ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 ·...

116
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Қ.И.СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ƏЛ-МАШАНИ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖƏНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ИНСТИТУТЫ Қазақ тілі кафедрасы СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ . Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарына арналған Алматы 2011

Upload: others

Post on 30-Jul-2020

17 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚУНИВЕРСИТЕТІ

ƏЛ-МАШАНИ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖƏНЕТҰРАҚТЫ ДАМУ ИНСТИТУТЫ

Қазақ тілі кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІКОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ҚАҒАЗДАРЫН ЖҮРГІЗУ .

Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлықмамандықтардың жалғастырушы топтарына арналған

Алматы 2011

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені

Құрастырғандар: Тұрсынова Г.Т., Шүленбаева Ұ.Р, Айтжанова С.С.,Рысқұлбекова К.С.

Алматы: ҚазҰТУ, 2011, 113 бет.

Аңдатпа

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша жазылғанстуденттің пəндік оқу-əдістемелік кешені жоғары техникалық оқуорындарында оқитын барлық мамандықтардың жалғастырушы топтарынаарналған. Кешенде іс қағаздарын жүргізуге негізделген сан алуан лексикалықтақырыптар, оның дамуы жолынан тарихи деректер, жан-жақты қамтылғанжаттығулар, құжаттың бірнешеден үлгілері беріліп, одан басқа да көптегенжұмыстың түрлері қамтылған.

Кешенде қолданылған жаңа технологиялық əдіс-тəсілдердің түрлерінмеңгеріп, пайдалану арқылы, студенттер іс қағаздарының тілін, сауаттыжазылуын, оның стилін, тарихын, өз тараптарынан мемлекеттік тілде ісқағаздарын толтыруды үйреніп, меңгереді, білімін тереңдетіп, толықтырады.

© Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2011

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

1. ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мəліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – профессор тегі, аты, əкесінің атыШүленбаева Ұ.Р. – профессор, Айтжанова С.С. – ф.ғ.к., доцент,Рысқұлбекова К.С. – аға оқытушыБайланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 . телефон, E-mailКафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 . аудитория, уақыты1.2 Пəн туралы мəліметтер:Пəн атауы Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу .Кредит саны 2 .Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі

1 аптадағы академиялық сағаттар

Кур

с

Сем

естр

Кре

дитт

ер

Тəжірибелік/семин. сабақт.

СӨ

Ж*

СО

ӨЖ

* Барлығы,1 аптадағы

академ. сағаттар

Бақылаутүрі

1 1-2 2 2 2 2 6 Емтихан

1.3. Перереквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудіоқыту» пəні студенттердің жоғары оқу орындарында мемлекеттік тіл бойыншаигерген білімін, білік дағдыларын одан əрі толықтырып, дамытады. Іс-қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізуді үйретеді.

1.4. Постреквизиттері: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудіоқыту» студенттердің алған білімін болашақ еңбек жолында кəсіби-іскери,кəсіби-ресми бағытта толық пайдалана алады.

1.5. Пəннің мазмұны: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» курсыноқытудың тақырыптары модульдерге бөлініп қарастырылады.

Ресми іс қағаздарындағы тақырыптардың əрқайсысын тиісті дəрежедемеңгертумен қатар, құжаттардың жазылу стилі де қоса үйретіліп отырылады.Пəн бағдарламасы студенттердің оқытушымен өзара жəне өздік жұмысыбөлімдері арқылы жүзеге асырылады.

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Іс қағаздарын жүргізуде жиі кездесетін құжат түрлері өзарасабақтастықта іріктеліп алынған. Бұл сабақтастық мемлекеттік тілде ісқағаздарын жүргізуді жүйелі түрде үйренуге ықпал етеді.

1.6. Пəннің мақсаттары мен міндеттері Пəнді оқытудың мақсаты:

Ресми іс қағаздары термині мекемелер мен ұйымдардың басқаруқызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді. Қазіргі замандаоның түрлері де өте көп. Оны курс барысында жүйелеп оқытатындықтан, санынтізбелемей, тек оқыту мақсатына тоқталамыз. Əрбір ресми құжат басқаруқызметіне қатысты көлемде заң күшіне ие. Сондықтан да олардың нысаны менқұрамы жағынан бірізділігі жəне стандартты болуы талап етіледі. Нысаны менүлгісі жағынан сауатты жазылған қажетті мəліметтерді толық қамтыған ресмиқұжаттың заң күші де нақты болады. Олай болса курстың мақсаты – қазақтілінде ресми құжаттарды əзірлейтін жəне ресми құжаттарды ұйымдастыру,реттеу, құжаттау ісімен айналысатын маманның тілді жақсы біліп шығуын дакөздеу.

1.7. Пəнді оқытудың міндеті:

Мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдарда, мекемелерде, ұйымдармен кəсіпорындарда мемлекеттік тілде іс жүргізу, қатынас қағаздарын толтыру,құжат айналымын іске асыру басты міндеттердің бірі болып отыр.

Бұл пəннің міндеті: іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік,əлеуметтік маңыздылығын, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуініңалғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру;

Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін білдіру;Іс қағаздарын жүргізудің тарих; саясаттану, мұрағат ісі, тіл білімі,

педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету. Болашақмамандық иелерін іс қағаздарын толтыру əдістері мен оның мемлекеттікстандарттары, жазылу стилі, қызметі, мақсаты сияқты білім негіздеріменқаруландырып, қазақ тілінің қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардыңсептігі тиюін қамтамасыз ету.

Ресми құжаттарды жасайтын, жүргізетін, жазатын маманның кəсібибіліктілігі, мемлекеттік тілді жетік меңгеруі талап етілетіндігін түсіндіру.

1.8. Тапсырмалардың түрлері жəне олардың орындау мерзімі.

№ Бақылаутүрі

Жұмыстүрі

Жұмыстыңтақырыбы

Əдебиеттертізімі

Тапсырууақыты

1 Ағымдықбақылау

Құжаттүрлерінжазу.Баяндама

Өтініш. Арыз. ТалапарызСенімхат. ҚолхатТелефонхат

1-апта

2-апта3-апта

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ЖеделхатЖарлықБұрыштамаТанысқыҚызметтік хаттар,түрлері.Мінездеме. Факс.Факс арқылыжіберілетін хаттар.

4-апта5-апта6-апта

7-апта

2 І-ші Аралықбақылау

Тест Аралық бақылау 8-апта

3 Бақылаудыңбасқатүрлері

Реферат,хаттамадайындау

XIX ғасырдағыресми іс қағаздарытілінің қалыптасабастауы. Хаттама.Хаттамадан үзінді.

9-апта

4 Бақылаудыңбасқатүрлері

Реферат

Мəтіндайындау

Шығарма

Баяндама

Жеке іспарағын(бланкі)толтыру

Жаңа түркідəуіріндегі ресми ісқағаздары.Ресми іс қағаздарытілінің стилі.

Іс қағаздары жəнеолардың түрлері.Өмірбаян, оныңтүрлері.Жеке іс парағы

10-апта

11-апта

12-апта

13-апта

14-апта

ІІ-шіАралықбақылау.Қорытындыбақылау

Емтихан(ауызша)

15-апта

1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатынəдебиеттер:

Негізгі əдебиеттер:

1. Дүйсембекова Л. Қазақ тілі: Іс қағаздарын жүргізу. Алматы, 2011.

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

2. Алдашева А., Ахметжанова З., Қадашева Қ., Сүлейменова Э. Ресми ісқағаздары. Алматы: «Сөздік-Словарь» , 2002.

3. Салагаев В., Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Алматы: «Раритет»,2002.

4. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. Алматы: «Ана тілі»,2004.

5. Ақанова Д. Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З. Қ., Қадашева Қ. Қ., Сүлейменова Э. Д. Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы: «Арман», 2002.6. Хазимова Ə. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу Алматы: «Олжас», 2004.

Қосымша əдебиеттер

1. Абахан Ə., Айтжанова С. С. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудіоқыту. ОƏК Алматы: ҚазҰТУ, 2004.

2. Қадыржанов Қ., Шүленбаева Ұ. Р., Монтаева А. М. Іс қағаздарынмемлекеттік тілде жүргізу. Алматы: «Ғылым» 2002.

3. Алдашева А., Бүркітбаева Г. Іскери хаттар. Алматы: «Легион» 2002.4. Мұхамадиева Н. К., Чабаева А. Д. Іс қағаздарын оқыту. Алматы, 1999.5. Қасымбеков М., Əлімқұлов Қ., Юсупов К., Əлмешев Ж., Сапарбекова А.

Екі тілде іс жүргізу. Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994.

1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлықпəндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылауқолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалаутуралы мəліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түріндеберіледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарыменсəйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген əрбір пəнніңрейтингі қорытынды бақылауға тəуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.

Əрбір пəнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау,аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, баяндама,семестрлік тапсырма жатады.

Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдықкөрсеткіштері қолданылады. (1-кесте)

Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу

№ Қорытынды бақылау түрі Бақылау түрлері Пайыз % 1 Емтихан Қорытынды бақылау 100

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Аралық бақылау Ағымдық бақылау

100 100

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойыншакүнтізбе кестесі

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»пəні бойынша

1-кестеАпталар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15Бақылаутүрлері

ЛТ ЛТ ЛТЛТӨЖ

ЛТ ЛТ ЛТӨЖ

АБ ЛТ ЛТ ЛТ ЛТ ЛТ ЛТ ҚБ

Бақылау-дыңапталықсаны

1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1

Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат,ӨЖ – өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау, ҚБ – қорытынды бақылау

Студенттердің білімін бағалау

Баға Əріптік эквивалент Пайызбен % БалменӨте жақсы А

А-95-10090-94

43,67

Жақсы В+ВВ-

85-8980-8475-79

3,333,02,67

Қанағаттанарлық С+СС-D+D

70-7465-6960-6455-5950-54

2,332,01,671,331,0

Қанағаттандырарлықсыз Ғ 0-49 0

Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі

I-VIII модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:1. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы.2. Өтініш. Арыз. Талап арыз.3. Орта түркілік дəуірде жазылған хан жарлықтарындағы ресми іс қағаздарының стилі.4. Сенімхат. Қолхат.

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілі.6. Телефонхат. Жеделхат.7. XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарының қазіргі қазақ іс қағаздарымен байланысы.8. Жарлық. Бұрыштама.9. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты жазылған еңбектердегі негізгі тұжырымдар.10. Танысқы.11. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма.12. Қызметтік хаттар, олардың түрлері.13. Мінездеме, оның түрлері.14. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.15. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.16. XIX ғасырдың ІІ жартысында қазақша жазылған іс қағаздарының тілі.17. Хаттама. Хаттамадан үзінді.IX-XV модульдар бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:1. Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары.2. Қазіргі қазақ əдеби тілінің стильдік тармақтары.3. Түйіндеме.4. Іс қағаздарының түрлері жəне оларды топтастыру.5. Ұйымдық, өкілеттік құжаттар.6. Өмірбаян, оның құрылымы.7. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы.8. Еңбек келісімі.9. Бұйрық-жарлық құжаттары.10. Бұйрықтың түрлері.11. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы.12. Хабарландыру. Кепілхат.13. Анықтама. Акт.14. Қазақ ресми іс қағаздары тілінің зерттелуі.15. Алғашқы қазақ баспасөзінің ресми іс қағаздары тілін қалыптастырудағы рөлі.16. Ресми іс қағаздарын жазу мəдениеті.17. Іс қағаздарының атаулары.18. Қызметтік хат жазу мəдениеті.

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:

1. Іс қағаздарының түрлері қандай?2. Іс қағаздарын жазу кезіндегі стильдік ерекшеліктер.3. Іс қағаздарын жазуға қойылатын талаптар.4. Өтініш қандай жағдайларда жазылады?5. Арыз мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?6. Арыздың құрылымына қандай мəліметтер кіреді?

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

7. Талап арыздың шағым мен арыздан айырмашылығы неде?8. Өмірбаян, оның құрылымы.9. Қызметтік хаттар, олардың түрлері.10. Түйіндеме қандай жағдайға, неге байланысты жазылады?11. Түйіндеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?12. Аттестациялық мінездеме.13. Қызметтік мінездеме.14. Сенімхат қандай жағдайларда жазылады, оны кім куəландырады?15. Сенімхат қандай мерзімге беріледі?16. Телефонхат. Жеделхат.17. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?18. Анықтама құрылымына қандай мəліметтер кіреді?19. Анықтама не үшін беріледі?20. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?21. Хаттаманың құрылымына қандай мəліметтер кіреді?22. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда дайындалады?23. Хаттаманың үзіндісіне қандай мəліметтер кіреді?24. Бұйрық құжаттың қай түріне жатады?25. Бұйрықтың түрлері.26. Жеке іс парағының құрылымына қандай мəліметтер кіреді?27. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады?28. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мəліметтерді жазбаша дайындау.29. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады?30. Бұрыштама. Танысқы. Танысқы дегеніміз не?

1.11.Курстың саясаты мен процедурасы оқытушылардыңстуденттерден міндетті түрде сабаққа қатысуын, барлық бақылау түрі бойыншауақытында есеп беру, қатыспаған күндерін қайта тапсыру тəртібін талап етудентұрады.

Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пəннің бірізділігінсақтау қажет.

2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны 2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу

Академиялық сағат саны Тақырып атауы Тəжіри-

белік са-бақтар

СОӨЖ СӨЖ

1. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тəн тілдік элементтер.

2 2 2

2. VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің

2 2 2

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

тарихы.3. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау алады.

2 2

4. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі.

2 2 2

5. XVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздары. 2 2 2

6. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма 2 2 27. Мінездеме. Факс арқылы жіберілетін құжаттар.

2 2 2

8. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.

2 2 2

9. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары. 2 2 2 10. Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары. 2 2 2 11. Ресми іс қағаздары тілінің стилі. 2 2 2

12. Іс қағаздары жəне олардың түрлері. 2 2 2 13. Жеке іс парағы. Еңбек келісімі. 2 2 2 14. Бұйрықтың тарихы. Хабарландыру. 2 2 2 15. Анықтама. Акт. 2 2 2 Барлығы: 30 30 30

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Қазақ ресми іс қағаздары тілініңқалыптасу тарихы

1-апта. 1-сабақ1-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары үлгілерінің көне түркі

ескерткіштерінде жатқандығы туралы мəлімет алып, есте сақтаңыздар.2-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына сұрақ-жауап

құрастырыңыздар.3-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп,

мазмұндаңыздар.

VI -VIII ғасырлардағы көне түркі жазбаескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына

тəн тілдік элементтер

VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштері тіліндеқазіргі қазақ іс қағаздары тіліне тəн элементтер мен құрылымдық ұқсастықтар,ресми іс қағаздары стилінің өзіндік белгілері, қазіргі іс қағаздары тіліндеқолданылатын кейбір реквизиттер бар. Қазіргі қолданылып жүрген ісқағаздарының аттары аталмаса да құрылымдық, мағыналық тұрғыданқарастырғанда, қазіргі іс қағаздары үлгілерінің тамыры VI –VIII ғасырлардағыкөне түркі жазба ескерткіштерінде жатқандығын байқауға болады. Қазақ ісқағаздары тілінің тарихы VI –VIII ғасырлардағы көне түркі жазбаескерткіштерінен басталады. Ə. Қайдаров қазақ тілінің тарихи даму сатысысонау хун, көне түркі дəуірінен басталғандығын айтады.

Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде іс қағаздарының жекетүрлері кездеспегенімен, оларға тəн тілдік бірліктер мен стильдікерекшеліктерді, ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көнетүркілік дəуірге тəн іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы сол тілдің иесі болып табылатынхалық тарихымен, қоғам тарихымен тығыз байланысты. Өйткені ол тілдіңдамуы қоғамның дамуына, оның экономикалық өміріндегі өзгерістергебайланысты болады. Қоғам өміріндегі өзгерістер тілге əсерін тигізбейқоймайды. Ресми іс қағаздары тілінің тарихын қоғам тарихыменбайланыстыра қараудың қажеттілігі осыдан келіп шығады.

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихын зерттеуде екі принципбасшылыққа алынады. Бірінші принцип – қазақ іс қағаздары тілінің тарихыноны туғызған, тілдік қатынас ретінде пайдаланған қоғам тарихымен тығызбайланыста, бірлікте қарау принципі. Екінші принцип – қазақ іс қағаздарытілінің қалыптасу кезеңдерінде кездесіп отыратын түрлі тілдік фактілерді,тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарау принципі.

4-тапсырма. Құжат көшірмесіне берілген анықтаманыңмағынасын түсініп, есте сақтаңыздар.

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Құжат көшірмесі (копия документа) – түпнұсқалық құжаттыңтолық мазмұны ешқандай өзгертусіз толық жазылып, оның ақиқаттығынрастайтын лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөнінің басқы əріптері мен қызметіжазылып, қолы қойылып, мөрмен бекітілген құжат.

5-тапсырма. Сұрақ-жауапты рөлге бөліп оқып, мағынасынмеңгеріп алыңыздар.

– Құжат деген не?– Құжат дегеніміз кейбір фактыны, бір жағдайды немесе затқа

қатысты адамның құқығын растайтын іс қағазы.

– Заң деген не?– Заң – мемлекеттің қаулысы, əр адам орындауға міндетті ережелер.– Іс қағаздары деген не?– Іс қағаздары дегеніміз əр азаматтың өзіне қатысты талаптарын заңға

толық сəйкестендіріп толтыратын құжаттар.

6-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Іс қағазы, құқықтық мемлекет, адам құқығы, заң орны, термин сөздер,қаулы, міндет, кəсіби мамандық, жекеменшік.

7-тапсырма. Етістіктерден болымсыз етістік жасап, оларменсөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Құқық қорғау – құқықты қорғамау. Мысалы: Республикадакейбір заң орындары жеке адамдардың құқығын толық қорғамайды.

Заңды білу, іс жүргізу, іс қағаздарын толтыру, заңға толық сəйкестендіру,азаматтық істерді қарау, құқықтық мемлекет принциптері, заңды орындау.

8-тапсырма. Шетелге сапарыңыздың мақсатын көрсетілгенжолдарға қазақ тілінде жазыңыздар.

Туристическая поездка......................................................................................Командировка....................................................................................................Служебная командировка.................................................................................Участие во всемирном симпозиуме.................................................................По служебным делам........................................................................................Учеба, стажировка............................................................................................

9-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерінің антонимдерінтауып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Көне дəуір, өтінішті қанағаттандыру, рұқсат беру, қатысу, қалыптасу,кепілдік беру, мəжіліске шақыру.

10-тапсырма. Термин жəне терминологиядан қысқаша мəліметалыңыздар.

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

– Термин деген не?– Термин – ғылым, техника, өнер жəне сол сияқты тұрмыстың белгілі бір саласындағы ұғымдарды дəл айту үшін қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері.– Терминология деген не?– Терминология деген атаулардың жиынтығы.– Термин сөздер деген не?– Термин сөздер бір немесе бірнеше сөздердің жиынтығынан тұрып, белгілі ұғымды білдіретін сөздер.

11-тапсырма. Төмендегі берілген терминдерді ғылым, техника, өнер,сəулет, жалпы ғылымдық салаларға бөліп жазыңыздар.

Ү л г і: Мұнай, металл, машина жасау – техника ғылымыныңтерминдері.

Телемеханика, компьютерлендіру, ақпараттандыру, есептеу, геология,эстетика, этика, шығармашылық, безендіру, ғылым, өнер, мəдениет, өнерпаз,драматург, білім, қоғам, тау-кен, картография, қайраткер, өнертапқыш, өлең, əн,би, əнші, биші, ақын, құрылыс, экономика, мұражай.

1-апта. 2-сабақ12-тапсырма. Берілген іс қағаздарынан мəлімет алып, оның

толтырылуына берілген түсініктемені меңгеріп алыңыздар.

Ө Т І Н І Ш. А Р Ы З. Т А Л А П А Р Ы З* * * * *

А Р Ы З

Арыз – азаматтардың заң арқылы қорғалатын құқықтары ескерілмей, онықалпына келтіру туралы талап қойылған жағдайда, əлеуметтік əділетсіздікорын алғанда, заңды тұлға өзінің құқығын қорғау керек болғанда, тəртіпсіздікпен қылмысқа қарсы шара қолдануға шағым айта, жалпы келеңсіз жағдайларжайлы жазылатын іс қағаздарының бір түрі.

* * * * *Арыз – азаматтардың құқықтары мен мүдделері бұзылған жағдайда,

аталған мəселені шешуге құқығы бар мекеме басшысының атына жазылады.Арыз иесі орын алып отырған келеңсіздікті ретке келтіруді, жөндеуді,заңсыздыққа байланысты шара қолдануды талап етеді. Арызда жеке тұлғаныңзаңсыз іс-əрекеттері туралы мəлімет беріледі. Сол бойынша шара қолданудыталап етеді.

Арыз белгілі бір себеппен көбінесе жеке адамның атынан жазылады.Арыздың реквизиттері: кімге жолдағаны, кім жазғаны, құжат аты,мазмұны, қолы, жазылу мерзімі.

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Арыздың құрылымы: 1. Құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);2. Құжат аты; 3. Негізгі мəтін; 4. Қосымша болса, оған сілтеме; 5. Жазылумерзімі; 6. Қолы; 7. Арыз мазмұнымен келісушілердің қолы (егер бар болса).

Арыздың мəтінінің соңында күнделікті қызмет этикасын сақтау сөздерінқолдана отырып, адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы:

· Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын;· Нұсқау беруіңізді сұраймын;· Мəселені қарастыруыңызды сұраймын;· Қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын;· Заңдық күші бар құжаттар негізінде іске асыруыңызды сұраймын;· Белгілі тəртіпті жолға қоюыңызды сұраймын;· Арыз бойынша тексеріс жүргізуіңізді сұраймын жəне т.б.

13-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Арыз қандай жағдайда жазылады? 2. Арызға кім қол қояды? 3. Арыз

бірнеше адамдардың атынан жазылуы мүмкін бе? 4. Арызда жазылғанмəліметтер тексеріле ме? 5. Арызда жазылған мəліметтердің растығына кімжауап береді? Арыз иесінің аты-жөні көрсетілмеуі мүмкін бе? 7. Арыздажазылған мəліметтердің барлығы əрқашан шындыққа негізделе ме?

14-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.Письменная жалоба. Письменная жалоба – служебный документ,

предназначенный для доведения до сведения должностного лица (как правиловысшестоящего) информации узкой направленности в малом и среднемобъеме. Жалоба в абсолютном большинстве случаев пишется персонально (тоесть от имени одного лица ).

15-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін орыс тілінеаударыңыздар.

Құқық, азаматтардың құқығы, арыз бойынша тексеріс жүргізуіңіздісұраймын, қызметкердің заңсыз əрекеті, арызда көрсетілген мəлімет, арыз жазу,қалыптасқан жағдайға байланысты шара қолдануыңызды сұраймын.

16-тапсырма. Берілген құжаттардың үлгілерімен танысыңыздар. Алматы қалалық халыққа қызмет көрсету басқармасының бастығы

Қадырқұлова Розы Баймолдақызына басқарма бастығының орынбасары Н.С.Күдериновадан

А Р Ы ЗҮ л г і:Менің арыз беру себебім, аталған мекеменің тапсырыс арқылы қызмет

көрсету бөлімінің бастығы Ж. Сəрсеновтың бөлім ережесі мен қызметтік

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

нұсқау талаптарына қайшы келетін заңсыз іс-əрекеттеріне, рұқсат қағазынсызсырттан келетін тапсырмаларды орындауына байланысты, басшылықтыңрұқсатымен келіп жатқан тапсырыстар уақытында орындалмай, жұмыстыңорындалу көрсеткіші төмендеп кетті.

Бөлім бастығының атқарып отырған жұмысына лайықты еместігін, əртүрлі заңсыздықтарға барып отырғандығын айта келіп, арыз бойынша тексерісжүргізіп, шара қолдануыңызды сұраймын.

Басқарма бастығыныңорынбасары ____________ Н.С.Күдеринова

қолы18.02.2011

* * * * * Т ə р т і п т і к ж а з а б е р у т у р а л ы

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы»Заңының 94 бабының 1 тармағына сəйкес жоспарлы кеңестердегі берілгентапсырмаларды бірнеше рет орындамағаны, аудан аумағының санитарлықтазалығы мен көріктендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу бойыншажұмыстарды нашар ұйымдастырғаны үшін коммуналды шаруашылық бөлімініңбастығы Қожакеев Мақсат Əбікенұлына ескерту ретінде тəртіптік жазаберілсін.

Осы өкімнің орындалуын бақылау аппарат директоры АңламасоваАяулым Бегалиқызына жүктелсін.

Негіздеме: 2009 жылдың 12 қазанындағы М.Ə. Қожакеевтің жазбашатүрде берген түсініктемесі.

Жетісу ауданы əкімінің ___________ Ілесова Қынагүл орынбасары қолы Əбілқасымқызы

* * * * *Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы

Ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бастығы Бердиллаева МеңдіқызБексұлтанқызының еңбек демалысы кезіндегі міндетін атқару 2010 жылдың28 мамырынан ұйымдастыру-кадрлар ісі бөлімінің бас маманы ШимаеваСалтанат Мұсаханқызына жүктелсін. Жұмыс көлемінің ұлғаюынабайланысты С.М.Шимаеваға қызметтік жалақысының үстіне 50 % мөлшеріндеүстеме ақы төленсін.

Негіздеме: Өндірістік қажеттілік, Қазақстан Республикасының «Еңбектуралы» Заңының 72 бабы.

Ұйымдастыру-кадрларісі бөлімінің меңгерушісі __________ Монтаева Ажархан

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

қолы Молдаханқыз17-тапсырма. Əр түрлі заңсыз мəселелермен байланыстырып, үш

түрлі арыз жазыңыздар.18-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – өтініш қалай жəне қандай

жағдайда жазылатындығымен танысып, жазылу үлгісін меңгеріпалыңыздар.

Ө Т І Н І Ш

Өтініш – өздеріне берілген түрлі құқықтарды, заңмен бекітілген түрлімүмкіншіліктерді пайдалану мақсатында, жеке тұлғаның немесе ұйымныңатынан жазылатын іс қағаздарының бір түрі.

* * * * *Өтініш көбінесе жеке адамдардың атынан жазылады. Үлкен ұжымның

мүддесін көздейтін ұжымдық өтініш түрлері де кездеседі. Өтініш белгілі бірсебеппен ғана жазылады. Əдетте бір ғана мəселе көтеріледі. Өтініш ондаайтылған мəселені шешуге құқы жəне өкілеттілігі бар адамның атынажазылады.

Өтініш төмендегідей мақсаттарда жазылады:1. Жұмысқа қабылдау; 6. Материалдық көмек сұрау;2. Жұмыстан босату; 7. Пəтер беруді сұрау3. Басқа жұмысқа ауыстыру; 8. Балабақшадан орын бөлуді сұрау;4. Кезекті демалыс алу; 9. Жалақыны көтеруді сұрау жəне т.б.5. Кезектен тыс демалыс сұрау;

Өтініш құрылымы жəне өтініште көрсетілетін негізгі мəліметтер:1. Құжат адресациясы (кімнің атына жəне кімнен жазылғаны);2. Құжат аты; 7. Өтініш мазмұнымен3. Негізгі мəтін; келісушілердің қолы (егер бар болса)4. Қосымша боса, оған сілтеме; 8. Қосымша тіркелетін құжаттар5. Жазылу мерзімі; тізбесі (егер бар болса) жəне т.б.6. Өтініш иесінің қолы;

Өтініш жазуға себеп болып отырған жағдайларды төмендегідейқұрылымдар арқылы беруге болады:

· Алматы қаласында үй-жайым болмағандықтан;· Басқа жұмысқа ауысуыма байланысты;· Отбасы жағдайыма байланысты;· Денсаулығыма байланысты;· Ғылыми еңбектің баспаға дайындалуына байланысты, т.б.

Өтініштің жазылу мақсатын төмендегідей құрылымдар арқылы беругеболады:

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

· Жатақханадан орын беруіңізді сұраймын;· Кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын;· Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын;· Жұмыстан босатуыңызды сұраймын;· Басқа жұмысқа ауыстыруыңызды сұраймын;· Рұқсат етуіңізді сұраймын;· Материалдық көмек беруіңізді сұраймын;· Айтылғандарды ескере отырып, шешім қабылдауыңызды сұраймын, т.б.

19-тапсырма. Өтініштің үлгілерімен танысыңыздар.

Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ректоры, профессор Ж.М.Əділовке Алматы қаласы, Əуезов көшесі № 125 үй, 14 пəтер тұрғыны А.Д.Қайыровадан

Ө т і н і шҮ л г і:Мені Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың Тау-кен институтының

«Материалтану» кафедрасына Матералтану пəнінің оқытушысы ретіндежұмысқа қабылдауыңызды сұраймын. Қажетті құжаттар бірге тіркеліп отыр.

23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова қолы

* * * * * Грант бөліміне ауыстыру туралы өтініш

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Мұнай-газ ісі иститутының директоры Т.А.Енсепбаев мырзаға шифры 5В 070800 НДб-10-4р. тобының студенті Қасымова Жадырадан

Ө т і н і шҮ л г і:

Мені 2010-2011 оқу жылының II семестрінен бастап мемлекеттік білімгрант бөліміне ауыстыруыңызды сұраймын. Мен қысқы сессияның барлықемтихандарын «5»-ке тапсырдым.

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

25.12.2010 қолы_____________Ж.Қасымова.

Кандидаттық диссертацияны қабылдаутуралы

Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, профессор Шерубай Құрманбаев мырзаға, диссертациялық кеңестің төрайымы Нұржамал Оңғарбаева ханымға

Ө Т І Н І ШҮ л г і: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының 10.02.02 қазақ тілі

мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесіналу үшін диссертация қорғайтын Д.14.05.04 диссертациялық кеңесіне«В.В.Радловтың «Түркі тілдер сөздігін жасау тəжірибесі» еңбегіндегі қазақлексикасының құрамы мен құрылымы» тақырыбына жазған кандидаттықдиссертациямды қабылдауыңызды сұраймын.

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақұлттық техникалық университетініңаға оқытушысы ______________ Бердиллаева Меңдіқыз Бексұлтанқызы

қолы

20-тапсырма. Төмендегі мəселелерге байланысты өтініш жазыңыздар:1. Кезекті ақылы еңбек демалысын беру туралы;2. Жалақыны көтеру туралы;3. ҚазҰТУ ректорының атына I курсқа түсу үшін құжатын қабылдау туралы;4. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шығу туралы.

21-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.Жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын; отбасы жағдайыма байланысты;

материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын; нұсқау беруіңізді сұраймын;өтінішімді орындауыңызды сұраймын; шешім қабылдауыңызды сұраймын.

22-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.Очередной отпуск; прошу вашего разрешения; внеочередной отпуск;

прошу включить; просим выслать; содержание заявления; просим подтвердить;просим выслать необходимую нам документацию; прошу разрешить.

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

23-тапсырма. Берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Өтініштің құрылымына не кіреді? 2. Өтініш қандай мəселелерге

байланысты жазылады? 3. Өтініш кімнің атына жазылады? 4. Өтінішке кім қолқояды? 5. Өтініштің мəтінінде қандай сөздер жиі қолданылады? 6. Өтініштеқандай негізгі мəліметтер көрсетіледі? 7. Өтініш негізінен қандай мақсаттажазылады?

24-тапсырма. Талап арыз қандай іс қағазы? Мəлімет алып, талап арызжазыңыздар.

Т А Л А П А Р Ы З

Талап арыз – даулы құқықтық қарым-қатынасты шешу мақсатындааудандық не болмаса қалалық сот төрағасының атына жеке азаматтардыңнемесе заңды тұлғалардың атынан жазылатын іс қағазының бір түрі.

* * * * *Талап арызда көрсетілген деректер бойынша сот өкілдері іс қозғайды.

Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай іс жүзінде дəлелденгенжағдайда заң бойынша шара қолданылады. Талап арызды жазушы, яғни сотқашағымданушы тұлға талапкер деп аталады. Талапкер жеке тұлға да, заңдытұлға да болуы мүмкін. Талап арызда көрсетілген деректер бойынша жауапберетін азамат немесе заңды тұлға жауапкер деп аталады.

Талап арыз негізінен төмендегідей мақсаттарда жазылады:· Заңға қайшы іс-əрекетті тоқтату;· Мүлікті қайтару;· Шығындарды өтеу;· Қоғамдық немесе ортақ мүліктерді пайдалануға кедергілерді жою;· Алимент төлету;· Келісімшартты жарамсыз деп табу;· Ортақ меншікті бөлу;· Некені бұзу, т.б.Талап арызда көрсетілетін негізгі мəліметтер;· Талап арыз жолданатын соттың аты;· Талапкер мен жауапкердің аттары мен мекен-жайлары;· Талап арыз жазуға негіз болып отырған жағдай;· Оларды растайтын дəлелдемелер;· Талапкердің қойып отырған талабы;· Егер талап арыз материалдық-құқықтық мəселеге қатысты болса, онда

талаптың бағасы;· Қосымша тіркелетін құжаттар тізбесі.Талап арыздың құрылымы:

1. Талап арыз жолданатын соттың аты;2. Талапкердің аты мен мекен-жайы;3. Жауапкердің аты мен мекен-жайы;

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

4. Құжат аты;5. Талап арыз мəтіні;6. Талап арыз берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;7. Талап арыз берілген күні, айы, жылы;8. Қосымша (егер бар болса).

25-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады? 2. Талап арыз кімнің атына

жазылады? 3. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай? 4. Талап арызберуші қалай аталады? 5. Жауапкер деген кім? 6. Талап арызға кімнің қолықойылады?

26-тапсырма. Өмірде болған жағдайлармен байланыстырып, үш талапарыз жазыңыздар.

27-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.Арыс иесі, қабылдау бөлімі, жұмыстан шығару, демалыс алу, келісім беру,

талап арыз жазу, өтініш білдіру, қол қою.

28-тапсырма. Мұнай-газ компаниясы басшысының заңсыз іс-əрекетітуралы арыз жазыңыздар.

29-тапсырма. Талап арыздың үлгісімен танысып, оның қалайжазылатынын есте сақтаңыздар.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрайымы Рысқұлбекова Күнəркүл Сейітқазықызына талапкер (истец) – Алматы қаласы Наурызбай батыр көшесі 65 үй, 23 пəтер тұрғыны К.С.Əміровтен жауапкер (ответчик) – Алматы қаласы Сейфуллин даңғылы № 98 ғимаратта орналасқан «Жігер» Ашық акционерлік қоғамы

Жалақыны өндіріп алу туралы

Т А Л А П А Р Ы ЗҮ л г і:Мен, Əміров Қайрат Сабырханұлы, «Жігер» Ашық акционерлік қоғамында

2007 жылдың 13 наурызынан бастап құрылысшы болып жұмыс істеймін. Менжұмыс істеген төрт жыл аралығында ешқандай ескертусіз өзіме міндеттелгентапсырмаларды үлкен жауапкершілікпен орындап келемін. Бірақ аталған қоғам2009 жылдың қаңтарынан бері менің жалақымды төлемей, күнде ертеңмен

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

бүгінгі күнге дейін созып келді. Не себепті төлемей келгені белгісіз,сылтаулары əр түрлі.

Осыған орай, ҚР-сы Ата Заңының 13 бабының 2 тармағын, 24 бабының 1тармағын, 76 бабының 3 тармақтарын басшылыққа ала отырып, жоғарыдаайтылғандардың негізінде өтінемін:

а) менің моральдық құқығыма жəне ə) материалдық жағдайыма қиындықтар туғызып, б) 1,5 жыл бойғы еңбек ақымды төлемегені үшін менің 1 млн. 200 мың

теңге мөлшеріндегі жалақымды өндіріп берсін.Куə ретінде сотқа У.Қадыров, Г.Салимова, Н. Айдосов, О.Надыроваларды

шақыруыңызды сұраймын.Қосымша құжаттарды ұсынып отырмын:1. Есептелген, бірақ төленбеген жалақының мөлшері туралы анықтама;2. ҚР Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру ставкасы туралы анықтама

жəне өсімпұлдық есебі;3. Талап арыз көшірмесі;4. Мемлекеттік салықтың төленгендігі туралы түбіртек.

Қолы__________ Күні: 06.10.2011

30-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыздар.Заявитель, краткое содержание письма, срок исполнения, дата передачи на

исполнение, расписка в получении документа, факты подтвердились, решеноположительно, результат рассмотрения заявления, характер задания.

2-апта. 3-сабақ31-тапсырма. Қазақ іс қағаздары тілінің тарихының алғашқы басталу

кезеңінен мəлімет алыңыздар.32-тапсырма. Тарихи деректерге сүйеніп, мəтінді толықтырыңыздар.33-тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелеп

беріңіздер.

VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы

Қазақ іс қағаздары тілінің тарихы VI-XIII ғасырлардағы көне түркі жазбаескерткіштерінен басталады. Осы ғасырлардағы көне түркі жазбаескерткіштеріндегі іс қағаздарының үлгілері қазіргі іс қағаздарына қойылатынталаптардың бірқатарына жауап береді.

Орта түркілік дəуірде жазылған хан жарлықтары ресми іс қағаздарыныңстилімен жазылған мұра ретінде танылады. Бұл құжаттардың мазмұнында,грамматикалық құрылысында, стилінде қазіргі өкілеттік, анықтамалық-ақпараттық деп бөліп жүрген құжаттармен сəйкестік көп. Орта түркілікдəуірден бізге жеткен құжат үлгілері сан жағынан өте аз болғанымен, жарлық

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

мəтіндерінің тілі сол дəуірдегі іс қағаздарының тілі мен өзіндік стилінің қандайболғанын көрсете алады.

XV-XVII ғасырларда жазылған армян жазулы қыпшақ тіліндегіқұжаттарда іс қағаздары терминдері қалыптаса бастаған. Істің мазмұныныңтақырып ретінде ірі əріптермен беттің ортасында жазылуы, құжатқа тақырыпберу, оны жолдың ортасында жазу XVI ғасырда жазылған кейбір құжаттардағана көрсетіліп, кейін əр мəтіннің атын жолдың ортасына жазудың жүйелісипат ала бастауының қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Қазақ тіл білімінде қазақ əдеби тілінің тарихына байланысты жазылғанзерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздары тақырыбына да қатысы бар екендігідаусыз. Бұл еңбектерде ресми іс қағаздарының тарихы көне түркі жазбаескерткіштері жазылған кезеңнен басталып қарастырылғандықтан,ескерткіштер тілін зерттеуге арналған Ғ. Айдаров, Ə. Құрысжанов, М.Томановтардың еңбектерінің түркі тілдері тарихын, оның ішінде қазақ ресми ісқағаздары тілінің тарихын зерттеуде өзіндік маңызы бар екендігі сөзсіз.

34-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауапберіңіздер.

1. Қазіргі іс қағаздары тілі қай кезеңнен басталады? 2. Мұра ретінде нетанылады? 3. Орта түркілік дəуірдегі құжаттардың мазмұнында қайқұжаттармен сəйкестіктер кездеседі? 4. Сол дəуірдегі іс қағаздарының тілі менстилінің қандай болғанын не көрсете алады? 5. Қазіргі іс қағаздарыныңқұрылымының ерте ғасырларда-ақ қалыптасқандығына қай тілдегі мəтіндердəлел бола алады? 6. Құжаттарда іс қағаздары стиліне тəн не қалыптасабастады? 7. XVI ғасырда жазыла бастаған құжаттарда ненің қалыптасабастағандығын көрсетеді? 8. Қазақ əдеби тілінің тарихына байланыстыжазылған зерттеу еңбектерінің ресми іс қағаздарына қандай қатысы бар?

35-тапсырма. Мəтінді үш мағыналық бөліктерге бөліп, əр бөлігінетақырып қойыңыздар.

36-тапсырма. Мəтіннен ресми іс қағаздарына қатысты сөздерді теріпжазып, олармен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Көне; көне түркі; көне түркі ескерткіштері. VI-XIII ғасырлардағыкөне түркі жазба ескерткіштеріндегі іс қағаздары үлгілері қазіргі іс қағаздарынақойылатын талаптардың бірқатарына жауап береді.

2-апта. 4-сабақ37-тапсырма. Сенімхат пен қолхаттың қызметтері қандай, олар

қандай жағдайларда жазылады? Берілген мəліметті меңгеріп алыңыздар.

С Е Н І М Х А Т. Қ О Л Х А Т

Сенімхат – белгілі бір тұлғаның, құжат иесінің басқа біреуге, екінші біртұлғаға бір істі атқаруға, нақты бір мəселеге байланысты (көбінесе мүлік

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

сипатындағы) өз өкілеттігі мен құқығын пайдалануға рұқсат беретінқұжаттарының, іс қағаздарының бір түрі.

Сенімхат кез келген төлем түрлерін, атап айтқанда, жалақы, шəкіртақы,зейнетақы, алимент, ақша аудару, сондай-ақ мүлікті ортақ пайдалану, көлікқұралдарын иемдену, мұрагерлік құқы туралы куəлік алу үшін, сату, сатып алу,үй ауыстыру, сыйлық алу, автокөліктерді ауыстыру , сату жəне т.б. толыпжатқан жағдайларда беріледі.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куəландырылады. Нотариалдық кеңседесенім беруші мен сенім алушы тұлғалардың жеке куəліктері арқылы жекебастары анықталып, іс-əрекетке қабілеттілігі тексеріледі.

Сенімхат бір дана болып дайындалады, оның мазмұнына мыналар кіреді:1. құжаттың аты;2. жазылған жері мен уақыты;3. сенімхат берушінің жəне сенімхат алушының тегі; аты-жөні, мекен-жайы қоса көрсетілген негізгі мəтін;4. ұйым мөрі басылған, жазылғандарды растайтын жазба.Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы – 3 ай. Мүлікті

пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы – 3 жыл. Егер мүліктіпайдалануға берілген сенімхатта жарамдылық мерзімі көрсетілмесе, онда олқол қойылған күннен бастап 1 жылға дейінгі мерзімде өз күшінде болады.

38-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Сенімхат қандай мақсатта жəне қандай жағдайларда жазылады? 2.

Сенімхатты кім куəландырады? 3. Сенімхат қандай мерзімге беріледі? 4.Сенімхатқа кімнің қолы қойылады? 5. Сенімхатта жазылу мерзімінің көрсетілуіқажет пе?

39-тапсырма. Сенімхаттың жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

С Е Н І М Х А Т

Ү л г і:Қазақстан Республикасы Алматы

қаласыОн бесінші ақпан, екі мың он бірінші жыл

Мен, Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы, мекен-жайым Алматы қаласы,Əуезов көшесі 48 үй, 26 пəтер. Осы сенімхат арқылы Алматы қаласы Төле бикөшесі 15 үйдің 41 пəтерінде тұратын Қайназаров Алмат Омарбайұлынаөзімнің атыма жазылған пəтерді мекен-жайы Алматы қаласы, 3 ықшамаудан, 7үй, 26 пəтер, сеніп тапсырамын.

Қайназаров Алмат Омарбайұлы қай кезде, қандай жағдайда болмасынаталған пəтерді қалаған бағасына сатуға, жалға беруге, ауыстыруға, сыйғатартуға, мұраға қалдыруға байланысты кез келген құжатты менің атымнан

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

толтыруға, қол қоюға жəне аталған істердің барлығын менсіз-ақ сенімхатарқылы жүзеге асыруға құқы бар.

Сенім білдіруші _____________ Мамекеева Ырыскүл Құсайынқызы қолы

Мөр басылады.40-тапсырма. Сенімхаттың екінші үлгісімен танысыңыздар.

С Е Н І М Х А ТҮ л г і:

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы Жиырма бесінші мамыр, екі мың он бірінші жыл

Мен, Монтаева Ажархан Молдаханқызы, Алматы қаласы, Тілендиевкөшесі 211 үй, 5 пəтерінің тұрғыны, Алматы қаласы, Ақсай-1 шағынықшамауданы, 12 үй, 62 пəтерде тұратын Сауытбеков Дəулет Жақсыбайұлынажеке куəлігі №012480193, 1995 ж. 14 сəуірде ҚР ІІМ-ігі берген, жүргізушікуəлігі АА № 1026115, «Toyota» маркілі автокөлікті, двигателі IW 813772,шасси IMЗ – hv123807, мемлекеттік № phg 02113, түсі – ақ, маған тиесілікөлікті, уақытша жүргізуіне сенім білдіремін.

Сенімхат 25 мамыр 2014 жылға дейін берілді. қолы ___________Мөр басылады. А. Монтаеваның қолын растаймын

41-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.Предоставляю ему право заключить договор купли-продажи жилого дома.

Предоставляю ему право получать необходимые справки связанные с даннымпоручением. Предоставляю ему право получить следуемые мне деньги.Предоставляю право выполнить все действия связанные с данным поручением.Полномочия по этой доверенности не могут быть переданы другим лицам.

42-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыздар1. Сатуға \аталған пəтерді\М.С.Қайырбеков\ құқы бар. 2. Аталған пəтерді

\М.С.Қайырбеков\құқы бар\ жалға беруге. 3. М.С.Қайырбеков \құқы бар\сыйғатартуға\ аталған пəтерді. 4. Аталған пəтерді\ құқы бар\ М.С.Қайырбеков\мұраетіп қалдыруға. 5. Құқы бар \ М.С.Қайырбеков \ауыстыруға\ аталған пəтерді. 6.Құқы бар \ осы сенімхат арқылы\ аталған істердің барлығын\ жүзеге асыруға\М.С. Қайырбеков.

43-тапсырма. Өз атыңызға пошта арқылы жіберілген 30 мың теңгеніалу үшін досыңызға сенімхат жазыңыз.

44-тапсырма. Университет кассасынан сіздің шəкіртақыңызды алуүшін досыңыздың атына сенімхат жазыңыз.

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

45-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.сенімхат – доверенность сенім – довериесенім білдіру – доверять сену – веритьсенім білдіремін – доверяю сенім беруші – доверительсенім алушы – доверенное лицо əрекет – действиеменің көзімше – в моем присутствии жеке тұлға – физическое лицоəрекетке қабілеттілік – дееспособность

46-тапсырма. Сенімхатқа байланысты берілген тест тапсырмаларынорындаңыздар.

1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... растайды. А) өмірбаянын Ə) өкілеттігі мен құқын Б) мекен-жайын В) сенімхаттың жарамдылығын 2. Сенімхатқа ................... қолы қойылады. А) хатшының Ə) сенім алушының Б) сенім білдірушінің жəне нотариустың В) ата-анасының3. Сенімхаттағы мəлімет ................ баяндалады. А) бірінші жақта Ə) екінші жақта Б) үшінші жақта В) жасырын формада

Қ О Л Х А Т

47-тапсырма. Қолхат іс қағазы қалай жазылады, оның құрылымынане кіреді, оның тарихы қай кезден бастау алады деген тұрғыда берілгенақпаратпен танысып, мəтінді мазмұндаңыздар.

Қолхат – қағаз иесінің біреуден, не мекемеден бір затты (бағалы зат,құжат) алғандығын жəне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігінміндеттеп көрсететін құжат.

Мұнда алынған заттың атауы, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамныңаты-жөні, қызметі жəне заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандықбелгілер жақша ішінде жазумен жазылады.

Соңынан қолхат берген адамның аты-жөні толық жазылып, күні, айы,жылы, қолы қойылады.

* * * * *Көне түркі Орхон-Енисей ескерткіштері тілінде іс қағаздарының жеке

түрлері кездеспегенімен, оларға тəн тілдік бірліктер мен стильдік ерекшеліктеркездеседі. Ал VIII-XIII ғасырлардағы жазба ескерткіштерінен көне түркілік

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

дəуірге тəн іс қағаздарының үлгілерін кездестіруге болады. Оған көне түркіжазба ескерткіштерінен алынған материалдар дəлел бола алады.

Онда (ол ескерткіштерде): Қавсыду деген адамның бір күріні (күрі –өлшем атауы) алғандығы, оны күзде екі күрі етіп беретіндігі, ал бере алмайкешіктірсе, өсіммен беретіндігін, берешек адам қайтыс болған жағдайда, оныңінісі Қасұқ туыстарымен бірлесе отырып қайтаратындығы жазылған. Мəтінсоңында Қабан жəне Бөдөк есімді екі куəнің аты жазылып, мұны Қавсыдудыңөзі жазғандығы жəне өзінің белгісін қойғандығы жазылады.

Бұл мəтінде жазылған қолхаттың қазіргі іс қағазының бір түрі ретіндеқолданылып жүрген қолхаттан еш айырмашылығы жоқ. Тіпті белгісін (мөрін)соғып, өз қолымен жазғандығына дейін көрсетілгендігіне, куəлардыңаттарына дейін жазылғандығына қарап, сонау түркі дəуірінің өзінде ісқағаздарына тəн – заңдылық, дəлдік, құрылымдық, стильдік элементтердіңбəрі бойынан табылатын құжаттардың болғандығына көз жеткізуге болады.

Құжатта егер қолхат иесі өзіне алынып отырған жауапкершілікті орындайалмай, қайтыс болған жағдайда бұл жауапкершілікті кімнің орындайтығынадейін көрсетілген. Құжатта куə, белгі, мөр, өзім жаздым деген мағынадағысөздер қолданылған.

48-тапсырма. Мəтіннің бірінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауапқұрастырыңыздар.

49-тапсырма. Мəтінге жоспар құрып, жоспар бойынша əңгімелепберіңіздер.

50-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Қолхат беру, кепілақы, мерзімінде қайтару, қарызға алу, жауапкершілік, ісқағаздарының үлгілері, стильдік элементтер.

51-тапсырма. Қолхаттың үлгісімен танысыңыздар.

Қ О Л Х А Т

Ү л г і:Мен, Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Машина жасау институтының МФ-

01-2қ. тобының студенті Досаев Абзал Қаржаубайұлы, Алматы қаласындағыҰлттық кітапхананың сирек кітаптар қорынан Абай шығармаларының алғашқыбасылымын 08.01.11 күні уақытша пайдалану үшін алдым. Кітапты бір айдыңкөлемінде 18.02.11 күні қайтарып беремін деп міндеттенемін. Жекекуəлігімнің № 136459896.

18.01.11 қолы_____________ А.Қ.Досаевтың қолын Мөр басылады. растаймын

Page 27: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

52-тапсырма. Берілген мəселелер бойынша қолхат жазыңыздар:– қарызға ақша алу;

– мекеменің автокөлігін уақытша пайдалануға алу;– жекеменшіктегі пəтерді уақытша пайдалану;– мекеменің бухгалтериясынан несие алу.

3-апта. 5-сабақ 53-тапсырма. Қазіргі іс қағаздары құрылымы бөліктерінің

қалыптасу кезеңдерін сабақ барысында талқылаңыздар. 54-тапсырма. Мəтіннің мазмұнын тарихи деректерге сүйеніп

толықтырыңыздар. 55-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп,

мазмұндаңыздар.

Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктеріXV-XVII ғасырлардан бастау алады

Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVIIғасырларда-ақ қалыптасқандығына XV-XVII ғасырларда жазылған армянжазулы қыпшақ тіліндегі құжат мəтіндері дəлел бола алады. Құжаттарда ісқағаздары стиліне тəн стандарт тілдік бірліктер қолданылып, əр құжаттыңдатасы мен билердің аты-жөндері көрсетілген. Ант ішкен адам (присяжный),төреші, сот, қолхат сөздерінің қолданылуы жəне іс қағаздарын жүргізумəдениетінің сол дəуірдің өзінде қалыптаса бастағандығын көрсетеді.

Армян жазулы қыпшақ ескерткіштеріне жататын құжаттар тілін АлтынОрда дəуірінде қолданыста болған əдеби тілдің, зерттеушілер еңбегінде ханжарлықтарының тілі деген атпен беріліп жүрген іс қағаздары тілінің жалғасыдеп тануға болады. Сондықтан да бұл құжаттар бір ғасыр бойы хатқа түсіп,ресми іс қағаздарына тəн өзіндік стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздарыүлгісі ретінде бағалау керек.

Қазақ іс қағаздары тілінің негізі – XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары.Бұл дəуірде жазылған іс қағаздарының, атап айтқанда Ресеймен арадағы қарым-қатынасқа байланысты жазылған құжаттардың көпшілігінің Ресей архивіндесақталып, кейіннен жинақ болып баспадан шығуы сол кездегі іс қағаздарытілінің қандай сипатта болғандығын анықтауға мүмкіндік береді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандардың,батырлардың, старшиналардың патшаға жəне орыс əкімшілік орындарынажазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары сол кезеңдегі саяси-құрылыстуралы жəне т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегіқазақ даласының саяси, əлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар,XVIII ғасырда қазақ іс қағаздары тілі қандай болғанын да көрсете алады.

56-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

Page 28: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

1. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV-XVIIIғасырларда қалыптасқандығына не дəлел бола алады? 2. Құжаттарда неқолданылған? 3. Əр құжаттың нелері көрсетілген? 4. Сол дəуірде қай сөздердіңқолданылуы қалыптаса бастаған? 5. Армян жазулы қыпшақ ескерткіштерінежататын құжаттардың тілін ненің жалғасы деуге болады? 6. Қазақ іс қағаздарытілінің негізі қай ғасырда жазылған? 7. Сол кездегі іс қағаздары тілінің қандайсипатта болғандығын анықтауға не мүмкіндік береді? 8. Кімдерге жазғанхаттар сол кездегі іс қағаздарына жатады?

3-апта 6-сабақ57-тапсырма. Хаттың түрлері – телефонхат жəне жеделхатпен мұқият

танысып, берілген мəліметті есте сақтаңыздар.

Т Е Л Е Ф О Н Х А Т

Телефонхат (телефонограмма) – мазмұны телефон немесе радио арқылыжеткізілетін жедел сипатты құжат.

Телефонхаттың жеделхаттан айырмашылығы – сіз өз ақпаратыңыздытелефон немесе радио арқылы тікелей мəлімдей аласыз. Мекеменің екілауазымды адамы бір-бірімен тікелей сөйлесе алады. Лауазымы төмен адамғатапсырма бере алады. Байланыстың екінші жағында тұрған адам сізтелефонмен айтқан ақпаратты жазып алады, сағат қаншада қабылдап алғанынжурналға тіркейді, ал телефонхат мəтіні аса күрделі болмауы керек.

Телефон арқылы жіберілген ақпараттың, хабардың тақырыбы, нөмірі,жіберілген күні жəне қабылданған уақыты жөніндегі мəлімет, байланысжүйесін іске асырған адамның аты-жөні, телефонның немесе рацияныңнөмірі тіркеледі.

Телефонхат, радиохат мəтіні арнаулы бланкке немесе таза қағазғажазылып алынады, оған мекеме немесе жауапты қызметкер қол қояды.

Бұл құжаттың ерекшелігі – оның мекемеге бірден келіп түсетіндігі.Телефонхаттар басқа қызметтік хаттар сияқты есептеледі, қабылданады,сақталады.

Телефонхат құрылымына төмендегілер кіреді:1. Адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон немесе радио

арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен, мекен-жайыкөрсетілмейді;

2. Негізгі мəтін (1000 белгінің шегінде болуы керек, 9-10 сөйлем);3. Жіберушінің аты-жөні;4. Ақпаратты телефон арқылы жіберуші адамның аты-жөні, телефонхат

жіберілген телефонның нөмірі;5. Телефонхат жіберіліп болған уақыт жəне айы, күні, жылы.Телефонхатты қабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе, сол адамға

телефонхаттың келгендігі туралы бірден мəлімдейді. Телефонхатты жіберушіадам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып алады.

Page 29: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Мекемеде жіберілген, келген телефонхаттарды тіркеп отыратын арнайы«Телефонхаттар журналы» болады. Ол екі бөліктен тұрады: Бірінші бөліктемекемеге келіп түскен телефонхаттар жазылады. Екінші бөлігі жіберілгентелефонхаттар мəтіндерін жазуға арналады.

58-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауапберіңіздер.

1. Телефонхат қандай қызмет атқаратын құжат? 2. Телефонхаттыңжеделхаттан айырмашылығы неде? 3. Телефонхат қалай, не арқылы беріледі? 4.Телефон арқылы жіберілген хабар қалай тіркеледі? 5. Телефонхатты қалайқабылдап алады? 6.Телефонхаттың құрылымына не кіреді? 7.Телефонхаттыңқабылданған уақытын не үшін көрсетуге тиіс?

59-тапсырма. Телефонхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Т е л е ф о н х а т Ү л г і:№ 4 зауыт өндіріс бөлімінің бастығы Аспандияр Өмірбековке!Желтоқсанның 25-сі күні сағат таңертеңгі 9.00-дан 16.00-ға дейін өндіріс

цехы мен зауытқа қарасты № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйлерге ыстық су берутоқтатылады. Осы мəліметті зауыт əкімшілігі мен № 3, 4, 6, 7 тұрғын үйкооперативтерінің төрағаларына жеткізуіңізді сұраймыз.

Қол қойған: № 3 ЖЭС бастығы Ілесова Қынагүл Əбілқасымқызы.Жіберуші: Абилмажинова Əсел Қуанышбекқызы тел. 395-46-80.Желтоқсанның 24-і, 2010 жыл, сағат 16.00.

Т е л е ф о н х а т Ү л г і:

20.07.2010 № 18ҚР-сы шығармашылық ұйымдарының жетекшілері – Ақмарал

Итемирова, Мағжан Карамендина, Гүлдария Рыскелдиеваларға! 2010 жылдың 23 шілде күні сағат 11.00-де Республика сарайында ҚР-сы

шығармашылық ұйымдары жетекшілерінің Халықаралық конкурсқакандидатуралар дайындау жөнінде бас қосуы болады. Бас қосуға белсенділіктанытуларыңыз сұралынады.

Тағайындалатын күнге сіздердің қарамағыңыздағы ұйым мүшелеріненкандидатураларды қатыстыру мəселесін ұйымдастырыңыздар.

Қол қойған: Республикалық шығармашылық ұйымдар бірлестігіақпарат

бөлімінің бастығы Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы.Жіберген хатшы: Қалықова Əлия Жұманқызы.

20.07.2010 күні сағат 9.00-да қабылдап алған Абилмажинова ƏселҚуанышбекқызы.

Page 30: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

60-тапсырма. Əр түрлі мəселелермен байланыстырып, 2-3телефонхат жазыңыздар.

61-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Телефонхат, мəлімет, жауапты қызметкер, кеңсе қағаздары, телефонбайланысы, телефонхаттың құрылымы.

62-тапсырма. Төмендегі жағдайлармен байланыстырып,телефонхат жазыңыздар.

1. Сіз Тау-кен институтының директорысыз. Институттағы барлықкафедра меңгерушілеріне телефонхат жіберіңіз. Қандай мəселеге байланыстытелефонхат жібересіз?

2. Сіз қазақ тілі кафедрасының меңгерушісіз. Кафедра оқытушыларынақандай мазмұнда телефонхат жібересіз?

Ү л г і:Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық иституттарының

директорларына!Үстіміздегі жылдың 26 күні сағат 16-дан 18-ге дейін барлық

иституттарға қарасты ғимараттарда электр қуатын беру тоқтатылады. Институтдиректорларының осы уақыттағы сабақтардың өткізілу мəселесін шешуісұралынады.

Қол қойған: ҚазҰТУ ректоры Ж.М. Əділов.Жіберген хатшы: Бакиева Айгүл Əдікенқызы, тел.: 292-04-71.2010 жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.

63-тапсырма. Жеделхат қандай қызмет атқаратын құжат? Мəліметалыңыздар.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар* * * * *

Ж Е Д Е Л Х А Т

Жеделхат – телеграмма; жеделхат жіберу – послать телегармму;жеделхат алу – получить телеграмму.

Жеделхат:1. Телеграф арқылы берілетін, жеткізілетін ресми құжат.2. Жеделхатты əр адам немесе əр мекеме бір-біріне жібере алады.3. Жеке адам немесе мекеменің қабылдаушысы жеделхат алғаны үшін

қол қояды.4. Жеделхатта құпия ақпарат берілмейді.5. Жеделхатта қате кетпеуі үшін, цифрлар сөзбен жазылады.6. Жіберілген жеделхаттың сағаты, минуты, күні анық көрсетілуі тиіс.7. Жеделхат тиісті уақытында жеткізілмесе, оған пошташы жауап

береді.

Page 31: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Жеделхаттың құрылымына төмендегілер кіреді:– қай категорияға жататыны туралы белгі (үкіметтік, халықаралық,

жедел, категориясы жоқ, кезектен тыс, шторм, байланыс, табиғатнемесе əр түрлі апаттар жəне т.б.).

– индексі; республикасы; елі туралы;– мекен-жайы, мəтіні, мəтінге қол қойған лауазымды адамның аты жөні;– жіберуші лауазымды адамның қолы, мөр, айы, күні.– жиі қолданылатын сөздер: жіберіңіз, шешім қабылдаңыз, салып

жіберіңіз, алдым, жеткізілді, келеді, орындалады, барады жəне т.б.Жеделхаттар арнайы баспахана қағаздарына толтырылады. Оның

мəтініне ерекше телеграф стилі тəн: кіріспе, көмекші сөздер,жалғаулықтар, тыныс белгілері қойылмайды. Жеделхаттың мəтіні қысқа, дəл,анық болуы керек.

Халықаралық жеделхаттар орыс жəне латын шрифтерімен, жаңажолсыз, тасымалсыз, түзетулерсіз басылады.

Халықаралық жеделхаттың мекен-жайы бөлімінде жеделхаттыңкатегориясы туралы белгі, қабылдаушының аты, жіберілген елдің атауыкөрсетіледі. Мəтінге ұйым басшысының қолы қойылады.

Халықаралық жеделхаттың сол жақ төменгі бұрышында нөмірі, күні,орындаушының аты-жөні, қызмет телефонының нөмірі көрсетіледі.

64-тапсырма. Жеделхаттың үлгілерімен танысыңыздар.

Ж Е Д Е Л Х А Т

Ү л г і:480013, Алматы, Пушкин 22, ҚР ҰҒА Ядролық физика

институты. Директорға.Сынақтың екінші кезеңі сəтті аяқталды. Зерттеу жұмысын

жалғастыру талаптарын күтемін. Материалдарды мына мекен-жайға жіберіңіз:Атырау, Абай 7, Өмірбеков А.

* * * * *

480020, Алматы, Сəтбаев 22, ҚазҰТУ. РекторғаҚазақ ұлттық техникалық университетінің ашылғанына 70 жыл толу

мерекесімен бүкіл университеттің ұжымын құттықтаймын! Жас кадрларды,инженер мамандарын даярлауда үлкен жетістіктерге жете беріңіздер.

ҚР Білім жəне Ғылым министрлігінің министрі Б.Т. Жұмағұлов

65-тапсырма. ҚР-ның Президентіне, ҚазҰТУ ректорына, өздеріңізоқитын институттың директорына жұмыстағы ірі-ірі жетістіктеріменқұттықтау мəтінін құрастырып, жеделхат жазыңыздар.

Page 32: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

4-апта. 7-сабақ66-тапсырма. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттеуінен

қысқаша мəлімет алып, өзара пікір алысып, ой бөлісіңіздер.67-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына сұрақтар қойып, оларға жауап

дайындаңыздар.68-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Бұйрық-жарлық құжаттары* * * * *

XIV ғасырда жазылған жарлықтартілінің зерттелуі

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілінің тарихы үшін де өте құндыдеректердің бірі болып табылатын XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінзерттеуге арналған А.Ибатовтың «XVI ғасырдағы хандар жарлықтарыныңтілі» еңбегі де іс қағаздары тілінің қалыптасу кезеңін көрсететін, нақтыматериалдарға ғылыми талдау жасаған құнды зерттеу жұмысы. А.Ибатов:«Жарлықтар сан жағынан өте аз іс қағазы болғандықтан, көлемі жағынан дашағын болып келеді. Бірақ соған қарамай, онда қолданылған сөздер менолардың неше алуан өзіндік ерекшеліктері – қазіргі тілдердің қалыптасыптұрақталу тарихын байыптап аңғару ісінде бірден-бір қажет материалдар», –деп, жарлық мəтіндері тілінің қазіргі ресми іс қағаздары тілінің қалыптасутарихын зерттеуге қажетті, құнды материал екендігін атап көрсетеді.

Қазіргі қазақ тілінде əмір, бұйрық, мағынасын беретін ресми ісқағазының бір түрінің атауы ретінде қолданылатын жарлық сөзі Орхон-Енисейжазба ескерткіштер тілінде йарлық формасында кездеседі. Ол осы күнгіжарлық сөзінен өзгеше емес.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарын қазіргі қазақ іс қағаздарытілімен тікелей тарихи байланысы бар мұра ретінде қарастырады. Бұл жөніндеА. Ибатов: «Жарлықтар тексті болса, сол орта ғасыр жазба əдеби тілініңстильдік бір тармағы ретінде, іс қағаздарының стилімен жазылған мұраларқатарында танылуы қажет», – деп жазады.

XIV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана.Жарлықтар бір бет көлемінде болып келеді. Зерттеуші А.Ибатовтың пікірінесүйенсек, жарлық мəтіндерінде шамамен 350-дей түрі жəне туынды сөздерқолданылған. Ол сөздердің көпшілігі түркі тілдеріне тəн сөздер болғандықтан,түркі тілдес ұлт өкілдері жарлықтардың мазмұнын қиындықсыз-ақ түсінеалады.

Жарлық мəтіндерінде түсініксіз сөздер де кездеседі. Олардың біразымонғол тілімен байланысты болса, біразы араб сөздері. Жарлық мəтіндеріндежер-су, кісі аттары жиі кездеседі.

XIV ғасырда іс қағаздарының əлі жеке іс қағазы болып қалыптасақоймағандығы байқалады. Ондағы грамматикалық ерекшеліктер араласаберіліп отырған. Бірақ жарлықтың өзінде анықтамалық-ақпараттық құжаттарғатəн ерекшелік – баяндауыштың ашық райда берілуі. Ал өкімдік құжаттарға тəн

Page 33: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ерекшелік – баяндауыштың бұйрық рай формасында келуі. Екіншіден, бұлқұжаттарды құрылымына қарай куəлік, анықтама, бұйрық, жарлық депбөлуге болса да, іс қағаздарын жүргізу мəдениетінің əлі қалыптасақоймағандығынан, олардың бəрін жарлық деп атаған. Сол дəуірдегі Темір-Құтлұғ жарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын.

4-апта. 8-сабақ69-тапсырма. Жарлық қандай жағдайда шығарылады, оның

құрылымына не кіреді? Берілген ақпаратты меңгеріп алыңыздар.

Ж А Р Л Ы Қ

Жарлық – басқарудың шұғыл мəселелері бойынша шығарылатынқұқықтық акт. Оған жұмыс орнындағы бірінші басшы қол қояды. Жарлықтыңмəтіні бұйрықтағыдай құрамды бөліктерден тұрады. Оның мазмұны толық, дəл,анық болуы керек.

Жарлық бөлігі жеке жолға жазылған «БҰЫРАМЫН» деген сөзденбасталады. Мəтіннің бұл бөлімінде орындалатын істер, оған жауаптыадамдардың аты-жөні, лауазымы, іске асыру мерзімі көрсетіледі. Олнөмірленген тармақтарға бөлінуі мүмкін. Əр тармақ үшінші жақ бұйрықрайдың ырықсыз етіс тұлғасындағы етістіктерден (тапсырылсын, жариялансын,т.б.) жəне бұйрықты орындаушыны (лауазымды адамды немесе бөлімшені)көрсетуден басталады.

Орындауға жауаптылықты: «Бұйрықтың орындалуын бақылау(лауазымы, аты-жөні) «жүктелсін» деп көрсетіледі.

Жекеленген тапсырмалар бұйрыққа қосымша ретінде берілуі мүмкін жəнебұйрық мəтінінде оларға сілтеме қосымшаға сəйкес жасалуы тиіс. Егерқосымшалар бірнешеу болса, олардың əрқайсысы нөмірленеді.

Жарлық сөзінің мағынасы – əмір беру, бұйыру, бұйрық беру сөздерініңмағынасына өте жақын. Көне замандағы хан, қаған жарлықтары да, қазіргіүкіметтің, президенттің жарлықтары да бір адамға немесе адамдар тобына ғанаемес, көпшілік халыққа берілетін, жалпыхалықтық сипаттағы əмір, бұйрық.

Жарлықтың бұйрықтан негізгі айырмашылығының өзі – оныңбарлығына жарияланатын, барлығы орындауға, бағынуға, назарға алуға тиісқұжат екендігінде.

70-тапсырма. Жарлықтың үлгілерімен танысыңыздар.

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалықуниверситеті

əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты дамуинституты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша

Page 34: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ЖАРЛЫҚ №10Ү л г і:

Ф.ғ.к., доцент С.С. Айтжанованың отбасы жағдайына байланысты2010 жылдың қараша айындағы 19-20 күндердегі сабақтарын өткізу төмендегіоқытушыларға жүктелсін.

Жұма: 11 25 -12 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611ГУК

12 25- 13 15 5В072100-0№1 р/о-1к 611ГУК

13 30 -14 20 5В072100-0№1 р/о-1к 611 ГУК14 25 -15 20 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК1525 - 16 15 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК16 30 - 1 720 5В070800-0№5 р/о-1к 807 ГУК

Сенбі: 14 25 - 1520 5В071200-0№0 р/о-1к 611а ГУК

15 25 - 16 15 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК 16 30 –-1720 5В072300-0№1 р/о-1к 611а ГУК

Сабақты жүргізетін ағаоқытушы: _____________ Сағымбаева В.М. қолыОқытушы _____________ Қалықова Ə.Ж. қолы Жарлыққа қол қойған

кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова қолы

Ү л г і:Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

əл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты дамуинституты

Қазақ тілі кафедрасы бойынша

ЖАРЛЫҚ №12

Аға оқытушы А.М.Монтаеваның 25.01.2011-04.02.2011аралықтарында сессияға шығуына байланысты, осы күнгі сабақтарын ағаоқытушы В.М.Сағымбаева жүргізсін.

25.01.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о – 1к, 608 ГУК26.01.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК29.01.11. сағ.925-1215 050722 №1Р/о – 2к, 609 ГУК01.02.11. сағ.1230-1520 5В072000 №1Р/о – 1к, 608 ГУК

Page 35: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

02.02.11. сағ.925-1215 5В070900 №1Р/о – 1к, 614 ГУК

Сабақты жүргізетін аға оқытушы ________ Сағымбаева В.М.қолы

Жарлыққа қол қойған кафедра меңгерушісі, профессор ________ Г.Т. Тұрсынова қолы

71-тапсырма. Сіз Қ.И.Сəтбаев атындағы Машина жасауинститутының директорысыз. Сіз басқарып отырған институтта белгілібір мəселеге байланысты жарлық шығарыңыз.

72-тапсырма. Бұрыштама қалай жазылады? Берілген мəліметпентанысып, бұрыштама жазуды үйреніп алыңыздар.

Б Ұ Р Ы Ш Т А М А(Резолюция)

Бұрыштама (Резолюция) – келіп түскен іс қағаздарының бұрышынажазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштама жазу – түскен құжат мазмұнымен сіздіңтанысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша қандай шешімқабылдағаныңыздың, нұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделіктітанысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлілігіне қарай, жазылатынбұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы бұрыштамақысқа жазылуы, нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындау мерзімі, не істеукеректігі анық көрсетілуі керек. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздержазылмайды.

Бұрыштама үлгілері:1.Таныстым; 15. Шара қолданылсын;2. Келісемін; 16. Өтемақы төленсін3. Бекітемін; 17. Жəрдемақы берілсін;4. Растаймын; 18. Мəселе қаралады;5. Куəландырамын; 19. Бекітілсін;6. Қарыс емеспін; 20. Қабылданбайды;7. Қызметінен босатылсын; 21. Жеке еңбек шарты бұзылсын;8. Орындалсын; 22. Бақылауға алынсын;9. Шешілсін; 23. Өзгерістер енгізілсін;10. Қаралады; 24. Тағайындалсын;11. Іске қосылсын; 25. Арнайы комиссия құрылсын;12. Тапсырылсын; 26. Қосымша мүмкіндіктер13. Жолға қойылсын; қарастырылсын.14. Жауапты адам 27. Жарамсыз деп танылсын; тағайындалсын; 26. Жұмыстан шығарылсын

Page 36: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Бұрыштама ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай,істің негізгі мəні ғана айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшықолы қойылады немесе фамилиясы жазылады.

73-тапсырма. Екі мəселе бойынша мəтінін өздеріңіз құрастырып,өтініш жазып, өтініштегі мəселеге байланысты бұрыштама жазыңыздар.

74-тапсырма. Өзіңіз оқитын институт директорының атынаденсаулығыңызға байланысты академиялық демалыс сұрап өтініш жазып,оған бұрыштама жазыңыздар.

75-тапсырма. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ректорының атына өзеркіңізбен жұмыстан босатуын сұрап өтініш жазып, оған бұрыштамажазыңыздар.

76-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдік қатарын жазып,оларды қатыстыра отырып, ресми іс қағаздары стилінде сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Беделді, бөтен, бірдей, дағдылану.

5-апта. 9-сабақ77-тапсырма. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары қанай дəрежеде

болды? Сабақ барысында талқылаңыздар.78-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің дамуы, қалыптасуы

кезеңдерін анықтау үшін не маңызды болды? Пікірталасұйымдастырыңыздар.

79-тапсырма. Мəтінді оқып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары

Т.Р.Қордабаевтың «Тарихи синтаксис мəселелері» атты еңбегінде XVIIIғасырда жазылған іс қағаздары тіліндегі септік жалғауларының, шылаулардыңқызметі, сөйлем мүшелері жəне олардың бір-бірімен байланысы талданып,құжаттардағы жай сөйлем мен құрмалас сөйлемдердің синтаксисіқарастырылады. Ресми іс қағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер ментұжырымдар І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Исаев, Р.Сыздықова, т.б. дағалымдардың қазақ əдеби тілінің тарихына қатысты жазылған еңбектеріндеайтылған. Олар қазақ əдеби тілінің тарихына XVIII ғасырдан бастап талдаужасағанымен, оған дейін де қазақ əдеби тілін танытатын үлгілердің болғанынжоққа шығармайды.

Ол жөнінде: «XVIII ғасырдан бұрын да қазақ көркем əдеби тілінтанытатын үлгілер болғанын ескере отырып, əдеби тіліміздің тарихынқолымыздағы талдау объектісі боларлық материалдары бар XVIII ғасырдан

Page 37: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

бастадық», – деп жазады. Бұл еңбекте XVIII, XIX, XX ғасырлардағы қазақресми іс қағаздары тілін танытатын материалдарға талдау жасалады.

Р.Сыздықованың қазақ ресми іс қағаздары тілінің даму, қалыптасукезеңдерін анықтап, талдап, оның ерекшелігін көрсету мақсатында жүргізгенеңбектерінің зерттеу жұмыстары үшін маңызы зор. XVIII ғасыр мен XXғасырдың I жартысындағы ресми қағаздардың тілі туралы: «Аталған кезеңдегіқазақ даласында тіл тəжірибесінің жəне бір түрі болды. Ол – қазақтың хан,сұлтан, старшындарының əкімшілік орындарына жəне бір-біріне жазысқан əртүрлі сипаттағы (мазмұндағы) қағаздары мен хаттарының тілі болды», – депкөрсетеді.

80-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Т.Р.Қордабаевтың қай еңбегінде не қарастырылды? 2. Ресми ісқағаздары тіліне байланысты ғылыми пікірлер кімнің еңбектерінде айтылды? 3.Олар нені жоққа шығармайды? 4. Ол жөнінде не деп жазды? 5. Ол еңбекте негеталдау жасады? 6. Р.Сыздықованың еңбектерінің не үшін маңызы зор? 7 XXғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздарының тілі туралы не аталыпкөрсетілді?

5-сабақ. 10-сабақ81-тапсырма. Танысқы (визитка) қандай болу керек, ол не

үшін керек? Мəлімет алыңыздар. Танысқыны пайдаланыңыздар.

Т А Н Ы С Қ Ы (Визитка)

Танысқы (визитка) – дегеніміз бір-бірімен танысқан адамдардыңбір-біріне беретін қысқаша мəліметі бар іс қағазы.

Танысқы іскерлік қатынас жасау үшін өте керек құжат. Ол 14-шішрифтпен толтырылады, сөздері анық, бояуы қанық болуға тиіс. Аты-жөніжазылады, фамилиясы бас əріптермен теріледі. Мысалы БЕКБОЛАТОВ АсланҚайырбекұлы.

Қызметі туралы тек ресми атқаратын қызметі жазылады. Уақытшаатқаратын қызметтері жазылмайды.

Ғылыми дəреже, атақтары қажеттілігіне қарай көрсетіледі. Құпияұстайтын мəліметтері жазылмайды.

Жұмыс, ұялы телефондары, жұмысының мекен-жайы жазылады. Алүйдің телефонын көп жағдайда əркімнің өзінің шешіміне қарай көрсетпейді.Танысқы көп жағдайда 50x90 мм-лік көлеміндегі қатты қағазға жазылады.Қызметіне қарай олардың түр-түсі əр түрлі болып келеді. Мысалы:

1. Үкімет құрылымында, сайлау органдарында істейтін қызметкерлеркөбінесе ақ немесе мемлекеттік ту түсімен сəйкестендіріп жасайды. Ақ түс –қолының жəне ниетінің ақтығының символы болса, мемлекеттік ту түсі –

Page 38: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

мемлекет құрылымында істейтіндігін білдіреді жəне Отанына адал қызметететіндігін көрсетеді.

2. Қаржы бөлімдерінің, банктердің қызметкерлерісенімділікті, орнықтылықты көрсететін ауырлау түспен жасалады. Олар: алтынтүсті, металл түсті, қызыл түсті, сұр, күміс, жасыл түстері.

3. Түрлі дəрежедегі басқару орындарында істейтіндер классикалықүлгідегі түстерді (фоны – көгілдір, ақшыл сия түсті, ақшыл қоңыр, шрифтары –қара көк, сия түсті, қара қоңыр, т.б.) қалайды. Əр мамандық иесі өз қалауынақарай таңдап жасатады.

4. Шығармашылық адамдары бірден көзге ұрып тұратындайболғанын қалайды. Жазушының танысқысынан төгілген сияның суретін,музыканттікінен нота белгілерін көруге болады.

5. Ғылыми интеллигенция, Ішкі істер министрлігі, Қорғанысминистрлігі, Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, мемлекеттік құрылымқызметкерлері қарапайым түрде жасатқанды ұнатады. Тағы басқа дақызметтерге қарай əр түрлі болады.

Танысқыларды кейбір жағдайда бір-екі ауыз сөз жазыптапсыруға болады. Мысалы: «Жауап күтемін», «сенбі күні сағат 1400-декелемін», « жұма сағат 1500-де күтемін», т.б. түрінде жазып беруге болады.

Дүниежүзі практикасында іскерлік қатынас кезінде де, жеке басқақатысты жағдайда да қолданылатын, визит карточкалары арқылы жүзегеасыруға болатын бірнеше жағдайды ескеруге болады:

1. Латын əріптерімен берілген «p.f», белгісі құттықтау мағынасын береді.«p.f» 2000 – жаңа жыл қарсаңында, «p.f» 8 – 8 наурыз, «p.f» – (кез келген

қуанышты күн, мейрам күндері) белгілерін қойып, танысқыңызды өзіңізнемесе біреу арқылы тапсыруға болады.

2. «Р.С» (латын) – көңіл айту мағынасын білдіреді.3. «Р.r» (латын) – алғыс айту, рахмет айту, ризашылық білдіру

мағынасын білдіреді.4. «Р.р» - ескі əріптестеріңізге жаңа адамды таныстырған кезде ұсыныс,

кепілдеме (рекомендация) орнына қолданасыз.5. «Р.р.с» (латын) – (Р.р.s) постскриптум белгісімен шатастырып

алмайтындай жағдайда Р.р.с белгісін жазып танысқыңызды жіберуге болады. Бұл айтылған белгілердің кез келгенін ресми, ресми емес, іскерлік,

іскерлік емес қатынастың барлық түрінде қолдануға болады. Танысқыдажазылған мəлімет шын болуы керек.

82-тапсырма. Танысқыға берілген мəтіннің мағынасын түсініп,меңгеріп, мазмұндаңыздар.

83-тапсырма. Өзіңіздің бірнеше қызметіңізді көрсетіп, танысқыжазыңыздар.

84-тапсырма. Танысқының үлгілерімен танысыңыздар.

Page 39: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Ү л г і: Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ

ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, профессор

Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы___________________________________Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56480091, Алматы қаласы факс (3727)392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасы

ПрофессорШүленбаева Ұлбике Рахымбердіқызы

____________________________________Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

ASTUR корпорациясы Микрохирургия орталығы

Итемирова Ақмарал Сейітқызы Бас дəрігер

___________________________________Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ ЖТТДИ Қазақ тілі кафедрасы Ф.ғ.к., доцентАйтжановаСəуле Сейіткəрімқызы

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

Корпорация Kaz Book Promotion Ахметбаева Ұлан Жапашқызы

Президент___________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 395-40-56480091, Алматы қаласы факс (3727) 392-50-31

Ұялы телефон: 8 701 756 28 16

Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының төрағасы

Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы_________________________________

Қазақстан Республикасы тел.:(727) 365-22-92480091, Алматы қаласы факс (3727) 364-47-15

Ұялы телефон: 8 701 342 67 19

6-апта. 11-сабақ85-тапсырма. Іс қағаздарындағы тілдік норманы қалай

түсінесіздер? Мəтінмен танысып, тақырып төңірегінде пікірталасұйымдастырыңыздар.

86-тапсырма. Мəтінді екі мағыналық бөліктерге бөліп, біріншімағыналық бөлігіне сұрақ-жауап құрастырыңыздар. Екінші мағыналықбөлігін орыс тіліне аударыңыздар.

87-тапсырма. Мəтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп,мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма

Норма – тілдің өзі ұсынып отырған тəртіп, нормалану – солтəртіптерді тілдің өзінің қалыптастыруы. Жалпы тілдік норма, мүлдемөзгермейтін құбылыс емес. Қоғамдағы түрлі қарым-қатынастың өзгеруінебайланысты тілдік норма да өзгеріп отырады. Сондықтан тілдік норманы сөзеткенде, қазіргі қазақ іс қағаздарына тəн тілдік норма тарихи құбылыс ретіндеқарастырылады. Тілдік норманың қалыптасып, даму процесінде қоғамныңəлеуметтік, саяси өміріндегі факторлар үлкен рөл атқарады.

Page 40: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Іс қағаздары тілінде жиі қолданылатын «талқылау» сөзі бұрын«теріні талқыға салып жұмсарту» мағынасында тілдік норма болыпқолданылса, кейін «мəселені жан-жақты тексеріп, пікір алысу»мағынасында қолданылып, тілдік нормада айтылған. «Талқылау» сөзіндегі«талқы» – илеуден шығып шала кептірілген теріні жұмсарту үшінқолданылатын ағаштан жасалған құрал-аспап.

Бір кезде қолданылған түрлі құрылымдар мен формалар уақыт өтекеле əдеби тіл нормасынан шығып қалуы мүмкін. Мысалы, XVIII-XIXғасырлардағы іс қағаздары үшін ресми хаттың басында адресатты мақтайтын,дəріптейтін сала құлаш сөздер мен ұзақ эпитеттердің қолданылуы сол кездегіресми стиль үшін норма болып табылған.

1773 жылы 18 желтоқсанда жазылған Досалы сұлтанныңЕ.И.Пугачевқа жазған хатының аудармасынан мысал келтірейік. Хат: «Асажоғары мəртебелі держава иесі, ұлы император, бүкілресейліксамодержавец жəне басқа да сансыз көп аймақтардың əміршісі, асамархаббатты патша жəне менің жоғар мəртебелі патшам ЕмельянИвановичке », – деп басталады.

Мұндай мадақ сөздердің тек хат мəтіндерінде ғана емес, ісқағаздарының басқа түрлері үшін де норма болғандығын 1823 жылы жазылғанқұжаттардан да көруге болады. Тіл дамуының бір кезеңінде норма емесэлементтер нормаға, керісінше норма болып есептелетін элементтер нормағажатпайтын элементке айналуы мүмкін. Бұл айтылғандарға ғылыми-зерттеуеңбектерінен мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

Іс қағаздарын тек сауатты жазу ғана талап етілмейді, ондағысөздерді, сөз тіркестерін дұрыс, тілдік номада қолдану талап етіледі.

88-тапсырма. Қызметтік хаттардың жеке хаттарданайырмашылықтарын ажыратып, өз сөздеріңізбен түсіндіріңіздер.

89-тапсырма. Қызметтік хаттарды жазудың қалыптасқантəртібі қандай, оның құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.

90-тапсырма. Қызметтік хаттардан мəлімет алып, мəтіндімазмұндаңыздар.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар* * * * *

Қ ы з м е т т і к х а т т а р

Қызметтік хаттар – қандай да бір мəселе туралы мекемелер,ұйымдар жəне жеке тұлғалармен ақпарат, пікір алмасу, байланыс жасау құралықызметін атқаратын, ресми мақсаттарда қолданылатын əр түрлі мазмұндағыбасқару құжаттарының бірі.

Қызметтік хаттар жұмыс барысында, басқару қызметінде туындайтынжеке мəселелерді шешу үшін қолданылады. Оның негізгі мақсаты – іс-əрекеткекірісудің қажеттілігін сендіру, көрсету, түсіндіру болып табылады.

Page 41: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тəртібі бар. Ол тəртіпқашанда сақталуы керек. Хат мынандай бөліктерден тұрады:

1. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен адресаттыңаты-жөні. Алдымен жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолғаадресаттың лауазымы, аты-жөні жазылады. Ер адамға мырзаға, əйел адамғаханымға деп жазуға болады немесе лауазымын ғана көрсетуге болады.Мысалы: Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің редакторына;Алматы қаласының №54 орта мектебінің директорына, т.б.

2. Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің көпшілікке қабылданғанстандарт формалары бар. Кіріспе сөзді жұмсартып қолданған жөн. Кіріспе сөзмекеме, ұйымға да, ұйым басшысына да жеке дара айтыла береді. Мысалы:Құрметті Т.Т.Садақбаев мырзаға!

Егер сіз мекемеге хат жаза отырып, хатқа сол мекемедегі нақты біртұлғаның назар аударғанын қаласаңыз, оң жақ бұрышына, жеке жолғаАспандияр Өмірбеков мырзаның назарына, В.М. Сағымбаева ханымға, т.б.деп жазуға болады.

3. Хаттың жалпы мазмұн, мақсатын көрсететін бөлігі. Кейжағдайда негізгі мəтіннен бұрын хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын білдіруүшін қысқаша мəлімет жазылады. Мысалы: № 20 тапсырманың орындалуыжайлы; К.Т. Садықовтың ісіне байланысты; Жазғы сессияныңқорытындысы жайлы, т.б. Сілтемелер қысқа, əрі нақты болуы керек.

4. Негізгі мəтін. Негізгі мəтінді үш бөлікке бөледі. Бірінші –кіріспе бөлім, екінші – негізгі фактілер берілетін бөлім, үшінші – қорытынды.Қорытындыда негізгі ұсыныс, шешім, нұсқаулар айтылады.

5. Жіберушінің қызметі, қолы, аты-жөні. Хаттың бұл бөлігіндежіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады жəне қолы қойылады. Егер қолқоятын адам бірнешеу болса, ол лауазым дəрежесіне қарай тəртіппенжазылады. Мысалы:

№ 26 гимназияның директоры ___________К.Б.Жақсылықова

қолы№ 32 гимназияның меңгерушісі ___________ Г.А.Аужанова

қолы

6. Қосымшаларға сілтеме (егер бар болса). Егер құжатта қосымшаболса, ол хаттың соңында ескертіледі. Мысалы: Көлемі 6 беттен тұратынқосымша бөлек жіберіліп отыр немесе бұл құжаттан бөлек 10 беттікқосымшаны қоса жіберіп отырмыз, т.б. Қосымшаларды міндетті түрдеқосымша деп жазу керек. Мысалы: қосымша – 1, қосымша – 2, қосымша – 2а,т.б.

7. Құжатты дайындаушы туралы мəлімет. Бұл мəліметқосымшалар туралы мəліметтен кейін көрсетіледі. Мысалы: 1. Орындаушы;Құжатты дайындаушы. 2. Құжатты дайындаушының аты-жөні; 3. Жұмыс

Page 42: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

телефоны; 4. Құжаттың дайындалған мерзімі. Құжатты дайындаушы туралымəлімет, мысалы:

Орындаушы: Аяулым Аңламасова Құжаттыдайындаған:

Тел. 284-30-56 Əлия Қалықова15.02.2011 тел. 371-05-42 14.04.2011Компьютерде терген: Қосымшаларды

дайындаған:Əсел Абилмажинова Айгүл Бакиевател. 369-21-80 тел: 292-65-58 25.05.2011 10.06.2011Қызметтік хаттың мəтіні жеңіл, қысқа, нақты, сауатты жазылып,

оңай оқылатындай болуы керек.91-тапсырма. Қызметтік хатқа берілген мəтін бойынша сұрақтарға

жауап беріңіздер.1. Қызметтік хат қандай мақсаттарда жазылатын іс қағазы? 2. Қызметтік

хаттар не үшін қолданылады? 3. Оның негізгі мақсаты не? 4. Хат қандайқұрылымдардан тұрады? 5. Хаттың кіріспе бөлімінде не жазылады? 6. Жекетұлғаның назарын аудару керек болғанда не жазылады? 7. Хаттың нақтымазмұнын, мақсатын білдіру үшін не жазылады? 8. Мəтінді неше бөліккебөледі? 9. Қосымшалар қандай тəртіппен жазылады? 10. Құжатты дайындаушытуралы айтып беріңіздер.

92-тапсырма. Тест тапсырмаларын орындаңыздар. 1. Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі? А) Бастауыш В) Баяндауыш С) Анықтауыш Д) Толықтауыш Е) Пысықтауыш2. Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының

арасына сызықша қойылады? А) Көп оқу білім алудың негізгі шарты. В) Мынау өзі аттатар емес. С) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол. Д) Екі күймек бір жанға əділет пе? Е) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.

3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар. А) Аққу, əкел В) Аспан, анар С) Қарақұс, шекара Д) Өмірзақ Е) Бегəлі 4. Сөйлемнен іс қағазының қай түрін анықтауға болады?

Page 43: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Мені қазақ тілі курсына тыңдаушы етіп қабылдауыңызды сұраймын.

А) Сенімхат В) Қолхат С) Өтініш Д) Хаттама Е) Мінездеме

6-апта 12-сабақ93-тапсырма. Қызметтік хаттың қанша түрін білесіздер? Берілген

мəтіннен мəлімет алыңыздар.94-тапсырма. Əр қызметтік хаттың қызметімен танысып, олардың

жасалу формаларын біліп алыңыздар.95-тапсырма. Қызметтік хаттардың түрлеріне берілген

түсініктемелерді меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Қызметтік хаттардың түрлері

Жазылу мақсатына, хатта қамтылатын мəселенің ерекшелігінебайланысты қызметтік хаттардың бірнеше түрлері болады:

1. Ресми хат – официальное письмо. Менің атыма ресми хат келді – намое имя поступило официальное письмо.

Ресми хаттар. Белгілі бір ортаның атқаратын жұмысына байланыстымəселелер жазбаша қарастырылады. Олар ресми түрде мекеменің атынанжазылады жəне қызметтен тыс мəселені қозғамайды.

2. Қызметтік жеке хаттар – официальные личные письма. Мекемежетекшісі қызметтік жеке хат алды – руководитель учереждения получилофициальное личное письмо.

Қызметтік жеке хаттар қызметтен тыс мəселелерге арналады.Қызметтен тыс мəселелер адамның өз қызметімен, ұйымның атқаратынқызметімен шеше алатын мəселелерімен тікелей байланыста болады. Бұлхаттар тұлға атынан жазылады.

3. Ұсыныс хат – письмо-предложение. Мен ұсыныс хатпен таныстым. –я ознакомился с письмом- предложением.

Ұсыныс хаттар. Бұл хатта қызметкерді белгілі бір орынға, қызметкеұсыну туралы басшыға ұсыныс жасайды. Аталған қызметкердің сол орынғалайық екендігіне кепілдеме береді. Бұл хатқа ұсыныс жасаған тұлға ғана қолқояды.

4. Шағым хат – письмо-жалоба. Жасалған қылмыстық іске шағым хаткеліп түсті – Поступило письмо-жалоба за совершенное уголовное дело.

Шағым хаттар. Белгілі бір мекеменің немесе мекеме қызметкерлерінің,жеке тұлғалардың заңсыз іс-əрекеттерін көрсетіп, соған орай шара қолданудысұрау мақсатында жазады. Хат мазмұнының құндылығы хатта көрсетілгеннақты, заңды, дəл фактілерге байланысты. Шағым хатқа шағымданушы адам,

Page 44: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

кейде хат мазмұнына байланысты мекеменің жауапты қызметкері де қолқояды.

5. Бұйрық-жарлық хат – циркулярное письмо.Циркуляр хаттар. Əкімшілік жағынан бағынышты барлық мекемелерге

бір мерзімде жіберілетін хат. Олар негізінен тапсырма беру сипатында болады.6. Сұраныс хаттары. Бұл хаттар да белгілі бір мақсатпен ғана

жазылады. Мекемеден керекті ақпаратты немесе белгілі бір құжатты жіберуінсұрайды. Сұраныс хатқа мекеменің жауапты адамы қол қояды.

7. Жолдама хаттар. Жіберілген құжаттардың аттары, сол құжаттарменбірге жіберілген қосымша материалдардың құрамы, мазмұны, көлемі, саныжайлы мəліметтерді көрсету үшін жазылады. Жолдама хатқа мекеме басшысықол қояды.

8. Өтініш хатта мекемелерден бір нəрсе жөнінде мəлімет берусұралады.

9. Хабарлама хат – анықтамалық сипатта жазылады.Ол жұмыс барысында ескеру, басшылыққа алу үшін жоғарыдан төменгі

бөлімшелерге жіберіледі. 10. Кепілдеме хат. Белгілі бір мекеменің іс-əрекеттің орындалуын өз

мойнына алып, екінші мекемеге кепілдік бере жазатын хат.11. Ілеспе хаттар – сопроводительные письма. Бұл хаттар адресатқа

хатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат. Ұсынылыпотырған құжатқа түсінік береді, оның орындалу уақытын көрсетеді, кешіктірусебебін түсіндіреді.

12. Хабарлама хаттарда фактілер көрсетіліп, «хабарлаймыз», «хабардаретеміз» деген сөздер арқылы жазылады. Стиль бойынша шақыру хатынаұқсайды.

13. Жарнамалық хаттар – нақты адресатқа жіберіледі. Жарнамалапотырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі. Бұл хаттыңнегізгі мақсаты – ұсынылып отырған іске қызығушылықты арттыру.

14. Шақыру хатта (письмо-приглашение) адресатты, нақты тұлғаны,мекеме қызметкерлерін белгілі бір іс-шараға қатысуға шақыру. Шақырухатында жүргізілетін іс-шараның сипаты беріліп, өтетін мерзімі, нақты уақытыкөрсетіледі.

15. Коммерциялық хаттар – келісім-шарттар жасау жəне орындаукезінде жазылады. Сатып алушының өтініші бойынша тауарлар жəне өнімдертуралы ақпарат беруін өтіну немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардыңжауаптары, жарнамаға жауаптар болуы керек.

16. Бастама хаттар жауап беруді талап ететін хат. Бұл хаттар қандайда бір мəселені шешуді өтіну, ұсыныс жасау, сұрау мазмұнында болады.

17. Жауап хаттар бастама хаттардың сипаттамасына байланыстыболады. Бастама хатта қойылған мəселелерді шешетінін, ұсыныс, өтініштіорындап қабылдайтындығын немесе бас тартатындығын, сұралған мəліметтің,іс-əрекеттің орындалған, орындалмағаны жөнінен хабар, мəлімет береді.

Page 45: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

18. Ескертпе хаттар – жүргізілген іс-шаралардың, небірміндеттемелердің орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенінкөрсетеді. Мұндай хаттар «Ескертеміз» деген сөзбен аяқталады.

96-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

Просим сообщить, составляются при заключений и выполненийконтрактов, обязательство, мероприятия, разновидность данных писем, принятьучастие, мы рады пригласить вас, прошу принять.

97-тапсырма. Қызметтік хаттардың бір түрі – Жолдама хаттыңүлгісімен танысыңыздар.

Ж о л д а м а х а т

Қазақ мемлекеттік ғылыми- техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу Ү л г і: институтының директорына

Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университетіндегіфилология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін диссертацияқорғайтын ДР 14.05.2010 диссертациялық кеңес 10.02.02 – қазақ тілі бойыншаКарамендина Мағжан Өміртайқызының «Қазақ тіліндегі көсемшеніңмағынасы мен қызметінің дамуы» атты кандидаттық диссертация жұмысынжəне авторефераттың екі данасын мемлекеттік тіркеу мен микрофильмненөткізу үшін жіберіп отыр.

Диссертацияның қорғалатын күні 11 маусым 2011 ж.

Диссертация кеңесінің төрайымы, профессор __________ Тұрсынова Гүлбаршын

қолы Тұрсынқызы

98-тапсырма. Топтағы студенттер қызметтік хаттардың 18 түрінөзара 3-4 хаттан бөліп алып, хат жазыңыздар.

7-апта. 13-сабақ99-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – мінездеме туралы мəлімет

алып, оның қай жағдайда, қалай жазылатынын түсініп алыңыздар.100-тапсырма. Мінездеменің қандай түрлері бар, олардың

əрқайсысын неге байланысты жазады? Өзара бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.101-тапсырма. Мінездемеге берілген түсініктемемен мұқият

танысып, оның құрылымын меңгеріп, есте сақтаңыздар.

Page 46: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

М І Н Е З Д Е М Е

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орны тарапынанберілетін, белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кəсіптік, адамшылықтұрғыда жазбаша сипаттау мақсатында жазылатын анықтамалық-ақпараттық ісқағазының бір түрі.

* * * * *Мінездеме белгілі бір адамды, қызметкерді оқу орнына, қызметке ұсыну,

конкурстан өткізу, т.б. мақсатта жазылады. Мінездемеде ұсынылған адамныңадамшылық қасиеттері, мінез-құлқы, кəсіптік шеберлігі, отбасы жағдайыжазылады.

Мінездеменің екі түрі бар: 1. Қызметтік мінездеме; 2.Аттестациялық мінездеме.

Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған формасы.Қызметкерді объективті, əрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады.

Аттестациялық мінездеме белгілі бір адамның атқарып отырғанқызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілетінаттестация қорытындысына орай жазылады. Мұндай мінездеменің қорытындыбөлігі міндетті түрде атап көрсетіледі.

Қорытындысында: Атқарып отырған қызметіне лайық; Атқарыпотырған қызмет орнына лайық емес; Қызмет бабында жоғары қызметкеұсынуға лайық; Кəсіптік дайындық деңгейін, басшылық қызметтегітəжірибесін ескере отырып, Қ.Т.Орынбаевты конкурстық негізде статистикабөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға болады, – деген нақты шешімі жазылады.

Мінездеме төмендегідей құрылымдардан тұрады:1. Құжат аты: Мінездеме.2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша анкеталық

мəліметтерге мыналар кіреді: аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегіжұмыс өтілі, қазіргі атқаратын қызметі, əскери қызметке қатысы, азаматтығы,т.б.

3. Негізгі мəтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығынқаншалықты меңгергендігі, кəсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабындажеткен жетістіктері мен кемшіліктері, əріптестерімен қарым-қатынасы, отбасыжағдайы, ұжымдағы орны, сын көтеру қабілеттілігі жазылады. Мысалы:

Университетте қызмет істеген жылдары С.У.Омарбаев өзін өтебілімді, сауатты, алға қойған мақсатына жете білетін, өзіне де, өзгеге деталап қоя білетін жауапты қызметкер, білгір маман ретінде көрсетебіледі деген сияқты т.б. мəліметтер қамтылады.

4. Қорытынды. Қорытынды негізгі мəтіннің түйінделген, жинақталған бөлігі болып табылады.

5. Мінездемені талап етуші ұйымның аты. Бұл бөліктемінездеменің не мақсатпен жəне қай ұйымға берілгендігі жазылады. Мысалы:Мінездеме жеке еңбек шартын ұзарту үшін берілді; Мінездемедиссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді; Мінездеме Қ.И. Сəтбаев

Page 47: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің қабылдаукомиссиясына құжат тапсыру үшін берілді, т.б.

6. Мінездеме беруші туралы мəлімет. Бұл бөлікте мінездеме берушімекеме басшысының ресми қызметі, аты-жөні, фамилиясы жазылып, қолықойылады. Мысалы:

Қ. Тұрысов атындағы Геологиялық-барлау институтының директоры,профессор _____________ Өмірсеріков М.Ш.

қолы7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.8. Қосымша (егер бар болса).

102-тапсырма. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыздар.

ҚР-сы Ғылым Академиясы А. Байтұрсынұлы атындағыТіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші

ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға

М І Н Е З Д Е М Е Ү л г і:

Н. Шаймерденова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыныңэкспериментальды-фонетика бөлімінде 1989 жылдан бері кіші ғылымиқызметкер болып жұмыс істейді. Жалпы тіл білімі мен фонетика саласындатеориялық дайындығын жетілдіру үстінде. Сол уақыттан бері Н.Шаймерденоваөзінің ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпенқарайтындығымен, жұмысты мұқият орындайтындығымен көрініп келеді.

Бөлімнің жоспарлы жұмысын уақытылы орындап, фонетикалықматериалдарды жинап, дайындады. Бөлімнің ұйымдастырған I-шіБүкілодақтық «Түркі фонетикасы» атты ғылыми-тəжірибелікконференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып, басқа дағылыми-теориялық конференцияларға қатынасып, бірнеше рет баяндамажасады. Өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген зор қабілетінкөрсете білді.

Қоғам жұмысына, мəдени іс-шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы меноқыту əдістемесі бағытындағы түрлі жұмыстарға белсене араласып келеді.Ғылым кандидаты дəрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындап, 1991жылдың наурыз айында «Қазақ тіліндегі қосымшалардың ерін үндестігі»тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы уақытта əр түрліжоба тақырыптарымен шұғылдануда.

Мінезі жайдары, біртоға, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса біледі,айтылған сынды дұрыс қабылдайды, ағылшын тіліне жетік, жолдастарына адал.

Бөлім Н.Шаймерденованы аға ғылыми қызметкер дəрежесіне көтеругелайық, ғылыми жұмыс істеуге қабілеті бар деп есептейді.

Бөлім меңгерушісі,

Page 48: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

п.ғ.д., профессор ___________ Жақсылықова Күлəй қолы Бəймендіқызы

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіӨ.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті

Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына

М І Н Е З Д Е М ЕҮ л г і:Жаманкеев Нұрлан Қамалұлы 1985 жылы 9 ақпанда Алматы облысы,

Ұйғыр ауданы, Шонжа ауылында дүниеге келген. 1991-2001 жылдараралығында Шонжа орта мектебінде оқыды. Мектепті бітірген соң, 2001 жылыҚазҰТУ-дың I курсына қабылданды.

Жаманкеев Нұрлан мінезі ашық, əрқашан көңілді жүреді, музыкаға əуес.Достарына адал, олардан көмегін аямайды. Қандай тапсырмаға дажауапкершілікпен қарайды. Өз қателерін түсініп, түзетуге тырысады, сындыдұрыс қабылдайды.

Университет қабырғасындағы қоғам жұмыстарына белсене араласады,спортпен шұғылданады. Университетте жылда өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі»атты конкурсқа қатысып, 2-ші орынға ие болды. Базалық білімін жетілдіріпотырады, əдебиеттерді көп оқиды.

Мінездеме Медеу ауданының əскери бөлімшесіне тапсыру үшін берілді.

Тау-кен институтыныңдиректоры,т.ғ.д., профессор _____________ Искаков Б.И.

қолы

* * * * *Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Ə.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының аға оқытушысы

Қуаныш Өміртайұлы Əлихановқа

М І Н Е З Д Е М ЕҮ л г і:Қ.Ө.Əлиханов 1963 жылы 5 қаңтарда Семей облысы, Аягөз ауданы,

Баршатас ауылында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары, ҚР-ныңазаматы. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1980 жылы ҚазҰТУ компьютерліктехника факультетіне түсіп, оны 1985 жылы үздік дипломмен бітірген.

1985-1988 жылдар аралығында – Ғылыми-жобалау институтының ағағылыми қызметкері, ҚазҰТУ Металлургия институтының аға оқытушысы.

Ол Ғылыми-жобалау иститутының бақылау-өлшеу аппараттарыбөлімінде аға инженер болып жұмыс істеген кезінде қабілетті, білімді, ұқыпты

Page 49: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

қызметкер ретінде өзін жағымды жағынан көрсете білді. Өзі жұмыс істегенқызметтерінде кəсіптік шеберлікті жақсы меңгерген.«Бақылау-өлшеу құралдарын автоматтандыру» бойынша дайындықтан өтті.

1988-1991 жылдар аралығында ҚазҰТУ-дың күндізгі бөлімаспирантурасында оқып, 1991 жылы кандидаттық диссертация қорғады.

Қ.Ө.Əлиханов – өз ісін жетік білетін тəжірибелі маман. Ол бірнешеғылыми еңбектердің авторы, оның «Металлургия өнеркəсібінің терминдері»атты еңбегі Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлыққа ие болды.

Қ.Əлиханов қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі, компьютерменжұмыс істеуде тəжірибесі мол. Спортқа ынтасы зор, республикалықжарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ұйымдастырушылыққабілеті жоғары, қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алады.Студенттер мен əріптестерінің арасында беделді, үлгілі отбасы иесі.

Жұмыстағы əріптестерімен іскерлік қарым-қатынаста, өндірістікмəселелерді талқылағанда тік мінезділік көрсетеді, тым турашыл .Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады.

Мінездеме Ғылыми-техникалық орталықтың бас маманы қызметінеұсыну үшін берілді.

Ə.Бүркітбаев атындағыМеталлургия институтының

директоры, т.ғ.д., профессор ___________ Байымбетов Б.С. қолы

103-тапсырма. Кафедрадағы профессорға қызметтік мінездеме,доцентке, аға оқытушыға аттестациялық мінездеме жазыңыздар.

104-тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, оларменсөйлемдер құрастырыңыздар.

Характер, должность, грамотный, авторитетный, образованный, опытный,квалифицированный.

105-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Мінездеме не үшін беріледі? 2. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың

қай түріне жатады? 3. Мінездеме құрылымына қандай мəліметтер кіреді? 4.Мінездемеге кім қол қояды?

106-тапсырма. Мінездемеге берілген тест тапсырмаларынорындаңыздар.

1. Мінездеме қандай стильде жазылады?А) Ауызекі сөйлеу стилінде

Ə) Ғылыми стильде Б) Ресми іс қағаздары стилінде В) Көркем əдеби стильде

2. Мінездеме мəтінінде қолданылатын стандартты тілдік бірлікті көрсетіңіздер.

А) Жұмысы дұрысƏ) Жұмысты жақсы істеп жүр

Page 50: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Б) Жұмысын əрі қарай жалғастыра берсін В) Атқарып отырған қызметіне лайық

3. Мінездеме қандай құжат?А) Өкілеттік

Ə) Ұйымдық Б) Анықтамалық-ақпараттық В) Қоғамдық

4. Мінездемедегі мəлімет нешінші жақтабаяндалады?

А) Бірінші жақта Ə) Екінші жақта Б) Үшінші жақта В) Бірінші, екінші жақтарда

7-апта. 14-сабақ107-тапсырма. Факс қандай қызмет атқарады? Сабақ барысында

талқылаңыздар.108-тапсырма. Факсты қалай пайдалануға болады, оның

құрылымына не кіреді? Өзара пікір алмасыңыздар.109-тапсырма. Берілген мəліметпен мұқият танысып,

мазмұндаңыздар.

Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар

Факс – жазылған мəтіннің, суреттің, сызбаның жəне басқа да заттардыңкөшірмесін өзгеріссіз телефон байланысы арқылы жіберетін аппарат, яғни факс– ұсынылатын құжаттың көшірмесі. Факс – аппарат, предназначенный дляотправки копий написанного текста или рисунка по телефонной линии связи.

Факсимилле – көлемі үлкен суреттің, кестенің, мəтіннің, сызбаның, басқада заттардың нақты, дəл сурет көшірмесі. Факсимилле – точная копия частирисунка или текста.

Факс байланыс түрінің ерекшеліктері:1. Факстың ең құндылығы, ол неше түрлі құжаттарды тез арада екінші

адамға немесе мекемеге жеткізеді.2. Қазіргі факс – кең тараған байланыс түрі болып табылады.3. Факсты алмастыратын басқа байланыс түрі əзірге жоқ.4. Көптеген мекемелердегі қабылдау-хабарлау аппараттары факс

аппаратымен жабдықталған.5. Сурет, сызба, үлгі көшірмелері үлкен болған жағдайда олар

кішірейтіледі, не бөлшектенеді де сурет көшірмесі (фотокопия) беріледі.6. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеткізілуі қазіргі уақытта өте

жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат адресатқа санаулыминуттардан кейін-ақ жетеді.

Page 51: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

7. Факс арқылы жіберілетін құжаттардың жеделхат, телефонхаттарданайырмашылығы – мəтін, сурет, кесте, сызба, басқа да заттардың көшірмесіешқандай өзгеріссіз жеткізілетіндігінде.

8. Суреттің, мəтіннің, сызбаның жəне басқа да заттардың дəл көшірмесінфаксимилле деп атайды немесе лауазымды адамның қойған қолыныңкөшірмесін де факсимилле деп атайды.

9. Факстың құндылығы – басқа байланыс түрлері факс сияқты қызметтіорындай алмайтындығында.

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы:1. Жіберушінің толық мекен-жайы;2. Жіберуші мекеменің аты;3. Бланкінің ортасына «факс арқылы» деп жазылады.4. Алушының аты-жөні барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге:

Самат Асқарұлы Кеңесовке.

5. Жіберушінің аты-жөні шығыс септігінде жазылады. Мысалы: кімнен:Дамир Досжанұлы Дəуітовтен.

6. Факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 15-06.7. Құжат көлемінің неше беттен тұратыны жазылады. Мысалы, көлемі: 7

(жеті) бет.8. Факс нөмірінен кейін ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады.

Мысалы: 8-8167-24-49-05.9. Факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады. Мысалы:

Жарты жылдық есеп.10. Қажет болған жағдайда құжаттың көшірмесін алған адамның аты-

жөні жазылады. Мысалы: көшірмесі: Акерке АлтынбекқызыБекболатоваға.

11. Осылардан кейін: «Тез қаралуы тиіс», «Құпия», «Қажетті белгілерсоғу үшін» деген сияқты қосымша ескертулер жазылады. Мекемегефакс арқылы жіберілген құжаттар арнайы журналға тіркеледі.

110-тапсырма. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарыныңқұрылымын пайдалана отырып, құжат жіберіңіздер.

111-тапсырма. Ұлағатты сөздердің мағынасын түсіндіріп,олардың тəрбиелік мəнін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар.

Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселерімен озады.

(Абай) Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. Тағдыр қылды деулерді, Шығарамын сөзімнен. (С. Торайғыров)

Page 52: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Егер де адам баласы өзінің бойындағы зиянды əдет-дағдыларды түп-тамырымен бір уақытта жою үшін аз да болса бар күш-жігерімен кіріссе, оданқұтылу да қиынға түспес еді... Бірақ та оның қиыншылығы сонда – мысқылдапұзақ уақыт енген жаман əдет-дағдыны құрту үшін, соншама ұзақ уақыт күресукерек.

(К.Д.Ушинский)

112-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.Факс – это рановидность переписки между деловыми партнерами,

организациями. Ряд телефаксов указывает код ошибки и страницу, на которойпроизошел сбой при приеме. Большая часть коммерческой переписки хранитсятри года и передача на архивное хранение не подлежит. Условия обменадокументами по факсу должны быть оговорены в договорах.

113-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерін қазақ тілінеаударып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Документ, ряд телефаксов, приложения, указание (код) отправителя,таблица, партнер, информация, недолговечна, связь, переписка, копия, время ипродолжительность передачи.

114-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерін мағынасына қарай іріктеп,оларды аудармаларымен сəйкестендіріңіздер.

Ү л г і: Басшылық қызмет – руководящая должность.

1. алға қойған міндет 1. квалифицированный2. лауазым, қызмет 2. прения3. білікті, өз ісін жетік білетін 3. командировать4. рəсімдеу 4. переплетчик5. жарыссөз 5. должность6. іссапарға жіберу 6. актуальные проблемы7. өзекті мəселелер 7. оформить8. түптеуші 8. поставленные задачи

115-тапсырма. Өлеңнен не түсіндіңіздер? Мағынасын меңгеріп,мазмұндаңыздар. Отаныңыздың патриоты болыңыздар.

Жігіттің жігіт болғаны – Менің жаным Отандық,Жаудан елін сақтаса, Отан деп өлем, өлсем де,Жау шапқанда еліне, О, сүйікті Отаным,Қояндай бұғып қашпаса. Балам деп көм, көмсең де, –

дейді Н. Байғанин. Ақын нағыз отаншыл, елі мен халқы үшін аянбай қызмететуді өзінің басты міндеті деп санайтын адамгершілігі жоғары батырдыңбейнесін жырлайды.

Page 53: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

8-апта. 15-сабақ116-тапсырма. Ресми іс қағаздарындағы терминдердің қалыптасу

жолдарын сабақ барысында талқылаңыздар.117-тапсырма. Қазақ халқының даму барысында енген кірме

сөздердің пайда болуы тарихына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.118-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын меңгеріп,

мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы

Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеужұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу – бүгінгі күнніңең өзекті мəселелерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары термин мəселесінеайрықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікірбілдіріп, атсалысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерінқалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес.

Қазақ халқы өзінің даму тарихының əр кезеңінде түрлі елдерменараласып, əр түрлі қарым-қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым-қатынастыңнəтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме сөздер пайда болды.Олар негізінен VIII-XI ғасырларда ислам дінінің енгізілуімен байланыстыенген араб-парсы жəне XVIII ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынастың күшеюіне байланысты енген орыс сөздері.

Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілініңтөл сөздеріндей болып, негізгі сөздік қорынан орын алуда. Солардың бірқатарыресми іс қағаздары тілінде қолданылып, жалпы халыққа түсінікті болыпқолданылып келеді.

Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жəрдем, жарнама,хабар, куə, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, əкім, мəртебе, азамат, айып,мырза, мекеме, мағлұмат, мəжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, əйел,т.б.

Қазір қолданыста жүрген іс қағаздары атауларының бірқатары араб-парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған. Мысалы: арыз, есеп, ереже, үкім,өкім, шарт, кепілдеме, мəлімет, т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде исламдіні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша болғандықтан,қазақ іс қағаздары тілінде араб-парсы тілдерінің элементтері көп қолданылды.Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы тілдеріндегі элементтердің жаңасыкірмей, олардың сан жағынан азая бастағандығы байқалады. Қазан төңкерісіненкейінгі кезеңде іс қағаздары тілінде қазақтың төл сөздері мен орыс тілінененген сөздер біршама көбейе бастады.

119-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

Page 54: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

1. Қазақ іс қағаздары терминдері қалай қалыптасқан? 2. Қазақ халқыныңдаму тарихында əр түрлі елдермен жасаған қарым-қатынасының нəтижесі неберді? 3. Орыс сөздері неге байланысты енді? 4. Араб-парсы тілдерінен енгенсөздердің қазақ тілінің сөздік қорындағы орны қандай? 5. Қазақ тіліне сіңіп,төл сөзіміздей болып кеткен кірме сөздерді атаңыздар. 6. Қолданыста жүрген ісқағаздары атаулары қай тілдерден енген сөздерден жасалған? 7. Іс қағаздарытіліндегі тілдік элементтер неге байланысты көп қолданылды? 8. Орыстілдерінен енген кірме сөздер қай уақыттан бастап көбейе бастады?

120-тапсырма. Орыс тілінен енген кірме сөздерді сөзбе-сөз аударып,қолданудағы жіберіліп келген кемшіліктерден мəлімет алыңыздар.

Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс – іс қағаздарын, олардағытерминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатыр. Сөзбе-сөз аударуарқылы, сөздердің дұрыс мағынасы берілмейді. Мысалы: орыс тіліндегіделопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғыкезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан, іс жүргізу депайтылып жүр.

Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылып жүрген термин.Мысалы: істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істіжүргізу тапсырылды, т.б.

Олай болса, делопроизводство терминін іс жүргізу деп қолдану дұрысмағына бермейді. Сондықтан, делопроизводство терминін іс қағаздарынжүргізу деп қолданған дұрыс. Себебі:

1. Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу термин ретінде бұрыннанқалыптасқан.

2. Екіншіден, ол сөз мағынасын толық, айқын бере алады.3. Үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан.4. Делопроизводство – іс қағаздарын жүргізу; деловые бумаги – іс қағаздары болып қолданылуға тиіс

121-тапсырма. Іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Жазбашажазып, іс қағаздарындағы терминдердің бірнешеуімен 5-6 сөйлемдерқұрастырыңыздар.

122-тапсырма. Төмендегі тілімізде қолданыста жүрген ісқағаздарына қатысты терминдердің аудармасын есте сақтаңыздар.анкета – сауалнама аннулирование – күшін жоюадресат – қабылдаушы виза – бұрыштамаадресант – жолдаушы выписка – көшірмеактуальный – көкейкесті дубликат – екінші данадокументирование – құжат рəсімдеуинструкция – нұсқаулықадминистративная ответственность – əкімшілік жауаптылық

Page 55: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

8-апта. 16-сабақ.Аралық бақылау жұмысы.

9-апта. 17-сабақ123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары

қандай дəрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.

124-тапсырма. XIX ғасырдың II жартысында қандай ілгерідамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.

125-тапсырма. Берілген мəліметпен толық танысып, мəтіндімазмұндаңыздар.

XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы

XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздары тіліндегілексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері XVIII ғасырдағыресми іс қағаздары тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздарытілінің халыққа біршама түсінікті, нормалана түскен тіл болып қалыптасабастағандығын көрсетеді.

XIX ғасырдың II жартысында қазақша жазылған іс қағаздары тілі өзалдына едəуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасыретінде танылады. Бұл дəуірде патшалық Россияның əкімшілік орындарыныңқазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспажүзінде жарияланып отырды. Ресми іс қағаздары XIX ғасырдың IIжартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі жетіле түсті.

Қазақ даласының саяси-əлеуметтік, экономикалық-мəдени өмірінде XIXғасырдың II жартысының орны ерекше. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілідамуының жаңа дəуірі, үлкен өзгеріс, жаңа құбылыс басталды. Оны əдебитілдің бір тармағы ресми іс қағаздары тілінен де анық байқауға болады.

XIX ғасырдың II жартысында қазақ жері орыс патшалығыныңəкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай, патша үкіметіжергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін жəне отаршылдықсаясатты қарқынды түрде жүргізе беру үшін əрбір əкімшілік бөлікте екі тілдегазеттер шығара бастады. Олар: «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Далауалаятының газеті» (1888-1902), «Торғай газеті» (1899).

Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патшаөкіметінің жергілікті əкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақəдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалыптастыруда, ресми іс қағаздарыстилін одан əрі жетілдіруде үлкен рөл атқарып, оның əрі қарай дамуына ықпалетті.

Page 56: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

126-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздарының дамуы қандайдəрежеде болды? 2. Бұл кезеңде қазақша жазылған іс қағаздары не ретіндетанылды? 3. Қазақ даласының өмірінде XIX ғасырдың II жартысының орнықандай болды? 4. Бұл кезеңде қазақ əдеби тілінде не басталды? 5. Аталғандəуірде патша үкіметі неге байланысты екі тілде газеттер шығара бастады? 6.Газеттер қалай аталды? 7. Газеттер қандай рөл атқарды?

9-апта. 18-сабақ127-тапсырма. Іс қағаздарының бір түрі – хаттамамен таныссыздар

ма? Мəлімет алып, хаттама жазуды біліп алыңыздар.128-тапсырма. Хаттама қай уақытта жазылады, оның

құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен ой бөлісіңіздер.129-тапсырма. Мəтінмен танысып, мағынасын меңгеріп,

мазмұндаңыздар.

БҰЙРЫҚ-ЖАРЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ* * * * *

Х А Т Т А М А

Хаттама – мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның жиналысы менмəжілістерінде тыңдалған, қаралған, талқыланған, қорытындыланғанмəселелер барысында жазылатын іс қағаздарының бір түрі, өкілетті құжат.Сондай-ақ жиналыс, отырыс, мəжілістерде қарастырылған мəселелердіталқылау жəне шешімдер қабылдау фактісін белгілейтін құжат.

Хаттамада «Шешті», «Шешілді», «Қаулы етеді», «Қаулы қабылдады»деген сөздер пайдаланылады. Қаулыны (шешімді) хаттамада толық көрсетеді.Шешімдердің қаулы қабылдайтын бөлігі нақты болуға тиіс.

Хаттамалар жыл бойы нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтаданбірінші нөмірден басталады. Хаттамалар кəсіпорын, мекеменің маңыздықұжаттарының біріне жатады, сондықтан оны 10 жыл сақтап, одан соңмұрағатқа (архивке) жібереді.

Хаттама мəтіні: 1. Кіріспеден жəне 2. негізгі бөлімнен тұрады.Кіріспеде: мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның жəне құжаттың атауы,

мəжілістің өткізілген орны, күні, қатынасқандар туралы, төраға туралы мəлімет,күн тəртібі жазылады. Негізгі бөлімде қаралған негізгі мəселелер бойыншатыңдалған баяндамашылардың пікірі, тұжырымдар, қабылданған қаулы, шешімжазылады.

Хаттама құрылымында көрсетілетін негізгі мəліметтер:

I. Мекеменің, ұйымның, кəсіпорынның жəне құжаттыңатауы. Мысалы:

Page 57: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіəл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты даму

институтыҚазақ тілі кафедрасы мəжілісінің

№ 6 ХаттамасыII. Мəжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:

Алматы қаласы 25.05.2011

III. Қатысқандар туралы мəліметте мəжіліске қатысушылардыңаты-жөні, лауазымы жазылады. Мысалы:

Қатысқан оқытушылар тiзiмi: профессор Г.Т.Тұрсынова, п.ғ.д.,профессор К.Б.Жақсылықова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доцентС.С.Айтжанова, п.ғ.к., доцент Р.Ш.Əбдiсүлейменова, ф.ғ.к., доцентТ.Садақбаев, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зəуірбекова, ҚазҰТУ доценттері:Г.Д.Рыскелдиева, М.Қарамендина, А.С.Итемирова, аға оқытушылар:Ұ.Ж.Ахметбаева, А.М. Монтаева, Қ.С. Рысқұлбекова, Ш.М.Оспанова, А.Ə.Өмірбеков, Р.Б.Қадырқұлова, Р.Т.Төлегенова, В.М.Сағымбаева,М.Б.Бердиллаева.

IV. Мəжіліске төрағалық етуші. Мысалы:Мəжіліс төрайымы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т. Тұрсынова;Хатшы: аға оқытушы А.Бакиева.

V. Күн тəртібі. Мысалы:1. Ректорат жарлықтары.2. Жазғы сессияға дайындық.3. Мерекелік іс-шараны өткізу мəселесі.4. Баспа бетіне басып шығаруға дайындалған басылымды қарастыру.5. К.С.Рысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі

синтаксистік құрылымдар» атты тақырыпқа жазған кандидаттықдиссертациясын талқылау.

VI. Тыңдалған мəселелер туралы мəлімет. Мысалы:Тыңдалды:1. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойынша Қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі, профессор Г.Т.Тұрсынованың ректорат жарлықтары туралыхабарламасы тыңдалды.

2. Жазғы сессияға дайындық барысы туралы профессор Ұ.Р. Шүленбаевақысқаша мəлімет берді.

3. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты мерекелік іс-шараларды өткізу жұмыстары қарастырылды.

4. Кафедра оқытушылары профессор Г.Т.Тұрсынова, профессорҰ.Р.Шүленбаева, доцент Т.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердіңдайындаған студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені туралы мəліметтыңдалды.

Page 58: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнəркүл СейітқазықызыРысқұлбекованың «Қазақ ресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистікқұрылымдар» тақырыбына жазған кандидаттық диссертациясы талқыланды.

VII. Жарыссөзде сөйлегендер туралы мəлімет. Жарыссөз бөлімінде сөзсөйлеушілердің айтқан пікірлері, тұжырымдары жазылады.

VIII. Қабылданған қаулы туралы мəліметте мəжілісте қарастырылғанмəселелер бойынша шығарылған шешім, ұйғарылған қорытынды жазылады.Мысалы:

Қабылданған қаулы:

1. 2011 жылдың жазғы сессиясына қажетті материалдарды, емтиханбилеттерін дайындау профессор Ұ.Р.Шүленбаеваға тапсырылсын.

2. 9 мамыр Жеңіс күнінің 66 жылдығына байланысты іс-шараны өткізугежауапты етіп кафедраның аға оқытушылары: Р. Қадырқұлова, В.Сағымбаева,Г.Аужановалар тағайындалсын.

3. Профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцентТ.Т.Садақбаев, аға оқытушы А.Ə.Өмірбековтердің «Қазақ тілі» пəні бойыншадайындаған жоғары техникалық оқу орындарындағы барлық мамандықтарынаарналған «Қазақ тілі» атты студенттің пəндік оқу-əдістемелік кешені баспаданбасып шығаруға ұсынылсын.

4. Қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы Күнəркүл СейітқазықызыРысқұлбекованың 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша филологияғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындаған «Қазақресми іс қағаздары тіліндегі синтаксистік құрылымдар» тақырыбына жазғанкандидаттық диссертациясын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттықуниверситетінің ОК 18.09.26 Диссертациялық кеңесіне қорғауға ұсынылсын.

IX. Төрағаның жəне хатшының қолы. Мысалы:

Төрайым:Қазақ тілі кафедрасыныңмеңгерушісі, профессор ____________ Тұрсынова Гүлбаршын қолы Тұрсынқызы

Хатшы: оқытушы _____________ Бакиева Айгүл қолы Əдікенқызы

130-тапсырма. Төмендегі қаулы қабылдауға байланысты берілгенмəліметпен танысып, қаулы шығаруды меңгеріп алыңыздар.

Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарында іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру шараларының жүзеге асырылу барысы туралы

Page 59: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мендамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасытуралы» Жарлығын жəне Алматы қаласы əкімдігінің «Алматы қаласындағыжергілікті атқарушы органдарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілгекөшіру туралы» қаулысын орындау мақсатында, сонымен бірге Алматы қаласыəкімдігі қаулысының орындалу барысы туралы «Алматы қаласындағымемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтужұмыстары» туралы ақпаратты тыңдай отырып, Алматы қаласының əкімдігі

Қ А У Л Ы Е Т Е Д І :

Аудан əкімдері, департаменттер мен басқармалардыңбасшыларына:

1. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы, Алматықаласының əкімдігі «Алматы қаласындағы мемлекеттік органдардағымемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту жұмыстары туралы» 2003жылдың 26 мамырындағы № 2 ⁄ 316 қаулысының жүзеге асырылу барысытуралы ақпаратын назарға алсын.

2. Қаулының орындалуын бақылау қамтамасыз етілсін.3. Іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру бойынша белгіленген

дайындық шараларын көрсетілген мерзімде жүргізсін.4. Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының бастығы

Жақсылықова Күлəй Бəймендіқызы Алматы қаласының жергілікті атқарушыоргандарындағы іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру жөніндегідайындық шараларына талдау жасасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Алматы қаласы əкімініңорынбасары Аспандияр Əденұлы Өмірбековке жүктелсін.

Алматы қаласының əкімі ___________ Есімов Ахметжан Смағұлұлы қолыХаттама бөлімінің меңгерушісі ___________ Рыскелдива Гүлдария Дəулетқазықызы қолыƏкімшілік хатшысы____________ Шимаева Салтанат Мұсаханқызы қолы

131-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Хаттама мазмұн-мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады? 2.

Хаттаманың құрамына қандай мəліметтер кіреді? 3. Оның негізгі бөлімінде нежазылады? 4. Мəжіліске қатынасқандар туралы қандай мəлімет беріледі? 5.Хаттаманың қаулы шешімінде, «қаулы» деп аталатын бөлігінде не жазылады?6. Хаттаманың «тыңдалды» деген бөлігінде не жазылады? 7. Ал «жарыссөз»деп аталатын бөлігінде не жазылады? 8. Хаттама жазылатын мəжілісті кімжүргізеді, хаттамаға кімдер қол қояды?

Page 60: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

132-тапсырма. Сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Мəжіліс, хаттама, кəсіпорын, мекеме, бекіту, күн тəртібі, əр түрлімəселелер, сөз сөйлегендер, қабылданған қаулы, дəлелденген себептер, мөрбасу, қатынасқандар саны.

133-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.1. Кафедра мəжілісінің хаттамасы. 2. Мəжілістің күн тəртібінде қаралған

мəселелер. 3. Бірінші мəселе бойынша. 4. Қаулы қабылдау. 5. Дауыс берунəтижесі. 6. Қаулы бірауыздан қабылданды. 7. Мəжілісте талқыланғанмəселелердің орындалу мерзімі.

134-тапсырма. Хаттаманы жазуда жиі қолданылатын сөздер мен сөзтіркестерін дəптерлеріңізге жазыңыздар.

135-тапсырма. Сол жақ бағанадағы сөз жəне сөз тіркестерініңаудармасын оң жақ бағанадан тауып, оларды сəйкестендіріңіздер.

1. Кеңейтілген мəжіліс.2. Бірлескен мəжілістің

хабарландыруы.3. Мəжілістің қаулысы.4. Жарыссөз.5. Хаттаманың көшірмесі.6. Хаттама жазу.7. Кафедра мəжілісінің

хаттамасы.

1. Вести протокол.2. Копия протокола.3. Расширенное заседание.4. Прения.5. Постановления заседания.6. Объевление о совместном

заседании.7. Протокол заседания кафедры.

136-тапсырма. Төмендегі мəселелермен байланыстырып хаттамажазыңыздар:

1. Қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен өткізілетін студенттердіңғылыми конференциясының дайындық жұмыстары;

2. 2011 жылы өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі» конкурсына ЖТТДИкафедраларында жүргізілетін дайындық жұмыстары;

3. Қазақ тілі кафедрасының ашылғанына 20 жыл толуына байланыстыөткізілетін іс-шараларды орындау жұмыстарын талқылауға байланыстыкафедра мəжілісінің хаттамасын жазу.

10-апта. 19-сабақ137-тапсырма. «Армян-қыпшақ» тобы туралы не білесіздер? Өзара

пікір алмасыңыздар.138-тапсырма. Қыпшақ тіліндегі еңбектер қай жылдардан, неге

байланысты пайда болды? Мəлімет алыңыздар.139-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мағынасын түсініп,

мазмұндаңыздар.

Page 61: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары

XIV-XVII ғасырларда қазіргі Украина, Молдавия, Румынияларда қоныстеуіп, қауым (община) болып өмір сүріп, армян дінін қабылдап, қыпшақтілінде сөйлеген этникалық топ тюркологияда «армян-қыпшақтар» деп аталып,олардың армян алфавитімен жазып қалдырған мұралары «армян-қыпшақ жазбаескерткіштері» деп аталып жүр, – деп жазады зерттеуші А.Н. Гарковец.

Алтын Орда жерінен бірте-бірте ығысып барған олар XV ғасырдыңаяғында сол кездегі ең үлкен саяси жəне экономикалық орталық болыпсаналатын Львов жəне т.б. қалаларда топтасады. Львовта қыпшақ тіліндемектеп, баспахана болған, армян-қыпшақ-полякша сөздіктер, діни еңбектер,«Төре бітімі» деп аталатын заңдар жинағы болған.

Армян қыпшақтары тұрған жерлерінде түрлі кəсіптермен шұғылданады.Олардың арасында саудагерлер, дипломаттар, армян алфавитін қыпшақ тілініңзаңдылығына негіздеп, жазу дəстүрін қалыптастырушылар да шыққан. Армянқыпшақтары өздері бағынышты болған Польша корольдігінің саяси-экономикалық өмірінде елеулі рөл атқарады. Олар өздерінің дербестігін,суверенитетін сақтау үшін көп күш салады. Ақырында 1496 жылы корольармян қыпшақтарына өздерінің істерін өздерінің заңымен шешулеріне рұқсатетеді. Осыдан бастап қыпшақ тілінде көптеген аударма еңбектер пайдаболады. Іс қағаздары, ресми құжаттар қыпшақ тілінде жүргізіледі.

Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттары Львов қаласының əкімшіліксот орындарында поляк, украин, латын тілдеріндегі документтермен бірдейдəрежеде қабылданып, мемлекеттік ресми іс қағаздары жүргізілетін тілдəрежесіне көтеріледі.

1572-1663 жылдарда түрлі іс қағаздары тіркеліп отырған қолжазба Киевархивінде сақталған. «Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тəн сөзоралымдары, əр документтің датасын, билердің аты-жөндері, текстердегіқайталаулар көптеп кездеседі. Сондықтан да бұл документтерді бір ғасыр бойыхатқа түскен, стилі қалыптасқан қыпшақ тілінің іс қағаздарының үлгісі ретіндебағалау керек», – деп жазылған.

Құжаттардың қашан, кімдердің жүргізгені жазылып отырған. Қауымныңөзін-өзі басқаруының құрамында жыл сайын ағалар кеңесі сайлайтын судья-войт жəне армян заңын жетік білетін 12 адам болған. Ал акт кітабында армянсоты қараған түрлі істер тіркеліп отырған. Олар: өтініш, қолхат, өсиет қағаз,түрлі келісімшарттар, төлем қағаздары, анықтамалар, кепілдік, куəлік,арыз, дүние мүліктің тізімі, ант ішу жəне түрлі құжаттардыңкөшірмелері.

140-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Армян-қыпшақ жазба ескерткіштері, – деп не аталады? 2. Армян-қыпшақ тобы қай жерлерде топтасқан? 3. Львовта нелер болған? 4. Армян

Page 62: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

қыпшақтары немен шұғылданған жəне олардың арасында кімдер болған? 5.Олар не үшін күш салған? 6. Қыпшақ тіліндегі еңбектер неге байланыстыпайда болған? 7. Қыпшақ тілінде жазылған ресми құжаттар қандай дəрежегедейін көтерілген? 8. Документтерде кеңсе қағаздары стиліне тəн нелеркездеседі? 9. Акт кітабында тіркеліп отырған құжаттарды атаңыздар.

141-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына жоспар құрып, жоспар бойыншаəңгімелеп беріңіздер.

142-тапсырма. Мəтіннен алынған іс қағаздарына қатысты сөз жəнесөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.

Өсиет қағаз, куəлік, дүние мүліктің тізімі, қолхат, анықтама, кепілдік,төлем қағаз, келісімшарт.

10-апта. 20-сабақ143-тапсырма. Хаттамадан үзінді не үшін қажет, онда не қамтылады?

Өзара ой бөлісіңіздер.144-тапсырма. Хаттамадан үзіндіде хаттаманың қай бөліктері

алынады? Пікір алмасыңыздар.145-тапсырма. Хаттамадан үзінді туралы берілген мəліметпен

танысып, хаттамадан үзінді жазуды меңгеріп алыңыздар.

Х а т т а м а д а н ү з і н д і

Кез келген құжаттың үзіндісі құжаттың толық мəтіні қажет болмай, текқұжатта жазылған бірнеше мəселенің ішінен біреуінің ғана көшірмесі қажетболған жағдайда немесе белгілі бір мəселенің мəжілісте қарастырылып, олтуралы қаулы қабылданғанын растайтын құжат талап етілгенде немесеқұжаттың толық мазмұнын құпия ұстау қажет болғанда дайындалады.

Құжат үзіндісінде жазылған мəліметтің растығын, дұрыстығын дəлелдеуүшін, орыс тілінде «выписка верна» деп жазылып, жауапты қызметкердіңқолы қойылып, мекеме мөрі басылады. Құжат үзіндісінің дұрыстығын,растығын дəлелдейтін жазба үзіндісі рас, үзіндісі заңды, үзіндісі дұрыс дептағы басқа да нұсқада қолданылып жүр. Бұлардың ішінен үзіндісі дұрыс дегеннұсқа іс қағаздары тілінде қолдануға ыңғайлы, құжаттың заңдылығын, дəлдігінрастайтын жазба ұғымын бере алады. Құжаттың үзіндісі емес, көшірмесіберілген жағдайда көшірмесі дұрыс деп жазылады.

Хаттаманың үзіндісіне төмендегі мəліметтер кіреді:1. Мəжіліс өткізілетін ұйымның атауы;2. Құжаттың аты;3. Мəжілістің өткізілген орны мен күні;4. Күн тəртібінде қарастырылған бірнеше мəселенің тек сізге ғана

қатыстысы, сізге қажеті ғана көрсетіледі.

Page 63: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Сізге қатысты мəселе туралы қабылданған қаулы;6. Төрағаның жəне хатшының қолы;7. Үзіндіні растайтын жазба;8. Мекеменің мөрі.Аталған бөліктердің рəсімделу үлгісі хаттаманың рəсімделуімен бірдей.

Мəжіліс өткізілген ұйымның атауы мен құжат аты көрсетіледі, бірақ құжаттыңүзіндісінде хаттама деп емес, хаттамадан үзінді деп жазылады.

146-тапсырма. Хаттамадан үзінді құжатының үлгісіментанысыңыздар.

Ү л г і:Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық

университетіəл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты

даму институты

Қазақ тілі кафедрасының № 6

ХАТТАМАСЫНАН ҮЗІНДІ

Алматы қаласы 21.01.11

Төрайым: Кафедра меңгерушісі, профессор Г.Т.ТұрсыноваХатшы: А.А.БакиеваҚатынасқандар: профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор К.Б. Жақсылықова,

профессор Ұ.Р.Шүленбаева, ф.ғ.к., доценттер: С.С.Айтжанова, Т.Садақбаев,п.ғ.к, доцент Р.Ш.Əбдiсүлейменова, ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Ө.Зəуірбекова,ҚазҰТУ доценттері: А.С.Итемирова, Г.Д.Рыскелдиева, М.Ө.Карамендина, ағаоқытушылар: Ш.М.Оспанова, Г.А.Аужанова, А.Ə.Өмірбеков, Қ.Рысқұлбекова,Р.Б.Қадырқұлова, В.М.Сағымбаева, М.Б.Бердиллаева, Қ.Ə.Ілесова,Р.Т.Төлегенова.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:Баспаға әзірленген әдістемелік нұсқауды қарастыру.

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетініңпрофессоры Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцентА.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – елбайлығы» тақырыбына жазған əдістемелік нұсқауды талқылау жəне баспаданшығаруға ұсыну .

ТЫҢДАЛДЫ: п.ғ.д., профессор К.Б. Жақсылықованың профессор Г.Т.Тұрсынова, профессор Ұ.Р. Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақтілі пəні бойынша дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбынажазған əдістемелік нұсқауды баспаға ұсыну туралы хабарламасы тыңдалды.

ҚАБЫЛДАНҒАН ҚАУЛЫ: Профессор Г.Т. Тұрсынова, профессор Ұ.Р.Шүленбаева, доцент А.С.Итемировалардың Қазақ тілі пəні бойынша

Page 64: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

дайындаған «Кен байлығы – ел байлығы» тақырыбына жазған əдістемелікнұсқау баспадан басып шығаруға ұсынылсын.

Қазақ тілі кафедрасыныңмеңгерушісі, профессор ___________ Тұрсынова Гүлбаршын қолы Тұрсынқызы

Хатшы __________ Бакиева Айгүл Əдікенқызы қолы

147-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.1. Хаттамадан үзінді қандай жағдайда жазылады? 2. Хаттаманың

үзіндісіне қандай мəліметтер кіреді? 3. Құжаттың атын қалай жазу керек? 4.Хаттама үзіндісінің күн тəртібінде не жазылады? 5. Хаттама үзіндісінеенгізілетін мəліметтерді атаңыздар.

148-тапсырма. Хаттамаға байланысты берілген тест тапсырмаларынорындаңыздар.

1. Хаттамаға .......................... қолы қойылады. А) Мəжіліс төрағасы мен хатшының Ə) Мекеме басшысының Б) Хатшының В) Мəжіліске қатысушылардың

2. Хаттамада ......................... мəлімет жазылады.А) Мəжілісте қаралған мəселелер туралы

Ə) Азаматтардың құқығы туралы Б) Мекеменің таратылуы туралы В) Жеке адамның азаматтық хал-

жағдайы туралы.3. Хаттаманың күн тəртібінде ......................... жазылады. А) Хатшы туралы мəлімет Ə) Қатысқандар туралы мəлімет Б) Сөз сөйлегендердің сөзі В) Мəжілісте қаралатын мəселелер

4. Хаттаманың «тыңдалды» бөлігінде ................. жазылады.

А) Мəжіліс төрағасы туралы Ə) Күн тəртібіндегі талқыланған мəселелер туралы Б) Нақты қарастырылған мəселе туралы В) Қабылданған қаулы туралы

5. Хаттаманың «жарыссөз» бөлігінде ................ жазылады. А) Жасалған баяндама туралы Ə) Сөз сөйлеушілердің пікірлері Б) Жасалған баяндама туралы В) Мəжіліс төрағасының қорытынды сөзі

Page 65: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

149-тапсырма. Берілген мəселелерді қатыстырып, хаттамадан үзіндіжазыңыздар.

Күн тəртібі:1. Мекеме бөлімшелеріндегі еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігі жөнінде;2. Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай штабының қызметі жөнінде;3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің жұмысы жайлы.Тыңдалды:1. Еңбекті қорғау жəне техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы

Сағымбаева Венера Маратқызы баяндама жасады.2. Азаматтық қорғаныс жəне төтенше жағдай штабының бастығы

Төлегенова Раушан Төлегенқызының хабарламасы тыңдалды.3. Ғимараттарды жөндеу бөлімінің бастығы Мамекеева Ырыскүл

Құсайынқызының ақпараты тыңдалды.

150-тапсырма. Көп нүктелердің орнына тиісті сөздерді қойыпжазыңыздар.

Жиналыстың күн тəртібінде …………….. . 2. Күн тəртібіндегі біріншімəселе бойынша кафедраның аға оқытушысы Аужанова ГүлжанАужанқызының ……………… . 3. Күн тəртібіндегі бірінші мəселе бойыншаүш адам …………… . 4. Г.Аужанованың пікірін көпшілік ………..... . 5.Бірінші мəселе бойынша ……………. . 6. Дауысқа салған кезде ……………болған жоқ. 7. …………….. директордың орынбасары Қадырқұлова РозаБаймолдақызы хабарлама жасады.

Сөйлемдерді толықтыруға керекті тілдік бірліктер: қалыс қалғандар,қаулы қабылданды, жарыссөзге шықты, баяндамасы тыңдалды, үш мəселеқойылды, бірауыздан мақұлдады, екінші мəселе бойынша.

151-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.1. Повестка дня: а) Создание и название МЧП. б) Принятие устава

МЧП. 2. Слушали: а) М.С.Кравченко сообшил о планах создания и названияМЧП. б) К.Н.Насыров ознакомил присутствующих с уставом. 3.Постановление: а) Ходатайствовать о создании и названии кооператива. б)Принять предложенный устав. 4. Повестка дня: а) О реализации Закона РК«О труде в Республике Казахстан». б) О работе отдела маркетинга игосударственных закупок. в) О работе отдела контроля и документационногообеспечения.

152-тапсырма. Төмендегі мəселелер бойынша хаттамадан үзіндіжазыңыздар.

1. Диплом жұмысының тақырыбын бекіту;2. Оқу құралын баспаға ұсыну;3. Диссертациялық жұмысты Ғылыми кеңеске қорғауға жіберу туралы жəне т.б.

Page 66: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

153-тапсырма. Сөздердің дұрыс мағыналарын тауып, олардысəйкестендіріңіздер.

1. Төраға2. Қаулы3. Еңбекақы4. Сұхбат5. Деканат6. Дискриминация7. Донор

1. Құқықты жою, құқыққа шек қою.2. Екі адамның əңгімесі, сөйлесуі.3. Жиналысты, мəжілісті басқарушы.4. Көпшіліктің шешімі.5. Факультет басқармасы орналасқан бөлме.6. Басқа ауру адамға құю үшін қанын беретін адам.7. Орындалған жұмысына, істеген қызметіне алатын ақша.

11-апта. 21-сабақ154-тапсырма. Тілдің түрлі стильдік тармақтарынан мəлімет

алыңыздар. Өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.155-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стилін сабақ барысында

талқылаңыздар.156-тапсырма. Берілген мəтінмен мұқият танысып, мағынасын

меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ресми іс қағаздары тілінің стилі

Жазба əдеби тіл – қоғамның, мемлекеттің ресми тілі болғандықтан, оныңқызметі де, қолданылу аясы да барынша кең болады. Тіл – мемлекеттежүргізілетін іс қағаздарының, əдебиеттің, оқу-ағарту, тəрбие жұмыстарының,саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық-ақпарат құралдарының барлықсалаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің стильдік тармақтары пайдаболады. Қазіргі қазақ əдеби тілінің мынандай стильдік тармақтары бар:

1. Ресми іс қағаздары тілінің стилі;2. Публицистикалық стиль;3. Ғылыми-көпшілік əдебиет стилі;4. Көркем əдебиет стилі;5. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.Ресми іс қағаздары тілінің стилі кейде: а) кеңсе стилі; ə) ресми стиль;

б) іс қағаздары стилі деп те айтыла береді. Ресми іс қағаздары стилініңерекшелігі – онда факті дəл көрсетіліп, бір ізбен, жүйелі, нақты, қысқа, нұсқажазуға айрықша мəн беріледі. Өйткені, іс қағаздары да, ресми құжаттар даерекше қатынас жасау құралы болып саналады. Бұл стиль ел билеу, мемлекетжұмыстарын жүргізумен байланысты.

Ресми құжаттарда қоғамдық-саяси лексиканың, əкімшілік терминдердіңқолданылуы басым келеді. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанржəне мазмұн жағынан əр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақжалпы сипаты болады: а) белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау түріндежазылады; ə) лексика-фразеологиялық құрамы басқаша болып келеді; б)ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі құрылады.

Page 67: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Іс қағаздары ресми түрде жазылуы керек, бірақ кейбір іс қағаздарындаэмоционалды бояуы бар тілдік құралдар да қолданылады. Мысалы:халықаралық ұйымдар мен мекемелердің, белгілі қоғам қайраткерлерініңмүшел тойына арналған құттықтаулар. Құттықтау мəтіндерінде жігер, қуатқатолы жақсы тілектер айтылады, олар жылы сезіммен жазылады. Сондықтанонда эмоционалды бояулы сөздердің қолданылуы заңды.

Көптеген сөздер белгілі бір стильде болып, қолданылуы жағынаншектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтамаберілді, мəселе көтеру, алғыс, сөгіс жариялау, бұйырамын, қаулы қабылдаужəне т.б. сөздер мен сөз тіркестері ресми іс қағаздары стиліне тəн.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың немесе ұғымның атауықолданылу орнына қарай əр түрлі аталады. Мысалы: адам деген сөз:

1. Ресми құжаттарда – азамат;2. Үйде – ата-ана;3. Телефон станциясында – абонент;4. Ательеде – заказ (тапсырыс) беруші;5. Шаштаразда – клиент;6. Ауруханада – науқас, емделуші;7. Санаторийде – демалушы, тынығушы, емделуші;8. Қоғамдық көлікте – жолаушы;9. Кітапханада – оқырман;10. Сауда орнында – тұтынушы;11. Қызмет орнында – маман, қызметкер, т.б. болып айтылады. Яғни,

кез-келген адам күнделікті өмірде белгілі бір əлеуметтік рөлді атқарады.Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі

үлгілері болады. Іс қағаздарының үлгілеріне: өтініш, сенімхат, қолхат,анықтама, мінездеме, хабарландыру, акт, мəлімдеме, хаттама, шарт,міндеттеме, бұйрық, жарлық, қаулы, есеп, т.б. жатады.

Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажеттілігінен туып,өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары бұрыннанқалыптасқан нақты үлгілер бойынша жазылады. Іс қағаздарын жазу – жаттығу,дағдылану арқылы меңгеріледі. Сөйлемнің баяндауышы ашық райдапайдаланылады, мысалы: қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертілдінемесе бұйрық райда – орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін,қаралсын, шара қолданылсын, іске қосылсын сөздерінен тұрады.

Көнерген сөздер, диалектілер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, тілдікқолданыстан шығып қалған сөз тіркестері, сөздер қолданылмайды.

157-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Жазба əдеби тілі мен ауызша сөйлеу тілінің айырмашылықтарынеде? 2. Тіл қай салаларда қызмет атқарады? 3. Қазақ əдеби тілінде стильдіңқандай тармақтары бар? 4. Ресми іс қағаздары стилінің ерекшелігін атаңыздар.

Page 68: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Бұл стиль немен байланысты болып келеді? 6. Ресми құжаттарда терминдерқолданыла ма? 7. Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттарға ортақсипаттарды атаңыздар. 8. Іс қағаздарының үлгілерін атаңыздар.

158-тапсырма. Ресми іс қағаздары тілінің стиліне сұрақ-жауапқұрастырыңыздар.

159-тапсырма. Төмендегі құжаттардың жазылу үлгісіментанысып, олардың стиліне назар аударыңыздар.

Қосымша демалыс беру жөнінде

Бостандық аудандық қаржы бөлімінің бас маманы СəрсекееваГүлназ Айдарқызының баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтімінебайланысты 2011 жылдың 19 қарашасынан бастап 2014 жылдың 8 қыркүйегінедейін жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс берілсін.

Негіздеме: Г.А.Сəрсекееваның өтініші. Баланың тууы туралыкуəлігінің көшірмесі бірге тіркеліп отыр.

Алматы қаласы Бостандық аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі ____________ Айтжанова Сəуле Сейіткəрімқызы қолы

Еңбек демалысынан шақыру туралыӨндірістік қажеттілікке байланысты, ұйымдастыру кадр бөлімінің

бастығы Бакиева Айгүл Əдікенқызы 2011 жылдың 15 қаңтарынан еңбекдемалысынан шақырылып, пайдаланбаған күндерін өзіне қажетті басқа уақыттапайдалану құқығы берілсін.

«Капитал» компаниясыныңдиректоры _____________ Оспанова Шолпан Мұхтарбекқызы

қолы

Ж ы л д ы қ д е м а л ы с ж ө н і н д е Ү л г і:

Қазақстан Республикасының 10.12.1999 жылғы № 493-1 «ҚазақстанРеспубликасындағы жұмыс туралы» Заңының 60 бабының 3 тармағы бойыншаəлеуметтік жұмысқа байланысты категориясыз (Q-12) маман Абдиев ЖұманСайынұлына 2011 жылдың 1 қыркүйегінен 19 қыркүйегіне дейін 18 күнтізбеліккүнге жыл сайынғы жылдық демалысы берілсін.

Негіздеме: Ж.С.Абдиевтің 2011 жылдың 18 тамызындағы өтініші.

Аудан əкімінің ____________ Садақбаев Тəңірберген Тұрсынбайұлы орынбасары қолы

Page 69: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Енгізілсін:Аудан əкімі аппаратыныңбасшысы _____________ Рыскелдиева Гүлдария Дəулетқазықызы қолыКелісілді:Мемлекеттік құқықбөлімінің бастығы _____________ Итемирова Ақмарал Сейітқызы қолы160-тапсырма. Жоғарыдағы үлгілерді пайдаланып, төмендегі

мəселелерге байланысты құжат үлгілерін жазыңыздар.1. Жұмысқа қабылдау туралы;2. Белгілі қызметке тағайындау туралы;3. Жұмыстан шығару туралы;4. Тəртіптік жаза беру туралы;5. Белгілі бір міндетті жүктеу туралы.

11-апта. 22 сабақ161-тапсырма. Түйіндеме қандай құжат, оны қай уақытта, неге

байланысты талап етеді? Сабақ барысында талқылаңыздар.162-тапсырма. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? Бір-біріңізбен

пікір алмасыңыздар.163-тапсырма. Түйіндеме туралы берілген мəліметпен танысып,

оның жазылу үлгісін есте сақтаңыздар.

Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме)

Түйіндеме (резюме) француз тілінен аударғанда айтылған немесежазылған мəселенің «қысқаша түйіні» деген мағына береді.

Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы,кəсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мəлімет беретінанықтамалық-ақпараттық іс қағаздарының бір түрі.

Түйіндеме жұмысқа тұру мақсатында немесе істеп жүрген қызметіненөзіне лайықты басқа қызмет іздеген жағдайда, бос орынға жарияланғанконкурсқа құжат тапсырған кезде, т.б. да көптеген жағдайларда жазылады.Түйіндеме мəтінінің соңына түйіндемені жазған тұлға өз қолын қояды.

Сіздің түйіндемеңізді оқыған адам сіздің кім екендігіңізден, қашан, қайдаоқып, жұмыс істеп, қандай тəжірибе жинағандығыңыз, алға қойғанмақсатыңыз, кім болып жұмыс істегіңіз келетіндігінен, жеке басыңыздыңқасиеттерінен хабардар болып, мəлімет ала алуы керек.

Түйіндеменің құрылымы төмендегідей:1. Құжаттың аты. Мысалы: Түйіндеме.2. Түйіндемені жазушының жеке басы туралы мəлімет.

Аты-жөні, туған, оқыған жері, жылы. Мысалы: Айдарова КəмшатЖансерікқызы 1967 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында дүниеге келдім,ұлтым – қазақ.

Page 70: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

3. Мекен-жайы, телефоны. Мекен-жайым: Алматы қаласы, Жамбылкөшесі, 141 үй, 56 пəтер. Үй телефоны: 368-71-26. Ұялы телефоным: 8-701-246-13-36.

4. Үміттеніп отырған вакансиясы. Мысалы: Қ.И. Сəтбаеватындағы ҚазҰТУ, Қазақ тілі кафедрасында доценттік қызмет; баспақызметкері; инженерлік қызмет.

5. Білімі мен қызметі туралы мəлімет. Мысалы: Білімім жоғары,мамандығым: қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарынан оқытушы. Əрі қарай қайжылдары қай мекемелерде не қызмет атқарғаны жазылады.

6. Қоғамдық, кəсіптік, т.б. жұмыстары туралы негізгімəліметтер. Бұл бөлікте түйіндеме иесінің кəсіптік, қоғамдық, ғылыми жəнебасқа да жұмыстарының түйіндеме мақсатына қажетті деп табылатыннегізгілері ғана айтылады. Мысалы: Қоғамдық жұмыстарға белсенеараластым. Көпшілікпен тіл табыса аламын, ұйымдастырушылыққабілетім бар. Тапсырылған іске жауапкершілікпен қараймын. Баспа ісінжақсы білемін. Компьютерді толық меңгергенмін, т.б. Сондай-ақ еңбектегітабыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дəрежесі.

7. Қосымша мəліметтер. Бұл бөлікте ана тілінен басқа меңгергентілдері, компьютерлік техниканы меңгеру деңгейі, интернетбағдарламаларымен жұмыс істеу деңгейі, спортқа, өнерге қатысы, шетелсапарлары, жеңіл көлік немесе транспорттың басқа түрлерін жүргізеалатындығы, т.б. атап көрсету қажет.

8. Кепілдеме. Соңғы жұмыс орнынан немесе жеке тұлғалардыңатынан алынған кепілдеме болса, оның бар екендігі түйіндемеде бірсөйлеммен айтылады. Қажет деп тапқан жағдайда оны түйіндемемен біргетапсырады.

9. Түйіндеменің жазылған күні, ізденушінің қолы. Түйіндемесоңынан түйіндеме жазылған күн, аты-жөні, фамилиясы, қолы қойылады.Мысалы: Қожанова Жібек Əлиқызы, 27 шілде 2009 жыл.

Грамматикалық ерекшеліктер:Түйіндемеде жазылатын құжат иесіне қатысты мəліметтің барлығы I жақ

жекеше түрде баяндалады, оның жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақформасының жұрнақтары: -ды, -ді, -ты, -ті қолданылады. Мысалы: дүниегекел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.

Түйіндеме иесінің дəл қазіргі кездегі өмірін, білімі мен қызметінбаяндайтын мəліметтер етістіктің нақ осы шақ формасы арқылы I жақтаберіледі. Мысалы: оқы+п жүрмін, істе+п жүрмін, атқар+ып жүрмін, т.б.

Нақ осы шақтың дара түрі отыр, жүр, жатыр, тұр етістіктерінежіктік жалғауының тікелей жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: менотыр+мын, сен жатыр+сың, сіз тұр+сыз, ол жүр, біз тұр+мыз, сендержүр+сіңдер, сіздер отыр+сыздар, олар отыр.

Нақ осы шақтың күрделі түрі лексикалық мағыналы етістікке: -ып, -іп,-п жұрнақтары жалғанып, тұр, жүр, жатыр, отыр етістіктеріне жіктікжалғауының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Мен оқы+п отыр+мын.Сен көр+іп жатыр+сың. Сіз ал+ып тұр+сыз. Сендер біл+іп жүр+сіңдер.

Page 71: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

164-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Түйіндеме сөзі қандай мағына береді? 2. Түйіндеме іс қағазының қайтүріне жатады? 3. Түйіндемеде қандай мəліметтер қамтылады? 4. Бұл құжатқакім қол қояды? 5. Сіздің түйіндемені оқыған адам қандай мəлімет ала алуыкерек? 6. Түйіндеменің құрылымына не кіреді? 7. Қосымша мəліметтерде неайтылуы керек? 8. Түйіндемемен бірге беру керек болған жағдайда кепілдеменікім беруі керек? 9. Түйіндемені жазғанда қандай грамматикалықерекшеліктерге сүйену керек?

165-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.Жұмыс тəжірибесі, азаматтығы туралы мəлімет, жұмысқа орналасу,

ұйымдастырушылық қабілеті, компьютерлік сауаттылығы, спортқа қатысы,жауапкершілік қасиеті, ғылыми дəрежесі, мамандығы туралы мəлімет, əскериатағы, кəсіби біліктілігі.

166-тапсырма. Төмендегі хабарландырулармен танысып, өзіңізтаңдаған қызмет орнына түйіндеме жазыңыздар.

1. Фирма «Физтех» ЖШС-нің Атырау филиалы техникалық қызметкөрсету жөніндегі менеджер қызметіне үміткер қабылдауды жариялайды.

Талап:а) Мұнай саласындағы техникалық қызмет көрсету жөніндегі менеджер

қызметіндегі жұмыс тəжірибесі 5 жылдан кем болмауы керек.ə) Шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз) жетік білу;б) Мұнай саласына қатысты жоғары білімі туралы құжат;в) Компьютерлік технологияны білу, интернет бағдарламаларымен

жұмыс істеу деңгейі жеткілікті дəрежеде болуы керек.Түйіндемені мына факске жіберуге болады: 8 (3272) 57-08-41.2. «Визор Капитал» ААҚ-ға директор мен талдаушы қызметтеріне

мамандарды конкурстық негізде қабылдайды.Қойылатын басты талаптар:а) Батыстық қаржы-экономикалық жоғары білімі;ə) Ағылшын, жапон тілдерінде еркін сөйлеу;б) Дамушы елдердің қаржы нарығындағы жұмыс тəжірибесі;в) Басшылық қызметіндегі жұмыс тəжірибесі кемінде 5 жыл болуы керек.Түйіндемені мына факске жіберіңіздер: 8 (3272) 28-86-39.

167-тапсырма. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа əрстудент өз атынан түйіндеме жазыңыздар. Үміткерлердің қайсысы сəйкескеледі? Оны мекеме басшысының төрағалығымен комиссия мүшелерішешеді.

168-тапсырма. Түйіндеменің үлгілерімен танысыңыздар.

Page 72: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Т Ү Й І Н Д Е М Е (Резюме) Ү л г і:

Жеке басы туралы мəліметтер:Аты-жөні, тегі: Асқарова Айжан МырзабекқызыТуған жылы: 1950 ж., шілденің 19-ыОтбасы жайлы: ТұрмыстаАзаматтығы: Қазақстан РеспубликасыМекен-жайы: Тастақ-3 ықшамауданы, 20 үй, 65 пəтер, тел.: 348-50-17Білімі:1966 ж. Орта Алматы облысы, Жамбыл ауданының «Алатау» шұға фирмасындағы орта мектепті бітірді.1967-1972 ж. Жоғары «Қазақ тілі мен əдебиеті» мамандығы бойынша қазіргі əл-Фараби (ол кездегі С.М.Киров) атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірді.Жұмыс істеген орындары:1966-1967 ж. «Алатау» шұға фирмасы;1967-1972 ж. С.М. Киров атындағы КазМУ-дің студенті ;1972-1976 ж. «Жетісу» облыстық газетінің редакциясы;1976 ж. ҚазССР (ол кездегі) Ғылым Академиясына қабылданды.1977-1983 ж. Монғол Халық Республикасындағы Тау-кен өндірісі комбинатына отбасымен жұмысқа жіберілді.1983-2001 ж. Монғол Халық Республикасынан оралғаннан кейін, ҚазССР ҒА-ның əдебиет институтындағы өз қызметін атқаруға қайта кірісті.2001 жылдан Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қазақ тілі кафедрасында қазақ тілі пəнінен сабақ береді, п.ғ.д., профессор.Қосымша мəліметтер:1990 ж. Докторлық диссертация қорғады, педагогика ғылымдарының докторы

Page 73: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ғылыми дəрежесі берілді.2000 ж. Профессор ғылыми атағын алды. Бірнеше семинарлардан алған сертификаттары; университет тарапынан берілген «Айрықша еңбегі үшін» медалі; құрмет грамоталары мен марапаттаулары бар.Тілді білуі: Қазақ тілі мен орыс тілдерін еркін, ал ағылшын тілін орташа дəрежеде біледі.Жеке басының қасиеттері: Жауапкершілік, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттері жоғары. Еңбекқор, көпшілікпен ортақ тіл табыса алады, ұжымда беделді, сынды дұрыс қабылдайды.Құштарлығы: Кітап оқу, саяхатқа шығу, əн айту, ғылыммен шұғылдану.Отбасы:

1. Жəнібеков Ж.С. 1946 ж. (күйеуі)2. Жəнібеков Қ.Ж. 1971 ж. (ұлы)3. Жəнібекова М.Ж. 1974 ж. (қызы)4. Мұратова А.Қ. 1976 ж. (келіні)5. Жəнібеков Т.Қ. 2000 ж.

(немересі)

* * * * * Т Ү Й І Н Д Е М Е

Ү л г і:Жеке басы туралы мəліметтер:Аты-жөні, тегі: Қасымов Жарасқан ЖұмағұлұлыТуған жылы, айы, күні: 10.02.1984 ж. Қызылорда облысы, Арал қаласы.Отбасы жайлы: ҮйленбегенАзаматтығы: Қазақстан РеспубликасыБілімі: Аяқталмаған жоғары білімМамандығы: Болашақ инженер-металлургЖұмыс істеген орындары: Жұмыс істеген жоқҚосымша мəліметтер: Қазақ, орыс тілдерін жетік біледі. Ағылшын тілінде сөздікпен жұмыс істейді; Спортпен шұғылданады.Мекен-жайы: Тастақ-1 ықшамауданы, 8 үй, 42 пəтер, тел.: 340-03-24

Page 74: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

* * * * *Т Ү Й І Н Д Е М Е

Ү л г і:Жеке басы туралы мəліметтер:

Аты-жөні, тегі: Сұлтанова Назира АйтбайқызыТуған жылы, айы, күні: 07.04.1974 ж. Талдықорған қаласыОтбасы жайлы: Тұрмыста, күйеуі, 2 баласы бар.Азаматтығы: Қазақстан РеспубликасыБілімі: Жоғары. Талдықорған қаласындағы І. Жансүгіров атындағы университетті 1996 ж бітіргенМамандығы: Заңгер, тарихшыЖұмыс істеген орындары: Аталған университеттің тарих факультетінің оқытушысыҚосымша мəліметтер: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік біледі. Компьютерді меңгерген. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады.

Мекен-жайы: Орбита-2 ықшамауданы, 56 үй, 75 пəтер, тел.: 328-46-51

169-тапсырма. Грамматикадан берілген тест тапсырмаларынорындаңыздар.

1. Ашық буынды сөзді табыңыздар. А) Тамаша В) Əкімшілік С) Жақсылық Д) Ғажап Е) Бапкер

2. Сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің ғылыми саласын атаңыздар.

А) Фонетика В) Лексикология С) Морфология Д) Синтаксис Е) Стилистика3. Түбірлес сөздерді табыңыздар.

А) Тіл, діл В) Қыс, қыз С) Қор, көр Д) Көрме, көргіш

Page 75: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Е) Қамқор, көмек

4. Жаңа сөздерден (неологизмдерден) тұратын қатарды табыңыздар.

А) Былтыр, биыл, қайта құру В) Ұстаз, оқытушы, ғалам тор С) Өркениет, ғаламдастыру, нарық Д) Компьютер, интернет, ғылым

Е) Аспап, құрал, техника

5. Етістікті сөз тіркестерін табыңыздар. А) Өнерлі бала В) Жетпіс бесінші С) Таза жүру Д) Жол торабы Е) Менің пікірім

12-апта. 23-сабақ170-тапсырма. Іс қағаздарын жүргізу барысында қолданылатын

құжаттардың іштей бөліну түрлері туралы өзара пікір алмасыңыздар.171-тапсырма. Іс қағаздары қалай топтастырылады? Сабақ

барысында талқылаңыздар.172-тапсырма. Мəтіннің мазмұнымен мұқият танысып, мағынасын

меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Іс қағаздарының түрлері жəнеоларды топтастыру

Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін: мақсатымен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне,формасына, т.б. ерекшеліктеріне қарай топтастыруға болады. Ұйымдар менмекемелердің іс жүргізу барысында қолданылатын құжаттарын жалпымақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштейбірнеше топқа бөлуге болады.

1. Іс қағаздарын мазмұны мен қызметіне қарай:а) жеке адамға қатысты жəне ə) қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді.Жеке адамға қатысты іс қағаздары жеке азаматтар атынан жазылады.

Оларға мыналар жатады: өмірбаян, арыз, сенімхат, қолхат, хат, төлқұжат,куəлік, білімі туралы куəлік, т.б. Төл құжат, куəлік, білімі туралы куəліксияқты құжаттарды мекемелер азаматтардың өз қолына береді, яғни əркімніңөзінде болады.

Қызметтік іс қағаздары мекеме немесе сол мекеменің жауаптыадамының атынан жазылады. Қызметтік іс қағаздарына мекемелер менұйымдардың іс жүргізу барысында дайындайтын барлық құжаттарын

Page 76: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

жатқызуға болады. Олар: қызметтік хаттардың барлық түрі, бұйрық, хаттама,т.б.

2. Формасына қарай: а) типтік; ə) трафареттік жəне б) еркін болыпбөлінеді. Типтік іс қағаздары деп қалыптасқан мəтін-үлгі бойыншажазылатын іс қағаздарын айтады. Олар: арыз, өтініш, т.б.

Трафареттік іс қағаздары деп мəтіннің белгілі бір бөлігі алдын алатипографиялық əдіспен басылып дайындалған құжаттарды айтады.

Мəтіннің алдын ала дайындалған бөлігінде өзгермейтін ақпаратжазылады. Мысалы, студенттің белгілі бір оқу орнында оқитынын растайтынанықтама (анықтаманың бланкісі). Мұнда студенттің аты-жөні, оқитын бөлімімен курсы жазылатын арнайы орын қалдырылып, қалған бөлігі (бланкісі)типографиялық əдіспен басылып, дайындалады.

Еркін мəтінді іс қағаздарына белгілі бір мəселе, ғылыми немесе əдебиеңбек, өнер туындысы, т.б. туралы ресми түрде жазылатын құжаттар жатады.Мысалы: пікір. Еркін мəтін іс қағаздарына да, жалпы іс қағаздарына дақойылатын талаптар сақталады.

3. Жасалу орнына қарай: а) мекеменің ішкі іс қағаздары; ə) сырттан келіптүсетін іс қағаздары болып бөлінеді.

Мекеменің ішкі іс қағаздарына мекеменің қызмет ету барысында, онықұжаттау процесінде мекеме ішінде дайындалған іс қағаздары жатады.

Мекемеге басқа ұйымдар мен мекемелерден келіп түсетін құжаттарсырттан келіп түсетін іс қағаздарына жатады.

4. Шығу, жасалу деңгейіне қарай іс қағаздары: а) түпнұсқалық жəне ə)көшірмелік болып бөлінеді.

Түпнұсқалық іс қағаздарына кез келген құжаттың бірінші рет жасалғаннұсқасы (оригинал) жатады.

Көшірмелік іс қағаздарына түпнұсқаның мəтіні сол күйінде өзгеріссізсақталып алынған толық нұсқасы немесе бір бөлігі жатады. Көшірмелік ісқағаздарына кез келген құжаттың көшірмесін (диплом, бұйрық көшірмесін,т.б.), үзіндісін (хаттамадан үзінді, бұйрықтан үзінді, т.б.), дубликатынжатқызуға болады. Үзінді – құжаттың қажетті бөлігінің мəтіні өзгертілмейжазылып, қолға берілетін нұсқасы. Дубликат – құжат жоғалған кезде берілетінқұжаттың түпнұсқасымен күші бірдей көшірмесі.

173-тапсырма. Ұйымдық құжаттардан мəлімет алып, мəтіндімазмұндаңыздар.

Ұ й ы м д ы қ қ ұ ж а т т а р

Ұйымдық құжаттарға мекеменің ұйымдастырылуына, құрылуынақатысты құжаттар жатады, олар: басқару аппараттық құрылым, оның құрамы,штат кестесі, ішкі тəртіп ережесі, жарғы, міндеттер, қызметтік нұсқау(инструкция), т.б. құжаттар жатады.

Мекеме мемлекеттік тіркеуге алынған сəттен бастап заңды тұлға болыпсаналады. Тіркеуге алынған мағлұматтар заңды тұлғаларды тіркейтін

Page 77: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Мемлекеттік реестрге алынады. Ұйымдық-құқықтық əрекетіне қарай мекеменіңқұжаттарына мекеме жарғысы, құрылтайшылар келісімі, коммерциялық емесұйымдардағы жалпы ережелер жатады.

Мекеме жарғысы белгіленген тəртіп бойынша бекітіледі. Жарғыдамекеменің іс-əрекеті, негізгі бағыты, басқа бірлестіктер, жеке, заңдытұлғалармен қарым-қатынасы, құқықтары мен міндеттері жазылады. Жарғымекеменің атын, мекен-жайын, оның ұйымдық-құқықтық əрекеттерін, басқаруорганын, бақылаушыларын, мекеменің қайта құрылуын, қызметін тоқтатуынреттейді, растайды. Жарғы негізінде мекеменің құрылымдық жүйесі менжұмысшылар саны анықталады.

Штат кестесінде қызметтік атаулар мен еңбекақылар көрсетіледі.Мекемелердің құрылымдық бөлімшелерінің құқығын анықтайтын,жауапкершілік міндеттерін, қызметтерін белгілейтін Ереже жасалады.

174-тапсырма. Өкілеттік құжаттарға берілген мəтінмен мұқияттанысып, мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Ө к і л е т т і к қ ұ ж а т т а р

Өкілеттік құжаттарға мекеменің қызметтік іс-əрекеттеріне жəнеқызметкерлеріне байланысты жазылатын бұйрықтар мен нұсқаулар жатады.Мұндай құжаттарға мекеме, ұйым, бірлестік басшысы қол қояды.

Өкілеттік құжат мəтіндерінің тақырыптары «... туралы», «... жөнінде»,«... жайында» деген сияқты шылаулармен келген сөз тіркестерінен тұрады.Тақырып аттары қысқа, нақты болуы керек. Мысалы: «... өзгеріс енгізутуралы», «... қайта қарау жөнінде», «... шара қолдану жайында», «...қорытындысы жөнінде», т.б.

Бұйрықтарда ұйымның өндірістік-шаруашылық жəне басқа да маңыздыбағыттағы мəселелері жазылады. Бұйрықтың ең маңызды бөлігі – оның мəтіні.Бұйрықтың мəтіні өкілеттік бөлімдерден құралып, «БҰЙЫРАМЫН» дегенсөзбен беріледі жəне жеке жолға жазылады. Онда іс-əрекеттің орындалумерзімі, орындаушының аты-жөні, қызметі көрсетіледі.

175-тапсырма. Анықтама-ақпараттық құжаттардан мəлімет алып,мəтіннің мазмұнына сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

Анықтама-ақпарттық құжаттар

Ұйымдық-өкілеттік құжаттардың көп кездесетін түріне анықтама-ақпараттық құжаттар жатады. Олар: хат, жеделхат, телефонхат, түсініктеме,мəлімхат, акт, анықтама жəне т.б. қызметтік хаттар жатады. Бұл құжаттардыңбарлығы ақпарат беру мақсатында жазылады, белгілі бір оқиғаны, фактіні, іс-əрекетті белгілейді, баяндайды.

Page 78: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Хат, жеделхат, телефонхаттар арқылы мекемелер арасында ақпараталмасуы болады, ұсыныстар айтылып, алдын ала келісімдер жасалады, яғнимекеме басқа бірлестіктермен ресми байланыс жасайды.

Анықтама-ақпараттық құжаттардың бірі – акт. Ол мекеме жетекшісініңтағайындауымен құрылған тексерушілер тобы жəне жауапты адамдардыңқатысуымен жазылады. Актілердің бірнеше түрлері кездеседі. Олар:материалдық құндылықтарды жарамсыз деп санау, іс қағаздарын қабылдапалу, өткізу, материалдық құндылықтарды қабылдау, өткізу, т.б. Құжатта актжазушылардың аты-жөндері міндетті түрде жазылады.

12-апта. 24-сабақ176-тапсырма. Өмірбаянда не жазылады, оның құрылымына не

кіреді? Берілген сұраққа жазбаша жауап дайындаңыздар.

177-тапсырма. Өмірбаян неше түрлі болып жазылады? Өзпікіріңізбен ой бөлісіңіздер.

178-тапсырма. Өмірбаян туралы берілген мəліметпен мұқияттанысып, оның жазылу жолын меңгеріп алыңыздар.

Өмірбаян жəне оның түрлері

Өмірбаян – жеке адамның өмір жолы мен қызметі хронологиялықтəртіппен туған күнінен бастап, бүгінге дейін жазылатын анықтама-ақпараттықіс қағазының бір түрі. Тəжірибеде өмірбаян үш түрлі болып жазылады:

Біріншісінде адам өзінің өмірі мен қызметі туралы баяндайды. Бұлкөбінесе қызметке орналасу кезіндегі жеке іс қағаздарына қоса тігу үшінжазылады. Онда адам өзінің аты-жөнін, туған күнін, айын, туған жерін толықкөрсетеді. Одан кейін өзінің өмірі мен қызметі туралы деректерді ретіменжазады.

Өмірбаянның бұл түрі көбінесе ресми іс қағаздары стиліменжазылады да, көлемі жағынан шағын болады.

Өмірбаянның екінші түрі – мемуарлар, яғни ақын, жазушылардың,өнер, қоғам қайраткерлерінің өз өмірін қоғам өмірімен байланыстыра баяндауы.Мұндай өмірбаяндар көркем шығармаға жақын əдеби тілмен, шебержазылғандығымен оқырманды қызықтырады жəне ол оқырманды жеке адамөмірімен ғана емес, қоғамның дамуымен де таныстырады.

Өмірбаянның бұл түрінде жазушының көзқарасы, дүниетанымыкөркем сөзбен жан-жақты баяндалады. Яғни ойды, сезімді, оқиғаны көркем сөзарқылы əсерлі жеткізіп, оқушының сана-сезіміне, көңіл-күйіне əсер етупринципі негізге алынады.

Мұндай шығармалардың қай тілде болмасын өте көп жəне қарасөзбен де, өлең сөзбен де жазылатын түрлері кездеседі. Мысалы, Қ.Байсейітовтың

Page 79: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

« Құштар көңіл» (1977), Ш. Жиенқұлованың «Өмірім менің – өнерім» (1983),Д. Қонаевтың «Өтті дəурен осылай» атты кітаптары өмірбаянның осы түрінежатады.

Өмірбаянның үшінші түрінде қоғамға белгілі қайраткерлердіңөмірі мен шығармашылық, саяси қызметтері өз тарапынан емес, басқабіреулердің тарапынан баяндалады. Мысалы, ұлы жазушылар мен ақындар – А.Құнанбаев, Ш. Уəлиханов, А.С. Пушкиннің өмірлері туралы шығармаларосындай өмірбаян түріне жатады.

Атап айтсақ, С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз», М. Əуезовтың «Абайжолы» шығармалары. Өмірбаянның мұндай түрі көркем шығарманың əр түрліжанрларында очерктен бастап роман-эпопеяға дейін жазыла береді.

Бұл өмірбаян алдыңғы екеуінен өзгеше, қоғамдық талапқа сайпублицистикалық тілмен жазылады. Мұндағы мақсат – мəліметті қоғамныңжалпы мəдениеті, экономикасы мен əлеуметтік жағдайына сəйкестендіре беру.Сондықтан, өмірбаянда субъектінің суырыпсалма ақын болғандығы немесежетім қалғандығы сол кездегі қоғамдық ортаға қатысты баяндалады.

Əдеби-публицистикалық өмірбаянның көлемі əр түрлі болыпкеледі. Мысалы, С. Мұқановтың «Өмір мектебі», Б. Соқпақбаевтың «Меніңатым – Қожа», С. Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешуі» сияқты көлемді,өмірбаяндық шығармалары да кездеседі.

Күнделікті өмірде ең жиі қолданылатын құжаттың біріншісі –өмірбаян. Ол əркімнің өз қолымен жүйелі түрде бірінші жақта, жекеше формадабаяндалады.

Өмірбаянның құрылымы төмендегідейболып келеді:

1. Құжаттың аты;2. Өмірбаянын жазушы адамның азаматтық жағдайы туралы

мəлімет;3. Білімі, оқыған оқу орны;4. Кəсіби тəжірибесі жəне кəсіби біліктілігі;5. Қоғамдық-саяси қызметі;6. Қосымша мəліметтер;7. Отбасы жағдайы туралы;8. Мекен-жайы, аты-жөні, қолы, қай күні жазғандығы, айы, жылы.

Өмірбаянның грамматикалықерекшеліктері

Өмірбаянда жазылатын құжаттағы барлық мəлімет I жақ жекешетүрде баяндалады, оның жіктік жалғауы: -м. Етістіктің жедел өткен шақформасы қолданылады, оны жасайтын жұрнақтар: -ды, -ді, -ты, -ті. Мысалы:дүниеге кел+ді+м, оқы+ды+м, бітір+ді+м, қызмет ет+ті+м, т.б.

Page 80: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Өмірбаян иесінің əке-шешесіне, жолдасына, балаларына, туған-туысқандарына қатысты мəлімет III жақта баяндалады. Мысалы: ту+ған,бітір+ген, оқы+ған, т.б.

Өмірбаян иесінің дəл қазіргі кездегі өмірін, білімін, қызметінбаяндайтын мəліметтер етістіктің осы шақ формасы арқылы I жақта беріледі.Мысалы: оқы+п жүр+мін, істе+п жүр+мін, атқар+ып отыр+мын, т.б.

179-тапсырма. Өмірбаянның үлгілерімен танысыңыздар.

Ө М І Р Б А Я НҮ л г і :

Мен, Қуаныш Өмірбекұлы Қасенов, 1963 жылы 1 мамырда Семейоблысы, Аягөз ауданы, Баршатас ауылында тудым. Ұлтым – қазақ. 1970-1980жылдар аралығында Баршатас орта мектебінде оқып, оны ерекше аттестатпенбітірдім.

1981-1986 жылдар аралығында В.И. Ленин атындағы Қазақполитехникалық институтының металлургия-полиграфия факультетінде оқып,бітірдім. Қазір осы институтқа қарасты кафедраның аға оқытушысымын.

Институт қабырғасында өткізіліп тұратын іс-шаралардыңбарлығына қатысып, өзіме тапсырылған жұмыстарды уақытында орындап,жауапкершілікпен қараймын.

Ғылыммен шұғылданамын. Халықаралық жəне республикалықғылыми-теориялық конференцияларға қатысып, ғылыми мақалаларымдыжариялап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргіземін.

Ата-анам бар: əкем – Өмірбек Қасенов – Ұлы Отан соғысыныңардагері, құрметті зейнеткер; анам – Хадиша Қасенова – ұзақ жылдар бойыБаршатас орта мектебінде мұғалім болып қызмет істеді, қазір зейнеткер.

Отбасым бар: жұбайым – Жазира Дүйсенқызы жоғары білімдімаман, дəрігер. Мектеп жасындағы бір ұл, бір қызымды тəрбиелеп отырмын.Ұлым – Марат Қасенов 1990 жылы, қызым – Маржан Қасенова 1995 жылытуған, олар Алматы қаласындағы №54 орта мектебінің оқушылары.

Əскери қызметке міндеттімін. Аға лейтенант атағым бар. Қосымшамəліметтер: Ана тілім – қазақ тілі, орыс жəне ағылшын тілдерін жетікбілемін, ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламаларын толық меңгергенмін. Интернетпенжұмыс істеймін. Жеңіл атлетикадан разрядым бар, университетаралық жəнеқалалық жарыстарға қатысып тұрамын.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, «Қазақфильм» ықшамауданы, 47үй, 18 пəтер, телефон: 251-48-37.

Өмірбаян иесі _____________ Қ.Ө. Қасенов қолы

Өмірбаянды жазған күн: 2005 жыл, 18 наурыз

* * * * *

Page 81: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Ө М І Р Б А Я НҮ л г і :

Мен, Серік Жұмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Қызылордаоблысы, Арал ауданы, Арал қаласында қызметкер отбасында дүниеге келдім.Ұлтым – қазақ.

1990-2001 жылдар аралығында Арал қаласындағы З. Шүкіроватындағы №20 орта мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік оқушыекенімді көрсете білдім. Əр түрлі қоғам жұмыстарын атқарып, спортпентұрақты түрде шұғылдандым.

Ата-анам бар: əкем – Ж. Қалымбетов 1955 жылы туған, Аралқаласында жекеменшік кəсіпорында жұмыс істейді. Шешем – З. Қалымбетова1957 жылы туған, Арал қаласындағы №20 орта мектепте орыс тілі пəніненсабақ береді.

1998-2001 жылдар аралығында мектеп қабырғасында жүріп, Аралқалалық мəдени орталығында мəдени жұмыстар жөніндегі ұйымдастырушықызметтерін қосымша ретінде атқарып, өзіме біраз тəжірибе жинадым.Көпшілікпен мəдени қарым-қатынас жасап, ортақ тіл таба білуге дағдыландым.

2001 жылы аталған орта мектепті бітірген соң, Қ.И. Сəтбаеватындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне тау-кен инженерімамандығын алу үшін оқуға түстім. Бүгінгі таңда осы оқу орнының II курсстудентімін, үйленбегенмін.

Ағылшын тілін меңгеру үстіндемін, компьютерлік курсқа барыпжүрмін. Кітап оқығанды, Абай атындағы мемлекеттік опера жəне балеттеатрына барып классикалық шығармаларды тыңдағанды жақсы көремін.Қысқы уақыттарда шаңғы, коньки тебумен, табиғатқа шығып демалуменəуестенемін.

Алдыма қойған мақсатым – жоғары білім алып, жаңа технологиянытолық меңгеріп, білімді маман болып шығу, еліме, халқыма аянбай қызмет ету,мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қосу, мемлекеттік тілде іс қағаздарынжүргізуді тиісті деңгейге көтеруге атсалысу.

Мекен-жайым: Алматы қаласы, Наурызбай батыр көшесі 23 үй, 36пəтер, телефон: 393-20-02.

Өмірбаян иесі _____________ С.Ж. Қалымбетов қолы

Өмірбаянды жазған күн: 2003 жыл, 20 мамыр

180-тапсырма. Өмірбаян мəтінінің мазмұны бойынша берілгенсұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Өмірбаянның түрлеріне тоқталыңыздар. 2. Өмірбаян мазмұнына қарайқұжаттың қай түріне жатады? 3. Өмірбаянның бірінші түрін кім жазады, оныңқұрылымына не кіреді? 4. Өмірбаянның екінші түрі қалай жазылады, оған

Page 82: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

қандай шығармаларды жатқызуға болады? 5. Үшінші түрі туралы қандаймəлімет білесіздер, оны кім жазады? 6. Өмірбаянның грамматикалық ерекшелігіқандай?

181-тапсырма. Əр студент өз өмірбаяндарыңызды жазыңыздар.

182-тапсырма. Өмірбаянның екінші түрі бойынша жазылған біркөркем шығарманы сабақ барысында талқылаңыздар.

183-тапсырма. Өмірбаянның үшінші түріне жататын көркемшығармалардың біреуіне тоқталып, өзара пікір алмасыңыздар.

184-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Дүниеге келу, үйлену, тұрмысқа шығу, жоғары білім, жұмыс істеу,мамандық алу, арнайы бөлім, оқу орнын бітіру, қызмет орындары, тұрғылықтыжері.

185-тапсырма. Берілген үлгі бойынша сөйлемдерді бірте-біртекүрделендіріңіздер.

Ү л г і :Бітіру: 1. Мен бітірдім. 2. Мен университет бітірдім. 3. Мен Қазақ

Мемлекеттік Əлем тілдері университетін бітірдім. 4. Мен 1995 жылы ҚазақМемлекеттік Əлем тілдері университетін бітірдім. 5. Мен Қазақ МемлекеттікƏлем тілдері университетін ағылшын тілінен мұғалім мамандығы бойыншабітірдім.

Əкем жұмыс істейді. Інім оқиды. Ағам тұрады. Балам дүниеге келді. Олоқуға түсті.

186-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Сіздің аты-жөніңіз кім? 2. Сіз қандай отбасында дүниеге келдіңіз? 3.Сіз қай жылы тудыңыз? 4. Əке-шешеңіздің аты-жөндері кім? 5. Олар қайдажұмыс істейді? 6. Мектепті қай жылы, қайда бітірдіңіз? 7. Біліміңіз қандай? 8.Қай оқу орнын бітірдіңіз, мамандығыңыз кім? 9. Отбасыңыз бар ма? 10. Мекен-жайыңызды атаңыз.

13-апта. 25-сабақ187-тапсырма. Жеке іс парағы қандай жағдайларда жазылады? Өз

ойларыңызды ортаға салыңыздар.

188-тапсырма. Жеке іс парағының құрылымын есте сақтаңыздар.

Page 83: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

189-тапсырма. Мəтінде берілген мəліметті толық меңгеріп, жеке іспарағын қалай толтыру керектігін мазмұндаңыздар.

Анықтамалық-ақпараттық құжат

* * * * *Ж Е К Е І С П А Р А Ғ Ы

Жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, түрлі ұйымдарға сайлану,сондай-ақ ұйымдар мен мекемелер талап еткен басқа да жағдайларда жекеадамның өмірі мен қызметі жайлы нақты, ресми мəліметтер жазылыптолтырылатын іс қағазының бір түрі.

* * * * *Жеке іс парағында жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, бітірген

оқу орны, кəсібі, мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы, т.б.көрсетіледі. Жеке іс парағында көрсетілген мəліметтер оқу орнын бітіргендігітуралы құжатта, əскери билетінде, тууы туралы куəлікте, еңбек кітапшасында,өмірбаянда, орта білімі туралы аттестаты мен жоғары білімі туралыдипломында берілген мəліметтермен дəлме-дəл жазылуы керек.

Жеке іс парағы жеке тұлғаның өмірі, білімі, қызметі, əлеуметтікжағдайы туралы мəлімет беретін болғандықтан, мазмұн-мақсатына қарайанықтамалық-ақпаратттық іс қағазына жатады.

Жеке іс парағында негізінен стандартты 15 пункт беріліп, ондатөмендегідей мəліметтер қамтылады:

1. Тегі, аты, əкесінің аты қысқартусыз толық жазылады. Мысалы:Қалықова Əлия Жұманқызы.

2. Жынысы ер немесе əйел деп көрсетіледі.3. Туған күні, айы, жылы жазылған кезде ай аты толық көрсетіледі.

Мысалы: 25 қазан 2008 жыл.4. Туған жері төлқұжатында көрсетілген мəліметпен бірдей, сол кездегі

ресми атауы өзгеріссіз көрсетіледі. Мысалы: Алматы облысы, Қаскелеңауданы, Еңбекші ауылы.

5. Ұлты да жеке куəлікте, төлқұжатта көрсетілген мəліметпен сəйкесжазылады. Мысалы: қазақ.

6. Білімі. Тек орта мектепті бітірген болса, орта; техникум, училище,колледж бітірген болса, арнаулы орта; институт, университет бітірген болса,жоғары деп көрсетіледі. Ол оқу орындарының сіз бітірген кездегі бұрынғыатауы жазылады. Мысалы: əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың атауын 1972 жылыбітіргендер Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту ордендіМемлекеттік университеті деп жазады. Алған мамандығы: филолог, қазақтілі мен əдебиетінің оқытушысы, диплом ЭК № 152 436.

7. Тіл білу дəрежесі. Мысалы: ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркінсөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.

Page 84: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

8. Ғылыи атақ, дəрежесі толық, ресми түрде жазылады. Мысалы:филология ғылымдарының докторы, профессор.

9. Ғылыми еңбектеріңіз талапқа сай толық түрде толтырылады:Мысалы: Техникалық қазақ тілі. Оқулық. Жоғары техникалық оқуорындарының барлық мамандықтарына арналған. «Ғылым» баспасы, 18 баспатабақ, 2010ж.

10. Еңбек жолы тармағына оқу орындарында оқыған жылдары, қызметі,қосымша істеген жұмыстары, басқа жұмысқа ауысқан уақыты толықкөрсетіледі.

11. Сайланбалы органдарға қатысуы тармағына республикалық,облыстық, қалалық, аудандық, т.б. сайланбалы органдарға депутат болыпсайланған жағдайда толтырылады. Қатыспаған болса, қатысқан жоқпын депжазылады.

12. Мемлекеттік наградалар туралы тармақты марапатталғандар ғанатолтырады. Марапатталмаған болса, марапатталған жоқпын деп жазады.

13. Əскери қызметке қатысы пунктінде əскери қызметке міндеттінемесе міндетті еместігі жазылады. Мысалы: əскери қызметке міндеттімін,əскери қызметке міндетті емеспін. Мысалы: əскери билеті СК № 272046,Алматы қаласы Бостандық аудандық əскери комиссариаты берген.

14. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы. Мысалы, əйеладамдар: тұрмыстамын, тұрмыста емеспін; ер адамдар: үйленгенмін,бойдақпын. Отбасы бар болса, олардың аты-жөні, туған жылы, күні, т.б.көрсетіледі.

15. Мекен-жайы. Мысалы: Алматы қаласы, С. Торайғыров көшесі, 15 үй,70 пəтер, телефоны: 386-42-01.

190-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Жеке іс парағында нақты не толтырылады? 2. Бұл құжат мазмұн-мақсатына қарай іс қағазының қай түріне жатады? 3. Жеке іс парағыныңқұрылымына не кіреді? 4. Тұлғаның білімі туралы қандай мəліметтеркөрсетіледі? 5. Аталған құжатты толтыруда қандай жағдайларды, негебайланысты талап етеді? 6. Жеке іс парағын толтыруда қысқарған сөздердіпайдалануға бола ма? 7. Жеке іс парағындағы мəліметтер қандай құжаттардыңнегізінде жазылады? 8. Жеке іс парағында жазылған мəліметтердің растығынакім жауап береді?

191-тапсырма. Кадрлар жөніндегі жеке іс парағының үлгісіментанысыңыздар.

Page 85: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағыҮ л г і :1. Тегі Жанболатова Аты Алмагүл Əкесінің аты Асанқызы2. Жынысы əйел 3. Туған жылы, айы, күні 19 қазан 1962 жыл4. Туған жері Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы (ауыл, аудан, қала, облыс)5. Ұлты қазақ Азаматтығы Қазақстан Республикасы6. Əлеуметтік тегі қызметкер отбасынан7. Білімі жоғары Диплом бойынша мамандығы қазақ тілі мен əдебиеті

Жоғары оқу орнының аты, орналасқан жері Алматы қаласы,Қазақтың С.М. Киров атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді Мемлекеттік университеті.8. Қандай тілдерді білесіз ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін

қандай дəрежеде сөйлеймін, ағылшын тілін ауызекі сөйлеу деңгейінде білемін.9. Ғылыми дəрежесі, ғылыми атағы филология ғылымдарының докторы, профессор.10. Ғылыми еңбектері 80-нің үстінде11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары Бұл тармаққа еңбек кітапшасындағы мəліметтер дəлме-дəл жазылады.12. Шет елдерде болуы Мемлекеттердің аты, болған жылдары көрсетіледі.13. Сайланбалы органдарға қатысуы қатысқан жоқпын14. Мемлекеттік наградалары марапатталған жоқпын15. Əскери қызметке қатысы, əскери қызметке міндеттімін əскери атағы сержант, əскери түрі: командалық16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы көрсетіледі) Отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы,қызметі толық жазылады.17. Мекен-жайы: Алматы қаласы, С.Торайғыров көшесі 24 үй, 82 пəтер, тел.: 390-56-81

___28.08.2010_______Толтырылған уақыты қолы______________

192-тапсырма. Əр студент өзінің жеке іс парағын толтырыңыздар.

193-тапсырма. Жеке іс парағында көрсетілген он бес пунктті өзара 5пункттен бөліп алып, сұрақ-жауап ретінде айтып беріңіздер.

195-тапсырма. Төмендегі сөз жəне сөз тіркестерімен сөйлемдерқұрастырыңыздар.

Page 86: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Құжат, еңбек кітапшасы, жоғары білімі, сайланбалы органдар, тууытуралы куəлік, марапаттау, əскери қызмет, ұйымдар, тармақ, міндетті.

196-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөздердің дұрыс түсініктемелерінекінші бағанадан табыңыздар.

1. Ғасыр2. Қаламақы3. Полиглот4. Спикер5. Тіркеу

6. Орфогра- фиялық сөздік7. Жаратылыс- тану

А) Қоршаған ортаны, табиғатты зерттейтін ғылым саласы.Ə) Парламент палатасының төрағасы.Б) Авторға немесе оның мұрагеріне төленетін ақы.В) Жүз жылдық мерзімді қамтитын уақыт өлшемі.Г) Сөздердің дұрыс жазылуын көрсететін сөздік.Д) Тізімге енгізу.Е) Көп тіл білетін адам.

197-тапсырма. Жеке іс парағына берілген тест тапсырмаларынорындаңыздар.

1. Жеке іс парағында ............ мəлімет жазылады.А) мерейтой иесін құттықтау туралыƏ) азаматтардың құқығы туралыБ) мекеменің таратылуы туралыВ) жеке адамның азаматтық хал-жағдайы туралы

2. Жеке іс парағында қолданылатын стандарт тілдік бірлік.

А) əскерге бардым Ə) əскерге барамын

Б) əскери қызметке міндеттімін В) əскери қызметтемін3. Орта дəрежелі оқу орны.А) институтƏ) колледжБ) университетВ) академия

4. Монография .......... авторы .......... А) -нің, -мін Ə) -ның, -мін Б) -ның, -мын В) -нің, -мын

Page 87: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

13-апта. 26-сабақ198-тапсырма. Еңбек келісімі қай уақытта, кімдердің арасында

жасалынады? Өзара пікір алмасыңыздар.

199-тапсырма. Жиырма пункттен тұратын еңбек келісімінесұрақ-жауап құрастырыңыздар.

200-тапсырма. Берілген еңбек келісімінен мəлімет алып,мағынасын меңгеріп, мазмұндаңыздар.

Е Ң Б Е К К Е Л І С І М І

Еңбек келісімі – екі жақтың (жұмыс беруші мен жұмысшы) нақты бірміндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы заңмен рəсімделген келісіміжазылатын іс қағазының бір түрі.

Белгілі бір жас пен білім дəрежесіне жеткеннен кейін, жұмысқатұрғандардың əрқайсысының еңбек жолы құжаттан басталады.

Кез келген құжат секілді еңбек келісімінің де өзіндік құрылымы менмазмұны, рəсімделу ережелері бар.

Еңбек келісімі жұмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалғанкелісімнің кейбір шарттары (міндеттері, мазмұны, еңбекақы мөлшері, жұмысжағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға ұйым əкімшілігіндебелгіленген тəртіп бойынша қаралған жұмысшы арызы негіз болады.

Еңбек келісімі мыналардан тұрады:1. Құжаттың аты: Мысалы: Еңбек келісі № 4;2. Келісім жасалған орны мен күні: Мысалы: Алматы қаласы, 23 қазан,

2000ж.3. Екі жақтың толық жəне шартты атауы: (жұмыс беруші,

жұмысшы).4. Жұмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті

біліктілік дəрежесі: (М.: жұмысшының қай бөлімде, кім болып істейтініжазылады).

5. Келісім типі (негізгі, əлде қосымша істейтін жұмысы көрсетіледі).6. Келісім түрі (уақытша ма, əлде тұрақты жұмысқа алынды ма?).7. Келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге алынса, нақты айы,

күні, жылы көрсетіледі).8. Сынақ мерзімі: (М.: Жұмысшыға 2 апта, 1 ай немесе 2 ай сынақ

мерзімі белгіленеді).9. Жұмысшының міндеттері: тəртіп сақтауға, мемлекеттік құпияны

жария етпеуге, техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ішкі еңбек тəртібіережесіне бағынуға т.б. міндетті.

10. Еңбек жағдайы, еңбекақы төлеу сияқты əкімшіліктің негізгіміндеттерін көрсете отырып жазылған жұмыс берушінің міндеттері:

Page 88: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

(Еңбек демалысын өткізуге берілетін жеңілдік, медициналық көмек көрсету,тұрғын үймен, зейнетақымен қамтамасыз ету т.б.).

11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретінмағлұмат:

а) ҚР-сы Президентінің 21.04.1993 жылғы № 431 жарлығында айтылғанжеңілдіктерді толық пайдалануға; мəдени жəне тұрмыстық қызмет көрсету;қоғамдық көлікте жүруге берілетін жеңілдік;

ə) Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін пайызсыз қарыз алуға т.б.12. Еңбек пен демалыс тəртібінің ерекшеліктері туралы мəлімет:

(Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді; Толық емес жұмыс күнінекөшіріледі; Жұмысшы демалыс, мейрам күндері де жұмысқа шақырылуымүмкін).

13. Ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тəртібі туралымəлімет: (лауазымдық төлемақы; сағаттық төлемақы; үстеме төлемақы; мерекекүндері берілетін ақшалай сыйлық мөлшері т.б.).

14. Демалыс алу тəртібі мен оның мерзімі туралы мəлімет: (Еңбекдемалысының ұзақтығы; қосымша алынатын демалыс ұзақтығы, оларды алутəртібі; ақы төленбейтін демалыс алу тəртібі, жылына бір рет ақылы демалысберу т.б.).

15. Келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар:(Жұмысшыға жылына бір рет жұмыс киімі мен аяқ киім беріледі; баласынабалабақшадан орын беріледі т.б.).

16. Келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар: (Бұл бөліктекелісім бұзылатын немесе қайта қаралатын, күшін жоятын жағдайлар сөзболады).

17. Келісім тоқтатылған жағдай атап көрсетіледі: (Бір жақ келісіммерзімінен бас тартқанда; өз міндетін үнемі орындамаса; кəсіпорын таратылғанжағдайда т.б.).

18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.19. Екі жақ қол қояды.20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.

201-тапсырма. Еңбек келісіміне берілген мəтіннің мазмұны бойыншаберілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады? 2. Еңбек келісіміндежазылатын негізгі мəліметтер қандай? 3. Еңбек келісімін жасаушы екі жақтыңшартты атаулары қандай? 4. Еңбек келісімі қандай мерзімге жасалады? 5. Еңбеккелісімі қандай жағдайда күшін жояды? 6. Еңбек келісімінің жасалу мерзімікөрсетілуі қажет пе? 7. Жұмысшының міндеттерін атаңыздар. 8. Жұмыс берушінеге міндетті?

202-тапсырма. Төмендегі мəліметтерді пайдалана отырып, еңбеккелісімінің үлгісін жасаңыздар.

Page 89: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

* Сіз «Ақниет» ашық акционерлік қоғамына менеджер қызметінеқабылданбақшысыз.

* «Ақниет» ашық акционерлік қоғамының төрайымы – ƏбдісүлейменоваРаиса Шоғанбекқызы.

* Сізге 60 000 теңге көлемінде еңбекақы белгіленді.* Келісім мерзімі – 1 жыл.* Сынақ мерзімі – 2 ай.*Сіздің міндеттеріңізге коммерциялық құпия болып табылатын

мəліметтердің құпиялылығын сақтау жəне мекеменің ішкі тəртіп ережелерінсақтау кіреді.

* Жұмыс берушінің міндетіне сіздің кəсіби біліктілігіңізді арттыру үшінбіліктілікті арттыру курстары мен семинарларға, тренингтерге қатысуғамүмкіндік жасау жəне оларға қатысты барлық шығынды мекеме есебінен төлеуде кіреді.

* Сіз қажет болған жағдайда 10 жұмыс күніне дейін ақы төленбейтіндемалыс алуға құқылысыз.

Келісімде көрсетілген талаптарды екі жақ тараптарының біріорындамаған жағдайда еңбек келісімі мерзімінен бұрын бұзылады.

203-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына берілген сөз тіркестерініңаудармаларын есте сақтаңыздар.

қосымша кепілдіктер беру – предоставления дополнительных гарантиидемалыс беру тəртібі – порядок предоставления отпускаеңбек демалысының ұзақтығы – продолжительность трудового отпускакелісімнің шарттарын қайта қарау – пересмотр условий соглашениекелісімнің тоқтатылуы – расторжение соглашениякелісімнің сипаты – предмет соглашениясынақ мерзімі – испытательный сроккелісімнің түрі – вид соглашения204-тапсырма. Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.Келісімшарт жасау, еңбек келісімін жасау, жұмыстың сипаты, жұмыс

беруші, еңбекақы төлеу, келісімнің уақыты, еңбек туралы заң.

205-тапсырма. Бірінші бағанадағы сөйлемдерді екінші бағанадағыаудармаларымен сəйкестендіріңіздер.

1. Жеке еңбек келісімі.2. Міндеттер орындалмаған жағдайда.3. Тараптардың міндеттері мен құқықтары.4. ҚР-ның қазіргі қолданылып жүрген заңдарына сəйкес.5. Еңбек тəртібін бұзған

1. Вслучае нарушения трудовой дисциплины.2. Индивидуальное трудовое соглашение.3. В соответствии с ныне действующими законами РК.4. Предмет договора.

Page 90: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

жағдайда.6. Келісімшарт нысаны.

5. Обязанности и права сторон.6. В случае не выполнения обязанностей.

206-тапсырма. Еңбек келісімінің үлгісімен танысыңыздар.

Еңбек келісімі № 7

Алматы қаласы 15 қыркүйек 2002 жыл

Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті атынан университетректоры профессор Қ.М. Сабырханов бұдан былай қарай келісімде «жұмысберуші» деп аталады, екінші жақтан филология факультетінің аспирантыДодаева Күлпаш Жанұзаққызы, бұдан былай қарай келісімде «жұмысшы»деп аталады.

Жұмысшы Додаева Күлпаш Жанұзаққызы қазіргі қазақ тілі кафедрасынамұғалім болып қабылданады.

Бұл еңбек келісімі негізгі жұмыс келісімі.Жұмысшы уақытша бос тұрған орынға қабылданып отырғандықтан,

келісім шектеулі мерзімге жасалады.Келісім 2002 жылдың 15 қазанында күшіне енеді, 2003 жылдың 15

қазанында өз күшін жояды.Жұмысшыға үш апта сынақ мерзімі белгіленеді.Жұмысшының міндеттері:· өз міндеттерін мезгілінде жəне сапалы атқаруға;· еңбек жəне өндірістік тəртіпті сақтауға;· техника қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;· жұмысты сапалы жəне адал орындауға;· мемлекеттік құпияны жария етпеуге;· ішкі еңбек тəртібіне бағынуға міндетті.Жұмыс берушінің міндеттері:· жұмысшының осы келісім бойынша белгіленген міндеттерін

атқаруы үшін қалыпты еңбек жағдайын жасау; еңбекақысын деркезінде төлеуге міндеттену;

· қазіргі күші бар еңбек заңдары мен жоғары мектеп нормативтіактілерінің орындалуын қамтамасыз ету;

Жұмысшыға 5 күндік жұмыс күні белгіленеді. Толық емес жұмыс күнінекөшіру қосымша өзара келісім негізінде жүзеге асырылады. ҚазақстанРеспубликасының еңбек туралы заң кодексіне сəйкес жұмысшы өз міндетінатқаруға, демалыс, мейрам күндері де шақырылуы мүмкін.

Жұмысшы еңбегі үшін «Университет» білім беру жүйесіқызметкерлеріне арналған бірыңғай тариф кестесі негізінде _________ разрядқа

Page 91: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

орай ________ теңге көлемінде əр айдың штат кестесіне сəйкес еңбекақыбелгілейді.

Жұмысшыға жылына бір рет, ұзақтығы 18 жұмыс күні мөлшеріндеақылы демалыс беріледі. Бұл келісімшарт қол қойған кезден бастап күшінеенеді.

Келісім мынадай жағдайда тоқтатылады:· екі жақтың бірі келісім мерзімін ұзартудан бас тартқанда;· кəсіпорын я мекеме таратылған жағдайда;· кафедра, факультетте қысқарту болған жағдайда;· жұмыс көлемі қысқарғанда;· заңда көрсетілген басқа да жағдайлар негізінде;Тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағаны үшін

белгіленген заңдарға сəйкес материалдық жауапкершілік жүктеледі.

Жұмыс беруші ____________ Қ.М. Сабырханов қолыЖұмысшы _____________ К.Ж. Додаева қолы

14-апта. 27 сабақ207-тапсырма. Бұйрық құжатының тарихынан мəлімет алып, ол

жөнінде өз пікірлеріңізбен ой бөлісіңіздер.

208-тапсырма. Бұйрықты кім береді, ол неге байланысты беріледі?Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.

209-тапсырма. Мəтінмен мұқият танысып, мазмұндаңыздар.

Б Ұ Й Р Ы Қ Қ Ұ Ж А Т Ы

Бұйрық – қазіргі жүргізілетін іс қағаздарының ішінде жетекшініңмекемені басқару барысында алда тұрған маңызды, ағымдағы, күнделікті,кадрлық мəселелерді шешу мақсатында берілетін қарамағындағылар орындауғатиісті нормалардан тұратын өкілеттік құжаттардың бір түрі.

Көне түркі ескерткіштері мəтініндегі бұйрық сөзінің қолданыс аясы,мəн-мақсаты мен мазмұны қазіргі басқару саласында қолданылып жүргенбұйрық сөзінен, іс қағазы түрінен алыс емес, мазмұндас. Оны көне түркіжазба ескерткіштеріндегі мысалдардан көруге болады. Мысалы, Темір-Құтлұғжарлығы мазмұны мен құрылымы жағынан қазіргі бұйрыққа жақын. Себебі,жарлықтың негізгі өкімдік бөлігі жазылмас бұрын жарлықтың берілуіне,жазылуына себеп болып отырған мəселе сөз болады. Яғни қазіргі іс қағаздарытілімен айтқанда, констатациялық фактілер келтіріледі.

Қазіргі іс қағаздары тілінде өкімдік құжаттардың негізгі, өкімдікбөлігінде баяндауыш бұйрық рай формасында тұратын болса, Темір-Құтлұғ

Page 92: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

жарлығында да негізгі, өкімдік бөлігіндегі баяндауыш етістіктің бұйрық райформасында берілген. Мысалы: күч ога текүрма+сүн – күш көрсетіп,зорлық жасамасын; тартнақ алма+сун – таразының ақы алмасын.

Мысалдардан көріп отырғанымыздай, бұйрықтық реңк негізіненетістікке -сун, -сүн қосымшаларының қосылуы арқылы берілген. Қазіргіқазақ тіліндегі бұйрық райдың III жақ жекеше, көпше түрлеріндегі етістікке -сын, -сін қосымшаларының қосылуы арқылы жасалатыны белгілі.

Көне түркі ескерткіштеріндегі мəтіндерде бұйрық басқару əдісі,басқару шеберлігі, дұрыс басқара білуі мағынасында қолданылады. Ал қазіргіқазақ тілінде қолданылып жүрген бұйрық сөзінің шығу тегі, төркіні осы көнетүркі жазба ескерткіштерінде кездесетін бұйрық сөзі екені дау тудырмайды.

Бұйрықтың мəтіні екі бөліктен тұрады:1. Констатациялық; 2. Өкімдік.1. Констатациялық (айқындаушы, анықтаушы, фактіні көрсетуші

бөлігі) бөлікте бұйрықтың мақсаты, бұйрықты беруге негіз болған фактікөрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың нормативті құжаттары,директорлар кеңесінің, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдерінемесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін.

Егер берілетін бұйрық түсіндіруді қажет етпейтін болса, ондаконстатациялық бөлік жазылмайды.

2. Бұйрықтың екінші бөлігі – өкімдік бөлік деп аталады. Ол«БҰЙЫРАМЫН» деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімгене тапсырылғаны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Барлық бұйрықтардыңмəтінінде етістік бұйрық райдың III жағында жазылады.

Мысалы: жүргізілетін болсын; қабылдансын; босатылсын;белгіленсін; жүктелсін; тағайындалсын; ауыстырылсын; шығарылсын,т.б.

Өкімдік құжаттың тақырыбы, нөмірі, датасы жазылады. Мысалы:Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

№ 8 – 748 Б Ұ Й Р Ы Қ25 маусым 2011 жыл

Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы

Бұйрықтың негізгі мазмұны өкілеттік бөлікте жазылады. Мысалы:Машина жасау институтының ақылы негізде оқитын II курс студенті

Жанайдаров Сəндібек Дəулетұлы жазғы сессияны тапсырмай, сабақтардыүлгермеуіне байланысты 01.07.2011 жылдан бастап университетте оқуданшығарылсын.

Page 93: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

15.08.2009 жылғы № 487 келісімшарт бұзылсын. Келісімшарттың 3.4-тармағына сəйкес төленген ақша кері қайтарылмайды.

Жеке құрылым бойынша бұйрықтар кадрлар бөлімінде дайындалады.Онда мекеме жұмысшыларының атқаратын қызметіне байланыстықабылданған шешімдер орын алады.

Бұйрықтарда оның себептері көрсетіледі, мысалы:– басқа жұмысқа ауысуына байланысты;– кəсіпорынның өз жұмысын тоқтатуына байланысты;– өз өтініші бойынша;– ресми сапарға кетуіне байланысты;– бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты;– айрықша жұмыс жағдайлары үшін жəне т.б.

Бұйрықтың түрлері:

1. Жыл бойы үздіксіз атқаратын жұмыстарға байланыстыбұйрықтар ұйым жұмысының жалпы тəртібін реттеу мақсатындашығарылады. Онда ұйымның күн тəртібі, жұмыс уақытының ұзақтығы, үнеміжұмыс істейтін комиссия құрамы, күзетті ұйымдастыру тəртібі, тексеру,бақылау тəртібі, т.б. белгіленеді.

Мұндай бұйрықтарға мекемедегі жыл бойғы жұмысқа байланыстытолықтырулар енгізіліп отыруы мүмкін.

2. Күнделікті мəселелерге байланысты бұйрықтар мекемежұмысының күнделікті болып жататын мəселелеріне байланысты беріледі.Оған: жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, мекеме ішінде басқа жұмысқаауыстыру, демалыс беру, іссапарға жіберу, т.б. жатады.

3. Төтенше жағдайларға байланысты бұйрықтар мекемеде күтпегеноқиға болған кездегі іс-əрекет, жұмыс тəртібін реттеу, оқиғаға байланыстытүрлі шаралар белгілеу мақсатында беріледі.

4. Арнайы бұйрықтар көбінесе қаржы-экономикалық мəселелергебайланысты беріледі. Мысалы: жыл немесе тоқсан қорытындысы бойыншаақшалай сыйлықтар тағайындау; еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау,мадақтау, марапаттау, көтермелеу, т.б.

210-тапсырма. Төмендегі жағдайларға байланысты бұйрықшығарыңыздар.

1. А. Асановты «Қуат» құрылыс компаниясына құрылысшы-инженермамандығы бойынша жұмысқа қабылдау;

2. Университет ішінде жəне ауласында шылым шегуге тыйым салутуралы;

3. Ж. Досановты жатақханада тəртіпсіздік жасағаны үшін жатақханаданшығару туралы;

4. К. Мəдиеваны қысқы сессияны «5»-ке тапсырғаны үшін ақылыбөлімнен грантқа ауыстыру туралы.

Page 94: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Ж. Умархановқа белгілі себептерге байланысты оқу төлемақысына 30 % жеңілдік беру туралы.

211-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тілінеаударыңыздар.

О приеме на работу, в связи с уходом, в связи с переходом на другуюработу, текст приказа, приказ по личному составу, испытательный срок, сдвухнедельным испытательным сроком, приказ о приеме на работу, особыеусловия труда.

212-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.Өндірістік қажеттілік, еңбек тəртібін бұзу, себепсіз жұмыстан қалу,

штаттық кестеге сəйкес, үстемақы тағайындау, жеке құрам бойынша бұйрық,негізгі қызмет бойынша міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар.

213-тапсырма. Мəтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарғажауап беріңіздер.

1. Бұйрық қай құжат түріне жатады? 2. Бұйрықтың негізі қай кезденбастау алады? 3. Темір-Құтлұғ жарлығы мен бүгінгі іс қағаздарындағыбұйрықтың жасалу жолын түсіндіріңіздер. Бұйрықтың мəтіні неше бөліктентұрады? 5. Бұйрықтың əр бөлігінде нақты не көрсетіледі? 6. Бұйрық қайбөлімде шығарылады? 7. Бұйрықтың қандай түрлерін білесіздер? 8.Бұйрықтың əр түріне тоқталыңыздар.

214-тапсырма. Бұйрықтың үлгілерімен танысыңыздар.

Б Ұ Й Р Ы Қ № 16

Ү л г і:20 сəуір 2000 жыл Алматы қаласы

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойыншанұсқаулықты енгізу туралы

Кəсіпорында құжаттармен жұмыс жасау ісін дамыту жəне олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Кəсіпорында іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойыншаберілген Нұсқаулық бекітілсін.

2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша Нұсқаулық 20 сəуір2000 жылдан бастап күшіне енгізілсін.

3. Кəсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелері мен қызметкерлері20 сəуір 2000 жылдан бастап іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойынша

Page 95: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Нұсқаулықты, құжаттармен жұмыс жасау жөніндегі Ережені басшылыққаалсын.

4. Хатшы іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу бойыншаНұсқаулығын көбейтіп, барлық құрылымдық бөлімшелерге 26 сəуір 2000жылға дейін жеткізсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын кəсіпорын директорының орынбасарыЗауырбекова Гүлхадиша Өгізбайқызы бақыласын.

Кəсіпорынның директоры ______________ Төлегенова Раушан Төлегенқызы қолы

* * * * * Б Ұ Й Р Ы Қ № 20

Ү л г і:Алматы қаласы 19.02.2009

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытындатапсырмаған студенттер туралы

Қысқы сынақ пен емтиханды уақытындатапсырмаған студенттер үшін

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

I. Төмендегі студенттер институттан шығарылсын:1. Қайназаров Т.М., 050907, 3К-08-1р.2. Сұңқаров Ə.Б., 050724, ТМО б-08-1р. Рүстемов К.Н., 070700, ГДб-08-1р.II. Себепті жағдайларға байланысты төмендегі студенттерге:

М.Қ. Мақсұтов, Қ.Т. Наймановтарға қысқы сессия мерзімі бір айға (28 қаңтардан 28 ақпанға дейін) ұзартылсын.

Ө.Байқоңыров атындағыТау-кен институтыныңдиректоры, т.ғ.д., профессор _________ Искаков Б.М. қолы

* * * * * Б Ұ Й Р Ы Қ № 6

Ү л г і:«Aser» компаниясында қызметін көтеру,

жұмысқа қабылдау туралы

Page 96: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

2009 жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған№ 1130 қаулысына сəйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Есепші қызметіндегі Жаналиева Бақытжамал Салауатқызы өзқызметіндегі жетістіктері, ерекше көрсеткіштері үшін бас есепші қызметінетағайындалсын.

2. Ноғайбаева Ғазиза Əмірқызы бас техник-программист қызметінежұмысқа қабылдансын.

«Aser» компаниясының директоры _____________ Карамендина Мағжан Өміртайқызы қолы

* * * * * Б Ұ Й Р Ы Қ № 27

«Дат» спорттық тауарлар компаниясыныңқызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы

Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанындашығарылған № 5469 қаулысына сəйкес

Б Ұ Й Ы Р А М Ы Н

1. Менеджер қызметіндегі Едіге Шынболатов Будапешт қаласындаөтетін халықаралық ғылыми-теориялық конференцияға қатысу үшін бір аптаға(23.12.2010 – 30.12.2010) іссапарға жіберілсін.

2. Қызметкерлер Иманғалиев Асылжан мен Саттарбеков Еламан Токиоқаласында өтетін суретшілердің халықаралық көрмесіне өз туындыларын қоюүшін іссапарға жіберілсін.

«Дат» компаниясының директоры ____________ Бердиллаева Меңдіқыз қолы Бексұлтанқызы

215-тапсырма. Берілген сөздерді мағынасына қарай іріктеп, дұрысмағыналы сөйлемдер құрастырыңыздар.

1. 2 тұрады, мəтіні, бұйрық, бөліктен;2. Бөлікте, беруге, бірінші, негіз, дерек, болған констатациялық,

көрсетіледі, бұйрық;3. Бойынша, қызмет, екінші, өкімдік, деп, бөлігі, негізгі, аталады,

бұйрықтың, бөлік;4. Бірнешеу, егер, болса, əр тармақ, басталады, жолдан, азат, тармақ,

тапсырмалар;

Page 97: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

5. Негіз, мəтініне, көрсетіледі, бұйрықтарда, мұндай, кейін, бұйрық.

14-апта. 28-сабақ.216-тапсырма. Хабарландыру қандай, не істейтін құжат? Бір-

біріңізбен ой бөлісіңіздер.217-тапсырма. Хабарландыру беріп көрдіңіз бе, оның құрылымына

не кіреді? Сұрақ-жауап құрастырыңыздар.218-тапсырма. Хабарландыру туралы берілген қысқаша мəліметпен

танысып, бұл құжаттың жазылу үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Мекемелердің, ұйымдардың атынан оның мүшелеріне алдағы болатын іс-шаралар туралы хабарлап жеткізетін құжаттың түрі – хабарландыру.

Мұнда хабарланып отырған мəселенің (жиналыс, мəжіліс, кездесі, т.б.жайлар) айы, күні, жылы, болатын уақыты мен орны көрсетіледі.

Соңынан хабарландыру беруші мекеменің , ұйымның аты қойылады.Хабарланатын мəселенің мазмұны мен мақсатына қарай хабарландыру

түрлі-түрлі көлемімен, көркемделуімен ерекшеленеді. Ол белгі бір оқиғанынемесе жағдаяттың болатын мерзімін, орнын баяндайтын ресми құжат.Хабарландыру жазбаша да, ауызша да болуы мүмкін.

219-тапсырма. Төменде берілген сөздер мен сөз тіркестерініңаудармаларын есте сақтаңыздар.

Хабар – информация; сообщение; уведомление; передачаХабарлау – сообщить; уведомить; известитьХабарлаушы – уведомительХабарландыру – объявление; уведомление; оповещение; объявить;известить; оповестиь; оповещатьХабардар болу – быть в курсе делаХабарласу – сообщаться; давать друг другу известиеХабарсыз – известно; хабарсыз кетті – пропал без вестиХабаршы – вестникХабар иесі – человек, который известилХат-хабар – известия; корреспонденцияХабарландыру беру – давать объявлениеХабарландыру жазу – писать объявлениеХабарлама – извещение; сообщениеРадиомен соңғы хабарларды беру – передача последних известий порадио; қуанышты хабар – радостное известиеХабарландыру іліп қою – повесить объявлениеАқпараттық хабарлама – информационное сообщение

Page 98: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

220-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Хабарландыру ненің негізінде хабарланады? 2. Хабарландырудыауызша беру мүмкін бе? 3. Хабарландыруды кім жазады? 4. Оны қандайжағдайда бірнеше жерге ілу керек? 5. Хабарландыруды кімнің жазғанынкөрсету керек пе?

221-тапсырма. Төмендегі мəселелерге байланысты хабарландыружазыңыздар.

1. Емтиханды уақытынан ерте тапсыру;2. «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа талапкерлерді шақыру;3. Қазақ тілі пəнінен пəндік олимпиаданы өткізу;4. I курс студенттерін студенттер қатарына қабылдау мəдени іс-

шарасына қатысу туралы, т.б.

222-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қосыпжазыңыздар.

1. Тақтада хабарландыру... үлгісі ілулі тұр. 2. Студенттер жазылғанхабарландыру... оқыды. 3. Жиналыстың болатынын хабарландыру... білдім.4. Күн тəртібі хабарландыру... жазылған. Студенттер кешінің болатынынхабарландыру... жазыңыздар. 5. Хабарландыру... көлемі əр түрлі болады. 6.Эдвайзер хабарландыру... айтуға келді.

223-тапсырма. Хабарландырудың үлгілерімен танысыңыздар.

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2003 жылдың 8 мамыр күні, таңертеңгі сағат 10-да университеттің үлкенмəжіліс залында Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу болады.

Бағдарламада: 1. ҚазҰТУ ректорының құттықтау сөзі. 2. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің естелік-əңгімелері. 3. Көркемөнерпаздардың концерті.

РекторатХ А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

«Томирис» мейрамханасына сымбатты қыз-жігіттер конкурс негізіндежұмысқа қабылданады. Қатысамын деушілерге есік ашық, талапқа сайқұжаттарды 1 мамырға дейін тапсыруға болады. Мекен-жайы: Достық даңғылы,15-үй, Абай даңғылының қиылысы.

Телефон: 356-48-31, ұялы телефон: 8-777-768-65-34

Мейрамхана басшысы

Page 99: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Ертең, 15 мамыр күні, сағат 19.00-де, Республика сарайындаҚазақстанның халық əртісі Р.Рымбаеваның «Шақырады көктем» атты концертіболады. Билеттер Қазақконцерт кассасында сатылады. Келіңіздер! Көріңіздер!

Мəдениет министірлігі əкімшілігі

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

2011 жылы 17 ақпан күні сағат 11.00-де «Математика» пəні бойыншауниверситет көлемінде олимпиада өткізіледі. Келіп қатысуға болады.Олимпиада ҚазҰТУ мəжіліс залында өткізіледі.

Деканат

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Бəріңе! Бəріңе! Бəріңе! 22 наурыз күні университет өнерпаздарыныңдайындаған «Əн – көңілдің ажары» атты концертіне шақырамыз. КонцертНаурыз мерекесіне арналады.

Келіңіздер! Көріңіздер!

Университет көркемөнерпаздарының ұйымы

Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Қ.И. Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің II курсстуденттері 2011 жылдың 25 мамыры күні мемлекеттік аралық (ПГК) бақылаутестін тапсырады. II курс студенттері түгел қатысуға міндетті.

РекторатК Е П І Л Х А Т

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.Кепілхат та, қолхат та біреуден белгілі құндылықтардың (құжат, мүлік, зат,ақша, т.б.) алынғанын жəне оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігінміндеттеп көрсететін, кепілдік беретін, куəландыратын ресми құжаттың біртүрі.

Мұнда алынған заттың аты, көлемі, саны, тізімі, т.б. беруші адамныңаты-жөні, қызметі, заттың қайтарылу мерзімі толық көрсетіледі. Сандықбелгілер жақшаның ішіне сөзбен жазылады.

Соңынан қолхат, кепілхат берген адамның аты-жөні толық жазылып,күні, айы, жылы қойылады. Нотариалдық кеңседе тіркеліп, мөр басылады.

Page 100: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

224-тапсырма. Кепілхаттың үлгісімен танысыңыздар .

К Е П І Л Х А ТҮ л г і:

Алматы қаласы 27.02.03 №5 нотариалдық кеңсе

Мен, Сəрсенбай Алмат Айсұлтанұлы, мекен-жайым: Алматы қаласы,Сейфуллин даңғылы, 58 үй, 76 пəтер, жеке басымның куəлігі № 77779998419,ҚР IIМ берген.

Алматы қаласы, Абай даңғылы, 128-үй, 18-пəтерде тұратын азаматАйтбеков Асан Мəлікұлынан 250000 (екі жүз елу мың) теңге алдым.

Өз міндеттерімді орындауға кепілдік беремін:1. келісімшартқа сəйкес пайыз төлеп тұруға;2. алынған ақшаны келісілген мерзімде қайтаруға;3. келісімшарт талаптары орындалмаған жағдайда айып төлеуге;4. мекен-жайым өзгерген жағдайда, 3 күн мерзім ішінде хабарлауға.Осы кепілхат 3 дана етіп жасалған, 1 данасы Алматы қаласы № 5 кеңседе

тіркелген, 2-ші данасы – Айтбеков Асанда, 3-ші данасы Сəрсенбай АлматАйсұлтанұлында сақталады.

27.02.03Тараптардың қолы ____________ А.А. СəрсенбайМөр басылады.

15-апта. 29-сабақ225-тапсырма. Анықтама құжаты туралы берілген мəліметпен

танысып, анықтама жазуды үйреніп алыңыздар.226-тапсырма. Анықтаманы кім береді, оның құрылымына не

кіреді? Пікір алмасыңыздар.227-тапсырма. Берілген мəтіннің мағынасын меңгеріп,

мазмұндаңыздар.

А Н Ы Қ Т А М А(С п р а в к а)

Анықтама – мазмұны белгілі бір фактіні, оқиғаны растайтын,дəлелдейтін, сипаттайтын ақпараттық-анықтамалық іс қағазының бір түрі.

Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпараттырастау үшін беріледі. Мысалы: тегі, аты-жөні, туған күні, туған жері,еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мəлімет, мамандығы,т.б.

Page 101: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттілігінің шеңберінде ғанаанықтама беруге жəне оны растап қол қоюға құқы бар. Анықтама берушіжауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады.

Кез келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның қолы,мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші болады. Анықтамадағы қызметтіксипаттағы мəліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы: еңбекақытуралы мəліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері, белгілі бір мекемедежұмыс істейтіндігі туралы мəліметті кадр бөлімінің қызметкері тексереді.

Анықтама құрылымы төмендегідей:1. Құжаттың аты. Мысалы: Анықтама.2. Негізгі мəтін. Негізі мəтінде анықтаманың не үшін берілгендігі

жазылады. Мысалы:Осы анықтама Қапалбекова Гүлназ

Сатыбалдықызының Қ.И. Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Автоматика жəнебасқару жүйесі технологиялары институтының күндізгі бөлімінің IV курсстуденті екендігін растайды.

3. Анықтаманың қай ұйымға арналып берілгендігі туралымəлімет. Мысалы: Анықтама темір жол жəне аэрофлот кассаларына көрсетуүшін беріледі.

4. Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мəлімет. Мысалы:2007 жылдың 30 тамызына дейін жарамды. Анықтама берілген күннен бастап3 айға дейін жарамды.

5. Анықтама мəтінінде жазылған мəліметтің растығын жауапты ұйымжетекшісінің лауазымы, аты-жөні жəне қолы. Мысалы: Қазақ тілікафедрасының меңгерушісі, профессор Тұрсынова Гүлбаршын Тұрсынқызы.

228-тапсырма. Мəтіннің мазмұнына берілген сұрақтарға жауапберіңіздер.

1. Анықтама нені растайтын құжат? 2. Анықтамаға қол қоюға кімқұқылы? 3. Оның несі болғанда заңды күшке ие болады? 4. Анықтаманыңрастығын кімдер тексереді? 5. Анықтаманың құрылымына не кіреді? 6. Негізгімəтінде не айтылады? 7. Анықтаманың жарамдылық мерзімін көрсетуміндетті ме?

229-тапсырма. Анықтаманы қазақ тіліне аударыңыздар.Настоящая справка выдана Сериковой Камиле Кадирбековне, уроженке

село Енбекши Каскеленского района Алматинской области в том, что в периодс 1989 по 1994 гг. она действительно обучалась на заочном отделении вКазахском политехническом институте имени В.И.Ленина.

230-тапсырма. Сөздікті жаттап алыңыздар.берілген күннен бастап – со дня выдачирастайды, дəлелдейді – подтверждаеткөрсету үшін – для предъвлениядейін жарамды – действительно до

Page 102: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

осы анықтама – настоящая справкаанықтама бойынша – согласно справкеанықтама беру – дать (давать) справку

231-тапсырма. Төмендегі мəселелерге байласты анықтамажазыңыздар.

1. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Құрылыс жəне сəулет институтының Iкурс студенті Тоқтамысова Меруертке Ұлттық кітапханаға тіркелу үшін оқуорнынан анықтама алу;

2. Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ Мұнай жəне газ институтының III курсстуденті Сағындықов Қайрат Қамалұлы денсаулығына байланысты бір ай бойысабаққа қатыспағаны үшін дəрігерден анықтама алу;

3. Өндіріс орнында жұмысшының жарақат алғандығын растап анықтамажазу;

4. Бірыңғай Ұлттық тестілеуге уақытында келіп қатыса алмай қалғанталапкердің нақты, дəл себебін растайтын анықтама жазу.

233-тапсырма. Анықтаманың үлгілерімен танысыңыздар.

А Н Ы Қ Т А М А

Ү л г і: Осы анықтама Көпжасаров Қатира Аманқызының Қ.И.Сəтбаев атындағы

ҚазҰТУ Д.14.08.20 Диссертациялық кеңесінде «Ақпараттанудың жаңа жүйесінпайдалану» атты тақырыпта 16.02.2011 жылы диссертация қорғағандығынрастайды.

Анықтама кадр бөліміне жалақысына үстемақы қосу үшін берілді.

Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУДиссертациялық кеңесінің төрағасы,т.ғ.д. профессор _______________ С.Ж.Мамаев қолы

* * * * * А Н Ы Қ Т А М А

Бұл анықтама Алматы қаласы, Алмалы ауданындағы Қабанбайбатыр көшесі, 5 үй, 13 пəтер тұрғыны Қайырболатов Жарас Төрегелдіұлыныңотбасында үш адамның бар екендігін растап беріліп отыр. Олар: əйеліҚайырболатова Жазира, 1948ж. туылған; қызы Қайырболатова Майра, 1976 ж.туылған; ұлы Қайырболатов Сəкен, 1980 жылы туылған.

Анықтама Алмалы аудандық əлеуметтік қамсыздандыру бөлімінетапсыру үшін берілді.

Page 103: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

«Қарлығаш» тұрғын үйбөлімшесінің төрайымы __________ Рысқұлбекова Күнəркүл қолы Сейітқазықызы

А Н Ы Қ Т А М А

Алматы қаласы 19.10.2008 ж.

Бостандық ауданына қарасты № 56 мектептің оқу-əдістемелік бірлестігінің жұмысы туралы

Бостандық аудандық оқу бөлімі ұйымдастырған тексеру№ 56 мектептің оқу-əдістемелік бірлестігінің 2007-2008 оқу жылындатөмендегідей жұмыстар атқарғанын анықтады;

1. Оқу-əдістеме технологиясын жеңілдету үшін əрбір пəнге бақылау тестсұрақтарын, қосымша материалдар дайындаған.

2. Оқу процесін жаңа технологиялық жүйеге көшіру үшін компьютеркабинеттерін ашып, интерактивті тақталар орнатқан.

3. Түрлендіріліп əзірленген көрнекі құралдармен жабдықтаған жəне т.б.

Аудандық оқу бөлімініңмеңгерушісі ______________ Əбдісүлейменова қолы Раиса Шоғанбекқызы

234-тапсырма. Іс қағазының бір түрі – акт құжаты туралымəліметпен мұқият танысып, мəтінді мазмұндаңыздар.

А К Т

Акт – бірнеше лауазымды адамдардың белгілі бір фактіні немесеоқиғаны растап қол қоятын құжаттың бір түрі. Актіні жеке адам (тексеруші-ревизор, сарапшы-аудитор, инспектор) толтыруы мүмкін.

Актілер кəсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің жəне жекелауазымды адамдардың қызметін тексеру қорытындысы бойынша, мүлікті неқұжатты қабылдау-өткізу, объектіні немесе тауар-ақшалық бағалы заттардықабылдау кезінде жасалады.

Актінің құрамы мынандай деректерден тұрады:Кəсіпорынның атауы, құжат түрі, күні, индексі, жасалу орны, бекіту

белгісі, тақырыбы, мəтіні, қосымшасы бар екендігі туралы белгі, қолы.Актіге комиссия төрағасының жəне мүшелерінің қолы қойылады.Актінің мəтіні екі бөліктен тұрады: 1. кіріспеден жəне 2. белгілеуші

бөліктен.

Page 104: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Кіріспеде актіні жасауға негіз болған құжат түрі, оның нөмірі, күнікөрсетіледі. Ары қарай лауазымдары көрсетілген комиссия құрамы, сондай-ақтексеру кезінде болған адамдардың тізімі аталады.

Белгілеуші бөлігінде комиссия жұмысының мақсат-міндеттерібаяндалып , айқындалған фактілер көрсетіледі.

Акті жасалған соң, комиссия оның мазмұнымен актіде аталғанадамдарды таныстарды.

235-тапсырма. Бірнеше лауазымды адамдарды, куəлардықатыстырып, əр түрлі мəселелермен байланыстырып, 2-3 акт жазыңыздар.

236-тапсырма. Аталған құжатқа қатысты сөздерді мəтіннен теріпжазып, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.

237-тапсырма. Актінің үлгісімен танысыңыздар.

Б Е К І Т Е М І Н Қ.И.Сəтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың жалпы жəне өндірістік шаруашылық мəселелері жөніндегі проректоры ______________ Қ.Д.Манапов

А К ТҮ л г і:

Төменде қол қоюшылар акті тізімінде көрсетілген заттардың:1. «Самсунг» магнитофоны – 1 дана;2. Папкілер – 10 дана3. Үстелге арналған кеңсе жиынтығы – 5 дана;4. Папка-портфель – 10 дана;5. «Алматы» сувенирінен – 5 дана алғандығына куəгерлік білдіреді.Акті 2003 жылдың 25 мамыры күні өткізілген «Жас талап»

конкурсының жеңімпаздарына аталған заттардың берілгендігін растау үшінжасалды.

Тəрбие жұмысы жөніндегі бөлімінің меңгерушісі _____________ Зауырбекова Гүлхадиша қолы Өгізбайқызы

Тілдерді дамыту бөлімініңжетекші маманы _____________ Мамекеева Ырыскүл қолы Құсайынқызы

Есеп бөлімінің бас есепшісі _____________ Сағымбаева Венера қолы Маратқызы

Page 105: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

СОӨЖ тақырыптары

Тапсырмалардың тізімі мен түрлері

№ апта Жұмыстың түрі Жұмыстың тақырыбы Баға-лау

пайы-зы

1 2 3 41-апта Өтініш

Талап арыз жазу

Арыз

Реферат

1. Материалдық көмек көрсету туралы өтініш жазу.2. Жатақханадан орын алу туралы өтініш жазу.3. Заңға қайшы іс-əрекетті тоқтату туралы талап арыз жазу.4. Келісімшартты жарамсыз деп табу жөнінде талап арыз жазу.5. Қызметкердің заңсыз əрекеттеріне байланысты арыз жазу.6. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздары.

100%

2-апта

СенімхатҚолхат жазу

Реферат

1. Нотариус атқаратын қызметтерді жазу.2. Шəкіртақыны досының алуына сенімхат беру.3. Көлікті уақытша пайдалану үшін сенімхат жазу.4. Кафедрадан компьютерді алғандығы туралы қолхат беру.5. VI-VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы.

100%

3-апта Қатынас хаттардыңтүрлерін жазу

Реферат

1. Қатынас хаттарының түрлерімен жұмыс жүргізу.2. Телефонхат құрылымы.3. Жеделхаттың негізгі мақсаты.4. Қатынас хаттардың түрлеріне түсініктеме беру.5. Қазіргі іс қағаздары

100%

Page 106: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

құрылымының негізгі бөліктері XV-XVII ғасырлардан бастау алады.

4-апта Баяндама

Реферат

Мəтін дайындау

Реферат

1. Тілдерді қолдану мен дамытудың бағдарламасы туралы Жарлығы.2. ҚР Президентінің 2005-2010 жылдарғы арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына байланысты шығарған Жарлығы.3. Бұрыштама үлгілерін беру.4. 1997ж. 11 шілдедегі ҚР «Тіл туралы» заңы, 1998ж. 5 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығы.5. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан».6. ХІV ғасырдағы жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі.

100%

5-апта Танысқы жазу

Реферат

1. Танысқыда жазылатын мəліметтер.2. Оқытушылардың танысқыларын жазу.3. Достарыңның танысқыларын жазу.4. ХІV ғасырда жазылған іс қағаздары.

100%

6-апта Қызметтік хаттаржазу

Реферат

1. Қызметтік хаттың жазылу үлгісін беру.2. Қызметтік хаттың жеке хаттан айырмашылығын жазбаша дайындау.3. Қызметтік хат мəтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірліктерді түсіндіру.4. Қызметтік хат түрлерін жазу.5. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма.

100%

7-апта Мінездеме жазу

Мəтін дайындау

1. Курстасыңызға мінездеме жазу.2. Мінездемеде көрсетілетін негізгі мəліметтер, мінездеме

100%

Page 107: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

құрылымы.3. Мінездеменің жазылу мақсаты.4. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы.5. Конференцияның ақпараттық хатын факс арқылы жіберу.6. «Қазақ тілі» пəні бойынша болатын олимпиаданың хабарландыруын факс арқылы жіберу.

8-апта Реферат

Аралық бақылау

1. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.2. Аралық бақылау жұмысы.

100%

9-апта Хаттама жазу

Реферат

1. Хаттама құрылымы жəне құжатта көрсетілетін негізгі мəліметтер.2. Студенттердің ғылыми конференциясының хаттамасын жазу.3. Жатақханада 9 мамыр Жеңіс күніне арналып өткізілетін кешке байланысты хаттама жазу.4. ХІХ ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы.

100%

10-апта Хаттамадан үзіндіжазу

Реферат

1. Диплом жұмыстарының тақырыбын бекіту туралы хаттамадан үзінді жазу.2. Магистрлік жұмыстың (диссертацияның) тақырыбын бекіту туралы хаттамадан үзінді жазу.3. Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары.

100%

11-апта Түйіндеме жазу

Реферат

1. Досыңның түйіндемесін жазу.2. Курстасыңның түйіндемесін жазу.3. Бос қызмет орнына жарияланған конкурсқа екі адамның атынан түйіндеме жазу.4. Ресми іс қағаздары тілінің стилі.

100%

Page 108: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

12-апта РефератӨмірбаян жазу

Реферат

1. Қ.И.Сəтбаевтың өмір жолы.2. əл-Машанидің ғылыми еңбек жолы.3. Атақты жазушының өмірбаянын жазу.4. Өзінің өмірбаянын жазу.5. Іс қағаздары жəне олардың түрлері.

100%

13-апта Жеке іс парағы

Еңбек келісімінжазу

1. Фирмаға жұмысқа орналасу үшін, жеке іс парағын толтыру.2. Досыңыздың Банкке жұмысқа орналасу туралы еңбек келісімін толтыру.

100%

14-апта БұйрықКепілхатХабарландыру жазу

Реферат

1. Кезекті еңбек демалысына шығу туралы бұйрық шығару.2. Материалдық көмек алуға бұйрық шығару.3. Жұмыс орнынан уақытша компьютер алғандығы жөнінде кепілхат жазу.4. «ҚазҰТУ көктемі» конкурсының болатындығы жайлы хабарландыру жазу.5. І курс студенттеріне жазғы практика болатыны жөнінде хабарландыру жазу.6. Курстасыңнан 100000 теңге қарыз алу үшін, кепілхат жазу.7. Бұйрықтың тарихы.

100%

15-апта АнықтамаАкт жазу

1. ЖТТДИ-да өзіңіздің оқитыныңызды растау үшін, анықтама жазу.2. Ұлттық кітапханаға бару үшін, ҚазҰТУ-да оқитыныңызды растау үшін анықтама жазу.3. Жоғалған заттарға акт жазу.4. Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен жұмысшылардың

100%

Page 109: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

денсаулығына зиян келтіретін басқа да оқиғалар туралы акт жазу.

2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары

1. Өтініштің түрлерін айтыңыздарА) Хабарландыру, мінездемеƏ) ТүсініктемеБ) Арыз, шағымВ) Анықтама2. Өмірбаян – ........... құжатА) ӨкілеттікƏ) ҰйымдықБ) Анықтамалық-ақпараттықВ) Ұйымдық-өкілеттік3. Аталған университетті қара жəне түсті металдар металлургиясы .......бітірдімА) Дейін жарамдыƏ) Мамандығы бойыншаБ) АталғанВ) Ағымдағы жылы4. Өмірбаян мəтінінде қолданылатын стандарт бірлікА) Дүние үшінƏ) Дүниеден кейінБ) Дүниеге келдімВ) Дүниенің алдында5. Мінездеменің түрлерін атаңыздарА) Өмірбаян, хаттамаƏ) Қызметтік мінездеме, аттестациялық мінездемеБ) Сенімхат, кепілхат, қолхатВ) Акт, хаттама, хабарландыру6. Мінездеме қандай жағдайда жазылады?А) Жұмыстан босатылғандаƏ) Адам ауырып қалғандаБ) Қызметкердің басқа жұмысқа орналасуы керек жағдайдаВ) Демалыста жүргенде7. Мінездемедегі мəлімет нешінші жақта баяндалады?А) Бірінші жақтаƏ) Екінші жақтаБ) Үшінші жақтаВ) Бірінші, екінші жақтарда8. Синонимдік қатардағы сөздерді көрсетіңіздерА) Білікті, тəжірибелі, білгірƏ) Білікті, іскер, кеше

Page 110: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Б) Білікті, тəжірибелі, ашықВ) білікті, білгір, тұрмыста9. Жұмысқа тұру кезінде қандай құжат толтырады?А) ҚолхатƏ) Іскер хатБ) Қызметтік хатВ) Жеке іс парағы10. Студент екенін қандай құжат дəлелдейді?А) МінездемеƏ) Жеке іс парағыБ) ӨтінішВ) Анықтама11. Төлемақы алу үшін берілетін сенімхаттардың мерзіміА) 3 жылƏ) 3 айБ) 1 жылВ) 1 ай12. Сенімхат ............ беріледіА) Шексіз уақытқаƏ) Белгілі бір мерзімгеБ) Мерзімі көрсетілмейдіВ) Қысқаша уақытқа13. Сенімхат мəтінінде қолданылатын стандарт бірлікА) Осы сенімхат сияқтыƏ) Осы сенімхаттайБ) Осы сенімхат үстіндеВ) Осы сенімхат арқылы14. Талап арызды ............. жазадыА) Сот төрағасыƏ) ЖауапкерБ) ТалапкерВ) Директор15. Дұрыс аударылған тілдік бірлікА) Истец – жауапкерƏ) Истец – талапБ) Истец – талапкерВ) Истец – талап мерзімі16. Іскерлік қарым-қатынасты дамытуда қолданылатын құжатА) Тіркеу карточкасыƏ) Жеке іс парағыБ) ДекларацияВ) Танысқы (визит карточкасы)17. Танысқыда (визит карточкасында) қолданылмайтын сөздерА) Қысқарған сөздерƏ) Уақытша орындаушы, уақытша

Page 111: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Б) Филология ғылымдарының докторы, профессорВ) Авиация – генерал майоры18. Инженер не үшін техникалық сипаттаманы білуі керек?А) Машина сатып алу үшінƏ) Техникалық күш-қуатын ұтымды пайдалану үшінБ) Қосалқы бөлшектерді сату үшінВ) Автотұрақты сақтау үшін19. Белгілі бір фактіні куəландыратын құжатА) Жауап алу хаттамасыƏ) АнықтамаБ) МінездемеВ) Келісім20. Мəжілісте талқыланған мəселелер туралы шешімА) ЖарлықƏ) БұйрықБ) ҚаулыВ) Жарғы21. Студент стипендиясын досы алуы үшін берілетін құжатА) ӨтінішƏ) ӨмірбаянБ) СенімхатВ) Мінездеме22. Нотариус куəландыратын құжат түрін көрсетіңіздерА) ӨмірбаянƏ) Жеке іс парағыБ) ХаттамаВ) Сенімхат23. Қызметтік хаттамада ........ мəселелер жазыладыА) Жеке басқа қатыстыƏ) Қызметке қатыстыБ) Махаббатқа қатыстыВ) Əр түрлі мəселелерді қамтып24. Анықтама ....... құжатА) ӨкілеттікƏ) ҰйымдықБ) Анықтамалық – ақпараттықВ) Қызметтік25. Дұрыс аударылған тіркесА) Анықтама мəтіні – текст справкиƏ) Анықтама мəтіні – согласно справкиБ) Анықтама мəтіні – дать справкуВ) Анықтама мəтіні – дать соглашение26. Хаттаманың «тыңдалды» бөлігінде .......... жазыладыА) Мəжіліс төрағасы туралыƏ) Күн тəртібіндегі мəселелер туралы

Page 112: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Б) Жасалған баяндама туралыВ) Қабылданған қаулы туралы

27. Хаттаманың «қаулы» бөлігінде ......... жазыладыА) Сөйленген сөзƏ) Жасалған баяндамаБ) Қабылданған қаулыВ) Жарыссөз сөйлеушілердің сөзі

28. Дұрыс аударылған тілдік бірлік:А) Принять решение – шешім қабылдауƏ) Принять решение – шешімБ) Принять решение – шешім айтуВ) Принять решение – қорытынды жасау

29. Бұйрық ......... жазыладыА) Ауызекі сөйлеу тіліндеƏ) Ғылыми стильдеБ) Ресми – іс қағаздар стиліндеВ) Көркем əдеби стильде

30. Еңбек келісімінде ........... мəлімет жазыладыА) Еңбек шарттары туралыƏ) Мерейтой иесі туралыБ) Қызметкерлердің мінезі туралыВ) Іссапар туралы

Өздік бақылау (тест) жұмыстарының жауаптары

1 – С 7 – Б 13 – В 19 – Ə 25 – А2 – Б 8 – А 14 – Б 20 – Б 26 – Б3 – Ə 9 – В 15 – Б 21 – Б 27 – Б4 – Б 10 – В 16 – В 22 – В 28 – А5 – Ə 11 – А 17 – Ə 23 – Ə 29 – Б6 – Б 12 – Ə 18 – Ə 24 – Б 30 – А

2.4 Курс бойынша емтихан сұрақтары

1. Өтініштің түрлерін айтыңыздар, оның бір үлгісін жазу.2. VI – VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ресми іс

қағаздарына тəн тілдік элементтер.3. Өмірбаян мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?4. Өмірбаян құрылымына қандай мəліметтер кіреді?5. Өтініш қандай мақсаттарда жазылады?6. Тəртіптік жаза беру туралы құжат жазу.

Page 113: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

7. Арыз қандай жағдайда жазылады?8. Арыз мазмұн – мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?9. Арыздың құрылымына қандай мəліметтер кіреді?10. Жалақыны өндіріп алу туралы арыз жазу?11. Талап арыз қандай мақсатпен жазылады?12. Талап арыздың арыздан айырмашылығы қандай?13. Заңсыз іс - əрекетке барғандығы үшін шара қолдануды сұрап, талап арыз жазу.14. VI – VIII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы.15. Сенімхат қандай мақсатта жазылады?16. Сенімхаттың құрылымына не кіреді?17. Нотариус атқаратын қызметтер қандай?18. Сенімхат бойынша ақша алу үшін қандай құжат керек?19. Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері XV – XVII ғасырлардан бастау алады.20. Қолхатты кім куəландырады?21. Жеделхат дегеніміз не, жеделхаттың атқаратын қызметі қандай?22. Кепілхат қандай жағдайларда беріледі?23. Сенімхат пен кепілхаттың айырмашылығы неде?24. XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі.25. Факстың атқаратын қызметі қандай?26. Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымы.27. XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары.28. Бұйрық мазмұн – мақсатына қарай құжаттың қай түріне жатады?29. Бұйрықтың қандай түрлері бар?30. Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма.31. Жеке іс парағының құрылымына қандай мəліметтер кіреді?32. Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы.33. Мінездемеде көрсетілетін негізгі мəліметтер.34. Мінездеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?35. Бұрыштаманы қайда жазады? Бұрыштаманың үлгілерін жазыңыздар.36. XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы.37. Жаңа түркі дəуіріндегі ресми іс қағаздары.38. Түйіндеме мазмұнына қарай құжаттың қай түріне жатады?39. Түйіндеме жазудағы мақсат не, оны неге байланысты жазады?40. Ресми іс қағаздары тілінің стилі?41. Хаттаманың құрылымына қандай мəліметтер кіреді?42. Хаттаманың «тыңдалды», «жарыссөз», «қаулы» деп аталатын бөліктерінде не жазылады?43. Іс қағаздары жəне олардың түрлері.44. Хаттаманың үзіндісіне (көшірмесіне) қандай мəліметтер кіреді?45. Алғашқы қазақ газеттерінің іс қағаздары стилін қалыптастырудағы рөлі.46. XIX ғасырдың II жартысындағы əкімшілік орындарының бұйрық – жарлықтары.

Page 114: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

47. Қызметтік хат қандай бөліктерден тұрады?48. Қызметтік хаттың жеке хаттан айырмашылығы не?49. Анықтама, анықтаманың құрылымы.50. Анықтама не үшін беріледі (үлгісін беру).51. XIX ғасырдың II жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелері.52. Еңбек келісімі қандай мақсатта жазылады?53. Еңбек келісімінде жазылатын негізгі мəліметтер қандай?54. Түйіндеме жазғанда адамның қандай қабілет – қасиеттері көрінуі керек?55. Қазақ əдеби тілінің стильдік тармақтары.56. Іс қағаздарын жазғанда қойылатын талаптар қандай?57. Қаулының құрылымына не кіреді, қаулыны қандай жағдайларда шығарады?58. Жұмыс беруші мен Маман арасындағы еңбек келісімі қалай жасалады?59. Ресми іс қағаздарын жазу мəдениеті.60. XX ғасырдағы тіл саясатының қазақ ресми іс қағаздары тіліне əсері.

Page 115: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетіəл-Машани атындағы Жоғары технологиялар жəне тұрақты

даму институты

Қазақ тілі кафедрасы

«Келісілген» «Бекітілді» Кафедра меңгерушісі Институт директоры Г.Т.Тұрсынова С.Е.Көмеков «21» 01. 2011 ж., № 6 «12» 04. 2011ж., № 4 Қолы __________ Қолы __________

Г.Т. Тұрсынова, Ұ.Р. Шүленбаева,Айтжанова С.С., Рысқұлбекова К.С.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

Жоғары техникалық оқу орындарындағы барлықмамандықтардың жалғастырушы топтарына

арналған

Студенттің пəндік оқу-əдістемеліккешені

Алматы 2011

Page 116: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ ... · 2020-04-08 · қалыптасуы. 2 2 2 9. xix ғасырдағы ресми іс қағаздары

Шығу туралы мəліметтер СП ОƏК Қазақ тілі кафедрасының

мəжілісінде талқыланған 2011ж. 21.01, № 6 хаттамасы

СП ОƏК əл-Машани атындағыЖоғары технологиялар жəне тұрақтыдаму институтыныңҒылыми-əдістемелік кеңесіндеталқыланып, мақұлданған

2011ж. 12.04, № 4 хаттамасы

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пəні бойынша пəн атауы

ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Құрастырғандар: Тұрсынова Г.Т.

Шүленбаева Ұ.Р. Айтжанова С.С. Рысқұлбекова К.С.

Басуға __.__.2011 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап-журнал қағазы.Көлемі 7,0 б.т. Таралымы __ дана. Тапсырыс №___.

Қ.И.Сəтбаев атындағы баспа типографиясында басылғанАлматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32