Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең...

264
1 Сайын Назарбекұлы Шығармалар жинағы 5 том Маңғыстау ойың терең тауың биік Триптих әңгімелер Үш әңгіме Шотан батыр, драма Мақалалар «Адай шежіресіне» алғы сӛз Ғұмырбаян Алматы, 2011. «Жазушы»

Upload: others

Post on 25-May-2020

63 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

1

Сайын Назарбекұлы

Шығармалар жинағы 5 том Маңғыстау ойың терең тауың биік

Триптих әңгімелер Үш әңгіме Шотан батыр, драма Мақалалар «Адай шежіресіне» алғы сӛз Ғұмырбаян

Алматы, 2011. «Жазушы»

Page 2: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

2

Мырзатай Болат, әдебиетші

Ӛзi жазып отырған дәуiрдiң тыныс-демiн, бояу-реңiн, салт-

дәстүрiн, бip сӛзбен айтқанда, бiтiм-болмысын бұзбай, кӛкiрегiңе сол табиғи қалпында кӛшiруге ұмтылатын прозашы ӛз кейiпкерлерiнiң мiнез-құлқын беруге де ұста.

Сайынның тарихтан тамыр тартқан прозасында елге тұтқа ерлер, ipi, кесек мiнездiң адамдары кӛбiрек кӛрiнедi. Шотан мен Балуанияз батыр, Шыли сыншы, Жүсiп шебер, Бақажан, Сағындық, Саназар, Қоштай секiлдi ipi байлар осы қатарда. Олардың атын кӛпшiлiк, негiзiнен, түрлi нұсқадағы аңыздық сипаты басым әңгiмелер арқылы ғана бiлетiн. С.Назарбекұлы шығармашылығы арқасында бұл тарихи тұлғалар ел санасына берiк орныға түскендей.

Сайын прозасы дегенде, мiндеттi түрде айты- луға тиiстi қадау-пiкip бар. Ол-қаламгерiмiздiң алпыс жасында қазақ қара сӛзiнiң майданына бел шешiп түскенi. Шыны керек, бiздер, маңғыстаулықтар, тағдыры тартысқа толы туған ӛлкемiздiң ӛткенiнен кем-хабармыз. Сайын, айналма соқпақтарға түспей, кӛп жағдайда тарихқа тура тартады. Сайын прозасы сол үшiн де қасқалдақтың қанындай!..

Page 3: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

3

Адай арғымақтары (триптих) Шұбар ат жалы Алла тағаланың бiр сәттi күнi пейiлдес iнiм: ―Аға, үй күшiк болып жата бересiң бе? Жеңгемiздiң қасы қаншама жайлы болғанмен Сiз үшiн дала құшағы – бар құшақтан жылылау, дала топырағы – бар мамықтан жұмсақтау екенi бiзге белгiлi ғой. Бозашы биыл қоянды. Үш қоянға ұлқсат қағаз алдым. Даланы бiр аралап қайталық,‖ – деп, телефон соққаны. Жас алпысқа жетiп, баяғы ұр да жық қуат кемiп, лыпып тұратын дене шау тарта бастаған кез – кiсiнiң ағайынға қайыры тиерлiк мансапты жұмысы болмаса, кӛршi-кӛлеммен аямай алысып-берiсерлiк мол дүниясы болмаса жай ғана ағалық беделдiң берекесi кете бастайтын кезi болса керек. Бiр кезде адамды кiсi атандырған, жiгiттi аға атандырған азды-кӛптi еңбектерiнiң бара-бара құны кемiп, есiркеп еске ала жүрерлiкке жарамай, тiптi кей-кезде зиянына шығып жататын кезi де болады екен. Iнiнiң бұл шақыруы менiң бұға бастаған ӛзiмшiлдiк сезiмiме қуат берiп, бiраз жалдандырып тастаған едi. Бiр күн дайындалып жолға шықтық. Күздiң жаңбыры аздау жақсы кезеңi болып шықты. Аң кездесе қоймай, мақсатсыз жүрiстен жалыққан мен, кӛлiгiмiздi анадайдан кӛрiнген тӛбеге, дәлiрек айтсақ тӛбеден гӛрi қысқалау қыратқа ұқсас жалға қарай бұрғыздым. Басына ауыл қондыруға жарамағанмен бiр шама тегiс, сәл созыла сұлаған құмдақтау жал-тӛбе болып шықты. Талай жолаушыны жолынан қалдыра басына шақырған тӛбе болуы керек, табиғатқа ойран салып ӛтер ӛркениет iздерi сайрап жатыр. Қалбыр дейсiң бе, қаңылтыр дейсiң бе… Дегенмен ақшотауы мен шағыры, түйеқарын мен балықкӛзi араласа ӛскен бұл тӛбенiң әлi де сәнi кете қоймапты. Мiне ғажап, аласалау обасы да бар болып шықты… Құмды даладағы тас оба менi бiрден ой теңiзiне шомылдырды да жiбердi. Осындайда адамға бұралқы сұрақтар да үйiр-ақ…

…Бұл оба ненiң белгiсi?.. …Маңайында тасы жоқ бұл қиянға оба үйген кiм болды екен?.. …Тасты қайдан алған?.. …Бұл жәй оба емес әлде кiсi мүрдесi ме?..

…Жас жiгiттер түстiк қамына кiрiсiп кеткен. Олардың елсiз далада,

иесiз тӛбеде шәйнек iлген мосысы, астына жағып жатқан газы – мынау техника заманынының бұл азаматтарын сонау қазақтың кӛшпендi бабаларының тұрмысымен жалғастырып жiбергендей едi…

Page 4: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

4

…Менiң үйiндiнi зерттей қарап жүргенiмдi байқаған – денесi сәл ертелеу молайғанына қарамай ел аралалауға, жол жүруге жалықпайтын, Бозашы ӛлкесiнiң тiрiсi түгiл ӛлiсiн де ―жатқызып-ӛргiзетiн‖ осы сапарға шақырған iнiм қасыма келiп: ―Сәке, бұл жалдың, мына обаның тарихын бiлесiң бе?‖ – дегенi.

– Жоқ. – Бұл жер ―Шұбар ат жалы‖ деп аталады.

Екеумiз де келiсiп қойғандай обаға сүйенiп отыра кетiппiз. Iнiм бiр шама әңгiмешiл, бiр шама ел тарихынан хабары бар адам едi. Екi-үш ғасыр бойы ауыздан ауызға кӛшiп, құлақтан құлаққа жетiп, айтылған сайын ызасы ұмытыла, алыстаған сайын қасиетi арта түскен, ежелден бұл ӛлкенiң әр перзентi ӛзiнен кейiнгi ондаған ұрпақтың ӛмiрiне ӛнеге, ерлiгiне үлгi ретiнде үлкенi айтудан жалықпайтын, кiшiсi тыңдауға ерiнбейтiн ―Шұбар ат жалы‖ атты хикаяны бастап кеттi… …Сонымен… Қазақ-Жоңғар шайқастарында ерлiк даңқымен атағы бар қазаққа танымал болған, жасы жетпей ақылы толысқан, он бесiнде батыр, жирмаға толмай ел ағасы атанған Шотан батыр адайлардың алғашқы легiн Үстүрттен Маңғыстауға құлата бастайды… …Сонау бiр аласапыран заманда еркiмен бе, ерiксiз бе, әйтеуiр, адайлар Жошы, Бату тұқымына ерiп Қырым мен Қап (Кавказ), Таң (Дон) мен Қазақ (Азов) асып кеткенiнде есiз қалған Маңғыстауды түрiкмендердiң егдiр, шәудiр деген тайпалары иемденiп, бауыр басып кеткен болатын. Кейiн жоңғарлар да қоныстас бола бастаған. Адайлардың ата қонысы Маңғыстауына осы ораларында алғашқы келген алпыс үй Бозашының солтүстiк шығыс жағына қоныс тепсе керек… Егдiр-шәудiр мен адайлар арасы Шұбар ат уақиғасына дейiн ынтымақты, тату кӛршiлiк жағдайында болыпты. Бұл татулыққа негiзгi себеп болған егдiр-шәудiлердiң ӛз бауырлары Жәумiт түркiмендер шабуылына ұшырап, қолды болған мал-жанын адайлардың кӛмегiмен қайтарып алғаны себеп болғанға ұқсайды. Соның арқасында аз үй адайлар Маңғыстау ойына құлағанда түрiкмендер онша тарлық жасамады. Тегi бiр екi ел тез араласып кетiп едi. Тарих дӛңгелегiнiң бiр бейбiт кезеңiне тап болған бұлар той тойласып, ас берiсiп, бақ пен байлық бәсекесiне түсiп, абырой мен атаққа таласып, келiндi бiрге түсiрiсiп, қыздарын бiрге ұзатысып жатты. Бұл жолы да олар бiр-бiрiн тойға шақырысты.

Ал бұл той – ерекше той болатын…

Байлығы аңызға айналған Ескелдi Саназар бай қыз ұзататын болып елге сауын айтқалы, бас бәйгеге тоқсан жетi байтал тiгiлетiнi ел құлағына шалынғалы Маңғыстау ойы түгел атбегiлiк ӛнерге бет бұрғандай болатын. Бiрақ бәйгiден дәмелiлер де, ат жаратпайтындар

Page 5: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

5

да Саназардың бас бәйгi ―бiр атақты қыздың қалыңмалы‖ деген шешiмiн қолдамайтын. Ӛзара әңгiмелерiнде "Түрiкмен арғымақтарынан бiзге аламан жарыстың бас бәйгесi түгiл, от басының орамалы да ауыспас" деп күңкілдесетін.

Саназар түрiкмендерге сыйлық кӛрсеткiсi келсе қора-қора малынан у-шусыз бӛлiп бере салмай ма дейтіндер де табылып жатты.

Ел намысының ескерiлмегенi қалай? Ертеңгi күнi ӛз елiнiң басқа жұрт алдында абыройы олқы, кӛңiлi орта болып тұрарын қалай сезбейдi?..

Саназар бай адайлардан шашуға жететiн байлық табылғанмен шашуға арналған намысының жоқ екенiн бiлуге тиiс едi ғой...

Ел Саназарды тiрi әулие санап жүргенде, не ойлағаны бар екен?..

…Адайлар бұл кезде ұзақ жылдар бойғы сұрапыл соғыстардан сәл қолы босап, бейбiт ӛмiрдiң қызығы мен бәсекесiне, шаруа мен тiршiлiк қамына кӛбiрек кӛңiл аудара бастаған кезi болатын.

Әлгiдей қаңқу әңгiмелер Саназар байдың құлағына да жетiп жатты. Бiрақ бай қамсыз емес-тi.

Ол әуелi Шотан батырмен ақылдасқан. Батырдың ақылымен Арқада қалған атақты зергер, ұста, тамшы Жүсiп пен сыншы Шылиды алдыртты. Шотан батыр түрiкмен кӛршiлерге адай елiнiң ӛнерi мен күшiн, ауызбiрлiгi мен адуын мiнезiн, әсiресе жiгiттердiң әскери рухының жоғарылығын, есебiн тауып, байқатып отыру керектiгiн қайта-қайта айтудан жалықпаушы едi.

Маңғыстаудың ежелден адай жерi екенiнiң дәлелi ретiнде Жүсiп шеберге Аузорпа жерiндегi ескi қорымдағы бiр баба басына Азау даласында салдырғандай бiр сағана тұрғызу жүктелдi. Той артынан баба басына тәу ету ойластырылды.

Тойға дайындық жұмысы қыз ұзату үшiн емес бiрте-бiрте түрiкмендермен бәсекеге түсу мақсатына айналып бара жатқандай едi.

Саназар басқа шаруалардан сәл қолы босаса жылқы аралап жүрген сыншыға жететiн. Ӛзiне бiткен сан мыңдаған жылқы iшiнен жалынан сыйпарлық бiр мал таппаған Шыли сыншыға оның соңғы күндерi сенiмi кете бастады. ―Тоқсан жас бұл сыншыны да жеңген екен‖ – деп, қолдағы дәмелi аттарын Шылидан басқаларға жараттыра бастаған.

…Тоқсанға келсе де қарттыққа әлi бой алдыра қоймаған Шыли аз ұйықтайтын кiсi екен. Бүгiн де тым ерте тұрып, ауыл сыртындағы тӛбе басында, жаңа шығып келе жатқан күндi қарсы алып тұр.

Қасына келген Саназарға бұрылып қарамастан: – Тонау не? – дедi. – Күн ғой!

Page 6: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

6

– Ой бар болғыр, менi күндi танымайтындай алжыды деп тұрсың ба?.. Күннiң астындағы не деп тұрмын. – Ол бiр кiшкене тӛбешiк.

– Ал, бай-еке, сүйiншi.! Сол тӛбешiктiң арғы жағында тұяқты жылқы түгiл қанатты құсқа шалдырмас арғымақ тұр. Кәзiр таң алдында аруақтар аян берген болар түсіме кірді. Аттарды келтiр, барып қайталық…

Бұлар сүт пiсiрiмдей уақытта, асығыстау желе-жортып тӛбе басына да жеткен едi. Тӛбенiң күншығыс жағы тiршiлiк ұясындай жып-жылы қазан шұңқыр екен. Жан-жағындағы қырқалардан сәл ертерек кӛгере бастапты. Жаңа шығып келе жатқан күнге ӛз тынысымен тiрлiгiн бiлдiре үн қосып жатқандар. Таң мезгiлiн дұрыс пайдаланып қалалық дегендей боп, бiр-бiрiнен алдындағы кӛктi қызғанғандай қапылып, жерден қылтиа кӛтерiле бастаған кӛк басын бырт-бырт үзе асығыс қыбырлап жүрген қойлар, оларға қарап қатып қалған қимылсыз қойшы. Бүгiнгi қой қарбаласынан да, ертеңгi ӛзi себепкер болар ел дүрбелеңiнен де бейхабар, басы салбырап мүлгiп тұрған қойшының шұбары. Ат қасында жатқан қазақы арлан тӛбеттер… Олар иттiгiн бiлдiрерлiк ырым жасап ―әуп‖ ете түстi де, ―бiздiң бар шаруамыз Шұбардың ұйқысын қору ғана‖ дегендей, орындарынан да қозғалмады. Бейсеубет жолаушылардан сескенгендей кейiп танытқан қойшы, жеделдете басып атына жетiп, тез қимылмен айылын тартып, асығыстау мiнiп те алды. Жақындай бере байды танып даурыға сәлем берген оған ернiн жыбырлатқаны болмаса назарын шұбар аттан аудара алмаған Шыли сыншы:

– Тап соның ӛзi! – дедi, сенiмдi үнмен. – Япырым-ай, ә? – дедi Саназар, күдiгi барын байқатқандай боп. Қойшының ер-тұрманын аудартып тастап, қаражал Шұбар атты

жетегiне алған Шыли қарт сол күннен бастап бұл ӛмiрде Шұбар аттан басқа да тiршiлiк мұраты бар десе таңырқардай едi.

Шұбардың тұла бойынан оған ұнамағаны аттың күтiмсiз кеткен тұяғы ғана болды. Кiсi қолы тимеген мүйiз тұяқ ұзара ӛсiп жарылып, тiптi кейбiр жерлерi кетiлiп те кетiптi. Тұяқ мұнтаздай тегiстелдi. Шұбарға арнап тiгiлген үйге тақырдан саз алдыртып, оны тұяқ еркiн бататындай етiп күнiне бiрнеше мәрте ылғалдатып екi жұма атты сазға тұрғызды. Ендi Шұбардың тұяғы дӛңгелене, мүсiндене сәнiне келiп, шапқанда ат салмағын қиналмай кӛтеретiндей, қатты ысып кетпейтiндей қалыңдап, сыншының кӛңiлi бiтерлiк дәрежеге де жеттi. Саназардың ӛзi таңдап берген екi балаға кезек жем бергiзiп, су құйдыртып алыстан бағып тұратын сыншы, қолда ӛскен, кiсiге үйiрсек малдың қай балаға кӛбiрек мейiрлене қарайтынын анықтай алмай, бiраз күн екi ұдай боп та жүрдi. Ақыры, Шұбардың бiр күнi алдыңғы балаға назар аудармай сәл кейiн келе жатқан Шопанқұл қолындағы

Page 7: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

7

шелек суға бас қойғанда, Шыли кӛңiлiн басты. Сол күннен бастап жеке-жеке үш тiршiлiк иесi бiртұтас денеге айналды. Тiршiлiк қазығы Шұбар ат та, Шыли мен Шопанқұл тiрлiгi Шұбардың жемi мен суы, сiдiгi мен тезегi, терi мен терiсiне байланысты болып қалды. Анда-санда Саназар бай келiп бұлар қасында ұзақ отырып, Шылидан ат жарату ӛнерi жӛнiнде, адайлардың соңғы рет Маңғыстаудан қашан кеткенi, осы ұзақ қилы замандарда не iстеп, не қойғаны жӛнiнде әңгiме тыңдайтын. Басқа уақытта күш-қуатын үнемдегендей боп ыммен бұйырып, қолмен жұмсап отыратын сейiс, Саназар келсе қабағы ашылып, кӛзi нұрланып, аяқ астынан әңгiмешiл кiсiге айналып жұре беретiн…

– Ақсақал, Сауранда Үш Жүздiң бас қосып берген асында Сiз ат оздырды дейдi ғой! Сiздiң арқаңызда ―адайлардың кӛкмойыны‖ деген сӛз шығыпты, ол не сӛз?.. Талай естiп жүрген бұл әңгiменi Саназар атақты сейiстiң ӛз аузынан естiгiсi келгендей, сыр тарта сұрақ қойды.

– Ой шырағым-ай, о заманда кiм ат жаратып қарық қылып жатты дейсiң? Ол кез – күнде қиқу, күнде шабуылдың кезi емес пе? Дәмелi атты бiр-екi күн сылап-сипап қоса салатын уақыт едi ғой ол. Бiз осы ұзақ ғұмырымызда жас болдық, ӛмiр сүрдiк деп айта алмаймыз. Шешiнiп тӛсекке жатып, уайымсыз ұйқыдан оянған күндерiмiз аз болды. Ешкiмнiң басына түспегей ондай заман. Жоңғар деген жау шығып, ел берекесi қатты кеткен кез едi ғой… Тәуке хан бiздердi Алатаудан Сауран маңына кӛшiрiп, елдiң бас аяғы жиналмай, тiптi кейбiр ағайындарға хабар тимей Алатау маңында қалып, үйiрiне қайта қосыла алмай да қалмады ма…

…Маң дала… …Тұп-тұнық ауа… …Тылсым тыныштық… …Әр бұта – дала кӛркi… …Әр оба – ел тарихы… …Соларды ел мұрасына айналдырар әңгiме… …Соларға табынған болмыс… …Соларды аңсаған сезiм… …Обаға сүйенiп ой толғап отырып, қиял қанатында бағзы

замандар уақиғасына араласып та кетiппiн… …1710 жылдары қазақ халқының басына бiр зобалаңның

жақындап қалғанын сезген Тәуке хан – Түркiстан, Сауран маңына атағы мәлiм ержүрек тайпаларды қоныстандыра бастайды. Ноғай мен қазақ айрылысқан заманда Едiл-Жайық бойынан Алатауға қоныс аударған, ерлiк даңқы ертеден мәлiм адай тайпалары Хан бұйрығымен Сауран маңына орналасады. Осы кезеңдегi жоңғар-қазақ шайқастарында атағы шыққан алты тайпаға Тӛле би кейiн:

Page 8: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

8

Асыл тусаң Керей бол Үш қазаққа мерей бол. Уақ болсаң Шоға бол Даулы iсте жорға бол. Арғын-Қыпшақ болсаң Алтай бол, Найман-Қоңырат болсаң Матай бол. Байұлы болсаң Адай бол, Үйсiн болсаң Ботпай бол – Бұл алтауы болмасаң Қалай болсаң солай бол – деп, мадақ сӛз айтқан екен.

Адайлар осындай жағдайда қоныстанған Сауранын үш айнала

кӛшiп, сол маңайда жарты ғасырдан астам арпалыс соғыспен ғұмыр кешiп, 1770 жылдар жобасында (жоңғарлар елi жер бетiнен жойылғаннан кейiн), Сауранды ӛз иелерiне босатып, ата-баба қонысына бет түзейдi де, алдымен Жайық, Жем, Үстiрт маңына жетедi. Қазақтардың ұлы хандарын кӛрген, қазақ елiнiң бiртұтас ел болып сыртқы жауларымен азаттық соғысында шыныққан адайлар орыс мемлекетiнiң қолдан құрған Бӛкей хандығын мойындағысы келмейдi де, алғашқы легi Қырдан Ойға құлай бастайды…

Ол кезде бұ қоныс түріпендер иелігінде болатын. Сонау Жошы хан, Батый хан замандарында – Маңғыстаудан

Қырым-Кавказға, ноғай заманында Едiл-Жайыққа, қазақ хандығы құрылғасын Едiл-Жайықтан Алатауға, Алатаудан Түркiстан-Сауранға кӛшкен, бес ғасыр бойы қасиеттi ата-бабаларының сүйектерiн жат жерде қалдырған адайлар ӛз мекенiне үлкен сағынышпен қауышады. Алыста қалған баба мұрделерiне деген құрметiн жаңа тұрғызған мазарлары арқылы кӛрсеткендей болып, ерекше сәндi күмбездер тұрғыза бастайды… Ал ӛткен күндерге деген сағыныштарын әр тӛбеге оба үйiп басқандай болады… Маңғыстауда басы бос тӛбе болып жарытпайды, оларды не оба, не мола қарайтып тұрады. Әр обаның ӛз уақиғасы, әр моланың ӛз тарихы бар…

– Түрiкмендер де жылқы малын құрметтейтiн ел. Ақсақал! Сiз байтақ қазақтың Үш Жұзiнен де ӛнер асырып, атақты аста ат оздырғанда осы азғантай егдiр-шәудiрлерден де сескенесiз бе?

– Әрине, бiрақ түрiкмендерден де ат оздыруға болады. Ол үшiн бiрiншiден жылқы танып, сосын оны дұрыс жарата бiлу қажет. Сонан соң бiздiң аттарды осындай тойларда екi кӛш, ал үлкен астарда үш кӛш жерден жiберген дұрыс.

– Шұбарыңыз қаншаға шыдайды деп ойлайсыз? – Әуелi елу-алпыс шақырымға жiберiп бiр байқап кӛрелiк…

Page 9: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

9

…Асығып – сенiң тынышыңды да алмайтын, кешiгiп – сенiң берекеңдi де кетiрмейтiн уақыт деген ӛзi бiлiп, ӛзi тындырар құдiрет бұларды той күнiне де жеткiздi…

…Той кӛктем мен жаздың астасқан шағына сәкес келдi… …Бар тiршiлiгi тоқтышақ жұмыршағының тойғанына, ене мал

емшегiне жүгiрген сүт молдығына байланысты кӛшпелi елдiң кӛңiлi ӛсiп, қанағаты молайып, қарнының да, кӛңілінің де тоят табатын кезi. Осы уақыт күнi-түнi iрiмшiк пiсiрiп құрт қайната еңбек ететiн де, той тойлап ас бере кӛңiлденер де мезгiлi…

Той – аз ауыл берiштер тобын бастап Есболайдың, оның әрқайсысы бӛлек-бӛлек ауылға айналған балалары – Итемген, Кӛтен ауылдарының келуiмен басталды. Кӛптен бiрге кӛшiп, бiрге қонған ағайындар, тойға келмей қалғандардың атын атап, түсiн түстей iздеп те жатыр. Ендi аз уақытта түрiкмендерден басқалары түгел түгенделiп те қалып едi.

Сәске түс шағында негiзгi қонақтар – түрiкмендердiң де қарасы кӛрiнген. Саназар оларды қарсы алуға әдейi дайындаған алпыс жiгiттi атқа қондырып, ӛзi бастап шықты. Шотан батырдың бұл әрекетi – бiрiншiден адайлардың ӛз ата-баба қонысы Маңғыстауына түрiкмендердiң шатақсыз қоныс бергенiне бiлдiрген ризашылығын бiлдiру болса, екiншiден, керек болған жағдайда, атқа қондырар азаматы барлығынан да хабардар ету болатын.

Той сәттi басталып, жақсы ӛтiп жатты. Бiрақ бәсеке бар жерде даудан, кӛршi бар жерде жаудан қашып құтыла аларсың ба?.. Аттарды қарақшыға жiберер жерде ешкiм астына от жақпай-ақ пiсуi жетiп тұрған даудың иiстене бастаған буы ӛз-ӛзiнен бұрқ ете қалды.

Алдымен екi кӛш жердiң қай тӛбеден басталатыны дауға түстi. Ақыры оны қозы кӛш жерге берi жылжытып барып мәмiлеге келiстi. Содан кейiн бәйгi жолында балаларға жол сiлтеп тұратын қарақшы аттылар санына таласты. Ақыры бiр адай, бiр түрiкменнен жетi қарақшы қоймаққа келiстi.

…Бұлардың болмашы нәрсеге бола дауға дайын, жанжалға жақын тұру себебi – әзiрге екi ел арасында ашық айтыла қоймағанмен, ӛкпе-бауырды кеселдi дерттей сыздатып бара жатқан, жер мен қоныс уайымы едi. Алпыс үй адайға бола Бозашыдан айрылуға айналды. Ал алпыс үй алты жүзге айналса не болмақ?.. Бозашы емес, Маңғыстау қоныс бере алар ма оларға?.. Алты жүзi алты мыңға жетпесiне кiм кепiлдiк бере алады?.. Онда аз ауыл егдiр, шәудiрге Қарақұмға дейiн ысырылуға тура келер… Қиян шет Маңғыстауда отырғанда желкелеп жүрген Жәумiт ағайындар бұларға құшағын аша қояр деймiсiң?..

…Ал адайлар болса тегi бiр туыс ел емес пе едiк дейдi… …Ӛз жерiмiзге, ата-баба қонысына қайта оралсақ, жанжалсыз

жерiмiздi босатпай ма дейдi…

Page 10: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

10

Бұл ойлар жүйкеге тиер, жүрек сыздатар ауыр ойлар болатын. Содан да болар, осындай жағдайға ұшыратып отырған адайлар кӛзге түссе, түрiкмендердiң сыздаған жарасынан сыз шығып кетiп, бетiн сыйпағалы отырған алақаны жұдырыққа айналып жүре беретiн. Кей-кейде орынсыз шектен шығып кеткендерiн байқап, сабасына қайта түсуге сылтау таппай отыратын да кезi болатын. Бұл жолы да ширығып отырғандарды сәл босатып жiберуге Шылидың бiр ауыз сӛзi себеп болды. Кӛптi кӛрген қарт қарақшыға жақындаған бәйгi аттарды тартудың шабандоз балаларға қауiптiлiгiн нақты мысалдармен дәлелдеп, ендiгi жерде ат тартуды доғаралық деген ұсынысқа екi жақ бiрiгiп қартқа қарсы тұрды.

– Демiгiп келе жатқан жануарды сәл демеп жiбермесек, не үшiн келемiз тойға? – дедi, бiреуi.

– Қарақшыға жақындағанда қосыла шауып қол ұшын бермесек аулымызға ат оздырдық деп қалай мақтанып барамыз? – деп, бұра тартты, бiреуi.

– Қанымызға қызу берерлiк қызығымыздан айырмақсыз ғой!..

– Онда қай аттың озып келгенiн тойға бармай, үйде жатып та естiмеймiз бе?..

Шыли ұсынысы қабылданбады, бiрақ бұл бәрiне керек сӛз болып шықты. Аңдысып отырған екi жақты сәл нәрседен де болса мүдделес етiп, олардың осы әңгiме үстiнде тым алшақтап кетуiне мүмкiндiк бермегендей болды…

…Осы кезде даладағылар, айтылып жатқан әңгiмеден хабары жоқ, қызықшыл жандар, бұл тойдан жанына керектiң бәрiн де алып жатқан болатын…

…Адайлар түрiкмендердiң домбыра сазына бас шайқасып, таңдайларын қағысса, әндерiнiң үнi кӛмекейге кептелiп шыға алмай қалатын жерiнде қыран-топан күлкiге батты.

…Түрiкмендер адай термешiсi терме сӛздерiн үстi-үстiне тӛкпелеп, құлақ естiп, сана саралалап үлгере алмай жатқанда: ―Әй адайлар, асықпасаңдаршы. Әлде тағы да кӛшетiн болып, барлық жырларыңды айтып кеткiлерiң келiп жатыр ма‖ – деп, келеке еттi.

Бұл тойда қымыз да кӛп болды, қызық та мол болды.

Адай әйелдерiнiң етегiн ышқырына қыстыра салып, бiр-бiрiнiң белдерiнен гӛрi мойындарынан ұстауға тырысатын күрес-жағаласын кӛргенде түрiкмендер де аттарынан түсiп қала жаздап, қауқылдасты.

Ӛмiрi ӛзге әйелдiң аппақ арқасы түгiл жылт еткен балтырына кӛзi түспеген түрiкмендер күресiп жатқан келiншектердiң тағы қандай жерi жалаңаштанып қалар екен дегендей, ер еңселi, палуан пiшiмдi қазақ әйелдерiне тамсана таңданумен болды. Күлкiге мас болып басы

Page 11: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

11

былғақтап, түсiп кеткен сеңсең бӛрiктерiн ат үстiнен қамшыларымен кӛтерiп алып, кӛздерiн бiр сүртiп бастарына киiп жатты.

Ал келiншектердiң жаяу жарысында түрiп алған балақтары жазылып кетiп, ӛз балақтарына ӛздерi сүрiнiп құлағандарын кӛргенде бұл топыраққа ендi қайтып адам баласының жасы тамбастай, аспанын бұлт торламастай едi. Қымыз тәнiн, ойын жанын жадыратқан тойшылар бұл сәтте қызықтың бiр сәттiк, ӛмiрдiң бiр оқтық екенiн ұмытқан да болатын…

Халық қызыққа тоймастай едi… …Кенет кӛп күлкiнi, кӛтерiңкi кӛңiлдi ―аттар кӛрiндi‖ деген бiр ауыз

сӛз су сепкендей басып тастады… Жұрттың бұ мiнезі қазақ пен түрiкмендердiң сәнi мен қызығы,

ӛмiрiнiң қасiретi мен қуанышы – тойда ат оздыру болғаны ма? – деген сұрақ қойғызғандай едi.

…Бәрiнiң ойында жалғыз сұрақ – кiмнiң аты?.. …Жүзiнде жалғыз абыржу – кiмнiң аты?.. Ас, тойларда кӛбiне аттары озық келiп жүретiн түрiкмендердi, жап-

жаңа ғана әзiлi жарасып тұрған қазақтар ендi қызғаныштың суық ызғарына шалынған сұқты кӛздерiмен ата бастады.

Кәзiр сеңсеңдерiңдi аспанға лақтырып мәз боласыңдар-ау‖ – деген қызғаныш оты едi, ол…

– Жалғыз келедi! – Боз ат! Үстiнде бала жоқ секiлдi! – Жоқ, баласы бар, жалына жатып алыпты! – Саназардың Шұбары! – Әруақ!.. Әруақ!.. Әруақ!..

…Кәзiр ғана адайлар үшiн қол жетпес биiкте тұрған түрiкмендер ендi кӛзге iлiнбек түгiл, кӛңiлден де орын ала алмай қалған болатын.

…Кеше қойшы мiнiп жүрген жаман шұбар, керек болса ешкiмнен ұрқсат сұрамай кез-келгенi мiне шабатын шабан шұбар осы сәтте ұсынсаң қолың жетпестей алыстап сала бердi. Ендiгi жерде оның арқасына тақымың тимек түгiл, жалын сыйпайтын жерге қолыңды жақындата алмайтындайсың.

Еңселерi биiктеп, аруақтары айбындап тұрған адайлар кешегiсiн де ұмытып, ертеңiн де болжаудан қалған секiлдi. Тап осы сәтiндегi жеңiсiн барынша пайдаланып қалайын дегендей түрiкмендердi тұқырта түсуде…

Бұлардың ақалтеке арғымақ деп жүргендерi сақалтеке ешкiлер екен ғой. Бiрде бiреуi кiсiнеуге жарамай жолда тұрып бақырып, бауыздалған ешкiдей құлап жатыр дейдi…

Бұлардың аттары бiздiң қатындарды жiберген жерден жiберсең алдына жан салмайды…

Page 12: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

12

Жылқы етiн жейтiн бе едi бұлар?.. Жейтiн болса боршаға қарық болатын болды ғой…

Қонақтар кенет бӛлектене, шоғырлана бастады. Жарыста аты қалып қойған олар ӛздерiн-ӛздерi кiсi санатынан шығарып тастағандай, шеттей бастады…

Түрiкмендер азалы едi, ендi ызалана бастады. Арғымақтарының қазақтың жабысынан қалып қойғанына күйiп бара жатқан намыс атты сайтанына, ақыл атты ұялшақ перiште сезiмнiң әлi келмей бара жатты. Едiр, шәудiрдiң ханы аталған Ұланақ бектiң кӛзiнiң оты мұп-мұздай боп жан-жағын қарып тұр. Ат жаратушылар оның бетiне ендi қайтып тiке қарай алмайтын халге жеткен. Ұланақ маңайындағыларды сыз жанарымен тағы да бiр сүзiп ӛттi де: ―Ендi не iстеймiз?‖ – дедi.

Адайларға беделiң бар, ер құнын берсең де осы Шұбарды сатып ал – дедi, бiр түрiкмен.

Бесатарымды алғызбадың, адайлардың сыбағасын шұбардың маңдайынан кiрiп желкесiнен шығар бiр-ақ оқпен бере салатын едiм – деп, құтырынды тағы бiреуi.

Кешегi алпыс кiсiмен алдыңнан шыққаны бiзге етiлген құрмет емес, ол кӛрсетiлен күш. Бұлар Маңғыстауға сыймайтындай боп кӛбеймей тұрғанда, осы аз ауылды келген жерiне қайтару керек. Оған жүрегiмiз тұрмайтын болса, онда қоныс iздей бергенiмiз дұрыс болар. Бiр шешiмге тоқтайтын кезiң келген секiлдi. Егдiр мен шәудiрдiң ойы осы. Сен не десең де бiзге дұрыс. Тұрыс десең тұрысамыз. Кетiс десең кетiсемiз…

…Бұл әңгiме Саназардың асқа шақырғаны туралы хабаршының келуiне байланысты, үзiлiп қалды да, Ұланақ қасына аз адам ерiтiп, бай үйiне бет алды.

…Атақты байдың үйiне бұл маңайдағы жұрттың сӛзiн сӛйлер билер мен қаруын ұстар батырлар, малын бағар байлар мен елiн бағар ақсақалдар шақырылған екен.

…Кӛптiң аузында кӛптен кӛрмеген тойдың қызығы мен бұрын кӛз кӛрiп құлақ естiмеген түлпар туралы әңгiме… Шұбардың әлi бiр кӛш жерге еркiн жетерлiк демi мен күшi қалғандығы туралы мақтаулар…

…Шылидың кӛрiпкелдiгi мен ӛнерi… …Ас желiнiп болып, бата жасалғасын Саназар шақырулы

қонақтарына арнайы дайындалған сыйлықтар үлестiре бастады. Бiрi тiгулi шапан кисе, бiрi шапандық матаға, бiрi дайын тымақ кисе бiрi тымақтық аң терiсiне ие болып жатты. Кезек Ұланаққа жеттi. Саназардың қызметшiсiнiң қолындағы бұл ӛңiрде кӛп кездесе бермейтiн, асыл матадан тiгiлiп, алтын менен апталған, күмiс пенен күптелген сәндi шапан жұрт назарын ерекше тартып бара жатты. Саназар шапанды қолына алып, Ұланаққа арнап сӛз бастап кеттi.

Page 13: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

13

…Мынау асыл шапан Алла тағаласы бақ берген, ақылымен ел-халқының сүйiспеншiлiiне бӛленген жоғары мәртебелi Ұланақ бек сiздiң иығыңызға лайық деп тауып отырмыз. Қазақтар ат-шапан деп қосарлап айтады. Кермеде атыңыз байлаулы. Тойымыздың жақсы ӛтуiне атсалысып, ағайындық пейiлдерiңiздi танытқаныңыз үшiн ризашылығымызды бiлдiремiз. Елiңiзге достық сәлемiмiздi жеткiзiңiз. Бұйымдарыңыз болса оны да айта отырыңыз. Қолымыздан келгенiнше орындауға тырысып кӛремiз.

Ұланақтың кӛкiрегiндегi манағы мұзды мына кӛрсетiлген құрмет жiбiтiп жiбергендей едi. Елп ете қалмағанмен қыңыр тартпай жақсы жауап қатып, ат-шапан сыйлығына рахметiн айтты. Оның қазақтарға айтқан рахметi шамына тиiп кеткендей тӛрт-бес түрiкменнiң ең тӛмен отырғаны қолындағы терiнi айналдыра қарап: ―Әй, осы терi бiздiң түлкiлi сайдағы бiр түлкiнiң терiсi-ау! Ендi ӛзiме басқаның сыйлығы болып қайта оралып отырғанын қарасашы. Ал, Ұланақ бек, жаңа Саназар бай бұйым сұра демедi ме? Мана бұйым сұраса Саназадан Шұбар атты қалаймын деп тұр едiң ғой. Есiңнен шығып кеткен жоқ па?‖ – деп, отырған қауымға шешiлуi қиындау бiр түйiндi ұстата салды. Ұланақтың ӛз аузынан шықпаған бұл сӛз егер аузы жеңiлдеу адайдың бiр шалы: ―Естiмеген елде кӛп деген осы екен ғой. Мыналары басынғандық қой‖ – демесе, мүмкiн елеусiз қалар ма едi, қатер едi.

Айтылып кеткен осы сӛз Ұланаққа тiл қатқызды. Ол жайлап қана: ―Ондай бұйым сұрағымыз келгенi рас едi. Бiрақ басынғандықтан емес балам сол Шұбар атқа құмар болып қалыпты. Саназар берген ат-шапан бұйым сұрататын емес. Сiздерге мен ендi бұйым ретiнде емес, сол Шұбарды маған сатыңдар деп салмақ салғалы отырмын‖ – дедi. Тағы бiреу бiрдеңе бүлдiрiп қоя ма дегендей басқалардан бұрын жауап қатқан Шотан батыр: ―Жарайды, қонақтар ниетiн бiлдiрдi ғой. Мал иесi Саназар, ақылдасып кӛрер. Сiздер аттанғанша жауабын да бермес деймiсiң?‖ –деп, орнынан тұратындай ыңғай бiлдiрдi.

―Қош, сау‖ айтысып тойға келген ел тарасып жатты. Саназар қасында Шотан мен Есболай бастаған аз ғана ел ноқтасын ұстағандар қалыпты.

―Ажырасатын ағайын қимасыңды сұрар – деген екен аталарымыз. Бұлар қимасыңа жабысып отыр. Бiр ат елге тыныштық бола ала ма?. Жауласудан жалыққасын осы түбекке келiп тығылмап па едiк. Жауласуды емес бейбiт ӛмiрдi iздеп келмедiк пе? Берелiк сол атты. Бiрақ бұлар кетiсудi ойлаған секiлдi. Бiр атпен бiтiсе қояр деймiсiң? Кейiн тағы бiр нәрсе ойлап табар. Қамдану керек пе деп қалдым ғой‖ – дедi, болашақ болар бiр дүбiрдi сезгендей болып, Шотан батыр.

Саназар, сен не айтасың дегендей, Есболайға қарап едi, ол Шотанға қарап, сӛзiн соған арнағандай етiп айтты.

Page 14: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

14

―Егер олардың ойы Шотан батыр ойлағандай әрiде болмай, атқа құмарлықтан туып жатса, онда түрiкмендерден мал сұрамай адам сұрау қажет. Түрiкмендер қызын басқа ұлтқа бермейдi. Қыз сұралық, мүмкiн бұл әңгiме түйiнiн ӛздерi шешер‖ – дедi, бұл iстiң шатаққа айналмауын қамдағандай боп.

Ақылдаса келiп, түрiкмендер мүмкiн қыз беруге келiсе қоймас деген дәмемен, Шұбар атты бiр қыздың қалың малы деп бағалады. Келiспесе, кетiсуге себеп iздегенi. …

…Жақсы басталған той арты ел басшыларына соншама ауыр салмақ артып кетiп едi.

…Тойдан сұрағанын алып қайтқан түрiкмендер екi елдiң қақ ортасындағы бiр тӛбе басына аялдап, Шұбарды орталарына алып, кӛңiлдерi толмай, ӛздерiнiң арғымақтарымен салыстырып жатты.

Бойы анау, тұрқы мынау, осыдан қалай шабыс шығады?.. Мойны қамшының сабындай. Ал осы Шұбардың сыйрағы манағы

мен мүжiген қазақ қойдың асық жiлiгiнен онша ұзын емес пе деп тұрмын…

Мынаны арғымақтардың қасында мiнiп жүруге бiздiң жiiттер ұялатын да болар!..

…Ұланақ мана мылтығын iздеген түрiкмен жiгiтiне ым қағып: ―Ал адайлардан кегiңдi алсаң мiне тұр алдыңда олардың қимасы, бердiм еркiн саған‖ – дедi.

―Мынадай атақ-даңқынан кешегi қойшының торшолағы атанған күнiм жақсы екен-ау‖ – деп, ӛкiнiштен салбырап кеткендей, сұлқ тұрған Шұбардың басын, үзеңгiге кӛтерiле бере қайқая шапқан түрiкмен қылышы мойнынан бӛлiп әкеттi… Ышқына шапшып, атып кеткен Шұбар, ӛз басынан қарғып ӛтiп, жерге дүрс ете қалды…

…Түркiмендер де шу ете түстi…

…Тойдан кейiн екi күн ӛткен. Мал баққан ауылдың тiршiлiгi сәл саябыр табатын сәске түс шамасында Саназар үйiнде қалғып жатқан Шыли ұшып тұрып: ―Тұр бай-еке! Бiр жаманат хабар жақындап келiп қалды!‖ –дедi. Есiкке таласа далаға шыққан екеуiнiң кӛзiне сар даланы дүбiрге толтырып, батыс жақтан жұлдыздай ағып келе жатқан салт атты iлiктi. Түрiкмендер бiдеңеге ұшырады ма екен?.. Түрiкмендердiң ӛзi аттанып келе жатпасын?.. Теңiзден түспесе, бұл жақтан келер жау жоқ едi ғой, солардан басқа?.. Әне-мiне дегенше ауылға жақындап, атынан түскен ӛз жылқышысын таныған бай: ―Хабар жау туралы болмады. Әйтпесе ондай хабар хабаршыны атынан түсiрiп, әдеп сақтатып қоймас едi‖ – деп, ӛзiн-ӛзi жұбатқандай болды. Қамшысын бүктей ұстап бiлемдей, жағын ашпай тiстене сӛйлеген жылқышы, сәлем берместен:

Page 15: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

15

Түрiкмендер Шұбар аттың басын шауып ӛлтiрiп, далаға тастап кетiптi – дедi, күйiне. Шотан батыр сезген екен, айтқаны келдi – дедi, Саназар бай, қасындағы сыншыға абыржи қарап. – Әй, дiнсiздер-ай, қолы қалай кӛтерiлдi екен! Аруақты мал едi, атар аруағы, тексiздердi – дедi, Шыли. Шапқыншылар жан-жаққа аттанып жатты. Iңiрге тарта, осындай қысылтаяң кезде ақыл қосарлық ел жақсылары, түгел жиналып та қалған едi… Хабар осылай. Бұны түрiкмендердiң анық жаулыққа шақырғаны деп түсiну керек шығар – деп сӛз бастады, Саназар бай, болған уақиғаны толық баяндап болып. – Қайда барсаң Қорқыттың кӛрi деген екен аталарымыз. Жаугершiлiк ӛмiрден қанша қашсақ та, ол iздеп тауып алып тұр-ау, бiздi. Бiрақ түрiкмендер бiздердiң құмырсқадай қытаймен де, жӛңкiген жоңғармен де, орманнан кӛп орыспен де ұстасып кӛргенiмiздi бiлмейтiн болар. Олар салмақ салса бiз айбат кӛрсетермiз. Олар айбат кӛрсетсе бiз қайрат кӛрсетермiз. Бiр амалын табармыз. Ӛткенде салмақ салып Шұбар атты алып кеткесiн мен Арқадағы елге хабаршы жiбергенмiн. Келiп те қалар. Жiгiттер бiраз аламанды ерiте келер деп те ойлаймын. Малды ауылға жақындатыңдар. Қарауыл тӛбелерге кiсi қойыңдар. Басына отын үйiңдер. Кешегi алпыс жiгiттi қару-жарағын дұрыстап ертеңге дайын етiңдер. Басқа шаруалардан қапы қалмаудың қамын iстеңдер – деп, барлық билiктi де, сӛздi де Шотан батыр ӛз қолына алды. ―Ендi хабаршы келген күнi бiздiң үйде кездесемiз‖ – деп, ел басына күн туғанда ел басшысы ӛзi екенiн танытқандай едi…

…Тӛбе басына ел кӛп жиналды. Шұбар ат ӛлiмтiгiн кӛмiп, үш нарға арттырып алған тастан оба үйiлдi. Кеше хабар айтып келген жылқышы Шұбардың құйрығын кесiп алып құрығына байлап оба басына шаншыды…

…Кӛшелi торы мiнген Шотан батыр айбындана жан-жағына кӛз тастап, қамшысын жоғары кӛтердi де, бүкiл Бозашыны жаңғырықтырар зор дауыспен сӛйлеп кеттi.

Ағайындар! Елдiң елдiк атын тек қана адамдарының ерлiгi мен мiнезi шығарып қоймайды, байлығы мен малы, ӛнерi мен ӛнегесi де шығарады. Сондықтан да бiздер ешкiмге құдығымызға түкiртпей, малымыздың басына ұрғызбай, жерiмiз бен малымыздың қасиетiн сақтап келдiк. Ӛнегемiз бен ӛнерiмiздi қадiр тұтқандықтан ӛзiмiздiң қасиетiмiздi сақтап келдiк. Кәзiр ӛз қолдарыңызбен мына тӛбе басына кӛмiлген тек қана бiр Шұбар ат мүрдесi емес, ол елдiң намысы да. Шұбар ат сырты түк мал емес едi, ол елдiң қасиетi мен киесi, арманы мен үмiтi едi. Әйтпесе ол Шыли сәуегӛйдiң түсiне кiрер ме едi! Бүгiн кӛмiлген мына намысымызды аршып алғанша бiздiң тыныш ӛмiр

Page 16: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

16

сүруiмiз мүмкiн емес. Соған белдi байлайсыңдар ма? Әлде ит-құсқа жем болып жатырған бiр мал соңында ел басын қатерге тiгер қылыққа бармайық дейсiңдер ме? Шешiңдер кәзiр!..

– Байлаймыз басымызды! – Қорлыққа қор болған бас кiмге керек! – Бiзге бас емес намыс қымбат!.. …Батыр риза болғандай ―бәрекелдi‖, ―бәрекелдi‖ дедi де, шулап

бара жатқан жастарды тоқтатып: – Естерiңде сақтаңдар, осы тӛбе бүгiннен бастап ―Шұбар ат жалы‖

деп аталатын болады… Бұл уақиғаның немен аяқталары белгiсiз. Бiрақ адайлар намысын таптатыпты деген сӛз артымызда қалмасы анық!.. Ендi уақыт ӛткiзбей iске кiрiсу қажет! Тап осы арадан Ұланақ аулына аттанамыз. Жiгiттердi бастап баратын ӛткiрлеу жас керек. Кiмге сенiп тапсырамыз?..

Саназар:

– Қаһарлы Ұланақ кӛзiне қасқиып қарай алатын қасқыр мiнездi қайсар керек болса да, тапсырған сӛзiңдi бұлжытпай айтып барар тақ-тақ таңдай керек болса да, мына Қараны жұмса, ұятқа қалдырмас‖ – дедi.

Саназар сӛзiн ойланбай қабылдаған Шотан батыр Қараға қарап: ―Кәзiр жүз жiгiттi менiң кӛзiмше он-оннан сапқа тұрғызасың. Сол саптарыңды бұзбай, еш жерге аялдамастан, Ұланақ аулына барып менiң сәлемiмдi жеткiзесiң. Ол сәлем үш ауыз сӛзден тұрады.

– Бiрiншiсi – Намысымды қорладың, Ұланақ бек! Бiрақ бiз оны таптатып қоя алмаймыз!

– Екiншiсi – ендi дәл жетi күннен соң Қырдан жетi мың әскер келедi, тұрысатын жерiн айтсын.

– Үшiншiсi – оған дейiн менi шауып алам десе де еркi, мен дайынмын. Мiне осы үш сӛз!

– Осыларға қосымша, егер жүректерi оған тұрмаса жетi күнге дейiн Бозашыны босатып, батысы Жармыш, ортасы Ақмыш, шығысы Қошаққа дейiн ығысып қонсын! Сырттан қарауылдап тұрамыз. Айтылған жерлерге ығыссаңдар Қырдан әскер құлатылмайды! Басқа келiссӛз болмайды. Барлық ендiгi iс-әрекет Сiздерге байланысты. Соғыс бастасаңдар – соғысамыз! Бозашыны босатсаңдар – бейбiт кӛршi боламыз! Iстi бастаған ӛздерiң, аяқтайтын да ӛздерiң боласыңдар…

Жас та болса алып денедегi есепсiз күшiмен, қиқар мiнезiндегi ӛткiр тiлiмен кӛзге түсе бастаған Қара палуан ―құп‖ деп жауап қатты…

…Алла тағала жаратқалы елеусiз жатқан бұл тӛбе осы сәттен бастап ―Шұбар ат жалы‖ деген атқа ие болып, ғасырдан ғасыр асырып айтылар аңыз желiсiнiң бас тақырыбына айналып жүре берген едi…

Page 17: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

17

…Аз топпен ауылға қайтқан Шотан батыр мен Саназар бай үйiнде жиын құрып, Қарадан хабар күтiп қалған-ды. Ымырт үйiрiле сол кеткен күйiнде қатарларын бұзбастан, лек-лек болып он-оннан сап түзеп келе жатқан салт аттылар кӛрiндi… …Қара палуан мен қасындағы үш кiсi бұлар үстiне кiрiп келгенде үй iшi тым-тырыс бола қалды да, қаншама жәйбарақаттық кӛрсетемiн дегенмен бұл кеңесте отырған үлкендердiң бар ойы, бар тынысы Қара палуан аузынан шығар хабарға бағыныштылығын сездiрiп алып едi…

– Батыр аға, айтқаныңыз сол күйiнде орындалды. Сiздiң соңғы сӛзiңiздi естiгенде Ұланақтың басы сылқ ете түсiп едi, содан мойын омыртқасы басын ұстай алмады, кәлләсiн кӛтермедi. Бiз жауап тосып ұзақ тұрмадық, қайтып кеттiк – деп, Қара аз сӛзбен сапар барысын баян еттi.

…Бұл кезде жүз түрлi ауыздан жүз құбылып түрленген Қараның Ұланақ аулына жорығы кешегi той әңгiмелерiн ысырып тастап, Маңғыстау ойпатын толтыра, Ойдан Қырға қарай Атырау толқындарындай жарыса кетiп бара жатты…

…Уақиға айтуға да тұрарлық, тыңдауға да тұрарлықтай болған болса керек. Сап түзеген жiгiттер Ұланақ аулына жақындағанда құдықтан жылқы суарып жатырған түрiкмен аулының кiсiлерiне кезiгiптi. Жылқыларды қамшылап айдап тастап, астауға қой айырғандай он-оннан жiберiп, Қара әуелi аттарын суарып алыпты. Тӛбе басындағы азғантай адамдар iшiнде Ұланақ отырғанын естiген Қара, араласып кетпеуiн қатты тапсырып, жасағын тӛбе етегiнде сап құрған күйiнде қалдырып, ӛзi аттан түспей Ұланаққа сәлем берместен сӛз бастапты…

– Әй, түрiкмен ханы, Ұланақ! Қолқа салып сұрап алып, Шұбардың басын кескенде iздегенiң шатақ болса келдi мiне алдыңа сол iздеген шатағың! Менi Шотан батыр үш-ақ сӛз жеткiз деп тапсырды.

– Бiрiншiсi – егер ол адайлардың намысына тимек болса, онда дегенiне жеттi – деп, хабарлауды тапсырды.

– Екiншiсi – Адайлар дәл жетi күннен соң жетi мың сарбазбен ұрысқа дайын болады. Тұрысатын жерiн айтсын – дедi.

– Үшiншiсi – жетi күн күтiп жатпаймын десе қалаған уақытында бастай берсiн, қарсы алуға дайынмын, бiрақ бiз оларға жетi күн мұрсат беремiз, не ақылын жинауға, не әскерiн жинауға мүмкiндiк етемiз, ӛзiмiз ешқандай әрекет жасамаймыз – деп уәде еттi. Келiссӛзге адам жiбермесiн, айла-шарғымен құтылам деп ойламасын. Бiзбен келiссӛз Бозашының Жармыш, Ақмыш, Қошақтан бергi жағы босаған соң ғана басталмақ. Ертең сәрсембi. Келесi сәрсембiнiң таңында бiз осы жерден табыламыз. Ал егер жылжып қонсаңдар, онда жауласу тоқталды, келiссӛздi бастауға болады дегендi бiлдiрмек – дегенде, Ұланақтың жағы байланып қалыпты…

…Түркімендер бопсаға үш-ақ күн шыдапты…

Page 18: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

18

…Биыл Бозашыда қыс қатты болады. Оң жаға жақтың оты мол, бүкiл түркімен ауылдары солай кӛшкелi жатыр деп қауесет таратыпты…

…Түрiкмендер орыс жерiнен қоныс алып қара қайықпен кӛшiп кеткен ағайындарының артынан кӛшкен дүрыс дейтiн кӛрiнедi…

…Хиуа ханы түрiкмендердi кӛшiрiп алғалы жатыр дейдi… …Қонысын сақтай алмаса да намысын сақтап қалу жолында

амалсыздық тудырып жатқан әңгiмелер осылайша жалғасып жатты… …Жыл мен Күннiң, Тағдыр мен Таланның сәтiн күтiп отырған

адайлардың кӛптеген ауылдары Шұбар аттың уақиғасы себеп болып, Қырдан Ойға құлай бастаған едi…

Ақтау. 1.10.2000 жыл.

Шалбас ат

…Шалбас ат уақиғасын бiз Ергенғұл қарттан естiп едiк. Ол кiсi ұзақ жылдар бойы ұстаздық еткендiктен кӛкiрегiнен шыққан әр ойдың орынды болуына, аузынан шыққан әр сӛздiң мағыналы болуына мән берiп, ауыздан шығып ауаға тараған әр сӛздiң тәрбиешi екенiн де есiнен шығармай отыратын адам екен. Ергенғұл аға бұл әңгiменi Маңғыстаудың аса бiр қадiрлi азаматы, кӛрнектi жыршысы, шежiрешi ақсақалы Сарманов Тӛребайдан естiгендiгiн айтып: ―Жарықтық Тӛкең, естелiк әңгiмелер айтқанда ӛз ойынан бiр ауыз сӛз қоспай естiген күйiнде айтатын, таза адам едi‖ – деп мақтап, Тӛрекең ақсақалдың шыншылдығына тәнтiлiгiн байқатып едi…

…Кезiнде талай жанардың жасын ағыза, талай жүректiң етiне жара сала, екi ел арасына бiтiспестей қастық туғызған бұл уақиға, ендi екi жүз жылдан соң елдiң елдiгiн танытары – ерi, ердiң ерлiгiн танытары – тәуекелi, ал адам пендесiнiң намыс жолында қимас қымбаты жоқ екенiн мойындатар дәлелi ретiнде айтылып жатады…

…Сiз де, қымбатты оқушым, осы әңгiменi оқи отырып – адамның мал ұшiн емес малдың адам үшiн жаратылғанын еске түсiрсеңiз, осы уақиға кейiпкерлерiнiң қандастары мен қарындастарын не үшiн құрбан еткенiн түсiнбей бас шайқасаңыз, олардың ақыл-ӛресi мен iс-әрекетiне баға берiп, сондай қадамға итермелеген қандай күш екенi туралы ой толғасаңыз, ара-арасында әңгiме авторын да есiңiзге ала отырарсыз…

…Бұл уақиға адайлардың бiрте-бiрте сыналай кiруiнен ығыса-ығыса түрiкмендердiң кейбiр ауылдарының Бозашыдан Қаратау маңына қарай толық қоныс аударған кезiнде болған екен деседi…

Page 19: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

19

…Қысы қарсыз, жазы жаңбырсыз ӛтiп, шаруаға жайсыз тиген сол бiр сәтсiз жылы, Ақмыш-Жармыш маңын мекендейтiн түрiкмендер жылқыларын Бозашы құмдарына қыстатуға адайлардан ұрқсат алады.

…Ата-баба қонысы Қияқты құмдарында жылқы қыстататынын естiгенде Құрбанның қуанышында шек болмаған едi. Ӛзi туып-ӛскен Бозашысын түбегейлi қайтарып алғандай болып, малына да, ӛзiне де үйреншiктi, туған жер топырағына жеткенше асық болыпты…

…Жан-жағы теңiзбен қоршалған жарты арал, шұрайлы кең алқапта екi ел жылқышылары тез достасып, кӛптен кӛрмеген ағайындай тез араласып кеткен екен. Құрбан – бiр шаңырақ астында бiр-ақ рет бiрге түнеп шыққан жанды бауырындай кӛретiн, бiр дастарханнан дәм татысқан бейтанысын қарындасындай сағынатын түрiкмен халқының ең жақсы үрдiсiнде тәрбиеленген, ақкӛңiл жан болатын. Қой сойып, қол қусырып қонақ еткен Доспамбет құрдасы – бұ күндерi оның жан берiп, иман бӛлiсердей досына айналған. Ӛзi жоқта малының иесiз қалмайтынына кӛзi анық жеткен Құрбан бiрнеше рет Ақмыштағы аулына апталап жатып та келген. Бiрақ қай заманда да жүз жыл аштық жоқ, жүз жыл достық жоқ… Бұл жолы да солай болыпты. Бар пәле Шалбас биеден басталған екен…

…Келешектi кiм болжап бiлген. Құрбан да болжай алмаған. Әйтпесе, Доспамбет құрдасына, ылғи арғымақ туатын, Шалбас биенi кӛрсетiп мақтанар ма едi?

…Қарашы, Доспамбет, ана Шалбас биеге! Қарыны жер сызып келе жатырған Шалбас биенi айтамын… Сезесiң бе, құрсағында нағыз арғымақ жатырған жоқ па?.. Бұл биенiң тағы да арғымақ туатыны әлден-ақ белгiлi бола бастады…

…Құрдасы Құрбанның аузынан сол сӛз шыққалы, ӛзiнiң сол сӛздi құлағы естiгелi Доспамбет жүрегi басқаша соға бастады… Содан берi кӛкiрегiне бiр әзәзiл орнығып алып, оны күндiз күлкiден, түнде ұйқыдан айыруға айналған… Доспамбет сол әзәзiл-сайтанды қуып шықпақ боп әлденеше рет талаптанып та кӛрдi. Әлi iстелмеген қылмысы үшiн кейде ӛзiн-ӛзi жазғырып бастаса, сол әзәзiл ортаға килiге кететiн болып алды. Доспамбет ӛзiн-ӛзi даттап та кӛрдi, ақтап та кӛрдi… Бiрақ кӛбiнесе арашалауға құмар. Сондағы дәлелi – бұл түрiкмендердiң екi қылқұйрығының бiрi арғымақ, екi арғымағының бiрi тұлпар емес пе? Бiр құлыннан ештеңесi кете қоймас. Ал, Шалбас биенiң арғымақ құлын тумауы да мүмкiн ғой?.. Ауыл кӛршi, мал аралас… Бiр тӛлдiң ауыс-күйiс кетуi болып жатпай ма?.. Ал жаңа туған құлынның қаншасы ит-құс несiбесi…

…Доспамбет Шалбас биенiң құлындайтын кезеңiн шамалап та қойған болатын. Тек сол шамада Құрбанды аулына жiберетiн бiр нәрсе ойлап табу керек... Қалай сәтi түседi деп арамдық ойлап

Page 20: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

20

жүргенде аяқ астынан сылтау табыла қалғаны… Қаратау бойындағы түрiкмен тамырына барып келген бiр кiсi сол жақта болғалы жатқан той туралы хабар алып келiптi. Доспамбет – Шалбас биенiң тумаған құлыны арғымақ болып, ол бәйгiге қосылып, атақты аста аты озып келген адайлар әлемге әйгiлi болып қалғандай қуанды…

…Шалбас бие де Доспамбет пиғылының орындалуына кӛмектесейiншi дегендей, Құрбан жолға аттанған күнi-ақ үйiрiнен бӛлiнiп, оңашалана бердi. Оттауын доғарып, қайта-қайта аунап, мазасыздана бастады… Доспамбет ―иә, сәт‖ деп, болашақ жарыстарда маңдайы жарқырап, топ алдында жалғыз ӛзi жұлдызша ағып келе жататын Шалбас қасқаны кӛзiне елестеткендей, шыдамы кетiп, ат үстiнде тыныш отыра алмай, Шалбас биемен бiрге толғатып, бiрге мазасызданатындай жағдайға жеткен едi…

…Кӛктемнiң сол жайраң күнiнде әдемi арғымақпен тойға кеткен Құрбан, үш күн той тойлап, кiр-қоңын жуғызып, қайтып оралғанша Доспамбет ойдағысын iске асырып та үлгерген болатын…

…Тойдан қайтқан Құрбан мыңдаған жылқыны кӛзбен шола, кӛңiлмен түгендей аралап, жаңа құлындаған биелерге ризашылығын бiлдiргендей, құтты болсын айтқандай боп, әр тӛлдi кӛзi шалған сайын күлiмсiрей бас изеп, тӛлдерiнiң түр-түсiн жадына тоқып келе жатты. Ақыры кӛзiне Шалбас бие де шалынды. Езуiне кiре берген қуаныш күлкiсi Шалбас биенiң бауырындағы құлынға кӛзi түсiп кеткен сәтте ғайып болып, Құрбан қатты тiксiнiп қалды. Аузынан емес кӛкiрегiнен жарып шыққан үн оған: ―Мынау құлын емес күре ғой!‖ – дегiзген едi… – Ойпырмай, Шалбас биеге бӛтен айғыр артылғаны ма?.. Әлде, құрдасы Доспамбет, қаралық жасады ма?..

…Найзағай отындай жылт ете қалған жымысқы ой, жаны таза Құрбанды, одан әрi қарай жамандық ойлауға жетектей алмаған-ды… Ендi сол ой, бес жылдан кейiн басына қайта оралып, құрдасы Доспамбеттiң кiсiлiк қасиеттерiне шек келтiре, түрiкмендердiң тойына адайлар қосқалы жатқан шалбас аттың түрiкмендердiң ӛз малы екенiн дәлелдеуге тырысып жатты…

…Мәстектiң оңтүстiк жағындағы Тобықтының ойына түскен кӛл құрғамастан күз жаңбырына ұласатын. Кӛл суын қорғай айнала қонған түрiкмендер Ойдағы, Қырдағы адайларды осы тойға арнайы шақырған едi. Бұ кездерде екi жақ та, есебiн тауып, бiр-бiрiне барғыш-ақ. Екi ел араласа берсе, алыс-берiсi кӛбейе түссе деген үмiтпен ел жақсылары ойын-тойға бiр-бiрiн кӛбiрек шақырысатын… Сәл нәрседен iлiк iздесетiн адайдың шатақ жiгiттерi бұл жолы тойға келмей қалды ма, әлде түрiкмендерден кiнә таппады ма, әйтеуiр, бұл той ерекше ың-шыңсыз ӛтiп жатты. Бәйгi аттарын: ―Екi кӛш, ұш кӛш жерден жiберемiз‖ – деп керiлдесетiн адайлар бұл жолы бiр кӛш жерлiк қашыққа да үнсiз келiса салғанды…

Page 21: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

21

Шалбас ат кӛзiне шалынғалы сезiк атты жылан сезiм iшкi құрылысын түгел тiнтiп шыққан Құрбанның күткенi де осы сәт болатын. Олардың бiр кӛштiк жерге келiсе салғаны Құран күдiгiн дәлелдеп шыға келдi. Ойында ендi ешқандай сезiк қалмаған Құрбан той иесiн оңашалап, бұдан бес жыл бұрын болған уақиғаны айтып бердi… Ақылдасуға осы тойға қатысып отырған елдiң бас кӛтерер адамдары шақырылды. Олар аттардың бәйгеден келуiн күтудi, Шалбас ат келсе, жиналған елге осы уақиға туралы хабарлап, ал бәйгенi аттың шын иесiне берудi жӛн дедi. Ал әзiрге әр ауылдың басты адамдарына ғана ескертiп, жiгiттердi дайындап қойған дұрыс деп шештi.

…Бiр топ аттың алдында оқ бойы озық келе жатқан Шалбастың тiлеуiн тiлеп қапталдай қосылған адайлардың алдын орай, кiлең ұшқыр арғымақтарға мiнген түрiкмендер Шалбас атты қарақшыдан ӛте ӛз қамқорлықтарына алып, жабуын жауып, суытатын баласын мiңгiзiп, жанына басқа жанды жақындатпай оқшаулай бастап едi…

Бӛрiктерiн аспанға ата қуаныштары қойнына симаған адайлар ендiгi сәтте бӛлектене, топтана бастаған. Шалбас атты баптап бәйгiге қосқан Доспамбеттiң ағасы Жексенбектiң ұсқыны кетiп қалыпты. Бiр пәленiң болғанын сезiп, айқай шуға араласпай, бес жыл бұрын болған уақиғаны сӛз басталмай жатып мойындағандай жүнi жығылып қалған екен…

Сол сол-ақ екен, ӛкiндiрген ӛкпелер мен әлi шешуi табыла қоймаған даулар әр кӛкiректен сызаттана жол тауып, бiр жылғаға құйылып, олары бiрiге сала үлкен арналы дауға айналып жүре бердi. Батырлары қаруға, билерi сӛзге жармасты.

Екi жақтың билерi аз ғана сӛз қақтығысынан соң тап осы жиылған ел алдында, дәл осы сәтте Құрбан мен Доспамбеттi ортаға шақырып жауаптау қажет деп шештi. Тойға келмеген iнiсiнiң орнына ат қосқан Жексенбек шығарылды. Шын сӛйлейтiндерiне ант бергiзiсiп, құран ұстатылды.

Әуелi ортаға Құрбан шақырылды. Ол сол жолы қалай тойға барғанын, хабарды Доспамбет жеткiзгенiн, содан соң Шалбас бие құлынын кӛргенде арғымақ күтiп жүргендiктен ―мынау құлын емес күре ғой‖ дегенiне дейiн есiне түсiрдi.

Бұрын-соңды ортаға түсiп ысылмаған, әрi қосқан атының түбiнде бiр шикiлiк барын сезген Жексенбек адайларды ақтап аларлық ештеңе тауып айта алмады. Оны жауаптаудан билердiң анықтағаны бұдан бес жыл бұрын iнiсi Дспамбеттiң кӛктем кезiнде енесi ӛлiп қалған бiр шалбас қасқа құлынды артып әкелiп, ерекше қамқорлауын ӛтiнгенi болды. Осы мойындаудың ӛзi түрiкмендерге Шалбас атты ӛз малымыз деп иемденуге жеткiлiктi дәлел секiлдi болып кӛрiнген.

Кӛптiң пiкiрi де түрiкмендер дәлелiнiң тянақты екенiне ден қоя бастады. Ел алдында ұятты болып тарқамауы үшiн адай биi әзiрге

Page 22: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

22

Шалбас аттың түрiкмен жағында қала тұруына қарсы еместiгiн, бiрақ бұл даулы мәселенiнiң дұрыс шешiмi екi жақтың да Шалбас аттың ата-енесiн алып келiп тексергеннен соң анақталатынын баса айтты.

…Осындай кӛпшiлiк жиналған жерде аруақтары айбындырақ түсiп жүретiн адайлар бұл жолы пысы басылып, жүнi жығылып, елдерiне қаралы кӛштiң соңына ерген адамдардай үн-түнсiз қайтып бара жатты. Ата жауы жоңғарлардың жер бетiнен жойылып кеткенiнше қырқысқан, тiптi қара құмырсқадай Қытайға қыр кӛрсетiп жатқан қалың қазағына арқаланып, күшiн кӛрсетiңкiреп, зорлығын ӛткiзiңкiреп үйренiп қалған адайлар мына қорлыққа қатты күйiнiп бара жатыр едi. Бiрақ ӛздерiнiң орталарында аз ғана адамнан құрылған батыл топтың бiр iске бекiнгенiн олар бiлмейтiн-дi…

…Ортаға шығып күмiлжiген Жексенбек түрiн кӛргенде Қонай батырдың ұлы Бегеш түтiгiп кеткен.

Мына сүмелек бiздiң ауылдың қатындарынан туған бала ма, әлде асыранды пәле ме?.. Түрiн қарашы, аз болса да осы тойда арқалы елi тұрғанда неге күмiлжидi? – деп, ым қағып үш-тӛрт серiгiмен шеткерi бӛлiне берген. ―Ана судырақ билердiң сӛзiне сенiп аттан айрылып қалмалық. Арымызға ондай таңба бастырып алсақ, онда ол таңбаны ӛзiңнiн емес он ұрпағыңның сүйегiнен жуып кетiре алмассың. Болашақ туар баланы ойламағанда, айтыңдаршы, елге барғанда оздырған аттарың қайда демей ме? Десе не деп жауап беремiз? Түрiкмендер тартып алып ӛзiмiздi айдап салды деймiз бе?.. Менi бұл маңда ешкiм танымайды. Ӛзектi жанға бiр ӛлiм, маған жұпынылау киiм тауып әкелiңдер, мен ел аралаған дәруiш болып осы жерде қаламын. Есебiн тауып қолыма түсiрсем Шалбасты мiне қашамын. Бiрақ сүлдерi құрып тұрған атпен бұлардан құтыла алмайсың. Бастарыңды намыс жолына тiгетiн болсаңдар онда мына үшеуiң: Мамырдың Серәлiсi – сен, Тоқабайдың Бiрәләсi – сен, Тоқтамыстың Еспембетi – сен, осы үшеуiң торуылдап, осы маңайдан кӛз жазбайсыңдар. Бiр кiсiнi кәзiр мына топпен жiберемiз, ол бұлардың iшiнен он шақты батыл жiiттердi алып қалып Түлкiлi-Бӛгенбай маңында күтетiн болады. Келiсесiңдер ме осыған?.. Ал келiссеңдер онда ел намысы үшiн бастарың қатерге тiгiлдi, ӛкiнбейтiн болыңдар! Келер ұрпақтан ―бiр мал үшiн бастарын ӛлiмге тiккендерi несi‖ дейтiндер табылар, бiрақ бiздiң бұл iсiмiздi қарғайтындар табылмас. Ал Алла тағалаға iсiмiздi оңғара гӛр деп жалынып, тiлек тiлелiк‖…

Бегеш батыр сӛзiн бас изесе құптаған серiктерi беттерiн сыйпасты да, үн-түнсiз тарасып кете барды…

…Киiм ауыстырған Бегеш, қолындағы таяғына сүйенiп, жұрт кӛзiн үйретпекке ауыл үйлерiн аралап кӛбiрек кӛзге түсумен болды. Ол қалай болғанда да атты дәл осы күнi қолға түсiрмекке бекiнген едi.

Page 23: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

23

Әзiрге Шалбас ат маңы босамай тұр. Не де болса жарық барында алу керек, қараңғы түссе таптырмай кетер деген оймен, үй-үйдi аралап, жарапазан айтып, берген ас-суларына алданған болып уақыт ӛткiздi. Бесiн намазын оқып алып, аттар байланған керме жақтағы шеткi үй кӛлеңкесiн паналап ұйқыға кеткен дәруiш-дюана ақыры күткен сәтiнiң туғанын шамалаған едi. Маңдайын кермеден сәл бұру ұстаған Бегеш аттар тұсына жақындай бере кермеге бұрылды да, ендiгi бiр сәтте Шалбасты мiнiп жортып бара жатты. Атқа мiне шаппай, атты алдырғанын бiлгенге дейiн бiраз жердi жәйбарақат ұтпақ едi. Ойы дұрыс болды. Айқай-шу басталып, мылтық ата бастағанға дейiн ол бiраз жерге жетiп те қалған-ды.

Күн ыстығынан бұлыңғыр тартқан Аманқызылиттiң сеңгiр тұмсығына маңдайын түзеген кӛзсiз ер, Бегеш батыр жайдақ мiнген Шалбасқа тақымын қыса белгi берiп: ―Ал жануар, сын сағаты туды бiздiң басқа! Кӛмектесе гӛр!‖ – дедi, атқа жалынғандай болып. Арт жағына жиi кӛз тастап, байқап келедi. Бұның соңына бес-алты кiсi түсiптi. Оңтүстiк жаққа да, солтүстiк жаққа да шапқыншылар кетiп барады. Олар сол маңайдағы елдi кӛтерiп, Қырға шығар жолдарды кеспек. Бегеш ӛз болжамының дұрысқа шыққанын сезiп, құтылып кеткендей-ақ кӛңiлдене түстi. Тек қана бұл қалдырған үш тоқауылға қарсы бiраз кiсi келе жатыр. Бiреуiнде мылтық бары анық… Бiздiң жiгiттер ана кӛрiнген Тобықты жалының маңында күтiп тұрған болар. Алыстан атойламай, ұрымтал тұстан ұмтылса жақсы болар едi-ау… Тоқтамыстың Еспембетiн бекер қалдырдым ба?.. Тым жас екенiн ескермеппiн ғой… Тентек неме бiрдеңенi бүлдiрмесе жарар едi…

…Кеше ғана отыз шақырымдай шабыстан келген Шалбас ат күшiн жинап қалған секiлдi. Қуғыншыларды онша жақындатар емес. Бiздiң адамдар қарсы кездессе, мүмкiн бiрге кете берген дұрыс болар ма?.. Осы ой басына оралуы мұң екен, кәп-кәзiр ғана ―ұрымтал жерден тиiссе ғой‖ деген ойы ӛзiн шошындырып жiбердi. Оларға бiр араласқасын қашып құтыла алмайсың. Қаруланып шыққан бес-алты кiсi үш адамды тiрi жiбере ме?.. Шiркiн-ай, алдымнан қарсы шықса ғой… Бiрге тарта берер едiк…

…Әнi-мiнi дегенше Тобықтының жалына да жетiп қалды. Тосқауылға қалдырылғандар кӛрiнбейдi… Әлде iлгерiрек барып жасырынды ма екен?.. Бегештiң кӛкiрегiн ―әттеген-ай‖ деген ӛкiнiш тырнағы осқылап, қан-жоса ғып бара жатты…

…Кенет арт жақта анық бiр нәрсенiң басталғанын сезгендей боп жалт бұрылып едi… Бұны селт еткiзген, жауларын сәл ӛткiзiп жiберiп, қапталдан қосылған үшеуiнiң ұрандаған айқайы болса керек…

…Жауға шауып, жекпе-жек соғыстарда жырынды болып қалған бұларға қуғыншылардың соңында кейiнiрек келе жатқан үшеуi оңай олжа болып едi. Бiрiншi қылыш сермескен сәтте-ақ үшеуi үшеуiн түсiрiп

Page 24: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

24

тастап, iлгерi ұмтылысқан-ды. Бiрақ олар жауларына қылыш сермейтiн жерге жете алмай, бесатардың оғынан аттарынан домалап түсiп жатты. Тек қана бiр оқ Еспембеттiң ӛзiне тимей атына тиген екен. Аттың астында қалып, аяғын босатып ала алмай бұлқынып жатқан алып Еспембеттi түрiкмендер қыл шылбырмен домалатып байлап тастады…

…Түлкiлi-Бӛгенбайда Бегеш айтқандай он шақты кiсi емес, адам кӛп екен. Шалбасты жетектерiне алған қаруы жоқ бiр тобы iлгерi кеткенде Бегеш батыр киiнiп, қару-жарағын асынып, ӛз атына мiнiп те алған болатын. Серәлiлерден дәме қалмады. Бiрақ олар тiрi болса да, ӛлi болса да ӛз мiндеттерiн ӛтеп үлгерген едi. Алғашқы қарқынмен шыққан қуғыншылар жолда тоқтатылды. Түрiкмендер ендi Қырға асатын жақын жердегi асуға жеткiзбеуге тырысады. Асығыста кӛп қол жинап үлгере алмасы айқын… Олардың жолы бұл араны айналып кете алмайды…

Бегеш жiгiттерiн үш топқа бӛлiп, кӛзге түспейтiндей тасалау жерлерге орналастырып болғанда, Қырға шығар қия жолды бұлардан бұрынырақ иеленiп алмақ болып, асығыс келе жатқан түрiкмен жасақтары да кӛзге түстi…

…Тәңертең сәтсiз шыққан бұл күн ӛз ұясына батуға тақағанда қазақтар Түлкiлi-Бӛгенбай басына он шақты түрiкмендердiң мүрдесiн тайыздау қазылған қабiрлерге жерлеп те тастаған болатын… Содан берi сол жер ―түркімен сүйегi‖ атала бастады…

…Түркімендер де Сералы мен Бiрәлiнiң бетiн жасырып, қолға түскен Еспембеттi ӛз атына кӛлденең артып алып, ауылдарына қайтқан болатын…

…Ембi тауларының басын жайлап отырған түркімен ауылдарында аяқ-қолы кiсендеулi тұтқында жүрген Еспембет қорлыққа шыдай алмай, сәтi түскен бiр күнi шыңнан ұшып ӛлiптi. Ол жер кәзiр ―Еспембеттiң қандығы‖ аталады…

…Бұл әңгiменi естiгенде ата-бабаларымыздың бiз әлi күнге толық түсiне алмай келе жатқан талай оғаш мiнездерi мен құпия қылықтары бұрынғыдан бетер тағы да сана жетпес жыраққа қашықтап, ақыл шешпес жұмбаққа айналып кете барды…

Ақтау. 13.10.2000 ж.

Балуанияз Құласы

Алла тағаланың ерекше мейiрiммен – махаббат пен сағыныш, iзгiлiк пен қайырым қасиеттерiне ие етiп, сонымен қоса соншалықты қатыгездiкпен – ақымақтық пен арсыздық, жауыздық пен жыртқыштық деген пәлелерiн де аямай бойына сiңiре салған адам атты тiршiлiк

Page 25: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

25

иелерiнiң Жердегi, Судағы, Кӛктегi мұқтаждарын ӛтеу үшiн құдiретi шексiз сол Алла он сегiз мың ғаламды да жаратыпты. Үштен бiрiне жан бiтiрiптi. Сол жан иелерiнiң кейбiрiне ақыл мен ой, ӛшiгу мен сүю секiлдi адамға тән қасиеттердi де қоса сыйлапты. Мiне осыларының iшiнде адамдарға – адамдардың ӛздерiнен де артық берiле алатын, адамдарды – адамдардың ӛздерiнен де артық жақсы кӛре алатын, сол адамдар секiлдi ӛздерiн ӛздерi ақыл мен сана арқылы басқара алатындары да бар. Олардың бiрi ит болса, бiрi – жылқы. Құдай сәтiн салған күнi ит жақындарымыз туралы да, адам мен иттiң мiнез жағынан ең жақын мақұлықтар екендiгi туралы да жазармыз. Ал бiздiң бүгiнгi әңгiмемiз жылқы туралы. Жылқы болғанда да Балуанияз Құласы туралы!..

…Бұл уақиғаның 1856 жылдың жазында болғандығы бiзге тасқа басылған тарихтан белгiлi. Ал аңызға айналып кеткен, Балуанияз Құласының түрiкмендер қолына түсiп, бiр жылдай тұтқын болып, ақыры қашып құтылып, мыңдаған шақырым шӛл даланы кесiп ӛтiп, қожасының – оқ тиiп ӛзiнiң үстiнен ауып түскен жерiне жетiп жығылып, дәл сол жерде жан тәсiлiм еткенi туралы болған уақиғаны естiмеген бүкiл Маңғыстаудан тiрi жан таба алмассыз. Бiрақ сол бiр жыл iшiнде Құла ат басынан қандай уақиғалар ӛттi, қандай азаптар шектi, оны кӛпшiлiк бiле бермейдi. Бұл әңгiме сол туралы…

…Балуанияздың мерт болғанына да жыл толыпты… …Батырға ас берудi оның соңғы демi үзiлген, жау оғынан мерт болған жерi, қасиеттi қаны тӛгiлген жер – Қараған-Босағада жыл садақасын таратудан бастаған дұрыс деп шештi, ақсақалдар…

…Жер арасы шалғай болса да Қараған-Босаға басына ел мол жыйналыпты. Дәл бiр жыл бұрын ел шетiне жау тигенiн естiгенде, асығыс: ―Ал, кеттiк!‖ – деп, ӛздерiнен сан есе кӛп Хиуа әскерiнiң соңынан ойланбастан алпыс кiсiмен, алпыс кiсi емес алпыс арыстанмен ұран сала ұмтылған Балуанияз, ӛзiнен бес-алты есе кӛп жауды тас-талқанын шығара жеңедi. Жауларының тiрi қалғандары қаруларын тастап аттан түсе бастағанда, астындағы тұлпарына сенiмдi бiреуi жырыла жӛнеледi. Балуанияз дәл осы жерде дұшпанын қуып жеткенде, құмалақтай қорғасыннан ажалын табады…

…Мiне, қалың ел – Балуанияздың қаны тамған, бiр жыл бұрын жүздеген қыз-келiншектiң, бастарына түскен құлдық ноқталары сыпырылған осы жерге мiнәжат ете келiп, кӛз кӛрмеген, құлақ естiмеген ғажайыпқа кездесiп отыр. Ӛз кӛзiңмен кӛрсең де сенбестей, ӛз құлаңыңмен естiсең де нанбастай уақиға… Ел – Балуанияздың құлаған жерiне қойылған белгi тасқа тұмсығын тiреп, терiсi – iрелмей жатып тулаққа айналған, ӛзi – жаны шықпай жатып аруаққа айналған, бар тiршiлiгiнде бiр жұтым су iшпегендей, бiр оттам шӛп аузына салмағандай боп арып-ашыған Балуанияздың Құласының үстiнен

Page 26: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

26

шығады. Оның осы жерге, Қожасының ӛзiнiң үстiнен ауып түсiп қаны тӛгiлген жерге, қашан жеткенiн ешкiм бiлмейдi. Құла жұрттың жиналатынын бiлгендей, бәрiнiң келiп болуын күтiп тұрғандай, ел жиналып болған соң басын сәл кӛтерiп, елiмен жерiмен қоштасқандай жан-жағына кӛз тастайды да, соңғы күшiн жинап бiр кiсiнеп құлап түседi…

…Осылай аяқталған Құла ат хикаяты былай басталған-ды…

…Құла биыл қожасына ӛкпелi болатын… Ӛсе бастаған тұяғының қышуын қандыра, қоюлана бастаған қанын қыздыра маң даланы бiр кӛсiлтпегенi… Жалын тарап арулап, сауырын сыйпап жабулап тойға да мiнбедi. Құлағын да қасымады, құйрығын да ӛрмедi…Тұла бойында ширықпаған бiрде бiр мүше, тарамаған бiрде бiр түйткiл қалмайтындай етiп сылап-сипап баптайтын сейiс қолына тапсырып, бәйгiге де қоспады…

…Бұ күндерi бұлшық еттерi мен сiңiрлерiн май баса бастаған Құла, ӛз денесiн ӛзi жатырқағандай, ӛзiн-ӛзi жатсынғандай күйде болатын. Тұла бойын шымырлата шарлап ӛтетiн қожасының: ―Қанатым менiң! Тұлпарым менiң! Құла атым менiң!‖ – деп емiрене тұмсығынан сүйетiн сәттерiн сағынғанда: ―Қайдасың, Қожайыным!‖ – дегендей, иен даланы сағынышқа толтыра, кiсiнеп жiберетiн. Құла шӛп шалуын тоқтатып, иесiмен соңғы қоштасқан жаққа қарап, ойға берiлiп кеттi…

…Осы тӛбенiң күнгей бетiнiң шӛбiн таусып шығуды мiндетiме алғандай-ақ, оттаудан басымды алмай, бәрiн ұмытыппын… Мен еске алмасам ол да алмайтын болар, мен ұмытсам ол да ұмытатын болар… Құла ӛзiнiң мына ойынан шошып кеттi…

…Тыпыршып, найзаның ұшындай қамыс құлақтарын тiп-тiк кӛкке шанша басын әнтек жоғары кӛтердi де, ӛз ойын ӛзi қостағандай басын ―әрине солай, әрине солай‖ дегендей шұлғып-шұлғып жiберiп, жiберген қатесiнiң ӛшiн жерден алғандай, жердi қорс қылып, алдыңғы аяқтарымен тарпынып, тарпынып алды…

…Әйтпесе, Қожасы бұрын мұнсыз аттап аяқ басатын ба едi?.. Бұл қарын қамын қамдап, оны ұмытқан екен… Бұл ұмытса о да ұмытады…

…Қап, әттеген-ай дегiзген, iштен ышқына шыққан ӛкiнiштi шер дыбысқа айналып, ӛзiнiң шырқырай кiсiнеп жiбергенiн байқамай да қалды…

…Менiң есiме түстi, ендi мен де оның есiне түсермiн!..

…Ӛзiнiң мына ойы ет пен қаннан жаратылған денесi түгiл қылдан ӛрiлген құйрығы мен мүйiзден құйылған тұяғын да қуанышты сезiмге бӛлеп жiберген едi… Оны сол сезiмдер кӛтерiп бара жатты… Ол әуелi мойынын созып басын оқшырайтты. Сосын түп-түзу ғып құйрығын

Page 27: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

27

ұзарта созып жiберiп, серiппедей ширатылып бара жатқан бұлшық еттерiнiң күшiне шыдай алмай тұрған жерiнен секiрiп кеттi. Сол сол-ақ екен, ен дала тӛсi дүбiрге толып жүре бердi. Ӛзi күтiмдi кезiнде, жалы тараулы кезiнде қарсы соққан желден қос қарыстай боп тiкiрейiп құлақ түбiнен суылдаған әдемi дыбыс шығарып тұратын жалы, ендi ошаған мен қарiқыз тiкендерiнен ауыр тартып кӛтерiле қоймады. Құла, сендердi қалайда тiкелерiңнен тiк тұрғызамын, дегендей ерегесе, екiлене жосылды… Жер таңдамады. Сай кездессе секiрiп ӛтiп, жар кездессе қарғып ӛтiп, мынау иен даланың сәнiн келтiре алатын да, оның тылсым тыныштығын бұза алатын да ӛзi екенiн дәлелелдеп бара жатты… …Ол, осылайша ойнақтап жүрiп, тӛбе басында тұрған жылқышылардың ӛзi туралы не айтып тұрғандарын естiген де жоқ едi… Жарықтық, ана Құлаға не кӛрiнген?.. Ол тегiннен тегiн бұлай етпесе керек едi… Балуанияз батыр не жол жүргелi, не жорыққа аттанғалы жатырған болар ма?.. Балуанияз алыс сапарға шығарда Құланы баптап, таң асырып жатпайды дейдi ғой. Келедi екен де мiнiп жүре бередi екен. Құланың қасиеттiлiгi соншалық, бiр-екi күн осылай шауып, ӛзiн-ӛзi дайындап терiн де ӛзi алады екен, бабын да ӛзi табады екен. Құланың мына шабысы тегiн емес… Қара да тұр, бүгiн кеште, не ертең тәңертең келiп Құланы алып кететiн болар… …Құла – құладұздi дүбiрге толтыра, аумақты ойды бiр-екi айналып алып, ендi үйiр-үйiр жылқылар жатқан тӛбе бауырына қарай екпiнiн бәсеңдетпестен ағызып келе жатыр… ―Бұл үйiрдiң қожасы менмiн! Аулақ кет!‖ – дегендей боп, алдынан қоқаңдай шауып шыққан үйiр айғырының қасынан сәл қиыс ӛте шыққан Құла дӛң басына кӛтерiле бере кiлт тоқтаған едi…

…Денесiнiң құрыс-тырысы жазылып қалыпты. Тұлабойы бiр шама ащы терден де тазарған секiлдi. Ертең мына ойды тағы бiр-екi айналып шықсам, қандай сапарға аттанса да Қожамды ұятқа қалдыра қоймаспын…

…Ертесiне сәскетүсте асығыс жеткен бес-алты кiсi саяқ аттарды ауылға қарай дүркiрете қуған едi. Бәрiнен озық келген Құла Балуанияз отырған үй сыртына жетiп: ―Неге менi қарсы алмайсың?.. Сағынып келдiм!‖ – дегендей оқыранып, тұлпар тұяқтарымен жердi осып-осып жiбердi.

Қара жер қозғалмай қозғалмайтын Балуаниязды мына дыбыс ұшырып әкеткендей едi. Қолындағы қымыз толы кесенi тӛге-мӛге жерге қоя салып, далаға атып шықты да, басын еңкейтiп мойнын соза берген Құланы құшақтай: ―Қанатым менiң!‖ – дедi.

Page 28: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

28

Тұлпарым менiң! Құла атым менiң!..

…Жайбарақат отырғандай болып кӛрiнген ауыл тiрлiгi ӛзгерiп сала бердi…

…Жан-жақ ызы-қиқы… Бұғалық тастап, құрық салып жүрген ептiлер… Ат ұстап, ат ерттеп жатқан адамдар… Қол жайып, Құдайдан оң сапар тiлеп жатқан үлкендер… Ерлерi мен ұлдарын ӛлiм сапарына қия алмай жаны қиналған жұбайлар мен аналар… Мынадай ызы-қиқыдан жүректерiне қорқыныш кiрген балалар…

…Дайындық жұмыстары да аяқталып болды. Алпыс сарбаз сардарын күтiп ат үстiнде сап түзеп тұр. Ақiреттiк сапарға тең бұл жорық қаншалықты қатерлi болса, ӛз қолдарымен ӛлiм жолына шығарып салып тұрған ел-жұрты соншалықты сабырлы едi… Балуанияз батыр Қыбыла жаққа қарап, қолын жоғары кӛтердi де бәрi еститiндей зор дауыспен: Ей, Алла тағала! Күшi басым жауға ӛзiңнiң әдiлеттiлiгiңе сенгендiктен аттанып барамыз!.. Жолымызды оңғара кӛр!.. – деп бетiн сыйпап: – Ал, кеттiк! – дедi… …Құла бәрiн де түсiндi. Қожасының даусындағы екiлене шыққан қуат толы екпiн, ара-арасында Алласынан медет тiлеген уайым, дiрiлi сезiлген әлсiз тыныс – оған бұл сапардың барлық сырын ашып берген-дi… Сол сәттен бастап жорыққа аттанғандар атқа да, адамға да тынысы мол шоқырақ шабыстан тынбастан күн қызылын семдiре аз ғана дамыл алған…

…Әрқайсысы ӛз қоржындырынан алған бiр-екi бiлем құйрық майды турамай қылғытып, артынан ауыздарына құрт салып талмап сәл тыныстап жатқан түсi суық мынау жандарға қарап, Құла ат алда бiр пәленiң, зор пәленiң күтiп тұрғанын анық сезiп, тұла бойы дiр ете қалды да, Қожасына кӛз тастады…

…Балуанияз – сарбаздарына болашақ ұрыс тәсiлiн ежiктеп, оларды он-оннан бӛлiп, қайта-қайта қайталап, бiр нәрселердi түсiндiрiп жатты. Кейбiр жас жiгiттерге егделеулерi ат үстiнен қылыштасу сабақтарын жүргiзiп жатыр. Бiрнеше пысық жiгiттерге қосақ ат берiп iлгерi шаптырды. Негiзгi жасақ жауға арттан тиiскенде олар екi қапталдан, Қараған-Босағаның адырларынан, шаңдата жылқы қууға тиiс болды.

…Барымтадан түскен сан мыңдаған малды шашау шығармай шаңға тұншықтыра, мына сайы мен саласы кӛп, адыры мен тӛбесi мол қауiптi жерден кеңге шығарып кетуге жанталасқан жәумiттер адамдарға да қатал қарап келе жатыр едi. Алғашқы кездескен сайға айдаушының кӛзiн ала жалт бұрылған жап-жас бала қыздың кӛйлегi ӛткiр қамшының пышақтай жүзiнен дал-дұл боп қалды. Кеше ғана ӛз

Page 29: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

29

аулының не бiр айбары асқан, не бiр байлығы тасқан жiгiттерi жүзiне тура қарауға жасқанатын бұл арулар – бiз бiр елдiң ажары мен абыройы едiк деп, нұр жүздерiнен айнаға қарап қуаныш табатын едi. Ендi, бiр-ақ күнде, асқақ кеуде, адуын мiнез алпамсадай азаматтар түгiл, сол қасиеттi жер топырағынан жаралған қойшы-қойманшының ӛзiне зар боларлық – жалаң аяқ, жыртық балақ күңге айналып шыға келiптi…

…Мал мен жанды шұбырта айдаған жүрiсi жәй, бiрақ тынымсыз жылжып бара жатырған күшi басым жауды Үстүрт дӛңiне шығып кеткесiн аз адаммен ала алмайсың. Бұларды қуғыншылар ӛздерiнiң ұрыс салуға ең соңғы ыңғайлы жерi Қараған-Босағада қуып жеттi.

…Алла сәтiн салып Балуанияздың барлық ойлаған ойы iске асты. Жаудың үш жағынан бiрдей шаң кӛрiндi. Соңғысы бұрын жетiп килiккенде, түрiкмендер бұрын соғысып кӛрмеген ұрыс тәсiлiмен, үстерiнен қаптаған селдей ӛте шығып, содан жалт бұрылып қайта қаптағанда, бiразы баудай қырқылып түсiп жатты. Оның үстiне бұлар мен қоса жауларына үрей атты дұшпаны да бiрге араласқан едi…

…Астындағы қашаған қуатын атын тақымымен басқарып, екi қолындағы екi қылышын бала қолындағы зырылдауықтай айналдырған дәу жылқышының бүкiл шатқалға симаған даусы да жаудың құтын қашырып бара жатты. Оның: – Жандарыңды сақтаңдар!.. Аттан түсiңдер!.. Ат бауырына тығылыңдар!.. – деп, жалықпай салған айқайы, қылыштасқан алпыс кiсiден кем еңбек сiңiрмедi… …Алғашқы сәтте бiраз қидаласқан дұшпан жәумiттер, қос бүйiрден қалың қол тақалған сайын, берекелерi кетiп, бiр-бiрлеп түсе қалып аттарының бауырына бүрiсе тығылып, берiле бастады.

…Ендiгi бiр сәтте ұрыс та аяқталып қалған болатын… …Балуанияз бойын қуаныш сезiмi билеп бара жатты… Оның

кӛкiрегiн: ―Бiр де бiрi тiрi құтылмады‖ – деген, мақтаныш сезiмi кернеп, сол сезiм түлабойын жанға жайлы ем инемен түгел шабақтап ӛте шықты… Қараусыз қалып, тӛбе басына ұйлығып, болып жатқан ұрысты бақылап, бұлардың тiлегiн тiлеп, Аллаларына жалбарынып жатқан қыз-келiнiндерiне кӛзi түскенде, батырдың маңындағы бар тiршiлiктi тұман басып жүре берген едi…

Кенет Балуанияздың құлағына:

– Кеттi, кеттi! – деген екi ауыз сӛз жеткенде, тап кәзiргi бастан кешiп тұрған барлық қуанышын бiреу сол сӛз желiмен ұшырып жiбергендей әсер еткен-дi.

– Кетерсiң атаңның басын! Құланың қуаты бойында тұрғанда сен жәумiттi сақалыңнан сүйреп әкелермiн, бұл араға…

Page 30: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

30

…Бұл сӛз қым-қуыт, ала-сапыран, ызы-қиқы, шым-шытырық түсiнiксiз замандағы, оның ерлiкке толы ӛмiрiндегi аузынан шыққан соңғы сӛзi болды…

…Кетiп бара жатқан жауды кӛзiмен ұзатып тұрған Құла қожасы тақымын қысар-қыспастан-ақ ойын бiрден түсiндi…

…Қашқынның қолы жаралы болу керек. Ұрыс басталар-басталмаста ол бұларға қарсы келген. Оң қолдарындағы қылыштарын ту ғып кӛтерген екi батыр бiр-бiрiнен маңдайларын аудармай тұп-тура қарсы шауып келе жатты. Бұйрық күтiп сақ шауып келе жатырған Құла оң жақ қапталын Қожасының оң жақ тiзесiнiң қыса түскенiнен тез жау атының мiнер жағынан ӛтуi қажет екенiн түсiндi. Бұ да оңға ауыса бердi, Қожасы да қылышын оң қолдан сол қолға алмастырып үлгердi. Бұндай кезде жаудың не қолы кететiнiн, не басы кететiнiн бұл талай кӛрген. Бұл жолы да солай болған… Жау қылышы күнге жарқырап ұшып бара жатты…

…Құла ентiкпей, демiкпей жауларын еркiн қуып жеткенiне әбден риза. Ендi Қожасының тақымымен жетер бұйрығын күтiп жау торысының құрығымен тiстесiп келе жатыр. Жау қолында қауқар қылар қару байқалмайды. Найза да кӛрiнбейдi, қылыш та жоқ тәрiздi. Қожасы жауына арқан лақтырса осылай артында лесiп отырғаны дұрыс. Қылыш суырса жауды Қожаның қылыш ұстаған қолына шығару керек. Бiрақ Қожасы қылыш та суырмады, арқан да лақтырмады. Ақыры Құланың күткен сәтi де жеткен едi… Қожасы сол тiзесiмен сол жақ қабырғасына белгi бергенде Құла да серiппедей атылып бiрден жау тұлпарымен бүйiр тиiстiре қапталдаса бердi.

…Қожасы жауын қолмен аударып тастағысы келген болар…

…Дәл сол кезде алтыатар мылтықтың киiм iшiнен атылғаннан булыға, ―тыңқ‖ ете қалған, даусы шықты да Қожасы үстiнен аударылып бара жатты. Құла керi қайтпақ болып басын бұра берiп едi, ноқтасы жау қолында екен, тiптi артына мойын бұрып дұрыстап қарап та үлгермедi. Бiрақ, кӛзi бiр-ақ шалып қалса да, ол жер оның жанарына ендi ешқашан ӛшпестей таңба боп түсiп қалған едi…

… Мiне, содан берi жылға жуық уақыт ӛтiптi…

…Тӛрт ұзын саусақтары молақ болып қалған түрiкмен бұны кӛндiре алмай торығып, ат қылып мiне алмайтынына кӛзi жеткесiн, басқа бiреуге сатып жiберген едi… Жаңа жерде Құла ӛзiнiң қатiгез-тоңмойын, сезiмсiз-надан жан қолына түскенiн жанымен де, тәнiмен де сезе бастады. Молақ қол түрiкмен қолында жүргенде арманы қашып құтылу болып, ретi келдi-ау деген сәттiң бiрiн де жiбермей сытыла қашып, бiрде шылбыры бұтаға оралып ұсталса, бiрде жүгенi аяғына iлiнiп қолға түсетiн. Молақтың

Page 31: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

31

қолында жүрiп жерi мен қожасын сағынғаннан туған жан азабын кешушi едi.

Ендi бұның шылбырына ―тышқан кӛз‖ иелiк еткелi, жан жарасына тән азабы қосылды. Әр үстiне отырғызған кiсiсi ұшып түскен сайын тӛрт аяғын буып тастап, шырқырата қызған темiр басатын. Бiраздан соң бұның тұла бойында қылшығы бар темiр басарлық жер де қалмауға айналды…

…Құланың ендiгi арманы ӛлу болғандай, нәр сызбай қалды. Әбден арықтап, қашу түгiл ӛз аяғын кӛтерiп жүруге күшi жетпейтiндей қалге жеткен Құлаға ендi ―тышқан кӛз де‖ назар аударуды доғарған-ды. Құла ауыл шетiнде қараусыз қалған бiр-екi күндiк бас бостандығын дұрыс пайдаланды да, бiр түнде: – Қайдасың туған жер! – деп, тартып кеттi. Ұлы Табиғаттың нұсқауымен жол тауып, Ұлы Құдiреттiң қамқоршылығымен от оттап, аспаны сыйлаған аз ғана ылғалмен шӛл басып, ең тӛте, ең қысқа, ең тура жолмен iздеген жерiн тауып жеткен-дi…

…Баяғы кӛз алдындағы сурет сол күйiнде сақталыпты… Тек қана Қожасының құлаған жерiне бұның омырауына жетер тас шаншыпты. Барлық арманы орындалған Құла тасқа басын сүйеген бойда қалғып кеткен екен… Қанша тұрғаны есiнде жоқ. Маңайына жинала бастаған адамдар даусынан оянып кеттi… …Бәрi де жақын келiп кӛрiп жатыр… Қатiгездiк сезiм iзгiлiк сезiмнен кiсiлiкке бiр табан жақындата түсетiндей-ақ, бәрi де аяушылық сезiмi туғызған тамшы жастарын бiр-бiрiнен жасырып, ығысып бара жатты. …Жақын келгендердiң бәрi де iшектерiн тарта бiр ышқынып, тезiрек шегiнiп кетiп жатыр… …Бiр де бiр адамның бұның жалын сыйпап құлағын қасуға, жылы сӛз айтып қолын тигiзуге батылы бармады. Жақындық бiлдiрiп бiр сыйпап ӛтерлiк тұлабойында бiр шӛкiм жүнi қалмаған, аяушылық сездiрiп алақан тигiзерлiк қызған темiр басылмаған бiр жапырақ терiсi қалмаған Құла денесiне, сезiмнен құралақан бiреу болмаса, қол тигiзу де мүмкiн де емес едi… …Қайратының кемiп бара жатқанын байқаған Құла, ақыл тұнған жанарымен жан-жағын бiр шолып ӛтiп, зорлана бiр кiсiнедi… …Соңғы шығарған дыбысы бар күшiн бiрге ала кеткендей кӛзi тұманданып, басы айналып бара жатты… …Дегенiне жеткен, арманы орындалған Құла Қожасының алдындағы соңғы мiндетiн орындағанына кӛзi жеткен кезде бұ жалғанмен ӛкiнiшсiз қоштасып, мәңгiлiкке аттанып жүре бердi…

…Құла ат, Балуанияз Құласы сол жерге жерлендi…

Page 32: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

32

…Сол күннен бастап Маңғыстаудың Ойында ―Тұлпар Басы‖ атты жаңа жер атауы да пайда болған едi… Ақтау. 15.10.2000 жыл.

Page 33: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

33

Келіндер (триптих)

Жүз жастағы келін

…Жүре берсең кӛре бересің… …Естімеген елде кӛп… …Тал бесіктен жер бесікке жеткенше үйрен…

Жаттауға жеңіл, айтуға оңай аталардың осы секілді асыл сӛздерінің астарында кез-келген ойсыз қомағайға бірден жем бола қоймас қаншама терең мағына мен ақыл жетпес шексіздік жатыр десеңізші… Бір сәтті күні кӛптен бері алдында кішілік парызымды ӛтей алмай жүрген ел ақсақалы, әкемнің жеделдес інісі Тӛлесін молдаға сәлемдесуге бардым. Ой шіркін-ай! Тӛкеңдей боп біздің де жасымыз сексеннің жетеуіне жетер ме екен?.. Жетсе біз пақыр мына шам-шырақ қарттай боп жан-жағымызға кісілік пен имандылық сәулесін таратып отыра алар ма екенбіз?.. Алты жасынан бастап он бір жыл дін оқуын оқыған Тӛкеңді Кеңес үкіметі екі рет соттап, жалпы жобасы жирма шақты жыл түрмеде ұстаса да бұ кісінің жады – атақты архивте сақталған қымбат кітаптардай тап-таза, ойы – заңғар тау бұлағындай тұп-тұнық. Ол менің келуімді жақсы қабылдағанымен ӛзінің бір жаққа жүргелі отырғанын жасырмады. – Ерінбесең бірге жүр, менің жүзден асқан келініме сен де сәлем беріп қайтарсың – дейді. Келісе кеттім. Бүкіл жолды – жүзден асқан кемпір сексеннен асқан адамға қандай жағдайда келін бола алады – деген жұмбақты шешуге арнағанмен, ұтымды ештеңе еске түспестен, іздеген ауылға жетіп қалыппыз. ―Үлкен кісі ғой, аузынан жаңсақ шыққан болар‖ – деген пікір басқаларынан басым түсіп, бұл сұрақты сӛйлем соңына нүкте қойғандай едік. – Әжем үйде – дейді, Тӛкеңнің сұрағына жауап қайтарған жас жігіт. Іздеген кісіміз кең бӛлме тӛрінде жатыр екен. Қасында ойнап жүрген сәбилер… ―Немересі емес екені анық, шӛбересі ме екен, әлде… одан да алысы ма екен, оларды кім деуші еді?‖ – деген ой орала кетті…

…Жүре берсең кӛре бересің… …Япырмай, сонда бұл кісі үш ғасырдың куәсі ғой!

Басын сәл кӛтерген қарт ана, кӛзін сығырайта қолымен күн қағып, кірген кісілерді ӛзі түстегісі келіп әлекке түсіп жатқандай. – Тұрып қайнағаңа сәлем етпейсің бе? Бұ не жатыс? Бұ не еркелік!.. Тӛкеңнің даусынан астарлы аяныш сезімі мен мұңды

Page 34: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

34

сағыныш сазы сезіліп-ақ тұр еді… Кімді аяп тұр екен?…Нені қимай тұр екен?.. Заманын қимай тұр деуге олардың заманынан алғаны шамалы. Қимайтындай замандастары қалмаған. Әлде ―мың кұн жұмақтан бір күн тірлік‖ деп мақалдатқан пенделердің бұ жарық дүниеге деген құмарлығының құдіреті ме?.. Неде болса Жаратылыстың әлі біз мойындап болмаған бір жұмбағы болар…

– Тӛлесінсің бе? Япырмай молдаеке-ай! Осыншалықты ұзақ ӛмірімде тап бүгінгі сені күткендей боп ешқашан ешкімді күтпеген болармын. Енді сен маған тәрбие беруге кешігіп қалдың-ау деп шамалап жатырмын. Сәлем етіп батаңды алар немере, шӛбере келіндерің жетерлік еді ғой… Ой шіркін, бір күнгідей болмай ӛте шыққан ӛмір-ай!.. Жарықтық енем марқұм саған да сәлем еткізуші еді-ау!..

Мен үнсіз ғана тыңдап қалыппын. Манағы нүкте қойғандай болған сӛйлем соңына енді сансыз сұрақ белгілері іліне бастағандай. Дегенмен ―әліптің артын бағып‖ тыныш отырмын.

– Мосыңа шәйнегіңді ілгіз, шәй ішіп аттанамыз‖ – дейді Тӛкең. – Ӛз шаруасын балалар біледі ғой – дейді Тӛкеңнің жүзден асып кеткен келіні.

Шыдамның да шегі бар демекші, мен жайлап қана Тӛкеңнен қарт ана жасын сұрадым. Ол үлкен кісінің бетіне біраз ойлана қарап отырып барып маған жүзін аударғаннан соң да ―осыған айтсам ба, айтпасам ба‖ дегендей тұла бойымды зерттей шолып алғаннан кейін ғана ―мың бір түн‖ ертегілеріндегідей бір таңғажайып әңгімені бастап кетті…

…Ойыннан басқа уайым жоқ бала кезіміз.

…Қызығымыз да, ермегіміз де далада, табиғатта. Тақымы тоқымға тиген баланың бір-екі меншіктелген тайы болады. Тайлы балалар үйір-үйір боп қыр асып қызық іздеп, ойға барып ойын іздеп шапқылайды. Жер от жылдары қызық та кӛбірек, ойын да молырақ. Ондай жылдары кӛші-қон арасы сиреп ауыл бір жұртында ұзағырақ отырып та қалады.

…Адам аяғына, мал тұяғына тапталған шақта бүкіл даланы жұпарына малып жіберер балауса шӛп исінен асар жанға дауа не бар дейсің, сірә? Кӛкірегіңді кере жұтқан сайын қомағайлана түсесің. Әр жұрттың есте қалар ӛз ерекшелігі, ӛз иісі бар. Кӛшіп келе жатып солары есіңе түскенде бар болмысың аңсарына жетуге асыға түскендей болады.

Ойын балаларына ӛз үйінен ӛзгенің үйі қызықтау. Мен кӛбіне ӛзімнен бір жас кіші Дүйімбайдың үйіне барғыштайтынмын. Ол үйде бізге ―ай дейтін ажа, қой дейтін қожа‖ болмайтын. Баласының

Page 35: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

35

жалғыздығынан ба, әлде баласының жетімдігін ойлайтындығынан ба, әйтеуір Дүйімбайдың шешесі бетімізге жел боп тимейтін. Балалардың ол үйге құмарлығының тағы бір себебі сол үйдегі жас әйел біздерге үлкен мейіріммен қарайтын. Ол әуелі ӛзінің шомбал денесімен кӛз тартса, содан кейін ӛрескел ұзын, шамадан тыс жуан бұрымымен ерекшеленетін. Біз оны не жеңеше, не апа демей тұп-тура Зәбіхан дейтін едік. Зәбіхан ойыннан қайтқан біздерді соншалықты ықыласты жуындырып, ерекше құрмет кӛрсете ас беретін. Кейінірек ауыл арасы алыстап кеткен себепті мен оларды ұмыта бастадым. Әкем алты жасымнан молдаға берді де, мені ілестірген ӛмір арнасы бағытын күрт ӛзгеткендей еді. Балалық сезім алабұртып сені әр қияға шақырса дағы молданың сұсты жүзі мен оқу салмағы оны баса беретін.

Бірде әкем ертеңгі күні Дүйімбайдың аулына садақаға жүретіндерін, соған мені еріте кететіндігін хабарлады. Аймаш шешеміз ел жиып ас бергелі, ―нәпіл садақа‖ таратқалы жатыр екен. Бұлар – жесір әйел, жетім бала деп аталынатындардан. Бірақ садақаларына адам мол жиналыпты.

Ас желінді. Қымыз ішілді. Қарттар мен аузы жеңілдер баталарын беріп жатыр. Бәрінің аузында Дүйімбай аты. Бәрі де сӛнбеген ошақ туралы, ақ сүт емген адам туралы сүйсіне айтады… Түсініксіз сӛздер. Жұмбақ ойлар… Дегеніңе жеттің – дейді. Ұзағынан сүйіндірсін, жалғызыңның жапырағы жайылсын – дейді. Дүйімбайың азамат болды – дейді…

Мен таң қалып отырмын. Ӛзімнен бір жас кіші бала менен ілгері кетіпті. Азамат болыпты. Мен туралы ешкім әлі ондай сӛз айта қоймаған болатын.

Аймаш ана жүзі – ерекше қуанышты. Садақа емес тойда отырғандай. Ара-арасында асып-тасып лепіре сӛйлеп кетеді. Жүзінен де, сӛзінен де ерекше шаттықта екені байқалып тұрғандай еді.…

Жиын тарқаған. Бірнеше топқа бӛлініп кеткен біздің ауыл кісілері ен даланы дүбірге толтырып, тынық ауаны дыбысқа толтырып аспанның да, жердің де иелері ӛздері екенін бар әлемге паш еткендей кӛңілді қайтып келеді. Мен анам бастаған топқа қосылыппын. Баяғы жұмбақ әңгімелер қайта басталып кеткен… Аймашқа Құдай тағала қарасқан екен… Ақылды әйел ғой, әйтпесе бесіктегі балаға қатын алып береді деген кімнің басына келген… Аймаштың бағына ақ сүт емген адам тап болып… Он екі жыл күткен үміті ақталып…

…Мәссаған!.. Сол үйде жүретін баяғы арқан бұрым, шомбал келіншек Дүйімбайдың қатыны болып шықты…

…Естімеген елде кӛп…

Page 36: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

36

…Дүйімбайдың ата-анасының тұңғышы жайлауға кӛшіп келген күні Ойыл маңында ӛмірге келген екен... Қатар қонған кӛрші ауылдың да бір шаңырағына дәл сол күні сәби келіп, келесі күні бұлар тойға шақырылады. Той үстінде жаңа туған нәрестелер атастырылып, әкелері құда болысады. Кеңес үкіметінің дүрбелеңінен балаларға шаңырақ кӛтеріп беру сәл кешігеді де жасы он алтыға толған жылы ғана той уақытын белгілеуге жағдай туады. Бірақ сол жылы күйеу жігіт аттан жығылып мерт болады. Бұл қайғыны әке жүрегі кӛтере алмаса керек. Айы-күні жетіп отырған жесір қалған зарлы ана ұл табады. Тойдың уәделі уақыты жеткен шақта еш адамға ақыл салмастан аз ғана топпен Аймаш ана айттырулы келінінің аулына келіпті. Құдалар сасады. Қалың малы түгел алынған. Айтылған серт бар, ұсталған құран бар, берілген бата бар. Бәрі дұрыс, бәрі орынды. Тек қана әмеңгер тым жастау, әлі бесікте. Қыздарынан он жеті жас кіші. Ал құдағайы болса келінін ендігі жерде бұл ауылда бір күнге де қалдырмақ емес. – Қызын ұзатсын, әйтпесе ертең-ақ араға түсіп бата бұзарлар шұбыра бастайды – дейтін кӛрінеді.

Бұлар құдағайымен ақылдасып та, тайталасып та кӛрді. Түсіндіріп те, кӛзін жеткізіп те бақты. Обалды да, аянышты да еске алысты. Ара ағайын салып та, қоқан-лоққы жасап та байқады. Құдағайы кӛнбеді. Шақыр молдаңды! Әкел құранды! Жина жұртыңды! Ел алдында сертіңді бұзғаныңды құран ұстап тұрып хабарла. Сӛтсең ғана бір Құдайға тапсырамын да тынамын. Әйтпесе екеу болып келдім, үшеу болып қайтамын. Менің шаңырағыма тағдырдың салған ауыртпалығының ӛтеуі осы деп білемін – дегенінен танбапты құдағайы.

Бұлар ақылдасқанмен ақыл таба алмайды. Айла жасағанмен жүзеге асыра алмайды. Бар тапқаны – соңғы амалы қызын құдағайға жұмсамақ болады. Ая – деп айт деп үйретті. Он жеті жас үлкенмін ғой – деп салмақ сал деп үгіттеді. Балаң бесіктен шыққан жоқ қой – деп бетіне салық қылып қара деп қайрады.

Аяқ астынан бәрі бос амал, бос сӛз, бос қулық болып шыға келіпті. Қыз: ―Менің құран ұстатып ант бұзғызып қарғысқа ұшырайтын жағдайым жоқ. Кӛнемін Тәңірімнің жазғанына‖: – депті.

…Сӛз тоқтапты. Іс тыныпты. Шағын той тойланыпты. Міне енді Аймаш келінін алып еліне қайтқалы жатыр. Қомды түйеге оралған қоршау ішіне бекітілген бесік қасында енді Аймаш емес ұзатылған қалыңдық отыр. Сыңсу ұрдісін істемеді. ―Мен жыламай аттанамын‖ – депті…

…Әй бәсе! Біздің баяғы бес-алты жасымызда бас-аяғымызды тап-таза етіп жуып, тырнағымызды мұнтаздай етіп алып, бетімізден

Page 37: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

37

шӛп-шӛп сүйетін еді. Енді түсінікті болды, сонысы бізді жақсы кӛргендіктен емес, күйеуіне кӛрсеткен құрметі екен ғой…

…Кӛбірек ойға батып кетсем керек, еркі ӛзіне тиген тор тайым мені берекесіз әңгімеге, орынсыз ыржаққа құмар қылжақбастар тобына араластырып жіберіпті…

…Неге соншама жырқылдайды?. Ауыздарынан сілекейі аққанша қарқылдайды келіп, сорлылар. Ат үстінен ауып түсе жаздап бұлғаңдайды келіп, байғұстар. Тыныстары тарылып, ӛңдері күлгін тартып кеткенше күледі, пақырлар… Айтқандарына құлақ түріп келемін…

…Бір шамада әңгіме желісіне менде түсіне бастаған секілдімін… …Дүімбайдың үйленгеніне он екі жыл болыпты… …Үйлену тойына бесікке салып апарыпты… …Он екі жыл шешесінің қойнында жатыпты… …Жақын арада Дүйімбай түн ортасында шешесін оятып: ―Апа, мен

ендігі жерде Зәбіханның қойнында жатайын ба?‖ – деп, ұрқсат сұрапты…

Дәл осы жерге келгенде бұ топтағылар біреуден бұйрық алғандай ду ете қалады. Біраздан соң мен де күле бастадым. Маған да қызық болып кӛрініп кетті. Шешесінен қалай ұялмады екен?.. Мыналар маңы адамды күнәға батырмай қоймайды екен – деген күдікпен мен олардан бӛліне бастадым. Тайымды тебініңкіреп ілгері келе жатқан топқа қосылсам ауыл ақсақалдары екен. Олардың әңгімесі де осы тақырып маңында болып шықты.

…Тал бесіктен жер бесікке жеткенше үйрен… Міне осы уақиға соның дәлелі. Бүкіл ел болып бере алмас үлгіні жай ғана екі әйел кӛрсетіп отыр. Ант пен сертке, әдет пен ғұрыпқа, құран мен Құдайға солардай адал бола алған ел ӛзін ӛзгеге сүйсіндірмей қоймас… Бұлардың бұндай әңгімесі де, қабақтарынан қар жауған түстері де мені онша қызықтыра қоймады. Жан-жағыма алақтай қарап тайға мінгендерді іздей бастадым…

…Тӛкең сол күні мүмкін тағы да біраз уақыт осы әңгіме желісін жалғастырған болар. Бірақ менің санам уақиғаны дәл осы жерге дейін ғана ұғыныпты…

…Бір кезде ғана қайнаға мен келіннің соңғы сӛздері құлағыма шалынып мен селт етіп оянып кеткендей болдым… Кәзір баяғы қамқорлық қолыңнан келмей жүр-ау шамасы, біздің інішек үйге тұрмайтын болыпты ғой – дейді, Тӛкең қайнаға. Ініңді жасы толғанға дейін жӛргегін жуып, мұрнын сүртіп он екі жыл күткен едім. Алла тағала қанағатым мен шыдамыма берген болар,

Page 38: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

38

оған он үш перзент сүйгізіп, жалғыз басын жүзден аса жан еткен едім. Мен бұлданбағанда ол неменесіне бұлданбақ? – дейді келіні.

Үлкендік жеңген қарт кісі ұзақ сӛйлегеніне шаршаңқырап қалғандай. Біраз тыныстап алып – бұл әңгімені тоқтаталық – деді. – Келгенің жақсы болды. ―Жаман айтпай жақсы жоқ‖ –дейді екен үлкендер. Алты жасыңнан Алланың атымен айтып, құранның тілімен сӛйлеп келе жатқан жансың ғой. Артықшылығы болмас, менің иманымды айтып кет.

Тӛкең: ‖Әрине артықшылығы жоқ‖ – деп алып, сай-сүйегіңді сырқырата кұңірене жӛнелді…

… Дәл сол күні Тӛкең үйіне жеткесін кӛп ұзамай артынан жасы жүз тӛрт жасқа жеткенде дүниеден озған Аймаш ананың хабары жетіпті…

26.01.2000 жыл. Ақтау.

Қалыңсыз қыз

Ат шалдыртып, бел босатып алалық – деп, жортаққа бергісіз аяңмен айғыр топ алдында келе жатқан, дене мүшелері жасына сәйкес сұлулана толысып, мол денесіне ерекше сән бере бастаған сақа жігіт астындағы меңсіз торы тізгінін тежей берді.

Желсіз күнгі қайықтай сырғанай жылжып келе жатқан аққу мойын торы – басы сыңар езулей тартылғанда тұяғын жиі-жиі түйрей басып, кӛп алдында кӛлденеңдей билеп – Мен әлі жүрістен жалыға қойған жоқ едім ғой – деген ӛкінішін байқатқандай. Табиғаттың ең сұлу жаратылысы жылқы малының құдіреттілігін танытар, ақыл мен ашуды араластырып құйғандай ғажайып кӛзі, осы жолы иесіне шатынай қарап, мені неге рахат жүрістен айырдың деген ренішін білдіргендей екен. Мына кӛрініс кӛкірегі сезімді жанға – даланың сәні әдемі атқа мінген сұлу жігіт те, ӛмірдің мәні дәл осындай сәйкестігі табылған жарасым ба – дегізері сӛзсіз еді…

…Атын сәл тыныштандырып алып, енді үзеңгіге кӛтеріле берген, қабақ жүні қалыңдау, шаралы кӛзінің жанары шырайлана қарайтын, кез-келген қазаққа бұйыра бермейтін, самайы мен иегінің арасын тұтастыра иесіне айбат пен кӛрікті қоса силап тұрған қаба сақалды, қою мұртты жігіт ағасын, сәл артта келе жатқан қағлез атқосшы лып етіп түсе қала, бір қолымен торы тізгінін, екінші қолымен – осылай боларын білгендей атынан сәл сабырлылық, сәл еріншектік таныта түскен, Бақажан байдың қолтығынан демеп те үлгерді.

Ат тұяғына басылар-басылмаста иісі бұрқ ете қалған дала жұпары – сіздерге мекиен далаларыңды сағынышты ететін тек мен ғана – деп, ен табиғат ішіндегі ерекше қасиетін еске салып

Page 39: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

39

жатырғандай. Ал сол жұпармен кӛкірегін тазалап, бар ӛмірін тек қана сол жұпарларды жұтуға бағыштағандай бұл адамдар – бар тірлікті бір-біріне жақындастырып, бар пендені бір-біріне құштар етіп қоя алатын ғажайып сағыныш атты сезімдерін ауық-ауық осы қош иіске малып-малып алып, туған жеріне деген сағынышы еш уақытта кӛмескі тартпас, тірлік тұтқасы қанағат пен шүкіршілік деп санайтындар санатынан еді…

…Бұл жылдың кӛктемі шаруаға барынша жайлы болып басталған-ды. Мына құмдақтау тӛбе де биылғы молшылықтан хабардар екенін байқатады. Шӛп киелісі жусанмен араласа тізеден келер еркекке, толарсақтан асар мортыққа, белуарға жуық бұтаға бӛгіп, қылтия бастаған әр бүрін жапыраққа айналдыра, сан бояулы гүлімен жер сәнін келтіре, бұ дүниеде тірлік етудің адам пендесі үшін соншалықты бақыт екенін кӛз алдына елестете, далада туып, даланы сүйетіндер сезімін ұшпаққа шығарардай боп кӛріктенген кезі екен. Даланың осындай кезін сағына күтетін бұл тойшыл топқа мына кӛрікті тӛбе керемет шат кӛңіл силай салды. Кенет бәрі де қауқылдаса жерді мақтап, биылғы кӛктем отына разылығын білдіре, ―жер қожасы сенсің, жер отын шалатын да кӛбіне сенің малың‖ дегендей, Бақажан байға бағыттай сӛйлеуге, естірте айтуға тырысып жатты. Туа сала біреуге табынып, біреуге пенде боп жүруге құмар, адамдар атты бұл тобыр да дәл кәзір пайда болған ӛздерінің рахат сезімді сәтін, қуанышты шағын түгелімен Бақажан байға силай салғандай еді… …Қағылез жігіттің ауыздығы алынып үлгермеген торысы басы бостығын пайдаланып бір-екі шалып үлгерген екен. Ат езуінен еркектің кӛк зеңбіл нәрі тамшылай ағып, шӛптің нағыз дер шағы, нағыз балауса кезі екенінен хабар бергендей. Ауызындағы шӛп дәміне риза болып кеткендей, басын шұлғып-шұлғып жіберген торыға қарап Бақажан: ―Алла тағаланың байлығы шексіз ғой, берейін десе дәл осылай жарылғай салады. Мынау маңайға биыл екі-үш ауылды қатар қондырса да міні құрамас‖ – деді. Қошаметшілер – қай кезде де ӛз міндеттерін мінсіз атқаратындар. Осы жолы да олар жалма жан жол тауып кетті. Шӛп мол шыққан жылдары кейбір адай байларының айшылық Арқаға кӛшпек түгіл, осы тұрған Үстіртке шығып қонбай, Бозашыны жаз жайлап, қыс қыстап қалатын әдеттерін Бақажан сӛзіне байланыстыра, олардың кӛшпеуі де Бақажанның ақылынан туғандай, шӛптің қылтиып кӛгергені де Бақажанның іскерлігінен болғандай дәрежеге жеткізіп, Алла тағала адам пендесіне сиға тартқан ―қызыл тіл‖ атты құралын аямай-ақ пайдаға асыра бастады. Бұл әңгіме, әрине, түбінде Бақажанның Алла тағаланың сүйікті құлы, Қыдыр атаның пейілі түскен қасиетті жаны екеніне ойыса бастары сӛзсіз еді…

Page 40: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

40

Ойламаған жерден бір жас жігіттің әңгімеге орынсыз кірісіп кеткені… Мен жақын арада Қыр жақтан келе жатып Қызықтың кӛп құдығының бірінен ат суардым. Сағындық байдың сансыз құлаларының тұяғы мен тісіне тӛтеп бере алмаған-ау деймін, шамасы. Яншейінде жайқалып тұратын Қызық маңы биыл жұтаң секілді екен. Қырдағы ел де, ойдағы ел де кәзір Сағындықты қатты байып кетті деп жүр ғой. Үстүрттегі ӛзінің кӛш жолынан ондаған жаңа шымырау қаздырып жатырған кӛрінеді – деді. Жігіт ӛз аузына кездейсоқ түсіп кеткен, ойланбай айтқан жалғыз ауыз сӛзінің тек қана бұлардың әңгімесінің желісін емес, жалпы биылғы ел тіршілігінің қарекетіне де ӛзгеріс енгізіп жібертінін қайдан білсін.

Жігіт сӛзін ешкім қостай қоймады.

Бақажан түсінен бұл әңгімені кӛп жақтыра қоймаған кейіп байқаған Бәубек – биыл ол маңның жаңбырсыз болғанын, ал Алла тағала жаратқан ырзық пен байлықты мал мен жан пайдаланып тауысады деу ақылға қона қояр ма екен – деп, Сағындық бай атағына айтылған жігіт мадақтауын есепке алынбайтындай етті. Үлкен кісілердің ауыздарынан шыға бермегенмен кӛкіректерін бықси тұтап ыстап жататын – байлық пен бақыт жолындағы, атақ пен даңқ жолындағы бәсеке атты жұмбақ жарыстарынан хабары жоқ, Бәубек сӛзінің тӛркінін де толық түсінбей қалған жас жігіт енді Сағындық байдың ―Ағой‖, ―Қызық‖ атты мол сулы құдықтарын мақтап кетті… ―Тәңірім Бозашыға ӛзен бермесе де жер асты суын жаратарда пейілді болған болса керек. Сағындық құдықтары ешқашан сарқылмайды дейді ғой‖ – деп, Бәубекке ұнамай басталған әңгімені ушықтыра түсіп, ӛзінің кӛп алдында кӛсемси сӛйлеп отырғанына мақтанғандай, жан-жағына тоқмейілси қарады… Не дейді мына патшағар!.. Мені келемеш қылғандай ұтылап соғып!.. Кезек-кезек пайдаланылатын кӛп құдық сарқылушы ма еді. Ол түгіл ӛзіміздің Қарақұдық күні бойы қауғалағанда бір елі ортаймайды емес пе! Соны кӛрмей біреудің құдығын, біреудің байлығын сӛз ғып… Ал біздің естуімізше Бақажан торылары сіздер мадақтап отырған Сағындық құлаларынан екі еседей кӛп. Мақтауға тұрарлық ӛз жақсыларың тұрғанда ӛзгені ұлық тұтуға шеттеріңнен құмар-ақ екенсіңдер. Біздің Бақажанға тең келер бай кәзір Бозашы түгіл бүкіл Маңғыстауыңнан табыла қоймас. Мақтаншақ деп ӛсектейсіңдер мені, қалай мақтанбассың!.. Біздің ауылдың Қияқты жағынан суға шұбырған жылқылар ізінен пайда болған жолдың тереңдегені сонша, кәзір құлын-тай кӛрінбейтін болыпты. Жақында аттан түсіп бір шаруа бітіріп тастайын деп бел шешіп отыра қалсам, жол жақтағы бұталар арасынан

Page 41: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

41

бір нәрсе қылт-қылт етеді. Бү не ғажап деп таңданып, қозғалмай сығалап отырмын. Бақсам – ӛз аулымыздың жалын күзеуге ұстап қалған, енді ӛріске кетіп бара жатырған тайлары екен. Жол тереңдігінен бойлары кӛрінбейді. Бұта арасында жасырынбақ ойнаған балалар басындай боп, қылт-қылт, жылт-жылт етіп ӛтіп жатыр, ӛтіп жатыр… Соларды елемей Сағындық бай екен, ―Ағой‖ сулы екен, ―Қызық‖ от екен деп даурыққандарыңа таңым бар. Тек қана байлық емес жомарттығы пен мәрттігі жӛнінде де ӛзіміздің Бақажан байға тең келер ешкім жоқ, кәзір!.. Бұлар адамның аузын орынсыз қыздырады осындайда… …Бір қызса тоқтауы қиын Бәубекті осы шамадан кідіртпек болғандай, орталарындағы жасы үлкен қарттың қамшысына қолын созғанын байқаған Бақажан орнынан жеңіл тұрып, жүретіндей ыңғай танытқанда, басқалары да дүр кӛтеріліп аттарына бет алысты… …Ауқамды топ түске жақын атақты бай ауылға жай аяңмен, жан-жағын зерттей барлап, сынай қарап жақындай түсті... …Айрықша құрметке ие Бақажан бай, қасындағы тӛрт-бес кісісімен, ӛздеріне арнайы тігілген ерекше сәнді отау тӛрінде үйген шоқыдай тіп-тік боп, жинақы молдас құрып, босаға жақта қымыз сапырып жатқан күтуші жігіттерге қиялай кӛз жүгірте, үнсіз отырып қалыпты. Әзірге саба ішіндегі жігіттер желін шығара, аяусыз піскілеп жатырған қымыздан тарқаған, сәлден кейін ауызға тиісімен тұла бойыңның райысқа, жан-дүниеңнің ләззәтқа бӛленетіндігінен хабар бергендей болған жұпар иіс, үй ішін керней, жұрт пейілін еріксіз ӛзіне аударып алған. Қымыз құмарлардың тағатын таусарлықтай ұзақ сапырылып, шабандау құйылып, әдейі асықпай ұсынылып отырғандай болып кӛрінген қымыз толы зереңдер де міне енді қонақтар қолына тие бастады. Бұл ӛңірдің отын оттаған малдың еті де, сүті де ерекше дәмді болатын. Сүр қазы салынып бапты дайындалған қымыз толтырыла құйылған сырлы зереңдер – қонақтар аузынан күтушілер қолына екі-үш рет тынымсыз ауысып барып саябыр тартқан шақта – жол соқты боп, сусап келген кісілер кәдімгідей тыңайып, қымыздан басқа да бұ тіршілікте ойлайтын ойы, істейтін ісі барлығын еске түсіргендей еді… …Маңғыстау елін түгел шақырып ӛткізілетін ұлы тойлар қарсаңында бұл ауыл осы ӛңірді аса қорғап, бұл маңайға мал түгіл дала аңының тұяғын да тигізбейді екен деп аңыз етісетін. Қорылғаны байқалып-ақ тұр. Кӛптен бері құйқасына тұяқ тимеген шұрайлы жер жомарт жанның дастарханындай тым ырзықты, тым пейілді… Сәл суға тапшылығы болмаса бұл маңай Бозашының ең бір шұрайлы жері ғой. Биыл шӛптің қалыңдығынан ат сүрінгендей екен –

Page 42: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

42

деді, тӛрдегі егде кісі, қасындағыларға басталар әңгіменің желісін тартып бергендей боп.

Бірақ Бақажан байдың сол жағында отырған Бәубек:

Бұл ауыл бізді қымыз іздеп келді деп ойлап қалғаннан сау ма?.. Келгелі сүт пісірім уақыт ӛтті, жол болсын айтар, мал-жан амандығын сұрар бір есті жан болмағаны ғой, сірә, бұл ауылда? – деп, қымыз сапырыып отырғандарды барлай қарап қойды. Бәке, аз сабыр етіңіз! Ондай ӛкпені үйге кірген бойда айтпадыңыз ба? Мына бал қымыз дәмі ауылдың бір шалының сәлемінен кем түсіп тұр ма? Ӛкпеңіздің есіңізге қымыздан кейін түскені қалай?.. Бақажан ағасын сабырға шақыра, әңгімесін әзілге айналдырғандай боп, жымия күлді. Сол жылы шырайын ӛзгертпестен оң жағына қарап: ―Бәкеңнің ешкім жоқта бойдағы желін аздап шығарып қойғаны да дұрыс. Яйтпесе, бұ кісі осындай жиында әуелі бір бұрқылдап, тасып алмаса кӛңілі тыншымайды‖ – деп, тентек аға мінезіне кӛп мән бермейтіндігін байқатты. Тӛрдегі қарт, Бәубектің осындай жиында талай ұрындырып, қапы соқтырғанын Бақажанға да, басқаларға да ескерте кетейін дегендей: ―Ағайынға бұлданбаған дұрыс. Ағайын шаруасына атсалысу барлық кісі міндеті. Ал ―Атсалысу‖ деген тек қана қолдап қызмет ету немесе санап мал бӛліп беру емес, ол – барға қанағат қылу, ықыласқа ыразы болу, кеткен азды-кӛпті кемшілікке кешірімшіл болу да. Айтпақшы, Бәубек, ӛзіңнің де бір тойыңның арты тӛбелеске айналып, масқара болмап па едік, бір кезде‖ – деп, оны тыныштыққа шақырғандай кейіп танытты. Бәубекке бұл сӛз тура басына қамшымен тартып жібертендей әсер етті. Ау, ақсақал! Мен бұралқы тоқты емеспін! Мені ӛз қораңа қарай жетектеп әуре болма! .. Оындай жиында айғызың қанғанша бір салғыласпасаң, той тарарда құлашыңды кере бір қамшы сілтеспесең – онда ол той емес босына ӛткізген уақыт тағы. Оларсыз тойдың қызығы бола ма?.. Ал қызық дегеннің ӛзі айта жүрерліктей, еске түсерліктей уақиғалар емес пе?.. Құдай сәтін салса бұл тойдың соңы да солай аяқталар… Шырағым, сенің дертіңе дауа жоқ екен. Ал тӛбелестің делік. Ал бас жарылып, қол сынды делік. Сонда оның арты жалғасқан дау, бітіспес араздық емес пе?.. Оны ойлап кӛрдің бе?.. Ауылда күнде кездесетін дау мен тӛбелесің, алыста анда-санда еске түсірер қаскӛй жауың мен қасың болмаса жұртқа ер не үшін керек, елге би не үшін қажет?.. Қамшы сілтесінен ұлыңның қажарын, сӛз саптасынан биіңнің шамасын байқайсың!.. Арты дауға айналады екен деп неге қорқасыңдар, даулассын анау билерің! Қиыннан қисынын тапсын. Жеңсін де ел мерейін тағы да бір кӛтеріп тастасын!.. Оны

Page 43: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

43

ойлағандарың бар ма?.. Бәубек шынымен қызына бастағандай… Қамшысын құшарлана қысып, күнәкәрінің бетін анықтап кӛріп алайын дегендей, Бақажанның арғы жағында отырған ӛз аулының қариясына шатынай қарағанда, кӛзі жолшыбай Бақажанға да түсіп кетіп есін жиғандай, қолындағы қамшысын ірге жаққа тастай салды… Бақажан сыр бермей, бұрынғысынша жымиған күйі: ―Жарықтық қасиетіңнен айналайын осы қымыздың біздің Баукеңмен қалай достасып жүргенін, екеуі бірігіп алса болды ешкімге жеңістік бермейді‖ – деп, болып ӛткен жаңағы қақтығыстың тігісін жатқызбақ, жуып-шайғмақ ойы бардай. Бақажанның Бәубекті қағыта сӛйлегеніне арқа таңғандай болған ауыл ақсақалы енді Бәубектің жүзінен кӛзін тайдырмай ажырая қарап отырып: ―Адайдың ӛзің сияқты бір шатақ шалы кӛршісінің бір лақтық дауын, дау иесінен бір лаққа сатып алып, ақыры сол дауды екі рулы елдің қырылысына жеткізгенін ұмыттың ба?.. Сол дау шешілгенше ондаған адам ӛлген болатын. Билер деген, шырағым, сондай дауды даулау үшін емес, елді сондай жағдайға жеткізбеу үшін қажет‖ – деп, торыға күрсінді де, тез қайта жалғап: Айтыңдаршы, содан артық қандай сабақ керек сендейлерге!.. …Бәубек жүзінен қарт сӛзін толық тыңдады-ау, тыңдаса түсінді-ау деп дәметерлік белгі сезіле қоймағандай екен… …Үйдегілер, оның ілгері ұмсына түскенінен, түрулі есіктен ӛткізе дала кездіріп жіберген жанарының бір нәрсеге мықтап қадалып қалуынан, ауыл алдында осы үйдегі қысыр әңгімеден маңыздырақ бірдеңелер болып жатқанын байқалғандай болды… Мінгендерінің құласы кӛбірек екен, Сағындық ауылы болар – деп, ӛзімен-ӛзі сӛйлескендей жай ғана күбірлеген Бәубек, кенет, жұлып алғандай ғып: ―Біздерді тазыдай жылмаңдаған үш-тӛрт қызметшілері қарсылап еді, Сағындықтың алдынан бүкіл елі боп, тайлы-таяғы қалмай шұбырды ғой‖ – деп, сыздана шыққан даусымен, ішінде жатқан наразылығынан да хабар беріп үлгерді. Сен, осы ауылдың ағайыны екеніңді ұмытып кеткеннен саумысың? Біздер сол қарсы алушылар ішінде жүрсек те ерсілігі болмас еді. Бұлданудың да, ілік іздеудің де жӛні бар, ауа жайылмай, жӛнге кӛшіңдер. Ағайындар ана қонақтарын да біздің үстімізге кіргізер. Жүріс бағыттары соны байқатады – деп, Бақажан аулының ақсақалы біртүрлі жинақталғандай, қарсы алуға дайындалғандай, тіпті қауіптенетіндей кейіп танытты… …Бір топ адам бұлар отырған еңселі ақ отауға қауқылдаса амандық сұрасып, дабырласа сӛйлесіп жақындай түсті. Бар назарлары соларға ауған үй ішіндегілер де тым-тырыс бола қалған. Есіктен сәлем бере кіріп жатқандарға іштегілер орындарынан тұрып ілтипат кӛрсетті.

Page 44: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

44

Енді араласып кеткен қонақтар жастарына, дәрежелеріне сәйкес үй тӛрінен бастап екі жағына орналаса бастады… …Мал-жан амандығы сұралды. Қоныс оты мақталды. Алла еске алынды... Бергенге шүкіршілік етілді. Барға қанағат қылынды. Тойға құтты болсын айтылды… Сӛз сарқылғандай, сұрақ таусылғандай… Байлар мен билер, жақсылар мен жайсаңдар деп атақ алған мәртебелі жандар қатысып отырған бұл жиыннан келелі кеңес, ӛнегелі әңгіме күткендей болған үй толы жан тыныштала қалыпты… …Маңғыстаудың Бозашысын Адай тайпасының Жары және Жеменей деп аталатын тақталары жайлайтын. Қоныстас рулар бір-бірімен атам-заманнан нағашылы-жиенді болып кеткен, әзіл-оспағы жарасқан, тату-тәтті ел болатын. Бақажан мен той иесі Қоштай Жарының Тәстемір, Дәулеталы арыстарына жатса, Сағындық ауылы Жеменейдің Бәйбіше тақтасынан тарайтын. Тыныштықты алғаш бұзған Бәубек болды… Ау Бәйбішелер! Не үнсіз қалдыңдар?.. Тойға келген жоқсыңдар ма?.. Ялде сіздерге бұл той емес садақа деген хабар жетіп пе еді?.. Бәсе, жаңа топтарыңның ішінде бәйгі аттары кӛзге ілінбеп еді… Жаңа келген қонақтардың бірі мырс етіп күліп жіберді де: ―Пай, менің Бәубек нағашым тебеген шағыр биеше құлағын жымитып отыр екен ғой!.. Сақ болалық. Сәл қалғып кетсең құлақшекеден темір тұяқ сарт еткелі тұр екен, ашуы бар сияқты ғой!‖ – деді. Менікі ашу емес ыза! ―Қап бәлем!‖– деп қанша тырыссаң да түк шықпайды. Кей-кейде зығырданың қайнайды. Мына Сағындық біреудің бір қотыр тайын алдап алғаннан бері бұ маңайдың асы ас болудан, тойы той болудан қалмады ма? Кәзір басқалардың бір-бірінен сұрайтыны – Сағындық ат қосады ма екен? – деген сӛз. Асқа барсаң да, тойға барсаң да Сағындықтың аты. Маңғыстауда қалдырып қоссаң да, Арқаға жеткізіп қоссаң да осының аты!.. Құлағына сыбырлайды, ерініне жыбырлайды дей ме, тезегін искеп, терін татып қарайды дей ме, әйтеуір бұл ат қосса басқаға дәме жоқ. Елді бұздың, жұрт сенің қырсығыңнан ат жаратудан жалыға бастады. Дем алсашы, басқалар да еңбегінің жемісін кӛрсін, ат оздырып елін қуантсын!.. – деді, тым орынсыз кінә таға, нағашылығын бұлдай сӛйлеген Бәубек. Сағындық оның бетіне таңдана қарағанмен еш жауап қатпады. Ыңғайсыздана бастаған Бақажан: Кӛңілдеріңе алмаңдар! Баяғы ӛздеріңнің тентек нағашыларың емес пе? Дегенмен бәйгі аттарың кӛзге шалынбады ғой – деді. Ошақ жарысқа, құнан жарысқа дайындаған бір-екі жас жылқылардың жағдаймен олар бұл маңға кешірек жетер.

Page 45: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

45

Ошақ жарысты жарыс деп ат жаратқан кімді кӛрдіңдер?.. Яркім астындағысымен қосыла салмаушы ма еді? – деп, Бәубек мырс ете қалды. Ошақ жарыста ат оздырмаған – аламан бәйгіден алапа аламын деп дәмеленбесе де болады – деген Сағындық сыншы сӛзін той иесі де мақұлдай кетті. Жарыстың бәрі бәсеке. Бәсекенің үлкен-кішісі болмас болар. Ол біреуді қапы қалдырып, ұрындырып кетсе, біреулерге атақ пен абыройды үйіп-тӛге салады. Ал ұтқан кісі тек ӛз басына емес, бүкіл еліне қуаныш шашпай ма? Сағындық ақсақалдың бұл ӛнері тек Бәйбішелер мен Жеменейлердің ғана емес бүкіл Адай мәртебесін сан рет үшпаққа шығарып еді-ау!.. Бірақ бұ күнде ел сол үшін оған рахмет айтудың орнына оны халық алдында сӛге бастапты ғой – деп, дӛңгелете қиған мӛлдір қара сақалын салалы саусақтарымен бір сипап ӛтті… Қоштай беделді де атақты адам. Атақты болуына жомарттығы мен байлығына қоса оның кербездік, мәтӛктік қасиеттерінің де әсері аз болмаған сияқты. Қоштай туралы адам нанғысыз қызық әңгімелер кӛп болатын… …Қоштай нағашыларына кӛрісуге барыпты. Жиенінің керіктігін әрі силап, әрі әзілге қосқан нағашысы: ‖Жиенжан сен келеді дегесін ескі жұрттың иісінен жиіркенер деп таза жерге ауып қондым, ескі құдық суынан жерір деп жаңа құдық қазғыздым. Құдық суы тереңнен, тас астынан шықты. Тазалығына, дәміне мін тақтыра қоймас. Бие етінен ұшынар деп қонақ асыңа құлын сойғызып жатырмын‖ – депті… Алдына келген шәйден бір ұрттап қоя салған жиен қылығынан секем алған нағашысы: Не жаздық, жиенжан! – десе, – Суларыңда ӛлексенің дәмі бар екен‖ – деп, жауап қатады жиені. Жаңа қазылған құдық суында қандай ӛзге дәм болушы еді – дейді нағашысы. – Маңында ӛлген малдың қаңқасы жатқан болар – дейді жиені. – Ойбай-ай, ӛлексе түгіл қу сүйек те жоқ болатын!.. – деп, ақталмақ болады, ―мәтӛк жиен‖ нағашысы. – Байеке, тӛрт-бес жыл бұрын біз осы жерді қыстап, сол маңға біраз мал ӛлімтігін кӛміп едік – депті, сол кезде, ауылдың бір адамы… …Қоштайдың жастау шағында, бір атақты адайға ас берілетін болып, оның сол асқа үй тіккені туралы да ел аузында қызық әңгіме бар. …Ас ӛтетін жерді ӛзі барып кӛрген Қоштай: ―Мал тұяғы тиген бойда ала шаңға айналып кететін жер екен. Үйімізді ӛзіміздің Бозашы құмына тігелік‖ – деп, ӛз жерінен бір керуен құм алдыртыпты… …Сол атақты Қоштай, той иесі Қоштай, назарын Сағындық бай аулының адамдарына кӛбірек салып, солар кӛңілін кӛбірек аулағысы

Page 46: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

46

келіп отырғандай. Соны байқаған ауыл ақсақалдарының бірі: ―Сәке, сіздің бапкерлік ӛнеріңіз, сыншылық ӛнеріңіз елдің сүйіп айтатын әңгімесіне айналды. Сіз кездесіп қалған қойшының бір арық тайын бес байтал беріп, бұйымшылап сұрап алып жүйрік ат етіпті деп естиміз. Мен Алла тағаланың осындай ісіне қатты таң қаламын. Сіздің мыңыңыздан табылмаған ӛнер қойшының бірінен табылатыны қалай?‖ – деп, әрі сыншы ӛнеріне сүйсінгендей, әрі Тәңір құдіретіне табынғандай болды. – Қас жүйрікке тапшылық қашаннан ӛмір заңы. Бағы бардың бәрі кӛсем бола алмас, жағы бардың бәрі шешен бола алмас... Тұяғы бардың бәрі тұлпар ма, қанаты бардың бәрі сұңқар ма... Содан да болар аталарымыз – жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар – деп мақалдапты. Алла тағала жаратқандарын қойшының бірі, байдың мыңы деп ауыл-ауылға бӛліп отырады деймісің. Қойшының жалғызы да тұлпар шығар мың санатында болатын болғаны ғой, шамасы – деп, біреуге жауап қатқаннан гӛрі ӛзімен-ӛзі сӛйлескендей болып, ой толғап кетті, Жары аулының биі. Ӛзіне ұнамды сӛйлеген ауыл ақсақалына Сағындық кеішігіңкіреп жауап қаттты. Ел ішінде бір жақсы болатыны сияқты, мал іші де жүйріксіз болмайды, тек қана оны тани білу қажет. Қиындықта, ел басына күн туғанда жарқ ете түсер, әншейінде кӛптің бірі боп танылмай жүре беретін ер жігіттей, ел назарына ілінбей, ӛмір бойы бағы жанбай кететін мал асылдары да жетерлік. Жақсы – жас кезінде кӛзге түскіш. Тек денесімен емес қылығымен де, қозғалысымен да ерекшеленіп тұрады. Жалпы малда да, адамда де қасиеттілер кӛп қой!.. Адам болар баланы кім іздеп, арғымақ болар тайды кім сұрыптап жатыр?.. Сағындық байлығын ерекше дәріптеудің сәтті кезеңі туғанын дӛп басқан ауыл қарты: ―Байеке-ау! Ағой мен Қызық арасына симай жатқан сіздің құлаларды аралап сұрыптап шығуға кісіге бір жыл керек болар, ал сонша малды сыншының кӛзімен қарап шығуға бір кісінің ӛмірі жетер ме? – деп, әрі мақтай, әрі қоштай әңгімеге араласты. …Бірде би, бірде бай, бірде той егесі сӛйлеп, олар сӛзін бұза-жара ӛңмендеуге һәм иба ғып, һәм сескеніп зорға шыдап отырған Бәубекке жай ғана ауыл адамының әлгі сӛзі ыссы темірге су шашқандай әсер етті. Бәубек ―шаж‖ ете қалды… Бұ не ӛзі?.. Мынау маң далада Сағындықтан басқаға мал бітпегендей!.. Мынау аспан астында Сағындықтан басқа жан жоқтай?..Келгенімізге ет пісірім уақыт болды. Бірі Сағындықтың ӛз басы дейді!.. Бірі Сағындықтың құласы дейді!.. Сонда немене?.. Бозашыда Сағындықтан басқа жан қалмағаны, құладан басқа мал қалмағаны ма?.. Сағындық тумай тұрғанда да Бозашы жер атанған, адайлар бай атанған!.. Біздің Бақажан байдың Сағындықтан

Page 47: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

47

жылқысының екі есе, түйесінің үш есе, уақ малының бес есе кӛп екеніне бәс тігемін… Тұрдым мен соған! Ал кәні бай болсаңдар, батыр болсаңдар тұрысатын жерлеріңді айтыңдар!.. Мен ендігі жерде ноқталап қойып басыңа ұрғандай еткен бұл әңгімелеріңе кӛне алмаймын!.. Сағындық құлалары Қызықтың ойын толтырса, Бақажанның торылары Қызаннан Қияқтыға дейінгі, Қаражамбастан Қаламқасқа дейнгі ен далада құмырсқадай қаптап жатыр. Бақажанға тең келер бай бұ кезде сендердің бір ауыл бәйбішең түгіл ен адайыңнан табылса жарар еді?.. Кәне қайсың бар бәсекеге түсетін?.. …Сӛйлеген сайын үдей түскен Бәубекке – үнсіз тыңдаған халықтың назары әсер етті ме, жонына қамшы боп тиер қарсылық сӛз жетпеді ме, әлде айтарын айтып болды ма, әйтеуір, ӛзеурей бастаған сӛзін кенет шорт үзді… Бәубек сӛзге жармасқаннан-ақ, ―бір жарға жығасың-ау‖ деп қауіптеніп отырған Жары биі үзілген сӛзді тез жалғап әкетті. Елде бардың да, байдың да кӛп болғанына не жетсін. Жарлы-жақыбайға сауынға мал беретін, жаяуға кӛлік беретін солар емес пе?.. Жомарттық пен сақилық тек қана бардың қолынан келер. Сондықтан бармын, баймын деп мақтанған да, жақсымын, жомартпын деп кеуде қаққан да теріс емес. Бәрі де елді жақсылыққа бастар әңгіме. Ен далада кездескен екі қазақ жӛн сұрасқаннан соң ―мақтанарлық‖ кімің бар дейді. Елдің сондайда бетке ұстарлары – батырлығы мен ӛнері үстем болған, байлығы мен билігі ел қадесіне жарағандары. Сондай кезде ел атына сӛз ермесе, жігіт бетіне шіркеу түспесе деміз – Қоштай дейміз, Сағындық дейміз, Бақажан дейміз. Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы. Арқа жақта, байлық салыстырып айтысып отырған бір ақынымыз мына Қоштайдың белдігін мақтап ―Адайдың бір жігітінің белінде алпыс нардың құны бар‖ – десе, жер шеті қиянда жатқан Ұлы Жүз Үйсін Сүйімбай ақын қырғыз Қатағанмен айтысқанда: ―Адай деген бір елім, о да менің бек елім. Желісінде алпыс аруана боталаса, маңдайы тайпақ кедей деп, сықақ қағып күледі‖ – дейді. Сонда Сағындық пен Бақажан байлығы тек қана ӛздерінің емес исі қазақтың ортақ қазынасына айналып кетіп тұр ғой. Оған Жетісуда жатып Сүйімбай ақын мақтанып жатыр. Міне елдің негізгі байлығы осы – Сағындықтың да, Бақажанның да байлығына мақтана білу!.. Ондай кісі бәрінен де бай, күншілдің кӛрген күні құрсын, ол бір ―қоркӛкірек‖ жан дағы… Міне солай, байлық тек қана айдаған малмен есептелмейді‖… Жеменей биі Жары тентегінің бір теуіп қақ жара жаздаған ортақ астауын жамап-жасқап қайта пайдаға асатындай еткен еді… …Әншейінде әзіл ретінде айтылып, сол күйінде қабылданылатын жәй әңгіменің аяқ астынан дауға айналып кету қаупі туғандай. Ыңғайсыз әңгіменің ӛз тойында, ӛз үйінде басталғанына ӛзін кінәлі

Page 48: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

48

санады ма, әлде тыныштандырғысы келді ме, Қоштай бұрын кӛп елей бермейтін Бәубекке қарап сӛйлеп, тіпті ақталғандай болып отыр. – Бәуке! Сіз мені кінәлап отырған секілдісіз. Менде жазық жоқ еді. Екеуі де қонағым. Бірін бір ата жақын деп ішке тартып, бірін бір табан алыс деп сыртқа теуіп отырған мен жоқ. Сіздің жаңағы сӛзіңізге осы отырған екі бай онша назар аудармаса да, қасындағылар айрықша мән беріп, енді үлкен әңгімеге айналдырады. Мен тойыма шақырып алып ондай жүк арқалатып жібере алмаймын. Жәй әңгімені дау дәрежесіне жеткізіп отырған сіз. Екі байдың кісілігін қандай шеккіге саласыз?.. Байлығын қалай ӛлшестіріп шығасыз?.. Қайсысының салмақтырақ екеніне, қайсысының құндырақ шыққанына қалай баға бересіз?.. Бастаған ӛзіңіз, ӛзіңіз аяқтап тастаңыз.. …Бәубек шаңқылдап шатақ сӛйлеп қана үйренген жан болатын. Ӛзіне арналып сабырлы айтылған әлгідей ұзақ кӛсем сӛзге бірден жауап таппағандай біраз кідіріп барып тамағын кенеді… Қасында отырған Бақажан оның тізесіне қолын салып тоқтатты да: – Тойда қымызға тойған адамда кӛтеріңкі кӛкірек болатыны әуелден де белгілі нәрсе ғой. Бәубектің әлгі сӛзінен бәріміздің де сескеніп қалған сыңайымыз бар. Ел жағдайын ойлаған адам солай етер. Ал мына Баукең ӛз басына біткен ―қоркӛкірек‖ атана ма, ел басына біткен ―соркӛкірек‖ атанда ма, елден сыбағасын ақыры бір күн алып тынар. Ал мен, Сағындық ағаны ӛзім ес жиғалы қадір тұтып келемін. Онымен бәсекем де, күншідігім де жоқ. Бірақ ендігі жерде ―Бақажан ағасын айдап салып, Сағындыққа ауыр-ауыр сӛздер айтқызыпты‖ деген әңгімеден қорқамын. Жаңа би ағамыз байлықтың тек қана айдаған жылқымен ӛлшенбейтінін айтты ғой. Халық Бәубек айтыпты демейді Тәстемір Жарылар солай дейді екен дейді. Күнде қыз алысып, қыз берісіп отырған кӛрші, ағайын ауыл арасында бетке шіркеу түсірерлік кіреуке қалмасын. Қоштай, сен, ӛзің екі ауылдың да арына тимейтіндей етіп, осы басталмаған дауды, ара ағайын ретінде тындыр!.. Ел арасында кейін әңімеге айналып, қасиетті аталар аты орынсыз датталмасын. Ӛлшемін тауып ӛлшестір!.. …Аяқ астынан барлық салмақ Қоштайға түскендей болып қалып еді… …Нар тұлғалы, кӛрікті кісі жайлап тӛңірегіне ойлана кӛз тастап, ӛзіне қадала қалған кӛп жанардан жылы сезімге бӛленгендей келбетті жүзі бірте-бірте жадырай түсті. Езуден басталған жымысқы күлкі ұлғая келе қас пен қабаққа жеткенде жарқ ете қалған кӛзі бір қызық шешім тапқанын байқатқандай… – Жарайды, ағайындар!.. Екі жақ та билікті маған бере ме?.. Олай болса біздің ауылда осы жұртта жақын арада тағы бір той болады. Мен сіздерге ол тойға енді хабаршы жібермеймін, дәл кәзір ӛзім шақырамын. Бірақ сол той қонақтарынан бір сұрағым бар. Екі ауылға

Page 49: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

49

да бірдей талап. Бақажан малының дені торылар. Сол тойға Бақажан қасына ергендер – ені де бірдей, меңі де бірдей кілең торы дӛнен мініп келсін. Ал Сағындық бай малының дені құла деп жатыр ғой. Олар да атаққа шыққан кӛп құлаларынан ені де меңі де бірдей құла дӛнендерін дайындасын. Кімнің тобы кӛп – сол бай, сол атақты!.. Ал Сәке, ал Бақажан сіздерге осы шарт әділ болып кӛріне ме?.. Келісесіздер ме?.. Келіссеңіздер, менің ойымша, бұл нағыз жарыс, нағыз бәсеке… Бұл жарыстың ел айта жүрерліктей бас жүлдесі болуы шарт. Оны осы кезден хабарлап қойған дұрыс болар. Сәке, жолыңыз үлкен, силы ағасыз, жолды сізге берелік… Сағындық жай ғана: ―Шырағым, бармын деп те, баймын деп те мен ешқашан мақтанбаған кісімін, әрі оларды біреумен салыстыру деген ойыма да кірмепті. Жарлы десеңдер де кӛне беремін. Ӛздерің бастап, ӛздерің қоштап жатыр екенсіңдер. Бақажан не айтса сол болсын‖ – деді. Бәубек шатақтың орынсыз кінәлауынан ағайын кӛңілінде кір кетпесін деп қоштай салған бір ауыз сӛзі, енді ӛз басына зіл салмақ боп қайта оралып, ӛзінің кісілігі мен тұлғасын таразыға тартар сынға айналып кеткендей болды. Бақажан ойланып отырып қалды. …Қоштайдың – ӛз жүзінің нұрлылығын мақтан тұтқандықтан пайда болғандай кербездік, ӛзінің күш-қуатына сенгендіктен пайда болғандай батылдық, ұтымды сӛйлей алатындығынан туындар ӛзіне деген сенім қасиеттері – оның қимылынан, іс-әрекетінен, аузынан шыққан әрбір сӛзінен сезіліп отыратын. Сазды қоңыр даусымен, қалай орнағаны белгілі тыныштықты бұза ―е..е‖ – деп жан-жағына қарап алды да, кенет Бақажанға қадала қарап: ―Ал, Бақажан! Яңгімені бастаған ӛздерің, тоқтамы да ӛздеріңнен болсын. Сенің байлығың да, тапқырлығың да, қала берді кісілігің де тап осы арады сыналады, айт! – деді, қайрағандай боп. Бақажан да ойын жинақтап үлгерген екен: ―Қалыңсыз қыз беріселік!‖ – деді. …Ойда жоқта басталған әңгіменің арты қайда соқтырар екен дегендей, демдерін байқатпай жұтып, үнемдей шығарып отырған үй толы адамдардан Бақажан шешімін естіген шақта, бәрі бірден күрсініп қалғандай, ерекше дыбыс шықты…

…Қалыңсыз қыз!.. …Атақты байлар ажарлы қыздарына тоқсан жеті сұрайтын!.. ...Тоқсан жеті байтал…

…Келеңсіз Бәубектің қымызға қызып тудырған дауы екі байдың біріне бес үйір жылқы болып шыққалы тұр… Бәрі де дыбыссыз. Бәрі де кезек-кезек кӛршілеріне қарасып, бұл шешімнің парқын кӛрші кӛзінен іздейтін секілді… Бір шама уақыт ӛткеннен соң барып, ӛздерінің жеңетініне кӛзі жеткендей болған Бәубек: «Енді бұл сӛзді аяғына дейін

Page 50: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

50

жеткізіп тасталық. Берілер қыз байлардың ӛз сүйегінен бе, әлде ағайын да жарай бере ме?.. Күйеу кім болмақ?» – деп, уақиға тұтқасын қайтадан қолына алғандай боп. Сәл әзілге сиярлық бұл әңгіменің осынша биіктеп кеткеніне таңданған Сағындық бай Қоштайға қадала қарап қалған екен. Қоштай жүзі нұрлана түскендей… Болашақ қызықты кәзір кӛріп отырғандай… – Ақсақал, Бәубектің мына сӛзіне не айтасыз – деп еді. Ол ойланбастан: ―Құдайға шүкір, немерелер жетісті ғой‖ – деді де үнсіз қалды. Бақажан да сол ойды қостайтынын білдіре: ―Біздің ауыл да бой жеткен қыздан, ер жеткен ұлдан құр емес. Құдалық ӛз басымызда болсын‖ – деді. Жұрт назары қайтадан Қоштайға ауысыпты. …Бә..ә..рекелді!.. Қоштай бұл сӛзді соншалықты рахаттана айтқандай болды. Бәйбішелер тобындағы сәлделі кісіге: ―Ал молда-еке! Екі бай келісімін батаңызбен бекітіп, құран сӛзімен қасиеттеп тастамайсыз ба?‖ – деді. Молда ұлқсат сұрағандай, Сағындық бай мен оның қасындағы биге кезек-кезек кӛз тастап, екеуінен де құптарлық ишарат байқағандай боп ―бисмиллаһи р-рахмани р-рахим…‖ деп, құран сүресін бастап кетті. Құран оқылып, бата беріліп, ―Аллаһу акпар, Әмин!‖ деп, беттерін сипасуы-ақ мұң екен, бұл тосын уақиға туралы хабар – ―құйынның құйысқанына қыстырыла‖, ―желдің жалына жабыса‖, ―аттың тұяғымен‖, ―адамның аузымен‖ – әрбір дӛңнен дәм татып, әрбір ауылдан ас ішіп, әр қораға қонақ боп – Байтақ Маңғыстаудың Ойы мен Қырын аралап кете барды… …Сағындық байды енді қайда барса да жұрттың мүсіркей қараған жанары қарсы алатын. Кездескендердің кӛзінде қалатын – ―неге келістің?‖ деген сұралмаған сұрағы мен ―енді қайтесің?‖ деген кӛмейіндегі кӛмескі үні бұған маза беруді қойды. Ал кейбір ақкӛңіл аңқылдақтардың : ―Апырмай, Жарылар бірі бастап, бірі қостап, біздің аңқау шалды оңдырмай түсіріп кеткен екен. Кейін айнып кетпесін деп батасын да әдейі бәйбіше молдасына оқытыпты ғой. Қалыңсыз қыз беріп сүйегімізге таңба болатын болды! – десіп жатқанын құлағы шалып та қалып жүр… …Біраз күн лаулай түсіп барып екпіні сәл саябыр тартқан шақта маңайдағы бар ағайынға Сағындық шапқыншылары байдың қонаққа шақырып жатқандығын жеткізген еді. Ағайын түгел жиналыпты. Қонақ асы да берілді. Аяқ астынан неге шақырылғандарын түсіне алмай, байдан басталар әңгімені күтіп отырыңқырап қалған ағайынға Сағындық: ―Ағайын мен сіздерге бір салмақ салғалы отырмын. Қоштай тойындағы уақиға туралы естіп жатырсыңдар. Бақажанның торылары қанша кӛп болса, Жарылардың ӛскен-ӛнген ауыл екенін ӛздерің жақсы білесіңдер. Оларға сан жағынан жету қиын болар, бірақ ұтылғанда да ұяттан ұтылмау жағын қамдағанымыз дұрыс. Менің бұйымым – бәрімізде сол тойға қатысалық және мініс ат менен болмақ. Бүгіннен

Page 51: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

51

бастап жылқы аралаңдар, таңдаңдар, жуасытыңдар. Ел алдында құйрық-жалымыз шолтиып, күлкі болып қамау жағын ойлаңдар‖ – деп, тағы да нақты-нақты тапсырмалар берді. Содан бастап бәйбіше ауылы түгел атқа қонды… …Рулары ―Бәйбіше‖ аталғанымен бұлардың сол аттас аталары жоқ бұл адай тайпасы ӛздерінің рулық шежіресін былайша тарататын-ды: Адайдан Бұзау, одан Айтумыс, Айтумыс бәйбішесінен Шылым, Шылым бәйбішесінен Жан, Жан бәйбішесінен Меңдіқұл, Меңдіқұл бәйбішесінен Жанқұл мен Жанақ. Жанқұл бәйбішесінен Теке, Жанақ бәйбішесінен Түгел. Теке мен Түгел ұрпақтары ӛздерінің кілең бәйбішелерден ӛрбігенін мақтаныш тұтып: ―Біз бәйбішеден туғанбыз!‖ – деп, басқа ағайындарына қыр кӛрсететін болса керек. Сол мақтаныш арты аталары Теке мен Түгелге жұғымды болмай, аттары ұмытылып, бұлар ―бәйбіше‖ атанып кетіпті. Текеден Ұлжан, одан Ӛтеген, Ӛтегеннен Сағындық. Сағындықтың Тәңіріне етер шүкіршілігі мол болатын. Ел аузына ілінерліктей мал бітіп қана қойған жоқ, халық қастерлерліктей қасиет, құрмет тұтарлықтай ӛнер де беріпті. Сағындық үшін жылқы малының бойында жұмбақ ештеңе жоқ. Бұл қасиет Тәңірісінің бергені ме, бала күнінен жылқы малын жанындай жақсы кӛріп, қасы мен қабағына қарап ӛскендіктен бе, ерекше зердесінің арқасында кӛргенінен де, естігенінен де еш нәрсе ұмыт болмайтындықтан ба, әйтеуір ол жылқы малы туралы қате айтпайтын. Бас пен жанға да жарлы емес, бес саусағындай бес ұлы бар: Аймағамбет, Тасқара, Тайман, Тӛлеген, Тәңірберген. Ӛзінің бойындағы сыншылық қасиеті Тасқарасына да дарыған секілді. Бала күнінен желі басынан шықпайтын. Бір құдасы қалап алып кеткен ―Жүйрікқұла‖ атты алғаш таныған Тасқара болатын… Ой шіркін ӛмір-ай! Кеше ғана құла тайын күшікше жетектеп жүретін Тасқараның Исасы да жігіт болып қалыпты… Құдай сәтін салып… әй қайдам?.. Аяқ астынан қалмаққа қарсы мың кісі қол жинап беретін Жарылар аз ауылға есесін жіберер деймісің… Дегенмен билік Алланың қолында ғой… Кӛптігіне сенген кӛбіне қапы қалатын, ал мен аздығымды ойлап қамданыңқырасам… Кім біледі… Алла тағала ӛзің жар бола гӛр!.. Не болса да бергеніңе шұкір, барға қанағат… …Соңғы кезде Сағындық ойы осылайша Тәңірісіне жалбарынумен аяқталатын болып кеткен еді… …Бақажан сәл нәрсені сылтауратып тойдан аз ғана топпен бӛлек кетті, оңаша қайтты. Кешірімді, жайдары қалпынан ӛзгермеген бай жанындағы жас серігімен әңгімелесіп келе жатқан-ды… …Қоштай ―қызылшыл‖ кісі ғой. Тойдың ойын-сауығы да ерекше ұйымдастырылған екен! Бәрін ӛзі басқарып, бәріне ӛзі нұсқау беріп жүргенін байқадым. Қонақтарға да жеткілікті кӛңіл бӛліп, үй бас сайын

Page 52: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

52

кіріп-шығып жүр. Осыны жұрт ―кербез‖, ―мәтӛк‖ деп күледі. Мен одан ел күлкі қыларлық жасанды қылықтарды байқай алмаған сияқтымын. Арты дау-жанжалсыз, ойын-сауығы мол – бұл той айта жүрерліктей жақсы той болды… Бәке, бәйбіше аулының жігіттері қатты назаланып кетіпті, дейді ғой жұрт. Жарылар бірі бастап, бірі қостап, ал енді біреуі әдейі араға түскен болып, ӛздері бәсеке бәйгесін белгілеп – аңқау, жуас Сағындықты отырғызып кетті дейді екен. Бақажанның жаны да кӛп, малы да кӛп, әдейі ұйымдастырды деп сенбестік білдіріп аттаныпты деседі… …Жап-жаңа ғана адам ӛмірінің барлық сәті кісі жанына қуаныш силайтындай әсердегі, мейірімді жүрегі мен жайлы мінезінің арқасында, байлығы мен барлығының арқасында кӛптеген тірлік қитұрқыларынан аулақ жүретін, бүгін де болған уақиғалардың жақсы жақтары ғана еске түсіп, жып-жылы боп келе жатқан Бақажанның нәзік сезімі – әлгі сӛз қырсығынан қоламтаға ―қор-р‖ еткізіп су құйып жібергендей – мұздап сала берді. Кілт тоқтап жолдасына ажырая қарап қапты. Енді бір сәтте есін жиғандай боп: ―Ойнаған от басар деген осы дағы‖ – деді де, атын тұрған жерінен текіректете қозғап, ―қозы кӛш‖ жердей жолды торының ең бір жайлы жүрісі – шоқырақпен қысқартып барып, кӛздеп келе жатқаны сол болды ма, әлде қазақ біткеннің тӛбе құмарлығынан ба, жолдан сәл қиыс қалуға тиіс, аласа тӛбешік басына кӛтеріле Бақажан атынан түсті… …‖Ойнай білмес енесін к…тке теуіп ойнайды‖ – деген осындайда айтылған болар. Жасына жетпей алжыған Бәубек сӛзінің қырсығы елге тиюге айналыпты. Енді бұл іске ойланып кіріспесе болмас. Жаңағы айтқаныңды ауылға таратпаңдар. Бір ретін табармыз‖… Бұл сӛздерді Бақажан сонау заңғар кӛктегі жырым-жырым азғантай ала бұлтқа арнағандай, содан кӛзін айырмай, қадалып қарап тұрып айтты. Қасындағы жігіттің естіген, естімегенін де аңғармастан атына қонды. Ол қалған жолды үнсіз ӛткізді. Сол күннен бастап Бақажан ӛзімен-ӛзі болып, мал аралап, жер барлап, қоныс қарап дегендей, жекелеу болуға тырысты. Сондай сапардан оралған бір кеште бәйбішесі: ―Отағасы, бәсекеге қай қызыңды байлап келдің?‖ – деп, тосын сұрап қалғанда біреу қызған іскекті тәнінен ӛткізе жүрегіне жеткізе сұғып алғандай, ышқына тіксініп, қатты шошып қалған. Бұл сұрақтың жанын аямай жаралы еткенін байқасын дегендей Бақажан әйелінің бетіне кінәлай, назырқай қарап: ―Бәйбіше бәрі де тағдыр ісі. Жаңағы сӛзді аузыңа періште салса да, шайтан салса да мені аямайтындығы байқалды. Артын күтелік. Шеккі басы бізге ауып жатса, Құдайға шүкір, ауылда бес-алты қойшы бар ғой, біреуін ноқталармыз. Ал олар пайдасына шешіліп жатса онда біздің баста ерік болмайды. Сағындық құрығын қалағанына салады...

Page 53: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

53

…Әңгіме арты аяқталмай жатып үй ішін батар күннің қызғылт сәулесіне толтыра, ай жүзі де сол сәулемен ерекше нұрлана, әкесін кӛргенде жарқ ете ете қалған ботагӛз жанарындағы қуанышымен, әлгі әңгіме кӛлеңкесін түсіргендей күңгірт тартып тұрған үй ішін жап-жарық қылып жібергендей боп есікті айқара ашып кіріп келген ӛзінің сүйікті перзенті, атаққа іліне бастаған сұлу қызы – ―Кӛке!‖ – деп айқайлап жіберді. Бұрын қызының сол сӛзін естіген сәтте қатты-қатты соғып кетер жүрегі бүгін шаттана қуанбай, елжірей мейірленбей, тіпті тіксініп қалғандай. Осы әңгіме үстіне кіріп келгені орынсыз, мойнына орала құшақтап сүйе бергені ерсі қылықтай әсер алған әке, қызын бір қолымен ысыра, шеттете берді… …Бақажан осы сәтте тек қана сүйікті қызы Әлимашты емес, бар тірлікті ысырып тастағандай еді… Ой мұхитына тереңдей батып, жан-жағындағыларды мүлде ұмытқан кейіпке еніп алған-ды… …Отыз тістен шыққан сӛз отыз рулы елге тарайды… Бұл бәсеке ағайын арасына сына қақпай тынбас… Қалай-қалай түрлендірген?.. Бірі бастап бірі қоштап арандатыпты дейтін кӛрінеді… Бірі ара түскен болып алдаса, бірі бітістіргендей болып қамқорситын кӛрінеді дейді екен… Бұл жала ғой!… Жоқ, неге жала, біз осы шаруаны ӛз бастарымызға ӛзіміз тілеп алған жоқ па едік?.. Олардың осылай айтуға қақысы да бар болар… Бір амалын табу қажет екен… Бірақ қолдан не келеді?.. Мен олай ойлаған жоқ едім деп айқайлаймын ба?.. Оны кім естиді?.. Не болмаса ерегестік делік, ерегес қай тӛрден шығармақ?.. Қалыңсыз қыз алдық делік, сонда не тынбақ екен?.. Бір жұтта тоқсан жетісі емес, мың тоқсан жетісінің терісі тулақтыққа жарамай, далада қалатын ―сырты түк, іші боқ‖ жылқы дейтін мал емес пе еді, бұл?.. Ялде кӛктем сайын қасқырдың сыбағасына айналатын азғантай тайға бола ағайынмен жағаласпай-ақ қойсам ба екен?. Әлде… Жаратылысынан жаны жұмсақ, ӛзгеге зарар салмай ӛмір сүріп келе жатқан әрі мырза, әрі қайырымды атағы шыққан Бақажан басына орала кеткен осы ақылға ұйып қалғандай… Бақажан кенеттен кӛңілденіп сала берді. Жаны жай тауып, үлкен іс тындырғандай-ақ, сол күннен бастап ӛзінің жайдары күйіне қайта түсті. Ендігі жерде бәсеке жайын ойласа да қиналмайтын халге жетті. Ара-арасында болашақ құдаларын да еске түсіріп қояды. Сағындықтай тәуір ауылдан қыз алу да, қыз беру де кісі ӛкінерлік іс пе екен?.. Біз осы қуанудың орнына неге қапылып жүрміз?.. Олардың ойында не бар екен?.. Оларда да ұтсақ деген дәме бар ғой… Сырғаларын кімге дайындап жатыр екен?.. Әлимаш мінсіз сұлу, бұның ӛз ұрпағы… Кез-келген кісінің қолы жете бермес бала… Сағындық немерелері де біраз бар болар… Әлде сол ауылға келіндердің бірін тӛркіндетіп алған дұрыс болар ма?.. Ол ауылда болып жатқан әңгімеден хабарлы болып отырғанның зияны жоқ …

Page 54: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

54

…Бақажан керекті торыларды даладан ұстатып та, желі басына айдап келіп те баптай бастады. Жүні түсіп қылшықтары күреңіте жылтыраған дӛнендерді шыңғырта бұғалықтап, езуін жырта жүгендеп, борбайынан ақ кӛбігін ағыза шауып, күштеп жуасытып, ен салып белгілеп, құйрық жалын тарап сәндеп жатты… Балалардың да құдайы берген. Бір мінілген асауларға, есін жиғызбай қайта мініп, жосылта шауып, ауыздарынан қанды кӛбігін ағыза, желі басына құр сүлделерін жеткізіп, құмарларынан шығып жүр… …Той күні де жақындап қалды. Бақажан жуасытылған дӛнендердің ішінен тоқсан жетісін ӛзі таңдап алды да, қалғандарын үйірлеріне қайтарттырды. Мін іздеп қанша сұқтанса да олардың тұла бойынан енінен басқа мең де мін де таба алмады. Шеттерінен торыдан қараға жуық, жұмыр жон… Шеттерінен құйрық-жалы тазартылып таралған, тұяқтарына дейін артығы алынып дӛңгелетілген, бір қарасаң кӛзіңді аударттырмас мінсіз дене… Шеттерінен бас асаулығы басыла қоймаған, кӛздерінен ―біз байдың малымыз‖ дегендей тәкаппарлық пен ӛрлік сезіліп тұрған, ара-арасында бір-бірінің кӛркін күндегендей тістесіп қалып, тебісіп қалып тұрған асаулары да, үйірлерін сағынып күлдір-күлдір кісінеп тұрғандары да, үйірсектігін таныта иіскесіп тұрғандары да бар… Бақажан бӛліп шығарған ӛз малына сұқтана қарап қапты… Жарықтықтардың қара моншақтай мӛлдіреулерін-ай!.. Бұ тіршілікте жылқы сұлулығына тең келер бірдеңе бар ма екен, сірә?.. Қазақтың бақыты да, байлығы да осы қылқұйрық жылқысында ғой… Тойға аттанар күн де жетті. Бақажан тойшылардың мініс аттарын бӛлек айдатып ала жүргізетінін хабарлады… – Тоқсан жетіден артығын неге босаттырдың? – Мініс аттарды неге қоса айдаймыз? – Бәйбішелер бүкіл жеменейге сауын айтып жатыр дейді, сенікі қай жайбарақаттық? – Әлде Сағынбайға жаның ашып жүр ме? Аталарымыз әлің жетсе жық, аясаң тұрғызып жібер демеуші ме еді… – Бұл бәсеке тек сенімен Сағындық бәсекесі емес Жары мен Жеменей бәсекесі екенінен хабарың бар ма?.. – Бақажан ӛзіне қойыла бастаған осындай сұрақтарға ертең айтамын, барғасын түсінесің, сонда белгілі болады, ертең… ертең… деумен, жылы күлкісімен, жымия жауап қатуынан жазбады… Той болып жатқан ауылға бұлар Сағындықтардан бұрынырақ келіпті. Ауыл сәл жылжып қонған екен. Ырзықты, берекелі жыл. Шӛптің сыры кетпеген, бояуы ӛшпеген кӛктемнің соңы, жаздың басы дейтіндей, мал кӛкке тойған, адам аққа молайған шағы еді. Жанға жайлы кӛктем күні. Кӛңілді той. Қайта қауышқан ағайындар. Бәрі мәре-сәре.

Page 55: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

55

Бақажан аулының торы мінбей ӛз кӛліктерімен келгендері бірден қонақ үйлерге беттеді. Торы дӛнен мінген тойшылар алдында Бақажан ұрыс қарсаңындағы қолбасшыдай шіреніп ӛзінің аққу мойын торысының үстінде, бұларды қарсы алуға шыққан Қоштай бай тобын күтіп тұр. Амандық сұрасылып, тойға құтты болсын айтылып, торы мінген тойшылар саналып, шаруа тынып та қалғандай еді… Бойында ыңғайсызданғандық сезімі бардай, сәл именіңкірегендей, сәл абыржыңқырағандай болған Бақажан замандасына мұңын шағып тұр… – Бәубек кесірдің қырсығынан басымызға бәле тілеп алыппыз. Содан бері тыныштық жоқ. Ағайын арасына ши жүгіртушулер де табылып жатыр дейді. Бір ұшы Сізге де соғады білем, Қош-еке… Кейбір пысықтар Жарылар аңқау шалды алдап түсіріп, қалыңсыз қыз алмақ… Бәрін ұйымдастырып отырған Бақажан дейтін кӛрінеді… Арыма ӛмір бойы жуса кетпес таңба бастырып аламын ба деп уайымдап жүрмін… Тілеуімізді тілеп отырған еліміз бар. Осылар не тындырар екен деп, әр қадамыңды бақылап отырған сыншыларың бар… Біз қате қадам басыппыз… …Бұлардың кӛзі енді түсті. Ауылдың шығыс жағындағы жатаған белестің жоны аттылы адамдарға тола бастапты. Мінгендері кілең құла, қарасы мол топ. Ақылдасып тұр ма, арттағыларын күтіп тұр ма, әйтеуір, ӛздерінің ішкі ниеттерін байқатқандай, осы тойға не үшін келгендіктерін ұмытпауға белдерін бекем буғандай, шашырамай, тас-түйін жинақталып алған тәрізді… …Қоштай құлалы топты сәл ұзақтау қарап қалғанына кешірім сұрағандай боп, жалыныштылау дауыспен: – Бақажан! Сағындық бай алдынан бірге шықсақ қайтеді? – деді. Ол келісе кетті. …Аман-саулық сұрасылып, ат-кӛлік амандығы білісіліп, тойға құтты болсын айтылысып, айтып жіберген аманат сәлемдерден құтылысылып болған сәттегі сәл үзілісті падаланған Жеменейлер биі сӛз бастап кетіп еді…

…Бұл би атағы шыққан нағыз жорға болатын...

…Би – еріні ашылар-ашылмаста; тілі таңдайына жұғар-жұқпаста; іштен шыққан демі ауаға араласар-араласпаста; айтылған әр сӛзі тұнық суға лақтырылған домалақ сай тасынан тараған мінсіз толқындардай дӛңгеленіп; кӛктемде соншама кӛрікті кӛрінетін Бозашы құм шағыл тӛбелеріндей бұйраланып; аз ғана желге бола шабыттанып кететін ақ селеулі даладай шалқып; құлаққа шаңқылдап естілмегенмен шыңылтырлау, күмбірлеп кетпегенмен саздылау, әр сӛздің әр әрпін танып алуға боларлықтай анық дауыспен тӛгілте жӛнелді…

Page 56: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

56

– Аман-сау барсыңдар ма, Жарылар! Менің түгел жеті атамның нағашылары, Жарылар! Сол жеті бабамның қайын жұрттары, Жарылар! Біздің ауылдың бар әйелдерінің тӛркіндері, Жарылар! Мына менің бойымдағы барлық сәнім де сендерсіңдер, мінім де сендерсіңдер, Жарылар!.. Ӛзінің ізінен ӛзі жиіркенетін Қоштай мәтӛк пен сәлемін сатып ала алмайтын сырбаз Бақажан – сендерге не болып қалды бүгін?.. Қозы кӛш жерден қарсы алғандарың – нағашыларыңа кӛрсеткен құрметтерің бе?.. Жиен назарынан сақтанған қауіп пе?.. Жоқ әлде бәсекеден озатындарыңа сенгеннен туған, болашақ қыз берер құдаларыңа кӛрсеткен кішілік пе?.. Біз мына Сағындық екеуміз басымызды бәсекеге тікпейміз, кәзір бӛлініп шығамыз. Бұл Жарылар тойға келген қонағын санап алады екен деген хабыр шығып жатыр ғой, санап алыңдар!.. Жүзден біреуі-ақ кем!.. Жүзге толтыруға бір құла дӛнен, не бір бұзау ата баласын таппғанымыз жоқ. Сүйікті Алла тағаланың аты тоқсан тоғыз дейтін еді, біз соған тоқтадық!.. Біз бүгін байлықты да, кӛптікті де салыстырғалы келген жоқпыз. Керек болса біздің бір ауылдан жүз жігіт атқа қона алатынын білдіргелі келдік! Соған ағайыннан сүйінші сұрағалы келдік! Біз ұшін ағайын мерейі ӛссін деп келдік! Бұрын да талай құда болысып едік, талай құтты болсын айтысып едік. Ал бұл жолғы құдалық – ӛзгеше құдалық! Қыдыр кӛрген ауылдың баласысың, сен, Бақажан! Аузыңа періште салған болар – кім қыз ұзатса да, кім келін түсірсе де құтты болсын айтқалы келдік! Бұл ерекше құдалық барысында қысыр әңгіме айтылмасын ағайын, ӛкпе-назға жол берілмесін ағайын, біз соны сұрағалы келдік, Жарылар!.. Атларымыз елді береке-бірлікке бастарлық талай іс тындырған болатын. Соның арқасында ел бірлігі беки түскен, ел ырысы арта түскен. Бақажан мен Сағындықтың бұл құдалығы ағайын арасына береке-бірлік әкелсін деп тілелік, ағайын!.. Ей Жаратқан! Ей Аллатағала! Екі ауылдың құдалығын құтты ете гӛр! Береке-бірлікке бастар сәтті қадам болғай!.. …Мәреден шабысын үдете түсіп ӛтетін қас жүйріктей, бір рет те тыныс алмастан, бір рет те ой желісін үзбестен сӛзін екпіндете аяқтап, қолын кӛтере бетін сипаған биді ―әмин‖, ―әмин‖ деген тілектер мен, ―рахмет‖, рахмет‖ деген алғыс ұндер ат үстінен кӛтеріп түсіргендей еді… Барлығы да сол сәтте аттарынан сыпырыла тӛгіліп кеткендей болды… Маңайға жанға жайлы тыныштық орнап қалған екен... …Би сӛзінің құдіреті ме, кӛз алдына қайта-қайта елестей берген сүйікті қызы Әлимаш бейнесінің әсері ме, күдікті кӛңілдің жай тапқанынан ба, әлде әзірге ӛзі ғана білетін ұтылыс ӛкініші ме, әйтеуір Бақажан айдалада жалғыз қалған жандай кӛңілі құлазып, денесі сүлесоқ тарта би қасына жақындай берді...

Page 57: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

57

– Би аға! Лебізіңіз қандай жанға жағымды еді! Бір тентектің қолшоқпарына қалай айналып кеткенімді ойлап қатты ӛкініште жүр едім. Сіздің ауыл жігіттері ӛкпелі аттаныпты деген хабарды да құлағымыз шалып жатыр. Аңқау Сағындықты арам Бақажан алдап қолға түсіріпті – деген нақақ жала да ел аузында бар дейді. Содан сақтанып бәсеке менің пайдама шешіліп жатса, қалыңмалын бірден ӛтеп кетейін деп менің аулым тоқсан жеті торы мініп келді, бұл тойға. Мен мына халық алдында бәсекеден ұтылғанымды мойындаймын. Қайтқан малда қайыр бар деген, айдап қайтармыз. Ең бастысы ұтылысқа ӛкініш жоқ. Сағындықтай жақсымен құда болу қуанышына ие болып тұрмыз… Қоштай тойы ӛткеннен кейін ӛзіңіз бастап құда түсіп кетіңіз.. …Бақажанның бұл сӛзі ширыға қатуланып, ықтыра сӛйлеп тұрған биді есебінен жаңылыстырып жібергендей. Ол мен енді не істеймін дегендей, екі алақанын жайып жан-жағына кӛз тастады… Сан саққа жүгіртіле, Жарылардың арамдығын оттық, Жеменейлердің аздығын тамызық етіп тұтатқан бәсеке мен ӛсек қазанында қайнап әбден піскен, жүйкелері бұрала-бұрала қыл арқандай ширыққан бәйбіше аулының басқа тойшылары да Бақажан сӛзін естігеннен кейін ішегін босатқан домбырадай босаңсып, күбір-күбір әңгімеге кӛшті… …Би қолын кӛтере маңын тыныштандырып алып, Сағындыққа қарап қайтадан сӛз бастап кетті… – Сағындық! Ініңнің сӛзінен сізге деген үлкен ықылас таныдым ғой. Ат жарысында озатыныңа сенімді болатын кездерің болған болар, ал осы жарысты ұтамын деп сене қоймаған боларсың. Бірақ кісіге ӛмір сүргізер ―дәме‖ деген бір ғажайып бар ғой. Сол дәме сізге оңашада не деуші еді?.. Үкіні кімге тақ дейтін?.. …Соншама тырыса дайындалған, шаруасының оп-оңай ӛз пайдасына шешіле салғанына ӛкініші бардай, ӛңінен жеңіс қуанышы байқала қоймаған Сағындық самарқау сӛйлеп: ―Шырағым, Бақажан! Мен бұл бәсекеден бәйгі дәметіп келген жоқ едім. Сіз бұл істі ӛзіңізше шешіп келіпсіз, ақыл жастан деген осы да. Дәмелі болғанымызды да, арланғанымызды да жасырмаймын. Құдай қолдап, періште әмин десе ӛзіңнің Әлимаш деген балаңа үкіміз даяр. Ӛзіңнің тұстасың Тасқарадан Иса атты немерем бар. ―Осы ма‖ деп ешкім қомсына қоймас деп ойлаймын… Ендігі ерік бізде болса, менің шешімім осы… …Екі құда бір-біріне құшақтарын ашысып қарсы жүрді. Дәл осы сәтте ―маза бермедіңдер ғой‖ деп, ықылым заманнан бері тыныш жатқан алып дӛң жонын сәл қозғап жібергендей-ақ, биік басы бірден қозғалысқа түсіп, бал ара ұясының маңындай ―ғыж-ғыж‖, ―ыз-ыз‖, ―гу-гу‖ дыбыс базарына айналып сала берді…

Page 58: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

58

…Асқан сұлулығымен ел аузына ерте ілінген, ерекше жақсы кӛріп, ―жат жұртқа‖ қия алмай жүрген Әлияшын Бақажан бай осылай ұзатқан еді… …Келін күтіп отырған бай ауылдың қыз-келіншегі мен бала шағасы, кӛкірегіндегі желдері әлі басыла қоймаған сауықшыл үлкендері түгел ауыл алдындағы дӛңесте. Сағындық бай немересі Иса келін алып келе жатыр. Бұл ауыл адамдарын – келін келе жатыр, бай ауылмен құда болдық, атақты сұлуды келін етіп түсірдік – деген мақтаныш сезімдері билеп алғандай… Ел қуанышының тӛркінінде: – Келін бір шаңыраққа түспейді, бүкіл бір тайпа елге түседі… Жақсы әйел тек бір ошақ ұйытқысы емес, тұтас бір рулы ел берекесі – деген мағна жатқандай... …Барлық уақиғаның ортасында болған қарт би Сағындық байдың қақ тӛрінде қасындағы аз адаммен мәзи әңгімеге алданып, құда күтіп отырғанды… Ойда жоқта басталып, ойдағыдай тынып, соңы мерекеге айналған бұл тойға ауыл дайындығы тым ерекше болатын… …Анау байтақ даланы, мынау тойға дайындықтан басқа уайымы жоқ ауылды, осы келін күтіп отырған әрбір пендені – ―Келін келе жатыр!‖ – деген хабар шексіз қуанышқа кенелте салатындай-ақ еді… …Бірақ ―жылқы аласы сыртында, адам аласы ішінде‖ дегендей кенеттен үй сыртынан бір әйелдің: ―Құдайым-ау! Бұ не деген дарақылық!.. Мына шаруаға кӛмектесер де жан қалмапты ғой… Не дерсің бұларға!.. Қалыңсыз ӛзі келе жатқан келінге соншама шабылып!.. Оның теңі бір шаршы шүбірек пен бір тоқты емес пе еді!‖ – деген, қызғаныш сілтісіне малынғандай ызғарлы дауысы, бидің пәлен күн ―жақсылыққа болғай, елге игі әсер еткей‖ деп, іштей тілеп келген тұнығын астан-кестен ылайлап жібергендей болды… …Ойпырым-ай! ―қалыңсыз түскен‖ деп те кемітуге болады екен-ау!.. Бұл халыққа қалай жағуға болар?… …Бидің түксиген жалбыр қабағы кәзір бұларды кӛрмей-ақ қой дегендей жабыла берді де, ойы – мен сені бұлардан құтқарайын дегендей құлақ естіп, кӛз кӛрмеген шырқауға алды да кетті… …Әлимаш сұлудың ӛмірге әкелген ұрпақтары да кӛрікті болды деседі… Қыздары – Үбина, Бапина, Мадина, Зарина, Болар – Маңғыстау ӛлкесін талай сұлулармен кӛріктендіріп, талай ошақты келінді қылса керек… …Автор бұл еңбегін ―қалыңсыз келген келін‖ Әлияштың тұңғышы Үбина сұлудың тӛрт ұлдан кейін зарыға күтіп кӛргендіктен ―ханым да сен, тӛрем де сен‖ деп Қантӛре атаған қызына арнағанда оның тек қана автор зайыбы болғандығы үшін емес, Қантӛре Таужанқызының осы әңгіме кейіпкерлері Сағындықтың жиені Бақажанның жиеншары екендігін ескергендігінде де еді…

Page 59: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

59

Кӛрпе аулының келіндері

Мәкең маңғыстаулықтардың аса қадір тұтып сыйлаған

ұлдарының бірі еді. Опасыз дүние оны да сатып кетті. Міне, енді зайыбы жазушы сүйегін астанадан алып келіп, туған жер топырағына тапсырып жатыр. Қазаны аза тұтқан қарақұрым халық. Жерлеу дәстүрін білетіндер оны ӛз кезегімен жүргізіп жатыр. Далада ойдым-ойдым болып әңгімеге ыңғайласқан адамдар. Ярқайсысының бір биі бар, жұрт құлағы соларда.

Топырағы торқа болғыр Маршал Әбдіхалықов адай тайпасының кӛрпе руына жататын. Біз қатысып тұрған әңгіме-дүкеннің қозғаушысы да сол ауылдан болып шықты. Есебін тауып аздап мақтанып алғанды да жек кӛрмейтін болуы керек, бір реті келгенде: Құдайтағала біздің кӛрпе ауылын әуелден де келінге салымды етіп жаратқан. Біздерде… – деп, бір ұзын сонар мақтаншылық әңгімеге түсіп кетті. Мен жалыға тыңдап тұрғанмын. Соны байқап қалған Лазыр ағай: – Сен ана ақсақалдың сӛзіне мән бере қоймадың-ау деймін. Кӛрпелердің қай заманда да келіннен аузы салымды болғаны рас. Алысқа бармай-ақ осы жерлеп жатқан Маршал аулын алайық. Мынау ақсақал Мәкеңнің зайыбы Күлсін туралы айтып жатыр ғой. Ал оның енесі соғыста хабарсыз кеткен азаматының артын күтіп, дүние қызығын талақ етіп, екі ұлын ешкімнен кем қылмай жеткізен кісі. Ал оның үлкен енесі, Есен келіні, Малта деген шешеміз, сыйпаттауға сӛз жетпес кісі болыпты. Ол жарықтық ер азаматтың қолынан келмек түгіл, естігенде санасына сіңіре алмас қарекет жасаған кісі екен, – деп, жаңа бір әңгіме бастап кетті… …Есен тек қана кӛрпелерге емес, бүкіл адайға қадірлі кісі. екен. Шат қорымындағы екі күмбездің бірі – Есен күмбезі. Жеті ұлы болыпты. Солардың бірі Жұмағұл Есен күмбезінің ішіне жерленген. Үстүртті қыстаған Жұмағұл бір жылы жұтап қалыпты. Кедейлікке арланған Жұмағұл елге қайтпай Бесқала, Хорезм жаққа ауып кетіпті. Жалғыз үй кірме атанып, бір елдің ығын паналап мүсәпірлік күн кешіп жүре берсе керек. Күндердің күнінде Жұмағұл қатты науқастаныпты. Дүниемен қоштасқандай болып жатып: ―Якемнің ел сыйлаған атағына бір ауыз жақсы сӛз жамаудың орнына сүйегі далада қалған Есеннің Жұмағұлы деген атқа қалдыратын болдым-ау‖ – деп, налыған екен. Ес болар елі жоқ, ас болар малы жоқ қиян шетте, бейтаныс жандар арасында жас келіншек, күйеуінің арманы құлағынан кетпей, жалғыз ӛзі зарлап қала берген.

…Сүйегі далада қалған Есеннің Жұмағұлы…

Page 60: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

60

…Осы сӛз алғаш Жұмағұлдың аузынан шыққалы Малтаның бар блмысын билеп алған болатын. Қалған ғұмырында естір қарғысындай, бұл сӛз есіне түсіп кетсе болды, тӛбе шашы тік тұрып, бүкіл жан тамырын мың аяқты жегі құрттар азаптай жыбырлатып, құныстырып, бүрістіріп жіберетін. Мына жатқан Жұмағұлға енді бәрі бір. Алдында не болары тек қана бір Аллаға аян, ал артында қалғаны – жалғыз мүрде, жалғыз арман, жалғыз әйел… Барлығы да жалғыз әйел мойнында, бәрі де зіл салмағымен жас келіншекті езіп барады, үгіп барады… …Жас әйел белін бірдеңеге бекем буғандай… Ақ шүбіректі жайып жіберіп, құбылаға қарай жығылды да, басын саждаға тигізіп: Уа Аллатағала! Бұл ойға алған ісімде не мұсылманшылыққа, не адамшылыққа жатпайтын қылық болса күнәмді кешіре гӛр! Пендемнің шын тілеген бір тілегін беремін дейді екенсің, бере гӛр осы тілегімді! Ойға алғанымды іске асыруға кӛмектесе гӛр! – деп, еңіреп жылап жіберіпті.

Ұзақ жылауға уақыт жоқ, кӛз жасын сүртіп, бойын билеп:

Уа, Қармыс бабам! Қайрат бере гӛр! Уа, Есен атам! Желеушім бола гӛр, жебеушім бола гӛр! – деп, ӛзі кӛрмек түгіл, құлағы естімеген бір әрекетке кірісіп кетіпті…

…Қолындағы лыпып тұрған ӛткір пышақ мүрденің еттерін

сүйектен ажырата бастады. Ӛмірінде ең бір ықиаттап істеген шаруасының бірі осы болуы керек, сүйекте қырым ет қалмай, жалаңаштанып жатты. Бір мезгілде бұл шаруа да аяқталды. Малта асығып жүр. Мүрде етін ақ шүбірек қалтаға салды, аузын буды, неге екенін ӛзі де білмейді, сыртынан тағы бір қабат шүбірекке орады. Содан соң қазылған шұқырға салды да тездетіп кӛме бастады. Шұқыр орнын теістеп болды да, білгенін оқып бет сыйпады… …Етсіз мүрде кӛп жеңілденіп қалыпты. Ұқыптап тұздады. Арнайы дайындалған киіз дорбасына кейбір серейіп қалған жіліктердің сіңірін қиып жіберіп орналастырып салып алды. ―Бұл елден алысырақ кеткесін күнге бір қақтап, желге бір кептіріп алу керек‖ – деп ойлап та қойды. Үйінің ішін ретке келтірді. Топырақ түскен алашаларын қайта қағып салды. Жуынды. Шайынды. Азғантай ас-су салған қалтасын киіз дорбаның үстіне салып, түндігі жабулы үйіне соңғы рет кӛз тастап, бағыты осы болар-ау деп жүріп кетті… …Сол Хорезмнен Маңғыстау ойына құлағанша отыз күн жол шегіпті. Қасықпен тары жепті, оймақпен су ішіпті. Екі жыл қатар соққан жұт қырсығы ма, мынау ұшы-қиыры жоқ маң далада адам түгіл аң да кездеспеген. Бірақ Малта ешкімнен кӛмек дәметпесе керек. Бар күшін, бар азығын дәл отызға бӛліп, оның әр бӛлігін соншалықты дәлдікпен, үнемшілдікпен пайдаланып ілгері баса берген, жүре берген, жылжи берген, ілби берген… Алғашқы кезде бәрін ӛзі басқарып, ӛзі

Page 61: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

61

ұйымдастырса керек. Бара-бара оны тек қана бір сана билепті. Соңғы күндері сол сананы да тұман басып, Малтаны табиғаты белгісіз бір рух күші жетелегендей… Ол ел шетіне ілінгенде бір ауыз сӛз айтуға еркі, аяғын бір басуға күші қалмаған кезі болса керек. Қанындағы Ер Қармыс рухы ма, жанындағы аруақтарға сенген сенім бе, әлде… соншалықты алыстан іздемей-ақ кез-келген жаны таза, рухы ластанбаған, ата-баба салтын құрандай қастерлейтін қарапайым жандардың кісілік парызы ма?.. Не де болса Малта шешеміз жасықтар мен пасықтардың аңыз дей салатын, кӛзінде оты, кӛкірегінде сезімі барлардың басын шайқататын, жанын түршіктіретін бір іс істепті. Бұл іске куә болғандардан тіршілікте ешкім қалмаған сыяқты. Ал кӛргендерден естігендер баршылық. Не де болса бұны естіген кез-келген адамның бір іс тындырарлық әсер алатынына сенімім мол. Сондықтан да Малта шешеміздің аруағын аунатып, бұл уақиғаны жарыққа шығарып отырмын. Аруақ тыныштығын бұзсам кешірім ӛтінемін… …Ал Сіз осы әңгімені оқып шығыңыз. Оқып шығыңыз да ой жүгіртіңіз. Ойланыңыз да дайындала беріңіз. Бұл ұзақ ӛмірде басқа талай қиындық кездесер. Ал кездесе қалса рухың дайын болса тәніңнің кез-келген қиындықты жеңіп шығуға мүмкіншіліі бар екеніне кӛзіңді жеткіз… …Ал Малта шешенің рухына бас ием деушілер табылып жатса маған хабарласыңдар. Лазыр Сәйдімұлы Тумышеâ ағаларың екеуміз басына апарып қайтамыз… …Шындығында да, аруағына бас иіп қайтуға тұрарлық жан емес пе?..

Page 62: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

62

Соңғы ерліктер (триптих)

Қармыс батырдың соңғы ерлігі

Жон етіндегі найза ұшынан түскен ескі тыртық әуелі сыздап бастаған. Кейін сол жерде ісік пайда болды да, бірте-бірте жұдырықтай жараға айналып барып ақыры тесіліп тынды. Содан бері Қармыс батыр елдің дау-шарына араласуды, ағайынның той-томалағына баруды тоқтатып еді. Ауыр сырт киім түгіл жұп-жұқа кӛйлектің ӛзі ашық жараның аузына батпан салмақ түсіріп жанын да, тәнін де қатты азаптайтын. Ӛзінің ӛзіне риза еместігін байқатқысы келгендей: ―Халық бізге батыр деп айдар таққанға мәз болып – мен батыр екенмін-ау! – деп, зор атақтан дәмелі болып келіппіз. Батырлығымыздың жобасын мына жара байқатқандай болды. – Кісі келе жатыр кӛйлегіңді ки – деген қатын даусы құлаққа шалынғаннан-ақ жау найзасы кірш етіп еттен ӛтіп, кірт етіп сүйекке тірелгенде селт етпейтін дене енді абайсызда тиіп кетеуі мүмкін жібек шүбірек алдында қайыстай былқылдайтын болған. Біздің бұрынғы батырлық қылыққа балап жүрген қимылдарымыздың бәрі батыр болғандықтан туған ерлік емес, намыс қамшылағаннан пайда болар амалсыздық па деп қалдым‖ – деп еді, кӛңілін сұрай келген, осы елдің атақты биіне, мына отырысына ақталғандай болған, Қармыс батыр. Кӛңіл сұрай келген Есен би Қармыс батырдың шарасыздық айттырып отырған мұңына бірден жауап қатпай, ұзағырақ отырып қалды. Жауап тосып сәл кідірген үй иесі ендігі ойын биге емес ӛзіне-ӛзі айтып отырғандай боп, жүзін қонағынан есік сықырлауығына қарай аударып: – Адамға қажет нәрсе намыс па деп жүрсек, ет пен сүйектен жаралған пенденің ең қымбаты ӛзінің шыбын жаны болар ма? – деп, сәл еңкіш тартып кеткен еңсесін түзетіңкіреп, шамадан тыс шалқайыңқырап отырды.

Би де иіліңкіреп кеткен басын биіктете кӛтеріп сӛзге араласты.

– Сіздің бұл ойыңызға қарағанда ел басқарған кӛсем мен сӛз басқарған шешенге, қол бастайтын сардар мен жекпе-жекке шығар батырға батырлық пен тәуекелден гӛрі намыстың оты кӛбірек қажеттірек болғаны да… – Жоқ, олай емес. Намыстылардың бәрінің бірдей ел де басқара алмайтыны, батыр да бола алмайтыны белгілі нәрсе емес пе еді… – Әрине, қол бастайтын кісіге, ел тағдырын шешетін басшыға ең қажетті қасиет ең алдымен иесін аптықтырмас салқын жүрек пен қандай қысылшаң шақта да адастырмай алып шығар ақыл және ӛзге

Page 63: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

63

жұрт ӛңін ажырата алмас айла мен амал болса, содан соң барып намыс пен тәуекел болар. – Білмедім, би інім! Заманына қарай амалы!.. Бір кездерде алдыңдағы мақсатың анық уақытта мен үшін батырлық пен батылдық арасы, ожарлық пен тәуекел арасы түсінікті сияқты еді. Ал мына заман адамдарды шыққан тегін тексермей тозған шақта қоқыс шұқырға лақтыра беретін нәрсенің бір түріне айналдырып алыпты. Адам кәзір наурыз кӛжеге салар дәннің бірі секілді. Ақ ұн шығатын асыл бидай ма, атқа беретін арпа ма – бір қазанға салып қайнатып, бір ыдысқа құйып үлестіреді. Бірінің ерте пісетінінде, бірінің ылжырап кететінінде ешкімнің жұмысы жоқ. Біздің бас қауаққа, біздің ой быламыққа айналғандай, бұ кезде. Жасымызға жетпей алжи бастадық па?.. Бізді түсінбес адам қайдан ӛсіп-ӛне қалды?.. Ата заңын сыйламас заман қалай пайда бола қалды?.. Ӛзің сияқты билердің айтқан билігін де, ел тізгінін ұстаған биліктілердің ісін де түсінуден қалып бара жатырған секілдімін. Тіпті кеше ғана қалың жауға қарсы шапқанда білегің емес басыңды да сеніп бере тұрарлық серіктерің мен артыңа ерген інілерің енді мынау тыныштық орнаған кезде сол біз кӛрген бар қасиетін сауытымен бірге шешіп тастағандай. Кәзір оларды кім деп айтарыңды да түсіне алмайсың. Соғыста бәрі анық еді. Мақсатың белгілі, әр кісі бір сынағаннан ӛз шама-шарқын байқатып алатын. Бұ күнде аузынан дыбыс шығатынның бәрі биге айналып кеткен, жұдырығын түйе алатынның бәрі ӛздерін батыр қатарына қосып қойған. Кеше ғана шабылып жатырған дұшпан еліне, шашылып жатырған жау малына қанағат кӛзімен қарай алғандар бұ кезде ӛз ағайындарының арасындағы бір тоқты дауына бар ӛнері мен ӛмірін сарқа қызмет ететін болыпты. Ал ӛздері – елге жері мен жұртының қамын жеп жүрген қамқоршылардай-ақ бұлданады. Сӛйлеген сӛзі түгіл бүлдірген ісіне де жауап бермейді… Бұл адамдарға не болған?.. Желсӛзділерге билік берерліктей, жемқорларға ерік берерліктей заманға не болған?.. Солардың жалғаны мол жел сӛзі елдің бірсӛзділік қасиетінен айыра ма деп қауіптенемін… Солардың ойланбай кірісер, бәсеке жолындағы қатеге толы істері елдің ерге деген сенімінен айыра ма деп қорқамын. Осылай жалғаса берсе алдымызда сӛзге сенбес, ақылға кӛнбес ұрпақ күтіп тұрмасын?.. Бір-біріне аяу сезімін жоғалтар болса алдымызда адамдарының бірі қорлықта жүрер, бірі зорлықта жүрер заман күтіп тұрмасына кім кепіл?.. Ал мына ел тізгінін қолдарыңа алған сіздер осы бағыттарыңызды ӛзгертпесеңдер енді аз уақытта елдің тірісінде ӛзіне үлгі тұтар, ӛлісінде ұрпағына ӛсиет етер ешкімі де қалмас, би інім. Оның арты бүкіл ел үшін үлкен қатерге айналмақ. Айтақтала, айтақтала үрмей қалар алданған иттей, елді керенау, кертартпалыққа жеткізбек. Ал енді оның қортындысы – бар жұртты бірлікке құштар қасиетінен айырар.

Page 64: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

64

Байқаңдар шырақтарым, ел сенімінен айрылып қалып, нағыз керек кезінде елді бір жұдырыққа айналдыра алмай қалып жүрмеңдер… – Батыр аға, сонда сіздің бұл ойыңызды дұрыс түсінсек елге тыныштықтан соғыс пайдалы болғаны ма? –Міне, кӛрдің бе? Айтылған сӛздің әлсіз жерін қалай тапқышсыздар. Мен жан тәтті екен деп айтпап па едім. Соғыс ӛлім, тыныштық тірлік емес пе… Ел бірлігі үшін елге соғыс керек емес инабатты басшы керек. Бейбіт ӛмір мен тіршілікке не жетсін… Бірақ осы аздаған жыл ішінде адам мен адамның арасы қаншалықты алшақтай бастаса шындық пен ӛтірік арасы соншалықты жақындай бастады. Ойласаңдаршы, ӛмір сүріп отырған шаңырағыңды баласын әкесіне қарсы сӛз айтуға, адамын қоғамына қарсы қол кӛтеруге дейін жеткізуге бола ма?.. Адам адамның, тайпа тайпаның намысын таптатарлық деңгейге жеткізуге бола ма?.. Біз деген ӛмір бойы ханы мен қарасы, байы мен жалшысы бір қазаннан кӛже ішіп келе жатқан ел емес пе едік?.. Ақылдан туар ағалық жолдан байлықтан туар ӛктемдік жолын жоғары қоя бастапсыңдар… ―Ағасы бардың – жағасы бар‖ деген мақалды не істейміз ендігі жерде?.. Қалай пайдаланамыз? Ел ақылды кӛпті кӛрген мен кӛңілі түзуден сұрар болар еді, енді кӛп жинаған мен кӛлгірлене алатындардан сұрайтын болыпты. Сіздердің бұл ел басқару әдістерің түбінде байтақ елді, бар қазақты Құдай жаратқан табиғи қасиетінен ада қыла ма деп қорқамын. ―Иа, Құдай! Бергеніңе шүкір‖ дейтін қанағаншыл пиғылына, аға силаған, ақыл тыңдаған ниетіне дақ түсіреме деп сескенемін. Сарбазы мен сардары бір тӛсектен тұратын адамдары тең, қойшысы бейтаныс жолаушыға бай малын сойып қонақасы беретін пейілі кең ел едік… Міне осы қасиеттер келмеске кеткен күні қазақ халқының табиғаты да келмеске кетер… Соны, мына Сіздер, билік басындағылар, мінез-құлықтарыңды қазақылық тезге түсірмесеңдер ӛз қолдарыңмен жасап шығарарсыңдар… …Менің осы сӛздерімнен шошынып, маған кӛп келе бермейтін едіңдер. Сәлем бере келгеніңе рахмет. Ал енді айтшы, не шаруамен жүрсің?.. Басың салбырай береді… Ойыңда ауыр бір нәрсе бар ғой… – Сізді сырқатыңыз үйден шығармай тастапты дегесін, інілік ізеттің сәті түскен уақыты осы болды. Сосын бір жайсыз хабарды да ӛз аузыммен ескерте кетейін деп… – О не хабар?.. – Жақында Хиуа ханы бір биін жіберіп, адайларға салмақ салды. Тӛменгі адайлар орыстармен ауыз жаласып, теңіз жағасынан қамал салуға ұрқсат етіпті – деп айып тағатын кӛрінеді. Бір қайық кәпірлерге

Page 65: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

65

қарсы тұра алмайтын қандай елсіңдер?.. Сол қамал тып-типыл жоқ болғанша, кәпірлер енді қайтып келместей болып кәпірстанына оралғанша біздер мен адай арасында достық мәміле болмақ емес. Бір жағына шықсын. Маңғыстауды орыс алатын болса біздің де елдігімізге қауіп тумақ. Біздің Кетіктегі орысқа құрығымыз жетпеген мен қырдағы адайларға қамшымыздың ұшын тигізерлік мүмкіншілігіміз бар – депті… …Қараңғы түнде кӛзі ұран отын шалып қалған қарауыл сарбаздай Қармыс селк ете қалды. Бидің мына сӛзі оны ―аттан, аттан‖, ―жау, жау‖ деген атой ұранынан кем шошытпады. …Жарасын ұмытқан… Қанатын серпер алдында қомданған қырандай боп, орнынан кӛтеріле екі тізесіне отырып: ―Япырым-ай, қиянда жатып дүние жүзіне билік жүргізуге құмар болған орыс патшасының кӛзінің сұғы да, кӛрші отырып ӛз ұясын қорғамақ болған Хиуа ханының оғы да мынау байтақ дүниенің жан баспастай қуысына тығылған аз ғана адай аулын тапқаны ма?‖… …Бұл ой Қармыс санасына сәуле жылдамдығымен әсер етіп, басына найзағай қуатымен соғып ӛтіп еді. Кӛпті кӛрген қарт батырға елдің алдағы болашағы анық елестеп ӛткендей болды… – Шырағым, сенің бұл сӛзіңнің ауыртпалығы біз сүрген ұзақ ӛмірдің ең қиын кезеңі болып жүрмесін?.. Бар қазақтан бӛліне кӛшіп ұмыт қалған бабалар ұясын баспана етеміз бе деген кезде тұзаққа мықтап ілініп жүрмесек қайтсін?.. Аз күнгі тыныштықтың шегіне жетіп қалған секілдіміз бе… Хиуа ханына тізе бүксең бас бостандығыңды сол күні-ақ жоғалтарсың. Бірақ бұл ұлтанды ел емес, жағаласа жүріп, кезек жығып, кезек жығылып күн кешуге болар еді-ау... Орысқа кішілік еткің келсе біраз жыл бұлғақтап барып ноқта салғызарсың, бірақ олар салған ноқтаны қайта сыпырып тастау қиынға соғар. Сен адай қанша бас асау болсаң да ормандай орыспен ұстаса аларсың ба?.. – Сонда басқа амал қалмағаны ма?.. – Қалмаған да шығар… Қандай амалдың дұрыстығын бір Алладан басқа кім біледі дейсің?.. Бірақ, қазағымыз: ―Жалғыз жүріп жол тапқанша кӛппен бірге адас‖ – дейтін ел емес пе?.. Елінен адасып қалып, бостандығы түгіл, бет пішінінен айрылып қалғандар аз ба еді?.. Менің ойымша ендігі жерде жалғыз адай аулына оңаша бақыт іздеуді тоқтатқан жӛн болар. Жалпы қазақ қай бағытқа бет алса солай қарай иілген дұрыс шығар. Қалың қазақтан бӛлек ырзық іздеп, ӛзіңе жеке тағдыр таңдап не тындырарсың?.. Кӛппен кӛрген ұлы той… Ой, шіркін-ай! Қазақ біріксе әлі де шалқар теңізге айналар еді-ау! Бірақ бір тайпа адай басын біріктіре алмай жүргенде қырық ру қазақтың басын қалай қосарсың?.. Бұл қауіп тек біздің басқа емес, бар қазақ басына тӛніп тұрған қара бұлт қой… Борандаттырмай қылаулатып, селдеттірмей

Page 66: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

66

сіркіретіп сол бұлттың тарауын күткен дұрыс болар ма?.. Тапалып қаламыз ғой, таланып қаламыз ғой… Ӛзіңмен ит жығыс түсіп жүрген жоңғар Қытаймен кетіскеннен не тапты?.. Үш Жүздің туын ұстаған Әбілхайыр хан қазаққа жаны ашмайды деп ойлайсың ба… Елін сақтап қалудың жолы осы деген болар… Хиуаға бейімделсең олар сені орысқа қарсы қалқан етер… Ой, дүние-ой! Орыстар басқа шаруаларын түгендеп болып, бізге жеткен екен ғой… Кезек дүние деген осы. Ендігі кезек солардікі болғаны дағы… Кӛпті бастан кешірген кӛреген би, қарт батырды сӛйлетіп, ойын анықтамақ болып аңысын аңдап отырғанын ұмытып ―дәл айтасыз!‖ деп батыр сӛзін бӛліп жіберді… Батыр ойы оның онсызда шапқалы тұрған қақпанының тиегін қозғап кеткендей әсер етіп еді… Қармыс батыр қиянда жатқан жауын болашақ істер жауыздығынан қаһарлы даусымен қорқытып қайтармақ болғандай, шамадан тыс қатты сӛйлеп кетті… – Мынау жалған дүниедегі елің мен жеріңе қатер туғызар, қасірет әкелер барлық уақиғалар әрқашанда бір ауыз сӛзден басталатын. Міне сол қатерлі сӛз жетіпті, Сіздерге! Тұтқиылдан сау ете қалмай алдын ала хабарлағанына қуандыңдар ма?.. Енді жаңағы ӛзің айтқан хабар да ӛз қасіретін кӛп күттіре қоймас… Ал, ел басшылары қандай қарсы қимыл жасап жатырсыңдар?.. Жиналдыңдар ма?.. Пәтуаластыңдар ма?.. Не істейтіндеріңді шештіңдер ме?.. Жасақтар жасақтала бастады ма?.. Ел шетіне қарауыл шолғыншылар жіберілді ме?.. Қармыс батыр сұрақтарына теріс жауап алғаннан соң қонағын ұмытқандай үнсіз отырып қалды… Ас үнсіз желінді, қоштасу сәті де салқындығы сезіліп тұрған кӛздердің бір сәтке бір-біріне назар аударуымен ғана, ой мүжіген бастардың бір сәтке иілуімен ғана шектелген еді… …Батыр бұл жолы қонақ кетісімен кӛйлегін сыпыра бастайтын әдетін ұмытқан секілді. Жарасы да естен шығыпты. Тән жарасы енді батырды қинамайтындай… Дене дертін ұмыттырар кӛлденең кеселге ұшырағандай… Оба басына қонып ап, ұзақ қимылсыз қалатын дала бүркітіндей, екі тізесі мен шамалы кісінің сирағындай айлапат табанының башайларынан жасалған тұғырға орнығып ап, қақшиды да қалды… …Ойланған сайын батыр қабағы түйіле түсті. Қырық-елу жыл бойы қолдарынан қылпыған қылышы мен желбіреген туы түспеген заманды, сол қиын кезде елге ағалық ете алғандер мен жұртқа жаға бола алғандарды ойша шолып ӛтті де, солардан кеше ғана ел тізгінін қолына алып, тӛрге тӛселген жұмсақ кӛрпеге майқұйрықтарын рахаттандырып отырғандарды, сӛз билігіне ие болып, болымсыз тұлғасын би шапанының шалғайымен жасырғандарды, тіпті жау жоқта

Page 67: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

67

батыр атын иемденген жандарды кӛгендей тізіп, ой сүзгісінен ӛткізе, салыстыра бастады… …Осыншама аз уақыт ішінде адамдардың соншама ұсақтап кетуі қай ақылға сыяды?.. Олар қандай тіршілік заңына бағынады?.. Кеше ғана ―шабылғандар алсын‖, ―жоқ-жітікке қалсын‖ деп жаудан түскен мал мен дүниядан үлес алмай, бос қоржыны мен шыбын жанын олжа кӛретіндерге не болған?.. Кеше шабылған жетім-жесір мен бүгінгі кедейлікке ұшырап азып-тозған жоқ-жітіктің қайғы-зарының айырмасы қанша?.. Ӛздері жаралған топырақтан жаралған елі емес пе?.. Тамырларын ӛз бабаларының қаны кернеген, жандарын ӛз аталарының рухы тербеген ӛз халқы емес пе?.. Ер жігіт солар үшін тірлік етпесе бұ сұмелек ӛмірдің жанды қинағаннан басқа пендеге тартар жақсылығы аз секілді еді ғой… Әлде билік басына барғандардың ӛз заңдары бар ма еді?.. Елден бӛлек жеке қызықтайтын ӛз қызығы, елден бӛлек бағынатын ӛз ережелері болады ма екен?.. Қолына ел тізгіні тигендер сол бойда кісілік тізгінінен айрылып қалатыны неліктен?.. Бұлай жалғаса берсе елдің елдігі не болмақ?.. Қазақтың қазақтық қасиетінен не қалмақ?.. Бақташысыз қалған қойдай бытырап, әркім ӛзіне бұйырған жақтан несібе іздеп, тоз-тоз боп жоғалмақ па?.. Малды иіріп ұстап, ӛрісін тарылтса, шаң қауып кӛкжетел дертіне ұшырап, азып-тозатын… Иесіз тастаса бӛріге жем болатын… Елдің кәзіргі күні қойшысы той тойлап кеткенде отарға бӛрі боп кеткен ӛз аулының иттері тигендей кезі секілді ме ӛзі, қалай?.. Немесе, қаншық қасқыр бӛлтірігін үйретерде қорғансыз қозыны ӛлтіріп жемейтін, есін кетіре бӛрліктіріп жүріп әр қайсысынан бір қарпып ӛтетін… Біздің ел басына сондай заман туған шақ болды, бұл кез. Елді басқаратын бір жан жоқ, бірақ бәрі би, бәрі батыр, бәрі әкім… Қойға қарайтын бір ит жоқ, бәрі бӛлтірік!.. Қалай ӛз ауылын, ӛз жұртын талаудың айласын үйреніп жүрген бір жан… Енді ауыл иті аздық еткендей, алыстың бӛрісі таламақ болғаны ма?.. …Ауыр ой денесін қақшитып қатырып тастаған Қармыс батыр әйелінің оң қолынан кӛйлек жеңін сыпырғанын да сезбеген екен. Тек қайнатылған дәрі шӛп тұнбасымен жара аузын тазарта бастағанда ғана, тіршілік атты түсінуі қиын жұмбақ құбылыстың жанға батырар ауыртпалығын сезгенде ғана, тән жарасы жан күйзелісіне ӛз үлесін қосқанда ғана барып жан-жағына кӛз салды… …Дертті қарттың сол күннен бастап не ауруы жазылғандай, не жүйке тамырлары жансызданғандай… Мезгілімен берсе тамағын ішеді,

Page 68: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

68

кешіктірсе сұрамайды… Ауырсынып дыбыс шығармақ түгіл қабағын да шытпайтын болғасын батырдың әйелдері жара сүртуге әуес болып алған секілді… Кӛңіл сұрай келендерге де айтар жауабы біреу-ақ… ―Жара жазылды ғой‖ – деп, ол туралы әңгіме жоқтығын байқатады да қояды. Тіршілік шаруасын біржола ұмытқандай… Тек қана кӛптен мінілмеген жорық атының суын алдыра бастады. Ол енді күніне бір мезгіл денелі күрең аттың қасына барып, бір шақпақ қант беріп, жалын жұлқылап, құлағын қасып уақыт ӛткізетін әдет шығарғанды… …Ауылдың пысық жігіттері бірінен соң бірі жан-жаққа жұмсалып жатты… Жұрт бұны сырқатынан сауыққандығының белгісі деп ұғынып, ошақ басы да, ауыл адамдары да қарт батырдың бұ қылықтарына кӛздері үйреніп, құлақтары қанығып қалғандай болып еді… …Бірақ, кӛп ұзамай батыр әйелдері аса құпиялап оның кей түндерді кӛз ілмей мелшиіп отырып ӛткізетінін сырластарына жеткізе бастады… Ауыл қатындары батырды бірдеңе иектеп жүргенге ұқсайды деген ӛсек тарата бастапты… Ал енді бірі батыр батыс жаққа телміріп ұзақ қарап тұратын болыпты, сол жақтан бірдеңе күтіп жүрген секілді, асылы бабамыздың күні санаулы қалып жүрмесін деген жорамал жасайды екен… …Қармыстың күткен жаманат хабарын ӛзі күткен уақыттан әлдеқайда ертерек, дәметпеген бағыттан, ойламаған кісісі естіртті. Кісі емес, бәлиғатқа да толмаған, аузынан ана сүтінің дәмі әлі кете қоймаған жап-жас бала естіртті… …Жау аяқ астынан ӛсіп шыққандай боп бейқұт жатқан Мықтыбайдың ауылын саралатаңда қоршап алыпты… ―Мықтыбай ауылы шабылса, кӛршісі Сарының ауылы да аман қалмаған болар, арасы жақын еді‖ – деді, ішінен Қармыс батыр. …Әкем мені таңатпай атқа жұмсаған. Ат сай бойын қуалай жайылған екен, шығатын жер таппай жүргенде, ауылды қоршаған шеті жоқ қарулы адамды кӛрдім… ―Хабар айтсын деп періште әдейі сайға түсірген ғой‖ – деген ой келді батырға…

…Жау екенін білдім де қалың жыңғыл ішіне жасырындым… …‖Ақылыңнан айналайын‖ – деп күбірледі қарт батыр…

…Мал мен адамдарды шұбыртып айдап кетті… …Ел басшыларының Хиуа ханына берер жауабының кешіктірілгенінің қортындысы – деді, ызаланған Қармыс батыр… …Олар ұзап кеткесін кӛзге түспей ауылға келсем… Бала еңіреп жылап жіберді… Қарағым-ай, сорлап қалған егесіз елің үшін жасың ерте тӛгілді-ау!.. Соңы болғай дағы – деп, қарт батыр баланы бауырына басты…

Page 69: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

69

…Сол күні Қармыс батыр мерт болған еді… …Сол күннен бері бір жыл ӛтіп артындағы елі Қармыс батырға

ас бергелі жатырған. …Қармыс батыр асына жиналған жұрт ен далаға симай кетіп еді… Асқа келген әр орташа ауыл екіден, үштен, барлары бестен, тіпті жетіден үй әкеліпті. Қыз емшек тӛбені айналдыра ауыл-ауыл болып тігіліп жатырған үйлер санына жету мүмкін нәрсе болмады. Санақшылар қай үйдің санатқа кіргенін, қайсысының саналмағанынан шатысып қала берді. Жалпы жобасы екі мыңнан асып кетіпті десті… …Қармыстың ӛз ауылы қақ ортада қалған…

…Барлығының аузында Қармыстың соңғы ерлігі, кӛзсіз ерлігі…

…Дӛп-дӛңгелек қыземшек тӛбе маңында бір рулы елдің сан ғасырлар бойы ұрпағына үлгі етіп айтар аңызы боп кетер ердің ерінің ғана қолынан келер ерлік дастанның желісі тартылып, арқауы ширатыла бастап еді… … Осы әңгімелер астарынан жұрт бірте-бірте қарт батырдың ӛзін-ӛзі ӛлімге қиған қимылының мағнасын зердесіне жеткізе бастағандай… …Он мың ба, жирма мың ба, отыз мың ба, тіпті одан да кӛп пе Маңғыстаудың Ойы мен Қырынан, Үш қиянның батысы мен шығысынан, екі кӛк теңіз бен қос ӛзеннің ортасынан жиналған азалы жұрттың есебін шығару мүмкін емес-ті… …Барлық таңдайды қақтырып жатқан да, барлық басты шайқатып жатқан да бір уақиға болатын… Бірінен-бірі естіп, айтқанға естіген қайталап айтып, енді естен шықпастай етіп түйіндеп, енді қайтып жан біткеннің жадынан ӛшпестей етіп бояуын қандырып бақты.… …Бәрі де Қармыс батырдың соңғы ерлігінің жәй адам ақылына сыймастығы туралы айтып жатты… …Бәрі де Қармыс ерлігінің ұрпаққа үлгі боп қалатындығы жӛнінде әсірелей сӛйлеп, шешендік танытып бақты… …Бәрі де Қармыс батырдың халық үшін жаралған жан екендігін баяғыдан білетіндігін болжап, кӛсемдігін танытуға тырысты… …Қармыс батыр жау хабарын естігеннен кейін буырқанып- бұрсанып, мұздай темір құрсанып, қаһарына мініпті…

…Шоғына ыза күйіпті… …Отына намыс жаныпты… …Елін сүйген ер адам, кім екенін танытты… …Сауытын сайлап киіпті… …Ауылда бары он жігіт, бәрін де үйге жиыпты… …Жаратулы күрең ат, ―қарамсың‖ деп мініпті…

Page 70: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

70

…Солқылдаған кӛк найза, басыма ―сайғақ‖ болар деп, оң қолына іліпті…

…Жалаң етке боз шапан, ―кебінім‖ деп киіпті… …Ең сүйікті немере, маңдайынан сүйіпті… …Ел-жұртымен қоштасып, тұлпарға тақым басады… …Қылаңытқан кең дала Қармысқа құшақ ашады… …Мұнарланған қырлардан құйын боп жүйткіп асады…

…Желмен сыңғыр салады, гауһар тізген әсемдеп, кӛк найзаның шашағы… …Жау қарасын кӛргесін Қармыс қарттың қаһары тау селіндей тасады… …Жау қарасын кӛріп, санын жобалаған соң Қармыс батыр қасына ерітіп шыққан сарбаздарын жан-жаққа хабарға шаптырады да, олардың қарасы кӛзден таса болғаннан соң… Алласына жалынып, ата-баба аруағына сыйынып…

…Қабағын тастай түйіпті… …Ашуын бойға жиыпты…

…Күрең атпен ойнақтап, жүрек жұтқан қарт Қармыс, осы істеген ерлігім ұрпаққа үлгі болар деп, кӛк найзасы оң қолда, ақ алмасы сол қолда, артынан жаудың тиіпті…

…Қақ айырып жау қолын, бойлай ӛтіп шығыпты… …Ес жиғызбай тағы да ендей ӛтіп шығыпты…

…Екі ӛткенде Ер Қармыс он тоғыз жаудың сарбазын опат қылып кетіпті…

…Мақсатына жетіпті… …Содан бері сан қилы жылдар талай ӛтіпті… …Қармыс батыр елінің санасына бекіпті…

…Қармыс батырды қайталанбас соңғы ерлігіне елім деп соққан жүрегінің ел тағдырына биқам қараған биліктілерге деген ызасы мен тағдыр деген құдірет алдындағы амалсыздық сәті итермелеген болса керек… …Қармыс батырды қоршап алған жаулары жеті найзаға іліп жоғары кӛтеріп: ―Халың қалай?‖ – деп сұрапты. …‖Жаны шығар сәтінде жауының тӛбесінен найза бойы жоғары тұрған адамда арман болар ма!‖ – деген Қармыс батырды, жаулары жерге тастап жіберген екен… 21.11.2000 ж. Ақтау.

Page 71: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

71

Бәлкӛттің рухы

Екі аңшы, немере ағайынды Шотан жарылар, бүгінгі сәтті басталған күніне әбден разы болатын. Тілалғыш баладай лыпып тұрған қажарлы кездіктерімен, сәске түсте атып алған құнандай құлжаны мүшелей жіліктеп, қалың еттерін жұқарта боршалап, тұздап жатты. Быйыл жер оты жақсы болған. Алла нәсіп етіп қақпанға түскен түз аңы қарақұйрық та, мылтық қарауылына іліккен тау аңы арқар да қоңды еді. Бәлкӛт Кісәптің қазан отын жаңғыртпай, астындағы қозданған шоқтарын қозғап қана қойғанына қарап мосыға ілінген шағын шәуім қазанның түсірілетін мезілінің жақындап қалғанын сезіп отыр. Екі-үш жылдан бері қосшы бала етіп қасынан тастамай жүрген інісіне аға аңшының тағар міні жоқ еді. Бар шаруаны ӛзі біліп істейтін, ойдағыңды айттырмай тындыратын, аға кӛкірегін айнытпай таныр сезімтал, елгезек інінің нақ ӛзі болатын. – Аға, тамақ пісіпті. Түсірейін бе, әлде шоқ қызуына бүлкілдей тұрсын ба? – Асықпа, мына шаруаны тындырып тастап, асқа бұратала отыралық. – Семізін-ай, жарықтықтың! Ӛзі де нағыз бір ай мүйіз, маңғаздың ӛзі екен! Жар басында қозғалмай сүт пісірім тұрып алғанын қайтерсің, жарықтықтың! – деді Кісәп, істеп отырған ісіне ризашылық білдіре. – Е…е… Мана бұл неге атпайды деп, мылтық даусы шыққанша қаным мұздап, денем суып қала жаздап еді. Сен бұ құлжаның кӛркі мен маңғаздығына кӛз суарып мылтық шүріппесін тарта алмай кідірген екенсің ғой!.. – Жоқ, аға! Арқар маған тіке қарап тұрды ғой. Тіпті жүрегінен тиізсең де бір секіріп құзға құлап кететін еді. Мен кӛлденеңдеуін күттім де, дәл бел омыртқасынан аттым емес пе!.. – Әй, бәсе, кӛп кідіріп едің-ау... Солай ма еді… Ал шындықты айтар болсақ сен кәзір мақтауға тұрарлық атақты мерген болып алдың!.. Арқарды бір секіртпей тұрған жерінде қалдыру – ол нағыз ӛнер!.. Менің енді саған үйретерім жоқ. Сенің осындай керек кезіндегі шыдамың, ӛзіңе-ӛзіңе сенімділігің мен білетін барлық мергендерден асып түсті. Әйтпесе жүрегінен атпаймын, беломыртқасынан атамын деп, қасқиып қарсы қарап тұрған арқардың кӛлденеңдеуін кез-келген аңшы сүт пісірім уақыт күтіп жата алар ма?.. Жоқ, енді сен нағыз аңшысың. Менің кӛзім бұ күндерде мылтықты сығалауға жарамай қалды. Енді сен ӛзіңе жақсы қосшы жігіт тауып ал. Келесі жолы аңға ӛз қосыңмен шығасың… Ӛзің басшы боласың… Жастарға сенің де ақыл айтып, үлі кӛрсетер кезің жеткен секілді… Сенің ӛнерің біздің жобамыздан асып түсер деп дәметеміз…

Page 72: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

72

– Ой ағасы-ай, бізге Сіздей болу қайда… Аң аулау мен мылтық атуды үйренуге болар-ау. Бірақ Сіздің ойыңыз бен пайымыңыздың жобасынан шығу мүмкін бе?.. – Тағы не ойлап таптың?.. – Бәлкӛт аға, ертең ауылға оралысымен Сіздің қасыңыздың адамдардан бір босамайтыны рас қой… Сіз ерекше кісі болмасаңыз соншама ел маңайыңызға үйіріліп жиналар ма еді?.. – Әй шырағым-ай!.. Бар ӛмірін елден шет жүруге тырысып, жалғыздыққа үйренген, мен сияқты үйірсіз саяқ аңшы кімге керек дейсің? Солардың ішінде мені іздейтіні жалғыз-жарым-ақ шығар. Кӛбін буы бұрқыраған ет асылып жатырған қазан шақыратын болса, бірсыпырасын қысыр әңгіме қызықтырады. Біразы дүрмекке ереді. Ӛмірде ең қиын нәрсенің бірі кӛпшілік ойын түсіну… Ал одан да қиынырағы сол кӛпшілік ойынан шығу. Ол тіпті мүмкін де емес болар… – Білмеймін. Әйтеуір, Сіз мақтанбайсыз… Ол да кӛптің қолынан келмес қасиет болар… – Мақтана алатындай мен не тындырды дейсің… Ел айырыппын ба, жау қайырыппын ба?.. Ал жарайды, бұл әңгімелерді доғаралық. Мына қақталған еттерді іліп тасталық. Қан-суы ағып, біраз дегдіп қалсын. Сосын асыңды даярла. Асымызды ішіп алғаннан соң сен кӛліктерді алып кел, мен қосымызды жығып, буып-түйе берейін. Бүгін елге қайтамыз. Біраз ет жиналып қалды. Жарық барында Ман-Атадан құлап алалық… …Екі аңшы сол күні күннің қызылы семер-сембесте Ман-Ата асуынан Ойға құлап, қалың жыңғыл тоғайдың шетіне кішкене итарқа қосын тігіп те үлгерген болатын. Шәуімін мосыға асып қойып, ертең елге жетерін, қай үйге қанша ет таратарын жайбарақат әңгіме қылып отыр еді… …Кенет Бәлкӛт елең ете қалды. – Мынау не дыбыс?.. Кӛп тұяқтың үні ғой!.. Түн ішінде қауіпті асудан мал құлатпас болар еді?.. Шыңның асты да сай-сала, бейбіт уақытта, мынадай айсыз түнде кім жылқы айдайды?.. Жау емес пе екен?.. Ай жау болар, асылы?.. Келіп қалды ғой... Жасырынып та үлгермеспіз… Мен жауаптасайын. Ал сен үндеме, мылқау бала дей салармын. Бірдеңені бүлдіріп алармыз… Екеуі келісіп те үлгермеді. Бұлардың күркесін ат үстінде тұрып кӛтеріп әкеткен әулетті қолдардың иелерінің кӛзіне мосы күзеткендей боп бүрісіп отырған екі кісі шалынды да, бұлардың кӛзіне түскені түсі суық сеңсең бӛрікті қаптаған қарулы жандар еді… Балкӛт орнынан зорға кӛтерілді. – Кімсің?..

Page 73: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

73

– Аңшымын… – Қасыңдағы кім? – Менің қосшы балам ғой. Мылқау бала… – Ана жатқан ер-тұрмандарға қарағанда аттарың бар ғой? – Бар. – Жүріңдер аттарыңа – деді, мойылдай қап-қара сақалы бар ӛктем үнді біреуі. – Мына заттарымызды қайтеміз? – деп, Бәлкӛт шашылып қалған қосына қарады. – Кәзір аулын тауып берсең Сүйінқараның асыл заттарынан үлес бӛліп беремін. Таба алмасаң енді саған дүние-мүліктің қажеті болмай қалар… …Сеңсең бӛрікті қарасақалдың бір ауыз сӛзінен Бәлкӛтке бәрі түсінікті бола қалды… Жазда бір тойда жиналған жұрттың күні бойы әңгіме еткені Хиуа ханы мен осы ӛлкенің басшысы Сүйінқараның ара қатынасы туралы болған еді. Олардың айтуынша Хан осы жазда Сүйінқараға бір рет елші, бір рет шапқыншы жіберіпті-міс. Елші: ―Адайлар орыстарға теңіз жағасынан қала салдырмасын. Хиуа ханына зекет салығын уақытылы тӛлеп тұрсын. Маңғыстау арқылы ӛтіп жатқан керуеннен алған салықтарынан, ―Сүйінқара сыбағасынан‖, біздің үлесімізді беріп тұратын болсын… Әйтпесе Хиуа күш қолдануға мәжбүр болады‖ – деп, талап қойыпты-мыс... Ал адайлар баяғы әніне басатын кӛрінеді. Хиуалықтар мен орыстар түгіл қазақ ханының кейбір бопсаларынан бірде уәде беріп құтылса, бірде Хиуа мен орыстарды бетке ұстап уақыт ӛткізеді екен. Басқа қазақ рулары әйтеуір біреулерге тәуелді болып қалғанда, сол айласы пайдаға асып адайлар әлі күнге еркіндігі мен бас бостандығын сақтап жүр екен деседі… …Екінші әңгіменің тақырыбы Хиуа ханының сүйікті әйелінің ұл туғаны туралы болып еді. Хан Сүйінқараға Тағанияз деген биін жіберіп сүйінші сұратыпты… Бұл да бір саясат болар. Бұдан сәл бұрын елші жіберіп салған салмағына адайлардың кӛзқарасын анықтамақ шығар… Ал бұлар баяғы дарақылықтан, баяғы ойсыздықтан құтыла алар емес… Сүйінқара қатты кетіпті… Ол қатты кете қойсын, ал мына парықсыз жұртқа не дерсің?.. Осыншама ел басына қауіп тӛндіруі мүмкін уақиғалардың ішінен бүкіл елдің ұғып алғаны, айғызы қана рахаттана еске алары Сүйінқара айтты деген бір ауыз сӛз болатын… ...Сүйінқара батыр Хиуа ханының шапқыншысына: ―Хиуаның бір қатынының асты қанады екен деп адайлардың той жасарлық қуанышы да жоқ, шабарманға берер сүйіншісі де жоқ депті‖, – деп мәз болысатын… – Сүйекең айтады ғой!..

Page 74: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

74

– Қорқа алмайды ғой, біздің Сүйекең!.. – Неден қорқады, Хиуа деген баяғы үйренген жау емес пе?.. …Бәлкӛт қолымен жер тіреп, кенеттен шамадан тыс ауырлап кеткен денесін тіктегенше сол тойдағы осы сӛздер санасын сан рет тілгілеп ӛтті. ...Сүйекең айта алады ғой деп кеңкілдей кұліп еді-ау…

...Ай, күлмей күмірә болғырлар-ай... ...Сүйекең кімнен қорқушы еді деп дандайсып еді-ау, олар?..

...Үйренген жау ғой деп қоқиланатынын қайтерсің?.. Ал жаудан

қорықпайтындар, Хиуаны менсінбейтіндер қарсы алуға дайын болсаңдар бұлар келіп те қалыпты ғой?.. Қарқылдап мәз болатынын қайтерсің… Әттең дүние-ай!.. Бар мәні сондай даңғойлар қылығы мен керауыздар сӛзіне тәуелді болып қалған бұл не деген тірлік… Ала жаз бойы бір сақтық шарасын іске асырмады ғой. Ең болмаса шабамын деп хабар салып жатырған жауынан ұялса еді, шіркіндер… …Қарасақалдың даусы тым сызды шықты. Дыбысы мен тұрпатынан ӛне бойын кернеген ыза мен кек елесі байқалып-ақ тұр еді… – Баста, Сүйінқара кӛпектің аулына! – деді, бұлтартпас ӛктемдік пен бір кесер қатігездік сезіліп тұрған үнмен… …Бәлкӛт жаудың қарулы тобын бастап жүріп кетті… Бірақ оның ―сырты бүтін, іші түтін‖ болатын. Ол бар сабыры мен ақылын бойына жинауға тырысып, ой үстіне ой жамап келе жатыр еді… …Бұндай кезде ер кісі ӛз басының қамы мен шыбын жаны туралы ойды ең соңына қалдырғаны дұрыс… Жол кӛрсетпеймін дегенде де, жол білмейтін едім дегенде де бұл не ұтады… …Бұлар кӛнбесе ілгері жақ толы ел емес пе… …Бір ауылға кезігеді, біреуді кӛндіреді… Ал ол кісі түн ішінде мына қалың қолды ауыл үстінен түсірсе ел жағдайы не болмақ?.. Хабар сәл бұрын жетсе бала-шаға, қыз-келіншек ең болмаса қамысқа тығылып, бас сауғалап үлгерер ме еді?.. Бұлар қай заманда да жас балалар менен кӛрікті қыз-келіншектерге құмар болатын… Әлі күнге құл сатып, күң ұстайды… …Жаудың биқұт жатқан елге таң алдында тиіспек ойы бар секілді, аямасқа бекінген түрі де байқалып келеді… …Қатпастың сорын оңтүстік жағынан айналып барса Тасорпа маңындағы қыстауына қонған Сүйінқара аулына таң ата жетіп те қалуға болар… …Ол жолда ел кӛп. Бірі болмаса біріне кездесіп қалары сӛзсіз…

Page 75: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

75

…Ал Қатпастың соры арқылы тіке тартса тиіп тұрған жер… Бірақ қараңғы түнді пайдаланып сорды бір-екі айналдырса таң да атып қалар еді-ау!.. Сәті түссе біреу хабар жеткізіп ел-жұрт қапыда кетпес еді… Бірақ ол мен үшін соңғы сапар, ӛлім жолы болмақ… …Не істеу керек?.. Қайткенде қателеспейді?.. …Бәлкӛтке ӛзі бастап барған жау сарбаздары ойрандап кеткен шабылған ауыл бейнесі елестеп кетті… …Шаңырағы орталарына түскен қасиет тұтқан ақ ордалар… …Шулатып жау айдап бара жатқан елдің ажары мен кӛркіндей қыз- келіншектер… …Еңіреп зарлап қалған ел… …Ойраны шыққан жұрттың қақ ортасында ӛз еліне жау бастап келген Бәлкӛт… …Жан-жағында қарғыс жаудырған қатындар… ...Олар құдайды да, жауды да қарғамайды... …Барлық қарғыс тек қана бұған арналған… …Жазда хабар салып, күзге дейін мұрсат берген жау мәрттігі туралы ол жерде ешкім ештеңе дей қоймас… …Хабар алса да дайындықсыз отырған ел басшыларын еске алар деймісің… …Кеше ғана кеңкілдеп күлгендер күлкісі баяғыда ұмыт болған болар… …Олар туралы да бір ауыз да сӛз айтыла қоймас… …Бар қарғыс Бәлкӛт басына… …Аяусыз қарғыс… …Ӛмірден ӛтіп кеткен жеті атасымен қоса ӛмірге әлі келіп үлгермеген бар ұрпағын қоса қарғайды… …Жоқ… Оларың бола қоймас, қатындар – деді, күбірлеп, Бәлкӛт. Мен сендерге тұқым-теберігімді қарғатып қоя алмаспын… …Аруағынан айналайын аталарымды жатқан жерінде аунаттыра қоймаспын… Әлі ӛмірге келмеген менің немере, шӛберелерімнің жазығы не?.. Қарғағышын бұлардың… Ол ӛзін қарғаған қатындарға ӛштесіп алғандай болатын… Енді оның жауы қасындағы қарулы топ емес, ерні сүреңдеген ауылдың қатындар секілді боп кетті… – Атаңның басын қарғарсың – деді, ол. Бұл шақта Бәлкӛт бар ойын жинақтап, бар болмысын тас түйіндей етіп ширықтырып алған болатын… – Құдайдың ӛзі мені қолдап тұр ғой – деп, күбір ете қалды Бәлкӛт. Ол ӛзін барлық уақытта табиғат пен құдіреттің айрықша қамқорлығына бӛленіп жүретіндей сезінетін қанағатшыл жан болатын. – Бұлар ӛз

Page 76: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

76

бағытын анықтай аларлық аспанда жымың етер жұлдыз да жоқ, лүп еткен жел де жоқ. Сорды үш айналдырсам таң да атып қалар. Бізді сыртымыздан не түйе қараған, не жылқы шолыған біреу кӛрмес дейсің бе?.. Кӛрсе мына мыңдаған аттылардың тегін еместігін сезбес деймісің? Сезсе елге хабар беруге ақылы жетер… …Таң қылаң беріп, жан-жақ аңғарыла бастаған кез болатын. Түнімен үн-түнсіз бүлкіл аяңмен қалың қолдың қақ маңдайында келе жатқан бұлардың қасына үш-тӛрт кісі қапталдай шауып жақындай берді. Біреуінің қолында шағын қоржын. Қоржынды қолын жоғары кӛтеріп даурыға сӛйлеп, жолдарын кесе алға шықты. Үндерінде үрей, қимылдарында асығыстық байқалады. Қалың қол иіріліп тұра қалды... …Бәлкӛт бәрін де түсініп тұр. Бұлар бір қоржын тауып алыпты. Реті осылардың біреуінің жоғалтқан қоржыны секілді. Тез іздестіріліп, қоржыны түсіп қалған кісі де табылды. Жол басшыларының бұларды алдап, адастырып жүргені белгілі болып қалып еді... Қарасақал бастық қаһарына мініп ақырып жіберді… – Сила біреуінің басын!.. …Қолындағы қоржынды лақтырып жіберіп, кӛз ілеспес шапшаңдықпен суырылып кӛкке кӛтерген ақ алмас әлсіз сәулемен сәл ӛңі кіре жарқ ете түсті де, Кісәп сорлының қанына боялып күңгірт тарта қалды. Солығы басылған тентектей жуасып, тӛмен салбырай қалған қылыш жүзінен жерге темған қан тамшыларының сол сәттегі тырсылы Бәлкӛттің жүрегінің дүрсіліне сәйкес келіп кеткендей… Сол дыбыс күші оны аттан жұлып түсіріп еді… – Бауырым-ай!.. Обалыңа қалдым-ау!.. Бәлкӛт аттан түсуін түскенмен әуелі інісінің анадай жере ұшып кеткен басына барарын, не жақын жатқан денесін құшақтарын білмей, аңырып тұрып қалғанды... …Қарасақал басшы жан-жағының толық жарық бола бастағанын кӛргенде ӛкініштен басын шайқап-шайқап жіберіп: ―Бізге енді мына жол басшының да қажеті жоқ. Қапысыз кезде Сүйінқара аулының үстінен түсе алмадық‖ – деді. …‖Арымнан жаным садаға‖ дейтін асқар рухтан бастау алған, елім деп соққан жүректен жаратылған қып-қызыл қанымен туған жер шӛлін қандыра, жаралы Бәлкӛт денесі де шӛгіп бара жатты… ...Шалғай тӛбе басында кӛп аттылыны кӛзбен шолып тұрған екі жылқышының бірі бұл кезде елге қарай жосылтып бара жатқанын білгенде Бәлкӛт батыр ӛз ӛмірінің босына қиылмағанына қуанар еді…

Page 77: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

77

...Бірақ, елім деп ӛмір сүргендер – қашан, қай заманда қуанышқа толы ӛмір сүріпті... ...Әзірге естіген жоқпыз... Ақтау. 10.04.2001 ж.

Еспембет намысы Ойламаған жерде ӛз басына түскен осыншама ауыр жүкті қабырғасы қайыспай кӛтеріп кетуге де, асып-саспай ақылмен шешуге де Еспембет әлі тым жас болатын. Ол ӛзінің албырт жанын күйдіріп, сай-сүйегін сырқыратып бара жатқан нәрсенің намыс аталатынын да толық түсіне қоярлық шамаға жетіп үлгермегенді. Палуан аталып, батыр аты шыға бастаған жас жігіттің алдынан күтері кӛп болатын. Жолы болғыштығын аруақтардың қолдап жатқаны деп қабылдап, тіпті ӛзінің табиғатының ерекше жаратылғанына сеніп те қалғандай-ды. Құдірет қамқорлығына ӛмірбақи бӛлене беретіндей болып кӛрінетін ӛркӛкірек жігіттің тұтқындық, мүсәпірлік хәлі оның ӛкініш сезімін лаулата жағатыны соншалық, ет-бауыры сол ыссы ӛкінішке ӛртене, ылжырай езіліп бара жатқандай күй кешетін. Тағдыр бұрын оны жалқыдай еркелетсе, енді тастандыдай жетімсіретуде. Әсіресе, Ембі тауының ең шығыс жақ ұшпа шыңының маңына тігілген желкӛз керегелі қара күркенің түрулі іргесінен кӛзіне боз далалы Бозашысы шалынып кетсе-ақ болды, тартып жатқан жан азаының үстіне қабат-қабат жаңа қайғылар жамалып, аласұра бұлқынатын. ―Жығылғанға жұдырық‖ дегендей, түркімендер жайлап отырған осы тау басынан ӛз ауылы тұп-тура алақанында тұрғандай еді. Тұтқын болып аяқ-қолына қазықтаулы кісен түскелі, үш күн ӛтті. Үш күн нәр татпады. Барымта-шабуыл кезінде Еспембетті тұтқынға түсірген түркімендер бұны әуелі ӛлтірмек болып еді, артынан малға ауыстырғанды жӛн деп тапты. Ӛзін жығылған ат астынан суырып алып, түркімендер домалатып буып тастағалы жағын ашып бұл бір үн шығармапты. Қанша сұрағанмен атын да айтпады, аулын да атамады. Үн-түнсіз қатып қалған. Тек қана шамадан тыс алып денеден анда-санда теңіз күрсінісіндей дыбыс тарап жатты. Ауық-ауық жаралы арыстандай ыңыранып, бұғаудағы барыстай бұлқынатын... ...Түркімен аулының бас кӛтергендері бүгін түгел бір жаққа кетіп, Еспембет есіз қалғандай еді. Ол аздап ақыл-есін жинағандай. Орынсыз бұқынуды тоқтатып, жан-жағына кӛз жүгірте бастағанды... ...Бес-алты үйден тұратын шағын ауыл екен. Таудың батысынан басқа жақтарының ұшпа шың екенін ол бұрыннан да білетін. Бірақ бұл таудың басына ел қонады деп ойламапты. Қол-аяғы байлаулы атқа ӛңгеріліп келе жатып жолда ауылдар кездескені есінде. Демек, кӛзге

Page 78: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

78

түспей қашып кету мүмкіндігі жоқ... Басына бостандық алудың жалғыз жолы – елге хабар беру, малға сатылу... Бұрын басына қиындық кездеспеген адуын жасқа осыдан артық қорлық жоқ секілді еді... Малға сатпақ...

...Тұрмысқа керек нәрседей боп малға ауыстырылып, ӛз аулына бармақ па?.. ―Еспембет батыр‖, ―Еспембет палуан‖ қайда жоғалмақ?.. ―Батыр Тоқтамыстың батыр немересі Еспембет‖ деген атақтан не қалмақ?.. Осындай ойлар басына келген сайын ол: ―Одан да ӛлгенім артық!‖ – деп, қайталаудан жалықпады. Бірақ қол-аяғы кісендеулі кісінің ӛз еркімен ӛле қалуы да оңай шаруа емес секілді... Жер қазық етіп кӛмген кісен қанша жұлқығанмен қозғалатындай белгі берер емес... Жерді қазып босатырлық қолға ілінер ешнәрсе кӛрінбейді... Керегенің бір сағанағын жұлып алуға да қол жетпей жатыр... ...Кенеттен... Иә, сәт!.. Жар басында ойнап жүрген бес-алты жасар екі бала бұның күркесіне жақын келіп қалыпты. Біреуінің қолында – кішкентай белшік!.. Ол ішінен тағы да бір рет ―иә, сәт‖ деп ӛзін-ӛзі демеп қойды... Әуестік жеңген екі нәресте босағадан қос қолдай ұстап бұған телміре қарап қалыпты. Таңданғаннан ұясынан шығып бара жатқандай боп кӛрінген мойылдай қап-қара, ботақан кӛздерге қарап, ӛзінің пенделік жағдайын ұмытқан Еспембет күліп жібергенін ӛзі де байқамай қалды...

– Атың кім! – Берді! – Белшігің әдемі екен, кӛрейінші! – деп, қолын созған Еспембетке бала жүгіріп кеп белшікті ұстата салды... ...Еспембет: ―Уа, Тәңірім, рахмет!, жібердің бе періштелеріңді!‖ –

деді, аяқ астынан тілегін берген тағдырына ризашылығын білдіріп... ...Белшік қолға түскен бойда жанталаса қимылдап ол жер қазықтан

темір кісенін босатып та алды... Осы уақытта қатқыл тау басын дыбысқа толтыра ауылға жақындап келіп қалған ат тұяқтарының дауысы да құлаққа жеткен еді...

...Жап-жаңа балаларға күле қарап отырған Еспембет мінезі шұғыл ӛзгеріп шыға келді. Бір қолымен кісен шынжырларын жинақтап ұстаған ол, екінші қолымен бір баланы бақырта қолтығына қысып алып, тұсауға үйренбеген тар тұсаулы аттай ебдейсіз қозғалып, анадай жердегі ұшпа жарға қарай жанұшыра қозғалып бара жатты. Балалардың бақырған даусы ауылдың бар адамын аяғынан тік тұрғызған еді...

...Жардың ұшар асына жеткен Еспембет сол маңайға жиналған жұрт билігін ӛз қолына алып алған... Ауыл адамдарын ӛзіне он шақты қадамнан жақындатпай тоқтатып қойды... Қатты шӛлдегенін енді сезінгендей... Балаға су алдыртып ішті... Біраз уақыт ӛткесін асықпай кӛпке қарап: ―Бердінің әкесі кім?‖ – деп сұрады.

Page 79: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

79

– Мен! – деп, бір кісі ілгері қадам басты. – Тоқта! – деп, ақырып жіберді, Еспембет. – Мына Бердінің тірі қалу қалмауы ендігі жерде ӛз қолдарыңда. Бұл бала ӛмір сүрсін десеңдер, менің қолыма салған кісен кілтін әкеліңдер! Кісен кілтін ашқан бойда балаларыңды босатамын...

Тӛрт-бес еркек азғантай кеңескеннен соң, бір бала қолына кісен кілтін ұстатып, Еспембетке жіберді.

...Аяқ-қолын бұғаудан босатып алған Еспембет қуанышты кейіпке енді... Түркімендер оны түсінбей дал болып тұр... Қалай құтылмақ ойы бар екен?.. Арғы жағы тӛрт-бес жүз метр құз... Мына жағы қарулы адамдар...

– Әй түркімендер!.. Кәзір Бердіні босатамын. Содан соң мен сіздердің қолдарыңа түсе қоймаспын!.. Сіздерден бір сұрағым бар, орындайсыңдар ма?..

– Орындаймыз! – деп шу ете қалды, ауыл адамдары. – Олай болса, сендім сіздерге!.. Тоқтамыс батырдың немересі Еспембет батыр деген мен боламын... Сіздерден сұрағым мынадай бір ауыз сӛзімді еліме жеткізіңдер. ―Еспембет ӛлер алдында қол-аяғын бұғаудан босатып алды. Ембі тауының ең биік шыңынан секірер шағында бас бостандығы ӛзінде еді!‖... – Ал Берді бара ғой. Рахмет саған!.. Бала жүгіріп барып ата-анасына жабысты.

– Мен азатпын!.. ...Еспембеттің ―азатпын‖ деген қуанышқа суарылған шынайы

айқайы биік тау басынан Бозашы даласына қарай ӛрлікке толы ғажайып намыс рухын тарата, ӛзімен бірге ұшып бара жатты...

...Осы уақиғадан кейін Маңғыстаудағы Ембі тауының күн шығыс

жағының етегінде ―Еспембет қандығы‖ деген жаңа жер атауы пайда болып еді...

Ақтау. 14.04.2001 ж.

Page 80: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

80

Замандас қыздар тағдыры (триптих) Бұл әңгімелер желісі жирмасыншы ғасырда Маңғыстау ӛңірінде ӛмір сүрген үш қазақ қызының тағдырларынан алынды. Айттырылып ұзатылған бұ қыздар әуелі ата-баба үрдісіне, әке еркіне бағынады, содан заман талқысына шыдайды, ақыры ӛз отбасының бүтіндігі, нәрестелер ӛмірі үшін күресте ерлік пен тӛзімнің, шыдам мен қанағаттың не бір ғажап үлгілерін кӛрсете нағыз бақытты шаңырақ иелеріне айналады... Ағлен

Маған бұл әңгіме желісін Тасболат Мақташ Сабырбайқызы айтып берген еді.

Мақташ (Ұштаған аулының тұрғыны) ұзақ жылдар автоклуб меңгерушісі қызметін атқарады. 1986 жылы Үстүрттің Ұлы Қыземшегшіндегі жайлаудағы мал ауылда ӛнер кӛрсетіп, сол күні жетпіс жастағы, ―Ағлен кербез‖ атанған әженің үйіне қонып шығады.

Маңғыстау жұрты ұйқы алдында қонағына бір зерең шұбат ұсынады. Келінінің қонағына шұбат дайындай бастағанын байқаған әже «бұ қонаққа ӛзім берейін» деп, шұбатты келін ашқан күбіден емес, екінші күбіден береді. Тӛсектері бір бӛлмеге салынған Мақташ Ағлен әжеден екінші күбінің сырын сұрайды... ...«Ағлен кербез», «Ағлен мәтӛк» атанған бұ кісі Қырда, Үстүртте мал қамымен кӛшіп жүріп жаз бойы ауыз суға Ойдағы, Маңғыстаудағы Қаратау бұлақтарының суын алдырады екен... Ол үйде шұбаттың күбісі де, су сақтайтын метей де екеу болатын болған... Ағлен кӛңіліне жаққан қонағына ӛз күбісінен шұбат құйып, ӛз метейінің суынан шәй қайнатып беріп, құрмет кӛрсететуді әдетке айналдырыпты... ...Ағленді жұрт тек қана мәтӛктігіне бола емес, адам пендесі естімеген ерекше ерлігі үшін де құрмет тұтыпты...

...Мақташ екеуі сырласып, әже ӛз ӛмірі туралы сыр шертеді...

– Әнші екенсің, Мақташжан! Біздің бала кезімізде айтқан әндерді айтып, жүрегімізді сағынышқа бӛлеп кеттің. Қыз күнімде мен де ән салатынмын. Сені жақсы кӛріп отырмын ба, әлде жастығымды сағынып кеттім бе? Әйтеуір жүрегім сағынышқа толып, құлағым ән тілеп, жүрегім саз тілеп барады...

Page 81: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

81

– Сағыныш сезімін қалай әдемі сӛзге айналдырдыңыз! Мынадай сезім сағындырмай қоя ма? Сол сағынышты сезім ішінде қандай жігіттер жүргенін кім білсін?

– Біздің заманымызда жігітке кӛз салуға әдет қоспайтын. Қыз қылықтарын кӛп қолдандырмайтын. Бірақ біз ән айтатынбыз. Барлық сезім сол әндер ішінде кететін.

– Ағлен апа, мына ән табақ, күй табақ дегендер ел ӛнеріне қауіп туғыза бастады. Жастар солардан үйренгіш. Ал халық әндері қалып барады. Ән-күйлеріміз ұмытылып барады. Сосын мен тек қана ескі әндерді айтуды әдетке айналдырып алдым.

– Ие, адам мінезі де, ойы да әртүрлі. – Солай ғой. Сіз, мысалы, шұбатқа екі күбі жасатып қойыпсыз. – Мен қатты жиркеншек адаммын. Соның салдарынан менің

үйімде су сақтайтын екі метей, шұбат ашытатын екі күбі болады. Жұрт сыртымнан, «Мәтӛк Ағлен» деп ат тағып қойыпты. Олар

менің ішкелі отырған суымның дәмі түгілі, ойыма түсіп кеткен кейбір ойдан да жиркенетінімді қайдан білсін. Сол «адамтағы», сол «бӛлтебер» есіме түсіп кетсе әлі күнге ӛз денемнен ӛзім жиркенемін, ӛзімді ӛзім жек кӛріп кетемін...

– «Адамтағы» дейтін кім? «Бӛлтебер» деген не сӛз? Ағлен әже менің сұрақтарыма жауап қайтармай әңгімесін жалғастыра берді.

...Әкелеріміз, балаларын жасқа толмай тұрып атастырып қойған, қатар кӛшіп, қатар қыстап жүретін бесік құдалар екен.

Екеуінде Кеңес ӛкіметі байлар тізіміне кіргізіп, тәркілейді. Ауылдың бас кӛтерген азаматтарын жер аудара бастайды. Аман қалғандары жаяу-жалпылап құмға сіңіп, жер ауып кетеді. Бесік құдалар түрікпен елінен пана табады. Сол жақта оларды тағдыр тағы кездестіреді де, біздерге 16 жасқа толғаннан соң шаңырақ кӛтеріп береді...

...Біздің алғашқы тойымыз 1932 жылы, кӛктемде, тойланып еді... Алғашқы той дегеніңізді түсінбей отырмын деп едім, Ағлен менің

бетіме бір қарап алып, әңгімесін жалғастыра берді. ...Той қай уақытта да той ғой... ...Жарлы жасаса да той, бай жасаса да той... ...Той дастарханы қазіргідей асып-тӛгіліп жатыр ма, әлде сол

кездегідей азғантай ғана бауырсақ дастархан бетін жаба алмай, мені қайсысы аузына салып жіберер екен деп, зәресі кете бүрісіп жатыр ма, бәрі бір, тойдың аты той. О күнде де халық тойға барған. Бұ күнде де той тойлап жүрміз. Тойға адам тамақ ішу үшін бармайды, той қызығын кӛру үшін барады.

Page 82: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

82

Халық тойды қызықтайды. Халық тойда ӛнер кӛрсетеді, ӛнерлерін салыстырады. Тойда

ӛздерін кӛрсетеді, ӛздерін салыстырады. Қыз-келіншектер де, бозбалалар да тойда кӛзге түсіп қалуға,

сӛйтіп атаққа ілінуге тырысады. Әрине, жұрт үйлену тойға екі жанның қуанышына қуаныш қосу

үшін барады. Тойдың болғанынан болатыны қызық екені рас. Тойға тек той

иелері емес, барлық адам дайындалады. Тойшылар күнделікті күйбең тіршілік бұғауынан босаудың тағы бір

сәті түскеніне қуанады. Барын киініп, жоғын сұрап күбініп жатқаны. Жастар табылғанын тағынып, кӛріктісін киініп тойға дайындықты

шыныменен тойдың бір сүбелі мүшесіне айналдырып жібереді. Қыздар жеңгесінен сырға қалап, келіншектер енесінен білезік

сұрап ―осы тойға бір тағынып келейінші‖ деп жалынып жатқаны... ...Ағлен маған емес, осы сӛздерді ӛзіне айтып отырғандай. Сәл

қырын қарап әңгімесін баппен баян етіп отыр. ...Біз бұ жасқа жеткенше тойдың не түрін кӛрдік те, бастан да

ӛткіздік... ...Бірақ, менің ӛз тойымдай, алғашқы тойымдай тойды ешкімнің

тағдырына жазбағай... Ей, Алла, ӛзің сақтай гӛр!.. Ағлен айтар әңгімесінің шағын кіріспе бӛлігін аяқтаған секілді. Ол

енді менің бетіме «ӛзің әңгіме иесі ме едің?» дегендей, барлай қарап қалыпты...

Мен тыңдап отырғанымды білдіргім келіп: «Неге олай дейсіз? Неге сақтай гӛр дейсіз? Сізге біз қызыға қараймыз» – дедім.

...Шырағым, жылтырағанның бәрі алтын емес деген бар емес пе. Біз де соның біріміз...

...Әкем де, атам да заманында тұлпар таңдап жүйрік жаратқан,

мал шашып елге бай атақтарын таратқан белгілі кісілер болыпты. Менің әкем де, атам да нағыз сейістер болыпты. Ал сейіс дегендер жаратылысы ерекше, ӛзгеше қауым болады.

Олар әйелін тұмшалап ұстар қызғаншақ ӛзбек күйеудей, жүйрігін кекілінен қара тұяғына дейін жабулайды дейсің.

Жалғыз ұлына кӛз тиеді деп қорықпайтын солар, әлемнің барлық кӛзінің сұғы соның атына бағытталғандай тұлпарын тұмшалайды дейсің.

Page 83: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

83

Аттарына бағытталған әрбір тәуір сӛзді атынан аударып «тілің тасқа» деп, қара тасқа бағыттайды дейсің.

Жабуын сыпырар кезде ӛзі табынатын барлық қасиет иелеріне жалынады дейсің...

Олардың бәйгіден озық келе жатқан алдыңғы ат кӛрінгенге дейінгі үміті мен дәмесін кім сезіне алар?..

Ал «алдыңғы ат баран болмай құла болып» шыққандағы олардың ӛкінішіне кім езіле алар?..

...Аламан жарыстан кейін тойдың бір сәні палуандар күресі... Бура санды, арыстан кеуделі алып жігіттер үстаса кеткенде

деміңді ішіңе тартып, тыныссыз қалмайсың ба? Сол кезде демің түгіл жүрегің де соқпай қалатын болар... Ниетің түсіп тұрған палуан екінші алыпты аспандата кӛтеріп

кеткен шақта бар тамырыңды қысып ұстап тұрған бір нәрсе ӛз арнасын ашып жібергендей боп, кеудеңдегі бір қап ауаны бір-ақ атқытасың.

...Нағыз той қызығы ат шабыс пен палуандар күресі ғой! Сол

екеуінің нәтижесі ел аузында ӛмір бойы әңгіме болып қалады. Кейбіреулер сондай тойлар әңгімесін әсірелеп айта білгені үшін атақты болады. Әр үйдің құрметтісіне айналады. Тіпті ӛмір бойы тамағын асырайды.

Маған тағдыр ондай тойды бұйыртпады. Қыз күнімде менің тойым қалай ӛтер екен деп ылғи армандайтынмын. Балалық-ай десеңші... Ал, жарайды...

...Сен секілді ӛнерпаздар той патшасы ғой! Барлық ел солар

маңында. Біреулер «пай-пай»-лап, таңдай қағып жатады. Тағы біреулер әншіге үн қоспаққа тырысады. Ӛз шамасын

байқамай, шаршап келе жатқан тұлпарға ілесе алмай қалатын тұғырлардай, күлкіге айналып жатады...

...Қыз күнімізде, кӛктем айындағы қызғалдақ ғұмырымызда, той қызығын талай бастан кештік қой...

...Бірақ менің тойымда бұлардың бірі де болмады. Бізді үйлендіргенде елдің әлгідей тойларға шамасы жоқ болатын. Олар, қызықтау үшін емес, тіршіліктің ұлы заңына бағына ғана балаларын жұптастырған болар...

Ол кезде жұрттың жүзі жүдеу, күйі жұтаң... Қәзіргідей қоңын есікке сыйғыза алмай қырындап кіретін әйелдер

болмайды... Қарны қампайған еркексымақтар түсіңе де кірмейтін кез... ...Заман адамдардың түсі мен мінездері түгіл денелерін де

ӛзгертіп жіберетін болар, асылы…

Page 84: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

84

Қазіргі заман қызық... Ессіз адамдар… Егесіз дүние... Жатып ішер мешкейлер...

Тегін тамақты талапайлап жеп семіргендердің түрінен жиіркенемін. Біздің заманымызда ондайлар болмайтын.

Атылып, айдалып, айыпталып, запы болып қалғандар тірі қалудың қамын ғана ойлайтын. Жай да, күй де таңдамайтын.

Бір нәрсенің пәлесіне қалмауға тырысу – ӛмір сүрудің басты ережесіндей еді. Ӛз елі ӛгейсітіп, басқа жерге шақырусыз қаңғып келген адамды шет елдің, жат жұрттың мысы баса беретін болса керек. Барлық қамы, айтары балаларын жеткізіп ӛлу болатын…

Біз паналаған жердегі кӛрші үш-тӛрт үй түрікпендеріміздің барлығы да аузында Алласы бар, жүзінде иманы бар кісілер болып шығыпты. Қазақтарды ӛгейсітпепті. Бірақ ауып жүрген жұрт ӛздерін кішік сезінетін. Ұсқындарында аштықтың таңбасы анық кӛрінетін. Кескіндері су жылғалап тастаған Маңғыстаудың әк тӛбелерінің бӛктеріндей сызық-сызық боп, шандырланып жататын. Олардың қайғы жеп әжім басқан беттеріне қарап жаның ашитын.

Біздің алғашқы сол тойымызға кілең ӛңсіз адамдарды ―Той дегенде қубас домалайды‖ мәтелі ғана жинаған секілді.

Ӛз тойым болғасын жұрт назарына кӛп кӛңіл аударған болуым керек, олардың бет-жүздері әлі кӛз алдымда.

Тойға бір киерін киіп келгеніне қарамастан жастар жағы да жүректі кернеп тұрған қуаныш пен шаттықтың жоғын байқата, жасқаншақтана, имене сӛйлеп, сол маңайдан тойға келген екі-үш түрікпендердің аузын бағып, ыңғайына кӛшіп қалған түрлері бар. Біздің адамдардың бәрі ӛңсіз, бәрі жасық секілді кӛрініп еді сол күні...

...Мен олар жүзін ешқашан ұмытқан емеспін. Мүмкін кейінгі сегіз жыл бойы мен тек соларды ойлағандықтан, сағына еске түсіргендіктен сол күнгі олар суреті кӛңіліме орнығып қалды ма?..

...Ағлен сол бір кездегі ӛз басының емес, аулының ауыр

тұрмысын әңгіме етіп отыр. Бірдеңе кӛргісі келгендей кӛзі жоғары жақты аралап кетеді. Ӛз сӛзін ӛзі қостағандай боп, ара-арасында басын изеп-изеп қояды...

Мен үнсіз тыңдап отырмын. Ауық-ауық оның сӛзіне ӛзімнің ойым жарыса жӛнеледі...

Әңгімешінің сӛзімен лағып, ӛзімше сол шаққа кетіп те қаламын... Мен де сол заман уақиғаларына араласып кетемін. Сол тойдағы Ағленді кӛз алдыма елестетемін...

Page 85: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

85

...Жоқ, тойдағылардың бәрі бірдей әлгідей болмаған шығар. Жетпіс жас кӛркіне кӛлеңке түсіре алмаған Ағлен апа, Ағлен сұлу сол кезде қандай болды екен?..

...Әлгі күйкі кӛріністердің, жоқтық пен жадаулықтың бәрінің орнын толтыра, ажары айсыз түндегі ақшолпандай боп отырған болар-ау жарқырап! Жаратылысы мінсіз, Алланың ерекше ықыласы түскен жанға қақтаған күн де, қаптаған қайғы да ӛз таңбасын баса алмаған болар-ау... Мен сол ойларымды кӛз алдыма елестете бастадым...

Тіпті, тойға қатысып отырғандаймын... ...Той басталып кеткен... ...Жастық – сұлулық! Жас болғасын бәрі әдемі... ...Қалыңдық реңі жаңа ғана, таң алдында ғана ашылған алқызыл

гүлдей боп алауратып отыр. Байдың қызы ғой. Үстінде бір киері сақталып қалған. Сулулық аңсаған барлық жанарларды, қызыққа құмар құмарпаз кӛздерді тек ӛзіне ғана тартып тұрған ерекше сұлулық.

Жаратқан бір берген кісісіне аямай береді емес пе. Ғажап кӛркінің үстіне оның мінезі де жарқын, жүзі де мерейлі. Бұны кӛпсінсең, Ағлен әңгімешіл де. Отырған ортасын ерекше сезімге бӛлеп, жарқылдап сӛйлеп отырады. Оған назары түскен кісі бірден кӛзін тайдырып кетуі екіталай болған шығар...

Ол шаттана күліп жібергенде, дүниенің ең әдемі сазы Ағлен күлкісі дегенге сене салар едің...

Шебер қолымен қалағандай әппақ тістері жарқ ете қалғанда дүниенің ең асылы Ағленнің ақмаржан тістері десе кӛне салар едің... ...Ерке ӛскен ӛткір қыз кісі бетіне тура қарайтын. Жас жігіттер үшін бұл ерекше ауыр сынақ болған болар. Шуаққа толы, ойлы тұнық қара кӛз мейіріммен ӛзіне қадала қараған кезде талайдың кӛкірегінде оны басқа жанның бәрінен қызғана, ―шіркін-ай, менің жарым болса!‖ деген ой, кейін ұзақ уақыт жанын жегідей мүжір арман ой, пайда бола кеткен де болар. Ондай арманның пайда болуына Ағленнің болашақ жарының жуастау мінезі, кескінсіздеу кейпі де әсерін тигізе бастар еді.

Нағыз жігіт Ағленді ол түгіл ӛзіне қиғысы келмейтіні түсінікті құбылыс дер еді...

..Кӛрікті қыздың кӛңілсіз тойы аяқталып, тойшылар далаға шыға бастаған кез екен...

Астарындағы ақалтеке арғымақтарының бастарымен алысқан екі түрікпен, тойшыларды баса кӛктей тоқтайды.

Екеудің бірі тойдағы түрікпенді танып: ―Бұ қазақтар неменеге жиналып жатыр?‖ – деп, күркіреген даусымен аспан астын, жер үстін

Page 86: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

86

күңірентіп жібереді. Түрікпендердің бірі Ағленді нұсқап «қыз ұзатып жатыр» деп жауап қатады. Ағлен үшін сәтсіз шыққан сол күннің сәтсіз мезетінде кездесе кеткен сол адам – түріккпеннің баскесер аларманы Дүрдімен оның қанішер досы Тұрды екен. Ағленге кӛзі түскен түрікпен алыбы біраз үнсіз тұрып қалады. Бір кезде Ағленге тіл қатады... ...Ағлен, әңгімесінің осы жеріне келгенде, қорқыныштан денесі қалтырап, даусы дірілдеп, менен қамқорлық іздегендей, қолыма жабысып, бүрісе қалып еді... Біраз үнсіздіктен кейін ол әңгімесін қайта жалғастырып әкетті... ...Ол маған жақындады. Мен оның алып құбыжық секілді бет бейнесінен, жабайы бӛлтебер адам секілді денесінен қорқып қол-аяғым қалтырап кетті. Тым жақын келіп тоқтады да, ат үстінен жолдасына қарап гүж ете қалды.

– Мына қыздың сұлуын-ай! – Рас айтасың! – Бұ сұлу нағыз ер жігіттің жары болуға лайық! – Дұрыс айттың! Панасына тығылар жан таба алмай, арбалып қалған торғайдай

дір-дір етіп қозғала алмай тұрмын. Ол атынан түсіп менің қарсы алдыма келді. – Сен менің әйелім боласың! Оның қорқынышты түсінен, одан да қорқынышты әлгі сӛзінен

кейін тіпті зәрем ұшып тілім байланып қалғандай еді. Ол маңайында жан жоқтай қайтадан жолдасымен сӛйлесіп кетті. – Қаңғып жүрген қазаққа лайық па осындай сұлу? – Жоқ! – Ендеше бұ сұлуды мен аламын! – Нақ сұлулар қашан да ер жігітке жарасады! Жеңісіне масаттанған жанша, енді ол маған бұрылды. – Бұған не дейсің сұлу қыз? Менің қорқыныш сезімнен туындаған үрейімнен түрікпеннің

қазақты кемсіте сӛйлеген сӛзіне тұтанған намысым қажарлылау болып шықты. Сол намыс қамшылап, есімді жиғызғандай еді...

– Сендей құбыжықтың қасына жатқанша ӛзімді-ӛзім бауыздап ӛлтірермін!

Page 87: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

87

– Ӛле алмассың! – Онда ӛзіңді ӛлтірермін! – Онда екеуміздің де тағдырымыз шешілді дей бер! Сенің менің әйелім болатыныңа ант етемін! – Менің сӛзім де анттың сӛзі болсын! Иманыңды оқып жүр! Ауылдың бас кӛтере алар еркектері қарақшыдан сескеніп, қыздың

тӛңірегіне топтаса бастаған екен... Тұрдыдан тізгінін қолына алған Дүрді алып денесіне қарамай лып етіп атына мінеді де, арғымағын аспандата бір секіртіп алып шаба жӛнеледі. Әлгі уақиғаға куә болғандар біразға дейін де үнсіз қалады... Тек қана кӛрші түрікпен: «Айналайын-ай, сені енді қандай тағдыр күтіп тұр екен? Күнің не болар екен? Ол айтқанын орындайтын болар!‖ – депті.

Кӛршінің уайым сӛзі олардың тоқтап қалған тіршілігіне жан бітіргендей болып, тойшылар тарасып кетеді...

...Ағлен даусы дірілдеп, үнсіз қалды. Мен иығына қолымды салып жан ашырлық емеурін білдіріп едім, ол солқылдап жыласын келіп...

...Мәс-саған, мен де жылайын келіп... ...Ағлен содан бастап сақтанып жүріпті. Етігінің қонышына ӛте

кішкентай кездік салып алады. Ауылдан алысқа шықпайды. Жыл ӛтеді. Уақыт бәрін ұмыттыра бастайды.

Қалың малына қырық жеті атайтын бай ауыл келіні, қалыңынан асырып жасау жасататын дәулеті шалқыған әкенің сүйікті қызы Ағлен жалаң кӛйлекпен ұзатылып, жыртық кебіс сүйретіп ӛмір сүреді. Бұлардың жас шаңырақтарының мал еншісі секілді болған кӛк есекпен күйеуі екеуі құмнан қураған сексеуіл тасып күндерін кӛреді. Бір күні құмнан кештетіп келе жатып, қапталдан қосылған, ат тұяғының дүбірін естиді. Ағлен жүрегі дәл болжайды. Қызылы семіп бара жатқан күн астына сескене қарап тұрғанда бұны Дүрді кӛжек алған бұркіттей, іліп әкетеді... ...Сол күннен бастап бұлар ұзақ жылдар ел бетін кӛрмей, дала тағыларынша ӛмір сүреді. Дүрді, бейтаныс жақта, Қарақалпақ, Үстүрт дӛңінде аламандық құрып, қарақшылықпен айналысады. Солай сегіз жылы ӛтеді. Ұлдары да бес жасқа толады... ...Дүрді – қарақошқыл топырақтан илемей домдай салған балшық секілді, аса ірі, ӛңсіз кісі еді. Кейін ұзақ жылдар бірге тұрып, одан балалы болған кезде де бетінің ӛңсіздігі мен кӛзінің сұстылығы бетіне тура қаратпайтын. Ӛңсіздігін ӛзі де жек кӛретін болуы керек, ӛзіне тіке

Page 88: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

88

қарағанды ол да жақтырмайтын. Сол алғашқы кездескен күні онымен батылым барып, қарсыласқаныма, солай сӛйлескеніме ӛмір бойы таң қалумен келемін... ...Ағлен даусы бірте-бірте қатая бастады... ...Оған берген антым менің ойымнан бір сәт шыққан емес. Сырымды жасырын сақтадым. Тамағымның тоқтығына, киімімнің кӛктігіне Дүрдіге алғысымды да айтып қоятынмын. Оған қарсы келмедім. Құдай сәтін салар деген дәмеден торықпадым. Жан мен тән бӛлек нәрселер екен. Жаныңмен соншалықты жек кӛре жүріп, тәнің жақындасқасын одан бала кӛтеріп, кірін жуып, шаруасын істеп жүре беріппін.

Ұзақ күттім. Дүрдіні ӛлтіргенмен Тұрдының кек аларын, мені тірі жүргізіп қоймасын сезетінмін. Олар бӛлек ауыл болып жеке қонатын. Қауіп-қатерге толы жорықтарының бірінде Тұрды қаза болса деп тілейтінмін. Сӛйтіп жүргенде «Іштен шыққан жыланның ирелеңдегенінің жақсысын-ай!» дегізгер бала пайда болды... Бес жасқа толған кезі еді...

...Ӛз баласын... Нәрестесін... Жауыз-ай!... Қалай қолы барды екен?..

...Ағлен тағы да кӛз жасына ерік берді. Бұл жолы ол бетін менің

иғыма басып ӛксіп-ӛксіп, ұзақ жылады... Кейін түсіндім. Оның жанын нәрестесінің ӛліміне ӛзін жазықты сезінген жанның ӛкініші қинайды екен...

...Ағлен Тұрды тірі тұрғанда ойлағанын ойын іске асыра алмасына

әбден кӛзі жетеді. Ойлай-ойлай, ақыры айла табады... ...Дүрді мен Тұрдыны араздастыру қажет екенін түсінеді. Сондай

жағдайда ғана олар бір-бірімен хабарсыз кетеді. Арасы алшақтайды деп шешеді.

Ақыры, «сен жоқта маған қол салды» деп Тұрдыны жамандайды. Ӛзі кӛгертіп қойған дене жарақаттарын кӛрсетеді. Дүрді сол бойда атына мінеді.

Қайтып келгенде Дүрдінің кісі ӛлтіріп келгені белгілі болады. ...«Бір кезде ӛмірлік доспын деп, қан қосысып анттасқан арамның қанынан кӛйлегімді тазартып таста» деп, қан-қан кӛйлегін шешеді...

...Мен арманды мезгілімнің жеткенін түсіндім. Сыр білдірмейін деп кӛйлек қанын ұзақ жуып, жан-жағыма бағдарлай қарап, уақыт ӛткізуге тырыстым. Күн бұлтты еді. Түн қараңғы болады.

Қате жібермеу үшін қайта-қайта түнде істемек әрекетімді қайталап айтып, ой жүгіртіп қоямын...

Page 89: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

89

...Қапы қалмау үшін шамды жағып қойсам... ...Ӛткір кездікпен күре тамырын тереңдеу бір тартып жіберсем... ...Шамды сӛндіре салып, есіктен шығып үлгерсем... ...Күре тамырдан бауыздалған жан ұзаққа шыдай алмас... ...Бауыздап жібергенде қой байғұс бір-екі ышқынып, аяғын бір-екі

серперлікке шамасе жететін еді ғой... Талай қой бауыздап отырып, Дүрдіні осылай бауыздасам ғой деп

армандайтынмын... Дүрді ертегі алыптарынша алаңсыз ұйқтайтын. Сол күні де солай болды. Алқынған жүрек аптығын басу үшін қатты, тереңдеу қайта-қайта

ауа жұтып алып: «Ей, Алла тағала! Кешіре гӛр, күәкәр қызыңды!» деп күбірлеп, Дүрдінің күре тамырын шалып жібердім. Қан бетіме ұрып, кӛзім тұманданып кетті. Дегенмен шамды сӛндіріп есікке жүгірдім. Ол ұшып тұрып табалдырықты аттатпай мені ішке суырып алмақ болып жатқанда, кездікпен қолына тағы бір рет ұрдым. Дүрді қолын босатын жіберді. Мен далаға қараңғыға сүңгіп, жоғалып бара жаттым.

«Құтылдым» деген ой жүрегімді қуанышқа толтырып, даусым да шығып кеткендей болды.

Сол сәтте ӛз дыбысымнан қорқып кетіп тып-тыныш тұра қалдым. Дыбыс қайта естілгендей болды. Сонда ғана дыбыстың

баламның дыбысы екенін түсіндім... Оянып кетті ме екен? Ол оянатындай айқай-шу болмаған секілді еді? Әлде, мені үйге қайта кіргізейін деп анау оятты ма екен? Баланы жазым етпес пе екен?.. Осы ой мені қатты шошытты. Жалма-жан жан ұшыра үйге

жүгірдім. Қалтамдағы оттықты шағып жіберсем, жанталасып қырылдап жатқан Дүрдінің қолында бес жасар баламның мойыны жатыр екен. Кездігіммен қолынан тағы бір ұрып баланы жұлып алып далаға жүгірдім...

Әлім құрып бара жатып баламның денесі суып бара жатқанын байқадым. Балам тыныссыз қалыпты...

Сол сәтте мен де талып бара жаттым...

...Ағлен дәл соғыс басталар алдында арғымақ мініп, аруана жетектеп Маңғыстауға жетеді. Шеттеп кеткен ӛз аулы да бұ кезде туған жерге оралған екен. Ағайындары той жасап бұрынғы еріне қайта қосады.

...Ӛз күйеуім айтарлықтай кӛркі, мақтарлықтай ӛнері болмағанмен ғажап мінезді, сабырлы кісі болатын. Ұзақ жылғы үмітсіздіктен кейін

Page 90: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

90

қайта табысып, бақытты ӛмір сүре бастап едік. Әттеген-ай, ерімді де, бақытымды да «соғыс» деген індет жалмап кетті ғой.

Артында бір ұлы қалды...

Отызға жетпей отырып қалған Ағлен, қаншама адам сӛз салса да, жаңадан тұрмыс құрмайды...

...Әуелі күйеуімді аман келтіре гӛр деп Аллаға жалынып дәмемен уақыт ӛткіздім. ...Одан торыққасын Жалғызының тілегін тіледім. ...Алла бірін бермегенмен бірін берді. ...Жалғыздың да жапырағы жайылады екен. Бірнеше үйге

айналды. ...Жаяудың да шаңы шығады екен, ӛрісіміз малға толды... ...Бұ күнде бақыттымын!

...Кім білген!.. Жай адамның бақыты дегеніміз – елдің тыныштығы мен ердің еңбегі ғана ма?..

...Құдайға шүкір!...

...Ӛкініш кӛп еді, бәрінен де құтылдық.

...Арман да кӛп еді, шетінен орындалып біткен секілді.

...Қазір жан-жағым толы ӛз үйлерім, ӛз тумаларым!

...Немерлер үйі.

...Күйеу балалар ауылы.

...Құдалар ауылы... ...Бақыттымын! Тек қана осы шексіз бақыттың оған бір де бірі

бұйырмай, барлығының маған қалғанын айтамын-ау!.. ...Бұ бақыттарға менен гӛрі ол лайық еді...

21.07.2006 ж.

Кәмшәт

Біздің Кәмшәт шешеміз ―сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді‖ деген аталар сӛзін растауға жаратылған кісі секілді еді. Жасы келіп қалғанына қарамастан еңсесі тік, бойы сұңғақ, кӛркем адам болатын.

Шешен сӛйлейтін. Сӛйлеп кеткенде бірте-бірте даусы екпін алып, ӛзі де айбаттана, әңгімесін жанды елеске айналдырып жіберетін.

Ӛз тӛркіндері туралы мақтана сӛйлеп отырғаны сезілетін. Даусынан сағыныш сарыны сезіліп-ақ тұратын...

Page 91: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

91

...Қазақ байтағының ұлан-ғайыр батыс ӛлкесін мекендеген Кіші жүз ішінде тек қана байлығымен емес ерекше сән-салтанатымен де атағы елге жайылған Табын Нармағамбет деген бай болыпты. Ӛз елі, оны, паң Нармағамбет атаған екен дейді. Қонысы, ата күлдігі Ақтӛбе, Қорғаншы болса, жаздығы Сыңғырлау ӛзені болыпты. Ойылға құйып жатқан Сыңғырлау мӛлдірлігі кӛз сүсіндіретін, дәмі тіл үйіретін ғажап ӛзен екен.

Табын Нармағамбет, қазақтардың ардақтап айтатынындай, «алтынмен аптаған, күміспен күптеген» 12 қанат Ақ Орда тіккен, барлықтың рахатын кӛрген бай болыпты. 12 қанат Ақ Ордасына жалғас 8 қанат, оның екі қапталынан 4 қанатты екі үйді қосарлап тігеді екен. Қонақтарын дәрежесіне сәйкес 8, 12 қанат отауларында қабылдайтын болған.

Нармағамбет байдың жалғыз ұлы Киікбай атаққа шыққан сұлу жігіт атанады. Бай жігіттері ауыл-ауылды кезіп бай ұлына қалыңдық іздейді. Он екі ата байұлын түгел адақтап шығады. Ақыры аты алты алашқа жайылған атақта Бопылдық байдың баласы, шеркеш биі Жұмақұл қызы Кәмшат сұлуға тоқтайды.

Айттырады, құда болысады. Кәмшат он алты жасқа толып ұзатылатын шағы да жетеді.

Бірақ бұл ұрпақ сор заманға тап болған ұрпақ еді... ...Қызылдардың соққысына шыдамай Красноводскіге жетіп кемеге

отырып шетел асып кетпек болып шегірткедей шұбырған генарал Толстовтың әскері осы ауылдар үстінен ӛтіп, паң Нармағамбет пен Бопылдық ауылдары тоналып қалады...

...Ақ Орда киіздері кескіленіп, жауыр аттарына тоқымдыққа жарайды...

Ақтаулы тарылары жем дорбаға түседі... Кесапат соққан ауылдар жұтарынан айрылып жұтап қалады. Мінерінен айрылып жұртта қалады. Сауары болмайды, сойары қалмайды. Киікбайды, енді үйленгелі жүрген бозбаланы, ең болмаса жүйрік

атын құтқармақ болып араға түсіп, міне қашқанда атып ӛлтіреді. Қызылдарға қарсылық кӛрсете алмай жаралы айдаһардай ызалы

келе жатқан Толстов әскері қазақ даласының жұтылатынын жалмап, жұтылмайтынын талмап, дауыл айдаған ӛрттей ӛте шығады. Сол екпінімен келіп Үстірттен Ӛрмелі арқылы Маңғыстау Ойына құлайды.

Бұл апатқа Бопылдық аулы да ұшырайды. Замана талқысына тап болған құдалар Нармағамбет ауылы да,

Бопылдық ауылы да тақыр кедейлерге айналады. Күйеу жігіт Киікбай қаза болады. Кәмшат қыздың басы босап қалады...

Page 92: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

92

Қонысы шетте болып Толстов апатынан аман қалған ауылдардың бірі Тоқтамыс Әбижан ауылы екен.

Күз айларында Әбижан туған ағасының баласы Әндірғалиға Шеркеш Бопылдық немересі Күлшатты айттыруға барады.

...Жӛн сұрасады...

...Бұлар, Бопылдықтың басы бос немересіне құда түсуге келгенін айтады...

...Болашақ құдалар аз сӛз қағыстырып барып, келісімге келеді... – Киік пен құланға ұқсап шұбырып кӛшіп жүрген адайға тірі болса

Бопылдық қыз беруші ме еді?.. Заман-ай, қайтейін!.. – Құдағай, ойланып сӛйлеңіз! Қазақты кӛшпелі қазақ атандырған

жалғыз адайлар ма екен! Кеше ғана ата-бабаң адайлармен қатар кӛше жүріп ерулік беріскен ел болатын! Сіз бізге кінә таға сӛйлейсіз ғой! Ал біз болсақ әлі күнге таза ауа жұтып, таза жұртқа қонып жүретінімізге мақтанатын елміз. Боқ үстіне боқ тастамайтын елміз!

Отырықшы боламыз деп орыс болуға құмартқанда орыстарыңның кӛрсеткені осы ма?

– Біз тоналып жұтап қалмасақ құдалыққа тон киіп келіп отырған сенің осылай сӛйлеуге батылың барар ма еді?..

Құлан құдыққа құласа құрбақа құлағында ойнайды деген осы дағы!

– Құдағай артық кетпеңіз. Біз құрбақа болып құлағыңа ойнау үшін емес, қысылғанда демеу болуға, Бопылдықпен сүйек жаңғыртуға келдік.

Осы тонды киіп келіп біз шеркештермен бұрын да құда болатынбыз. Талай шеркеш адайлармен құдалығына мақтанады. – Естімедік

– Естімесеңіз жазғырмалық. Бірақ еске сала кетелік. Адайдың Нұрым ақыны ұзатылғалы жатқан сіздің ауылдың бір

қызына бата бергенде, байлық пен барлықты дәріптеп ―шеркеште Бопылдық пен Тұрмандай‖ бол деп бүкіл алты алашқа атақтарыңды жайған адайлар болатын.

Адайдың құдаларының бірі Алты Алашқа атақты Байбақты Сырым.

Сырымды олқысынсаң Әбілқайыр хан ӛз аяғымен келіп адайлардан қыз сұраған. Бопай ханымды солай алған.

– Жаугершілік ұлдың соры, жұт қыздың соры дегенге кездесіп қалып отырмыз. Ойда жоқта жау шауып күйеу бала ӛліп, қалыңдық елі жұтап, қайғы шегіп қалып отырмыз. Күйіктіміз. Күйік соққан адам не демейді.

Шырағым артық кетсем кешірерсің. Тоғыз жетім асырап отырмын. Амалсыздан сол жетімдер тамағына талғау болар ма екен?... Қыз жат жұрттық деген осы дағы. Бірақ, атан жазысымен, ат ер-тұрманымен

Page 93: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

93

кететін кӛмейім бар. Сол кӛмейді толтыра алсаң қызды аласың. Бұл елдің сӛзін ұстар, бас кӛтергені мен болып қалып отырмын қазір.

– Сонда ол қанша болады? – Үшеуі де жүзден болсын. – Үш тоқсанға келіселік. Әбижан қолын ұсынады. Бәйбіше қол

алады. – Істің басы байлы болса, түбі сайлы болады деуші еді, Қыз не

дер екен. – Қыз дегенің мынау! Жаңа аршылған жұмыртқадай болған күнім менің! Не дейсің мыналарға? Кісілігі қаншалық екенін кім білген? Балаларың ана отырған ба? Түсі игіден түңілме деген бар емес пе еді... Кӛрікті жігіт екен! Не айтасың, жарығым?

– Ӛзің айтқан тарығып отырған тоғыз жанға талғау болсам менің арманым жоқ. Тоғызыңның аштан ӛлгендеріңді кӛргенше ӛзім адайларға барып сіздерге деген сағыныштан ӛлейін. Бірақ бұлардан менің бір бұйымым бар. Беретін ірі қаралары ылғи сауын болсын. Тӛлдерін қимаса келесі жылы қайтарып алар.

– Ақылыңнан айналайын балам-ай, болашақ келінім-ай! Алла алдыңнан жарылғасын! Сенің мына сӛзіңе, ақылыңа бола мен сауын малды бүгін айдатамын...

Келін сӛзіне риза болған адайлар әзірге ақ болсын деп сол күні үш сыйыр, үш бие, үш түйені тӛлдерімен әкеліп береді.

Бір айдан кейін баласын үйлендіреді. Сол жылы Әндірғали Ойға кӛшпей, келінім жетімсіремесін, тумаластарынан бірден алыс кетпесін деп аз ғана малмен құдалар маңында қыстап қалады.

Адайдың байын кӛреміз, Бопылдық құдасымен танысамыз деп шеркештер шұбырып қыс бойы келе береді. Ойға құлатқан кӛп малдан алып қалған 200 бойдақ қонаққа сойылып таусылуға айналады.

Әндірғали да байлығын арқаланып, асырып әңгіме айтатын кісі болса керек.

Сол маңайдағы бір бай досына адам жұмсап: ‖Шеркеш деген елден майына бір байтал мінеміз деп, жұтап қалуға айналдық, сойысқа 100 бойдақ жіберсін!‖ – деген сӛзі шеркештерге жетеді. Әлгі сӛз арына тиген шеркештер арланып, Әндірғали аулын шаппақа дайындалады.

Хабар жеткен Әндірғали қыс ішінде тез кӛшіп жақын жердегі адайларға паналап аман қалған екен...

...Кәмшат шеше осы әңгімелерді айтып отыруға құмар болатын... Бай шаңыраққа келін болып түскен Кәмшат шешеміздің ӛз

шаңырағыда ӛсіп-ӛнген, ырысы мол ауылға айналады... ...Бірақ кеңес ӛкіметі Толстовтан кем түспейді. Тура он жылдан

кейін енді бұл ауылды Кеңес ӛкіметі тонайды. Тек қана байлығын емес, адамдарын да апатқа ұшыратады...

Page 94: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

94

– Аталарымыз бен азаматтарымыз түгелдей итжеккеге айдалды. – Байларды тәркі жасағалы жатыр, сақ болыңдар деген хабар үлкендерге келіп жатады екен. Атам мен енем үшеуміз бір түнде ауыл алдындағы бір обаның түбіне үш дорба асыл заттарды апарып кӛміп едік. Атам үстіне бір құран кітабын да салып еді.

Құранын асыл нәрсесі ретінде жасырды ма, әлде асыл заттарын құранға тапсырды ма... – Ұзақ шетте жүрген жылдар бәрін ұмыттырыпты. Елге отыз жылдан кейін оралдық. Енді елге оралғанда,балаларым әкеміздің бізге қалдырған мұрасын тауып бер деп әзіл айтады. Қаратӛбе мен Мәстектің ортасындағы қай обаның түбін қазарсың? Шырақтарым! Байлық құрсын! Әкем бай еді, не кӛрді... Атам бай еді, не кӛрді... Шетінен атылды, айдалды... Баяғыда «бай баласы» деген атақ шамалы кісіні қатарға қосып тұратын.

Мына заман пысықтары «қара табан кедеймін» деп мақтанатын болды.

Бұрын арлы жігіт кедейлігіне арланатын. Бұ заманда арсыздар кедейлігіне мақтанатын болды. О, заман-ай! Заманды кім жаратады? Адамды кім жаратады? Айналайындар байлыққа құмар болмаңдар! Құмар болғандар байлыққа жетем деп арын жоғалтар, немесе

жетіп алып барын жоғалтар... Байлық құрсын! Қанағат қарын тойғызар... ...Анда-санда Кәмшәт шешенің сол сӛздері еске түсіп «шүкір,

шүкір» деп қоямыз... Тамыз, 2008 ж. Жаңылдық

(естелік әңгіме)

Ерлер әйелдерді: бейбіт, жаймашуақ уақытта "Әлсіздеу

жартымыз" деп; сезімді кезінде "Нәзік жаратылысымыз" деп; ғашық кезінде "Кӛкте күнім, аспанда айым" деп мадақтауға әдеттенген.

Анасын ардақтап, қызын қызықтап, жарын жақын кӛріп ӛмір сүреді. Әйелдер еріне еркелей ғұмыр кеше алса бақыттымын деп есептейді.

Бірақ Ұлы Жаратушы әйелдерді ылғи нәзік болуға, сезіммен ӛмір сүруге жаратпаған секілді. Сондықтан да ол оларды байлық пен

Page 95: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

95

молшылықтан гӛрі қиындық пен жоқшылыққа бейімделгіш етіп жаратқан сыңайы бар.

Біздің осындай болжам айтуымызға ӛз аналарымыздың жоқшылық пен таршылық кезеңде бойларындағы табиғи аналық қасиетін жандандыра, ӛздеріндей мұқтаждарға қазақы қайырымын, жылы жүз ізгілігін, барға қанағат, болашаққа үмітін сақтап қала алғанын кӛзіміз кӛріп ӛскеніміз себеп болған болар.

Қазір ауыз толтыра кеңшілік заман орнады дейміз. Рас. Бірақ осы молшылық пен кеңшілік заманда бізді бір "әттеген-ай" сезімі, әлде ӛкініш пе, әлде сағыныш па, әйтеуір бір сезім алаңдата береді.

Бұл бала кездегі заманымыз бен қазіргі заманымызды салыстыра ойланғаннан пайда болған түйсік болар, асылы.

Соңғы кезде ол түсініксіз түйсіктің де сыры белгілі бола бастады. Баяғы ашқұрсақ, жыртық иін заман ұмытылған кезде, мынадай тонналап қоқыс жәшікке ас қалдығын тӛгіп жатырған заманда баяғы жатқа да, жақынға да қайырымды қазақтар қайда кеткен?

Он баланың жетеуі жетім кезде жетім басынан сыйпамай ӛтпейтін қамқор ағалар, қазір мыңның бірі жетім шақта кӛзге кӛрінуден қалғаны қалай? Солар азайып бара жатырған жоқ па екен?

Шіркін-ай, ӛз баласынан жасырып отырған жарты собалақ шетінен үзіп беретін еді-ау, жарықтықтар...

Мүмкін олар бар да болар. Мүмкін байқамайтын болармыз... Әңгіменің шынына келсек біз сондай кісілерді сағынатын болдық.

Мүмкін сондай кісілерді емес, сол кісілердің ӛздерін сағынатын болармыз. Сағынғанда да бұл бір ерекше сағыныш. Олар ойға оралған кезде бір құдірет ӛтіп кеткен соншама жылдарды ысыра салады да, әлгі сағыныш кейіпкерлері бірінен кейін бірі жарыққа шаға бастайды...

...Сайынжан! Менің атымды суарып келші! – дейді, бір аға...

...Әй, "Қара қойшы!" Мал келетін уақыт болды. Лақ-қозыны қайырып кел. Жамыратып алармыз! – дейді, кӛрші жеңгей...

...Айналайын-ай! Шашың ӛсіп кетіпті ғой! Кел, алып берейін! – дейді бір қарт, бұлқынғаныңа қарамай екі тізесінің арасына басыңды қысып алып, ұстарасын дайындай бастайды...

Со кісілер ойға оралғанда жан-тәніңнен бірдеңені суырып жатқандай боп бір ерекше сезім сені сол заманға кӛтеріп ап, ұша жӛнеледі. Қанатына мінсең, жетегіне ерсең болды бұ заманғы болмысыңды ұмыттыра, шетінен жыртық иін, аш құрсақ сол адамдар арасынан бір шығарады.

...Қайран сол кездегі әжелер мен аналар-ай!

...Қайран сол кездегі аталар мен ағалар-ай! Ӛткен ғасырдың соғыс жүріп жатырған сұрапыл жылдарында ӛмір

сүріп, небір ауыртпалықтарды арқалай, небір қасіреттерді тарта жүріп ұрпақ ӛсірген біздің аналарымыз нағыз ӛмірге бейімделгіштер еді.

Page 96: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

96

Олар жоқтан бар жасайтын, барды балдай ететін. Солардың табаға, не жай қоламтаға кӛме салатын нан иісі әлі мұрынымызды қытықтайды. Ірімшік дәмі әлі ауызымыздан сілекей ағызады.

Сол кӛптің бірі менің анам Жаңылдық та жаратылысынан ақылды, тағдыр салған ауыртпалықтарға мойымайтын қайсар жан болатын. Бұ күндері сол адамдар туралы ойлана қалсам, со кезден есте қалғандарды зерделей бастасам, жетім-жесір аналарға деген заман әділетсіздігі тӛбе шашты тік тұрғызады. Адам кӛнбістігі қайран қалдырады.

Әкем кӛппен бірге қанды соғысқа аттанады. Соғысқа аттанғандардың тағдыры үш түрлі. Бірі ӛледі, бірі тірі оралады. Енді біреулері жау тұтқынына түседі. Біздің әкемізге соңғысы бұйырыпты.

Ауылдағы аналар ӛмірі тұтқындағы әкелерден жеңіл болмаған секілді. Тұтқын мойнында жауапкершілік жоқ. Олар аш баласының тамақ сұрап жылағанын естімейді. Жесір әйелінің заман мен адамнан кӛріп жүрген зәбірінен хабарсыз. Ӛз шаңырағының ел ортасында екендігі ойына медет.

Ал елдегі әйелдердің елінің басына күн туған шақта, ерлері етігімен су кешкен заманда кӛтермес жүгі, тӛзбейтін қорлығы, шыдамайтын зорлығы болмайды екен.

Солардың бәрін арқалай жүріп тірлікті жалғастырғаны, келешекке деген сенімінің сӛнбегені үшін әлемдегі ең алып, ең асыл ескерткішті со заман аналарына арнаса артық болмас еді... Олар шеттерінен ұлы тұлғалар болатын...

Ұлы Жаратылысқа қазақ халқына берген барлық Ананы шетінен Ұлы етіп жаратқаны үшін де риза болып, бас игің келіп тұрады.

Қымтанып жамылар дұрыс бір кӛрпесі жоқ, тойып ішер бір тостаған кӛжесі жоқ, иінін жабар сәнді бір кӛйлегі жоқ, кӛрген күні кілең кемшін, асырағаны кілең жетім сол аналар – қазіргі Егемен Елімізді ӛмірге әкелген Аналар...

Ӛткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары еліміздің тәуелсіздігін жариялаушылар сол аналардың қямет заманда ӛсірген ұрпақтары.

Қайтейік! Солардың кӛбі сол жарлы-жақыбай күйінде ӛмірден ӛтіп кетті. Уайымсыз молшылық дәмін тата алмай, қайғысыз, шын мәніндегі рухани бостандық мәнін сезе алмай кетті.

Бұ тірлікте ӛмір сүргенінен не рахат сезінді екен? Бұл сұраққа олар біздің түсінігімізбен емес, ӛз түсінігімен жауап

берері сӛзсіз. Олардың, біздер, сіздердің аналарың, барлық пен байлық дәмін сезіне ӛмір сүрмесек те бақаттымыз дер еді. Ӛйткені артымызда егеменділікке қол жеткізген ұрпағымыз қалды дері сӛзсіз.

Біз бақытты аналармыз, ӛйткені еліміздің қабырғасы сӛгіліп жатырғанда, еріміздің қандары тӛгіліп жатырғанда біздер соларға демеу болуға жарадық дер еді.

Page 97: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

97

Қайран аналар-ай! Кейбірінің шыдамы таусылғанда бар әлемді басына кӛтеріп, тағдырын қарғап, аңырап жылап алушы еді-ау!

Ӛз анамның да: "Осы екеуінің қарнын бір тойғызар күн бола ма, Құдайым-ай?" – деп жылағаны есте қалыпты.

Олар колхозға күні-түні жұмыс жасайтын. Бірақ ӛкімет еңбек ақы тӛлеп кӛрген емес.

Әкем түрмеден оралып, балаларын "колхоз тырнағынан" құтқармақ мақсатында туып ӛскен Тиген-Құлбырақ, Ақмыш-Шерғаладан Таушыққа кӛшеді. Кейін он жылдық мектеп салуға шарттасып Ұштағанға қоныс аударады. Екі жыл күндіз-түні еңбек етіп, ӛзінің бала-шағасының күшімен мектепті 1956 жылдың күзінде аяқтап шықты. Мен сол жылдары әкемнен құрылыс ӛнерін үйренген екенмін. Кейін ӛзім құрылысшы атанғанда сол тәжрибе, сол білім қаншама пайдама асты, қаншама жұмысымды жеңілдетті, ӛзіме деген сенім туғызды десеңізші. Сондықтан да мен барлық уақытта кезекті бір істі аяқтаған кезде алдымен әкеме алғысымды жаудыратынмын. Әке рухы алдында мақтанатынмын. Әкемнің ӛзім тұрғызған кесенелерді кӛрмегеніне ӛкінетінмін.

Мектеп құрылысы аяқталып, Ленин атындағы мектеп ӛзінің алғашқы оқушыларын қабылдады. Әбіш Кекілбаев оныншының, мен, Сайын Назарбекұлы, тоғызыншының есігін аштық.

Сәрсенұлы Назарбек шебер – "бір ӛзім бір мектеп салып шықтым" деп ӛмір бойы ӛз еңбегін мақтаныш етумен ӛткен кісі.

Сол жылдары Гурьев обкомының бірінші хатшысы Н.Оңдасынов жолдас жаңа мектепті, қотыр тас пен саз топырақтан тұрғызылған мектепті кӛріп риза болыпты. Әкем ӛзімен облыс хатшысының арасында болған азғантай сұхбатты ӛмір бойы мақтаныш ете айтудан жалықпайтын.

– Құрылыс оқуын қайда оқыдың? – деп сұрапты, хатшы. – Оқу оқымадық, білім Құдайдан ғой – депті, әкем. – Шеберлікті кімнен үйрендің? – Шеберлік үйренумен келмейді, тұқым қуалайды. – Құрылыс мамандығын қалай меңгердің? – Құрылыс салуды немістер мен түрме үйреткен. Аңдамай айтқан осы сӛздері үшін ауылдық совет Сисенқұл

Ұзақбаев пен әкем кейін біраз уақыт уайымдап жүрсе керек. Бірақ, саналы, кӛпті кӛрген хатшы бұл сӛзге аса саяси мән бермеген секілді.

1955 жылы саз балшықтан кірпіш құйылып, шағын екі үй тұрғызылады да, Ұштағанда орта мектеп ашылады.

Келесі жылы жаңа мектеп салынатын болып менің әкемді сол мектеп құрылысына бас құрылысшы етіп шақырады.

Ел де жарлы. Мемлекет те жарлы. Құрылыс бүйымдары таптырмайды. Мектеп тӛбесін жабатын, еденіне тӛсейтін тақтай жоқ.

Page 98: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

98

Әкем екеуміз мектеп тӛбесі мен еденіне саз топырақ тӛсеп, екі жүз литрлік темір күбіге су құйып домалатып, саз нығаздайтынбыз.

Әкем осы мектептің қарауылы, анам үй сыпырушысы болып жұмысқа орналасты.

Менің анам, ай сайын істеген еңбегінің ақысы үшін "айлық" деп еңбекшіге берілетін ӛкімет ӛтемін, алғаш рет 1956 жылы, қырық жасында алған екен. Қолына жирма жеті сом елу тиін айлық алып қуанған болатын.

Еден жуылмайды, сыпырғышпен сыпырылады. Партаны бір жағына қисайтып тұрып саз еденді қоқыстан тазалау қажет. Кӛбіне анама мен кӛмектесемін. Кейде інім Дайын екеуміз де тындыра салатынбыз.

Қыста ерте тұрып қи жағып, мектеп бӛлмелерін жылытатынбыз. Әкем салған бес құдық пештер шетінен тартқыш, қызғыш келетін. Пеш қалайтын арнайы кірпіш болмай, оны да қолдан дайындап алып едік.

Мектеп ауласынан құдық қаздық. Әйкелдік тасты интернаттың қара бурасына тиеп "Назар жолдан" әкелгенбіз. Ішін ойып, жиектерін жұқартып, жеңілдетіп едік.

Құдық қазып жатып та, әйкел шауып отырып та әкем: "Осы жұмыстарға ана Сисенқұл бір тиын тӛлемейді. Ӛкіметтің ақшасын аяйды. Біздің тӛгілген маңдай теріміз бен қолымыздың күлдіреген терісінде олардың шаруасы жоқ" – деп сӛйлеп отыратын. Сӛйлеп жүріп құдық шегенінің тура болуын, әйкел тасының әдемі болуына барынша тырысатын. Саусақтарын әк жеп, терілерін ойып тастайтын болғандықтан саусақ басына теріден қап тігіп алатын.

Азапты он үш жылдың, соғыс пен түрменің зардабы болар, кешке қарай балтырымды бас, беліме шық, иығымды уқала деген ӛтініштері біздерді, балаларын жалықтырып жіберетін.

Енді, әке-шеше қадірін түсінген кезде, күні-түні аяғын уқалып, арқасын сыйпап отыруға дайын уақытта, жарықтықтар, қолыңа бір түспейді екен...

...Со заман адамдары ӛкіметіне еткен еңбегіне міндетсінбейтін. Ӛкімет те оларға алғыс айтып жатпайтын.

Қырықыншы, елуінші жылдары күні бойы колхоз шаруасын істей жүріп, сәл қолы босаса қыста сораң, күзде құмаршық қағып, кӛктемде кӛсік пен мондалақ теріп жүрген тірі жесір, жалғызлікті мыңдаған әйелдердің бірі менің анам еді.

Харков түбінде тұтас армия қоршауда қалып, әкем немістер тұтқынына түседі. Әкем де, ағасы Айдарбек те намаз оқитын кісілер еді. Айдарбекті Мұстафа Шоқай ұйымы молдалық оқуға алып кетеді. Немістер біраз діндар адамдарды Мюнхен деген қалада 1945 жылға дейін молдалық оқуға оқытыпты. Менің әкем тұтқындар лагерінде қалып, қалаға, жеке кісілер шаруасына жұмысқа жіберіліп тұрады.

Page 99: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

99

…Отаныма оралсам. Сүйегім елге жетсе… деп Алласына жалынумен болыпты… Қайда жүрсе де ӛмір бойы намазын тастамапты.

Сол үшін ӛз ӛкіметіне жазықты атанады. Сотталады. Түрмеде отырған адамдардың арманы босап үйге қайту емес,

жазасы тағылып тезірек тұтқындар лагеріне кету болады екен. Әкем түрмеден шығып Петропавл түрмесіне келгенде елге келгендей болдық деп отыратын. Небір марқасқа азаматтармен жолдас болдық, небір ӛнерпаздар ӛнерін кӛрдік деп мақтанатын.

...Сүйікті отанымыз дейміз...

...Отан сүйікті болып қала береді. Адам ӛз отанын сүйуден бас тарта алмайтын болса керек.

...Қамқор ӛкіметіміз дейміз...

...Жалпы біздер Отан деген сӛз бен ӛкімет деген сӛзді бірге пайдаланып келдік. Екеуі екі бӛлек құбылыс екен.

Қамқор ӛкіметіміз жесір ана мен оның тӛрт жетім баласының баспанасын (бес қанат киіз үй), бар малын (бір тайлақты түйе, бес-алты жандық) тәркі жасап, суық күзде шаңырағын ортасына түсіріп беріп еді...

Кейбір ауыл белсенділері де ӛкіметінен кем қалмайтын. Бір әкеміз (әкем құрдасы), ауыл белсендісі, біздің киіз үй үзігін қамшымен тартып-тартып жіберіп: "Сен қатынға тағы бір кәмпеске керек болып жүр ме, неге жиналысқа тез шықпайсың?" – деген кезде үйден жүгіре шығып, әлгі аттының шаужайына жабысқан едім.

Әлі есімде, біздің үй Ақмыш бұлағынан сәл қашықтау Шерқала жақтағы қырат етегінде болатын. Анам:

– Кейін кет! Ананың қамшысы саған тиіп кетсе, мына бақан оның басына тиер! Бәлесіне қалармыз! – деп, мені тоқтатқанды.

Анамның бақанынан сескенген ауыл белсендісі ығысқанын байқатқысы келмей:

– Мына қатынға шыныменен тағы бір кәмпеске керек болып жүр екен! – деп еді, атын тебіне беріп.

Ондай ӛкіметті қалай сүйікті дей аласың... Бірақ Отаныңды сүйесің!

Әлгідей ағаны қалай ағалайсың?.. Бірақ аулыңды сағынасың! Анам екі рет тәркіге ұшырапты...

...Жаңылдық Қойшығұл қызы Есен руының Ӛтебай тақтасынан еді. Қойшығұлдың әкесі "Шилан би" деген атпен ел ауызында сақталыпты. Бірақ Шилан би шешіпті деген билік, Шилан би айтыпты деген шешендік сӛз жұрт есінде сақталмағандай.

Қойшығұл Маңғыстау ӛңірінде Кеңес ӛкіметінің тәркісіне ең алғашқы болып ұшыраған байлардың бірі. Итжеккенге айдалып, содан

Page 100: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

100

оралмаған. Қойшығұлдың Қалыңбай атты жалғыз ұлы болады да, содан соң бірінен кейін бірі кіл қыздар ӛмірге келе береді. Қыздардан жалыққан әке алтыншы қызы ӛмірге келгенде ұл сағындық, қыздан жаңылдыра гӛр деп, ырым етіп жас нәрестесінің атын Жаңылдық қояды. Содан кейін Алла тағала о кісіге қызды да қимай қалған сыңайы бар. Барлық пен байлықтың не екенін кӛріп ӛсіп келе жатқан жас қыз енді етек-жеңін жинай бастаған кезінде тағдырдың небір ауырпалығы мен қасіретіне кездеседі. Алдымен әкесіне "бай" деген айып тағылып сотталады да, мал-мүлкі үптеліп, бала-шағасы байлар санатынан жетім-жесірлер санатына қосылады. Жығылғанға жұдырық дегендей, жалғыз ағасының әйелі ӛліп, шиеттей екі баласы жартылай жетім қалады. Бұ кезде нағашылардың анамнан басқа қыздарының бәрі де тұрмыс құрып кеткен шағы екен.

Біздің анамыз ӛз басына шаңырақ кӛтерген шағында да жетімдік пен жесірлік ауыртпалығын аз арқаламаған секілді.

О заман қазақтары ата-баба жолымен ӛмір сүрген кез. Қыз да, ұл да ӛзіне сыңар іздемейді. Барлық мәселені шаңырақ иесі шешеді. Біздің әке мен ана тағдырын ағалары Айдарбек пен Қалыңбай шешіпті.

Біздердің Үлкен бапамыздың (Айдарбек) Қалыңбай қарындасына құда түсуі, анамның ұзатылуы қазіргі адамдар санасы қабылдай қоймайтын құбылыстар.

Сондықтан да "махаббат" атты жастар үшін жұмбақ та шытырман әлемнің бір шешімін іздеп табуға, жұмбағын шешуге септігі тиер ме деген дәмемен, осы естелік әңгімеде жазылар уақиғаларды жарыққа шығарғалы отырмын...

...Маңғыстау халқы жиі-жиі қиындықтарға кездесіп тұрған жұрт.

Солардың ішінде ең бір сорақысы, ӛкіметтің, ӛкімет адамдарының ӛз қолдарымен, ӛздеріне жасаған зұлматы, 1929-32 жылдар арасында Маңғыстау халқының басынан ӛткен тәркі мен аштық, зорлау мен қорлау науқаны...

...Кеңес ӛкіметі ӛзінің ӛмір сүрген бір мүшел жасында айдаған малы бар байлар мен аузында сӛзі бар кӛкірегі ояу азаматтарды ӛз ортасынан аластап құртқаннан кейін ӛкімет жұмысын жүргізе аларлық сауатты адамдарға мұқтаж болған секілді. Жарлылығының арқасында үкімет құрығынан аман қалған, ескіше сауаты бар Айдарбек молданы жаңа ӛкімет біраз уақыт барып кел, тындырып кел секілді жұмыстарға пайдаланыпты.

Айдарбек молда сол заманда жасы отыздан жаңа асқан, ӛзінен тоғыз жас кіші үйленбеген інісі бар кісі екен. Уәкіл атанып, Ақшымырауға келеді.

Page 101: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

101

Басты шаруасы Ақшымырау елінің малын санап келу болғанмен, ол ӛз шаруасын да ұмытпапты. Қай үйдің басы бос қызы бар деп сұрастыра жүріп, сондай үйлерге түстенуге тырысады. Ақыры құрдасы Қалыңбай үйінің де кезегі келеді, қарындасын кӛріп, інісі Назарбекке айттырады. Қалыңмалына екі қап бидай әкеліп беруге уәде береді.

Қалыңбай мал-мүлкі тәркіге ұшырап, әйелі ӛліп, шиеттей екі баламен тұрмыс тауқіметін тартып, қиындық кӛріп жүрген кезі болса керек. "Тиген деген жердің тоқтамыстары құда түсіп жатыр, Жаңылдық не дейді біліп кел" деген сұраққа біздің анамыз бір ауыз сӛзбен жауап қатыпты...

Ӛзінің сол атақты сӛзін анамыз талай рет біздерге де әңгімелеп берген еді...

...Мына екі жетімге екі айлық ас болуға жарасам, армансызбын... Армансыз қайдан болсын! Арманы болған болар-ау! Бірақ ол

кезде қыз арманы шаңырақ иесінің шешімімен үндесіп жатуға тиіс еді. Ел қабылдаған заң солай болатын. Оны ұл да, қыз да бұлжытпай орындайтын болған...

...Айттырылған қыз...

...Ӛмірлік жар болар адамын әлі ӛз кӛзімен кӛрмеген жас бала...

..."Ол қандай екен?"... Бұл сұрақ барлық қыздарға да, ұлдарға да тән сұрақ болар. Ӛйткені армандағы тәтті қиял да, ӛмірге жетелер үміт те, болашақ туралы қорқыныш та, бәрі-бәрі әлі ӛз кӛзімен кӛрмеген сол бір адамға тәуелді...

Әрине, кӛз кӛрмегенді адамдар құлақпен естуге құмар. Сондықтан ағасы інісін болашақ қайын жұртына жеткізе мақтаңқырап таныстырған болар деп ойлаймын. Әке ағасы сол кезде інісінің іскерлік қасиеттерін дәл болжай алса мүмкін былайша таныстырар еді...

...Аққұба, қырмұрын, ортадан жоғары бойы бар, жасы жиырма үште дейтіні анық...

...Қолынан келмейтіні жоқ, шебер! Әкеміз Сәрсеннің зергерлік, ұсталық ӛнері жеті ұлының ішінде жалғыз осы баласына қоныпты дейді.

...Бастаған ісін тындырып болмай дем алмайтын еңбекқор жан кӛрінеді!..

..."Сұлуынан жылуы" мақалы оған жат, ол сұлуын да, жылуын да қажет ететін қасиеті бар адам...

...Жырлар мен дастандарды жатқа айтатын нағыз құйма құлақ деген де болар...

...Екі-үш жылдай молда алдын кӛрген ескіше сауаты бар...

...Егер Үлкен бапам құдасына болашақ күйеу баласының осы қасиеттерін дәл танып, дұрыс мақтай алса, айттырылған қыздың "ол қандай екен?" атты уайымына демеу болып, болашағына деген сенімін қалыптастыруға да кӛмегі тиген болар...

Page 102: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

102

Шындығында да "қандай екен?" деп анамыз талай қобалжыған да болар-ау. Бірақ тағдыр о кісі тағдырын басқа, тым күрделірек мәселелер арқылы талай талқығы салды...

Ӛкімет зорлығы, жетімдік пен жесірлік... Тәркілер тартқызған жоқшылық пен аштық... Бораған оқ астына кеткен ері... Қолда қалған екі ұлы... Алты бала анасы... Алты бала қамқорлығы... Ӛмірінің соңғы жылдары, енді нағыз "тӛрт жағы тӛрт Құбыла"

болар шағында о кісіні тағдыр тағы да әлгі зәр сыбағаларынан құр қалдырмады...

...Он алты жасында қосылып, елу жеті жыл бірге ӛмір сүрген қосағынан айрылуы, оның үстіне ортаншы ұлы қатерлі дертке шалдығып, қайта-қайта оташы пышағына түсуі о кісіге оңай жүк болмағаны анық...

...Мен дәл тӛрт мүшел, қырық сегіз жасымда аты жаман ауруға тап болып, үш жыл бойы тӛрт операция жасаттым. Оташының пышағына Алматы ауруханасында бірінші рет түскен кезде әкем қайтыс болды. Мені бұл аурудан аман қалады дегенді ойына да алмаған әкем күндіз-түні "Ей Алла!, кезегімді бере гӛр!" деп жалынумен болыпты. Тілегін Алласы қабыл етеді. Баласы операция столында жатқанда әке қайтыс болады...

Әкеге бір уыс топырағын бұйырта алмаған баласы, Алматыда екі операция жасатып, бір жыл ӛткесін Жаңаӛзен қаласына, одан Құлбырақ әулиеге жетеді.

Әке басына құран оқиды. Кӛптен кӛрмеген туған жер. Ана мен бала Тиген мен Қабақтағы ағайындармен амандасып, Ақжан шешенің үйіне қонады.

Сол күні: "Енді әкең жоқ, бас ұстай беруге болады деп, маған бас ұстатақан" – сол шешелер еді.

Ағжан шеше: "Әй Жаңылдық сен бүгін Сайынжанды екінші рет ӛмірге әкеліп отырсың. Бұның айтқанына қарағанда енді ӛміріне қауіп жоқ секілді. Балаң құтты болсын. Іш мынаны!" – деп шарап құйып беріп, екі кемпір менің әзірге сақталып қалған ӛмірімнің ұзақтау болуы үшін ӛздерінше тілек тілеп шарап ішкенді.

Ішілген бір кесе шарап буы ма, әлде ұзақ уақыт кӛріспеген абысындар сағынышы ма, әйтеуір олар ұзақ әңгімелесіп, ӛткен ӛмірлерін еске түсіріскен...

Сол түні естіген әңгімелердің бірін мен кейін "Аналар" деген атпен ӛлеңге айналдырып едім...

Ағжан шешей абысыны Жаңылдықтың Алматыда тұратын, қартайғанда ақын атағы шыға бастаған баласымен ӛз үйіне қонғанына

Page 103: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

103

риза еді... Егер адам баласы түнде ұйқтап дағдыланбаған болса абысындар әңгімесі таусылмастай екен...

...Шіркін "кӛз кӛрген" абысындар сағынышы. Менің анамнан гӛрі Ақжан шешем кӛбірек сӛйлеп отыр...

...Назарбек сені алып келуге колхоздан бір атанды сұрап алып жалғыз кеткенде, күздің күні еді. Үшінші күні қонаға келуге тиіс болатын...

Осы жерде мен де бұл әңгімеден хабардар екенімді білдіре "екі қап бидай қалың малын әкемнің ӛзі алып кетті ме?" деп, ӛзімше бір әзіл сұрақ қыстырып қалдым...

...Сайынжан-ау, сіздер ӛздеріңді білгіш санайсыңдар, кӛпті кӛрген секілді кӛресіңдер ғой! Бірақ ол кезде екі қап бидайды былай қойғанда, қызы кеткен үйдің бір тамақ сұрайтын ауыздан, бір жұтқыны бар ӛңештен құтылғанына қуанышты болатынын қайдан білейін деп едіңдер! Екі қап бидайдың екі қап алтыннан қымбат кезі еді ғой... Маған қарамай отырып осы сӛздерді айтқанда о кісінің кӛз жастары моншақтай домалап түсіп жатты...

Осы сӛзден кейін мен анамның қалыңмалының олқы болмағанын сезген едім. Және соған кӛңілденіп те қалатынмын...

... Әңгіме тауылмастай еді...

...Олардың әңгімелері кӛбіне ӛздері кӛрген тағдыр қаталдығы мен заман зорлығы туралы болып жатты...

...Анамның он үш жасында әкесі ұсталып, мал-мүлкі тәркіге ұшырайды. Анам мен анамның анасы, ағасы мен ауру жеңгесі, ағаның екі нәрестесі ел кӛшкен жұртта қалады...

...Бұндай зорлықты кеңес ӛкіметінен бұ кісі бір емес екі рет кӛріпті... Он үш жасында әке-шеше шаңырағын тағдыр соншалықты қатігездікпен жазаласа, отыз бес жасында ӛз шаңырағы тағы да тәркіге ұшырайды. Бұл жолғысы баяғыдан да сорақы болып шығады. "Немістер тұтқынына түстің, еліңді саттың" деген жаланы мойындату үшін кӛрсеткен үш жыл бойы қорлық пен азапты қиналмай кӛтерген әкеме (тек қана сол құлағы соққыдан естімей қалған) таққан айыптарын мойындата алмайды. Енді "молда болдың" деген жала жабады. О да келіссіз болып шығады. Ақырында "байсың" деген кінә тағып, он бес жылға кеседі. Елде қалған үйін тәркілейді. Бес қанат киіз үйдің үш қанаты мен шаңырағын балаларына, екі қанаты мен маңдайша, табалдырығын әке атына жазады. Екі үзік пен тӛрт туырлықты бӛлу қиынға соқпаса керек. Сот орындаушысы жас жігіт екен. Түндікті қайда жіберерін білмей дал болады. Сол кезде анам тауып кетіп, кӛрші абысыны Кӛпек зайыбы Сағияштың басылмаған бір қап жүнін сот орындаушысына беріп, түндікті алып қалады...

...Естелік артынан естелік туындап жатты...

Page 104: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

104

...Екеуі де ӛздерін соншалықты еркелете қоймаған ӛмірлерін рахаттана еске түсіріп отыр. Қалай дегенмен олардың ӛздерінің сүрген ӛмірі ғой... Олар тағдырмен жағаласа жүріп, қиындықтармен арпалыса жүріп ӛмір сүріпті...

Мен кӛрпеге оранып қисайып жатып тыңдап жатырмын. Қоңыр күздің осы бір әдемі түнінде жадағай ішінен әзер кӛрініп

отырған Ақжан шешей даусы тап-таза, ап-анық саңқылдап тұр. Екі ана бұдан алпыс жыл бұрын бастарынан ӛткен уақиғалар ішіне қайтадан араласып кеткен секілді...

...Сол кеште қалың тұман түсті. Біз Ұлбӛбек екеуміз (Үлкен мамам) құрым киізге кірәсін тамызып алып, тӛбе басына қара жусан жағып, сіздерді күтпек те болдық... Бірақ біз жаққан жарық алыстан кӛрінбейтін болды да, Ұлбӛбектің үйіне қайта оралдық. Сен сол үйге түстің. Айдарбекті колхоз бір жаққа жұмсап жіберіп, ауылда жоқ болатын. Аулымыз Қаратӛбе мен Қаранардың ортасында еді...

...Назарбек адаспайтын жан екен. Қалың тұманда ауылды дәл тауып келіп еді... Адаспайтынын кейін де талай дәлелдеді ғой. "Жаңакүш" колхозының Бесқалаға керуен басы етіп жіберетін сенімді адамы Назарбек болатын. Біздің Тұрсынбайды Назарбек қайратты, тілалғыш деп қасынан тастамайтын. Тұрсынбай: "Назекең түн ортасына дейін "сәуір" салып келіп, ӛткен жылы түнеген жеріне жетіп түнейтін. Ӛткен жылы от жаққан ошағымызға қайта от жағатынбыз" – деп мақтап отыратын...

...Назарбек қайнымның құрдасы Имаш ұйқышыл жігіт екен. Бір жолы Назарбек жігіттеріне аздап дем алдырып алып: "Тұрыңдар жігіттер!" – деп оятса, Имаш құрдасы: "Назарбек-ау, үркер қамшының сабындай да кӛтерлмепті ғой. Қдай біледі, әлі қоламта суып үлгермеген болар" – деп күлге саусағын тығып сӛзін дәлелдемек болғанда, саусағын күйдіріп алыпты...

...Сенің тӛркініңнен киіп келген, екі ӛңірінде әдемі зері бар, жасыл камзолың болатын...

...Ат аунаған жерде түк қалады демекші, үйімізді тәркілер алдында бір апам сұрап киіп кетіп аман қалған дүние еді...

...Ӛз бойым аласалау болғандықтан ба, саған қызыға қараушы едім. Орта бойлы, қызыл шырайлы сұлу келіншек едің...

Осындай кезде мен де әңгімеге қыстырылып қалып отырмын... ...Бапам мамамды: «Қараторының қандысы еді ғой!» – деп

мадақтап отыратын... ...Бұ күндері сол шешелердің бірі де жоқ. ...Компьютер тетіктерін басып отырып, жүрегіңді сол аналарға

деген сағыныш бір түйреп ӛткенде, жетпіске жақындап қалған жасыңда ӛзіңнің шын жетімдігіңді мойындағандай болады екенсің... ...Әкем мен шешем әзілдесіп отыратын...

Page 105: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

105

Балаларын түгел оқытты. Ӛз шамаларынша білікті маман, дұрыс адам болды. Анам соны қатты мақтаныш тұтатын. "Қол-аяқтарың түп-түзу, ақыл-естерің бүп-бүтін" деп бұлданып та қоятын.

Кейде: "Мынаның тұттықпа беріш нағашыларына ұқсап кетпей, Құдайға шүкір, қалай десеңдер де ӛз нағашыларың ӛтебайларға тартып адам болдыңдар!" – деп, әрі мақтанып, әрі әкемді қажап қоятын.

Сол сӛзге әкем едәуір шамданатын-ды. – Менің балаларым беріштерге де емес, нағашыларына да емес,

ӛз тегіне тартқан. Менің әулие бабам Мәті де ӛтебай жиені ме еді?

– Ӛзі ӛтебай болмаса әйелі ақбота руының қызы екен демеуші ме едің? Жеменейден қайда қашып құтыласың?

– Біздің тұқымның бәріне қасиет қонған. Асауды мінбей жуасытқан, Сүйінқараның оң қолы болған Қожабек атамызды, шешендік пен ақындық бірдей біткен Тұрғамбай ағамды қалай жеменейге тели аласың?

– Оларда ӛлең жазып па еді? – Балам ӛлең жазса ӛзіме ұқсаған. Маған заман жаздырмады.

Әйтпесе сен де ақынның әйелі атанып, қалада, ақ пәтер үйде отырар едің!..

...Әке-шешеміз үш ұлы да қалада тұрғандықтан, Жаңаӛзен

қаласынан екі-үш шақырым, ерінбеген кісі жаяу барып келер жерде, шаруада отырды. Ұнаған келініңнің, бір ұлыңның қолына шықсаңдаршы десе, әкем "адам тамақ ішкен жеріне дәрет етіп қалай отырады?" деп келіспейтін...

...Бір күні әкемнің нағашысы Нәдір жиен ағасына сәлемдесуге барады.

Бұл әңгімеге кенже қарындасым Үмітей куә болған екен және ол майын тамызып қатырып айтады...

...Амандасып, бас изесіп, қол алысып дегендей дағдылы шаруаны бітіргесін, Нәдір әкеме: "Мал жандарың аман ба? Аман-есен отрысыңдар ма?" деп сұрайды. Ӛзі әкемнің естімейтін сол құлақ жағында отырса керек. Жеті буын әлгі сұрақты сұрап шыққанша кем болғанда он жеті секунт ӛткізіп алса керек...

Естімей қалған Назекең кемпіріне: "Мынау не айтты?" – депті". Кемпірі шалының еститін оң құлағына "мал-жандарың аман ба?"

деп сұрап отыр ғой дейді. Әкемнің мінезі шалт кісі еді. Шорт сынады. – Ой, Тәңір атқыр! Ой, ант ұрған! Аузын толтырып қарайған әңгіме

айтып еді! Нең кетеді қайталап айтып берсең?

Page 106: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

106

– Бірің сақау, тұттықпа, бірің тосаң, саңырау! Сіздердің әңгіме не теңдерің!

– А, солай екен ғой – деп, әкем нағашысының тұттығатыны есіне түсіп, күліп жіберіпті...

Осы әңгімені айтып әлі күнге анамыз бен әкемізді, олардың нағашысын еске аламыз. Солардың қасында отырғандай боп, мәз болып күлісеміз.

Анамыз бен әкеміз тіршіліктің тірегі айлық ақы емес, мал деп ӛткен кісілер. Әкем жылқы малын жанындай жақсы кӛретін. Ол жылқыларын марапаттап, анам жалғыз қара маясының қамын ойлап, кейбір мәселелерге келісе алмай жататын...

...Қарамая ӛрістен аңырай боздап қайтып келе жатады. Ауылға жақындап тоқтайды. Үйге ӛзі келе қоймайды. Мамамыздың алдынан шығып еркелеткенін күтеді. Мамам кӛбіне ӛзі "Жарығым, жарығым!" деп алдынан шығып бара жатады...

Әкемді тәркілеген жылы Қарамая тайлақты болатын. Тайлағын ӛкіметке алып, ӛзін бала-шағасына қалдырған екен. Бұл түйе тез суалып кетпей, тайлақты жылы да ұзақ саудыратын. Сүтті болатын. Соның үш емшегі біздерді жеткізіп кетті ғой, бір қараға. Балаларының аузына ӛмір нәрін талай тамызған оған "жарығым!" деп емірембегенде қайтеді?

Жалпы ол біздер үшін мал санатында емес, бір құрметті, аруақты тұлғадай әсер ететін.

Қасиет дегеннен шығады... Қарамаяны әкем 1947 жылы Бесқала сапарынан Қоңыраттан

тайлақ кезінде алып келген екен. Сонда оның туған жылы 1946 болса керек.

Қарамая менің де ерекше жақсы кӛрген малым болды. Мен ұзақ жылдар Алматы қаласында тұрдым да елді, ауылды кӛп сағындым. Сол кӛп сағыныш ішінде Қарамая да жүретін. Оны малша емес басқаша жақсы кӛретінмін. Менің алғашқы жазған ӛлеңдерімнің бірі "Қарамая" деп аталды.

Бір жылы әкеме "Қарамая қартайып келе жатыр. Бір сұрағым болсын, бапа, маяны соймашы, ӛмірін сүре берсін!" деп ӛтініш жасадым... Әкем кӛрерміз деді...

1972 жылы Москвада Плеханов атындағы институтта алты айлық оқуда жүріп түсімде Қарамаяны кӛріппін...

...Басыма тамшылап су тамады. Жоғары қарасам Қарамая. Кӛзінен парлап жас ағып тұр. Тұмсығынан сыйпайын деп қолымды кӛтерсем басын аспандатып кӛтере береді. Оянып кеттім. Бірден "Қарамаяны сойып тастады" деп ойладым...

Page 107: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

107

Ауылға келіп сұрастырып қарасам, сол мен түс кӛрген шамада қарамаяны сойып, жіліктеп жіберген екен. Жиырма алты жыл ӛмір сүріпті. Мен әкеме ренішімді жасырмадым.

Сонда маған әкем: "Ал соймадық делік... Ал ана тӛбенің басында бір түйе ӛліп жатыр екен делік... Оны шыбын құрттатып, етін ит пен түлкі жеп, қарға мен қарақұс шоқып жатыр делік. Сонда сол малға жаны ашығандық бола ма? Мал иесіне құрмет бола ма? Ойланып кӛр. Біз де ойландық. Шешеңмен ақылдасып шештік" – деген еді...

Ойлана келе әке сӛзінің дұрыстығына кӛз жетті... Сонда анам: "Сайынжан, мен де оны бір баламнан кем кӛрмеуші

едім!" – деп, мұңайып еді. Олар бір-бірімен ақылдаспай ештеңе істемейтін, бір-біріне

соншалықты кешірімшіл жандар болатын. Әкем ағасының таңдаған қызын жар етуге тәуекелі жетіп, екі

қап бидайын алып барып, қалыңдығын ӛзі алып келгенде, анам ӛз сӛзімен айтқанда ата-баба жолына мойын үсына "екі жетімге екі ай азық болсам армансызбын" деп кӛнгенде басқалар шешімін орындап жүрген кісілер секілді боп кӛрінуі заңды нәрсе. Олар, айттырылып үйленді. Ӛкініші болмады ме екен деген ойға да ерік беруге болар.

Бірақ олар ӛздерінің адамдық бақытын да, шынайы махаббатын да тапқан кісілер еді.

Мен анамды ерекше ақыл иесі кісі еді деп ойлаймын. Ойлап таппайтыны жоқ болатын. Мысалы, менің есіме қазір анамның қыстың суық күндері колхоз жұмысына кеткенде жер үй еденіне тӛселген тулаққа бір уыс тары шашып кететіні есіме түсіп отыр. Қарындары аш балалар суық қыста далаға шыққаннан тулақ жүнінің ішінен тары дәнін іздеп уақытын ӛткізгенді мақұл кӛруге тиіс емес пе...

...Бұ заман адамдары ата-бабаларына сын таққыш. Қазақтарды шашпа дейді. Орынсыз мырза дейді...

...Осы мін таққыштардың, бір кездерде ұлттық болмысы алған тәрбиесінен басым түсе бастайтын кезеңге жеткен шақта, ӛздерінің қалай ӛзгергенін де байқамай қалады.

Әлі есімізде. Біздің үйде бір асатындай ет болды. Қарын ашып анамызға ет ассашы, үйде ет бар ғой дейміз. Сонда анамыз"шырақтарым, үйге ұялтатын кісі келіп қалса қайтеміз? Ӛлімнен ұят күшті деген бар емес пе!" – деп біздерді жұбататын.

Сол ұзақ сақталған бір жілік ауылымыздың Қашығұл деген құрметті кісісіне бұйырған еді.

Қашекең үйімен бір жылы кӛрші отырдық. Інім Дайын мектепке баратын жыл болатын. Дайынның жалаң аяқ екенін байқап: "Назарбек ауылда болса сені жалаң аяқ қояр ма еді" – деп, оймақтай, әп-әдемі, құрама етік тігіп беріп, бәрімізді қуанышқа бӛлеп еді...

Page 108: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

108

...1990 жылы күзде Москва қаласында ВОНЦ деген ауруханада жатырмын. Ертең операция столына жатқызбақ болатын. Алматыға үйіме телефон соқсам үйде жан жоқ. Жұбайымның ағасы Аймұханның үйіне телефон соқсам бес жасар Әлиядан басқа оларда да ересек адамдардан ешкім қалмапты. Барлығы қарындасым Үмітей үйіне кетіпті. Әлия не болғанын айтқысы келмейді. Ақыры жылай бастады. Мен телефонмен ұрсып, ақыры айтқыздым...

...Анамның да ӛлшеулі ғұмыры таусылған екен. Бірінші қабаттағы автомат телефон кабинетінен жоғарғы

этаждағы торакальный бӛлімге қалай кӛтерілгенім есімде жоқ. Қасымда жатқан Қайнел (жаны Жәннәтта болғыр) атты Монгол

жерінің қазағы сол күні бір жолдасының үйіне кетіп қалып еді... Бӛлмеде жалғыз болатынмын. Ӛмірімде сезіміме ерік бере,

жұбатусыз ұзақ жылағаным сол болар... ...Сол күндер есіме түссе болды әлі күнге қолқама бірдеңе

тығылып, дем алысым қиындай бастайды... ...Айналайын анашым-ай!.. ...Ӛмірге келтіріп ақ сүтіңмен асыраған (мен анамды бес жасыма

дейін еміппін), ӛз аузыңнан гӛрі балаларыңның аузын қамқорлаған қанағатың мен қамқорлығыңның ең болмаса мыңнан бірін ӛтерлік еңбек ете алдым ба екен?..

...Мен мектеп бітіріп бес-алты жылдай шофер болып жұмыс жасадым. Бір күні алыс жолдан, машинам бұзылып, азып-тозып дегендей, шаршап-шалдығып жеттім. Маған әкем бір құрдасымның оқу бітіріп келгенін, тойға шықырғанын хабарлады. Сонде анам мұңайып: "Біздің балаларымыз бізге сондай бір той тойлатпай ӛтетін болды ғой!" – деп еді...

...Мен шашымды жуып жатырғанмын. Анам су құйып тұрған. Сол кезде мен бойымды тіктеп: "Мен ертең Алматыға оқуға кетемін!" – деппін. Жолым оңғарылып құрылыс мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Ана тілегінің, арманының орындалғаны болар біздің үйдің барлық балалары жоғары оқу орындарын тәмамдады...

...Анам ақылды кісі еді...

...Балаға ақылдың тым кеш қонатыны ӛкінішті-ақ...

...Ендігі менің қолымнан келері анда-санда оқитын намаздарымда атыңды атап Аллатағаладан: "Анам Жаңылдық, әкем Назарбек жандарына Жәннәттан орын бере кӛр, Аллатағала!" – деп жалыну ғана...

Ақтау. 8.06.2008

Page 109: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

109

Қанағат (триптих)

Ораза

Сол апай осы әңгімесін бастағанда ылғи сыбырлай сӛйлейтін… …Әуелі байларды тәркіледі… …Содан кейін бәрін тәркіледі… …Ең соңында тірілердің жанын тәркіледі… ...Кедейлерді кем қылмаймыз, жетімдерді жетістіреміз деп уәде

берген жаңа үкіметтің халыққа берген уәдесін орындай алмайтыны аз уақытта белгілі бола бастап еді. Жеткізбек түгілі бұрынғыдан да жетімсірете бастады. Даладағы малды алғаны аз болып, қорадағы таңдайға тартып отырған сауын малды да ортаға салды. Соның соңы жаппай аштыққа жалғасты. Алды ӛле бастады.

Ел бас сақтау қамына кірісті. Жақын маңдағы кӛрші жұртқа кӛше бастады. Әрине, кӛше бастады деген сӛз ауызға ілініп кеткен сӛз ғана. Әйтпесе кӛліксіз кӛш бола ма. Ол кӛш емес, аштықтан жер ауып шұбырған адамдар тобыры болатын.

Пана іздеп барар ел мен туған жер арасы – ӛзені жоқ, кӛлі жоқ, құлазып жатқан шӛл дала. Шӛл даланы кесіп ӛтетін күшің болмаса, күш жинатар азығың болмаса, шыбын жаннан торығады екенсің...

...Біз алдыңғы лекке ермей қалып, ең соңы болып жолға шықтық. Біз үш адамбыз. Аштық пен ӛлім, қорқыныш пен үрей жайлаған

туып ӛскен ӛлкеден тезірек құтылғымыз келіп түрікпен еліне бет алған едік. Азаматым да, ӛзім де қайратты болатынбыз. Бірақ үш жасар баланы, жолға алған азғантай азығы мен сусынын, бір тӛсері мен бір жамылар дүниесін арқалап келе жатқандар жол ӛндіре ала ма. Оның үстіне, бала тамақ сұрап жылаған сайын, қалған азығыңның неше күн жан сақтауға жетерін білмей, үрейге үрей жамалып, қажытып келе жатса. Бала шаршайды, шӛлдейді, тамақ сұрайды...

...Азаматымды сол жолы таныдым. Бұрын кӛптің бірі секілді болатын. Ол менің күйеуім ғана еді. Оны ӛліп-ӛшіп жақсы кӛрдім деп те айта алмайтын болармын.

Мен ӛз бақытымды сол азапты сапарда таптым. Сол жолы басыма мәңгілік бақыт құсы қонды. Азаматымды ауыр сынақта ӛзін нағыз ержүрек, шешімді ер ретінде танытты. Сондай қанағатшыл болар ма!.. Күні бойы нәр сызбай жүре береді, жүре береді... Осы уақытқа дейін оның сол қажымас қажары мен кісілік қасиеті менің кӛз алдымда, барлық ӛмірімді қуанышқа бӛлеуменен келеді...

Ӛлім мен ӛмірдің біздердің, үшеуміздің, жанымыз үшін бітіспес шайқасқа түскен шағында, ол ӛзінің шын болмысын таныта алды.

Page 110: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

110

Соның арқасында ол ӛмір бойы менің жүрегімдегі оған деген лаулап тұрған махаббат сезіміне бӛленумен ӛтті.

Қазіргі мына ауылға сыймай бірсыпырасы дала мен қалада жүрген ұрпақтарымыздың ӛмірі Азаматымның қанағатынан нәр алып жататынын тек мен ғана білемін...

...Жолға шыққан үшеуімізді тіршілік атты қымбатпен әзірге жалғастырып келе жатқан азғантай тары мен талқанды ол тек қана баласы мен әйелінің сыбағасы деп алып шыққан секілді.

Мен ерімді Азаматым деп атаушы едім. Жаны Жәннәтта болғар, туғаннан азамат боп туған пенденің қанағатына бола біздерді Жаратқан аман алып қалған болар...

Қаншама шаршап-шалдығып келе жатса да біздердің сәл тамақтанып, сәл әлденгенімізді байқаса, ӛзі ішкендей тыңайып сала беретін. Мен болсам "сен іш, сен шаршап қалсаң мына баланы елге мен жеткізе алмаймын ғой" деп жалынамын, жылаймын... Жоқ, ол болса әртүрлі себеп ойлап тауып, нәр татпауға бекініп алғандай. Әуелі ішім ӛтіп келе жатыр дегенді сылтау қылды. "Ішің ауырса аузыңды тый" деген бар емес пе, бір-екі күн сақтанайын дейді. Дәрет еттім деген жеріне барып ештеңе таппай ӛтірігін, дәлелдеп те кӛрдім...

Ал ол болса басқа амал ойлап тауып мүмкіндігінше тамақты аз ішуге тырысты. Ішім бұзылып келеді деген сылтауы ашылып қалған ол ақыры айласын асырды. Екінші күні кеште ниет етіп, ораза ұстамаққа бекінді. Ораза адамға тамақ іш деп жалына алмайсың. Тамақ деп отырғанымыздың да бар болғаны бір уыс ақталған тары мен кепкен құрт сынығы. Сусын деп отырғанымыз меске құйылған судың бір ұрттамы. Азаматым жершіл екен. Пәлен жердегі құдық арқылы жүреміз, сонда түгенше құдық біздің жолымызға тураланады деп, сенімді түрде жол бастап келе жатты...

Сапарымыздың алтыншы күні, оның оразасының үшінші күні бәріміздің де күшіміз сарқыла бастағандай. Мені жалғыз ұлға, тұңғыш сәбиіме деген үрей әбден билеп алған кез.

Ол болса – арқасында жүгі. Жүк үстіне жатқызып қойған баласы. Менен қырық-елу қадамдай озық кетіп бара жатады. Сӛйлеуге де, жылауға да күш керек. Мен сӛйлеуден қалдым. Баланың жылауға шамасы жоқтай. Сұлқ түсіп қозғалмастан жата беретін болып алды. Тірі ме екен ӛзі деген ой ғана менің жүрегімді мүжіп келе жатады. Сұрайын десем олар даусым жетпейтіндей жерде, озып кеткен. Қолымдағы түйіншекті бірде арқама салып, бірде қолыма ауыстырып мен да олар соңында ілбіп келе жатамын...

Оразаның үшінші күні сәске түске дейін біздің кӛшіміз осы қалыппен жылжып келе жатқан болатын. Жетер жерімізге әлі де үш күндей уақыт керек дейді. Асылы бір екі күнді қысқартып айтатын секілді...

Page 111: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

111

Бұл тым ұзақ мезгіл еді... Алты күн арып-ашыған біздер үшін тым ұзақ болатын... Бірақ ілби береміз, жылжып келеміз... ...Кенет Азаматымның қатты айқайынан шошып, оянып кеткендей

болдым. Балаға бірдеңе болды дегеннен басқа ой кірмепті менің басыма... Ақырғы күшімді жинағандай болып, мен де жеттім...

Мен сол сәтте Аллатағаланы ӛз кӛзіммен кӛрдім! Мен сол сәтте Құдіреттің күшін кӛрдім! Мен оның шын жалынғанда қолдайтынына сендім! Мен ақ тілеу тілегеннің орындалатынына кӛзім жетті! Азаматым қолын жайып, Алласына сабырмен мінәжат етіп отыр

екен. Мен оның алдында аңдар шала мүжіп тастаған киіктің қаңқасын

кӛрдім!.. Ол ӛзі білетін құран сүрелерінің бәрін оқып шыққан болар. Ұзақ оқыды. Алласына ризашылығын солайша білдірді...

...Сосын мол етіп от жақты...

...Содан соң ӛткір шаппасымен сылып алған киік етін жұқалап кесіп, қозға кӛме бастады...

...Қатты күйіп кетпесін деп қайта-қайта аударып қарап қояды...

...Піскендерін бізге пісіріп беріп отыр...

...Ӛзі ораза! Қарны қанша ас тілеп отырса да аузына қолын апарар емес. Тіпті түкірігін де жұтынбаған болар...

...Оразаңды бір күнге бұзсашы дегім келіп, оқталамын да, Азаматымның рахатты пейілін, тоқмейіл жүзін кӛріп тартына беремін...

...Соншама қанағатты қайдан алғанын...

...Күннің қызылы семгенде барып аузын ашып еді, Жарықтық!..

...Жаның Жәннәтта болғай, Азаматым!.. Қазақ қошқары

Бір жолы Алматыдан Маңғыстауға машинамен жолға шығып, жолшыбай қырғыз ағайындар астанасына соқтым.

Ӛзім жолаушы, не үшін мал базарына барғанымды кейін қанша ойласамда түсіне алмай-ақ қойдым.

Неге бардым? Мүмкін маған ой салғысы келген бір періште жол бастап, адам пенделерінің ортасында сол бір қырғыз қартындай жаратылыс қамқоршысы болатынын аңдатқысы келді ме?

Ел мен жерді ұстап тұрар асыл діңгек сондай адамдар екенін ұқтырғысы келді ме?

Табиғатқа жанашыр болудың жолын үйреткісі келді ме?

Page 112: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

112

Әйтеуір, 1988 жылы жаз айларының бірінде мен Пішкек (ол кезде Фрунзе аталатын) қаласының мал базарына соқтым.

Әлі есімде базарды арнайы іздеп барғанмен аралап үлгермедім, есік алдынан қайттым. Оған себеп болған уақиғаны осы қысқа әңгіменің желісі етіп алғалы отырмын...

...Мен он жылдан астам мінген "Кӛк домбай" атты машинамды (Москвич-420) тұраққа қалдырып, базарға жақындап келе жаттым. Кенет таңданғаннан жүрісімнен жаңылып қалғандай едім. Базар қақпасының алдында ӛзінің белуарынан келетін бір қошқар ұстаған қырғыз қарт анадайдан ел назарын ӛзіне аударып тұр екен. Оларды (қырғыз қарт пен қошқарын айтып отырмын) елемей ӛту мүмкін емес еді...

...Бала күнімізде колхоз кӛктемде қой саудыртатын. Балалар ӛрістен қайтқан малдың алдынан шығатынбыз. Әр баланың ӛз үйреншікті қошқары болады. Мініп алып ауылға дейін жарысатынбыз. Мына қошқар солардың бірі. Нағыз ай мүйізді кереметтің ӛзі. Орақ тұмсығы айбын беріп, еріксіз мойын бұрғызады. Құйрығы – тӛңкерген қазандай. Салмағы алты батпан бар болар деп қоямын. Қошқар келбетін тамашалап, қасынан шыға алмай тұрмын. Маңғыстау жерінде қаракӛл қой ӛсірген пайдалы деп, ӛші қалғандай бұ қойлар тұқымын құрттырып еді. Міне енді қырық жылдай ӛткенде қайта кездестік. Оған қызыққаным соншалық тіпті сатып отырған қырғыз қартты ұмытыппын. Біреулер келіп мал бағасын сұрағанда ғана назарым қошқардан қырғыз қартына ауысқан еді. Содан бері ауық-ауық менің кӛз алдыма екеуі бірдей елестеп, кетпейтін болып алды. Ақыры олар туралы осы шағын әңгімені жазбаққа бекіндім.

Ӛйткені ол уақиға маған адам туралы және адамның міндеті туралы ой ойлауға итермелейтін.

Қырғыз қарт – адам ішіндегі, қошқар – мал ішіндегі ереше жаратылғандардан еді.

Біздің бала күнімізде кӛрген қошқарларымыз адам танитын. Ӛзін еркелеткен, анда-санда аузына жейтін бірдеңе ұсынатын балаларға үстіне шығып, аударыспақ айнауға, ауылға қарай жарысуға еркіндік беретін. Бірақ кейбір қошқарлар біреулерге ӛшігетін. Солардың бірі ауылдың бір тентегін сүзіп, ортан жілігін ортасынан қақ бӛліп бергені де есте.

Жаратылыста қошқар ерекше құбылыс. Бір замандағы аталарымыз аруақтар басына қошқар мүсінін қойғаны да тегін болмас. Қазақ елінің біраз жерлерінде "Қошқар ата" атты әулиелері болады.

Қырғыз шал қошқарының сатылуы, сатушы мен саудалаушылар әңгімелері де ерекше уақиғалар қатарына жатқызуға боларлық құбылыс. Әлі күнге сол сӛздерді бір әрпін ӛагертпей айтып бере аламын...

Page 113: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

113

– Қошқарыңыздың бағасы қанша? – Қошқар саған неге керек? – Құда шақырғалы жатырмын! Мына қошқардың басы шамалы

қазанға сыймайтын да болар, шамасы! – Мың сом! – Немене! – Мың сом! – Ондай ақшаға он қой сатып алуға болады ғой! – Сенің қолыңды кім ұстап тұр. Он қой сатып ал. Біреуін құдаңа сой.

Тоғызын мал қыл... – Базарға мал сатпау үшін келетін де адам болады екен-ау! Басын

шайқап-шайқап алып, әлгі адам кетіп бара жатты. Анадай жерге барып "Есалаң!" деп айқайлап еді. Қырғыз қарт та қызу екен "Саған мың сомға да сатпаймын!" деп ақыра жауап қайтарды... Мен таңдана қызықтап тұрмын. Тағы біреу келді.

– Қанша? – Мың сом!

Бұ кісі әуелі қарттың бетіне бажырайып қарап тұрып қалды. Содан соң: "Тағы бір мың сом қосса аздап ұсталған "Москвич" сатып алуға болады екен" – деді.

Қарт та қарап қалмады. – Шырағым бұ малды ұсталған машина түгілі, жаңа машинаңа да

айырбастамаймын! – Онда ӛзің сойып жерсің!

Сауда осылайша жалғасып жатты. Қырғыз қартқа кісілер қалай келсе солай кетіп жатты.

Қошқар саудасын қызықтап біраз тұрып қалдым. "Неге сонша қымбат сұрап отырсыз" деп сұрағым келіп оқталып та тұрмын. Осы кезде базар маңын қауқылдаған үнге толтыра, ӛздерінен бұрын дыбыстары жеткен, тұмсықтары әлгі қошқардан бір де бір кем емес үш жігіт жақындап келе жатты. Олардың кӛздеріне де бірдан ерекше қошқардың тұлғасы түссе керек. Қолдарын сермей, саусақтарымен нұсқай біздерге жақындап келе жатты.

– Қанша? – Мың сом? Үшеуі ӛз тілдерінде біраз ақылдасып қалды. Таңданғаны байқалып

тұр. – Бес жүз! – Мың – Жеті жүз! – Мың!

Page 114: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

114

Үшеуі тағы да біраз сӛйлесіп алды. Біреуінің алғысы келіп, екеуі тоқтау салып тұрған секілді кӛрінеді маған. Әлгі алғысы келіп тұрған маңғаздауы, орыс тілінде, даурыға сӛйлеп кетті.

– Аламыз! Ғажап шашылық болатын болды. Мың болса мың болсын! Ақшаны табатын ӛзіміз! Ӛзімізден ақша аямалық! Енді қырғыз қарт сасып қалғандай. Қошқар тұмсық жігіттерге

жасқана қарап қалыпты. – Сіздерге сатылмайды! – Не болтай, старик! На тебе тысяча!

Әлгілер бір бума ақшаның шетінен онын санап алып, шалдың алдына лақтырып тастады да, қарт қолындағы жетек жіпке жабысты. Қырғыз қарт "Сіздерге сатпаймын!" деп айқайлап, қолындағы жібінен айрылар емес. Мен шыдап тұра алмадым. Әңгімеге араластым.

– Сіздерге бұл мал сатылмайды деді ғой, демек сатылмайды! Босатыңдар жіпті!

– А ты не вмешивайся! – Еще как буду вмешиваться!

Мен де ӛз қайратыма сенетіндердің бірі болатынмын. Қол қуатымның әсерін сездіре қошқардың мойын жібін босатып алдым. Шал абдырап қалған. Әлгілердің шашылған ақшасын жинап бермек боп әлекке түсіп жатыр. Мен оған: "Байке тиме ақшаға! Сенің қолыңа ұстатқан жоқ, ӛздері жинап алсын!" – деп, ол қолына алып үлгерген екі-үш жүздікті жерге тастаттым. Беттері тұмсықты, қалталары ақшалы жігіттер маңайымызға жиналып қалған кӛпшіліктен сескеніп, қошқар саудасын аяқтап, ӛз жӛндеріне кетті. Қырғыз қарт қошқарының мойнынан құшақтап алыпты. Айрылғысы келмейтіні кӛрініп-ақ тұр. Мен о кісіні әңгімеге тарттым.

– Ау байке!, бірде сатамын дейсіз! Бірде сатпаймын дейсіз! Түсінбей қалдық қой!

– Ақша керек болып тұр. Сатамын. Бірақ бұ малды соятын кісілерге сатпаймын! Сондықтан қымбат айтып шошындырып отырмын.

– Ол қалай? – Бұл қошқар құрып кетуге айналған қазақ қойының тұқымы.

Қарттың мына сӛзі бойымды ток аралап ӛткендей етті. Дір ете қалдым. Ендігі бар ниетім қошқарда емес, шалда еді. Жұдырықтай қырғыздың қара шалы! Не деген алып тұлға! Алланың досы дейтіндер осындай болатын болар! Мына шал ӛз

ұлты қырғыз малы да емес, басқа ұлт малының тұқымына қамқорлық жолында жан беруге әзір!

– Енді кімге сатасың?

Page 115: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

115

– Бұл малды қазақ қойының тұқымын ӛсірем дейтіндерге ғана сатамын! Бұл асыл мал!

– Сатып алған кісі сойып жеп қоймай ма? – Сойып жейтін мал кӛп қой! Мың сомға бір қой сатып алатын

жындылар жоқ болар, әлгілер секілді есуастар болмаса! Рахмет саған! Сен кӛмекке келмегенде тартып алып кетер ме еді? Рахмет!

– Апырым-ай! – Мен сатып аламын деген кісіден Алланың атымен құран ұстатып

ант аламын. Олар маған бұ малды тек мал тұқымын ӛсіру үшін сатып аламын деген ант беруге тиіс. Ӛткен базарда бір қазақ ақшасы болмай, бірақ бес жүз сомға алатын болып келісіп кетіп еді. Соны күтіп отырмын. Ол сақтана қойын қалтасынан кішкентай құран алып кӛрсетіп,

қайта қойнына тығып қойды. – Апырым-ай!

Мені бір нәзік сезім билеп бара жатты. Осы сәтте, осы қылығымен осы кісі маған ӛмір мәнінің не екенін түсіндіріп жібергендей болып еді.

Мен адам баласының бұ тірліктегі негізгі міндетінің не екенін анық түсініп алғандай едім. Шалды құшақтап сүйгім келіп кетті.

Бірақ олай істей алмадым. Кеудеме ӛксік толып, кӛзім мұнарлана бастап еді.

Жай ілбіп базар қақпасына бет алдым. Біраздан соң ғана артыма бұрылып қарауға шамам келді. Қырғыз қарт бір кісімен құшақтасып амандасып жатыр екен. Екі-үш жігіт жабылып, қошқарды арба үстіне шығарып жатты.

Мен кейін қайттым. – Байке саудаң құтты болсын, қошқарыңды қаншаға саттың? – Мен қошқарымды сатқан жоқпын, құтты орнына орналастырдым!

Бұндай мал бағасыз! Сауда досым маған бес жүз сом берді. Ал мен болсам ақшаға емес, малым дұрыс қолға ӛтті деп қуанып отырмын!

– Байке, мен де қуанып тұрмын! – Сен неге қуандың? – Бұ қатігез әлемде әлі күнге сіздей кісінің барына қуандым!

Ол енді маған барлай қарады... – Тағы бір қуанышым бар! Мен бүгін байып қалдым! Табыстымын!

Табысым – тағдырдың сізбен кездестіргені!.. ...Байкемен қоштасып кетіп бара жатып: "Нағыздар әлі бар екен ғой!" деп қоямын, күбірлеп...

Page 116: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

116

Тұқымдық тары Біздің ауылда бір үлкен әже ӛмір бойы бір әңгіме айтумен ӛтті. Ол ӛз әңгімесін айтуға жалықпайтын. Аштық жылдары қыс бойы тағдырмен арпалыса жүріп аман алып қалған қарақтарын сұм соғыстың бір күнде жалмап кеткенін зарлана отырып әңгіме етуші еді. Ауыл адамдары қанша естісе кешірім етіп, "Күйікті ғой байғұс" деп, күнде естіп жүргенін қайта тыңдап бос уақыт ӛткізгеніне ӛзін ақтағандай боп жататын.

Әже болса қандай қиғашты да бұрып әкеліп ӛз тағдырына жалғайтын…

..."Біз ешқашан бай да болмадық, бірақ жарлы да сезінбейтінбіз" – деп бастайтын, ол барлық уақытта...

...Бай болмадық дейтінім басы артық мал жинай алмадық. Жарлы сезінбегеніміз жер емшегін еміп ӛстік. Нан мен кӛжеге тарықпайтынбыз. Шайлық сүтіміз үзілмейтін. Кезек туатын екі інгеніміз болатын.

Екі жылда бір бота ӛмірге әкелетін ақтұмсық інгеніммен жарысып мен де бес-алты баланың анасына айналып едім. Сол қарақтарымнан жалғызын-ақ ұстап қалдым ғой.

Ала жаздай жаңғыз үй отыратынбыз. Оған себеп – тары егетінбіз. Жыл сайын қар кете қарбалас жұмыс басталады. Ерім – еңбекқор. Бір баланы не құрсағымда, не арқамда кӛтере жүріп мен де ерімнен қалыспайтынмын.

Тамақтың тӛресі тары ғой. Тарыдан қазақ қаншама тағам жасайды десеңші. Тарының кебегі де, талқаны да тамақ. Тары мен ірімшік қосып жасаған жентке жететін дәм болмас. Азбайды да, бұзылмайды.

Кӛкеміз кӛктемді асыға күтетін. Жыл сайын ылғал кӛп түскен жер таңдаймыз. Сол жерді жыртып,

шӛбін тазартып, жобаға келтіріп ап, тұқым себеміз. Аз ғана жерге бидай да егеміз. Қалаған жерімізді ешкімнен сұрамай ӛңдей береміз. Басқалар біздердің бұ тірлігімізге ала жаздай келекелеп күлетін, ал қысты күні: "Жас шыққасын қозылы қой берейін, бір дорба астық берші" – деп, жалынатын.

Бүкіл ен дала ӛз иелігімізде секілді болатын. Ол уақытта заң басқаша еді.

Жер – Құдайдікі болатын. Адам – Құдайдың пендесіман деп есептейтін. Егін – ел ырысы деп ойлайтын. Еккен тарымыз бас ала бастағаннан біздің жауымыз кӛбейеді.

Жер астындағы тышқан да жау, жер бетіндегі тұяқты мал да жау. Бірақ

Page 117: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

117

басты жауымыз аспанда болатын. Бүкіл жер шарының торғайы біздің алақандай жерге еккен тарымыздың үстінде бұлт болып ұшып жүрер еді.

Күйеуім тары арасын сиретіп, арам шӛптен тазартып күн батырады. Күйеуіммен аттас қайнағам болып, мен ӛмір бойы оның атын атамай ӛткен әйелмін. Әуелі "отағасым" деп жүрдім. Бірақ жас кісілерге үйлеспейтінін байқайтынмын. Ішімнен тұңғышымыз туғасын соның атын пайдаланам деп ойлайтынмын. "Пәленшенің кӛкесі" деп ішімді сыйпап, рахаттана қайталап та қоятынмын. Бірақ атамыз немересін тағы бір аталарының атымен атап, біз баламыздың атын да айта алмадық. Маған енді "Пәленшенің кӛкесі" емес жай ғана "кӛкесі" деген сӛз пайдаға асты. Енді күйеуімді "Кӛкесі" деп атайтын болдым. Ӛзіме сондай ұнайтын. Бұл сӛздің оның құлағына да жайлы екенін байқайтынмын.

Мен балаларыммен кезектесіп сақпан тартып, торғайды егіске қондырмау қамымен күн батырамын. Кӛкесі торғайға ататын сақпанға қатты кесек салдыртпайды. Жұмсақ болғаны дұрыс. Жерге түскенде тары сабағын сындырмай, аспанда тозаңға айналады.

Баланың балалығы қалған ба, торғайға тигіземіз деп, сақпанға қаттылау кесек салуға құмар. Қатты кесектен кейбір ажалды торғайлар ӛліп те жатады, тары сабақтары да үзіледі. Қатты кесек салса сақпан даусы да ӛзгеше шығады. Оны әкелері жақтырмайды.

Балалар шаршамайды-ау, шаршамайды. Ұзақты күн сақпан тартып, торғай үркітіп күн ӛткізеді. Тары жерге түскеннен бастап дәл қырық күнде орылады. Орып, бастырып алғасын келесі кӛктемге дейін Кӛкеміз балаӛркеш атанына екі қап тарыны артып алып, ауыл-ауылды аралап, керек заттарына ауыстырады. Уайым да жоқ, қайғы да жоқ. Бір сарын тірлік кешіп жататынбыз. Біздердің осылай бейбіт күніміз ӛтіп жатқанда басымыздағы бір ӛкімет құлап, жаңасы орнапты. Одан біз бейхабар қалыппыз.

Патша ӛкіметінің қашан құлап, Кеңес ӛкіметінің қалай орнағаны есімде жоқ. Ӛкімет дегеннің не екенін де түсіне бермейтінбіз. Бірақ ол ӛзін танытты. Танытқанда да ұмытпастай етіп танытты.

Бір жылдық азығымыз деп сақтап отырған тары мен бидайымызды бір күнде сыпырып кетті. Ӛкімет дегеннің кім екенін сонда бір-ақ білдік.

Тінтіп, тексеріп, жасырғаның бар ма деп қорқытып, тұқымдық деп сақтап отырғанымызға дейін үптеді де кетті. Аяқ астынан қайыршыға айналдық. Қыс айы болатын. Жалғыз Ақтұмсықтың сүтіне қарап қалдық.

Ашыға бастадық. Ари бастадық.

Page 118: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

118

Кӛкеміз басқа ағайындардың ӛндірісі бар жерлер мен ӛзен бойындағы ағайындарға жетпек болып қозғалысқа түскенін әңгіме етіп қояды. Бірақ қозғалғысы жоқ. Жеті жанбыз. Ӛз балаңнан тамақ қызғану, олардың тамақсау екеніне ӛкіну қандай қасірет десеңші. Алаламай қылдай бӛліп беріп отырғанда да біреуі әлсірей бастады. Ақыры демі үзілді. Жылайтын жас жоқ, қылатын қайрат жоқ. Бұ пенде шүкіршілігінде шек болсашы? Енді аз тамақты беске емес тӛрт балаға бӛлемін ғой деген ой жұбата бастады... Кӛкеміз қысты осы арада ӛткізу керектігін дәлелдеуге тырысады. Қыс кӛзі қырау, далада үсіп ӛлеміз дейді. Бір күні түнде Кӛкеміз мені түртіп оятты. Ӛткен жылы тары еккен,бидай екккен жерге барамыз. Ін қазамыз. Тышқандар қыстық жемін біздің тарымен бидайдан жинап алған болар дегені. Таң атқанша кӛз ілінбеді. Балалардың ең ересегін ерітіп саралатаңда Кӛкеміз ін қазуға кетті. Менің үмітім оянып, ойша жерлеп қойған балаларымның жүзінен кӛзімді тайдыра алмай, жылаймын келіп. Сӛйтсем, мен бұлардың бәрінің аштан ӛлетініне кӛндігіп қалған екенмін. Үміт оты тұтанған сәтте, сезім де оянып, оларды енді ӛлімге қия алатын емеспін. Бірінші күні олар қараңғы түсе бос оралды. Тоң ою оңай шаруа емес екен. Бірақ ертең тышқандардың қоймасына жетеміз деп дәмеленіп, кӛңілденіп отырды...

...Кӛктемге жетсек деген үміт пайда болып, үйіміз сол түні ерекше жылы сезімге толы еді... ...Ара-арасында зарлана жылап, жаулығына кӛз жасын сүрте отырып әжеміз әңгімесін жалғастыратын... ...Қыс бойы бұлар күрімтышқан кӛпірі бар тӛбешікті ӛз орнынан басқа жаққа кӛшіріп шығады... Тышқандар інінің орнында айлапат ас табақ секілді шұқыр пайда болады.

Бұлар дорбалап болмағанмен қалталап дән алыпты. Дән араласып кеткен топырақты Кӛкелері бӛлек қапқа жинатады екен. Қолы бос уақытта тоырақтан түйірлеп тары тереді. Балалары да оны бір қызақ жұмысқа, бәсекеге айналдырып алады. Кӛкелері қарап шыққан топырақтан әрқайсысы бір уыс топырақ бӛліп алып, ішінен тары іздейді. Ең болмаса бір түйір тары дәнін тауып алса үлкен мақтауға ие болады екен. Кӛкелері жазда егемін деп, іннен алған асқа деп тазалаған дәннен де күніне бір уыс, тіпті жарты уыс болса да бӛлек қалтаға салып, кереге басына іліп қояттын әдет шығарыпты.

Сол қалтаның бүйірі томпайған сайын бұлардың кӛңілі ӛсе түседі. Үлкендері де, балалары да ӛздерінің бар болашағы тышқан інінен

Page 119: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

119

терілген дән салынған, ӛз тіршілігінен үнемдеген сол қалта бүйіріне байланысты деп түсінген...

Сол қалта бұларға ӛмірге деген құлшыныс туғызып, жұмылдыра бастайды.

Кӛктемге дейін тірі қалса, осы қалтаның арқасында ілесіп кететініне сене бастайды.

Сенім ақталады. Бұлар кӛктемге бес кісі боп жетеді. Сол қалтаның арқасында ілесіп те кетеді...

...Бірақ ана ӛзі мен ерінің сол жылғы ерлігіне, тапқырлығына ұзақ қуана алмайды. Олардың болашағы баяғы аштықтан да зұлмат дайындап қойыпты. Бұл үйден бір күнде тӛрт жан соғысқа аттанады.

Тек қана бір бала тірі оралады. Содан бері осы әңгімесін айтып келеді, бұл ана...

Жалғызынан бес-алты немере сүйіпті. "Шүкір, шүкір" дейді, бұл ана...

Күніне қаншама рет "Шүкір, шүкір" деп алып, Алладан тілер үш тілегін тілей зарланатынынын ешкім санамаған болар.

Мұңы мен зарын айта-айта үнін сазға кетіріп алулы. Кейбір құрдас кемпірлері оған әзілдеп "Үштілек" деп ат қойып еді деседі...

Ананың бес уақыт намазы соңында зарлана дауыстап, үмітпен күңірене, жалынып жалбарына Алласынан сұрар үш тілегін үлкендер түгіл балалар жаттап алатын еді. Күніге бес уақыт намаз соңынан ӛзінің атақты үш тілегін қайталау о кісінің азаматтық міндеті, атқарар қызметі секілді екен.

– Жалғызының жапырағын жая гӛр, Жаратқан! – деп жалынады екен.

– Қазағымды шүкіршілігі мен қанағатынан, елімді бірлігі мен берекесінен айыра кӛрме, Құдайым! – деп тілейді екен.

– Жерімді күл мен пәледен, жұртымды қиянат пен жаладан аман ет, Аллатағала! – деп зарланады екен.

Анамыздың сондай шағына тап болған кезде біз де шын

ниеттене, бала күнімізде, талай рет қол жайып, бет сыйпаған болатынбыз.

Ақтау, 07.05.2008 ж.

Page 120: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

120

Тӛрдегі орындар (триптих)

Жылдардың кісі басына әртүрлі ойларды ӛз еркінен тыс тықпалай беретін міндеті бар болар, асылы. Әйтпесе, бұрын әдетімде жоқ бір қасиет соңғы жылдары пайда болды. Жиын-тойда тӛрдегі орындарға мән бере бастаппын. Дәлірек айтсам тӛр орындарына емес сол орындарда отыратындардың ӛткені мен жеткеніне сын кӛзбен қарайтын болып алыппын.

"Тӛршіл" атты дерттен аман едім, құмар да болған емеспін. Сірә, әлгі жылдардың қырсығынан, менің ойыма бір оңбаған сұрақтар ұрлана кіріп алып, ӛздеріне жауап іздеттіретін болса керек. Сол оңбағандар, іздетпей-сұратпай біздің бас қақпағын қақпай ашып кіре беретін болыпты. Білгісі келетіндері де онша кӛп емес...

Той тӛрінде кімдер отыр?.. Қандай еңбектері оны тӛрге шығарды?.. Елеулі еңбегі жоқ болса не үшін отыр?.. ...Міне, тағы да тойға шақырылдық. Жайғасып жатырмыз. Бұл жолы да ойым менімен ақылдаспай-ақ, тӛрдегі біраз

кісілердің ортасынан қатар отырған үшеуін бӛліп алыпты... Ойым аналарға қара дейді. Мен ойға бағына тӛрдегілерге қарай

бастаймын... Түрлері келісіп-ақ тұр... Қандай таққа отырғызсаң да лайықты дерлік... Жоқ... Жетекке ергім келмегенмен әлгі озбыр ойлар тыныштық

берер емес. Мен қанша тартынғанмен тӛршілдердің үшеуі ой қазанына түсіп кете барды...

Бірінші шал

Тӛрге отырғызу – қазақ халқының сыйлы қонағына кӛрсетер ерекше құрметі!

Тӛрге шығыңыз!.. Тӛрлет!.. Неғып тӛмен отырып қалдыңыз!.. Үлкендердің осы сӛздері жадымызға мықтап орнығыпты. Содан

да болар тӛрге шығару біз үшін адамға тек құрмет кӛрсету емес, оның кісілігін де мойындау...

Бірақ біздің заманымыздың тӛр туралы түсінігі бабаларымыздың тӛр туралы заңына аздап ӛзгеріс енгізген секілді...

Page 121: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

121

Тӛр құрметтілерді іздемей, тӛршілдердің тӛрге таласатыны баяғы тӛр заңын қалыптастырғандар алдында ұялтады екен...

Тӛрдегі орынға таласпен кӛтерілу – тӛр қасиетінің кеткені, ардақтылар заманының ӛткені емес пе екен?..

Құрметтілеріміз аз ба, кӛп пе оны кім білген?.. Кісіні тӛрге шығарар сапа бағасын әлі ешкім ойлап таба қоймаған секілді...

Бірақ кей-кейде тӛрдегілерді кӛріп, сол жердің тӛрі түгілі босағасына да отырғың келмей кететіні жан қиналтады...

Дененмен шүкір дейміз дағы, тӛр бос болмайды... Әлгі үш шалға қарап қалыппын... Үш шалдың ортасындағыны елдің бәрі таниды... Алыстың қонағы емес, ауыл адамы... Ол бұл үйдің құдасы да емес... Шақырып қақ тӛрге отырғызардай елге сіңірген ерекше еңбегі де

естіле қоймапты... Жасы үлкені осы болар деуге тӛрден тӛмеіректе одан да

мосқалдау кісілер отыр... Мен несіне себеп іздеп әлекке қалып отырмын. Оқушылар

алдында ақталып... Тӛрге соларды ӛзім отырғызғандай... Тӛрдегі орынға ол абыройлы атағымен, тындырған ісімен ие

болып отырған жоқ... Тӛрге отыру бір кештік дәреже. Осы бір кештік дәрежелі таққа

шығарған оның ӛнегелі ӛткені емес екені баршаға аян. Бәрі біледі. Бәрі кӛнеді. Жұрттың айтуынша ол бұндай жерге ертерек келіп, бұрынырақ жайғасып отырып алатын әдеті бар дейді. Той болсын, садақа болсын алғашқы айтылар тілекті, сӛзді дәрежесі ӛзінен кіші деп ойлайтын біреуге бұдан бұрын беріп қойса, басының бәлеге қалғаны...

Жұрт оған бұ бәйгені шаппай береді. Бірінші сӛз сонікі... Ол ӛзінің шатақ мінезімен ауылдағыларды: ―Пәледен машайық та

қашыпты, әуелі содан құтылалық" – дейтіндей жағдайға жеткізіп алған...

Апырмай, сонда машайық та осындайлардан сескенетін болғаны ма? Олар ӛмірге Жаратқанның кӛзімен қарауға тиісті емес пе?..

Тірілей қасиеті танылған адамды ел машайық деп, тірі әулие деп құрмет кӛрсетеді екен?

Сонда тірі әулиенің де желсӛздіден зәресі кететін болғаны ғой?.. Әулие қорыққанда, біз секілді жай адамдар не істесін?.. Ол кешегі заманда әркімнің үстінен әртүрлі арыздарды қардай

боратып, ―шындық үшін күрескер‖ болған кісі дейтін... Сырттай оқып бірдеңе бітірген... Бос сӛздің оқуы болса керек...

Page 122: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

122

Бүгін де сол баяғы күйі. Лепіріп отыр. Кӛпіріп отыр. Жазатайым сӛз кезегі қасындағыларға ӛтіп кетсе, аузы жыбырлап, тыныш отыра алмай, берекесі кете бастайды. Қашан ебін тауып сӛзді ӛзіне қайтарғанша әлекке түседі...

Халық та, ӛкімет те оның сӛзіне сеніп бірнеше рет абыройлы қызметтер тапсырып кӛрген дейді. Бірақ ауздағы кӛбік сӛздің кӛптігі болмаса кӛкіректегі ой тереңдігі кем шығып, тапсырылған жұмыс берекесі кетеді екен. Содан ӛмір бойы әлім-берім жұмыстарды бірде құлатып құтылып, бірде тапсырып құтылып, ақыры тайғақтай келіп зейнеткер атанады. Кезінде істеген қызметтерімен абырой жинай алмаса да, сол қызметтер жемісін енді ӛзі пісіріп, ӛзі теріп жеп жүрген жайы бар...

"Мен, баяғыда бәленше деген қызметте жүргенде..." деп бастап кетеді дейсің...

Ӛкіметті сол кезде ӛзі ұстап тұрғандай етіп айтады. Қатырып айтады. Сендіріп айтады. Мына жұрттың бәрін ӛзінің тәрбиесімен адам болып шыққандай етеді. Кейбір аңқаулар сене бастайды. Жұрт сұрағына ұстаз дәрежесіне ене жауап қайтарып, данышпан деңгейінде ақыл айтып отырады.

Қашан сӛзі уытты біреу сұрағына жауап таппай, жауап тапса ӛз ӛткенін бықсытып алу қаупі тӛніп, соған ой жүгіртер үзіліс керек болып, аз-кем амалсыз мүдіріс жасамаса ол осы той аяқталғанша ауыз жаппауға бекініп келгендей... Сӛйлей береді. Сӛйлей береді...

Сондай кезге тап болып, сәл саябырсыса, бағып отырған екінші шал лезде тӛрдегі орында босына отырмағанын дәлелдейді... Сӛзді қағып әкетеді...

Екінші шал Бұл да ешкімге есесін жібермейді. Бұрын бір ауыл дәрежесінде

бастық болған. Ауыл аңқауларының алдында сӛйлеп қалғаны әр сӛйлемінен, әр сӛз екпінінен байқалады да тұрады. Амалсыз тыңдаттырады. Оған біліп айтудың қажеті жоқ. Менің сӛзімде қате кеткенін байқап біреу ескерту жасайды-ау деген күдік онда атымен болмайды. Оның бар мақсаты осы жиында білікті боп біліну, шешен боп танылу, кӛсем боп кӛріну...

Тап осы жерде тағы да бір рет кӛзге түсіп қалу... Білігі мен тілі жетпей бара жатса даусының екпінімен, сӛзінің

қарқынымен жұрт назарын басқа жаққа бұрып әкетіп, қасындағыларға "солай емес пе?", "расын айтшы" деп кӛмекке шақырып, кемістік орнын толтырып та жіберетін кездері болады.

Осындайлардың тыңдаушылары кӛп болады.

Page 123: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

123

Біздің бір байқағанымыз басы жоқ, аяғы жоқ желсӛзді тыңдай беруге жалықпайтындар, бір ақынның бір параққа жазылған ӛлеңін тыңдауға уақыт үнемдейтіні.

Ғажап қой! Олардың сӛзін басқалар кӛп бұза қоймайды. Ӛтірікті шындай, шынды жымдай жарастырып тұрады. Қиын

кездерде қойын дәптерін суырып алып, мынау бәленшенің айтқаны, бәленше кітаптың бәленше беті. Мен бәлен сапарымда бәлен қалада бәлен ақшамды шығарып, бәлен уақытымды сарп етіп, жазып алып едім дейді...

Тыңдаушының аңқаулаулары соның бәріне қалай уақыт тапқанына таңданады. Күдікшілдері тілімен таңдайын бір қағып, басын шайқап... айта берсін, ауыз ӛзінікі ғой дейтіндер кейпіне енеді...

Ара-арасында бұлдана сӛйлеп, сыздана ӛзгеріп, міней қарап ӛзінің бағасын бұлдап та бағады, басқаның құнын түсіруге де тырысып отырады.

Жұрт "Баяғы бәленшекем" деп, оған да ӛтірік құрметін аямайтын болып алыпты. Тӛрден орын беріп, басқадан бұрын сӛз беріп риза етіп жатады.

Үшінші шал

Бұ шал да қызық. Арманды орнына отырса болды сӛз сұрамайды, сӛйлеуге

тырыспайды да. Ешкіммен таласпайды да, санаспайды. Ол ӛзінің дәрежелі болуға қақысы бар, ол жағдай ӛзіне де, жалпы жұртқа да аян деп ойлайды. Осындай дәрежеге қай еңбегімен жеткенін дәлелдеп те жатпайды.

Ол туралы басқалар айтып ӛтетінін біледі. Кейбір тӛменде отырып бұрын сӛйлегендер тӛрдегілер тарихын

бір шолып ӛтуді міндетке айналдырып алған. Сондай шешендердің бірі ӛз сӛзінде тӛрдегілер туралы баяндама

жасайды. Сол кезде оның бәлен жүздің ноқта ағасы екенін ескертіп ӛтеді. Бәлен рудың бәленшесі екенін мадақтайды. Содан барып барша жұрттың үлкені бар, кішісі бар, оны құрметтеуге міндетті екені де анық бола бастайды.

Бұл сол мадақтарға сеніп алған ожарлау адам. Тӛбелесе кетуге жасы жетпіске келсе де, тайынбайды. Ол тӛрге отырмаған тойдың тӛбелессіз тарқағаны жоқ. Қалай да сылтау табады. Қалай да барыңды тәрк етеді. Тӛрдегі бір орын оның сол орынға отыруға жарағанынан бастап брондалған.

Бұ кісінің айтары шамалы, құмарлығы басым адам.

Page 124: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

124

Халық кӛніп болған. Біздің халық кӛнбіс қой. Пәлесінен аулақ деп, ығына жығыла салады.

Тӛрдің тамағы тӛменнен артық емес... Тӛмендегі тӛсек тӛрдегі тӛсектен жайсыз да емес... ...Сол орынға осылар неге құмар болды екен, соншама?..

Page 125: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

125

Кӛктем құдіреттері (триптих) Қошақан

Маңғыстау ӛңірінің ең бір шұрайлы да, әдемі алқабы Бозашы түбегінде бір мың тоғыз жүз тоқсан екінші жылдың кӛктемі ерте түсіп еді. Елуден алпысқа бір жас иек артқан кезім болсада, сол жыл менің жанымды сезімге, болмысымды табиғатқа етене жақындата түскен жыл болды. Бұл – қауіпті аурудан айығып, әлі де ӛмір сүретіні белгілі болған адамның ӛмірге деген жаңа құлшынысы секілді сезім болуы да мүмкін. Менің болмысым да, адами мінезім де түбегейлі ӛзгеріске ұшырағандай. Бұрын кӛзге ілінбей қала беретін қарапайым нәрселер енді жанарға жан бітіріп, кӛңілге қуаныш сыйлайтын болып алыпты. Мүмкін адамның бұндай ерекше әсерленуі ұзақ жылдар қалада тұрып, дала кӛріністерін, табиғат құдіреттерін ұмыта бастағағандықтан туған сағыныш әсерінен болар ма? Әйтеуір, сол жылғы ойлар, сол жылғы сезімдер шынайы болатын.

"Парыз атты қасиетті борышын" мойындаудан туындаған және "Парыз атты міндетін ӛз аулына арқалай келген" адамның туған жерге деген сезімдері еді...

...Сол жылы күзге дейін Қаратӛбе әулиедегі Абыл ақын мен Досан батыр күмбездерін тұрғызып шықпақ болып, Бозашы даласын кӛп шиырлап жүрдім. Кӛктем де ерте түсті. Алғашқы кӛктің жер бетіне бір түнде жарып шығатын қасиеті бар секілді. Ұзақ қыста түсі бозаң тартып, аязға ерегесіп алғандай бедірейіп жатқан сар дала бір-ақ күнде бетіне қан жүгіріп, ғашығына кездескен жастай жайдарыланып, құлпырып шыға келетін.

Кӛктемнің алғашқы белгілері "ӛлі шӛп" деп аталатын әлсіз кӛктердің кӛзге ілінуімен белгілі бола бастайды. Олар "қыз ғұмырындай" ғана ғұмыры бар, алғашқы ыстыққа дейін ғана кӛз қуантар ӛсімдіктер. Күнгей беттер мен ойдым шұқырлар табаны ӛз кезегінде бір сәтте кӛріктене қалады.

Сол жылғы кӛктемде талай бӛктердің гүлге, талай ойпаттың қызғалдаққа оранғанын кӛріп, туған жер кӛркіне масаттана қараған едім.

Кесенелер құрылысы басталып кеткен кез болатын. Кесенеге қажетті нәрселерді сұрап бүкіл Маңғыстау ӛңірін аралап кетемін. Біреуден балға, біреуден шеге дегендей, әйтеуір бірдеңе жырып қайтамын. Шеберлер қасында екі-үш күн болып, не істеу керектігін, қалай істеу керектігін түсіндіріп тағы да жолға шығамын. Қолға түскенін құрылысқа жеткіземін. Қаратӛбеге Қияқты-Тұщықұдық арқылы, немесе Шетпе-Тиген-Қаранар, енді бірде Қабақ-Мәстек үстімен жетемін.

Page 126: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

126

Бір жолы Жаңаӛзен қаласынан келе жатып Қаранардан ӛте бере кӛзіме жайылып жүрген бір отар қой түсті.

"Ішінде жаңа туған қозылар бар" деген ой балалық шаққа деген сағынышты оятып-ақ жібергені. Менің еркімнен тыс машина ӛз бағытын ӛзгертіп жайылып жатқан отарға беттеп бара жатыр еді.

Қойдың жауы қасқырлар "Қаранар" секілді жолға жақын ауылдарға кӛп жақын келе бермейді. Жүріп жатырған машиналардан сескенеді. Сондықтан болар, мал басында бақташы кӛрінбеді.

Малды үркітпеуге тырысып, жақындап келемін. Іздегенім де бірден кӛзге түсті. Анадайдан қоңыр қозысын еріткен боз қасқа саулықты байқап келемін.

Кӛк сағынып қалған аналық жүгіре, қапыла кӛк басын қомағайлана жұлып жүр. Сәл аялдаса болды қозысы анасының бауырына ұмтылады.

Марқа қозы. Ол да жерге еңкейеді. Шӛп жұлады. Ана сүтінен кейінгі табиғаттан алып жатқан алғашқы нәрі. Әп-әдемі қоңыр қозы кӛкті сәнмен үзіп, мені кӛрдіңдер ме дегендей, бар дүниенің қожасы ӛзіндей боп, аяқтарын маңғаздана басады...

Әне, тағы да, бір тал бас жармаған мортық басын үзіп алып басын кӛтерді. Шайнағаны қандай әдемі еді.

Біраз шӛптердің аттарын ұмытып қалыппын. Кӛгере бастаған шӛптер ішінен бетегелер мен ажырықтарды, мортықтар мен бәйшешектерді танып тұрмын.

Ана сүтінен алған тоқтығы қозыны енесіндей қомағай етіп кӛрсетпейді. Анада-санда бір жұлады, кӛкке де онша ызықпайтын секілді. Құнықпайтын секілді.

Ана уызымен ауызданып, ана табиғаттың кәусар ауасын жұтып рахаттанады.

Қайдан білсін. Ӛмір бойы ішетіні уыз, шайнайтыны кӛкмайса болады деп ойлайтын болар.

Даланың балауса бәйшешегі мен мортығы да, бүкіл дала да ӛз меншігіндей...

...Бұлардың ертең-ақ қурап қаларын қозы қайдан білсін...

...Ойпырмай, осы ой әсер етіп, жүрегіме біреу біз сұғып алғандай, шым ете түскені...

...Енді қоңыр қозыға сүйіспеншілікпен емес, аяушылық сезіммен қарап қалыппын...

...Еркек қозы құрбандық... Мына сорлының жынысы еркек емес пе екен? Ерте туғаның да, ерте ержеткенің де сорыңа ма? Тез жетіліп, тез отығарсың... Ерте пісіп, ертең адам құлқын ӛзіңе аударармысың? Әрине

аударады...

Page 127: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

127

Қармаққа ілінермісің? Әрине ілінеді... Содан барып қомағай кӛмейдің құлқынында кетермісің? Әрине

кетеді... Бағылан құмар қарыннан бір тастам нәжіс болып, мынау далаңа

қайта оралармысың?.. Неткен жарамсыз теңеу еді... Бірақ ӛмір заңы, тіршілік заңы сол. Жаратылған жаны барлар

заңы сол. Оны ешкім ӛзгерте алмайды. Бұл "жан" атты жаратылыстың сонда мәні не? Мынадай сұлулықты адам қалай ӛлімге қияды екен? Бұ не деген қатігездік? Тап осы қозыны маған да сойып беруі мүмкін-ау! Менің ӛзім де талай қозыны қымбатты қонақтарыма деп құрбан

етпедім бе? Талай малды ӛз қолыммен құрбанға шалмадым ба?.. Қолыма қарадым. Күс-күс қолым менің не жазығым бар

дейтіндей. Кӛзімді жұмдым. Ӛз жанымды, ӛз болмысымды шолып

шықпақпын. Ешқайсысы белгі берер емес. Тек қана жүрегім маған қозы болып

тіл қатып тұрғандай. Ол: "Ей адамдар сіздер қандай қатыгезсіңдер!" – деп жазғырып жатқандай...

Кӛзімді ашып жібердім. Ей Алла ӛзің сақтай гӛр! Қоңыр қозы кӛзі жәудіреп маған қарап қалыпты... Бойым қалтырап кетті...

...Сол сәтте мен енді қайтіп мал бауыздай алмайтынымды сездім...

...Пышақ ұстап қолым мал мойнына жақын бармайтынын, оған жүрегім шыдамайтынын сезіндім... Тасбақа Бір жолы түнделетіп алыс жолдан Қаратӛбеге келе жаттым. Ескі "Кӛкдомбайым" москвич машинам күтімді қолдың арқасында жеті жылдан астам менің тепкіме шыдап келе жатқан-ды. Тигенге қона салуға ел жатып қалып, мазалағым келмеді. Тиген ӛзімнің туып-ӛскен ауылым. Бұл ауылда құрдастарым, жан достарым Сақтап, Кӛбеген, Еділбайлардың үйлері бар. Неде болса Абыл ақын мен Досан батырға күмбез тұрғызып жатқан Қаратӛбе басына жетіп қонбақ болып, сапарымды жалғастырдым. Бірақ түн ӛз құқына мініп алған екен. Мені ұйқы басып келеді. Қайта-қайта кӛз жұмыла берді. Әйтеуір жолсыз дала. Жүріп келе жатқан соқпағыңнан шығып кеткенде домбайым бір мӛңкіп мені оятып жібереді. Қамшы салуды қойғанмын. Ақырын ілбіп келемін.

Page 128: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

128

Жетіп қонбақ болып, біраз шыдадым. Бірақ ұйқы деген құдірет ақыры мені жеңіп тынды.

Далаға түнеуге әуелден де қорықпаушы едім. Жатар жерімді тегістеп, тӛсек қабымды қамдап, ішіне кірген бетте ұйқыға кеттім-ау деймін. Қанша ұйықтадым, белгісіз. Бірақ бір сықырлаған дыбыс дәл менің құлағымның түбіне орнығып алған секілді. Тәнім ұйқыда, санам әлгі дыбыста. ...Сықыр-сықыр... Сықыр-сықыр... Содан соң біраз тынышталады. Сосын қайтадан сықыр-сықыр, сықыр-сықыр... Дыбыс ақыры мені толық оятып тынғандай, тӛсекқаптан басымды шығарып далаға қарадым. Таң бозарып атып келеді. Әлгі сықыр басылып қалған. Бұл не болды екен деп ой ұшығына жеткенше, ойды ұйқы жеңіп кеткен болуы керек.

Әлгі дыбыс мені бір кезде тағы оятты. Бұл жолы күн кӛтеріліп қалған екен. Енді тӛсектен кеудемді шығарып жан-жағыма кӛз салдым. Жатарда жастық есебінде бір биіктеу жерді басымды жастық ете таңдағанмын. Енді байқадым, менен бір қадам жерде түніменен қырғын соғыс жүріп жатыпты... ...Екі тасбақа бір-бірімен иықтасып, аспанға шапшыған айғырларша тіктесіп барып, сауыттары тайып кеткен шақта жерге құлап түседі. Содан барып асығыс кейін шегінеді. Әрқайсысы бір қадамдай жер кӛткеншектеп алып, сондай жігермен, сондай қайратпен қайтадан ілгері ұмтылады дейсің. Әлгілердің қимылына қарап, ұмтылысына қарап олардың қатты асығып келе жатырғанын, қатты қайратына мінгенін түсінесің. Екі қадамдай жерді сондай екпіндете алған олар бір-бірімен қатты соғысады. Сол қимыл екеуін де тоқтатады. Артқы аяқтарымен жер тірей, ілгері ұмтыла, жауын ысырып жіберуге тырысып, жанталасып жатыр... Бұларға не болған? Ойыны ма, шыны ма? Бірақ ойынға ұқсамайды. Шегініп барып ілгері ұмтылғанда бойларындағы ерегес пен қаһарды мен де сезініп отырмын. Қанша уақыт ӛткенін байқамаппын. Таңертең күн тез кӛтеріледі ғой, тұсаубойы кӛтеріліп қалған екен. Тигеннен ӛтіп Мәстектен Қаратӛбеге бұрылған жол ортасында, мен түнеген алдатӛмпектің шығыс бетінде болып жатқан бұл арпалыс сыры маған бірден түсінікті болды. Мен бәрін түсіне қойдым. Күн астынан екі батырға кӛз жазбай, мізбақпай үшінші тасбақа қарап тұр екен.

Түрінен "Жеңгенің менікі" дейтін қатыгездік байқалады. Бойларын махаббат желігі билеген әлгі екі батыр ӛліспей

беріспес, қасарыспалар секілді. Қанша шыдамды болғанда да, қанша қызық құмар болғанда да қашаңғы отырасың. Күн әуелі тұсау бойы кӛтерілді, енді бекіту бойы биіктеп кетіпті.

Page 129: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

129

Мен жүріп кетпек болып жайлап жинала бастадым да, біраздан соң ойымнан қайттым. Бұл соғыстың арты не болар екен деген сұрақ мені осы араға арқандап тастағандай. Кете алатын емеспін. Шай қайнатып ішпекке бекіндім. Бензинмен істейтін аппаратымды шығарып, шай қойдым. Асықпай шай іштім. Кӛз қиығын салып қоямын, соғыс жалғасып жатыр.

Ілгері ұмтылып келіп иықтасады. Тіктеседі. Содан барып сауыттары тайып кетіп жерге құлайды. Кейін шегініседі. Қайта ұмтылысып итеріседі. Сол уақытты сықыр-сықыр дыбыс шығады...

Шай да ішіліп болды. Қашаңғы отырайын. Қызығу сезімінен жалығу сезімі үстем түскен кезде жүріп кеттім.

Анда-санда есіме түссе әлі ӛкінемін. Шыдауым керек еді. Арты немен тынғанын мен енді ешқашан білмек емеспін. Білмегесін бұл әңгімені жалғастыра алмаймын.

Бірақ кӛрмегенмен болжаймын. Менің болжамым бойынша олар бір мезгілдерде әбден

шаршайтын болар. Шаршаңқыраған біреуі иықтаса итерісіп жүріп, ақыры мүлт кететін болар. Мүлт кетіп сауыты тайып сәтсіз құлаған шақта біреуі ақыры шалқасынан түсіп айқасқа түсе алмай қалатын болар. Сол жеңіледі. Бала күнімізде талай рет шалқасынан түсіп тұра алмай тырбаңдап жатқан тасбақаларды жүргізіп жіберетінбіз және оны шалқасынан жатқызып кеткен тентек балалар ісі деп ойлайтынбыз.

Жеңімпаз ӛз жеңісінің рахатына бӛлену үшін, тасбақа атты келешек жан иелерін ӛмірге әкелу үшін жеңімпазды күтіп тұрған "тасбақа сұлуға" қарай асыға тарбаңдап бара жататын болар... Торалақаз

Сол торалақаз мінезімен кездескен күн мен үшін ерекше таным, ерекше сенім күніне айналды. Ӛйткені мен сол сәтті күнді ӛзімнің ұлы жаратылыс құдіретін де, мәңгі тіршілік мағынасын да бар болмысыммен толық сезінген күнім деп қабылдадым.

Қаратӛбеден Ақшымырау бағытына бет алған бір сапарым еді. Кәдімгі дала жолы. Кӛлденең жыра-жықпылы адымыңды аштырмайтын, машиналар соқпағы. Амалсыз жәй қозғаласың. Бірақ жәй жүргеннің арқасында жан-жағыңа назар салып, табиғатты қызықтай отыруға жағдайың бар.

Быйыл жаңбырлы болып кӛктем ӛз мүмкіндіктерін толық жүзеге асырып, жаратылыста бардың бәріне ӛмір сыйлаған жыл болатын.

Page 130: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

130

Анда-санда машинаңды тоқтатасың да жан-жағыңа қарап, рахат сезіміне батып аласың.

Кӛктем құдіретін түсінгің келсе далаға шық. Жүре бермей тоқта. Солай істе. Сосын маңдай кӛзіңді жұм да, кӛкірек кӛзіңді ашып, дала әуеніне құлағыңды тосып, тыңдап қара. Тек қана тыңдай біл. Сол сәтте сан құралды, сан сазды дала тіршілігінің үні құлағыңа келеді. Ол үннің бәрін бірдей тани бермейсің. Ажырата да алмайсың. Оған ӛзіңді кемсінбе. Ӛйткені Аллатағаланың ӛлшемі шексіздік.

Мен де талай тыңдағанмын. Маған таныстары шырылдаған шегіртке мен торғай үні сыяқты, баршаға белгілілері ғана болып шықты. Тіршілігі белгісіз, үні таныс емес бір жан иелерінің үні сыбызғы үрлегендей боп ыжылдап естілсе, енді біреулері қобыз ысқылап әлектеніп жатқандай. Қалай болғанда да кӛктем мынау ен даланың есіз емес екеніне кӛзіңді жеткізеді. Бәрін кӛктем тіршілікке келтірген. Бәрі қуанышта. Содан барып олар кӛктем тойына атсалысып жатқан секілді.

Кӛктем мейрамының бұл салтанатты саздарын кӛзіңді ашып тұрып та тыңдауға болады. Бірақ олай етсең әлгі дыбыстарды ұмыттырып, назарыңды ӛзіне аударып әкетер жаны барлар тіршілігі үстемдік ала бастайды.

Жердегі тіршілік иелері сені жүреңнен отыруға мәжбүрлейді. Сол шақта ӛзіңнің жер мен шӛпке қадалып қарап қалғаныңды байқамай да қаласың. Сіркедей болымсыздардан бастап құмырсқаға дейін, құмырсқадан бастап кесірткеге дейінгі тіршілік иелері сені еріксіз ӛз әлеміне араластырып алып кетеді. Олар да тіршілік қамын бір кісідей қамдап жатады. Таласады. Ұрысады. Ашуланады. Жауласады. Ӛйткені олар санасыз. Солай жаратылған. Ал біз ше?..

Осындай сұрақ қырсығынан, не жалығып кеткенде, не аяғың ұйып қалғанда бой жазып жан-жағыңа назар саласың.

Сол күні сондай бір кезде менің кӛзіме торыалақаз үйірінің іліне кеткені. Балапандарын шұбыртып байпаңдап зытып бара жатырған ана мен аталық қаз. Бұлардың жүрісі кӛзге түсе бала кезде естіп, әлі жадымнан ӛшпеген аталық қаздың ерлігі мен қулығы туралы әңгіменің еске түсе кеткені.

Мен еш ойланбастан соларға қарай тездете адымдап келе жатқанымды бір білдім...

...Алыстап кетсе таптырмайтынын сезіп жүгіре басып жақындап та қалдым. Кӛш басында аналық. Оның соңында анасынан қалмауға тырысып шитеңдеп жанталаса жүгірген балапандар. Күші жетпей, ілесе алмау қаупі туған шақта әлі қауырсын шығып үлгермеген қанаттарын сермеп-сермеп қалып, зытып барады. Ең соңында аталық қаз...

Page 131: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

131

Мені қызығушылық сезім әбден билеп алған. Торалақаз ӛздері туралы айтылар ғажап ақылып маған кӛрсетер ме екен? Әлде ол аңшылардың ойдан шығарар кӛп мылжыңының бірі ме?..

Мен қаздарды толық қуып жеттім... Енді қашан?.. Жақындай түстім... Соншама жыл торалақаз ақылын талай аңыз етіп айтып келгенім

бос сӛз болғаны ма?.. ...Осы кезде аталық қаз сүрініп кеткендей болды... ...Міне!.. Басталды!.. Қаз үшін де, әкелер сӛзінің растығы үшін де

қуанып кеттім... Торалақаз сүрініп кетіп қайта тұрды да оң аяғын сылтый басып

ілгері ұмтылды. Ол оң қанатын да жаралап алғандай сүйретіп барады. Бірақ сол қанатын үсті-үстіне қақпалап, жылдамдығын азайта қойған жоқ.

Ақсаңдап жылжыған ол үйірінің соңынан емес оңға қарай ойыса бастады. Мені қамшы сілтер жобаға дейін жақындатты. Денесін тіпті жақын жерден кӛріп келемін. Табиғат торалақаз жаратылысына түр мен түсін аямаған секілді. Қанаттары мен денесінде кезектескен қызылқоңыр мен ақ түстері анық есімде. Мына байғұс қазды қолмен де ұстап алуға болатындай.

Мен енді естіген әңгімеге емес, кӛзіме сене бастағандаймын. Қаз қимылы оның жарақатты болып қалғанын анық дәлелдеп тұр еді.

Торалақаз қулығы туралы бар естігенім, ӛзімнің ұлы жаратылыстың ұлы туындысы туралы ойым босына кеткендей болып, жабырқап сала бердім. Бойымды ӛкініш билегендей боп, бұл уақиғаға қолымды бір сілтедім.

Міне қызық! Жаралы қаз менің қолымнан сескеніп ұшты да кетті. Аңысын аңдып, ӛзін соншалықты қауіпке душар етіп келе жатқан торалақаз ӛзіне тура сілтенген қолдан қауіптенген болып шықты.

Ӛз айласын ең соңына дейін созып, балапандарының жасырынып үлгеруіне мүмкіндік берген!

Ақырына дейін шыдап баққан! Қара басын құтқару амалын соңғы сәтке дейін пайдаланбаған!.. Баяғы шалдардың сӛзі дұрыс болып шықты. Қол созым жерге

дейін жақындатып, ӛзіне қол сілтеген сәтте, енді ӛз басына шыныменен қауіп тӛнген сәтте торалақаз ұшты да кетті...

Соңынан қарап тұрмын. Екпіндей ұшып барып бір бұталы жерге қонды...

...Ол қазір ғана ӛзі құтқарған балапандарының қасына барып қонған болар. Балапандары аталарының аман келгенін кӛріп бауырына тығылып жатыр ма екен?.. Олар да қатты қорықты ғой...

Page 132: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

132

...Тағы да бір рет торалақаздың ӛз үйірін қалай құтқаратынын кӛргіп, Ұлы Жаратқанның ұлылығына таңдай қағып, бас игім келген ойдан мен тез айныдым...

...Тек қана басымды шайқап: "Шіркін адам атты тіршілік иелерінің аталықтары да ӛз ұрпақтарын осылай қамқорласа ғой" – демін...

...Әлі ұшпақ түгіл толық аяқтанып болмаған балапандарға деген аяушылық сезімі де бас кӛтере бастағандай еді...

...Балапандарды жүректерін ұшыра қорқытып кӛрген қызық мені соншалықты рахат сезіміне бӛлей қоймас...

...Ӛзімді-ӛзім зорлай кӛндіріп, айдалада қалған машинама қарай бет алып, ӛз жӛніме кетіп барамын...

...Бұ адамдар табиғаттан неге үйренбейді?...

...Неге үлгі алмайды?..

Page 133: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

133

Үш әңгіме

Әкенің ашуы Менiң әкем бiраз жылдар бойы Жаңа Ӛзен қаласынан бар болғаны қозы кӛш жерде ата-бабасының ғасырлар бойғы кәсiбiмен айналысып, азғантай шаруасын күйттеп, айлыққа қарап қалған, оқыған балаларына шамасы келгенiнше кӛмек кӛрсетiп отырып едi. Бiр күнi, таза ауамен сергiп қайтпақ боп әке үйiне жаяу тарттым. Жаз бен кӛктемнiң астасқан шағы болатын. Жер ылғалы кеуiп аяқ астынан шаң кӛтерiлiп жатқанымен шӛп әлi балғын түрiн жоғалта қоймаған екен. Кӛк майса жусандар менi қалайша бiр искемейсiң дегендей ажарлана қарайды. Маңғыстауды ӛгейiндей ұстайтын табиғаттың биыл бiр мейiрлi жылы болса керек. Аса от жылдары болмаса бұл маңда кӛп кӛрiне бермейтiн мортық, ебелек, еркек сияқты асыл шӛптер де аз емес. Мен бiр тал жусанды жұлып алып бiраз уақыт искеп барып аузыма салып дәмiн алдым. Баяғы дәмi. Кенет тандайыма жусанның емес кӛк жусанды ӛрiстен қайтқан түйенiң шикi сүтiнiң дәмi тати кеткенi. Мәтӛк кемпiрлердiң – бүгiн малды жусанды жаққа шығармаңдаршы – деп жататын кездерi де ӛмiрдегi ең бiр қимас шақтай-ақ, кӛкiректi жаралай, сағындыра еске оралды. Осылай ойланып келе жатып ауа-райының ӛзгере бастағанын да байқамай қалыппын. Күн астынан жӛңки шыққан бiр шӛкiм бұлт – жақындаған сайын жарты аспанды толтыра, бiр зiлi бар екенiн сездiре, қатулана түстi. Кенет бағыты белгiсiз жел пайда болды да, машинаның iзi бетiн ―шұбыртпадай шимайдап‖ тастаған даланы кӛзапара кӛзден ғайып қылды. Бiр қадам жердiң аржағы ақтозаңды белгiсiздiкке айналған. Iле-шала жер жарылып, аспан айырылып кеткендей қорқынышты зор үннен зәресi кеткен жел менi пана тұтқандай шыр айнала үйрiлiп, аяқ астын да кӛзден таса еттi. Мен амалсыз кӛзiмдi тарс жұмып, екi құлағымды алақаныммен баса, бүктетiле отыра кеттiм. Сәл тыныстағандай бiр сәтте бағзы заманнан бергi таныс иiс, оттың иiсi ме, тастың иiсi ме, әлде екеуiнiң иiсi ме, жетiп қалған екен. Бала кезiмiзде от сұрай барғанымызда шалдар мақтасын тұтата алмай шақпақ тасын қайта-қайта соққанда дәл осы иiс мұрынды қытықтаушы едi. Жаңбырдың жақын қалғаны белгiлi болды. Жаңбыр болғанда да шелектеп тӛгiп ӛтетiн нӛсер болар. Ойымды аяқтап-та үлгермедiм-ау деймiн, мың-сан аттың дыбысындай дүсiрлеп келiп қалған ол, келесi сәтте жердi бұрқ-бұрқ еткiзiп барып, селдетiп жүре бердi. Мен жүгiруге ыңғайлы болсын деп шалбарымды, аяқ киiмiмдi шешiп алдым да, соншалықта жанға жайлы Тәңiр нұрына, аспан нұрына шомыла жүгiре женелдiм. Арасында бала кез еске түсiп:

Page 134: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

134

– Жау жаңбыр! – Жау жаңбыр! – деп бар даусыммен шаттана айқайлап та қоямын. Табиғат еркелеткiсi келсе жасы қырыққа келгендi де бала қылып жiбередi екен ғой. Бұндай нӛсер ұзақ жауса не болмақшы. Бұрқ-сарқ етiп зәренi ала, құтыңды қашыра келгенмен дүниенi рақат сезiмге қарық қыла, ашуы тарқаған әкеңдей… артынан кӛктемгi күн де мандайыңнан ӛбетiн.

Ойыма сәттi түскен сӛз болды-ау бұл ӛзi. Шыны да сол. Табиғаттың мына тiрлiгi – дәл менiң әкемнiң мiнезi. Ол кiсi де сәл нәрсеге бола кемерiнен асқан қазандай сарқылдай қайнап барып басылады. Содан ӛз мiнезiне ыңғайсызданғандай жуып-шайып, әзiлдей сӛйлеп, тiптi кейде бауырына қыса басыңнан искей болған уақиғаны ұмыттыра, жайма-шуақ күлiп отыратын кездерi болатын... О, Тәңiрi, мына жадырай шығып келе жатқан күн дәл ӛз әкемдей болып кӛрiнiп кеттi. Мен кiлт тоқтап, күнге аңтарыла қарап қаппын. О, Тәңiрi!.. Дәл әке ашуындай!.. Дәл әке мейiрiндей!..

Кӛрік күйі Маңғыстаудың ардақты перзентi Маршал Әбдiқалықовтың ұлы Рақымбек шаңырақ кӛтерiп ағайын-туманың кӛңiлiн бiр кӛтерiп тастады. Сол тойда кӛптен жүздеспеген аға, жеңгелер мен құрбыларымызды кездестiрiп бiз де бiр жасап қалдық. Осы тойда бейнесi әлi кӛз алдымыздан ӛшiп үлгермеген, ӛмiрден кеше ғана ӛткен, ӛлкемiздiң абыз ақсақалы Алшын Мендалиевтiң ұлдары – Рзабек пен Бурабектi кездестiрiп, сәлемдесудiң сәтi түстi. Мен ол кiсiлерге шығармақ болып жүрген кӛп томдық ―Маңғыстау мұралары‖ туралы әңгiме етiп, Алшекең естелiктерiнен сақталған не бар, әңгiме етiп отырған кiтапқа лайық не бiлесiздер деп сыр тартып, әңгiмеге шақырдым. Он екi томдық бұл кiтаптардың бiрi сәулет ескерткiштерiн арналатынын естiген Рзабек аға Форт-Шевченко қаласында бiр кезде ӛзi тұрған үй туралы қызық хикая шертiп кеттi… … Маңғыстау зираттық ескерткiш салу үрдiсiн кәсiптiк деңгейден сәулет ӛнерi дәрежесiне кӛтерген әрi зергер, әрi ұста Тоқтамыс Қаражүсiптiң ӛзiне салған үйiне ӛткен ғасыр аяғында, әлде осы ғасыр басында Ӛтеғұл Демеу сатып алады да, ал кейiнiрек Демеуден түркмен Қараша Ӛтежанұлы сатып алыпты. Қырғын соғыстан аман оралып ӛз алдына шаңырақ кӛтерген Рзабек Алшынұлы 1948 жылы сол үйге ие болыпты. Елдiң де, ердiң де жарлы-жақыбай кезi.

Page 135: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

135

Рзакеннiң ӛз ошақтарына түтiн түтеткенiне, баспаналы болғанына деген қуанышы алғашқы түнi-ақ үрейге айналыпты. …Қала шуы басылып, тiршiлiк қамын күнмен бiрге күйттейтiндер тынышталысымен сол үйден сыйқырлы дыбыс естiледi екен… …Рзекеңнiң пайымдауынша дыбыс бiрде жер астынан жарға соққан тыныш күнгi теңiз толқындай әсер етсе, бiрде кӛршi бӛлмеде бiреу кӛрiк басып жатқандай, немесе ауыр жұмсақ балғамен қозғалмайтын бiр салмақты затты тұншықтыра соғып жатқандай әсер етедi екен. Олар алғашқы түнде-ақ шошынып, тӛсектерiне жатуға сескенетiн жағдайға жетсе керек. Бұлардың үрейiн кӛршiлерi басыпты. Кӛршiлердiң айтуынша бұндай дыбыс осы үй салынған күннен бастап пайда болса керек. Кӛршiлерiне естiлмейдi, үй адамдарына зияны жоқ, аз уақыттан кейiн үй тұрғындарының бойы үйренiп, тiптi бiр түрлi жанға жайлы әсер етiп тұратын дыбысқа айналатын болса керек. Кӛршiлерi – бұл Қаражүсiп кӛрiгiнiң дыбысы, сол атамыздың қасиетi деп түсiндiредi екен. Рзекең кейiн басқа үйге кӛшкенде Қаражүсiп салған үйдiң тӛбесiн бұзып алып пайдаға жаратса керек. Қабырғалары әлi бүтiн, Рзабектiң мүлкi болып есептелiнедi, қорасында Айтыман Кенжебаев туралы екен. Түркмен иесi сол үйге алтын кӛмген деген дақпыртқа сенiп үйдiң еденiн бұзып астан-кестен етiп қазған уақыты да болыпты. Әттең, нағыз қазнаның алтын емес сол дыбыс екенiн түсiнбегендерi қандай ӛкiнiштi… Шебер сол ғажап дыбысты қалай тапты екен? Тӛбесi де еденi де жоқ сол үйдiң сол керемет дыбысы әлi сақталып қалмады ма екен? Түнеп кӛрер ме едi? … ―Кӛрiк күйi‖ естiлмесе, мүмкiн, қасиеттi бабамыздың шапағаты тиiп не қолымызға, не жүрегiмiзге бiр нәзiктiк сезiм пайда болар… Рзекеңнiң айтуынша, Қаражүсiптiң шеберханасы тұрған жер ―Кӛрiк тӛбе‖ деп аталады екен. Қаражүсiп кӛрiгiнiң күлi әлi ұшып таусылмаған дейдi, кейбiр адамдар кӛз ауруға ем деп сол күлдi суға езiп кӛзiне жағады екен. Қаражүсiптiң анасы сол тӛбенiң басына жерленiптi, басына сағана там тұрғызылып едi деседi. Шiркiн, қала әкiмшiлiгi, сегiз қырлы бiр сырлы бабамыздың аруағына кӛңiл бӛлiп жатса, бiз де қолымыздан келгенiнше кӛмегiмiздi аямас едiк… Бұның аты «Бӛлтебер» Болашаққа үмiтпен қараған кешегi жоспарлағыштар мен сенгiштер заманы да қызық екен-ау. Кiмнiң не iстейтiнiн, тiптi не сӛйлейтiнiн де жоспарлап алып, ештеңеге бас қатырмай ―жарқын

Page 136: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

136

болашаққа‖ даңғыл жолмен, ендi-ендi жетiп қалармыз деген сенiммен тартып кетiп едiк… Дүниеде кӛрiпкел дейтiндер болады десе – сандырақ деп, тәуiп бар десе – аңыз деп, сәуегей кӛрдiм дегендi жындыға санап, қысқасы не керек ондай ұсақ-түйек туралы бас қатырап жатпайтынбыз. Шындығында да бұл ӛмiрде бiз бiлмейтiн, бiздiң ақылымыз жетпейтiн табиғат құпиясы, бiз танымаған қыры мен сыры бар деп ойламайтын едiк.

Ендi не болды?.. Айтылып жүрген ертегiлердегi емшiлер мен бақсылар,

сәуйегейлер мен кӛрiпкелдер, бәрi, бәрi ұзақ ұйқысынан ойанып кетiп ортамыздан бiр-ақ шықты...

Шыныменен аңыздың бәрi ақиқатқа айнала ма? Ертегi дегенiмiз елiмiздiң кешегi ӛмiрi болғаны ма?..

Ендеше тағы бiреуiн тыңдап кӛрелiк... ...Бұның аты ―Бӛлтебер‖.. … Маңғыстауда қиялыңды жетiқат кӛктен бiр шығаратын не ғаламат табиғат ғажайыптары бар. Жер асты жолдар мен үңгiрлер, қамалдар мен арандар, қирап қалған қалалар мен қорғандар, Тамшалы мен Жығылған, Шерқала мен Айрақты… Айрақты тауы да сондай табиғат ғажайыбының бiрi. Мұхиттың ортасындағы мұз таулардан бiр айырмасы болсашы… Жан жағы биiктiгi жүздеген метр тiк, ұшпа жар болып келедi де, оңтүстiк жағы түйе құйымшақтанып барып алып айдаһардың құйрығы секілді қырат боп кетедi. Сол құйрық қыраттың қыр арқабындағы жаңғыз аяқ сүрлеумен құйымшаққа жеткенде тiк жарды қашап салған айналма жолмен Айрақты тауының басына шығасың. Үстi-қара жусан, қызыл изен, баялыш ӛскен, жобасы он, он бес шаршы шақырым жазықтық. Бiр кезде маңғыстауға иелік еткен хандардың жайлауы болған, талай-талай тарихи уақиғалардың куәсi болған қасиеттi мекен… Бiздiң әңгiме қылып отырғанымыз Қырдағы емес Ойдағы айрақты. Ойдағы болғанда Кiшiсi емес Үлкенi. Маңғыстау ауданының әкiмi Алқажан Едiлханов мырзамен Айрақтының үстiне шықпақ болып келiскенiмiзге де жылға жақын болып қалған. Сол тауға шығардан бiр күн бұрын сәтi түсiп Тигенде тұратын атақты Iздiбай аңшыға жолығып қалдым. Айрақты туралы әп-әдемi әңгiме айтып отырған адам: ―Iзеке Айрақтының үңгiрi туралы не бiлесiз‖ – деп едiм, шошып кеттi. ―Ой, пәлесiнен аулақ. Айналайын, оған жолама, перi иеленген жер. Кiм бiледi онда айдаһар жылан бар шығар, тiптi бӛлтебер де болуы мүмкiн. Бiзде жас кезiмiзде кiрмек болғанбыз. Аузы керуен кiргендей кең болғанмен әрi қарай тарыла бередi. Жаққан шырақ сӛнедi. Тiл алсаң жолама‖ – деп, бiз естiген бар құбыжықты сол үңгiрдiң аузына апарып қамай салғаны… … Ойыма орала кеттi… Бӛлтебер…

Page 137: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

137

Бала күнiмде талай естiген аңыз сұлбасы оны адамға кӛрiнбеуге тырысатын аса ептi, аса күштi, iрi бiрдеңе дейтiн. Ендi Айрақтыны тастай салып ―Бӛлтеберге‖ бас салдым… - Iзеке, ол қандай мақұлық? Ӛзiңiз кӛрдiңiз бе? Қандай жерде жүредi?

Айрақтыда бар ма? - ―Әй шырағым, гәзитке бiрдеңелер жазып, соңына Сайын

Назарбекұлы Тоқтамыс деп қол қойып жүрген сен емес пе ең? Батыр атаң Тоқтамыстың ажалы бӛлтеберден болды деушi едi ғой. Ал ол туралы мына ӛзiңiнiң ағайындарың – Тоқтамыс батырдың тұқымдарынан сұрап ал‖ – деп, шәйдiң аяғына қарамай, қол жайып бата қылды да, шығып кеттi.

Бiз, әңгiме қылып отырған Айрақтыдан отыз шақырым жердегi Тигенде, Отан соғысының аты аңызға айналған батыры Исатай Сүйеубаевтiң iнiсi Салманов Орынбайдың үйiнде отырғанбыз. Ендi Әбу ақсақал үшеумiз қалдық. Әбекең: ―Жаңағы бӛлтеберден қорқып қашты ма, әлде Айрақтының үңгiрiнде түркмен ханының қазынасы тығулы деушi едi, сенен соны қызғанып кеттi ме?‖ – деп, кетiп қалған Iздiбай аңшының артынан әзiл ерiттi. Менiң ойымнан бӛлтебер шығар емес. Әбекең мен Орекең Тоқтамыстың ерлiгi мен ажалы туралы әңгiме бастап кеттi… …Сенiң сұрап отырған бӛлтеберiң қараңғы түнде ұрланып жүретiн, аса сақ, бiрақ адам ұстап-тұтатын заттарға құмар аң, ал ол аң болмаса онда ол адамның жабайы түрi. Адамдарға пәлендей зияны тиiптi дегендi естiген жоқпыз. Бiрақ адам тұтынатын заттарды ұрлайды-мыс. Ептiлiгi сонша байқатпай буулы тендердi түгелiмен кӛтерiп кеткен кездерi болыпты-мыс. Қазiргi жастар айтпағанмен бiз шамалас кiсiлер керектi-керексiз заттарды үйiне тасып тыға беретiндердi ―бӛлтебер‖ деп келеке қылушы едi. Үйiнде заты кӛп болғанмен орнын таппай қоқып жатса да ―қойшы, сол бӛлтебердi‖ деп қол сiлтейтiн. Осы отырған үшеумiздiң де атамыз Жоңғар мен қалмақтың қанын судай шашқан атақты Тоқтамыс батыр. Мысалы сенiң әкең Назарбек болса оның әкесi Сәрсен, одан әрi Тағыбердi, Әзберген, Мәтi (қазiр халық Мәтi әулие деп басына түнейдi), Еспембет, Тiлеке, Тоқтамыс. Сол батыр Тоқтамыстың ерлiгi туралы ел аузында сақталған әңгiме кӛп. Ал ажалына себеп болған бӛлтебер деседi… …Жолаушылап келе жатқан бiраз адам аялдамақ болып па, әлде түнемек болып па бiр жерге еруiл жасайды. Сонда бiреуi: ―Мына үңгiрдi кӛрдiңдер ме, бұл бӛлтебердiң үңгiрi. Маңайдағы ел бұл жерге жақын қонбайды‖ – дептi. Сонда Тоқтамыс батыр: ―Кәне кӛрелiк елдi үркiтетiн мықтыны?‖ – деп, үңгiрден бӛлтебердi сүйреп шығып, қылышпен шауып ӛлтiрген екен дейдi. Бiрақ Тоқтамыс батыр ―Апырым-ай, кӛзiнiң

Page 138: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

138

сұғы бет қаратпай, жеткенше кӛзiмдi жұмып, бетiмдi жеңiм мен кӛлегейлеп бардым‖ – деген екен… Атадан әкеге, әкеден балаға ауысып келе жатқан осы аңыз бойынша сол бӛлтебердiң кӛзiнiң сұғы ӛтiп, Тоқтамыс батыр бiр жұмадан кейiн ауырып, екi айдан кейiн дүние салыпты… Iздiбай сияқты Маңғыстауда атағы шыққан аңшылар болды. Олардың аштық жылдары аң аулап бүкiл елдi қамқорлап тұрған кездерi де болған. Олар адам аяғы баспайтын не бiр шың, құздардан талай ғажайыптарға кездескен. Соның бiрi, бойы екi жарым метрдей сүйегi адамға ұқсас, алып қаңқа. Бiр таңқаларлық жәй аңшылар сол сүйектер туралы айтуға құмар болмаған, қайта ол жерлерге бармауды уағыздадаған.. Маңғыстаулықтардың жадында сақталған адам-жезтырнақ, аңшылар кӛрiптi деген алып қаңқа, үңгiр мен бӛлтебер туралы аңыздар сол бӛлтебердiң ӛмiрде болғандығының дәлелi емес, соның ӛзi әлi күнге бар болып жүрмесiн деген күдiк туғызады… … Iздiбай аңшының: ―Шырағым, Айрақты үңгiрi перiленген, iшiнде қауiптi аң, жылан болуы мүмкiн‖ – деп безектеуiн мен ол кiсiнiң маған деген қамқорлығы деп есептедiм… … Бұрын құмар болып жүрген Айрақтының үңгiрiне кiруге ендi жүрегiм дауаламайтын сияқты. Iшiнен кӛзiнiң жарқ-жарқ еткен сұғы ӛңмеңiңнен ӛтiп бӛлтебер шыға келсе… … Бұрын да бiр Тоқтамыс пәлесiне ұшыраған екен, ендiгi Тоқтамысты сақтай тұралық… 07 қазан 1992 жылы.

Page 139: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

139

Шотан батыр (Екі актілі, алты кӛріністі тарихи драма)

Алғы сӛз

Он сегізінші ғасырдың ортасынан ауа бере екі жүз жылға жуық бір-бірімен жиі-жиі қақтығыста болып, біріне-бірі «ақтабан шұбырынды», «аңырақай» секілді тарихтың қанды беттерін жазғызып, елді есінен кетпестей қасіреттерге ұшыратып келген жоңғарларлар мен қазақтар соғысы аяқталады.

Бұл соғыстың кенеттен аяқталуына басты себеп болған жоңғар елінің қытай шапқыншылығына ұшырауы болды. Адам баласы тарихында бұрын-соңды еш жерде, еш елде болып кӛрмеген, қатыгездік пен ӛшпенділіктің шегіне жеткен, алғаш рет тұтас бір ұлтты жер бетінен құртып жіберген қылмыс-қырғын уақиға болады.

Ұзақ жылдар бойы жоңғарлармен соғыс жағдайында ӛмір сүрген қазақ халқы енді соғыстан қолы босап, бейбіт ӛмірге бет бұрып, соған бейімделе алмай жатады.

Адайлар он үшінші ғасырда Алшын тайпаларының құрамында Жошы мен Бату соңына еріп, Алтын Орда мен Ноғай Орданың сойылын соға, сол замандардағы ұлы уақиғаларға араласа, Қырым мен Кавказ, Дон мен Днепр жерлерінде жұртын қалдыра жүріп, он бесінші, он алтыншы ғасырлар шамасында ақыры Қазақ хандығы туының астына жиналған қазіргі қазақ халқын құрап тұрған тайпаларға қосылып, ӛзінің мәңгілік Отанын табады, таихтағы орнын анықтайды.

Алатау мен Жетісуда ошағына от тұтатып, Түркістан мен Сайран маңында шаңырақ кӛтеріп жүрсе дағы бабалары бес жүз жыл бұрын қалдырып кеткен Маңғыстауды адайлар елі әлі ұмыта қойған жоқ болатын.

Тарихи жағдай адай тайпасына ӛздерінің тарихи отанына қайтуына мүмкіндік туғызады. Адай тайпасының билері мен батырлары, ру басшылары мен байлары сан ғасырлар бойғы адайлар арманын іске асыруға кіріседі.

Әуелі аңшы ретінде Маңғыстауға Есекмергенді жіберіп барлау жасатады.

Сосын алпыс үймен Маңғыстауға Шотан батыр аттанады. Ақыры, Шотан батыр бастаған аз ауыл орналасып болғасын,

тұтас ел маңдайын бабаларының ата күлдігі Маңғыстауға бағыттап, бас аяғы елу жыл шамасында Түркістан, Сауран аймағынан Маңғыстауға қоныс аударады.

Page 140: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

140

Басты тұлғалар:

Әжібай. Сӛзін аспай-саспай жеткізе айтатын, сабырлы қарт кісі. Назар. Әрі бай, әрі батыр атанған қарт кісі. Шотан батырдың әкесі. Бәйбіше. Назар бәйбішесі. Жетісу, Алатау жақтың қызы. Шотан батыр. Назардың ұлы, елу жаста. Ел басшысы ретінде

танылған, шешен сӛйлейтін әрі би, әрі батыр, ірі кісі. Кӛсем би. Асығыстау, ойланбай сӛйлеп қалатын, ақкӛңілдеу кісі. Тоғыс би. Маңындағы жұрттың қас-қабағын бағып отыратын, кісі

назарын жықпай сӛйлейтін адам. Қосболай батыр. Адайлармен қоныстас беріш батыры. Сайқы би. Күлдіре сӛйлейтін қасиеті үшін Сайқы би атанған адам. Есекмерген. Аңшы. Батыр. Алып адам. Қосан батыр. Жас батыр. Назар байдың қоңсысы. «Қоңырат келін». Қосан батырдың әйелі. Сауран маңын жайлаған

қоңырат руының қызы болғандықтан «қоңырат келін» атанып кеткен жас әйел.

Page 141: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

141

Бірінші акті.

1 кӛрініс. Шотан батыр

Сахна ашылады. Қалың ойда отырған Шотан батыр. Ескі сарынмен орындалып жатқан жыр естіледі. Қазақ деген халықпыз... Әй, қазақ деген халықпыз, Азаулыны ардақтап, Астана жұртын сайлаған. Стамболдан кем кӛрмей, Алмаға атын байлаған. Баса кӛктеп Қап тауын, Мұзына мәңгі таймаған. Еділ мен Жайық екі су, Днепр, Донды жайлаған. Адай деген ел едік... Әй, адай деген ел едік, Қазақтың қара баласын, Хан ұлына теңгерген. Жауына сойқан салсын деп Тентегіне жел берген. Терезесін тең тұтқан, Небір ұлы елдермен. Қап тауында мәңгіге Адай атын қалдырып; Азаулыдай далада Адай мола салдырып; Қырымда қызын ұзатып; Ұрымда ұлын піштіріп; Бірде даха, бірде дай, Массагет боп, бірде адай, Мынау шексіз әлемнің Тӛрт бұрышын кезгенде; Жеті ханға ақыл боп, Сыпыра жырау ӛткенде, Маңғыстаудан Ауғанға, Асан қайғы кеткенде –

Page 142: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

142

Іздеді нені бабалар? Не ойлады даналар... Байтағыма жетем деп Еділге кӛпір салдырған. Жайықтан ӛтсе Сарайшық, Шалғынға атын шалдырған. Сарайшықта кеңесіп, Алтын тақты хандармен Дәрежесі теңесіп, Біздің сол бір бабалар Отырды екен не десіп?.. Жетісу жұмақ жаннатта, Мұңал ошақ от жағып; Түркістан, Сауран мекендеп, Ӛртіне жоңғар қақталып; Басынан бірлік кеткенде, Қазақтың ары тапталып; Шұбырынды ақтабан, Аты содан сақталып... (жыр кенеттен аяқталады)

Шотан батыр. (күбірлеп) Шұбырынды ақтабан, Аты содан сақталып... Құдайым-ау! Бұл ойдан құтылатын күнім болар ма екен?.. Шұбырынды ақтабан ететін елімнің не жазығы бар еді?... Сәл оңаша қалсам ӛн бойымды түйрей ӛтіп, әр сӛзі жүрекке найза

боп қадалар не қасиеті бар сӛз еді?.. Менің жер-жебіріме жете масқаралап... жанымды жаралап... Қинап болды-ау мені осы сӛз... Не жазығым бар еді, менің?.. Ӛмір бойы енді осы сӛз жерге

қаратып ӛтетін болар ма? Бұ қазақ елімді жау шабады деп дайын әскер ұстамаса батырлар

қайтеді екен?.. Мен қайтеді екем?.. Орнынан тұрып кетеді, қызына сөйлейді. Бұйқыт жатқанда жау шапса қазақ саспай қайтеді? Сасқасын қашпай қайтеді?.. Қашқасын шұбырмай қайтеді?.. Шұбырғасын ―ақтабан‖ болмай қайтеді?..

Page 143: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

143

Бізге не дейді сонда, бұлар?.. Бір сәт тыныштық беруді қойды ғой маған, осы заржақ саз бен

заржақ сӛз... Сәл сабыр тауып, отырады. Жаудан құтылып, енді тыныштық табамыз ба десек, күндіз

күлкіден, түнде ұйқыдан бездіретін пәлесі тап болды ғой, менің басыма... Жаудан кем болмады-ау мынау сӛз!..

Кешіре кӛріңдер ―ақтабан‖ боп шұбырған сорлылар! Қабырғалы елің тұрып паналар бұта таппаған пақырлар!

Ханыңнан ақыл шықпаса, батырыңнан батыр шықпаса, шұбырмағанда не етерсің, сорлы ел?!.

Орнынан тұрып кетеді. Қызына, үдете сөйлейді. Жоқ! Қалай болғанда да біз кінәліміз... Біздің ұрпақ кінәлі. Сені қорғай алмаппыз!.. Аяғын жерге тигізбеспіз деген ата-ананы

Алатаудан Қаратауға дейін жаяу шұбыртып... Не деген бейқамдық?.. Содан енді қортынды шығарар ма, бұ қазақ?..

Отырып ойланып қалады. Күбірлеп тағы қайталайды.

Басынан бірлік кеткенде,

Қазақтың ары тапталып...

Әй заржақ ақын!.. Сен не дегенсің?.. ―Басынан бірлік кеткенде‖ дейсің бе! Сен әлде қазақтың бейқамдығынан емес, қазақтың басында бірлігі жоқтықтан болған деп отырсың ба?..

Сонда қалай?.. Хан мен тӛре халықты жүз-жүзге бӛліп алып, бір-бірімен келісе алмаса халықтың не жазығы бар еді, аузынан запыран, кӛзінен қан ағызарлық? Сен соны меңзеп отырсың ба?..

Хан мен тӛре мынау дархан далаға сыйыспаса қара халық ―ақтабан шұбырындыға‖ ұшырай бере ме, сонда?..

Енді халықты қапы қалдырмау үшін не істеу керек?.. Мына ақынға сенсек хан мен тӛре дегенің халық үшін жоңғардан

кем жау болмаған секілді ғой, асылы... Хансыз, тӛресіз ӛмір сүруге болмай ма сонда, бұ халыққа?.. Қайтсек қайғысыз ӛмір сүргіземіз, бұ сорлыларға?.. Шымылдық.

Page 144: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

144

2 кӛрініс. Назар.

Сахна ашылады. Киіз үй көрінісі. Сахнада Назар мен бәйбішесі. Назардың байыз таппай, бірдеңеге мазасызданып жүргені байқалады. Назар. Әй Алла!, бергеніңе шүкір!.. Қазақ қамы, халық қамы деп қапылмайтын болдық па… Ойбай! елден айрылдық, ойбай жерден айрылдық деп зарламайтын да болдық па!..

Әркім ӛз от басының шаруасын ойлататын күнге де жеткіздің-ау, Алла тағала!.. Ұзағынан бере кӛр!..

Бәйбіше. Әумин. (бетін сыйпайды). Назар. Бәйбіше!.. Бәйбіше. О не, батыр-екесі. Назар. Апырым-ай! Шотан кешікті-ау… Бәйбіше. Батар-еке! Кеше ғана түс кӛрдім. Шотаным ақ боз атпен

топ алдында келе жатыр екен. Жүзі жарқын екен деп қуанып отыр едің ғой. Сабыр етсеші, келіп қалар.

Назар. Азғантай жасақпен бейтаныс елге қалай аттанған!… Шақырусыз келген аз ғана жасақты ӛз жұртында отырған қабырғалы ел қаласа қыра салмай ма?

Бәйбіше. Сақтай кӛр. Назар. Олардың тағдыры жау қолындағы қылыштың жүзінде

емес пе? Қалай тыныш отырарсың… Аспанға қолын көтереді. Ей Алла, Сенен сұраған соңғы тілегім болсын! Елім деп еңіреп жүрген

Шотанымның маңдайын ашық ете көр, пәледен қашық ете көр!.. Оны ойлаған ойына, бізді соның тойына жеткізе көр!.. Аллаһу акбер.

Бәйбіше. (бәйбіше де Назарға қосылып «Аллаһу акбер» деп бетін сыйпайды) Батыр-еке, о не той! Алладан тілеп тұрғаның қандай той? Жасың сексенге келгенде…

Назар. Балаң адай дейтін елімді бабаларының ескі қонысы Маңғыстау дейтін жеріне жеткізсем деп армандап жүр ғой. Сол шаруаның соңында жүр емес пе…

Бәйбіше. Тірліктегі біз кӛрген бұл адайларыңның бірінің табаны тимеген жер бұларға қоныс бола алар ма екен?

Назар. Шотанның ойы басқа. Аңыздарға сенеді. Сол жақта адайлардың 360 әулиесі қалған дейді. Ата-баба аруағы сол жерде күтіп жатыр дейді… Соған жетсек дейді… Аруақтар желеп-жебесе жұртым іргелі ел болар еді, бір жерге тұрақтанар еді дейді…

Бәйбіше. Елім дегені ұнайды маған осы балаңның…

Page 145: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

145

Назар. Бәйбіше, Шотанның шақырған қонақтары, адайдың билері мен батырлары, бүгін біздің осы үйде бас қосады. Елдің беделді адамдарын шақырып алып, ӛзі жете алмай қалса… ӛкінішті-ақ.

Бәйбіше. Сонда бұлар не сӛйлеспек? Қыдырыстамай отырсашы, хабарыңды айтсашы.

Назар. (отырады) Сенің балаң ендігі жерде Адай дейтін ел қай жерде мекен етпек, мәңгілік мекені қай жерде болмақ деген сұрақтарға жауап іздейді. Соны атақты билер мен батырлармен ақылдасып анықтағысы келеді!..

Бәйбіше. Батыр-екесі, бүгін үйге келетін кісілер ішінде менің тӛркіндерімнен ешкім болмайды ма? Білмедің бе?

Назар. Ай бәйбіше-ай! Жетісуда қалған сенің тӛркіндерің түгіл, осы маңайдағы ағайындардың да аман-саулығын біле алмай жүрген жоқпыз ба… Мына аласапыран заман адастырды ғой адамдарды, ажыратты ғой бауырларды… Шотан осы жиынға осы ӛңірдегі басты кісілерді де түгел жинай алмайтын болдық деп отырған.

Бәйбіше. Сонда балаң қай жаққа бағыт алғысы келеді? Назар. Шотан елді Маңғыстау деген жерге жеткізу керек деп жүр

ғой, кӛптен бері. Мына билер, батырлар қолдап жатса сол жаққа жайлап ығыса берсек дейді… Ел маңдайын сол жаққа бағыттасақ дейді…

Бәйбіше. Маңғыстау!.. Маңғыстау!.. Ол қай жақта? Біздің Алатау мен Жетісу жағы емес пе?

Назар. Жоқ. Маңғыстау деген батыс жақта. Бір кездерде біздің ата-бабаларымыз сол жерден қозғалған екен деседі.

Бәйбіше. Мына қалың елден бӛлініп қайда барғалы жүргенін, о баланың?

Назар. Ол сол қалың еліңмен ақылдасып жүр. Кӛпшілігімен еездескен. Енді басын қосып ақылдаспақ. Сол үшін шақырып еді ғой!.. Кешікті-ау!.. Әй Алла, жолын бере кӛр жолаушымның!..

Бәйбіше. Келіп қалар. Назар. Бүгін билер мен батырлар Шотанға қарамай-ақ сӛзімізді

бастай берелік деп шешіпті. Қазір осы үйге келеді. Бұндай келелі әңгімені «қыдыр кӛрген Назардың қара шаңырағында басталық» депті би інім, Әжібай.

Бәйбіше. Алла разы болғырлар, ӛркені ӛссін. Бізді, ағасының шаңырағын құрметтесе ӛздері де жастар құрметіне бӛленер. Мен не ғып отырмын. Қызметшілерді шақырайын, ескертейін.

Орнынан тұрады.

Page 146: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

146

Назар. Олар әзірше оңаша сӛйлескісі келеді білем. Үйге қызметшілер кірмесін. Қосан батыр мен «Қоңырат келін» ғана қызмет кӛрсетсін, соларды шақыр. Бәйбіше. Жарайды, батыр-екесі.

Бәйбіше шығып кетеді. Назар жалғыз өзі байыз таппай тағы да үй ішінде қыдырыстап жүреді. Анда-санда «әй Алла, бергеніңе шүкір» деп қайталай береді. Үйге бәйбіше кіреді.

Бәйбіше. Батыр-екесі-ау! Жоңғар жаумен соғыс аяқталды дегелі Алатуым мен Жетісуымды, туған елді қатты сағынатын болып жүрмін.

Назар. Адамның бәрі де сағынады ғой туған елі мен жерін. Бәйбіше. Мына апаттан аман қала алды ма екен, жау ӛтінде

қалған жазғандар-ай?.. Соларды ойлағанда кей-кейде бұ дүниедегі жалғыз қалған жандай сезінемін…

Назар. Қырық жыл қырғын болса да ажалдыға кӛріненр деген, жақсылығын тіле, бәйбіше.

Бәйбіше. Жау ӛтінде қалған шиеттей бауырларым-ай!.. Бір анадан бесеу, бір атадан он бауырым бар еді… Бар ма екен тірлікте?.. Әлде?.. Сақтай кӛр Құдай!.. (Көзіне жас алады). Назар. Ау, бәйбіше!, Босағаның не? Бейбітшілік бізге қуаныш күлкісін әкеледі десек, сақтап жүрген жасы да бар ма еді… Қой оның не… Босама, аман болар. Хабар да алармыз. Үйге Қосан батыр мен оның келіншегі кіреді. Келін сәлем етеді. Бәйбіше жасырып көз жасын сүртіп, келінге батасын беріп жатады. Қосан батыр. Аға, Шотан батыр кетерінде бүгінгі болатын жиын туралы елге кӛп дабыра қылмаңдар деп тапсырма беріп кетіп еді. Сосын сізден сұрауға да бата алмағанмын. Бұл не жиын? Назар. Шырағым,бұл жиын бір шешім қабылдауға тиіс. Шешім қабылдағанда да ел кӛңілінен шығатын, елдің болашағын қамтамасыз ететін, шешім біткеннің ең дұрысы болуға тиіс. Ұрпағымыздың болашақтағы бағы мен соры да бүгінгі қабылданатын шешімге байланысты.

Қосан батыр. Аға-еке-ай! Жүрегімді шымылдатып жібердің ғой! Назар. Енді туар ұрпағымыздың біздерге болашақта айтар

алғысы да, қарғысы да бүгінгі билер мен батырлар қабылдар шешімінің дұрыс-бұрыстығына байланысты болмақ. Қосан батыр. Батыр аға! Мына сӛздеріңіз менің жон арқамнан суық терді шұбыртып, білек жүнімді білеудей қып жіберді ғой! Сонда елдің болашақ тағдыры бүгін ортаға түсетіндей қандай мәселе екен? Сырттан «қонақтар келе жатыр» деген дауысы естіледі.

Page 147: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

147

Назар. Қонақтарға есік аш. Қазір бәрін де түсінесің. Қосан батыр шығып кетеді. Шымылдық.

3 кӛрініс. Билер кеңесі. Билер мен батырлар назардың үйіне кіреді. Келін сәлем етеді. Адамдар амандасып, көрісіп жатады.

Қосан батыр саба пісуге кіріседі. «Қоңырат келін» саба пұшпағын шешіп сырлы табаққа қымыз құйып, сапыра бастайды. Қонақтар салулы төсекке жайғасады. Әжібай. Кӛріспегелі кӛп болды-ау, Назар аға! Қоныстарың жайлы ма? Мал-жандарың аман ба? Назар. Аманбыз. Кәдімгі «мұздай қаракӛк» дейтіндей аманбыз. Ӛздеріңнің де мал-жандарың аман ба, билер мен батырлар!? Ат кӛліктерің арымай жеттіңдер ме? Сайқы би. Назар ағам халықтан алған не түрлі құрметті атағы кӛп болғасын, ешқайсысын айтқызбай бұ күнде тек Назар аға аталатын болыпты. Әйтпесе Назар бай, Назар би, Назар батыр – бәрі де осы кісіге халқы сыйлаған ӛз аттары еді ғой, бір кездерде. Әжібай. Ӛз еңбегімен алған аттарының бәріне де бұ күнде ӛз бауырынан ӛнген баласы жетіп жатса, Назар аға Шотанмен атақ жарыстырмайын дейтін болар.

Тоғыс би. Әлде ағамыз «Қыдар кӛрген Назар» деген жалғыз атты бәрінен артық санайтын болар ма… Назар. Рахмет шырақтарым. Жүрген жерлерің тыныш па? Кӛсем би. Елде тыныштық болушы ма еді, тәйірі! Ӛрістегі мал қосылса қойшылардың ұрысы, ойын баласы тӛбелесіп қалса қатындардың керісі!.. Ойбай-ау, тыныштық кетті ғой бұ жұрттан. Сайқы би. Пай, пай! Халыққа қамын ойлайтын би керек дейтіні осы ғой, елдің. Бізің Кӛсем бидің халық үшін қалай қабырғасы қайысады. Кӛсем би. Сӛйлеп қал.

Назар. Жоңғар жаудың қытайдан аман қалғаны бар ма екен? Әжібай. Жайық, Жем, Маңғыстау жақта қырық мың түтіндей

қалмақ қалыпты деседі. Жоңғар жағымыз тынышталды ғой. Назар. Ұзағынан болғай дағы. Әжібай. Құдайға шүкір Назеке, бәрі аман, бәрі жақсы. Тек қана

«мына құлаққа ұрған танадай» дейтіндей тыныштық заман адамға

Page 148: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

148

күдікті ойларды кӛп туғызатын болып жүр. «Бұ не деген батпан құйрық» деп, жан-жағымызға жалтақтай береміз, әлі күнге.

Назар. Жеткізді ғой бұндай күндерге, Аллатағала. Амансыздар ма деп жасқанбай сұрай алатын заман орнайды деп дәметіп пе едік? Бұрын амандық-саулық сұрағанда, ӛз-ӛзімізден қуыстанып тұратын едік. Сайқы би. Ия, бұдан бір-екі жыл бұрын жұрт осындайда әуелі кімнің қай жерде, қай соғыста қанша сарбаздың мерт болғанынан бастаушы еді, әңгімелерін. Әсіресе мына Кӛсем билер сондайда кӛсемсіп кететін. Кӛсем би. Мені қағытпып отырмасаң саған ас батпайды ғой. Айта бер. Біз орынды жерінде, ойымызға келген сӛзді айтпай қала алмаймыз. Айтамыз. Саған жақпай қаламыз деп үнсіз де отырмаймыз. Сайқы би. Пай, пай! Кӛсем бидің кӛсемсуін-ай! Кӛсем би. Саған сӛз жоқ. Әжібай. Бұл екеуі біріксе басқа жұртқа сӛз тиер деймісің. Кӛсем би. Жарайды, сӛйлей беріңдер, бізден ұлқсат.

Әжібай. Назеке! Біздер досың түгіл жауыңа тілеместей ӛмір кештік емеспіз бе?

Назар. Солай би інім. Ӛте қиын кезі бізге тап болды ғой бұл тірліктің. Айта жүріңдер, ұмыт етпеңдер, ел есінен шықпастай болсын.

Әжібай. Есінде жүрсін дейсіз-ау, мен адам пендесінің басынан ӛткен қайғысын да, қуанышын да тез ұмытатынына таң қалатын болып жүрмін. Назар. Ондай ұмытшақтар кӛбіне аруақ аттайтындар мен Аллаға сенбейтіндерден, қолынан іс келмейтіндер мен кісі сыйламайтындар. Ӛлілер аруағын ұмытқандар тірі қадірін де бағалай алмайды. Олар бӛлек жаратылатын жандар.

Әжібай. Жұрт осы бейбіт ӛмір сүрген бір-екі жылда сол күндерде бастан кешкендерін ұмыта бастаған секілді. Енді қилы заманда елге қамқор болған, берекесі кеткенде ұйытқы болған билер мен батырларды ауыл ӛсегіне қиятындар да табылып жатыр… Ел бізге түсінбей, біз елге түсінбей әлекпіз.

Назар. Алланың ісі болар ма? Ел ниетін басқа жаққа бағыттамақ болғаны ма?

Сайқы би. Алланың ісі ме, сайтанның ісі ме, әйтеуір ӛмір бойы біреуге ӛкпемен ӛмір сүретіндер елді бүлдіреді де жүреді. Бәйбіше. Бәрімізде ӛкпешіл болып алдық. «Би» қайным кӛрінбей кеттің ғой. Менің ӛкпе арта сӛйлейін деп тұрғанымды болжап білгендей бұрын жұдырықтап жатырсың ба? Әлде аға-жеңгеге уақытылы сәлем бермегенді ұятқа санамайтын заң шығарып алдыңдар ма? Әжібай. Жеңеше! Назың орынды. Биыл кезінде келіп кӛрісе алмадық. Жан-жағымызға тыныштық орнады дегенмен, жүрекке

Page 149: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

149

тыныштық орната алмай жатырмыз. Ауыл маңына түнде тосқауыл, күндіз қарауыл қоймасақ әлі тыныш ұйықтай алмаймыз. Назар. Бәйбіше жағдайды түсінетін кісі ғой, ойнап айтады. Әйтпесе ана әдетін, ата жолын сақтап ӛмір сүруге мына заманымыз мүмкіндік берді ме. Әжібай. Жеңгеміз де сол үшін айтып жатырған болар. Ата жолын бүгінгі біздер ұмытсақ ертеңгі жастардан не күтеміз... Назар. Құдайға шүкір. Елге тыныштық орнай бастаған секілді. Қалай соғысамыз деп емес, міне енді қалай қоныстанамыз деп, қалай ұрпақ қамын ойлаймыз деп бас қосып жатырсыңыздар. Әжібай. Ие солай! Шотан батыр жиналайық, ақылдасайық дегесін келіп жатырмыз. Шақырылғандар түгел жиналып болды ма, Қосан батыр?

Қосан батыр. Шотан батыр орала қойған жоқ. Басқа шақырылған билер мен батырлар түгенделіп болды.

Назар. Би інім! Осы жиынды шақыртып жүрген Шотан еді. Ӛзіңе де арнайы барып хабарластым деген. Қайтып ораламыз деген жобасынан үш күн кешігіп жатыр. Келіп қалар. Дем алып, кеңес құрып жата тұрыңыздар.

Келін, қымызың дайын ба? Жолдан келген кісілер сусаған болар. «Қоңырат келін» қымыз құяды. Қосан батыр қымыз құылған

зереңдерді алып бере бастайды. Әжібай. Бәрекелді. Шотанның елмен ақылдасалық дегені дұрыс

болды. Ақыл жастан деген осы дағы. «Ер соңымнан, кӛштік» десе де кӛше береді ғой. Бірақ Шотанның бұл ойы да, істеп жүрген ісі де кӛреген кісінің әрекетіне ұқсайды.

Назар. Оны жалғыз Алла білмесе, кім білген. Әжібай. Ал енді жігіттер, «Сақтансаң сақтармын» деген. Жан-

жаққа шолғыншы жіберіңдер. Бейқам болмалық. Тоғыс би. Дұрыс болар. Жау жоқ деме жар астында. Қамсыз

қалмалық. Әжібай. Шолғыншыларға ең кемі қозы кӛш жерден бері жүрмесін

деп тапсырыңдар. Кӛсем би. Назеке! Мына далаңның адам шығар тӛбесі де,

жайланып отырар жалы да жоқ жер екен. Осындайға ауыл қасында биігі бар жер жақсы ғой, шіркін. Тӛбесіне шығып бел босатып, жан-жағыңа қарасаң болды бәрі алақаныңдағыдай кӛрінер еді.

Сайқы би. Әй би-еке-ай! Сенің атыңды қалай тауып Кӛсем қойды екен. Сен тӛбе басына шығып бел шешкенде осы тӛбеден сарқырап ӛзен ағып, мына даланың шӛлі қанып қалса ғой, шіркін!..

Page 150: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

150

Кӛсем би. Сӛзің бар болсын, сенің. Сен кез-келген сӛзден астар іздеп, ӛңін айналдырып отырмасаң Сайқы атанар ма едің.

Әжібай. Жә, осы екеуің кездессеңдер қысыр сӛз кӛбейіп кетеді. Бос сӛзді бүгінше қоя тұрыңдаршы. Ал ағайын, бүгін біз осында әдейі жиналдық. Ойлаған ойымыз бар, алдымызға қойған мақсатымыз бар.

Кӛсем би. Дұрыс. Әжібай. Осы жиынға шақырылғандардың барлығы бір атаның,

адай атаның балалары. Құдай бауыр еткен, тағдыр кӛрші еткен мына аз ауыл беріштер мен шеркештер де бӛтеніміз емес.

Қосболай батыр. Дұрыс, дұрыс. Біз де атамыз атаңмен аталас, малымыз малыңмен қоралас бір құрсақтан тараған адамдармыз.

Әжібай. Қазақ халқының ортақ жауы, ата жауы жоңғардан құтылып тӛсекте тыныш жатқалы да, аттансыз ұйқы қандырғалы да біраз уақыт болып қалды.

Назар. Алла тілегімізді берді ғой. Кӛсем би. Тыныш ұйқыға біз әлі үйрене алмай жүрміз емес пе.

Түсімде «Аттан, аттан!» деп шошып оянамын. Сайқы би. Ӛңің түгіл түсіңде «аттан» салып жүріп, ӛзің аттанбай

қала беретінің қалай, Кӛсеке? Сізді қол бастады, жоңғар шапты дегенді естімеппіз ғой.

Әжібай. Қоя тұрыңдар демедім бе? Не болғанда да енді сенің Кӛсем құрдасың жоңғар шауып батыр атағын ала алмайтын болар. О кәпірлер енді қайтып бас кӛтере алмастай болған кӛрінеді.

Қосан батыр. Қазақты қан қақсамын деп жүріп, ӛздері қан құсыпты дейді ғой.

Әжібай. Сорлылар Алланың қарғысына ұшырады ғой деймін. Құмырсқадай қаптаған кӛп қытай жоңғардың еркек кіндігінен тірі жан қалдырмай қырып салыпты. Бесіктегі баланы да аямады дейді.

Тоғыс би. Астафралла! Мынау адам естімеген жауыздық қой. Ай біздің үлкендерді дана емес деп кӛрші! «Қара қытай қаптаса ақырзаман сол болар» деп, осыны болжап кеткені ме?

Әжібай. Ағайындар енді аз жылда қайғы да, қасірет те, бәрі де ұмыт болады. Кӛрген қорлығың мен зорлығыңда да ұмытасың. Кӛрген азабың мен жеген таяғың да ұмыт болады. Алла жарылғайын десе осы далаңа енді он шақты жылда мал да сыймайтын болады, ел де сыймайтын болады.

Кӛсем би. Бұ кездегі жігіттердің жан басына үштен, тӛрттен қатыны болса үйге бала толмай қайтсін! Күнде шауып малыңды айдап кететін жау жоқ болса далаға мал толмай қайтсін!

Сайқы би. Осы сӛзің дұрыс болды. Әсіресе сіздің ауылдың қалмақ қатындары тӛлшіл екен деп жұрт шулап жүр ғой. Бірақ қалмақ қатыннан туған ӛз балаларыңды қалмақ деп атайтындарың ұят екен.

Page 151: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

151

Біреулер күледі. Біреулер сыбырласып қалады. Тоғыс би. Әй Кӛсем мен Сайқы! Осындай келелі кеңесте келеңсіз

әңгімеге неменеге құмар болдыңдар? Әжібай. (ыбыр-сыбыр басылғанша күтіп отырады да сөзін

қайта жалғайды.) Жақында ел аралап Шотан батыр осы отырған әр

қайсыларыңмен хабарласты. Ойын айтты. Осы кеңеске шақырды. Ойланарлық, қортындыға келерлік біраз уақыт ӛтті. Қоныс пен жайлау тарлығы бүгінгі күні ел аузындағы айрықша әңгіме болмағанымен енді біраз жылдан кейін қазақтарды әуелі бір-бірімен дауластыра бастары, артынан жауластыра бастары сӛзсіз. Ағайын мен ағайын су мен шӛпке таласып, дау бастар. Кӛзіміз соны кӛрмесе екен деп едік. Қайтсек қате баспаймыз? Қайда барып тұрақтаймыз? Ақылдасқалы жиналдық. Осы жолы бір шешімге келіп, соны іске асырмақ ойымыз бар. Ойларыңды бүкпей, біреуге жалтақтамай тура айтыңдар.

Кӛсем би. Жалтақтамай сӛйлейтін болсақ, бізді бұл жерден кім қуып жатыр? Қысы мен күзі жылы, суы мен оты мол, осы жерден артық қоныс іздеп қажеті не? Шотанның не ойлап жүргенін түсінбедім.

Сайқы би. Бізді бұл жерге Тәуке хан Алатау жақтан кӛшіріп алыпты дейтін еді ғой. Жұрт әлі күнге Алатауда «Мұңал ошағымыз» қалды, ата қонысымыз қалды деп әңгіме етеді. Солай ығысқан дұрыс болар. Жетісу жерінен, күпір болсам да айтайын, жұмағың да артық емес шығар.

Қосан батыр: Біздің елдің ұзақ жылдар қан тӛгіп қорғағаны осы жер емес пе? Осы жерге қорған болған елдердің бірі біз емеспіз бе? Олай болса осы жерде орнығамыз дағы. Менің жерім еді, босат дегеннің әуселесін кӛріп алармыз.

Сайқы би. Ау жас батыр! Шамала, басқалар қатты кетсе де сен қатты кетпе! Сені бұл жерге қазықтап тастаған жердің қасиеті ме, әлде ана қымыз құйып отырған қоңыраттың сұлу қызының ӛзі ме? Қайнағаларың келіп әй күйеу жұртымды босат десе, жаңағы сӛзіңді қайталай алар ма екенсің?.. Сенің батырлығыңды жоңғарлар мойындағанмен қоңыраттар мойындай қояр деймісің? Олар үшін сен бар болғаны күшік күйеусің.

Қосан батыр. Сайқы би, Сайқы би дегенге Сіз тым артық кететін болыпсыз ғой би аға!.. Мені емес, қасыңыздағы мүжіп үйренген Кӛсем құрдасыңызды қажай берсеңізші!.. Мен сіздің құрт жеп мұқалған тісіңізге қаттылау тиермін! Мен бұл жерде күшік күйеу болғанда, күшік күйеу атанбайтын жерім қайсы екен? Сілтеші жӛнін!

Сайқы би. Кӛрініп тұр. Үлкенді үлкен деп сыйламас, ағаны аға деп танымас томырықтың ӛзі болмасаң болар еді?

Page 152: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

152

Қосан батыр. Сайқы би! Би аты бар кісі аңдап сӛйлемес болар ма? Шоттың басын бассаң сабы маңдайыңа тиер демей ме?..

Туған жері осы болса, туған жерімде тұрамын десе ердің не жазығы бар екен?

Ӛзіңіз суына мейір қандырып, малыңыз отына қарын тойдырып жатқан жерді даттайсыз, жердің не жазығы бар екен?

Қолыңыздағы зереңге қайнағам еді деп ақ ниетімен ақ құйып беріп отырған келіннің не жазығы бар екен?

Кӛсем би. Пай, пай! Мына бала қалай тӛгеді! Қосан батыр. Сонша жылдан бері бірі күшік күйеу деп айтып

кӛрген жоқ еді, бұл елдің бір адамы, сол қоңыраттардың сіздің алдыңызда не жазығы бар екен?..

Кӛсем би. Әй сойды-ау! Пай, пай! Сайқы би. Жарайсың жас батыр! Әлің жетсе атаң да болса жық,

аясаң тұрғызып жібер деген екен. Аға деп те, би деп те ешкімді басындырма!.. Елге сендей жігіттер керек-ақ! Жарайсың!..

Әжібай. Осылай ғой, ата жолы. Аға інінің маңдайынан сыйпар болар. Тентектігін кӛтерер болар. Сондай ағаға іні де үйір болмақ.

Сайқы би. Дегенмен шырағым, біздің елімізге қазірдің өзінде халқы сыймай

жатқан бұл жерден көрі, Жетісу жақ пайдалырақ болар. Көп адамдар да солай деп жүр.

Әжібай. Бүгін бәрін айтыңдар, бүкпей айтыңдар.

Кӛсем би. ―Пәлен жерде пайда бар, барсаң пайда түгіл бақыр да жоқ‖ демеуші ме еді?

Қосан батыр. Бабаларымыз екі рет кӛшкен бір рет ӛртенгенмен бірдей деген екен. Соны да ұмытпаңдар.

Сайқы би. Апырым-ай мына батыр тақымдап қоятын емес қой!.. ―Жоңғар жоғалса, сол жақта жер босамай ма‖ деген дәме де мені сол жаққа жетелей береді. Жарықтық талай шарладық қой ол жерлерді.

Назар. Шұрайлы қоныс жақсы ғой, қазір қайырлы қонысты кӛбірек ойлайтын кез секілді. Тоғыс би. Аталарымыз осы Түркістан-Сауранға дейін Алатауды қоныс еткен екен дейді ғой! Алатауға қарай ойысқан дұрыс болар ма деп ойлайтындар да бар. Кӛбіміздің ата жұртымыз да, нағашы жұртымыз да сол жақта кӛбірек қалған секілді. Сайқы би де сол ойда секілді.

Қосболай батыр. Жарықтық Жетісуды жер жұмағы дейді ғой. Тек қана ол жақтағы ел бізді сыйыстыра ала ма, біз оларға сыйыса аламыз ба?

Кӛсем би. Сыйыспайтындай не бар? Жауларын жауласқан біз емес пе? Кектерін қуысқан біз емес пе? Ақтабан боп шұбырғанда пана болған біз емес пе?

Page 153: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

153

Сайқы би. Ел сыйысар-ау, Кӛсем би сыяқтылардың осындай тілі сыйыстырмайды ғой ел мен елді.

Кӛсем би. Ой, кӛкек! Нағыз кӛкек. Ӛз атын ӛзі шақыруын. Назар. Жас ӛспей ме, жарлы байымай ма демеуші ме еді. Қазақ

маңдайына ӛмір бойы аттың жалында, түйенің қомында ӛмір сүру жазылған деймісің? Елдің етек-жеңі ертең-ақ жайыла бастар. Елдің екі жүз жылдық соғыста кӛрген қасіретін екі жылдық бейбіт күн ұмыттырар. Сол уақытта дәулет те керек болар, сәулет те керек болар. Шотан Маңғыстау жаққа кӛшелік деп жүр ғой!..

Әжібай. Апырым-ай!.. Ойларымыз онға бӛлініп тұр екен ғой... Мен бір қортындыға келерміз деп дәметіп едім. Ойымызды бір салаға түсіре алсақ жарар еді. Жарайды, түс қайта тағы бір сӛйлесіп кӛрелік. Соған дейін бір-біріңмен ақылдасып, ойларыңның артық-кемін салмақтап қараңдар...

Орындарынан тұрысады.

Шымылдық.

Екінші акті 1 кӛрініс. Шотан батыр.

Қонақтар далада, ауыл сыртында жүреді. Қосан батыр

қолымен күн шалып, бір атты кісінің жедел келе жатқанын айтады. Қосан батыр. Біздің шолғыншы жігіттердің бірі секілді ғой. Шотан

батырдан хабар әкеле жатырған болар. Назар. Айтқаның келсін. Ие Алла!, бергеніңе шүкір. Әжібай. Билер мен батырлар аузы бірікпей, жан-жаққа тартып

тұрғанда әрі қол бастап батыр атанған, әрі сӛз бастап шешен атанған Шотан батыр пікірі керек-ақ болып тұр еді, бұл жиынға. Алла сәтін салғысы келген болар.

Кӛсем би. Шотан нағашыларының еліне, Жетісуға жетектейді дағы. Басқа не айтар дейсің.

Хабаршы сахнаға шығып кӛпшілікке сәлем береді.

Page 154: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

154

Хабаршы. Ассалаумағалайку-у-ум, ағалар! Шотан батыр

жасақтары жақындап келеді. Іштерінде Есекмерген батыр да бар. Кӛсем би. Жасағы несі? Ел шауып жүр ме? Бұлар қайдан келе

жатыр? Сайқы би. Қуанып кеттің ғой. Ел шауып келе жатса үлес алғың

келіп тұр-ау шамасы. Назар. Жаман сӛзді айтпаңдаршы. Шотан ӛткен жылы

Есекмергенді Үстірт пен Маңғыстау жақты барлап кел деп, қасына бір бала қосып жасырын ел асырып жіберген болатын. Енді ӛзі қасында ұстайтын жасақтарымен соларды алып келемін, Үстүрт пен Маңғыстау жерін кӛріп келемін деп кетіп еді. Содан қайтқаны ғой. Уәделі аптасына жетіп үлгерді.

Шотан батыр мен Есекмерген сахнаға шығады. Сәлемдеседі. Назар. Аман оралдыңдар ма, балам? Шотан батыр. Жақсы. Бәрі дұрыс. Сәтті сапар болды, әке. Әжібай. Есекмерген кӛптен кӛзге түспей кетіп едің. Жасырын,

арнайы шаруаға жұмсалған еді деп отыр ғой, Назар ағамыз. Шотан батыр. Би аға кешіріңіз! Ол сіздерден жасырын істелген

шаруа емес. Ел берекесін бұзбалық, қисықтар аузына сӛз салып бермелік деп шешіп едік, Есекмерген батыр екеуміз. Сосын, әлімсақтан ӛздеріңіз айта беретін Маңғыстау қандай жер екенін әуелі біліп алғымыз келгені ғой. Елге жақсы мекен, жайлы қоныс бола ала ма? Бола алмайтын болса, жұртты дүрліктірмелік деп ойладық.

Әжібай. Дұрыс болған. Назар. Есекмерген шырағым! Маңғыстаудың құланы мен киігі

малға жайылым бермейтін еді дейтін не сӛз екен? Есекмерген. Сол жердегі елдің малдарымен қосылып даланы

толтырып сол аңдарыңыз жайылып жүр. Малға да, аңға да, адамға да жер жететін. Құлан мен киік кӛз үйренген аңдар ғой. Ол жақта еш жерде кездеспейтін құбыжықтар мен кісі киіктер де бар ма деп қалдық.

Кӛсем би. Жыраулар жырындағы Маңғыстаудың құмдары тауларындай болады екен... Судан шыққан айдаһары асу бермейді екен деген аңыздары немене екен?..

Есекмерген. Аңыздардың бәрі рас па деп қалдық. Бұрын еш жерде кездеспеген талай ғажаптар бар секілді.

Тоғыс би. Адайлардың үш жүз алпыс әулиесі қалған мекені еді деген не сӛз екен?

Есекмерген. Ескі әулиелер бар. Халық аузындағы Ман ата мен Сисем атаны таптық. Бірі Үстүрттің астында, бірі Үстүрттің ернегінде,

Page 155: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

155

маңында тұщы бұлағы бар жерлерде жатыр. Аралары алыс емес. Түркімендер осындай қорымдардың бұрыннан бар екенін айтады.

Әжібай. Ол жерде мүрде басына қандай ескерткіштер қояды екен?

Есекмерген. Ертедегі ескерткіштерден ол жерде сақталғандары ӛзіміздің Азау даласында қойып жүрген құлпытастарымыз бен кереге тамдарымыз секілді.

Назар. Сонда, Маңғыстау деген қандай жер? Адам тіршілік етуге жағдай бар ма?

Есекмерген. Алатау мен Қаратаудай сарқырап ағып жатқан ӛзені жоқ болғанмен жіңішке бұлақтары бар, Кӛкшетау мен Сарарқадай шалқып жатқан жер бетінде тұщы кӛлі болмаса да жер астында тұщы суы мол секілді. Арқаның қысындай қақаған қысы жоқ, ызғырықта мал мен жанға пана болар ығы мен сайы мол жер екен.

Әжібай. Теңізі бар деген не сӛз. Есекмерген. Маңғыстаудың үш жағы шалқар теңіз. Ал құрлықпен

жалғастырар Үстірт дейтін дӛңіне он шақты ат жолы арқылы шығып-түспесең, кез-келген жерге жол сала алмайтын шың мен құз.

Қосан батыр. Жау жақындатпас қорған десеңші. Шотан батыр. Елін жауға бермес нағыз қамал.

Әжібай. Шотан батыр! Сені күтіп жатып мына ағаларыңмен біраз ақылдастық та. Ел тағдыры не болады деп сұрастырып та қарадық. Мынау тұрған жерімізде ұзақ тұра аламыз ба, алмаймыз ба деп ой тастадық. Енді ӛзіңді тыңдағымыз келіп тұр.

Шотан батыр. Менің бұл мәселе бойынша баяғыдан айтып келе жатқан бір ұсынысым бар. Мойындайтын да бір қисыным бар. Адайларға бұл жердің де, басқа жердің де, тіпті жұмақтың да қажеті жоқ деп ойлаймын. Мен бізді бес жүз жылдай күтіп жатқан ата-бабам күлдігін сағынамын. Жошы мен Батый заманынан бастап есіз қалған, мынау жұмыр қара жерде тіршілік пайда болғалы адай жұртына қасиетті мекен болған, сан мыңдаған жыл ата-бабамның сүйегі қалған атамның кӛң қорасы мен анамның үй тіккен қара жұрты қажет. Ұрпағымыз ата-баба аруағы желеп-жебеген кезде ғана, сол жердің киесіне айналған ата-ананың қасиеті қамқорлаған кезде ғана біз қабырғалы елге айналатынына сенемін. Ман бала-шағаны Үстүрттің ала қырына, Маңғыстаудың қара ойына жеткізу керек деп ойлаймын.

Шотан батыр қызына сөйлейді. Ау, ағайын! Ата-баба қара жұрты күтіп жатқанда басқа жер саған

Жерұйық бола ала ма!.. Әжібай. Сабыр, сабыр, Шотан батыр.! Шотан батыр. Қалай сабырлы сақтарсың! Бұл сабырмен

жайбарақат сӛйлейтін сӛз бе екен!?

Page 156: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

156

Мен он бес жасымда алғашқы ұрысқа дәл осы айда кіріп едім. Міне менің қырық жыл ӛмірім қырылған жаудың ӛлексесінен жиіркенумен, қаза болған бауырларымды жоқтап жас тӛгумен ӛтіпті. Бір күн бел шешіп, тӛсек рахатын кӛрмеппіз.

Тағы да даусын үдете түседі.

Ел қамы деген сӛз ауыздан шыққанда біз бен сіздей адам жайбарақат отыра алар ма!..

Әжібай. Сабыр, сабыр Шотан батыр! Назар. Балам хан мен биін құрметтеген, сұрағын екі еткізбеген

қасиет батырлықтың белгісі екенін білмеуші ме ең? Осы отырғандардың бәрінің де елі үшін қабырғасы қайысады, омыртқасы майысады.

Сайқы би. Әй Шотан! Маңғыстау кететін болсаң сен ана арқадағы ӛзіңнің атыңдағы Шотан кӛлге ие етіп мені тастап кет. Жұртта қалған жоңғар қатынын тауып үй болайын. Есіз қалған мал жиып бай атанайын.

Шотан батыр. Құрдас о не дегенің. Сенің мені тастап кет дегенің бар адайдың күлкісі мен кӛңілін тастап кет дегенің ғой! Жоқ, бізді сұрапыл соғыстарда аман сақтаған сіздей сӛзге кӛңілді, қайғыға жеңілді, мойымас жандар қылығы болатын. Қалдыра алмаймыз. О жақта да жаусыз болмаспыз. Саған әйелдікке міндетті түрде жау қызы керек болса, ол жақтың қалмағы мен қызылбасы бар жер екен. Жау бар жерде жесір мен күң болар. Олар болса саған қатын да табылар. Бізді күлкімізден айырма.

Сайқы би. Сояу қара басы қалған кісінің қатты күлгісі келеді екен. Соңғы кезде кӛп күлетін болып кеттім.

Кӛсем би. Бұның қатын таба алмай жүрген несі бар. Ӛзі ғой алмай жүрген. Ӛткен жылғы жоңғарлар бар малын айдап кетіп, бар жанын мерт еткелі ӛзгерді ғой бұ кісі мінезі.

Сайқы би. Жоқ, ӛзгерген жоқпын. Біздей адамға үй мен жайдың енді керек болатын реті бар.

Әжібай. Келістіңдер ме! Жақсы болды. Ниеттеріңді Алла қабыл етсін. Ал сонымен бүгін не тындырдық деп қайтамыз?

Біреулерің Алатауға оралсақ дейсіңдер. О да болар, алыс емес жетерміз. Бірақ ондағы ағайын құшақ жайып қарсы алмаса не етерміз?

Бұ жақта қалғанда Арқаны жайлануға, Сауранды сайрандауға шамамыз жетер ме екен? Әр тӛбенің басында ағайын жұрттың атасы жатыр. Әр кӛкіректе атасына оқыр батасы жатыр. Сонда біз солардың арасында жүріп не тындырмақпыз?

Шотан батыр. Дұрыс айтасыз, Әжібай аға! Біз Қырымда қыз ұзатпап па едік? Ұзатқанбыз!

Қызулана сөйлеп, бірте-бірте даусы жоғарылай береді.

Page 157: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

157

Біз Ұрымда ұл үйлендірмеп пе едік! Үйлендіргенбіз! Кеше ғана аталарымызға мәңгілік құтты мекен секілді кӛрінген

сол жерұйқтар бүгін қайда? Жаттың қолында. Енді олар біз үшін қайырсыз қоныс пен қайғыға толы естелік қана.

Біз Қап тауының етегін қыстап, қырқасын жайламап па едік? Бір қыратын адай шыңы атандырмап па едік? Жердің Жұмағы секілді емес пе еді? Қайда сол адыра қалғыр қоныстар?

Кӛсем би. Ой шіркін-ай! Шалдар аңыз етіп отырушы еді. Шотан батыр. Олар бізге құтты қоныс бола алмады. Бола алмады! Бола алмайтын да еді! Себебі біздерді желеп-

жебеп жататын ата-баба аруағы жоқ еді ол жерлерде. Ол жерлер біздерге Отан бола алмады. Себебі ол жерлерде

сіздердің әулие аналарың мен әулие аталарыңның кіндік қаны тамбаған жер еді.

Тоғыс би. Дұрыс айттың-ау Шотан батыр. Алыстан келген ұланды ошақ күліне аунатып алатын ата әдеті тек емес болар. Адам атасы мен анасының маңдай теріне шыққан жеміс дәмін татпай жер қадірін біле алмас. Бірақ қайда сондай жер?

Шотан батыр. Бар ондай жер, ол – Маңғыстау! Біз тек қана сол жерден бақыт пен береке таба аламыз!

Қосболай батыр. Кім білген? Байтақ елді бір кісі кӛріп келді екен деп, белгісіз жаққа елді бастап кету де қауіпті болар.

Шотан батыр. Қосболай батыр! Беріштерің Азаулы даласында «Беріш» атты қала салмап па еді? Салған!

Мына шеркештер сол жақтағы «Шеркеш» деген жұртта ӛсіп ӛнбеп пе еді? Ӛнген!

Қайда сол қалалар? Қайта сол қоныстар? Назар. Кешегі аласапыран күндері жан мен малды ойламадық.

Ол кезде елдің елдігін сақтап қалу үшін жанталастық. Содан барып бытырап жүрген елдің басы бірікті. Енді сол бірлікті сақтап қалуға тырысыңдар. Ал тыныштық пен бейқамдық – ол қазақтың ішкі жауы. Сақтанбасаң бейқамдық салар іріткі жау әрекетінен кем болмас.

Қосболай батыр. Жем мен Жайыққа, Үстүрттің үсті мен Маңғыстаудың ойына кӛшелік дейсіңдер. Ол жақтағы қалмақ пен түркімендер қайда кетеді?

Шотан батыр. Міне сондықтан да адайлар ата қонысын босату керек. Басқа қазақ рулары да ата қоныстарына бет алып жатыр.

Қосан батыр. Қазақтар қалмақпен кӛрші отыра алмайтын болар. Шотан батыр. Маңғыстаудан адайлардың кеткеніне бес жүз

жылдай уақыт болған екен. Түркімен бауырың жерді бауыр басып та қалған болар. Оларды түсіндіреміз.

Page 158: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

158

Назар. Енді жау жоқ. Жау жоқ жерде жанның да, малдың да тәттілігі арта түседі.

Шотан батыр. Анау Жетісу мен Қаратаудың да, тонау Ұлытау мен Шыңғыстаудың да тірі жүрген иесі бар, кӛмулі жатқан киесі бар жерлер. Енді берісі елу жылда, арысы жүз жылда Үйсіндер мен Арғындар Ұлытауы мен Алатауына, Ертісі мен Жетісуына сыймайтын елге айналар. Әжібай. Бұл сӛзіңнің жаны бар, Шотан батыр. Шотан батыр: Біздің желеп-жеберіміз де, құтты мекен боларымыз да 360 әулиелі Маңғыстау деген жер болар. Бетті соған бұру, маңдайды соған бағыттаған жӛн болар. Ата-баба аруағы желеп-жебеп жатқанда ғана жер елге құтты мекен бола алмақ, сүйікті отан бола алмақ!.. Тоғыс би. Ол жақта әлі қалмақ пен түркімендер тұрып жатса, алдымызда ұрыс күтіп тұр десеңізші?.. Кӛсем би, Бола берсін. Жоңғарды жосытқан қазақтың қаһары қалмақты қаймықтырмас деп пе едің?

Әжібай. Түркімен тұтасып жатырған ел екені рас. Бірақ түркіменнің кӛптігінен қорқып емес, түбі бір түркілігін сыйлау қажет. Олармен соғыссыз, ата қонысымызды иеленуге тырысып бағармыз.

Назар. Би аға, сіз де, мына билер де Шотанның сӛзін сӛйлеп бара жатырған секілдісіз. Соған бәріміз де кӛнеміз деген сӛз бола ма сонда?

Әжібай. Шотан сӛзінің жаны бар секілді. Біз енді бір күн мұрсат берелік билер мен батырларға. Ертең таңсәріде осы жерге жиналамыз да, шешім қабылдаймыз.

Бір күн бойы сӛйлесіңдер, түсінісіңдер. Ертең дайын жауаптарың болатын болсын.

Билер мен батырлар тарасады.

Шымылдық.

2 кӛрініс. Есекмерген.

Әжібай ауыл артында Есекмергенмен оңаша сӛйлесіп жатады.

Әжібай. Есекмерген шырағым, мен сені басқалардан бұрын

шақыртып алып тұрғаным, сені оңаша тыңдағым келді. Бір жыл бойы елсіз жерде ассыз-сусыз қосшы балаң екеуің қалай ӛмір сүрдіңдер?

Есекмерген. Ол жақта ел де бар. Су да бар. Ал ас дегенің бәрінен де кӛп. Аң мен балық, құс пен жұмыртқа дегендерің бір адамды емес, тайпалы елді де асырар еді.

Page 159: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

159

Әжібай. Түркімендер жай мәстәтіне жүрген кісілер ме, әлде биі мен батыры бар, ханы мен тӛресі бар ел ме?

Есекмерген. Ол жерде Хиуа ханына қарайтын түркімендер тұрады.

Әжібай. Онда мұсылмандар екен ғой. Есекмерген. Мұсылмандар. Әжібай. Сонда саны қанша? Есекмерген. Олар кӛп халық емес. Ернекті жағалап бір-екі күн

жүргенде жан кездеспейтін уақыттары болды. Ойға түскенде ауыл мен ауыл арасы атпен бір күндік жерлерде отырады.

Әжібай. Қаласы бар ма? Есекмерген. Қала салмайды. Біздер секілді кӛшіп-қонып жүретін

ел. Әжібай. Мылтық қаруы бар ма? Есекмерген. Бәрі болмағанмен ішінара мылтық ұстайтындары

бар. Әжібай. Сен олармен қалай сӛйлестің? Есекмерген. Түбі түркі ел екен, түсінісіп кеттік. Әжібай. Сен жүрісіңді қалай түсіндірдің? Есекмерген. Елден қашып жүрген қашқынмын дедім. Әжібай. Ал Маңғыстауды шӛл жер екен дейтін еді ғой. Су жағы

қалай? Есекмерген. Біз Шотан батырмен сырлас адамдармыз. Баяғыдан

бері жыршыларымыз бен ертекшілеріміздің айта беретін адайлардың ата мекені қандай жер екен, баралық. Аңысын аңдап кӛрелік дедік. Ол маған Маңғыстауда ел тұруға, мал ӛсіруге жарайтын жер ме екен, бақыла, барла деп жұмсап еді. Адам аштан ӛлетін жер емес. Арқар мен құланның, киік пен қарақұрық дегендерің жұрттың малынан кӛп. Даладағы қояны мен құсы да, теңіздегі балығы мен итбалығы да адамды аштан ӛлтірермейтін. Алла тағаланың адамға деп жаратқан несбесі мол жер ме деп қалдық. Ағып жатқан ӛзені, шалқып жатқан тұщы кӛлі жоқ болғанымен, жер асында тұщы суы мол секілді. Ерте кезде шымырау қазып, қырық, елу құлаш тереңдіктен тұщы су алып ішіпті.

Әжібай. Апырым-ай! Сенің есебіңе сенсек Жиделібайсын да, Жұмақ та сол жақта болды ғой.

Есекмерген. Бәрінен бұрын бабаларымыздың қонысы деседі ғой. Әжібай. Шотан сені ол жақтан қайдан іздеп тапты? Қалай тапты? Есекмерген. Сол жақта Сисем ата деген бабаларымыздың

қорығы бар екен. Сол маңайда боларсың деген. Бір-жар жылдан соң артыңнан ӛзім барармын. Сен аң аула. Жер таны. Түркімендермен таныс деп мені жұмсап еді.

Page 160: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

160

Әжібай. Артыңнан жылға жетпей барғаны, шыдай алмағаны болды ғой?

Есекмерген. Солай да болар. Әжібай. Ал сенің ӛз ойың қалай? Елді сол жаққа бағыттауға

болады деп ойлайсың ба? Түркімендер қандай ел екен? Есекмерген. Таныстық. Түркімендер де дәл ӛзіміз секілді адамдар. Ал Үстүрт үсті мен Маңғыстау ойы босына жатқан кең дала. Қанша ел барса да сиғыза алар байтақ ӛлке.

3 кӛрініс. Шешім.

Есекмергенмен сӛйлесіп тұрған Би ағаға Назар, Шотан, Қосан батырлар сәлем береді.

Назар. Би інім! Бүгінгі кеңестеріңді ерте бастапсыңдар ғой. Таңдарың қайырлы болғай. Әжібай. Назар аға! Қыдыр кӛрген қасиетті адамсың ғой. Мен бүгінгі шығар күннен үміт күтіп, атар таңнан тілек тілеп тұрмын.

Назар. Иншалла тілегіңді қабыл еткей. Әжібай. Жаратқанға жалбарынып, қате қадам бастырта кӛрме

деп жалынып тұрмын, Назар аға!.. Ӛзімді Шотан батырдың арманы адайларға тыныштық пен береке әкелер еді-ау деген дәме жеңіп бара жатырған секілді. Назар. Ниетіңді Алла қабыл еткей, шырағым!.. Біз де сол ойда жүрген жанбыз. Сүйегімізді ол жерге жеткізе аламыз ба, жоқ әлде жолда қалдырымыз ба, не де болса ниеттеніп жүрген жайымыз бар.

Әжібай. Шыныңды айтшы, шырағым! Елді Маңғыстауға кӛшірелік деген ойды саған біреу айтты ма, жоқ әлде ӛзің ойлап таптың ба? Қайдан шығарып жүрсің, Шотан батыр?

Тоғыс би шығады. Сәлемдеседі.

Шотан батыр. Дәл солай деп маған ешкім де айтқан жоқ. Мені

осы жолға бастап жүрген бабаларымыздың аңыздары мен жырларындағы, термелері мен дастандарындағы арманы ғой...

Әжібай. Дұрыс екен. Тоғыс би. Дұрыс болар. Жыршылардың сазында жан терберлік

бір сағыныш сарыны жататын еді ғой. Соларды сен Маңғыстауға деген сағыныш сазы деп түсінген екенсің ғой... Дұрыс, дұрыс болар...

Сахнаға Кӛсем би мен Сайқы би шығады.

Page 161: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

161

Шотан батыр. Мен бұл жӛнінде ұзақ ойланып, толғандым. Содан барып ӛткен жылы Есекмерген батырды Үстүрт пен Маңғыстау ойына жұмсадым.

Кӛсем би. Не дейді? Сайқы би. Не десін! Бұлар сол жақтағы сулар мен шұрайлы

жерлерді бӛліп алыпты. Белгілеп келіпті. Кӛсем би. Онда бізбен несіне ақылдасып отыр? Тоғыс би. Кӛсем би! Жұрт сӛзіне мақұлың аз болғанмен, ақылың

аз адам емес едің. Мен Шотанға сенемін. Осы мәселеде ауыздың бірлігі керек болатын реті бар.

Кӛсем би. Ӛзі біліп, ӛзі шешетін болса бізді несіне шақырыпты? Тоғыс би. Қарындасты қас етіп, бұралқыны бас етіп жүруге құмар

қазақпыз ғой. Дегенмен Шотан батыр тек қана ауызбен емес, қолымен де іс тындыра алатынын байқатып жүр.

Әжібай. Маңғыстау бос жатқан жер дейді... Бос жатқан жер болса түркімендерге де кӛрші керек болар, қорғаныш керек болар. Кӛрші керек болса кӛсілген аяғын жинамас па, ата заңын сыйламас па? Келісерміз! Мен сіздерге Шотанды қолдалық деп ой тастағалы тұрмын.

Шотан батыр. Біздер үшін Маңғыстау тек қана бос жатқан жер емес. Ол біздер үшін үш жүз алпыс әулие аталарымыздың сүйегі қалған жер! Біздерді сол үш жүз алпыс әулелердің аруағы шақырып жатырған жер!..

Қосан батыр. Шотан аға-ай! Осы сӛздеріңізді ел-жұртқа дұрыс жеткізе алса, Маңғыстауға кӛшуге қарсы болар жан табылмас деп ойлаймын!..

Әжібай. Шотанның жастай-ақ айтар ақылы, берер билігі ел-жұртының ойынан шығып, оған Шотан би атағын бермеп пе еді, елі!..

Тоғыс би. Кеше ғана жоңғар жауға қарсы үш жүздің қолын бастаған, тек қана адай емес қазақ халқының намысын қорғаған, сол үшін халқы батыр атағын берген Шотанымыз емес пе?..

Қосан батыр. Қазір ел қамын ойлайтын Шотанға тең келер кіміміз бар? Жұртым үшін жан пида деп, жанын ортаға салып жүрген жоқ па!..

Әжібай. Дұрыс, дұрыс!.. Қарындас бастан бірлігің кетпесін. Бірлігің кеткен күні жат пенен жауға кӛрсетер дәрменің де кететінін ұмытпа...

Сайқы би. Бәріміз де солай ойлап тұрмыз. Тек қана мына Кӛсем құрдас қарсы болмаса?!.

Кӛсем би. Жоқ, мен қарсы емеспін. Менікі қарсылық емес. Шотан батыр. Ағайынға айтыңдар! Түсіндіріңдер! Ойлансаңдар

етті! Адайлар қашаңғы халқы үшін қанын тӛккен батырларын кез-келген аты жоқ тӛбенің басына тастап кетпек?.. Ұрпағына үлгі боларлық абздарының басына барып бата жасай алмау деген не қорлық?

Page 162: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

162

Ӛзгелер қауымына жерлеп, ӛзінің атын қашаңғы ұмытпақ? Атасы мен анасынның атын есте қалдыра алмаса анадан туып не керек еді?

Атаның атына ие болып жүре алмаса адай атанып не керек еді? Әжібай. Бұл сӛзің рас, Шотан батыр. Сай сүйегімізді

сырқыраттың, шырағым! Бұл жиын сізді түгел қостады. Елге де айтармыз. Ел де қостар. Ал ендігі ойың қалай, соны түсіндірші бізге.

Шотан батыр. Сіздер қостасыңыздар енді әр ауылдан жігіті мол, жаны мол үйлерден алпыс үймен сол жаққа қозғалсам ба деймін. Ол жақтағы елдің бойын үйрете берелік. Араласа берелік.

Әжібай. Аз емес пе? Қосболай батар. Аз деп жатсаңдар біздің ауылдан да біраз үй

ала кетіңдер. Шотан батыр. Әжібай аға, біз кӛппен ол жақтағы тұрып жатырған

елді шошытпалық дедік. Алпыс үйге тоқтаған себебіміз сол. Екі-үш түтіннің артық кемі байқалмас. Айтып қалдыңыз ғой, Қосболай аға, ӛзіңіздің ауылдан екі үй, шеркештерден бір үй дайындаңыз.

Әжібай. Ел мен елдің арасына ат шаптырып, хабарын біліп отырамыз ғой.

Шотан батыр. Ал билер мен ағалар! Олай болса елді жинап батасын алалық! Біз алпыс үйді жолға дайындалық. Қосболай аға, бізге қосатын үйлеріңді біздің ауылға кӛшіре беріңдер.

Әжібай. Ал адайдың батырлары мен билері! Ал, Назар би! Мен астымдағы шұбар арғымағымды осы жолға құрбандыққа атадым. Енді мінілмесін. Бос жіберіңдер. Маған ат дайындат. Енді бір айдан соң жаңа жұртқа кӛшіп қон. Елді жинап, сол жерде қалың елдің батасын алалық!

Назар. Жаныңа балаған тұлпарың еді. Құрбандығыңды Алла қабыл етсін, Әжібай! Осы әңгіменің басы-қасында әуелден араласқан адамсың ғой, сол жиында ел жолына бата беретін де ӛзің боларсың...

Әжібай. Болсын. Болсын. Шотан батыр. (қолын көкке жаяды) Ей Алла! (Шотанның қолын көкке көтеріп тұрғанын байқап

басқалар да қолдарын жаяды) Ей Алла! Сапарымызды сәтті ете кӛр!.. Дауыстар: Амин!.. Амин!.. Амин!.. Ей Тәңірім! Маңғыстауымызға аман жеткізіп, еліміздің мәңгілік

мекені ете кӛр!.. Дауыстар: Амин!.. Амин!.. Амин!..

Ей құдіреті күшті Жаратқан!.. Маңғыстауды халқымыздың құтты қонысы ете кӛр!..

Дауыстар: Амин!.. Амин!.. Амин!.. Шымылдық.

Page 163: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

163

Ел тұтқасы Әкеме – іні, ӛзіме – аға, еліме – тұтқа бола алған Ӛтежан Алшынбаев

ақсақал туралы ой-толғау

«Тұтқа», «Ел тұтқасы» атты қазақтың қасиетті сӛздері ӛздерінің терең мағыналы, қасиетті ұғымдарымен маған тым ертеден таныс еді.

Студент атанған алпысыншы жылдары, бүгінгідей байланыс құралдары жоқ заманда, біз әке-шешемізге, ғашық қызымызға, достарымызға хат жазатынбыз. Алыстағы жақыныңмен телефонмен тілдесу – ол бір ерекше жұмыс болатын. 15 күн бұрын «Переговорный пункт» деген мекемеге барып сұраныс жасап, арызданасың. 3 минут, қаржыңды аямасаң 5 минут уақытқа шығынданасың. Белгіленген күні сол пунктте сен секілді кӛпшілікпен сарғая күтіп отырасың. Жолы болғыштар бар болғаны 2-3 сағатта шаруасын бітіріп, мәз болып кетіп бара жатады.

Жолымыз болып (3-4 сағат күтіп) тілдесе алсақ бақытты сезініп жатағымызға қайтатынбыз. Сӛйтіп сағынышты хат жаза жүріп, берген уәдеге берік, сезімге адал бола білдік. Оқуды да бітірдік. Шаңырақ та кӛтердік. Әке де атандық.

Немерелі болғанын естіген алыстағы әкеміз Маңғыстаудағы Жаңаӛзен қаласынан Алматыдағы баласына сәлем жолдап, немересінің атын «Тұтқа» деп қойсын деп ӛтініш білдіреді. Бірақ ата сәлемі бала-келініне де, немересіне де тым кешігіп жетеді.

Біздер, жас шаңырақ иелері, баламыздың туу туралы куәлігіне қоса берілген «Назарбеков Нұрлан, Алматыда туған» деген қола медаліне, әлемнің бас байлығына ие болғандай күнде қызықтап жүріп, кешігіп жеткен әке сәлемінің орындалмай қалғанына да онша қам жемеген секілдіміз. Ал әкеміз болса ауылда ӛмірге келіп жатқан тағы бір немересіне «Уақи» деген ат ұсыныпты.

Сол кезде бізге әке сәлеміне бейқамдық жасатқан жастықтың мастығы мен кӛкірек надандығы болса, екінші жағынан саясат бойға сіңірген жалған патриотизм сезімі де секілді. Енді ойланып қарасақ оқымаған әкеміздің жай шаруа бола тұрып «Уахи» сӛзімен ӛзінің әлемдік (діни түсінікте), «Тұтқа» сӛзімен (қазақи түсінікте) елдік дәрежеде ой толғағанын байқаймыз. О кісіні, ӛз ұлтын мақтаныш ете сӛз сӛйлеу түгілі ой ойлаудың ӛзі күнә саналған заманда, иман мен ұлт мәселелері толғандырғанына кӛз жеткізгендей боламыз.

Бір немересін «Уақи» атап, жаратушысын, пайғамбарын құрмет тұтпақ болса, бір немересін «Тұтқа» атап, ӛз ұлтына, ӛз шаңырағына деген қамқор сезімін сездірмек болған.

Жаны Жәннәтта болғыр Назекең бір немересін «Тұтқа» атандырып елінің мұңын мұңдасар қайырымды, жетім-жесірінің

Page 164: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

164

маңдайынан сыйпар ізгілік иесі, халқының қамын ойлар қайраткері болар ма екен деген арманын баршаға аян етпек болған секілді...

...Бізге «Тұтқа» сӛзі сол кезден бастап қадірлі еді, мағынасы қатты ойландыратын...

...Енді есейген шағымызда еліміз егемен ел атанды. Елімізден еліне тұтқа бола аларлық ер табылды. Кемеліне келген кемеңгер басшы басқарғанның арқасында, еліміз жедел қарқынмен ӛркендеп келеді. Жұртымызға келісім мен жарастық орнады. Біздер, қазақ елінің азаматтары, ӛзімізді бақытты сезінудеміз...

...Елге тұтқа бола аларлық қайраткер мемлекет дәрежесіне қандай қажет болса, жеке аймақтарға, тіпті шағын ауылға да соншалықты қажет екенін байқай бастадық. Оларды халқымыз «Тұтқа», «Ел тұтқасы» деп айдар тағып, дәріптеп жатады екен. Оларсыз ел ел бола алмайтын болса, ауыл да ауыл бола алмайды екен.

...Маңғыстау ӛңірінде туып, Тигеннің кермек суынан дәм татқан, Ақмыштың бал бұлағынан шӛл қандырған, бірде Итқара құмына табан терісін күйдірсе, бірде Қаратаудың тасына табанын тілдіре ӛскен, жетпіс-сексенінші жылдары Жетібай мен Ӛзеннің газ алауынан кӛз ала алмай қуанышқа кенелген, шалқып жатқан Каспий шалқарына ӛзімсіне сүңгіген біздей кӛпшілік маңғыстаудың жергілікті тұрғындары аталады.

Ал солардың Отаны – біздің Маңғыстауымыз! Қазақ елі Ресейге бодан кезінде Маңғыстау патша ӛкіметінің ӛз

бүлікшілерін жер аударатын қиян шеті екен. Біздің қасиетті Маңғыстауды сол жер аударылғандар «құдай ұмыт қалдырған жер» атандырыпты.

Бірақ Маңғыстау Құдай да, адам да ұмыт қалдырған жер емес еді. Ол тіпті Құдайдың сүйікті мүйісі болса керек, ерекше жаратыпты. Асты, үсті байлыққа толтырылыпты. Ажарын әлемде жоқ неше түрлі сән мен мәнге айналдырыпты. Маңғыстау – маңғыстаулықтар үшін, әлем кіндігі секілді қасиетті, ана келбетіндей сүйікті мекен!

Қазір Маңғыстау сӛзі әлем халықтарының құлағына Лондон мен Парижден кем таныс емес десем, тым асыра мақтанғандыққа жата қоймас...

Сонда бұл даңққа Маңғыстау қалай жетті? Ӛлкемізді дәріптетіп отырған теңіз асты мұнайы ма? Маңғыстау осы дәрежеге табиғи байлығының кӛптігінің арқасында

ғана жетіп отыр ма? Біз бұл сұрақтарға «жоқ!» деп сенімді түрде жауап бере аламыз. Маңғыстау ӛлкесі – әлемде теңдесі жоқ сұлу ӛлке! Маңғыстаудың жаратылысы қандай ғажап болса адамдары да

соншалықты ғажап жандар!

Page 165: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

165

Маңғыстау жері қаншалықты ӛрнекті болса, ӛнері де соншалықты ӛрнекті ел!

Маңғыстау осындай даңққа тек қана ӛзінің Алла сыйлаған қасиеттері арқылы, маңғыстаулықтардың ӛз жеріне сезінген махаббаттары арқылы жеткен!

Қазақ байтағын, батыстан соғар ызғарынан пана болып жатқандай, Маңғыстаусыз кӛзге елестету мүмкін бе!?

Қазақ жұртын Маңғыстаудың қолданбалы ӛнерінсіз, маңғыстаулықтардың жырлары мен күйлерінсіз елестету мүмкін бе!?

Қазақ халқының бас мақтанышы – қазақтың киіз үйін ӛз қалпында ұрпағына жеткізген де Маңңғыстау еді!

Кеңес ӛкіметінің саясаты ұлттық ӛнерге деген қысымын сәл босаңсытқан заманда, сонау жетпісінші жылдары, халқымыз бірден бас ӛнерлерінің бірі термесін еске алды. Сол кезде алғашқы болып жұртшылық құлағын елең еткізген, сезімдерін селт еткізген Сардарбек Қожағұлов жыраудың орындауында орындалған Қашағанның «Қу ағаш» атты термесі болатын. Бұл термені Маңғыстау елі бесіктегі баласындай мәпелеуші еді. Бұл терме ұзақ жылдар бойы сахнада айтылмаса да біздің елдің әр термешісінің таңдайында, тыңдаушысының құлағында сақталды. Ӛкімет айтқызбаса да жетпіс жыл бойы ұмытылмады.

Басқыншы саясат қазақ елінің ерлік дастандарын ұмыт қалдыруға тырысты. Бірақ Маңғыстау жыршылары ерлік дастандарын басқалар үшін жырлайтын сахна іздемеді. Қазақтың әр шаңырағы тек қана жыр жырлауға арналып салынған жыр күмбезі секілді еді. Бұл ғажап ғимраттар акустика заңына соншалықты үйлесімді болатын. Жыр тоқтықта да, жоқтықта да жырланып жатты. Дастандар айтылып жатты. Жұрт «Қырымның қырық батыры» атты дастандарды тыңдаумен таң атырды. Әр ауылдың ӛз жыршысы болатын. Жыршы, жыршыға ерген кӛпшілік әр күні кеште жыршыны шақырған үйде отыратын. Балалар түрулі іргеліктен жыр тыңдап жатып жетісетін. Елін, елін қорғаған батырларын сезіне ӛсетін. Сол кезде тиісті органдарға жеткізіп ұлтшыл деп, қазақшыл деп жеткізер тыңшылар болмапты. Ел тұтқасын ұстап жүргендер, Алланың рахымы түскірлер, жыршыларды ескі заманды сағындың деп, солардың жырын жырладың деп қудаламапты.

Қазақ халқы егемендігін жариялап, зираттық сәулет ӛнерін есіне түсірген шақта мыңдаған жылдар бойы Қазақ Байтағының тарихы іспеттес самсаған тас ескерткіштерінен ештеңе қалмапты. Тағы да бұл ұлттық ӛнерді Маңғыстау сақтап қалыпты. Ең соңғы күмбез 1928 жылы салынып, содан кейін тоқтатылса да Маңғыстауда Кеңес ӛкіметінің 70 жылдық озбырлық саясатпен басқару кезінде бір де бір күмбез құлатылмаған боп шықты. Елдің Шопан ата, Бекет ата секілді тарихи, рухани ескерткіштері, облысты басқарып отырған басқа ұлт

Page 166: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

166

ӛкілдерінен шыққан ауызша бұйрықтарына қарамастан, құлатылмапты. Жергілікті басшылар ондай саясатты орындауға құлықсыз болыпты. Орындамағандар қудаланбапты.

Егемендіктің арқасында қазақ ӛнері қанатын кең жайып, мұхиттардан да әрі асты. Осы заманда әлемдік жарыстарда бас бәйге алып қайтқан ӛнер туындылары «Адай» күйі мен Сүгір жыраудың термесі болса, олар да Маңғыстау тақырыбымен, Маңғыстау даңқымен ӛмір сүрген ӛнерлер болатын.

Маңғыстау қай заманда да ӛнері мен азаматтарына қамқор бола алыпты. Ӛнер иелеріне мемлекеттік дәрежеде шен-шекпенге қол жеткіздіре алмаса да маңғыстаулықтар кӛкірегінен орын алуға жағдай жасалыпты. Бұл үшін де ешкім жапа шекпеген. Жазықты болмаған. Қудаланған да, сотталған да ешкім жоқ.

Ойланып қаралық. Маңғыстаулықтар ӛздерінің қазақтық ұлт болмысын, ана тілін, ұлттық үрдісін бір шама ежелгі қалпында сақтап қала алыпты.

Осы ӛлке тұрғындары ӛздері туындатқан қазақтың ӛнері мен қолӛнерін бар қазақ байлығына айналдыруда біраз жетістікке жетіпті.

Мұражайлардағы зергерлік бұымдар мен киіз үйлер соның айғағы.

Ойдағысын ойланбай айтатын тарпаң жігіттерінің «танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын» дей алатын тентектігін, қажет кезде ойланбастан найзасына қол создырған ұлттық намысын, азаматтық асқақтығын әлі күнге сақтап қала алған. Сонда бұлар сол қасиеттерін қалай сақтап қала алды?

Бұл жеңіс кімнің арқасы? Осындай сұрақтарды оятқан ойлар менің қолыма қалам алғызды.

Бұрын екі кісі «е» дескенде, батырлығы мен байлығын салыстыратын. Ақыны мен шешенін алға тартатын. Мақтанарлық «Кімің бар?» дейтін еді ғой, бір-біріне. Біз де ӛзімізге «кіміміз бар, кіміміз болып еді?» дедік. Ойымызға билік басына жақын болып елге қамқорлық жасай алған, ел кӛңілінде жақсылық істері қалған біраз маңғыстаулықтар еске түсе бастады. Бәрінің де аттары ардақты еді. Барлығын да жерлестері мақтан тұтады. Осы мәселелер туралы ойлана отырып біз енді олар атымен мақтану аз екенін, олар туралы жазу да қажет екенін түсіндік. Жазып жүргендерге ӛз үлесімізді қоспақ болдық.

Осындай ойлар ӛз ӛмірімді, ержетіп елмен араласа бастаған кезден бермен қарай бір сүзіп ӛтуге итермеледі...

Кӛз алдымыздан талай тұлға елес беріп ӛтіп жатты. Солар ішінен біз алғашқы кейіпкеріміз ретінде ӛзімізге ұстаздық

еткен бір тұлғаны таңдап алдық... Бұл кісі қиын кезде Маңғыстау бидасының бір шеті қолында болған, халқымыздың мұңы мен зары жүрегінен ӛткен қайраткер тұлға болатын...

Page 167: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

167

...1958 жылы онжылдық оқуды аяқтаппыз. Біз Маңғыстау ауданында алғаш ұйымдастырылған, осы ӛлкеде жалпы оқып мамандық алуға мүмкіндік берген, алғашқы оқуда, жүргізушілік курста оқыппыз. 1959 жылы маусымның 11-ші жұлдызында куәлік алып, алғаш құрылған Таушық автобазасында азғана уақыт істеп, Маңғыстау аудандық партия комитетінде жүргізуші болып орналасыппыз...

...Маңғыстаудай байтақ елді басқарып отырған аудандық партия комитетінің жап-жаңа ГАЗ-69 машинасының жүргізушісі болу жас бала үшін мақтанарлық дәреже болатын...

...Осы жерде оқыған, білімді кісілерден тәрбие алып, адамдарға, жас жігіттерге артылар сенім түрлерімен таныс бола бастадық. Кісілік мектептен ӛткендей болдық...

...Шыны да солай. Мен елге адал еңбек етуді, ағаны аға тұтуды, үлкенді құрмет тұтуды сол мекемеден, сол мекемеде істеген кісілерден бойға сіңірген секілдімін...

...Маңғыстаулықтар Қазақстан елінің ең қиыр шетінде жатқан: темір жолы мен машина жолы жоқ, радиосы мен телефоны да түсініксіз, суы мен отыны да тапшы, ӛзен ақпайтын, егін шықпайтын жерде ӛмір сүретін. Бірақ олар ӛздеріне де, ӛз ӛлкесіне де ӛкпесі жоқ жандар болатын. Қажет болса елін қорғау үшін қолына найзасын алып зеңбірікке қарсы шабатын. Иса мен Досан солай еткен. Сондай кӛзсіз ерлік патша ӛкіметінен еліне кӛптеген жеңілдік алып берген.

Маңғыстау – ұшқыр ойымен, тапқыр тілімен жерін де, ӛзін де қорғай алған жандар Отаны. Кеңес ӛкіметі орнап, елдегі беделді адамдарды қудалай бастаған кезде Мәтжан би де тұзаққа ілінеді. Тергеуші әйел Мәтжанға әйел теңдігі жӛнінде сұрақ қояды, сол арқылы айып таққысы келеді. «Ерлердің әйелдерден несі артық?» дейді. Сонда Мәтжан би «Сен жылына екі рет бала туа аласың ба? Мен жылына екі рет бала туғыза аламын ба?» деп, әлгі тергеуші әйелге қарсы сұрақ қойған екен. Тергеуші әйел осы тапқыр сӛзі үшін оның ісін жеңілдетіп, еліне қайтарған...

...Маңғыстау сондай азаматтарының арқасында Маңғыстау! Сол кісілердің ерен ерлігі мен еңбегі елді ел етіп ұстап келді... ...Патша ӛкіметіне қарсы 1870 жылғы Иса-Досан ұлт-азаттық кӛтерілісі, Кеңес ӛкіметіне қарсы бірнеше «Адайлар кӛтерілісі», 1988 жылғы «Жаңаӛзен ереуілі» секілді қозғалыстар халқымызға тәуелсіздік пен ұлт намысы атты қасиетті ұғымдарды еске салумен болды. Халық болмысын сергек ұстауға қалыптастырды...

...Осындай тӛңкерісшіл мінездерінің әсерінен Кеңес ӛкіметі Маңғыстау аймағына бірінші басшыларды басқа жақтардан қойдыратын еді. Үшінші, кейде екінші дәрежедегі басшылар ғана жергілікті адамдардан таңданылатын...

...Солардың бірі Ӛтежан Алшымбаев аға болды!

Page 168: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

168

...Ӛтекең, мен оларға жүргізуші болып орналасқан кезде, Маңғыстау аудандық партия комитетінің хатшысы (бірінші емес) еді.

Біз Ӛтежан ағаны сол 1960 жылдан бері білеміз. Біз білген осы елу жыл ішінде алғырлығы мен саясаткерлігі арқасында, білімі мен ӛнері арқасында Ӛтекең ӛз елінің шылбырынан қолын босатқан жоқ. Ӛтекең ұстаған шылбыр халқының тынысын тарылтпады, Ӛтекең ұстаған қамшы халқының сауырына батпады.

О кісі тек қана әкім емес еді, ол халқының ақылшысы да, ел ӛнерінің қамқоршысы да бола білген кісі. Шешен де ойлы сӛйлейтін Ӛтежан аға басқа ӛнерлерден де құр болмайтын. Ӛтежан аға алдымен ақын болатын! Сәттіғұл ақын ӛлеңдерін әуелі Ӛтежан ағаға оқып, пікірін біледі екен деп еститінбіз. Ӛтекең ақындық қаламын жасы тоқсанға келген бұл шағында әлі қолынан түсірген жоқ. Ол тек ақын емес, ӛнер зерттеушісі, сарапшы да болар, асылы. Бір күні машина ішінде келе жатып қасындағы кісіге (кім екенін ұмытыппын) Қуандық Шаңғытбаев деген ақынның бір ӛлеңін жатқа айтып, таңдана, әсерлене талдап келе жатқаны есімде қалыпты. Ӛтекеңнің «Қуандық ақын тамаша лирик қой» деп тамсанғаны есіме түсіп отыр. Мүмкін, кейін ақын атанған бізге, ӛлең оқудың адам жанына керектігі, оқып қана қоймай әр сӛздің дәмін ала бойға сіңіру қасиеті (егер бізде жеткілікті дәрежеде бар болса), асылы Ӛтекеңнен жұққан болар ма?..

...Біз білетін Ӛтекең жас болып кӛрмеген секілді. Жас жігіт кезін Ұлы Отан соғысының арпалысымен ӛткізген ол, еліне бірден ержетіп оралған секілді. Қалай жас болсын? Жастық қызығын қызықтатар заманы болды ма? Тӛңкеріс, оның соңынан ел басына түскен зауал жылдар, соған іле-шала жалғасқан соғыс, шыбындай қырылып жатқан замандастарының тағдыры, осылардың барлығы ойлы кісіні жастық жайбарақтықтан ересектік сергектікке бірден кӛтеріп тастаған болар. Басқа түскен заман ойраны мен ӛкімет озбырлығы талай-талай ойларға да жетектемеді деймісің?

...Біз білетін Ӛтекең қате басып та кӛрмеген болар. Олай істеуге қақысы да болмаған секілді. Туған жұрты ӛкіметтің қаһарына ұшырап, бұл елден басшылыққа адам ұсынылынбасын деп қаулы шығарып, ұзақ жылдар бойы кім қашан қате қадам басады деп аңдып отырған айдаһардың аузында ӛмір сүрген жанға бір қадам қате қадам басуға бола ма...

...Біз білетін Ӛтекең байлыққа да қызықпаған секілді. Түркіменстан құмдарынан Астархан мен Атырауға дейінгі, Каспий теңізінен Арал теңізіне дейінгі кең алқапты мекендеп жатқан бауырларының ӛз малын ӛзі азық ете алмай, тіпті аңына дейін аулауға тыйым салынған заманда бір шаңырақтың емес тұтас елінің аш құрсақ ӛмір сүрген кезі де оның кӛз алдында ӛтіп еді.

Page 169: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

169

Бір отырыста бір бойдақтың етін жалғыз ӛзі түгел таусып кете берер ерлерінің бір тойынып тамақ іше алмағаны ойлы кісінің жанына батпады деймісің?

Қыз-келіндерінің, апа-жеңгелерінің йіндері бір бүтінделмей, жыртық күпімен ӛмірін ӛткізгені оның жанын жараламады деймісің?

Азамат ретінде талай рет жанын жаралаған, ел басшысы ретінде талай рет арын да азаптаған болар, бұндай жағдайлар, Ӛтекеңнің.

...Басқа жұрт жаппай жоғары білім алып жатырғанда қиян шетте қалған бұл ӛлкенің не бір талантты жастарының қой соңында жүруі ел басшысының санасына салмақ түсірмеді деймісің?..

...Санай берсе ел басынан не ӛтпеді...

...Бұтын отқа қақтап шыт-шыт болған жас сәбилер...

...Ас сұрап шырылдаған нәрестесінің аузына ӛзінің аштығынан кеуіп қалған емшегінен ылғал шығара алмай қосыла жылаған жеңгелері мен келіндерінің кӛз жасы...

...Ӛз елінде жүріп ӛгей бала тағдырын тарту...

...Және осылардың барлығына ӛзін жауапты сезіну...

...Ӛтекеңе ӛмірден осындай сыбағалар тиді. Ол бар ӛмірін ел тағдыры толғантуға тиіс басшылық қызметтерде болды. Ол бар ӛмірін халқымен бірге ӛмір ауыртпалығын арқалай жүріп ӛткізді. Ӛтекеңе сол жүктерді кӛпшілікпен бірге арқалай жүріп, әрі солардың жұбатушысы болу жүгі, қамқоршысы болу міндеті қоса жүктелді...

...Біз ӛз ошағымыздан бір мысал келтіре кетелік...

...Маңғыстау елінің 1960 жылдардан бастап жағдайы түзеле бастаған болатын. Жетібай мен Ӛзен мұнайы халыққа киім болып иығына жабылып, нан болып қарнын тойғызып, ақша болып қалтасына құйылып жатты. Шаруалар алдына да азды-кӛпті мал айнала бастады.

Біздің әкеміз сол жылдары «жылқылы бай» атанып, Жаңаӛзен қаласы маңында тұратын. Мал ӛкімет ұрқсат еткен мӛлшерден кӛп болмауға тиіс. Тіркелген малға шаруа «ет салығын» тӛлейді. Ӛкіметтің ет жоспарын орындау басшылар үшін заң.

Ӛтежан Алшынбаев секілді ойлы басшылар жекеше мен ӛкіметтің қамын жарастыра ойлайтын. Бір жолы әкемнің Ӛтекеңнің сұрағы бойынша (Жаңаӛзен қаласының жоспары орындалмай жатса керек) екі тоннаға жуық ет тапсырғанына (үш жылқы, бір түйе) куә болып едім. Ӛтекең әкеме ризашылығын білдіргенде «бұл малдар сіздердің арқаларыңда ӛсіп, кӛбейіп жатыр. Милицияңды жіберіп, күнде қоқаңдап отырсаң мал түгілі бас қайғы болар еді. Қайта сіздерге рахмет, жерге ие, елге тұтқа бола алдыңдар» деп жауап қатып еді.

Жаңаӛзен маңында үш ұлы бірдей істейтін әкеміз біраз мал ұстайтын. Ол кезде шаруаға жұттан кӛрі ӛкіметтің заңы қауіптілеу болатын. Кӛп мал ұстауға тыйым салынған. Заңды орындау жергілікті

Page 170: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

170

ӛкімет адамдарының қолында. Ӛтекеңнің қолында. Менің әкем секілді азды-кӛпті малы бар жекешелер, малы жоқ таныстарының аттарына жаздырып, ӛкімет заңын айналып ӛтіп жататын. Ӛтекеңдер соған жол беретін.

Екінші рет «ел тұтқасы» деген сӛзді мен әкемнен сол кездерде естіппін. О кісінің түсінігінше ел билігі Ӛтекең секілді кісілер қолында тұрғанда ӛкімет қаһары да, заң қаттылығы да, заман да қауіпті емес екен. Заңды да, заңнан ауытқушылықты да ақылмен басқара білсе, билік басындағы қайраткер ӛнері сол екен...

...Сондай жандар «Ел тұтқасы» аталады екен...

...Ӛмір бойы халқынан да, ӛкіметтен де бір ауыз қарғыс естімей, бұ жылы тоқсанына жеткен Ӛтекең ел басқару саласында, асылы, ӛте ӛнерлі жан болса керек...

...Қазақ байтағында кейбір «ұр да жық» басшылардың «анау Мағжанның ӛлеңін оқыпты, мынау Бұхардың сӛзін тоқыпты» деп айыптап, талайды жер аудартқан мысалдары бар...

...Маңғыстау жерінің ескерткіштерінің де, сан қырлы ӛнерінің де қаймағы бұзылмай мынау егемендік заманымызға жеткенін біз мақтан тұтамыз. Олар енді қазақ болмысын қайтадан қалыптастыруға ӛз үлесін қосып жатыр. Әулиелі жерді бір кӛріп қайтуға, Бекет Ата секілді киелі баба басына соғып рухани тазарып қайтуға бар қазақ баласы ниетті.

Бұл құбылысты біз тегін нәрсе деп ойламаймыз. Халық мұрасын, ел киесін Алла тағаланың алғашқы берген қалпында ұстап тұрған, сақтап қалған бір күш бар болғаны.

Сол күш, сол кие Ӛтежан Алшымбаев секілді халық арасынан шығып, халықтың мұңы мен қасіретін қанып ішкен, ӛз басына халық мұқтажынан басқа ештеңе іздемеген асыл азаматтарының еңбегі деп ойлаймыз...

...Маңғыстау кеңес заманы кезінде бұрын ақыны болмаған ел секілді еді. Баспа беттерінен, радио, теле хабарларынан маңғыстаулық бір де бір ақынның аты аталмайтын. Тек қана кӛздері тірі болғасын Сәттіғұл мен Түмен ақынды ел амалсыз танитын.

Сәтекең Ӛтежан ағаға келіп тұратын, ұзақ әңгімелесетін. Бір жаққа барғысы келсе Ӛтекеңнен «Маған Сайынды берші» деп мені сұрап алатын. Мен соны мақтаныш ететінмін.

Ӛтекең жан-жақты ӛнерлі адам. Сондықтан болар барлық ӛнерлі адамдар тек қана Ӛтежан ағаны жағалаушы еді. Маңғыстау жеріне танысуға келген Тӛлеген Айбергенов пен Шәмші Қалдаяқов секілді азаматтар ӛмір бойы Ӛтекеңді ағалап ӛтуі тегін емес.

Жасы тоқсаға келгеніне қарамастан қолынан ақындық қаламын әлі күнге түсірген жоқ. Сезімі әлі күнге жүректен жыр туғыза аларлық, ойы проблемалық мақалалар туғыза аларлық дәрежеде. Ӛтекеңнің

Page 171: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

171

домбырада жақсы ойнайтынына талай рет кӛзіміз жеткен. Жұрт аузында Ӛтекеңнің домбырасы туралы бір әзіл әңгіме бар.

Ӛтекең үйінің тӛрі қонақтан босамаған үй. Бір күні қонақтарының кӛзінше бір баласына (Қай ұлы екенін ұмытыппын. Ӛтекең мен Ақзер жеңгеміз шаңырағында жалпы саны ош шақты асыл азаматтар мен кӛрікті қыздар ӛмірге келіп, әдемі тәрбие алып шықты. Бәрі де ел азаматтары атанды): «Ұлым, домбыраны алып берші. Мені де бір рет реті келгенде жұмсарсың» -- депті. Сонда әлгі ұлы: «Әке, жұмсағаным болсын, домбыраңды ӛзің ала салшы» -- деп, отырған қонақтарды күлкіге қарық қылса керек. Осы бір мысал әңгіменің ӛзі Ӛтекең шаңырағындағы жарасым туралы толық хабар бергендей.

Маңғыстауды жан-жақты «ӛнерлі ел», «ӛрелі ел» деп бағаласақ, және оны бір кісі бейнесі арқылы кӛз алдымызға елестетуге тырыссақ, мен Ӛтекең арқылы байқап кӛрер едім...

...Ӛтекең – ақын дедік! 1961 жылы Ӛтекең (жүргізушісі мен) Ақтауға жолға шықты.

Таушық пен Ақтау арасы 100 шақырым. Жол жоқ. Әркім білгенімен, кӛргенімен тауып барады. Күн тұман, бұлыңғыр болатын. Шатқа жеттік. Мен оң жақ бетке қиыстай бұрыла беріп едім, Ӛтекең басқа жолды нұсқады. Мен ӛз жолымның дұрыстығын дәлелдеуге тырысып жатырмын. Сол кезде Ӛтекең:

Батыр Сайын, Ер Сайын, Шатқа келіп шатасты. Жол мынау деп менімен, Қайта-қайта таласты. Он шақырым, мал қора, Тонау тұрған жар асты. Жас жігітке Сайынжан, Үлкенді тыңдау жарасты... Ӛтекең рахаттана күліп алып,

шұбыртып ӛлең жолдарын айтып жатыр, айтып жатыр. Менің есімде осы жолдары ғана сақталып қалыпты. Маңғыстау – бұ заманда әр сӛзі алтынға бағаланып жатқан Абыл, Нұрым, Ақтан, Қалнияз, Аралбай, Қашаған секілді ондаған, тіпті жүздеген ақыны бар ӛлке екен. Бұл ӛлке ақындарының бір ерекшелігі аузына әуелі Алласы түсетін, сӛз ішінде діни ұғымдарға кӛбірек мән беретін болса керек. Діни білімдерін бір-бірімен жарыстыра, ӛмірлік кӛз қарастарын танытып салыстыра отыратын ақындар. Сол себепті Кеңес ӛкіметі кезінде біздің ел ақындары жырланбады, оқылмады. Оқулықтарға кіргізілмеді. Халықтың тас ӛнері мен қолӛнері қажетсіз шаруаға саналды. Бірақ қазақ халқы «Ел тұтқа» деп аталатын азаматтарының арқасында Ұлы Жаратқан сыйлаған ӛнері мен қасиеттерін сақтап қалыпты.

Page 172: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

172

Енді міне, қазақ халқы Ӛтекең секілді қамқар жандар арқасында ӛнері мен еңбектері құрдымға кетіп қалмай жас ұрпағына табыстап жатыр. Бұндайда қазақ «ӛлген тірілді, ӛшкен жанды» дейді. Ендігі кезек жастар, сіздердікі!

Ӛле жаздағандарды тірілтіп алыңдар! Ӛше жаздағанды лаулата беріңдер, жастар! Ол үшін сіздерге, тек қана, ата-баба үрдісін сағынар, ата-баба

аруағын құрмет тұтар жүрек керек! Ол үшін сіздерге, тек қана, ӛзім дегізер ӛзімшілдіктен елім дегізер

кӛсемшілдік қажет! Ӛтекеңдер, Ӛтекең аға секілділер ӛз шаруасын абыроймен жақсы

атқарды, енді тек қана солар жолын жалғасыра беру, дамыта беру – жастар сіздердің міндеттерің!

Рахмет сізге Ӛтеке! Рахмет сіздерге, Ӛтекеңнің замандастары! Іске сәт, жас ұрпақ!

Айсәуле ана Айсәуле анамыз еске түскенде мен Ұлы жаратушыға сондай адам жаратқанына бола рахметіңді аямай, о кісінің ӛзімнің анамдай болып кеткеніне бола тағдырым мен Тәңіріме риза бола, ішімнен бұ кем дүниедегі кӛп кемдіктің біразының орны толып қалғандай болып, қанағатшылдық сезімге бӛленіп қаламын. О кісіні анамдай сезініп кетуіме себептер кӛп болып еді. Сол кӛптің біреуін есіме алғалы отырмын. 1989 жылдың қазан айының оны күні (дәлірек айтса түні) болатын. Мен Алматыдағы онкоинституттың ауруы едім. Операцияға дайындап жатты. Қараңғы түсіп кеткен мезгіл. Айсәуле анамыз Әбіш пен Кларасын ерітіп келіп тұр екен. Мені кӛргенде «Жарығым-ау, саған не болды» деп жылап жіберді. Сол «жарығым» деген сӛздің жылылығын мен әлі күнге сезінемін. Сол кӛздің жасы менің бұл ӛмірге керек екенімді сездіре, тіршілік үшін таласуыма қуат берді. «Саған не болды» деген сӛзде Айекеңнің (Айсәуле анамызды кӛпшілігіміз Айеке дейтінбіз) маған деген сенімі жатыр еді. Ол кісі мені басқалардан мықтылау, батырлау, ерекшелеу деп ойлайтын. Ананың сол маған таңған қасиеттерін ӛз бойымнан табуға мен де аз еңбек етпедім...

Page 173: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

173

Адам пенделердің бәрі де «Тіршілік» атты Ұлы Жаратушының ең ғажап, ең қымбат сыйлығына, ӛмір сүру құрметіне ие болып жатады емес пе. Бірақ сол құдірет барлық пендеге әлгі сыйлығын бірдей етіп бере салмайтын секілді. Құдірет адам жарату ісін кӛбіне «қалай болса солай» түрінде домдай салса, ал кейде ерекше дайындық арқылы кірісетін секілді. Сӛзіміз дәлелді болу үшін бір мысал келтірелік... ...Буддистердің бір атақты ламасының қызын тағдыр қазақ халқының ең бір текті тайпасының жігітіне жар етеді. Содан жеті ата сұрыпталып келген, екі елдің әулие тұтқан ұрпақтарының жалғасы тағы да бір қазақтың текті ауыл қызының құрсағында түсіп, болашақ жан иесі пайда болады. Солайша ӛмірге келуіне дайындық жасалған жан иесіне, біздің қазіргі замандасымыз, заманның заңғар жазушысы Әбіш Кекілбайұлына, жан сыйлаушы Ұлы Құдірет еңбегінен үріп жан кіргізеді, тіршілікке әкеледі. Ол қасиетті ана – Айсәуле анамыз еді. Айсәуле анамыздың ұлы жалғыз болады. Содан барып Әбіш әуелі ӛз шаңырағында ең бір қадірлі, ең бір сүйікті тұлғалығын сезініп, мойындап ӛседі. Ӛйткені оның қабілеттілігі, дарыны, табиғи жаратылысының ерекшелігі тым ерте, бала күнінен белгілі бола бастайды. Апалары да, қарындасы да, ауылдастары да оны жас басынан ерекше құрмет тұтуды әдетке айналдырады. Әрине Әбішке жалпы жұрттың жастай пейіліне Айсәуле ананың баласына деген ықыласы да әсер етері сӛзсіз. Анасының жалғызына деген махаббаты тым ерекше болады. Жасы жүзге жетіп, ӛмірімен, бүкіл жарық дүниемен қоштасқалы жатқанда Айсәуле анамыз келіні Клараға, шӛбересі Абалға алпыстан асқан баласын аманатқа тапсырып: «Әбішжанды ӛкпелетпеңдер» деп, ӛсиет айтқан екен. Айсәуле ана туралы қысқа естелік жазбаққа отырғанда, біз о кісінің аузынан шыққан, бұ дүниедегі аузынан шыққан ең соңғы сӛзін еске түсіріппіз... Бұл екі сӛзден тұратын ең қысқа сӛйлемде: жалғызы үшін ӛмір сүрген аналар мінезі, бар қуатын сарқа жұмсар ерліктің үлгісі, ант иесінің айнымас тазалығы, махаббат деген сезімнің айнадай кӛшірмесі, табиғаттың анаға берген ерекше адамсүйгіштік қасиетінің мӛрі жатырғандай... ...Айсәуле ананың ӛз аузынан естіген, кейін Әбіштің ӛзіне оқып берген, осы естелігімізді біз Айекеңнің ӛз жұбайы Кекілбай туралы естелігінен басталық... ...Кекілбайға да ӛз заманының қалыптастырған заңы бойынша, қалыңдық айттырылады. Қалыңдығы текті тұқымның Күнсәуле атты кӛрікті қызы екен. Кӛшіп-қонуды әдетке айналдырған бай ауылдар

Page 174: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

174

Маңғыстау ойынан Жем, Сағыз, Мұқыр, Түзтӛбе ӛлкелеріне дейін жайлап, қыста ӛздерінің жылы қоныстарына оралады. Кеңес ӛкіметі тұсында Қаратаудың ең бір салқын самалды жері Онды аулында тұрақтайды. Отызыншы жылдардың соңында Таушықта ӛндіріс ашылып, ауыл-ауылдан кӛмір қазушы шахтер іздегенде Кекілбай Ондыдан Таушыққа кӛшіп келеді. Жаратылыстың ғажап туындыларының бірі Қапы аңғарының орта шенінен жер үй қазып алып, ауыр жұмыс жемісімен бала-шағасын асырайды. Соғыс басталысымен соғысқа кетеді де оралмайды. Қазақ халқының ең бір қасиетті қара шаңырағына Айсәуле ана ие болып қалады... ...Байдың қызы, бай баласына айттырылып, атақты ауылға келін болып түскен Айсәле анамыздың ӛз болашағынан барлық жеңілдікті, барлық адам ие бола аларлық бақытты күтуге қақы бар болатын. Бірақ тағдыр бұ кісіге адам баласына тиесілі ӛмірдің ең бір ауыр жақтарын, адамдық қасиеттерді сынға салар ең бір қиын жүктерін арқалатыпты. Отызға толмай жатып жарынан айрылады. Шиеттей тӛрт баланы асырау үшін жер астына түсіп кӛмір қазады. Кейін ӛз аулына, Ондыға, кӛшіп барады да, ӛмір бойы еңбегіне ақы алмай, колхаз қамытын тартады. Бірақ басқа түскен бақытсыздықты да, арқаға түскен ауырлықты да Айсәуле ана кӛтере біледі. Оның ерінбей-жалықпай ілгері ұмтылуына себеп те бар болатын. Ана Әбішін сүйетін, Әбішіне сенетін. Ол жалғызының болашағынан үлкен дәмелі еді. Дәме алдамады. Әбіші оқу бітіріп, ат жалын тартып мінгелі қалған жарты ӛмірін еш пенде кӛрмеген құрметке бӛлене ӛткізді. Жақсы келін тап болды. Ӛмірден де солай ӛтті. Анасынан айрылған күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қайғылы жандарға кӛңіл білдіре келіп: «Қожайын-ай!.. Алпыстан асқанда анаңнан айрылып, жаның қиналып тұр ма?!» – деген екен. Ӛз анасынан ерте айрылған Нұрсұлтан Әбішұлының «қожайын-ай» деген сӛзінде ӛз анасына деген сағынышы сезілетіндей, «жаның қиналып тұр ма» деген сӛзінде Әбекеңе деген аянышы сезілетіндей... Осы арада еске түсіп отырған тағы бір уақиғаны естірте кетелік... ...Дінмұхамбет Қонаевтың Әбекеңе ӛзі берген Алматы қаласындағы Марков кӛшесіндегі бес бӛлмелі пәтерінің екі бӛлмесі біріктіріліп үлкен зал жасалынды. Залға отыз-қырық адам сыятындай стол қойылды. Алғаш дастархан жасалынып, отбасы, жақын-жуық дастарханға жиналды. Жұрт асқа шақырылды. Сол кезде Әбіш анасын қолтықтап сәнді кресло жанына алып барып еді. Қысқа ғана кіріспе сӛз айтып, анасының ӛткені мен жеткенін еске түсіріп: «Үлкен Кісі! Ендігі жерде мынау сіздің орныңыз. Бұл шаңыраққа ардақты азаматтар мен құрметті хандар да қонақ болуы мүмкін. Бірақ кім келсе де мына орын

Page 175: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

175

сіздікі, енді орныңызға ие болыңыз!» – деген еді. Содан бастап кӛп қонақтың ішінде Айекең қарқарадай жаулығымен, Алатаудың Хантәңірі шыңындай боп, ерекше сәнді кӛрініп, сол стол басында отыратын. Отыруға жалықпайтын. Қонақтармен бірге отырып, бірге кӛтерілетін. Айекең ӛмірі – Қазақ халқының бір ғасырлық тарихының символі секілді еді. Ол кісі бәрін бастан ӛткізді. Ғасыр басында байдың қызы боп ӛмірге келді. Бай баласына айттырылды. Біз бұл арада байлар еді дегенде олардың мал байлығына жан байлығын да қоса ойлап отырмыз. Екі жағы да тектілер тұқымынан болатын. Жас келіннің келген жерінде ӛзі аттас енесі болады да, ӛзіне әкесі қойған Күнсәуле атынан айрылып қалады. Абысындары Күнсәулені Айсәулеге ауыстырып береді. Айекең қатыгез заманға тап болды. Әкесі де, келген жері де тәркіленеді. Қанағат пен тӛзімді, қайрат пен шыдамды ӛзіне серік етіп алған, рухани қуатты жан, қайғы мен қасіретті де, аштық пен жоқтықты да жеңе білді. Айекең ешкімге жалынбай ӛмір сүрген жан. Оның жалынғаны адал жүрегі, жалықпас еңбегі болатын. Жалғыз арманы, жалғыз мақсаты болған секілді: ұлын жетімсіретпеу, ел қатарлы азамат қатарын қосып кету. Мен Айекеңмен жиі сӛйлесіп, кӛп сырласатын едім. Әбіштің ерекше жаратылған жан екенін жастай байқадым да, Айекеңнен Әбіш туралы кӛп сұрастырдым. Қазақта еті сенікі, сүйегі менікі дейтін бір мәтел бар ғой. Сол айтқан, Айекең де ӛз тӛркіндерін ұлық тұтатын. Әбіштің ерекшелігінің бастауын ол кісі ылғи ӛз тӛркіндерінен іздеп отырар еді. Сондай кезде аз күн жары болған марқұм Кекілбайға да кӛңілі толмай: «Ол домбыра тартып, ән салғанға, ауыл аралап серілік құрғанға мәз болып жүретін. Үй шаруасына қырсыз адам еді» – деп еске түсіретін. Кейде: «Әбіштің шаруаға қырсыздығы әкесінен аумай қалған» – деп, Әбішті әкесіне де ұқсататын. Бірақ істесе қолынан іс келетін. Қамшы ӛретін. Әбіштің бесігін ӛз қолымен жасап беріп еді... Кекілбайдың мінезі от басына жайлы кісі болатын. Ұрысып, шу кӛтеріп, жанжал іздеуді білмейтін. Тек қана бір рет ел аралап кӛп жүріп кеткені үшін ренжіп қарсы алғанымда, ӛзі ӛріп алған қамшысымен арқама таңба салғаны бар. Мен одан қуаттылау болатынмын. Қолындағы қамшысын жұлып алып, енді қайтып кӛзіне кӛрсетпедім. Сабын кұмістеген, ӛзі ӛріп алған әдемі қамшысын кейін қанша сұраса да кӛзіне кӛрсетпедім. Соным да дұрыс болған екен. Соғысқа кетіп, жалғыздық басқа түскенде балаларға кӛрсетпей талай рет кӛз жасыма куә болған да сол қамшы болатын...

Page 176: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

176

Мен жалғызым дегенмен Әбіш жалғыз болмайтын. Бала күнінен ауыл балаларының ортасында болды. Таң атар-атпаста достары «Әбіш тұрды ма?» деп келетін де тұратын. Кӛз жасымды жұртқа кӛрсетіп жыламайтын кісі едім. Содан да болар, жұрт мені уйымсыз, қайғысыз ӛмір сүрген жандай кӛрген болар. Дегенмен Әбіш жұмысқа орналасып, мені Алматыға алып кетпек болды. Абысын-ажындардың қарсылығына қарамай мен баламның соңына ердім. Кекілбайдың кӛзі, тӛрт қанат керегені, ӛз отауымды ӛз қолыммен абысынымның қорасының үстіне томпайтып үйіп тастап, машанаға отыра беріп кӛзім түсіп кетіп еді, жасы құрғыр саулап жүре берді. Сол кӛз жасым бүкіл ӛткен ӛміріммен қоштасу, кӛрген тән қинаған ауыр жұмыстар мен жан қинаған қайғылармен қоштасу сәті болғандай екен. Балам жас секілді кӛрінетін, бірақ қалың жұртқа анасын ардақтатуға жобасы жетіп қалған екен. Содан бастап мен Айеке болдым. Әбіштің анасы деп құрметтелдім. «Адай кемпірі» деген атаққа іліндім. Бар ӛмірімде басымнан біреудің сӛзін асырып та кӛрген жоқпын, қорлық та кӛрген жоқпын, Әрине, абысыным Балажаннан басқа кісіден. Келінім, Клара, «мақұл мама» атандырған абысынымды сағынатынмын. Мінезін сағынатынмын. Алматыда кілең «сіз» бен «біз» деп сызылғандардың ортасына түскенде абысынымның тентек мінезі еске түсетін. Бар болғаны менен бір-ақ жас үлкен әйел, менің бір жұлқығанымнан қалмайтын нәзік жан, ашуланғанда мені кәдімгідей таяқтап тастайтын. Ойлап қарасам, мен оған ӛмір бойы бір артық сӛз жауап қайырып, не ұрып жатқанда қолындағы қаруына жармасып кӛрмеген екенмін... Айекеңнің осындай естеліктерін еске түсіре отырып: «Ой, шіркін-ай, ӛмір сүру туралы осындай түсініктерді бойына қалай жинақтады екен?» – дейсің. Айекең тек мінезге емес, сӛз бен ойға да жүйрік адам болатын. Әбіш шешесі есіліп сӛйлеп кеткенде не мақтағанын, не кекеткенін байқатай: «Бәйімбеттің қызы сӛйлейді ғой» – деп күліп отыратын... Анамыз соңғы қырық жыл ғұмырын армансыз, қуанышты күндермен ӛткізді. Баласы үйленді. Ана бағына сӛзін екі етпей орындайтын Клара секілді келін тап болды... Жалғызының жұлдызы қазақ кӛгінде жарқырып жанып тұрғанын кӛрді... Немерелер... Немере келіндер... Шӛберелер... Ананың бұ тірлікте жалғыз арманы, жалғыз тілегі бар секілді болатын. Ол тек қана Жалғызының, Әбішінің жолына бағышталатын... Бірақ Айекең барлығымызды да жақсы кӛре білді.

Page 177: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

177

Айсәле анамыздың ұлы жалғыз болғанмен бауырына бүкіл қазақ баласы сыйған жан еді... ...Ана рухын сүйіспеншілікпен еске ала отырып, Алла тағалаға Айсәуле анамыздың жанына жұмақтан жай бере кӛр деп жалынамыз... Ақтау. 19.05.2009 Қазақ кӛгінің «Ақ бұлты» Есте жоқ ескі заманнан бері барлық ел халықтарының ауыздарынан-ауыздарына кӛшіп, ғасырларынан ғасырларына ӛтіп келе жатқан бір «Ақ бұлт» атты арманы бар. Ол бұлт – жұрттардың ӛз еліне жайлы жағдай, тыныш заман сағынған шағында тағдырдан күтетін ерекше сыйы, ақ сағыныш арманы секілді... «Ақ бұлт» – тағдырдан зәбір кӛрген елдің еркіндік алар шағында, кенже қалған елдің ӛркендеп ӛсер заманы туарда кӛгінде пайда болады-мыс... «Ақ бұлт» – елдің басына бақ қонар кезінде сол елді қиындықтан алып шығар, елдің болашағына бола жаралған жалғызының басына үйіріліп жүретін ақ бұлт... «Ақ бұлт» пайда болуы – Құдіреттің бұйрығы. Бұл құбылыс сол елдің, не сол тӛбесінде ақ бұлт пайда болған кісінің елге, заманға, жалпы тарихқа жағымды ӛзгеріс әкелетінінің белгісі ретінде қабылданатын түсінік... Біз осы мақаламызда сол «Ақ бұлт» біздің кӛгімізде де пайда болды, соны аңғардыңдар ма?.. Бұл туралы бұрын ойланбасаңдар енді байқап қараңдаршы дегіміз келіп отыр... «Ақ бұлт» түсінігін жалпы жұрт санасына жеткізе түсу үшін әуелі ӛзіміз естіген ақ бұлттардың бастыларын еске түсіріп қаралық... ...Киелі кітаптар «пағамбарлардың ақ бұлты» болатынын арнайы аңыздар арқылы халыққа жеткізеді... ...Баһира атты әулие он екі жасар Мұхамбет (болашақ пайғамбар) келе жатқан керуен тӛбесінен қалмай қалықтап жүрген ақ бұлтты кӛріп, осы адамдар ішінде болашақ пайғамбар келе жатқаны туралы сәуегейлік айтады... ...Заманымыздың заңғар жазушысы Шыңғыс Айтыматов ӛз аттасы Шыңғыс хан туралы роман жазып, оны «Шыңғыс ханның ақ бұлты» атайды...

Page 178: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

178

Біз сондай «Ақ бұлт» атты қасиеттің қазақ кӛгінде пайда болғанына біраз уақыт болды, сол ақ бұлт біздің халқымызды желеп-жебеп келеді дегіміз келіп отыр... Осы ойымызды қағаз бетіне түсіре бастағаннан-ақ сол ақ бұлттарды қазақ кӛгіне шақыра алған, қалықтата алған қазақтың қай ұлдарының рухтары еді деген сұрақтар да елес беріп жатты. Ойға түсіп отырған азаматтардың есімдері жетерлік. Біз бүгін солардың ішіндегі ең ірі тұлға туралы сӛз қозғамақпыз. Ол – Нұрсұлтан Назарбаев тұлғасы! Әрине біз Баһира да, Шыңғыс та емеспіз. Дегенмен ӛз жұртымыз туралы ойлана жүретіндердің біріміз. Адам атаның атымен аталып, сол ұлы есімді әлі күнге сақтай білген, Ұлы Жаратушының құдіретімен кӛптеген жақсы қасиеттерді бойына сіңірген, әлемді сан рет шарлап шыққан бабаларымыздың бақ-талайы жанған мезгілдері, тӛбесінде ақ бұлты қалықтаған замандары аз болмаған секілді. Әйтпесе олар артына алты айлық жолды алты күнде алып тастайтын пырақтары мен жау қамалына жалғыз шабатын шырақтары туралы аңыздар қалдыра алар ма еді... ...Пырақтары қандай десеңізші! Кендебайдың Керқұласы! Тайбурыл мен Байшұбар! Қамбардың Қарақасқасы мен Ақанның Құлагері!.. ...Шырақтары қандай десеңізші!.. Алпамыс пен Қобыланды! Еділ мен Едіге! Кеше ғана ел билеген Қасым хан мен Есім хан! Әз Тәуке мен Абылай! Әз Жәнібек пен Бұхар жырау!.. Еліміздің жұлдыздары оңынан туып, ел мерейі үстем болған сол бір замандар – ел билеген жеке тұлғалар атымен аталып есте қалыпты. Бақ баста баянды тұра ма, бірлік пен береке кеткен күн біздің бабалар басына қара бұлттың оралған кезі де аз болмаған. Сондай кезде Қорқытына ел кездіріп, Асанына Жиделібайсын іздеткен, ақынын «Елім-ай» деп зарлатқан, шешенін «әттең дүние қайтейін, баста бірлік болмады-ау» деп сарнатқан шақтары да болған. Ӛзара билік таласы атты қырқыстан жау қайтарар қайраты қалмай, амалы таусылып, ақылы сұйылып, дауда есесі кетіп, ауыздан несібесі кетіп қорлана қанды жасын ағызған да кезден де құр емес. Біздің замандастарымыз – сондай заманның біраз күні мен түніне куә болған ұрпақ. Аталары атылған, әкелері сотталған ұрпақ. Ӛздері ӛз тілінде сӛйлей алмаған, кӛздері ұлттық нышандарды кӛре алмаған ұрпақ. Сондықтан да біздің замандастарымыз қазіргі «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманын» аса қадір тұтады. Осы заманда Елбасының ерекше еңбегі бар екеніне сенеді.

Page 179: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

179

Сондықтан да елімізге жақындап келе жатқан Ел Басының туған күні де, Ел Орданың туған күні де ӛте қымбат. Ӛйткені бұл екі ұғым Қазақстан Республикасындағы тұрақтылықтың бастауы, ӛркендеудің дәлелі. Қазақ елінің ендігі аңызға айналдырар Шырақтары мен Пырақтары да осы заманда ӛмір сүрген ұлдары мен осы заманда тындырған істері болмақ. Қазақстанды сенім мен тӛзімнің, бауырмалдық пен адамсүйгіштіктің, тұрақтылық пен дамудың эталоны ретінде бағалау әлем санасына орныға бастаған ұғым. Біздегі тұрақтылықтың бастауы неде деген сұрақ біраз ойшылдарды толғандырып келе жатқан болар, біз де солардың біріміз. Ойға түскенін, ақыл жеткенін бір мысал арқылы саралауға тырысып кӛрелік. Сенатор Қуаныш Сұлтановтың «Сын сағатта» (Егемен Қазақстан, 23 маусым 2009 ж.) атты мақаласынан Кеңес ӛкіметі кезіндегі Қарағанды шахтерлерінің 1989 жылғы ереуілшілері ешкімге сенім танытпай тек қана Назарбаевты таңдауы кездейсоқ уақиға емес екен-ау дегізеді. Ел – нағыз адамды, кӛсем адамды таныды. Сол кезде Н.Назарбаевтың Қазақ СССР-ның Премьер-министірі болып сайланғанына бір ай да толмаған кезі екен. Бірақ ешкімді елемей келген ереуілшілер Нұрсұлтан Әбішұлына сеніпті. Нұрекеңнің ұсынысын қолдап, ереуілді тоқтатыпты. Демек біздің Елбасымыз ел сеніміне тек Елбасы болып сайланғасын емес, оған дейін-ақ ие еді. Мыңдаған жылдар бойы ӛздерін демократтар деп санайтындар адам мен адам теңдігін қалыптастырмақ болып келеді. Қаншама конститутция, қаншама заңдар жазылды. Бірақ нәтиже ойлағандай емес еді. Кӛп ұлттың ӛкілдері бір ортаға сыйыса бермейтін. Кеңес ӛкіметі тараған кезде Қазақстанда да солай болатынына саясаткерлер сенімді болды. Бірақ Нұрсұлтан Әбішұлының ӛмірлік тәжрибесі, табиғи дарыны, кісілік ақылы бұл мәселені дұрыс шешетін жол тапты. Бұл жол – кӛп ұлт ӛкілдері қатар ӛмір сүріп жатырған Қазақ еліндегі адамдар арасында рухани теңдік орнату жолы болды. Кӛреген кӛсем – қазақстандықтар болмысына рухани теңдік орнататып берді. Адамдар арасындағы рухани теңдік – бұл барлық тұрақтылықтың іргетасы. Бұл тек қана діни түсінік пен дін мәселелерін сәтті реттеу арқылы, аз ұлт ӛкілдерін кӛп ұлтты ӛкілдермен тең ұстау саясатымен іске асырылуы мүмкін нәрсе екен. Біздің қазір соған кӛзіміз жетіп отыр. Елбасымыз соны сол заманда кӛре біліпті. Сол кӛрегендіктің арқасында Қазақ елі бүкіл әлем алдында жүзі жарқын, күлкісі шынайы, ниеті таза ел ретінде таныла бастады. Туған жұртына еңбек етудің, ел атағын шығарудың бұдан артық қандай кӛрсеткіші болуы мүмкін!..

Page 180: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

180

Бұрын қате түсіндіріліп келген «Молда», «Саудагер» атты екі түсінік ӛз мәртебелеріне ие болып, кӛптеген мәселелерді дұрыс шешуге әсер етті. Кез-келген құран аятын білетін кісіні бұрын «Молда» деп келемеш ететін. «Саудегер» деген сӛз қазіргі террорист деген ұғымнан кем түспейтін. Рухани тірлік пен пенделік тірліктің негізі – осы екі кӛрсеткіш, олар осы екі кӛрсеткіш арқылы ӛз мәртебесін табады екен. Рухани тіршіліктің бастауы діни сенім болса, күнделікті тіршіліктің бастауы сауда болып шықты... Қазақстанда алдымен халықтарының рухани болмыстары теңестірілді. Еңбекқұмарларға тұрмысын түзетуге бірдей жағдай жасалды. Осы кӛрегендік саясат қазір ӛз жемісін беруде. Кӛрегендік бұдан артып қандай болсын! Әлем діндарларының үшінші құрылтайы Астанада ӛз кеңесін ӛткізді. Ақылымен, қаражатымен, әсіресе ауыз бірлігімен әлемге билік жүргізіп келе жатқан Израиль елінің тек қана дін басылары емес, ел басылары да келіпті. Сӛзін тыңдадық. Еврей елінің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлын тек қана Қазақ елінің кӛсемі деп емес, әлем жұртшылығының кӛсемі ретінде де танып, сӛзін сол мағынамен ӛрнектеді. Біз бұл сәтті жүрегіміз толқи тыңдадық. Еліміз үшін мақтаныш сезімі сезілді. Қазақ халқының кӛгіндегі жарық жұлдыздың жарқырай түскен күні еді, бұл күн! Әлем жұртшылығының алдында Елбасымыздың атымен қазақ халқының беделі аспандап ӛсе түсті. Бедел бұдан артып қандай болсын! Қазақстанның қазіргі кездегі рухани тірлігі осы шамалармен ӛлшеніп жатса, күнделікті тіршілік мәселелерін ӛлшейтін шама, тындырылып жатырған істер кӛрсеткіші – Астана құрылысы! Он жыл ішінде бұрын кӛрмек түгілі, сана түйсігі қабылдай алмас ғажапқа кездестік. Елбасы Ел Ордамыз Астана қаласын салып берді. Шешім шыққанына он бір жыл-ақ! Салына бастауы оған да жетпейді. Біз құрылысшымыз. Біздің бұрынғы кеңестік ӛлшемдерден қалған түсінігіміз бойынша Астанадағы кез-келген құрылыстың салыну ұзақтығы кем болғанда он жыл болуға тиіс. Тӛрт этажды үйді біз бұрын үш-тӛрт жыл салатынбыз. Қазақтың дана мақалы бар. Бабаларымыз сол мақалды Нұрсұлтан Әбішұлының іс-әрекетінен алғандай. Олар: «Шапаныңа

Page 181: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

181

қарап қарсы алады, ақылыңа қарап шығарып салады» – деген екен. Әлем бізді қазір Астана қаласының сәнімен танып, Елбасымыздың парасатымен сыйлап жатыр. Астана тек қана әкімшілік орталықтың қаласы емес. Ол – Ел Ордасы! Астана – қазақ халқының ұлттық болмысы, ұлттық бейнесі! Бұ қалада қазағымның дархандығы, шашпалығы, қонақжайлығы, ешкімді жатсынбайтындығы, басқаны бауыр басқыштығы... бәрі-бәрі кӛрініс тауып жатырғандай. Қазақ халқының аңқаулығы мен ӛнері де осы қала келбетінде. Тіпті қазақтардың ӛзінен гӛрі басқаны әспеттегіштігі де біздің Астанамыздың бір пішіні десек қателесе қоймаспыз. Астана – әлемдік бейбітшіліктің астанасына айнала бастады. Ол – әлем жұртшылығының түсінісу үшін, татуласу үшін іздеп барып тәу етер Меккесіне айналғандай. Осы күндері ӛтіп жатқан діндарлардың үшінші құрылтайының делегеттарының ойларын тыңдап біз Астанамыздың болашақта әлем жұртшылығының рухани астанасына айналарына сене бастадық. Жеке ғимрат та, тұтас қала да бір данышпанның ойынан шығады. Данышпандық бұдан асып қандай болсын! Ел басқару ғылымның барлық ғылымдар ішінде ең күрделі, ең қиын саласы екені мойындалған. Бұл салада Н.Назарбаев ӛте жоғары деңгейге кӛтерілді. 1984 жылы 44 жасында одақтас республикалар арасында ең жас Премьер-министр атанып, жоғары мансапты болған сәттен бастап қиындығы мен қитұрқылығы мол бұл жұмыстың барлық қыр-сырын толық игере алды. Ӛмір жолына кӛз жүгіртсек ылғи ӛсу үстінде, биіктеу жолында. Әлемдік жаһандану процесіне дұрыс бейімделу, жас ұрпақты дамыған елдерде оқытып әлемдік басқару саласына дайындау, дамыған елдер технологиясын игеру, ғарыш пен жаңа технология... Істелініп жатырған, басталынғалы жатырған, жоспардағы жұмыстар Қазақстанның бес жылдық та емес, он жылдық та емес, бірнеше ғасырлық болашағына сәйкес жоспарлы жұмыстар. Аллатағала пайғамбар етіп жаратқан пенделердің де қолынан келмеген, алып империя құрып империясның бірлігін сақтау басты мақсат болған билеушілерде арманына жете алмаған бір нәрсе бар. Ол – ел басының бірлігі! Бір дана: «Адамдар қашаңғы адам болалық деп ұран шақырамыз, адам болатын кезіміз жетті» деген екен. Сол айтқандай біздің елде «бірлік» атты тірліктің алғы шарттары жүзеге аса бастады.

Page 182: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

182

Мүмкін «қашаңғы бірлік-береке деп ұрандатамыз, бас біріктірер кез келді» атты қағиданың іске аса бастау заманы болар, біздің заманымыз. Қазақстанда туындап әлемдік деңгейдегі мәртебеге ие болып жатырған қаншама игі істер бар. Біздің Елбасының әлемдік деңгейдегі ұсыныстары кӛптеген ел басшыларының қоштауына ие болып жатыр. Бүкіләлемдік ортақ ақша! Азды кӛппен шендестіру... Алыпты әлсізге тәуелді ету... Қаншама кісі кӛсемдігін кӛрсетер, пендені пендеге, елді елге теңестірудің жолдарын анықтар ұсыныстар... Кӛсемдік бұдан артып қандай болсын! Қазақ кӛгінің жарық жұлдызы, анықтала түскендей, жарқырай түскендей! Осы жұлдыз енді тек қана қазақ таңымен атып, қазақ кешімен батпай, әлемге ӛз нұрын шаша бастады. Бүкіл әлем осы күндері «Қазақстан, Қазақстан, Қазақстан!» деп жатырғанына сенімім мол. 1-ші, 2-ші шілдедегі құрылтайын бітіріп ӛз елдеріне қайтқан діндарлар келесі құрылтайларына дейін әлемдік теңдік, әлемдік бейбітшілік пен адамдық теңдік, адамдық сана жӛніндегі кез-келген әңгімеге Қазақстан мен Нұрсұлтан атын қоса сӛйлеріне сенімім мол. Бақыт бұдан артып қандай болсын! Бұл бақыт тек қана Елбасының бақыты емес, халық бақыты да. Нұрсұлтан Әбішұлы халқына бақыт сыйлай алды. Даналарымыз «алмақтың салмағы да бар» деген екен. Демек, Елбасы еңбегінен ала білген еліміздің Елбасымызға деген қайырымы да болуға тиісті емес пе? Халықтың қолынан не келеді? Халқы Елбасына не бере алады? Бұл сұрақтарға жауап іздегенде кӛзіміздің жеткені – халықтың бермегі де бар екен. Нұрекеңе кӛмек керек екен. Біз сол кӛмек кӛрсетуге шабандау секілдіміз бе қалай... Бірінші кӛмек ӛз маңындағылар кӛмегі болуға тиіс. Ӛз маңындағылар деп отырғанымыз жоғары мансапты басшылар, жоғары мәртебедегі жақын-жуықтары. Осы кісілер ортасынан Елбасы ісіне опасыздар шығуы жай халыққа түсініксіз құбылыс... Біздің халқымызда қазір жалғыз-ақ арман бар. Жұртымыз: «Шіркін-ай, Нұрекең маңындағылар барлық уақытта адалдық пен адамгершіліктің, қанағат пен тәубенің, кісілік пен іскерліктің эталондары бола алса!» – дейді.

Page 183: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

183

Дейді де бір қызығы жүре береді. Саясатпен айналысуға да, ӛз ойларын айтуға да мойындары жар бермейтін секілді. Халықтың қолынан келері де, Елбасына берері де бар дедік. Солардың ең батысы болып жатырған әлемдік, елдік, аймақтық уақиғаларға енжар болмау. Әлем мойындап отырған Елбасымыздың алға қойған мақсаттарына сену... Ӛзің жетпегеніңмен ұрпақтарыңның сол ұлы мақсаттар жемісін жейтініне, қызығын кӛретініне сену... Қазақстан – 2030 бағдарламасы бір кезде аңыз сыяқты әсер ететін. Енді осы жобаның бірінен кейін бірі іске аса бастағанын кӛру қандай бақыт! Халқымыз болып жатырған ӛзгерістерді міндетті түрде бола қалатын құбылыс деп ойлайтын секілді. Жақсылықтың бола беретініне сеніп те алған секілді. Сондықтан да олар ӛзімен-ӛзі, қамсыздау, бейқам ӛмір сүріп жатырған да болар. Бірақ біз халқымызды қамсыз, енжар деп артық кінәлап жіберген жоқпыз ба екен. Халқымыз енжар болса Жаңаӛзен уақиғасы, Желтоқсан уақиғасы секілді ірі құбылыстар болмаған болар еді ғой. Сонымен бақыт деген не? Елбасының бақыты неде? Халық бақыты деген не? Ойлана келе бұл сұрақтарға жауап бар ма деп те қалдық... Барлық сұрақтарға бір-ақ жауап – бақыт дегеніміз халықтың бейқам ӛмір сүруі! Бейқам ӛмір сүруді біз осы уақытқа дейін халқымыздың кемшілігі секілді кӛріп келгенбіз. Ойланып қарасақ халықтың қамсыз ӛмір сүруі – мемлекетіміздің жетістігі секілді. Ертеңім не болып кетеді деген ой адамдарды азаптамаса... Дастарханға қояр нан-тұзы бар болса... «Екі қолға бір күрек» дейтіндей, іс табылып жатса... Халықты қамсыз ӛмір сүруге итермелейтін де, енжар ететін де осылар болар... Халық қамсыз ӛмір кешуі – мемлекет жетістігі!.. Осыған сенсек халқымыз бейқам ӛмірін жалғастыра берсін. Сенімді кӛшбасшысы болса, жетер жері анықталған болса, бағдар жұлдызы жарқырып, ақ бұлты кӛгінде кӛлеңкесін түсіріп тұрса... қамсыз ӛмір сүруге болатын секілді... Неге сүрмеске!.. Қазақстанның жұлдызды жылдары жалғаса бергей! Астанамыздың жүз жылдық тойында да ұрпақтарымыздың жүзі бүгінгідей шаттықта болғай! Қазақ кӛгінің «Ақ бұлты» кӛкжиегімізді кӛріктендіре бергей!

Page 184: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

184

Ел мен Елбасы, 2010 Тәтті армандарымыздың жүгін арқалай, шатты үміттеріміздің отын жаға, бізге сәтімен бұйырған, 2010 жыл да келіп есік қағып тұр. Бұйырғаны дейтініміз бізге дейінгі қанша ұрпақ тәуелсіз ел азаматы болу бақытын сезіну үшін күресе жүріп, ӛз басының азат екенін болмысымен қабылдау бақытына ие болу үшін жан бере жүре, сол сәтті арман ете, алдағы тағдырларынан үміт күте орындалмаған ақ армандарымен мәңгілікке аттанып кеткен болатын. Біздің замандастарымыз – ең бақытты ұрпақ! Ӛйткені олар ұлан байтақ Отанымыздың әр қаласының бас алаңында желбіреп тұрған тәуелсіздік туына жанарын суара, әр күнін қуанышқа бӛлеумен ӛмір сүру мүмкіншілігіне ие болды. Ӛйткені олар әр таңның шығып келе жатқан алтын-арай күніне кӛз тастап ӛз ұрпақтарының бүгінгі күнін ӛз қалауынша ӛткізе алатынына, ана тілінде түсінісе алатынына, тәуелсіз елдің ұланы екенін сезіне масаттана алады. Ӛйткені олар тәуелсіз елдің ертеңгі иесі болар ұрпақ ӛсіріп, немерелеріне тілі шығар шықпаста «Менің Елім, менің Елім!» дегізіп, ұран әнін үйрете алар заманда ӛмір сүріп жатырғаны туралы ойлана алады. Сәті түсіп тұрғанда бір мақтанып қалайын, біздің шаңырағымызда бір әдемі үрдіс қалыптасты. Отанымыздың мейрамдары мен отбасымыздың қуанышты күндерінде ошақ басымыздағы тоғыз адам, кәрі-жасымыз қосылып еліміздің ән ұранын айтуды әдетке айналдырып алдық. Тіпті екі жастағы ең кіші немерем (аты Абыл) басқа сӛзге қосыла алмаса да «менің елім, менің елім» деп біздің хорымызға қосылады. Тілі жаңа шығып келеді. Тілі «менің елім» деген сӛзбен шықты. Осыны кӛзбен кӛре отырып, жүрекпен сезіне отырып қалай «Біз бақытты ұрпақпыз!» деп жар салмассың. Ертеңгі күні о баланың да ӛз елі үшін тер тӛгетініне, ӛз елін «Менің Елім!» деп мақтанышпен айта алатынына сенімім мол. Алдыңдағы келер күннен күтетінің кӛп болғаны қандай жақсы. Әсіресе, бұл тұрғыда маңғыстаулықтардың шүкіршілігі мол болуға тиіс. Облыс Әкімі Қ.Кӛшербаевтың жергілікті жорналшыларға берген сұхбатынан бір ауыз сӛзді бӛліп алсақ... ...2006-2009 жылдары облыс халқының саны шамамен екі есе ӛсті, оның ӛсу қарқыны – республикадағы ең жоғарылардың бірі. Жалпы ӛңірлік ӛнім ӛсті. Жан басына шаққандағы кӛлемі бойынша облыс республикада екінші орын алады... Бұл сӛздің растығын дәлелдер жеткілікті. Тек қана Маңғыстаудың жан-жағымыздағы елдердің азаматтарын мың-мыңдап қабылдап,

Page 185: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

185

бауырына бас алуы, бар мүмкіншілігін жасап, баспана тауып беруі, баспана емес жаңа аудан құрып алуы ойландырар мәселе... Осындайда мүмкін біреу «Жаңаӛзен қаласында жұмыссыздық бар» деп қалар. Болуға тиісті екен. Ӛйткені Кеңес ӛкіметі кезінде 6-7 млн. тонна мұнай беріп тұрған Ӛзен, қазір де сол шамада мұнай береді екен. Ал осы уақытта Жаңаӛзен қаласының тұрғындары үш еседен астам ӛскен. Оны облыс басшылары түсініп мемлекет алдына мәселе қойған. Мемлекет те түсінген. Сондықтан да мемлекетіміз бар мүмкіншіліктерді есептеп Жаңаӛзен қаласы үшін арнайы қаулымен 2009-2010 жылдарда жұмыс орнын кӛбейту мақсатында 39,1 млрд. теңге қаражат бӛлді. Бұл қаражатқа аурухана, балабақша, мектеп, су тазалау қондырғысы, қатты қалдықтарды тазалау комбинаты, жылу электр станциясы тағы басқа кӛптеген нысандар салынып жатыр, іске қосылып жатыр. Бірақ ақша бӛлінгенмен оны игеруге жылдар керек қой. Алдағы жылдарды іске асатыны белгілі болып тұрған үмітпен күті де адам бағының бірі. Бірақ ел арасындағы іріткіден ӛз басына пайда іздейтін бүлікшілер осындай сәтті пайдалануға тырысады. Адам ӛмірінің жылдардан тұратынын ұмыттырып, олар ойын тек бүгінгі қиыншылық арқылы билеуге тырысады, сол арқылы танымал азаматқа айналғысы келеді. Алдағы жылдың алып келе жатқанын есептемей, ӛтіп бара жатқан жылдың қиыншылығын мойынға артады. Кейбір кісілер солар айтқанына ереді де... Есігімізді қағып тұрған жыл қазақ халқының, Қазақстанның тарихына түбегейлі ӛзгерістер алып келе жатқан ерекше жыл деп мойындалуда. Бұл жыл – елімізге дамудың жаңа қарқынын әкелер, халқымыздың санасының рухани жоғарылауына себепкер болар дәуірдің басы болмақ. Ӛйткені Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы солай деді. 2010 жылдың бүкіл әлемдік дағдарыс кезеңді артқа тастап, еліміздің жаңа даму кезеңінің баспалдағына аяқ басар кезең екенін Елбасымыз жақын арада жария етті. Біз соған сенеміз. Егемен ел тұтқасын ұстағалы Нұрсұлтан Әбішұлының ел мүмкіншілігін асыра бағалаған уақыты болған емес. Межелеген асуларына қиыншылығын бастан ӛткізе жетіп келеміз. Ел басына түскен қиыншылық туралы ойланғанда айта кету қажет, біз қалай болғанда да «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» дейтін ӛлшемге сәкес тарих салмағын, дағдарыс ауыртпалығын сезіндік. Оған шүкіршілік ете отырып, Аллаға деген, Елбасымызға деген ризашылығымызды айта отырамыз. Біздің ұрпақтың бастан кешіп отырған тарихи кезеңінің мақтануға тұрарлық бір ерекшелігі – әлем Қазақстан деген елді мойындап қана қойған жоқ, оларда «қазақ елі кӛздегеніне барыс жылдамдығымен жақындап келе жатқан ел» деген, «діттеген жеріне жететін ел» деген сенім пайда болды. Қазақ еліне деген құрмет қалыптасты. Бұл ӛте ұзақ

Page 186: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

186

мезгілде қол жетер кӛрсеткіштер еді. Ал біз бұл сенімге бас-аяғы жиырма жылға толмайтын мезгілде қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да басқа елдер ӛз қаржысын біздің елдің ӛркендеуіне жұмсап жатыр. Біздің ел бақытына ел ноқтасы осы шақта кемеңгер кісінің қолына тиген еді. Әлемде – Қазақстан, Астана, Назарбаев деген сӛздерді жедел дамып келе жатқан Орталық Азия елі деп түсінеді. Ол елде адамдардың бір-біріне деген достық пейілі қалыптасыпты, бір-біріне деген бауырлық сезімі оятылыпты деп түсінеді. Шындығы да сол. Оған себеп болған Елбасының салихалы саясаты. Нұрсұлтан Әбішұлы – Кемеңгерлік, Кӛрегендік, Кӛсемдік қасиеттері анық байқалған, мойындалған жан. Бұл біздің оған таңып отырғанымыз емес, оған бұл қасиеттерді Ұлы Жаратылыс сыйлаған секілді. Елбасымыздың осы қасиеттері Елімізді ел етті. Кемдігімізді тең етті. Тарих хаттала бастағаннан бері бұл әлемде елімді ел етем деген, тіпті жалпы адам баласын тең етем деген талай-талай тұлғалар ӛмірге келді. Бірақ олардың бірде-бірі ел мен елді достастырудың, адам мен адамды тең етудің жолын таба алмады. Марксистер бай мен жарлыны қастастырып дүниенің астан-кестенін шығарса, діндарлар крест жорығына аттандырып жатты. Александар Македонский мен Шыңғыс хан ӛз халқын басқа елдің байлығымен кӛркейткісі келді. Ақыры ӛз халқын тарих бетінен сүртіп тынды. Ӛз елдеріне әлем қарғысын жолдатты. Бұ күндері кейбір елдер басшысы бір атом бомбасына иелік ету жолында жанталаса жағаласып жатса, біздің ел қолдағы сол қарудан құтылғанша асыққан еді. Әр түрлі кезеңдерде оның әр қимылдарына сын айтқандар да кездесіп жатты. Егемендік кезеңдегі тарихи уақиғаларды оймен шола отырып біз Нұрсұлтан Әбішұлын тек қана қазақ елінің бақыты үшін емес, жалпы адамзат баласының бақыты үшін жаралған тұлға, Ұлы Жаратылыстың әлем үшін жаратқан сыйы дер едік. Оның Кемеңгерлігі – тек қана қазақ елінің әр түрлі діндегі әр түрлі тілдегі ұлт ӛкілдерін ғана емес, дүние жүзі халықтарын бір-біріне жақындата алды. Соның арқасы әлем мойындаған Рим Папасы Қазақстанға келіп басын иіп кетті. Кейбір шалағай саясатшыларымыз Елбасының бронзадан мүсінін құйды, алаңға орнатты деп байбалам жасауда. Ал мен болсам тек қана оның осы кемеңгерлігі үшін, егер қаражатым болса оның мүсінін алтыннан құйып ең қасиетті жерге, мысалы Хантәңірі шыңның ұшпа басына орнатар едім. Құлтегін ескертішіндей алтыннан балбал шауып алар едім.

Page 187: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

187

Нұрсұлтан Әбішұлының Кӛрегендігі егемендік алған күннен бастап, бар шаруаны ысырып тастап, бірден шекараны бекітуге кірісті. Осы сәтте қолдағы атом бомбасын қазақ халқының «тұз кӛзіріне» айналдыра алды. Әлемді ұстап тұрған ең қуатты елдер Америка, Қытай, Россия елдерінің Қазақстанға деген кепілдігін алып, атам бомбасын жоқ етті. Ол: «Мен ӛз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен жанмын... Мен халқымның тәуекеліне сендім»... деді. Ойланып қаралықшы. Осылай дегізіп отырған оның халқы халқы емес пе? Ол бізге сенгесін солай деп тұрған жоқ па? Дегізіп отырған бізбіз, қымбатты қарындастар мен қандастар. Сондықтан да арамыздағы ел бірлігіне, тұтастығына сына қағар пікірлерге ӛз пікірімізді ашық айтға үйренуіміз қажет. Қолдан келген кӛмегімізді аяп қалмауымыз керек. Кӛмектің ең бастысы еліміздің саясатына сену, ең болмаса сӛзбен қостай жүру. Кӛшбасшының кӛшіне ермесе, керуенінің жүгін артыспаса, ошаққа отын жағыспаса, білімді қылам, ӛнерлі қылам деп жаналаса оқытып жатырған ұрпақтарды жатсына қарсы алса онда ондай кісілер ӛздерін осы елдің азаматымыз деп айтуға қақысы бар ма?.. Данышпандардың бір ғажап сӛзі бар. Олар: «Атақты болғанша тілегіңді бәрі тілейді, атақты болғасын тілегіңдң ӛзің ғана тілейсің» – деген екен. Данышпандардың осы сӛзіне сенсек әлемге аты жайылып бара жатқан Елбасымыздың тілегін тілемейтіндер де бар секілді. Бірақ қазақ халқы әу бастан «тәуекел» деп Нұрсұлтан Әбішұлының соңына ерген болатын. Қазақ халқының тәуекелі әуелден де ерекше мықты болған. Халық ортасынан шыққан, оның мұңы мен мұқтажын сезіне ӛскен адам ғана халықты түсінеді. Оған сене іске кірісе алады. Сондай адамды елі таныды. Сондай адам еліне сенді. Елді ел ететін кӛсемі. Келе жатқан Үміт пен Арман жылы деп отырған жылымызда Елбасымыз жетпіске толады. Елімізге егемендік туын алғаш кӛтерген, еліміздің Үміті мен Арманын арқалап жүрген Елбасымыз Үміт пен Арман тұғырының алғашқы жылында жетпіске толады екен. Ұлы Жаратқанның Жаңа Жылы халқымызға құт берекесін ала келгей деп тілелік! Жаңа Жылда жетпіске жасы толғалы тұрған Елбасымыздың да кемеңгерлік жасы құтты болғай! Саясат пен салихалы кеңестерде танылып келе жатқан кӛрегендік қасиеті халқымыздың бірлік-берекесін нығайта түскей! Бүкіл әлем боп мойындап болған кӛсемдігі – халқымыздың болашағына оң әсерін тигізе бергей!. Елбасымыздың қай бастамасы болмасын, жария болған сәттен бастап, ӛз ішімізден шыққан «ел кӛсемі» атанбаққа тырысатындардың

Page 188: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

188

жаңа бастаманың жағасына жармасатыны жадымызда, етегінен тартатыны есімізде. Бірақ сәл уақыт ӛткесін бұл шаруа да Елбасының тағы бір кӛсемдігі, тағы бір кӛрегендігі, тағы бір кемеңгерлігі екендігін анықтап беретін. «Қазақстанның ел бірлігі» доктринасының да сондай құжатқа айналарына кӛзіміз жетеді. Әйтпесе қазақ халқының бастан кешкен бодандығы мен тәуелсіздігінің, қырғын соғысы мен террорын, ӛмірі мен ӛлімінің дәмін бірдей тартқан абыз ағамыз Әзілхан Нұршайықов «Айналайын, Мұхтар-жан!» деп жалынар ма еді. Ӛмірдің ащылығы қайдан келетінін, ел бірлігінің қалай бұзылатынын, аттан салып айқайлағанның ешқашан абыройға да, атаққа да ие бола алмайтынын түсінген, содан пайда болар тартыстың ащы дәмін татқан, жан-жүрегімен сезінген жан емес пе, ол... «Ерліктің үлгісі аштық жариялау емес... бір кетікке жамау болу!» деп сарқылар ма еді, қамқор аға. Содан артық қалайша айту керек, қалайша түсіндіру керек... Қазақ байтағы секілді шексіз жерді мекендеген азғантай халқымыздың сол байтақтың жел жағына панасы ӛздері екенін, әр қайсысы бір кетік тұсына барып қалануы қажет екенін мойындауы қажет. Әр қазақ соны түсінген сәттен бастап тұтас қазақ халқы толық мәніндегі бақытты халыққа айналмақ. Осы ақиқатты есте ұстау – әр азамат парызы. Бірақ біз әзірге сол жобаға жете алмай келеміз. Тіпті кейбіріміз қай жерде осалы бар деп тесікті жыртыққа айналдыруға тырысудамыз. Тоқсанға келген бір қартымызға соңғы жан айқайын айтқыза, жаландара «Құл қашамын деп қорқытады» ... деген сӛзді есіне алдыру қажет пе еді?... Құдайға шүкір, қазір тек желсӛзділер емес, қазақтың ойлы азаматтары да жандана бастады. Желсӛзді, желӛкеперге жауап қайтара бастады. Бұл дұрыс қимыл деп ойлаймыз. Жақсының жақсылығы ӛз басын сағаттау емес, ел бірлігіне еңбек ету болса керек. Сол үшін ӛз ақылы мен тәжрибесін толығымен пайдалана білу қажет. Осы арада бір данышпанның мынадай қысқа әңгімесі еске түсіп отыр... ...Бір данышпан ӛзінің желсӛзді бір танысына кездесіп қалады да, екеуінің арасында тӛмендегідей қысқа ғана әңгіме болады... – Айтшы, осы сенің ақылың бар ма? – Әрине бар! – Онда сен оны неге пайдаланбай жүрсің? Ақылды пайдалану қажет. Оны ел бақыты үшін бағыттай пайдалану қажет. Елді орынсыз қылығыңмен күлдіру үшін емес ойландыру үшін еңбек етсең ғана азамат атың ақталмақ. Әйтпесе тойда ыржақайларды күлдіремін деп алпыстағы анасын, тоқсандағы қариясын келеке ететін арзанқол асабалар секілді, саясатшылардың да жӛнсіз әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі әлдеқашан мойындалған.

Page 189: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

189

Ондай қылжақпастар мен арзанқол саясатшылар еліміздің ұлттық болмысына жарықшақ түсіретіні, жастарымыздың қазақ болып емес, нағыз ӛздері секілді басбұзар, әдептен озарлар болып шығатыны қаперіне кірер емес. Әрине, халық сүйіспеншілігі бәріне де керек. Әрине, халық сүйіспеншілігі, әсіресе ӛз ұлтының сүйіспеншілігі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа да қажет. Дегенмен сол сүйіспеншілік үшін ол ӛзіне ӛте жоғары дәрежедегі мақсатты қойып барып, сол жолда «түнде ұйқтамай, күндіз күлмей, қайтсем елімді ел етемін» дейтін ежелгі бабаларынша еңбек етуде. Осы бағыттағы еңбектерін ой зердесіне салғанымызда: Елбасымыз – қазақтардың бір-біріне деген бауырмалдық сезімін ояту жолына еңбек ете жүріп, бүкіл адамзат мүддесін естен шығармайтын секілді. Қазақстандық ұлт ӛкілдерінің достастық сезімін қалыптастыру үшін еңбек ете отырып, оның ӛте абзал үміті, асыл арманы бар екенін байқаймыз. Ол арман – ұлы бабамыз Абай айтқандай «Адамдардың бәрін сүй бауырым деп!» деп келетін ӛсиетін болмысына сіңірген жаннан туындайтын арман болса керек. Нұрекең сол үмітін, сол арманын іске асырғалы есік қағып тұрған жаңа жылда қарі Еуропаның бір дәрежелі тұғырында отырып, соның мүмкіншілігін де пайдаланып кӛрмек болар... Сәт сапар, Нұреке! Біз сіздің тілегіңзді тілегенде, қазақ халқының тілегін тілеп отырғанымызды сезінеміз! Сіздің қазақ халқына деген, қазақстандықтарға деп істеген әр қадамыңыздың тұтас адамзат пенделерінің пайдасына деп жасаларына сенеміз! Әлемдік тұғырдағы билеушілер біздің Нұрекеңнен үлгі ала еңбек ете батаса бұ әлемнің нағыз жұмаққа айналары сӛзсіз...

Page 190: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

190

ҚАЗАҚ КИІЗ ҮЙІ-ҚАЗАҚ БОЛМЫСЫ

...Керегесі күмістен, Уықтары алтыннан, Маңдайшасы гауһартас Иіліп оған кірерге... Сүйінбай ақын

1.Ойлар мен сұрақтар Ойларға кӛбірек батыратын, сұрақтарды кӛбірек қойдыратын мәселелердің бірі: «Болашақта қазақ халқын, демек ӛз ұрпағыңды, қандай түрде кӛргің келеді?» – деген сұрақ, сол сұраққа жауап іздеу барысында туындар сан түрлі ойлар...

...Жыр-дастандарымызда жырланатын, ауызша әңгі-мелерде айтылатын, сая-хатшылар мен ғалымдардың жазып қалдырған, ӛз жазба әдебиетімізде қағазға түсіп белгілі болған қазақ халқына тән мінездер мен қасиеттер біздердің болмысымызға туа біткен бе?

Туа бітетін болса, тарихи кезеңдер мен тӛңкерістер, уақиғалар мен заман әсерлері сол қасиеттерді ӛзгеріске ұшырата ала ма?

Әлде оларды (сол қасиеттерді), қазак халқының (басқа да кез-келген халықтың) болмысын коршаған орта қалыптастыра ма?

Біздер, қазіргі қазақтар, ата- бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған бет-пішіні мен жан дүниесіне, салты мен дәстүріне, ӛнері мен тіліне кӛңіліміз тола ма, ризамыз ба?

Кӛңіліміз толатын болса, кӛкірегіміз риза болатын болса онда қалыптасқан қазақ болмысын сақтап қалғымыз келе ме? Қазіргі заман қазақтарын осы сұрақтар толғандыра ма?

...Осындай қадау-қадау сұрақтарға жауап беру ушін ғұламаларымыз бен оқымыстыларымыз археология мен этнографияны, ұлттардың болмысы мен тұрмысың тілі мен дінін зерттейді. Айта кетуге тұрарлық бір нәрсе бұл сұрақтарға жауап іздейтіндер тек ғана атақты ғұламалар мен оқымыстылар емес. Ӛз ұлтының тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын әр зерделі адам бұл сұрақтарды ӛз санасынан ӛткізеді, ойланады, қолынан келегенінше іс тындырады. Солардың бірі осы мақала авторы...

...Біздің ойымызша ұлт болмысы туа бітпейді, оны бірте - бірте заман мен қоршаған орта қалыптастырады. Болмысынан туа бітпей бірте-бірте қалыптасқан қасиет заман талқысына тусіп, шеттетілген кезде, қоршаған ортасына қажетсіз боп кӛрінуі, соның салдарынан күрт жоғалуы імумкін. Ӛзгеріске ұшыраған, немесе ұмытылған әдет пен ғұрып, кісілік пен кішілік, парыз бен борыш сезімдерін жоғалтқан ұлт ӛкілінің болмысына ешқашан ӛздігінен оралмайтын секілді.

Page 191: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

191

Осындай кезеңдер, әр қилы замандар бұрындар да қазақ халқын біраз табиғи қасиеттерінен айырған болар. Міне, қазақ халқы тағы да сана мен әдет мәселесін талқыға салар нағыз ӛтпелі кезеңге тап болды. Бұл кезеңнің жақсылығы қазақ елінің, оның әр азаматының қай жолға түсемін десе де сӛз бен ой еркіндігі. Ойлан, толған, дұрыс жолыңды тап. Бірақ...

Қазақ халқының «ақылды ойланамын дегенше тентек ісін бітіреді» деген бір дана мақалы бар болатын. Сол даналық расқа шықты. Ақылдылар «не істейміз» деп ойланып, толғанып болғанша «қазақ орысқа қосылмаса ел бола алмайды», «қос тілді пайдаланбаса тілі тіл бола алмайды», «қазақтың қолынан қой баққаннан басқа...» ... деген секілді, жауыңнан бетер жаулық жасайтындар бірден басын кӛтеріп, айқай шуға батырып кетті.

Сан ғасырлар бойы басқа түскен ауыр зардаптардан басы мен санасы босап, ойланар сәтте ел болмысына, әлгілер әсер етіп, қате пікірлер орнай бастады. Кейбір билікке таласу тартысы әсерінең бостандық атты қасиетті ұғымды болмашы атаққа айырбастау, демократия деген сӛзді сатқындық пен опасыздық мағынасына дейін тӛмендету секілді, жек кӛрінішті процестер жүріп жатыр. Кейбір мәңгүрт, нигилист жандар арасында ӛркениетті саналатын елдерге шексіз еліктеу, сол жолда барлық ұлттық құндылықтарды талақ етуге дейін бару етек алды.

Демек, қазақтардың қазақ болып қалғысы келетін ӛкілдеріне сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлт болмысын революциялық ӛзгеріске ұшыратпау жағын қамқорлау қажеттілігі туады.

Ондай әрекет жаңа ойлар мен жаңа сұрақтарды туғызады. Бұрын қазақтар қандай болған?.. Қазіргі қазақтар кімдер?.. Болашақ қазақтарды қазіргі тіршілік етіп жүргендері қандай түрде,

қандай санада кӛргісі келеді?.. Жастар санасы үшін (ел болашағы үшін) күрес, біріншіден бұл

сұрақтарды осылайша тӛтесінен қойдыруға амалсыз мәжбүр етсе, екіншіден қазақ халқының ұзақ бодандық кезеңдегі жоғалтқандарының шамадан тыс кӛптігі әсер етеді. Ойланып кӛрелік....

...Еп-жұртымыздың ӛзіміз білетін қонақжайлығы мен қайырымдылығынан қазір бойымызда қаншасы қалды?

...Ізгілігі мен аңқаулығының бұ кездегі жобасы қандай?

...Қазақ есігіне құлып салмаған ел еді, енді құлып емес темір есік жасататын жағдайға жетті. Үлкен кісі алдын кесіп ӛтпейтін әдетпен тәрбиеленетіндер ішінен енді әкесін қарттар үйіне тапсыратындар табылып жатыр. Былтыр жоғалтқан түйесін биыл тауып алатын жұрт, енді кӛрші қорасынан мал ұрлайтын болды...

Жоғалтқандарымыз кӛп секілді...

Page 192: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

192

Жоғалтқандарымызды енді қайтарып орнына келтіру мүмкін бе?..

Жоғалтылғандардың бәрін бірдей қайтаруға тырысу қажет пе?.. Жоғалта қоймағандарымызды бойда сақтап қалу үшін не

істейміз?.. Ауыл қазақтары «асфальт қазақтары» деп атаған қалада

туып, таза қалаша тәрбие алғандар мен ауылда туып таза қазақша (қазашылықтың қазіргі деңгейінде) тәрбиеленіп, қалалық қазақтар «мәмбет» атап кемсітетін ауыл қазақтарының араларын қалай жақындатуға болады?..

Бұл сұрақтардың әр қайсысының ӛз тағдыры бар. Бұл сұрақтардың туындауына себеп болған әр кезеңдерде ӛткен тарихи кезеңдер мен әдейі ұйымдастырған саясат қорытындылары жатыр...

Біз осындай ойлардан туар сұрақтарға жауап іздеу барысында кӛңіл тоқтатқан, осы жазылып отырған мақалаға байланысты дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқаттардың бірнешеуін атап ӛтпек болдық:

– ұлт атанып, егемен ел боламын десе қазақтардың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық қасиеттерін, елдік, кісілік құндылықтарын сақтап қалуға тырысудың қажеттілігі;

– қазіргі ерекше күш алып тұрған, әлсіздер болмысынан ұлттық қасиеттерді еріксіз зорлап ығыстырып шығарып бара жатқаң батыстық және еуропалық-қатыгездік пен әлімжеттікке, ӛзімшілдік пен тексіздікке арқа сүйеген ӛмір сүру үлгілерінің қуатты тегеуірініне, қазақтың ӛз болмысындағы ұлттық, азаматтық қасиеттерін қарсы бағыттап, қарсылық керсету қажеттілігі;

– әлі жоғалтып үлгере қоймаған, әлі бойда сақталған ұлттық құндылықтардың керектерін ұстап қалу үшін, бағзы заманнан бері сол қасиеттермен бірге жасасып келе жатқан, сол қасиеттерді қалыптастыруға жағдай жасаған ұлттың тӛл заттары мен әдет-ғұрыптарын, ӛнері мен ӛнегесін ыңғайына бейімдей отырып сақтаудың даусыздығына келісу керектігі.

Қазақты басқа ұлттардан ерекше оқшаулап, кӛзге түсіріп келген қасиеттері мен құнды нәрселері жетерлік. Біз солардың ішінен негізгілері деген бірнешеуін атап ӛтелік.

Ұлттық мінездері мен касиеттері: Қонақ аңсауы және орынсыз қонақжайлылығы; Той құмарлығы және тойда орынсыз шашпалығы; Жатқа сенгіштігі және орынсыз ӛзінен жатты артық санауы; Үлкенге құрметі және аруақтарға тағзымы. Ұлттык ӛнері:

Page 193: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

193

Домбырасы мен қобызы; Әншілігі мен күйшілігі; Суырыпсалма ақындығы мен айтысы; Шежірешілдігі мен жершілдігі; Тұрмыстық ерекшеліктері: Кӛшпелілігі; Киіз үйі; Киімі; Малға, әсіресе жылқы малына деген ерекше сүйіспеншілігі.

Қазақ болмысын сақтап қалу барысында еңбек етемін

дейтіндердің кӛңіл аударар мәселелері әрине бұл тізіммен шектелмейді. Біз ӛзімізді қатты толғандыратын бірнешеуін атап ӛтіп және аталып ӛткен тақырыптардың кӛпшілігін сол тақырыпта еңбек етіп журген білімпаздар мен құмарларға қалдырып, бұл мақаланың желісін киіз үй деп қаққан қазыққа бекітпек болып отырмыз. 2. Қазақ киіз үйі әдебиет пен өнер тілінде ... Біздің эрамызға дейінгі 107 жылы (бұдан 2100 жыл бұрын) үйсін ханына ұзатылған қытай қызы еліне (Қытайға) ӛлең сӛзбен хат жазады: «Мені үйсін патшасына ұзаттыңдар. Бұлар кӛшіп журеді екен. Дӛңгелек үйлерде тұрады екен. Оны киізбен, жабады екен» -- дейді. 3. Киіз үй: кеше, бүгін және болашақта

Кӛшіп жұртын жаңартып, жаңа кӛрініспен кӛңіл-күйін жаңартып әдеттенген қазақ үшін осыдан аз ғана жылдар бұрынырақ киіз үй маңызын дәлелдеп жатудың қажеті жоқ еді. Ал енді бұ заманда киіз үйде тумақ түгіл, киіз үйді кӛрмеген ұрпақтар ӛмірге келді, келіп жатыр және келе де бермек. Әлемдік техникапық революция тегеуріні мен оның жетістіктері қазіргі заманға тиімділік кӛзқарасымен қарағанда даму процесінің бұ кезеңінде қазақ елінде киіз үйді пайдаланудың тиімсіздік кӛрсеткіштерін алға тартады. Сол кӛрсеткіштерді мойындау – қазақ халқының санмыңдаған жылдарғы рухани сұраныстарымен санаспау, ал, ол болса, қазақтың киіз үйін жер бетінен жоқ етіп жіберуіне жеткізгелі отыр. Оның алғашқы сатысы ретінде киіз үй сүйегін дайындайтын шеберлер мен шеберханалардың жойылып кетуі процесі басталады, басталған жоқ, аяқталуға таяу қалды.

Page 194: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

194

Ендігі жерде киіз үй туралы қазақ бабаларымыздың пайдаланған сӛздері де бірте-бірте ауызға түспек түгіл, жадымыздан жай таппайтын реті бар. Біздің ұрпақ бара-бара «қазақ киіз үйде тұрыпты» дегенге арланар кезеңге бет түзеп келе жатырған секілді.

Біз дәлел келтірген 2000 жылда да, оның арғы жағындағы сан мыңдаған жылдар бойы да ата-бабамыздың негізгі баспанасы болған киіз үй «мен қазақпын» дейтін әрбір қазақ үшін қасиетті дүние екенін дәлелдеп жатудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймыз. Қазақтар ӛздерінің табиғи ақылымен, жаратылыспен қатар ӛмір сүруден жинаған тәжірибелерінің негізінде киіз үйін, барлық жағынан да, (архитектуралық, экономикалық, ұлттық) әлемде теңдесі жоқ туынды ете алып еді. Бірақ, біздердің, 21 ғасырда тіршілік ететін қазақ ұрпақтарының алдынан жаңа сұрақтар пайда болып, жаңа міндеттер туындайтын реттері бар секілді.

Біздің алдымыздағы негізгі сұрақ -- ата-бабаларымызға Ұлы жаратылыс сыйға тартқан, ата-аналарымызға пана болған, Ұлы жаратылыстан үлесімізге тиген жеке-дара еншімізді, осы тамаша кӛркімен болашақ ұрпағымызға мұра ете аламыз ба?...

Тырыстық делік. Олай болса бұл сұрақтарға жауап іздегендердің, киіз үйді келешек ұрпақтарға мұра ретінде жеткізбек болғандардың мойнына артылар бірнеше міндеттер туындайды.

Біріншідең кезінде дүниежүзі саяхатшыларының таңдайын қақтырып, бабаларымыздың басын игізген қасиетті киіз үйдің қазақ халқы үшін қаншалықты маңызы бар екенін ұрпағымыздың болмысына сіңіру. Бұл міндет насихат қуатын күшейту арқылы іске аспақ; Екіншіден біздерді, қазақтарды, не қилы замандардан аман-есен осы заманға жеткізген, баспанамыз бола алған киіз үйіміз туралы жазба деректерді толықтырып, мұражайларды киіз үй үлгілерімен қамтамасыз ету. Бұл міндет зерттеу жүмыстарын ұйымдастыру арқылы, қолда бар нәрселерді жинақтау арқылы іске аспак;

Үшіншіден, қазіргі заман сұраныстарын зерттей отырып, қазақ киіз үйін киіз үй турінде пайдалану жолын іздеу, нарық заңдылығына бейім шешімдер табу, соның арқасында қазақ киіз үйін және конструкциясы сол пошымда жасаған киіз үй секілді жайлардың қолдану аясын кеңейту. Бұл міндет киіз үй жасайтын цехтарға кӛмек кӛрсету, жобалау институттарында киіз уй архитектурасын қаланы безендіру барысында, ғимараттарды, шағын архитектуралық формаларды жасақтауда пайдалану арқылы іске аспақ.

Кӛшпелі ел болғаныңа ұялатын заман ӛтті. Ендігі ұрпақтарды ата-

бабаларының кӛшпелі ел болғанына мақтаныш тұтарлық шындыққа жеткізу қажет.

Page 195: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

195

Біздің пайымдауымыз бойынша адам баласының ақылы жеткен барлық табиғат құпияларының, ашқан барлық жаңалықтарының басында кӛшпелілердің жаратылыс туралы тәжірибесі мен танымы жатыр. Біздің бұл болжамымызға бір кездерде оқымыстылар мен ғалымдардың да кӛздері жетер деп ойлаймыз. Солардың ішінде киіз үй орны ерекше. Оны заманы ӛткен нәрсе ретінде тіршілік атты үйірімнің айналымынан шығарып тастау үлкен білместік болар еді. Киіз үйінен айырылған қазақ қазақтық болмысынан да аулақтай бастары сӛзсіз. Ол жалпы адам баласына да пайда бермесі анық. Сондықтан да қазіргі заман талабы мен батыстанған ұрпақ санасын ескере отырып, киіз үйдің қазіргі заманға сәйкестігін табу, қала тұрмысында пайдалану секілді ізгілікті істердің аясын кеңейту тек қана іскерлердің емес, қала сәулетшілері мен мемлекет басшыларының да апдындағы маңызды шаруа...

Киіз үй туралы жазылған беттер мен етілген еңбектердің, қазақтар үшін, бір кездегі шумерлер (олар да кӛшпенді тайпалар ұрпағы) жазған «саз кітаптар» секілді, енді 5000 жылдан кейін де бағасын жоймасы анық... Қазақ халқы – ӛзінің күнделікті тұрмысы мен тіршілігінде, ӛнері мен кәсібінде отырықшы елдер түгілі ӛздеріндей кӛшпелі бауырларына да ұқсамайтын, тек қана ӛздеріне тән, кӛптеген ерекшеліктер қалыптастырған ел. Жүздеген жыл бойы үйірінен адасқан бауырларымыз тек қана қазаққа тән қасиеттерін аман сақтағандығының арқасында, бір-бірін тосырқамай, жатырқамай қайта табысып жатады. Оған негізгі себеп – олар нағыз қазақтар, қазақтық болмысын сақтағандар еді. Ғалымдар болжауынан қазақ халқы атты алып бәйтерекке тамыр болып жатқан әрісі сақ, ғұн, скиф, бергісі арғын, үйсін, алшын, жалайыр, қақлы, адай, меркіт, найман, қыпшақ, керей, беріш, тағы солар секілді кӛптеген тайпалар , жасы біздің жыл санауымыздың арғы жағындағы 5000 жылдыққа алып кетсе, жартастағы таңбалар мен құлпытастардағы ескі түрік жазуларының словян әліппесінен 1500 жасқа, грузин, армян жазуларынан 1000 жасқа қартаңдау екенін дәлелдеп берді. Бұл тек қана мойындалған, дәлелденген ақиқаттар. Болашақтың еншісінде ашылуға, дәлелденуге тиіс, дүниежүзі елдері танысуға, бұлтартпас айғақтардың арқасында еріксіз мойындауға тиіс қаншама кӛшпелі еддердің бұ тірлікке қосқан үлесі бар десеңші. Солардың бірі – қазақтың киіз үйі. Қазақ халқының алғашқы баспана еткен жерасты үңгірлерінің пошымдары (формалары) ӛздерінің киіз үйінің болмысына сәйкес екендігі, дәлірек айтқанда киіз үйлер бар адам баласының алғаш баспана еткен үңгірлер үлгісінен апынғандығы байқалады. Соған қарағанда қазақ киіз үйінің жасын жобалап айтудың ӛзі мүмкін емес секілді.

Page 196: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

196

Қазақтар адам баласының ӛркендеуіне қосқан үлестері туралы басқалардан ұялмай әңгіме ете алатын халық. Жылқы малын жуасытып мініп, ӛгіз жеккен арбаларының үстіне киіз уй тіккелі, қытай тауларынан Қап тауына (Кавказ) дейінгі аралықты мекен етіп, ен даланы мал мен жанға толтырып, бақытты ӛмір кеше жүріп талай істі тындырғандығы белгілі болып жатыр.

Қазақ халқы саны жағынан да ешкімнен кем түспеген ел еді. 1897 жылғы санақ бойынша 4084 мыңға жетсе, орыс революциясы қарсаңында, 6 миллион адамнан асқан болатын (бұл санақтардың кезінде қазақ халқын толық қамти алмауы да мумкін).

Жиырмасыншы ғасырдың бірінші ширегінде 3 миллион шаршы шақырым жерді иемденген қазақтар бір шақырым шаршы жерге 2 адам жобасында келген. Тығыз орнапасқан елдердің кӛрсеткішімен салыстырғанда бір шаршы шақырымға екі адам қаншалықты аз болып кӛрінгенімен қазақтың ессіз қалған, адам қоныстанбаған бір шаршы да жері жоқ болатын. Мал қонысының жайына қарай, жер отының ыңғайына байланысты, олар улан-байтақ қонысын «тұяқ тесті» етпей, аздырмай-тоздырмай пайдалана білген. Ӛзен мен кӛл суларын жағалай, тау етектері мен орман-тоғай маңайын қоныстанған отырықшы бӛлігінен тұрғындарынан басқалары жыл он екі ай кӛшпелі ӛмір кешкен. Кӛшпелі қазақтарды жаздың ыстығы, қыстың суығынан, жаңбыры мен қарлы боранынан, шаңды желі мен ыссы аптабынан қорғайтын жалғыз панасы – киіз үйі еді. Кӛшпелілер кімдер еді дегенде ойға оралар, кӛзге елестер екі-ақ нәрсе: мыңғырған тӛрт түлік мал және қазақтың киіз үйлерінен тұратын киіз үйлерден тұратын ауыл, кӛшпелілер қаласы. Әрине, соларды ӛсіре білген, баға білген, күте алған, сәндей алған қазақтардың ӛздері. Қазақ халқы сан-мың ұрпақ ӛсірді, ұлы халық қатарына қосылды.

Атақты академик В.Козлов деректерінен: (Национальности СССР М.1983) По итогам перепис населения (млн.чел.) 1897 1939 (+) (-) Казахи 4,084 2,300 -1,80 раз Узбеки 0,726 3,900 +5,37 Таджики 0,350 0,900 +2,57 Туркмены 0,281 0,760 +2,70 Киргизы 0,201 0,750 +3,73 Біз киіз үйде, орта есеппең бес адамнан тұрды деп есептесек 1897

жылы қазақ даласында 4084000 : 5 = 817000 киіз үй, 1939 жылы 500000-ге жуық киіз үй болған дей аламыз. Жыл сайын қаншама отаулар бӛлініп шығып жатты, оларға қаншама үй дайындау керек болды. Әрине, соншама үйді дайындау үшін үйшілердің ӛздері білетін, қазір ұмытылған

Page 197: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

197

тұрақты ӛлшемдері, киіз үй сүйектерінің бір-біріне қатынас сандары болғаны сӛзсіз. Сол ӛлшемдерден, сол қатынас сандардан ел есінде қалғаны шаңырақ шеңберінің ұзындығы мен киіз үй шеңберінің ұзындығының 1 : 3 қатынаста екендігі. Осы санды негізге ала отырып, кӛптеген зерттеу нәтижелерінде, киіз үй сүйегін дайындау барысында үйшілердің (шеберлер) киіз уй сүйегінің әр мүшесіне сәйкес заңдылық бойынша қабылданатыны байқалады.

Кейбір жағдайларда кереге биіктетіліп, уық иіні соның есебінен қысқартылатынына кӛз жетті. Бірақ, киіз үй биіктігі ӛзгертілмеген қалыпта қалады.

Мақтануға тұрарлық бір құбылыс қазақ киіз үйінің сәндік, архитектуралық формасының тұрақтылығы. Сол тұрақтылық арқасында қазақ киіз үйін дайындау барысында үйшілер пайдаланған (мүмкін жасырын ұстаған) тұрақты сандар мӛлшерін анықтауға қол жетті.

Зерттеу жұмыстарының қорытындысы, киіз үй сүйегінің ӛлшемдері бір заңдылыққа бағынатындығын байқатты. Соның арқасында Маңғыстау ӛңірінде кӛбірек пайдаланылатын алты, жеті қанат үйлер сүйегіне жасалған ӛлшеулер мен зерделеуден туындаған қорытындыпар киіз үй сүйегін дайындау заңдылықтарын анықтады.

Біз бұл заңдылықтар мен деректерді «Қазақтың киіз үйі» («Елорда», 2005 ж.) атты еңбегімізде баяндадық. ДОМАЛАҚ - АНА КЕСЕНЕСІ ӚМІРГЕ ҚАЛАЙ КЕЛДІ

Есте жоқ ескі заманнан бері қарай ӛз тарихын ӛшпестей етіп тасқа жаза білген және сол тастан тұрғызылған зираттық сәулет ескерткіштері арқылы ӛзінің ӛсу, ӛркендеу кезеңдерін дәл бейнелей алған халық екеу болса, соның бірі кәзіргі қазақ аталып жүргендердің ата-бабалары.

Сол бабаларымыз бұ дүниенің жалғандығы мен о дүниенің мәңгілігі туралы түсінігін ұрпақтарына ауызша үгіт айтудан гӛрі тірі мен ӛліге арналған баспанасы арқылы түсіндіруді жӛн кӛрген-дей. Олар тірілер үйіне ойнақы әзілмен, жеңіл қалжыңмен қараса, ата-бабаларының басына тұрғызар ескерт-кіштеріне кӛзқарасы мүлдем басқаша. Бұ дүниелік жайларын саларда шеберлік түгіл, олақтықтың ерсілігін бір-бірінен асырып жатса, зираттық ескерткіштердің сән-салтанаты, сәулеттік шеберлігі кӛрушісіне ой түсіре, табиғат пен бұ дүниенің, шексіздік пен о

Page 198: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

198

дүниенің мағынасын салыстыра, сезіндіре, таңдай қақтыра, табындыра алатындай дәрежеге жеткізген. Уақытша «бұ», мәңгілік «о» дүниелерге кӛзқарасын ескерткіштері арқылы бейнелегендей. Ӛткенді бү күнгі санамен шолсақ, бар ӛміріміз опыну пен әттеңге толып кетеді...

Әттең! Тарихтың сол бір түйіскен кезеңінде ел бірлік ұранын шақыра алғанда?..

Әттең! Бауырлас елдер бір-бірінің қанын судай шашып жатқан шақта ата жауының кім екеніне ой жеткізер кӛсем болғанда?

Әттең! Кӛшетұғын сай үшін, ӛлетұғын тай үшін жақын жанның жағасын жыртпағанда?

Әрине, әттеңдерді жалғастыра беруге болар, бірақ біз сол әттеңдердің жазғалы отырған тақырыбымызға қатынасты біреуін-ақ алалық...

Әттең, сол кезде түбі бір екі түркі елі бірін-бірі құртпағанда, әр тӛбенің басында мен мұндалап тұратын ескінің кӛне кӛздері орыс отарлаүшыларының ойыншығына айналмай, ұрпақтарының табынарына айналар еді-ау!.. Кезінде аталарымыз отаршы елдің екпініне тамырлас, тағдырлас халықтардың тегі бірлігін қарсы қоя алғанда, сол жәдігерлер әлі күнге ӛткен ӛмір куәлігіндей болып - таны мені, оқы мені деп тұрар еді-ау... Дегенмен, құдайға шүкіршілік етелік, халқымыздың тарихында бірде дай, бірде дах аталып, ал енді бірде массагет құрамында елес беріп, Геродот жазбасында Александр Македонскийге қарсы күресте ерлік кӛрсетіп жатса, парсы тарихшылары Кирге қарсы соғысқан тайпалар құрамындағы дайлар ерлігін ерекше атап ӛткен, қазіргі ұрпақтары адай аталатындардың мекен еткен Маңғыстау ӛлкесі отаршылар қолына кенжелеу іліккенінің пайдасынан сан ғасырлық тас тарихын, зираттық сәулет ескерткіштерін сақтап қалыпты. Кеңес заманында біразы әдейі қиратылып, ескісін жӛндеуге, жаңасын салуға тыйым салынғанымен, ел жады табиғат сыйлаған, атадан мирас тума ӛнерін сақтап қалыпты. Енді міне еліміздің тәуелсіздігі мойындалған кезде, ешкім үйретпей-ақ, ешкім оқытпай-ақ бірден ата кәсібін, ата ӛнерін жалғастырып кете барды.

Қазақстан Республикасының, жалпы исі қазақ халқының дүниежүзілік деңгейде ӛткен алғашқы тойы Абайдың 150 жылдық мерейтойы десек, халықтың Абайға кӛрсеткен ең үлкен құрметі Абай басына тұрғызылған асқақ мұнара болса, сол мұнараны салуды Маңғыстау шеберлеріне салдыртуы — ол кездейсоқ нәрсе емес. Бұл еліміздің ӛз енерін сұрыптай алуында, қажет кезінде ағайынның атынан да, ауылдастың тайынан да ӛнерлінің ӛнерін оздыруы деп білеміз.

Сол Абай, Шәкерім мұнараларын тұрғызған біздерге бір сәтті күні қасиетті Қаратау бойындағы Домалақ-Ана басына ескерткіш кесене орнатып берсеңіз деген ұсыныс жасалды. Мен ойланбастан келісе кеттім. Оған екі түрлі себеп әсер еткен еді.

Page 199: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

199

Біріншісі - бойдағы азаматтық парыз. Домалақ-Ана - қазақ халқының ұлы аруақтарының бірі және Анааруақ. Әулие деп танылған аналар айтарлықтай кӛп емес. Домалақ-Анаға кесене салу - имандылық істер қатарына, ізгілік жұмыстар санатына қосылары сӛзсіз.

Екіншіден - Жидебайда Абайдың 150 жылдығына арналған той аяқталып, біздер Абай мен Шәкерім мұнаралары үшін Семей әкімшілігінен естиміз ғой деген алғыстан да, тойға жиналған ел алдында айтылар бір ауыз сӛз мадақтан да, «орамал тон болмайды жол болады» деген қазақ атам үрдісінен де құр қалып- неге бұлай болды?- деген сұраққа жауап іздестіріп жүрген жабырқау шақ тұсына сәйкес келген еді.

Пендешілік сезімнен туған, Абай құрылысында еленбей қалған еңбекті басқа құрылыс арқылы таныту керек деген намыс қамшылаған сол бір кезеңге осы шақыру дәл келе қалған болатын.

Осындай екі себеппен ӛз тарапымнан «Домалақ-Ана» кесенесіне айрықша мән бере, анаға деген ерекше ішкі жылылық сезіммен қоса біреулерге деген ерегес, бәсекелес сезіммен де кіріскен едім.

Шақыруды қарсы алып, 1995 жылдың қазан айының он үші күні, болашақ салынар кесененің бас шебері, ұлым Нұрлан екеуміз Шымкентке ұшып келе жатып, сонау заңғар биікте, ұшақ ішінде болашақ кесененің сұлбасын кӛз алдыма толық елестеткенмін-ді...

...Болашақ кесене кӛрінісі күнделікті кӛз үйренген геометриялық формалардан ӛзгеше, табиғат туындысына ұқсас болса екен деген алғашқы мақсатымды, арнайы сәулетшілік білімім болмаса да, бір ерекше ғимарат болып шықса екен деген үмітімді кӛкірекке оралған жоба ақтайтыидай болып кӛрінген.

Кесене негізі - қазақтың тӛл туындысы күмбез. Күмбез ӛз формасын биіктеген сайын үш рет ӛзгертеді. Бірінші қимада сегіз жапырақ, екінші қимада он алты жапырақ, үшінші қимада отыз екі жапырақтан тұратын гүл және негізгі сызықтары Ана атын ақтап тұрғандай кілең дӛңгелек сызықтардан тұратын ғимарат. Аруақты ардақтаушыларға, қасиетке табынушыларға арнайы түнейтін жер асты жайлары бар, Абай-Шәкерім кесенесінде сәулетшілер жіберген қателерді ескере отырып, аруақ басына апарар жер асты жол қалдырылған, қазақтың «босағаң берік болсын» деп берер батасының мағынасына сӛйкес кесене алдында қос босаға мұнарасы бар, Маңғыстаудың атақты ақтасынан салынатын, монументті порталы бар ғимарат еді.

Сегіз жапырақтың біреуін кірер есікке айналдырып қалған жетеуіне электр шамдарынан шырақ орнаттық. Жеті саны, біріншіден, қазақ халқы үшін қасиетті сан болса, екіншіден, осы ӛңір елі үшін басқаша түсінік беруге де болатын қадір-қасиеті бар. Нұрила (Домалақ-Ана) анамыз Қаратау ӛңірін билеген Бәйдібек бидің жары болыпты. Жазушы Еркінбек

Page 200: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

200

Тұрысовтың «Әлия» баспасынан 1992 жылы шыққан «Бәйдібек» атты кітабында былай делінеді: -Оның үлкен әйелі Сары бӛйбішеден Сарыүйсін, екінші әйелі Зеріптен... Шапырашты, Ошақты, Ысты... Домалақ-Ана дейтін лақап атымен мәлім Нұриланың жалғыз ұлы Жарықшақтан үш баласы Албан, Суан, Дулаттың ұрпақтары». Демек, Бӛйдібек атаның ұрпақтары бұ кезде жеті рулы ел, олай болса Домалақ-Ана ұрпақтары да жеті рулы ел. Сан ғасырлар бойы қасиетті анасының бейітін кӛздерінің қарашығындай қорғап, зұлым күштер қаншама рет қиратса да, анасына деген сүйіспеншіліктен соншама рет қайта салып келген Бәйдібектің, Домалақ-Ананың жеті рулы ұрпақтарының атынан жағылған жеті шырақ деп түсіндіруге де жарарлық әңгімеге жол ашамыз.

Зиярат етушілер сенімін арттыра түсу, сол арқылы олардың жан-тәніндегі жақсылық ұрығының гүл жаруына жағдай жасау - сәулетшілер мен шеберлердің басты міндеті.

Бұл кесенені зиярат етушілерге Әулие-Ананы үш рет айналып шығу мүмкіндігі жасалған. Қазақтың жүрекке жақын «айналайын» сӛзінің мәнін тілі жүйрік, ойы сергек кісілер сол маңайда жақсы түсіндіріп берері сӛзсіз.

Кесенемен танысу, немесе кесенемен таныстыруды былайша ұйымдастыруды ұсынамын. Осы ӛңірдің қақпақ тастарынан тӛселіп жасалмақ болған, сырт жолмен, Жердің Күнді айналу бағытына сәйкес (солдан, оңға қарай) кесене сыртынан бір айналып шығады.

Баспалдақпен кӛтеріліп, күмбез сыртындағы түнемел жайлардың үстімен екінші рет айналып шығады.

Үшінші рет айналып шығу үшін кесене күмбезінің есігі жанындағы тӛмен түсетін баспалдақпен кесененің тӛменгі бӛлігіне ӛтіп, түнемел жайлармен танысады.

Аса құрметті қонақтарға, арнайы алыстан келген кісілерге, дін, аруақ жолында еңбек етуші жандарға, аузында Алласы, кӛкірегінде иманы бар мұсылмандарға жер асты жол арқылы кесененің жабық бӛлігіне, Нұрила ананың мүрдесі қойылған кӛрханаға баруға мүмкіндік жасалған. Кӛрхана - күмбездің үстіңгі жағындай жеті шырақ жағылатын, Ана мүрдесінің үстіне мрамор тастан сандықтас қойылған, жан-жағында табиғи таза топырағы кӛрініп жатқан жай. Ана аруағына басын еңкейтіп, тізесін бүгіп қос алақанын сан ғасырлар Әулие ана рухы сіңген топыраққа тигізген кісі - сол әулие ана қолын ұстағандай әсер алса, Әулие ана қолын ұстаған қос алақанын ӛз маңдайына тигізгенде, қасиетті ана маңдайынан сипағандай сезімге бӛленсе - біз онда зияратшының арманы орандалады деп сенеміз.

Анадан шапағат күтіп қасиетінен жеке басына жәрдем тілеушілерге түнемел орындар жоспарланып, Ана мүрдесінің тӛрт жағында тӛрт жер асты жай жабдықталған.

Page 201: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

201

Шығыс жақтағы жай тек қана әйелдер үшін, әуелі Алла, екінші Ана аруағынан шапағат күтіп, Аллатағаладан перзент сұраушыларға арналған. Бұл орынға ер кісілер түнемейді. Қалған үш жайға ерлер де, әйелдер де түней береді.

Біздің халқымыз мүрдені жер анаға тапсырарда басын батысқа, бетін құбылаға қаратып жерлейді. Сол ғұрыптың ізімен біз батыс жақтағы түнемелді жасы ұлғайып, ниетін Аллатағаланың «о дүниелік» етіп жаратқан мәңгілік тұрағына бет түзеген кісілерге арнасақ, оңтүстік жақтағы түнемелді ниетін мұсылманшылыққа бүрғандарға арнадық. Қазақ халқының оңтүстікті құбыла дейтіні, құбыланың Мекке бағыты екені бәрімізге де белгілі.

Түнеушілер әуелі Алла, сосын ана аруағына жалынып, біліп-білмей істеген күнәлары үшін кешірім ӛтініп, ӛзінің жақсылыққа бет бұрған ниетін қабыл етуін, соған жәрдемдесуін сұрайды.

Солтүстік жақтағы жайға бұ дүниелік жүмыстардың салмағын сезінгендер немесе Алла мен Аруақтан басына бақ тілеп, маңына бірлік, татулық сұрап, келіспеген тірлігіне шешім тілеп, талабының оңғарылуына тілек тілеу-шілерге арналады.

Түнеушілер тазаланып, жуынып, күн ұясына қона түнемел орнына отырады, жатып ұйықтамайды, шырақ жақпайды. Ояу отырған барлық уақытын Жаратқанға жалбарынумен, ойындағы тілектерін қайта-қайта қайталап, іштей тілеуменен ӛткізеді. Аруақтарға арнап, білген дүғаларын оқиды. Қалғып, ұйықтап кетсе, ештеңе етпейді. Түс кӛрсе, түсін ұмытпауға тырысады, түсті жори білетіндерге жорытып алады. Күн ұясынан шыға тунеуін тоқтатады. Бір жайға бірден бірнеше кісі түнесе, бір-бірімен сӛйлеспейді, әр адам ӛз тілегін ойлаумен болады.

Батыс жақтағы жай ішінен Домалақ-Ана басына апарар жол қалдырып, қабырғасына мрамор тақтайшалар орнатылған.

Бірінші тақтада: «Жаратушы Иег Аллатағала! Домалақ-Ана жайын жәннеттен қыла гӛр» деген жазу жазылған. Бұл жазуды оқып шыққан әрбір адам Аллатағалаға ӛз тілегін, ана

аруағына бас июмен қатар оған деген ӛзінің ниетін де білдіреді. Екінші тақтада: «Домалақ-Ана! Исі қазақ атынан, Сізге деген үш ұрпақты қазақ елінің

ақ пейіліндей үш сатылы, үш толқынды ақ күмбез тұрғыздық. Ниетімізді қабыл ет» деген сӛз жазылған.

Біз бүл сӛз арқылы анаға қойылған ескерткіштің бүкіл халық атынан қойылғанын айрықша атап ӛтпекпіз.

Бұл сӛзді оқыған әрбір кісі осы қүрылысқа ӛзінің де қатысты екенін, кесене қүрылысына жұмсалған қаржы мен еңбектің ішінде оның да үлесі бар екенін сезінсе дедік.

Page 202: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

202

Әрбір қаржылы адамның сол қаржыны істеген ісі мен сатқан дүниесінің үстіне үстеме қосу арқылы елден жинайтыны белгілі. Құрылысты жобалаған, салған кісілер сол ӛнерлерін халықтан үйренеді, ел жадынан алады, үлкендер үлгісінен кӛреді.

Соларды ойлай келе біз салынған әрбір теңгеде, қойылған әрбір қышта, сызылған әрбір сызықта әркімнің де үлесі бар деп есептейміз.

Үшінші тақтада: «Домалақ-Ана құрылысын қаржыландырғандар: Сейітқожа Атымтай Омартегі Тӛлепбек Алтынбек Дүйсенбекұлы» деп ойылған. Жаны, түсінігі, сезімі тек қана ӛзіне емес, еліне де бұрып тұратын бұл

жандардың аты, ісі бүкіл елге үлгі болуға тұрарлық. Сондай елге үлгі боларлық кесене маңдайшасына қойылған

тақтайларды облыс әкімдерінің алдырып тастауы елдің рухани баюына кеселін тигізер іс деп есептейміз.

Тӛртінші тақтада: «Домалақ-Ана кесенесінің бас сәулетшісі Тоқтамыс Сайын Назарбекұлы Бас қүрылысшы-шебері Назарбек Нұрлан Сайынұлы» деген жазулар ойылған. Кесене Маңғыстау ӛңірінің Жаңаӛзен қаласынан 30 шақырымдай

жерден шығатын, Абай, Шәкерім мұнараларына пайдаланылған ақтастан тұрғызылды.

Жерден қазылып алынған ақтастар ӛлшемі 1,5x1,5x1,0 метр болып кесіледі де теміржол вагондарына тиеліп, құрылыс басына жеткізіледі. Сол жерде арнайы аралармен қажетті тақтайша бұйымдарға тілініп, кесіліп, жонылып орнына қойылады .

Бұндай ақтастар Египет, Рим, Греция елдерінде пайдаланылып келе жатқан, жер астынан шыққан кезде жұмсақ, кесуге, ӛңдеуге қолайлы болғанымен, уақыт ӛте қатая түсетін, беріктене түсетін қасиеті бар тастар. Алғашқыда сүттей ақ түсті болғанымен, мезгіл ӛте сәл сарғыштанып, ақсары түске енеді. Бұл кесенеге 225,0 текше метр ақтас алдырылды.

Бұл құрылысқа Абай, Шәкерім мұнараларын тұрғызысқан маңғыстаулық Назарбеков Нұрлан, Айдарбеков Жомарт, Медетбеков Заңғар, Бердіғожин Қылышбек, Ербозов Қайрош, Қызылорда облысынан Шамаев Ерлік, Текебаев Жанбай атты шеберлер қатынасты. Абай, Шәкерім мұнараларын тұрғызған, Домалақ-Ана кесенесін салған маңғыстаулық «Парыз» ізгілік шағын мекемесіне соңғы жылдары жұмысқа орналасқан ӛскемендік Тӛкешов Еркінбек пен маңғыстаулық Олжабаев Есберді, Алхамов Дінғабыл, Жұманиязов Серік, Назарбеков Ғажап, Отаралиев Назымбек шеберлер қатынасты.

Page 203: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

203

Бұл ғимараттың бой кӛтеруіне Байқошов Нәлібай, Әбдуәлиев Тӛлепбек, Қошанов Алтынбек сияқты Оңтүстік Қазақстан елкесінің шеберлері мен басқа да біраз жастары атсалысты.

Мақаламыздың басында жалпы сәулет ескерткіштері елдің ӛркендеу, ӛсу дәрежесін, рухани ішкі дүниесінің сипатын танытады деген едік.

Маңғыстаудағы Қашаған, Абыл, Досан, Балуанияз, Қармыс, Құлбарақ кесенелері, Атырау, Аштархан жақта бой кӛтерген Құрманғазы, Махамбет, Исатай, Ақтӛбедегі Есет батыр кесенелері, Шыңғыстаудағы Абай, Шәкерім мұнаралары, Тоқтамыс, Мамай, Кӛкбай ақын, Омархан-Нұржамал күмбездері, Ділдә, Әйгерім, Ақылбай, Шәкір Әбенов сағаналары, Алматыдағы Райымбек, Қаратау бойындағы Қара Бура, Баба Түкті Шашты Әзіз, Домалақ-Ана кесенелері (мен тек қана ӛз кӛзіммен кӛргендерімді санап шықтым) - бұлардың барлығы да қазақ халқының кәзіргі кездегі рухани бейнесі іспеттес. Елдің ізгілікке, имандылыққа басқан алғашқы қадамдары. Қалың елдің рухын кӛтерер, соңғы ұрпақты жақсылыққа жетелер, қарияларымыздың артымыздағыларға алаңдамай-ақ аттана алатын дәрежеге жетіппіз дейтіндей қанағат сезімін туғызатын қадамдар. Бірақ бұндай қадамдар нық, орнықты басылып, исі қазақ елінің, кӛруге, зиярат етуге келген барша жұрт кӛңілінен шығып жатуы қажет. Бұл қадамдар елдің елдігіне, ӛнеріне, кісілігіне нұқсан келтірмейтін қадамдар болмағы шарт. Сондықтан да бұл шаруаларға «ниетім құбыла» деп кірісіп кетпей, мамандармен ақылдасып, сұңғылалармен сұхбаттасып барып іске асырылса. Егер солай істелінсе, Баба Түкті Шашты Әзіз әулиеге тұрғызған жаңа кесене туралы халқымыздың тек қана сәулет ӛнері емес, жалпы рухани дүниесінің кӛркейе түсуіне үлкен еңбек етіп келе жатқан Шота Уәлиханов аузынан: «Япырмай, Әулиенің бұрынғы ескерткіші мынасынан әлдеқайда құндылау еді, ең болмағанда уақыт сыйлаған құнымен қадірлілеу еді» - деген сӛз шықпаған болар еді. «Ӛзім білем дегеннен тәңірім безер» деген мақал бар. Қалақ ұстағанның бәрі құрылысшы емес, қалам ұстағанның бәрі ақын емес. Бұндай істерді кӛппен шешкен, кеңеспен шешкен дұрыс дер едік.

«Домалақ-Ана» кесенесінің біз тұрғызған жаңасының ӛмірге келуі туралы осы ескерткіш мұражайды қаржыландырған екі азамат, ендігі жерде аттарын үлкен әріппен теріп жазуға тұрарлық Азаматтар - Атымтай мен Алтынбек әңгімесі былайша ӛріледі:

Бір сәтті күні Атымтай Алтынбекке: «Алтеке, Аллаға сыйынып, аруақтарға жалынып азды-кӛпті қаржы тауып жүрміз. Егер бір-екі жылғы табысымызды Домалақ-Ана аруағына бағыштасақ, Ана басындағы тозығы жеткен кесенені жаңартуға жұмсасақ талабымыз тоқтап қалмас» - десе керек. Жақсы сӛз - жарым ырыс. Алтынбек те қолдай кетіпті. Ендігі мәселе, негізгі мәселе - кімге салғызамыз деген сұраққа жауап іздеп жүрген шақта Абай-Шәкерім кесенесінің салынғаны туралы хабарлар

Page 204: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

204

айтыла бастайды. Атымтай арнайы Жидебайға барады, Абай аруағына зиярат етеді. Сол сапарынан ойдағы құрылысын Маңғыстаудың ақтасынан, маңғыстаулық шеберлерге салдыру қажет деген тоқтамға келеді.

Арғы жағы мақала басында айтылды. Міне, сол кесене кәзір кӛз алдарыңызда. «Піскен асқа жеуші кӛп,

біткен іске сыншы кӛп» дейді ғой. Сыншылар да табылар, мақтайтындар да кездесер.

Біздің тілейтініміз - азаматтарымыздың имандылыққа басқан, ізгілік істерге аттаған қадамдары әрдайым сәтті болғай, басқадан қолдау тауып, ел кӛңілінен шығып жатқай. Сонда ғана осы қадамдар арты үлкен даңғыл жолға айналады. Ал, даңғыл жолдың жолаушысын адастырмасына тарих куә.

Осындай бір ізгілікті істе сапарлас бол деп шақырған Атымтай Омартегі мен Алтынбек Дүйсенбекұлына айтар алғысым мол. Мынандай қиын заманда бар тапқан-таянғандарын Домалақ-Ана аруағына бағыштаған сол азаматтарға ендігі жерде Ана басында оқылған әрбір дүға шапағаты тиер деген үміттеміз. Аллатағала мейіріне ілініп, отбасы аман болып, талаптары оңғарыла берсін деп тілек тілелік.

Адай ата кесенесі Менің сәулетшілік қызметім ұлтымыздың дара тұлғалары мен еліміздің тарихи кезеңдеріне Маңғыстау ақ тасынан кесенелер салуға арналған. Назарларыңызға ұсынылып отырған бұл жоба жүзеге аса қалса, ол тек қана Маңғыстау халқы рухының қатыгез де қатал ғасырлар сынақтарынан мұқалса да мүжіліп таусылмай ӛткенінің, жұқарса да жоғалып кетпей, Тәуелсіздік алған дәуірімізге жеткенінің дәлелі болып қоймай, сол рухтың мәңгілігінің символы ретінде әлем жұртының назарын да аударар еді. Бұл жобаны «Адай ата кесенесі» деген атпен іске асырмақ болып отырмын. Тарих беттеріне «Адай» аты сонау Геродот заманынан бері басыла бастапты. Мұндай символ қазақ халқына да мақтаныш болары сӛзсіз. Сонымен қоса «ӛнер халықтікі» деген қағида бойынша сан ғасырлар бойы тас қашаған адай шеберлері мен қазақ халқының ӛнер туындыларын жинақтап әуелі ӛз ұрпағына табыстырып, сосын ӛз халқына таныстырып, содан соң барып бүкіл адамзат игілігіне айналдырған болар едік. Мәдениет пен сәулет ӛнері ортақ. Сондықтан да бұл жоба жүзеге аса қалған күнде, тек қана маңғыстаулықтар үшін емес, әлем халықтарының мәдениетіне де еңбек етеді деп дәметеміз... Сайын Назарбекұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Жоба туралы... Жоба мақсаты – Жаратылыс пен Табиғаттың тек қана ӛз заңына бағына ӛзгеріп отыратын құбылыс екенін, адам оларға «Жер маған басыңды іи» деуге құқы жоқ екенін түсіндіру...Жеке кісі қандай биік

Page 205: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

205

мансапты болсын, ол кісі қандай данышпан болсын бәрібір жаратылысты қолдан ӛзгерте алмайды.

Жаратылыс ӛлшемі – шексіздік! Адам табиғат алдында тек қана бір нүкте. Жоба бұ тіршіліктегі

ӛнер мен ӛмір мағынасын, Жер атты Жаратылыс құдіретінің адам атты құмырсқасына уақытша баспана болған кездегі пенде міндеті туралы ой қозғауға әсер етуді мақсат етеді. Оны маңғыстаулықтардың аңыздық – әпсаналары, тарихи-танымдары, діни-ұғымдары, ӛнер туындылары негізінде және табиғат заңдылықтарына сүйене отырып кӛзге елестетуге тырысады...

Кесене маңын мүмкіндік болса, келешекте, қорық-мұражайға айналдырып, жол маңдары қоршалып, Маңғыстауда кездесетін аңдар мен жануарлар әлемі жасақталынса... Олай болған жағдайда, жобаны іске асырудың екінші кезеңінде, бұрғылап су шығарылып, жабайы шӛл тұқымдары шашылып, малдар мен аңдардың ӛмір сүруіне,туристердің келіп-кетуіне жағдай жасалынар еді. Жобаға негіз болған ақиқаттар.

Әр адам жарық дүниеге келісімен-ақ айналмалы қозғалыспен күннен-күнге, жылдан-жылға, бірте-бірте ӛзінің ақырына жақындай түседі. Сол жолда азды-кӛпті Жаратылыс ақиқаттарына кӛз жеткізіп үлгереді... Ең алғашқы ақиқат – бабаларымыздың 360 санына, жартушы құдіреттің ӛте үлкен қасиет берген сан екенін дәл тауып, анықтауында?.. Аллтағаланың әр күні бір әулие?..

Араб халқы мұсылман дінін қабылдағанға дейін 360 пұттарына табынған...

Жер 360 градусқа бӛлінген... Бір жылдың 360 күні бес күн тоғыспен 365-ке толады. Барлық адам пендесі бұ жарық дүниеден о дүниеге ӛтеді... Әр адамның бұл тірлікте табынары мен мақтан тұтары болмақ...

Алтын Орда ханы Тоқтамыс 1400 жылдары тағынан айырылып,еліменен қоштасып жатып «360 отау қазағым, сіздерді де алдырдым...» -- дейді...

...Мүмкін адайлар Маңғыстауға соңғы оралуында Алтын Орда мемлекетіне негіз болған Тоқтамыс хан меңзеп отырған сол 360 отау (қазақ рулары) рухтарын ӛздерімен бірге ала келген болар. Сол рухтардың әрқайсысын бір әулиеге есептеген болар?.. Әр адамның жетер жері, шығар биігі – бірдей, барлық пенде жер құшағына алынады,топырақтан жаралып, топыраққа айналады...

Адам ӛнерлі. Сондықтан артында айтылған сӛз қалмақ, қашалған тас қалмақ, істелген іс қалмақ...

Page 206: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

206

Барлық адам табиғат алдында тең. Сондықтан да біздің мысалымызда барлығы бірдей бар жолды жаяу жүріп ӛтіп, жол шетіне (ӛмір) жетеді.

Барлығымызда «о жақта» Жаратқан алдында жауап береміз. Жер асты жолында діни кітаптардан алынған түсініктер мағынасымен тамұқ азаптарын бейнелейтін тӛрт сурет салынбақ.

Бірінші сурет. Тозақтың қыл кӛпірі. Бір жағы сақылдап қайнап жатқан су, екінші жағы қызыл шоқ. Уайымнан түрлері кетіп, зәрелері ұшқан адамдар. Қыл кӛпірден аман ӛткен арғы беттегі кісілердің қуанышты бейнесі.

Екінші сурет. Аллатағаланың ұрықсатымен Мұхамбет пайғамбар және Жебірейіл періште екеуі тамұқты кӛруге арады. Тамұқтың ең кӛп адамдар азап шегіп отырған жеріне келеді. Мүйізден жезге айналған, ӛсіп кеткен пышақтай тырнақтарымен ӛз беттерін осқылап, қан жоса етіп еңіреп, жылап отырған пенделерді кӛріп, пайғамбар періштеден бұның мәнісін сұрайды. Періште бұл адамдардың тірі кезінде орынсыз, ӛзгелерді қатты сӛзбен кӛңілін қалдырғандары үшін жазасын ӛтеп отырғандар екенін түсіндіреді. Үшінші сурет. Тірісінде кісі ӛлтірген, адамдарға азап кӛрсеткендерге берілер жаза. Қол-аяғы керіліп байланған сорлы жандардың үсті толы жара. Сол жаралардан қан сорған, ӛт жұлып жеп жатқан жәндіктер мен ұсақ құбыжықтар. Төртінші сурет. Бұл суретте халқына орынсыз қаталдық еткен, ел билеуді пара алу мен, пара беру арқылы жүзеге асырған жемқорлар жазасы кӛрсетіледі. Табиғаттың бір жылдық циклі – 365 күн, 12 ай және жылдың 4 мезгілі. Құдайдың әрбір күні бір әулие, 360 санына ерекше қасиет берді деген ақиқатты арқау етіп, Маңғыстауда 360 әулие жерленді деген аңыз бен Алтын Орда еліне 360 отау (ру) тірек болды деп, сол әулиелердің әрқайсысына бір қасиет белгісі- құлпытас, үштас, бестас, сандықтас, қойтас, дулығатас, қошқартас, сағана, күмбез т.с.с. үлгілері, барлығы 365 қасиет белгілері қойылады. Оларға Қазақ даласындағы зираттық сәулет ескерткіштерінің үлгілері таңдалып алынады. Ұлы даламыздың, бір кездегі Ұлы мемлекетінің түкпір-түкпірінде қалып, жерленген жерлері ұмыт болған бабаларымыздың,немесе есімдері әулиелік дәрежеге жеткендердің аты-жӛні жазылады. Мысалы: Доспамбет, Қазтуған, Шалгез,Жошы, Бату (Сайын), Асан Қайғы, т.с.с. Жаратылыс дегеніміз – жарасым мен симметрия.Тӛбе 360 градусқа бӛлінеді. Тӛбе басына 360 құрмет шырақтары орнатылады.

Page 207: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

207

Дүниежүзілік мәдениет пен ӛнер барша адамзат байлығы. Күмбез қасиет белгілерінің қабырғаларына тоғыз тілде, қысқа да нұсқа, даналардың ойлары мен сӛздері жазылады. Аллаға сену тіршілік бастауы. Сондықтан ең бірінші қасиет белгісі орнына мешіт салынады. Ол жерде тоғыз тілде «Құдай – бар. Құран - шын» деген сӛз жазылады. (қазақша, жапонша, арапша, қытайша, үндіше, орысша, ағылшынша, французша, немісше). Адай-Ата күмбезінің басына (360 қасиет белгісі) теңіз маягының оты секілді жарық жағылады. Кесенемен танысу үшін келгендер спираль жолмен тӛрт айналып кешен тӛбесіндегі Адай-Ата күмбезіне жетеді. «О дүние» мен «бұл дүние» бір-бірімен байланысты. Жер асты тіке жол мен «бұл дүние» спираль жолының қиылысқан жерлерінде (361,362,363,364 - белгілер) жердің астындағылар мен жердің үстіндегілер бір- бірін кӛріп ӛтетіндей әйнектелген шар күмбездер орнатылады. 365-ші белгі жер асты жолынан жер бетіне шығар жерге, киіз үй формасына келтіріліп жасалады. Тіршілік басы кӛктем. Бірінші айналым кӛктемді еске түсірер- жасыл белгілермен, шӛптермен, бояулармен безендіріледі. Қалған мезгілдер де сол секілді жасақталады. Екінші айналым-жаз. Үшінші айналым – күз. Тӛртінші айналым – қыс. Қыс-кәрінің-жасқа, ӛмірдің-ӛлімге кезек берер шағы. Содан кейін жер асты жолы, жер құшағы. Перзенттің ӛмірге келуі ата-ана үшін қаншалықты қуаныш болса, күнәсі аз пенденің «о жаққа» кетуі, Жаратқан Алласының қарамағына ӛтуі де соншалықты үлкен үмітті құбылыс. Данамыз Абай айтқандай: «Алланың ӛзі де рас, сӛзі де рас». Сондықтан кірер жерде тас ӛнерінің бар мүмкіндіктері кӛрсетілген «Салтанат» қақпасы салынады. Болашақ қорық-мұражай шаруашылығы Мұражай-қорық қазақ халқының бүкіл әлемдік техникалық революцияға дейінгі кәсібінің, қол ӛнерінің кӛрінісі болмақ. Туристерге қол ӛнер бұйымдары (зергерлік, ӛрімдік, тоқымалық, тігін, құрама, тері т.б.) жасалатын шеберханалар кӛрсетіліп, сол жерде ӛнер бұйымдары сатылады. Қой сауып, ірімшілік пісіру, май шайқау, қымыз бен шұбат дайындау технологиясы жетілдірліп, сондай сүт ӛнімдерінің ұзақ уақыт сақтау әдістері қарастырылады. Ӛнімдері сатылады. Жолдың екі жағында ірі аңдар мен малдар орналастырылады. Киіз үйлер жасақталып, шеберлер ауылы, малшылар мен қорық қызметкерлерінің ауылдары да араласа орналасады. Адай ата кесенесі Техникалық революция сәтінде кенже қалған кӛптеген елдер ұлы державалардың отарлау,зорлау, кезеңдерінен ӛтіп, бұл заманға жал-құйрығы күзеліп, тілі мен дінінен де, ӛнері мен ӛнегесінен де

Page 208: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

208

адасыңқырап қалған шақта жеткендігін қазіргі озық ойлы дүниежүзілік мәдениет ӛкілдері қинала еске алады. Бірақ зорлық саясаты тоқталар емес. Сан мыңдаған жылдар зобалаңында жеті рет кӛшіп, жеті рет қайта оралған адайлардың ата қонысы- Маңғыстау жерінен, оның байлығынан дәмелілер бар секілді. Ендігі кезеңде, Маңғыстау жерінен, Атырау теңізінен мол мұнай қоры ашылған дәл осы шақта бұл маңайға құмарлар кӛбейе бастар. Бұл жоба – елі ӛткен замандарда жоғарыда айтылғандарды басынан ӛткізген, жері – бұ заманда дүниежүзінің назарына қатты ілініп отырған Маңғыстау түбегінің қай заманда да Қазақ халқындай, адай тайпасындай иесі болғандығының, Адай-Атадай киесі болғандығының символы болмақ. Адай аты тарих бетіне сонау Авеста (Заратуштра пайғамбар) жыры арқылы (біздің дәуірімізге дейін 2500-3000 жыл), Геродот заманынан (б.д.д. 5-ғасыр) бастап ілінген болатын. Кесенеге кірер есік екеу. Олар (қасиетті қос босаға» деп аталмақ. Кесене күмбезін тоғыз колонна-құлпытастар кӛтеріп тұратын болады. Бұл құлпытастардың сегізіне-сегіз арыс адайлар аты беріледі, ал тоғызыншысы «Аналар құлпытасы» деп аталатын болады... Күмбездің ішкі бетінде бес атаға дейінгі рулық шежіре жазылады. Кесенеге келушілер Адай-Ата күмбезінен басталатын жер асты жолы арқылы далаға шығады. Үстірт қараған жанға бұл жоба қиялғажайып ертегісі сияқты кӛрінуі де мүмкін. Ал мәселеге ұлттық тарихымыздың тереңінен, ұлттық рухты ояту мен байытуға бүгінгі мұқтаждығымыздың деңгейінен, игерілгенінен игерілмек игілігі мол еліміздің ертеңгі ӛсіп, ӛркендер биігінен қарар болсақ, оның орындаларлық, ақиқатқа айналар мүмкіндігі бар арман екені даусыз, Сіздер қалай ойлайсыздар, ағайын? АБЫЛ АҚЫН

Абыл ақын 1777 жылы дүниеге келіпті. Қай жерде ӛмірге келгені туралы дерек жоқ. Абылдан-тараған ұрпақтар туралы кәрі құлақ қарттар дерегі мен Абылдың әлеңіндегі бір ауыз сӛз сабақтас жатыр. Бір құрдастары ақынды сӛйлеткісі келді ме, әлде жұбайын оған тең кӛрмеді, әйтеуір, Абылаке-пысықтау, жастау бір-жас иіс іздемейміз бе дегенде:

Жасымнан құдай қосқан Жанымайым Басқаның ай-жұлдызын танымайым.

Қоятын Жанымайға еш күнәм жоқ, Ішсем ас, кисем киім бәрі дайын.

Page 209: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

209

Арыстан, Артықалы ұл бергесін, Қытайы, Қырмызыдай қыз бергесін Қор қызы болса дағы не қылайын ... деп жауап қатып, ӛзінің

жанұясына қандай кӛзқараспен қарайтынын танытқан екен, Абылдай аруақты ақын, дүлей тасқын ӛнер иесі түгіл кез-келген кіндік жас иістен дәметіп ӛмір сүрген сол заманда жаңағыдай сӛз айту, ол кісіде-замандастарынан ӛзгеше-ерекше қасиеттің бар екенінің дәлелі сияқты.

Бүкіл адамзат тарихына «Қырымның қырық батырын» жеткізіп кеткен Мұрын жырау ӛз әкесінен естіген-әңгімесін былайша артыңа қалдырып кетіпті: – Менің әкем жас кезінде зергерлік құрып Абылдың қыздарына жасаулық бұйымдар соғып, екі айдай сол үйде тұрыпты.... Абыл ақжарқын, әзілқой, ұзын бойлы, аққұба, сәукеле-сақалды, қияқ мұртты, аса кӛркем кісі еді – дейтің.

Абыл ақынның ӛнері туралы әңгімеден бұрын біз әуелі Абылды кӛзімен кӛрген, не болмаса оның салып кеткен соқпағы тапталмай тұрғанда ізін басқан інілерінің сол ұлы кісі туралы естеліктерін бір сүзіп ӛтелік.

Абылдың қасына еріп ӛнерін үйренген шәкірті, қазақтың дүлдүл ақындарының бірі – Нұрым Шыршығұлұлы: «Мен Абылекем қасына бес жыл ердім. Маған бата бергенде: «Ӛлең жылқы секілді еді. Шын Жүйрік нағыз қызғанда жанға шалдырмайды. Сӛз мәнісін жыршы біледі. Сен бізден кейінгі-ел сыйлайтын жыршысы болар, сың» – деген екең.

Мұрын жырау Нұрым ақыннан ӛнер үйреніп жүрген шағында: «Абыл сізден қаншалық алдағы ақын еді» – деп сұрапты. Сонда Нұрым: – Бұқар осы арадан қанша жер? – деп сұрапты. – Екі айлық жер, – дейді Мұрын. – Менің алдымда Абыл тап сондай жер – деген екен Нұрым.

Хиуа ханы мен Маңғыстаудың ара қатынасы қиындап бара жатқан бір заманда хан осы ӛлкенің билеушісі Суйінқараны шақыртыпты. Неге шақырады, ӛзімді қалай ұстасам ұмтылмаймын деген сұрақтарға жауап іздеп Абылдан ақыл сұраған Сүйекеңе: «Қонақ үйіне түс те қақ тӛріне шалқаңнан түсіп жатып ал. Хабар салма, ӛзің барма. Шыдай алмай хан ақыры ӛзі келер» деп, және де ханға берер жауабын үйретіп жіберіпті. Сүйінқара Абыл айтқандай ханның конақ үйіне түсіп, қозғалмай үш күн бойы жатыпты. Ақыры шыдамы таусылғае хан ӛзі келіп:

Шақырдым-келдің, Келдің хабарласпайсың. Ӛзін келсем орнынан тұрмайсын,

Page 210: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

210

Бұл не?» – деп қатуланыпты. Сонда Сүйінқара: Шақырдың келдім. Шалқамнан түсіп шалжиып жатқаным –

достықпен шақырсаң жағам жайлау, арқам ӛріс, досымның үйінде демалып жатқаным. Жаулықпен шақырсаң – табанымды тіреп жатқаным – деп жауап қайтарыпты.

Сӛз ӛнерін зерттеушілердің жоғары бағасын алып жүрген, суырып салма Қашаған ақын, Әбіш Кекілбаевтің сӛзімен айтсақ «жырдария» ақын – Қашаған Күржіманұлы (1841 - 1929): Кӛзім кӛрген Адайда

Абыл, Нұрым, Ақтаным. Осылар еді тақтағым. Осылай деп маған үйреткен Тарихтың ескі ақпарың – деп еске алса, Ақтӛбе аймағында

туып ӛскен Кердері Әбубакір ақын (1861-1905) Қожахметпен айтысқанда:

Адайда Абыл, Нұрымдай, Байбақтыда Сырымдай. Ат құлағын теңдесіп Қайта жауап жазбасақ Қожекең менен сүрінді-ай – деп, Абылды үлкен тұлға

ретінде еске алады. Исатай кӛтерілісіне қатысқан, Махамбетпен ӛнер салыстырып

ӛткен Шернияз ақын (1807-1867): Адайда Абыл, Тазда – Есенбақ, Үштің бірі – ӛзім-ақ десе, Балаораз ақын: «Адайда Абыл деген

жыршым бар еді, ол ӛлшеүсіз туған дана еді – депті. Халық ақыны Жаңғабылов Сәттіғұл (1876-1966): Қолыма домбыра алдым он бесімнен, Жол ӛттім асу-асу ел кӛшімен. Ел сүйген ер Махамбет, Абыл ақын Ӛтіпті ӛртті ӛмірмен белдесумен – деп Абылдың ерлік қасиетін

Махамбетпен қатар қойыпты. Абылды ӛз елі тек ақын ретінде емес, жауынгер ретінде де, ал керек кезінде ел басшылары ақыл сұраған ел данасы ретінде де таниды. Жаңағы айтып ӛткен Сүйінқараның Хиуа сапарындағыдай, келіссӛз барлық уақытта ара қатынасты шешудің басты құралы бола алмай қалған бір сәт болса керек, 1832 жылы Хиуа ханы үш мың әскермен Адай елін, әсіресе, Сүйінқара батыр аулын шапқан. Малын олжа, жанын құл қылып айдап кеткен. Мүз үстімен теңіз арқылы қашып құтылған Сүйінқара асығыс елден бес жүз жасақ жинап артынан қуып жетіп ӛзінен алты есе кӛп, әрі мылтықпен қаруланған әскерге әлі жетпей, кӛбі қырылған соғысқа Абыл да қатысқан. Абыл мен маңғыстаулық Беріш Құлбарақ батыр әрі құрдас, әрі мекендес екен. Соғыста Құлбарақ батыр қаза табады.

Page 211: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

211

Сол сәтсіз, қайғылы жорық жӛнінде Абыл үлкен жоқтау-жыр жазыпты. Кәрі құлақтардың айтуынша, сәтсіз соғыстан қайтқан Абыл бірнеше күн ұйқы кӛрмей, күңіреніп, теңселген де жүрген екен дейді. 1966 жылы тоқсан жасында дүние салған Сәттіғұл ақын сол жыр-жоқтауды талай жырлапты. Бірақ ешкім жазып алмаған. Тек қана әр жерінен, әркімнің есінде ұстап қалған үзінділер. Мысалы:

...Бүркітәлі ӛлді ұрыста інісімен, Жанақта Жәнгіл ӛлді Кежісімен. Қарнауда қуып жетіп бес жүз адам – Соғысып қырылды Адай білісімен – десе, тағы бір жерінде: Беріштен Құлбарақ ӛлді нанғысыздай, Басы жоқ, кеудесі бар – ыңғайсыз-ай. Дұшпанның таңба салған кегін алмай Жата алмас бар болса егер қалың Адай – деп, жауға ӛз

елінің түбі кегін жібермейтініне сенім артады. Абыл сол бір қайғылы кезеңде ешкіммен сӛйлеспеген, ешкімдІ

қабылдамаған дейді. Ӛлді ғой қайран ерлер, бәрі де ӛлді, Қорқақтар сізге ұқсаған үйде қалды. Кім ӛліп, кім қалғаны неге керек, Қақылдап мазамды алмай кетің әрі,

- деп ызаланған кездері де болса керек. Абылдың ержүректігі тек қару ұстап жаумен белдескенімен

шектелмейді, ол ӛзінен дәрежелі бектер мен сұлтандарға айтар ойын тайсалмай айтып шендескенде де кӛзге түседі.

Кіші жүз ханы Әбілхайырдың Бопай деген әйелінен туған Айшуақ ханның баласы, Баймағамбет сұлтаннның үйіне сәлем бере келген Абылға «Шын ақын болсаң тан астында, тап қазір, мен ӛлгенде қалай жоқтайтыныңды ӛлеңге қосып, жырлап берші» - деген екен. Сонда Абыл ақын ойланбастан:

Ар жағың – Бопай туған – Айшуақ хан Таймай тұр табаныңыз тиген тақтан. Делірген дажал сынды дәреженді Деп жүрсің – құдай қорып, қыдыр баққан. Толық ел толықсыған кӛлін тастап, Қайыпалды Хиуа кетті тәңір қаққан. Ер ӛлді деп етек бұлап жылайтұғын Байеке-ау қай ісің бар елге жаққан – деп, жаңағы біз айтып

отырған ерлігін дәлелдей түскен. Абыл ӛте зерделі, сауатты кісі екен, Шығармаларының қай-

қайсысы болсын – айтысы ма, жәй ӛлеңдерінде ме, ӛлең жырларынде ма, діни шығармаларында ма барлығында да білім мен парасаттың иісі аңқып тұрады.

Page 212: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

212

Кете Шернияз ақын атақты Махамбетпен замандас болған. Исатай кӛтерілісі жеңілгеннен кейін болған уақиға болса керек және Шернияз ол кезде сарай ақыны екен дейді. Ауылына Махамбет келе жатыр дегенді естіген Шернияз оны мінеп, сынап ӛлең айтпақ болады. Бірақ Шернияздың әкесі: «Шырағым, бағы бастан тайып жүрген, ел сыйлаған арыс қой, сен де сыйла, қарсы сӛз айтпа», деп тоқтатқан екен. Дегенмен Махамбетті жақсы қабылдап енді аттандырып жатқан жерде Шернияз аяқ астынан:

Кӛп үйрек кӛлде жатқан кӛлгілікті, Ғалымдар шариғаттан сӛз біліпті. Баласы Ӛтемістің ер Маханбет Бізге айтар не сӛзің бар ескілікті? -- депті,

Махамбеттің бір жерге тұрақтай алмай жүрген кезі болса керек, және ӛзі сол сәтте Арқаға сапар шегіп бара жатыр екен дейді.

Әліп, ләм аймен тұрады алқам басы Мүйімнің бимен тұрады біссімілләсі. Мүйімнің құйрығы имек, ортасы ақ, Білсең айт, осы ненің нышанасы? Он бүркіт, отыз аққу кӛлде жатқан, Лашын қақпай қанат дәмін татқан. Арқадан қайта айналып келгенімше Шернияз шеше алмасаң ӛзің сақтан – деп, жүріп кеткен екен

дейді. Шернияз, ӛзі шеше алмай, жақыннан шеше қоятын кісі таппай, Махамбет Арқадан келгенде жауабы дайын болмаса ӛзіне сын боларын сезіп, Маңғыстаудағы Абылға бұйым салып шештіріп алған екен. Бұл кез Абылдың алпыстан асқан шағы болса керек.

Абыл ақын: «Махамбет оң кӛзім болса, Шернияз сол кӛзім еді. Жаны қиналып жүргенде Шернияз шамына тиген екен. Жұмбағы шешілмесе сӛзге сӛз ерер, арты уақиғаға айналып кетер» -- деп:

Әліп деген алланың аты еді, Ләм деген періштенің аты еді. Ай деген ақ пайғамбардың аты еді. Он бүркіт дегені Мұхамбет пайғамбардың ӛзіне жақын

кеңесшілері еді. Отыз аққу дегені Дәуіттің ӛлген отыз ұлы еді. Лашын қанат қақпай дәмін татқан дегені шәжнеден басыңды кӛтеруге мұрса бермей жаныңды алатын Әзірейіл еді» -- деп, шешіп беріпті.

«Шерниязға айта бар, жаралы жолбарыстың жарасын қасымасын. Астамшылық кӛрсетпесін, Махамбеттің жұмбағының соңғы сӛзінен қорықтым» -- деп сәлем айтыпты.

Махамбет ӛз жұмбағының қалай шешілгені туралы хабарды естігенде: «Сарай ақыны сасайын деген екен» -- деп, күліпті дейді.

Абыл «Ноғайлыны» түгел білген. Қазір ел аузында «Қырымның қырық батыры» аталып жүрген жырларды маңғыстаулықтар ноғайлы

Page 213: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

213

жыры деп атайды. Абыл сол жырларды артындағы дарындас інілеріне үйретіп кеткен жалғыз адам.

Абыл жыршы, термешілігімен қоса үлкен кӛлемді дастандар, толғаулар шығарған, қысқа-қысқа ӛлеңдер мен әдемі-әдемі әзіл шумақтар айтқан, айтыс ақыны. Оның ӛлеңдері данышпандық пен ӛмір шындығына, дәл суреттеген әзілге толы. Абылды біреу сӛзден тоқтатыпты деген дерек сақталмаған. Тек Адайда Бәйімбет руының Әтембек тақтасына жататын Кӛшкін қызы Балдай Абылға да дес бермеген деген сӛз бар. Сол ақын қыз он үш жасынан ӛлең айтып, ӛнері елден асқан екен дейді. Он сегіз жасында айттырып қойған жұртына (Таз руынан болса керек) ұзатылып бара жатып: «Жат жерде Адайдың бәдік қызы дегізбейін» -- деп ӛнерімен, ӛлеңімен ӛз үйінде қоштасып және ел-жұртымен қоштасу, қазақша айтқанда қыздың ұзатылғанда айтар «сыңсу» әдеті есебіне айтқан шығармасында мынадай жолдар бар:

...Он тӛртте ел таныған болдым Балдай, Бұлбұлдай сұңқылдады тіл мен таңдай. Ақ маңдай, алма мойын, сұлу мүсін, Жайнаған екі кӛзім жаққан шамдай. Сан жақсы бір кӛруге ынтық болып Арманда кетіп жүрді тілдесе алмай.. Алдымнан қыз кетпейді дегендердің Мәселін қайтарғанмын кӛзім салмай. Желі бар ақындардың дауылдатқан Тілдессем қалып жүрді оты жанбай. Қалдыбек, Керек ақын, Жұмабектер – Ұтылып сӛзден кетті жолы болмай Үш жүздің сӛзден жүйрік майталманы Жеңіліп кейін қайтты Абылдарда-ай, Абылда жеті дүркін жерге қарап Кеткенді қызыл тілде шыдай алмай... – дей келіп: Адайдың бәдік қызы дегізбеспін, Сайраған ақ домбыра қал осылай. Ғұмыры қыз баланың бес жыл екен, Сәлем де сұрағанға дұғай-дұғай – деп тоқтапты. Балдайдың

қоштасу жыры сексен жол ӛлең болып халық аузында сақталған. Сол Балдай қыз ұзатылып бара жатыр дегенді естіп Абыл кӛш артынан қуып жетіп:

Ақ тілекпен кеп тұрмын Балдайдың кӛші дегенге. Тілекші болсын жолыңа Бекеттің аппақ батасы. Азғана айтар сӛзім бар

Page 214: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

214

Сәл кідіріп құлақ сал Ақ Балдайдың атасы... деп қыз атасына Балдай еліміздің гүлі

еді, ақындықтың асқар шыңы еді, айтысқан ақындарға алынбас қамал еді... дей келіп: Жалғыз Балдай болмаса Құмарым сӛзге қанбаған,

Мен асып-тасқан кезімде Танытатын тәубемді – Балдайсыз кімге алданам. Барған елің қарағым

Қадірінді білер ме?.. дей келіп: ...Ақ періштесі адамтың Дайындалдың жүрерге.

Қиянат қылып сан рет Ұрынып едім орынсыз.

Мынау айыбым болсын ақжӛрға Жетегіңе ала кет

Ескерткішке мінерге... дейді. Бұл да ұзақ толғау, барлығын айтып жатпалық, ең соңында: Ақ Балдайды жеңсем деп Кӛп айттым ӛсек кӛлденен. Мен айтты деген сӛз болса Ӛтініш Сізден, сенбегін. Екі батыр жауласса Ойланбайды ӛлмегін.

Екі ақын айтысса Ұмытар кейін кӛрмегін. Орынсыз таңған ӛсегім Осы жерде қалсын деп Ақжорға айып бергенім Қош, қош Балдай, қош Балдай Оң сапар болсын жол-жӛнің -- деп қоштасқан екен.

Әрине, бұл жерде Абыпдың ӛсек айттым деп отырғаны да сәл әңгіме. Бір сӛз қақтығысында, жаңағы ӛзі айтқандай-ақ, екі ақын айтысса ұмытар кейін кӛрмегін, дейтіндей кезінде:

...Отырған қарсы алдымда Балдайымыз, Жайнаған екі кӛзі шамдайымыз. Сіздерді жақын-жақын дей береді Тіленші кӛрші отырған қандайыңыз – дейтін, бір-ақ ауыз сӛз

екен. Абыл Балдай қызды ӛте қатты қадірлеген. Бір әдемі жиында Балдайдың шалқыған шабытты шағы болса керек:

Екі қарадан сұр туады, Екі сарыдан сұм туады.

Page 215: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

215

Бір ақ, бір қарадан нұр туады, Екі ақтан кім туады – депті Абылға қарап; Абыл ойланбастан:

Екі ақтан шамдай туады, Суырылған таңдай туады. Кӛзді ұялтып, жанды мүжіп, Ай жүзді Балдай туады – дегенде Балдай шаттанып, қатты

күліп жіберген екен дейді. Шындығында Балдайдың әке-шешесі аққұба, кӛркем кісілер болыпты. Абылдың ӛткірлігі, тапқырлығы туралы сӛздер ӛте кӛп. Елдің Байтерек атты қадірлі ақсақалының баласы тұрмапты. Қартайып кӛрген баласы да ӛліп, Байтерек басын кӛтермей, ешкімге жұбанбапты. Сонда Абыл келіп: Ассалаумағалайкӛм Байтерегім Алладан табылады-ау бар керегің. Құдайдың ӛзі беріп ӛзі алыпты-ау, Тап болса бедеу қатын қайтер едің – деп тәубесіне келтірген екен. Халық аузында тұтас сақталмаған, үзінді-үзінді – «Абыл әліппесі», «Абыл батасы», «Абыл әзілдері» деген сӛздер кӛп-ақ. Ӛмір бойы «әттеген-ай» деп емір сүріп келе жатқан қазекем ұлдарының біздер де біріміз ғой. Абыл сӛздерін білген, Абыл жерленген тӛбенің маңыңда кіндік қаны тамған Сәттіғұл ақын кеше ғана, 1966 жылы дүние салды. Соның сәл алдында Абыл ақынның жақын тумаластарының бірі Қашығұл ақсақал дүниеден ӛтті. Қашығұл ақсақал (ӛз кӛзімізбен кӛрген, талай-талай сӛзін тыңдаған кісіміз еді. 1955 жылы қайтыс болды). Жас кезінде суырып салма ақын болған, жыр-термелерді де жақсы айта білген, ең басты қасиеті екі-үш естігендерін мәңгі есінде сақтайтын, жады елден ерек кісі еді. Жас кезінде жиын-тойда жаңа кӛзге түсе бастаған кезі болса керек, ӛкіл атасы Бекжан молда деген кісі шақырып алып, Қашығұлға: «Балам, берсең айтамын, сенен бір бұйымым бар» депті. Қашекең бұйымыңызды бердім деген. Сонда Бекжан молда: «Шырағым, тақ-тақтың арты тақ-тұқ болатын еді, мына ӛлең-жырды кәсіп етпе, доғар» -- деген екен. Қашекең содан ақындықты да, термешілікті де қойып кеткен. Бірақ естігенін жадына кӛп сақтаған. Абыл мен Мақтымқұлыны (түркімен тілінде) түгел жатқа білген кісі еді.

Міне, тағы да сол баяғы, әттеген -ай. Мен ӛткен жылы «Абыл әліппесінің» жалпы жобасын академия

қорына ӛткіздім. Ақын арабтың жиырма тоғыз әрпіне жиырма тоғыз шумақ ӛлең арнаған екен. Әр жолы данышпандық уағыз, әр жолы иманға шақырған құран сӛзі, әр жолы адам жанын тазалау

Page 216: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

216

жолындағы ойдан туған тебіреніс. Абылекеңнің бірнеше әріптерін үйреніп кӛрелік:

...Әріпте жиырма тоғыз келеді «хай», Жаманға жанап кетсең салар айқай. Шайтанның мейманасы тасымасын, Жақсыны хан кӛтерші даңқына сай. Әріпте жиырма тоғыз келеді «қый» Озады ошағына тер тӛккен үй. Ас ішкен бір қазаннан бір қауым жан, Меймансың, бір-біріңе кӛрсетші сый. Әріпте жиырма тоғыз келеді «дал», Ғалымға кӛпті білген құлағың сал. Тоқысаң ғалым сӛзін бойға жиып, Ақылдан жұтамайтын құрадың мал. Әрілте жиырма тоғыз келеді «зе»,

Мұсылман кӛңіл тазарт, дінің түзе. Сұраушы кӛр ішіне келген кезде

Қақпайды күпәң үшін діріл тізе. Осылайша барлық жиырма тоғыз әріпті түсіндіре келіп ең

соңында: Әріпте жиырма тоғыз келеді «пай» Күтеді сегіз жұмақтан жаратқан жай.. Ақылға, шарафатқа пейіл берсең Иманды осы әріптер таратқандай

- деп аяқтайды. Мен мектеп мұғалімі болсам, осы әріптерді де кәдімгі әліппеге

қосып үйрете салар едім-ау деп ойлаймын. Жаңа бір жерде айтып кеттік - Абыл сұлтанға онша барына

қоймапты. Сондай-ақ Қайыпқали Есімов сұлтанға да кездескен жерде бірер ауыз ӛткір сӛзін айтып жіберген екен.

Қызыл тіл - Жиреншедей тілім тақсыр. Кызыл тіл - ӛнер алды білім тақсыр. Баймағамбет ӛзіңнен артты десе, Ұстайды сонда сенің жының тақсыр. Қолдаған соң сұлтанды губернатор, Ӛзгеден артық па еді дінің тақсыр. Хиуаның қонышына кіріп кеттің Бір уыс болмаса игі күнің тақсыр? – дейді. Кайыпқали Есімов ӛзіне қарасты елімен Хиуа ханына ӛтіп кеткен

кезі болған. Абыл соны Хиуаның қонышына кіріп кеттің деп, сүйегіне жеткізе айтып тұр ғой.

Абылдың ақындығы, оның ӛміртанымы мен философиясы ӛзінің мына жолдарынан айқындала түседі:

Page 217: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

217

Арғымақ атта сын болмас Қиған қамыс құлақсыз. Азаматта сын болмас

Арты болса тұяқсыз. Айдын кӛлде сын болмас

Жағасы болса құрақсыз. Асқар тауда сын болмас Бауыры болса бұлақсыз, Ақ киікте сын болмас Арты болса лақсыз Жеті арнада сын болмас Аяғы болса тұрақсыз. Бұндай сӛздерді түсіндіріп жату артық. Сӛзге түсінер жаңға

бәрі айтылған, түсінбейтінге шайнәп берсең де ас болмайды. Абыл атамыз бала жігіт күнінде аулының қозы-лағын бағып

жүріп, далада ұйықтап қалса түс кӛріпті.Түсінде-ақ киімді, ақ сақалды, аруақтай бір кісі: «Балам кӛтеріп аласың ба, арқалап аласың ба?» -- деген екен. Абыл: «кӛтеріп аламын» -- деп жауал беріпті. Содан бастап ӛнері арта бастапты. Түсін жорыған ақсақалдар: «Әттеген-ай, арқалап аламын дегенің дұрыс болар еді. Арқалап алсаң жүгің ауырлау да болар еді, артыңа да қалар еді. Ӛзің кӛтеріп алыпсың ғой, ӛз басыңа бақ қонады екен, ӛнерің ел аузында сақталады екен» -- депті.

Құдайға шүкір, Абыл ата ұрпағы аз да болса бар. Абылдың Арыстан, Артықалы деген екі ұлы болған. Артықалының Қошан, Жалғас, Жолдас деген үш ұлы болғанменен үшеуінен де ұрпақ қалмаған. Арыстан тӛрт ұл балалы болған. Үлкен ұлы Саржола, одан кейінгісі Қойшығара -- екеуінің де тұқымдары Отан соғысында шейіт бопған. Үшінші ұлы -- Бӛлтек, одан Дегбір, одан Әбдіхан, Еділхан, Әмірхан, Мерухан. Бұлар қазір жас жігіттер, тәрбиелеп отырған ұл-қыздары бар. Арыстанның тӛртінші ұлы – Сәфел, одан Тоқпақ, одан Нақу, одан Дидар. Дидардың үш ұл, тӛрт қызы бар деп естиміз.

Шалқар ӛнердің артынан жарып шығар бір қуаттың ӛзі ӛз кезегін күтіп жатқан болар. Бір сәтті күні жанар-таудай бұрқ ете қалар деген сенімдеміз. Абыл атаның ӛзі айтқандай: «Айдын, айдын, айдын кӛл, асарлап тӛксең суалмас» -- деп, Абыл атты үлкен ӛлең ӛнері аққан тамырдан күндердің ең болмаса қайнар бұлақ шығары сӛзсіз:

Асқар, асқар, асқар тау – Асқар таудың басына Балапан ұшып шыға алмас. Сұңқардай қыран құс болмас,

Page 218: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

218

Соқтасы қатпай аң алмас. Айдын, айдын, айдьін кӛл Асарлап тӛксең суалмас.

Қабырғасы қатқан кәрі боз Қаржалған күні жүгіре алмас. Алғыншы алсаң аруды ал Артыңда жылап қалса кім алмас,

Желбезекке жебе дарыса Ӛрге балық жүзе алмас, Әркімдер жеткіншектен айрылса Жер таянбай тұра алмас. Жез қанаты қайрылса Лашын тырна іле алмас, Ер жолынан адасса, Не боларын біле алмас. Тең құрбының ішінде Қасқая күліп жүре алмас. Таудағы тарлан қарт марал Таямын деп қайғы етсе Табандап басар қиядан. Екі даугер келгенде Тӛресін әділ береді Ақылға кәміл би адам. Әспенттен биік қарағай -- Қарағай басын жел соқса Қаршыға құс қайғы етер Балапаным ӛлед деп. Қалыңда жүрген қасқалдақ Қара құсқа жем болар Ӛртенсе кӛлдің қоғасы. Қайранда жатқан нән балық Шағала кұсқа жем болар Су алса кӛлдің сағасы. Арғымаққа тартқан ығыршық Арқасына бекімейді Үзілсе айыл тоғасы. Атадан қалған ақ сауыт Шығыршығы шірісе Жейдедей болмас панасы. Аруана түйе күңіренер Бауырынан ӛлсе баласы... Толғаудың осы келтірілген жолдары Абыл ақынның халықтын,

мұң-зарына ортақ болғанын, ӛмірдегі құбылыстарды ӛз зердесінен

Page 219: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

219

ӛткізіп отырған, ел қамын ойлаған адам, «адам ақын» болғанын дәлелдей түсетін сияқты.

Абыл ақын 1864 жылы сексен жеті жасында дүние салып, ата қонысы Бозашы түбегіндегі Қаратӛбе қауымына жерленген.

Ақынның ӛле-ӛлгенше қолынан домбырасы, аузынан сӛзі кетпеген болуы керек. Оған куә ӛз ӛмірінің соңғы жылында жазған бір ӛлеңінен сақталып қалган бір шумақ:

Сексеннің біз де келдік жетеуіне, Жаманның ергенім жоқ жетегіне, Біз байғұз қалтақ-құлтақ етіп келдік. Біздей шал жатып қалды тӛсегінде...

"Адай шежіресі" жинағына алғы сӛз

Шежіре ел тарихы... Шежіре аталар аруағы... Сондықтан да ... ...Тегін білмеген тексіз...

Page 220: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

220

...Жеті атасын білмеген жетесіз...

...Жеті атасын білген жеті жүрттың қамын жейді...

...Кӛргенсіз дегенге арланба, тексіз дегенге арлан...

Қазақ халқы ӛз үрпағын қай заманда да мәңгүрттенуден сақтандыруға тырысқан. Кісі болам дейтін кісінің кісілігі — алдымен ӛз тегін тануынан басталады деген. Осындай мақсаттардан туған, әрқайсысы бір-бір ғылыми еңбектің тақырыбы бола аларлық, қаққан қазықтай қадау-қадау мақалдар шығарып, үрпағына ӛз тегін білуді міндеттеген. Адам атағын арқалап жер басып жүргендігі үшін кімдер алдында парызы барын ескерткен. Соның арқасында ен далада тарыдай шашылып жүріп тіліне ақау, ниетіне нүсқан түсірмеген. Жӛн сүрасып жерлес, тек сүрасып тумалас бола қалатын біздің жүртымыз, "ағайынның аты озғанша ауылдастың тайы озсын" деп ағайыншылдықтан қауымшылдықты жоғары қоя білген, керек кезінде үйымдаса алатындай қоғам қүра білген. Қазақ халқының тарихы аузында. Ерте кезде әңгімені (тарихты) ӛз күйінде, анасынан жаңа туғандай таза (дуалы ауыздан алғаш айтылған) күйінде айтуға қүмарлық басым болса, бү күндері "бүралқы — үш күннен кейін байырғы" мақалының ойнақы мәнін шындыққа айналдыру басым түсіп бара жатқандай. Міне сондықтан да қазақ халқының алдында ӛз шежірелеріне айрықша ықыласпен қарап, оның мүмкін болғанынша бір де бір әрпін ӛзгертпей қағазға түсіріп алу міндеті түр. Тек сондай бір-бірінен бӛлек жасалған дүниелерді бірге қарау арқылы тарихшыларымыз бір кездердегі қазақ халқының ӛткен дәуірі туралы ақиқатқа жуық тарихын жазып шыға алмақ. Болашаққа арналған осындай үлы мақсатқа кӛмек ретінде, кәзіргі үрпақ мәдениетіне әсер ету, ата-баба рухына тағзым, елдің кешегі мен бүгінгісін, бүгінгісі мен ертеңгісінің арасын тігіссіз жалғастыру мақсатында Маңғыстау тарихын жинақтауға кӛп жылдардан бері үлесін қосып келе жатқан ардақты азаматтардың еңбегін жарыққа шығармақ болдық. Бүл еңбек жеке кісі еңбегі емес, бүл ел еңбегі. Бүл тек қана кәзіргі тірілер еңбегі емес,бүл бү дүниеден ӛтіп кеткендердің де еңбегі. Барлық "ШЕЖІРЕ" сонысымен де қасиетті.

Алғашқы қадамды "элімсақта адайлар кім еді" деген сүраққа жауап іздеуден бастап кӛрелік. Жазба тарих жеткілікті болмаған жағдайда бұл мэселе тек қана аңыздарда сақталған мифтік образдар мен ауызша айтылар аңыздардан ізделінбек.

Адайлармен нағашылы-жиенділер, не болмаса ежелгі аңыз деректерін падалана қалжыңдағысы келетіндер:

– Адай қыздан туды дейтін не сӛз?;

Page 221: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

221

– Адайлар – танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын деген мақтан сӛзді несіне сеніп айтады?; – Адайлардың адам етін жейтіні рас па? — деген секілді

ерсі сұрақтар қойып жатады. Әрине, бұл сүрақтарды бұ заман адамдарының ӛз ойларынан

шығарып жатырмағаны белгілі. Ондай әзілдер, қағытпа сӛздер ежелден айтылып келе жатқан аңыз желілерінен алынады. Кез-келген аңыздың желісінде алғашқы ақақаттың жататыны секілді, бүл сұрақтар астарында да ежелгі заман уақиғалары, сол мезгіл шындықтары жатырғаны белгілі.

Біз астары да мол, әзілі де мол осы сұрақтарға шама-шарқымыз келгенінше, аңыз желілерін зерделей, тарихи жәдігерліктерге сүйене, аңызға татырлық жауап беруге тырысып кӛрелік. Жауабымыздың кейбір күмәнді тұстарын қойылған дүдәмәл сүраққа қайтарылған дүдәмәл жауап екен деп қабылдауларыңа болады.

Сонымен... ...Ел аузындағы аңыздарда, тарихи деректерде, күнделікті

ӛмірде қыздан туғандар жетерлік. Бірақ солардың бәр-бәрінің аты тарихқа іліне бермеген. Тек қана нағыз атақтылары ілінген. Солардың бірі Иса пайғамбар болса, бірі Адай. Иса пайғамбар Алла тағаланың қалауымен ӛмірге келген қасиет иесі. Оның әкесі болмаған, Алланың нүрынан жаралып еді. Сондықтан да "қыздан туған" деген түсінік сақталған. Ауыздан ауызға ӛтіп, біздерге жеткен аңыздар Адай бабамыздың әкесін тауып бере алмайды.

...Діни аңыздар желісінен біздер Алла тағалаланың періштелерге Жерден топырақ түрлерін алдырғанын да, сол топырақтарды қырық күн илеп, алғашқы адамды, жаратқанын да, ол кісіге Адам деп ат қойғанын да білеміз. Адам деген атты әлі күнге түркі нәсілді елдер иеленеді. Демек Алла тағаланың алғашқы жаратқаны түркі нәсілді үрпақ еді деуге негіз бар. Түркі нәсілді елдер отаны, бесігі кәзіргі қазақ жері, Қазақстан Байтағы! Демек, Адам-Ата үрпағын тікелей жалғастырушы қазақтар болар деп болжам жасаудың қисыны келіп түр. Мақтануға түрарлық болжам дегіміз келеді. Олай болса қанша заман ӛтсе де, қанша тайпа ӛшсе де қазақ халқының ең болмағанда біреуінің аты алғашқы атын, Адам атын сақтап қалуға тиіс емес пе?.. Келісуге болады ғой деп ойлаймыз. Қазақ елінің қүрамындағы тайпалар атын зерделеп кӛрсек, Адам атына ең жақын келер тайпа аты Адай екен. Олай болса, Алла тағаланың алғашқы жаратқан ұрпағының тікелей жалғасы адайлар емес пе екен деген ой ӛз-ӛзінен туындай қалады. Алладан да, оқушы қауым Сіздерден де кешірім ӛтіндік, ӛйткені олай болмауы да мүмкін. Дегенмен бұл ой түжырымы мақала авторының адайлар тайпасынан шыққандығына байланысты,

Page 222: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

222

ӛзін-ӛзі дәріптеудің, мақтанудың бір әдісі дегізбеу үшін, тарихи, табиғи қисындарға жүгініп кӛрелік.

Алла Жерді жаратты. Ол әуелде тарыдай-ақ нэрсе болатын, дейді қасиетті Құран кітабы. Тарыдай Жердің, Алланың құдіретімен ішіне жиған күші жетерлік еді. Сол күш Жерді тесіп шығып, булкан боп атқылап Жер кӛлемін үлғайта бастады. Жердің тарыдай болуы мүмкін екенін қәзіргі астроном ғалымдар дәлелдеген. Олар аспан әлемінде «қара құрдым» жүлдыздар бар екенін, егер Жерді сонда апарса Жер оның тартылыс күшінің әсерінен бармақтай ғана нәрсеге айналатынын ғылыми түсіндіре алды. Жер бетіне алғашқы от шашып, булкан болып атқылаған нүкте Маңғыстаудағы Отман тауы. Бүл болжамды жасаған француздың атақты ғалымы Д.Аббот болатын. Ол 1820 жылы Париждегі королдік ғылыми қоғамға ӛзінің "Геологическое строение земного шара" атты еңбегімен есеп берген кезінде: "Мен жер бетіндегі ең ескі тауды таптым, Ол Маңғыстаудағы Қаратау!", -- деп сүйінші сұраған екен. Тау – су мен орман. Тау – ӛмір. Демек, Алла тағала ӛзінің алғашқы жаратқан адамын, алғашқы тауына, алғашқы ӛмір сүруге мүмкіндік жасаған жеріне орналастыруы мүмкін ғой. Маңғыстаудың түнбалы топырақтары, теңіз түбіне шӛгінділері элемдегі ең терең жатқан жер. Маңғыстау жерінің тірі табиғат пен орманды алқап болғандығының куәсі оның мүнайы, оның кӛмірі. "Адам" сӛзімен "ман" сӛзінің тӛркіндес екендігі туралы да болжамдар баршылық. Адамды "ман" деп атайтын ағылшын халқы бір кездерде біздің даламыздан кетіпті деген болжамға сенсек, онда олардың Отман тауынан кеткені дағы. Бір кездерде Маңғыстауды басқа әлеммен жалғастырып түрған жалғыз жол, қатерлі тау соқпағы Ман-Ата деп аталатын (сол атын элі күнге сақтап қалды). Сол Ман-Ата тауының етегінде Ман-Ата атты әулие бар. Демек Адам-Атаның жерленген жері Маңғыстаудың Ойы мен Қырын жалғастырып жатқан Ман-Ата асуы емес пе екен?.. Бұл дәлелдерге сенсек, Адам-Ата мен Адай-Ата бір кісі емес пе?.. Егер олай болса, Алланың нұрынан жаралған "қыздан туған" Иса пайғамбар секілді Адайды да қыздан туған деушілерге негіз болғаны. Алла тағаланың нұрынан жаралып жатса Адайлардың "танысаң Адайыңмын, танымасаң қүдайыңмын" деп, мақтан сӛйлеуінің орынсыз болмағаны...

Мақаламыздың басында Аллатағаланың алғашқы жаратқан кісісі түркі тілінде сӛйлеген болар деген болжам айтып кеттік. Енді, оқушыларға Адам мен Адай сӛздерінің түбірі "Ада" деген сӛз болуы мүмкін деген тұжырымға келісуге болар ма екен деген ой тасталық. Егер келісе қалсақ "ада" сӛзінің күнәдан пәк, таза, барлығынан ада деген мағынамен берілуі мүмкін. Адам-Ата тек қана сол қасиеттерімен пейішке жіберілген. Сол қасиетінен айрылған күні пейіштен Жерге түсірілген. Маңғыстауда "ада" сӛзі кӛп сақталған. "Ада" атты арал бар, сол атқа ие жаратылуы туралы сан аңыз сақталған, теңізді

Page 223: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

223

ортасынан екі бӛліп тастай жаздаған үзыншақ кӛпір бар. "Ада" сӛзінің "адам" сӛзіне де, "адай" сӛзіне де оңай айналып кетуі әбден мүмкін екендігі бізді ӛз жобамызға сенуге итермелей береді...

Енді "Адайлар адам етін жепті?" деген сӛз қайдан шығуы мүмкін деген сұраққа жауап іздеп қаралық...

С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов ӛздерінің "Казахстан: Летопись трех тысячалетий" атты кітабында (Алма-Ата, 1992, 42 бет) (орыс тілінде жазылған еңбектерді аударусыз бердік, С.Н.): "Массагеты - общее древнее имя приаральских племен; в третьем веке имя дахов (даев) полностью вытесняеет более древнее общее имя – массагетов; ...массагеты окончательно стали дахами" – десе, "Қазақтың кӛне тарихы" (дайындаған М.Қани) кітабының 52-бетінде "Дай немесе дахи тайпасы: Сырдарияның тӛменгі жағын, Кӛк теңіздің (Каспий) қолтығын мекендеген" – деп жазады. Кӛптеген ғалымдар еңбегінде дахтар мен дайлардың қәзіргі адай тайпаларының тамыры екені дәлелді түрде түжырымдалады. Ендігі сӛз Старобонның массагет тайпаларының бір ерекше үрдісі жӛнінде қалдырған естелігі туралы болмақ. Ол кісінің айтуынша массагет тайпасының жалпы сақ тайпалырынан ӛзгеше бір ерешелігі болған. Массагеттер ӛздерінің аса ақылгӛй данасы, айбынды батыры секілді қүрметті адамын жасы жетіп қартайғанда кӛп мал сойып, кӛп қазан асып, үлкен той жасап, әлгі атақты кісісінің ӛзінің ұрқысатымен сойып, бӛлшектеп, асылып жатқан қазандарға бӛліп салатын болыпты. Бұндай үрдіс атақты адамдардың бойындағы қасиеттері мен даналығын арттағы ұрпақтарына жұқтырмақ тілегінен туындаған секілді. Жалпы адам баласының ӛздерінің алғашқы даму кезеңінде (тіпті кейбіреулердің кэзіргі кезде де) адам етін жегендіктері туралы деректер мол. Ал адайларға "адайлар адам етін жейді" деген лақап массагеттердің (дахтардың, дайлардың) әлгі үрдісінен таңылып қалған сӛз болса керек... Бұл аңызға сенетін болсақ адайлардың бір кездегі дайлар, дайлардың массагет екендіктеріне де сенгеніміз...

Адайлардың ежелгі тегі кім еді деген сұрақтарды аша түсу үшін тарихшылар С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сүлтановтың жоғарыда аты аталған кітабының 35, 36 беттеріндегі жолдарды келтіре кетелік.

...Второй, роковой для него поход на восток Кир предпринял в 530 г., уже глубоким стариком... Противников Кира через сто лет Геродот назовет массагетами, "племенем большим и сильным"...

Вокруг последнего похода Кира в античной литературе сложились несколько "остросюжетных", но совершенно легендарных повествований, связанных с именем массагетской "царицы Томирис", которая будто бы, после гибели Кира в проигранном им сражении, приказала бросить его голову в бурдюк, наполненную человеческой

Page 224: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

224

кровью... Кир погиб на берегах Узбоя (т.е. Аму-Дарьи) в начале августа 530 г. до н.э.

...Персепольская надпись Ксеркса (стр. 38), вместе с саками-тиграхауда и саками-хуммаварга, называет среди подвластных Ахменидам народов еще и дахов, которым вавилонянин Берос предписывал победу над великим Киром...

...Если массагеты действительно фигурируют в ахменидских надписах (стр. 39), то более всего на отождествление с ними мог бы претендовать могучий племенной союз дахов (даев). Упомянутые еще Авестой среди племен, которые, по выражению Дария, "не читали Ахуру Мазду", дахи помещены в Персопольсой надписи Ксеркса в перечне самых крупных стран и народов, подвластных этому грозному завоевателью. Коренные земли дахов в четвертом веке до н.э. находились "за Танаисом", т.е. Сыр-Дарьей (Арриан, 111, 28), а также в Приаралье (Старобон, XI, 9). Среди союзников Дария Кадомона (336-331 гг. до н.э.) в его проигранной войне с Александром названы и дахи...

...Характерная черта вооружения сражающихся дахов, необычная в то время, отмечена Аррианом: "сами скифы (дахи) и лошади их были тщательно защищены броней".

...Следует обратить внимание за важную деталь вооружения дахов – броню, защищенную всадников и их коней. Такого рода двойной доспех столетием раньше Геродот отмечает только у массагетов: "лошадям на грудь они одевают медные панциры (Геродот, 1, 215)"...

...Қазақ халқы ӛзінің жеті мұшесінің біріндей адай тайпасын "батыр ел", "тентек ел" деп мадақтап, дәріптеп жатады. ¥лы Жүз, Орта Жүз қарттарының Кіші Жүз тайпаларының аттарын тергеп жатпай, "барлығың да адайсыңдар" дей салатын әдеттері бар. Бұндай атаққа адайлар бостан босқа ие бола салмаған секілді...

Адай тайпасының ежелгі замандағы ӛмірі туралы ауыз әдебиетіндегі, тарихи құжаттарда бізге кездескен деректерді келтірдік. Олардың Алтын Орда, Ноғай Орда құрамындағы кезеңіндегі ӛмірі мен тіршілігі туралы "Қырымның қырық батыры" уақиғалары арқылы болжамдар жасауға болатын болар. Ал Қазақ Хандығына қосылғаннан кейінгі заманда, екі ғасырға созылған жоңғар-қазақ шайқастары кезеңіндегі қазақ құрамында жоңғар-қалмақтармен соғыстары туралы осы шежіре-тарихта айтылатын болады. Одан кейінгі Ресей империясының боданды бола жүріп, 1869-76 жылдарғы үлт-азаттық кӛтерілісі, 1929-30 жылдардағы қылышынан қан тамған Кеңес ӛкіметіне қарсылығы, 1988 жылғы Жаңаӛзен уақиғалары адай тайпасының қай заманда да намысын ешкімге таптатпағанын аңғартады. Адайлардың Қазақ халқының қүрамына қасиетті де, әулиелі мекен Маңғыстауды соңғы рет қайтадан қосып

Page 225: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

225

беруі, қазақ тарихшыларының ризалық сезімін туғызып, реті келген жерлерде алғыстарын айтқызуда.

Адай тайпалары Ресей империясына бағынғанға дейін "Алтын Орда", "Ноғай Орда", "Казақ хандығы" мемлекеттерінің қарамағында болды.

Алтын Орда хандарының хандық құрған жылдары

1. Жошы 1227 жылы ӛлген 2. Бати (Сайын) 1256 жылы ӛлген 3. Берке (1257 - 1266)

4. Мӛңке Темір (1266- 1280) 5. Туда Мӛңке (1280- 1287) 6. Тӛлебұқа (1287- 1291) 7. Тоқты (1291 - 1312) 8. Ӛзбек (1312- 1342) 9. Жәнібек (1342 - 1357)

Қазақ мемлекетінің Хандары

1. Керей (1456- 1460) 2. Жәнібек (1460- 1480) 3. Мұрындық (1480 - 1511) 4. Қасым (1511 - 1518) 5. Мамаш (1518- 1523) 6. Тахир (1523 - 1533) 7. Бұйдаш (1533- 1534) 8. Қожа Махмуд (1534- 1535) 9. Тоғым (1535 - 1537) 10. Ақназар (1538- 1580) 11. Шығай (1580- 1582) 12. Тәуекел (1582 - 1598) 13. Есім (1598- 1645) 14. Салқам Жәңгір (1645 - 1680) 15. Тәуке (1680- 1718) 16. Болат (1718- 1730) 17. Сәмеке (1730- 1739) 18. Әбілмәмбет (1740 - 1771) 19. Абылай (1771 - 1781) 20. Уәли (1781 - 1819)

Page 226: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

226

Қазақ астаналары

1. Тараз 2. Сарайшық 3. Сығанақ 4. Сауран 5. Түркістан 6. Орынбор 7. Қызылорда 8. Алматы 9. Астана

Қазақ халқының саны туралы деректер

В.Козлов. Националыности СССР. М.1983. По итогом перепис населения

1897 1939 (+)(-)

раз Казахи 4,084 млн.чел. 2,300 - 1 ,8

0 Узбеки 0,726 3,900 + 5 ,37 Таджики 0,350 0,900 + 2 ,57 Туркмени 0,281 0,760 + 2 ,70 Киргизи 0,201 0,750 + 3 ,73

Казахи. Историко-этнографическое исследование.

Алматы. Казахстан,1995

- торткара - 50-60 тыс.чел. - кете - 50-60 тыс.чел. - каракесек - 20-25 тыс.чел.

Байулы примерно 500-550 тыс.чел., в том числе. - адаев - 80-90 тыс.чел. - байбакты - около 40 тыс.чел.

Page 227: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

227

- бериш - более 40 тыс.чел. - тазлар порядка 20 тыс.чел. - серкеш более 45 тыс.чел. - маскар около 20 тыс.чел. - тана порядка 25 тыс.чел. - кзылкурт более 40 тыс.чел. - жаппас около 50 тыс.чел. - алтын около 30 тыс.чел. - есентемир около 20 тыс.чел. - шихлар около 70 тыс.чел. - алаша около 40 тыс.чел.

Жетру примерно 280-300 тыс.чел. - табын около 80 тыс.чел. - тама 40-45 тыс.чел. - толеу около 20 тыс.чел. - кердери порядка 20 тыс.чел. - рамадан едва ли составляет 5 тыс.чел.

Таким образом 1897 г. 3 392 751 человек проживал на площади 2 386 852,8 кв.верст.

По итогом переписи население в 1979 г.

Казахи в КазССР, чел. - 5 289 000 Узбекстане - 620 000 РСФСР - 5 18 000 Туркмении - 80 000

Киргизии - 27 000 За пределами СССР: в Китае - 840 000

Монголии - 70 000 Афганстане - 5 000

Общая численность казахского этноса 7,500 млн.чел. в 1979 году.

...Маңғыстау түбегі мен Үстүрт дӛңін Кеңес ӛкіметіне дейін негізінен адай елі, адай тайпасы, адай руы мекен еткені белгілі.

М.Тынышбаевтың еңбегінде 1917 жылы Маңғыстауда 100 мың қазақ тұрған деп кӛрсетілген. Демек Маңғыстауда тұратын адайлар саны да сол жобада болған болар. Содан бері сексен жыл ӛткен екен. Кәзір Маңғыстаудағы барлық халық саны 350 мың.

Бұндай себепті түсіндіру қиынға соқпайды. Нарын құмында Буденныйдың қылышынан қырылғандар, 1929-30 жылдардағы Адай кӛтерілісінде шейіт кеткендер, 1930-32 жылдары аштыққа

Page 228: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

228

ұшырағандар, репрессия құрбандары, соғыста опат болғандар, уранмен уланған ауа, арақпен дерттенген дене... міне бұлардың барлығы да адам ӛсіміне үлкен залалын тигізген зұлматтар. Бұлар – бір бет қағаз жазсаң жартысын арнар, екі ауыз әңгіме айтсаң біреуімен еске түсіре жүрер қасіреттер. Сырттан келген зауалдарға іштен шыққан сұр жыландар да ӛз үлестерін қосып бағыпты. Халық тарихын зерттей, шежіресін жинақтай жүре со кездегі орақ ауыз шешен билер талантына таң қалмасқа мүмкіндігің қалмайды. Ол кезде ауыл сайын бір шешен, аймақ сайын бір философ!.. Билердің (сот) қабылдаған әр шешімі бір -бір тарихи маңызды нәрсе... Тәуке хан заманында қабылданған "Жеті Жарғы", оның тәрбиелік күші қазақ халқына ұрлық пен барымтаны доғартып, "қой үстіне боз торғай жүмыртқалатқан" заман орнатқан... "Жеті Жарғының" кейбір параларының мәні: – Қазақ халқына сатқындық жасағандарға – ӛлім... – Түркі нәсіліне сатқындық жасағандарға – ӛлім... – Түсаулы атты үрлағанға – ӛлім... – Некелі әйелді зорлағанға – ӛлім... – Ӛрістен жылқы үрлағанға тоғыз айып...

Бүл не деген заң?.. Кілең ӛлім?.. Бірақ кісі ӛлтіргендер қүн беріп қүтылған. Ӛлім жазасы байқап қарасақ тегін сатқандарға берілетін жаза секілді... Ӛрістен он ат үрласаң да жәй ғана айып, ал үй қасынан түсаулы ат (жауыңа қарсы күрес қүралы) алсаң – ӛлім!..

Ол кездегі ел моралі – тегін танымаған мәңгүрт, тегін сатқан ӛлік!..

Осымен қоса тағы бір нәрсені еске сала кеткенді жӛн кӛрдік. Алла тағаланың адам баласынан күтетін жақсы қасиӛттерінің ішінде қатты бағаланатындары:

– қанағат; – тәуекел ... делінеді.

Біздер, қазақтар – қүдайға шүкіршілік, қарын тойғызар қанағатымыз да, дариядан ӛткізер тәуекеліміз де жеткілікті халықпыз. Бү ғасырға, мың жылдыққа аман жеттік. Дүние жүзілік үстемдікеке үмтылып отырған екі үлы үлттың ортасында уатылып кетпей, езіліп қалмай, осы жобада сақталып қалғанымызға шүкіршілік етелік, қанағат қылалық. Ендігі қалғаны – "Нартәуекел!".. Тәуекел желқайығының желкенін кӛтеріп алып, тәуелсіз болмысымызды, үлттық қалпымызды, қазақтық рухымызды сақтап қалу жолында саналы ӛмір сүру...

Тарих пен ӛмір тәжрибесі есі барларға бір нәрсені қатты үғындырған. Ол – кешегісін үмытқандардың да, үлт ертеңін ойға алмайтындардың да сол ұлт үшін тірі ӛлік екені...

Page 229: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

229

Ұлттық түрғыдан қарағанда шежіре (тарих) сол жанды нәрсенің тамыры. Есіңізге түсіріп қараңызшы – тамыры жалаңаштанып қалған қара жусан дауылды күні жанталаса тырмысып, аласүрып жатпайтын ба еді... Сол жолы аман қалса күн нүрынан қуат алып, жер анадан нәр алып, қайтадан жапырағын жайып, тамырын бекітіп шыға келетін еді ғой... Тірліктегі бар мақсатым тек жайлы тіршілік ету деп қарайтындарды – оның ӛз бетінің кімге ұқсап тұрғаны, немересімӛн қай тілде сӛйлесіп отырғаны, ата-баба аруағының қорланып жатырған-жатырмағаны, ұлт ертеңінің не болары – онша толғанта қоймайды. Билік басындағы ондай қазақтар қазақ үлтына жауынан да залалдырақ. Сондықтан да, қазақтың тап осы кезеңінде қазақ ұлты болып бірлігін сақтап қалу, адам пендесі ретінде жаратылыс сыйлаған қасиеттерінен айрылып қалмау – саналы жаратылыс ретінде басты мақсаты... ...Тегімізден жаңылмайық ағайындар!

...Тамырымыздан айырлмайық, қарындастар!.. ...Әрине, кәзіргі айтылып жүрген шежіремен ақиқат тарих арасында үлкӛн уақыт алшақтығы мен ұмытылған уақиғалар сең-сең болып жатырғаны анық. Бірақ солай шығар деп, қиынсынып ӛз ӛткеніңді қазбаламау ұлт алдында, ұлың алдында жасар ең үлкен қылмысың. Мысалы адайлар Қосай атасының 500 жылдығын еске алып, аруағына құрбандық жасап жатыр. Демек, Қосайдың атасы Адай 550 жасқа толған болып шығады ма екен?.. Сонда ол кісінің туған жылын биылғы 2000-шы жылдан 550 жылды алып тастап 1450 деп ала саламыз ба?.. Кез-келген кәзіргі адай баласының аталарын санап қарасақ жоба ӛскендері ӛзінен Адай атасына дейін 17-20 ата болып шыға келеді... Бұл неліктен?.. Оған жауап біреу-ақ!..

...Қазақтардың тектік шежіресі – негізінен ру басы аталарының туған жылынан емес, ХV ғасырдан – Қазақ Хандығының құрылуынан басталатын секілді...

...С.Г.Клячторный ғалымның пайымдауынша Ксеркстың Персополь жазуында Ахменидтерге бағынған, немесе Дарий патша бағындырған сақ тайпалары сақ-тиграхуда, сақ-хаумаварга және, Берос жазып қалдырған, Кир патшаны жеңген дайлар (дахилар) болды дейді. Ксеркстың Персополь жазуында олар бағындырған мемлекеттер ішінде дайларға ең үлкен орын берілген...

...С.Г.Кляшторный мен Т.И.Сұлтанов "Қазахстан. Летопись трех тысячалетий" деп аталатын кітабында дайлардың (дах), (адай) сонау Авеста кітабынан бастап (5000 жыл), Ксеркс жазуы (2500 жыл), Арриан еңбектері мен қытай жазбалары (2000 жыл) – осы уақытқа дейін ӛз атын сақтап қалғанына қатты таңдана жазады. Авторлар Геродот жазған массагет тайпасы біздің д.д. 3 ғасырда Арал мен Каспий арасын мекендеген дай тайпаларына сіңісіп кетіп, ӛз атын жоғалтқан деп есептейді...

Page 230: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

230

Геродот, Страбон мәліметі бойынша дайлар ескіше бесінші ғасырдан жаңаша бірінші ғасырға дейін Сырдың тӛменгі ағысынан Каспий теңізінің оңтүстік, шығыс жағаларын мекендеген. Ӛздері осы мыңдаған жылдар ішінде Атамекен – Маңғыстауынан бірнеше дүркін кӛшіп, сонша дүркін қайта оралса керек. Кәзіргі адайлардың ауыз әдебиетінде, аңыз, дастандарында Маңғыстауға жеті жүрт келіп, жеті жүрт кетіпті дейді. Осыған орай тарихи деректерге сүйене отырып Маңғыстау-Үстірт ӛлкесінде соңғы 3000 жыл жобасында кім келіп, кім кеткенін бірсыпыра дәлдікпен айтып шығуға болатын сӛкілді.

Маңғыстауды жерленген алғашқы ел деп Геродот, Страбон жазып қалдырған біздің дәуірімізге дӛйінгі замандарда, тіпті алғашқы адам болып сол жерде туып, үрпақтары сол жерде ӛсті деуге болатын, басқалар жүртына "дай", "дах" дӛп, жеріне "дахия", "дайстан" ат таққан елді алалық. Ертерек замандарда Маңғыстау жері адам тіршілік ӛтуге ӛте қолайлы болған болуы керек. Ӛйткені қырық салалы Аму-Дарияның ең мол сулы саласы (Узбой) Каспий теңізіне қүйып жатқан. Сол бір алыс уақытты жазып қалдырғандардың бәрі де екі кӛк теңіздің ортасында (Каспий мен Арал), Аму мен Сырдың қүяр сағасында дай тайпалары мекен етед і деп жазып қалдырған. Археологтардың қазба деректеріне қарағанда діні Күн Тәңірісінӛ табынып шырақ жағатын заратушталар болса керек. Алтын қорытып әшекей жасаған, жез қорытып ӛзіне де, түлпарына да сауыт кигізген ӛнерлі де, шебер ел болыпты...

Екінші келіп кеткен ел деп ескіше үшінші, жаңаша бірінші ғасырлар арасында күшейіп – Хорезм, Ферғана, Соғда аймақтарына билік жүргізген Қангуй мемлекетін алуға болар. Осы кезде дайлар түрағы түгелімен сол мемлекет қарамағында болыпты. Бүл мемлекетті қаңлы деп те атайды...

Үшінші кезеңге Батыс түрік қағанатының күшейіп, қаңлы елін ыдыратқан кезін алсақ болар. Дайлар бүл кезеңде, біздің эрамыздың 5-ші ғасырына таяу, бүкіл Ұлы Даланы мекендеген алтайлық Түрік тайпасының ыңғайында еді. Түріктердің соншалықты даңқты болуына Тумын (Бумын) деген ел басшысының әсері кушті болды. Батыс түрік қағанатына інісі Истеми билік жүргізді...

Тӛртінші кезең. Біздің эрамыздың 8-ші ғасырының екінші жартысында оғыз тайпалары Жетісу ӛңірінен қозғалып сыр-Дарияның бойына келіп орныға бастаған. Олар осы жаңа жерде бірте-бірте күшейіп, ӛздерінің дәуірлеу биігіне кӛтерілген, маңайындағы тайпаларды ӛздеріне бағындырып қосып алып отырған. Бүл кезде (9-шы ғ.) дайлардың дені оғыздар одағында

Page 231: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

231

болатын. Кәзіргі адайлар сол кездегі дайлар түқымы ма?.. Жоқ, әлде кейбір тарихшыларға үқсап бүл дәлелдеуді керек ететін қүбылыс деп шалқаямыз ба?..

Сан ғасырлар бойы Каспий мен Аралды айналшықтап шықпай жүрген дайлар мен адайлардың бір нәсіл екеніне дау болмаса керек. Осы жобаға келістік делік. Олай болса біз бір сүраққа жауап іздеуіміз керек – "дай" қалай "адай" болып кеткен?.. Бірінші жауап – тайпа аты әуелден адай болатын. Шет ел тарихшылары не дүрыс жаза алмады, не дүрыс айта алмады... Екінші жауап – әуелде дай болатын, кейін адайға ауысып кетті... Егер дайлар кейін адай аталып кеткен болса олардың адай аталуы дәл осы тӛртінші кезеңде болған уақиға деп есептеуге болар. Ӛйткені ол кезде Маңғыстау түбек емес арал болған. Ескі оғыз тіліндӛ арал "ада", ал аралдықтар "адай" деп аталады екен. Маңғыстауда Қүрық деген жердің қасында "Ада" атты теңізге созыла кіріп жатқан, үзындығы он шақты шақырым, ені бір-екі жүз метр таңғажайып жер бар. Кендірлі маңындағы бір арал да әлі "Ада" аталады. Міне осы кезде дайлар оғыздардың ықпалымен дай атынан айрылып адай атала бастады...

...Оғыздар Арал-Каспий, Еділ-Жайық маңында қожалық етті. 10-шы ғасырда орталығы Янгыкент қаласы болды. Әртүрлі этностан қүрылған оғыздар оғыз үлтын қүрып үлгермеді, оларды қыпшақтар күйрете жеңді...

Бесінші кезең – ол қыпшақ дәуірі. Тарихта қыпшақ атауы 7-ші ғасырдан бастап кездеседі. Олар Ертістің жоғарғы жағын, Шығыс Қазақстан, Алтай тауларының етегін жайлады. Кейін Батыс Қазақстанды үстап түрды. 8-10 ғасырларда қимақ конфедарациясына кірді. Қимақтар бірте -бірте биліктен айрылып, қыпшақтар күшейе бастады. Олар 11-ші ғасырда оғыздарды ойсырата жеңді. Осыдан кейін олар Орта Азияда билік жүрізуге мүмкіндік алды... Ӛзара қырқыс қырсығынан 12-ші ғасырдың екінші жартысында Қыпшақ конфедарациясы жеке-жеке феодалдық иеліктерге бӛлініп кетті...

Алтыншы кезең – 1219-1224 жылдар арасында Орта Азия түгелімен Монгол мемлекетінің құрамына кірді. 1227 жылы Маңғыстау Жошы билігіне ӛтеді де, кейінірек Бати хан ірге тасын қалаған Алтын орда құрамына енеді...

Жетінші кезең – Алтын Орда мемлекеті тарап Маңғыстаудың Ноғай Ордасына қараған шағынан Алшындардың ноғайлыдан бӛлініп Қазақ хандығына қосылған кезеңінің арасын алса дұрыстыққа келер...

...Маңғыстауға жеті жүрт келіп, жеті жүрт кӛшкен... Біз тарих беттерін ұзақ парақтаудан туған ой қортындысына бағына

Page 232: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

232

Маңғыстауға байланысты ең күрделі, Маңғыстау халқы үшін ең ауыр кезеңдерді таңдап алдық...

Қанша жұрт келіп, қанша жұрт кетсе де Маңғыстаудың сан ғасырлар бойы дайлар мен адайлардың тұрағы болғаны беделді тарихшылардың қолымен хатталып қалыпты.

Маңғыстаудың ежелгі массагет пен дайлардың, қазіргі адайлардың Ата Мекені екеніне ғалымдардың кӛзі жеткен. Тек қана адайлардың ӛздері осы жеті кезеңнің қай толқынында ӛз орнынан қозғалмай қала алды, ол арасын дәлелді етіп айту қиынырақ. Бірақ адайлардың ӛз Ата Мекеніне соңғы қайтуы бір жоба анық.

Болашақ ұлы соғыстар қаупі Тәуке ханға біраз жауынгер тайпаларды 1710 жылдары Түркістан, Сауран маңына топтастыруға итермӛлеген. Адайлар аузында Алатаудан Түркістан кӛшіп, сол жерде Сауранды үш айналып Маңғыстауға қайта оралыппыз дейтін сӛз қалған. Бүл тарихи шындық. Ноғайлар мен қазақтар іргесін ажыратып, Алшын руы түтасымен Қазақ Хандығына қосылған кезде адайлар Алатау маңында болған. Содан Тәуке жарлығымен Түркістан маңына кӛшіріліп, сол маңайдан қазақ-жоңғар соғысы тоқтаған кезде, ӛздері айтатынындай "Сауранды үш айналып" 1750-1770 жылдары Маңғыстауына бет алған... Тарихи деректер адайлардың Үстірттен Маңғыстаудың ойына 1800 жылдары қүлай бастағанын айғақтайды.

Кӛз кӛріп, қүлақ естімеген ескі заманнан келе жатқан Адай-Ата аты ӛз үрпақтарына қай заманда да болсын Күн кӛзіндей қүдіретті, Ай нүрындай сәулелі еді... Бізге ендігі жерде де Кӛк жүлдызындай бағдар сілтеп түра берсе... Ұрпақтары, кәзірі қалың қазақтың бір тармағы, Ата атына кір келтірмей, әлі де сан заман Ата атымен асқақтай, Ата үранымен жігерлене бергей деп тілейміз...

Бұл шежіре рушылдықтың жаңа толқынын туғызу үшін емес, "тегін білген - текті" деген ұранға үн қосу үшін, әр адамның бүкіл дүниежүзілік систӛманың бір тетігі екеніне, ал әр текті жан, әр текті тетік ӛз орнында дүрыс қызмет атқарса, Жер-Ана деген мекеніміздің сәнді де, мәнді де болатынына кӛзіміз жеткендіктен, соған аз да болса падасы тиер деген үмітпен жазылды...

Деректер

Қ.Салғарин. "Қазақтың қилы тарихы. Ежелгі қыпшақ таңбасы "қос әліп" ( II)аталған таңба екен.

Ұлы Дала Шыңғысхан шапқыншылығынан ӛрт шалып, азып-тозып

Page 233: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

233

кеткені белгілі. Кейін, қазақ халқының тайпаларынан қүралған Алтын Орда, Ноғай Орда да талан таражға түсіп, сол ӛрт шалған жүртта Қазақ Хандығы қүрылды. Ел "Алшын" атала бастады. Алшын сӛзі қүрып кете жаздаған қыпшақ сӛзіне балама болып, қайта жанданғанын, қыпшақтың қатар жатқан қосәліп таңбасының басын бірітіріп, жаңа таңба қабылдады. Сол кезде адайлар қабылдаған таңба қазіргі кейбіреулер айтып жүрген жебе белгісі емес, қос әліп таңбасына тіреу қойылған белгі. 294 бет.

Мухтар Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі ...Алты Алаш – үлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қырғыз,

қарақалпақ және "қүрама" тайпасы... ... Егер біреулер жетеу дейтін болса... онда олардың тағдыр

талқысымен ақырғы есептен түсіп қалған қатаған екі үлыс "қатаған" тайпасын қосқаны...

Әбдікәрім Хасанов. Қазақ халқының 5000 жылдық баяны. Алматы. Мектеп, 1996 ж.

...16 бет. "Сүй" әулеті тарихында (589-618) қытайлардың географиялық ой-ӛрісі едәуір кеңейіп қалғаны байқалады. Жылнамада қаңлыдан терістікте, Еділ суынан шығыста: – Қызылбӛрі (қызылқұрт) - цзи-бо, – Қанжығалы - хэ-чжи-хэ, – Қүдайке - ху-би, – Есентемір - цян-цзюи, – Байүлы - ба-й-вий, – Кете - кэ-да, – Байсиық - бәй-си, – Қаракесек - хэ-ян-су,

– Қара кете - хэй-хэ және тағы басқа этностар жатқанын баяндайды. ...Помпей, Трог, Страбон, Диодор, Плиний секілді ерте дүние

тарихшылары сарматтар туралы жазбаларында оның алан тайпасына кӛбірек мән береді. Дегин алан сӛзі алин атауынан шығып еді дейді...

...Шын мәнінде Геродоттың альбийі, қытайлардың алуны, сармат құрамындағы алан-алин бір этностың ықылым замандарда хатқа түсуі екеніне шүбә болмаса керек. Бұған күд ік келт ірмейт індей б ір жайт батыс, шығыс тарихшыларының бәрінің де Әлім тайпасын Еділ суы бойына, Аралдың терістігіне орналастыратыны. Мұның ежелгі тайпа екеніне түркі жұрты бір

Page 234: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

234

істің ең кӛнелігін білдіргенде "әлімсақтан бергі әңгіме" деуі... дәлелдесе керек.

...Қазақ, ӛзбек, тәжік халықтарының этникалық құрамын толықтырған ежелгі этно-саяси одақ адайларды грек, қытай, қызылбас тарихшылары едәуір терең білген. Чжань цянь дай ӛлкесі бес аймақтан тұрады, бір-біріне бағынбайды, халқы 1,000 миллионға жуық деп жазса (история УзССР, т.1, 1967, 134 бет), грек тарихшылары Үлкен Плиний "дайлар – скифтердің бір тармағы" депті. Ал Страбон дай ұлысын Каспий мен Амудария арасында кӛшіп жүретінін сақ тайпалары деп хабарлайды...

... Б.з.б. 529 жылы сақ даласына шабуыл жасаған парсы патшасына қарсы шыққан Томирис, патша-айым, (біздің ойымызша Тама Ырыс) патша-айым екі кӛк теңіздің ортасын жайлаған (Каспий мен Арал) массагет тайпаларының кӛсемі болған.

...Адайлар Сауранды ұш айналып Маңғыстауға оралған...

...Кез-келген адайдың ауызындағы осы сӛздің тарихи астары бар. Осы аталған кітаптың 179 бетінде ... 18 ғасыр басында қазақтар арасында дау-жанжал күшейе түседі. Осы жағдайды пайдаланып бытыстан - қалмақтар, терістіктен -башқүрттар, шығыстан - жоңғарлар шабуыл жасай бастайды. Осыған байланысты Тәуке хан Хан Ордасы түрған Түркістан қаласын айнала Матай, Алтай, Тӛртқара, Адай, Шанышқылы, Шыпырашты, Дулат сияқты жауынгер руларды қоныстандырды. Соның арқасында 1710 жылы жоңғарларды Іле басына дейін шегіндірді... Алшындардың сол кезддегі Аға Батырлары Беріште Ағытай, Адайда Назар, Шотан, Есенқүл, Сабытай .... батырлар еді дейді...

Тарихи атаулар

Грек тарихшысы Кішіазияның Галикарнас қаласының тұрғыны Геродот б.д.д. 5 ғасырда бүкіл адамзат баласына алтын мұра – тарих жазып қалдырып, онда кӛшпелі елдер туралы кӛп мәлімет келтірген.

Скифтер... Геродот скифтер деп Дунай мен Дон ӛзендерінің ортасында тұратындарды (сколоттар) атаған. Олар ӛгіздер жегілетін арбалар үстіне тігілген киіз үйлерде тұратын болған.

Сарматтар... Геродот сарматтар деп скифтердің шығысындағы Каспий теңізіне дейінгі жерлерді жайлаған тайпаларды атаған.

Массагеттер... Геродот массагеттер деп Каспий теңізі мен Арал теңізінің ортасын жайлаған тайпаларды атайды.

Page 235: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

235

Геродот б.д.д. 529 жылы Персия патшасы Кирдің массагеттерге жорық жасап, әйел патша Томиристің қолынан қаза тапқанын жазып қалдырған.

Скифия деп Геродоттан кейінгі тарихшылар, мысалы географ Птоломей, кәзіргі Қазақ даласы мен Орта Азияны да атай берген.

Массагеттер деп грек географы Страбон Кспий мен Арал арасын, Аму мен Сырдың тӛменгі сағаларын, кәзіргі Қазақстанның батысы мен оңтүстігін жайлағандарды да атаған.

...Менандр Протектор, Рим офицері, тарихшы, 358 жылы парсы соғысына қатынасып, 353-78 жылдар тарихын жазған. Хун тайпаларының Дунай даласына жетіп, герман тайпаларының Рим империясынан баспана іздеген кездерін кӛрсеткен... Сол тарихта мынадай жолдарды кездестіресіз... Земарх (елші) ехал 12 дней через пески... и доехал до реки Их (Эмба) и Даих (Яик) и мимо других озер до Атила (Волга)...

Дайлар... Дайлар - ежелгі грек жазушыларының мәліметі бойынша, Каспий теңізінің шығыс жағын мекӛндеген кӛшпелі сақ тайпаларының бір тобы. Страбонның айтуынша, дайлар Арал теңізі мен Сырдарияның қиыр жағында Каспий теңізі мен Амударияның аралығында кӛшіп-қонып жүрген.

Рим жазушысы Үлкен Плинийдің айтуынша "дайлар" -скифтердің бір тарауы. Ал парсылар болса скифтерді саға (сақа, сақ) дейді. Бүл олардың ең мықты тайпасы. Скифтер түгелдей Яксарттың (Сырдарияның) оң жағына қоныс тепкен.

Скифтерге – сақ, массагет, дай, астақ, қам, қамақ, аримаспи т.б. тайпалар кірген. Бүлар Кавказ тауын "Қаз" тауы деп атаған. Қытай жылнамаларында дайлар мекендеген жерлер "Дахия", Иран әдебиетінде "Дайстан" деп аталған.

...Осы арада біз Страбон сӛздеріне сәл үзіліс жасап, қытай тарихы дайларды дахтар деп, дайлар мекен еткен жерлерді дахия деп атағанына, гректердің кәзіргі Ураль ӛзенін Даих ӛзені деп жазғанына кӛңіл бӛлгіміз келіп отыр. Осы тарихи деректерге ой жүгіртіп қарасақ Жайық ӛзенінің қытай мен грек тарихында Дах, Даих ал адайлардың дай, дах аталып және Каспий мен Арал арасының бірде Дахия, бірде Даистан аталуы кездейсоқтық бола қоймас. Біз сол тарихшыларды ӛтірікші қылмауға тырысып, амалсыздан Жайық ӛзенінің ескі заманда Адай ӛзені деген мағнаны білдірген ӛзен екеніне сенгіміз келеді...

...Сақ, Түркі, Қыпшақ, Қазақ тарихтарын зерттеуші атақты ғалымдар С.Г.Кляшторный, Т.И.Сүлтанов мырзалар "Қазахстан. Летопись трӛхтысячалетий" атты кітабында былай дейді... Кешірім сүрай отырып біз сол жолдарды аударусыз, орыс тілінде келтіргіміз келді...

Page 236: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

236

...Роковой для него поход на восток Кир предпринял в 530 году до нашей эры, уже глубоким стариком (70 лет)... Противников Кира, через сто лет, Гередот назовет массагатеми... Жили массагеты, по Геродоту, на равнинах к востоку от Каспия и за рекой Аракс (Аму-Дария), сорок руковов которого впадают в топи и болото, а один - в Каспийское море (Узбой)... Противников Кира античная традиция именует по разному : – Гередот называют их массагетами; – Ктесий Книдский – врач, вернувшийся в Элладу в 398 году до нашей эры, после семнадцатилетнего пребывания при персидском дворе – дербиками; – Берос, вавилонский жрец, историк и астроном, писавший по греческий в третьем веке до нашей эры и знавший как элинистическую, так и персидскую традицию, именует племя, сражившееся с Киром, даями (дахами)...

...Дайлардың үлы ел болғанын Геродоттан бүрынғылар да Гередоттан соңғылар да жазып қалдырған. Біз ол мәліметтерді де (жоғарыда аталған кітаптан) ӛзгеріссіз беруді жӛн кӛрдік...

...Дарий и его наследник Ксеркс (486-464) называют в своих надписях...

...Персопольская надпись Ксеркса, вмӛсте с саками – тиграхуда и саками хаумаварга, называют среди подвластных Ахеменидам народов еще и дахав, которым вавилонянин Берос приписывал победу над великим Киром. Никаких других "скифских" народов к востоку от Ирана древноперсидские источчники не знают, но их во множестве называют греко-римские авторы.

Геродот упоминает саков-ортокорибантиев, т.е. "острошапочных" и саков аморгиев, "саки царя Аморга (Омарга)" которых достаточно уверенно отождествляют с саками - тиграхуда и саками - хаумаварга персов.

Неоднократно упомянуты и дахи (даи). Все остальные этнонимы сакских племен, названные в античных источниках, отсутствуют в ахеманидских надписях. Найболӛе загадочным казалось отсутствие упоминаний о массагетах, главных врагах персов со времен Кира. Вӛдь Узбойско-хорезмийский регион, где Кир сражался с массагетами вошел в состав Персидской державы... Было выдвинуто логичное предположение, что массагеты эллинских авторов в персидских надписях упомянуты под другим именем. Такого рода гипотез первым выдвинул А.Хӛрман... саком тиграхуда?.. Однако с покозаниями надписей Дария и делает маловероятным их отождествление с массагетами.

Page 237: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

237

Если массагеты действительно фигурирует в ахменидских надписах, то более всего на отождостовление с ними мог бы претендовать могущий племенной союз дахов (даев). Упомянутые еще Авестой среди племен которые, по выражению Дария "не читали Ахура Мазду", дахи помещены в Персопольской надписи Ксеркса в перечне самых крупных стран и народов, подвластных этому грозному завоевателью. Коренные земли дахов в 4 веке до н.э. находились "за Танаисом", т.ӛ. Сыр-Дарьией, "по Танаису" (Арриан, 3,28), а также в Приаралье (Страбон, т.9). Среди созников Дария третьего Кодомана (336-331) в его проигранной войне с Александром названы и дахи. При битве Гавгамелах, открывшей Александру путь на восток, дахи, вместе с бактрийской конницей, противостояли лучшей части македонской армии - коннице "друзей" личного окружения Александра. Характерная черта вооружения сражающихся дахов, необычная в то время, отмечена, Аррианом: "Сами скифы (дахи) и лощади их были тщательно защищены броней". (Арриамн, т.З)... Эти "даи с Танаиса" сражались с македонцами и после гибели Дария, но затем они стали союзниками Александра в его походе на Индию. Отряд дахов назван "конными лучниками"... Следует отметить внимание на важную деталь вооружения дахов – бронию, защищавшую всадников и их коней. Такого рода двойной доспех столетиӛм раньше Гӛродот отмечает только у массагетов: "...лошадям на грудь они одевают медные панциры". (Геродот, т.1).

Появление катафрактериев – конных воинов в тяжелых пластинчатых доспехах и на защищенных броней конях, отмечено не только письмеными источниками в стране дахов и массагетов. Еще в 50-х годов Хорезмская экспедиция С.П.Толстова вела раскопки на городище Чирикрабат -"столице" приаральских саков, расположенном на левом берегу Сыр-Дарьии... Там в одном из погребленных сооружений, датируемом 4 веке до н.э. был обнаружен железный пластинчатый доспех...

...В трех далеких во врӛмени и независимых – Авесте, надписи Ксеркса, труда Арриана – племена дахов обозначены одним и тем же именем – их самоназванием. Иначе следовало бы предположить существование общего для трех названных сочинениях источника, что нереально. Между тем, название массагетов сохранилось только в античной историографии, где оно обьединяет самые разные по хозяйству, образу жизнии культуре племена – от кочевников-коневодов до охотников за тюленами и собирателей кореньев, одевающихся "в древесную кору". (Страбон, т.11). Массагеты в сочинениях греческих авторов связаны только территориальной общностью - Приаралье,

Page 238: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

238

низовья Аму-Дарии и Сыр-Дарии, район Узбой. Отмеченные у них общие обычай – остатки группового брака, ритуальное убиство и поедание стариков – невероятно архаичны и не могут свидетельствовать о какам-либо единстве... В 3 веке до н.э. имя дахов (даев) полностью вытӛсняеет более древнее общее имя массагетов...

Қ. Есмағамбетов. Қазақтар шетел әдебиетінде. Алматы. Атамүра, 1994.

...Қазақ халқының әдет-ғүрпы мен рухани мәдениетін зерттеуде неміс этнографы Рихард Каруцтің еңбегңне ерекше тоқталған жӛн. Ол 1903-09 жылдары Маңғыстауға келіп, түрікпендер мен қазақтар арасында этнографиялық зерттеулер жүргізді. Қоқанға саяқат жасады. Осы зерттеулерінің нәтижесінде "Любектен Қоқанға дейін" атты кітап жазды. Ол бұл мәліметтерді ӛзіме жолсерік болған Оңғалбаев Ораз деген қазақттың айтуымен жаздым деген жазу қалдырған... 1910 жылы жарияланған бұл еңбекті Петри орыс тіліне аударып, академик В.В.Радлов редакциялаудан ӛткізген. Әбікәрім Хасенов. Қазақ тарихының 5000 жылдық баяны. Алматы.

...Александр Македонскийдің сарай тарихшысы Хорит Митиленский Зариадр мен сақ патшасы Ом Арғтың қызы Одатида (Адайтілдә) арасындағы ғашықтық уақиғаны жазып қалдырған. Мұнда Мидияның патшазадасы Заридар Танаис (Дон) ӛзенінде сейілдеп жүрген сақ ханшасын скифше киініп келіп алып қашады...

Тынысбек Қоңыратпаев. Ертедегі ескерткіштер. Алматы. "Ӛнер", 1996.

...Массагеттер сақ тайпалары. Г.Стартоновский бұл тайпаларды Үлкен Орда және Омарғы сақтары деп екіге бӛлген. Дарий билігінің соңғы кезінде олар "дай", "даха" деп те аталған. (Карты земельных районов за Уралом. Петербург, 1914).

Стефан Византийский. Описание племен. ...Дай – скиф тайпасы. Олар кейде "даха" дӛп те аталады.

Әлкей Марғүлан. Эпос тудырған ортаның мәдениетке қосқан үлесі.

Page 239: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

239

...Моденің билеген кезінде оның үкіметі орасан күшті болды... Оның саяси мүрасы Қаңғой, Алтай тауынан бастап біздің заманымыздан 177 жыл бүрын Каспий теңізіне дейін жетті... Моде қытайды ӛзіне бағындырып, оларға жыл сайын салық тӛлеп түруды міндет етті (Бичурин)... Моде біздің з.д. 147 жыл бүрын дүниеден ӛтті.

Әлкей Марғүлан. "Таңбала тас" жазуы ...Жошы үлысында Қасымханның тәртібіндей үлы бейне жасау

бүрын болмаған еді (Хайдар Рази), ол ӛзінің жасына дейін жасап, Сарайшыққа қойылды. Жәнібек, Керей, Қасым сияқты ел қадірлейтін үлы адамдар тегісімен Сарайшықтағы үлы қорымға (пантеон) қойылды. Жырда айтады ғой: "Хан сүйегі кие деп, хандарды қойған Сарайшық". Мүны Қадырғали Жалайри де айтады...

Қүрманғазы Қараманулы. Тәңірге тағзым ...Тарихи жадыңды жатырқап, ӛткенге ӛгейсіне қарау -

тамағы тоқ, кӛйлегі кӛк құл-құтандарға ғана лайық қасиет...

"Қазақ" сӛзінің тарихы. Т.Садықов, Х.Абдрахманов. Түркі Әлемі. А., 1995.

...Тарихи деректерге қарағанда "қыпшақ", "қазақ" атаулары қатар шықты. Үзінділер келтірелік...

• Парсы тілінде жазылған "худ-уд-яль-ғалзм" (Әлем шекаралары) атты еңбекте "Алан елінде қазақ деген ұлыс бар" – дейді;

• Міржақып Дулат "қазақ-қырғыздың ата тегі туралы" атты еңбегінде Әбілқасым Фердоуси (940-1020) "Шахнамада" "қазақ" деген ел кӛк теңіздің (Арал) солтүстігін мекен етіп тұрған күшті және кӛп санды ел деп кӛрсеткен.

• Византияның императоры Константин Парпиродный (905-959 ӛз жазбаларында Қобаннан шығысқа қарай мекендеген елді "қазақия" деп атаған.)

• Араб саяқатшысы Мұхамед ел-Ауфи 1228 ж. Үндістанда шығарған "Таңдаулы әңгімелер мен аңыздар жинағы" атты кітабында: "Алтайды мекендеген қарлықтар тоғыз ұлысқа бӛлінген, бұлардың ішінен үш тайпа бӛлініп шығып, қазақ болды" - дейді.

• Орыстың "Повесть временных лет" атты шежіресінде

Page 240: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

240

князь Святославтың 968 ж., князь Мстиславтың 1027 ж. Қобан ӛзенінің оңтүстігіндегі қасақтармен соғыстары баяндалған.

• Осыған үндес деректер парсы шығармаларында молынан кездеседі. Қытай тарихшылары турік қасаларының оңтүстікте Иранмен, шығыс оңтүстікте Хорезммен шектӛсетінін, хан ордасының Еділ ӛзені жағасында екенін кӛрсеткен.

• Кіші Жүз Алшын үлысының қүрамындағы жеті ру (Кердері, Кереиіт, Тама, Табын, Жағалбайлы, Тӛлеу, Рамадан) тайпалары "қарт қазақ деп те аталып жүрген".

• "Қазақ", "Қыпшақ" атаулары қатар шыққан. Тарихтың бір белесінде қазақ қыпшақ одағына кірді де қыпшақ атын жатсынбай жүре берді. Сол сияқты енді бір • бұрылыста қазақ боп ұлт құрған түркі тайпаларын бір кезде қыпшақ аталғандар да жатсынбады. Сәрсен Аманжоловтың "Қазақ жерінде болған елдер, халықтар" атты мақаласында ... башқұрттар бозбала жігітті "қазақ" дейді, деп келтірген... Кавказдағы черкестер бұрын ӛздерін қазақпыз дейді екен...

• "Моңғолдың қүпия шежіресі"... • ...Дидар сұлу қыздарды • Қазақ күйме мінгізіп, • Жетелетіп біз нарды, • Ежелден хан жаралған, • Қасиетті қара орман • Құтты мекен етерміз... Қазақ атын ескі тарихта ӛз

күйінде қатесіз жазғандар моңғолдар екен. Олар ӛздерінің хан түқымды дидар сүлуларына лайықты заттың қазақ күйме екенін жыр ғып жазып кетіпті...

Әнес Сарай. "Қазақ" атауының ізімен. • ...Енді ғылым әлеміне жаңадан ғана белгілі бола бастаған бір-

жар дерекке ілтипат білдірелік. Ол - кӛне Хорезм ӛлкесіндегі Топырақ қала жәдігерлігі... Топырақ қаладан азды-кӛпті жазба деректер де табылды... Оларды қазақша әліптегенде азды-кемді жаңсақтық кетсе, кешірім ӛтінем... ...Жоғарыда кӛлтірілген үзіндіде "қазақ" аты үш рет үшырасады. Бірінде "касак", деп әрі толық, әрі дүрыс жазылған да, қалған екеуі "касасак", "пандкасак" түрінде кездеседі. Касасак - батыр сак, пандкасак -үстаз қазақ деген үғым. Соған қарағанда ағаш жазудағы кісі

Page 241: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

241

аттары олардың аталмыш әулеттердің қарамағында атқарған қызметтерін білдірӛтін сыңайлы. Зерттеушілер топырақ қала жүртынан табылған жазуды 3-ші ғасырдың орта шені деп таңбалап отыр. Әнес Сарай. "Адайлар".

• "Қазақстан әйелдері", 1999 ж. 8-ші саны. • ...Жылсанауымыздан бұрынғы 3-1,5 мыңжылдықтар

аралығы қазақ топырағында ар (арий), арг, ас, ад сияқты есімдері ұқсас қауымдардың тарих арнасына шығуымен ерекшеленеді...

• ...Аргтерді кейінгі арғындар деп білсек... ал адтар болса, қазіргі адайлардың түп аталары.

• ...Байқауымызша, б.з.д. 3 мыңжылдықтарда Арал-Еділ аралығында "Қима мәдениетінің" іргетасы қаланды. Ол мәдениетті қалаушылар алаш, оның кейінгі тарихтан аты белгілі тармақтары алаш, алазон, ад, адақ, адығ тайпалары.

• ...Ал адтардың екінші бір тобы б.д.д. 15-13 ғ. арийлермен Гималай асып, Үндістан іліккен. Сонда олардың арасында ад және ада (яда) қауымдары да аталады. "Ригведа", "Махабхарата" жазбаларындағы аңыздық желіден адттар бастапқыда жаға жыртыс жағдайда болғанмен, кейін арийлерге сіңісіп кеткен. Ал ада-яда қауымы болса, арийлермен ұзақ текетіресте болып, олардың бір бӛлігі арийленгенмен, екінші бӛлігі, әсіресе, қосал тайпасы б.д.д. 4-ші ғасырда Гималай тауларының құзды шатқалдарында ұзақ жасап кейін жаңаша жыл санау бойынша 4-6 ғ. Яда мемлекеттігін құрған.

• Ғылыми айналымда адайлар дақтан, дайдан тараған деген болжамдар бар. Жоғарыда аталған "Регведа", "Махабхарата" жазбалары бұл мәселеге жауап береді. Дақ деген адамның үш қызы бопты: Дити, Дана, Ади. Осы үш қыздан үш тайпа ел тарапты: Дитиден - дайлар, Данадан -данавтар, Адиден - адтар. Кейін арийлермен одақтасқан адтар дайларды тізе бүктіріп, ӛздеріне қосып алған. Сонда адтардың шылауында кеткен дайлардың Бәли патшасының жүрты екен. (Бәли адайлар арасында ру есімі болып әлі сақталған). Бүл дерек адайлардың дақтан тарағанмен, дайдан тарамағанын, дай оларға ағайын тайпа болғанына кӛз жеткізеді. Бүл қауым негізінен қосал тайпасының тӛңірегіне үйысқан. Бүкіл үндістан жақтасып соғысатын Курукшетра шайқасынан кейін қосалдар (кейінгі қосайлар) б.д.д. 4-ші ғасырда Гималай тауының жан баспайтын шатқалдарына қарай ойысқан, бір таңғажайыбы сол - Будда діні осы шатқалда, қосал тайпасының арасында дүниеге келген.

Page 242: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

242

...Қосалдар Шығыс Түркістанға ауып, Ада (Яда) мемлекеттігінің негізін қалады. Бірақ оның ғүмыры үзақ болған жоқ, түркі қағаны Ашина Хэлу оларды жаулап алып

(560-570) бағындырып қана қоймай, ӛзінің атажұртына айналдырды.

...Бұл орайда академик Әлкей Марғұлан: "Тарихи жазбалар бойынша, Қосай түркі қағанаты кезінде жасаған кісі болуға тиіс," - дейді.

Қосай қазақ жырларының басты қаһарманы. "Ер Кӛкше ұлы Ер Қосай" жырында Кӛкшені Қобыланды ӛлтіріп, Қобыландыны Қосай ӛлтірген болып әліптелінеді.

Ал қырғыздың "Манасы болса" Ал "Манас" эпосына арналған энциклопедия болса, Қосайдың

ата қонысы Атбасы ӛңірі еді, осы Атбасы мен Нарын жоталарының арасында "Қосайдың қара тауы" атты тау барын, Атбасыдан 12 шақырым жерде "Қосай қорғаны атты қамал барын баян етеді". Қосайдың тӛрт ӛрлігін бастан-аяқ жырлай келіп...

• Бекініп қалған Бежіннің • Бетін ашқан Ер Қосай. • Тұрып қалған Тұрпанның • Түсін ашқан Ер Қосай. • Байланып қалған базардың • Бағын ашқан Ер Қосай... дейді. • Қырғыз эпосы Қосайды 120 жас жасатып, 1120 жылы

болған қырғыз-қарақытай соғысына қатыстырады. • ...Енді Түркі қағандығы түсындағы адай қауымына қатысты аде

тайпасы туралы сӛз қозғалық. Алшын (Ашина) түркілері 551 жылы жужандарды (абарларды) талқандағаннан кейін теле (оғыз) бірлестігіне жататын 15 тайпаны бағындырып, түркі конфедарациясын қүрды.

...Түркі қағанының тізгінін үстаған Ашина (Алшын) түркілері 682 жылы кӛшпелі тайпалар арасындағы бытыраңқылықты сәтті пайдаланып, қайтадан жаңа мемлекет қүрды.

Шығыс түркілердің жаңа мемлекеті 745 жылғы дейін ӛмір сүрді. Орхон жазуларын, әсіресе әйгілі Күлтегін, Тонықық тасқашау жазуларын осылар қалдырды.

...Енді Шыңғыс хан түсындағы дүрбелеңге назар аударалық.

...Рашид-ад-дин: "Шыңғыс хан мен оның руының моңғол деген атақ-даңқына орай тегі басқа түркі халықтары ӛздерін моңғолмыз дейді... Күні кеше ғана моңғол қалың түркілер арасындағы жалғыз тайпа емӛс пе еді?," - деп, жазады.

Page 243: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

243

...1201 жылы... Шыңғысты хан қойдырмау үшін Моңғолиядағы түркілер бас қосып Алхүй бүлағы деген жерде Жамуханы хан кӛтерді. Ендеше бүл Жамуха кім еді? "Моңғолдың құпия шежіресі" оған нақты жауап береді.

..."Манағы екіқабат әйел Бодончарға (Шыңғыстың арғы атасы - Ә.С.) келгесін ұл табады. Оны бӛтен рудың нәсілі болғандықтан Жажир-Адай деп атады. Жажир-Адайдың ұлының есімі - Тургудай. Тургудай ұлы - Бурьбул-чиру, оның ұлы - Хархадан, оның ұлы - Жамуха". Шыңғыс-Жамуха айқасы моңғол тарихынан белгілі. Жамуха жеңіліп мерт болады. Бұл қырғыннан адай тайпасынан Мүхалху (Мұңал) аман қалды. Байауыт (байұлы) тайпасының кӛсемі Монхотхиян ұлы Үңгір Шыңғыс ханға сауал тастайды: "Байауыт (байұлы) туыстарымның басы бытырап барады. Хаған, ұйғарсаңыз, байауыт туыстарымдыи жиып билейін". Шыңғыс ұрқсат етеді.

Үңгір басын қосқан баяуыт (байұлы), жандарандар (адайлар) екі қауым жұрт болып отырды. Кейін осы қауымдық бірлестіктен Адай хан есімі әйгілі болды. Ол 1435-1449 жылдар аралығында Моғғолияны биледі. Біз тарихтан білетін қалмақтар осы кезде ойрат атымен моңғолдан бӛлініп, жеке шаңырақ кӛтере бастаған. Адай хан барлық ӛмірін солармен шайқаста ӛткізді. Ол тұтқынға түскен ойрот ханының ұлы жас Тогонды жаны ашып босатып жібереді. 1449 жылы ӛзі босатқан бала жігіт қапыда Адайды ӛлтіреді. Ал Тогоның ұлы Есен ойроттың ең ұлы хандарының бірі болды. Ол моңғолдарды бағындырып, Адай ханның тӛл ұлысын қуғынға салды. Олар бұл қорлыққа тӛзе алмай Моңғолияны тастап, Байқалдың орманды, батпақты қорыстарына қоныс аударды... Ольхон, Қорқыт ӛңірлерін мекендеген адайлар біртіндеп Хакасия арқылы Алтайға жылжыды. "Ат аунаған жерде түк қалады" дегендей ұлы кӛшке ілесе алмай шашырап қалғандар аз болмаған. Адайлар қатарындағы мұңалдардың бір тобы Хакасияда қалған. Мұңал атын әлі сақтап отыр. Бұл кӛштен Табынайлардың да бір бӛлігі, бәлкім түгелдей жырылып қалған сыңайы бар... Адайлар Алтайдың Майма, Жеменей ӛзендері маңында біршама аялдаған. Осы орайда 19-шы ғасырда Алтайда ӛмір сүргӛн Арғынбай Апшыбай ақынның тӛменгідей ӛлең жолдарын еске сала кеткеннің артықтығы жоқ.

Жоғарғы майма, мұңал, боқай, қостай, Ел едік екі айырды құдай қоспай.

Осы тӛрт рудың үшеуі қазіргі адай қауымының белді аталары. Ал мамай руы әлі де Алтайда отыр.

Page 244: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

244

...Әбілхайырға 1710 жылы Қарақұмдағы жалпы қазақ жиынында 30 мың әскер бӛлінгені белгілі. Адайлар жасағы қалмаққа алғаш соққы берген Бұлаңты шайқасына да, Аңырақай ұрысына да қатысты.

1750-57 жылдар мӛлшерінде жоңғар қалмақтары ішкі алауыздықтан әлсіреп, қазаққа тіс батыра алмаған кезде, адайлар Үстіртке иек артып, Маңғыстаудың ойына кӛз жүгіртіп, қарауыл салып тұрды.

Дарий Гистасптың қүлпытасында ..."Пӛрсиядан тыс жерлерде тізе бүктірген аймақтар

мыналар... - коссактар ...". Дарий б.ғ.д. 521-485 жылдары ӛмір сүргені белгілі. Ендеше, қазақ атауының тарих бетіне қалқып шығуы тіпті әріге бой салады.

Тарихшы Дулатбек Қыдырбекулының "Кӛшпелілер кім болған еді?" атты еңбегінен якуттердің ӛздерін әлі күнге сақа атайтынын, олардың Байоло (Байүлы), Одай (Адай) сияқты руларға бӛлінетінін оқығанымызда Маңғыстауда осы уақытқа дейін сақ атына байланысты сақталып қалған кейбір нәрсӛлер еске түседі.

"Сақа қүдық" атты жер бар. Адайлардың басқа қазақ тайпаларынан кейбір сӛз ерекшеліктерін еске түсіріп қаралық... Сезімін ішінде сақтай алмайтындар біреудің ісіне, мінезіне риза болып кеткен шақта, қимылы мен қайратына сүсініп кеткен кезде, жігіттің нағыз мықты, ерекше жан екендігіне ӛз сезімін айрықша білдіргісі келген уақытта - "Ӛй, қасқа!" - десе жетіп жатыр. ..."Мынау нағыз нарқасқаның ӛзі ғой!" - дейтін, үлкендер. ...Бірбеткей, қайсарларға -"Қасқиуын!" - деп, таңдай қағатын... Осылардың барлығы қазақ сӛзі мен қас-сақ сӛзінің мағналарың бір екендігінде сендіре түскендей...

...Біздер – тым ертӛ кездерде ӛз аттарымен емес тарихшылардың сақ, ғүн атандырып, одан сәл кейін жалпы қандас қарындастарының ыңғайында түркі, қыпшақ аталған, ал берегеректе Үйсін, Арғын, Алшын болып "Үш Жүзге" бірігіп (бӛлініп ӛмес) бас ноқталарын бір арқан етіп есіп алып, әлімсақтан ӛздерінің жадынан ешқашан шығып кӛрмеген, үмытылуы мүмкін емес жалпы атына - "қазақ" атына мәңгілік қайта оралған бабаларымыздың (Аллатағала асылыққа жазбағай)

Page 245: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

245

үрпақтары, аталарымыздың ең соңғы бес мың жылдық тарихтағы тек қана түркі тұқымдас емес басқа елдердің де есіндегі, әлем тарихына ӛшпес әріптермен жазылып қалған кӛптеген істерімен мақтана аламыз. Кӛп айтылып жүрген бірнешеуін келтіре кетелік...

...Б.д.д. 529 жылы қызылбас (парсы) әміршісі Кир сақ еліне жойқын жорық жасайды. Әскерін жеңіп, Омарг атты сақ кӛсемін тұтқынға алып соғыс тағдыры шешілгеніне кӛзі жеткен шақта, Омарг ханның жау жүрек ханшасы (сақтар кӛсемі, С.Н.) Спаретр елдегі қалған еркектер мӛн әйелдерден қосын жинап, бір түнде күйеуін босатып алады...

...Соңғы жыл санау басында ӛткен заманды қалай аяқтадық, не тындырдық деген сүрақтарға жауап іздеп, ӛмірге келген жеті данышпан аттарын анықтағанда біреуі біздің скиф бабаларымыздың бірі болып шығыпты. Әлемнің "жеті данышпанының" бірі ӛз сүйӛгі скиф патша түқымы, нағашылары грӛк патшалары, Анархисис Скифский!.. деген ғүлама екен...

...Әлемге бабаларымыз Әль-Фараби атты дананы беріпті...

...Шығыста Ұлы Қытай қорғанынан басталатын, батыста Днепр ӛзеніне дӛйінгі жерлерге билік қүрған ешбір ел қүрып кӛрмеген Ұлы империя қүрыпты...

...Әлемді билемек болған Ескендір Зүлқарнайын патшаның жорығын біздің бабалар тоқтатқан (сақтар, С.Н.) және ол солардың жебесінен опат болыпты...

...Қытай секілді кӛп санды халықтың дүние жүзін жаулап алу мүмкіншілігін шектеп қана қоймай, оларға амалсыздан "Қытайдың Ұлы қорғанын" салуға мәжбүр етті...

...Еділ (Атила) 453 жылы Рим империясын қүлатып бүкіл Еуропа халықтарын қүлдықтан азат етті. Соның арқасында Франция, Германия сияқты елдер тәуелсіздік алды...

...Томирис туралы Әбдікәрім Хасеновтың "Қазақ тарихының 5000 жылдық тарихы" атты кітабынан үзінді келтірелік... Геродот Томирис скифтің атақты әміршісі Спаргапис патшаның қызы б.з.д. 534 жылы әкесі (618-534) қаза тапқан соң оның тағын мүраланып еді дейді. Түран елінің кӛне тарихы жӛнінде Әбілхасым Фердоуси Спаргапис патшаны "Шаһнама" дастанының бас қаһармандарының біріне таңдап, оның Тахмина

Page 246: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

246

(Томирис), Пәрәңқыз, Минша атты қыздары Шайда, Жаһан деген ұлдары болғанын, хабарлайды. Спаргапис (скифше - Аспара), Мәди патшаның баласы... Б.з.д. 529 жылы Тұран елін жаулап алмақ болған парсы патшасы Томирис қолынан қаза табады. Томирис Кирдің басын кесіп алады да, қан толы меске салып жіберіп: "Сен қанқұмар едің ғой, іш енді тойғаныңша" – депті деген аңызды, данышпан Цицерон шешен "тарихтың атасы" атаған Геродот жазып қалдырған екен...

...Дүние жүзінің бірде-бір елінің тарихы скифтердің қыз-келіншектерінен ӛзге әйел затының жауға шабатын ерлік дәстүрін білмейді. Ескендір мен сақтар соғысын жазған грек тарихшысы Арриан Мидия билеушісінің соғыста қолға түскен жүз скиф қыздарын (жауынгер қыздарын, С.Н.) императорға сыйға тартылғаны туралы жазба қалдырған...

Кӛшпелілер туралы кӛзқарастар

Страбон (64 б.д.д. - 24), грӛк географы, эллада дәуірінің соңы, Рим империясының басы кезінде ӛмір сүрген. . . .Массагеты. Живущие в равнине, они все же земледелием не занимаются, а живут от скотоводства и рыболовства, как номады, как скифы. Ибо все эти народы имеют общий образ жизни и их могилы и нравы одинаковы, все они грубые, дикие, воинственные, но прямодушный и верны договорам.

Мурад Аджи. "Полынь половецкого поля" ...весной 1890 года в совершенно безлюдной местности на

сибирской рӛке Орхон финский исследователь А.Гейкель обнаружил неподалеку от озӛра Кошо-Цайдам еще два древных памятника... В километре от раскопа Гейкель и его спутники нашли еще один точно такой же памятник, только еще крупней... Он и его товарищи не подозревали, что открыли надгробие принца Кюль-тегина и его брата Бильге-кагана. Найденные надписи они скопировали и ... в 1892 году издали... 15 декабря 1893 года - дата второго рождения тюрков!.. Первое слово, которое прочел датский профессор Вильгельм Томсон, было "Тенгри"...

...Содрогнемся же, кипчаки, пусть закипит наша подгнившая кровь, слова мудрейшего предка Бильге-кагана обращены именно к нам, позорно забывшим свое родство: "Небоподобный, неборожденный... тюркский каган, я ныне сел на

Page 247: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

247

царство. Речь мою полностью выслушайте идущие за мной, мои младшие родичи и молодежь, союзные мои племена и народы... ...Когда было сотворено вверху голубое небо, внизу темная земля, между ними обоими были сотворены сыни человеческие. Над сынами человеческими восседали мои предки Бумын-каган и Истеми-каган. Сев на царство, они устроили племенный союз, так появился тюркский народ. Четыре угла света были им врагами. Выступая с войсками, они покорили все народы, жившие по четырем углам, и принудили их всех к миру. Имеющих головы они заставили склонить головы, имеющих колени они заставили преклонить колени"...

А.И.Левшин (1797-1879). Описание киргиз-казацких, или киргиз-кайсацких, орд и степей. Петербург, 1832.

Осы аталған кітапқа Академик Манаш Қозыбаев алғы сӛз жазып, 10000 дана тиражбен 1996 жылы қайта бастырып шығарыпты... К 200 летию со дня рождения Геродота казахского народа Алексея Ираклиевича Левшина -- деп, Шоқан Уалиханов сӛзін келтіріпті. Оқып шықтық. Біздің бүгінгі заманымызға керек ештеңе де таппадық. Мүмкін орыстардың қазақ жерін отарлау саясаты кезінде бұл еңбек ӛз міндетін жақсы атқарған болар, ал бұ кұндері ондағы келтірілген деректерге ешкім де мұқтаж емес екен. Қай құдықтың суы тұщы екені кімге керек – құдықтар баяғыда кӛміліп қалған. Қай жерге қай жолмен жетуге болады – ол жолдар кәзір пайдасыз... Бірақ бұ кітапттың авторының сол заманда қазақ халқын қаншалықты ӛшпенділікпен жек кӛре сипаттаған улы тілінің күші әлі зәрін кетіре алмапты. Онсызда мәңгүрттеніп бара жатқан елге, соны ел басына сан түрлі айлалармен сіңірушілерге таптырмас қүралды ӛз қолымен жасап бӛргендейміз...

Үзінділер... ...Народ о котором мы говорим... незнакомы ни с

наслаждениями нравственной природы, ни с средствами улучшить самоӛ физическое существование свое, которые, закоренев в грубости, боятся всего того, что могло бы их смягчить, которые думают, что величие состоит в одной жестокости...

...Притом не зная никаких искусств и ничем почти не занимаясь, кроме скотоводства, он ни в какое время не видит нужды много трудиться...

...Корыстолюбие киргизов простирается до черезвычайности...

Page 248: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

248

...Когда же он уступает какую-нибудь вещь в долг или в подарок, то непременно требует за оную вдвое против истинной ее цены...

...Под именем храбрости киргизы разумеют хищничество и буйство. Неустрачимость, своиственная самым необразованным умам, им совсем не принадлежит. Войны они правильно не ведут...

...Если же принуждены бывают спешиться, то совсем не могут защищаться. Следовательно вся смелость их заключается на лошадей и на получение корысти...

...Прибавим к тому, что они почти никогда не сражаются с другою целию, кроме корысти, а пробуждение столь низкое не может сделать целого воиска неустрашимым...

...Киргизы некровожадны, но и это хорошее качество происходит от того же корыстолюбия, а не от доброты сердца...

...Гостеприемство, оказываемое киргизами своим соотечественникам и без всякой платы, наблюдаемое как один из свячщеннейших законов вероисповедения, не распространяется на чужеземцов, а тем менее - на иноверцов...

...ставят кибитку новобрачной и выкладывают приданое ее, из которого жадные родственники поспешают выбрать себе то, что им нравится, и дарить ей в замену другие, по большой части худшие вещи...

...Мертвое тело поспешно омываӛтся...

...Язык их испорченное турецкое наречие...

...Конечно, поэзия их не подчинена правилам науки.

...К тому же завладение землями кочевого народа не составляет покорения жителей. Занять страну, киргизами обитаемую и даже изгнать их из оной, если бы нашлась в том польза, не невозможно, но какие силы нужны для удержания в повиновении двух или трех миллионов людей, не имеющих никакой оселлостии ценящих грубую свою независимость выше всех благ мира!..

200 жылдығына арнайы кітабы шығарылған бұл автордың қазақ халқы туралы бір ауыз шындығына бола біз біраз цитаталарын кӛшіріп жаздық. Ол сӛз... ... казахский народ... ценящих ... незивисимость выше всех благ мира!..

Ибн Батута Біз бұл кішкенӛ мақаламызда арсыздық пен, кісілікті, парасат

пен парықсыздықты салыстыруға болар деген дәмемен, кәзір қазақтардың мемлекеті еді деп мойындалған Алтын Орда кезіндегі кӛшпелілер ӛмірінен бір-ақ кӛріністі сол күйінде келтірелік...

Page 249: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

249

Саяқатшы, діндар мұсылман Ибн-Батута (1302-1377) 1737 жылы Қырым, Бату Сарай, Сарайшық, Үстірт, Хорезм жерлері арқылы ӛткен сапарындағы естелігінен...

...Одно из удивительных явлений, которое я видел в этих странах, то, что жители очень уважают женщин. Здесь женщины по своему положению стоят выше чем мужщины.

По выезде из Крыма мне пришлось первый раз видеть жӛн правительей. Жену эмира Солтия я видел едущей в телеге; вся телега была покрыта заневесью синего цвета. Окна и дверь были открыты... Когда доехали до места, где находился эмир, жена слезла с телеги; вместе с ней шли около тридцати прислуг, поднимая шлейф, причем в одеждах ее имелось несколько петель, каждая прислуга держала одну петлю.

Жена держалась с большим достоиноством. По приближении эмир встал, приветствовал ее и посадил около себя; прислуги окружили ее, принесли кумыс. Она своею рукой налила кумыс в шашку и на коленях подала мужу. Эмир выпил, потом она налила кумыс и подала брату эмира; эмир сам налил кумыс и подал жене...

...Жены купцов и торговцев тоже ездят в телегах одни. Для поднятия шлейфа у каждой имеется по три-четыре прислуги...

Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Алматы. Қазақстан,1977. Стр. 281. Восстание казахов на Мангышлакском полуострове.

...На пространстве между рекой Эмбой, Тургайской областью, Аральским морем, Хивинским ханством, землями туркменов и Каспийсим морем кочуют киргизи... занимает около 300000 кв.верст... число ... даже свыше 30 000 кибиток. Кроме адаевцев, на Мангышлаке кочуют... киргизы Бершева рода (которых, впрочем, не более 70 кибиток), ... туркмены от 300 до 500 кибиток... Вообще, адаевцев считают самым диким, грубым и вринственным из всех киргизских племен... Восстание началось в средних числах марта ...Численность здешного народонаселения ... более 30 тысяч кибиток. От каждой кибитки, круглым числом, адаевцы могут выставить для военных действий не менее одного человека... а настоящее время мы не думаем, чтобы они могли выставить, при огромных усилиях, и 10000 конно-воруженных людей. Муала (Мұңал), их половина всех адаӛвцев ...в 4000, тобушевцев (Тобыш) в 2000, тркмен-адаевцев тоже в 2000, джебенеевцев (Жӛменей) в 1000, кунан-урусовцев, ахпановцев и балыкчиевцев вместе в 1000 конно-вооруженных людей...

"Военный сборник", н.5, 1871 г.

Page 250: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

250

Ғұмырбаян

…Қалыптасқан әдет бойынша кiсiнiң жеке басының ӛмiрбаяны туған күнiнен басталуға тиiс секiлдi. Бiрақ мен бұл тақырыпты ӛзiмнiң ӛмiрге келуiмнен сәл ертерек, дәлiрек айтқанда екi ғасыр әрiден бастамақ болып отырмын… …Маңғыстау ӛлкесiнiң таусыз аймағын түзейтiн Бозашы түбегiнiң солтүстiк шығыс жағындағы теңiзге жақын құмдақ адырлы, сусыз сортаң даласының бiр сәттi жерiнен қазылған Тасорпа құдығының солтүстiк батыс бетiнде екi шақырымдай жерде, түнде Каспий теңiзiнiң арғы бетiндегi Атырау облысының Сарқамыс аталатын мұнайлы ӛлкесiнiң оттары кӛрiнiп тұратын шамада жермен-жексен аласа құмдақтау, кебiр тӛбенiң басында менiң алтыншы бабам Мәтi жатыр. Ел ақсақалдарының, ӛз әкелеріміміздің айтқан естеліктерінен есімізде қалғаны – менің алтыншы атам Мәтінің "қызылбас елінің билеушісі болған Нәдірше ханының баласы" екені.

Біздің руымыз, Мәті ұрпақтарының руы адай тайпасының Жары, Тоқтамыс тақтасына жатады. Ал Мәтінің ӛз басы парсы емес, түркі тұқымдас, афшар тайпасының Сейтқұл атты бегінің ұрпағы екен.

Әбіш Кекілбаев сол замандағы бір тарихи кезең туралы «Шандоз» атты зерттеу еңбегінде: "... 1726 жылы орасан мол әскерімен Нәдірхан Афшар да оған қосылады. Бұның тегі түркі еді. Сыр бойынан Маңғыстауға, одан Еділ бойындағы Хазарияға, одан Әзірбайжанға ауып барған аусары (афшар), апсар тайпасының Қырықұл руынан шыққан оғылан еді (Маңғыстауда Аусары деген елді мекен, бұлақ әлге дейін бар).

(Әбіш Кекілбайұлы, "Шандоз"). Мәлі мен Мәтінің арасында қандай байланыс бар? біздіңше, бар

сияқты. Екеуінің де бір шамада, Абыл ақынның тілімен айтқанда, "тапа-тайлас Адай, Беріш" ауылдарының ең жауынгер аталарына бала болып сіңуі мен қызылбас падиша Нәдіршенің тұқымы ретінде дербес аталық, бӛлек ауыл болып қалуы тегін болмаса керек".

(Әбіш Кекілбайұлы, "Шандоз"). Жас бала Мәтінің адайлар қолына түсуі туралы әр түрді аңыз

деректер бар. Негізгі аңыз бойынша «қызылбас» елінің патшасы Нәдірше ханның ұрпағымын дейтін Мәті Тоқтамыс батыр ұрпағы Доспамбет қамқорлығында ержетеді. Баланың ақылын, қасиетін байқаған Доспамбет ел-жұртын жинап, тоқалы Таңсықтың екі бұтының арасынан ӛткізіп, ӛзіне «кӛйлекті бала» етіп алады.

Page 251: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

251

Беріштер арасында да дәл осындай аңыз бар екенін алғаш рет біз Әбіш Кекілбайұлынан естіген едік. Біздің аңыз тарихымызға бала кезінен құлағы қанық Әбіш үлкен жазушы шағында Махамбет Ӛтемісұлы тарихынан кездескен бір-біріне соншама ұқсас аңыздарды зерделей келе ―Мәлі мен Мәті тумалас адамдар болар‖ деген тұжырым жасайды. Ә.Кекілбайұлының бұл ойы Махамбеттің 200 жылдық тойына арналған ӛзінің ―Шандоз‖ атты кітабында егжей-тегжейлі талқыланады.

Мәлі мен Мәті жастарының бір-біріне тұстастығын шамалау бағытында біз Абыл ақынның ӛмірі, тарихы арқылы салыстырып байқадық.

Туған жылдары белгілі Абыл ақын мен Махамбет замандарын салыстыру және рулық таралым бойынша әрі тумалас, әрі заманы шамалас Мәті мен Абылды салыстыру арқылы Мәлі мен Мәтінің ӛмір сүрген уақыттарын шендестіріп байқадық

Мәті ұрпағы Абыл ақын ұрпағы

Мәлі ұрпағы

Тоқтамыс Тоқтамыс

Тілеке Тілеке

Еспембет Ӛтембет

Мәті 1745 ж.туған, шамамен

Тілеу Мәлі

Әзберген (1777-1860)

Абыл 1777 ж. туған Ӛтеміс

Тағыберді (1820-1903)

Арыстан Махамбет 1803 ж туған

Сәрсен (1862-1916) Саржан

Назарбек (1909-1989)

Бӛлтек

Сайын 1941ж. Дегбір

Нұрлан 1969 ж. Әбдіхан 1955 ж.

Салыстыру үшін жасаған осы тізбектен Мәті мен Мәлінің замандас болғанын оңай байқауға болады.

Надір Шах Афшар 1688–1747 жылдар арасында ӛмір сүріп, Иран тағына 1736 жылы отырған. Сан мыңдаған жылдық тарихы бар парсы

Page 252: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

252

елiнiң тарихындағы парсы патшалығына отырған ӛзге ұлт ӛкiлi түркi тұқымдас Нәдiрқұл Иманқұлұлы Афшарды (Нәдір Шах) парсылар онша жақсы кӛрмесе керек. Мәлі мен Мәтіге Нәдір шах әке де бола алады, ата да бола алады. Жобамен аралары 50-60 жыл. Енді Тоқтамыстар шежiресiне оралсақ атақты Тоқтамыс батырдың Бабеке, Тiлеке атты екi ұлы болған. Батыр туған ержүрек ұлы Бабеке қалмақпен жекпе-жекте мерт болады да Тоқтамыс кiшi ұлы Тiлекеге жеңгесiн қосады. Анамыздың бiрiншi күйеуi Бабекеден Табай, Ӛтембет, екiншi күйеуi Тiлекеден Еспембет, Доспамбет атты ұлдары болады. Шенжірешілер Ӛтембетті бірде Бабеке баласы еді десе енді бірі Тілеке баласы дейді. Бұл сұрақты анықтау мақсатында мен Тӛлесін молдадан сыр тартып кӛрген едім. Тӛкең: «Тілекенің тӛрт әйелінен баласы жеткілікті ғой, Ӛтембетке таласпаспай-ақ қойыңдар» деп екіұштылау жауап қатып еді.

Ӛтембеттiң немересi атақты Абыл ақын. Доспамбеттiң бәйбiшесiнен Қамысбай, Күмiсбай, Жанғұтты, Тәтен, ал тоқалынан Мұстафа, Соқыр, Қуан атты, кәзiр әрқайсысы бiр-бiр рудың атына айналған ұлдар ӛмiрге келедi. Еспембет жасынан тентек, ожар жан болыпты. Маңайдағы түрiкпендерге тыным бермей, бейсеубет малын сiңiрiп кетiп, кейде барымтаға батылы барып тынышын ала бередi екен. Ақыры солардың қолына түседi. Тұтқында жатып түрiкпен ауылының үлкендерi тойға кеткен бiр күнi қол-аяғы кiсендеулi ызалы Еспембет, ауылдағы бала-шағаға әл бермей Ембi тауынан ұшып ӛледі. Сол жердi үлкендер ―Еспембеттiң қандығы‖ деп атап кетiптi. Таудың сол бұрышы Досан батырдың 1870 жылы наурыздың 22 жұлдызы күнi Ресей армиясының подполковнигi Рукин әскерiн қапыда қалдырған Үшауыз жерiнен әдемi кӛрiнiп тұрады. Үйленбеген жас жiгiт, арты атақсыз, ұрпақсыз қалады...

...Мәтi қайсар мiнезi мен ересен қайратының, кӛрiпкелдiгi мен түс жорығыштығының және айрықша емшiлiк қасиетiнiң арқасында ел алдында үлкен беделге ие болады.

Доспамбет атамыз Мәтіге Жеменейлердің қызын айттырып шаңырақ кӛтеріп бередi. Ауыл ақсақалдары Мәтiнi бiрде Доспамбет баласы деп жатса, ендi бiрде арты үзiлiп қалған Еспембет баласы атандырады.

Мәтiнiң емшiлiк қасиетi оған кӛзi тiрiсiнде ―Мәтi – аурудың келдi сәтi‖ деген мәтел шығарарлықтай абырой алып берiптi. Мәтекеңнiң босана алмай жатқан әйелдерге тигiзген кӛмегi туралы бiздiң заманымызға кӛптеген аңыздар жеттi. Оның бақсылық, емшiлiк қасиетiн ел алғаш рет бес-алты кiсi боп Кӛкжар базарына кетiп бара жатқан жолда байқаған екен дейдi… …Бiр топ атты адайлар Кӛкжар базарына кетiп бара жатып жолда бiр бай ауылға жақындайды. Кенет Мәтi атын борбайлай қамшылап

Page 253: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

253

ауылға қарай тұра шабады. Бiр үлкен киiз үйдi айнала шауып: ―Сал орнына, сал орнына‖ деп, айқайлап, арпалысумен болады. Бiр уақытта аттан түсiп үй есiгiн ашқан бойда ӛмiрге келген бала даусы да шығады. Бiрнеше күн босана алмай, ендi ӛлдiге санап бетiн жауып оң жаққа қойылған әйел тiрiлiп, аман-есен ұл табады. Жас келiншек ауылдың басты кiсiсiнiң келiнi екен. Сол кiсiнiң үлкен сый-құрмет кӛрсетiп, ―әулие адам‖ екенсiң деген сӛзi Мәтiге жұғымды болып, Мәтi бабамыз тiрiлей әулие атаныпты. Мәтiнiң босанғалы жатқан әйелдерге қастық ететiн перi, малғұндарға құдiретi жеткен кiсi едi дейтiн, ауыл ақсақалдары… Нәдіршахтың ӛз аты Нәдірқұл, әкесінің аты Иманқұл. Нәдіршах бір немересіне әкесінің атын қойыпты. Біз Нәдіршах ӛмірі туралы жазылған деректерді талдай келіп Мәтінің (Мәтіқұл болуы мүмкін) әкесі Иманқұл екеніне кӛз жеткізгендей болдық. Сонымен Мәтінің әкесі аты Иманқұл, атасының әты Нәдірқұл. Тоқтамыстар арасында Мәтіге «құл» атағы тағылады. Бірақ біз бұған жаңылыстан, не әдейі ұйымдастырылған саясаттан пайда болған деген тұжырымға келдік. Жаңылысы: Ӛңі қазаққа келіңкіремейтін, тегі анық белгісіз жас баланы атына қарап Мәлі құл деген сӛз бойынша оны «құл» атандырып кету мүмкіндігі... Екінші болжал:. Біз айтпақ болып отырған деректерді Л.Лоренц деген ағылшынның атақты ғалымының 1928 жылы шыққан «Нәдір Шах» атты кітабынан алдық.

Парсы елінің падишасы Нәдір Шахтың тӛрт әйелі, бес ұлы, 15 ұл немересі болады.

Әйелдері: 1. Абиварда ӛлкесінің билеушісі Баба Али Бектің үлкен қызы; 2. Абиварда ӛлкесінің билеушісі Баба Али Бектің кіші қызы –

Гехар Шад; 3. Парсы елінің патшасы Сұлтан Хусеиннің қызы – Разия бегім; 4. Бұхара ханы Абдул Феиз қызы. Ұлдары (барлығы да 1747 жылы ӛлтіріледі): 1. Рза Гули (1719-1747), анасы Баба Али Бек қызы; 2. Насруллах (.... - 1747), анасы Гехар Шад. 3. Имам Гули Бек (... - 1747), анасы Гехар Шад; 4. Чингис Хан (1744-1747), анасы Бұхара ханы Абдул Феиз қызы; 5. Мұхаммед Хан (1746-1747), анасы Бұхара ханы Абдул Феиз

қызы;

Немерелері: Нәдір Шах жауларының астыртын істеген жаулық әрекеттеріне сеніп немересі Шахрухтың екі кӛзін ағызып жіібереді. Ол ӛз ажалынан 1796 жылы ӛледі.

Page 254: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

254

12 немересі 1747 жылы ӛлтіріледі. Тарихшы Л.Локкард екі немересінің тағдыры белгісіз дейді.

Рза Гули Бектен Насруллахтан Имам Гули Бектен

1.Шакрух (1734-1796) 2.Фатали (1736-1747) 3.Ахмед Гули (1736-1747) 4.Хумаюн (1741-1747) 5.Махмуд Хан (1744-1747) 6.Бисутин (1744-1747)

7.ЙолдузХан (1739-1747) 8.Мустафа Султан (1742-747) 9.Сухрат Султан (1743-1747) 10.Муртаза ГулиХан (1744-47) 11.Огузлу Хан (1745-1747) 12.Асадуллах (1747-1747) 13. Аты белгісіз (.... - 1747)

Біздің жобамызбен

14. Мәли Гули (1742 - .... ?) 15. Мәти Гули (1745-1820?)

Жаулары Нәдір Шахты қастандықпен ӛлтіреді. Оның бес ұлы, 12 немересі бауыздалады. Аяғы ауыр келіндері де ӛлім жазасына кесіледі. Тек қана екі немересі қолға түспей, жоғалып кетеді де, одан арғы тағдыры тарихшыларға белгісіз болып қалады. Парсылардың сол кездегі жалдамалы әскерлерінің дені қазақтар, түркі тұқымдас ұлттар болғаны тарихи деректерден белгілі. Қазақтардың Жалайыр, Қарақойлы, Аққойлы атты рулары әлі күнге аттарын жоғалтпай парсы елінің құрамында ӛмір сүріп жатыр. Нәдір Шах ӛлтірілген кезде оның кейбір ұрпақтары қашып құтылуға тырысады. Бір баласы Хорасан жерінде ұсталып бауыздалады. Сондай кезде екі бала аман қалып, қазақтардың арасына сіңістіріледі. Мүмкін тегін жасыру үшін әдейі «құл» атағы берілген де болар. Мәті ӛзінің емшілік қасиетін ―құл‖ атағынан құтылу үшін де пайдаланыпты. Алыс жолда жүріп бір ауылда белгілі науқас кісінің жазылуына себеп болады. Бұйым сұрағанда ол есік алдындағы ауру, жағдайсыз баланы кӛріп, сұрап алады. Аулына алып келіп емдеп жазады. Сол баланы ӛз орнына Доспамбетке әкеліп беріп, құл атағынан құтылғысы келеді. Әлгі ауру баланы Доспамбет баласы Мұстафаға беріп: ―Баймұратың жаңғыз еді. Мына бала соған іні болады, аты Аймұрат болсын,‖ – деп, бауырына салады. Бірақ басы

Page 255: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

255

сыйлы болғанмен әлгі атақтан ӛзі түгілі ұрпақтары да құтыла алмайды. Мен Мәтінің алтыншы ұрпағымын. Осы сӛз жӛнінде әкем маған: ―Құл атағынан ешкім де жетінші ұрпаққа дейін құтыла алмайды екен,‖ – деген еді. Сол айтқан, бала күнімізде ондай сӛзді біз тентек жеңгелерімізден естісек те, біздің балаларымыз ондай сӛзді естімей келеді.

...Доспамбет бабамыз кӛп сӛйлейтiн, кейде орынсыздау мыжып кететiн кiсi болса керек. Мәтi ӛзіне айтылған бiр қатты сӛзiне бола Тасорпа жаққа (әкелеріміз Мәтінің қайын жұрты сол жақтың ақботалары болса керек деп отыратын) ӛкпелеп кӛшiп кетiптi. Күндердің күнінде айы-күнi жеткен Доспамбет тоқалы босана алмай Мәтiге шапқыншы жiбередi. Ренiшi қайта қоймаған Мәтi хабаршыны: ―Доспамбет аруақты риза етемiн десе аруақ жолына ―Асауторыны‖ байласын, сонда барамын‖ – деп хабаршыны керi қайтарыпты. Досекең келiсiмiн бередi. Әрi-берi шапқылап жүргенде үш күн уақыт ӛтiп кетедi. Ел анамыздан күдер үзе бастаған шақта Мәтекең де жетiп, есiктен аттар-аттамаста нәрестенiң даусы да шығыпты. Қатты қуанған Доспамбет бабамыз кенжесiнiң атын Қуан қойған екен. …Тоқтамыстар – Маңғыстаудың Бозашы бӛлiгiне жататын Қарӛтӛбе, Қаранар, Қабақ, Мәстек, Аузорпа, Тиген, Құлбырақ, Тереңшағыл, Шектiбай, Аманқызылит, Күмiрә, Құрттыкүп, Дағытұщы, Бұлыш, Ұзынбас, Керiмдi, Қақпақты жерлерiн мекен еткен.

Әзбергеннiң тоқалы Таңсықтың үш ұлы – Алдабердi, Тiлеубердi, Тағыбердi – үшеуi де бай болған. Алдабердi Қамысбай Балқасым болыстың (Тобыш болысы) қызын айттырып алған. Құдасына қыр қылып үй маңында тапырақтап жүрген жас құнанша, тайлақтарына: ―Шӛк жайрағыр, шӛк жайрағыр! Кем басымды тең қылған сен жайрағыр, сен жайрағыр!‖ – дейдi екен. ―Сәрсен – әкесi Тағыбердiден қалған кӛп малды орынсыз шашып, кедейленiп, Кеңес ӛкiметiнен сәл бұрын қайтыс болған. Зергерлiк, шеберлiк кәсiп қылған. Дағыдұщының аяғына егiн еккен. Атқұмар, қызылшыл адам едi. Ӛзiне ұнап қалған бiр ұйма шекпендi бiр нар берiп сатып алып едi‖ – деп таң қалады екен, жүзге жақындап қайтыс болған Бӛлтек ақсақал. ―20 бойдаққа сатып алған арғымақ атын Жаманадай Тәжiғара деген кiсiге сыйлап жiберген… Қашығұлдың шешесi ӛте шебер кiсi едi. Сол кiсiге сәндi етiп тiктiрiп алған жабуымен тұрған жүйрiк атын Қаратоқай Итемген Кӛтеннiң бiр жiгiтiне бере салған… Кеңес ӛкiметi орнағанда бұлар кедейленiп бiткен екен… Сәрсеннiң бiрiншi әйелi Дарайыдан (Ұлы енесімен аттас болған) – Жұмабек, Мырзабек, екiншi әйелiнен (Дәметкен, беріш қызы) – Нұрлыбек, Айдарбек, Найзабек,

Page 256: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

256

Назарбек. Қызы Саржан Жаңайларға берiлген. Тұқым жоқ‖ – дейтiн, Айдарбек әкеміз… …Мәтiнiң әйелi жеменей қызы едi дейтiн сӛз бар едi. Оның зиратының Есен, Ақбота, Бәйбiшелер қауымы маңында қалуы соны дәлелдей түскендей (Әкем Назарбек естелiгiнен). …Мәтi тiрiлей әулие атанған жан. Әлi күнге қой малына топалаң тисе болды Мәтекеңнiң басына түнетедi. Қырылып келе жатқан мал ӛлiмi бiр түнеткенде сап болады… (Нағашым Қалыңбай қарттың әңгiмесiнен)… …Сонымен менiң руым – Адай. Адайдан Келiмбердi, Одан – Мұңал, одан – Жаулы, одан – Жары. Жарыдан – Тоқтамыс, Тоқтамыстан – Тiлеке. Тілекеден – Еспембет. Еспембет бабамыз – ―Еспембеттiң қандығы‖ аталған жерде жатыр. Еспембеттен – Мәтi. Тiрiлей әулие аталған Мәтi бабам Бозашы жарты аралының солтүстiк шығысында, Тасорпа жерiнде жерленген. Мәтiден – Әзберген. Әзберген Сисем-Ата қауымында. Әзбергеннен – Тағыбердi, одан – Сәрсен, одан Назарбек, одан мен, менен – Нұрлан. Нұрланнан Досан (2005 ж.т., Абыл 2008 ж.т.).

…Тағыбердi, Сәрсен, Назарбек Құлбырақ әулиеге жерленген… Әкемнiң ағасы Айдарбек жетi жасынан дiни оқу оқыған, естiгенiн жадында сол күйiнде сақтайтын зерделi адам едi. Сол үлкен әкемнiң әңгiмесiмен мен аталарымның туған мезгiлдерiн жобалап анықтаған секiлдiмiн.

Үлкен бапам Айдарбек 1902 жылы туған кiсi едi, 27.04.1996 күнi қайтыс болды… Ол: ―Әкем 54 жасында қайтыс болды, мен ол кезде 14 жаста едiм‖ – дейтiн. Сәрсен 1862 жылы туып 1916 жылы ӛлген. ―Сәрсеннiң кiшi әйелi, менiң шешем Дәметкен 49 жасында қайтыс болды, мен ол кезде 19 жаста едiм‖ … Демек Дәметкен анамыз (1873 – 1921) жылдар арасында ғұмыр сүрген.

Сәрсен Тағыбердi атасының жетпiс-сексен жылдай ғұмыр сүргенiн және Айдарбек туғаннан соң бiр жылдан кейiн ӛлгенiн айтады екен. Тағыбердi – (1820 – 1903) жылдар арасы. Тағыбердi Әзбергеннiң екiншi әйелiнен туған, үшiншi баласы. Сәрсен Әзберген атасын кӛрген. Жасы жетiп, Сәрсен 7-8 жасқа келгенде қайтыс болыпты. Сәрсен 1862 жылы туса, Әзберген жобамен 1870 жылы ӛлген болады. Жобамен 70-80 жыл ғұмыр сүрдi деп алсақ Әзберген бабамыз (1790 – 1870) жылдар арасында ӛмiр сүрген болып шығады. Мәтi «кӛйлекті бала». Ол қасиетiмен елге танымал болғанша бiраз уақыт ӛткен болар. Сонымен есейiп үйлендi деп есептесек, Әзбергеннен 40-50 жас үлкен едi деп ұйғарсақ Мәтi Әулие (1745 – 1820) жылдар арасында ғұмыр кешкен болып шығады… Сонымен… 1. Мәтi – (1745 –1820), шамамен.

Page 257: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

257

2. Әзберген – (1790 – 1870), шамамен. Шешелеріміздің аттары Мұңсыз және Дарайын

3. Тағыбердi – (1820 – 1903). 4. Сәрсен – (1862 – 1916).

Шешелеріміз Дарайы және Дәметкен – (1873 – 1921) 5. Назарбек – (1909 – 13.11.1989).

Жаңылдық – (1916 – 20.11.1990). 6. Сайын – 02.01.1941 ж. т.

Қантӛре – 17.02.1943 ж.т. 7. Нұрлан – 17.12.1969 ж. т.

Айгүл – 15.03. 1972 ж.т. 8. Досан – 27.04.2004 ж., Абыл – 12.12.2007 ж.т. …Менiң әкем Назарбектi ағасы Айдарбек үйлендiрiптi. 1932 жылы Маңғыстаудағы аштық әлi тарқай қоймаған кезi болса керек. Үкiмет Айдарбектi уәкiл етiп Ақшымырау жаққа, болашақ менiң нағашыларымның аулына жiбередi. 23 жасқа толған бойдақ iнiсi бар ―беделдi‖ уәкiл барған жерiнен, таныстарынан бой жетiп отырған, басы бос қыз бар ма деп сұрастыра жүрiп, бiраз жеменейлер үйiнен дәм татса керек. Ақыры 16 жастағы басы бос бiр қыз ұнап, Үлкен бапам құда түсулi… …1990 жылы анам екеумiз бiздiң туып-ӛскен Тиген-Қабақ-Құлбыраққа соғып, Ағжан шешейге сәлемдестiк… Ағжан шешей сӛзi… – Назарбек Ақшымыраудан Жаңылдықты алып келетiн күнi түн қараңғы, бұлтты болып, күздiң суығында дiрдектеп түн ортасына дейiн тӛбе басында құрым киiзге кiрәсiн тамызып Мүлiк екеумiз шырақ жағып отырғанбыз. Назарбек адаспайтын адам екен, ауылға дәл тауып келiп едi… ...Анамның естелiгi…

Мен Қойшығұл байдың қызы едім. Әкемізді ең алғашқы етіп тәркі жасап, жоқ қылып жіберді. Елдiң кенеуiн кетiрiңкiреп кеткен екi-үш жылға созылған аштық қасiретiнiң зардабы әлi ел бетiнен кете қоймаған кезi болатын. Ӛз үйiмiзден ешкiм шетiней қоймағанымен тарыққанда осыларға бiр тостаған кӛжелiкке жарасам болды дағы деп, екі қап бидай әкелген, түрi қазаққа да ұқсамайтын сенiң әкеңнiң түйесiне мiңгесiп кете барған едiм…

…Сонымен, менiң әке-шешем 1932 жылы шаңырақ кӛтерiптi. 1941 жылы 2 қаңтар күнi таң алдында ӛмiрге келген ортаншы ұлына Сайын деп ат берiптi.

Әкем – Сәрсенұлы Назарбек (1909-1989 жж.) шешем – Жаңылдық Қойшығұлқызы (1916-1990 жж.) ӛмiрлерiнiң негiзгi денiн, мен туған Тиген деген жерде ӛткiзген жәй шаруа жандар едi.

Page 258: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

258

Мен 1958 жылы Маңғыстау ауданының Ұштаған мекенiндегi онжылдық мектебiн тәмәмдадым. 1948-53 жылдары – Тиген бастауыш мектебiнде (арасында үшiншi класты Шайыр жетiжылдық мектебi), 1953-55 жылдары Ақмыш мектебiнде, 1955–58 жылдары Ұштағандағы онжылдық мектептерде оқыдым.

1964 жылға дейiн Таушық (12-шi Таушық автобазасы, 1958-59 ж.ж.); Маңғыстау аудандық партия комитетi (1960-61 жж.); Ӛзен (Ӛзен мұнай-газ iздеу экспедициясы, 1962-64 жж.) елдi мекендерiнде жүргiзушi болып еңбек еттiм.

1964–69 жылдар арасында Алматы политехникалық институтында оқып, құрылысшы-инженер мамандығын алып шықтым. Ректорат шешiмiмен ұстаздық жұмысқа қалдырылып, 1975 жылға дейiн мұғалiм, аға мұғалiм деңгейiнде студенттерге дәрiс бердiм.

1975–80 жылдары Жаңаӛзен қаласындағы ―Маңғыстаумұнайгаз‖ ӛндiрiстiк бiрлестiгiне қарасты жӛндеу-құрылыс мекемесiнде бас инженер, мекеме басшысы лауазымында еңбек еттiм.

1980–89 жылдары Алматы құрылыс техникумында ұстаздық еттiм.

1989 жылы республикамыздың ұмытылуға айналған ұлттық қолӛнерiн қалпына келтiру, қайта жандандыру, осы шаруалармен айналысатын шеберлердi бiрiктiру жолында үлкен еңбек сiңiрген ―Мирас‖ атты ӛндiрiс-шығармашылық кооперативiн құруға атсалыстым.

1992 жылы, үш жылға созылған қатерлi дерттен аман қалып, ӛзiм туып-ӛскен Маңғыстау ӛңiрiнде – талантқа толы ӛлке мирасын жинақтау, соның iшiнде тас ӛнерiн елге таныту, жетiстiру мақсатында ―Парыз‖ атты шағын мекеме құрдым. 1992 жылдан берi бiраз зираттық сәулет ескерткiштерi ӛмiрге келдi. Маңғыстауда Абыл, Досан күмбездерi Маңғыстау шеберлерiнiң тарихи қалыптасқан күмбездiк сәулет ӛнерiнiң ұлттық фрмасын, мағнасы мен сипатын сақтай отырып жаңа кеңiстiкке қадам басты. Шеберлерге жаңа үлгi кӛрсетiлдi.

Қазақ халқының үш бiрдей ЮНЕСКО шеңберiнде тойланып ӛткен атақты тойларының (Абай, М.Әуезов, Махамбет) негiзгi ғимраттары менiң қолымнан ӛтуi, ұлтымыздың ұлы перзенттерiне тұрғызылған Абай, Шәкәрiм мұнараларының, Мұхтар Әуезовттiң ата-анасы Омархан–Нұржамал кесенелерiнiң, Исатай-Махамбет шешітінің сыртқы қабырғасының маған тапсырылуы – ол тек қана менiң шеберлiк, сәулетшiлiк ӛнерiмнiң бағасы емес, ол барлық маңғыстаулық шеберлердiң жеңiсi. Ол – бiздiң бүгiнгi ғана емес баяғы шебер ата-бабаларымыздың ӛнерiнiң алған бағасы. Мен осы жетпіс жылдық ғұмырымды, осы елу жылдық еңбек жолымды ойша шолып ӛтiп, ӛзiме ӛзiм риза боларлық сол жылдар iшiнде тындырған iсiмдi

Page 259: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

259

ойға алар болсам алдымен қазақ халқын дүниежүзiлiк деңгейде танытқан үш бірдей ЮНЕСКО тойының бiр пұшпағын илесiп жүргенiме риза болған болар едiм. Ұлы Абай жерiнде тiкелей ӛзiмнiң араласуыммен Тоқтамыс батыр күмбезi, Дiлдә, Әйгерiм, Ақылбай, Шәкiр Әбенов сағаналары ӛмiрге келдi. Ал Мамай батыр, Кӛкбай ақын және Кеңгiрбай баба күмбездерiнiң ӛмiрге келуiне де азды кӛптi үлесiм болды. Осы еңбектерiм ескерiлiп маған 1996 жылы Қазақстан Республикасының ―Құрмет‖ орденi тапсырылды. Егемен елiмiздiң орденiмен марапатталған налғашқы Маңғыстаулық екенiмдi мақтаныш тұтамын.

Абай ауданының құрметті азаматымын. 1996–97 жылдар Оңтүстiк Қазақстан облысында ―Домалақ-Ана‖

кесенесiнiң жобасын жасап, құрылыс жұмыстарын жүзеге асырдым. Үш жыл бойы (1997-99) әртүрлi деңейдегi басшылық орындардағы азаматтарға арызданып жүрiп, ақыры Иманғали Тасмағамбетов мырзаның кӛмегiмен 1999 жылы ―Хан Ордалы Сарайшық‖ кесенесiн ӛмiрге әкелдiм.

Осы еңбегiм үшiн маған Атырау облысының Махамбет Ӛтемiсов атындағы сыйлығының лауреаты атағы берiлдi.

Атырау облысының Махамбет ауданының құрметтi азаматымын. Атырау облысының Құрмет грамотасымен (2001 ж.), Маңғыстау облысының Құрмет грамоталырмен (1995 және 2001 жылдары) марапатталдым.

Осы шаруалардан қол босаған сәттерде ӛлең, әңгiме жазуменен де жұмыстанамын.

Сәулетшілер Одағының мүшесімін. ―Абай iшiп үлгермеген У‖ (Ғ.Мүсiрепов атындағы балалар мен жасӛспiрiмдер драма театры сахнасында жарық кӛрдi), Махамбеттің бір күні (Махамбет атындағы Атырау драма театры Махамбеттің 200 жылдық мерекесіне сахнаға шығарды), «Ақбӛбек» атты (Маңғыстау музыкалық-драма театры) пьесалардың авторымын.

Бiз ӛмiрге әкелген Абай-Шәкерiм кесенесi ӛнер туындысы ретiнде 1996 жылы Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылды.

2004 жылы ―Қазақтың киіз үйі‖ атты этнографиялық еңбегімді аяқтап, баспаға тапсырдым.

Зайыбым, Қантӛре Таужанқызы ұзақ жылдар бойы Алматыдағы 86-шы, 123-шi қазақ мектептерiнде ұстаздық еттi. Кәзiр еңбек демалысында.

Ұлым, Назарбек Нұрлан Сайынұлы, әке жолын қуған құрылысшы, сәулетшi. Абай-Шәкәрiм кесенелерiнiң құрылысына қатынасты. Семейдегi Мұхтар Әуезовтiң 100 жылдығына орай салынған жазушының ата-анасы Омархан мен Нұржамалға тұрғызылған

Page 260: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

260

кесененiң, Оңтүстiк Қазақстандағы Домалақ-Ана кесенесiнiң, Атырау облысындағы ―Хан Ордалы Сарайшық‖ комплексiнiң бас шеберi. Алматы құрылыс техникумын, Қазақ Мемлекеттiк Басқару Академиясын бiтiрген.

Қызым, Жазира Сайын – Әль-Фараби атындағы Ұлттық Университеттi және Қазақ Мемлекеттiк Басқару Академиясын қатар оқып бiтiрдi. Гумилев университетінде ұстаз.

Еліміз егемендігін алғалы жүректе арман болып жатырған кейбір ойларды іске асырып, азды-кӛпті байрақтар мен атақтарға да қол жеткізіппіз. Наградалар. Атақтар Қазақстан Республикасының ―Құрмет‖ ордені, 1996 ж. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, 2001 ж.. ―Қазақстан Конститутциясына 10 жыл‖ мерекелік медалі, 2005. Маңғыстау облысы Әкімінің Құрмет грамотасы, 1996 ж., 2001 ж. Атырау облысы Әкімінің Құрмет грамотасы, 2001 ж. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Қазақстан сәулетшілер одағының мүшесі Халықаралық қоғамдық ―Экология‖ Академиясының академигі Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының Құрметті профессоры Қазақстан Республикасының ескерткіштер қорғау қоғамының Құрметті мүшесі Махамбет Ӛтемісов атындағы сыйлықтың лауреаты, 2000 г. Абай ауданының (Семей) Құрметті азаматы Махамбет ауданының (Атырау) Құрметті азаматы Халықаралық сәулетшілер ассоциясының Алтын дипломы Ақын-жазушы: ―Парыз‖ ӛлеңдер жинағы, 1994 ж. ―Абай басқан Жидебай топырағы‖, 1995 ж. ―Шерқала‖ ӛлеңдер жинағы, 1996 ж. Үш томдық шығармалар жинағы, 2001 ж. ―Сырласым бол‖ ой-толғам кітабы, 2004 ж. ―Менің Ақ Ордам‖, таңдамалы ӛлеңдер жинағы -2006 ж. «Ұлы Дала Ұлдары», 2009 ж. «Қаһарман халықтың қаһарман ұлы», 2011 ж. Тоғыз томдық шығармалар жинағы, 2011 ж.

Page 261: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

261

Драматург: ―Абай ішіп үлгерменген У‖

– 1998 ж. М.Әуезов атындағы Академиялық жастар театр сахналаған. ―Махамбеттің бір күні‖

– 2003 жылы Атырау және Астана драма театрлары сахналаған. ―Ақбӛбек‖

– 2004 жылы Маңғыстау муз.-драма театры сахналаған. ―Ант ‖

– 2011 жылы Маңғыстау, муз.-драма театры сахналаған. Этнограф: ―Қазақтың киіз үйі‖, этнограф. зерттеу, ―Елорда‖ баспасы, 2005 ж. ―Қазақ халқының шежіре-тарихы. Адай тайпасы‖.

Сегіз томдық (баспада). Сәулетші. Құрылысшы: Маңғыстау. Абыл ақын күмбезі, 1992 ж. Маңғыстау, Досан батыр күмбезі, 1992 ж. Семей. Абай-Шәкәрім кесенесі, 1993-95 жж. ―Омархан-Нұржамал‖ күмбезі, 1996 ж. Тоқтамыс батыр күмбезі, 1993 ж. Ділдә сағанасы, 1993 ж. Әйгерім сағанасы, 1993 ж. Ақылбай сағанасы, 1993 ж. Шәкір Әбенов сағанасы, 1995 ж. Оңтүстік Қаз. Обл.. Домалақ-Ана кесенесі, 1997 ж. Атырау облысы. ―Хан Ордалы Сарайшық‖ кесенесі, 1999 ж. Атырау облысы. «Исатай-Махамбет мешіті», 2003 ж. Маңғыстау, жаңаӛзен қаласы. «Даңқ» аллеясы, 2010 ж.

Адамның жаныңа рахат сезімдерін сыйлар бір нәрсе – ол қайырымдылық әрекеттерге бару.

Ӛзімді ізгі, қайырымды кісілер санатына қосамын. Оған дәлелдерім де бар секілді.

1997 жылы елдің күйсіздеу кезінде Бейнеу ауданындағы Бӛлтековтер отбасына бірден үш ұл ӛмірге келді. Әкелері жұмыссыз болып, балаларымен жұбайын үйлеріне алып кетерлік жағдайы болмайды. Біз сол от басына бір жыл бойы ай сайын 10000 мың теңгеден жәрдем кӛрсетіп, балалардың кемдік кӛрмеуіне кӛмектестік.

Page 262: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

262

2009 жылы жетімдер үйінен Досжанов Жансат атты баланы «ӛкіл бала» атандырып, ӛз қамқорлығыма алдым. Сондай істерді бүкіл елге үлгі ету мақсатында бүкіл қазақстандықтарға үндеу тараттым.

Маңғыстаудан Үндеу

Сүйікті Отанымызды жетімі жоқ елге айналдыралық!

Ӛз елін, ӛз жерін сүймейтін адам жаратылмаған. Әр адам ӛзін бақытты сезіну үшін кӛптеген нәрсені қажет ететін

болар. Бірақ солардың ең бастысы – туған жерге деген мақтаныш, туған елге деген сүйіспеншілік сезімі.

Бір де бір жетімі жоқ ел туралы ойланып кӛрелікші! Азаматтарының қайырымдылық қасиеттері мен мемлекетінің

адамсүйгіштігі мол заңы бар елде жетімдер болмауға тиіс. Ең бақытты жандардың Отаны сондай ел! Ендеше бақытты сезіну

де, басқаны бақытты ету де әр мемлекет заңының, мемлекет азаматтарының ӛз қолында секілді! Қазақ халқы осындай қасиеттерімен бүкіл әлемге аты шыққан халық! Бір жетімге кездессе: «Бір балаң артық туса далаға тастаймысың!» – деп, асырап алатын. Жағдайы тӛмен жастарды «ӛкіл бала» атандырып, ӛз қолы ӛз аузына жеткенше кӛмек кӛрсететін. Бабаларымыз осы қасиеттері арқылы ӛздерін қайырым мен ізгілік істерге ұмтылдырып отырған.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгерлігі арқасында Қазақстан әлемге бейбітсүйгіш, ізгілікті ел ретінде танымал болды.

Отанымыздың сол даңқына біздер де, Қазақстан Азаматтары, ӛз үлесімізді қосалық!

Егемендігімізді жариялап, әлемге халқымыздың ежелден қонақжай да бейбітсүйгіш ел екенін танытып жатырған кезде, қазақ халқының табиғи ұлттық болмысы: мейірбандылығы мен қайырымдылығын да қатар алып жүрудің, әлемге танытудың жолдарын қарастырған жӛн деп ойлаймыз.

Аталарымыз: Барлық кісіліктің басы «Жетімнің маңдайынан сыйпау!»; Барлық қайырым басы «Жетімді жетімсіретпеу!» депті. Бабаларымыздың сол ұлы қасиеттерін қайта қалыптастыралық!

Отанымыз үшін, әр қазақстандық үшін мақтаныш сезіміне бӛленелік, құрметті Қазақстан жұрты!

Қазқастанды жетімі жоқ елге айналдыралық! Бір баламыз артық болса далаға тастаймыз ба!!!

Page 263: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

263

...Жетпіс жылдық ӛмiрiмiздiң қысқаша баянын осылай аяқтай тұралық. Аллатағала ғұмыр берiп, ел пайдасына асарлық бiрдеңе тындырып жатсақ тағы да жалғастырармыз...

...Құдайға шүкiр, жас жетпістен асса да алға қойған армандар мен мақсаттар әлi сарқыла қойған жоқ...

Page 264: Сайын Назарбекұлы Маңғыстау ойың терең …sayin.kz/wp-content/uploads/2012/07/5-том.-264...2012/07/05  · Арғын-Қыпшақ болсаң

264

Мазмұны Адай арғымақтары Шұбар ат жалы 3 Шалбас ат 19 Балуанияз құласы 24 Келіндер Жүз жастағы келін 34 Қалыңсыз қыз 40 Кӛрпе аулының келіндері 61 Соңғы ерліктер Қармыс батырдың соңғы ерлігі 64 Бәлкӛттің рухы 73 Еспембет намысы 80 Замандас қыздар тағдыры Ағлен 83 Кәмшат 94 Жаңылдық 99 Қанағат Ораза 114 Қазақ қошқары 117

Тұқымдық бидай 122 Тӛрдегі орындар Бірінші шал 126 Екінші шал 128 Үшінші шал 129 Кӛктем құдіреттері Қошақан 131 Тасбақа 134 Торалақаз 136 Үш әңгіме Әке ашуы 139 Кӛрік күйі 140 Бұның аты «Бӛлтебер» 142 Шотан батыр, драма 144

Мақалалар Ел тұтқасы 170 Айсауле ана 178 Қазақ кӛгінің «Ақ бұлты» 183 Ел мен Елбасы, 2010 190 Қазақ киіз үйі – қазақ болмысы 196 Домалақ ана кесенесі қалай салынды 204 Киелі кесенелер 212

Абыл ақын 216 "Адай шежіресі" жинағына алғы сӛз 228 Ғұмырбаян. Үндеу 260