2021/244 - twesco.org

22
2021/244

Upload: others

Post on 02-Dec-2021

2 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

2021/244

МАЗМҰНЫШЫҰ-НЫҢ ДУШАНБЕ САММИТІ.................................................................................... 2

ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН ТӘЖІКСТАН БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУМҮМКІНДІГІН ТАЛҚЫЛАДЫ............................................................................................ 5

БАКУДЕ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ САУДА ҮЙІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА.................... 6

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢШУША ЖӘНЕ ФИЗУЛИ ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ..................................................... 7

ҚАЗАҚСТАН БҰҰ-НЫҢ АУҒАНСТАНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚЖАҒДАЙЫ ЖӨНІНДЕГІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ.................................... 8

АҚШ КОНГРЕСІНДЕ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫЖАБЫЛУЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ҚАРАР ҰСЫНЫЛДЫ............................. 9

ТҮРКИЯ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕЖӘРДЕМДЕСЕДІ.................................................................................................................. 10

ТАШКЕНТТЕ ТҮРІКМЕН-ӨЗБЕК ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ16-ШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.................................................................................................... 11

ҚАЗАҚСТАН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ҚАРАБАҚ ӨҢІРІНЕН ЖЕМІС-КӨКӨНІСӨНІМДЕРІН ИМПОРТТАУҒА НИЕТТІ........................................................................... 12

ҚЫРҒЫЗСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ«KAZAID» БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ.................................................. 13

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ....... ........................................................................................................................14

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ТҮРКПА-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ................. 15

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ................................. 16

«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ БАҚ. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢДАМУЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ ....................................................................17

ӨЗБЕКСТАНДА «ХИУА – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛДЫ................................. ......................19

ТҮРКИЯНЫҢ БУРСА ҚАЛАСЫ 2022 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ................................. ........................20

2

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

2021 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтті. Бұл саммит бірқатар тұрғыдан аса маңызды болатын. Біріншіден, бұл саммит коронавирус індетінен кейін жүзбе-жүз ұйымдастырылып оты-рған тұңғыш жиын. Екіншіден, осы жылы ШЫҰ-ның құрылғанына 20 толды. Үшінші-ден, ШЫҰ-на мүше елдер аймағының дәл кіндігінде орналасқан Ауғанстандағы жағдай – халықаралық деңгейде бірінші кезекте тұрған мәселе.

Сондай-ақ саммитке Ресей мемлекет басшысы Владимир Путиннің, Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпиннің және Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің келме-уі ұйымның келешегіне қатысты маңызды проблемалардың бар екенін көрсетті. Сол себепті ШЫҰ-на мүше елдер арасындағы тепе-теңдік пен ұйымның түркі-ислам әлемі тұрғысынан маңызына тоқталуды жөн көрдік.

ШЫҰ-ның алғашында Қытай мен Кеңестер Одағы арасында басталып, ал КСРО ыды-рағаннан кейін Қытай мен Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан арасында шекара мәселелеріне қатысты жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде құрылғанын айта кеткен жөн. Шекара проблемаларының өз шешімін табуы Қытай үшін де, сондай-ақ тәуелсізді-гін жаңа жариялаған Орта Азия республикалары үшін де аса маңызды болатын. Тарап-тардың өзара жылы қарым-қатынас орнатуы үшін патшалық Ресей кезеңінен жалға-сып келе жатқан шекара проблемаларының қалайда оң шешім табуы қажет еді. Бұл бір жағынан құрлықтың ішкі аймағында халықаралық сулардан алыс жатқан Орта Азия елдерінің сыртқа шығуы үшін қажет болса, ал екінші жағынан Қытайдың Орта Азия арқылы Еуропа мен Таяу Шығысқа шығуы үшін қажет болатын.

Бұл тұрғыдан алғанда ШЫҰ-ның құрылуы геосаяси мағынада Қытайдың Орта Ази-яны Ресеймен бөлісуі деген сөз еді. Одан кейінгі жылдарда Қытайдың тек аймақта ғана емес, жаһандық саясатта да беделінің арта түсуі Мәскеуді едәуір алаңдатқан болатын. Сондықтан Ресейге ШЫҰ шеңберінде Қытаймен ара салмақты теңгеру үшін Үндістан-ның ұйымға мүше болуы маңызды болатын. Мәскеудің бұл ұсынысына орай Қытай да Пәкістанның мүше болу мәселесін ұсынса керек, 2016 жылы Үндістанмен бірге Паки-стан да ШЫҰ-на мүше болып қабылданды. Осылайша ұйым шеңберінде Үндістан Қы-таймен, ал Пәкістан Үндістанмен ара салмақты теңгеріп тұрды.

ШЫҰ-НЫҢ ДУШАНБЕ САММИТІ

3

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

Орта Азия тұрғысынан алып қарағанда ШЫҰ-ның құрылуы және аймақтағы ел-дердің Қытаймен бірге бір ұйымның ішінде болуы Ресеймен ара салмақты теңгеру деген сөз болатын. Ал негізінде Орта Азия үшін Ресей мен Қытай секілді алпауыт елдердің арасындағы ынтымақтастық бәрінен де маңызды. Қазақстанның сыртқы саясатының «сенім арттырушы шаралар» мәселесі тұрғысынан алып қарар болсақ, ШЫҰ Ресей мен Қытай арасында «сенім арттырушы шаралардың» қалыптасқанын көрсетеді. Ұй-ымға Пәкістанны мен Үндістанның мүше болуы Орта Азияның Оңтүстік Азияға шығуы тұрғысынан назар аударарлық жайт.

Негізінде Орта Азия ШЫҰ аймағында орталық жағдайында тұр. Бұл жайт ШЫҰ-ның Душанбе саммитінің декларациясында төмендегідей түрде көрініс тапты: «Мемле-кет басшылары Орта Азияның ШЫҰ-ның өзегі екенін баса көрсетеді. Орта Азия мем-лекеттері өз елдерінде және бір бүтін ретінде жалпы аймақта бейбітшілік, сенім және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған барлық іс-әрекетті қолдайды. Орта Азия мемлекет басшылары консультативтік жиындарының жүйелі түрде өткізілуін мақұл-дайды».

Сонымен, қазіргі жағдайда Мәскеу–Пекин–Жаңа Дели арасындағы бәсекелестікті ескерер болсақ, ШЫҰ-да Орта Азияның маңызы арта түспек. Душанбе саммитінің күн тәртібіндегі екі мәселе де Орта Азияға тікелей ықпал етеді. Олардың біріншісі – Ауған-стандағы жағдай, ал екіншісі – Иранның ұйымға мүше болуы.

Ауғанстан мәселесінде ШЫҰ-на мүше елдер арасында ортақ ұстанымның жоқ екені анық. Саммит қорытындысында қол қойылған 30 құжаттың ешбірі Ауғанстан мәселесі-не қатысты емес. Тек Душанбе декларациясында ғана: «Мүше мемлекеттер Ауғанстан-ның терроризм, соғыс және есірткіден арылған, тәуелсіз, бейтарап, бірлескен, демо-кратиялық және бейбітшіл мемлекет болып құрылуын жақтайды. Мүше елдер Ауған-стандағы барлық этникалық, діни және саяси топ өкілдерінің қатысуымен Ауғанстанда инклюзивті үкімет құру қажет деген пікірде» делінген.

Владимир Путин мен Си Цзиньпиннің жиынға онлайн түрде қатысуына Ауғанстан мәселесіне қатысты келіспеушіліктері себеп болса керек. Әсіресе, Тәжікстанның «Тали-банға» қарсы ұстанымын ескерер болсақ, Қытай және Ресей мемлекет басшылары осы әрекеттері арқылы Душанбенің ұстанымын мақұлдамайтынын көрсеткен болуы әбден мүмкін. Негізінде Тәжікстан Ауғанстандағы тәжіктердің мәселесіне байланысты осын-дай ұстанымда болса да, нәтижеде Душанбенің бұл саясаты Ресейдің мүддесіне сай ке-леді. Өйткені «Талибан» мен Қытай бір-біріне тым жақындай түсер болса, Мәскеу ай-мақта осы ойынды бұзатындай бір елді қалыптастырған болып отыр.

Ал Иранның ШЫҰ-на мүшелігіне келер болсақ, Тегеран ұйымға мүше болу процесін бастауы арқылы негізінде өзінің жаңа «Шығыс саясатын» жариялады деуге болады. Президент Хасан Рухани кезеңінде Тегеран «Кең ауқымды ортақ іс-әрекет жоспары» аясында Еуропадан инвестиция келеді деген үмітпен Ресей және Қытаймен ынтымақта-стық мәселесін кейінге шегерген еді. Ал президент Ибрахим Рейси болса, Азияға басым-дық беретінін байқатуда. Осы секілді 2015 жылдан бері қиын да күрделі кезеңді бастан өткеріп келе жатқан Иран-Тәжікстан байланыстарында да жаңа бір кезең басталып ке-леді. Сондықтан келесі кезеңде Иранның сыртқы саясатта Азия бағытындағы белсен-ділігінің арта түсетінін айтуға болады.

Иранның ШЫҰ-на мүше болуы ұйымдағы мұсылман елдердің санын арттырады. Не-гізінде ШЫҰ-ның Душанбе саммитіне қатысқан Беларусь президентінен басқа мемле-кет басшыларының барлығының мұсылман елдерінен болуы да қызық кездейсоқтық. Бұған қоса Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы мен Араб мемлекеттері лигасы Бас хатшылығы арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылуы, Иранды ұй-ымға мүшелікке қабылдау процесінің басталуы, сондай-ақ Катар, Мысыр және Сауда

4

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

Арабиясының жаңа диалог серіктестері ретінде қабылдануы ШЫҰ-дағы ислам әлемінің үлес салмағының арта түсетінін көрсетеді.

Орта Азия тұрғысынан Иранның ШЫҰ-на мүше болуы аймақтың Таяу Шығысқа шығуына жол ашады. Алайда бұл үшін Иранның АҚШ-тың санкцияларынан құтылуы тиіс. Олай болмаған жағдайда АҚШ-ты өздеріне қарсы қойғысы келмейтін аймақ елдері Иранмен ынтымақтастық құрудан тартынатын болады.

Қорыта айтқанда, ШЫҰ-ның Душанбе саммиті бір жағынан ұйымның келешегі мен белсенділігіне қатысты түйткілдерді арттырып жатса, екінші жағынан аймақтағы ел-дердің ынтымақтастығын күшейте түсуде. Саммитте Тәжікстан, Пәкістан және Иран-ның белсенділігі айқын байқалды. Тәжікстан саммит өтіп жатқан ел ретінде көзге түссе, Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Орта Азия елдерімен одан да жақын ынтымақта-стық құру мүмкіндігіне ие болды. Иранның жаңа сайланған президенті Ибрахим Рейси-дің шетелге тұңғыш ресми сапарын Душанбе саммитіне қатысуынан бастауы Тегеран-ның сыртқы саясаттағы жаңа ұстанымын жариялауы секілді қабылданды.

PhD докторы Дінмұхаммед Әметбек,Халықаралық Түркі академиясының сарапшысы

5

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ӘЗЕРБАЙЖАН МЕН ТӘЖІКСТАН БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫНДАР ҚҰРУ МҮМКІНДІГІН

ТАЛҚЫЛАДЫ

12 қыркүйекте Тәжікстан Республикасының Әзербайжандағы Елшісі Рустам Соли және Әзербайжан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Инам Каримов бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндігін талқылады.

Кездесу мақсаты Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысын өткізуге байланысты мәселелерді талқылау, сондай-ақ экономика, сауда, көлік-транзит, инвестициялық және ауыл шаруашылығы салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

«Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды әзірлеу, екі ел сарапшыларының кездесулерін ұйымдастыру, Тәжікстан Республикасының аумағында бірлескен кәсіпорындар құруға Әзербайжан компанияларын тарту үшін өзара ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты», – делінген Тәжікстан СІМ хабарламасында.

6

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

БАКУДЕ ҚЫРҒЫЗСТАННЫҢ САУДА ҮЙІН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Әзербайжанның астанасы Баку қаласында Қырғызстанның сауда үйін ашу жоспарлануда. Бұл туралы 12 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Осмоналиев хабарлады.

«Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деді дипломат. Елші атап өткендей, 11 қыркүйекте Қырғызстанның Әзербайжандағы Елшілігінің қолдауымен Әзербайжанның бизнес-құрылымдарының өкілдерімен, сондай-ақ «Алят» АЭА төрағасы Валех Алескеровпен кездесу ұйымдастырылды.

«Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар қазан айының басында Қырғыз Республикасында «Бішкек» АЭА мен Қырғыз тарапының құзыретті ведомстволарын аралай отырып, Қырғыз Республикасына инвестиция салу және Қырғыз тоқыма өнімінің Әзербайжан нарығына экспортын жолға қою мәселесі бойынша келесі кездесуді ұйымдастыруға келісті», – деді Қ.Осмоналиев.

7

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ҚАЗАҚСТАН ПАРЛАМЕНТІНІҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ШУША ЖӘНЕ ФИЗУЛИ

ҚАЛАЛАРЫНДА БОЛДЫ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспанның басшылығымен Әзербайжанда сапармен болған делегация 12 қыркүйекте Шуша және Физули қалаларында болды.

Қазақ делегациясына Әзербайжан Республикасы Милли Меджлисі төрағасының орынбасары, Әзербайжан-Қазақстан парламентаралық байланыс жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Әділ Әлиев және Әзербайжан Парламенті халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыс комитетінің төрағасы Самед Сеидов еріп жүрді.

Шушаға келген қонақтар бекініс қабырғаларымен, Молла Панах Вагиф кесенесімен және Юхар Говхар аға мешітімен танысты. Олар сонымен қатар Кілемдер мұражайын аралап, Жыдыр Дүзю мен Иса бұлағында болды. Келушілерге Шуша азат етілгеннен кейін бұл ескерткіштердің президент Ильхам Әлиев пен бірінші вице -президент Мехрибан Әлиеваның тікелей бақылауымен қалпына келтірілгені хабарланды.

Сол күні Қазақстан парламенті делегациясының мүшелері Физули қаласына келіп, Физули халықаралық әуежайына барды.

Сондай-ақ, қонақтар Әзербайжан Президентінің тапсырмасы бойынша оккупациядан босатылған жерлерді электрмен жабдықтауды ұйымдастыру үшін Физули қаласындағы 110/35/10 киловольттық жаңа қосалқы станциямен танысты. Бұл қосалқы станция қала әуежайына да, Физулидің өзін де және оған жақын орналасқан ауылдарда салынатын барлық инфрақұрылымға қуат береді.

8

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ҚАЗАҚСТАН БҰҰ-НЫҢ АУҒАНСТАНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӨНІНДЕГІ

КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

13 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Талғат Қалиев БҰҰ-ның Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай жөніндегі жоғары деңгейдегі халықаралық конференциясына бейнебайланыс арқылы қатысты.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш ашқан іс-шара аясында Ауғанстанға көмек донорлары болып табылатын мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың өкілдері осы мақсат үшін қаржы берілетіні туралы мәлімдеді.

Өз сөзінде Т.Қалиев Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу жөніндегі халықаралық күш-жігерді қолдайтынын, Халықаралық гуманитарлық көмекті Ауғанстанға қауіпсіз жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ қамқорлығымен Алматы қаласында халықаралық гуманитарлық логистикалық хаб құру туралы бастаманы атап өтті.

9

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

АҚШ КОНГРЕСІНДЕ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫ ЖАБЫЛУЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА

ОРАЙ ҚАРАР ҰСЫНЫЛДЫ

13 қыркүйекте АҚШ Өкілдер Палатасының мүшелері Д.Тайтус, C. Шабот және Э. Бера Конгрестің халықаралық істер жөніндегі комитетінің қарауына енгізіп, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына орай №616 қарарды тіркеді.

Құжатта Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі жаһандық режимді нығайту жөніндегі дәйекті жұмысқа, сондай-ақ осы жылы 30 жылдығы атап өтілетін АҚШ-пен түрлі салалардағы, соның ішінде қауіпсіздік, Адам құқықтары және басқа да салалардағы екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға бейілділігі атап өтілді.

Конгрессмендердің бастамасы АҚШ заң шығарушы органы мүшелерінің Қазақстанның таратпау режимін нығайтуға және жаһандық қауіпсіздікке қосқан үлесіне, оның ішінде Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы саладағы күш-жігеріне және әлемге ядролық қатерді төмендету ісіндегі бірлескен жетістіктеріне назар аударатынын көрсетті.

10

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ТҮРКИЯ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ РЕФОРМАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУГЕ ЖӘРДЕМДЕСЕДІ

Түркия Өзбекстандағы реформаларды ілгерілетуге жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Мұндай мәлімдеме 13 қыркүйекте Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Өмірзақовтың Түркия Республикасы Парламенті төрағасының орынбасары, депутаты Нуман Куртулмуш бастаған билеуші Әділет және даму партиясының (ӘДП) атынан өкілдік ететін Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Жиналысының депутаттар тобымен кездесуі кезінде жасалды.

Сындарлы диалог барысында тараптар екі елдің көпжоспарлы өзара іс-қимылының кең ауқымды мәселелерін талқылады. Өзбекстан мен Түркияның саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын кеңейту серпіні жоғары бағаланды.

Қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыру және өзара іс-қимылдың нысандары мен тетіктерін одан әрі жетілдіру мақсатында тығыз ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

11

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ТАШКЕНТТЕ ТҮРІКМЕН-ӨЗБЕК ҮКІМЕТАРАЛЫҚ КОМИССИЯСЫНЫҢ

16-ШЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

14 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі түрікмен-өзбек бірлескен үкіметаралық комиссиясының он алтыншы отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Түрікменстан тарапынан Министрлер Кабинеті Төрағасының орын басары Э.Оразгелдиевтің төрағалығымен Түрікменстанның министрліктері мен ведомстволарының басшылары қатысты. Өзбекстан делегациясын Өзбекстан Респуб-ликасы Премьер-Министрінің орынбасары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Өмірзақов басқарды.

Отырыс барысында тараптар Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевтің екіжақты кездесулерінің жемісті нәтижелерін қанағаттанушылықпен атап өтті. Екі ел Президенттерінің екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететін комиссия құрудағы зор еңбегі атап өтілді.

Отырыста тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық пен өнеркәсіптік коопера-цияны кеңейту, энергетика, көлік және транзит саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастыққа, атап айтқанда, өңірдің су ресурстарын пайдалануға қатысты пікір алмасылды. Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау саласындағы мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, қатысушылар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қарастырды.

Бірлескен үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша он алтыншы отырыстың хаттамасына қол қою рәсімі өтті.

12

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ҚАЗАҚСТАН ӘЗЕРБАЙЖАННЫҢ ҚАРАБАҚ ӨҢІРІНЕН ЖЕМІС-КӨКӨНІС ӨНІМДЕРІН

ИМПОРТТАУҒА НИЕТТІ

14 қыркүйекте Қазақстан Әзербайжанның Қарабақ өңірінен жеміс-көкөніс өнімдерін импорттауға ниетті. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция Вице-министрі Қайрат Төребаев мәлімдеді.

«Әзербайжанның босатылған аумақтарында инфрақұрылымды қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Мұнда Әзербайжан өсіретін және Қазақстанға жіберетін жеміс-көкөніс өнімдерін ілгерілету перспективалары бар. Біз бұл өнімді импорттауға қуаныштымыз», – деді Қ.Төребаев.

Оның айтуынша, Әзірбайжан мен Қазақстан ауыл шаруашылығы саласында бәсекелеспейді.

«Біздің арамызда өзара түсіністік бар. Мысалы, Әзербайжанда жақсы жеміс-көкөніс өнімі бар, оны Қазақстан импорттап, қайта өңдегісі келеді, сонымен бірге Әзербайжанға бидайды жібереді. Әзербайжан тарапынан бидай импортына қатысты ұсыныс болды және біз оны қанағаттандырдық. Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін, сұрыптайтын және экспортқа жіберетін көтерме-тарату орталықтары салынуда. Әзер-байжанның да осы желіге қосылуын қаладық. Біз бұл идеяны айттық, оны әзербайжан тарапы қызығушылықпен қабылдады», – деді вице-министр.

13

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ҚЫРҒЫЗСТАН СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «KAZAID» БАСҚАРМА

ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

2021 жылы 15 қыркүйекте Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің орынба-сары Айбек Артықбаев «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дастан Елеукеновпен кездесті.

Бұл кездесу «KazAID» Қазақстан халықаралық даму агенттігі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы делегациясының 2021 жылдың 14-16 тамыз аралығында болған Қырғыз Республикасына жұмыс сапары аясында өтті.

Әңгімелесу барысында тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттардағы екіжақты қырғыз-қазақстан күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ осы салалардағы өзара іс-қимылдың одан әрі келешегін белгіледі.

Өз кезегінде, А. Артықбаев Қырғызстанның дамуға ресми көмек саласындағы ынты-мақтастыққа мүдделілігін білдіре отырып, ел үшін осы бағыттағы ең өзекті салаларды – Денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, білім беру және т. б. салаларды атап өтті.

Өз кезегінде, Д.Елеукенов Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ өкілдері үшін 2021 жылдың 16 қыркүйегіне жоспарланған дамуға ресми көмек саласындағы ақпараттандыруды арттыру жөніндегі брифинг туралы ақпарат берді.

Келіссөздердің соңында тараптар Қырғызстан мен Қазақстанның өзара мүдделілік тудыратын барлық салалардағы тығыз ынтымақтастығының одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

14

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ПӘКІСТАН ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Имран Ханмен кездесті.

Кездесу барысында Қ.Тоқаев сенім мен өзара құрметке негізделген екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.

Қазақстан Президенті ортақ қызығушылық тудыратын салалардағы көлік-логистикалық байланыстарды нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға шақырды, сондай-ақ сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Имран Ханды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Өз кезегінде Пәкістан Премьер-Министрі екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын арттыруға ықпал ететін логистикалық мүмкіндіктерді дамытудың маңыз-дылығы туралы мәлімдеді.

Имран Хан Қазақстан көшбасшысын Пәкістанға да шақырды.Сонымен қатар, әңгімелесу барысында Ауғанстандағы жағдай мен өңірлік қауіпсіз-

дікті қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

15

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

МӘЖІЛІС СПИКЕРІ ТҮРКПА-НЫҢ БАС ХАТШЫСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясының (ТүркПА) Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсуповты қабылдады. Кездесу барысында ТүркПА-ның мерейтойлық X пленарлық сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.

Түркітілдес елдер парламентшілерінің форумы ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде түркі әлемінің астанасы – Түркістан қаласында өтеді. Оның негізгі оқиғалары Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Түркияның парламенттері мен олардың палаталарының басшылары қатысатын ТүркПА Кеңесінің отырысы мен Х пленарлық отырысы болмақ.

Парламентшілердің алдағы кездесуі туралы айта келе, Н. Нығматулин X пленарлық сессияның маңыздылығын атап өтті, ол депутаттарға алғашқы онжылдықтағы жұмысының қорытындысын шығарып қана қоймай, қазіргі заманның өзекті мәселелерін ескере отырып, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын толық ауқымды форматта талқылауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ТүркПА бүгінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламентшілерін қамтиды. Венгрия 2014 жылы осы парламенттік ұйымда бақылаушы мәртебесін алды.

Олий Мажлис Заң шығару палатасының спикері бастаған Өзбекстан парламентшілері де ТүркПА -ның мерейтойлық 10 -шы пленарлық сессиясына қатысуға шақырылды.

16

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ БАЙҚАУЫ

2 сентября представители татарстанской (РФ) кампании Татнефть и Узбекнефтегаза обсудили вопросы, касающиеся совместных проектов в сфере геологоразведочных работ, капитального ремонта скважин, бурения скважин, обучения персонала, расширения сети АЗС, а также возможности реализации проектов малотоннажной нефтегазохимии в Узбекистане.

Обсуждение вопросов партнерства между татарстанской и узбекской нефтяными компаниями состоялось с участием генерального директора Татнефти Наиля Маганова и Председателя правления Узбекнефтегаза Мехриддина Абдуллаева.

В ходе рабочего визита в Татарстан делегации Узбекнефтегаза представили деятельность Татнефти непосредственно на производственных объектах.

Компетенции Татнефти позволяют формировать научно-технические полигоны для геологоразведочных работ и разработки месторождений, проводить технико-экономическое обоснование, проектирование разработки месторождений с подбором и реализацией геолого-технических мероприятий, методов увеличения нефтеотдачи и т.д.

Компании планируют дальнейшее развитие совместных проектов на территории Узбекистана.

17

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

«ТҮРКІ ЕЛДЕРІНДЕГІ БАҚ. ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ДАМУЫ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

15 қыркүйекте Нұр-Cұлтан қаласында Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі елдеріндегі БАҚ. Жаңа жағдайдағы ынтымақтастықтың дамуы» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған басқосу ХVII Еуразиялық медиафорумы аясында тұңғыш рет өтіп отыр.

Алқалы жиынға түркітілдес елдердің, сондай-ақ, Мажарстан мен Тәжікстанның танымал медиа-менеджерлері, атап айтқанда, Әзербайжан Президентінің бұрынғы баспасөз хатшысы, тележүргізуші Тофиг Аббасов, «Қазақстан» телерадио корпорациясының төрайымы Ләззат Танысбай, Түркияның NTV арнасының сыртқы жаңалықтар қызметінің менеджері Ахмет Йешилтепе, Мажарстанның «Дуна» телекомпаниясының директоры Палффи Иштван, Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли, Түрікменстан мемлекеттік ақпарат агенттігінің бас директорының орынбасары Сяхемурад Какышев, Тәжікстанның «Авеста» ақпараттық агенттігінің бас редакторы Джанатхон Курбанова, сонымен қатар белгілі БАҚ өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел отырысын белгілі журналист Саят Жөкен жүргізіп отырды.Басқосу барысында БАҚ өкілдері түркітілдес елдердің масс-медиа саласындағы

танымал тұлғалармен тілдесуге мүмкіндік алды. Аталған елдердің үздік медиа менеджерлері қазақстандық әріптестерімен қазіргідей ақпарат таратудың өзектілігі жағдайында жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті.

Халықаралық Түркі академиясының вице-президенті Физули Маджидли дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде: «Осыдан 140 жыл бұрын, 1883 жылы ұлы ойшыл әрі публицист Исмаил бей Гаспыралы «Тілде, ойда, істе бірлік» ұранымен «Терджуман» газетін шығара бастады. Қарым-қатынас жасау қиын жылдары түркі әлеміне тарап кеткен газет бірыңғай ақпараттық кеңістік құру жөніндегі алғашқы бастама болды” деп атап өтті.

Сонымен қатар, Еуразиялық медиафорумның маңыздылығына тоқталған Академия өкілі оны интеграция мақсатында тиімді пайдалану керек екенін айтты.

18

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

«Жоғарыда айтып өткенімдей, Түркі академиясының негізгі бағыты түркі мемлекеттері мен халықтарының ортақ мұрасын зерттеуге және насихаттауға бағытталған. Осы мақсатта іргелі ғылыми еңбектер, сөздіктер, ғылыми-мәдени және географиялық атластар жарық көрді. “Аталар мирасы” электрондық порталы құрылды. Түркі елдерінде әлеуметтік сауалнама жүргізетін “Түркбарометр” жобасы жүзеге асыруда. Академия әртүрлі ғылыми және археологиялық экспедициялар ұйымдастырып келеді. Түркі академиясының ресми сайты, Telegram арнасы және әлеуметтік желілердегі барлық ресми аккаунттар да осы мақсатқа қызмет етеді», ̶ деді.

Қатысушылардың пайымды пікірлері мен орамды ойлары және терең сараптамалық талдаулар көптен күткен Еуразия медиафорумының маңызын арттыра түсті.

Айта кету керек, әлемнің 25 елінен 60-тан астам спикерлер, 3000-нан астам онлайн қатысушылардың қатысуымен өтіп жатқан форумның тақырыптары геосаясат, технология, этикалық стандарттар саласында соңғы жылдары дамыған жаһандық өзгерістер мен тенденцияларды қамтиды.

19

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

15 қыркүйекте Өзбекстандағы Тарихи Хиуа қаласында «Хиуа – түркі әлемінің мәде-ни астанасы 2020» бағдарламасының ашылуы өтті.

Шара аясында Түркі әлемінің мәдени астаналарына арналған фотокөрме ашылды. Сондай-ақ, Өзбекстанның дәстүрлі мотивтерін көрсететін киімдер дефилесі ұйымдасты-рылды. Сонымен қатар, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Түркіменстан және Венгрия халықтарының музыкасы мен билерінің концерті өтті.

Өзбекстанның туризм және спорт вице премьер-министрі Азиз Абдухакимов Хиуа-ны түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялағаны үшін TÜRKSOY-ге алғыс айтты. ЮНЕСКО-ның Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бас директорының орынбасары Габриэла Рамос Хиуа адамзаттың маңызды қалаларының бірі екенін атап өтті.

Іс-шараға Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар министрі Қайрат Иманалиев, Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі, шетелде-гі отандастар істері және туысқандық қауымдар басқармасы (YTB) басшысының орын-басары Сайит Юсуф қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Хиуа 2019 жылы Қырғызстанның Ош қаласында өткен Ха-лықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (TÜRKSOY) отырысында Түркі әлемінің мәдени астанасы деп жарияланған болатын. Бағдарлама шеңберіндегі іс-шаралар коронавиру-стың жаңа түріне (COVID-19) байланысты кейінге қалдырылды.

ӨЗБЕКСТАНДА «ХИУА – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020»

БАҒДАРЛАМАСЫ АШЫЛДЫ

20

Turkic Weekly #244 International Turkic Academy

ТҮРКИЯНЫҢ БУРСА ҚАЛАСЫ 2022 ЖЫЛЫ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ

БОЛЫП ЖАРИЯЛАНДЫ

16 қыркүйекте Түркияның солтүстік-батысындағы Бурса қаласы 2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Шешім Өзбекстандағы Хиуа қаласында ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлерінің Тұрақты кеңесінің 38-ші отырысының қорытындысы бойынша қабылданды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Бурса кандидатурасын ұсынып, бұл қала бір кездері Осман мемлекетінің астанасы болғанын және келушілерді өзінің тарихи және сәулет мұрасымен, сондай-ақ табиғи сұлулығымен таң қалдыратынын айтты.

«Біз Бурса 2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы атануы үшін сіздерден қолдау күтеміз. Бурса Хиуа, Ескішехир және Кастамону сияқты түркі әлемінің мәдени астаналары арасында маңызды орын алады деп сенемін», – деді ол.

Іс-шараға қатысушылар Түрік министрінің ұсынысын қабылдады, Бурса қаласы 2022 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы болып жарияланды.

Отырыс барысында қырғыз жазушысы Токтоболот Абдумомунов пен әзербайжандық композитор Фикрет Амировтың 100 жылдығына, сондай-ақ белгілі түрік суфийі Сүлейман Челебидің қайтыс болуының 600 жылдығына орай естелік іс-шаралар өткізу туралы шешім қабылданды.

Сілтеме:

https://www.trend.az/business/economy/3482798.htmlhttps://www.trend.az/business/economy/3482867.htmlhttps://www.trend.az/azerbaijan/politics/3482894.htmlh t t p s : / / w w w . g o v . k z / m e m l e k e t / e n t i t i e s / m f a / p r e s s / n e w s /details/254796?lang=ruh t t p s : / / w w w . g o v . k z / m e m l e k e t / e n t i t i e s / m f a / p r e s s / n e w s /details/254491?lang=ruhttps://www.trend.az/business/economy/3483685.htmlhttps://www.mfa.gov.tm/ru/news/2788https://www.trend.az/business/economy/3483578.htmlhttps://mfa.gov.kg/ru/osnovnoe-menyu/press-sluzhba/novosti/sostoyalasvstrecha-zamestitelya-ministra-inostrannyh-del-kyrgyzskoy-respubliki-aybekaartykbaeva-s-predsedatelem-pravleniya-nekommercheskogo-akcionernogoobshchestva-kazahstanskoe-agentstvo-mezhdunarodnogo-razvitiya-KazAIDdastanom-eleukenovymhttps://www.akorda.kz/ru/glava-gosudarstva-vstretilsya-s-premerministrom-pakistana-imranom-hanom-16858https://www.inform.kz/ru/nurlan-nigmatulin-prinyal-general-nogosekretarya-tyurkpa_a3837062http://turkistan.today/ru/konkurs-telezhurnalistov-tyurkoyazichnikh-stranhttp://twesco.org/ru/2021/09/15/8923/https://www.turkishnews.com/ru/content/category/%D1%86%D0%B5%D0%BD%D

1%82%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%B0%D1%8F-%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%8F/%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD/

https://www.aa.com.tr/ru/%D0%BC%D0%B8%D1%80/%D0%B1%D1%83%D1%80%D1%81%D0%B0-%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D1%8F%D0%B2%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B0-%D0%BA%D1%83%D0%BB%D1%8C%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BD%D0%BE%D0%B9-%D1%81%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%86%D0%B5%D0%B9-%D1%82%D1%8E%D1%80%D0%BA%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BC%D0%B8%D1%80%D0%-B0-2022/2366309#:~:text=%D0%A5%D0%98%D0%92%D0%90,%D0%B2%20% D 0 % B 3 % D 0 % B E % D 1 % 8 0 % D 0 % B E % D 0 % B 4 % D 0 % B 5 % 2 0%D0%A5%D0%B8%D0%B2%D0%B0%20%D0%B2%20%D0%A3%D0%B7%D0%B-1%D0%B5%D0%BA%D0%B8%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B5.