124 (2902) 8 қараша 2016

8
Баспасөз — 2017 Көкейкесті (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢДАТПА 4-бет 2-бет №124 (2902) 8 қараша 2016 www.zanmedіa.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газет zangazet@maіl.ru Құрметті оқырман! «Заң газеті» және «Юридическая газета», «Заң», «Фемида» басылымдарына жазылу басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. Төл басылымдарыңыздан қол үзіп қалмаңыздар! жеке тұлғалар үшін – 65921 заңды тұлғалар үшін – 15921 жеке тұлғалар үшін – 65928 заңды тұлғалар үшін – 15928 «Заң газеті» «Заң» журналы – 75849 «Фемида» – 75858 «Юридическая газета» Жазылу индекстері: Біздің басылымдарға «Қазпошта» АҚ бөлімшелері, «Қазпресс» ЖШС дүңгіршектері және Алматы қаласындағы «Дауыс» жүйесі арқылы жазылуларыңызға болады. КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАДАН КЕЛЕТІН ЗАЛАЛ КӨП Гүлнар Мұстақымқызының айтуынша, былтыр жұмыспен қамту бағдарламасына 37 млрд теңге бөлінсе, биыл бұл шараға қарастырылған қаржы 128 млрд теңгеге жетіпті. Алайда, жұмыспен қамту мақсат етілген 2,5 млн адамның әзірге 5 пайызы ғана тұрақты жұмыс тауыпты. Сол секілді 80 млрд теңгеден астам бюджет қаржысын жұмсап, кәсіби біліктілігін көтергендер мен тәжірибеден өткен жастар қатарынан да тұрақты жұмыс тапқандар са ны межедегіден төмен. Олардың әрі кетсе 6570 пайыздайы ғана жұмыс істеп жүр. Гүлнар Мұста қымқызының сөзінен түйгеніміз, мұның бәрі еңбек нарығының ағымдағы және болашақтағы қажетті лігіне мониторингтің жасалмауының, мамандар даярлаудың даму деңгейін айқындау ісінің мардым сыздығының, бағдарламаны жүзеге асыруға жауап ты құзырлы органдардың үйлесімді жұмысының толыққанды қамтамасыз етілмеуінің салдары. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында ел бюджетінен, Ұлттық қордан жыл сайын бөлініп жатқан қаржы көлемі ондаған миллиардтарға артқанымен, екі қолға бір күрек тапқандар саны тым аз. Бүгінде олардың қатары барлық жұмыссыз қауым- ның 5-6 пайызы деңгейінде ғана. Бұл жөнінде кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ыхсанова мәлімдеді. Жыл өткен сайын елімізден өзге елге еміне шипа іздеп кететін жандардың қатары артып барады. Біреулер өз елімізден гөрі көрші елдерде медициналық қызметтің арзандығын айтып шекара асса, енді бірі елімізден дертіне шипа таба алмаған соң еріксіз өзге елдің медициналық қызметіне жүгінеді екен. Медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры Батырбек Әбділдиннің айтуынша, отандастарымыз 2014 жылы шетелде емделу үшін 300 миллион евро жұмсапты. Ал, Havard Medіcal Internatіonal ұйымы өткен жылы зерттей келе, «Қазақстандықтар шет мемлекеттерде емделу үшін жылына 200 миллион доллар қаражат жұмсайды» деген тұжырым жасапты. Яғни, осынша ақша жыл сайын өзге елдің медицина саласына барып құйылады екен. Бұл жиында халықты жұмыспен қамту жұмыс картасының орындалысы бойынша Денсаулық сақ тау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсе нова депутаттарға есеп берген болатын. Тамара Босымбекқызының 20 минутқа созылған баянда масы негізінен тек жағымды көрсеткіштерден тұр ды. Мәселен, оның айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» жүзеге асырыла бастаған 2011 жылдан бері 744 мың адамға көмек көрсетіліп, оның 563 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Министрдің сөзіне сенсек, бастысы, еңбек нарығы негізгі көрсеткіштерінің сапалық деңгейі жоғары. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,3 пайызға және жалдамалы жұмысшылар санының 16,6 пайызға өскенімен сипатталады. МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ НЕГЕ АҚСАП ТҰР? (Соңы 6-бетте) СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТАТЫН 11 МАҚСАТТЫ ҚАДАМ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПҚАНДАР САНЫ МЕЖЕДЕГIДЕН ТӨМЕН (Соңы 5-бетте) Сәті түскен сұхбат «АЛҚАБИЛЕР МЕН СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БІРДЕЙ» – Әділ Жамбасбайұлы, алқабилер соты әлемде азаматтардың құқы мен мүддесін қорғап, әділ сот төрелігін жүзеге асыруда өз тиімділігін берген институт ретінде мойындалып отыр. Біздің елімізде осы бағытта біраз жұмыс атқарылғанынан хабардар - мыз. Алқабилер сотының қазіргі аяқ алысы қалай? zanreklama@maіl.ru Қит етсе шекара асатын халықты да кінәлай ал маймыз. Іздеген емі қалтасына, емі сапасына сай болса, халықтың ел асып, жерсу асып несі бар?! Бір анығы, егер медицинамыз сапалы және халықтың қалтасына сай болса, осы ақша өз елімізде қалар еді. Айта кетер жайт, медицина саласын дамытуға мем лекеттен жыл сайын қыруар ақша бөлініп жатыр. Ол қаржының көлемі жыл өткен сайын көбеймесе азайған емес. Шетелден қымбат медициналық құрылғылар да сатып алынуда. Яғни, медицинаны дамытуға талпыныс бар. Ендеше, шетелден ем ізде гендер саны неге азаймай отыр?! Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың шетел медицинасына жұмсайтын қаржысы мен медициналық қызметіне жүгінетін елдерінің жыл сайын көлемі өсіп, географиясы да кеңеюде. Бұрын Ресей, Беларусь, Германия елдеріне ем іздеп жиі бар са, қазір отандастарымыз Сингапур мен Корея, Қытай және Израильге көбірек сапарлайды. ӨЗБЕКСТАНДА – 150 МЫҢ ТЕҢГЕ, БІЗДЕ – 800 МЫҢ ТЕҢГЕ... Тіпті, стоматологиялық қызметі арзанырақ бол ғандықтан, көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдері не баратындардың саны да айтарлықтай. Тістерін емдеп, жартысын ауыстырып, заманауи қондырғылар көмегімен бекітіп алған сондай бір отандасымыз: «Бұл қызмет үшін өз елімізде жекеменшік клиника 800 мың теңге сұраса, көрші елде 150 мың теңгеге медициналық көмек алдым. Сапасы да жақсы, ақшасы да көңілге қонымды», – дейді. Ойланатынақ жағдай. Қазіргі уақытта Азия елдері арасынан медици налық туризм бойынша Қытай, Сингапур елдері көш бастап тұр. Сингапурға туристерден келетін қаржы лық пайда өте жоғары деңгейде. Ал, бұл елде емделу өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, АҚШ пен Германиядағы медициналық қызметтен – 40, Ұлыбританиядан 60 пайызға арзан көрінеді. Сондайақ, Сингапурдағы клиникалар әлемдегі ең үздік емдеу мекемелерінің қатарында. Мұндағы клиникалар сапалы көпсалалы медициналық көмек көрсетуге негізделген. Сондайақ, өздерін жарнамалаудың тиімді жүйесін қалыптастырған. Медициналық туризмнің орталығына айналған ел дерде шетелдіктердің емделу үрдісін жеңілдететін құрылымдар қалыптастырылған. Емделушілерге орнығу үшін арнайы орындар беру, басқа елдердегі аурухана мен дәрігерлер арасында байланыс орнату ды жүзеге асыратын және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек беретін аудармашы мен координатор дайындау ісі бұл елде еш қиындық тудырмайды екен. Медициналық туризмді жолға қоямыз десек, Қазақ станда да осы мәселелердің тез шешілуі үшін әрекет ету қажеттілігі сезіледі. Медициналық туризм бойынша сапар шегушілер саны 20122013 жылдары 750 мыңнан 3 миллион адамға дейін өсіп, бұдан өзге елдер 1 миллиард дол лар табыс тауыпты. Соңғы жылдары елімізде өз же рінде де емдеу мекемелерінің шамасы жететін жай емдеу түрлерін шетелден алуға әуестенушілер шоғы ры қалыптаса бастаған. Тіпті, шетелде босануды сәнге айналдырғандарды да жиі кездестіріп жүрміз. Сондайақ, соңғы кездері көрші Қытай елінің меди цинасы да халқымыз үшін көп сұраныста екен. Де мек, отандастарымыздың шетелдік көмекке жүгінуіне медициналық көмектің сапасы ғана емес, бағасы да, атағы мен даңқы да әсер етуде деуге болады. ЕЛБАСЫ ЖАПОНИЯ ИМПЕРАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ «Токиода ресми сапармен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті» деп хабар- лайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі сала- дағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапо- нияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктес- тік орнағанын айтты. Қазақстан Президенті жаһандық қақтығыс- тарды реттеуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге Жапонияның баға жетпес үлес қосқа- нын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2018 жылдары еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қалыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған ша- раларды қолға алатынын жеткізді. ОҢТҮСТIК ХАЛҚЫ 2050 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 5,2 МЛН АДАМҒА ӨСЕДI Оңтүстiк халқы 2050 жылға қарай 5,2 млн адамға өсiп, жалпы ел халқының 55 пайызын құрайтын болады. Бұл туралы таяуда Мәжiлiсте өткен Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлімдеген. «Еңбек ресурсының тапшылығы бар өңiр- лерге азаматтарды ерiктi түрде көшiру жүзеге асырылып жатыр. Бiздiң институттар мен ұлт- тық сарапшылар қазiргi демографиялық және көшi-қон үрдiсiн ескере отырып, оңтүстiк өңiр- лердiң халқы 5,2 млн адамға өседi деп болжап отыр. Сөйтiп, ел халқының 55 пайызын құрайтын болады», – дейдi Т.Дүйсенова. Бұл орайда, оңтүстiк халқының орналасу тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түспек. «Бұл еңбек ресурстары бойынша қиындық- тар тудырады. Осы үрдiс ескерiле отырып, ерiк- тi қоныс аудару географиясы кеңейтiлдi. Егер алғашқы жылдары халық тек бiр облыстың iшiн де экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендерден аудандық қалаларға көшiрiлсе, 2015 жылдан бастап облысаралық қоныс ауда- ру басталды. Қазiргi уақытта үкiмет халықты оңтүстiктен солтүстiкке көшiру үшiн квоталар белгiледi», – деп атап өттi министр. «Халықты жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы жүзеге асырылған жыл- дары 5 мың отбасы немесе 18 мың адам ерiктi түрде қоныс аударған. Оның 78 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Осы мақсатқа бюджеттен 37 млрд теңге бөлiндi, қаражаттың 98 пайызы баспана, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға жұмсалыпты. Bak.kz Әділ ҚҰРЫҚБАЕВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы:

Upload: doanhanh

Post on 31-Dec-2016

244 views

Category:

Documents


2 download

TRANSCRIPT

Page 1: 124 (2902) 8 қараша 2016

Баспасөз — 2017 Көкейкесті

(Соңы 3-бетте)

Ақпарат

Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢ

ДА

ТПА

4-бет2-бет

№124 (2902) 8 қараша 2016www.zanmedіa.kz Қоғамдық-саяси, құқықтық газетzangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!«Заң газеті» және «Юридическая газета», «Заң», «Фемида» басылым дарына жазылу басталғанын естеріңізге салғымыз келеді.

Төл басылым да рыңыздан қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті»

«Заң» журналы – 75849«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

Біздің басылымдарға«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, «Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері және Алматы қаласын дағы «Дауыс» жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға болады.

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАДАН КЕЛЕТІН ЗАЛАЛ КӨП

Гүлнар Мұстақымқызының айтуынша, былтыр жұмыспен қамту бағдарламасына 37 млрд теңге бөлін се, биыл бұл шараға қарастырылған қаржы 128 млрд теңгеге жетіпті. Алайда, жұмыспен қамту мақсат етілген 2,5 млн адамның әзірге 5 пайызы ғана тұрақты жұмыс тауыпты. Сол секілді 80 млрд тең ге ден астам бюджет қаржысын жұмсап, кәсіби білік тілігін көтергендер мен тәжірибеден өткен жас тар қатарынан да тұрақты жұмыс тапқандар са­

ны ме же де гі ден төмен. Олардың әрі кетсе 65­70 пайыз дайы ғана жұмыс істеп жүр. Гүлнар Мұста­қым қызының сөзінен түйгеніміз, мұның бәрі еңбек нарығының ағымдағы және болашақтағы қажетті­лі гіне монито рингтің жасал мауы ның, мамандар даяр лаудың даму деңгейін айқындау ісінің мардым­сыздығының, бағ дарламаны жүзеге асыруға жауап­ты құзырлы органдардың үйлесімді жұмысы ның толыққанды қамтамасыз етілмеуінің салдары.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында ел бюджетінен, Ұлттық қордан жыл сайын бөлініп жатқан қаржы көлемі ондаған миллиардтарға артқанымен, екі қолға бір күрек тапқандар саны тым аз. Бүгінде олардың қатары барлық жұмыссыз қауым-ның 5-6 пайызы деңгейінде ғана. Бұл жөнінде кеше Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлнар Ыхсанова мәлімдеді.

Жыл өткен сайын елімізден өзге елге еміне шипа іздеп кететін жандардың қатары артып барады. Біреулер өз елімізден гөрі көрші елдерде медициналық қызметтің арзандығын айтып шекара асса, енді бірі елімізден дертіне шипа таба алмаған соң еріксіз өзге елдің медициналық қызметіне жүгінеді екен. Медициналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры Батырбек Әбділдиннің айтуынша, отандастарымыз 2014 жылы шетелде емделу үшін 300 миллион евро жұмсапты. Ал, Havard Medіcal Internatіonal ұйымы өткен жылы зерттей келе, «Қазақстандықтар шет мемлекеттерде емделу үшін жылына 200 миллион доллар қаражат жұмсайды» деген тұжырым жасапты. Яғни, осынша ақша жыл сайын өзге елдің медицина саласына барып құйылады екен.

Бұл жиында халықты жұмыспен қамту жұмыс картасының орындалысы бойынша Денсаулық сақ­тау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсе­но ва депутаттарға есеп берген болатын. Тамара Босым бек қызының 20 минутқа созылған баян да­масы негізінен тек жағымды көрсеткіштерден тұр­ды. Мәселен, оның айтуынша, «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» жүзеге асырыла бастаған 2011 жылдан бері 744 мың адамға көмек көрсетіліп, оның 563 мыңы тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Министрдің сөзіне сенсек, бастысы, еңбек нарығы негізгі көрсеткіштерінің сапалық деңгейі жоғары. Бұл жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 6,3 пайызға және жалдамалы жұмысшылар санының 16,6 пайызға өскенімен сипатталады.

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ НЕГЕ АҚСАП ТҰР?

(Соңы 6-бетте)

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТАТЫН11 МАҚСАТТЫ ҚАДАМ

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПҚАНДАР САНЫ МЕЖЕДЕГIДЕН ТӨМЕН

(Соңы 5-бетте)

Сәт

і түс

кен

сұхб

ат

«АЛҚАБИЛЕР МЕН СОТ

ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БІРДЕЙ»

– Әділ Жамбасбайұлы, алқабилер соты әлемде азаматтардың құқы мен мүддесін қорғап, әділ сот төрелігін жүзеге асыруда өз тиімділігін берген институт ретінде мойындалып отыр. Біздің елімізде осы бағытта біраз жұмыс атқарылғанынан хабардар-мыз. Алқабилер сотының қазіргі аяқ алысы қалай?

zanreklama@maіl.ru

Қит етсе шекара асатын халықты да кінәлай ал­маймыз. Іздеген емі қалтасына, емі сапасына сай болса, халықтың ел асып, жер­су асып несі бар?! Бір анығы, егер медицинамыз сапалы және халықтың қалтасына сай болса, осы ақша өз елімізде қалар еді. Айта кетер жайт, медицина саласын дамытуға мем­лекеттен жыл сайын қыруар ақша бөлініп жатыр. Ол қаржының көлемі жыл өткен сайын көбеймесе азайған емес. Шетелден қымбат медициналық құрылғылар да сатып алынуда. Яғни, медицинаны дамытуға талпыныс бар. Ендеше, шетелден ем ізде­гендер саны неге азаймай отыр?!

Мамандардың айтуынша, қазақстандықтардың шетел медицинасына жұмсайтын қаржысы мен медициналық қызметіне жүгінетін елдерінің жыл сайын көлемі өсіп, географиясы да кеңеюде. Бұрын Ресей, Беларусь, Германия елдеріне ем іздеп жиі бар­са, қазір отандастарымыз Сингапур мен Корея, Қытай және Израильге көбірек сапарлайды.

ӨЗБЕКСТАНДА – 150 МЫҢ ТЕҢГЕ, БІЗДЕ – 800 МЫҢ ТЕҢГЕ...

Тіпті, стоматологиялық қызметі арзанырақ бол­ған дықтан, көрші Қырғызстан мен Өзбекстан елдері­не баратындардың саны да айтарлықтай. Тістерін емдеп, жартысын ауыстырып, заманауи қондырғылар көмегімен бекітіп алған сондай бір отандасымыз: «Бұл қызмет үшін өз елімізде жекеменшік клиника 800 мың теңге сұраса, көрші елде 150 мың теңгеге медициналық көмек алдым. Сапасы да жақсы, ақшасы да көңілге қонымды», – дейді. Ойланатын­ақ жағдай.

Қазіргі уақытта Азия елдері арасынан медици­налық туризм бойынша Қытай, Сингапур елдері көш

бастап тұр. Сингапурға туристерден келетін қаржы­лық пайда өте жоғары деңгейде. Ал, бұл елде емделу өзге елдермен салыстырғанда әлдеқайда арзан. Мәселен, АҚШ пен Германиядағы медициналық қызметтен – 40, Ұлыбританиядан 60 пайызға арзан көрінеді. Сондай­ақ, Сингапурдағы клиникалар әлемдегі ең үздік емдеу мекемелерінің қатарында. Мұндағы клиникалар сапалы көпсалалы медициналық көмек көрсетуге негізделген. Сондай­ақ, өздерін жарнамалаудың тиімді жүйесін қалыптастырған. Медициналық туризмнің орталығына айналған ел­дерде шетелдіктердің емделу үрдісін жеңілдететін құрылымдар қалыптастырылған. Емделушілерге орнығу үшін арнайы орындар беру, басқа елдердегі аурухана мен дәрігерлер арасында байланыс орнату­ды жүзеге асыратын және тұрмыстық мәселелерді шешуге көмек беретін аудармашы мен координатор дайындау ісі бұл елде еш қиындық тудырмайды екен. Медициналық туризмді жолға қоямыз десек, Қазақ­станда да осы мәселелердің тез шешілуі үшін әрекет ету қажеттілігі сезіледі.

Медициналық туризм бойынша сапар шегушілер саны 2012­2013 жылдары 750 мыңнан 3 миллион адам ға дейін өсіп, бұдан өзге елдер 1 миллиард дол­лар табыс тауыпты. Соңғы жылдары елімізде өз же­рін де де емдеу мекемелерінің шамасы жететін жай емдеу түрлерін шетелден алуға әуестенушілер шоғы­ры қалыптаса бастаған. Тіпті, шетелде босануды сәнге айналдырғандарды да жиі кездестіріп жүрміз. Сондай­ақ, соңғы кездері көрші Қытай елінің меди­цинасы да халқымыз үшін көп сұраныста екен. Де­мек, отандастарымыздың шетелдік көмекке жүгінуіне медициналық көмектің сапасы ғана емес, бағасы да, атағы мен даңқы да әсер етуде деуге болады.

ЕЛБАСЫ ЖАПОНИЯ ИМПЕРАТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Токиода ресми сапармен жүрген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті» деп хабар-лайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі сала-дағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапо-нияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктес-тік орнағанын айтты.

Қазақстан Президенті жаһандық қақтығыс-тарды реттеуге және өңірдің тұрақты дамуына ық пал етуге Жапонияның баға жетпес үлес қос қа-нын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2018 жылдары еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қалыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған ша-раларды қолға алатынын жеткізді.

ОҢТҮСТIК ХАЛҚЫ 2050 ЖЫЛҒА ҚАРАЙ 5,2 МЛН АДАМҒА ӨСЕДIОңтүстiк халқы 2050 жылға қарай 5,2 млн

адамға өсiп, жалпы ел халқының 55 пайызын құрайтын болады. Бұл туралы таяуда Мәжiлiсте өткен Үкiмет сағатында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрi Тамара Дүйсенова мәлімдеген.

«Еңбек ресурсының тапшылығы бар өңiр-лер ге азаматтарды ерiктi түрде көшiру жүзеге асы рылып жатыр. Бiздiң институттар мен ұлт-тық сарапшылар қазiргi демографиялық және көшi-қон үрдiсiн ескере отырып, оңтүстiк өңiр-лер дiң халқы 5,2 млн адамға өседi деп болжап отыр. Сөйтiп, ел халқының 55 пайызын құрайтын болады», – дейдi Т.Дүйсенова.

Бұл орайда, оңтүстiк халқының орналасу тығыздығы солтүстiк өңiрлерден 4 еседен асып түспек.

«Бұл еңбек ресурстары бойынша қиындық-тар тудырады. Осы үрдiс ескерiле отырып, ерiк-тi қоныс аудару географиясы кеңейтiлдi. Егер ал ғашқы жылдары халық тек бiр облыстың iшiн де экономикалық әлеуетi төмен елдi мекендер ден аудандық қалаларға көшiрiлсе, 2015 жылдан бастап облысаралық қоныс ауда-ру басталды. Қазiргi уақытта үкiмет халықты оңтүстiк тен солтүстiкке көшiру үшiн квоталар белгiледi», – деп атап өттi министр.

«Халықты жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы жүзеге асырылған жыл-дары 5 мың отбасы немесе 18 мың адам ерiктi түрде қоныс аударған. Оның 78 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты. Осы мақсатқа бюджеттен 37 млрд теңге бөлiндi, қаражаттың 98 пайызы баспана, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға жұмсалыпты.

Bak.kz

Әділ ҚҰРЫҚБАЕВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы:

Page 2: 124 (2902) 8 қараша 2016

2 №124 (2902) 8 қараша 2016

[email protected]ҚҰҚЫҚ

Жиын Шара

Брифинг

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАДАН КЕЛЕТІН ЗАЛАЛ КӨП

Жоғарғы Соттың судьясы Өмірсерік Қожабаев қоғам мен мемлекетке шаш етектен шығын келтіретін экономи-калық қылмыстардың нарық заманы басталысымен бұрынғы кеңестік рес­публикаларда өрісін кеңейтіп, күрт қаулап кеткеніне шолу жасады. Салық кеңесшілері тәуелсіз палатасының мүшесі Сұлтанбек Матчанов, Алматы қаласындағы кәсіпкерлер палатасының 1­санаттағы сарапшысы Роза Әбуова және басқалары экономикалық сипат-тағы қылмыстық істерді сотта қараудың ерекшеліктеріне тоқталды. Жақында еліміздің Бас прокуроры Жақып Аса-нов та осы мәселені заңдық тұрғы дан қау зап, экономикалық қылмыстарға қатыс ты істердің талапқа сай тергел-мей, жемқорлардың мүлкі мен банк есеп шот тарындағы қаржыға дер кезін-де тоқтау салынбағандықтан көптеген адам дардың қылмыстық жолмен алған ақша ларын шетелдік офшорларға ау-дарып, бой тасалап кететіндігін айтқан еді. Дәл осы проблема қаржы саласы-ның мамандары мен сот төрағалары бас қосқан жиында да ашық айтылды. Былайша қарасаң, қолданыстағы заңда

Ақмола облыстық сотының судьяла-ры «Өңірлік коммуникациялар қызметі» орталығында жаңа редакциядағы Аза-маттық процестік кодекс бойынша облыс соттарының жұмыс қорытындысы туралы және оның оң нәтижесі жөнінде БАҚ өкіл-деріне брифинг өткізді. Брифингте Ақмола облыс тық сотының судьясы, БАҚ­пен жұмысты үйлестіруші С.Қияшева, Ақмола облыстық сотының судьялары А.Шойын-бекова мен Р.Ертаева сөз сөйледі.

Ақмола облыстық сотының судья-сы С.Қияшева өз сөзінде: «Жаңа АПК азаматтар үшін сот ісін жүргізуді айтар-лықтай жеңілдетіп, барлық сатыдағы дауларды тараптардың татуласуы үшін жаңа құралдар енгізді. Істерді қарауға тез және ыңғайлы тәртіп қалыптастырып, азаматтар құқығының сотта қорғалуын жеңілдетті. Кодекс халықаралық стан-

Өрттің шығуына өзіміз кінәліміз

Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қаланың тұрғын үй секторларында рейд жүргізді. Құтқарушылар үйлердің тұрғындарымен әңгімелесіп, қыс кезінде сақтық шараларын ескеру керекті-гін, от жаққанда қаперде ұстар қауіпсіздік қағидаларын түсіндіріп өтті. Со-нымен бірге қыс кезінде қауіпсіз жүріп-тұру қағидаларын, төтенше жағдай орын алған жағдайда қайда жүгіну қажеттігін, оқыс оқиға кезінде бірінші кезекте қолдану шараларын айтып, жадынамалар таратты.

Балалар қамқорлығымызда

Солтүстікқазақстандық полицейлер республикалық «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында жұмыс істеуде. Осы мақсатта тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында профилактикалық және құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтті.

«Жасөспірім» жедел­алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері жетім және ата­ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мек-теп­интернат үйінің ашылғанына 30 жыл толуына орай, өздерінің қарауындағы отбасыға кезекті рет барып қайтты. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бас­тығы Қанат Айтбаев пен Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қайрат Оразалин мектеп­интернаттың мерейтойымен балаларды құттықтап, олардың болашаққа деген жоспарлары туралы әңгімелесті. Кейін полиция қызметкерлері атаулы күн қарсаңында балаларға «Нептун» аквапаркіне сертификаттар, wifi­роу­тер мен дәмді сыйлықтар тарту етті.

«Жасөспірім» жедел­алдын алу іс­шарасы қарашаның 1­і мен 11­і аралығын-да өткізіледі. Іс­шараның басты мақсаты жасөспірімдер арасында орын алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың құқықтық сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.

Аталмыш шара барысында Петропавл қаласының №2 орта мектебінде юве-налдық полиция инспекторларымен ерекше акция өткізілді. Кездесу барысында оқушылар өздерінің құқықтық білімдерін шыңдай түсті. Сондай­ақ, балаларға қаланың жас өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама мен флешмоб ұйымдастырылды. Кездесу жасөспірімдердің аспанға түрлі­түсті шарларды ұшыруымен аяқталды. Полицейлер айтқандай, олар осылайша балаларды жақсы әдеттерге баулып, олардың бойында оң көзқарас қалыптастырмақ болған.

Петропавл қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция майоры Асан Смағұловтың айтуынша, «Жасөспірім» жедел­алдын алу іс­шарасы аясында құқықтық сұрақ­жауаптардан, концерттік бағдарламалардан бөлек, об-лыс орталығында кәмелетке толмағандармен жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған бірқатар түнгі рейдтерді өткізу жоспарланған.

Юрий КЛЫКОВ, Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің

баспасөз қызметі

Шымкентте ел Тәуелсіздігі-нің 25 жылдық мерейтойы мен Қазақстан Республикасы проку-ратура органдарының құрылға-нына ширек ғасыр толуына орай және Қазақстан Респуб-ликасы Бас прокурорының кубогына арналған аймақтық жарыс ұйымдастырылды.

Үш күнге созылған турнирге Алматы қаласы мен Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратура қыз-меткерлерінен құралған 7 коман да қатысты. Осылайша қадағалау орган өкілдері өздерінің жауапты жұмысы мен қым­қуыт тірліктерін

мін жоқ. Тек көлеңкелі экономикамен айналысатындардың жолын кесіп, қалталарға түсіп кеткен қаржыны қай-тарып алуда ғана кемшілік көп. Әйт-песе жаңадан қолданысқа енгізілген Қылмыстық кодекстің «экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар» деп аталатын тарауы-на қаржылық қылмыстарға қатысты жауапкершілікті көздейтін 36 баптың енгізілуінің өзі ғана мемлекетімізде экономикалық қылмыстарға қатысты күрестің күн тәртібінде қаншалықты өткір тұрғандығын аңғартса керек. Соның ішінде «Жалған кәсіпкерлік» деп аталатын 215­баппен қылмыс жа-сап, қаржы жымқыратындардың саны азаймай отыр екен. Салықтан жалтару, қылмыс тық жолмен алынған қара-жатты және өзге де мүлікті заңдасты-ру (жылыс тату) тәрізді әрекеттерді дер кезінде әшкерелеп, кінәлілерді сот орындығына отырғызып, жауап-кершілікке тарту жағдайы әлі де сын көтермейді. Жеңұшынан жалғасқан экономика саласындағы ұйымдасқан қылмыстың тереңге тартқан тамыры-ның банктегі лауазымды адамдармен де

Таяуда Алматы қалалық сотында «Экономикалық қылмыстар бой-ынша сот тергеу тәжірибесінің өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Басқосуға Жоғарғы Соттың судьясы Өмір-серік Қожабаев, Мемлекеттік кіріс комитетінің Сотқа дейінгі тергеу комитеті департаменті директорының орынбасары Талғат Таңатаров, Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының төрағасы Бақытжан Қараманов және Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы соттарының төрағалары мен Салық кеңес-шілерінің тәуелсіз палатасы, Алматы қаласы бойынша Кәсіпкерлер палатасының сарапшылары қатысты.

КОДЕКС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПТАРҒА САЙ

дарттағы сот жүйесіне сәйкес келеді», – деп атап өтті. Судья С.Қияшева жаңа кодекстегі жаңашылдықтарды айта оты-рып, нақты нәтижелерден мысал келтірді. Атап айтқанда, құжаттағы өзгерістердің нәтижесінде істің барлық сатыларда қа-ралу мерзімі үш айға дейін қысқартылды, облыс соттарымен қысқартылған тәртіпте қаралған және сот бұйрығын шығарумен қаралған азаматтық істердің саны артты, барлық істер процестік мерзімі бұзыл-май қаралды, облыстың азаматтық істер бойынша барлық сот шешімдерінің 98,5 пайызы заңды болып танылды.

Облыстық соттың судьясы А.Шо­йынбекова брифингте сөз сөйлей оты-рып, үш сатылы сот жүйесіне көшумен байланысты енгізілген толықтырулар­ға орай, сот актілерінің қайта қаралу тәртібін түсіндіріп берді.

Ал, облыстық соттың судьясы Р.Ер-таева татуласу рәсімдерін қолдану мәсе-лелерін, сонымен қатар, медиативтік келісімнен бейбіт келісімнің негізгі айыр машылықтарын түсіндірді. Судья-ның айтуынша, есепті кезеңде татуласу келісімімен 275 азаматтық іс қаралып, 175 іс медиатордың қатысуымен, 3 іс парти­сипативтік рәсім тәртібінде қаралған.

Судьялар БАҚ өкілдерін медиация мен партисипативтік рәсім сияқты татула-су рәсімдерін қолдануда насихат жұмыс­тарының маңызды екенін айтып, түсін-діру жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытуға шақырды. Журналистердің сұрақтарына жауап берген судьялар медиа цияны қолданумен қаралған аза-маттық істер бойынша нақты мысалдар келтірді.

Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстан Республикасы-ның Азаматтық процестік кодексі сот-тардың жұмысын жаңа сапалы деңгейге көтеруге және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін тиімді қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі

Дода

ПРОКУРОРЛАР САЙЫСҚА ТҮСТІ

Рейд

Іс­шараның мақсаты – қысқы жылыту маусымын-да тұрғын үй секторларын-да жиі орын алатын өрттің алдын алу, осы бойынша тұрғындар арасында үгіт­на-сихат жұмыстарын жүргізу. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуда түсіндіру жұмыстарының рөлі аз емес. Алайда, Қос­танай облысының ТЖД қыз­меткерлерімен жүргізіліп жатқан ауқымды шараларға қарамастан, адам шығыны кездесетін оқыс оқиғалар-

дың көбеюі көпшілігімізді алаңдатпай тұрмайды. Өкінішітісі сол, тұрғын сектор-лардағы өрттердің негізгі бөлігі бұрынғыдай адамдардың өз кінәсінен орын алуда. Отты абайсыз қолдану, істен шыққан электр жабдықтарын пайдалану, пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу, балалардың тентектігі, мас күйінде темекі шегу секілді кемшіліктер қанша түсіндіру жұмыстары жүргізілсе де тыйылар емес. 2016 жылдың жылыту маусымы басталғалы облыс аумағында 69 төтенше жағдай тіркелді, кесірінен 7 адам қаза болды, соның ішінде 2 бала бар.

А.ЖАКАЕВ, Қостанай облысының ТЖД

мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің аға инженері,азаматтық қорғау майоры

сыбайласып жататындығы да дөңгелек үстел басындағы әңгіме барысында ішке бүгіліп қалмады. Бүгінгі өмір тәжірибесінің өзі көрсетіп отырғандай, көптеген адамдар қылмыс арқылы тап­қан лас ақшаларын банктер арқылы қолма­қол қаражатқа айналдырып немесе басқа елдердегі есепшоттарға аударып, іздерін жасырып отырады. Қысқасы, әзірге маңдайына жел тимей, «гүлденіп» тұрған көлеңкелі экономи-кадан елімізге келіп жатқан залал көп. Өкінішке қарай, мұндай қылмыстарға баратын ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері тергеу амалдарының осал тұстарын пайдаланып, әрдайым айла-ларын асырып кетіп отырады.

Бұл – дөңгелек үстел басында эко-номикалық қылмыстардың сипаты мен оның қоғамға тигізетін залал­зардабын санамалап көрсеткен мамандардың пікірлерінен көңілге түйген ойларымыз. Алайда, мемлекет қоржынынан қолды болған соншама қыруар қаржының қазынаға қайтарылу жағының көңілден шықпайтынын ойлағанда тергеуден бастап, сотқа дейінгі созылып жатқан жұмыстарда тасада қалып келе жатқан кемшілік бар ма деп күдіктенесің. Эко-номикалық қылмыстардың жасалу жол-дары мен өзіне тән сипаты теориялық жағынан дәлелденіп көрсетілгенімен, жоғарыдағы шығынның қайтпай қалуы сияқты деректер шын мәнінде заңнама-ларымыздағы сол міндеттерді нақтылы іс жүзінде жүзеге асыруда әлі де олқы тұстардың бар екендігін аңғартады. Ол, Бас прокурордың айтып отырғанындай, алдын ала тергеу мен қылмыс жасаған адамның мүлкіне дер мезгілінде тоқтам салынбағандықтан ба? Әлде қылмы-стың бұл түрін ашудың басқа да ғылы-ми тұрғыдан зерттеуді қажет ететін тұстары бар ма? Дегенмен, басқосуға жиналғандардың әңгімелері әркімнің көкейінде жүрген мұндай сауалдарға нақты, тұшымды жауап қайтарғаннан гөрі жалпылама сипаттаулардан әріге аса алмағандай көрінді.

Әрине, бұл өз ойымыз.Елеусіз МҰРАТ,

«Заң газеті»

ұмытып, спортта сынға түсті. Айта кетейік, бұл жарыс про-

куратура органдары өкілдерінің арасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Турнирге қатысушылар 32­ге дейінгі және 35­тен кейінгі жас ерекшеліктері бойынша спорттың кіші фут-бол және волейбол түрінен бақ сынасты. Қажымұқан атындағы спорт кешенінде өткен тартыс­ты бәсекеде Қызылорда және Жамбыл облыстарының коман-далары футболдан өздерінің ба-сым екендіктерін байқатты. Сыр

елінің прокурорлары алғашқыда Алматыдан келген әріптестері-нен басым түссе, кейін тараздық теңбіл доп шеберлерін ерекше басымдықпен ұтты. Сөйтіп, кіші футболда жастар арасындағы жеңім паз команда атанды.

Ал, 35 жастан асқандар ара-сында Алматы командасының ой-ыншыларына ешкім тең түсе ал-мады. Ақтық сайыста олар күнгей прокурорларын жеңген болатын. Сондай­ақ, волейбол ойынында да алып шаһардың қадағалау органы өкілдері оңтүстіктің про-

курорларынан басым түсті. Енді жеңімпаз атанған командалар еліміздің бас қаласы Астанада өтетін Бас прокурордың кубогы-на таласады.

Жалпы, қай сала қызмет-керлері болсын жылына бір рет осындай игілікті іс­шараның басы­қасынан табылып жатса, қазақстандық бұқаралық спорт-тың дамуына алғышарт болар еді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының

баспасөз қызметі

Page 3: 124 (2902) 8 қараша 2016

№124 (2902)8 қараша 2016 [email protected]

ҚОҒАМ

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы әкімдіктері, Еуропалық қайта құру және даму банкі және «Қызылорда тазалығы» ЖШС арасында «Қызылордада тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу» жобасын жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.

Оң қадам

Жобаны жүзеге асыру қаланың сани тарлық тазалығын жақсартуға, топырақ, су бетінің астыңғы және үстіңгі бөліктерінің ластануын, парник-тік газ қалдықтарын азайтуға, яғни, Қызылорда қаласының экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаны ЕҚҚДБ, ҚР Үкіметі, облыс әкімдігі және Халықаралық таза техно-логиялар қоры қаржыландырады.

Жоба аясында болашақта экология­лық таза электрлі және биогазды жылу энергиясын алу жоспарлануда. Тұр­мыстық қатты қалдықтарды өңдейтін зауытта тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Несие ұлттық валю-та – теңгемен бөлінеді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет пен аймақ әкім­діктерінің халықаралық қаржы ұйым да­рымен белсенді жұмыс жасау туралы тапсырмасына сәйкес, ЕҚҚДБ­мен ын­тымақтастық аясында 10 жоба мақұл­данып, облыс орталығында тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұры лымын жаң­ғырту жөніндегі 4 жоба жүзеге асыры-луда. Атап айтқанда, жолаушы тасымал-дау жүйесі, облыс орталығының комму­налдық инфрақұ рылымын автоматтан-дыру және кеңейту (жылу, су, электрмен жабдықтау).

Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын жүзеге асыру бай-ланыс желілерінің тозбауына, жылу, электр энергиясы мен судың ысырап болмауына мүмкіндік береді. Автомат­тан дырылған басқару жүйесінің көме­гімен су және энергетикалық ресурстар­дың шығыны бақылауға алынатын бо-лады.

ЕҚҚДБ­мен келісімге қол қою рәсі­мін де Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа халық­ара лық қаржы ұйымдарын тарту мақ­

ӨҢІРДІҢ ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТАТЫН ЖОБА

сатында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде атап өтті.

– Бюджет бүйірді қысып тұрған сәт­те бұл дұрыс шешім болып табылады. Халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлескен келісімдер аясында жүзеге асырылатын жобаларды қолдау мақса­тын да ҚР Үкіметі жобаның жалпы құ­ны ның 40 пайызына дейін қайтарымсыз несие беру тәртібін бекітті. Ірі инфрақұ­рылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін бұл ең қолайлы шарттар болып та былады. Тұрмыстық қатты қалдықтар­дан экологиялық таза жылу және электр қуатын алу жобасы заман талабына сай және ЕХРО­2017 халықаралық көр­месінің талаптарына сәйкес келеді, – деді Қырымбек Көшербаев.

ЕҚҚДБ­нің Қазақстандағы директо-ры Джанет Хэкман ханым өз кезегінде «жасыл» технологияларды енгізу бойын ша Қызылорда облысы пилоттық аймақ екендігін атап өтіп, алдағы уақыт­та табысты байланыс орнатуға үмітті екендігін жеткізді.

Айта кетейік, болашақта облыс ор­та лығы мен аудандарда жылу энергети­калық жүйені жаңғырту және кеңейту жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда. («Қызылорда қаласындағы жылу электр орталығын жаңғыртудан өткізу», «Қаза­лы ауданы Әйтеке би кентіндегі жылу қазандығын жаңғырту»). Қызылорда қала сындағы халықаралық мәртебеге ие әуежайдың жолаушылар терминалының жаңа құрылысын салу мәселесі қарас­тырылып жатыр.

Жалпы алғанда, ЕҚҚДБ салымы ай­мақ тың инфрақұрылымдық мәселесін аз уақытта шешіп қана қоймай, бірлес кен жо баға тартылған кәсіпорындардың жұ­мысын жандандыруға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, дамыған мемлекеттер маңызды бағ­дар ламаларын елдеріндегі гендерлік саясатпен үйлестіруді қамтамасыз етіп келеді. Әлемнің озық дамыған 30 елінің бірі болу елдегі әйелдердің рөлі мен белсенділігіне тікелей байланыс­ты деп есептеймін.

Тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болса да, еліміздің жаһандық саясатта шеберлік танытып, халық пен ел абы-ройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске жетіп, үлгі­өнеге көрсетіп жүр генін дөңгеленген дүниенің бар­лық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да, әлем ел­де рінің алдындағы оң саяси имиджі­мізді бұдан да мықтырақ ету үшін демо кратиялық қағидаттарға не-гізделген гендерлік саясаттың арна-сын кеңейтуіміз керек.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты ел Прези­дентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық­демографиялық сая-сат жөніндегі ұлттық комиссия үйлес­тіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясат-ты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік гендерлік саясат база­лық гендерлік заңдарға және Мемле-кет басшысының жарлығымен бекі­тіл ген Қазақстан Республикасында 2006­2016 жылдарға арналған гендер-лік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда мыңжылдық даму мақсаттары мен әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның қағидаларына сай, Қазақстан үшін гендерлік индикатор-лар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бесжылдық мер-зімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.

Жалпы, гендерлік саясат туралы қоғам да сан түрлі пікірлер бар. Айтыл­ған пікірлерге құлақ түрсең, бірі ол сая сатты қолдайды, ал, бірі оған түбе­гейлі қарсы болады. Гендерлік саясат біздің батыстың көшіне қарап бет түзеуіміз емес, өйткені, еркек пен әйел теңдігі сонау бағзы заманнан ұлттық

Пікір

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ БАТЫСТЫҢ КӨШІНЕ ҚАРАП БЕТ ТҮЗЕУ ДЕГЕН СӨЗ ЕМЕС

Өткен жылдың басты жаңалығы болған «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.

Жұмыссыздар 9 пайызға азайып, өзін­өзі жұ­мыс пен қамтығандар 14 пайызға, ал, өзін нәтижесіз жұмыспен қамтығандар үш есе азайыпты.

Жұмыспен қамту негізінен инфрақұрылымды және тұрғын үй шаруашылықты дамыту есебінен жүзеге асырылуда. Министр ханымның айтуынша, әлемдік тәжірибеде тиімділігін көрсеткен мұндай сипаттағы шаралар экономикалық дағдарыс салда-рын жоюдың мүмкіндігі болып тұр. Мәселен, жап­пай жөндеу жұмыстары және ауылдарды абаттан-дыру, әсіресе, күнкөріссіз қалған ауыл халқы ның уақытша болса да жұмысты болып, олардың бел-гілі бір кіріс иеленуіне, зейнетақымен қамсыз­дандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйелеріне қатысумен қатар, ауылдағы тозған нысандарды отандық құрылыс материалдарын пайдалана оты-рып қалпына келтіріп, шағын және орта бизнесті қолдауына мүмкіндік береді. Тоқ етерін айтқанда, аталмыш бағдарлама аясында бір оқпен екі қоянды атып алып жатқан жағдайымыз бар.

Енді биылғы жылы халықты жұмыспен қамту мақсатында 5712 жобаны іске асыру жоспарланып-ты. Оның жартысынан астамы бюджет қаражаты есебінен еліміздің ең шалғай аудандарында орын-далады. Олар негізінен Шығыс Қазақстан, Қара­ғанды, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақ­стан облыстарындағы жолдар мен білім беру ны-сандарын жөндеуге бағытталады. Оларда 41 мың­нан астам жұмыс орындары құрылмақшы. Оған бюджеттен 81,5 млрд теңге бөлінеді.

Ал, бағдарламаның екінші бағыты бойынша өзін­өзі жұмыспен қамтушыларға және жұмыс сыз­дарға өсімақысы арзан несиелер беріледі. Биыл бұл мақсатқа 30,8 млрд теңге жұмсалмақ. Осы ретте, Тамара Босымбекқызы бұған дейін мұндай көмекті негізінен мал шаруашылығымен айналыс­қандардың алып келгенін, енді оның бағыты өзге­ріп, жеңілдетілген қарыз ауыл шаруашылығы коо-перативтеріне біріктіру, жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлар өндірісін ынталандыру

ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫС ТАПҚАНДАР САНЫ МЕЖЕДЕГІДЕН ТӨМЕН

(Соңы. Басы 1-бетте)

мақсатында берілетініне назар аудартты. Сөйтіп, оның көлемі жылдағыдан 6 млн теңгеге ұлғай­тылып отыр. Бұл қаржыдан 9 мың адам үлес алып, олар қосымша 12 мыңға жуық жұмыс орнын құрады деген үміт бар.

Ал, бағдарламаның үшінші бағыты жұмыссыз­дарды оқытып, жұмыспен қамту, бір өңірдегі артық жұмыс күштерін олар тапшы өңірге көшіру шараларын қамтиды. Биыл бұл мақсатқа 10,8 млрд теңге бөлініп отыр. Қазіргі жағдай бойынша оқуға

жіберілген 6 мыңнан астам адамның 4 мың нан астамы оқуды аяқтап, олардың 90 пайызы жұмысқа орналасыпты.

Жас түлектерді және халықтың жекелеген сипат тарын қолдау үшін мемлекет субсидиялай-тын жұ мыс орындары да құрылып жатыр. Ми-нистр ха ным ның айтуынша, бұл халық арасында үлкен сұранысқа ие және жұмыс берушілердің әлеуметтік жауапкершілігін сипаттайтын әлеу­меттік жұмыс орын дары және жастар практикасы.

Биыл оны 27 мың адам пайдаланыпты. «Осы уақыт ша жұмыспен қамту еңбек, кәсіби дағдылар алуда айтарлықтай көмек болып табылады, бұл олардың одан әрі тұрақты жұмыс орындарына тұру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Биыл, мәселен, жастар практикасын аяқтағандардың 60 пайызы тұрақты жұмысқа ие болды», – деп атап өтті осы ретте министр.

Тоқ етерін айтқанда, құзырлы орын тарапынан атқарылған іс ауқымы аз емес сияқты. Дегенмен, сөз алған бірқатар депутаттар атап өткендей, осы шаралардың нәтижесі мардымсыз. Расында, қы ру ар қаржы жұмсалғанымен, нақты жұмыспен қамтылғандар саны тым аз. Жыл сайын олардың деңгейі сол 5­6 пайыздық деңгейден аспайды. Неге? Министр бұған еңбек нарығындағы эконо­ми калық белсенді халық санының мектеп бітірген-дер мен жас мамандар санымен толығып отыратын­дығын уәж еткен. Алайда, ол қалаулы лардың өз кезегінде зейнет демалысына кетіп жатқандардың бұл көрсеткішті азайтатындығын айтқанда еріксіз тосылды.

Жұмыссыздықты азайту, әрине, тек бір ғана құзырлы орынның тегеурінімен еңсерілетін іс емес екені бесенеден белгілі. Сондықтан, бұл мәселе онсыз да бір өзі екі бірдей ауыр саланың жұмысына жегіліп жүрген бір министрден сұралмай, өндіріске қатысты барлық құзырлы орын басшысының ал-дына төтесінен қойылуы керек еді. Олай болмады. Демек, алдағы уақытта да жұмыспен қамту бағдар­ламасы қанша қаржы бөлінсе де, сақалды шара болып қала бермек. Жиыннан біз түйген ақиқат осы болды.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

менталитетімізге, әдет­ғұрпымызға тән белгі. Гендерлік саясатты әйел дер­дің қоғамдағы теңдігі бойынша қол­дау ға ниеттімін. Ал, отбасы саяса ты­ның тізгінін қашанда еркек атаулыға жүргізу жауапкершілік ретінде тапсы­рылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы болуы тиіс.

Бабадан мирас болып қалған салт­дәстүрге үңіліп көрелік. Мұнда да әйелдерге деген кемсітушілік, қорлау, мүсіркеу мүлдем жоқ. Қазақ қашанда қызын еркелетіп, әлпештеп өсірген халық, сонау сақ заманындағы Тұмар патшайымды былай қойып, кейінгі Айғаным, Зере, Ұлпан секілді анала-рын көкке көтеріп, билігіне бағынып, бітіміне көнгенін тарих боямасыз жет­кізіп келеді. Осы аналарымыз да ер­аза маттарды бағалап, қадіріне жете білген.

Мен де анамын, сан жылдық судья­лық тәжірибем де әйел мен еркек өмі­рінің қыр­сырын меңгеруге себеп бо-лып, отбасылық қарым­қатынастың психологиясына әбден қанықтырды. Гендерлік саясаттың жақсы жақтары өте көп, оған басқа қырынан қарасақ, елімізде әйел адамдардың бәрінің бір-дей өз құқығын біліп, қорғай білмей-тіні рас. Зорлық­зомбылықтың құрба­ны болып жатқандар да аз емес. Оны күнделікті көз алдымызда болып жат­қан қараудағы істер дәлелдеп келеді. Осы кезде бұл саясатты ұстана оты-рып, нәзікжандылардың құқығын қор­ғау мемлекет үшін парыз деп білемін.

Гендерлік саясаттың стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылы­ғын арттыру болып табылады. Осыған орай, бүгінде соттарда ашық есік күні акцияларын өткізу, ақпараттық­насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіп­орын дарына шығуы, бұқаралық ақпа­рат құралдарында сөз сөйлеу, қолда­ныс тағы заңнаманы түсіндіру бойын-ша брифингтер, дәрістер, ғылыми­тәжірибелік конференциялар, жастар-мен кездесулер өткізу жолымен жүйе­лі насихат жұмыстары жүргізіледі.

Президент Н.Назарбаевтың 1998 жылғы жарлығымен отбасы және әйелдер істері жөнінде ұлттық комис-

сия құрылған болатын. Сондай­ақ, оның қызметінің негізгі төрт бағыты анықталды. Оның біреуі – әйелдерге қатысты зорлық­зомбылықты түбе­гейлі жою. Президенттің тапсырмасы бойынша 1999 жылы Қазақстан Үкіметі «Қазақстан Республикасында әйелдер қағидасын жақсарту жөнінде ұлттық жоспар» жасаған болатын. Жоспар, сенім телефондарымен орта­лық күйзеліс орталығын құруды қа­рас тырған.

Гендерлік саясаттың міндеті – бар­лық құрылымдарда әйелдер мен ер­кектердің тең қатысуына қол жеткізу. Экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту, қызметте алға басу, отбасында құқықтар мен міндеттерді тең жүзеге асыру үшін жағдай құру, сондай­ақ, жыныстық белгі бойынша зорлық­зомбылық бостандығы болып табылады.

Гендерлік зорлық­зомбылықтың кең тараған түрі – ол дүниежүзілік үрдіс, онда әлеуметтік шекара жоқ және ол ұлт, діни таным немесе тұр­ғындардың өмір сүру деңгейіне байла-нысты емес. 2016 жылдың 10 айында Атырау қаласының аумағында әйел­дерге қатысты 220 қылмыс жасалған. Мұнда көбіне ер­азаматтар нәзік­жандылардың әлсіздігін пайдаланып, оларға бұзақылық, алаяқтық, ұрлық, қарақшылық сияқты қылмыстар жасаған. Заңда көзделген тәртіп бойынша барлық қылмысқа жол бер-ген азаматтар өз жазаларын алатыны сөзсіз. Десе де, осы саясаттың рөлін әрі қарай арттыратын болсақ, біз ана-ларымыз бен қыздарымыздың қауіп­сіздігін қамтамасыз етер едік.

Айгүл ТАШЕНОВА,Атырау қалалық

№2 сотының төрайымы

Бүгінгінің бас тақырыбы

Page 4: 124 (2902) 8 қараша 2016

4 №124 (2902) 8 қараша 2016

[email protected]ТАРАЗЫ

Ұлт жоспары Тұғыр

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТАТЫН 11 МАҚСАТТЫ ҚАДАМ

Пайым

«ЖАСТАР — БОЛАШАҚҚА АПАРАТЫН

АЛТЫН КӨПІР»

Мыңдаған қылмыстық істер мен статистиканы талдау ба-рысында байқағанымыз, біздің азаматтар алдаудың қарапайым ғана тәсілінің құрбаны болып отыр.

Алаяқтар өзінің ниетіне заң-ды нысан (форма) беру арқылы кісінің сеніміне кіруді көздейді. Яғни, кәсіпкер ретінде құзыр-лы органда тіркеледі, келісім-шартқа отырады, тиісті қолхат береді. Кеңсені жалға алып, өздерін жарнамалап, әртүрлі буклеттер таратады. Осылайша жылжымайтын мүлікті, сон-дай-ақ, жер телімдерін иемдену, несие рәсімдеу, шағын бизнес,

жұмысқа орналастыру саласын-дағы алдау әрекеттері жылдан- жылға жанданып, құрбандарын көбейтіп келеді.

Мысалы, екі әйел өздерін жылжымайтын мүліктерді сату жөніндегі менеджер ретінде таныстырып, банкте кепілде тұрған пәтерлерді арзан бағаға сатып алуға ықпал жасай алаты-нын айтып жалған уәде береді. Сөйтіп, пәтерді сатып алуға ар-налған ақшаны қарыз есебінде тиісті келісімшартпен рәсімдеу арқылы қолма-қол алып, нәти-жесінде аңқауларды үйсіз-күй-сіз қалдырады. Дәл осындай қарапайым жүйемен құрылған алаяқтықпен ұзақ уақыт бойы айналысып, көптеген азаматтар-ды алдап үлгерген топ жақында анықталды. Алданған адамдар-дың әрқайсысынан қомақты ақша алған олардың қылмыстық әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Бүгінгі таңда кінәлі адамдар сот-талды, алайда, келтірілген залал толығымен өндірілген жоқ.

Екіншіден, көптеген аза-маттар «заңды айналып өту» жолымен жерге ие болам деп барынан айырылуда. Мәселен, жергілікті кәсіпкерге өзін мемле-кеттік қызметкер ретінде таныс-тырған азамат заңсыз қызметі

үшін тиісті ақша берген жағдай-да кәсіпкерге жер бөлінуіне көмек беруге уәде етеді. Абырой болғанда, кәсіпкер заңға қайшы келетін әрекетін дер кезінде сезініп, құзырлы органдарға шағымданған. Бүгінде алаяқ ұсталып, тиісті жазасын алды.

Жер телімдерін иемденуге байланысты алаяқтық әрекет-тердің түрлері мен тәсілдері жетерлік. Мысалы, елімізде бірнеше жылдар бойы «алдау кәсібімен» айналысып келген алаяқтардан құралған топ қара-пайым азаматтарға «жер алып беремін» деп уәде беріп, олар-дың әрқайсысынан ақша жи-наған. Бұл қылмыстық топтың мүшелері де тиісті жазасын алды.

Алаяқтықтың етек жайған түріне «жұмысқа орналастыруға көмек беремін» деп азаматтар-дың ақшасын алдап алып кету жағдайын жатқызуға болады. Бір мекеменің қызметкері жұ-мысқа қабылдауға құзырлы емес екендігін біле тұра, «мекеме бас-шылығына беремін» деп алдап жұмысқа орналасуға ниеттеніп жүрген азаматтан ақша алып, өзінің бас пайдасына жаратқан.

Телефон арқылы жүзеге асы-рылатын алаяқтық әрекеттер де

тыйылмай отыр. Биылғы жыл-дың өзінде осындай оқиғалар бойынша қозғалған қылмыстық істердің саны жүзден асқан. Мұндай қылмыс кезінде белгісіз адамдар «болашақ құрбандары-ның» ұялы телефондарына ав-токөлік жеңіп алғандығы туралы SMS-хабарлама жолдап, тиісті құжаттарды рәсімдеуден өткізу үшін мобильдік есепшотқа ақша аударуды ұсынады. Аударымға жататын ақшаның көлемі де аз емес, кейде 100 мың теңгеге дейін барады. Өкініштісі сол, құқықтық сауаты кем азамат-тар телефонның ар жағындағы «жарылқаушыға» тексерместен талай теңгесін аударған.

Алаяқтыққа байланысты қылмыстық істерді тергеудің қиынға соғатынын тәжірибе де көрсетіп отыр. Әсіресе, өзгені алдау, оның сеніміне қиянат кел-тіру мен азаматтық-құқықтық қарым-қатынастан туындаған даулар бір-біріне ұқсас болған-дықтан, олардың аражігін ажы-ратып, күдіктінің қылмыс тық пиғылын дәлелдеу өте қиын. Мысалы, бизне с саласын -дағы серіктестер арасындағы дау-дамайға тиісті заңды баға беру оңай емес. Әдетте олар қаржылық келісімшарттарын

заң талаптарына сай рәсімдеуге мән бермей, арасындағы қа-рым-қатынас бұзылған уақытта бір-бірін айыптай бастайды. Мұндай жағдайлар жақын туыс-тар арасында да жиі кездеседі.

Соңғы бес жылда алаяқтық-қа байланысты қылмыстың саны 3,5 есе өскен. Республи-ка көлемінде орташа есеппен алғанда алаяқтық қылмыс сал-дарынан бір жылда 15 млрд тең-геге залал келтіріледі, ал, әрбір жасалған қылмыстың үштен бірі ғана ашылуда.

Жалпы айтқанда, мұндай қылмыстардың көбі көлеңке-де қалып қоятындығын ескеру қажет. Алаяқтардың құрбаны болған азаматтар көбінде құқық қорғау органдарына шағым-данбайды. Өйткені, олардың «өтініштері» заңсыз әрекет-терімен байланысты болуы мүм-кін немесе олар «іскерлік беделі-не» нұқсан келмесін деген оймен әрекетсіздік танытып жатады. Қазіргі кезде әдеттегі алаяқтық әрекеттермен қатар, алдап-ар-баудың жаңа түрлері шыққан («ғаламтор» алаяқтық, жасанды банктік және қаржылық құрал-дар, жалған қорлар және т.б.).

Алаяқтықтың жаңа түрлеріне тосқауыл қою мақсатында ға-

ламтор қолданушыларды алдау, құнды қағаздар нарығы саласын-да айла-шарғылар, инсайдерлік ақпараттарға қатысты заңсыз әрекеттер, қаржылық пирамида құру арқылы жасалған алаяқ-тық үшін Қылмыстық кодекске тиісті жауапкершілік енгізіл-ген. Алаяқ тықты түбірімен жою үшін азаматтарымыз қырағылық танытуы қажет. Сонымен қатар, әрбір мәселенің заң тұрғысынан қалай шешілетіндігінен хабар-дар болуы тиіс.

Қалыптасқан жағдайды түсі-не отырып, Бас прокуратура былтырғы жылдан бастап басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесіп, тиісті ақпараттық-про-филактикалық іс-шараларды жүргізіп келеді. Біздің мақсаты-мыз – азаматтардың санасына ақиқатты жеткізу. Жұртшылық арзан заттың, күмәнді ұсы-ныстың түбі шикі болатынын түсінуі керек.

Заңды айналып өтуге тыры-су – сау бастарыңызға сақина тілеп алумен пара-пар. Арам пайдаға қол жеткізуді, тез ара-да байлыққа кенелуді көксеу алаяқтардың оп-оңай олжасына айналуға әкеп соқтырады. Тегін ірімшіктің тек ертегіде болаты-нын ұмытпайық.

ТЕГІН ІРІМШІК ТЕК ЕРТЕГІДЕ БОЛАДЫ

Қанат ЖҮНІСОВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма прокуроры

Ұлт жоспарының екінші реформасы «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталып, онда сот жүйесін жаңғыр-татын 11 мақсатты қадам белгіленген. «Тәртіпке бас иген құл болмайды» дегендей, заң үстемдігін қамтамасыз ету кез келген құқықтық мемлекеттің бірден-бір белгісі болып табылады. Бағдарламаның тиісті түрде орындалуы да заң үстемдігін қамтамасыз етуге тіке-лей байланысты.

Қазіргі уақытта Жоғарғы Сот Ұлт жоспарының өзіне жүктелген екінші реформасының 11 қадамын заңнамалық тұрғыдан толық іске асырды. Бағдар-лама негізінде жаңашылдықтардың қолданысқа енуі отандық сот жүйесін анағұрлым жаңғырта түсті. Атап айтар болсақ, 2015 жылғы 31 қазанда жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс қабылданды. Аталған құжатқа Елбасының жариялы түрде қол қоюы кодекстің ел өміріндегі маңыздылығын айқын көрсетті.

Осы кодексте азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот төрелігі бес сатыдан үш са-тылы сот жүйесіне көшіп, бүгінгі күнде тыңғылықты жұмыс жасауда. Бұл мо-дель сот шешімдерінің заңды күшіне жедел енуіне ықпал етеді, процесті қа-сақана созу мүмкіндігін азайтады.

Сондай-ақ, сотта өкілдік ету, оңай-латылған іс жүргізу, татуласу рәсім-дері тараулары жаңарған түрде қарас-тырылып, азаматтардың құқықтары

Ғасырлар бойы ата-бабамыз ар-мандап өткен егемендікке 1991 жылы қол жеткізіп, тәуелсіздік туы көгіміз-де желбіреді. Егемендіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасымыз тәуел сіз сот пен қуатты құқық қорғау органдарын құруды басты мақсат етіп белгілеп, заң, құқыққа қатысты шараларды жүзеге асыруды бір сәтке тоқтатқан емес.

Содан бері елімізде адам құқықта-ры мен бостандықтары жоғары баға-ланып, тәуелсіз сот әділдігін жоғары деңгейде жүргізіп келеді. Бұл дең-гейге жету үшін қаншама маңдай тер төгіліп, тынымсыз жұмыстар атқа-рылды. Егемендіктің алғашқы жыл-дары кездескен қиындықтар, тіпті, жұмыста қолданылатын қарапайым қағаз-қаламның жетіспеушілігі біздің болашаққа деген сенімімізді бір сәтке жоғалтпады. 1995 жылы Ата Заңы-мыз қабылданып, онда мемлекетіміз Президент басқаруында үш билік тар-мағынан құралып, оның бір тармағы тәуелсіз сот билігі болып бекітілуі үмітімізді еселеп, абыройымызды асқақ етті. Сол жылы 25 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республи-касындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заң күші бар жарлықтың сот қыз-метінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айшықтай түскені мәлім.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылы ішін-де елімізді бүкіл әлем таныды. Өзге елдермен терезесі тең дамыған азат

елге айналдық. Осыдан ширек ғасыр бұрын еліміз тәуелсіздігін жария-лаған уақытта дүние есігін шыр етіп ашқан сәбилер бүгінде жарқын болашақтың кілтін қолына ұстаған егемен елдің азаматтары, Тәуел-сіздіктің төл құрдастары. Бүгінде 25 жастағы ел азаматтары бір-бір маман иесі атанып, оңы мен солын танып, ес тоқтатып, өмірдің қайнап жатқан қазанына қадам басып отыр. Әр са-ладағы қазіргі жас мамандар да, жас отбасылар да солар.

Тәуелсіздік құрдастарының бір шоғыры Маңғыстау облысының сот-тарында қызмет атқаруда. Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың шағындығына қарамастан, бұл ұжымда бейбітшілікпен бірге есейіп, бой түзеген тәуелсіздіктің 20-ға тарта құрдасы бар. Олар заң саласында белсенді қызмет етіп, сот жүйесінің дамуына, осылайша елдің өркендеуіне өз үлестерін қосып ке-леді. Сол жастардың алдыңғы қатары аудандық соттың кеңсе басшысы бол-са, енді бірі бас маман, бірі жетекші маман, сот отырысының хатшысы қызметтерін атқаруда. Н.Ержанов, Г.Жидебаева, Е.Қазиев, Қ.Үсенова, Г.Инешова, А.Есқалиқызы, А.Қал-пақбаев, Н.Маметов, Ж.Айтбаев сияқты мамандар арысы алты-жеті жылдық, берісі үш-төрт жылдық жұмыс тәжірибелерімен өздеріне ар-тылған міндеттерді жоғары деңгейде атқарып, ұжымның мақтанышына ие болып келеді.

Дана халқымыз «Жастар – бола-шаққа апаратын алтын көпір» деп бекер айтпаса керек. Міне, осындай жастардан өз мамандығының жілі-гін шағып, майын ішкен болашақ қазылар шығады деген сенімдеміз. Сонымен қатар, олар қызмет пен отбасын бір арнада ұштастырып, де-мографияға да үлес қосуды бір сәтке ұмытпаған. Еліміздің жаңа кезеңге бет бұрып, қиындығы мен қызығы қа-тар тұрған елең-алаң кезінде дүниеге келген тәуелсіздік құрдастары бүгін-де өздері де есейіп, отбасын құрып, ұл-қыз тәрбиелеп отыр.

Тағы бір ширек ғасырда осы жастар бейбіт елдің бесігін тербеткен салиқалы ана мен ел тізгінін қолға алған аға буынға айналары сөзсіз. Ендеше, бейбітшілігіміз бен тәуел-сіздігіміз баянды, үміт күткен жаста-рымыз айбынды болсын деп тілейік!

Меңді ЕПЕНОВА,Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы

тиісті түрде қорғалуда. Сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдету, даулар-ды бітімгершілікпен шешу тетіктері тиімді жүзеге асырылған. ҚР Жоғарғы Сотының жанынан дауларды, соның ішінде ірі инвесторлардың қатысуымен болатын істерді қарайтын маманданды-рылған алқа құрылып, осы санаттағы істердің қаралу соттылығы аталмыш кодекспен белгіленген. Азаматтық істерге прокурордың қатысуы қысқар-тылып, тараптардың жарыспалылық принципінің мәні күшейтілген.

Сот жүйесін реформалаудағы басты мәселенің бірі – жоғары білікті судьялар корпусын қалыптастыруға негізделген. Қазіргі кезде үміткердің сот істерін жүргізуге қатысудағы 5 жылдық жұ-мыс өтілінің болуы міндетті талаптың бірі. Судьялыққа үміткерлер соттар-да стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан, одан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді. Бұл жаңашылдықтардың барлығы сот кор-пусын тек қана кәсіби тұрғыда, өмірлік мол тағылымы бар, барынша тәжіри-белі, дайындығы жоғары мамандармен қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Сонымен қатар, судья кадрларын дайындайтын Сот төрелігі институты Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясынан бөліп алынып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Со-тының жанында Сот төрелігі акаде-миясы болып құрылды. Бұл болашақ судьялардың тек теориямен шектеліп

қалмай, сот тәжірибесін неғұрлым терең меңгеруіне мүмкіндік беріп, оқу мен сот тәжірибесі арасындағы өзара байланыс-ты күшейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта соттардағы кадр тапшылығын жоюға септігін тигізеді. Қазіргі таңда Ақтөбе облысы соттары-ның 4 бірдей маманы-сот отырысының хатшысы академияға оқуға түсіп, білім алуда. Оларды ынталандыру мақсатын-да жұмыстағы жетістіктері үшін Ақтөбе облыстық сотының төрағасы арнайы алғысхат тапсырған болатын.

Реформаның тағы бір тармағын орындау мақсатында республикамыз-дың барлық сот залдары дыбыс-бейне- жазу қондырғыларымен қамтамасыз етілуде, бұл орайда судьяның не сот отырысы хатшысының бейнежазуды тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкін-дігі жоқ екені соттың бейтараптылығы-ның кепілі болады. Сондай-ақ, бұл сот отырысында тараптардың тәртіптілігін күшейтеді, негізсіз басқаға жала жабуға жол бермейді. Осылайша сот жүйесі азаматтардың конституциялық құқықта-рын ескере отырып барынша ашық бола түсті.

Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот жю-риі қайта құрылды. Бұл құрылым аза-маттардың судьялар әрекеттеріне және судьялар корпусы өкілдерінің Әдеп ко-дексінің нормаларын бұзу жағдайлары-на қатысты азаматтардың шағымдарын қарайтын болады.

Сонымен бірге қылмыстық процесс шеңберінде сотта, сотқа дейінгі сатыда айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мақсатында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын шектейтін барлық тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша тергеу судьяларының құзыретін одан әрі кеңейтудің заңнамалық тетіктері қабыл-данды. Жалпы алғанда, жаңартылған заңдар қоғамның сот жүйесіне деген сенімін арттырып, даулардың түпкілікті түрде заңды шешілуіне ықпал етуде.

Ұлт жоспары аясында, сонымен қатар, «Жоғары Сот Кеңесі туралы» жаңа заң қабылданды, «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңына, Қылмыстық процестік кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл оңды өзгеріс-тердің құқықтық саланы дамытудағы әлеуеті зор екені, қоғамның сот жүйе-сіне деген сенімін арттыруға ықпал ететіні баршаға белгілі.

Сейфулла ТАСЫМБЕТОВ,Мұғалжар аудандық сотының

төрағасыАҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

Өткен жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бес институ-ционалдық реформаға негізделген Ұлт жоспары бағдар-ламасын жариялады. «100 нақты қадам» – «Қазақстан – 2050 стратегиясын» жүзеге асыру мен мемлекеттілікті нығайтуға, тура жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын құжат. Сол себептен ағымдағы жылы барлық мемлекеттік органдар жоспарды жүзеге асыруға кірісіп кетті.

Page 5: 124 (2902) 8 қараша 2016

№124 (2902)8 қараша 2016 [email protected] МІНБЕР

(Соңы. Басы 1-бетте)

Сәті түскен сұхбат

– Қазақстан Республикасында алқа­билер сотының пайда болуы – тәуелсіз­дік алған кезден бастап әлемдік талапқа сай құқықтық мемлекет құруға жасалған ұмтылыстың нәтижесі. Жалпы құқық­тық мемлекеттің басты қағидаттары сот әділдігінің заң шеңберінде атқары­луынан, сотқа барша халықтың қол­жетімділігінен көрінеді. Сол секілді, халықтың сот төрелігін жүзеге асыруға қатысуы мемлекеттің демократиялық бағытта дамуының бірден­бір көр сет­кіші болып есептеледі. Өйткені, бұл үр діс онда қабылданған шешімнің заңды ғана емес, сонымен бірге әділетті болуына да ықпал етеді.

Адам баласы өз табиғатында қатар­ларымен араласуға ынталы. Сол сияқты, сотты болып жатқан азаматтар да өзін еркін сезінетін ортада, өз әрекетіне баға берілгенін қалайды. Алқабилер сотына қажеттілік адамдардың болмысындағы осы ерекшелік сұранысты өтеуден пай­да болған. Бірқатар мәліметтер бұл жүйенің түп атасы ежелгі Рим дегенді айтады. Негізінде, алғаш алқабилер соты он екінші ғасырда Англияда пайда болып, құқықтық тұрғыда «Адамдар бос тандықтарының хартиясымен» бекі­тілген. Сол уақыттан бері бұл инсти тут әлемде әр елдің менталитеті, даму ере­кшелігіне сай қызмет етіп келеді.

Алқабилер институты Қазақстанда 1998 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 75­бабына енгі зіл­ген «қылмыстық сот ісін жүргізу алқа­билердің қатысуымен жүзеге асырыла­ды» деген өзгеріс негізінде пайда бол­ды. Алайда, ол уақытта сот әділдігін ат қарудың бұл түрі бірден толыққанды қолға алынып, жүзеге асырыла қой ма­ды. Оған еліміздің сол кездегі эконо ми­калық және саяси дамуында орын алған объективтік жағдайлар әсер етті. Ол шын мәнінде осыдан тоғыз жыл өткен­нен кейін жұмыс істей бастады. Осы аралықтағы уақыт «Алқабилер институ­ты әлемде қалай жүзеге асып жатыр, пайдасы қалай, қалай қолданылса тиімді?» деген мәселелерді зерттеп, зер­делеуге, оңтайлы жолдарын игеруге кетті. 2000 жылдан бастап Жоғарғы Соттың қазіргі төрағасы Қайрат Мәми­дің басшылығымен алқабилерді сотқа қатыстыру мәселесі бойынша Алматы мен Астана қалаларында кең ауқымдағы халықаралық конференциялар өте бас­тады. Соның нәтижесінде 2007 жылы арнайы заң қабылдадық.

– Демек, бұл Қазақстандағы алқа­билер сотының өзге елдерге қара ған­да өз ерекшелігі бар деген сөз ғой... Бізде алқа билердің міндеті, жұмыс ауқымы англосаксондық үлгіден бөлек көрінеді...

– Иә, жан­жақты ізденіс, зерделеу жұмыстары нәтижесінде біздің еліміз үшін алқабилер сотының англосак­сондықтан өзгеше континенталды үлгісі жасалып, қабылданған болатын. Англосаксондық құқықта алқабилер қылмыстық оқиғаны және қылмыстық фактіні анықтап береді де шешімді су­дья қабылдайды. Осы шарадан соң ғана жаза тағайындалады. Жазаны судья тағайындайды. Ал, бізде алқабилер судья ның қатысуымен қылмыстық оқи­ғаны, сотталушының кінәлі екенін ғана анықтап қоймайды, сонымен қатар, су­дьямен бірге жаза тайындауға қатысып, сотталушыға қандай жаза тағайындау керек екенін де шешеді. Яғни, Қазақ­станда алқабилер мен сот төрағасының құқықтары бірдей, олар кеңесу бөлме­сінде бірге болады. Барлық қойылатын сұрақтарға бірдей жауап береді. Соны­мен қатар, жаза тағайындауға алқа би­лер тізім бойынша қатысады. Тек қана онда судьяның бар құзыреті алқабилер анықтап берген қылмыс ауқымын заңға сәйкестендіріп саралау. Оларда сот оты­рысына қатысатын алқабилер құрамы он екі адам болса, бізде оның саны он адамнан тұрады.

– Жаңа құрылымның тәжірибеге енуі оңай болмаған шығар?

– Жоғарыда атап өткенімдей, алқа­билер жайлы 2007 жылы арнайы заң қабылданып, одан соң Қылмыстық про­цестік кодекске алқа билер құзыретін, олардың істерді қарау өндірісін қамты­ған бір тарау қосылды. Алғашқы уақыт­та алқа билер соты облыстық соттың құ рамында болды. Олар заңнамада

«АЛҚАБИЛЕР МЕН СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ БІРДЕЙ»

Әділ ҚҰРЫҚБАЕВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы:

бекітілген талаптарға сәйкес, аса ауыр қылмыстар, соның ішінде, Қыл мыстық кодексте жасаған қылмыс тары үшін ату жазасы қарастырылған істер ді қарау құзыретін иеленді. Ал ғашқы уақытта алқа билер институты бірден ілкімділік танытты деп айту қиын. Тәжірибеге жаңадан енгізілген қылмыстық істі қарау өндірісін бірден игеру алқа билер бұрын судьялар үшін де оңайға түспеді. Кемшіліктер аз болмады. Біз оларды түзей жүріп үйре ніп, қалыптаса бастадық. Шетелдік тәжі рибелерге арқа сүйедік. Әрине, мұндай қиындықтардың әрбір жаңа істе кездесетіні заңдылық еді.

– Алқабилер құрамын жасақтау ісі де оңайшылықпен жүзеге аспай­тынынан хабардармыз. Әлі күнге дейін осы тұрғыда қиындықтар аз емес екен...

– Тиісті заңнамаға сәйкес алқа­билерге үміткерлер тізімін жергілікті атқа ру билігінің құзыретті ұйымдары облыстар, Астана және Алматы қалала­ры сайлаушылар арасынан «кездейсоқ таңдау» жолымен түзеді. Аймақтық соттың ұйғарымын алғаннан құзыретті ұйымға тізімді қалыптастыру үшін бір ай уақыт беріледі. Бұл алқа билер құра­мына үміткерлердің сапалы тізімін жасақ тау үшін аздық етеді. Өйткені, заң талаптарына сай келмейтін тұлғаларды тізімнен алып тастау үшін жергілікті биліктің құзыретті органы құқықтық статистика басқармасына, АХАЖ ұйым дарына, Ішкі істер департаментіне қаржы полициясына сұрау салады. Уақыттың тығыздығынан бұл шаралар шұғыл атқарылып, көп жағдайда сот­тарға шала жасалған тізімдер жіберіледі. Осының салдарынан адамдардың нақты мекенжайы, жұмыс орны көрсетілмей, тізімге зағип, құлағы мүкіс еститін ғаріп жандар, жасы 65­тен асқан азамат­тар кіріп кетіп жатады. Алқабилер құрамына үміткерлер сот шақырған кез­де келмей қалады. Сотқа алқа билерге үміткер ретінде әрі кетсе қырық, кейде одан да аз азамат келеді. Сөйтіп, соттар алқа билер құрамын жасақтай алмай, сот отырыстары кейіндеп жатады. Не­гізі, алқа билер сотына үміткерлер сот отырыстарына себепсіз келмей қалғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарты­лады. Мысалы, кейбір облыстарда сот шақыруын алып, бірақ себепсіз сотқа келмей қалған ондаған үміткерге айып салынды. Алайда, бұл шара жеткіліксіз. Менің ойымша, алқа билер сотына үміткерлерді дер кезінде әрі сапалы іріктеу үшін жергілікті атқару ұйымы құрылымында осы ұйым қызметкерлері мен доғарыстағы екі судьядан тұратын тұрақты орган құру керек. Олар жыл бойына алқа билер сотына үміткерлер тізімін жасақтаумен айналысуы қажет. Сонымен қатар, заң жүзінде жергілікті

атқарушы ұйым қызметкерлерінің таңдау тізімдерін тексеруге, қажет бол­ған жағдайда, тиісті (аудан, облыс тық деңгейдегі қалаларда) аумақта тұратын азаматтардың барынша толыққанды тізімін пайдалануға міндеттеу керек деп есептеймін.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құрал­дарында, атқарушы биліктің веб­сайт­тарында және газеттерде алқабилер со­тына үміткерлер тізімін жариялап, жұртшылықтың онымен танысуына мүмкіндігін жасау да маңызды. Ал, үміткерлердің сот отырыстарына кел­мей қалу мәселесін шешу үшін қоғамда алқа билер сотының маңызы және құзыреті, жұмыс істеу ерекшелігі жай­лы кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет. Жергілікті атқарушы органдардан үміткерлер тізімін алған­нан кейін облыстық сот аппаратының күшімен тізімге енген алқа билер соты­на үміткерлермен сауалнама жүргізілсе дұрыс болар еді. Бұл сот төрағасына тізімнің дұрыстығына, өмірбаяндық мәмліметтердің ақиқаттығына көз жет­кізуге мүмкіндік береді.

– Алқабилер сотына үміткерлерді кездейсоқ таңдау қағидаты қанша­лықты дұрыс? Мұнда қандай өлшем­дер басшылыққа алынады?

– Үміткерлерді кездейсоқ таңдап алу қағидаты әлемдік талап. Ол алқа билер құрамының тәуелсіз әрі бейтарап бо­луының бірден бір кепілдігі ретінде өзін ақтаған шара. Алқабилер саны алғашқы кезде облыстық соттарда қаралатын істердің үлес салмағына қарай олардың қаншасы алқа билер сотында қаралуға жататындығына орай белгіленеді. Со­сын облыстық соттың төрағасы аймақ әкіміне ұсыныс жасайды. Мәселен, Қызылорда облысындағы істердің са­нына қарай алқа билер сотына 3000 үміткер керек деп есептейді. Әкім оны аудандарға бөліп береді. Егер бұл өңірде он аудан болса, оның әр қайсысынан үш жүз үміткер таңдауымыз керек. Бұл үшін ауданда тұратын сайлауға қабілетті адамдардың жалпы тізімін алады. Жал­пы тізімнің ішінен жасы жиырма беске толмаған, соттылығы бар, денсаулығына байланысты есепке тұратын адамдар алынып тасталады. Олардың арасынан кездейсоқ таңдауды қамтамасыз ететін арнайы технология бойынша таңдалған шамамен үш жүз адамның тізімі бекі­тіліп, облыс әкіміне жіберіледі. Онда алқа билердің бірыңғай тізімі құрыла ды. Одан соң кездейсоқ таңдау тәрті бімен облыс орталығында тұратын сайлауға қабілетті тұрғындар есебінен жалпы тізімнің төрттен бірін құрайтын қосым­ша тізім жасалады. Ол бірыңғай тізімнің үштен бірі, яғни, шамамен жеті жүз елу адамдай болуы мүмкін. Бұл қосымша тізім аудандарда тұратын адамдар сотқа шақырғанда келмей қалған жағдайда

немесе келіп үлгермесе алқаны құруға пайдаланылады. Олар одан әрі облыс­тық сотқа жіберіліп, үміткерлердің құра мы тағы бір сүзгіден өткізіледі. Мұндай жағдайларда жасы алпыс беске келгендер, діни қызмет кер лер, әртүрлі кемістігі барлар, сол елдің мемлекеттік тілін білмейтіндер тізімнен шыға­рылады.

Қылмыстық істі қарау үшін қатысуға алдын ала тыңдау отырысының нәти­жесінде 150, 200 алқабиге үміткер кездейсоқ таңдау арқылы облыстық соттағы жалпы тізімнен шақырылады. Шақыруды қабыл алып келген, мысалы 70 алқабиге үміткердің біразы әртүрлі объективтік жағдайлар негізінде сотқа қатысудан босатылады. Қалған үміт кер­лердің арасынан жеребе тарту арқылы он жеті адам таңдалады. Одан соң осы 17 үміткердің арасынан бес үміткер адам адвокат, прокурор, сотталушы та­рапынан дәлелсіз шығарылып тастала­ды. Қалған он екісінің аты­жөні тағы да жәшікке тасталып, одан бір­бірлеп шығарылып, алғаш шыққан он үміткер негізгі құрамға алынып, соңғы екеуі қосалқы мүше ретінде сот отырысына қатысады. Соңғы екі адам, бірақ, алдың­ғы ондықтан ешкім шықпаса кеңесу бөлмесіне бармайды. Осылардың бәрі анықталғаннан кейін олар ант қабыл­дайды.

– Сөзіңіз аузыңызда, «Алқабилер сотына үміткерлер таңдау оңтүстік өңір лерде қиын. Өйткені, онда тұра­тын халықтың дені бір­бірімен туыс. Бұл олардың шешімінің субъек тивті болуына да әсер етуде» деген әңгіме естіп едік. Дәлірек айтқанда, осындай мәлімдемені уақытында Бас проку ра­тураның өкілі де жасаған болатын...

– Иә, осындай әңгіме айтылған. Алайда, кейін оның ақиқатқа сай емес­тігі дәлелденді. Шындығында қазақ тың бәрі бір­біріне туыс емес қой. Негізі заң бойынша адамның әке­шешесі және бірге туған іні­қарындасы ғана бір­бірі­мен жақын туыс болып есептеледі. Ал, өзара бірнеше ата арқылы байланыса­тын рулас ағайындар жақын туысқа жатпайды. Әлемдік өлшем солай. Сондықтан, алқа билер соты тек бір­біріне туыс жандардан құралуда деген әңгіме шындыққа сай емес.

– Алқабилер құрамына кіретін­дерге қандай талап қойылады? Байқа ғанымыздай, бұл ретте ғалым да, еден жуушы да бір құқыққа ие секілді.

– Иә, солай, алқа билер құрамына қатысты жоғары, орта білім, қызмет дәрежесі, біліктілік деңгейі жөнінде талап жоқ. Сот төрелігін халық өкіл­дерін қатыстырып жүзеге асыру қағи­датының маңыздылығы да осында. Әрбір адам білім, білігінен тыс ішкі сенімі, көзқарасы негізінде өз пікірін білдіруге қабілетті. Біз осыны пайдала­нуымыз керек. Сотта алқа билер бар болғаны дәйектерді, айыпталушының, берген жауаптарын саралап, зерделеу нәтижесінде қылмыстық оқиғаның болған, оны кім жасағаны және осы жасаған қылмысы үшін оның кінәлі немесе кінәлі еместігі туралы негізгі үш сұраққа жауап беруі керек. Алқабилер сотына үміткерлікке мемлекеттік қыз­метшілер, құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіндер, соттар, прокурор­лар, ұлттық қауіпсіздік қызмет керлері тартылмайды.

– Ал, алқабилер сотына іс қара ту­ға кімдер құқылы? Қылмыс жаса­ған дардың барлығы оған жүгіне ала ма?

– Қылмыс жасағандардың бәрі алқа­билерге жүгіне алмайды. Басында ай­тып кеткенімдей, бұл сотқа жасаған ауыр қылмысы үшін өмір бақи бас бостандығынан айыру немесе өлім жаза сы қарастырылған қылмыскерлер ғана істерін қарауға өтініш беруге құқы­лы. Өткен жылы Елбасының бес инсти­туционалды реформасын жүзеге асы­руға байланысты жасалған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында алқабилер соты қарайтын қылмыстық істер қатары төрт қылмыстық құраммен кеңейтілді. Олар адам ұрлау, ауыр жағдайда адам ұрлау, ауыр жағдайларда адам саудасы­мен айналысу және ауыр жағдайларда жасөспірімдерді саудалау, одан кейін жасөспірімдерді ауыр жағдайларда қылмыстық топқа тарту қылмыстық әре кеттері. Алайда, осы қылмыстарды

жасағандардың барлығы алқа билер со­тына бара бермейді. Оған негізінен алқа билер соты қабылдаған шешімнің апелляциялық және кассациялық саты­ларда қайта қаралуының заңда қарас ­тырыл ған ерекшеліктері де себеп. Мәселен, алқабилер сотымен жасаған қыл мысы үшін кінәлі деп танылып сотталған адам жоғары сатыдағы сотқа өзінің кінәсіз екенін, кінәсінің дәлелден­бегенін айтып шағым келтіре алмайды. Ол шағымында тек процестік заңның бұзылғандығын ғана көрсете алады.

Тергеуші айыпкерге осы көрсетілген ерекшеліктерді түсіндіру керек. Айып­талушы іс бойынша тергеу бітіп, іс сотқа келіп түсіп, бас сот талқылауы тағайындалғанша оны алқабилерге қаратуға өтініш жасай алады.

2010 жылдан бастап алқа билер соты істерді облыстық соттарда емес, ар найы құрылған ауданаралық қылмыс тық сот­тарда қарайтын болды. Осының арқа­сында алқа билерде қаралатын істер қатары көбейді. Сонымен қатар, ақтау үкімінің де саны артты.

– Бізде алқабилер сотының қан­дай құқы және міндеті бар?

– Олар соттағы барлық жауаптарды мұқият тыңдап отыруы керек. Төрағаға бағынып, сұрақтарды тек төрағалық етуші арқылы қоюы тиіс. Сот процесіне қатысушылармен өздігінен сөйлесуге, сот залынан шығып кетуге тыйым салы­нады. Сот процесінен кешігуге болмай­ды. Егер осы талаптарды бұзса, олар билер соты құрамынан шығарылады.

Ал, олар неге құқылы дейтін сұраққа келетін болсақ, алқа билер соты барлық айғақтарды қарап, тексере алады. Тың­да ған, қараған, зерттеген айғақтар бойын ша сұрақтарды жазбаша түрде төрағалық етуші судья арқылы сотта­лушыға, жәбірленушіге, куәге қоя ала­ды. Кеңесу бөлмесінде төрағаға түсін­беген мәселелері бойынша сұрақтар қою мүмкіндігіне ие. Алқабилер дауыс­ты жасырын бюллетень арқылы береді. Оның нәтижесі көпшілік дауыспен шығарылады. Мысалы, он адамның се­гізі ақтау жөнінде шешімді құптаса, онда айыпкер ақталып шығады.

– Бүгінде байқағанымыздай, алқа­билер сотында қаралатын істер саны сонша көп емес. Мұның жоғарыда айтылғаннан өзге қандай себептері бар? Жалпы, елімізде осы институт­тың талап деңгейінде дамып, аза­маттардың құқы мен бостандығының заңдылыққа сай қорғалуына қол жету үшін не істеу қажет деп ойлай­сыз?

– Расында алқа билер сотында қара­лып, шешім шығарылған істер қатары аз. Бұған қынжылып, басқаша қорытын­ды жасаудың қажеті жоқ. Әлемдік тәжі­рибе солай. Алқабилер соты енгізілген жылдан бері, яғни 2007 жылы – 36, 2008 жылы – 42, 2009 жылы – 59 іс қаралып, үкім шығарылды. Ал, қаралатын істер қатары өзгеріп, алқа билер соты құзыры­на аса ауыр қылмыстар берілген 2010 жыл дан бастап 2014 жылға дейін 1510 адамға қатысты 1113 қылмыстық іс қа­рал ды. Қуанарлығы сол, алқа билер соты ақтау үкімдерін көп шығарады. Мәселен, аталмыш мерзім ішінде алқа­билер сотымен 132 адам ақталды.

Негізінде құқық қолдану тәжіри­бесіне жасалып отырған талдау алқа­билердің қатысуымен жасалатын соттар өндірісін реттейтін қылмыстық­процес­тік өлшемдердің соттар тарапынан дұрыс қолданылатынын көрсетіп отыр. Жалпы, алқа билер соты тараптардың өз мүддесін қорғау, заңдылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің ашық, жариялылығын қамтамасыз ететін, азаматтардың құқы мен бостандығын соттарда тиімді қорғаудың уақыт тезін­де өзін ақтаған жүйесі екенін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сондықтан, оның еліміздің сот өндірісінде кеңінен қолданылуына алдымен азаматтардың өздері мүдделі болуы тиіс. Ол туралы БАҚ­тарда кеңінен насихат жұмыстары жүруі керек. Қазіргі таңда бұл институт даму үстінде. «Көш жүре түзеледі» де­гендей, қалыптасып отырған кейбір мәселелердің себеп­салдары жұмыс барысында айқындалып, кемшін тұстар түзеле беретіні даусыз.

– Әңгімеңізге рақмет.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

Page 6: 124 (2902) 8 қараша 2016

6 №124 (2902) 8 қараша 2016

[email protected]БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

(Соңы. Басы 1-бетте)

Көкейкесті Мәселе

Сондай-ақ, халқымыз әрі ем алып, әрі дем алып қайту үшін Түркия, Ма-лайзия, Корея және Греция елдеріне жиі барады. Айта кетер жайт, ем алу мен дем алу үшін өзгелердің біздің елімізге шашқан ақшасынан гөрі, отандастары-мыздың өзге елдерге жұмсаған қаржы-сы көптеу болып тұр. Бұл елімізде туризм және медициналық туризм сала-сының дамымай отырғанының көрінісі. Өзгелердің қазынасын өз қолымызбен толтыруға аямай-ақ үлес қосып жатыр-мыз. Бұл бетімізбен кете берсек, өз еліміздің медицинасы, экономикасы не болады?! Мәселе осында. Кейде мемле-кет тарапынан да шетелге емделу үшін арнайы квота бөлінеді. Бұл өз еліміздің медицинасының қауқары жетпейтін ау-руларға мемлекет тарапынан берілетін көмек. Ал, медицинамыздың қабілеті жете тұра, шетел асатындарды елдегі медициналық қызметке көңілі толмай-тындар деуге болатын секілді.

Қытай медицинасы елімізде...

Отандастарымыздың шетелдерде ем алу үшін жұмсаған қыруар қаржысы туралы мәліметтің ар жағында үлкен мәселе жатқаны белгілі. Бізде шипа-сын табу мүмкін емес ауру түрлерін емдету үшін мемлекеттің тегін квота бөлетіндігі де белгілі бір деңгейде ме-дицинамыздың кейбір ауру түрлеріне қауқарсыз екендігін көрсетсе керек. Сондай-ақ, дәстүрлі медицинадан бас тартып, шығыс медицинасы, қытай медицинасы секілді жекеменшік клини-каларды жағалаушылардың да қатары айтарлықтай артқан. Сондықтан, бұл жерде бар «гәп» еліміздің медициналық қызметіне, сапасына байланысты болса керек. Қытай медицинасымен емдейміз деген көшедегі жекеменшік емханалар-ды көптеп байқауға болады. Олар көбі-несе қан қысымы, әйелдер ауруы, буын аурулары секілді сырқаттарды емдеуге ынта танытады.

Жалпы шетелге кетіп жатқан осын-шама қыруар қаржыны өз қалтамызда қалдыру үшін не істеу керектігін ойла-натын, ойланып қана қоймай, әрекетін жасайтын кез жеткен секілді. Соңғы кездері еліміздегі медицина саласына көп сынның айтылуы да халықтың шекара асуына өз ықпалын тигізіп тұруы әбден мүмкін. Сондықтан, ме-дицина саласының мамандарына өз еліміздің медициналық қызметінің сапасын жоғарылатып қана қоймай, бағасын халықтың қалтасына сай ету-ге, бәсекелестік қабілетін арттырып, беделін де көтеруге ықпал ететін кез жеткен секілді.

Айта кетер жайт, өз бетінше шетел медицинасына жүгінетіндерден бөлек, мемлекет тарапынан да арнайы квота бөлініп, жыл сайын шетел медици-насынан еміне шипа табатындар бар. Статистикалық деректер бойынша Қазақстанда науқастарды шетелдерге емдеуге жіберу үшін бюджеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Мы-салы, 2012 жылы 678,5 миллион теңге бөлініпті. Сол қаржыға 55 науқас, оның ішінде 34 бала емделген. 2012 жылы органдар мен тіндерді транспланттау-

БЕДЕУЛІКПЕН КҮРЕСУГЕ БОЛАДЫ

ЕЛІМІЗДЕГІ ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАРДЫҢ АЖЫРАСУЫНА БЕДЕУ-ЛІК ПЕН БЕЛСІЗДІК ДЕРТТЕРІ ЖИІ СЕБЕП БОЛЫП ЖАТАДЫ. САРАПШЫЛАРДЫҢ АЙТУЫНША, БҮГІНГІ КҮНІ ҚАЗАҚСТАНДА ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫ 200 МЫҢ ЖҰП, ЯҒНИ, ЖАЛПЫ ЕРЛІ- ЗАЙЫПТЫ-ЛАРДЫҢ 15 ПАЙЫЗЫ БІР СӘБИГЕ ЗАР БОЛЫП ОТЫР. АЙТА КЕТЕР ЖАЙТ, ЕЛІМІЗДІҢ МЕДИЦИНА САЛАСЫ БАЛАСЫЗ ШАҢЫРАҚҚА СӘБИ ШАТТЫҒЫН СЫЙЛАЙ АЛАТЫН ДӘРЕЖЕДЕ ДАМЫДЫ.

Мәселен, Қазақстанда соңғы 16 жылда 25 мыңға жуық жұп қосалқы ре-продуктивтік технологиялардың көмегіне жүгініп, дүниеге 8000-ға жуық сәби әкелген көрінеді. Жыл өткен сайын мемлекет тарапынан баласыз шаңырақтарға бөлінетін квотаның саны да артып келеді. Алайда, мәселенің себебімен емес, салдарымен күресуіміз алдағы уақытта еліміздегі бедеулік пен белсіздік дерт-терінің азаюына ықпал ете алмайтыны байқалады.

Мәселен, статистикалық мәліметтер бойынша, елімізде бедеуліктің көр-сеткіші жыл сайын 15-17 пайызға өсіп отыр. Әйтсе де, мұның алдын алу жолдарын ойластырып отырғанымыз жоқ. Баласыз шаңыраққа репродуктивті технологиялар көмегімен көмектесудің жолдары жыл өткен сайын артып келе жатқанымен, бедеулік пен белсіздіктің алдын алу мақсатында жасалынып жатқан жұмыстар жоқтың қасы. Әдетте медицинада «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» қажеттігі жиі айтылады. Ендеше, шаңырақтардың шайқалуына себеп болып отырған бедеулік пен белсіздік дерттерінің алдын алуға неге тырыспасқа? Қазір, шыны керек, халық денсаулығының талапқа сай болуын қадағалап отыруға ешкімнің де құлқы жоқ секілді. Не қызметке тұрар алдында, не шаңырақ көтерер алдында ешқандай толық медициналық қадағалаудан өтпейді. Денсаулығын бірде-бір рет медициналық тексеруден өткізіп көрмеген жастарды шаңырақ құрып, бала сүйе алмаған соң ғана денсау-лықтарының жай-күйі ойланта бастайды.

Жалпы, Еуропада ерлі-зайыптылардың 10 пайызы, АҚШ-та 8-15 пайызы, Канадада 17 пайызға жуығы, Австралияда 15,4 пайызы, Ресейде 16 пайызы бедеулік зардабын тартады екен. Салыстырмалы түрде алып қарасақ, бедеулік мәселесі жөнінен біз де олардан қалыспай тұрмыз. Әйтсе де, аталмыш елдердің кейбірінде жастарға шаңырақ құрмай тұрып толық медициналық тексеруден өту талабы қойылған. Егер жастардың біреуінің денсаулығында қандай да бір кінәрат байқалса, алдымен денсаулығын дұрыстауға ұмтылады. Шыны керек, елімізде жастар жоғары оқу орнына түсер алдында денсаулығы жөніндегі анықтаманың өзіне дәрігер алдын көрместен қол жеткізетінін ескерсек, жастар-дың денсаулығын қадағалауды мүлдем ұмыт қалдырғанымызды түсінеміз.

Статистика еліміздегі әрбір бесінші отбасының бедеулікке шалдыққан-дығын көрсетеді. Ал ресми деректерге арқа сүйесек, соңғы жылдары Қа-зақстанда жалпы саны 400 мыңға жуық сәби дүниеге келсе, 300 мың жасанды түсік жасалған. Жасанды түсіктің болашақта ана болу бақытынан айыру ықти-малдығы жоғары екенін ескермейтініміз өкінішті.

Салтанат БАЙҚОШҚАРОВА, «Экомед» медициналық орталығының директоры:

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ НЕГЕ АҚСАП ТҰР?

ға 30 адам жіберілсе, қалған 25 адам онкологиялық, кардиохирургиялық, нейрохирургиялық және өзге ауру түрлері бойынша емдеуге бағытталған. Ал, 2013 жылы азаматтарды шетелде емдеуге 1 миллиард теңгеге жуық қа-ражат қарастырылған. Осы орайда сала мамандары «Отандық медицинаның дамуы бұрындары шет мемлекеттерге жіберіліп келген ауру түрлерін қысқар-туға мүмкіндік берді. Ертеректе біздер ол жаққа 20-дан астам ауру түрлері бой-ынша науқастар жіберетін едік. Қазіргі таңда 8 түрлі ауру түріне шалдыққан-дарды ғана жібереміз. Олар: жілік май-ын ауыстыру, аққан ауруынан емдеу, тамақ және кеңірдек аурулары және пластикалық ота түрлері. Меніңше, таяуда азаматтарды емдеуге шетелге жіберу қажеттілігі болмайды. Себебі біз барша науқастарды елімізде емдейтін

болып отыр. Есесіне, шетелдің медици-насына құмарлық артып тұр. Сіздер де жақсы білесіздер, шетелдерде медици-налық қызметті пайдаланатындар саны артып барады», – деген еді.

Әрине, аузымызды қу шөппен сүрте беруге болмас. Аз да болса елімізде ем алу үшін келген емделушілер қа-тарында Ресей, АҚШ, Жапония, Ита-лия, Ұлыбритания, Түркия, Болгария, Шри-Ланка, Филиппин, Қырғызстан азаматтары бар. Қазақстанда шетелдік азаматтар көбіне экстракорпоральды ұрықтандыру, жүректегі қан жолы тетігіне кардиохирургиялық ота жасау, жатыр артериясын эмболизациялау сынды медициналық қызмет түрлеріне жүгінеді екен.

Жалпы елімізде балшығы буынға, ауасы тыныс жолына, суы денсаулық-қа пайдалы емдік қасиеті мол өңір-

– Бүгінде Қазақстанда шаңырағы орта-сына түсіп, ажырасып жатқан отбасылар жетерлік. Олардың бірқатары ажырасу-ларының негізгі себебі ретінде отбасында баланың болмауын айтып жатады. Әлем де соңғы 10 жылда бедеуліктің көптеген түрлерін емдеуде біршама тәжірибе жи-нақталды. Дүниежүзілік деңгейде қолданыс­тағы тәсілдердің басым бөлігі елімізде де енгізілді. Эндовидеохирургия, диагностика мен емдеудің гармонды тәсілдері заманға сай дамытылып, қауіпсіздігі жоғары жаңа дәрі­дәрмектер пайда болуда. Бүгінде Қа-зақстандағы 14 ЭКО орталықтың 10­ы жекеменшік болып табылады. Алдағы уақытта тағы жаңа зертханалар ашылады деп күтілуде. Мұндай орталықтар санының күн санап артуы елімізде бедеулік мәселесінің бар екенін және күн санап асқынып бара жатқанының дәлелі.

Жалпы, жылдан-жылға ерлі-зайыптылар арасында бедеулік пен белсіздік дерттерінің дендеп бара жатқанын ескере отырып, оларды тегін емдеуге ар-налған мемлекеттік көмекті де еселей түсу қажеттілігі сезіледі. Халқымыз денсаулығының жыл өткен сайын кеміп бара жатқаны, өмірге бала әкелуге қа-білетті жастағы ерлі-зайыптылардың бедеулік дертіне шалдығу көрсеткішінің өсе түсуі қынжылтпай қоймайды. Мәселен, кейбір елдерде жастар отбасын құрмай тұрып арнайы медициналық тексеруден өтеді. Егер екеуінің біреуінің денсаулығынан кінәрат табылса, шаңырақ құрмай тұрып емделуге кеңес береді. Бізге де осындай талап керек. Сонда жастар да денсаулығын күтуге ұмтылады. Сондай-ақ денсаулығына салғырт қарау халқымыздың қанында бар қасиет екенін ескере отырып, қызметке тұрар алдында да жастарға медициналық тексеруден өту туралы талап қоюымыз керек. Және дәрігерлер тарапынан бұл талап қатаң қадағалануы тиіс. Әйтпесе, бүгінгі таңда мұндай медициналық тексеру формальды түрде ғана өтуде.

Бүгінгі күні еліміздегі мамандар да демографиялық ахуалға алаңдаулы. Сондықтан, алдағы уақытта бұл бағытта нақты шаралар қабылдау қажеттілігі сезіледі.

Қ.ЕРМЕКОВА

леріміз жетерлік. Оңтүстік өңірдегі Сарыағаштың суы, Жаңақорғандағы балшық, Бурабайдың ауасы өкпе ау-руларына мың бір шипа екенін ға-лымдарымыз талай дәлелдеген. Тіпті, Алакөлдің суында жаз болса көрші Ресейдің тұрғындары өріп жүретінін, емдік қасиеті мол көл суы терідегі талай ауруға дауа екенін көз көріп жүр. Тек осы артықшылығымызды айтып, айдай әлемге жар салып, емделушілер санын көбейте алмай отырмыз. Сондықтан, медициналық туризм саласын дамытуға көңіл бөліп, сырттан науқастар тарта білсек, еліміздің экономикасына қыруар кіріс келтіріп қана қоймай, медицина-лық туризм саласының да дамуына жол ашылар еді.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

деңгейге жетеміз», – дейді.Алайда, отандық медицинаның

қазақстандықтарды емдеуге қауқары жетеді дегенімізбен, шетелге ешқандай мемлекеттің квотасынсыз, өз қара-жатымен емделетіндер саны азаймай отырғаны алаңдатады. Бұл жөнінде Дариға Назарбаева: «Мемлекет меди-цина және денсаулық сақтауға өте көп қаржы салды. Сондықтан, көршілес аймақтар – Ресей мен Қытай тәрізді бүгінгі таңда бізде де медициналық қызмет сапасын көтерудің орасан зор мүмкіндіктері бар. Бізге медициналық көмектің қолжетімділігіне, сондай-ақ, медициналық қызмет сапасына байла-нысты шағымдар көп түседі. Жалпылай айтқанда, көңіл толмаушылық деңгейі жоғары екені байқалады. Бұл қос тарап-қа – дәрігерлер мен азаматтарға да тән

Мам

андар н

е д

ейді?

Белгібай ШАХМЕТОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:– Қазіргі таңда қалтасында қаржысы бар адамдар-

дың барлығы лажы болса шетелдің медициналық көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді. Әсіресе, әншілер мен шенеуніктер, кәсіпкерлер бүкіл отбасылық медицина-лық көмекті шетелден алады. Бұл бетімен кете берсе еліміздегі мемлекеттік емханалар тек зейнеткерлер мен қарапайым халыққа ғана медициналық көмек көр-сететін мекеме болып қалады. Осы орайда айта ке-тер жайт, біздің елімізде түсірілген ультрадыбыстық медициналық қондырғылардың сапасы өте жақсы. Кейбір науқастар Қытайға біздің елімізде медициналық қондыр ғымен түсірілген қағаздарын апарғанда таң қа-лады екен, мынаны қайда түсірдің, не деген тұнық деп. Демек, бізде мықты медициналық қондырғылар бар. Тек маман тапшы. Бәсекелестік төмен. Бәсекелестік болмағаннан кейін медициналық қызмет те қымбат болып тұр.

Жанұзақ ӘКІМ, экономист:– Көптеген елдер медициналық туризм саласына

елге адам тарту, сол арқылы елдің экономикасына оң ықпал ету көзі ретінде қарайды. Израил, тіпті Үн-дістанда медициналық туризмге жақсы көзқарас қалып-тасқан. Олар өздерінің медицинасын өзге елдерге үнемі жарнамалап отырады. Сол арқылы елдеріне жыл сайын қыруар қаржы да тартады. Бізде де жақсы мамандар бар. Қолы алтын хирургтер жеткілікті, бірнеше жылдан бері ағза алмастыру оталары жасалып жатқанынан да хабардармыз. Сондықтан, соны өзге елдерге жарнама жасай отырып, сырттан науқастар тартуға күш са-луымыз керек. Жақсы медициналық қондырғыларымыз да бар. Тек соларды дұрыс бағытта қолдана білсек болғаны.

Page 7: 124 (2902) 8 қараша 2016

[email protected]

№124 (2902) 8 қараша 2016

Редакторлар кеңесiнiң төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

Бас редакторБекжан ӘШІРБАЕВ

Бас редактордың орынбасарыАйнұр СЕМБАЕВА

Жауапты хатшы-дизайнерМақсат ТҮГЕЛОВ

Нөмірдің кезекшісіЕлеусіз МҰРАТ

Астана

Алматы

Атырау

Ақмола

Қызылорда

Оңтүс тiк Қазақстан

Шығыс Қазақстан

Газет бетiндегi жарияланымдардың позициясы мен фактiлерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты талап-тiлектер хабарлан-дыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №12292-Г куәлiктi 2012 жылғы 20 ақпанда Қа-зақстан Респуб лика сының Мәде ниет және ақпарат министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс-тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Ал-маты облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Алматы қаласы Тел: 8(727) 292-29-27, 292-40-89факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail: [email protected]Астана қаласы Абай көшесі, 78, 105-кеңсетел: 8 (7172) 34-58-28

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ» ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI

СЕРIКТЕСТIГI

Айша Құрманғали,8 707 851 91 13;

Айтақын Бұлғақов,8 702 239 62 99Құралай ҚУАТОВА8 701 678 9077Қалкөз Жүсiп, 8 701 300 14 74.

Нағымжан Сауяев,8 778 282 7782.

Шадияр Мекен бай ұлы,8 775 773 56 65.

Азамат Қасым,8 702 276 93 76

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

«ÞðÑëóæáà» ÆØÑÊөêøåòàó қ., М.Горьêий êөøåñi, 37, 107-бөлмå. Òåл.: 8 (7162) 25-77-17«Âåðñèÿ-Ïðåññ» ÆØÑÏàâлоäàр қ., Åñòàй êөøåñi, 40. Òåл.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04«Àéäè» ÆØÑҚàрàғàíäû қ., Æàмбûл êөøåñi, 11. Òåл.: 8 (7112) 42-00-71Қàëèàñқàðîâ Íұðëàí Íұðғèñûíұëû ÆÊÏåòроïàâл қ., Ê.Ñүòiøåâ êөøåñi, 58, 30-бөлмå, 3-қàбàòÒåл. 8 (7152) 46-02-57, ұÿлû òåл.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59Ìèõååâà Îëüãà Ñòàíèñëàâîâíà ÆÊҚоñòàíàй қ., Гоголь êөøåñі, 110, ВÏ 67 (Чåхоâ-Гоголь êөø. қиûлûñû), 8(714-2) 50-97-07, 8-7758847211, 8-7013506918 «Îçàò-1» ÆØÑÀқòөбå қ., Àлòûíñàриí êөøåñi, 31. Òåл.: 8 (7132) 40-41-05, 87774348344жәíå Àқòàó қàлàñûИП «SAPA KZ» Аòûðàу қàëàñû, 87781063779, e-mail:[email protected]

Åðøîâà Ëþäìèëà ÆÊØûмêåíò қ., Æåлòоқñàí êөøåñi, 20 б.ÆØÑ «Íàçàð-1 фèðìàñû» ÆØÑ («РУТÀ» ÆÀ) [email protected]Øûмêåíò қ., Èлÿåâ êөøåñi, 47, à/ж 144. Òåл.: 8 (7252) 53-40-48, 30-12-10«Þðèäè÷åñêàÿ фèðìà «Êîíñуëüòàíò» ÆØÑ Îрàл қ., Ë.Òолñòой, 28. Òåл.: 8 (7112) 50-88-05«Ðåêëàìà» ÆØÑÎрàл қ., Äоñмұхàмåäоâ êөøåñі, 43/1. Òåл.: 8 (7112) 50-47-34«Ëèð» ÆØÑ Қоñòàíàй қ., Áàйòұрñûíоâ êөøåñi, 67, 417-ïәòåр. Òåл.: 8 (7162) 54-57-03«Êîìпàíèÿ Æåòå» ÆØÑÒàлäûқорғàí қ., м-оí Молоäåжíûй 3 үй, 1 ï. Òåл.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221ÆÊ Гàâðèëåíêî И.И. Қоñòàíàй қ.,ïр. Àль-Фàрàби 119 үй, êàб.407-Àòåл/фàêñ: 8 (7142) 53-63-21.«Æàñ Îòàу» ÆÊ Қûäûðбàåâà Í.Í. Қûзûлорäà қ., Әйòåêå би ê-ñі., 27, òåл: 26-45-89, ұÿлû òåл: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78.ÆÊ Тàжèбàåâà, Òàрàз қàлàñû Қойêåлäі êөøåñі 158 à, ХҚÎ àóмàғûòåл.: 87017268772, 87054422939ИП Íîâîñåëîâà Ïåòроïàâл қàлàñû, Êоíñòиòóциÿ Қàзàқñòàí êөøåñі, 28 үй, 1-қàбàò òåл: (87152) 46-74-77«Вåðñàëü Бèçíåñ» Àòûрàó қàлàñû, Мàхàмбåò êөøåñі, 107-à, 2-êàб., òåл: 32-14-29, 30-65-24, 8701 920 45 38ÆÊ «Ìàðцåфåй», Өñêåмåí қàлàñû, 60 òåл, 8(7232) 578414, 87772256506ÆÊ «Бàõäàуëåòîâà А.» Àлмàòû қ., Æібåê жолû ê., 55, Àлмà ñàó-äà орòàлûғû, 4-қàбàò, 426-íүê-òå. Òåл: 2714939. 87052083694 Email:[email protected]

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс);

Астана қаласы Абай көшесі, 78, 105-кеңсетел: 8 (7172) 34-58-28E-mail: [email protected]

«Заң газеті» аптасына 3 рет – сейсенбі, сәрсенбі, жұма күндері жарық көреді.

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

Жеке таралым 10253 данаАпталық таралым 30759 данаТапсырыс №247 Индекс 65921Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

ЕЛДЕН-ЖЕРДЕН

ӘРТҮРЛІ

ЖАРНАМА

ТАРАТУ

Тәуелсіздікке –25 жыл Халықаралық семинар

БАНКРОТТЫҚ

ЖИЫРМА БЕС ЖЫЛДА

ЫҚПАЛДЫ ЕЛГЕ АЙНАЛДЫҚ

12. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2016 жылғы 02 қарашадағы ұйғарымымен «Корпорация ДОС» ЖШС-не қатысты БСН 050340009756, заңды мекенжайы: 100000, Қарағанды қ., Қазыбек би атындағы аудан, Ленин к., 2, банкроттығы туралы іс қозғалды.

7. «Жиделі Нұра» ЖШС (БСН 041140015685) – өзінің таратылатындығы туралы хабарлайды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылы.

8. «Оқжетпес шыңы» ЖШС, БСН 121040014809, өзінің ерікті түрде таратылуы туралы хабарлайды. Осыған орай, серіктестіктің алдында қандай да бір міндеті бар кредиторларының осы хабарландыру берілген күннен бастап 2 (екі) ай ішінде төменде көрсетілген мекенжай бойынша өз талаптарын білдіруге кұкығы бар. Мекенжай: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 5/1-үй, № 2 кеңсе.

4. «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС галогендендірілмеген сұйықтық (май) құрамында полихлордифенилин (ПХД) бар екенін, полихлордифенилин (ПХД) бар болу ықтималдығын анықтау бойынша 7082 (жеті мың сексен екі) сынамаға зертханалық талдау жүргізіп, қорытындысын хаттама түрінде бекітілген үлгіде беру және автомобиль газын сатып алу бойынша ашық тендер өткізетіндігі туралы хабарлайды. Сатып алу келесі лоттар бойынша жүргізіледі: №1 Лот, галогендендірілмеген сұйықтық (май) құрамында полихлордифенилин (ПХД) бар екенін, полихлордифенилин (ПХД) бар болу ықтималдығын анықтау бойынша 7082 (жеті мың сексен екі) сынамаға зертханалық талдау жүргізіп, қорытындысын хаттама түрінде бекітілген үлгіде беруге (бөлінген сома 48 000 000 (қырық сегіз миллион) теңге.

№2 Лот, Автомобиль газы (бөлінген сома 1 530 000 (бір миллион бес жүз отыз мың теңге). Тауарлар Ақмола облысы және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағына жеткізіледі және қызметтер көрсетіледі.

Қызметтер көрсетілудің және жеткізудің талап етілген мерзімі 2016 жыл 01 желтоқсанынан 2016 жыл 31 желтоқсанға дейін.

Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу Ереженің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті жеткізушілерге тендерге қатысуға рұқсат беріледі.

Тендерлік құжаттаманың пакетін 2016 ж. 28 қараша сағат 12:00-ге дейінгі мерзімде келесі мекенжайы бойынша алуға болады: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., ы.а., Центральный 5,

«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС, Заң Басқармасы кабинеті №26, сағат: 09.00-ден 12.40-қа дейін және 14.00-ден 18.20-ға дейін.

Тендерлік құжаттама тегін ұсынылады. Хатқалталарға салынып мөрленген тендерге қатысу өтінімдері

«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС әлеуетті жеткізушілерімен келесі мекенжайы бойынша ұсынылады: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., ы.а., Центральный 5, «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС, Заң Басқармасы кабинеті №26.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі: 2016 жыл 29 қараша 10 сағат 00 минутта.

Тендерлік өтінімдер салынған хатқалталар 2016 жыл 29 қараша 12 сағат 00 минутта тендерлік комиссиямен келесі мекенжай бойынша ашылады: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қ., «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС, ы.а., Центральный 5, мәжіліс-залы.

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың өкілдері (бірінші жетекшінің қолы және мөрімен куәландырылған сенімхатты ұсыну арқылы) тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу барысына қатыса алады.

Табиғи монополиялар субъектілерінің тұрақты Тұтынушылары (тауарларды, жұмыстарды) «КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС тауарларды сатып алу (жұмыстарды, қызметтерді) бойынша тендерге бақылаушы ретінде қатысуға құқылы.

«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС-ің 2 (екі) лоттарды сатып алу үшін бөлінген сомасы ҚҚС қоса алғанда 49 530 000 (қырық тоғыз миллион бес жүз отыз мың) теңге.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы келесі телефондар бойынша алуға болады: 8 (7162) 29-02-59, факс: 8 (7162) 29-02-59.

«КӨКШЕТАУ ЭНЕРГО» ЖШС әкімшілігі.

5. Петропавл қ-сы, Жамбыл к., 215 мекенжайында орналасқан «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ, тауарларды сатып алу бойынша ашық тендерді өткізу туралы жариялайды (сатып алынатын қызметтердің толық тізбесі тендерлік құжаттамасында көрсетілген): Лот №1 – ТВФ-120-2 генератор б/п, 1 дана көлемінде. Жеткізудің талап етілген мерзімі: 2016 ж. 4 тоқсан. Тауарды жеткізу орны: Петропавл қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген Реттеліп көрсетiлетiн қызметтерге тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде шығындары ескерiлетiн тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді табиғи монополиялар субъектiлерiнiң сатып алу Ереженің 7-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті жеткізушілерге тендерге қатысуға рұқсат беріледі. Тендерлік құжаттаманың пакетін 2016 ж. 28.11. қоса алғанда сағат 12:00 мерзіміне дейін келесі мекенжайы бойынша алуға болады: СҚО, Петропавл қ., Жамбыл к., 215, кабинет №5, сағат 9:00-ден бастап сағат 18:00-ге дейін. Тендерлік құжаттама тегін беріледі. Конверттерге салынып мөрленген тендерге қатысу өтінімдері «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ әлеуетті жеткізушілерімен келесі мекенжайы бойынша ұсынылады: СҚО, Петропавл қ., Жамбыл к., 215, кабинет №5. Тендерлік өтінімдерді соңғы ұсыну мерзімі: 2016 ж. 29.11. сағат 10:00-ге дейін. Өткізілетін тендерлерге тендерлік өтінімдері бар конверттер Петропавл қ., Жамбыл к., 215 мекенжайы бойынша 2016 ж. 29.11. сағат 12:00-де ашылады. Сатып алуларды жүзеге асыру үшін тапсырыс берушімен бөлінген сома: Лот №1 – ТВФ-120-2 генератор б/п, 1 дана көлемінде – 89999,84 мың теңге. Әлеуетті жеткізушілер мен олардың өкілдері (бірінші жетекшінің қолы және мөрімен куәландырылған сенімхатты ұсыну арқылы) тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу барысына қатыса алады. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет түрлерінің тұтынушылары «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ өткізілетін тауарларды сатып алу тендеріне бақылаушы ретінде қатысуға құқылы. Қосымша ақпаратты және анықтаманы келесі телефон арқылы алуға болады: 8 (7152) 31-43-92.

10. «Алматы XXI век» ЖШС, БСН 070540013636, өзіне «ADM development group» ЖШС, БСН 160340025235, қосылу жолымен қайта құрылатыны туралы хабарлайды.

Қосылу тәртібі мен шарты:- қайта ұйымдастыру ерікті негізде жүзеге асырылады;- «Алматы XXI век» ЖШС қайта тіркелген сәттен бастап

«ADM development group» ЖШС мүлкін (құқықтары мен міндеттері) өткізу актісіне сәйкес «Алматы XXI век» ЖШС-не ауысады;

- «Алматы XXI век» ЖШС қайта тіркелген сәттен бастап «ADM development group» ЖШС-нің қызметі тоқтатылады.

Талаптар хабарландыру жарияланған күнінен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы, 050014 индексі, Алматы қ., Жетісу ауданы, Северное кольцо көш., 3 Б үй.

11. «ADM development group» ЖШС, БСН 160340025235, «Алматы XXI век» ЖШС-не, БСН 070540013636, қосылу жолымен қайта құрылатыны туралы хабарлайды.

Қосылу тәртібі мен шарты:- қайта ұйымдастыру ерікті негізде жүзеге асырылады;- «Алматы XXI век» ЖШС қайта тіркелген сәттен бастап «ADM

development group» ЖШС мүлкін (құқықтары мен міндеттері) өткізу актісіне сәйкес «Алматы XXI век» ЖШС-не ауысады;

- «Алматы XXI век» ЖШС қайта тіркелген сәттен бастап «ADM development group» ЖШС-нің қызметі тоқтатылады.

Талаптар хабарландыру жарияланған күнінен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады:

1) Қазақстан Республикасы, 050059 индексі, Алматы қ., Медеу ауданы, Әл-Фараби даңғылы, 36-үй.

2) Қазақстан Республикасы, 050014 индексі, Алматы қ., Жетісу ауданы, Северное кольцо көш., 3 Б үй.

2. Алматы қ., мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 07.10.2016 жылғы ұйғарымымен «АБ-Снаб» ЖШС-ін оңалту туралы ісі бойынша өндіріс қозғалды.

3. «Charaltyn LTD.» (Чаралтын ЛТД.) ЖШС, БСН 021240001209, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 4-тармағына сәйкес серіктестіктің жарғылық капиталының азайғандығы туралы хабарлайды. Кредиторлардан шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап бір ай ішінде мына мекенжайда қабылданады: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Интернациональная көшесі, 59-үй.

6. Павлодар облысы МАЭС-ның 24.10.2016 жылғы ұйғарымымен фирма «Факел» ЖШС-ін оңалту туралы ісі бойынша өндіріс қозғалды.

9. «TL Realty LTD» (ТиЭл Риэлти Лимитед) ЖШС, БСН 120940004277,

жарғы капиталының сомасы 127 500 000 (бір жүз жиырма жеті миллион бес жүз мың) теңгеге, яғни 618 881 000,00 (алты жүз он сегіз миллион сегіз жүз секен бір мың) теңгеден 491 381 000,00 (төрт жүз тоқсан бір миллион үш жүз сексен бір мың) теңгеге азайғандығы туралы хабарлайды.

13. Қостанай облысы МАЭ сотының 31.10.2015 жылғы ұйғарымымен «Ақкөл» ЖШС-не оңалту рәсімін қабылдау туралы азаматтық іс қозғалды. Мына мекенжайға хабарласуға болады: Қостанай қ., Байтұрсынов к., 70.

Тамырын тереңге жайған тарихымызға көз жібе-рер болсақ, сонау заманнан ата-бабаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмағанын, ұлын кұл, қызын күң еткізбеуге, жауына қатал, досына адал қарап, шыбын жанын шүберекке түйіп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі тарих беті-не өшпес таңбаларын қалдырып кетті. Сондықтан да, біз үшін Тәуелсіздік күні-ең қастерлі күн. Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Биыл тәуелсіздік таңы атқанына 25 жыл толып отыр. Осы жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Атап айтсақ, тарихи жеріміздің шекарасы халықаралық шарттарға сай бекітілді. Мем-лекеттік рәміздеріміз, Ата Заңымыз, ұлттық валютамыз және Сарыарқаның кең жазық даласында барша елді өзінің тез көркейіп өсуімен таңғалдырған жаңа Астана-мыз бой көтерді. Конституциялық жолмен мемлекеттік және саяси билік құрылымдарын жаңарту негізінде елдің демократиялық жолмен дамуының берік іргетасы қаланды. Елдің ішкі экономикалық жүйесі түбірімен өзгеріп, дамыған өркениетті елдердің ешқайсысынан кем түспейтін нарықтық қатынастар мен институттар құрылды. Соның негізінде Қазақстан дүниежүзілік эко-номикада өз орны бар елге айналды. Жиырма бес жыл ішінде Қазақ халқының ұлттық санасы жаңғырып, өзін- өзі тану, өзінің ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын бүкіл дүниеге таныту, бай рухани қазынасын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Осы орайда, тілдерді қолдану мен дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыру мақсатында көпте-ген іс-шаралар өткізілді. Халқымыздың елдігіне өзіндік үлес коскан Абай, Жамбыл, Мұхтардай біртуар жандар мерейтойларының ЮНЕСКО көлемінде әлемдік дәре-жеде тойлануы, Түркістанның 1500 жылдығы, Тараздың 2000 жылдығы, Қазақ Хандығына 550 жыл толуы секілді мерейтойлардың тойлануы рухани жетістік. Ең бастысы, Қазақ халқымен бірге әртүрлі этностардың да отаны бо-лып табылатын біздің еліміз бүкіл әлемге қоғамдағы та-тулық пен ынтымақтастықты сақтаудың, әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқор-лық жасаудың жарқын үлгісін көрсетіп берді. Қазақстан - Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет те, өр елдің мекеніне айналды. Бүгінгі Қазақстан - өзі орналасқан ай-мақтың ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқы-лауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын елдердің қатарында. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. Жыл сайынғы Президенттің ха-лыққа арналған Жолдауы мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсізді-гімізді нығайтуға бағытталады.

Қазіргі таңда еліміздің кез келген азаматы заңның аясында еркін қызмет ете алады. Сонымен қатар, өз ой-пікірін, ұсыныстарын білдіруге құқылы. Тәуелсізді-гіміздің ең бір маңызды бөлігінің өзі осы деп білемін. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Тәуел-сіздік – бабаларымыздың арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі.

Г.БАЙЫРБЕКОВА,Қарасай ауданаралық мамандандырылған

әкімшілік сотының судьясыАЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Жақында Ақтау қаласында «Ұлт жоспарының» 33-қадамын жүзе-ге асыру аясында қолға алынған «Пробация туралы» заңның тұжы-рымдамасына түскен ұсыныстарды пысықтау мақсатында халықаралық семинар өтті. Іс-шараға Ішкі істер ми-нистрлігі Қылмыстық-атқару комитеті төрағасының орынбасары, әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев, Ақтау қалалық сотының судьялары, прокурорлары, білім беру орталығы, жұмыспен қамту орталығынан және ҮЕҰ өкілдері, сондай-ақ, пробация саласында тәжірибесі бар Еуропа-лық Одақтың және халықаралық ұлттық сарапшылары Бен Зенге-ринк, Лео Тиггес, Стивен Питтс, Тео Вестерхаут, Эд Дейж, И.Нұрмаған-бетов, Н.Жүсіпова және Батыс Қа-зақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстары бойынша сотталғандар-дың пробация қызметі және тәрбие ісі жөніндегі мамандары, инспектор-лары, басшылары қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты «Про-бация туралы», «Қазақстан Респуб-ликасының кейбір заңнамалық акті леріне пробация қызметі мәсе-лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының тұжырымдамасына, бас бостандығынан айырған жерлерден босап шығып, пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеу-меттік оңалтудың кешенді жобасына ұсыныс тар әзірлеу болып табылады. Осы жоба аясында Ұлыбритания-дан, Нидерландтан, Польшадан кел-ген сарапшылармен тығыз ынтымақ-тастықта жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі таңда тәжірибеде бар екі фазаға қосымша пробацияның сотқа дейінгі және пенитенциар-лық қызметтерін құру жоспарланып отыр. Жаңа жоспарланып отырған Заң жобасында Қылмыстық және Қылмыстық атқару кодексінде сот-талғандардың бостандығын шек-теуге, бас бостандығынан айыру

орындарынан шартты түрде мерзімі-нен бұрын босатылғандарға қатыс-ты про бациялық бақылау белгілеу және сот оларға қатысты әкімшілік қадағалау белгілеген босатылған адамдардың әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету көз-делген. Әлемдік тәжірибелерге қара-сақ, проба цияның төрт /сотқа дейінгі, шарттық-үкімдік, пенитенциарлық және постпенитенциарлық/ сатысы-ның бар екендігін айта кеткен жөн. Бүгінгі күні Қазақстанда пробацияның шарттық-үкімдік және постпенитен-циарлық сатысы жұмыс істейді. Осы семинар барысында Қазақстанда ғы пробация институтын дамытудың перспективасы талқыланып, «Про-бация туралы» дербес заңды әзірлеу мәселелері қарастырылды.

Руслан ТАЛАПҚАЛИЕВ,Орал қаласы пробация

қызметі бастығының орынбасары

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан мемлекеттік тіл-дің беделін көтеру үшін көптеген шаралар атқарылып, бағдарламалар жасалуда. Президентіміз де мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдануды талап етуде. Үкімет тарапынан мемлекеттік тілге қолдау көрсетудің бірталай бағыттары айқындалды. Мысалы, елімізде тіл-дерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға ар-налған мемлекеттік бағдарламасы өмірге енді. Бағдар-ламаны жүзеге асыру жауапкершілігі орталық және жергілікті атқарушы органдарға жүктелді. Тәуелсіз Қа-зақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр. Дейтұрғанмен, кей органдарда мемлекеттік тілге салғырттық та байқалуда. Хаттар тек ресми тілде келеді. Мемлекеттік тілдегі жазбаларда қателер көп. Оларды түзетуге елдің кез келген азаматы атсалысуға тиіс.

Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы, оны көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу оңай шаруа емес. Сондықтан, бұл мәселеде ақпараттық-техноло-гиялар көмегіне жүгінудің маңызы зор. Ол үшін қазақ тілін кеңінен үйрететін интернет вебсайттарды көбейту керек. Бүгінде Каз-тест вебсайты, тағы басқа бірнешеуі болғанымен, бұлар аздық етуде. Ғаламторда мемле-кеттік тілдегі ақпараттарды табу кейде қиынға соға-ды. Ғаламтор пайдаланушылары жыл сайын көбейіп келеді, сол себептен, бір орында тұрмай, күн сайын өзгеріп отырған заманға сай мемлекеттік тілді қолдау тәсілдерін де жаңа бағытқа ауыстырып отыру қажеттік-тері туындап отыр.

Елбасы халыққа жолдайтын жыл сайынғы жолдау-ларында мемлекеттік тілді назардан тыс қалдырмайды. Қазақ тілін барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы ретінде жан-жақты дамытуға көңіл бөлуде. Осы мақсатта Қазақстан халықы Ассамблеясы да өз стратегиясында мемлекеттік тілді қазақ халқы мәдени-етінің басты рөлі азаматтық және рухани мәдениеттің ортақ құндылығы ретінде жариялады. Ұлт көшбасшысы айтқандай, мемлекеттік тіл қазақстандық патриотизмді орнықтырады. Әлем тарихында да солай. Мемлекеттің саяси тұрақтылығының басты тіреуі – ол біріншіден, тіл болып табылады, тілдің дамымауы және жойылуы елдің қауіпсіздігіне әсер ететінін тарих жоққа шығармайды. Еліміздің тіл саясаты мемлекеттік тілді дамытуға және республикада қолданылатын өзге де тілдер үшін жағдай жасауға бағытталған.

Халқымыздың біртуар ұлдары Халел Досмұхамед-ұлы «Тіл – жұрттың жаны», – деп тілді жанға теңесе, Мағжан Жұмабаев «Ұлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ» дейді. Ғұламалар сөзі әрқайсымызды бейжай қалдырмауы тиіс десек, Алмалы аудандық №2 сотында мемлекеттік тілді қолдау мәселесіне үлкен мән беріледі, құжаттар мен хаталмасу мемлекеттік тілде жүреді. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік тілді дамыту бағдарламасын іске асыруда діттеген мақсатқа жетіп, қазақ тілінің мәр-тебесін асқақтатарымызға сенім зор.

Аян БИБАТЫРОВ,Алматы қаласы Алмалы аудандық

№2 сотының бас маманы

ПРОБАЦИЯНЫ ДАМЫТУҒА КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

«ТІЛ — ЖҰРТТЫҢ ЖАНЫ»

Тұғыр

Page 8: 124 (2902) 8 қараша 2016

8 №124 (2902)8 қараша 2016

[email protected]

Сауал – сізден, жауап – бізден

Байланыстелефондары:+7 713 251-04-13+7 702 226 07 35+7 771 187 47 31+7 705 383 96 31+7 707 892 55 14

[email protected]*

Оқырман сауалдарына заңгер

Серік ЖОЛДЫБАЙжауап береді.

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ НЕГЕ ШЕКТЕЛГЕН?

«Жауапкершілігі шектеулі серіктестік» деп аталатын ұйымдарды жиі ұшырастырамыз. Серіктестіктердің бұдан да басқа түрлері бар ма? Болса, бір-бірінен айырмашылықтары қандай? Бәзбіреулерінің неге жауапкершілігін шектеп қояды? Оларды неше адам қатысып, құра алады? Бір кітапта «жауапкершілігі шек-теулі серіктестікте 50-ге дейін қатысушы бола-ды» десе, екіншісінде «100-ге» жеткізіпті. Шын мәнінде неше қатысушыға дейін болуы мүмкін?

Даниял КЕРІМБЕКҰЛЫАҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қаты­

су шылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, не­гiзгi мақсаты пайда түсiруді көздейтін заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. Шаруашылық серiк­тестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жау­апкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Қатысушыларының құқықтары мен міндет­тері, құрылу тәртібі, қызметі, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы «Шаруашылық серіктестіктері тура­лы», «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жау­апкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңдарда қарас ты рылған.

Жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауап­кершiлiгi бар серiктестiктерді бiр тұлға құруы неме­се сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының бар лық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн болса, толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс. Соңғысына азаматтар ғана қатысушылар бола алса, алдыңғы екеуінде қатысу шылар қатарын заңды тұлғалар да, азаматтар да толықтыруы мүмкін.

Толық серiктестiктiң туындаған жауапкершілік алдында мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қаты су­шылары оның мiндеттемелерi бойынша ауыртпа­лығын өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып көтереді. Сол себепті ол толық серiктестiк деп та­нылады. Сенім серіктестігінде осындай қатысу шы­лар мен қатар, жауапкершiлiгi жарғылық капиталға өздерi салған салым сомасымен шектелетiн және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын бiр немесе одан да көп қатысушы болады.

Ал, қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағ­дайда енгізген салымдарының еселенген мөлше­рінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Оның Жарғысында қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері көзделуі тиісті. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелеріне жауапкершілігі егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртібі көз делмесе, қалған қатысушылар арасында салымдарына бара­бар бөлінеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің өзіне тән бір ерекшелігі – қатысушылары оның міндеттеме­лері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана тәуекелділік жа­сайды. Сонымен бірге, ЖШС­нің өзі де тиісті мін­деттемелеріне өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Бірақ өз қатысушыларының міндеттемелері­не жауап бермейді. Алайда, осы ережеден өзге ерек­ше жағдайлардың заңдарда арнайы көзделу мүм кін­шілігі жоққа шығарылмайды.

Серіктестіктердің «қатысушылары» кімдер де­генге келсек, олар – құрылтайшылар, сондай­ақ, ол құрылғаннан кейін серіктестік мүлкінен үлеске құқық алушылар. Негізінде шаруашылық серiктес­тiгi мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар бо­лып табылады.

«Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауап­кершілігі бар серіктестіктер туралы» №220 Заң 1998 жылғы 22 сәуірде қабылданды. Оның 9­бабының бастапқы мәтіні бойынша ЖШС­нің тағдырына ара ласуға құқығы бар қатысушыларының саны елуден аспауға тиісті болатын. «Қазақстан Республи касы ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықты ру лар енгізу туралы» 1999 жылғы 16 шілдеде қабыл данған №436 Заңның 1­бабы 9­тарма­ғының 2) тармақшасымен аталған Заңның 9­бабына енгізілген өзгеріс серіктестіктер қатысу шыларының санын елуден жүзге дейін ұлғайтты. Ал «Қазақстан Республи ка сының кейбiр заң актiлерiне бағалы қағаздар рыногы және акционерлiк қоғамдар мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2003 жылғы 16 мамырдағы № 416­II Заңның 1­бабы 15­тармағының 2) тармақшасы аталған Заңның 9­бабын мүлде алып тастады. Бұл жәйт соңғы өзгеріс күшіне енгеннен бергі кезеңде жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыла­рының саны заңмен шектелмейтінін білдіреді.

ЗАҢ-ТӘПСІР

«ТҮСІНБЕСТІК АЗАМАТТАРДЫҢ ӨЗ ҚҰҚЫҒЫН ДҰРЫС БІЛМЕУІНЕН ТУЫНДАЙДЫ»

ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ — ТӨРЕЛІКТІ СЫЙЛАМАУДЫҢ БІР ҚЫРЫ

– Жер телімдерін мемлекеттік мұқ таж­дыққа мәжбүрлеп алуға қатысты істер саны қанша?

– 2014, 2015 жылғы және биылғы жылдың алғашқы жартысындағы сотта қаралған осы санаттағы істерге назар аударатын болсақ, мұндай істер облыстың барлық өңірлерінде кездеспейтінін аңғаруға болады. Осындай істер, негізінен Астананың төңірегіндегі ау­дандар мен облыс орталығында кездесуде. Атап айтқанда, осы санаттағы істерді Аршалы, Шортанды аудандық соттары мен Көкшетау қалалық соты және облыстық маман дан­дырылған ауданаралық экономи калық соты қараған.

Статистикалық мәліметтерге назар аудар­сақ, бұл санаттағы істер жалпы істердің ішінде өте аз көлемде екенін көруге болады. Мәселен, 2014 жылы жерді мемлекет мұқтажына алуға байланысты сотқа 95 арыз түссе, олардың 49­ы қайтарылған, 39­ы сот өндірісіне алын­ған, 21 арыз қаралмай қалды рылса, 5 ша ғым бойынша қанағаттанарлық, ал, 1 шағымға қатыс ты талап­арызды қана ғаттандырмау жөнінде шешім шығарылған. 2015 жылы 46 арыз түссе, 1­еуі қайтарылып, 45­і сот өнді­рісіне қабылданған, 25 талап­арыз қараусыз қалдырылып, 15 іске қатысты қанағаттанарлық шешім шығарылған. Биыл ғы жылдың алғашқы жартысында 8 арыз түс кен. Олардың 6­ауы қабылданып, 1­еуі қайта рыл ған, 1­еуі қараусыз қалдырылған. 2 іс бойын ша қанағаттанарлық шешім шығарыл са, тағы 2 іс қайта қарауға жіберілген.

– Жеке меншік немесе заңды тұлғалар­дың иелігіндегі жер телімдерін мемлекет мұқтажына алу жайы қолданыстағы заңда­рымызда қалай қарастырылған?

– Барша байлықтың басы жер болып сана­лады. Сондықтан да, жерді күтіп ұстау, сақтау және тиімді пайдалану жайына мемлекеттік деңгейде үлкен көңіл бөлінеді. Қазақстан Ре­спубликасы Конституциясының 26­бабында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін мәж бүрлеп алу жекелеген шектеулі жағдай­ларда ғана және жер құнына сәйкес залал толтырыла отырып жүзеге асырылатыны анық айтылған. Мемлекет қажеттілігіне мәжбүрлеп алу нысаны заң бойынша тек жер телімдеріне ғана қатысты. Жер телімін мемлекет мұқта жы­на мәжбүрлеп алуға қатысты ақпарат меншік

Әділ төрелік жасау оңай нәрсе емес. Ал, тура төрелік жасап, әділдікті айтатын сотты құрметтеу – ел азаматтарының парызы. Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бас­тап бұл жауапкершілікті әрбір адам терең сезінуі керек. Судья алдында жалған сөйлеп, шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету де сотты сыйламауға жатады. Әсіресе, сот шеші­мі не өз сөзінің тікелей әсер ететінін біле тұра шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құр­мет темей тұрғандарын терең түсінуі тиіс. Шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп немесе SMS­хабарламалардың жеделдігі артқан қазіргі кезде сот отырысының уақытын­да өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, Қазақ стан Республикасының заңын да сыйла­мау болып табылады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 410­бабына сәйкес, сот талқы­лауына қатысушыларды қорлаудан көрiнген, сотқа бағынбау әрекеттері сотты құрметтемеу болып саналады. Мұндай заң талаптарын бұз­ған азаматтар әрекеттеріне қарай үш жүз ай­лық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айып пұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыс­тарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мер­зімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. Ал, судьяны және (немесе) алқа­бидi қорлаудан көрiнген дәл сол іс­әрекеттері үшін бес жүз айлық есептік көрсеткiшке дейiн гi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөл­шерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тар­

Орайы келген әңгіме

Білген жөн

Бар байлықтың атасы — жер. Осы орайда, қазіргі нарық заманында жерге қатысты даулар жиі орын алып жатады. Әсіресе, жер телімдерін мемлекет қажетіне мәжбүрлі түрде алуға қатысты туындайтын даулар күрделі болып отыр. Ақмола облыстық сотының судьясы Роза Ертаева жер телімдерін мемлекет мұқтажына алуға байланысты сотта қаралатын істерге, оның сипаты мен ауқымына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Ел Конституциясының 75-бабы 1-бөлігінде «Қазақстан Респуб лика-сында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп көрсетілген. Соны мен қатар, Елбасымыздың Жол дауында да құқықтық саясаттың ма ңызды мә-се лесі азаматтардың Конс титуция ке-піл дік беретін бос тан дығы сот ар қы-лы қорғалатыны айтылған. Адам ның тағдырын та ра зылау судьялардан үл-кен жауап кер шілікті талап етеді.

Роза ЕРТАЕВА, Ақмола облыстық сотының судьясы:

туға не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қа­мауға алуға жазаланады.

Сондай­ақ, жауапсыз азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 653­бабына сәйкес жазала­натынын ескеруі тиіс. Кодекстің бұл бабында процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олар­дың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себеп­терсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта бел­гіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай­ақ, сотты және су­дьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрі не­тін өзге де әрекеттер сотты құрметтемеу болып саналады. Заңды бұзған азаматтар әрекеттеріне қарай ескерту жасауға не жиырма айлық есеп­тiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамау­ға алу әкімшілік жазаларын алуы мүмкін. Ал, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде құқық бұзу оқиғасы қайталанған жағ­дай да отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлше­рiн де айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу көзделген.

Өткен жылы сотты сыйламау фактілері біз­дің аудандық сотта да бірнеше рет кездесті. Сот отырысына заңға сай шақырылған тарап­тардың уақытылы келмеуі, сотты құрметтемеу фактілеріне қатысты 11 тұлғаға әкімшілік жаза қол данылды. Мысал келтірсек, сот өндірі сін­дегі қылмыстық іс бойынша Р. жәбірленуші ретінде, сот отырысына шақыртылған, алайда, жәбірленуші белгісіз себептермен қасақана сот отырысына келмеуіне байланысты сот отырысы кейінге қалдырылып, нәтижесінде ол сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін аудан­дық соттың аға сот приставымен әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы жасақталып, соттың қаулысымен Р. Қазақстан Республика­сы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 653­бабы 1­бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы бап бойынша ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылған.

Сонымен бірге, сот өндірісіндегі қылмыс­тық іс бойынша азамат И. жәбірленуші ретінде шақыртылып, басты сот талқылауының бола­тын орны мен уақыты туралы тиісті түрде ха­бар ланғанмен, сотқа уақытында келуден дәлел­ді себептерсіз жалтарып, яғни, сағат 10.00­ге тағайындалған сот мәжілісіне сотқа шақыру қағазын ала тұра сағат 10.10­да сот тың күзет қызметкерлерінің журналына тірке ліп, сот оты­рысы залына кірмей және сот оты ры сы на қа­тыс пай кетіп қалған. Соттың қаулысымен бұл азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы ко дексінің 653­бабы 1­бөлігімен кінәлі деп та­нылып, оған осы бап бойынша 20 айлық есеп тік көрсеткіш мөлше рінде, яғни, 39 640 тең ге әкім­шілік айыппұл салынған.

Айта берсек, мұндай фактілер әлі де кезде­седі. Сондықтан, іске қатысушы тараптар ел заңдарының орындалуын қатаң сақтап, сотқа шақырылған мерзімде келулері тиіс. Ал, мұндай мәселелер бойынша бұқаралық ақпа­рат құралдары соттардан нақты ақпараттарды алып, халыққа жеткізіп отырса дұрыс болады. Себебі жоғарыда аталған азаматтар өздерінің жасаған іс әрекеттерін құқықбұзушылық деп түсінбейді, яғни, сот алдындағы өз міндет­терін толық білмейді.

иесіне жеткізілген сәттен бастап мемлекет оны сатып алуға қатысты артықшылықтарға ие болады. Мемлекет мұқтажына алуға жататын жер немесе басқа жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп алудың тәртіптері заңда жан­жақты қарастырылған.

Мемлекет мұқтажына алу жекелеген шек­теу лі жағдайларда ғана жүзеге асырылуы мүм­кін. Және ол жер телімін немесе жылжымай­тын мүлікті мемлекет мұқтажына мәжбүр леп алудан басқа тәсіл қалмаған жағдайда ғана іске асырылады. Сондай­ақ, мемлекет мұқта жы на қаншалықты қажет болса, сондай мөл шер де ғана алу принципі негізге алынады. Егер мем­лекет мұқтаждығын жер телімін мәж бүрлеп алудан басқа тәсілмен қанағат тандыруға бола­тын болса, мұндай жағдайда жер телімін алуға заң бойынша тыйым салынады. Мемлекет мұқтажына мынадай жағ дай лар да жерді алуға болмайды: коммер ция лық немесе мемлекеттік емес мұқтаждықтар үшін; мемлекеттік емес мүдделер көзделген жағдай ларда; мемлекет құзырындағы міндеттер шегінен тыс әрекеттерге байланысты; қоғамдық мәні бар мақсаттарды қамты мағанда.

– Жер телімін немесе жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажына алуға байла­нысты туындайтын дауларда көбінесе кел­тірілген залал құнының көлемі сөз болып жатады. Залал құны қалай есептеледі?

– Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп алуға байланысты жер телімдерінің құны қалай белгіленетіндігі «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның 67­бабы 2­тармағында анық көрсетілген. Үй салу үшін берілген жер телімін мемлекет мұқтажына алуға байланыс­ты оның құны жер телімі мен үй құрылы сы­ның нарықтағы бағасынан жоғары емес дең­гейде белгіленеді. Сот шешіміне сай аза мат­тық­құқықтық келісім бойынша меншікке көшкен жер телімі сол келісімде көрсетілген баға мөлшерінде және нарық бағасынан жоғары емес деңгейде белгіленуі тиіс. Жер телімінде орналасқан үйдің бағасы сол тұс­тағы нарық бағасынан жоғары емес көлемде белгіленеді.

Жер телімінің нарықтық құны жоғарыда аталған заңның 208­бабына сай тәуелсіз сарап­шылар арқылы анықталады.

– Жер телімін немесе жылжымайтын мүлікті мемлекет мұқтажына алуға байла­

нысты түсінбестік жайлар жиі орын алып жатады. Тіпті, сот шешімдеріне келіспей, наразылық танытатындар да кездеседі. Осы жайында не айтасыз?

– Бұндай түсінбестік жайлар, өкінішке қарай, көбіне азаматтардың заңды дұрыс біл­меуі нен туындап жатады. Мәселен, Көкшетау қаласының әкімдігі сотқа Т. деген азамат тұрған жеке меншік үй алаңын мемлекет мұқтажына алуға қатысты талап­арыз берді. Талап­арызда алынатын жер телімі мен жыл­жымайтын мүлік құны сол тұстағы нарық бағасын ескеріп 14 977 073 теңге деп белгі­ленген. Сот талап­арызды қарап, заң шеңбе­рін де оны қанағаттандыруға шешім шығарды. Сот шешімі шыққаннан кейін бір ай мерзім ішінде азамат Т. шешімге келіспейтінін айтып, жоғары сот қатарына шағымдануына болатын еді. Бірақ ол белгіленген мерзімді өткізіп алып, сотқа кеш шағым түсірген. Ол сотқа жерін қала қажеттілігіне алуына қарсы емес­тігін, бірақ белгіленген залал құнына келіспей­тінін айтып шағымданды. Дегенмен, заңда белгіленген мерзімді өткізіп алған дықтан, бұл іс сотта қаралмады.

Өкінішке қарай, заңды және өз құқықтарын дұрыс білмеуден осындай түсінбестік жайлар туындап қалады. Біз құқықтық­демокра тия­лық қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Барлық даулы мәселелер заң шеңберінде шешілуі тиіс. Осыған орай, әр азамат өз құқықтары мен заңды білсе, түсінпестік жайлардан аулақ бо­лары анық.

– Әңгімеңізге рақмет.Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Б.КЕНЕСБАЕВА,Мұнайлы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі

Маңғыстау облысы