5а лессон стади

19
№209 Әнуар Әбутәліпов атындағы орта мектебі Кесебаева Кенжайым Туғанбайқызы ІІ (негізгі) деңгей « Lesson Study-ді оқыту үдерісіндегі қолданылуы туралы»

Upload: nurbolat84

Post on 19-Mar-2017

30 views

Category:

Education


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 5а лессон стади

№209 Әнуар Әбутәліпов атындағы орта мектебі

Кесебаева Кенжайым ТуғанбайқызыІІ (негізгі) деңгей

« Lesson Study-ді оқыту үдерісіндегі қолданылуы туралы»

Page 2: 5а лессон стади

Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған.

Page 3: 5а лессон стади

-Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады.

- Lesson Study циклін өткізу кезінде мұғалімдер оқыту тәжірибесіне жаңа әдістер енгізеді немесе оны жетілдіреді, кейін ашық Lesson Study өткізу немесе жұмыс сипатталған құжатты жариялау арқылы әріптестеріне таратады.

Page 4: 5а лессон стади

1. Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет? Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: • әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; • мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; • оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; • Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға (Dudley, P. 2011a); • Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі.

Page 5: 5а лессон стади

Lesson Study бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында табысты қолданылады. Lesson Study өткізу барысында топта (немесе жұппен) жұмыс істейтін мұғалімдер:

Page 6: 5а лессон стади

• Өздері күнделікті жинаған материалдары мен жүйелі бағалау деректерін оқушылардың оқу мен даму басымдықтарын белгілеу үшін қолданады. • Алдағы уақытта әзірленетін немесе жетілдірілетін, белгіленген міндеттерге жауап беретін оқыту әдістемесін бірлесіп анықтайды (1-суретті қараңыз). • Үш «бақылаудағы оқушыны» анықтайды, олар әрқайсысы сыныптағы белгілі бір топтың өкілі болуы қажет, мысалы, оқу үлгерімінің деңгейі жоғары, орта, төмен оқушылардан. • Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. • Бақылаудағы оқушылардың дамуы мен оқуына басты назар аудара отырып, Lesson Study өткізеді және оны қадағалайды. Аталған үдерістер бірнеше сабақ бойы қайталанып, жетілдірілуі мүмкін. Бақылауды барлық Lesson Study кезінде жүргізу міндетті емес. • Бақылаудағы оқушылардың Lesson Study туралы ойларын білу үшін олармен сұхбаттасады. • Lesson Study-ді талқылайды. • Қолданылатын әдіске бақылаудағы оқушылардың қалай қарайтынын, олардың жеткен жетістіктерін, оқуда көрсететін нәтижелері мен кездесетін қиындықтарын білу, сонымен қатар алынған тәжірибені келешекте оқыту мен оқу әдістемесін әзірлеу үшін пайдалану мақсатында Lesson Study-ге талдау жүргізеді.

Page 7: 5а лессон стади
Page 8: 5а лессон стади

№209 Әнуар Әбутәліпов атындағы орта мектебі

Мектепте негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру, сонымен қатар оқыту үшін бағалау сияқты тәжірибелік әдістерді әзірлеу мақсатында «Lesson Study» жүргізу тобының мүшелері.

Кесебаева Кенжайым Туғанбайқызы – ІІ деңгейлі сертификатталушы, математика пәнінің мұғалімі;Уменов Ильяс - І деңгейлі сертификатталушы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;Кесебаева Мөлдір - тәлімалушы, қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі;Исаева Манзура – мектеп психологы

Page 9: 5а лессон стади

«Lesson Study» жүргізу барысында біз алдымызға мынадай мақсаттар қойдық.

Мақсаты: оқушыларды ойлану деңгейіне ынталандыру үшін топтық жұмыста бағалауды қолдану;

Міндеті: «Lesson Study» жүргізе отырып оқыту және оқу үдерісінде әдіс тәсілдерді жетілдіру; «Lesson Study» барысында әр түрлі топтағы үш оқушының іс-әрекетін зерттеу; Бірлескен жұмыстың нәтежиесінде ойлау деңгейлерін ынталандыру;

Page 10: 5а лессон стади

бірлескен жұмыстың нәтижесінде ойлау деңгейлерін ынталандыру

«Lesson Study» барысында әр түрлі топтағы үш оқушының іс-әрекетін зерттеу;

«Lesson Study» жүргізе отырып оқыту және оқу үдерісінде әдіс тәсілдерді жетілдіру;

А деңгейдегі оқушы- Тайбек Жаннатгүл- зерек, ойы ұшқыр, барлық пәндерден өзінің танымдық деңгейін көрсетіп, ойланып шешім шығара біледі. Зерттеуге алған себебіміз оқушының талантын, басқа да қырларын ашуға, зерттеушілік қабілетін дамытуға ықпал ету.

В деңгейдегі оқушы Әлқожа Қазына - жақсы оқитын оқушы, алға ұмтылысы, талпынысы жақсы. Өзіндік ой-пікірі бар бірақ толық ашып айтуға талпынады. Зерттеуге алған себебіміз- оқушының сенімін қалыптастыру, ойын жетілдіру, мақсатқа жету үшін өзінің мүмкіндіктерін қолдана білуге ұмтылдыру.

С деңгейдегі оқушы Құрманбай Дәуіржан – сабаққа күнделікті бірқалыпты дайындалып келмейді, жалпы іс-әрекетке деген ұмтылысы байқалады, өзін ортада бірқалыпты көрсете алмайды. Зерттеуге алған себебім оқушының бойындағы қандай да бір қасиеттерінің көзін ашу, өзін ортада еркін ұстауға, өз ойын жеткізе білуге жігерлендіру.

Page 11: 5а лессон стади

1-сабақ, орыс тілі, пән мұғалімі Уменов Ильяс, І деңгей, сабақтың тақырыбы “Синонимы” іс-әрекет мақсаты: «сабақ үдерісінде оқытуды жетілдіру; әдістер арқылы оқуға ықпал ету»Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері (сабақтың соңында қандай нәтиже күтілетінін сипаттау )

Бақылаудағы А оқушы .......................................................... (осы оқушыға арналған табыс критерийлері)

Тізбектелген сабақтан кезеңінің топтамасы

А оқушы қалай жауап береді деп күтесіз

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды

1 кезең(шамамен жұмсалатын уақыт) ..................................

а) топтық жұмыста белсенділік көрсете алады;

ә) топтық жұмыстың мағынасын түсінеді;

б) топтық жұмыста көшбасшылық қабілеті байқалады;

в) бірін-бірі және өзін-өзі бағалай алады;

Топтық жұмыс барысында белсенілік көрсете алмады, топқа ерді; мағынаны түсінуге мүмкіндігі бар, түрткі керек;

көшбасшылық қасиеті байқалмады

Қорытынды: Оқушыға көңіл күйін көтеруге әсер ету мүмкіндегін қарастыру;

Page 12: 5а лессон стади
Page 13: 5а лессон стади

мақсаты: «сабақ үдерісінде оқытуды жетілдіру; әдістер арқылы оқуға ықпал ету»Ағымдағы жетістіктер мен табыс критерийлері (сабақтың соңында қандай нәтиже күтілетінін сипаттау )

Бақылаудағы В оқушы .......................................................... (осы оқушыға арналған табыс критерийлері)

Тізбектелген сабақтан кезеңінің топтамасы

В оқушы қалай жауап береді деп күтесіз

Жауап беру кезінде ол қалай бақыланды

1 кезең(шамамен жұмсалатын уақыт) ..................................

а) топтық жұмыста белсенділік көрсетеді;

ә) өзін-өзі, бірін-бірі бағалауды түсінеді;

в) тапсырмаларды орындағанда бағалауға ұмтылады

е)

Сабақта белсенділік көрсете алмады

Қолдаумен тапсырмаларды меңгеруге тырысты.

Page 14: 5а лессон стади
Page 15: 5а лессон стади
Page 16: 5а лессон стади
Page 17: 5а лессон стади
Page 18: 5а лессон стади
Page 19: 5а лессон стади