Ý Ü ç МӨЛДІР -...

16
Облыстық қоғамдық - әдеби газет Баспада 2007 жылдың қаңтар айынан бастап 28 желтоқсан, 2018 жыл № 22(330) МӨЛДІР САНА Тәуелсіздік күніне орай Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды. Аталмыш мектептің құрылысын жүргізген мердігер компания «Алау» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1011,1 млн.теңгені құрайды. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған екінші мектеп. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Білім - таусылмас қазына 2019-ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ ҚҰТ-БЕРЕКЕГЕ ТОЛЫ БОЛСЫН! Серік Қасымбекұлы Ақтанов қатысты. Әйгерім Омарбекқызы, ата- ана: «Біздің балаларға арнап осындай сәулетті мектеп салып бергеніне өте қуаныштымыз. Заман талабына сай барлық қажетті құрал-жабдықтары бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын, енді міне, кең әрі жайлы мектепте оқитын болды. Қандай тамаша! Мен өзім әскери қызметкермін. Оның үстіне балалар үш ауысымда оқып жүргені біраз қиналтушы еді. Енді жаңа мектептің ашылуы балалардың уақытын оңтайландыратын болды. Жаңа мектептің ашылуы үш ауысымды білім алу сынды өткір мәселені толығымен шешті. Сондай-ақ Оңтүстік қалашықта тұрғындар саны күн санап артып келе жатқандықтан үлкен бала- бақшаның қажеттілігі туындады. Сол себепті, бұрыңғы №4 орта мектеп ғимаратын бала- бақша ретінде қайта құру үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Дегенмен, ауданда бала-бақшада орын тапшылығы жоқ. Аягөзде білім саласына ерекше мән берілуде. Мысалы, тек осы жылы мектептерді қажетті техникалық құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 95 902,0 теңге бөлінді. "Менің мектебім" акциясы бойынша жергілікті кәсіпкерлер облыстық «Парыз» қорына 29 млн теңге жинады. Аталмыш акция аясында 4 химия, 3 физика, 9 биология, 19 робототехника кабинеттері ашылды. Сондай-ақ, биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 128639.9 теңге қаражат бөлінді. Мұның барлығы оқушылардың білім сапасына оң ықпал етті. Аягөз ауданы облыста ҰБТ бойынша 94,2 % көрсеткішімен 2 орында тұр. Сонымен қатар биыл «Алтын белгі» алған түлектер саны 108, ал «Үздік аттестатқа» бітіргендер саны 104. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 4 есеге көп. Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімі. Жаңа жыл мерекесіне орай Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Кәкенқажыұлы Байахметтың және аудандық мәслихат хатшысы Сейілбек Әбүйірұлы Ысқақтың құттықтау сөзі Құрметті жерлестер! Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке. Өтіп бара жатқан 2018 жыл біздің аудан үшін тарихи оқиғаларға толы, табысты жыл болды. Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлы мереке - Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын барша халық болып атап өттік. Елбасының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан ме млекеттік бағдарламалардың негізінде ауданымыздың әлеуметтік- экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылды. Ұлы даланың көмескіленген тарихына дем беретін ұлы бастама қолға алынды. Бұл - ірге лі елдігіміздің, бірлігі жарасқан бейбітшілігіміздің жемісі. Қымбатты жерлестер! Санаулы күндерден кейін төрімізге енетін жаңа – 2019 жылға қадам басамыз. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз. Жаңа-2019 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелтіп, елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін. 2019 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болсын! Жаңа жыл құтты болсын! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Халықтың денсаулығын қорғаудағы зор еңбегі мен осы саладағы реформаларды жүзеге асырудағы белсенділігі үшін Аягөз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Омаров Шалқар Жүнісұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жыл 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Құрметті Омаров Шалқар Жүнісұлы! Денсаулықты сақтау саласындағы қажырлы еңбегіңіз еленіп, арнайы марапат алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табыспен аяқталып, отбасыңызда берекеңіз, ұжымда беделіңіз арта түссін. “Мөлдір сана” ұжымы. Жерлесіміз, ақын Ринат Заитов “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды. Ақын ұлымыздың жаңа табыстарға жете беруіне тілектеспіз. “Мөлдір сана” ұжымы.

Upload: others

Post on 14-Oct-2020

20 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

жер

Облыстық қоғамдық - әдеби газет Баспада 2007 жылдың қаңтар айынан бастап

28 желтоқсан, 2018 жыл № 22(330)

МӨЛДІР САНА

Тәуелсіздік күніне орай Аягөз ауданында 600 орындық мектеп ашылды. Аталмыш мектептің құрылысын жүргізген мердігер компания «Алау» ЖШС. Жобаның жалпы құны 1011,1 млн.теңгені құрайды. Бұл «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынған екінші мектеп. Мектептің ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары

Білім - таусылмас қазына

2019-ДОҢЫЗ ЖЫЛЫ ҚҰТ-БЕРЕКЕГЕ ТОЛЫ БОЛСЫН!

Серік Қасымбекұлы Ақтанов қатысты.

Әйгерім Омарбекқызы, ата-ана: «Біздің балаларға арнап осындай сәулетті мектеп салып бергеніне өте қуаныштымыз. Заман талабына сай барлық қажетті құрал-жабдықтары бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын, енді міне, кең әрі жайлы мектепте оқитын

болды. Қандай тамаша! Мен өзім әскери қызметкермін. Оның үстіне балалар үш ауысымда оқып жүргені біраз қиналтушы еді. Енді жаңа мектептің ашылуы балалардың уақытын оңтайландыратын болды. Жаңа мектептің ашылуы үш ауысымды білім алу сынды өткір мәселені толығымен шешті. Сондай-ақ Оңтүстік қалашықта тұрғындар саны күн санап артып

келе жатқандықтан үлкен бала-бақшаның қажеттілігі туындады. Сол себепті, бұрыңғы №4 орта мектеп ғимаратын бала-бақша ретінде қайта құру үшін жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Дегенмен, ауданда бала-бақшада орын тапшылығы жоқ.Аягөзде білім саласына ерекше мән берілуде. Мысалы, тек осы жылы мектептерді

қажетті техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 95 902,0 теңге бөлінді. "Менің мектебім" акциясы бойынша жергілікті кәсіпкерлер облыстық «Парыз» қорына 29 млн теңге жинады. Аталмыш акция аясында 4 химия, 3 физика, 9 биология, 19 робототехника кабинеттері ашылды. Сондай-ақ, биыл мектептерді ағымдағы жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 128639.9 теңге қаражат бөлінді.Мұның барлығы оқушылардың білім сапасына оң ықпал етті. Аягөз ауданы облыста ҰБТ бойынша 94,2 % көрсеткішімен 2 орында тұр. Сонымен қатар биыл «Алтын белгі» алған түлектер саны 108, ал «Үздік аттестатқа» бітіргендер саны 104. Бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 4 есеге көп.

Аягөз аудандық Ішкі саясат бөлімі.

Жаңа жыл мерекесіне орай Аягөз ауданының әкімі Бақытжан

Кәкенқажыұлы Байахметовтың жәнеаудандық мәслихат хатшысы Сейілбек

Әбүйірұлы Ысқақовтың құттықтау сөзіҚұрметті жерлестер!

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!Жаңа жыл - өткен жылға көз жүгіртіп, таразылайтын, жүріп өткен бір жылға баға беріп, жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше мереке. Өтіп бара жатқан 2018 жыл біздің аудан үшін тарихи оқиғаларға толы, табысты жыл болды.Арманымыздың асқары, бақытымыздың бастауы болған ұлы мереке - Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын барша халық болып атап өттік. Елбасының салиқалы саясатының арқасында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың негізінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда белсенді жұмыстар атқарылды. Ұлы даланың көмескіленген тарихына дем беретін ұлы бастама қолға алынды. Бұл - іргелі елдігіміздің, бірлігі жарасқан бейбітшілігіміздің жемісі.

Қымбатты жерлестер!Санаулы күндерден кейін төрімізге енетін жаңа – 2019 жылға қадам басамыз. Халқымызда "Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп" деген дана сөз бар. Біз қашан да өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықтың ұрпағымыз.Жаңа-2019 жыл әр шаңыраққа құт-берекесімен еніп, қуаныш пен шаттыққа кенелтіп, елімізге мол жақсылығы мен игілігін ала келсін.2019 жыл бейбітшілік пен табыс жылы болсын! Жаңа жыл құтты болсын!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Халықтың денсаулығын қорғаудағы зор еңбегі мен осы саладағы реформаларды жүзеге асырудағы белсенділігі үшін Аягөз аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Омаров Шалқар Жүнісұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жыл 5 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін»

медалімен марапатталды.Құрметті Омаров Шалқар Жүнісұлы!Денсаулықты сақтау саласындағы қажырлы еңбегіңіз еленіп, арнайы марапат алуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табыспен аяқталып, отбасыңызда берекеңіз, ұжымда беделіңіз арта түссін.

“Мөлдір сана” ұжымы.

Жерлесіміз, ақын Ринат Заитов “Мәдениет саласының үздігі” төс белгісімен марапатталды.Ақын ұлымыздың жаңа табыстарға жете беруіне тілектеспіз.

“Мөлдір сана” ұжымы.

Page 2: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана №22(330) 28 желтоқсан, 2018 2

Шығыс күнтізбесімен бәрі таныс. Әрбір адам қандай жануар жылы туылғанын біледі және өз жануарының сипаттамасына қатты қызығушылық танытады. Сонымен қатар, бұл 12 жылдық цикл жай ғана ойын-сауық емес, ол 4000 жыл бұрын астрологтар әзірлеген күрделі жүйе.ТышқанТышқандар үшін алдағы жыл жайлы және ырғақты болады. Егер сіз белсенді болсаңыз, онда ағынмен жүзу сізге іш пыстырарлық болып көрінеді. Сондықтан, көңіл көтеретін оқиғалар мен қызықтарды сіз өзіңіз іздеуіңіз керек. 2019 жыл неке құруға сәтті жыл емес. Бірақ, доңыз жылы толық романтикалық кезең болады деп уәде етеді.Бірақ барлық қарым-қатынастың соңы ұзаққа созылатын болашаққа әкелуі екіталай. Жұмыста да, қаржы мәселесінде де барлығы тыныш болады. Сондай-ақ, бойыңызды жалқаулық билейтін болады, және қаржы мәселесі сіздің еңбекқорлығыңыз бен белсенділігіңізге тікелей байланысты болмақ. Сондықтан, табысыңыз ұлғайсын десеңіз енжарлықпен күресіп, ешқандай жағдайда үлкен шығынға әкелетін ұсыныстарға бармаңыз.СиырСиыр жылы туғандардың 2019 жылы әсіресе, отбасы мен жеке өмірінде жағымды жаңалықтар мен қуанышты сәттер көп болады. Доңыз жылы жылу мен қамқорлыққа және үйлесімділік пен махаббатқа толы жыл болмақ. Егер отбасын құруды жоспарлап жүрсеңіз, онда доңыз сізге өзіңізге сай адамды жібереді. Сондықтан, өз тағдырыңызды жіберіп алмаңыз.Белсенді ой еңбегі сіздің мансабыңызға серпіліс береді. Бірақ жұмыс пен демалысты құзырлы түрде алмастыру, екі жаққа да ешқандай басымдылық әкелмеуі керек. Ал, күш-жігерді туыстарыңызбен немесе достарыңызбен бірге саяхаттау арқылы жинай аласыз.БарысСізге шынымен де табысқа жететін уақыт келді. Егер сізге қалағаныңыздың бәрі қолыңызға келіп жатқандай көрінсе, онда қателеспедіңіз. Үйленбегендер

мен тұрмысқа шықпағандарға сәттілік күлімсірейтін болады, және маңызды қарым-қатынас та көп күттіртпейді.Сондай-ақ, оқу мен мансапта алға жылжу оңай болады. Сіз тіпті, сыйақы алу немесе қызметті жоғарылату үшін қатаң әрекеттер жасай аласыз.Басқа белгілердегідей, барысқа да жалқаулық пен «тағы да 5 минут ұйықтай тұрайыншы» деген ниет сәтсіздік әкеледі.Себебі, доңыз сіздің жалқаулығыңыздан енжарлық танытып, сізді жағымды сый-сыяпаттан қағуы мүмкін. Миллион жоғалтпасаңыз да, қосымша немесе мыңдаған сыйақыдан құр қалуыңыз ықтимал.ҚоянҚояндар мінез-құлқын қайта қарауға мәжбүр болып, қатал мінезін жүгендейтін болады. Әйтпесе, олар бүкіл жақын адамдарымен жанжалдасып қалуы мүмкін.Қайшылық жағдайлар жұмыс орнында да орын алуы мүмкін, бірақ оның салдарынан жақсы қызметіңізді жоғалтып алуыңыз ғажап емес.Сондықтан, осындай жайсыз жайттардың орын алуына жол бермеу үшін өзіңіздегі жақсы қасиеттерді дамытуға тырысыңыз. Келіссөздер мен ымыраға келу арқылы сіз өз мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз.Ал, жеке өмірде бәрі тыныш болады. Бірақ, нәзік әлемді сақтау үшін серігіңізді барлық кемшіліктерімен

бірге қабыл алыңыз.ҰлуБұл белгінің өкілдері барлық маңызды оқиғаларды алдын ала жоспарлап алуы керек. Жұмыстың барлық кезеңдерін қағазға жазып, жылдық есеп жасаңыз. Үйленуді жоспарласаңыз да әрбір ұсақ-түйекке назар аударыңыз. Әйтпесе, салдары түрлі қиындықтарға әкелуі мүмкін.Өзіңіздің абайсыздығыңыздан болған осындай тосын сыйлардан басқа, 2019 жылы ешқандай қатты толғаныстар болмайды. Бұл өз денсаулығыңызға қамқорлық жасаудың тиімді уақыты.Биылғы жылы айдаһарлардың қызу мінезіне байланысты ас қорыту және жүйке жүйесінде біраз қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан, медитация жасап табиғатқа шығыңыз, сонда көптеген аурулардан аулақ бола аласыз.ЖыланБиылғы жылы жылан мен доңыз арасындағы қатынас жайсыз болуы мүмкін. Сондықтан 2019 жылы табыстың аранына түспей, тасада отыра тұрғаныңыз жөн. Бірақ, әдеттегі қарқынмен өмір сүріп, салауатты амбиция мен бастама білдіріңіз.Бірақ, егер қандай да бір істе алдаушылық, алаяқтық немесе күмән туғызарлық әрекетті байқасаңыз, ол іс сізге қаншалықты пайда әкелсе де, ол жолдан тезірек тайғаныңыз дұрыс. Бұл махаббат қатынастарына да қатысты. Сондықтан, мұндай жағдайларда

Доңыз жылы қандай болады және одан не күтеміз? Шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жыл бірінші қаңтардан басталмайды – мысалы, жаңа 2019 жыл тек бесінші ақпанда кіреді. Григориан күнтізбесі бойынша 2019 кібісе жылға жатпайды (басқа жылдарда 365, кібісе жылында 366 күн болады – агенттік ескерт.) – аптаның бір және сол күні, сейсенбіде басталып, аяқталады. Доңыз өте еңбекқор, табанды әрі өжет жануар ретінде сипатталады. Бұл ілгері басу жылы болады деп сенімді түрде айта аламыз. Жаңа 2019 жыл біреулер үшін кәсіп ашып, оны дамытуда жемісті болмақ, ал енді біреуге жұмысын ауыстыруға мүмкіндік береді.Доңыз жылы кейбіреулерге махаббат майданында айтарлықтай қиындық

Шығыс күнтізбесі бойынша 2019 жылға арналған жұлдыз жорамал

Құрметті оқырмандар! Stan.kz ақпараттық агенттігі барлық жұлдыз белгілеріне арналған 2019 жылдың шығыс күнтізбесін, яғни, әр жыл өкілдерін доңыз жылында не күтіп тұрғаны жайлы мәлімет ұсынады.

“кім-көрінгенмен болғанша, жалғыз жүргенің артық” деген даналықты ұстаныңыз.ЖылқыБұл белгінің өкілдері доңызға тән қасиет, яғни жалқаулыққа аздап беріле алады. Бірақ, әрине жақсы мағынада. Биыл жылқыларға өлмес понидің рөлін тастап, лайықты демалыс алуына мүмкіндік беріледі. Дегенмен, жылқылар еңбекқорлығының арқасында қаржылық ағынмен марапатталады.Сондай-ақ, биыл махаббат мәселесінде де жағымды жаңалықтар көп болмақ. Сондықтан, қыздар сүйіктілеріңізден ұсыныс күтіңіз, ал ер азаматтар ұсыныс жасауға шешім қабылдаңыз. Егер қарым-қатынасыңызға күмәндансаңыз, демек, 2019 жылы оны артта қалдыру керек.ҚойҚойлардың биылғы жылы жолы болады. 2019 жыл олар үшін сәтті болмақ. Жаңа жылда қуанышты және бақытты сәттер көп болады. Соның ішінде, нәзік жандыларға ер азаматтардың назары көп бөлініп, олар болашақ серіктесін мұқият таңдай алады.Сонымен қатар, бұл белгінің отбасылы өкілдері де сүйіктілерімен жақсы қарым-қатынаста болады.Ал мансаптық табысқа жету үшін барлық күш-жігеріңізді жұмсауыңызға тура келеді. Сондықтан, қойлар тер төгіп жұмыс істеуі тиіс. Бірақ ақшалай өтемақы мен айналаңыздағылардың сізге деген құрметі соған тұрарлық болмақ.МешінМешіндер үшін доңыз жылы қызықты және жарқын болады. Жағымды жаңалықтармен қатар, жағымсыз сәттер де орын алуы мүмкін. Тіпті, оқиғалардың көптігінен басыңыз айналады. Сондықтан, елеулі оқиғаларды алдын-ала жоспарлаңыз және өзіңізге тым көп жүктеме алмаңыз.Егер қосымша жүктемені көтере алатыныңызға күмәндансаңыз, кейінге жоспарланған нәрсені іске асырмай қоя тұрыңыз. Мысалы, басқарушы лауазымды атқаруды немесе үшінші баланы дүниеге әкелуді келесі жылға қалдырғаныңыз жөн болмақ.

Қаржы қорына және жалпы денсаулығыңызға назар аударыңыз. Массаж курсын алып, тірек-қимыл аппаратының ауруларымен бетпе-бет келмеу үшін босаңсытатын арнайы аппликатор сатып алыңыз.ТауықТауықтарды шиеленісті және қиын жыл күтіп тұр. Сонымен бірге 2019 жыл тауықтар үшін қаржылай табысты жыл болмақ. Бірақ, ақшаның соңында жүремін деп, өмірдің басқа да маңызды құндылықтары – отбасы мен қарым-қатынасты жоғалтып алмаңыз. Тұрақты жұмысыңыздың арқасында туындаған қызғаныш пен жанжал сізге материалдық бонустардың рахатын көруге мүмкіндік бермеуі мүмкін.Сондықтан, барлық жағынан үлгеру үшін, уақытыңызды әр нәрсеге дұрыс бөліңіз. Сонда сіз жақындарыңыздың түсінушілігі мен қолдауына ие боласыз. Ал бұл 2019 жылы маңызды болмақ. Тек отбасыңыздың қолдауына ие болғаннан кейін ғана мансабыңыз көтеріле бастайды. Және табысқа қол жеткізген соң, оны сізге көмектескен адамдармен бөлісуді ұмытпағаныңыз жөн.Ит2019 жыл сіз үшін жақсы жыл деп айтуға болады, бірақ көбінесе тітіркендіргіш факторларға кезігуге тура келеді. Эмоциялық ширығу сіздің романтикалық өміріңізге әсер етеді, барлық теріс эмоциялар серіктесіңізден бөлінетін болады.Ал, екінші жартысын кездестірмегендер ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнату мүмкіндігіне ие болады. Бірақ, мансап пен жеке өмірді таңдау керек болса, махаббатты таңдаңыз.ДоңызБұл сіздің жылыңыз, және одан жағымды нәрселерді көп алуға тырысыңыз. Осы кезеңде болған сәттіліктер келесі жылдары болмауы әбден мүмкін. Яғни, 2019 жылы қажет нәрсенің бәрін жинақтау керек.Жұмысты ретке келтіріп, ақшаны үнемдеп, отбасыңызды сақтап қалуыңыз немесе құруыңыз керек. Сондай-ақ, мұның бәрі 2019-жылы артық күшсіз орындалатынын естен шығармаңыз.

Stan.kz

тудырады. Арадағы түсінбеушілік біржола айырылысуға әкеліп соқтыруы мүмкін, алайда бұл жаңа сапалы әрі тұрақты жұп құрудың бастауы болмақ. 2019 жыл саяхат жасап, демалуға қолайлы екенін назарда ұстаңыз. Қаржы мәселесіне қатысты айтсақ, 2019 жыл едәуір тұрақты болады деген болжам жасалып отыр. Бірақ қаржыны есеппен жұмсау керек. Қымбат заттарды сатып алуды, салым жасауды келесі жылға қалдырған дұрыс. 2019 жылы денсаулығыңызды күтуге көңіл бөліңіз, өйткені бұған дейін қатты шаршап, күйзеліске түскен болсаңыз, ағзаңыз сыр беруі мүмкін. Егер денсаулықты түзеуге мүмкіндік болса, оны міндетті түрде пайдалану керек. Өткен жылдың қамқоршысы Ит секілді Доңыз да салмақты,

демек, бұл жыл да тыныш әрі бір қалыпты өтеді деуге негіз бар. Доңыз жылында келіспеушілік пен ұрыс-керіс аз болады.2019 жылдың түсіБіз жаңа 2019 жылдың символының атауында "сары" және "жер" сөздері жиі аталатынын анықтадық, сондықтан қоңыр, кофе, жасыл, сұр және сары реңктерге артықшылық беру керек. Доңыз жылын қалай қарсы алу керек?Алдағы жылды туған-туыс пен жақын адамдарыңның

ортасында қарсы алған жөн.Жаңа жыл түні үшін сары-қоңыр немесе қызғылт реңкті таңдаған дұрыс. Сондай-ақ, сары алтыннан жасалған әшекейлер өте жарасымды болмақ.Үйді және жаңа жылдық шыршаны сәндегенде де осы түстерге басымдық беру керек.Доңыз жылында сондай-ақ сары дастарқан жайып, тәтті тағамдардың түр-түрін, түрлі салаттар, тағамдар, десерттер пісіріңіз. Жаңа жылда дастарқанға тауық, сиыр етін қойсаңыз, нұр үстіне нұр болмақ. Әрине, ешқандай шошқа еті болмауы тиіс.Доңыз жылында не сыйлау керек? Биыл сыйлық алуға сараңдық танытудың қажеті жоқ. Жаңа жылдық сыйлықты таңдағанда ақылға салып, тиімдісін алуға тырысыңыз. Келер жылдың символы арзан

сылдырауықтарды ұнатпайды. Ұзақ уақытқа жарайтын әрі көңілге қуаныш сыйлайтын сапалы нәрсені таңдаған дұрыс. Жоғарыда айтылғандардан басқа, сізге сыйлық таңдауға көмектесетін бірнеше кеңес бар. Ең алдымен мұны соңғы сәтке қалдыруға болмайды. Доңыз – үй мен тұрмыстағы жайлылықты қадірлеуші жануар. Осы құндылықтарды толықтырып отыратын нәрсе тамаша сыйлық болады. Ол интерьер және тұрмыстық заттар, қандай да бір әшекей болуы мүмкін. Сондай-ақ, сыйлық ретінде киім немесе аяқ киім алуға болады. Әрине, доңыз түріндегі жинақ сандықша ең танымал сый болатыны сөзсіз – бұл қымбат емес, алайда, өте пайдалы сыйлық.

sputniknews.kz.

Sputnik дерекқорында сіз алдағы Жаңа жылдың символы қандай болатынын біле аласыз Еңбекқорлық – Доңыз жылының басты ерекшелігі. 2019 жыл бизнесті дамыту үшін де, қызметте өсу үшін де жемісті жыл болуы мүмкін. Доңыз жылында шаңырақ көтеретіндер саны өседі деп болжануда, ал бұл бала туу көрсеткішіне оң әсерін тигізеді.

Page 3: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана №22(330) 28 желтоқсан, 2018 3

Еліміздің егемендік алуы, мемлекеттің тәуелсіздік халқымыздың тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты. Қазақстан дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Тәуелсіздік күні қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресінде алтын әріппен жазылған күн.Сонымен, оқушылардың өз Отаны жайында білімдерін тереңдете отырып ел тарихындағы оқиғалардың маңыздылығын ажырата білуге, тәуелсіздік алғалы еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстыру мақсатында «№1 Ақшәулі жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-інде «Тәуелсіздік – таңның нұры» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, лездеме өтілді. Онда 3 «А» сынып оқушылары «Тәуелсіздік жыр-әнім» атты әдеби монтаж жасады.Тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрмұхаметова Әсем Төлеуқызының ұйымдастыруымен патриоттық әндер сайысы 1-11 сынып оқушылары арасында өтілді. Бұл сайыста оқушылардың елге, жерге, тілге деген патриоттық сезімдері нығая түсті. Болашақта Қазақстанды өркендетуге білімді де саналы, жігерлі жастарымыз өсіп келеді деуге болады.Патриоттық әндер сайысында аса шеберлікпен, асқан өнерімен көзге түсіп, көрермен назарына ерекше ілінген бас жүлде иегерлері 10 сынып оқушылары болды.Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де жанымызға нұр септі. Егемендігіміз мәңгілік болсын демекпін.

Кітапханашы А.Скакова.

Тәуелсіздік жыр-әнім

«Тәуелсіз елім-Қазақстаным»16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздік сияқты ұлттық мерекені бүгінгі таңда қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Тәуелсіз елдің ең басты тұғыры. Ол қоғамның, сол мемлекеттегі жергілікті ұлттың рухы, жігері, қоғамдық санасы. Басты байлық жай ұлттық мүдде емес, азаматтардың мүддесі мен қажеттілігі. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде, ұлттар татулығында жатыр. Осы мерекеге орай Аягөз әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығының үйден көмек алу, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елім-Қазақстаным» атты мерекелік концерт болып өтті.Айтулы мерекемен құттықтау үшін ортаға мекеме директоры Алмагүл Болатбекқызы шығып, барша қонақтарды, ұжымдастарын, балаларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Әрмен қарай осы мереке арнайы дайындалған концертті тамашаладық.

«М.С»-ақпарат.

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

Желтоқсанның 14-күні Майлин ауылдық клуб үйінде Тәуелсіздіктің 27 жылдығына байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Алдымен Майлин ауылдық округінің әкімі Ғ.А.Шаймарданов шағын баяндама оқып, ауыл жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады. Майлин орта мектебінің оқушылары желтоқсан оқиғасына байланысты сахналық қойылым көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Соңынан мерекелік концерттік бағдарлама ауыл тұрғындарының назарына ұсынылды. Кітапханашы Т. Камалованың ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасына байланысты сурет және кітап көрмесі өтті. Мерекелік іс-шараға ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты. Кеш көпшілік көңілінен шығып, ауыл үлкендері алғыстарын білдіріп тарасты.

Клуб меңгерушісі: А.Қ. Ақтеміров.

Тәуелсіздік күніТәуелсіздік күні – Қазақ елі тарихында ең атаулы күн, сан ғасырлық а р м а н ы н ы ң орындалған күні. Егемендігін алғаннан бері Қазақстан өзін әлемге әйгілі, бейбіт мемлекетте өмір сүретін ел ретінде танытты.Осы мерекеге орай С. Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектепте «Тәуелсіздік күніне тарту» атты тақырыпқа байланысты сурет көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені ұйымдастырушы Аягөз аудандық Өнер мектебінің оқытушысы М.Ж. Кенжеханова.

«С. Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ оқушысы Қайратқызы Нұрайым.

Тәуелсіздік – тұғырым «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ – де 13 желтоқсан күні Тәуелсіздігіміздің 27 жылдық мерейтойы қарсаңында тәлімгер Г.Д.Тыныбаеваның ұйымдастыруымен 1, 5 сынып оқушылары Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Мақсаты оқушыларға еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосуға баулу. «Жас ұлан» ұйымының қатарына мектеп оқушыларын қабылдау. Мерекелік кеште 1, 5 сынып оқушылары ант қабылдап, «Жас Ұлан» ұйымының әнұранын айтып, жақсы көңіл – күйде болды. Ұйымға қабылданған оқушыларды мектеп директоры Д.А.Есентемиров, тәрбие ісінің меңгерушісі А.Т. Абаева құттықтап, жылы тілектерін білдірді. Мектеп әкімшілігі мен мектеп ұстаздары ұйымға қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстукты тағу рәсімін жасады. Міне, осындай егеменді еліміз,Кең жазира, ұлан-байтақ жеріміз, Туған елін, туған жерін сүйетін,Біз қазақтың ұланымыз, еріміз, - деп ұйымға қабылданған оқушыларға сабақтарын жақсы оқып, еліміздің, қазағымның жерін, елін қорғайтын жас жеткіншек ұланы болуларына тілекшіміз. Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатты жиын «Шаңырақ» тобының «Шапағат» мүшелері ұйымдастырған тәуелсіздігімізге арналған «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік концертпен жалғасты. «Шапағат» тобының оқушылары тәуелсіз елімізге арналған жыр – шумақтарын мәнерлеп оқып, әндерін айтты. Домбырашылар «Желтоқсан желі» әнін орындады. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, туған күнің құтты болсын, алыбым! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын!

Бозай ауылы, «Сергиополь жалпы білім беретін орта мектеп» КММ «Жас Ұлан» ұйым мүшелері.

Ұлттың көп қырлы көшбасшысы

1 желтоқсан күні «Ж.Жабаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтті. Тәрбие ісінің меңгерушісі М.М.Темиргалиннің ұйымдастыруымен оқушылар Президент күніне орай шағын салтанатты жиын өткізді. Жиында оқушылар ән айтып, би билеп, Елбасына арналған өлең шумақтарын жатқа айтты. Мектеп кітапханашысы «Ұлттың көп қырлы көшбасшысы » атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесіне Президенттің кітаптары мен суреттері қойылды. Тұңғыш Президент күні біз үшін аса қадірлі мереке.

Ж.Р.Темиргалина, кітапханашы.

Page 4: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 4 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Мақаншыдан басталған махаббат жыры...

Төлеубек Жақыпбайұлы Төлеубектің достары Марлес Сәмбетбаев пен Жабайыл Бейсен. «Кездессең ұрлана қараймын,

Асаудай тулайды жас жүрек...» деп басталатын «Жас қалам» әнінің күллі Қазақстанға алғаш тарай бастағанына биыл 60 жыл болған екен. Аз уақыт емес. Әннің өзі сөзімен үйлесім тапқаннан ба екен, қазақ жастарының сүйіп айтатын әніне айналған. Алайда, осынау туындыны дүниеге әкелген махаббат жыршысының кім екендігі, әннің кімге арналғандығы жайлы талас пен тартыс көп. Мақаншы деп аталатын шағын ауылдан шыққан бұл ән жастардың махаббат жырына айналған. «Жас қалам» әнінің сөзін жазған кім екендігі туралы баспасөз беттеріне сан мәрте жарияланды. Соның кейінгі жылдардағысына көз жүгіртсек. Өлең авторы Төлеубек Жақыпбайұлымен 9-10 сыныпта бірге оқыған Марлес Сәмбетбаевтың «Жас қалам»-Қорабайдың емес, Төлеубектің әні» («Жас алаш» 6 сәуір, 2010 жыл), Кәдірбек Кәкімұлының «Махаббат серенадасы-«Жас қаламды» алғаш кім орындаған?» (Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газеті №148, 20 желтоқсан, 2013 жыл), «Алғашқы махаббатқа тарту-«Жас қалам» қалай туды?» (Марлес Сәмбетбаев, облыстық «Дидар» газеті №67, 7 маусым, 2014 жыл), «Бір әннің тағдыры» (Ғалым Тыныбаев «Егемен Қазақстан» 22 мамыр, 2010 жыл) атты мақалалары оқырманды ойға жетелейтіні рас. Сондай-ақ, бұл әннің шығу тарихы жайлы белгілі ақындар Оразақын Асқар мен Қажытай Ілиясұлы да қалам тербеген. Біз де әннің шығу мезгілі туралы, сөзінің жазылу тарихы хақында біршама зерттеп көрдік. Төлеубек Жақыпбайұлымен жас шағында бірге жүрген, осы әннің шығуына куәгерлер –ақын Жабайыл Бейсен және Марлес Сәмбетбаев ақсақалдармен сұхбаттастық: -Біз Төлеубек ақынмен Шәуешек гимназиясында бірге оқыдық,-дейді «Ауылым» әнінің сөзін жазған ақын, жасы 80-нен асқан Жабайыл Бейсен,- Қытайдағы жер реформасына байланысты помещиктердің жерін тартып алу деген орында отряд бастығы болып қызмет етіп жүрген Төлеубек Жақыпбайұлы

жоғары оқу орнына түсу үшін Шәуешек гимназиясының 10 сыныбына келді. Мен 8, Аманжан Жақыпов деген тағы бір ақын досымыз 9 сыныпта оқыды. Үшеумізді табыстырған поэзия десем де болады. Бірге жүріп, бірге тұрдық. Төкең аса талантты, бірақ мінезі ұрт, жақпаған адамымен шартпа-шұрт айтыса кететін шатақ адам еді, марқұм. Шәуешек гимназиясында қазақ, татар, өзбек, ұйғыр, т.б. ұлттардың ұл-қыздары дәріс алатынбыз. Етек –жеңімізді жиып, бозбала болып қалған біздерді қалада өскен қыздар қырдан келген деп қорашсынатыны рас. «Жауқанбай» деп менсініңкіремей, маңайына жолатпайды. Үстіміздегі сырма шапан, басымыздағы елтірі тымақ шынында да сөкеттеу көрінетін болу керек. Аманжан, Төлеубек үшеуіміз бірігіп, қайтсек те сол қыздардың мысын басамыз деп, оларға сықақтап «Сыр-дәптер» деген арнау өлең жазып тараттық. Сол басымызға бәле болып жабысты. Ұлтараздықты қоздырыппыз... қойшы әйтеуір, оқудан шығып, үш аймақта ешқандай оқуға алынбасын деген тұжырым алған біздер енді әділеттік іздеп Үрімжі қаласына бардық. Бірер күннен кейін Аманжан Шәуешектегі жалғыз шешесіне алаңдап қайтып кетті де, Төлеубек екеуміз Шыңжаң институтының сурет факультетіне тапсырдық, қытайдың бұйрабас шақайын айқастырып қойып, суретін салғызды, өттік. Жатқанымыз Үрімжідегі Янхань көшесінің бас жағындағы жазушы Қажығұмар Шабдановтың үйі, жеңгеміз сол тұста түсіріліп жатқан «Хасен –Жәмила» көркем фильмінің эпизодында ойнайтындықтан түсіру алаңында, Шанхайда. Қажекең «Шұғыла» журналының бастығынан кейінгі орынбасары. Біздің өлеңдерімізді кезексіз басып, қаламақыға қарық қылып тастайды. Алайда, бұл тірлігіміз де шолақ болды, жергілікті билік құрығынан көп ұзай алмадық, екі-үш айдан кейін артымыздан қағаз келіп, оқудан тағы шығарылдық. Төлеубектің менен 5-6 жас үлкендігі бар, ал менің сол тұста

20-ға да толмаған жас кезім ғой. Арындап өлең жазамыз. Кешкілік жазған өлеңдерімізді оқимыз, серуен құрып бір уақ қыздарға қырындаймыз. Менің жарым болған Бәукен марқұмның мектепте бірге оқыған сабақтасы Әйтен деген қызға (кейбір жарияланымдарда өлең Розалия деген қызға арналған деген жаңсақ пікір бар)Төкең қатты ғашық болып, өлең арнады. Шыңжаң институтының химия факультетінің 2 курс студенті Әйтен шынында өзінен көп ересектеу Төлеубекті маңына жуыта қоймады. Бұған Төкең қатты қайғырып, махаббат жырын жазды. Жас жігіттің жүрегінен шыққан махаббат серенадасы былай болатын: Кездессең ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек. Мен сені жаныма балаймын, Сен үшін менде бар бір тілек..,-деп басталып:...Ұтылып мезгілден қалсам кеш,Байламын тағдырдың өзің шеш.Ләйліден айырылған Мәжнүндей,Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес,-деп жалғасып кете береді. Ал осы шумақтың бастапқы екі жолы кейін Мақаншыға келген соң «Есімде сол күнгі сауық кеш, Ләззаттың тағдырын өзің шеш» болып өзгерді. Бұған сол тұстағы ортаның да өз әсері болғаны анық. Дегенмен, қанша жүрек лүпілін білдіргенімен, Әйтен оған жылы қабақ таныта қоймағаны рас. Шынын айтқанда, жүріп жүрген жігіті бар қызТөлеубекті кәрісінді. Үшеуміз қыстыңгүні қылаулап қар жауып тұрған сәтте жаяулап қыдырып жүрсек, Әйтен Төкеңнен қашып менің ана жағыма,мына жағыма бір шығып әбден есі шығатын. Содан барып, өлеңдегі:...Оны зор, мені қор санасаң Мейірімсіз соққыңнан күйредім,-деген жолдар туды. Шындығында сол кезде Әйтеннің сүйген ғашығы Алтай жағының тумасы, өзімен бір топта, химия факультетінде оқитын жігіт болатын. Төкеңнің мінезі албырт: қуанса да, қайғырса да лып етіп бетіне шығады, ішінде ешнәрсе жасырмайды. Сондықтан

да басынан өткен махаббат хикаясын айтудан жалықпайды. «Сең соққан балықтай болып қалдым. Әйтенге деген махаббатым күннен күнге өршіп барады. Осыны қалай деп, қандай сөздермен жеткізсем?» деп ортаға сауал тастайды. Сол тұста Қуандық Шаңғытбаевтың аударуымен қазақша «Ләйлі-Мәжнүн» хикасының жарық көріп, кітап қолдан қолға өтіп тұрған кезі болатын. «Шын қиналсаң, Ләйліден айырылған Мәжнүндей болған екенсің, Төке...» деген менің сөзімнен кейін алтын тапқан адамша қуанды. «Міне, міне! Ләйліден айырылған Мәжнүн деп жазамын», деп қаламына жармасқан. Кейін мәтінде сол сөздер өлең жолдары болып өрілді.... Өлең Төлеубек Жақыпбайұлыныкі, оған сөз жоқ. Мұны бүгінде жасы 80-ді алқымдап қалған Үржар ауданының Келдімұрат ауылында тұратын Марлес Сәмбетбаев ағамыз да қуаттап отыр. Жарбұлақтағы сегізжылдық мектептен соң Мақаншы мектебінде Төлеубек Жақыпбаевпен бірге оқығанын айтады:-Қазір ақпарат құралдарында бұл әнді “Қорабай Есенов жазған” деген пікір қалыптасып қалыпты. Бұл өте жаңсақ пікір. Төкең сол тұста жиырманың жуан ішіндегі сақа жігіт болса да, 9-10 сыныптарды бізбен оқыды. Төлеубек пен Уақап деген жігіт екеуі интернатта бірге тұрды. Кешкілік Мақаншы көшесіне шығып, қыдырып ән саламыз. Орыстың «Сорвала я цветок полевой» деп басталатын әнін жамырай айтамыз. Бір күні арт жағымызда өзімен-өзі келе жатқан Төлеубек: «Әй, осы сендер неге «сары бала, сарыбала» («Сорвала... »)деп орысша айтасыңдар. Осыған мен қазақша мәтін жазып берсем, айтасыңдар ма?» деді. «Әрине! Айтамыз, Төке! Жазып беріңіз...» деп шу ете қалдық. “Ертең осы жерде кездесейік. Әннің қазақшасы дайын болады», деді Төлеубек. Шынында да ертесіне ол әкелген мәтінді біз көшіріп алып, жаттай бастадық. Міне, бүкіл қазақ жастарының

махаббат жырына айналған әннің мәтіні осылай туған еді. Қазір ойлап отырсам, ол осыған дейін жүрегін жаралаған жанға арнаған дайын мәтінді ұсынған екен. Әннің сөзін жазған Төлеубек. Бұған еш талас болмауы керек. Осының бәрін көзімізбен көрген Жабайыл Бейсен екеуміздің көзіміз тірі. Сондықтан, құрметті ағайын, бұған еш талас болмауы керек деймін....Осылайша махаббат әні Мақаншыда шырқала бастады. Ал белгілі сатирик, ақын Қажытай Ілиясұлы марқұм көзінің тірісінде аталмыш ән туралы пікірін айтып кеткен болатын:-1956 жылы бұл әнді Алматыда Төлеубектің сөзімен жазушы Шәрбану Құмарова бастаған, Аманжан Жақыпов, Қабдеш Жұмаділов қостаған студенттер қауымы шырқап жүргенде, Қорабай Есенов сегіз жастағы бала екен. 1958 жылы «Жас қалам» әні Қытай қазақтарына тарағанда, Қорабай он жаста ғой. Тіпті, ондағы қазақ интеллигенттері ғана емес, қазақша білетін маңғұлдар мен дүңген, сібелер де айтатын. Сол жылдары Қашқария, Хотан жағынан келген ұйғыр қыздар да «Сән маңға ыстықсәң башқадан» деп әуенін созғанда бір-бірімізге қарап, күлетінбіз. Өз басым «Жас қаламды» Үрімжіде, Шәуешекте болған сауық кештерде, той-домалақта үнемі айтып жүрдім... Ия, әннің қысқаша шығу тарихы осылай болған деп мақалаға осымен нүкте қойса да болар еді. Алайда, 2010 жылғы 22 мамыр күні Ғалым Тыныбаев ағамыздың «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан «Бір әннің тарихы» деген мақаласы назар аудартпай қоймады. «Жылағанның алдынан бақырған шығады» дегендей, Ғалым ағамыз Төлеубек Жақыпбайұлы сөзін жазған бұл әннің музыкасын Төлеубекке «беріп», мәтінін өзі «жазған» болып шығыпты. Мақалада ол Үрімжіде «Шұғыла» журналының редакциясына Төлеубектің өлеңді алып келгенін, оны Қажығұмар Шабдановтың «Арайлым» деген атпен жариялағанын айтады.

Бірінші қатар солдан оңға: Адам Мекебаев, Төлеубек Жақыпбайұлы. Екінші қатарда: ...., Қабдеш Жұмәділов.

Page 5: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 5 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Алайда, 1955 жылы өлең мәтіні жарияланған «Шұғыланың» қай саны екендігін айтуды «ұмытыпты». Тағы бірнеше сауалдардың басы қылтияды. Бұл әннің сөзін шынымен Ғалым Тыныбаев жазса, ұзақ жылдардан бері көкпарға түсіп келе жатқан әннің тағдыры оны неге алаңдатпаған? Ғалекең осы уақытқа дейін неге үндемей келген? Мұның өзі бақилық болған Төлеубек Жақыпбайұлының аруағы алдында ұят нәрсе екен демеске лажың жоқ. Осылайша көзінің тірісінде екі қоғамдық формацияның әділетсіздігінен қағажу көріп, шөміштен қағылған талант иесінің тағдыры жер қойнына енген соң да өз бағасын ала алмады. Иесіз қалған әсем әуен мен өлең жолдары өнерден хабары бар кейбір жандардың қызығушылығын тудырғаны рас. Айтпайын десең сөздің атасы өледі. Былайша айтқанда «Иесіз кө..і ит жалайдының» кебі. Ал осы уақытқа дейін тынбай айтып келе жатқан әнші Қорабай Есенов «Жас қалам» әнін өзіне меншіктесе, Ғалым Тыныбаев ағамыз да қолдан тарих жасап, әннің сөзін өзі жазғанын (?) айтады. Әннің Қорабай Есеновке таңылуы жайында Қажытай ағамыз дұрыс талдау жасапты. «…Мен Төлеубек мәтінінің ат жоқ, жөн жоқ Қорабайға таңылу себебін зерттедім. Ми ашытатын онша бір қиындық жоқ екен, біреуді-біреу терең ұғынбаудан болған шаруа көрінеді. Өйткені, Төлеубек, Қабдештер 1962 жылы КазГУ-дегі оқуын қайта жалғастырғанда кәдімгі Төлен Әбдіков, Иген Хасенов, Дүйсенбек Қанатбаевтармен бірге оқыған ғой. Арада бірер жыл өткен соң, Төлеубек сырттайғы бөлімге ауысып, Жамбыл облыстық газетіне жұмысқа тұрады да, Қабдеш жоғарыдағы азаматтармен бірге оқуын 1965 жылы күндізгі бөлімде оқып бітіреді. Қабдеш «Қазақ әдебиеті» газетіне, Иген Хасенов Республикалық Халық творчествосы үйіне, Дүйсенбек Қанатбаев қазақ радио-телевидениесіне қызметке бөлінеді. Иген Хасенов екі-үш ай қызмет істеп, орныға бастаған кезінде Жаңарқадан гитарасын көтеріп, ауылдасы Қорабай Есенов келеді. Тыныс-тіршілігі бір жерде өткен екі өнерпаз шүйіркелесіп, Қорабай Есенов «Жас қалам» деген әнді айтады. Шынын айтқанда, ән кімдікі, сөз кімдікі екенін олар да білмейді. Бірақ, қолы қысқа студенттік өмірден енді ғана құтылғандықтан, Қорабайға тиын-тебен болсын деген ниетпен құжатқа (репартишкаға) оның аты -жөнін жаза салады. Болған-біткені осы. «Жас қалам» әні сол дақпыртпен қырық жыл бойы Қорабай қанжығасында келе жатыр».-Шынын айтқанда Ғ. Тыныбаевтың мақаласындағы өрескел қателіктер адамның ашу-ызасын тудырады,-дейді Үрімжіде сол «Шұғыла» журналының редакторының үйінде Төлеубекпен бірге тұрған досы Жабайыл Бейсен

ақсақал,- Біріншіден, Ғалым бауырымыздың өлең жазатыны ол тұста бізге беймәлім болатын. Екіншіден, бұларды табыстырып жүрген Қажығұмар Шабданов Төкеңді өте жақсы біледі, оның шығармашылығынан хабардар жан еді. Тіпті, Төлеубек тек өлең жазатын ақын болатын. Ал біз сөзін Төлеубек Жақыпбайұлы жазған әннің түп-төркінінде композитор Б. Мокроусовтың "Назначай поскорее свидание» деп аталатын әні жатқанын айтқымыз келеді. Сөзін жазған С. Смирнов. Рас, біз өнер зерттеушісі емеспіз. Алайда, «Жас қалам» әні «Назначай поскорее свидание» әнімен толық үндесіп тұр. Бұл кез-келген қарапайым ауыл баласына белгілі жайт. «Кездессең ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек» болмаса:Сорвала я цветок полевой,Приколола на кофточку белую.Ожидаю свиданья с тобой,Только первого шага не сделаю, -деп әндете бастағаннан-ақ екі ән әуенінің өте ұқсас екендігі бірден байқалады. Өнерде шекара жоқ. Осыдан 60 жыл бұрын жұрт арасында қазақшасы кеңінен тарап, айтыла бастаған әннің тарихы осылай. Сөйткен қайран талант иесі 1977 жылы мамыр айында әлдекімдердің қолынан қаза тапты. Бұл туралы оның достарының бірі Қажытай Ілиясұлы: «…Төлеубек кітабының қолжазбасын баспаға өткізіп, берілетін қаламақыны тоспай, Қабдеш екеуміз баспасөз комитетінің бас редакциясында қызмет істеп жүрген кезімізде, тура түсте сыртқы есіктің алдында айқаса кетті. Жанында жас мөлшері өзі тұстас Свет Оразаев деген ақын бар. «Осылай да осылай Шымкент, Ташкент жаққа барамын. Соған ақшам сәл жетіңкіремей тұр. Қалталарыңды қараңдар! Маған қалай да бүгін керек», – деді қадалып. Менің қалтамда отыз сегіз сом бар екен. Шетінен үйге қайтатын тиынымды алып, қолына ұстата бердім. Қабдештің қалтасынан сексен бірдеңе сом шықты. Айтуына қарағанда, бір айдың ішінде қайтып келетін болды. Кейін білсек, сол бетінде Төкең Шымкентке бара алмай, Алматыдағы Емелев көшесі мен Гоголь көшесінің қиылысында мәңгіге көз жұмған екен. Баспамен шартқа отырғанда, марқұм менің мекен-жайым мен үй телефонымды жаздырған көрінеді. «Қаламақысын алсын» деп баспадағылар үйіме хабарлағанда, Төлеубекті іздеп, шарқ ұрғанымыз бар. Қабдештен бастап, барады-ау деген үйлерге түгел телефондап шықтым. Ешкім білмейді. Сөйтсек, о дүниеге әлдеқашан аттанып кеткен екен ғой марқұм!» деген еді («Қайран, Төкем-ай» эссесі).Әннің Қорабай Есеновке қалай таңылғаны жайлы оның өзімен хабарласқанымызда былай деді:-Жалпы, менің ешқандай да музыкалық білімім жоқ

а д а м м ы н. Ц е л и н о г р а д т ы ң а у ы л ш а р у а ш ы л ы қ институтында оқып жүрген кезімде Николай Литовченко деген студентпен жатақханада бірге тұрдық. Әскерге барып келген сақа жігіт гитараның құлағында ойнайды екен. Менің сұрауым бойынша әлгі Коля бірер аккордтарды үйретті . Сол күні-ақ 7 ішекті аспаптың құлақ күйін бұрауды үйреніп алдым. Бұрын мұндай аспапты көп қолыма ұстап көрмеген маған гитара керемет ұнады. Бірде Омбы қаласының студенттері мен біздің оқу орынның арасында КВН болып жатты. Ойын ортасынан ауған кезде біздің деканымыз «Ойбай, Қорабай, сен құтқармасң болмайды. Қолыңа гитараңды алып бір ән салып бер. Мыналар бізді жеңуге айналды!» деп шыр-пыры шыққасын «Где-то вдали корабли» деген әнді орындап беріп едім, құдай сақтасын, зал жарылуға шақ қалды. Жалпы, өзі менің орысшам да ол кезде тым нашар болатын. Қойшы, сол күннен бастап менің атағым шыға бастады. Бірер күннен кейін деканым Алматыдан белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің телефон шалып жатқанын, жайы келсе консерваторияға алғысы келетінін айтты. Каникулға барғанда әкеме айтып едім: «Балам, қазақ «Нар баласы бақырмас» деген. Осы ауылшаруашылығы институтын бітір, оны қайтесің...» деген соң ешқайда бармадым. Екінші курста оқып жүрген кезімде бір жігіт «Жас қалам» деген әннің мәтінін әкеліп берді. Өзі ептеп ыңылдап әуенін де айтты. Содан гитарамды тыңқылдатып отырып, жаңағы әнді салып көрдім, орысша әннің де әуеніне келетіндей. Өзімнің «Қоштасу» деген әнім бар ғой, соған да ұқсайтындай... Сонымен, сол күннен бастап, бұл ән менің репертуарыма енді. Шынын айту керек, «Жас қалам» әні менікі емес. Бірде бір әйел келіп, бұл ән өзінің марқұм күйеуінікі екенін, әнді менің меншіктемеуімді айтты. Мен азар-да безер болып әнді менің мүлде меншіктеу ойымда жоқ екенін айтып, “менің әнім емес” деп нотариус арқылы қол қойып бердім. Ол кім, кімнің мұрагері білмеймін.., -дейді белгілі әнші, композитор Қорабай Есенов. Ал ақын, драматург, жазушы, сатирик Төлеубек Жақыпбайұлының артында халық сүйіп айтатын бұл әннен басқа бірнеше повестері, драматургиясы, поэмалары мен ертегілері, сатиралары мен әңгімелері қалды. «Шытырманнан шыңға», «Мен қалай түзелдім», «Қыран туралы хикая», «Лашын», «Саяхат», т.б. туындылары тағдыры тауқыметті Төлеубектей ақынның, Төлеубектей жазушының қарым-қабілетін анықтап, оның есімін ешқашан өшіре алмайды.

Берікхан Тайжігіт,

ҚР Журналистер одағының мүшесі.

Сыбайлас жемқорлықпен

күрес!

2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес: сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу - деп айтылған. Жай тілмен айтқанда пара беру немесе пара алу деп аталады. Ғасырлар бойы биік шенді тек малы көп болған адам ғана ала-алған, тек берілетін лауазымға алым төлей алатын ғана. Мүмкін мұндай әрекеттердің әрқашан алды алынғаншығар, бірақ әжептәуір емес сияқты. Сыбайлас жемқорлық әлі де бізді айналып жүр, әрине жасырынды, бірақ ол бар және күреске берілмей жүр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне сыбайлас жемқорлықтан шығатын қауіптерге бағытталған, мемлекеттік органдардың тәжірибелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қарсы әрекеттiң жолы: сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау, ашу зардаптарын жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту. Аталған заң сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі принциптерін анықтайды, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың түрлерін орнатады, сонымен бірге жауапкершілікті анықтайды. Ол демократиялық бастамаларды кеңейтуге бағытталған, мемлекетпен басқаруды бақылау және жария ету, халықтың мемлекетке және оның құрылымдарына сенімділігін күшейту, мемлекеттік қызметке құзырлы мамандардың түсуіне ынталандыру, мемлекеттік функцияларды орындайтын тұлғалардың сатылмайтындықтарына жағдай жасау. Күрес жалғасуда, бірақ заңды бұзу жағдайлары алынбайды. Адам заңды айналып өтіп кетемін деп ойлайды, оның сыбайлас жемқорлық әрекеті байқалмай қалады деп ойлайды. Заңды бұзғанның алдында ондай әрекет жазаға әкеліп соқтыратыны туралы ұмытпау керек, атап айтса «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын оқыған дұрыс. Сол заңда тайға таңба басқандай барлық жазалардың түрлерімен алдын алу бұлтартпау шаралары көрсетілген. Халықтан сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыз көзқарас қалыптастыру мемлекеттің басты бағыттарының бірі. Осы бағытта жұмыс атқаруды ұйымдастыру барлық мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтен тыс ұйымдардың айрықша бақылауында болуы тиіс.

«ҚР ІІМ ТЖК ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ» ММ № 50 ӨСБ инженері азаматтық қорғау капитаны

Д.Байнакаров

Page 6: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 6 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Ауыл клубының шағын сахнасында бір қара бала ән шырқап тұр. Залдағылар жым- жырт. Ұйып тыңдап отыр. Баяу, қоңыр дауыс созыла барып аяқталды. Көрермен риза болып қол соғып жатыр.-Әй, осы баладан бірдеңе шығады.-Көркемөнерпаздар қатарына қосып тәрбиелеу керек.-Иә, ол домбыра да тартады, күй де ойнайды.-Осы жолғы сарыарқалықтар байқауы жақсы өтіп жатыр...Залдың алдыңғы қатарында отырған бір топ әділ қазылар алқасының мүшелері қара баланың әнінен кейін осылайша өзара даурығысып қалды.Бұл сонау 1970-ші жылдардағы Кеңес заманындағы мектептегі көркемөнерпаздар байқауының бір көрінісі еді. Сол кездерде күннің суығына қарамай әр ауылда алдымен мектептерде, іле-шала ересектер арасында көркемөнерпаздар байқаулары өтуші еді. Оның өзі бір науқан. Әсіресе, байқау уақыты таяған кезде абыр-сабыр көбейіп, бойында өнері барлар іріктелініп, тіпті ауданнан арнайы дайындаушы мәдениет қызметкерлері келіп, қызыл кеңірдек болып жататын.Алдыңғы орынның бірін иелену, ауданға жолдама алу, ерекше дарындыларды осы салаға тәрбиелеу керек дейсің бе, ерекше ынта-жігер бар. Әрі сол замандағы қызу әрі толассыз еңбектен қалжыраған адамдарды бір сергіту де жоқ емес. Жаңағы сахнада төгілте ән айтқан қара бала-Аятбек Ақтеміров болатын. Ол сол кезден бастап бойындағы табиғи талантын тәрбиелеуге көшкен-ді. Өнерге құштар да құмар болды. Қолы сәл қалт етсе қолына домбырасын алып, ыңылдап ән салатын. Келе-келе өзі сияқты балалармен бірігіп ән-күй үйрене берді.Бірақ, сол кездегі бір өкініштісі-көркемөнерпаздар байқауынан соң өнерге деген құштарлық басылып, таусылып бермейтін тіршілік басталатын да кететін. Ауыл жаңа, кеңшар жаңа болғанымен сана мен тұрмыс ескі еді. Сананы тұрмыс билеп, алда “коммунизм құру” міндеті қойылып: «Кемелденген социализмнен кемелденіп, толықсыған социализмге өтіп жатырмыз» деп ұрандап, бесжылдықтар балғасын барынша соғып жатқан кез. Аяттың отбасы қарапайым ғана шаруа еді. Оның үстіне ата-анасының алысқа қудаланып барып, қу далаға тап болып, шаршап-шалдығып, қайта елге оралғандарына көп болмаған. Енді-енді ес жиып, жан жақтарына қаранып, қарманып әлі болмаған. Бұлар үшін алдағы үлкен арман-аянбай еңбек етіп, еңсе көтеру. Шөп шап, мал бақ тек ақша тап, көтеріл...Аяттың балалық шағы осы кезеңге тап келді. Ата-анаға көмектесу керек еді, содан да талай-талай көркемөнерпаздар байқауына жүлде алып, арнайы оқу орындарына шақырылғанымен бара алмады, кете алмады.Жағдайы да келмеді, келіспеді. Маңдайына жазылғаны сол болар, ауылда қалып қойды. Иә, мал

бақты, трактор айдады, егін салды, бірақ бір сәт те өнерден қол үзген жоқ. Талай-талай өнерпаз ұстаздың алдын көрді, өнерін шыңдап баули берді. Әйтеуір, бітпейтін тіршілік. Өмір үшін күрес, талас-

тартыс. Біреулер өнеріңді бағалап көтермелеп жатса, енді біреулер көре алмай аяқтан шалатыны да бар.Ол өзінің сыныптасы Нағимамен отау құрған кезде аты біраз жерге жайылған, көп- көрім танымал өнерпаз еді. Өнерін одан әрі

жалғастырып әбден шыңдалғанын таныған ауыл басшылығы мұны ауыл мәдениетіне жетекші етіп көтермеледі. Енді өзі шәкірт тәрбиелеп, ұстаз атанды.Тек бір ғана кемшілігі-тіршілік қамынан шыға алмай, музыка саласының жоғары оқуын оқи алмады. Қанша жерден арнайы курстар, білімін жетілдіру сияқты оқулар оқығанымен кейін іске татымай қалды. Әбден кемеліне келіп, толысып, нағыз шебер музыка ұстазына айналған кезде осы дипломы құрығырдың жоқтығы алдынан шықты.Ана бір жылдары ауылдан Аягөзге ауысып №6 мектепке музыка пәнінің оқытушысы болып келіп еді. Осы мектептен «Қарлығаш» жас дарындар үйірмесі құрылып, оған журналист Мұрат Төлебаев пен әдебиетші ұстаз Ғафура Сәрсенбаева жетекшілік етіп еді. Сол кездегі мектеп директоры

Сәуле Нүкерова да өнерге ерекше қамқор жан болатын. Осы мектепте ұстаздық ете жүріп көптеген өнерлі шәкірт тәрбиеледі. Енді Аят өзін емес, өз балаларының өнерпаз болғанын, солардың алысқа

самғауын қалады. Ұлдары Елдар мен Абзалдың бойынан да ерекше қабілет байқады. Әсіресе, Абзал өнерге жуық болды. Ал жалғыз қызы Дидардың дауысы ерекше ашық.Осыны дер кезінде байқаған әке балаларының бәрін оқытуға күш салды. Жай оқу емес, өзі бейім

оқуға.***Міне, мектептің шағын сахнасында сұңғақ бойлы қара бала өлең айтып тұр. Дауысы ерекше, үні ашық. Бір замандағы өзі сияқты. Залда отырған Аят іштей күрсінді. «Бір бала әкеден кете туады, бір бала жете туады, енді бірі аса туады»-деген, осы менен аса туған бала болса екен”- деп іштей тілек тіледі.Зайыбы Нағима да ән айтушы еді, Елдар да құр алақан болмайтын. Бір үйде бесеуі бірдей әнші болса «көз тиеді» деді ме Нағима ән айтуды қойып, отбасы қамқорлығына көшті. Ал Елдар жаңа заман техникасының хас шебері болып кетті. Дидар жоғары оқу орынын бітіріп, кәнігі сахна әншісіне айналды.«Ат басын бұрғанша-ай, айналғанша-жыл өтетін” зымыран уақыт-ай. Көзді ашып-жұмғанша 60 жасқа да келіп қойыпты. Осы уақыт ішінде не көрмеді, кімдермен

дәмдес болмады. Қазақтың небір танымал өнерпаздарымен үзеңгі қағыстырып, сахналарда өнер көрсетті. Талай-талай сайыстарда «Жігіт сұлтаны» атанды. Барлық ғұмырын басынан бақайшығына дейін өнерге арнады.Ол орта жастан асқанда екі кездейсоқ оқиғаға тап болды. Бірі көңілін құлазытып, сергелдеңге салса, екіншісі қатты толқытып, тебірентті, жан жүйесін босатты. Иә, өтпелі өмірде адам ақылына сия бермейтін жайттар кездесе береді ғой. Кейбіреулер, әсіресе «замана жантықтары» нені болса да терең ойлай бермейді, ол мансаптың құлына айналған кейбір пенделер қоғамға да, адамға да өте қауіпті...Алғаш «арнайы дипломы жоқ» деген желеу ме, әлде шалағай шешім салдары ма, қаншама жыл ұстаздық етіп, музыкаға, ән-күйге шәкірт тәрбиелеп келе жатса да жұмыстан қысқартылып, босап қалды. Қандай “мықтының” алдын кесіп өткенін білмейді де, тіпті, Аяттың бойында жұмыс бабы болмаса біреумен ерегесу, не ұстасу деген жоқ. Айтарын тура айта салып жүре беретін, зіл, кек сақтамайтын-ды. Жасы келгенде жұмыссыз қалу, әсересе, өнер адамына жұмыссыз қалу деген үлкен қасірет. Оны тек өнер адамдары ғана түсінеді. Өзіне берік емес кейбір өнер адамы болса бөтелкеге бас қойып, ішіп те кетер еді мұндайда. Өйткені, табиғи талант, дарынды адамдардың көбінің жүрегі жұмсақ, сезімі нәзік болады. Аят оған берілмеді. Өзін-өзі ұстай білді. Бірде ішкі сырын айтып бір досына келді. Жұмыссыз жүргеннің ащы лебі жүзінен көрініп-ақ тұр. Оған көмек беруге дәрменсіз досы жай ғана:...Е Аят, біздің қазақ ұлы Абайды да сабаған, Шәкәрімді атып құдыққа тастаған. Ал майдангер ақын Қасымның тағдыры ше? Жасыма, бір жөні болар. Бұл да бір сынақ. Алла тағала ерекше сүйген құлына ауырлық беріп те сынайды. Кезінде халық ұлдарына қиянат жасаған сұмырайлардың ешқайсысының жақсы аты қалған жоқ. Жаман істері басына, баласының баласына қара күйе болып жағылды емес пе? Сенің таза талантың бәрін жеңеді.Тағы бір айтарым: Сен өнердің дала академиясын оқып тауысқансың, сенің білгеніңді он оқу орынын бітірген кейбіреулер біле бермейді. Өйткені, сен өнердің іші-сыртын қопарып, құпияларын аша аласың...»-деген-ді. Ақыры оны Майлин ауылының кісі танығыштары танып, “қағып алды”. Қазіргі кезде ол барлық күш-жігерін, қайрат-қуатын сол ауылдың өнерін дамытуға арнап жүр.Қатты толқытып, тебіренткен оқиға-өзінің қиыр шетте, өзге елде туған анасының бар екендігі. Ғажап дүние демеске амал жоқ, сол жақта-Қытай еліндегі Шығыс Түркістанда анам бар деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмепті. Құдірет емей немене, араға 60 жылдай уақыт салып, әбден жасы жеткенде анасы мұны тауып алды. Жүрегі лүпілдеп, кеудесіне сыймай кездесуге асықты.“Ой Алла, ол кісі жас кезінде қандай болды екен, қазір ше? Әбден қаусап,

қартайған шығар...Қалай болған сонда? Неге менен адасып қалған? «Жди меня», «Бармысың бауырым?» сияқты телешоулардан небір табысуларды, қиын тағдырларды көріп едім. Мына жағдай ғажап болды ғой. Бәлкім менің құлазыған көңіліме дәру ретінде жіберілген Алланың сыйы ма, бұл?”Ол жеткенше асыққан. Анасын көрді, қауышты. Анасының еңірегенде етегі жасқа толады. Ғажайып кездесу. Екеуі шекараның екі жағында, 60 жылдай бірін-бірі көрмеген ана мен бала. Ана 80-нен асқан ақ шашты әже, бала 60-қа тақаған немерелі ата. Мұның өзі бір кітапқа лайық оқиға. «Сені бір көрсем деп өмір бойы армандап едім. Енді өліп кетсем де арманым жоқ»-дейді ұзақ жылдар сағынып, сарғайып барып баласын көрген ана.Осы оқиға жайлы Аяттың Шымкенттегі өнердегі достары спектакль әзірлеп, қойылым қойып та үлгеріпті. Ал біз ше? Әй, әлі де ұйқыдан ояна алмай, рухани кедейліктен арыла алмай жүрген Аягөздік бауырларым-ай! Сірә, бір емес, он Дулат, Мыржақып келіп оятса да селт етпейсіңдер ғой...Осындайда күйініп: «Әттең, тонның келтесі-ай...» дейсің. Өйткені, қанша ақылың болса да ақшаң мен билігің жоқ. Мына мансапқұмарлар мен дүниебайлар басым заманда әлі талай Аяттар таяқ жей ме деп те қорқам.«Еңбек – түбінде жеңбек» дегендей, бойындағы дарынын еңбекпен ұштастыра білген Аят алқынбай 60 жасқа да келіпті. Аудандық “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” мәдениет үйінде осы мерей тойына арналған шығармашылық кеші өтіп жатыр. Шынында да нағыз өнер адамдарының кеші, сахнаға шығып құттықтаған, ән айтқан әріптестері, достары, шәкірттері ауа-райының қолайсыздығынан жарықтың бір өшіп, бір жанғанына қарамастан келушілер көңілін көтеріп-ақ жатыр...Кеш соңы «Алтын тас» мейрамханасындағы концерттік дастарханда жалғасты. Келген қонақтар көңілді бір концертте отырғандай әсер алды.Аяттың өзінің тағдырындай мінез көрсеткен күн райы да сәл тыныстап, ән тыңдап барып, қайта ашуға мінетіндей. Еліміздің түпкір-түпкірінен келген өнер адамдарының шеберлігі Аягөздік мәдениет үйінің әншілерінің шырқаған әнімен ұласты.60 жасқа келіп, өнерпаздар отбасының ұйытқысы, көптеген дарындарға жол ашушы әнші немерелері де өнерден құр алақан емес екен.Иә, «60-тал түс» дейміз қазір қариялықтың таяғанын мойындай қоймай. Расында бұл жас Аят үшін тал түс болсын. Алда өнерде де, өмірде де бағың жана берсін,-деген тілекпен біз де кештен тамаша әсермен қайтып, Аят туралы осы бір шағын әңгімені оқырманға жолдадық.

Б.Т.Шалғынбай,жазушы-

журналист.

Әнші, музыкант Аят Ақтеміров – 60 жаста!

Өнерпаздар отбасының ұйытқысы

Page 7: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Аягөзаудандықсотжаршысы

Мөлдір сана 7 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Аягөз аудандық сотында брифинг өтті

Аягөз аудандық сотында 2018 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша брифинг өтті. Брифинг жұмысына Аягөз аудандық сотының төрағасы Б.Н. Мергембаев және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Аягөз аудандық сотының төрағасы Б.Н. Мергембаев 2018 жылдың 11 ай қорытындысы бойынша ақпарат берді. Атап айтқанда Аягөз аудандық сотымен 11 ай ішінде 2973 іс қаралған, оның ішінде 383 іс медиация тәртібімен аяқталған, бұл барлық қаралған істердің 12,9 % құрайды. 207 қылмыстық іс қаралған, оның ішінде 114 үкім шығарылған, 79 іс медиация тәртібімен қысқартылған, бұл 38,2% құрайды. 1446 әкімшілік іс қаралған, оның ішінде 168 іс медиация тәртібімен қысқартылған, бұл 8,8% құрайды. 1320 азаматтық іс қаралған, оның ішінде 661 шешім шығарылған, 400 сот бұйрығы шығарылған, 136 іс медиация тәртібімен қысқартылған, бұл 10,3% құрайды. Сотқа келушілерден сотқа құрметтемеушілік көрсетіліп ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабымен 63 тұлға жауапқа тартылды. Сот мәжіліс залдары АБТ жүйесімен жабдықталған, істердің 100% АБТ жүйесімен қолданылып өткен. 2018 жылдың 11 айында сотпен сот жұмысына жаңа технологияларды белсенді қолдану үрдісі қалыптасқан. Атап айтқанда, әкімшілік және азаматтық істердің барлығы «Сот кабинеті» электронды сервисі арқылы түскен, бұл барлық түскен талап арыздардың 100% құрайды. Сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан сот қызметкерлерімен 7 «Дөңгелек үстел», 45 семинар сабағы, 4 «Ашық есік күні» өткізілді. Облыстық сотқа 111 пресс релиз жолданған, жергілікті басылым «Аягөз жаңалықтары» газетінде 61 мақала, облыстық басылым «Мөлдір сана» газетінде 76 мақала, жиыны 137 мақала жарияланған.Сот төрелігін іске асыру процесін одан әрі цифрландыру бойынша Жоғарғы Соттың жетінші басым бағытын іске асыру мақсатында Аягөз ауданында орналасқан Баршатас ауылдық округінде «Виртуалды сот» жобасын іске қосу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жыл басынан аудандық сотпен виртуалды режимде 2 қылмыстық материал, 4 әкімшілік іс қаралып, 12 өтінішхат жолданды. Шараны аяқтай отырып, сот төрағасы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап беріп, брифинг жұмысына қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Аягөз аудандық сотыныңбаспасөз қызметі

Сотты құрметтеу – әр азаматтың парызы

Тура төрелікті жасап, әділдікті айтатын сотты құрметтеу – әр азаматтың парызы. Сот ғимаратының табалдырығын аттағаннан бастап бұл жауапкершілікті әрбір адам терең сезінуі керек. Судья алдында жалған сөйлеп, шындыққа жанаспайтын куәгерлік көрсету де сотты сыйламауға жатады. Әсіресе, сот шешіміне өз сөзінің тікелей әсер ететінін біле тұра шақыртуға себепсіз келмегендер сотты құрметтемей тұрғандарын терең түсінуі тиіс. Шақырту қағаздары дер кезінде жеткізіліп немесе SMS-хабарламалардың жеделдігі артқан қазіргі кезде сот отырысының уақытында өтуіне кедергі жасау сотты ғана емес, Қазақстан Республикасының Заңын да сыйламау болып табылады. Жауапсыз азаматтар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес жазаланатынын ескеруі тиіс.

Аягөз аудандық сотыныңаға сот приставы Ыкласкожин Е.С.

Автокөлікті масаң күйде басқаруды тоқтатайық

Аягөз аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен айыптау туралы әкімшілік істер қаралуда.Бұл дегеніміз – жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру.Өзіміздің ауданымызда жоғарыда аталған баппен әкімшілік құқық бұзушылық саны күннен күнге артпаса, азаятын түрі жоқ. Автокөлікті масаң күйде басқару мақтаныш емес, жазатайым жағдайлар бола қалса, атап айтқанда, жаяу жүргіншіні байқамай қағып алса, абайсызда көлік апатына ұшыраса және басқа да жол көлік оқиғалары болса, бұған жауапты автокөлікті басқарған адам. Сондықтан, автокөлікті алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйде басқаруға жол бермейік.

Аягөз аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі Жунусова А.Т.

«Ұсақ бұзақылықтың бел алуы – Заң білместік»

Қазақстан Республикасының Ата Заңына сәйкес, мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені, адамның аталған құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруда ешкімнің оны бұзбауға, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғалатыны, қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге, не жазалауға болмайтыны, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға, өмір сүруге құқығы бар екені көрсетілген.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАН-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында былай деп атап көрсетті: «Мемлекет тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік принципін ұстануға тиіс.Дамыған қоғам барлық жерде тәртіп пен реттілік орнатудан, жайлы подъезден, жинақы ауладан, таза көшеден және жарқын жүзді адамдардан басталады.Біз ең ұсақ құқық бұзушылықпен, бұзақылықпен, мәдениетсіздікпен ымыраға келмеуіміз керек, өйткені осының өзі қоғам тыныштығын бұзады, өмірдің сапасына селкеу түсіреді. Тәртіпсіздік пен бетімен кетушілікті сезіну одан да елеулі қылмыстарға жол ашады. Ұсақ құқық бұзушылыққа төзбеу ахуалы - қоғамдық тәртіпті нығайтуға, қылмыспен күреске бастайтын маңызды қадам.Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс (ӘҚБтК) бойынша жауаптылыққа тартылуға тиіс.Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 25-тарауында көрсетілген. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша, ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларды қорлап тиісу, тұрғын жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластау, оның ішінде белгіленбеген орындарда коммуналдық қалдықтарды шығару және қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, төңірегіндегілерді сыйламаушылықты білдіретін іс-әрекеттер үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы әкімшілік істердің саны көбеюде.Аудан көшелерінде қалдықтарды тастайтын жәшіктер көбейіп, адамдар өзі жүретін көшелерге қалдық тастамауды, қоршаған ортаны ластамауды әдетке айналдыруы қажет.Аудан көшелерін қауіпсіз ету, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің басты міндеті.Мәдениетті, тәртіпті ел боламыз десек, әркім мәдениеттілікті, тәртіптілікті өзінен бастауы керек.

Аягөз аудандық сотыныңжетекші маманы Имандосов А.О.

Мемлекеттік тілді білу – әрбір азаматтың міндетіЕлбасы Жолдауында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы нақты міндеттер жүктелген. Мемлекеттік тілді оқыту қазірдің өзінде біраз игілікті істерге ұйытқы болуда. Әрбір мемлекеттік мекеме тарапынан халыққа қызмет көрсетуді мемлекеттік тілді жүзеге асыру міндет. Соған орай, мемлекеттік тілді жетік білу бүгінгі күні әр мемлекеттік қызметкердің алдына қойып отырған өзекті мәселесінің бірі. Сондықтан, мемлекеттік тілді дамытуға әрбір мемлекеттік қызметші өз үлесін қосуға тиіс.Тіл саясатының басты бағыттарының бірі – оны бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттау. Тіл туралы тіл жанашырларының жанайқайы баспасөз беттерінде көптеп жариялануда. Мемлекеттік тілді білу бұл жақсы мінез бен жақсы тәрбиенің белгісі десек, қазіргі жас ұрпақ қазақ тілінде еркін әрі ерекше бір сүйіспеншілікпен сөйлейді, ал, бұл тілдің жоғалып кетуіне жол бермейтін дұрыс ұстаным. Қазақ тілі – халқымыздың өткен ұрпағын тарихи біртұтастық, ажырамас бірлік жағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал екенін естен шығармайық.

Аягөз аудандық сотыныңжетекші маманы Кенженова Н.М.

Заманауи технологияларЕліміздің сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес үздіксіз жетілдіріліп келеді. Ширек ғасырдан астам уақытта елімізде түрлі реформалар жүзеге асып, сот билігі толық қалыптасты. Соттар қол жеткізген заманауи технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Соттармен арадағы құжат айналымы бірте-бірте қағаз нұсқадан электрондық нұсқаға ауыстырылып, бұл судьялар мен сот қызметкерлерінің жаңа заман талаптарына сай жұмыс атқаруына түрткі болды.2014 жылдың шілде айынын бастап «Сот кабинеті» электрондық іс жүргізу сервисі қолданысқа енгізіліп, сотқа жүгінушілермен өзара іс-қимыл негізінде сот ісін жүргізу жеңілдетіліп, соттардың жедел жұмыс атқаруына жол ашылды. «Сот кабинеті» сервисі азаматтар мен заңды тұлғаларға талап арызды электрондық құжат нұсқасында беруге, мемлекеттік бажды интернет арқылы онлайн төлеуге, хаттама көшірмесін беруге арыз, сот отырысының хабарламаларын, сотқа шақыру қағазын алуға мүмкіндік туғызады.Сонымен қатар, бүгінгі күні соттардың күнделікті іс жүргізу жұмыстары «Төрелік» құжат айналым ақпараттық жүйесі арқылы іске асырылуда. Бұл жүйе соттардағы құжаттар мен істердің тіркеу, қарау, орындау және басқа да процессуалдық, құжаттамалық іс жүргізу мерзімдерінің сақталуын бақылауға және есебін жүргізуге негіз болады.Сондай-ақ, сот шығындарын едәуір қысқарта отырып, процеске қатысушыларды хабарландыруды жеделдетуге мүмкіндік берген СМС-хабарлама мен гибридтік пошта жүйесі де тиімділігін көрсетіп үлгерді.Жуырда Жоғарғы Соттың «Сот кабинеті» сервисіне соттар мен судьялар қызметін сыртқы бағалау жөніндегі пилоттық жоба (сауалнама) іске қосылды. Сауалнама сот төрелігін қолжетілімділік, соттарда жарыспалылықты қамтамасыз ету, судьялардың сот әдебін сақтау секілді басқа да мәселелерді қамтиды. Сауалнамаға «Сот кабинеті» сервисінде тіркелуден өту арқылы қатысуға болатынын айта кету керек.Сот жүйесіне заманауи технологияларды енгізу сот ісін жүргізуді оңайлатып қана қоймай, сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын да қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Аягөз аудандық сотыныңбас маман Сагатбекова А.А

Page 8: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Қазақ айтады ғой, айтқыш-ақ халық қой. Осылай деп бастап жазуым мұң-ақ екен, түп етегімнен тартқандай етіп жат та кеп жабысып: «Е, өзің айтып отырғандай сол айтқыш қазақ не депті?” – деген сұрағыңызды тұп-тура сүбе қабырғадан қойып жіберетін ежелгі машығыңыз ғой (оқырманды айтып отырмын да). Айтсам, әлгі нағашым деген, нағашы деген сөзге байланысты гәп қой. Сол қазақ «Ер жігттің үш жұрты болады: біреуі өз жұрты, біреуі қайын жұрты, біреуі нағашы жұрты» деген ғой. Нағашы мен жиен деген тонның ішкі бауындай қабысып, туысып кеткен жандар болып есептеледі. Бірақ та осы нағашы нағашы болғалы, жиен жиен болып туысқан екеудің арасында ежелден, тіпті, атам заманнан үзілмей келе жатқан бір дау бар. Ол даудың аты «қырық серкеш» дауы.Нағашы мен жиен деген кездесе қалған жерде үй-іші, бала-шаға, мал-жан амандығын екеу ара алма-кезек сұрасып болған соң баста айтып кеткеніміздей үзілмей, бітіспей келе жатқан қырық серкеш дауын бастайды ғой дүрілдетіп.Менің Қабден дейтұғын қайын атам (қазірде марқұм), әлгі жиендерімен қырық серкеш дауы туғанда, құдай-ау десеңізші, әлгі жиені даулы қырық серкешін тұп-тура тап осы жерде қайтарып бер деп талап етіп тұрғандай әртүрлі қашыртпалы уәждерін үйіп- төгеді-ау енді.Міне, сондай жиен мен нағашы дауының үстінен түскенім бар ғой. Жиені айтады: «Қабден нағашы, бұл не сараңдық, осы қырық серкешті бір-бірлеп берсең де баяғыда-ақ құтылатын едіңіз ғой».Сонда Қабден атамыз не лаж айтады дейсіз:-Ә, нәні, әй менің жиенім сен ғанасың ба? Жиен деген менде жыртылып-айырылады Әгәрәкім мен тас лақтыратын болсам сол жиендерге тиеді. Соның әрқайсысына қырық серкештен таратып бере берсем, қай шашым шақ келеді? Қай ешкі шақ келеді? Не сендер мені әр жиеніме қырық серкештен таратып беретін мені ешкілі бай дейсіңдер ме? Жоқ әлде, құдай тағала мені нағашы, сендерді жиен етіп жаратқанда алдыма бір отар ешкі салып берді ме? Әрі сендердің нағашыларыңнан «қырық серкеш бер», «қырық серкеш бер» деп даулап, сұрамсақтанып жүргендерің тіптен де дұрыс емес.Мен айтсам, ол қырқылған, бірақ серкеш дейді ғой. Сонда жиені тұрып: “Қабден нағашы, сіздің де бұл айтқан уәжіңіз қисынға тіптен келмейді.

Әдебиет айдынында

Итқара деген елдегі Жұмагелді нағашым

(хикаят)

Жалпы мен өзім – өз болғалы «нағашым қырық серкешін түгелдей дерлік қайтармаса да там-тұмдап әй бір 20 шақтысын қайтарды” деген жиенді естімеппін. Осыған қарағанда нағашы мен жиеннің қырық серкеш дауының нүктесі жиен-жиен болғалы, нағашы-нағашы болғалы қойылмайтын дау болса керек.Ал енді өз нағашым Жұмагелдіге келетін болсам, Жүкең «Жұмагелді деп отырғаным ғой», менің нағашы әжем Қадиша жарықтық Жұмагелдінің апайы, яғни, екеуі бір ел «итқара» болып келеді.Ауылымызда Жұмагелді аттас әй бір 4-5 Жұмагелді болған шығар. Оларды жұрт шатастырып алмас үшін көбінекей ауылдас ағайындар елі мен, тағы да басқа бір-бірімен өзгешеліктерімен қосақтап анықтап жатады.Мәселен, мен жазып отырған Жұмагелдіні жұрт “Итқара Жұмагелді” деп атап жататыны сондықтан болса керек.Біздің бала кезімізде мынадай деп жаңылтпаш айтатынбыз: “Ай Тайқарбай дегенге, ай Тайқарбай,Қойыңды Ақшәуліге жай, ТайқарбайТайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр.Ай Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай?”Жаңағы көп Жұмагелдінің біреуі аталып «япыр-ау, бұл қай Жұмагелді?» дегеннің кері сияқты осы жаңылтпаш тегін айтылмаса керек.Жә делік, өз басым ол кезде бала болғандықтан Жүкеңді нағашы ретінде танысам да батылым жетіп қырық серкеш дауын қоздатып, сұраған бала емеспін. Дегенменде «Дүние ісі ақыретке кетпейді» дегенге сайып айтсамЖұмагелді нағашыммен өзім-өз болып қырық серкеш дауын қозғағаным болған-ды.Ол кезде Алматыдағы С.М.Киров атындағы еңбек “Қызыл Ту” орденді Қазақ Мемлекеттік университетінде оқып жүрген кезім болатын.Әлде жаз, әлде қысқы сессиядан соң ауылға аз күндік демалысқа келіп жатқанымда орталық көшеде тұрып жатқан Жұмагелді нағашымның үйінің тұсынан өтіп бара жатып “Жүкең үйіне кіріп сәлем бере кетейін” деп бас сұққаным бар емес пе. Ондағы ойым қырық серкештен тым болмаса «серкеш тиіп қала ма деген есек дәме».Бұл кезде нағашымды кәрілік иектеп, шау тартып, артбасты болып отырып қалған тұсы

болатын.Менің берген сәлемімді алған соң жорыта танымағансып бәйбішесіне қаратып “Жаңылтай, мына сәлемші жігітті танымай жатырмын” деп қағытып өтті.Ал жеңешеміз болса салдырлап қалған ақ көйлек мінезімен: «Қойшы Жұмагелді, сенің осы мінезің-ай, Ақанның ұлы-жиенің Тілеген емес пе».-Жоғары шық айналайын, дені- қарның сау ма? Демалысқа келіп жатырсың ба? Оқуыңды да орталап қалған шығарсың? Өзің білетін Мұқатай атаңның қызы Тұрсын апайыңның жолдасы, ақын әрі жазушы Ерғазы ағаңды танитын шығарсың?Өзің болсаң мектепте оқып жүрген кезіңнен аудандық «Алға» газетіне жазып жүрдің емес пе. Әлгі айтып жатқан Ерғазы жездең сол газетте істеді емес пе. Сол Ерғазы ағаң сені ылғи да мақтап «сол ұлдан түбі жақсы журналист шығады” деп әмседе жақсы үмітте болатын. Сен сол Ерғазы ағаңның үкілеген үмітін ақтап шығатындайсың ғой. Қоярда қоймай жүріп журналшылық оқуға түстің.Ауыл әрі өзіңнің тоққожаларың болса “тоққожадан да бір журналшы шығатын болды” деп ауыздарынан тастамай, сенің үкілі үмітіңді үкілеп күпсиетін болды,-деп мақтауымды асырып жатқан жеңешеме рахметімді айтып, біртүрлі ыңғайсызданғаным бар.Осы кезде Жұмагелді нағашым тұрды да: - Пәлі, Жаңылтай, жетті енді, сенің осы сөздерің болмаса мен жиенімді танымай да қалған екенмін, – деп қуақыланғаны бар емес пе. Бұл сөз енді, нағашымды айтамын да, аз сөйлесе де саз сөйлейтін, әрі езуінің бір ұртында мысқыл жүретін, сонысына басып жатқаны ғой. - Жә, Жаңыл шәй қой, қазан көтер. Дәу де болса менің осы жиенім қырық серкешін даулауға келмесе не қылсын. Қазан көтермесең қырық серкешке тағы да бір серкеш қосып қырық бір серкеш қылып қояр. Бұл дәукес жиендерден ондай-ондай шығады, – деп барып тоқтады. “Қырық серкеш” дауынан құтыла алмай жүргенде оның үстіне тағы да бір серкеш жамалып, қосылып қалса, сол жиенге берер серкештерден құтылу бұл Жұмагелдіде жоқ шығар,- деп тағы да үстеп қойды. Нағашы мен жиеннің айтысын «Тамаша» ойын-сауық отауында Құдайберген Сұлтанбаев марқұм мен

Тұңғышбай Жаманқұлов қатырып ойнайтыны бар емес пе, көрсететін еді ғой. Көрермен жұрт тәнті болушы еді. Бұл әзіл- оспаққа, әсіресе, нағашы мен жиендердің қыбы мен айызы бір қанып, бір жасап қалатын.Жә делік, сол күні нағашым үйінің бұйырған үлкен асын жеп, дәл кетер кезде: - Әй Жаңылтай, «орамал тон болмайды, жол болады» дегендей, жиеніме Алматыға жетерлік жол-пұл ақша бер, бұл жолы да қырық серкештің біреуін де ала алмай, нәумез кетіп барады ғой. Сөйт, Жаңылтай,- деген-ді.Обалы не керек, «алмаймын, шешем Күлістанның маған жолға деп зейнетақысынан жырып, жинақтап қоятын ақшасы да жетеді» дегеніме қоймай, қалтама едәуір ақшадай қаржы салған-ды.Иә, сөйткен Жұмагелді нағашым тіршілігінде не кәсіп қылып еді? Жанұясын не кәсіппен асырап еді дегенге ойыссақ. Айтсам, кәдуескі тракторшы болатын. Қолхоз алғаш ұйымдастырылғанда “ХТЗ”, “ЧТЗ” дейтін темір доңғалақты, алдынан темір бұрандамен «рукоятка» бұрап от алдыратын тракторға отырды ма, отырмады ма, ол жағы туған әкем Ахмет (Ақан) жарықтыққа мағлұм болмаса, өзім турасынан отырды деуге білмеген соң, көзім еркін жетпеген соң “солай болатын,отырған” деуге тағы да ауыз бармайды, айта алмаймын.Енді жаңа ғана жазып өткен, сиясы да кетпеген жолдарда “ХТЗ” болсын, “ЧТЗ” болсын алдынан бұрап от алдыратын деп жаздық қой. Оның әйтік моторын бұрап, от алдыруға күш керек.Қазақтың арқалы дүр ақыны Қалижан Бекқожин жарықтық та еңбек жолын тракторшы болудан бастаса керек. Өзі жазған естелігінде былай деп жазғанын оқығаным бар. «Мен Шаңдақ даласында боразда тартқан, қаны шыққан тракторшымын ғой.Бірақ сөйткенмен де әлгі “ЧТЗ” деген пәлекетті от алдыру мен үшін қиямет-қайым, азап болатын.Сол кездегі күші бар ағаларыма «менің тракторымды күйлендіріп берші» деп жалынып жүретінімді қалай ұмытайын.Ал өзім ес білгелі Жұмагелді нағашым шынжыр табанды “ДТ-54” тракторын жүргізетін, кейінтін Павлодар трактор заводы шығарған әлгі “ДТ-54”-тің жетілдірілген түрі “ДТ-75”-ке отырды.Сол кезде рулі жеңіл

“Беларусь” тракторы шыққан.Сол тракторды Жүкеңнің ізін басып келе жатқан Әкрәм, Еділ, Ораз, т.б. ағаларымыз айдағандығында дау жоқ.Бұл «Беларусь» тракторлары менің Жұмагелді ағамның “ДТ-54” тракторының қасында жүрісі жұмсақ, үні де “ДТ”-ға қарағанда құмыға шығатын, айдауға жеңіл рульді тракторлар болатын еді. Айтқандайын, сол “Беларусьтің” өзі кабинасыз еді.Ал Жүкеңнің “ДТ”-сы табаны жалпақ, шынжыр табан, үні болса жер-дүниені көшіріп жіберетін, оның үстіне шынжыр табаны да сылдыр-сылдыр етіп мотордың алып гүріліне гүріл қосып жүретіні тағы бар.Қысқы аяздарда аңғал-саңғал кабинада суыққа тоңып, жаз болса аптап ыстыққа қақталып, сол “ДТ”-ға таңғы әтеш шақырғанда отырып, кешкі ымырт қараңғыланғанда бірақ түсетін еді-ау, жарықтық.Жүкеңді қойшы, құлақ дейтін шіркінге бір тыным, тыныштық кешетін сәтті, күйді айтсаңызшы. Моторды сөндіргенде ол кісінің құлағы мына тіршілік бір сәтке тоқтап қалғандай өлі тыныштық орнағандай күйді сезінетін шығар. Мұны енді менің Жұмагелді нағашымның құлағында тіл жоқ, әйтпесе менің мұңымды да мұңдайтын пенде баласы бар екен-ау дейтінінде сөз жоқ.Расында да, айтты – айтпады түскі ас ішкенде бірер сағат мотор үні өшірілгенде болмаса, құлақ байқұс күні бойы бір сарынды мотор үнінен қайтып мезі болмасын. “Бір ойды бір ой қозғайды” дегенге сайып айтсам, Жұмагелді нағашым трактор айдаудан қолы бір сәтке босап көрмеген пенде. Сол кісіні айтамын да, жылына бір берілетін еңбек демалысына шығып көрді ме екен десеңізші. Әй, қайдам? Өйтетін себебі, жылына бір таусылмайтын шаруашылықтың қат-қабат қайталанып келе беретін науқандық жұмыстары сол Жүкеңнің демалысқа мұршасын келтірмеді ғой.Діңкелеп, шаршап жүрсе де шаруашылық басшыларына: «Әй, мен осы шаруашылықтың құлақ кесті құлы емеспін ғой, қысы-жазы жұмысқа жегілетін. Маған да демалысқа бұйрықты шығар” деп айтқанына күмәнім бар. Әйтеуір «құрт есесі көжеден» дегеннің керіндей, бір рет ауырып, дімкәс күй кешкенді демалысқа санап жүре беретін жарықтық еді. Әр адамның туа бітті бір ерекшелігі болатыны сөзсіз. Біреу малшы, біреу жылқышы дегендей. Жүкең жарықтық суретші еді. Әттең, осы бір қасиетті ұстамай қалған сияқты. Ол өзі тұстастарына, қызметтестеріне арнап қара қарындашпен әзіл суреттер салатын. Болмаса, шетелдік әйгілі сықақшы суретші Херлуп Бидуструп болғандай еді.Ол өзімен әріптес жалқау тракторшы бауырларына да

Тілеген Ахметұлы,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Семей-

Аягөз-Үржар.

Мөлдір сана 8 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Page 9: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 9

әжуалап әзіл суреттер салатын. Бұл қайдан шыққан өнер, бұл неге керек?Менің әкем Ахмет Әбенов 3-топтағы соғыс мүгедегі еді. Осынысына орай оған шаруашылық жеңіл жұмыстар беретін. Соғысқа дейін өзі де тракторшы болғандықтан, тракторшылар бригадасының бригадирі болып істеді.Әкем жарықтыққа көнбейтін кейбір қира кезік қиямпұрыс тракторшылар әкемнің тілін алмай жағын-жар, тілін- кез қылатын уақыттар аз болмайтын.Осы кезде әкеме жаны ашыған Жұмагелді марқұм әлгі тракторшыларды сықақтап әзіл суреттар салатын. Суреттерінде трактордың моторын шашып тастап, мотордың бір деталін ұстап алып «мынаны қай жерден алып едім, енді мұны қай жерге жаратам» деп басы әңкі-тәңкі болып отырған тракторшының сықақтап салған суретін Жұмагелді марқұм оған көрсетіп: -Осы суретті «Ара» журналына жіберемін,- десе әлгі тракторшы тұрып: «Әй Жұмагелді, тап қазір мына суретіңді құрт» дейді жалынып. Бұл жалыну, бұл жалбарынуға оңайшылықпен көніп илігетін Жүкең бе?«Жоқ, бұл суреттің әлі жалғасын саламын, онда сен әлгі басың қатып мына бөлшекті қайда, қай араға бекітемін дегенді тауып, тартылыс заңын ашқан ғалымдай болып, екі саныңды шапаттап «таптым, таптым» деген суретіңді салатын боламын дейтін көрінеді. Иә, десе дегендей, менің Жүкең нағашымның бір қыры еді.Тағы бір осындай эпизод.Менің әкем Ахмет («ертеректе жеңгелері Ақан атап кеткен ғой») Ұлы Отан соғысына қатысып қайтқан 3-топтағы соғыс мүгедегі болатын деген жолдарда айтып өттік қой.Бригаданың бас қосып, фермаларға тарайтын кеңсесі- орталықтағы біздің үй болатын. Содан тапсырмаларын алып болған соң трактор жүргізушілер тиын-тебен құрап, бірер жартылық ішетін әдеттері болатын. Бір-бірінен құрап-сұрап дегендей бір жартылық алып келіп Жүкеңе мезіреті жасаса, ол біздің үйдегі эмальды дәу көк ожауды ұсынып «осыған құй» десе өздеріне қалдырғысы келіп, бөтелке орталанғанда бөтелкедегі “ақмағамбетті” құйып жатқан жігіт: «Болды-ау деймін Жүке” десе: «Құй, құй түгел” дегеніне әлгі арақ құйып тұрған жігіт: «Е, осы ожаудан кезектесіп ішетін болдық қой” деп ойлап түгел құйып, бос бөтелкені жерге қылжита салып: “Ал, кезектесіп ішейік”” десе, Жүкең тұрып “ішсек ішейік” деп ожау толы арақты тамшысын да қалдырмастан басына бір-ақ төңкере салады екен. Міне, қара кесек деген елдің Шонтай-Тонтайы менің Жұмагелді нағашымдай-

ақ болар. Бұл жағдай менің Жұмагелді нағашымның бойына біткен кесектік, мәрттік болмысынан басқа ештеңе де емес.Кейінтін сол ауыздары құрамай қапқан үлкені бар, кішісі бар Жүкеңнен “бөтелкеге ақша қосасыз ба?” деп сұраса менің қайран Жұмагелді нағашым “ожаумен құйып берсеңдер қосыламын” дейтін көрінеді. Сөйтіп, әлгі әріптестері бір жарты емес, екі жарты арақ алып, басқалар бір жартыны бөліп ішсе, Жүкеңнің сыбағасы бір ожау болады екен. Содан бір жарты жұмырларына жұқ та болмаған әлгілер: «Әй Жүкә, бұл қандай қадет, бөліп ішкен тәтті емес пе?” десе: “Ішкен соң тамшылатып ішпей, бір-ақ рет ожаумен ішкенге не жетсін» деп әлгілерді әжуа етіп, сылқ-сылқ күлетін болса керек.Сонаң соң Жүкеңнен әбден түңілген олар «Әй Жүке, сізге дауа жоқ екен» деседі.“Өмірі ат үстінде өтті дегендей Жұмагелді нағашымның бар өмірі де зейнетке шыққанға шекті тракторда өтті ғой. Үйі де, күйі де трактор болды десек те, “трактор кабинасында ұйықтапты” дегенді бұл жиені Тілеген естімепті.Жүкеңнің тағы бір ерекшелігі- пәленбай жыл айдаған тракторының мотор соғысын, кінәратын 5 жыл институтта оқып шыққан инженерден артық білмесе кем білмеуші еді.Осы бір сөйлемді оқыған соң «ойбу құдай-ау десеңізші (оқырманым айтады да баяғысынша), 40-50 жыл трактор айдасаң өзің де Жұмагелді нағашыңдай болып оның мотор соғысын да, кінәрәтты да дөп басып айтар едің ғой. Осы жерге бас инженерді айтқаның қай сасқаның. Сол инженерің Жұмагелді нағашыңдай арты ойылып, трактор айдады дейсің бе?” дер. Балаң тракторшылар жүргізіп жүрген тракторларының ақауын онша да мұнша анықтап біле бермейді. Олар көбінекей механиктер мен бас инженерге жүгінеді. Кейде сол механиктер мен инженерлердің өздері тап басып трактор ақауын анықтай алмайтын жағдайлар жиі ұшырасады. Міне, осындай шақта олардың өзі кәнігі тракторшы Жүкеңе жүгінеді. - Әй, осының ақауын Жұмагелді ағамыз білмесе біз біле қоймадық, Жүкеңе көрсетіп алсаңдаршы. Осы трактордың кінәратын сол кісі айтсын,- дейтін көбінеки, көп реттерде. “Сөйтейік, сол кісі көрсін”- дейтін әлгі механигі бар, инженері бар, техника білетін құдайлар. Осы пәтуадан соң амал жоқ әлгі тракторшы: - Жұмагелді аға менің тракторымның ақауын әлгі инженері бар, механигі бар ешқайсысы дөп басып айта алмады. Сіз көріп бермейсіз бе?-десе, Жүкең тұрып: «Әй, сендер де бір, трактордың

жүргізушісімін, тракторшымын деп күмпиіп жүргенде сондайсындар. Кәнеки, тракторларыңды от алдырып жібер. Бұған қандай ақау жабысты?”- дейтін. Содан тракторшыға “қане, газды басыңқырашы, енді азайт” дейді де, “жә болды, өшіре ғой” деп, трактордың моторы өшкен соң «бала, слесарьға бірер күндік жұмыс тауып бердің, мынауыңның шығыршығы тозған, соны ауыстыру керек” дейді. Онысы кольцосы ғой. Осылай тракторының ақауын тап басып айтқан Жұмагелді ағасына әлгі трактордың иесі: - Тұп-тура солай ма? Ақау содан бе екен?-деп дүдәмалданып сұрақ қойса, Жүкең тұрып: «ерте күнді кеш қылмай тракторыңды машина-трактор ауласына кіргізіп, моторын шеш”-десе, әлгісі тағы да “сөйтейін бе енді” – деп дүдәмәл сұрақ қойса: - Өй, енеңді ұрайын, қырт неме, жөнел,- дейді екен әлгіге тап беріп.Осы бір эссе - хикаяттың әуп бісмілласын нағашы мен жиен арасындағы қырық серкеш дауынан бастағанымыз есіңізде болар.Ал олай болған күнде эссе- хикаяттың тәмәмдамасын, тұсын, оның соңғы нүктесін тағы да сол нағашы мен жиен, қырық серкеш дауын еске салып, сонымен аяқтасақ құдай жөні болар.Сол Жұмагелді жарықтықпен көзінің тірісінде жолығысып қалып (сырқатты жағдайда деп отырғаным ғой), айырылысар сәтте кешу сұраса мен жиені «Т.А» еш ойланбастан: “Өзіңізден жиен ретінде даулап жүрген қырық серкешті кештім» дер едім.Сізге менің еш те болса кеш жазған осынау естелігімді оқуға тағдыр жазбаған екен. Жазбағаны, сіз фәни дүниені артқа тастап бақи дүниеге аттанып кеткен жансыз.Мен бейбақта нағашы деген ит ырғылжың көп қой. Солардың барлығына осындай бас-аяғы балғадай жұп-жұмыр эссе - хикаят жазамын деп айта алмаймын.Бұл дүние-нағашыларының ішінде бейнетті ең көп кешкен, бейнеткеш адам сізге арнап жазылған журналист жиеніңіздің еске алу жазбасы.Бақида жатқан қайран да менің Жұмагелді нағашым, үлкенді-кішілі қатымдарда оқылатын дұғаларға қол жайып, сіздің де атыңызды атап, “Жұмагелді нағашыма да тие берсін” деп бет сипайтын жиеніңіз

Р.S. Әр жазушы, журналистің өзіндік тілі мен стилі болады. Журналист-жазушы ағамыз өмір бойы қаламын серік етіп, өзіндік стилімен жазып келеді. Бұл эсседен де жас талаптың үйренері бар.

Әдебиет айдынында

№22(330) 28 желтоқсан, 2018

Бітімгерлік бабалар мұрасынан қалыптасқан

Қазақстан Республикасының медиация туралы заңы 2011 жылы қабылданып, күшіне енгені бәрімізге мәлім екені сөзсіз. Аталған заңда ел тұрғындарының арасында туындауы ықтимал деген даулы мәселелерді ушықтырмай, сотқа дейін жеткізбей-ақ дауласқан тараптарды ортақ мәмлеге келтіру механизмдері бекітілген. Медиацияның мақсаты ақшаға, не қандай да бір мүлікке қатысты даулы мәселелерді сотқа жеткізбей-ақ шешуге шақыру, яғни медиаторлардың көмегіне жүгінуге шақыру. Мұның бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден, дауды уақыт созбай, қысқа аралықта шешуге болады. Екіншіден, сотқа дейін жетпейді. Демек, жеке өмірдің құпиясы сақталады. Уақыт созбай, тезірек шешуге мүмкіндік бар, медиаторлардың көмегіне жүгінгендер қағазбастылықтан арылады. Даулы мәселе шешімін таппай, сотқа дейін жетіп жатса, сот алдында әрбір аргумент, әрбір пікір құжатпен дәлелденуі керек. Заң талабы сол. Демек, сотқа жүгінсеңіз, бума-бума қағаздарыңызды дайындауға әзір болыңыз деген сөз. Бір жағынан мұндай үндеу судьялардың жағдайын жақсартуға, жұмысын жеңілдетуге бағытталғаны рас. Әрине, әр түрлі даулы мәселелер сотқа дейін шешіліп жатса, судьяларға да жеңілдігі тиетіні сөзсіз. Бірақ, бұл ең алдымен тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталғаны хақ. Уақытты үнемдейді, жүйкені тоздырмайды. Жалпы медиация дегеніміз не? Неліктен біз оны бабалар мұрасына балап отырмыз? Көне заманнан бері адамзат баласы даулы мәселелерді шешіп беру үшін үшінші тараптың көмегіне жүгінген. Мұндай деректер ежелгі Грекия тарихында да кездеседі. Көне Рим құқығында да мұндай қызмет түрі заңмен реттелетін. Атақты Төле, Қазыбек, Айтеке билер бүгінгі күннің кәсіпқой медиаторлары іспеттес. Өзара дауласып, жанжалдасып қалған руларды, ауылдарды, әулеттерді бір-бірімен татуластырып, әділ шешімін шығарып, ортақ мәмлесін тауып жүрді емес пе. Тәуке ханнан мұра болып қалған «Жеті жарғыда» да баптардың біразы медиация принциптеріне негізделеді. Айталық, аса ауыр қылмыстар үшін, адам өлтіру, зина жасау, қарақшылыққа бару сияқты қылмыстар үшін өлім жазасына да кесілуі мүмкін еді. Алайда, іске билер, беделі зор ақсақалдар араласатын болса, жауласқан тараптарды татуластырудың амалдары қарастырылып, көп жағдайда қантөгіссіз, кек алусыз шешілетін. Сондықтан медиация нағыз демократиялық және адамдар арасында орын алатын даулар мен жанжалдарды сот органдарына жүгінбей-ақ шешудің ең тиімді түрі десек артық болмас.

Семей гарнизоны әскери сотының Бас маманы-сот отырысының хатшысы

А. Мырзатаева.

Page 10: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 10 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

97616 әскери бөліміндегі Тәуелсіздік мерекесі

16 желтоқсан Тәуелсіздік күні – ол ұлттық мереке, оның тамыры – жасампаздық рух, ұраны – ел мен халық. Олай болса, өміршендік пен кемелділік аясында өмір сүріп, бейбітшілік, татулық туын биікке көтерген Қазақстан халықы жаңа әлемнің жаңалықтарына ұмтыла бермек. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына, демократиялық және құқықтық мемлекет құру жолында аянбай еңбек етуіміз қажет.Осы айтулы мерекеге орай еліміздің ұлықты да, қастерлі мерекесі Тәуелсіздік күні барлық аймақтарда кеңінен аталып өтті. Сондай айтулы мерекелік кеш 97616 әскери бөлімінде әскери қызметкерлермен олардың балаларының қатысуымен жалғасын тапты. 97616 әскери бөлімі командирінің міндетін уақытша атқарушы подполковник Уалиев Асылан Сайлауұлы тәуелсіздіктің біздің мемлекет үшін қадір-қасиетіне тереңдетіп тоқталды. Сонымен бірге, тәуелсіз мемлекет болғалы Қазақстан Республикасының Президенті және Қарулы Күштерінің Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында жеткен жетістіктерін ашып айтты. Сондай-ақ әскери бөлімнің қызметкерлерін жеткен жетістіктеріне сай мадақтама грамоталарымен, мерекелік медальдар мен әскери шендер табыстады. Әрмен қарай әскери қызметкерлердің өнерлерін тамашаладық. Әскери қызметкерлер ән мен биден шашу шашып, кеш қонақтарына жақсы көңіл- күй сыйлады. Жүрек тебірентер көріністер де, шырқалып айтқан әндер де, мың бұрала билеген өнерпаздардың өнерлері де барша қонақтардың көзайымына айналғандай болды.Әрдайым мерекелік іс-шараны жоғарғы деңгейде ұйымдастыра білетін, бірлігі мен ынтымағы жарасқан бұл ұжымға тек табыс пен бақыт тілейміз. Тәуелсіздігіміздің ғұмыры ұзақ болсын!

Қ а з а қ с т а н Республикасының «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында 97616 әскери бөлімінде жас сарбаздар құрамының әскери ант қабылдау рәсімі болып өтті. Әскери ант қабылдау-адалдық рухы. Отанымыздың тәуелсіздігін қырағы күзету - ең ұлық қызмет, мәртебе. Осы айтулы шара соның айқын мысалы, айшықты айғағы болса керек.Жас сарбаздарға өзінің жылы лебізін білдіріп, айтулы мерекемен құттықтау үшін 25750 әскери бөлімі әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс

Бетті әзірлеген:Ләззат Бақтиярқызы«М.С»-ның өз тілшісі.

Желтоқсан айының 13 жұлдызында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында 97616 әскери бөлім қызметкерлері арасында қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегінен іріктеу жиыны өткізіліп, мықтыларды анықтау мақсатында жарыс өткізілді. Бұл спорттық шараның мақсаты – қоян-қолтық ұрысты әскери-қолданбалы спорт түрі ретінде дамыту, әскери оқытудың маңызды құралы ретінде саламатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың кәсіби шеберлігін және төрешілердің біліктілігін арттыру болып табылады. Игі бастамаға мұрындық болған, осы жарыстың басы- қасында жүріп ұйымдастырған 97616 әскери бөлімінің дене дайындығы спорт қызметінің бастығы аға сержант Сандыбеков Орынбек Жанатбекұлы. Аталмыш жарыстың әділ болуын қадағалап отырған бас төрешілер: 97616 әскери бөлімінің командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник А.Бекназаров; 97616 әскери бөлімінің саптық қызметінің бастығы капитан А.Закиров;Кілем үстіндегі төрешілер: 97616 Б әскери бөлімінің взвод командирі аға лейтенант Ж.Кабдуахитов; Қамтамасыз ету батальонының бөлімше командирі сержант Ж.Уатаев;Қамтамасыз ету батальонының бөлімше командирі кіші сержант М.Байдахметов.Осы жарысқа арнайы келіп қатысқан құрметті қонақтар: Аягөз қаласындағы «Кудо» мектебінің жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, 2018 жылдың қараша айында Жапония мемлекетіне барып «Қара белбеу» иегері атанған Мусабаев Мейрам; Аягөз қаласындағы «Кудо» мектебінің түлегі, жауынгерлік самбодан спорт шебері, дайдоджуку кудодан спорт шебері Аманжол

Қоян-қолтық ұрыс жекпе-жегі

Хайса; Аягөз қаласындағы «Кудо» мектебінің түлегі, Джиу-джитсудан спорт шебері, жауынгерлік самбодан спорт шебері Манасов Рауан, 10810 әскери бөлімінің жаттықтырушысы Бексатов Мұхтарбек.Нағыз сайыпқыран жігіттердің айқасы деп қоян-қолтық жекпе-жекті айтуға болады. Оның үстіне осындай спорт түрін серік еткен еліміздің тыныштығын қорғап жүрген азаматтарымыздың мықты да епті болғаны елдің де көңіліне медет бола білген командаларды атап өтейік: -Жауынгерлік басқару дивизионы;-зениттік зымырандық дивизионы;-зениттік зымырандық

батареясы;-қамтамасыз ету батальоны;-97616 Б әскери бөлімі;Ашық жарыста бес команда сапында 60 шақты әскери қызметші 60-85 кг аралығында салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 60 кг салмақта:І орын – ефрейтор Бурабаев;ІІ орын-сержант Мамеленов;ІІІ орын- ефрейтор Естай;

65 кг салмақта:І орын-майор Отынбаев;ІІ орын- аға лейтенант Мұхаметкалиев;ІІІ орын – ефрейтор Төлеуов;70 кг салмақта: І орын - ефрейтор Баймухаметов;ІІ орын-ефрейтор Талсиков;ІІІ орын- қатардағы жауынгер Маратжан;75 кг салмақта:І орын – қатардағы жауынгер Оралханов;ІІ орын- лейтенант Қабдолда;ІІІ орын- кіші сержант Қамбақов;85 кг салмақта:І орын- сержант Бекенов;ІІ орын- ефрейтор Тұтқышбаев;Жекпе-жек – бабалар үрдісінің жалғасы, білектілер мен жүректілер сайысы. Елдің

шетінде, желдің өтінде ел қорғаны болып жүрген қатардағы жауынгерлер құрыш білекті, ер жүректі болулары тиіс. Сайыстың жеңімпазы атанғандар алдағы ел көлемінде жалауын көтеретін байрақты додада бақтарын сынап, өңір намысын қорғайтын болады.

Жас сарбаздар әскери ант қабылдады

күштерінің қару-жарақтары мен әскери техникаларын пайдалану және техникалық дайындықтарын бақылау бөлімінің бастығы- әскер тектерінің бастығы полковник Жетписбаев Қуаныш Аманжолұлы; Аягөз аудандық қорғаныс жөніндегі

істер бөлімінің бастығы подполковник Айтказин Серікжан Сабыржанұлы; ҚК ардагерлер ұйымының мүшесі 2 сыныпты сержант Нурпейісов Милат Кабиұлы; ата-ана қ/ж Есенгелді Нұрланның апасы Абдігаппарова Ратгүл

Есенкелдіқызы сөз алып, барша жас сарбаздарды ант қабылдау рәсімімен құттықтап, тек биіктерден көрініңдер деп жылы лебізін білдірді. Біз де өз тарапымыздан жас сарбаздарға осы қабылдаған

әскери анттарына адал болуларын, әскери қызметтің қиындықтарына мойымай, табандылықпен төтеп беруге шақырып, борыштарын ойдағыдай өткеріп болып үйлеріне, ата-аналарына аман-есен оралуларын тілейміз.

Page 11: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 11 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

«Өткен адам болады көзден таса,Өлді-өшті оны ешкім ойламаса.Ол кетсе де белгісі жоғалмайды,Керектісін ескеріп ұмытпаса». (Қ.Шәкәрім).

Телефон шырылдады, алсам, ақын інім Қазбек екен. “Аға, сүйінші! Астанадан Ерғазы Рахимовты еске алу мүшайрасына қатынасып, 2-ші орын алып келдім,”- деп, қуанышымен бөлісіп жатыр. Ерғазы аға әкемнің ең кенже інісі Шәріпхан (Чанай) ағамен дос болатын. 7 ұлдың кенжесі Шәріпхан ағамыз мамандығы есепші. 30 жыл сауда саласында үзбей қызмет істеген, 20 жылдай авто-дүкен (автолавка) айдаған есепке әтте жүйрік. Ақын, жазушы, әнші дейсің бе, дос-жараны көп адам еді. Ерағаңды алғаш рет 1974 жылы студент кезімде ағаның үйінде көрдім. Мені «Семейде оқитын ағамның үлкен ұлы» деп таныстырды. Ерғазы аға орта бойлы, шашын артқа қайырған, қара торы өңді, көзі оттай жайнаған адам екен, әлі көз алдымда. Содан ағамыздай сырласып, сыйласып, тонның ішкі бауындай араласып кеттік. Ерағаңның үйінде қазақтың маңдайына біткен ақын, жазушылары О.Бөкеев, Қ.Ықақов, т/б қонақтар көп келетін.Мен жұмысқа араласқанда анда-санда өлеңмен хат жазып жіберетін: (үзінді) Ассалаумағалейкум, Ақаш бауырым!Ердің құнын екі ауыз сөзбен,Шешетін жігіт болдың.Ағада бар болса алтау,Жоқ болса үшеу «мә» беріп жібер,Ағаңның қонағы көп қой...» дейтін.“Ағаң Ерғазы” деп қол қоятын.Ерағаңнан хат келген соң бізде жан қала ма, алтау болмаса да екі «мәні» таңдап, Тарбағатайдың құйрығы тегенедей ақ-сарыбас қойынан жіберетінбіз... 1985 жылы Андроповтың ызғарынан кейін М.С.Горбачовтың «Қайта-құру», «Хоз-расчет”, “Арендный подряд» сияқты жаңа қаулы-қарарлары шығып жатқан кез. Ол кезде №3 Ақшоқы деген ауылда ферма меңгерушісі болатынмын. Маусым айының ортасы, рациядан “жедел сағат 2-де совхоз орталығына жет» деген бұйрық алдым. Қасыма ферма мал дәрігері Слямтай аға мен бухгалтер Райымбек ағаны алып совхозға жөнелдік. Келсек, Алматыдан уәкілдер, ақын-жазушылар келген екен. Жиналыс МТМ-де өтті. Зал мұғалімдер, совхоз активі, шоферлер, құрылысшыларға лық толы. Жиналысты директор Б.Ш.Түспеков ашып, келген

адамдарды таныстырып жатыр. Сөз кезегі уәкілдердің бастығы жазушыға берілді.Уәкіл саясаттан бастап, тарихқа ауысып, ақыры өзін дәріптеуге көшті: «Мен Эстониядағы жазушы досымның үйіне барғанда картадан Қазақстанды алақаныммен, Эстонияны бас бармағыммен ұлына көрсеттім» деп сөйлеп тұр. Мен бұл шығарманың басқа жазушының шығармасы екенін жанымдағы әдебиетші, тарихшы мұғалімдерге айтсам, тыңдайтын түрлері жоқ, аузын ашып, көзін жұмып жазушыға бар ынта-ықыласымен берілген.Жиналыс бітіп, сағат 5-ке совхоз директоры 4-ферманың меңгерушілерін кабинетіне шақырды да:«Мына келген уәкілдерді қай ферма меңгерушісі әкетеді, жақсылап қонақ қылып, малшыларды, шөпшілерді аралату керек”- деді.Ешкім үндемейді, ең жасы мен болатынмын. «Мен апарайын,- дедім.-2 күн іздемесеңіз.” Бастығымыз уәкілдерден, ақын-жазушылардан құтылғанына дән риза. Ауданнан жазушы ағамыз Ерғазы Рахимов, алматылық ақын Зейнолла Тлеужанов, тағы жандарында төрт кісі болды. Совхоз орталығынан Ауыл Совет бастығы Төлеубай аға қосылды. Ол кісілердің жанына Слямтай аға мен Райымбек ағаларды қалдырып, үйден анамды алып, Шәкең ағаның үйіне барып қонақ күтуге керекті-жарақты- ны түгендеп, телефонмен жарым Гүлсағатқа «қонақ келеді кешке, қой сойдырып, Өкпетідегі әкемнің жылқышы інісі Рифхан ағаның үйінен қымыз алдыруды айтып” тапсырма бердім. Фермадағы үйдегі әскерден келген 2 інім Аман мен Қайырғазы үйдегі, даладағы барлық шаруаларды тындырыпты. Біреуі үйдің, екіншісі даланың жұмыстарына ие. Ал жарым екеуміз барлық күш-жігерімізді сол ферманың жұмысын «қайтсек алға бастырамыз» деп күні-түні халықпен, жұмысшы, малшы қауыммен бірге жан аянбай еңбек етіп, тіл табысып, туыстай болып кеттік. Анамыз екеуміз керек-жарағымызды алып кеш бата, мал келіп жатқанда ауылға жеттік. Сол кезде қонақтар да тау жолынан «Төрткүл» жақтан шаңдатып түсіп келе жатыр. Құданы қарсы алғандай ауыл ақсақалдары, әжелер, ауылдың ардагер ағалары арқа-жарқа болып қонақтарды үйдің алдында қарсы алып жатыр. Қой сойылып, қымыз әкелініп, бауырсақ пысырылып, тәтелер, көршілер мәре-сәре. Ауыл кеші қандай, өрістен сиыр, қой келіп, бұзау мөңіреп, қозылар маңырап, ауылдың меншік жылқылары түнгі жайылымға кетіп, қарбалас шақ. Қаладан келген қонақтар осы көріністі тамашалап, үйдің жанындағы бұлақ суына жуынып, ет

пысқанша қымызбен сусындап отыр.Қақ төрде уәкіл, айналасында ауыл ақсақалдары мен келген қонақтар. Менің бар ойым бағанағы жиналыста жазушының айтқан әңгімесі. Өз бөлмеме кіріп, кітаптарымды ақтара бастадым. Жазушы Сафуан Шаймерденовтың халқымыздың заңғар жазушысы “Ғабит Мүсірепов туралы естеліктері” кітабындағы Ғабит Мүсіреповтың Эстонияға барғанда жазушы досының үйінде айтқан сөзі. Кітапты қолыма алып алдым. Қонақтар арқа-жарқа, ол заманда арақ туралы қанша айтылып жатса да келген қонақтың алдына бастан бұрын арақ әкелетін әдет. Үй иесі болғандықтан уәкілдерді бастап келген Алматылық жазушыдан арақты әкелмес бұрын ұлықсат сұрадым. Уәкіл маған алая қарап, өкіметтің, Горбачевтың қаулы-қарарын айтып ұрсып жатыр. Мен мына сөзіне күйіп кеттім де, Ерағаңды оңаша жерге шақырып кітапты көрсеттім. «Аға, жаман үйдің қонағы билейді дегендей мына жазушы неге сонша бізді менсінбейді, бағана жиналыста айтқан өтірігі анау, тура қазір елдің көзінше айтсам қайтеді» деп едім, Ерағаң: «Аягөзден шыққалы ілінісіп келеміз. «Құланның қасуына мылтықтың басуы» деген. Қорықпа, қазір айт,”- деді. Қуырдақ келіп, бірінші кесе шайды ала бергенде: «Құрметті қонақтар, қадірлі жазушы аға!»-дедім, дауысым қаттырақ шықса керек, барлығы тынышталып қалды. Қолымдағы С.Шаймерденовтың кітабын жоғары көтеріп: “Мен осы ауылдың басшысымын. Мына сіз төрінде отырған үй қонақ үй емес-менің қара шаңырағым, атам қазақ “бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» деген. Сіз орталықтағы жиналыста бүкіл халықтың, басшылардың, жұмысшылардың алдында сөз сөйлеп, неге өтірік айттыңыз.? Манағы сөз сіздікі емес, ол мына кітапта жазылғандағыдай халқымыздың заңғар жазушысы Ғабит Мүсіреповтың айтқаны. Сіз қалай ойлайсыз, шалғай ауылда тұратын адамдар кітап оқымайды, сауатсыз, түктен хабары жоқ деп ойлайсыз ба? Халық-біз, сіздің айтқан өтірігіңізге қалай қараймыз, соны ойладыңыз ба? Және атам қазақ «Қонақ қойдан жуас. Не берсе де разы» деуші еді. Ал сіз қалайсыз?”-деп шорт кеттім.Отырған адамдар жым-жырт болды. Мен Ерағаңа қарап қоям. Өзі би, өзі қожа болып отырған уәкілімізде үн жоқ, басы салбырап кеткен. Бір уақытта орнынан тұрып «далаға шығам» деді. Мен далаға шығардым, жүрегін ұстап алған, маған «сен неге оңаша айтпайсың мұндайды» дейді. “Ой, аға, оны қайдан білемін!?” - деп жатырмын. “Төсек салғыз, дәрі бер”- дейді. Үй кең, ұлдардың бөлмесіне жатқызып, жанына

дәрісін, суын қойып, есікті тарс жауып қойдым. Келсем, Ерағаң риза, “бағанағыны әкел” дейді. Түнімен қонақтар өлең-жырға басты. Ауыл адамдары риза, үйде кішігірім той өтіп жатқандай. Сол жылы ұлым дүниеге келген. “Атын Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» романындағы С.Сейфуллиннің жасырын атын қойдым”,- деп қонақтарға айтып жатырмын. Ақын, күйші, әнші Зейнолла Тлеужанов керемет адам екен. Қолма-қол: «Еркебұлан ер атын, таңдап қойған әкесі» деп өлең шығарып, мені де мақтап жатыр. Мен де марқайып қалдым. Мақтағанды кім жек көруші еді. Қонақтар таңға жақын тарқады. Таңертең сағат бесте інімді оятып «Өкпетіге» қымызға жібердім.Қонақтар сағат жетіден бастап тұрып, жуынып, шайынып жатыр. Тарбағатай ауылының Ақшоқы фермасы табиғаты өте көрікті жер. Ауылды екіге бөліп сарқырап таудан «Теріс айрық» өзені ағады. Ауылдың әр үйіне жоғары «Шолақ бұлақтан» су келеді, әр үй ауласына ағаш егіп, жеміс-жидек отырғызады. Фермада 60 шақты үй, бастауыш мектеп, фельдшерлік амбулатория, магазин, монша, 16000 қой-ешкі, 1000 гектар арпа, 1500 гектар екпе шөп, суармалы шабындық бар. Қазіргі заманмен салыстырсақ, бір ауылдың округ әкімшілігі деуге болады. Өзіміз сол жылы үлкен үйден отау шыққанбыз, бар байлығымыз-жолдасымның төркінінен келген үлкен кілем мен сырмақ. Үйдің жанындағы теректің көлеңкесіне, бұлақтың жағасына соларды жайып, қонақтарға таңертеңгі асты бергелі жатырмыз. Ерағаң бастатқан қонақтар жазушы уәкілді ортаға алып, қалжыңдасып жатыр. Кешегідей емес, уәкілдің жүні жығылып, жуасып қалыпты. «Ей, мықты управ!» деді маған жазушы. Мен жалт қарасам: “Қымыз қайда?”- деп жатыр екен. Сол кезде Ерағаңның дауысы Тарбағатайдың ақиық қыранындай шаңқ ете қалып: «Ей, “неміс!” Атам қазақ айтқан «Көлдей көңіл тойса, бармақтай қарын қайда барады» деп,- таудан шаңды бұрқыратып келе жатқан ақ фургон “Москвичті» көрсетті.Қымыз әкеле жатқан інім Қайырғазы екен. Таңғы асымызды ішіп, келген уәкіл, қонақтарымызды алып, Ерағаңмен ақылдасып, жайлауға «Томарға» тарттық. Қонақтарды күтісуге, малшыларды аралауға Шәріпхан ағамыз да келіп үлгеріпті. Бұл да бір дәурен екен. Қазір Ерағаң да, Шәкең де бұл өмірден өткен. Әулеттің үлкені өзіміз боп қалыппыз.Елімізге тыныштық, жастарымызға Ерағаңдай жақсының жырын, әулиенің сырын, Алланың нұрын тілеймін.

Естелік Ағамен өткен бір сәтНесіпбаев Ахметқали

Жұмагелдіұлы, зейнеткер, Аягөз қаласы.

Жазушы, публицист Ерғазы

Аққазыұлы Рахимовтың 80 жылдығына

арналған республикалық жас ақындар

мүшәйрасыныңқорытындысы

Астана қаласында өткен жазушы, публицист Ерғазы Аққазыұлы Рахимовтың 80 жылдығына арналған республикалық жас ақындар мүшәйрасының ұйымдастыру алқасының шешімімен Бас жүлде, Е.Рахимов атындағы диплом және 150 мың теңге ақшалай сыйлықпен Нұрбол Мұратбек, І-орын, Е.Рахимов атындағы диплом және 100 мың теңгемен Қабиден Қуанышбай, ІІ-орын, Е.Рахимов атындағы диплом, 70 мың теңгемен екі ақын: Оразай Жеңісұлы және Қазыбек Байжұман, ІІІ-орын, Е.Рахимов атындағы диплом, 40 мың теңгемен екі ақын: Еділбек Дүйсенов және Асылан Тілегенов марапатталды. Осы орайда, Ерғазы ағамыз отыз жылдан астам қызмет атқарған Аягөз қаламгерлерінің қара шаңырағы «Аягөз жаңалықтары» газетінің арнайы сыйлықтары да берілгенін айта кеткен жөн. Ынталандыру сыйлықтарымен жас ақындар: Үмітбек Бағыдат, Ержан Жұмабеков марапатталды. Ал жыр мүшайрасының лайықты түрде өтуіне демеушілік жасаған азаматтар: «TAS Кредит» компаниясының директоры Д.Тастекеев, «Зейнолла Сәнік мәдениет қорының» директоры С.Қалиев, жеке кәсіпкер Е.Тоқсейітов, жеке кәсіпкер Н.Өзбеков, «Номад» сақтандыру компаниясының директоры А.Мырзағажыұлы, «Менің компьютерім» сауда орталығының директоры М.Ешенғалиев, “Аягөз жаңалықтары” аудандық газетінің бас редакторы Е.Дайырбаев, «Мөлдір сана» облыстық газетінің бас редакторы Б.Шалғынбай мүшайраның ұйымдастыру алқасының Алғыс хаттарымен марапатталды.

Page 12: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 12

РЕДАКЦИЯ ПОЧТАСЫНАН

№22(330) 28 желтоқсан, 2018

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2018 жылдың 19-30 қараша аралығын Дүниежүзілік балалар күніне арналған «Бала құқығы-ана құқығы» атты Республикалық онкүндік өткізуді хабарлады. Мақсаты оқушылардың құқықтық мәдениетін Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясымен 1989 жылы 20 қарашада қабылданған Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелері туралы білім деңгейлерін арттыру, балалардың заң талаптарын бұзбай, өзіне жүктелген міндеттерді орындай білуге үйрету. Осы онкүндікті басшылыққа ала отырып, Сары-Арқа білім беру мекемесінде оқушылар арасында іс-шаралар жоспарланып өтті. Бастауыш сыныптарда Бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясының негізгі ережелерін таныстыру бойынша сынып сағаттарын, жоғары сыныптар арасында АІІ басқармасының жасөспірімдер бөлімінің қызметкерлері полиция капитаны Төлендинова Бинұр Биқасымқызы, аға лейтенант Бөлегенова Шынар Махмұтханқызымен кездесу болды. Кездесу барысында ата-аналардың қоғамдағы бала тәрбиесіне зорлық-зомбылық, қатегездік танытпаудың әдістеріне жол бермеу туралы айтылды. Соңында мектеп ұжымымен қазіргі қоғамдағы сыбайластық, жемқорлықтың алдын – алу мәселелерімен, бала құқығының сақталуы оларға мейірімділік таныту, дер кезінде көмек берілу, әлеуметтік жағдайдағы балаларға отбасылық қолдау болу керектігі туралы пікірлер білдірді. Қазіргі уақытта ата-ана, мектеп үшін әр баланың тәрбиесіне, селқостық танытпау, олардың жарқын болашағының мейірім мен еңбекке бағытталуы үшін барлық күш-жігерімізді жұмылдырғанымыз абзал. Балаға берілетін тәрбие отбасынан басталады десек, « ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп тегін айтылмаса керек. Бала біздің болашақ, мәңгілік еліміздің тірегі.

Сарыарқа орта мектебі,тәрбие ісінің меңгерушісі А.С.Уалиева

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күніне орай «№10 қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де «Мәңгілік Ел Жастары!» тақырыбында патриоттық әндер кеші болып өтті. Мақсаты: Тәуелсіз елдің ертеңі – бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері бейнеленген сахналық киімдер мен әрбір көрсеткен өнердің өзіндік ерекшелігі болып, өлеңдер оқылды. Залдағы көрермендер рухтанып, сахнада өнер көрсеткен достарына қызу қолдау көрсетіп отырды. Кешке қатысушыларға мектеп директоры А.Т.Авленов мерекелік құттықтау тілегін білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әртісі Д.Әбеуов пен әнші А.Ақтеміров кештің қонағы ретінде қатысып, әсем әндерін тарту етті. «Ең үздік әнші» номинациясын «Мен елімнің ертеңі» әнімен Серікқали Шұғыла иеленіп, барлық қатысушылар өнер көрсеткендері үшін марапатталды.

Кешті ұйымдастырған музыка жетекшісі Тастанбекова М.Т

Қоғам назары бала құқығы және қатыгездік танытуға жол бермеу.

«Үлкендер жолы ұлылық, Ұрпағы жүрер

ұғынып...»

Рухани жаңғырғанда байтақ елдің санасы, Көркейеді, көгереді қазағымның даласы.

Мәңгілік Ел болу жайын армандасын, ойласын,Қазақстан жеріндегі әрбір ұлттың баласы.

деп, «Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп» КММ түлегі Н.Базарханов жырлағандай аядай ғана Айғыз ауылы талай жақсы мен жайсаңдар туған киелі мекен.«Туған жер-тұғырым» деп санайтын текті ұлдарымыздың бірі ауылдасымыз, Айғыз орта мектебінің түлегі, педагогика ғылымдарының профессоры, спорт және туризм академиясының проректоры Есқалиев Мұхтар Зейнолдаұлы мен Л. Гумилев атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің социология ғалымдарының профессоры Рамазан Саттарұлы ауылымызға арнайы ат басын тіреп, мектебімізге келіп шәкірттерімізбен кәсіптік бағдар беру мақсатында шырайлы кеш өткізілді. Салтанатты кешті ашып беру үшін сөз тізгінін алған ауыл әкімі Мереке Ақылжанұлы мен мектеп директоры Данияр Жалелұлы өз лебіздерін, тілектерін білдірді. Келесі кезекте жерлесіміз Мұхтар Зейнолдаұлының туған жерге келгендегі сезімі мен көңіл-күйі жайында айтылған әңгімесін тыңдап, оқушылардың арнайы дайындаған сұрақтары қойылды. Мұхтар ағамызды қияға қызықтырып жетелеген ауылымыздың ардагер ұстаздары: Сағатов Башарбек аға, Сағатова Сания апай, Кулшара апай, Сәкен аға, Қарлығаш апай, Таня апай, Фатиха апай, Гүлнұр апайлар да осы кездесудің құрметті қонақтары болып, Айғыз ауылдық округі мәдениет үйінің меңгерушісі Айман Рымкешқызы ыстық ықыластарын білдірді. Иә, «Жақсыменен өткізген жарты сағат, жаманның өтіп кеткен өміріндей» демекші бұл кездесу біздің білім алушы шәкірттеріміздің жан-жақты дамыған, ақыл-ойы жетік, рухани құндылықтарды қадірлей білетін ұрпақ болып өсуіне ықпалы зор екені сөзсіз.Үлкен сауапты істің ұйытқысы болған Мұхтар ағамыздың қолдауымен салынған ақ мешітіміз береке-бірлігіміздің биіктігі, ауылымыздың ажары, имандылығымыздың айнасы екені ақиқат.Кеш соңында тәрбие ісінің меңгерушісі Шымырбаева Жұпар Серғазықызы «Рухани Жаңғыру» - «Туған жер» бағдарламасы аясында Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында Аягөз ауданының біріншілігін өткізуде зор үлес қосаны үшін кештің арнайы қонақтарына ел игілігі мен өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектеріне толағай табыс тілеп, кешті ұйымдастырған 9-сынып жетекшісі Самал Нұрмұхаметқызына, 10-сынып жетекшісі Асел Ерланқызына, 11- сынып жетекшісі Айжан Серікқызына мектеп әкімшілігі атынан алғысын білдірді.

«Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп»КММ,

тарих пәнінің мұғалімі А.Е. Сергазина.

Елдік туын желбіреткен Елбасы.Сарыарқа орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Елдік туын желбіреткен Елбасы» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік - болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру және ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу мақсатын көздеді. Ертеңгілік барысында оқушылар Елбасы, Астана, Отан туралы әдеби монтаж оқып, патриоттық әндер орындады. Оқушылар Елбасының сан қырлы бейнесін тани отырып,бүгінгі таңда Еуразия кеңістігінің басты ықпалдастырушы саяси көшбасшысы екеніне көз жеткізді. Ертеңгілік оқушыларды рухтандырып, келешекке деген нық сенімдерін қалыптастырды. Сарыарқа орта мектебі. Бастауыш сынып

мұғалімі Г.С Кайнбаева.

Page 13: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 13 СПОРТ

СПОРТ

СПОРТ СПОРТ

СПОРТ

№22(330) 28 желтоқсан, 2018

Грек – рим күресі

2018 жылдың 2-4 қараша аралығында грек – рим күресінен Астана қаласында Қазақстан Республикасының «Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» Валерий Константинович Лукьяновтың құрметіне және «Оқушылар сарайының» кубогына арналған ІІІ республикалық турнирі өтті. Осы жарысқа Астана қаласы және Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстары мен Қазылы ауданы, сонымен қатар Аягөз спорт мектебі қатысты. Аягөз спорт мектебінен 1 оқушы және Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінен берілген 3 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:Аягөз спорт мектебінің оқушысы 38 кг салмақ дәрежесіндеІІІ орын Қаттабаев Асылбек. Жаттықтырушысы Қ.Серікболов.Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған спорт мектебінен берілген оқушылар 38 кг салмақ дәрежесіндеІ орын Айтбеков Айбек. Жаттықтырушысы Қ.Серікболов.44 кг салмақ дәрежесіндеІІІ орын Мансуров Аят. Жаттықтырушысы Н.Абдильдинов.58 кг салмақ дәрежесіндеІ орын Қайролла Темірлан. Жаттықтырушысы Н.Абдильдинов.

2018 жылдың 19 – 24 қараша аралығында Жарма ауданы, Қалбатау ауылында шағын футболдан 2008 -2009 ж.т. жасөспірімдер арасында ШҚО Біріншлігі өтті. Жарысқа жалпы 10 команда қатысты. Жарыс барысында Аягөз спорт мектебінің құрама командасы Риддер спорт мектебінің командасын 3:0, Катон – Қарағай спорт мектебінің командасын 7:0, Шемонайха спорт мектебінің командасын 3:0, Курчатов спорт мектебінің командасын 3:0 есебімен ұтып, Зайсан спорт мектебінің командасымен 2:2 есебімен тең түсіп, осы жарыста ІІІ орынға ие болды. Жарыстың қорытындысы:1.Жарма спорт мектебі.2.Зайсан спорт мектебі.3.Аягөз спорт мектебі.4.Курчатов спорт мектебі.5.Риддер спорт мектебі.6.Тарбағатай спорт мектебі.

2018 жылдың 23- 25 қараша аралығында Семей қаласында грек – рим күресінен ҚР елордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай Семей қаласының ашық қалалық турнирі өтті. Жарысқа Павлодар облысы, Семей қаласы, Жарма, Урджар аудандары және Аягөз спорт мектебі қатысты. Аягөз спорт мектебінен 8 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:29 кг салмақ дәрежесіндеІ орын Құмарұлы Нұрдаулет. Ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы Н.Абылхайров.ІІ орын Аманғали Мерген. Ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы А.Қуанышұлы.ІІІ орын Ордашев Нұржан. Ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы А.Қуанышұлы.

Футбол

7.Қатон – Қарағай спорт мектебі.8. Самар спорт мектебі.9. Зайсан – 2 спорт мектебі.

10.Шемонайха спорт мектебі.Жарысқа апарған ж а т т ы қ т ы р у ш ы л а р : А.Карманов, Т.Изимхан.

Грек – рим

32 кг салмақ дәрежесіндеІІІ орын Нәсіпбеков Ж а н б о л а т . Ж а т т ы қ т ы р у ш ы с ы Н.Абылхайров.35 кг салмақ дәрежесінде

І орын Мақсатұлы Мейірхан. Жаттықтырушысы А.Қуанышұлы.ІІІ орын Омарбеков Асхат. Жаттықтырушысы А.Қуанышұлы.

БЕТТІ ӘЗІРЛЕГЕН:Аягөз спорт мектебінің оқу – ісінің

меңгерушісі Б.Жақсылықова.

2018 жылдың 1-3 желтоқсан аралығында, Павлодар облысы, Екібастұз қаласында, қазақ күресінен 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер мен 2003-2004 ж.т. қыздар арасында Баян батырды еске алуға және еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған Республикалық турнир өтті. Жарысқа Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстары және Аягөз спорт мектебі, сонымен қатар, басқа да облыс, аудан, қалалардың командалары қатысты. Жалпы 180 оқушы, соның ішінде Аягөз спорт мектебінен 19 оқушы қатысып, төмендегідей нәтиже көрсетті:35 кг салмақ дәрежесінде:ІІІ орын – Қыдырбаев Сұлтан. Жаттықтырушысы М.Жанатаев.38 кг салмақ дәрежесінде:ІІ орын – Нұрмадиев Дарын. Жаттықтырушысы Е.Шуақбаев.46 кг салмақ дәрежесінде:І орын – Хатифов Ерасыл. Жаттықтырушысы Е.Шуақбаев. 50 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын – Сайлаубеков Мейіржан. Жаттықтырушысы Е.Шуақбаев.73 кг салмақ дәрежесінде: ІІІ орын – Қарлыбаев Айдос. Жаттықтырушысы Д.Нүсіп. ІІІ орын – Беріков

Мейіржан. Жаттықтырушысы А.Нургазин. Осы орын алған оқушылар ҚР «Спорт шеберіне үміткер» разрядтарын орындады.

Қазақ күресі

2018 жылдың 29 қараша – 2 желтоқсан аралығында Ресей мемлекетінің Рубцовск қаласында грек-рим күресінен 2003 – 2004ж.ж., 2006-2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында КСРО бірінші спорт шебері В.С.Бочеварды еске алуға арналған ХХ халықаралық турнирі өтті. Бұл жарысқа Аягөз спорт мектебінен 5 оқушы қатысып, 55 кг салмақ дәрежесінде Камелов Елдос І орынды жеңіп алды. Жаттықтырушысы Н.Абылхайров.

Page 14: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 14 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Ауа райының қолайсыздығына

байланысты автокөліктерде

мынадай қауіпсіздік шараларын сақтаған

жөн

-Үлкен тас жолдармен жүру керек.-Машинаны қар басу қауіпі туса антеннаның басына ашық түсті шүперек байлау керек.-Егер машина батып қалса, қалың қарда қинап керегі тоқтатып, двигателімен жел жағына қойып радиатор жағын жылылап жауып тастау керек. Автокөлікте ұйықтамаңыз, кабинаға шыққан жанармайдың газының кірмеуін қадағалаңыз және де газ шығатын түтіктің қармен бітеліп қалмауын қараңыз.-Двигательді уақыт сайын қыздырыңыз.-Қар басып қалған машинада тоңып қалмас үшін двигательді от алдыруға болмайды.-Жиі-жиі есікті ашып және қарды тазалаңыз маңайдан. Әсіресе, газ шығатын түтіктің маңайын. Қатты желде машинадан шыққанда жіппен байланып шығыңыз, бір ұшын машинаның салонына байлаңыз.- Есіңізде болсын, машинада 5 дөңгелек бар, қордағымен, кез келген ауа райында жақсы жанады.

ШҚО ТЖД Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Қыста қала сыртына шықсаңыз(автокөлікте, шаңғы тебуге, саяхатқа, балық аулауға, аң

аулауға)

Бәрін де ойланып, жоспарлап және ұйымдастыру керек, ұсақ-түйегіне дейін.

1. Барлық ақпарат құралдарының хабарландыруларынан мұхият тыңдап, дауылды ескертудің жоқ екендігін анықтаңыз. Егер бар болса, қала сыртына шығуды кейінге қалтырыңыз. Ауа райы қыста күрт өзгеруі мүмкін.

2. Қай жерде дем алатыныңызды, қанша уақытқа дейін, қай бағытпен баратыныңызды көптеген адам білетін болсын (үйде, жұмыста).

3. Киім-кешектері, жабдықтары адамның өзіне ыңғайлы болуы керек:-Жаяу жүруге арналған киім-кешектер жылы, жеңіл және ыңғайлы болуы керек...Жаяу жүруге ыңғайлы костюмдер жұқа березенттен әлде джинсалы бұлдан. Іш киімдер мақтадан не жүннен тоқылған,суық жібермейтін болуы керек.

Ал аяқ киімге келсек,негізінде бұның су өткізбейтіндігіне назар аударғаныңыз жөн. Жылыландыруға ұлтарақ салу керек. Қай жағдайда болмасын аяқ киім кеңірек болғаны дұрыс . Жылы киімдердің көптігінен қысуы, оның жетіспегенінен де зиянды. Басты жылы ұстау керек, жүннен тоқылған шұлықтар суланса да мақтадан тоқылғандарға қарағанда жылуды жақсы ұстайды. Аяқты жылыту үшін жүннен тоқылған шұлықтарды жалаңаш аяққа киіп, сыртынан мақтадан тоқылғанды кию керек.

4. Егер сіз қала сыртына автокөлікпен шықсаңыз, оның ақауы жоқ екеніне және толық жабдықталғанына, тіркегіші, күрегі, шамы, жанармайдың қоры, құм салынған жәшік, және де жылы киімдер мен аяқ киім, тамақтар бар екеніне көз жеткізіңіз.

ШҚО ТЖД Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Жаяу жүргендерге қарлы боран кезінде

мынадай қағидаларды сақтай білгендері жөн:

- Өз жолында жылжымайтын белгілерді байлам тұтқаны жөн-олар: жартастар, дара тұрған ағаш, үйілген тастар....- Жалғыз жүрмеңіз. Ауа райының бұзылуына байланысты топтан бөлінбеңіз.- Қас қарайған кезде саяхатқа шықпаңыз.- Жүрудің жылдамдығы адамның күш-қуатына және көңіл-күйіне, сырт және аяқ киіміне, жергілікті жердің жағдайына және басқа да жағдайларға байланысты. Әлсіздің жылдамдығымен салыстырма жасамаңыз.- Топта адамдар қаз-атар бір-біріне жақын, сөйлеспей, бір-біріне көмек көрсетіп, жүктерін де шамаларына қарай бөлісіп көтерген дұрыс.- Егер біреу тоқтаса –бәрі де тоқтауы керек.- Дем алу кезінде-отырмаңыз, қарға жатпаңыз, тік тұрып демалыңыз. Кей жағдайда, полиэтиленге немесе шырша ағашының бұталарына отырыңыз.- Суық кездерде , әсіресе, қатты желді жағдайда өзіңізге назар аударыңыз, тоңазудан әлде үсік шалуынан.- Ең жақсы жол қысқасы емес, оның қауіпсізі: Бұрыштарды кеспеңіз, жаңа жолдар салмаңыз.- Егер жүруге ары қарай тұйықталса әлде адам адасса қарлы боран кезінде, өзіне қауіпсіз орын табуға тырысуы керек ( салбырап тұрған бұтақтардың қуысын, әлде таудағы үңгірлерді) әлде қардан және қолда бар заттардан қорғаныс орын жасау керек.Мысалы: қардан шұңқыр қазып, үстін полиэтиленмен, әлде қолмен үйінді қардан інге ұқсатып қазып алып, керегінше кеңейту керек. Төбесінен ауа кіретін тесік жасаңыз, қар басып қалмас үшін әлсін-әлсін тазалап тұрыңыз. Алаудың жанында түнегеннен үңгірде түнеген көш ілгері. Үңгір, әлде қардан үй жасауға көп күш те және уақыт та кетпейді, көп отын да керек етпейді. Егер қар қалың болмаса, жел жағына қардан кесінділер жасап, қабырға қылып жинау керек.

ШҚО ТЖД Аягөз ауданының төтенше жағдайлар бөлімі

Гендер («gender» ағылшын тілінен ауд «род», «тек» деген мағ.білд)-бұл, биологиялық емес, әлеуметтік жағдайларға (қоғамдық еңбектің бөлінуі, спецификалық әлеуметтік функциялар, мәдени стереотиптер) тәуелді әлеуметтік жыныс, әйелдер мен еркектер арасындағы айырмашылықтар. Танымал ағылшын социологы Энтони Гидденс «Социология» атты еңбегінде: «Гендер дегеніміз-еркек пен әйел арасындағы дене бітімінің айырмасы емес, ер азаматқа тән қасиеттер мен әйелдік болмыстың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан өзіндік ерекшеліктері» деп анықтама берген екен. Алғашында гендерлік зерттеулер батыста жүргізілген, яғни Америкада, Англияда, Франция және Германияда. Ресейлік және Қазақстандық психологиялық әдебиеттерде «гендер» термині өте сирек кездесетін еді. Ал бүгінгі заманда түбегейлі өзгерістер аз емес. Гендерлік зерттеулер адам жайлы ілімнің барлық негізгі аймақтарына кіре бастады. Көптеген жағдайларда әйел адамның құқықтары жерге тапталып жатады, сондықтан әйел құқығына байланысты мәселелер туындап, гендерлік зерттеулерде көрініс тауып жатады. Осындай жынысқа байланысты дискриминация жағдайларын болдырмас үшін де гендерлік саясат жүргізілгені әбен дұрыс.Ал өз еліміз Қазақстанға келетін болсақ, қазақ әйелдерінің құқықтарын қорғау бойынша Қазақстан Республикасының Конституциясы жыныс белгісі бойынша дискриминацияға тиым салады. Қазақстан 1981 жылы ЮНЕСКО-ның «Әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларына жол бермеу жайлы конвенциясына» қол қойды, ал 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының әйелдерге қатысты дискриминацияның барлық формаларын тоқтату жайлы конвенциясына қосылған болатын.Дәл қазіргідей ашық қоғамда заман талабына сәйкес қоғамдағы ер азаматтар мен арулар әлемі гендерлік саяси көзқараспен қарасақ теңескендей.«Қоғамдық прогрессті әйел жынысының қоғамда алатын орнымен дәл өлшеуге болады»,-деп жазған екен Карл Маркс. Бұрынғы даналардың жазғандарына көз жүгіртсек, көбі әйел адамды тек «шаңырақтың сақтаушысы», «бала күтушісі» ретінде ғана қарап, қоғамдық жұмыстарға араластырмаған. Қазіргі заманда әйел адам қоғамдық жұмыстардың барлық түрінде, билік басында да, жеке кәсіпкерлікке де, әскери іске де, ғылымға да араласып жүр.Қорыта келе, қоғамдық сананы түбегейлі трансформациялау, бір жыныстың екіншісінен артықтығы және басымдылық идеясымен байланысты гендерлік стереотиптерді түбірімен жою керек. Гендерлік өзіндік сана мен ерлердің және әйелдердің өмірлік практикасы ерекшеліктерін ескере отырып құқықтар мен мүмкіндіктердің гендерлік теңдігі принципіне негізделген мінез-құлық үлгілерінің жаңа модельдерін қалыптастыру керек деп санаймын.

Семей гарнизоны әскери сотының Бас маманы-сот отырысының хатшысы С.В.Мягкова

Предусмотрено ли Законом «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» досрочный выход на пенсию? Можно получить пенсионные накопления до достижения пенсионного возраста через страховуюорганизацию?В соответствии со ст. 31 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» от 21.06.2013 г.№105-V (далее Закон): право на пенсионные выплаты за счет обязательных пенсионных взносов имеют лица, имеющие пенсионные накопления в едином накопительном пенсионном фонде , при достаточности пенсионных накоплений :1.мужчины по достижении пятидесятипятилетнего возраста2. женщины по достижении пятидесятилетнего возраста (с 1 января 2018 года – 50,5 года; с 1 января 2019 года – 51 года; с 1 января 2020 года – 51,5 года; с 1 января 2021 года – 52 лет; с 1 января 2022 года – 52,5 года; с 1 января 2023 года – 53 лет; с 1 января 2024 года – 53,5 года; с 1 января 2025 года – 54 лет; с 1 января 2026 года – 54,5 года; с 1 января 2027 года – 55 лет) (пп.2) п.1 ст. 31 Закона);При этом согласно статьи 30 Закона «Пенсионные выплаты из единого накопительного пенсионного фонда осуществляются из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов в виде ежемесячных страховых выплат из страховой организации в соответствии с договором пенсионного аннуитета за счет пенсионных накоплений».В соответствиис «Правилами перевода пенсионных накоплений в страховую организацию по договору пенсионного аннуитета», утвержденными Постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2014 года № 32 (далее – Правила № 32) из Акционерного общества «Единый накопительный пенсионный фонд»для перевода в страховую организацию необходимо представить:1.Договор пенсионного аннуитета со страховой организацией(право выбора страховой организации за вкладчиком).2.Дополнительное соглашение к договору пенсионного аннуитета.2.Удостоверение личности вкладчика.Перевод пенсионных накоплений в страховую организацию осуществляется в течении 10 рабочих дней. Поменять страховую организацию, вкладчик(получатель )имеет право только через два года со дня заключения предыдущего договора аннуитета .Для дополнительной информацией можете получить на сайтеwww.enpf.kz или обратиться по адресу:ВКО,г.Семей,ул.Байсеитова,29. телефоны для справок: 8(7222)56-31-56, 56-58-35.

Подготовил: Начальник Отделения ОО РФ АО «ЕНПФ» в г.Семей Самарова Г.К.

Как рассчитать свою будущую пенсию?Согласно Постановлению Правительства Республики Казахстан от 02 октября 2013 года №1042 (с изменениями и дополнениями по состоянию на 29.09.2017 г.) с 01.01.2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ выплачивается ежемесячно. Изменения пенсионного обеспечения интересует многих людей, вышедших или тех, кто выходит на заслуженный отдых. С 1998 года в Казахстане действует накопительная пенсионная система, а это значит, что размер будущей пенсии зависит от суммы накоплений на индивидуальном пенсионном счете: чем больше удалось сделать накоплений, тем более комфортной будет жизнь на заслуженном отдыхе. Поэтому для формирования культуры персональных пенсионных планов и удобства вкладчиков на сайте Фонда и был размещен пенсионный калькулятор. Теперь каждый может рассчитать размер своей будущей пенсии, чтобы заранее планировать свою жизнь. Пользоваться калькулятором очень просто-на сайте www.enpf.kz нужно зайти в раздел «Пенсионный калькулятор», в котором представлены два варианта расчета – «Прогнозный пенсионный калькулятор» (для будущих пенсионеров) и Текущий пенсионный калькулятор» (для состоявшихся пенсионеров). Сначала необходимо заполнить все поля: дату рождения, пол, трудовой стаж, стаж участия в накопительной пенсионный системе, ввести сумму накоплений на сегодняшний день среднюю заработную плату за последнее время и нажать на кнопку «Произвести расчет». Если вы заходите в калькулятор через личный кабинет, поля заполняется автоматически. Итог суммируется из нескольких составляющих: солидарная пенсия, базовая пенсия, накопления из ЕНПФ.Новая методика получения пенсионных выплат как раз наглядно демонстрирует, насколько важно своевременно формировать пенсионные накопления. Нужно осуществлять регулярный мониторинг своего пенсионного счета, поверять своевременность и полноту поступления пенсионных отчислений.

Page 15: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана 15 №22(330) 28 желтоқсан, 2018

Иә, Әділет қайда?Шындық неге шырылдайды үнемі?Ал өтірік неге сақ-сақ күледі.Таяқ жейді таза жандар неліктен?Адалдар жүр неге үнемі түнеріп?

Сұрақтар көп, санаң кетер сандалып,Мен де жүрмін талайлардан алданып.Бақай есеп, бәрінікі байқасақ,Міне, отырмын, шындық жайлы толғанып.

Шындық, шындық, шырылдайсың неліктен,Көріп тұрып көзге ұрған жалғанды.(Сөніп қала жаздайды да ерік-дем)Тұншығады жүрек сыздап, ерік-дем.

Иә, иә, шындық қайда шынайы?Шындық неге таяқ жейді ұдайы?Шындық өзі қандай ұғым, не нәрсеАқ жол ма ол, хақ жолы ма құдайдың. Шындық мүлде көрінбейді көзіңе,Шырылдайды тек жүректе езіле.Адалдықтар аяқтарда тапталып,Әділеттің ауыз салдық өзіне.

Иә әділет, шындық, адал қайдасың?Өтірік, арам, қу асырды-ау айласын.Сені таптап, сақ-сақ күліп тұр әне,Әзәзілдер үстем етіп қойғасын.

Шындық қазір астамшылдың қолында,Жапа шекті ол әділеттің жолында.Ібілістің қолдап айла-тәсілін,Тәккәппарлар қосып алған тобына.

Сондықтан да өтірікті әзәзілдер «шын» дейді,Жалғандықты ашып берсін сын мейлі.Астам жандар арамдықпен мастанған,Адам түгіл, құдайдан да қорқуды да білмейді.

Шындық бәлкім шырылдаған торғай ма?Ал торғайды қарғаларың қорғай ма?Жылан да арбап, жерде жатып дұғалап,Сол бейшара торғайыңды сормай ма?

Шындық бүгін мықтыларға құл болдың,

Көңіл ырғақтарыШаттығында өмірдің жолы кілем,Бірде күліп, бірінде торығып ем.Көрдім талай тірліктің түрленгенін,О ардақтым, сен ерке елігім ең.

Айлы аспанның сорғалап ақ сүттері,Жерге сіңіп бітуде ақтық демі.Тұла бойым сен үшін нұрлы шуақ,Білсең менің көңілім шаттықта еді,Ал сенікі, бір ғана пәктік пе еді?

Қуаныштан сезімім шашылып тым,Иығыма ес кете асылыпсың.Жаным, сонда жыладың үнсіз ғана,Тек артынан көзіңнің жасын ұқтым.

Келіп кеше жағаға, тал түбіне,Сүңгіп кеттім бірге өткен бал күніме,Махаббаттың бастауы өзіңде еді,Мен әзірше білмеймін, арты кімде?Жалғыздықтан көңілім жарты мүлде.

Келер күннің жетелеп үміттері,Бақыттарын мен үшін іріктеді.Жастық албырт, ұрыншақ мінезіммен,Жүрмін бе әлде тағы да іріткелі?Толасташы көңілдің күдіктері.

Шаттығында өмірдің жолы кілем,Арман болып биіктен көрініп ең.Сол биіктеп түспейсің көзіме сен,Сырт айналдың бақытқа толы күннен.Бақыт күндер сенімен не басқамен,Қайта айналып соғады, соны білем.

«Алға» газетінен.

МезгілКөзімді ашсам, ағарып, таң атыпты,

Кешегі күн өзгеше жаңарыпты.Тірлік біткен оянып, қимылға еніп,Қараңғы әлем әп-сәтте ағарыпты.

Қыс та таяу, қоңыр күз қош бол енді,Сыңар аққу амалсыз көшке ерді.

Қиқуымен қайғырып қоштасқандай,Қатыгез адамдарға өкпелі еді...

Мезгіл неткен қатыгез, өктем еді,Күні кеше қатал қыс жеткен еді.

Алай-дүлей ақ қары, ақ боранмен,Кетіп қалды, орнына көктем келді.

Сұлу көктем, әдемі сырға толы,Әлем біткен балбырап, нұрға толды.Өкпелі жалғыз аққу қайта оралып,Әкелгендей бір мезгіл бір ғасырды.

Өлілер монолгыӨмір деген толассыз алмасумен,Құбылыс қой көркейер жалғасумен.Өмір-өзен, өмір-от, өмір- адам...Ұлы базар-бұл өмір саудасы кең.

Өмір шаттық әлемде тірілерге,Өмір – бақыт, бәріне біліне ме?Қайғы-мұңың, өкініш, алжасуың,Қуаныштың тең келмес біріне де.

Жарық нұрдың қасиетін біледі кім,Өлілердің әрине жүрегі түн.Жарқыраған бір күндік мекеніңде,Отаныңның сен де бір тірегісің.

Бақыттысың бұл ұлы тіршілікте,Ұшырайтын өзіміз күрсініске.Бірақ мұңның бағасы бес-ақ тиын,Содан болар кетесің тіршілікте.

Адамдардың бір-бірін сыйлағаны,Қуантады-ау, өкініш сыйлағаны.Жылап келу өмірге заңдылық бір,Қамыққаның қайтарда-қимағаның.

Ерік берсе табыттан түрегеліп,Біздер мүлде басқа өмір сүрер едік.Бірін-бірі орынсыз мұқатқанды,Қоршап алып мазақтап күлер едік.

Күлер едік көрсетпей таба дағын,Тіршіліктің ұсынып жаңа бағын.Отқа тастап жердегі жамандықты,Өшірер ек сананың қара дағын.

Міне, мола, ай құшып аймалаған,Қайда қазір жарық нұр, қайда далам?Қара түнек, қара жер, қара қапас,Мәңгі тұрақ тірлікте ойламаған.

О адамдар, күліңдер, шаттаныңдар,Керегінше қызықтар ақ таңың бар.Тіршілікті көңілді тең бөлісіп,Тек бері бақытты боп аттаныңдар!

Көсем сөзКүн көріске тәуелді адамнан ешқашан «толыққанды адам»

шықпайды. Нан табу үшін өмір сүрген адамнан не сұрай аласың?

****Халқы кедей ел-болашақсыз ел.

****Даңғаза мақтанымпаздық пен жағымпаздық өршісе апатқа

әкеліп соғады.****

Дүниедегі ең оңай нәрсе- біреуге ақыл айту. Ең қиын нәрсе-біреудің ақылын тыңдап, жүзеге асыру.

«Шындық» деген таза атыңнан тұл болдың.Мынау шындық, тек осыны таны деп,Мансап пен шын саудалайтын пұл болдың.

Қайран шындық, шатастың-ау, шатастың,Сорлы шындық жағымпазға атансын.Шенділерді қолдап кетіп өтірік,Өзіңді-өзің әшкерелеп жатасың.

Қайда әділет, шындық өзі болған ба?Соны іздеген адалдар бір оңбай ма?Өмір бойы бір елесті қуалап,Өтті өмірден талай жандар сормаңдай.

Қария тұр көз алдымда ақ таяғын көтеріп,Мына өмірдің былығына кеткен мүлде еті өліп.Ат-қораға кеткен сірә еті өліп«Бір арамның қарға көзін ағызбай,Мен қалайша ақыретке кетемін»-

Дейтіндей ол, жанарын жас булаған,Көкірегін кек пенен шер улаған.Мына өмірден еш әділдік таппадым,Бәлкім әлі, әділге күн тумаған.

Иә, білем, дүние деген өтпелі,Көрдік талай астамдардың өткенін.Күні кеше жердің кілтін ұстағандай,«Шығайбайдың» ақыретсіз кеткенін.

Кім біледі, ақ-қараға, қара-аққа айланар,Адамзат Алла жолын ойланар.Астаң-кестең болып мүлде жер беті,Әділдіктің адал тойы тойланар.

Иә, қария, әділет қазір бұғауда,Мен де жүрмін соның мәнін ұға алмай.Шырылдайды шындық аяқ астында,Әділетке арашаға тұра алмай.

НөсерСұрап едім Алладан нұр жылап тұрып,Қою қалың нөсерге ұласты бұлт.Шелек-шелек төбеден төгілдіАшуланып, перілер жібергендей.Бір теңізді төбеден лақтырып.

Бақытөмір Шалғынбаевтың

шығармашылығынан

Шындық жайлы ода

Құзғын неге мың жасайды,Әділет қайда жалғанда.Сүйкімді құс, дос қарлығаш,Бір күн жасап арманда.

(Рудаки)Бір жәбірленіп, жапа шеккен қария келді де: «Балам, мен мына жалғаннан әділет, шындық таппадым. Әділет қайда? Шындық неге жоқ?”-деп сұрақ қойды да жауап күтпей, таяғына сүйеніп, ақсаңдай басып шығып кетті. Мен ойланып қалдым....

Ақ өлең

Мезгіл тағы өтті бір аласұрып,Мініп алып құстардың қанатына.

Көнбесіңе қоймайтын уақыт мықты,Тықылдаған санайды сағатыңды.

Жаз тамаша, жастықтың сәні қандай,Бүкіл әлем бақытқа малынғандай.Жылылық бар жүректе, тіршілікте,Күз келерде шынайы сағынардай.

Жаз-жастығың от болып жанатұғын,Бар бақытты ерінбей табатұғын.

Бір күн мезгіл ұрлайды, байқамайсың,Алғаныңнан көп болар алатының.

Мезгіл деген жаз емес, күз де емес,Уақыттың айналымын іздеме еш.

Мезгіл деген сағатың, аптаң, айың,Мезгіл деген жылдарың, күндер-елес.

Page 16: Ý Ü ç МӨЛДІР - moldir-sana.webpress.kzmoldir-sana.webpress.kz/storage/71/7113fc49eb87a9... · бар. Бұрыңғы мектеп балалар үшін тар болатын,

Мөлдір сана

МЕНШІК ИЕСІ:Жеке кәсіпкер

Бақытөмір Тұрсынғалиұлы

ШАЛҒЫНБАЙ8 702 158 94 54

РЕДАКТОР:Ләззат Бахтиярқызы.

Жауапты хатшы:Айгүл Кеңесбекқызы.

Аға тілші:Мадина Ғалиқайдарқызы

Дизайнер:Баршагүл Дияр.

Мекен жайымыз:Аягөз қаласы,

Дүйсенов көшесі, 104

Тел-факс: 8 (722 37) 5-25-98 8 (722 37) 3-25-45

Е-mail: moldyr_sana@mail.

ru

Редакцияға келіп түскен хаттар мен қолжазбалар иесіне қайтарылмайды. Газетте жарияланған

автор пікірлері редакция көзқарасымен сәйкес келмеуі

мүмкін.//- ақылы мақала.

Қазақстан Республикасы Ақпарат Министрлігі 2007

жылдың 23 қаңтарында берген тіркеу куәлігі №8046-Г, газет

индексі 19015.Газет Семей қаласы, Шугаев

көшесі, 30 үй ЖШС «Спектр» газеті баспаханасында

басылады.Таралымы 6000 дана. Көлемі

4 баспа табақ. Тапсырыс №469.

№22 (330) 28 желтоқсан, 201816

2018 жылдың қараша айының 28-ші жұлдызында Семей қаласында Көңілді Тапқырлар Алаңы (КТА) ойыны Халықаралық жастар қоғамдық бірлестігі "Аялаған Аягөз" ұйымының ұйымдастыруымен Шығыс лигасының II - кезеңдік ойыны өткізілді. Арнайы жобаның негізгі мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың шығармашылығына қолдау көрсету, бос уақыттарын тиімді пайдалануларына ықпал ету, жастардың қоғамдағы орынын нақтылау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, КТА – ға қатысушы топтардың дамуына үлес қосу мақсатында өткізілді. ШЫҒЫС ЛИГАСЫНЫҢ II-кезеңінде Астана қаласына 2 команда жолдама алды және үшінші команда резервпен өтті. Жалпы КТА ойындарына Шығыс Қазақстан облысы бойынша I-кезеңнен 10 құрама жолдама алған болатын.

Семей қаласының және Аягөз аудандық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен 2-құрама Астана қаласы Т. Қабатовтың арнайы жобасы жоғары лигасына 2019-жылдың қаңтар айында өткізілетін маусымашар фестиваліне жолдама алып, өз бақтарын сынайтын болады.

КТА ойындары II-кезеңнен Аягөз ауданы Ақшәулі ауылдық округінен "Ақшәулі жастары" және Семей қаласы Авиценна жоғарғы медициналық колледжі "СИСТЕМА" құрамасына жолдама берілді!!! Семей қаласының Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік медициналық колледжінің командасы "Қалматаев" құрамасы резервпен әділқазы алқаларының шешімімен жіберілді.

Халықаралық Жастар қоғамдық бірлестігінің төрайымы Н.Ершаихова.

Құрметті Аягөздіктер, құрметті Алаш елі! Ата-бабамыз жетімін жылатпаған. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Аягөз қаласындағы жетім балалар үйіндегі 105 балаға азын-аулақ сыйлақ сыйлап, шағын концерт ұйымдастырсақ деген ойымыз бар! “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші, "Аялаған Аягөз" ұйымының жастары мерекелік концерт ұйымдастырып, халқымыз қолдан келгенше көмек беріп, бір күн болса да сол балаларға жылулық сезімімізді аямай, балалардың көз жанарына қуаныш отын жағып, жүздеріне күлкі сыйлайық.

87011070022 номеріне хабарласыңыз.Халықаралық Жастар қоғамдық бірлестігінің

төрайымы Н.Ершаихова.

14 желтоқсан Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақшамызда Тәуелсіздік күніне орай «Ар-намысым, қасіретім, мақтанышым – желтоқсан» атты тәрбие сағаты өтті. Балаларға желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беріп, құрбан болған аға-апайларының жігерліктерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді айтып, бейнебаян көрсетілді.Матимбаева Арай Айтмұханқызы жетекшілік ететін «Жайдарман» ән-би үйірмесінде «Аяла» би қыздар тобы қазақ биі, «Бойтұмар» ұлдар би тобы батырлар биін билеп, Архат Айгерім «Тәуелсіздік тірегім» атты әнін орындады. Тәрбие сағатын «Көгершін» тобы 16 желтоқсан әнін орындап, қорытындылады.

Аягөз қалалық №5 Бөбекжай-балабақшасы, «Көгершін» тобының тәрбиешісі

Г.Қ.Абдрахманова.

ХабарландыруТемір жол бекетінің жанындағы 150 кв.м жерімен бутик сатылады. Бағасы келісім бойынш. Тел: 8 775 369 50 00; 8 701 246 66 61.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!Әкеміз Скаков Жақсыкелді 1 қаңтар күні 79

жасқа толады.

50 жылдан астам совхозда шофер, механизатор болып қызмет еткен әкеміз қазір зейнеткер. Жастайынан шопан болған атамызға көмекші боп, қой да баққан. Еңбекті үнемі бірінші орынға қоятын ардақты әкемізді туған күнімен құттықтаймыз! Әрқашан ортамызда аман-есен жүрсе екен. Әкемізге мықты денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып балалары мен немерелерінің қызығына тоймай, жақсылығымызға ортақ бола берсе деп тілейміз.Ізгі тілекпен:

Балалары Бақытгүл-Марат, Берік-Тұрсынхан, Сапаргүл-Өтебай, Айғаным-Бейсен, Мүсреп-Айнұр және

немерелері.

Жаңа жыл қарсаңында көтеріңкі көңіл сыйлау

мақсатында, бір топ әзілді ұсынамыз:

Жаңа жылды қарсы алғаннан кейін: - Мадам, сіз маған үйге баратын жолды көрсетіп жібере аласыз ба? - Иә ... - Менің қайда тұратынымды сіз қайдан білесіз? Біз таныспыз ба? - Өшір үніңді! Мен сенің әйеліңмін! * * * Бір кісі Жаңа Жыл қарсаңында ескі досына хабарласып жатыр: - Досым, ол жақта қалай өмір сүріп жатырсыңдар? - Не болды? - Сұмдық суық емес пе? - Қатты суық емес, - 20. - Теледидардан «- 50» деп жатырғой? - Аааа, ол сырттағы температура ғой ... * * * - Аяз Ата, маған ойыншық көлік сыйлашы, - деп бала айқай салады.

- Айқайлама, Аяз Ата, сыбырлағаныңды да жақсы есітеді, - дейді оған анасы. - Иә, бірақ әкем есігін жауып алды, есітпей қалуы мүмкін. * * * - Жаным, Жаңа Жылға қандай сыйлық алғың келеді? - Ой, білмеймін, тіпті ... - Жақсы, онда саған ойлануға тағы бір жыл уақыт беремін. * * * 1 қаңтар, таңертең. Емханада тексеру. Дәрігер палатаға кіріп, тізімге қарай: - Талапов осында ма? - Мен. - Фамильяңыз қандай?

Massaget.kz.