қаранас анадан

Арабтардың атасы – Ар-Сат, Бекір анадан парсылардың анасы – Пар-Сат туған деседі.

Мына бір жәйтті де айта кеткен жөн. Қазақ арасында жеті атаға дейін қыз беріп, қыз алыспаған. Өйткені, туысқандық қан жеті атаға, яғни 175-200 жылға дейінгі мерзім ішінде жаңарып бітпейтінін бабаларымыз білген. Жеті атадан әрі некеге отыруға шек қоймаған. Қазақтар өзара танымайтын адамдармен кездескенде сәлемдесіп болған соң, «Қай бала боласың?» деп сұрап отырған. Ондағы мақсат – дидарласушылардың туысқандығын анықтау. Сондықтан, кішкентайынан әкесі баласының құлағына жеті атасын құйған. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген сөз осыдан шықса керек. Яғни, қазақтардың жеті атасын ұмытпауының ұрпақтың дұрыс дамуына әсері мол. Соның нәтижесінде тұқым сұрыпталып, ұрпақтың жан-жақты жетілуіне оңды әсер етеді. Содан да шығар, дүниежүзінің көпшілік халықтары экзогамиялы неке тәртібін дәріптейді.

Мінеки, осылайша тарихы бай, әлемдік деңгейде мойындалған халықты сырттан келіп үйретем деушілердің әрекеті бос әурешілік. Олардың көздегені мүлдем басқа. Жалған діни көпірмеліктің артында қоғамның негізін күл-талқан еткісі келетін қылмыстық іс-әрекет жа-сырынып жатыр. Сондықтан, біз Жаратушыға деген кіршіксіз сенімнің агрессиялы және қырып-жойғыш фанатизммен алмасуына ешқандай жол бермеуіміз керек. Соқыр фанатизм біздің бейбітсүйгіш халқымыздың психологиясы мен діліне мүлде жат. Ол Қазақстан мұсылмандары ұстанатын ханафи мазһабына мүлдем қарама-қайшы.

Мұсылманбыз десек, исламның ата-бабамыздың салт дәстүрлерімен үндескен, үйлескен таза ағымымен өмір сүрейік. Жаңа Қазақстанның сұранымы осы! Қазақ болып қалудың жалғыз жолы осы! Ұлттық намыс, елдік пен ерлік, өлмес, өшпес дегеніміз осы!

Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ, саясаттанушы

жасалды. Оразада бастау алған игі шарада 84 от-басы қамтылып, әр отбасыға азық-түлік, киім-

кешектер, сондай-ақ, мүгедектерге арналған керек-жарақтар, жаттығу құралдары тара-тылды.

Қадірлі айда әртүрлі мекемелерде ауызашар ұйымдастырып, асыл діннің құндылықтарын жеткізу де өкілдік назары-нан тыс қалмай келеді. Атап айтар болсақ,

«SOS» жетім балалар үйінде 115 адамға арналған дастарқан жайылды.

Бүгінде мешіт жамағатының қатары өз қаракөздерімізбен қатар өзге дін яки өзге ұлт

өкілдерімен де толығып келеді. Оразаның осын-дай құтты кешінде «Нұр Астана» орталық мешіті

өкілдері елордамыздағы ислам дінін қабылдаған бауырлармен ауызашар өткізді. Хақ дінмен қауышқан бауырлар бұл кеште ізгі лебіздерін, ыстық ықыластарын білдіріп, асыл діннің елдегі шаңырағын биіктетіп, уығын көтеріп отырған барша имамдарға алғыстарын айтты.

Сондай-ақ, күні кеше елордамыздың Есіл ауданы ардагерлеріне арналып дастарқан жа-салып, онда көргені мен көңілге түйгені мол, ақылы дария қарияларымызбен өнегелі, өсиетті отырыс өтті. Бұған қоса, қала мешіттерінде қоғам, дін және мәдениет қайраткерлерінің басын қосқан ауыз-ашар кештері де жылдағы үрдіспен өткізілуде.

Жайық НАҒЫМАШ

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

« Е р т а ғ ы м е н К е р т а ғ ы » –

Т о ғ а н б а й қ а ж ы н ы ң е р е к ш е к і т а б ы .

Ертағы мен К е р т а ғ ы

т у ра лы сонау Әбілғазы баһадү р

ханның «Тү рік шежіресінде» жазылған, тіпті, Әбілғазыға дейінгі дәуірде, XIII ғасырдың соңында Рашид-ад-дин сияқты тарихшы да Ертағы мен Кертағы тауларын су рет-тейді. Бұл – кәдімгі өзіміздің Ұлытау мен Кішітау. Ертағысы – Ұлы тау, Кертағысы – Кішітау. Бұл жерлер – қазақ мемлекетінің ұзақ ғасырлар бойы саяси орталығы болған, идео-логиясы жасалған жерлер. Рашид-ад-дин бұл тауларды «Ұлы даланың ортасындағы ұлы таулар» дейді. Сол тауларды аралап көрсеңіз, то-лып жатқан ескерткіштер бар. Со-нау күннің сарқыншағындай болып қалған Алашаханның ескерткішін атауға болады. Алашахан – мифтік, аңыздық тұлға. Алашаханның дәуірін жылқышылық пайда болған дәуірмен, яғни Ботай мәдениетімен байланыс-тырып жүрміз. «Алаша» деген сөз «жылқы» деген мағынаны білдіреді. «Алашаны хан көтеріп Ұлытаудың басына шығарып, Алаша ханға қызмет жасаймыз, осы мемлекетке қызмет етеміз деп сол жерде ант еткен екен» дейді қазақтың үш жүзінің аталары. Сондай қасиетті, текті жердің ада-мы болғандықтан шығар, Тоғанбай қажы да өндіртіп тарих саласында бірсыпыра жұмыстар жасап жүр.

Сонымен қатар, біз қазіргі уақытта ауызша тарих бағытын қолға алып жатырмыз. Ауызша тарих, ауызша дәстүр бұл - халықтың есінде қалған дүниелерді хатқа түсіру. Тоғанбай қажының екі кітабы да ауызша та-рих, ауызша дәстүрлік бағытында жазылған дүние. Мен үшін бұл кітап-тар бірнеше жағынан тартымды. Бір жағынан, туған жерге, отанға деген сүйіспеншілік сезімі болса, екінші

жағынан, ауызша тарихты, аңыздарды, дәстүрлерді сақтау тұрғысынан кө-ңілге қонымды, жарқын дүниелер деп есептеймін.

Бір ай төңірегінде бұл кітапты оқып шықтым. Жалпы қазақ жерінің әрбір аймақтарында ескіден сөз қозғайтын

бұрынғы кә рі-құлақ ақсақал-

д а р д ы ң ә ң г і м е с і н т ы ң д а п , соны осы

күні хаттауға шамасы келіп

жататын азаматтар болса, біз оған әрине қуаныш тымыз. Өйткені, қазір жаһандану дәуірі. Қазақ ұлты да өзгеріс үстінде, мем-лекетіміз өркендеп келеді. Бірақ, мемлекеттің ұлттық нышандары сақталып қалу үшін тарихи сана берік болу керек. Тарихи санаға қызмет ететін еңбектердің көп болуы біздің ұлт үшін аса маңызды. Сондықтан, қазақ даласындағы әртүрлі бұрынғы тарихи мағыналары терең әңгімелерді осы күнге сақтап қалу, соны хаттап, кітап қылып шығару – өте керекті іс. Міне, Тоғанбай қажының кітаптары осы тұрғыда тарихи сананы тәрбие-леуге, оны жетілдіруге қызмет ететін еңбектер деп білеміз.

Ал енді, Тоғанбай қажының бұл еңбегінде бірнеше ерекшелік бар. Біріншіден, біз айта кетуіміз керек, бүгінгі уақытта тарихты сөйлеткен кезде ғылым тілімен сөйлету өз алдына, сонымен қатар, халықтың тарихты өзінше сөйлетуі сияқты қалыптасқан ауызекі дәстүрлері бар. Оны біз қазақ тілінде «шежіре» деп атаймыз. Бұрын шежірешілер көп болған, қазір олардың қатары әлдеқайда сиреп кетті. Бүгінгі уа-қытта ескі тарихты адамдар кө-бінесе кітаптардан оқып қана айта-ды. Бұрынғы әкеден балаға айты-лып келген тарихты әңгіме лей тін адамдардың саны азайып ке леді.

Ал, Тоғанбай қажы сияқты аға ла-рымыздың ерекшелігі – бұрынғы әңгіме айтатын ақсақалдардың көзін көріп, солардың айтқан әңгімелерін кеу десіне тоқып, хаттап, бүгінгі күнге жеткізіп отыр.

Бұл кітапта бірнеше тарихи тұлға айтылады, мысалы, Мейрам Жа-найдарұлы, Жанайдар батыр, Сан-дыбай батыр, Сандыбайдың Ердені туралы. Бұл – біздің ұлттық тарих үшін нағыз қажет парақтар. Сонымен бірге, Тоғанбай қажының кітабында біз бұрын еститін, бірақ, дерегін аз білетін тұлғалар жайлы айтылады. Мысалы, Сарымолда. Біз бұл кітаптан ол кісінің шын аты қалай болғандығы, ол кімнің баласы екендігін, ол қай жерде білім алғандығын біліп отыр-мыз. Тарихшы болсам да, мен үшін бұл деректер маңызды.

Кейінгі жылда-ры «Ел тари-

хы, жер тари-хы» деген а й д а р м е н к ө п т е г е н

б а с ы л ы м -дардың жарық

көріп, көпші ліктің ықыласын туғызып келе жат қандығы мені қуантады. Сондай әдебиеттердің бірі жақында менің қолыма түсті. «Ертағы мен Кертағыны жай лаған жұрт» кітабында елге, жерге деген құштар лықпен бірге атамекен әлемі, өлке тарихы мен тағылымдары кең көлемде сөз етіледі. Сонымен қатар, бұл кі тапта рухани мәдениетті ұлт тарихы мен байланыстыра, даңқты адам дар дың ерлік шежіресі мен дәстүр-салттары төңірегінде өрбітуі осы кі таптың құндылығын арттырып тұр.

Кітаптың өн бойынан Ұлытау өңірі, ұлы даладағы Кішітаудың кешегі-бүгінгі тынысы, тарих пен тұл ғалардың тағдыры, тіпті арғы арна лардағы Қожабай ақыннан Шым-болат жыршыға дейінгі ұлы сөздің құдіреті мейлінше қысқа түрінде жеткізіледі. Ең бастысы, Ертағы мен

Кертағының табиғаты, өлкенің тари-хы мен тағдырлы тұлғалардың даңқы арқылы да байып отырады. Ертағы мен Кертағының мәні, Бағаналының сыры, Кетбұғаның ақиқаты жай ғана ел әңгімелері болып қалмай, тарих-пен сабақтастығының әлі де үзілмеуі автордың негізгі назарында болған. Мысалы, «Ұлы даладағы кіші таудың қырандары» деген еңбек мазмұны жағынан ғылыми танымдық сипа-ты бар дүниелердің қатарына жата-ды. Ұлытау мен Кішітауға қатысты бабалардың аманаты, Ертағы мен Кертағының тарихнамасы, соның негізіндегі арғы арналардағы Ал-тын орда мен Тоқтамыс ханның, ордалық ұлы қолбасшылар, әмір Едігенің тарихы да осы кітаптың беттерінен орын алған. Тіпті, Дешті қыпшақ тұсындағы Кетбұғаның тарихы, бертіндегі Шегір бидің, Жарылқап Жайықбайұлының сегіз қырлы бір сырлы даналықтары да кітаптың оңды сипаттарын ай-қындай түскен. Сонымен қатар, Байқоңырдың, Қарсақбайдың, Жез-қазған кенішінің арғы-бергі тари-хы қозғалады. Кешегі Кетбұғадан бас тап Алашахан, Бағаналы елі, Найман шежіресі, Мыңбұлақ ойысы Қожабай ақынның мұрасына да осы еңбектерге арнайы орын беріледі. Бұл кітапта әрбір тақырып өзіндік ізденісімен, баяндау жолдарымен маңызды болып табылады. Қос кі-таптың баяндау мәнерінен, жарияла-ну тарихынан, тақырыпты ашу мен оның төңірегіндегі іздерінен, әдеби-тарихи аспектілерден, көркемдік-эстетикалық құндылықтардан ав-тордың көзқарасы анық аңғарылады. Тоғанбай қажы Құлманұлының «Ертағы мен Кертағыны жайлаған жұрт» және «Ұлы даладағы кіші таудың қырандары» атты қос кітабы біздіңше атамекен әлемін, танымал тұлғалардың тарихы мен тағдырын, аңыз-әңгіме, дерек көздері негізінде жүйелі жеткізуімен тағылымды туын-дылардың қатарына жатады деп бек сеніммен айта аламын.

Дайындаған Ербол АЛШЫНБАЙ

Cатира – өткір қанжар тәрізді. Түсі суық болғанымен, жаны ізгі. Жүзін бос ұстасаң, кесіп түседі. Нығырлап ұстасаң ойып түседі. Сабағынан ұстап сілтеп жіберсең, сойып түседі. Содан да болар уытты. Бойына жібермейді ешбір суықты. Кей-де сатира, саманнан соғылған үй секілді, тамызығы иі қанған қи секілді. Пеші тұрғанымен алау-лап, бұл жанрға қадам басқандар санаулы-ақ. Пана іздеп келіп түнегендер болғанымен, нәр тата алмай жүдегендер көп. Әйтеуір, бағын сынау үшін, со-ңынан жүгіргендер көп. Әйтсе де, сатира алмастай өткір, өзінің бабында тік тұр. Ал Табыл аға, са тираның бала кезінен қасынан табылған досы, әзірге білгеніміз осы. Жамбасына келгенді алып ұрады, қашқандарды шалып жығады. Жылпостарды қырқа шалады, селқостарды жұлқа шабады. Жетпісті желкелеп жүргенімен, тоғышарды мазақ қып күлгенімен, ақсақалдың ойы асқақ, шымыр сөздері биттің «інісіндей» жабысқақ. Жүйкеңді қыбырлатса да, де-нең ді жыбырлатпайды. Сипалап отырып сүйегіңді санайды, тон кигізіп қойып сосын сабай-ды. Әжуасы тереңге тартқан шортандай, зілді мысқылдары дөңбекшіген вулкандай. 500 мақалды «сөйлетіп» қойыпты, сол арқылы келеңсіздіктерді іреп сойыпты. Әр мақалдың қасына «түнеп» шығыпты, жаққан ғой сірә, түлеп шығыпты. Оқырманын оймен арбапты, Сөйтіп, айтарын мақалмен жалғапты. «Ердің көркі сақал, сөздің көркі мақал» екені рас. Соны терең түсініп, сөзді ойна-тыпты Табыл Құлияс.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК, ақын, «Қазақстан ZAMAN»

халықаралық қоғамдық-саяси, танымдық газетінің

журналисті

7www.astana-akshamy.kz

Мәдени шара соңында ас тана л ық бір зиял ы жанымызға келіп: «Ай-

налайындар, сендер бүгін Ақұштап ақынның жырымен елорданы нұрға бөледіңдер ғой. Мені бұл кешке алып келген – студент немерем. Кәусардай таза өлең жастарға да, жасамыстарға да керек. Өркендерің өссін!» деп бата бергенде өзім де сол әсерден айыға ал-май тұрғанымды несіне жасырайын.

Ақұштап апамыз арқалы ақын екен. Отырған орнынан атып тұрып өлеңдерін жатқа оқығанда, жыр сүйер қауымды өзіне бірден тартып әкетті. Бірде:

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен, Шындықты жақтап жүретіндермен,Сыйластық сырын білетіндермен,танысқым келеді менің.

Жаманға жағынбайтындармен,Жоқтыққа тарылмайтындармен,Арманнан арылмайтындармен, табысқым келеді менің.

Жанары мөлдірегендермен,Жүрегі елжірегендермен,Үмітке сендіре білетіндермендостасқым келеді менің.

Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,Өсекке сенбейтіндерменНаданға ермейтіндерменбас қосқым келеді менің, -

деп шабыттың асқарына шықса, енді бірде:

Сенбе, дос, өз сертінде тұрмағанға,Махаббат жалған десе, бұл жалғанда,Махаббат болмаса егер, дала кезіп Мәжнүн Ләйлісі үшін жынданар ма?

Махаббат теңеу емес өлеңдегі,Емес ол аңыз болған елге ертегі,Махаббат болмаса егер, зарлап Жібек,Қозы үшін сұлу Баян өлер ме еді, -

деп ағынан жарылып, жастармен ой бөлісті.

Ақынның әрбір жыры, әрбір сөзі шынайы, табиғи шығып жатты. Тіпті, кеш иесі мен көрермен арасында шек-шекара жойылып, рухани тұтасқан әлемді байқадық.

Ақұштап апамыз өзінің Оралда туып, Алматыда өсіп-өнгенін, кейіннен кіндік қаны тамған өңірге барып, жұртқа ұйытқы, жастарға үлгі болсам деген ниетін жүзеге асырғанын, уақыт өте келе еңбек нәтижесін бере бастағанын, бұл жолда небір қиыншылықтар кездескенін ашына айтқанда, мен де Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеген жылдарымды еріксіз еске алдым. Алматы мен Астанада тұрып қызмет істеген адамға провин-циалды түсінік ұғым деңгейі, мінез құлқы сенің айтқаныңды ұқпайтын, әр әкім-қараның аузына қараумен «ләпбайлап», өзінің қарсы пікірін айтса, «қоғамға жақпайтынын» көзім көрді. Бұрынғы әкімнің шақырған адамдарына қырын қарап, өз коман-дасын жинақтап жап-жақсы қызмет істеп жатқандарды қиянат жасап орнынан алу, тіпті, жалған жала жап-тырып қуғындау, «әкім ауысса, ақыл ауысатынын» көзіммен көріп

қайтқаным жадымда жаңғырды. Қайран Ақұштап ақынның да елінде жүргенімен ойы алаң екенін, тіпті, кейде ел еркесі кең дүниеге сыймай кететінін ішім сезді. Залдан қойылған өткір де ащы сұрақтарға ашық айтқан сөздері оның ақиқатшыл ақын екеніне жұрттың көзін жеткізе түсті. Аққу-қазы қалқыған, бұрын арнасынан асып жататын қайран Жайықтың тартылып бара жатқанын Каспийге құятын сағасын құм басып бара жат-қанын, балықтардың өзен бойлап жүзе алмайтынын аралдағы полигонмен

Қанаттас, сырлас, қаламдас досы болған Фариза Оңғарсынованы қайтпас сапарға күллі қазақ қимай шығарып салғанда, арнайы елден келіп топырақ салғанын, өмірде көрген небір естеліктерін айтып, ақын қыздарға үлгі ретінде өлмес өлең жазған өжет те өр мінезді ардақты по-эзия падишасына бағышталған арнау өлең оқыды. «Сен ақын да болдың, ұрпақ өрбіткен қатын да болдың. Бұл да – қазақ анасына тән қасиет» деген болжамын мысалға келтірді. Астанадағы іргелі оқу орнының

білезік тақты. Қаламгер Айбатыр Сейтақ ақынға арнау өлеңін оқыса, талантты жазушы Айгүл Кемел-баева кемел ой айтып, ұлт, тіл, дін, рух дегенде «А.Бақтыгерееваның жасандылығы жоғын» баса айтты. Астананың бас ақыны атанып кеткен Серік Тұрғынбекұлы Алматыда өткен шығармашылық өмірлерін көз алдына келтіре еске алып, «Жайсаң қызы қазақтың» деп жыр нөсерін төкті.

Жазушы, драматург, қоғам қай-рат кері Алтыншаш Жағанова қыздар поэзиясының туын биік ұстаған, талант пен табиғилықты қадір тұт қан Фариза мен Ақұштап туралы өзіне тән сөз сөйлеу мәнерімен майын та мыза әңгіме айтты. Ақмола ұлт шыл да ры-ның бірі атанған ар дақты ақсақал, са тирик жазушы Табыл Құлыяс ақын қарындасының ел мен жер тағды ры -на қатысты айтқандарына толық қо -сылатынын айтып, «Шіркін, ұлт зия -лылары дәл осы Ақұштаптай болар ма еді!» деген ақ-адал көңілін жеткізді.

Ақынның шығармашылығының тырнақалдысы - «Керімсал» жыр жинағынан бастап бүгінгі күнге дейін бар жазғанын зерттеп-зерде-леп жүрген ақын, сыншы Жұмаш Сомжүрек қазақ қыздары поэзия -сында махаббат лирикасын Ақ ұштап Бақтыгереева қалып тас тыр ғанын жан-жақты дәлелдеп, тұ жы рымдамалы ойларын баяндады.

Өзім әрі кешті жүргізуші, әрі ха-лық пен ақынның арасында рухани дәнекер болғандықтан, ақынның «Ой түйінділері» атты тамаша кітабынан үзінділер оқып бердім.

Ой түйінділері – турасын айтсақ, ақынның ғана пайымы емес, ха лықтың талғамы мен таңдауынан өткен ха-лықтың пайымы дерлік дүниелер деп білеміз. Дәлірек байып тасақ, ақын Ақұштап халық сөзін сөйлеп, халық ойын айтады.

Мысал керек пе – сіздер де оқыңыздар.

«Бақ қонды ...Ол жер басып жаяу жүрем деп

ойлаған жоқ. Бағыныштылары есігін ашып берген машинаға сызданып әзер отыратын. Бақ тайды ... Енді көшеде бүгежектеп жаяу кетіп барады»...

«Ол сырт көзге тәкаппар көрінеді. Өзінен лауазымы жоғары, ісі түсетін адам көрсе, әп-сәтте маймылға ай-налып жүре береді. Әйелі де түлкі күлкіні меңгерген. «Апама жездем сай» дейді халық. «Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң» Абай айтқан осындайлар. Бірақ байып тұр»...

«Құдай жоқ деп атеизм сабағын алған коммунистік заманының басшы-сы Мұхит Мералиевтің 150 жылдық тойын өткізуге жауапты болған-ды. Әр елден келген ақын, әншілердің баба бейітіне бет сипауына үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Уақыт өтті. Енді өзі немересінің бейітіне құран оқитын болды. Таланттың киесі барын әлі де ұқпай жүргендер бар-ау»...

«Кез келген адам айта алмайтын, кез келген пенде көтере алмайтын ең ауыр жүк – шындық. Оның бетіне тіке қарау үшін батырдың жүрегі қажет. Сан ұрпақ бар ғасырда жете алмайтын ең биік шың да - сол шындық шығар деп ойлаймын»...

Әрине, мұндай үзіндіні көптеп келтіруге болады.

Мәдени шара бір деммен баста-лып, бір деммен аяқталды. Кеш соңына қарай Гүлім Мұратқызы: «Мен – сіздің жырларынызды жат-тап өскен жастардың бірімін. Бүгін өзіңізбен жүзбе-жүз, көзбе-көз бірін-ші рет кездесіп отырғаныма шек сіз қуаныштымын. Сіз - алдыңғы ға сыр-дың қызы болсаңыз, бүгінгі ға сырдың абызысыз. Зор рахмет, ақын апай!» деп студенттер қауы мының атынан алғысын білдірді.

Кеш соңында ЕҰУ ректоры Ер-лан Сыдықов университет ұжымы атынан сонау Оралдан ат терлетіп келген халықшыл, қайраткер ақын Ақұштапқа ризашылығын біл діріп, ардақты зиялылар мен қай рат кер-лерді халық алдына орайлы шы-ғарып жүрген «Кәусар» бір лес тігіне алғысын айтты.

Сонымен бірге қарашаңырақ бас-шысы биыл тәуекел деп жыр жинағын Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған ақынға «Еңбегіңіз бәйгеден озып, жұртшылықты қуантсын. Ақынның бағасын халық береді. Сіздің бәсіңіз бен бағаңызды халқыңыз бұрын-ақ беріп қойған» деп тілек айтты.

Біз өз тарапымыздан «Ақжайық-тың ақшағаласы» атанған ақынның елордада да, елде де қадір-қасиеті аза маттық ұстанымына, адамшылық келбетіне қарап әрқашан арта бере-тініне сенім білдірдік.

Кенжеғали МЫРЖЫҚБАЙ, Л.Гумилев атындағы

ЕҰУ профессоры

күн санап ластанып бара жатқан экологияның кесірі екенін ашына айтты. Қазақтың ғасырлар бойы бастан кешкен қиыншылықтарын тізбелей келе, қазіргі жастардың на-мыссыздықтарын сынға алды.

«Сөздерінің көбі басқа тілде, қолда – сыра, ауызда – темекі, кіндік белдері ашылып, өзге ұлт өкілдерінің қолтығында кеткен сіңлілерімнің болашағы толғандырады.

Гүлсімді - Гуля, Сәулені - Света, Алтынды - Аня, Сағындықты-Саня, Сүлейменді - Сеня деп атайды бір-бірін. «Бұларың болмайды ғой» де сең, «Ну и что? Это - наше дело» дейді.

Елде, міне, осындай ұлтсыздықпен, рухсыздықпен күресіп жүрмін» деді Ақұштап ақын күрсіне.

соңғы кездерде жетістіктерге жетіп, жан-жақтан білікті ғалымдарды жи нақтап, әсіресе, жастарға ақын-жазушылар мен өнер иелерін таныс-тырып, қанаттандыра септігін тигізу мақсатында университет ректоры Ерлан Бәтташұлының «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестік құрғаны басқаларға ой салатындай дүние еке-нін айта келе. «Көп естігеннен бір көрген артық» дейді, соны бүгін өз көзіммен көріп тұрмын» деді.

«Бесік тербетіп жүріп өлең жа-зам» деген Ақұштап ақын туралы сіңлісі Маржан Ершуова академик Зейнолла Қабдоловтың «Орал десе көз алдыма Қыз-Жібек, Мәншүк, Ақұштап келеді» деген сөзін еске алып, ұлттық ізетпен қолына алтын

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

27.06.2014 246/36-VАстана қаласы

370 004 112,01 136 201 505,0

01 61 768 991,02 61 768 991,0

03 50 384 134,01 50 384 134,0

04 18 211 504,01 13 244 320,03 1 316 534,04 3 650 650,0

05 3 977 664,02 194 709,03 2 308 483,04 1 147 482,05 326 990,0

08 1 859 212,0

1 1 859 212,02 3 362 551,0

01 529 024,01 131 256,03 50 648,05 326 000,07 21 120,0

04 876 182,0

1 876 182,0

06 1 957 345,01 1 957 345,0

3 10 566 972,001 7 406 576,0

1 7 406 576,003 3 160 396,0

1 2 539 796,02 620 600,0

4 219 873 084,002 219 873 084,0

1 219 873 084,0

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы «27» маусымдағы

№ 246/36-V шешіміне1-қосымша

309 736 879,8 01 3 367 236,0

111 99 335,0 001 77 132,0 003 22 203,0

121 1 189 738,0 001 830 748,0 002 298 300,0 003 60 690,0

123 623 291,0

001 601 382,0

022 21 909,0 356 327 221,0

001 270 455,0

003 8 188,0

010 22 898,0

011 22 470,0 014 3 210,0

357 292 039,0

001 288 829,0

004 3 210,0 368 10 700,0

080 10 700,0 373 627 530,0

061 627 530,0 379 197 382,0

001 193 804,0

003 3 578,0 02 404 039,0

121 394 039,0 010 155 668,0 011 165 426,0 012 23 203,0 014 49 742,0

387 10 000,0

005 10 000,0 03 9 811 470,0

352 7 547 291,0

001 6 139 107,0

003 13 000,0 004 15 000,0 007 1 253 870,0 012 67 765,0 013 29 491,0 023 29 058,0

368 1 390 489,0 007 1 390 489,0

373 873 690,0 004 873 690,0

04 46 607 157,0 123 6 112 423,0

004 2 290 679,0 041 3 821 744,0

352 10 200,0 006 10 200,0

353 796 348,0 003 357 118,0 034 51 017,0 043 309 378,0

044 78 835,0

359 1 007 956,0 006 1 007 956,0

360 22 028 282,0 001 176 086,0 003 15 016 096,0 004 170 003,0 005 209 948,0

006 7 134,0

007 513 500,0

008 1 394 470,0

009 39 078,0

011 2 450,0

013 38 890,0

014 69 406,0

019 20 855,0

021 129 286,0

024 3 456 182,0 029 61 320,0 067 718 228,0 068 5 350,0

373 16 621 028,0 037 16 621 028,0

374 14 297,0 015 14 297,0

376 16 623,0

001 16 623,0

05 37 438 180,0 353 29 628 413,0

001 145 266,0 005 718 997,0 006 258 511,0 007 175 802,0 008 308 487,0

009 3 762 458,0

011 2 306 239,0

013 178 136,0

014 1 458 046,0

016 3 109,0 017 1 173,0 018 65 899,0 019 211 566,0 020 243 740,0 021 153 530,0

022 571 172,0

026 320 219,0

027 2 038 570,0

028 519 534,0 029 69 568,0 030 3 604,0

9www.astana-akshamy.kz

033036038

046

373038

06

003

003006007008

030044

067360

037

077

370

373

07

008

360

367

003

006007008

373

374

004

006008

006008

08

003

004

008

003

007

006007

363

373

377

004

386

003

008

004

008

043

044

373

003386

040

368

003

003

364

003004007

367

003004

003004

374

386

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

01121

002368

080373

06103

373004

04373

03705

373038

06373

03907

354017

367005007008

373012013017

08373

014015

09386

012

10

354005

11386

04012

368002

012

13121

065354

065359

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы «27» маусымдағы

№246/36-V шешіміне2-қосымша

01123

001

02204

123004041

06123

00307

123008009010011

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы «27» маусымдағы

№246/36-V шешіміне3-қосымша

01123

001

02204

123004041

06123

00307

123008009010011

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы «27» маусымдағы

№246/36-V шешіміне4-қосымша

01123

001

02204

123004041

06123

00307

123008009010011

Астана қаласы мәслихатының2014 жылғы «27» маусымдағы

№246/36-V шешіміне5-қосымша

065364

065367

020368

065372

065375

065382

007065

386020065

02014

356

018

15356

006016

501

1

12368

012

13121

065

354

065359

065364

065368

065372

065375

065382

007065

386065

701

216

356009

11www.astana-akshamy.kz

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò

« А с т а н а қ а л а с ы мәслихатының ап параты» ММ Астана қаласы мәс-лихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын, «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Рес-публикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нор ма-л а р ы н б ұ з у м ә с е л е л е р і бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласының Ту-ризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мен «Туристік ақпараттық орталық» ЖШС бірлесіп, қонақүй және мейрамхана бизнесі жұмысшыларының, ішкі туризм менеджерлерінің біліктілігін арттыру бой-ынша ақысыз тегін тренинг-тер ұйымдастырады.

То л ы қ а қ п а р а т т ы 39-16-76, 87012332383 телефондары арқылы алуға болады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Астана қаласындағы Білім саласын бақылау департаменті қызметкерлерінің «Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сы-байлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын бұзу фактілері туралы хабарлау үшін 8 (7172) 51-69-97 сенім телефондары жұмыстарын жалғастырады.

В Департаменте по контролю в сфере об-разования по городу Астана Комитета по контролю в сфере образования и науки МОН РК продолжают работу телефоны доверия 8(7172) 51-69-97 для сообщения о фактах нарушения сотрудниками Департамента «Кодекса чести государственных служащих», Законов Республики Казахстан «О государ-ственной службе», «О борьбе с коррупцией».

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы: Астана қаласы,

Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады.

Анықтама алу телефоны: 57-88-88.

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Биылғы турнир барысында барлығы 171 гол соғылып, 1998 жылы Францияда тіркелген рекорд қайталанды. Бұл дегенің – әр ойын сайын орташа есеппен 2,67 доп қақпа ішінен табылды деген сөз. Ойын барысында 156 гол соғылса, төреші белгілеген 13 пенальтидің 92,31 пайызы, яғни, 12-сі дәл орындалған. Біріншілік бойына бірнеше рет тебілген айып соққысының үшеуіне ғана қақпашылар кедергі бола алмады. Ойын ішіндегі дәл соққыларға келер болсақ, 39 гол қақпа маңынан есепке алынды. Сондай-ақ, 102 гол айып алаңының ішінде соғылса, айып алаңының сырты-нан соғылған 15 гол тіркелді.

Біріншіліктегі голдардың 42,11 пайызы, яғни 72-сі оң аяқпен соғылса, 66 гол (38 пайыз) – солақайлардың еншісінде. Ал, қақпаны баспен дәл көздегендердің үлесінде – 18,13 пайыз (31 гол). Бұдан бөлек, екі гол дененің басқа мүшелері арқылы қақпа ішінен табылды. Америкалық Клинт Дэмпси Португалия құрамасының қақпасына кірген допты кеудесімен орындаса, Гондурас қақпашысы Ноэль Вальядарес ебедейсіз қимылдап, қақпасына өз қолымен гол соғып алды. Турнир қорытындысы бойынша, 5 автогол тіркелді. Оның төртеуі топтық, біреуі плей-офф кезеңінде орын алған.

Мамандар әр кездесуді саралай келе, бірінші таймға қарағанда ойынның екінші бөлігінде

голдың көп соғылғанын анықтаған. Алғашқы 45 минуттықта 65, ал екінші 45 минуттықта 98 соққы нәтижелі аяқталған. Плей-офф кезеңіндегі 16 ойынның 8-інде қарсыластар 90 минут бойы тең ойнап, экстра-таймға жүгінген. Қосымша 30 минут барысында 8 гол соғылып, алға шыққан құрама есепті сол күйі сақтаған қалпында пенальти сери-ясынан айналып өтіп, жеңіске жетіп отырған екен.

Бұл біріншілікте қарсыластар қақпасын ең көп қақырата білген құрама – Германия. Олар қарсыластарын 18 рет қапы қалдырған. Алаң

иелері Бразилия болса, осы турнирде ең көп, яғни, 14 гол жіберген құрама ретінде

тарихта қалды. Ең ірі есеп те осы алыптар арасында тіркелгенін жақсы білеміз. Әлем чемпиондары жар-тылай финалда Сколари шәкірттерін 7:1 есебімен тас-талқан етіп еді. Өз қақпасына ең аз, небары екі-ақ гол өткізіп алған құрама – Коста-Рика. Олар 5 матчта қос доптан көз жазып қалған екен.

Біріншіліктің үздік сұрмергені болып колумбиялық Джеймс Родригес танылды. Ол 5 ойында 6 гол соқты. Ал, ең көп нәтижелі пастың авторы атанған футболшы екеу, олар: Хуан Кудрадо (Колумбия) мен Томас Мюллер (Гер-мания). Екеуінің еншісінде 4 пастан бар. Турнир қорытындысы бойынша, қос ойыншы хет-трик жа-

сады: германиялық Томас Мюллер Португалияға қарсы ойында көзге түссе, швейцариялық Шер-дан Шакири Гондураспен болған ойында үш гол соқты. Сонымен қатар, 13 ойыншы бір ойында қарсыластар қақпасын қос-қостан дәл көздей алса, біріншілік барысында мұндай бақыт бразилиялық Неймардың басына екі мәрте жа-зылды. Германия сапындағы Тони Кроос атты футболшы Бразиляға қарсы ой-ында арасы 69 секунд болатын қос голдың авторы атанды. Бұл – әлем біріншілігі тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Турнирдегі ең жылдам голдың авторы – америкалық Клинт Дэмпси. Ол Ганаға қарсы өткен ойынның 29-се-

кундында көзге түсті. Ал ең кеш соғылған гол алжирлік Абдулмумен Джабудың есебінде. Гер-маниямен өткен кездесудің 121-минутында гол соқса да, ол өз командасын жеңілістен құтқарып қала алмады.

Біріншіліктегі ең негізгі жаңалықтардың бірі – германиялық Мирослав Клозенің рекордтық голы. Ол төрт біріншілікте (2002, 2006, 2010, 2014) 16 дәл соққы жасап, әлем біріншілігі тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Бұған дейінгі рекорд (15 гол) бразилиялық Роналдоның еншісінде болатын.

Сары қағаз алу көрсеткіші бойынша,

Тиагу Сильваның алдына түсер жан табылмады. Бразилиялық қорғаушы төреші тарапынан 6 ойын-да үш рет ескерту алған. Одан кейін 9 ойыншының есебіне екі-екіден сары қағаз жазылған.

Ең көп гол соғылған стадион – Сальвадор қаласындағы «Фонти Нова». Жанкүйерлер бұл жерде өткен 6 ойында 24 голға куә болған. Ал бір ойында соғылған гол бойынша, Порту-Алегри қаласында орналасқан «Бейра-Риу» стадионында өткен әр кездесуде орташа есеппен 4,4 гол соғылған екен. Ең сараң стадион – Натал қаласындағы «Дас Дунас». Осы алаңдағы 4 ой-ында небары 5 гол соғылып, орташа есеппен 1,25 нәтижесі тіркелді.

Дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ