19102012

19
Шәкерім атындағы орта мектебі 5-сынып Балтиева Л.Қ. 2011 жыл

Upload: ipsabirov

Post on 28-Jul-2015

567 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 19102012

Шәкерім атындағы орта мектебі

5-сыныпБалтиева Л.Қ.

2011 жыл

Page 2: 19102012

«Әлемді тербеткен мейірім»

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды өз Отаның, туған жерін, ата-анасын сүюге барлық қоршаған ортаға мейірімділікпен қатауға

тәрбиелеу2 Анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

3 Мейірім жүрегінен нәр бере білуге баулу.ІІ. «Ана», «Бақыт» деген ұғымды өз ойынан айта отырып, өзінің

ішкі жан дүниесімен бөлісе білуге дағдыландыру.Сабақ көрнегілігі: Жүрекшелер, фламастер, көзілдірік, сандық,

моншақтар.Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері:Мен Сіздерді кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізщге

қарап, сіздердің көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын.Сіздерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Page 3: 19102012

• Шақырамын шеңберге• Кел достарым келіңдер• Орта толсын дейміз біз• Сізбен бізбен сіздермен• Қуанышың көп болсын• Уайым – қайғы жоқ болсын.• Ортақ болсын қуаныш• Ұзағынан сүріндір!• Армандайық:• Қонақтар , армандауды ұнатасыңдар ма? Ыңғайланып

отырыңыздар. Кәнеки бәріміз бірге армандайық.. • -Мен сендерді сиқырлы қиял әлеміне саяхат жасауға шақырамын.

Өздеріңнің сиқырлы жолмен жүріп бара жатқандарыңды елестетіңдерші. Қарсы алдарыңнан Махаббат періштесі келе жатыр. Ол бізге сиқырлы қобдиша әкеліп сыйға тартты. Қобдишаның ішінде сиқырлы моншақтар бар. Олар әр түрлі- мейірімділік, махаббат, денсаулық, бақыт, шаттық моншақтары. Міне, ол қобдиша. Әрқайсың бір моншақты алып, достарыңа сыйлаңдар.

• Жарайсыңдар! Бір-бірлеріңе айтқан тілектерің қандай әдемі!• Достар әрқашан бір-біріне тек жақсылық тілейді., көмектесуге

асығады, бірге ойнайды.

Page 4: 19102012

• Тыңдайық-ойланайық.• «Ана қуанышы» әңгімесін айтып беру.• Сұрақтар:• 1»Ана қуанышы» дегенді қалай түсінесіңдер?• «Ана бақыты» дегенді қалай түсінесіңдер?• Әңгіме арқауы неліктен «Ана қуанышы» деп

айтылады?• Ойнайық• «Сиқырлы көзілдірік»• Мақсаты: Адам бойындағы жақсы

қасиеттерді айтуға үйрету.• Шығармашылық тапсырма:• Әрбір сабаққа қатысушы жүрекшелерді салу

арқылы, өз жүрекшесі туралы айтып береді.

Page 5: 19102012

• Қорытындылайық:• -Достарым! Біз бүгін «Ана бақыты» адам үшін ең маңызды нәрсе туралы

әңгімелестік. « Ана басты- бақыт бақыт екені рас қой?! Бір-бірлеріңе күлімдей қараңдар!

• Біз бақыттымыз және дос барын мақтаныш тұтамыз. Досым көп болсын десең айтпа жалған ешқашан, шыншыл болғын әрқашан!

• Жүректен –Жүрекке шеңбері• -«Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір- біріне тек қана жақсы, жағымды,

мейрімді сөздер айтады. Ендеше «Жүректен жүрекке , деп аталатын шеңбер құрайық.

• -Сендер адамдар шеңберге тұрғанда неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

• -Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан ол бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық, адасып қалмайды.Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейрімді адамдарға келеді.

• Ұшыра білсең мені сен• Бақытыммен бөлісем• Жүрек сөзін жалғайын• Бәрін саған арнайын!• -Бүгін –тамаша күн . Біздің көңіл күйіміз жақсы. Бір- бірімізбен ойнап,

Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңбертіміз «Жүректен- жүрекке» деп аталады.

Page 6: 19102012

Шыр етіп келдім дүниеге,

Қуанды әкем, шешем де.

Жүрегімнің жылуын

Бөліп берді өзіме.

Page 7: 19102012

Қуанышым менің сен

Шаттығым, өмірім, бақытым

Таусылмайтын әуенім

Қуаныш құйып көңілге

Мақтаныш болсаң әркезде!

Page 8: 19102012

Әлпештеп, аялаған Апатайым! • Сабақтың мақсаты: Сені дүниеге әкелген, өмір сыйлаушы

анаға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру,адамгершілік құндылықтар туралы түсінігін кеңейту.

• Міндеттері:1.Жарық дүниеге әкеліп, тіршілік сыйлаған анаға деген баланың немесе балаға деген ананың шексіз, өлшеусіз махаббаты,сүйіспеншілігі туралы түсінік беру;

• 2.Аналарына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру;• 3.Ананы сүюге, сыйлауға тәрбиелеу;• Сабақта пайдаланылатын көрнекілік:• Қымбат Әбілдақызының «Анам» өлеңі суретімен,• Ана қасиеттерін топтастыруға арналған көрнекілік,• дәйексөз,шығармашылық жұмысқа арналған құралдар

(ақ парақ, түрлі-түсті қағаз, желім,қайшы,жүрек).

Page 9: 19102012

• Сабақтың жүрісі: 1. Шаттық шеңбері• Оқушылар шеңбер құрып тұрады• .Мұғалім:- Қайырлы күн балалар! Әр күніміз қуаныш

пен сүйіспеншілікке толы болсын!Бүгін• өздеріңмен көріскеніме өте ризамын• Оқушылар:- Қайырлы күн, мұғалім!• Мұғалім: Бәріміз қосылып «Ана туралы жыр» әнін

орындайық.• Сөзі: Ғ.Қайырбеков.• Әні: Ш.Қалдаяқов.

Page 10: 19102012

• Әлемнің жарығын• Сыйладың сен маған• Даланың әр гүлін• Жинадың сен маған.• Сен бердің құстардың• Қанатын самғаған• Балалық құштарлық• Өзіңе арналады.• Әлдилеп аялап• Өсірген жемісің.• Самал жел саябақ• Құшағың мен үшін• Есейіп кетсем де• Мен саған сәбимін• Көгілдір көктемді• Көзіңнен танимын.

Page 11: 19102012

• Өтеуге борышын• Анашым жан сырым• Іздедім сен үшін• Әлемнің асылын.• Әлемнің байлығын• Сыйлар ем кеш мені• Сыйлар ем ай күнді• Қолыма түспеді.• - Ән кім туралы?• -Ана туралы.• - Олай болса бір сәт Анамыз туралы,сендерді

аналарыңның қалай еркелететіні туралы естеріңе түсіріп, айтып бере аласыңдар ма?

Page 12: 19102012

• 2.Тыныштық сәті: (1-1,5 мин) ойлауға беріледі.• Ауызша айтуға да,қағазға түсіріп оқуларына да болады.• Оқушылардың айтқандарынан:• Мен анамды өте жақсы көремін.Ол да мені жақсы

көреді.Мені «құлыншағым, ботам, алтыным» деп еркелетед і.• Бірде мен ауырып қалдым.Сонда анам қатты қиналып: «Сенің

табаныңа кірген шөңге менің маңдайыма кірсін»,- деген сөзін естідім.Мен түсінбедім.Кейін анам маған бұл сөздің мағынасын түсіндіріп берді.Сонда анам: -Сен ауырма,жаратқан ием сені ауыртқанша мені ауыртсын деп тілек тілеген екен.

• Мені анам «қошақаным,жүрегім,жаным» деп еркелетеді.• Аппағым,томпағым,ақылдым,- деп еркелетеді.• Айым,күнім,жұлдызым- дейді.• Мені «қоңыр қозым, момақаным, көмекшім, сен болмасаң

маған кім көмектесер еді, кішкентай ғана қолқанатым»- дейді.

Page 13: 19102012

• Осылайша өз ойларын кішкене ғана сәбилік жүректерімен тілдерінің жеткенінше айтып беруге тырысты.

• 3.Мәтінмен жұмыс.а)• Қымбат Әбілдақызы «Анам» өлеңін мәнерлеп оқып

бердім.• Мақсатым- баланың анаға деген сүйіспеншілік

сезімін арттыру, ананың балаға деген махаббатын сезіндіру.

• Маған жарық сыйлаған кім?• Анам!• Жылатуға қимаған кім?• Анам!• Жөргегімді ауыстырып құндақтап,• Мен деп жанын қинаған кім?

Page 14: 19102012

• Анам!• • Мен ауырсам жүдеген кім• Анам!• Күдігі тез үдеген кім• Анам!• Айыққанша қосылғанша қатарға,• Тілегімді тілеген кім• Анам!• Қателессем, кешірген кім• Анам!• Анамдағы махаббатқа нанам!• Ең бірінші ана керек балаға,• Ақ аналар, жүріңдерші аман!

Page 15: 19102012

• ә)Өлең мазмұны талданады және ана қасиеттері топтастырылады.

•• Бізге:• дос өмір сыйлаушы ең жақын адам жанашыр шыдамды•• А Н А• сырлас сүйеніш қайырымды қамқоршы ақылшы•• Біз үшін:• Қуанады қайғырады ойланады уайымдайды•• А Н А • Сабақ оқытады киімімізді дәмді тамақ • әзірлейді дайындайды

Page 16: 19102012

• 4.Дәйексөз талданады.• Ананың көңілі балада,• Баланың көңілі далада.• Яғни, ана барлық уақытта баласын ойлап жүреді, ал оны

кейде барлық бала түсіне бермейтіндігін ұғындыру.• Мысал:• Кешкілік 14 жасар Қанат анасынан Нұржанмен көшеге

шығып келуге сұранады.Анасы рұқсат бермеді.Себебі, Нұржанның сотанақтау бала екенін анасы білетін.Қанат жібермегені үшін анасына ренжіп, кешкі тамағын да ішпей бұртиып жатып қалды.

• Ертесіне мектепке келгенде естіді.Нұржан көшеде жөнімен кетіп бара жатқан Самат деген балаға ұрынып, телефонын тартып алыпты.Бұл туралы Саматтың ата-анасы мектеп директорына хабарлапты.Мұны естіген Қанат кешкілік анасының жібермегені қандай жақсы болды деп іштей қуанды.Осы мәтін арқылы дәйексөздің мағынасын түсінуге бола ма?

Page 17: 19102012

• 5. Шығармашылық жұмыс.• 1-топ: Анаңды қалай қуантар едің?• Менің әңгімем• Менің қиялымдағы бақытты ана (әңгіме

құруларына, сурет салуларына, қолөнер түрінде көрсетулеріне болады).

• 2-топ:Ана туралы өлең шығара аласың ба?• 3-топ:Нені анаға теңер едің?(Жер, күн,т.б. өз қиялдары

бойынша сурет арқылы не ауызша айтуларына болады).• 4-топ: Өз қиялдарынан ертегі құрап келу үй тапсырмасы

ретінде тапсырылады.• 6.Жүректен жүрекке• Анамызға тілек тілеу:• -Аналар аман болсын!• -Ауырмасын!• -Күн секілді күліп жүрсін!• -Аспанды бұлт торлаған секілді анамыздың қабағын

бұлт шалмасын!

Page 18: 19102012

• Жер бетіндегі барлық балалар мен аналар бақытты болсын!

• Мен осы сабақ арқылы анамды бұрнғыдан да жақсы көріп кеттім,соны түсіндірген сізге рақмет!

• Отанымыз аналарға көп қамқорлық жасасын!

• Барлық аналарға тілек арнап хат жазу

• Аналарына арналған өлең тақпақтарын оқу

Page 19: 19102012